Файл қосу

Дифференциалды психология



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
3 деңгейлі СМЖ құжаты
ПОӘК

ПОӘК 042-18-16.1.15/03-2013
«Дифференциалды психология» пәні бойынша 
оқу-әдістемелік материалдар
№1 басылым 18.09.2013 ж.











ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
 «Дифференциалды психология»
«5В050300» – «Психология»мамандығына арналған


ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР









Семей  
2013





Мазмұны
 1 Глоссарий
 2 Дәрістер
 3 Практикалық және лабораториялық сабақтар
 4 Курстық  жұмыс (проект)
 5 Студенттің өздік жұмысы




































1 ГЛОССАРИЙ


№
Термин атауы
Термин мазмұны
	
Дифференциалды психология
Адамдардың индивидуалды айырмашылықтарын зерттейтін психологияның саласы
	
Гальтон Френсис
Ағылшын психолог, дифференциалды психологияның негізін қалаушысы
	
Егіздер әдісі
Психогенетикада қолданылатын зерттеу әдісі. Генетикалық және қоршаған ортаның әсерін анықтайтын әдіс.
	
Зигота
Ұрықтану кезінде пайда болатын адам болмысының ең алғашқы клеткасы.
	
Тұқым қуалаушылық
Генетикалық аппаратта қалыптасқан бұрынғы ұрпақтардың эволюциялық тәжирібе.
	
Генотип
Нақты индивид немесе адамдар тобының гендер жиынтығы.
	
Мейоз
Жыныстық клеткалардың жасалу кезінде пайда болатын және үлкен санды түрлі хромосомалық комбинацияларға әкелетін редукциялық бөліну процесі.
	
Митоз
Қарапайым клеткалық бөліну процесі.
	
Мутация
ДНК құрылымы немесе санының өзгеруі, соңынан генетикалық кодтың бұзылуы. 
	
Гендерлік рөл
Ер немесе әйел адамның әлеуметтік/жыныстық әрекеттің үлгілерінің жиынтығы
	
Қоршаған орта
 Индивидтке ұрықтанудан бастап өлгенге дейінгі әсер етуші құбылыстардың жиынтығы.
	
Психопатия
Адамның тұлғалық қасиеттерінің адекватсыз (сәйкес емес) дамуы
	
Индивидуалдылық
Бір адамға сай келетін психологиялық қасиеттерінің уникалды жиынтығы
	
Интеллект коэффициенті
Индивидтың хронологиялық жасы мен оның ой өрісіне байланысты жасының қатынасын білдіретін коэффициент 
	
Кречмер Эрнст
Адамның психологиясы оның дене құрылымына байланысты теорияны ұсынған неміс психолог, психиатр 
	
Шелдон Уильям
Соматикалық белгілерге байланысты темперамент типтер типологиясын құрастырған американдық психолог, дәрігер
	
Қабілет
Белгілі бір іс әрекетке немесе табысты оқу процесске индивидуалды мүмкіндіктер
	
Жалпы дарындылық
Арнайы қабілеттердің дамуының интегралды деңгейі
	
Штерн Вильям Луис
дифференциалды психология терминды психологияға енгізген неміс психологы
	
Интеллект тесттер
Вербалды, санды және графика материалдарымен әрекетті меңгеру деңгейін зерттейтін психодиагностика әдістері
	
Тестілеу
Белгілі бір шкала бойынша алынған стандарттық сұрақтар және міндеттерді пайдаланған психодиагностика әдісі
	
Мәдени айырмашылықтар
Адамның белгілі мәдени топта өсіп, оның бағыттаулары мен дәстүрлерін қабылдаудың негізінде қалыптасқан психологиялық ерекшеліктерінде айқындалатын айырмашылықтар.



2 ДӘРІСТЕР

1-тақырып. Дифференциалды психология ғылым ретінде.
Жоспар:
	Дифференциалды психологияның қалыптасуы.
	Бұрынғы теориялардағы даралық айырмашылықтар.
	Эксперименталды психологияның пайда болуы.
Адамдардың индивидуалдылыққа байланысты ерекшеліктері бірінше рет ежелгі психологиялық теорияларда көрінді. Оның ішінде Платонның, Аристотелдің еңбектерінде адамдардың қабілеттерінің айырмашылықтары бар екені дәлелденді. 
Он сегізінші он тоғызыншы ғасырларда Руссо, Песталоцци, Гербарт Фребель өзінің педагогикалық теорияларында баланың қабілетіне қарай білім жүйесін өзгерту қажеттілігін бекітті, сонымен индивидуалды айырмашылықтардың маңызын білдірді. 
Сол кездегі дифференциалды психологияның дамуына үлкен үлес қосқандар В.Вундт, Крепелин (эксперимент бағытын индивидуалды ерекшеліктерді зерттеуге ауыстырды), Бине, Шарко (үлкен сандарды есте сақтаудың эксперимент зерттеулерін өткізді), У. Штерн (тұлғаның жеке жақтарын зерттеуге салды). 
Адамдардың индивидуалды айырмашылықтарын зерттейтін психологияның саласы. Латын сөзінен differentia - айырмашылық, және грек сөзінен psyche - жан + logos – білім пайда болған термин. 
«Дифференциалды психология» терминды В.Штерн 1900 жылы ұсынған. 
Дифференциалды психология адамдардың қабілетінің, интеллект деңгейін, мінез құлықтың, іс әрекетінің психикалық құрылымының индивидуалды айырмашылықтарын зерттейтін ғылым. 
Зерттеу объектісі ретінде бір индивид немесе әртүрлі әлеуметтік, этностық, жастық топтар болуы мүмкін. Көбінесе зерттеуге тұлғалық және ойға байланысты индивидтың ерекшеліктері түседі.
	Дифференциалды психологияның теоретикалық және практикалық міндеттері:
	Дифференциалды психология пәніне байланысты мәселелерді, басқа да ғылымдармен байланысын тереңдете зерттеу;
	Дифференциалды психофизиологияға байланысты мәселерді қарастыру;
	Жаңа әлеуметтік – психологиялық құбылыстарда пайда болатын және ерекше көрінетін адамның индивидуалды ерекшеліктерді зерттеу (этникалық, экономикалық, класстық, саяси, идеологиялық және т.б.);
	дифференциалды психологияның қолданбалы психологиямен байланыстарын қарастыру.
Дифференциалды психология эксперименталды психологияның дамуының нәтижесінде пайда болды. Бірақ екеуінің зерттеу жолдары бөлек. Эксперименталды психология тітіргендіргіш әсері зерттеленсе, дифференциалды психологияда әсер ететін тітіргендіргішті өзгешелігі бар индивид қалай қабылдайтыны екені зерттелінеді. Бұл кезде стимулді өзгертпей, зерттеуші индивидтерді ауыстырып олардың айырмашылықтарын зерттейді. 
Дифференциалды психология психологияның басқа салаларымен тығыз байланысты. Оның ішінде жалпы, эксперименттік психология, психодиагностика, педагогикалық психология, шығармашылық психологиясы және т.б.
Негізгі ұғымдар: Дифференциалды психологиянфң пәні, міндеті, индивид, индивидуалдылық, индивидуалды айырмашылық, айырмашылық,қабілет, интеллект деңгейі, мінез, 
Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 
	Платонның, Аристотелдің еңбектерінде дифференциалдық психологияға байланысты зерттеулері туралы айтып беріңіз?
	«Дифференциалды психология» терминін ғылымға қашан және кім енгізген?
	Дифференциалды психологияның қалыптасуының алғышарттары қандай?
	Ерте теориялардағы даралық айырмашылықтар немен сипатталады?
	Эксперименталды психологияның пайда болуының дифференциалды психологияға әсері қандай болды?
	Дифференциалды психологияның дамуына үлкен үлес қосқандар ғалымдарды атаңыз?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Анастази А. Дифференциальная психология. Индивидуальные и групповые различия в поведении. – М.: Апрель Пресс, 2001. –  (Серия «Кафедра психологии»).
2.Ахвердова О.А Дифференциальная психология. – СПб , 2004.
3. Рыбалко Е.Ф. Возрастная  и дифференциальная психология. СПб., 2001.
	Психология индивидуальных различий. Тексты // Под ред. Ю.Б. Гиппенрейтер, В.Я. Романова. – М.: МГУ, 1982.
	 Психология личности. Тексты // Под ред. Ю.Б. Гиппенрейтер, А.А. Пузырея. – М.: МГУ, 1982.


2-тақырып. Дифференциалды психологияның зерттеу әдістері
Жоспар:
	Жаратылыстану ғылымы мәліметтерінің дифференциалды психологияның дамуына тигізген әсері.
	Статистикалық әдістің дамуы.
	Тестілеу және оның дифференциалды психологияның дамуына тигізген әсері.
	Дифференциалды психологияның зерттеу әдістеріне бақылау, эксперимент, интроспекция, егіздер әдісі, құжаттарды зерттеу, сұрақтама, биографиялық, статистикалық талдау, тестілеу жатады. Жалпы айтқанда индивидуалдылықты зерттеудегі әдістер объективті және субъективті түрге бөлінеді.
	Дифференциалды психологияның негізгі зерттеу әдістеріне статистикалық талдау жатады.
Дифференциалды психологияның негізін қалаушысы ағылшын ғалымы Френсис Гальтон индивидуалды айырмашылықтарды зерттеу үшін статистикалық әдістің техникасын еңгізді. Және көп зерттеулерді өткізу үстінде эксперимент жүргізу үшін бірнеше құралдарды жасады. Оның ішінде бүлшық ет сезімін, есту түйсіктерді бағалауға арналған құралдар.
1882 жылы Ф.Гальтон Лондон қаласында бірінші антропометрлік лабораториясын ашты. Сол кездегі ғалымдардың ойынша (бірнеше концепциялар бойынша) дене қасиеттері жан қасиеттеріне қарама қарсы қойылған. Лабораторияда өткізілген Гальтонның зерттеулері бұл теорияларды жоққа шығарды. Антропометрикалық лабораторияда ол сенсорлық, сенсорлық-моторлық процестердің өтілуін өлшеудің пролцедуралары мен түрлі тестерін жасақтады.  Сенсорлық мүмкіндіктерді өлшеудің негізінде, ол ол адамның жеке қасиеттерінің айырмашылықтарын түсіндіруге тырысты. 
Индивидуалды айырмашылықтарды зерттеуде жинақталынған мәліметтерді өңдеу процедурасы үшін статистикалық әдістің қажеттігі  немесе оның осы процедураларға бейімделу қажеттілігі туындады. Осы мақсатта Фрэнсис Гальтон математикалық процедураларды бейімдеді.
Оның бірі корреляция мәселесі. Гальтоннан кейін оның шәкірті Карл Пирсон корреляция теориясының математикалық аппаратын өңдеді.
Корреляциялық талдау  - латынның “сәйкестендіру” мағынасын білдіретін, зерттелінуші белгілер мен факторлардың тығыз байланыстары мен белгілерін бағалаудың статистикалық әдісі.
Өз зерттеулерін сүреттеп дәлелдеу үшін Френсис Гальтон Бельгия ғалымы Адольф Кетленің статистикалық теориясын қолданды. 
Кетленің ойынша алынған нәтижелерді түсіндіру үшін статистикалық заңдар негізінде «орта адам» теориясын алуға болады. Оның негізінде адам табиғаты армандар, идеалдар ретінде бар болады. Сонда адамдар ықтималдыққа сәйкес одан ауысып кетеді. 
Егер орта баға тұрақты болса, онда статистикалық заңдар негізінде әртүрлі жағдайларды алдын ала болжауға мүмкін болады. 
1869 жылы Френсис Гальтонның «Дарынның тұқым қуалаушылығы» («Наследственность таланта») атты кітабі шықты. 
Бұл кітапта Ф.Гальтон бірнеше биографиялық фактілердің статистикалық талдауын жасады. Және қабілеттерді анықтау үшін Кетле заңдарын қолданып тұқым қуалаушылық фактордың маңызын бекітті. Сонымен Ф.Гальтон алғашқы рет психикалық қабілеттердің дамуының генетикалық негіздері мәселесін ұсынды.
Гальтонның ойынша адамдардың индивидуалды айырмашылықтарының негізінде генетикалық аспект жатыр. Ол психологияда егіздер әдісін ұсынған. Бүл әдістің қолдануының мақсаты генетикалық және сыртқы әсерлердің арақатынасын анықтау болған. 
Он тоғызыншы ғасырдың басында дифференциалды психологияның дамуы генетика ғылым саласымен байланысты. 1900 жылы Мендель ашқан тұқым қуалаушылық заңдардың дамуы тұқым қуалаушылық механизмдерін анықтауға арналған эксперименталды жұмыстарды қайта жаңғартты.
Осылайша, биографиялық, сұрақтама, эксперимент нәтижелері тұқым қуалаушылықтың психикалық қасиеттерге, ой қабілеттеріне әсер ететіндігін көрсетті.
	Статистикамен бірге дифференциалды психологияның әдістеріне психологиялық тестілеу жатады. Френсис Гальтонның алғашқы тестілері жоғарыда айтылған сенсомоторлық тәжірибелерге жатқан. 
Ал психологиялық тестілеудің дамуының келесі кезеңі Джеймс Маккин Кэттеллдың атымен байланысты. Бұл американдық ғалым өз жұмыстарында эксперименталды психологияны және адамдардың индивидуалды айырмашылықтарын зерттейтін психология саласын біріктірді.  
	1890 жылы Кэттелл өз мақаласында «интеллектуалды тест» ұғымын ұсынды. Бұл тесттер колледж студенттердің интеллектуалды деңгейін анықтауға арналатын. Кеттелл ойынша интеллектуалды функцияларды өлшеу үшін адамның сенсорлық қасиеттерін (бұлшық ет күшін, салмағын, жылжу жылдамдығын, ауруға сезгіштігін, көру және есту өткірлігін, реакция уақытын) тестілеу керек. 
Кэттеллден кейін европалық психологтар (Германияда Орн, Креппелин және Эббингауз, Италияда Гуччарди және Феррари) осындай тестелерді құрастырып жинады. Бірақ Бине және Генри 1895 жылы Францияда шыққан мақаласында тестілерде интеллектуалды деңгейді анықтау үшін сенсорлық қасиеттерге көп көңіл аударудың қажеті жоқ деген. Өз көзқарасын дәлелдеу үшін олар жаңа тестілерді ұсынды. Бұл тесттер ес, қиял, зейін қасиеттерін өлшеуге бағытталған болған. 
Негізгі ұғымдар:бақылау, эксперимент, интроспекция, егіздер әдісі, құжаттарды зерттеу, сұрақтама, биографиялық, статистикалық талдау, тестілеу,
объективті және субъективті зерттеу әдістері, статистикалық талдау, антропометрлік лаборатория, сенсорлық, сенсорлық-моторлық процестер, интеллектуалды тест, дарындылық, Кетле заңы, тұқым қуалаушылық факторы
Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 
	Дифференциалды психологияның зерттеу әдістері?
	Объективті және субъективті зерттеу әдістерін талдаңыз?
	Статистикалық зерттеу әдісін кім енгізді?
	Гальтонның шәкірті Карл Пирсон қандай әдісті енгізді?
	1869 жылы Френсис Гальтонның жарық көрген еңбегін атаңыз?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Анастази А. Дифференциальная психология. Индивидуальные и групповые различия в поведении. – М.: Апрель Пресс, 2001. –  (Серия «Кафедра психологии»).
2.Ахвердова О.А Дифференциальная психология. – СПб , 2004.
3. Рыбалко Е.Ф. Возрастная  и дифференциальная психология. СПб., 2001.
	Психология индивидуальных различий. Тексты // Под ред. Ю.Б. Гиппенрейтер, В.Я. Романова. – М.: МГУ, 1982.
	 Психология личности. Тексты // Под ред. Ю.Б. Гиппенрейтер, А.А. Пузырея. – М.: МГУ, 1982.

3-4 тақырып. Тұқым қуалаушылық және қоршаған орта арақатынасы
	Жоспар:
	Тұқым қуалаушылық табиғаты.
	Қоршаған орта сипаты.
	Тұқым қуалаушылық және қоршаған ортаның өзара әрекеттестігі.
	Тұқым қуалаушылық және қоршаған орта байланысы туралы көп тараған қателіктер.
Адамдардың индивидуалды айырмашылықтарының негізін олардың тұқым қуалаушылығы және қоршаған орта қалайды. Біріншіден тұқым қуалаушылық табиғатын анықтайық.  
Адам өзінің индивидуалды тұқым қуалаушылығын ата анасынан ұрықтану кезінде қабылдайтын ерекше ген комбинациясы (жүйесі) анықтайды. Осы гендер комбинациясы арқылы тұқым қуалаушылық факторы адамға белгілі бір деңгейде әсер етеді. 
Индивидуалды айырмашылықтардың негізінде мүмкін болатын гендер комбинациялардың шексіз әртүрлілігі жатыр. 
Біріншіден, адамның ең қарапайым қасиеттері гендердің үлкен санның әсеріне тәуелді. 
Екіншіден, ата аналық клеткалар да әртүрлі гендер комбинацияларынан турады. 
Үшіншіден, екі организм клеткалары жаңа бір организм пайда болу үшін біріккенде гендер комбинациялары бірнеше есе көбейеді.   
Сондықтан, бір ата ананың екі баласы, мысалы ағалы қарындастар, тең тұқым қуалаушылыққа ие бола алмайды. Бұны бір мезгілде туылған түрліжұмыртқалы егіздерден байқауға болады, өйткені олар түрлі жұмыртқа клеткаларынан дамиды, сәйкес екі түрлі гендер комбинациясы жүзеге асырылды.  Олар әдеттегідей ағалы қарындастар сияқты тек қана бір біріне ұқсайды. Ал біржұмыртқалы егіздер бір немесе бүтін  ұрықтанған жұмыртқаклеткаларынан пайда болады және бұл  егіздердің  гендер жинақтары бірдей. Сондықтан, олар тұқым қуалаушылық фактор бойынша бір біріннің көшірмесі болып шығады. 
Мысалы индивидтің жыныстық ерекшелігі жыныстық қос хромосомалармен анықталады, олар Х-хромосома және Ү-хромосома деп белгіленеді. Егер бала атан-анасының әрқайсысынан Х-хромосома алатын болса, ол әйел жынысына ие болады, яғни еркектік белгілерге үстемдік етіледі. Ал, егер Х және Ү хромосомалаларды қатар алатын болса баланың жынысы ер болмақ. Негізінен Ү-хромосома салыстырмалы түрде аз келеді, оның құрамында гендер саны аз. Генетика ғылымы әрбір индивидте екі жынысқа қажетті гендер болатындығын айтады және Екі Х-хромосоманың бірігуі әйелдік белгінің басымдылығына ал бір ғана Х-хромосоманың болуы еркектік белгінің басымдылығына әкеледі.
Хромосомалалардағы нақты гендер индивидтің белгілі қасиеттеріне жауап береді және олар басқа гендермен араласу кезінде сан жағынан қайсысы басымдылық көрсететін болса, нақты (СОЛ) қасиеттің КӨРІНУІ НЕМЕСЕ КӨРІНБЕУІНЕ әкеледі. Әрбір белгі индивидке тұқым қуалау арқылы берілетін барлық гендердің өзара араласу нәтижесі болмақ.
«Коршаған орта» ұғымын текқана географиялық мағынада түсінуге болмайды. Психологиялық қоршаған орта адамның өмір бойындағы барлық сыртқы әсерлерінен турады. Және де қоршаған ортаны сыртқы әсерлер деп түсіну де дұрыс емес, өйткені ғылыми жолмен клетканың да ішінде, клеткалар арасында да бір орта бар екені дәлелденген. Мысалы бір жанұяда тәрбиеленген ағасы мен інісінің “қоршаған” ортасы олардың бір-біріне әсер ету есебінен әртүрлі. 
Тұқым қуалаушылық және қоршаған орта арақатынасы туралы айтсақ, екі фактор да адам қасиеттерінің дамуына, оның әрекетіне бірдей әсер етеді. Бірлескен үлес теория бойынша да адамның дамуы тұқым қуалаушылыққа және қоршаған ортаға да тәуелді. Ал адамның әрекеттік қасиеттері олардың бірлескен әсерінің нәтижесі ретінде қарастырылады.  
Ғылымда тұқым қуалаушылық және қоршаған орта арақатынасы туралы ең кең тараған көзқарас ол өзара әрекеттестік теориясы. Бұл теория бойынша тұқым қуалаушылық және қоршаған орта факторлары бір біріне қосымша факторлар ретінде қарастырылмайды. Екеуіде бір біріне тәуелді. Мысалы, қоршаған ортаның кез келген факторы тұқымға байланысты әртүрлі әсер етеді. Соған қарай, кез келген тұқымдық фактор қоршаған ортаның жағдайына қарай әртүрлі жақтан өзін көрсету мүмкін. 
Адамның «Ноmо sаріеns» биологиялық түріне жататындығын «индивид» ұғымы білдіреді. Ол биологиялық түрдің генетикалық ес деңгейінде және адамның дене құрылымында (дене конституциясында) бекітілген. Бұл деңгей конституционалды деңгей деп аталады. Мысалы, осы деңгейде біз жыныстық айырмашылықтарды анықтай аламыз. «Ноmо sаріеns» биологиялық түріне жататын әйел және ер адамдардың конституциялық айырмашылықтары дене салмағында, бойында, дененің әртүрлі бөлімінде көрініс алады. 
Әр индивид тұған кезінен сыртқы тітіргендіргіштердің ықпалын сезеді. Осы тітіргендіргіштер сенсорлық жүйе деңгейінде адамның индивидуалды сезімталдыққа әсер етеді. Сезімталдық индвидтың психикасын негізін құрайды. Сондықтан, индивидуалды айырмашылықтардың психикалық деңгей туралы айтуға болады. 
Сыртқы тітіргендіргіштің кез келген әрекетіне адамда сәйкес келетін реакция пайда болады. Көбінесе бұл реакция адамның қозғалысында (моторикасында) көрініс көреді. Әр реакцияда латентты кезең болады. Сондықтан әртүрлі индивидтердің сенсомоторлық байланыстарында айырмашылықтарды сүреттеу үшін «реактивтік» ұғымы алынады. Сонымен, сезімталдық және реактивтік жеке индивид психикасының құрылымында саналық және сапалық айырмашылықтарды, динамикалық ерекшеліктерді білдіреді. 
Индивид психикасында өмірдің белгілі бір кезеңінде сапалы жаңа бір деңгей пайда болады. Ол сана. Санасы бар индивид тұлға ретінде бола алады. Сондықтан, жалпы және дифференциалды психология салаларында істейтін зерттеушілер субъект психикасының индивиддік және тұлғалық айырмашылықтарды зерттеуге қызығады. Егер сезімталдық және реактивтік адам табиғатымен себептелсе, индивидтың санасы оның әлеуметтік ортамен әрекеттесудің нәтижесінде туындайды. Тұлғаның айырмашылығы оның санасында, қоршаған орта және өзі туралы білімінде. 
Индивидтық және тұлғалық қасиеттер бірігіп индивидуалдылықты құрайды. Адам индивидуалдылығы қайталанбас ерекше бір қасиет. 
Адам психикасының деңгейлері бір бірімен байланысып, бір біріне әсер етеді. Сондықтан дифференциалды психология үшін индивид психикасындағы биологиялық және әлеуметтік жақтардың рөлі өте маңызды. С.Л.Рубинштейн және Б.М.Теплов ғалымдардың ойынша индивид психикасында тұқым қуалаушылық фактордың, туғаннан және осы өмірде пайда болған факторлардың әсері зерттеліну керек. С.Л. Рубинштейн бойынша осы өмірде пайда болған қасиеттер сыртқы әсерлер адамның ішкі дүниесіне сіңу арқылы пайда болады.  Ал Б.М. Теплов бойынша ішкі қасиеттер генетикалық механизмдерімен себептелмейді. Оған әсер ететін  туа жаралған қасиеттер. 
Негізгі ұғымдар: тұқым қуалаушылық, қоршаған орта, ерекше ген комбинациясы, бір жұмыртқалы егіздер, түрлі жұмыртқалы егіздер, сенсомоторлық байланыс, Х-хромосома, Ү-хромосома, моторика
Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 
	Индивидуалды айырмашылықтың қалыптасуына әсер етуші фактор - тұқым қуалаушылық табиғатын түсіндіріңіз?
	Индивидтық және тұлғалық қасиеттер бірігіп нені құрайды?
	Ген комбинациясы деген не?
	Жыныстық хромосома неден құралады?
	Өзара әрекеттестік теориясының мәні қандай?
	Индивидтердің сенсомоторлық байланыстарындағы айырмашылықтарды сүреттеу үшін қандай ұғым қолданылады?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Анастази А. Дифференциальная психология. Индивидуальные и групповые различия в поведении. – М.: Апрель Пресс, 2001. –  (Серия «Кафедра психологии»).
2.Ахвердова О.А Дифференциальная психология. – СПб , 2004.
3. Рыбалко Е.Ф. Возрастная  и дифференциальная психология. СПб., 2001.
	Психология индивидуальных различий. Тексты // Под ред. Ю.Б. Гиппенрейтер, В.Я. Романова. – М.: МГУ, 1982.
	 Психология личности. Тексты // Под ред. Ю.Б. Гиппенрейтер, А.А. Пузырея. – М.: МГУ, 1982.

5-тақырып . Дене құрылымы және әрекет-қылық.
	Жоспар:
	Адамның әрекет-қылығы және дене құрылымы арасындағы байланыс мәселесі.
	Темперамент типтері теорияларына шолу.
	Адамның әрекет-қылығы және дене құрылымы арасындағы байланыстың көптүрлілігі.
	Физиологиялық факторлар.
Адамның дене құрылымы мен психологиялық қасиеттерінің байланысын оның әрекет-қылығын талдау арқылы анықтауға болады. Әрине, бұл өз кезегінде бірқатар теориялық (тұқым қуалаушылық әрекет-қылыққа тек құрылымдық сипат арқылы беріледі және қасиет-сапаның табиғатын топтастыруға байланысты конституционалды типтерді зерттеу) және практикалық талдау (әрекет-қылықты болжау) жұмыстарын қажет етеді.
Әрекет-қылық дегеніміз не? Адамның сырткелбеті арқылы оны бағалауға немесе оның әрекет-қылығын алдын ала болжауға болады ма?
Ертеректе, әлеуметтік қарым-қатынас қалыптасағаннан бастап адамның дене құрылымы арқылы оның психологиялық ерекшеліктерін бағалау актуалды мәселеге айналып кейінрек, бұл іспен френология және физиогномика сияқты псевдоғылымдар айналысты. Сырт келбетіне қарап адамның қоршаған ортада қалыптасқан түрлі стереотиптік бағалаулары адамның өз-өзін объективті түрде баға беруіне кедергі жасайды. 
Дене құрылымы мен әрекет-қылықтың арасындағы өзара байланысты немесе олардың арасындағы өзара себептілікті (корреляцияны) бағалаудың бірнеше типтері бар. Дене құрылымы – А, әрекет-қылық – В, Басқа ауыспалылық (мыс. Экономикалық-әлеуметтік фактор) – С. Бірінші тип бойынша дене құрылымы әрекет-қылыққа әсер етеді, екінші типте В – А-ға әсер етеді (психосоматикалық аурулар, оқушының омыртқа сүйектерінің қисаюуы және т.б.). 
Әрбір кісінің жеке басына тән дара өзгешеліктің бірі –темперамент. «Темперамент» сөзінің шығу тегіне тоқталар болсақ, «красис» деген грек сөзін латынша-темпераментум дейді. Мұндай атаудың мәні заттардың мөлшер шамаластығы деген түсінікті білдіреді. Сөйтіп, біз темпераментті жүйке жүйесінің табиғи типтік қасиеттеріне тәуелді, жеке адамға тән дара өзгешелік деп білеміз.
Темперамент – организмнің физиологиялық өзгешеліктерімен, әсіресе, жоғары жүйке қызметінің тума қасиеттерімен шарттас психикалық құбылыс. Темперамент адамның жалпы қозғалысынан да, психиканың күші мен тереңдігінен де, адамның көңіл-күйінің ерекшеліктерінен де жақсы байқалып отырады.
Сонымен, темперамент – адамның психикалық әрекетінің нақты динамикасын айқындайтын психиканың дара қасиеттерінің жиынтығы.Бұл психикалық ерешеліктер адамның барша іс-әрекетінде оның мазмұны, мақсаты және сеп-түрткілеріне тәуелсіз бірқалыпты көрінеді, есейген шақта да өзгеріске түспей, өзара байланыста темперамент кейпін өрнектейді.
Темпераменттер жөніндегі ғылымның ірге тасын қалаған ежелгі грек дәрінері – Гиппократ (б.э.д. V ғ.). Оның тұжырымы бойынша, әр түрлі темпераменттер адамдар мен жануарлардың денесінде төрт түрлі сұйық заттарға байланысты болмақ. Олар: денені жылытып тұратын-қан, салқындататын-шырын, құрғататын-бауырдағы сары өт және оған дымқылдық беретін қара өт. Организмде қанның пропорциясы артық болса, ол сангвиникалық (латынша «сангиус»-қан), ал шырын басым болса (грекше «флегма»-шырын) флегматик темперамент деп, ал организмде қара өт басым болса меланхолик (грекше «мелай-нехоле»-қара өт), организмде сары өт басым болса холерик (грекше «холе»-өт) темпераменті деп аталған.
Гиппократ организмдегі сұйықтардың бірінен екіншісінің басым болуы кейбір аурулардың шығу тарихын түсіндіруге де жарайды деді, ол мидың ролінтүсіне білді, оны бездердің бірі деп санады. Бұл – адамның жеке ерекшеліктерін жаратылыстық ғылыми зерттеудің алғашқы қадамы еді.
Рим дәрігері Гален (б.э.д. II) темпераменттің санын он үшке жеткізді. Гален организмде жылылық неғұрлым басым болса, адамның темпераменті күшті болатынын, денесі салқын болса, темпераменті баяулайтынын айтты. Бұл секілді түсініктердің прогрессивтік маңызы зор. Өйткені адамның тәнін зерттеу, тәжірибеге көңіл аудара бастау – сол кезде кең жайылған, жан тәнге байланыссыз нәрсе дейтін теріс пікірге үлкен соққы еді.
Орта ғасырдағы ғалымдар темпераментті организмдегі химиялық заттардың құрамына байланысты түсіндіруге тырысты. Кейінен темперамент организмнің түрлеші физиологиялық өзгешеліктеріне, атап айтқанда, қан жолы жүйесінің құрылысына, зат алмасуға, ішкі секреция бездеріне т.б. байланысты деген пікірлер де тарады. Неміс философы И. Кант (1724-1804) өзінің «Антропология» деген еңбегінде темпераменттің төрт түрі туралы толық психологиялық сипаттама берді. Бірақ ол темперамент пен мінез ұғымдарын бір-біріне балама ретінде қарастырды. 
Ежелгі дәуірлерден бастап зерттеушілер адамдардың дене құрылымы және физиологиялық қызметінің ерекшеліктерімен сай келетін көп түрлі әрекет-қылықтарды топтап, ретке келтіруге ат салысты. Осыған орай темпераменттің көп түрлі типологтясы қалыптасты. Бұлардың ішінде назар саларлықтай тип – адамның дене құрылымына байланысты дараланып, тума темперамент қасиеттеріне негізделген – конституциялық типология (Э. Кречмер). Бұл теорияның мәні: әр адам өз дене құрылымына орай өзіндік психикалық ерекшелікке ие. Осыдан, дене мүшелерінің сырттай өлшемдеріне байланысты төрт конституционалды психикалық тип белгіленген:
Лептосоматик – бойшаң, нәзік денелі, көкірек тұсы жайылыңқы, тар иықты, қол-аяғы ұзын, сидыйған.
Пикник – мығым, сезімшең, кіші немесе орта бойлы, қарны қампиған, домалақ бас, қысқа мойын.
Атлетик – бұлшық еттері күшті дамыған, денесі мығым, берік; ұзынша не орта бойлы, кең иықты, жамбас сүйектері тартылған.
Дисплатик – дене бітімі қисынсыз. Бұл адамдар әрқилы мүшелік зақым-сырқаттарға ұшырағандар.
Аталған дене құрылымы типтеріне үш темперамент типі сай: шизотомик, иксотомик, циклотомик. Шизотомик – дене құрылымы нәзік, әлсіз дамыған, тұйық, эмоциялары ауыспалы, тұрақсыз, талаптар мен көзқарастар өзгеріміне ере бермейді, осыдан қоршаған ортаға икемдесуі қиын. Иксотомик – денесі мығым, мінезі байсалды, сезімталдығы кем, ым-ишара жоқ, ойлау қабілеті шабан, көбіне майдашыл. Циклотомик – сезімшең, домаланған денелі, эмоциялары қайғы мен қуаныштың арасында бірдей, тіл табысқыш, көзқарастары шындықтан ауытқымайды.
Жоғарыда баяндалған конституциялық типология теориясының негізін қалаған – Э. Кречмер. Бұл теория Батыс Европада кең қолдауын тапты. Ал осы теорияны өзіндік ерекшеліктерімен осы ғасырдың 40-жылдарында АҚШ-та одан әрі жалғастырған У. Шелдон болды. Бұл ғалымның да темперамент типтерін айыруда ұстанған принципі – адам дене құрылымы және оның өзінің жаңалығы  - эмбриологиялық белгілер.
Конституционалдық тұжырымдардың көпшілігі жантану ғылымында өткір сынға алынды. Бұл теориялардың негізгі кемшілігі: тұлғаның психикалық қасиеттерінің қалыптасуында қоршаған орта мен әлеуметтік жағдайлардың ескерілмеуі. 
Ал ғылым шындығына келетін болсақ, адамдағы психикалық процестер мен оның қылығы жүйке жүйесі қызметімен байланысты екендігі ежелден-ақ белгілі болған. Темперамент тұрлерінің кейбір жалпы психикалық процестер ерекшелігіне тәуелді келуі И.П. Павлов және оның шәкірттерінің еңбектерінде эксперименталды дәлелденген.
И.П. Павлов иттің шартты рефлекстік әрекет ерекшеліктерін зерттей отырып, олар қылық-әрекеттеріндегі даралық өзгешеліктердің пайда болуына назар аударды. Мұндай айырмашылықтар ең алдымен иттердің рефлекстік қозуларды мен сол қозулардың сөну теңдігі мен дәлдігінен көрінген. Бұл жағдайлардың көрінуі жүйке процесінде қалыптасатын тұрақты қасиеттер – қозу және тежелуге байланысты екендігі жөнінде эксперименттермен дәлелденген. И.П. Павлов темперамент типінің жүйке қасиеттері ретінде қозу мен тежелу күшін, тепе-теңдігін және қозғалмалылығын атап көрсетті.
Қозу күші мен тежелу күші – бір біріне тәуелсіз жүйке жүйесінің дербес қасиеттері. Қозу күші жүйке жасушаларының әрекетшендік қабілетінің белгісі. Осы күшке орай жүйке төзімді, ұзақ не қысқа мерзімді әсерлі қозуды сақтай алады, тежелуге бейімделеді. Ал тежелу күші жүйке жүйесіндегі күшті әоерлерді басып, сөну және біріктіру шартты реакцияларын іске асыру қызметін атқарады.
Жүйке жүйесі процестерінің тепе-теңдігі қозу мен тежелу құбылыстарының өзара бірдейлік сипатын көрсетеді. Осы екі процесс күштерінің аралық қатынастарынан, бір процесс күші екіншісінен басым болуынан тұлғаның ұстамды, байсалдылығы не ұстамсыз, ауыспалылығы туындайды. Жүйке жүйесінің үшінші қасиеті – жүйке процесінің қозғалмалылығы – бір жүйке процесінің екінші түріне ауысу жылдамдығына көрінеді. Сонымен бірге, жүйке процестерінің қозғалмалылығы адам қылық-әрекетінің өмір жағдайларының өзгеруіне сай қалыпқа ене алу қабілетін де танытады. Жүйке жүйесінің мұндай қасиетінің өлшемін бір әрекеттен екіншісіне, енжарлықтан белсенділікке немесе кері өту шапшаңдығымен бағалаймыз. Жүйке қозғалмалылығына қарсы құбылыс – жүйке жүйесінің селқостығы. Бір процесс түрінен екіншісіне өту үшін қаншалықты көп уақыт пен кұш қажет болатын болса, жүйке жүйесінің селқостығы сонша үлкен болғаны.
Аталған жүйке процестерінің қасиеттері негізінде жүйке жүйесінің типі немесе жоғарғы жүйке қызметінің типі деп аталатын құрылым түзіледі.Бұл жұйе әр дара тұлғаның жүйке жүйесіне тән негізгі қасиеттер бірлігінен құралады. Ол қасиеттер: қозу мен тежелу процестерінің күші, тепе-теңдігі, қозғалмалылығы.Осы үш қасиетті негізге ала отырып, И.П. Павлов жүйке процесінің күшіне орай және күшті тип пен әлсіз типті айыра, дәстүрлі Гиппократ типологиясына жақын жүйке жүйесінің төрт негізгі типін ажыратты;
-  күшті,қозу мен тежелуі теңдей, қозғалмалы - сангвиник;
- күшті,қозу мен тежелуі теңдей,салғырт - флегматик;
- күшті, қозуы басым - холерик;
- әлсіз тип - меланхолик. 
Сонымен, И.П. Павлов түсінігінде, жүйке жүйесінің типі тума беріледі, тәрбие мен қоршаған орта ықпалынан өзгеріске келе бермейді. Осыдан жүйке жүйесінің қасиеттері – жүйке жүйесінің жалпы психикалық көрінісі болған темпераменттің физиологиялық негізін қалайды, яғни адам темпераменті – жоғары жүйке жүйесінің сырттай әрекет қарқынында танылатын психикалық бейнесі.
И.П. Павлов негіздеген типология темперамент психологиясы саласындағы көптеген лабораториялық зерттеулерге бастама берді. 50-жылдары жұргізілген осындай ізденістер нәтижесінде И.П. Павловтың шәкірттері В.М. Теплов, кейін В.Д. Небылицын темперамент типологиясын жаңа элементтермен толықтырды. Ересек адамның жұйке жүйесін эксперименталды талдауға ала отырып, жүйке процесіне байланысты екі қасиетті ашты: лабильдік және динамикалық. Жүйке жүйесінің лабильдігі – жүйке процесінің туындау және сөну шапшаңдығында көрінеді де, ал динамикалылығы – қоздырғыш, ұнамды және кері әсерлі, тежегіш шартты рефлекстердің оңай және жылдам түзілуінен байқалады.
Көп зерттеулердің нәтижесінде осы заман психологиясының теориялық тоқтамы: әрқандай адам белгілі типті жүйке жұйесіне ие. Нақты жұйкелік типке сай темперамент қасиеті дара психологиялық өзгешеліктердің мазмұның құрайды.
Психологияда жүйке жүйесінің белгілі типі адамның қылығынан, іс-әрекеті мен еңбегінен, оқу әрекеті мен ойнынан, сөйлеген сөзі мен спортпен шұғылдану әрекетінен белгі беріп, меншікті дара өзгешелігін көрсетуіне байланысты сангвиник, холерик, флегматик, меланхолик деп төртке бөліп сипаттаймыз.
Сангвиниктің эмоциялық қозуы шапшаң, күшті бірақ тұрақсыз. Көңіл-күйі әп-сәтте өзгереді. Ол - әсершіл адам. Ұнатқан, сүйген нәрсесіне елігіп әуестенуі де оңай, жеңсігінің басылуы да жылдам. Төңірегіндегі уақиғаларға, нәрсенің мән-жайына елең етіп, көңілденуі де, басқа нәрсеге ауып кетуі де тез. Көңілі көтеріңкі блып келеді. Ұзақ уақыт мұнайып жүрмейді. Бастан кешкен сезім күйлері санасында елеулі із қалдырмайды. Шапшаң да икемді, қозғалғыш та қызу, еті тірі сергек. Сезм күйлерін сыртқы қимылдары әйгілеп тұрады. Көтеріңкі, мәнерлі сөйлейді, мимика қимылы көп. Ақжарқын, ашық. Мұндай адам басқалармен жылдам жақындасады, бірақ қатынас-байланысында үстірттік болады. Қызықтырған іске бейімділігі, талабы, талпынуы көп, бірақ оп-оңай солғындап қала береді, бастаған ісіне тыңғылықты болмай, жұмысы аяқсыз қалады.Уәде береді, бірақ оны орындай алмайды. Ойынға қызу қатысады, ойын процесінде рөлін өзгертіп отырады, өкпелепқалуы оңай, өкпелесе, жылап жібереді, алайда, ренжігенін лезде ұмытады, көзінің жасы кеппей-ақ, күле бастайды.
Холериктің эмоцияға берілуі шапшаң. Сезім күйлері оқыс ауытқып, құмарта көтеріліп кететін шыдамсыз, күйгелек кісі. Әп-сәтте қызып кетіп, күйіп-піседі. Ашуланса, бұрқ-сарқетіп, қызу екпіні сарқылып барып басылады, бастан кешкен сезімі санасында терең із қалдырады, қимыл-қозғалысы шапшаң. Икемсіз оқыс қылықтарына қарамастан, қызылу, жігерлі, пысық және іс-әрекет атқаруға бейімді келеді. Жұмысқа құмарта беріліп, екпінмен істейді, анық, әсерлі, мәнерлі сөйлейді. Сезім күйлері сөзінен, мимика, пантомимикасынан білініп тұрады.
Холерик бала белсенді, батыл келеді, іске шапшаң кіріседі, бастаған іс-әрекетін аяқтап шығады, көп адам қатысқан ойындарға құмар. Өзі де ұйымдстырып, аяғына дейін белсене қатысады, шыдамсыз, күйгелек, лезде өкпелейді, әп-сәтте ашуланады және ашуын ұзақ сақтайды.
Меланхоликтің эиоциялық көтерілуі табанды, күшті, тұрақты болады, сыртқы көрінісі әлсіз келеді. Әр нәрседен ауыр әсер алады, олар бойын билеп, санасында терең із қалдырады, көңіл күйлері бірқалыпты ұзақ сақталады, мінезі баяу өзгереді, көңілі көбінесе жабырқау, кейде қайғылы да болады. Сыртқы жағдайдан үрейленіп, сескеніп тұрады, кедергі кездессе, уайымдап қажи түседі, қимыл-қозғалыстары ақырын, баяу болады. Мәнерсіз, ақырын сөйлейді, сезім күйлері сыртқы қимылдарынан көрінбейді. Өзі тұйық, жасқаншақ келеді, кісімен көп араласпайды. Іске бірден кірісіп кетпейді, егер кіріссе, іс-әрекетін толық аяқтап шығады.
Меланхолик бала сыпайы, момақан, жасқаншақ келді, біреу сұрақ қойса, қысылып, ұялып қалады, көңілденуі де, өкпелеп ренжуі де қиын, ренжіп қалса, көпке дейін ұмытпайды, ойынға бірден қосылып кетпейді, жатырқап тұрады, кешігіп барып қатысады, іске де бірден кіріспейді, бір бастап кетсе, ойынды да, жұмысты да аяқтап шығады.
Флегматик эмоциялық қозуы әлсіз болады, қызуланып желікпейді, елеуреп ашуланбайды, көңіл-күйлері байсалды, орнықты қалпында ұзақ сақталады, баяу өзгереді, жарқырап қуануда, жабырқап қайғыру да қиын, аз қозғалады, сылбыр, керенау қимылдайды, сезім күйлерін дене қимылдары білдіріп тұрмайды, мимикасы, өзге қимылдары мәнерсіз. Бір сарынды монотонды сөйлейді. Кісімен араласып жақындасуда мардымсыз, іске ырғалып-жырғалып барып кіріседі. Іс-әрекетін байсалды, тиянақты орындайды, бастаған ісін қадағалап істейді, аяқтап шығады.
Флегматик бала байсалды, баяу, орнықты болады. Кісіге үйірлігі аз, өзі ешкімге тиісіп, соқтығыспайды. Біреу жанжалға шақырса, есебін тауып жлтарып кетеді, тыныштықты жақсы көреді. Көңіл көтеретін сауыққа да әуес емес, бөтен кісіге міндет артып өкпелемейді.
Әрбір жеке адамның темпераментінде жалпы адамдарға ортақ, типтік бірсыпыра сипаттар болады. Сол сипаттарымен әр кісі темпераменттің белгілі бір типіне қосылады. Жоғарыды атап айтылғандай, таза темперамент типтері өмірде сирек кездеседі. Көп адамдарда бір типтің сипаттары басқа типтердің сипаттарына қосылып, араласып жүреді.
Сонымен, темпераменттің адам психикасындағы мәнін жоғары бағалай отырып, оның адам бойындағы табиғи қасиет – жүйке жүйесінің типтерімен байланысты екеніне көз жеткіздік. Темперамент – адамның дара психологиясының өзіндік бір сипаты ғана.
Негізгі ұғымдар: Әрекет-қылық, адамның дене құрылымы, френология, физиогномика, темперамент, меланхолик, флегматик, сангвиник, холерик, жүйке жүйесінің динамикалылығы, жүйке жүйесінің лабильдігі, конституционалды психикалық тип.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 
	Адамның әрекет-қылығы және дене құрылымы арасындағы байланысын талдаңыз?
	Темперамент мәселесін зерттеген ғалымдар, әр темпераментке берген сипаттама, оның физиологиясына тоқталыңыз?
	Адамның әрекет-қылығы және дене құрылымы арасындағы байланыстың көптүрлілігін неден байқауға болады?
	Темперамент типін типтерге бөлудің физиологиялық негіздерін атаңыз?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Анастази А. Дифференциальная психология. Индивидуальные и групповые различия в поведении. – М.: Апрель Пресс, 2001. –  (Серия «Кафедра психологии»).
2.Ахвердова О.А Дифференциальная психология. – СПб , 2004.
3. Рыбалко Е.Ф. Возрастная  и дифференциальная психология. СПб., 2001.
	Психология индивидуальных различий. Тексты // Под ред. Ю.Б. Гиппенрейтер, В.Я. Романова. – М.: МГУ, 1982.
	 Психология личности. Тексты // Под ред. Ю.Б. Гиппенрейтер, А.А. Пузырея. – М.: МГУ, 1982.

6-тақырып . Оқыту және дара айырмашылықтар.
Жоспар:
	Тәжірибе, дағды және тестік қателіктер.
	Тәжірибе және даралық айырмашылықтар.
	Мектепте оқыту және ақыл-ой қабілеті.
Көптеген уақытқа дейін интеллект коэффиценті ағзаның тұқым қуалаушылық қасиеті деп есептелінді. Интеллект коэффиценті нақты тестің көрсеткіші ғана екендігін психологтар мойындауда. Егер тестің мазмұнын өзгерткен жағдайда оның мәні де өзгеретіні белгілі. Сонымен қатар, бұл мән әрекет-қылыққа әсер ететін сыртқы факторларға да тәуелді екендігі белгілі. Яғни, индивидтің тестен өту тәжірибесіне тәуелді болмақ.. Көптеген зерттеулер барысында зерттелінушілерге белгілі бір интервалды (бірнеше к үннен бір жылға дейінгі аралықта) өткеріп, нақты тест түрінен өту ұсынылады. Бұл зерттеу жұмысына қалыпты және психикалық ауытқулары бар үлкендер, балалар қамтылады. Қайталап тестілеу кезінде нәтиже біршама жақсарып отырған. 
Сондықтан, тестілік қателіктердің болатыны белгілі. Бұл деген сөз өткен тәжірибесінде көптеген тесттерден өткен индивидтің мүмкіндігі әрине, тәжірибесі жоқ индивидке қарағанда жоғары. Тәжірибенің негізінде индивид ұсынылатын тесттерге алғашқыдай үрке қарау сезімінен арылып, өз-өзіне деген сенімділігі арта түседі. Сондықтан, біз бұдан екі түрлі қорытынды жасай аламыз, біріншісі, тестік тапсырманы ұсыну кезінде жеке индивидтің немесе топтың өзіндік жеке ерекшелігін ескере отырып, неғұрлым лайықты нұсқаны ұсыну қажет, екіншісі, тестілеу нәтижесінің мәніне тәжірибенің ықпалының үлкен екендігін ұмытпау. Ендеше , адамның әрекет-қылығына байланысты тесті өту кезінде оның кез-келген дара тәжірибесі (ресми, ресми емес) тестің нәтижесіне өз әсерін тигізеді.
Ал тәжірибе мен дара айырмашылықтар арасындағы қатынасқа байланысты көптеген сұрақтар туындайды. Тәжірибенің негізінде дара айырмашылықтар ұлғайады ма, әлде азаяды ма? Жаттығу кезінде ол өзінің бастапқы индивидуалдылығын сақтай ала ма? Бұл сұрақтардың практикалық та, теориялық та маңызы өте зор. Өйткені бұл мәселе, персоналдарды тағайындауда, білім беру немесе кәсіптік сапа көрсеткіштерінде маңызды роль атқарады. Тәжірибе уақыты бірдей адамдардың да нақты еңбек көрсеткіштерінде айырмашылықтардың болатыны белгілі. 
Мектепте оқытудың адамның интеллектуалдық дамуына әсерін білім деңгейі мен ақыл-ой дамуын анықтау тестерінің көрсеткіштерін салыстыра отырып, зерттеуге болады. Бұндай салыстыру нәтижесінде сабақ үлгері мен ақыл-ой дамуы арасындағы корреляция 0,73 және0,74 арасында болған. Әрине білім алу интеллектуалды мүмкіндіктерді көтереді және сонымен қатар, тек ақылдылар ғана білім алудың сатыларынан көп бөгетсіз өте алады.  Білім алу тек адамның дара қабілетіне де байланысты емес екенін түсінуіміз қажет. Өйткені көпшілік жағдайда білім алу басқа да факторларға да тәуелді. Мысалы, қаражат мүмкіндігі, жанұялық дәстүрлер, нақты аймақтардан білім алу мүмкіндігі және т.б. 
Оқыту және білімді бағалау кезіндегі адамның дара ерекшеліктерін ескеруде педагогтардың психологиялық  білімі мен олардың педагогикалық жеке интуициясының маңызы өте зор. 
Оқыту процесі кезінде оқытудың білім дағдылырын есепке алып, оларды бақылау жіне бағалау оқыту прцесінің аса маңызды құрамдас бөлігі. Мұғалімнің бұл жұмысты дұрыс ұйымдастыру білуі, көп жағдайда оқу-тәрбие процесінің табысты болуының кепілі.
Бақылау үшін бақылауды дұрыс ұйымдастыру, яғни теориялық білімді меңгерудегі сапа, біліктілікпен дағдының қалыптасу дәрежесін анықтау, оларға талдау жасаудың әдістемелік мәселелері туралы М.Р.Ловов, Н.Н.Светловский, Е.И.Перовский және т.б.зерттеу жұмыстарын жүргізген.  Білім мен білік, дағды нәтижесін есепке алу, бақылау мен бағалаудың теориялық талдануы және практикада қолдану тәжірибесі арасындағы әлі де болса қарама-қайшылықтар болып отыр. 80-ші жылдардан бастап оқыту нәтижесін есепке алу, бақылау және бағалаудың мазмұны, амал-тәсілдері мен қызметінің дидактикалық негіздерін талдау қолға алынды. Оның дәлдігін көтеруге бағытталған мәселелер, үлгерім нәтижелерін есепке алудың қатаң тәртіпке келтіру жүйесіне арналған жұмыстар қолға алына бастады.
Бақылау – кең көлемде бір нәрсені тексеру деген мағынаны білдіреді. Бақылау оқыту прцесінде оқушылардың оқу-әрекетіне басшылық жасау қызметін атқарады, олардың күші мен қабілетінің дамуына ықпал етеді.
Бағалау – оқытудың құрамдас бөлігі және қорытындылау сатысы. Бағалау белгілі әрекеттің немесе бар білімнің деңгейін, сапасын, дәрежесін белгілеу. Оны оқушының оқу-таным әрекетінде қарастырсақ, оқыту прйесінің міндеттерін оқушылардың қандай дәрежеде меңгеруі, дайындық деңгейі мен дамуын, білімдерінің сапасын, білім мен дағды көлемін анықтайтын құрал.
Бақылау негізінен үш сипаттағы қызметті атқарады: білім беру, тәрбиелеу жәнедамыту.
Қазіргі педагогикадағы білімді бақылау мен бағалау келесі принциптер арқылы жүзеге асырылады:
	әділдік, шындық;
	жан-жақтылық;
	жүйелілік;
	жеке даралық;
	дифференциалдық;
Әділдік пен шындық – субъективтік факторлардың болмауын көздейді, яғни білім  сапасының нақтылығын көздейді.
Жан-жақтылық – бақылау оқу бағдарламасының барлығын қамтиды, оқушылардың теориялық білімдерін, интеллектуалдық және практикалық білік пен дағдыны бақылауды қамтамасыз етеді.
Жүйелілік - әр сабақ, тақырып бойынша оқушылар оқу әрекетінің басқа буындарымен байланыстыра қаралып, оқыту процесінің барлық кезеңдерінде бақылау жүргізуді көздейді.
Жеке даралық - әр оқушының өзіндік ерекшелігін бағалау (қабілеті, денсаулығы,белсенділігі және т.б.) қарастырылады.
Дифференциалдық қатынас - әр пәннің ерекшелігін, жекелеген бөлімдеріне, сонымен бірге, оқушылардың жеке-дара қасиетін ескеріп, соған сәйкес бақылаудың түрлі әдістерін, мұғалімнің педагогикалық әдеп сақтауын талап етеді.

Негізгі ұғымдар: тәжірибе, дағды, тестік қателіктер, даралық айырмашылықтар, оқыту, ақыл-ой қабілеті, интеллект коэффиценті, бақылау, бағалау, бақылау әдістері, педагогикалық әдеп.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 
	Тестік тапсырманы ұсыну кезінде нені ескеру қажет?
	Тәжірибенің негізінде дара айырмашылықтар ұлғайады ма, әлде азаяды ма?
	Бақылау үшін бақылауды дұрыс ұйымдастыру, яғни теориялық білімді меңгерудегі сапа, біліктілікпен дағдының қалыптасу дәрежесін анықтау, оларға талдау жасаудың әдістемелік мәселелері туралы зерттеу жұмыстарын жүргізген ғалымдарды атаңыз?
	Бақылау қандай қызметті атқарады?
	Дифференциалдық қатынас деген не?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Анастази А. Дифференциальная психология. Индивидуальные и групповые различия в поведении. – М.: Апрель Пресс, 2001. –  (Серия «Кафедра психологии»).
2.Ахвердова О.А Дифференциальная психология. – СПб , 2004.
3. Рыбалко Е.Ф. Возрастная  и дифференциальная психология. СПб., 2001.
	Психология индивидуальных различий. Тексты // Под ред. Ю.Б. Гиппенрейтер, В.Я. Романова. – М.: МГУ, 1982.
	 Психология личности. Тексты // Под ред. Ю.Б. Гиппенрейтер, А.А. Пузырея. – М.: МГУ, 1982.

7-тақырып. Адамның мінездік ерекшеліктері	
Жоспар:
	Мінездің дара ерекшеліктері.
	Мінез және темперамент.
	Даралалықты зерттеудегі мінез типологиясының маңызы.
Әрбір адам басқа адамдардан өзінің даралық өзгешелігімен ерекшеленеді. Бұл орайда, адамдар мінез ерекшеліктеріне  орай ажыратылады. Мінез деген психологиялық қасиеттің төркіні гректің «характер» деген сөзінен шыққан. Мәнісі – із қалдыру. Психологияда бұл – дербестік мағынасы бар адамға байланысты ұғым. 
Мінез - әрбір адамның жеке басына тән өзіндік психологиялық қасиеттер мен ерекшеліктердің жиынтығы. Мінездің қасиеттері мен ерекшеліктері әркімде әрқилы жағдайда байқалып, адамның сол жағдайларға қатынасын білдіреді. Мінез ерекшеліктері – адамның даралық өзіндік психикалық қасиеттері. Дегенмен, адам бойындағы ерекшеліктердің бәрі бірдей, мысалы, естудің нәзіктігі, көздің көргіштігі, есте сақтаудың шапшаңдығы, ақыл-ойдың тереңдігі мінез ерекшеліктеріне жатпайды.
Адам мінезінің көріністері әрбір жеке жағдайда, оның оқиғаларға қатысуынан аңғарылады. Адамның іс-әрекет сапасы сол іске деген қатынасымен қатар ерік-жігеріне, көңіл-күйіне, ақыл-ойына да байланысты болады. Соның нәтижесінде адамның әр алуан психикалық процестері оның іс-әрекет түрлеріне ықпал етіп, адамның ақыл-ойын, көңіл-күйін, эмоциясын, ерік-жігер қасиеттерінің ерекшеліктерін айқын аңғартады.
Қоғам әсерлері мен ықпалдарн бейнелейтін мінез мазмұны жеке адамның өмірлік бағыт бағдарын құрайды, яғни оның материалдық және рухани қажеттіліктеріне, қызығуларына, наным-сенімдеріне, мақсатарына негіз болады. Мінезге қарай адамның дүниеталғамы, өмір мәнеі, әрекет-қылықтарының себептері анықталады. 
Адам мінезі сан алуан. Бұл іс-әрекетте айқын байқалады: біріншінің қимыл әрекеттері – шапшаң, екіншісінің қимыл әрекеті – баяу, бірақ тыңғылықты, үшінші – іс-әрект барысында белгілі нақты шешімге келеді және т.б. Адам мінезінде көрінетін мұндай ерекшеліктерді  - мінез бітістері дейміз. Қандай жа бір бітіс - әрекет-қылықтың тұрақты, қайталанып отыратын нақты белгісі. 
Мінез бітістері мен оның сипатын белгілі қылықтың нақты оқиғаға байланысты болуынан білуге болады, яғни белгілі бітістің көріну мүмкіндігі неғұрлым жоғары болса, ол адам мінезінің тұрақты белгісі ретінде танылады. Бірақ, ықтималды болғандықтан бітіс ұдайы көріне бермейді, адам әдетіндей бірқалыпты, механикалқ қайталана бермейді. Әдет пен мінез бітістерінің арасында өзара байланыс болғанымен олардың табиғаты екі бөлек. Мінез бітістері әдетке қарағанда адам қылығына ықпал ете отырып, сол әрекет-қылық барысында қалыптасады. Сондықтан мінез бітістерінің қалыптасуын әрекет-қылық мотивтерінен бөліп қарауға болмайды. 
Мінездің жалпыланған қасиеттері өздерінің диалектикалық қарама-қарсылықтарында көрінеді: күшті-әлсіз, қатал-жұмсақ, тыңғылықты- бейтарап және т.б. Мінез қаталдыңы өжеттік , тайсалмастықпен байланысты, ал жұмсақтықтан адам икемшіл, орнымен шегінеді, келісім жолдарын табуға ұмтылады. Мінездің тыңғылықтылығы мен қайшылығы мінез бітістерінің ішіндегі жетекші және екінші деңгейлі қасиеттердің дәрежесімен анықталады. Қасеттердің бәрі өзара үйлесімді келсе тыңғылықты мінез, ал бір қасиет екіншісімен үндеспесе – қайшылықты мінез орнығады. Адамның қызығушылықтары мен ұмтылыстарының, жан-жақты дамығандығы  мен көп түрлілігі мінездің кеңдігін танытады.
Көп жағдайда мінез және темперамент салыстырылып түсіндіріледі. Темперамент пен мінездің өзара байланысы :
	Темперамент пен мінездің өзара тығыз байланысы (Кречмер);
	Мінез темпераментке қарсы шығуы мүмкін деген  (антогоностикалық қатынас – Викторов, Левтитов);
	Темперамент мінездің элементі ретінде;
	Темпераментті мінездің тума негізі ретінде мінездің қалыптасуының негізі деп мойындау.  
Адам мінезі – адамның өмір бойы қалыптасқан дара ерекшеліктерінің жүйке жүйесінің қызыметінің тума қасиеттерімен байланысы. Оған дәлел ретінде шыншыл немесе мейірімді, өтірікші, зұлым болу темпераменттің кез келген типінде кездеседі. Бірақ мінездің кейбір ерекшеліктері темпераменттің  нақты типтерінде неғұрлым жеңіл қабылданады. Қарым-қатынас жасаушылық әрине сангвиник және холерикке тиімді. 
 Біргелкі темпераментке ие адамдарда әрқилы мінез белгілері болуы мүмкін. Темперамент ерекшеліктері қайсыбір мінезді дамытып, басқаларына шектеу қояды. Мысалы, холерикке карағанда меланхоликтің өзіне жігерлілік пен жүректілікті дарытуы қиынға соғады. Ал холерик флегматик сияқты ұстамды бола алмайды, флегматик сангвиник ұқсап көпшілікпен тез тіл табысып кете алмайды, т.с.с.
Мінезі тұрақталған адамда темперамент дербес әрекет көрінісі болудан қалып, мінез бітістеріне сай әрекет-қылықтардың іске қосылу динамикасын айыруға көмектеседі. Мінез және темперамент бітістері адамның біртұтас келбет-кейпінде өзара байланысқа түсіп, тұлға дара-лығының интегралды сипаттамасын береді,
Мінез бен ерік арақатынасы өте тығыз. Осыдан көп жағдайда   "мінезді  адам"  және   "еркі   күшті  адам"   сөз тіркестерін бір мәнде түсенеміз. Ерік, көбіне, мінез күшімен, қатаңдығымен,  табандылығымен және т.б.  байланысты. Адам мінезінің күштілігін айта отырып, ондағы еріктік сапалар мен мақсат беріктігін ескереміз. Бұл тұрғыдан адам мінезі ерік  сапаларын  қажет ететін  қиын жағдайларда, үлкен кедергілерді жеңуде көрінеді. Алайда, мінез тек күш сипатымен айқындалмайды,   онда  әрқилы  өмір жағдайына орай ерік әрекетінің қызметін бағыттаушы мазмұн бар. Бір жағынан,    еріктік   әрекеттерде   мінез   қалыптасады   әрі көрінеді, адам үшін маңызды ситуацияларда ерік мінезге ауысып, турақты қасиет түрінде бекиді; кейін осы қасиет адам қылығы мен еріктік әрекеттеріне ықпал етеді. Ерікті әрекет әр уақыт мақсатына орай нық, турақты және табандылығымен ерекшеленеді. Екінші тараптан, еркі бос адамды көп жағдайда "мінезсіз" деп сипаттайды. Психологиялық турғыдан бұлай болмауы тиіс, еркі бос адамның да қандай да мінез бітістері баршылық: қорқақтық, жүрексіздік, сенімсіздік және т.б. Мінезі айқын болмағандықтан адамның іс-әрекет, қылығын алдын ала болжастыру мүмкін емес. Мұндай адамда оның қылық-әрекетіне жетекшілік еткендей дербес бағыт-бағдар жоқ. Оның әрекеттерінің бәрі өз билігінде болмай, тысқы ықпалдарға тәуелді.
Мінез ерекшеліктері адамның сезімдік процестерімен байланысты, әрі бұл байланыс өзара ықпалды. Бір тараптан,   инабаттық,   эстетикалық,   интеллекттік   сезімдердің даму деңгейі адамның іс-әрекеті мен қатынасына және бұлар негізінде қалыптасқан мінезге тәуелді. Екін-шіден, осы сезімдердің өздері тұлғаға тән турақты ерекшеліктерге өтіп, адам мінезін құрайды. Борыш сезіну, әзілді көтеру, т.с.с. күрделі сезімдердің болуы жоғары дамыған адамның сипатын танытады.
Адамның мінез бітістерінде ақыл-ой (интеллект) үлкен маңызға ие, Ой тереңдігі мен жүйріктігі, қалыптан тыс мәселелерді қоя біліп және оны дербес шешу, ой жұмысындағы ынта мен сенім - бәрі адам мінезінің ақылдық қорының белгісі. Ал осы ақыл қабілетін пайдалануда бағыт таңдау - тікелей мінезге байланысты. Тұрмыста ақылға кенде емес, бірақ (мінез жарамсыздығынан) жарытып, ештеңе өндірмейтін адамдар аз емес.
Мінез  құрастырушы  кептеген  қасиеттер  біртұтас, олар даралап, шектеуге келе бермейді (өшпенділік, күдікшілдік, сақилык, т.б.). Ал кейбір қасиеттер, мысалы, еріктік (жүректілік, дербестік т.б.), сезімдік (жайдарылық, кө-ңілділік т.б.),  ақыл-саналық  (ой  терендігі,   сындарлық  т.б.) адам мінездерінің ерекше құрамды бөліктері ретінде талдауға  келеді.   Барша  мінез   бітістері  өзара  заңдылықты байланыскан:   батыр адам - сақи да табанды; ашық адам - жайдарлы, сенімді, достыққа тұрақты т.б.
Мінез  түрі әзінің  құрамындағы  бітістердің жалпы сипатына тәуелді келеді,  ал бітістер негізгі немесе жетекші және қосалқы болып бөлінеді.  Негізгілері адамның бағыт-бағдарын айқындауға ықпалын тигізіп,  яғни адамның  тұрақты  мінезінің сипатын  береді де,   қосалқылары мінез  қырларын  толықтыра   түседі.   Мысалы,   батылсыздық,  қорқақтық және альтруистік бітістердің алғашқы екеуі жетекші мәнге ие  болса,  онда адам секемшіл мінезді келіп,   біреуге   жақсылық,   яғни   альтруистік   қадамында жалтақшыл, күдікті болуынан көздеген ісіне бара алмайды. Керісінше, альтуристік қасиет басым келсе, алғы екі жағымсыз   бітістерді   қаймықпай   басып,   қайырымдылық ісінде батыл мінезді қадам жасайды.
Адам мінезінің белгілі турде калыптасуы оның коршаған дүниеге кдтынасына байланысты. Бұл қатынастардың мәні адам араласып,  байланысқа келген өмірлік
объекттердің маңызымен анықталады:
	Басқа адамдармен қатынасына қарай (шыншыл - өгірікші, әдепті - дөрекі т.б.).
	Орындалатын іс қызметіне орай (еңбеккер - еріншек т.б.)
	Өз басына болған қатынасына байланысты (сыншыл-өзімшіл т.б.).
	Заттарға қатынасынан (сақи - ашкөз, үқыпты - салақ т.б.).
Аталған қатынастардың бәрінің де мінез түрінің қалыптасуында үлкен маңызға ие екені сөзсіз, дегенмен тұрақты, нақгы мінездің орнығуы ең алдымен адамның адаммен, қоғамға араласып, қатынасу дәрежесіне тәуелді. Ұжымнан тыс тұлғаның жолдастық, достық, махаббат, т.б. формаларда көрінетін ізгі ниеттерінен бөлек мінез түрі болмайды. Адамдар өзара ұзақ қатынасқа келе отырып, бірі екіншісінің мінезіне таңбасын салады, осыдан көй адамдар әрекет-қылығында өзара ұқсастыққа келеді немесе қарама\ қарсы, бірақ бірінің кемшілігін екіншісі толықтыратын бітістерді игереді. Алайда, еңбек, іс-әрекет қатынастарында қалыптасқан мінез бітістері мәндірек келіп, мінез түрінің басқаларынан ажыралуына себепші болады,
Мінез әр түлғада өзінше көрініске ие, солайда бол-са, оның құрамында белгілі топ адамдарына ортақ бітіс-төрді біріктіруге болады. Осыдан, мінез түрі (типі) - адамдар-дың кейбір тобына тән қасиеттің біреудің дара мінөзінде нақты көрінуі. Мұның түпкі себөбі - мінез тума берілмей-ді, әр адамның белгілі топ, қоғам өкілі болуынан оның өмір жағдайы мен іс-әрөкетіне сай қалыптасады.
Мінезде жеке бітістер және сапалармен қатар тұлғаның қоршаған ортаға икемдесуін қамтамасыз етуші жалпы қылық тәсілі - мінез типтерін ажыртуға болады. Мінез типін анықтауда нақты адамдар мінезінің жалпы да мәнді, өмірлік қажетті тараптары ескеріледі.
Осыған орай мінез келесі типтерге бөлінеді: 
	Үйдесімді (гармонический) мінез типі - қорша-ған ортаға икемділігімен ерекшеленеді. Мұндай мінезді адамда ішкі қарама-қарсылықтар болмайды. ойлаған ойы мен істеген іс бір-біріне сай келеді. Көпшіл, ерік күші мол, қайсар, бір сөзді. Өмірдің барша қиын жағдайларында таңдаған бағыт-бағдарынан қайтпайды,  көзқарас,   талғамын ауыстырмайды. Мақсат-мұраттары мен принциптері үшін күреске дайын. Бүл адамдардың өмір сүру тәсілі жағдайға бағыну емес, оны өз қалауына орай өзгерту.
	Іштей қарама-карсылықты, бірақ сырттай келісімді (внутренне конфликтный, но внешне согласованный) мінез адамы. Бүл типті адамның ішкі ниеттері мен сырт әрекет - кылығы арасында келіспестік бола түрып, өзінің қоршаған ортамен қатынасында әлеумет талаптарына ыңғай береді, іс-әрекетін соларға бағындырып, үлкен күшпен орындайды. Өзін ерік билігінен бірде босатпайды, жан, ой дүниесін сырттай болмыс шындығынан ажыратпаудың жол-дарын іздестіруге дайын түрады.
Сыртқы дүниемен болған араздықты мүндай адамдар өздерінің ой-пікірлерін қайта қарастырумен, психологиялық қорғаныс іздестіру және әлеумет қолдамаған күн-делікті түрмыс күйбеңіне берілмеу жолдарымен шешуге бейім келеді. Қоғам мүшелері қабылдаған рухани кундылық-тарды мойындайды, бірақ сыртқы жағдайларды өзгертугеынталы емес.
3. Икемі кем, қарама-қарсылықты (конфликтный с пониженной адаптацией) мінез адамы: көңіл-күй, ниет-тері мен элеуметтік борыштары арасында үйлеспестік орын алған, шамданғыш, үнамсыз эмоциялары басым, тілдесу қабілеті нашар дамыған, іс-әрекетін ақыл сарабына сала бермейді. Бүл мінез адамдарына тән қасиет: қоршаған дүниемен арақатынасын нақты әрекет-қылық жүйесіне келтірмеген, өмір желісі қарапайым бағытты - тез өзгеріп түратын қажеттері, олар пікірінше, қандай да күш жүмса-май-ақ бір сәтте қанағаттандырылуы тиіс.
Олар өмір үшін күреске дағдыланбаған, қажыр-сыз. Балалық шағында бүл адамдар шектен тыс мәпе-леніп, тәңірегіндегілердің орынсыз артық қамқорлығынан дербестік қалыпқа үйренбеген. Осыдан, әрқандай кедергіден қорқады, ойланып, жол іздестіруге шамасы жетпей-ді. Қиыншылықтарды абыржумен қабылдап, ырықсыз психологиялық қорғаныстармен (шарбаялық, қыңырлық, нәтижесіз армандау) айналып өтуге тырысады.
4. Тиянақсыз (вариативный) мінезді адам - бағыт-бағдарының түрақсыздығынан, принциптік бостығынан тө-ңіректегі жағдайға ыңғайшыл келеді. Жеке адамдық дең-гейі төмен. Түрақты мінез-қүлығы кдланбаған, осыдан барша
іс-әрекетінде қоршаған ортаға ыңғайлану, қатынас адамдарына жағымпаздану бұл адамның бойына сіңген мінездік көрініс.Мұндай адамдардың ішкі жан дүниесі дөрекі қарапайымдылыққа негізделген; тіршілік ушін  болған әрекет-қимылы тікө, бірбеткей. Күнделікті күйбең мүдделеріне жетуде ойланып-толғануды білмейді, өз мүдделерін шектей алмайды. Олар үшін кедергі біреу-ақ - сыртқы; ішкі сапалық, жандүниелік қиыншылықтарды өлшестіруге ақылы жетпейді, бар көздегені - мол, оңай олжа, бір мезеттік игілік.Бүл адамдардың барша ынта-ықласы, нақгы, қалыпты жағдайды пайдаланумен қажеттерін мейлінше толық қамтамасыз ету. Ыңғайласу, жағымпаздықпен ішкі дүниесін тысқыжағдайларға   бағындыру   -   мұндайлардың   негізгі   мінездікболмысы
Негізгі ұғымдар: мінез, мінездің дара ерекшеліктері, мінез және темперамент ұғымдарының арақатынасы, даралалық, мінез типологиясы, мінезді адам, мінез бітістері, мінез сапалары, мінез типтері, үйлесімді мінез; іштей қарама-карсылықты, бірақ сырттай келісімді; икемі кем, қарама-қарсылықты; тиянақсыз мінезді адам. 
Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 
	Мінез бітісі деген не?
	Мінездің қалыптасуына жағдай жасайтын факторларды атаңыз?
	Тиянақсыз мінезді адамға тән қасиеттерді ата?
	Басқа адамдармен қатынасына қарай мінез бітістерін ата?
	Орындалатын іс қызметіне орай мінез бітістерін ата?
	Өз басына болған қатынасына байланысты мінез бітісін ата?
	Заттарға қатынасынан мінез бітістерін ата?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Анастази А. Дифференциальная психология. Индивидуальные и групповые различия в поведении. – М.: Апрель Пресс, 2001. –  (Серия «Кафедра психологии»).
2.Ахвердова О.А Дифференциальная психология. – СПб , 2004.
3. Рыбалко Е.Ф. Возрастная  и дифференциальная психология. СПб., 2001.
	Психология индивидуальных различий. Тексты // Под ред. Ю.Б. Гиппенрейтер, В.Я. Романова. – М.: МГУ, 1982.
	 Психология личности. Тексты // Под ред. Ю.Б. Гиппенрейтер, А.А. Пузырея. – М.: МГУ, 1982.


8-тақырып. Мінез психопатиясы.
Жоспар:
	Мінез акцентуациясы.
	Мінез ауытқушылығының клиникалық формалары.
Мінез акцентуациясы ұғымын психологияға енгізген К.Леонгард болды. Мінездік     (акцентуация) психологияда - мінездің кейбір бітістерінің қалыптан тыс дамып, тұлға психикасының "әлсіз жерлері" формасында көрініс беруі, яғни мінездің кейбір ерекшеліктері өте айқын байқалады, және бұл түрлі жағдайларда біртиптік конфликтілер мен жүйке күйзелістеріне әкелуі мүмкін.  Мұндай да адам жалпы тұрақты қасиеттерге ие бола  тұра, кейбір әсерлерге өте кінәмшіл, шыдамсыз келеді. Асқынба мінез адамы қиын жағдайларда  төзімділіктен айырылып, мінез-құлығының ақаулығын жасыра алмайды.   Тұлғалық мінез    асқынуына    тап    болған    адам    қоршаған    орта әсерлеріне  берілгіш,   психикалық күйзеліске  көп  түседі. Егер жағымсыз әсерлер мінездің "әлсіз жерлеріне" соққы болып тиетіндей жағдай болса, адам қылығы күрт өзге-реді, мінездің шектен тыс дамыған бітістері адам билігіне ырық бермей,   басқа  ұнамды  қасиеттердің  бәрін жоққа шығарады. Кейбір адамдардың жәй әзіл немесе сын көтермеуі,  екіншілердің - орынды,  орынсыз тіке,  шыншыл болуы - осы мінез бітісі асқынуының айқын мысалы. Мінез акцентуациясының көріну дәрежесіне байланысты анық немесе жасырын (латентті) болып бөлінеді. Мінез акцентуациялары жанұя тәрбиесі, әлеуметтік орта, кәсіптік әрекеттер мен жалпы денсаулық деңгейіне қарай ауысып отыруы мүмкін. Ендеше мінез акцентуациясы тұрақты емес. Мінез акцентуациясы біртіндеп жайдақталуы мүмкін. 
Мінездің мұндай ұнамсыз жәйті жасөспірім шақта қарқынды дамып,   уақыт   өтумен   қалыпты  күйге   түсуі  мүмкін,   ал адамды қоршаған ұнамсыз жағдайлар  басымдау болса, психикалық сырқаттарға тап қылады. Демек, мінез акцентуациясы қалыпты норманың ең шеткісінде орналасып, психопатияға ұласуы мүмкін. 
Мінез акцентуациясы психопатияға қарағанда тұлғаның психологиялық әсер етулерінің кез-келгеніне емес,  нақты бір жағдайларында ғана ерекше әсерін байқауға болады. Күрделі психогенді жағдайларда ғана  мінез акцентуациясы өткір аффективті реакцияға айналуы мүмкін (невроз). Мінез акцентуациялары психопатиялық бұзылыстармен шекаралас болғандықтан оның типологиясы психиатрияда жасақталған психопатия классификациясының негізінде жасалынады (тек бұл типология психикалық дені сау адамдарға тән болады).  
Психогениялар – психикалық түрлі психикалық травмалардың нәтижесінде бұзылуы. Психогениялар бір сәтте жүзеге асырылған өткір ситуациялар нәтижесінде де, сондай-ақ салыстырмалы түрде әлсіз, бірақ ұзаққа созылған ситуациялар нәтижесінде  де болуы мүмкін. М-ы: түрлі ауруларға байланысты организмнің әлсізденуі.ж.ж-нің шаршауы немесе тұлғалық ерекшеліктердің спецификасы болуы мүмкін. 
Психикалық аурулар клиникасында психогения екіге бөлінеді:
	реактивті көрінісіне қарай психогендік және психоздар;
	невроздар.
	Мінездің ұлтгық ерекшеліктері.  Ұлгтық мінез адамдардың тарихи қалыптасқан бірлестігі мен ірі топтары болып саналатын этностың,. үлттың, халықтың өмір тіршіліп" мен әлеуметтік жағдайының түтастығы арқылы танылады. Әрбір халық пен ұлттың, этностың өзіндік мінез-қүлықтарының ерекшеліктері болатындығы - тарихи шындық және объектив фактор. Қазақ халқының түркі тектес өзге халықтардан ерекшеленіп тұратын өзіндік сипат-касиеттері бар, Ыбрай Алтынсарин еңбектерінде өз халқының мінез-құлқына тән бірсыпыра касиеттерді атап көрсеткен-ді, Оның анықтауынша, қазақ халқына қарапайымдылық пен кішіпейілдік, ашық-жарқын көңіл мен кеңпейілділік, өзге нәсілді адамдарға деген достық және сыйластық көзщрас, қонақжайлылық пен пайымшыл-дық сияқты қасиеттер тән. Сондай-ақ, олардың бойында өзге де мінез-құлық сипаттары бар. Бұл орайда, қазақ-тардың өз жері мен Отанына, туған еліне деген шексіз сүйіспеншілігі, мал шаруашылығымен айналасуға икемділігі, меймандостығы мен балажандығы, өмірдің қиыншы-лықтары мен әділетсіз істерге төзімділігі, сөз әнерін ардақтауы, шешендік қабілеті, еңбексүйгіштігі мен шыдамдылығы олардың жалпы ұлттық қасиеттері болып табылады. Әрбір ұлт пен ұлысқа, этнос пен тайпаға тән қасиеттердің жай-жапсары - әлеуметтік психология саласы - этникалық психологияның зерттейтін төл пәні.
Негізгі ұғымдар: Мінез, акцентуация, мінез акцентуациясы, қоршаған орта, күйзелісі,  мінез, анық мінез акцентуациясы, жасырын (латентті) мінез акцентуациясы, психопатиялық бұзылыстар, психогениялар, психоздар, невроздар, аффективті реакция,мінездің ұлтгық ерекшеліктері.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 
	Мінез акцентуациясы ұғымын психологияға енгізген?
	Мінез акцентуациясы ұғымына анықтама беріңіз?
	Тұлғалық мінез    асқынуына    тап    болған   адам әрекет-қылығын сипаттаңыз?
	Психикалық аурулар клиникасында психогения қандай түрлерге ажыратылады?
	Психогения дегеніміз не?
	Мінездің ұлтгық ерекшеліктері деген не?
Ұсынылатын әдебиеттер:	
1. Анастази А. Дифференциальная психология. Индивидуальные и групповые различия в поведении. – М.: Апрель Пресс, 2001. –  (Серия «Кафедра психологии»).
2.Ахвердова О.А Дифференциальная психология. – СПб , 2004.
3. Рыбалко Е.Ф. Возрастная  и дифференциальная психология. СПб., 2001.
	Психология индивидуальных различий. Тексты // Под ред. Ю.Б. Гиппенрейтер, В.Я. Романова. – М.: МГУ, 1982.
	 Психология личности. Тексты // Под ред. Ю.Б. Гиппенрейтер, А.А. Пузырея. – М.: МГУ, 1982.

9-тақырып . Жанұялық ұқсастық.
Жоспар:
	Ата-текті зерттеу мәселесі.
	Егіздердің психологиялық ұқсастықтары және корреляциялық зерттеулер.
	Асыранды балалар мәселесі.
Қабілеттер, тұлғалық қасиеттерге байланысты жанұялық ұқсастықты көбінесе тұқым қуалаушылық тұрғысынан ғана түсіндіріледі.  Индивидтегі кемістіктер немесе таланттың көрінуінің себебін тұымқуалаушылық  арқылы нақтылайтын көптеген мысалдар бар. 
Егер жанұялық ортаның психологиялық өзіндік ерекшеліктерін талдап қарастыратын болсақ, ағайындылардың, ата-ана мен балалардың өзара ұқсастықтарына қоршаған ортаның әсер етуінің көптеген жолдары бар. 
Біріншіден, бір жанұя мүшелері үшін ортақ болып келетін көптеген факторлар бар.Олар: 
	Ортақ экономикалық деңгей;
	Географиялық жағдай;
	Мәдени жағдайлар;
	Ағайындылар үшін ортақ перинатальды орта және т.б.
Екіншіден, жанұялық қарым-қатынас олардың өзара әсерлесуіне жағдай туғызады. Осылайша туыстар  бір-біріне қоршаған орта әсерін қалыптастырады. 
Үшіншіден, әлеуметтік бағыттаулар мен күтілімдер де маңызды психологиялық фактор болып табылады. Көбінесе балаға алдыңғы ата-тегінің ерекше жетістіктері мен кемшіліктерін “жапсырып” отырады, және қандайда бір осы белгілердің көрінісі бірден осы себептердің негізінде түсіндіріледі. Баланың өзіндік санасына бұл өз әсерін тигізіп, оның әрі қарайғы дамуына алғы шарт бола бастайды. 
	Сонымен қатар, жанұялық орта психологиялық қасиеттердегі нақты айырмашылықтардың себебі болып та табылады.. М-ы: ағасы               інісі, балалар әр түрлі жас кезеңдерінде болғандықтан ата-ананың оларға түрліше қатынас жасауы, басқа да себептердің негізіндегі ата-ананың балаларына қатынасы (әсіресе бұндай қатынас ұлттық, менталитеттік өзгешеліктерге қатынасты болып келеді). Ендеше, көптеген мысалдар мен мәліметтерге сүйенетін болсақ жанұялық ұқсастық деңгейі өмірдің нақты ситуацияларына тәуелді болмақ.   
	Ата –текті ғылыми тұрғыдан зерттеу жұмысын ең алғаш қолға алған Ф.Гальтон (Наследственный гений) 1869 жылы жарияланды. 
	Бұл еңбегінде Англияда кең танымал деген 300 жанұядан 997 ер адамдар алынды. Олардың ішінде түрлі шенеуліктер, судьялар, теологтар, діни өкілдер, ғалым және суретшілер болды. Олар туралы мәліметтерді жинақтай келе, гальтон келесі қорытындыны жасады: танымал адамдардың танымал туыстары стстистикалық кездейсоқтықтан неғұрлым көп болып шыққан. Жанұядағы әрбір танымал адамды индекстік кездойсоқтық деп алып, басқа туыстық позициялар соған сәйкестендірілді. Сонда әрбір 100 жанұяға қанша танымал туыстардың келетіні анықталды: әрбір 100 танымал адам жанұясына 31 танымал әке, 41 танымал аға, 48 танымал ұл келген. Ал алыс туыстардың арасында танымал туыстар сирек кездесетін болған. Ендеше, танымалдылық танымал жанұялардың арасында көбірек тарайды. 
Бұл әдіс интеллектуалдық деффектілерді, қылмысқа бейімділік сияқты көріністерді талдауда қолданылады. 
Сонымен қатар асыранды балалардың психологиялық даму деңгейі де практикалық және теоретикалық мәселелерді қозғайды. Асыранды балалардың даму деңгейіне әсер ететін факторлар  өте көп және олар өте күрделі. Тест мәліметтері б/ша асыранды балалардың ақыл-ой даму деңгейі осы класс деңгейіндегі “өзінің балаларына” қарағанда біршама төмен болатын болса, орташа алғандағы барлық тұрғылықты халықтың орта есебінен жоғары. Неліктен?
	Асырап алу кезінде неғұрлым перспективті болып саналатын балалар іріктелінетіні белгілі.
	Бұндай іріктеу асырап алушы жанұяға да қатынасты: тілек білдіруші жанұялардың ішінде неғұрлым  даму деңгейі жоғарыларына ғана бұндай мүмкіндік беріледі.
	Асырап алушы ата-аналардың өз есептері болғандықтан балаға ерекше көңіл бөледі.
Негізгі ұғымдар: ата-тек мәселесі, егіздер, егіздердің ұқсастықтары, корреляциялық зерттеулер, асыранды балалар; егіздердің, асыранды балалардың психикалық дамуы, өзара ұсастық, перинатальды орта, жанұялық ұқсастық деңгейі, интеллектуалдық деффектілер
Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 
	Индивидтегі кемістіктер немесе таланттың көрінуіне мысалдар келтіріңіз?
	Ағайындылардың, ата-ана мен балалардың өзара ұқсастықтарына қандай факторлар әсер етеді?
	Өзара ұқсастықтың пайда болуына бір жанұя мүшелері үшін ортақ болып келетін факторларды атаңыз?
	Әлеуметтік бағыттаулар мен күтілімдер ұғымдарына анықтама беріңіз?
	Ата –текті ғылыми тұрғыдан зерттеу жұмысын ең алғаш қолға алған кім?
	1869 жыл дифференциалды психология тарихында қандай оқиғамен байланыстырылады?
	Асыранды балалардың ақыл-ой даму деңгейінің психологиялық ерекшеліктері
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Анастази А. Дифференциальная психология. Индивидуальные и групповые различия в поведении. – М.: Апрель Пресс, 2001. –  (Серия «Кафедра психологии»).
2.Ахвердова О.А Дифференциальная психология. – СПб , 2004.
3. Рыбалко Е.Ф. Возрастная  и дифференциальная психология. СПб., 2001.
	Психология индивидуальных различий. Тексты // Под ред. Ю.Б. Гиппенрейтер, В.Я. Романова. – М.: МГУ, 1982.
	 Психология личности. Тексты // Под ред. Ю.Б. Гиппенрейтер, А.А. Пузырея. – М.: МГУ, 1982.

10 тақырып . Ақыл-ой жетіспеушілігі.
Жоспар:
	Ақыл-ой жетіспеушілігі дәрежесі және оның негізгі критерилері.
	Клиникалық көптүрлілігі.
	Психологиялық сипаттама.
	Ақыл-ой жетіспеушілігін реабилитациялау
11-тақырып.  Қабілет – адамның  дара психологиялық ерекшелігі ретінде.
Жоспар:
	Қабілет және дарындылыққа байланысты теориялар.
	Дарындылықты зерттеу әдістері.
	Дарынды балалар мәселесі. 

Әрқандай іс-әрекетке байланысты адам қандай да қызметті орындауы қажет және сол істің тиімді нәтижесін қамтамасыз етуге жәрдем беретін сапаларға ие болуы тиіс. Мұндай дара психологиялық ерекшеліктер міндетті түрде, бір жағынан, өзіндік психикалық табиғатына ие болудан, екіншіден - әркімде өз алдына, қайталанбас көрінісінен жеке адам кабілеті деп аталады. Адам болғанның барлығы тік жүру, сөйлеу мүмкіндіктеріне ие, бі-рақ бұлардың бірі де шын қабілет тобына кірмейді, се-бебі, біріншісі - психологиялық құбылыс емес, екіншісі -баршада бірдей көрінетін әрекет. Қабілеттердің табысты іс-әрекетпен байланыстылығын баса айтумен, тиімді нәтижеге негіз боларлық дара-өзгермелі адам қасиеттерінің шеңберін тарылта қарастыру керек. Қабілетсіздерге қарағанда, қабілетті адам іс-әрекетті тезірек меңгереді, қажетті, мол нәтижеге оңай жетеді. Қабілет өз ішіне әр-түрлі психофизикалық қызметтер мен психикалық процес-терді ғана емес, сонымен бірге жеке түлғаның барша даму деңгейін қамтыған әрі оларға тәуелді күрделі бірігім. Адамның сыртқы білім, ептілік, дағды әрекеттерінде көрінгенімен, қабілет табиғаты іс-әрекеттен бөлек. Мысалы, тұлға техникалық және білім жағынан күшті бола тұрып, қызметке келгенде болымсыз, ал кейбіреулөр арнайы оқып, үйренбей-ақ күрделі қызметтерді атқарып, тиімді нәтиже беруге шебөр.Нақты көрінетін білім, ептілік және дағдылар қатарында қабілет адамның жүзеге асуы мүмкін қасиеттерінің бірі ретінде бағаланғаны жөн, яғни қабілет жерге тастаған дәнмен бірдей: қолайлы жағдай болса енеді, кері жағдайда көрінбей-ақ жойылады. Осыдан, қабілет - білім, ептілік және дағдыларды игерудің мүмкіндік көзі, ал оның іске асу, аспауы көп жәйттерге тәуелді. Мысалы, балада керемет математикалык, қабілет болуы ықтимал, бірақ ол сол баланың ғұлама-математик боларының кепілі емес. Арнайы шарттар (бағдарлы оқу, шығармашыл пе-дагоғ, отбасы мүмкіндіктері ж.т.б.) орындалмаса, қабілет дамымай жатып, өшеді. Қоғам қолдамауынан қаншама да-налардың болмай жатып, қурдымға кеткенін кім санапты? Ал мектепте "үштік" бағаға ептеп ілесіп жүрген Альберт Эйнштейн әлемге әйгілі ғалым-физик болыпты.
Білім, ептілік және дағдылардың игерілуімен олардың қабілетпен тікелей байланысы көріне бастайды, яғни іс-әрекетті игеру барысында қатыса отырып, қабілет одан әрі дамиді, іс-әрекетке жаңа мазмүн мен сипат береді, Математиканы оқымаған адамның математикалық қабілеті ешқашан да жарыққа шықпайды: оны тек сандарды танып, олармен есеп қүрап, мәселе шешу және т.б. барысында ғана қалыптастыру мүмкін.
Сонымен, қабілет білім, ептілік және дағдылардың өздерінде көрінбей, танып үйренуге орай нақты әрекөтті игеру динамикасында (тез-шабан, оңай-қиын) байқалады. Іс-әрекеттің нәтижесі, орындалу деңгейі мен тәсілдерінің тиімділігі қабілетке тәуелді.
Қорытындылай келе, "қабілет" түсінігінің бүгінгі ғылым қабылдап отырған үш негізгі көрсеткішін (Б.М.Теплов) атайық:
	Кабілет - бір адамды екіншісінен ажырататын дара психологиялық ерекшелік. Баршаға бірдей тән касиеттері қабілет бола алмайды. 
	Кабілет - барша түлғаға тән бол-ған ортақ сапа емес, кей адамға ғана дарыған қандай да бір не бірнеше іс-әрекетті табысты орындауға жарайтын өзара ептілік. 
	 Қабілет - нақты адамда топталған білім, ептілік және дағдылардан оқшау, қажет әрекетті игеру желісінде ғана көрінеді.
Қабілет пен іс-әрекет арасындағы қатынасты сөз ете отырып, егер адам іс-әрекетке байланысты талаптар-ды орындай алмаса, оның қабілөтінің жетімсіздігін атап өткен жөн. Мұндай тұлға қажетті білім қорын жинақтап, ептіліктер мен дағдыларды қалыптастыруы үшін талай күш салып, үзақ уақыт жаттығуы тиіс, ал тәрбиеші-педагогтар оны оқытып, үйрету үшін үлкен шеберлік пайдалануы лазым. Әйгілі режисер В.Немирович-Данченко "Кім болса,сол режисер бола алады ма?" деген сұраққа "Әлбетте, әркімде болады, бірақ біреуге ол үшін 3 жыл оқып, тәрбиеленуі қажет, ал екіншіге - 30 жыл, үшіншіге - 300 жыл да аз" - деп жауап беріпті. Сонымен бірге, адам қабілеті уақыт өтумен пайда болып, немесе қандай да қызметке орай қалыптасуы мүмкін.
Көрінген іс-әрекет жеке адам қабілетін дамыта алмайды. Адам тіршілігінің жалпы құрылымына назар аудара отырып, қабілет дамуына ықпалсыз, керісінше. көрінген қабілет нышандарын тежеп, олардың жойылуына себепші іс-әрекеттер барын байқау қиын емес. Мысалы, егер ән-күй не шығармашылық қабілеті бар адам ауыр, қарапайым дене жүмыстарымен шұғылдануына тура келсе, әрине, кейінгі іс ондағы табиғи қаланған кдбілеттердің дамуына оң әсер етуі екіталай.
Жеке тұлғаға байланысты дамытушы іс-әрекет жайында  әңгіме  қозғалғанда,   алдымен  маңызды   болуынан төңірегіне адамның барша мүмкіндіктерін жинақтай алатын іс-әрекет ескерілуі қажет. Сондықтан, нақты әрекеттің дамытушылық қасиетін тану үшін,  оны жеке адаммен байланыстыра сипаттау керек.  Бұл жағынан бүкіл адам өмірімен қабысқан кәсіби қызметтің өзі де иесі үшін аса мәнді де маңызды болмауы мүмкін. Өндірістік тапсырыстар мен қызметтік міндеттер адамның шығармашылық мүмкіндіктері мен тұрмыстық бай тәжірибесін толық және жан-жақты ашып бере алмайды.
Іс-әрекет адам қабілетін ұдайы дамыта бермейді, оның  себебі   -   қабілет пен  іс-әрекет арасында   белгілі сәйкестіктің болмауы. Бұл сәйкессіздіктің мәні: әрқандай қабілет өзінде  қалаған іс-әрекет мүмкіндіктерін қамтуынан қай бір жағынан нақты орындалып жатқан іске қарағанда ауқымда да кең мағыналы. Екінші жағынан, нақты іс-әрекет өзіне қатысты қабілеттен кеңірек болып, басқа да қабілеттерді қажетсінуі мүмкін. "Калыпты адам өзінің дене және ақыл қабілеттерінің он пайызын ғана пайдаланады. Қолданған және онда пайдаланбай қалған мүмкіндіктер айырмашылығы - адамның кім болып танылғаны мен әлі де кім болатынының көрсеткіші" (Коупленд П.)
Осыған орай қабілеттер нақты (актуальный) және мүмкін (потенциальные) болып екіге бөлінеді.
оол
Мүмкін болар қабілеттер нақты іс-әрекетгің қан-дай да  түрінде  көріне  бермейді,   алайда  белгілі әлеумет-тік
Жағдайлардың өзгеруімен қызмет желісіне қосылуы мүмкін. Нақты қабілеттер қатарына жалпы қызмет бабында іске асатыны ғана емес, сонымен бірге дәл бір уақытта және нақты шақтағы әрекетке қажет болғандары да кіреді. Мүмкін болған және нақты қабілеттерді тұлға кабілетінің дамуына ықпал етуші әлеуметтік жағдайлардың жанама көрсеткіші ретінде тануға болады. Себебі қоғамның әр тарихи даму кезеңінде қалыптасқан әлеуметгік жағдайлардан мүмкін болар қабілеттер өрістей түседі не кедергілерден сөніп кетеді, нақты іс жүзінде көрініп не пайдалану сәтті болмай қалады. 
Өмір бақылаулары мен арнайы зерттеулер қабілеттің табиғи берілетінін қалтқысыз дәлелдеп отыр. Қабілеттердің тума берілмейтінін мойындаумен бірге психология белгілі іс-әрекетті табысты орындаудың шарты болатын ми құрылымының тума ерекшеліктеріне шек кел-тірмейді. Қабілеттер дамуының табиғи негізі болған мидың құрылымы,  сезім мүшелері мен қозғалыстардың анатомиялық-физиологиялық   нәсілдік   ерекшеліктері  нышан  деп аталады. Шын мәнінде, адамдар арасындағы табиғи айырмашылықтар оларда қалыптасқан дайын қабілеттерде емес, дәл осы нышандар көрінісінде. Нышандар қабілет дамуының бастауы болғандықтан, адамның барынша жетіліп,  кемелдену жолу осы екі құбылыстың өзара  ұштасып, байланысқа келуінен болады. Нышанның арқасында дамығанымен, қабілет   сол нышанның өзіндік қызметінен туындамайды,   ол  нышаннан  бастауын ғана  алған даму процесінің нәтиже жемісі.
Мысалы, ақыл-ес қабілеттері ең алдымен ми қызметінен - қарқынды не бәсең қозулардан, жүйке процестерінің қозғалмалылығынан, уақытша байланыстар түзілімінің шапшаң не баяулығынан және т.б. - яғни И.П.Павлов генотип (жүйке жүйесінің тума ерекшеліктері) деп атаған құбылыстан көрінеді, Мидың қанмен қамтамасыз етілуі де ақыл-сана кабілетіне ықпал жасайды. Толық қан айналымы - ми қызметінің ақыл-ой, зейін шоғырландыру, жақсы есте қалдыру, жүйке байланыстарының (ассоциация) тез журуінің, сана жұмысымен шаршамай, мүлтіксіз жоғары тиімділікпен орындалуының кепілі.
Мидың тума қасиеттері адамның типологиялық ерек-шеліктерінде екі түрде көрінеді (И.П.Павлов): 
1. Жоғары жүйке жүйесіне тәуелді; 
2. Бірінші және екінші сигналдық жүйелердің арақатынасына байланысты.
Адам қабілеттерінің дамуында жоғары жүйке жүйесі қызметінің типі (күші, тепе-тендігі, қозғалмалылығы ж.т.б.) үлкен маңызға ие. Осыдан, жүйке процестерінің күші, тепе-теңдігі және қозғалмалылығымен (белсенді тип) байланыса отырып, адамның ұйымдастырушылық қабілеттерінің қалыптасуына қажет көптеген еріктік және тілдестік қасиеттердің түзіліп, орнығуына жәрдемін тигізеді.
Өздеріне тән бейнелеу мумкіндіктеріне орай бірінші не екінші сигнал жүйелерінің аз немесе көп әрекетке қатысуынан қабілеттердің 3 типі (И.П.Павлов) ажырала-ды: көркемөнерлік (көбіне бірінші сигналдық жүйеге негізделген); ой-саналық (көбіне екінші сигналдық жүйеге негізделген); аралас (екі жүйе де бірдей қатысқан). Осыдан, "суреткерлер" - объектті тұтас бейнелеуге бейім, "ойшылдар" - талдаумен, элементтерге ажырата тануға шебер, ал "аралас" қабілеттер қалыпты дамыған адамдардың бәріне тән құбылыс.
Нышандардың әртүрлі кабілеттерге байланысты маңызы бірдей емес. Көбіне нышандық қасиеттер музыкалық және суреткерлік өнерде қажет. Тума берілген нәзік есіту қасиеті - музыкант болудың, ал түр-түс айыра білу болашақ суреткер болудың алғы шарты.
Нышандар дамуы әлеуметтік процестерге тікелей тәуелді. Егер қоғамда белгілі бір кәсіпке қажеттік туып, қандай да адамның сол кәсіпке сай нышандық белгісі болса (музыкантқа кажет нәзік есту қасиеті), онда оның нақты еңбекке араласуға болған қабілеті тез әрі жоғары деңгейде қалыптасып, дамиды.
Нышан іс-әрекеттің нақты формасына байланыссыз көп мағыналы келеді; сондықтан, белгілі бір нышан негізінде іс-әрекет талабына орай әртүрлі қабілеттер қалануы мүмкін. Осыдан, жақсы есту әрі әуен ырғағын сезінуден адам күй орындаушы, дирижер, биші, әнші, му-зыка сыншысы, педагог, композитор ж.т.б. болары ықтимал. Сонымен бірге, болашақ қабілеттер мен іс-әрекет-тердің саналуан болуынан нышан жеке адамның дара таңдамалық қасиетіне негіз береді.
Дарындылық мәселесі. 
Адам қабілетіндегі айырмашылық іс-әрекеттің нәтижесінен, яғни оның сәтті не сәтсіздігінен байқалады. Қызығушылық адамда объектті жан-жақты танып білуге ұмтылудан туындайды. Ал бейімділік - нақты іс-әрекетті орындауға талпыну. Қызығушылық пен бейімділік сапаларының үнемі өзара үйлесім тауып, бір бағытта тоғысып отыруы мүмкін емес. Оған түрлі жағдайлар себепші, мысалы, адам көркемөнер туындыларын тамашалауы ықтимал, бірақ ол осы саладағы өнер түрлерімен шұғылдануға бейімсіз болуы мүмкін. Дегенмен, белгілі бір іс-әрекет түріне қабілеті бар адамдардың қызығушылығы мен бейімділігі бір-бірімен үйлесім таба алады,
Іс-әрекетпен айналысқанда адамның табыска жетуі үшін қабілет, қызығушылық, бейімділіктен тыс оның мінез-қүлқында келесі сапалық көріністер болуы қажет: еңалдымен - еңбексүйгіштік, табандылық, батылдық. Бірақ, осындай ерекше қабілеті бар адамның өзі де айтар-лықтай өнімге қол жеткізе бермейді. Негізі, адам өзінің іс-әрекетіне, жеке басына сын көзімен қарап, мінезінің ұнамды, ұнамсыз сапаларын айқын ажырата аларлық деңгейде болуы керек.
Адам қабілетінің даралық ерекшеліктеріне дарындылық, шеберлік, талант, данышпандық, шабыт кіреді.
Әртүрлі іс-әрекеттер аймағына қажет білім, ептілік-дағдылар бірлігін жеңіл әрі нәтижелі игеруді қамтамасыз етуші жалпы қабілеттер ерекшелігін дарындылық деп атайды. Дарындылық әрбір адамның ақыл-сана, оқу, шығармашылық, көркемөнөр, адамаралық қатынастар түзу және психомоторлық қызметтерінде көрініс береді. Дарынды адамдарға тән қасиеттер: зейінділік, жинақылық, тұрақтылық, әрқашан қызметке дайын болу; мұндай тұлғалар, сонымен бірге, мақсатқа жетуде ақылға сай табандылыққа ие, еңбекте шаршап шалдығуды білмейді, басқалармен салыстырғанда интөллекттік деңгейі анағұрлым жоғары.
Өз қызығулары бағытында дарынды адамдар қайтпас қажырлылық таныта алады. Бұл қасиеттің адамдағы көрінісі - 2-3 жасар баланың бір іспен үзбей шұғылдана алу уақыты. Басқа қатарларымен салыстырғанда дарынды бала өзін қызықтырған іспен бірнеше сағат шұғылданып, қажет болса, оған бірнеше күндер бойы қайта оралып, көздегеніне  жетпейінше, әрекетін тоқтатпайды.
Дарындылық дәрежесінің артуы қажетті білімдер мөн ептілік, дағдыларды игеріп әрі жетілдіріп баруға тікелей тәуелді.
Дарындылықтың өзіндік ерекшелігі ең алдымен қызығушылық бағдарға байланысты. Осыдан, біреу математикаға қүмар, екінші - тарихқа, және біреулөр – қоғамдықжұмыстарға  бас  (лидер)  болуда  өз дарындылығын  іскеқосып, оны нақты іс-әрекетте кейін дамыта түседі. Мысалы,   мүғалім дарындылығының   көрсеткіштері  келесідей:
	оқу материалын шәкірттерге түсінікті күйге келтіру; 
	оқушы көңіл-күйін қалтқысыз тану; 
	жұмыста шығармашыл болу; 
	балаларды өз еркіне көндіре алу;
	балалар ұжымын біріктіруге қабілетгілік; 
	сөз мәнерлігі мен мазмұндылығы; 
	сөйлеу көркемділігі мен нанымдылығы;
	педагогикалық әдептілік;
	оқу материалын түрмыспен байланыстыра алу;
	шәкірттерге кдратылған бай-қағыштық;
11) педагогикалық талапшаңдық (Ф.Н.Гоноболин).
Кабілеттер өз деңгейлері мен ауқымы жағынан ажыралады. Нақты іс-әрекет аймағында өте жоғары деңгейге көтерілген қабілет - шеберлік деп аталады. Шеберлік, яғни бір іс-әрекет аймағында жоғары жетілгендік үлкен де қажырлы еңбек негізінде пайда болады. Шеберлік көбіне өндірістік қайта жасау қызметтерімен байланысты келеді. Алайда, бүл шеберліктің дайын ептіліктер мен дағдылар бірлігінен туындайтынын білідірмейді.
Әрқандай кәсіптегі (мүғалім, дәрігер, үшқыш, спортшы ж.т.б.) шеберлік кез келген жаңа мәселелерді шешуге қажет болған психологиялық дайындықты қажет етеді. Шебер маман үшін шығармашылық міндетті түсіну мен оны орындау жолдарын табу - екеуі өзара байланыста қабылданады, іске асады, яғни "не істеу" және "қалай істеу" арасында жік болмайды.
Шеберлік деңгейі - өзгермелі, дамудағы құрылым. Іс-әрекет барысында адамның қабілет түзілімі, түлғалық мәні қалыптасып, бір деңгейден екіншісіне көтерілумен ұдайы ауысып барады. Өте дарынды адамдар да қарапайым еліктеуден бастап, кейін бірте-бірте тәжірибе жинақтаудан жасампаздық дәрежесіне көтеріледі.
Адам қабілетінің ерекше даралық сипатын көрсететін психологиялык, құбылыс - талант. "Талант" сөзінің төркін мәні: ежелгі грек қауымында бай-манап өзі жоқта жұмыстан қашқақтамасын деп еріншек құлына беретін күміс ақша бірлігі - талант аталады екен, ақылдан жұта құл оны алудан, пайдалы айналымға жіберудің орнына, топыраққа көміп, жасыратын болған. Осыдан халықта "таланты құм болды", "таланты көмілді" деген үғымдар сақталып қалған.  Қазіргі күнде талант арнайы қабілеттердің (музыкалық, суреткерлік, әдеби шығармашылық ж.т.б.) жоғары деңгейлі дамуын білдіреді. Кабілеттер сияқты талант та іс-әрекетте көрініп, өрістейді. Талантты адамның қызметі өзінің жаңашылдығымен, қайталанбас мәнерімен ажыралады.
Таланттың оянуы тікелей қоғамдық болмысқа тәуелді. Кандай бағыттағы дарындылықтың жол алуы дәуір қажеттігі мен әлеумет алдында турған нақты міндеттерге байланысты. Мемлекеттің дамуы инженерлік және конструкторлық таланттардың жетілуінен, мемлекеттің көркейген кезеңіндө ән-күй, әдебиет таланттары шығады, ал соғыс уақытында - талантты әскери қолбасшы дүниеге келеді. Осыдан, қазақ арасынан шыққан Қ.Сатпаев, М.Әуезов, Б.Момышұлы, Қажымұқан - әрбірі өз дәуірінің саңлақтары.
Талант - көптеген қабілеттердің байланысы, біртұтастығы. Өте жоғары дамыған, бірақ оқшауланған бір қабілет талант дәрежесіне көтеріле алмайды, Мысалы, кейбіреулер 10 қаналы не оданда көп санды лезде көбейтеді не бөледі, бірақ математик емес, бола алмайды да.
Кабілеттердің даму барысындағы ең жоғары, шыңдалу деңгейі - данышпандық деп аталады. Шығармашылық қызметі қоғам өмірінің бір дәуірінде, адамзат мәдениетінің тарихында белгілі із калдырған адам ғана данышпан бола алады. Өркениеттің 5000 жылдық тарихында мүндай шыңға 400-ақ кемеңгер көтеріліпті (Котс). XX ғасыр саңлақтары атанған, арамызда жүрген замандастарымыз ақын Олжас Сүлейменов, сынаушы-ұшқыш, ғарышкер Тоқтар Әубакиров қазақ данышпандарының бірінші ондығынан.
Адамның шығармашылық іс-әрекетінің аса табысты болуына себепші рухи көтеріңкілік пен ерекше күш-қуат туындайтын кезендер болады. Бұл жағдайдағы адамды жаңа идеяларға жетектеп, оларды іске асыруға ынталандыратын психологиялық қалып - шабыт деп аталады. Шабыт шығармашыл түлғаның жоғары белсенділігінен, оның іс-әрекетінің жемістілігінен, жасампаздық ептілігінен, жаңалык, ойлап табу қызметіне толық берілуінен көрінеді. Өмір намашыларының айтуынша, И.С.Тургенев шығармаларын жазуды өзін-өзі зорлап, көндіруден емес, ішкі ниет қалауымен қалай бастағанын білмей қалады екен.
Шабыт пен еңбек - екеуі егіз, бір-бірінсіз аса алмайды. Осыдан, шабыт - қажырлы еңбек пен орасан бай білім қоры негізінде туындайтын мүмкіндік. "Шабыт - еріншектерден қашатын, шақырғанға баратын қонақ" (П.И.Чайковский). Сана айқындығы. ой мен бейнелер кернеуі; ес, зейін өткірлігі, мақсатқа бағыттайтын арнасына симаған ерік күші - шабыттанудың алғы шарттары.
Негізгі ұғымдар: ақыл-ой жетіспеушілігі ұғымы,  ақыл-ой жетіспеушілігі дәрежесі, ақыл-ой жетіспеушілігінің критерилері, ақыл-ой жетіспеушілігінің клиникалық көптүрлілігі, ақыл-ой жетіспеушілігін реабилитациялау, қабілетті адам,білім, ептілік және дағдылар, нақты (актуальный) және мүмкін (потенциальные) қабілет, мидың тума қасиеттері, дарындылық, нышан.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 
	Адам кабілетіне түсінік беріңіз?
	Қабілет пен іс-әрекет арасындағы байланысты атаңыз?
	Білім, ептілік және дағды ұғымдарының арақатынасын түсіндіріңіз?
	Б.М.Теплов бойынша "қабілет" түсінігінің бүгінгі ғылым қабылдап отырған үш негізгі көрсеткішін атаңыз?
	"Қалыпты адам өзінің дене және ақыл қабілеттерінің он пайызын ғана пайдаланады. Қолданған және онда пайдаланбай қалған мүмкіндіктер айырмашылығы - адамның кім болып танылғаны мен әлі де кім болатынының көрсеткіші" деген цитата авторын атаңыз?
	Таланттың оянуы неге байланысты?
	И.П.Павлов бойынша мидың тума қасиеттері адамның типологиялық ерек-шеліктерінде қандай екі түрде көрінеді? 
	Шабыт пен еңбекке анықтама беріңіз?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Анастази А. Дифференциальная психология. Индивидуальные и групповые различия в поведении. – М.: Апрель Пресс, 2001. –  (Серия «Кафедра психологии»).
2.Ахвердова О.А Дифференциальная психология. – СПб , 2004.
3. Рыбалко Е.Ф. Возрастная  и дифференциальная психология. СПб., 2001.
	Психология индивидуальных различий. Тексты // Под ред. Ю.Б. Гиппенрейтер, В.Я. Романова. – М.: МГУ, 1982.
	 Психология личности. Тексты // Под ред. Ю.Б. Гиппенрейтер, А.А. Пузырея. – М.: МГУ, 1982.

12-13-тақырып. Дифференциалды психологиядағы гендерлік аспектілері
Жоспар:
	Биологиялық және мәдени факторлар.
	қабілеттердегі айырмашылықтар.
	Тұлғалық айырмашылықтар.
	Жетістікке жетудегі айырмашылықтар.
 Әйелдер мен ер адамдардың психологиялық бітістеріндегі айқын айырмашылықтың негізгі себептерінің бірі олардың әрекет-қылықтарына әсерін тигізетін жыныстық гармондардың әсері. Эндокринді темір сөлінің дене мүшелеріне тарауы әрекет-қылықтың барлық салаларына әсерін тигізеді. М-ы агрессивтілік. Жыныстық гармондарды бөлуде әйелдік немесе еркектік гармондардың арасындағы айырмашылық соншалық байқалмайды, керісінше олардың бөліну дәрежесінде. Еркектер де, әйелдер де андроген (еркектік гармон) мен эстроген (әйелдік гармон) бөліп шығарады. Мәселе олардың бөліну пропорциясында. Осы салыстырмалы пропорция индивидтегі маскулинді немесе феминді белгілердің басымдылығын анықтайды. 
Сонымен қатар, жыныстық жалпы айырмашылықтардың келесі көзі – жынысты анықтаушы гармондар. 
Жыныстық айырмашылықтар анатомиялық ерекшеліктерде, дене бітісінде, физиологиялық қызмет пен биохимиялық құрамда да анық көрініп отырады. Және бұл айырмашылықтар жас ерекшелігімен ұлғайып отырады. М-ы: туғанда ұлдардың дене салмағы орта есеппен қыздарға қарағанда 5 пайызды құраса 20 жасқа қарай бұл айыр-қ 20 пайызға дейін болуы мүмкін. Дене мүмкіндіктеріндегі айырмашылықтар, м-ы: реактивтілік, түрлі заттармен манипуляция жасау балалардың ойын белсенділіктерінде., қызығушылықтарында айқын байқалып отырады.
Жыныстық айырмашылық қыздардың даму акселерациясында анық байқалады. Бұлар олардағы жыныстық жетілу, дененің түрлі бөліктерінде орналасқан сүйектердің қатайуы сияқты аспектілерінде көрініп отырады. 
Әйелдердің “ӨМІР СҮРУ ҚАБІЛЕТТЕРІ” еркектерге қарағанда анағұрлым жоғары. Еркектер арасындағы өлімнің жоғары көрсеткіштеріне әсер ететін бірнеше факторлар бар.  Ұлдарда құрсақтық және нәрестелік шақтағы өлім деңгейі қыздарға қарағанда жоғары. Ұлдар мен қыздардың зачатиясының салыстырмалы көрсеткіші 120:100, 150:100 арасында. Себебі белгісіз. Дегенмен, эмбрионның еркектік жынысына жауап беретінҮ-тік сперматозоид Х-тік сперматозоидқа қарағанда қозғалмалы деген болжамдар ұсынылды. Бірақ ұлдарды қалыптасу мүмкіндігінің 20-50 пайызына қарамастан олардың туылу айырмашылығы 5-6 пайызды ғана құрайды. Өмір сүру қабілетіндегі айырмашылық тек адамдарда ғана емес одан төмен деңгейдегі жануарлар табиғатында анық байқалады. Түрлі психологиялық қалыптардың себептері болып табылатын, организм қызметінің тұрақтылығы (гемостаз) ер адамдарда неғұрлым тар көлемде болса, әйелдерде бұл құбылыстың тұрақсыз екендігі дәлелденген (дене темперературасы, түрлі физиологиялық баланс, қандағы қан құрамының деңгейі және т.б.). Сондықтан әйелдерде естен танып қалуы, қызарып-бозаруының анықтығыжәне стресстік жағдайға оңай кіріп одан тез шыға алу қабілеті олардағы физ. тұрақсыздықтың себебі болып табылады.  
Жыныстық ролдер мен бұған байланысты түрлі стериотиптер бар екендігі барлық уақытта болды және әлі де бар. 
Әр түрлі әрекетпен шұғылдану жыныстық дифференциацияның негізі мәдени аймақтарының бірі. Әсіресе бұл еңбек бөлінісінде айқын көрінеді. Әйел өмірге жас ұрпақты әкелетіндіктен қарапайым мәдени ортада ол тек үй шаруасымен ғана айналысуы керек, ал еркектер бұлшықет күшіне ерекше дамуына байланысты ол аң аулауға, соғысуға тиіс. 
Қазіргі заман мәдениетіндегі жыныстық ролдер дифференциациясын зерттеу күрделене түсуде. Біріншіден ұлдар мен қыздар әртүрлі “субкультурада” тәрбиеленеді. Оларға ата-аналары арқылы берілетін күтілімдерден бастап, олардың өздеріндегі сырт-келбеттеріндегі айырмашылықтарға дейін ұлдар мен қыздардың мәдени әрекет-қылықтарына әсерін тигізеді. 
Қабілеттердегі айырмашылықтар . қабілеттің қалыптасу және дамуының индивидуалды ерекшеліктерінен басқа бұл құбылыстағы жыныстық айырмашылықтардың бар екендігіне көптеген факторлар себеп бола алады.  
Қимыл дағдылары. Ұлдар қыздардан тек қана мускулинді күштерімен ғана емес, сонымен қатар, жылдамдығымен, ірі дене қимылдарының  координациясымен ерекшеленеді. Ал қыздар ұсақ моториканың дамуымен ерекшеленеді. Қыздар ұлдарға қарағанда ерте өз беттерімен киінеді, түймелейді, байлайды, қолын тиянақты жуады.  (Стенфорд-Биненің стандартталынған іріктеуі б/ша). Себебі ұсақ қозғалыстарды орындау қыздардың дене пропорциясының ұлдарға қарағанда кіші екендігі және қыздар акселерациясы және бұл біріншілік биологиялық жыныстық айырмашылықтар олардың әрі қарайғы дағды  мен қызығушылықтарына әсерін тигізетіні түсінікті. 
Перцептивті айырмашылықтар. Зейін аудару, заттардың түрлі бөліктерін қабылдауға араналған тапсырмаларда әрине әйелдердің мүмкіндіктері ерлерге қарағанда неғұрлым дамыған. Ал ерлер кеңістікті бағдарлаумен көзге түседі. 
Вербалды қызмет. Әйелдердегі вербалды және лингвистикалық басымдылық олардың ерте сәбилік шақтарынан бастап кәрілік шаққа дейін жалғасады. Қыздар ұлдарға қарағанда ерте сөйлей бастайды және сөздік қорлары жоғары болады. Қыздардыың артикуляциялық қабілеттері ұлдарға қарағанда 1 жас алдыда болады. 
Есте сақтау қабілеттерінде қызардың есте сақтау қабілеттері аса ерекшеленбегенімен, оларда логикалық ес, механикалық еске қарағанда жақсы дамыған. 
Күнделікті бақылаулар қоғамдық өмірде әйелдер және ер адамдар арасындағы тұлғалық өзіндік ерекшеліктердің бар екендігін көрсетіп отыр. Көптеген эмоционалдық және әлеуметтік сипаттамаларда бұл алшақтық ерте балалық кезеңнен бастап көрніс табуда. Дәстүрлі жыныстық айырмашылықтарда байқалатын тұлғалық дамудың маңызды аспектілері: қызығушылықтар, қалау-идеалдар, бағыттылықтар және тұлғалық құндылықтар. 
	Ерте балалық шақтағы ойын белсенділігін зерттеулердің нәтижесінде ұл балалардың көбінесе бұлшықет ептілігін дамытуға қолайлы қозғалмалы және бәсекелік  ойындармен айналысатын болса, қыз балалар неғұрлым байыпты ойындарға бейім екендіктері  байқалады. Түрлі жас кезеңдеріндегі жыныстық ерекшеліктерді әртүрлі тұлғалық бағыттарда зерттеу арқылы қарастырылынды: 
	балалардың оқырмандық қалаулары;
	орта мектептердегі кәсіптік таңдаулар;
	құндылықтарды салыстыру;
	әйелдер және ер адамдардың өзара әңгімелесу үзінділерін жүйелі сараптау;
	қызығушылықтар тесті;
	қарым-қатынас ерекшеліктері;
	жетістікке жету мотивациясы;
	сексуалды әрекет-қылықтары (Кинси талдаулары);
	агрессивтілік және т.б.
Тұрақты жыныстық ерекшеліктердің бірі ер адамдардағы агрессивтіліктің басымдылығы. Әрине бұл оның мәдени және биологиялық (бұлшықет күші, еркек гармоны) шығу тегіне байланысты. Біздің әлеуметтік ортада жыныстық ерекшеліктердегі агрессивтілік ерте балалық шақта байқала бастайды.
 Жыныстық ерекшеліктерді табиғатын зерттеулер көбінесе бізді мәдени ортада ер және әйел адамдардың жауаптарын салыстыру арқылы жүргізіледі. Егер 30% ерлер және 29% әйелдер қазіргі өнерді ұнататындықтарын айтса, онда бұл мәселедегі жыныстық айырмашылықтар сұрағы өздігінен жоққа шығарылады. 
ММРІ, Бланк кәсіптік қызығушылықтар қағазы, Гилфорд-Циммерманның темперамент Шкаласы, гофтың феминділік Шкаласы арқылы түрлі өмірлік аспектілердегі еркектілік пен әйелділік бағаланды. 
Негізгі ұғымдар: Биологиялық фактор, жыныстық гармондар, андроген, эстроген, мәдени факторлар, жыныстық айырмашылық, өмір сүру қабілеттілігі, қабілеттердегі айырмашылықтар,  тұлға, тұлғалық айырмашылықтар, жетістік, жетістікке жетудегі айырмашылықтар, қызығушылықтар, қалау-идеалдар, бағыттылықтар және тұлғалық құндылықтар, перцептивті айырмашылықтар, қабілеттердегі айырмашылықтар.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 
	Индивидуалды айырмашылықтың қалыптасуында биологиялық және мәдени факторлардың алатын орны?
	Жыныстық айырмашылық тек биологиялық факторға негізделеді ме? 
	Жыныстық ролдер мен стериотиптерге мысалдар келтіріңіз?
	Субкультура деген не?
	Дәстүрлі жыныстық айырмашылықтарда байқалатын тұлғалық дамудың маңызды аспектілеріне нені жатқызамыз?
	Адамдардағы агрессивтіліктің басымдылығы неге тәуелді болып табылады?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Анастази А. Дифференциальная психология. Индивидуальные и групповые различия в поведении. – М.: Апрель Пресс, 2001. –  (Серия «Кафедра психологии»).
2.Ахвердова О.А Дифференциальная психология. – СПб , 2004.
3. Рыбалко Е.Ф. Возрастная  и дифференциальная психология. СПб., 2001.
	Психология индивидуальных различий. Тексты // Под ред. Ю.Б. Гиппенрейтер, В.Я. Романова. – М.: МГУ, 1982.
	 Психология личности. Тексты // Под ред. Ю.Б. Гиппенрейтер, А.А. Пузырея. – М.: МГУ, 1982.


3 ПРАКТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ САБАҚТАР

1 Модуль.  Дифференциалды психологияға кіріспе	
№1 Дифференциалды психологияның даму және қалыптасу тарихы
Мақсаты:Дифференциалды психологияның даму кезеңдеріне назар аудара отырып, оның адамдардың қабілетінің, интеллект деңгейін, мінез құлықтың, іс әрекетінің психикалық құрылымының индивидуалды айырмашылықтарын зерттейтін ғылым екендігіне көз жеткізу.
Практикалық сабаққа арналған №1 оқу-әдістемелік нұсқау
Дифференциалды психологияның дамуына үлкен үлес қосқандар В.Вундт, Крепелин, Бине, Шарко, У. Штернның зерттеулерін салыстыра отырып, дифференциалды психологияның даму кезеңдеріне салыстырмалы сараптама жасаңыз.
Бақылау сұрақтары:
	Дифференциалды психологияның эксперименталды психолгиядан бөлініп шығуы.
	Дифференциалды психологияның даму кезеңдері.
	Дифференциалды психологияның дамуы және тестілеу
Қолданылатын әдебиеттер:
	Ананьев Б.Г. Избранные психологические произведения. В 2-х т. – М.: Педагогика, 1980.
	Ахвердова О.А Дифференциальная психология. – СПб , 2004
	Анастази А. Дифференциальная психология. Индивидуальные и групповые различия в поведении. – М.: Апрель Пресс, 2001. –  (Серия «Кафедра психологии»).
	Небылицын В.Д. Психофизиологическое исследование индивидуальных различий. – М.: Наука, 1976.
	Мерлин В.С. Очерк интегрального исследования индивидуальности. – М.: Педагогика, 1986.
	Психология индивидуальных различий. Тексты // Под ред. Ю.Б. Гиппенрейтер, В.Я. Романова. – М.: МГУ, 1982.
	
№2. Дифференциалды психологияның зерттеу әдістері
Мақсаты: Дифференциалды психологияның зерттеу әдістері - бақылау, эксперимент, интроспекция, егіздер әдісі, құжаттарды зерттеу, сұрақтама, биографиялық, статистикалық талдау, тестілеу түрлерін талдау.
Практикалық сабаққа арналған №2 оқу-әдістемелік нұсқау
	Бақылау, эксперимент, интроспекция, егіздер әдісі, құжаттарды зерттеу, сұрақтама, биографиялық, статистикалық талдау, тестілеу ұғымдарына дифференциалды психологияның негізгі зерттеу әдістері ретінде анықтама беріңіз. Оның бір-бірінен арасындағы байланысты ашып, зерттеу әдістері түрлерінің қалыптасуының арнаулы және жалпы заңдылықтарына көңіл аударыңыз. 
Бақылау сұрақтары:
	Индивидуалдылықты зерттеудегі объективті және субъективті әдістер.
	Индивидуалдылықты зерттеудегі статистикалық әдістер және тестілеу.
	Дифференциалды психологиядағы тұқым қуалаушылық және қоршаған орта мәселесі.
Пайдаланылатын әдебиеттер: 
	Анастази А. Дифференциальная психология. Индивидуальные и групповые различия в поведении. – М.: Апрель Пресс, 2001. –  (Серия «Кафедра психологии»).
	Ахвердова О.А Дифференциальная психология. – СПб , 2004
	Мерлин В.С. Очерк интегрального исследования индивидуальности. – М.: Педагогика, 1986.
	Небылицын В.Д. Психофизиологическое исследование индивидуальных различий. – М.: Наука, 1976.
	Психология индивидуальных различий. Тексты // Под ред. Ю.Б. Гиппенрейтер, В.Я. Романова. – М.: МГУ, 1982.



№3-4.  Тұқым қуалаушылық және қоршаған орта арақатынасы
Мақсаты: Адамдардың индивидуалды айырмашылықтарының негізін олардың тұқым қуалаушылығы және қоршаған орта қалайтынына көз жеткізу. 
Практикалық сабаққа арналған №3-4 оқу-әдістемелік нұсқау
Ғылымда тұқым қуалаушылық және қоршаған орта арақатынасы туралы ең кең тараған көзқарас туралы ақпарат беріп, ол теорияны анықтаңыз. Бұл теория бойынша тұқым қуалаушылық және қоршаған орта факторлары бір біріне қосымша факторлар ретінде қарастырылмай, екеуіде бір біріне тәуелді екендігіне көз жеткізіңіз. Мысалдар, келтіріңіз. Соған қарай, кез келген тұқымдық фактор қоршаған ортаның жағдайына қарай жақтан өзін қалай көрсетуі мүмкін деген мәселені қарастырыңыз.Индивидтің дамуында тұқымқуалаушылық және қоршаған орта факторына байланысты кең тараған қателіктер туалы ақпарат беріңіз. 
Бақылау сұрақтары:
	Тұқым қуалаушылық және қоршаған ортаға байланысты неғұрлым кең тараған қателіктер.
	“құрылымдық” және “функционалдық” сипаттамалар.
	Тұқым қуалаушылық және қоршаған орта ерекшеліктері және арақатынасы
Пайдаланылатын әдебиеттер: 
	Анастази А. Дифференциальная психология. Индивидуальные и групповые различия в поведении. – М.: Апрель Пресс, 2001. –  (Серия «Кафедра психологии»).
	Ахвердова О.А Дифференциальная психология. – СПб , 2004
	Мерлин В.С. Очерк интегрального исследования индивидуальности. – М.: Педагогика, 1986.
	Крайг Г. Психология развития. – СПб.: Издательство “Питер”, 2000. – (Серия “Мастера психологии”). 
	Роль среды и наследственности в формировании индивидуальности человека / Под ред. И.В.Равич-Щербо. – М.: Педагогика, 1988 

№5. Дене құрылымы және әрекет-қылық
Мақсаты: Адамның дене құрылымы мен психологиялық қасиеттерінің байланысын оның әрекет-қылығын талдау арқылы анықтауға болатындығын дәлелдеу.
Практикалық сабаққа арналған №5 оқу-әдістемелік нұсқау
Әрқандай адам белгілі типті жүйке жұйесіне ие және нақты жүйкелік типке сай темперамент қасиеті дара психологиялық өзгешеліктердің мазмұнын құрайтынын теориялық тұрғыдан қарастырыңыз.  Индивидтің дамуында тұқымқуалаушылық және қоршаған орта факторына байланысты кең тараған қателіктер туалы ақпарат беріңіз. Э. Кречмер, Шелдонның конституционалды типологиясымен танысып, әр типтің психикалық ерекшеліктерімен танысыңыз. 
Бақылау сұрақтары:
	Жеке адам бойындағы биологиялық және әлеуметтік жағдайлардың арақатынасы.
	Дене құрылымы мен әрекет-қылыққа байланысты көп тараған қателіктер.
	Темперамент және адамның конституциялық ерекшеліктері
	Дене құрылымы мен әрекет-қылықтың қалыптасуына әсер ететін факторлар (физиологиялық, сенсорлық және т.б.). 
Пайдаланылатын әдебиеттер: 
	Ананьев Б.Г. Избранные психологические произведения. В 2-х т. – М.: Педагогика, 1980.
	Анастази А. Дифференциальная психология. Индивидуальные и групповые различия в поведении. – М.: Апрель Пресс, 2001. –  (Серия «Кафедра психологии»).
	Ахвердова О.А Дифференциальная психология. – СПб , 2004
	Мерлин В.С. Очерк интегрального исследования индивидуальности. – М.: Педагогика, 1986.
	Небылицын В.Д. Психофизиологическое исследование индивидуальных различий. – М.: Наука, 1976.
	Психология индивидуальных различий. Тексты // Под ред. Ю.Б. Гиппенрейтер, В.Я. Романова. – М.: МГУ, 1982.
	Немов Р.С. Психология в 3-х томах. Т.1. – М, 1995. – 512с. 

№6. Оқыту және дара айырмашылықтар 
Мақсаты: Тәжірибе және дара айырмашылықтарға психологиялық анықтама беріп, тестік қателіктердің болу себебін анықтау.
Практикалық сабаққа арналған №6 оқу-әдістемелік нұсқау
Тестік тапсырманы ұсыну кезінде жеке индивидтің немесе топтың өзіндік жеке ерекшелігін ескере отырып, неғұрлым лайықты нұсқаны ұсыну қажет, екіншісі, тестілеу нәтижесінің мәніне тәжірибенің ықпалының үлкен екендігін ұмытпау қажеттілігін түсіндіріңіз. Ал адамның әрекет-қылығына байланысты тесті өту кезінде оның кез-келген дара тәжірибесі (ресми, ресми емес) тестің нәтижесіне өз әсерін тигізетін мысалдар негізінде дәлелдеңіз.
Бақылау сұрақтары:
	Тәжірибе, жаттығулар және тестік қателіктер.
	Тәжірибе және дара айырмашылықтар.
	Мектептеоқыту және ақыл-ой қабілет. 
Пайдаланылатын әдебиеттер: 
	Ананьев Б.Г. Избранные психологические произведения. В 2-х т. – М.: Педагогика, 1980.
	Анастази А. Дифференциальная психология. Индивидуальные и групповые различия в поведении. – М.: Апрель Пресс, 2001. –  (Серия «Кафедра психологии»).
	Ахвердова О.А Дифференциальная психология. – СПб , 2004
	Мерлин В.С. Очерк интегрального исследования индивидуальности. – М.: Педагогика, 1986.
	Психология индивидуальных различий. Тексты // Под ред. Ю.Б. Гиппенрейтер, В.Я. Романова. – М.: МГУ, 1982.
	Немов Р.С. Психология в 3-х томах. Т.2. – М, 1995

№7-8. Адамның мінездік ерекшеліктері
Мақсаты: Мінез – адамның дара психикалық қасиеті ретінде анықтамасын беру,  мінездің қасиеттері мен ерекшеліктері әркімде әрқилы жағдайда байқалып, адамның сол жағдайларға қатынасын білдіреніне көз жеткізу. 
Практикалық сабаққа арналған №7-8 оқу-әдістемелік нұсқау
Мінез ерекшеліктері – адамның даралық өзіндік психикалық қасиеттері болып табылатындығын дәлелдеген ғалымдарды атаңыз. Мінездің қалыптасуына әер етуші қасиеттерді атап, әрқайсысына жеке тоқталыңыз. Қазіргі кезде белгілі мінез типологияларын қарастырып, мінез акцентуациясы деген терминге анықтама беріңіз, олардың түрлерін ажыратыңыз.
Бақылау сұрақтары:
	Мінез дара қасиет ретінде
	Мінез бітістері. 
	Мінез қалыптастыратын қасиеттер (жетекші, типтік және дара)
	Мінез типологиясы.
	Мінез акцентуациясының типтері
Пайдаланылатын әдебиеттер: 
	Ананьев Б.Г. Избранные психологические произведения. В 2-х т. – М.: Педагогика, 1980.
	Анастази А. Дифференциальная психология. Индивидуальные и групповые различия в поведении. – М.: Апрель Пресс, 2001. –  (Серия «Кафедра психологии»).
	Леонгард К. Акцентуированные личности. – Киев: Высшая школа, 1981.
	Личко А.Е. Психопатии и акцентуации характера у подростков. – Л.: Медицина, 1983.
	Немов Р.С. Психология в 3-х томах. Т.1. – М, 1995. – 512с. 
	Психология личности. Тексты // Под ред. Ю.Б. Гиппенрейтер, А.А. 

№9. Жанұялық ұқсастық
Мақсаты: Жанұя мүшелері үшін ортақ болып келетін факторларды анықтау, егіздердің психологиялық тұрғыдан ұқсастығы мен асыранды балалар, жетімдердің психикалық даму дәрежесін теориялық тұрғыдан зерттеу. 
Практикалық сабаққа арналған №9 оқу-әдістемелік нұсқау
Жанұялық ортаның психологиялық өзіндік ерекшеліктерін талдаңыз, ағайындылардың, ата-ана мен балалардың өзара ұқсастықтарына қоршаған ортаның әсер етуінің көптеген жолдары бар екендігін мысалдар негізінде дәлелдеңіз. Жанұялық ұқсастық деңгейі өмірдің нақты ситуацияларына тәуелді болмақ екендігіне көзіңізді жеткізіңіз.
Бақылау сұрақтары:
	Егіздердің психологиялық ұқсастығы.
	Асыранды балалар.
	Жетім балалар мәселесі. 

Пайдаланылатын әдебиеттер: 
	Анастази А. Дифференциальная психология. Индивидуальные и групповые различия в поведении. – М.: Апрель Пресс, 2001. –  (Серия «Кафедра психологии»).
	Леонгард К. Акцентуированные личности. – Киев: Высшая школа, 1981.
	Небылицын В.Д. Психофизиологическое исследование индивидуальных различий. – М.: Наука, 1976.
	Психология индивидуальных различий. Тексты // Под ред. Ю.Б. Гиппенрейтер, В.Я. Романова. – М.: МГУ, 1982.
	Психология личности. Тексты // Под ред. Ю.Б. Гиппенрейтер, А.А. Пузырея. – М.: МГУ, 1982.



№10.Ақыл-ой жетіспеушілігі.
Мақсаты: Ақыл-ой жетіспеушілігі дәрежесі және оның негізгі критерийлерін теориялық тұрғыдан зерттеу және оның этиологиясы мен клиникалық көптүрлілігін талдау.
Практикалық сабаққа арналған №10 оқу-әдістемелік нұсқау
Ақыл-ой жетіспеушілігі ұғымына психологиялық анықтама беріңіз. Оның қалыпты ақыл-ой иелерінен  айырмашылығын ашып, ақыл-ой жетіспеушілігі түрлерінің қалыптасуының арнаулы және жалпы заңдылықтарына көңіл аударыңыз. 
Бақылау сұрақтары:
	Ақыл-ой жетіпеушілігін анықтаудың критерилері мен дәрежесі
	Этиологиясы мен клиникалық көптүрлілігі.
Пайдаланылатын әдебиеттер: 
	Анастази А. Дифференциальная психология. Индивидуальные и групповые различия в поведении. – М.: Апрель Пресс, 2001. –  (Серия «Кафедра психологии»).
	Леонгард К. Акцентуированные личности. – Киев: Высшая школа, 1981.
	Психология индивидуальных различий. Тексты // Под ред. Ю.Б. Гиппенрейтер, В.Я. Романова. – М.: МГУ, 1982.
	Психология личности. Тексты // Под ред. Ю.Б. Гиппенрейтер, А.А. Пузырея. – М.: МГУ, 1982.


№11. Дарындылық мәселесі
Мақсаты: Дарындылық мәселесін теориялық талдай келе, оның дәрежесінің артуы қажетті білімдер мөн ептілік, дағдыларды игеріп әрі жетілдіріп баруға тікелей тәуелді екендігінің маңызын анықтау.
Практикалық сабаққа арналған №11 оқу-әдістемелік нұсқау
Адам қабілетінің даралық ерекшеліктеріне не кіретінін көрсетіңіз. Дарындылықты сипаттайтын психологиялық теорияларды сипаттаңыз, ерекеше тарихи тұлғаны алып, оған психологиялық сипаттама беріңіз.
Бақылау сұрақтары:
	Дарындылықты сипаттайтын психологиялық теориялар.
	Дарындылықты зерттеу әдестері.
	Ерекше адамдардың сипаттамалары.
	Дарынды балалар.
Пайдаланылатын әдебиеттер: 
	Айзенк Г.Ю. Проверьте свои способности. – М., 1988. 
	Анастази А. Дифференциальная психология. Индивидуальные и групповые различия в поведении. – М.: Апрель Пресс, 2001. –  (Серия «Кафедра психологии»).
	Психология индивидуальных различий. Тексты // Под ред. Ю.Б. Гиппенрейтер, В.Я. Романова. – М.: МГУ, 1982.

№12, 13. Дифференциалды психологиядағы гендерлік аспектілері
Мақсаты: Әйелдер мен ер адамдардың психологиялық бітістеріндегі айқын айырмашылықтың негізгі себептерін анықтау, биологиялық және мәдени факторлар негізінде түсіндіру.
Практикалық сабаққа арналған №12, 13 оқу-әдістемелік нұсқау
	Жыныстық айырмашылықтар анатомиялық ерекшеліктерде, дене бітісінде, физиологиялық қызмет пен биохимиялық құрамда да анық көрініп отытынына көңіл аударып,  оған дәлелдер келтіріңіз. Әйелдердің “өмір сүру қабілеттері” еркектерге қарағанда анағұрлым жоғары екендігіне негіздер тауып, гендерлік ролдер мәнін түсіндіріңіз.
Бақылау сұрақтары:
	Биологиялық және мәдени факторлар.
	Қабілеттегі жыныстық айырмашылықтар.
	Тұлғалық қасиеттердегіжыныстық айырмашылықтар.
	Гендерлік рөлдер мәні.
	Жыныстық айырмашылықтар
Пайдаланылатын әдебиеттер: 
	Анастази А. Дифференциальная психология. Индивидуальные и групповые различия в поведении. – М.: Апрель Пресс, 2001. –  (Серия «Кафедра психологии»).
	Ахвердова О.А Дифференциальная психология. – СПб , 2004
	Небылицын В.Д. Психофизиологическое исследование индивидуальных различий. – М.: Наука, 1976.
	Психология индивидуальных различий. Тексты // Под ред. Ю.Б. Гиппенрейтер, В.Я. Романова. – М.: МГУ, 1982.


№14. Әлеуметтік-кластық айырмашылықтар. 
Мақсаты: әлеуметтік кластық айырмашылықтарға кластық құрылымдар мен әлеуметтік-экономикалық статус және интеллект ұғымдары тұрғысынан анықтама беру, өзара тәуелділігін анықтау
Практикалық сабаққа арналған №14 оқу-әдістемелік нұсқау
Ауылдық және қалалық, басқа аймақтық айырмашылықтар, әлеуметтік-экономикалық статус және интеллект ұғымдарына анықтама бере отырып, әлеуметтік кластық айырмашылықтарды жіктеңіз.
Бақылау сұрақтары:
	Әлеуметтік кластық құрылымдар.
	Әлеуметтік-экономикалық статус және интеллект.
	Ауылдық-қалалық және басқа да аймақтық айырмашылықтар.
	Әлеуметтік-кластық айырмашылықтардың өзіндік ерекшеліктері.

Пайдаланылатын әдебиеттер: 
	Ахвердова О.А Дифференциальная психология. – СПб , 2004
	Анастази А. Дифференциальная психология. Индивидуальные и групповые различия в поведении. – М.: Апрель Пресс, 2001. –  (Серия «Кафедра психологии»).
	Леонгард К. Акцентуированные личности. – Киев: Высшая школа, 1981.
	Психология индивидуальных различий. Тексты // Под ред. Ю.Б. Гиппенрейтер, В.Я. Романова. – М.: МГУ, 1982.
	Немов Р.С. Психология в 3-х томах. Т.1. – М, 1995. – 512с. 
	Психология личности. Тексты // Под ред. Ю.Б. Гиппенрейтер, А.А. Пузырея. – М.: МГУ, 1982.

№15.Мәдени айырмашылықтар. 
Мақсаты: . Адам үшін маңызды болып табылатын мәдени әрекет-қылыққа әсер ететін факторлардың көптүрлілігін дәлелдеу.
Практикалық сабаққа арналған №15 оқу-әдістемелік нұсқау
	Мәдени әрекет-қылықтың адам өміріндегі маңызын түсіндіріріңіз. Өмір сүру ортасындағы адам үшін маңызды болып табылатын мәдени әрекет-қылыққа әсер ететін факторлардың көптүрлілігін дәлелдеңіз. Координаттар мәдени жүйесін анықтап, түрлі мәдениеттегі «адам табиғаты» ұғымына  мысалдар келтіріңіз. 
Бақылау сұрақтары:
	Координаттар мәдени жүйесі.
	Даму кезеңдері мен мәдени бағыттаулар.
	Мәдени әрекет-қылыққа әсер ететін факторлар.
	Түрлі мәдениеттегі “адам табиғаты”.
Пайдаланылатын әдебиеттер: 
	Ахвердова О.А Дифференциальная психология. – СПб , 2004
	Анастази А. Дифференциальная психология. Индивидуальные и групповые различия в поведении. – М.: Апрель Пресс, 2001. –  (Серия «Кафедра психологии»).
	Мерлин В.С. Очерк интегрального исследования индивидуальности. – М.: Педагогика, 1986.
	Психология индивидуальных различий. Тексты // Под ред. Ю.Б. Гиппенрейтер, В.Я. Романова. – М.: МГУ, 1982.
	Соколова Е.Т. Проективные методы исследования личности. – М., 1980



ПОӘК 042-18-16.1.15/03-2013

№1 басылым 18.09.2013 ж. 
48 беттің -2шісі
Пәндер