Файл қосу

Жиынтық ұсыныс және жиынтық сұраныс





    |ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ                                                      |
|БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ                                                |
|СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК                                   |
|УНИВЕРСИТЕТІ                                                                |
|СМЖ құжат 3 деңгейлі          |ОӘК           |                              |
|                              |              |УМКД 042–18-1.1.3/03–2013     |
|«Макроэкономика» пәні бойынша |№__ басылым   |                              |
|оқу-әдістемелік кешен         |              |                              |











                        «Макроэкономика» пәні бойынша
             пәні бойынша барлық экономикалық  мамандықтар үшін
                            ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

                         ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

























                                 Семей 2013







                            МАЗМҰНЫ

              1. Глоссарий
              2. Дәрістер
              3. Сарамандық және зертханалық сабақтар
                           4.   Курстық жұмыс және дипломдық жұмыс
                              5.  Студенттің өздік жұмысы
















































































    1. ГЛОССАРИЙ


        Акселератор – жеделдеткіш, экономикалық дамудың еселену (нәтижесін
өлшеу үшін пайдаланылатын көрсеткіш.
    Автономды инвестициялар - жылдық қолдағы табыс деңгейiне  тәуелдi  емес
инвестициялық шығындарды сипаттайды.
    Автономды тұрақтандырғыштар – үкіметтің  ағымдық  шешіміне  байланыссыз
құлдырау  (өрлеу)  кезеңінде  жиынтық  сұраныс   өсуіне   (кемуі)   әкелетін
мемлекетпен не жеке сектормен бекітілген табысты қайта  тарату  механизмдері
(салық салу жүйесі, дивиденттерді төлеу тәртібі т.б.)
    Атаулы ЖҰӨ - өндірілген өнімге ақшалай баға береді.
    Ақша базасы – Орталық банктің қарыз міндеттемелер көлемі
        Автономды шығындар мультипликаторы –тепе-теңдік ЖҰӨ өзгерісінің
автономды шығындарының кез келген құраушысының өзгерісіне қатысты.
       Амортизация – (лат. amortisato өтеу фран. – amortir –бәсеңдету
жұмсарту) –өтелім жалпы ұлттық өнімді өндіру барысында тозған немесе
пайдаланылатын (тұтынылған) капиталдың көлемін бағалау.
       Ақырғы табыс –материалдық өндіріс саласының кәсіпорындағы,
өндірістік емес саланың мекемелері мен ұйымдары және халық тұтыну мен
қорлануға пайдаланатын табыс.
       Алтын қоры –елдің үкіметі өзінің алтын қорын қажет елдің волютасына
сатып, оны өз елінің волютасына жәрдем ретінде қолдануы.
        Ақша –төлем немесе халықаралық айырбас құралы.
        Ақша айналыс заңы –құн заңының айналыс аясындағы көрінісі.
        Ақша базасы –Орталық банктерде сақталатын коммерциялық банктердің
резервтері мен банк жүйесінен тыс қолма –қол ақша.
        Ақша мультипликаторы –ақша базасы бір бірлікке өскенде, ақша
ұсынысының қалай өзгеретіндігін көрсетеді.
       Ақша сұранысы –жеке адамдардың иемденетін ақшаларының сатып алу
қабілетіне байланысты.
       Ақша –несие саясаты–бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемін,
сыйақы мөлшерлемесін өзгертуге, жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге
бағытталған шаралар жиынтығы.
       Атаулы бағам –ол екі елдің волютасының айырбас бағасы.
Әлеуетті ЖҰӨ – нақты ЖҰӨ атаулы ЖҰӨ-нен ауытқиды, мұндай ауытқуды ЖҰӨ
дефляторы сипаттайды.
       Баға қоры –уақыттан тыс бағадан құралған актив.
       Валюта бағамы –бір елдің волютасын екінші елдің волютасына
айырбасталғандағы валюталарның қатынасын айтамыз.
       Валютаны қадағалау –басқа әлем мен осы мемлекет арасында болатын
мәмілелерді үкімет тарапынан қадағалау.
       Валюта нарығы –басқа да қаржы нарықтары сияқты волюта нарығы
коммерциялық қажеттіліктерді өтеу үшін пайда болады.
       Вексель –вексель берушінің вексель иесіне – вексель ұстаушыға
мерзімі жеткен кезде белгілі бір соманы сөзсіз төлейтін ақша міндеттемесін
куәландыратын бағалы қағаз.
       Девальвация – қағаз ақша құнын  өзінің  тұрақты  қалпына  түсіру.  Ол
үшін бағасы төмендеп кеткен ақшаларды айналымнан шығарып, оның орнына  толық
құнды кредит билеттерін шығарады.
        Демпинг  –  бәсеке   күрес   түрлерінің   бірі.   Тауарларды   әдейі
арзандатылған бағамен шетелге  сату,  сөйтіп  бәсекелестерді  ығыстыру  және
сыртқы нарықты иемденуге жәрдемдесу.
         Деноминация  –  ақшаның  құны  күрт  төмендеп  кеткен  кезде   оның
айналысын  реттеп,  есептеуді  жеңілдету  мақсатымен   ақшаның   белгіленген
көрсеткішін кеміту арқылы оған өзгеріс жасау.
         Депозит  –  банкте  сақталатын  кәсіпорындардың,  ұйымдардың   және
халықтың салымдары
       Дефляция  - артық қағаз ақшаны айналымнан алу арқылы  ақша  айналымын
тұрақтандыру әдісі.
         Дедукция  –  жалпыдан  нақты   экономикалық   факторға   жеткізетін
қозғалысты тұжырымдау.
        Дивиденд – акционерлік  қоғамның  пайдасы  есебінен  әр  акция  үшін
акционерлерге ұдайы төленетін кіріс, акция иесінің алатын табысы.
       Дискрециялық қазыналық саясат –үкіметтің арнайы шешімі бойынша
салықты, мемлекеттік бюджеттің сальдосын және мемлекеттік шығындардың
көлемінің мақсатты бағытта өзгеруі.
       Дискрециялық емес қазыналық саясат –жиынтық табыстың циклдік
тербелісінің нәтижесінде жоғарыда аталған шамалардың дағдылы өзгеруі.
        Дотация – шығындарды өтеу үшін кәсіпорындарға берілетін  мемлекеттік
ақшалай жәрдем
    Елдiң төлемдiк балансы- отандық  және  шетелдiк  сатушы-сатып  алушылар
арасындағы, құны бар барлық келiсiмдердiң жазбасы.
    Жалпы ұлттық өнiм - берiлген ел иелiгiнде болатын  өндiрiс  факторларын
пайдалана отырып, сол елде  не  шетелде  жасалынатын  өндiрiлген  түпкiлiктi
өнiмнiң нарықтық құнының ақшалай көрiнiсi.
    Жалпы ішкі өнім – елдің барлық территориясында  өндірілген  соңғы  өнім
және қызмет көрсетулердің жиынтығы.
    Жалпы  табыс  –кәсіпорынның  фирманың   өндірген   өнімді,   орындалған
жұмыстарды,  көрсетілген  қызметтерді  өткізуден  түскен  ақшалай  тұрғыдағы
жиынтық табыс
    ЖҰӨ дефляторы – базисті жылға қарағанда  есеп  беру  жылындағы  өнімнің
баға бірлігінің өзгеруін көрсетеді.
    Жиынтық сұраныс - бұл  үй  шаруашылығы,  фирма,  мемлекет,  шетелдердің
экономикадағы тауар және қызмет көрсетулерге жалпы сұранысы.
    Жиынтық ұсыныс - бұл фирмалар жағынан тек өнiмдi ұсынумен  шектелмейдi,
мемлекет жағынан қоғамдық игiлiктердi  ұсынумен  қатар  экономикадағы  тауар
және қызмет көрсетулердің жалпы ұсынысы.
    Жинақтауға шектi бейiмдiлiк - қолдағы табыстың кез келген өзгерiсiндегi
жинақтаудың өсiмшесi үлесi.
    Жеке табыс – бұл үй  шаруашылығы  иелігіндегі  және  мемлекеттік  салық
міндеттерін орындағаннан кейінгі корпоративті  емес  кәсіпорындар  иелігінде
қалатын қажеттіліктер.
        Жұмыссыздық –еңбекке жарамды халықтың бір бөлігі өзіне жұмыс,
пайдалы еңбек қызметімен айналысатын кәсіп таба алмай дағдаратын әлеуметтік
– экономикалық құбылыс.
        Жұмыссыздық деңгейі – бұл жұмыс істеуді қалайтындардың жалпы
санының ішінде жұмысы жоқ азаматтардың статистикалық көрсеткіші (пайыз
түрінде)
        Инвестиция –(лат.  investire – киіндіру) –процент немесе дивидент
түріндегі табыс алу, капиталды көбейту мақсатында субъект иеленетін актив,
капиталдың ұзақ мерзімдік жұмсалымы.
    Іс жүзіндегі  инвестициялар  -  бұл  жоспарланған  және  жоспарланбаған
инвестициялар қосындысы.
       Инвестиция қоры – бұл фирманың қолдағы тауарларының бағасының өсімі
(егер қорлар қысқартылса, инвестиция қоры өлшемі теріс мәнге ие болады)
       Интенсивтік өсу –өндіріске тартылған ресурстарды тиімді пайдалануды
көздейді.
    Инфляция  –  баға  деңгейінің  өсуі  (ақшаның  сатып  алу   қабілетінің
төмендеуі)
        Инфляциялық үзіліс –ЖҰӨ-ді толық жұмысбастылықтың инфляциялық емес
деңгейіне төмендету үшін қажетті жиынтық сұраныс (жиынтық шығындар) кему
көлемі.
    Импорт –шет ел тауарлар мен қызметтерін пайдалану
        Коммерциялық банктер –коммерциялық қызметтің түрлі салаларында
ақшалай қаражатты тарту және қорландыру, оны қайтарымдылық, төлемдік
шартпен орналастыру жөніндегі несие мекемелері.
        Кейнстің экономикалық теориясы –белгілі бір уақыт аралығында кейбір
бағалар өзгеруге бейім емес, мұндай жағдайда тепе –теңдік жұмысбастылық
көлемі есебінен мүмкін болады.
        Кейнс кресі –өндірістің құлдырауымен үлкен шығындарды болдырмау
үшін мемлекет саясатының қажеттігі.
        Кіріктірме тұрақтандырғыш –үкіметтің экономикалық саясатын жиі
өзгертпей-ақ, өнім көлемі мен жұмысбастылық деңгейінің циклдік амплитудасын
төмендетуге мүмкіндік беретін экономикалық тетік.
    Классикалық экономикалық теория – баға нарықты тепе  –теңдік  жағдайына
әкелетін құрал.
        Қаржы  - ақшалай қорларды қалыптастыру, тарату,  қайта  тарату  және
пайдалану бойынша экономикалық қарым-қатынастардың жиынтығы
         Қаржылық  жүйе  –  қаржы  ресурстарын  аккумуляциялау   әдістерінің
жүйесі.
    Қосылған  құн  -  фирманың  өнiмi  құны  және  осы   фирманың   қажеттi
шикiзаттар, материалдар, аралық өнiмдi  алуға  жұмсалған  сомасы  арасындағы
айырма.
    Қолда  бар  табыс  -  үй  шаруашылықтарымен,  тұтыну  және   жинақтауға
қолданылады.
        Қорлар –алдыңғы жылда қалыптасқан оң сауда балансының көмегімен
жинақталған шетел волютасының қоры.
        Қор биржасы –бұл құнды қағаздардың қалыпты айналысына қажетті
жағдай жасау, бұлардың нарықтық бағасын анықтау және олар жөнінде
ақпараттар тарату өз қызметінің ерекше тақырыбы болып табылатын ұйым.
        Құрылымдық жұмыссыздық –кәсіпкерлер тарапынан сұранымның жоқтығы
салдарынан, не жұмыс алу үшін жеткілікті біліктіліктің жоқтығы.
        Макроэкономика –экономикалық әрекеттерді тұтас немесе оның ірі
жиынтықтарын оқытатын ғылым.
    Макроэкономикалық үлгі - әр түрлі  экономикалық  құбылыстар  мен  үрдіс
арасында пайда  болатын  функциональдық  байланыстарды  айқындау  мақсатында
құрылған жүйеленген сипаттама.
    Макроэкономикалық айналым  -  фирмаларды  ресурстармен  үй  шаруашылығы
қамтамасыз ететiнiн,  үй шаруашылықтарын  тауар  және  қызмет  көрсетулермен
фирмалар   қамтамасыз   ететiнiн,   мемлекет   ресурстар   нарығында    ақша
шығындайтынын, мемлекет үй шаруашылықтарын тауар және  қызмет  көрсетулермен
қамтамасыз ететiнiн болжайды.
    Маржа –делдалдарға делдалдық операциялары үшін берілетін сыйақы
        Мемлекеттiң фискалды саясаты - мемлекеттік бюджет, салық  салу  және
мемлекеттік шығындар облысындағы саясат.
        Мемлекеттік шығындар –өкімет тарапынан сатып алынатын тауарлар мен
қызмет көрсетулердің жалпы құны. Бұл топқа әскери жабдықтау, тас жолдар
құрылысы және мемлекеттік қызметкерлердің еңбекақысы жатады.
         Мультипликатор   –   макроэкономикалық   субъектілердің   автономды
шығындары өсуі  кезінде  ұлттық  табыстың  өсімін  сипаттайтын  коэффициент,
көбейткіш.
        Міндетті резервтер –бекітілген нормативтерге сәйкес Ұлттық банктегі
арнайы шотта несие корреспонденттік шотында сақтауға міндетті банк
депозиттерінің бөлігі.
    Нақты ЖҰӨ - өндірілген өнімнің санын сипаттайды, яғни  тұрақты  бағамен
өлшенген өндіріс көлемі (базисті жылдағы баға).
       Нақты бағам –ол екі елдегі тауар бағасының қатынасы.
       Несие мультипликаторы –коммерциялық банктер жүйесі шеңберіндегі
төлем құралының эмиссиялық үрдісі.
    Несие нарығы –банктердің орташа  және  ұзақ  мерзімді  несие  жөніндегі
банктік несие операцияларына байланысты, бұған коммерциялық несие жатады.
        Оукен заңы –жұмыссыздықтың іс жүзіндегі деңгейі оның табиғи
деңгейінен 1% -ға артуы, іс жүзіндегі ЖҰӨ көлемін әлеуметтік көлемін
салыстырғанда 2,5 % -ға кейіндеуге жеткізеді.
        Орталық банк –ақша эмиссиясын жүзеге асырушы екінші деңгейлі
банктерге қатысты заңдар шығарушы ұйым.
       Өндіріс –технологиялық процестің салыстырмалы оқшауландырылған
бөлігі.
       Өндіріс факторлары –өнім өндіру (жұмыстарды орындау, қызметтерді
көрсету) барысында пайдаланылатын негізгі компоненттер. Олар –еңбек, жер,
табиғат ресурстары, капитал.
       Өнімнің жиынтықтылығы –өнімде оның құрамдас бөліктерін айқындайтын
барлық құрамдас бөліктерінің болуы.
       Прайс –тайкер –ресурс нарығындағы баға орнатушы.
       Прогреcсивті салық –орташа салық мөлшерлемесі табыс өскен сайын
өсетін болса.
       Пропорционалды салық –орташа салық мөлшерлемесі табыс деңгейі өскен
сайын өзгермей тұрақты қалуы.
                    Рецессия (латынша reccessus  –  «шегіну»)  -  өндірістің
    құлдырауы, өсу қарқынының баяулауы.
       Рецессиялық үзіліс –тепе-теңдік ЖҰӨ-ді толық жұмысбастылықтың
инфляциялық емес деңгейіне дейін көтеру үшін жиынтық сұраныстың (жиынтық
шығындардың) өсуіне қажетті көлем.
       Рекстрикциялық ақша-несие саясаты –екінші деңгейлі банктердің
несиелік операциялар көлемін шектеуге және қатаң шарт белгілеуге, сондай-ақ
сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға бағытталған шаралар жиынтығы.
       Регрессивті салық –орташа салық мөлшерлемесі табыс деңгейі өскен
сайын кемиді.
       Рента –жерді пайдалану құны.
       Ресурстардың шекті шығыны –ресурстар көлемінің өсуіне байланысты
жалпы шығынның өсуі.
       Ресурстардың шекті пайдалылығы –ресурстардың көлемінің жоғарылауына
байланысты жалпы табыстың өсуі.
       Салық  -  жеке  және  заңды  тұлғалармен  мемлекетке  міндетті  түрде
төленетін төлемдер
       Субсидия   -  нақты  бір  мақсатқа  жеке  кәсіпорындарға  мемлекеттік
бюджеттен бөлінетін қайтарымсыз ақшалай сома.
    Сеньораж – айналыстағы ақшаның көбеюі  нәтижесінде  алатын  мемлекеттің
табысы;  қосымша  шығарылған  ақша  сомасы  мен  оларды  шығаруға  жұмсалған
шығындар арасындағы айырмаға тең.
    Стагфляция –жұмыссыздық деңгейі өсуі кезіндегі инфляция
        Сұраныс инфляциясы –артық сұранысқа өндірістің артық көлеммен жауап
бере алмауы.
        Таза ұлттық өнім ТҰӨ –өндірілген өнімнің өнім шығару барысында
төзған өндіріс құрал- жабдығын ауыстыру (амортизация) үшін қажет бөлігін
шегеріп тастағандағы жалпы ұлттық өнім.
        Толық жұмысбастылық –бұл бүкіл 100% халық жұмыспен қамтылған.
    Тұтыну – бұл үй шаруашылығында қолданылатын  тауарлар  мен  көрсетілген
қызмет түрлерінің жиынтығы.
    Тұтынуға шектi бейiмдiлiк - қолдағы табыстың кез  келген  өзгерiсiндегi
тұтынушылық тауар және қызмет көрсетулерге шығынның өсiмшесi үлесi
        Тұрақтандыру саясаты –өндіріс көлемін және жұмыспен толық
қамтамасыз етуді табиғи деңгейде ұстап тұруға бағытталған мемлекеттік
саясат.
        Уақытша жұмыссыздық –жұмыс іздеп жүрген және уақытша жұмыс орнын
жоғалтқан азаматтар.
        Үнемділік оғаштығы –қоғамның көбірек үнемдеуге ұмтылуынан азырақ
көлемде қор жиналуы.
        Ұсыныс инфляциясы –шығын көлемі өзгеруінің және нарықтық ұсыныстың
нәтижесінде пайда болады.
        Ұлттық табыс –елдің әлеуметтік экономикалық дамуының қорытындылаушы
көрсеткіш. Заттай және құндық нысандары болады. Заттай нысаны –халықтың
жеке қажеттіліктерін және өндіріс құрал жабдықтарын қанғаттандыратын тұтыну
заты.
    Ұлттық байлық – бұл материалдық және рухани игіліктердің жиынтығы  және
осы уақытта барлығы қоғам меншігінде болады.
    IS қисығы - жоспарланатын шығын табысқа  тең  кездегi  инвестиция  және
жинақтың теңдiгiн, инвестиция жинаққа тең кездегi пайыздық ставка мен  табыс
деңгейiнiң барлық мәндерiн көрсетеді.
       Фрикциондық жұмыссыздық –жекелеген аймақтар, кәсіптік және жасына
қатысты қозғалысымен (жаңа орынға көшуі, басқа кәсіпке бейімделуі, оқуы
бала бағу) байланысты.
       Фирма –инвестор, яғни инвестициялық тауарлармен қызметтерді сатып
алушы болып табылады.
       Циклдық жұмыссыздық –экономикалық конюктураның өзгеруімен
анықталады. Ол циклдық өрлеу кезінде азайып, дағдарыстар тұсында көбейіп
отырады.
       Шетелдік сектор –экспорт және импорт арқылы экономикаға араласатын
агент.
       Шекті салық мөлшерлемесі –енгізілген салық сомасы өлшемінің табыс
өлшеміне қатынасы.
       Ішкі шығын –кәсіпорын өзі жұмсайтын (қаржыландыратын) өндіріс
шығыны. Ол шаруашылық жүргізуші субъектінің өзінің шығысында тікелей
есептеледі.
    Экономикалық айнымалылар - әр түрлі мәндерге ие бола  алатын  өзгеретін
өлшемдерді немесе ақша сомаларын айтады.
    Экзогенді айнымалылар – алғашқы ақпараттар, «сырттан» ендіріледі.
    Эндогенді  айнымалылар  –  кейінгі  ақпараттар,  олар  үлгінің   өзінде
қалыптасады.
        Экономикалық заңдар  –  адамзат  қоғамы  дамуның  түрлі  сатыларында
өндіру, бөлу  айырбас  және  материалдық  игіліктерді  тұтыну  салаларындағы
қатынастарды анықтап, оны басқарып отыратын заңдар.
         Экономикалық  категориялар  –  экономикалық  қатынастарды   зерттеу
процесінде  экономикалық  теория  логикалық  ұғымдарды  қалыптастырады,  бұл
ұғымдар экономикалық категориялар деп аталады.
       Экономикалық саясат – мемлекеттің  экономикалық  шараларының  жүйесі.
Экономикалық саясат елдің  саяси-шаруашылық,  мәдени  құрылыс  істерін  және
халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту міндетіне бағындырыла жүргізіледі.
        Экономикалық  теория  –  қоғамның  материалдық  игіліктерін  өндіру,
тарату және айырбастау бойынша қарым-қатынастар жиынтығын зерттейтін ғылым
       Экономикалық тиімділік –  атқарылған  жұмыстың  сандық  және  сапалық
көрсеткішін  білдіретін  ұғым.  Өндіріс  нәтижесінің   өндіріс   шығындарына
қатынасы арқылы анықталады.







   2. ҚЫСҚАША ДӘРІС КУРСЫ


                1- тақырып. Макроэкономиканың пәніне кіріспе
      1.1.Макроэкономика пәні және макроэкономикалық саясат.
      1.2.Макроэкономикалық үлгілер. Ішкі және сыртқы айнымалылар.
      1.3.Экономикалық агенттер.Макроэкономикалық айналым.


  Жалпы, экономикалық ғылымы екі басты бөлімнен тұрады: микроэкономика және
макроэкономика. Микроэкономика  –  фирмалар,  үй  шаруашылықтары,  үкіметтік
агенттіктер  сияқты  шағын   бірліктер   жасайтын   таңдауларды   зерттейтін
экономиканың бөлімі. Макроэкономика –  экономиканың  инфляция,  жұмыссыздық,
экономикалық  өсу   секілді   тірі   масштабты   экономикалық   құбылыстарын
зерттейтін бөлігі.
  Макроэкономика экономиканы бір үлкен бүтін құбылыс  ретінде  қарастыратын
ғылым. Ол  экономикадағы  іс-әрекеттерді  біріктіріп  жалпылай  қарастырады.
Белгілі бір уақыт аралығында  кейбір  фирмалар  өндірген  өнімдеріне  бағаны
өсіреді,  кейде  төмендетеді.  Бағаның  жиынтық  өзгерісін  талдау   кезінде
зерттеушілер көптеген баға өзгерістерінің ішінен  орташасын  алады.  Бағаның
экономикадағы жиынтық динамикасын өлшеу  үшін баға индексі қолданылады.
    Макроэкономиканың негізгі мақсаты жеке фирмалар мен жұмысшылардың дамуын
қарастыру   емес,   экономиканың   жиынтық   беталысын   талдаудан   тұрады.
Макроэкономикадағы жалпы ұлттық өнім, қор  жинағының  нормасы,  тұтыну  баға
индексі,  инфляция  деңгейі,  жұмыссыздық  деңгейі  және  өндіріс  көлемінің
өзгеру қарқындылығы секілді көрсеткіштерді экономиканың бір бөлек  элементін
ғана  қарастырмайды,  олар   экономиканың   дамуының   беталысын   зерттеуге
мүмкіндік береді. Макроэкономика  экономикалық  жағдайды,   толығымен  елдің
«денсаулығын » зерттейді. Макроэкономикада өндірістің ұлттық  көлемі,  жалпы
ұлттық  өнім,  жиынтық  сұраныс,  жиынтық  ұсыныс,   жұмыспен   қамту   және
жұмыссыздық нормасы,  инфляция  деңгейі  және  т.б.  сияқты  барлық  шамалар
агрегатталған, жиынтық түрде қарастырылады. Макроэкономика  жиынтық  сұраныс
және жиынтық ұсыныстың өзара  байланысы,  олардың  ұлттық  өндіріс  көлеміне
ықпалын, тауарлар, ақша , ресурстар нарығындағы  жалпы тепе-теңдікті  бекіту
мәселелерін, экономикаға мемлекеттің  араласуы  және  экономикалық  саясатты
жүргізуді зерттеумен шұғылданады.
  Макроэкономика ғаламдық  мәселелерді  де  зерттейді.  Белгілі  бір  уақыт
аралығында ұлттық экономиканың байлығы өсті ме, әлде кеміді  ме?  Қарастырып
отырған мемлекеттегі халықтың қор  жинағының  мөлшері  қандай?  Неге  кейбір
мемлекеттерде иняфляция бар, ал тағы біреулерінде жоқ?  Міне,  осындай  және
тағы басқа да сұрақтарға макроэкономика жауап береді.
  Экономикалық өсу халық санының  артуы  және  техникалық  прогресс  сияқты
салыстырмалы  тұрақты  факторлар  әсерінің  нәтижесі  болып   табылады.   Ол
факторлардың  ұзақ   мерзімдегі   динамикасы   әлуетті   өндіріс   көлемінің
динамикасын   анықтайды.   Ал   қысқа   мерзімде   экономика   осы   негізгі
траекториядан  ауытқып  отырады.  Сол  себепті  тұрақты  экономикалық  өсуді
қамтамасыз ету үшін осы циклдік толқуларды басқарып отыру қажет.
  Макроэкономикалық  үлгі  -  әртүрлі  экономикалық  құбылыстар  мен  үрдіс
арасында  пайда  болатын  функционалдық  байланыстарды  айқындау  мақсатында
құрылған  жүйеленген  сипаттама.  Кез   келген   үлгі   күнделікті   өмірдің
оңайлатылған бейнесін көрсетеді. Себебі макроэкономикалық зерттеу  жүргізуде
нақты өмірдің барлық жақтарын бір уақытта қарастыру мүмкін  емес.  Сондықтан
да бірде-бір үлгі макроэкономикалық  үлгі  нақты,  толыққанды  болмайды.  Ол
нақты уақыт кезеңіндегі  белгілі  бір  бағыттағы  тек  жалғыз  ғана  жауапты
бермейді. Бірақ осындай  жалпылама  үлгілердің  арқасында  экономикаға  әсер
ететін ішкі (эндогенді) және сыртқы (экзогенді) экономикалық  айнымалылардың
көлемі анықталады.
   Макроэкономикалық талдауды үш кезеңге бөлеміз:
   1-кезеңде   фирмалар   мен   үй   шаруашылықтарының   шешім   қабылдауын
зерттеушілер теория  деңгейінде  қарастырады.  Содан  соң  микроэкономикалық
құралдарды   пайдаланып,   фирмаларды   әртүрлі   экономикалық   жағдайларға
байланысты қарастырады;
   2-кезеңде фирмалар мен үй шаруашылықтарының жиынтық шешімдерін қарастыра
отырып,  жалпы  экономикалық  беталыстар  талдауға   түседі.   Бұл   кезеңде
агрегатталған, іріленген шамалар  қолданылады.  Мысалы,  бір  ғана  фирманың
өндірісі ана емес, ЖҰӨ;  жеке  банктің  пайыз  мөлшерлемесі  емес,  нарықтық
пайыз мөлшерлемесі;
   3-кезеңде макроэкономикалық ақпаратты талдау және жинау арқылы теорияның
нақты мағынасы қарастырылады. Макроэкономика – макроэкономикалық теория  мен
агрегатталған  ақпараттардың  ортасындағы   байланысты   нысандық   тәсілмен
зерттеуді қарастыратын ерекше ғылым.
   4. Макроэкономикалық зерттеуде негізгі үш  әдіс  қолданылады.  Олар:  1)
агрегаттау, 2) модельдеу, 3) тепе – теңдік принципі
      Ұлттық есеп-шот жүйесін жүргізу экономикалық ғылымда баланстық тәсілді
дамыту бағыттарының бірі болып табылады.  Ұлттық  есеп-шот   жүргізу  жүйесі
әлемдік қауымдастық елдерінің түгелдей экономика аумағында өндіріс  жағдайын
өлшеуде қолданылып  және  оның  түпкі  қортындысы  –  тұрғындардың  әл-ауқат
деңгейін көрсету болып табылады.
      Ұлттық өндірістің макроэкономикалық нәтижесінде алғашқы рет баға  беру
Ф.Кенэ  бастаған  физиократтардың  үлесіне  жатады.  Ол  осы  туралы  өзінің
көзқарасын «Экономикалық кесте» деген белгілі  еңбегінде  баяндаған.  Ф.Кенэ
Францияның ХVIII-ші ғасырдағы экономикасын негізге  ала  отырып,  жай  ұдайы
өндірістегі балансты талдау көрсетеді.
      Кейінірек макроэкономикалық элементті  талдауды  Д.Рикардо  (1771-1823
жж.) «Саяси экономияның басталуы  және  салық  салу»  (1817ж.),  Т.Р.Мальтус
(1766-1834жж.) «Тұрғындар саны  заңының тәжірбиесі» (1798ж.), К Маркс (1818-
1883 жж.) «Капитал» (1867ж) сияқты жұмыстарында  қолданды.  Ұлттық  есеп-шот
жүйесін жүргізу неоклассикалық мектептің  өкілдері.  У.  Джевонс  (1835-1882
жж.) пен Л. Вальрас (1843-1910 жж.)  белгілі  үлес  қосты.  Ұлттық  есеп-шот
жүргізу теориясының дамуына Дж. М. Кейнс (1883-1946 жж.) пен С.Кузнец (1901-
1983 жж.) айтарлықтай еңбек сіңірді.
      Өнеркәсібі дамыған   барлық елдерді шалқасынан түсірген «Ұлы  тоқырау»
деп аталған 1929-1933-ші жылдардағы экономикалық дағдарыс  макроэкономикалық
талдаудың  қажеттілігін   көрсетті.   Сондықтан   ұлттық   өнім   құрылуының
факторларының,  жұмыссыздық  пен  инфляция  сауалдарын,   экономикалық   өсу
қарқынын және ұлттық өндіріс көрсеткіштерін болжай білу тек ұлттық  есеп-шот
жүйесін жүргізу  арқылы  шешіледі.  Осы  кезден  бастап  ғалымдар  экономика
нәтижесіне  баға  беру  мәселесін  және  ұлттық  табысты  есептеуді   біліп-
зерттеумен қоян-қолтық айналыса бастады.


      Дәрісті өздік қайталау үшін сұрақтар:
   1. Макрэкономика қандай мәселелерді қарастырады?
   2. Макроэкономиканың негізгі субъектісі кім?
   3. Макроэкономикалық талдау әдістері қандай?







                  2-тақырып. Макроэкономикалық көрсеткіштер


        1. Жалпы ұлттық өнім, жалпы ішкі өнім: айырмашылықтары мен
           ұқсастықтары.
        2. ЖҰӨ мен ЖІӨ есептеу әдістері.
        3. Атаулы және нақты ЖҰӨ. Баға индексі.
        4. ҚР негізгі макроэкономикалық көрсеткіштеріне сипаттама


      Қазіргі ұлттық  есеп-шот  жүргізуді  жасаудың  практикалық  жұмыстарын
ағылшын экономисі Р.Стоун (1913ж.) енгізілді. Алғашқы  рет  ұлттық  есеп-шот
жүйесінің  кестесі  1953-і  жылы  БҰҰ-ның  статистикалық  бөлімінде  басылып
шақты. Қазіргі барлық  әлемдегі  елдерде  ол  стандарт  ретінде  қабылданды.
Ұлттық есеп-шот оның жүйесінде метрикалық түрде бейнелеген, онда әрбір есеп-
шот көлденең (табыс) және тік (шығын) матрицаларды көрсетліген. Ұлттық есеп-
шот жүйесін құрудағы ертеректегі  талпыныстан  Р.Стоун  ұсынған  айырмашылық
сол, ал алғашқы  рет  макродеңгейде  екі  еселей  жазу  принципін  «қоғамдық
матрицаларда» қолданды. Стандарттық сипаттамалар  –  ұлттық  өнім,  тұтыныс,
сауда балансы және басқалары солай топталған, олар  экономика  құрылымы  мен
оның қызмет жасау процесіне толыққанды бейнеленгенін көрсетеді. Мұнда содай-
ақ қаржы балансы ұлттық есеп-шот жүйесі және  демографиялық  есептеп  шығару
жүйесін құру енген
   Экономикалық көрсеткіштер экономикалық саясатта, экономикалық талдау және
бағалау үшін жиі қолданылады. Негізгі макроэкономикалық  көрсеткіштер  болып
өндірістің   ұлттық  көлемі,  жалпы  баға  деңгейі,  пайыздық  ставка   және
жұмыспен қамту табылады.
  Жалпы ұлтық өнім (ЖҰӨ)  азаматтар  табыстарының  жиынтығын  және  өндіріс
тауарлары мен қызметтер үшін жұисалған жалпы шығын көлемін сипаттайды.
  ЖҰӨ  -  экономика  жағдайын  сипаттайды,  себебі  адамдар  аз  табыстарға
қарағанда үлкен табыстарды көбірек  қалайды.  Яғни,  өндіріс  тауарлары  мен
көрсетілген   қызмет   көлемі   жоғарылаған   сайын,   өзіндік   қанағаттану
дәрежесінің деңгейі,  өндірістік  және  мемлекеттік  тұтыну  деңгейі  жоғары
болады.
   Жалпы ұлттық өнім – бір жыл ішінде  өндірілген  түпкілікті  тауарлар  мен
қызмет көрсетулердің нарықтық бағасы. Қайта, екі рет есепті  болдырмау  үшін
оған  аралық  өнімді  кіргізбейді.  Оларға  қайта   өңдеуге   немесе   соңғы
тұтынушыға ары қарай сату үшін арналған  өнімдер  жатады.  ЖҰӨ  -ді  есептеу
кезінде негізгі екі әдісті қолданады. Ол түпкілікті өнімге жұмсалған  барлық
шығындарды қосу  арқылы және «табыстар ағыны» арқылы өлшенеді.
   Шығындарға  тұтынушылық  шығындар  ,  мемлекеттік  сатып  алулар,   жалпы
инвестиция және таза экспорт жатады.
      • Тұтынушылық шығындарға (С) үй шаруашылықтарының әр түрлі тауар және
        қызмет   көрсетулерге   (нан,   қант,   аяқ   киім,   телевизорлар,
        тоңазытқышты жөндеу) шығындары кіреді.
      •  Инвестицияларға  шығындар  (І)  –  бұл  инвестициялық   тауарларға
        шығындар, оларға құрал жабдық,  станоктар,  өндірістік  ғимараттар,
        материалды-техникалық қорлар, тұрғын үй құрылысы жатады. Жалпы және
        таза   инвестицияны   ажыратады.    Жалпы    инвестицияға    барлық
        инвестициялар, яғни, істен шығатын құрал жабдықтың орнын  толтыруға
        жұмсалатын инвестициялар да  кіреді.  Жаңа   құрал  жабдықты  сатып
        алуға жұмсалған инвестициялар таза инвестиция деп аталады.
      •  Мемлекеттік  шығындар  (G)  –  тауар  және  қызмет   көрсетулердің
        (электроэнергия, мектептер, емханалар, саябақтар, кітапханалар және
        т.б.) өндірісіне тікелей  жүретін шығындар.
      • Таза экспорт (Хп) – бұл импортты шегергеннен қалған барлық импорт.
Сонымен,  шығындар  бойынша  ЖҰӨ  -  бұл  елдегі  барлық  төрт   шығындардың
қосындысы:
                                                   ЖҰӨ = C+ G+ I+ Xn


Өндірістің ұлттық көлемін анықтау үшін елдегі барлық табыстардың  қосындысын
 алады. Факторлық табыстардың төрт  компанентін  ажыратады:  жалақы,  рента,
пайыз және пайда.
    • Жалақы – жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек ақысы.  Бұған  ведомость
      бойынша  алынатын  жалақы  сомасы,  әлеуметтік  қамсыздандыру  бойынша
      қосымша төлемдер және т.б. жатады.
    • Рента жерді, ғимаратты,  тұрғын  үйді  арендаға  беру  нәтижесінде  үй
      шаруашылықтарымен алынатын ренталық табыстарды білдіреді.
    • Пайыз бұл ақша капиталы үшін төлем, ол банкке салым бойынша , несиелер
      бойынша пайыздар.
    • Пайда жеке шаруашылықтар, серіктестіктер, кооперативтер иелері  алатын
      пайда.


  ЖҰӨ - экономикадағы табыс пен өндірістегі шығын көлемін  бірдей  өлшейді.
Себебі бұл өлшемдер соңында  бірдей  болады.  Жалпы,  экономика  үшін  табыс
көлемі шығын көлеміне  тең  болуы  керек.  Негізгі  макроэкономикалық  тепе-
теңдік табыс пен шығынның теңдігін көрсетеді.
      Макроэкономикалық талдауларда басқа да тепе-теңдіктер  пайдаланылады.
Инвестиция мен қор жинағының тепе-теңдігін  төмендегідей  көрсетуге  болады.
Талдауды жеңілдету үшін  жабық  экономиканы  қарастырамыз.  Бұл  экономикада
мемлекет секторы жоқ деп жорамалдаймыз, демек  салық  та  жоқ  болады.  Онда
шығын бойынша:
           ЖҰӨ = Тұтыну + Инвестиция
  Табыс бойынша:
           ЖҰӨ = Қор жинағы + Тұтыну
  Қорыта айтқанда ЖҰӨ-де елдің  барлық  азаматтарының  табысы,  яғни  елдің
өндіріс  тауарлары  мен  қызметтерге  жұмсалған  жалпы  шығыны   көлемі   де
көрсетіледі.
Номиналды және нақты , сонымен  қатар  іс  жүзіндегі  және  потенциалды  ЖҰӨ
ажыратады. Нақты ЖҰӨ - бұл баға деңгейі өзгерісін ескерумен ЖҰӨ. Нақты  ЖҰӨ-
ді формула бойынша табуға болады:

              Нақты ЖҰӨ = (Номиналды ЖҰӨ / баға индексі) · 100%

       Потенциалды  ЖҰӨ  -  бұл  толық  жұмыспен  қамту  жағдайында  яғни  ,
фрикционды және құрылымдық жұмыссыздық жағдайында алынған өндірістің  ұлттық
көлемі. Іс жүзіндегі ЖҰӨ - бұл  циклдық  жұмыссыздық  жағдайында  шығарылған
өндірістің ұлттық көлемі.
      Өндірістің ұлттық көлемін өлшеу үшін қолданылатын тағы  бір  көрсеткіш
– жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) .  Ол  сол  ел  территориясы  ішінде,  берілген  жыл
ағымында өндірілген  түпкілікті өнімдер мен  қызмет  көрсетулердің  нарықтық
бағасы.


       Дәрісті өздік қайталау үшін сұрақтар:


   1. Жалпы ішкі өнім дегеніміз не?
   2. Жалпы ұлттық өнім дегеніміз не?
   3. Таза ұлттық өнім неліктен ұлттық байлықты сипаттамайды?






           3-тақырып. Макроэкономикалық тұрақсыздық. Инфляция және
                                жұмыссыздық.


        1.  Экономикалық  цикл  ұғымы.   Әлеуетті   ЖҰӨ.   Цикл   фазалары.
           Экономикалық циклдың себептері.
        2.  Жұмыссыздық  еңбек  ресурстары,  жұмыспен  қамтылғандар  ұғымы.
           Жұмыссыздық түрлері. Оукен заңы.
        3. Инфляция:мәні, қарқынын және түрлері. Филлипс қисығы.
        4. Инфляция және жұмыссыздық мәселелерін шешудің бағыттары, олардың
           Қазақстан Республикасындағы ерекшеліктері.


    Экономикалық  циклдер.  Қоғам  біркелкі   түрде   экономикалық   өсуге,
жұмыссыздықты толық  жоюға  және  баға  деңгейінің  тұрақтылығына  ұмтылады.
Экономикалық (іскерлік)  цикл  деп  өндірістің,  инфляцияның  және  жұмыспен
қамтылу  деңгейінің  өзгеруін  айтамыз.  Циклдік   өзгерістердің   себептері
төмендегідей:  автономды  инвестициялардың  азаюы,  мультипликатор  әсерінің
әлсіреуі, ақша жиыны көлемінің  өзгеруі,  негізгі  қорлардың  жаңаруы,  т.б.
Жалпы айтқанда, экономикалық  (іскерлік)  цикл  —  бірнеше  жылдар  ішіндегі
экономикалық активтілік  деңгейлерінің  бірінен  кейін  бірі  келіп  тұратын
өсулер   мен   құлдырауларының   өзгеруі.   Кейбір   экономикалық    циклдер
ұзақтылығымен және қарқындылығымен бір-бірінен ерекшеленеді.  Бірақ  олардың
барлығы әрқалай аталатын бірдей фазалар арқылы өтеді.
1. Шың. Оны іскерлік белсенділіктің уақытша ең шекті  нүктесі  деп  атаймыз.
Бұл  нүктеде  экономикада  өндірістің   толықтай    жұмыс    істеуін    және
жұмыссыздықтың толық  жойылуын  байқаймыз.  Шың  фазасында  бағалар  деңгейі
көтсрілу беталысына ие болады.
2. Құлдырау. Шың кезеңінен  соң құлдырау  кезеңі  басталады  —  алты  немесе
одан да көп айға созылатын, жалпы  өндіріс    көлемі,   табыс   және   жұмыс
орындары азаятын  кезең.  Бұндай  құлдырау экономика  секторларындағы  жұмыс
белсенділігінің жаппай кемуімен  сипатталады.  Бірақ  баға  осы  кезде  түсе
бермейді,  олар  тек  қана  құлдырау   өте   ұзаққа    созылып,    тоқырауға
айналғанда, шын мәніндс ауыр жағдайда ғана төмендей бастайды.
3. Құлдыраудың немесе тоқыраудың  ең  төменгі  нүктесі.  Құлдыраудың  немесе
тоқыраудың ең төменгі нүктесінде өндіріс  және  жұмыс  орындары  ең  төменгі
деңгейгс жетіп, біртіндеп көтеріле бастайды.  Бұл  цикл  фазасы  қысқа  және
ұзақ мерзімді кезеңде болады.
4. Көтерілу.   Көтерілу  (жаңғыру)  фазасында  өндіріс  өседі,  жұмыссыздык,
азаяды да, толық жойылады. Көтерілу күшейе  келе  өндіріс  толық  көтерілмей
жатып  бағалар  өсуі  мүмкін.  Циклдер  бірдей  фазалардан  өтсе  де,   олар
өздерінің ұзақтығы және белсенділігімен ерекшеленеді. Сондықтан  экономистер
экономикалық циклдердін орнына экономикалық  тербелістер  дегенді  қолдануды
дұрыс көреді, өйткені циклдер тұрақты түрде өтеді.
«Толық жұмысбастылық» ұғымына анықтама  беру  қиын.  Оны  бүкіл  100%  халық
жұмыспен қамтамасыз  етілген деп  түсінуге  болады.  Бірақ  ол  дұрыс  емес.
Белгілі бір жұмыссыздық деңгейі болуға тиісті деп саналады.
Жұмыссыздық    деңгейі.    Экономика    ресурстардың    қаншалықты     жақсы
қолданылатынына   байланысты  сипатталады.    Негізгі   экономикалық  ресурс
жұмысбастылықты қолдайтын жұмыс күші болады  -  бұл  экономикалық  саясаттың
маңызды мақсаты.
Жүмыссыздық деңгейі — бұл жұмыс істеуді қалайтындардың жалпы санының  ішіндс
жұмысы  жоқ   азаматтардың   статистикалық   көрсеткіші   (пайыз   түрінде).
Статистика  агенттігі  ай  сайыи  жұмыссыздық   деңгейі   мен   экономикалық
саясаттағы еңбек нарығының жағдайын  бағалайды.  Статистикалық  деректер  үй
шаруашылығына  зерттеу  жүргізу  негізінде  жиналады.   Анкета   сұрақтарына
байланысты, әрбір адам 3 түрлі  санаттың  біреуіне  жатады.  Жұмыс  істейтін
жұмыссыз және жұмыс күшіне  кірмейтіндер.  Жұмыс  істейтін  адам  деп  —  үй
шаруасымен немесе оқумен шұғылданбайтын, апта бойы жұмыс істейтін  адамдарды
осы  топқа  кіргіземіз.  Егерде  азамат  жаңа  жұмысқа  шығуды  күтіп  жүмыс
істемесе,
яғни уақытша босатылса немесе жұмыс іздеп жүрсе,  онда  ол  —  жұмыссыз  деп
саналады. Алғашқы екі санатқа жатпайтын азаматтар (мәселен, студенттер  және
үй  шаруасындағы  әйелдер),  жұмыс  күші  құрамына  кірмейді:   олар   жұмыс
істемейді, іздемейді және жаңа жұмысқа көшу кезеңін күтпейді.
Жұмыс күші — жұмыссыздар мен жұмыс істейтіндердің жиынтығы,  ал  жұмыссыздық
деңгейі — бұл жұмыс күшінің жалпы санындағы жұмыссыздардың  пайыз  түріндегі
анықталуы. Демек,
Жұмыс күші = жұмыс істейтіндер саны + жұмыссыздар саны.

                                                 Жұмыссыздар саны х 100
Жұмыссыздық деңгейі   =-----------------------------------------
                                                 Жұмыс күшінің жалпы саны
Статистика агенттігі есептейтін тағы бір статистикалық көрсеткіш, бұл  пайыз
түріндегі, жасы үлкси тұрғындар санының жалпы жұмыс күшіндегі үлесі:

Жасы үлкен тұрғындар санының үлесі =      Жұмыс күшінің жалпы саны х 100

Жасы үлкен тұрғындар саны

Бұл статистикалык көрсеткіш барлық    тұрғындар  үшін  есептеледі,   сонымен
қатар жеке топтар  үшін де қолданылады, ерлер мен әйелдер  үшін,  кәрі  және
жас адамдар үшін де есептеледі.
    Инфляция дегеніміз бағалардың орташа деңгейінің  орташа қарқыны,  бірақ
бұл жағдайда барлық бағалар өседі деуге болмайды.  Инфляция  кезінде  кейбір
бағалар бір қалыпта қалады, ал кейбір бағалар
төмендейді. Инфляция  баға  индексі  арқылы  өлшенеді.  Есімізге  түсірелік,
жалпы базалық мерзім баға индексі арқылы анықталады. Инфляция деңгейін  мына
жолмен есептеп шығаруға болады. Осы жылдың  (1999  жылдың)  баға  индексінен
алдыңғы жылдың (1998  жылдың)  баға  индексінен  шығарып  айырмасын  алдыңғы
жылдың (1998 жылдың) баға индексіне бөліп, содан  кейін  оны  пайыз  түрінде
шығару үшін 100-ге көбейтеміз.
Аса  зор  шексіз  инфляция  айналымдағы  ақша  мөлшері  мен   тауар   бағасы
деңгейінің тым  шарықтап  ,  шектен  тыс  өсуін  білдіреді.  Гиперинфляцияны
басынан өткізген бірқатар елдерде , бағалардың өсу қарқыны айналымдағы  ақша
мөлшерінің  өсу  қарқынын  айналымдағы  ақша   мөлшерінің   өсу   қарқынынан
әлдеқайда жоғары болады.
      Инфляцияның ашық және басылыңқы түрлері бар.
Ашық  инфляция  –  сұраным  мен  ұсынымым   еркін   түрде   өзара   әрекетте
болғандықтан  ақша  бірлігінің  сатып  алушылық  қасиетінің  түсіп  қалуынан
барып, ашық , еш нәрсеге бөгет жасай  алмайтын  бағаның  өсуі  бар  нарықтық
экономика елдеріне тән болады.
      Ашық инфляция нарықтық процестер дұрыс жүргізуге бөгет болғанымен,  ол
өндірушілер мен сатып алушыларға қай сала  бойынша  капиталды  дұрыс  салуда
пайда жолын көрсететін баға ролін сақтап қалады.
Сөйтіп, ашық инфляцияның өзі  де  инфляцияға  қарсы  күресетін  құрал  болып
сналады.
Басылыңқы  инфляция  –  бұл  баға  мен  кіріске  әкімшілік  бақылау   болған
экономикаға тән болады.
      Мұның басылыңқы деп аталуының себебі – баға мен  кіріске  қатаң  түрде
бақылау жасайтындығынан, инфляция өзінің бірден бір бой  жазатын  жерінде  –
ақша бағаларының өсуінде ашық көріне  алмауында.  Мұндай  жағдайда  инфляция
«астыртын» әрекеттілікте болады: сырттай  қарағанда  баға  тұрақты  секілді,
бірақ ақша массасы өсіп кетеді, ақшаның соншалықты  көптігінен  ол  тауарлық
тапшылыққа ұласады да, осыдан барып экономиканы реттеу ісі  бетімен  кетеді.
Ақшаның көбеюі тауар жетіспеушілігімен бүркемеленеді, мұндайда  экономикалық
проблеманы шешудің жолы тек өндірісті дамыту, ұсынымды  көбейту  ғана  болып
қала береді. Бірақ та үнемі ақша санын көбейтіп, шығара беруде , оның  орнын
өндіріспен жабуға мүмкіндік болмайды, өйткені ауыздықсыз шауып  бара  жатқан
ақшаның соңынан өндіріс өсуі жете алмай жатыр.
      Сонымен басылыңқы инфляция  жағдайында  ,  тауарлы  жетіспеушілік  осы
инфляцияның сыртқы көрінісі ғана емес,  оның  нақты  болуға  тиісті  жымысқы
әрекеті болған,дықтан, оған жол бермей, мүлдем жою керек. Басқаша  айтқанда,
баслыңқы инфляция – бұл тыйым салынатын инфляция.
      Басылыңқы инфляциядан «шығу» жолы да жалғыз – тек ақшаның бір  бөлігін
ақша деп танумызда ғана.
      Сөйтіп, инфляцияның бірінші себебі – қазіргі ақша айналымының қағаздық
табиғатында  жатыр,  өйткені  оның  алтындық  түрдегі   бойындағы   қасиетін
шектеушілікті  алып тастағандықтан.
Екінші себебі – бұл  өркениетті  мемлекеттердің  жалпы  ұлттық  экономикалық
және әлеуметтік бағдарламаларды  қаржыландыруға  кететін  шығындардың  үнемі
дерлік өсуі.
Жоғарыда айтылғандай екі инфляция болу себебі бірігіп барып сұраным ,  сатып
алушылар жағынан қосымша ақша қажеттілігінен туады.
Үшінші инфляция себебі – бұл ақшаға  деген  сұранымның  өндірушілер  жағынан
болуы ( сондықтан бұл инфляцияны «инфляциялық шығым» деп атайды.
      Дүниежүзілік тәжірибе инфляцияны мына шартты түрлерге бөледі:
 - экономикадағы қамтитын аумағына  байланысты  –  жергілікті  және  әлемдік
   инфляция;
 - жүру қарқынына байланысты – біркелкі , үздіксіз және сатылы инфляция;
 - даму қарқынына байланысты – жылжымалы инфляция – онда бағаның өсу қарқыны
   жылына  орташа 5-10 пайыздан аспайды; қарқынды инфляция
 (галопирующая) - онда бағаның өсуі жылына ор-таша 10 пайыздан  50  пайызға
дейін (ал кейде 100 пайызға) жетеді. Егер инфляция өндірістің  құлдырауымен
ұштасса оны стагфляция деп атайды.


Дәрісті өздігінен қайталау үшін сұрақтар:
1. Нарықтық ортада толық жұмыспен қамтылу кезінде жұмыссыздық бола ма?
2. Мемлекеттік жұмыссыздықпен күресу үшін қандай әдістерді қолданады?
3. Бірқалыпты, қарқынды және гиперинфляцияның айырмашылықтары қандай?
4. Инфляция деңгейі қалай есептеледі?


             4-тақырып. Ұлттық табыс: өндіріс, бөлу және тұтыну
   1.Ұлттық табысты өндіру және бөлу
   2.Тұтыну және қор жинау
   3. Инвестиция функциясы, мультипликатор  және акселератор

  Кейнс  теориясына  сәйкес  экономиканың   тепе-теңдігін   қалыптастыратын
негізгі фактор пайыз  мөлшерлемесі  емес,  үй  шаруашылықтарының  қолда  бар
табыс көлемі тұтыну және  қор  жинау  динамикасын  анықтайтын  басты  фактор
болып табылады. Сонымен қатар  барлық  тұтыну  шығындарын  жасағаннан  кейін
қалған табыс бөлігі сақталып, жиналады. Пайыз мөлшерлемесінің  екінші  әсері
табыстың тұтынуға және қор жинауға әсеріне қатысты  салыстырмалы  шағын  рол
атқарады.  Солай  бола  тұра,  инвестициялар  динамикасы  ең  алдымен  пайыз
мөлшерлемелерінің динамикасымен анықталады.  Бұл  тұтыну,  қор  жинағы  және
инвестициялар функцияларында бейнеленеді.
                      C = a + b(Y-T)
  C – тұтыну шығыны
  A – автономды тұтыну
  B – тұтынуды шекті бейімділігі
  Y – табыс
  T – салықтық аударымдар
  (Y-T) – қолда бар табыс (Yd немесе DI)
                   MPC = ΔC/ΔYd
  MPC – тұтынудың шекті нормасы
  ΔC – тұтыну шығындарының өсімшесі
  ΔYd – қолда бар табыстың өсімшесі
                                               APC = C/Yd
  APC – тұтынудың орташа бейімділігі
  C – тұтыну шығындарының көлемі
  Yd – қолда бар табыстың көлемі
  Қор жинағының қарапайым функциясы.
                       S = -a + (1 – b) (Y – T)
  S – жеке меншік сектордағы қор жинағы
  (1 – b) – тұтынудың шекті бейімділігі функциясы
                      MPS = ΔS/ΔYd
  MPS – қор жинағының шекті нормасы
  ΔS – қор жинағының өсімшесі
                     APS = S/Yd
  APS – қор жинағының орташа бейімділігі
  S – қор жинағының көлемі
  Yd – қолда бар табыс
  Қысқа мерзімді кезеңде ағымдағы қолда бар табыс өскен сайын  АРС  кемиді,
ал APS өседі, яғни отбасы табысының өсуімен  тұтынуға  кеткен  шығын  бөлігі
салыстырмалы қысқарады  және  қор  жинағы  салыстырмалы  өседі.  Бірақ  ұзақ
мерзімді кезеңде тұтынудың орташа бейімділігі  тұрақтанады,  өйткені  тұтыну
шығындарының көлеміне ағымдағы қолда бар табыс  көлемі  ғана  емес,  сонымен
қатар отбасының жалпы өмір сүру деңгейі және  күтіп  отырған  тұрақты  табыс
көлемі де әсерін тигізеді.
      Мемлекеттік қарыздар бойынша пайыз мөлшерлемесін  төлеуге,  әлеуметтік
трансферттердің өсуі немесе мемлекеттік  шығындарды  осы  жоғарыда  айтылған
қаржылар  арқылы  қаржыландыруға    кедергі    болатын     жағдайлар   пайда
болады.   Циклдік    бюджет   артықшылығының   өсуі    экономиканың    өрлеу
кезеңдерінде болатындықтан, бұл жағдай инфляцияның күшеюіне  әкелетіндіктен,
онда қаржылардыц бір бөлігін халыққа төлемақы ретінде беруі  (облигацияларды
   өтеу,    әл-ауқаты    нашар    отбасыларға  жәрдемақының  өсіру)  жиынтық
шығындардың  және  сұраныс  инфляциясының   өсуіне  әсер  етеді.  Керісінше,
бюджет артықшылығын "тыйым  салу"  артық  жиынтық  сұранысты  шектейді  және
экономикадағы инфляциялық дүрлігісті ұстап тұрады.
      Бюджет  тапшылығының    тұрақтандыру    деңгейіне  әсері  қаржыландыру
тәсілдеріне  байланысты.  Мемлекеттік  бюджеттің   тапшылығын   қаржыландыру
тәсілдері:
1) ақша-несие эмиссиясы (тиын шығару)
2) займ шығару
3) мемлекетке түсетін салық мөлшерін көбейту.
      Тапшылықты жою үшін тиын шығару жағдайында  сеньораж  пайда    болады.
Сеньораж  —   ақша   шығару арқылы мемлекеттің табатын пайдасы.
      Нақты ЖҰӨ өсуінің қарқынынан ақша жиынының өсу  қарқыны  артық  болған
жағдайда сеньораж пайда болады, бұл құбылыс орташа  баға  деңгейін  өсіреді.
Барлық  экономикалық  агенттер  инфляциялық  салық  төлейді   және   олардың
табыстарының  бір  бөлігі  бағаның  жоғарылауы   арқылы   мемлекетке   түсіп
отырады.Инфляция деңгейінің жоғарылауы жагдайында Оливер-Танзи  әсері  пайда
болады.
      Өсіп келе жатқан инфляциялық қиындықтар салдарынан  экономикалық  ынта
пайда болады,  ол  салықты  уақтылы  төлемеу,  өйткені  өткен  уақытта  ақша
құнсызданады, бұдан салық төлеушілер ұтады.  Мұның  салдарынан  мемлекеттегі
тапшылық және қаржы жүйесінің жалпы тұрақсыздығы өседі.
      Мемлекеттік  тапшылықты  жою  үшін  ақша  шығару  қолда  бар   қаржыны
эмиссиялаумен бірдей  жүрмеуі  мүмкін,  ол  басқа  түрде  жүзеге  асырылады.
Мысалы,  Орталық  банктің  мемлекеттік  кәсіпорындарға  жеңілдетілген  пайыз
мөлшерімен несие беруді кеңейту арқылы  немесе  төлем  уақытын  созу  арқылы
жүзеге асырылады.

Дәрісті өздігінен қайталау сұрақтары:
 1. Ресурстар нарығында өндіріс факторларына бағаның қалыптасу ерекшелігі.
 2. Тұтынуға және қор жинауға орташа  бейімділік дегеніміз  не?
 3. Инвестицияға әсер ететін факторлар

        5. тақырып. Жиынтық ұсыныс және жиынтық сұраныс. AD-AS үлгісі


      1.Жиынтық сұраным және оның факторлары.
      2. Жиынтық ұсыным, оның классикалық және кенсиандық
             үлгілері
      3. Макроэкономикалық тепе-теңдік: қысқа және ұзақ мерзімдегі
             тепе-теңдік, тұрақтандырушы саясат.


      Жиынтық сұраныс қисығы баға деңгейі мен  өнім  өндірісіндегі  тауарлар
нарығы мен  активтер  нарығының  тепе-теңдігін  көрсетеді.  Жиынтық  сұраныс
қисығының кез-келген нүктесінде, мәселен  графикте  көріп  отырғанымыздай  В
нүктесінде тауарлар нарығы мен активтер нарығы тепе-тең.
      Біз  енді  жиынтық  сұраныс  қисығының  неліктен  қарама-қайшы  икемді
екендігін түсіндіре аламыз. Мәселен,  тауарлар  және  активтер  нарығы  осы
берілген баға  деңгейіне  Рв  өндіріс  көлемі  деңгейіне  Үв  тепе-теңдікте
болады.  Еңді  баға  деңгейі  төмендеді  делік.  Берілген  номиналды   ақша
ұсынысында баға деңгейінің түсуі  нақты  баланстық  өсуіне  әкеледі.  Нақты
баланстардың  ұлғаюына  процент  ставкасын  азайтатындығын,   инвестициялық
сұранысты арттыратындығын, сәйкесінше  жиынтық  шығындарды  ұлғайтатындығын
еске түсірейік. Баға деңгейі төмендегенде шығындардың теңдік деңгейі өседі,
сондықтан  АD  қисығы   қарама-қайшы   иіледі.   Төменде   мұны   толығырақ
қарастырамыз.

                 Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың өзара әсері.
Баға деңгейі                                          Баға деңгейі
                AS
      Р                                      AS                         Р


                                    Р1                         Е1
              Р1                    Е1


                                     Е
              Р0                                     АD1
  Р0             Е                   AD1

 AD                                                                    AD
                                    [pic]                        Y0   Y1
                                                            Y0  Y1
                                        Өндіріс, кіріс (а)
           Өндіріс, кіріс (б)
      График. Жиынтық сұраныс қисығының АD-АD1 орын ауыстыруы жиынтық ұсыныс
қисығының иілуіне байланысты.  (а)  графигінде  жиынтық  сұраныс  қисығының
қозғалуы өнім өндірісінің ұлғаюына әкелсе, (б)  графигінде  керісінше  баға
деңгейінің өсуіне, ал өндіріс көлемінің сәл ғана өсуіне әкеледі.
      Жиынтық сұраныс  қисығын  анықтау  арқылы  алдыңғы  бөлімдерге  талдау
жасаудың маңызын түсінеміз. Жиынтық сұраныс қисығы  тауарлар  және  активтер
нарығының өзара тепе-теңдігін көрсетеді.
      Жиынтық сұраныс қисығы баға  деңгейі  мен  өндіріс  көлемі  арасындағы
байланысты көрсетеді. Мәселен, графикте Рс баға  деңгейінде  фирма  Үс  тең
өндіріс  көлемін  қамтамасыз  етуге  дайын,   өндіріс   көлемінің   деңгейі
фирмалардың  өздерінің  тауарларының,  еңбекке  төлейтін  саласының,   т.б.
бағасына тәуелді. Сәйкесінше  жиынтық  сұраныс  қисығы  өндіріс  факторлары
нарығының  талаптарын,  әсіресе  тауарлар  нарығы  сияқты  еңбек  нарығының
талаптарын бейнелейді.
       Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс қисықтарын анықтау.
Баға деңгейі
                                            P














                                 Өндіріс көлемі, кіріс


Дәрісті өздігінен қайталау сұрақтары:
   1. Жиынтық сұраныс қисығының теріс көлбеуі немен түсіндіріледі?
2. Тұрақтандырушы саясаттың мақсаты қандай?

   6- тақырып. Тауар және ақша нарығындағы макроэкономикалық тепе-теңдік.
                                IS-LM үлгісі.

1. Кейнс кресті. Мемлекеттік шығындар және салық  мультипликаторы.Игіліктер
нарығы
2.Ақша нарығындағы сұраныс пен ұсыныс. LM қисығы
3.Орталық банктің реттеуші рольі: ақша мультипликаторы
4.IS  –  LM  үлгісіндегі  тепе-теңдік.AD    және  IS-LM  үлгідерінің   өзара
әрекеті. IS-LM үлгідеріндегі қазынашылық және монетарлық саясат.

  Тауарлар және игіліктер нарығындағы тепе-теңдік жағдайын сипаттаудың  екі
түрлі әдісі
бар.  Бірінші  –  кейде  ол  макроэкономикада  неоклассикалық  көзқарас  деп
аталады  –  баға   нарықты   тепе-теңдік   жағдайға   әкелетін   құрал   деп
жорамалданады.  Мұнда  «баға»  деп  тауарлар  мен  игіліктер   деңгейлерінің
ақшалай бірлікте көрсетілуі ғана емес, сонымен  қатар  пайыздық  мөлшерлеме,
нақты еңбек ақы қарастырылады. Осындай жағдайда нақты және  ақша  секторлары
бір-біріне ықпалын тигізбейді. Екінші – белгілі бір уақыт аралығында  кейбір
бағалар өзгеруге  бейім  емес,  мұндай  жағдайда  тепе-теңдік  жұмысбастылық
көлемі есебінен және жалпы  ішкі  өнім  көлемінен  мүмкін  болады.  Бұл  осы
көзқарасты сынаған Дж.Кейнс атымен кейнстік көзқарас деп аталады.
  Екінші көзқарасты жақтаушылар пайымдаудың  басқа  жолын  ұсынады.  Оларда
кейбір  баға  аз  өзгермелі  (белгілі  бір  уақыт  аралығында)  дегенге  жол
беріледі. Бұл жағдайда  тепе-теңдік  айырбасталатын  көлем  –  тауарлар  мен
қызмет көрсету (ЖҰӨ) және жұмысбастылық көлемі есебінен орнайды.
  Бұл көзқарастар түбегейлі  әртүрлі  қорытындыларға  әкелуіне  қарамастан,
олар  бір  негізін  қалаушы  үлгіге  негізделді.  Соңғысын   талдаудың   екі
графикалық құралдарымен синтездеуге болады: тауар нарығы мен ақша  нарығының
өзара әрекеттесуін көрсететін IS-LM үлгісі, еңбек нарығы және  тауарлар  мен
қызмет көрсетуді өндіретін және оларды тауар  нарығында  сататын  фирма  іс-
әрекетін сипаттайтын сұраныс – үлгісімен.
  Алдымен кең анықталған тауар нарығын қарастырайық, яғни, тауарларды  ғана
емес, сонымен қатар  қызмет  көрсетуді  де  қамтитын  нарықты  қарастырайық.
Талдаудың  бастапқы  нүктесі  –  тұтыну   және   инвестициялық   игіліктерге
сұранысты білдіретін  үй  шаруашылықтары.  Бұл  бөлімде  басты  назар  қысқа
мерзімді кезеңге аударылады.
  Ақша дегеніміз – тауардың жалпы эквивалентінің тиянақталған түрі,  құнның
эквиваленттік формасы мен тұтыну құны  біте  қайнасқан  ерекше  тауар.  Яғни
ақша -  тауар өндіру мен оны айырбастау үрдісінде басқа тауарлардан  бөлініп
шыққан ерекше тауар,  оның  айырықша  қызметі  -   барлық  тауарларға  ортақ
балама (эквивалент) ролін атқару. Осыдан келіп ақшаның жаппай  күші  болады.
Ақшаның қоғамдағы мәнін  К.Марк  “жеке  адам  өзінің  қоғамдық  билігін  де,
қоғаммен байланысын да  өзінің  қалтасына  салып  жүреді”  деген  афоризммен
сипаттады. Ол мынадан айқын көрінеді:
  Біріншіден, тек ақшаға айырбастау арқылы ғана тауарлар қоғамдық  еңбектің
нәтижесі екенін анықтауға болады.
  Екіншіден, әр адамның еңбектегі, яғни қоғамдық өндірістегі үлесін де ақша
арқылы анықтауға болады.
  Үшіншіден, айырбас үрдісінде  ақшаның  делдалдық  етуімен  тауардың  ішкі
қайшылықтары да шешіледі.
  Өнеркәсібі өркендеген  мемлекеттерде  ақша  жиыны  құрамын  анықтау  үшін
негізгі ақша агрегаттарының төмендегі жиынтығын пайдаланады:
  М1  –  айналыстағы  қолма-қол  ақша  (банкноттар,  тиындар,   ал   кейбір
мемлекеттерде қазыналық билеттер) және банктік ағымдағы  шоттардағы  қаражат
(депозиттер) жатады;
  М2 – оған М1 агрегаты  және  мерзімді  төрт  жылға  дейінгі  коммерциялық
банктердегі мерзімді және жинақ салымдары кіреді;
  М3 – оған М2 агрегаты және арнаулы несие мекемелеріндегі жинақ  салымдары
кіреді;
  L  –  оған  М3  агрегаты  және  ірі  коммерциялық  банктердің  депозиттік
сертификаттары қосылады.
  Ақша сұранысын талқылағанда екі тұжырымға сүйенеді:
 - монетарлық;
 - кейнстік.
  Классиктер ақша сұранысын мына теңдеу арқылы түсіндіреді:


                      МV=PY


  M – айналымдағы ақша көлемі
  V – ақша айналымының жылдамдығы
  P- баға деңгейі
  Y - өнім шығару көлемі
  Сандық  теориясы  тұрғысынан  ақшаға  сұраныс  екі  мотивке  негізделеді.
Бірінші мотив бойынша адамдар  мен  фирмалар  ақшаны  төлем  құралы  ретінде
қажет етеді.
  Мәміле жасау үшін керекті ақша көлемі:
 - тауар жиынының көлемі;
 - баға;
 - жиынтық табыс;
 - ақша айналымының жылдамдығына тәуелді болады.
   Экономика   секторының  (тауар  нарығының)  және  ақша  нарығының  өзара
әсерінің тереңдетілген талдауын көрсету.  Тауар  нарығы  түсінігінде  қызмет
көрсету мен тұтыну тауарлары  нарығы  да  қарастырылады,    олардың   тұтыну
игілігінен   өзгешелігі  жоқ  деп  айтуға  болады.  Бұл  тауарлар  санаттары
арасында кейбір  ерекшеліктер  бар,  дегенмен  олар  өзара  сұраныспен  ғана
шарттасып тұр,  өйткені  тұтыну  мен  инвестицияланған   тауарларға    деген
сұраныстың   болуы түрлі айнымалы шамаларға байланысты.  Тұтыну  тауарларына
сұраныс негізінен табыспен байланысты, ал  инвестициялық  тауарлар  пайыздық
мөлшерлемемен  байланысты  болады.   Бірақ   бұл   айырмашылықтар   үстіртін
қарастырылған, өйткені тұтыну мен инвестицияланғанң тауарлардың нарығын бір-
бірінен шектеу үшін, оларды салыстырмалы бағаларын білу керек.
   Кейнс үлгісінше бұл жасалмаған, сондықтан да экономистер тауар нарығының
барлық түрлерін бір нарық деп қарастырады.
   Ақша  нарығы  —  бұл  қысқа  мерзімдік  несиелік  құралдарды,  қазыналық
вексельдер  мен  коммерциялық  қағаздарды  алып-сату  тетігі.  Бұл   нарықты
облигация нарығынан ажыратып қарастыру  керек.  Облигация  берілгсн  ақшаның
салыстырмалы бағасы — бұл облигациялардың пайыздық мөлшерлемесі.
    Біздің міндетіміз осы нарықтардың құрылымын тура анықтау,  бұл  жердегі
маңызды мәселе олардың  арасындағы  өзара  байланысын  табу.  АD-AS үлгісін
қарастырғанда бұл өзара байланыс болжанған өйткені тауар мен қызмет көрсету
бағаларының өзгеруі тікелей ақша сұранысына әсер етеді.
  Ақша нарығында пайыздық мөлшерлеменің ауытқуы  жиынтық шығындар  шамасына
әсер етеді. IS—LМ үлгісін ең алғаш рет Дж. Хикс  (Хикс  «кресі»)  1937  жылы
ұсынған.
А. Хансеннің 1949 жылы шыққан «Монетарлы теория және қазыналық саясат»  атты
кітабы арқылы ол көпшілікке мәлім болды, содан кейін ол  Хикс-Хансен  үлгісі
деп атальш кетті.
 IS—LМ үлгісі (инвестиция — қор жинағы, ұнамды өтімділік  — ақша) —  жиынтық
сұраныс функциясын анықтау үшін қажетті, экономикалық  факторды  айқындайтын
тауар-ақша  тепе-теңдігінің  үлгісі.  Тауар  және  ақша   нарықтарында   бір
мезгілде тепе-теңдік қалыптасу үшін, қажетті табыс  көлемі  Ү  пен  нарықтық
пайыз мөлшерлемесі R-дің тіркемесін табуға үлгі мүмкіндік береді.
Сондықтан  да,  IS-LМ  үлгісі  АD-AS    үлгісінің  нақтыланған  түрі   болып
табылады.
Инвестициялар пайыз мөлшерлемесінің  теріс  функциясы,  ал  тұтыну  —  нақты
табыстың  оң  функциясы  екенін  білеміз,  демек  жиынтық  сұраныс   теңдеуі
төмендегідей:
                                   АD = С (Ү) + I (R)
Ал ұсыныс, Кейнстің айтуынша, мынадай болады.  AS = С (Ү) + S (Ү)
Тауар нарығындағы тепе-теңдік жағдайы келесі теңдікті орындағанда ғана  орын
алады.
                                  I (R) = S (Ү)
Берілген теңдеуді Дж. Кейнс  анықтаған,  ол  тауар  нарығындағы  классикалық
тепе-теңдік жагдайы үлгісінен басқаша.
                                  I (R) = S (R)
Төмендегі  теңдеу  классикалық  үлгідегі  тауар  нарығындағы   тепе-тендікті
көрсетеді.   Бұл   тендеулердің   айырмашылығы   қор   жинағы   функциясының
аргументінде.
IS-LМ үлгісінің негізгі теңдеулері:
1) Ү = С + I + G + Хn - негізгі макроэкономикалық тепе-теңдік. Мұндағы:
2) С = а + Ь (Ү-Т) - тұтыну функциясы.
3)  I = е - d • R - инвестиция функциясы.
4)  Хn =g - m/ *Ү – n*R - таза экспорт функциясы.
5)  М/Р = к • Ү - һ • R - ақшаға сұраныс функциясы.
Үлгінің ішкі айнымалылары:
Ү (табыс), С  (тұтыну),  I  (инвестиция),  Хn  (таза  экспор),  R  (пайыздық
мөлшерлеме).
Үлгінің сыртқы айнымалылары:
G (мемлекеттік   шығындар),   Мs  (ақша   ұсынысы), t (салық мөлшерлемесі).
Эмпирикалық коэффициентер:
(а, Ь, е, d, g, m', n, k, һ) оң мәндер  және  салыстырмалы  түрде  қарағанда
тұрақты.
Қысқа   мерзім    кезеңінде    экономика    ресурстардың  толық  қамтылмаған
жағдайында болады.  (Ү≠Ү*),  баға деңгейі Р тұрақты (анықталған),  ал  пайыз
мөлшерлемесі R және жиынтық табыс Ү өзгермелі. Р  =  соnst  тұрақты  өйткені
барлық айнымалылар атаулы және нақты мәндері сәйкес келеді.
Ұзақ мерзім кезеңінде  экономика  ресурстардың  толық  қамтылған  жағдайында
болады.
(Ү=Ү*),   баға   деңғейі    Р    өзгермелі.    Бұл    жағдайда  айнымалы  Мs
(ақша ұсынысы) атаулы шама болады, ал үлгідегі  басқа  айнымалылар  -  нақты
шама болады.
IS қисығы тауар нарығындағы тепе-тецдікті керсетсді.
IS қисығы басқа факторлар тұрақты болған кездегі  (G,Т)  пайыз  мөлшерлемесі
(R) мен жиынтық табыс арасындағы байланысты көрсетеді.
IS қисығының қарапайым түрі  инвестициялар  мен  қор  жинағы  функцияларымен
тығыз байланысты. IS қисығының бойындағы кез келген нүктеде қор  жинағы  меи
инвестицияның тең екендігі көрінеді.
   А-суреттс қор жинағы функциясы бейнеленген. Табыстың  (өнім   көлемінің)
Ү1-ден  Y2-ге өсуіне   байланысты қор жинағы S1-ден S2-ге өседі.

   Қор жинағы                                                      Пайыздық
мөлшерлеме
  [pic]
                                                       Табыс,  өнім   көлемі

   Инвестиция
                                                                    А-сурет
        Ә-сурет


  Пайыздық мөлшерлеме
  [pic]
                                              Табыс, өнім көлемі
               Б-сурет
  Ә-суретте инвестиция функциясы   бейнеленген, қор  жинағының  өсуі  пайыз
мөлшерлемесін R1-ден R2-ге азайтады, ал инвестиция І1-дсн І2-ге  өседі.  Бұл
жагдайда I1=S1, ал I2=S2 болады.
  Б-суретте IS қисығы бейнеленген, пайыз мөлшерлемесі төмен  болған  сайын,
табыс деңгейі (немесе жиынтық сұраныс) соғұрлым жоғары  болады.  Егер  пайыз
мөлшерлемесі  жоғары болса,  онда табыс деңгейі   (немесе  жиынтық  сұраныс)
соғұрлым төмен болады. Жоғарыда тұрақты  деп болжанған  басқа  факторлар  IS
қисығын не жоғары немесе төмен қозғалтады. Мысалы,  егер  кез  келген  пайыз
мөлшерлемесінде    мемлекеттік   шығындар   өсетін   болса,   онда   жиынтық
сұраныстың өсуіне алып келеді. Мұндай жағдай IS қисығын оңға қарай  өсіреді.
Керісінше,
берілген  пайыз  мөлшерлемесінде  салық  мөлшері  мен  қолда  бар   табыстың
төмендеуін  күту  жиынтық  сұранысты  төмендетеді,  IS  қисығы  солға  қарай
қозғалады.
  LM қисығы ақша нарығындағы тепе-теңдікті көрсетеді. LM қисығының  графигі
– ақша ұсынысының
(Мs) белгілі бір мөлшерінде ақша нарығындағы  тепе-теңдікке  сәйкес  келетін
пайыз мөлшерлемесі мен жиынтық сұраныстың арасындағы байланысты көрсетеді.










  LM қисығының графигі
    А. Ақша нарығының нақты қоры                          Ә. LM қисығы
R                                                                          R

                                                                         Ms
                                LM


R2                                                                      R2


R1
R1
                                            M/D
                                           MD


                                                                        M/P
                          Y1      Y2      Y

   Дәрісті өздік қайталау үшін сұрақтар:
   1. Кейнстің психологиялық заңы нені білдіреді?
   2. Ұлттық банк ақша массасын қалай бақылайды?
   3. Ақша агрегаттарына сипаттама беріңіз.
   4. Фишер теңдеуі нені сипаттайды?
   5. Ақша-несие саясатының негізгі құралдары қандай?
   6. Қолма - қол ақша  депозиттер қатынасына әсер ететін факторларды
      атаңыз.


                          7-тақырып. Ашық экономика
   1. Ашық экономика ұғымы. Төлем теңгерімінің мәні және  құрылымы
   2. Халықаралық валюта жүйесі, валюта нарығы және валюта бағамын есептеу.
   3.  Макроэкономикалық  саясаттың  нақты  валюта   бағамына   және   төлем
   теңгеріміне әсері
   4. Қазақстан Республикасындағы валюта саясатының ерекшелігі

   Ашық  экономика  проблемаларын   талдау   сыртқы   сауданы   қарастырудан
басталады, өйткені халықаралық  экономикалық  қатынастардың  пегізін  сыртқы
сауда құрайды. Бұл жерде сыртқы сауданың  өнім  деңгейіне,  жұмысбастылыққа,
баға  және  басқа  айнымалыларға  әсері   макроэкономика   тұрғысынан   және
халықаралық саудада үлесі бар  жеке  тауарлардың,  экономикалық  агенттердің
пайдасы мен шығынын  бағалау  тұрғысынан  микроталдаулар  бір-бірімен  тығыз
байланысты.   Макроэкономикалық     талдау    барысында    ашық    экономика
проблемаларының  кейбіреуін  қарастырдық.  Өйткені  экспорт  пен   импорттың
көлемі ЖҰӨ деңгейіне, жұмысбастылыққа тікелей әсер етеді.  Бұл  көрсеткіштер
жалпы макроэкономикалық тепе-теңдікке әсерін тигізеді.
   Экспорттық салалардағы өндірістің  өсуі  шет  мемлекеттерде  қарастырылып
отырған   мемлекеттің   тауарларына   сұраныстың   өсуін   көрсетеді,    бұл
қарастырылып отырған мемлекеттің ЖҰӨ көлемін өсіреді.  Керісінше,  импорттың
өсуі шет мемлекеттердің тауарына сұранысты өсіреді, бұл жағдай  ЖҰӨ  көлемін
кемітеді. Кейнс үлгісіне сәйкес таза экспорттың экономикадағы жалпы  табысқа
әсері мультипликатор әсері арқылы өлшенеді.
Д. Рикардоныц салыстырмалы артықшылық теориясы. Халықаралық  сауда  теориясы
XIX ғасырдың басында  Давид  Рикардо  айтып  өткен  салыстырмалы  артықшылық
тұжырымдамасы  негізіндс  құрылды.  Д.Рикардодан  бұрын  бұл   проблемаларды
А.Смит зерттеген еді. А.Смит халықаралық сауданың  пайда  болуын  түсіндірді
жәпе әр түрлі мемлекеттерде тауар өндіруге  кететін  абсолютті  шығындарының
айырмашылығы  арқылы  пайда  табу  жолдарын  көрсетті.  Халықаралық  еңбекті
бөлісу  және  мамандыққа  бөлу  тиімді  деп  есептеледі.  Өйткені  әр  түрлі
мемлекеттерде  ресурстар  көлемі  мен  еңбек  жағдайлары   әр   түрлі,   бұл
ерекшеліктер мемлекеттер арасындағы артықшылықты туғызады.  Мысалы,  белгілі
бір тауарды аз шығынмен өндіру. А.Смиттің  абсолюттік  артықшылық  теориясы,
шаруашылықпеп айналысатын субъектілердің іс-әрекеттері принципі  халықаралық
сауда теориясьша да таралады.
      Егер де шет мемлекеттерден  тауарды  өз  мемлекетіне  қарағанда  төмен
бағаға сатып алуға болса,  онда  сол  тауарды  арзан  өпдіретін  мемлекеттен
сатып алган жөн.
      Еңбекті  бөлісу  және  мемлекеттердің   тауар   өндіруге   мамандануы,
өндірісте  абсолюттік  артықшылыққа  ие  бола  алатындығы  -  ішкі  тұтынуды
қанағаттандырғаннан   соң,   бұл   тауарларды   экспортқа   шығарып,   басқа
тауарлармен айырбастауга болады - мұның барлығы  жалпы  үнемдеуге  мүмкіндік
өсіреді. Д.Рикардоның теориясы халықаралық саудаға тағы  бір  қадам  жасады.
Бұл теорияның негізінде салыстырмалы артықшылық принципі жатыр.
      Халықаралық сауда көмегімен  мемлекеттер  мамандануды  дамытатындығын,
өзінің ресурстарын
тиімді пайдалана алатындығын, жалпы тауар көлемін  өсіре  алатынын  көреміз.
Жеке   мемлекеттер   салыстырмалы   артықшылыкпен   өндірілетін   гауарларға
мамандану арқылы ұтады.
      Мемлекеттер неге сауда жасайды деген сұраққа төмендегідей жауап бсруге
болады:
1.  Экономикалық ресурстар (табиги,  еңбек,  капитал)  әр  мемлекеттерде  әр
түрлі. Бір ел капиталсыйымды болса, екішпі ел еңбексыйымды болады.
2.  Әр түрлі тауарды тиімді  өндіру  әр  түрлі  технология  мен  ресурстарды
кажет етеді.
    Валюта  багамы  деп  бір  елдің  валютасы   екінші   елдің   валютасына
айырбастағандағы валюталардың қатынасын атаймыз.
    Мысалы: 153 тг = 1$, 70 тг = 1DM,  4тг= 1RR.
Қазіргі заманда валюта бағамын белгілеуде бір-біріне қарама-қарсы  екі  әдіс
бар:
1)   валютаның еркін айналымдағы бағамы;
2)   тағайындалатын валюта бағам әдісі.
    Валютаның   еркін    айналымдағы    бағамы    кезінде бағам ұсыныс  пен
сұраныстың  әсерінен  қалыптасады.Валютаның   еркін   айналымдағы   бағамына
көптеген факторлар әсер етеді. Олар:
• Тұтынушы  талғамының  өзгеруі.  Басқа  елдің  тауарына  деген  тұтынушының
талғамы, көзқарасы ол елдің валютасына қатты әсер етеді. Мысалы,  америкалық
машиналардың беделі артса, онда  тұтынушылар  оны  алуға  тырысып,  долларға
қосымша сұраныс тудырады. Немесе Қазақстанға    Ресейден   демалушылар   көп
келсе,   онда рубль ұсынысы көбейіп, арзандайды.
• Табыстың салыстырмалы  азаюы.  Бір  елдің  ұлттық  табысы  басқа  елдердің
ұлттық табысына қарағанда өсімі  салыстырмалы  жоғары  болған  жағдайда,  ол
елдің валюта бағамы төмендейді. Себебі елдің импорты  оның  табыс  деңгейіне
қатысты болады.
• Бағаның салыстырмалы өзгеруі.  Егер  Қазақстанда  баға  өссе,  ал  Ресейде
қалыпты  болса,  онда  қазақстандықтар  ресейліктердің  салыстырмалы   арзан
тауарын   тұтынуға   тырысып,   рубльге   қосымша   сұраныс   тудырады.   Ал
ресейліктердің  керісінше,  біздің тауарды  тұтынуға  деген  ынтасы  азайып,
рубль ұсынысын кемітеді. Бұл екі жағдай бірігіп теңгені құнсыздандырады.
• Салыстырмалы нақты пайыздық мөлшерлемелерінің өзгеруі.  Мынандай  жағдайды
ойластырайық. Қазақстанда инфляцияны тежеу мақсатында «Қымбат ақша»  саясаты
жүргізілді.  Нәтижесінде  инфляцияны есептей  отырып алынған нақты  пайыздық
мөлшерлеме мөлшері  басқа  елдерге    қарағанда    жоғары    болды.    Соның
арқасында  Қазақстан  инвестициялауға  өте  тиімді  елге  айналды,   ал   ол
инвесторларды (елдің экономикасы  тұрақты  болған  жағдайда)  теңгені  алуға
итермелейді.
• Алыпсатарлық. Қазақстан экономикасында: а) Ресей  экономикасына  қарағанда
жылдам өсу қарқыны болады деген жорамал  бар;  ә)  басқа  елдерге  қарағанда
инфляция жоғары болады деген қауіп  бар;  б)  төмен  мөлшерлеменің  пайыздық
мөлшері күтілуде. Ондай жағдайда теңгесі бар тұлғалар  қолындағы теңгені
басқа,   қалыпты   валютаға  айырбастауға  ұмтылады.  Ал  ол  сол   валютаға
сұранысты жоғарылатып, оны теңгеге қарағанда қымбаттатады.


       Дәрісті өздік қайталау үшін сұрақтар:
1. Халықаралық валюталық жүйенің қалыптасу және даму  кезеңдеріне  сипаттама
беріңіз.
2.  Қандай  жағдайда   валюталық   интервенция   мен   девальвация   саясаты
жүргізіледі ?
3. Валюталардың айырбас бағамы қалай есептелінеді?
4. Бюджеттік тапшылық және мемлекеттік қарыз мәселелерін шешу үшін
тұрақтандыру саясатының қандай шаралары бар ?
5. Төлем балансы дағдарысы және оны жою әдістері қалай айқындалады?




                        8-тақырып. Экономикалық өсу.
      1.Экономикалық өсу және оның қарқынын есептеу
      2.Экономикалық өсудің факторлық үлгісі. Солоу үлгісі.
      3.Қазақстан  Республикасындағы  экономикалық  өсудің  динамикасы  және
         дағдарысқа қарсы шаралар.


   Экономиканың өсуі кеңінен тараған құбылыс болып отыр.  Экономикада  болып
отыратын құлдырауларды ескерсек те, ұзақ мерзімді экономиканың  өсуі  треңді
ұлғаймалы. Сондықтан  экономиканың  тұрақты  өсуі,  адам  басына  шақкандағы
табыстың өсуі - бұл экономикадағы жаңа құбылыс. Бұл  құбылыс  дүние  жүзінің
көп мемлекеттерінде соңғы екі жүз жылдықта байқалып отыр.Экономиканың  өсуін
өлшеудің екі жолы бар.
1) Макроэкономикалық    көрсеткіштердіц    мәнінің өсуі (ЖҰӨ, ЖІӨ,  ТҰӨ,  ҰТ
немесе адам басына шаққандағы тұтынудың өсуі).
2)  Әлеуметтік  институттар   үрдісінің   өзгерісі   (Жеке   меншік   құқығы
құрылымының өзгеруі, өндірісті ұйымдастыру және бөлу  формаларының  өзгерісі
және  т.б.).  Бұл  жағдайлар  экономикалық  өсудіц  бір   деңгейден   екінші
деңгейге  ауысуына   негіз  болады.  Жоғарыдағы  әдістемеге  байланысты  өсу
теориясында үш бағытты атап отуге болады.
-  неокейнстік
- неоклассикалық
- тарихи-әлеуметтік.
      Неге   экономикалық   өсу   қажетті   экономикалық   мақсат    ретінде
қарастырылады? Жан басына шаққандағы жалпы  өнімнің  өсуі  халық  жағдайының
көтерілуіне әкеледі. Қойылған сұраққа жауап басқа түрде және  басқа  әдіспен
құралуы мүмкін. Өсіп келе жатқан экономика жаңа  түтынуларды  қанағаттандыра
алады және әлеуметтік-экономикалық ахуалдарды шеше алады.  Экономикалық  өсу
ресурс шектелуінің, ахуалын шешуді жеңілдетеді.
      Экономиканың өсуінің қайнар көзі неде?  Кез  келгеп  мемлекеттің  өсуі
негізгі алты фактордан тәуелді. Олар:
1) Табиги ресурстардың сапасы мен көлемі
2) Еңбек ресурстарының сапасы мен саны
3) Негізгі капитал қорының көлемі
4) Технология
      Экономиканың өсуіне әсер ететін осы төрт факторды ұсыны факторлары деп
  айтуға болады. Дәл  осылар  өндірістің  өсуіне  мүмкіндік  береді.  Сапалы
ресурстар және технологиялық  әлует  бірігіп  нақты  өнім  көлемін  өндіруді
ұлғайтады. Экономиканың өсуіне әсер ететін соңғы екі  факторды  қарастырсақ,
олар:
1)   Сұраныс факторы
2)   Бөлу, тарату факторы
Өндіріс әлуетін дұрыс пайдалану үшін, өндірумен қатар  өндірген  өнімді  дер
кезінде сатуда маңызды. Экопомикамың өсуіне әсер ететін сұраныс және  ұсыныс
факторлары бір-бірімен тыгыз байланысты.


   Дәрісті өздік қайталау үшін сұрақтар:

   1. Қор жинау мен инвестиция экономикалық өсуге қалай әсер етеді?
   2. Экономикалық өсуді  қалай есептейді?
   3. Экономикалық өсудің Солоу үлгісінің ерекшелігі.



3. ПРАКТИКАЛЫҚ  ЖӘНЕ ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТАР

3.1.Сарамандық сабақ құрылымы:


Тақырып 1. Макроэкономика пәніне кіріспе.

Сарамандық сабақ сұрақтары

1. Макроэкономикалық теорияның даму кезеңдері , қазiргi  макроэкономика
пәнi және  мiндеттерi
2.Макроэкономикалық    үлгілер, айнымалылар мен агенттер.
3. Макроэкономикалық ағымдар айналымын.

Cабақ мақсаты:  Макроэкономикалық теория пәнін, құрылымын зерттеу.
Экономикалық саясаттың мәні мен түрлерін танып білу.Нормативті және
позитивті экономика, макроэкономикалық үлгілер, ағындар, қорлар,
айнымалылар, ашық және жабық экономика, көрсеткіштер ұғымдарымен танысу.

Әңгіме өткізуге және өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
   1. Макроэкономиканың микроэкономикадан айырмашылығы қандай?
   2. Макроэкономиканың зерттейтін негізгі мәселелеріне не жатады?
   3. Экономикалық саясат дегеніміз не ? Оның қандай түрлері бар?
   4. Макроэкономиканың мақсаттары мен міндеттеріне нелер жатады?
   5. Нормативті және позитивті экономика дегеніміз не?
   6. Макроэкономикалық үлгілер мен айнымалылар нені білдіреді?
   7. Макроэкономикалық үлгілердің қандай түрлері бар?
   8. Экономикалық агенттер дегеніміз кімдер?
   9. Ағымдар мен қорлардың айырмашылығы қандай?
  10. Абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштердің айырмашылығы?
  11. Ашық және жабық экономиканың айырмашылығы қандай?
  12. Макроэкономикалық ағымдар айналымын сипаттаңыз.
  13. Макроэкономикалық теорияның қандай мектептері бар?

Мәнжазба мен баяндама тақырыптары.
 1.Қазіргі макроэкономикалық ойдың  дамуының негізгі бағыттары.
 2.ҚР-ның макроэкономикалық саясатының ерекшеліктері.


Сабақтың өту барысы:
1. Ауызша сұрау
2.Экономикалық категориялар мен терминдер бойынша  диктант
3. Мәнжазба мен баяндама беру

Тақырып 2. Макроэкономикалық өлшемдер




Сарамандық сабақ сұрақтары

   1. Ұлттық есептеу жүйесі. Негізгі макроэкономикалық  көрсеткіштер.
   2. ЖҰӨ есептеу әдістері.
   3. Баға индекстерінің түрлері мен айырмашылығы.
   4. Негізгі макроэкономикалық теңдіктер

Cабақ  мақсаты:   ЖҰӨ  және  ЖІӨ  ұғымдарының  мәнін  ашу,   ұқсастығы   мен
айырмашылығын білу.ТҰӨ, ҰТ, ЖТ,ҚЖТ, ұғымдарынның мәнін ашу.  ЖҰӨ  есептеудің
әдістерін білу. Баға индекстерінің түрлері мен айырмашылығын айқындау.

Әңгіме өткізуге және өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
   1. Ұлттық есептеу жүйесіне сипаттама беріңіз.
2. ҚР табиғи, материалдық, қаржылық , өндірістік және еңбек  ресурстары  мен
   потенциалын сипаттаңыз.
   3. ЖҰӨ және ЖІӨ ұғымдарының ұқсастығы мен айырмашылығы қандай?
4. ЖҰӨ  және  ЖІӨ  басқа  қандай  көрсеткіштер  ұлттық  экономиканың  дамуын
   сипаттайды?
   5. 2000-2009 жж. Қазақстанның ЖІӨ даму динамикасын қалай бағалар едіңіз?
   6. ЖҰӨ есептеудің әдістеріне тоқталыңыз.
   7. ЖҰӨ түрлерінің айырмашылығы қандай?
8.  Баға индексі не үшін қолданылады және оның қандай түрлері бар?
9.  Қандай негізгі макроэкономикалық теңдіктерді білесіз?

Мәнжазба мен баяндама тақырыптары.
1.ҚР-ның экономикасына сипаттама.
2.Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің динамикасын талдау.

Сабақтың өту барысы:
1. Ауызша сұрау
2.Экономикалық категориялар мен терминдер бойынша  диктант
3. Мәнжазба мен баяндама беру


Тақырып 3. Макроэкономикалық тұрақсыздық. Инфляция және жұмыссыздық..

Сарамандық сабақ сұрақтары

   1. Экономикалық цикл  ұғымы мен фазалары.
   2. Жұмыспен қамту мен жұмыссыздық
   3. Инфляция мәні,түрлері және оны есептеу.
   4. ҚР-ғы жұмыссыздық пен инфляцияға қарсы саясат


 Cабақ мақсаты:  Экономикалық  цикл  оның  түрлері  мен  фазаларын  анықтау
 Жұмыссыздықтың     әлеуметтiк     және     экономикалық     мәнi      және
 түрлерi.Жұмыссыздықты мемлекеттiк  реттеу  және  жұмыссыздарды  әлеуметтiк
 қорғау. Инфляция дегеніміз не және оның түрлерін анықтау..Инфляцияға қарсы
 шаралар:мен оның бағыттары . Филлипс қисығын талдау.

Әңгіме өткізуге және өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1.   Экономикалық цикл  ұғымы және оның түрлері
   1. Экономикалық цикл фазаларының сипаттамасы
2. Жұмысшы күші құрамына кімдер кірмейді?
3. Жұмысшы күші және жұмыспен қамту дегеніміз не?
4. Жұмыссыздықтың түрлері қандай?
5. Табиғи жұмыссыздық қандай жұмыссыздықтан тұрады?
6. Жұмыспен қамту және жұмыссыздық деңгейлері қалай есептеледі?
7. Қазақстандағы жұмыспен қамту және жұмыссыздық мәселелерінің
   ерекшеліктері қандай?
8. Оукен заңы қандай байланысты көрсетеді?
9. Инфляция деген не?
10.  Инфляцияның негізгі себептері қандай?
11. Инфляцияға қарсы саясаттың екі нұсқасының мәні қандай?
12. 20 ғ. 90 ж. бастап 21 ғ. басына дейінгі ҚР-ғы инфляцияның өзгеру
   динамикасын қысқаша сипаттаңдар.
13. Филипс қисығының мәнін түсіндіріңіз.
14. Адаптивті және рациональді күту теорияларын түсіндіріңіз.
15. Еңбек нарығында нақты жалақы қалай анықталады?

Мәнжазба мен баяндама тақырыптары.
        1- Қазақстандағы жұмыспен қамту және жұмыссыздық мәселелерінің
           ерекшеліктері
        2- ҚР-ғы инфляцияның өзгеру динамикасын талдау
        3- Әлемдік экономикалық циклдарды талдау.

Сабақтың өту барысы:
1. Ауызша сұрау
2.Экономикалық категориялар мен терминдер бойынша  диктант
3. Мәнжазба мен баяндама беру

Тақырып 4. Ұлттық табыс: өндіріс, бөлу және тұтыну

Сарамандық сабақ сұрақтары

          1. Ұлттық табыстың қалыптасуы мен бөліну
          2. Тұтыну мен қор жинау мән мен функциялары
          3. Инвестиция ұғымы және функциясы, мультипликаторы.

Cабақ мақсаты:  Өндірістік функция, оның ерекшелігін айқындау.Ұлттық
табыстың қалыптасуы мен бөлінуін қарастыру.Тұтыну, қор жинау мен
инвестицияның мәнін ашу, функцияларын,факторларын анықтау. Тұтыну мен қор
жинауға орташа және шекті бейімділікті анықтау. Инвестиция
мультипликаторының әсерін талдау.

Әңгіме өткізуге және өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
 4.  Өндірістік функция, оның ерекшелігін
 5. Экономикада ұлттық табыс қалай бөлінеді?
 6. Игіліктер нарығы дегеніміз не?
 7. Тұтыну мен қор жинау дегеніміз не?
 8. Тұтыну функциясы мен қор жинау функциясы нені білдіреді?
 9. Тұтыну мен қор жинау динамикасының факторлары қандай?
10. Тұтынуға және қор жинауға шекті бейімділік дегеніміз  не?
11. Кейнстің психологиялық заңының мәні қандай?
12. Инвестиция ұғымы және оның түрлері.
13. Инвестиция мультипликаторының маңызы қандай?
14. Инвестиция функциясы қандай түрде болады?

Мәнжазба мен баяндама тақырыптары.
       1. ҚР –ның ұлттық табыстың қалыптасуы мен бөліну ерекшелігі.
       2. ҚР-ғы инвестициялық саясаттың негізгі мәселелері.
       3. ҚР-ның индустриялды-инновациялық даму стратегиясы.

Сабақтың өту барысы:
1. Ауызша сұрау
2.Экономикалық категориялар мен терминдер бойынша  диктант
3. Мәнжазба мен баяндама беру

Тақырып 5 . Жиынтық ұсыныс және жиынтық сұраныс. AD-AS үлгісі.
 Сарамандық сабақ сұрақтары
1.Жиынтық сұраныстың мәнi ,жиынтық сұранысқа әсер ететiн бағалы емес
факторлар
2.Жиынтық  ұсыныс мәнi, ұсынысқа әсер етушi  бағалық емес  факторлар.Жиынтық
ұсыныстың үлгілері.
3. Жалпы макроэкономикалық қысқа және ұзақмерзімді тепе-теңдік.
4.Тұрақтандырушы саясат.


Cабақ мақсаты:  Жиынтық сұраным мен жиынтық ұсыным ұғымы.  Макроэкономикалық
тепе-теңдік.Нарықтық тепе-теңдікті зерттеу.   Жиынтық  сұраным  мен  жиынтық
ұсынымның талықсытпалары. Қысқа  мерзімдегі  және  ұзақ  мерзімдегі  жиынтық
сұраныс пен жиынтық            ұсыныстың тепе – теңдігін талдау.

Әңгіме өткізуге және өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

   2. Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс ұғымдарына анықтама беріңіз.
   3. Жиынтық сұраныстың бағалық емес факторларына сипаттама беріңіз.
   4. Жиынтық ұсынысқа бағалық факторлардың әсерін талдаңыз.
   5. Жиынтық ұсыныстың классикалық  үлгісінің ерекшеліктерін талдаңыз.
   6. Жиынтық ұсыныстың кейнсиандық үлгісінің ерекшеліктерін талдаңыз.
   7.  Қысқа мерзімдегі және ұзақ мерзімдегі жиынтық сұраныс пен жиынтық
           ұсыныстың тепе - теңдігін талдаңыз.


Мәнжазба мен баяндама тақырыптары.
1. ҚР-ғы  жиынтық сұранысты ынталандыру   саясаты мен әдістері.
2. ҚР-ғы  жиынтық ұсыныстың факторлары, олардың өзара әсері.



Сабақтың өту барысы:
1. Ауызша сұрау
2.Экономикалық категориялар мен терминдер бойынша  диктант
3. Мәнжазба мен баяндама беру

Тақырып 6. Тауар және ақша нарығындағы макроэкономика-лық  тепе-теңдік.  IS-
LM үлгісі.

Сарамандық сабақ сұрақтары


          1. Кейнс кресті. Жиынтық сұранысқа мемлекеттік шығындардың әсері.
             Кейнстің психологялық заңы.
          2. Игіліктер нарығы.  IS қисығын шығару.
          3. Ақша нарығы. LM қисығын тұрғызу.
          4. Ұлттық банктің ақша-несие саясаты мен құралдары.
          5. IS-LM моделін талдау, және монетарлық, фискальды саясаттарының
             ықпалын талдау.

Cабақ мақсаты:  Жиынтық сұранысқа мемлекеттік шығындар мен салық
мультипликаторының әсерін қарастыру.Кейнстің психологиялық заңының,
үнемділік оғаштығының мәнін түсіну. Игіліктер нарығын талдау. Ақша
нарығындағы тепе-теңдікті талдау. Ақша-несие және бюджет-салық
саясаттарының құралдарын анықтау. IS-LM моделін шығару. Өтімділік қақпаны
мен ығыстыру әсерін талдау.

Әңгіме өткізуге және өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
   7. Жиынтық сұранысқа мемлекеттік шығындардың әсері қандай?
   8. Мемлекеттік шығындар және салық мультипликаторының әсерін көрсетіңіз
   9. Салық функциясы нені білдіреді?
  10. Үнемділік парадоксы дегеніміз не?
  11. Игіліктер нарығындағы тепе - теңдік қандай жағдайда орнайды?
  12. IS қисығын  тұрғызыңыз
  13. IS қисығына қазынашылық саясат қалай әсер етеді?
  14. Қандай жағдайда және шарттарда ақша-несие және бюджеттік-салықтық
      саясат бір-біріне қарама-қайшы болады, ал қандай жағдайда бір бағытта
      қолданылады?
  15. Ақша-несие саясатының құралдарын қандай себептерге байланысты
      таңдайды?
  16. LM қисығын тұрғызып, түсіндіріңіз
  17. Нақты ақша қалдықтарына сұраныс неге тәуелді?
  18. Ақша ұсынысы немен сипатталады?
  19. Резервтер депозиттер қатынасына қандай факторлар ықпал етеді?
  20. Ақша сұранысының мотивтері қандай?
  21. Ақша мультипликаторының әсерін түсіндіріңіз.
  22. Боумоль Тобин үлгіінің ерекшелігі қандай?
  23. Арзан ақша саясаты қандай жағдайда қолданылады?
  24. Қымбат ақша саясаты қандай жағдайда қолданылады?
  25. Тауар және ақша нарығындағы тепе-теңдік қандай жағдайда орын алады?
  26. IS-LM моделін тұрғызыңыз.
  27. Өтімділік қақпаны дегеніміз қандай құбылыс?
  28. Ығыстыру әсері қандай жағдайда қалыптасады?
  29. IS-LM моделіндегі қазынашылық саясатты талдаңыз.
  30. IS-LM моделіне монетарлық саясаттың ықпалын талдаңыз.
  31. IS-LM қисықтарының орналасу ерекшеліктері қандай?

Мәнжазба мен баяндама тақырыптары.
       4. Қазақстан Республикасындағы ақша-несие саясатының негізгі
          мәселелері
       5. Қазақстан Республикасындағы бюджет-салық саясатының негізгі
          құралдары,олардың әрекет ету механизмі.
       6. Игіліктер мен ақша нарығындағы тепе- теңдіктің ерекшеліктері.
       7. IS-LM моделіне монетарлық және фискальді саясаттарының ықпалы.

Сабақтың өту барысы:
1. Ауызша сұрау
2.Экономикалық категориялар мен терминдер бойынша  диктант
3. Мәнжазба мен баяндама беру

Тақырып 7. Ашық экономика

Сарамандық сабақ сұрақтары


          1. Валюта нарығы, валюта жүйесі және валюталық саясат
          2. Төлем теңгерімі,құрылымы және оны реттеу
          3. Ашық экономикадағы бюджеттік-салықтық және ақша-несиелік саясат
          4. ҚР –ның валюта бағамының динамикасын талдау

Cабақ мақсаты : Валюта нарығының, валюта сұранымы мен ұсынымының,  валюталық
саясаттың мәнін  ашу.  Валюта  жүйесі  мен  валюта  бағамының  түрлері  және
айырмашылықтары.Төлем  теңгерімінің   мәнін,   құрылымын,   артықшылық   пен
тапшылық жағдайын және оны  ҰБ  реттеу  ерекшеліктерін  білу.Ашық  нарықтағы
валюталық, монетарлық және фискальді саясаттарының өзара әрекетін талдау.

Әңгіме өткізуге және өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

    1. Валюта жүйесінің даму кезеңдері
    2. Валюта нарығы дегеніміз не?
    3. Валюта сұранымы мен ұсынымы
    4. Валюта бағамы және оның түрлері
    5. Бекітілген және қалқымалы валюта бағамының айырмашылығы
    6. Атаулы және ағымдағы валюта бағамының айырмашылығы
    7. Сатып алу қабілетінің паритеті дегеніміз не?
    8. Валюталық саясат және оның түрлері
    9. Төлем теңгерімі дегеніміз не?
   10. Төлем теңгерімінің құрылымы қандай?
   11. Сауда теңгерімі дегеніміз не?
   12. Ағымдағы операциялар шоты дегеніміз не?
   13. Капитал қозғалысының шоты нені білдіреді?
   14. Төлем теңгерімінің тапшылығы нені білдіреді?
   15. Төлем теңгерімінің артықшылығы дегеніміз не?
   16. Төлем теңгерімінің дағдарысы нені білдіреді?
   17. Төлем теңгерімін реттеуде Ұлттық банк қандай әдістер қолданады?
   18. Бюджеттік-салықтық саясаттың валюта бағамына және төлем  теңгеріміна
       әсері
   19. Ақша-несиелік саясаттың валюта бағамына және төлем теңгеріміна әсері
   20. Төлем теңгерімі мен валюта бағамының өзара байланысы
   21. Қазақстан Республикасының валюта бағамының динамикасын талдау


Мәнжазба мен баяндама тақырыптары.
1.ҚР-ның төлем балансының динамикасы мен ерекшеліктері
2.ҚР Ұлттық валютасының қалыптасуы, даму динамикасы.

Сабақтың өту барысы:
1. Ауызша сұрау
2.Экономикалық категориялар мен терминдер бойынша  диктант
3. Мәнжазба мен баяндама беру


Тақырып 8. Экономикалық өсу
Сарамандық сабақ сұрақтары

1. Экономика өсудің мәні, факторлары мен қарқыны
2.Экономикалық өсудің үлгілері.Солоу үлгісінің маңызы
3. Дамыған және дамушы елдердің экономикалық өсу ерекшеліктері.
4. Қазіргі кездегі ҚР экономикалық өсудің ерекшеліктері

Cабақ мақсаты :  Макроэкономикалық  өсуді  талдау  мен  оның  ерекшелiктерiн
анықтау.Фактролардың экономикалық  өсуге  ықпалын  анықтау.  Фелпстың  алтын
ережесінің  маңызын  ашу.Дамыған  және  дамушы  елдердің  экономикалық   өсу
ерекшеліктерін айқындау. Факторлық өсу үлгісі. Капиталдың қорлануы.  Қорлану
мөлшері  белгілі  жағдайда  капиталмен   қаруланудың   деңгейін   өндірістік
функциямен байланыстырып мәнін ашу.

Әңгіме өткізуге және өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

   4. Экономика өсудің мәні неден көрінеді?
   5. Экстенсивті  және интенсивті экономика өсудің айырмашылығы қандай?
   6. Экономикалық өсудің факторлары қандай?
   7. Өндірістік функцияның мәні мен маңызы қандай?
   8. Экономикалық өсудің үлгілеріне салыстырмалы талдау жасаңыздар.
   9. Фелпстың алтын ережесінің маңызы неде?
  10. Экономикалық өсудің қандай стратегиялары бар?
  11. ҚР экономикалық өсудің ұзақ мерзімді тенденциясы қандай?
  12. Қазіргі кездегі ҚР экономикалық өсудің ерекшеліктері.
  13. Дамыған және дамушы елдердің экономикалық өсу ерекшеліктері.


Мәнжазба мен баяндама тақырыптары.
              1. Қазақстан Республикасының экономикалық өсудің басты
                 көрсеткіштері  бойынша статистикалық мәліметтер жинау.
              2. Әлемдік  дағдарыстың  ҚР  экономикалық  өсуіне  әсері  және
                 дағдарысқа қарсы шаралары



Сабақтың өту барысы:
1. Ауызша сұрау
2.Экономикалық категориялар мен терминдер бойынша  диктант
3. Мәнжазба мен баяндама беру

      3.2 Практикалық сабақтардың тапсырмалары

                  1. Макроэкономикалық көрсеткіштер


                                                 ЕСЕП

1.Экономикада келесі мәліметтер берілген(млрд. теңге)

Трансферттік                                                        төлемдер
6,0
Жалпы ішкі инвестициялар                                              18,4
Бизнеске салынатын жанама салық                                  9,0
Таза                                                                 экспорт
        2,2
Корпорацияның бөлінбеген пайдасы                               4,9
Амортизация
      8,9
Жеке тұтыну шығындары                                                  88,2
Корпорацияның пайдасына салынатын салық                2,6
Әлеуметтік сақтандыру салымдары                                 0,5
Қызметтер мен тауарларды мемлекеттік сатып алу       9,8
Жеке                              табыс                               салығы
 4,8
      Есептеңдер:
      a) ЖҰӨ көрсеткіштерін және жеке  қолда  бар  табыстың  көрсеткіштерін
         есептеңдер.
       ә) Жеке жинақтардың көлемі қанша?
      b) Экономикадағы капитал қорының көлемі қаншаға өсті?
                   Қолда бар табыс  жеке  табыстан  жеке  табысқа  салынатын
   салықты алғанға тең:
                   ҚТ=98,7- 4,8=93,9
2. Экономика жағдайы келесі көрсеткіштермен берілген:
     - Тұтыну шығындары (С) =4600
     - Инвестициялар (I)=1400
     - Мемлекеттік шығындар (G)=1600
     - Мемлекеттік трансферттер (ТR)=200
     - Мемлекеттік қарыз бойынша %-ды төлеу (N)=200
     - Салықтар (Т) =1900
 Есептеңдер:
    a) Жеке жинақтар;
    ә) Мемлекеттік жинақтар;
        б)Мемлекеттік  облигациялардың  бағасын  (құнын)  және   мемлекеттік
                                                                   бюджеттің
тапшылығын жабу үшін шығарылған қосымша ақша көлемін.
Мына жағдай анық: тапшылық 50%-ға облигация шығарумен қаржыландырылады.
3.  Игілік өндіріледі және тұтынылады дейік. Кестеде  саны  және  бағасы  (1
бірлікке) 2 кезеңге  берілген  Ласпейрес  индексін,  Пааше  индексін,  Фишер
индексін (1992 ж.- базистік кезең) есептеңдер:
|       Жылдар      |1992         |1992        |2002         |2002        |
|                   |Бағасы       |Саны        |Бағасы       |Саны        |
|   Кітаптар        |20           |20          |30           |7           |
|   Джинсілер       |52           |10          |75           |5           |
|   Теледидарлар    |1200         |5           |800          |3           |


        4.  Кестеде берілген мәлімет бойынша мыналарды есептеңдер:
    a) Табыстар ағыны бойынша ЖҰӨ көлемін;
    ә) Шығындар ағыны бойынша ЖҰӨ көлемін;
    б) ТҰӨ көлемін;
    в) ҰТ көлемін.
|                                    Есепшот                     |Млрд.теңге |
|1. |Несиенің пайызы                                            |      15   |
|2. |Жалпы жеке инвестициялар                                   |      75   |
|3. |Жалақы және еңбекақы                                       |      315  |
|4. |Корпорация пайдасы                                         |      225  |
|5. |Жанама салықтар, салықтық емес міндеттемелер және жеке     |      45   |
|   |кәсіпкерлер төлейтін трансферттік төлемдер                 |           |
|6. |Жалға алынатын мүліктің иелеріне төленетін ренталық        |       40  |
|   |төлемдер                                                   |           |
|7. |Корпорация пайдасына салынатын салық                       |       60  |
|8. |Тауарлар мен қызметтің таза экспорты                       |       15  |
|9. |Тауар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу                |       100 |
|10.|Таза жеке инвестициялар                                    |       65  |
|11.|Жеке меншіктен түсетін табыс                               |       42  |
|12.|Мемлекеттік кәсіпорынға таза субсидиялар                   |       4   |
|13.|Халыққа төленетін трансферттік төлемдер                    |       33  |
|14.|Тұтыну шығындары                                           |       350 |


 5. Ұлттық өндіріс  2  тауарды  қосады  дейік:  х  (тұтыну  тауары)  және  у
(өндіріс құрал-жабдығы). Ағымды жылда – 500 бірлік x (1 бірлік  бағасы  –  2
теңге) және 20 бірлік y (1 бірлік  бағасы  –  10  теңге)  тауар  өндірілген.
Ағымды  жылдың  аяғында  50  пайдаланылатын   машиналар   (y   тауар)   жаңа
тауарлармен ауыстырылуы керек. Есептеңдер:
            а) ЖҰӨ көлемін
            ә) ТҰӨ көлемін
            б) Тұтыну көлемін және жалпы инвестиция көлемін.
            в) Тұтыну көлемін және таза инвестиция көлемін.


       2.Макроэкономикалық тұрақсыздық, экономикалық циклдер,  жұмыссыздық,
инфляция.

                              ЕСЕП

          1.   Жұмысбастылық   пен    жұмыс    күші    тұрғысынан    алғанда
төмендегі  тұлғалардың  статусын  анықтаңдар,  олар  былай  жіктелген:
                    - жұмысбастылар  (ЖБ)
                    - жұмыссыздар  (ЖС)
                    - жұмыс  күшіне  қосылмайтындар  (ЖКҚ)
              а) Өзінің   қалауымен  жұмыстан  босатылған  жұмысшы
              ә) Толық  емес  жұмыс  күніне  ауыстырылған  жұмысшы
               б)   Өзінің    денсаулығына    байланысты    жұмыс    істеуге
жарамайтын
мұғалім
              в) Ұзақ   уақыт   бойы   жұмыс   таба   алмай,   оны   іздеуді
қойған  жұмыстан  босатылған  жұмысшы
              г) Күндізгі  оқуда  оқитын  студент
              д) Кешкі  мезгілде  оқитын  автокөлік  жөндеушісі
              е) Үй  шаруасындағы  адам
              ж) Белгілі  бір  уақытын  кітапханашы  болып  жұмыс   істеумен
 өткізетін  үй  шаруасындағы  адам
         2.  Төмендегі  кестеде  белгілі  бір  кезеңнің   1-ші   және   5-ші
жылдарындағы    еңбек    ресурстары     мен     жұмыспен     қамтылғандықтың
көрсеткіштері  берілген.

|                               |Бірінші жыл       |Бесінші жыл            |
|                               |                  |                       |
|Жұмыс күші                     |84889             |95453                  |
|Жұмыспен қамтамасыз етілгендер |80796             |87524                  |
|Жұмыссыздар                    |-                 |-                      |
|Жұмыссыздық көлемі             |-                 |-                      |


               а) Бірінші  және  бесінші  жылдағы   жұмыссыздар   саны   мен
жұмыссыздық  көлемін  анықтаңдар
               ә) Жұмыспен  қамтылғандар  мен  жұмыссыздар  санының   бірдей
 өсуін  қалай  түсіндіруге  болады?
              б) Қарастырылып  отырған  кезеңнің  бесінші  жылында   адамдар
 толық  жұмыспен  қамтылған  деуге  бола  ма?
    3. Келесідей  деректер  бар:
       Жұмыспен  қамтылғандар  саны  90 млн   адам.
       Жұмыссыздар  саны 10 млн   адам.
       Жұмыссыздық  көлемін  анықтаңдар.
       90 млн  жұмыспен  қамтылған  адамдардан   бір   ай   өткеннен   кейін
       0,5 млн  адам  жұмыстан  шығарылған  еді;  1  млн   ресми   тіркелген
       жұмыссыздар  жұмыс  іздеуді  тоқтатқан.  Мыналарды  анықтаңыздар:
          а) жұмыспен  қамтылғандардың  санын;
          ә) жұмыссыздар  санын;
          б) жұмыссыздық  көлемін.
    4. Нақты  табыс  қалай өзгереді, егер:
       а) атаулы табыс 10 %,  баға  көлемі  7 %   өссе;
       ә) атаулы  табыс  30 мың долл.,  ал  баға  индексі  сол  жылы  106-ға
        тең  болған.
           а) Экономикада  x  және  y  тауарлары   өндіріледі.   Тұтынушылар
       табысының  жартысын  x  тауарын  және  қалған  жартысын   y   тауарын
       сатып  алуға  жұмсайды.  Бір  жыл  ішінде  x  тауарының  бағасы   5%,
       ал y  тауарының   бағасы   15%   өсті.   Тұтыну   тауарларының   баға
       индексін  анықтаңдар ( өткен  жылғы  баға  индексі  =100).
       ә) Дәл  сондай  өндірістік   және   бағалық   шарттарда   x   тауарын
       сатып   алу    үшін    тұтынушылар    табысының    жартысынан    көбі
       жұмсалады.  Тұтыну  тауарларының  баға  индексін  анықтаңдар.




                     4.Ұлттық табыс қалыптасу мен бөліну

                                        ЕСЕП

  1. Өнім  шығару  көлемі   жоспарланған   шығыннан   асқан   кезде,   онда
     төмендегі  тұжырымдарды  айтуға  болады
    а)   Өткізілмеген   өнім   қоры   өседі,   ал   өнім   шығару    деңгейі
  төмендейді
  ә)  Өткізілмеген  өнімм  қоры  өседі   және   өнім   шығару   деңгейі   де
  өседі
  б)  Өткізілмеген  өнім  қоры  төмендейді  және  өнім  шығару  деңгейі   де
  төмендейді
  в)  Өткізілмеген  өнім   қоры   төмендейді,   ал   өнім   шығару   деңгейі
  өседі
  2. Жаңа  технологиялық  құрал  енгізгеннен  кейін  банк  жүйесінде   ақша
     айналу   жылдамдығы   көбейеді.   Орталық   банк   экономикада    өнім
     көлемі  және   баға   деңгейін   қалыптастыру   үшін   ақша   ұсынысын
     өзгертті.  Орталық  банктің  қалыптастыру  саясыты   қалай   болатынын
     графикте  көрсетіңдер.
  3.  Алғашында   экономика   өзінің   әлуетті   (Y*)   деңгейінде    жұмыс
     істейді   дейік.   Кейіннен   шок   әсерінен   әрбір   баға    деңгейі
     белгісінде  жиынтық   сұраныс   төмендейді.   Бұл   қатаң   жағдайында
     тудырады:
  а)  Жұмыссыздық  деңгейінің  жоғарылауын
  ә)  Экономикадағы  капитал  қорының  азаюын
  б)  Әлуетті  ЖҰӨ  төмендеуін
  в)  Жұмыс  айлығының  және  бағаның  жоғарылауын
  4. Экономика  келесі  көрсеткіштермен  сипатталады:
               Y = C + I + G + Xn
               C = 300 + 0,8Yd
               I = 200 + 0,2Y
               Xn = 100 - 0,04Y
               G = 200
               t= 0,2
  Анықау  керек:
  а)  Табыстың  тепе-теңдік  деңгейін;
  ә)  Автономды  шығындар  мультипликаторының  көлемін.
   5.Экономика  төменгі  мәліметтермен  өрнектелген.
Нақты  табыс  Y = 4000 долл.  Тұтынудың  шекті  бейімділігі  МРС = 0,8.
Тепе- теңдік табыс  Y* = 4200 долл.
   1. а)  Экономика  тепе-теңдік  жағдайда  болуы  үшін  (Y* = 4200 долл.)
      мемлекеттік  шығындар  қалай  өзгеруге  тиісті?  ( Басқа  шарттары
      тұрақты  деп  жорамалдаймыз.)
      ә)  Экономика  тепе-теңдік  жағдайда  болуы  үшін  салық  түсімі
      қалай  өзгеруге  тиісті?
         6.  А  мемлекетіндегі   экономиканы   кейнс   үлгісі   төмендегідей
бейнелейді.
(Баға тұрақты деп жорамалдаймыз.)
       1) Cd=200 + 0,8 Yd – болжанған тұтыну шығындары.
       2) GNP=Yd – ЖҰӨ
       3) Id=160 – болжанған инвестиция
       4) G=500 млн.долл.
       Таза экспорт нөлге тең.
       Y=(GNP – 500)+200+0,8   160+500
  Табу керек
       a) А мемлекеті үшін жиынтық шығындар қисығын салу
       ә) ЖҰӨ-нің тепе-теңдік көлемін табу және графикте көрсету
       б) Мультипликатордың мәнін анықтау.
    7. Төмендегідей мәліметтер берілген:
   Cd=1000 + 0,9 Yd
   G=600
   Id=390
   T=400
   Yd=Y - T
   B=T -C
   Nх=0.
        a) Мемлекетте жұмыспен толық қамтылған жағдай болу үшін мемлекеттік
           шығындар қалай өзгеруге тиісті?
   8. Экономикада төмендегідей мәліметтер берілген:
      Y=5000
      C=3200
      I=900
      G=1000
      T=900
   a) Мемлекет бюджетінің тапшылығын анықтаңдар.


                    5. Жалпы макроэкономикалық теңдестік.

                            ЕСЕП

1. Кестеде  жиынтық  сұраныстың  негізгі  құрауыштарының  динамикасына
әсер  ететін  бағадан  тәуелсіз  факторлар  көрсетілген.  Осы  кестені
толтырыңдар  Екінші  бағанада  сәйкес  келетін  жиынтық  сұраныстың
құрауыштарын,  ал  үшіншісіне  оның  өзгерісін  ( өсу (+),  кему (-))
көрсетіңдер.
|                                               |Жиынтық сұраныс |Өзгеріс       |
|Факторлар                                      |құраушы         |              |
|а) Халықтың  өсуі                              |тұтыну          |              |
|                                               |                |(+)           |
|ә) Ақшаға  ұсыныстың  қысқаруы                 |                |              |
|б) Жеке  салықтардың  өсуі                     |                |              |
|в) Басқа  мемлекеттердегі  болжанып  отырған   |                |              |
|рецессия                                       |                |              |
|г) Тұрғын  үйлерге  бағаның  өсуі              |                |              |
|д) Экономикада болжанып  отырған  рецессия     |                |              |


2.  Төмендегі   суретте   жиынтық   сұраныстың    (Demand)   және    жиынтық
ұсыныстың   (Supply)  қисықтары   берілген.   Жиынтық   сұраныстың    қисығы
солға  жылжиды.















а) Сұраныс  қисығының  қозғалысы  баға  деңгейіне  қалай  әсер  етеді?
ә) Сұраныс  қисығының   қозғалысы   баға   деңгейіне   қалай   әсер   етеді?
Оның  көлемі  қалай  өзгереді.
б) Егер  экономикада   өнім   өндіру   50%-ға   қысқарса,   жиынтық   ұсыныс
қисығы  қалай  өзгереді?
   3. Суретте  жиынтық  сұраныс  қисығы  көрсетілген
а)  Егер   жиынтық   ұсыныс   қисығы   вертикальды   сызықта,   нақты    ЖҰӨ
деңгейі  140  млрд.  Долларға   тең   болса   онда   тепе-теңдік   көлемінде
бағаның  деңгейі  нешеге  тең  болады?
ә)  Егер  жиынтық  ұсыныс   қисығы   горизонтальды   сызық,   баға   деңгейі
120-ға  тең  болса,  онда  тепе-теңдік  ЖҰӨ  нешеге  тең?
б)  Егер  жиынтық  ұсыныс  функциясы   келесі  түрде  берілсе: P  =  -  40+Q
(мұндағы;  P – баға  деңгейі,  ал  Q – нақты  ЖҰӨ   көлемі),   онда  өнімнің
нақты  көлемі  және  баға  деңгейі  неге  тең?


























   4.  Кестеде  жиынтық  ұсынысты  сипаттайтын  мәліметтер  берілген
|            Баға     |                Нақты  түрдегі  өндірілген|
|деңгейі              |ЖҰӨ                                       |
|250                  |                     2000                 |
|255                  | 2000                                     |
|200                  |                     1900                 |
|175                  | 1700                                     |
|150                  | 1400                                     |
|125                  | 1000                                     |
|125                  | 500                                      |
|125                  | 0                                        |
|                     |                                          |


а)  Табу  керек:
  1) Жиынтық  ұсыныс  қисығы  кейнстік  кесіндіде   болғанда,   нақты   ЖҰӨ
     көлемі  қандай  арлықта  өзгереді?
  2) Жиынтық   ұсыныс   қисығы   классикалық   кесіндіде   болғанда,   нақы
     қандай  ЖҰӨ  көлемі  және  баға  деңгейі  қандай  аралықта  өзгереді?
  3) Жиынтық  ұсыныс  қисығы   аралық   кесіндіде   болғанда,   нақты   ЖҰӨ
     көлемі  қандай  арлықта  өзгереді?
ә)  Төмендегі  суретті  пайдаланып,  жиынтық  ұсыныстың  графигін  сыз.
б)   Кестеде   жиынтық   сұраныс   функциясының    3   варианты    берілген.
Төмендегі  кестеде  берілген  3 вариантқа  сәйкес  келетін  АД1,  АД2   және
 АД3  жиынтық  сұраныс  қисығын  сыз,  3 варианттың  әрқайсысына  ЖҰӨ  тепе-
теңдік  көлемін  және  бағаның  тепе-теңдік  деңгейін  анықтаңдар.
|Баға  деңгейі   |                           Нақты  ЖҰӨ  көлемі                 |
|                |          (1)      |              (2)   |              (3)     |
|250             |1400               |1900                |400                   |
|225             |1500               |2000                |500                   |
|200             |1600               |2100                |600                   |
|175             |1700               |2200                |700                   |
|150             |1800               |2300                |800                   |
|125             |1900               |2400                |900                   |
|100             |2000               |2500                |1000                  |


    5. Суретте  6  Жиынтық  сұраныс  қисығы  және  жиынтық   ұсыныс   қисығы
    берілген.
а)  Егер  оның  сұраныс  қисығы  АД1-ден  АД2-ге;  АД3-тен  АД-ке;   АД5-тен
 АД-ға  орын  ауыстыратын  болса,  онда   жиынтық   сұраныстың   динамикасын
анықтаңдар.
      AS




      АД6


      АД5
      АД4
      АД2   АД3
      АД1




                                     Нақты  ЖҰӨ
ә)   АД1   қисығының   АД2-ге   орын   ауыстыруы   нақты   ЖҰӨ   мен    баға
деңгейінің  динамикасына  қалай  әсер  етеді?
б)   АД3   қисығының   АД4-ке   орын   ауыстыруы   нақты   ЖҰӨ   мен    баға
деңгейінің  динамикасына  қалай  әсер  етеді?
в)   АД5   қисығының   АД6-ға   орын   ауыстыруы   нақты   ЖҰӨ   мен    баға
деңгейінің  динамикасына  қалай  әсер  етеді?
г)  Егер  суреттегі  АД  қисығы  солға  жылжыса,   жиынтық   сұраныс   қалай
өзгереді?
д)  Егер  АД  солға  жылжыса,  онда  жиынтық  сұраныстың  өзгеруі  ЖҰӨ   мен
 баға  деңгейінің  динамикасына  қалай  әсер  етеді?


        6.Тауарлар және ақша нарықтарындағы тепе теңдік.Ақша нарығы.
      1. Кестеде көрсетілген мәліметтер бойынша М1, М2, М3 ақша
агрегаттарының көлемін анықтаңдар.

|                                                   |   млрд.долл.   |
|Аз көлемді қысқа мерзімді салымдар                 |      1630      |
|Көп көлемді қысқа мерзімді салымдар                |645             |
|Чектік салымдар                                    |448             |
|Чексіз жинақтық салымдар                           |300             |
|Қолда бар ақша                                     |170             |


     2. a) Айталық, шарт жасасуға арналған әр теңге орта есеппен жылына 6
рет айналады және соңғы тауар немесе қызмет көрсетуді сатып алуға
бағытталады. ЖҰӨ атаулы көлемі 2400 млрд.тг. Шарт жасасуға арналған ақшаға
деген сұраныс көлемін табыңдар.
ә) Кестеде активтерден әр түрлі пайыз мөлшері бойынша ақшаға деген сұраныс
мөлшері көрсетілген.
а) Мәліметтерді қолданып, ақшаға деген жалпы сұранысты көрсетіңдер.
б) Ақша ұсынысы 480 млрд. тг. болды. Тепе- теңдік пайыздық қойылымды
анықтаңдар.

|    Пайыздық       |                    Ақшаға сұраныс көлемі    |
|қойылым (%)        |                                             |
|                   |  активтер бойынша     |          жалпы       |
|           16      |               20      |             420      |
|           14      |               40      |             440      |
|           12      |               60      |             460      |
|           10      |               80      |             480      |
|            8      |               100     |             500      |
|            6      |               120     |             520      |
|            4      |               140     |             540      |



   3.Айталық.Сіз қолда ұстағыңыз келген ақша сомасы 150 мың тг. тең.

Сіз оны 50 мыңға дейін қысқартып, қалған 100  мың  теңге  банктегі  ағымдағы
шотыңызға салдыңыз.

      Ақша базасы қалай өзгереді? Банк резервінің жалпы сомасы қалай


өзгереді? Сіздің ісіңіз алғашқыда және соңында М ақша агрегаты көлемінің
өзгеруіне қалай әсер етеді?
     4. Коммерциялық банктің резерв сомасы 230 млн. теңге, ал депозиттер
көлемі 800 млн. теңге. Депозиттегі міндетті резерв нормасы 25% . Егер банк
өзінің барлық артық резервтеріне несие беретін болса, ақша ұсынысы қалай
өзгеруі мүмкін?
     Шешуі:
      20%-дық резервтеу нормасында міндетті резервтер Rr= 800 * 0,25 = 200
млн. теңге;
           Бұдан шығатын артық резервтер мынаған тең:
                         Re = 230 – 200 = 30
                       Егер олардың барлығы несие беруге жұмсалса, онда
қосымша ақша ұсынысы келесідей болады:
                                                       ΔМ = 30* ( 1/0,25 )
= 120 млн. теңге
      Бұл жағдайда біз тек банктік мультипликаторды ғана ( 1/rr) қолдана
аламыз.Себебі бізде ақша базасы және қолма-қол ақшаның депозиттерге
қатынасы туралы мәліметтер жоқ. Алынған сома ақша ұсынысының ең жоғары шегі
қаншаға артуы мүмкін екенін көрсетеді.
       5.Міндетті резервтер нормасы 15%. Коммерциялық банк депозиттер
көлемінің 5% -ын артық резерв ретінде сақтап отыр. Егер депозиттер көлемі
9000 теңге болса, банк несие беру үшін қандай ең жоғары шекті соманы
қолдана алады.
      6. Орталық банк коммерциялық банктерден 150 млн. теңгеге мемлекеттік
облигацияларды сатып алды. Егер коммерциялық банктер өздерінің барлық
несиелік мүмкіндіктерін қолданса, депозиттердегі резерв нормасы 15 % болған
жағдайда ақша ұсынысы қалай өзгеруі мүмкін?
   7.Кестеде берілген мәліметтер бойынша: а) М1; ә) М2; б) М3 табыңыз.

|                                  |Млн. теңге    |
|Шағын жедел салымдар              |     1290     |
|Ірі жедел салымдар                |     476      |
|Чексіз салымдар                   |     413      |
|Қолма-қол ақшалар                 |     210      |
|Чексіз жинақ салымдары            |     280      |


     8. Мәмілеге арналған әр доллар жылына 5 рет айналып,аяғында соңғы
тұтынуға арналған тауарды сатып алуға жұмсалады делік. ЖҰӨ атаулы көлемі
2500 млрд. теңгені құрайды.
      а) Мәмілеге арналған ақша сұранысының мөлшері қанша?
      ә) (а) сұрағына жауапты пайдалана отырып, кестедегі әрбір пайыз
мөлшерлемесіне сәйкес жалпы сұраныс көлемін табыңдар:
|  Пайыз        |    Ақша сұраныс көлемі (млрд. теңге)       |
|мөлшерлемесі(%)|                                            |
|               | Активтер тарапынан   |   Жалпы сұраныс     |
|            16 |               30     |                     |
|            14 |               60     |                     |
|            12 |               90     |                     |
|            10 |              120     |                     |
|             8 |              150     |                     |
|             6 |              180     |                     |
|             4 |              210     |                     |


       б) Егер ақша ұсынысы 620 млрд. теңге болса пайыздық тепе-теңдік
мөлшері қандай?

|Пайыз           |   Ақшаға сұраныс көлемі (млрд. теңге)     |
|мөлшерлемесі(%) |                                           |
|                |Активтер тарапынан Жалпы сұраныс           |
|           16   |               30   |              530     |
|           14   |               60   |              560     |
|           12   |               90   |              590     |
|           10   |             120    |              620     |
|            8   |             150    |              650     |
|            6   |             180    |              680     |
|            4   |             210    |              710     |

   9.Мемлекет  бюджетінің  тапшылығын  қысқарту  және  инфляция  деңгейін
   төмендету  үшін  үкімет  салықты  өсіреді.   IS-LM  үлгісін  қолдана
   отырып  графигін  көрсетіңдер  және  пайыз  мөлшерін  өзгертпес  үшін
   Ұлттық  банк  қандай  шаралар  қолданады?




   R
      LM`

      LM
Rо    P
      A     IS

      IS`

                 Y
      Y2      Y1
10. Мемлекеттік  сатып  алу  500,  салық  функциясы   T = 0,4Y,  трансферт
функциясы  F = 0,2Y,  баға  деңгейі:  P = 1.  Пайыз  мөлшерлемесі  R = 0,1
болғандағы  қарыз  D = 1000.  Нақты  өндіріс  көлемі  2000,  ал  әлуетті
өндіріс  көлемі  2500-ге  тең.
    а)  Мемлекеттік  бюджет  сальдосы  оң  мән  бе,  әлде  теріс  мән  бе?
    ә)  Мемлекеттік  бюджеттің  циклдік  тапшылығы  қанша?
   3.Экономика  келесідей  мәліметтермен  берілген.
    C = 20 + 0,8 (Y – T + F) (тұтыну)
     I = 60 (инвестиция)
     T = 40 (салықтар)
     F = 10 (трансферттер)
    G = 30 (мемлекеттік  шығын)
а) Тепе-теңдік  кіріс  деңгейін   есептеңдер.
ә) Мемлекет  салық  деңгейін  40-тан  50-ге  дейін  жоғарылатты
(мемлекеттік  шығындар G = 30).

                              7.Ашық экономика
                                    Есеп
   1. Экономика  төмендегідей  мәліметтермен  сипатталған:
        1) Тауардың  экспорты  24780 долл.
        2) Тауардың  импорты  26857 долл.
        3) Мемлекет  азаматтары  шетелден  келген  пайыз  түріндегі
           шетелдік  инвестициялардан  4122  долл.   мөлшерінде  табыс
           табады.
        4) Мемлекет  шетелдік  инвесторларға  пайыз  түрінде  1708 долл.
           мөлшерінде  табыс  төлейді.
        5) Берілген  мемлекет  азаматтарының  туризмге  шығындары  1818
           долл.
        6) Берілген  мемлекеттің  туризмнен  алатын  табысы  1670  долл.
        7) Мемлекеттің  біржақты  трансферттері  2472 долл.  Тең.
        8) Мемлекеттен  капиталдың  кетуі  4282 долл.
        9) Мемлекеттен  капиталдың  түсімі  6565  долл.
           а) Осы  мәліметтерді  қолданып,  ағымдағы  шоттың  айырмасын,
           мемлекеттің  қаржылық  шотын  және  төлем  балансын  есептеңдер;
           ә) Мемлекеттің  ресми  валюталық  резервтер  мөлшерінің
           өзгерісі  қандай?
2.Экономика келесі мәліметтермен берілген:
Ағымдағы операциялар теңгерімі = 200
Капитал шотының теңгерімі = -240
Ресми резервтер = +40
а) Төлем теңгерімі бұл жағдайда активті ме әлде пассивті бола ма?
б) Валюта резервтерімен жүргізілетін операциялар осы елдің экономикасына
     қалай әсер етеді?
    3.Шағын ашық экономикада өндіріс көлемі өндірістік функциямен  берілген
деңгейде  қалыптасқан.  Тұтыну  қолдағы  табыстан  оң  шамада  тәуелді  және
C=80+0,8(Y-T) құрайды. Автономды  таза  салықтар  150,  инвестициялар-  100,
мемлекеттік  шығындар-200.  Таза   экспорт   NX=20+30eP*/P=80.   Мемлекеттік
шығындар 30 ұлғайғанда ұлттық  валюта  қаншалықты  нақты  құнсызданады  және
таза экспорт мөлшері қандай?
    4.Төменде фунт стерлинг нарығында сұраным мен ұсыным картасы берілген:


    |Фунттың бағасы ( доллармен)             |2,00 |2,10 |2,20 |2,30 |2,40 |2,50 |
|Фунт ұсынысының мөлшері (млн.)          |160  |170  |180  |190  |200  |220  |
|Фунт сұранысының мөлшері (млн.)         |200  |190  |180  |170  |160  |150  |

  а) АҚШ Федеральді Резервтік Жүйесі валюта бағамын 1 фунт стерлинг =  2,10
доллар деңгейінде бекітеді. Бұл жағдайда ФРЖ фунт  сатып  алып-сатуына  бола
ма? Егер болса, қандай мөлшерде?




                             8. Экономикалық өсу

1. Елдің экономикасы  Y=A*K*L түріндегі өндірістік  функциямен  сипатталған.
Егер капитал өсімінің қарқыны  жылына  3%,  ал  жұмыспен  қамтылғандар  саны
жылына 2%, жалпы факторлардың өнімділігі жылына 1,5% өскені  белгілі  болса,
онда өндіріс көлемі қалай өзгереді?

      Шешуі:
Y=A*K*L=∆A/A+ Ө* ∆K/K +(1-Ө) *∆L/ L =1.5%+0,4*3%+0,6%*2%=3,9%

2. Өндірістік функция Y=2K*L  түрінде  берілген.  Елдің  тұрғындары  санының
өсуі  жылына  1%  құраған.  Мемлекет  жыл  сайын   өндіріс   көлемінің   10%
жинақтайды. Ығысу нормасы жылына 3% тең. Технологиялық  прогресстің  қарқыны
жылына 2% құрады. Осы жағдайда бір жұмыспен  қамтылған  түрғынға  шаққандағы
тұтынудың тұрақты деңгейі нешеге тең?

4. КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

4.1.Макроэкономика пәні бойынша курстық жұмыстарын орындауға әдістемелік
нұсқаулар
     Жазбаша жұмыстардың ұсынылатын тақырыптары оқылатын пәннің маңызды және
барынша  өзекті   мәселелеріне   негізделген.   Курстық   жұмыстарды   жазу
студенттердің макроэкономика  курсы пәнін оқу процессінде алған практикалық
білімдерін тереңдетіп, бекітуге мүмкіндік береді.
      Курстық жұмыстың тақырыптары студенттердің сынақ кітапшасының соңғы  2
цифрымен  анықталады,  мысалы  22,  35.  Ал  45-тен   кейінгі   номерлердің
тақырыптары. сынақ кітапшасының соңғы  цифрымен  анықталады,  мысалы  сынақ
кітапшасының номері 47 немесе 52 болса ..7,..2 тақырып таңдалады..
      Курстық жұмыстарды дайындау  кезінде  сәйкес  тақырыптарға  байланысты
қарастырылатын сұрақтарды нақтылау үшін  оқулықты  пайдаланып,  университет
кітапханасының базасында бар барлық әдебиеттер тізімін  қарастырып,  барлық
қолда бар басылымдарды және басқа да ақпарат көздерін қолдану қажет.
       Курстық  жұмыстардың  тақырыптары  бітіру  жұмыстарының  тақырыптарын
таңдауға негіз  бола  алады,  ал  бітіру  жұмыстарының  тақырыптары  ғылыми
жетекшімен бірігіп, студенттердің  алдағы  жұмыс  орнына  және  оның  бұрын
орындаған реферат  немесе  курстық  жұмыстарының  тақырыптарына  байланысты
анықталады.
   Курстық жұмысты рәсімдеуге қойылатын талаптар :
   Курстық жұмыс өз еркімен таңдап алған тақырыпқа  және  құрылған  жоспарға
   сәйкес өз бетімен орындалады.
   -   Зерттеу   жұмысының   міндетті   шарты   статистикалық    мәліметтер,
   газет,журналдардың және басқа  да  мерзімдік  басылымдардың  мақалаларын,
   INTERNET- желінің мәліметтерін қолдану болып табылады.
   - Кіріспеде (көлемі – 1-2 бет)  мәселе  қойылады,  оның  мәні,  мәселенің
   мақсаттары мен міндеттері, зерттеу әдістемесі анықталады. Бірінші бөлім (
   көлемі шамамен-8-10 бет) теориялық бөлім және таңдалынған тақырып бойынша
   әдебиеттерге шолу арқылы зерттеуді  негіздеу  болып  табылады.  Теориялық
   сұрақтарды мазмұндау қарастырылған әдебиеттерге қысқаша шолу түрінде болу
   керек. Екінші бөлім (көлемі шамамен-10-12 бет) мәні, мазмұны және  көлемі
   жағынан  негізгі  бөлім.   Екінші   бөлімде   қолданылған   статистикалық
   мәліметтер негізінде зерттелетін мәселеге талдау  жүргізіп,  (SWOT-талдау
   әдісін қолданған дұрыс) іс жүзінде мысалдар келтіру қажет.  Үшінші  бөлім
   ( көлемі шамамен-10-12 бет) –нұсқау түрінде,  зерттеу  жүргізген  тақырып
   мәліметтері арқылы қортынды мен ұсыныстардан тұрады, Қазақстандағы  нақты
   жағдайларды есепке алып,  шетел  тәжірибелерін  қолданудың  мүкіндіктерін
   қарастырады. Қортынды (көлемі – 1-2 бет) – зерттеудің  барлық   теориялық
   және практикалық нәтижелерін жалпылап, анықталған мәселелер бойынша нақты
   ұсыныстар жасайды.
   - Зерттеу жұмысының жалпы көлемі компьютермен  тергенде  (14  шрифт,  жол
   арасы 1,5) және кесте, графиктер және қосымшаларды қосқанда 30-35  беттен
   аспауы керек. Жұмыс жеке беттерде (шеттері: жоғарғы жағы -2  см,  төменгі
   жағы-2 см, оң жағы-1 см, сол жағы-2.5 см) орындалады.
   - Жұмыста келтірілген цитаталар мен сандық мәліметтерге әдебиеттер тізімі
   бойынша қолданылған әдебиеттің реттік санын және бетін көрсетіп  міндетті
   түрде сілтеме жасалады., мысалы:  «…………»  (5,  бет  321).  Жол  аяғындағы
   ескертуде  келтірілетін  сілтеме  араб  цифрымен  белгіленіп,  әдебиеттер
   тізіміндегідей  рәсімделеді:  автордың  аты-жөні,  тегі,  жұмыстың  толық
   атауы, шыққан жері, баспасы, шыққан жылы мен беті  көрсетіледі.  Берілген
   әдебиетті  қайтадан  қолданғанда  шыққан  жері,  баспасы,   шыққан   жылы
   жазылмайды.
   - Қосымша ретінде схемалар, графиктер, суреттер  мен  фотолар  қолданылуы
   мүмкін.
   - Зерттеу жұмысы қолжазба түрінде орындалуы  мүмкін.  Қолжазба  түріндегі
   жұмыс көлемі-30-35 бет.Жұмыс сауатты,  таза  жазылып,  бөлімдер  міндетті
   түрде бөлек көрсетіліп, беттері белгіленеді. Қабылданған сөздерден  (США,
   ҚР және т.б).басқа сөздер қысқартылмай толық жазылады.
   -  Жұмыстың аяғында міндетті түрде  библиографиялық  рәсімдеу  ережелерін
   сақтай отырып қолданылған әдебиетер тізімін ( 15 әдеби көзден  кем  емес)
   келтіру керек. Жұмыс оқу алдын-ала қорғаудан өтеді. Көрсетілген мерзімнен
   кейін тапсырылған жұмыстың бағасы  5 % төмендейді.
   - Әрбір тыңдаушы курстық жұмысын   оқудың  соңғы  жұмасында  таныстырады.
   Жұмысты таныстыруға  5-7 минут және 5 минут талдауға беріледі.
   -  Курстық жұмысының құрылымы келесідей элементтерден тұруы тиіс:
 • Сыртқы беті
• мазмұны
 • кіріспе
 • 1 бөлім
• 2 бөлім
 • 3 бөлім
• қортынды
• қолданылған әдебиеттер тізімі
• қосымшалар




    (үлгі)

                   ҚАЗАҚСТАН БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


               ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ


                        ҚАРЖЫ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ  ФАКУЛЬТЕТ



«Микро және макроэкономика» кафедрасы



                                КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: ______________________________________________________________

______________________________________________________________

______________________________________________________________


     Орындаған студент: ________________________________________________


     топ: ____________  мамандығы______________________________________



Жетекші:
оқытушы
              ________Габдуллина Л.Б.

Күні:     __________________
Бағасы: __________________


                                                             Семей қаласы
2009 ж.
 4.2. Курстық жұмыстардың тақырыптары:

   1. Макроэкономикалық көрсеткіштер және олардың Қазақстан Республикасы
      бойынша динамикасы
   2. Еңбек нарығы және оның ҚР-ғы ерекшеліктері.
   3. AD-AS модель және ҚР-ғы тұрақтандыру саясаты
   4. Инвестиция және ҚР-ғы инвестициялық саясат.
   5. Тұтыну және қор жинау, олардың ҚР-ғы көрінісінің ерекшеліктері.
   6. ҚР-ғы еңбекақы жүйесі,нақты табыстар мен орташа жалақының динамикасы.
   7. Жұмыссыздық: макроэкономикалық теориясы және ҚР-ғы мәселелері мен жою
      жолдары.
   8. Инфляция: макроэкономикалық теориясы және инфляцияға қарсы саясат.
   9. ҚР-ғы инфляция мәселелері және оны реттеу.
  10. ҚР-ғы монетарлық саясат.
  11. Ақшаның қазіргі заманғы және сандық теориясы.
  12. ҚР-ғы фискальді саясат.
  13. ҚР-ның ақша агрегаттары мен ақша базасын талдау.
  14. ҚР-ғы ақша нарығы.
  15. IS модельі, фискальді саясаттың ықпалы, мемлекеттік шығындар
      мультипликаторы.
  16. Салық жүйесі мен салық мультипликаторы.
  17. LM модельі; монетарлық саясаттың ықпалы, ақша мультипликаторы.
  18. Игіліктер нарығы: макроэкономикалық теориясы, ҚР-ғы ұтыну нарығының
      ерекшеліктері.
  19. IS –LM модельін талдау, оған экономикалық саясаттың әсері.
  20. Қор нарығы, оның ҚР-ғы даму ерекшеліктері.
  21. Экономикалық өсудің факторлық модельі және қазіргі заманғы теориялары.
  22. Экономикалық өсуге технологиялық прогресстің ықпалы.
  23. Дамыған елдердегі экономикалық өсудің ерекшеліктері.
  24. Қр-ғы экономикалық өсу.
  25. Дамушы елдердегі экономикалық өсудің ерекшеліктері.
  26. Төлем балансы және  ҚР-ның өлем балансының сипаттамасы.
  27. Ашық экономика үшін AD-AS модель. Сауда балансы.
  28. Халықаралық валюта жүйесінің қалыптасу мен даму кезеңдері
  29. Валюта курсының қазіргі заманғы режимдері.
  30. Ұлттық қорлану (қор жинау)- инвестицияның қайнар көзі.
  31. Ұлттық валютаның айырбас бағамының1998-2008 жж динамкасын талдау.
  32. Ұлттық резервтер, олардың тұрақтандырушы рольі.
  33. ҚР-ның БСҰ ену мәселелері мен тиімділігі.
  34. ҚР-ғы мемлекеттік қарыз және бюджет тапшылығы.
  35. Өмір сүру деңгейі және оның көрсеткіштері.
  36. Ұлттық экономиканың бәсекеқабілеттілігі  және жаһандану мәселесі.
  37. Экономика саласындағы Нобель сыйлығының лареаттарының
      макроэкономикалық зерттеулері
  38. АҚШ пен ЕО: макроэкономикалық көрсеткіштерінің салыстырмалы талдауы.
  39. Макроэкономикалық тұрақсыздық.
  40. ҚР-ның Ұлттық банкінің ақша-несие саясатын талдау.
  41. Кедейшілік және онымен күресу жолдары
  42. ҚР-ның валюта нарығы.
  43.  Қазіргі кезеңдегі ҚР-ның экономикалық дамуының ерекшеліктері.
     44.  Жұмыссыздық пен инфляцияның өзара байланысы .
       45. ҚР-ғы сыртқы сауда саясатының ерекшелігі


4.3. Макроэкономика пәні бойынша бақылау жұмыстарын орындауға әдістемелік
нұсқаулар
    Тақырып – бақылау жұмыстының жай ғана   атауы  емес.  Тақырып  –  нақты
ғылыми міндетті шешуден  туған  құбылыс.  Сондықтан  алдымен,  шешпек  болып
отырған мәселені анықтап алу керек. Мәселе –  дегеніміз  белгілі  бір  ғылым
саласындағы  неғайбыл  жағдай,  яғни  мәселенің  ықтимал  және  нақты   күйі
арасындағы айырмашылық. Курстық жұмыс үшін мәселе осы неғайбылдықты  барынша
айқын  дәлелдейтін   объективтік   әлеуметтік-экономикалық   көрсеткіштермен
сипатталған болуы керек. Зерттеудің объектісі мен пәнін анықтаңыз. Объект  –
қандай  бір  мәселенің  әлеуметтік-экономикалық  жүйесі.  Пән  –   дегеніміз
объектінің тиісті саласы.
  Бақылау жұмысы студенттің кафедраның белгілі бір пәні бойынша өзі  таңдап
алған  тақырыпты  тереңдетіп  оқу  мүмкіндігін  тексеруге  бағытталған.   Ол
қажетті кесте, сызба,  диаграммалар,  әдебиеттер  тізімін  қосқанда  он  екі
беттік дәптер көлемінде орындауы қажет. Тақырыбы  кафедра  бекіткен  бақылау
жұмыстарының тақырыптарына сәйкес келуі керек. Жұмыс  жоспары  қажет.  Жұмыс
мазмұны мен қолданылған әдебиеттер тізімі  жасалған  жоспарға  сәйкес  болуы
қажет.
Студент бақылау жұмысын орындау сұрақтары бойынша берілген пәнді  жүргізетін
оқытушыдан кеңес алуға құқығы бар,  бірақ  жоспарын,  мазмұнын  және  барлық
сұрақтарға жауап  беруді  талап  ете  алмайды.  Барлық  тақырыптар  берілген
пәннің типтік және жұмыс бағдарламасының құрылымын көрсетеді.
   Әдебиеттер ретінде оқулықтар, экономиканы мемлекеттік реттеу бойынша оқу-
әдістемелік құралдар ғана  емес,  сондай-ақ  мезгілді  әдебиеттерден  журнал
мақалалары да пайдаланылады. Мысалы: «Қаржы-қаражат», «Саясат», «Аль  Пари»,
«Транзитная экономика», «Ақиқат» және т.б.
   Әдебиет таңдағанда  студентке  «Макроэкономика»  «Экономикалық  теория»,
«Экономиканы  мемлекеттік  реттеу»,  «Әлемдік  экономика»  пәндерінің  жұмыс
бағдарламаларындағы әдебиеттер тізімі көмектеседі. Сондай ақ, кафедрада  оқу
процессін кітаппен қамтамасыз ету журналы бар.
    Әдебиетпен жұмыс істеп отырып мыналарға назар аударыңыз:
     • сіздің зерттеу салаңыздың жалпы  сипаттамасына,  маңыздылығына  және
       міндеттердің көкейкестілігіне;
     • бұл саладағы негізгі  зерттеу  бағыттарының  жіктелуіне,  тәжірибеде
       қолданылатын нәтижелерге, мәселені шешудегі түрлі көзқарастарға;
     • зерттеудің әр бөлімі бойынша қажетті ғылыми нәтижелерге;
   Бақылау жұмысын бағалағанда студенттің өз  бетінше  экономикалық  талдау
мен  қортындылар  жасауға  экономикалық  концепцияларды  нақты   мысалдармен
негіздеуге, сонымен  қатар  жұмыс  мәтінің,  сызба,  кесте  және  т.б.ұқыпты
орындауға тырысуы есепке алынады.
   Басты назарды тақырыптың теориялық негіздеріне аудару керек; бұл уақытта
теориялық ережелерді мүмкіндігінше кесте, сызба, графикпен белінелеу  қажет.
Мысалы,  графиктер   мынадай   теориялық   бағыттарға   қажет:   экономиканы
мемлекеттік реттеуге көзқарастардың дамуы , еңбек  нарығы  (еңбекке  сұраным
мен оның ұсынымының қисығы), ақша нарығы, салық және салық  саясаты  (Лаффер
қисығы),  мемлекеттік  әлеуметтік  реттеу  (Лоренц   қисығы),   жалақы   мен
жұмыссыздық (Филлипс қисығы)
   Макроэкономика пәнінің тақырыптарының бақылау жұмысының  мазмұнын  нақты
практикалық мысалдармен бекіту керек және  көбінесе  Қазақстан  Республикасы
бойынша материалдарды  белсенді  қолдану  ұсынылады.  Мысалы:  республиканың
бюджеттік, салықтық, әлеуметтік, инфляцияға қарсы және  сыртқы  экономикалық
саясатындағы қазіргі заманғы жетістіктері мен кемшіліктері. Жұмысты  орындау
кезінде  негізгі  теориялық   тапсырмалар   мен   аналитикалық   қорытындыны
ауылшаруашылық  тәжірибесі  және  экономикалық  саясатқа   негіздеу   керек.
Экономиканың ұлттық моделімен салыстыру, халықаралық тәжірибеде  әлеуметтік-
экономикалық мәселені шешу, салыстыра талдау бақылау жұмысының  маңыздылығын
арттырудың тиімді әдісі  болып  табылады.  Әлеуметтік  экономикалық  дамудың
әртүрлі салаларын мемлекеттік реттеуге дамыған  және  дамушы  елдер  бойынша
салыстырмалы талдау жасаған дұрыс.
   Бақылау  жұмысын  тақырыптың  маңыздылығын  және  іс   жүзіндегі   мәнін
бейнелетін кішігірім кіріспеден бастаған  жөн.  Қортынды  бөлімінде  негізгі
қортындыларды шығарып және (автор тілегі  бойынша)  қойылған  проблемалардың
шешімін жетілдіру бойынша ұсыныстар жасауға болады.
Егер студент белгілі бір даулы мәселе немесе  сұрақ  бойынша  өз  көзқарасын
білдіргісі  келсе,  мүмкіндігінше  статистикалық  және   шынайы   мәліметтер
келтіріп дәлелдеу қажет. Студент «Макроэкономика» пәні  бойынша  берілген  1
кестеге сәйкес фамилиясының басапқы әрпі мен  сынақ кіапшасының  соңғы  саны
бойынша 10 варианттан 1вариантты таңдап алады. Таңдалынған вариантқа  сәйкес
1  теориялық  сұраққа  жауап  береді,1  есеп  шығарады  және  тест   сұрағын
шешеді.Кестелер араб цифрымен белгіленеді, «Кесте»  сөзі  кестенің  атауынан
жоғары тұрады.


5. СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ
5.1. Студенттің білімін бақылау үшін тест тапсырмалары
                                   1-нұсқа
1. Макроэкономика пәнi анықтамасының қайсысы дұрыс болып табылады:
A. бұл тұтынушылық талдау теориясы және фирма теориясын бiрiктiрушi ғылым.
B. бұл экономиканы бiр тұтас ретiнде қарастыратын ғылым
C. бұл экономикалық өсу мен төлем балансының тепе-теңдiгiн, инфляция
деңгейiн мейлiнше төмендету, ресурстардың қамтылу жағдайын қамтамасыз ету
сұрақтарын қарастыратын ғылым
D. В және С жауаптары дұрыс
E. барлық жауаптар дұрыс емес.
2. Макроэкономикада агрегатталған шамалар көрсетедi:
A. жеке фирманың өнiм шығаруы
B. инфляция көлемi
C. жұмыссыздық көлемi
D. алма нарығындағы сұраныс пен ұсыныс
E. В және С жауаптары дұрыс.
3. Макроэкономикада позитивтi бағыт бiлдiредi:
A. салық заңнамасы базасында экономикалық саясатты
B. әрекеттегi салық заңнамасына сынды
C. «Экономика қалай болу керек» деген сұраққа жауап берудi
D. экономиканың нормативтiк актiлерiн сақтауды
E. үкiметтiң таңдап алған бағытына сәйкес экономикалық саясатты.
4. Тұрғындардың жан басына ЖІӨ есептелiнедi:
A. номиналды ЖIӨ / тұрғындар саны
B. нақты ЖIӨ / тұрғындар саны
C. нақты ЖIӨ / еңбекке қабiлеттi тұрғындар саны
D. номиналды ЖIӨ / нақты ЖIӨ
E. нақты ЖIӨ / экономикалық белсендi тұрғын саны.
5. Таза экспорттың жалпы формуласы:
A. C+G+I+Xn
B. M+Xn
C. X- M
D. G+(X-M)
E. G-(V-X).
6. Қазақстан Республикасында ЖIӨ нақты өсуi байқалды:
A. 2000 ж.
B. 2001 ж.
C. 1992 ж.
D. 1997 ж.
E. 2003 ж.
7. Көрсетiлгендердiң қайсысы ЖIӨ мен ЖҰӨ есептеулерiне кiрмейдi:
A. көлеңке экономикадағы жасырын келiсiмдер
B. жаңа импорттық автокөлiктерiн сату-сатып алу
C. пәтердi жөндеу бойынша ресми емес келiсiмдер
D. таза қаржылық келiсiмдер
E. А, С, D жауаптары дұрыс.
8. Жинақтауға орташа бейiмдiлiк формуласы:
A. APS= Yd / S
B. MPC= 1- S
C. APS= S / Yd
D. MPS= C - Y
E. MPS= 1 – MPC.
9. Инвестиция динамикасын анықтамайтын фактор:
A. пайыздың нақты ставкасы
B. пайыздың номиналды ставкасы
C. салық салу деңгейi
D. таза пайданың күтiлетiн нормасы
E. өндiрiс технологиясындағы өзгерiс.
10. Инвестиция динамикасын анықтамайтын фактор:
A. экономикалық күтулер
B. жиынтық табыс динамикасы
C. қолдағы негiзгi капитал
D. еңбек ресурстары саны
E. барлық факторлар инвестиция динамикасын анықтайды.
11. Автономды инвестициялар сипаттайды:
A. қолдағы табыс деңгейiне тәуелдi инвестициялық шығындарды
B. жылдық қолдағы табыс деңгейiне тәуелдi емес инвестициялық шығындарды
C. жиынтық жинақтарға тең инвестициялық шығындарды
D. жылдық табыстың кез келген деңгейiнде инвесторлар жүзеге асыратын
жоспарлы инвестициялар
E. А, D жауаптары дұрыс.
12. Егер осы елде қолдағы табыс көлемi көбейсе, онда:
A. тұтыну және жинаәтауға орташа бейiмдiлiк кемидi
B. тұтынуға орташа бейiмдiлiк артады, ал жинақтауға кемидi
C. тұтынуға орташа бейiмдiлiк кемидi, ал жинақтауға артады
D. тұтынуға шектi бейiмдiлiк артады, ал жинақтауға кемидi
E. тұтынуға шектi бейiмдiлiк кемидi, ал жинақтауға артады.
13. Айтылған ұйғарымдардың қайсысы дұрыс:
A. жеке табыстарға салықтың өсуi тұтынушылық шығынды, с.қ. жинақтарды
төмендетедi
B. кейнсиандық тұжырымдамаға сәйкес, тұтыну және жинақтау деңгейлерi
алдымен қолдағы табыс көлемi өзгерiсiне тәуелдi
C. тұтынуға шектi бейiмдiлiк әрқашан жинақтауға шектi бейiмдiлiкке тең
D. А, В жауаптары дұрыс
E. А, В, С жауаптары дұрыс.
14. Жиынтық сұраныс қисығының терiс көлбеуi түсiндiрiледi:
A. нақты кассалық қалдық, пайыздық ставка, импорттық сатып алу
эффектiлерiмен
B. салық , пайыздық ставкалардағы өзгерiстермен
C. ресурстарға баға өзгерiсi , еңбек өнiмдiлiгiмен
D. өспелi қажеттiлiктер және шектеулi ресурстармен
E. тұтынушылардың қарызы және күтулерiмен.
15. Макроэкономикалық тепе-теңдiктiң классикалық теориясы қарастырады:
A. экономикада көп қолданылмаған ресурстардың бар болуын
B. баға, жалақы, пайыздық ставкалар икемдi болмайтынын
C. экономикалық дағдарыстарды болдырмау үшiн мемлекеттiң араласуы
қажеттiгiн
D. экономикада ресурстар барынша толық пайдаланылады, ұсыныс сұранысты
табады
E. осындай тепе-теңдiктi қамтамасыз етудiң басты құралы болып ақша массасын
және ақша айналымын мемлекеттiк реттеу табылатынын.
16. Макроэкономикалық тепе-теңдiктiң кейнсиандық теориясы қарастырады:
A. экономикада ресурстар барынша толық пайдаланылады, ұсыныс сұранысты
табады
B. баға, жалақы, пайыздық ставкалар икемдi болмайтынын
C. нарықтық экономика өздiгiмен реттеледi және өздiгiмен тепе-теңдiкке
жетедi
D. график бойынша жиынтық сұраныс тiк түрде болады
E. экономикаға мемлекеттiң араласпауы, табиғи нарықтық процестер.
17. Жиынтық сұраныстың бағалық емес факторларына жатады:
A. тұтынушылық шығындардағы өзгерiстер
B. инвестициялық шығындардағы өзгерiстер
C. мемлекеттiк шығындардағы өзгерiстер
D. экспорттың таза көлемiне шығындардағы өзгерiстер
E. барлық жауап дұрыс.
18. Мемлекетпен бiр уақытта бюджеттiк саланың барлық жұмыскерлерi  жалақысын
жоғарлатуы әкеледi:
A. күтiлетiн инфляцияға
B. сұраныс инфляциясына
C. ұсыныс инфляциясына
D. сұраныс және ұсыныс инфляциясына
E. жалпы баға деңгейi тұрақтылығына.
19. Елдегi барлық тұрғындардың әл-ауқаты неғұрлым жоғары болса, соғұрлым:
A. өндiрiлген ЖIӨ көлемi жоғары
B. инфляция деңгейi жоғары
C. жиынтық сұраныс жоғары
D. жиынтық ұсыныс    жоғары
E. дұрыс жауап жоқ.
20. Әдетте инфляциядан зардап шегедi:
A. тұрақты пайызбен несиеге ақша берушiлер
B. тұрақты пайызға қарыз алушылар
C. мемлекеттен трансферттi төлемдер алатын адамдар
D. бюджеттiк саланың көптеген жұмыскерлерi
E. А, С, D жауаптары дұрыс.

                                  ІІ-нұсқа
1. Жалпы  iшкi  өнiмнiң  жалпы  ұлттық  өнiмнен  айырмашылығы  мынада,  онда
ескерiледi…
A. бiр жылдағы өндiрiлген барлық түпкiлiктi тауарлар мен қызмет
көрсетулердiң нарықтық құны
B. осы ел резидентiнiң шет елдегi кiрiсi
C. осы елде жұмыс iстейтiн шетел резиденттерiнiң кiрiсi
D. осы елдiң шетелде өндiрiлген түпкiлiктi тауарлары мен қызмет
көрсетулерiнiң нарықтық құны
E. осы елдiң iшкi табиғи  және өндiрiс ресурстары.
2. Жалпы ұлттық өнiмнiң неғұрлым анықтамасы:
A. шетел мемлекеттерiнiң иелiгiнде болатын өндiрiс факторларын пайдалана
отырып, берiлген ел iшiнде, осы ел сондай-ақ шетел өндiрушiлерi жасайтын
өндiрiлген түпкiлiктi өнiмнiң нарықтық құнының ақшалай көрiнiсi
B. берiлген ел иелiгiнде болатын өндiрiс факторларын пайдалана отырып, сол
елде не шетелде жасалынатын өндiрiлген түпкiлiктi өнiмнiң нарықтық құнының
ақшалай көрiнiсi
C. бiр жылда өндiрiлген түпкiлiктi тауар және қызмет көрсетулердiң нарықтық
құны
D. мемлекеттегi өндiрiс құралдары, материалдық игiлiктер, құндылықтар,
табиғи ресурстарының жиынтығы
 E. В және D вариантары дұрыс.
3. ЖIӨ есептеледi:
A. материалдар не өнiмдердiң сату бағасымен
B. сұраныс пен ұсыныс көрсеткiштерiмен
C. қосымша құнмен
D. қайта есеп принципiн қолданумен
E. берiлген ел резиденттерiнiң шетелде алған табыстары көрсеткiштерiмен.
4. Баға индексiн есептеу бойынша қай әдiс жетiлген деп саналады:
A. Ласпейрес индексi
B. Доу-Джонс индексi
C. Пааше индексi
D. Фишер индексi
E. Лаффер индексi.
5. Эндогендi (iшкi) экономикалық айнымалылардың динамикасының  мысалы  болып
келесiдегi
өзгерiс табылады:
A. мемлекеттiк шығындар саясатындағы
B. орталық банктiң ақша-несие саясатындағы
C. салық полициясындағы
D. инфляция деңгейiндегi
E. инвестицицияляқ саясаттағы.
6. ЖӨҰ дефляторы есептелiнедi:
A. номиналды ЖҰӨ / нақты ЖҰӨ
B. нақты ЖҰӨ / номиналды ЖҰӨ
C. номиналды ЖҰӨ / нақты ЖҰӨ * 100%
D. номиналды ЖҰӨ / баға индексi
E. нақты ЖҰӨ / баға индексi.
7. Инвестиция мультипликаторын келесi формуламен есептейдi:
A. 1 / (1- MPC)
B. 1 / (1- MPS)
C. S= 1- C
D. S= Y- C
E. MPC + MPS.
8. Ақшаға сұраныс анықталады:
A. активтер жағынан ақшаға сұраныспен
B. келiсiм үшiн  ақшаға сұраныспен
C. ақша ұсынысы жағынан
D. M= (P*Q) / V
E. А, В, D жауабы дұрыс.
9. Айтылған ұйғарымдардың қайсысы дұрыс:
A. келiсiм үшiн ақшаға сұраныс пайыздық ставкаға тәуелдi
B. ақша ұсынысы ақшаға сұраныстан сәл артуы қажет
C. пайыздық ставка неғұрлым жоғары болса, соғұрлым ақшаға сұраныс көлемi
кем
D. ақшаға сұраныс ақшаға ұсыныстан әрқашан артуы керек
E. ақша массасы айналымдағы тек қолма-қол ақша мөлшерiмен сипатталады.
10. Айтылған ұйғарымдардың қайсысы дұрыс:
A. табыстардың өсуi инвестициялық белсендiлiктi ынталандырады
B. егер тұтыну функциясы белгiлi болса, әрқашан жинақтау функциясының
қисығын құруға болады
C. жинақтау қолдағы табыстан тұтыну шығындарын шегергенге тең
D. А, С жауаптары дұрыс
E. А, В, С жауаптары дұрыс.
11. Егер бастапқы инвестиция 7 млн.тг.  және  MPC=  0,75  болса,  инвестиция
мультипликаторы эффектiсiн есептеңiз:
A. 2 млрд. тенге
B. 28 млн. тенге
C. 260 млн. тенге
D. 4 млн. тенге
E. 40 млн. тенге.
12. Y= C+I, C= 50+0,8Y, I= 30. Табыс  және  тұтынудың  тепе-теңдiк  деңгейiн
есептеңiз:
A. Y0=750       C0= 550
B. Y0=500       C0= 360
C. Y0=370       C0= 200
D. Y0=480       C0= 320
E. Y0=400        C0= 370
13. АҚШ-та 1990 ж. 16 жас және одан жоғары тұрғындардың саны 188 млн.  адам,
жұмыспен қамтылғандар саны  117  млн.  адамға  тең.  Жұмысбастылық  деңгейiн
есептеңiз:
A. 73,8%
B. 89,2%
C. 62,2%
D. 75,0%
E. 82,2%
14. Жиынтық ұсыныстың бағалық емес факторларына жатады:
A. инвестициялық шығындардағы өзгерiстер
B. мемлекеттiк шығындардағы өзгерiстер
C. тұтынушылардың күтулерi
D. еңбек өнiмдiлiгiндегi өзгерiстер
E. тұтынушылардың жеке салықтары.
15. Жиынтық сұраныс қисығы келесi қатынасты бiлдiредi:
A. экономика ауқымында барлық тұтынушылардың және барлық сатушылардың баға
деңгейлерi арасындағы
B. нақты мәндегi  тұтынылған және өндiрiлген ЖIӨ көлемдерi арасындағы
C. баға деңгейi мен нақты мәндегi өндiрiлген ЖIӨ арасындағы
D. баға деңгейi мен тауар және қызмет көрсетулердi сатып алуға жиынтық
шығындар арасындағы
E. баға деңгейi мен номиналды мәндегi өндiрiлген ЖIӨ арасындағы.
16. Жиынтық ұсыныс қисығындағы кейнсиандық кесiндi:
A. терiс көлбеуде болады
B. оң көлбеуде болады
C. көлденең сызықпен берiлген
D. тiк сызықпен берiледi
E. баға деңгейi және нақты ЖIӨ өндiрiсi өзгерiстерi арасындағы тура
тәуелдiлiктердi көрсетедi.
17. Жиынтық ұсыныс қисығындағы классикалық кесiндi:
A. терiс көлбеуде болады
B. оң көлбеуде болады
C. көлденең сызықпен берiлген
D. тiк сызықпен берiледi
E. баға деңгейi мен нақты  ЖIӨ өндiрiсi өзгерiстерi арасындағы тура
тәуелдiлiктi көрсетедi.
18. Инфляциядан пайда көредi:
A. тұрақты пайызбен несиеге ақша берушiлер
B. тұрақты пайызға қарыз алушылар
C. мемлекеттен трансферттi төлемдер алатын адамдар
D. бюджеттiк саланың көптеген жұмыскерлерi
E. қарызы барлар.
19. Елдiң төлемдiк балансы – бұл:
A. отандық және шетелдiк сатушы-сатып алушылар арасындағы, құны бар барлық
келiсiмдердiң жазбасы
B. елдiң бизнес-фирмалары арасындағы барлық келiсiмдерiнiң жазбасы
C. ел ауқымында үй шаруашылығы, кәсiпорын және үкiмет арасындағы барлық
келiсiмдердiң жазбасы
D. экономика салалары арасындағы төлемдiк баланстар
E. берiлген және қайтарылған жиынтық несие сомалары арасындағы қатынас.
20. Елдiң төлемдiк балансы екi негiзгi бөлiмнен тұрады:
A. ағымдық шоттар баланс және саудалық баланстан
B. несие және депозит сомалары арасындағы баланстар
C. ағымдық шоттар және капитал қозғалысы баланстары
D. тауар, қызмет көрсету ұсынысы және тұрғындардың төлем қабiлеттiлiгi
арасындағы баланстар
E. екi мемлекет арасындағы өзара есеп баланстары.


                                  ІІІ-нұсқа
1. ЖIӨ-дi өлшеудiң шығындар бойынша әдiсiне жатады:
A. пайыздар
B. фирмалардың инвестициялық шығындары
C. шетел тұлғаларының шығындары
D. ренталық табыс
E. В және С жауаптары дұрыс.
2. ЖIӨ-дi өлшеудiң табыстар бойынша әдiсiне жатады:
A. пайдалар
B. жалақы
C. тауарларды мемлекеттiк сатып алулар
D. үй шаруашылықтарының тұтынушылық шығындары
E. А және В жауаптары дұрыс.
3. Нақты ЖIӨ формуласы:
A. номиналды ЖIӨ / баға индексi
B. баға индексi / номиналды ЖIӨ
C. (номиналды ЖIӨ / баға индексi) *100%
D. (баға индексi / номиналды ЖIӨ) *100%
E. номиналды ЖIӨ - нақты ЖIӨ.
4. 2002  ж.  20  пакет  сүт,  50  дәптер,  70  қорап  сiрiңке  сатып  алынды
(сатылды), сәйкесiнше олардың әрбiр данасы 60 тг, 10 тг, 2 тг. сатып  алынды
(сатылды). Ал 2003 ж. жоғарыда айтылған заттар 65 тг,  8  тг,  5  тг.  сатып
алынды  (сатылды).  Егер  бұл  тұтынушы  корзинасын  құраса,  онда  2003  ж.
тұтынушылық баға индексi қандай болады:
A. 112,2
B. 106,8
C. 100
D. 111,4
E. 103,4
5. Номиналды ЖIӨ 1500 долл. құрады,  2003  ж.  баға  индексi-107%.  2003  ж.
нақты ЖIӨ анықтаңыз:
A. 1612
B. 1401,9
C. 1356,2
D. 1428,8
E. 1715,5
6. Түпкiлiктi өнiм - үстелдiң құнын қосылған құн  әдiсi  бойынша  есептеңiз,
егер үстел өндiрiсi кезеңi бойынша сату бағасы келесi түрде өзгерсе:
ағашты даярлау – 200 тенге
ағашты өңдеу – 250 тенге
үстел өндiру – 500 тенге
үстелдi көтерме сату – 800 тенге
үстелдi бөлшектеп сату – 1200 тенге.
A. 1000 тенге
B. 800 тенге
C. 1200 тенге
D. 2950 тенге
E. 2750 тенге
7. IS қисығы көрсетедi:
A. жоспарланатын шығын табысқа тең кездегi инвестиция және жинақтың теңдiгi
B. активтер және тауарлар нарығының өзара байланысы
C. нақты балансқа сұраныс пен нақты баланстар ұсынысы теңдiгi
D. инвестиция жинаққа тең кездегi пайыздық ставка мен табыс деңгейiнiң
барлық мәндерi
E. А, D жауабы дұрыс.
8. Тұрғындардың жұмысбастылық деңгейiн есептеуге кiредi:
A. жұмыспен қамтылғандар саны
B. жұмыссыздар саны
C. арнайы институттардағы азаматтар саны
D. 16 жас және одан жоғары азаматтар саны
E. А, В, D жауаптары дұрыс
9. АҚШ-та 1990 ж. 16 жас және одан жоғары жұмысшы күшi саны 124  млн.  адам,
жұмыссыздар саны 7 млн. адамға тең. Жұмыссыздық деңгейiн есептеңiз:
A. 7,8%
B. 5,6%
C. 2,3%
D. 4,8%
E. 25,0%
10.  LM  қисығы  бойынша  қозғалыс  түрiнде   ақша   нарығында   тепе-теңдiк
жағдайының өзгеруi келесi себеп бойынша жүредi:
A. мемлекеттiк саясаттағы қате
B. ақшаға сұраныс өзгеруi
C. ақша ұсынысы өзгеруi
D. пайыздық ставкадағы өзгерiс
E. салық саясатындағы өзгерiс.
11. Тұрғындардың табысы өскен кезде MPC және MPS не болады:
A. MPC>0, MPS <1
B. MPS кемидi, ал MPC артады
C. MPC кемидi, ал MPS артады
D. MPC және MPS артады
E. MPC және MPS кемидi.
12. Салықтарды төмендету график бойынша жылжытады:
A. LM қисығын оңға төмен
B. IS қисығын оңға жоғары
C. LM қисығын солға төмен
D. IS қисығын солға төмен
E. LM қисығын солға жоғары.
13. Пайыздық ставканың өсуi:
A. инвестициялық шығындарды төмендетедi
B. инвестициялық шығындарды арттырады
C. ақша ұсынысын кемiтедi
D. активтер жағынан ақшаға сұранысты арттырады
E. келiсiм үшiн ақшаға сұранысты арттырады.
14. Жиынтық ұсыныс қисығындағы аралық кесiндi:
A. терiс көлбеуде болады
B. оң көлбеуде болады
C. көлденең сызықпен берiлген
D. тiк сызықпен берiледi
E. баға деңгейi мен нақты  ЖIӨ өндiрiсi өзгерiстерi арасындағы керi
тәуелдiлiктi көрсетедi.
15. Айтылған ұйғарымдардың қайсысы дұрыс:
A. экономикалық циклдар нарықтық заңдарға негiзделген және ұзақ мерзiмдi
экономикалық өсуге әкеледi
B. экономикалық цикл төрт фазадан тұрады
C. экономикалық дағдарыс экономиканы модернизациялау және жаңарту
қажеттiлiгiне нұсқайды
D. А, В жауаптары дұрыс
E. А, В, С жауаптары дұрыс.
16. Экономикалық құлдырау кезеңiнде :
A. жұмыссыздық деңгейi жоғарлайды
B. жұмыссыздық деңгейi төмендейдi
C. баға деңгейiнiң жоғарлау тенденциясы бар
D. экономикада ресурстарды қолдану максималды
E. нақты ұлттық өндiрiс көлемi көбейедi.
17. Экономикалық циклдағы құлдырау фазасын жиi сипаттайды:
A. циклдағы ең жоғарғы инфляция деңгейi
B. цикл позициясынан минималды жұмыссыздық
C. ұлттық өндiрiс көлемiнiң циклдағы максималды азаюы
D. жұмыссыздық деңгейiнiң жоғарлауы
E. ресурстарды неғұрлым толық қолдану.
18. Экономикалық циклда өрлеу(жандану) фазасын жиi сипаттайды:
A. ресурстарды неғұрлым толық қолдану.

B. инфляцияның құлдырауы
C. ұлттық өндiрiс көлемiнiң төмендеуi
D. жұмыссыздық деңгейi жоғарлауы
E. экономикада қолданылмаған ресурстардың көбеюi.
19. Мемлекеттiң фискалды саясаты – бұл:
А. мемлекеттік бюджет, салық салу және мемлекеттік шығындар облысындағы
саясат
В. тек салық салу облысындағы саясат
С. ақша массасы және ақша айналымын реттеу бойынша саясат
D. халықаралық конфликтердi реттеу бойынша саясат
E. ұлттық валюта бағамын реттеу бойынша саясат.
20. Девальвация – бұл:
A. қатты валюталарға қатынасы бойынша елдiң валюта  бағамын төмендету
немесе ұлттық ақша бiрлiгiнiң нақты алтын мәнiнiң төмендеуi
B. қатты валюталарға қатынасы бойынша елдiң валюта бағамын жоғарлату немесе
ұлттық ақша бiрлiгiнiң нақты алтын мәнiнiң төмендеуi
C. елде инфляцияның төмендеуi бойынша мемлекеттiк шаралар
D. елде импортты ырықтандыру бойынша мемлекеттiк шаралар
E. қатты валюталарға қатынасы бойынша валюта бағамын тұрақтандыру.

                                  ІҮ-нұсқа
1. ЖҰӨ-нен қайсысын ала отырып, таза ұлттық өнiмдi есептеуге болады:
A. бизнеске тiкелей және жанама салықтарды
B. тек бизнеске жанама салықтарды
C. тек бизнеске тiкелей салықтарды
D. амортизациялық бөлулердi
E. трансферттi төлемдердi.
2. Ұлттық есеп жүйесiнде ұлттық табыс:
A. қолда бар табыстан аз
B. таза ұлттық өнiмнен көп
C. жалпы ұлттық өнiмнен көп
D. таза ұлттық өнiмнен көп
E. жалпы iшкi өнiмге тең.
3. Қолда бар табыс:
A. үй шаруашылықтарымен пайдаланылады
B. инвесторлармен пайдаланылады
C. табыс салығына кiредi
D. тұтыну және жинаәтауға қолданылады
E. А және D вариантары дұрыс.
4. ЖҰӨ, ЖIӨ, ТҰӨ және ҰТ есептеңiз, егер:
Тұтынушылық шығындар  115 долл.
Инвестицициялық шығын  55 долл.
Мемлекеттiк шығындар  70 долл.
Таза экспорт   -10 долл.
Басқа әлемнен факторлар табысынан таза түсiмдер  15 долл.
Амортизация  30 долл.
Жанама салықтар  25 долл. болса
A. ЖIӨ=240, ЖҰӨ=255, ТҰӨ=195, ҰТ=170
B. ЖIӨ=250, ЖҰӨ=265, ТҰӨ=235, ҰТ=210
C. ЖIӨ=230, ЖҰӨ=245, ТҰӨ=215, ҰТ=190
D. ЖIӨ=255, ЖҰӨ=285, ТҰӨ=255, ҰТ=230
E. ЖIӨ=170, ЖҰӨ=240, ТҰӨ=265, ҰТ=205.
5. Жеке табыс (ЖТ) және қолда бар жеке табысты (ІЖТ) есептеңiз, егер:
ұлттық табыс – 100 долл.
жанама салық - 25 долл.
әлеуметтiк сақтандыруға жарна – 5 долл.
Корпорацияның таратылмаған пайдасы- 15 долл.
Жеке табыс салығы – 10 долл. болса:
A. ЖТ=105, ІЖТ=95
B. ЖТ=30, ІЖТ=20
С. ЖТ=80, ІЖТ=70
D. ЖТ=90, ІЖТ=80
E. ЖТ=45, ІЖТ=55.
6. Игiлiктер нарығы қалыптасады:
A. тек мемлекеттiк шығындар ықпалымен
B. тек үй шаруашылығымен
C. тек кәсiпорын және инвесторлармен
D. үй шаруашылығы, мемлекет, бизнес-фирма, шетелмен
E. тек шетелмен.
7. Қолда бар жеке табыстар арналған:
A. тек тұтыну үшiн
B. тек жинақтау үшiн
C. тұтыну және жинақтау үшiн
D. жеке қажеттiлiктердi ғана қанағаттандыру үшiн
E. С және D жауаптары дұрыс.
8. Кейнстiң психологиялық заңына сәйкес:
A. тұтынуға шектi бейiмдiлiк жинақтауға шектi бейiмдiлiкке тең
B. табыс өсуiмен тұтыну да артады, алайда табыс өскен шамада емес
C. табыс өсуiмен сол шамада тұтыну да артады
D. табыс өсуiмен жинақтау көлемi көбейедi
E. тұтынуға шектi бейiмдiлiк жинақтауға шектi бейiмдiлiктен артық.
9. Жинақтауға шектi бейiмдiлiк формуласы:
A. MPS= [pic]S / [pic] Yd
B. MPC= [pic]Yd /[pic]C
C. MPC= 1-S
D. APS= S / Yd
E. APS= Yd / S.
10. Тұтынуға орташа бейiмдiлiк формуласы:
A. APC= C / Yd
B. MPC= 1-S
C. APS= Yd / S
D. APS= S / Yd
E. MPS= S / Yd.
11. Жұмысшы күшi құрамынан шыққандар қатарына жатады:
A. 16 жасқа дейiнгi адамдар
B. жұмысты белсендi түрде iздеп жүрген еңбекке қабiлеттi жұмыссыздар
C. жұмысқа орналасудан күдерiн үзген жұмыссыздар
D. жұмыспен қамтылғандар
E. дұрыс жауап жоқ.
12. Олардың жұмысында автомат-роботтарды енгiзуден  50  жұмысшының  жұмыстан
босатылуы құрайды:
A. циклдық жұмыссыздықты
B. фрикциондық жұмыссыздықты
C. құрылымдық жұмыссыздықты
D. жасырын жұмыссыздықты
E. еркiн жұмыссыздықты.
13. Тұтыну функциясы сипатталады:
A. көлемi қолдағы табысқа байланыссыз жиынтық шығындар бөлiгiмен
B. көлемi мен динамикасы қолдағы табысқа байланыссыз тұтынушылық шығындар
бөлiгiмен
C. тұтынуға бағытталған жылдық қолдағы табыстың әрбiр қосымша бiрлiгiнiң
үлесiмен
D. жиынтық тұтынушылық шығын  және қолдағы табыстың әртүрлi шамасы
арасындағы тәуелдiлiкпен
E. қолдағы табыстың өзгеруiне байланысты емес жиынтық тұтынушылық
шығындармен.
14. Қазақстанда қазiргi жұмыспен қамтылу мына салада үстем:
A. сауда және қызмет көрсету
B. көлiк және байланыс
C. ауыл шаруащылығы
D. өңдеушi және игерушi өнеркәсiп
E. бiлiм және денсаулық сақтау.
15. Банктiк жүйеде пайда анықталады:
A. несиеге пайыздық ставка мөлшерiмен
B. артық ақша резервтерiмен
C. орталық банктiң резервтiк нормасы
D. қарызды алушылардан алынатын пайыз сомасы мен салымшыларға төленетiн
пайыз сомасы арасындағы айырма
E. салымшыларға төленетiн пайыз сомасы мен қарызды алушылардан алынатын
пайыз сомасы арасындағы айырма.
16. Жиынтық сұраныс:
A. бұл экономикадағы тауар және қызмет көрсетулерге жалпы сұраныс
B. ол тұтынушылар, кәсiпорын және үкiмет әрбiр баға деңгейi кезiнде сатып
алуға даяр ұлттық өндiрiстiң нақты көлемiн көрсетедi
C. бұл үй шаруашылығы, бизнес-фирма, мемлекет, шетел жағынан сұраныс
D. адамдардың тек тұтынушылық шығындарымен шектелмейдi
E. барлық жауаптар дұрыс.
17. Жиынтық ұсыныс:
A. бұл экономикадағы тауар және қызмет көрсетулерге жалпы ұсыныс
B. ол әрбiр баға деңгейi кезiнде нақты ЖIӨ не барлық өндiрiлген өнiмнiң
әртүрлi көлемiн көрсетедi
C. бизнес-фирмалар жағынан тек өнiмдi ұсынумен шектелмейдi
D. мемлекет жағынан қоғамдық игiлiктердi ұсыну жатады
E. барлық жауаптар дұрыс.
18. Айтылған ұйғарымдардың қайсысы дұрыс:
A. жиынтық сұраныс қисығы терiс көлбеуде болады
B. жиынтық сұраныс қисығы оң көлбеуде болады
C. жиынтық ұсыныс қисығы көлденең, аралық және тiк кесiндiден тұратын оң
көлбеуде болады
D. А, С жауаптары дұрыс
E. А, В, С жауаптары дұрыс.
19. Экономикалық циклда өрлеу шыңы фазасын жиi сипаттайды:
A. ресурстарды неғұрлым толық қолдану.
B. инфляцияның құлдырауы
C. ұлттық өндiрiс көлемiнiң төмендеуi
D. жұмыссыздық деңгейi жоғарлауы
E. экономикада бар ресурстарды максималды қолдану.
20. Көрсетiлген ұйғарымдардың қайсысы дұрыс:
A. инфляция барлығына зиян
B. инфляция – бұл бағалардың ұзақ мерзiмдi өсуi
C. инфляция – бұл ақшаның құнсыздану процесi
D. В, С жауаптары дұрыс
E. А, В, С жауаптары дұрыс.

Ү-нұсқа
1. Шығындар бойынша есептелiнетiн ЖҰӨ келесi соманы көрсетедi:
A. S+V+M
B. C+I+G+Xn
C. C+I+G
D. W+R+L
E. N+P+G.
2. Қосылған құн – бұл:
A. қосымша материалдарды және шикiзатты сатып алуға фирмалардың шығындары
B. әр түрлi фирмалардың арасындағы айырбас процесiнде олардың өнiм құндары
арасындағы айырма
C. фирманың өнiмi құны және осы фирманың қажеттi шикiзаттар, материалдар,
аралық өнiмдi алуға жұмсалған сомасы арасындағы айырма
D. түпкiлiктi өнiмдердi құрайтын барлық аралық өнiмдер құнының сомасы
E. қосымша өнiм өндiрiсiне кеткен шығындар.
3. Түпкiлiктi тауарлар мен қызмет көрсетулер:
A. ЖҰӨ және ЖІӨ анықтамасының маңызды бөлiгi болып табылмайды
B. аралық тұтыну мақсатында қолданылады
C. соңғы тұтыну үшiн қолданылады
D. ЖҰӨ мен ЖIӨ шығындар әдiсi бойынша ғана қолданылады
E. ЖҰӨ мен ЖІӨ кiрiстер әдiсi бойынша ғана қолданылады
4. Макроэкономикалық айналым келесiнi болжайды:
A. бизнес-фирмаларды ресурстармен үй шаруашылығы қамтамасыз ететiнiн
B. үй шаруашылықтарын тауар және қызмет көрсетулермен бизнес-фирмалар
қамтамасыз ететiнiн
C. мемлекет ресурстар нарығында ақша шығындайтынын
D. мемлекет үй шаруашылықтарын тауар және қызмет көрсетулермен қамтамасыз
ететiнiн
E. барлық жауаптар дұрыс.
5. Көрсетiлгендердiң қайсысын макроэкономикалық айналым қарастырмайды:
A. мемлекет ресурстар нарығында ақша шығындайтынын
B. мемлекет үй шаруашылықтарын тауар және қызмет көрсетулермен қамтамасыз
ететiнiн
C. бизнес-фирмалар мемлекетке салық төлейтiнiн
D. үй шаруашылықтары мемлекетке салық төлейтiнiн
E. үй шаруашылықтары бизнес-фирмаларға салық төлейтiнiн.
6. Ұлттық есеп жүйесi мәлiметтерi негiзiнде:
A. елдiң ұлттық табысы есептеледi
B. нақты уақытта ұлттық экономика ауқымында өндiрiс көлемi өлшенедi
C. ұлттық байлықты» толық көлемi өлшенедi
D. А және В жауаптары дұрыс
E. А, В, С жауаптары дұрыс.
7.  Табыспен  байланысты  емес  тұтыну  және  жинақтау  факторлары   жөнiнде
қайсысында айтылады:
A. байлық неғұрлым  көп болса, соғұрлым тұтыну көп және жинақтау аз болады
B. егер бағаның өсуi мен тауар тапшылығы күтiлсе, онда адамдар ақшаны көп
жұмсайды және оларды аз жинақтайды
C. қарыз артқан кезде оны жабу үшiн тұтынуды қысқартады
D. жеке салықтардың артуы әдетте тұтыну және жинақтау деңгейлерiнiң
төмендеуiне әкеледi
E. барлық жауаптар дұрыс.
8. Тұтынуға шектi бейiмдiлiк – бұл:
A. қолдағы табыстың кез келген өзгерiсiндегi тұтынушылық тауар және қызмет
көрсетулерге шығынның өсiмшесi үлесi
B. қолдағы табыстың кез келген өзгерiсiндегi жинақтаудың өсiмшесi үлесi
C. қолдағы табыстың кез келген өзгерiсiндегi тұтынудың ең жоғарғы деңгейi
D. үй шаруашылықтары тұтынушылық тауар және қызмет көрсетулерге жұмсайтын
қолдағы табыс үлесi
E. үй шаруашылықтары жинақтайтын қолдағы табыс үлесi.
9. Жинақтауға шектi бейiмдiлiк – бұл:
A. қолдағы табыстың кез келген өзгерiсiндегi жинақтаудың өсiмшесi үлесi
B. үй шаруашылықтары жинақтайтын қолдағы табыс үлесi
C. қолдағы табыстың кез келген өзгерiсiндегi жинақтаудың ең жоғарғы деңгейi
D. қолдағы табыстың кез келген өзгерiсiнде жинақтаудың тұтынудан артуы
E. қолдағы табыстың кез келген өзгерiсiнде тұтыну мен жинақтаудың тең
болуы.
10. Iс жүзiнде инвестициялар:
A. бұл жоспарланған инвестициялар
B. бұл жоспарланбаған инвестициялар
C. бұл жоспарланған және жоспарланбаған инвестициялар қосындысы
D. қорланған ақша жинақтарына тең
E. Бұл жоспарланбаған инвестицияларды шегергеннен кейiнгi жоспарланған
инвестициялар.
11.   Инвестициялардың   тауарлы-материалды   запасқа    күтпеген    өзгеруi
қарастырады:
A. жоспарланған инвестицияларды
B. жоспарланбаған инвестицияларды
C. жоспарланатын шығындарды
D. инвестиция мультипликаторын
E. өткiзiлмеген инвестицияларды.
12. Еңбекке жиынтық сұраныс келесi қажеттiлiктерге негiзделген:
A. нақты жалақыныœ әртүрлi деңгейi кезiнде жұмыс iстеуге дайын еңбек
ресурстарына
B. үй шаруашылығы, мемлекет, кәсiпорын, шетел субъектiлерiнiң жалдамалы
жұмысшы күшiне
C. тек кәсiпорын мен мемлекеттiң жалдамалы жұмысшы күшiне
D. еңбекке қабiлеттi адамдардың жалақы алуға
E. барлық жауап дұрыс.
13. Еңбектiң жиынтық ұсынысы сипаттайды:
A. жұмыс берушi ретiнде үй шаруашылығы, мемлекет, кәсiпорын, шетел
субъектiлерiн
B. еңбек жасындағы тұрғындар санын
C. экономикалық белсендi тұрғындар санын
D. нақты жалақының әртүрлi деңгейi кезiнде жұмыс iстеуге дайын еңбек
ресурстарының жалпы санын
E. елде берiлген жұмыс орындарының жалпы санын.
14. Еңбек нарығы ұзақ мерзiмде тепе-теңдiкте болады,егер:
A. еңбекке сұраныс шамасы еңбек ұсынысы шамасына тең болса
B. барлық жұмыс iстегiсi келетiндер жұмысқа орналасса
C. жұмыскерлер мен жұмысқа алушылар iс жүзiндегi баға деңгейi және жалақыға
бейiмделсе
D. жұмысқа алушылар жұмыс орнын беруде толық қанағаттанса
E. А және С жауабы дұрыс.
15. IS-LM үлгiсi келесiлер арасындағы өзара қатынасты бiлдiредi:
A. жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс
B. тауарлар нарығы және активтер нарығы
C. ақшаға сұраныс және ақша ұсынысы
D. тауарларға сұраныс және тауарлар ұсынысы
E. жиынтық шығындар мен табыстар.
16. Фискалды саясат тiкелей байланысты:
A. тауарлар нарығымен
B. ақша активтерi нарығымен
C. инвестициялық шығындар өзгерiсiмен
D. тауарлар нарығы, сонымен қатар ақша активтерi нарығымен
E. А жºне С жауабы дұрыс.
17. Активтер нарығы сипатталады:
A. қолма-қол ақшамен
B. ақша массасымен
C. ақшалар, бағалы қағаздар, қозғалмайтын мүлiкпен
D. жоғарғы сұранысқа ие тауар және қызмет көрсетулермен
E. инвестициялық шығындармен.
18. Тауарлар және активтер нарығы арасындағы тепе-теңдiк бiлдiредi:
A. жоспарланатын шығындар ұлттық экономика ауқымындағы өнiм шығаруға тең
B. тұрғындар толықтай ақша запасын иемденедi
C. тауарлар нарығы ақша активтерi нарығына сәйкес
D. тауарлар және активтер нарығын қанағаттандыратын берiк пайыздық ставка
бекiтiледi
E. барлық жауаптар дұрыс.
19. Тұтыну функциясы қандай түрде болады:
A. C=C+MPC*Y
B. C=C-MPC*Y
C. C=C/MPC-Y
D. C=C*MPC*Y
E. C=C+MPC/Y.
20. Тұтынуға шектi бейiмдiлiк формуласы:
A. MPS= C / [pic]Yd
B. MPS= [pic]Yd  /[pic]C
C. MPC= [pic]C /[pic]Yd
D. MPC= [pic]Yd / [pic]C
E. MPC= 1-S.













                               Тест жауаптары


|Сұрақ реті       |І-нұсқа     |ІІ-нұсқа  |ІІІ-нұсқа |ІҮ-нұсқа    |Ү-нұсқа   |
|                 |D           |C         |E         |D           |B         |
|                 |E           |B         |E         |D           |C         |
|                 |B           |C         |A         |E           |C         |
|                 |B           |D         |D         |C           |E         |
|                 |C           |D         |B         |A           |E         |
|                 |A           |A         |C         |D           |D         |
|                 |E           |A         |E         |E           |E         |
|                 |C           |E         |E         |B           |A         |
|                 |B           |C         |B         |A           |A         |
|                 |D           |E         |D         |A           |C         |
|                 |B           |B         |C         |C           |B         |
|                 |C           |E         |B         |C           |B         |
|                 |D           |C         |A         |D           |D         |
|                 |A           |D         |B         |A           |E         |
|                 |D           |D         |E         |D           |B         |
|                 |B           |C         |A         |E           |E         |
|                 |E           |D         |C         |E           |C         |
|                 |C           |B         |A         |D           |E         |
|                 |C           |A         |A         |E           |A         |
|                 |E           |C         |A         |D           |C         |




5.2. Пән бойынша рефераттар тақырыптары:
 1.     Тәуелсіздік  жылдарындағы   ҚР-ның  ЖҰӨ  динамикасын талдау
2.     ҚР айырбас бағам мен есептік мөлшерлемені реттеу
3.     Айырбас бағам, халықаралық капитал ағымы және сауда балансы
4.     ҚР мемлекеттік қарыздар мәселесі
5.     ҚР ақша — несие саясатының ерекшеліктері
6.     ҚР сыртқы сауда байланысының сипаттамалық белгілері
7.     ҚР фискалдық саясаты
8.     ҚР шағын бизнестің дамуы және оның экономикалық өсімдегі ролі
9. Экономиканың нақты   саласына инвестиция  салу,   жаңа технологиялар  мен
рестуктуризацияны меңгеру
10.   ҚР еңбекке сұраныс, артық жұмысбастылық, еңбек ақы бойынша төлем
қабілетсізділік
11.   Жұмысбастылық пен  жұмыссыздық:  демографиялық  және әлеуметтік
көрсеткіштерге әсері
12.   Экономикалық    реформалардың    демографиялық    және әлеуметтік
салдары
13.   ҚР   халық   табысы   мен   шығындар   динамикасы   және құрылымы
14.   ҚР қаржы нарықтарын талдау
15.   ҚР төлем қабілетсізділік мәселелері
16.   Соңғы    бес   жылдағы    ҚР    негізгі    макроэкономикалық
агрегаттар      динамикасын      талдау      (жинақ, тұтыну, инвестиция)
17.    ҚР салық салу жүйесін реформалау
18.   ҚР сыртқы сауда саясатының тауар, капитал және шикізат ағымдарына
әсері
19.   ҚР   Дүниежүзілік    сауда    ұйымына    кіру:     мөселелері мен
болашағы
20.   ҚР зейнетақы жүйесін реформалау
21.   ҚР индустриалды-инновациялық саясаты
22.   ҚР    экономикалық    өсім:    факторлар,    кезеңдер    жәнс
ерекшеліктері
23.   ҚР антимонопольдық реттеу және оның мемлекет экономикасының тұрақты
дамыуындағы ролі
24.   ҚР экономикасының аймақаралық ерекшеліктері
25.   Монетарлық саясаттың экономикалық өсімді қамтамасыз етудегі ролі
26.   ҚР-ғы банктік жүйенің дамуы
27.   ҚР депозиттерді сақтандыру және халық жинақтарының динамикасы
28.   ҚР ның дағдарысқа қарсы макроэкономикалық саясаты
29.   ҚР ның төлем теңгеріміне экономикалық саясаттың әсері
30.   ҚР ғы инвестициялық саясаттың ерекшелігі
31.   ҚР ның экономикасындағы шетелдік инвестициялардың рольі
32.   ҚР   халықтың тұтынуы мен қор жинау   динамикасы
33.   Дж.М.Кейнс ілімінің экономика ғылымының дамуындағы рольі мен маңызы
34.   Классикалық экономика мектебінің экономикалық көзқарастары.
35.   ҚР ғы тауарлар нарығының даму ерекшеліктері мен мәселелері















































































































Пәндер