Файл қосу

Химиялық қауіпті нысандардағы төтенше жағдайлар



|            ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ                |
|ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ                                |
|3 деңгейдегі СМЖ құжаты    |ПОӘК            |ПОӘК-042-X.1.55/03-2013           |
|ПОӘК «Тіршілік әрекетінің  |№ 3 басылым     |                                  |
|қауіпсіздігі» пәнінің   оқу|04.09.2013      |                                  |
|әдістемелік материалдары   |                |                                  |











                        Пәннің оқу-әдістемелік кешені



         «Тіршілік  қауіпсіздігі негіздері» пәнінен  университеттің
                         барлық мамандығына арналған





                         Оқу әдістемелік материалдар














                                    Семей
                                    2013

                                 1 Глассарий

Апат - өзімен бірге аймақтық немесе  ғаламдық  ауқымдағы  төтенше  жағдайды,
адам құрбандығын алып келетін ірі авария, қиратушы құбылыс.
Азаматтық қорғаныс – басқару органдарының мемлекеттік  жүйесі,  бейбіт  және
соғыс уақытында халықты, шаруашылық нысандарын және табиғи және  техногендік
сипаттағы  ТЖ,  қазіргі  заманның  зақымдау          құралдарының   зақымдау
(қирату) факторларынан елдің аумағын қорғау  мақсатымен  жүргізілетін  жалпы
мемлекеттік шаралар жиынтығы.
Аймақты тазалау – ТЖ пайда болғанда жиналған қауіпті заттарды  іздеу,  жинау
және жою.
Акваланг – су астында дем алуға арналған аппарат.
Акья – тау жағдайларында жүктерді, зардап шеккендерді тасымалдауға  арналған
шана.
Ақпарат – қоршаған әлем және онда болып жатқан үрдістер туралы мәлімет.
Ангар – әуе техникаларының тұрағы мен жөнделуіне арналған ғимарат.
Анемометр – желдің бағыты мен биіктігін анықтайтын құрал.
Антибиотиктер – бактерия, вирустардың өсуін басатын, дәрілік заттар.
Антипиретиктер – қызуды төмендететін дәрілік құралдар.
Антисептик – залалсыздандырушы заттар.
Антициклон – тұрақты жоғарғы атмосфералық қысым аймағы.
Антропогендік ТЖ – адамның әрекетіне байланысты авария немесе апат.
Аңызақ - ауаның жоғарғы температурасындағы жел.
Альпеншток – ұзындығы 1,5 м, қалыңдығы  3-4  м  болатын,  берік,  ұшы  өткір
металл, дөңгелек таяқ.
Альтиметр – теңіз үстіндегі биіктік деңгейін анықтайтын құрал.
Апат – аумақтық немесе барынша ауқымды  төтенше  жағдайларды  алып  жүретін,
адам құрбаны бар үлкен авария, қиратушы құбылыс.
Абразия   –   теңіздердің,   өзендердің,    көлдердің,    су    қоймаларының
жағалауларының толқындармен соғылуы.
Авария – технологиялық үрдістердің  бұзылуы,  механизмдердің,  құралдар  мен
ғимараттардың зақымдануы.
Авариялық – қалпына келтіру жұмыстары – жоғарғы қауіптілікті және  қиратудың
жеке ошақтарын жою, коммуналдық  жүйелеріндегі  зақымдалуларды,  аварияларды
жою бойынша халықтың тіршілігін қамтамасыз  ету  үшін  аз  болса  да  жағдай
жасау, сонымен қатар санитарлық тазалау және аймақты залалсыздандыру,  кезек
күттірмейтін жұмыстар.
Авариялық  –  қалпына  келтіру  кұрылымдары  –  тіршілікті  қамтамасыз   ету
нысандарын қалпына  келтіру  бойынша  шұғыл  жұмыстарды  жүргізуге  арналған
құтқарушылар тобы.
Авариялық – құтқару  қызметтері (АҚҚ) – авариялық –  құтқару  жұмыстары  мен
шұғыл    жұмыстарды    орындайтын                              атқарушы    –
құтқарушыларды, кіші, орта және жоғары құрамдағы  осы  жұмысты  басқарушы  –
құтқарушыларды  және  осы  жұмысты  техникалық  жағынан  қамтамасыз   ететін
көмекші қызметтерді  қамтитын  авариялық  –  құтқару  құрамаларын  құрайтын,
қызмет   міндеттері   жағынан   біртұтас   жүйеге   біріктірілген,   төтенше
жағдайлардың алдын  алу  және  жою  жөніндегі  міндеттерді  шешуге  арналған
басқару органдарының, күштер мен құралдардың жиынтығы.
Авариялық – құтқару жұмыстары - өрттерді өшіру  мен  жою,  энергия  және  су
көздерін  авариялық  өшіру,  іздестіру,  адамдарды  құтқару,  оларға   көмек
көрсету және көшіру бойынша бірінші кезекті жұмыстар.
Авариялық – құтқару күштері - ТЖ  аймағында  минималды  қысқа  уақыт  ішінде
құтқару және шұғыл жұмыстарды жүзеге асыруға арналған күштер.
Авариялық   –   құтқару   құрамалары   -   негізінен   арнаулы   техникамен,
жабдықтармен, құралдармен,  аспаптармен,  материалдармен  және  кинологиялық
қызметімен  қамтамасыз  етілген  жарақтандырылған  құтқарушылар  бөлімшелері
құрайтын, құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргізуге  арналған  дербес
немесе авариялық – құтқару қызметінің құрамына енетін құрылым.
Авариялық –  құтқару  құралдары  -  техникалық,  ғылыми  –  техникалық  және
зияткерлік  өнім,  оның  ішінде  байланыс  пен  басқарудың  мамандандырылған
құралдары, құтқару жұмыстары мен шұғыл  жұмыстардың  технологиясы  жөніндегі
техника, жабдықтар, құралдар, мүлік пен материалдар,  әдістемелік,  бейне  –
кино  –  фотоматериалдар,  сондай  –  ақ   электронды  есептеу  машиналарына
арналған бағдарламалық деректер базасы  және  құтқару  жұмыстары  мен  шұғыл
жұмыстарды жүргізуге арналған өзге құралдар.
Артерия – қанды жүректен барлық органдар мен ұлпаларға тарататын қантамыры.
Аусыл – адамға да жұғатын, малдардың жұқпалы ауруы.
Ауытқу – нормадан ауытқу.
Афтершоктар  –  жер  сілкінісінің  негізгі   дүмпуілінен   кейінгі   жерасты
дүмпуілі.
Әлсіздік – ағзаның жалпы әлсіз жағдайы.
Әсер – сезімдік елегізу.
Әуе апаты – әуе техникасының апаты.
Әуелетті қауіпті нысан – авария болуы мүмкін нысан.
Бағдар – орнын анықтау.
Бағыт-бағдар – қоршаған  заттар  мен  көкжиектің  жақтарына  қатысты  орынды
анықтау.
Байдарка – жіңішке, жеңіл қайық.
Барлау – жергілікті ТЖ аймағын алдын ала тексеру.
Барометр – атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрал.
Баспахана – картада масштабпен сәйкес жергілікті жердің көрінісі.
Баспаханалық карта – жергілікті жердің толық картасы.
Басқару пункті – ТЖ жою күштері мен құралдарын басқаруға  арналған  көліктік
құрал немесе жабдықталған инженерлік ғимарат.
Батометр – судың берілген тереңдіктен сынамасын алуға арналған құрал.
Батпақ – тоған түбіндегі жабысқақ тұнба.
Бахилдар –  қардан,  ылғалдан  корғау  және  аяқты  жылылауға  арналған  аяқ
киімнің сыртынан киілетін маталы құндақ.
Бейімделу – ағзаның өзгеріске бейімделуі.
Бекітпе тіреуіш – ғимарат бөліктерінің тұрақты болуына арналған білеу.
Белгі – орнын анықтайтын нәрсе.
Бивак (бивуак) – демалыс немесе түнеуге арналған орын.
Биологиялық қауіпсіздік – биологиялық – әлеуметтік ТЖ көздерін
туғызатын қауіптен халықтың, шаруашылық нысанының,  өсімдіктердің,  қоршаған
ортаның қорғаныс жағдайы.
Биіктік – тік бойымен қашықтық.
Биіктік өлшеуіш – биіктікті өлшеуге арналған құрал.
Боран – қарлы дауыл, аяз, қарлы боран, бұрқасын.
Бөгет – су  қоймаларында  су  деңгейін  көтеруге  арналған  гидродинамикалық
ғимарат.
Бөгетше – су массасын қоршауға арналған гидротехникалық құрылыс.
Буын – сүйектердің қозғалыстағы байланысы.
Бұрқасын – қардың қатты желмен жер бетімен өтуі, борасын.
Бұршақ – мұзды шар түріндегі атмосфералық жауын-шашын.
Бұлақ – жер түбінен шығатын су көзі.
Газқағар – газ бен түтіннен қорғайтын құрал.
Гидрокостюм – су өткізбейтін киім.
Гидросфера – жердің су қабаты.
Дауыл – қатты қиратушы жел.
Дабыл – қауіп туралы дабыл, мазасыздану, алаңдау.
Дегазация – қатты әсер ететін улы заттарды жою немесе бейтараптау.
Дезактивация – радиоактивті заттарды жою.
Дезинсекция – зиянкестерді жою.
Дезинфекция – жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын жою.
Депрессия – түңілу, психологиялық жағдай.
Дератизация – кеміргіштерді жою.
Дертке  шалдығу  –  қандай  да  бір  аурудың  таралу  деңгейін   сипаттайтын
көрсеткіш.
Дефляция – құм немесе топырақ бөлігінің желмен үрленуі.
Диагностика – зардап шегушінің, аурудың жағдайын анықтау.
Дозиметрикалық бақылау – радиоактивті сәулелену дозасын анықтау.
Дүлей зілзала – ТЖ пайда болған зілзала.
Дүлей зілзала - бірден елеулі адамның тіршілігін  бұзып,  үлкен  материалдық
құндылықтарды жояды, сонымен қатар  адамдардың  қаза  табуына,  жануарлардың
өлуіне әкелетін кенеттен пайда болатын табиғи құбылыс.
Дюльфер – адамның өз еркімен арқан арқылы биіктіктен жылдам түсуі.
Ентігу – жиіленген және қиналып тыныс алу.
Естен тану – қысқа мерзімде кенеттен естен тану.
Жайылма – су басу кезінде толған орын.
Жансыздандыру – ауырсынуды басу.
Жобалық  өнеркәсіптік  авария  –  бастапқы  және  ақырғы   жағдайы   жобамен
белгіленген  және   белгіленген   шектермен   авария   салдарының   шектеуін
қамтамасыз ететін, қауіпсіздік жүйесі қарастырылған өнеркәсіптік авария.
Жобадан тыс өнеркәсіптік авария - жобалық авария үшін ескерілмеген  бастапқы
жағдай  тудыратын  және  жобалық  авариялармен   салыстырғанда   қауіпсіздік
жүйесінің тоқтап қалуымен және персоналдың  қате  шешімдерді  іске  асырумен
қоса жүретін, ауыр салдарларға алып келетін өнеркәсіптік авария.
Жел – ауаның қозғалысы.
Жел кестесі – берілген жерде желдің жылдамдығы мен бағыты.
Жер сілкінісі – жер қыртысында немесе мантияның үстіңгі  бөлігінде  кенеттен
болған қозғалыс пен жарылыс нәтижесінде  пайда  болған  және  елеулі  ауытқу
түрінде  үлкен  қашықтыққа  таралатын  жер  асты  дүмпуі  мен  жер   астының
қозғалысы.
Жер сілкінісінің кіндігі – жер сілкінісі  ошағының  үстінде  орналасқан  жер
бетінің аймағы.
Жер сілкінісінің ішкі кіндігі – жер сілкінісі басталған (пайда болған),  жер
тереңдігіндегі орын.
Жер   сілкінісінің   ошағы   –   адамдардың,   жануарлардың,   өсімдіктердің
зақымдануы, шаруашылық нысандарының қирауы немесе шектен  тыс  қаза  табулар
болған шектелген аймақ.
Залалсыздандыру  –  аумақтың,   нысанның,   судың,   өнімдер,   жемшөптердің
зақымдануы мен ластануын шекті рұксат нормаға дейін азайту.
Зақымдану аймағы – белгілі уақыт ішінде адамдарға, ауылшаруашылық  малдарына
және  өсімдіктерге  қауіп  келтіретін  мөлшерде  аумағында  химиялық  заттар
таратылған  немесе  қауіпті  химиялық  және  биологиялық  заттар  енгізілген
территория немесе аймақ.
Зембіл – адамдарды, ауырлықтарды тасымалдауға арналған жабдық.
Зілзала – ТЖ пайда болуына әкеп соққан зілзала.
Зілзала аймағы – ТЖ  зардабын  жою  үшін  қосымша  және  шұғыл  көрсетілетін
көмекті қажет ететін ТЖ аймағының бөлігі.
Имек темір – сырғанақ бет  бойымен  қозғалысты  жеңілдету  үшін  аяқ  киімге
киілетін, металл жабдық.
Инсульт – ми қан айналымының бұзылуы.
Интоксикация – ағзаның улы заттармен улануы.
Инфаркт – күре тамырдың  түйілуі  немесе  тығындалуы  кезінде  қан  ағысының
тоқтауы.
Инфекция – ағзаның ауру тудыратын микробтармен зақымдануы.
Инъекция –дәрілік ерітінділерді енгізу.
Иприт – іріңдеумен сипатталатын улағыш зат.
Қазба – пайдалы қазбаларды ашық түрде өңдеу орны.
Қайнар – су бұлағы басталатын орын, аймақ.
Қантамыр – ең жіңішке қан тамыры.
Қар көшкіні – қар массасының тау беткейімен төмен қарай жылжуы.
Қатты ағыс – өзеннің қатты ағысы.
Қатты әсер ететін улы заттар (ҚӘУЗ) – адам ағзасын зақымдайтын, улы зат.
Қауіпсіздік – адамға қауіп төнбей тұрған жағдай.
Қауіпті табиғи құбылыс – қарқындылығы, көлемі, жалғасуы мен  кері  әсер  ету
мүмкіндігі бар табиғи сипаттағы жағдай.
Қауіпті заттың мүмкін шекті ңоспасы — адаммен үнемі қарым-қатынас  кезіндегі
немесе  белгілі  бір  уақыт   аралығында   оған   әсер   еткендегі   адамның
денсаулығына әсер етпейтін және жағымсыз салдары болмайтын аудан  бірлігімен
немесе салмақпен өлшенетін топырақтағы, ауалы немесе сулы ортадағы,  азық  –
түліктегі, шикізаттардағы қауіпті заттардың максималды саны.
Қашықтық өлшеуіш – қашықтықты анықтауға арналған құрал.
Қолқа – басты қантамыр артериясы.
Қопарушы (пиротехник) – жару жұмыстары бойынша маман.
Құйын  –  ауаның,  тік  немесе  көлбеу  ось   бойымен   айналып   қозғалатын
атмосфералық құрылуы.
Құтқарушы – құтқару және шұғыл жұмыстарын жүргізуге арнайы дайындықтан  және
аттестациядан (қайта аттестацияланған) өткен азамат.
Құтқару жилеті – өзін-өзі сақтандырудың жеке құралы.
Құтқару жұмыстары – ТЖ болған аймақта  адамдарды,  материалдық  және  мәдени
құндылықтарды аман алып қалу бойынша іс-әрекет, қоршаған ортаны  қорғау,  ТЖ
жою немесе оның  қауіпті  факторларының  әсерін  мүмкіндігінше  аз  деңгейге
түсіру.
Қырау – суық бетте ылғал конденсация әсерімен түзілген жұқа қарлы қабат.
Қысқы жол — қар үстімен жасалған жол.
Қышқыл – белсенді, қауіпті химиялық қатынас.
Карантин – толық оқшаулау, инфекциялық ошақты тоқтату және жою.
Катаклизм – шұғыл бет бұрыс, қиратушы өзгеріс, апат.
Катамаран – екі корпусы бар кеме.
Керогаз – жылытатын керосинді құрал.
Климат – белгілі бір аймаққа сай метео жағдай.
Код – шартты белгілер мен дабылдардың жүйесі.
Контейнер – ораусыз жүктерді тасымалдауға арналған ыдыс.
Көшіп-қону – адамдардың, жануарлардың орын ауыстыруы.
Көшіру – адамдардың ұйымдастырылған түрде қауіпті аймақтан шығару.
Киіз үй – киіз және баска  да  жеңіл  матералдардан  тұратын  конус  тәрізді
жылжымалы үй.
Күрке  –  сырғауыл  ағаштан  салынған,  бұтақшалар,  сабан  және   шөптермен
жабылған құрылыс.
Лагерь – уақытша тұрақ.
Лаз – өрмелеуге арналған тар саңылау.
Мұзжарғыш – тауларда жүру кезінде қолданылатын сайман.
Мұзқұрсау – тоғандарда судың қатуы.
Мұз шоқы – мұз кесегі.
Манометр – қысымды өлшейтін құрал.
Масштаб  –  картада  (сызбада)  шынайы   көлемге   сызықтардың   ұзындығының
қатынасы.
Метеорология – атмосфераның физикалық жағдайы туралы ғылым.
Меридиан – экватордың тік бұрышын қиып  өтетін  және  Жердің  полюсі  арқылы
өтетін, шеңбер сызық.
Мертігу – дененің ауыр зақымдануы.
Наркоз — жасанды естен тандыру.
Нарт – ұзын, жіңішке шана.
Невроз – орталық жүйке жүйесінің ауруы.
Оба – жұқпалы инфекциялық ауру.
Обсервация – күшейтілген медициналық бақылаумен шектелген режим.
Опырылым – бөлінген массаның құлауы.
Орман күзеті – орманды күзетуге арналған арнайы қызмет.
Өзенаралық – екі өзен арасындағы жер.
Өлім-жітім – індет кезінде жануарлардың жаппай қырылуы.
Өнеркәсіптік авария – техникалық жүйеде немесе өнеркәсіптік қондырғыда  орын
алған өнеркәсіптік нысандағы авария.
Өнеркәсіптік  апат  -  адамдардың  құрбандығына  алып   келген,   адамдардың
денсаулығына  нұқсан  келтірген  және  нысандардың,   айтарлықтай   мөлшерде
материалдық құндылықтардың жойылуына,  сондай  –ақ  қоршаған  табиғи  ортаға
айтарлықтай шығын келтірген ірі өнеркәсіптік апат.
Өрмелеуші – биікте жұмыс істейтін адам.
Өрт – адамдардың, жануарлардың қаза болуына және материалдық  құндылықтардың
жойылуына алып келетін, бақылаусыз жану.
Өрт қауіпсіздігі – өрттің пайда болу мүмкіндігі.
Өрт сөндіруші – өрт күзетінің (команданың) қызметкері.
Өткел – тоған, көл, өзендердің ұсақ орындары.
Пал – дала немесе орман өрті.
Панахана –  адамдардың  жасырынуына  арналған  кешенді  инженерлік  қорғаныс
ғимараты.
Пандемия – адамдардың жаппай жұқпалы ауруы.
Панзоотия – малдардың жаппай жұқпалы ауруы.
Панфитотия – өсімдіктер мен зиянкестердің жаппай ауруы.
Пеленг – бақылап отырған зат пен компас бағдар арасындағы бұрыш.
Перископ – паналау орнынан бақылауға арналған құрал.
Пирология – орман өрттері туралы ғылым.
Планшет – карта және құжаттарды алып жүруге арналған сөмке.
Пласт – шөгінді қабаттың тығыз тасындылары.
Полигон – сынақтар жүргізуге арналған жер учаскесі.
Профилактика – алдын алу шараларының жиынтығы.
Пульс – қан тамырларында білінетін жүрек қағысы.
Радиация – бір денеден келіп жатқан сәулелену.
Радиоактивті  ластану  –  атмосферда,  суда,  жерде  радиоактивті  заттардың
болуы.
Радиоактивтілік  –  белсенді  радиосәуле  шығаруы  мен  атомдық  ядроларының
ыдырауы.
Радиофобия – радиациялық залалданудан үрейлену.
Радиациялық авария – аталған нысанды қалыпты пайдалану жобасымен  алдын  ала
көрсетілген   шекарасынан   радиоактивті   заттар    және     ионизациялаушы
сәулелердің  шығуы   мен   төгілуіне   алып   келетін,   мөлшері   пайдалану
қауіпсіздігінің  белгіленген  шегінен  асатын,                 радиациялы  –
қауіпті нысандағы авария.
Радиоактивті  ластану  –  жер  үстінің,  атмосфераның,  судың  болмаса  азық
–түліктің,  тағамдық   шикізаттың   және   әртүрлі   заттардың   радиациялық
қауіпсіздік  және  радиоактивті   заттармен   жұмыс   істеу   ережелеріндегі
бекітілген  шама  денгейінен  асатын   мөлшердегі   радиоактивті   заттармен
ластануы.
Радиациялы  қауіпті  нысан  –  радиоактивті  заттарды  сақтайтын,  өңдейтін,
пайдаланатын немесе тасымалдайтын нысан. Ондағы авария  немесе  оның  қирауы
кезінде адамдарды, ауылшаруашылық  малдары  мен  өсімдіктерінің,  шаруашылық
нысандарының,  сондай-ақ  қоршаған  табиғи  ортаның   иондаушы   сәулелермен
сәулеленуі немесе ластануы болуы мүмкін.
Радиоактивті  ластану  аймагы  –   аймағында   радиоактивті   ластануы   бар
территория немесе аймақ.
Радиациялық   қоргау  режимі  –  иондаушы   сәулелердің   адамдарға   әсерін
төмендету мүмкіндігі мақсатыңда радиоактивті ластану  аймағындағы  қорғаудың
әдістері мен тәсілдерін пайдалану және халықтың іс - әрекетінің тәртібі.
Радиациялық бақылау – радиоактивті заттармен  иондаушы  заттардың  басқа  да
көздерімен  жұмыс  кезіндегі  радиациялық   қауіпсіздікті   және   санитарлы
ережелердің нормаларын сақтауды қадағалау,  сондай-ақ  адамдардың  сәулелену
деңгейі және нысандағы және қоршаған  ортадағы  радиациялық  жағдай  жөнінде
хабарлама алу.
Рация – тасымалдауыш радиостанция.
Реанимация – ағзаның клиникалық өлім кезеңінде қайта тірілуі.
Сал – бірнеше қатарға бекітілген бөрене.
Санитар – кіші лауазымды медициналық қызметкер.
Санитарлық тазарту – адам бойынан зақымданған тері және  шырышты  қабықтарын
механикалық тазалау  мен  жуу,  сонымен  қатар  ТЖ  аймағынан  шыққан  кезде
олардың аяқ киімдері мен киімдерін залалсыздандыру.
Сәулелену – тірі ағзаларға радиоактивті сәулелердің әсер етуі.
Сел – лай – тасты қатты ағын.
Сейсмология – жер бетінің тербелісін зерттейтін геофизика ғылымының бөлігі.
Смог – ауаның қатты ластануы.
Спазм – бұлшықеттердің жиырылуы, тырыспа.
Су басу – ғимараттың астыңғы бөлігіне судың кіруі.
Судың көтерілу жылдамдығы – су басу кезінде су деңгейінің көтерілуі.
Су басу алаңы – су басқан аймақ.
Су қойма – суды сақтауға арналған жасанды су қоймасы.
Су  тасқыны  –  қардың  еруі  немесе  жауын-шашын  кезіндегі  өзендерде   су
деңгейінің көтерілуі.
Сүңгуір адам – су астында жұмыс істейтін адам.
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың аймағы– төтенше жағдай ошағының  пайда
болу  нәтижесінде  немесе  басқа  аудандардан   табиғи   сипаттағы   төтенше
жағдайлар пайда болған, оның зардаптары таралғаны болып табылады.
Төтенше жағдай (ТЖ) – адамдардың қаза табуына әкеліп  соққан  немесе  әкеліп
соғуы  мүмкін,  олардың  денсаулығына,  қоршаған  ортаға   және   шаруашылық
жүргізуші  нысандарға  нұқсан  келтірген  немесе  келтіруі  мүмкін,  халықты
едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшырататын, тіршілік жағдайын  бұзған
немесе бұзуы мүмкін авария,  зілзала  немесе  апат  салдарынан  белгілі  бір
аумақта туындаған жағдай.
ТЖ аймағы – ТЖ пайда болған белгілі бір аймақ.
ТЖ аймағында халықты қорғау – адамдардың қаза болуын төмендету немесе  алдын
алуға бағытталған шаралар.
ТЖ қауіптілік – ТЖ аймағында қауіптіліктің пайда  болуы  мүмкін  немесе  сол
кезде болған жағдай.
ТЖ аймағындағы  жұмыстарға  арналған  техникалық  құралдардың  кешені  –  ТЖ
аймағында жұмыстар жүргізу үшін арналған  негізгі  және  қосымша  техникалық
құралдар.
ТЖ жою – ТЖ пайда болған  кезде  және  адамдардың  денсаулығын  сақтау  және
өмірін қорғауға, материалдық шығыңдардың көлемін азайтуға, сонымен қатар  ТЖ
аймағын жоюға бағытталған құтқару, авариялық-қалпына келтіру және  басқа  да
шұғыл жүргізілетін жұмыстар.
ТЖ ошағы – нәтижесінде ТЖ  пайда  болу  қауіпі  бар  қауіпті  табиғи  немесе
техногендік құбылыс.
ТЖ   қауіпсіздігі   –   ТЖ   қаупінен   халықтың,   шаруашылық    нысанының,
өсімдіктердің, қоршаған ортаның қорғаныс жағдайы.
ТЖМЖ – ның күштері мен  құралдары  (төтенше  жағдайды  ескерту  және  жоюдың
мемлекеттік жүйесі) – төтенше жағдайдың алдын алу  және  жою  үшін  арналған
күштері мен құралдары.
ТЖ дайындық – халықты және материалдық құндылықтарды қорғау үшін  алдын  ала
жүргізілетін шаралардың кешені.
Төтенше жагдайлардагы өнеркәсіптік қауіпсіздік - төтенше жағдай  аймағындағы
өнеркәсіптік авария  және  апат  кезінде  халықты,  өнеркәсіп  қызметкерлері
құрамын, шаруашылық нысандары мен қоршаған  табиғи  ортаны  қауіптен  қорғау
жағдайы.
Төтенше жагдай кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікпен қамтамасыз ету -  төтенше
жағдай  аймағындағы  өнеркәсіптік  авариялар   мен   апаттарды   болдырмауға
бағытталған құкықтық нормаларды қабылдау  және  сақтау,  экологияны  қорғау,
салалық немесе  ведомстволық  талаптар  мен  ережелерді  орындау,  сондай-ақ
ұйымдастырушылық,  технологиялық  және  инженерлі  –  техникалық  іс-шаралар
жиынтығын жүргізу.
Техногенді сипаттағы төтенше  жағдайлар  -   өндірістік,  транспорттық  және
басқа  да  авариялардың,  өрттердің  (жарылыстардың),  қатты   әсер   ететін
радиоактивті және  биологиялық  қауіпті  улы  заттардың  төгілуімен  (төгілу
қаупімен) байланысты авариялардың,  ғимараттар  мен  құрылыстардың  кенеттен
құлауының, платиналардың бұзылуының, тіршілікпен қамтамасыз етудің,  электро
энергетикалық және  коммуникациялық  жүйесіндегі,  тазалау  құрылыстарындағы
авариялардың салдарынан болуы мүмкін.
Техногенді  сипаттағы  төтенше  жағдайдың  шыгу  көздері   –   бұл   қауіпті
техногенді оқиға (өндірістік нысандардағы  немесе  транспорттағы  авариялар,
өрттер, жарылыстар немесе әр түрлі энергияның шығуы,  өмір  мен  денсаулыққа
қауіпті  заттардың  шығумен  байланысты  авариялар  немесе  олардың   қаупі,
ғимараттар мен құрылыстардың құлауы, тіршілікпен қамтамасыз ету  жүйесіндегі
авариялар) нәтижесінде белгілі бір  аймақ,  нысанында  немесе  аймақта  орын
алған техногенді сипаттағы төтенше жағдай.
Техногенді сипаттағы төтенше жағдай көзінің зақымдаушы факторы – бұл  тиісті
параметрлермен  анықталатын  немесе  көрінетін,  физикалық,  химиялық   және
биологиялық  іс-әрекеттермен  немесе  көріністермен   сипатталатын   қауіпті
оқиғаның құрастырушысы.
Техногенді сипаттагы төтенше жагдай көзінің зақымдаушы ықпалы –  бір  немесе
жиынтықты техногенді сипаттағы төтенше жағдай көзінің зақымдаушы  факторының
адамдардың,  ауылшаруашылық   малдарының   өмірі   мен   денсаулығына   және
өсімдіктерге, экономика нысандарына және  қоршаған  табиғи  ортаға  жағымсыз
әсер етуі.
Техногенді қауіп –  нысандарды  қалыпты  пайдалану  процессіндегі  адам  мен
қоршаған ортаға тікелей немесе жанама зияндығы түрінде, болмаса пайда  болуы
кезіндегі адамға және қоршаған ортаға  техногенді  сиаттағы  төтенше  жағдай
көзінің зақымдаушы  әрекеті  ретінде  жүзеге  асатын  техникалық  жүйесінің,
өндірістік немесе транспорттық нысандарының өзіне тән ішкі жағдайы.
Тас  құлау  –  тік  тау  беткейлерінен   тау   массасының,   тау   жыныстары
бөліктерінің құлауы.
Тәжірбие  –  практикалық  меңгерген   білімнің,   дағдылардың,   іскерліктің
жиынтығы.
Табиғи ТЖ – пайда болу себебі табиғат күштері болып табылатын ТЖ
Тамыр – жүрекке баратын қанның қан тамыры.
Тар ағыс – өзен арнасы учаскесінің тарылуы.
Тар шат – тар шатқал, жердегі терең жарықша.
Тайфун – ірі қиратушы күшті қара дауыл.
Такелаж – жүктерді көтеру және тасымалдауға арналған жабдықтардың жиынтығы.
Техника –  жабдықтардың,  құралдардың,  механизмдердің,  еңбек  құралдарының
жиынтығы.
Техногендік ТЖ – адамның өндірістік іс-әрекетінен болған ТЖ.
Тоғай - жергілікті ортадағы айрықша учаске.
Толқын – су бетінің тербелісімен сипатталатын су бірлігі.
Токсикоз – ағзаның уланған кезіндегі жағдайы.
Токсин – улы зат.
Топляк – батып кеткен бөрене.
Транс – өзін-өзі басқара алмайтын нервтің жоғарғы қозуы
Тренажер – жаттығу, тренаж үшін арналған жабдық.
Тұнба – тұнбалы, үнемі сулы және еру қасиеті бар топырақтың құмды қабаты.
Тұншығу – тыныс алудың бұзылу салдарынан болатын паталогиялық жағдай.
Тұщыландырғыш – суды тұщыландыруға арналған құрал.
Тірі қалу – шұғыл жағдайларда өмір сүру қабілеті.
Тіршілікті қамтамасыз ету – өмірді сақтау жүйесі.
Тығыз жұмыстар – ТЖ зардап шеккендерге, халыққа медициналық  және  басқа  да
көмек түрлерін көрсету, адамдардың  денсаулығы  мен  өмірін,  олардың  жұмыс
қабілеттілігін сақтау үшін жағдай жасау,  құтқару  жұмыстарын  жан  –  жақты
қамтамасыз ету шаралары.
Уақытша паналау аймағы – қауіпсіздікті қаматамасыз ету  мақсатымен,  халықты
ТЖ пайда болуы қауіпі бар немесе пайда болған кезде  көшіру  немесе  уақытша
ауыстыру аумағы.
Ұтқырлық – қозғалыс, жылдам әрекет етуге қабілеттілік.
Ұшақ  –  тік  ұшатын  және  қонатын  ауалы  ортада  қозғалуға  арналған  ұшу
аппараты.
Үгінді – ауырлық күш әсерімен тау массасы жыныстарының беткей бойымен  төмен
жылжуы.
Үн қату – шақыруға жауап беру, қарату.
Үнемі дайындықтағы күштер – ТЖ аймағында шұғыл жұмыстар  жүргізуге  арналған
және кезекшілікте болатын күштер.
Үңгір – сыртқа шығу жолы бар жер астындағы жартылай кеңістік.
Үрей – қорқыныш, кенет сезім.
Іздеу – біреуді немесе бір нәрсені табу.
Індет – адам ауруларының кеңінен таралуы.
Ісіну – ұлпаларда сұйықтардың жиналуынан болатын ісік.
Ықтимал қауіпті нысан –  төтенше  жағдай  көзінің  тууына  қауіп  төндіретін
қауіпті радиоактивті, өрт,  жарылыс  қауіпті  материалдарды,  химиялық  және
биологиялық заттарды пайдаланатын,  өндіретін,  өндейтін,  сақтайтын  немесе
тасымалдайтын нысан.
Ықтимал  қауіпті  зат  -  өзінің  физикалық,  химиялық,  биологиялық  немесе
токсикологиялық қасиетінің салдарынан  адамдардың  өмірі  мен  денсаулығына,
ауылшарушылық малдары мен өсімдіктеріне қауіп төндіретін заттар.
Ықтимал ТЖ аймағы – ТЖ пайда болуы мүмкін аумақ немесе айдын. Фал –  кендір,
арқан, сым арқан.
Фарватер – кемелердің қауіпсіз жүзуіне арналған су жолы.
Фирн – мұздақ қар.
Флюгер – жел бағытын анықтайтын құрал.
Форшок – бастапқы соққыға жол ашар, салыстырмалы әлсіз жер асты дүмпуі.
Хабарландыру дабылы – ТЖ пайда болғаны туралы хабарландыру
Циклон – жауынмен жалғасатын  атмосфераның  құйынды  қозғалысы.  Цистерна  –
сұйықтықтарды тасымалдау және сақтауға арналған үлкен резервуар.
Цунами – жағалау немесе су асты жер  сілкінісінің  салдарынан  пайда  болған
теңіз толқындары.
Шанды дауыл – топырақ пен құм массаларын  ауада  ұшыру  мен  орнын  ауыстыру
қасиеті бар қатты жел.
Шквал – желдің бірден қатты соғатын самалы.
Шлюз – кемелер мен суларды өткізуге арналған ғимарат.
Шлюпка – кең корпусты қайық.
Шок - жалпы ағзаның кенеттен бұзылуы.
Экватор – Жер шарын Солтүстік және  Оңтүстік  жарты  шарларға  бөліп  тұрған
шеңбер.
Эпизоотия – жануарлар ауруларының кеңінен таралуы.
Эпифитотия – өсімдіктер ауруларының кеңінен таралуы.
Эрозия – жер беті топырағының толығымен немесе бөлігінің зақымдануы.


                                 2 Дәрістер

      Дәріс №1.   Кіріспе.   Курстың  мазмұны.  Курстың  негізгі  себептері,
маман дайындаудағы ролі. Заңнамалық актілер мен ережелер.   Түсініктер  және
анықтамалар.

      Жалпы сұрақтар
     1. Курстың мазмұны.
     2. Курстың негізгі себептері, маман дайындаудағы ролі.
     3. Заңнамалық актілер мен ережелер.  Түсініктер және анықтамалар.

      Курстың мазмұны. «Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері» -  адамның  өмір
сүру  ортасымен  қауіпсіз   қарым-қатынасы   мен   оны   қорғауға,   төтенше
жағдайларда шаруашылық обьектілерінің тұрақты жұмыс  істеуіне,  табиғи  және
техногендік сипатты төтенше жағдайлардың салдарын ескерту мен жоюға, сондай-
ақ  осы  заманғы  зақымдау  құралдарының  қолданылуына  бағытталған  шаралар
кешені. Сонымен қатар, тіршілік қауіпсіздігінің негіздері –  төтенше  жағдай
кезінде шаруашылық нысандарының тұрақты жұмыс  істеуін,  адамның  өмір  сүру
ортасымен   қауіпсіз   қатынысы   әдістерін,   қазіргі   заманғы    зақымдау
құралдарының  қолданылуы  және  табиғи,  техногенді  ТЖ  салдарын  жою  және
ескерту сұрақтарын оқытатын жоғары мектеп курсы.
      Пәнді  оқыту  барысында  келесі  сұрақтар  қарастырылады:  Өмір   сүру
ортасының жағдайы және жағымсыз  факторлары;  адамның  өмір  сүру  ортасымен
қатынасының қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету  принцптері;  техникалық  ортамен
процестердің қауіпсіздігін жоғарлату, зиянды  және  зақымдаушы  факторлармен
зақымдалған    адамның     анатомиялық-физиологиялық     салдары,     оларды
идентификациялау принцптері; ТЖ  кезіндегі шаруашылық  нысандарының  тұрақты
жұмыс істеуін зерттеу әдістері; ТЖ және олардың салдарын болжау; ТЖ  кезінде
шаруашылық  нысандарының   өндірістік  қызметкерлерін  және  халықты  қорғау
шараларын  жасау;  ТЖ  салдарын  жою;  тіршілік  қауіпсіздігінің  нормативті
техникалық және ұйымдастыру негіздері.
      «Тіршілік  қауіпсіздігінің  негіздері»   курсының   мақсаты:   болашақ
мамандарды өмір сүрудің қауіпсіз және зиянсыз  жағдайын  құру  үшін  қажетті
теориялық біліммен және тәжірибелік дағдылармен қаруландыру; төтенше  жағдай
кезінде  мүмкін  болатын  апаттар,  табиғи  қасіреттердің  зардаптарын   жою
барысында  халықты,  өндіріс  мамандарын  және  ауылшаруашылық  объектілерін
қорғау жөнінде бағдар алу және сауатты шешім қабылдап,  қорғаныс  құралдарын
пайдалана білуге үйрету.
          Курс бойынша шешілетін міндеттер мынадай  талаптармен  анықталады:
студенттер бейбітшілік және соғыс уақытындағы  төтенше  жағдайларда  құтқару
жұмыстарын өткізу  тәртібін  дұрыс  меңгеру  және  авария,  апаттар,  табиғи
қасіреттердің зардаптарын жою барысында  алғашқы  көмек  көрсетуге  арналған
құрал жабдықтарды дұрыс қолдана білу.
      Студент курстың соңында төтенше жағдайларда құтқару жұмыстарын  өткізу
тәртібін дұрыс меңгеру керек; тері қабатын,  тыныс  алу  жүйелерін  қорғауға
арналған құрал - жабдықтарды  дұрыс  пайдалана  білу.  Төтенше  жағдайларда,
апаттар, табиғи қасіреттердің зардаптары  кезінде  сауатты  шешім  қабылдауы
қажет.
      Курстың негізгі себептері, маман дайындаудағы ролі.
      Болашақтағы  мамандарға  қауіпсіз  және  зиянсыз  жағдайдағы  тіршілік
әрекетін құру үшін қажетті теориялық  және  тәжірибелік  дағдыларды  үйрету;
қауіпсіздік бойынша қазіргі заман талаптарына  сай  технологиялық  процестер
мен  жаңа  техниканы  жобалау;  студенттерге  соғыс  және  бейбіт  уақыттағы
төтенше  жағдайлар  кезіндегі  іс-әрекеттерді,  халықты  қорғау   әдістерін,
қазіргі заманғы  зақымдау  құралдарының  қолдану  кезінде,  табиғи  апаттар,
авариялар салдарын жою кезіндегі құтқару және кезек күттірмейтін  жұмыстарды
ұйымдастыру және жүргізу негіздерін оқыту; зақымдау ошағына сипаттама  беру;
құтқару  және  басқа  да  кезек  күттірмейтін  жұмыстарды  ұйымдастыру  және
жүргізу  негіздерін   анықтау;  ТЖ  салдарынан  халықты  қорғау   әдістеріне
сипаттама беру; химиялық  және  радиациялық  барлау  құралдарымен  таныстыру
және олардың жұмыс істеу тәртібі мен таныстыру.
      «Тіршілік  қауіпсіздігі  негіздері»  пәні   қауіпсіздікті   қамтамасыз
етудің теориялық және  практикалық  негіздерін  білетін,  қауіптілікті  тани
және бағалай білетін, олардан сенімді қорғау тәсілдерін анықтай және  жүзеге
асыра  білетін,  басты  принцптер-ғылыми   ізденіс,   жобалық-конструкторлық
әзірлемелер,  өндірісті  ұйымдастыру  және  басқару   облысында   кез-келген
техникалық   міндеттерді   шешу   кезінде   қауіпсіздік    басымдылықтарының
сөзсіздігін терең сезетін, жас мамандарды дайындау.
      Пәнді оқу нәтижесінде студент білуі қажет. Адамның мекендеу  ортасының
жағымсыз факторлары, олардың әсер ету  салдары,  оларды  сәйкестендіру  және
адамдарды қорғауды қамтамасыз ету принцптері,  нысандардың  жұмыс  істеуінің
тұрақтылығын арттыруды зерттеу әдістері, ТЖ болжау және  апаттардың,  табиғи
апаттардың салдарын жоюға әзірлігін анықтайтын  модельдерді  әзірлеу  туралы
түсінігі болуы қажет;
      ҚР  негізгі  заңдарын  және  тіршілік  әрекетінің  қауіпсіздігі   және
қоршаған  ортаны  қорғау  облысындағы  нормативтік  заңдарды;  зиянды   және
зақымдаушы факторлардың адам үшін  анатомия-физиологиялық  салдарын,  қорғау
тәсілдерін;  ТЖ  дағы  шаруашылық  нысандарының  жұмыс  істеу   тұрақтылығын
арттыру жолдары мен тәсілдерін;  төтенше  жағдайларды  болжау  және  олардың
салдарын жою әдістерін білу керек;  Қауіпсіздік  пен  экологиялықты  арттыру
бойынша шараларды әзірлеу, құтқару және басқа да шұғыл  жұмыстарға  қатысуды
жасай білулері керек;
    Қауіпсіздік облысында,  әлеуметтік-гуманитарлық,  жаратылыстану,  жалпы
кәсіптік  және  арнайы  ғылымдар,  ойлау  мәдениеті  және  өзінің   кәсіптік
қызметінің нәтижелерін баяндау облысында білім мен ілімді  тиімді  пайдалану
дағдылары болуы керек;
    Заңды  және  нормативтік  –   құқықтық    база,   тіршілік   әрекетінің
қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау облысында техникалық  және  жобалық
құжаттаманы құрастыру мәселелерінде құзыретті болу керек.


    Заңнамалық актілер мен ережелер.  Түсініктер және анықтамалар
    «АҚ және ТЖ саласындағы  Заңдар».  Осы  Заң  Қазақстан  Республикасында
табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың  алдын  алу  мен  жою
бойынша қоғамдық қатынастарды реттейді (қазақ және орыс  тілдерінде,  көлемі
– 176 бет). Мазмұны:  Қазақстан  Республикасының  «Табиғи  және  техногендік
сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Заңы
Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғаныс туралы» Заңы
Қазақстан  Республикасының  «Авариялық-құтқару  қызметі  және   құтқарушылар
мәртебесі туралы» Заңы
Қазақстан Республикасының «Өрт қауіпсіздігі туралы» Заңы
Қазақстан  Республикасының  «Өндірістік  қауіпті  нысандардағы  өнеркәсіптік
қауіпсіздік туралы» Заңы
Қазақстан Республикасының «Терроризммен күрес туралы» Заңы
Қазақстан Республикасының «Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы» Заңы
Қазақстан Республикасының «Төтенше жағдайлар  туралы» Заңы
Қазақстан Республикасының «Әскери жағдайлар туралы» Заңы
Қазақстан  Республикасының  «Қазақстан  Республикасы  Қарулы   Күштері   мен
қорғаныс туралы» Заңы
      Түсініктер және  анықтамаларға  тоқталсақ,  Төтенше  жағдай  дегеніміз
адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп  соғуы  мүмкін,  олардың
денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашлық жүргізуші  объектілерге  нұқсан
келтірген  немесе  келтіруі  мүмкін,  халықты  едәуір  дәрежеде  материалдық
шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе  бұзуы  мүмкін  авария,
зілзала  немесе  апат  салдарынан  белгілі  бір  аумақта  туындаған  жағдай.
Төтенше  жағдай  пайда  болу  себептеріне  қарай   табиғи   сипаттағы   және
техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға бөлінеді. Табиғи  сипаттағы  ТЖ  –
дүлей зілзала (жер  сілкінісі,  сел,  көшкін,  су  тасқыны  және  басқалар),
табиғи  өрт,  індеттер   мен   малдың   жұқпалы   аурулары,   ауылшаруашылық
өсімдіктерінің   және   ормандардың   кеселдері   мен   зиянкестері   арқылы
зақымдануын туғызатын ТЖ-лар. Техногендік сипаттағы ТЖ  -  өнеркәсіп,  көлік
авариялары және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), күшті  әсер  ететін  улы,
радиоактивті және биологиялық жағынан  қауіпті  заттарды  тарататын  (тарату
қаупі бар) авария, үйлер  мен  ғимараттардың  кенеттен  қирауы,  бөгендердің
бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін  электр-энергетика  және  коммуникация
жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған ТЖ.  Төтенше  жағдай
аймағы  бұл  ТЖ  туындаған  белгілі  бір  аумақ.  Табиғи  және   техногендік
сипаттағы ТЖ  таралу  аумағына  және  келтірген  нұқсанның  көлеміне  қарай,
объектілік, жергілікті, өңірлік және жаһандық болып бөлінеді.
      Туындаған ТЖ жіктемесі ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 13 желтоқсандағы №1310
Қаулысымен бекітілген «Табиғи және техногендік сипаттағы  төтенше  жағдайлар
жіктемесіне» сәйкес жіктеледі. ҚР Үкіметінің  2002  жылғы  24  желтоқсандағы
№1351 Қаулысымен  бекітілген  «Табиғи  және  техногендік  сипаттағы  төтенше
жағдайлардың  туындауына  әкеліп  соққан  авариялардың,  зілзалалардың  және
апаттардың себептерін тексеру ережесіне» сәйкес объектілік  және  жергілікті
ауқымдағы  төтенше  жағдайларды  ТЖМ  ОҚО  төтенше  жағдайлар   департаменті
тарапынан құрылған комиссия зерттейді.
      Комиссия құрамына орталық  атқарушы  органдардың  аумақтық  органдары,
жергілікті атқарушы  органдардың  өкілдері,  мүдделі  органдардың  басшылары
кіреді. Комиссия тексеру  барысында  оқиғаны  көргендерден,  лауазымды  және
басқа адамдардан жазбаша  және  ауызша  түсініктемелер  алуға,  сараптамалық
қадағалау органдарының мамандары, ғалымдар қатарынан  белгіленген  тәртіппен
кіші сараптама комиссияларын құруға құқығы бар.  Кіші  сараптама  комиссиясы
және оның төрағасы табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ  себептерін  тексеру
жөніндегі  комиссия   төрағасының   өкімімен   тағайындалады.   Сараптамалық
қорытындыны талап ететін мәселелер жазбаша түрде  беріледі.  Кіші  сараптама
комиссиясының барлық  мүшелері  қол  қойған  материалдар  комиссия  төрағасы
белгіленген мерзімге комиссияға тапсырылуы және тексеру материалдарына  қоса
берілуі  тиіс.  Комиссия  тексеру  барысында  болған  оғиғаның   жағдайларын
анықтайды, оның  себептерін,  нормативтік  құқықтық  кесімдердің  жіберілген
бұзушылық сипатын, жауапты адамдар құрамын  белгілейді  және  оларды  жазаға
тарту  шараларын  ұсынады,  зардаптарды  жою   және   осындай   жағдайлардың
қайталануын  болдырмау  жөнінде  іс-шаралар  белгілейді,  қирау  және   зиян
мөлшерін  анықтайды.  Комиссия  10  күн  ішінде  табиғи   және   техногендік
сипаттағы ТЖ-дың туындауына әкеліп соққан авариялардың,  зілзалалардың  және
апаттардың себептерін тексеру актісін жасайды.
      Ал, өңірлік және жаһандық ауқымдағы табиғи және техногендік  сипаттағы
ТЖ-ды ҚР Үкіметінің шешімі бойынша құрылатын комиссия тексереді.
      Авария бұл технологиялық процестің бұзылуы, механизмдердің,  жабдықтар
мен ғимараттардың бұзылуы. Авариялық ғимараттар бойынша  зерттеу  жұмыстарын
авариялық ғимараттардың техникалық жағдайын зерттейтін тұрақты жұмыс  атқару
облыстық комиссиясы  жүргізеді.  Аталған  комиссияның  зерттеу  жұмыстарының
қорытындысы бойынша шешімді облыстық төтенше  жағдайлардың  алдын  алу  және
жою   жөніндегі   комиссия   төрағасы   қабылдайды.    Қауіпті    өндірістік
объектілердегі авариялардың себептерін тексеру тәртібін «Қауіпті  өндірістік
объектілердегі  өнеркәсіптік  қауіпсіздік  туралы»   ҚР     2002   жылғы   3
сәуіріндегі Заңына сәйкес  өнеркәсіптік  саласындағы  уәкілетті  мемлекеттік
орган мүдделі  орталық  атқарушы  органдармен  бірлесіп  өздерінің  құзыреті
шегінде белгілейді.
      Зілзала бұл ТЖ-дың пайда болуына әкеліп соғатын жойқын құбылыс.
      Дүлей зілзала – ТЖ-дың пайда болуына әкеп соғатын зілзала.
      Апат – аймақтық және ірі  ауқымды  ТЖ  пайда  болуына  әкеліп  соғатын
жойқын құбылыс.
      ТЖ-дың алдын алу – алдын ала жүргізілетін және ТЖ пайда  болу  қатерін
мүмкін болғанынша  азайтуға,  адамдардың  денсаулығы  мен  өмірін  сақтауға,
залал мен материалдық шығын мөлшерін кемітуге арналған шаралар кешені.


      ҚР  «Табиғи  және  техногендік  сипаттағы  төтенше  жағдайлар  туралы»
Заңының 14 бабына сәйкес алдын алу шараларына:
      - ғылыми зерттеулер, жағдайды қадағалау,  бақылау,  ТЖ  пайда  болуына
әкеп соғуы мүмкін аварияны, зілзала мен апатты  болжау  және  олардың  қаупі
туралы хабарлау;
      - ТЖ саласындағы білімді насихаттау, халықты және  мамандарды  оқытып-
үйрету, қорғану шаралары жатады.
     ТЖ саласындағы ғылыми зерттеулердің  негізгі  міндеттеріне  мониторинг
әдістерін әзірлеу мен ТЖ-дың деректер банкін жасау,  ТЖ  болжау,  алдын  алу
әдістерін,  бақылау  шаралары  мен  қорғану   құралдарын,   оларды   болжау,
зардаптарына баға беру, олардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі  нысаналы
және ғылыми-техникалық бағдарламаларды әзірлеу кіреді.  Жағдайды  қадағалау,
бақылау  мен  табиғи  және   техногендік   сипаттағы   ТЖ   болжау   қызметі
(сейсмикалық  қызмет,  сел  жүретінін  хабарлау,  радиациялық  қауіпсіздікті
бақылау  жүйелері  және  басқалар)  арнайы  уәкілдік  берілген   мемлекеттік
органдардың  жанынан  құрылады  және  ТЖ  алдын  алу   мен   оларды   жоюдың
мемлекеттік жүйесіне енгізіледі.
     Төтенше  жағдайларды  жою  жұмыстарына  –  ТЖ   пайда   болған   кезде
жүргізілетін және адамдардың өмірін сақтап, денсаулығын қорғауға, залал  мен
материалдық шығындар көлемін  азайтуға,  сондай-ақ  ТЖ  аймағының  одан  әрі
таралмауына бағытталған құтқару,  авариялық-қалпына  келтіру  жұмыстары  мен
басқа да кезек күттірмейтін жұмыстары жатады. Осы жұмыстарды уақтылы  атқару
мақсатында ауданның АҚ және ТЖ қызметтері құрылады. Бұл қызметтер  атқаратын
жұмыс түрлеріне қарай тиісті техникамен, жеке құраммен, қажетті  құралдармен
жасақталады.
     «Табиғи  және  техногендік  сипаттағы  төтенше  жағдайлар  туралы»  ҚР
Заңының 20 бабында:
     - «табиғи және  техногендік  сипаттағы  ТЖ  оқшаулау  мен  оларды  жою
жөніндегі бірінші кезекте жасалатын іс-қимылды бұрын бекітілген  жоспарларға
сәйкес ТЖ аймағында орналасқан авариялық-құтқару қызметтерінің  күштері  мен
құралдарын  тарта  отырып  жергілікті  атқарушы  органдар  және   ұйымдардың
басшылары ұйымдастырады» делінген.
     Бірінші  кезекте  жасалатын  іс-қимыл  кезінде  халықты  ТЖ  аймағынан
уақытша  көшіру,  ұйымдардың  қажетті   материалдық-техникалық   ресурстарын
жұмылдыру  ісі  жүргізілуі  мүмкін,  авария,  зілзала  немесе  апат   болған
объектінің жұмысы  тоқтатылады  немесе  тоқтатыла  тұрады,  ұйымдарда  жұмыс
режимі  өзгертіледі,  адамдардың  жүріп-тұруы  мен  жүктердің  тасымалдауына
шектеу (карантин) енгізіледі, мүмкін болатын құтқару және  авариялық-қалпына
келтіру жұмыстары жүзеге асырылады, қоғамдық тәртіп пен объектілерді  қорғау
қамтамасыз етіледі.
     ТЖ аймағының шекараларын ҚР  заңдарына  сәйкес  тағайындалған  ТЖ  жою
басшылары ҚР Үкіметі белгілеген ТЖ сыныптау негізінде айқындайды.
     Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ  жою  кезінде  шұғыл  медициналық
жәрдем көрсету  қызметі  дереу  іске  қосылады,  ал  ол  жеткіліксіз  болған
жағдайда  орталық  мемлекеттік  органдардың  және   ұйымдардың   медициналық
күштері мен құралдары тартылады (21-бап).
     Халықтың, қоршаған  ортаның  және  шаруашылық  жүргізу  объектілерінің
табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ кепілді қорғалуын қамтамасыз  ету  үшін
алдын  ала  материалдық-техникалық,  азық-түлік,  медициналық   және   басқа
ресурстардың мемлекеттік резерві жасалады      (24-1 бап).
     Аудан, және ауыл әкімдерінің  төтенше жағдай саласы бойынша  атқаратын
міндеттері.   Халықты,   қоршаған   ортаны   және   шаруашылық     жүргізуші
объектілерді  төтенше  жағдайлар  мен  олар  туғызған   зардаптардан  қорғау
мемлекеттік саясатты жүргізудің басым салаларының бірі болып табылады.
     Қазақстан Республикасының табиғи және  техногендік  сипаттағы  төтенше
жағдайлар саласындағы  заңдары  мемлекет  Конституциясына  негізделеді  және
өзге де мемлекеттік нормативтік –құқықтық актілерден түзіледі.
     Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар  кезінде  халықты,
аумақты   және   шаруашылық   жүргізуші   объектілерді   қорғаудың   негізгі
принциптері мыналар:
     - жариялылық және халық пен  ұйымдарды  болжанып  отырған  және  пайда
       болған төтенше жағдайлар, олардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі
       шаралар туралы хабардар ету;
     - төтенше жағдайлар кезіндегі құтқару, авариялық- қалпына келтіру және
       басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу  міндеттілігі,  шұғыл
       медициналық  жәрдем  көрсету,   тұрғындарды   және   зардап   шеккен
       қызметкерлерді  әлеуметтік  қорғау,  төтенше  жағдайлар   салдарынан
       азаматтардың денсаулығы мен мүлкіне, қоршаған ортаға және шаруашылық
       жүргізуші объектілерге келген зиянды өтеу болып табылады.
    Сонымен қатар бұл жерде Қазақстан  Республикасының   заңдары  негізінде
жергілікті  халықтың  төтенше  жағдайлар  саласында  мемлекеттік  әлеуметтік
сақтандырылуға міндетті екенін ескеруге болады.
    Қазақстан Республикасының «Табиғи және  техногендік  сипаттағы  төтенше
жағдайлар   туралы»   заңының   13   бабына   сәйкес,   аудандардағы,   ауыл
әкімдіктеріндегі жергілікті атқарушы органдар  тиісті  аумақтардағы  төтенше
жағдайлардың алдын алу мен оларды жою үшін жауапты.
     • Аудан  әкімдері  мен  ауыл  әкімдері  жергілікті  ауқымдағы  төтенше
       жағдайлардың  алдын  алу  мен   оларды   жою   жөніндегі   шараларды
       ұйымдастырады;
     • Төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соққан  аварияны,  зілзала  мен
       апатты тергеуге (зерттеуге)  қатысады;
     •  Халықты  (тұрғындарды)    және   ұйымдарды   қауiпсіздік,   төтенше
       жағдайлардың алдын алу  мен  оларды  жою  жөніндегі  шаралар  туралы
       хабардар етеді; (Қызметкерлер күшімен,  БАҚ  арқылы,  байланыс  және
       хабар беру құралдары арқылы, т.б. )
     • Төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды  жою  жөніндегі  шараларды
       ауданның     бюджетінен,     ауыл     әкімдіктерінің      қорларынан
       қаржыландырылады;
     •   Материалдық-техникалық,   азық-түлік,   медициналық   және   басқа
       ресурстардың жергілікті қорларын құрады және пайдаланады;
     •  Төтенше  жағдайлар  салдарынан  зардап  шеккен  тұрғындардың   және
       қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуын қамтамассыз етеді;
     • Азаматтардың денсаулығы мен мүлкіне, қоршаған ортаға және шаруашылық
       жүргізуші объектілерге келтірген зиянның өтелуін қамтамасыз етеді;
     • Медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
     •  Азаматтар мен қызметкерлер төтенше жағдайлар  аймақтарында  тұрғаны
       және жұмыс  істегені  үшін  өтемақылары  мен  жеңілдіктер  алуды  өз
       құзіреті шегінде қамтамасыз етеді;
     •  Төтенше  жағдайлар  жойылғаннан  кейін  қоршаған  ортаны  сауықтыру
       бағытында шаралар жүргізеді;
     • Ұйымдар мен азаматтардың шаруашылық қызметін қалпына келтіру бойынша
       шаралар жүргізеді.
    «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар  туралы»  ҚР  Заңы
№19-1 1996ж. 5 шілде (2006.10.01 берілген өзгерістер мен толықтырулар)
    5-бап. Ұйымдардың табиғи және техногендік сипаттағы  төтенше  жағдайлар
саласындағы міндеттері
    Меншік  нысандарына  және  ведомстволық   бағыныстылығына   қарамастан,
ұйымдар табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласында:
     • өз жұмысының орнықтылығын арттыру  және  қызметкерлер  мен  халықтың
       қауіпсіздігін  қамтамасыз   ету   жөніндегі   шараларды   жоспарлап,
       өткізуге;
     • төтенше жағдайлардың пайда болу  қаупі  туралы  немесе  пайда  болуы
       туралы белгіленген тәртіппен ақпарат беріп отыруға, қызметкерлер мен
       халықты бұл жөнінде хабардар етуге;
     •  қызметкерлерге  төтенше   жағдайлар   кезінде   әскерилендірілмеген
       құрылымдар құрамында қорғану және  әрекет  ету  әдістерін  үйретуге,
       төтенше жағдайлар туралы хабардар ететін жергілікті жүйе құрып,  оны
       үнемі әзірлікте ұстауға;
     • қарауындағы  өндірістік  және  әлеуметтік  мақсаттағы  объектілерде,
       соларға іргелес аумақтарда  бекітілген  жоспарларға  сәйкес  қорғану
       шараларын   құтқару,   авариялық-қалпына   келтіру   және    төтенше
       жағдайларды жою жөніндегі басқа  да  кезек  күттірмейтін  жұмыстарды
       жүргізуге;
     •  заңдарда  көзделген  реттерде,  төтенше   жағдайлардың   салдарынан
       қызметкерлер мен басқа да азаматтарға келтірілген  залалдың  өтелуін
       қамтамасыз  етуге,  төтенше  жағдайлар  жойылғаннан  кейін  қоршаған
       ортаны  сауықтыру,  ұйымдар  мен  азаматтардың  шаруашылық  қызметін
       қалпына келтіру шараларын жүзеге асыруға міндетті.
     • ҚР Үкіметі белгіленген тізбе бойынша қызметінде төтенше жағдайлардың
       пайда болу  қатері  басым  ұйымдар  қаржы  және  материалдық  ресурс
       резервтерін жасап, ТЖ алдын алу және  оларды  жою  жөніндегі  күштер
       құрылуын,  дайындалуы  мен  әзірлікте  ұсталуын   қамтамасыз   етуге
       міндетті.
    13-бап. Облыстардың   (республикалық  маңызы  бар  қаланың,  астананың)
жергілікті  өкілді  және  атқарушы  органдарының  табиғи  және   техногендік
сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы өкілеттілігі
    Облыстардың  (республикалық  маңызы  бар   қаланың,   астананың)   және
аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті  атқарушы  органдары
табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласында:
     • жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен  оларды  жою
       жөніндегі шараларды ұйымдастырады;
     • төтенше жағдайлардың пайда болуына әкеп соққан аварияны, зілзала мен
       апатты тергеуге қатысады;
     • халықты және ұйымдарды қажетті қауіпсіздік, ТЖ алдын алу мен  оларды
       жою жөніндегі шаралар туралы хабардар етеді;
     • ТЖ алдын алу мен оларды жою жөніндегі шараларды жергілікті қорлардан
       қаржыландыруды жүзеге асырады;
     •   материалдық-техникалық,   азық-түлік   медициналық   және    басқа
       ресурстардың жергілікті қорларын құрады және пайдаланады;
     • ТЖ салдарынан зардап шеккен халықтың және қызметкерлердің әлеуметтік
       қорғалуын, азаматтардың денсаулығы мен мүлкіне, қоршаған ортаға және
       шаруашылық  жүргізуші  объектілерге  келтірілген  зиянның   өтелуін,
       медициналық қызмет көрсетуді, ТЖ  аймақтарында  тұрғаны  және  жұмыс
       істегені үшін өтемақылар мен жеңілдіктер алуды өз  құзыреті  шегінде
       қамтамасыз етеді;
     •  ТЖ  жойылғаннан  кейін  қоршаған  ортаны  сауықтыру,  ұйымдар   мен
       азаматтардың шаруашылық қызметін қалпына келтіру жөніндегі шараларды
       жүзеге асырады.
    15-бап. Ғылыми зерттеулер, жағдайды қадағалау, бақылау мен табиғи  және
техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды болжау
    Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ саласындағы  ғылыми  зерттеулердің
негізгі міндеттеріне  мониторинг  әдістерін  әзірлеу  мен   ТЖ-дың  деректер
банкін жасау, ТЖ болжау, алдын алу әдістерін, бақылау шаралары  мен  қорғану
құралдарын, оларды болжау, зардаптарына баға беру,  олардың  алдын  алу  мен
оларды  жою  жөніндегі  нысаналы  және   ғылыми-техникалық   бағдарламаларды
әзірлеу кіреді. Жағдайды қадағалау,  бақылау  мен  табиғи  және  техногендік
сипаттағы ТЖ болжау қызметі (сейсмикалық  қызмет,  сел  жүретінін  хабарлау,
радиациялық қауіпсіздікті бақылау жүйелері және  басқалар)  арнайы  уәкілдік
берілген мемлекеттік оргндардың жанынан  құрылады  және  ТЖ  алдын  алу  мен
оларды жоюдың мемлекеттік жүйесіне енгізіледі.
    18-бап.  Табиғи  және  техногендік  сипаттағы  ТЖ  саласындағы  қорғану
шаралары
    Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ пайда болған кезде қатер  қауіпін,
шығындар мен залалды мүмкін болғанынша барынша азайту үшін  мынадай  қорғану
шаралары жүзеге асырылуға тиіс:
     •  сейсмикалық  жағынан  берік  құрылыстар   салу   және   үйлер   мен
       ғимараттардың сейсмикалық беріктігін күшейту;
     • гидротехникалық және инженерлік геологиялық қорғану шаралары;
     • көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және көлікте  ТЖ  болғызбау  үшін
       коммуникациялар жүйелерін жетілдіру;
     • қауіпті өндірістік объектілердегі қорғану шаралары;
     • өрттерге (жарылыстарға), індеттер  мен  малдың  жұқпалы  ауруларына,
       ауыл  шаруашылық  өсімдіктері  мен  ормандардың   кеселдермен   және
       зиянкестермен зақымдануына жол бермеу шаралары;
      Ұйымдар мен азаматтардың  төтенше  жағдайлардың  пайда  болу  қатеріне
байланысты қызметі міндетті түрде сақтандырылуға тиіс.

      ҚР «Ұлттық қауіпсіздік  туралы»  заңыңда  экологиялық  жағдайдың  күрт
өзгеріп кетуі, апаттар және  басқа  да  табиғи  және  техногендік  сипаттағы
төтенше жағдайлар, эпидемиялар мен  эпизоотиялар  Қазақстан  Республикасының
ұлттық қауіпсіздігіне келетін қауіп – қатерлерге жатқызылған.
      1996 жылы 5 шілдеде Қазастан Республикасының «Табиғи  және  техногенді
сипаттағы төтенше жағдай туралы» Заңы  қабылданды,  онда  халықты,  қоршаған
орта мен  шаруашылық  нысандарды  төтенше  жағдайдан  және  оның  зардабынан
қорғау  –  мемлекеттік  саясаттың  басым  салаларының  бірі  екендігі   анық
көрсетілген.
      ҚР Үкіметінің 1997 жылдың  28 тамызындағы №  1298  Қаулысымен  Төтенше
жағдайлардың алдын алу және жоюдың Мемлекеттік жүйесі  құрылды  (ТЖМЖ)  және
ол туралы ереже (25.12.2006ж.  енгізілген  өзгертулер  және  толықтырулармен
бірге) бекітілді.


      Өзін өзі тексеру сұрақтары
     1. «Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері» курсының мақсаты
     2. ҚР негізгі заңдары, тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған
        ортаны қорғау облысындағы нормативтік заңдар
     3. Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ саласындағы қорғану шаралары




Дәріс №2.  Тіршілікті  қамтамасыз  етудің  ұйымдастырушылық  және  теориялық
негіздері

    Жалпы сұрақтар
    1. АҚ ұйымдастыру және  жүргізу  –  мемлекеттің  маңызды  қызметтерінің
       бірі,  қорғаныс  құрылысының  құрама  бөлігі,   ел   қауіпсіздігінің
       элементі.
    2. ҚР ТЖ министрлігінің  ролі,  негізгі  міндеттері  мен  ұйымдастырушы
       құрылымы.

    АҚ ұйымдастыру және жүргізу – мемлекеттің маңызды  қызметтерінің  бірі,
қорғаныс құрылысының құрама бөлігі, ел қауіпсіздігінің элементі.
    Халықтың  Азаматтық  қорғаныс  пен  төтенше   жағдайлардағы   іс-қимылы
жөніндегі  міндеттемелері.  Қазақстан  Республикасының  Азаматтық  қорғанысы
халық пен республика экономикасын зілзаладан, ірі авариялардан,  апаттардан,
осы  заманғы  зақымдау  құралдарының   қолдануынан   қорғау   және   төтенше
жағдайлардың пайда болу аудандары мен зақымдау ошақтарындағы басқа да  кезек
күттірмейтін  жұмыстар  жөніндегі  мемлекеттік  шаралардың  құрамдас  бөлігі
болып табылады.
     Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру мен  жүргізу  -  мемлекеттің  маңызды
міндеттерінің бірі, оның қорғаныс шараларын  қамтамасыз  ету  құрылымдарының
құрамдас бөлігі.
    Азаматтық  қорғанысты  ұйымдастыру  мен  жүргізу  тәртібі  «  Азаматтық
қорғаныс туралы» 1997 жылғы 7 мамырдағы ҚР заңымен белгіленген.
    Азаматтық қорғаныс – бұл басқару органдарының мемлекеттік  жүйесі  және
халықты,  ұйымдар  мен  ел  аумағын  осы   заманғы   зақымдау   құралдарының
зақымдағыш  факторларының  ықпалынан,  табиғи  және  техногендік   сипаттағы
төтенше  жағдайлардан  қорғау  мақсатында  жүргізілетін  жалпы   мемлекеттік
шаралардың жиыны.
      Қазіргі уақытта Азаматтық қорғаныс мәселелері мына деңгейде шешіледі:
      Республикалық  деңгейде-  -  республикалық  Үкімет,  орталық  атқарушы
органдар  мемлекеттік  бағдарламаларды,  Азаматтық  қорғанысты  дамыту   мен
жетілдірудің  негізгі  бағыттарын,   оны   қаржыландыру   және   материалдық
қамтамасыздандыру тәртібін, соғыс қауіпі  мен  төтенше  жағдайлар  кезіндегі
Азаматтық қорғаныс жүйесінің жұмыс істеу тәртібін белгілейді.
      Азаматтық  қорғанысқа  тікелей  басшылықты  Қазақстан  Республикасының
төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігі жүргізеді.
      Жергілікті  деңгейде-  жергілікті  өкілді   және   атқарушы   органдар
ведомствлық  бағыныстағы  аумақта  Азаматтық  қорғанысқа   басшылық   етеді,
ұйымдардың    Азаматтық    қорғаныс    шараларын     орындауынұйымдастырады.
Хабарландыру құралдарын,  басқару  нүктелерін  тұрақты  дайындықта  ұстайды.
Азаматтық қорғаныс мүлігін, жеке және ұжымдық қорғаныс  құралдарын  жинауды,
сақтауды  ұйымдастырады,   табиғи   және   техногендік   сипаттағы   төтенше
жағдайлардан сақтандыру шараларын, авариялық құтқару  және  басқа  да  кезек
күттірмейтін жұмыстарды ұйымдастырып өткізеді.
      Азаматтық  қорғаныста  табиғи  және  техногендік   сипаттағы   төтенше
жағдайлар ерекше орын алады. Қазақстан Республикасы үшін  іс-жүзінде  табиғи
және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың көпшілі тән.
      Табиғи  сипаттағы   төтенше   жағдайлардан   жер   сілкінісі,   селді,
сырғымаларды, тасқынды, боранды, қума желді, қатты аязды,  орман  және  дала
өртін, құрғақшылықты және басқаларды атап өтуге болады.
      Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар  арасынан  халықтың  тығыздығы
жоғары  қалаларда, өнеркәсіпорталықтарында, көлік  коммуникацияларында,  газ
және  мұнай  құбырларында,   тіршілік   және   коммуналдық   объектілерінде,
радиациялық қауіпті  объектілерде                              (республикада
100-ден астам радиациалық қауіпті объекті және 100 мыңға жуық  бета,  гамма,
рентгендік жіне  нейтрондық  сәулеге  ұшырататын  радиоактивті  көздер  бар)
өндіріс пен тұрғын үй секторында болатын өрттер ерекше қауіпті.
     Халық пен ұйымдарды қорғау Азаматтық қорғаныстың  басты  міндеті  және
осы  заманғы  зақымдау  құралдары  қолданылған  кезде   және   табиғи   және
техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда залалды азайту үшін  аумақтар  мен
ұйымдарды дер кезінде әзірлеу арқылы әртүрлі әдістермен жүзеге асырылады.
      Азаматтық қорғаныстың негізгі мңіндеттері мыналар:
      • Басқару, хабарлау және байланыс жүйелерін тұрақты дайындықта болуын
        ұйымдастыру, дамыту және қолдау;
      • Төтенше жағдайлар кезінде  Азаматтық қорғаныс күштерін құру, оларды
        іс-әрекеттерге даярлау және тұрақты дайындықта ұстау;
      • Орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерін даярлау
        және халықты оқыту;
      •  Радиациялық, химиялық,  бактериологиялық  ахуалды  қадағалау  және
        лабораториялық бақылау;
      •   АҚ   құрамалары    жауынгерлерінің    жұмылдырушылық    даярлығын
        қамсыздандыру;
      • Қорғаныс ғимараттарының,  жеке  қорғаныс  құралдарының  және  артық
        қорын, Азаматтық қорғаныстың басқа  мүлігін  жинау  және  әзірлікте
        ұстау;
      • Халыққа, орталық және  атқарушы  органдарға  адамдардың  өмірі  мен
        денсаулығына  төнген  қаіп  пен  қалыптасқан  жағдайдағы  іс-әрекет
        тіәртібі  туралы  хабарлау;  іздеу-құтқару  және  басқа  да   кезек
        күттірмейтін жұмыстарды жүргізу, зардап шеккен халықтың  тіршілігін
        және оны қауіпті аймақтан көшіруді ұйымдастыру;
      • Азық-түлікті, суды,  хайуанаттар  мен  өсімдіктерді  радиоактивтік,
        бактериологиялық зақымданудан сақтау.
      Азаматтық қорғаныс шараларын орындауды қамтамасыз  ету  үшін  мынандай
органдар құрылады:
      •  ҚР  ТЖ  жөніндегі  Агенттігі  және  олардың  құрылымдық   аумақтық
        органдары;
      •  Орталық  және  жергілікті  атқарушы  органдарда  АҚ  басқармалары,
        бөлімдері;
      АҚ құрамалары  бейбіт  және  соғыс  уақытында  төтенше  жағдай  қауіпі
туындаған  кезде  құтқару  және  басқа  да  кезек  күттірмейтін   жұмыстарды
жүргізеді. АҚ  құрамалары  аумақтық-өндірістік  принцп  бойынша  облыстарда,
қалаларда, аудандар мен ұйымдарда меншіктік  нысанына  қарамастан  құрылады,
аумақтық және объектілік болып  бөлінеді.  АҚ  аумақтық  құрылымдары  облыс,
қала, аудан әкімдерінің шешімдерімен, ал  объектілік  құрылымдар  ұйымдардың
АҚ басшыларының бұйрықтарымен құрылады.
      АҚ объектілік құрамаларына:
      • Барлаушы буын;
      • Құтқару командасы;
      • Инженерлік команда;
      • Санитарлықдружина;
      • Қорғаныс ғимараттарын залалсыздандыру жөніндегі топ;
      • өрт сөндіру командасы;
      • байланыс командасы; қоғамдық тәртіпті қорғау командасы;
      • жануарлар мен өсімдіктерді қорғау командасы және т.б кіреді.
      Республикамыздың әрбір азаматы АҚ пен ТЖ шараларын  өткізуге  белсенді
қатысуға  міндетті.  Халықты  АҚ  міндеттерін  іске   асыруға   және   тосын
жағдайлардағы сауатты  іс-әрекеттерге  даярлау  кешенді  шаралардан  тұрады.
Олардың ішінде халықты тікелей қорғауға бағытталған  ең  маңыздылардың  бірі
халықты  қорғаныс  пен  өз-өзіне  көмек  көрсетуге  және  көмек  шараларына,
құтқару мен  зақымдалу  ошақтарындағы  кезек  күттірмейтін  жұмыстарға  және
зілзала, авариялар мен апаттар салдарын жоюға үйрету болып табылады.
       Халықтың Азаматтық қорғаныс пен  төтенше  жағдайлардағы  іс-әрекеттер
жөніндегі міндеттері қандай?
      Біріншіден, АҚ пен ТЖ  саласындағы  ҚР  заңдарын  мүлтіксіз  орындауға
тиіс.  «Азаматтық  қорғаныс  туралы»  ҚР  заңы   бойынша   азаматтар   заңда
белгіленген тәртіппен соғыс уақытында және ТЖ АҚ  міндеттерін  орындау  үшін
өзінің жеке көлік құралдарын, аспаптарымен  қондырғыларын  беруге  міндетті.
Азаматтар тиісті органдарға төтенше  жағдайлардың  тууына  алып  келуімүмкін
апаттар қаупі туралы хабарлауға міндетті.
      Екіншіден,  халық АҚ пен ТЖ бойынша қажетті білімдер  мен  практикалық
дағдыларды игеруге, АҚ шараларына қатысуға және орындауға міндетті.  Осындай
білімдер мен дағдылардың жиыны АҚ пен ТЖ мәселелері  бойынша  халықты  оқыту
бағдарламасында  белгіленген.  Әрбір  азамат  «Баршаның   назарына»   дабылы
бойынша іс-әрекеттер тәртібін,  қорғаныстың  ұжымдық  және  жеке  құралдарын
пайдалану тәртібін, зардап шегушіге алғашқы дәрігерлік көмек  көрсету  әдісі
мен  қорғаныс  тәсілін  білуге  және  орындауға   міндетті.   «Табиғи   және
техногендік сипаттағы төтенше  жағдайлар  туралы»  ҚР  заңында  азаматтардың
төтенше жағдайлар салдарын жою  жөніндегі  өткізілген  жаттығуларға  қатысу,
халықты қорғау құралдарына, қоршаған ортамен ұйымдарға мұқият қарау  міндеті
айтылған.
      Үшіншіден, ересек халықтың басты міндеттерінің бірі балаларды  қорғау.
Мектепке дейінгі мекемелерде  балаларға  тосын  жағдайларда  өзін-өзі  ұстау
тәртібі туралы айтылып, ал оқушылар сабақ  барысында  тіршілік  қауіпсіздігі
негіздерімен  танысса  да,  бұл  ересектерді  балаларды   қорғау   жөніндегі
міндеттерден босатпайды.
      Жоғарыда тізбеленгендер  халықтың  АҚ  пен  ТЖ  іс-әрекеттері  бойынша
негізгі міндеттері ғана, осы және басқа да міндеттерді  мүлтіксіз  және  дәл
орындау  АҚ  нығайтуға  ТЖ   санын   төмендетуге    ықпал   ететін   болады.

      ҚР  ТЖ  министрлігінің  ролі,  негізгі  міндеттері  мен  ұйымдастырушы
құрылымы.
      ҚР Үкіметінің 1997 жылдың  28 тамызындағы №  1298  Қаулысымен  Төтенше
жагдайлардың алдын алу және жоюдың Мемлекеттік жүйесі  құрылды  (ТЖМЖ)  және
ол туралы ереже (25.12.2006ж.  енгізілген  өзгертулер  және  толықтырулармен
бірге) бекітілді.
      Төтенше жағдайларды  ескерту  мен  жоюдың  мемлекеттік  жүйесі  (ТЖМЖ)
бейбіт және соғыс  уақытында  төтенше  жағдайдың  алдын  алу,  пайда  болған
жағдайда зардаптарын жою (адамдардың өмірі мен денсаулығына  төнген  қауіпті
жоюға бағытталған құтқару, авариялық -қалпына келтіру және  басқа  да  шұғыл
жұмыстарын жүргізу,  халықтың  тіршілігін  қамтамасыз  ету  жүйесін  қалпына
келтіру.  Төтенше  жағдай  нәтижесінен  зардап  шеккендердің  аумақтары  мен
нысандарын қалпына келтіру ТЖМЖ құзырына кірмейді),  халықтың  қауіпсіздігін
қамтамасыз ету, қоршаған табиғи ортаны қорғау  мен  шаруашылық  нысандарының
шығынын азайту үшін тағайындалған.
            ТЖМЖ негізгі міндеттері:
     • бейбіт және соғыс уакытында ТЖ пайда болуы кезінде  қоршаған  табиғи
       ортаны, адамдардың өмірі мен денсаулығын,  мәдени  және  материалдық
       құндылықтарды қорғау, төтенше жағдайды  ескерту  мен  жою  саласында
       бірегей мемлекеттік саясатты жүргізу;
     • халықты, аумақты қорғау, экологиялық  қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету
       бойынша ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық шаралар жүйесін
       құру;
     • төтенше жағдайға әрекет ету ретін анықтау, зардаптарын жою,  олардың
       пайда болу себептерін тергеу;
     • халықты хабарландыру және мониторинг ұйымдастыру;
     • авария, апат, зілзала мен экологиялық апаттар, эпидемия,  эпизоотия,
       эпифитотия пайда болған кезде ТЖ алдын алуға, адам мен оның қоршаған
       ортасын  қорғауға,  шаруашылық  нысандары  мен  әлеуметтік   салалар
       қызметінің тұрақтылығын көтеруге  бағытталған,  мемлекеттік  арнаулы
       және ғылыми  –  техникалық  бағдарламаларды  әзірлеу  мен  орындауды
       ұйымдастыру;
     • ТЖ іс - әрекетіне, оларды жою бойынша  жұмыстар  жүргізуге  органдар
       мен басқару пунктерін,  байланыс  жүйесі  мен  хабарландыруды,  ТЖМЖ
       күштері мен құралдарының жоғарғы дайындығын қамтамасыз ету;
     • ТЖ – дың әлеуметтік – экономикалык салдарын бағалау мен болжау;
     • зардап шеккен халыққа  бірінші  кезекте  көмек  көрсету,  тіршілікті
       қалыптастыру;
     • ТЖМЖ мамандарының біліктілігін арттыру және даярлау, ТЖ         іс -
       әрекетіне халықты даярлау мен оқыту;
     • ТЖ – ды ескерту мен жою саласында  халықаралық  ынтымақтықты  жүзеге
       асыру,  авариялар,  апаттар  мен  зілзала   салдарын   жоюға   шетел
       мемлекеттеріне көмек көрсету болып табылады.
    ТЖМЖ құрамына кіретіндер:
     • Төтенше жағдай бойынша Қазақстан  Республикасының  орталық  атқарушы
       органы (ТЖМ), аймақтық органдары және ведомстволық ұйымдармен  бірге
       құзырлыққа кіретін мәселелер бойынша төтенше жағдайлардың алдын  алу
       мен  жоюды  қамтамасыз  ететін,  орталық  және   жергілікті   атқару
       органдарының, ұйымдардың басқару органдары.
     • Орталық және  жергілікті  атқару  органдарының,  ұйымдардың  жұмысын
       басқару үшін төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою бойынша комиссия
       құрылады:
     • Төтенше жағдайлардың алдын алу  мен  жою  бойынша  ведомство  аралық
       мемлекеттік комиссия,  төтенше  жағдай  бойынша  аймақтық  комиссия,
       салалық комиссия;
     • Мұнайдың төгілуіне жедел әрекет ету бойынша ұлттық комиссия;
     • Қауіпсіздікті қамтамасыз ету  мен  транспорттағы  терроризмге  қарсы
       координациялық кеңсе;
     •  Транспорттағы  қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету  жөніндегі   облыстық
       (қалалық) комиссиялар;
     • Республикалық, аймақтық және салалық эвакуациялық комиссиялар.
    ТЖМЖ аумақтық, қызметтік, салалық (нысандық) жүйеден  тұрады  және  екі
дәрежесі бар: жергілікті және республикалық (мемлекетгік).
    ТЖМЖ аймактық қосымша жүйесі  қабылданған  әкімшілік-аймақтық  бөлінуге
сай келеді.
    Әрбір аймақтық қосымша жүйе  ТЖ  алдын  алу  мен  жоюға  арналған  және
ережеге  сай,  оның  құрамына  ТЖ  бойынша  комиссия  (облыстық,   аудандық,
қалалық, ауылдық, нысандық) немесе оның  міндетін  орындайтын  басқа  орган,
Қазақстан  Республикасының   төтенше   жағдай   бойынша   Орталық   атқарушы
органдардың аймақтық органдары (облыстық, Астана,  Алматы  қ.   департамент,
қалалық  басқармалар,  ТЖ  бойынша  аудандық  бөлім),   күнделікті   басқару
органдары (кезекші қызметті немесе  051  құтқару  қызметін),  сол  аймақтағы
функционалдық және  ведомстволық  қосымша  жүйелер,  оның  ішінде  қаржылық,
тағамдық, медициналық және        материалдық – техникалық қорлар,  байланыс
жүйелері, хабарландыру, ақпараттық қамтамасыз ету, сондай –  ақ  арнайы  оқу
орындары кіреді.
    Аймақтық қосымша жүйелердің тапсырмалары,  ұйымдастырылуы  және  қызмет
ету тәртібі, төтенше жағдайдағы мемлекеттік органдарының өзара  қатынасы  ҚР
ТЖМ келісімі бойынша жергілікті  атқаруы  органдардың  бекіткен  ережелермен
анықталады.
    ТЖМЖ  қызметтік  қосымша  жүйелері  Қазақстан  Республикасының  орталық
атқарушы  органдары  мен  ұйымдарының  басқарушы  органдарының  күштері  мен
құралдарынан тұрады, мынадай тікелей міндеттерді шешеді:
     • Қоршаған табиғи ортаның жағдайын қадағалау;
     • ТЖ – ның алдын алу;
     • Адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтау;
     • Төтенше қор фондын пайдалану;
     • ТЖ – ны жою.
    Оған қоса жеке қызметтік қосымша жүйенің  құрамына  басқару  органдары,
бірнеше орталық атқарушы  органдарының,  ұқсас  мәселелерді  шешетін  немесе
бірін - бірі толықтырып отыратын  ұйымдардың  күштері  мен  құралдары  кіруі
мүмкін.
    Қызметтік қосымша жүйелердің негізгі  міндетгері,  ұйымдастырылуы  және
қызмет тәртібі ТЖМ бекіткен  Азаматтық  қорғаныс  пен  төтенше  жағдайлардың
республикалық қызметі туралы ережесімен анықталады. Азаматтық  қорғаныс  пен
төтенше  жағдайлардың  республикалық  қызметтерінің  тізімі  ҚР   Үкіметінің
шешімі бойынша анықталады.
    ТЖМЖ салалық  (нысандық)  қосымша  жүйелері  Қазақстан  Республикасының
орталық атқару органдарында, ұйымдарыңда құрылып, өздері тікелей  басқарытын
нысандардағы ТЖ алдын алу мен жоюға арналған.
    Салалық  (нысандық)  қосымша   жүйелердің   нақты   құрылысы,   олардың
міндеттері, қаржылаңдыру тәртібі Қазақстан Республикасының  тиісті  атқарушы
органдарымен,  ұйымдарымен  анықталады  және   осы   қосымша   жүйе   туралы
ережелерге бекітіледі.
    Сонымен  қатар  әрбір  салалық   (нысандық)   қосымша   жүйе,   олардың
бөлімдеріне, ережеге сай, басқарушы органдар, күнделікті  басқару  органдары
(күзет  –  диспетчерлік  қызмет),  ықтимал  қауіпті  нысандардағы   жағдайды
қадағалау мен табиғи ортаның жағдайын бақылаудың күштері мен  құралдары,  ТЖ
жою бойынша күштер мен  құралдар.  Бұл  саладағы  ұйымдардың,  органдар  мен
қызметтердің жұмысын ТЖ бойынша салалық комиссиялар басқарады.
    Адамдардың өмірі мен денсаулығын, материалдық және  мәдени  құндылықтар
мен қоршаған табиғи ортаны ТЖ жағдайында қорғау бойынша  мәселелерді  шешуге
қоғамдық ұйымдар  Қазақстан  Республикасы  заңнамасы  және  ондағы  жарғылар
бойынша ерікті негізде барлық деңгейде атсалыса алады.
    Төтенше жағдайдың алдын алу мен жою бойынша ведомствоаралық мемлекеттік
комиссия Қазақстан Республикасы Премьер – министрінің бірінші  орынбасарымен
жүктеледі, ал төтенше жағдай бойынша аймақтық  және  салалық  комиссиялар  –
облыс, қала, аудан  әкімдерінің         орынбасарларымен,  орталық  атқарушы
органдарының орынбасарларымен тиісінше жүктеледі.
    ТЖМЖ  күштері  мен  құралдары  бақылау  мен  қадағалаудың  күштері  мен
құралдарына, сондай – ақ ТЖ жоюдың күштері мен құралдарына бөлінеді.
    Бақылау мен қадагалаудың күштері мен құралдары мыналардан тұрады:
     • ТЖ бойынша Орталық атқарушы органның кезекші қызметтерінен;
     • ықтимал қауіпті  нысандардың кезекші – диспетчерлік қызметтерінен;
     • апат медицина орталықтарының диспетчерлік қызметтерінен;
     • өртке қарсы қызметтердің бөлімшелерінен;
     • төтенше жағдайларды қадағалаудың Мемлекеттік  органдары,  техникалық
       бақылау;
     • радиациялық және ядролық қауіпсіздікке мемлекеттік бақылауды  жүзеге
       асыратын оргаңдардан;
     •  транспортты  қауіпсіз   пайдалануды   бақылауды   жүзеге   асыратын
       органдардан;
     • сәулет – құрылыстық бақылауды жүзеге асыратын органдардан;
     • Мемлекеттік санитарлы – эпидемиологиялық қадағалау органдарынан;
     •  Ветеренария,  фитосанитария,  жануарлар  мен  өсімдіктер  карантині
       саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдардан;
     • Қоршаған орта мен табиғи ресурстарды, оның ішінде  гидрометеорология
       қоршаған ортаның ластануы бойынша мониторинг қызметі;
     • Қоршаған ортаны  қорғау  саласында  мемлекеттік  қадағалауды  жүзеге
       асыратын органдар;
     • Сейсмологиялық бақылау мен жер  сілкінісін  болжаудың  республикалық
       жүйесінің қызметтерінен;
     • Сел, сырғыма және қар көшкінінің мониторинг) қызметтерінен;
     • орман және дала өртінің мониторингі қызметтерінен
    Төтенше жагдайды жоюдың күштерімен құралдары мыналардан:
     • Азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдері;
     • Республикалық және өңірлік аэромобильді жедел – құтқару отрядтары;
     • Өртке қарсы қызмет бөлімшелері;
     • Суда – құтқару қызметінің құрылымдары;
     • Су астында авариялық – құтқару қызметі;
     • Авариялық – құтқару және авариялы  –  қалпына  келтіру  құрылымдары,
       сонымен  қатар  тау  –  кен  құтқару,   газдан   құтқару,   мұнайдың
       атқылауынан қорғайтын және басқа да  мамандандырылған  қызметтерінің
       штаттары
     • 051 құтқару қызметі;
     • Ормандарда өрт  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету  қызметі,  оған  қоса
       авиациялық күзет және орманды қорғау қызметтері;
     • Азаматтық қорғаныстың аумақтық және нысандық құрылымдары;
     • Сел, жауын – шашын және қар  көшкіні  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету
       қызметі;
     • Әрдайым дайындықтағы радиациялық, химиялық және  биологиялық  қорғау
       әскери бөлімшелері, инженерлік және Қазақстан Республикасы  қорғаныс
       Министрлігінің басқа да әскер түрлері;
     • Бірыңғай авиациялық іздеу – құтқару қызметтерінен тұрады.
    Төтенше жағдайлар бойынша Орталық атқарушы органдардың негізінде, өртке
қарсы қызмет бөлімшелері, суда  -  құтқару  қызметі,  051  құтқару  қызметі,
үнемі   дайындықтағы   әскери   бөлімдердің   радиациялық,   химиялық   және
биологиялық   қорғау   әскерлері,   Қазақстан    Республикасының    қорғаныс
Министрлігінің инженерлік және басқа түрдегі әскерлері,  әскериленген  тауда
құтқару, газдан құтқару,  бұршаққа  қарсы  және  басқа  да  мамандандырылған
бөлімшелері, құрылыс  және  монтаждық  ұйымдар  және  республиканың  әртүрлі
ұйымдарының басқа да ұқсас кәсіби қызметтері олармен  келісе  отырып,  үнемі
дайындықтағы авариялы – құтқару және авриялары қалпына  келтіру  бөлімшелері
(күштері)  құрылады,  олар  ҚР  төтенше  жағдай  бойынша  Орталық   атқарушы
органымен, ТЖМЖ әртүрлі деңгейдегі басқарушы  органдарымен  ТЖ  тоқтату  мен
жою бойынша жедел жұмыстарды жүргізуге мүмкіндігіне қарай,  елдің  әр  түрлі
аймағына, сондай – ақ шет елге көмек көрсетуге тартылалы.
    Республикалық  және  жергілікті  бюджеттен  қаржыландырылмайтын   үнемі
дайындықтағы күштер, ТЖМЖ басқару органдарының шешімі бойынша  құтқару  және
авариялы – қалпына келтіру жұмыстарына тартыла алады.
     ТЖМЖ қызметінің ақпаратпен  қамтамасыз  етілуі      Автоматтандырылған
акпараттық – басқару жүйесімен жүзеге асырылады (ТЖ ААБЖ).
    ТЖ орын алған кезде жағдай туралы ақпарат төмендегілермен таратылады:
     • қалалардың, аудандардың, қала аудандарының,  поселкелердің,  ауылдық
       округтердің, ауылдардың, сондай – ақ ұйымдардың әкім  аппараттарымен
       – дереу Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар бойынша  Орталық
       атқарушы органының аймақтық органдарына;
     • ұйымдар  -  өкілеттілігіне  сай  орталық  атқару  органдарына  дереу
       хабарлайды:
     • Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар бойынша орталық атқарушы
       органының аймақтық органдары -  «Қазақстан  Республикасының  төтенше
       жағдайлар  бойынша  Республикалық  дағдарыс  орталығы»   мемлекеттік
       мекемесіне дереу хабарлайды;
     • Егер барынша ауқымды  және  аймақтық  төтенше  жағдай  туындаса,  ол
       туралы ақпарат төменгідей беріледі:
     • Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар бойынша Орталық атқарушы
       органының аймақтық органдары –  сол  ауданмен  шектесетін  Қазақстан
       Республикасының әкімшілік – аймақтық бірліктеріне хабарлайды;
     • орталық атқару органдары – ведомство жанындағы ұйымдарда орын  алған
       төтенше жағдай туралы «Қазақстан Республикасының  төтенше  жағдайлар
       бойынша  Республикалық  дағдарыс  орталығы»  мемлекеттік  мекемесіне
       хабарлайды;
     •   Қазақстан  Республикасының  төтенше  жағдайлар   бойынша   Орталық
       атқарушы органы – дереу Казақстан Республикасының Үкіметіне, олардың
       өкілеттілігіне сай орталық атқарушы органдарына.
   ТЖМЖ қызметіне бейбіт және соғыс уақытындағы орын алған төтенше жағдайдың
алдын алу мен  ондағы  іс  -  әрекеттерді  жоспарлау,  дайындау  және  іс  –
шараларды жүзеге асыру кіреді. Жүйенің қызмет етуі  жағдайға  байланысты  үш
тәртіпке бөлінеді: күнделікті қызметтегі, жоғарғы дайындықтағы, төтенше.
   ТЖМЖ, оның қосымша жүйесінің және бөлімшелерінің  қызмет  ету  тәртібінің
бірін енгізу туралы  шешімді  Қазақстан  Республикасының  төтенше  жағдайлар
бойынша Орталық  атқарушы  органы,  әртүрлі  деңгейдегі  басқарушы  органдар
аймақтық  органдармен  (облыстық,  қалалық  басқарма,  ТЖ  бойынша  аудандық
бөлім)  келісе  отырып,  нақты  жағдайға  байланысты  қабылдайды.   Жағдайға
байланысты ТЖМЖ қосымша жүйесі мен бөлімшелері бір мезгілде әртүрлі  режимде
қызмет ете алады. Ережеге сәйкес, төтенше жағдайды жоюдың басшылығын  жүзеге
асыратындар:
     • нысандық төтенше жағдай кезінде –  ұйым  басшылары,  қажет  болғанда
       Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар бойынша Орталық атқарушы
       органының аймақтық органдарының қатысуымен, ТЖМЖ  қосымша  жүйесінің
       аймақтық басқару органдары;
     • жергілікті төтенше жағдай кезінде –  жергілікті  атқарушы  органдар,
       аварияның,   апаттардың   таралу   аймағына   байланысты   Қазақстан
       Республикасының төтенше жағдайлар бойынша Орталық атқарушы органының
       аймақтық органдары;
    Аймақтық және  барынша  аумақты  ТЖ  кезінде  –  Қазақстан  Республикасы
Үкіметінің  тапсырмасымен  Қазақстан   Республикасының   төтенше   жағдайлар
бойынша Орталық атқарушы органының жұмысын төтенше жағдайдың алдын  алу  мен
жоюдың Ведомствоаралық мемлекеттік комиссиясы басқарады.
    Орталық  және  жергілікті  атқару   органдарының,   ұйымдардың   бірінші
басшылары ТЖМЖ басқарушы органдарының нұсқауларын орындамағанына немесе  дер
кезінде жүзеге асырмағанына жауап береді.
    ТЖ жою, ТЖМЖ – ның  аймақтық  немесе  ведомстволық  қосымша  жүйелерінің
күштері мен құралдары арқылы, олар орыналған  аймақ  немесе  нысанда  жүзеге
асырылады.  Егер  ТЖ  көлемі  ТЖМЖ  –  ның  аймақтық  және  салалық  қосымша
жүйелерінің  басқарушы  органдарының,  Қазақстан   Республикасының   төтенше
жағдайлар бойынша  Орталық  атқарушы  органының  аймақтық  органдарының  оны
тоқтату мен жою қолынан келмейтіндей болса, онда  Қазақстан  Республикасының
Үкіметі ҚР төтенше жағдайлар бойынша  Орталық  атқарушы  органының  көрсетуі
бойынша, сондай – ақ орталық және  жергілікті  атқару  органдарының  өтініші
және  сол  өтініштердің  негізіндегі   Қазақстан   Республикасының   төтенше
жағдайлар бойынша Орталық атқарушы  органының  шығарған  тиісті  қорытындысы
бойынша тиісті көмек көрсету бойынша шешім қабылдайды.
    Құрамалар мен Қарулы Күштер бөлімдері, Қазақстан  Республикасының  басқа
да  әскері  мен  әскери  құрылымдары  Қазақстан  Республикасы  Президентінің
жарлығымен ТЖ жоюға тартылады, олардың тартылуы алдын ала  бекітілген  өзара
әрекет ету жоспарымен қарастырылып қойған жағдайды  қоспағанда.  Мемлекеттік
ТЖ кезінде халықтың, қоршаған табиғи ортаның қауіпсіздігі мен қорғалуы  және
шаруашылық нысандарының қызмет ету тұрақтылығын  қамтамасыз  ету  мәселесіне
бағытталған   бағдарламаларды   орындау,   ТЖ   алдын   алу   мен    олардың
тұрақсыздандырғыш  әсерін   төмендету   жөніңдегі   қаржылық,   несиелік   –
инвестициялық саясатты, сондай – ақ авария, апат, табиғи апаттар  мен  басқа
да апаттардың алдын алу  мен  зардабын  жоюға  дайындалу  мақсатында  тиісті
басқару органдарымен жүзеге асырылады.
    Төтенше  жағдай  кезінде  қорғану  шараларына  халықты  оқыту  Казақстан
Республикасының жергілікті атқару  органдарымен,  Қазақстан  Республикасының
төтенше жағдайлар бойынша Орталық атқарушы органының  аймақтық  органдарымен
сабақтарда,  жұмыс  орнындағы  жаттығуларда,  бұқаралық  ақпарат   құралдары
арқылы оқулар мен тұрғылықты орындарда және арнайы оқулар барысында,  сондай
– ақ өз еркімен жүзеге асырылады.
    ТЖМЖ басқару орагандарының, олардың қосымша жүйелері мен  бөлімшелерінің
мамандарын  дайындау  ҚР  ТЖМ  ТЖ  мен  АҚ  саласындағы  басқарушы  құрамның
біліктілігін арттырудың Республикалық курстарыңда, облыстық  (кала)  халықты
дайындау мен оқыту орталықтарында, өртке қарсы қызметтің оқу  –  материалдық
базасында жүзеге асырылады.
    ТЖМЖ ұйымдарын, басқару органдарының дайындығы  мен  дайындық  деңгейін,
жүйенің күші мен құралын жетілдіру  мақсатында  оның  қосымша  жүйелері  мен
бөлімшелеріңде  жыл  сайын   оқулар   мен   жаттығулар   жоспарланады   және
жүргізіледі.  ҚР Үкіметінің аталған  қаулысының  Қосымшасында  құзіреттеріне
байланысты  Қазақстан  Республикасының  төтенше  жағдайлар  бойынша  Орталық
атқарушы  органының  (министірліктер,   комитеттер,   агенстволар)   қызметі
көрсетілген.


Өзін өзі тексеру сұрақтары
1. Азаматтық қорғаныс мәселелерінің шешілу деңгейлері
2. Халықтың Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлардағы  іс-әрекеттері  мен
   міндеттері
3. ТЖМЖ негізгі міндеттері
4. ТЖМЖ құрамы, құралдары мен күштері


       Дәріс №3. Төтенше жағдайлар


      Жалпы сұрақтар
     1. ТЖ негізгі ұғымдары мен анықтамалары.
     2. Бейбіт және соғыс уақыттағы төтенше жағдайлар
     3. Техногенді сипатты  ТЖ  көздерін  зақымдайтын  факторлар,  ТЖ  даму
        фазалары.
     4. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың классификациясы


      ТЖ негізгі ұғымдары мен анықтамалары.
      Төтенше жағдай –  белгілі  бір  аумақтағы  апаттан  адамдардың  өлімі,
олардың денсаулығына тигізген әсері қоршаған ортаға және  халық  шаруашылығы
объектісі мен материалдық шығын және  елді-мекен  жағдайының  нашарлауы  (ҚР
Азаматтық қорғаныс Заңының табиғи және техногендік характері 1 бап).
      Төтенше жағдайлар себеп-салдарына байланысты  мынадай  классификацияға
бөлінеді:
      Табиғи (жер сілкіну, сел, көшкін, су тасқыны,  табиғи  өрт,  эпидемия,
ауылшаруашылық өсімдіктер мен орманның зиянкестермен аурумен бүлінуі).
      Техногендік (өнеркәсіптік, транспорттық т.,б. апаттар,  өрт,  жарылыс,
ӘКУЗ, РВ,БОВ  тастандылары,  ғымаратта  мен  құрылыстардың  бүлінуі,  өмірді
қамтамасыз етіп отырған объектілердегі апаттар, плотиналардың бүлінуі).
      Қазақстан  Республикасыньң  «Табиғи  техногендік   сипаттағы   төтенше
жагдайлар  туралы»  5.07.1996  ж.  Заңы  (№  116-Ш  10.01.2006ж.  өзгерістер
енгізілген) келесі үғымдарды көрсетеді:
      Төтенше жағдай – адамдардың қаза табуына әкеліп соққан  немесе  әкеліп
соғуы  мүмкін,  олардың  денсаулығына,  қоршаған  ортаға   және   шаруашылық
жүргізуші  нысандарға  нұқсан  келтірген  немесе  келтіруі  мүмкін,  халықты
едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып,  тіршілік  жағдайын  бұзған
немесе бұзуы мүмкін авария,  зілзала  немесе  апат  салдарынан  белгілі  бір
аумақта туындаған жағдай;
      Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар –  дүлей  зілзала  (жер  сілкінісі,
сел, көшкін, су тасқыны және басқалар), табиғи өрттер, індеттер  мен  малдың
жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және  ормандардың  кеселдері
мен зиянкестері арқылы зақымдануын туғызатын төтенше жағдайлар;
      Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар - өнеркәсіп, көлік  авариялары
және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), күшті әсер ететін улы,  радиоактивті
және биологиялық жағынан  қауіпті  заттарды  тарататын  (тарату  қаупі  бар)
авария, үйлер мен  ғимараттардың  қирауы,  бөгендердің  бұзылуы,  тіршілікті
қамтамасыз ететін  электр  –  энергетика  және  коммуникация  жүйелеріндегі,
тазарту құрылыстарындағы авария туғызған төтенше жағдайлар;
      Төтенше жағдай аумағы – төтенше жағдай жарияланған белгілі бір аумақ.
      Таралу ауқымы мен материалдық шығынының  көлеміне  қарай  табиғи  және
техногендік сипаттағы  төтенше  жағдайлар  нысандық,  жергілікті,  аймақтық,
барынша ауқымды болып бөлінеді.
      13.12.2004ж. ҚР Үкіметінің №1310 Қаулысымен «Табиғи  және  техногендік
сипаттагы төтенше  жағдайларды  топтастыру»  бекітілген.  Топтастыру  аумағы
бойынша төтенше жағдайларды нысандық, жергілікті,  аймақтық  немесе  барынша
ауқымды ретінде қарастыру критерииларын бекітеді.
      Табиғи және техногеңдік сипаттағы төтенше жағдайлар  нысандық  болады,
егер  авария,  зілзала  немесе  апат  салдарынан   төтенше   жағдай   аймағы
өндірістік немесе әлеуметтік нысан аумағынан шықпаса, сонымен  қатар  келесі
зардаптар пайда болып немесе пайда болуы мүмкін:
      • қаза тапқандар саны 5 тен 10 адамға дейін;
      •  тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінің  бұзылуы  50  ден  100  адамға
        дейін;
      Төтенше жағдайлар жергілікті болады, егер авария, зілзала немесе  апат
салдарынан  төтенше  жағдай  аймағы  өңдірістік  немесе   әлеуметтік   нысан
аумағынан шықса және облыстың екі  ауданына  тараса,  сонымен  қатар  келесі
зардаптар пайда болып немесе пайда болуы мүмкін:
      • қаза тапқандар саны 10 тен 50 адамға дейін;
      • тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінің  бұзылуы  100  ден  500  адамға
        дейін;
      Төтенше жағдайлар аймактық болады, егер авария,  зілзала  немесе  апат
салдарынан  төтенше  жағдай  аймағы  өндірістік  немесе   әлеуметтік   нысан
аумағынан шықса және облыстың кем дегеңде үш ауданына тараса немесе  ҚР  екі
облысының аймағында пайда болса, сонымен қатар келесі зардаптар пайда  болып
немесе пайда болуы мүмкін:
      • қаза тапқандар саны 50 ден 200 адамға дейін;
      • тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінің бұзылуы  500  ден  1500  адамға
        дейін;
      Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше  жағдайлар  барынша  ауқымды
болады, егер авария, зілзала немесе апат салдарынан  төтенше  жағдай  ҚР  үш
және одан да көп облыстарының аймақтарына тараса  немесе  көрші  мемлекеттің
шекарасына өтетін болса, сонымен қатар келесі зардаптар пайда  болып  немесе
пайда болуы мүмкін:
      • қаза тапқандар саны 200 адамнан асса;
      • тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінің бұзылуы 1500 адамға дейін;
      Төтенше жағдайлардын алдын алу - адамдардың өмірі  мен  денсаулықтарын
сақтау, материалдық шығындардың көлемін азайту, төтенше  жағдайлардың  пайда
болуын едәуір төмендетуге бағытталған және алдын ала  жүргізілетін  кешеңдік
шаралар.
      Төтенше жағдайды жою - төтенше жағдай пайда болған жағдайда адамдардың
      өмірі  мен  денсаулықтарын  сақтау,  материалдық  шығындардың  көлемін
      азайту  үшін,   сонымен  қатар  төтенше  жағдайлардың  аумағын   жоюға
      бағытталған құтқару, авариялық – қалпына келтіру және басқа  да  шұғыл
      жұмыстар.


      Техногенді сипатты ТЖ көздерін зақымдайтын факторлар, ТЖ даму фазалары
      Техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар өндірістік,  транспорттық  және
басқа  да  авариялардың,  өрттердің  (жарылыстардың),  қатты   әсер   ететін
радиоактивті және  биологиялық  қауіпті  улы  заттардың  төгілуімен  (төгілу
қаупімен) байланысты авариялардың,  ғимараттар  мен  құрылыстардың  кенеттен
құлауының, платиналардың бұзылуының, тіршілікпен қамтамасыз етудің,  электро
энергетикалық және  коммуникациялық  жүйесіндегі,  тазалау  құрылыстарындағы
авариялардың салдарынан болуы мүмкін.
      Техногенді сипаттағы төтенше жағдайдың  шыгу  көздері  –  бұл  қауіпті
техногенді оқиға (өндірістік нысандардағы  немесе  транспорттағы  авариялар,
өрттер, жарылыстар немесе әр түрлі энергияның шығуы,  өмір  мен  денсаулыққа
қауіпті  заттардың  шығумен  байланысты  авариялар  немесе  олардың   қаупі,
ғимараттар мен құрылыстардың құлауы, тіршілікпен қамтамасыз ету  жүйесіндегі
авариялар) нәтижесінде белгілі бір  аймақ,  нысанында  немесе  аймақта  орын
алған техногенді сипаттағы төтенше жағдай.
      Техногенді сипаттағы төтенше жағдай көзінің зақымдаушы факторы  –  бұл
тиісті параметрлермен  анықталатын  немесе  көрінетін,  физикалық,  химиялық
және биологиялық іс-әрекеттермен немесе көріністермен  сипатталатын  қауіпті
оқиғаның құрастырушысы.
      Техногенді сипаттагы төтенше жагдай көзінің зақымдаушы  ықпалы  –  бір
немесе жиынтықты техногенді  сипаттағы  төтенше  жағдай  көзінің  зақымдаушы
факторының адамдардың,  ауылшаруашылық  малдарының  өмірі  мен  денсаулығына
және  өсімдіктерге,  экономика  нысандарына  және  қоршаған  табиғи   ортаға
жағымсыз әсер етуі.
      Авария   -   технологиялық   процесстің    бұзылуы,    механизмдердің,
жабдықтардың және құрылыстардың зақымдануы. Сонымен  қатар   авария-нысанда,
белгілі бір аумақта немесе аймақта адамдардың өмірі мен  денсаулығына  қауіп
төндіретін және ғимараттардың, құрылыстардың,  құрылғылар  мен  транспорттық
құралдардың қирауын, өндірістік және транспорттық үрдістің бұзылуын, сондай-
ақ қоршаған табиғи  ортаға  шығын  келтіруді  тудыратын  қауіпті  техногенді
оқиға.
       Апат -  өзімен  бірге  аймақтық  немесе  ғаламдық  ауқымдағы  төтенше
жағдайды, адам құрбандығын алып келетін ірі авария, қиратушы құбылыс.
      Техногенді қауіп – нысандарды қалыпты пайдалану процессіндегі адам мен
қоршаған ортаға тікелей немесе жанама зияндығы түрінде, болмаса пайда  болуы
кезіндегі адамға және қоршаған ортаға  техногенді  сиаттағы  төтенше  жағдай
көзінің зақымдаушы  әрекеті  ретінде  жүзеге  асатын  техникалық  жүйесінің,
өндірістік немесе транспорттық нысандарының өзіне тән ішкі жағдайы.
      Ықтимал қауіпті нысан – төтенше жағдай көзінің тууына қауіп төндіретін
қауіпті радиоактивті, өрт,  жарылыс  қауіпті  материалдарды,  химиялық  және
биологиялық заттарды пайдаланатын,  өндіретін,  өндейтін,  сақтайтын  немесе
тасымалдайтын нысан.
      Ықтимал қауіпті зат - өзінің физикалық, химиялық,  биологиялық  немесе
токсикологиялық қасиетінің салдарынан  адамдардың  өмірі  мен  денсаулығына,
ауылшарушылық малдары мен өсімдіктеріне қауіп төндіретін заттар.
      Қауіпті заттың мүмкін шекті  ңоспасы  —  адаммен  үнемі  қарым-қатынас
кезіндегі немесе белгілі бір уақыт аралығында оған  әсер  еткендегі  адамның
денсаулығына әсер етпейтін және жағымсыз салдары болмайтын аудан  бірлігімен
немесе салмақпен өлшенетін топырақтағы, ауалы немесе сулы ортадағы,  азық  –
түліктегі, шикізаттардағы қауіпті заттардың максималды саны.
      Зақымдану аймагы –  белгілі  уақыт  ішінде  адамдарға,  ауылшаруашылық
малдарына және өсімдіктерге қауіп  келтіретін  мөлшерде  аумағында  химиялық
заттар  таратылған  немесе  қауіпті   химиялық   және   биологиялық   заттар
енгізілген территория немесе аймақ.
      Өнеркәсіптік авариялар мен апаттар:
      Өнеркәсіптік авария – техникалық жүйеде немесе өнеркәсіптік қондырғыда
орын алған өнеркәсіптік нысандағы авария.
      Жобалық өнеркәсіптік авария – бастапқы  және  ақырғы  жағдайы  жобамен
белгіленген  және   белгіленген   шектермен   авария   салдарының   шектеуін
қамтамасыз ететін, қауіпсіздік жүйесі қарастырылған өнеркәсіптік авария.
      Жобадан тыс өнеркәсіптік авария -  жобалық  авария  үшін  ескерілмеген
бастапқы  жағдай   тудыратын   және   жобалық   авариялармен   салыстырғанда
қауіпсіздік жүйесінің тоқтап қалуымен және персоналдың қате шешімдерді  іске
асырумен қоса жүретін, ауыр салдарларға алып келетін өнеркәсіптік авария.
      Өнеркәсіптік апат - адамдардың құрбандығына  алып  келген,  адамдардың
денсаулығына  нұқсан  келтірген  және  нысандардың,   айтарлықтай   мөлшерде
материалдық құндылықтардың жойылуына,  сондай  –ақ  қоршаған  табиғи  ортаға
айтарлықтай шығын келтірген ірі өнеркәсіптік апат.
      Төтенше  жагдайлардагы  өнеркәсіптік  қауіпсіздік  -  төтенше   жағдай
аймағындағы  өнеркәсіптік  авария  және  апат  кезінде  халықты,   өнеркәсіп
қызметкерлері құрамын,  шаруашылық  нысандары  мен  қоршаған  табиғи  ортаны
қауіптен қорғау жағдайы.
      Төтенше жагдай кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікпен  қамтамасыз  ету  -
төтенше жағдай аймағындағы өнеркәсіптік авариялар мен апаттарды  болдырмауға
бағытталған құкықтық нормаларды қабылдау  және  сақтау,  экологияны  қорғау,
салалық немесе  ведомстволық  талаптар  мен  ережелерді  орындау,  сондай-ақ
ұйымдастырушылық,  технологиялық  және  инженерлі  –  техникалық  іс-шаралар
жиынтығын жүргізу.
      Радиациялық авария – аталған нысанды қалыпты пайдалану жобасымен алдын
ала  көрсетілген  шекарасынан  радиоактивті  заттар   және    ионизациялаушы
сәулелердің  шығуы   мен   төгілуіне   алып   келетін,   мөлшері   пайдалану
қауіпсіздігінің  белгіленген  шегінен  асатын,                 радиациялы  –
қауіпті нысандағы авария.
      Радиоактивті ластану – жер үстінің, атмосфераның, судың  болмаса  азық
–түліктің,  тағамдық   шикізаттың   және   әртүрлі   заттардың   радиациялық
қауіпсіздік  және  радиоактивті   заттармен   жұмыс   істеу   ережелеріндегі
бекітілген  шама  денгейінен  асатын   мөлшердегі   радиоактивті   заттармен
ластануы.
      Радиациялы қауіпті нысан – радиоактивті заттарды сақтайтын,  өңдейтін,
пайдаланатын немесе тасымалдайтын нысан. Ондағы авария  немесе  оның  қирауы
кезінде адамдарды, ауылшаруашылық  малдары  мен  өсімдіктерінің,  шаруашылық
нысандарының,  сондай-ақ  қоршаған  табиғи  ортаның   иондаушы   сәулелермен
сәулеленуі немесе ластануы болуы мүмкін.
      Радиоактивті ластану аймагы  –  аймағында  радиоактивті  ластануы  бар
территория немесе аймақ.
      Радиациялық  қоргау режимі –  иондаушы  сәулелердің  адамдарға  әсерін
төмендету мүмкіндігі мақсатыңда радиоактивті ластану  аймағындағы  қорғаудың
әдістері мен тәсілдерін пайдалану және халықтың іс - әрекетінің тәртібі.
      Радиациялық бақылау – радиоактивті заттармен иондаушы заттардың  басқа
да көздерімен  жұмыс  кезіндегі  радиациялық  қауіпсіздікті  және  санитарлы
ережелердің нормаларын сақтауды қадағалау,  сондай-ақ  адамдардың  сәулелену
деңгейі және нысандағы және қоршаған  ортадағы  радиациялық  жағдай  жөнінде
хабарлама алу.

      Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың классификациясы
       ҚР «Табиги  және  техногендік  сипаттағы  төтенше  жағдайлар  туралы»
Заңының негізгі ұғымдарына сәйкес табиги сипаттағы төтенше  жағдайларды  жер
сілкінісі, сел, қар көшкіндері, су тасқыны және басқа да  зілзалалар  табиғи
өрттер,  індеттер  және   эпизоотиялар,   ауыл   шаруашылық   өсімдіктерінің
зиянкестермен зақымдалуы секілді дүлей зілзалалар туғызуы мүмкін.
      Басқаша айтқанда, мұндай жағдай табиғи сипаттағы төтенше  жағдайлардың
ошақтарының  белгілі бір  аймақта  пайда  болуына  әкеліп  соғатын  үрдістер
немесе қауіпті табиғи кұбылыстар нәтижесінде болады.
      Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар ошақтарының зақымдаушы факторлар  -
бұл  физикалық,  химиялық,  биологиялық  әсерлерімен  немесе  байқалуларымен
сипатталатын, табиғи  төтенше  жағдайлар  ошақтарынан  пайда  болған  сәйкес
шамалармен көрінетін немесе анықталатын  қауіпті  табиғи  құбылыстар  немесе
үрдістер құрамасы.
      Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар ошақтарының зақымдаушы әсері -  бұл
адамдардың  өміріне  және  денсаулығына,   ауыл   шаруашылық   малдары   мен
өсімдіктеріне, экономикалық нысандарға және қоршаған табиғи  ортаға  төтенше
жағдайлар көздерінің зақымдаушы факторларының жиынтығы немесе кері әсері.
      Қауіпті табиғи құбылыстарға өзінің қарқындылығымен,  таралу  ауқымымен
және ұзақтығымен  адамдарға,  экономика  нысандарына  және  қоршаған  табиғи
ортаға  зақымдаушы  әсерін  тигізетін   табиғи   үрдістердің   әрекеттерінің
нәтижесі немесе табиғи оқиғалар жатады.
      Дүлей  зілзала  -  бірден  елеулі  адамның  тіршілігін  бұзып,   үлкен
материалдық құндылықтарды жояды,  сонымен  қатар  адамдардың  қаза  табуына,
жануарлардың өлуіне әкелетін кенеттен пайда болатын табиғи құбылыс.
      Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың аймағы – төтенше жағдай ошағының
пайда болу нәтижесінде немесе басқа  аудандардан  табиғи  сипаттағы  төтенше
жағдайлар пайда болған, оның зардаптары таралғаны болып табылады.
      Табиғи сипаттағы төтенше жағдайларға мыналар жатады:
      •  геологиялық қауіпті құбылыстар  және  үрдістер  (  эндогенді:  жер
        сілкінісі,   жанартаулардың   атқылауы;    экзогенді:    үгінділер,
        сырғымалар, сел);
      •  гидрологиялық қауіпті құбылыстар және үрдістер;
      • метрологиялық қауіпті құбылыстар және үрдістер;
      • табиғи өрттер;
      • эпидемиялар және эпизоотиялар;
      • ауыл шаруашылық өсімдіктерінің, ормандардың ауруы мен зиянкестермен
        зақымдануы.
      Геологиялық қауіпті  құбылыстар  және  үрдістер.  Геологиялық  қауіпті
құбылыстарға адамдарға, ауылшаруашылық малдары мен  жануарларына,  экономика
нысандарына және қоршаған табиғи ортаға зақымдаушы әсерін  тигізетін  немесе
тигізуі   мүмкін   геологиялық   құбылыстар   немесе   әр   түрлі    табиғи,
гидродинамикалық  факторларды  немесе  олардың  үйлесімдері   әсерінен   жер
астында пайда болған геологиялық үрдістердің нәтижесінде немесе  геологиялық
жағдайлар жатады.
      Жер сілкінісі – жер  қыртысында  немесе  мантияның  үстіңгі  бөлігінде
кенеттен болған қозғалыс пен жарылыс нәтижесінде пайда  болған  және  елеулі
ауытқу түрінде үлкен қашыктыққа таралатын жер асты дүмпуі  мен  жер  астының
қозғалысы.  Бұл  геологиялық  құбылыстарды  геофизикалық  бөлім  сейсмология
зерттейді.
      Жер сілкінісі кенеттен  пайда  болатын  және  жылдам  таралатын  дүлей
зілзалаға жатады. Оған  дейін  алдын  ала  дайындық  және  көшіру  шараларын
жүргізу  мүмкін  емес,  сондықтан  жер  сілкінісінің   зардаптары   көптеген
экономикалық шығындармен және көптеген адамдардың қаза  болумен  байланысты.
Зардап  шеккендердің  саны  жер  сілкінісінің  орны  мен  күшіне,   халықтың
тығыздығына,  құрылыстардың  сейсмотұрақтылығы  мен  биіктіктеріне,   тәулік
уақытына, зақымдаушы фактордың екінші рет пайда болу мүмкіндігіне,  халықтың
және арнайы іздеу-құтқару  құрамаларының  (ІҚҚ)  дайындықтарының  дәрежесіне
тәуелді.
      Жер сілкінісі өзінің зардаптарымен қауіпті  («екінші  рет  қайталанған
фактор»): табиги  зардаптар:  жердің  бұзылуы  (жарықшалар  және  ығысулар);
сырғымалар, көшкіндер, селдер, топырақтың  басылуы,  цунами;  адамдардың  іс
әрекетіне байланысты зардаптар: қирандылар, ғимараттардың  құлауы,  бөгендер
зақымдалған кездегі су басу, энергия  көздерінің,  мұнай  қоймаларының,  газ
өткізгіштердің    зақымдалуынан    болған    өрттер,    қуатпен    жабдықтау
желілеріндегі,  комуникация,  көлік  құралдарының  зақымдалуы,  радиоактивті
таралу.
      Сейсмикалық  толқын — жер сілкінісі немесе жарылыс  ошақтарынан  Жерде
тараған серпінді тербеліс.
      Жер  сілкінісінің  ошағы  (орталық  нүкте)  –  жер  сілкінісіне  себеп
болатын,  жоғарғы  мантия  немесе  жер  қыртысының  қалыңдығында  жер   асты
соққыларының пайда болған аумағы.  Ошақ  тереңдігі  -  Жер  бетінен  орталық
нүктеге дейінгі қашықтық.
      Жер сілкінісі кіндігі – орталық нүктенің тура үстінде  орналасқан  жер
бетіндегі нүкте.
      Жер сілкінісінің қарқындылығы – жер сілкінісінің сыртқы  әсері,  шығын
дәрежесі МСК – 64 12-балдық шкаласы бекітілген.
      Төменде келтірілген кестеде MSK-  64  шкаласы  бойынша  жер  сілкінісі
қарқындылығының қысқаша салыстырмалы сипаты көрсетілген.


MSK-64 шкаласы бойынша жер сілкінісі жиілігінің қысқаша сипаттамасы
|Бал   |Жалпы        |                                                       |
|бойынш|сипаттама    |Сыртқы әсері                                           |
|а     |             |                                                       |
|жиіліг|             |                                                       |
|і     |             |                                                       |
|1     |Байқалмайтын |Жер қыртысының тербелісі құралдар арқылы білінеді      |
|2     |Өте әлсіз    |Тыныш  жағдайдағы адамдар кейбір  жағдайда сезеді      |
|3     |Әлсіз        |Тербелісті көп  адам сезбейді                          |
|4     |Шектеулі     |Жер сілкінісін көп адамдар  сезеді, терезенің          |
|      |             |сылдырлауы байқалады                                   |
|5     |Айтарлықай   |Заттардың шайқалуы, ұйқыдағы адамдардың көбісі оянады  |
|      |күшті        |                                                       |
|6     |Күшті        |Ғимараттардың жеңіл бұзылуы, сылақтағы                 |
|      |             |жеңіл жарықшақтар                                      |
|7     |Өте күшті    |Сылақтағы жеңіл жарықшақтар және қабырға бөліктерінің  |
|      |             |түсуі, қабырғадағы жарықшактардың пайда болуы.         |
|8     |Қиратқыш     |Қабырғадағы үлкен жарықшақтың пайда болуы, терезенің   |
|      |             |сыртқы ернеуі, мұржаның құлауы                         |
|9     |Талқандағыш  |Кейбір ғимараттың опырылып құлауы: қабырғаның, шатырдың|
|      |             |құлауы                                                 |
|10    |Жойқын       |Көптеген ғимараттың опырылып құлауы. Жердің            |
|      |             |көлденеңнен  метрге дейін жарылуы                      |
|11    |Апат         |Жер бетіндегі көпгеген жарықтардың болуы, таудағы      |
|      |             |көптеген опырылулар                                    |
|12    |Күшті апат   |Көп пішінде бет-бедердің өзгеруі                       |



      Қазақстан территориясынын айтарлықтай бөлігі (оңтүстік және  оңтүстік-
шығыс) сейсмикалық аудандастыру  картасына  сәйкес,  қарқындылығы  6-9  балл
болатын күшті және қираткыш жер сілкінісі аймағында орналасқан.
      Келесі бір табиғи сипаттағы төтенше жағдай көздерінің басым  көпшілігі
сыртқы  (экзогенді)  геологиялық  процесстерге,  геологиялықтан  басқа,  жер
қыртысында жүретін процестерге жатады.
      Опырылу (сусыма, тас құлау) – бұл ең алдымен  тау  жыныстарының  желге
мүжілу  есебінен  олардың  байланысының,  жер  үсті  және  жер  асты  сулары
қызметінің әлсіреуінен туындайтын құлама және тік жарға тау жынысының  үлкен
массасының, өзен алқабы мен теңіз жағалауына бөлініп, құлауы.
      Сырғыма – тау баурайымен өз салмағының әсерінен  және  тау  баурайының
шайылуы,   тау   жынысының   шамадан   тыс   сулануынан   болатын    қосымша
ауыртпалықтар, сейсмикалық дүмпудің және басқа да  процестердің  нәтижесінде
тау жынысы массасының жылжуы.
      Сырғымаға қарсы қорғанысқа жататындар: қар  көшкіні  процесінің  пайда
болуы мен дамуын тоқтатуға, халық пен  территорияны  қорғауға,  сондай  -ақ,
атқарушы билік пен жергілікті  атқару  органдарын  сырғыманың  қаупі  туралы
казіргі заманғы құралдардың көмегімен хабарландыруға  бағытталған  күзету  –
шектеулі және инженерлі – техникалық іс-шаралар жиынтығы.
      Апаттық салдары бар сырғымалар Қазақстанның таулы  аймақтарындағы  жиі
кездесетін құбылыс болып табылады. Соңғы  мысал  -2004  жылдың  көктеміндегі
Алматы облысы, Талғар ауданыңдағы 29 адамның өмірі мен  көп  пәтерлі  тұрғын
үйдің толық қирауына алып келген сырғымалар
      Сел. Сел сияқты төтенше жағдайдың көзі гидрологиялық құбылыспен  тығыз
байланысты болса да, соның өзінде де  оларды  толық  негізбен  Жердің  бетін
сыртқы өзгерістерге ұшырататын экзогенді геологиялық процесстерге  жатқызуға
болады. Бұл тау жынысының күйзелуі мен өзгеруінің  геологиялық  процесстері,
әдеттегідейі  сыртқы  агенттер  әсері  -тау  жыныстарының  мүжілуі,   желдің
жұмысы, жер асты және жер  үсті  сулары,  өзендер,  мұздықтардың  салдарынан
болады.
      Сел - тау жартастарының сынықтары мен  су  қоспасынан  тұратын,  қатты
жауын немесе қардың қарқынды еруінен, сондай -ақ,  қар  үйіндісі  мен  мұзды
теңіздердің еруінің  нәтижесінде  таулы  өзендер  мен  өзеншіктер  арнасында
кенеттен пайда болатын үлкен қиратушы күштің қарқынды тасқыны.
      Сел (араб тілінен алғанда сайль - қарқынды  тасқын  )  –  төмен  қарай
үлкен жылдамдықпен жүріп өтетін және орасан зор қиратушы күшке  ие  лайтасты
су тасқыны, Қазақстаннның оңтүстік және оңтүстік - шығыс  аймағындағы  таулы
аудандардағы  жиі  болатын  құбылыс,  республиканың  жалпы   ауданының   13%
құрайды.
      Сел қаупі  бар  аймақ  –  селдік  процесстердің  даму  қарқындылығымен
сипатталатын, адамдарға, экономика нысандарына және қоршаған  табиғи  ортаға
қауіп төндіретін аймақ.
      Селге қарсы қорганыс – селдік процестердің пайда  болуының  алдын  алу
мен дамуына, сондай-ақ атқарушы билік органдары мен жергілікті  өзін  -  өзі
басқару    органдарын   және   халықты   селдің   туу   қаупінен   алдын-ала
хабарландыруға бағытталған құтқару – шектеулі және  инженерлі  –  техникалық
іс-шаралар жиынтығы.
      Қауіпті гидрологиялық құбылыстар мен процесстер Қауіпті  гидрологиялық
құбылыстар - әр түрлі табиғи  немесе  гидродинамикалық  факторлардың  немесе
екеуінің қосындысының әсер етуінен пайда болатын,  адамдарға,  ауылшаруашлық
малдары мен дәнді  дақылдарына,  экономика  нысандары  мен  қоршаған  табиғи
ортаға зақым келтіретін, шығу тегі гидрологиялық болып келетін оқиға  немесе
гидрологиялық процесстердің нәтижесі.
      Су басу – құрғак жерді уақытша су алу, апаттық құбылыс болып табылатын
судың  жоғарғы  деңгейі.  Су  басу  су  тасу  немесе  тасқын  кезіңдегі   су
деңгейінің көтерілу нәтижесінде, жинақтау, жел толқыту нәтижесіңде,  сондай-
ақ гидротехникалық құрылғылардың бұзылу кезінде болуы мүмкін.
      Су басулар адам өлімімен, тұрғын және кәсіпорын нысандарының қирауымен
байланысты, мал басының  өлім  -  жітімі  мен  дәнді  дақылдардың  құруымен,
сондай-ақ  қоршаған  ортаға  кері  әсерін  тигізумен   айтарлықтай   шығынға
ұшыратады.
      Су тасу – жыл  сайын  белгілі  бір  климаттық  жағдайда  мерзім  сайын
қайталанатын, шағын су көлемімен, жоғарғы және ұзақ мерзімді  су  деңгейінің
көтерілуімен сипатталатын және  қардың  еруімен  немесе  қар  мен  мұздықтың
бірге  еруінен  болатын  өзеннің  сулық   тәртібінің   фазасы.Су   тасуларды
көктемдік, көктем – жаздық, жаздық деп бөледі.
      Тасқын – жылдың бір мезгілінде бірнеше peт  қайталанатын,  жиілігімен,
әдетте, қысқа мерзімді су  шығыны  мен  су  деңгейлермен  сипатталатын  және
жауын – шашыннан немесе жылымық кезіңдегі  қардың  еруінен  болатын  өзеннің
сулық тәртібінің фазасы.
      Апаттық тасқын - қирау мен құрбандыққа алып  келетін,  көлемі  жағынан
көрнекті, қайталануы жағынан сирек тасқын. Апаттық тасқын  түсінігі,  сондай
— ақ салдары қиратуға алып келген су тасуға да қатысты қолданылады.
      Цунами – су асты  және  жағалаулардағы  жер  сілкінісі  кезінде  пайда
болатын теңіз толқындары. Қазақстан үшін орын алуы екіталай құбылыс,  алайда
Каспий теңізі айлағында орын алу мүмкіндігін естен шығаруға болмайды.
      Қар көшкіні – адамдардың  өмірі  мен  денсаулығына  қауіп  төндіретін,
экономика нысандарына және қоршаған табиғи ортаға шығын  келтіретін,  жылдам
әрі кенеттен болатын қардың  және  (немесе)  мұздың  таудың  тік  баурайымен
қозғалуы.
      Қар көшкіні  қауіпі бар аймақ –  адамдардың  өмірі  мен  денсаулығына,
экономика нысандарына және қоршаған табиғи ортаға  зақым  келтіретін  немесе
келтіруі мүмкін қар көшкіні қауіпі бар таулы аймақ.
      Қар көшкінінің тууына ықпал ететін маңызды  факторлар  қалың  қар  мен
таудың тік баурайлары болып табылады.
      Қар көшкініне  қарсы  қорганыс  —  қар  көшкіні  тектес  процесстердің
тууының алдын алуға бағытталған, сондай-ақ атқарушы билік немесе  өзін  -өзі
басқару органдарын  және  халықты  қар  көшкіні  қаупі  туралы  дер  кезінде
хабарлаңдыруға бағытталған күзету – шектеулі және инженерлі - техникалық  іс
– шаралардың жиынтығы.
      Қауіпті   метеорологиялық   құбылыстар   мен    процесстер.    Қауіпті
метеорологиялық   құбылыстар  –  адамдарға,  ауьлшаруашылық  малдарына  және
өсімдіктерге,  экономика  нысандарына  және  қоршаған  табиғи  ортаға  зақым
келтіретін немесе келтіруі мүмкін атмосферада  әртүрлі  табиғи  факторлардың
немесе олардың  қосыңдысының  ықпалынан  туындайтын  табиғи  процесстер  мен
құбылыстар.
      Дауыл – жылдамдығы 32 м/с асатын (115 км/с аса), айтарлықтай  ұзақтығы
мен қираткыш күші бар жел.
      Теңіз дауылы — ұзақ уақытты, 20м/с аса жылдамдықпен соғатын өте күшті,
теңізде қатты толқын және құрғақ жерде қирату тудыратын жел.
      Дауыл (кенеттен соққан)  -  жел  бағытының  өзгерісімен  қоса  жүретін
конвекциялық процестермен байланысты 20-30 м/с жылдамдықпен  соғатын  желдің
кенеттен қысқа мерзімді күшеюі.
      Күшті жел – ауаның жер бетімен салыстарғандағы 14м/с аса  жылдамдықпен
қозғалуы.
      Ала құйын – ауаның айналмалы тік немесе көлбеу ось бойымен  қозғалатын
атмосфералық түзілісі. Құйындағы ауаның қозғалыс жылдамдығы шамамен 100м/с.
      Құйын - айналу жылдамдығы 100 м/с және одан жоғары,  диаметрі  1000  м
болатын, үлкен қиратқыш күшке  ие  ұсақ  масштабты  атмосфералық  күшті  ала
құйын.
      Ұзаққа созылған жауын – бірнеше тәулік  тоқтамай  немесе  ұзақ  дерлік
мерзімде жауатын, тасқынға, су алу мен су астында қалуға алып келетін  сұйық
атмосфералық шөгінділер.
      Қатты қар басу - көру мүмкіндігін айтарлықтай нашарлататын және  көлік
қозғалысын қиындататын қардың қарқынды ұзақ жаууы.  Жауын-шашын  мөлшері  12
сағатта және одан төмен уақытта 20мм және одан аса болады.
      Қатты боран (күртік қар) – көру мүмкіндігін  айтарлықтай  нашарлататын
және көлік магистралын  қар  басуға  алып  келетін,  қардың  жаууымен  бірге
болатын қатты желдің жер бетіне қарды тасымалдауы.  Ұзақтығы  12  сағ.  және
одан да жоғары, басым  жағдайда  желдің  жылдамдығы  15  м/с  және  одан  да
жоғары.
      Қатты көк тайғақ – салқындаған тұман немесе жауын  тамшыларының  қатуы
кезіндегі жердің немесе заттардың бетіндегі  мұздың  қалың  қабаты.  Желілер
бойындағы қатқан мұздың диаметрі 20 мм және одан да көбірек болады.
      Бұршақ – жылдың жылы мезгілінде қатты  мұз  түрінде,  әдетте  найзағай
кезіндегі   нөсер   жауынмен   бірге   жауатын   атмосфералық    шөгінділер.
Бөлшектердің диаметрі 5 мм – ден 15 см – ге дейін жетеді.
      Нөсер (қатты жауын)  –  үлкен  қарқынды  қысқа  мерзімді  атмосфералық
шөгінділер, әдетте жаңбыр түрінде (кейде қар  түрінде)  жауады.  Жауын-шашын
12 сағат және одан аз, мөлшері 50 мм және одан да  көп  болады;  таулы,  сел
және қар көшкіні қауіпі бар аймақтарда 12 сағ. 30мм және одан аса.
      Найзагай – түйдек – жауын бұлттарының дамуымен байланысты бұлттар  мен
жер  беті  арасындағы  дүркін  –  дүркін   электр   зарядтарымен,   дыбыстық
құбылыстармен, қатты жауын – шашынмен, бұршақпен қоса  жүретін  атмосфералық
құбылыс.
      Қатқақ - ауаның қолайлы орташа тәуліктік температурасы  кезіңдегі  жер
бетіндегі ауа температурасының 0°С – ге дейін және одан да төмендеуі.
      Ауа температурасының күрт төмендеуі, жоғарылауы – қысқа  уақыт  кезеңі
ішіндегі ауа температурасының  аномалды  төмендеуі  немесе  жоғарылауы.  Ауа
температурасының 1-2 тәулік ішінде 10°С-ге және одан аса өзгеруі.
      Қатты тұман - 12 сағ. Және одан ұзақ уақытта 100 м  –  ге  дейін  және
одан  да  төмен  болатын,  жер  бетіндегі  ауаға   тікелей   асылған,   көру
мүмкіндігінін айтарлықтай нашарлауымен қоса жүретін,  сұйық  түрге  айналған
заттардың тамшы немесе кристалл түрінде топталуы.
      Шаңды  дауыл  –  көру  мүмкіндігінің  төмендеуімен,  тұқым  және   жас
өсімдіктермен қоса топырақтың жоғарғы қабатының үрленуімен,  егістікті  және
көлік магистралдарын құм басумен сипатталатын үлкен көлемдегі шаңның  немесе
құмның қатты желмен тасымалдануы. Ұзақтығы – желдің  басым  кезінде  15  м/с
және одан да жоғары жылдамдықпен 12 сағ. және одан да жоғары.
      Құрғақшылық – жоғарғы температура  және  ауа  ылғалдығының  төмендеуін
қоса  алғандағы,  ұзақ  мерзімді  жауын   –   шашынның   болмауы   түріндегі
метеорологиялық факторлардың жиынтығы, өсімдіктердің сулы тепе –  теңдігінің
бұзылуына және олардың қурауына алып келеді. Ауаның  салыстырмалы  ылғалдығы
20 күннен астам  сақталып  тұруы,  (күндіз)  ылғалдық  қоры  жердің  метрлік
қабатында 35 мм және одан төмен болған кезінде 30% - дан аз.
      Аңызақ жел – ұзақ уақыт бойы жоғарғы температураның  сақталуы.  Орташа
тәуліктік ауа температурасы желдің жылдамдығы 5  м/с  және  одан  да  жоғары
ауаның ылғалдығы 30% аз болады.

      Өзін өзі тексеру сұрақтары


     1. ТЖ негізгі ұғымдары мен анықтамалары.
     2. Бейбіт және соғыс уақыттағы төтенше жағдайлар
     3. Техногенді сипатты төтенше жағдайлар, олардың түрлері
     4. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың классификациясы


Дәріс №4. Адамның мекендеу ортасының қауіптіліктері

      Жалпы сұрақтар
     1. Табиғи және техногенді қауіптіліктер көздері.
     2. Соғыс және бейбіт уақытындағы жаппай зақымдау құралдарының түрлері.


      Табиғи және техногенді қауіптіліктер көздері.
      Химиялық,   мұнай   химиялық,   мұнай    газ    өндіретін    кәсіпорын
өнеркәсібіндегі  өртер  мен  жарылыстар.  Нысанды  пайдаланудың   техникалық
деңгейінің төмендігі, техникалық процесстермен басқару жүйесінің және  өртке
қарсы қызметтің жетілмегендігі, құрал – саймандардың ескіруі салдарынан  бұл
сала   өзінің   жоғары   авариялылығымен    ерекшеленеді.    Аталған    сала
кәсіпорындарындағы өрттер өте қауіпті, өйткені сыртқа шыққан  мұнай   жанған
кезде мұнайы бар қоймаға, компрессорлы қондырғыларға, мұнай  құбырларына  от
шашады.
      Химиялық және мұнай химия өнеркәсібіндегі авария себебінің сараптамасы
көрсеткендей,  соңғы  онжылдықта  олардың  басым  көпшілігі  (95%)  көптеген
химиялық заттардың  жарылуымен  байланысты,  оған  қоса,  54%  -  аппаратура
ішінде, ал 46% - өндіріс бөлмелері мен  сыртқы  құрылғыларда.  Көп  жағдайда
аварияның шығуы мен  атмосферада  өрт  және  жарылыс  қауіпі  бар  заттардың
жарылысы  қираулардың,  шығындардың,  одан  кейінгі  кең  көлемді  өрттердің
негізгі себебі болып табылады. Нысанда  бар  немесе  бақыланбайтын  химиялық
реакциялар кезіндегі синтезделетін  химиялық  заттар  авария  кезінде  үлкен
аумақта улы кеңістік зақымдаушы түзуге қабілетті.
      Өрт және жарылыс қауіпі бар кәсіпорындардағы өрттер мен авариялар.
      Аса қауіпті, алдын ала болжауға болмайтын, ауыр  зардапты  өрттер  мен
жарылыстар өрт және жарылыс қауіпі бар кәсіпорындарда орын алады.  Өрт  және
жарылыс қауіпі бар заттарды сақтайтын орын мен қоймаларда төтенше  жағдайлар
жиі орын алады. Өрт және жарылыс қауіпі бар заттарды көп  көлемде  сақтайтын
қандай  да  бір  қоймалардың  зақымдануы  жаппай  өрттермен   қатар   жүріп,
кәсіпорынның өндірістік және материалдық қорының 80-90% -ын жоюы мүмкін.
      Қирау. Ғимараттардың, құрылыстардың және инженерлік тораптардың қирауы
бейбіт кезеңде төмендегі себептерге:
      •  ескіру  мен  материал  құрылыстарының  коррозияға  ұшырауына  алып
        келетін табиғи  факторлардың  және  олардың  физика  –  механикалық
        сипаттамаларының   төмендеу:   әуе    кеңістігінің,    атмосфералық
        ылғалдықтың, жер асты суларының,  жердің  сортандануы  мен  отыруы,
        ауаның жағымсыз температурасы,  жер  қыртысындағы  қаңғыма  тоқтар,
        бөрененің  шіруі  және  т.б.  алып  келетін  биологиялық  факторлар
        әсеріне;
      • қирауға алып келетін: дауылдар, құйындар, цунамилар,  нөсерлер,  су
        тасқындары,  су  басулар,  жер   сілкіністері,   опырылмалар,   сел
        тасқындары, қардың құлауы және т.б. апаттарға;
      • құрылыстар  мен  техникалық  жүйелердің  өндірістік  –  жобалаудағы
        ақауларынына: қарастыру мен жобалау кезіндегі  қателіктер,  құрылыс
        жұмыстарын   жүргізудің   немесе   құрылыс   материалдарының   және
        конструкциялардың сапасыздығына;
      • материалдарға және  конструкцияларға   технологиялық  процестердің:
        қосымша    жүктемелер,    жоғарғы     температуралар,     дірілдер,
        тотықтырғыштар, булы газдық және сұйық агрессивті  орта,  минералды
        майлар мен эмульсиялардың әсеріне;
      • құрылыстардың, техникалық жүйелердің пайдалану ережелерінің бұзылуы
        және осының салдарынан бензин буының, химиялық  заттардың,  газдың,
        дән элеваторларындағы және т.б. пайда болатын өрттер мен жарылыстар
        салдарына байланысты болады.
      Құрылыстардағы  ірі  қираулардың  сараптамасы  көрсеткендей  аварияның
басты себебі – монтаждық – құрылыс жұмыстардың төменгі сапасы. Сондай  –  ақ
металл  және  темірбетон  конструкцияларының  монтаж   ережесінің   бұзылуы,
материалдарды басқа бір материалдармен алмастыру, ғимаратты (құрылысты)  ірі
ақауларымен пайдалануға беру, беріктік  қорының жетіспеушілігі аварияға  жиі
алып келеді.
      Ғимараттар  мен  инженерлік  құрылыстардың   кенеттен   қирауы   үлкен
материалдық шығынға алып келеді, кей жағдайларда адамдардың құрбан  болуымен
қатар жүреді.
      Транспорттагы төтенше жағдайлар. Транспорттық  оқиғаларды  топтастыру.
ҚР   трнспорт   және   коммуникация   министірлігі   бекіткен   Транспорттық
оқигалардың тергеуін сотпен жүргізу Ережесіне сәйкес  ішкі  су  жолдарындағы
транспорттық оқиғалар авариялар және эксплуатациялық оқиғаларға бөлінеді:
      Аварияға жататындар:
      • нәтижесінде адамдар қаза тауып немесе  ауыр  дене  жарақатын  алған
        транспорттық оқиғалар;
      • толық конструкциялық қирау,  құтқарумен  бірге  жүретін  кемелердің
        суға батуы;
      • бірінші кеме кірген кезден бастап, тап сол аймақтағы  жолда  немесе
        шлюзде 72 сағат және одан аса  қозғалыстың  тоқтауын  алып  келген,
        немесе кеменің гидротехникалық құрылыстың зақымдауы;
      •  транспорттық  оқиға  кезіндегі  мұнайдың,  мұнай  өнімдерінің   10
        тоннадан астам төгілуі;
      • кеменің баска кемені зақымдауы.
      Экстуатациялық оқигаларга жататындар:
туындаған салдарына тәуелсіз транспорттық  оқиғалар,  адамдардың  өлімі  мен
ауыр жарақаттарынан болмауы, басқа кемелерге көмек  көрсету,  күшті  зілзала
әрекеттерінің нәтижесінде, мұзды жағдайда кемелердің жұмыстары кезінде.
      Транспорттық авария - өзімен бірге адам  өліміне,  зардап  шеккендерге
ауыр дене  зақымдануына  соғатын,  транспорттық  құралдар  мен  ғимараттарды
зақымдауға  және  жоюға  немесе  қоршаған  табиғи  ортаға   шығын   әкелетін
транспорттық авария.
      Қауіпті жүк - өздеріне тән құрамына  сәйкес,  тасымалдау  немесе  тиеу
кезінде адамдардың өмірі мен  денсаулығына  қауіп  тудыру,  қоршаған  табиғи
ортаны, транспорттық ғимараттарды, құралдар мен басқа да  заттарды  зақымдау
және құрту мүмкіндігіне  ие  қауіпті  заттар,  материал,  өнім  мен  өңдіріс
қалдықтары.
      Авиацияльқ транспорттагы төтенше жағдайлар.  Авиациялық  транспорттағы
төтенше жағдайлар деп әуе кемелерінің ішінара немесе  толық  қирау  жағдайын
айтады. ТЖ басты себебі «адамдық фактор»,  авиапарктің,  техниканың  ескіруі
болып табылады.
      Авиациялық апат – адамдардың өлімі мен із – түссіз  жоғалуына,  зардап
шегушілердің дене  жарақатына  немесе  кеменің  және  ондағы  тасымалданатын
материалды құндылықтардың зақымдануына алып келетін,  ұшу  немесе  пайдалану
кезіндегі әуе кемесіндегі қауіпті оқиға.
      Авиациялық  авария   деп  адам  шығынынсыз,   алайда   әуе   кемесінің
айтарлықтай зақымдануына алып келген авиа оқиғаны айтады.
      Авиациялық сыну  деп ұшу қауіпсіздігін төмендететін  жағдайды  айтады.

      Теміржол транспорттпарындағы төтенше жағдайлар.  Теміржол  көлігіндегі
ТЖ себептерінің қатарында алдыңғы қатарда (25%) келе жатқаны  релстен  шығып
кету болып отыр.  Теміржолдағы  апат  пен  авариялардың            25%  -  ы
поездардың   күтпеген   жерден   автомобиль    және    жүк    транспорттары,
велосипедшілермен соқтығысуы салдарынан орын  алады.  Мұндай  жағдай  көбіне
темір жол үстінен өтетін жерлерде болады. Мұндай ТЖ – ға тән  сипат  ретінде
транспорттық құралдардың темір жол өтетін жерді кесіп өту  ережелерін  дұрыс
сақтамауы себеп болады.
      Темір жол қозғалысын басқару жүйесіндегі тәртіптің  бұзылуы  составтың
бос емес жолға түсуіне және соғысуына алып келеді. Мұның себебі аса  күрделі
темір жол авариясы мен апатына алып келетін станция  жолдарындағы  маневрлік
жұмыстар тәртібінің бұзылуы болуы мүмкін.
      Қауіпті жүктер, әсіресе ҚӘУЗ бар қозғалыстағы  составтың  соғысуы  мен
шығып кетуі жыл санап өсуде. Мұндай ТЖ алып келген шығын, әдетте өте  жоғары
болып  келеді,  өйткені  апат  салдарын  жоюдан  басқа,  қосымша  зақымдаушы
факторларымен де күресуге тура келеді.
      Темір жол транспорттарыңдағы көптеген ТЖ себебі жарылыстар мен  өрттер
болып келеді.
      Жол  жүру  бағытындағы  жолаушы   поездарында   орын   алатын   өрттер
айтарлықтай материалдық шығын алып келеді. Аса  үлкен  қауіпті  вагондардағы
өрттер  тудырады.  Мұндай  өрттер  көбіне  қызмет  көрсетуші  персонал   мен
жолаушылардың отты абайсыз пайдалануынан туындайды.  Өрттердің  26%  жағдайы
электр құрылғыларындағы  ақаудан,  ал  аса  ауыр  зардаптарға  алып  келетін
өрттер, өрт қауіпсіздігі ережелерін өрескел бұзудың салдарынан  орын  алады.
Бұл жағдайда ең үлкен қауіп, вагондағы жалпы  тұтанудың  пайда  болу  немесе
жанғыш  сұйықтықтың  жану,  шыға  берістің  отпен  немесе  жанғыш  заттармен
қоршалуы, сөндіру құралдарының аз нәтижелілігі  және  жолаушылар  арасындағы
үрей нәтижесінде орын алатын қуатты тұтану ошағының болуында жатыр.
      Темір жол авариялары мен апаттары кейде дауыл, қарлы және құмды боран,
опырылма және сырғыма, су басу, нөсерлі жауын – шашын, жер сілкінісі  сияқты
табиғат құбылыстарының салдарынан да  орын  алады.            Олар  жолдарды
зақымдайды, электр желілерін үзеді, көпірлер мен бөгеттерді  қиратады,  көру
мүмкіндігін төмендетеді. Осының барлығы қозғалыс қауіпсіздігіне  айтарлықтай
қауіп төндіреді.
      Поездың апатқа ұшырауы – жолаушы немесе  жүк  поезының  басқа  поезбен
немесе қозғалмалы  составпен  соғысуы,  поездағы  қозғалмалы  составтың  екі
аралықта және станцияда шығып кетуі салдарынан  адамдардың  қаза  табуы  мен
жаралануы, локомативтің сынуы немесе  вагондардың  мүлік  тізімінен  шығуына
дейін баруы, болмаса  сол  аумақтағы  қозғалыстың  толық  тоқтауы  соғысудың
немесе қозғалмалы составтың шығып кету салдарын жоюдың нормативті  уақытынан
асып кетуі.
      Темір  жол  авариясы  –  бір  немесе  бірнеше  темір  жол   қозғалмалы
составының күрделі жөндеуден өтуге  дейінгі  деңгейде  зақымдалуы  мен   бір
немесе бірнеше адамның қаза табуы, зардап шеккендерге әр түрлі сипатта  дене
жарақатын,  не  болмаса  нормативтік  уақыттан  асатын  уақытта  қозғалыстың
толығымен тоқтап қалуына алып келген темір жолдағы авария.
      Автомобиль транспорттарындағы төтенше жағдайлар.  Әлемде  автомобильді
жол – көлік ТЖ салдарынан жыл сайын 300 мыңға жуық адам қаза тауып,  8  млн.
адам жарақат  алады.  Автожолдық  жарақат  әлемдегі  халық  арасындағы  өлім
себебінің үшінші орнын алады.
      Жол  -  көлік  апаты  деп  (ЖКА)  механикалық  транспорт  құралдарының
қозғаласы кезінде орын алған және өзімен бірге  адамдардың  қаза  табуы  мен
дене   жарақатын,   транспорт   құралдарының,    ғимараттардың,    жүктердің
зақымдануын немесе басқа да материалдық  шығын алып келген оқиғаны  айтамыз.
Механикалық транспорт құралдарына жататындар:  автомобильдер,  мотоцикльдер,
аспалы қозғалтқышы бар велосипедтер, трамвайлар,  троллейбустар,  тракторлар
және басқа да өзі жүретін механизмдер.
      Жол – көлік апатын бірнеше негізгі түрге бөледі.
      Соқтыгысу – қозғалыстағы механикалық транспорт құралдары өзара  немесе
темір жол составымен соқтығысуы кезіндегі оқиға.
      Аударылу –  қозғалыстағы  механикалық  транспорт  құралы  тұрақтылығын
жоғалту және аударылу кезіндегі оқиға.
      Автотрансторттағы ТЖ басты себептерінің қатарына жататындар:
     •  қозғалыс ережесінің бұзылуы;
     • жылдамдықты жоғарылату;
     • автокөлікті мас күйінде жүргізу;
     • жолдың нашар жағдайы, метеожағдай;
     • автокөліктегі ақау.
    Ең  үлкен  қауіпті  жолаушылардың  қозғалыс   жылдамдығын   жоғарылатуы
салдарынан орын алған ЖКА тудырады. Аталған статистика көрсетуі бойынша  115
км/сағ жылдамдықпен соғысу – жүгізушінің  100%  қаза  табуына  алып  келеді.



    Соғыс және бейбіт  уақытындағы жаппай зақымдау құралдарының түрлері
    Ядролық  қару  -  уран  мен  плутонийдің  бірқатар  изотоптарының  ауыр
ядроларды ыдырауынан  болатын  тізбекті  реакция  кезінде  немесе  сутегінің
(дейтерий мен  тритий)  жеңіл  ядролық  изотоптары  синтезінің  термоядролық
реакциялары кезінде  бөлініп  шығатын  ішкі  ядролық  энергияны  пайдалануга
негізделген осы замангы зақымдау құрал.
    Ядролық жарылыс кезінде мынадай зақымдаушы факторлар пайда болады:
    •   сокқы толқыны;
    •   сәуле жарқылы;
    •   өткіш радиация;
    •  жердің радиоактивтік ластануы;
    •  электромагниттік импульс.
    Ядролық  ұрыс   жабдықтарға   ракеталардың,   торпедалардың   жарылатын
бөліктері, ядролық бомбалар, артиллериялық снарядтар,  тереңдікте  жарылатын
бомбалар, миналар (фугастар) жатады.
    Ядролық ұрыс  жабдықтарынын  қуаты  тротилдік  эквивалентпен  өлшенеді.
Тротилдік эквивалент - әдеттегі жарылғыш заттың  (тротилдің)  массасы,  оның
жарылғыш энергиясы сол ядролық жарылғыштың жарылыс энергиясына  тең  болады.
Тротилдік эквивалент тоннамен, килотоннамен және мегатоннамен өлшенеді.
    Қолдану мақсатына қарай ядролық жарылыс түрлері  мынадай  түрде  болуы 
мүмкін:
    •   биіктегі ядролық жарылыс;
    •   әуедегі ядролық жарылыс;
    •   жер бетіндегі (су үстіндегі) ядролық жарылыс;
    •  жер астындағы (су астындағы) ядролық жарылыс (1 сур.).


    ЯДРОЛЫҚ ЖАРЫЛЫСТЫҢ ЗАҚЫМДАУШЫ ФАКТОРЛАРЫ:
    I. Соққы толқыны, түрлері: ауа соққы толқыны; су соққы толкыны;  сейсмо
толқындар (грунттағы). 1 сурет - Ядролық жарылыс түрлері
      Ауа  соққы  толқыны  -  жарылыс  орталығынан  жан-жақка  дыбыстан  тез
жылдамдықпен тарайтын күшті сығылған ауа аймағы. Ауа соққы  толқынының  қуат
көзі - жарылыс орталығындағы  миллиард  атмосфераға  дейін  жететін  жоғарғы
қысым. Ядролық жарылыстың жанған өнімдері  тез  таралып,  төңірегіндегі  ауа
қабаттарындағы қысым туғызады. Тығыздалған ауа массасы одан әрі ұлғаяды  да,
қысым келесі қабаттарға өтеді. Осылайша  қысым  тез  бір  қабаттан  екінші  
қабатқа өтіп ауа соққы  бөлігі  ауа  соққы толкынының  аймағы  деп  аталады.
Сығылған ауа массаның ұлғаю есебінен оның кабатының қалыңдығы өсе түседі  де
өзінің жолындагы құрылыстар мен басқа да объектілерді қиратып, ашық  жердегі
адамдарды зақымдайды. Ауа соққы толқынының қирату күші мен әсер ету  радиусы
жарылыстың түрі мен қуатына, жер бедеріне, ауа райы жағдайларына  байланысты
болады.  Ауа  соққы   толқынының   зақымдау   әсерін   айқындайтын   негізгі
көрсеткіштері:
    артық  қысым;  ауа  ағынының  жылдамдығы  (жоғарғы  ауа  екпіні)  артық
қысымының әсер  ету уақыты.
    Ауа соққы толқыны әсер еткен кезде, сондай-ақ  оның  қосалқы  зақымының
үйлер мен ағаштардың және  басқадай  заттардың  ішкі  органдары  зақымдануы,
контузия және әртүрлі зардапты жарақаттар артық  қысым  20-40  кПа  (0,2-0,4
кг/см2) болғанда, мұнда  адам  мертігеді,  естуі  нашарлап,  контузия  алады
(жеңіл жарақат). Артық қысымның мелшері 40-60 кПа болған кезде  адам  орташа
жарақат алады: ол ауыр контузия алады, есту мүшелері зақымданады, мұрын  мен
құлақтан қан кетеді, аяқ пен қол буыны шығады. Ауыр жарақаттану артық  қысым
мелшері 60-100 кПа болған кезде байқалады. Ол  ауыр  контузия  алумен,  аяқ-
қолдардың сыныуымен, құлақ пен мұрыннан күшті қан кетуімен сипатталады.  Өте
ауыр жаракат артық кысым 100 кПа-ден  жоғары  болған  кезде  байқалады.  Өте
ауыр жарақат адамның өліміне келдіреді.
    Соққы  толкынының  әсерінен  қорғанудың  негізгі   құралдары:   паналау
ғимараттары, радиациядан қорғану орындары,  адамдардың  паналауына  ыңғайлап
жасалынған метрополитендер мен шахталар,  қарапайым  паналау  орындары  (ор,
жыра).
    Үйлер мен ғимараттарды қирату дәрежесіне қарай ядролық зақымдау  ошагын
мынадай төрт аймаққа: толық, күшті, орташа және әлсіз  қирау  аймақтары  деп
бөлу қабылданған.
    II.  Сәуле  жарқылы  -  ядролық   жарылыстың   зақымдаушы    факторы,  
ультракүлгін, инфрақызыл және көрінетін сәулелерден түрады.
    Сәуле  жарқылы  пайда  болғаннан  кейін  секундтың   алғашқы   үлесінде
температура миллиондаған градусқа жетеді және  ультракүлгін  сәулелер  басым
болады, ал отгы шардың суыну  дәрежесіне  қарай  көрінетін  және  инфрақызыл
сәулелер басым болады.
    Жарықтың сәуле шығару көзі - жарылыстың жарық шығару бөлігі, бұл  бөлік
жарылыстың 8000-10000°С температураға дейін қызып,  балқыған  газ  түріндегі
өнімдерінен түрады.
    Ол адамдар мен жануарлар терісінің ашық бөліктерін  күйдіріп  (I  -  IV
дәрежелі күйік туындайды),  көзді  зақымдайды,  өнеркәсіп  нысандарда,  елді
мекендерде және ормандарда өрт тудырып, түрлі материалдарды тұтандырады.
    Түрлі заттардың көлеңкелері сондай-ақ паналау ғимараттары  мен  паналау
орындары қорғаныш бола алады.
    III. Өткіш радиация  - ядролық жарылыс кезінде  пайда  болатын   гамма-
сәулелер мен нейтрондар ағыны. Өткіш радиацияның көзі - ядролық  реакциялар.
Өткіш радиацияның әрекет ету мерзімі 10-15 секундтан аспайды.
    Өткіш  радиацияның  зақымдау  әсерін  айқындайтын  негізгі  көрсеткіші:
иондаушы сәуле дозасы. Иондаушы сәуле  дозасы  (радиация  дозасы)  дегеніміз
белгілі  бір  ортада  иондаушы  сәуленің  әсер  ету  шегі.  Ол   төмендегіше
бөлінеді:
    • жұтылған доза — сәулеленген ортанын масса бірлігі жұтқан  энергия,  ол
      халықаралық (СИ) жүйе  бойынша грэймен (ГР) өлшенеді. 1ГР =  1  Дж/кг.
      Дозаның   жүйеде   жоқ   бірлігі - "рад" болып    табылады  (рентгенің
      биологиялық эквиваленті). 1 ГР=100 рад ; 1 Р = 1 рад
    • экспозициялық доза —  ауанын  иондалуы  бойынша  кл/кг  (кулон  кг-ға)
      өлшенетін рентген және гамма-сәуленін мөлшері. Жүйеде  жоқ  бірлігі  -
      рентген  (Р)  қолданылады.  Рентген  -  гамма-сәуленің  мөлшері,  оның
      әсерінен температурасы 0°С, қысымы сынап бағанасы  бойынша  760  мм  1
      см3   құрғақ ауада 2 млрд. жұп ион пайда болады.
    • эквиваленттік доза – ағзадағы радиациялық қауіпінің  биологиялық  әсер
      етуі мен дәрежесін анықтайтын және зивертпен  ("ЗВ")  өлшенетін  доза.
      Жүйеде жоқ бірлігі - "бэр" (рентгеннің биологиялық эквиваленті). 1 бэр
      =1 Р;   1 ЗВ = 100 бэр
    Өткіш радиацияның зақымдаушы әрекеті  адамдардың  сәулеленуін  тудырады,
зақымдаушы  фактордың  мәні:   гамма-сәулелер   мен   нейтрондар   жасушаның
молекулаларын  иондап,  олардың  қалыпты  тіршілік  қызметін  бұзады.  Мұның
нәтижесінде адамдар сәулеленуіне шалдығады,  көп  доза  алған  адамдар  мерт
болады.
    Үсті жабылған  жаралар,  блиндаждар,  паналау  ғимараттары  және  басқа
қорғаныс құрылыстары, сондай-ақ қорғаныс киімдер өткіш радиация әсерін  күрт
әлсіретеді.
    Әр түрлі материалдардың гамма-сәуле жарқылын әлсіретуін  сипаттау  үшін
жартылай әлсірету қабатының  жарты  мөлшері,  яғни,  гамма-сәуле  жарқылының
жиілігін  екі  есе   әлсірете   алатындай   материал   қабатының   қалындығы
пайдаланылады.
    IV. Жердің радиоактивтік ластануы -  ядролық  жарылыс  бұлтынан  жауған
радиоактивті заттар жерге түсіп жерді ластайды.
    Радиоактивті заттардың көздері:
        • ядролық  зарядтың ыдырау  өнімдері,  сәуле  шығаратын  альфа-бета
    бөлшектері мен гамма-сәулелері;
        •  ядролық  зарядтың  реакцияға   қатыспаған   бөлшектері   (уран, 
    плутоний);
        • бетабөлшектері мен  гамма-сәулелері  сәулелендірген  топырақтағы 
    нейтрондардың әсерінен пайда  болған  радиактивті  заттар  (топырақтағы
    радиоактивтілік).
        Радиоактивтілік - бірқатар  химиялық  элементтердің  (уран,  радий,
    фторий және т.б) өзінен-өзі ыдырауы  және  көзге  көрінбейтін  сәулелер
    (альфа және бета бөлшектер, гамма-сәулелер) шығару қабілеті.
    Бұл радиоактивті элементтер  жартылай  ыдырау  кезеңімен,  яғни  барлық
атомдардың  жартысы  ыдырайтын  уақытпен   өлшенетін   қатаң   белгілі   бір
жылдамдықпен  ыдырайды.  Түрлі  радиоактивті  заттар  үшін  жартылай  ыдырау
кезеңі  секундтың  бірнеше  белігінен  миллиардтаған  жылдарға  дейінгі  кең
шектің аралығында болады (цезий - 33 жыл, стронций - 28-30 жыл,  плутоний  -
24 мың жыл).
    Ағзада жайылуына қарай барлық радиоактивті изотоптар 4 топқа бөлінеді:
        - сүйекте жиналатын (стронций, радий, кальций, уран).
        - бауырда жиналатын (церий, плутоний);
        - бірдей бірнеше мүшелерде (бауырда,  бүйректе,  бұлшық  етте  және
    т.б.) жиналатын (тритий, цезий).
        - тек бір мүшеде (йод - қалқанша безде, цинк - ұйқы безде).
    Радиация деңгейі — бұл радиоактивті сәулелердің қарқындығы, зақымданған
жерде белгілі уақыт  ішінде  адамның  сәуленуы  мүмкін  доза  қуаты.  Жердің
радиоактивті заттармен ластануы  Р/сағ  өлшенеді.  Радиацияның  деңгейі  0,5
Р/сағ және одан да жоғары болған кезде жер зақымданған деп есептеледі.
    Негізгі өзгешілігі: радиация дәрежесі "7-10" принцип  бойынша  бәсендей
береді, яғни 7 мәрте уакыт өткен сайын радиация деңгейі кез  келген  нүктеде
шамамен 10 есе төмендейді.
    Киімге  және  теріге  қонған  радиоактивті  заттар,  сондай-ақ   гамма-
сәулелерімен сәулеленуы адамдар мен жануарларда сәуле ауруын тудырады.
    Радиоактивті  зақымнан   қорғанудың   негізгі   әдістері   -   қорганыс
құрылыстарына  (паналау   ғимараттарына,   радиациядан   қорғайтын   паналау
орындарына, қарапайым  паналау  орындарына)  адамдарды  паналату  және  жеке
құраддарын пайдалану.
    V. Электромагниттік импульс.  Ядролық  жарылыс  кезінде  электрлі  және
магнитті өрістер пайда болады, өте қысқа мерзімде ғана  болғандықтан  оларды
электромагниттік импульс деп атайды.
     Электромагниттік импульс байланыс аппараттарына зиян келтіріп,  сыртқы
желілірге қосылған электр қондырғыларының  жұмысын  істен  шығарады.  Адамға
әсері жоқ.
                        РАДИОАКТИВТІК ЛАСТАНУ АЙМАҒЫ
    Түзілген радиоактивтік бұлт желдің  екпінімен  қозғалады.  Одан  жауған
радиоактивтік заттар жерде көзге  көрінбейтін  радиоактивтік  тозаң  іздерін
құрайды. Радиоактивтік заттар жауған аудандарда жер бірдей  ластанбайды.  Ең
күшті ластану жарылысқа таяу манда болады,  ал  одан  алыстаған  сайын  азая
береді. Жазық жерде радиоактивтік бұлт ізі эллипс формаға йе болады.
    Радиоактивтік ластану 4 аймаққа бөлінеді:
        • А аймағы (баяу радиоактивтік ластану аймағы);
        • Б аймағы (күшті радиоактивті ластану аймағы);
        • В аймағы (қауіпті радиоактивті ластану аймағы);
        • Г аймағы (төтенше қауіпті радиоактивті ластану аймағы) (2 сур.).
    Аймақ радиация деңгейімен (Р1) және экспозициялық доза  (Д)  мөлшерімен
өлшенеді.
                                       


                   2 сурет - Радиоактивтік ластану аймағы
                                       
                             ЯДРОЛЫҚ ЗАҚЫМ ОШАҒЫ
    Ядролық жарылыстың зақымдаушы факторларының әсерінен өрт, жаппай қирау,
коммуналдық-энергетикалық тораптарда апаттар, жердің  радиоактивті  ластануы
және халық арасында едәуір шығын пайда болатын аумақ.
    Ядролық зақым ошағының аумағы қолданылған қарудың мөлшері мен  қуатына,
жарылыстардың  түріне,  құрылыстың   сипатына,   жер   бедеріне   (акватория
терендігі) және ауа райы жағдайларына байланысты.
    Қирау сипатына қарай және құтқару жұмыстарының  көлемін  белгілеу  үшін
ядролық зақым ошағын 4 аймаққа бөледі:
        •   толық қирау аймағы;
        •   күшті қирау аймағы;
        •   орташа қирау аймағы;
        •   әлсіз қирау аймағы (3 сур.).
                                       
                                    [pic]
                     3 сурет - Ядролық зақым ошағы       

 Өзін өзі тексеру сұрақтары
 1. Химиялық, мұнай химиялық, мұнай газ өндіретін кәсіпорын өнеркәсібіндегі
    өртер мен жарылыстар
 2. Транспорттагы төтенше жағдайлар
 3. Ядролық қару, зақымдаушы факторлары
 4. Радиоактивтік ластану аймағы


Дәріс №5. Радиациялық қауіпті нысандардағы төтенше жағдайлар

         Жалпы сұрақтар
       1.  Радиоактивті  заттар,  ядролық  реакторлар.  Радиациялық  қорғау.
          Сәулелену дозалары, Өткір сәуле ауруы.
       2. Дозиметрлік бақылау аспаптарының жұмыс істеу принцптері

        Радиоактивті  заттар,  ядролық   реакторлар.   Радиациялық   қорғау.
Сәулелену дозалары, Өткір сәуле ауруы.
      Радиоактивтілік туралы жалпы түсінік.  Табиғатта  өздігіген  ыдырайтын
химиялық элементтердің, атомдық ядролардың шағын  мөлшері  бар.  Бұл  үдеріс
көзге көрінбейтін       сәулеленумен шығады. Радиоактивті элементтерге  және
радиоактивті сәулеленуге сәйкес  –  атомдық  ядролардың  өзідігінен  ыдырауы
кейбір химиялық  элементтерде  радиоактивтілік  деп,  ал  элементтердің  өзі
олардың сәулеленуі  деп  аталады.  Адамның  сезу  мүшелерінің  қабілеттілігі
радиоактивті  сәулеленуді  қабылдай  алмайды.  Жергілікті   жердің,   судың,
ауаның, көлік  құралдарының,  азық  –  түліктердің  және  т.б.  радиоактивті
сәулеленумен және радиоактивтілікпен ластанғаны туралы ақпаратты тек  арнайы
аспаптардың көрсетуімен ғана алуға болады.
      Радиоактивтілікпен ластану радиоактивті үрдіс кезінде химиялық элемент
атомдарының ядроға айналуынан болады: альфа – ыдырау,       бета  –  ыдырау,
электронды  қамту,  атомдық  ядроны  спонтандық  (өздігінен)  болу.   Барлық
радиоактивті сәулеленудің маңызды бір қасиеті олар өздері тарайтын  электрлі
бейтарап  молекуланың  сәулеленуін  тудырады.  Ең  көп  сәулеленуді   шығару
қасиетіне альфа – бөлшек ие. Сәулелену болғанда  альфа  –  бөлшек  энергиясы
тез азаяды.  Белгілі  қашықтықтан  өткеннен  кейін  альфа  –  бөлшек  өзінің
тіршілігін тоқтатады. Қуаттылығының көп бөлігін жоғалтқаннан  кейін  ол  екі
электронды өзіне тартып алады және гелийдің бейтарап атомы болады.  Альфа  –
сәулелену адам үшін де, басқа да          кез – келген  тірі  организм  үшін
де қандайда бір қауіп тудырады.
      Зат арқылы өту кезінде сәулелену қабілетіне бета – бөлшекте ие, алайда
ол едәуір аз. Бета – бөлшек өзінің қуаттылығын баяу  жоғалтатындықтан,  оның
ауадағы және басқа материалдардағы еркін жүріс ұзындығы едәуір көп.  Бета  –
бөлшектің  едәуір  бөлігі  әртүрлі  радиоактивті  изотоптарда  ауада  3-5  м
жүреді. Тығыз заттарда айтарлықтай  аз  болады  (суда,  ағаштарда,  организм
ұлпаларында 1000 рет). Бұған  қарамастан      бета  –  сәулелену  адам  үшін
қауіпті, әсіресе радиоактивті зат терінің ашық жеріне түскенде.
      Альфа   –   ыдырау   және    бета    –    ыдырау,    ереже    бойынша,
гамма сәулесімен қоса жүреді. Ол жарық жылдамдығының кеңістігімен  жайылатын
өте  үлкен  жиіліктегі  электромагнита  тербеліске  ие;  ядро  түрінде  жеке
мөлшерде түседі ол гамма –  квант  немесе  фотондар  деп  аталады.  Гамма  –
кванттар өте үлкен түсу қабілетгілігіне ие. Әртүрлі материалдармен  гамма  –
сәулеленудің әлсіздену сипапамасы үшін жартылай әлсіздену (d 1/2)  қабатының
кеңдігі қолданылады. Бұл          гамма  –  сәулеленудің  қуатын  екі  есеге
әлсірететін материалдың сондай қабаттағы  қалыңдығы.  Жартылай  әлсіз  қабат
материалдарды қорғау қасиетінің сипаттамалық шарасы болып табылады.
      Адамдардың  ионды  сәулеленумен  зақымдану   қауіптілігінің   дәрежесі
ренгентте   өлшенетін   (Р)   экснозиционды   сәулелену    мөлшерімен    (Д)
анықтталады.   Радиоактивті   сәулеленудің   қарқындылығы   (Р)    сәулелену
мөлшерінің күштілігімен бағаланады.  Сәулелену  мөлшерінің  қуаттылығы  доза
жиналуы жылдамдығын сипаттайды және  рентгенде  бір  сағат  (Р/с),  милли  –
рентгендерде бір сағат (мР/с) немесе микрорентгендерде бір  сағат  (мкР/  с)
көрсетіледі.
      Халықаралық  бірлік  жүйесінде  СИ  экспозиционды  сәулелену   мөлшері
кулонда  килограмға  (Кл/'кг)  өлшенеді  және   оның   күштілігі     кулонда
секундына килограмға (Кл/кгс) өлшенеді. 1 кг ауада иондау нәтижесінде  1  Кл
тең бір бөлгідегі барлық иондардың жиынтық  электрондық  заряды,  1кг  ауада
түзілетін кулон килограмның экспозиционды мөлшерімен тең.
      Сәулеленуді иондармен  қанықтырушы  адамдар  сәулеленудің  салдарларын
бағалау  кезінде,  сәулеленудің  экспозициялық  дозасын  емес,  сәулеленудің
жұтылу дозасын, яғни адам организмі ұлпаларына жұтылған  сәулеленуді  иондау
энергиясының мөлшерін  білуі  маңызды.   СИ  жүйесінде  сәулеленудің  жұтылу
дозасын өлшеу  бірлігі  ретінде  грэй  (Гр),  ал  мұндай  дозаның  қуатын  -
секундттағы  грэй  (Гр/с)  деп  қабылданған.  Тәжірибеде  жұтылған   дозаның
жүйеден тыс бірлігі – рад (сәулеге шалдыққан заттың бір грамында,  100  эрг.
тең энергия жұтылады) пайдаланылады. Жұтылған дозаның қуаттылығының  жүйеден
тыс      бірлігі – бір сағаттағы  рад  немесе  бір  секундтағы  рад  (рад/ч,
рад/с).
      Экспозициялықпен   жұтылған    дозалар    аралығындағы    сәулеленудің
бағыныштылығы:
     Дпог=Дэкс х К, бұл жерде К – пропорционалдықтың коэффициенті (адам
                  организмінің жұмсақ ұлпасы үшін К=0,877).
      Қолдағы  бар  дозиметриялық  құралдардағы  өлшеу  кемшілігі  15-30%-ды
құрайтынын  ескере   отырып,   пропорционалдық   коэффициенте   тең   бірлік
қабылданады. Сондықтан дозиметриялық құралдардың көмегімен өлшенген  адамдар
алған сәулелердің салдарларын бағалау кезінде  рентгендердегі  экспозициялық
дозалардың маңызы мен радтардағы жұтылған дозалар шамамен бірдей.
      Рентген  –  бұл  1  см3   ауа   физикалық   қалыпты   шарттарда   (ауа
температурасы 0° С және қысымы 760 мм рт.ст.) электр санының  бір  электрлік
бірлігін құрайтын 2,08x10  ион  буы  түзіледі.  Сәулеленудің  алуан  түрімен
сәулеленген адам организмін бағалау үшін, сондай –  ақ  ауамен,  сумен  және
тамақпен  адам  организміне   радионуклидтер   түскен   кезде   сәулеленудің
эквиваленттік дозасын өлшейтін арнайы бірлік – бэр  (рентгеннің  биологиялық
эквиваленті) қолданылады.
      Радиоактивті   ластанумен    байланысты    төтенше    жағдай,    ереже
бойынша,  атом  электр  станцияларында,  атомдық  өндіріс  кәсіпорындарында,
радиоактивті  заттарды  таситын  және  пайдаланатын  қондырғылар  мен  көлік
құралдарында, сондай – ақ ядролық жарылыс нәтижесінде орын алады.
      Радиациялық зақымдану дәрежесі. Жергілікті  жердің  радиоактивтілікпен
ластануы кезінде адамдарды сәулеленуден  қорғау  жағдайын  жасау  өте  қиын.
Сондықтан радиоактивті заттармен ластанған аймақтағы  іс  –  әрекет  кезінде
белгілі бір  уақытқа  рұқсат  етілген  сәулелену  мөлшері  орнатылады,  олар
ережеге бойынша, адамдарды  сәулелену  (радиациямен)  зақымдануды  болдырмау
керек.
      Радиациямен  зақымдану  дәрежесі  қабылданған  сәулелену  дозасы   мен
уақытына тәуелді  болатыны  белгілі.  Сәулелену  мөлшерінің  барлығы  дерлік
қауіпті  емес.  Егер  ол  50  Р  аспаса,  онда  ол  тіпті  сәулелену  ауруын
айтпағанда еңбекке қабілеттілікті де жоғалтпайды. Қысқа  уақыт    аралығында
қабылданған 200-300 Р мөлшері ауыр радиациялы зақымдануды  болдыруы  мүмкін.
Бірнеше ай ішінде қабылданған  мұндай  доза  немесе  бір  қалыпты  сәулелену
кезінде қабылданса, ауруға алып келмейді. Адамның сау  организмі  осы  уақыт
ішінде  сәулеленуден  өлген  жасушаның   орнына   жаңа   жасуша   туындатуға
қабілетті.
      Рұқсат  етілген  сәулелену  мөлшерін  анықтау  кезінде  оның  бір  рет
қайталануы немесе бірнеше рет қайталануы мүмкін  екенін  ескеру  қажет.  Бір
peт қайталанатындар, оған  алғашқы  4  тәулікте  қабылданған    сәулеленулер
саналады. Бұл  кезеңнен  асып  кеткен  уақыт  ішінде  қабылданған  сәулелену
бірнеше peт қайталанатын болып саналады.  Адамдардың  бір  рет  қайталанатын
мөлшермен;  100  Р  сәулеленуі  және  одан  көбірек  дозаларды  кейде  өткір
сәулелену деп аталатын сәулеленуді қабылдауы мүмкін.




                      Дозалар және зақымдану белгілері
|Сәулелену  |Зақымдану белгілері                                         |
|дозасы, Р  |                                                            |
|50         |Зақымдану белгілерінің жоқ болуы                            |
|100        |Бірнеше рет қайталанатын сәулелену кезінде шамамен 10-30    |
|           |тәулік ішінде жұмысқа қабілеттілік төмендемейді. Өткір (бір |
|           |рет қайталанатын) сәулелену кезінде сәулеленгендердің 10%   |
|           |-лоқсу және құсу, еңбекке қабілеттілігін оншалықты жоғалтпай|
|           |шаршау                                                      |
|200        |Бірнеше рет қайталанатын сәулелену кезінде шамамен         3|
|           |тәулік ішінде жұмысқа қабілеттілік төмендемейді. 100-250 Р  |
|           |дозалы өткір (бір рет қайталанатын) сәулелену кезінде       |
|           |-зақымданудың әлсіз белгілері – бі рінші дәрежелі сәулелену |
|           |ауруы                                                       |
|300        |Бірнеше рет қайталанатын сәулелену кезінде шамамен бір жыл  |
|           |ішінде жұмысқа қабілетгілік төмендемейді. 250-300 Р өткір   |
|           |сәулелену кезінде екінші дәрежелі сәулелену ауруы. Ауру көп |
|           |жағдайда жазылып кетеді.                                    |
|400-700    |Үшінші дәрежелі сәулелену ауруы. Бастың қатты ауруы,        |
|           |температураның көтерілуі, әлсіздік, шөлдеу, лоқсу, құсу, іш |
|           |өту, ішкі мүшелерге, теріге және шырышты қабықтарға қан     |
|           |құйылу, қан құрамының өзгеруі. Уақытылы және тиімді ем алған|
|           |жағдайда сауығып кетуі мүмкін. Емделмеген жағдайда өлім     |
|           |қаупі 100% жетеді.                                          |
|700 көп    |Ауру көп жағдайда өлімге алып келеді. Зақымдану бірнеше     |
|           |сағаттан кейін білінеді, төртінші дәрежелі сәулелену ауруы  |
|1000 көп   |Сәулелену ауруының кенеттен болған түрі. Зақымданғандар     |
|           |жұмысқа   қабілегтілігін   бірден жоғалтады және            |
|           |сәулеленуді, алғаннан кейін алғашқы күндерден бастап        |
|           |біртіндеп өле бастайды.                                     |



      Радиациялық  барлау.  Радиациямен  ластанған  аймақта  ІҚЖ  жүргізудің
тиімділігі  көбінесе  сол   жерде   болған   радиациялық   жағдайдың   нақты
мәліметтеріне            байланысты.  Осы   мақсатпен   келесі   міндеттерді
шешетін радиациялық барлау жүргізіледі:
      •   жергілікті   жерде   және   ауаның    жерге    жақын    қабатының
        радиоактивті затпен ластануын табу және бұл туралы жұмыс  басшысына
        ақпарат беру;
      • құрылым жылжитын бағыттағы гамма – сәулелену мөлшерінің  күштілігін
        анықтау  және  радиоактивтілікпен  ластанған   аймақтың   шекарасын
        белгілеу;
      • ластанған участкелерді  игеру  үшін  айналып  өту  жолдарын  (қажет
        болған жағдайда) іздеу;
      • радиациялык жағдайдың өзгеру динамикасына бақылау жасау;
      •   судан,   азық   –   түліктерден,    өсімдіктерден,    топырақтан,
        объектілерден, техникалардан, мүліктерден сынама  алу  және  оларды
        зертханаға жіберу;
      • метрологиялық бақылау;
      • радиоактивтіліклен ластанған аймақтан шыққаннан кейін
        құрылымның жеке құрамына дозиметриялық бақылау жүргізу.
      Радиациялық барлауды ұйымдастыру кезінде  жұмысты  жүргізетін  ауданда
ішкі жағдайдың өзгеруін (желдің бағыты және т.б.)  немесе      радиоактивтік
ластанудың қайталануы мүмкін екенін есепке  алу  қажст.  Құрылым  орналасқан
аудандағы  радиациялық  жағдайды  бақылау  үшін,   сонымен   қатар   жұмысты
жүргізетін объектідерде радиацияны бақылайтын күзет орны  құрылады,  олардың
негізгі міндетіне:
      •  дер  кезінде  радиоактивті  ластануды   табу   және   хабарландыру
        дабылын беру;
      • радиоактивті зат бұлтының қозғалыс бағытын анықтау;
      • күзет ауданында радиоактивті затпен ластанған участкелерді  барлау,
        сонымен қатар метеорологиялық бақылау жатады.
      Радиациялық  бақылау  орны  тәртіп  бойынша  үш  адамнан  тұрады.   Ол
сәулелену мөлшерінің ДП-5 (А,Б,В), ДРГ- 01Т  және  т.б.  өлшеуіштерімен,  №3
метеокомплектпен, ИД-11 (ДКП-02 және т.б.) сәулелену мөлшерінің қуатты  жеке
өлшеуіштерімен,    ИД-1    сәулелену    мөлшерінің           өлшеуіштерімен,
секундомермен,  хабарландыру   және   байланыс   құралдарымен,   радиациялық
жағдайдың  параметрін  жазатын  журналмен,  ауа  сынамасын   алатын   жабдық
жиынтығымен жабдықталған.
      Дозиметриялық бақылау.  Дозиметриялық  бақылауды  ІҚ  құрылымның  жеке
құрамы       радиоактивті ластану аймағындағы іс – қимылы кезінде  сәулелену
мөлшері туралы мәліметтерді дер кезінде алу  мақсатында  жүргізеді.  Алынған
ақпарат бойынша құрылымның жұмыс тәртібі анықталады.  Дозиметриялық  бақылау
топтық және жеке болып бөлінеді.
      Топтық бақылау  ІҚ  құрылымның  жеке  құрамының  жұмысқа          қаб-
леттілік деңгейін бағалау мен анықтау  үшін  және  орташа  сәулелену  дозасы
туралы мәліметтерді  алу  мақсатында  жүргізіледі.  Бұл  үшін  құрылым  ИД-1
сәулелену дозасының өлшеуішімен қамтамасыз етіледі (ДКП-50-А  ДП-24,  ДП-22В
жинақтарынан) 1 - 2 дозиметрлік есептеу бойынша радиациялық жағдайда  бірдей
әрекет ететін топтағы адам саны 14-20.
      Жеке бақылау радиациялық зақымданудың ауырлық деңгейіне        алғашқы
кезеңде диагностика жасау керек және әр құтқарушының доза  туралы  мәліметті
алуы  мақсатында  жүргізіледі.  Бұл  мақсат  ушін  ІҚ       құрылымның  жеке
құрамына доза қуатын өлшейтін ИД-11 өлшеуіші беріледі.
      Радиоактивті  ластанудың  деңгейі  техниканың,  көліктің,  киімдердің,
саймандардың, қорғау құралдарының,  аяқ  –  киімдердің  және  т.б.  дәрежесі
бойынша   анықталады.   Аталған   жұмыс   құрылымға   қойылған   міндеттерді
орындағаннан   кейін,   құтқарушылардың    ластанған    аудандардан    шығуы
кезінде,  арнайы  өңдеулерді  толық  жүргізгеннен  кейін  жүзеге  асырылады.
Радиоактивті ластануға душар болған және арнайы толық өндеуді  жүргізу  үшін
келген құрылымның жеке құрамы, техникалары және көлігі        бақылап  бөліп
тұратын күзет  орны  арқылы  өтеді,  мұнда  құрылымның  ластанған  дәрежесін
белгілейді және арнайы өңдеу бойынша шараларды ұйымдастырады. Күзет  орнының
біреуі шығатын жерде ал  келесісі  арнайы  өндеу  алаңының  шығатын  жерінде
тұрады. Ластану  дәрежесін  ДП-5,  КРБ-1  және  т.б.  аспаптардың  көмегімен
анықтайды. Құрылымның жеке  құрамының  және  техникасының  бақылап  –  бөліп
тұратын күзет орны арқылы өтуі кезінде дозиметристің  ластанған  жұмыс  орны
анықталады; қажет болған жағдайда оған  қатерсіздендіру  жүргізіледі  немесе
тұрған орыны ауыстырылады.

      Дозиметрлік бақылау аспаптарының жұмыс істеу принцптері.
   Радиациялық барлау және дозиметриялық бақылау аспаптарының сипаттамасы
|Атаулары                |Сипаттамалар және |Тағайындалуы                     |
|                        |өлшеуіштің мөлшері|                                 |
|Далалық радиометр-      |Гамма-сәулелену   |Гамма-сәулелену мөлшерінің       |
|рентгенометр            |бойынша           |күштілігін өлшеу және гамма,     |
|ДП-5А,(ДП-5Б,ДП-5В)     |50мкР/с-200Р/с    |бета-сәулелену бойынша жергілікті|
|                        |                  |жердің ластануы                  |
|Дозиметр                |10мкР/с-10Р/с     |Ішкі гамма-сәулеленудің          |
|ДРГ-01Т                 |                  |экспозиционды дозасы қуатын өлшеу|
|                        |                  |(ЭМК)                            |
|ДП-22В дозиметр жинағы  |2-50 Р/с          |Сәулелену дозасын өлшеу          |
|ДП-24 (аналог ДП-22В)   |2-50 Р/с          |Сәулелену дозасын өлшеу          |
|ИД-1 дозиметр жинағы    |20-500 рад        |Гамма- нейтронды сәулеленудің    |
|                        |                  |жұтылған дозасын өлшеу           |
|Жеке мөлшерді өлшейтін  |                  |Радиациялық зақымданулын бастапқы|
|ИД-11 ИУ құрылғысының   |                  |диагностикалау мақсатындағы      |
|өлшеуішімен             |50-80О Р          |сәулеленуді жеке қадағалау       |
|ДП-70                   |10-1500 рад       |10-1500 рад                      |
|(ДП-70М)                |                  |50-800 Р                         |
|химиялық дозиметрлері   |50-800 Р          |медициналық зақымдану дәрежесі   |
|ДКП-50-А қосымша        |                  |диагностикасына арналған өлшеу   |
|беріледі                |                  |                                 |
|ДК-0,2 дозиметр жинағы  |10-200мР          |Гамма – сәулелену мөлшерінің     |
|                        |                  |күштілігін зертханалық жағдайда  |
|                        |                  |өлшеу                            |

Химиялық барлаудың әскери аспаптары екі топқа бөлінеді:
 • индикаторлы түтіктерге пайдалануға негізделген аспаптар (ВПХР, ППХР, ПГО-
   11, ПХР-МВ). (Анықталатын ҚӘУЗ  тізімі  индикаторлы  түтікті  аспаптардың
   комплектацияларына байланысты);
 • жылжымалы құралдарда орнатылатын автоматты аспаптардың қозғалыс  қағидаты
   индикацияның ионданушы (ГСА-1, АГС, ПРХР) және биологиялық (ГСА-123, ГСА-
   13, ГСА-11) әдістеріне негізделген.  Химиялық  барлауды  жүргізу  кезінде
   арнайы   аспаптар,   индикаторлы   түтіктер,   газталдағыштар,    кестеде
   келтірілген сипаттамалар қолданылады.

ҚӘУЗ  –  ді  анықтау  мақсатында   қолданылатын,   химиялық   барлау   жасау
приборларына арналған индикаторлы түтіктердің негізгі сипаттамасы
|Индикаторлы      |Анықталған ҚӘУЗ         |Бояулардың     |Сезімталдық    |
|түтіктің         |                        |өзгеруі        |шегі мг/л      |
|таңбалануы       |                        |               |               |
|                 |Хлор                    |Қызғылт        |0,005          |
|                 |                        |               |               |
|                 |                        |               |               |
|ИТ – 44          |                        |               |               |
|                 |Хлорциан                |Қызғылт        |-              |
|                 |Сутек фториді           |Қызғылт        |-              |
|                 |Фосфор түзетін          |Қызғылт        |               |
|                 |пестицидттер            |               |-              |
|                 |Фосген                  |Көк            |-              |
|                 |                        |               |               |
|                 |                        |               |               |
|                 |                        |               |               |
|                 |                        |               |               |
|ИТ – 45          |                        |               |               |
|                 |Цианисті сутек          |Қызғылт        |0,005          |
|                 |Хлорциан                |Қызғылт        |0,005          |
|                 |Азот оксиді             |Көк            |-              |
|                 |Хлор                    |Қызғылт-сары   |-              |
|                 |Хлорпикрин              |Сары-қызғылт   |-              |
|                 |                        |сары           |               |
|ИТ-36            |Күшәнділеу сутек        |Қызыл қоңыр    |-              |
|                 |                        |               |               |
|                 |                        |               |               |
|                 |Күкіртсутек             |Қызыл қоңыр    |-              |
|                 |Азот оксиді             |Ақшыл жасыл    |-              |
|                 |Фосген                  |Ақшыл жасыл    |-              |
|ИТ – 47          |Цианисті сутек          |Қызыл күрең    |-              |
|                 |Хлорциан                |Қызыл күрең    |-              |
|ИТ – 24          |Күшәнділеу сутек        |Сары           |0,005          |
|                 |                        |               |               |
|                 |Күкіртсутек             |Сары           |-              |
|ИТ – 12          |Аммиак                  |Күлгін         |0,0002         |
|                 |                        |               |               |
|                 |Акрильді натрий         |Күлгін         |0,0002         |
|                 |қышқылы                 |               |               |

                             УГ 2 газталдағыштар
|Анықталған ҚӘУЗ                   |Өлшеуіш диапазоны, мг/м3     |Өлшенген  |
|                                  |                             |уақыт     |
|Азот оксиді                       |0-200                        |5         |
|Аммиак                            |0-300                        |2         |
|Хлорлы сутек                      |0-100                        |3         |
|Күкіртті ангидрил                 |0-200                        |3         |
|Күкіртсутек                       |0-300                        |2         |
|Хлор                              |0-80                         |4         |

      Радиациялық қорғау. Радиоактивті заттармен ластанған  аймақта  жұмысты
жүргізу,    жұмысшылардың сыртқы және ішкі  сәулеленуінің  төмендетуге  және
таза  қалалар  мен   тұрғын   үйлерге   радиоактивті   ластануды   апармауға
бағытталған, радиациялық қауіпсіздік шаралар кешенін  жүзеге  асыруды  талап
етеді. Радиациялық қауіпсіздік бойынша шаралар кешені мыналарды қамтиды:
     • радиациялық әсерлерді қатаң түрде нормалау;
     •  радиоактивті  ластану  жағдайында  жұмысқа   жұмылдырылған   барлық
       тұлғаларды дәрігерлік куәландыру және рұқсат алу;
     • радиациялық қауіпсіздік мәселелері бойынша нұсқаулық;
     • радиациялық жағдайымен оның  өзгерістеріне  жүйелік  бақылау,  соның
       негізінде нақты участкелердегі жұмыстың ұзақтығын анықтау;
     •  жеке  дозиметриялық  бақылау  және  ластанған  жергілікті   жердегі
       барлық жұмысшылардың сәулеленуін есепке алу;
     • ластануды жою;
     • барлық жұмысшылардың жеке қорғаныстарын ұйымдастыру;
     • жұмыс жасап жатқан участкелердегі ластанудың таралуына жол бермейтін
       санитарлық – рұқсаттама режимін ұйымдастыру;
     • санитарлық өңдеуді және жүйелі түрде қатерсіздендіруді, қажет болған
       жағдайда жұмысшылар пайдаланатын  арнайы  киімдерді,  арнайы  аяқ  –
       киімдерді және басқа да ЖҚҚ жоюды ұйымдастыру.
    Радиациялық  авария  жағдайында  ЖҚҚ  қолдану  қажеттілігін  анықтайтын
негізі  зиянды  әсерлер,  адам  организміне  және  тері  жамылғысына  түскен
радиоактивті, әртүрлі объектілер  мен  ауа  қабатының  ластануы,  жергілікті
жердің  радиоактивті  ластануының  негізі  болып  табылады.  Сондықтан  жеке
қорғанысты  ұйымдастыру  бойынша  кешенді  шараларды  авариялық  жағдайларда
жүргізудің негізгі мақсаты мыналардан тұрады:
     •  адам  ағзасына  радионуклидттердің  түсуін,  сонымен   қатар   тері
       жамылғысының   радиоактивті   ластануын    нормативті    құжаттармен
       бекітілген, рұқсат етілген мөлшерден азайту немесе болдырмау;
     •  авария  аймағында  ластанған  киімнен,  аяқ  –  киімнен,   қорғаныс
       құралдарынан және т.б. радиоактивті ластанудың таралуының алдын алу.
      ЖҚҚ қолданумен адамды ішкі гамма –  сәулеленуден  қорғауды  қамтамасыз
ету мүмкін  емес  екенін  есте  сақтау  қажет.  Бұл  міндет  тек  инженерлік
қорғаныс ғимараттары  мен  құралдарын  (баспана  және  қорғаныс  экрандары),
жұмысты дистанциялық  жүргізуге  арналған  механизімдерді  қолдануымен  және
жоғары деңгейдегі гамма – сәулеленуі бар жергілікті  жерде  адамдардың  болу
уақытын  қатал  шектеумен  ғана  шешіледі.  ЖҚҚ   қолдану   міндетті   түрде
радиациялық  қауіпсіздік  шараларының  басқа  да  кешенімен,  соның   ішінде
йодттық алдын алу және басқа дәрі –  дәрмектерді  қолданылуымен  (дәрігерлік
қорғаныс құралдары) жүргізілуі тиіс.
      Радиациялық авария жағдайында және  олардың  зардаптарын  жою  кезінде
қолданылатын жеке қорғаныс құралдарына:
        • негізгі арнайы киім (комбинезондар, костюмдер, халаттар, шәпкілер,
          мақта – матадан және аралас  маталардан  тігілген  шұлықтар)  және
          қосымша   (алжапқыштар,   жартылай   халаттар,    пленкалы    және
          резиналанған материалдардан жартылай комбинезондар);
        •   тыныс   алу   мүшелерін   қорғайтын   жеке   құралдар    (ТМҚЖҚ)
          (респираторлар,   сүзгіш   газқағарлар,   оқшаулағыш   тыныс   алу
          аппараттары, пневмомаскалар, пневмошлемдер,  пневмокурткалар  және
          т.б.);
        • оқшаулағыш костюмдер, арнайы аяқ – киімдер (негізгі және қосымша);
        • қолды қорғайтын құралдар  (резеңкелі,  пленкалы,  мақта  –  маталы
          саусақты биялай немесе қолғаптар);
        • көзді қорғайтын құралдар (қорғайтын көзілдіріктер, қалкандар  және
          т.б.);
     •  қорғайтын  құрылғылар  (қолмен  ұстайтын,  белбеулер   және   т.б.)
       жатады.
      Радиациялық  авария  болған  кезде   радиометриялық   бақылауды   және
радиациялық  жағдайды  бағалау  нәтижесіне  негіздеп,  авария  аймағын   екі
аймаққа бөлу орынды.
      Бірінші аймаққа (қатаң тәртіптегі аймаққа) жоғарғы  қабат  пен  ауаның
радиоактивті   ластануының   белгіленген   деңгейден   жоғарлауы   байқалған
ғимараттар мен аумақты жатқызады. Бұл аймаққа келгенде  ЖҚҚ  негізгі  арнайы
киімдермен қоса бірқатар қосымша киімдерді қолдану (мысалы; ТМҚЖҚ,  пленкалы
немесе резеңкелі материалдардан жасалған  қосымша  арнайы  киімдер,  қосымша
арнайы аяқ – киімдер және оқшаулағыш костюмдер және т.б.) талап етіледі.
      Екінші аймаққа (радиациялық қауіпсіздік тәртібіндегі  аймақ)  ауа  мен
жоғарғы    қабаттардың    радиоактивті     ластану     деңгейі     авариялар
жағдайымен  шартталған,  рұқсат  етілген  көлемде  болатын  ғимараттар   мен
аумақтарды  жатқызуға  болады.  Адамдарды  бұл  аймақта  қорғау  үшін   және
радиоактивті  ластанудың  таралуын  болдырмау  үшін  авария  зардабын  жоюға
қатысқан тұлғалар респираторларды пайдаланып немесе олар сыз негізгі  арнайы
киім жиынтығын кию жеткілікті. Ластанған аумаққа кіру міндетті түрде  киімін
толық ауыстырып кию және санитарлық рұқсатнама  арқылы  ұйымдастырылады,  ал
ғимаратқа  және  бірінші  аймақтағы  аумаққа  кіру  санитарлық  шлюз  немесе
санитарлық барьер арқылы қосымша ЖҚҚ қолданумен ұйымдастырылады.
      Авария зардаптарын жою жұмыстарын жүргізу кезінде, ЖҚҚ дұрыс таңдаудың
негізгі критериі ретінде сол немесе басқа аймақтағы келесідей:
     • жұмыс жүргізу кезінде ауадағы радиоактивті заттардың күтілген немесе
       өлшенген концентрациясы туралы;
     • жоғарғы қабаттардың радиоактивтілікпен ластану деңгейі туралы;
     •  ластанған  ерітінділерді  құю  (соның  ішінде   қатерсіздендіретін)
       немесе  пароэжекциялық  бүркігіштерді  қатерсіздендіру   үшін   булы
       қоспаны қолдану мүмкіндігі туралы:
     • ауырлық (қиындық) категориясы және жұмысты орындау ұзақтығы туралы;
     •  жұмыс  орнындағы  микроклимат  және  ауадағы  газ   құрамы   туралы
       (температура, ылғалдық, ауада оттектің болуы, улы және жарылу  қаупі
       бар газ қоспалары және т.б.) мәліметтерді пайдалану керек.
    ТЖ зардабын жоюдағы барлық жағдайда да жоғары концентрациялы (50%  көп)
бу шығаратын  улы  заттар  бар  ғимараттарға,  боксқа,          сиымдылыққа,
цистерналарға,  құдықтарға  кұтқарушылардың  кіруі  кезінде  ТМЖҚҚ   ретінде
оқшаулағыш демалатын аппараттар немесе шлангалы  ЖҚҚ  қолданылуы  керек.  ТЖ
сипатына, оның ауырлығына  орай,          сондай  –  ақ   түріне  және  алда
тұрған  жұмысқа  байланысты  құтқарушылар  авария  орынына  келгеннен  кейін
штаттық авариялық жиынтықпен ЖҚҚ қалай  қамтамасыз  етілсе,  сол  объектінің
ЖҚҚ қорымен солай қамтамасыз етіледі (мысалы, шлангалы ЖҚҚ және т.б.).
      Өзін өзі тексеру сұрақтары
     1. Радиоактивті заттар, ядролық реакторлар.
     2. Радиациялық қорғау шаралары
     3. Сәулелену дозалары, Өткір сәуле ауруы.
     4. Дозиметрлік бақылау аспаптарының жұмыс істеу принцптері





      Дәріс №6. Химиялық қауіпті нысандардағы төтенше жағдайлар


           Жалпы сұрақтар
        1. Әсері күшті улы заттарға мінездеме.
        2. Химиялық қауіпті нысандағы авариялар.

       Әсері  күшті  улы  заттарға  мінездеме.  Мұндай  нысандарға,  бірінші
кезекте,  қорғаныстық,  химиялық,  мұнай  өндейтін,   целлюлозза   –   қағаз
өңдіретін  кәсіпорындар,  тамақ  өнеркәсібі  және  басқа  бірқатар   салалар
жатады.  Қатты  әсер  ететін  химиялық  заттар  деп  шаруашылық   мақсатында
қолданлатын  және  әртүрлі   бұзылған   немесе   зақымданған   технологиялық
сыйымдылықтардан, қоймалардан және кұрылғылардың  шығуы  кезінде  адамдардың
жаппай зақымдануын тудыратын токсинді химиялық заттар аталады.
      Өздерінің зақымдау құрамдарына  қарай  ҚӘУЗ  (қатты  әсер  ететін  улы
заттар) бір текті емес.
      Олардың негізгі топтастырушы  белгісі  ретінде  адамның  қатты  улануы
кезіндегі жиналатын  ерекше  синдромының  белгісі  көбіне  жиі  қолданылады.
Осыған қарап шартты түрде, барлық ҚӘУЗ мынандай топтарға бөлінеді:
      • ерекше тұншықтырушы күші бар заттар (хлор, фосген, хлорпикрин);
      • ерекше жалпы уландырушы  күші  бар  заттар  (көміртек  тотығы,  ніл
        қышқылы және т.б);
      • тұншықтырушы және жалпы уландырушы күші бар  заттар  (акрилонитрил,
        күкіртті сутек, азот қышқылы және азот тотықтары, күкіртті ангидрит
        және т.б.);
      •  нейротропты  улар  (күкірт  көміртегі,  тетаэтил-қорғасын,  фосфор
        органикалық қоспасы);
      • тұншықтырушы және нейротропты  күші  бар  заттар  (аммиак,  гептил,
        гидразин және т.б.);
      • метаболикалық улар (этилен тотығы, дихлорэтан және т.б.
      Химиялық қауіпті кәсіпорындардағы аварияның  зақымдаушы  факторларының
таралу ауқымына қарай мынандай болып бөлінеді:
      • бір жердің  шеңберінен  аспайтын  (жеке)  –  егер  олар  санитарлы-
        қорғанысты аймақ шекарасынан шықпаған болса;
      • жергілікті – олар  жақын  арадағы  тұрғындық  құрылыстың  жекелеген
        учаскесін қамтиды;
      • аймақтық – халқы тығыз орналасқан қала,  аудан,  облыстағы  көлемді
        ауданды алады.
      ҚӘУЗ – дің аудан немесе бүкіл елге ғаламдық таралуы екі талай.
      Өрт қауіпті заттарды топтастыруға сәйкес жану мүмкіндігіне қарай  ҚӘУЗ
– ді жанбайтын, ауыр жанатын, жанатын деп бөлуге  болады.  ҚӘУЗ  –  дің  көп
мөлшері  оларды  өндіретін  немесе   пайдаланатын   кәсіпорындарда   болады.
Химиялық қауіпті кәсіпорындарда ҚӘУЗ негізгі шикізат,  аралық,  жанама  және
соңғы өнім болып, сондай – ақ ерітінді және  өңдеу  құралы  болып  табылады.
Бұл заттардың қоры сақтау қоймаларында (70  –  80  %  дейін),  технологиялық
аппаратураларда, транспорттық құралдарда (құбырлар, цистерналар және  т.б.).
Кең таралған ҚӘУЗ –  ға  хлор  мен  аммиак  жатады.  Өндірістің  көлемі  мен
концентрациясы есебінен үлкен шамадағы ҚӘУЗ –  дің  жиналуы  болады,  бұл  –
айтарлықтай ықтимал қауіп   төндіреді.
      Қауіпті химиялық нысандағы - авария кезіндегі  үлкен  қауіпті  әртүрлі
токсинді заттардың төгілуі алып келеді. Авария салдарының  ықтималды  көлемі
ҚХН – ның түріне, ҚӘУЗ – дің түріне, олардың құрамына,  мөлшері  мен  сақтау
мерзіміне, авария сипатына, ауа райы  және  т.б.  байланысты  болып  келеді.
Мұңдай авария кезіндегі басты зақымдаушы  фактор  болып  химиялық  зақымдану
және  ондаған  километрге  жетуі  мүмкін  аймақ  тереңдігі  жатады.   Авария
кезіндегі   туындайтын   бір   ерекшелік   уландырушы   заттардың    жоғарғы
концентрациясы кезінде адамдардың қысқа уақыт  ішінде  зақымдану  мүмкіңдігі
болып табылады. ҚХН – ға авариялар жарылыстар  және  өрттермен  қатар  жүруі
мүмкін.
      Химиялық авариялардың саны транспорттық оқиғалардың салдарынан көбейіп
келеді. Бүгінгі таңда  сұйытылған  хлордың,  тұзды  және  күкіртті  қышқылын
темір жол арқылы тасымалдау көлемі артып отыр.
      Ерекше қауіпті жоғарғы токсинді  заттармен  су  көздерінің  зақымдалуы
тудырып отыр.  Ағатын  канализация  суының  төгілуі  үлкен  қауіп  тудырады.
Олардың  улылығы ҚӘУЗ  қалдықтарына  қарағанда  анағұрлым  төмен,  өздерінің
көлемі мен жиілігіне қарай  олар  үлкен  зиян  келтіруге  қабілетті.  Әдетте
канализациялық  қалдықтар  адамдардың  қысқа  мерзімде   зақымдануына   алып
келмейді, бірақ мутацияны тездетіп және адамның имундық  жүйесін  әлсіретуге
қабілетті.
      Адамзат пен қоршаған табиғи ортаға үлкен қауіпті  төгілген  мұнай  мен
мұнай өнімдері  төндіреді.  Төгілген  мұнай  өнімдерінің  жұқа  қабаты  одан
ауаның өтуіне кедергі жасайды. Егер мұнай өнімдерімен зақымданған қабат  көп
мөлшерде болса, онда оның астындағы  бүкіл  тіршілік  өлімге  душар  болады.
Сондықтан  зақымданған  аумақты   залалсыздандыру   жұмыстарын   кешіктірмей
жүргізу талап етіледі.
      Табиғаттағы  экологиялық  тепе  –  теңдіктің  бұзылуын  алып   келетін
өндірістік  қалдықтар  және  басқа  да  улы  заттармен  ауаның,  судың  және
топырақтың ластануы мен улануының қауіпі кем емес.
      Химиялық авария – қауіпті химиялық заттардың шығуы  немесе  төгілуімен
қатар жүретін, адамдардың өлімін немесе зақымдануын,      азық  –  түліктің,
тағамдық шикізаттың және ауылшаруашылық малдары мен  өсімдіктерінің,  немесе
қоршаған  табиғи  ортаның  химиялық  зақымдануын  туғызуға  мумкіндігі   бар
химиялық қауіпті нысандағы авария.
      Химиялық   зақымдану   -   белгілі   бір   уақыт   ішінде   адамдарға,
ауылшаруашылық малдары мен өсімдіктеріне қауіп тудыратын,  қауіпті  химиялық
заттардың  қоршаған  табиғи  ортада  концентрация  немесе   мөлшер   түрінде
таралуы.
      Қауіпті химиялық заттар – адамға  тікелей  немесе  жанама  әсері  ауыр
немесе  созылмалы  ауру  туғызатын  немесе  олардың  өліміне  алып   келетін
химиялық зат.
      Қауіпті химиялық заттың шыгарылуы –  герметикалау  кезінде  техникалық
құрылғылардан, қауіпті химиялық заттардың немесе  өнімнің  сақтайтын  немесе
тасымалдайтын  сыйымдылықтардан  химиялық  авария  тудыруы  мүмкін  мөлшерде
қысқа мерзім ішінде шығуы.
      Қауіпті химиялық заттардың төгілуі – герметикалау  кезінде  техникалық
құрылғылардан, қауіпті химиялық заттардың немесе  өнімнің  сақтайтын  немесе
тасымалдайтын  сыйымдылықтардан  химиялық  авария  тудыруы  мүмкін  мөлшерде
төгілуі.
      Қауіпті  химиялық  нысан  –  қауіпті  химиялық   заттарды   сақтайтын,
өндіретін, пайдаланатын немесе тасымалдайтын  нысан,  ондағы  авария  немесе
қирау   кезінде   адамдардың   өлімі   немесе   ауылшаруашылық   малдарының,
өсімдіктердің, сондай –  ақ  қоршаған  табиғи  ортаның  химиялық  зақымдануы
мүмкін.
      Химиялық зақымдану аймағы – белгілі уақыт ішінде адамдардың өмірі  мен
денсаулығына,  ауылшаруашылық  малдары  мен  өсімдіктеріне  қауіп  тудыратын
мөлшерде немесе концентрацияда қауіпті химиялық заттар жайылған немесе  алып
келінген аймақ.


       Химиялық қауіпті нысандағы авариялар
      Қатты әсер ететін улы заттар – бұл химиялық зат немесе қоспалар,  олар
қоршаған  ортаға  төгілген  не  болмаса  шашылған   кезде,   адамдардың   не
жануарлардың жаппай  зақымдануына,  сонымен  қатар  ауаның,  құмның,  судың,
өсімдіктердің және әр түрлі объектілердің зақымдануы.
      Химияландырудың  қарқындылығы  шаруашылық  қызметте  ҚӘУЗ   қолданудың
кеңінен  тарауына  жағдай  жасады.   Соған   сәйкес,   көптеген   шаруашылық
объектілері, ең  алдымен  өнеркәсіп  кәсіпорындары  химиялық  қауіпті  болып
табылады.
      Химиялық қауіпті объектілер (ХҚО) болып авария  немесе  қирау  кезінде
халықтың, жануарлар мен өсімдіктердің жаппай  зақымдануы  мүмкін  объектілер
ұғынылады. Улы заттардың ірі қорына химиялық өндіріс орындары,  целлюлоза  –
қағаз, мұнай өндейтін және  мұнай             химиялық  кәсіпорындары,  қара
және  түсті  металургиялар,  жер        тыңайтқышын  шығаратын  кәсіпорындар
жатады. ҚӘУЗ – дің айтарлықтай қоры сондай – ақ  тамақ объектілерінде, ет  –
сүт өнеркәсібінде,               азық  –  түлік  базаларында,  тұрғын  үй  –
коммуналдық  шаруашылықта шоғырланған.  ХҚО  –  ге   ҚӘУЗ  санатына  негізгі
шикізат,  екі  ортадағы  және  негізгі  өнім,  жанама  өнім  сондай   –   ақ
өңдеулердің еріткіші және құралы жатады. Бұл заттардың  қоры  базистік  және
негізгі  қоймаларда,  технологиялық  аппаратураларда,   көлік   құралдарында
(құбыр өткізгіштер, цистерналар) болады.
      ҚӘУЗ сақтауға арналған жер бетіндегі сұйық қоймалар топпен  орналасады
немесе жеке тұра алады. Сұйық қоймалардағы әрбір  топта  немесе  үлкен  жеке
қоймаларда  периметрі  бойынша  бекітулі   опырылымдар   немесе   оқшаулағыш
қабырғалар (тұғыр сирек қойылады)  орнатылады.  Олар  төгілетін  ҚӘУЗ  –  ді
жергілікті шағын  участкеде  ұстап  тұруға  мүмкіндік  береді,  яғни  булану
алаңын қысқартады.
      ХҚО базистік және негізгі қоймаға жіберер алдында ҚӘУЗ  -  ді  уақытша
сақтау үшін, тұрғын және коғамдық ғимараттардан 300 м қашықтықта  орналасқан
тұйықтағы тежіржол қоймалары қолданылады. ҚӘУ3 – ді темір  жол  қоймаларында
сақтау,  ереже  бойынша,  арнайы  цистерналарда  жүзеге  асырылады.   Сақтау
мерзімі 2-3 тәуліктен аспау керек. Алайда, мұндай қоймаларда сақталған  ҚӘУЗ
– дің  рұқсат  етліген  мөлшері  белгіленбейді,  ол  уақытша  қойма  ретінде
пайдаланылатын  темір  жол  станциясындағы  цистернаға  бақылаусыз,   ретсіз
жинала береді.
      Темір жол көлігі ҚӘУЗ тасымалдаудың негізгі әдісі  болып     табылады.
Сонымен қатар, 40т – дан – 60т дейінгі сиымдылықтағы  ҚӘУЗ  тасымалдау  үшін
әр түрлі 0,1 -0,8м3 дейінгі сиымдылықтағы контейнерлер  және  0,016-0,  І5м3
сиымдылықтағы баллондар пайдаланылады.
      ҚӘУЗ тасымалдаудың кең таралған әдісі – құбыр өткізгіштік әдіс   болып
табылады. Алайда көп жағдайларда ол шағын ғана  қашықтықта  (цех  пен  қойма
арасында) қолданылады.
      Автомобильді  көлікпен  ҚӘУЗ  2  –  6т  жүк  көтергіш   цистерналармен
тасымалданады.
      Аварияның       нәтижесінен        қоймалардың,        цистерналардың,
технологиялық сиымдылықтардың  және  құбыр  өткізгішзердің  зақымдануы  және
қирауы ҚӘУЗ – дің ауаға тарауына,  содан  кейін  сол  аймақтың  зақымдануына
алып келеді. Желдің бағыты бойынша қозғалған ҚӘУЗ бұлты  он  шақты  километр
тереңдікке  дейін  зақымданған  аймаққа  орныға   отырып,   ол   қорғанбаған
адамдардың,  жануарлардың  және  өсімдіктердің  зақымдану  қаупін  тудырады.
Зақымданған аймақ дегеніміз – ҚӘУЗ – дің зақымдаушы әсері байқалатын  аймақ,
ал аймақтың терендігі           дегеніміз – зақымдалған аймақ көзінен  аймақ
шекарасына дейінгі сиымдылықтың, коммуникацияның  зақымдануы  немесе  қирауы
болып табылатын арақашықтығы.
      ҚӘУЗ төгілуімен байланысты авариялардың жалпы  ерекшелігі  -құрылымның
жоғары жылдамдығы  және  ҚӘУЗ  бұлтының  зақымдаушы  әрекеті,  ол  адамдарды
қорғау және зақымдау көзін жою бойынша         кешіктірмей  шара  қабылдауды
талап етеді. Бұл міндеттердің жедел шешімі тек  қана  алдымен  өзі  қамтитын
аймақтың тереңдігі  мен  аумағын  кіргізетін  зақымдану  аймағының  масштабы
көрсеткішінің дер кезінде және анық болжамының нәтижесінен табылады.
      Химиялық қауіпті заттардың организмге әсері бойынша жіктеу
|Топ   |Организмге әсерінің сипаты   |Заттардың атаулары                   |
|саны  |                             |                                     |
|1     |Тұншықтырғыш әрекеті басым   |Хлор, фосген, хлорпикрин             |
|      |заттар                       |                                     |
|2     |Жалпы улағыш әрекеті басым   |Көміртек тотығы, цианды сутек,       |
|      |заттар                       |қышқыл және т.б.                     |
|3     |Тұншықтырғыш және жалпы      |Акрилонитрил, күкіртсутек, азот      |
|      |улағыш әрекетіне ие          |қышқылы және азот оксиді, күкіртті   |
|      |заттар                       |ангидрид және т.б.                   |
|4     |Нейтропты улар               |Күкіртті көміртек, тетраэтил         |
|      |                             |-қорғасын, фосфор органикалық        |
|      |                             |қосылыстар                           |
|5     |Тұншықтырғыш және нейтропты  |Аммиак, гептил, гидразин және т.б.   |
|      |әрекетке ие                  |                                     |
|6     |Метаболиялық улар            |jЭтилен окисі, дихлорэтан және т.б.  |


      Химиялық зақымдану ошағына сипаттама
      Химиялық зақымдану ошағының мөлшері  химиялық  қауіпті  заттың  төгілу
көлеміне,    төгілу    сипатына    (еркін,     түбіне     немесе     үйілу),
метеожағдайға, заттардың уландырғышына және  адамдардың  қорғану  дәрежесіне
байланысты.
      Химиялық зақымдану аймағы химиялық  зақымдану  ошағын  құрайтын  бөлім
болып табылады. Ол зақымданған ауа бұлтының алғашқы  және  қайталама  таралу
масштабымен  сипатталады.  Химиялық  зақымдануы  мүмкін  аймақты   және   іс
жүзіндегі химиялық зақымдану аймағын       ажыратады.
      Алғашқы  бұлттар  тек  қысыммен  ҚӘУЗ  құрайтын   газгольдерлер   және
сиымдылықтар қираған (зақымданған) кезде ғана пайда болады. Ол аз  уақыттағы
әрекеті  кезінде  өлтіретін   дозаның   бірнеше   ретімен   артатын   жоғары
концентрациялармен  сипатталады.  Улы   заттардан   құралған   бұлт   ауаның
тығыздығын  арттыратын  тығыздықпен  жарым   –   жартылай        алқаптарды,
ойпаттарды, тұрғын үй ғимараттарын және т.б. жайлайды.
      Қайталама бұлтының зақымдау әрекетінің алғашқымен      салыстырғандағы
ерекшелігі ондағы ҚӘУЗ бұлтының концентрациясы    бір  –  екі  ретке  төмен.
Қайталама  бұлт  әрекетінің  жалғасуы  булану  көзінің  уақытымен  және  жел
бағытының тұрақты сақталу уақытымен анықталады. Өз кезегінде  заттың  булану
жылдамдығы оның физикалық қасиетіне (молекулалы масса, булану  температурасы
кезіндегі қаныққан  бу  қысымы)  төгілу  алаңына  және  желдің  жылдамдығына
байланысты.
      Химиялық зақымдану ошағы ХҚО химиялық аварияның      нәтижесінде қалай
пайда болса, өрт кезінде де солай пайда болады.  Мұндай  жағдайда  термиялық
ыдыраулары улы газдар бөлетін, күрделі химиялық  қосылыстар  (хлор,  аммиак,
азот  окистерін,  күкіртті  ангидридтер  және  т.б.)   пайда   болатын   ірі
қоймаларда болған өрт аса үлкен қауіп тудырады.
      Атмосфераға    улы    газдардың    бөлінуі    синтетикалық     әрлеуіш
материалдардың жануы кезінде де  болады,  мұны  құтқару  жұмыстарын  жүргізу
кезінде ескерген жөн. Қолда бар ҚӘУЗ  және  олардың  концентрациясы  әртүрлі
қорғаныс құралдарын және құтқарушыны жабдықтау қажеттілігін анықтайды.
      Химиялық зақымдану ошағындағы іс – әрекет
      Атмосфераға немесе жергілікті жерге ҚӘУЗ  жайылғанын       байқағаннан
бастап:
      •  қауіпті  аймақта  болуы  мүмкін   барлық   адамдарға   тез   арада
        хабарлау;
      • қажет болған  жағдайда  ҚӘУЗ  бұлтының  буы  қозғалып  бара  жатқан
        аймаққа тап болдырмау есебімен оларды жедел көшіру жүргізіледі;
      • көмекті қажет  ететін  зардап  шеккендерді  сонымен  қатар  құрылыс
        қирандыларының   немесе   ғимарат   бөлшектерінің   астында   қалып
        қалғандарды іздеуді ұйымдастыру қажет;
      • қандай да  бір  себеппен  қауіпті  аймақтан  шыға  алмайтын  барлық
        тұлғалар қажетті ЖҚҚ камтамасыз етілулері керек;
      • ҚӘУЗ – дің одан ары төгілуін тоқтату  үшін  зақымданған  участкелер
        өшіріледі, бекіткіш  құрылғылар жабылады;
      • зақымданған сиымдылықтың төңірегіне, егер солай істеу қажет  болса,
        топырақ үйінділері жасалады немесе шұңқырлар қазылады;
      •   жағдайды   болжау   және   ҚӘУЗ   буымен    зақымданған    ауаның
        қозғалыс  бағытын  анықтау  мақсатында   үздіксіз   метеорологиялық
        бақылау жасауға ерекше көңіл аударылады.
      ҚӘУЗ  зақымданған  аймақта   химиялық   барлау   ұйымдастырылады.   Ол
объектідегі ЖҚҚ тарта отырып,  химиялық  барлау  аспаптарымен     қамтамасыз
етілген, зақымданған  ошақты  тексеруден  бастайды  және  оған  ҚӘУЗ  –  дың
қаншалықты бар екендігі мен олардың  ауадағы  концентрациясын  және  топырақ
сынамасының сұрыпталуын анықтау кіреді.
      Зақымданған ошақта химиялық барлау жүргізу кезінде,  ҚӘУЗ  бары  әрбір
ғимараттарда   20-30   м   кейін,   үлкен   ғимараттарда   10-15   м   кейін
аныкқталады. ҚӘУ3  жиналуы  мүмкін  участкелерге  (жер  төле  ғимараттарына,
нашар желдетілетін жерлерге) ерекше көңіл аударылады. Ауаның сынамасын  ҚӘУ3
анықталған жерлерден, ҚӘУЗ сынамасын сұйық түрде олардың  тамған  жерлерінен
алады. Авария болған объекті аумағынан топырақтың сынамасы алынады.
      Өзін өзі тексеру сұрақтары
     1. Қатты әсер ететін химиялық заттар
     2. Химиялық зақымдану ошағына сипаттама
     3. Химиялық зақымдану ошағындағы іс – әрекет




Дәріс №7.  Биологиялық (биологиялық - әлеуметті) төтенше жағдай
      Билогоиялық қару, эпидемия, жұқпалы аурулар


      Жалпы сұрақтар
     1. Билогоиялық қару туралы түсінік. Эпидемия.
     2. Инфекциялық аурулар. Карантин және обсервация.
     3. Эпизоотия, Эпифитотия.
     4. Жұқпалы аурулардан сақтандыру.

      Билогоиялық қару туралы түсінік.  Эпидемия.  Биологиялық  қару  –  бұл
биологиялық заттармен жабдықталған, жеткізіп беретін құралы бар, арнайы  оқ-
дәрі мен әскери құралдар. Ол қарсыластың жаппай тірі  күшін,  ауылшаруашылық
малдары,   ауылшаруашылық   дәнді   дақылдарын   себуді,   кейбір   жағдайда
материалдарды бұзу  үшін,  қарулануға,  әскери  техникаға  және  жабдықтауға
арналған.
      Әскери  іс  -  әрекетте  биологиялық  қаруды  қолдану  енгізілсе,  оны
биологиялық соғыс деп атауға болады.
      Биологиялық қарудың талқандағыш әрекеті,  олардың  тіршілігіне  әрекет
ететін  патогенді  микробтардың  ауру  таратқыш  қасиетін  және  уытты  азық
түлікті қолдануға негізделген.
      Биологиялық қарудың негізгі талқандағыш іс-әрекетін, биологиялық құрал
құрайды – адамдардың ағзасына, малдарға, өсімдіктерге енген  жағдайда,  ауыр
жұқпалы ауруды (улану) тудыруға қабілетті,  әскери  пайдалану  үшін,  арнайы
таңдап алынған биологиялық уәкілдер.
      Патогенді микроағзаға – жұқпалы ауруды қоздырғыштар, мөлшері аз, түсі,
иісі, дәмі жоқ болғандықтан, адамның сезім мүшелерімен анықталмайды.
      Жұқпа ауруын қоздыратын микробтар:
      Бактерия – бұл  бір  клеткалы  микроағзалар,  ол  тікелей  түскен  күн
сәулесінен,   жоғары   температурадан,   дезинфекциялық   заттардан   жылдам
жойылады;
      Риккетсиялар – бұл бір клеткалы талшық тәріздес микроағзаға, олар тірі
ұлпалардың ішінде ғана көбейеді. Олар құрғақшылыққа, үсікке төзімді.
      Вирустар – қарапайым микроскопқа түспейтін өте майда микроағзалар. Тек
тірі ұлпада дамиды және көбейеді.
      Биологиялық  заттарды  қолдану  тәсілі:   аэрозольді,   трансмиссивті,
диверсиялық.
      Биологиялық, (биологиялық - әлеуметті) төтенше жагдай  -  белгілі  бір
аймақта  биологиялық  -  әлеуметті  төтенше  жағдай  көзі  шығуы  салдарынан
адамдардың өмір сүру мен қызмет жағдайы, ауылшаруашылық малдарының  тіршілік
етуі мен  өсімдіктердің  өсу  жағдайы  өзгеретін  қалып  және  бұл  жағдайда
адамдардың өмірі  мен  денсаулығына  қауіп  төнеді,  инфекциялық  аурулардың
кеңінен таралып  және  ауылшаруашылық  малдары  мен  өсімдіктерінің  шығынға
ұшырау қауіпі төнеді.
      Биологиялық (биологиялық - әлеуметті) төтенше жағдайдың шығу көздері -
адамдардың, ауылшаруашылық малдары мен өсімдіктердің аса қауіпті немесе  кең
таралған  ауруларға  шалдығуы,  соның   салдарынан   белгілі   бір   аймақта
биологиялық  -  әлеуметтік  төтенше  жағдайдың  тууы   немесе   пайда   болу
мүмкіндігі.
      Биологиялық   қауіп   –   адамдардың,   ауылшаруашылық   малдары   мен
өсімдіктерінің, қоршаған табиғи  ортаның  биологиялық  төтенше  жағдай  көзі
тудыратын немесе тудырған қауіптен қорғаныс жағдайы.
      Биологиялық  қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету  –  құқықтық   нормалардың
сақталуы,  санитарлы  –  гигиеналық   және   санитарлы   –   эпидемологиялық
ережелердің,  технологиялық  және  ұйымдастыру  –   техникалық   талаптардың
орындалуы,   сондай   –   ақ   адамдардың,   ауылшаруашылық   малдары    мен
өсімдіктерінің инфекциялық аурулармен  зақымдалуын  болдырмауға,  әлсіретуге
және жоюға бағытталған тиісті құқықтық, санитарлы – гигиеналық, санитарлы  –
эпидемологиялық, ұйымдастыру және техникалық іс – шаралардың жүргізілуі.
      Аса қауіпті инфекция  -  уақыт  пен  кеңістікте  күшейе  түсетін  және
адамдардың, ауылшаруашылық малдарының өмірі  мен  денсаулығына  ауыр  зардап
келтіретін, не  өлімге  алып  келетін  инфекциялық  ауру  түрінде  көрінетін
адамдардың немесе жануарлар ағзасының зақымдалу жағдайы.
      Инфекциялық аурудың қоздырғышы – адамның  немесе  жануардың  ағзасында
паразиттенуге  эвалюциялы  бейімделген  және  инфекциялық  ауруға  шалдығуды
тудыруға қабілетті патогенді микро ағза.
      Инфекциялық ауру қоздыргыштарының көзі —  табиғи  сақталу  және  көбею
процесі жүріп және сыртқы ортаға инфекциялық аурудың  қоздырғыштары  бөлініп
жатқан зақымдалған адамның немесе жануардың ағзасы.
      Эпидемия. Эпидемия  –  нақты  бір  аймақтағы  ауру  –  сырқаудың  саны
әдеттегі тіркелетін деңгейінен біршама асатын, уақыт пен  кеңістікте  күшейе
түсетін белгілі бір аймақта адамдардың жаппай инфекциялық ауруының  таралуы.
Эпидемия, ТЖ  ретінде,  зақымдалу  ошағы  мен  инфекциялық  аурумен  ауырған
адамдардың белгілі бір уақыт шегінде немесе территорияда тұруы, адамдар  мен
ауылшаруашылық  малдарының  инфекциялық  ауру   қоздырғыштарымен   зақымдану
мүмкіндігі. Эпидемияның әлеуметтік және биологиялық факторлармен  келісілген
негізінде эпидемиялық процесс жатыр, яғни инфекция  коздырғышының  үзіліссіз
берілу процесі және  дамитын  және  өзара  байланысты  инфекциялық  қалыптың
үзілмейтін тізбегі.
      Кейде аурудың таралуы пандемия сипатын алады, яғни белгілі бір  табиғи
немесе  әлеуметтік  –  гигиеналық  жағдайда   бірнеше   мемлекеттің   немесе
құрлықтың  аумағын  қамту.  Салыстырмалы  түрде  ауруға  шалдығудың   жоғары
деңгейі белгілі бір жерде ұзақ уақыт бойы тіркелуі мүмкін. Эпидемияның  тууы
мен  ағымына  табиғи  жағдайдағы  өтетін   процестермен   (табиғи   ошақтық,
эпизоотиялар және т.б.) қатар, ең  басты  әлеуметтік  факторлар  (коммуналды
жабдықталу, тұрмыстық жағдай, денсауық сақтау және т.б.) әсер етеді.
      Эпидемия кезіндегі  аурудың  сипатына  байланысты  инфекцияның  таралу
жолдары мынадай болуы мүмкін:
      •  су және ас арқылы, мысалы, дизентерия және іш сүзегі кезінде;
      • ауа – тамшылы (тұмау кезінде);
      • трансмиссивті – безгек пен бөртпе сүзек кезіңде;
           Эпидемия – адам үшін аса жойқын табиғи құбылыстардың бірі.


      Инфекциялық аурулар. Карантин және обсервация.
      ТЖ  -  ның   пайда   болуы   және   дамуы   көбінесе   зардап   шегуші
халықтың арасында індет аурулары мен жұқпалы аурулардың таралуын  арттырады.
Стихиялық апаттар мен техногендік сипаттағы апаттар        ошағында,  сондай
– ақ  әскери әрекет зоналарында  тіршілік  ету  жағдайы  бірден  төмендейді,
адамдардың көпшілігінде механикалық жарақаттар,  күйіктер  және  организмнің
табиғи  қарсы  тұруын  айтарлықтай  төмендететін  оттың   шарпуы,   күйзеліс
жағдайын туындатады. Халық  тұрғын  үйден,  элекр  жарығынан,  ішетін  судан
айрылады,                   санитарлық   –   гигиеналық   қызметтің   жұмысы
бұзылады. Азық – түлікті  ұйымдастыру  төмендейді.  ТЖ  кезінде  биологиялық
қарудың аса үлкен қоры аймаққа кең жайылып кетуі мүмкін.
      Мұндай       жағдайда        жарақаттанған        халық        төтенше
дәрігерлік – санитарлық  көмекті қажет етеді,  ұйымдастырудың  ең  радикалды
өзгерісі және басқару органдарының, емдеу – алдын   алу  мекемелерінің  және
санитарлық –  экономикалық  қызметтің  жұмыстарының  әдеттегі  ырғағы  талап
етіледі.  Індетке  қарсы  шаралар  медициналық  (емдеу  мекемелері,  төтенше
медициналық   көмек   орталықтары   және   т.б.)   және   медициналық   емес
(құтқарушылар,  халық  және  т.б.)  күштермен  және  қаражат  –  құралдармен
өткізіледі. Әрекеттердің келісілгендігін ұйымдастыру  үшін  әкімшілік  бірақ
бір  –  бірімен   байланыссыз  әртүрлі  атқарушылар,  жергілікті  жерлердегі
атқарушы органдардың жанынан құрамында әртүрлі ведомостардың  мамандары  бар
санитарлық – эпидамияға қарсы комиссиялар құрылады.  Індет  процесі  жұқпалы
аурулардан пайда болады. Сонымен қатар,  жұқпалы  аурулардың  таралуы  жалпы
сипаттамаға ие  болып,  уақыт  пен  кеңістіктің  белгілі  бір  шекараларында
эпидемологиялық ошақ қалыптастырылады. Зақымдау ошақтары  шекаралары  –  бұл
жалпы экономикалық көліктік байланыстары бар  қалалардың  шеттері  мен  елді
мекендер.
      Инфекциялық  аурулар,  соғысқа  қарағанда  адам  өмірін  көптеп   алып
кеткенін статистиканың өзі дәлелдеп отыр.  Деректер  мен  жылнамалар  орасан
зор  аумақты  қиратқан  және  миллиондаған   адамды   жойып   жіберген   жан
түршігерлік пандемияның сипаттамасын  біздің  заманымызға  дейін  жеткізген.
Кейбір инфекциялық аурулар тек адамдарға ғана тән: азиялық тырысқақ,  шешек,
іш сүзегі, бөртпе сүзек және т.б. Сондай – ақ  адам  мен  жануарларға  ортақ
аурулар да бар: топалаң, маңқа, сарып, туляремия және т.б
      Соңдай – ақ эпидемиялар, үлкен санды адам  өлімін,  елдерде  ашарлылық
жайлауын, үлкен аймаққа созылатын ірі құрғақшылық тудыратын  апатты  құбылыс
кезінде де орын алады.
      Инфекция жұғу ошағының пайда  болғанда  зақымданған  аймақта  карантин
немесе обсервация енгізіледі.
      Карантин – зақымдалу ошағын  қоршаған  халықтан  толығымен  окшаулауға
және ондағы инфекциялық  ауруды  жоюға  бағытталған  эпидемияға  қарсы  және
тәртіптік  іс  –  шаралардың  жиынтығы.  Ошақ   айналасында   қарулы   күзет
орнатылады, кіруге  және  шығуға,  сондай-ақ,  заттарды  алып  шығуға  тыйым
салынады. Жабдықтау арнайы пункттер арқылы, қатаң  медициналық  қадағалаумен
жүргізіледі.
      Обсервация – оқшаулау – шығу мен кіруге және қауіпті  деп  жарияланған
аумақтағы  адамдардаң  қарым  –  қатынас   жасауын   шектеуге,   медициналық
бақылауды күшейтуге, жайылудың алдын алу  мен  инфекциялық  ауруларды  жоюға
бағытталған шектеулі іс – шаралардың жүйесі. Обсервация  аса  қауіпті  топқа
жатпайтын инфекция қоздырғыштарын анықтаған  кезде,  сондай  –  ақ  карантин
аймағының шекарасымен тікелей жанасатын ауданда енгізіледі
      Көшіру, обсервация  және  карантин.  Бұл  шараларды  өткізуге  бақылау
жасауды   санитарлық   –    эпидемологиялық     қызмет    жүзеге    асырады.
Эпидемиологияға қарсы және емдеу – алдын   алу  шаралары          обсервация
кезінде мыналарды қарастырады:
      • сұрақ өткізу, жұқпалы ауруларды анықтау мақсатында жараланған  және
        зардап шеккен халықты тексеру;
      • оқшаулау, дәрігерлік көмек көрсету, ауырған  адамдарды  емдеу  және
        соңынан  апат  аймағының  сыртында   орналасқан   жұқпалы   аурулар
        ауруханасына жатқызу;
      • зардап шеккен халықтың арасындағы тұлғаларға,  жұқтырып  алу  қаупі
        бар құтқарушылар мен қызмет көрсетуші персоналдарға эпидемологиялық
        белгі бойынша шұгыл және ерекше алдын алу шараларын өткізу;
      •   денсаулық   сақтау   жүйесі   саласындағы    дәрігерлік    көшіру
        кезеңдерінде індетке қарсы жұмыс режимі;
      • күнделікті және қорытынды залалсыздандыру жүргізу, ал  қолдағы  бар
        көрсеткіштер бойынша – санитарлық  өндеу жасау.
      Обсервация  жасау  кезінде  өткізілетін  карантинді  белгілеу  кезінде
шаралар қосымша режимді шаралармен күшейтіледі, оларға жататындар:
      • халықтың басқа топтарынан оқшаулау мақсатында  халықтың  карантинге
        алынған топтары орналастырылған ауданды қоршауға алу және күзету;
      • карантин ауданын азық – түлік  тамақтарының белгіленген  режимімен,
        сумен жабдықтау  көздерін  күшейтуді  қамтамасыз  ету  үшін  арнайы
        коменданттық қызмет құру керек;
      •   апат    болған    ауданда    жұмыстарын    жалғастырып    жүрген,
        шаруашылықпен айналысудың  барлық  қажетті  объектілерін,  карантин
        аймағымен шекаралас жерде қанат жайған жіберу  және  жеткізіп  беру
        пункттері арқылы жабдықтау

       Негізгі инфекциялық аурулардың қоздырғыштарының қысқаша сипаттамасы,
                      обсервация және карантин мерзімі
|Қоздырғыш     |Орташа        |Аурудың      |Обсервация |Карантин мерзімі мен   |
|              |инкубацнялық  |айналасындарғ|мерзімі    |енгізу шарты           |
|              |кезең (тәулік)|а қауіпті    |(тәулік)   |                       |
|оба           |1-3           |өте қауіпті  |-          |6 тәулік               |
|тырысқақ      |1-3           |өте кауіпті  |-          |6 тәулік               |
|сібір жарасы  |1-3           |аз қауіпті   |8          |жаппай ауруға          |
|              |              |             |           |шалдыққанда және       |
|              |              |             |           |карым-қатынастық таралу|
|              |              |             |           |кезінде 8 тәулікке     |
|              |              |             |           |белгіленуі мүмкін      |
|бөртпе сүзек  |10-14         |педикулез    |23         |жаппай ауруға          |
|              |              |болған       |           |шалдыққанда және       |
|              |              |жағдайда     |           |педикулез болған       |
|              |              |қауіпті      |           |жағдайда 23 тәулікке   |
|              |              |             |           |белгіленуі мүмкін      |
|табиғи шешек  |13-14         |өте қауіпті  |-          |17 тәулік              |

      Әдетте  карантин   және   обсервация   мерзімін   аурудың   максималды
инкубациялық кезеңінің ұзақтығына байланысты белгілейді.  Оны  соңғы  ауруды
госпиталдау мен дезинфекцияның аяқталған кезеңнен санайды.
      Эпидемияның  алдын  алу  үшін  аймақтың,  сумен   қамту   жүйесі   мен
канализацияның тазалығын күшейту керек, халықтың санитарлы сауатын  арттыру,
гигиена ережелері сақталуы тиіс, азық –  түлікті  дұрыс  өндеу  және  сақтау
қажет,  қоздырғыштар  тасымалдаушылардың   әлеуметтік   белсенділігін   және
олардың сау адамдармен қарым – қатынасын шектеу қажет.


      Эпизоотия, Эпифитотия. Эпизоотия. Эпизоотия  -  белгілі  бір  аумақтың
шегінде бір мезгілде уақыт пен кеңістікте  дамитын,  белгілі  бір  аймақтағы
ауруға шалдығу денгейінің әдеттегі санынан айтарлықтай  асатын,  бір  немесе
бірнеше түрдегі ауылшаруашылық  малдарының  арасындағы  инфекциялық  аурудың
таралуы.
      Панзоотия – бірнеше ел және  материкті,  бүтін  бір  аймақты  қамтитын
үлкен территорияда ауылшаруашылық малдарының  арасында  инфекциялық  аурудың
бір мезгілде жаппай таралуы.
      Энзоотия  -  белгілі  бір  аймақтағы,  шаруашылықта   немесе   пунктте
малдарының арасындағы инфекциялық  аурудың  бір  мезгілде  таралуы,  аталған
аурудың  жаппай  таралуын  шектейтін  табиғи  және   шаруашылық-экономикалық
жағдай.
      Эпизоотиялық  ошақ  -  ауылшаруашылық  малдарының   инфекциялық   ауру
қоздырғыштарының  шыққан  орны.  Қоздырғыштардың  берілуін  болдырмау   үшін
аталған инфекцияларға шалдыққыш малдарды оқшаулайды.
      Эпизоотиялық жагдай – белгілі бір уақыт аралығында, нақты бір  аймақта
ауылшаруашылық малдарының инфекциялық ауруларының көп таралу жағдайы.
      Эпизоотиялыққа   қарсы   іс-шаралар   -   патогеңді    микроағзалармен
зақымданған ауылшаруашылық малдарының инфекциялық ауруларының  алдын  алуға,
табуға және жоюға бағытталған іс – шаралар жиынтығы.
      Эпифитотия. Эпифитотия - ауылшаруашылық  дақылдарының  жаппай  жойылуы
және олардың өнімділігінің төмендеуімен қатар жүретін уақыт  пен  кеңістікте
ауылшаруашылық өсімдіктерінің жаппай, біртіндеп күшейе  түсетін  инфекциялық
аурулары және өсімдік зиянкестері санының бірден өсуі.
      Энфитотия – белгілі аймақта көрініс табатын және бірнеше  жыл  болмашы
өзгеріп тұратын өсімдіктердің жаппай ауруға шалдығуы.
      Панфитотия – бірнеше ел немесе құрлық территориясындағы ауылшаруашылық
өсімдіктері зиянкестерінің  күрт  өсуі  және  өсімдіктерінің  жаппай  ауруға
шалдығуы.
      Өсімдіктердің зақымдауы – фитопатогеннің өсімдікке ену кезінен  бастап
аурудың пайда болуы.
      Өсімдік карантині – әбір елдің  тиісті  органдарымен  қойылатын  тасып
әкелінуден  елдің  өсімдік  қорын  корғау   және   карантиндік   нысандардың
жайылуының және басқа да аса қауіпті өсімдіктердің зиянды ағзаларының  алдын
алуға бағытталган мемлекеттік іс – шаралар жиынтығы.
      Өсімдік карантині бойынша мемлекеттік  қызмет  –  елдегі  іс-шараларды
ұйымдастыру   мен   олардың   жүзеге   асырылуын   қадағалау   міндеттелген,
орталықтандырылған  ведомствоаралық  мемлекеттік  органдар  мен   ұйымдардың
жүйесі.
      Өсімдікдік карантинінің пункті  –  шекаралық  көпірлердегі  және  өзен
порттарындағы,  әуежайлардағы,  теміржол  станцияларындағы,   тас   төселген
жолдардағы өсімдік карантинінің пункттері.


      Жұқпалы  аурулардан  сақтандыру.  Жұқпалы  ауруларға  қатысты  ескерту
шараларының кешені жұқпалылық барысының барлық үш  буынына  –  жұқпалы  ауру
көзіне, оның берілу жолына және организм қабілетіне бағытталған.
      Жұқпалы көзіне қатысты өткізілетін шараларға ауруды ертерек,  белсенді
және толық анықтау,  оларды  дер  кезінде  оқшаулау,  емханаға  жатқызу  мен
емдеу, ошақта дезинфекциялық шараларды жүргізу жатады.
      Жұқпалылық барысы екінші буынының – қоздырғыштың берілу жолының үзілуі
аса  маңызды,  сондықтан  ауруды  сақтандыруда  жеке   гигиена   тәртіптерін
сақтауға, халық  арасында  гигиеналық  дағдылар  мен  санитарлық  мәдениетті
сақтауға, сақтандыру және жұқпалылармен күрес шараларын жүргізуде  денсаулық
сақтау органдарына көмектесуге үлкен маңыз беріледі.
      Ауру ошағында азық түлік тағамдарының  сақталуына,  тамақтандыру  және
сумен жабдықтау нысандарының  санитарлық  күйіне,  азық  –  түліктің,  дайын
тағамдардың сақталуы мен тасымалдануына,  суды  пайдалануға,  сондай  –  ақ,
дезинфекциялық шаралардың толық жүргізілуіне ерекше санитарлық –  гигиеналық
бақылау қамтамасыз етіледі.
      Жұқпалы тізбегінің үшінші буынына халықтың  бейімділігіне  бағытталған
сақтандыру шаралары жұқпалы ауруларға қарсы жасанды имумунитет  жасау  болып
табылады. Ауру тудырғыш микроб әсеріне  организмнің  бейімделмеуі  иммунитет
деп аталады. Олар туа біткен (табиғи) және келе біткен  (жасанды)  иммунитет
болып бөлінеді.
      Туа біткен иммунитетке адамның тумасынан белгілі  бір  жұқпалы  ауруға
бой алдырмауы жатады.
      Келе біткен  иммунитетке  шалдыққан  аурудан  кейін  (қызылша,  табиғи
шешек) болмаса егу нәтижесінде (вакциналау) жасалады.
      Дезинфекция немесе зарарсыздандыру адамның қоршаған ортасында жұғымтал
ауру қоздырғыштарын жоюға бағытталған арнайы шаралар  жиыны.  Дезинфекцияның
жекелеген түрлеріне дезинсекция, яғни  жұқпалы  ауруды  тарататын  жәндіктер
мен  кенелерді  жою  және  дератизация  –  жұқпалылық   тұрғысынан   қауіпті
кеміргіштерді құрту жатады.
      Зарарсыздандыру мақсатына байланысты дезинфекция сақтандыру,  ағымдық,
қорытынды болып бөлінеді.
      Сақтандыру дезинфекциясы жалпы қоғамдық орындар  )асхана,  монша,  кір
жуу орыны, шаштараз, вокзал, вагон т.б.)  арқылы  жұқпалы  аурулардың  пайда
болу және таралу ықтималдығын ескерту мақсатында өтеді.
      Ағымдық дезинфекция жұқпалы аурудың таралуын ескерту мақсатында өтеді:
оны жұқпалы ауруға шалдыққандар жатқан емдеу мекемесінде өткізеді.
      Ақтық  дезинфекцияны  жұқпалы  дертке  шалдыққан  әкетілгеннен  кейін,
сауыққаннан сон немесе қайтыс болғаннан кейін жүргізіледі.
      Дезинфекцияға   тән   көрсеткіштерге   байланысты   зарарсыздандырудың
механикалық, физикалық және химиялық әдістерін қолданады.
      Механикалық әдіске бөлме мен орналасқан дүниені ылғалдап тазарту, киім
кешек пен төсек орынды қағу, шағ  сорғыш  көмегімен,  әктеу  арқылы  бөлмені
шаңнан тазарту жатады.  Залалсыздандырудың  механикалық  тәсілі  әлде  қайда
қарапайым және қолдануға мүмкіндік бар. Ол  сыпыру,  тазалау,  қағу,  барлық
мүмкін заттардың бәрін сабындап жуу, дымқылдап тазалау, ғимаратқа  таза  ауа
кіргізу және желдету, әр түрлі  жерлердегі  микроорганизмдерді  шаңсорғышпен
сорғызу, су мен ауаны фильтрлеу. Бұл тәсілдер  микробтардың  санын  азайтуға
ғана көмектеседі.
      Егер    залалсыздандыру     қоспаларына,     қайнақ     суға     шылап
механикалық тәсіл үйлесетін болса, залалсыздандыру тиімділігі артады.
      Қайнату      –      қайнаған       суға      бұзылмайтын      заттарды
заласыздандырудың қарапайым, қолайлы  және  сенімді  тәсілі.  Ол  ыдыстарды,
түкіргішті, дәретке отыратын орынды, іш киімдерді, орамалдарды,  халаттарды,
тамақтардың қалдықтарын залалсыздандыруға қолданылады.
      Көптеген  бактериялар  қайнаған  суда   сол   сәтте   –   ақ    немесе
           2 -  5  минутта  өледі.  Кейбір  вирустар  (гепатит  В,С),  сібір
жарасы  спорлары  (ұрықтары)  60  минуттан  кейін  өледі,   сіреспе,   делбе
ауруларының спорлары 3 сағаттан кейін, ал ботулизм (тамақтан  уланатын  ауыр
ауру) спорлары - 6 сағаттан кейін өледі. Қайнаған суға 2% -  дық  ас  содасы
ерітіндісін немесе сабын қосса оның залаласыздандыру әрекеті күшейеді.
      Жоғары температурада қыздыру барлық микроорганизмдерді,  соның  ішінде
олардың спорларын да өлтіреді.  Бұған  денеге  жіберілетін  металл  заттарды
(уколдың      инесі)      газ      отына      залалсыздандыру,       спиртке
матырылған  ыстық  тампон  (тығын)  жатады.  Шылапшындарды,  темір  заттарды
(қайшылар, тістеуіктер,  қысқыштар  және  т.  б.)  осылай  залалсыздандыруға
болады.
      От   құнды   емес    зақымдалған    заттарды:    макулатура,    қоқыс,
шүберектер, дәкілер т.б. өртеу үшін пайдаланылады.
      Физикалық әдіс пен құралдар  дезинфекцияның  қарапайым  және  ең  оңай
тәсілі болып табылады.  Олардың  санатына  күн  сәулесі  мен  ультра  күлгін
сәулесімен емделу, қоқыс пен құндылығы жоқ заттарды өртеу,  ыстық  су  бүрку
жатады.  Ультракүлгін  сәуле  (УКС)  үлкен   бактерицидтік   қабілетке   ие.
Ультракүлгін шамдарды жағу кесте бойынша қатаң  жүргізілуі  тиіс,  оны  үйде
барлығы білуі керек, өйткені ультракүлгін сәулелер ауруға соқтыруы мүмкін  -
көздің тез қарығуы, терінің күюі.  Шамның  жарығы  төбеге  немесе  қабырғаға
бағытталады.
      Күн сәулесі жақсы залалсыздандырады, бұл оның спектрінің ультра күлгін
бөлігіне байланысты.
      Залалсыздандырудың химиялық әдістері ауруды күту  кезінде        басты
залалсыздандыру тәсілі болып табылады.
      Хлор әгі – хлор  өткір иісі  бар,  ақ  кристалды  ұнтақ.  Хлор  әгімен
  залалсыздандыру хлордың бөлінуіне негізделген.  Хлор  әгі  ішек  аурулары,
ауа   инфекциялары,   зооноздар   (малдардан   жұғатын   аурулар),   сіреспе
ауруларында қолданылады.
      Кальций хлориді тұзының үштен екісі  — препарат,  хлорлы  әкке  ұқсас,
бірақ құрамында 50% дейін активті хлор бар. Ұзақ сақталына алады (2-3  жыл).
Хлорлы әк сияқты, 0,1% - 15%  концентрациясы  сәулелену  ерітіндісі  түрінде
қолданылады.
      Хлорамин (БХБ) – хлордың әлсіз исі бар ақ  немесе  сәл  сарғыш  ұнтақ.
Құрамында 30% дейін  белсенді  хлор  бар.  Өзінің  белсенділігін  30%  дейін
төмендетпей   жылдар   бойы   сақтала   алады.   Хлорлы    әктен    айырмасы
хлорамин  маталардың  бояуларын  бүлдірмейді.  0,2%  -  10%   концентрациялы
ерітіндісі  қолды,  щеткаларды,  асхана  ыдыс  –  аяқтарын  және  басқаларды
залалсыздандыру үшін қолданылады.
      Төтенше       жағдайлардың       салдарларын        жою        кезінде
санитарлық – гигиеналық  және эпидемияға қарсы шаралар  қолдану  қажет.  бұл
ауру ошағында да, сондай –  ақ   оған  жақын  аудандарда  да  кенеттен  және
жылдам індеттік жағдайлардың ушығуына байланысты.  Мұндай  жағдайда  апаттың
қираған және бұзылған ошағы  ретінде  және  соған  қалыптасуын  жалғастырушы
ретінде, гигиеналық  маңызды  объектілер  қатал  бақылауға  алынады.  Оларға
жататындар:
        • сумен жабдықтау және құбыр жүйесі;
        •  азық  –  түлік  өндірісі,  қоғамдық   тамақтандыру   және   сауда
          объектілері;
        • коммуналдық шаруашылық кәсіпорындары;
        • балалардың мектепке дейінгі мекемелері және мектептер;
        • зардап шеккен және зардап шекпеген тұрғын үй қорлары;
        • зардап шеккендер мен аурулар орналастырылған, емдеу –  алдын   алу
          мекемелері;
        • көшірілген халықты уақытша орналастыру орындары;
      Эпидемиологиялық ошақтан  орын  ауыстыру  кезінде  анықталған  жұқпалы
ауруды жұқтырушыларды қалған зардап шегушілерден        оқшаулайды.  Қауіпті
аймақтан аурулар мен саулардың  бірігіп  көшірілуі  олардыі  өміріне  сыртқы
қауіп төніп ұурған (өрт, су тасқыны және басқалар) кезде ғана жүзеге  асады.
Ауруларды сараптау уақытша ашылған немесе стационарлық  емдеу  мекемелерінде
жүргізіледі.
      Көшірудің барлық кезеңінде  жұқпалы  аурумен  ауырғандарды  екі  топқа
бөледі.
      Бірінші  топқа  –  байланысы  жоқ  (жұқпалы  емес)  немесе  бурцеллез,
туляремия, менингококты  ауру  сияқты  шағын  байланыстағы,  кейбір  түрлері
геморрагиялық безгек, ботулизм және басқа жұқпалы аурулар.
      Екінші топқа – аурулары айналасындағыларға қауіп  төндіретін  аурулар,
байланысы бар (жұқпалы) және өте тез жұғатын – оба, сібір жарасы, іш  ауруы,
тырысқақ, вирусты гепатит, қызамық, қызылша, Ласса безгегі,  Эбола  безгегі,
Марбург ауруы және тағы сондайлар.
      Дәрігерлік көмек алып жатқан  басқа  зардап  шегушілерден  бөліп,  екі
топтың   да   ауруларын    жеке    орналастырады    және    емдейді.    Дала
жағдайларында оларға арнап шатырлардан лагерь жасалады,  ол  ТЖ  жағдайларын
жою үшін тартылған адамдардың және басқа  зардап  шегушілердің  лагерлерінен
арақашықтығы қауіпсіз жерге орналасады.
      Апат       ауданындағы       алдыңғы       кезектегі        шаралардың
      бірі  –  тереңдетілген  санитарлық  –  эпидемологиялық   барлау  болып
табылады. Апат ауданындағы санитарлық – эпидемологиялық            іздестіру
– кұтқару  қызметі улы заттармен және патогенді микробтармен,  ауыз  суымен,
азық – түлік  тағамдарымен, сыртқы орта объектілерімен  және  зардап  шеккен
халықты қорғау жөнінде шаралар қабылдау, зақымданған адамдарды  дер  кезінде
анықтау мақсатында қадағалау және зертханалық бақылау ұйымдастырады.
      Нақты   шараларға   байланысты   апат   болған   ауданда   зертханалық
бақылау мен желілік бақылау міндеттері белгіленеді.
      Жергілікті жердің радиоактивті зақымдануы кезінде:
      • жергілікті жердегі радиация деңгейін анықтау;
      • ауыз суының ластануын, азық – түлік  тамақтарының, мал және өсімдік
        тағамдарының радиоактивтілігін анықтау;
      •  радиациялық  қорғау  шараларын  негіздеу  мақсатында  сыртқы  орта
        объектілері  мен  жергілікті  жердің   радиоактивті   зақымдануының
        адамдар үшін қауіптілігін бағалау;
      • азық – түлік  тағамдарына, шикізат пен ауыз суына оларды  пайдалану
        мен ішуте жарамды  екендіктері  туралы  тұжырым  жасауға  сараптама
        өткізу.

      Дератизация – әдістері, құралдары. Дератизация –  жұқпалы   аурулардың
көзі болып табылатын (оба,    туляремия  және  басқа)  кеміргіштерді  құрту.
Дератизация  жасау  үшін  биологиялық,  химиялық  және  механикалық  әдістер
қолданылады.
      Биологиялық   әдіс   хайуанаттар   (мысық,   ит   және    т.б.)    мен
бактериалды мәдениетке пайдалануға негізделген.
      Механикалық әдісте әр түрлі аулар және қысқыштар қолданылады.
      Жетекші   әдіс   химиялық    әдіс    болып    табылады.    Зооқумарин,
ратиндан, мырыш фосфады және жейтін жемдеріне қосып  беретін  тышқан  дәрісі
кеңінен  қолданылады.  Жер  асты  коммуникациялық  ғимараттарда  дератизация
кезінде газ тәрізді заттар қолданылады – нілдеткіш   қышқыл,  бромды  метил,
күкіртті газ және басқалар
      Кеміргіштерді жою үшін ұсынылатын химиялық зат.
      Зоокумарин – өзіне тән исі  бар  ақ  немесе  сұрғылт  ұнтақ.  Сақталуы
тұрақты. Суға ерімейді. Ацетонда жақсы ериді, спиртте  жаман,  эфирде  нашар
ериді.  Әрекеттің  созылуы  7  –  15  тәулік.   Қан   тамырларның   өткізгіш
қасиеттерін бұзып, қан кетуіне апарады.
      Ратиндан – көгілдір не басқа түсті (бояғыш  затқа  байланысты)  түссіз
ұнтақ. Сақталуы тұрақты,  суға  ерімейді.  Органикалық  еріткіштерде  ериді.
Әрекет етуінің ұзақтығы 5 – 8  тәулік. Қан тамырларның өткізгіш  қасиеттерін
бұзып, қан кетуіне апарады.
      Мырыш фосфады – сарымсақтың иісі бар  қою  –  сұрғылт  ұнтақ.  Сакқтау
кезінде  фосфорлы  сутек  бөле  отырып  біртіндеп  ыдырайды.  Суда  ерімейді
қышқылда тез ыдырайды. Әрекет етуінің ұзақтығы 2 – 3 тәулік.
      Монофторин  –  күлгін  түсті  кристалл,  сақталуы  тұрақты.   Спиртте,
ацетонда ериді, ыстық суда нашар ериді. Әрекет етуінің ұзақтығы 1 тәулік.
      Өлген      кеміргіштердің      сүйегін      мүмкіндігінше       жинап,
залалсыздандырып  барып  көмеді.  Егер  кеміргіштер  өте   қауіпті   жұқпалы
ауруларды тасушылар болып табылса, онда олардың  сүйектерін  тездетіп  өртеу
керек.  Эпидемологиялық  ошақта  жұмыс  істеу  және  өте   қауіпті   жұқпалы
аурулармен ауыратын аурулармен байланыста болу кезінде  қорғану  костюмдерін
кию керек.

      Өзін өзі тексеру сұрақтары
     1. Билогоиялық қару туралы түсінік. Эпидемия.
     2. Инфекциялық аурулар. Карантин және обсервация.
     3. Эпизоотия, Эпифитотия.
     4. Жұқпалы аурулардан сақтандыру.



      Дәріс №8. Өртке қарсы шаралар


        Жалпы сұрақтар
       1. Өрт қауіпсіздік ережелері.
       2. Өртті болдырмау шаралары.


      Өрт қауіпсіздік ережелері. Өрттер мен  жаралыстар  техногенді  төтенше
жағдайлардың кең таралған және аса қауіпті көздерінің бірі болып табылады.
      Өрт  –   адамдардың   өміріне   қауіп   тудыратын   және   материалдық
құндылықтардың жойылуымен қатар жүретін  бақылаусыз  жану  процессі.  Өрттер
орасан зор экономикалық шығын келтіруге қабілетті.
      Өрт қауіпсіздігі  -  халықтың,  шаруашылық  және  басқа  да  бағыттағы
нысандардың, сондай – ақ  қоршаған  табиғи  ортаның  қауіпті  факторлар  мен
өрттің ықпалынан қорғаныс жағдайы.
      Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету— нормативті құқықтық  актілерді,  өрт
қауіпсіздігінің ережелері мен талаптарын қабылдау және сақтау, сондай  –  ақ
өртке қарсы  іс – шараларды жүргізу.
      Нысанның өрт қауіпсіздігі — регламенттелген мүмкіндікпен  өрттің  тууы
мен дамуы және адамдарға өрттің қауіпті факторларының әсер  ету  мүмкіндігін
болғызбау кезіңдегі нысанның жағдайы,  сондай–ақ  материалдық  құндылықтарды
қорғау қамтамасыз етіледі.
      Өрт қаупі - қандай да бір затқа, жағдайға  және  процесске  бекітілген
өрттің  пайда болу және  даму  мүмкіндігі.  Дұрысында,  өрттер  жанғыш  және
жарылыс қаупі бар заттардың жарылысымен қатар жүреді.
      Өрт қауіпсіздігінің  талаптары  -  өрт  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету
мақсатында       күші       бар       заңдар       жиынтығында        немесе
нормативті  –  техникалық   құжаттарда   арнайы   өкілеттенген   мемлекеттік
органдармен  бекітілген,  арнайы  шарт  немесе  ұйымдастыру  және   (немесе)
техникалық сипаттағы ереже.
      Өртке қарсы іс-шаралар - өртке қарсы режимінің сақталуына, өртті алдын
ала  болдырмауға  және   жылдам   сөндіруге   жағдай   жасауға   бағытталған
ұйымдастыру мен техникалық сипаттағы іс – шаралар.
      Өртке қарсы режим - өрт  қауіпсіздігін  қамтамасыз  етуге  бағытталған
адамдардың іс - әрекетінің, жұмысты орындау мен нысанды  (өнімді)  пайдалану
ережесінің бекітілген жиынтығы.
      Өрт қорганысы - адамдардың өмірі мен денсаулығын, шаруашылық нысандары
мен қоршаған табиғи ортаны өрттер алып келетін төтенше  жағдайлардан  қорғау
мақсатында бекітілтен тәртіппен құрылған, басқарушы органдарды,  күштер  мен
құралдарды біріктіруші өрт қауіпсіздігі жүйесінің негізгі бөлімі.
      Өрт жаралыс қауіпті нысан – техногенді төтенше жағдайдың тууына  нақты
қауіп – қатер  тудыратын  тез  тұтанатын  және  жарылыс  қауіпі  бар  заттар
өндірілетін, пайдаланылатын,  өнделетін,  сақталатын  немесе  тасымалданатын
нысан.
      Өрт   -  бұл  адамдардың  өмірі  мен  денсаулығына  және   материалдық
құндылықтардың жойылуына алып келетін, бақылаусыз жану процесі.  ТЖ-ның  кез
келген көзі секілді өрттің  де  зақымдаушы  факторлары  бар.   Олар:  түтін,
уытты  газдар,  жоғары  температура,   конструкциялардың   қирауы,    тоқпен
зақымдану.
      Өрттер орасан зор экономикалық шығын келтіруге қабілетті.  Өндірістегі
мекемелерде,  оқу  орындарында,  т.б.  нысандарда  жиі  кездесетін   өрт   –
жарылыстың себептері әр түрлі. Олар  өндірісті  орналастыруға,  ережеге  сай
пайдалануға, техникалық тәртіпті  сақтауға  байланысты.  Жанудың  алдын  алу
үшін, ең алдымен оның сипаттамасы мен түрлерін таныстырып өтейік.
      Өрт – бұл адамдардың, хайуанаттардың  қаза  болуына  және  материалдық
құндылықтардың жойылуына алып келетін, бақылаусыз жану процесі.  Өрт  барлық
жерлерде:   өнеркәсіп   орындарында,   ауылшаруашылық   нысандарында,    оқу
орындарында, мектепке дейінгі балалар мекемелерінде  және  тұрғын   үйлерде,
сондай-ақ көліктің барлық түрімен жүк тасымалдау кезінде болады.
      Өрттің шығуына отты бейғам пайдалану, өрт қауіпсіздігі  ережесін  бұзу
себеп  болып  табылады.  От  сөндірілмей  қалған  сіріңкеден  немесе  темекі
қалдығынан, сөндірілмеген алаудан,  атылғаннан  кейін  құрғақ  шөпке  түскен
ыстық  патроннан,  орманда  ақаулы   техниканы   пайдаланудан   және   басқа
себептерден тұтанады. Өрттің біразы адамның кінасынан,  найзағайдың  соққысы
әсерінен құрғақ ағаштың  жанынан,  басқа  себептерден   (күн  түсетін  жерге
лақтырылған шыны сынығы) күн сәулесін өзіне  тартып,  қатты  қызған  болады.
Өртті жайылтпай және тоқтату әдістері көптеген факторларға  байланысты:  өрт
түрі, ошақ  көлемі,  метеорологиялық  жағдай,  жердің  сипаты,  өрт  сөндіру
күшімен құралдарының деңгейі.
      Өрт  ошағын  жайылтпау  үшін  өрт   сөндіретін   затттар   қолданылуы,
кедергілердің жасалуы, газ алмасуы өзгертілуі мүмкін.
      Үлкен өртті сөндірудің басты әдістері:  жалынның  жолына  кедергі  қою
немесе  ор  қазу  (техникамен  немесе  жарылыспен),  алдыңғы   жағын   өртеу
(күйдіру), ыстық шоқты сумен немесе химиялық  затпен  сөндіру  (оның  ішінде
ұшақпен) және басқалар.
      Практика өрттің шығуын болдырмау  жөніндегі  шаралар  жүргізуі  онымен
күрестен гөрі оңай және арзан екендігін көрсетеді.
      Өрттен сақтандыру – оны ескертуге, өрттен  болатын  залалды  болдырмау
және оны табысты сөндіру үшін жағдай жасауға бағытталған шаралар кешені
      Әр бір тосын жағдайда шақыратын-101 өрт қызметі телефонын білуге тиіс.
Егер  лифтінің  ішінде  қалсаңыз  еш  уақытта  абдырамаңыз,  өйткені  арнайы
тежегіштер (ұстаушы)  жүйесінің  арасында  лифтінің  шахтаға  құлауы  мүмкін
емес. Лифтінің кез – келген жылдамдығында ол автоматты түрде жұмыс істейді.
      Лифтіні тек өрт кезінде ғана емес, тіпті подъезде түтін  болса,  жақын
жерде қоқыс  иістенсе  пайдалану  да  аса  жағымсыз.  Мұндай  жағдайда  лифт
шахтасы сорғыш құбыр ретінде жұмыс  істейді.  Тіпті  от  аймағына  түспей-ақ
жанған азық – түлікпен уланып қалуға болады.
      Тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігі. Жыл сайын өрттердің басым көпшілігі
тұрғын үй секторларында болады.
Жеке  меншік  үйлердегі  техногендік  себептермен  (эл.  жабдықтар,  пештер)
болатын өрттер,  негізінен,  20  жыл  бұрын  тұрғызылған  ескі  құрылыстарда
болатындығын есепке алу керек. Мұндай үйлердің иелерінің көп  жағдайда  жылу
жүйелері мен эл. жабдықтарын жарамды қалыпта ұстауға материалдық  жағдайлары
жоқ.
      ШҚО ТЖД тұрғын үйлерде болатын өрттер  көбінесе  отпен  абайсыз  болу,
балалардың отпен ойнауы,  мас  күйінде  шылым  шегуде  абайламау  және  т.б.
себептерден болатынын еске салады.   Отпен  абай  болыңыз,  өрттердің  алдын
алыңыз.
      Халық тығыз  орналасқан  орындарда  өрт  болса,  адамдар  жаппай  қаза
табады. Өрттің  негізгі  себептері:  электр  торабындағы  бұзылулар,  газдың
шығуы,  тоққа  қосылып  тұрған  электр  құралдарының  жануы,   сөндірілмеген
шырпылар  мен  темекі  қалдықтары,  отқа  бейқам,  бейберекет   қарау,   өрт
қауіпсіздігін сақтамау.
      Халық баршаға белгілі өрт қауіпсіздігінің ережелерін сақтау керек.
      Өртті  болдырмау  шаралары.  Өрт   елді-мекендегі   ғимараттар,   ағаш
көпірлер, электр желілері мен ағаш бағаналардағы  байланыс,  мұнай  өнімдері
қоймаларында және басқа  материалдар  мен  адамдар,  ауылшаруашылық  малдары
өртке  шалдығуы  мүмкін.  Орман  алқабындағы  шөптерден,  бұталардан,   ағаш
түбіртектерінен, шырпылардан өрт  шалады.  Ауа-райы  құрғақ  болған  жылдары
жоғарғы  өрт  желдің  есебінен  ағаштардың  ұшар  басынан  қоқан   жапырақты
ағаштарын өрт шалады.  Төменгі  өрт  тарау  жылдамдығы  минутына  0,1-ден  3
метрге дейін, ал жоғарғы өрт желдің бағытына қарай 100 метрге дейін  жетеді.

      Торф пен ағаштардың тамыры жанғанда жер асты өрті  жан-жаққа  тарайды.
Торф өзінен-өзі ауасыз суда да жана береді.
      Орманда жүргенде есіңізде болсын:
      • Қоқыс пен оттықты тастамаңыз;
      • Отты таратпаңыз және қоқысты өртке қауіпті жерлерде жақпаңыз;
      • Абай болыңыз! Отты таза алаңда жағыңыз;
      • Дем алған жерден кетерде отқа су  құйып  немесе  топырақпен  жауып,
        толық өшіріп кетіңіз;
      • Орманда майланған немесе бензин сіңіп қалған маталарды қалдырмаңыз;
      • Бөтелкенің жәшігі мен сынған бөтелкелерді қалдырмаңыз. Күн  сәулесі
        түсіп өртке айналуы мүмкін;
      • Жаңа басталған өртті сумен,  ағаштың  жапырақты  бұтақтарымен  және
        топырақ тастау арқылы өшіріңіз.
      Ескерту шаралары: Өрт қауіпсіздігін сақтау  мақсатында  алдын-ала  жол
салу шаралары жүргізіледі. Орманның ішінен ағашы кесіліп салынған жол  жасау
және тас төсеп орманда ені  5-10 м, ал  қылқан  жапырақты  орманда  50  м-ге
дейін. Елді-мекендерде су көздері мен тоғандар  30  куб  метр  1  га  алаңға
есеппен  жүргізіледі.  Орманға  жақын  елді-мекендерде  тоғандарды  уақытылы
тазалау, су толтырып қою 1м-ден жоғары орман ағаштарына 10  л  су  есебімен,
құдықтар  мен  тоғандарды  қайта  -  қайта  жөндеу,  тыныс  алу   органдарын
респираторлар мен басқа да  жабдықтармен  қамтамасыз  ету  және  құрғақшылық
уақытта орманға баруды тоқтату (әсіресе көлікпен). Егер сіз орман  алқабында
немесе торфқа жақын жерде, өртке жақын жерде болсаңыз  өз  күшіңізбен  өртті
сөндіруге,  әліңіз  жетпесе,  өрт  болып  жатқан   қауіпті   аймақтан   шығу
керектігін ескертіңіз. Жолға, алаңға, өзеннің жағасы мен  судың  айналасына,
егістікке  шығуын  ұйымдастырыңыз.  Қауіпті  аймақтан  тез   өрт   қимылының
бағытына перпендикуляр шығыңыз. Егер мүмкін болмаған жағдайда  суға  кіріңіз
немесе су киімді жамылыңыз. Өрт болған жерден шыққаннан  кейін  тұрған  жері
өрттің көлемі туралы мекен-жайдың  әкімшілігі  мен  орман  шаруашылығы,  өрт
сөндіру  қызметіне  хабарлау  қажет.  Өртті  сөндіруді  ұйымдастыру   керек.
Төменгі өртті су құйып, ылғалды топрақтармен,  аяқпен  тастап  өшіру  керек.
Торфтағы өртті ыстық торфты аударып, су құю арқылы өшіру керек.

      Тұрмыстағы өрт пен  жарылыстың  алдын  алу  туралы  халыққа  нұсқаулар
жүргізу
      Өрт қауіпсіздігін сақтау  және  өрт  кезіндегі  ұтымды  әрекеттер  өрт
қаупін  төмендетуге  әсерін  тигізеді,  адамдар  мен  мүліктерді   құтқаруға
көмектеседі. Нысан ұқызметкерлері өрт және жарылысты болдырмау үшін  нысанда
бекітілген  өрт  қауіпсіздігі  ереже,  нормалары  және  Еңбек  қорғау   және
қауіпсіздік техникасы нұсқауларына сай әрекет жасайды.
      Жұмыстағы жарылысты және өртті болдырмау үшін және олар  пайда  болған
жағдайда өмір мен мүлікті сақтап қалу мақсатында  келесі  ережелерді  сақтау
керек:
      • үйде тез тұтанатын сұйықтар  мен  жарылғыш  заттар  сақталуына  жол
        бермеу;
      • аз мөлшердегі тез тұтанатын сұйықтар мен жарылғыш  заттарды   тығыз
        жабылатын қақпақты ыдыста, қыздыру құралдарынан алыс  жерде  сақтау
        керек. Соққыға , шайқалуға, төгілуге мүмкіндік бермеу;
      • бояу, лактарды, аэрозольдерді ашық отта қыздырмау, бензинмен жумау;


      • баспалдақтар мен өрт жолдарын жиһаз және т.б. заттармен толтырмау;
      • электр құралдарын жарылғыш заттарға жақын қоймау;
      • бөлмелердің  электр  жабдықтарын  бұзылмаған  күйде  ұстау,  электр
        қыздырғыштарын,  қосып  қалдырмауға  ,  электр  желісңн   өте   көп
        жүктемеу;
      • шылым шеккенде және ашық от пайдаланғанда  қауіпсіздікті сақтау;
      • өрт сөндіргіш баллонды пайдалану ережелерін білу,  зақымданғандарға
        алғашқы медициналық көмек көрсету ережелерін білу.
      Өрт кезінде адамдарға ауаның  жоғары  температурасы,  түтін,  көміртек
оксидінің концентрациясы ең жоғары қауіптудырады. Мұндай жағдайда  адамдарды
құтқару және өртті сөндіру кезінде келесі ережелерді сақтау керек:
      • жанып жатқан бөлмеге кірер алдында басты су орамалмен жабу;
      • түтінге толы бөлмені ашқанда таза ауа  әсерінен  жалынның  өрщуінен
        сақтану;
      • түтінге толы бөлмеде еңбектеп жүру;
      • жанып жатқан киімді сөндіру үшін оның бетін мықтап жабу;
      • жерге домалап, отты сөндіру, жүгіруге болмайды;  өртті  сөндіргенде
        өрт сөндіргіш құралдарды, өрт  крандарын,  су,  құм,  топырақ  және
        т.б.заттарды пайдалану;
      • электр желілері жанғанда алдымен желіні ажырату керек;
      • егер қоғамдық орындарда өрт дабылы қағылса, жылдам нысаннан шығу;
      • жанып жатқан ғимараттан эвакуациялау  кезінде  негізгілермен  қоса,
        қосымша жолдар мен сатыларды пайдалану керек.

      Өзін өзі тексеру сұрақтары
     1. Өртті болдырмау шаралары
     2. Тұрмыстағы өрт пен жарылыстың алдын алу туралы халыққа нұсқаулар
        жүргізу
     3. Өрт кезіндегі іс әрекет


      Дәріс №9 Тұрғындарды қорғау


      Жалпы сұрақтар
     1.  Тұрғындарды  қорғау  бойынша  шаралар  өткізу  кезеңдері.  Негізгі
        принцптері.
     2. Инжененрлік шаралар.
     3. Тұрғындарды эвакуациялау.


      Тұрғындарды  қорғау  бойынша   шаралар   өткізу   кезеңдері.   Негізгі
принцптері.  Бейбіт  және  соғыс  уақытындағы  төтенше  жағдайда  адамдардың
қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша іске асырылатын халықтың  қауіпсіздігін
қамтамасыз  ету  шаралары  біздің  республикамызда  ең  басты  мақсат  болып
табылады.
      Халықты қорғау қағидасы – бұл бейбіт және  соғыс  уақытындағы  төтенше
жағдайда халықты қорғау тәртібін анықтайтын ҚР Үкіметі белгілеген ереже.
      Халықты бейбіт уақыттағы төтенше жағдайдан және осы  заманғы  зақымдау
құралдарынан қорғау, қорғаудың негізгі үш тәсілі арқылығ, кешенді  шараларды
өткізумен іске асырылады:
      • Қорғаныс ғимараттарына адамдарды жасыру;
      • Тұрғындарды көшіру мен бытыраңқы орналастыру;
      • Халықтың өзін - өзі қорғау құралдары мен қамтамасыз ету.
      Халықты қорғаныс ғимараттарына жасыру  халықты  осы  заманғы  зақымдау
құралдарынан,  әсіресе  жау  шабуылының  қауіпі  туған  жағдайда  қорғанудың
негізгі  және  ең  сенімді  әдісі.  Қорғаныс  ғимараттары  –  бұл  панахана,
радиациядан қорғау орындары және қарапайым панаханалар.  Халықты  панаханаға
жасыру арқылы қорғаудың ең басты жолы – қорғаныс ғимараттарын әрдайым  дайын
ұстау. АҚ  дабылы  болғанда  халықты  тезірек  панаханаларға  кіруге  оқыту.
Сондай – ақ, ТЖ болғанда панаханалар мен   радиациядан  қорғайтын  орындарды
басқару пунктері ретінде де қолдана алады.
      Халықты көшіру, әсіресе бейбіт уақытта болғанда ТЖ-ға  сонымен  қатар,
соғыс уақытында қала тұрғындарын осы заманғы зақымдау құралдарынан  қорғауға
тән. Халықты  жеке  қорғаныс  құралдарымен  қамтамасыз  ету.  Жеке  қорғаныс
құралдары  радиоактивтік,  улағыш,  қатты  әсер  ететін   улы   заттар   мен
бактериалды құралдардың ағзаға, теріге және киімге түсіп  кетуінен  қорғауға
арналған.
      Олар төмендегідей бөлінеді:
      • Тыныс алу органдарын қорғау құралдары  (ауаны  сүзетін  және  ауаны
        кіргізбейтін  газқағарлар,  респираторлар,  шаңнан  қорғайтын  мата
        маскасы (ПТМ – 1) және мақта мата таңғышы);
      • Теріні қорғау құралдары (арнайы оқшаулап қорғайтын киім)
      Жеке қорғаныс құралдарын қолдану – халықты қорғаудағы басты шаралардың
бірі.
      Халықты қорғау  Республикамыздағы  АҚ  –  ның  басты  міндеті,  себебі
адамдар  –  ең   жоғары   құндылық   болып   табылады,   сондықтан   олардың
қауіпсіздігін қамтамасыз ету – бейбіт және соғыс уақытындағы  ТЖ  алдын  алу
мен іс –  қимылдар  бойынша  Қазақстан  Республикасы  Мемлекеттік  жүйесінің
барлық шараларының басты мақсаты.

      Инжененрлік шаралар. Тұрғындарды эвакуациялау.
      Халықты  инженерлік  қорғау  шаралары:  алдын  ала  бүкіл   республика
аумағында; экономикалық  және  әлеуметтік  даму  жоспарларымен  бірге;  жеке
жүргізіледі. Панахана АҚ топтарына жатқызылған қалаларда  және  аса  қажетті
нысандарда тұрғызылады. Радиациядан қорғайтын панаханалар  –  қала  сыртында
(қауіпсіз аймақта) салынады. Халық қорғаныс ғимараттарын  дұрыс  пайдалануға
үйрену қажет, халыққа хабарлау жүйесі АҚ дабылы мен  ТЖ  қауіпі  пайда  болу
кезіндегі іс-әрекетті беру  жөніндегі  ақпаратты  беруге  тұрақты  даярлықта
болуы тиіс.
      Қорғаныс  ғимараттары  -   бұл  инжерелік  ғимараттар,   ол   халықтың
радиоактивтік, химиялық, бактериалдық және  жарылғыш  заттармен  зақымдануын
төмендетуге арналған.
      Эвакуация - адамдардың өмірін сақтау  және өндірістің  жұмыс  істеуіне
жағдай жасау  мақсатында  халық  пен   материалдық   құндылықтарды   төтенше
жағдайлар аймақтарынан  және  осы  заманғы  зақымдау   құралдары  қолданылуы
мүмкін  аудандардан  ұйымдасқан  түрде әкету шығару.
      Эвакуацияланған   барлық   халық   қауіпсіз   аймаққа  орналыстырылған
пункттерде   тіршілік   қызметіне   қажеттілермен   аз   шамада   қамтамасыз
етілуге  тиіс.
      Төтенше жағдай  тәртібін  енгізе   отырып,  соғыс  кезінде,  сондай-ақ
табиғи және   техногендік   сипаттағы  төтенше  жағдайларда   эвакуациялауды
Қазақстан  Республикасы Үкіметінің  шешімі   бойынша   жергілікті   атқарушы
органдар, ұйымдар  жүргізеді.
      Халықты  эвакуациялау   сабақтас    тәсілмен-халықты    жаяу    немесе
көліктің  барлық  түрімен көп  мөлшерде әкетуді   үлестіру   жолымен  жүзеге
асырылады.
      Төтенше жағдайлар  қауіпі  туындағанда  халықты  қауіпті   аймақтардан
қауіпсіз жерлерге  уақытша көшіру  жүзеге асырылады.


      Өзін өзі тексеру сұрақтары
     1. Тұрғындарды қорғау бойынша шаралар өткізу кезеңдері.
     2. Негізгі принцптері.
     3. Инжененрлік шаралар.
     4. Тұрғындарды эвакуациялау.


      Дәріс №10. Экстремальды  жағдайлар кезіндегі халықтың іс әрекеті

      Жалпы сұрақтар
     1. Табиғи және техногенді сипаттағы ТЖ халықтың іс әрекеті.
     2. Ланкестік акт кезіндегі халықтың іс әрекеті

      Табиғи  және  техногенді  сипаттағы  ТЖ  халықтың  іс   әрекеті.   Жер
сілкінуіне дейін: Жағдайды көз алдыңызға елестетіңіз:  қатты  жер  сілкінісі
болған кезде егер сіз жұмыста,  үйде,  ал  балаларыңыз  сол  кезде  мектепте
немесе балалар бақшасында  болса?  Өзіңіз  бен  отбасы  мүшелерінің  осындай
жағдай бола қалған кезде жете зерттеңіз: тығылу үшін ең қауіпсіз жер  қайда,
жер сілкінісі біткеннен кейін қай жерде кездескен дұрыс т.б.  Сіздің  алдын-
ала құрған «сценариіңіз» апат болған жағдайда көмекке келеді.
   Алдын-ала дайын болыңыз:
    • Рюкзак немесе сөмкеңізді құжаттар;
    • Үш күнге жететін тамақ пен су;
    • Алғашқы медициналық дәріханасы мен медикаменттер;
    • Жылжымалы электр фонары мен сіріңке;
    • Жылы киім мен аяқ киім.









       Алғашқы жер сілкінісі кезінде :


    • Есте сақтаңыз: жер сілкінісі басталған кезде үрейленбеңіз және
   басқалардың да үрейленуіне жол бармеңіз;
    • Газ, су және жарықты сөндіріңіз;
    • Жер сілкіну төменгі баллмен жай болса, онда қорықпаңыз, сол
   жерде тұрыңыз, яғни күтіңіз.


      Егер күшті жер сілкінісі болған кезде сіз үйдің ішінде болсаңыз (дүмпу
   күші бес және одан жоғары болса):
    • Екінші  және  одан  да  жоғары  қабатта  болсаңыз  ол  жерден  ешқайда
      кетпеңіз;
    • Ішкі қабырғаның қауіпсіз жеріне, бұрышқа, есіктің  жақтауына,  ваннаға
      жатыңыз;
    • Кереуеттің, столдың астына кіріңіз, себебі бұлар сізді құлайтын заттар
      мен сынықтардан қорғайды.  Өзіңізді  ауыр  жиһаздар  мен  терезелерден
      аулақ ұстаңыз;
    • Лифтіні пайдаланбаңыз.





                            Егер көшеде болсыңыз:
    • Ғимараттар мен электр желілерінен алшақ, ашық алаңда тұрыңыз,  үзілген
      электр желілерінен алшақ тұрыңыз;
    • Ғимараттың алдың кесіп өтпеңіз және оған кірмеңіз.

                     Егер автокөліктің ішінде болсаңыз:
    • Ашық алаңда қалыңыз жер сілкінісі біткенше көлік ішінде болыңыз

      Есте болсын. Жер сілкінісі  кезінде  жер  жарылып,  адам  өлімі  сирек
   кездеседі. Жер сілкінісі кезінде  мынадай  жағдайларда  бақытсыздық  орын
   алады:
    • Ғимараттардың кейбір бөліктерінің қирауы;
    • Сынған терезелердің құлауы;
    • Үзілген электр желілері;
    • Пәтердегі ауыр заттардың құлауы;
    • Өрт;
    • Үрей кезінде бақылаусыз қалған адамдардың мінез-құлқы.
      Егер сіз алдын-ала қауіпсіздік шараларын сақтасаңыз, құрбан болу  саны
   аз болары сөзсіз.

                            Жер сілкінісен кейін:
    • Қажет адамдарға алғашқы жәрдем көмегін көрсетіңіз;
    • Зардап шеккендерді үйіндіден шығаруға көмектесіңіз;
    • Радиоқабылдағышты қосыңыз;
    • Суды, газды, жарықты мүмкіндік болса өшіріңіз;
    • Ашық отты пайдаланбаңыз;
    • Өте сақ болыңыз, ғимаратты  тез  арада  босатыңыз,  яғни  басқа  жаққа
      барыңыз.

                             Назар аударыңыздар!
                         Радио үнемі қосулы тұрсын!
              Төтенше жағдайлар қызметінің дабылын тыңдаңыздар!

                                     Өрт
    • Отпен жұмыс істегенде абай болуға;
    • Балалардың отпен жұмыс істеген кездегі қырсыздығына;
    • Қоқысты үйге, аулаға, орманды жерлерде өртеуге;
    • Автокөліктен шыққан жалынға;
    • Күн күркірегендегі найзағайларға;
    • Майланған материалдың үйкелісіне;
    • Күн сәулесінің әйнектен өткен нүктесі.

   Өрт елді-мекендегі ғимараттар, ағаш көпірлер, электр  желілері  мен  ағаш
бағаналардағы байланыс, мұнай өнімдері қоймаларында және  басқа  материалдар
мен  адамдар,  ауылшаруашылық   малдары   өртке   шалдығуы   мүмкін.   Орман
алқабындағы шөптерден, бұталардан,  ағаш  түбіртектерінен,  шырпылардан  өрт
шалады.  Ауа-райы  құрғақ  болған  жылдары  жоғарғы  өрт   желдің   есебінен
ағаштардың ұшар басынан қоқан жапырақты ағаштарын өрт  шалады.  Төменгі  өрт
тарау жылдамдығы минутына 0,1-ден 3 метрге  дейін,  ал  жоғарғы  өрт  желдің
бағытына қарай 100 метрге дейін жетеді.
      Торф пен ағаштардың тамыры жанғанда жер асты өрті жан-жаққа тарайды.
      Торф өзінен-өзі ауасыз суда да жана береді.

                      Орманда жүргенде есіңізде болсын:
    • Қоқыс пен оттықты тастамаңыз;
    • Отты таратпаңыз және қоқысты өртке қауіпті жерлерде жақпаңыз;
    • Абай болыңыз! Отты таза алаңда жағыңыз;
    • Дем алған жерден кетерде отқа су құйып немесе топырақпен жауып,  толық
      өшіріп кетіңіз;
    • Орманда майланған немесе бензин сіңіп қалған маталарды қалдырмаңыз;
    • Бөтелкенің жәшігі мен сынған  бөтелкелерді  қалдырмаңыз.  Күн  сәулесі
      түсіп өртке айналуы мүмкін;
    • Жаңа  басталған  өртті  сумен,  ағаштың  жапырақты  бұтақтарымен  және
      топырақ тастау арқылы өшіріңіз.

      Ескерту шаралары:
      Өрт  қауіпсіздігін  сақтау  мақсатында  алдын-ала  жол  салу  шаралары
жүргізіледі. Орманның ішінен ағашы  кесіліп  салынған  жол  жасау  және  тас
төсеп орманда ені  5-10 м, ал қылқан жапырақты орманда 50 м-ге дейін.  Елді-
мекендерде су  көздері  мен  тоғандар  30  куб  метр  1  га  алаңға  есеппен
жүргізіледі. Орманға жақын елді-мекендерде тоғандарды уақытылы  тазалау,  су
толтырып қою 1м-ден жоғары орман ағаштарына 10 л су есебімен,  құдықтар  мен
тоғандарды қайта - қайта жөндеу,  тыныс  алу  органдарын  респираторлар  мен
басқа да  жабдықтармен  қамтамасыз  ету  және  құрғақшылық  уақытта  орманға
баруды тоқтату (әсіресе көлікпен). Егер сіз орман  алқабында  немесе  торфқа
жақын жерде, өртке жақын  жерде  болсаңыз  өз  күшіңізбен  өртті  сөндіруге,
әліңіз  жетпесе,  өрт  болып  жатқан  қауіпті   аймақтан   шығу   керектігін
ескертіңіз. Жолға, алаңға, өзеннің жағасы мен  судың  айналасына,  егістікке
шығуын  ұйымдастырыңыз.  Қауіпті  аймақтан  тез   өрт   қимылының   бағытына
перпендикуляр шығыңыз. Егер мүмкін болмаған жағдайда суға кіріңіз немесе  су
киімді жамылыңыз. Өрт болған  жерден  шыққаннан  кейін  тұрған  жері  өрттің
көлемі туралы мекен-жайдың әкімшілігі мен  орман  шаруашылығы,  өрт  сөндіру
қызметіне хабарлау қажет. Өртті сөндіруді ұйымдастыру керек.  Төменгі  өртті
су құйып, ылғалды топрақтармен, аяқпен тастап өшіру  керек.  Торфтағы  өртті
ыстық торфты аударып, су құю арқылы өшіру керек.

                         Қар көшкіні, опырылып құлау
     Қар  көшкіні  –  тау  бөліктерінен  қалың  қардың   опырылып   құлауы.
Қазақстанда қар көшкіні – Шығыс Тянь-Шань, Алтай, Іле  және  Жоңғар  Алатауы
үстінде  қардың  көп  жаууына  және   геоморфологиялық   топырақ-ботаникалық
жағдайымен байланысты. Қар көшкіні наурыз,  сәуір  айларында  жиілейді  және
тауда қар көп жауғаннан пайда болады. 50% -дан жоғары  қар  көшкіні  халыққа
және шаруашылық объектілеріне қауіп-қатерін тигізеді. Қар көшкінінің  қимылы
1 шаршы метр жерден бірнеше жүз тоннаға дейін жетеді.
     Қар көшкіні маусымы:  Қазақстанда қар көшкіні барлық таулы  аудандарды
қамтығын, бұл мөлшерден көп жауған қарға байланысты. қар көшкіні  маусымы  –
сәуір, ал таулы аудандарда  қазан-мамыр  айларында  болады.  Қар  көшкінінің
қауіпті белгілері:
      • Қыста қар қалың түсіп, жер бетін қар 20-30 см жапқанда;
      • Қыс мерзімінде бірнеше күн суытқанда немесе жылып кеткенде;
      • Қардың үстінен жаңбыр жауғанда;
      • Қатты жел тұрып, қар «карниздері» құрылғанда;
      • тау бөктеріндегі қардың биіктігі 30-60 см болғанда;
      • Қардың отыруы мен күп болып көтерілуі тау  беттерінде  домалақ  қар
        іздерінің болуы;
      • Сейсмикалық ауытқушылық.
      Қар көшкінінің екпіні ұрса!
      •  Тауға  шығарда  қауіпті  қар  көшкіні  болатын  картамен  танысып,
        мамандармен ақылдасу  керек,  бұқаралық  ақпарат  құралдарын  үнемі
        тыңдап, таудағы жағдайларды тыңдап отыру керек;
      • Тауда қар жауғаннан кейін 2-3 күн тауға шықпай тұру керек,  не  қар
        көшкіні болып кетсін немесе қар отыруы керек.  Қар  көшкіні  туралы
        хабарды естігеннен кейін тауға шықпау керек;
      • Бұл уақытта егер сіз тауда болсаңыз, бірден тік құздарға  шықпаңыз,
        бұталар мен ағаштар жоқ жерге бармаңыз, тек қана жолдармен жүрілген
        жалғыз аяқ жолмен жүру керек;
      • Көктем айларының екінші жартысында әсіресе қар  болғанда  және  тау
        баурайынан сырғанайды-ау деген уақытта сақ болған жөн;
      • Көзіңіз көріп тұрған жерге дейін  қозғау  керек,  тұман  болса  қар
        көшкіні күшейеді деген сөз;
      • Қардың еруі мен жылымық кезде (наурыз айының соңы мен сәуір айында)
        таудың басына шығуға немесе ескертілген қар көшкіні болады-ау деген
        жерге бармау керек;
      • Қар көшкіні болғанда айқайламаңыз;
      • Қар «карниздеріне» шығуға  болмайды.  Аяқтың  астында  қар  отырса,
        шықырлаған дыбыс шықса қайтыңыз;
      • Егер қар үйіліп жатса:
      • Қардың беріктілігін тексеру керек, сақтық үшін  қардың  шеткі  ұшын
        басып көру керек.
      • Таудың басына, баурайына бақылаушы қою керек;
      • Киімдерді шешу, рюкзактың бауларын ағыту;
      • Тау баурайын ізбе-із кесіп өту
      • Тауға барып түнегенде екі жақтан қар  көшкінін  байқау  керек.  Қар
        көшкіні болады-ау деген жерлерге (тау бөктерінде қар  қалың  жатқан
        жерде) тоқтамау керек
Қар көшкіні болған жағдайда:
      • Егер сіз қар көшкікіне тап болсаңыз  тез  арада  рюкзактан  шаңғыны
        алыңыз ол сіздің қимылдауыңызға жеңілдік береді
      • Қар көшкіні кезде бар күшпен көшкіннің  шет  жағына  шығуға  тырысу
        керек немесе көшкіннің үстінде  қалуға  болмаса  ағаш,  бұтақтардан
        ұстауғы тырысу керек
      • Қар көшкініне шығуға мүмкіндік болмаса ауыз бен  мұрынды  шарф  пен
        шапкамен жауып алу керек. Тізені бүгіп алу керек.
      • Қар көшкіні тоқтасымен көшкіннен шығуға тырысу керек  ,  сізді  тез
        тауып алу үшін қолыңызды шығарыңыз.
      • Қардың астында қалып айқайлаудың пайдасы жооқ, себебі дыбыс  қардың
        астынан өте жай естіледі. Құтқарушылардың жүрісін  естісімен  дабыл
        беріңіз.
      • Қажет болса, қолдан тыныс алдыру керек, жүрекке жабық уқалау  жасау
        (массаж), коореин салдыру керек.
      • Егер жарты сағаттың ішінде өз күштерімен зардап шеккенге көмек бере
        алмаса онда құтқару отрядын шақыру қажет.
      Опырылу –  ауыр  күштің  әсерінен  өз  орнынан  тайып  кетуі.  Опырылу
(опырылып құлау) – тау жынастарының опырылып құлауы мен құрғақ  жартастардың
үйінді болуы.
      Опырылу Қазақстанның барлық таулы аймақтарында кездеседі. Оның анақтау
факторы  мен  жиналуы  грунттардың  сулы  болуы  және  жерасты  сулары,  жер
сілкінісі, сонымен қатар  адамдардың  шаруашылық  қызметі  әсер  етеді.Ондай
жерлерге шығыс  Алатауындағы  Көлсай  көлі,  Есік,  Іле  Алатауындағы  Үлкен
Алматы және басқалар. Соңғы жылдары Қазақстан  тауларында  техногендік  ауыр
салмаққа байланысты опырылып құлау көбеюде, дачалық учаскелерге байланысты.
      Опырылып құлаудың қауіпті белгілері:
      • Жаңбырдың көп жаууына байланысты,  қардың  интенсивті  түрде  жедел
        еруіне  байланысты,  грунттардың  көп  мөлшерде  сулануына   әкеліп
        соқтырады.
      • Тау беткейлеріндегі бос әрі беті сызық және бұрын опырылып  құлаған
        іздер бар.
      •  Тік  жарға  шығатын  жерлердегі  сызықтары,  желге  мүжілген   тау
        жыныстары.
      Опырылу аймақтарындағы табиғи қауіпсіздік шаралары:
      • Бұқаралық ақпарат құралдары  хабарларының  таудағы  жағдайды  үнемі
        бақылауда ұстау
      • Тік жардың бірден бұрылысы сызығы  бар  құлайды-ау  деген  жерлерге
        тоқтамаңыз
      • Опырылған тік жардың қасына жоламау
      • Қауіпті жерларден бір-бірлеп тез, әрі айқай- шусыз өту
      • Тік жарлардан тас құлағанда қабырғаға  жабысып  тұру  немесе  басты
        рюкзакпен жабу керек.
      Тау баурайындағы дачада жұмыс істейтіндерге кеңес:
      • Үй құрылысын, сарай салғанда биік жерден, яғни тау  жағынан  бастау
        керек.
      • Су көздерін жоғарыдан бастап жүргізу
      • Үйдің айналасын таспен толтыру, суда жақсы көретін  ағаштар,  бұта,
        өсімдіктер отырғызу
      Есіңізде  болсын!  Дача  учаскесін  көп   суғару   жер   қыртыстарының
опырылуына әкеліп соқтырады
      Әр  адамның  негізгі  парызы  Сел  жүргенде,  көшкін  жүргенде   үнемі
теледидар  мен  радиодан   берілген   ақпараттарға   құлақ   түре   жүріңіз.
Қазгидрометорталығы бұқаралық ақпарат орталығы арқылы қар  көшкіні  мен  сел
тасқындаының қауіп-қатері туралы тұрақты алдын-ала ескертіп  отырады.  Ондай
жағдайларда тауға шығуға қатаң тиым салынады.
      Су тасқын, сел. Су тасқынының негізгі үш себебі бар: жаңбырдың өте көп
жаууы, қардың тез еруі мен  тұрып  қалған  мұздардың  жалжуы,  теңіз  суының
жағаға ұруы, өзенге судың көп құйылуы. Әсіресе қар  еруі  ұзаққа  созылғанда
өте қауіпті.
      Елді мекендерде су тасқыны боларда  алдын-ала  қауіпсіздік  дайындығын
жүргізі керек.  Жергілікті  елдің  топографиясын,  климаттық  ерекшеліктерін
және тарихын біле отырып,  су  тасқынының  қалай  болатынын  дәлдікпен  білу
қиындық туғызбайды. Кішкентай су тасқыны шамамен 10-20 жылда бір рет,  үлкен
су тасқыны 20-25 жылда бір рет, одан да үлкен бүкіл өзендерді  қамтитын  50-
100 жылда бір рет және 100-200 жылда бір рет, бүкіл аумақты  қамтитын  үлкен
апаттар болуы мүмкін.
      Гидрологиялық алдын-ала бақылаудың мынадай жүйесі бар:
      • Қысқа мерзімдік (10-12 тәулік)
      • Ұзақ мерзімдік (2-3 айға дейін)
      • Өте ұзақ мерзімдік (3 айдан жоғары)
      Жағаға  жақын  облыстардың  тұрғындары  жақын  уақытта  не  болатынына
қызығушылық  білдіріп  жүруі  керек.  Жеке  адамның  алдан-ала   қауіпсіздік
шаралары:
      • алғашқы толқынның әсерінен құлатқанда;
      • барлық отбасы мүшелерін жүзуге үйрету;
      • қайықтың болуы (мүмкіндігінше екі қайық- біреуі кәдімгі,  екіншісі-
        жел үрлеп толтырылған);
      • жергілікті елді-мекендердің топографиясымен танысу;
      • жақын маңда стихиялық жағдай болғанда хабарласу түрін білу.
      Су тасқыны кезінде:
      • үйдегі газды,  суды,  жарықты  сөндіру,пештегі  жанып  жатқан  отты
        өшіру;
      • үйдегі бағалы заттарды үйдің төбесіне немесе жоғары қабатқа шығару;
      • бірінші қабаттағы есік пен терезелерді  тақтаймен  немесе  фанермен
        қағып тастау;
      • мал тұратын сарайдағы есіктердің ілгішін ашып тастау.
      Кездейсоқ су тасқанында өзіңізбен бірге жылы  киім,  мүмкіндігінше  су
өткізбейтін  киім,  жамылғы,  тамақ  және  т.б.  керекті  нәрселерді   алып,
рельфтің ең биік жеріне көтеріліңіз, ол жерді ешқашан су баспайды.  Егер  ол
болмаса, қайық және т.б. дайындау қажет.
      Су кеткеннен кейін электр сымдарынан, зақымданған газ магистралдан сақ
болу қажет. Үйге кірер  алдында,  су  тасқынынан  зақымданбағандығын  байқау
қажет. Судан табылған заттардан тамақ әзірлеуге болмайды.
      Қар көшкіні – таулы аймақтарда болатын  қардың,  тастың  көшкіні.  Бұл
құбылыс көбіне көлдерде судың толуынан, мұздардың еруінен  болады.  Қар  мен
мұз еріп, олар төмен қарай ағады. Ағынның биіктігі 10-20 метрге  дейін  (кей
жағдайларда 40-50 метрге дейін), ағу жылдамдығы 3-5 м/с.  Көшкіннің  астында
қалғандардың тірі қалуы мүмкін емес, сондықтан абай болу қажет.
      Республикамызда қауіпті 300 орын тіркеуге алынған, ол жерлерде 600-ден
көп әртүрлі жағдайлар  болған.  Қар  көшкіні  жағдайлары  шамамен  80%,  мұз
еруінен  15% және қар еруі мен жер сілкінісінен 5% болады.
      Қазақстанның ең қауіпті  таулы  аймақтары  болып  Жоңғар,  Талас,  Іле
Алатауы, сондай-ақ Қаратау, Кетмен, Тарбағатай таулары саналады.
      Көшкін қаупі бар кезең – Қазақстанның таулы аймақтарында  күн  жылыған
кезде болады (тамыз-қыркүйек айлары). Көшкіннің болу белгілері
      • Көшкін қаупі бар аймақтары жаңбырдың үздіксіз жауу;
      • Көшкін қаупі бар аймақтарында күннің жылуы;
      • Көлде деңгейінің күрт төмендеуі немесе жоңғар жағында шұңқыр  пайда
        болуы;
      • Жер сілкінісі.
      Көшкіннің жақындау қаупі және белгілері
      • Көшкінге қауіпті арналарда судың  тоқтап  не  болмаса  күрт  азайып
        кетуі;
      • Көшкінге қаупі  арналардың  жоғары  жағында  қатты  дыбыстың  пайда
        болуы;
      • Көшкін алып келген тастардың соққысынан болған қозғалыстар;
      • Көшкін соққысынан болған шаңды бұлттардың пайда болуы;
      • Судың лайлануынан пайда болған көшкін алдындағы себептер.
          Көшкін қаупі бар аймақтарда қауіпсіздік шараларын сақтау.
      • таулы аймақтардағы  жағдайларды  бұқаралық  ақпараттық  құралдаынан
        тыңдаңыз;
      • Қатерлі аймақта тоқтаусыз жаңбыр жауса, ол жерден тез арада  кетуге
        тырысыңыз;
      • Келе жатқан көшкін ағынына 50-60 м жақындамаңыз;
      • Тау шеттеріне және көшкін ағатын аймаққа тоқтамаңыз;
      • Қауіпті жерлерде адамдар арасындағы қашықтық 20-30 м болсын;
      • Қаупі бар  аймақтарға  тынығуға  бармаңыз,  көлдің  жағысына  лагер
        палаткасын тікпеңіз:
      • Көшкін болатынын сезген жағдайда, тауға  шығып,  неғұрлым  алысырақ
        кетуге тырысыңыз;
      • Көшкін өткеннен кейін ол жерге түспеңіз, себебі ол  жерде  тағы  да
        көшкін қаупі болуы ықтимал;
      • Қауіпті аймақтада қауіпсіздік шараларын сақтаңыз;
      • Теңіздің мұз жағында болу,  қауіп  төнген  жағдайда  дауыл  тллқыны
        болмағанда ауа температурасының жағымсыз жағында болу;
      • Көлдің бөгет бойымен, жылжып жүрген үлкен мұздың немесе қар көшкіні
        үстімен жүрмеңіз;
      Дауыл, құйын.  Дауыл  –  ең  көп  тараған  табиғат  апаттарының  бірі.
Әсіресе, бұл жел, мұзда, теңізде, тауда өте қауіпті. Кез  келген  қатты  жел
қыста дауылмен, жазда шаңды, құмды дауылымен байқалады. Егер ашық жерде  жел
қатты тұрса, тез арада тығылу қажет.
     Жазық немесе құрлық далада – жерге жатып,  тастан,  қалың  қамыстардан
ұстап алу қажет. Киімнің алдың жауып, тыныс  алу  жолдарын  шаң  мен  құмнан
сақтану үшін, орап алу қажет. Өзімен бірге фляга су алып алу қажет.
     Тауда – болған жағдайда,  шың  басынан,  асудан  аулақ  кеткен  абзал.
Қауіпсіз орындарда тығылу – ну орманда, үлкен қорғандардың  артына  жасырыну
қажет. Сонымен қатар, тасты және қауіпті аймақтардан алыс жүру қажет.
     Құйын - өте қауіпті. Құйын жылдмдығы 100  м/с  дейін  жетеді,  ең  тез
жылдамдығы 30-40  км/сағ.  Құйынмен  бірге  аспанға  ұшқан  шыбықтар,  майда
тастар және т.б. нәрселердің ұшуы адамдарға қаупті тудырады.
     Құйынның дауылдан айырмашылығы, ол кіші болып келеді,  сондықтан  оған
кез болмау мүмкіншіліктері бар. Тек қана құйынның бағытын  және  жылдамдығын
анықтап, қарсы бағытта жүру қажет.  Құйынға  кезіккен  жағдайда  кез  келген
жерге қадалған  заттан  ұстап,  бетті,  әсіресе,  көзді  қолмен  не  болмаса
матамен жабу қажет. Егер құйын, боран,  дауылболады  дегенді  болжамшылардан
естісеңіз, үйдің ауласындағы  барлық  заттарды  жерге  қағып,  қатайтып  қою
қажет. Әсіресе, бұл  салмағы  аз  үй  соғуға  қажетті  заттарға:  татқтайша,
фанерлерді, шифрларды  ұшырып  алып  кетпейтіндей  етіп  байлау  қажет.  Бұл
заттарды бір-біріне  байлап,  жерге  нықтап  қою  қажет.  Оларды  сарайларға
тығып, ұшып кетпейтіндей орында орналастру қажет. Жел  тұратын  бетке  қарап
тұрған терезені фанерлермен немесе тақтайшалармен жапқан абзал.
     Алдын ала электр құралдарын сөндіріңіз, керосин шамын алыңыз.  Сонымен
қатар, құрғақ таменқ ішпес үшін, артық балонмен газ плитасын алыңыз.
     Сондай-ақ, үйіңізге артығымен тамақ, су, ал қас кезінде  көбірек  отын
жинап қойыңыз.
     Дауыл, құйын құйын жақындап келе жатқаннан, үйіңіздің  жағдайы  нашар,
дауылға төзбейд деген жағдайда, погребті  паналаңыз  (төсенгеш,  жылы  киім,
су, тамақ, шырақ, міндеттті түрде күрек пен балта алыңыз).


                                АБАЙЛАҢЫЗ: СУ
      Құтқарушылардың тәжірибесіне сүйенсек, бақытсыздыққа  көбіне  балалар,
мастар мен қатар денсаулығы дұрыс және жүзуді жақсы білетіндер де ұшырайды.
      Суға түскенде қандай жағдайларды жасамау керек:
      • белгі қойылған жерден аспаңдар!
      • рұқсат етілмеген жерде шомылмаңдар;
      • балалар шомылғанда қараусыз қалдырмаңдар;
      • шомылғанда камера, доп, тақталарды пайдаланбаңыздар;
      • суда бұзықтық жасамаңдар;
      • өтірік дабыл көтермеңдер;
      • өтіп жатқан кеме, катер мен қайықтардан секірмеңіздер;
      • таныс емес жерде шомылмаңдар.










                         Егер сіз қайықта болсаңыз:
    • техникалық жағдайы нашар, қараусыз қалоған қайықтарды пайдаланбаңыз;
    • құтқарушы құралсыз суға түспеңіз;
    • техниклық құжатта көрсетілгеннен артық жүк пен азаматтарды  алмаңыз!
    • мас күйде суда жүзбеңіз!
    • қайықтың мұрындығы мен шетіне отырмаңыз!
    • жүзу барысында бір орыннан  екіншісіне,  бір  қайықтан  басқа  қайыққа
      ауыспаңыз;
    • қайықтан сүңгіуге секірмеңіз;
    • қараңғы уақытта жүзу құралдарын пайдаланбаңыз!
   14 жасқа  дейінгі  балаларға  үлкендердің  бақылауынсыз  жүзу  құралдарын
пайдалануға тиым салынады.
      Ыстық күн  мен  құмда  «қыздырынып»  болған  соң  салқын  суға  түсуге
асықпаңыз.  Температураның  тез  ауытқуы  қан  тамырының  қысқаруына,  құлап
қалуға әкеп соқтырады. Егер бақытсыздық  болған  жағдайда  есіңізде  болсын!
Зардап шеккен адамға тынысы тоқтағаннан кейін  6  минуттан  кешікпей  өмірге
қайтаруға болады. Зардап шегушінің басын  бір  жағына  бұрып,  аузын  құмнан
т.б. тазарту қажет, тыныс жолдары мен асқазанынан суды шығару қажет,  осының
барлығын 10 секунд ішінде істеу керек. Қан  қысымының  жиілігі  мен  тынысын
анықтау қажет.

                              Білулеріңіз тиіс:
      Сіңір тартылғанда не істеу керек:
    • саусақтарыңызды жұдырығыңызға тең жинап, сермеп, қайта жинаңыз.
    • аяғыңызды бауырыңызға жинап, сіңір тартылған аяғыңызды өзіңізге  қарай
      қатты тартыңыз;

      Егер сіңір тартылуы қоймасы, онда аталғандарды қайталау керек.
      Егер сіз су иіріміне тап болсаңыз:
      Суға басыңызды батырып, ауаны көп жұтып, ағысқа қарай қатты көтеріліп,
су бетіне жүзіп шығыңыз.
               [pic]         [pic]                      [pic]


                         Балаларды жүзуге үйретіңіз!

          Мұз үстіндегі қауіпсіздік шаралары мен өзін-өзі құтқару.
Әрбір адам төтенше жағдайға тап болуы мүмкін, мұз үстінде балық аулау,  аңға
шығу, шеру, мұз үстінде жүргенде, ұшақтар  мен  поездтар  апатқа  ұшырағанда
т.б.
      Қыс  мезгілінде  табиғат  адамға  аяныш  жасамайды.  Ол   жеңілтектік,
      білімсіздік, ырықсыздарды қатты жасайды. «Мұзды аймақта» жарақат  алу,
      адам өлімі, мұз астына түсіпкеткенде, далада  қалып  қою,  ауыру  т.б.
      Мұзда қалу жағдайында әр адам өзін құтқаруға дайын болуы тиіс, құтқару
      ережелерін, аман қалу  жолдарырн,  өзін-өзі  құтқару  амалдарын  дұрыс
      ұйымдастыра білуі қажет.
      Мұздың тығыздығы мен қауіпсіздік шаралары бір адам үшін қыс мезгілінде
(-50 градус) мұз қалыңдығы 4-5 см, екі адамға 8  см,  5-7  адамға  12-14  см
қауіпсіз  болады.Ең  қалың  мұздың  түсі   көкшіл   (не   жасылдау)   ауасыз
(көпіршіксіз) болып келеді. Екі есе әлсіз-  мұз,  сүт  түсті  (қатты  қардан
соң) жарылмай-ақ сынады. Мұздыңүстімен аяқ  астында  майда  жарықшақтар  мен
жәй дыбыс шығарғанда басқадай шаралар болмасы жүруге болады.
      Ең қауіпті мұз:  көктемгі  күн  жылына  бастағанда,  жаңбыр  жауғаннан
кейінге мұз ақ түске айналады, кейде сары түске енеді.
      Күзде боран мен қардан кейінгі  мұз  үстімен  жүруге  болмайды.  Қатты
ағымды өзендердің үстіндегі мұзбен жүргенде абай болу қажат.
      Қан қасымы ми жиілігі анықталмаған жағжайда  жасанды  түрде  «ауыздан-
ауызға» жасау қажет немесе бір мезгілде жүрегіне массаж жасау қажет.
      Зардап  шегушіні  жағаға  жеткізу   түрлері:     Мұз   үстіндегі   жол
ерекшеліктері.
        Өз құрылымына қарай әр өзен, көлдер, мұз қатуы әртүрлі болады.
      Тез  ағатын,  иірімді  өзендердің  жағалауынан  алысырақ  болу  керек,
себебі ортада мұз бүтін қалапта болады. Өзенге немесе жағалауға қардан  таза
жермен өту керек.
      Қар  көп  жиналған  жерде,  жарларда,  қамыс  көп  өскен  жерде,  ағаш
жырғалардың қосылған жерінде, көл, өзендердің (су тез ағатын  жерлерде)  мұз
жұқа болып қатады.
      Суық күндері өзеннің, көлдің қатпай қалатын  жерлерінен  «бу»  шығады.
Көктемде мұз басқан бұталар мен қалың шөп өскен жерлер қауіпті.
      Мұз үстінде жүру ерекшеліктері:
      • қатпаған мұз үстінде шықпаңдар;
      • мұз үстінде топ болып тұрамау керек;
      • мұз жарылған, шұңқыр жерлерге жақындамаңыз;
      • биік жардан шана, шаңғымен сырғанамаңыз;
      • мұз үстіне рұқсат етілмеген жерлерден өтпеңіз;
      • мұз үстіне қараңғы, нашар көрінетін кезде шықпаңыз;
      • өткел жоқ жерден мотоцикл, автокөлікпен жүрмеңіздер
      Мұз үстінен жүру ережесі: Мұздың толық қатпағанын  білсеңіз,  сырғилап
жүріп, аяғыңызды жұмсақ жерге басқанда мұз  қатпағанын  білсеңіз  тез  қимыл
жасаңыз. Шаңғымен жүргенде топ бірінің артынан бірі жүре отырып, аралап  5-6
метр болуы тиіс. Топ басшысы тәжірибелі болуы тиіс. Топ  басшысының  құтқару
жейдесі,  ұзынтаяғы  болуы  тиіс.  Жай  жүрісте  мұз   тез   сына   қоймайды
(секірмесең,  жүгірмесең).Мұздың  сынуына  ондағы  жарықшық,  түсі  бұзылуы,
үстінде су пайда болуы әсер етеді. Мұндай жағдайлар байқалған жағдайда  өзің
келген ізбен тез артқа қайту керек.
      Егер аяғыңыздың астында мұз  жарылсы:  Мұндай  жағдайда  шу  көтермей,
салқын қандылық танытыңыз. Арқаңыздағы жүгіңізді түсіріп,  келген  ізіңізбен
қайтыңыз. Егер де суға түсіп кетсеңіз, онда артық  жүгіңізден  арылыңыз.  Су
бетінде тұру үшін, мұз бетіне шығуға әрекет жасаңыз. Алдымен мұз бетіне  бір
аяғыңызды, кейін екінші аяғыңызды шығарыңыз. Дем алып, мұз  жарылған  жерден
алыс кетуге тырысыңыз, бар даусыңызбен көмекке шақырыңыз.
      Егер сіз көмек  көрсететін  болсаңыз:  Мұз  жарылған  жерге  ішіңізбен
еңбектеп, екі қолыңызды аяғыңызды етбеттеп жатып жетіңіз, болмаса тақта,  не
шаңғыға сүйеніңіз. Зардап шегушіге жақындап, оған  арқанның,  трос,  белбеу,
шарф т.б. лақтыру керек.
    • мұз ойылған жерге дейін тақта, шаңғы, саты т.б.
   Зардап шегуші сол заттарын біріне қолы жетісімен, жайлап  еңбектеп  өзіңе
тарт.Суға батушыға бір болмаса екі адам ғана болып көмектесе алады.


   Мұз  үстінде  қалып  қойғанда  не  істеу  керек:Шу  көтермей,  даурықпай,
тыныштық  сақтаңыз.  Жағдайды  анықтап,   қасыңыздағы   адамдарды   тыныштық
сақтауға шақырыңыз! Мүмкіндік  болса  1-2  адм  суға  секіріп  жағаға  жүзіп
барып, көмек шақырсын. Мұз үстінде қалғандар  аспанға  оқ  атып,  от  жағып,
дауыстап адамдардың көңілін өздеріне аударуы қажет.
      Құтқару құралдарын ағаштан, резина  камераларынан,  ұйықтайтын  қапшық
т.б. жасауға болады.





      Үсік алу. Қатты үсікті санаулы минутта алу мүмкін, көбіне адамның
беті, қолы,      аяғы үседі.








      Қалай   жылыну   керек    Қолды    үсік    шалғанда    саусақтарыңызда
жұдырықтарыңызға жинап, киім астына салу, қолыңыз жылып, құрғаған  соң  ғана
қолғабңызды  киіңіз.  Егер  қолқап  ішінде  қолыңыз  тоңса,  онда  қолыңызды
сермеңіз, қолды жұдырығыңызға түймеңіз. Қолыңызды ішіңізге салып  жылытыңыз.
Егер аяғыңызды үсік шалса,орныңыздан қимылдаңыз. Егер бетіңізді үсік  шалса,
бетіңізді төмен қаратып, алға жүріңіз, не 10-20 рет еңкейіп, қимыл  жасаңыз,
үсік шалған бетті жұмсақ матамен сүртуге болады,  қармен  сүртуге  болмайды.
Бетіңізді желден қатты матамен жасалған тұлша арқылы сақтауға болады.





       Көкмұз – бұл қалың мұздың беті, көкмұз жерде,  тротуарларда  болады.
Көкмұз – ауа температурасы 0С-ден –  3  С  пайда  болады,  мұздың  қалыңдығы
бірнеше см. жетеді.
       Мұздақ  –  жер  үстінде  пайда  болатытн  мұздың  жұқа  қабаты,  күн
суығаннан кейін, не жаңбырдан кейін пайда болады.
       Мұздақ үстінде жүргенде табанды нық басып, асықпай, тізені бос қолды
ұстап жүру керек.
       Асығу – көкмұз үстінде құлауға әкеліп соқтырады.

      Қарлы боран (дауыл)
       Егер сіз боранда қалсаңыз:
       Қар үстінен паналайтын орын дайында;
    • ағаштардың арасынан қуыс жер табыңыз;
    • паналайтын орныңызды үлкейтіңіз;
    • ұйықтамауға тырысыңыз, егер бар болса балауыз жағыңыз.
                   Паналайтын жерде отырып не істеу керек:
    • паналаған орынды белгілеу керек;
    • бір-біріңе жақын отыру керек;
    • барлық киім түймелерін салып, етек-жеңін дұрыстау керек;
    • Су киімді сығу керек;
    • ыстық шәй, кофе ішу керек;
    • басыңды, аяғыңды барынша жылы ұстау керек;
    • майлы азық пен қант жеу керек
   Түн уақытта не істеу керек:
    • Ішімдік ішпеу;
    • отты қараусыз қалдырмау;
    • орынды себепсіз қалдырмау.
                  Автокөлікте келе жатып боранда қалсаңыз:
    • машинаның жалюзиін жауып, қозғалтқышын радиатор жағынан жабыңыз;
    • автокөлігіңізді қар ұрған жағына қойыңыз;
    • қар астында қалмау үшін көлік айналасын қайта- қайта қардан тазалаңыз;
    • пайдаланған газ шығатын трубаның қармен толып қалуын, сол газдың көлік
      ішіне кірмеуін қадағылыу керек.
 Жылдың
                      Егер автокөлік жолда өшіп қалсы:
    • даурықпаңыз, жағдайды байқаңыз, қай  уақыт,  қай  жерде  тұрғаныңызды,
      елді-мекенге қанша жер бар екенін анықтауға тырысыңыз;
    • егер күтетін болсаңыз, ұйықтап қалмаңыз;
    • егер ары қарай жүретін болсаңыз, трасса  мен  көшеден  шығып  кетпеуге
      тырысыңыз.

      Автокөлікте кемінде 5 дөңгелек  болады,  қажет  болса  біреуін  жағуға
болады.
      Үсіген адамды жылыту жолдары:
      Ең тиімдісі:
    • ваннада (40 С жооғары емес);
    • ыстық суға малынған  сүлгі,  жаймаға  орау,  суысымен  қайты  жылысына
      ауыстырып орау керек.
      Бір мезгілде зардап шегушінің саусақтарын уқалап  отыру  керек,  аяғын
жоғары көреріп қойса, денесі мен басына қан жақсы жүреді.
      Дененің кейбір жерлерінің қатты үсуі өмірге өте қауіпті.
      Мысалы: оттың қасына зардап шегушіні орап отырғызған дұрыс,  оған  өте
ыстық болмауы тиіс, жылынған сайын оттан алыс отырғызған дұрыс.
      Зардап шегуші жылынып, өз қалпына келсе: тәтті шәй немесе  кофе,  егер
лоқсымаса, құспаса онда тамақтандыру қажет.

      Құрғақшылық  –  көбінесе  температураның  жоғарылауынан  және   ауаның
ылғалдығының   төмендеуінен   болады.   Қатты   ыстық   –    қоршаған    ауа
температурасының күрт жоғарылауынан және бірнеше күн ішінде жоғарылауы.  Бұл
адам температурасының 38,8  С  жоғарылап,  дене  температурасының  бұзылуына
әкеліп соқтырады. Дененің қатты қызуы жүрек қызметінің бұзылуына  жеткізеді.
Дене күйюінің белгілері: терінің қызаруы,  қатты  шөлдеу,  дененің  құрғауы.
Ары қарай есінен танып қалу, жүректің тоқтап қалу және демнің жетпеуі.
      Құрғақшылыққа қалай дайындалу керек (қатты  ыстық):
Керек болған  жадғдайда  сұйықтықты  көбірек  іші  керек.  Ыстыққа  арналған
киімдерді, электр құралдарын (желдеткіштер, салқындатқыштар) дайындау.  Егер
сіз ауылдық жерде тұрсаңыз – демалыс орнын, құдықты,  сонымен  қатартерезеге
арналған  шторларды  дайындау  керек.  Мүмкіндігінше   электр   құралдарымен
қамтамасыз ету үшін,  электроэнергия  автономды  бастауышы  алынсын.  Өзіңіз
және отбасыңызды жылу күшейген жағдайда дұрыс қимыл жасай біліңіз.
     Құрғақшылық болған кезде не істеу керек (қатты ыстық кезде)
     Табиғат  апаттары  турал  мәлімет  алып,  халықтарға  көметтесу   үшін
жергілікті   билік   органдарымен    хабарласыңыз.    Зардаптар    қайталану
мүмкіндігіне дайын болыңыз.
     Найзағай – бұл аспандағы  бұлт  арасынан  от  тәрізді  шақпақ.  Қаупі.
Найзағай жарқылы үлкен разрядты токпен тең,  ал  оның  температурасы  300000
градусқа дейін жетеді (бұл күн аймағындағы  температурадан  6  есе  жоғары).
Найзағайдың орын ауыстыру жылдамдығы секундына 100  мың  километр.  Найзағай
түскенде талдың жанып кетуі де  мүмкін.  Найзағайдың  адамға  түсуі,  өлімге
дейін алып келеді. Жыл сайын әлемді найзағайдан 3000 адам қайтыс болады.
      Найзағай көбінесе қайда түседі? Найзағай  бірінші  биік  затқа  (талға
т.б.) түседі.
      Найзағайға қалай дайындалу  керек.Найзағайдың  түсу  қаупінен  қорғану
үшін, оған қарсы жерасты  орнатқыштарын орнату қажет.
      Табиғатқа шығу алдында  ауа  байы  болжамын  тыңдау  қажет.  Егер  күн
бұзылады деп болжалдаса, басқа күні шыққаныңыз дұрыс болады.
      Егер сіз найзағай болатынын сезсеңіз, онда бірінші кезекте оның  жерге
түсу жақындығын  анықтаңыз  және  дауыл  жақындап   не  болмаса  қойғандығын
қараңыз. Жарық жылдамдығының  тездігіне  тездігіне  байланысты  (300000км/с)
онда найзағай жарқылын тез арада байқай аламыз. Мүмкіндігінше дыбыс  кешігуі
арақашықтық  пен  оның  тездігіне  байланысты   анықталады.   Мысалы:   егер
жарқылдан  кейін  найзағайға  5  с  өтсе,  онда  найзағай  фронтының   арасы
340м/с*5с = 1700м.
      Егер дыбыс кешігуі жиіленсе, онда  найзағай  фронты  сирейді  ал  егер
дыбыс азайса, онда найзағай фронты жақындап келе жатқандығы.
      Найзағай жарқылынан кейін қатты дауыл  болса,  найзағай  өте  қауіпті.
Егер сіз ауылдық жерде болсаңыз: терезені, есікті, құбырларды  жабыңыз.  Пеш
жақпаңыз,  себебі  пеш  трубасынан  шығатын   жоғары   температуралы   газда
қарсыласа  алмаушылық  болады.  Телефонмен  сөйлеспеңіздер:  кейде  найзағай
столбылардың арасында  тартылған  сымдарға  түседі.  Найзағай  болып  жатқан
сәтте электр желісіне, антеннаға, терезе  жанындағы орнықтарғыштарға,  үйдің
төбесінен су ағатын жерлерге жақындамаңыз, сонымен  қатар  теледидар,  радио
және т.б. электрлі қондырғыларды қоспаңыз.Егер сіз орманда  болсаңыз,  қысқа
талдар өскен жерлерді паналаңыз. Биік талдардың  қасына,  әсіресе  қайыңның,
еменнің қастарына тығылмаңыз.  Су  жиналатын  жерде  немесе  оның  жағысында
тұрмаңыз. Жағадан  аласырақ,  яғни  жоғары  жерден  төменге  түсіңіз.  Жазық
далада, егістікте немесе  қорғанатын  жер  болмаған  кезде  жерге  жатпаңыз,
қазылған жердің шетіне аяғыңызды қолыңызбең ұстап  отырыңыз.  Егер  найзағай
дауылы сіз спортпен айналысу барысында болса,  дереу  тоқтатыңыз.  Металлдан
жасалған заттарды (мотоцикл, велосипед, мұз ойғыш және т.б. ) шетке  қойыңыз
және 20-30 м алыс тұрыңыз. Егер найзағай сіз көліктің ішінде  отырған  кезде
болса,  машинадан  түспей,  терезені  жауып,  радиоқабылдағыштың  антеннасын
төмен түсіріңіз.

      Ланкестік акт кезіндегі халықтың іс  әрекеті.  Соңғы  жылдары  құқықты
органдардың жұмыс бағытының бірі,  ішкі  және  халықаралық  лаңкестік  болып
анықталатын жаңа кертартпа күшпен күресу.
      Ланкестік латынның «terra» деген сөзінен шыққан, аударғанда  қорқыныш,
зәресі ұшу деген  мағынаны  білдіреді.  Расында,  оның  кез  келген  бағыты,
бастапқыда қорқыту, содан кейін өзінің қылмыскерлік мақсаттарына жету.
      1999 жылдың 13  шілдесіндегі  Қазақстан  Республикасының  «Лаңкестікке
қарсы күрес туралы»  Заңы  біздің  республикамыздағы  лаңкестікпен  күрестің
құқықтық  және  ұйымдастырушылық  негіздерін,   меншік   түріне   қарамастан
мемлекеттік  органдар   мен   ұйымдардың   қызмет   тәртібін,   сондай   ақ,
лаңкестікпен күресті жүзеге асыруға  байланысты  адамдардың  міндеттері  мен
кепілдіктерін анықтайды.
      Лаңкестік  –  мемлекеттің   қауіпсіздігін   бұзу   үшін,   мемлекеттік
органдардың қабылдайтын шешімдеріне әсер ету үшін жасалатын  құқыққа  қарсы,
қылмыстық жазаланатын жұмыс.
      Лаңкестік  акт  –  адамдардың  өміріне  қауіп  төндіретін   қастандық,
жарылыс, аманатқа алу, өртеу немесе басқа да  іс-қимылдарды  жасау,  маңызды
мүліктік шығындарға ұшырату немесе басқа да қоғамға қауіпті салдардың  пайда
болуы, егер бұл әрекеттер  лаңкестіктің  мақсатына  жету  үшін,  сондай  ақ,
белгіленген іс - әрекеттердің сол мақсатта  жасалу  қауіпі  болса  лаңкестік
акт болып саналады.
      Әсер ету масштабына  қарай лаңкестік ішкі  (субьектілер  –  сол  елдің
азаматтары мен ұйымдары, актілердің зардабы сол елдің шекарасынан  шықпайды)
және  халықаралық  (бір  мемлекеттің  шекарасынан  шығып  кететін  лаңкестік
қимыл) болып бөлінеді.
      Өзінің табиғатына қарай лаңкестіктің көздері саяси, діни (соның ішінде
сектанттық), қылмыстық және жеке тұлғалық сипатта болады.
      Лаңкестік өзінің бірбеткейлік құлшынысында кейбір  заттарға  келіспей,
күштілерді және ұлыларды төмендетіп түбегейлі арандатып кек алу түрі.
      Қарапайым әскери  әдітермен  халықаралық  лаңкестікті  жеңе  алмаймыз,
себебі лаңкестікті бастап отырған адам  әрдайым  өзінің  қатарына  қарапайым
адамдарды алады.
      Лаңкестікті басқарып отырған адам  «кішкентай»  адамның  мінез  құлқын
жақсы біледі. Олар оның барлық санасын шындыққа және  соған  ұқсас  нәрсенің
күрескері сияқты  керемет  бір  оймен  толтырып  қояды,  қолына  қару-жарақ,
жарылғыш зат, пышақ беріп,  самолетқа  отырғызып,  өзі  сияқтылардың  өмірін
қиюға жібереді.
      Біздің  заманымыздағы  лаңкестікке  ең  жоғары  техникалық   деңгеймен
қамтамасыз етіліп, дайын  тұрған  барлық  күштер  тән.  Лаңкестер  өздерінің
қылмыстық  мақсаттарына  жаңа  ғылыми  техникалық  жетістіктерді   қолдануға
тырысады.   Жаппай  зақымдау  құралдарын  қолдану  мүмкіндігі  ерекше  қауіп
туғызады. Бүгінгі таңда  ядролық,  химиялық,  радиоактивті,  электромагнитті
биологиялық және басқа да қару  түрлерінің   сыңарларына  қол  жеткізу  қиын
емес.  Лаңкестік актілердің зардабы тек бөлек жарылыстар мен авариялар  ғана
емес, ірі масштабты апаттар болуы мүмкін.
      Жарылығыш қондырғысына ұқсас зат табылған кездегі іс-әрекет:
      • жақындамау, тиіспеу, орнынан қозғамау.
      • Радиобайланыс құралын пайдалануды тоқтату.
      • Табылған заттың уақыты мен орнын анықтау.
      • Табылған зат туралы  дереу  құқықтық  органдарына,  ТЖ  органдарына
        хабарлау.
      • Мамандар келгенше күдікті құралдарды  бақылауға  алу  және  қауіпті
        аймақтың күзетін қамтамасыз ету.
      • Жарылыс құрылғысына ұқсайтын заттың сыртқы түрін түсіндіру.
      • Бұдан әрі құқық қорғау органдары өздерінің нұсқауы  бойынша  әрекет
        ету.
      • Қауіпті аймаққа  жататын аумақтағы адамдарды көшіруді ұйымдастыруға
        көмектесу
      • Күдікті құралдардың орналасқан орнын, уақытын және қандай  жағдайда
        табылғанын көрсету.
      • Нысан қызметкерлеріне бөгде адамдардан қандай  да  бір  заттар  мен
        киімдерді қабылдамаулары туралы нұсқау беру.
 Телефон арқылы қауіп төнген кездегі іс-әрекет:
     • Әрбір келіп түскен тлефон қоңырауына мұқият болу;
     • Телефон арқылы алынған ақпаратты құқық  қорғау  органдары  мен  ұйым
       басшысына дереу жеткізуді қамтамасыз ету.
     • Қажет болған жағдайда көшіру жоспарына сәйкес адамдарды көшіру.
     •  Жедел  тергеу   топтарының,   кинологтардың   және   т.б.жұмыстарын
       кедергісіз қамтамасыз ету.
 Кепілдікке алған кезде:
      • Болған жағдайды дереу ұйым басқарушысына  және  тиісті  инстанцияға
        хабарлау.
      • Өз ықтиярыңызбен лаңкестермен келіссөзге шықпау.
      • Қажетті жағдайда, егер бұл адамдардың өмірі мен денсаулығына  залал
        келтірмейтін болса,  лаңкестерге  қайшы  келмейтін  болса,  олардың
        талаптарын орындау, өзінің  және  айналасындағы  адамдардың  өмірін
        қатерге тікпеу
      • Лаңкестердің қару қолдануына алып келеті іс - әрекеттер жасамау.
      • Оқиға орнына тиісті күш құрылымына  сәйкес  орган  қызметкерлерінің
        кедергісіз кіруін қамтамасыз ету.
      • ҰҚҚ мен арнайы мамандырылған бөлімше әскері  келген  бойда  олардың
        командирлерінің сұрақтарына толық жауап беру және  олардың  жұмысын
        қамтамасыз ету.
Лаңкестер ұшақты кепілдікке алғандағы іс-әрекет:
      • Лаңкеспен қалыпты дауыспен әңгімелесіңіз.
      • Лаңкестің көзіне қарамаңыз.
      • Өз мінезіңізбен ланкестердің назарына түспеңіз.
      • Лаңкестерге қарсылық көрсетпеңіз.
      •  Егер  адамдардың  өмірі  мен   денсаулығына   қауіп   жоқ   болса,
        лаңкестердің айтқандарының бәрін орындаңыз.
      • Жан жағыңызда болып жатқан  нәрселер  мен  лаңкестердің  іс-қимылын
        есіңізде сақтап қалыңыз.
      • Арнайы бөлімшелермен ұшақпен шабуыл жасағанда, қолыңызды желкеңізге
        қойып еденге етбетіңізден жатыңыз.
Пошта жолдамаларында күдікті заттар табылған кездегі іс әрекет:
      • Конвертті, пакетті т.б. өз бетіңізше ашуға әрекеттенбеу.
      • Күдікті хатты мүмкіндігінше қолмен ұстамау.
      • Осы деректер туралы ТЖ және СЭС аумақтық органдарына хабарлау.
      • Белгісіз заттың ғимараттың желдету жүйесіне мүмкіндік бермеу.
      • Мамандар келгенше күдікті затты герметикалық ыдысқа салу.
      • Затпен тікелей қарым қатынаста болған  барлық  тұлғалардың  тізімін
        жасау.
      •  Затты  қарым-қатынаста  болған  тұлғалар  жеке  гигиенаның  барлық
        ережелерін сақтау.


      Өзін өзі тексеру сұрақтары
     1. Табиғи және техногенді сипаттағы ТЖ халықтың іс әрекеті.
     2. Ланкестік акт кезіндегі халықтың іс әрекеті
     3. Төтенше жағдай кезіндегі халықтың өзіне өзі көмек көрстеу ережелері






       Дәріс №11. Төтенше жағдайдың психологиялық аспектілері
      Жалпы сұрақтар
     1. Төтенше жағдайдың психологиялық аспектілерінің түрлері

      Төтенше жағдайға тап болған адам ол жерден жарақат алмай шығуы  сирек.
Біреулері ауыр жарақаттанып, денсаулығына нұсқан  келтірсе,  енді  біреулері
қаза  табады.  Бұл  өмірде  өмірі  мен  тәнін  аман  сақтап  қалған  бәрібір
алғашқыда білінбейтін жарақат алады, бірақ ауыр  және  қиындықпен  сауығады.
                   Бұл   –   адамның   жанының   психикасы   мен   санасының
жарақаттануы. Олар бастан кешкеннен де айқын және өте қорқынышты.
      Дегенмен, ТЖ – ға тап болған адамдардың  барлығының  бірдей  психикасы
күшті соққыға ұшырамайды, оны әртүрлі адамдар әр  қалай  қабылдайды.  Кейбір
адамдарда ішкі өмір сүргіш қорлары жұмыс істей бастаса,  ал  кейбіреулерінде
жұмыс  істеу  қабілеті   төмендейді   немесе   үзіліп   кетеді,   денсаулығы
нашарлайды, физиологиялық немесе психологиялық күйге ұшырайды. Бұл  көптеген
факторларға байланысты:  ағзаның  жеке  ерекшелігіне,  тұқым  қуалаушылыққа,
тәрбиеге,  өмірі  мен  еңбегінің  жағдайына,  темпераментіне,   имоционалдық
күйіне қарай.
      Кенеттен ТЖ – ға тап болған адам ағзасына  күйзеліс  реакциясы  әрекет
етеді. ТЖ – да кейбір адамдарда (15-20  пайыз)  ауыр  психологиялық  реакция
дамиды. ТЖ –  ға   дайындалмаған  адамдар  жиі  есінен  тану  жағдайына  тап
болады.
      Кейбір адамдар әртүрлі қысылтаяң  жағдайда  болатын  болса,  екіншілер
ешбір қиындықсыз бір қалыпты өмір сүреді. Біріншілердің шартсыз  рефлекстері
оянған және қызмет атқарады, ал екіншілері анықталу  мүмкіндігі  жоқ  ұйқылы
жағдайда қалыптасады.
      Бейімделудің психологиялық  кедергісі  –  бұл  адамның  өміріне  қауіп
төндіретін және психозақымдаушы факторларға қарсы тұру мүмкіндігі.
      Әртүрлі темпераменттегі адамдар өздерін ТЖ қалай ұстайтынын талдайық.
      Сангвиник – қауіпті жағдайда  өзін  жинақы  ұстап,  батыл  қимылдайды,
бірақ энергиясының көптігінен іс-қимылдардың қате жолдарын таңдауы мүмкін.
      Флегматик – ол да жинақы, бірақ оған шешім қабылдау үшін  белгілі  бір
уақыт қажет және ол көп ойлағаннан кейін қимылдайды.
      Холерик – мүлдем белгісіз. Ол  нақты  жағдайға  байланысты  көпшілікті
ұйымдастыратын басшы, сондай ақ оларды үрейлендіруші де бола алады.
      Меланхолик – бұл жағдайдағы ең қауіпті тұлға, өйткені ол көбінесе үрей
тудырушы адам.
      Қауіп сезгіштігінің әртүрлі болуы,  әрбір  нақты  адамның  эмоционалды
жағдайына байланысты.
      Адамның эмоционалды күйзелуінің шегі қозу (аффект) болып табылады. Бұл
бақылаудан шыққан сананың қозуы  және  сіресіп  қалуы  (ступор)сана  бақылай
алмайтын бір орында қатып қалу, толық қимылсыз  қалу  жағдайы.  Қозу  немесе
сіресіп қалу  жағдайы,  жиі  оқиға  күтпеген  жерде,  кенеттен  басталғанда,
сондай ақ олармен кездесуге дайын болмағандықтан болады.  Мұндай  себептерді
жою үшін тиісті білім мен тәжірибе қажет. Кез келген жағдайларда  адамдардың
12-15  пайызы  өзгеріссіз  өз  қалпында  қалатаынын  айтып  өтке  жөн,  олар
жағдайды дұрыс бағалап, сол жағдайда батыл, нақты қимылдар  жасайды.  Мұндай
типтегі адамдар бірінші өз басын ойламай қоршағандарға көмек  беріп,  болған
оқиғаны түзетуге тырысады.
      Қорқыныш сезімін бақыланатын және бақылаусыздеп екіге бөлуге болады.
      Егер сен өз қорқынышынды бақылайтын болсан, сен болуы  мүмкін  қауіпті
сезініп, бұл жағдайдан шығуға тырысасын.
      Бақылаусыз қорқыныш – мамандар оны үрей дейді.  Әдетте  үрейдің  пайда
болуына  дер  кезінде  және  сенімді  ақпараттың  болмауы  әсер  етеі.  Егер
үрейленген адам көпшіліктің басшысы болса, ол ұжым жұмысын тоқтататын  жалпы
тәртіпсіздікке ұшыратып, олардың өзіне  өзі  және  өзара  көмек  көрсетуінен
айырады. Мұндай «теріс басшылар» әдетте, есірген өз  өздерін  жақсы  көрумен
ерекшеленетін адамдар. Мұндай адамдар аздаған қауіп үлкен болып көрінеді.
      ТЖ психологиялық қауіпсіздік мәселесін зерттеушілер адамның  психикасы
жарақаттанатын 3 кезеңді бөліп қарайды:
      Бірінші  –  нақты  апат  кезінде.  Адамның  барлық  сезімдері,   кейде
хайуандық сезімдері оянады, көбінесе өзін-өзі сақтау сезімі  жоғары  болады.
Адамның күнделіктегі өмірдегі сезімінен басқа  сезімдер  пайда  болады.  Бұл
сезімдердің негізінде «хайуандық» қорқыныш жатады.
      Екінші – құтқару жұмыстарын жүргізген кезде.  Адам  жан-жағында  болып
жатқан жағдайды (баспанадан, мүліктен, жақын адамдардан  айрылғанын)  түсіне
бастайды.  Түсініп  тұрса  да  күйзелісте  болады,  оқиғаның   қайталануынан
қорқып, көмектен үміт үзеді.
      Үшінші - өмірге қауіпті жағдай  тоқталғаннан  кейін,  бағалы  заттарды
қайтадан  бағалауды  жүргізу,  өмірдің  жаңа   жағдайына   қайта   бейімделу
қажетілігі.
      Дүлей зілзала болған кезде  болымсыз  абыржу  мен  қорқынышты  көрсету
ауыр, тіпті қалпына келтірілмейтін зақымдануға  ұшыратады.  Бірінші  кезекте
бірден шаралар  қабылдап,  жеке  тәртібі  мен  төзімділігін  көрсете  алатын
лауазымды адамдарға арналады. Өз күшіне, халықтың күші мен  қолынан  келетін
ісіне сенбеу, еркіндікті жоғалтады.  Мұндай  жағдайда  құтқару  жұмыстарының
өтуі мен орындалуы басшының моральдік – психикалық тұрақтылығы,  төзімділігі
мен  батылдығына   байланысты.   Қорқынышты   жеңудің   ең   бастысы,   жеке
жауапкершілікті сезіну, міндетті түрде жасалатын жұмыстың  мағынасын  түсіну
мүмкіндік туғызады.


Дәріс №12 Эвакуация, көшіру және бытыраңқы орналастыру шаралары

    Жалпы сұрақтар
    1.  Эвакуация  және  бытраңқы  орналастыруды  жүргізу   әдістері   және
       принцптері
    2. Эвакуациялық шараларды жүргізу  және ұйымдастыру



    Эвакуация және бытраңқы орналастыруды жүргізу әдістері және принцптері.
Эвакуация -  адамдардың  өмірін  сақтау   және  өндірістің   жұмыс  істеуіне
жағдай жасау  мақсатында  халық  пен   материалдық   құндылықтарды   төтенше
жағдайлар аймақтарынан  және  осы  заманғы  зақымдау   құралдары  қолданылуы
мүмкін  аудандардан  ұйымдасқан  түрде әкету шығару.
    Эвакуацияланған   барлық   халық   қауіпсіз   аймаққа   орналыстырылған
пункттерде   тіршілік   қызметіне   қажеттілермен   аз   шамада   қамтамасыз
етілуге  тиіс.
    Төтенше жағдай  тәртібін   енгізе   отырып,  соғыс  кезінде,  сондай-ақ
табиғи және   техногендік   сипаттағы  төтенше  жағдайларда   эвакуациялауды
Қазақстан  Республикасы Үкіметінің  шешімі   бойынша   жергілікті   атқарушы
органдар, ұйымдар  жүргізеді.
    Халықты  эвакуациялау    сабақтас    тәсілмен-халықты    жаяу    немесе
көліктің  барлық  түрімен көп  мөлшерде әкетуді   үлестіру   жолымен  жүзеге
асырылады.
    Төтенше жағдайлар  қауіпі  туындағанда  халықты   қауіпті   аймақтардан
қауіпсіз жерлерге  уақытша көшіру  жүзеге асырылады.
    Эвакуация   мүмкіндігінше   қысқа    мерзімде    жүргізіледі.   Халықты
қауіпті   аймақтардан  тыс   жерлерге   жеткізу  (  шығару)  мерзімі    оның
аяқталуы  болып саналады.
    Қауіпті   аймақта  эвакуацияланатын  халық   өз   облысының   аумағында
орналастырылады. Әрбір ұйымға орналастыру ауданы ( пункті)  белгіленеді.
    Халықты соғыс кезінде  орналастыру  аудандары  (пункттері)  күні  бұрын
белгіленеді,  жергілікті   атқарушы   органдармен  келіседі,  және  солардың
шешімімен  қаулысымен бекітіледі.
    Бытыраңқы  орналастыру –соғыс кезінде  өндірістік   қызметін  одан  әрі
жүргізіп  отырған ұйымдардың жұмысшылары  мен қызметшілерін  категорияланған
қалалардың, ұйымдасқан  түрде әкету және қауіпсіз аймаққа орналастыру.
    Эвакуациялық   тізімдер   мен  төлқұжаттар  бытыраңқы  орналастырылатын
және   эвакуацияланатын   халықты   қауіпсіз    аймақта    есепке    алатын,
орналастыратын  негізгі  құжаттар  болып  табылады.  Орналастыру  аудандарын
алмастыруға айрықша  жағдайларда  ғана жол беріледі.
    Бытыраңқы  орналастыру мен эвакуациялауды жоспарлау
    1. Азаматтық қорғаныс жоспарында  көрсетілген  эвакуациялық   шараларды
       орындауға  төтенше  жағдай  мен  Азаматтық  қорғаныс   қызметтерінің
       басқару құрамы   мен   басқармалардың,  бөлімдердің   қызметкерлерін
       даярлау;
    2. Эвакуациялық органдарды  өздеріне  жүктелген  міндеттерді  орындауға
        даярлау;
    3. Халықты  эвакуациялық  шараларды  орындауға даярлау;
    4. Көліктің  барлық түрлерін халықты әкетуге даярлау;
    5. Стансаларды, аймақтарды және  кеме  жайларды   халықты   отырғызатын
       және түсіретін пункт ретінде  жабдықтау, көлік коммуникациялары  мен
       кіре  беріс  жолдарын   отырғызу    және   түсіру   пункттері    мен
       эвакуацияның аралық  пункттеріне  ұластыру;
    6. Халықты жаяу  алып шығуға арналған жолдар мен  сап  түзету  жолдарын
       таңдау, барлау және даярлау,  марш  схемасын  пысықтау  мен   егжей-
       тегжейлі зерттеу;
    7. Азаматтық қорғаныстың басқару пункттерін, байланыс   және   хабарлау
       құралдарын даярлау;
    8. Қауіпсіз аумақта селолық жерлерде  материалдық  жабдықтардың,  азық-
       түлік пен  дәрі-дәрмектердің  қорын  жасау,  сумен  қамтамасыз   ету
       пункттерін жабдықтау.

    Эвакуациялық шараларды жүргізу  және  ұйымдастыру.  Халықты   бытыраңқы
орналыстыруға  және  эвакуациялауға   даярлау    жөніндегі   бүкіл   жұмысты
азаматтық қорғаныстың  бастықтары эвакуациялық  комиссия  арқылы  жүргізеді.
Эвакуациялық   комиссиялар  жергілікті  атқарушы  органдар   мен  ұйымдардың
Азаматтық қорғаныс бастықтарының жұмысшы   органдары  болып  табылады.  Олар
халықты бытыраңқы орналастыру мен эвакуациялау  жөніндегі  шаралардың  бүкіл
кешенін орындауға  және  осы  шараларды  жан-жақты  қамтамасыз  етуге  жауап
береді.   Эвакуациялық    комиссиялардың    құрамын   жергілікті    атқарушы
органдардың тиісті басшылары бекітеді.
    Эвакуациялық   комиссия  құрамына   жергілікті   атқару   органдарының,
Азаматтық  қорғаныс  қызметтерінің  білімі,   әлеуметтік    қамтамасыз   ету
бөлімдерінің,  қорғаныс  істері  жөніндегі   мекеменің,   ұйымдардың    және
басқалардың  өкілдері енеді.
    Эвакуациялық   қабылдау   комиссияларына  эвакуация  кезінде    келетін
халықты қарсы алуды есепке алу мен орналастыруды, сондай-ақ келетін  халықты
тұрмысқа  қажеттілермен   қамтамасыз  етуді   ұйымдастыруға  бақылау   жасау
жүктеледі.
    Эвакуациялық  жиналу пункттерін  орналастыру   үшін   әралуан  қоғамдық
бөлмелер пайдаланады. Эвакуациялық  жиналу пункттерінде тікелей жақын  жерде
 халықты  қорғау  үшін  тіршілікті   қамтамасыз  етуге  арналған  (медицина,
тамақтандыру, күзету  және т.с.с.) орындар әзірленеді.
    Эвакуациялық жиналу пунктіне рет нөмірі   беріледі  шаруашылық  жүргізу
объектілері  мен   пәтерлерді    иемденушілердің   кооперативтері   тіркеліп
жазылады.  Эвакуациялық  жиналу  пунктінің   әкімшілігі   қала   мен   аудан
әкімдерінің қаулысымен  және  бұйрығымен,  ұйымдар  басшылығының  бұйрығымен
тағайындалады. Эвакуациялық жиналу пункті әкімшілігінің  саны оған  тіркеліп
  жазылған  халықтың  санына   байланысты   болады.   Эвакуациялық   халыққа
газтұтқыштар беру пункттері құрылады.
    Аудандар мен қала ұйымдарының Азаматтық  қорғаныс жоспарлары  бытыраңқы
орналастыру  және эвакуациялау  мәселелері  бойынша  аудандардың,  меншіктің
барлық  түріндегі  ауыл шаруашылығы   кәсіпорындарының  Азаматтық   қорғаныс
жоспарларымен келіседі.
    Категорияланған   қаланың   (қалалық   ауданның)   Азаматтық   қорғаныс
жоспарының  орналастыру  мен  эвакуациялауға   қатысты   бөлімінде   мыналар
көрсетіледі:
     1. әрбір  қалалық  аудан,  ұйым,  пәтер   иеленушілердің   кооперативі
        бойынша  орналастыруға   және   эвакуациялауға   жататын   халықтың
        саны;
     2.  қауіпсіз   аймақтағы   халықты   орналастыратын    аудандар    мен
        пункттер;
     3.  орналастыру   мен   эвакуациялау   мерзімдері    (басталуы    және
        аяқталуы);
     4. жергілікті  атқару  органдарымен  ұйымдардың  басшыларына,  сондай-
        ақ  жұмысшыларға,  қызметшілерге  және  халықтың   басқа   бөлігіне
        орналастыру  мен  эвакуацияның  басталу  мерзімі  туралы   хабарлар
        тәртібі;
     5. эвакуациялық  органдардың  құрамы  және  оларды  даярлыққа  келтіру
         мерзімдері;
     6.  жаяу   тәсілмен   әкелетін   және    көліктің    барлық    түрімен
        шығарылатын  халық  саны;
     7.  халықты   шығару   мен   әкету    маршруттары,    жаяу    тәсілмен
        эвакуациялаудың  әрбір   маршрутындағы   эвакуациялаудың   бастапқы
        пункттері,   демалыс    орындары,    реттеу    пункттері,    аралық
        пункттер;
     8.  халықты   көлікпен   әкетудің   және    жаяу    тәсілмен    шығару
        кезектілігі;
     9. халықты  көлікке  отырғызу  пункттері;
    10. оны  қауіпсіз  аймаққа  түсіру;
      Бейбіт уақытта барлық баспаналар  шаруашылық  мақсатқа  пайдаланылады.
Қала  мен   селолық   жерлердің   халқы   радиацияға   қарсы   баспаналарда,
туннелдерде, кен орындарында, жер асты өткелерінде,  жер  асты  гараждарында
және басқада паналау ғимараттарында жасырынады,  сол  үшін  жоспарлы  жиналу
және есеп, сондай-ақ халықты жасырыну ғимараттарына бөлу жүргізіледі.
      Халықты қорғау әдістерінің ең  негізгісі  уақытша  көшіру  (эвакуация)
шаралары болып табылады, оған: адамдардың өмірін сақтау  мақсатында  төтенше
жағдайлар аймағынан және  казіргі  қырып  жою  құралдары  қолданылуы  мүмкін
аудандардан халықты көшіру,  соғыс  уақытында  санатталған  қалаларда  жұмыс
істеп жаткан, ұйымдардын жұмысшылары  мен  қызметкерлерін  қауіпсіз  аймаққа
жайғастырып бөлу және орналастыру жатады.
      Көшіру шаралары Қазақстан  Республикасы  Төтенше  жағдайлар  жөніндегі
орталық атқарушы  органдарының  және  аумақтык  баскару  органдарынын  жалпы
басшылыгымен алдын ала жоспарланады. Бейбіт  уақытта  қауіпсіздік  катерімен
табиғи  апаттық  төтенше  жағдайлар  болуы  ықтимал  аймақтар  үшін   көшіру
шараларын  жүргзу  анықталынады.  Сонымен  қатар  соғыс  уақытша   шекаралас
аудандар мен санатталған қалалардан халықты көшіру тәртібі белгіленеді.
      Соғыс уақытында  кенеттен  ьолған  қатерлі  жағдайларда  және  төтенше
жағдайларда көшірілу жедел жүргізілуі тиіс.
      Тұрғындарды толық немесе бөлігін қктерлі аймақтардан алдын ала  көшіру
бейбіт уақытта да, соғыс уақытында да жүргізілуі мүмкін.
       Уақытша көшіру шаралары:
     -  ұйымдардын  жұмысшылары  мен  қызметкерлерін  және  олардын  отбасы
       мүшелерін- өңдірістік принцип бойынша
     - халықты көшіру- аумақтық принципы бойынша жүзеге асырылады
     - көшіруді ұйымдастыру және мүмкіндігінше жеке меншік көлік  иелерінін
       көлегін тарту жеке меншік пәтерлер кооперативтеріне жүктеледі.
      Халықты радиоактивті және химиялық зақымданудан қорғауға:  санатталған
қалалардын халқын радиоактивті және химиялық зақымдану  туралы  дер  кезінде
хабарлауды ұйымдастырумен, адамдарды жекелеген таныс  қорғау  құралдары  мен
қамтамасыз етумен, баспаналарда, радиацияға карсы баспаналарға және  баскада
корганыс ғимараттарында жасырынумен, зақымдану  аймағынан  тасып  шығарумен,
радиациялық және  химиялық  қорғану  режимін  орындаумен,  радиацияға  карсы
профилактика,  обьектілерге,  техникаларға,  жабдықтармен  жергілікті  жерге
дезактивация, дегазация жүргізумен, өзін өзі корғау  әдістеріне  үйрету  мен
жетеді.
      Облыстық  эвакуациялық  комиссияның   міндеттері.Облыс   әкімшілігінін
бөлімшелерімен, комитеттерімен, басқармалары мен бірлесіп, қауіпсіз  аймаққа
орналастыратын  және  эвакуацияланатын  халықты  орналастыруға,   аудандарда
әзірлеу  жөніндегі  шараларды  жасайды  және  осы  шаралардын  жүзеге  асуын
(олардв бекіткеннен кейін) бақылайды.
      Жеке құрамаларды құруды оларды жабдыктауды бақылайды.  Уақытша  көшіру
шараларын   даярлауға   арналған   өкімді   алысымен    эвакуациялық    және
эвакоқабылдау  коммисияларының  даярлыққа   келтіруін   бақылайды.   Халықты
орналастыру   мен   эвакуациялау    жоспарын    нақтылайды.    Қарамағындағы
эвакуациялық ұйымдарының жұмыстарын бақылайды. Эвакуауиялық жинау  бекетінің
жұмысын жақсартуға даярлықты ұйымдастырады.
      Көлік  органдары  мен  бірлесіп,  көшірілетін  және   орналастырылатын
халықты тасымалдайтын көліктін түрлерін, саның, дайындығын нақтылайды.
      Уақытша  көшірілу  кезіенде  адамдардын  демалатын,  дәрігерлік  көмек
алатын орындарың, қажетті қорғаныс  құралдарымен  қамтамасыз  етуін,  келген
адамдардын орналасуын қамтамасыз етіп,  қадағалайды.  Азаматтық  қорғаныстың
тиісті қызметтерімен өзара  әрекет  етуі  мақсатында  орналастырылатын  және
эвакуацияланатын халықты жан-жақты жабдықтауды және қорғауды  ұйымдастырады.
Ұйымның эвакокомиссияның міндеттері болып:
     -  Ұйымның  Азаматтық  қорғанысының  штабымен   бірлесіп,   обьектінің
       жұмысшылары  мен  қызметшілерін  және   олардын   отбасы   мүшелерін
       орналастыруға (жұмысшыларға, қызметшілерге, лоардын мүшелеріне сұрау
       салмастан), олардын тізімдерін жасайды.
     -  Азаматтық  қорғанысының  бастығына  эвакуациялық  жинау   пунктінің
       өкімшілік құрамы, эшолондар бастықтарын, автомобиль колонналары  мен
       жаяу саптар бастықтарын тағайындау туралы ұсыныс әзірлейді.
     - Эвакуациялық  жинау  пунктінің  әкімшілігінің  құрамына  еңген  жеке
       құрамына,  эвакуациялық  эшолондар  мен  колонналардын   бастықтарын
       дайындауды ұйымдастырады.
    Эвакуациялық шараларды  дайындауға  арналған  өкімді  алысымен,  оларды
орналастыру   және   эвакуациялар   жоспарын,   сондай-ақ   орналастырылатын
(эвакуацияланатын)  жұмысшылардың,  қызметшілердің   және   олардын   отбасы
мүшелерінің тізімі анықтайды.
    Ауданның эвакокомиссиясы облыс комиссиясымен бірлесе отырып  және  оның
басшылығымен әрі жоспары мен нақты уақытша  көшіру  жұмыстарын  ұйымдастырып
анықтайды.
    Жергілікті   атқару   органдары   ауыл   шаруашылығы   кәсіпорындарының
эвакуациялық қабылдау комиссиялары аудандық  комиссияның  басшылығымен  және
оның  жоспарымен  уақытша  көшіру  жұмыстарын   немесе   көшіп   келушілерді
орналастыру жұмыстарың нақтылы жүргізеді.
    Эвакуациялық жиналу бекетінің әкімшілігінің міндеттері:
     - Эвакуциялық жиналу бекетіне келуші халықты тіркеуді жүзеге  асырады,
       оларды  пойыздарға  (автоколонналарға,  кемелерге)  және  вагондарға
       (автомашиналарға, кемедегі бөлмелерге) бөледі, отырғызу  бекеттеріне
       жібереді.
     - Қауіпсіз  аймаққа  орналастырылатын  және  эвакуацияланатын  халықты
       есепке   алуды   жүргізеді,   бұл   туралы   аудандық   эвакуациялау
       комиссиясына (уақыты, ұйымдар мен көлік түрлері бойынша)  мәліметтер
       береді.
     - Эвакуациялық жиналу бекетінде болған кезде, ауырғандарға  дәрігерлік
       көмек көрсетуді ұйымдастырады.
     - Эвакуациялық жиналу бекетінде қоғамдық тәртіпті сақтауды және ЭЖП-да
       орналасқан халықтың қорғануын қамтамасыз етеді.

    Өзін өзі тексеру сұрақтары
     1.  Эвакуация  және  бытраңқы  орналастыруды  жүргізу  әдістері   және
        принцптері
     2. Бытыраңқы  орналастыру мен эвакуациялауды жоспарлау
     3. Облыстық эвакуациялық комиссияның міндеттері
     4. Эвакуациялық жиналу бекетінің әкімшілігінің міндеттері




Дәріс №13. Зақымдаушы факторлардан халықты инженерлік қорғау

      Жалпы сұрақтар
     1. Қорғаныс ғимараттары.
     2. Жеке қорғаныс құралдары және олардың түрлері.

      Қорғаныс ғимараттары. Қорғаныс ғимараттары  –  бұл  арнайы  мақсаттағы
инженерлік ғимараттар.  Олар  халықты  осы  заманғы  зақымдау  құралдарынан,
радиациялық және химиялық қауіпті нысандардағы  авариялар  кезіндегі  шыққан
радиациялық  заттардан,  зақымдағыш  факторлардың   ықтимал   қайталануынан,
жарылыстардан, сондай – ақ зілзаладан, авариялар мен апаттардан қорғайды.
Бұл  ғимараттар  қорғаныстық  ерекшеліктеріне  байланысты  панаханалар  және
радиациядан  қорғайтын  паналау  орындары  болып  бөлінеді.  Сонымен   қатар
адамдарды қорғау үшін қарапайым үлгідегі панаханалар да қолданылуы мүмкін.
Адамдар  тіпті  қираған  панаханаларда  ұзақ  уақыт  бола   алады,   олардың
қауіпсіздігі бірнеше тәулік  бойы  қамтамасыз  етіледі.  Панахананың  қорғау
сенімділігіне қоршау құрылғыларының өте  беріктігі,  сондай  –  ақ  қоршаған
ортаның  үстіңгі  беті  радиоактивті  улағыш  заттармен  және   бактериалдық
құралдармен  ластанған  немесе  жаппай  өрт  қаулаған  жағдайда  панахананың
қауіпті  тіршілігін  қамтамасыз  ететін  санитарлық  гигиеналық  жағдайларды
жасау есебінен қол жеткізіледі.
      Панаханалар адамдар  аз  жүретін  жерлерге  орналасуы  керек.  анахана
ғимараттары былайша жіктеледі:
      • Мақсаты  бойынша:  кәсіпорын  қызметкерлері  мен  халықты,  басқару
        органдары мен медицина  мекемелерін  орналастыру  үшін.  Өте  берік
        ғимараттар мемлекеттік органдар мен әскери басқару  органдары  үшін
        салынады. Жұмысшылар  мен  қызметкерлерді  қорғау  үшін  ғимараттар
        кәсіпорын аумағына, ал халықты қорғау үшін  олар  тұратын  жерлерге
        салады. Аса қауіпті  нысандардың  жанында  орналасқан  ғимараттарда
        болу мерзімі – 5 тәулікке дейін;
      • Орналасқан жері бойынша: жапсарлас салынғандар, жеке тұрғандар, тау
        ішінде. Жапсарлас салынған  панахана  ғимараттың  құлауынан  үйінді
        астында қалуы мүмкін, ал жеке тұрғандар мұндай қауіпке ұшырамайды;
      • Сыйымдылығы бойынша: шағын 300 адамға  дейін,  орта  300-600  адам,
            үлкен – 600  астам.
      Панахана  мына  талаптарды  ескере  отырып   тұрғызылуы   тиіс:   онда
адамдардың үздіксіз келіп кетуінің қамтамасыз етілуі, су баспайтын  жерлерге
салынуы,  су  және  қысымдық  канализация  желісінен  алыс  болуы.  Панахана
желдеткішпен,  санитарлық-техникалық  қондырғылармен,  улағыш   радиоактивті
заттар   мен   бактериалдық   құралдардан   ауаны   тазалайтын   құралдармен
жабдықталуы тиіс.
      Радиациядан қорғайтын  орын.  Бейбіт  және  соғыс  уақытында,  төтенше
жағдайлар  кезінде  паналайтын  адамдардың   қорғалуын  қамтамасыз   ететін,
қымталған   қорғаныс   ғимараттары   радиациядан   қорғайтын   орындар   деп
аталадыОлар адамдарды радиоактивті зақымдалу жағдайында сәуле тиюден,  тыныс
органдарын,  тері  мен  киімді  радиоактивті  заттардың  түсуінен  қорғайды.
Селолық жерлерде РҚО үшін погреб, көкөніс сақтайтын жер пайдаланылады.
      Қарапайым  үлгідегі  панаханалар.  Халықты   қорғау   жүйесінде   қуыс
үлгісіндегі қарапайым панахана  салудың  үлкен  маңызы  бар.  Олар  траншея,
окоп, блиндаж. Оны халық аз уақыт ішінде  салады.  Қуыс  ашық  немесе  жабық
болуы мүмкін. Ашық қуыс радиактивті сәуле мөлшерін 2-3 есеге, ал  жабық  40-
50 есеге азайтады. Оның тереңдігі 200см, жоғарғыдағы  ені  120см,  төмендегі
ені 80см болады,  ал  ұзындығы  паналайтындардың  санына  байланысты.  Жабық
қуысты диаметрі 20-30 смбөренеден, темір бетон плитасынан  немесе  қалыңдығы
20-30 см етіп топырақ қабатын төсейді.


          Жеке  қорғаныс  құралдары  және   олардың   түрлері.   Тыныс   алу
органдарының жеке қорғаныс құралдары – сүзгіш,   оқшаулағыш.  Респираторлар.
Қызметтік принцптеріне байланысты ТАОЖҚҚ сүзгіш және оқшаулағыш болып  екіге
бөлінеді. Сүзгіш құралдар ауадағы оттегінің  жеткілікті  болуы  және  зиянды
заттардың шектеулі мөлшерде болуы  жағдайында  қорғанысты  қамтамасыз  етсе,
оқшаулағыш  құралдар  ауадағы  оттегінің  жеткіліксіз  болуы   және   зиянды
заттардың шектеусіз мөлшерде болуы жағдайында қорғанысты қамтамасыз етеді.
      Сүзгіш ТАОЖҚҚ үш түрге бөлінеді: аэрозольдан қорғануға арналған, шаңға
қарсы; булы газ тектес зиянды заттардан  қорғануға  арналған,  газға  қарсы;
ауада  бір  мезгілде  болатын  аэрозольдан  және  булы  газ  тектес   зиянды
заттардан қорғануға арналған, газды шаңнан қорғайтын.
      Оқшаулағыш ТАОЖҚҚ екі түрге бөлінеді: шлангты, ауа  беруді  қамтамасыз
етеді, таза аймақтан ауа соруға арналған; автономды,  ауамен  қамтудың  жеке
көзінен тынысалу қоспаларының берілуін қамтамасыз етеді.
      Тыныс алу  органдарын  аэрозольдан  қорғау  үшін  әр  түрлі  маркадағы
респираторлар қолданылады. Тыныс алу органдарын ауа құрамында  болатын  булы
газ тектес зиянды заттардан  және  аэрозольдан  қорғану  үшін  респираторлар
қолданылады:  газға  қарсы,  сорбитті  –  сүзгіш,  газды  шаңнан  қорғайтын,
клапансыз, бір рет қолданатын.
      Респираторлар  негізінен  резеңкелі  жартылай  маскадан  және  қуыстық
сүзгіштерден  (екі  сүзгіш  секция)  тұрады.  Қуыстық  сүзгіштер   қағаздан,
матадан, шұғадан (фетра), мақталы материалдардан жасалады.
      Әмбебап респираторлар бір мезгілде тыныс алу органдарын газдардан және
улы, бактериалды, силикатты, цементті, көмірлі және  радиоактивті  шаңдардан
қорғайды.
      Дәкелік таңғыштар респираторлардың ең  қарапайым  түріне  жатады  және
кірлегеніне қарай ауыстырып ортыратын 5- 6  қабат  дәкеден  тұрады.  Дәкелік
таңғыштар  аз  концентрациядағы  және  аса  улы  емес  шаңдардан   қорғануға
ұсынылады, мысалы ағаш шаңы.
      Газқағарды  пайдалануға  дайындау  шлем  –  масканың  қажетті  өлшемін
анықтаудан басталады. Ол  басты  тігінен  айналдырып  өлшегенде  анықталады.
Өлшеу төбеден басталып, бет пен иекті қамтиды. Қолданар алдында  газқағардың
бұзылмағандығы мен герметикалығын тексеру  керек.  Шлем  –  масканы  тексеру
барысында талапқа сай болуын қадағалау керек.  Одан  кейін  оның  бүтіндігін
әйнектеріне қарап тексеру керек. Бұдан кейін клапан  қорапшасы  тексеріледі.
Ол қоқысқа толған немесе жыртылған болмауы керек. Сүзгіш –  жұтқыш  қораптар
мыжылмай, тот баспай, тесілмей сақталуы тиіс және  мойынында  зақым  болмауы
керек. Сонымен қатар қорап ішіне  жұтқыш  ұнтақ  түсіп  кетпеуі  қадағалануы
керек.
      Газқағарды  мынандай  жолмен  жинайды.  Сол  қолымен  шлем  –  масканы
клапанды қорапшасынан ұстайды. Оң қолымен сүзгіш – жұтқыш  қораптың  мойының
шлем – масканың клапанды  қорабының  түтігіне  соңына  дейін  бұрайды.  Жаңа
газқағардың беттік бөлігін киер  алдында  ішкі  және  сыртқы  жағынан  аздап
суланған таза шүберекпен сүртеді, тыныс шығару клапанын  үрлеу  керек.  Егер
қандай да бір  ақау  байқалса,  оны  жөндейді,  ал  жөндеу  мүмкін  болмаған
жағдайда  ол  газқағарды  басқа,  ақауы  жоғымен   ауыстырады.   Тексерілген
газқағарды жиналған күйінде  сөмкеге  жинайды:  түбіне  –  сүзгіш  –  жұтқыш
қорап, үстіне – бүктелмеген күйде,  тек  кана  әйнектік  бөлігі  зақымдалмас
үшін аздап қайырып қояды.
      Көз бен  бетті  қорғайтын  жеке  қорғаныс  құралдары.  Көз  бен  бетті
қорғайтын жеке қорғаныс құралдарына ең алдымен, шаңнан,  қатты  бөліктерден,
химиялық агрессивті емес сұйықтықтар мен газдардан, ультракүлгін  сәуле  мен
басқа да қауіпті  факторлардан  қорғайтын  қорғаныс  көз  әйнектері  жатады.
Оларды  таққан  кездегі  кейбір  ыңғайсыздықтар  оның   жоғарғы   дәрежедегі
тиімділігімен ақталады.
      Көз  бен  бетті  қорғайтын  қорғаныс  құралдары  авариялық  –  құтқару
жұмыстары  мен  оларды  орындаудың  ерекшелігіне  қарай  таңдалады.   Осыған
байланысты қорғаныс көзілдіріктері төмендегідей болып бөлінеді:
     • желден, шаңнан, агрессивті емес химиялық сұйықтықтардың шашылуы  мен
       ұсақ қатты заттардан қорғайтын, тікелей желдетілетін жабық  қорғаныс
       көзілдіріктері;
     • ультракүлгін сәулелерден  қорғайтын,  тікелей  желдетілмейтін  жабық
       қорғаныс көзілдіріктері;
     •  ультракүлгін  және  инфроқызыл  сәулелердің  тікелей  әсер  етуінен
       қорғайтын  тікелей  желдетілмейтін   және   сәулелі   сүзгіші   бар,
       реттелетін, жабық қорғаныс көзілдіріктері.
    Есту органдарын қорғайтын жеке  қорғаныс  құралдары.  Кейбір  авариялық
құтқару жұмыстардың түрлері ( пневмо –құралдармен,  монтажды  пистолет  және
т.б.)  айтарлықтай  шумен  қоса  жүреді.  Есту  органдарын  қорғайтын   жеке
қорғаныс құралдарына шуға қарсы каскалар мен тығындар жатады.
    Теріні  қорғайтын  жеке  қорғаныс  құралдары.  Теріні  қорғайтын   жеке
қорғаныс құралдары (ТҚЖҚҚ) қорғау қызметі  бойынша  оқшаулағыш  және  сүзгіш
болып  екі  топқа  бөлінеді.  Оқшаулағыш  құралдардың  матералдары  газ  бен
сұйықтықтардың өтуіне жол бермейтін арнайы қабатпен  (пленкамен)  қапталған.
Жаз уақытында мұндай оқшаулағыш киімде жұмыс  істеу  кезіндегі  шамадан  тыс
қызып кетуді  болдырмау  үшін  төмендегі  кестеде  көрсетілген  жұмыс  істеу
уақытын қатаң сақтау керек.
    Теріні қорғауға арналған қолда бар құралдар. Теріні  қорғауға  арналған
қолда бар құралдар ретінде  қарапайым,  су  өтпейтін  плащтар  мен  жабулар,
сондай  –  ақ  калың  әрі  мықты  материалдан  жасалған  пальтолар,  мақталы
күртешелер  және  т.б.  Аяқты  қорғау  үшін  резина  етіктер,  ботылар   мен
галоштарды пайдалануға  болады.  Егер  олар  жоқ  болса,  аяк  киімді  қалың
қағазбен орап, сыртынан матамен  қаптап  тастау  керек.  Қолды  қорғау  үшін
қолда бар барлық резеңке немесе  теріден  жасалған  қолғаптарды  пайдалануға
болады.


      Өзін өзі тексеру сұрақтары
     1. Қорғаныс ғимараттары.
     2. Қорғаныс ғимараттарында болу тәртібі
     3. Жеке қорғаныс құралдары және олардың түрлері.
     4. Жеке қорғаныс құралдарын қолдану тәртібі



Дәріс №14. Зақымдану ошақтарындағы құтқару және басқа да шұғыл жұмыстар

      Жалпы сұрақтар
     1. Құтқару және басқа да шұғыл  жұмыстарды  ұйымдастыру  және  жүргізу
        негіздері.
     2. Төтенше жағдайлардың салдарын жою.


      Құтқару және  басқа  да  шұғыл  жұмыстарды  ұйымдастыру  және  жүргізу
негіздері. Халықты құтқарудың негізгі  әдістері.   Халықты  қазіргі  заманғы
қырып жою құралдарынан және төтенше жағдайлар кезіндегі апаттардан  құтқаруы
ұйымдастыру мен іске  асыру,  оның  зардабының  әсерін  азайту  немесе  кісі
өлімін азайтуға бағытталған қорғаныс шараларын іске асыру  әдістерінің  ролі
ерекше.
          Халықты құтқарудыңдың негізгі әдістері мыналар:
      • қорғаныс ғимараттарына жасыру;
      • халықты таратып қоныстандыру және көшіру;
      • жеке және дәрігерлік қорғаныс құралдарын пайдалану;
      • дер кезінде хабарландыруды ұйымдастыру;
      • азық-түлікті, суды, мал мен өсімдікті радиоактивтік, улағыш,  қатты
        әсер ететін улы заттармен және бактериалдық зақымданудан қорғау;
      • радиациялық, химиялық, бактериологиялық барлау мен дозиметрлік және
        лабораториялық бақылауды ұйымдастыру;
      •  өрттен  қорғау,  санитарлық-гигиеналық,  эпидемияға   қарсы   және
        сақтандыру шараларын жүргізу;
      • зақымдау аймақтарындағы ұйымдарға жұмыспен халықтың өзін-өзі  ұстау
        режимдерін сақтау;
          Қорғаныс ғимараттарына  жасыру  -  халықты  осы  заманғы  зақымдау
құралдарынан,  әсіресе  әуе  шабуылынан,  сол   сияқты   қауіпті   жағдайдан
қорғаудың негізгі және ең сенімді әдісі.
      Әуеден шабуыл, химиялық,  радиациялық,  биологиялық  зақымдану  қауіпі
туғандағы құтқару  жұмыстары.Әуеден  шабуыл  болғанда  радиоактивтік  немесе
химиялық  зақымданғанда –  біріншіден  АҚ  штабынан  қауіптер  туралы  хабар
түседі. Төтенше жағдай кезінде адамдарды  құтқару  жұмыстарын  жүргізу  үшін
әскери емес жасақшылар тобы құрылады.
      - барлау топтары – 15-16 адамнан тұрады .
      - қоғамдық тәртіп қорғау топтары
      - санитарлық дружина -25 адам
      - санитарлық бекеттер -2-3 адам
      - құтқарушы топтар 30-35 адам
      - бірнеше өрт сөндірушілер топтары, әрқайсысында 4-5 адам .
      Ядролық зақымдану ошақтарындағы құтқару жұмыстары.  Ядролық  зақымдану
ошақтарының жағдайларына,  қираған  мекемелердің,  коммуналды  энергетикалық
және  технологиялық  қондырғылардың  радиоактивтік  зақымдану  деңгейлерінің
және  басқа  әсерлер  мен  жағдайлардың  жұмыстар  жүргізгендігі   тигізетін
келеңсіз жақтарын реттеу жұмыстары АҚ басшысы  мен  жасақтаушы  командирінің
ұйымдастыруымен басқарылады
 Қозғалыс жүргізу жұмыстарын жүргізгенде бір жақты  қозғалыс  үшін  биіктігі
-1мм, ені -3-3.5м,  жол  ашса,  ал  екі  жақты  қозғалыс  үшін  ені  -6-6.5м
эксковаторлар жол ашып, өрт сөндіргіш машиналармен біруақытта  жұмыс  атқара
отырып   өрт  сөндіріледі.  осындай  жұмыстардың  артынша  дереу   іздестіру
құтқару жұмыстарын қолмен  немесе  кіші  механизация  құралдарын  қолданумен
іске асырады. Құтқарылғандарға алғашқы көмек көрсетіледі.
       Табиғи төтнеше  жағдайлардағы  апаттық-құтқару  жұмыстары.  Қазақстан
мемлекетінің орналасқан жері- орасан зор. Ол жерлерде табиғат апатының  неше
түрі бар: жер слкіну, қар тасқыны,  қатты  жел,  су  тасқыны  сияқты  табиғи
апаттар жиі болып жатады  Жер  сілкінісі  кезінде  зардап  шегушіге  алғашқы
медициналық көмек  көрсетіледі.  Жеңіл  үйіндінің  астында  қалғандарды  тез
арада  босатып,  балалардың,  ауруларды,  қарттардың  қауіпсіздігіне   назар
аударылады. Ғимаратқа кірер алдында баспалдақтың, қабырғаның қауіпінің  бар-
жоқтығына назар аударылады.  Адамдарды  құтқарудың  ең  қиыны  жанып  жатқан
мекемелерден қауіпсіздік шараларын сақтай отырып алып шығу.
 Халықты, аумақты және шаруашылық объектілерінің  ықтимал  жер  сілкінісінен
қорғау мақсатындағы шаралар мыналарды қамтиды:
     Сейсмологиялық бақылау  менжер  сілкінісінің  болжамының  республикалық
жүйесін  дамыту;  сейсмикалықаудандастыру  сапасын   жақсарту;   сейсмикалық
төзімді  ғимараттарды  жобалау  және  салу;  халықтың   сейсмикалық  білімін
жақсарту;   басқару;   хабарлау    және     байланы042-14-6-02.1.20.18-2007с
жүйелерін тұрақты дайындықта болуын ұйымдастыру;  дамыту  және  қолдау;  жер
сілкінісі кезіде Азаматтық қорғаныс күштерін тарту және  тұрақты  дайындықта
ұстау.
        Азаматтық қорғаныс күштері мен құралдарының өзге  де  шараларға  жер
сілкінісі салдарын жою жоспарына сәйкес өзге де шараларға басшылық жасау.
       Сел қаупіне тап болған адамға  қолда  бар  барлық  құралдармен  көмек
көрсету керек.Мұндай  құралдар  құтқарушылар  беретін  таяқ,  арқан,  сырық,
шынжыр болуы мүмкін. Тасқын ішіндегі адамды оның шетіне біртіндеп  жақындата
отыра, тасқынның бағыты бойынша шығару керек.
       Сел  қауіпі  кезінде  көшіруге  қатысушы  адамдар  қауіпті  жерлерден
қарттар мен балаларды, өз бетінше жүре алмайтын адамдарды шығарады.  Еңбекке
қабілетті бүкіл  халық  тоғандарды  нығайтуға,  кедергілер  құруға,  ағызғыш
каналдар қазуға міндетті. Егер сел апатына елді мекен ұшыраса,  онда  іздеу-
құтқару жұмыстарына  әзірлеген  жоспары  бойынша  жұмыс  жүргізетін  әртүрлі
құтқару бқлімшелерінің айтарлықтай күштері мен құралдары таратылады.
       Қар  көшкіні  қауіпі  кезінде  тауға  шығу  қажетті  жағдайда   кезек
күттірмейтін жұмыс үшін, атап айтқанда құтқару жұмысы  үшін  тік  жартастан,
оның ең биік бөлігіне немесе  жартасқа  жақын  тар  жерден  өту  қажет.  Бұл
беткейді шамалы сілкінтеді .  Зардап  шегушіні  қазып  алғаннан  кейін  оның
бетін  ің  алдын  боскеңістіктің  бар  жоғын  немесе  бетіне  қардың   қатып
қалмағандығын анықтау қажет. Бірден жүректің  соғысы  мен  құрсақтың  қысылу
дәрежесін тексеру керек.
    - ауызбен мұрындағы қарды кетіріп «ауызға ауыз»  немесе  «мұрынға  ауыз»
      әдісімен жасанды тыныс алдыруды жасау қажет.
    - бір уақытта зардап шегушіні қйықтау қапшығына салып жылыту керек.
 Дауылдан кейінгі негізгі жұмыстар
    - зардап шеккендерді іздеу, жаралыларды ғимарат үйінділерден шығару;
    - жанып жатқан және жартылай жанған ғимараттардан адамдарды құтқару ;
    - зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету және оларды емдеу
      мекемесіне жеткізу;
    - шыққан өртті сөніру;
    -  өндіріс  объектілеріндегі,  коммуналдық   энергетикалық   желелердегі
      аварияларды жою.
   Найзағай соққан кездегі көмек көрсету әдістері:
   Көмекті кешіктірмеуге қажет. Жасанды тыныс алу мен жүректі сылау  ды  бір
минуттан  артық тоқтатпай, зардап шегушіге өлім белгілері ашық   байқалғанша
жалғастыру қажет.
   Су тасқынынан сақтандыру және оны азайту жөніндегі шаралар.
     Елді  мекендердегі  тасқын  кезіндегі  қауіпсіздік  көп  жағдайда  оның
алдында жүргізілген  сақтандыру  жұмыстарымен  қамтамасыз  етіледі.  Ескерту
жұмыстарының тұтас жүйесі бар: судың  басылуы  күтілетін  аумақтағы   тасқын
судың арнасын бұру; су қоймасы, бөгет, тосқауыл  тұрғызу,  жағаны  биіктету,
су  түбін  тереңдету,  ғимараттар  мен  үй   жайларды   судан   оқшауландыру
қондырғысын қою, құтқару құралдарын жасау және  даярлау.  Құтқару  жұмыстары
кезінде халық ұстамдылық  сақтап  құтқарушылар  талаптарын  қатаң  орындауға
тиіс.


      Төтенше жағдайлардың салдарын жою.
      Төтенше  жағдай  салдарын  жою  төтенше  жағдай  аумағында  және  оған
жататын  аудандарда  барлаудың  барлық  түрлерін  және  кезек   күттірмейтін
жұмыстарды  жүргізу  қамтиды.  Сондай-ақ   төтенше   жағдай   салдарын   жою
күштерінің құрамын және зардап шегуші халықтың тіршілігін қамтамасыз  етеді.
Төтенше жағдайды жоюды ұйымдастыру оның сипатымен көлеміне байланысты.
     Төтенше  жағдайды  жоюдың  негізгі  ұйымдастырушысы  -  төтенше  жағдай
бойынша комиссия атқарушы орган немесе экономика нысанын  басқару  органының
функцианалдық құрылымы.
    Азаматтық қорғаныс және төтенше  жағдай  бөлімшелері  атқарушы  биліктің
органы  болып  табылады.  Азаматтық  қорғаныстың  күнделікті  жүргізу   және
бақылауға арналған және іс-шараларды орындау. Белгілі  ведмоствалық  ауданда
мүмкін болатын  төтенше жағдай туралы жорамал мәліметтерді пайдалана  отырып
Азаматтық қорғаныстың төтенше жағдай бөлімі төтенше  жағдайды  жою  жоспарын
құрады.  Ол мынаны қарастырады:
    - апаттық аймақтың қысқаша сипаты( зақымдану ошағы) ;
    - төтенше жағдайды жоюдағы қолданылатын күштер мен құралдар;
    - жұмыс реттілігі;
    - төтенше жағдай аумағында қоғамдық тәртіп сақтау ережелері;
    - медициналық шараларды ұйымдастыру;
    - қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
    - басқаруды ұйымдастыру;
    - материалдық техникалық сұрақтарды қамтамасыз ету:
     Көптеген  жағдайларда  төтенше  жағдайларды  жою  төтенше  жағдайлардың
жедел  қимылдауына  байланысты  Бұл  жетекшілік  және   күнделікті   басқару
органдарының ТЖ  пайда  болуының  ақпаратыалына  салысымен  бірлесіп  қызмет
етуіне тәуелді.
      Төтенше  жағдай  комиссия  төрағасы  ТЖ  көлемі  және  сипаты  бойынша
мәліметтерді пайдаланып негізгі  міндеттерді,  құралдар  мен  күштерқұрамын,
жеке  құрам  қорғанысын,  адамдарды  құтқару   тәртібін   көрсететін   шешім
шығарады.
    Апат аймағынан сенімді ақпараттар алу үшін маман  химиктер,  инженерлер,
дәрігерлер, өрт сөндірушілерден  құралған  кешенді  барлау  ұйымдастырылады.
Радиациялық және химиялық  барлау  бөлімшелері  радиоактивтік  ластану  және
химиялық  зақымдану  мөлшерін  анықтайды.   Инженерлік  барлау   бөлімшелері
жолдардың,  ғимараттардың  коммуналды   энергетикалық   желілердің,   үйінді
түрлерін және сипатын  бағалайды.  Жұмыс  көлемін  және  қажетті  инженерлік
техниканы анықтайды. Өрт сөндіру тобының барлау  бөлімшелері  өрт  жағдайын-
тұтас  және  жеке  өрттер  бөлігін,өрт   сөндіру   әдістерін,   су   көздері
орындарынанықтайды. Медициналық барлау бөлімшелері санитарлық  –  гигиеналық
жағдайларды, зардап шегушілер жатқан жерлерді  табады.  Оларға  көрсетілетін
медициналық  көмек  көлемін  анықтайды.  Қажеттілік   туындағанда   инфекция
таратушы қоздырғыштарды зертханада анықтауға арналған үлгілер алатын  маман-
эпидемиологтарды бөлімшеге қосады. Ауылшаруашылығы өндірісінің  нысандарында
барлау  жүргізгенде  фитосанитарлық  бақылау  мамандары  және   ветеринарлар
шақырылады
    Төтенше салдарын жоюда апаттық құтқару  және басқа  да  қалпына  келтіру
жұмыстары  кезінде  сараптамасын  жүргізу  сатылап  жүргізіледі  және  қысқа
уақытта ретпен жүргізіледі.
     Бірінші  сатысында  нысандар  және  халықты   жедел   қорғау   мәселесі
жүргізіледі және дайындық жасау  қарастырылады.   Ең  алдымен  халыққа  және
жұмысшыларға ТЖ туралы ескерту жүзеге асырылады.
    Екінші сатысында  негізгі  міндет  құтқару  жұмыстарын  тікелей  жүргізу
жүзеге асырылады.  Сонымен қатар бірінші саты міндеттері  қоса  жүргізіледі.
Алғашқы тәртіпті қорғаныс мекендеріне жолдар  салу  жүргізіледі.  Жергілікті
шамалы үйінділерде жол сынықтар мен  қалдықтарды  тазалау  арқылы  салынады.
Жлдар ,өткелдер салу үшін  қолда  бар  механика,  автокрандар,  бульдозерлер
қолданылады. Жол салу жұмыстары аяқталғаннан кейін өрт болып жатқан  жердегі
өртті  сөндіру  және  адамдарды  іздестіру   құтқару   жұмыстары,   қорғаныс
мекендерін тауып, оларға таза ауа жіберу жұмыстары жүргізіледі.
     Газдан құтқару отрядтары газға  толған  нысандармен  мекендергде  жұмыс
жүргізеді. Ең алдымен газ жолы табылып, шығу себептерін  анықтайды,  құтқару
жұмыстарын жүргізеді.
     Химиялық  ластануда  ҚХЗ  таралуын  шектеу  мақсатында,  топырақ,  және
топырақ асты суларының ластанбауы үшін келесі әдіс-тәсілдер пайдаланылады:
    - төгілген затты тасымалдау;
    - ҚХЗ таралуына бөгет жасау;
    - ҚХЗ табиғи үңгірлерге жинау.
   Әртүрлі органдардан және арнайы  кешендік  барлаудан  алынған  мәліметтер
негізінде төтенше жағдай бойынша комиссия төрағасы  жағдайды  бағалап  шешім
қабылдайды.
   АҚҚ мен құрамалары қызметінің негізгі принциптері мыналар:
   Төтенше жағдай туындаған кезде  адамдардың  өмірін  құтқару  мен  олардың
денсаулығын сақтау қ.о. қорғау  міндеттерінің  бақылауын  көздейтін  ізгілік
пен қайырымдылық.
   Төтенше жағдай жою  жөніндегі  құтқару  жұмыстары  мен  шұғыл  жұмыстарды
жүргізудің міндеттілігі.
    АҚҚ  мен  құрамаларында  дара  басшылық  құтқару  жұмыстары  мен   шұңыл
жұмыстарды  жүргізу   кезінде   өзін-өзі   ақтайтын   тәуелділік   жөніндегі
қауіпсіздікті қамтамасыз ету. АҚҚ мен  құрамаларының  төтенше  жағдай  жедел
назар аударуға және құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды  жүргізуге  ұдайы
әзірлігі.


      Өзін өзі тексеру сұрақтары
     1. Халықты құтқарудыңдың негізгі әдістері
     2. Табиғи төтнеше жағдайлардағы апаттық-құтқару жұмыстары
     3. Әуеден шабуыл, химиялық, радиациялық, биологиялық зақымдану  қауіпі
          туғандағы құтқару жұмыстары
     4. Төтенше жағдайлардың салдарын жою






Дәріс №15. Жарақаттанған және зақымданған кездегі алғашқы медициналық  көмек
көрсету

      Жалпы сұрақтар
     1. Жарақат, сыну, қан  кету,  буын  шыққан   кезіндегі  алғашқы  көмек
        көрсету түрлері


      Жарақат, сыну, қан кету, буын шыққан  кезіндегі алғашқы көмек  көрсету
түрлері
      Жарақат – сыртқы  факторлардың  әсерінен  ұлпа  тұтастығының  бұзылуы.
Жарақат механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық, психикалық болады.
            Соғып алу –  тері  жарақатынсыз  жұмсақ  ұлпалардың  механикалық
бұзылуы. Соғып алған жер ауырады, іседі, қан  жиналып  қалады.  Кеуде  торын
соғып алған кезде тыныс алу бұзылады. Ішті соғып алу бауырдың,  көкбауырдың,
асқазанның жарылуына, іштей қансырауға алып келуі мүмкін.  Басты  соғып  алу
бас сүйек – ми жарақатын тудырады.
       Жаралар – механикалық әсер ету  салдарынан  тері  мен  шырышты  қабақ
тұтастығының бұзылуы,  ағза  жасушаларының  зақымдануы.  Жаралар  шаншылған,
соғылған, кесілген, оқтан болған, шағып алынған болып  бөлінеді.  Жаралармен
ауру, қан кету, жарақаттанған ағза қызметінің бұзылуымен қатар  жүреді  және
инфекциямен асқынып кетуі мүмкін.
       Алгашқы көмек.  Артериалды  қан  кету  кезінде  оны  уақытша  тоқтату
бойынша  іс  –  шаралар  жүргізіледі.  Жарадан  киім  қалдықтары  мен  бөгде
заттарды алып тастау керек. Жара  айналасындағы  шашты  қайшымен  қию.  Жара
айналасындағы  теріні  спиртпен  немесе  зеленкамен  (1%   жасыл   бриллиант
ерітіндісі)  залалсыздандыру  керек.  Жеке  қапшықтан  алынған  мақта   дәке
таңғышымен орау (жараға  бірнеше  залалсыздандырылған  сулық  қойып,  оларды
залалсыздандырылған матамен жауып, сыртынан бинтпен орап  тастауға  болады).
Бастағы таңғыштың берік болуы үшін торлы дәкені  пайдаланған  ыңғайлы.  Егер
жарақат терең болса жарақатталған дене мүшесін  қозғау  керек:  қолды  шаршы
орамалмен денеге таңып тастау керек, ал аяқты танғыш қалақпен  таңып  тастау
керек. Денемен қарындағы жараны таңғыш – жапсырғыш сипаттағы таңғышпен  тану
керек (сулықты бинтпен  немесе  лейкопластрьмен  бекіту).  Егер  жара  қатты
ауырса, промедолдың 2% ерітіндісінен 1-2 мл  бұлшық  етке  немесе  есірткілі
емес тыныштандыратын дәрі егу керек.
      Қан кету – алғашқы көмек. Қан кету – қан  тамырлары  жарылу  кезіндегі
қан тамырларынан қанның ағуы. Қан кету соққы алу және қандай да бір  аурудың
себебінен орын алады. Осыған орай жарақаттық және жарақаттық емес  қан  кету
деп бөлінеді. Қан тамырларының зақымдану түріне қарай қан кету:  артериалды,
веналық, тамшылық және аралас болуы  мүмкін.  Артериалды  қан  кету  кезінде
аққан қан ақшыл  қызыл  түсті  болады,  қатты  шашырап  ағады.  Веналық  қан
айтарлықтай қара және жарақаттан көп мөлшерде тоқтаусыз ағады. Тамшылық  қан
кету  кезінде  қан  жараның  барлық  бөлігін  қамтиды.   Аралас   қан   кету
артериалдық және веналық  қан  кетудің  белгілерімен  сипатталады.  Көп  қан
жоғалтқан адамның денесін суық тер басып,  әлсіреп,  басының  айналғандығына
шағымданады, басын көтергенде көзі қарауытады, аузы кебірсиді. Тамыр  соғысы
жиілейді, бірақ қанның жүруі  азаяды.  Алгашқы  көмек.  Зардап  шеккен  адам
өмірін сақтап қалудың басты тәсілі – қан  кетуді  дер  кезінде  тоқтату.  Ең
қарапайым тәсіл – артерияны жанамалап саусақпен қысу,  яғни  жара  аймағында
емес, жарадан жоғары қарай сүйек жанынан немесе артынан қысу.
        Бас жарасынан қан кету кезінде самай артериясын бас бармақпен  құлақ
қалқанының алдынан басу.  Беттегі  жарадан  қан  кету  кезінде  астыңғы  жақ
артериясын  астыңғы  жақтың  бұрышына  қарай  басу.  Жалпы  ұйқы  артериясын
алдыңғы жағынан  көмей  сыртынан  басу.  Саусақпен  басуды  омыртқаға  қарай
жүргізу  керек,  оған  қоса  ұйқы  артериясы  мойын  омыртқасының   көлденең
өсінділеріне қарай басылады. Бұғана асты артериясын бұғана үстіндегі  щұңқыр
астынан бірінше қабырғаға қарай басу керек. Тізе асты артериясын  сирақ  пен
аяқ ұшы жараларынан қан кеткен кезде тізе асты шұңкыры аймағында қысу.
       Аяқ ұшының сыртындағы  артерияны  аяқ  ұшынан  қан  кеткен  кезде  ол
жататын сүйекке қарай қысу керек. Саусақпен  қысу  қан  кетуді  сол  мезетте
тоқтатуға мүмкіндік береді. Бірақ қандай да бір күшті адам болмасын  тек  10
-  15 минуттан артық қысып тұра алмайды,  өйткені  оның  қолы  шаршап,  қысу
күші әлсірейді. Осыған байланысты төмендегі тәсіл  өте  қажет,  өйткені  бұл
тәсіл қан тоқтатудың басқа да тәсілдерін қолданғанға дейінгі  уақытты  ұтуға
көмектеседі.
      Аяқ пен қолдың тамырларынан  артериалды  қан  кету  кезінде  артерияны
қысуды басқа да жолдармен жүргізуге болады: білек  артериясынан  қан  кеткен
кезде шынтақтың бүгілген жеріне екі байлам бинт қойып, қолын  шынтақ  буынын
барынша бүгу; шынтақ пен аяқ  ұшы  үшін  де  соны       істеу  –  тізе  асты
аймағына екі бума бинт қойып, аяқты барынша бүгу.
       Артерияны қысқаннан кейін қан тоқтататын бұрау  қоюға  кірісу  керек.
Ол қалың  резеңке  түтіктен  немесе  ұзындығы  1,0-1,5  м  лентадан  тұрады.
Лентаның бір ұшына  күршек,  ал  екінші  ұшына  металл  бау  болады.  Теріні
зақымдап алмау үшін бұрауды киімнің  сыртынан  таңады  немесе  бұрау  қоятын
жерді бинтпен, орамалмен және т.б.  орау  керек.  Резеңке  бұрауды  созылған
бетінде аяқ – қолға орайды. Бұрауды бір – екі рет айналдырып, арасында  тері
қалмайтындай етіп орау керек. Бұраудың  ұшын  бау  мен  күршектің  көмегімен
байлау керек. Бұрау жоқ болған  жағдайда,  қолда  бар  құралдарды,  мәселен,
резеңке түтікті,  белдікті,  галстукты,  бинтті,  бет  орамалды  пайдалануға
болады. Аяқ – қолды жгутпен орағандай етіп немесе  ағаштың  көмегімен  бұрау
жасауға болады. Жіңішке немесе қатты заттарды пайдалануға болмайды,  өйткені
ұлпалар мен нервтер зақымдалуы мүмкін.
        Егер жгутты дұрыс қойған жағдайда қан кету сол мезетте тоқтайды,  ал
аяқ – қолдың терісі бозарады. Аяқ –  қолдың  қаншалықты  қысылғанын  жгуттан
төмен орналасқан қандай да бір артерияның соғысынан байқауға  болады:  тамыр
соғысының жоғалуы артерияның жаншылып қалғандығын  білдіреді.  Аяқ  –  қолда
жгутты 2 сағатқа (қыста далада болса 1 сағатқа) қояды, тоқтату өйткені  ұзақ
уақыт қысып тұрған жағдайда жгуттан төменгі бөлік жансызданып қалуы  мүмкін.
Жгутқа уақыты көрсетілген қағаз қыстырып қою керек.

[pic]
Білек пен иықтан қан кеткен кезде           Аяқты барынша бүгу арқылы қан
артерияны саусақпен қысу    кетуді тоқтату

       Егер жгут қойылғанына 2 сағаттан асып кетіп (қыста  1  caғ.),  зардап
шеккен адам ауруханаға жеткізілмеген жағдайда, жгутты  қысқа  мерзімге  шешу
керек. Мұны екі адам бірігіп отырып  істеу  керек:  бірі  –  жгуттан  жоғары
артерияны саусақпен қысып тұрып, екіншісі –  аққан  қанның  артерияда  пайда
болған тромбты жарып  жібермейтіндей  етіп,  жгутты  ақырын  босатуы  керек.
Жгутты 3 – 4 минутқа босатып, содан  кейін  алғашқы  тұрған  орнынан  жоғары
қарай таңу керек. Жгут тағылған адамды үнемі  бақылауда  ұстау  керек.  Егер
жгут бос тағылса, артерия толық қысылмайды да қан кету жалғаса береді.  Жгут
тағылған аяқ пен қолдың бөлігі қанға толып, қан кету  одан  қатты  күшке  ие
болуы мүмкін. Қан толып кеткендіктен аяқ пен қолдың терісі  көгеріп  кетеді.
Егер аяқ пен қолды қатты қысып жіберсе, ұлпа мен  нерв  зардап  шегіп,  жгут
тағылған дене мүшесі сал болып қалуы мүмкін.  Жгутты  қан  тоқтағанға  дейін
ғана тағу керек, одан артық тағуға болмайды.
      Сынықтар – алғашкы көмек. Сынық – сүйек тұтастығының кенеттен
бұзылуы. Сынықтар ашық және жабық болады.
      Ашық сынықтар – кезінде сынған  жерде  жара  болады  және  сынған  жер
сыртқы ортамен қатынаста болады. Жиі естен тану,  қан  жоғалту,  инфекцияның
түсуі салдарынан өз кезегінде адамның өміріне қауіп төндіруі мүмкін.
       Алгашқы көмек. Сынған жердегі жараға залалсыздандырылған таңғыш  таңу
керек. Тыныштандыратын дәрі егу. Сүйек  сынықтарын  саусақпен  жараға  қарай
түзетуге үзілді – кесілді тыйым салынады. Егер көп қан кететін болса,  бұрау
қою керек. Зардап шеккен адамды емдеу мекемесіне шалқасынан  жатқан  күйінде
тасымалдау керек.
          Жабық  сынықтар  –  кезінде  сынған  жерде  жара  болмайды.  Жабық
сынықтардың өзіне тән сыртқы пішіні сүйек тұттастығының бұзылуы  мен  сынған
жерде «сатының» пайда болуы болып табылады. Қалыптан тыс қозғалу,  ауырсыну,
сынықтың сықырлауы, icy байқалады.
        Алгашқы көмек. Сынған жерді қимылсыз  қалдыру,  таңғыш  қалақ  таңу,
тыныштандыратын дәрі егу, зардап шеккен  адамды  емдеу  мекемесіне  жеткізу.
(Таңуды киімнің сыртынан жүргізу керек.)
      Бас сүйектің зақымдануы. Басынан  (немесе  омыртқасынан)  зақым  алған
адамдарда сал болу, сөздің бұзылуы, есте сақтаудың  қиындығы,  сондай  –  ақ
психикалық ауытқулар сияқты  физиологиялық  немесе  неврологиялық  сипаттағы
өзгерістер болуы мүмкін. Ал кейбір зардап шеккен адамдар өмір  бойы  мүгедек
болып қалулары мүмкін.
        Өлімге  немесе  мүгедектікке  алып  келетін  бастың  немесе  омыртқа
жарақаттың кейбір салдарын дер кезінде және дұрыс жасалған алғашқы  көмек  –
тоқтатуы мүмкін.
         Бас сүйек негізінің сынуы. Басты  кезеңде  құлақтан,  мұрыннан  қан
ағады, басы айналады, есінен танады. Ал өте  кеш  жағдайда  көз  ұясына  қан
құйылып, мұрны мен құлағынан жұлын сұйықтығы ағады.
       Алгашқы көмек. Зардап шеккен адамды  арқасымен  жатқызып,  тыныс  алу
жолын сілекей мен құсықтан тазартып, дем алуы бұзылған жағдайда  қолдан  дем
алдыру; егер құлағы мен мұрынынан қан немесе жұлын сұйықтығы  ағатын  болса,
аз уақытқа тығындап, дереу ауруханаға жеткізу керек.
        Бас миының шайқалуы ең алдымен жабық  бас  сүйек  –  ми  жарақатында
орын алады. Ол әр түрлі ұзақтықтағы естен  танумен  көрінеді,  адам  бірнеше
қас қағым сәтке немесе бірнеше  минутқа  дейін  есінен  тануы  мүмкін.  Есін
жиғаннан кейін адамның басы ауырып,  жүрегі  айниды,  кейде  құсады.  Зардап
шеккен адам жарақатқа алып келген жағдайды  есінен  шығарады.  Беті  бозарып
немесе қызарып кетеді, тамыр соғысы жиілеп,  жалпы  әлсіздік  пайда  болады.
Алгашқы көмек Зардап  шеккен  адам  аз  уақытқа  есінен  танса  да  зембілге
жатқызу керек. Ми шайқалған немесе  соғылған  кездегі  ашық  бассүйек  –  ми
жарақаты кезінде таңғыш тану керек.
        Беттің  -  жұмсақ  ұлпалардың,  жақтың  жаралануы  жара  айналасының
жырылуымен, қан кетумен, аурумен, ауызды ашу,  сөйлеу,  дем  алу  қызметінің
бұзылуымен қоса жүреді. Жұмсақ ұлпалардың  жарақаты  ауру  салдарынан  естен
танумен, қан кетумен асқынып кетуі мүмкін.
        Алгашқы көмек. Қысып тұратын таңғыш тану, жергілікті суық  қою.  Қан
кеткен жағдайда ірі артерияны саусақпен басу арқылы қанды тоқтату керек.
       Көздің зақымдануы. алғашқы көмек. Көздің соғылуы екі түрлі болады:  1
– тікелей. Бұл жағдайда жарақаттаушы заттың көзге тікелей тиюі. 2 –  жанама.
Бұл жағдайда дененің  және  бет  сүйегінің  зақымдануынан  орын  алады.  Көз
соғылуының белгілері: ауыру, қабақтың  ісуі,  көру  өткірлігінің  төмендеуі.
Алгашқы көмек. Таңғыш тану.
        Қабақтың  зақымдануы  кесетін  немесе  үшкір   заттардың   кіруінен,
өтпейтін заттың тиюінен  орын  алады.  Жарақаттанудың  белгілері:  әр  түрлі
көлемдегі  жарақаттар,  қабақтан  қан  ағу,  icy,  қабақ  түсінің   өзгеруі.
          Алгашқы көмек 1% зеленка ерітіндісімен тазалау, таңғыш таңу.
        Іш пен ішкі ағзалардың зақымдануы. Іш қуысында  өмірге  аса  қажетті
ағзалар орналасқандықтан, бұл аумақтың зақымдануы өлімге алып келуі  мүмкін.
Бауырмен  көкбауырдан  зақымдалу  кезінде  қатты  қан  кетеді   және   жеңіл
жарақатталады.
      Іш қуысы жарақатының белгілері мен симптомдары:
    • қатты ауыру, іштің ауыруы немесе жаншылу әсері;
    • көгеру;
    • құсу (кейде қан құсу немесе қара түсті), әлсіздік;
    • үлкен дәретіндегі қан (үлкен дәреті қара түсті).
     Іш қуысынан қан кету ішкі және  сыртқы  болуы  мүмкін.  қан  көрінбеген
жағдайда да  ішкі  ағза  жарақаттанса,  ішкі  қан  кетудің  болуын  елемеуге
болмайды. Ішкі қан кету естен тануға алып келеді.
       Іштің жарақаты өте қатты ауырады. Оған қоса іш қуысына қанның  немесе
бөгде заттың түсуі аса қатты зардаптарға алып келеді.
         Іш  қуысының  соғылуы  тікелей  жарақаттың  салдарынан  болады.  Іш
қабырғасы сырылу, гематома болуы мүмкін.
        Іштің жабық зақымдануы қарын ішілік қан кетумен қоса  жүреді.  Іштен
айтарлықтай күшпен ұрғанда, көлік басып кеткенде және биіктен құлаған  кезде
орын алады. Қан кету көзі  жыртылған  көкбауыр,  бауыр,  жіңішке  және  жуан
ішектің қан тамырлары болып табылады. Зардап шеккен адам өте  ауыр  жағдайда
болады, мұндай жағдайда  дененің  басқа  бөліктері  де  жарақаттанады.  Егер
зардап  шеккен  адам  ес  –  түсін  білетін  болса,   басының   айналғанына,
шағымданып, денесін суық тер басады. Тігінен  тұрған  кезде  басы  айналады.
Тамыр соғысы жиілеп ентігеді.
        Іштің жабық зақымдануы ағзалардың жарылуымен  қоса  жүреді.  Ең  жиі
жағдайда жіңішке ішек, одан кейін жуан ішек, асқазан және қуық  зақымданады.
Ішек – қарын ішіндегі заттың іш қуысына ағуы іштің қатты  ауыруына  («қанжар
сұққандай») алып келеді. Зардап шеккен  адам  бозарып,  әрбір  қимылы  қатты
ауыртпалық  тудырады.  Іші  қатты  ауырып,  тамыр  соғысы  мен  тыныс   алуы
жиілейді.
       Алғашқы көмек. Бұл жағдайда ең дұрыс көмек –  жарақатын  дер  кезінде
анықтап, зардап  шеккен  адамды  дереу  ауруханаға  жеткізу.  Зардап  шеккен
адамды зембілге арқасымен жатқызу керек. Егер іштей қан  кету  болса,  ішіне
суық басу  керек.  Наркотикалық  анальгетик  егуге  болмайды.  Қуыс  ағзаның
жарылуы және қатты ауыру кезінде 50% анальгин ерітіндісін  немесе  басқа  да
ауыруды басатын дәрілерді ет ішіне егу керек.
Қолдың зақымдануы – шығу, сыну.  Иықтың  шығуы  қолын  созып  немесе  артына
қайырып құлағанда орын алады. Зардап шеккен адамның қолы  бір  жағына  қарай
шығып кетеді. Қолын түсіру қиынға түседі, ауыру  тудырады.  Шыққан  иық  сау
иыққа қарағанда ұзарып тұрады.
         Алғашқы  көмек.  Әдетте  зардап  шеккен   адамдар   қолының   ауруы
басылатындай қалыпты өздері тауып алады. Жарақат  алған  қолын  сау  қолымен
көтеріп ұстап тұрады. Қолын күшпен түсіруге  тырыспау  керек.  Таңу  кезінде
қолтығының астына мақта – дәке орамын қойып, қолын
денесіне таңып тастау керек.
       Қолының басы  мен  білегін  орамалға  асып  қою  керек.  Ауруды  басу
мақсатымен  50%  анальгин  ерітіндісін  немесе  басқа  да  ауыруды   басатын
дәрілерді ет ішіне егу керек. Сыну әрқашан айқын бола бермейді.
        Қолдың  иық  сүйектерінің  сынуы.  Зақымдану   шынтағымен,   иығымен
құлағанда  орын  алады.  Зардап  шеккен  адамның  иығы   шыдатпай   ауырады.
Шынтағынан денеге қарай бүгілген қолды cay қолымен ұстап тұру.        Иықтың
көлемі өзгеріп, қатты  ауырады,  ақырын  сипап  көргенде  және  қозғалтқанда
сынған сүйектің дыбысы естіледі.
        Алғашқы көмек. Қолын  орамалға  асып  қою,  қатты  ауырса,  денесіне
таңып тастау. Ауруды басу мақсатымен 50% анальгин ерітіндісін  немесе  басқа
да ауыруды басатын дәрілерді ет ішіне егу керек.
      Иықтың ортаңғы  бөлігінің  сынуы  тік  құламаған  жағдайда  (шынтақпен
құлау, иықтың кенеттен бұралып кетуі), сондай – ақ тікелей  жарақат  алғаңда
(иығынан ұрғанда) орын алады. Сынықка  тән  сипаттар:  иықтың  қысқаруы  мен
деформациялануы,  сынған  жердің  қалыпсыз  қозғалуы,   сүйек   сынықтарының
қытырлауы.
       Алгашкы  көмек  Таңғыш  қалақ  салу,  сынықты  таңып  тастау.  Таңғыш
қалақты сау жауырыннан бастап  саусағына  дейін  салу  керек.  Қолды  шынтақ
буынында  тік  бұрыш  қылып  бүгу.  Ауруды  басу  мақсатымен  50%   анальгин
ерітіндісін немесе басқа да ауыруды басатын дәрілерді ет ішіне егу керек.
      Аяқтың зақымдануы – шығу, сыну. Жамбастың шығуы апат  кезіңдегі  қатты
күш әсер еткенде, зардап шегуші авто көліктен  тыс  болған  жағдайда  немесе
биіктен құлаған кезде оралады.  Ұршық  буыныңда  қатты  ауру  пайда  болады,
толығымен қозғалмай, аяқ көтеруге жарамай қалады. Тізе сау аяққа қарай  ішке
шамалы бұрылған, сау аяқтан сыртқары  бұрылу  жиі  болмайды.  Зардап  шегуші
арқасымен немесе сау қырымен жатады.
        Алғашқы көмек. Зардап шегушіні  зембілге  арқасымен  жатқызу  керек.
Аяқты астына жастық  пен  киім  төсеу  арқылы  таңып  тастау,  бірақ  аяқтың
қалыбын бұзбау керек.
       Бұл жағдайда әдеттегі таңғыш қалақтарды пайдалану мүмкін емес.  Аяғын
күшпен түзеу немесе  бұрау  жамбас  мойнының  сынуына  алып  келеді.  Ауруды
басатын дәрілерді егу ұсынылады.
         Жамбастың сынуы. Қарт адамдардың  жамбас  мойынының  сынуы  болмашы
жарақаттан (бойынан үлкен биіктіктен құлаған кезде) болуы  мүмкін;  жастарда
автокөлік басып  кеткенде,  биіктіктен  құлаған  кезде  орын  алады.  Осылар
жамбас сүйегінің сынуына себеп болады. Зардап  шеккен  адамның  ұршық  буыны
қатты ауырады, аяғы сыртқа қайрылған,  ісік  жылдам  пайда  болады.  Жамбасы
қысқаруы мүмкін, қимылы бұзылып, сынған сүйектің сықырлауы мүмкін.
        Алгашқы  көмек  Ауруды  басатын  дәрі  егу  керек.  Дитерихс  таңғыш
қалағын немесе ол болмаған жағдайда екі таңғыш қалақ тану  керек:  ұзынын  –
қолтықтың астынан сыртқы тобыққа дейін, ал кішісін  –  шатынан  бастап  ішкі
тобыққа дейін тану керек. Аяқ ұшы 90% жағдайында орналасуы керек.
       Тізе сүйегінің зақымдануы. Зақымданудың себебі – сирақтың тік  тұрып,
кенеттен бұрылуы. Зардап  шегушінің  аяғы  тізе  тұсында  120-130°  бұрышпен
бүгілген, тізені  бүтуге  немесе  жазуға  талпынған  кезде  серіппе  тәрізді
кедергі пайда болады.
         Алгашқы көмек. Зардап шегушіні арқасымен  жатқызып,  тізе  буынының
астына жұмсақ жастықша қою керек.

      Өзін өзі тексеру сұрақтары
     1. Зақымданған адамға алғашқы медициналық көмек көрсету
     2. Адам жарақаттанғанда өзіне өзі көмек көрсету ережелері



                           2 Тәжірбиелік сабақтар

Тәжірбиелік сабақтың тақырыбы №1  Жара  туралы  түсінік,  олардың  жіктелуі.
Жара кезіндегі асқыну

   Тәжірбиелік  сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар

   Жоспар: Жаралар және олардың асқынулары  туралы  түсінік.  Зардап  шеккен
адамды алып шығу (үйіндіден, газға уланған  жердан)  және  зардап  шегушінің
өміріне қауіп төндіретін  жағдайды  болдырмау  (шок,  асфиксия,  қан  кету);
Зардап кезеңдерін  анықтау.  Зардап  шегушіні  медициналақ  көмек  көрсетуге
ыңғайлы жерге көшіру; Талаптарға сай көмек көрсету



               Жаралар және олардың асқынулары туралы түсінік
      Ядролык қарудың зақымдаушы факторлары  өр  түрлі  жарақатты  туғызады.
Адам денесі, белгілі бір органы  (мүшесі)  немесе  барлық  ағзасы  тіндерішң
күшпен зақымдануына әкеп соғады, мысалы:  соғып  алу,  жаралар,  сүйектердің
сынуы, мидың шайқалуы жөне  т.б.  Терінің  жамылғыш  қабаты  немесе  шырышты
қабықша тұтастығының бұзылуы жара деп аталады. Жаралар ластанған  жөне  таза
болып келеді. Ядролық ошақтағы барлык жаралар ластанған болады.
      Жаралар беткі кабаттағы  (терінің  жоғарғы  қабаты  зақымданады)  жөне
терең (тері асты клеткасы,  сіңірлер,  терең  орналаскан  тіндер  бұзылады)
болуы мүмкін (140-сурет). Адам денесінің ішкі қуыстарына — кеуде, бет  және
бас сүйегі ішіне еніп кеткен жаралар аса қауіпті  болып  саналады,  өйткені
бұл кезде белгілі бір ішкі орган закымдануы мүмкін.  Жаралаушы  кұрал  түрі
мен тіндердің бұзылуы сипатына байланысты жаралардың төмендегідей  түрлерін
ажыратуға болады:
    • кесілген (пышақпен, алмаспен, өйнек, шыны жарықшақтарымен  жаралану  —
      жара шеті ажырап, катты қанайды);
    • шабылған (балтамен  сүйектер зақымдануы мүмкін);
    • шаншылған, (түйрелген жаралар (пышақ, шеге, біз, қанжар, айыр,  сүңгі-
      найзамен, кейде терең  болуы  мүмкін,  ішкі  органдар,  мысалы,  кеуде
      немесе іш қуысы зақымдануы ыктимал);
    • соғылған жара, оқ тиген жара және т.б.
   Кейбір жағдайларда, мысалы ядролық қаруларды қолданған жағдайда екіншілей
(қайталанған) снарядтар (тас-тар, кірпіш, ағаш бұтақтары  жөне  т.б.)әрекеті
әсерінен мылжаланған және жұлынған,  соғылған  жаралар  көп  кездеседі.  Бұл
жаралардың шеттері тегіс емес,  кесілген  болып  келеді  және  айналасындағы
тіндердің едәуір закымдануымен, канның аз кетуімен сипатталады.
   Жаралар ок тиген (оқтық, жарықшақтық жөне т.б.), тесіп өткен  (ок  немесе
жарықшақ тіндерді тесіп өтіп, кірер жөне шығар тесік  жасаса)  немесе  соқыр
(ок немесе жарықшақ тіндерде қалып койса, яғни денеде жат текті зат  болады)
болуы мүмкін. Оқ тиген жаралардың ерекшелігі — бұл кезде ірі кан  тамырлары,
нервтер, сүйек және буындар, ішкі куыстар (кеуде,  іш,  бас  сүйегінің  іші,
буындар)  жараланғанда  енген  (өткен)  зақымданулар  болады.  Кейде  аралас
зақымданулар  болуы  мүмкін,  яғни  жаралар  зақымданудың  басқа  түрлерімен
(күйік, сөулелену ауруы жөне т.б.) кабаттасып келеді.
      Кез келген жаралану кезінде  әр  түрлі  асқынулар  болуы  мүмкін.  Қан
тамырлары жараланса, нәтижесінде, міндетті  түрде  қан  кету  байқалады,  ол
кейде қатты болып, адам  өміріне  қауіп  төндіруі  мүмкін.  Қатты  қан  кету
кезінде  жедел  жүрек-қан  айналым  жеткіліксіздігі  күшейіп,  өлімге   әкеп
соқтыруы ықтимал.  Ауқымды  закымданулар  —  жаралар,  сыну,  күйік  кезінде
зардап шегуші шок деп аталатын ауыр жағдайға түсуі жиі  кездеседі.  Шок  өте
күшті  ауырсыну  тітіркендіргіштері,  қан  кету  жөне  баска  да  себептерге
байланысты нерв жүйесінің қозуы нәтижесінде пайда болады.


   Өзін өзі тексеру сұрақтары
   1. Жара туралы түсінік, олардың жіктелуі.
   2. Жаралаушы кұралдың түріне және тіндердің бұзылуы  сипатына  байланысты
      жаралардың түрлері
   3. Жара кезіндегі асқыну




Тәжірбиелік сабақтың тақырыбы №2  Жара кезіндегі кезек күттірмейтін  алғашқы
медициналық көмек

   Тәжірбиелік  сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар
   Жоспар: Кездейсоқ  жағдайларда,  зақымданғанда,  ауырып  қалған  кездерде
зардап шеккендердің өмірін сақтап қалу шаралары
      Алғашқы медициналық көмек көрсету:
    • Зардап шеккен адамды алып шығу (үйіндіден, газға уланған жердан)  және
      зардап шегушінің өміріне қауіп  төндіретін  жағдайды  болдырмау  (шок,
      асфиксия, қан кету);
    • Зардап кезеңдерін анықтау;
    • Зардап шегушіні медициналақ көмек көрсетуге ыңғайлы жерге көшіру;
    • Талаптарға сай көмек көрсету.

            Көп таралған зақымданулар және алғашқы көмек көрсету.
      Травматикалық шок: Көбінесе травма немесе күйіктен болады.
      Керек:
    • Зардап шеккен адамды арқасымен жатқазып,  құсқан  кезде  басын  жанына
      қарату;
    •  жүрегі  соғып  тұрғандығын  тексеру  керек.  Егер   соғып   тұрса   –
      реанимацияны бастау қажет.
    • қан кетуді тез арада тоқтатып, сынған жерлерді қауіпсіздендіру.
    • ауруды бәсеңдететін таблетка дәрі. Егер  жоқ  болса,  50-70г.  ішімдік
      беру қажет.
      Болмайды:
    • қатты зардап шегушіні таңусыз орнын ауыстыруға;
    • күйіктен кейін жабысып қалған киімін шешуге;
    • іші ауырған кезде су беруге.

                               Қатты қан кету
      Керек:
    • зақымданған тамырды қолмен қысу;
    • зақымданған аяғын қатты бүгіп, тізесіне қою  немесе  мата  орандысымен
      таңу;
    • қатты қан кеткен  кезде,  жараны  стерильді  салфеткамен  жабу  немесе
      бинтпен орау.






                              Естен танып қалу
      Керек:
    • зардап шегушіні арқасымен жатқызу, жағасын, белін босату (шешу);
    • қолын, арқасын, кеудесін спиртпен, арақпен, одекалонмен сүрту;
    • ыстық суға батырылған матаны маңдайына қою, нашатыр спиртін иіскету.


      Болмайды:
    • ауыстыруға, көтеруге, отырғызуға, басын салқын матамен орауға.

                         Аяқ-қол саусақтарының сынуы
      Керек:
    • таяқ, қамыс бөлігін қойып, орап тастау;
    • сынған қолды немесе аяқты жоғары көтері тастау;
    • салқын компресс қою, ауруды бәсеңдететің таблетка беру.

      Болмайды:
    • сынған сүйекті дұрыстаймын деп тырысуға;
    • сүйек шығып тұрған жерге таяқшалар қоюға;
    • керек емес жағдайда киімін және аяқ киімін шешуге.

                            Жүректің қатты ауыруы
      Керек:
    • отыру немесе жату, валидол немесе интроглицерин таблеткасын тілдің
      астына қою.


      Болмайды:
         дене қозғалысын қажет ететін жұмыстарды істеуге, дәрі
қабылдамастан ауруды жеңуге тырысуға.
                             Іштің қатты ауыруы
      Керек:
    • жату, ішке салқын нәрсе қою.

      Болмайды:
    • ішке жылы нәрсе қоюға, клизма жасауға, су ішуге, ауруды қойғызатын
      шараларды қолдануға.
                             Бастың қатты ауыруы
      Керек:
    • отыру немесе жату, бас аурудың таблеткасын ішу
      Болмайды:
    •  басты  жылы  орауға,   наркотик,   седуксен,   эленциум   және   т.б.
      транквилизаторларды қыбылдыуға.
                                    Жара
      Керек:
    • жараның жан-жағын иодпен немесе спиртпен  сүрту, стерильді таңғыш қою,
      зақымданған аяқ-қол сүйектерін байқау.

      Болмайды:
    • қолмен жарақатты  сүйеуге, жарақаттағы ұқыпты байланған шүберекті
      қозғауға.
                             Тынысты тоқтатуға:
      Керек:
    • жарақаттанушының басын артқа шалқайту;
    • төменгі иектерді саусақтармен тарту;
    • жарақаттанушының аузына терең дем жіберу және шығару
    • минутына 12-14 рет терең дем  шығарып тұру.








                        Жүрекке сырттан массаж жасау:
      Керек:
    • жараққаттанушыны арқамен сүйеу;
    • жарақаттанушының кеудесіне алақаныңды айқастыра қою;
    • кеудеге 3-4см төменірек 3-4 ретмикалық серпіліс жасау;
    • әр 15-30 секунд сайын жарақаттанушының аузына дем жіберу;
    • массажды минутына 50-60 ритімде жалғастыру;
    • жарақаттанушы өз-өзіне келгенше массажды тоқтатпау.




      Өзін өзі тексеру сұрақтары:
     1. Зардап шеккен адамды алып шығу (үйіндіден, газға уланған жердан)
        және зардап шегушінің өміріне қауіп төндіретін жағдайды болдырмау
        (шок, асфиксия, қан кету);
     2. Зардап шегушіні медициналақ көмек көрсетуге ыңғайлы жерге көшіру;
     3. Басқа қандай таңғыш таққан ыңғайлы?
     4. Қолға қандай типті таңғыш салады?
     5. Аяққа қандай типті таңғыш қолданылады?
     6. Қан тоқтату қаншаға бөлінеді?


Тәжірбиелік сабақтың тақырыбы №3  Сүйек сыну  туралы  түсінік  және  олардың
белгілері. Сыну түрлері, олардың асқынуы. Травмалық шок, профилактика


   Тәжірбиелік  сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар
   Жоспар: Cүйектің сынуы, жарақаттан уыттану,соғып  алу  кезіндегі  алғашқы
   медициналық көмек. Сүйектің сынуы туралы түсінік және олардың  белгілері.
   Шоктың пайда болу себептері жөне оның ауырлық кезеңдері


   Сүйек тұтастығының бұзылуы —  сыну  деп  аталады.  Бұл  механикалық  күш
әсерінен болып, жұмсақ тіндердің зақымдануымен сипатталады.  Сынықтың  жабық
және ашық түрлері бар. Ашық сынықтарда сынған жерде  жара  болады.  Бұл  өте
қауіпті,  өйткені  жараға  инфекция  түсу  қатері  жоғары.  Егер  сынық  екі
жарықшақты болса, онда ол:
    • Жабық (терінің закымдануынсыз);
    • толық (сүйектің бүкіл тұтастығының бөлігі бұзылуы), толық емес  (сүйек
      шыбығының белгілі бір бөлігі бұзылуы)
      болып бөлінеді.
   Закымданған  сүйектің  өзінде  едәуір  өзгерістер  болуымен  бірге,  оның
айналасындағы жұмсақ тіндер де (тері,  бұлшық  ет,  буын  жүйке)  өзгеріске
ұшырауы мүмкін.
   Сынық белгілері:
    •  сынған  жердің  катты  ауруы  (шұғыл,  сол  жердің  ауруы),   аяқ-кол
      функцияларының бұзылуы — толық сыну кезінде анық, ал  толы  емес  сыну
      кезінде және шаншылған немесе аяқ-қол  сүйегінің  бірі  сынуы  кезінде
      онша білінбейді;
    • аяқ-қол сүйектерінің қысқаруы (тексеру немесе өлшеу кезінде),  аяқ-қол
      сүйектері формасының өзгеруі (деформация-майысу);
    • зақымданған жердегі қалыпсыз козғалыстың болуы (сипалап көру кезінде),
      кейде сықырлау немесе сүйек сықырлауы (сынықтардың  қажалуы  —  қолмен
      сезуге немесе естуге болады), кейде дене қызуының  көтерілуі  (алғашқы
      күндері —38°С-қа дейін);
    • бас сүйегі, қабырға, омыртқа мен жамбас сүйектері сынған кезде бас пен
      омыртқа кемігі, өкпе,  қуық,  тік  ішек  және  басқаларының  закымдану
      белгілері айқындалады.
   Сынық түрлері мен олардың асқынулары
   Толық сынық түрлері:
    • көлденең сыну сызығы  —  сүйек  ұзындығына  көлденең  келеді  (түтікті
      сүйектерде, қысқа сүйектерде —  білек,  балтыр,табан  сүйектері,  тізе
      тобығы, өкше сүйегі және т.б.);
    • қиғаш  сыну  сызығы  —  сүйек  ұзындығына  көлденең  (аяқ-колдың  ұзын
      сүйектерінде жиі кездеседі);
    • бойлық  сыну  сызығы  —  сүйек  ұзындығына  параллель  (көбіне  саусақ
      сүйектерінде немесе аяқ-қол ұзын сүйектерінің буын ұштарында,  бұранда
      тәрізді сыну сызығы — бұранда тәрізді сызық түрінде (ұзын  сүйектердің
      бұралған кезінде — көбінесе аяқ, иық сүйектерінде);
    • аралас сыну (сызықтарының бірнешеуі Т—тәрізді,Ш—тәрізді) сызығы.
    • шаншылған сүйек сынығы — басқа сүйекке еніп ("шаншылып") кетеді.
   Сүйек  тұтастығының  бұзылуы  саны  бойынша  жекеленген  және   көптеген,
жарықшақты болады (сүйектің үш және одан да көп  сынуы,  көбінесе  ок  тиген
жараларда).
   Сыну кезінде сүйек сынықтарының орны ауысуы мүмкін (бұлшық еттің жиырылуы
сүйек  сынығына  жабысып  тұрған)  инфекцияның   дамуы   (жұмсақ   тіндердің
іріңдеуі, зақымданған сүйекте іріңді некротикалық процестің дамуы —оқ  тиген
жара остеомиелиті).
   Балаларда  ерекше  сынықтар  жиі  байқалады  —  мертігулер  сүйек  дөңесі
бетіндегі  сынық,   сүйек  асты-үсті  аз  жылжуы,   эпифизиолиздер,   сүйек
ұштарындағы сүйектенбеген эпифизарлы шеміршек аумағындағы сынық.
   Сынық кезінде зардап шегушіні толық  тыныш  қалыпқа  келтіру  керек.  Бұл
шоктың пайда болу себептерін азайтады, жұмсақ тіндер мен тамырлардың  сүйек
сынықтарымен зақымдануының алдын алу кажет. Егер сынықтар ашық болса,  онда
алдымен қан кетуді тоқтатып,  жараға  таңғыш  салады.  Киім  мен  аяқ  киім
шешіледі немесе  тігісінен  сөгіледі.  Жарақаттық  уыттану  туралы  түсінік
(жұмсақ тіндердің  ұзақ  уақыт  бойы  шаншылып  қалу  синдромы)  және  оның
белгілері
   Жұмсақ тіндер көбінесе (аяқ-қолдың)  киратылған  ғимараттар,  кұрылыстар,
шахталардағы опырылған тау жыныстарының сынықтарымен шаншылып калуы мүмкін.

  Шоктың пайда болу себептері және оның ауырлық кезеңдері
   Шок—ағзаның жарақатқа жауап ретіндегі күрделі реакциясы. Ол ауырсыну жөне
рефлекторлык тітіркендіргіштер салдарынан туындайды.  Шок  кезінде  орталық
нерв жүйесінін жұмысы тежеледі, жүрек-қан айналым және тыныс алу  жүйесінің
қызметі бұзылады, артерия қысымы  күрт  төмендейді  және  зардап  шегушінің
жалпы жағдайы ауыр болады. Шок себептері әр алуан.  Шок,  көбінесе,  жұмсақ
тіндердің ауқымды мылжалануы, кеуде және кеуде қуысы мүшелерінің немесе ірі
нерв тармақтарының зақымдануы, сүйектерінің жарықшақтанып  сынуы,  уатылуы,
аяқ-қолдың жұлынып кетуі, сонымен бірге ауқымды күю, аралас зақымдану  және
т.б. болған жарақаттар кезінде байкалады. Оның себептері: салқындау, едәуір
көлемде қан кету, сәуле ауруы, ашыну,  шөлдеу,  титықтау,  зардап  шегушіні
селкілдегіш көлікпен тасу, зақымдау орнын, (мысалы,  сынықты)  нашар  орау,
жүйке бұзылуы болуы мүмкін.
   Шоктың 2 фазасы (кезеңі) болады. Бірінші кезең (фаза) — козу: зақымданушы
мазасызданып, ыңырсиды, көп аунақшып, қозғалады,  тамыры  қарқынды  соғады.
Бұл фаза (кезең)  өте  қысқа  уакытқа  созылып,  екінші  фазаға  ауысады  —
самарқаулык, бозару, суық тер басады, тыныс алуы  тарылып,  артериялық  қан
қысымы төмендейді,мелшиіп қалу жағдайы туады. Зардап шегуші есінен  танбауы
да мүмкін, бірақ еш нәрсеге назар аудармайды  немесе  реакциясы  өте  әлсіз
болады.
   Жарақаттық шок белгілері:
    • қоршаған ортаға қарым-қатынасы мүлде самарқау (есінен айырылмайды);
    • терінің  жамылғыш  қабаттарының  бозару,  қарашықтың  үлкейіп,  көздің
      шүдірейіп кетуі, әлсіз және жиі, кейде қылдай тамыр соғысы;
    • тыныс алудың тарылуы, жиілеуі, кейде дұрыс
      болмауы, дене температурасының (32—30°С-қа дейін) және
      артериялық қан қысымының төмендеуі, аурудың бет-әлпетінің  қозғалыссыз
      қалуы, кейде
      шөлдеу, құсу немесе жүрек айну белгілерінің болуы.
   Шок  құбылысының  даму  мерзіміне  сәйкес  оның   алғашқы   немесе   ерте
(жарақаттан соң бірден) және екінші немесе кеш  (2—6  сағаттан  кейін)  шок
деген түрлері болады. Шок формалары: "таза" (ауыратын) және  аскынған  (қан
кететін, сәуле ауруымен бірге) болады.  Алғашқы  шоктың  өтуін  екі  фазаға
бөлуге  болады:  қозу  (кысқа  мерзімді  және   тұрақсыз)   және   сезімсіз
(организмнің бүкіл өмір сүру әрекетінің қажу белгілері).
   Жарақаттық шок ауырлығына қарай төртке бөлінеді:
    • жеңіл — аурудың жалпы жағдайы қанағаттанарлық, бозарған, тамыр  соғысы
      минутына—90—110. Жоғарғы артериялық қысымы 90—100 мм сынап бағанасы;
    • орта — аурудың жалпы күйі ауыр, бозарған, кейде
      мазасызданады, теріні суық тер басады, тамыр соғысы
      минутына —110—130 рет. Артериялық қысымы 70—85 мм
      сынап бағанасы;
    • ауыр — аурудың жалпы жағдайы өте ауыр, тамыр
      соғысы минутына — 130—160 рет, санауға қиын, кейде әлсіз,
      сезілмейді. Артериялық қысымы 60—70 мм сынап бағанасы
      және одан төмен;
    • ақтық немесе жанталасу жағдайы — естен танады, тамыр соғысы өте әлсіз,
      тіпті санауға келмейді. Артериялық қысымы төмен  түсе  береді  (50  мм
      сынап бағанасынан төмен немесе анықталмайды), тыныс алуы үстіртін және
      жиілей түседі. Мұндай күйде көбіне өлуге душар етеді.


Өзін өзі тексеру сұрақтары
1.Сыну дегеніміз не?
2.Сынудың түрлері?
3.Соғып алу дегеніміз не?


Тәжірбиелік сабақтың тақырыбы № 4   Жоғарғы  және  төменгі  сынық  кезіндегі
табелдік және қолда бар иммобилизациялау  құралдарымен  алғашқы  медициналық
көмек көрсету ережелері

   Тәжірбиелік  сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар
   Жоспар: Ашық және  жабық  сынықтар  кезінде  алғашқы  медициналық  жәрдем
көрсетудің (АМЖК) жалпы ережелері. Жарақаттанушыны тасымалдау түрлері.




   АМЖК кезінде сынықтардың асқынып кетпеуіне (жарақатты шок, қансырау  жөне
т.б.) көп көңіл бөлінеді.  Ең  алдымен,  шок  немесе  артериядан  қан  кету
кезінде (аз  уақытқа  жгут  салынады)  жәрдем  көрсетіледі.  Үлкен  түтікті
сүйектердің (жамбас және т.б.) сынуы кезінде зардап шегушіге  шоктың  алдын
алу және ауыру сезімін  азайту  үшін  ауыруды  басатын  дәрілер  (промедол,
морфин және т.б.) енгізіледі. Морфинді  қабырға,  жамбас  және  т.б.  сынуы
кезінде колдануға болады.
   Зақымданған қол-аяқты иммобилизациялау  керек  (уақытша  бекіткіш  таңғыш
немесе қол-аяқтың, дене бөліктерінің қозғалысы  мен  тыныштығын  қамтамасыз
ететін тасымалдағыш жақтаулар салынады). Олар:
    • ауыру сезімін (шоктың алдын алу) азайтуға;
    • жарақаттық бүлінудің (жұмсақ тіндер мен ішкі органдар)  пайда  болуына
      жол бермеуге;
    • ашық сынық  кезінде  жарада  ірің  пайда  болуы  мен  дамуының  қаупін
      азайтуға;
    •  сынық  сүйектерінің  бітіп  кетуі  үшін  қолайлы  жағдайлар   жасауға
      көмектеседі.
   Егер ашық сынық  болса,  онда  жақтауларды  салмас  бұрын  жараны  өңдеп,
стерильді таңғыш салу керек. Жараға жұқпа  түспеу  үшін,  сүйек  сынықтарын
түзетуге болмайды.
   Зақымданған ошақта стандартты  жақтаулардан  басқа  жасаңды  (колда  бар)
жақтаулар  (ағаштан,  шыбықтан,  ағаш  қабығынан,сабан  байламынан,  картон
қағаздан,  қолшатырдан,  күректен,  сүңгі  пышақтан,  мылтықтан   жасалған)
қолдануы мүмкін.
   АМЖК қолдануындағы түрлі стандартты жақтауларды пайдалану керек: металдан
жасалған (мысалы, Крамер  сатылы  жақтаулары)  ағаштан  жасалған  (Дитерихс
типті  жақтаулар),  кейде  пластмастан  жасалған  (кол-аяқты   ыстық   суға
түсіргеннен соң оларды реттейтін).
   Жақтаулар — алдын ала мақта немесе басқа матамен оралады;  жақтаудың  бір
бөлігін киім үстінен (соғыс немесе кыс кезінде) салады, оның астында жараға
салынатын стерильді таңғыштар қалады.
   Дененің ашық жерлерін де мақтамен орауға болады. Мақтамен оралған  жақтау
үстіңгі жағынан дәкелі бинтпен бекітіледі, оны қол-аяқ формасы  мен  көлемі
бойынша бүгіп салу керек (ол үшін өзіне немесе басқа сау адамға салып  көру
қажет). Дайын жақтауды бекіту (бүгіліп, мақтамен оралған) дәкелі бинтті  ал
ол колда болмаған кезінде — үшкіл орамалды, орамалды, ішкі киім етегін, жіп-
арқанды,  бау-белдікті  қолданумен  жүзеге  асырылады.  Бұл  кезде  қол-аяқ
физиологиялық   жағдайға   келтіріледі.   Аяқтың   сынуы   кезінде   жақтау
(тасымалдағыш) аяқтың түзетілген жағдайында салынады.
   Жақтауды салудың негізгі ережелері: сүйектің сынуы  кезінде  кем  дегенде
сынған жерге жақын жатқан екі буын оралатындай  етіп  жақтауды  салу  керек
(яғни сынақтан биік және төмен).
   Мысалы:
 * балтыр сүйектерінің сыну кезінде — тізе және  аяқ  басы-балтыр  буындарын
   орап алу;
 * иык сүйегінің сынуы  кезінде  —  иық,  шынтақ  жөне  кәрі  жілік  білезік
   буындарын орап алу;
 * жамбас сүйегінің сынуы кезінде —  жамбас,  тізе  және  аяқ  басы,  балтыр
   буындарын орап алу.
   Қол немесе  аяқ  басы  саусақтарының  ұштарын  (егер  олар  зақымданбаса)
таңғыштан бос қалдырады (қол-аяқтың қан айналымын тексеру үшін);
   Қолды иммобилизациялау үшін сым темірлы сатылы жақтаулар (Крамер),  фанер
және картон, үшкіл орамалмен  байлау  және  т.б.  қолданылады;  аяқ  үшін  —
Дитерихс арнайы тасымалдағыш жақтауларын (ағаш) немесе бірнеше үлкен  сатылы
Крамер жақтауы қолданылады.
   Бас  сүйегі,  бұғана,  қабырға,  омыртқа,   жамбас   сүйектері,   қол-аяқ
сүйектерінің сынуы кезіндегі алғашқы медициналық  жәрдем  көрсету  тәсілдері
(иммобилизацияның табельді және қолда бар құралдарын пайдаланумен)
   Бас сүйегі сынғанда: зардап шегушіні  зембілге  жатқызып,  тезірек  емдеу
мекемесіне жеткізуді камтамасыз ету  керек.  Жүрек  қызметі  бұзылған  кезде
камфора немесе кофеин,  ал  тыныс  алу  әлсізденгенде—жасанды  тыныс  алдыру
қолданылады. Ми шайқалғанда морфин енгізуге болмайды (өйткені,  тыныс  алуды
жауып қалуы мүмкін). Тасымалдау кезінде  зардап  шегушінің  жағдайын  (тамыр
соғуы, тыныс алуы) бакылап отыру қажет, басын  бір  қырынаа  бұрып  жатқызып
(құсыққа тұншығып қалмауы үшін) және  оны  мақта-дөкеден  жасалған  дөңгелек
үстіне жатқызады (көрпе, киім, мақта, сабан  салынған  қапқа  немесе  үрмелі
резеңке дөңгелекке).
   Бұғана салғанда: сынған жерді басып көргенде, ондағы  майысулардың  болуы
байқалады. Жәрдем  көрсету  кезінде  қолтық  астына  мақта  немесе  дөкеден
жасалған тығыз қалтқы қойылып, сосын зардап шегушінің қолын шынтақ буынынан
бүгеді, иық сүйегін денеге қатты қысып тұрып,  оған  қолды  мықтап  бинтпен
орайды немесе үшкіл орамалмен бекітеді.
   Қабырға сынғанда: тура (жоғарыдан құлағанда,  соққы  тигенде)  және  тура
емес (кеуде клеткасы қысылғанда) жарақаттар нәтижесінде пайда  болады.  Бір
уақытта қабырғадағы өкпе қабы, қабырғааралық тамырлар мен  жүйкелер,  кейде
өкпе, бауыр, көк бауыр да зақымдануы  мүмкін.  Қабырғаның  өткір  сынықтары
өкпеге зақым келтіріп, пневмоторакс пен ішке қан кету  дамуына  ыктал  етуі
мүмкін.
     Иммобилизация — барынша дем шығару кезінде кеуде клеткасына нығыздалған
айналма таңғыш салу. Ауру  сезімімен  жөтелді  азайту  үшін  промедол  және
кодеин  қолданылады.  Көптеген  сынықтар,  ішкі   органдардың   зақымдануы,
пневмоторакс және жарақаттың тұншығу кездерінде жартылай  отырған  жағдайда
тасымалданып,  емдеу  мекемесіне  жіберіледі,  зардап   шегушінің   жағдайы
бақыланады.
    Омыртқа сынғанда: бұл аса ауыр зақымдану; жамбас  сүйектері  қызметінің
бұзылуына,  қол-аяқтың  сал   болып   қалуына   әкеп   соқтыратын   жұлынның
жаншылуымен коса  беріледі.  Сынықтар  ашық,  жабык,  асқынған,  аскынбаған,
жаншылған болуы мүмкін.
    Алғашқы медициналық жәрдем көрсету  кезінде  жұлынның  жаншылып  қалуын
 (зақымдануын) тудырмас үшін,  омыртқа  бүгілуін  болдырмау  қажет.  Арнайы
 уақытша белгілеулер — зардап шегушіні етпетінен абайлап  зембілге  салады,
 иық асты мен бас  жағына  жастық  немесе  қалтқы  қояды.  Жұмсақ  зембілге
 аркасымен жатқызғанда, оған ағаш жайма тақта, фанер, кең  тактайша  немесе
 бірнеше ұзын фанер жактаулар салынады (аурудың аркасына жөне бүйіріне төрт
 фанер жақтауларды бинтпен орап байлап қоюға болады).
    Мойын омыртқалар сынған  кезде  —  зардап  шегушіні  зембілге  арқасымен
 жатқызады, ал мойын астына (кейде иық астына) жастық немесе бүктелген киім,
 мүмкіндік болса,  мойын  астына  мақта  жағалық  салынады  (мақтаның  қалың
 қабатымен орап, дәкелі бинтпен таңу).
    Жамбас сүйегі сынғанда: зардап шегушіні көрпемен жабылған жайма  тақтаға
жатқызады (тақтай немесе фанер)  жедел  түрде  емдеу  мекемесіне  жеткізеді.
Сынықтар жай (жамбас сүйегі тұтастығының  бұзылмауы)  және  күрделі  (жамбас
сүйегі тұтастығының бұзылуы)  болып  табылады;  сондай-ақ  ұршықтық  ойықтың
сынуы — сан сүйегінің шығуымен  және  сан  сүйегінің  шықпауымен  де  ажыра-
тылады. Соңғылары жамбас сүйегінің асиметрияға ұшырауына  немесе  қисаюымен,
ауырсынғыштық және ауыруымен ерекшеленеді.  Сан  сүйегінің  шығуы  —  табиғи
емес, жамбастың жағдайы серіппелі түрде бекітілген,  оның  басы  өзгертілген
жағдайда болады. Ауыр сынықтар кезінде қан кету 1,5 — 3 л дейін жетеді.
    Қол сынғанда:  жақтау  салу  кезінде  келесі  ережелерді  сақтау  керек:
 зақымданған колды созуға болмайды, ашық жара мен қатты қан  кету  кезінде,
 алдымен,таңғыш  пен  жгут  салынады,  сосын  қолдың  екі  жағынан   жақтау
 қойылады;екі  жақтау  да  сынық  орнынан  төмен  және  жоғары   орналасқан
 буындарды камтуы керек; жақтауды салар алдында жұмсақ мата немесе мақтамен
 орау қажет.Тасымалдағыш жақтауды салу кезіңде колды белгілі  бір  жағдайға
 қояды:қол  иық  буынында  біраз  алға  беріледі,  тік  бұрыштап   шынтақта
 бүгіледі; көп жағдайда алақан ішке қарай қысылады;
1) кол қоспасы біраз сыртқа қарай бүгіліп, саусақтар жартылай  бүгіледі,  ол
 үшін аурудың алақанына бинт немесе дәкеге  оралған  тығыз  мақта  түйіншегі
 салынады. Зардап
 шегуші оны саусақтарымен қысып алады.
   Стандартты сым темірлі жақтауларды (Крамер) пайдаланған дұрыс,  ал  олар
қолда болмаған жағдайда — фанер, картон немесе басқа жақтаулар қолданылады,
ең болмағанда — зақымданған қолды  үшкіл  орамалмен  асып  қою  керек  (қол
коспасы мен білек сынуы кезінде) немесе оны денеге  бинтпен  орап  тастайды
(иық сынған кезде).
   Иық сынған кезде жақтауды бүгілген  колдың  сырт  жағына  салады:  саусақ
түбінен бастап, козғалмайтын қолдың иық буынына дейін.  Жақтаудың  ұзындығы
келмеген жағдайда  оның  ұштарына  фанер  тақтайшаны  бинтпен  орау  арқылы
ұзартуға болады.
   Білек сүйектер сынған кезде жақтаушаны тікелей білекке салады, ал бинтпен
оралған білекті үшкіл орамалмен асып кояды.
   Қол қоспасы мен саусақ сүйектерінің сынуы кезінде  жақтаушаны  алақанының
бетіне салып, мықтап бинтпен орайды, ал қолды үшкіл орамалмен асып қояды.



                         ЖАРАҚАТТАНУШЫНЫ ТАСЫМАЛДАУ


      Есінен айырылған жарақаттанушыны тасымалдау  өте  қауіпті.  Қатты  қан
кету, ашық сынық кезенде бірінші медициналық  көмек  көрсету,  естен  танған
адамды тасымалдау қауіпті.


                     Жарақаттанушыны тасымалдау түрлері


         ➢ Қазақпен тасы  малдау;
         ➢ Екі футболкадан немесе палтодан жасалған тасымалдағыштар.
           Түймелерін қадап, жеңін теріс қаратып қадаға таңылады.
           Жарақаттанушы үстіне жатқызылады.
         ➢ Шанамен, шаңғымен тасымалдау;
         ➢ Отырғызып, тасымалдағыштармен тасу;
         ➢ Жіппен таңып тасу;
         ➢ Кесілген қолдорбамен тасу;
         ➢ Ағаштан жасалған сүргілермен мата, терімен тасымалдау;
         ➢ Жарақаттанушының тасымалдану барысындағы қалпы:
    • жарақаттанушы естен танып қалған жағдайда, арқасы және аяқ-қолы сынған
      жағдайда – арқамен жатқызып тасымалдау;
    • жарақаттанушы естен танып қалған жағдайда, арқа  жауырыны  сынғанда  –
      ішімен жатқызу;
    • жамбас  сүйектері   сынып,  ішкі  құрсақ  ашық  жарақаттанғанда,  буын
      тізелері қисайғанда – арқамен жатқызып тасымалдау;
    •  жарақаттанушы есінен танып қалған жағдайда және қансырағанда –  басты
      төмен және аяқтығоғары көтеріп арқамен жатқызу;
    • жарақаттанушы есінен танып, басқа амал болмаған жағдайда  бір  жанымен
      жатқызу;
    • дененің жоғарғы жағы немесе мойын жарақаттанғанда жартылай  отырғызып,
      аяғын алдына созу;
    • кеудесі жарақаттанып және іш құрылысы басқа да жерлері кенеттен  аурып
      немесе  қуық  органдары  жарақаттанғанда  (тізенің  астындағы   жағына
      тіреуіш қою) – тіземен жантайып отырғызу.





















   Өзін өзі тексеру сұрақтары
   1. Иммобилизация дегеніміз не?
   2. Иммобилизацияның табельді және қолда бар құралдарын атаңыз?
   3. Ашық және жабық сынықтар кезінде алғашқы медициналық жәрдем көрсетудің
      (АМЖК) жалпы ережелері.
   4.  Жарақаттанушыны тасымалдау түрлері.



Тәжірбиелік сабақтың тақырыбы №5 Тұрғындарды қорғау бойынша  шаралар  өткізу
кезеңдері.   Негізгі    принцптері.    Инженерлік    шаралар.    Тұрғындарды
эвакуациялау.

   Тәжірбиелік  сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар
Жоспар: Халықты қорғау республика Азаматтық  Қорғанысының  басты  міндеттері
болып  табылады,  өйткені  адамдар  -  ең  жоғары  қүндылық   және   олардың
қауіпсіздігін қамсыздандыру  -  бейбіт  және  соғыс  уақытындағы     төтенше
жағдайларды      ескерту      мен      іс-әрекеттер   бойынша      Қазақстан
Республикасы    Мемлекеттік    жүйесі    барлық шараларының басты мақсаты.
   Көшіру шаралары зілзалаға,  апаттарға  душар  болуы  мүмкін  аудандардан,
зақымдану  аумақтарынан  халықты  алдын  ала  әкету   (көшіру)   мақсатында,
түрғындарды, жүмысшылар мен қызметкерлерді табиғи және  техногендік  төтенше
жағдайлар кезіндегі, сондай-ақ осы зақымдау  құралдары  қолданылған  кезінде
қорғау тәсілі ретіндегі негізгі әдіс болып табылады.

   Көшіру және қоныстандырудың принциптері және көшіру әдістері.
   Көшіру шаралары мынаны қамтиды:
көшіру - Төтенше жағдайлар аймағымен және осы заманғы
зақымдау қүралдары қолданылуы мүмкін мекендерден адамдардың
өмірін және ондірістін жүмыс істенуін сақтау мақсатында халық пен
материалдық қүндылықтарды үйымшылдықпен әкету.
қоныстандыру -  бүл  соғыс  уақыты  жағдайында  қалаларда
жүмысын жалғастыратын үйымдардың жүмысшылары  мен  қызметшілерін    (олардың
отбасы   мүшелерін)   қала   сыртындағы   аймаққа үйымшылдықпен  апару  және
орналастыру қаладағы үйымдарда тек ауысымда жүмыс  істеушілер  ғана  қалады,
ал  қалған  жүмысшылар  мен    қызметшілер    қала    сыртындағы     аймаққа
орналастырылады.
Жүмыс орнына апарып қайту ең аз уақытты ескере  отырып  үйымдастырылады  (үш
сағаттан аспайды).
       Көшіру  шараларына,  сондай-ақ  шекаралас  аудандардан,  аса  маңызды
объектілерге жақын орналасқан аудандардын халқын көшіру жатады.
       Қауіпсіз  аймақ  -  бүл  ықтимал  қирау,  радиоактивті  ластану  және
химиялық зақымдану, сондай-ақ шекаралық аудандардан тыс апатты су  аймағынан
тыс қару орналасқан, кошірілетін халықты  орналастыру  және  оларды  қажетті
тіршілік көзімен қамсыздандыру үшін даярланған  аумақ.
      Барлық кошірілген халық қауіпсіз аймақтағы қоныстандыру нүктесінде  ең
қажетті тіршілік көзімен қамсыздандырылуға тиіс.
Көшіру мен қоныстандырудың негізгі принциптері:
-     көшірілуге тиіс халықтың барлық санатын барынша қамту;
-        көшіру   шараларын   өндірістік   принцип   пен   түрғылықты   жері
бойынша жүргізу;
көшіру шараларын мүмкіндігінше қысқа мерзімде жүргізу;
көшіру шараларын жүргізу кезінде жоспарлық пен үйымшыл-
дықты сақтау;
-     көшіру   шараларын   жүргізу   үшін   көліктің   барлық  түрлерін
олардың белгіленген жүмыс режимін бүзбай пайдалану, сондай-ақ
жеке көлікті пайдалану;
-     орналастыру, қоныстандыру орындарын дер кезінде даярлау;
-     көшірілетін және қоныстандырылатын халықты жолда, орна-
ластыру және қоныстандыру орындарында тіршілік көзімен қамсыздандыру;
- өз қызметін жалғастыратын объектілердің үздіксіз және  түрақ-  ты  жұмысын
түрақтандыру.
      Республика  аумағындағы  өндірісте  қатты  әсер  ететін  улы  заттарды
шығаратын, сақтайтын немесе пайдаланатын 500 жуық аса қауіпті  объекті  бар.
Су  басу  аймағында  тұратын  халық  үшін  200-ге  жуық  су  қоймасы   қауіп
төндіреді.  Әр-түрлі   зілзала   түрлері   экономика   мен   ауылшаруашылығы
объектілеріне елеулі  залал  келтіруі,  адамдардың  омірі  мен  денсаулығына
қауіп төндіруі мүмкін. Бүл жағдайда Қ.Р халқы уақытша көшіруге дайын  болуға
тиіс.
      Барлық категориядағы халықты әкетуді (шығаруды) және  оларды  қауіпсіз
аймаққа  орналастыруды  оларды  жүмыс  істейтін,  оқитын,  түратын   жерлері
бойынша жергілікті атқарушы органдар, үйымдар үйымдыстырады.
      Халықты көшіру сабақтас  тәсілмен  -  халықты  жаяу  немөсе  кө-ліктің
барлық түрімен көп мөлшерде  әкетуді  үйлестіру  жолымен  жүзеге  асырылады.
Көлікті  беруді  есептеулер  табиғи  және  техногендік   сипаттағы   төтенше
жағдайлар қаупі тонгенде және пайда болған  кезең  мен  қорғану  шараларының
мүдделері мен халықтың жеке пай-далануындағы  коліктің  қолда  барын  ескере
отырып, соғыс кезеңіне жекеше жасалады.
      Осы заманғы зақымдау қүралдарын қолдану қауіпі төнген кезде  өндірісте
істемейтін және қызмет корсету  саласындағы  халықты  (зейнеткерлер,  жоғары
оқу орындарының, мамандандырылған  ар-наулы  оқу  орындарының  төменгі  курс
студенттері, колледждердің лицейлердің, мектөп -  интернаттардын  оқушылары,
балалар  үйлері   мен   арнаулы   балалар   мекемелерінде   тәрбиеленушілер,
мүгедектер  мен  қарттар  үйлөрінде  орналасқандар,  әкімшілік  пен  олардын
отбасы  мүшелерімен  бірлесе  отырып)  көлік  жүмысының  кестесін  бүзбастан
көшіру шаралар басталғанға дейін ішінара көшіруге жатады. Төтенше  жағдайлар
қауіпі туындағанда халықты қауіпті  аймақтардан  кауіпсіз  жерлерге  уақытша
көшіру жүзеге асырылады.
      Көшіру  мүмкіндігінше  қысқа  мерзімде  жүргізіледі.  Халықты  қауіпті
аймақтардан тыс  жерлерге  жеткізу  (шығару)  мерзімі  оның  аяқталуы  болып
саналады.
       Қауіпті   аймақта   көшірілетін   халык,   өз   облысының   аумағында
орналастырылады. Әрбір үйымға орналастыру ауданы (пункті) белгіленеді.
      Халықты согыс кезінде орналастыру  аудандары  (пунктері)  күні   бұрын
белгіленеді,  жергілікті  атқарушы  органдармен  келісіледі,  жәнө  солардың
шешімімен (қаулысымен) бекітілөді. Осы шешімдөр, (қаулылар) негізінде  әрбір
ұйымға ордер беріледі, оның көшірмесі тиісті қызметтерде сақталады.
      Ішінара кошіру кезінде  халықты  орналастыру  аудандарын  (пункттерін)
Республика үкіметі, жерплікті атқарушы органдар белгілейді.
Көшірілетін халықты бір  облыстың  қауіпсіз  аудандарына  толық  орналастыру
мүмкін  болмаған  жағдайда,  оның  бір  бөлігі  облыс  әкімдерінің  келісімі
бойынша көрші облыстарға жеткізілуі мүмкін.
      Бытыраңқы орналастыру - соғыс кезінде  өндірістік  қызметін  одан  әрі
жүргізіп отырғаы үйымдардың жүмысшылары  мен  қызметшілерін  категорияланған
қалалардан, үйымдасқан түрде әкету және қауіпсіз  аймаққа орналастыру.
       Категорияланған   қалаларда   соғыс   кезіндө   жүмысын   тоқтатпаған
үйымдардың жүмысшылары мен қызметшілері  қауіпсіз  аймаққа  орналастырылады.
Әр үйымның жүмысшылар ауысымын тасымалдау  үшін  жүмысшылар  ауысымын  жүмыс
объектілеріне көшіруге және қайта  әкетуге  кететін  уақыттың  мейілінше  аз
жүмсалуын (2-3 сағаттан көп емес) ескере  отырып,  темір  жолға,  автомобиль
және су жолына жақын орналасқан орналастыру орындары бөлінеді.
      Бытыраңқы орналастыру мен кошірілуге  жататын  барлық  халыққа  көшіру
тізімі   жасалады.   Тізімдер   үйымдар   мен   пәтерлерді    иеленушілердің
кооперативтері (ПИК) бойынша  күні  бүрын  жасалады  және  көшіру  шараларды
жүргізуге  арналған  өкімді  алған  уақытта  нақтыланады.   Жүмысшалар   мен
қызметшілердің өндірісте және қызмет  көрсету  саласында  істемейтін  отбасы
мүшелері отбасы қожасының жүмыс істейтін орны  бойынша тізімге алынады.
      Көшіру тізімдөр үш данада жасалады біреуі  -үйымда  ыемесе  пәтерлерді
иеленушілер кооперативінде қалады, екіншісі  -  көшіру  шараларды  жүргізуге
өкім  алысымен  жиналатын  көшіру  пунктіне  (тізімді  анықтағаннан   кейін)
жіберіледі,  үшіншісі  -  бытыраңқы  орна-ластыру  мөн  кошіру  басталысымен
коіиіру қабылдау комиссиясына жіберіледі.

Халықты қорғаудың негізгі әдістері мыналар:
қорғаныс ғимараттарына жасыру;
халықты таратып және көшіру қоныстандыру;
♦     жеке және медициналық қорғаныс құралдарын қолдану;
♦     дер кезінде хабарлауды ұйымдастыру;
♦     азық-түлікті, суды, мал мен өсімдікті радиоактивтік, улағыш,
қатты әсер ететін улы заттармен және бактериалдық қүралдармен
зақымданудан қорғау;
радиациялық,    химиялық,     бактериологиялық    барлау    мен  дозиметрлік
және лабораториялық бақылауды үйымдастрыру;
өрттен    қорғау,     санитарлық-гигиеналық,     эпидемияға     қарсы   және
сақтандыру шараларын жүргізу;
♦     зақымдау аймақтарындағы үйымдарда жүмыс пен халықтың
өзін-өзі үстау режимдерін сақтау;
♦     адамдарды,    техниканы    киім     мен     аяқ-киімді,     санитарлық
тазалауды және аумақ пен ғимаратты залалсыздандыруды жүргізу.
       Қорғаныс  ғимараттарына  жасыру  -  халықты  осы   заманғы   зақымдау
қүралдарынан, әсіресе жау шабуылы қауіпі жағдайында  қорғаудың негізгі  және
ең сенімді әдісі.
      Бүл әдіс ахуалдың  ықтимал  сипаты  мен  халықтың  әртүрлі  санаттарын
қорғау талаптарына жауап  беретін  қорғаныс  ғимараттары  жүйесін  қолдануды
қарастырады.
      Адамдарды  радиациядан  қорғайтын  панаханада  жасыру  тек  жеке  және
медициналық қорғаныс қүралдарын қолдануды қамтама-сыз еткенде  ғана  сенімді
бола алады.
      Таратып қоныстандыру және көшіру категорияланған  қалалар-дың  халқын,
яғни жау шабуы қүралдары  әсерінің  қауіпі  нақты  төнген  халықтың  бөлігін
қорғау үшін жүргізіледі. Бүл әдісте ықтимал зақымдану ошақтарынан  адамдарды
уақытында  алып  кету  және  оларға   жеке   қорғаныс   қүралдарын   кигізіп
радиациядан  қорғайтын  панаханада  жасыру   жолымен   қауіпсіз   аймақтарға
орналастыруды қарастырады.
      Көшіру  шаралары  халықты  төтенше  жағдайлар,  осы  заманғы  зақымдау
қүралдарының қолданылуы салдарынан қорғаудың негізгі әдісі болып табылады.
      Таратып қоныстандыру мен көшіру туралы шешімді ҚР  үкіметі  қабылдайды
және орталық, жергілікті атқарушы органдар, үйымдар іске асырады.

      Өзін өзі тексеру сұрақтары
1.  Халықтың  қаупсіздігін  қамтамасыз  ету  бойынша  негізгі  шараларға  не
  жағады?
2. Көшіру дегеніміз не?
3. Қорғаныш құрылыстар дегеніміз не?
4. Жеке қорғаныш құралдары не үшін керек?


Тәжірбиелік   сабақтың   тақырыбы   №6    Радиациялық   зақымдану   түрлері,
радиациялық зақымдану профилактикасы. Жеке  дәрігерлік  қобдишаның  құрылымы
және мағынасы

      Тәжірбиелік  сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар
      Жоспар: Жеке және медициналық қорғаныс қүралдарын қолдану осы  заманғы
зақымдау қүралдарының зақымдағыш факторларының ықпалын әлсірете алады.  Жеке
қорғаныс қүралдары радиоактивтік, улағыш, қатты әсер  ететін  улы  заттармен
және бактериалдық қүралдармен зақымданудан  қорғауға  арналған.  Медициналық
қорғаныс  қүралдары  қазіргі  қарудың   зақымдағыш   факторларының   ықпалын
ескертуге  немесе  әлсіретуге   арналған.   Оларға   радиациядан   қорғайтын
препараттар, антидоттар  және  АИ-2  жеке  дәрі-дәрмек  қобдишасындағы  өзге
бактериядан қорғау қүралдары мен жеке химиядан қорғау пакеті жатады.
      Халықты радиациядан қорғау радиациялық қауіп туралы  хабарды,  ұжымдық
және жеке қорғаныс  құралдарын,  радиоактивті  заттармен  ластанған  аумақта
өзін-өзі  ұстау  тәртібін,  азық-түлік  пен  суды  радиоактивті   ластанудан
қорғауды,  медициналық  жеке  қорғаныс  құралдарын   пайдалануды,   аумақтың
ластану деңгейін анықтауды, халықтың сәулеленуін дозиметрлік бақылауды  және
радиоактивті ластанған азық-түлік пен суға сараптама жүргізуді қамтиды.
Хабарлау дабылы бойынша ТЖ және АҚ органдарының ақпаратын тындағаннан  кейін
халық панаханаға жасырынуға тиіс. 
Радиациялық   зақымданудан   сақтану   жеке    дәрі-дәрмек    қобдишасындағы
радиациядан қорғау құралдарымен жүргізіледі. 
Жеке дәрі-дәрмек қобдишасы өз-өзіне және дара  көмек  көрсетуге  және  өткіш
радиациямен, улағыш заттармен  және  бактериалдық  құралдармен  зақымданудың
алдын алуға арналған. Ол медициналық құралдар  тұратын  массалық  пеналдарды
орналастыруға арналған жеті ұясы бар қорапшадан тұрады. 
АИ-2  пластмасса   қорапшасындағы   ұялар   бойынша   бөлінген   медициналық
құралдардың жиыны. Көлемі - 90x100x20 мм, массасы -ІЗкг.
Қобдиша ұяларында мынадай медициналық құралдар орналасқан:
    • 1ұя- резервтік, ауруды басатын  дәрмектөрі  бар  шприц-түтікті  салуға
      арналған. Сүйек сынғанда, үлкен жарақат алған және дене  күйген  кезде
      пайдаланылады. 
    • қызыл түсті пеналды (фосфорлы-органикалық заттарға 
      қарсы антидот таблеткалары). Зақымдану ошағына шығардың  алдында  жеке
      сақтандыру дәрмегі  ретінде  бір  таблеткадан  пайдаланылады.  Алғашқы
      зақымдану пайда болған кезде тағы бір таблетканы қабылдайды. 
    • 3 ұя - үлкен ақ пеналды № 2 бактерияға қарсы дәрі-дәрмек, 
      таблетканы асқазан-ішік ауруы кезінде радиациялық сәулеленуден 
      кейін қабылдайды алғашқы тәуліктерде жеті таблеткадан 
      қабылдайды, екі және үш күннен кейін тәулік сайын төрт таблеткадан. 
    • 4 ұя - алқызыл  түсті  екі  пеналда  II  радиациядан  қорғау  дәрмегі,
      барлығы 12 таблетка. Таблеткаларды сәулелену  басталғаннан  -  60  мин
      бұрын радиоактивтік зақымдану  қауіпі  кезінде  жеке  сақтандыру  үшін
      қабылдайды.  Бірден,  6  таблетка  қабылдайды.  6   таблетканы   қайта
      қабылдауға тек 5-6 сағаттан кейін рүқсат етіледі. 
    • 5 ұя - екі ақ пеналда, кеңінен қолданылатын антибиотик 11 
      бактерияға қарсы дәрі-дәрмек барлығы 10 таблетка. Таблетканы 
      жараланған және күйген кезде қабылдайды - алғашқыда 5 таблет- 
      кадан, ал 6 сағаттан кейін тағы да 5 таблеткадан. 
    • 6 ұя - ақ түсті пеналда № 1  радиациядан  қорғау  дәрмегі.  Таблетканы
      адам радиоактивті затпен зақымданған аумақта  жайылған  сиырдың  сүтін
      ішкен жағдайда қабылдайды 10 күн бойында күн  сайын  бір  таблеткадан.
      Барлығы 10 таблетка. 
    • 7 ұя - көк түсті пеналда құсуға қарсы дәрі-дәрмек, барлығы 5 таблетка.
      Бас сыдырылғанда, қатты соққы тигенде және контузия  алғанда  сәуленің
      бастапқы әсері кезінде бір таблеткадан қабылдайды. 
      Өзін өзі тексеру сұрақтары
1. Радиоактивтілік дегеніміз не?
2. Жеке және медициналық қорғаныс құралдары
3. Қобдиша ұялары бойынша медициналық құралдардың орналасуы



Тәжірбиелік сабақтың тақырыбы №7  Радиациялық  зақымдану  кезіндегі  алғашқы
медициналық көмек. Санитарлық өңдеу жүргізу ережелері.


  Тәжірбиелік  сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар
 Жоспар: Радиация ұшырау қауіпіне байланысты  жергілікті  жерде  радиацияның
жоғары деңгейі болғандықтан алғашқы медициналық көмекті көрсетуге  болмайды.
Бұл жағдайда өз-өзіне және өз ара көмек  көрсетудің,  зақымданған  аумақтағы
өзін-өзі ұстау тәртібін сақтаудың маңызы зор. 
8 жасқа дейінгі балаларға  толық  дозада  беретін  №  1  радиациядан  қорғау
құралын қоспағанда  АИ-2-дегі  медициналық  құралдарды  бір  рет  қабылдауға
ересектерге 1/4, 8-15 жастағы балаларға 1/4 дозасын береді. 


   Іс жүзінде  иондаушы  сәулелену  үшін  адам  организімінде  кедергі  жоқ.
Организмге еніп, өз энергиясын бере отыра олар денедегі  заттың  кез  келген
молекуласын иондайды, олардың химиялық байланысын бұзады,  бұл  организмдегі
биологиялық процестердің қалыпты ағысы мен  зат  алмасуын  бұзады.  Бұл,  өз
кезегінде мидың, асқазанның, қалқанша бездің, орталық  нерв  жүйесінің  және
басқалардың жұмыс істеуін тоқтатуға алып келеді. 
Адам сәуле ауруына ұшырайды, оның ауыртпалық деңгейі сәулеленудің қуаты  мен
мөлшеріне  байланысты.  Сонымен   қатар   организм   клеткаларында   қауіпті
ісіктердің пайда болуына алып келетін өзгерістөр өтеді. 
I дәрежелі сәуле ауруы (жеңіл) - 100 -  200  рад  сәлелену  дозасы  кезінде.
Жасырын  мерзімі   3-5   апта,   бұдан   кейін   әлсіздік,   бастың   ауруы,
температураның көтерілуі, лоқсу, пайда болады. Ауруды емдеуге болады. 
2 дәрежелі сәуле ауруы (орташа) - 200 - 400 рад  сәулелену  дозасы  кезінде.
Жасырын мерзімі 3-4 апта. Ауру белгілері анық білінеді. Өте  жақсы  емделген
жағдайда екі—үш ай ішінде сауығады. 
III дәрежелі сәуле ауруы (ауыр) - 400 - 600  рад  сәлелену  дозасы  кезінде.
Алғашқы белгісі анық білінеді.  30  минуттан  кейін  қайта-қайта  құстыртып,
дененің температурасы 33  градусқа  жетеді.  Ауру  жедел  және  ауыр  өтеді.
Алғашқы аптаның өзінде ауыз  кілегейі  зақымдалып,  гиперемия  болуы  мүмкін
(қан белгілі бір орынға  немесе  ұлпа  учаскесіне  қатты  аққанда  оның  бір
жердегі мөлшері артады немесе  оның  ағуы  қиындайды),  ауыз  бен  жұтқыншақ
зақымданады,  тері  қабаттары  қызарады.  Терінің  жәй  немесе  шектен   тыс
қызаруы. Жасырын мерзімі 10-20  апта,  бұдан  кейін  бас  қатты  ауырып,  іш
өтеді, есінен айрылады. Сәтті жағдайда бірнеше айдан кейін сауығуы мүмкін.
IV дәрежелі сәуле ауруы (өте ауыр) - 600 -  радтан  жоғары  сәлелену  дозасы
кезінде  20-30  минуттан  кейін  алғашқы  белгілері  біліне  бастайды.  Дене
температурасы  40°  градустан  асып,  тері  зақымданады.   Дәрет   сұйылады.
Емдеусіз  екі-үш  апта  бойында  өледі.  Аурудың  барлығы   дерлік   өліммен
аяқталады.
   Радиациялық  заттармен  уланған  аумақта  тамақ   ішуге,   ластанған   су
көздерінен су ішуге, жерге жатуға болмайды. Халықтың  азық-түлік  пен  тамақ
даярлау тәртібін Азаматтық қорғаныс органдары  жердің  радиоактивті  ластану
деңгейін ескере отырып анықтайды. 
Иондағыш сәулеленумен зақымданған кезде  алғашқы  көмек  жылдам  көрсетілуге
тиіс. Бірінші кезекте одан әрі сәулеленуді жояды  немесе  барынша  азайтады.
Бұл  үшін   радиациялық   затпен   зақымдалған   аумаққа,   киімге   ішінара
дезактивация және терінің ашық жеріне ішінара санитарлық тазалау  жүргізеді,
бұдан кейін зақымдаушыны  радиациялық  зат  өтпеген  панаханаға  (радиацияға
қарсы немесе жай панахана) жеткізеді. Зақымданған жерде болған кезде  зардап
шегуші жеке қорғаныс құралдарын киюге тиіс. 
Радиоактивті  заттар  зақымданушыға  тамақпен  немесе  су  арқылы  өткендігі
туралы күмән болса,  оны  шығару  үшін  шаралар  қабылдау  қажет.  Бұл  үшін
зақымданушыға ацорбент береді (25-30г. активтелген  көмір,  күкірт  қышқылды
барий - 50г.) береді; ацорбент  радиациялық  заттың  маталуына  ықпал  етеді
және мұның қанға өтуіне кедергі келтіреді.  15-20  минуттан  соң  су  беріп,
асқазанды шаяды және құстырады. Бұдан кейін ацорбентті қайта  ішкізіп,  оған
тыныштандырушы дәрі-дәрмек беру қажет. 
Ядролық  зақымдану  ошағынан  (радиоактивті  зақымдану  ошағынан)  шыққаннан
кейін ішінара дезактивация мен  санитарлық  тазалауды  мүмкіндігінше  жылдам
жүргізу керек: дезактивация кезінде -киімнен,  аяқ  киімнен,  жеке  қорғаныс
құралдарынан; РЗ түседі санитарлық тазалау кезінде дененің ашық жерлері  мөн
көздің кілегейлі қабығын, ауыз бен мұрынды жабады.


  Бақылау сұрақтары

1. Ионизирлік сәулеленуді қандай құралдармен өлшейді?

2. Ионизирлік  сәулеленудің  түрлерін  және  олардың  негізгі  функциялардың
  сипаттамасын атандар.

3. сәулеленуден қорғаудың тәсілдері қандай?


Тәжірбиелік сабақтың тақырыбы №8  Табиғи  сипаттағы  төтенше  жағдайлар.  Су
басу  зонасын  анықтау.  Су  басу   кезіндегі   халықтың   іс   -   әрекеті.



      Тәжірбиелік  сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар
      Жоспар: Қауіпті гидрологиялық құбылыстар  -  әр  түрлі  табиғи  немесе
гидродинамикалық факторлардың  немесе  екеуінің  қосындысының  әсер  етуінен
пайда болатын,  адамдарға,  ауылшаруашлық  малдары  мен  дәнді  дақылдарына,
экономика нысандары мен қоршаған табиғи ортаға зақым келтіретін,  шығу  тегі
гидрологиялық  болып  келетін  оқиға  немесе   гидрологиялық   процесстердің
нәтижесі.
      Егер сіздің ауданыңыз су басудан жиі зардап шегетін  болса,  су  басуы
мүмкін аумақтың шекарасын сондай – ақ, сирек су басатын,  тез  жететін  және
тұратын жерден алыс емес жерлер мен қыраттарды есте  сақтап,  зерттеп  алған
жөн. Жеке сақтандыру шараларына мыналар жатады: толқын  соққыларына  төзетін
күрделі құрылысты тұрғызу; жақын  орналасқан  жерлердің  топографиялық  биік
нүктелерімен  танысу;  жақындаған  зілзала  туралы  хабардың  әдістері   мен
нысандарын білу; тұрғын үйдің жанына топырақ салынған қаптар, тосқауыл  қою,
топырақ төгу. Отбасы мүшелеріңізді жеке және  топтасып  көшу,  сондай  –  ақ
кенеттен және қарқынды су басу кезіндегі тәртіп  ережелерімен  таныстырыңыз.
Алдын ала көшу кезінде алып кететін қажетті құралдардың,  мүліктердің,  дәрі
дәрмектердің  тізімдерін  дайындап  қойыңыз.  Дайындалған  құнды   заттарды,
керекті жылы киімдерді, азық – түлік қорын, су және дәрі дәрмектерді  арнайы
чемоданға салып қою керек.
      Су басу кезінде не істеу керек. Су басудың қаупі  туралы  және  көшіру
туралы хабарландыру берілген кезде көрсетілген тәртіп бойынша су басу  қаупі
төніп тұрған аймақтан  қауіпсіз  жерге  немесе  қыратқа  шығыңыз,  өзіңізбен
бірге құжаттарды, құнды заттарды, қажетті киімдерді, екі – үш күнге  жететін
бұзылмайтын тамақ қорын алыңыз. Ең соңғы көшіру орнына тіркеліңіз.
      Жеке аулада селдің суы кедергісіз ағуы үшін жұмыстар жүргізіңіз:
      • жақын бұлақтарды, арықтарды қоқыстан және мұздан тазартыңыз
      • аулада су ағатын орларды қазыңыз
      • үй ауласын үйіп көмуге қолда бар материалдарды дайындаңыз  (қаптар,
        топырақ, құм, саз). 
      Алғашқы қажетті заттары бар сөмке немесе арқа қоржынын, ауыз  суы  мен
азық-түліктің аз мөлшердегі қорын  дайындау  қажет.  Су  болмайтындай  жерге
құжаттарды салыңыз. Бағалы заттарды,  қоймадағы  азық-түлік  қорларын  шатыр
астына немесе су баспайтын аймаққа көшіріңіз.
БАҚ-ның ақпараттарын және көлік  құралдары  мен  кәсіпорындардың    үзілмелі
белгілері және сирена дабылдарын мұқият бақылаңыз.  
      Су  басу  жайлы  хабар  алысымен   асығыс   және   көшірілу   пунктері
ұйымдастырылған бағытқа қарай үй-жайларыңызды тастап шығыңыз.
      Егер су деңгейінің жоғарылағанын байқасаңыз жедел аудандық, қалалық ТЖ
қызметіне, жергілікті атқарушы органдарға хабарласыңыз.
      Үйден кетер алдында электр қуаты  мен  газды  сөндірініз,  от  жағатын
пештерді өшірініз, үйдің сыртындағы  барлық  қалқитын  бұйымдарды  бекітіңіз
немесе оларды үйдің  қосымша  бөлмесіне  орналастырыңыз.  Егер  уақыт  болса
құнды заттарды үстіңгі қабатқа немесе тұрғын үйдің шатырына  орналастырыңыз.
Есік терезелерді жабыңыз. Ұйымдастырылған көшіру шаралары болмаған  жағдайда
көмек келіп  жеткенше  немесе  судың  деңгейінің  түскенінше  үйдің  жоғарғы
қабатында, талға немесе жоғары тұрған  жерлерге  орналасыңыз.  Бұнымен  қоса
үнемі апат белгісін беріңіз: күндіз  жақсы  көрінетін  матаны  іліп  қойыңыз
немесе таяққа  қадап  алып  сол  матамен  бұлғап  белгі  беріңіз,  ал  түнде
жарықпен немесе дауыспен белгі беріңіз.
      Құтқарушылар келген кезде ұстанымдылық танытып, қауіпсіздік  шараларын
сақтай отырып, жүзу құралдарына  қарай  өтіңіз.  Құтқарушылардың  талаптарын
қатаң орындап, жүзу құралдарының шамадан тыс  толып  кетуіне  жол  бермеңіз.
Қозғалыс  кезінде  көрсетілген  орыннан  алшақ  кетпеңіз,   жүзу   құралының
бүйіріне отырмаңыз, экипаждың талаптарын қатаң сақтаңыз.
      Су басқан  аймақтан  өздігінен  шығуға  тек  қана  зардап  шеккендерге
дәрігерлік көмек көрсету керек болған жағдайда ғана  шығу  ұсынылады.  Бұған
қоса сенімді жүзу құралы  болу  керек  және  қозғалыс  бағытын  білу  керек.
Өздігінен қозғалған кезде  апат  белгісін  беруді  тоқтатпаңыз.  Суда  жүзіп
жүрген және батып бара жатқан адамдарға көмек көрсетіңіз.
      Егер сіз суда қалсаңыз, төмен қарай тартатын аяқ киімді,  ауыр  киімді
шешіп жүзгіш заттарды, ағашты, басқа да су бетінде  қалқып  жүрген  заттарды
іздеп, көмек күтпей ақ оларды пайдалану керек.
      Су  тасқыны  кезінде  кіреберіс  жолдар  мен  көпірлер  жедел  қалпына
келтіріліпзардап шегушілерге тамақ пен киім жкткізіледі. Қосымша үйінді,  су
ағызатын  каналдар  мен  бөгеттер  тұрғызылады,  бұрыннан  бар   бөгеттердің
шайылған жері  мен  саңылауы  бекітіледі.  Өндіріс  қондырғылардың  құтқару,
жөндеу, ғимараттар мен үй жайларды  тез  қалпына  келтіру  бойынша  жұмыстар
жүргізіледі.
      Су кеткеннен кейін  үзілген  және  ілулу  тұрған  электрөткізгіштерін,
зақымдалған газ құбырынан сақталу қажет. Үйге кіреде  оның  бөліктерінің  су
толқынының соққысынан теңселмейтіндігіне көз жеткізу  қажет.  Суда  табылған
азық – түлікті, тасқыннан кейінгі іркілген суды пайдалануға болмайды.
      Су тасқыны  жағдайындағы  көшіру  туралы,  әдетте,  төтенше  жағдайлар
жөніндегі    комиссияның    арнайы    шешімімен    жарияланады.    Көшірудің
басталатындығы және тәртібі туралы халыққа жергілікті  радиоторабы  желілері
мен жергілікті теледидар бойынша хабарланады.  Жұмыс  істейтіндерге  сонымен
қатар, кәсіпорын, мекеме мен оқу  орындарының  әкімшілігі,  ал  өндіріс  пен
қызмет көрсету саласында жұмыс істемейтіндер  пәтер  иелері  коорперативтері
арқылы хабарлайды. Халыққа көшіру нүктесіне  жиналатын  орынмен,  оған  келу
мерзімі жаяу көшкен  кездегі  бағыт,              сондай  –  ақ,  жергілікті
жағдайда, күтілген апатқа, оны ескерту уақытына орайлас басқа да  мәліметтер
хабарланады.
      Уақыт жеткілікті  болған  жағдайда  халық  қауіпті  аудандардан  дүние
мүлкімен бірге көшіріледі, сол үшін көлік бөлінеді.
      Көшіру су басқан аймаққа жақын орналасқан елді мекендерге жүргізіледі.
Халық  қоғамдық  ғимараттар  мен  жергілікті  тұрғындардың   үйіне   уақытша
қоныстандырылады.
      Су басқан  аумақтағы  адамдарды  ізеужедел  ұйымдастырылып,  сол  үшін
Азаматтық қорғаныс құрамаларының экипаждары таратылады және басқа  да  қолда
бар күштер мен құралдар пайдаланылады.
      Құтқару жұмыстары кезінде  халық  ұстанымдылық  танытып,  құтқарушылар
талаптарын  қатаң  орындауға  тиіс.  Құтқару  құралдарына  басы  артық  адам
отыруға болмайды.
      Құтқарушылар келген кезде  қайыққа  немесе  катерге  айқай  шусыз  бір
бірлеп өту керек. Қайық қозғалған кезде орын ауыстыруға,  қозғалуға,  бортқа
отыруға  рұқсат  етілмейді.  Балаларға,  қарттар  мен  сырқаттарға   бірінші
кезекте көмек көрсетілетінін есте ұстаңыз.
      Тосын су тасқыны жағдайында  (тоғанның,  бөгеттің  бұзылуынан  болған)
халыққа барлық қолда  бар  техникалық  хабарлау  құралдарымен,  оның  ішінде
жылжымалы қондырғылардағы дауыс қатайтқыштың көмегімен жүргізіледі.

      Өзін өзі тексеру сұрақтары
     1. Төтенше жағдайлар туралы түсінік
     2. Қауіпті гидрологиялық құбылыстар
     3. Су тасқыны, су тасқынының түрлері
     4. Су тасқынынан сақтандыру және оны азайту жөніндегі шаралар
     5. Су тасқыны кезіндегі қауіпсіздік ережесін сақтау мақсатында
      сақтық                                                        шаралары


Тәжірбиелік сабақтың тақырыбы №9   Химиялық  барлау  құралдары  және  оларды
қолдану. Ағзаның улаушы заттармен зақымдануы.  ӘКУЗ уланған кездегі  алғашқы
көмек.   ИПП -8 құрылымы және мағынасы.


      Тәжірбиелік  сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар
      Жоспар: Жаппай жою қаруынан халықты қорғау және олардың  қауіпсіздігін
қамтамасыз ету. Жеке қорғану құралдарын жіктеу (сүзгіш газтұмылдырықтар  мен
тұмылдырықтар). Жаппай жою қаруынан  қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету  бойынша
шаралармен және  жеке  қорғану  құралдарымен  (сүзгіш  газтұмылдырықтар  мен
тұмылдырықтар) таныстыру.

      Химиялық қауіпті нысандарда ірі апаттар болған  жағдайда  АҚ  мобильді
күштерін, әскери және инженерлік әскерлер бөлімін жұмысқа тарту  қажеттілігі
туындауы  мүмкін.   Осы   апаттың   салдарын   жою   үшін   келесі   шаралар
ұйымдастырылады:
    • зақымдау ошағын ажырату, кешенді барлау жүргізу;
    • халыққа қорғаныс құралдарын жедел жеткізу, малдарды  айдауға,  халықты
      эвакуациялауға  көмек  көрсету,  апат  аймағында  коменданттық  қызмет
      жасау;
    • жергілікті жерді, жабдықты, техниканы, өндіріс орындарын дегазациялау;
      ластанған топырақты, қарды жинау, шығару және оларды залалсыздандыру;
    • дегазациялайтын ерітінді, ҚХЗ бейтараптандыру үшін су жеткізу.
        Химиялық   барлау   ауаның,   су   көздерінің,   халық   шаруашылығы
нысандарының химиялық ластану  деңгейін  анықтайды.  Ол  химиялық  барлаудың
әскери құралдарын және  халық  шаруашылығы  нысандарында  индикациялау  үшін
қолданылатын құралдарды пайдалану арқылы жүзеге  асады.  Зақымдану  ошағында
химиялық бақылау жүргізгенде ӘКУЗ мөлшері әрбір 20-30  м  сайын  анықталады.
Ауа үлгілері ӘКУЗ табылған жерлерден алынады.  Химиялық  барлау  жүргізгенде
ӘКУЗ көп жиналуы мүмкін жерлерге ( құдықтар,  шахталар,  қазандықтар  )  аса
назар аударылады. Барлау нәтижелеріне  байланысты  әрбір  ғимарат,  құрылыс,
тұрғын үй үшін ластану картограммасы құрылады. Егер радиация деңгейі  жоғары
болса, мекен ластанған деп есептеледі.  Улағыш  заттардың  әсеріне  ұшыраған
аумақ  химиялық зақымдау аймағы болып табылады. ӘКУЗ  шығаратын,  сақтайтын,
немесе пайдаланатын шаруашылық объектілері  химиялық қауіпті объектілер  деп
аталады. Химиялық  қауіпті  объектілердегі  апаттар  мынадан  болуы  мүмкін:
қондырғының жұмыс істемеуінен, қызметшілер қатесінен,  пайдалану  тәртібінің
бұзылуынан.  Химиялық зақымдану аймағына улы заттар төгілген орынмен  улаушы
концентрациядағы  улы  заттары  бар  бұлт  тараған  аумақ  кіреді.  Химиялық
зақымдау аймағы зақымдалған бұлттың таралуының  тереңдігі  мен  және  енімен
сипатталады.
        Химиктер – барлаушылар химиялық  ластану  ошағының  қандай  ҚХЗ  мен
уланғанын, ғимараттың,  нысанның  зақымдалу  деңгейін  анықтайды  және  ошақ
шекарасын, оны айналып өту жолдарын белгілейді.
        Залалсыздандыру  топтары  ең   алдымен   химиялық   ластану   ошағын
оқшаулайды, нысандарға жету жолдарын дегазациялайды, зақымдалған  орындардан
адамдарды  құтқару  жұмыстарын  жүргізед.  ҚХЗ   залалсыздандырылған   кезде
олардың кейбірінің  дегазациялау  заттарымен  реакцияға  түсіп,  үлкен  жылу
мөлшерін бөлетіндігін  есте  ұстау  керек,  бұл  өрттерге  немесе  жарылысқа
әкелуі мүмкін.
      Мұндай жағдайда залалсыздандыруды  дегазациялайтын  затқа  құм  немесе
топырақ қосу арқылы жүргізеді. Өрт сөндіру топтары  АҚ  құрамаларымен  бірге
салынған жолдарды пайдаланып және бөгеттерді  айнала  жүріп  өрт  орындарына
жетеді. Ең алдымен апаттық құтқару және басқада  қалпына  келтіру  жүргізуге
бөгет жасайтын бөліктердегі өрттерді сөндіреді. Одан  ары  қарай  аппаратура
орналасқан  жоғары  қысымды  нысандардағы   өрттерді   сөндіреді.   Химиялық
өндіріс нысандарындағы  технологиялық  жабдық  апаттары  жанғыш  сұйықтықтың
ағуымен бірге жүреді. Бұның нәтижесінде өртке үлкен  аудан  ұшырауы  мүмкін.
Мұндай өрттерді сөндіргенде ең  алдымен  сұйықтықтың  ары  қарай  төгілуінің
алдын алу шаралары қолданылады. Апат  кезінде   ХҚО  байланыс  пен  хабарлау
құралы жұмысшыларды, қызметшілерді және төңіректегі халықты  зақымдау  қаупі
туралы дер кезінде  құлақтандыруға  мүмкіндік  беруге  тиіс.  Хабарлау  үшін
электр дабылдары, радиохабары мен теледидар желісі, ішкі  телефон  байланысы
мен  жылжымалы  қатты  сөйлейтін  қондырғылар  пайдаланады.   Өз   уақытында
хабарлау мен ұйымдастыру  жауапкершілігі  АҚ  және  ХҚО  ТЖ  штабтарына,  ТЖ
жөніндегі басқару оргагдары мен олардың қызметтегі  бастықтарына  жүктеледі.
Хабарлау үшін шешім қабылдау құқығы ХҚО ның кезекші  диспетчеріне  беріледі.
Апатты  тоқтату,  адамдарды  құтқару  жөніндегі  жұмысты  тікелей  басқарушы
келгенге дейін объектіде кезекші диспетчер мен  апаттық  қызметінің  кезекші
ауысымының бастығы немесе жұмысты  басқару  үшін  тағайындалған  басқа  адам
басшылық етеді. Қала халқы, елді мекенді ХҚО дегі апат туралы хабарлау  үшін
сиреналар  мен  басқа  да  дабыл  құралдары   қосылады,   бұл   «Баршаныздың
назарыңызға» ескерту дабылын білдіреді.  Зақымдау аймағынан шыққаннан  кейін
санитарлық өңдеуден өту қажет. Әлсіз зақымданғандар   медицина  мекемелеріне
барады.
       Химиялық зақымдау қаупін жою және  алдағы  іс-әрекет  тәртібі  туралы
халыққа ТЖ жөніндегі басқарма немесе полиция органдары хабарлайды.
  Өзін өзі тексеру сұрақтары
     1. Химиялық қауіпті нысандарда ірі  апаттар  болған  жағдайда  апаттың
        салдарын жою үшін қандай шаралар ұйымдастырылады?
2. Зақымдалу ошағында  барлау  жүргізу  кезіндегі  барлау  буынының  әрекеті
  қандай?
3. Залалсыздандыру топтарының әрекеттері
Тәжірбиелік сабақтың тақырыбы №10 Улаушы және әсері күшті  улаушы  заттармен
уланғандағы алғашқы  медициналық  көмек.  Санитарлық  өңдеу  және  дегазация
жүргізу                                                             тәртібі.




      Тәжірбиелік  сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар
      Жоспар:  Химиялық  қару  –  улы  химиялық  заттарды  (УХЗ)   қолдануға
негізделген жаппай зақымдау құралының бірі. УХЗ улағыш заттар  мен  уыттылар
жатады, ол адам мен жануарлар ағзасын  зақымдауға  арналады,  сондай-ақ  УХЗ
өсімдіктердің  әр  түрін  зақымдау  үшін  қолданылатын  фитотоксиконттар  да
жатады. Химиялық қаруларды объектілерге  жеткізу  үшін  авиация,  ракеталар,
артиллерия мен инженерлік және химиялық әскери заттар қолданылады.


      Химиялық қарудың ұрыстық қасиеті мен  өзіне  тән  белгілеріне  мыналар
жатады:
    • УЗ мен токсиндер өте улы болады, азғантай  дозаның  өзінде  ауыр  және
      өлім қаупін тудыратындай зақымдайды;
    • УХЗ-дың тірі организмді зақымдау әрекетінің биохимиялық механизмі;
    • УЗ мен токсиндердің қару-жарақ  пен  ұрыс  техникасына,  ғимараттарға,
      құрылыстарға өтіп, ондағы қорғалмаған тірі күшін зақымдау қабілеті;
    • УХЗ-дың белгілі бір уақыт бойы жергілікті  жерді,  қару-жарақты,  ұрыс
      техникасы  мен  атмосферадағы  өзінің  зақымдау  күшінің  әрекет   ету
      ұзақтығы;
    • қарсыластардың УХЗ-ды қолдану фактісін және  оның  типін  дер  кезінде
      табудың қиындығын белгілеу;
    •  тірі  күшті  зақымдау  дәрежесі   мен   сипатын   басқарудың   мүмкін
      болатындығы;
    • химиялық  қару  зардаптарынан  қорғану  және  оны  жою  үшін  химиялық
      барлаудың, жеке және ұжымдық қорғану, газсыздандыру, санитарлық өңдеу,
      антидот және т.б. әр түрлі кешендер шарасын қолдану қажеттілігі.
  Химиялық қаруды қолдану нәтижесінде  ауыр  экологиялық  және  генетикалық
зардаптар болуы мүмкін. Химиялық қаруды қолданудың экологиялық  зардабы  УЗ-
дың жануарлар мен  өсімдіктер  әлеміне,  сондай-ақ  топыраққа,  суға,  ауаға
тигізетін әсерімен байланысты, одан  қоршаған  ортаның  жағдайы  шиеленісіп,
адамның өмір  сүруін  қиындатады.  Генетикалық  зардаптар  келешек  ұрпақтың
дамуында жағымсыз із қалдырады.
  Улағыш химиялық заттар  (УХЗ) әрекеттері жөнінен:
    • жүйке жансыздандыратын әрекетті УЗ - VХ (ви-икс), зарин, заман;
    • тері-іріңдік әрекетті УЗ – иприт, люизит;
    • тұншықтырғыш әрекетті УЗ – фосген, дифосген;
    • жалпы улы әрекетті УЗ – синил қышқылы, хлорциан;
    • тітіркендіргіш әрекетті УЗ – СS (си-эс), СR (си-ар);
    • психохимиялық әрекетті УЗ – ВZ (би-зет) деп бөлінеді
  Химиялық қарудың зақымдаушы факторларына УХЗ-дың әр  түрлі  күйі  жатады.
УХЗ-дың ұрыстық күйінің түрлері: бу,  аэрозоль  және   тамшылар.  Бу  –  газ
тәрізді  түрде  болатын  зат,  Аэрозольдар  –  ауада  тұратын   және   сұйық
бөлшектерден  құралған  дисперсті  гетерогенді  (біртектес  емес)   жүйелер.
Тамшылар - өте ұсақ бөлшектер.
  Бу және жұмсақ дисперлі аэрозоль қалпындағы химиялық зат ауаны уландырып,
дем алу арқылы тірі жанды зақымдайды (ингаляциялық зақымдану).
  Қатты дисперлі аэрозоль және тамшы түріндегі УХЗ жергілікті жерді,  қару-
жарақты,  әскери  техниканы,  әскери  киімді,  қорғану  құралдарын,  суларды
зақымдап, қорғалмаған тірі  жанды  оның  тері  бетінде  бөлшектердің  түскен
кезінде де, олардың зақымданған жер бетінің булану нәтижесінде  түсу  немесе
тірі жанның зақымданған жермен түйісу жасағанда да зақымдауға қабілетті.
  Тірі жанның  зақымдануы  зақымданған  тамақ  өнімдері  мен  суды  қолдану
кезінде де болуы мүмкін.
  Химиялық зақымдану құралдарын әскери мақсатта  ішінара  пайдалану  барлық
соғыстар тарихында өз орнын тапқан.
  Зақымдану, қирату, өрт және су басу аймағындағы әрекеттер кезінде  әскери
қызметшілерді қорғау және  қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету  келесі  шараларды
орындаумен жетілдіріледі:
• үзіліссіз радиациялық, химиялық және биологиялық барлау жүргізу;
• уақытымен және ебін тауып жеке, ұжымдық қорғану  құралдарын,  қару-жарақ,
  әскери техника мен жергілікті  жердің  қорғаныш  қасиеттерін,  радиацияға
  қарсы  препараттарды,  антидоттарды,  жедел  медициналық  жәрдем  көрсету
  құралдарын, инженерлік құрылыстарды пайдалану;
• зақымдану, қирату, өрт және  су  басу  аймақтарын  мейлінше  орынды  жеңу
  тәсілдерін таңдау;
• зақымданған жерде әскери қызметшілермен бекітілген тәртіп ережесін  қатаң
  сақтау.
  Көрсетілген  шаралар  мазмұны  мен  тізімі  әрбір  нақты  оқиға,   жағдай
шарттарымен айқындалады.
  Зақымдалған  аймақ  кенеттен  жасалғанда   немесе   бөлімше   қарсыластан
қорғануға  жеткілікті  түрде  дайын  болмағанда,  радиациялық  қауіпсіздікті
қамтамасыз ету бірінші кезекте  зақымданған  аймақты  барлауды  және  әскери
қызметшілерді  зақымданбаған  ауданға  қысқа  мерзімде  орналастыру   арқылы
жүзеге асырылады.
  Жеке  қорғану  құралдарын  орынды  және  уақытымен  пайдалану  адамдардың
химиялық және биологиялық қарумен зақымданбауына, ядролық жарылыстың  зиянды
сәулеге   шалдығу   әсерін   әлсіздендіруге   және   әскери    қызметшілерді
радиоактивті шаңмен уланудан сақтауға мүмкіндік береді.
  Жеке қорғану құралдарына: газтұмылдырықтар; тұмылдырықтар;  жалпы  әскери
кешенді  қорғаныш  киімі  (ЖӘКҚК);  жалпы  әскери  қорғаныш  толымы  (ЖӘҚТ);
қорғаныш киім (ҚК) және қорғаныш көзәйнек жатады.
|Аталуы                        |Маркасы        |Алдыңғы        |Салмағы, кг|
|Сүзгіш газтұмылдырықтар       |РШ - 4         |ШМ – 41 МУ     |1,8        |
|                              |               |ШМС            |           |
|                              |               |               |           |
|                              |               |               |           |
|                              |ПМГ            |ШМГ            |           |
|                              |ПМГ – 2        |ШМ – 66 МУ     |1,1        |
|                              |               |ШМ - 62        |0,9        |
|                              |ПМК            |М - 80         |           |
|Жекеленген дем алу аппараты   |ИП - 46        |ШВС            |4,6        |
|                              |ИП – 46; МИП - |ШВС            |5,5        |
|                              |4              |               |           |
|                              |ИП - 5         |ШИП - 26       |3,4        |
|Тұмылдырық Гопкалит патроны   |Р - 2          |ШИП - М        |5,2        |
|                              |ДП - 1         |Жартылай маска |0,06       |


Сүзгіш  газтұмылдырықтары  дем  алу  органдарын,  көзді,  бетті  УЗ,  РЗ  БҚ
аэрозольдерінен  қорғауға  арналған.Тұмылдырықтың  қажетті   өлшемі   беттің
биіктігі  Һ  бойынша  таңдалады  (  иектің  төменгі  нүктесі  мен   кеңсірік
арасындағы қашықтық).


   Өзін өзі тексеру сұрақтары
1. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары қалай жетілдіріледі?
2. Зақымдалған аймақ кенеттен жасалғанда қауіпсіздікті қамтамасыз  ету  үшін
  не істеу керек.
3. Сүзгіш газтұмылдырықтар туралы айтып беріңдер.
4. Тұмылдырықтың қажетті өлшемі қалай таңдалады?
5. Химиялық қарудың зақымдаушы факторлары.


Тәжірбиелік  сабақтың  тақырыбы  №11  Апаттар   кезіндегі   ӘКУЗ   зақымдану
масштабтары


      Тәжірбиелік  сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар
      Жоспар: Химиялық зақымдау ошағы - ҚӘУЗ-дің зақымдағыш әсері  таралатын
шектегі   алаң. Аварияның   ықтимал   салдарының    көлемі    белгілі    бір
деңгейде химиялық қауіпті объктілердің үлгісіне,  ҚӘУЗ  түріне,  оның  ерек-
шелігіне, санына және сақтау жағдайына, аварияның, ауа райы жағдайының  және
басқада факторлардың сипатына  байланысты. Химиялық  қауіпті  объектілердегі
басты  зақымдағыш  факторы  аумағы  ондаған  шақырымдарға  дейін   созылатын
аймақтың химиялық зақымдануы болып табылады. 
Химиялық  қауіпті  объектілердегі  авариялардың  қайталама  факторы  ретінде
жарылыстар мен өрттер болуы мүмкін. 

      Улағыш заттар (УЗ) химиялық қарудың негізін қүрайды. Химиялық  қарудың
әсерінен адамдар мен  малдардың  жаппай  зақымдануы  болған  аумақ  химиялық
зақымдану ошағы деп аталады. 
      УЗ зақымдау әсерінің белгілі ерекшеліктері бар.  Олар  қысқа  мерзімде
адамдар мен малдарды жаппай зақымдандыруы мүмкін. УЗ тек аумақты ғана  емес,
сондай-ақ жер үстіндегі ауа қабатын да зақымдайды. Бу (газ) тәріздес  күйде,
түман түрінде УЗ ғимараттарға,  қымталмаған  қорғаныс  панаханаларына  еніп,
адамдарды зақымдайды. УЗ  зақымдағыш  әсерін  бірнеше  сағат,  тәулік,  апта
бойында сақтайды. 
      УЗ тыныс алу органдары арқылы, тері ұлпалары  мен  кілегейлі  қабықтар
арқылы, сондай-ақ  УЗ-мен  зақымданған  тамақ  пен  су  арқылы  асқазан-ішек
жолдарымен организмге өткен кезде адамдарды зақымдайды. 
Осы заманғы УЗ организмге тек  терінің  зақымдалған  бөліктері  арқылы  ғана
емес, сондай-ақ киім  арқылы  да  зақымдауға  қабілетті.  Зақымдау  әсерінің
өткірлігі, уланудың жылдам және ауырлануы организмге  түскен  УЗ-ның  улағыш
қасиеттері мөн санына, УЗ-ның  түсу  жолдарына,  оны  қолдану  әдістері  мен
құралдарына, метеорологиялық жағдайларға, сондай-ақ  организмнің  жәй-күйіне
байланысты. 
      Зілзала, өндірістік авариялар болған  уақытта,  осы  заманғы  зақымдау
қүралдары қолданылған кезде химиялық зақымдау  ошақтары  қатты  әсер  ететін
улы заттардың (УЗ) ыдыстарының қирауы нәтижесінде пайда болуы мүмкін. 
      Улағыш заттардың  жіктелуі.   Барлық  УЗ  организмге  улылық  әсерінің
сипаты бойынша мынадай топтарға бөлінеді: 
    • жүйкені жансыздандыратын УЗ - фосфорорганикалық заттар 
      (ФОЗ) тобы - зарин, зоман, V - газдар; 
    • жалпы улағыш әсері бар УЗ - көгілдір қышқылы, хлорциан; 
    • терінің қүрысуына әсер ететін УЗ - иприт, люизит; 
    • тұншықтырғыштық әсердегі УЗ - фосген, дифосген; 
    • көздің жасын ағызатын және тітіргендігіштік әсері бар УЗ - хлорпикрин,
      хлорацетофенон, адамсит СЗ (си-эс); 
    •  психохимиялық  әсер  ететін  УЗ  -  ДЛК  және  В2  (би-зет)  лизергин
      қышқылының диэтиламиді; 
    • Улылық әсерін  анықтау  уақытына  байланысты  жылдам  әсер  ететін  УЗ
      (зарин, зоман, V -газдар, көгілдір қышқылы) және баяу әсер  ететін  УЗ
      болып бөлінеді (иприт, фосген).
   УЗ улылық жіктелісі бойынша былай бөлінеді: 
    • өлімге ұшырататын - (зарин, зоман, V - газдар, көгілдір 
      қышқылы, иприт, люизит, фосген); 
    • уақытша есті тандыратын - ДЛК, В2; 
    • тітіркендіретін - хлорпикрин, хлорацетофенон, адамсит СЗ.
   УЗ төзімділігі бойынша төзімді және төзімді емес болып бөлінеді.  Төзімді
УЗ-ға иприт, заман, V - газдар жатады, олар жерді  бірнеше  сағаттан  бастап
бірнеше тәуліктерге дейін, кейде тіпті айлар бойы зақымдайды.  Төзімді  емес
УЗ-ға зақымдағыш әсері бірнеше минуттан бір сағаттқа дейін созылатын  заттар
жатады (көгілдір қышқылы, фосген).

   Өзін өзі тексеру сұрақтары
   1. УЗ зақымдау әсерінің ерекшеліктері
   2. Улағыш заттардың жіктелуі
   3. УЗ -мен адамдардың зақымдалу жолдары



Тәжірбиелік  сабақтың  тақырыбы  №12  Ядролық  жарылыс  кезіндегі   нысанның
потенциалды қауіпі


      Тәжірбиелік  сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар
      Жоспар: Ядролық  жарылыстың  зақымдаушы  факторларының  әсерінен  өрт,
жаппай  қирау,   коммуналдық-энергетикалық   тораптарда   апаттар,   жердің
радиоактивті ластануы және халық арасында едәуір шығын пайда болатын аумақ.
Ядролық зақым ошағының аумағы  қолданылған  қарудың  мөлшері  мен  қуатына,
жарылыстардың  түріне,  құрылыстың  сипатына,   жер   бедеріне   (акватория
терендігі) және ауа райы жағдайларына байланысты.
      Қирау сипатына қарай және құтқару жұмыстарының көлемін белгілеу.


   Соғыс уақытында қарсылас жақ  ядролық  қаруды  қолданған  кезде  мынадай
зақымдағыш факторлары әсер етеді. 
   Соққы толқыны - негізгі  зақымдағыш  әсер  факторы,  жарылыс  кіндігінен
барлық жаққа дыбыс жылдамдығымен қозғалатын, қатты сығылған ауаның  жиналған
жері. Осылайша Шгт ядролық оқтүмсықтың  жарылысы  кезінде  соққы  толқыны  9
секундта, 5 километрге, 22 секундта, 10 километрге жетеді. 
   Соққы толқыны ғимаратты, техниканы, өндірістік қондырғыны, қиратады және
адамдарды зақымдайды. Соққы толқынның  зақымдағыш  әсері  шаршы  сантиметрге
(кг/см2) килограммдармен  көрсетілетін  оның  төнірегіндегі  артық  қысыммен
сипаталады. Мысалы, ауадағы ядролық жарылыс кезінде қабылдау  бетінің  алаңы
50()см2, түрған адамға артық қысымы 0,5 кг/см2 соққы толқыны 2500 кг  күшпен
әсер етеді. Ядролық  зақымдау  ошағы  шартты  түрде  төрт  шеңберлі  аймаққа
бөлінеді. 
   Бірінші аймаққа  (жарылыс  кіндігіне  жақын  жердегі  толық  қираушылық)
сырттқы шекараға 0,5  кг/см2  жоғарырақ  артық  қысым-мен  соққы  толқынының
әсеріне үшыраған зақымдану ошағының аумағы жатады. 
   Екінші аймақ (қатты қирау) 0,5  -  0,3  кг/см2  соққы  толқынының  артық
қысымымен сипатталады. Бүл  аймақта  тас  ғимараттар  мен  жертөбелер  қатты
қирап, ағаш ғимараттар толық  қирауы  мүмкін,  үйінділер  пайда  болып,  өрт
шығуы да  мүмкін.  Панаханалардыңкөбісі  сақталады,  алайда  кейбіреулерінің
кіреберісі мен шығаберісін үйінді басып қалуы мүмкін.  Панаханадағы  адамдар
зардап шекпейді. 
   Үшінші аймақ (орташа қираулар) 0,3 - 0,2 кг/см2 соққы толқы-нының  артық
қысымымен, ғимараттар  мен  түрақжайлардың  ішінара  қирауымен  сипатталады.
Оларды  жаппай   өрт   жайлауы   мүмкін,   (көптеген   қорғаныс   ғимараттар
сақталынады, ал онда түрған адамдар зардап  шекпейді.  Қорғаныс  ғимаратының
сыртында қалған  адамдардың  бір  бөлігі  жарақат  алып,  жедел  медициналық
көмекті қажет етеді. 
   Төртінші аймақ (болмашы қираулар) 0,2 -  0,1  кг/см2  толқын  соққысының
артық қысымымен сипатталады. Бұл  аймақта  ғимараттар  мен  тұрақ  жайлардың
қирауы сирек. 
   Жарықтың сәуле шығаруы - ядролық жарылыс  кезінде  пайда  болатын  сәуле
энергиясының   ағыны.   Ядролық   жарылыс   жарқылдаған   аумақтағы   ауаның
температурасы  жарқылдау  басында  миллион  градусқа  дейін  жетіп,  аяғында
бірнеше мың градусқа дейін тө-мендейді.  Жарықтың  сәуле  шығаруы  қас-қағым
сәтте таралып, аз уақыт ғана әсер етеді. 
Жарық сәулесі күндікінен әлде қайда күшті, ал жарылыс кезінде  пайда  болған
ядролық шар жүздеген километрден көрінеді. 
   Жарық сәулесінің зақымдағыш әсері жарық серпінімен, яғни  жарық  сәулесі
бағытына қарсы орналасқан  үстінгі  беттегі  Ісм2  сәулелену  кезінде  өткен
жарық энергиясының санымен сипатталады. Жарық серпінінің өлшем  бірлігіне  1
кал/см2 алынады. 2-4 кал/см  жарық  серпіні  кезінде  қорғанбаған  адамдарда
бірінші дәрежедегі күйік, 4-7,5  кал/см2  кезінде  екінші  дәрежедегі  күйік
(бүршіктердің пайда болуы). 5-12 кал/см2  кезінде  үшінші  дәрежедегі  күйік
(тері жамылғыларының толық  жансыздануы),  12  кал/см2  өнан  жоғары  болса,
төртінші дәрежедегі күйік алады (тері жаппай жансызданып үлбірейді).
   Жарық сәулесі жаппай өрт тудыруға қабілетті. 
Жарық сәулесінің жиілігі ауа райына қатты тәуелді.  Түман,  жаңбыр  мен  қар
оның әсерін қатты әлсіретеді, ал ашық қүрғақ ауа райы, керісінше,  өрттердің
шығуы мен күйік алуға қолайлы жағдай жасайды. 
   Өткіш радиация - ядролық жарылыс  кезінде  шығатын  гамма  сәулелер  мен
нейтрондар  ағыны. Р-нің  зақымдаушы   әрекеті   адамдардың   сәуле   ауруын
тудырады, зақымдаушы фактордың  мәні  гамма  сәулелер  мен  нейтрондар  тірі
клеткалардың  молекулаларын  иондап,  олардың  қалыпты   тіршілік   қызметін
бүзады. Мұның нәтижесінде адамдар сәуле ауруына шалдығады,  көп  доза  алған
адамдар мерт болады. үсті жабылған жыралар, блиндаждар, паналау  ғимараттары
және басқа қорғаныс құрылыстары  сондай-ақ  қорғаныс  киімдер  Р-ның  әсерін
күрт әлсіретеді.



Тәжірбиелік сабақтың тақырыбы №13  Иондаушы  сәулеленуден  қорғау  құралдары
және бақылау әдістері.


      Тәжірбиелік  сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар
      Жоспар: Жердің радиоактивті ластануы  -  ядролық  жарылыс  бүлттарынан
радиоактивті  заттардың  түсуі   нәтижесінде   болады. Жердің   радиоактивті
ластануының деңгейі жарылыстың түрі мен  қуатына  және  ол  жарылған  сәттен
бастап өткен уақытқа, жарылыс орталығының қашықтығына, ауа райына  және  жер
бедеріне байланысты.


    Өткіш радиация  - ядролық жарылыс кезінде пайда болатын  гамма-сәулелер
мен нейтрондар ағыны. Өткіш радиацияның көзі -  ядролық  реакциялар.  Өткіш
радиацияның әрекет ету мерзімі 10-15 секундтан аспайды.
    Өткіш  радиацияның  зақымдау  әсерін  айқындайтын  негізгі  көрсеткіші:
иондаушы сәуле дозасы. Иондаушы сәуле дозасы  (радиация  дозасы)  дегеніміз
белгілі  бір  ортада  иондаушы  сәуленің  әсер  ету  шегі.  Ол  төмендегіше
бөлінеді:
    • жұтылған доза — сәулеленген ортанын масса бірлігі жұтқан  энергия,  ол
      халықаралық (СИ) жүйе  бойынша грэймен (ГР) өлшенеді. 1ГР =  1  Дж/кг.
      Дозаның   жүйеде   жоқ   бірлігі - "рад" болып    табылады  (рентгенің
      биологиялық эквиваленті). 1 ГР=100 рад ; 1 Р = 1 рад
    • экспозициялық доза —  ауанын  иондалуы  бойынша  кл/кг  (кулон  кг-ға)
      өлшенетін рентген және гамма-сәуленін мөлшері. Жүйеде  жоқ  бірлігі  -
      рентген  (Р)  қолданылады.  Рентген  -  гамма-сәуленің  мөлшері,  оның
      әсерінен температурасы 0°С, қысымы сынап бағанасы  бойынша  760  мм  1
      см3   құрғақ ауада 2 млрд. жұп ион пайда болады.
    • эквиваленттік доза – ағзадағы радиациялық қауіпінің  биологиялық  әсер
      етуі мен дәрежесін анықтайтын және зивертпен  ("ЗВ")  өлшенетін  доза.
      Жүйеде жоқ бірлігі - "бэр" (рентгеннің биологиялық эквиваленті). 1 бэр
      =1 Р;   1 ЗВ = 100 бэр
    Өткіш радиацияның зақымдаушы әрекеті  адамдардың  сәулеленуін  тудырады,
зақымдаушы  фактордың  мәні:   гамма-сәулелер   мен   нейтрондар   жасушаның
молекулаларын  иондап,  олардың  қалыпты  тіршілік  қызметін  бұзады.  Мұның
нәтижесінде адамдар сәулеленуіне шалдығады,  көп  доза  алған  адамдар  мерт
болады.
    Үсті жабылған  жаралар,  блиндаждар,  паналау  ғимараттары  және  басқа
қорғаныс құрылыстары, сондай-ақ қорғаныс киімдер өткіш радиация әсерін  күрт
әлсіретеді.
    Әр түрлі материалдардың гамма-сәуле жарқылын әлсіретуін  сипаттау  үшін
жартылай әлсірету қабатының  жарты  мөлшері,  яғни,  гамма-сәуле  жарқылының
жиілігін  екі  есе   әлсірете   алатындай   материал   қабатының   қалындығы
пайдаланылады.
      Радиоактивті бұлттың ізі сызбалануы  бойынша  эллипсті  еске  түсіреді
және  зақымдалған  алқапқа  әр  түрлі  деңгейде   жайылады.   Сондықтан   да
(жиілігіне  байланысты)  зақымдалған  алқапты  қауіпті,  күшті   және   баяу
зақымдану аймағы деп бөлу қалыптасқан. Егер  іздің  көлбеу  қиылысын  алсақ,
онда радиация деңгейі іздің сыртқы шек арасынан көтеріліп,  оның  кіндігінде
ең жоғары деңгейіне жетеді.  Радиация  деңгейі  уақыттың  өтуіне  байланысты
біртіндеп төмендейді. Осылайша, егер радиация деңгейі жер бетіндегі  ядролық
жарылыстан кейін 100% алсақ, онда 2 сағаттан кейін екі  есеге,  үш  сағаттан
кейін төрт  есеге,  ал  5  сағаттан  кейін  он  есеге  азайады. Радиоактивті
заттармен зақымданған жерде  түрған  адам  әрдайым  сыртқы  сәулеге  үшырауы
немесе сәулө ауруына үшыратуы мүмкін радиоактивті заттардың  организмге  өту
нәтижесінде зақымдануы ықтимал. 
   Электрмагниттік импульс - ядролық жарылыстың зақымдаушы  факторы,  гамма
сәулелердің қоршаған орта атомдарына тигізген әсері және  электрондар  ағыны
мен оң иондардың түзілуінің нәтижесінде пайда болған электрлі және  магнитті
сәулелер. Э.И-тің әсер ету  үзақтығы  -  бірнеше  ондаған  миллисекунд.  Э.И
байланыс аппараттарына,  зиян  келтіріп  сыртқы  желілерге  қосылған  электр
қондырғыларының жүмысын бүзуы мүмкін. әсіресе жартылай өткізгіштерде,  жүмыс
істейтін  радиоаппаратураларға  әсері  күшті.   Э.И-тің   әсерінен   қорғану
шараларын алдын-ала қарастыру қажет. 
   Адамға радиацияның әсері. 
   Адам сәулеленудің екі түріне - сыртқы және ішкі сәулеленуге ұшырайды. 
   Сәулеленудің  сыртқы  көздеріне  Галактика  жүлдыздарының  жарылысы  мен
күннің қатты сәуле шығару кезінде пайда болатын космостық сәулелену  жатады.
Космостық сәулелөну дозасы адамға әсер  етеді.  Теңіз  деңгейінен  биіктеген
сайын  ауаның,  азонның  қорғаныс  қабаттары  жүқара  түседі,  сондықтан  да
сәлелену жоғары. Космостық иондаушы  сәулелену  табиғи  радиациялық  аумақты
қүрайды,  оған  жердегі  барлық  тірі  организмдер  үшырайды.   Сәулеленудің
жердегі   көздері   жер   қойнауындағы,    атмосфера-дағы,    судағы    және
өсімдіктердегі радиоактивті заттар болып табылады. 
Жер  шарының  көптеген  аудандарында  дозаның  қуаты  4-12  мкр/сағ  шегінде
болады. Осы аудандарда түратын адамдардың жылдық дозасы 30-100  мбэр  (0,03-
0, Ібэр). Табиғи көздерден адамның сыртқы сәулеленуі  организмге  азық-түлік
тағамдары, су мен ауа өткен кезде болады. Балықты көп жейтін  адамдар,  бүғы
етімен  қоректенетін  солтүстік  аудандар  түрғындары   салыстырмалы   түрде
сәулеленудің жоғары  дозасын  алады,  өйткені  бүл  тағамдарда  радиоактивті
заттардың мөлшері кө-бірек кездеседі. 
АЭС-тегі авариялар кезіндөгі жергіліктегі жердегі радиациялыққауіп аймағы 
Атом энергетикалық станцияларын пайдалану кезінде бір қатар  елдерде  жүзден
астам  авария  болып,  қоршаған  ортаға   радиоактивті   заттар   шығарылды.
Радиоактивті  заттардың  ядролықөэнергетикалық   реактордан   тысқары   шығу
нәтижесінде адамдардың өмірі мен денсаулығы үшін қауіп төндіретін  көтеріңкі
радиациялық қауіп радиациялық авария деп аталады. 
Радиоактивті заттардың  таралу  шекарасымен  радиациялық  авариялар  былайша
бөлінеді: 
   Шектеулі  авариялар  (радиациялық  салдары  бір  ғимаратпен   шектеледі,
қызметкерлер  сәулеге  үшырауы  мүмкін). Жергілікті  авариялар  (радиациялық
салдары АЭС аумағымен шектеледі). Жалпы авариялар (радиациялық  салдары  АЭС
шекарасына таралады).
      Өзін өзі тексеру сұрақтары
        1. Ядролық қару, зақымдаушы факторлары
        2. Радиоактивтік ластану аймағы
        3. Электрмагниттік импульс - ядролық жарылыстың зақымдаушы факторы
4. Иондаушы сәулеленуден қорғаудың тәсілдері қандай?

Тәжірбиелік сабақтың тақырыбы №14 Экономика нысаны элементінің  тұрақтылығын
бағалау

      Тәжірбиелік  сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар
     Жоспар: Төтенше жағдайдағы шаруашылық объектілердің жұмыс тұрақтылығын
анықтау.Төтенше   жағдайдағы   халықтың   шаруашылық   объектілердің   жұмыс
тұрақтылығы;  Техникалық   жүйелердің   және   объектілердің   жұмыс   істеу
тұрақтылығын жоғарлатудың жолдары.
     Төтенше   жағдайдағы   халықтың   шаруашылық    жұмыс    объектілердің
тұрақтылығы. Төтенше  жағдайдағы  халықтың  шаруашылық  жұмыс  объектілердің
тұрақтылығы бүл жағдайда өзінің функцияларын орындалуының  қабілеттілігімен,
сонымен  қатар  жарақаттанған   жағдайда   қалпына   келу   қабілеттілігімен
анықталады.
     Төтенше жағдай шарттарында өндірістік  кәсіпорындар  өнімді  шығаруға,
қабілеттікті сақтау керек, ол көлік  құралдары,  электрлік  берілістін  жолы
және  басқа  материалдарының  құндылығы  жоқ  үйлестін  объектілері   өзінің
талаптарын нормалауы түрде орындалады қамтамасыз ету керек.
      Төтенше жағдай шарттарында объект  тұрақтылықты  сақтау  үшін  төтенше
жағдайлардың дамуында пайда болатын зиянды және  қауіпті  факторлардың  әсер
етуінен қызметшілерді сонымен қатар объектің жақын жерінде  тұратын  халықты
қорғауға бағытталған инженерлік-техникалық, ұйымдастық және басқа  шараларды
өткізеді.
      Төтенше  жағдай  шарттарында  объект  жұмыстық  тұрақтылығына   келесі
факторлар әсер  етеді:  объектің  орналасу  аймағы,  ішкі  жоспарлануы  және
объект  территориясының   салынуы;   техникалық   процестердің   сипаттамасы
(қолдананылатың заттар,  құралдардың  энергетикалық  сипаттары,  оның  өртке
және  жарылуына  қауіптілігі  және  т.б.);  өндірістік   жүргізу   жүйесінің
сенімділігі және т.б.
      Объектің орналасу аймағы.  Объектің  орналасу  аймағы,  сонымен  қатар
зақымдалатын   факторлардың   әсер   етудің   мүмкілдігін   анықтайды   (жер
селкінулер, су тасқындары,  даулдар,  көшкіндер  және  т.б.).Көлік  желілері
және энергиямен қамтамасыз ету жүйелерді қайталаудың маңызды  мағынасы  бар.
Егер кәсіпорын немесе жүзетін өзеннің қасында орналасқан  болса,  темір  жол
және құбыр магистралының қиратылуы жағдайында  шикізатты  әкелу  және  дайын
өнімін шығару су көлігімен асырылуы мүмкін.
     Төтенше жағдайлардың салдарына аймақтың метеорологиялық шарттар елеулі
әсер етуі мүмкін.
     Салудың ішкі жоспарлануы және  тығыздығы.  Объектің  территориясындағы
салулардың  ішкі  жоспарлануы  және  тығыздығы  өртің   таратылып   кетуінің
мүмкіндігіне, жарылыс кезінде пайда болатын екпінді тасқынды қоздыра  алатын
қиратуларға  қоршаған  ортаға  улы  заттарды  тастау  кезіндегі   зақымдауға
ұшырайтын  ошағының  өлшемдеріне  және  т.б.  елелеулі  әсер  етеді.Объектің
айналасындағы салулардың өзгешілігін  де  еске  алу  керек.  Солай  берілген
объекттің жаңында қауіпті кәсіпорындардың, соның  ішінде  химиялық  объектте
пайда болған  төтенше  жағдайлардың  салдарларын  елеулі  дәрежеде  күшейтуі
мүмкін.
     Техникалық   процестердің    спецификациясы.Техникалық    процестердің
спецификациясың  зерттей  білу,  құрал   жабдықтардың   жарылу   мүмкіндігін
(мысалы,  қысым  астындағы  жұмыс  істейтін  ыдыстар)  өртер  пайда  болатын
негізгі себептерін,  процесте  пайдаланатын  қатты  әсер  ететін,  улы  және
радиоактивті  заттардың  мөлшерін  бағалау  керек.  Сонымен  қаттар  төтенше
жағдайдағы  өндірісті  тоқтатудың  жылдам  және  апатсыз  тәсілін  жетілдіру
керек.
     Техникалық жүйелердің  және  объектілердің  жұмыс  істеу  тұрақтылығын
жоғартудың жолдары. Әртүрлі төтенше жағдайларында электрлік құрылыстар  және
желістер әртүрлі бұзуларды  және  қиратуларды  алып  келуі  мүмкін.  Олардың
нағыз осалдау бөлімдері жерлік  құрылыстар  (электрлі  станциялары,  қосалқы
станциялары,   трансформаторлық   станциялар),    сонымен    қатар    электр
берілістердің ауа желістері болып табылады. Қазіргі заманғы  ірі  энергиялық
жүйелерде жүйенің жұмыс қабілеттілігін  толығымен  сақтап  отырып,  бұзылған
электр  кездерін  ләзде  сөндіруге  қабілеттілігі  бар   әртүрлі   автоматты
құралдар қолданылады.
     Электр энергиямен қамтамасыз ету жүйесінің тұрақтылығын жоғарлату үшін
ең біріншіден электр берілістердің ауа желістерін  кабелді  (жер  астындағы)
желістерге ауыстыру  түтынушылардың  қамтамасыз  үшін  резервтік  желістерді
қолдану, объектілердің суырмалы  электр  генераторлар,  электр  қозғаланатын
автономды резервтік кездерін алдын ала ескерту керек.

 Бақылау сұрақтары
 1. Тұрақтылық дегеніміз не?
 2.   Төтенше   жағдайдағы   халықтың   шаруашылық   объектілер   жұмысының
    тұрақтылығы қалай қамтамасыз етіледі?
 3. Төтенше  жағдайдағы  техникалық  жүйелердің  және  халықтың  шаруашылық
    объектілердің нағыз манызды түрлерінің жұмыс істеу тұрақтылығы  жоғарту
    үшін не істеу керек?



Тәжірбиелік   сабақтың   тақырыбы   №15   Радиационды   барлау    құралдары.
Радиоактивті сәулеленуді бақылау  құралдарын  қолдану.(Дозиметрлік  бақылау)



      Тәжірбиелік  сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар
  Жоспар: Осы заманғы барлық дозиметрлік приборлар  иондық  әдіс  негізінде
жұмыс істейді.
      Дозиметриялық бақылаудың құралдары екі тобына болінеді

1. дозаның қуатын сандық өлшеуге арналған дозиметрлер;
2. радиоактивті ластануды тез табу  үшін  қолданылатын  радиометрлер  немесе
сәулеленудің индикаторлары.
  ДРГЗ-04 дозиметрі энергетикалық  0,03-3,0  МэВ  диапазонында  гамма  және
  рентгендік  сәулеленуді  өлшеу  үшін  қолданылады.  Құралдардың   шкаласы
  микрорентген/сек (мкР/с) градуирленген.

  ДКС-0,4 дозиметрі энергетикалық 0,5-3,0 МэВ диапазонында гамма және бетта
  сәулеленуді өлшеу үшін қолданалады.

  Өнеркәсіп халық үшін арналған тұрмыстық  дозиметрлерді  шығарады,  мысалы
  «Мастер-1» тұрмыстық дозиметр, «Сосна» дозиметр- радиометрі.

      Дозиметрлік бақылау аспаптарының жұмыс істеу  принцптері.  Радиациялық
барлау. Радиациямен ластанған аймақта  ІҚЖ  жүргізудің  тиімділігі  көбінесе
сол жерде болған радиациялық жағдайдың нақты мәліметтеріне  байланысты.  Осы
мақсатпен келесі міндеттерді шешетін радиациялық барлау жүргізіледі:
      •   жергілікті   жерде   және   ауаның    жерге    жақын    қабатының
        радиоактивті затпен ластануын табу және бұл туралы жұмыс  басшысына
        ақпарат беру;
      • құрылым жылжитын бағыттағы гамма – сәулелену мөлшерінің  күштілігін
        анықтау  және  радиоактивтілікпен  ластанған   аймақтың   шекарасын
        белгілеу;
      • ластанған участкелерді  игеру  үшін  айналып  өту  жолдарын  (қажет
        болған жағдайда) іздеу;
      • радиациялык жағдайдың өзгеру динамикасына бақылау жасау;
      •   судан,   азық   –   түліктерден,    өсімдіктерден,    топырақтан,
        объектілерден, техникалардан, мүліктерден сынама  алу  және  оларды
        зертханаға жіберу;
      • метрологиялық бақылау;
      • радиоактивтіліклен ластанған аймақтан шыққаннан кейін
        құрылымның жеке құрамына дозиметриялық бақылау жүргізу.
      Радиациялық барлауды ұйымдастыру кезінде  жұмысты  жүргізетін  ауданда
ішкі жағдайдың өзгеруін (желдің бағыты және т.б.)  немесе      радиоактивтік
ластанудың қайталануы мүмкін екенін есепке  алу  қажст.  Құрылым  орналасқан
аудандағы  радиациялық  жағдайды  бақылау  үшін,   сонымен   қатар   жұмысты
жүргізетін объектідерде радиацияны бақылайтын күзет орны  құрылады,  олардың
негізгі міндетіне:
      •  дер  кезінде  радиоактивті  ластануды   табу   және   хабарландыру
        дабылын беру;
      • радиоактивті зат бұлтының қозғалыс бағытын анықтау;
      • күзет ауданында радиоактивті затпен ластанған участкелерді  барлау,
        сонымен қатар метеорологиялық бақылау жатады.
      Радиациялық  бақылау  орны  тәртіп  бойынша  үш  адамнан  тұрады.   Ол
сәулелену мөлшерінің ДП-5 (А,Б,В), ДРГ- 01Т  және  т.б.  өлшеуіштерімен,  №3
метеокомплектпен, ИД-11 (ДКП-02 және т.б.) сәулелену мөлшерінің қуатты  жеке
өлшеуіштерімен,    ИД-1    сәулелену    мөлшерінің           өлшеуіштерімен,
секундомермен,  хабарландыру   және   байланыс   құралдарымен,   радиациялық
жағдайдың  параметрін  жазатын  журналмен,  ауа  сынамасын   алатын   жабдық
жиынтығымен жабдықталған.
      Дозиметриялық бақылау.  Дозиметриялық  бақылауды  ІҚ  құрылымның  жеке
құрамы       радиоактивті ластану аймағындағы іс – қимылы кезінде  сәулелену
мөлшері туралы мәліметтерді дер кезінде алу  мақсатында  жүргізеді.  Алынған
ақпарат бойынша құрылымның жұмыс тәртібі анықталады.  Дозиметриялық  бақылау
топтық және жеке болып бөлінеді.
      Топтық бақылау  ІҚ  құрылымның  жеке  құрамының  жұмысқа          қаб-
леттілік деңгейін бағалау мен анықтау  үшін  және  орташа  сәулелену  дозасы
туралы мәліметтерді  алу  мақсатында  жүргізіледі.  Бұл  үшін  құрылым  ИД-1
сәулелену дозасының өлшеуішімен қамтамасыз етіледі (ДКП-50-А  ДП-24,  ДП-22В
жинақтарынан) 1 - 2 дозиметрлік есептеу бойынша радиациялық жағдайда  бірдей
әрекет ететін топтағы адам саны 14-20.
      Жеке бақылау радиациялық зақымданудың ауырлық деңгейіне        алғашқы
кезеңде диагностика жасау керек және әр құтқарушының доза  туралы  мәліметті
алуы  мақсатында  жүргізіледі.  Бұл  мақсат  ушін  ІҚ       құрылымның  жеке
құрамына доза қуатын өлшейтін ИД-11 өлшеуіші беріледі.
      Радиоактивті  ластанудың  деңгейі  техниканың,  көліктің,  киімдердің,
саймандардың, қорғау құралдарының,  аяқ  –  киімдердің  және  т.б.  дәрежесі
бойынша   анықталады.   Аталған   жұмыс   құрылымға   қойылған   міндеттерді
орындағаннан   кейін,   құтқарушылардың    ластанған    аудандардан    шығуы
кезінде,  арнайы  өңдеулерді  толық  жүргізгеннен  кейін  жүзеге  асырылады.
Радиоактивті ластануға душар болған және арнайы толық өндеуді  жүргізу  үшін
келген құрылымның жеке құрамы, техникалары және көлігі        бақылап  бөліп
тұратын күзет  орны  арқылы  өтеді,  мұнда  құрылымның  ластанған  дәрежесін
белгілейді және арнайы өңдеу бойынша шараларды ұйымдастырады. Күзет  орнының
біреуі шығатын жерде ал  келесісі  арнайы  өндеу  алаңының  шығатын  жерінде
тұрады. Ластану  дәрежесін  ДП-5,  КРБ-1  және  т.б.  аспаптардың  көмегімен
анықтайды. Құрылымның жеке  құрамының  және  техникасының  бақылап  –  бөліп
тұратын күзет орны арқылы өтуі кезінде дозиметристің  ластанған  жұмыс  орны
анықталады; қажет болған жағдайда оған  қатерсіздендіру  жүргізіледі  немесе
тұрған орыны ауыстырылады.
   Радиациялық барлау және дозиметриялық бақылау аспаптарының сипаттамасы
|Атаулары                |Сипаттамалар   |Тағайындалуы                      |
|                        |және өлшеуіштің|                                  |
|                        |мөлшері        |                                  |
|Далалық радиометр-      |Гамма-сәулелену|Гамма-сәулелену мөлшерінің        |
|рентгенометр            |бойынша        |күштілігін өлшеу және гамма,      |
|ДП-5А,(ДП-5Б,ДП-5В)     |50мкР/с-200Р/с |бета-сәулелену бойынша жергілікті |
|                        |               |жердің ластануы                   |
|Дозиметр                |10мкР/с-10Р/с  |Ішкі гамма-сәулеленудің           |
|ДРГ-01Т                 |               |экспозиционды дозасы қуатын өлшеу |
|                        |               |(ЭМК)                             |
|ДП-22В дозиметр жинағы  |2-50 Р/с       |Сәулелену дозасын өлшеу           |
|ДП-24 (аналог ДП-22В)   |2-50 Р/с       |Сәулелену дозасын өлшеу           |
|ИД-1 дозиметр жинағы    |20-500 рад     |Гамма- нейтронды сәулеленудің     |
|                        |               |жұтылған дозасын өлшеу            |
|Жеке мөлшерді өлшейтін  |               |Радиациялық зақымданулын бастапқы |
|ИД-11 ИУ құрылғысының   |               |диагностикалау мақсатындағы       |
|өлшеуішімен             |50-80О Р       |сәулеленуді жеке қадағалау        |
|ДП-70                   |10-1500 рад    |10-1500 рад                       |
|(ДП-70М)                |               |50-800 Р                          |
|химиялық дозиметрлері   |50-800 Р       |медициналық зақымдану дәрежесі    |
|ДКП-50-А қосымша        |               |диагностикасына арналған өлшеу    |
|беріледі                |               |                                  |
|ДК-0,2 дозиметр жинағы  |10-200мР       |Гамма – сәулелену мөлшерінің      |
|                        |               |күштілігін зертханалық жағдайда   |
|                        |               |өлшеу                             |


















































Пәндер