Файл қосу
Психикалық энергия
|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ | |БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ | |ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ | |3 деңгейлі СМЖ құжаты |ПОӘК | | | | |ПОӘК 042-14.05.01.20.65 | | | |/03-2013 | |«Тұлғаның психологиялық | | | |мәселелері» пәні бойынша |Редакция № 2 02.09.13. | | |оқытушыға арналған пәннің|орнына Редакция № | | |жұмыс оқу бағдарламасы | | | | | | | ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ «Тұлға психологиялық мәселелері» 5В010300-«Педагогика және психология» ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР Семей 2013 Мазмұны 1 Глоссарий 2 Дәрістер 3 Практикалық және лабораториялық сабақтар 4 Студенттің өздік жұмысы 1 ГЛОССАРИЙ 1. Істер (деяние) - субъектінің белсенділігінің көріну формасы. 2. Психологиялық қорғаныс - конфликтіні ұғынуға байланысты туындаған мазасыздану сезімін минимумға дейін апаратын немесе жоюға бағытталған тұлғаның тұрақтануының ерекше регулятивті жүйесі. 3. Индивидуалдылық - басқа адамдардан өзінің әлеуметтік мәнді айырмашылықтарымен сипатталатьш адам. 4. Интроспекция - адамның өзіндік бақылау жолымен психикалық құбылысты тану әдісі, яғни адамның өзі санасында әртүрлі тапсырмаларды шешуде не өтіп жатыр соған назарын салып зерттеуі. 5. Когнитивті психология - психологиядағы жаңа зерттеу бағыттарының бірі, адамның мінез- құлқын білімдердің динамикасы мен қалыптасу процесі негізінде түсіндіреді. 6. Тұлға - әлеуметгік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид. 7. Тұлғалық мағына - қоршаған орта кұбылыстары мен объектілерге тұлғаның субъективті қатынасы. 8. Дүние таным - объективті әлем мен ондағы адамның орнына, адамның қоршаған болмысқа, өзіне қатынасына деген көзқарастардың жүйесі. 9. Психолингвистика - ғылым облысы, психология мен лингвистиканың арасындағы шекара (грань), адамның сөзін, оның туындауын, жұмыс жасауын зерттейді. 10. Тұлғаның өзіндік анықталуы - проблемді ситуацияда меншікті позицияны бекіту және табудың саналы актісі. 11. Өзіндік бағалау - тұлғаның өзін бағалауы, өз мүмкіндіктерін, садаларын, басқа адамдардың арасьшдағы орнын бағалауы. 12.Статус - адамның топтағы жағдай, оның құқықтары мен міндеттерін анықтайды. 1З. Құрылым - объектінің тұтастығын және өзіне ұқсайтындығын қамтамасыз ететін объектілердің компонентерінің арасындағы орнықты байланыстардың жиынтығы. 14.Субъект - болмысты өзгертетін және танымның қайнар көзі болатын индивид немесе топ. 15.Тұлғаның қырлары - индивидтің мінез-құлқының әртүрлі ситуациялардағы орнықты, қайталанатын ерекшеліктері. 16. Әуестену - ұғынылмаған немесе жеткіліксіз ұғынылған қажеттілік көрсететін психикалык күй 17.Диспозиция - адамның белгілі бір сыртқы немесе ішкі әрекеттерге дайындығы, бейімдігі 18.Қызығу - адамның қандайда бір объектіге эмоциялық жоғарғы зейіні 19.Мотив - субъектінің қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған іс- әрекетке ояту 20.Мотивация - организмнің белсенділігін және оның бағытын анықтайтын бағытын шақыратын ояну 21.Ынталану - әлеуметтік рұқсат етілген көрсеткіштер аркылы әрекет себебін субъектінің рационалды түсіндіруі 22.Табысқа жету мотиві - әртүрлі іс-әрекетте табысқа жету қажеттілігі және ол тұлғаның орнықты қыры ретінде қарастырылады 23.Ниет - белгіленген прогаммаға сәйкес әрекетті аяқтауға саналы ұмтылу 24.Тұлғаның бағыттылығы - орнықты мотивтердің жиынтығы, тұлғаның іс- әрекетін бағдарлайды. 25.Қажеттілік - организмнің, индивидтің, тұлғаның бір нәрсеге қатысты мұқтаждығы 26.Ұмтылу - біріншілей ояну, қажеттілікті сезімдік бастан кешіру 27.Жетістік тестері - сыналушының нақты білім, ептілік, дағдыларының деңгейін көрсететін психодиагностикалық әдістеме 2.«Тұлғаның психологиялық мәселелері» пәнінің дәрістік материалдары. 1 тақырып: Жеке тұлға психологиясы: пәнге кіріспе. Тұлғаны зерттеудегі теориялар мен ықпалдар. Тұлғаның психологиялық теорияларында тұлғаның табиғатын түсіндіретін өзара бір-бірін толықтыратын екі ықпал бар. Біріншісінде тұлға субъектінің мінез-құлық ерекшеліктері мен интрапсихикалық қасиеттердің автономды жүйесі, уникалды деп анықтайды, ол жүйеге мінезі, қабілеттері, түсініктері, құндылыққа бағдарлануы мен концепциялары кіреді. Екінші ықпалда тұлға болу үшін интерперсоналды кеңістікке қосылуы керек, басқа адамдармен белсенді саналы әлеуметтік қатынастар құрады, яғни тұлға ол интерпсихикалық байланыстары мен адамның өзара қатынастары. Тұлғаның интерпсихикалық компонентіне шоғырланған Л.Хьел, Д.Зиглер оны ғылыми зерттеудің келесі аспектілерін көрсетеді: Тұлға құрылымы ол тұрақты сипаттамалар, әртүрлі комбинацияларға түсе отырып бірыңғай, ұйымдасқан тұтастық құрайды және тестілеуде немесе экспериментте орнықты көрсеткіштерді табуды мүмкін ете алады; мотивация мінез-құлықтың процессуалды, динамикалық аспектілерін қосатын оның себептері мен факторларын шақыратын оятатын мотивтер. Тұлғаның дамуы әртүрлі жас сатыларында нәрестеліктен қартайғанға дейінгі оның қасиеттері мен ерекшеліктерінің заңды өзгерістері; тұлғаның психопатологиясы тұлғаның биосоциалды қоршағандарға адаптациясында шарттанған қиындықтар, процестер, факторлар және психиканың жұмыс жасауынан ауытқуы; тұлғаның психикалық денсаулығының негіздемесі белгілі бір критерийлермен сәйкес бөлінгендер; тұлғаның писхологиялық әсерді коррекциялау процесіндегі трансформациясы эмоциялық ерік когнитивті, мінез- құлықтық сферадағы өзгерістер, психотерапевтік ықпалдар мен техникалар жасайтын жағдайларға жету үшін жасалатын трансформациямен байланысты болады. Тұлғаның кез келген теориясы мына сұраққа жауап беру үшін жасалған. Тұлғаның құрылысы оны құрайтын элементтер қандай? Адамның істерін қандай мотивтер бағыттайды? Адамның тұлға болуын не детерминациялайды, оның өсуін не қамтамасыз етеді, не кедергі келтіреді? Тұлғалық дамуда қандай факторлар аномалияны шақырады? Психикалық денсаулықты бағалау критерийі мен шарты қандай? Тұлғаның өзіндік тиімділігін көтеру үшін және позитивті өзгерту үшін оларды не камтамасыз етеді? Д.Мацумото әртүрлі теорияларды жалпылап, оларды біріктіретін жағдай ол сыртқы ситуациялардан тәуелсіз орнықтылық мәселесі деді. Альтернативті ықпал былай айтады: тұлға тек әлеуметтік байланыстары мен тұлға аралық қатынастардың жүйелері арқылы ғана адекватты түсініледі. Тұлғалық белсенділік теориясы бойынша А.В.Петровский интраиндивидуалдымен қатар тұлға аралық өзара әрекеттің «индивидуалдылықтың айналасындағы кеңістік» ретінде белсенділіктің интериндивидуалды сферасы да бөлініп алынады. А.В.Петровский бойынша тұлғаның белгілі бір қырларын бекіту индивидтің сол бірлестікке қосылу механизміне бағынады. Тұлғаның дамуын индивид аралық қатынастар субъектісі ретінде бағалау үшін негізгі критерийге әлеуметтік топтарға кіру сәттілігінің дәрежесі алынады, өзінің меншікті белсенділігін басқа адамдармен белсенділікпен интеграциялау қабілетінің деңгейі алынады. Тұлға үнемі қарым-қатынаста, басқаға арналған қатынаста беріледі және «ішкі тәуелсіз территориясы» болмайды, әлеуметтік қатынастардан автономдылығы жоқ деген идеяларды М.М.Бахтин және Л.С.Выготский жасады. Олардың бірігулерінен ол кеңес психологиясының, қазіргі психологияның гуманитарлық білімдер жүйесінің негізі болып табылды. М.М.Бахтин оны келесі тезисте көрсетті: «Мен өзімді ұғынамын өзімді тек басқаға ашқанда ғана, басқаның көмегімен ғана өз өзім бола аламын». Адамның өз болмысы (сыртқы мен ішкі) терең қарым-қатынас. Бар болу ол қарым-қатынасқа түсу болып табылады. Бар болу ол басқа үшін бар болу сол арқылы өзім үшін бар боламын. Тұлға аралық қатынастар субъектісі ретінде тұлға өзінде үш репрезентацияланған (сфералар) бірлікті табады: 1) интраиндивидтілік тұлға оның «интраиндивидті сапаларының» орнықты жиынтығы ретінде адамның индивидуалдылығын құрайтын психикалық қасиеттер (темперамент пен мінез ерекшеліктері, қабілеттері, мотивтері, тұлғаның бағыттылығы және басқалар). 2) интериндивидті тұға индивидтің индивид аралық байланыстар кеңістігіне қосылуы ретінде қаралады, онда ішкі топтық өзара қатынас пен өзара әрекет оларға қатысушылардың тұлғалық сипаттамасы ретінде қаралады (мұнда тұлға аралық өзара қатынастарды түсінудегі жалған альтернатива жойылады, олар не топтар феномендері не тұлға аспектілері ретінде қаралады, мұнда тұлғалық топтық, ал топтық тұлғалық ретінде алынады. 3) метаиндивидті тұлға индивидтің басқа адамдармен тіршілік іс- әрекетіндегі «идеалды берілу» ретінде қаралады, сонымен қатар маңызды өзара әрекет шегінен шығады; мұнда адам интеллектуалды, эмоциялық немесе мотивациялық сферасындағы мағыналық құрылулардың субъектісі ретінде беріледі. Индивид өзінің дамуында әлеуметтік детерминацияланған қажеттіліктерді, тұлға болуды бастан кешіреді, өзін басқа адамдардың тіршілік әрекетіне сеніп тапсырады, олардағы өзінің бар болуын сезінеді, мәнді әлеуметтік іс- әрекетте өзінде тұлға болу қабілетін көреді. Тұлға индивидтің интерперсонал байланыстары негізінде жасалатын іс-әрекеттің әртүрлі аспектілеріне қатысты қатынастардың ерекше жүйесі ретінде қарастырылады. Ол қатынастар тұлғаның құрылымдық біріншілей элементтері болып табылады. Қатынастар психологиясының негізін орыс писхологы А.Ф.Лазурский салды, «Тұлғаны зерттеу программасы және оның ортаға қатынасы» деген еңбек жазды. А.Ф.Лазурский бірінші рет «тұлғаның сыртқы ортаға қатынасы» туралы категорияны айтты (табиғатқа, адамдарға, әлеуметтік топтарға, рухани құндылықтарға қатынас және басқа қатынастар), ол категория психологиялық талдаудың бірлігі ретінде алынды. Кейінірек қатынастар психологиясы В.Н.Мясищевтің еңбектерінде дамытылды. Ол мына тезисті тұжырымдады: тұлғаның мәні оның болмысқа қатынасы болып табылады. Адамның дамыған психологиялық қатынас ол әртүрлі жағы бар болмысы бар тұлғаның индивидуалды, таңдамалы, саналы байланыстарының тұтастай жүйесін көрсетеді. В.Н.Мясищевтің айтуынша психологиялык қатынастың құрамына үш компонент кіреді: танымдық (когнитивті), эмоциялық және ерік. Алайда бұл компоненттерді қатынастардың құрылымдық элементтері ретінде емес оны психологиялық талдаудың үш әртүрлі мағыналық ракурсы ретінде қарастырылады. Тұлғаның қатынастары орнықты немесе орнықсыз болуы. Тұлғалық құрылымның жоғарғы қабатына кірген қатынастар өзгергіштікпен сипатталады. Қатынастар тұлға ядросына жақын болған сайын соғұрлым олар статикалы болады және ішкі мен сыртқы өтіп жатқан өзгерістерге ұшырамайды. Егерде бұл терең қатынастар өзгере қалса да онда тұлғаның психологиялық қатынастарының барлық жүйелері трансформацияланады. Кеңестік психологиядағы тұлға теорияларының жалпы постулаттары: Тұлғаның кеңестік концепциялары егер вариациялары болса онда келесі жалпы теориялық пункттерде қосылады: 1. Тұлғада биологиялық айналдырылған формада әлеуметтік ретінде өмір сүреді. Табиғи (органикалық) сипаттамалар тұлға құрылымында оның әлеуметтік шарттанған элементтері сапасында болады. 2. Тұлғаның белсенділігі ситуацияға алғашқы берілген шектеулерді түсіруге әкеледі. Мақсатқа жету жолындағы кедергілер мен шектеулер оларды жеңуге бағытталған ерекше іс-әрекетті оятады. 3. Тұлға деген ол индивидтің социумда алған жүйелік сапасы. Өзіндік ұйымдасудың осы арнайы формасы туа берілген индивидтік қасиеттердің үстінде орналасады. 4. Тұлға орнықты тұлғааралық байланыстар жүйесінде ғана түсінікті болады. Кеңестік психологияның базалық жағдайларының негізінде (А.Н.Леонтьев) бұл байланыстар бірлескен іс-әрекеттің мағынасымен, мазмұнымен, құндылықтарымен жанамаланады. 5. Максимализация постулаты: тұлға индивидтің максималды персонализацияға ұмтылуынан туады (А.В.Петровский) Осы постулаттан теориялық гипотезалар туындайды: а) индивидуалдылығын белгілеу жоспарында құндылықтары бар индивид қабылдаған кез келген бастан кешірулер қажеттілікті персонализацияға маңыздандырады және басқаның мәнділігін іздеумен анықталады онда индивид идеалды түсініктерді алуы мүмкін; b) индивид қарым-қатынастың кез келген ситуациясында өзінің индивидуалдылығын таратуға және анықтауға ұмтылады, осы нақты жағдайда персонализация мүмкін болады. Оны жүзеге асырудың мүмкін болмауы өзінде жаңа мүмкіндіктерді іздеуге апарады немесе заттық іс-әрекетте өзін табуға апарады; с) қарым-қатынастың екі немесе оданда көп серіктестерінен субъект максималды адекватты персонализацияны қамтамасыз ететін адамды дұрыс көреді. Соған ұқсас ұзақ персонализацияны қамтамасыз ететін адамды артық көру табылады. 6. Тұлға дамуының индивид аралық қатынастар жүйесінде туындаған қайнар көздері қажеттілік пен персонализацияның арасындағы қайшылық ретінде өмір сүреді. 7. Тұлға онтогенездің сатыларында иерархиялық орналасқан топтарда қалыптасады. Тұлға дамуының сипаты ол қосылған топтың даму деңгейімен сипатталады. Көптеген әртүрлі тұлға теориялары бар оларда тұлға мәселесі әртүрлі қарастырылады. Мысалы психоаналитикалық теория дамуды қоғамдағы өмірге адамның биологиялық табиғатының адаптациясы ретінде, қажеттіліктерді қанағаттандыру тәсілдері мен қорғаныс механизмдерін жасау деп түсінеді. Қырлар теориясы тұлғаның барлық қырлары өмірде қалыптасады, ал олардың туындау процесі, өзгеруі мен тұрақтануы биологиялық емес заңдарға бағынады деген тұлғаның дамуы туралы түсініктерге сүйенеді. Әлеуметтік үйрену теориясы тұлғаның дамуы адамдардың тұлғааралық өзара әрекет тәсілін қалыптастыру ретінде түсінеді. Гуманистік және басқа феноменологиялық теориялар оны «Меннің» қалыптасуы процесі ретінде талдайды. Алайда тұлғаның даму мәселесін қарастырған позициялар мен теориялардан басқа интеграцияланған, тұлғаны тұтастық ретінде қарастыратын әртүрлі теориялар мен ықпалдар тұрғысынан анықтайтын бағыт та бар. Осындай ықпалдың аясында бірнеше концепциялар қалыптасты, олар негізгі назарды даму барысында тұлғаның жан жақты өзара байланысқан өзгерулері деп бекітеді. Осындай даму туралы осы бағытты ұстаған теориялардың бірі американдық психолог Э.Эриксонның концепциясы, яғни эпигенетикалық принцип: адам туғанынан өмірінің соңына дейін міндетті түрде өзінің тұлғалық дамуында өтетін сатылардың генетикалық негізін алдын ала анықтады. Э.Эриксон адам өз өмірінде басынан сегіз психологиялық дағдарысты өткізеді деп көрсетті: 1. Сену-сенбеу дағдарысы (өмірдің бірінші жылы) 2. Ұялуға қарсы автономия (2-3 жас айналасы) 3. Кінә сезіміне қарсы бастамашылдықтың көрінуі (шамамен 4-6 жас аралығы) 4. Өзін толық қанды сезінбеу комплексіне қарсы еңбексүйгіштік (7-12 дейін) 5. Конформизм, сұр индивидуалдылыққа қарсы жеке бастық өзіндік анықталу (12-18 жас). 6. Жасқа байланысты психологиялық изоляцияға қарсы көпшілдік және интим (20 жас шамасы). 7. «Өзіне кетуге» қарсы жаңа ұрпақты тәрбиелеу қамқорлығы (30-60 жас аралығы). 8. Өкіну сезіміне қарсы өміріне қанағаттану (60 жастан жоғары). Э.Эриксонның концепциясында тұлғаның анықтамасы сатылардың алмасуы арқылы түсініледі, әрбір сатыда адамның ішкі әлемінде сапалы өзгерулер, қоршаған адамдармен қатынас радикалды өзгерістер өтеді. Соның нәтижесінде тұлға дамудың сол сатысына тән жаңа сапаларды игереді. Оның пікірінше тұлғалық қырлар алдыңғы даму негізінде пайда болады. Тұлға ретінде дамып және қалыптасып адам тек жағымды сапаларды ғана емес кемшіліктерді де меңгереді. Бір теорияда әрі жағымды әрі жағымсыз өзгерулердің үйлесу варианттарын келтіру мүмкін емес. Сондықтанда Э.Эриксон өзінің концепциясында тек тұлғаның екі даму сызығын көрсетті: нормалды және аномалды. Әрине олар дәл сондай болып таза күйде өмірде кездеспейді, алайда нақты көрсетілген ол жағдайлардан аралық варианттарды адамның тұлғалық дамуында көруге болады. 2 тақырып: Классикалық психоанализ. Психологияның әртүрлі мектептерінде тұлға табиғаты әртүрлі түсініледі, оның себебі, оны психологияның пәні ретінде анықтаумен, психологиялық зерттеулерге деген қатынаспен, зерттеулерде қалыптасқан пршциптермен байланысты болды. Сондықтанда фрейдизм аясында негізгі ұғым инстанциялар мен, өзбеттілі өмір сүретіндердің арасындағы конфликт ретінде қаралғандықтан, тұлға үнемі конфликт жағдайында қаралды. Осы бағытқа негіздемені австриялық дәрігер, психиатр, психолог, философ, бейсаналық теориясын жасаушы З.Фрейд берді. Психика оның пікірінше санадан тұрады, ол адамға оның басынан өткізгендері ретінде беріледі, сана алды күйі жеңіл ұғынылатын бірақ дәл сол уақытта анық ұғынылмайтын, бейсаналық басынан кешкендер болады деп түсінілді. Психиканы динамикада қарастыра отырьш, З.Фрейд сана, сана алды және бейсаналылықтың арасында үнемі қозғалыстар, өзара әрекеттер, конфликтілер болады деді. Санадан ыңғайсыз, қабылданбайтын тілектер, қабылданбайтын еске түсірулер ығыстырылады. Сана қоршағандар негативтің бағалаған ұмтылуларды басып тастайды, олар бейсаналыққа өтеді, санада көріну жағдайы туғанға дейін сонда өмір сүреді. Сөйтіп бейсаналық ығыстырылған, сана үшін жарамайтын мазмұндарды (тілектер, ойлар т.б.), алғашқы инстинктерді «орналастырушы» ретінде түсінілді. Сана мен бейсаналықтың арақатынасы айсбергтің судың асты мен үстінің арақатынасы ретінде қаралды. Су асты бөлігі үлкен және көрінбейді. Тұлғаның құрылымы З.Фрейд бойынша басқаша берілді: «ид» төменгі инстанция, бейсаналы біріншілей қажеттіліктерді орналастырады, қанағаттану принципіне бағынады. Қанағаттану принципі психикалық өмірді реттеуші болып табылады, ол қанағаттануға ұмтылу мен қайғыларды жоюмен көрінеді. «Супер эго» «үстіде» орналасады, жоғарғы инстанция болып табылады, біріншілей қажеттіліктерде көрінетіндерді шектейді. «Супер эго» бейсаналық инстанция, мінез-құлық цензурасы, бастан өткен әсерлер. «Эго» психикалық өмірдің ұғынылған жағы, реалды өмір шарттарын бағдарлануды береді, «супер эго» талабын және «ид» тілектерімен келісуге ұмтылады. «Эго» негізінде жатқан реалдылық принципі тілектерді қанағаттандыру барысындағы реалды болмысты ескеретін бағдарлануды көрсетеді. З.Фрейдтің негізгі ұғымы ол энергия. Либидо ол сексуалды энергия немесе жасампаз энергия. Бұзатын энергия өлімге, агрессияға ұмтылуда көрінеді. Энергия бейсаналықтан бөлінгісі келеді, ал әлеуметтік шек қоятын цензура энергияның тура өз міндетіне баруын шектейді. Конфликтіден қашу энергияның таралу мүмкіндігінің орындалмайтындығымен шақырылған күштену үшін «эго» сублимацияны пайдаланады. Сублимация сексуалды ұмтылулар энергиясын әлеуметтік рұхсат етілген объектілерге ауыстыруды жасайды, сексуалды инстинкт энергиясын тікелей объектіден алып кетеді, оны әлеуметтік өнімді іс-әрекетке қолдануға жұмсайды. Егер «Эго» зорығуды конфликтіден түсірмесе, онда ол бастан кешірген зорығуды неврозға апарады. Невроз психоаналитиктердің айтуы бойынша ол мәселені шешуден кету деп санайды. Ұғыну невроздан жазылуға мүмкіндік береді, невроз қорғанудың бейсаналық құралы болып табылады. Невротик психоаналитиктің интерпретациясымен белсенді қарсыласады, өзінің шынайы невротикалық конфликтісін түсінгісі келмейді. Фрейд бойынша конфликт табиғаты бойынша психикаға тән, ол жойылмайды. Алайда «Эго» конфликтіні тиімді басқара алады, невроздан қашырады. Ол үшін «Эго» психологиялық қорғаныстарды қолданады, сол арқылы санадан шектеу қойылған қабылданбайтын өзінің меншікті импулсьтарын қабылдауды жояды. Психологиялық қорғаныс бейсаналық механизмдердің жиынтығы, «Эгоны» сыртқы қауіптен, бейсаналықтан келетін «Супер Эго» үшін қабылданбайтын меншікті әуестенулерден қорғауды қамтамасыз етеді. Психологиялық қорғаныс механизмдері әртүрлі формаларға ие болады, оның алпыстан аса түрі кездеседі, мысалы проекция, ығыстыру т.б. Бейсаналықты сыналушыньщ есебінсіз зерттеу мүмкін емес, сондықтанда түс көргендегі, қателескен әрекеттердегі, невротикалық симптомдардағы, еркін ассоцациялардағы бейсаналықтың нысанын, бұзылуын, көрінгендерін анализдеуді қолдануды ұсынады. Қате әрекеттер есімдерді ұмыту, естімей қалу, қателесу, жаңылысу, басқа нәрсені айта салу көріністерінде білінеді. Комбинацияланған қате әрекеттер болады. Қате әрекеттер санадан ығыстырылған, көріну қабілетінен айырылған басып тасталынған психикалық материалдар әрекетімен шақырылады. Белгілі бір жағдайда әрекеттің ұғынылған бағытын, басылып қалған тілектер интерференциясы қате әрекетті, әрекет бағытын береді. Түс көруді кейде «бейсаналықтағы патшалық қақпасы» деп атайды. Түс көру жұмысы, ауыстыру мен конденсация түс көру бейнелерін түсініксіз, анықсыз, санаға түсініксіз етіп жасайды. Фрейдтің идеяларының бірі символдар сөздігін жазу, көптеген психоаналитиктер оған қарсы болса да, оны, барлық бейнелерді ұғынылған тілге аудару болды. Ең қызығы сол түс көру жұмысын талқылап оны қайта жасалған психикалық материалдарды меншікті бастапқы қабат деп қабылдау болды. Түс көру жұмыстарын талқылауда «әрекетті қайта жасау», яғни түс көру әрекетін қайта жасау болып табылады. Ол реконтекстуализация (түс көрудегі ауысудан кейін) және деконденсация (түс көруден кейінгі жасалған жұмыс конденсациясы). Түс көруді анализдеу барысында символдарды түсіну оларды өңдегеннен кейін ашылады. З.Фрейдтің практикасында емес, теориясында бейсаналық пен сана деген дихотомия бар, бұл дихотомиялар басқада ғылыми дихотомияларда кездеседі: сыртқы мен ішкі, ырықты мен ырықсыз, рефлексивті емес пен рефлексивті. Интериоризация ұғымы осы дихотомиялар негізінде жасалған. Психоанализ субъектіге анықталуды жапсырудан, проблемаға творчестволық шоғырланудан бас тарту мәселесі бойынша басқалардан айырмасы бар. Творчестволық адам творчество беретін анықталудан, мәселені шешуден қашу үшін психоанализден жиі бас тартады. Фрейд психологияға, мәдениетке үлкен үлес қосты. Фрейдтің психоанализ практикасы мен теориясы пайда болғаннан кейін адам басқаша ойлай бастады, басқаша қорытынды жасады. Сондай-ақ швейцар ғалымы, З.Фрейдтің бұрынғы шәкірті Карл Густав Юнгтің теориясы да өте атақты, өзі кейін меншікті адам психикасы жалы идеялар жүйесін жасады. Адам үшін барлық қоршағандар оның тәжірибесінде беріледі. Сондықтанда К.Юнгтің ойынша ең адал идеялар субъективті болып табылады. Юнг фрейдизмнен кетті, бейсаналық биологиялыққа апарылмайды деп санады. Оның пікірінше, бейсаналық алдыңғы ұрпақтың психикалық тәжірибесінде беріледі, мінез-құлық типтер, эмоциялық реакциялар, спонтанды фантазия бейнелері, түс көрулердің қосындылары деп анықталды. Юнгтің екінші бір басты идеясы ол бүтіндік идеясы. Ол интуиция бүтіндігі болды, Жан автономды фактор, онда бейсаналық санамен қатар амалсыз өмір сүреді деп санады. Жан өзінің заңдылықтарына ие, психикалық бүтіндік ол бейсаналық пен сана. Бейсаналық табиғи, автоматты мақсатқа сәйкес процесс, ол жанның бүтіндігі үшін қолданылады. Бейсаналық ол энергия символдарда көрінеді. Бейсаналық реттелмеген құбылыс, санамен бағытталады, одан тыс өмір сүреді, оның тілегі бейсаналықтың мазмұнын қалай бар солай көру. Бейсаналықтың реттелген әрекеті архетиптердің болуымен анықталады, олар өткен бейнелер, мәдениетіне, даму деңгейіне қарамастан барлық адамға тән болады. Осы мифологиялық сюжеттердің, мотивтердің қайталануы Юнгты коллективті бейсаналықта болатын кейбір бейсаналық өткен бейнелер болады деген ойға итермеледі. Архетиптер өмірге мифологиялық мотивтер түрінде болатын түсініктер комплексін шақырады. Архетиптер бейсаналықта болатын белгілі бір принциптердің бір жағдайларда белсендірілгендердің жинағы ретінде өмір сүреді және санаға энергетикалық ағындар ретінде шығуға ұмтылады. Юнгтің түсінуі бойынша архетиптер өзбеттілі болудың белгілі бір дәрежесі, ал сана творчестволық еркіндік ретінде болады. Архетип символикалық формаларды қабылдай алады, стереотипті реакциялар мен әрекет қабілетінде көріне алады. Юнг бойынша тұлғаның қалыптасуы индивидуация болып табылады, яғни коллективті негізден өзіңнің меншікті психикаңды бөліп алу. Адамның рухани тууы, психикалық өзбеттіліктің пайда болуы, адамның дамуға кабілетті болуы осының бәрі индивидуацияның мәнін береді. Өкінішке орай жаңа адамның санасының дамыған, Юнгтің ойы бойынша, индивидуация, даму үшін қолданылмайды. Индивидуация санада өтеді, оның нәтижесі сана деңгейінің өскені болып табылады. Сананың жоғарғы жағына жарып шыққан мазмұнды ұғыну, оларды саналы жасау санаға күш беретін негіз ретінде қарауға болады. Бейсаналықтың болатынын мойындамау, бейсаналықтан келетін энергияны қабылдамау сананың диссоциациясын шақырады. Бұл коллективті бейсаналық стихиясында еріп кету болып табылады. Психикалық ауру ол бейсаналықтың автономды мазмұнын реалды объект ретінде қабылдау болып табылады. «Тұлга» туралы айтқанда онда «индивидуалдылық» дегенді түсінеміз, алайда бұл контекстте Юнг әлеуметтік масканы ұйғарады, яғни әлеуметтік әрекетте табылатындарды айтып отыр, ал оның артында коллективті бейсаналық тығылып тұр дейді. Бұл индивидуалдылық емес, индивидуацияның нәтижесі емес. К.Г.Юнг, тұлғаның дамуы жайлы айта отырып, бүтіндіктің пайда болуы мен тәрбиелеу шарттарын, адам индивидуалдылығы жайлы қарастырды. «Тұлға» өмір барысында біртіндеп дамитын ол бір туылған тұқым емес. Анықталусыз, бүтіндіксіз тұлғаның жетілуі көрінбейді. Осы үш қасиет балаға тән емес, себебі солар арқылы ол балалықтан айырылмауы керек. Ешкімде тұлғаны тәрбиелей алмайды, егер ол өзі тұлға болмаса. ... Тұлға біздің өмір сүруіміздің бүтіндігін толық тарату, ол қол жетпейтін идеал. Алайда қол жетпеушілік идеалға қарсы болатын себеп емес, сондықтанда идеалдар бір басқа нәрсе, жолды көрсетуші, бірақ мақсат емес...». Юнг бойынша тұлға қандай да бір дамуға ұмтылудан емес, қажеттіліктен байланысты дамиды: «тұлғалық даму акциясы ол бөтенге көзқарас, атағы шықпаған мекеме, тура жолдан ауытқу.... ешкімге ұқсамайтындай болуға тырысу. Өкінішке орай тұлға адамзаттағы атақты геройлар, олар құрмет, махаббат, таң қалу шақырады. Нағыз тұлға өзінің қолданылуына ие болады... Тұлғаның масштабы аз болған сайын, ол соғұрлым үлкен дәрежеде анықталмайтын және бейсаналы болады. Бихевиоризмде психикалық зерттеуге жабық болатын бір нәрсе ретінде қарастырылды, сондықтанда психикалықты олар зерттемеді. Субъект реакция жасайтын сыртқы мінез-құлық реакциялары мен стимулдары тіркелді. Мінез- құлық сыртқы формаға апарылды және сыртқыны уреттеумең анықталды. Олардың ойынша осы жағдай объективті ғылыми зертетуге психологияны әкеледі деп санады. Тұлға психикалық ретінде не мойындалмады не қарастырылмады, тек белгілі бір стимулдарда қалыптасқан кейбір реакциялардың жиынтығы деп берілді. Тұлғаның дамуы мен тәрбиесі реакцияларды меңгерумен, маңызды стимулдарға реакция жасай алуды үйренумен түсіндірілді. Бихевиоризмде қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін жетуге байланысты реакцияларды меңгеру процесі қарастырылды. Қажеттілік қанағаттандыруды талап етеді, тәрбие реакциялармен бекітілуі керек, ол қанағаттандыруды жасайды, әлеуметтік түрде қолдау табады. Басқа реакцияларға қосылуға реакцияға шектеу жасау әрекеті қажеттіліктерді қанағаттандыруға, бейімделгіш реакцияны қалыптастыруға әкелмейді. Үйрену, дұрыс бекітілу субъектінің өзінің қанағаттануына оны қоршаған адамдармен комфортқа әкеледі деп санады бихевиористер. Дұрыс реакциялар тіркелген программдалған мәдениет, қандай реакциялар әлеуметтік қолдау табады, қайсысы жаза алады соны көрсетеді, индивидтің комфортты өмір сүруін жасайды. Б.Скиннердің айтуы бойынша бекітулер жүйесі қалыптасқан қоғамда әрбір реакция мен қате реакция үшін алған жаза жүйелері үшін индивидтер бақытты болады. Тұлғаның белсенділігі, өзіндік санасы, қабілеті құндылықтарды бекіту сұрақтары бихевиоризмде қаралмады. Необихевиоризмде аралық өзгергіштіктер ұғымы пайда болды, олар стимулға деген реакцияны деформациялайды, жоққа шығарады деген психикалық мағынада түсінді. Осы аралық өзгергіштіктер «сынға» түспесін үшін психикалық бастан кешулерге, тұлғалық қасиеттерге, мәдениетке қосылды. Психологияда бихевиоризмнің маңызды мәні сол олар мінез-құлық категориясын ашты. Гуманистік психологияда тұлға ұғымын өзін түсіне алатын қабілетке ие, творчестволық қабілеттерін аша алады деп түсінді. Адамның өмірде алған негативті тәжірибелері өз мүмкіндіктерін ашуға, қабілеттерін ашуға кедергі жасайды. Психотерапевт психологиялық көмек сұраған адамның «үсті» деген позицияны алмай-ақ мәселені шешпей-ақ, сұрақтарға жауап берсе, қабылдау мен ашықтықты жасайтын пихологиялық кеңістік орната алады, онда адамның өзі қабілетін тарата алады, өзін түсінеді, өз мәселесін өзі шешуге келеді. К.Р.Роджерс айтқандай қоршағандардың әсерінен адам өзіне қажет емес, түсініксіз болғандарды, оның дамуын қамти алмайтындарды сол міндет, мақсаттардан «тыс» қояды. Өз тілегін және өзін, мақсатын түсінуге қабілетті, алайда ол үшін басқаларды қабылдау мен түсінуде қажетті шарт қажет болады. Осы жағдай психотерапияның мәнін құрайды. Гуманистік психологияда тұлғаны өзін көрсетуге қабілетті, жоғары нәтижелерге жету қабілетін игерген деп қарастырады. А.Маслоу бойынша адам ішкі табиғатпен сипатталады, ол инстинктоидты болады, туа беріледі, адам оны өз өмірінде жүзеге асыруға міндетті деп санайды. Алайда барлық адам бірде өзіндік маңызданбайды, жоғарғы жетістіктерге жетпейді, өз қабілеттерін тарата аламайды. Егер ол болмаса адам ауру болады, зиян шегеді. Өзіндік маңыздануға ұмтылмаған адам психопатологиясы бар адам, алайда туа берілген қабілеттерде, творчествосы, өзін көрсету арқылы жазыла алады деп көрсетті А. Маслоу. Өзіндік маңыздануды ұғынылған әрекет, бағытталатын мақсат деп қарастырды деп А. Маслоуды сынады, яғни Маслоудың теориясында адам өзі өзіндік маңыздануға ұмтылады, өз қабілеттерін ұғғынып ашады, В.Франкл бойынша өзіндік маңыздану, творчестволық қабілетгерге ену жоспарланбаған нәтиже емес, ал мақсатқа сәйкес бағыттылық творчествоға кедергі келтіреді. Тұлғаны теориялық тұрғыдан құбылыс ретінде қарастыруға болады, сонымен бірге тұлғаны зерттеудің реалды міндетін де қоюға болады. Диагностика мақсатымен тұлға психотерапиясында оның индивидуалды көрінулері зерттеледі. Р.Кеттелл тұлғалық қасиеттерді зерттей отырып, оны он алты факторлы тұлғалық сауалнамада суреттеп, тұлға махаббатқа ұқсайды деді: бәрі біледі, ол бар, бірақта ешкім де бар екенін, не жоқ екенін анықтаған жоқ деп бірде айтқан еді. Тұлға туралы айтады, алайда оның не екенін, қалай анықтау керек екенін толық әлі ешкім айтқан жоқ. Оның тұлғалық мағыналары тілде айтылмайды, онын әлем көрінісіне басқа адам жетпейді, мақсатты таңдау сыртқы шарттармен шарттанбайды. Тұлға категориясы оны түсінудің жаңа талпыныстарын шақырады, әртүрлі анықтамаларға әкеледі, алайда тұлға ұғымын толық қамтуды мүмкін етпейді. Р.Кеттелл тұлғаны қасиеттердің иерархиялық моделі түрінде түсіндірді, олардың ішінде эмоциялық тұрақтылық, экспансия, өзіндік бекіту қасиеттері бар. Тұлға қасиеттерінің арасында табылған корреляцияның арқасында тұлғаның мына факторлары табылды: интроверсия, нейротизм, олар қасиеттер иерархиясының шыңындағы фактор болып саналды. Бұл тұлғаға деген номотетикалық ықпалдың басталуына негіз болды, онда жалпы қасиеттер зерттеледі, сол арқылы әртүрлі адамдарды өзара салыстыруға болады. Оның өкілі Г.Оллпорттың пікірінше, тұлға жалпы қасиеттермен анықталмайды, оны уникалды, жалқы, қайталанбас жағдайларда көру керек деді. Ол тұлғаны түсінуді мүмкін етеді деді. А.В.Петровский тұлғаның қасиеттерін қарады. Мәні қаралмайды деп тұлғға жайлы сол ықпалға сын айтты. Мұндай ықпалды А.В.Петровский коллекционерлік ықпал деп атады. Зерттеуші қасиеттердің тізімін жасап, оны зерттейді, ал тұлға деген не деген сұраққа келмейді. Тұлға табиғатына байланысты кеңестік психологиядағы көзқарастардың ішінде ең алдымен А.Н.Леонтъевтің тұлға теориясын аламыз. Тұлға туралы теорияларды талдай отырып, әрі олардың негізсіз екенін айтып, А.Н.Леонтьев іс-әрекет ықпал аясында тұлғаға деген басқа көзқарасты қалыптастырды. А.Н. Леонтьев бойынша тұлға іс-әрекеттің ішкі бір кезеңі. А.Н.Леонтьев өзінің «Іс-әрекет. Сана. Тұлға» деген кітабында көптеген кейбір зерттеушілер келісетін, келіспейтін жағдайды тұжырымдады. Ондай жағдайлардың бірі, тұлға қайталанбайтын тұтастық пен бірлік болып табылады. Екінші жағдай ол тұлға психикалық процестерді басқаратын жоғары интеграцияланған инстанцияны береді. А.Н.Леонтьев былай дейді, бұл жағдайлар бір уақытта әрі дұрыс емес қорытындыға да әкелуі мүмкін. Психикалық процестер мен тұлға психологиясын қарсы қою оларды бір-бірінен ажыратып қарауға әкеледі. Тұлға психикалық процестерден тыс қаралса ол абстракция болып қалады, толық мәнді емес тұтастыққа «айналады немесе дисплозициялар мен мақсаты салынған «Мен» болып қалады. А.Н.Леонтьев бойынша тұлға мен психикалық процестерді бөлу психикалық процестерді индивидуалды қасиеттерге шоғырландыруға әкеледі. Алайда ол жағдай мәселені шешпейді, алдын ала ол сипаттамалардың қайсысы тұлғаны сипаттайтынын, қайсысы тұлғалық болатынын білуге болмайды. Бұл сұрақты шешпес үшін, А.Н.Леонтьевтің ойынша тұлғаның ерекшеліктеріне арналған комплексті ықпал жасалады, онда тұлға барлық әртүрлі қасиеттер ретінде қарастырылады. Тұлға психологиясы антропология бола бастайды. Адамға деген комплексті ықпалды А.Н.Леонтьев жоққа шығармайды, алайда бұл ықпалды ауыстырмайтын тұлға мәселесін қозғайды. Комплексті зерттеу психология үшін маңызды, алайда ол жағдай тұлға мәселесін ерекше етіп жылжытады. Тұлға жайлы білімдер жүйесі егерде онда тұлғаның негіздемесі жайлы сұрақты талдау жоқ болса, онда ол оның маңыздылығын түсіндіре алмайды. Тұлғаны психологиялық зерттеу жеке қасиеттерді зерттеу комплекстерімен ауыстырылмайды. Тұлғаның қалыптасуындағы тарихи антропологиялық ықпалды да А.Н.Леонтьев талдайды. Мәдени антропологиялық ықпал үшін негіз болып адам табиғаты тән емес, алайда мәдениет тән психологиялық айырмашылықтар болады деген ой- пікір болды. Мұнда тұлға жүйесі индивидуализацияланған әэдениет ретінде қаралды, оған адам индивидуалды қатысады деп саналды. Даму адамның мәдениеттенуі (окультурирование) деп түсінілді. А.Н.Леонтьев мәдени антропологиялық ықпалды сынады, себебі өзінің авторлық теориясында негізгісі әлеуметтік болып табылды. Тұлға адамның іс-әрекетке ену процесінде әлеуметтік шарттар арқылы қалыптасады. Тұлғаның мәдени антропологиялық интерпретациясын А.Н.Леонтьев антипсихологиялық деп санады. Мұнда мәдениет конструкт ретінде қаралды. Мәдениетті тасушылар индивидтер, мәдениет адамдағы тұлғалықты емес, тұлғасыздықты, тұлғадағы жалпы нәрсе тілді, мәнді рөлдерді шарттандырады деді А.Н.Леонтьев. А.Н.Леонтъев тұлғаны мәдениеттің жеке бір персонификациясы дегенге қарсы болды. Культуралогиялық теория нақты жағдайларға мәдениетте анықталатын индивидуалды адаптация мен архетиптерді ажыратады. А.Н.Леонтьевтің пікірінше, бұл айырмашылықтар конструктивті емес және архетиптер түсіндірілмейді. Бұл концепциядағы екі факторлы схема мәнді болып қала береді. А.Н.Леонтьев тұлға дамуын іс-әрекеттегі өзіндік қозғалыс деп қарастыруды, оның ішкі қозғаушы қайшылықтарын зерттеуді ұсынады. Дамудың алғы шарты даму барысына шарт ретінде кіргізіледі. Өзіндік қозғалыс идеясы өздігінен қозғалатын іс-әрекет мәселесіне әкеледі. Іс-әрекет тұлғаны итермейді, оны ашады. А.Н.Леонтьев тұлғаның қоғамдық тарихи маңызы жайлы идеяны қозғады. Тұлға бірінші рет қоғамда пайда болды, тарихта көрінді. Индивид қоғамдық қатынастар субъектісі ретінде тұлғаға айналды. Тұлға санаға да, іс- әрекетке де солардың алдында болады деп түсінілмейді. Тұлға туылмайды, іс- әрекетте оның өзіндің қозғалысында қалыптасады. Тұлғаның әлеуметтік психологиялық ықпалын тарата отырып, А.В.Петровский және В.А.Петровский оны топтағы іс-әрекеттік жанамаланған қатынастарда қарастырады. Тұлға ол жүйе, ішкі тіпті тұлға аралық жоспарда шектелмейді. Тұлға өзіне басқадағы бейнеленуді де кіргізеді. Тұлга төмендегі жағдайларды құрамдас жасайды: 1. интраиндивидті, адам өзін өзі мағынаны береді, қарым-қатынассыз адам өзі үшін ғана тұлға. Әлеуметтік өзара әрекетті қамтымайтын темперамент, мінез, қабілет сияқты қасиеттері қаралады. 2. интериндивидті ол өзара әрекеттің әлеуметтік тиімділігіндегі тұлға. Әлеуметтік өзара әрекет феноменінде тұлға жанданады. Өзара әрекет феномендері тұлғаны өздері қарым-қатынасқа түсіреді. 3. метаиндивидті құрамдас оған тұлғаны басқа адамның идеалды түсінуі жатады. Бір тұлғаның екінші тұлғада бейнеленуі бейнелерге әкелмейді, ол қатынас болуы мүмкін, әсерленулер, қайғырулар болуы мүмкін. Субъектілік бейнелену бір адамның басқа адамда көрініс табуына әсер еткен тұлғалық үлес қосу болып табылады. Бұл үлес қосу бейнеленетін тұлға үшінде, бейнелеген тұлға үшінде қатысты болады. Бейнелену бір бейне болып табылмайды, ол мүмкін мағыналардың ұғынылмағын компоненттері болуы мүмкін. Тұлға өзінікін басқа адамға қалай қатынас жасаса солай көреді. Персонификация әлеуметтік байланыстардың маңызды элементі. Персонализацияға қажеттілік тұлғаның маңызды қажеттіліктерінің бірі, басқа адамда идеалды көрініс берейін деген ойға ұмтылулар, басқа үшін мәнді болып табылатын өз бейнесін өзінде тіркеу. Әлеуметтік психологиялық ықпалда тұлға топтық қатынастар контексінде қаралады, онда тұлға басқаларда персонализациялануға ұмтылады. Тұлға топта қалыптасады, онда адаптация сатыларынан өтеді, құндылықтарды, ережелерді, дағдыларды меңгереді, индивидуализациялану, қарсы қою сатысынан өтеді, басқа топ мүшелерімен тең өзара әрекетке түсе отырып интеграциялану сатысынан өтеді. Тұлға жоғарғы формаларда causa sui принципіне жататын субстанциалды категорияға жатады. Бұл принцип өзіндік себептілік, өзіне себеп болуға қабілетті дегенді білдіреді. Бұл принципті философи яда Г.В.Ф.Гегель жасаған және тұлғаны психологиялық зерттеулерге В.А.Петровский қолданды. Өзіндік себеп жоғарғы категорияларда ашық көрінеді. Өзіндік себеп алдыменен ол ортаға бейімделу ары қарай іс-әрекетке бейімделу болып табылады. Тұлға осы өзіндік себепті айқын көрсетеді. Мәдениетке бағына отырып, ол онда қозғалады және үнемі шекарадан шығады. Барлық мәдениет шекарада өмір сүреді дейді М.М.Бахтин. Тұлға қозғалғыш болып табылады, өз шегінен, мәдениеттен шыға алады, және тұлғаны категорияға салу мүмкін еместігін оған аяқталған түсінік беру мумкін емес екенін көрсетеді. 3 тақырып: Аналитикалық теория. Жас цюрих психиатры Карл Юнг (1875-1961) алғашында Фрейд теориясының әсеріне қатты берілді. Бір бірімен хат алысып ойларын бөлісті, кейін кездесті, алайда үш жылдан кейін олардың арасында салқындық орнап қатынастары мүлдем үзілді, кейін мүлдем кездеспеген. Юнгтың теориясы психоаналитикалық деп саналсада ол Фрейдтің теориясынан өзіндік ерекшелігі бар. Юнгтің теориясында адамға деген көзқараста каузалдылық (индивидуалды және нәсілдік тарих) пен телеология (мақсат пен ұмтылулар) үндескен. Юнг тұлғаның нәсілдік және филогенетикалық негізіне екпін жасайды. Тұлғаның құрылымы. Тұлға немесе жан өзара байланысқан дифференциалданған жүйелерден тұрады, маңыздылары: эго, жеке бастық бейсаналықтар мен оның комплекстері, коллективті бейсаналық оның архетиптері, персоналар, анима мен анимус, көлеңке. Олардан басқа ішкі ыңғайланулар болады: интроверсия мен экстроверсия және олардың функциялары: ойлау, сезімдер, түйсіну мен интуиция, тұлғаның барлық орталығы өзіндік болып табылады. Эго бұл саналы ақыл, саналы перцепциялардан, еске түсірулерден, ойлардан, сезімдерден тұрады. Эго идентификациялану сезімі мен үздіксіздік сезіміне жауап береді, индивидуалды адамның көзқарасы сананың орталығы болып саналады. Жеке бастық бейсаналық. Бұл эгоға жанасқан аймақ, санада болған бірақ ығыстырылған, жаншылған, ұмытылған, мойындалмаған бастан кешкендер, егерде көріне бастаса сана деңгейінде әсер беру үшін өте әлсіз болады. Жеке бастық бейсаналықтың мазмұны Фрейд айтқан сана алды күйіне ұқсайды, сана оған жете алады, жеке бастық бейсаналық пен эгоның арасында күшті «екі жақты қозғалыс» жүреді. Комплекстер. Комплекстер ол ұйымдасқан топ немесе жеке бастық бейсаналықта болатын сезімдердің, ойлардың, перцепцияның, еске түсірулердің констелляциясы, оның ядросы болады, магнит сияқты барлық әртүрлі констенцияланған бастан кешкендерді өзіне тартады. Мысалы аналық комплекс болады, ядросы анасымен байланысты нәсілдік бастан кешіру негізінде пайда болады, атап айтқанда балалық бастан кешкендер. Анасына қатысты ойлар, сезімдер, еске түсірулер ядроға тартылып комплекстер құрайды. Ядро және көптеген ассоциацияланған элементтер кез келген уақытта олар бейсаналы болады, алайда кез келген ассоцация жекелеп саналы ассоциация бола алады. Коллективті бейсаналық. Коллективті бейсаналық немесе трансперсовалды бейсаналық күшті әсері мықты психикалық жүйе, паталогиялық жағдайларда эго мен жеке бастық бейсаналықты қорғайды. Коллективті бейсаналық ата-бабадан берілген жасырын еске түсірулердің қоймасы, тұқым қуалаумен берілген өткен нәрселер тек нәсілдік тарих ғана емес, әрі адамға дейінгі және жануарлардың тәжірибелері. Коллективті бейсаналық көптеген өткен ұрпақтардың бастан кешкендерінің негізінде пайда болатын адамның эволюциялық дамуын тұқым қуалаудан алғандары. Ол индивид өміріндегі жеке бастық жағдайынан толық ажыратылған сондықтанда универсал болып табылады, Юнгтің ойынша коллективті бейсаналықтың универсал болатыны адамдардың барлығының ми құрылысының бірдей болуын айтады. Нәсілдік еске түсірулер немесе репрезентациялар тұқыммен берілмейді, біз тек алдыңғы өткен ұрпақтардың тәжірибелерін қайталау мүмкіндігін ғана аламыз. Ол біздің бейімдіктеріміз, әлемге белгілі бір жағдаймен бірдей реакция жасаймыз. Коллективті бейсаналық тұлғалық құрылымның туа берілген нәсілдік негіздемесі, онда эго, жеке бастық бейсаналық және басқада индивидуалды игергендер өседі. Адам өзім тәжірибем деп санағандардың бәрі коллективті бейсаналық болып табылады, олар мінез-құлыққа әсер етеді. Туа берілген виртуалды бейнелер объективті әлеммен идентификацияланған перцепциялар мен идеяларға айналады. Бейсаналықтың екі аймағы жеке бастық және коллективті адам үшін мәні зор болады. Симптомдар, фобиялар, иллюзиялар және басқада иррационалды құбылыстар алыстатылған бейсаналық процестерден туындайды. Архетиптер. Коллективті бейсаналықтың құрылымдық компоненттері әртүрлі аталады: архетиптер, доминанттар, алғашқы бейнелер, имаго, мифтік бейнелер, мінез-құлық паттерндері. Архетип мәнді эмоциялық элементі бар универсал ойлау формасы (идеялар). Осы ойлау формалары әдеттегі сергек өмірдегі саналы ситуациялардың кейбір аспектілеріне сәйкес бейнелер мен көрулерді жасайды. Мысалы ана архетипі ана бейнесімен жасалып, кейін реалды анамен идентификацияланады. Қысқаша айтсақ бала генетикалық ананың алдыңғы қалыптасқан концепциясын тұқым қуалаудан алады. Архетиптер коллективті бейсаналықта міндетті түрде бір-бірінен бөлінбейді, олар өзара бір біріне өтеді, араласады. Мысалы батыр архетипі ришалық туғызған «король философ» бейнесін тудырады. Архетиптер комплектердің ядросы бола алады, бастан өткендерге тартылады. Архетип санаға ассоциацияланған бастан өткендер арқылы өте алады. Мифтар, түс көрулер, көрулер, ритуалдар, діни түсініктер, невротикалық және психикалық симптомдар, өнер туындылары көптеген архетиптік материалдарды береді. Коллективті бейсаналықта көптеген архетиптер болады, олардың көпшілігі туу архетиптеріне, қайта өрлеу, қайтыс болу, билік, сиқырлық, тұтастық, батырлық, бала архетиптеріне идентификацияланған. Архетиптердің тұлға ішіндегі жүйелеріне персона, анима, анимус, көлеңке жатады. Персона. Персона ол маска, адам әлеуметтік шарттардың, дәстүрлердің талаптарына жауап үшін, ішкі архетипті қажеттіліктеріне жауап үшін киеді. Ол адамға қоғам беретін рөл, қоғамдық күтулерге сәйкес адам оны өмір бойы орындайды. Масканың мақсаты басқаларға белгілі бір әсер қалдыру ол жиі үнемі болмасада адамның шынайы табиғатын жасырады. Персона ол көпшілік тұлғасы, әлеуметтік шарттан тыс тұрған өзінің меншікті тұлғасына қарсы қоғамдық пікір мен өзіне жапсырып қойған жақтары. Индивид өзінің шынайы меншікті сезімдерін емес ойнайтын рөл сезімдерін ұғынады, сол персонамен идентификацияланады. Ол жеке автономды адам болудың орнына қоғамның бейнесі бола бастайды. Персона дамитын ядро ол архетип, ол да басқа архетиптер сияқты нәсілдік тәжірибеден шығады, тәжірибелер әлеуметтік өзара әрекеттен әлеуметтік рөлдерді қабылдау адамдар үшін пайдасын беретін әлеуметтік жануарлар ретінде қызмет етеді. (Кейбір аспектілерде персона Фрейдтің суперэгосын еске түсіреді). Анима және анимус. Көп жағдайда адам табиғаты бойынша бисексуалды жануар деп мойындалады. Физиологиялық деңгейде ер адамдар гармондары мен әйелдер гармондары деп бөлінеді. Психологиялық деңгейде екі жыныста да маскулинді әрі феминді сипаттамалар табылады. Ер адамдағы феминдік жақпен әйелдердегі маскулиндік жақтарды Юнг архетиптерге жазады. Ер адамдағы феминді архетип анима деп аталады, әйелдердегі маскулиндік архетип анимус деп аталады. Бұл архетиптер хромосомалармен, жыныстық бездермен шарттана алады, олар әйелдермен байланысты ер адамдық нәсілдік бастан кешірулердің өнімі болып табылады және керісінше әйелдерде болады. Басқаша айтсақ ер адам әйелмен өмір бойы тұрып феминді ал әйелдер маскулинді бола бастайды. Бұл архетиптер әрбір жыныста тек қарама-қарсы қырларды ғана емес олар әрі коллективті бейнелер болып табылады, соның арқасында әрбір жыныстағылар басқаларды түсінеді. Ер адам әйел табиғатын өзінің анимасы арқылы, ал әйелдер ер адамды өзінің анимусы арқылы сезінеді. Алайда анима мен анимустар бір бірін түсінбеуге де әкеледі. Коллективті бейсаналық талаптары мен сыртқы әлемнің реалдылығы арасында компромис болуы керек, әйтпесе адам жеткілікті түрде адаптация жасай алмайды. Көлеңке. Көлеңке архетиптері эволюция барысында адамдардың өмір сүрудің төменгі формалардан тұқым қуалаумен алған жануар инстинктері. Адам табиғатын, жануарлық жағын жандандырады. Көлеңке архетиптері санадағы мінез- құлық пен мінез-құлықтағы жағымсыз әлеуметтік қолданбаған ойлар, сезімдер, әрекеттер үшін жауапты болады. Өзіндік (самость). Бұл архетип әртүрлі символдарда көрінеді, оның ең маңыздысы мандала немесе сиқыр шеңбер. Өзіндік ол тұлғаның орталығы оның төңірігіне басқа жүйелер топтанады, сол жүйелерді бірге ұстап тұлғаның бірлігін, теңдігін, тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Өзіндік ол өмір мақсаты адамдар оған үнемі ұмтылады, алайда оған бәрі жете бермейді. Ішкі бағдарланулар. Юнг екі ішкі бағдарлану немесе тұлға бағдарлануын ұсынады олар экстраверсия және интроверсия ішкі бағдарланулары. Экстравертті ішкі бағдарланулар адамды сыртқы, объективті әлемге бағдарлайды, интровертті ішкі бағдарлану ішкі, субъективті әлемге бағдарлайды. Тұлғада бір біріне қайшылықты екі ішкі бағдарлануда болады, олардың бірі үстемдік етеді, саналы болып табылады. Эго әлемге қатысты экстравертті болса, онда тұлғалық бейсаналық интровертті болады. Функциялар. Төрт фундаменталды психологиялық функция бар: ойлау, сезімдер, түйсіну мен интуиция. Ойлау идеялы және интеллектуалды болады. Сезімдер бағалаушы функция, субъект үшін позитив не негатив болатын заттардың құндылығын анықтайды. Сезім адамға функция ретінде қанағаттану, ауру, ашу, қорқыныш, қуаныш, қайғы береді. Түйсіну, перцептивті және реалды функция. Ол нақты мәліметтер береді. Интуиция бейсаналы процестер мен мазмұндар негізінде болатын қабылдау. Ойлау мен сезімдер рационалды функциялар, түйсіну мен интуиция иррационалды функциялар. Төрт функцияның біреуі үстемдік жасайды оны жоғарғы функция деп атайды. Ең дифференциалданған фуннкция төменгі функция деп аталады ол бейсаналыққа ығыстырылады. Тұлғаның динамикасы. Психикалық энергия. Биологиялық жүйелер ретіндегі организм энергиясы. Психикалық энергия барлық виталды энергиялар сияқты метаболилік дене процестерінен туындайды. Юнг өмірлік энергия либидоны психикалық энергияның эквиваленті ретінде қолданды. Психикалық энергия гипотетикалық конструкт, нақты субстанция немесе феномен емес, ендеше оны өлшеуге немесе көруге болмайды. Психикалық энергия потенциалды немесе актуалды күштер ретінде өз көрінісін табады. Тілектер, ерік, сезім, зейін ұмтылулар тұлғаның актуалды күштері, бейімділік, бейім болу, тенденция, ішкі бағдарлар тұлғаның потенциалды күштері болып табылады. Психикалық құндылықтар. Тұлға элементіне кірген психикалық энергияның мөлшері құндылықтар болып табылады. Құндылықтар зорланудың өлшемдері. Комплекстердің күші. Бақылау мен тестер саналы құндылықтарды анықтайды, ал бейсаналық құндылықтарды анықтай алмайды. Юнг комплектердің күшін анықтаудың үш әдісін көрсетті: бақылау және аналитикалық дедукция; комплекстердің индикаторларын табу; эмоциялық көрінудің интенсивтілігін өлшеу. Комплекстер ылғи сырттай көріне бермейді, ол түс көргенде, түсініксіз құбылыстарда да көрінеді. Комплекстердің индикаторы ол мінез-құлықтың кез келген бұзылуы, мысалы жаңылысу «әйелім» деудің орнына «шешем» деп айтады. Ситуацияға эмоциялық реакцияның интенсивтілігі комплекстердің күштерінің басқа көрсеткіштері. Эквиваленттілік принципі. Юнг психодинамиканы скі принциппен түсіндірді экиваленттілік және энтропия принциптері. Экиваленттілік принципі физикадағы термодинамиканың I-заңына сәйкес келеді. Қандайда бір құндылық жоғалып кетсе немесе әлсіресе психикалық энергия жоғалмайды ол жаңа құндылықтарда қайтадан жанданады. Энергия үздіксіз тұлғаның бір жүйесінен басқасына өтеді ол түлғаның динамикасын құрайды. Энтропия принципі. Термодинамиканың II заңы сияқты энтропия принципі бойынша психикадан энергияның бөлінуі бір балансқа, тепе-теңдікке ұмтылады. Соның идеалды көрінісі ол өзіндік күй. Энергиялардың қолданылуы. Тұлғаның энергиялары екі мақсатқа қолданылады: бір бөлігі өмірді жалғастыру үшін қолданылады оған туа берілген инстинкті функциялар жатады (тамақтану немесе жыныстық). Артып қалған энергиялар мәдени немесе рухани іс-әрекетте қолданылады. Тұлғаның дамуы. Каузалдылық және телеология. Тұлға янус сияқты бір жағы өткенге бір жағы болашаққа қарайды, сол арқылы тұлғаны толық тани аламыз. Каузалдылық пен телеология Юнгтің ойынша ойлаудың таңдамалы тәсілдері ғана, ғалымдар оларды табиғи феномендерді реттеу үшін қолданады. Каузалдылық пен телеология табиғатта табылмайды. Адамдарда жағдайдан еш шыға алмайтын сезімдер берсе ал кейбір адамдар өз өткен кезеңдерінің тұтқындары болады, жасалғанды өзгертуге болмайды, финалды ішкі бағдарлар адамдарға үміт береді, сол үшін өмір сүру керек деген ойға әкеледі. Синхрония. Юнг каузалдылықпен, телеологиямен байланысы жоқ синхрония принципі туралы айтты. Бір адам туралы ойласаң, айта бастасаң сол адам жетіп келеді («кімді айтсаң сол келеді»). Юнг оны телепатиямен паранормалды феномендерге сүйенеді. Юнг әлемде себептілік принципі бар дейді. Синхрония феномендеріне архетиптер табиғаты жазылады. Сипаты бойынша психоидты яғни әрі психологиялық эрі физикалық болады. Тұқымқуалаушылық. Тұқымқуалаушылық биологиялық инстинктерге жауап береді, өзін сақтау мен өндіруге жауапты. Инстинктер адамның жануар жақтарын құрайды. Ата-бабаның бастан кешкендерін қайталау туа берілетін архетиптер болып табылады. Даму сатылары. Фрейдтен айырмашылығы сол Юнг даму сатыларын туғанына бастап есейгенге дейінгі кезеңдерді жазбайды. Ерте жаста либидо белсенділік тірі қалу үшін соған инвестицияланады. Бес жасқа дейін сексуалды құндылықтар көрініп жеткіншек жасында өз шыңына жетеді. Жасөспірім мен жас кезде негізгі өмірлік инстинктер мен виталды процестер үстемдік етеді. Жас адам энергиялы, импульсивті, ынтыққыш әлі де болса басқалардан тәуелді болады. Отыз жасқа таман қырық жасқа таяу кезде құндылықтар жүйесі ауысады. Жасөспірімдік қызығулар мен ұмтылулар көбірек мәдени бола бастайды, биологиялық жағы азаяды. Орта жастағы адам интровертті бола бастайды, импульсивтілігі азаяды. Даналық пен өткірлік физикалықтың орнына ақыл-ой энергиясына әкеледі. Тұлғаның құндылықтары әлеуметтік, діни, азаматтық, философиялық символдарға сублимацияланады, адам рухани болады. Прогрессия және регрессия. Даму не прогрессивті не регрессивті болады. Регрессияда тұлғаның саналы эгосы сыртқы ортаның талаптарына қанағаттандырумен және бейсаналықтың қажеттіліктерімен келіседі, Эгоның объективті құндылықтары субъективтілікке трансформацияланады. Регрессия прогрессияның антитезі. Индивидуация процесі. Адам тұрақты бірлікте даму тенденциясына ие деп көрсетті Юнг. Дамудың негізгі мақсаты өзіндік таратылу. Кедергілер көп болса тұлғаның жүйкесі жұқара береді. Тұлға дені сау және интеграциялануы үшін әрбір даму жүйесі дифференциалдану мүмкіндігіне ие, соған жету процесі индивидуация процесі деп аталады. Трансцендентті функция. Индивидуация процесінің арқасында ішкі түрлену жүзеге асады, дифференциалданған жүйелер трансцендентті функциялар арқылы интеграцияланады. Трансцендентті функцияның мақсаты адамның мәнін ашу, тұлғаны оның «барлық аспектісінде» тарату. Тұлғаның басқа күштері әсіресе ығыстырулар трансцендентті функцияларға қарсыласады, бейсаналық сферада қозғалыс жасайды. Бейсаналық қозғалыстар түс көруден, мифтерден тағы басқалардан көреміз, солардың бірі мандала символы. Мандала санскриттен алынған сөз шеңбер дегенді білдіреді. Мандала батыс дінінен де шығыс дінінен табылған. Сублимация жэне ығыстыру. Психикалық энергиялар ауыса алады. Бір процестің жүйесінен басқасына өте алады. Ауысу эквивалент жэне энтропия сияқты базалық динамикалық принциптердің арқасында боллады. Осы ауысу процесін индивидуация мен трансцендетті функциялар атқарады, оны сублимация деп атайды. Сублимация жабайы, дифференциалданбаған, инстинкті процестердің энергиясын жоғарғы мәдени, рухани дифференциалданған процестер энергиясына ауыстырады. Энергиялардың таралуы инстинкті немесе сублимациялы каналдармен жабылса онда олар ығыстырылады. Ығыстырылған энергия сақталу принципі бойынша мүлдем жоқ болып кетпейді ол әрірек ығыстырылады. Яғни бейсаналықта орын табады, қосымша энергия алған бейсаналық саналы эгоға қарағанда үлкен зарядка ие болады. Бұл энергия энтропия принципіне сәйкес эгоға қарсы шығып рационалды процестерді бұзады. Жоғары энергияланған бейсаналық процестер ығыстыру арқылы шығуға тырысады, егерде ол шықса адам өзін иррационалды жэне импульсивті жағдайға әкеледі. Сублимация мен ығыстыру сипаттары бойынша бір біріне қарама-қарсы болады. Сублимация прогрессивті, ығыстыру регрессивті болады. Сублимация психиканы алдыға жылжытады, ығыстыру артқа жылжытады. Сублимация рационалды, ығыстыру иррационалды, сублимация интегративті, ығыстыру дезинтегративті болады. Символизация. Символдарға юнгтік психология екі функция береді: бір жағынан фрустрацияланған инстинкті импульстардың талпынысын береді, басқа жағынан архетипті материалдарды жандандырады. Символдардың рөлдерінің бірі импулстерге қарсыласу. Символдар психиканың репрезентациясы. Символдардың екі аспектісі бірі ретроспективті инстинктерді жетекшілікке алады, басқасы просективті, адамның соңғы мақсатымен байланысты екеуі де бір ғана тізбектің екі звеносы болып табылады. Зерттеу әдістері. Комплекстерді эксперименттік зерттеу. Юнг сөздік ассоцациялар әдісі мен эмоцияларды физиологиялық өлшеуді үйлестіруге ұмтылды. Бұл әдістер пациенттердің комплекстерін табуға арналды. Стимулды сөзге жауап берудің созылуы тыныс алу мен тері кедергісінің өзгерістері бойынша сөз комплекстерді қозғады деп санады. Оқиғалар. Юнг салыстырмалы әдісті пайдалана отырып тарих, мифология, дін оқиғаларын салыстырып олардан фантазиялар мен түс көрудің архетиптерін іздеді («Психология жэне алхимия т.б.). Мифологияларды, дінді салыстырып зерттеу. Юнг мифологияға, дінге, алхимияға, астрологияға көп көңіл бөлді. «Психология және алхимия» деген еңбегінде Юнг пациенттің көптеген көрген түстерінің үлкен сериясын алды. Түстерді интерпретациялап, Юнг символдардың арасында паралелльдер болады, орта ғасырдағы алхимиктердің қозғаушы күштері сол пациенттің қозғаушы күштерімен бірдей болады деп қорытындылайды. Түс көру. Фрейд сияқты Юнгта түс көруге көп кеңіл белді. Оларды проспективті және ретроспективті мазмұндары бойынша көрді, «үлкен түстер» дегенді бөліп көрсетті, онда көптеген архетипті бейнелер болады деп санады. Амплификация әдісі. Түс көрудің белгілі бір аспектілерін зерттеу үшін Юнг бұл әдісті жасады, еркін ассоцациялар әдісіне мүлдем ұқсамайды, түс көруші адам элементтерге көптеген ассоцациялар береді. Юнг сонымен қатар түс көрулер сериясын талдау әдісі мен белсенді қиял әдісін де қолданды. Аналитикалық психологияны талдау. Юнгианды психологияны жақтаушылар өте көп, әсіресе практикада жүрген психоаналитиктер, олар оның психотерапевтік әдістерін көп қолданады. Юнг Фрейд пен оның мектебінің психоаналитиктерінен көптеген қарсыласуды көрді. Олардың ойынша архетиптер тәжірибе терминдерінде суреттелді, ал оны туа берілетін тұқымқуалаушылықпен байланыстыру абсурд деп санады. Аналитикалық психология психологтар жағынан фрейд мектебі сияқты көп сынға ұшыраған жоқ. Психология аналитикалық теорияны неге көзге ілмеді, оны көптеген әлем психологтары оларға құрмет көрсетседе, ең басты бір оның себебі, аналитикалық психология клиникалық, тарихи, мифологиялық, алхимиялық, діни, медитация, мистицизм, окультизм материалдарында негізделеді, эксперимент арқылы бекімеді. Осыған қарамастан Юнгтің аналитикалық теориясы қазіргі заман ойшылдарының бір ең тамаша жетістіктері болып табылады. Фрейдтен кейін «жан» туралы ашық батыл айтқан Юнг болды. 4 тақырып: Тұлға түсінігін зерттеудің әлемдік теориялары. Теориялар аясындағы тұлға. Көптеген теориялар психологиялық оқулықтарда берілмейді, американдық тұлға теориялар басқа елдердің теорияларын мойыңдай бермейді, тек тұлға теориясын жасаушы Фрейд, Юнг, Адлер болмаса, әрі көптеген теориялар өз «ұясында» қала береді, жаңа теориялар келе береді. Теорияларға контент анализ жасасақ, барлық классикалық теориялар шыққанына көп уақыт болды, тіпті тұлға теориясы жайлы американдық оқулық 1967 жылы шықсада олар қайта басылып шығып жатыр. Бүгінгі тұлға теорияларының жағдайы қалай, сол американдық оқулықтан кейін өзгерді ме, бүгіндері тұлға теориясында әлеуметтік конструкционизм методологиясы үстемдік жасауда, олар кез келген теорияны немесе ұғымды әлеуметтік контекстте суреттейді. Солардың ішінен теориялардың үш тобын бөлеміз - біріншісі операциялық немесе клиникалық бағдарланғандар, тұлға теорияларының ішінен қызығу туғызатыны экзистенциалды бағдарлану тұлға теориялары - бір жағынан Фрейдті екінші жағынан Хайдегерді жақтайтын М.Босстың теориялары-тұрмыстық анализ теориялары, логотерапия - В.Франкл (1990-1997). Қандай теориялар көп оқылады - 1.Фрейд, 2.Юнг, 3.Адлер, олардың оппоненті 4.Роджерс, 5.Скиннер, 6.Оллпорт, 7.Маслоу, 8.Фромм, аралық статуста Кэттелл, Келли, Эриксон, Бинсвангер, Босс, Шелдон, кейінгі орында Доллард, Миллер, Салливан, Меррей, Роттер, Хорни, Айзенк, Левин ең соңында. Ең көп оқылатыны - психоанализ, бихевиоризм, гуманистік психология. Жаңа американдық тұлға теориялары бағытында екі бағыт үстемдік етеді - біріншісі, әлеуметтік когнитивті бихевиоризмнен шыққан Дж.Роттер, А.Бандура, екіншісі каузальды (себеп, басқа мінез-құлықтан себеп іздейді) атрибуцияға байланысты мінез-құлық пен мотивацияны регуляция жасайтын эгогендік ықпал, яғни тұлға әуел бастан социумға қосылған, мінез-құлық грамматикасы, ережелер, сөз дамиды. Тұлға теориялары өте көп олардың бәрі оқулықтарда беріле бермейді. Шет ел психологиясында көп оқылатын теориялардың алдында тұрғандары, олар, З.Фрейд, К.Юнг, А.Адлер, К.Роджерс теориялары алдыңғы қатарды алады, оларға Б.Скиннер, Г.Оллпорт, А.Маслоу, Э.Фромм, А.Бандураның еңбектері қосылады. Келесі орында Р.Кэттелл, Дж.Келли, Э.Эриксон, Л.Бинсвангер, У.Шелдон алса, келесі топты Дж.Доллард, Н.Миллер, Г.Салливан, Г.Меррей, К.Хорни, Г.Айзенк алады. Осыдан көріп отырғанымыздай көбінесе писхоанализ бихевиоризм гуманистік психология үштігі көп қылады, оқулықтарда көп жазылады. Кеңес психологиясында жазылған теорияларда басты деген төрт теорияларды көрсетуге болады іс-әрекеттік концепцияға негізделген мәскеулік мектеп (А.Н.Леонтьев, Л.И.Божович), ленингард мектебі (Б.Г.Ананьев, В.Н.Мясищев), грузин мектебі (Д.Н.Узнадзе), пермь мектебі (В.С.Мерлин). Кейінірек бұл мектептерді жалғастырған теориялардың қатарына А.Г.Асмолов, Б.С.Братусь, Ф.Е.Василюк, Д.А.Леонтьев, А.В.Петровский, В.А. Петровский, В.И.Слободчиков және тағы басқалардың еңбектерін айтуға болады. Тұлға теорияларының ішінен таңдап, олардың қайсысын оқулыққа кіргізу керек деген сұрақ өте күрделі болып табылады. Соған қарамастан тұлға феноменінің табиғатын аша алатын, нақты жағдайды көрсете алатын теорияларға шолу жасау мүмкіндігі автордан байланысты болады. Негізгі екпінді шет ел теориялардағы тұлға мәселесі қалай анықталады, олардың кеңес психологиясында және қазіргі психологияда алатын орнына қарай және кеңес психологиясындағы негізгі теорияларға және олардың бұл күндері жалғасын тауып отырған теорияларға жасала отырып оқырмандарға психология ғылымындағы тұлға түсінігінің мәнін ашу болып табылады. ПІет елдік теорияларда әрине тұлғаны түсіндіруде, оны анықтауда әсер еткен, адамзат баласының өмірінде ұлы із қалдырған ұлы классиктерге де екпін жасалады (Гиппократ, Платон, Аристотель), сол сияқты ұлы ойшылдардың еңбектеріне сүйенбей тұлға түсінігін талдау мүмкін еместігі көрсетіледі (Кант, Гоббс, Локк, Спиноза, Ницше). Ал кейінгі тұлға теорияларын қалыптастыруға негіз болған еңбектерді айтуға болады, олар Шарко мен Жаненің, Фрейдтің, Юнгтің клиникалық бақылаулары, гештальттық дәстүрлер мен В.Штерн еңбектерін айтуға болады. Кешірек эксперименттік психология мен үйрену теорияларының тұлға теорияларын жасауға негіз болды. Келесі бір негізді психометриялық зерттеулер береді. Шет елдік теорияларда тұлғаны әрқалай түсіндіреді, ағылшын тілінде тұлға епті деген мағынаға келеді. Индивидтің тұлғасы әртүрлі жағдайда әртүрлі адамдардың позитивті реакциясын алуға ұмтылатын тиімділігімен бағаланады. Сондықтанда курстарда «тұлғалық тренинг» деп аталады. Оқушының тұлғалық проблемасын айтқанда мұғалім оқушының педагогпен, оқушылармен қанағаттанған қатынас орната алу үшін әлеуметтік ептілігі адекватты емес екені туралы айтады. Индивидтің қоршағандарға әсері туралы айтқанда индивид «агрессиялы тұлға», «тіл алғыш тұлға», «қорқынышты тұлға» дегендер туралы түсініледі. Оллпорт әдеби шолуларда тұлға туралы елуге жуық анықтаманы бөліп көрсетеді. Оллпорт ол анықтамаларды ажырату үшін биосоциалды және биофизикалық деп атады. Биосоциалды анықтамаларда тұлға терминінің тұрмыстық қолданылуына сәйкес келеді, тұлғаны индивидтің «әлеуметтік стимулды құндылығы» дегенмен ара қатыстырылады, Яғни басқалардың реакциясы субъектінің тұлғасын анықтайды, оған Оллпорт тұлға тек басқалардың реакциясымен ғана анықталмайды деп қарсы болып оған биофизикалық анықтамаларды қосады, тұлғаның сипаттамалары мен саналарын кіргізеді. Басқа анықтамаларда индивидті бағалауда оның маңызды деген қасиеттерін кіргізеді, ал тағы бір анықтамаларда тұлғаның ұйымдастырушы немесе интеграциялаушы функциясын көрсетеді, тұлға индивидуалды мінез-құлықтың әртүрлі түрлерін реттейді деп айтады. Тағы бір анықтамаларда тұлғаны мінез- құлықтың уникалды немесе индивидуалды аспектілерімен береді, индивидті басқа адамдардан ажырату үшін сол анықтаманы қолданады. Кейбір теоретиктері тұлға адамның маңыздылығын құрайды деп санайды. Сонымен шет елдік теорияларда тұлғаны тұлға теориясын жасаған авторлардың өздерінің жеке зерттеген бақылаулары негізінде жасалған эмпирикалық түсініктерімен түсіндіріледі. Біз тұлға феноменін өз эксперименттері мен жеке бақылау нәтижелерінде ашып көрсеткен соның негізінде жазған басты теориялардың кейбіреулеріне тоқталамыз. 5 тақырып: Бихевиоралды бағыт Негізгі мақсаттары: 1. Әрекет-қылықтық реакциялардағы дефицитті жою. 2. Бейімделген әрекет-қылықты күшейту. 3. Адекватты емес әрекет-қылықты жою. 4. Қобалжушылық реакцияларды жою. 5. Босаңсуға деген қабілеттілікті жоғарлату. 6. Өзін-өзіне деген сенімділік қабілетін дамыту. 7. Өзін-өзін реттей алу қабілетін дамыту. Психологиялық кеңес беру әрекет-қылыққа баға беруден немесе клиенттің проблемалық жерлеріне анализ жасаудан басталады. Үш типті реакциялар тіркелген: 1. Өткен шақтағы жағдаяттық стимул (С). Мысалы: «Кеше сағат 15.30 да маған 15 бірге жұмыс жасайтын адамдарға өзімнің жұмысымды көрсету керек еді». 2. Ауыспалы реакциялар (Р). Мысалы: «Қобалжып тұрып, тез сөйледім». 3. Нәтижелер немесе нәтиженің ауыспалылығы (П). Мысалы: «Аудитория қызығып отырғандай көрінді. Бастық мені құттықтап, менің әрекетімді қолдады». Жоғарыда көрсетілген реакциялар бойынша мәлімет жипауды СРП-анализ деп атайды. Кейде бұл көрсеткіштер әрекет-қылық мониторингінің күнделігі ретінде тіркеледі: |Стимул |Реакция |Нәтижелер | | | | | Ақпараттарды жинауда «Неге?» деген сұраққа басталатын сұраулы сөйлем тасталып кетеді, тек «Қалай?», «Қашан?», «Қайда?», «Не?» деген сөздерге басталатын сұрақтар қойылады. Ақпарат мынандай жолмен жиналады: - интервью арқылы; - медециналық зерттеу арқылы; - алдында өткізілген психологиялық бақылаулардың отчеттерінен; - сұрақшалардан; - өзін-өзі бақылау мен арнайы күнделіктердегі кестелерді толтырулардан; - табиғи жағдайдағы тікелей бақылау арқылы; - табиғи жағдайдағы жанама бақылау арқылы; - моделдеуге келетін жағдайда тікелей бақылау арқылы; Ақпарат пен мәлімет жинақталған соң, кеңес берудің мақсаты анықталады. Мақсаттарды нақты анықтап алу керек, соның негізінде кеңес беруші мен клиент өзгерістерді жеңіл бағалай алады. Жұмыс көбінесе ең негізгі әрі маңызды проблемадан басталады. Гипер қозғыш пен гипер тітіркенгіш сияқты рефлекторлы реакциялармен күресу үшін, прогрессшіл бұлшықет релаксациясының әдістемесі қолданылады. Ол Эдмунд Джекобсонның әдістемесі, оны ары қарай дамытқан Джозеф Вольпе. Әдістеменің негізі мынада, клиенттің көңілін тұрақтандыру арқылы оның бұлшықеттегі қысым мен босаңсуды сезе алу қабілеттілігін қалыптастыру. Одан кейін бұлшықеттер тобының босаңсуын реттей алу икемділігі пайда болады. Жаттығуларды 5-7 мин.орындау керек. Осы к ездерде клиенттің көңілі релаксация сезіміне тұрақтанады. Қобалжушылық пен қорқынышпен күресу қажеттігі туындағанда, жүйелік дисенсибилизация әдістемесі қолданылады. Бұл әдістемені Дж. Вольпе 1952 ж. ұсынған болатын. Жүйелік дисенсибилизация әдістемесінің теориялық негіздері: - Адамның бейімді емес әрекет-қылығы, невротикалық, интерперсоналды әрекет-қылықтар қобалжушылықпен анықталып, оның деңгейінің төмендеуімен көрінеді. - Қиялдап жүріп жасалынатын әрекет-қылықтар. - Қорқыныш пен қобалжушылықты тежеуге болады, егер сол қорқыныш пен қобалжушылықты тудыратын стимулдармен қорқынышқа антагонистикалық келетін стимулдарды біріктірсе. - Адамның қорқынышқа қарсы келетін стимул ретінде релаксацияны айтуға болады. Сол себепті клиентті релаксация жағдайында қорқыныш пен қобалжушылықты тудыратын стимулдарды қиялда шақырса, десенсибилизация пайда болады. Нәтижесінде клиенттің реалды стимулдар мен жағдайларға деген сезгіштігі төмендейді. Әдістеменің негізі. Релаксация жағдайындағы адам санасындағы өзінің қорқыныш көріністерін тудыратын жағдайларды елестетеді. Клиент бұл жағдайларды 5-7 сек.елестетеді, одан кейін пайда болған қобалжушылықты релаксацияны күшейту арқылы жояды. Жұмыс көбінесе, қорқынышты аз тудыратын жағдайлардан басталады. Жағдаятты елестету бірнеше рет қайталанады, осы қайталаулардан кейін егер клиентте қобалжушылық көрініс бермесе, келесі одан да қиын жағдаятқа көшеді. Бір сабақтың өзінде 3-4 жағдаяттар талқыланады. Сеанстардың саны 4-5 тен бастап, 12-ге дейін өзгеруі мүмкін. Клиентпен жұмыс жасау қорқынышты тудыратын ең қатты стимул жойлғанда тоқтатылады. Десенсибилизацияның келесі түрлерін ажыратады: 1. Десенсибилизация in vivo (реалды өмірде). Десенсибилизацияның осы түрі реалды өмірде бірнеше рет қайталанған жағдайларда қолданылады. Жұмыс жасау деңгейлері: А) қорқынышты тудыратын жағдайлардың иерархиясы құрастырылады; Б) реалды жағдайлардағы жаттығулар жүргізіледі: клиенттің қорқыныш сезімін тудыратын жағдаймен психологтың көзінше бетпе-бет кезіктіреді, бұл жерде қорқынышқа қарама-қайшы келетін фактор психолог болып тұр. Яғни, клиент психологтың көзінше өзін қауіпсіз сезінетіндіктен. 2. Контактілі десенсибилизация. Клиенттің қорқынышын тудыратын объектіні ұстап, тиісіп көргізеді. Оъектіні ұстау барысы қауіпсіз жағдайда және де психологтың көмегімен өтіледі. Көбінесе бұл жағдайлар моделдеу кезінде жүзеге асырылады: басқа адам (қорқыныш сезінбейтін) клиентте қорқыныш сезімін тудыратын объектімен әр түрлі әрекеттер жасайды. 3. Эмотивті қиялдау. Балалармен жұмыс жасағанда қолданылады. Бала өзінің сүйікті кейіпкерінің рөлін ойнай отырып, өзінің өмірінде ертеде қорқыныш сезімдерін тудырған жағдайлармен кезігеді. Балалардың жақсы дамыған қиялы олардың басқа эмоционалды әсерлерге көшулеріне мүмкіндік береді. Тұлғааралық қарым-қатынас икемділігінің керекті мөлшерде дамымаған жағдайда, әрекет-қылықты қайталау (репетиция жасау) әдістемесі қолданылады. Рөлдік ойындар ойнау, соның негізінде клиентті жаңа адекватты реакцияларға итермелеу. Егер клиентте басқа адамның әрекет-қылығына қобалжушылықпен қарайтын дағдысы болса, ассертивтілік тренингі қолданылады. Дж. Вольпе ассертивтілікті қобалжушылықтан басқа эмоционалды жағдайды көрсете алу қабілеттілігі деп анықтайды. Кеңес беруші психолог клиенттің заңды эмоциясын көрсете алуда қолдау көрсетеді. Басында ассертативлілік тренингі адамның өзінің құқығын қорғауға бағытталған болатын. Соңғы кездерде басқа адамға деген жағымды эмоцияның көрініс беруіне көңіл бөлінуде (махаббат, көңіл, қамқорлық және тағы басқа). Кеңес беруші психолог пен клиент әр түрлі жағдайларда қандай әрекет-қылық сай келетіні туралы талқылайды, мұнда клиенттің индивидуалды әрекет-қылығының стилі ескеріледі. Тренинг топтық және индивидуалды түрде де қолданылады. Клиенттің реалды өмірдегі ассертативті әрекет-қылығының нәтижесі анализденеді. Кеңес беруші психолог клиенттің көңілін бұл әрекет-қылықтың нәтижесінің жағымды екеніне назар аударғызады. Әрекет-қылықты оның нәтижесі арқылы өзгерту қосымша күш (подкрепления) әдістемесімен жүзеге асырылады. Жағымды және жағымсыз қосымша күш беретін стимулдарды бөліп көрсетеді: жағымды стимул бірдеңені қосып беру, ал жағымсыз стимул сол жағдайдағы бірдеңені жою, алып тастау. Осындай қосымша күштердің сөнуінің нәтижесінде реакцияның пайда болу мүмкіндігі төмендейді. Жағымды қосымша күш ретінде қолдау, мақтау, қызығушылық пен бауыр басып алу қолданылады. Қай стимулдар клиент үшін маңызды болатынын бағалау үшін арнайы сұрақшалар қолданылады (Каутелдің қосымша күштің жоспарының өзгеруі, Макфилл мен Левинсонның жағымды жағдайлар жоспары). Әрекет-қылықтың өзгеруінің негізгі әдістемесіне жағымды қосымша күшті жатқызуға болады. Көбінесе жағымды қосымша күштің бағдарламасы құрылады. Қосымша күшті жанама жүзеге асыруға болады, символдардың көмегімен, нәтижесінде субъектіге маңызды стимулдарға ауыстырылуы мүмкін. Қосымша күш ретті болуы мүмкін, ол кезде клиенттер моделдерді бақылайды (жағымды қосымша күш, сыйлық алып жатқан адамдарды). Психолог клиентке қажетті қосымша күш алуға белсенді көмектеседі: адамдарды іздеуге, іс-әрекет түрлерін, жағдаяттарды және тағы басқа. Жазалау әдістері қолданылуы да мүмкін. Мысал ретінде «Тайм- аут» техникасын алуға болады. Көбінесе бұл әдістеме ашушаң мінезді балаларға қолданылады. Мұндай балаларды қосымша күш ала алатын жағдайлардан алып тастайды. Тайм-ауттың нәтижесі қандай екені туралы хабарда болулары керек. Балалар үшін Тайм-аут 5-тен 20-минутқа дейін, ал өте кішкентайлар үшін 1-ден 5-минутқа дейін созылады. Қосымша күшті пайдаланудың әдістеріне өзін-өзі бақылау арқылы диаграмма құру болып табылады ( бір күнде шегілген шылым саны және тағы басқа). Қосымша күш идеясынан пайда болған әдістеме ретінде қоршаған ортаны қадағалауды жатқызуға болады. Клиентті жағымсыз әрекет-қылықты тудыратын барлық объектілерді көз алдынан, ойынан алып тастап, жағымды әрекет-қылықты тудыратын заттарды еске түсіруді, ойлауды, соған қарауды ұсынады. Мысалы салмақ азайтумен айналасып жүрген адамның көз алдынан тамақтан гөрі жаттығулар жасайтын заттардың болуын қамтамасыз ету керек. Өз мақсатына жету үшін клиентке өз-өзіне қосымша күш беріп отыруды ұсынуға болады. Мысалы, адам бір нәрсені сәтті орындаған кезде өзіне «Сен жарайсың!», «Керемет!», «Ғажайып!» сөздерін айтып отыруды айтамыз. Өзін-өзі жазалау мысалдарына, артық желінген тағамға кеткен ақшаны қайрымдылық қорына жұмсау, жағымсыз әрекеттер жасағанда біреудің ұрсып тұрғанын елестетуді жатқызуға болады. 6 тақырып: Тұлғаның әлеуметтік психологиялық теориялары. Адамға деген биофизикалық ықпалдан басқа интеллектуалды тенденциялар қалыптасты, психоанализге «әлеуметтік психологиялық көзқарастар» әкелген концепциялардың ішінде негізгілерін айтуға болады (А.Адлер, К.Хорни, Э.Фромм, Г.Салливан) олардың ішінде «жаңа әлеуметтік психологиялық көзқарастың» әкесі Адлер Альфред болып табылады. А.Адлер (1870-1937) Фрейд пен Юнгтен айырмашылығы сол ол адам мотивациясы әлеуметтік оянулармен шарттанады деді, адамдар әуелден-ақ әлеуметтік болып табылады, өздерін басқа адамдармен арақатыстырады, бірлескен әлеуметтік іс-әрекетке қатысады. А.Адлер әлеуметтік қызығулар адамда туа берілген мәнділік деп санады, осы тұрғыдан ол да Фрейд пен Юнг сияқты кейбір көзқарастары биологиялық болып табылады. Адлер психологтардың ойына әлеуметтік өзгерткіштер дегенді салып, әлеуметтік психологияның дамуына негіз салды. Адлердің тағы бір екінші маңызды еңбегі ол тұлға теориясына жоғары персоналданған субъективті жүйе «Креативті Мен» деген ұғымды кіргізді. Үшінші айтқан маңызды жағдайы психоанализден айырмашылығы сол ол адамның уникалды сипаты жайлы айтты. Әрбір адам уникалды қырлар, мотивтер, қызығулар, құндылықтар жүйесі деп қаралды. Адлердің теориясында сексуалдылық минимумға апарылған, адам алдымен әлеуметті жан деп саналды. Тағы бір маңызды айтқан ойы тұлғаның орталығы сана болып табылады, адамдар саналы маңыздылық, мінез-құлық себептерін түсіне алады, адамдарда өзіндік сана болады, әрекетін жоспарлайды, басқарады, психиатр ретінде көп практика жасады. Адлердің концепциясында тұлғада болатын төмендегі жағдайларды көрсетті: фиктивті финализм, басым болуға ұмтылу, толық қанды емес сезімі мен компенсация, әлеуметтік қызығу, өмір стилі, креативті Мен. Адлер зерттеуде қолданған әдістері: туу реті мен тұлға жайлы, ертедегіні еске түсірулер, балалардың бастан кешкендері бойынша сезімдері. Эрих Фромм. Фромм еңбектеріндегі негізгі тақырып адамдағы жалғыздық пен адамдардан бөлектену жағдайы болды. Оның көзқарастарының қалыптасуына Маркстің идеялары әсер етті. Адам бір уақытта табиғаттың бір бөлігі, әрі жануар әрі адам, жануар ретінде адам биологиялық қажеттіліктерді игереді, адам ретінде өзіндік санаға, ақылға, қиялға ие. Адамның бастан кешетін күйлеріне нәзіктік сезімі, қызығулар, махаббат пен бірге әсерлену, жауапкершілік, қатынастар, адалдық, идентификациялану, еркіндік пен трансценденция, құндылықтар мен нормалар жатады. Бес түрлі қажеттіліктерді көрсетті: трансценденцияға қажеттілік, қалыптасуға қажеттілік, идентификациялануға қажеттілік, бағдарланулар жүйесіне қажеттілік, басқаларға қажеттілік. Трансценденцияға ұмтылу адамның жануарлық табиғаттан көтерілуіне қатысты қажеттіліктерге сәйкес келеді, жасалған емес, жасаушы болуға ұмтылу. Адам өзінің уникалдылығына, индивидуалдылығына ұмтылады. Басқа адаммен, топпен өзін идентификациялауға ұмтылады. Бағдарлану жүйелері арқылы әлемді таниды. Адам тұлғасы қоғам беретін мүмкіндіктерге сәйкес дамиды. Адамның қоғамға бейімделуі ішкі қажеттіліктер мен сыртқы талаптардың арасындағы компромисс ретінде түсініледі. Фромм әлеуметтік мінездің бес типін көрсетті: рецептивті, эксплуативті, жинақтаушы, нарық, продуктивті. Кейінірек Фром тағы екі типті атады: некрофильді және биофильді. Фромм үшін қоғам мен адамның қатынас мәселесі ең маңызды болды. Оның ойынша адам табиғаттың туа берілген маңыздылығы, қоғам сол маңызды табиғат жүзеге асу үшін жасалады, осы уақытқа дейін бірде бір қоғам адамның базалық қажеттіліктеріне көңіл бөлген жоқ, ондай қоғамды жасауға болады деген негізгі ойларды бекітті. Ондай қоғамды Фромм гуманистік коммунитарлы социализм деп атады. Фромм өз теориясын емдеу барысында адамдарды бақылау арқылы, тарих, экономика, социология, философия, әдебиет жайлы адамдардың білімдерін бақылап, эмпирикалық зерттеулер арқылы жасады. Әлеуметтік мінездің үш түрлі типін бөлді: продуктивті жинақтаушы, продуктивті эксплуативті, продуктивті емес рецептивті. Карен Хорни (1885-1952). Психоаналитик ретінде практикадан өте жүріп ортоксалды психоанализден көңілі калды, «Психоанализдің прогресі үшін ассоцация» деген қоғамды негіздеді. Хорни Фрейдтің психологиялық жүйелерді ары қарай дамытушы болды. Хорни Фрейдтің әйелдер психологиясы жайлы айтқандарына қарсы болды. Проблемаларды иррационалды шешетін қажеттіліктерді невротикалық қажеттіліктер деп атады, оның он түрін көрсетті: 1. махаббат пен қолдауға невротикалық қажеттілік 2. «серік-қамқоршыға» невротикалық қажеттілік 3. өмірді тар шектеуге невротикалық қажеттілік 4. күшке невротикалық қажеттілік 5. басқаларды жұмсауға невротикалық қажеттілік 6. мәнділікке невротикалық қажеттілік 7. таңқалатын объект болуға невротикалық қажеттілік 8. жеке жетістіктерге жетуге невротикалық қажеттілік 9. өзіндік жету мен тәуелсіздікке невротикалық қажеттілік 10.жетілу мен мінсіздікке невротикалық қажеттілік Хорни кейін қажеттіліктерді үш топқа бөлді: адамдарға қозғалыс көпшіл тип, адамдардан кету қозғалысы оқшаулану типі, адамдарға қарсы қозғалыс конфликт тип. Хорнидің пікірінше конфликт әлеуметтік шарттарды тұғызушы. 7 тақырып: Карл Роджерстің клиентке орталықтанған (центрированный) бағыты. Бұл бағытты жақтаушылардың ойы бойынша, кез келген адамның тума актуалдануға деген қабілеті бар және ол талпыныстардан көрінеді деп есептейді: - қоршаған ортаға бейімделу; - өзінің ішкі ұйымдасуының дамуы мен күрделенуіне; Кез келген адамның тума ерекше патенциалы бар, ол өзін актуализдаған кезде жүзеге асырады. Адамдар дамудың белгілі бір сатысында қоршаған ортаның көзқарасы мен бағалауымен кездеседі. Қоршаған адамдардың көзқарасы мен бағалауы тұлға үшін өте маңызды. Соның негізінде ішкі өзін-өзі қадағалаудың органы-өзін- өзі бағалау қалыптасады. Реалды және қоршаған ортаның көзқарасының арасында конфликтінің бар екені анық. Көбінесе, қоршаған ортаның көзқарасы мен бағасы адамды керісінше өзінің тума ерекше потенциалынан, өзін актуалдаудан кері қарай бағыттайды. Егер адам қоршаған ортаның көзқарасы мен бағасына ерекше көңіл бөліп, өзін актуалдаудан кері қарай жүретін болса, онда адамда невроз пайда болуы мүмкін. Клиент-орталықтанған бағытының шекарасында жұмыс жасаудың мақсаты. Клиент күнделікті өмірінде қоршаған әлеуметтік ортаның көқарасынан гөрі өзінің тума тенденциясына бейімделуі керек. К.Роджерс кеңес беруші психолог пен клиент арасындағы диалог жоғарыда келтірілген мақсатқа сай келуі үшін, үш негізгі қажетті жағдайларды көрсетті: 1. Кеңес беруші психолог клиентпен жұмыс жасағанда өз тәжірибесіне көнгруэнтті болуы керек. «Конгрентті» сөзі латынның congruens (congruentis)-сай келетін, өлшемі бірдей дегенді білдіреді. Яғни, кеңес беруші психолог өзінің тәжірибесіне сүйенеді ойлауына, сезінуіне, ол белгілі бір рөлді ойнамайды, оның артына тығылмайды, тек қана шыншыл болады. Тәжірибемен алмасу, тәжірибені талқылау, ішкі тәжірибеге деген қызығушылық – гуманистік салтқа тән құбылыс болып табылады. Кеңес беруші психолог клиентке өз-өзіне, ішкі табиғатына сенуіне үлгі береді. 2. Кеңес беруші психолог клиентке деген жағымды көзқараста болады. Яғни кеңес беруші психолог клиентке құндылықтың шарттарын көрсетпеуі керек. Мысалы: « Мен сені бұдан қатты жақсы көрер немесе сыйлар едім, егерде сен .... ». Клиент егер жағымсыз әрекет жасаған болса, онда ол өзінің тума табиғатынан ауытқуды дегенгеі, яғни бұл әрекетті клиент жасамағанына сенімді болады. 3. Кеңес беруші психолог клиентті эмпатикалық түрде қабылдайды. К.Роджерс эмпатикалық қабылдау деп, адамның ішкі жан дүниесін барлық эмоционалды және мағыналық сипаттарымен қабылдай алуын айтады. Эмпатикалық қарым-қатынастың төменгі деңгейінде, кеңес беруші психолог ақпараттың белгілі бір бөлігінің түсінікті екенін көрсетуге қабілетті. Эмпатикалық қарым-қатынастың жоғары деңгейінде кеңес беруші психолог клиенттің ішкі жан дүниесін түсініп қана қоймай, оны толықтырады, яғни оған проблемаға басқа жағынан қарауға мүмкіндік беретін жаңа ақпарат береді. Клиент-орталықтанған бағытында жиі қолданылатын амалдар: 1. Вербалдылық. Кеңес беруші психолог клиенттің айтатын сөз тіркестерін, сөздерін жиі қайталайды. Бұны, клиенттің өзі өзіне, сөзіне мән беріп, тыңдап, көңіл аудара бастауы үшін керек. 2. Кеңес беруші психологтың сөйлемей тыңдауы, соның негізінде клиент қабылдауды түсінеді. Егер кеңес беруші психолог клиентті қабылдайтын болса, онда оның өз-өзін қабылдауға деген мүмкіндігі көп болады. Клиентті қабылдай алмаған кеңес беруші, өз-өзін де қабылдай алмайды деген сөз. Мұндай кеңес беруші өз-өзіне деген құндылықтың көптеген шарттарын қояды. Соның негізінде фрустрацияға ұшырайды. 3. Эмоцияға акцентуация жасау. Әңгімелесу барысында клиенттің көңілі оның және қоршаған ортаның эмоциясына ауып кете береді. Бұны клиенттің эмоцияға деген көңілі арқылы оның ішкі, терең өзін актуалдаумен байланысты қажеттілікке бағыттау үшін керек. Көбінесе, эмоциялар санаға мінез және шығарылып тасталған қажеттілік туралы хабар береді. Адамдарға біріншіден өзін одан кейін қоршаған ортаны қабылдай алуы үшін, клиент-орталықтанған бағытының шекарасында мынандай жатттығу ұйымдастырылды. Таблицаны толтыру ұсынылады. Клиент-орталықтанған бағытындағы тұлғаның конгруенттылығын анықтауға арналған әдістеменің бланкісі. |Жеке тұлғалық |Реалды Мен. |Әлеуметтік |Идеалды Мен. | |қасиеттер. |Өзіңізге тән|Мен. |Сізді жақсы жағынан | | |мінездемені |Сізді танитын|көрсететін қасиеттерді | | |белгілеңіз, |адамдар сізге|белгілеңіз, бірақ | | |басқа |қандай |индивидуалдылығыңызды | | |біреудің |қасиеттердің |жоғалтпайтындай болуыңыз | | |ойына |тән екенін |керек. | | |қарамастан. |көрсетер еді.| | |1 |2 |3 |4 | |Шыныққан(бодрый) | | | | |Табанды | | | | |Шулы | | | | |Жауапты | | | | |Армандағыш | | | | |Шыныш емес | | | | |Талап қойғыш | | | | |Чванливый | | | | |Шыншыл | | | | |Адал | | | | |Қозғыш | | | | |Кемелденген емес | | | | |Өжет | | | | |Тазалықты сүйгіш | | | | |өзін аяғыш | | | | |Сабырлы | | | | |Индивидуалдылықты | | | | |ұнатады | | | | |Тұйық | | | | |Мейірімді | | | | |кемелденген | | | | |Артистілік қабілеті | | | | |бар | | | | |Ақылды | | | | |Күлкілі | | | | |Идеалдылықты ұнатады | | | | |Түсінгіш | | | | |Жылы | | | | |Бос(расслабленный) | | | | |Сексуалды | | | | |Белсенді | | | | |Сүйкімді | | | | |Эгоист | | | | | өз-өзіне сенімді | | | | |Ішкі жан дүниеге кіре| | | | |алатын,сөзсіз | | | | |түсінетін | | | | Клиент таблицаны толтырып болғаннан кейін қатардағы ұқсастықтары бар анықтауыштарды дөңгелектеу ұсынылады. Ол көнгруенттіліктің мүмкін болуының кездері. Одан кейін клиентпен келесі сұрақтар талқыланады: - Сіздің кейбір армандарыңыз реалды емес сияқты болып көрінбейді ме? - Сіздің идеалды сипаттыңыздағы мақсаттарыңызды өзгерте алушы едіңіз бе? - Оған себептер бар ма? Өзіңіздің сәйкес келмеушілігіңізді талқылау үшін шағын топтармен немесе күнделік бастауыңызға болады. Топ ішінде қатардағы көрсетілген қасиеттердің біреуіне сай келетін тұлғаның рөлін ойнауға болады. Сонда клиент өзінің қиялындағы рөлде өзін қалай сезінетінін байқауға болады. К.Роджерс қазіргі қоғамда клиент-орталықтанған қамқорлық, клиент- орталықтанған қарым-қатынасқа деген сұраныс көп екеніне көзі жетті. Осыдан, топтық кездесулер және бір-біріне психологиялық көмек көрсету идеясы, яғни клиент-орталықтанған қарым-қатынастынасқа тән әрекет-қылықтар пайда болды. Клиенттер топтық кездесуді ұйымдастырып отырған фасилитаторларға қарап, осындай әрекеттерге үйренеді. Фасилитатордың негізгі міндеті клиент- орталықтанған қарым-қатынасты көрсету, топтың басқа мүшелерін осы қатынасқа тарту болып табылады. Жанұяны К.Роджерс топтық кездесулердің аналогы ретінде қарастыратын. Адамдық қоғамның даму деңгейінде жанұяны әртүрлі факторлар біріктіреді. Ерте кездерде өмір үшін бірлесіп күресу негізінде жанұя құрылатын, жалғыз трі қалу мүмкін болмайтын. Қазіргі кезде жанұя басқа себептерге байланысты пайда болады. Негізгі себебіне клиент-орталықтанған қарым-қатынасты өзіңе жақын адаммен жасауға деген қажеттілік жатады. Жанұяның сәтті болып қалыптасуы жұбайлардың қаншалықты клиент-орталықтанған терапевтің рөлін ойнауға қабілеттіліктеріне байланысты. Жанұялық терапевтің рөлін ойнау қазіргі кезде өте маңызды әрі жетекші рөлді алады. Жұбайлардың осы рөлді ойнай алуларына байланысты олардың жаұясындағы барлық тұлғалардың дамуына әсерін тигізеді. К.Роджерс жақсы ата-ана функциясы мен жаман функцияның моделін көрсетті. Жақсы функцияны атқаратын ата-анада өзін-өзі қабылдаудың жоғары деңгейі қалыптасқан болуы керек. Осы қасиеттің негізінде ата-ана баласын қабылдай алып, оны организмитикалық бағалай алады. Организмитикалық бағалай алу дегеніміз, ата-ана баланы бағалаған кезде қажеттілігіне емес, оның ішкі қабілетіне қарап бағалай алу деген сөз. Жаман функцияны атқаратын ата-анада өзін-өзі қабылдаудың төмен деңгейі қалыптасады. Яғни бұндай ата-ана өзін-өзі қабылдай алмағандықтан баласын да қабылдай алмайды. Баланы тәрбиелеуде осындай ата-аналар баласына көптеген талаптар мен шарттар қояды. Мұндай ата-аналармен жұмысты ең біріншіден олардың өзін-өзі қабылдауың деңгейін көтеруден бастау керек. 8 тақырып: Тұлға феноменін тұлға теориялары негізінде зерттеу жолдары. Тұлғаның өзіндік бағалауын зерттеу. Өзіндік бағалау тұлға дамуында орталық орынды алады, ол әлеуметтік адаптацияға, дезадаптацияға I байланысты, тұлғаның мінез-құлқы мен іс-әрекетінің нәтижесі болып табылады. Әрине ол адамға басынан-ақ берілген. Социум өзіндік бағалауға әсер етеді. Тағы да педагогикалық іс-әрекетке келеміз, жеткіншектер жасы, егер оның өзін бағалауы социумда тіреу таппаса, оны басқалардың бағалауы өзін бағалау шкаласымен салыстырғанда ылғида төмен болса, онда фундаменталды қажеттіліктердің бірі өзін силату қажеттілігін тарату жабылады (блокируется) бірден өзін дискомфорт сезімінде сезінеді. Ал тұлға үнемі дискомфорт пен дистресс жағдайында болуы мүмкін емес, ал жеткіншек болса өзі бұл психологиялық жағдайдан шыға алмайды, жолын өзі таба алмайды. Оның өзіндік бағалауы әлеуметтік кеңістікте адекватты тіреу табуы керек. Осы мәселені психологиялық шешудің бір жолы жеткіншектің өзіндік бағалауын адекватты қабылдайтын топқа кіруі, жеткіншек осы топта өзін комфортты сезінеді, силауға деген қажеттіліктері қанағаттандырылады (гуманистік психология, гештальт терапия). Мұнда мына модель жұмыс жасайды топ ішінде «шестерка», ал басқа бөтен жеткіншектер үшін авторитет. Гуманистік теорияда (Маслоу) өзін силатуға деген қажеттілік адамның фундаменталды қажеттіліктерінің бірі деп санайды. Тұлғаның акцентуациясы. Акцентуация терминін бірінші рет неміс психиатры, Берлин неврология клиникасының профессоры К.Леонгард кіргізді. Кеңес психологиясында балалар психиатры А.Е.Личко акцентуацияның басқа типтерін ұсынды. Акцентуация деген ол мінездің дамуының дисгармониясы, кейбір мінез қырларының ерекше көрінуі (гипертрофты), тұлғаның кейбір ситуацияларға адаптациясын қиындатады. Леонгардтың жұмыстарында тұлға акцентуациясы және мінездің акцентуациялы қырлары деген түсініктер үйлесіп беріледі, ал Личко тек мінез акцентуациясы деп қарайды. К.Леонгардта демонстративті тип, педантты тип, тұрып қалған (застревающий) тип, қозғыш тип, гапертимді тип, дистимді, циклотимиді, экзальтирлі тип, эмотивті тип, мазасыз тип. Личко да орнықсыз тип, конформды тип, шизоидты, эпилептоидты, истериодтты, астено неврология, сенситивті, психоастеникалық, гипертимді. Циклоидты, лабилді, аралас типтер бар. Орнықсыз тип еңбек жасағысы келмейді, мейрамға, қыдыруға әуес, ерік күші әлсіз, егерде парыз деп санасада еркі оған жетпейді, байланысқа үстірт түседі, романтикалық ғашықтық жоқ, болашағына қам жемейді, жоспар құрмайды, бүгінмен ғана өмір сүреді. Конформды тип негізгі мінез қыры «барлығы» сияқты болуға ұмтылу киім кигеннен тамақ ішкенге дейін, қоршағандардан позициясы, мінез-құлқы пікірлері қатты тәуелді болады. Өз ортасының «Жақсы» ортасында тырысып оқиды, жұмыс жасайды, «жаман» ортада олардың дәстүрлерін, әдеттерін тез үйренеді. Мінез-құлықтың топтық эталондарын, информацияларды құндылықтарды қабылдауға сынмен қарамайды. Жеке бастама қажет болмағанда жақсы жұмыс жасайды. Шизиодты тип. Негізгі қыры қарым-қатынаста тұйық, сезгіштігі кем байланысқа түскенде тез айнып тіпті тез өзіне кетеді, басқалардың қайғысын түсінуге сезімтал емес, эмпатиясы төмен, партнердің ойларын, тілектерін ұқпайды. Әуестенуі өте күшті, тұрақты, ешкімге ұқсамайды. Эротикалық фантазиялары бай болады, жиі асексуалды, эмоциялық контактілерге түсуі өте ауыр. Эпилептоидты тип көңілі толмайды іші пыса береді, соған байланысты ашуланшақ, сол ызасын төгетін объектіні ылғи іздеп жүреді, аффективті жарылғыш, аффектілері өте күшті, ұзаққа созылады, махаббатта өте қызғаншақ, құрбыларына келгенде лидер, билікті алғысы келіп тұрады, қатал тәртіп жағдайына жақсы бейімделеді, бастықтың алдында бәрін орындап, жағдайын түзеткісі келеді, ұсақшыл ұқыпты, барлық ережелерді дәл сақтайды,тіпті олары іске кесірін тигізеді, реттілікті ұнатады, педант. Истериодты тип негізгі белгісі өте эгоист, өзіне елдің бәрі көңіл бөлсе дегенге қатты алаңдайды, бәрі маған таңқалса, қызықса деп ойлайды, жалғандығы және фантазиясы өзіне назар аударту үшін жасайды, театралды бастан кешіру, өзін көрсете береді. Жұмысқа қабілеті төмен, өзін көрсететін жерде ғана қимылдайды. Астенико невротикалық тип тез шаршайды, ашуланшақ, ақыл ой жұмысында тез шаршайды, болар болмас нәрсеге аффективті. Сенситивті тип өзінің әлсіздігіне жоғары сезімталдық, өзінен көп кемшілік көреді, физикалық меніне көңілі толмайды, тұйық, қорқақ, ұялшақ, танымайтындармен қарым-қатынасты орнатуы қиын. Психастеникалық тип шешімге келе алмаушылық, мазасыз, кінәмшіл, жақын туысқандарын көп ойлайды, мінез қырлары бастауыш мектепте-ақ көрінеді, өзі үшін, басқалар үшін жауап беру ең қиын тапсырма болып табылады. Қиялында қорқынышты көп ұстайды. Гипертимді тип көңіл күйі ылғида жоғары, лидерлікке жету ылғида белсенділік көрсетеді, жаңаға тез назар салады, бірақ қызығулары тұрақсыз, таңдаусыз әркіммен таныса береді, таныс емес ортаға тез бейімделеді, бірақ жалғыздықты көтере алмайды, тәртіпке жоқ өз мүмкіндіктерін асыра бағалайды, болашаққа оптимист көзқарас, ашуы тез тарайды. Циклоидты тип көңілі біресе жоғары біресе төмен тез ауысып тұрады, жұмыс қабілеті де соған байланысты болады, сәтсіздіктерді өте қиын бастан кешіреді, суицидқа жақын. Лабильді тип көңіл күйі тез алмасады, соған қарай белсенділігі де өзгереді, қарым-қатынасы да өзгереді, сезімдері терең, шын болады, сезімтал, лидерлікке ұмтылмайды, өз мінезін адекватты эмпатияға бай, бағалайды. Аралас типтер акцентуациядан басқа екі қыр анық көрінеді, жартысы акцентуациялы болады, мысалы конформды гипертимді тип болуы мүмкін. Тұлға теорияларына байланысты соңғы кезде көп айтылып жүрген А типті тұлғалар және А типті мінез-құлық модельдері. Бұл ұғымдарды тұлға психологиясына психосоматикалық медицинадан М.Фридман, Р.Розенман әкелді. Бұл типтегі адамдар нәтижесінде психоэмоциалы дистресске әкелетіні дәлелденді. Негізгі белгілері біріншілікке күшті ұмтылады, әлеуметтік басымдылықты жақсы көреді, өмірді бәсекелес күрес деп ойлайды, барлық жерде бірінші болғысы келді, жәй нэрселердеде бірінші болу тілегі басын ауыртады, амбициялы болады, шыдамсыздықты жиі көрсетеді, қайсар, мақсатқа жетуде өте шыдамсыздық көрсетеді, агрессияны жиі білдіреді, алайда осының бәрін әлеуметтік бәсекелесуде ғана көрсетеді. А типті тұлға атауы жиі түрде А типі және оның жүрегі немесе коронарлы тип деп аталады, себебі бұл типтегі адамдар инфаркт, инсульт аурулары жиі кездеседі, психоневрологияға тәуекел көп болады. Әлеуметтік бәсекедегі сәтсіздіктер оларды психоэмоциялы тәуекелге, дистресске тез әкеледі. Тұлға феномені өте күрделі және уникалды, типологиямен тұлға теориясының көрнекті өкілдері Юнг, Айзенк, Фромм, Кречмер, Шелдон, Лазурский, Павлов, Кант, Декарт және т.б. айналысты. Психоанализдегі тұлға теориясына бағытталған тұлғалар типологиясы, психоаналитикалық типология. I. Оралды тип басқалардан қатты тәуелді болады, ішкі бағдары енжар, арам немесе шектен тыс ақкөңіл болады. II. Аналды тип ұқыпты, бірбеткей, тәртіпшіл III.Уретралды тип даңқты жақсы көреді, ұялшақ бірақта бақталастыққа жақын болады. IV.Фалии тип (өз жыныс мүшесіне қызығудың басталуы) шешім қабылдағыш, өзіне сенімді, мақсатқа ұмтылғыш. Ү. Гениталды тип теңгерілген тұлға. Хейманс психологиялық характерологиясын француз мектебінің өкілі Ле Сенн аяқтаған типологиясы. Эмоциялық тип, белсенді тип, біріншілей және екіншілей тип осылардан сегіз мінез сипаттамасы шығады. Жүйкесі жұқарған, сентименталды, өте әрекетшіл, қызба, ынтыққыш, сангвиник, флегматик, аморфты қамсыз, апатиялы. Психологиялық әдебиеттерде адамды белгілеу үшін, сипаттау үшін үш термин қолданылады индивид, индивидуалдылық, тұлға, олар адам түсінігін ерекше көрсете отырып, өздерінің мазмұндары әртүрлі болады. Адамның дамуы жайлы, меңгерген индивидуалды ерекше психологиялық, рухани және әлеуметтік сапалары туралы айтатын болсақ, онда жоғарыдағы үш түсінікті талдауымыз керек. Қайтадан бізді қорқыту үшін немесе таныс бет бейнелерді неге қайталайды. Сондай-ақ ұқсас дауыстар да бар. Алайда олар тек сырттай ғана ұқсас, ал ішкі әлемдері жатқан бір жұмбақ. Тарзанды шал ретіңде елестету мүмкін емес ғой, адам деген бір уникумм. Нақты бейнелер мықыт торстарды жасайды, біз оларды басқаша қабылдай алмаймыз. Дон Кихоттың, Алпамыстың сыртқы бейнелерін ауыстырып көріңіз. Балалар өздеріне таныс мультфильмдерді жақсы көреді, кейін олардың персонаждарын басқаша ауыстырғанда, олар көрмей қойған. Жаңа геройларды таныс еместер деп қабылдаған, бұрынғы геройлар тек бет әлпеті өзгерілген. Индивид тарихтың алғы шарты. Мен өзімді көргім келсе, көз алдыма келтірсем, алдымен физикалық бейнені кез алдыма келтірем, алайда ол ауысады ғой, жылдар өтеді, қатты өзгерістер байқалады, дауыс өзгереді тағы басқалар. Ішкі темір бездерінен (внутр.желез) жұмбақ секрециялар ояна бастайды. Таң қаларлық энергиялар туындайды. Мен өзімді жанымнан бақылаймын, шынында мен бе, депрессияға ұшыраймыз. Сұрақтар көп. Индивид биологиялық сипаттамалардың жинағы болсада ол әлеуметтік тірі жан, сондықтанда оған тек тәнге қатысты және жалды психологиялық қасиеттер ғана тән деп ойламау керек. Сондықтанда индивидті «қоғамға» абстракция ретінде қарсы қою керек, яғни адам қоғаммен қалай арақатынаста болады сол мағынада түсінеміз. Адам табиғи негіздерді бөледі, индивид әуелден-ақ әлеуметтік, алайда әрбір адам өзінде керемет индивидуалды байлықтарды ашады деп ұқпау керек, белгілі бір деңгейде ол табиғи негізгілік, социумға енген деп түсініледі. Социумда адам не ашылады не жабық әлеуметтік атом ретінде қалады. Фантастикалық әдебиетте минимум адам деген бар, ал адамдар минимумға емес максимумға ұмтылу керек, әлеуметтік процестер индивид, оның байланыстары арқылы таратылады. Біз индивидте әлеуметтік және психологиялық байлықтарды ұйғарамыз. Индивидтті түсіну үшін оны қоғамна тыс қабылдай алмаймыз, себебі ол сол қоғамда өмір сүреді. Индивид өзіндегі шарттанған биологиялық қажеттіліктерді тарату үшін қоғамның басқа мүшелерімен қарым-қатынасқа түседі. Ендеше индивидті бөлуге болмайды, бір жағынан тек биологиялық әлемін, бір жағынан тек әлеуметтік әлемін, қоғамды бөлек көре алмаймыз, себебі қоғам оларды не қанағаттандырады не басып жоқ қып жібереді. Американдық психоаналитик Фромм өзінің тұлға жайлы теорияларында көрсетеді, адамның әлеуметтік тарихы адам өзін табиғатпен бірлікте болған күйінен бастап шықты, ол өзінің жеке тірі адам екенін, басқа адамдардан айырмашылығы бар екенін түсінгенде пайда болды. Соған қарамастан индивид табиғаттың бір бөлшегі екенін үнемі сезінеді. Адам табиғаттан бөліне отырып, индивидке айналып, өзін адам ретінде бірінші рет сезіне бастады деп жазады ол. Тұлға деген кім. Санкт-Петербургта сот процесі жүріп жатыр, адам өлтірген қылмыскер жетондармен ойнап отыр, көзін жартылай ашып шешім оқыған прокурорға қарады. Сонда оның санасында не өтті, қорқыныш, ұялу, өкіну әлде агрессия ма. Осы адамға өлім жазасы туралы үкімді оқығанда мен оған қарадым, оның көзкарасы мәнсіз, нейтраль, әрі тоқтап қалған сияқты көрінді. Соңғы сөз оқылғанда залдағылар қатты қол шапалақтады. Мені осы жағдайда не таңқалдырды, жауыз кылмыскер емес, үкімді оқып жатқандағы өлі тыныштық орнамаған жағдай емес, прокурордың қаталдығы емес, мен күтпеген залдағы адамдардың қол соғуы болды. Залда бір жын күш пайда болғандай, елесі көз алдыма келді. Адамның өмірі зорлықпен тоқтатылды, әрине менікі дұрыс емес шығар, қылмыскерге жақ тартуға болмайды, егерде адамдар осы процесті үнсіз бақылап, оны ойша талдаса ғой, бірақ олар бәрі ешнәрсе болмағандай есікке асықты, күнделікті тіршіліктеріне асықты, ешнәрсе болмағандай. Алайда олардың ең куанғандары басқаша болды, олар өлім жазасын қол шапалақтап қарсы алып, қуаныштарын соған шығарды, есіктің сыртында күтіп тұрған тіршіліктеріне емес. Енді қылмыскерге оралайық, қандай суыққанды адам, мен ойладым қандай ерекше тұлға, ерік импульсі қандай күшті, онда не деген күшті қайталанбастық және жауыздық бар, қандай өзіндік ерекшелік, әрине сіздерге бұл ой ұнамайды, мен әдейі істеп тұрмын, әрине оны тұлға деп айту қиын, адам өлтірген адамды қайталанбас керемет деп айту логикаға сыймайды. Бізде коллективті сана деген мүлдем деградацияға ұшыраған, құндылықтар өзгерген, оқушыларға арналған әдебиеттерді қарасақ бұрынғы өмірдегі жағдайларды керемет тұлғалар жасаған, бірақ қиналмаймыз, олардың бірі ұрлықшы, сатқын, интриган, екіншілері қылмыскер екені бізді қинамайды. Біз бәрібір ойлаймыз қандай керемет тұлға деп, теориялық тұрғыдан жамандар да адамдар, әрине тарихты солай жаман деп көрсетуге болмайды. Сол кездің адамдары да өздерінің ынтығуларымен, қорқыныштарымен, өз әсерленулерімен өмір сүрген. Неге біз адамдардың ерекшелігі жайлы нәрсені солармен байланыстырамыз, бәрібір оларды тұлға деп мойындаймыз. Патша тойға адамдарды өлтіретін пирогты комплексіз, қиналмастан апарды, бәрібір жауыздық болсада адам тұлғасы жайлы айтамыз. Ресейден шыққан тоғызыншы сыныпқа арналған Я.Соколовтың «Азаматтықты тану» (граждановедение) кітабында жазылған «Иә, қылмыскерде, ереже бойынша тұлға, да, осыны оқыған бала қиялында тұлғалар парады өтеді өкіметті тонаушылар, бұзықтар, ұрлықшылар... Бәрі абсурд... Философия тарихында индивидуалдылық пен тұлға түсінігіне байланысты Н.Бердеявтің мына сөзін айтуға болады: «человек может иметь яркую индивидуальность и не имет личности». 9 тақырып: Әлеуметтік мінездер. Тұлға индивидттегі барлық адамзаттық көріністер болып табылады. Неміс философы Ф.Шлейермахер (1763-1834) «каждый человек должен на свой лад выражать человечество», осы ой психологияда тұлғаны түсінуге итермелейді. Тұлға жайлы сөз болса, онда индвид, индивидуалдылық, тұлға деген ұғымдардың философиялық мәні жоғалады. Тұлға рухани адамның универсалды ұғымы, ол өзіне өзіндік болмысты, әлеуметтік сапаларды, жанның байлығын жинайды. Қайыршыны тұлға деп айта аламыз ба, айта алмаймыз, ал неге деп ойлаймыз. Ол әлеуметтік сапаларды жоғалтты, әлеуметтік нормалардан бас тартты, мәдени дәстүрлерді ұмытты, яғни өзін минимумға апарды. Жоғарыда айтылған қылмыскерге ораламыз, ол тұлға ма. Қараңыз ол қалай батыл, тіпті ешкімге ұқсамайды. Алайда ол адамдық нормалардан шықты, бар мінез-құлық ережелерін ұмытты, өзін криминалға итерді. Біз қылмыскердің тұлғасына қатысты барлық жаман сапаларды оған жапсырсақта, біз бейсана дәрежесінде бәрібір өнегелік сапалардан үміттенеміз. Тұлғалардың психологиялық типтері, ол өзіндік бағалаумен тығыз байланысты, олардың екі түрі бар: не өзіме ризамын не риза емеспін. Американдык философ және психолог У.Джеймсте тұлға теориясында бірнеше жағын көрсетеді, мақтаныш сезімі, өзіне разылық, жоғарғы кеуде, даңқ сүйгіштік, екінші жағынан ол қарапайымдылық, қорлану, ұялу, сенімсіздік, өкіну, қоғамдық ұлтқа қалам деген сана. Өзіндік бағалау неден байланысты Джеймс бойынша ол сәттіліктен байланысты. Субъектінің ішкі әлемінде бірнеше тұлғалар болады немесе тұлғалар иерархиясы, бізде басқалар тұлғалықты мойындаса, онда бізді қоғамдық тұлға жасайды (Джеймс), біз жануарлар табыны ғана емес «қоғамдық жануарлар» біз қоғамда болғанды ұнатамыз, әрі туа берілген механизм бар, бізге бәрі назар аударса, басқаларға жағымды болып көрінсем деген, сондықтанда адамның ішінде қаншама әлеуметтік тұлғалар бар. Ал рухани тұлғага Джеймс мынаны жатқызады, нақты алынған рухани қабілеттер мен қасиеттердің жинағын қамтыған сана күйі, оның ең орталығы, ең қасиеттісі біздегі «Мен», яғни белсенділік сезімі, ол ішкі рухани күйде табылады. Бір адамдағы бірнеше тұлғалардың түрлерін иерархия түрінде елестетуге болады төменде физикалық тұлға жоғары қарай рухани тұлға және аралықтағы физикалық пен руханидың арасында жатқан әртүрлі материалды (біздің тәнімізден бөлек жатқан) және әлеуметтік тұлғалар. Потенциалды қоғамдық тұлға ерекше парадокстар нәтижесі, ол тұлғаның діни және өнегелік жақтарымен тығыз байланысты. Адам деген кім. Психологияда адамды өте жарқырап көрінетін энергетикалық жүйе деп түсініледі, кез келген энергетикалық жүйе тыныштық күйіне келуге ұмтылады, ол соны жасауға мәжбүр болады, сол үшін оған энергия қызмет етеді. Оның жасырын функциясы өзінің меншікті тепе-теңдігін сақтау. Тұлға теорияларының тағы бір авторы американдық психолог Э.Берннің пікірінше адамның механизмі солай жаратылған барлық ішкі және сыртқы оқиғаларында ерте ме әлде кеш пе бір тепе-теңдікті орнына келтіретін жағдай міндетті түрде болады. Тепе теңдіктен шыққан шығушы энергия (күш кетіру) адамда физикалық және психикалық болып бөлінеді. Психикалық зорығу (напряжение) мазасыз, тынымсыз, беймаза сезімдерде көрінеді, ондай қажеттіліктерді тілектер деп атайды. Тек тірі жандылар ғана тілек тілей алады, сол күрделі тілектерден жыныстық ұмтылу, өзін жақсы көру, қолдау табуға ұмтылу тілектері шығады, солардың ішінде көптеген саналы және бейсаналық тілектер толып жатыр, психологиядағы тұлға феноменін түсінуге арналған теориялардың да міндеті осындай тілектердің табиғатын ұғыну. Адамдағы проблемада энергиядағы проблема сияқты, күш кетіруді түсіру үшін аз болсада кедергінің жолын іздейді. Швейцар психологы, классикалық тұлға теорияларының авторларының бірі К.Г.Юнг адамдарды үшке бөлді экстраверт, интроверт, амбиверт (интроверт пен экстраверттің арасында тепе-теңдікке жеткендер). Аудиторияда кім экстраверт, кім интроверт деп сұрасаң көбі қашады, өздерін ешкім емеспіз немесе амбивертпіз деп ойлайды. «Покровские ворота» деген фильмде оның басты кейіпкері айтады мен өте өңсізбін, қолайсызбын, ынжықпын, жалғыздыкты жақсы көремін, өз ойыма өзім батып кетемін, мен өте ұялшақпын, қарым-қатынасқа тез түсе алмаймын. Ендеше мен интровертпін ғой, ұмытып барамын кейде қонаққа барғанды қатты ұнатамын, сол кезде көп сөйлесемін... ол сонда экстраверт пе. Адам сондай күрделі оның нүктесін табу өте қиын, бүгін экстраверт болсам, ертең интроверт боламын, шексіздік. Ағылшын психологы, тұлға теорияларының авторларының бірі Г.Айзенк экстраверт не интроверт болу сол күнгі жұлдыздарға байланысты дейді. Міне осындай гипотезалар психологиялық типтерді жасауға итермелейді, бір типке жатқызған адамдардың өзінде айырмашылықтар болады. Соған қарамастан психология ғылымы ол айырмашылықтарды топтап адамдарды әр топқа жатқызады. Юнг жазады «екі жас адам қала сыртында қыдырып жүріп бір замокке келеді, екеуі де замокты іштен көргісі келеді, интроверт айтады «ол іш жағынан қалай көрінеді екен», экстраверт айтады «жүр кірейік» деп бірден қақпаға жылжиды. Интроверт оны тоқтатуға тырысады «мүмкін бізге рұқсат етпейтін шығар, өзі ойша ойлап тұр, мүмкін онда полиция бар шығар, штраф салуы мүмкін, ит бар шығар». Оған экстраверт жауап береді «жақсы жүр сұрайық, олар бізді жіберер», оның қиялында қайырымды бір шал күзетші рұхсат береді, қонақ жай синьорлар рұхсат берер. Ақырында экстраверттің оптимизмінің арқасында олар замокке кіреді. Ары қарай Юнг былай суреттейді, олар ішке кіргенде замок қайта жасалыпты, ішінде ешнәрсе жоқ, екі жәй ғана бөлмелер қалған, онда ескі бір екі экспонат ғана бар, сонда интроверт соншалықты қуанады, күзетшінің айтқандарына қызығып, беріліп кетеді, жас адамның ұялшақтығы бәрі жоғалады. Ал экстраверттің керісінше көңіл-күйі құлдырай береді, іші пыса бастайды, беті қызарып кетеді, себебі қайырымды, қонақжай рыцарлар қарсы алмады, оқиғаға орын жоқ, музейге айналған замок ғана. Мұны үйдеде қарауға болады. Сонымен интроверт жанданып кетеді, экстровертте көңіл күй түсіп кетеді, экспонанттар оған кітапхананы елестетеді, ал кітапхана университетпен ассоцацияланады, университет оқумен және жақындап келе жатқан емтихандармен ассоцацияланып, көңілі түсіп кетеді, алдында соншалықты қызықты болған замок оған енді ұнамайды, объект негатив бола бастайды. Интроверт айтады қандай тамаша болды, ал екіншісі айтады, ішім пысты дейді. Интроверттің ашуы келеді, ойша ойлайды енді ешқашанда экстравертпен серуенге шықпаймын. Экстраверт ойлайды интроверт эгоист көктемнің бір күні мына экспонанттарға кетті деп. Осы тәжірибеден кейін Юнг шешті адамдарды тек интроверт және экстраверт деп ғана бөлмей, оларды жеке негізгі психологиялық функциялары бойынша да ажырату керек. Яғни олар ойлау, сезімдер, түйсінулер, интуициялар. Осыған байланысты ойлауды сезімтал, түйсінгіш, интуитивті типтер деп бөледі. 1908 жылы З.Фрейдтің «Мінез және аналды эротика» деген кітабы жарық көрді, мінезде көп кездесетін ерекше үш қыр ұқыптылық, бірбеткейлік және үнемдегіш аналды эротикамен байланысты деді яғни ануспен байланысты сезімталдық. Мінез ол салыстырмалы түрде сезімдердің тұрақты құрылымдары, Фрейд мінез арқылы типология жасағысы келгенімен онымен айналыспады. 1933 жылы В.Райхтың «мінезді анализдеу» деген кітабы шықты, әрине ол қазіргі характерологиядан алыста жатыр, дегенмен ол бастау берді, осы Райхтың шәкірті А.Лоуэн оралды сатыны талдады, себебі психикалық жұмыс жасау биоэнергетикалық процестерден тікелей байланысты. Егерде баланы ана сүтінен ертерек айырса онда ол адамда өмір бойы қанығуға ұмтылу болады, бала сияқты тәтті ұйқыға бара береді бұл оралды саты, мұндай адамдар терең жалғыздық сезімі, көңіл қалу, дәрменсіздік жайлы жиі айтады, оларға үнемі назар аударғанды ұнатады, мақтағанды күтеді, маған тілектер айтса екен деп қатты қажетсінеді. Оралды типтегі адамдар физикалық белсенділіктен тез шаршайды, энергия жетіспей жүреді. Тағы бір тип мазохзистік «олар субъективті болады, қайғырулары үнемі сақталады, шағымшыл болады, ылғида өзіне зиян келтіріп жүреді, өзін кінәләй береді (моральды мазохизм), басқаларды үнемі қинай береді, мұндай типтегі барлық адамдар қолапайсыз болады, қарым-қатынаста да қолапайсыз болады, ақыл ойы жетпейтін сияқты көрінеді. Истерикалық типтер психоанализде кейін жасалды, оның симптомдарымен Фрейд өзі талдады, кейін Райх мына сипаттаманы береді «оның негізгі ерекшелігі ашық сексуалды мінез-құлық, дене жүрісінде соған бейімдейді, одан сексуалдылықтың белгілері анық көрінеді, сөзінен, интонациясынан, көзқарасынан. Мұндай адамдарда мазасыздану, қауіпсіздену сезімдері көп болады, олар бала кездегі қорқыныштармен тікелей байланысты болады. Фалли (өз жыныстық мүшелеріне қызығу) нарцистік типтер олар компульсивті (қайталағыш, жабысқақ), невроз бен истерияның ортасында болатын типтер компульсивті типтер импульстарды ұстау, өзін қадағалау, депрессия тән болса, истерияларды ашуланшақтық, тірі қиял, шыдамсыздық, лабилділік (икемді) тән болғандықтан фалли нарцис типтер өзіне сенімді, өзін жоғары санайтын, икемді, энергиялы және көрнекті болады. Оларда агрессия көп болады. Енжар әйел типтегі типтер шамадан тыс жұмсақ, көнгіш, жұмсақ, қу, дауыстар әйелдерге ұқсас, бет келбеттері де жұмсақ, иілгіш болады, агрессия болмайды. Шизофрениялық типтер осыған дейін «Меннің» дамуындағы бұзылуларды көрдік, невроз адамның болмыспен қатынасының бұзылуы, оны қисайтып көруі, невротиктер болмыспен қатынасты сақтайды, алайда оның талаптарын қабылдамайды, сенімсіздік көрсетеді, күмәншіл болады, агрессия күшті болады, ал шизофрениктер болмыспен байланысты мүлдем үзеді, оларда деперсонализация жүреді, яғни тұлғаның бөлшектенуі (распад), тәнінде өзінікі емес деп сезінеді, кейде ол батыл болады бірақ ол ұзаққа бармайды, агрессиясы күшейеді, өзін қадағалау жойылады. Бұл типтердің бәрі клиникалық зерттеулерде жасалды, егерде адамда мінез- құлықтың типтік тәсілі жоқ болса, ол сау адам, ол болмыста өзін спонтанды ұстайды, ситуацияның талаптарына рационалды бейімделеді, ендеше денсаулық дегеніміз ол иілгіш күйі. Әлеуметтік мінездер (типтер) яғни тұрақты нақты көрінетін бағдарлану жүйелері. Социализация процесі индивид адамдар арасындағы қатынас арқылы өзін және өзінің басқаларға деген қатынасын анықтағанда басталады. Қарым- қатынастың нақты типінің дамуы әлеуметтік мінездің қалыптасуына әкеледі. Тұлғаның құрылымын тек оның ойлары, сезімдері ғана емес оның әрекеттері де анықтайды, мұны Фрейд айтты, алайда Фромм оны теориялық негізделмеген дейді. Мысалы адам үйдің терезелерін санай бергісі келсе соған қатты қажеттілік болса, онда ол қажеттіліктің астында, негізінде қандайда бір итермелейтін ішкі ұмтылулар бар (невротиктер), ал сау адам ақылмен, болмыстың жағдайларына қатысты ойланып жасайды. Осы рационалды мінез-құлық тұлғаның құрылымын анықтайды. Осы әлеуметтік мінез-құлықтың функциясы неде. Мысалы адам артық затты, қобырап жатқанды ұнатпайды, егерде ол магазинде істесе, онда оған пайдалы себебі үнемшіл болуға ол міндетті, осы мінездің экономикалық функциясынан басқа психологиялық функциясы да болады, адамға оның тұлғасында жатқан жинақтағыш қажеттілік болып табылса, онда ол терең психологиялық қанағаттану алады, ол әрі экономикалық, әрі психологиялық ұтады. Ендеше нормалды адам үшін өз әрекетін практикалық қажеттіліктерге сәйкес бағыттауы керек және өз іс-әрекетінен психологиялық қанағаттану алуы керек. Әлеуметтік шарттарға бейімделе отырып адам мінез қырларын қалыптастыра бастайды, ол сол ортаның талабына қарай әрекет етеді, сондықтанда психологиялық энергиялар өндіргіш күштерге айналады, ол қоғамға қажет, ал адамда сыртқы күштеуден басқа еңбекке деген психологиялық мәнге ие ішкі қажеттілік болады, ол адам өзін тұлға ретінде сезіну үшін маңызды. Адам сыртқы билікке бағынумен қатар өзінде ішкі билікті жасайды ол дегеніміз парыз бен ар ұят, оларсыз бірде бір сыртқы билік басқара алмас еді. Сонымен әлеуметтік мінездер сыртқы мұқтаждықтарды ішкі қажеттіліктерге айналдырады, адамның энергиясы әлеуметтік экономикалык жүйенің міндеттерін орындауға жұмсайды, соған сәйкес мінез-құлық қалыптасады. Егерде мінезде белгілі бір қажеттіліктер дамыса онда оған сәйкес мінез-құлық оған психологиялық қанағаттану береді, әрі материалдық табыста практикалық пайда келеді. Қоғам индивидке бір уақытта осы екі сфераны қамтамасыз етсе, сыртқы және ішкі қажеттіліктерді қанағаттандыруды қамтамасыз етсе (материалды және рухани) онда психологиялық күштер әлеуметтік құрылымдарды цементтейді. Алайда ерте ме кеш пе ажырау болады, бұрынғы мінез қырлар сақталады, олар жаңа эконмикалық жағдайға сәйкес келмейді, пайдасыз болады, ендеше психологиялық адаптация өзгереді, бұрынғы құндылықтар нарыққа қарай басқаша қабылданады. Қай заманды алсаңда адамдардың күнәлері көп, патша болсын, жәй адам болсын, тіпті құдайлар туралы аңыздарда да (Прометей). Адамдардағы кінәлі болу сезімі міндетті түрде болатын процесс, оны қорқыныштар, қанды үстемдіктерді игерген, олардан шығатын жол іздеу керек, алайда дамудағы ынтығуларды жеңу мүмкін емес, ендеше ішкі әлемде гармония жоқ. Әлемдегі барлық жануарлар инстинкті программасы аяқтайды, аралар ұясын жасап шығарды, тек адам ғана бітпей қалған ... сондықтанда өмір бойы адам зерттеледі. Адам қолы тар ал оны тұлға деп айта аламыз ба? Адам психикасы өте сая қырлы, тұлға теориясының бір авторы Ассаджиолидің психика моделінде бірнеше қабаттар бар: Бірінші қабат төменгі бейсаналық - элементар психика актілері, ол дененің жұмысын қамтамасыз етеді, дене функцияларын ақылды коррдинацияларын басқарады, фундаменталді әуестенулер кіреді, яғни адамның өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыруы, ол көптеген комплекстерден тұрады, олар интенсивті эмоцияларға қаныққан болады, одан кейін түс көру, мұңаю, төменгі қиял кіреді, төменгі парапсихологиялық процестер, патологиялық құбылыстар—фобиялар, оянулар, паранизм, маниялардан тұрады. Екінші қабат ортаңғы бейсаналық — белгілі бір психикалық элементтердің жиынтығы, біздің сергек санамызға жақын және бәрін жеңіл жасайды, жиналған тәжірибелерді ассимиляциялайды (қосады, меңгереді), ойлау, қиял процестері өтеді, осы қабатта идеялар туады олар санаға өтуге ұмтылады. Үшінші қабат жоғарғы бейсаналық - немесе жоғары сана, бұл қабат интуиция мен шабыттануды береді, мұнда көркем, философиялық, ғылыми, моралды талаптанулар туындайды, адамды жақсы көру, геройлық мінез-құлық импульстері туындайды. Жоғарғы сезімдер альтуристтік махаббат, генийлік, өзіндік жарқырау, экстаз, өзін білімдірудің қайнар көзі осы қабат болып табылады. Мұнда жасырын күйде барлық жоғарғы психикалық процестер, рухани энергия болады. Төртінші қабат - сана өрісі, мұнда адам үнемі бақылайтын, талдайтын, бағалайтын үздіксіз түйсінулер, сезімдер, тілектер, импульстер, бейнелер, ойлардың ағындары болады. Бесінші қабат—«Мен» санасы, «мен» түсінігі психологияда тұлғаны белгілеу үшін қолданылады, «Мен» - ақылдың, дұрыс ойлаудың қолдау табуы, «мен» дегенде индивидтің санадан айырмашылығы бар өзіндік санасы түсініледі, екеуінің айырмашылығы - біреуі- ақ жарқыраған экран, екіншісі, оған көшірілген ондағы әртүрлі көріністер (сезімдер, түйсінулер ойлар). Алтьшшы қабат - жоғарғы «Мен» - тұрақты орталық, эгоның шегінен шыққан нағыз «мего> бүл ішкі әлем мен сыртқы әлемнің арасындағы делдал, бейсаналық әуестенулерді ырықтандырып оларды әлеуметттік мінез-құлық арнасына бағыттауға ұмтылады, себебі адам ұйықтағанда депрессия, гипноз, наркоз күйінде болады, онда оның «мен» күйі жоғалып, сергектену күйіне өтеді, сана реалды «Менді» тұлға құрылымына проекциялайды. Жетінші қабат - коллективті бейсаналық (Юнг) адамдардың тұқым қуалаудан алатын ұғынылмаған психикалық құрылымдар, бейнелер, ұрпақтан - ұрпаққа беріледі, алдыңғы ұрпақтың психикалық тәжірибесін өзіне алады. Коллективті бейсаналықта «психикалық космос» (жартылай өткізгіш арқылы бір жақты таралу) процестері өтеді онда адамдар арасындағы контакт жүзеге асады, адам әуелден-ақ оқшауланған жан емес, әрбір адам адамзаттық психика мұхитына бойлау, яғни психокосмос. Адам өз әлемін түсіне отырып, барлық әлемді түсінеді. Психологияда сана - ол сезімдер мен ақыл ой бейнелерінің калейдоскопы, онда біруақытта түйсіну пайда болады, яғни менің бастан кешкен әсерленулерім, алайда сананың алды бейсаналық күй, ол оның ылғида алдына шығып отырады, бейсаналықты сананың анасы, тамақтандырушысы, бейсаналық ылғида тартылуы керек, ол соны қажетсінеді. Сана өзінің күштерін бейсаналықта бітіреді, тек саналық пен бейсаналықтың өзара байланысы ғана олардың жасампаз мағынасының шарты болып табылады. Адам санасы бітпейді, көпқырлы, сана ылғида жағымсыз жағдайларды тереңге тығып тастауға тырысады. Тұлға феноменіндегі терең психика жұмбақтары — бейсаналық ашылмаған материк, онда кейбір орнықты стандарттарды көруге болады, олар бізге көру ( ағындарын береді, ғалымдар төрт түрлі сағымдардың бар екенін дәлелдеді, олардың қайнар көздері бар, табиғаты ерекше. Профессор Грофф зертгеулері бойынша, 1—сі адамның абстракциялық, эстетикалық тәжірибелерімен байланысты, ол ерекше бір түстерді, иістерді, формаларды көреді, фантастикалық, экзотикалық ландшафтарды көреді, тайга, джунглиреді көреді. Бұл нені білдіреді? Яғни, Адам психикасы эстетикалық бейнелерге айнала алады, ол бейсаналық облысты қамтымасада, өзінше ерекше дүние, эстетикалық интуиция деп аталады. 2 — ші көру типі биографиялық тәжірибемен байланысты, ақын айтпақшы «бұл жағдай мен де болды...», формасы бойынша түс көруді еске түсіреді, бейнелер бейсаналықтан алынады, адам өз өмірін қайтадан бастан кешіреді, балалықтағы бақытты күйлер немесе ащы кездер олар сол кезде психикада із қалдырған. Тұлға теориясьшда (психоаналитикалык практикада) пациенттер жиі балалыққа оралады (альтурист және эгоизм, махаббат және жеккөру олар бәрі бейсаналықта шырмаланады. 3-ші көру психологияда жасалған бірде бір теорияға, зерттеуге кір алмайды, табиғаты өте жұмбақ, мысалы ана құрсағынан баланың бөліну процесі психологиялық феномен. Баланың дүниеге келуі драматикалық терминдермен белгіленеді, туа салған бала терең дағдарысқа ұшырайды өзінің физиологиялық топологиясына байланысты өлімге жақын келеді. Физикалық ауру күйі, агониялар (бала ушін) туу процесіне әсер етеді. Бұл адам дүниеге келіп жатқандағы, өміріндегі ең сынды кезең, бала ана құрсағынан бөлінеді, бұрынғы биологиялық байланыстар үзіледі. Өліммен эмоциялық және физикалық қағтығысулардың нәтижесінде ұрықтың (плод) психикасында терең өзгерістер болады, қорқыныш сезімі, қауіпсіздік сезімі пайда болады. Сана асты күйінде, Психиканың тереңінде архетипті (тұқымқулаудан алынған бірінші бейнелер) бейнелер салынады, мысалы жанып жаткан пеш, тасып жатқан су, жаман қорқынышты бейнелер. Бұл күйлер адам кейін есейгенде галлюцинацияда кездеседі, мистикалық бейнелерге жоғалған пейіш, құлаған періште, лабиринтгі адасу сияқты символикалар сәйкес келеді. Ұрық дүниеге келуі керек, ол әлі анасының кұрсағында қала беруге күреседі, керемет энергия ағыны туындайды, психиканың тереңінде вулкан ағындары, штормдар, сілкінулердің символикалық бейнелері пайда болады. Бұл күйге архетиптер жауап береді— титандарды ұстап алу, кеменің ең асты тағы басқалар, мифологиялық бейнелер туындайды-демондармен, періштелермен, құдайлармен космостық соғыстар (бәрі психоанализ арқылы пациенттердің ассоциациясы). Енді ең соңғы саты жақындап келеді, туу процесінің қорытынды сатысы, қатты ауырлықтан кейін, зорығудан кейін толық босаңсу кезеңі басталады, бұлыңғырлық өте жарқыраған жарықпен алмасады, кіндігі кесіледі, адам енді тәуелсіз өмір сүре бастайды, енді архитип символикалар жоғалып, индивидуалды болмыс пайда болуы керек, алайда осы кезеңдегі жады матрицасында, сондағы символикалар адам есіне сақталады. 4-ші көру психоаналитикалық сеанста пациент өзіне қатысы жоқ картиналарды көреді, ол монгол атын, испан тілін, австралия күзетшісін кереді, неге? Бұл тәжірибелер трансперсоналды д.а. яғни барлық адамзатқа тән жинақталған ақпараттар. Әрине былай ұйғаруға болады, нақты адамның сана асты күйі тек өзінің меншікті мәдениетіне тән бейнелерін ғана үстіге шығарады деп, индивидке жақын тәжірибелер мен дағдылар. Ал шындығында ол олай емес, психиканың тереңінде өз ақпараттары шегінен шығатын бейнелер болады, адам көне замандағы символикаларды көреді, оларды көру ешнәрсемен бекітілмейді., алайда әсерлер өте анык көрінеді, адам бұрынғы оқиғаның бәрін көре алады барлық адамзатқа тән ес бар, алайда бұл тек гипотеза жаңа тұлға теорияларнда ашық тұрған сұрақ. Яғни адамдардың түпкі негізі бір. АДАМ жанталасқан жан, үнемі өзі жайлы түсініктерді өзгерте береді. 10 тақырып: Тұлға теориялары және психология тарихы. Тұлға теорияларын талдау ұлы классиктер Гиппократ, Аристотель, Платоннан басталады. Ондаған ойшылдарда оған кіреді Аквинат, Кант, Гоббс, Локк, Ницше. Тұлға теорияларын жасауға клиникалық зерттеулер негіз болды (әдеби кезед, клиникалық, эксперименттік, психометрикалық) Шарко, Фрейд, Юнг. Гештальттық бағдар В.Штерн мінез-құлықты жеке бір жақтарын немесе фрагментарлы зерттеу ақиқатқа әкеледі деп түсінді. Эксперименттік психология бақылауға көнетін эмпирикалық зерггеулер арқылы мінез-құлықты модификациялау негізінде теориялар жасады, психометрика арқылы индивидуалды айырмашылықтар өлшеніп тұлға теориялары құрылды. Мысалы мінез-кұлықты шкалалау. Классикалық тұлға теориялары Шарко, Фрейд, Жане, ал эксперименттік психологияда Павлов, Торндайк, Гельмгольц теориялары негізделді. Олар инсайт пен интуиция арқылы тұлғаны зерттеуге тырысты, кейбіреулері клиникалық зерттеуге қарсы болды. Тарихта тұлға теориялары басқаша ойлау (инакомыслие) деп саналды, клиникалық зерттеулер теория мен практиканы үйлестірді. Тұлға теориялары барлығы практикамен тығыз байланысты дамыды. Психологиядағы көптеген құбылыстарды ашты, бірақ оларды кейде қоғам қабылдамады, психологтардың өздері күмәндәнді, «тұқым қуалаушылықпен» алады деген ұнамады. Тұлға теориялары индивидтің тірі қалуына, оның психологиялық табиғатын түсінуге негіз болады. Тұлға теорияларының фундаменталды жағдайларын лабораториялық жағдайда көруге болады, практикада дәлелденеді, теориялардың негізгі мақсаты тұлға феноменін тұтастық жүйесі. Адамның мінез-қүлқын оның тұтастығында зерттеу ғана онын табиғатын ашады деді. Тұлға теориялары интегративті сипатқа, адамдағы барлық психикалық процестердің интеграциясын жасайды, Психологиядағы практикамен бекітілмеген теоретиктер тұлға теориясын жасаушы теоретиктерге үнемі қарсы болды, тұлға феномені толық ашылмайды деп санады? Тұлға феномені, түсінігі ағылшын тілінде екі мағынаны береді біріншісінде бұл термин ептілік немесе икемді, оқушының тұлғалық проблемасы жайлы айтқанда оқушының әлеуметтік ептіліктері басқа оқушьшармен, педагогаен қанағаттандыралық қатынас жасауға адекватты емес, екіншісінде индивидтің қоршағандарға қалдыратын әсері, яғни мұнда индивид үшін «агрессивті түлға» немесе «тіл алғыш түлға» дегендерге ие болады. Теория деген не бәріміз білеміз теория фактіге қарама-қайшылық дәлелденбейтін гипотеза, болмысқа байланысты саудаласу, ал дәлелденген теориялар фактілер болып табылады. Келесі пассаж ол ғылымның методолгтары мен логиктерінен алынған ойлау экстрактары, теория дегенді түсініп алып содан кейін оның функцияларын іздейміз, олар шарттар жинағынан тұрады, теоретиктің творчестволық қатынасы болып табылады. Теория пайдалы немесе пайдасыз болады, теория эмпирикалық және практикалық бекітілуі керек, зерттеудің эвристикалық және жүйелік сипаты болуы керек, осы сипаттағы тұлға теориялары психология тарихында зерттеу анализі мен объектісі болып отыр, практикалық психологияның негізін құрады. Тұлға теориялары ол мінез-құлықтың жалпы теориясы болып табылады бейсаналы мен саналы мінез-құлықтың детерминанттарын ашады. Барлык тұлға теориялар соншалықты көп болса соншалықты әртүрлі, қазіргі психологияда тұлға теорияларын бірнеше кластерлерге бөледі: - бірінші кластер Адлер, Фромм, Хорни, Меррей, Салливан әлеуметтік теориялардың функционалистік теориялары; - екінші кластер Фрейд, Адлер, Юнг даму тұрғысынан тұлғаньң құрылымдары мен бейсаналы комплекстері; - үшінші кластер Ангьял, Гольдштейн, Роджерс туа берілген организменді өзіндік маңыздану; - төртінші кластер Адлер, Фрейд, Меррей, Салливан әлеуметтік қоршағандармен өзара әрекеттегі үздіксіз даму; - бесінші кластер Оллпорт, Кэттелл, Адлер, Фрейд, Юнг, Шелдон тұлғаның конституционалды құрылымдары. Тұлға теорияларының кемшіліктеріне қарамастан психологияның практикалық негізін жасай алды. Нарық заманының -тұлғасы ол аффектісіз интеллект, бәсекеге қабілетті адам, жаңа әлеуметтік экономикалық жағдайларға психологиялык адаптация, жаңа өзгерістер, жаңа әлеуметтік мінез бен мінез- құлық. Ішкі гармония мен психикалық дені саулық, рухани бостандық, үлкен бостандыққа қозғалыс, өз индивидуаддылығыңды табу, творчестволық күш, басым болу үшін күрес, мінез-кұлық паттерндері, автономды адам, психологиялық өсу, өзіңе қызығу, өзіңді басқару, икемділік, өзіңді қабылдау, тәуекелге бару, махаббат, жағымды эмоциялар, психологиялык қанағаттану, индивидуалдылық, интеллектуалды потенциал, шыдамдылық, рефлексия. Тұлға теорияларының негізгі авторлары: 1. 3. Фрейд - классикалық психоанализ 2. К.Г. Юнг - аналитикалық психологая 3. А. Адлер, 4. 4.Э. Фромм, 5. К. Хорни, 6. Г.С. Салииван - әлеуметтік-психологаялық теориялар 7. Г. Меррей - персонологиялық психология 8. К. Гольдштейн, 9. А. Ангьял, 10. А. Маслоу - организменді психология 11. К.Роджерс - адамға негізделген, орталықтандырынған теория 12. Л. Бинсвангер, 13. М. Босс - экзистенциалды (ерік бостандығы, индивидуалды таңдау) психология 14.К. Левин - өріс теориясы 15.Г. Оллпорт - индивидулды психологая 16.Э. Шелдон - конституционалды психология 17.Р. Кэттелл - факторлық теория 18.Д. Доллард, 19.Н. Миллер - стимул - реакция теориясы 20.Г. Айзенк - факторлық анализ 21.А.Бандура, 22.Б. Скиниер - оперантты бекітілу теориясы. Қазіргі жаңа тұлға теориялары: I. Гуманистік бағыттағы теориялар: 1. А. Маслоу (1908-1970) - өзіндік маңыздану (самоактуализация) 2. К. Роджерс (] 902-1987) - тұлғаның өзіндігі (самость). ІІ.Психоаналитикалық бағыттағы теориялар: 1. Г. Оллпорт (1897-1967) - тұлғаның уникалдылығы 2. Г. Меррей (1893-1988)-персонологая 3. Э. Эриксон (1902-1994) - әлеуметтік тұлға психологиясы, тұлға периодизациясы. III. Бихевиористік бағыттағы теория: 1. Б. Скиннер (1904-1990) - радикалды бихевиоризм, позитивизм, мінез -құлықты басқару. ІУ. Когнитивті бағдардағы тұлғалар теориясы: 2. Дж. Келли (1905-1966) - конструктивті теория 3. К. Кольберг (1927-1987) - адамгершілік дилеммасы У. Синтетикалық бағыттағы теориялар: 1. К. Левин (1890-1947) - өріс психологиясы 2. Р. Ассаджиоли (1888-1974) - психосинтез. У1. Жаца психотерапевтік теориялар: 1. Э. Берн трансактілік анализ 2. Когнитивті психологиялық ақпаратгар теориясы 3. Терең психология (глубинная психология) 4. Генетикалық психология (Ж. Пиаже) 5. Феноменологиялык психология 6. Характерология 7. Эго психология 8. Экзистенциалды психология 9. Интеллект психологиясы 10. Түсіну психологиясы 11. Парапсихология 12. Теориялық психология 13. Эмоцияның когнитивті теориясы 14. 0йлаудағы бейнелік компоненттер 15. Индивидуалды айырмашьшықтар теориясы 16. Когаитивті диссонанс теориясы. 17. Құрылымдық баланс теориясы 17. Конгруэнтті теория (теория изменения отношения) 18. Трансперсоналды психология (космостық сана) 19. Рөлдер теориясы. 2 0. Психодинамика Қазіргі Ресейдегі бағыттар: Қазір іс әрекет ықпалын дамытушылар: А.Г. Асмолов, Б.С. Братусь, Ф.Е. Василюк, Д.А. Леонтьев, А.В. Петровский, В.И. Слобадчиков, ал С.Л. Рубинштейннің мектебін К.А. Абульханова - Славская, Л.И. Анцыферова, И.С. Кон жалғастыруда. Тұлға психологиясьна қызығулар болсада жеке бір оқулық жоқ. 3 Практикалық және семинар сабағының сұрақтары. 1. Жеке тұлға психологиясындағы зерттеулер мен баға. 1. Анамнез әдісі. 2. Корреляция әдісі. 3. Эксперимент әдісі. 4. Жеке тұлғаның бағалануы. 5. Бағалау әдістерінің типтері. 2. Жеке тұлға теориясындағы психодинамикалық бағыт: З. Фрейд. 1. З. Фрейдтің өмірбаяны. 2. Психодинамикалық концепциялардың эмпирикалық валидизациясы. 3. Психоаналитикалық терапия- санасыздықты зерттеу. 5. Психодинамикалық бағытты қайта қараудың нәтижелері: А. Адлер. 1. А. Адлер өмірбаяны. 2. Адам табиғатына байланысты Адлер теориясының негізгі қағидалары. 3. Невроз және оның емделуі. 6. Жеке тұлға теориясындағы эго-психология және онымен байланысты бағыттар: Э. Эриксон. 1. Э. Эриксон: эго-жеке тұлға теориясы. Библиографиялық очерк. 2. Эго-психология: психоанализ дамуының нәтижесі. 1. Эпигенетикалық принцип. 4. Адам табиғатына байланысты Эриксон теорияларының негізгі қағидалары. 5. Жеке тұлға теориясындағы диспозициялық бағыт. 1. Г. Олпорт: диспозициялық жеке тұлға теориясы. 2.Жеке тұлға қасиеттерінің клнцепциясы. 3.Ересек кездегі жеке тұлға. 4. Олпорт теориясының негізгі қағидалары. 7. Әлеуметтік мәдени теория: К. Хорни. 1. Жеке тұлғаның әлеуметтік мәдени теориясы. Библиографиялық очерк. 2. Әлеуметтік мәдени теория: негізгі концепциялары мен теориялары. 7. Р. Кеттел: жеке тұлға қасиеттерінің құрылымдық теориясы. 1. Библиографиялық очеркі. 2. Жеке тұлға типтері теориясының негізгі принциптері мен концепциясы. 8-9. Жеке тұлға теориясындағы үйретуші-бихевиоралды және әлеуметтік- когнитивтік бағыттар. 1. Б.Ф. Скиннер мен А. Бандура өмірбаяндары. 2. Скиннердің психологияға көзқарасы. 3. Әлеуметтік-когнитивтік бағыттың негізгі принциптері. 4. Бақылау арқылы үйретуді бекіту. 10-11. Жеке тұлғадағы когнитивтік бағыт. 1. Дж. Келли: жеке тұлғаның когнитивтік бағыты. Библиографиялық очеркі. 2. Когнитивтік теория негіздері. 12-13. Гуманистік және феноменологиялық бағыттар. 1. А. Маслоу: жеке тұлғаның гуманистік теориясы. Өмірбаяны. 2. К. Роджерс: жеке тұлғаның феноменологиялық теориясы. Өмірбаяны. 3. Гуманистік теорияның негізгі принциптері мен концепциялары. 4. Адам табиғатына Роджерстің көзқарасы. 14-15. Жеке тұлға теориясындағы жаңа бағыттар. 1. Ретроспективтегі негізгі қағидалар. 2. Жеке тұлға теорияларының бағалануы. 3. Персонология эрасының басталуы. 4. Тұлғаны зерттеудегі жаңа теоретикалық және эмпирикалық перспективалар. 4. Студенттердің өздік жұмысы. 4.1. СӨЖ және СӨЖО тапсырмаларын орындауға әдістемелік нұсқау. Студенттердің өздік жұмыстарды орындауларына жалпы кеңестер (нұсқаулар) 1. Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библиографиялық дағдылар, түрлі анықтама әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б. ) ие болу керек. 2. Біліммен жемісті шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, орын, тиісті әдебиеттер мен құралдардың болуы т.б.) керек етеді, ең дұрысы кітапханаларда, оқу залдарында біліммен шұғылдануға дағдылану. 3. Өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық біліп, ол жұмысты белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек. 4.Алғашқы кезде оқытушылардан, тәжірибелі адамдардан, кітапханалардан ақыл- кеңес алудың пайдасы зор. 5. Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн. 6. Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп ұғып, түсінбеген жерлерді қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет. 7. Анықтама әдебиеттерді, энциклопедияларды, түрлі сөздіктерді қоса пайдаланып отыру керек. Студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар. • Жұмыстың көлемін шамадан тыс асырмай, оның сапасын арттыруға көңіл аудару; • Студенттердің өздік жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерімен дұрыс ұштастыра білу; • Студенттердің дербестігін арттырып, өзіндік білім алу қабілетін жүйелі түрде дамыту; • Өзіндік жұмыстың мазмұнына күнделікті өмірден алынған материалдарды, хабарларды енгізу; • Студенттерді табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдылықтарын, сонымен қатар нақты фактілер мен құбылыстарды өздігінен талдап түсінуге үйрету; • Студенттердің алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру; • Студенттерді оқу жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауға, әр уақытта дербес және белсенді әрекет жасауға баулу; • Студенттердің өздігінен дербес жұмыс істеу, еңбек ету дағдыларын қалыптастыру. СӨЖ тақырыптарының тізімі 1. Жеке тұлға түсінігі деген не? 2.Жеке тұлға психологиясындағы зерттеу әдістері. 1. З. Фрейдтің психоанализіне сипаттама. 2. Психоаналитикалық терапия-санасыздықты зерттеу. 3. Психодинамикалық бағыттағы А.Адлер теориясы. 4. Невроздар және олардың зерттелуі. 5. К. Юнгтің өмірбаяны. 6. Жеке тұлға теориясындағы эго-психологиямен байланысты бағыттыр. 7. Диспозициялық бағыт өкілдері: Г. Олпорт, Р. Кеттел, Г. Айзенк. 8. ЖТТ-дағы үйретуші-бихевиоралды бағыт. 9. Әлеуметтік-когнитивтік бағыт: А. Бандура Және Дж. Роттер. 10. Дж. Келлидің когнитивтік ЖТТ-сы. 11. А. Маслоу: ЖТТ-ның гуманистік бағыты. 12. Феноменологиялық бағыт: К. Роджерс. 13. Тұлға психологиясындағы жаңа бағыттар.
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz