Файл қосу

Эмпирикалық психология






|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ                                                   |
|БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ                                                |
|Семей қ. ШӘКӘРІМ атындағы  МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ                         |
|3 деңгейлі СМЖ құжаты    |ПОӘК                     |                         |
|                         |                         |ПОӘК 042-14.05.01.20.65  |
|                         |                         |/03-2013                 |
|«Психологиялық мамандыққа|                         |                         |
|кіріспе» пәні бойынша    |Редакция № 1, 05.09.13.  |                         |
|оқытушыға арналған пәннің|орнына Редакция №        |                         |
|жұмыс оқу бағдарламасы   |                         |                         |
|                         |                         |                         |












                        ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ


                      «Психологиялық мамандыққа кіріспе»

                   5В010300 - «Педагогика және психология»




                         ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР















                                 Семей  2013










    Мазмұны
     1 Глоссарий
     2 Дәрістер
     3Студенттің өздік жұмысы
























































































    1 ГЛОССАРИЙ

      Академия - жоғарғы  кәсіптік  білім  мен  жоғары  оқу  орныннан  кейін
кәсіптік білімнің білім  беру  бағдарламаларын  іске  асыратын,  өндірістік,
ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызметтің белгілі бір  саласы  үшін  жоғары
кәсіптік білімі бар   мамандар  даярлауды,  қайта  даярлауды  және  (немесе)
олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын, ғылымның немесе  мәдениеттің
көбінесе бір саласында ғылыми зерттеулерді орындайтын жоғары оқу орны.
         Ақылы білім беру (платное обучение) – 1.  ұйымдардың  өз  жарғысына
сәйкес  ақылы  қызмет  көрсету  есебінен  кіріс  келтіретін  қызмет.  Қызмет
көрсету мен жұмыс бағасы  заңмен  реттеледі;  2.  оқу  орындарында   төлемді
білім беру жүйесі. Ақылы оқыту жүйесі мемлекеттік  стандарттан  тыс  қосымша
білім  беру  жағдайында,  оқушының,  ата-ананың  еркі  мен  қалауы   бойынша
жүргізіледі.  Мемлекеттік  білім  беру  мекемелеріндегі  ақылы  оқу  тәртібі
Қазақстан Республикасында арнаулы ережемен бекітілген.
Ақысыз білім беру- оқу  орындарында  тегін  орта  және  жоғары   білім  беру
жүйесі.
      Әдіс (метод; грек. methodos – теория,  ілім,  зерттеу  жолы)  көздеген
мақсатқа жетудің  бірыңғайланған  тәсілдерді  тәртіпке  келтірілген   қызмет
жүйесі.  Ғылыми  негізделген  әдістерді  саналы   түрде   қолдану   –   жаңа
мағлұматтар алудың аса маңызды шарты.  Тәрбие  мен  оқыту  әдістерін  жасап,
топтастыру тәлім-тәрбиедегі негізгі міндеттердің бірі.
        Әдіскер (Методис) –оқу – тәрбие  әдісін жетік меңгерген ұстаз.  Оның
міндеті-  пәннің  оқытылу  жағдайын  бақылайды:  озат  мұғалім  мен   мектеп
тәжірибесін жинақтап таратады. Ұстаздарға әдістемелік көмек көрсетеді.
       Әдіснама (методология; грек  methodos-  зерттеу  жолы,  теория,  ілім
және ...логия) - 1) ғылыми таным  әдісі,  2)  ғылымда  қолданылатын  негізгі
принциптер. Педагогика теориясына лайықты танымның  ұстанымы,  әдіс,  нысаны
мен таным  амалдары  арқылы  педагогикалық  болмысты  өзгеріске  түсіру,  3)
дүниенің, қоғамның объективтік заңдылықтары мен құбылыстарын  практика  және
теория жүзінде  игеруге  және  өзгертуге  бағытталған  таным  принциптерінің
жиынтығы.
         Әдістеме (Методика) – 1) әдістер жиынтығы; 2) оқыту немесе  ғылымды
зерттеу әдістері туралы ілім;  3)  педагогиканың  жеке  пәндерден  берілетін
юілім   көлемі  мен  маөмұнын  негіздеп,  оны  оқытудың   тиімді   әдістерін
зерттейтін  саласы.  Жалпы  алғанда  жас   ұрпақты   тәрбиелеу   мен   оқыту
процесінің заңдылықтарын дидактика зерттейді.
         Бакалавр (лат. baccalaureus) –  бірсыпыра  елдерде  алғашқы  ғылыми
дәреже; төрт жылдан төмен емес негізгі білім бағдаламасын  жетік  меңгерген,
қортынды  аттестаттаудан  өткен  адамдар   үшін  жоғарғы  кәсіптік  білімнің
алғашқы сатысы.
       Бақылау (Контроль; франц.  Controle)   -1)  қадағалау,  тексеру  және
белгіленгкн мақсаттан ауытқулар мен олардың себептерін анықтау  мақсатындағы
іс-әрекет;  2)  қабылдаған  шешімдердің  іс  жүзіндегі  жағдайға   сәйкестік
дәрежесін анықтайтын басқару функциясы.
         Білім  (Знание)  –  адамның  белгілі  бір  жүйедегі  ұғымдарының  ,
деректері  мен  пайымдарының,  т.б.  жиынтығы.Білім   адамзат   мәдениетінің
ауқымды ұғымдарының бірі болып табылады.  Ол  сана,  таным,  ойлау,  ақиқат,
ғылым, т.б. күрделі де терең ұғымдармен тығыз байланысты, әрі  солар  арқылы
анықталады. Білім тұлғаның қалыпты  әлеуметтенуінің  және  билік  құрылымына
енуінің міндетті шарты болып табылады.  Білімнің  қай  түрі  болсын  адамзат
тәжірибесінің негізінде дамып отырады.
        Білім  базасы  (База  образования)  1)  студенттердің,   оқушылардың
меңгерген білім қоры; 2) оқу орындарындағы  білім  білім  алушылардың  білім
деңгейі, қоры; оқу құрал- жабдықтары, техникалық құрал жабдықтары және т.б.
        Білім беру – қоғам мүшелерінің  адамгершілік,  зиялық,  мәдени  және
дене дамуы мен  кәсіби біліктілігінің жоғары деңгейіне қол жеткізуді  мақсат
ететін үздіксіз тәрбиелеу мен оқыту  процесі  Білім  беру  ісі  (жалпы  және
арнаулы жүйесі) шеберлікке,  дағдыға  баулудын  өсіп,  өрбіп,  белгілі,  бір
кәсіпке, мамандыққа  үйретумен  тиянақталады.  Іске  асырылатын  білім  беру
бағдарламаларының сипатына қарай білім беру жалпы білім және кәсіптік  білім
беру болып  бөлінеді.
        Білім  беру  гранты  (Образовательный  грант)  –  білім   алушыларға
кәсіптік білімге төлеу үшін берілетін нысаналы ақша сомасы.
        Білім  беру  кредиті  (Оразовательный  кредит)  –  білім  алушыларға
кәсіптік білім алуға төлеу үшін берілетін нысаналы кредит.
         Білім  беру  мекемесін  аттестаттау   (Аттестация  образовательного
учреждения) – білім беру мекемесінің  мемлекеттік білім стандартына  мазмұн,
деңгей және сапасының сәйкес келуін  анықтау. Оң баға – жарамды, теріс  баға
– жарамсыз деп белгіленеді.
        Білім берудің жалпы  қолжетімдігі  (общедоступность  образования)  –
барлық типтегі оқу  мекемелерінің  білім  алушыларға  жынысына  ,  нәсіліне,
ұлтына, дініне, т.б. айырмашылықтарына қарамастан білім беруіне заң  жүзінде
толық құқық беру.
        Білімді (Образованный) – оқыған  азамат.  Көп  оқып,  оқығанын  ойға
тоқып, күнделікті іс-әрекетке  жарата  білетін  адамды  білімді  азамат  деп
атайды. Ал оқығаны  бар,  бірақ  бойындағы  білімді  халық,  қоғам  қажетіне
жұмсай алмайтын азаматты: «оқу соққан, оқыған болса да,  тоқығаны  жоқ»  деп
айыптайды. Адам көп  білгіштіктен ақылды болмайды.
        Ғаламдық білім (Глобальное образование)  –  оқушыларда  дүние  жүзін
біртұтастық деп ұғынушылық пен гуманистік көзқарас тұрғысынан  қалыптастыру.
Ғ.Б. тұжырымдамасы оқушыларда  Жер  шары  ортақ  мекен,  барша  адамдар  бір
отбасы және әрбір адам  дүниежүзілік   құрлымға белсене  қатысуға  қабілетті
деп ұғынуды қалыптастыруға бағдарланған.
        Ғұлама (Гений) – үлкен оқымысты, асқан  дана  ақыл-ой  иесі,  білгір
ғалым (ғұлама ғалым). Өз заманында бар өмірін ғылым жолына  арнаған,  ғылым-
білім  жолын жалықпай қуған, сол жолдан орасан зор жаңалық тапқан адам.
       Ғылым-  1)  білім  негіздері,  әсіресе  ғылыми  әдісті  жүйелі  түрде
қолдану нәтижесінде  алынған  негіздер;  2)   негізгі  принцитер  мен  жалпы
заңдылықтарды  қортып шығаруға жұмылыдырылған зерттеулер не  пәндер  саласы;
3)  табиғи құбылыстарды зерттеуге арналған  әдістер  мен  амалдардаң  ғылыми
принциптерге негізделген жүйесі.
        Ғылым докторы (Доктор наук; лат. doctor  –  оқытушы  ,  үйренуші)  –
ғылымның бір саласындағы ғылыми қызметкерлерге немесе  оқушыларға  берілетін
дәреже. Ғ.д. дәрежесін беру  тұңғыш  рет  1130  ж.  Болонья  университетінде
(Италия) қабылданды. Ғ.д. дәрежесі жоғары оқу  орындары  мен  ғылыми-зерттеу
мекемелерінің ұсынысы бойынша іргелі  ғылыми  еңбектері  жарияланған,  ресми
түрде докторлық диссертация қорғаған ғылым кандидатына  (жоғары  аттестаттау
комиссиясының ЖАК бекітуімен ) беріледі.
        Ғылым кандидаты (Кандидат наук) –  жоғары  білімі  бар,  кандидаттық
емтихандар тапсырған,  еңбектері  баспасөз  беттерінде  жарияланған,  ғылыми
конференцияларда баяндамалар жасаған, маңызды  тақырып  бойынша  диссертация
қорғаған адамға  жоғары  оқу  орындары  мен  ғылыми-зерттеу  мекемелеріндегі
ғылыми кеңес беретін ғылыми дәреже.
         Дамыту (Развитие) –  алдыңғыдан  кейінгінің,  алғы  сөзден  кейінгі
сөздің,  алдыңғы  ой-пікірден  соңғы  лебіздең,  әдепкі  құбылыстан   екінші
құбылыстың екпін қуатының күшейіп, өсіп отыруы.
           Дана (парсы тілінен аударғанда –білгір)  –білігі  мен  тәжірибесі
мол, рухани әлемі бай тұлға. Дәстүрлі  қазақ  ұғымында  «ақылды,  парасатты,
рақымды кісі»  деген  мағына  береді.  Даналардың  өнегелі  өмірі,  ғибратты
сөздері мен тағылымды іс-әрекеттері – барша адамзаттың рухани игілігі.
Дарынды балалар – жалпы және  арнайы  дарындылығын  (  музыка,  суретсалуға,
техникаға және т.б.) байқатқан балалар.
        Дәріс (Лекция; лат.  lectio  –  оқу)  –белгілі  тақырыпты,  тарауды,
пәнді немесе оқу материалын, ғылыми әдісін жүйелі түрде баяндау. Оқу  дәрісі
–оқу процесінің негізгі  түрлерінің  және  жоғары  оқу  орындарындағы  сабақ
жүргізудің негізгі әдістерінің бірі.
        Дәрісхана (Аудитория) –дәріс оқуға арналған жай (бөлме, зал,т.б.)
         Декан (лат.decanus – он  адамның  бастығы)-  жоғары  оқу  орнындағы
факультетің жетекшісі. Жоғары оқу  орындарының  кеңесінде  профессорлар  мен
тәжірибелі доцентерден сайланады. Д. факультеттегі  оқу-тәрбие  және  ғылыми
жұмыстардың сапасы үшін жауап береді.
        Дидактика (грек. didaktikos – үйретуші,  оқытуға  қатысты)  –  білім
беру мен оқыту теориясы, педагогиканың саласы. Дидактиканың  пәні  –  адамға
білім беру мен оны тәрбиелеудің амал-құралы ретіндегі оқыту, яғни оқыту  мен
үйретудің    бірліктегі    өзараәрекеттестігі,    мұның     өзі     білімнің
мазмұныноқушылардың мұғалімнің ұйымдастырумен меңгеруін қамтамасыз етеді.
          Диплом ( грек.diploma – екі кабатталған құжат) -1)  жоғары  (орта)
оқу орнын бітіргендігін, ғылыми дәреже  немесе  атақ  берілгендігін,  ғылыми
дәреже немесе атақ берілгендігін растайтын ресми құжат.
        Диплом жұмысы (Дипломная работа) – студенттердің  жоғары  оқу  орнын
бітірерде өз  бетімен  жазбаша  орындаған  жұмысы.Студенттер  оқуының  соңғы
жылында  орындалады   және   мамандықтары   бойынша   жұмысқа   даярлықтарын
тексерудің  бір  нысаны  болып  табылады.  Диплом  жұмысын  арнайы  комиссия
алдында қорғайды.
         Жалпы білім беретін мектеп (Общеобразовательная  школа)  –  негізгі
және қосымша білім беру бағдарламаларын іске  асыратын  ,  әрқайсысы  дербес
жұмыс істей алатын  үшсатыдан;  бастауыш,  негізгі  және  жоғары  сатылырдан
тұратын жалпы орта білім беретін оқу  орны.  Ж.б.б.м.  үздіксіз  білім  беру
жүйесінің негізгі буыны. Жалпы білім беретін  мектепте  мектепалды  даярлық,
жалпы  бастауыш,  жалпы  негізгі,  жалпы  орта  білімнің  жалпы  білім  беру
бағдарламалары жүзеге асырылады.
          Жан-жақты тексеру ( Фронтальные проверки) – оқу  орындарын,  білім
берудің  сапалылығын,   құжаттарды   тексеру   және   мұғалімдердің   кәсіби
шеберлігін, оқушылырдың білімін жан-жақты бағалау.
        Жоба (Проект) – жасалуға, қайта құрылуға, қалпына  келтіруге  тиісті
нысындардың макеттері,  есептеулері  және  ұстанымды  дәлелдері  көрсетілген
техникалық құжаттар. Жоба болашақ жоспар негізінде жасалып, қабылданады.
       Жоғары білім (Высшее образование) – орта білім негізінде  жоғары  оқу
орындарында берілетін  және  ресми  құжатпен  (дипломмен,сертификатпен  және
т.б.) расталатын білім деңгейі. Ж.б. – маманға зерттемелік және  практикалық
мәселелерді   мәдениет,   ғылым,   техника   жетістіктерін   шығармашылықпен
пайдалана отырып  дамытып,  өз  бетімен  жауапкершілікпен  шешуге  мүмкіндік
беретін  жүйеленген  білім  жиынтығы  мен   іс-әрекет   дағдыларын   меңгеру
нәтижесі.
          Жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  кәсіптік  білім  беру-  білім  беру
жүйесінің жоғары сатысы  ретінде  біліктілігі  жоғары  ғылыми  және  ғылыми-
педагог кадрлар даярлау мақсатында білім беру.  Ғылыми  және  ғылыми-педагог
кадрлар даярлау жоғары оқу орындарының  резидентурасында,  аспирантурасында,
адьюнктурасында және докторантурасында, ғылыми- зерттеу  ұйымдарында,сондай-
ақ  ғылым  кандидаттарын  аға  ғылыми  қызметкер  қызметіне,   ізденушілікке
ауыстыру, шығармашылық демалыстар беру нысанында жүзеге асырылады.
         Институт (лат.ihstitutum – мекеме) – 1) кәсіптік жоғары білім  беру
бағдарламаларын іске асыратын және қолданбалы сипаттағы ғылыми  зерттеулерді
жүзеге асыратын жоғары оқу  орны;  2)  оқу  мерзімі  4-6  жылдық,  денсаулық
сақтау, мәдениет және халық шаруашылығының әр түрлі  саласы  бойынша  жоғары
оқу орындарының атауы (педагогикалық,  медициналық  және  т.б.)  3)  ғылыми-
зерттеу  мекемесі;  4)   мамандардың   біліктілігін   жоғарылату   жүйесінің
ұйымдастыру-әдістемелік және оқу орталығы.
          Картотека  –  еңбектің  авторы,  атауы,  шығу  орны   (мекен-жайы,
баспасы), жылы, бет  саны,  сандық  реті  көрсетілген  белгілі  бір  ретпен,
жүйеленген және орналастырылған карточкалар жиынтығы.
         Кәсіп (Профессия; лат. professio ) – адамның білімі  туралы  тиісті
құжаттармен расталған кәсібінің, еңбек  қызметінің  негізгі  түрі.  Кәсіптік
бастауыш білім беру оқу орындары – бір немесе бірнеше  кәсіптік  білім  беру
бағдарламаларын жүзеге  асыратын  және  оқушылырды  тәрбиелеуді   қамтамасыз
ететін білім беру ұйымдары.
         Кәсіби орта  білім беру (Среднее  профессиональное  образование)  –
біліктер    мен    дағдылардың,    ғылыми    білімінің    бірігуін    сәйкес
бағдарламаларымен, қоғам өміріне белсене қатысуды  қамтамсыз  ететін  немесе
жоғары мектепте әрі қарай оқуды көрсететін  жалпы  білім   берудің  құрамдас
бөлігі.
        Кешкі  мектеп  (Вечерняя  школа)  –  жастар  мен  үлкендерді   еңбек
әрекетінен қол үздірмей білім беретін мектеп. Кешкі мектепте оқу жастар  мен
үлкендердің жұмыс уақытынан тыс кешке қарай жүргізіледі.
          Кешкі  оқу  (Вечернее  обучение)  -  өндірістен  қол  үзбей  оқуға
мүмкіндік беретін білім беру жүйесі.
        Колледж  (ағылш.college)  –  орта  кәсіптік  білімі   бар   мамандар
даярлаудың білім беру бағдарламаларын  іске  асыратын  оқу  орны.  К.  кейде
университет құрамына кіреді.
          Коллоквиум  (  лат.colloguim  -  әңгіме,  әңгімелесу)  –  1)   оқу
сабақтары нысандарының бір түрі ; оқытушылардың оқушылардың білімін  тексеру
мақсатында әңгімелесу. Жоғары оқу  орындарында  К.,  әдетте,  лабораториялық
жұмыстың, оқу практикасының алдында студенттердің сол  жұмыстарды  орындауға
қажетті   теориялық   білімін   байқау   үшін   жүргізіледі.   Қазіргі   оқу
процестерінде коллоквиумде  электрондық оқыту  машиналары  жиі  пайдаланады;
2) баяндамалар талқыланатын ғылыми жиналыс.
       Коммерциялық білім беру  (коммерческое  образование)  –  ақылы  білім
беру. Қазіргі кезде ақылы оқыту орта мектептен бастау  ала  отырып,  арнаулы
орта, жоғары, магистратура, бакалавр, аспирантура, докторантураларда  жүзеге
асырылады.
        Критерий (грек.kriterion) – бағалауға, пікір айтуға не  топтастыруға
негіз  болатын  белгі;  қайсыбір  құбылысты   пайымдау,   бағамдау   өлшемі.
Педагогикада белгілі бір құбылыстардың критерийлерін  талдап-белгілеу  қиын,
өйткені педагогика пәнәнәң өзі күрделі және көріністері сан алуан.
        Курстық оқыту жүйесі (Курсовая система обучения)  –  1)  тиісті  оқу
орнының бағдарламасы бойынша  оқытудың  аяқталған  белгілі  бір  кезеңі;  2)
белгілі бір оқу немесе ғылыми пән бойынша  білім,  шеберлік,  дағдылар  аясы
3) орта және жоғары оқу орындарындағы оқудың бір жылдық деңгейі.
        Лаборатория (лат.laboratorium, laboro –жұмыс  істеймін)  1)  ғылыми,
өндірістік-бақылау  эксперименттері   немесе  оқу   сабақтары   жүргізілетін
ғылыми мекемелердің,  кәсіпорындардың,  оқу  орындарының  құрамандағы  бөлім
немесе  мекеме.
          Лабораториялық сабақ, лабораториялық  жұмыс  –  жалпы  орта  білім
беретін, арнайы және жоғары мектептердегі оқушылардың теориялық   білімдерін
тереңдету  және  бекіту,  өздігіненэксперимент  жүргізу  дағдыларын   дамыту
мақсатымен жүргізілетін практикалық жұмыстар мен зерттеулер.
        Магистр (лат.magister –мұғалім) – 1) бірқатар елдердегі  жоғары  оқу
орындарында  берілетін,  бакалавр  мен  ғылым  докторы  аралығындағы  ғылыми
дәреже Университет немесе университет дәрежесіндегі оқу орнын бітірген,  1-2
жыл қосымша оқу курсынан өтіп, арнайы емтихандар тапсырған  және  магистрлік
диссертация қорғағандарға беріледі; 2) революцияға дейінгі  Ресейдегі  төмен
ғылыми дәреже.
        Мектеп жасы (Школьный  возраст)  –  балалардың  өмірі  мен  дамуының
кезеңі. Бұл кезең 10-11 жылға созылады және үш  жас  кезеңіне  бөлінеді:  1)
кіші мектеп жасы (6-7 жастан 11 жасқа дейін); 2) жасөспірімдік кезең ( 11  -
12-ден 14-15-ке дейін); 3) ерте бозбалалық шақ  (15-тен  18-ге  дейін).  Бұл
кезеңдердең әрқайсысы балалардың анатомиялық –физиологиялық және  психикалық
ерекшеліктерімен,олардың  қоғам  өміріне  араласу  дәрежесімен,   оқу-тәрбие
жұмысымазмұнымен, ұйымдастырылумен сипатталады.
        Мектепке дейінгі мекеме (дошкольное учреждение) – сәбилік (2  жастан
3 жасқа дейін) және мектепке дейінгі жастағы (3 жастан  6-7  жасқа  дейінгі)
балаларды тәрбиелеуге арналған мекеме.М.д.м. жүйесіне  бөбекжай,  балабақша,
балалар алаңы, кішкентай балаларды ойнату орталығы және т.б. кіреді.
         Мектепке  дейінгі  тәрбиелеу  мен  оқыту-  мектеп  жасына   дейінгі
балаларды және  (немесе)  мектепке  дейінгі  ұйымда  тәрбиелеу  және  оқыту.
Мектепке дейінгі ұйымдар  отбасымен  қатар  1  жастан  бастап  6  (7)  жасқа
дейінгі мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытуды, олардың  дене
және  психикалық  денсаулығын  қорғап,  нығайтуды,  дамуында   ауытқуы   бар
балалардың жеке қабіліттерін дамытуды және мұқтаж балаларға  қажнтті  түзету
жасауды  жүзеге  асырады.  5-6  жастағы  балаларды  мектепке  барар  алдында
даярлау  міндетті   және   ол   отбасында,   мектепте   жалпы   білім   беру
бағдарламаларының шеңберінде жүзеге асырылады.
         Мемлекеттік  білім   стандарты   (Государственный   образовательный
стандарт) – 1) оқушылардың білім алу түріне  қарамастан,  алуға  тиіс  білім
деңгейін айқындайтын негізгі құжат;  2)  оқу  пәні  бойынша  білімнің  соңғы
нәтижесі айқындалған негізгі  құжат.  М.б.с.  пәндік  білімнің  мақсаты  мен
міндеттерін,  оқушылардың  түсініктері  мен  дағдыларын  білім   нәтижелерін
тексеру технологиясын белгілейді. Соңымен қатар негізгі білімдік  бағдарлама
мазмұнын,  оқушылырдың  оқу  жүктемесінің  көлемін,  бітірушілерді   әзірлеу
деңгейінің талаптарын анықтайды.
         Мемлекеттік  емтихандар  (Государственные  экзамены)  –  оқу   орны
бітірушілердің білімін  тексеру  әдісі.   М.е.   тапсыру  жүйесі  алғаш  рет
Қытайда енгізілген. Орта  ғасырда  Европадағы  университеттердегі  бакалавр,
магистр атағы үшін қабылданған  сынақтар  мемлекеттік емтихандардың  алғашқы
түрі  болды.  19  ғасырда  Европаның  барлық  елдерінде  түрлі   мемлекеттік
емтихандар  енгізілді.  М.е.  жоғары  мектепке  түсуге,   арнаулы   кәсіппен
айналысуға, мемлекеттік қызметте шен алуға  азаматтық  саяси  құқық  береді.
М.е. дипломдық жобаны қорғау түрінде де қабылданады.
        МОДЕЛЬ (лат. modulus  - үлгі, өлшем) – нысан  және  оған  қатынастық
мәндерді көрсететін көрнекілік құралдардың бірі (шартты бейне, схема, т.б.)
        МОДУЛЬ  –  оқыту  мақсаты,  ақпарат  банкі  және  қойылған  мақсатқа
сәйкес, әдістемелік нұсқаулар нақты белгіленген, аяқталған  ақпарат  болады.
М. оқыту мазмұнының аса мәнді бөліктерін  айқындауға   көмектеседі.  М.  оқу
материалдарының  автономдық  үлесіне  қатысты  пән  немесе   пәндер   кешені
ерекшеліктеріне сәйкес, логикалық  аяқталған  өзіндік  дербес  білім  бөлігі
болып табылады.
         ОҚУ  (Учеба)  –  оқушының  алдағы  іс-әрекеті  үшін  білім,  білік,
дағдыларды мақсатты түрде меңгеру процесі.  Мектеп  жағдайында  О.  Оқытумен
өзектес жүреді. О. Оқушының ақыл-ой (байқау, оқу,  тапсырма  орындау,  т.б.)
және  дене  (шеберханада,  мектеп  жанындағы  үлескіде  жұмыс  істеу,  т.б.)
жұмысының жиынтығын бейнелейді.
       ОҚЫТУ, ОҚУ (Обучение) – білім, білік, әрекет  дағдыларын  үйрету  мен
меңгеру процесі, өмір мен еңбекке бейімді етіп даярлаудың негізгі құралы.
        ОҚЫТУ  ӘДІСІ,  ҮЙРЕТУ  ӘДІСІ  (Метод  обучения)  –  білім   мазмұнын
меңгеруді қамтамасыз ететін мұғалім мен  оқушының  өзара  байланысты  жүйелі
әрекет жүйесі.
      ОРТА БІЛІМ – қоғамдық  пайдалы  еңбекке  қатысуға  және  жоғары  білім
алуға қажет білім деңгейі. О.Б. жалпы  және  арнаулы  болып  бөлінеді.  О.б.
жалпы  білім  беретін  орта  мектептерде  беріледі.  Кейінгі  жылдарда  орта
мектепте берілетін О.б. мазмұны ғылым мен  техниканың  даму  дәрежесіне  сай
қайта қаралды.  Жалпы  орта   білім  Ежелгі  Греция,  Ежелгі  Римде  белгілі
болғанымен, 15 ғасырдың соңында ғана қалыптаса бастанды.
        ОРТА БІЛІМ БЕРУ- үздіксіз  білім  беру  жүйесіндегі  негізгі  деңгей
болып табылады және  жалпы,  кәсіптік  бастауыш  және  кәсіптік  орта  білім
беруді қамтиды. Жалпы орта білім беру үш сатылы: бастауыш (1 - 4  сыныптар),
негізгі (5 – 9 -  сыныптар)  және жоғары (10 -11 , 12) – сыныптар).
        ПЕДАГОГИКАЛЫҚ  ЖҮЙЕ  (  Педагогическая  система)  –  адамды   дамыту
мақстындағы жетістіктерге жеткізуші барлық факторлардың біртұтас бірлігі.
       ПЕДОЛОГИЯ (грек. paidos-  жасөспірім,  бала,   logos-  ілім)  -19  ғ.
Соңында қолданбалы психология мен  эксперименттік  педагогиканың  шеңберінде
эволюциялық идеяның таралуы мен дамуынан туындаған ағым.  П.  Терминін  1893
ж. америкалық психолог О.Хризман ұсынды.
          ПРОФЕССОР  -  (лат.  professor-  оқытушы)  –  жоғары  оқу  орнының
оқытушысының  немесе  ғылыми-  зерттеу  мекемесінің   ғылыми   қызметкерінің
лауазымы  және  ғылыми-   зерттеу   ұйымының   өтініші   бойынша   Қазақстан
Республикасының мемлекеттік аттестаттау органы береді.
        РЕФЕРАТ  (лат.  referre  –  баяндау,  хабарлау)  –  ғылыми  еңбектің
мазмұнын жазбаша қысқаша жазу немесе  ауызша  баяндау.  Оқушылырды   реферат
жазуға орта сыныптын бастап үйрете бастау қажет.
        СЫНАҚ (Зачет) –жоғары және арнайы орта оқу  орындары  студенттерінің
семинар және практикалық сабақтарда,өндірістік  практикада  алған  білімдері
мен дағдыларын, сондай-ақ олардың өздігінен орындайтын  міндетті  жұмыстарын
( сызған сызбаларын, шығарған есептерін және т.б.) тексерудің бір түрі.
      СЫНАҚ КІТАПШАСЫ (Зачетная  книжка)  –  студенттердің  білім  ,  білік,
іскерлік дағдыларына қойылатын бағаны тіркеу кітапшасы.
       СЫНАҚ СЕССИЯСЫ (Зачетная сессия) – студенттермен жарты жылда бір  рет
жүргізілетін сынақ мерзімі.



2.«Психологиялық мамандыққа кіріспе» пәнінің дәрістік материалдары.

1  тақырып:  Психологиялық  ғылымға  кіріспе.   Психология   ғылым   ретінде
түсінігі.

   Психология ерте заманнан келе жаткан ғылым, мұның даму тарихына екі жарым
мың жылдай болды. «Психология» термині гректің екі сөзінен  тұрады:  «псюхе»
- қазақ тілінде «жан», « логос » - « сөз», « ұғым »  деген  сөздердің  мәнін
береді. Осы екі сөзді қоссақ: жан туралы ғылым деген  мағынаны  береді.  Жан
туралы осындай  ұғым  адам  баласының,  қоғамның  өсіп  –  дамуының  жоғарғы
сатысында ақыл – ой қызметінің дене еңбегінен  ажырап,  екеуінің  арасындағы
айырмашылықтар туа бастаған кезде ғана жан туралы әртүрлі ұғым болған.
   «Жан» - Апейрон қасиеттерінің бірі.  Оның  айтуынша,  дүние  пайда  болып
қайтадан бастапқы қалпына келуі керек, ал  бастапқы  қалпы  ұшы  –  қиырсыз,
сондықтан, дүние шексіз  қайтадан  пайда  бола  береді.  Анаксимен  дүниенің
негізі етіп ауаны алды.  Оның  ұғымынша  ауа  ұшы  –  қиырсыз,  бір  орнында
тұрмайды, дүниені кезіп жүреді, оның болмайтын орны жоқ, ауасыз  ешбір  тірі
нәрсе өмір сүре алмайды.
   Рационалистік  психология  ХУІІ  ғасырда  француз  ғалымы   Рене   Декарт
рационалистік  психологияның  негізін  салды.  Рационалистік  психология   –
дүниетану мен ақиқат білім алудың жалғыз ғана дұрыс жолы –  ақыл  –  ой  деп
есептеледі. Декарт дуалист, яғни дүниенің қос негізі  бар:  ол  материя  мен
ойлаушы жан. Материя кеңістіктен оырн алады, оның  өлшемі,  белгілі  салмағы
болады. Ал  жан  –  рухани  нәрсе,  кеңістіктен  орын  алмайды,  өлшенбейді,
салмағы болмайды. Материя мен жан бір – біріне қарама  –  қарсы:  бірімен  –
бірі еш бір байланыспайды,  екеуі  қатар  жүрмейді,  бірі  барында  екіншісі
болмайды, әрқайсысы өз алдына жеке өмір сүреді.
   Эмпирикалық психология. Капитализмнің пайда болып дами  бастауы,  әсіресе
жаратылыстану ғылымының өрістеп алға басуына  себепші  болды.  Ғылым  атаулы
тұрмыспен  байланысып,  тәжірибелі  ғылымдарға   айнала   бастады.   Осындай
тәжірибелі ғылымдарға негіз салған ағылшының белгілі философы  Бэкон  болды.
Орта  ғасырдағы  схоластикалық  әдістерге   қарсы   шығып,   Бэкон   ғылымда
индуктивтік әдісті дамытты. Бұл әдіс бойынша  дүниетану,  оны  зерттеу  жолы
жай құбылыстардан күрделіге, оңайдан – қиынға, жақынна – алысқа көшіп  отыру
керек. Бұл әдіс жаратылыстану ғылымдарын дамытуға әсер етті.
   Эмпириалық философияның принциптерін психология ғылымын ағылшынның келесі
ғалымы Джон Локк таратып, әрмен қарай дамыта бастады.
   Бүгінгі  Қазақстандағы  білім  беру   ісіне,   мұғалімге,   жас   ұрпақты
тәрбиелеуге деген жаңа  қөзқарастар  пайда  болды.  Білім  беру  ісіне  жаңа
көзқараспен қарау мектепке жаңа көзөараспен қарау  деген  сөз.  Қай  заманда
болмасын шығыс әлемінде білімге деген талап пен  талғамның  ерекше  болғанын
жоққа шығармау керек.
   Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп,  тіліміздің  мәртебесін  арттырып
әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы – жас  ұрпаққа
білім беру мәселесіне ерекше көңіл бөлу керек.
   Мектеп – барлық рухани өркениеттің ошағы. Ол бейне адам мәнерлейтін зауыт
сияқты. Болашақтың саналы, сапалы  адамдарын  қолдан  жасап,  қоладан  құйып
алуға болмайды. Өсіп  келе жатқан  ұрпақ  –  адамзаттың  болашағы,  жалғасы.
Артта қалған ұрпақ саналы болса, адам баласының жер  бетінде  үздіксіз  даму
үрдісі жүреді. Болашақтағы мектеп – бұл мідениеттің ошағы, жан  –  дүниеңді,
эстетикалық талғам  интеллектуалдық  дамудың,  оқушығың  сана  сезімін  жаңа
деңгейге тез жеткізу үшін мүмкіндік жасайтын үздіксіз білім берудің  кешенді
орталығы. Мектеп – жан  –  жақты  дамуға  жағдайлар  туғызатын,  адамның  өз
бетімен  білімін  жетілдіруіне  жағдай   жасайтын,   таңдау   мүмкіндіктерін
туғызатын,  еркін  және  шығармашылық  тұрғыда  қызмет   жасауға   мүмкіндік
жасайтын ошақ болуы қажет. Бұл үйлесімді  өмір  мектебі.  Болашақ  мектептің
басты міндеті ең алдымен, нағыз адамды тәрбиелеп шығу.
   Психологиялық қызмет қазіргі кезде әлеументтік ортаның барлық салаларында
кеңінен  таралып  келе  жатыр.  Білім  беру  жүйесінде,  оның  ішінде   орта
мектепте, осы қызметті ұйымдастырудың өзіне тін қиындықтары  мен  шешілмеген
проблемалары өте көп. Мектеп психологтары жұмыс мазмұны анықтау  үшін  басқа
мемлекеттерде қалыптасқан тәжірибені зерттеу қажет болды.
   Көпшілікке психологиялық  қызмет  көрсету  ХУІІІ  ғасырда  кезінде  Батыс
Еуропа елдерінде аяқ ала басталды. ХІХ  ғасырда  психологиялық  зерттеулерге
қызығушылық  кеңінен  тарағандықтан  АҚШ,  Германия,  Франция  т.б   елдерде
әлеументтік    –    психологиялық    зертханалар     ашылып,     талапкердің
психофизиологиялық ерекшеліктерін бағалап беруге мүмкіндік туды.  Осы  елдер
тәжірибесін зерттеп жүйеге келтірген ғалымдар  З.А.Малькова,   В.М.Вульфсон,
К.Р.Рональдо, Г.Б.Радионов, И.А.Соколова, А.С.Овчинников, И.О.Татур.
   Адам  әрекеттерінің  барлығы  бір  мақсатқа,  бір  мүддеге  саналы  түрде
бағытталып отырады. Еңбекте болсын, оқуда  болсын  адам  алдына  бір  мақсат
қойып, содан бір нәтиже шығаруға тырысады.
   Ұлы,  басты  мақсаттар  мүдде  адам  тұрмысында  жетекші  болып,   адамды
ұмтылдырып, жігерлендіріп отырады.
   Творчествоға шабыт өте қажет. Шабыт – барлық  қабілеттіліктерінің  қозып,
жігерлі  түрде  әрекет  етуінен  туындайтын  күй.  Шабыт  үстінде   жасалған
шығарма, ол адам жазушы болсын, ғалым  болсын,  кім  болса  да  оның  еібегі
жемісті болмақ.  Творчествоның  жемісті,  нәтижелі  болуы  түрлі  дағдыларға
машықтануға байланысты.
   Дағдыланудың педагогикалық процесте алатын орны оте  ерекше.  Егер  оқушы
оқу процесінде  оқуға,  жазуға,  есеп  шығаруға  тағы  басқаларды  машықтана
алмаса , олар жақсылап оқи да, ғылым негізін меңгере де алмас еді.
   Адам психологиясының сипаттамасын беру үшін оның іс  -  әрекетінің  басты
белгілерін атап өткен жөн.  Оысындай  айрықша  сипаттардың  бірі  –  адамның
дүниедегі заттарға, құбылыстарға еңбек  объектісіне,  оның  процесіне  назар
салуы, зейін қоюы, әр уақыт  адам санасының бір затқа,  құбылысқа,  болмысқа
бағыт алып отыру.
   Психология бала психикасының жалпы өсіп – даму заңдарын, мектепке дейінгі
балалық  шаөтың  түрлі  кезеңдеріне  лайықты  жан   құбылыстарының   негізгі
сипаттамаларын ғана зерттейді.



2 тақырып: Психологиялық ғылымның негізгі бөлімдері.

Қазіргі кезеңдегі психология - қалыптасудың әр түрлі сатысында  тұрған  және
тәжірибенің түрлі  салаларымен  байланысқан  ғылыми  пәндердің  тармақталған
жүйесін білдіреді. Әдетте, психология салаларын жіктеудің  негізгі  принципі
деп  әрекеттегі  психиканың  даму  принципін  айтады.  Сондықтан  психология
салаларын жіктеудің негізі ретінде адамның іс-әрекетінің сан алуан  түрлерін
пайдаланады. Осының негізінде психологияның  төмендегідей  салалары  бөлініп
шығады: 
         Еңбек психологиясы - адамның  еңбек  ету  әрекетінің  психологиялық
ерекшеліктерін,  еңбекті   ғылыми   тұрғыда   ұйымдастырудың   психологиялық
аспектілерін  зерттейді  және  психология  ғылымының  жеке  салалары   болып
табылатын  бірнеше  бөлімдерден  тұрады:  инженерлік  психологиясы,  авиация
психологиясы, ғарыш психологиясы. 
        Педагогикалық  психология  -  адамға  білім  және   тәрбие   берудің
психологиялық заңдылықтарын зерттейді. Ол  оқушылардың  ақыл-ойы  мен  ойлау
жүйесін, дағдыларын қалыптастырудың, олардың оқу материалдарын меңгеруі  мен
ұстаз-шәкірт   арасындағы   өзара   қарым-қатынастарды   реттеудің   түйінді
мәселелерін   қарастырады.   Педагогикалық   психология    келесі    реттегі
тармақтарға бөлінеді: а) оқыту  психологиясы  -  дидактиканың  психологиялық
негіздерін,  оқыту  мен  білім  берудің  негізгі  әдістемелік   мәселелерін,
балалардың ақыл-ойын қалыптастыру сияқты өзге де мәселелерін  зерттейді;  ә)
тәрбие  психологиясы  -  гуманистік  және  әлеуметтік  тәрбие  мәселелерінің
психологиясын зерттеп, оқушылар ұжымының,  еңбекпен  түзету  педагогикасының
психологиялық     негіздеріне     қатысты      мәселелерді      қарастырады.

Медициналық  психология  -  дәрігердің  іс-әрекетінің  және  аурудың  мінез-
құлқының аспектілерін зерттейді. Ол мынадай бөлімдерден  тұрады:  психикалық
құбылыстардың     мидың      физиологиялық      құрылымдарына      қатынасын
зерттейтін нейропсихологиядан; адамның психикалық әрекетіне дәрілердің  әсер
етуін зерттейтін психофармакологиядан; адамның денсаулығы мен оны  нығайтуға
арналған шараларды жүзеге асыру жүйесін,  оның  әдіс-тәсілдерін  айқындайтын
психопрофилактика  және   гигиенадан;адамның   психикалық   ауытқушылықтарын
зерттейтін  патопсихологиядан;  психикалық  ауытқушылықтары  бар  адамдардың
өзіндік  психикалық  ерекшеліктерін   зерттеп,   психотерапевтикалық   көмек
көрсететін клиникалық психологиядан. 
          Заң психологиясы - құқыққа қатысты мәселелерді реттеу және  оларды
тәжірибе  жүзінде  қолданудың  психологиялық  мәселелерін   зерттейді.   Бұл
салалар:   сот   психологиясы,   қылмыс   психологиясы,   еңбекпен    түзету
психологиясы деп  аталатын  тармақтардан  құралады,  Сот  психологиясы  сот,
айыптаушылар, куәлар, сот тергеуін жүргізу, олардан жауап алу  тәрізді  т.б.
жайттардың  психологиялық  астарларын   қарастырады.   Қылмыс   психологиясы
қылмыскердің жеке басы мен оның зиянды әрекеттерінің сырын  ашады.  Еңбекпен
түзету психологиясы тұтқындағы адамдарды сендіру  не  күштеп  істету  арқылы
қайта тәрбиелеудің жолдарын қарастырады. 
        Әскери психологиясы -  әскери  әрекеттер  кезіндегі  адамның  мінез-
құлқын,  басшылар  мен  олардың  қарамағындағылар  арасындағы  қатынастардың
психологиялық   жақтарын,   әскери   азаматтардың   отаншылдық   қасиеттерін
қалыптастыру, психологиялық насихаттың және кері насихаттың тәсілдерін  және
т.б. мәселелерді зерттейді. 
         Спорт психологиясы -  спортшылардың  іс-әрекетіндегі  психологиялық
ерекшеліктерін  қарастырыды.  Спорт  жетекшілері  мен  бағынушылардың  өзара
қарым-қатынасын, оларды даярлаудың жағдайын,  құрал-жабдықтармен  қамтамасыз
етілуін, психологиялық даярлығын іздестіре келе, оларды жаттықтыру және күш-
қуатын  жинақтау  деңгейін,  жарыстарды  ұйымдастыру,  өткізу  мәселелерінің
психологиялық факторларын зерттейді. Әрбір ел мен халықтың спорт  өнеріндегі
ерекшеліктерін де ескере отырып, оларды жаттықтыру міндеттері анықталады. 
Психология  тармақтарын  жіктеудің  негізі  ретінде  дамудың   психологиялық
аспектілерін алуға болады. Бұл жағдайда даму  принципі  пайдаланылады.  Енді
психология салаларының келесі қатарын қарастырамыз: 
         Даму  психологиясы  -  әр  адамның  жасына  байланысты   психикалық
заңдылықтарын, ерекшеліктерін, тұлғаның психологиялық  қасиеттерін  және  әр
түрлі психикалық үрдістердің онтогенезін зерттейді. Бұл сала келесі  реттегі
тармақтардан  құралады:  балалар  психологиясы,  жеткіншектер  психологиясы,
жасөспірім психологиясы, ересек адам  психологиясы  және  геронтопсихология.
Осы сала оқыту мен  ақыл-ойдың  дамуын  және  олардың  өзара  байланысы  мен
іргелі мәселелерін зерттеп, оқыту ісіндегі адамның  ақыл-ойын,  сана-сезімін
жетілдірудің тиімді жолдарын түрлі әдістер арқылы  өрістетуге  болады  деген
мәселелерді қарастырады
            Арнайы психология. Бұл адам  дамуының  бірқалыпты  даму  жолынан
ауытқуын,  ми  ауруына  шалдыққандардың  психикалық  күйзелістері  мен   осы
саладағы әр қилы  аурулардың  себептерін  қарастырады. Арнайы  психологияның
мына тармақтары, атап айтқанда: олигофренопсихология -  ми  зақымы  ауруымен
туған адам психологиясының дамуын, сурдопсихология - саңырау не керең  болып
туған  балалар  психикасын,   тифлопсихология   —   нашар   көретіндер   мен
соқырлардың психологиялық дамуын зерттейді. 
          Салыстырмалы  психология  —  психиканың  филогенетикалық  түрлерін
қарастырады.  Мұнда  адам  мен  хайуанаттар  психикасын   салыстыра   отырып
зерттейді.  Олардың   психикасындағы   айырмашылықтары   мен   ерекшеліктері
ажыратылады. Бұл саланың жануарлар психологиясын  зерттейтін  тармағы  әрбір
түр мен тектің, олардың тобындағы жан-жануар, жәндіктердің құлқын,  әр  қилы
механизмдерін қарастырады. Мысалы, өрмекші, құмырсқа, ара,  ит,  құс,  жылқы
және маймылдың психикасы  едәуір  деңгейде  зерттелген.  Қазіргі  кезде  бұл
тармаққа  биология  мен  психологияның  тоқайласқан  жерінде  этиология  деп
аталатын тармақ қосылып отыр. Бұл орайда,  киттер  сияқты  дельфиндердің  де
қылықтары  бақылауға  алынып,  хайуанаттар  құлқындағы  туа  пайда   болатын
механизмдер зерттелуде. 
           Әлеуметтік  психология  -  адам  мен  қоғам  арасындағы   қатынас
мәселелерімен  айналысады.  Бұл  сала   адамдардың   белгілі   бір   негізде
ұйымдасқан топтары мен кездейсоқ топтары арасындағы өзара  қарым-қатынастағы
психологиялық құбылыстардың  сырын  зерттейді.  Қазіргі  кезеңде  әлеуметтік
психология қарқынды  түрде  дамуда.  Әсіресе  саяси,  экономикалық  қоғамның
күрделі мәселелері.  Сонымен  қатар  үлкен,  ірі  топтардағы  психологиялық-
әлеуметтік   жағдайлары.   Бұл   мәселелердің   құрамына   жалпы   бұқаралық
байланыстар: радио, теледидар, баспасөз т.б. кіреді. Әр түрлі топқа  жататын
адамдарға  осы  құралдар  арқылы  алуан  түрлі  хабарлар,   көпшілікке   тән
талғамдар, әдет-ғұрыптар мен  дәстүрлер,  иланулар  мен  сенімдер,  қоғамдық
көңіл-күйлер жайлы әсер етудің психологиялық  астарлары  жеткізіледі.  Бұған
топтық психологияға  қатысты  мәселелер,  этностық  және  ұлттық  психология
сипаттары, дін психологиясының өзекті мәселелерін зерттеу де  жатады.  Шағын
топтардағы  психологиялық-әлеуметтік  жағдайлары  жайлы   мәселелер.   Мұнда
оңашаланып тұрақталған топтардағы адамдардың бірігуі, олардың  өзара  қарым-
қатынастарының сыры мен жағдайы, топ ішіндегі  жетекшінің  алатын  орны,  әр
түрлі топтық типтер болып саналатын ассоциациялар,  корпорациялар,  ұжымдар,
ресми жэне бейресми топтар арасындағы  қатынастар,  сол  топтардың  шеңбері,
олардың  бірігуінің  себептері  мен  мақсат-мүдделері,   шоғырлану   деңгейі
зерттеледі.
Психодиагностика – нақты  міндеттерді  шешуге  арналған  практикалық  немесе
теориялық  меңгеру  операцияларының  біртекті  амалдарының  жиынтық   әдісі.
      Практикалық  психологияның  өзіне  тән   ерекше   әдістері   бар.   Ол
диагностикалық  әдістер,  кеңес  беру,  терапевттік  түзету  әдістері   және
ұйымдастыру  мәселелерін  шешуде  қолданылатын  әдістер.  Бұлар  психологтың
клиентке  ықпал  ету  қарқындылығының  ,   шешілетін   міндет   күрделігінің
негізінде құрылған.  Психодиагностика  клиенттің  психологиялық  проблемасын
шешу үшін оған өзін едәуір тереңірек түсінуге және хал - жағдайы  мен  мінез
құлқын   өзгертуге,   адамның  ішкі   мүмкіндіктерін  табуға   жәрдемдеседі.
Практикалық  психологияның  әдістері  психодиагностикалық,   кеңес   беруші,
түзетуші - терапевттік әдістерге жіктеледі.
Психодиагностика  –  психологтың  клиентпен  немесе  топпен  жұмыс  жасайтын
мәселелеріне тереңдеп енетін бағыт.
Диагностикалық әдістердің бірнеше түрлері бар:
Бақылау –  анықталған  құбылыстың  ерекшеліктерін   сипаттайтын   іріктелген
мәселелерді( бірліктерді, көрсеткіштерді,  белгілерді)  тіркеудің  негізінде
зерттелінген   объектіні   бір   жүйе    бойынша    қабылдау.    Практикалық
психологиядағы  бақылау  –  клиенттің   психологпен   қарым-   қатынасындағы
вербалды және вербалды емес мінез- құлқын мақсатты, жүйелі түрде қабылдау.
Әңгімелесу –психологтың сыналушымен серіктес  қарым-  қатынасының  барысында
сыналушы тұлғасы жайлы диагностикалық  маңызды  ақпаратты  алу  тәсілі.  Бұл
әдіс психологиялық көмек көрсету кезіндегі  терапевттік  әңгімелесу  ретінде
анықталатын клиникалық сұхбаттасу деп аталады. Әңгімелесу  барысында  клиент
сезінген эмоциялы күйлерге ену,  сезіну арқылы  клиент  тұлғасын  және  оның
сөздері арқылы алынған ақпараттың барлығын сынамай қабылдайды,  яғни  түсіну
қабілетіне  негізделген эмпатиялық тыңдау әдісі қолданылады.


    3 тақырып: Психологиядағы ғылыми емес зерттеулер.


    Парапсихология(гр. para  –  маңында,  төңірегінде  және  психология)  –
психологияның адамның мінез-құлықтарындағы гипноз, елестету  сияқты  айрықша
құбылыстарды   зерттейтін    саласы.Парапсихологияның    синонимі    ретінде
психотроника  ұғымы  қолданылады.Парапсихологияға  эксрасенсорлық  қабылдау,
телепатия,  яғни  алыстағы  адам  туралы   белгілі   бір   ақпарат   игеруге
қабілеттілік, болашақты жорамалдау, көріпкелдік, құмалақшылық, т.б.  жатады.
Парапсихология  экстрасенсорлық  қабылдау,  телепатия,   түс   көру   сияқты
табиғаты   айқындалмаған,   функционалдық   қызметі   тиянақсыз   психикалық
құбылыстар туралы мәліметтердің жиынтығы ретінде  көрінеді.Парапсихологиялық
көріністер 19-ғасырдың соңғы ширегінен арнайы ғылыми нысан ретінде  зерттеле
бастады.1980–1890    жылдары    Батыс     Еуропа     елдерінің     ғалымдары
Парапсихологиялық   құбылыстарды   зерттеумен   шұғылдана   бастады.    Пси-
феномендердің нақтылығын дәлелдеу емес, аномалды деп  аталатын  құбылыстарды
зерттеу мақсатында Парапсихология  қауымдастығы  ұйымдастырылды.  Психология
ғылымының  бір  саласы  ретінде  Германия  мен  АҚШ-та   –   gарапсихология,
Францияда – метапсихика, КСРО-да – биоинформатика,  т.б.  атаумен  одан  әрі
дамыды. Парапсихологияда гипноз арқылы өткізілген  зерттеулер  маңызды  орын
алады. Орыс ғалымы Л.Васильев гипноз бен экстрасенсорлық  қабылдау  арасында
мәнді байланыстар орнатты.  Ғалымдардың  көп  жылғы  ізденістері  гипноздың,
идеомоторлық актілердің, субсенсорлық қабылдаудың,  таңғажайып  естің,  есеп
шығарудағы  дарынды  қабілеттің  психологиялық  заңдылықтарын   танып-білуге
ұйтқы болды.  Дегенмен,  Парапсихология  қарастыратын  құбылыстардың  ерекше
сипаты осы уақытқа дейін мамандар арасында бірде  қызу  айтыс-тартыс,  бірде
ашық күмән туғызуда.
      Эзотерика - бұл адамның жеке санасы, әлемдік білім мен  адам  тәнінің,
денсаулығының нәтижесін, ақыл мен жанның жиынтығын  белгілі  тәсілмен  тегіс
қамти алатын  әдістер  болып  табылады.  Грек  тілінде  «эзотерика»  арнаулы
адамдарға пайдалануға болатын немесе «құпия ілім»  деген  ұғымды  білдіреді.
«Эзотерика» қарама -қарсы ұғымда, яғни құпиядан жалпыға  хабарлауға  болатын
білім ретінде  де  қарастырылады.  Қазіргі  таңдағы  эзотерика  ұғымына  кең
көлемдегі мәселелер: оккультизм, мистика, альтернативті медицина,  шекаралық
ғылымдар, кешенді ойлау, метафизика, сананы кеңейту т.б. мысал бола алады.
Эзотерика  адамның  іс-әрекетін,  ойлау  бейнесін,   емдеу   тәсілдері   мен
шығармашылық энергияның байланысын анықтайды. Ол  өзінің  түсіндіруінде  тек
рационалды анализ, логикалық ойлау, адам мен әлемді  материалисттік  тұрғыда
қабылдауға  негізделмейді.  Эзотерика  сол  жақ  жарты  шарының   қызметінің
көмегімен жоғары білімге жетуге болатынын айқындаумен қатар,  оң  жақ  жарты
шарлары  аймағының  да  «  икемді»  қасиеттерге  ие,  яғни  жасырын  өмірлік
процестерді  –интуиция,  аналитикалық  және  интуитивтік  ойлауға  мүмкіндік
беретінін көрсетеді. Ақиқат жолы мен тегіс қамтитын ұғымға  жету  тек  жарты
шарлар қызметіне қатысты болмаған кезде ғана нәтижесін беретініне  сүйенеді.
Бүгінде эзотерика ақыл  орнын  басуға,  қандай  да  бір  ғылымның,  қоғамның
алдында    жауапкершілікте    болуға    тырыспайды.    Керісінше,     біздің
көзқарасымызды,  білімімізді  жетілдіруге,  қабілетімізді  дамытуға,  өзіміз
туралы  білуге,  өз  түсінігімізді  тереңдету  үшін  иррационалды,   әмбебап
тәжірибе арқылы таным әдістерінің көмегімен кеңейтуге ықпал жасайды.  Қандай
кезеңді алып қарасақ та, қоғамға көмегі тиер физикалық  және  рухани  адамды
дамыту  актуалды  мәселелердің  бірі.  Сол   үшін   басты   мақсат   ретінде
эзотериканы жаңа  жолдар  арқылы  түсіндірілуі  қажет.  Мысал  ретінде  мына
сұрақты алайық. Біз, адамзат әлі күнге дейін өзімізді  құпияның  бір  бөлігі
екенімізді түсінбесек немесе  танымасақ,  өмір  құпияларына  қалай  сенеміз?
Жауап: мұндай жағдайда әрбір адамның өзін-өзі  тануы,  өзіндік  жетілдіруіне
тікелей байланысты. Бүгінгі қоғамдағы адамзаттың көкейкесті  мәселе  ретінде
қарастыратын сұрақтары  көне  эзотерика  шеңберінде  бұрынғы  заманнан  орын
алған. Оған мысал; әлем мен жеке  тұлға  арасында  қандай  байланыстар  бар?
өзін-өзі тану дегеніміз не ? Бұл ең басты өзімізге қоятын негізгі  сұрақтар.
Сұрақтарға ғылыми –жаратылыстану, рационалды-философиялық,  әлеуметтік  және
эстетикалық  тұрғыда  жауап  табу  ыңғайлы,   бірақ   рухани,   эзотериялық,
интуитивті әдістер де құнды. Себебі эзотерика -  адамның  жаны  мен  жердегі
тіршілік иелерінің үйлесімділігін зерттейтін ежелгі ғылым.  Ол  рухани  ішкі
күшті материядан жоғары  қоятындығымен  ерекшелінеді.  Эзотерика  гармонияны
қалыптастыру үшін рухани  тәжірибеге  сүйенеді.  Әсіресе  адамдардың  өзінің
ішкі қабілеттерін, өзін-өзі  тануына  мүмкіндік  береді.  Адамдардың  барлық
эволюциялық даму жолында эзотериялық  білімдер  құпия  білім  деп  саналған.
Оның құпияда сақталынуының  себебі  қоғамның  санасы  оны  қабылдауға  дайын
еместігі мен оны дұрыс  пайдалана  алмауында  еді.  Бұрынғы,  мейлі  қазіргі
заманғы адамдар болсын, олардың  әлемді  өзіне  бағындыру  үшін  бағытталған
эзотериялық білімді  дұрыс  пайдаланбауы  өздеріне  зардабын  тигізуде.  Кез
келген білімді  дұрыс  пайдаланбау,  адамдарға  қауіп  төндіреді.  Сондықтан
эзотериялық білімдер өте күрделі болғандықтан, оны  бұрынғы,  қазіргі  заман
адамдары да аз қолданады.  Олардың  көпшілігі  бұл  ілімді  жоққа  шығарады.
Себебі  ол  адамдар  өзінің  өмірінің  терең  мағынасы  неде  жатқанына  мән
бермейді.
      Медитация ( лат. –  ойлану,  толғану)  –сананың  терең  ойға,  зейінін
қандай да бір затқа тұрақтауы. Медитация  кезінде  сыртқы  зейіннің  бөлінуі
(жарық,  дыбыс)  мен  ішкі  әлемге  (физикалық,  эмоциалдық  т.б.)   кедергі
келтірмеуі тиіс.  Медитацияның  психологиялық  жаттығуларын  түрлі  формада,
адамның  мәдени  –тарихи  тұратын  жеріне  байланысты  қолданады.   Көптеген
куәгерлердің айтуынша медитация шығыс еліндегі  Үндістан  мен  Қытайда  көне
заманнан бері сақталған.
      Ал   ХХ    ғасырда    медитация    әдістерін    кейбір    психоанализ,
психофизиологиялық жаттығулар, терапевтік эффекттер  үшін  мектептерде  пайд
аланған.Ал  Шығыста  медитацияны   адам   өмірінің   бір   бөлшегі   ретінде
қарастырады. Медитацияның ешқандай  іс-әрекетке  қатысы  жоқтығын,  оны  алу
мүмкін  еместігін  шығыс  медитациясымен  айналысатын  адамдары   ескерткен.
Себебі ол зат емес,  ол  әрбір  адамның  өзі.  Медитация  өз  мүмкіндіктерін
саналы қабылдауға, адамдардың кім  бола  алатынын,  неге  қол  жеткізетінін,
нені   аяқтамай   қалдырып   кеткендігін   анықтауға    мүмкіндік    береді.
Писхологтардың зерттеулерінде адам өз  мүмкіндіктерінің  5%-  ін  ғана  өмір
сүру барысында пайдаланады екен. Ал 95% - ін әлі ашып қолданбаған.  100  %-ң
ішінен 5%-і аз көрсеткіш. Тек медитация ғана адамның өз-өзінің ішкі  әлеміне
апаратын, дамытатын жол.  Ол  эзотериканың  ең  негізгісі.  Қазіргі  кездегі
адамдардың пайдаланып жүрген медитацияларының барлығы Шығыста  пайда  болып,
өркен жайған. Сондықтан адамдар нағыз медитация мен ойды образдың  қабылдауы
мен шатастырмауы қажет. Медитация  ең  алдымен  отбасындағы,  ұжымдағы  ішкі
үйлесімді сақтайды. Біздің тілімізде  оның  екі  ағымы  бар:  сенсорлы  және
моторлы. Моторлы ағымда тәннің барлық еріксіз  қызметтері:  тыныс  алу,  қан
айналу т.б. жауап береді және тәннің өміріне қолдау жасайды.  Сенсорлы  ағым
болса - бұл сана. Ол сезім мүшелері  арқылы,  яғни  ой,  арман,  сезімдердің
сыртқа   шығуына   бағытталады.   Бүгінде    біздің    сезіміміз,    ойымыз,
денсаулығымыздың  барлығы   бір-бірі   мен   тығыз   байланысқан.Тыныс   алу
медитациясы адамның саналы  болуына  көмектеседі.  Сол  себептен  бұл  күйге
түскен адам одан шыққысы келмейді . Егер адамның медитацияға кіргісі  келсе,
уақытқа шек қоймауы тиіс. Себебі : тыныс  алу  медитациясы  адамның  белгілі
сана деңгейіне қол жеткізеді.Егер медитацияны  батыстық  ойлауы  қалыптасқан
адам жасаса, оған тұрлі иллюзиялар әсерін тигізеді. Ойлау процесі  мен  ақыл
– ой логикасы оның басынан  кетпейді.  Егер  адам  өз  миынан  шыға  алмаса,
жүректің кеңістігін сезіне алмайды.  Сол  үшін  мыңдаған  жылдар  бойы  ақыл
жүрекке жол ашпауда. Адамзат өз тәніндегі  жанның  қозғалмалы  екенін  білуі
тиіс. Медитацияда біз  қандай  күйде  болсақ,  түсте  дәл  солай.  Ең  басты
ерекшелігі түсте адам еш нәрсені саналы қабылдамайды, ал  медитацияда  толық
саналы күйде  болады.  Адам  ұйқымен,  түспен  тікелей  байланысады.  Себебі
адамның ұйқысына қарап, оның қалай өмір сүріп жатқанын білуге  болады.  Егер
адамдар нашар ұйықтаса, оның өмірі босқа айналады. Оның барлық  байланыстары
шиеленіске түседі. Ал керісінше жағдайда түс адамды сана  асты  күйіне  алып
барады. Американ психологтары  түсті  үлкен  құпияға  жатқызады.  Бірақ  түс
толық аяқталған ойға жатпайды. Себебі онда  ұйқы  мен  сергектік  арасындағы
күй қозғалыста болады. Сондықтан сергектік пен  ұйқының  арасынан  түс  орын
алады. Адамның уайымшыл ойы бір  орында  тұра  алмайды.  Тіптен  түнгі  ұйқы
кезінде де  ол  тәнге  тыныштық  бермейді.  Ішкі  тынымсыздық  тәннің  уайым
кешуіне  ықпал  жасайды.Сол  үшін   ой   мен   түстің   арасында   аз   ғана
айырмашылықтар бар. Ой  түске  қарағанда  мәдениеттілеу.  Мәселен:  абориген
тайпаларының балалары сөз жүзінде емес,  сурет  немесе  бейне  арқылы  ойлай
алады. Адам ұйқы кезінде  барлық  күндізгі  қасиетін  жоғалтады.  Ол  өзінің
ғалым, жоғары білімді  адам  екенін  ұмытып  кетеді.  Түнде  сөздің  барлығы
суретке айналады. Түс адамның  ұйықтауына  маза  бермесе,  ал  ойлар  оянуға
мүмкіндік бермейді. Егер түс жойылса, ұйқы  толық,  егер  ой  жойылса,  ояну
жеңіл  соғады.Адам  -бұл  толған  ауыртпашылық,  онда  көкейкесті  мәселелер
аурудың түрлері, уайым-қайғы, кедергілер өте көп.  Оның  даму  эвалюциясында
«ауру »көп болғандықтан  ол  өзінің  табиғилық  қасиетін  қабылдай  алмайды.
Осының барлығы оның тынымсыз болып  қалуына  әсерін  тигізген.Бұл  жағдайдан
шығару үшін адамға 2 әдісті қолданған. Біріншісі – медицина, ал  екіншісі  -
медитация. Медицинаның әрбір ауруын және қарастыратын  болса,  ал  медитация
адамды ауру ретінде қабылдайды. Бірақ әр адам әртүрлі  ауырады.  Оның  басты
себебі ауруда емес,  адамның  өзінде.Сол  себептен  медитация  адамның  ішкі
әлемін тереңірек ашады. Бірақ медицинадан медитация,  медитациядан  медицина
бөлек жүре алмайды. Оның  кілті  адамның  тән  мен  жаннан  құралуында.  Мың
жылдар бойы адамдар тән мен жанды бөлек қарастырған. Сондықтан медицина  мен
медитацияны бөлек бөлек деп санаған  .  Бірақ  қазіргі  заман  адамдары  тән
адамның  көрінетін,  ал  жан  көрінбейтін  бөлігі  деп  қабылдайды.Біріншіде
медитация адамзат тіршілігінің  екінші  жағынан  қарайтын  дәрумені.  Әрине,
дәрілер материядан және химиялық заттардан  құралады;  Ал  медитация  санаға
тәуелді болады. Медитацияға арналған дәрі  жоқ.  Бірақ  адамзат  медициналық
әсер ететін дәрі - дәрмектер шығаруда.  Мәселен;  меоналин,  марихуана  т.б.
Бұл  жасалған  дәрілердің  барлығы  да  адамның  өзін-өзі  алдауына   әкеліп
соқтырады.Қашан адамның санасы іштей сау болады(. Ең бастысы ол өзінің  ішкі
әлемін саналы сезінгендігінде ғана. Себебі саналықтың  екі  жағы  бар;  Егер
тәжірибе жасап көретін болсақ бірі сыртқа , ал екіншісі  ішке  бағытталғанын
байқаймыз. Медитацияның  басты  негізі  адамның  тәнінің  және  өзін  сезіне
бастауында. Адамның 70% ауруы ақылға бағытталған. Бұл  аурудан  құтылу  үшін
гипноздың көмегімен жазуға болады. Бірақ  адамдардың  70%  ауруы  психикалық
болып табылады. Олар  тәнде,  ақылда  тудындайды.  Егер  адам  өз  санасында
аурудың жоқтығын айтатын болса, онда ауру жоғалады. Себебі ақыл тәнде  билік
етеді. Адамның 70% ауруын ақылдың көмегімен жазуға мүмкіндігі  бар.  Ал  30%
-ті ғана тәнге тәуелді болады.Қазіргі кезде Шығыстың басты елдері  -  Қытай,
Жапония,  Үндістан,  Корей  және  тағы  басқа  транстық  емдеу   техникалары
медициналық трансқа негізделіп  құрылған.  Ол  елдерде  ежелгі  медитацияның
дәстүрлі түрлерін әлі күнге дейін қатаң тәртіппен сақтаған. Шығыс  шеберлері
(Судзуки және т.б.) медитациялық транс пен гипноздың  арасында  өзгешеліктер
бар деп қарастырмайды. Қайта гипнозды медитациялық транстың  психотехникалық
әдісінің бірі деп санайды.Ал Д.В. Кандыба ( 1990 ), Л.П.  Гримак  (  1991  )
және   т.б.   үлкен   гипнотерапевттер   медитациямен   гипноздың   арасында
психофизиологиялық  күйдің  ерекшелігі  бар  екенін,  ал  медитацияда  ешбір
нейрофизиологиялық   және    психологиялық    көрініске    ие    болмайтынын
дәлелденген.Медитациялық транс (медитация) - бұл  психофизиологиялық  күйдің
құрылымдық өзгеруі. Егер гипнозда тыныштықтағы  гипноз  ұйқы,  альфа-ритмнің
көбірек немесе азырақ сөнуі бета –  ритмнің  амплитудалары  мен  тазалығының
төмендеуі, дельта толқындарының төменгі тазалығына ауысуы т.б.  әсер  ететін
болса, сонымен қатар гипноздық күйде дәл сергектік кұйдегі секілді  қандайда
бір  белсенді  әрекетті,  ми  блогын  жазып  алуға  мүмкіндік   болады.   Ал
медитациялық күйдегі адамдарда үнемі альфа - ритмі (тыныштық күйі  ),  кейін
оның тазалығы бірте - бірте төмендейді де, тета – ретм пайда болады.
Жалпы «медитация» сөзі латынның meditatio (орталыққа  жылжу)  деген  сөзінен
шыққан.  Дәл  осы   медитацияда   орын   алатын   секілді   күш   –   қуатты
пайдаланбастан, адам өз - өзінің ішкі орталығында болады. Сол  кезде  адамда
жоғарылау  сезімімен  қатар,  болып  жатқан  жағдайды  анық  көріп,   саналы
қабылдау  процесі  жүреді.  Кризистік  жағдайда  тыныштық  сақтау   қабілеті
қалыптасады. Адам осы бақылау пунктінен өзі туралы, өзге адамдар туралы  көп
түсінік алады. Өзге адамдардың өмірінің сценарилері немесе тағдыры  неліктен
олай  болғанын  түсінеді.  Мәселен,  ол  адамды  ата-анасы  баласы   ретінде
қабылдамады ма( Егер жауап «иә » болса, оның  өмірлік  жағдайына  әсер  етті
ме( Анасы  үлкен  ұлына  өте  үлкен  мейірімділікпен  қараса,  ал  кіші  ұлы
анасының алдында жақсы көріну үшін үлкенімен үнемі  күресте  болды  ма(  Бұл
адам қорқынышта өмір сүрді ме(  т.с.с.  Осының  барлығы  адамға  біреу  үшін
жазылған  сюжеті  сияқты  болып  көрінеді  де,   оның   ескірген   эмоциялық
«жарақаттары » жазыла бастайды.Ендігі  кезекте  медитацияның  дұрыс  орындау
ережелерімен танысамыз. Медитацияны күніне  бір  мәрте  тамақтан  кейін  1-2
сағаттан  соң  пайдалануға  болады.  Мүмкіндігінше  ешқандай  адам   кедергі
жасамайтын кезде қолдану тиіс. Медитация 15 минуттан, бірнеше сағаттарға  да
созыла  алады.15  минуттық  медитациялар   нәтижелі   болады.   Медитацияның
шектеулі уақыты жоқ болғандықтан, оны әрбір адам қай кезде  аяқтайтынын  өзі
сезінеді.
      Мамандардың  айтуынша  медитацияны  орындамас  бұрын   ешкім   кедергі
келтірмейтін жерді таңдап алу керек.  Таңдалып  алынған  жер  жылы,  ыңғайлы
болуы тиіс. Ал позаға  тоқталар  болсақ,  ол  сан  түрлі  мәселен;  үндістер
«лотос», жапондықтар өкшеде отыру позасын пайдаланады. Бұл  позалар  балалық
шақ кезінен үйренген адамдарға  қиындық  тудырмайды.  Ал  батыс  адамдарында
әсіресе отыздан асқандарға  ыңғайсыз  келетіндіктен  денені  ауырлық  сезімі
ұялайды. Бірақ ғалымдар үстелде  отырып,  денені  тік  ұстайтын  позаны  жөн
көреді. Медитация кезінде бүкіреймей, денені бос ұстап, аяқты  жерге  қойып,
екі  қол  тізеде  еркін   жатады.Медитация   алғашқы   деңгейде   адамдардың
концентрациялауын  қажет  етеді.  Мысалы;  иттің  өзін  қоян  орнына   қоюы,
мысықтың құсты аулауы секілді, медитация кезінде  де  дәл  осындай  сезімдер
кездеседі.Концентрациялау  әдісін  үйренген  адам  күнделікті   өмірде   де,
тіршілік ететін не  тіршілік  ептейтінді  ажыратады,  күрделі  тапсырмаларды
нәтижелі орындайды, стрестік жағдайларда  ұстамдылық  танытады,  жүрек  және
артериалды қысымы төмендейді.
    4 тақырып: Психологиялық ғылымның  дамуы.  Ғылымға  дейінгі  психология

      Психологияның  ғылым  ретінде  қалыптасуы  ұзақ  және   тарихи   қысқа
болды.Ежелгі  Грецияда  психикалық  құбылыстарды   түсіндірмек   болған.Онда
психика, жанды табиғаттың 1 бөлігі ретінде  қарастырған:  жануарда-жан  бар,
ол қозғалыс  пен даму көзі. Жан денеден тыс өмір сүреді де  адам  тағдырына,
денсаулығына,сәттілігіне  әсер  етеді.  Психика  табиғатын  бұлай  түсіндіру
анимизм деп аталады (латын тілінен anima –жан,дух).
      Психиканың  түсіндірілуі   бұдан   кейін   Демокрит   және   Плотонмен
байланысты.  Демокрит  –  психиканыматериалистік  тұрғыда  түсіндірушілердің
бірі. Жан  атомдардан  тұрады  және  кездейсоқ  құбылыстар  болмайды,-деген.
Плотон-І идея, ІІ материалды  дүние,  деген.Плотон-  философия  идеализімнің
басы.
      Антикалық ғалымдар, философтар,дәрігерлер психика  мен  ми  байланысын
түсіндірді,  психика  мен   қоршаған   орта,   адам   психикасының   тұрақты
индивидуалды көрсеткіштері туралы көзқарасын ұсынды.
      ХІVғ  дін  адамдарды  зеріттеуге  тыйым  салды.  Бірақ  ХVғ   механика
психологияның дамуына көп үлес қосты.Механиканы адам мен жануар  психикасына
алғаш рет қолданған.Декарт ол адам организімінің техникамен салыстырады,  ол
жануарда жан жоқ, ол тек сыртқы әсерлерге  жауап  береді,сол  оның  тәртібі,
деді.Ламерти жануарлар машина тәрізді дегенді  адаммен  байланыстырды.Декарт
рефлекс және сана ұғымдарын енгізді,  бірақ  оларды  «бөліп  тастады».Жануар
тәртібін және адамның кейбір  қылықтарын  рефлекторлы   деуге  болады,-деді.
Сана  –  тек  адамның  өзін-өзі  бақылауына  ғана  болатын,тұйық   құбылыс,-
деді.Дене тек қозғала алады,  жан-тек  ойлайды,  деген.  Бұл  ғылым  дуализм
деген атқа ие болды.
      Спиноза – дуализімнен  асып,  адамды  тұтастай  қарастыруды  ұсынды.Ол
адамды 3 қозғаушы күш бар деді, ол: қуану, қайғыру, ынтығы және  эмоцияналды
күйлер пайда  болады.  Қайғыру  –  дене  белсенділігін  азайтады,  қуаныш  –
көбейтеді.
      Дүниетанудағы сезімдердің Лок негізін қалады, дамытты. Ол  сенсуализім
деп аталды.  Ол  ақыл-ойда  сезім  органдарынан  өтпеген  ештеңе  жоқ  деді.
Нәрестенің психикасы – «таза  тақта»,  тәжірибе  оған  мазмұн  жазады,-деді.
Психикалық әрекеттің негізгі миханизімі  –  ассоциация.Ассоцация  ілімі  ХХғ
басына дейін етек алды.
      Француз психологтары ХVІІІғ Дидро, Гольбах, Гельвеций, Кондильяк  адам
психикасының әлеуметтік дитермикациясын ашты.
      ХІХғ  басында  психиканы  түсіндірудің  жаңа  бағыттары  пайда  болды,
психология ғылым ретінде қалыптаса бастады.Осы  кезде  анатомия  мен  жүйке-
жүйесінің   физиалогиясы   дамыды.Чех   зеріттеушісі    Прохазка,    француз
зерттеушісі Мажанди  және  ағылшындық  Белла  сенсорлы  және  маторлы  жүйке
жолдарын ашты және Декарттың рефлекторлы доға идеясы іске асты.
      Австрия  анатомы  Гальдің  френалогиясы  (грекше  pxren-жан)   кеңінен
тарады. Ол қабілеттіліктер ми құрылымына байланысты, бас сүйегіне  қарап  ми
дамуы  мен  адам  қабілеттіліктері  туралы   айтуға   болады,-   деді   және
зеріттеушілер ми мен психикалық әрекетті зеріттеді.  Осы  кезде  Фритче  мен
Гитцег қозғалыс орталығы,  сезім,  Брока,  Вернике  (моторлы  және  сенсорлы
сөйлеу) орталықтарын ашты.
      Осы   кезеңде   сезім   органдарының   физиялогиясы    дами    бастады
(Мюллер,Гельмгольц). Дарвин  қағидасына  сүйене  психика  эволюция  нәтижесі
ретінде қарастырылды.
      Психиатрия мен көтеріліп ауратындарға көзқарас өзгерді. Бұғанға  дейін
оларды диявл билеген деген, (мұндай суға салған, ауырту  тітіркендіргіштерін
жасаған т.б). Психикалық ауруды  емдеуге  болатындығы  норма  мен  паталогия
ұғымдарын ашты.
       ХІХғ  ІІ  жартысында  биология,  физиология,  медицина,  ғылымдарының
дамуымен психология ғылымы пайда болады.
      Ғылыми психологияның пайда  болатына  эксперементтік  әдістердің  енуі
әсер етті, бұған дейін тек интроспекциялар (өзін-өзі  бақылау)  болған.  Осы
кезде Вебер  сыртқы  тітіркендіргіш  күші  мен  сезіну  көлемінің  қатынасын
анықтады, Фехнер осы заңдылықты математикалық қорытындылады.  Гельмгольцтың,
сезім органдарының психофизиялогиясы жұмысы пайда болды.
      Эксперементалды  психология  1879ж  15сентябрьде  Германияның  Лейпицг
қаласында Вельгельм Вунттың эксперементальды психологиялық  лобараториясының
ашылуынан басталады. Түйсіну, қабылдау, реакция  жылдамдығы,  ассоциациялар,
сезімдерзерттелебастады. Вунт объективті зеріттеу әдістерін қолдана  отырып,
оны интерпритациялауда идеалистік көзқарас ұстанды. Психикалық  реакцияларды
зеріттеуде өзін-өзі бақылау негізгі орын алды.
      Матералистік психологияны 1863ж Сеченевтің еңбегі дамытты рефлекс-адам
психикасының   негізгі   миханизмі   деді.   Рефлекторлық   доға   түсінігін
рефлекторлық сақинамен алмастырды.
      Ресейдегі І психологиялық лабараторияны В.М.Бехтерев ашты  медицинада,
жас ерекшелік, әлеуметтік психологияның негізін қалады.
      ХІХғ   аяғы-ХХғ   басында   қолданбалы   эксперементальды   психология
дамыды.Эббингауыз  эксперементте   сандық   талдау   жүргізді   де,   өзінің
психологиялық заңдылығын ашты.
      Гальтон  индивидуалды  ерекшеліктерімен  тестті  ашты.  Алғашқы  шетел
зеріттеулерге арналған тесттерді Француз психолыгы Бине енгізді.
      ХХғ  психологияны  зерттеу  пәні  мен  әдістері   туралы   көзқарастар
бірікпеді, бірнеше психологиялық мектептер пайда болды.
      Бихевиоризм. Бехтерев, Павлов ықпалымен америка психологиясында  пайда
болды.  Бағдарламасын  құрған  Уотсонтерминін  енгізді.  Адам  санасы,  еркі
қабылдауы  т.б  «қара  жәшік»  деді.  Дене  белсенділігі  сырт  ортаға  ішкі
реакцияға байланысты көрінеді.
      Толмен стимул-орта, звено, реакция-аралық өзгеріс терминін енгізді, ол
күту, білім, бағдар бұдан  Когнитивті  бихевиоризім  деп  аталды  және  Холм
Скиннер.
      Гештальт-психология     (неміс      Gestalt-бейне,      конфигуранция)
ХХғбасындаГерманияда  пайда  болды.  Негізін  қалаушы   Вертгеймер,   Келер,
Коффки.
      Тәртіп – рефлекстер байланысынан кең, тұтас. Мысалы: қабылдауда  тұтас
бейне пайда болды, бұл- гештальт, ал тез арада есепті шешу- инсайт.
      Психоанализ Фрейд: Жеке адам белсенділігі-бейсанада. Психика құрылымы:
бейсана - Ид (Оно), сана алды - Эго(Мен), саналы - Супер эго (Жоғарғы  Мен).
Бейсаналы энергия  көзі  -  сексуалдылық.  Ид-организімді  соматикалық  және
психикалық процестер.


5 тақырып: Ғылыми психологияның пайда болуы.

                    Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған  сыртқы  дүние
заттары мен                құбылыстарының  мидағы  әртүрлі  бейнелері  болып
табылады. Олар (түйсік, елес, ой,  сезім,  тілек,  қабілет,  қызығу,  мінез,
әдетт.б.) көпшілігімізге өз  тәжірибемізден  жақсы  мәлім,  тілімізде  жақсы
кездесетін ұғымдар. Бірқарағанда бұлардың мәнін  әрқайсымыз  тез  ажырататын
да, білетін де  сияқтымыз.  Бірақ,  психикалық  құбылыстардың  мәнін  ғылыми
тұрғыдан түсіну арқылы ғана жан-жақты ажыратуға болады. Осы мәселені  ғылыми
жолмен баяндауды, олардың  өзіндік  заңдылықтарын  айқындауды  –  сөз  болып
отырған психология ғылымы қарастырады.
     Психология ерте замандардан келе жатқан білім салаларының  бірі.  Оның
дүниеге ең тұңғыш келген жері ежелгі Греция.  «Психология»  термині  гректің
екі сөзінентұрады: оның біріншісі – «псюхе» (жан), екіншісі - «логос»  (сөз,
ілім). Сөйтіп, бұл сөз «жан туралы  ілім»  деген  ұғымды  білдіреді.  Бірақ,
психологияны «жан туралы ілім» демей,  психика  туралы  ғылым  деп  түсінген
дұрыс.
Жан туралы  ғылыми  түсінік  желгі  гректердің  әмбебап  ғалымы  Аристотель(
б.з.д. 384-322) есімімімен байланысты. Екі жарым мың жылға  созылған  осынау
кезеңде  психология  басқа  ғылымдармен   (философия,   медицина,   әдебиет,
жаратылыстанут.б.) эксперимент (тәжірибе) жүзінде  әртүрлі  құрал  –  жабдық
аспаптардың    көмегімен    зерттейбастады.    Ғылымның     осы     саласына
эксперименттітұңғыш  енгізген  неміс  ғұламасыВ.Вундт   (1832-1920)   болды.
Ғылыми психология адамның ой - өрісі, сана  –  сезім  дәрежесі  іс-әрекеттен
оның нәтижесінен жақсы байқалатынын  талай  рет  айтқан.  Сана  іс-әрекеттің
бағыт-бағдарлы сиптта болуын  қамтамасыз  етеді.  Сана  мен  іс-әрекет  бір-
бірімен тығыз байланысты. Сананың белсенділік сипаты да, оның  мінез-құлықты
реттейтін,  басқарушылық  функциясы  да  осы  принципке   негізделеді.   Осы
айтылғанға  орай  психологиясын  нақтылы  іс-әрекет  үстінде  зерттеу-ғылыми
психологияның ең негізгі принципі.
Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерінің сезім  мүшелеріне
тікелей әсер етуінен пайда болған мидағы бейнелерді түйсік деп атайды.
Егер түйсік сыртқы дүние заттары  мен  құбылыстарының  жеке  қасиеттері  мен
сапаларының миымызда бейнеленуі болса,  қабылдау  заттар  мен  құбылыстардың
мида тұтастай бейнеленуі болып табылады.
Қабылдау  –  ми  қабығының  күрделі  анализдік  және  синтездік   қызметінің
нәтижесі. Қабылдаудың физиологиялық  негізіне  бірнеше  тітіркендіргіштердің
жиынтығы  мен  олардың  қарым-  қатынасында  пайда  болатын   уақытша   нерв
байланыстары жатады. Мұны И.П.Павлов қатынас рефлексі деп  атаған.  Мәселен,
көру   анализаторында   осындай   қатынас    рефлексінің    жасалуы    (яғни
тітіркендіргіштердің бір-бірімен байланысы)  заттың  түрі,  түсі,  мөлшеріне
қарамай-ақ оның тұлғасын  тануға  мүмкіндік  береді.   Педагога-психологаның
негізгі методтары.  Педагога-психологаның өз жұмысына  бірсыпыра  тәсілдерді
қолданады. Тәсіл ұғымы бұл (совокупность способов и примеров)  өз  жұмысында
қолданылатың. Психологтардың қолданылатын: зерттеу, опрос,  интервью,  тест.
Олар бірнеше топқа бөлінеді.  Экстәсіл  модельдеу,  тәсілдердің  коррекциясы
және  дамуы  бірнеше  топтарға  бөлінеді   педагогикада   бұл   дидактикалық
тәрбиелеу тәсілдері. Әрбір тәсіл көп тәсілді ортақ  етеді  және  методикалық
мысалдар, техника. Методиканың әр бір құбылысын техника әрбір  маман  өзінше
арсенал немесе методикалық жиынға келтіреді. Осыған орай нелерді  басшылыққа
алады?  Ең   бірінші   методологиялық   позиция.   Педагога-писхолога   т.б.
принциптер системасы осы жұмыстың негізгі және  осы  жиынның  организациясы.
Методологиялық позицияларда 3 деңгей орнатылған:
   1) жалпы методологиялық және жалпы философиялық;
   2) метологиялық білім;
   3) нақты методологиялық немесе нақты теоретикалық тағылымдар;
Жалпы методологиялық деңгей философия арқылы  жоғары  деңгейге  шығады  т.б.
материалдық диалектика оның принциптары мен заңдықтары.
       Педогогиканың  қазіргі  уақытта  кең  өріс  жайған  екі  тәсілі  бар:
Субъективті-объективті,  мінез   құлықтық   автолитарлық,   педоггика   және
субъекті қазіргі  гуманитарлық  педогогикаға  сай.  Қазіргі  кезде  субъекті
тәсіл бала объект болып қарастырылады. Бала мұғалім үшін таза тақта  сияқты.
Оған қажетті білім, моральді нормалар, өзін-өзі ұстау ережелері т.б.  Осыған
орай оқушы индивидуалды тұлға ретінде қарастырылмайды.  Бұл  жұмыстар  әрбір
баламен бір деңгейде өткізілуі тиіс. Бірақ, субъективті қарастыру бала  үшін
индивидуалды  бәрімен  тең  активті  ұжымның  бір  мүшесі  болып   саналады.
Методологиялық позиция теориялық позицияны айқындайды.  «Педогога-психолога»
психология және педогика негізі теориялық тараптар  бар.  әдеттегідей  маман
өзі үшін екі-үш тиімді тәсіл іздейді. Тәсілді  таңдаған  кезде  белгілі  бір
ситуацияға байланысты және балалардың санына қатысты қамтиды.
        Тәсілдер    «Педогога-психолога»    екіге    бөлуге    болады:    1)
иследовательский;   2)   консультативті   осының   біреуі   классификациялық
психологиялық тәсілдер зерттеуінде  болған  ғалым  Г.  Пирьов.  Ол  мынандай
тәсілдерді айқындады.
       Педагог-психологтың  оқыту  және  тәрбиелеу  процесстерінде   негізгі
әдістерді қалай дұрыс қолдана  алу  шеберлігі.  Әр  әдіс-  тәсілдің  өзіндік
ерекшеліктері мен жетістіктерің көрстеу. Негізгі әдістерге  бақылау,  сұрау,
сұқбаттасу,  психодиагностика  тестары,  тәжірибе,  тәрбиелеу   дидактикалық
әдістеріне  жекелей  тоқталу.   Методологиялық   позиция   туралы   түсінік.
Психологиялық әдістер.  Психологиялық кеңсе беру әдісі. Дарынды  оқушылармен
олардың қиыншылықтарына психологиялық көмек. Қиын балалардың іс-әрекеттері.
          Педагог-психолог жаттығулардың әдістерін де  игеруі  керек.  Тіпті
тренинг  психологиялық  әдіс бола тұра, оның өзі  де  жаттығудың  бір  түрі.
Жаттығу – ол бірнеше рет қайталанатын және соның  барысында  қабілеттер  мен
икемділіктер қалыптасатын іс-әрекет.
       Жаттығуларды  тиімді  қолдану  үшін  оған   қойылатын   педагогикалық
талаптарды сақтаған жөн: жаттығуды түрлендіріп отыру,  орындалып  жатқан  іс
әрекетке байланысты оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, т.б.
      Жұмысы жемісті болу үшін  педагог-психолог  әртүрлі  әдістерді  игеруі
қажет және соның ішінде өзіне  ең  қолайлы,  нәтижелілерін  анықтап,  таңдап
алып,  сол  әдістерге  сүйене  отырып  өзінің  жеке   іс-әрекеттік   стильін
қалыптастыруы қажет.

6 тақырып: Психология   мектебі  және бағыты.


“Педагогика-психология”   мамандығының     жалпы    мінездемесі.    Педагог-
психологтың   басты   мақсаттары:   оқытушылық,   ғылыми-методикалық   әдіс,
әлеуметті - педагогикалық, тәрбиелік, мәдени ағартушылық  және  меңгерушілік
болады.
      Коррекциялы – дамушы қызметі – Коррекция қазақ  тілінен  латын  тіліне
аударғанда – “өзгешелік, жөндеу” деген мағынаны білдіреді. Ал  “даму”  –  ол
жаңа көтеріліп жатқан сатымен жүру. Мысалы:  оңайдан  қиынға  көшу,  төменгі
сатыдан жоғарыға көшуді айтамыз.
      Коррекциялық дамушы қызметтермен жұмыс істеу  үшін,  ең  алдымен  даму
диагностикасын, білім деңгейін, дағдыларын, жеке адам тұлғасын  білу  қажет.
Оның жұмысында, ол өзіне бағыт бағдар  болып  саналмайды,  керсінше  эффекті
ұжымдық жұмыс амалы болып табылады.
Коррекциялық дамушы  мұғалім  педагогтың  қызметі:  білім  беру,  жаттықтыру
немесе  консультация  арқылы  өткізу  керек.  Білім  беру  туралы   нарықтық
“оқытушылық   және   мәдени-ағартушылық   қызметі”    бөлімінде    жазылған.
Жаттықтырушы амал- нарықты  немесе  белгілі  бір  дағды  немесе  шеберлігін:
арақатынаса алу. Мысалы: тіл табыса алу, профессионалды  қасиеттердің  жақсы
дамуы үшін.
      Консультация беру – педагог-психологтың мәдени  түрде  оқушымен,  оның
ата-анасымен, немесе топпен тіл табыса алуы.
       Консультациялар  –  жеке  немесе  топтық   болады.   Педагог-психолог
консультация негізінде  мынадай  сұрақтарға  жауап  беруге  көмек  береді  –
сабақтағы жаман үлгерімі, баланың мінез- құлқы, қарым-қатынасы туралы,  бала
бойында оқуға деген  құштарлық  қызығу,  мұғалімдердің  шеберлігін  арттыру,
шеберліктерін дамыту,  11-ші  сынып  оқушыларына  мамандық  таңдауына  көмек
көрсету, отбасындағы қарым-қатынасты жақсарту.
      Дубровинаның  мәліметтері  бойынша,  педагог-психологтар  жиі:  Мектеп
администрациясына мұғалімдерге,  оқушыларға  (сабақ  үлгеріміне  байланысты)
ата-аналарға (бала тәрбиесі  жөнінде),  жеке  топтарға  (өзін-өзі  тәрбиелеу
жөнінде) консультация береді.
      Консультация беру – жеке өзі бөлек  сапа  болып  тек  ХХ  ғасырдың  50
жылдары бөлінген. Бұл уақытқа дейін ол психотерапияның сапасы болған.
Психотерапиядан басқа ол білім  берумен  байланысты.  Консультация  педагог-
психолог сау адаммен қарым-қатынасады, сол кеде ол  адамның  активтіленуіне,
адамның мүмкіндігіне  негіз  салады.  Адамның  дамуы  тек  қана  оған  білім
берумен шектелмейді, консультантпен  жақсы  қарым  –қатынас  тудырды,  соның
арқасында адам өздігінен дамиды.
      Консультация алатын адаммен  жақсы  қарым-қатынас  туғызу.  Осы  кезде
адам маңызды мәселелерді  қозғамайды,  және  адам  қаншалықты  осының  бәрін
ашылып айтатын болса, осыған байланысты қорытынды  шығарады.  Ал  бала  ашық
білу үшін, ол маманға сенуі керек, сондықтан  ара-қатынас  бұл  жұмыста  өте
маңызды. Консультацияның баламен (үлкен адаммен) жақсы қарым-қатынаста  болу
себебі бар.  Педагог-психологтың   кәсіби  іс-әрекетін  дамыту  және  түзету
жолдарын анықтау. Кәсіби іс-әрекет жетістігін арттыруды, ғылыми  негізделген
бағытпен жүргізу. Коррекционды-дамыту  іс-әрекеті.   Оқытушы  мәдини  ортаны
қалыптастырушы. Ғылыми-әдістемелік іс-әрекеті.  Әлеуметтік-педагогикалық іс-
әрекеті.   Басқару  іс-әрекеті.   Білім  беру   процессінің    психологиялық
қамтылуы.

7 тақырып:  Қазақстан Республикасындағы психология ғылымының дамуы.

     Қазіргі кезде біздің  республикада  өзекті  психологиялық  мәселелерді
анықтауға деген қажеттілік, қызығушылық өсу үстінде. Ғылыми зерттеулер  шыға
бастады, психологиялық білімдерді насихаттау кеңейе түсті,  бірнеше  ғылыми-
теоретикалық   конференциялар   өтті   (1990,   1994,   1996,   1998    жж.)
монографиялар,  оқу  пособиялары,  оқулықтар   басылымдары   шыға   бастады.
Әдістемелік  өңдеулер биографиялық  көрсеткіштер  терминологиялық  сөздіктер
пайда  болды.  «Ұлттықбілім  беру  мен  тәрбиелеу»  атты   Алматы   облыстық
ассоциациясына кірісті психологтардың іс-әрекеттері белсенді болу да.
   Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де этнопсихология және этнопедагогика  орталығы
қайтадан жұмыс істеуде. Қазіргі  уақытта  Қазақстан  Республикасында  ғылыми
және практикалық іс-әрекетпен айналысатын психологтардың саны 300-ден  асты.
Оның 30-дан астамы кандидат, 5-уі ғылым докторлары.
   Біздің ойымызша, Қазақстандағы психология ғылымының  мәселелерінің  бірі
осы   үлкен   аймақтың   экологиялық,   демографиялық,     этнопсихологиялық
ерекшеліктерін ескере  отырып,  осы  білімнің  теоретикалық,  методологиялық
негіздірен құру.  Себебі  Батыста  жүргізілген  психологиялық  зерттеулердің
негіздеріне  сүйенген  әдістер  теріс  нәтижеге  әкелуі  мүмкін.  Психология
саласындағы басты бағыттардың бірі біздің  ойымызша  этикалық  жеке  адамның
құрылуы мен  дамуының  жолдарын  зерттеу,  психиканың  туғаннан  кәрі  шаққа
дейінгі  дамуының  жоғарғы  рухани  адамгершілік  жүйесіне   тәрбиеленуінің,
Қазақстандық патриотизм сезімінің құрылу механизмдерінің заңдылықтарын  ашу.
Сонымен қатар нарықтық  қатынасқа,  коммерциялық  саудаға  өту  жағдайындағы
жеке адамның  психологиялық  жаңа  құрылымдарының  қалыптасу  механизмдерін,
экономикалық реформалардың аспектілерін зерттеу маңызды болып табылады.
  Көп ұлтты Қазақстан этнопсихологиялық зерттеулердің алып  орталығы  болуы
керек.  Бүгінгі таңда экологиялық кризистен шығудың  тиімді  жолдарын  іздеу
өзекті болуда. Бұл жерде  экологиялық  жүріс-тұрыстың  мотивациясын  зерттеу
қоршаған ортаға тигізген кері әсерінің себептерін  анықтау  үшін  адамдардың
іс-әрекетін анықтау. Арал теңізінің , Семей ядролық полигандағы  экологиялық
кризистің  психологиялық  зардаптарын  (психологиялық   денсаулық   бұзылуы,
суицид феномені, т.б.) зерттеу.
 Ғасырлар бойы көшіп  –  қонып  жүрген   халық  өзі  өмір  сүрген  ортаның  
әлеуметтік–экономикалық жағдайларына, мәдениеті мен  тарихына,  табиғатына  
орайлас жас  буынға тәлім  –  тәрбие  берудің  айрықша  талап  тілектерін   
дүниеге  әкелді.   Мәселен,   бұлар  жас  адамның    жұртқа      танымал    
моральдық    –  психологиялық   нормасын  «сегіз   қырлы,    бір    сырлы»  
делінетін   қанатты   нақыл сөздермен   қисындады. Осынау   аталы    сөздің 
мән– мағынасы   мыналар еді: көшпелі   мал шаруашылығын жете игеру;  еңбек  
сүйгіштікпен қиыншылыққа   төзе   білу;   ел  намысын  қорғау; жаудан  беті 
қайтпау; ата тегін  жадында сақтау; сөз   асылын     қастерлеу;  тапқырлық  
пен  алғырлық,  ат  құлағында   ойнау;    ата    салтын     бұзбау.  Көшпелі
өмір   тіршілігі      қара      күшке   мығым,    қиыншылыққа    төзімді,   
құбылмалы    табиғат    жағдайына  тез     икемделгіш      болумен  бірге,  
жан   –    жүйесі  жағынан  да   жан–жақты  жетілген,   кемел   адамдарды   
қалыптастырды.  
       Психология ғылымына тікелей қатысты болғанымен, адамның  жан  дүниесі
жөніндегі пайымдаулар мен ой  –  пікірлер  Қазақстанда  өте  ерте  кездерден
бастау алып, XV-XIX  ғасырлардағы  қазақ  халқы  ғұламаларының  ,  ағартушы-
демократтарының туындыларында айтарлықтай көрініс  берді.  Ал  одан  бұрынғы
дәуірлерде  ақын-жыраулардың  өлең-толғауларында,билердің  шешендік  сөздері
мен халықтық  нақылдарда,  ел  намысын  найзаның  ұшымен,  білектің  күшімен
қорғаған батырлардың отаншылдық істерінде адам жан  дүниесінің  жұмбақтарына
терең бойлап, болашақ ұрпаққа тағылым берердей мол рухани қазына  жатқандығы
қазіргі кезде әр тарауы зерттеліп, белгілі жүйеге келтірілуде.
    Аса көрнекті ғалым Шоқан Уәлиханов шығармаларында халықтың рухы  ,  оның
таным-наным түсініктерімен тығыз ұштастырылады.Ыбырай  Алтынсарин  еңбектері
этникалық және балалар психологиясының қыр-сырына толы деуге болады. Сондай-
ақ, Абай туындылары да туған халқының жан дүниесіне тән  қарапайым  сезімнен
бастап  кемеңгерлік  ақыл-ой  шыңына  дейінгі  мәселелерді    егжей-тегжейлі
қамтиды.  Ал  Сұлтанмахмұт  Торайғыров  жан  мен  тән  ылғи   да   бірлікте,
байланысты болады  деген  орынды  сөз  қалдырып,  «Дене  азыққа  тоюдан  жан
ержетер, жан ержетіп, дүниенің сырын табар» дейді. Ол адамның тәнімен  бірге
оның жанын да, өмір де жоқ, яғни бір сөзбен айтқанда, тәннен бөлінген  жанда
еш уақытта өмір болмайды деген реалистік  қорытынды  жасады.  Осы  бағыттағы
психологияялық ой-толғаулар мен  пайымдау-түсініктер  Шәкәрім  Құдайбердіұлы
мен өзге де ағартушы-демократтарда, ақын- жырауларда көп кездеседі.
   Кеңестік кезеңде де Қазақстандағы  психология  ғылымының  өрісі  кеңейіп,
оның аясы халыққа білім беру,  тәлім-тәрбие  істерінің  мақсат-міндеттерімен
сабақтасты. Жүсіпбек Аймауытовтың «Психология» оқулығы мен «Жан жүйесі  және
өнет таңдау» деген туындысы – психология пәні  бойынша  таза  ана  тілімізде
жазылған бірден-бір алғашқы еңбек. 1920 –  1930  жылдары  Ахмет  Байтұрсынов
,Мағжан  Жұмабаев  ,   Міржақып   Дулатовтардың   оқу-ағарту,   тәлім-тәрбие
істерімен өзара  ұштастырылған  ұлттық  сипаттағы  психологиялық  ой-пікірге
толы  терең  мәнді  еңбектер  жазғаны  мәлім.  Сонымен  қатар,  С.Балаубаев,
Е.Тәжібаев, М.Мұқанов, А.Темірбеков, Ә.Ситдықов, Е.Суфиев  тәрізді  психолог
мамандарының ғылыми зерттеулер жүргізген мәселелері, тақырыптары сан  алуан.
Қорыта  айтқанда,  Қазақстандағы  психология  ғылыми  зерттеулер   жүргізген
мәселелері,  тақырыптары  салаларға  тарамдалып,   қанатын   кеңінен   жайып
өркендеп келе жатқан ғылыми пәндер қатарына жатады.



8  тақырып:  Қазіргі  Қазақстан  психологиясының  және   этнопсихологиясының
дамуы.

      Бүгінгі  халық  ұстанатын  тәлім-тәрбиелік   нормаларды   жан   жүйесі
тұрғысынан баяндау – барлық адамзатқа ортақ халықтық  психологияның  зерттеу
нысанасы болып табылады.
      Мұнда ғасырлар бойы сұрыптала жинақталып, жүйеге түскен ұлттық дәстүр,
салт-сана, әдет-ғұрып, ұрпақтан-ұрпаққа біртіндеп  жалғасатын  адамгершілік,
ақыл-ой, эстетикалық, еңбек, дене т.б. тәрбие түрлеріне қатысты  таптаурынды
нормалар  мен  принциптер,  яғни  белгілі  бір  этностың  мінез-құлқы,   іс-
әрекетінің ішкі астарлары сөз  болады.  Халықтық  психолгия  –  психика  мен
мінез-құлықтың қанға «сіңген»  тез  өзгеріп,  не  жоғалып  кетпейтін  ұлттық
бітісі, мезгіл мөлшерімен алғанда ұзақ дәуірдің жемісі. Халықтық  психология
– адамдардың қоғамдық  және  жеке  тәжірибесінен,  өмірдегі  пайымдауларынан
туындайтын қарапайым психолгиялық білімдерінің жүйесі.  Бұл  –  адам  мінез-
құлқының көптеген жақтарын қамтып,  белгілі  этностың  өзіне  тән  психикасы
жөнінде біршама мәнді мағлұматтар беретін ілім – білімдердің  жүйесі.  Әйтсе
де, бұлар арнайы ғылыми  жүйеге  негізделмегендіктен,  жеке  тұлғамен  этнос
психолгиясын ажыратуға жөнді қарай бермейді. Мұндай жағдайда біз тек  ғылыми
психологияның деректеріне ғана сүйенеміз. Халықтық  психологияның  теориялық
мәселелерін зерттеумен этнографиямен астарласа дамыған  этнопсихология  атты
ғылыми саласы шұғылданады.
      Этнопсихология – әрбір халықтың рухани әрекетін (миф,  фольклор,  тіл,
дәстүр,  салт,  әдет-ғұрып,  діл,   дін,   т.б.),   жемісін   сол   халықтың
психологиясын,  сана-сезімін  көрсететін  негізгі  өлшемдер  деп  есептейді.
Этнопсихология жеке ғылым  ретінде  ХІХ  ғасырдың  орта  шенінінде  Ресейде,
кейінірек батыс Еуропа елдерінде (Лацарус,  Штейнталь,  Вундт,  т.б.)  пайда
болды. Қазақ топырағында бұл мәселемен көбірек  айналысқан  Шоқан  Уәлиханов
еді.  Оның  еңбектерінде  «халық  рухы»  дейтін  ұғым  жиі  кездеседі.  Мұны
«халықтық психология» ұғымының синонимі деуге болады. Бұдан  біртуар  ғұлама
–  ғалымның  еуропалық  этнопсихологтардың  еңбектерінен  біршама   хабардар
болғаны байқалады.  Этнопсихология  зерттейтін  проблемалар  (этностереотип,
этноцентризм, ұлттық тұрпат, халық рухы, ұлттық намыс, ұлттық сана,  дәстүр,
салт, т.б.) сан алуан.
      Қазақтың ұлттық мінез-бітістері, олардың кейбір ерекшеліктері
Бұл – өте күрделі, әлде де  толық  зерттеліп,  шешімін  таппай  келе  жатқан
мәселе. Осы жайтты жақсы аңғарған Н.Назарбаев былай  дейді:  «Менің  ойымша,
қазақтардың  қайталанбас  этикалық,  психологиялық  әлемі  жете  зерттелмей,
зерделенбей жатқан тылсым дүние».
      Ғасырлар  бойы  көшіп-қонып  жүрген  халық  өзі  өмір  сүрген  ортаның
әлеуметтік-экономикалық жағдайларына,  мәдениеті  мен  тарихына,  табиғатына
орайлас жас буынға тәлім-тәрбие  берудің  айрықша  талап-тілектерін  дүниеге
әкелді. Мәселен, бұлар жас адамның  жұртқа  танымал  моральдық-психологиялық
нормасын  «сегіз  қырлы,  бір  сырлы»  делінетін  қанатты  нақыл   сөздермен
қисындады.  Осынау  аталы  сөздің  мән-мағынасы  мыналар  еді:  көшпелі  мал
шаруашылығын жете  игеру;  еңбек  сүйгіштікпен  қиыншылыққа  төзе  білу;  ел
намысын қорғау; жаудан беті қайтпау; ата-тегін жадында  сақтау;  сөз  асылын
қастерлеу; тапқырлық пен алғырлық, ат құлағында  ойнау;  ата  салтын  бұзбау
(жасы үлкенді сыйлау, құдайы қонақтың меселін қайтармау, көрші хақын  жемеу,
т.б.).
      Көшпелі  өмір  тіршілігі  қара  күшке  мығым,   қиыншылыққа   төзімді,
құбылмалы  табиғат  жағдайына  тез  икемделгіш  болумен  бірге,   жан-жүйесі
жағынан да жан-жақты  жетілген  кемел  адамдарды  қалыптастырады.  Үйде  де,
түзде де бала ес білгеннен бастап із кесіп, жол қарап,  жұлдыз  санап  өсті.
Олардың көзі қырағы, құлағы сақ, қияндағыны шалатын  болды.  Аң  аулап,  мал
бағып, күнделікті күйбең тіршілікпен  жүрсе  де  жас  өскін  ақынның  сөзін,
жыраудың жырын, әншінің әні мен әуенін қалт жібермей  тыңдап,  ел  аузындағы
ұғымды мақал мен мәтелді, ертек пен жұмбақты,  терме  мен  шежірені  жадында
сақтап, халық даналығын өзіне рухани азық етіп отырды. Әрдайым  көшіп-қонуға
дайын  отырған  қазақтар  үшін  аң-құс  аулау,  мал  күзету,  жау  түсіру  –
тұрмыстың дағдылы машығына айналды. Әрбір көшенді әрі жауынгер,  әрі  малшы,
әрі жауынгер болып табылатын кейіннен мақал болып кеткен «Өнерді  үйрен  де,
жирен», «Жігітке жетпіс өнер де аз», «Шебердің қолы ортақ», «Жауда жүрсе  ат
ойнатқан батырым»  сияқты  бес  аспап  адамның  психологиясы  жайлы  қанатты
сөздер біздің  заманымызға  дейін  жетті.  Көшпелі  қауым  бірін-бірі  жақсы
білді, әр адамның қадыр-қасиеті, оның  жасына,  жол-жоралғысына,  әлеуметтік
ортадан  алатын  орнына  қарай   белгіленіп   отырды.   Мұндай   қауымдастық
адамаралық қатынастарды қаршадайынан көріп өскен бала да өсе, ер  жете  келе
ортақ мүдделілікті, көзқарас сәйкестігін,  кісілік  белгісін  түсініп,  жеке
бастың  өзіне  бұра  тартуына  мүмкіндік  бермеді.  Психологиялық   тұрғыдан
«бірауызды» болып қауымдасқан жандар үнемі  өздерінің  рулық  одағына  етене
сіңіскен  салттар  мен  дәстүрлерді  ұстанды.  Осыған  орай  көшпелі  тұрмыс
тәліміне лайықталған  бата  беру,  ант  ішіп  ақталу,  айтысқа,  дау-дамайға
төрелік айту сияқты этностық таптаурындар (стереотип) кең өріс  алды.  Әрине
осы топтық санамен бірге әркімнің жеке басының әлеуметтік  және  биосфералық
факторларға орайлас жеке-дара, жас, жыныс  ерекшеліктерінің  де  болатындығы
еске алынды. Мәселен, көшпелі халық қыз баланы ерекше  қадырлеп,  қастерлеп,
әлпештеді. Оны әдемілік пен әдептіліктің, сұлулық пен іңкәрліліктің  символы
деп, ал мінезі жайсаң,  әдепті  жігітті  «қыз  мінезді  жігіт  екен»  дейтін
болды.
      Қоғам өмірінде қазіргі кезде  жүріп  жатқан  терең  саяси-экономикалық
өзгерістер халқымыздың баға жетпес рухани байлықтары: тілі  мен  ділі,  діні
мен тарихы, өнері мен әдебиеті, табиғи ортасы, күн көрісі мен  шаруашылығына
(қолөнері,  киім-кешегі,  ою-өрнегі,  әуез  аспаптары,  үй  жиһазы,  т.б  .)
байланысты небір асылдарды, қысқасы ұлттың  бүкіл  болмыс-бітімін  жаңартып,
жаңа мазмұнмен байытуда. Әрине еліміз бен  жеріміздің  түпкілікті  иегері  –
қазіргі қазақтардың психологиясында осы этносқа  ғана  тән  біртұтас  ұлттық
ерекшелік бар деп айту өте қиын,  өйткені,  қазақ  этаосының  қазіргі  бүкіл
тыныс-тіршілігінде, отбасындағы әдет-ғұрпы  мен  салт-дәстүр,  жөн-жоралғысы
кең байтақ өлкемізді біраздан бері мекен етіп  келе  жатқан  басқа  этностар
мінездерінің элементтері де көрініс беріп жүр. Десе де  бәз  біреулер  айтып
жүргендей, біз жылқы мінезділіктен  айырылған,  «қой  мінезді»  момын  жуас,
намысы жаншылған халық емеспіз.
      Жеріміздің ұланғайыр кеңдігімен, мұндағы табиғат сұлулығының  әсерінен
ғасырлар бойы қалыптасқан дархан, жомарттық  адамға  деген  мейрімділік  пен
өнерпаздық,  қазақ  биосферасының  өзіндік  ерекшелігнен   туындаған   асқан
қонақжайлылық, жойқын соғыс пен қуғын-сүргінге ұшырау  салдарынан  тірнектеп
жинаған рухани мұраны өсер ұрпаққа жеткізу ниетінен қалыптасқан  балажандық,
үнемі  мал  шаруашылығымен   айналысудан   қанымызға   сіңген   малжандылық,
ешуақытта басқа жұрттың жеріне көз алартпаған бейбітшілік саясат, өзі  тиген
дұшпанның қабырғасын қақсатқан көзсіз батырлық,  «мың  өліп,  мың  тірілген»
кездердегі керемет  шыдамдылық  пен  барға  қанағатшылдық  –  біздің  ұлттық
мінезіміздің жоталы бітістері, халқымыздың ұлттық мақтанышы.
        Психология ғылымына тікелей қатысты болғанымен, адамның жан  дүниесі
жөніндегі пайымдаулар мен ой  –  пікірлер  Қазақстанда  өте  ерте  кездерден
бастау алып, XV-XIX  ғасырлардағы  қазақ  халқы  ғұламаларының  ,  ағартушы-
демократтарының туындыларында айтарлықтай көрініс  берді.  Ал  одан  бұрынғы
дәуірлерде  ақын-жыраулардың  өлең-толғауларында,билердің  шешендік  сөздері
мен халықтық  нақылдарда,  ел  намысын  найзаның  ұшымен,  білектің  күшімен
қорғаған батырлардың отаншылдық істерінде адам жан  дүниесінің  жұмбақтарына
терең бойлап, болашақ ұрпаққа тағылым берердей мол рухани қазына  жатқандығы
қазіргі кезде әр тарауы зерттеліп, белгілі жүйеге келтірілуде.
    Аса көрнекті ғалым Шоқан Уәлиханов шығармаларында халықтың рухы  ,  оның
таным-наным түсініктерімен тығыз ұштастырылады.Ыбырай  Алтынсарин  еңбектері
этникалық және балалар психологиясының қыр-сырына толы деуге болады. Сондай-
ақ, Абай туындылары да туған халқының жан дүниесіне тән  қарапайым  сезімнен
бастап  кемеңгерлік  ақыл-ой  шыңына  дейінгі  мәселелерді    егжей-тегжейлі
қамтиды.  Ал  Сұлтанмахмұт  Торайғыров  жан  мен  тән  ылғи   да   бірлікте,
байланысты болады  деген  орынды  сөз  қалдырып,  «Дене  азыққа  тоюдан  жан
ержетер, жан ержетіп, дүниенің сырын табар» дейді. Ол адамның тәнімен  бірге
оның жанын да, өмір де жоқ, яғни бір сөзбен айтқанда, тәннен бөлінген  жанда
еш уақытта өмір болмайды деген реалистік  қорытынды  жасады.  Осы  бағыттағы
психологияялық ой-толғаулар мен  пайымдау-түсініктер  Шәкәрім  Құдайбердіұлы
мен өзге де ағартушы-демократтарда, ақын- жырауларда көп кездеседі.
   Кеңестік кезеңде де Қазақстандағы  психология  ғылымының  өрісі  кеңейіп,
оның аясы халыққа білім беру,  тәлім-тәрбие  істерінің  мақсат-міндеттерімен
сабақтасты. Жүсіпбек Аймауытовтың «Психология» оқулығы мен «Жан жүйесі  және
өнет таңдау» деген туындысы – психология пәні  бойынша  таза  ана  тілімізде
жазылған бірден-бір алғашқы еңбек. 1920 –  1930  жылдары  Ахмет  Байтұрсынов
,Мағжан  Жұмабаев  ,   Міржақып   Дулатовтардың   оқу-ағарту,   тәлім-тәрбие
істерімен өзара  ұштастырылған  ұлттық  сипаттағы  психологиялық  ой-пікірге
толы  терең  мәнді  еңбектер  жазғаны  мәлім.  Сонымен  қатар,  С.Балаубаев,
Е.Тәжібаев, М.Мұқанов, А.Темірбеков, Ә.Ситдықов, Е.Суфиев  тәрізді  психолог
мамандарының ғылыми зерттеулер жүргізген мәселелері, тақырыптары сан  алуан.
Қорыта  айтқанда,  Қазақстандағы  психология  ғылыми  зерттеулер   жүргізген
мәселелері,  тақырыптары  салаларға  тарамдалып,   қанатын   кеңінен   жайып
өркендеп келе жатқан ғылыми пәндер қатарына жатады.


9 тақырып: Психологиялық  мамандық ретінде. Кәсіби ажырату және оның  мәнісі
тұлғаның өзін реттеуі.
      Халыққа білім берудің  советтік  көрнекті  қайраткері  А.В.Луначарский
қазіргі педагогтардың жеке басына  қойылатын  жоғары  талапқа  ерекше  көңіл
бөле отырып, осы талаптарды жүзеге  асыруда  мұғалімнің  өзін-өзі  тәрбиелеу
ролін атап көрсетеді: «Біз  педагогтардың  мемлекетіміздегі  нағыз  бесаспап
және нағыз тамаша адам болғаны  өте  қажет,  өйткені  ол  жас  өркендей  гүл
жарып, шешек атып келе жатқан кішкентай адамдарға шаттық өмір  сыйлай  білуі
тиіс.  Педагогтың  мәртебелі  ісінің  өзі,  міне,  осындай  жәнеде  ешқандай
мамандық адамдарға мұндай талап қоя  алмайды.  Педагог  өзінің  адамгершілік
мұратты жүзеге асыруы тиіс».
      Өзіндегі ең  озық  адамгершілік  қасиетті  дамыта  білу  –  мұғалімнің
кәсіптік даярлығының іргетасы. Күнделікті кәсіптік қызметінің барысында  осы
іргетаста мұғалімнің педагогикалық  техникасы,  оның  оқыту  және  тәрбиелеу
жұмыстарындағы іскерлігі мен дағдысы жетіліп, ажарлана түседі.
Адамның күш жігерінің мүмкіндігі ұшан-теңіз екендігі соншалық, тіпті  орташа
оқитын,жай ғана қабілеті бар  студенттің  өзі,  жеке  басын  және  кәсіптік-
педагогикалық қызметтегі талантын жан-жақты өрістете алады.  Көрнекті  совет
педагогы  А.С.Макаренко  өз  шеберлігін  жетілдірудегі  тәжірибесіне  сүйене
отырып, былай деп жазғаны тегін емес: «Менің педагогикалық  талантым  болған
емес жәнеде педагогикаға ешбір әуестенбей-ақ кездейсоқ келдім...  бірақ  мен
үйрендім. Мен өз ісімнің шебері  болуға  тырыстым.  Ал  әркім-ақ  өз  ісінің
шебері бола алады, ол үшін оған көмектесу керек, ол  өзі  де  жұмыс  істеуге
ынталы болуы тиіс». Көрнекті педагог бұл сөздерінде  өзін  тым  сыпайы  етіп
көрсеткен  болар.  Бірақ  бір  нәрсе  айқын:  педагогикалық   қабілеттілікті
қалыптастыруға болады.
       Мұны  есте  сақтаудың  маңызды  болатын  себебі   сол   кейбіреулерде
фаталистік көзқарас орын алған: мектепті орташа  бітіргендер,  педагогикалық
жоғары оқу орнына  түскенде  де  шамалы  студент  болады.  Келешегі  алдында
тұрған  жастарға  мұндай  тұжырымның  айтылуы,  әрине,  орынсыз.   Негізінде
олардың талантының ашылуына – институт коллективінің  жұмысы  да,  жастардың
өзін-өзі тәрбиелеуге күш салуы да ықпал  ететіні  сөзсіз.  Мұндайда  Альберт
Эйнштейннің жас кезін қалай  еске  түсірмессің,  кезінде  ол  да  орташалар,
тіпті үлгермеушілер қатарында болған.  Альбертке  ағасы  Якоб:  «Оқасы  жоқ,
Альберт, елдің бәрі профессор болмайды, ал сенен түбінде бір нәрсе шығады»,-
деп жұбатқан екен. Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады.
Мәселе басқада: адамның қабілеттілігі жас кезінде де едәуір  ересек  кезінде
де қалыптасуы және көрінуі мүмкін. Сондықтан да «қабілетсіз адам»  деп  күні
бұрын топшылауға да, өз қабілетіңе шек қоюға да асықпаған жөн.
      Өзін-өзі реттеудің дербес  мақсатының да маңызы  бар.  өйткені  деннің
саулығы,  ақылды,  сезім  мен  ерікті  жетілдіру   ақырында,   педогогикалық
мамандық қызметіндегі  жетістік   көп  жағдайда  адамның  өзіне  байланысты,
көбінесе оның  өз  қолында  .  адам  өзімен  жұмыс  істеу  нәтижесінде  өзін
оптимистік  үлгіге  икемдейді,  өз   қызметіндегі   практикалық   жетістікке
талпынады, өзінің ақыл-ойы  мен  эстетикалық  қабілетін  жан-жақты  дамытады
және соның нәтижесінде өмірден  адамдардың  тамаша  туындыларынан,  өнерден,
әдебиеттен, кескіндеме мен музыкадан барынша ләззат алады,  әлемнің  қызықты
құбылыстарына терең бойлайды.
       Өзін-өзі  реттеу  жолымен  әр  адам  үздік  жетістікке  жетпегенімен,
адамның потенциалдық күшінің зор екендігі соншалық, ол  өз  мүмкіндігін  аша
білген жағдайда елеулі өзгеріс жасай алады.
      Зерттеудің жеке әдісі болып тест әдісі  психологияда  ХІХ  ғ.  аяғында
пайда бола бастады және оның пайда болуы  ақыл  есі  жағынан  нашар  дамыған
адамдардың болуымен тығыз байланысты болды.
      Кез келген тесть әдісінің ерекшелігі, тест әдісі  бізге  жеке  адамның
күрделі сапаларын және өзіне ғана  тән  қасиеттерін  немесе  мінезін  сандық
нәтижеде, яғни  балл  немесе  процент  бойынша  есептер  шығаруға  мүмкіндік
береді.  Мысалы,  темпераментінің  типін  немесе  мінезінің   ерекшеліктерін
білуге. Сондай ақ тест әдісі  жеке  адамның  білім  деңгейін  білу  үшін  де
қолданылады. Бірақ оларды тәжірибеде өткізуде арнайы талаптар қойылады.
      Тест әдісін өткізу көп еңбекті қажет  етеді.  Сондықтан  олар  баланың
өзін жеке зерттегенде қолданылады. Тест бүкіл сынып оқушыларының немесе  жас
ерекшеліктері әр түрлі балалардың мінездерін зерттеуде сирек қолданылады.
      Тест әдісін іс-тәжірибеде қолданудың негізгі сфералары:
           1. Білім
            2. Кәсіби дайындық
            3. Кадрларды таңдау
            4. Психологиялық дайындық
болды. Педагог психологтың кәсібилік деңгейі тестпен жұмыс  істеудің  барлық
үш сатысында көрінді.
      Сондай-ақ кейбір тесттерде, әсіресе жобалық тесттерде қорытынды шығару
психолог-педагогтың субъективті қарым-қатынасына  байланысты.  Ал  нәтижесін
шығару маманның кәсібилік деңгейіне байланысты: психолог-педагог  қаншалықты
көп білсе, тіпті ең қарапайым тестпен соншалықты көп ақпарат алады.
      Тест бірнеше топқа бөлінеді. Мысалы, жетістілікті білу тесті, оқушының
нақты  білімін,  икемділігін   және   қабілетін   білу   үшін   қолданылады.
Интелекттік  тест  –  оқушының  ақыл  есінің  деңгейіне  байланысты,   ойлау
қабілетіне байланысты тапсырмалар беріп қабілеттерін  білу.  Тесттің  арнайы
топтары  бар,  жеке  топтың  икемділігін  білу  үшін,  мысалы   шығармашылық
қабілеттерін анықтау үшін. Жеке  адамға  байланысты  тесттер,  жеке  адамның
эмоциясын,  айналадағылармен  қарым-қатынастағы  ерекшеліктерін  білу   үшін
қолданылатың тесттер.
      Психологиялық  консультированияның  әдістері.  Осы  тараудың   бірінші
бөлімінде   консультированияның   ерекшеліктері    педагог-психологтың    іс
әрекетінің  түрі  ретінде  карастырылды,  ал  енді  оны   өткізу   барысында
қолданатың әдістерге тоқталайық.
       Педагог-психолог  жаттығулардың  әдістерін  де  игеруі  керек.  Тіпті
тренинг  психологиялық  әдіс бола тұра, оның өзі  де  жаттығудың  бір  түрі.
Жаттығу – ол бірнеше рет қайталанатын және соның  барысында  қабілеттер  мен
икемділіктер қалыптасатын іс-әрекет.
       Жаттығуларды  тиімді  қолдану  үшін  оған   қойылатын   педагогикалық
талаптарды сақтаған жөн: жаттығуды түрлендіріп отыру,  орындалып  жатқан  іс
әрекетке байланысты оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, т.б.
      Жұмысы жемісті болу үшін  педагог-психолог  әртүрлі  әдістерді  игеруі
қажет және соның ішінде өзіне  ең  қолайлы,  нәтижелілерін  анықтап,  таңдап
алып,  сол  әдістерге  сүйене  отырып  өзінің  жеке   іс-әрекеттік   стильін
қалыптастыруы қажет.
    Жас  маманның  кәсіби  педагог-психолог  болып  шығуына  оның  біртіндеп
жинаған іс-тәжрибелері арқылы  келетіні,  әр-түрлі  стильдерді  дұрыс  игере
алуына байланысты екендігін түсіндіру. Сонымен бірге  табиғи  мінез-құлықтың
көрністеріде көрінетіндігі.  Іс-әрекет  стилінің  жеке  даралығы  және  оның
құрылуы.  Кәсіби дамуда өзің- өзіңді басқару. «Порфолио»  әдісі.


10 тақырып:  Психолог- маман ретінде өзін реттеуі.

      Халқымыздың  ғылым-білімнің  осы  саласындағы  рухани  мұралары   ұшаң
–теңіз. Оның ілкі сілемі сонау Орхон Енисей ежелгі түркі  жазбаларынан  (6-8
ғғ.) басталып, қазан төңкерісіне дейінгі 14 ғасырлық ұзақ мерзімді  қамтиды.
Бұл жерде ірі-ірі бел-белестерді ғана атап өтетін болсақ, алдымен  айтарымыз
кезінде Шығыс Арестотелі атанған, қазақ жерінен шыққан  энциклопедист  ғалым
Әбу Нәсір әл-Фараби (10 ғ),  тек  соңғы  кездегі  ғана  халқына  мәлім  бола
бастаған ғұлама Өтей Бойдық Тілеуқабылұлы (15 ғ). Осы аралықта ғұмыр  кешкен
Ж.Баласағұни, М.Қашқари,  Ахмет Иүгінеки, Қожа  Ахмет  Иасауи,МұхаммедХайдар
Дулати; Қадырғали  Жалаири,  Асанқайғы,  Шалкиіз,Бұхар  жыраулардың  аталмыш
мәселеге қосқан үлестері де өз алдына бір төбе.
    19- ғасырдың екінші жартысымен 20 ғ.  Басында  әлемдік  озық  мәдениетке
өлшеусіз  үлес  қосқан   шоқ   жұлдыздар;   Шоқан,Ыбырай,   Абай,   Шәкәрім,
Сұлтанмахмұт сияқты біртуар перзенттердің халақымыздың  өзіндік  ерекшелікке
толы жан жүйесі жәйлі толғаныс тебіреністерінің алатын орны ерекше.
     20- ғасырдың алғашқы ширегінде туған халқының   жарқын  болашағы,  оның
тәуелсіздігі мен бостандығы, рухани өрлеуі жолындағы қалтықсыз қызмет  етіп,
осы  жолда  шыбын  жанын  пида   еткендіктері   көрнекті   ғұлама   қоғамдық
қайраткерлер қазақ аспанында  шоқ  жұлдыз  жарқырап,  рухани-мәдени  дамудың
жаңа    кезеңі   қазақ   Ренессансының   (Қайта   өрлеу)   іргесін   қалаған
Ә.Бөкейханов,   А.Байтұрсынов,   М.Дулатов,   Х.Досмұхамедов,   Ж.Аймауытов,
М.Жұмабаев,  Н.Құлжанова  т.б.  еді.  Осынау  біртуар   жандардың   ғылымдар
саласына сіңгрген тәлім тәрбиелік еңбектері ерекше.
      Сөйтіп,  өздеріңіз  байқап   отырғандай,   қазақ   халқының   ғасырлық
психологиялық ой-пікірлері Қазан  төңкерісіне  дейін  анықталып,  жүйеленіп,
мұнысы Батыс пен Шығыстағы  өркениетті  деген  елдердің  қай-қайсысынан  кем
түспейтін дәрежеге жеткен еді.Әттең біздің  сорымызға,  большевиктер  өкімет
басына келіп, біздің құнарлы топырақта  тамырын терең жайған  имандылық  пен
мейірімділікке инабаттық пен бауырмалдыққа негізделген жайсаң  психологияның
 қасиеттерімізді осыған  қалыптасқан ымыздың қай жерде дами  түсуіне  жағдай
жасамақ түгіл, оның  түп  тамырына  балта  шаба  бастады  емес  пе?  Осындай
жағдайда қазақ жерінде ғылыми психологияның,  әсіресе,  оның  эксперименттік
саласының  дамуына  тұсау  салынды.  Бұлжерде   большевиктік  ұлт  саясатына
орналасқан шовинистік, яғниөздерінен басқаның бәрін бұратаналар  («инородцы»
оларды «бөліп ал да, билей бер») дейтін жексұрын тактикасы да іске  қосылды.

     Алтынсарин Ыбырай (Ибраһим) /1841-1889/ - қазақ халқының  аса  көрнекті
ағартушы,  жаңа  үлгідегі   демократ   тәлімгері,   ғылым-этографы,   тұңғыш
педагогі, ақын-жазушы қоғам  қайраткері.  Қазақ  халқының  дарынды  перзенті
Ы.Алтынсарин аса күрделі  тарихи  кезеңде,  патша  үкіметі  Шығыс  халықтары
арасында қатаң отарлау саясатын жүргізіп жатқан кезеңде өмір сүрді.  Ол  19-
ғасырдың екінші жартысында  қазақ  халқының  алдыңғы  қатарлы  ой-пікірлерін
уағыздаушыларының бірі болды.
     Ыбырай Алтынсарин қазіргі Қостанай облысының  бұрынғы  Обаған  /қазіргі
Затобол/ ауданында 1841 жылы 20  қазанда  туған.  Ыбырайдың  –  жас  кезінде
әкесі  Алтынсарин  ерте  қайтыс  болғандықтан,  үлкен  әкесі  Балғажа  бидің
тәрбиесінде өседі.Балғожа би прогресшіл  адам болған, 1850 жылы тамыздың  22
күні 9 жасар немересі Ыбырайды  Орынбор  қаласындағы  жеті  жылдық  мектепке
оқуға түсіреді.  Оны Ыбырай 1957 жылы ойдағыдай бітіріп шығады.
    Жақсы кәсіби маман болып  шығу  үшін  ұлы  ұстаздардың  іс-тәжірибелерін
білу өте қажет.Сонымен қазақ жеріндегі ұлы ұстаздардың шыққан ортасын  танып
білу үлкен көмегін тигізеді.

    4. Студенттердің өздік жұмысы.


4.1. СӨЖ және СӨЖО тапсырмаларын орындауға әдістемелік нұсқау.
   Студенттердің өздік жұмыстарды орындауларына жалпы кеңестер (нұсқаулар)

1. Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа  қажетті  нақты  дағдыларға
(іштей  жылдам  оқи   білу,   библиографиялық   дағдылар,   түрлі   анықтама
әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б. ) ие болу керек.
2. Біліммен жемісті шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, орын,       тиісті
әдебиеттер  мен   құралдардың   болуы   т.б.)   керек   етеді,   ең   дұрысы
кітапханаларда, оқу залдарында біліммен шұғылдануға дағдылану.
3. Өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық біліп, ол жұмысты  белгілі
жоспармен, жүйемен жасауы керек.
4.Алғашқы кезде оқытушылардан, тәжірибелі адамдардан, кітапханалардан  ақыл-
кеңес алудың пайдасы зор.
5. Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн.
6.  Оқыған  материалды  мұқият  ұғатындай  етіп  ұғып,  түсінбеген  жерлерді
қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет.
7.  Анықтама  әдебиеттерді,  энциклопедияларды,   түрлі   сөздіктерді   қоса
пайдаланып отыру керек.



      Студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар.
         • Жұмыстың көлемін шамадан тыс  асырмай,  оның  сапасын  арттыруға
           көңіл аудару;
         • Студенттердің өздік жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерімен дұрыс
           ұштастыра білу;
         • Студенттердің дербестігін арттырып, өзіндік білім алу  қабілетін
           жүйелі түрде дамыту;
         •  Өзіндік   жұмыстың   мазмұнына   күнделікті   өмірден   алынған
           материалдарды, хабарларды енгізу;
         • Студенттерді табиғат пен  қоғам  дамуының  жалпы  заңдылықтарын,
           сонымен қатар нақты фактілер мен құбылыстарды  өздігінен  талдап
           түсінуге үйрету;
         •  Студенттердің  алған  білімдерін  іс  жүзінде  қолдана   білуге
           дағдыландыру;
         • Студенттерді оқу  жұмысына  шығармашылық  тұрғыдан  қарауға,  әр
           уақытта дербес және белсенді әрекет жасауға баулу;
         • Студенттердің өздігінен дербес жұмыс істеу, еңбек ету дағдыларын
           қалыптастыру.








































СӨЖ тақырыптарының тізімі

   1. «Психология» терминінің мәні мен пайда болуы
   2. Психология  ғылымының  мәнісі  мен мағынасы
   3. Халықтық білім көлеміндегі психология
   4. Клиникалық психология
   5. Психология мамандығының  таңдаудағы мотивация
   6. Профессионалдық іс-әрекетіндегі специфика
   7. Психологтың кәсібилігі.
         Психоанализ және самоанализ

СОӨЖ тақырыптарының тізімі


|Психологиялық ғылымға кіріспе. Психология ғылым ретінде түсінігі.    |
|Психологиялық ғылымның негізгі бөлімдері.                            |
|Психологиядағы ғылыми емес зерттеулер.                               |
|Психологиялық ғылымның дамуы. Ғылымға дейінгі психология             |
|Ғылыми психологияның пайда болуы.                                    |
|Психология  мектебі  және бағыты.                                    |
|Қазақстан Республикасындағы психология ғылымының дамуы.              |
|Қазіргі Қазақстан психологиясының және этнопсихологиясының  дамуы.   |
|Психологиялық  мамандық ретінде. Кәсіби ажырату және оның мәнісі     |
|тұлғаның өзін реттеуі.                                               |
|Психолог- маман ретінде өзін реттеуі                                 |




































































Пәндер