Файл қосу

Дыбыстың табиғаты










               5В050400  «Журналистика»   мамандығына  арналған
    «Хабар дайындаудың аудиотехникалық және цифрлық технологиясы» пәнінің
                          ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК  КЕШЕНІ

                         ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР





















                                 СЕМЕЙ-2013



Мазмұны

1
Глоссарий...................................................................
......................................
2
Дәрістер....................................................................
.......................................
3 Практикалық
сабақтар....................................................................
.............
4 Курс жұмысы және дипломдық
жоба........................................................
5 Студенттердің өздік
жұмысы......................................................................





































1 ГЛОССАРИЙ

АРГУМЕНТ – бір нәрсені дәлелдеуге негіз болатын логикалық тұжырым.
ГЛОССАРИЙ
АВТОБИОГРАФИЯ     -     қандай     да     бір      тұлғаның  өмірбаяндық  өз
туындысы.
АВГОГРАФ - біреудің екінші бір адамға қолтаңба жазып  беруі.
АВТОР  -  түрлі    салаларда    шығарма    жасаушы    тұлға.  Әдебиеттегі,  
өнердегі,   ғылымдағы,   т.б.   творчестволық еңбек иесі.
АГИТАЦИЯ - ауызша немесе баспасөз арқылы қалың көпшілікке   идеялар    мен  
лозунгілер   таратып,   саяси тұрғыдан үгіттеп, әсер ету қызметі.
АЛЬМАНАХ - әр түрлі авторлардың әдеби шығармалар жинағы.  Кезең-кезең  сайын
шығып тұруы мүмкін.
АНАЛИЗ    -    тиісті      объектіні      жан-жақты      талдап  көрсететін,
ғылыми-логикалық тұрғыдан ой-топшылаулар жасайтын зерттеу әдісі.
АННОТАЦИЯ - кітап мазмұнына қысқаша түсініктеме жасау.
АНОНИМ - өз есімін жасырушы шығарма авторы.
АРГУМЕНТ - бір нәрсені дәлелдеуге негіз болатын логикалқ тұжырым.
БИБЛИОГРАФИЯ - кітаптар мен  журналдардың  ішіндегі  мәліметін,  анықтамасын
білдіретін көрсеткіштер.
 БРОШЮРА   -   шағын    көлемдегі    шығарма    берілген,  жұмсақ  мұқабамен
шығатын жүқа кітап.
ВЕРСТКА    -   терілген    материалдар   гранкілері    арқылы   типографияда
газет, журнал беттерін дайындау.
ДЕЗИНФОРМАЦИЯ      -      жалған      хабар      арқылы жаңылыстыру.
ДЕНЬ ПЕЧАТИ - дәстүрлі баспасөз  күні.  Жыл  сайын  28  маусым  күні  аталып
өтеді. "Түркістан уалаяты" газетінің 1870     жылы     алғашқы     нөмірі   
шыққан     күнге     орай  белгіленген.     Аталмыш     мерекелік     күні  
творчестволық  конкурста  жүлде   алған   журналистерге   арнайы   сыйлықтар
тапсырылады.
ДИСКУССИЯ - жиналыста немесе баспасөзде әлдебір мәселені қызу талқылау.
ЖАНР - әдеби немесе публицистикалық шығарма түрлері.
ЖУРНАЛИСТ - бұқаралық ақпарат құралдарында тұрақты жұмыс  істейтін,  арнаулы
кәсіби мамандығы бар қызметкер. Оның жұмысы  идеологиялық,  қоғамдық  саланы
қамтып, творчестволық тұрғыда еңбек  етеді.  Отанға,  халыққа  қызмет  етіп,
публицистика саласында  шығармалар  береді.  Ішкі-сыртқы  саяси  мөселелерге
белсене араласып, қоғамдық пікір қалыптастыруға қатысады.
ЗАМЕТКА - бір оқиғаның, фактінің негізінде жазылатын қысқаша хабар.
ИДЕОЛОГИЯ - қоғамдық санадағы идеялар жүйесі, ілім. Саясат,  мораль,  ғылым,
өнер, дін жөніндегі ұғымдар  мен  көзқарастар  жиынтығы.  Ол  қоғам  дамуына
белсенді  әсер  етеді.  Идеология  прогресшіл  немесе  реакцияшыл  болуы  да
мүмкін.
ИЛЛЮСТРАЦИЯ - кітап, газет, журналдар тексіне орай берілетін суреттер.
ИНТЕЛЛЕКТ- ақыл, адамның ойлау қабілеттілігі.
ИНТЕЛЛИГЕНЦИЯ - ой  еңбегінің  адамдары.  Мәдениет  пен  ғылымның  әр  түрлі
салаларынан арнаулы білімі бар мамандар.  Мысалы,  дәрігер,  ғалым,  жазушы,
артист, мұғалім, инженер, мемлекеттік аппарат қызметкерлері т.б.
ИНТЕРВЬЮ - сұрақ-жауап түрінде белгілі бір тұлғаның оқиға мен факті  жөнінде
журналистке айтқан әңгімесі, сұхбаты.    Оның    зәру    мәселе    бойынша  
пікірлері   мен көзқарасын,    берген    мәліметін     бұқаралық     ақпарат
құралдарында жариялау үшін журналистің жазып алуы.
ИНТЕРПРЕТАЦИЯ   -   бір     нәрсенің     мәнін     ашу,  ұғындыру.  Қайсыбір
текске түсіндірме жасау.
КАЛЛИГРА ФИЯ - анық, әдемі жазу өнері.
КОММЕНТАРИЙ - кітап немесе текс туралы қысқаша түсіндірме беру.
КОММЮНИКЕ -мемлекетаралық және дипломатиялық  келіссөздер  туралы  үкіметтің
ресми хабарлары.
КОНСПЕКТ - лекцияны,  шығарманы,  сезді  қысқаша мазмұндап жазу.
КОНСТАТИРОВАТЬ -  фактіні  анықтау,  сендіру,  куә болу.
КОНТЕКСТ  -   тығыз   байланыстылық,    мәні    жағынан  бітіп  тұрған  текс
үзіндісі.
КОНЦЕПЦИЯ  -    өмір   құбылысына    көзқарас    білдіріп,  тұжырым   жасау.
Жазушының, ғалымның, журналистің т.б. негізгі түйінді ойлары.
КОРРЕКТОР - баспасөз  материалдрын  баспаханада  теру  кезінде     кеткен   
кателерді    гранкіден,    не    версткалау кезінде   беттерден    жөндеп,  
түзететін     қызметкер.     Ол  саяси,  орфографиялық,  стильдік   тұрғыдан
сауатты болуы тиіс. Типографиялық техникадан хабары болуы керек.
КОРРЕКТУРА -  баспаханалық  терімнен  кейін  оттискіде  байқалған  кателерді
жөндеу.
КОРРЕСПОНДЕНТ -  бұқаралық  ақпарат  кұралдарының  жер-жерден      хабар    
жинап     беріп     тұратын     тілші қызметкері.
КОРРЕСПОНДЕНЦИЯ - публицистика жанры. Өмірдің бір бөлшегін  көрсету  арқылы,
фактілерге  талдау  жасап,  баға    беру.    Саяси,    экономикалық   және  
мәдени   өмір объекті етіп алынуы  мүмкін.  Тақырыбы,  алынатын  жері  нақты
көрсетіледі. Жалқыдан жалпыны түйіндейді.
КОПИЯ - тупнұсқаның тура көшірмесі.
КУРСИВ     -     формалық     тұрғыдан     қолжазба     әріптерге   ұқсайтын
типорафиялық қаріп.
ЛЕЙТМОТИВ - негізгі, жетекші ой.
ЛЕТУЧКА  -  редакция  ұжымының  жедел  әрі  қысқаша   өткізетін   өндірістік
жиналысы.
ЛИНОТИП -  типографияда   редакция   материалдарын  жол  етіп  құятын  терім
машинасы. XIX ғасырдың 80-ші жылдары жасалған.
МАКЕТ - арнаулы бланкіге сызықтар  арқылы  түсірілген  газет    беттерінің  
дәл     жасалынған      жоспары.      Соның   үлгісінде         шығатын     
газет      беттері      дайындалып безендіріледі.
ОРИГИНАЛ - көшірмеден бөлек, шығарманың  негізгі  түпнұсқасы,  типограифялық
терімге берілетін материал.
ОРИЕНТАЛИСТ    -     шығыс     халықтарының     тілін, мәдениетін білуші.
ОРФОГРАФИЯ - белгілі бір тілдің сөздерін  бірыңғай жүйе бойынша  дұрыс  жазу
тәсілі.
ОТТИСК  -  терілген   беттің  типографиядағы   алғашқы байқау басылымы.
ОФИЦИАЛЬНЫЙ - бір нәрсенің ресми қызметтік мәні.
ОФСЕТ - - типографияда жасалған цинк  қаңылтырдағы  газет  бетінің   бейнесі
сол  күйінде  резина  пленкасына түсіріледі де, одан соң  қағазға  басылатын
тәсіл.
ОЧЕРК  -   көркем   жанрға    жатады,    публицистикалық  сарында  жазылады.
Негізінен фактіге құрылады, ойдан шығарылмайды. Оқиға,  фактілер  зерттеліп,
баяндалады.Оның   кейіпкерлері   өмірде   бар   адамдар,   нақты    деректер
баяндалады.    Көбіне   кейіпкерлер   бейнесі    суреттеліп беріледі.
ПАМФЛЕТ -  заманға  кереғар,  қоғамдық-саяси  өмірдегі  кейбір    келеңсіз  
құбылысты,    сондай-ақ    әлдебір    жеке  қайраткерлер  туралы  әшкерелеу,
келемеж мақсатындағы актуальды да, көркем публицистикалық шығарма.
ПАРАДОКС -  әдеттегі  қалыптасқан   жағдайдан   бөлек күтпеген тосын  пікір,
құбылыс
ПАРАЛОГИЗМ   -   логикалық   қателесуге    байланысгы  жалған  ойлау,  яғни,
ойдың бұзылуы.
ПАРАФРАЗА   -   басқа   біреудің   тексін,   ойын   өзіндік сөзбен  жеткізу,
сипаттау.
ПАТЕТИЧЕСКИЙ - адамды толқынысқа түсіретін  күшті  сезімдегі  жоғары  пафос,
екпін.
ПАФОС - көтеріңкі көңіл-күй сезімі, әсері.
ПЕРСОНАЖ - әдебиет, өнер шығармаларындағы кейіпкерлер.
ПЕТИТ - ұсақ типографиялық шрифтінің түрі.
ПЛАГИАТ -  әдеби ұрлық,  біреудің шығармасын  өзіне пайдаланып кету.     
 ПЛЮРАЛИЗМ - дүниені  бір  текті  қарамай,  көп  түрлі  санайтын,  әр  түрлі
көзқарас, пікір алуандығы.
ПОДБОРКА   -   бірыңғай   тақырыптағы   бірнеше   газет  материалының  ортақ
рубрикаға біріктіріліп берілуі.
ПОЗИЦИЯ - белгілі бір іске,   мәселеге   көзқарас   пен  қарым-қатынасты    
анықтайтын     адамның     іс-әрекет сипаты, ұстанған бағыты.
ПОЛЕМИКА   -   баспасөзде,   жиналыста     бір    нәрсені  талқылау  кезінде
болатын айтыстар.
ПОЛИГЛОТ- көп тіл білуші.
ПОЛИГРАФИЯ   -    баспа    өнімдерінің    барлық    түрін шығаратын  өндіріс
саласы.
ПОЛИТИКА -  мемлекеттік,  қоғамдық  іс  ірі  әлеуметтік  топтар      мен    
халықтар     арасындағы      қарым-қатынас  жұмыстары,    саясат.     Оның  
қоғамдық  өмірдің   барлық саласына ықпалы бар.
ПРЕССА     -      мерзімді     басылымдар,      газеттер      мен  журналдар
т.б.
ПРЕСС-БЮРО -  жалпы   қоғам   мен   баспасөзге   арнап  ағымдағы  оқиғаларды
жариялау үшін үкімет  және  басқа  да  басқару  органдары  жанынан  құрылған
арнаулы орган.
ПРЕСС-КОНФЕРЕНЦИЯ   -    информациялық    тұрғыда  әңгімелесу      үшін,    
саяси      мәселелерді      айту      үшін  мемлекеттік,   саяси,   қоғамдық
қайраткерлердің    баспасөз    өкілдерімен       кездесуі.      Журналистер 
 сұрақтарына   ішкі-сыртқы жағдайлар  туралы  жауап  беру  үшін  өткізілетін
жиналыс.
ПРИНЦИП - негізгі идеалға сай ауытқымай іс-әрекет көрсету тәртібі.
ПРОБЛЕМА - теориялық және практикалқ шешімін күткен өзекті де,  аса  қажетті
мәселе.
ПРОГРАММА    -   атқарылатын    істің     жоспары,   оның   мақсаттары   мен
міндеттерінің бағыты, жиынтығы.
ПРОГРЕСС -  алға  жылжу,   қоғамда   неғүрлым  жақсы жағдайға жету,  дамудың
жоғары сатысына өту.
ПРОКЛАМАЦИЯ - листовкалық басылым секілді үгіттік сипаттағы үндеу.
ПРОМУЛЬГАЦИЯ      -  қайсыбір өкімет актісін жұртшылыққа хабарлау.
ПРОПАГАНДА -  ілімді,  саяси теорияны,  көзқарасты, идеяны  баспасезде  және
ауызша  түрде  тарату  мен түсіндіру, насихаттау.
ПУБЛИКАЦИЯ     -  баспасөзде  жалпыға арналып  жарияланған  хабар,  жазылған
материал.
ПУБЛИЦИСТ - қоғамдық-саяси мәселелер туралы қалам тартып  жүрген  журналист,
қаламгер.
ПУБЛИЦИСТИКА  -  мерзімді   басылымдарда   саясат   пен   қоғамдық    өмір  
мәселелерінің  жазылып, жариялануы. Журналистика саласының материалдары.
ПСЕВДОНИМ -  жазушы,   журналистердің   баспасөзде  шын  аты-жөнінің  орнына
ойдан шығарылған бүркемшік есімді пайдалануы.
ПУНКТУАЦИЯ   -   тыныс белгілерін   дұрыс қолдану туралы ереже.
РЕДАКТОР - мерзімді  басылымның  жетекшісі,редакция  коллективінің  басшысы.
Газет, журналдардың саяси бағытына, идеясы мен мазмұнына,  жалпы  оқырмандар
үшін тартымды шығуына жауап беретін тұлға. Сонымен бірге тиісті  мәселелерді
шешіп, ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуші.
РЕПОРТАЖ - қайсыбір оқиға туралы журналистің өзі қатысып.  көзімен  көргенін
жұртқа сол күнде айна-қатесіз жедел жеткізуі, айтуы, көрсетуі.   Оқырманның,
не көрерменнің өзі болғандай әсер беруі.
РЕПОРТЕР - болған  оқиғалар  туралы  жергілікті  жердеп  мәліметтер  беретін
бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері.
РУБРИКА      -      газет       бетіндегі       біріктіріліп        берілгеп
материалдарға,   сондай-ақ   жүйелі   түрде    жарияланып  тұратын  кезеңдік
материалдарға тағылатын ортақ айдар.
РУКОПИСЬ  -  кез  келген   шығарманың,  текстің  т.б. қолжазбасы.
СЕНСАЦИЯ    -    қоғамды,    жұртты    дүрліктірген,    шу көтерген  әлдебір
оқиға, хабар.
СОБКОР  -  редакцияның  жергілікті  аймақтарда  тұрып   жұмыс     істейтін  
меншікті   тілшісі.   Ол   сол   жерлерден  тұрақты  түрде  хабарлар  жолдап
тұрады.   Редакцияның штатты қызметкері болып есептеледі.
СОЮЗ  ЖУРНАЛИСТОВ  КАЗАХСТАНА  -  Қазақстанның   Журналистер   одағы,   яғни
журналистердің республикалық кәсіби творчестволық ұйымы.  Бққаралық  ақпарат
құралдарында істейтін мыңдаған  мүшесі бар. Жоғарғы органы - съезд,  арнаулы
уставы қабылданған. Үйымның  төрағасы  мен   секретариаты  жұмыс   істейді. 
Жергілікті жерлерде бөлімшелері құрылған.
СТАТЬЯ - мақалада ірі өмір құбылыстары мен фактілері терең анализ  жасалып, 
теориялық     және      практикалық     тұрғыдан           жинақталып,      
қорытылады.        Маңызды  қоғамдық-саяси     тақырыптар      қамтылып,    
зерттеледі. Мақаланың бірнеше түрлері бар.
СТЕНОГРАФИЯ -ауызша сөзді ерекше белгілер арқылы қысқартып әрі тез жазу
СТИЛЬ  -  қаламгерлер  творчествосының,  шығармаларының  өзгеге   ұқсамайтын
ерекшеліктері. Әдіс, тәсіл, мәнер сипаттары.
СПЕЦКОР- айрықша бір мәселелер жөнінде тапсырма алып,  оқиға  болған  жерден
материал дайындап әкелетін газет-журналдар редакциясының арнаулы тілшісі.
СЦЕНАРИЙ -  экранда  көрсетілетін  телехабарлардың  композициялық,  сюжеттік
желісі, жобасы. Жүргізушінің  немесе  диктордың  қысқаша  мазмұндалған  текс
жүйесі. Онда берілетін хабардың процесі,  реті  қалай  болатыны  айқындалып,
көрсетіледі. Соның негізінде хабар дайындалып экранға шығарылады.
ФЕЛЬЕТОН  -  публицистикалық  көркем  жанр.   Сатира  мен  юмор  элементтері
пайдаланылады.   Жазылу   стилінде    образдылық     байқалады.      Нақты  
кемшіліктерді   сылап, мінейді.  Одан   арылуға   әсер  етеді.   Деректерге 
сүйеніп, анықталған фактілерді арқау етеді.  Қоғамдық  мәселелер  көтеріліп,
көркем тіл қолданылады. Актуальді тақырып
алынып,   шындық   жазылады.   Өмір   құбылыстарының маңызы бағаланады.
ЦЕНЗУРА    -    баспасөзде    жарияланатын    шығармаларға  ерекше   бақылау
жасау.
ЦИКЛ     -     тақырыбы,      кейіпкері,      мазмұны      ортақ  шығармалар
жиынтығы.
ЦИТАТА -  ой-түжырымды,  пікірді  дәлелдеп,  дәйектеу  үшін  басқа  біреудің
шығармасынан өзгертпестен үзінді сөздер келтіру.
ШАБЛОН - жауыр болған сөздер мен ойларға  көзссіз еліктеп, үлгі түту.
ШРИФТ -  баспасөз  үшін  терім  жасалатын  типографиялық қарып түрлері.
ЭКЗЕМПЛЯР - бірыңғай заттың бір ғана данасы, үлгісі.
ЭРУДИЦИЯ   -     ғылымның,     пәннің     саласын     терең  оқығандық,  зор
білімділік, түбегейлі таным.
ЭССЕ  -    публицистикалық   сарындағы     очеркке     ұқсас    шығарма.    
Мысалы,     ғылыми     эссе,     тарихи     эссе, публицистикалық эссе т.б.
ЭТИКА  -адамдардың  моральдық  адамгершілік  қасиеттері  жөніндегі  нормалар
жүйесі.    Отанға,    қоғам    жөнінде    өзара          қарым-қатынас      
мәселелерін,        міндеттрін айқындайтын болмыс, әдет-ғұрып.



2 ДӘРІСТЕР
Дәріс сабағының құрылымы:
       1-Дәріс. ДЫБЫС ЖАЗУ – ЭЛЕК ТРОНДЫ ЖУРНАЛИСТИКАНЫҢ БАСТЫ ФАКТОРЫ

Дәріс сабағының мазмұны:
1. Дыбыс – ауа тербелісі, толқын.
2. Толқындар ұзын, орта, қысқа толқынға бөлінеді.

      Адамзат дыбыстар әлемінде, түрлі дыбыстардың  ортасында  болады.  Адам
өміріне дыбыстың етене еніп кетендігі соншалықты сағаттың тықылы,  машинаның
гүрілі т.б. сияқты айналадағы тұрмыстық шулар еленбейді. Ал, құлаққа  сіңіп,
үйреншікті  болған   дыбыстар  ортасынан   бөліне   қалған   жағдайда,   сол
дыбыстардың жетіспей тұратындығы аңғарылады.
      «Радионың өзі -  дыбыс  искусствосы.  Дыбыс  адамның  нәзік  түйсігіне
соғып, ұғым туғызатын эмоциялық құбылыс. Дыбыс өнері өмір  шындығын,  көркем
образдарды естірту арқылы бейнелейді. Бұл оның бейнелеу тәсіліндегі  өнердің
басқа салалардан ерекшелігі, өзіне тән ерекше сипаты», -  деп  жазады  радио
зерттеушісі, профессор Н. Омашев. Яғни, радиожурналистикада дыбыстың  алатын
орны ерекше екендігін ескере отырып оның табиғи сипатына көңіл бөлінеді.
      Айналаны қоршаған ортадағы құбылыстар, адамдардың сөздері,  дауыстары,
құстардың сайрағаны, музыка аспаптарының дыбысы,  ағаштардын,  жапырақтардың
сыбдыры, күннің күркіреуі,  машинаның  гүрілі  т.б.  күнделікті  кездесетін,
адам өмірі үшін қажетті заттар дыбыс шығарады.
      Дыбыс – ауа тербелісі, толқын. Дыбыс  естілгенде  белгілі  бір  көзден
шығып, белгілі бір межеге жетеді.  Егер  дыбыс  репродуктордан  шықса,  оның
шеңберін бойлай бекітілген  жеңіл  диск-мембрана  тербеледі.  Ал,  музыкалық
аспаптарды қолданғанда, ондағы  дыбыс  көзі  сол  аспаптын  ішегі,  тербеліп
тұрған ауа бағаны болып табылады. Адамның  есту  мүшесі  мен  дыбыс  көзінің
арасын ауа бөліп  тұрады,  яғни  естілген  дыбыс  адамның  есту  мүшесіндегі
жарғақ  толқын  арқылы  тербеліске  түседі  де,  ми   қабаттарына   дыбыстың
берілгені жайлы сигнал  түседі.  «Дыбыс  кең  мағынасында  –  газ,  сұйықтық
немесе қатты күйдегі серпімді орта бөлшектерінің  толқын  түрінде  таралатын
тербелмелі қозғалысы,  тар мағынасында – адамдар  мен  жануарлардың  арнаулы
сезу органымен субъективті түрде қабылданатын  құбылыс»  -  деп  көрсетіледі
«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясында.
      Адам өмірінде дыбыс толқындарының маңызы  және  оны  зерттейтін  ғылым
ретінде акустиканын атқаратын  рөлі  орасан  зор.  Дыбыстың  барлық  сипатын
зерттеу  әскери  өндіріс  саласында,  халық  шаруашылағын  дамытуда,  музыка
аспаптарын жасауға т.б.  және  хабар  таратудын  жетілген  жүйесін  дамытуға
тиісті үлес қосады. Әсіресе, электронды БАҚ-тың  қоғамдағы  рөлін  арттыруда
өте қажет. Өйткені,  дыбыстық  әсерлерсіз  радиохабарлардың  жасалуы  мүмкін
емес.
      Дауысты құбылтып, түрлендіріп беру тәсілімен дыбыстық картиналар жасау
арқылы электронды хабар  берудің  сипаты  өзгеріске  түседі.  Ресми  маңызды
деген хабардың өзін  бір  қалыпты  дыбыспен  беру  адамның  логикалық  ойлау
жүйесін іске қосқанымен, сезіміне әсер ете алмайды. Яғни хабардың  эмоциялық
ықпалы  нөлге  тең.  Мұндай  адам  психологиясына  әсері   жоқ   хабарлардың
қабылдануы  ауыр  болғандықтан,   тыңдарман   аудиториясын   тез   шаршатып,
жалықтырып жібереді. Сондықтан да,  хабардың  мазмұнын  ғана  емес,  эфирден
берілу формасы, естілу ерекшеліктері ескеріліп, тыңдаушыны  тартып,  жетелеп
отыруы  тиіс.  Дәлірек  айтқанда,  негізгі  жүкті  көтеретін,  басты  қызмет
атқаратын нәрсе - сөйлеушінің дауыс ырғағы.  Адам  даусының  ырғақтарын,  үн
реңдерін қағазға түсіру мүмкін емес. Қағазға жазылған  сөз  өзінің   қосымша
бейнелеуші қасиеті  -  үннен  жанды  дауыстан  айырылады,  сол  арқылы  оның
мазмұны да кемиді. Сондықтан да, радиохабарларының  естілу  арқылы  жасайтын
әсері басқа бұқаралық ақпарат құралдарына қарағанда басымырақ.
      Дыбыстың таралуына қарай  түрлі өлшемдерге  жіктеуге  болады.  Мысалы,
адам сөйлеп тұрған  кезде  шығатын  дыбыс  50  дб-ден  асса,  онда  қаттырақ
сөйлегені 60 дб немесе 100 дб деп естілуін есептеуге болады.  Децибелл  (дб)
– дыбыстың естілуін,  таралуын  есептейтін  бірлік.  Аса  жақсы  акустиқалық
жарақтандырылған бөлмеде дыбыстың естілу шамасы 0 дб, ал  тыныш  бөлмеде  30
дб  болады.  Радио  үйінде  хабар  жасалатын  бөлмелер  арнайы   акустиқалық
жабдықталған.  Естілуі  10  дб-ге  тең.  Уақыт  өтуімен   ілесе   кеңістікке
таралатын тербелістер толқын деп аталады. Дыбыс таралған кезде  дененің  бір
бөлігінен екінші бөлігіне  толқын  арқылы  жетеді.  Бүкіл  толқын  атаулының
негізгі  қасиеті  –  олардың  физикалық   денені   тасымалдамай,   энергияны
тасымалдауы. Біртекті ортада толқындар жарық  сәулелер  тәрізді  түзу  сызық
бойымен таратылады.  Бұлай   таралу  еркін  таралу  деп  аталынады  да,  тек
космоста  ғана  пайдаланылады.  Жер  бетіндегі  толқындардын  таралу  сипаты
«еркін  таралудан»  өзгеше  болады.   Яғни   жердегі   толқындар   «жағалай»
таратылады.  Биіктеген  сайын  атмосферада  сыну   қөрсеткіші   артады   да,
рефракция  (дыбыс  сәулелерінің  қиысуы)  құбылысы  салдарынан  радио  сәуле
жерге қарай ойысады.
      Ауада таралатын толқындар қума толқын  болып  табылады.  Ауаның  дыбыс
өткізгіш екенін 1660 жылы ғалым Р. Боиль тәжірибе жасап, дәлелдеген.  Ауаның
дыбыс өткізу  қасиетіне  арналған  қарапайым  тәжірибе:  егер  ішіне  электр
қоңырауы орнатылған шыны қораптың  ішіндегі  ауа  шығарылып  тасталса,  онда
қоңыраудың дыбысы естілмейді, өйткені өткізгіш ауа жоқ.  Егер  ауа  қайтадан
толтырылса, онда қоңырау шылдыры естіледі.  Дыбыс  сұйық  ортада  да,  қатты
ортада да тарала алады. Мысалы, су астындағы адам кеменің  есу  тетіктерінің
дыбысын, тастың тасқа соғылған дыбысын жақсы ести алады.
Дыбыс туралы екі ұғым бар:
      Бірі - қоршаған  ортада,  ауада,  суда  т.б.  жағдайда  жан-жаққа  бір
қалыпты толқын тәріздес тарайтын тербелістен туатын физиқалық құбылыс.
      Ал, екіншісі - есту органдарына дыбыс толқындары арқылы пайда  болатын
ерекше  сезім.  Дыбыс  табиғатының  осындай  екі  жақты   қасиетіне   қарап,
музыкалық немесе музыкалық емес, естілетін яки естілмейтін, тіпті  көрінетін
не  болмаса  көрінбейтін  дыбыс  деп  бөле  қарауға  болады.  Дыбыстың   туу
табиғаты, таралу жолдары, белгілі бір дененің тербеліс қозғалысына  келуінен
дыбыс туатындығы және оның толқын түрінде тарайтыны тәжірибеде  дәлелденген.
Сондықтан да, дыбыс толқыны кез-келген толқын сияқты  тербеліс  амплитудасын
(ауқымын), жиілігін (белгілі бір уақыт ішінде тарап үлгеретін толқын  санына
негізделген) сақтайды.
      Айналаны қоршаған ауқымдағы, әр түрлі  толқындағы  дыбыстардың  ішінен
адам құлағы 16 Гц-тен 20 Гц-ке дейінгі  жиіліктегі  дыбыстарды  ести  алады.
Адамның есту қабілетінен төмен жатқан немесе 16 Гц  төмен  болатын  дыбыстар
инфрадыбыс деп, ал 20 Гц-тен жоғары дыбыстарды  ультрадыбыстар  деп  атайды.
Адамға естілмейтін дыбыстарды  қейбір  жануарлар  (жарғанат,  дельфин  т.б.)
ести алады. Мысалы, мұхитта апатқа ұшыраған  кемедегі  адамдарға  дельфиндер
көмекке келген, сонда алдымен аяғы ауыр әйелге  көмеқтесуі  инфрадыбыстардың
әсерінен болғаны анық. Аталып өткен  екі  дыбыс  та  өндірісте,  медицинада,
қорғаныс ісінде қолданылады. 20-дан 20  мың  Гц-ке  дейінгі  дыбыстың   кез-
келген түрін қазіргі дыбыс жазу аппараттары қайталай алады.
      Халықаралық  комитет  радиотолқындарды   бірнеше   диапазонға   бөліп,
жіктеген: Алғашқы диапазон  -  3  Гц-тен  30  Гц  аралығы  немесе  толқынның
ұзындығы 100 мыңнан 10 мың шақырымға жетеді.  Шеткі  төменгі  жиілік  немесе
декаметрлік толқын деп аталады. Ол тек ғылыми  зерттеулер  мен  астрономияда
ғана қолданылады.
      Екінші диапазон - шамадан тыс төмен жиілік, 30 бен 300 Гц аралығы.  10
мыңнан бір шақырымға жетеді. Мегометр деп  аталынады.  Онымен  су  астындағы
қайықтармен морзе әліппесі арқылы байланыса алады.
      Үшінші диапазон - инфратөмен 300 Гц-ден 3000 Гц-қе  дейін.  Яғни  1000
мен 100 шақырым аралығы.
      Төртінші диапазон - өте төменгі жиілік 3 тен  30  қГц-ті  метрлік  деп
атайды. Бұл жиілікте жұмыс істеу үшін үлкен антенна, жоғары қуаттылық  қажет
және ауа райы бір қалыпты болу керек. Сонымен қатар, толқындар  ұзын,  орта,
қысқа толқынға бөлінеді.  Ұзын  толқында  радионың  бірінші  арнасы  бойынша
берілетін   хабарлар   және   жергілікті     радиостанциялардың    хабарлары
таратылады.  Орта  толқындар  «S0S»  беруге,  шұғыл   шараларды   хабарлауға
қолданылады. Кейбір жиіліктерде түрлі  жергілікті  радиостанциялардың  жұмыс
істеуіне рұқсат етілген.  Қысқа  толқындар  арқылы  жер  шарының  қез-қелген
нүктелерімен байланыс жасауға  болады.  Әуе  кеңістігінде  ұшақтарды  ұшыру,
қондыру сәттерінде де осы жиілік пайдаланылады.
      Соңғы  диапазонға  -  ультрақысқа  толқындар   кіреді.   Бұған   бүкіл
радиотолқындар кіреді. Қысқа  толқындарда  негізінен  көп  каналды  байланыс
орнатылып, телефон, радио, теледидар  арқылы  кең  көлемде  хабар  таратуға,
қабылдауға  мүмкіндіқ  туып  отыр.  Сонымен   қатар   бұл   толқында   түрлі
объектілерге  дейінгі  қашықтықты  және  бағытты   анықтауда,   атмосфераның
жоғарғы қабаттарының, планеталардын құбылысы  жайлы  деректер  де  алуға  да
қолданылады.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. Дыбыстың  табиғаты.
2. Оның  функциялары және қоғамдағы  орны.
Ұсынылатын әдебиеттер:
   1.Барманкулов М.  Вес  мир  у  вас  в  квартире.  Алматы.,  1972.
 2.Молдабеков А.  Хабардың  бес  белесі.  Алматы.,  2000
 3.Масғұтов С.  Көгілдір  экран-өмір  айнасы.  Алматы.,  1976
 4.Вачнадзе Г.  Весмирное  телевидение.  Тбилиси.,  1989
 5.Барманкулов М.  Телевидение:  деньги  или  власть.  Алматы.,  1997
 6.Тұрсынов Қ.  Көгілдір  экран  құпиясы.   Алматы.,  1999
 7.Кузнецов Г.  ТВ-журналист.  Москва.,  1980
 8.Саппак В.  Телевидение  и  мы.  Москва.,  1988
 9.Амандосов Т.  Совет  журналистикасының  теориясы  мен  практикасы.
   Алматы.,  1978

         2-Дәріс. РАДИОБАЙЛАНЫСТА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТОЛҚЫНДАР АНЫҚТАМАСЫ

Дәріс сабағының мазмұны:
1. Ұзын толқын.
2. Орта толқын.
3. Қысқа толқын.

      Ұзын толқын – шақырымдық,  ұзындығы 1-20 шақырым, жиілігі 148-408 қГц.
Қалалы, таулы жерлерде қолдануға ынғайлы. Ең ұзақ таралуы - 2000 шақырым.
      Орта толқын – гектометрлік, ұзындығы 575-187  метр,  жиілігі  535-1605
кГц.  Бұл  толқын  күндізгіге   қарағанда   жақсы   таралады.   Яғни,   алыс
қашықтықтарға радиобайланыс қөбінесе түнде тара-лады.
      - декаметрлік, толқын  ұзындығы 90-11 метр, жиілігі 3,95-26,1 кГц. Бұл
толқын көбінесе  шетелдерге  хабарлар  тарату  үшін  қолданылады.  Космостық
байланысқа жарамайды.
      Ультрақысқа толқын – (УҚВ -1, УҚВ - 2, ГМ) метрлік, ұзындығы 4,6 - 2,8
метр, жиілігі 65,9 - 108 МГц.
      ҒМ -  радиостанцияларының  біздің  елімізде  жұмыс  істей  бастағанына
біршама уақыт болды. Алайда, өздерінің жоғары  сапалылығымен  эфирді  жаулап
алды. Көптеген үлкен қалалар радиостанциялары осы толқынмен хабар таратады.
      Секундына 300 мың км/секунд жылдамдықпен  таралатын  радиотолқындардың
жердін бетімен таралатындары - жоғары толқындар деп аталады.
      Ал, әр  түрлі  бұрыштарға,  тұйықтарға  таралатын  толқын  -  қеңістік
толқындар деген атауға ие. Әуе қеңістігі бір  қалыпты  емес.  Төменгі  10-15
шақырымдағы қабат тропосфера, ал  жоғары  қабаттағы  500-ден  600  шақырымға
дейінгі аралық  ионосфера  деп  аталады.   Ауа  жәй  тұрған  қүйінде  электр
тоғын өткізбейді, ал күннің сәулесінің әсерінен ионизация процесі өткен  сон
тоқ өткізгіштік  қасиетқе ие  болады.  Осы  иондану  қезінде  радиотолқындар
бағытына  өзгеріс енеді. Олардың мүлде өшіп қалуы,  шағылуы  бұрылуы  сияқты
әсерлері толқынға ион  жасайды.  Атмосферада  неғұрлым  иондану  қөп  болса,
соғұрлым  радиотолқындардың  қисаю  процесі  көбейеді.  Ал,   жердің   қисық
траекториясына қарай радио толқындар қисық пішін алуы рефракция деп  аталса,
ал  толқын  алдындағы  кедергіге   кездесіп,  ол  бағытынан  бұрылады,  яғни
дифрақция процесі өтеді.
      Радиотолқындардың шағылуы,  жаңғырықтың  пайда  болуы  радиолокацияның
негізі болады.  Көрінбейтін  заттардың  тұрған  жерін  радиотолқындар  әсері
арқылы  анықтау  радиолокация   деп,   ал   оған   пайдаланылатын   құралдар
радиолокатор деп аталады. Бұл  құралдар  қөбінесе  әскери  техникада,  көлік
инспеқцияларында  қолданылады.  Радиолокацияда  радиопередатчиктен   антенна
арқылы таралған радиотолқын кез  келген  заттан,   әсіресе  электр  өткізгіш
заттардан тез шағылады. Мысалы, самолеттер, кемелер, су асты қайықтары  т.б.
яғни,  радиопередатчиктің  антеннасы   арқылы   тараған   толқын   алдындағы
обьектіден жан жаққа шағылды, бірақ энергияның  бір  бөлігі  бұрынғы  шыққан
жеріне қайтып, қабылданғыш антеннаға келеді.
      Радиотолқынның бір секундтағы жылдамдығы үшін жүз мың  шақырымға  тең.
Қазіргі  кезде  осы  толқын  жылдамдығынан  да  тез  ұшатын  самолет   ойлап
шығарылып отыр. Әрине, адамзат ой-қиялынын шарықтау шегінде  тұрған  кезеңде
электронды техниканың дамуының да заңды құбылыс екені айқын.
      Радиотолқындар микросекундтарымен яғни секундтық миллиондық  өлшемімен
өлшенеді, ондай толқындармен жұмыс істеу үшін электронды  сәулелі  трубкалар
пайдаланылады. Егер  радиотолқынды  пайдалану  жөніндегі  ғылыми  жаңалықтар
ашылмаса, дүние жүзін өрмекшінің торындай сымдар басып қететін еді.  Сонымен
бірге әуе кеңестігінде байланыстар жүйелі жүргізілмейтін,  ұшақтардың қауіп-
қатерге ұшырамай ұшулары  қамтамасыз  етілмейтін  еді.  Дәл  осы  сияқты  су
астындағы байланыс, әскери  қорғау  жұмыстарына  да  радиотолқындар  табысты
түрде пайдалануда.
      «Дыбыстың қарқындылығына байланысты анықталатын  дыбыстың  субъективті
сипаттамасы дыбыс қаттылығы» (Қазақ энциклопедиясы) деп аталады.  Бір  тонды
дыбыстардын қаттылығы әр түрлі болуы мүмкін. Дыбыстың бұл  қасиеті  тербіліс
энергиясы   амплитудасымен   байланысты.   Ал,   дыбыстың   қаттылығы    мен
амплитудасының  аралығында  тұрақты  байланыс  болады.  Дыбыстың   қаттылығы
жөнінде бірі екіншісінен екі  есе,  үш  есе,  миллион  немесе  миллиард  есе
қаттырақ деп атауға болмайды. Қаттылығы әр түрлі дыбыстар  туралы  біріншісі
екіншісінен осынша есе көп қатты емес, осынша бірлікке қатты  деп  айтылады.
Өйткені, дыбыстың қаттылық бірлігі бар, ол – децибелл (дц).  Яғни,  қаттылық
бірлігі децибеллмен өлшенеді.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. Ультрақысқа толқын.
2. Дыбыстың қаттылығы.
Ұсынылатын әдебиеттер:
   1.Барманкулов М.  Вес  мир  у  вас  в  квартире.  Алматы.,  1972.
 2.Молдабеков А.  Хабардың  бес  белесі.  Алматы.,  2000
 3.Масғұтов С.  Көгілдір  экран-өмір  айнасы.  Алматы.,  1976
 4.Вачнадзе Г.  Весмирное  телевидение.  Тбилиси.,  1989
 5.Барманкулов М.  Телевидение:  деньги  или  власть.  Алматы.,  1997
 6.Тұрсынов Қ.  Көгілдір  экран  құпиясы.   Алматы.,  1999
 7.Кузнецов Г.  ТВ-журналист.  Москва.,  1980
 8.Саппак В.  Телевидение  и  мы.  Москва.,  1988
 9.Амандосов Т.  Совет  журналистикасының  теориясы  мен  практикасы.
   Алматы.,  1978

                          3-Дәріс. ДЫБЫС ҚАСИЕТТЕРІ

Дәріс сабағының мазмұны:
1. Дыбыс  жылдамдығы.
2. Дыбыс  жиіліктері.
      Дыбыс   жылдамдығы.   Барлық  толқын  сияқты  дыбыс   толқыны   ондағы
тербелістің таралу жылдамдығымен сипатталады. Жылдамдық  толқын  ұзындығымен
және тербеліс  жиілігімен  байланысты.  Дыбыс  жылдамдығы  әр  түрлі  ортада
түрліше. Температурасы 20 °С ауада дыбыс толқындарының жылдамдығы 340 м/сек-
қа тең.  Басқа  орталарда  ол  басқаша  болуы  мүмкін.  Дыбыс  толқындарынын
таралуы ең алдымен  дыбыс  жылдамдығымен  сипатталады.  Мысалы,  газдар  мен
қатты денелердегі толқынның жылдамдығы толқын  таралатын  ортаның  тығыздығы
мен сығылу процесіне байланысты болады.
      Дыбыс  жиіліктері. Егер дыбыс ауада таралатын толқын болса,  онда  ауа
бөлшектері қозғалысқа түскен сайын, дыбыс шығып отыруы керек.  Мысалы,  адам
қолдарын  арлы-берлі  қатты  сермеген  кезде  дыбыс  пайда   болады.   Яғни,
бөлшектер тербеліске түседі. Бұл жағдайда  толқын  пайда  болғанымен,  дыбыс
естілмейді. Оның себебі, толқындағы тербелістің белгілі бір жиілігінде  ғана
дыбыс пайда  болады,  яғни  адам  сезе,  ести  алатын  дыбыс  туады.  Ғылыми
тәжірибелердің дәлелдеуі бойынша,  20-дан  20000  Гц-ке  дейінгі  жиіліктегі
толқынды адамның есту мүшесі арқылы  сезіне  алады,  ал  бір  секунд  ішінде
қолды 20 рет сермеу мүмкін емес. Ал, келіп жетқен дыбыс толқындағы  тербеліс
жиілігіндей жиіліқпен дыбыс толқындарын туғызады. Олар  миға  дыбыс  сигналы
болып жетеді. Дыбыс әр түрлі болады.  Әйел  дауысы,  ер  кісі,  бала  дауысы
болып бөлінеді, әрі олардың өзіндік ерекшеліктері бар.
      Дыбыс  тоны.  Дыбыстардын  естілуіне  қарай  төменгі,  жоғарғы   тонды
дыбыстар болып бөлінеді. Мысалы, барабаннан шыққан дыбыс  –  төменгі  тонды,
ал ысқырықтан шыққан дыбыстарды жоғарғы тонды болып саналады. Жоғарғы  тонды
дыбыстарға тербілістің  үлкен  жиілігі  сәйкес  келеді.  Дыбыс  толқынындағы
тербелістер жиілігі дыбыс тонын анықтайды. Бір ғана  түрлі  жиілікте  толқын
шығаратын ерекше дыбыс көздері болады, бұл таза тонды дыбыс болып  саналады.
Дыбыстың мұндай түрін шығаратын құрал – камертон деп аталынады.  Камертонның
көлемі неғұрлым үлкен болса,  оны  соққанда  шығатын  дыбыс  соғұрлым  төмен
болады.
      Дыбыстың шағылуы. Дыбыс толқыны  қандай  бір  ортада  болмасын  тарала
отырып, белгілі бір уақытта осы ортаның шекарасына жетеді, ал  оның  соңынан
дыбыс  жылдамдығы  басқа  бөлшектерден  тұратын  өзге  бір  орта  басталады,
осындай  шекарада  дыбыс  толқындарының  шағылу   құбылысы   жүзеге   асады.
Шағылудын  себебі,  шекараға  толқын   әкелген   тербеліс   екінші   ортаның
бөлшектеріне беріліп, өздері жаңа дыбыс толқынының көздеріне  айналады.  Бұл
толқын теқ екінші  ортаға  ғана  таралып  қоймайды,  сонымен  бірге  алғашқы
толқын келген  бірінші  ортаға  да  тарайды.  Міне,  осы  процесс  толқынның
шағылуы деп аталады. Бұл  құбылыс  жаңғырықпен  байланысты.  Қандай  да  бір
дыбыс көзінен сигнал беріліп, оның  шыққан  уақыты  белгіленіп,  қабылданған
мерзімнің арасындағы уақыт  өлшенсе  кедергіге  дейінгі  қашықтықты   табуға
болады.  Ультрадыбыстық   толқындар   табиғаты   жағынан   дыбыс   толқынына
ұқсағанымен адам оны дыбыс тәрізді қабылдай алмайды,  өйткені  оның  жиілігі
20 Гц-тен артық. Ондай дыбыстарды қабылдайтын  және  шығаратын  белгілі  бір
тіршілік иелері бар екендігі ғылымда дәлелденген. Ультрадыбыс  толқындарының
басты ерекшелігі оларды дыбыс  көзінен  белгілі  бір  бағытпен  тарататындай
етіп бағыттауға болады.
      Дыбыстың жұтылуы.  Бұл  дыбыс  энергиясының  энергияның  басқа  түріне
қайтымсыз  айналуы  процесі.  Дыбыстың  жұтылуы  жиілікке  тәуелді   болады.
Сондықтан да жоғары жиіліқтегі ультра-дыбыс пен гипердыбыс қысқа  қашықтыққа
таралады. Атмосферада, суда және жер  қыртысында  инфрадыбыс  толқындары  аз
жұтылатын болғандықтан алысырақ қашықтыққа жетеді.
      Ғылымда  дыбыс  толқындарын  зерттейтін   ғылым   саласы   акустиканың
атқаратын рөлі зор. Дыбыстың  барлық қасиеттерін зерттеу  ақпарат  таратудың
жетілген жүйелерін жасауға, сигнал беру  салаларын  дамытуға,  жетілдірілген
музыка  аспаптарын жасап шығаруға мүмкіндік береді. Дыбыс  жазу  орындарының
бәрінде қолданылатын  «акустикалық  жарақтандырылған бөлме» деген үғым  бар.
Ақустика гректің «аkustikas»  деген  сөзінен  шыққан,  «еститін,  тыңдайтын»
деген  мағынаны  білдіреді.  Бұл  дыбыс  туралы  ілім  -  физиқаның  маңызды
салаларының  бірі.  Аристотель  дыбыс  тарайтын  ортада  сиреу  мен   сығылу
процестерінің   алма-кезек   ауысып   отыратыны   және   дыбыстың    шағылуы
нәтижесінде  жаңғырық  пайда  болатыны   туралы   болжам   жасаған.   Барлық
ғылымдарға тән орта ғасырдың тоқырау дәуірінде ақустиканың  дамуы  да  біраз
тежеліп, XVI ғасырдан басталып өз алдына ғылым ретінде  қалыптаса  бастаған.
ХV-ХVІ ғасырда итальяндық ғалым Леонардо до Винчи дыбыстың  шағылу  процесін
зерттеп, әр түрлі дыбыс көздерінен шыққан дыбыс  толқындарының  таралуындағы
тәуелсіздіқ принциптерін тұжырымдаған. Г. Галилей деген француз ғалымы  және
М. Мерсенн дыбыс тонынын жоғарылығы туралы зерттеу жүргізіп,  онын  тербеліс
жиілігіне  тәуелділігін  анықтаған.   Мерсенн   дыбыстардың   ауада   таралу
жылдамдығын алғаш рет анықтаған, ал мұны П.  Ламмес  аса  дәлдікпен  есептеп
шығарған.  Басқа  бір  топ  ғалымдар  дыбыстың   суда   таралу   жылдамдығын
анықтаған. Осы  ғалымдардың  бәрі  акустика  ғылымын  өрістеткен,  дамытқан,
өзіндік үлестерін қосқан.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. Дыбыс тоны.
2. Дыбыстың жұтылуы.
3. Дыбыстың шағылуы.
Ұсынылатын әдебиеттер:
   1.Барманкулов М.  Вес  мир  у  вас  в  квартире.  Алматы.,  1972.
 2.Молдабеков А.  Хабардың  бес  белесі.  Алматы.,  2000
 3.Масғұтов С.  Көгілдір  экран-өмір  айнасы.  Алматы.,  1976
 4.Вачнадзе Г.  Весмирное  телевидение.  Тбилиси.,  1989
 5.Барманкулов М.  Телевидение:  деньги  или  власть.  Алматы.,  1997
 6.Тұрсынов Қ.  Көгілдір  экран  құпиясы.   Алматы.,  1999
 7.Кузнецов Г.  ТВ-журналист.  Москва.,  1980
 8.Саппак В.  Телевидение  и  мы.  Москва.,  1988
 9.Амандосов Т.  Совет  журналистикасының  теориясы  мен  практикасы.
   Алматы.,  1978

                          4-Дәріс. АКУСТИКА ҒЫЛЫМЫ

Дәріс сабағының мазмұны:
   1. Акустиканың атқаратын рөлі зор.
2. Акустикалық тәсілдер.

      Ғылымда  дыбыс  толқындарын  зерттейтін   ғылым   саласы   акустиканың
атқаратын рөлі зор. Дыбыстың  барлық қасиеттерін зерттеу  ақпарат  таратудың
жетілген жүйелерін жасауға, сигнал беру  салаларын  дамытуға,  жетілдірілген
музыка  аспаптарын жасап шығаруға мүмкіндік береді. Дыбыс  жазу  орындарының
бәрінде қолданылатын  «акустикалық  жарақтандырылған бөлме» деген үғым  бар.
Акустика гректің «аkustikas»  деген  сөзінен  шыққан,  «еститін,  тыңдайтын»
деген  мағынаны  білдіреді.  Бұл  дыбыс  туралы  ілім  -  физиқаның  маңызды
салаларының  бірі.  Аристотель  дыбыс  тарайтын  ортада  сиреу  мен   сығылу
процестерінің   алма-кезек   ауысып   отыратыны   және   дыбыстың    шағылуы
нәтижесінде  жаңғырық  пайда  болатыны   туралы   болжам   жасаған.   Барлық
ғылымдарға тән орта ғасырдың тоқырау дәуірінде ақустиканың  дамуы  да  біраз
тежеліп, XVI ғасырдан басталып өз алдына ғылым ретінде  қалыптаса  бастаған.
ХV-ХVІ ғасырда итальяндық ғалым Леонардо до Винчи дыбыстың  шағылу  процесін
зерттеп, әр түрлі дыбыс көздерінен шыққан дыбыс  толқындарының  таралуындағы
тәуелсіздіқ принциптерін тұжырымдаған. Г. Галилей деген француз ғалымы  және
М. Мерсенн дыбыс тонынын жоғарылығы туралы зерттеу жүргізіп,  онын  тербеліс
жиілігіне  тәуелділігін  анықтаған.   Мерсенн   дыбыстардың   ауада   таралу
жылдамдығын алғаш рет анықтаған, ал мұны П.  Ламмес  аса  дәлдікпен  есептеп
шығарған.  Басқа  бір  топ  ғалымдар  дыбыстың   суда   таралу   жылдамдығын
анықтаған. Осы  ғалымдардың  бәрі  акустика  ғылымын  өрістеткен,  дамытқан,
өзіндік үлестерін қосқан.
      Қазіргі акустика мазмұнына қарай екіге бөлінеді: жалпы  акустика  және
іс   жүзінде   қолданылатын   акустика.   Олар   физиологиялық,   музыкалық,
архитектуралық   және    атмосфералық    акустика,    электро    акустикамен
гидроакустика сияқты салаларға бөлінеді.  Жалпы  акустикада  дыбыстар  пайда
болуы  мен  таралуы  процестері  эксперименттіқ  және   теориялық   тұрғыдан
қарастырылады.  Атмосфералық  акустикада  атмосфераның  түрлі   қабаттарында
дыбыстың таралу, жұтылу және сейілу процестері қарастырылады.
      Физиологиялық акустикада адам мен жануарлардың есту және дыбыс  шығару
мүшелерінің ерекшеліктері зерттелінеді. Электроакустикада дыбысты жұтып  алу
мен қайта шығару және электрлі музықа аспаптарын  өндіру,  өндіріске  енгізу
проблемалары зерттелінеді.
      Архетиктуралық акустика салынатын  ғимараттардағы  дыбыстардың  таралу
процестерін қарастырады.
      Акустикалық тәсілдер ғылым мен техниканың сан алуан мәселелерін шешуге
қолданылады. Дыбыстың түрлі ортада таралу қасиеттеріне  негізделіп  жасалған
құралдың көмегімен теңіздер  мен  мұнай  скважиналарының  тереңдігі  де  дәл
анықталады. Ал ультрадыбыс  қатты  заттарды  уақтайды,  өсімдіктердің  өсуін
тездетеді, бағалы материалдарды өңдейді. Ультрадыбыстың көмегімен  әр  түрлі
детальдардағы  ақаулар  анықталады,  ауруларға  диагноздар   қойылады   т.б.
өндіріс салаларында пайдаланылады.
      Акустикалық материалдар - құрылыстардың акустикалық қасиетін  жақсарту
мақсатында қолданылатын заттар. Ол  қаптау  және  төсеу  материалдары  болып
бөлінеді.  Қаптау  материалдары  дыбыс  жұту  (үй  ішінде),  шуды  бәсеңдету
(өнеркәсіп  цехтарында,  хирургиялық  операция  бөлмесінде   т.б.)    немесе
қоғамдық  орындарда  (көру  залы,   радио   және   телестудияларда)   естілу
мүмкіндігін жақсарту үшін қолданылады.
      Толық акустикалық жарақтандырылған, дыбыс  жазу  процестеріне  қатысты
жабдықтармен, құралдармен қамтамасыз етілген  радиоүйінде  хабар  дайындаушы
шығармашылық топпен бірге техникалық қызметкерлер де еңбек етеді. Радио  үйі
сияқты ғимараттардағы шуды  бәсеңдету  үшін  ағаш  талшықты  тақта  ас-бест,
картон, поливиннилхлоридті  линолеум,  тақта,  синтетикалық  өнімдер,  түкті
қілем сияқты заттардың қолданылуы қажет.  Дыбыс  өткізбеудің  дәрежесі  (дб)
децибеллмен  өлшенетіндігі  ескеріледі.   Мысалы,   тұрғын   және   қоғамдық
үйлердегі шу 40-50 дб болады, ал  өндіріс  орындарындағы  80  дб-ден  аспауы
керек.
      Дыбыстық толқындар қабырғаға,  төбеге,  жиһаздарға  т.б.  кедергілерге
соғылып біртіндеп сөнеді немесе шағылып теріс  қайтады.  Кедергіге  соғылған
дыбыс шағылады, ал  ашық  есік  немесе  терезе  жолында  болса,  дыбыс  өтіп
кетеді. Шағылған дыбыс тез немесе кешігіп  жетуі  мүмкін.  Егер  кешігу  0,1
секундтан  асса,  онда  дыбыс  жаңғырық  болып  естіледі.  Дыбыс   кедергісі
неғұрлым бос, атомдары сиреқ орналасқан болса,  дыбыс  тезірек  өшеді.  Егер
дыбыс бірден өшпей біртіндеп сөнетін болса, мұндай дыбыстан  кейінгі  естілу
сәті  реверберация  деп  аталады.  Сондықтан  да   электромагниттік   жазуға
жаңғырық араласпас үшін  дыбысты  сіңіріп  алатындай  жағдайлар  жасалынады.
Міне, осы тұста акустика ғылымының тұжырымдары жүзеге асырылады.
      Дыбыстың табиғатының зерттелу бағыттарына орай сараптай  келе  біршама
қорытындылар қалыптасады:
      Миқрофондардың, күшейткіштердің, дыбыстау  құралдарының  т.б.  сапасын
олардың жиілік сипаттамасымен ешуақытта  өлшеуге  болмайды.  Оның  себебі  -
белгілі бір жиіліктегі дыбыс  әр  түрлі  амплитудамен  шығуы  мүмкін.  Соның
нәтижесінде жазылған дыбыстың берілу сапасы төмендейді.
Дыбыс  толқындары  кедергілерге   шағылып,   реверберация   пайда   болуының
себебінен  магниттік  жазудың,  оның  естілуінің  сапасы   төмендейді.   Кей
жағдайда  реверберация  дыбысқа  көлем  беріп,  жеңілдетіп,  пайдалы  қызмет
атқарса, кері қайту мерзімінің ұзақ  болуына  байланысты  кері  әсер  етеді,
өйткені жазуға жаңғырық араласады.
    - Дыбыстар өзінің жиіліктеріне қарай тез өшеді. Мысалы, жақындап
келе жатқан оркестр құралындағы  аспаптар  дыбысынын  әр  қалай  жетуі.  Бұл
ерекшелік те жазу барысында ескерілуі керек. Сонымен бірге адамнын есту
қабілеті мен микрофонның  қабылдау  қасиеті  бірдей  болмайды.  Осының  бәрі
дыбыстың жазылу сапасына әсер ететін фақторлар.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. Реверберацияның пайда болуы.
   2. Дыбыс жиіліктері.
Ұсынылатын әдебиеттер:
   1.Барманкулов М.  Вес  мир  у  вас  в  квартире.  Алматы.,  1972.
 2.Молдабеков А.  Хабардың  бес  белесі.  Алматы.,  2000
 3.Масғұтов С.  Көгілдір  экран-өмір  айнасы.  Алматы.,  1976
 4.Вачнадзе Г.  Весмирное  телевидение.  Тбилиси.,  1989
 5.Барманкулов М.  Телевидение:  деньги  или  власть.  Алматы.,  1997
 6.Тұрсынов Қ.  Көгілдір  экран  құпиясы.   Алматы.,  1999
 7.Кузнецов Г.  ТВ-журналист.  Москва.,  1980
 8.Саппак В.  Телевидение  и  мы.  Москва.,  1988
 9.Амандосов Т.  Совет  журналистикасының  теориясы  мен  практикасы.
   Алматы.,  1978

5-Дәріс. ТЕЛЕРАДИОХАБАРЛАР ТАРАТУ ТОРАБЫ ЖӘНЕ ЖҮЙЕСІ

Дәріс сабағының мазмұны:
    1. Синхронды радиохабарлар тарату жүйесі
    2. Стереофониялық радиохабар тарату жүйесі
    3. Квадрофониялық жүйе
      Электронды    бұқаралық    ақпарат    құралдарының    өнімдері    яғни
телерадиохабарлары  арнайы  тораптардан  таратылады.  Телерадио  –   торапқа
жататындар:  радиоүйлері,  телеорталықтар,  хабар  таратушы  каналдар,  елді
мекендерге хабар таратушы және қабылдаушы станциялар. Ал, радиожүйеге  хабар
тарату түрлері  (дыбыстық,  монофониялық,  стереофониялық,  квадрофониялық),
бір сәтте берілетін бағдарламалар саны (бір бағдарламалы,  көп  бағдарламалы
радиохабарлар),   модуляция   түрлері   (амплитудалы,   жиілікті),    толқын
диапазоны  (ұзын, орта, қысқа, ультрақысқа) толқындар. Кез  келген  таратқыш
станциялардың қабылдағыш станцияларға дейінгі қызмет  көрсету  аясы  болады.
Ол радиоқабылдағыштардың күшіне және өндірістік,  атмосфералық  кедергілерге
байланысты  жұмыс  істейді.  Ал,  радиотолқындар  ұзындығы  -   толқындардың
таралуына    және    радиотораптардың    қызметіне    байланысты    алынады.
Ұзынтолқындағы  таратқыш  антеннасынан  таралған  энергия  күндіз   қабылдау
нүктесіне жер толқыны арқылы жетеді.Ұзын толқын күндізгіге  қарағанда  түнде
алысырақ таралады, жазға қарағанда қыста ұзағырақ  таралады.  Ұзын  толқынға
мыңдаған  киловаттық  қуаты  бар  таратқыш  қолданылады,  бұл   экономикалық
жағынан тиімсіз.  Сондықтан,  республикалық,  облыстық  станциялар  көбінесе
орта толқынды пайдаланады. Ал алыс қашықтықтарға қысқа  толқын  қолданылады.
Сапалы дыбыс тарату үшін көбінесе көп толқынды жүйе тиімді.
      Синхронды радиохабарлар тарату жүйесі – бірнеше таратқыш бір  жиіліқте
параллельді түрде жұмыс істеп, біртекті бағдарламалардың таратылуы.
      Стереофониялық  радиохабар  тарату  жүйесі  –  дыбыстың  екі  қаналмен
жазылуы.   Мысалы,   бір   ғимараттан    шыққан    дыбысты    басқа    жаққа
электроакустикалық жолмен тарату. Яғни алғашқы  шыққан  дыбыстың  өзгеріссіз
сол күйінде естілуі. Егер ансамбль ойнап тұрған  болса  сондағы  құралдардың
әр қайсысының дыбысы жекелей естіліп тұрған күйінде жеткізіледі.
      Квадрофониялық жүйе – стерофониялық дыбыстың 4 каналмен таратылуы. Бұл
жүйенің өзі толық  квадрофония,  квазиквадрофония,  псевдоквадрофония  болып
бөлінеді.
      Дыбыстық сигналдар қолмен де және автоматты түрде реттеледі.  Дыбыстың
сапасын арттыру үшін дыбыс деңгейін реттеп  отыру  қажет.  Музыкаға  25  дб,
көркем оқуға - 14 дб, сөзге - 10 дб  мөлшері  қойылады.  Ол  жөнінде  арнайы
мамандандырылған кәсіби инженерлер  мағлұмат  береді,  әрі  сапалы  дыбыстың
эфирге шығуын қамтамасыз  етеді.  Теле,  радио  үйі  -  телерадиохабарлардың
дыбыс  жазудан  бастап  эфирге  шығуына  дейінгі  процестер   жүзеге   асуға
арналған, арнайы құрал-жабдықтармен жарақтандырылған ғимарат.
      Ал, хабар деген дыбыстық және  бейнелік  информациялар  жиынтығы.  Осы
дыбыстық  информациялардың  сан  алуан  түрлерін   әуе  толқынына  дайындап,
тарататын  қызметқерлер  телерадио  үйінде  еңбек  етеді.  Сондай   дыбыстық
информациялардын түрлері:
      Хабар - бір тақырыпқа бағытталған ақпарат. Ақпаратқа  сөз  ғана  емес,
музықа да жатады. Бағдарлама  -  бір  арнаға,  тақырыпқа  арналған  хабарлар
жиынтығы.
      1.  Сөздіқ  хабарға  леқция,  баяндама,  диқторлық  сөз,  көркем  оқу,
репортаж, коментарий жатады. Вокалды аспапты музықалар.
      Аралас хабарлар. Әдеби-драмалық  хабарлар,  яғни  сөз  де,  музыка  да
аралас.  Осы  аталған  дыбыстық,  эффектілер  жиынтығы  арнайы   студияларда
жасалады.
      Бір  сәтте  берілетін  бағдарламалар  саны  (бір   бағдарламалы,   көп
бағдарламалы  радиохабарлар);  модуляция  түрлері  (амплитудалы,  жиілікті);
толқын диапазоны (ұзын, орта,  қысқа,  ультрақысқа)  толқындар.  Кез  келген
таратқыш станциялардың қабылдағыш станцияларға дейінгі қызмет  көрсету  аясы
болады.  Ол  радио-қабылдағыштардың  күшіне  және  өндірістік,  атмосфералық
кедергілерге  байланысты  жұмыс  істейді.  Ал,  радиотолқындар  ұзындығы   -
толқындардың таралуына және радиотораптардын қызметіне  байланысты  алынады.
Ұзынтолқындағы  таратқыш  антеннасынан  таралған  энергия  күндіз   қабылдау
нүктесіне жер толқыны арқылы жетеді. Ұзын толқын күндізгіге қарағанда  түнде
алысырақ таралады, жазға қарағанда қыста ұзағырақ  таралады.  Ұзын  толқынға
мындаған  килловаттық  қуаты  бар  таратқыш  қолданылады,  бұл  экономикалық
жағынан тиімсіз.  Сондықтан,  республикалық,  облыстық  станциялар  көбінесе
орта толқынды пайдаланады. Ал алыс қашықтықтарға қысқа  толқын  қолданылады.
Сапалы дыбыс тарату үшін көбінесе көп толқынды жүйе тиімді.
      Радио үйі -  радиохабарлардың  дыбыс  жазудан  бастап  эфирге  шығуына
дейінгі  процестер  жүзеге   асуға   арналған,   арнайы   құрал-жабдықтармен
жарақтандырылған ғимарат.
      Ал, радиохабар деген - дыбыстық информациялар жиынтығы.  Осы  дыбыстық
информациялардың  сан  алуан  түрлерін  әуе  толқынына  дайындап,  тарататын
қызметкерлер  радиоүйінде  еңбек  етеді.  Сондай  дыбыстық  информациялардың
түрлері:
      Хабар - бір тақырыпқа бағытталған ақпарат. Ақпаратқа  сөз  ғана  емес,
музықа да жатады. Бағдарлама  -  бір  арнаға,  тақырыпқа  арналған  хабарлар
жиынтығы. Сөздік  хабарға  леқция,  баяндама,  дикторлық  сөз,  көркем  оқу,
репортаж, коментарий жатады. Воқалды аспапты музықалар.
      Аралас хабарлар. Әдеби-драмалық  хабарлар,  яғни  сөз  де,  музыка  да
аралас.  Осы  аталған  дыбыстық,  эффектілер  жиынтығы  арнайы   студияларда
жасалады. Радиоүйінде жүзеге асырылатын процестер
      -     магниттік  дыбыс жазу, монтаж жазылған дыбыстың естілуін яки
қайта шығарылуын қамтамасыз ету, трансляциялық пункттерден
жазу, халықаралық каналдардан сигналдар қабылдау сияқты істер.
Онда шығармашылық және техниқалық топ қызмет етеді, сонымен
бірге жалпы қызмет көрсетушілер тобы да бар.
      Микрофондар алдыңғы жазу бөлмесіндегі  пультке  жалғастырылады.  «Мына
түста  барабан  күштірек»  немесе  «скрипка  үні  әлсіздеу»   деген   сияқты
кемшіліктерге жол берілмеу үшін инженерлер микрофонды дайындауға  аса  көңіл
бөледі.  Ал,  радиоқойылымдарды  жазу  концерттік  бағдарламаларды   жазудан
қүрделі  болып  қеледі.  Мысалы,  ондай  студияларға  кемінде  бес  микрофон
қойылады. Төртеуінен шыққан сигнал пультке, пульттен  тағы  бір  микрофонға,
одан қейін дыбыс агрегатына беріледі.
      Дыбыс жазу  кезінде  адам  дауысының  неғұрлым  табиғи  шығуына  көңіл
бөлінуі  қажет.  Табиғи  жазылған  дыбыс  хабардың   нақтылығын   арттырады.
Сонымен,   дыбыстық   студияларға   қажетті   шарттар:
      -     дыбыстық (изоляция) оқшаулау,  акустикалық  талап,  реверберация
уақыты, техникалық және шығармашылық топ жұмысын
қамтамасыз ету. Жоғарыда аталып өткен негізгі студияларға
қосымша халықаралық хабарларды жазу және студиядан тыс
трансляциялық хабарлар жасау орындары да бар. Трансляция – сөз
бен дыбыс арқылы ешбір өзгеріссіз оқиға картинасының жасалу
процесі. Қазіргі кезде трансляцияның  маңызы зор. Өйткені,  шетелдерде,  ТМД
мемлекеттерінде болып жатқан көптеген халықаралықмаңызды оқиғалар
осы трансляциялық жолмен таратылады.
      Радиоүйінде жүзеге асырылатын процестер - магниттік дыбыс жазу, монтаж
жазылған  дыбыстың   естілуін   яки   қайта   шығарылуын   қамтамасыз   ету,
трансляциялық пункттерден жазу, халықаралық каналдардан  сигналдар  қабылдау
сияқты істер. Онда шығармашылық және техникалық топ  қызмет  етеді,  сонымен
бірге жалпы қызмет көрсетушілер тобы да бар.   Радиоүйінің  тыныс-тіршілігін
құрап отырған ұжымдардың қызметін бейнелейтін схема төмендегідей:

РАДИО ҮЙІ:
Қазақ радиосынын Бас директоры
Қазақ радиосының Бағдарламалар директоры
Қазақ радиосы Бағдарламалар директорының орынбасары
Қазақ радиосынын Бас редакторы
Қазақ радиосынын Бас редакторының 1-орынбасары
Қазақ радиосының Бас редакторының 2-орынбасары
Қазақ радиосынын техникалық директоры
Шығармашылық топ:
Ақпараттық-сараптамалық   бағдарламалар   Бас   редакциясы:   Бас   редақтор
Орынбасары Жауапты редактор
Таңғы хабарлар Бас редакциясы: Бас редактор
«Руханият» Бас редакциясы: Бас редақтор Орынбасары
Қоғамдық-танымдық бағдарламалар Бас редакциясы: Бас редактор Орынбасары
Жастар мен балалар бағдарламалары Бас редакциясы: Бас редактор Орынбасары
Әлеуметтік-экономикалық   бағдарламалар   Бас   редакциясы:   Бас   редактор
Орынбасары
Музыкалық бағдарламалар Бас редакциясы: Бас редактордың  1  -орынбасары  Бас
редактордың 2-орынбасары
«Алтын қор» Фонотека жетекшісі
Фонотека жетекшісінің орынбасары Үйлестіру және хабар тарату қызметі:
Жетекшісі
Жетекшінің орынбасары
Дыбыс жазу және монтаж қызметі
Дыбыс  жазу  жэне  монтаж  қызметінін  бастығы  Жарнамалық  және  әлеуметтік
роликтер бөлімі:
Бөлім бастығы
      «Қазақстан»  РТРҚ  АҚ-ның  веб-сайтын  бөлім  бастығы  жэне  екі   аға
вебредакторлар   шығарады.   Сонымен   қатар,   режиссерлер,    журналистер,
комментаторлар,  дикторлар,  дыбыс  режиссерлері,  операторлар,  инженерлер,
кадр бөлімі, есеп бөлімі, күзет бөлімі, жөндеуші техниктер қызмет атқарады.
Радиоүйінде сөздік, музыкалық,  концерттік,  әдеби-драмалық  т.б.  студиялар
болады.
      Студия  дегеніміз  –  дыбыстық  хабарлардың  жасалу   процесі   өтетін
акустикалық жарақтандырылған арнайы бөлме. Студияның іші  дыбыс  өтпейтіндей
етіп, шудың таралуын төмендететін, дыбыстың  шағылуын  бәсеңдететін  құрылыс
материалдарымен  қапталады.  Аумағына,  атқаратын  қызметіне  қарай  бірнеше
түрге бөлінеді.
      Студиялық аппараттық бөлмеде – сөздік, дикторлық мәтін жазылады.
      Монтаждық  аппараттық  бөлмеде   –   шағын  хабарлар  жасалады.   Онда
магнитофондар, монтаждық пульт, бақылаушы дыбыстық агрегат орналасқан.
      Қайта  жазу  және  күрделі  монтаж  аппараттық   бөлмесінде-музыкалық,
драмалық   қомпозициялар,   эстрадалық,    симфониялық    т.б.    концерттер
фонограммалары дайындалады. Мұндайда бірнеше магнитафондардан  шыққан  дыбыс
сапасы реттеледі, яғни микшерлеу процесі жасалады, көп  жолды  магнитофондар
дыбыстары  жазылады.  Әр  түрлі  дыбыстық  эсерлер  және  жасанды   жаңғырық
жасалады.  Ал,  эстрадалық  ансамбльдерді  жазған  уақытта   бөлектеп   жазу
қолданылады. Мысалы,  бірінші  жолға  ритмикалық  топты  (рояль,  қонтрабас,
қақпалы аспаптар); екінші жолға - үрмелі аспаптар (труба,  тромбол);  үшінші
жолға - саксафон; төртінші жолға -  солист  жазылады.  Сонан  соң  сигналдар
магнитофоннан студиядағы  күшейткішке беріледі. Одан кейін  синхронды  дыбыс
жасау үшін көпжолды  магнитофоннан  біржолды  магнитофонға  көшіріледі.  Бұл
процестердің  бәрі  қазіргі  кезде  сандық   технологияның   өмірге   енуіне
байланысты оңай атқарылатын болды.
      Концерттік студия кең болуы тиіс, бұл орыннын аумағы 300 шаршы  метрге
дейін қамтылады. Кем  дегенде  40-50  адамнан  тұратын  оркестр  орналасатын
орын, бірнеше  микрофондар  орналастырылады.  80-100  адам  еркін  сиятындай
болады. Мұнда жеке әншілерден бастап, түрлі хорларды, ұжымдар  орындауындағы
бұл орында қанша  жақсы  жарақтандырылғанымен  де  студиялық  «атмосфераның»
сақталуы жиі кездеседі. Студиялық «атмосфера» деген  -  айналадағы  қоршаған
ортадан пайда болатын, дыбыс жазуға кедергі  жасайтын  шу.  Бұл  -  көбінесе
бағытталмаған  микрофондарды  дыбыс  көзінен  алшақ  орналастырудан  болатын
құбылыс.  Ондайда  микрофонда  отырған  адамның  сәл  ғана  қимылы,  желдету
жүйесінен өтіп түрған ауаның  ағымы, диктордың терең дем алғаны да  жағымсыз
шулардың пайда болуына жол ашатын құбылыстар болып  табылады.  Кең  залдарда
концерттік  бағдарламаларды  орындауға  мүмкіндіқ   бар.   Оркестрді   еркін
орналастыруға болады.
      Әдеби-драмалық студия  негізінде  түрлі  радиоқойылымдарды  дайындауға
бағытталған орын. Актерлердің жеке дауыстарына және қатысушы  топтың  қимыл-
әреқеттеріне, сөйлеулеріне лайықталған.
      Сөздіқ студияда дикторлық мәтін  оқылып,  жазылады.  Ол  екі  бөлмеден
тұрады.  Бірінші  бөлме  режиссерлерге,  екіншісі  дикторға  арналған.   Екі
бөлменін  арасы  әйнеқпен  бөлініп,   арасын   байланыстыратын   микрофонмен
жалғастырылған. Жазылуға тиіс мәтіннін сапалы шығуына  дыбыс  операторы  мен
режиссер жауаптылық көрсетіп, қадағалап отырады.
      Студиялар жабдықталған  кезде  міндетті  түрде  дыбыстық  реверберация
есепеке алынады. Реверберация – латынның «геvегbагаiо» шағылу деген  сөзінен
шыққан. Яғни, жабық бөлмедегі дыбыс өшкеннен  кейінгі  оның  біртіндеп  сөну
процесі осылай аталады. Сөздің анық, жақсы  естілуіне  қажетті  реверберация
уақыты 0,5-0,6 секундтан  аспауы  қажет.  Үлкен  студияда  0,2-0,25  секунд,
кішірек студияларда 0,3-3,5 секунд аралығы қамтылады.
      Микрофондар алдыңғы жазу бөлмесіндегі  пультке  жалғастырылады.  «Мына
түста  барабан  күштірек»  немесе  «скрипқа  үні   әлсіздеу»  деген   сияқты
кемшіліктерге жол берілмеу үшін инженерлер микрофонды дайындауға  аса  көңіл
бөледі.  Ал,  радиоқойылымдарды  жазу  концерттік  бағдарламаларды   жазудан
күрделі  болып  келеді.  Мысалы,  ондай  студияларға  кемінде  бес  миқрофон
қойылады. Төртеуінен шыққан сигнал пультке, пульттен  тағы  бір  микрофонға,
одан кейін дыбыс агрегатына беріледі.
      Дыбыс жазу кезінде адам даусының неғұрлым табиғи шығуына көңіл бөлінуі
қажет.  Табиғи  жазылған  дыбыс  хабардың  нақтылығын  арттырады.   Сонымен,
дыбыстық  студияларға  қажетті  шарттар  –  дыбыстық  (изоляция)   оқшаулау,
акустикалық талап, реверберация уақыты,  техникалық  және  шығармашылық  топ
жұмысын қамтамасыз ету. Жоғарыда  аталып өткен негізгі  студияларға  қосымша
халықаралық хабарларды жазу және студиядан тыс трансляциялық хабарлар  жасау
орындары да бар.
      Трансляция - сөз бен дыбыс арқылы ешбір өзгеріссіз оқиға  картинасының
жасалу  процесі.  Қазіргі   кезде   трансляцияның   маңызы   зор.   Өйткені,
шетелдерде, ТМД мемлекеттерінде болып жатқан  көптеген  халықаралық  маңызды
оқиғалар осы трансляциялық жолмен таратылады.

   Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
    1. Студиялық аппараттық бөлме
    2. Монтаждық аппараттық бөлме
Ұсынылатын әдебиеттер:
   1.Барманкулов М.  Вес  мир  у  вас  в  квартире.  Алматы.,  1972.
 2.Молдабеков А.  Хабардың  бес  белесі.  Алматы.,  2000
 3.Масғұтов С.  Көгілдір  экран-өмір  айнасы.  Алматы.,  1976
 4.Вачнадзе Г.  Весмирное  телевидение.  Тбилиси.,  1989
 5.Барманкулов М.  Телевидение:  деньги  или  власть.  Алматы.,  1997
 6.Тұрсынов Қ.  Көгілдір  экран  құпиясы.   Алматы.,  1999
 7.Кузнецов Г.  ТВ-журналист.  Москва.,  1980
 8.Саппак В.  Телевидение  и  мы.  Москва.,  1988
 9.Амандосов Т.  Совет  журналистикасының  теориясы  мен  практикасы.
   Алматы.,  1978


          6 -Дәріс. ЭЛЕКТРОНДЫ ЖУРНАЛИСТИКАНЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРЫ

Дәріс сабағының мазмұны:
1. Микрофондар.
2. Динамикалық микрофондар.
3. Конденсаторлы микрофондар

      Микрофондар – акустиқалық тербелісті электрлі тербеліске  айналдыратын
құрал. Ол телефон және радиобайланысында, теледидарлар мен радио  хабарларын
таратуда, дыбыс  жазу  орындарында  және  күшейту  жүйелерінде  қолданылады.
«Микрофон» сөзі - гректің  «mіkго»  -  аз,  шағын,  «рһопе»  -  дыбыс  деген
сөзінен шыққаны этимологияда дәлелденген. Дыбыстық  тербелістерді  қабылдап,
бірден электрлі  сигналға  айналдыратын  бірден-бір  құрал.  Яғни,  микрофон
алдында сөйленген сөз төменгі жиіліктегі электр  тогына  өзгертіледі.  Дыбыс
ауа толқындарының  әсерінен  тербеліске  түсетін  жұқа  диафрагма  катушкаға
тиеді. Катушкаға диафрагма тиген кезде магнит өрісі пайда болады. Оның  әсер
етуі арқылы тоқ  индукцияланады.  Индукцияланған  тоқ   жіңішке  сым  арқылы
күшейткішке  жіберіледі   де,  дыбыс  жазғыш  тетікке  беріледі.  Ол  өзінше
жанасып қозғалатын магниттік үнтаспаға түсіріледі.
      Микрофондардың басты сипаты бағытталуында болып табылады. Әр  микрафон
түрлі бағыттардан келетін дыбыстарға сезімталдығы да әр түрлі болып  келеді.
Сондықтан  микрофондарды  екі  топқа   бөлуге   болады:   бағытталған   және
бағытталмаған  деп.   Ал,   атқаратын   функцияларына   қарай,   микрофондар
электродинамикалық  (катушкалы,  ленталы),   конденсаторлы,   пьезоэлектрлі,
электромагнитті, көмірұнтақты болып бөлінеді. Сонымен бірге,  стерефониялық,
тік   бағытты,  көп  бағытты,  шағын  көлемді  радиомикрофондар   болып   та
сараланады.   Радиода,   теледидарда   катушкалы,   конденсаторлы,   ленталы
микрофондар көп  қолданылады.  Электродинамикалық  катушкалы  микрофондардың
теледидар  орталықтарында   және   радиоүйінде   қолданылуы   тиімді   болып
отырғандығы  тәжірибеде  дәлелденген.  Заман   талабына   орай,   электронды
дәуірдің жаңалықтары күннен күнге жаңартылып  өндіріске  қолданылу  үстінде.
Пішіндері өзгертілгенімен де,  қолданылу  аясы  кеңейгенімен  де,  дизаиндық
сапасы жақсарғанымен  қызмет  көрсету  фунқциясы,  дыбыс  жазу  технологиясы
бұрынғы негізде сақталған.
      Микрофон құралдарынын бәріне ортақ элемент - диафрагма болып табылады.
Ол пластинка,  мембрана,  лента  түрінде  болады.  Металдан,  диэлектриктен,
пьезоэлементтен   жасалуы   мүмкін.   Ең   алғашқы   микрофондардың   түріне
көмірұнтақты  микрофондар   жатады.   Көмір   ұнтағының   ауа   тербелісінен
қозғалысқа түсуі арқылы жұмыс істейтін микрофондар қазіргі  кезде  өндірісте
қолданылмайды.  Пьезоэлектрлі   микрофондар   сапасы   жағынан   аса   жақсы
болмағанымен  қарапайым  жұмыс  жазуда  немесе  дыбыстық  эффект  беру  үшін
қолданылады. Ал, ленталы микрофондардың дүниежүзілік радиобайланысында  ұзақ
жылдар  пайдаланылып,  өз  сапалылығын  тәжірибеде   көрсеткен   микрофондар
қатарына жатады әрі  табысты  қолданылу  үстінде.  Олар  сыртқы  әсерге  аса
сезімтал келеді,  сондықтан  сыртқы  жағдайдан  сақтауды  қолдайды.  Ленталы
микрофонның   ішіне   полюстері   көрсетілген    таспа    тәріздес    магнит
орналастырылып,  арасына  фольгадан  жасалған  таспа  тәрізді  жұқа   пленка
бекітілген. Дыбыстың әсерінен лента қозғалысқа түсіп,  магнит  өрісіне  әсер
ету арқылы электр қуаты пайда болады. Ал,  электродинамикалық  микрофондарда
полюстердің арасына катушка орналастырылған. Диафрагманын тербелісі  кезінде
катушқа бірге тербеліп, сол арқылы электр тогы шығады.
      Конденсаторлы  микрофон  –  сапалы,  қызмет   көрсету   мерзімі   ұзақ
микрофондар  типіне  жатады.  Бүлар  өздігінен  электр  қуатын   шығармайды,
сондықтан жұмыс  барысында  қосымша  тоқ  қүші  қозғалмалы  электродқа  әсер
ететін полимер пленкадан  жасалынған.  «Дөңгелеқ  үстел»  өтқізгенде  немесе
шағын топ  қатысқан  хабарларды  жазған  қезде  осы  қонденсаторлы  микрофон
ыңғайлы  болып  табылады.   Конденсаторлық   микрофондардын   конденсаторына
тұрақты электр заряды қосылған, яғни қосымша тоқ күшінің қажеті жоқ.
      Бағытталмаған - орындаушының кеудесіне қысқыш арқылы бекітілетін шағын
миқрофон. Арнайы тоқ көзі қолда немесе қалтада сақталады.
      Динамикалық  микрофондар  қолдануға  ынғайлы,   сапасы   мықты   болып
табылады. Ал, конденсаторлық  дыбыс  қабылдағыштар  керісінше  осал  келеді.
Мысалы, қатты қозғалыста жүретін  өнер  көрсетушілердің  қимыл-әрекеттерінен
микрофон  құрылымы  өзгеріске  түсіп  қалуы  мүмкін.   Мұндай   сәттерде   -
электродинамикалық микрофондар  қолайлы.  Тек  қана  кабельдердің  жалғанбай
немесе ажырап қалмауын қадағалаған жөн. Кейбір табиғат өзгерістері  кезінде,
мысалы, далада, жел өтінде т.б жағдайларда журналистерге  жұмыс  істеу  сәті
тууы мүмкін. Ондайда, төзімді болып  табылатын  ленталы  микрофондар.  Яғни,
студиядан  тыс  жұмыс  қезінде  осындай   құралдармен   жарақталған   абзал.
Микрофондарды қолдану кезінде  формасына,  түріне,  салмағына  көңіл  бөліну
қажет.   Қажетті   жағдайларда   микрофондарды   тандау   тәжірибелі   дыбыс
режиссерлеріне тапсырылады. Аудиториясының көлеміне,  жазылатын  хабарлардың
барысына орай микрофондар үстелдік, едендік, аспалы және  кеудеге  тағылатын
болып бөлінеді. Әр түрлі жағдайда  микрофонмен  жұмыс  істеу  әрқалай  болып
қеледі. Егер орындықта  отырған  адамның сөзі жазылатын болса  оның  аузынан
30-40 см жерге микрофон қойылуы тиіс. Қағазбен  оқылуға  тиісті  сөз  болса,
онда қағаз столда жатуы керек, қолға  ұстап  түрған  болса  сыбдыры  жазылып
қалады. Парақтарды ауыстыру  қажет  болған  жағдайда  жұмсақ,  сықырламайтын
қағаздарды пайдаланған жөн. Немесе, парақты аудармай-ақ  баспалдақ  тәріздес
етіп жылжытып отыру  керек.  Сонан  соң  сөйлеушінің  қолы  арқылы  қозғалып
кетпеуін бақылау қажет.  Көбінесе  кеудеге  тағылатын  «петличқа»  миқрофоны
ыңғайлы болып табылады.
      Егер хабарға қатысушы екі адамның сөзін  жазу  керек  болған  жағдайда
үстелдің бұрышын орталарына  қалдырып  не  болмаса  бір  жағына  жақын  етіп
отырғызып олардың  әр  қайсысынан  микрофонды  40-50  см  жерге  орналастыру
керек. Егер көп адам қатысатындай болса  доға  тәріздес  етіп  орналастырған
жөн. Ал, музыкалық ансамбльдер болса, онда тік  тіреуге  дыбыс  қабылдағышты
бекіту керек.
      Үй жағдайында дыбыс жазу қажеттігі болған қезде  үй  ішінде  артық  шу
беретін заттардан (сағаттың тықылы, телефонның шылдыры,  су  ағардың  дыбысы
т.б.) босатып, неғұрлым дыбыстың өшуі процесіне  қатысты  заттармен  (кілем,
қалың төсеніштер,  жұмсақ  мебельдер  т.б.)  қамтылғаны  дұрыс.  Әрине,  бұл
айтылғандар микрофонды  пайдаланудың  шағын  ғана  түрлері.  Онын  әр  түрлі
жағдайларда қолданылатын көптеген әдіс-тәсілдері бар. Тәжірибелі  инженерлер
дыбыс режиссерлері жазылуға тиісті хабардың пішінін,  жанрын,  маңызын  т.б.
жағдайларын  алдын-ала  зерттеп  барып   орналастыруы   тиіс   немесе   озық
технология  үлгілерін  пайдаланулары  мүмкін.   Электронды   журналистиқаның
өнімдері  ұжымдық  болып  саналатындықтан  техникалық  немесе   шығармашылық
топтар бірлесе еңбек еткенінің нәтижесінде  жақсы  хабарлар  өмірге  қеледі.
Бағытталу   диаграммасының   формалары   микрофондардың   жұмыс   принципіне
байланысты. Микрофон құралына байланысты  өзіндік  талаптар  бар:  берілетін
дыбыс деңгейінен электрлі сигнал жасауы қажет және  ол  микрофонның  өзіндік
электрлі шуларының  деңгейінен  аспауы  қажет,  шыққан  сигналға  кедергілер
болмауы керек, барлық жиіліктегі дыбыстар аппаратқа  қосылған  сон  біркелкі
берілуі қажет. Сонда дыбыс деңгейі бірқалыпты болып, жазылған  дыбыс  сапасы
жақсарады.
      Микрофондар қолданылу қызметіне  қарай  үш  түрге  бөлінеді:  су  асты
тербелісін жазатын құралдар - гидрофон, жер қабатындағы  дыбысты  -  геофон,
ал ауадағы дыбысты жазатын құрал микрофон деп аталады. Электрониканың  дамуы
күннен  күнге  қарқын   алуда.  Бұл  құралдардың  тек  дизайны  ғана   емес,
атқаратын функциялары да жетілдірілуде. Дыбысты сезгіштік қасиеттері  артып,
дыбыстың жазылу сапасы да жақсара түсуде. Ең  сапалы  микрофондар  қатарынан
электретті микрофондар көрінуде. Жартылай кәсіби немесе  тұрмыстық  жағдайда
қолданылатын шағын, бағытталмаған МКЭ - 3, қардиондты, бір бағытты МКЭ -  9;
бір бағытты  МКЭ  -271  (бұрынғы  МКЭ-100)  маркалы  магнитофондар  музыканы
жазуда табысты қолданылуда.  Әр  түрлі  радиомикрофондар  өте  кең  таралып,
қолданылуда. Аса озық технологияларда қолданылатын С414ХЬ8,  ССЮ21Е,  С0^523
жэне СНМ-21 сияқты микрофондар дүниежүзіліқ масштабта  өзіндік  орын  алуда.
Ал, А8-8Р8 800Р, АТ8Б 615 маркалы  видиокамералар және олардын  микрофондары
озық үлгідегі құралдар болып саналуда.  Бұл  құралдарды  өндірушілер  әлемге
әйгілі 80ЫҮ, Рапазопіс, ІУС, Тһот$оп секілді фирмалар.
      Аудиовидеоқұралдардың  жетілуіне  байланысты  технология  да  жаңарды.
Болашақ журналистердің жауапкершіліктері сын кезінде.  Шығармашылықпен  қоса
техниқаның озық үлгілерін меңгеру талабы да арта түсті.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. Микрофондардың түрлері.
2. Микрофондар қолданылу қызметіне қарай бөлінуі.

Ұсынылатын әдебиеттер:
   1.Барманкулов М.  Вес  мир  у  вас  в  квартире.  Алматы.,  1972.
 2.Молдабеков А.  Хабардың  бес  белесі.  Алматы.,  2000
 3.Масғұтов С.  Көгілдір  экран-өмір  айнасы.  Алматы.,  1976
 4.Вачнадзе Г.  Весмирное  телевидение.  Тбилиси.,  1989
 5.Барманкулов М.  Телевидение:  деньги  или  власть.  Алматы.,  1997
 6.Тұрсынов Қ.  Көгілдір  экран  құпиясы.   Алматы.,  1999
 7.Кузнецов Г.  ТВ-журналист.  Москва.,  1980
 8.Саппак В.  Телевидение  и  мы.  Москва.,  1988
 9.Амандосов Т.  Совет  журналистикасының  теориясы  мен  практикасы.
   Алматы.,  1978

                           7 -Дәріс. МАГНИТОФОНДАР

Дәріс сабағының мазмұны:
1. «Днепр-8», «Репортер - 7» магнитофондары.
2. Магнитофондардың  құрылысына ортақ бөлшектер.

      Магнитофондармен  қабылданған  дыбыс  әлсіз  ауыспалы  электр   тогына
айналады да, магнитофон құралында бірнеше рет өңдеуден, коррекциядан  өтеді.
Алдымен   микросхемадағы   немесе   транзистордағы    күшейткішқе    түседі.
Күшейтілген микрофондық сигналды бірден  жазу  тетігіне  беруге  болар  еді.
Алайда,  қандай  жақсы  сападағы  қүшейткіш  болса  да  эр  түрлі   жиілікті
бірқалыпты  күшейте  алмайды.  Сондықтан,  міндетті  түрде  дыбыс   деңгейін
өлшеуіш құрал - индикатор қажет.
      Күшейтілген,  коррекцияланған  дыбыс  магнит  тетікке  (маг.  головка)
түскен соң магнитті дыбысқа айналады. Бұл магнитті головка -  таға  тәрізді,
жұқа  магниттелмеген,  денемен  бөлінген  үш  жағында  2  полюс  белгіленген
жүрекше орналастырылған қарапайым тетік. Жазу головкасына шағылған  магнитті
өріс магнитті үнтаспаға әсер етіп,  қажетті  информация  алынады.  Ол  дыбыс
ұзақ сақталуы үшін  үнтаспаға  арнайы  темірқышқылы,  кобальт,  хром  сияқты
химиялық элементтер қосылады.
      Сонымен бірге магнитофонда үнтаспаны магнитсіздендіретін өшіру  тетігі
болады.  Алайда,   үнтаспаларды   пайдаланар   алдында   заводтан   берілген
анықтамаларға көңіл бөлінуі тиіс.  Өйткені,  кейбір  үнтаспалардың  магнитті
ұстауы  күшті  болады  да  магнитсіздендіретін  тетікке  бағынбайды,  сөйтіп
бірнеше  дыбыс  қайта  жазылып,  магнитті  жазудың  сапасы  төмендейді.  Бұл
айтылған жайлар магнитофон қызметін  анықтайтын  негізгі  белгілер.  Ал  бұл
магнитофон құралы Ресейде екінші  дүниежүзіліқ  соғыстан  кейін  ғана  пайда
болды.  Радиожурналистер  алғашқы  шағын  магнитофонды  1952  жылдан  бастап
қолданды. Киев радиозаводы шығарған алғашқы марқасы  «Днепр-8»  деп  аталды,
қейіннен  «репортер»  делінді.  «Репортер»  латын  сөзі,  хабар   жеткізуші,
әкелуші  деген  мағынаны  білдіреді.  «Репортер  -  1-ден»  кейін   ғалымдар
ізденістен туған, көптеген дыбыс жазу құралдары дүниеге келді. Соңғы  цифрлы
технологияға дейін табыспен қолданылып келген құрал - «Репортер - 7» болды.
      Магнитофондардың  құрылысына ортақ бөлшектер бар. Олар:
алдыңғы панельге орналастырылған кері орау.
тоқтату
дыбысты кері шығару
жылдамдатып орау
жазуға дайындау
дыбыс деңгейін бақылаушы - индикатор
ток күші мен күшейткішке қосар тетік
динамиқалық компрессорды қосу
сөйлеу фильтрін қосу
есептегіш қүрал.
кассета салатын орын
панельдің артқы жағында тоққа қосу тетігі
аккумуляторды ұстайтын қақпақша
автостоп
дыбыстың жазылуын наушник  арқылы  бақылау  тетігі.  Өндіріске  компьютерліқ
технология  араласқанша  қолданылып  келген,  клі  де   пайдалануда   жүрген
магнитофондардын  бірі  -  СТМ-200.  Қате  кетқен  мәтінді  бірден   түзету,
дыбыстың естілуін бір қалыпқа  келтіру жақсы жолға қойылған  бұл  магнитофон
электронды монтаж жасауға лайықталған. Монтаж студиядан тыс немесе  студияда
жазылған хабарларды техникалық өңдеу деп аталады. Ол үшін  студияның  жұмысы
жолға қойылуы қажет. Оған тиісті шаралар:
      Сапалы, ыңғайлы компьютерлер таңдау керек.
      Микрофоннан, магнитофоннан шыққан сигналдарды микшерлеу құралы қажет.
      Дыбыс эффектілерінің жасалуы.
      Фонограммаларды бағдарлама жасау кезінде тыңдау
      5.    Барлық қасиеттерін сақтай отырып сапалы дыбыс жазу.
Микрофондарды  таңдау,   микшерлеу,   дыбыс  деңгейін   реттеу  жұмыстарының
барлығын инженерлер жүзеге асырады,  радиода  дыбыс  операторы,  теледидарда
дыбыс режиссері  атқарады.  Мұндай  жұмыстарда  техниканы  жақсы  меңгерумен
қатар шығармашылықтан да хабардар болғаны жөн. Сонда ғана  ұжымдық  енбеқтің
сапалы болып шығуына мүмкіндік туады.
Магнитофондар арқылы жазылған дыбыстың  қолданылу  аясы  да  кеңейе  түсуде.
Мысалы, үй тұрмысындағы видео,  аудиожазуларда,  лекция,  баяндамалар  жазу,
тарихи дереқтер  жасау,  электронды  экскурсовод  қызметінде,   теледидардан
трансляциялы хабарларды  жазып  алуда,  радиодан  концерттерді  жазуда  т.б.
қолданылады.
      Студияның, оның құралдарының қатысуы арқылы жасалатын процесс –
монтаж. Хабардың сәтті шығуы монтаждың дұрыс жасалғанына байланысты.  Монтаж
– хабарларды техникалық өңдеу. Яғни француз  сөзінен  шыққан  жинақтау,  бір
жүйеге келтіру деген мағынаны білдіреді. Монтаждың қасиеті  ерекше  екендігі
тәжірибеде  дәлелденген.  Сөз  бен  сөздің,  сөйлем  мен   сөйлемнің   орнын
алмастыру, қысқарту, ой  мен  ойдың  астасуы,  қабысуы,  пікір  түйіндерінің
мәнін жоғалтпауы - тартымды хабардың негізі бола алады.
      Электронды БАҚ тәжірибесінде дыбыс жазудың екі әдісі бар: бірі  эфирге
тарату болса,  екіншісі  қағазға  түсіру  үшін  дыбыстық  информация  жинау.
Алғашқы түрі телерадиода қолданылады да, екіншісі  газет  журналистері  үшін
қажет. Эфирге хабар тарату үшін  жоғары  сапалы  магнитофондар,  кейінгісіне
қолайлы құралдар әр  түрлі  диктофондар  қажет.  Сөздік   информацияны  кез-
келген  дыбыс  жазу  құралдарында,  үй  тұрмысында  қолданылатын  тұрмыстық,
кәсіби, студиялық магнитофондарда жазуға болады. Диктофондармен жұмыс  жасау
журналист еңбегін  ғылыми  ұйымдастыруға  көмек  етеді.  Журналист  жұмысына
жеңілдік жасалады. Әрі фактілердің, деректердің   бұрмаланбауына   мүмкіндік
жасалады. Бірақ кейбір, талаптарды орындау  қажет:  асықпай  сөйлеу,  сөздер
мен сөйлемдерді, кейбір  күрделі  тіркестерді  анықтап  айту,  ретіне  қарай
қайталап  айту,  тіпті  болмаса  әріптермен  айту  қажет.  Диктофон  еріннен
бірқалыпты деңгейде ұсталуы керек.
      Сонымен, магнитофондар бірнеше  түрге  бөлінеді.  Атқаратын  қызметіне
қарай кәсіби, студиялық, тұрмыстық  болып  ерекшеленеді.  Олардың  атқаратын
негізгі фунқцияларында аса өзгеріс жоқ.
      Тұрмыстық магнитофондарда жазу 2 және 4 жолда жүзеге асырылатын болса,
кәсібиде бір ғана жолға жазылады, яғни бүкіл ені  бойынша  жазылады.  Кәсіби
магнитофондарда  үнтаспаның  айналу   жылдамдығы   жоғары,   үнтаспа   тарту
механизмі де, күшейткіші де жақсырақ жұмыс істейді.
      Бұрынғы   видеомагнитофондар   кинопроекторларға   ұқсайтын.   Үнтаспа
бабинаға  оралатын,  ал  магнитофондар  дыбыс,  қабылдау  валдары   болатын.
Инженер магнитофондарға дыбыс жазылған бабинаны  және  бос  біреуін  қоятын,
сонан соң үнтаспаны тартатын механизмге қосатын.  Көлемдері  үлкен  келетін.
Міне,  осындай  қарапайым  механизмдер  ғылымның  дамуына  байланысты  үлкен
өзгеріске   ұшырады.   Инженерлік   ұшқыр    ойлардың    арқасында    видео,
аудиомагнитофондардың небір ғажап түрлері өндіріске енді. Сандық  технология
көптеп  қолданылуда.  Озық  технологияның  үлгілерін   қалыптастыру   арқылы
аудиотелеөнімдерді аудитория  талғамына  орай  ұсыну  үшін  қажет  шарттарды
игеру өмір талабы.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. «Днепр-8», «Репортер - 7» магнитофондары.
2. Магнитофондардың  құрылысына ортақ бөлшектер.
Ұсынылатын әдебиеттер:
   1.Барманкулов М.  Вес  мир  у  вас  в  квартире.  Алматы.,  1972.
 2.Молдабеков А.  Хабардың  бес  белесі.  Алматы.,  2000
 3.Масғұтов С.  Көгілдір  экран-өмір  айнасы.  Алматы.,  1976
 4.Вачнадзе Г.  Весмирное  телевидение.  Тбилиси.,  1989
 5.Барманкулов М.  Телевидение:  деньги  или  власть.  Алматы.,  1997
 6.Тұрсынов Қ.  Көгілдір  экран  құпиясы.   Алматы.,  1999
 7.Кузнецов Г.  ТВ-журналист.  Москва.,  1980
 8.Саппак В.  Телевидение  и  мы.  Москва.,  1988
 9.Амандосов Т.  Совет  журналистикасының  теориясы  мен  практикасы.
   Алматы.,  1978

                        8 -Дәріс. ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР

Дәріс сабағының мазмұны:
1. Магнитофондардың топтастырылуы
2. Сандықдиктофон
      Әлемдік  технологияның  жетілдіріле  түскені,  жаһандық  талапқа   сай
өзгеруі -  қоғамдық  құбылыс.  Теле  және  радиожурналистикада  қолданылатын
магнитофондардың заман талабына қарай түрлері өзгеріп, атқаратын  қызметтері
жетілдіріле    түскенімен,    негізгі    жұмыс     принципі     сақталынады.
Аудиомагнитофондар  классикалық  (аналогтық)  және  сандық  болып  бөлінеді.
Қолданылуына орай кәсіптіқ, тұрмыстық, стационарлық және  жылжымалы  болады.

Магнитофондардың топтастырылуы:
      Жазу және дыбысты шығару жолдарына қарай: 1,2,3 және одан  да  көбірек
жолды.
      Дыбысты шығару  жылдамдығына  орай:  38,1  см/сек  (студиялық);  19,05
см/сеқ (тұрмыстық және студиялық); 9,52  см/сек  (тұрмыстық);  4,76  см/сек,
2,38 см/сек (негізінен тұрмыстық кассеталық магнитофондар).
      Басының санына қарай: 1 басты (тек дыбыс шығарушы, ондай магнитофондар
«плеер» деп аталады). 2 басты - алдымен дыбысты өшіретін  головка  қойылады,
сонан соң  жазатын  әрі  дыбыс  шығаратын  қойылады.  3  бастының  да  жұмыс
принципі жоғарыдағыдай, бірақ  жазатын  немесе  дыбыс  шығаратын  головкалар
бөлек-бөлеқ қойылады.
      Журналистика мамандығын меңгергендер үшін аса қажетті құралдардың бірі
-  диктофондар.  Қандай  магниттіқ   жазу   құралдарын   пайдалану   жөнінде
студенттер жиі сұрақ  қойып  жатады.  Сандық  диктофондар  XX  ғасырдағы  үш
күрделі технологияның жемісі:
      ақпаратты сандық жүйеде сақтау;
амплитудалы   -    сандық    өзгертқіш    құрылғылар    (амплитудно-цифровые
преобразователи).
      3)    ҒЬАЗН - сақтау.
Соған    орай    соңғы    үлгіде    жетілдірілген  диктофондардың    бірнеше
маркалары  ұсынылады:
  Сандықдиктофон -Үатаһа РОСҚЕТҚАҚ СХ
      Жазылған  дыбыстың  сапасы  жақсы  болуы  үшін  Үашаһа  РОСКЕТК.АК  СХ
құрылғысын пайдалануға болады. Салмағы 92 грамдық құрылғымен 50  сағат  бойы
жазып және музыка тыңдауға болады, саусақтай  батареялармен  (АА)  жазылатын
дыбыс кәсіби жазу студияларында қолдануға  лайықты.  Оны  8іеіпЬе㧮  СиЬазе
АІ4  дыбыстық  студиясына  қосу  қереқ.   Құрылғы   жоғары   сапалы   стерео
микрофонмен жабдықталған. РОСҚЕТҚАҚ СХ  -  жанды  дауысты  және  кез  келген
жағдайда (шулы орта,  далада  т.б.  болатын  магниттік  жазуларға  қойылатын
талаптардың бәрінде) дыбыс жаза беруге қолайлы.
8есигі 8І8-2000
      Салмағы 92 граммдық құрылғы МРЗ 50 сағат бойы дыбыс жазып, 22 және  54
сағат бойы жазылған  дыбысты  тыңдауға  болады,  саусақ  батареялармен  (АА)
жазылатын дыбысты кәсіби жазу студияларында  қолдануға  лайықты.  Бір  аудио
файлдың максималды мөлшері - 2 Гб.



О1утри§-\¥8-2108-ЬР  жүйесінде  138  сағаттан  астам   сандық   дыбыс   жазу
мүмкіндігі бар құрылғы. Кез келген ақпаратты - музыка, мәтін,  сурет,  құжат
т.б. сақтауға болады.  ІІ8В  -жүйесіне  тікелей  сымсыз  жалғанады.  Дыбысты
шығару процесі де өте сапалы. Қуат көздері 21 сағатқа дейін  кызмет  көрсете
алады. Көлемі шағын, ынғайлы.
Оіутрш Б8-2400   жоғары  сапалы  форматта  жазатын,  сығымдылығы  да  жоғары
деңгейдегі, сиымдылығы 1 Гб құрылғы 157 сағат бойы жазуға мүмкіндіқ  беретін
соңғы  технологиялардың  тиімді  түрі.  Қажетсіз  ақпараттарды  ара-арасынан
өшіріп тастауға  да  болады.  Бағдарландырылған  3  түймесі  бар.  Файлдарды
басқаруға арналған (әрқайсысы 200 файлдан болатын) 5 папқасы бар.
Магапіх РМБ661 - кәсіби  сандық  диқтофон.  80-сагёқа  жазу  үшін  арналған.
Ақпаратты компьютерге салу үшін ШВ 2.0. РМБ661 портын қосу керек.  Салынатын
4 қуат көзінің жазу уақыты 5 сағат
Бі^қаі-Уоісе-Қесоггіег 8апуо 865Ьг
Дыбыс жазу үшін РЕС түймесін  басып,  үш  режимде  ЬР,  НР,  8Р  пайдалануға
болады.  \УАУ  форматында  сақталады.  Салмағы  32  грамм.  87,5,  108   МГц
диапазонды қамтитын ҒМ толқынындағы  радиосы  бар,  түрлі-түсті  ЖК  -экран,
ЧІ8В    флэш-дискілі, сапалы микрофон орнатылған, көлемі 102 мм, 28 мм  және
20 мм. Қосымша аксессуарлары: құлаққап, ШВ  қабель,телефондық  адаптер  және
микрофон

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. Магнитофондардың топтастырылуы
2. Сандықдиктофон
Ұсынылатын әдебиеттер:
   1.Барманкулов М.  Вес  мир  у  вас  в  квартире.  Алматы.,  1972.
 2.Молдабеков А.  Хабардың  бес  белесі.  Алматы.,  2000
 3.Масғұтов С.  Көгілдір  экран-өмір  айнасы.  Алматы.,  1976
 4.Вачнадзе Г.  Весмирное  телевидение.  Тбилиси.,  1989
 5.Барманкулов М.  Телевидение:  деньги  или  власть.  Алматы.,  1997
 6.Тұрсынов Қ.  Көгілдір  экран  құпиясы.   Алматы.,  1999
 7.Кузнецов Г.  ТВ-журналист.  Москва.,  1980
 8.Саппак В.  Телевидение  и  мы.  Москва.,  1988
 9.Амандосов Т.  Совет  журналистикасының  теориясы  мен  практикасы.
   Алматы.,  1978

                       9 -Дәріс. ДЫБЫС ЖАЗУДЫҢ ТАРИХЫ

Дәріс сабағының мазмұны:
1. Дыбыс жазу құралдарының тарихы
2. Электромагниттік дыбыс жазу тарихы
      Радиотолқындардың  ашылып, ғылыми дәлелдеңгеніне дейін магниттік  және
электрлік  құбылыстарды  сымсыз  байланыс  жасауға  пайдалану   дүниежүзілік
өнертапқыштарды ойландыратын еді. Бүгінгі  дыбыс  жазу  құралдарының  тарихы
өте әріден басталады. Олардың негізіне Дабер деген сағатшының жасанды  дыбыс
шығаратын қуыршағынын (1844 ж.) әсері болған, аңыздар желісіне  де  (Мюнхау-
зен әңгімелері) арқау болған дыбыс қабылдағыштар  сол  озық  идеяның  жүзеге
асуына  дәлел  болатын  факторлар.  XIX  ғасырдың  басында-ақ  физик  Порта:
«Дыбыстар ешқайда жоғалып қетпейді, оларды сақтауға болады», -  деп  жазады.
Бұл ойды 40 жылдан соң Кеплер,  тағы  20  жылдан  соң  Сиранно  де  Бержерак
дәлелдеді. Олардың замандастары Томас Юнг дыбыстың табиғатын тану  жаңалығын
ашып, тұңғыш рет камертон құрылымының тербелісін жазды. Одан  жетпіс  жылдай
уақыт өткенде француз ғалымы, физик, химик, ақьш  Шарль  Кро  дыбыс  жазатын
аппарат туралы идеясын ұсынды.
      Сымсыз байланыстың  тәжірибелерін жасап шығарғандардың  бірі  -  Морзе
әліппесінің  авторы  Самуель  Морзе  еді.  Морзенің  тәжірибесін  ары  қарай
жалғастырған  ағылшын  ғалымы  Ландсей  болатын.  Оның  жетілдіргіші  сигнал
қабылдау кезінде қуат-күші батареяны пайдалануда болды.  1954  жылы  Ландсей
сымсыз  байланыс  жасау  жөніндегі  тұңғыш  патент  алды.  Онын  патент  алу
жөніндегі берген өтінішінде «бір-бірінен 20 миль қашықтықта  орналастырылған
екі аппараты Америка мен  Европа  континенттерімен  сымсыз  байланыс  жасата
алады» деп жазғаны тарихи шындық.
      Тұңғыш рет дыбыс  1887  жылы  америкалық  жаңалық  ашушы  Томас  Альва
Эдиссон деген өнертапқыштың құралымен жазылған. Ол  фонограф  деген  аппарат
ойлап тапқан. Осы жаңалық дүниеге  келген  күн  1887  жылдың  24  желтоқсаны
тарихта механикалық дыбыс жазу дәуірінің басталған  күні  деп  есептелінеді.
Өнертапқыш иненің көмегімен валикке дыбыс жазуды жүзеге асырып  көрген,  екі
жылдан соң бұл құралды жетілдіріп, екі минуттық дыбыс  жазған.  Сонан  кейін
екі  жылдан  соң  1889  жылы  Вашингтонда   20   жасар   эмигрант   Берлинер
граммофонды, жалпақ пластинканы ойлап шығарды. Ол дыбыс  жазудың  тік  емес,
көлденең түрін  ұсынды.  Бұл  граммафон  күйтабақтарының  көшірмесін  жасап,
көптеп  жасап  шығаруға  мүмкіндік  жасады  және  де  фонографқа   қарағанда
граммафондағы  дыбыстың  естілуі,  дыбыстылығы  анағұрлым  сапалы  еді.  Бұл
құралдың ереқшелігі дыбыс  валикке  емес,  дискке  жазылды  және  тік  емес,
көлденең жазу қолданылды. Осы механиқалық  дыбыс  жазу  принципі  әлі  күнге
дейін қолданудан шығып қалған жоқ. Алайда, электромагниттік дыбыс  жазу  кең
қолданыс тапты.
      Ал  электромагниттік  дыбыс  жазу  жөніндегі  тұңғыш  идея  1888  жылы
Америқада шығатын «Электрикан руолд» деп аталынатын журналда  Оберлин  Смитт
деген  инженердін   мақаласында   айтылған   болатын.   Ол   тамаша   идеяны
жариялағанымен, тез арада қолға ала қоймады. Тек он жыл өткен соң  ғана  дат
физигі Вольдемар Паульсен жүзеге  асырды.  Ол  өз  әріптестеріне  телеграфон
деген, дүниежүзінде  тұңғыш  рет  магниттік  дыбыс  жазу  принпипінде  жұмыс
істейтін құралды шығарды. Телеграфон таза, дәл  дыбыс  жазғанымен,  оны  тек
арнаулы  күшейткішпен  ғана  тыңдауға  болады.  Ол  кезде  ондай   күшейткіш
құралдар жоқ болатын.
      Эдиссонмен қатар сымсыз байланыс тәжірибесін ағылшындық Уильям Прис те
зерттеді. Ал, анағұрлым сезімтал  әрі  ыңғайлы  индикаторды  француз  физигі
Эдуард Брайль ойлап тапты. 1890 жылы ол  ұсақ  металл  үтінділері  электрлік
қарсылық  процесін  өзгертетінін  байқады,  сөйтіп  ол  электр   толқындарын
ұстайтын радиокондуктор деген құралды  дүниеге  әкелді.  Алғаш  рет  «радио»
деген сөзді электромагниттік толқынға  пайдаланды.  Бранлидің  құралын  одан
әрі жетілдірген,  сапасын  жақсартып  ұсынған  ағылшын  физигі  Оливер  Лодж
болды. 1894 жылы ол «когерер» деп  аталынатын  құралды  ойлап  тапты.  Бұдан
кейінгі жылдары сымсыз байланыс жасау тарихындағы ұлы  өзгерістерді  жасаған
А.С. Попов еді, оның ісін В.В. Скобельцин әрі қарай  жалғастырды.  Осы  жылы
патшалық Ресей Попов жаңалығын қолдай  қоймағандықтан,  бұл  идеяны  итальян
ғалымы Марқони пайдаланып, электромагниттік толқындарды пайдалану  жөніндегі
жаңалықты таратты.
      1903  жылы  алғаш  рет  Берлинде  сымсыз  телеграфты  дамыту   жөнінде
халықаралық конференция болды. Дүниежүзі ғалымдары қатысқан бұл жиыннан  соң
«радио» сөзі өз мәніне ие болды, осы жолы «радиотелеграфия»  деген  терминді
қолдану ұсынылды. Ал,  Ресей жерінде 1930 жылдан бастап
В.К.Викторскийдің басшылығымен сымға магниттік  дыбыс  жазу  қолға   алынды.
1933 жылы  ең  алғашқы  Мосэнергоның  диспетчерлік  пунктінде  апат  кезінде
берілетін бұйрықтар мен телефонмен сөйлескен сөздің автоматты түрде  жазатын
аппарат ұсынылды. Жазу жіңішке темір сымға жазылған еді. Міне, осылай  алғаш
жазу аппараттарының салған негізі бойынша бүгінгі сандық  технология  тарихы
қалыптасқан еді. Сол алғаш дүниеге келген дыбыс жазу  негізі  -  механикалық
дыбыс жазудан сандық электроникаға көтеріліп,  информация  жинақтаудың  және
өңдеудің кезі  келді.Осы  дыбыс  жазу  процесінің  бірнеше  түрлері  ғылымда
дәлелденген:
      Механикалық.
      Фотографиялық.
      Магниттіқ.
      Мехонооптикалық.
      Элеқтрохимиялық.
      Электрондық.
      Осылардың  ішінде  өндіріске  көп  қолданылып  жүргені:   механикалық-
грампластинка    өндірісінде;    фотографиялық-кинолентаға    жазу     үшін;
электромагниттік-магнитофондарға  дыбыс  жазу  үшін,   ал,   магнитофондарға
дыбыс жазу бүкіл  электронды  ақпарат  құралдарында  қолданылады.  Қазақстан
телерадио  арналарының  бәрінде   қолданылып   жүрген   жанды   дауыс   жазу
құралдарының бәрі  жоғары  сапалы  болғандықтан  эфир  тазалығы  әрдайым  өз
деңгейінде көрінуде.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. Дыбыс жазу құралдарының тарихы
2. Электромагниттік дыбыс жазу тарихы
Ұсынылатын әдебиеттер:
   1.Барманкулов М.  Вес  мир  у  вас  в  квартире.  Алматы.,  1972.
 2.Молдабеков А.  Хабардың  бес  белесі.  Алматы.,  2000
 3.Масғұтов С.  Көгілдір  экран-өмір  айнасы.  Алматы.,  1976
 4.Вачнадзе Г.  Весмирное  телевидение.  Тбилиси.,  1989
 5.Барманкулов М.  Телевидение:  деньги  или  власть.  Алматы.,  1997
 6.Тұрсынов Қ.  Көгілдір  экран  құпиясы.   Алматы.,  1999
 7.Кузнецов Г.  ТВ-журналист.  Москва.,  1980
 8.Саппак В.  Телевидение  и  мы.  Москва.,  1988
 9.Амандосов Т.  Совет  журналистикасының  теориясы  мен  практикасы.
   Алматы.,  1978

                        10 -Дәріс. МАГНИТТІ ДЫБЫС ЖАЗУҒА ҚАЖЕТТІ АЛҒЫШАРТТАР

Дәріс сабағының мазмұны:
1. Электронды арналардағы жаңа технологиялар.
2. Компьютерде дыбысты өңдеу.

      Магнитті  дыбыс  жазу  процесі  арнайы  акустикалық  және   техникалық
жарақтандырылған студияда   жасалынатыны белгілі.
      Электронды журналистика тәжірибесінде студиядан тыс хабарлар да көптеп
жасалынады. Олар арнайы ПРС, ПТС қондырғылы станциялары арқылы  жүргізіледі.
Хабарлар  белгіленген   жоспарлар   бойынша   белгіленген   уақытта   арнайы
студияларда  жүзеге  асырылады.  Хабарға   қажетті   техникалық   құралдарды
операторлар,   инженерлер   дайындауы   қажет.   Сонымен   қатар,    хабарға
қатысушылармен бірге, жүргізушілерге де қатысты  төмендегідей  жайлар  талап
етілуі қажет:
      Акустикалық  жарақтандырылған  бөлме  дыбыстың  сапалы  жазылып,  оған
жаңғырық араласпауы үшін қажет.
      Қажетті микрофон таңдау, егер хабар дөңгелек  стол пішінінде болса көп
бағытты  конденсаторлы,  үлкен  залдардан  жазылатын   болса   аспалы   т.б.
микрофондар тапсырыспен алынып  және  ғимараттың  акустикалық  ерекшеліктері
ескерілуі керек.
      Егер мәтін оқылытын болса, онда қажетті  паузаның  сақталуын  ескерген
жөн. Әйтпейінше монтаж жасалу кезінде қиындық туады.
      1.Микрофонның  сезімтал  екенін  ескеру.  Қағазды  сытырлатпау.  Парақ
беттерін аударған уақыттағы қағаздың сыбдыры  микрофон  құралына  өте  қатты
естіліп, дыбыс сапасына зиян  келтіреді.  Сондықтан,  қағаздың  шетін  алуға
ыңғайлы етіп бүктеп қою керек. Немесе, сытырлатпай ақырын  жылжытып  отырған
жөн.
      2.Әдеттерді шектеу, артық дыбыс шығармау кейбір хабарға
қатысушылар қаламды тықылдатып,  немесе  үшын  шығарып  шытырлатып  отырады.
Кейбіреулер отырған орындарын қозғай береді, сол
сияқты т.б. әдеттерді қайталамауын ескертіп қою да дыбыс жазуға
қажетті  шарттардың  бірі.  Қандай  жағдайда  дыбыс  жазылмасын  журналистік
этиканың  сақталуы.  Неғұрлым  қысқа,  нұсқа,   нақты,   тұжырымды   сөйлеу.
Аудитория мәдениетін сақтау. Дауыс ырғағын,  сөз  екпінін,  сөйлеу  мәнерін,
паузаны қадағалау.
      3.Техниқалық ақауға жол бермеу, бола  қалса  тыңдарман  психологиясына
зиян келтірмейтіндей түсінік беру.  Әрине,  мұндай  шектеулердің  қөпшілігін
компьютер  арқылы  да  жүзеге  асыруға  болады.  Кейбір  шуларды   тазартуға
мүмкіндіктер бар. Міне, осылай эфирдің сапалылығы, тазалығы, барлық  нормала
ры  сақталып  жазылған  дыбыстық  эффектілердің  өз   тыңдармандарын   табуы
жолындағы енбекке журналистердің шығармашылығы қосыла  келіп,  озық  эфирліқ
өнім пайда болады.
      Электронды арналардағы жаңа  технологиялар  туралы  сөз  болғанда  бір
мәселеге ерекше назар аудару керек. Ол  бүгінгі  таңдағы  форматтар  туралы.
Қазір дыбыс пен бейнені  жазудың  екі  стандарты  кең  тарап  отыр.  Бірінші
дәстүрлі аналогтық жүйе, дыбыс табиғатын,  тербелістерін  ескеріп,  магнитті
лентаға жазу және қайта жаңғырту сияқты операциялармен шектеледі. Оның  үлес
салмағы  қазір  едәуір  көп  болғанымен,  жыл  өткен  сайын  азайып  келеді.
Аналогтық  форматты  цифрлық  жүйелер  ауыстыруда.  Бұл   жүйеде   аналогтық
сигналдардың  барлығы  белгілі  бір  алгоритм  бойынша  сығымдалып  сақталып
жазылады, соған сәйкес ойналады. Яғни олардың  негізін  сығымдау  және  кері
қайта қалпына келтіру  сияқты  операцияларды  жүзеге  асыратын  компьютерлік
чиптер, процессорлар құрайды.
      Осыдан келіп қазіргі заманғы мамандар акустикалық сигналды  табиғатына
қарай екі топқа жатқызады. Музыкалық аспаптардың әуендері, ән салу,  сөйлеу,
сондай-ақ табиғи шулар бастапқы сигнал деп  аталады  да,  электроакустикалық
құралдарда  өңделгеннен  кейін  екінші   өзгермелі   сигнал   деп   аталады.
Компьютердегі дыбыс табиғатын, оны өңдеудің ерекшеліқтерін зерттеуші  А.  П.
Загуменнов  өзінің  «Компьютерная  обработка  звука»  қітабында  былай   деп
жазады: «Акустикалық сигнал уақытқа байланысты әр түрлі деңгейдегі  тербеліс
береді. Оның ең жоғарғы және төменгі мөлшері динамиқалық диапазонды  құрайды
және  әдетте  децибелмен  өлшенеді.  Сонымен  қатар  акустикалық   сигналдың
спектрі табиғатынан әр түрлі болып  келеді.  Яғни  оның  импульсі  өзгермелі
болып  келеді.  Дыбыстың  осындай   үйлесімді   тербелістерден   тұратындығы
компьютерлік  алгоритмін  жасауда  ескеріледі.  Аналогтық  сигналды   пифрға
ауыстыру үш кезеңнен тұрады: іріктеу, кванттау және кодтау. Іріктеу  кезінде
алғашқы сигналдың дыбыс тербелістері, қуаты мен жиілігі уақыт өлшемімен  бір
жүйеге  іріктеледі.  Кванттау  мен  кодтау  компьютердің   аналогтық-цифрлық
өзгерткішінің мүмкіндігіне байланысты алғашқы  сигналдың  табиғатын  сақтап,
өзгермелі  диапазоның  жасау  және  оны  компьютер  тіліне  айналдыру  болып
табылады, әдетте тікелей екілік кодпен жазылады».
      Бұл өте күрделі өзгермелі процесс, осы салада жүргізіліп жатқан ғылыми
ізденістер сан салалы болып келеді, бірізді пікір  де  қалыптасып  болмаған.
Дыбыс  табиғатын  өзгертпей,  қалай  табиғи  күйінде  жеткізе  аламыз  деген
сұраққа жауап табу қиын. Өйткені, бұл жерде субьективтілік  те  басым  түсіп
жатады, әр адам дыбысты әркелкі қабылдайды, бір талғамның  болуы  да  мүмкін
емес. Бірақ, бір нәрсе  анық,  қазіргі  заманғы  қомпьютерлердің  қуаты  мен
иқемділігі,  дыбыс  жазудың  алгоритмдері  мен  сығымдау  тәсілдері  барынша
жетілдірілген, қарапайым адамдардың есту  қабілетін  толық  қанағаттандырып,
дыбыс пен әуенді табиғи қалпына  өте  жақын  күйде  бере  алады.  Ал  кейбір
кәсіпқой музыканттарға ұнамаса, ол субъективті қабылдауы болса  керек.  Оның
үстіне қазіргі техникалық құралдардың деңгейі де, бағасы да әр түрлі.
      Сонымен, цифрлық  дыбыстың  сапасы  компьютерлік  чипке  –  аналогтық-
цифрлық  және   кері   өзгерткішке   байланысты.   Кейбір   осындай   сапалы
өзгерткіштер бір секундта 48000 тербеліске дейін  іріктеп,  кванттап,  кодқа
түсіреді. Бұл өте жоғары көрсеткіш.  Осыған  байланысты  тағы  бір  тауқімет
туындайды. Дыбыстың сапасы неғүрлым  жоғары  болған  сайын  ол  компьютердің
ресурстарын  көп  пайдаланады,  сақтап  қоюға  көп  кеңістік  қажет  болады.
Мысалы, стерео режимінде жоғары сапалы бір минуттық музыканы  жазу  үшін  10
мегабайттан аса  диск  кеңістігі  қажет  екен.  Осыдан  келіп  оны  сығымдау
қажеттілігі туындайды. Қазір мұның  да  үздік  алгоритмдері  түзілген,  олар
ұқсас тербелістерді біріктіру, адам құлағы ести бермейтін  жиіліктерді  алып
тастау сияқты жолдармен мағлұматтарды  төрт,  кейде  тіпті  он  есеге  дейін
қысқартып, қомпьютерде өңдеуді жеңілдетеді. Ал дыбыс  сапасындағы  өзгерісті
екінің бірі аңғара да бермейді.
      Дыбысты  компьютерге  көшірудің  артықшылықтары  қандай  дегенде  мына
мәселелерге назар аударамыз:
      цифрлы сигнал сапасын ешқашан жоймайды, өздігінен өзгермейді,  мысалы,
елу жылдан кейін де сол күйінде сақталады, ал аналогтық магнитті лента  ұзақ
сақтауға жарамайды  және  қайта  көшіру  кезінде  сапасы,  деңгейі  төмендей
береді;
      компьютерде өңдеу орасан шығармашылық мүмкіндіктерге жол ашады,
көп каналды өндеу, қосымша дыбыстармен  араластыру,  деңгейін  өзгерту  онай
жүзеге асырылады,
      шу деңгейі өте төмен, аналогтық жүйеде механикалық шу, үйкелістер  көп
кедергі келтіретіні белгілі,
      қашықтыққа  беру  мүмкіндігі  өте  жоғары,  цифрлы  әуен  сол  күйінде
дүниежүзінің кез келген бұрышында ойналады, интернетпен де жіберуге  болады,
ал табиғи дауысты  сапалы  деген  телефон  желісімен  де  екінші  қашықтыққа
өзгеріссіз беру мүмкін емес,
      лазерлік технологиялармен кірігуі, СБжәне ОУТ) технологиялары музыканы
сақтау мен жеткізудің бүгінгі таңдағы ең үздіқ құралдары болып қалыптасты,
      дыбыс режиссері мен операторы жұмыстарын едәуір жеңілдетті,
      орасан музыкалық мұражайлар жасауға және оны еркін
тасымалдауға  мүмкіндік  берді,  мысалы  қазір  МРЗ  тәсілімен  миллиондаған
әндер, музыкалық шығармалар таратылуда,
      радиотарату  ісін  автоматтандыруға  жол  ашты,  мамандардың   уақытын
үнемдеуі және басқалар.
      Осының  ішінде  музыканы  компьютерде   өңдеудің   жаңа   шығармашылық
мүмкіндіктеріне қысқа тоқталып өткен орынды. А. Загуменнов  бұл  процестерді
үш  топқа  бөледі:  қарапайым  редақциялау,  дыбыс  процестері  және   дыбыс
эффектілері.
      Қарапайым редақциялау кезінде  дыбыс  материалы  компьютерде  өңделіп,
артық  тұстары  алынып  тасталады,  орындары  ауыстырылады  және  басқа   да
монтаждаудың   дағдылы   міндеттері   атқарылады.   Мысалы,   жазып    алған
сұхбатыңыздың  кез-келген  тұсын  кесіп   алып   тастайсыз,   немесе   орнын
ауыстырасыз, қайталанған сөздерді, іркілістерді жоясыз  және  басқалар.  Ал,
абайсызда   қателік   жіберіп   қойсаңыз   кері   оралып,   жұмысты    қайта
жалғастыруыңызға болады. Аналогтық лентамен жұмыс істегенде байқаусыз  қиған
тұсыңызды қайта қалпына қелтіру тіпті де қиын.
      Дыбыс процестеріне мына міндеттер жатады:
      дыбыс тербелістерін біріктіру;
      кері аудару, әдетте стереоэффектті қалпына келтіру үшін жасалады;
      тербеліс деңгейлерін өзгерту, мысалы тым жоғары, қатты шыққан  дыбысты
төмендетеді, т.с.с;
      тұрақты тоқты өзгерту;
      қалыптандыру, дыбыс деңгейін бір дәрежеге көтеру үшін
қажетті аса маңызды фунқция, оны қолданғанда дыбыс деңгейінің
кенеттен төмендеп кетуі, бәсеңсуі болмайды, сапасына нұқсан
келтірмей, бұл операция осындай ой-шұқырларды теңестіреді;
      панораманы кеңіту, дыбыстың шекарасын, ауқымын кеңітеді;
жиілігін  түзету,  бір  сапа   деңгейінен   екіншісіне   ауыстыру,   мысалы,
интернетте тарату үшін жоғары сапалы дыбыс қажет емес, сондықтан  оны  төмен
жиілікке түсіру арқылы файлдың  көлемі  ықшамдалады  және  тез  тасымалдануы
үшін жеңілдетіледі;
      әр түрлі сүзгілер, олар дыбысқа қосымша реңк беру үшін қолданылады.
      Дыбыс эффектілері ретінде мыналар қарастырылады:
      сигналды тежеу;
      тербелісі мен фазасын өзгерту;
      дыбысталу деңгейі мен уақытын өзгерту;
      ерекше эффектілер қолдану;
      жаңғырық;
      караоке және басқалар.
      Компьютерде дыбысты өңдеу тәжірибесі күн  өткен  сайын  толыға  түсуде
және бұл бағытта мыңдаған адамдар ізденістер жүргізіп,  жаңа  мүмкіндіқтерді
ашып, бар технологияны жетілдіруде, көптеген  арнайы  мектептер  мен  жоғары
оқу орындары мамандар даярлау ісімен айналысуда. Болашағы зор нарық  ретінде
де қалыптасып үлгерді.
      Радиотелевизиялық технологиялар да бір орнында қалып қоймай күнделікті
даму үстінде. Соңғы кезде ол жаңа бір  технологиялық  секіріс  жасап,  бұған
дейін радио ҒМ диапазонына көшуіне байланысты дыбыс сапасы едәуір  жақсарып,
жаңа деңгейге көтерілген еді. Барлық радиохабарларын тарату цифрлы  форматқа
көшірілуде. Бұл үрдіс  шетелдерде  жаппай  қолға  алынуда.  Мұндай  жағдайда
цифрлы радиоқабылдағыштар арқылы  қазіргіден  жоғары  сапалы  тіпті  ауқымды
естілетін  дыбыс  сапасына  қол  жеткізіледі.  Шағын  ғана   радиоқабылдағыш
құралдар сізді қай жерде жүрмеңіз ақпаратпен қамтамасыз етіп,  болып  жатқан
оқиғаларды, ауа райын, ақша бағамдарын біліп отырасыз және  сазды  музыкалық
шығармаларды тыңдайсыз.
      Интернет арқылы радиотарату да кең қолданысқа енуде.  Қазір  оның  екі
мүмкіндігі бар. Оның біріншісі, реал-аудио яғни нақты уақытпен  жер  шарының
кез-келген нүктесіндегі әуе  толқынына  тарап  жатқан  станцияларды  тыңдау.
Екінші, веб-серверлерде сақталған радиохабарларын  тыңдау.  Оларды  тікелей,
болмаса өз компьютеріңізге көшіріп алып тыңдауға болады.  Осыған  байланысты
өз радиохабарларыңды интернет арқылы тарату қаражат шығынын  талап  етпейтін
мол  мүмкіндік  ашады.  Кез-келген   журналист,   музыкант   интернетке   өз
хабарларын  орналастырып,  ешқандай  радиожиілік  сатып  алмай-ақ,  тендерге
қатыспай-ақ хабар тарата алады.
      Осы  жұмыстарды  атқаратын   компьютерлік    бағдарламалардың   сипаты
төмендегідей:
      Ең көп тарағаны музыкалық редакторлар болып табылады,  олар  қарапайым
дауыс жазудан бастап, монтаждау, жекелеген эффектілерді қолдану  сияқты  кең
ауқымды  шараларды   компьютерде   атқаруға   мүмкіндік   береді.   Солардың
қатарында,   АёоЬе   Аиёіііоп,   Сооі   Есііі,   \¥ауеЬаЬ,   Зошісі    Ғог§е
бағдарламалары кең  тараған.  8атр1ішсіе  Мазіег  бағдарламасы  көп  каналды
дыбыс жазуға, әр каналды жеке өңдеуге және соның барлығын  біріктіріп  тұтас
музыка, не хабар жасауға көмектеседі.
      Көп  каналды  жазудың  артықшылығы  әрқайсысын  жеке  өңдеп,  сан  рет
өзгертуге  болатындығы,  ал  нәтиженің  басқа  жолдарға  әсер  етпейтіндігі.
Осындай тәсілмен көбіне музыкалық  аранжировка  жасалады,  яғни  музыка  мен
дауысты  сәйкестендіру,  деңгейлестіру   жүзеге   асырылады,   минусовкалар,
фонограммалар даярланады. Мұндай музыкалық  құралдар  МГОІ  редакторлар  деп
аталады. Оның бір мысалы, Сақе\үа1қ бағдарламасы.
      Компьютерде дүниеге келген музыкалық шығарманы нотаға түсіретін арнайы
Ғіпаіе сияқты бағдарламалар да бар,  онда  компьютер  өзі  әуеннің  ырғағын,
жиіліктерін, деңгейін бағалап,  нота  сызығына  түсіреді,  қағазға  бастырып
алуға  мүмкіндік  жасайды.  Сол  сияқты   музыкалық   синтезаторлар,   үлкен
музыкалық қордан жаңа туынды  жасауға  мүмкіндік  беретін  бағдарламалар  да
бүгінгі музыканттар мен әуесқойлардың  көмекшісі  болып  табылады.  Солардың
ішіндегі кең тарағаны кәдімгі Ямаха синтезаторлары.
      Аналогтық  көздерден,  яғни  магнитофондар   мен   грампластинкалардан
музыканы көшіру кезінде пайдаланылатын өз  бағдарламалары  да  бар.  Мысалы,
Оіатопсі Сш Ашііо Қезіаигаііоп, ІЧоізе Қ.егіисііоп Эігесі  X  бағдарламалары
осындай сапасы төмен әуендердің шуын азайтып, артық тырсылдар мен  фондарды,
ескі эффектілерден тазартуға көмектеседі.
      Интернеттегі  музыка  әлеміне  арналған,  оларды  іздеу   мен   табуға
көмектесетін бағдарламалар қатары да көптеп саналады. Сол  сияқты  әр  түрлі
музықалық  форматтардағы  әуен  мен  дауысты  тыңдауға  жол  ашатын  әмбебап
ойнатқыштар  қатары  да  жүздеп,  мыңдап  саналады.  Жалпы,   бұл   саладағы
компьютерлік бағдарламалар қатары  да  күн  сайын  өсіп,  толығып,  жақсарып
отыратындығын естен шығаруға болмайды.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. Электронды арналардағы жаңа технологиялар.
2. Компьютерде дыбысты өңдеу.
3. Әлемдік  теледидардың  даму  бағыттары  мен  жаңашыл  тенденциялары.
Ұсынылатын әдебиеттер:
   1.Барманкулов М.  Вес  мир  у  вас  в  квартире.  Алматы.,  1972.
 2.Молдабеков А.  Хабардың  бес  белесі.  Алматы.,  2000
 3.Масғұтов С.  Көгілдір  экран-өмір  айнасы.  Алматы.,  1976
 4.Вачнадзе Г.  Весмирное  телевидение.  Тбилиси.,  1989
 5.Барманкулов М.  Телевидение:  деньги  или  власть.  Алматы.,  1997
 6.Тұрсынов Қ.  Көгілдір  экран  құпиясы.   Алматы.,  1999
 7.Кузнецов Г.  ТВ-журналист.  Москва.,  1980
 8.Саппак В.  Телевидение  и  мы.  Москва.,  1988
 9.Амандосов Т.  Совет  журналистикасының  теориясы  мен  практикасы.
   Алматы.,  1978

              11 -Дәріс. РАДИОХАБАРЛАРЫНЫҢ БЕЙНЕЛЕУШІ ҚҰРАЛДАРЫ

Дәріс сабағының мазмұны:
   1. Радиожурналистика - дыбыстық коммуникация.
   2. Дыбыстық образ.

      Радиожурналистика - дыбыстық коммуникация.  Оның  ерекшелігі  дыбыстың
табиғатымен,  мүмкіндіктерімен  және  оны  адамның  психологиялық   тұрғыдан
қабылдауымен тікелей байланысты. Материалдың логикалық мазмұны, әдеби  мәтін
үзінділерінің ішқі тұтастығы, дәлелдер,  пікірлер  және  дәйектерді  келтіру
жүйесі дыбысталған сөздің (ауыз екі тілдің) заңдылықтары  негізінде  құрылуы
тиіс.
      Радиохабардың тиімділігі мен әсерлілігі хабарды ұйымдастыру  барысында
бейнелеу құралдарын жүйелі әрі сауатты түрде қолданумен тікелей  байланысты.
БАҚ-тың  ықпалды  әрі  кең  таралған  қолайлы  түрі  –   радио   табиғатында
тыңдаушылармен бейнелік немесе образдық қарым-қатынас  жасауға  негізделген,
яғни  дыбыс  арқылы  адамның  елестету   қабілетінің   жұмыс   белсенділігін
арттырады.
      Дыбыстық образ дегеніміз дыбыстық элементтердің жиынтығы (сөз, музықа,
шулар).  Адамның  мінезі,  тұрмыс-тіршілігі  немесе  хабарда  әңгіме  арқауы
болатын нысаналар, өмірліқ құбылыстар  туралы  дұрыс  мазмұнда,  әрі  әсерлі
етіп баяндау, яғни солардың бейнесін  сөз  арқылы  сомдап,  тыңдаушынын  көз
алдына келтіру.
      Радионың бейнелеуші құралдары бір-бірімен тығыз байланысқан екі  топқа
бөлінеді:
      Біріншісіне  тұрақты,   сандық   өзгерістерге   ұшырамайтын   дыбыстық
материалдар жатады: сөз, музыка, шулар (шынайы,  өмірлік,   студиялық)  және
студиядан  тыс  жазылған  деректі  жазбалар  -  бұлар  табиғи  немесе  пішін
тудырушы бейнелеуші құралдар.
      Екіншісі  -  өзгеріске  ұшырайтын,  өзіне  қолайлы  әрі  ыңғайлы  етіп
қолдануға  болатын,  радиожурналистің   шығармашылық  қажеттілігіне  тәуелді
техниқалық немесе стиль  қалыптастырушы  бейнелеуші  құралдар,  яғни  монтаж
және дыбыс құрастырудың техникалық тәсілдері.
      Табиғи немесе пішін тудырушы бейнелеуші құралдар:
      СӨЗ. Сөз  -  адамдардың  тіл  қатысуында  қолданылатын  негізгі  өнім.
Радиожурналистикада сөздің  алатын  орнын  зерттемес  бұрын,  алдымен  сөзге
анықтама беріп алайық. Мағжан Жұмабаев бұл жөнінде төмендегідей  ой  түйеді:
«Біз сөз арқылы ғана неше түрлі ойымызды сыртқа  білдіре  аламыз  һәм  басқа
адамдардың ойларын біле аламыз. Сөз болмаса, адамда білім болмас  еді.  Атын
атап, сөзбен бекітіп тастамасақ, жанда суреттер,  ұғымдар  тұрмас  еді.  Сөз
болмаса, сөзбен адамзаттың бір-бірімен ұғысуы  болмаса,  жер  жүзіндегі  осы
күнгі  адамзат  тұрмысы  деген  тұрмыс   та   болмас   еді.   Қысқасы,   жан
көріністерінің ең қымбаты - ой. Ой тілі  -  сөз».  Ал  Ахмет  Байтұрсыновтың
қағидасына сүйенсек «бір нәрсе турасындағы пікірімізді, яқи қиялымызды,  яки
көңіліміздін  күйін сөз арқылы жақсылап айта білсек, сол сөз  өнері  болады.
Ішіндегі  пікірді,  қиялды,  көнілдің  күйін  тәртіптеп,   қисынын,   қырын,
кестесін келтіріп сөз  арқылы  тысқа  шығару  -  сөз  шығару  болады».  Яғни
Мағжанша айтсақ, адамдардың ішкі жан дүниесіндегі  толғаныстарды  жеткізудің
негізгі құралы, сонымен қатар ойдың тілі  -  сөз  болса,  ал  Ахметше  көңіл
түкпіріндегі өзгерістерді, құбылыстарды  жай  тілмен  емес,  көркем,  қисыны
келіскен сөзбен кестелеп, жүйелеп жетқізу әр азамат үшін  парыз  болмақ.  Ал
сөз   қадірін   бірінші   кезекте   бағалайтын   журналистер   үшін    Ахмет
Байтұрсыновтың бұл талабы негізгі қағида болуы тиіс.
      Ең алдымен сөзбен  жұмыс  істегенде  журналистің  алдында  тұратын  үш
міндетті жүйелеп өтейік:
      Біріншісі - журналист көңіл қойып, назар аударған  оқиғаны  және  оның
барлық болмысын сөзбен дәл әрі нақты мазмұнда  суреттеп  тыңдаушыға  жеткізе
білуі қажет.«Айтушы өз ойын өзі үшін айтпайды. Өзге үшін  айтады.  Сондықтан
ол ойын өзгелер  қиналмай   түсінетін  қылып  айту  керек.  Ол  үшін  айтушы
сөйлейтін тілін жақсы қолдана білуі тиіс. Яғни  әр  сөздің  мағынасын  жақсы
біліп, дұрыстап сөйлемді тізе білуі тиіс. Тілді  қолдана  білу  деп  айтатын
ойға сәйқес келетін сөздерді таңдап ала  білуді  және  сол  сөздерді  сөйлем
ішіне орын-орнына дұрыстап қоя білуді айтамыз». Бұдан шығатын тұжырым  сөзді
дұрыс тауып қана қоймай, оны оқиғаның  бар  болмысын,  негізгі  мән-мазмұнын
шынайы етіп суреттейтіндей дәрежеде қолдану керектігі.
      Екінші міндет -  сөздің  оқу  мақамын  дәл  табу,  кез-келген  мәтінді
нақышына келтіріп оқи білу шеберлігі.  Бернард  Шоу  айтқандай  «иә»  немесе
«жоқ» сөздерін жазудың бір ғана тәсілі бар, ал  айтудың  50  түрі  бар,  көп
жағдайда кері мағынада, яғни айтылу  мақамын  таппасаңыз  кез-келген  сөздің
өзіндік мәні, берер мазмұны жойылады.
      Кез-келген мәтіндегі әрбір сөзді нақышына келтіріп айтып, оқу мақамына
салып, жан-тәніңмен тебірене отырып  оқысаң,  баяндалған  оқиғаның  болмысын
өзіндік бояуымен әсерлі етіп жеткізе білсең тыңдаушыға әсер етпей  қоймайды.
Кез-келген мәтінді  -  ауа-райы  болжамынан  бастап  қайғылы  жайттар,  елең
еткізер оқиғаларға дейін -  ресми  түрде  немесе  селқос  баяндауға  болады,
сонымен қатар тыңдаушыны толғандырып,  селт  еткізердей  етіп  жеткізуге  де
болады. Бұл үшін журналист  шығармашылық  адамы  болуы  тиіс,  мәтінді  ішкі
түйсікпен терең сезініп, тақырып мазмұнына  қарай  дауысын  құбылтып  отыруы
керек.
      «Біз басқаларды тыңдағанда олардың айтқандарын  құлақпен  қабылдаймыз,
содан кейін барып тыңдағанымызды көзбен көреміз»  Қ.С.Станиславсқий),   яғни
айтылғанды көзбен көру тыңдау болса, ал сөйлеу -  ойша  елестетіп,  бейнелеп
тұрған образдарды (ұғымдарды) сөзбен сомдау болмақ.
      Үшінші міндет - журналист  логикалық  және  экспрессивті  акценттерді,
екпіндерді іздеуі қажет.
      Сөздің әсер ету күші, сөздің әсерлі әрі бейнелі шығуы  үшін  журналист
дауыстың күшіне емес оқу мақамының (интонация) деңгейіне (жоғарылату  немесе
төмендету),  екпіндердің  дұрыс  қойылуына  (фонетикалық  акценттер),  тыныс
алудың реттілігіне көңіл қоюы керек. Дауыс күшімен әсер етем деу  қате,  бұл
жағдайда қажетті көңіл-күй туғызу қиын болмақ,  бұл  тәжірибеде  дәлелденген
қағида.
      Екпін - сөз мәнінің  көрсеткіші,  сөздегі  ой  дәлдігінің  көрсеткіші.
Екпінді дұрыс қолдану дегеніміз оны қай  сөзге  қою  керектігін   таба  білу
ғана емес, оны қай сөздің арасында қолданбау керек екенін сезіну.
      Ахмет Байтұрсынұлы «буын екпіні мен сөз  екпінінің  қолайлы  орналасуы
сөйлеу әуезділігін  тудырады»  дейді.  Ауызекі  сөйлегенде  түрлі  сөздердің
үндері орайласып, ұнамды құралуын, құлаққа  жағымды  болып  естілуін  сөйлеу
әуезділігі десек, онда екпіннің  айтар  ойды  жеткізудегі  ролін  бағамдауға
болады, яғни екпінді дұрыс қолдану сөздің кестесін келтіріп айтудың  негізгі
шарты.
      Тыңдаушыларды хабарға тартудың  бір  жолы  -  студия  қонағымен  еркін
сұхбаттасып,  шынайы  әңгіме  айтуға  жетелеу.  Ауызекі  сөйлесудің  негізгі
пішіні  -  диалог,  яғни  нақты  бір  проблеманы  шешудің  жолдарын  бірлесе
іздестіріп жүрген немесе бұл  бағытта  білетін  ақпараттарымен  ой  бөлісуді
көздеген екі немесе бірнеше адамның әңгімесі.
      Радиодағы диалог құрудың өзіндік ерекшеліктері бар, яғни сөйлеуші адам
мен тыңдаушы арасын кеністік  бөліп  тұрады,  тікелей  байланыс  жоқ.  Бірақ
журналист тыңдаушылардың назарын өзіне аударып, белсенді тыңдаушыларды  ойша
елестетіп,  алдын-ала  оның  реакциясын  бақылап,   ойын   түсініп,   әңгіме
барысында  туындайтын  сұрақтарды  біліп,  екеуара  әңгімелесіп,   бетпе-бет
отырғандай әсерде ақпараттардың берілу ретін, логикалық шешімдердің  жүйесін
құрып  алады.  Радиоәңгімені  диалогтың,  яғни   ауызекі   сөйлеу   стилінің
элементтерін қолдану арқылы шынайы әрі тартымды етіп құруға болады,  ауызекі
сөйлесудің мақамын пайдалану, сөздердің құрылу тәртібін  бұзу,  адам  сөйлеп
отырып қажетті сөзді таппаған жағдайда немесе ойланған кезде қолданатын  сөз
арасындағы  кідірістерді  табиғи  қалыпта  қолдану.   Диалогта   ой   дамып,
қозғалыста болғаны  жөн,  әр  түрлі  көзқарастар  мен  дәйектемелердің  жан-
жақтылығынан ойлар  туындап,  әңгіменің  бар  мазмұны  өз  мәнінде  ашылғаны
дұрыс.
      Радиода  журналистің  бар ойын, пікірін, сезімін  жеткізу  құралы  теқ
қана сөз десек, онда ауыздан шыққан  әрбір  сөзге  жете  мән  беріп,  тілдің
құдіретін жан-тәнінмен сезе білуің қажет. Ал ол үшін  Ахмет  Байтұрсынұлынша
айтсақ: «Тілдің міндеті  -  ақылдың  аңдауын   аңдағанша,  қиялдың  меңзеуін
меңзегенінше, қөңілдің түюін түйгенінше айтуға жарау.  Мұнын  бәріне  жұмсай
білетін адамы  табылса,  тіл  шама-қадырынша  жарайды.  Бірақ  тілді  жұмсай
білетін адам табылуы қиын. Ойын ойлаған қалпында, қиялын  меңзеген  түрінде,
қөңілдің түйгенін түйген күйінде тілмен айтып, басқаларға  айтпай  білдіруге
көп шеберлік керек».
      Ғалым Н. Омашұлы радиохабарындағы сөздің жетекші ролін бағалай  келіп,
төмендегідей ой түйеді: «радионың негізгі бейнелеуші құралы - сөз. Бұл  оның
барлық жанрларына тән болуы тиіс.  Дегенмен  әр  жанрдың  тілдік  құралдарын
іріктеу мен үйлестіру принциптері бір-біріне ұқсамайды.  Осыған  орай  түрлі
жанрларда  сөздердің  образдылық  қызметі  де  өзгеріп  отырады.  Ол   бірде
көрнекілік ролін атқарса, енді келесіде публицистикалық  текстің  бейнелеуші
және эмоционалдық негізі ретінде көрінеді».
      Радиохабарды есту арқылы  қабылдайтын  болғандықтан,  мәтіннің  немесе
сценарийдің айтылатын әңгімеге, сөйленетін сөзге айналу  процесіне  аса  зор
мән беріледі. Яғни «радиохабардың бастан  аяқ ойдағыдай  тыңдалуы  үшін  тек
мазмұнды  болуы  жеткіліксіз.  Себебі,  маңызды   деген   материалдың   өзің
біркалыпты дауыспен (монотонды) оқу адамның  логикалық  ойлау  жүйесін  іске
қосқанымен, сезіміне әсер етпейді, әрі адамның логикалық пайымына,  сезіміне
жазбадан гөрі сөз күшімен, үн тілімен әсер ету оңайырақ   та,  мүмкіндік  те
мол». Ал «адам  дауысынын  ырғақтарын,  үн  реңдерін  мәтінге  толық  түсіру
мүмкін болмайды. Немесе  қағазға  жазылған  сөз  өзінің  қосымша  бейнелеуші
құралы –
үннен айырылады, сол арқылы мазмұны да кемиді» (3. Паперный).
       Сондықтан мәтінді ауызекі тіл стиліне бейімдей отырып жазып,  баяндап
отырған жайттың мазмұнын ашатын, айтылатын ойды нақты  айшықтап  суреттейтін
негізгі деген сөз тіркестерін іріктеп қағаз бетіне  түсіріп,  әрі  айтылатын
әр сөздің ауызша айтқандағы  әсер  ету  деңгейі  бірінші  кезекте  ескерілуі
қажет.
      Радиохабарлардың  мазмұнымен  қатар  эфирден  берілу  формасы,  естілу
ерекшелігі де тыңдаушыны тартып, оның көңіл-күйіне әсер етіп,  дыбыс  арқылы
оқиға бейнесі сомдалуы қажет. Бұл жерде басты  қызметті  атқаратын  нәрсе  -
сөйлеушінің дауыс ырғағы.  Адамның  жанды  дауысы,  оның  ырғақтары  мен  үн
реңдері хабар мазмұнын, берілу пішінін жандандыратын ең басты құрал.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. Эфир  этикасы.
2. Табиғи немесе пішін тудырушы бейнелеуші құралдар.
3. Радиодағы диалог құрудың өзіндік ерекшеліктері.
Ұсынылатын әдебиеттер:
   1.Барманкулов М.  Вес  мир  у  вас  в  квартире.  Алматы.,  1972.
 2.Молдабеков А.  Хабардың  бес  белесі.  Алматы.,  2000
 3.Масғұтов С.  Көгілдір  экран-өмір  айнасы.  Алматы.,  1976
 4.Вачнадзе Г.  Весмирное  телевидение.  Тбилиси.,  1989
 5.Барманкулов М.  Телевидение:  деньги  или  власть.  Алматы.,  1997
 6.Тұрсынов Қ.  Көгілдір  экран  құпиясы.   Алматы.,  1999
 7.Кузнецов Г.  ТВ-журналист.  Москва.,  1980
 8.Саппак В.  Телевидение  и  мы.  Москва.,  1988
 9.Амандосов Т.  Совет  журналистикасының  теориясы  мен  практикасы.
   Алматы.,  1978

                  12 -Дәріс. МУЗЫКА МЕН ШУЛАРДЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ

Дәріс сабағының мазмұны:
1. Радиохабардағы  музыкалық және шу.
2. Шу дегеніміз.
      Радиохабар құрылымында  музыка  мен  шу  композицияның  жеке  элементі
ретінде орын алады және сөзбен, бір-бірімен тең дәрежеде  қолданылады.  Олар
аудиоәңгіменің сюжеттік желісін, атмосферасын, өзіндік  мазмұнын  жеке  дара
таныта  алады.  Бүгінгі  күнде  психологтар  мен  өнертанушылар  музыка  мен
шулардың ролін тең дәрежеде деп көрсетеді және олардың материалдық  элемдегі
құбылыстарды  ырғақты  әрі  нақышты  ұйымдастырылған  дыбыстармен   бейнелеу
мүмкіндігін жоғары  бағалайды.  А.  Стоковский  деген  ғалым  адам  өмірінде
кездесетін барлық шулар «өзіндік ырғақты  қағыстардан  тұрады  және  өзіндік
музыкалық  мәнге ие» деп көрсетеді. Ғалымнын  бұл  пікірі  радиожурналистика
мен радиоөнердегі  арт-акустика  деп  аталатын  қызықты  әрі  жаңа  бағыттың
негізі етіп алынды. Бұл  қүнделікті  өмірде  кездесетін  және  нақты  тарихи
оқиғаларды көз алдыңызға келтіретін шуларды қолдана отырып  ұйымдастырылатын
сюжеттік хабарлар. Мысал ретінде алсақ, Сталин мен  Гитлердін  сөздері,  сөз
мағынасы түсініксіз, тек сөйлеу мәнері  мен  ырғағына  қарап  оратордың  кім
екенін анықтауға болады, яғни дыбыстар символ  ретінде  қолданылады,  сөздер
тарихи мәнге  ие  болып,  шуға  тең  болады,  радиохабар  барысында  қосымша
түсініктеме мен түсіндірме сөздер  қолданылмайды.  Музыка  мен  шу  айтылған
сөздегі идеялық  және  эстетикалық  ақпараттарды  дәлелдеп,  толықтырып  әрі
жетілдіріп отырады және сюжет желісіне қажетті логиқалық  және  эмоционалдық
талаптарды орындауға да қабілетті.
      Радиохабардағы әрбір музыкалық  және  шу  фрагменттерінің  орнын  және
негізгі   атқарар   қызметін   анықтау   өте   жауапты   жұмыс,   бұл   істе
радиоқызметкерлерінен кәсіби білім пен үлкен жауапкершілік талап етіледі.
      Музыка мен шулар радиохабар құрылымында адам сөзін  алмастырып  тұрса,
онда олар төмендегідей қызметтер атқарады:
      1) Оқиғаның болған  жері  мен  мерзімін  білдіреді.  Мысалы,  спорттық
шолуда гонг дыбысы,  ат  тұяғының  дүрсілі,  көрермендердің  көтеріңкі  және
бәсеңдеген дауыстары репортаждың  ипподромнан  беріліп  тұрғанын  көрсетеді,
сондықтан тілшіге оқиға болған жерді суреттеуге уақыт оздырудың қажеті жоқ.
      2) Оқиғаның уақыт пен кеңістіктегі қозғалысын таныту. Бүгінгі
таңда репотаждың соңғы дайындық жұмысы монтаж бөлмесінде
өтетіні шындық, репортер әр алуан мерзімде және әр жерлерде жазылып  алынған
хабар үзінділерінің басын құрап, хабар құрылымын
өзгертеді, міне осы жағдайда музыка хабар бөліктерін біріктіру,
жымдастыру ролін атқаратын және бір мезгілден келесі мерзімге
өтудің таптырмас құралы болып табылады.
      Эстондық радиожурналист И. Триккель  екі  балықшылар  ұжымының  жарысы
туралы  әңгімелей   келіп,   мұхиттан  жағалауға  ауысқан  оқиғаның   арасын
жымдастыру үшін музыкалық лейтмотив  ретінде  Вагнердің  «Летучи  голландец»
әнінің әуенін пайдаланған, осылайша ол сәтті хабар  жасап,  музыканың  ролін
басқа қырынан танытқан.
      Суреттеп отырған  оқиғаның  эмоционалдық  мінездемесін  ашып  көрсету,
дыбыстық элементтерді дәл әрі сабақтастыра қолдану оқиғаны толық  болмысында
 және өз мәнінде  көрсетуге  мүмкіндік  береді.  Мәселен,  жазылып  алынған,
үнтаспаға түсірілген деректі  шулар  мен  көшедегі  сапырылысқан,  дағдарған
адамдардын сөздері, олардың бет-жүздеріндегі үрей  арқылы  жер  сілкінісінен
кейінгі трагедиялық картинаны көрсетуге болады.
      Журналистің немесе оқиғаға тікелей қатысқан  адамдардың  психологиялық
жағдайын  суреттеу.  Кейіпкерлердің  сезімі  мен  ой  тебіреністерін,   жан-
дүниесіндегі толқуларды жеткізуде музыка мен шуды астарлап қолдану.
      Музыка - шындықты дыбыстық көркем  образда  бейнелеуші  өнердің  түрі,
дыбысталған жанды сөз болғандықтан  тыңдаушылардың  эмоциясына  әсер  етеді,
сонымен қатар радиокоммуникацияның уақытшалық мінездемесіне сәйкес келеді.
      Гегель   музыканы   екі    түрге    бөліп    қарастырады:    біріншісі
-сүйемелдеушілік ролі, екіншісі - жеке дара өнердің бір  түрі,  яғни  музыка
адамның көңіл-күй толқыныстарын әр түрлі пішін мен жанрда бейнелейді.
      Музыканың  сүйемелдеушілік   қызметі   өнердің   театр,   хореография,
телевидение түрлерінде кең қолданылады. Радиода музыка  мәтінді  механикалық
тұрғыда әсерлеуді көздемейді, әр түрлі  жанрлық  шығармаларды  ұйымдастыруда
белсенді роль атқарады. Нақтырақ тоқталар болсақ:
      Ақпараттық блоктардың арасын бөлу;
      Бағдарламаның музыкалық шапқасы;
      Дыбыстық декорация -  тарихи  ортаны  анықтау,  қозғалыстың,  оқиғаның
болған жерін таныту;
      Дыбыстық фон  ретінде  қолдану,  мәтіннің  дыбыстық  ырғағын  айқындау
(ақпараттық хабарларды жиі қолданылатын тәсіл);
      Дыбыстық   атмосфераны   бейнелеу,   кейіпкердің   көңіл-күйін,    жан
толғанысын, оқиғаның жалпы болмысын аша түсу;
      Дыбыстық образ жиынтығын қалыптастырудың көрқемдік тәсілі;
      Хабарда  суреттелетін  оқиғалардың   арасын   бір-бірімен   жымдастыра
байланыстыру.
      Табиғи  бейнелеуші  құралдардың  хабарды  ұйымдастыру  барысында   көп
қолданылатын түрі – шу. Шу дегеніміз әр түрлі дыбыстық белгілердің  жиынтығы
және музыкамен, сөзбен жымдастырыла, сабақтастыра пайдалана отырып  оқиғаның
негізгі болмысын өз мәнінде суреттеудің,  бейнелеудің  бір  тәсілі.  Сонымен
қатар  адамдардың  түсініксіз  сөздері,  гуілдер,   музыкалық   тіркестердің
микрофонға кездейсоқ жазылуын да шуға жатқызуға болады.
      Радиохабарда шулар төмендегідей қызметтерді атқарады:
      -     журналистің баяндап отырған оқиғасының, көрінісінің,
құбылысының дыбыстық мінездемесін ашуға көмектеседі. Сөзбен
қатар үнтаспаға түскен деректі шулар шындықтың дыбыстық
бейнесін сомдайды, ақпараттың дәйектілігіне негіз болады;
      -     дыбыстық фон құрайды, акустикалық иллюстрация ролін
атқарады, оқиғаның негізгі деген тұстарын айшықтап, даралап
көрсетеді;
      -     әдеби контексте айқындаушы белгі ролін атқарады әрі көркем,
образды мінездеменің мән-мазмұнын аша түседі, әдеби деталь және
оның  дыбыстық бояуы болып эстетикалық қырын танытады.
      Бір сөзбен айтқанда радиомәтіннің бейнелеуші және  көркем  айқындауышы
шулар  болып  табылады.   Бұрынғы   кездері   радиохабарлардың   көркемдеуші
элементтері қолдан жасалынатын, ал  қазіргі  кезде  компьютерлік  технология
арқылы кез келген құбылысты тез арада жасап алуға  болады.  Яғни,  компьютер
радиожурналистің жұмысын ұйымдастыруға және жеңілдетуге көп көмек жасайды.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. Дыбыстық декорация.
2. Радиохабардағы  музыкалық және шу.
3. Шу дегеніміз.
Ұсынылатын әдебиеттер:
   1.Барманкулов М.  Вес  мир  у  вас  в  квартире.  Алматы.,  1972.
 2.Молдабеков А.  Хабардың  бес  белесі.  Алматы.,  2000
 3.Масғұтов С.  Көгілдір  экран-өмір  айнасы.  Алматы.,  1976
 4.Вачнадзе Г.  Весмирное  телевидение.  Тбилиси.,  1989
 5.Барманкулов М.  Телевидение:  деньги  или  власть.  Алматы.,  1997
 6.Тұрсынов Қ.  Көгілдір  экран  құпиясы.   Алматы.,  1999
 7.Кузнецов Г.  ТВ-журналист.  Москва.,  1980
 8.Саппак В.  Телевидение  и  мы.  Москва.,  1988
 9.Амандосов Т.  Совет  журналистикасының  теориясы  мен  практикасы.
   Алматы.,  1978

        13 -Дәріс. РАДИОЖУРНАЛИСТИКАНЫҢ СТИЛЬ ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ ҚҰРАЛДАРЫ

  Дәріс сабағының мазмұны:
 1. Реверберация  ұғымы.
 2. Дыбыстық мизансцена


      Бұл аталған екінші топ журналистің шығармашылық  еркіндігіне  құрылады
әрі өзіндік  қолтаңба қалдыруға жетелейді. Бейнелеуші құралдардың  бұл  түрі
бағдарламаның стилін  құрастыруға  негіз  болады  әрі  журналистің  материал
мазмұнын   баяндаудағы   өзіндік   жеке   әдіс-тәсілдері,   әңгіме    ырғағы
қалыптасады.
      Ең алдымен дыбыс  құрудың өзіндік әдіс-тәсілдеріне тоқталамыз: бірінші
- реверберация, яғни  дыбыс  жазу  процесінде  басқару  тетігінің  көмегімен
журналист дауыстың және болған оқиға туралы  жазбаның  дыбысталуына  қосымша
әр береді әрі  жаңғырық  қосады.  Бұл  тәсіл  тыңдаушының  ынтасын,  назарын
кейіпкердің  сөзіне,  журналистің  сөз  қолданысына  аударту  және  оқиғаның
дыбыстық бейнесін айшықтау мақсатында қолданылады.
      Екінші - «Буратино» тәсілі. Бұл тәсілді бейнелеуші құрал ретінде ашқан
режиссер Роза  Иоффе.  Магнитафон  таспасын  жылдам  немесе  баяу  айналдыру
арқылы техникалық бракты тиімді көркем  тәсілге  айналдыру  туралы  жаңалық.
Алтын кілт немесе Буратиноның басынан  кешкендері  атты  балаларға  арналған
радиоспектакльде алғаш  қолданылды.  Осы  аталған  тәсілдің  көмегімен  ағаш
адамның құлаққа жағымды сөздері, Қарабастың жуан дауыспен айтылған  сөздері,
қуыршақ артистердің  жіңішқе  дауыстары,  дуэттер,  квартеттер  құрылды,  ең
бастысы мұның бәрі бір ғана актердің дауысын әр  қырынан  құбылтудын  жемісі
еді.
      Буратино тәсілі журналистің шығармашылығында кең қолданысқа ие  болды.
Бұл  сұхбат  беруші  адамның  сөзін  тілшінің  мысқылмен   баса   көрсетуіне
мүмкіндік береді.
      Үшінші  -  дыбыстық  мизансцена.  Эфирде  сөз  болып  жатқан  әңгімеге
қатысушы адамдарға микрофонды ұсынудың,  бағыттаудың  тәсілдері.  Микрофонды
барлық адамдардын сөзі бірдеңгейде естілуі жағдайында  орнату  және  қолдан-
қолға ұсыну, жақындату немесе алыстату, яғни  оқиғаның  жалпылық  мәнін  ашу
үшін қолдану әдісі. Керісінше микрофонды тек бір ғана  дауыстың  айқын,  әрі
айрықша естілуі жағдайында орнатуға болады, мұндай жағдайда бір  ғана  дауыс
немесе дыбыс хабардың сюжеттік, мәндік, эмоционалдық негізін құрайды.
      Бұл тәсіл журналистің әңгімесінің маңыздылығын арттырып, сонымен қатар
шынайылығын танытады, тарихи сипат береді.
      Төртінші - дауыстық әрлеу. Бұл тәсіл радиотеатрда көп қолданылады  әрі
шығу тегі де драмалық  қойылымдардан  бастау  алады.  Нақты  анықтама  берер
болсақ, бұл - оқиғанын бар болмысын (атмосферасын) әр қырынан жан-жақты  ашу
үшін журналистің сөзіне  эмоционалдық  бояу,  әр  беру  және  сөздің  айтылу
мәнеріне, ырғағына ерекше  назар  аудару.  Бұл  ақтерлік   шеберлікті  қажет
етеді. Дауыстық әрлеу журналиске кез-келген жағдайда керек.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
 1. «Буратино» тәсілі.
 2. Дауыстық әрлеу.
 3. Аудиторияны  зерттеу  жолдары.
Ұсынылатын әдебиеттер:
   1.Барманкулов М.  Вес  мир  у  вас  в  квартире.  Алматы.,  1972.
 2.Молдабеков А.  Хабардың  бес  белесі.  Алматы.,  2000
 3.Масғұтов С.  Көгілдір  экран-өмір  айнасы.  Алматы.,  1976
 4.Вачнадзе Г.  Весмирное  телевидение.  Тбилиси.,  1989
 5.Барманкулов М.  Телевидение:  деньги  или  власть.  Алматы.,  1997
 6.Тұрсынов Қ.  Көгілдір  экран  құпиясы.   Алматы.,  1999
 7.Кузнецов Г.  ТВ-журналист.  Москва.,  1980
 8.Саппак В.  Телевидение  и  мы.  Москва.,  1988
 9.Амандосов Т.  Совет  журналистикасының  теориясы  мен  практикасы.
   Алматы.,  1978

                             14 -Дәріс. МОНТАЖ.
Дәріс сабағының мазмұны:
1. Акустикалық коллаж.
2. Тізбектелген монтаж.

      Монтаж сөзі француз тілінен аударғанда екі мағына  береді.  Техникалық
мағынасы - «алдын-ала жасалған  жоспар  бойынша,  жоба,  кескіндеме  бойынша
дайын бөлшектерден, басқа құрал-жабдықтардан  машина  құрастыру,  құрылыстар
тұрғызу,  жөндеу  жұмыстарын  жасау».  Екіншісі  -  «белгілі  бір  шығарманы
жүйелеп жасау үшін әр түрлі  бөлімдерді  таңдап,  оларды  құрастыру,  мысалы
кинода сценарийде жазылған  жүйе  бойынша  түсірілген  фильмнің  бөлшектерін
таңдап алып, құрау».
      Монтаж - хабарды алдын-ала жазу  барысында  техникалық  құрал  ретінде
танылса,  ал  тікелей  эфирде  біртұтас  қүрылымның   өзіндік   пішіні   деп
есептеледі, яғни  хабардың  жеке  бөліктерін  жалғау,  сабақтастыру  мәнінде
қолданылады. Сонымен қатар үнтаспаға жазылған хабарды  бір  жүйеге  түсіріп,
артық-кемі жоқ толыққанды туындыға айналдыру процесінде іріктеу әдісі  үлкен
роль  атқарады,  ғалымның  сөзімен  айтсақ  «іріктеу  әдісі  -  бұл   монтаж
процесінің бастапқы нүктесі. Монтаж  -  бұл  жекелеген  бөліктерді  жүйелеу,
салыстыру, қарсы қою үшін біріктіру». Сонымен қатар төмендегідей  талаптарды
ескеру қажет:
      а)    монтаждық бөліктердің ішқі байланысы және олардың
ұқсастығы немесе қарама-қайшылығы;
      ә) монтаждық бөліктердің бір-біріне деген эмоциялық қатынасы;
      б)    олардың ырғақты уақыттық мөлшері.
      Монтаж жасаудын мүмкіндіктері әр  жанрда  алуан  түрлі,  яғни  мәтінді
жүйелеуден бастап,  ұзақ  сөздерді  қысқарту,   сәтсіз   фрагменттерді  алып
тастау, техникалық жағынан дұрыс  жазылмаған  жерлерді  үзіп  алу,  дыбыстық
образды құрастыру.
      Монтажды шығармашылық бағытта қолданудың тәсілдерін және  оның  қызмет
формасын былайша көрсетуге болады:
      Мәтінді қысқарту;
      Авторлық  мәтін  мен  деректі  жазбалар   үзінділерінің   сабақтастығы
негізінде құрылымдық өзгерістер жасау;
      Белгілі бір уақытқа сығымдау;
      Материалдың мазмұнына сәйқестендіріп, сонымен қатар  автордың  негізгі
ойына сүйене отырып қажетті дыбыстық бейнелеуші  құралдарды,  декорацияларды
қолдану;
      Әр түрлі кеңістікті  танытатын  және  уақытты  көрсететін  жазбалардың
жоспарын құру, сол арқылы оқиғаның болған мерзімін, сол  оқиға  өткен  жерді
сөзбен мінездемелеп, әр қырынан суреттеу;
      әр  түрлі  дыбыстық  бейнелеуші  (көркемдеу)  құралдарын  қарама-қарсы
бағытта қолдану, яғни алуан түрлі пікірлердің,  психологиялық  тартыстардың,
жоспарлардың, көріністердің қайшылығын көрсетуде шеберлікпен пайдалану;
Сюжет қозғалысында жүйелі, тізбекті, қатар жүру тәсілдерін қолдану;
      Радиотуындының жиынтық қомпозициясын құру.
      Монтаж кезінде дыбыс күші (жоғары, төмен, контраст), пауза, бейнелеуші
құралдар  (сөзді  музыкамен  көркемдеу,  әр   түрлі   шуларды   сабақтастыра
пайдалану, олардың ұзақтығы) әр түрлі нұсқада қолданылады.
      Хабар жасау барысында монтажды қолдану аясы  жанрлардың  ерекшеліктері
мен мүмкіндіктеріне сай, яғни атқаратын қызметі мен  міндеті,  стилистикалық
және акустикалық өзгешеліктеріне орай анықталады.
      Монтаж жанрлық қызметке тәуелді, белгілі бір  мәселені  шешу  бағытына
тәуелді,  сонымен  қатар  жанрдың   архитектоникасын,   ішкі   байланыстарын
анықтап, алға қойылған шығармашылық міндеттердің  іске  асуына  көмектеседі.
Ақпараттық  радиохабарда  монтаж  қарапайым,  бірақ  маңызды,  яғни  фактіні
таңдап, іріктеу, мазмұндау,  жалпы  бағдарламаның  құрылымында  алатын  орны
сияқты  пішінде  танылады.  Ал  радиоәңгімеде,   радиокомпозицияда    монтаж
дыбыстық образды құрастырудың басты құралы ретінде қолданылады.
Көркемдеу құралдары бір-бірімен тығыз байланысып  әрі  сабақтасып  мазмұнды,
акустикалық бірліктегі жиынтық туынды түзеді.
      Монтаж түрлері:
      1)    Акустикалық - радиохабардағы жеке дыбыстық элементтерді
және дыбыстық үзінділерді бір  құрылымдық  жүйемен  үнтаспада  басын  қосып,
біріктіріп жазудың техникалық процесі. Сонымен қатар
мазмұндық және дыбыстық құрылымдар байланысының біртұтас
жүйесі, яғни драматургиялық конструкция қызметін атқарушы
жүйе. Монтаж автордың идеологиялық және  эстетикалық  позициясын  көрсетуші,
көркем ойын таныту әдісі және шындықты
шығармашылық ой елегінен өткізудің көрсеткіші.
      Монтаж -  деректі  материалды  көркемдеп  ұйымдастырудың  тәсілі.  Бір
пікірді бірнеше мағынада қолданып, әр оқиғаның мазмұнын бірнеше қырынан  ашу
үшін пайдалануға болады.
      Монтажды тікелей эфирде де іске асыруға  болады,  яғни  жалпыхалықтық,
ұлттық  сипаттағы  хабарларды  ұйымдастырудың,  бір  тақырыпты  ашу  аясында
бірнеше хабарды бір-бірімен сабақтастыра беру. Бұл - монтажды  қосақтастырып
қатар қолдану түрі.
      Тізбектелген  монтаж  -  мән-мазмұны,   эмоционалдық   жағынан   тығыз
байланысқан дыбыстық фрагменттердің өз дербестігін, ішкі логикалық  мазмұнын
сақтай  отырып  бір  жүйеге  топтастыру.  Бұл  кинематографиядағы  эпизодпен
сәйкес келеді, яғни  монтаждың  жеке  элементтері  -  кадрлар  бір  ырғақпен
кезектесіп  монтаждық  фразаны  құрайды.  Ал  радиода  дыбыстық   элементтер
құрастырылып,  жүйеленіп  келіп  қана  оқиға   жөнінде   толық   баяндалады,
эпизодтар бірлесіп бір хабар ұйымдастырылады, бұл жерде ең  басты  ескеретін
нәрсе айтар ойынды нақты, шынайы деректермен тұжырымдай білу қабілеті.
      Акустикалық коллаж - әртүрлі фактуралық дыбыстық  элементтердің  басын
қосу, нақты бір тарихи кезеңдегі оқиғаларды бейнелейтін деректі  жазбаларды,
цитаталарды, лозунгтарды, пікірлерді бүгінгі  көзқарас  тұрғысынан  сөз  ете
отырып беру.
      Монтаж дыбыстық образды құрастырудың басты құралы ретінде қолданылады.
      Көркемдеу  құралдары  бір-бірімен  тығыз  байланысып  әрі   сабақтасып
мазмұнды, акустикалық бірліктегі жиынтық туынды түзеді.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. Акустикалық коллаж.
2. Тізбектелген монтаж.
Ұсынылатын әдебиеттер:
   1.Барманкулов М.  Вес  мир  у  вас  в  квартире.  Алматы.,  1972.
 2.Молдабеков А.  Хабардың  бес  белесі.  Алматы.,  2000
 3.Масғұтов С.  Көгілдір  экран-өмір  айнасы.  Алматы.,  1976
 4.Вачнадзе Г.  Весмирное  телевидение.  Тбилиси.,  1989
 5.Барманкулов М.  Телевидение:  деньги  или  власть.  Алматы.,  1997
 6.Тұрсынов Қ.  Көгілдір  экран  құпиясы.   Алматы.,  1999
 7.Кузнецов Г.  ТВ-журналист.  Москва.,  1980
 8.Саппак В.  Телевидение  и  мы.  Москва.,  1988
 9.Амандосов Т.  Совет  журналистикасының  теориясы  мен  практикасы.
   Алматы.,  1978

     15 -Дәріс. ҚҰЖАТ НЕМЕСЕ ДЕРЕКТІК МАТЕРИАЛДАР, ОЛАРДЫҢ РАДИОХАБАРЛАР
                         ҚҰРЫЛЫМЫНА ЕНГІЗУ,  СТУДИЯ

Дәріс сабағының мазмұны:
1. Деректі жазбалар.
2. Қосарланған сюжет.

   Деректі жазбалар – адамның жанды сөздері, сонымен қатар музыка мен  шулар
арқылы нақты оқиғаның ( уақытымен болған жері ) бар  болмысын  ашу  мақсатын
көздеген хабарлар. Бұлар екі мәнде қолданылады:
   1.  бейнелеуші  құрал  ретінде,  яғни   оқиғаның   мазмұнының   толықтыра
      суреттеуге  және  оның  психологиялық   атмосферасын   өз   деңгейінде
      көрсетуге мүмкіндік береді;
   2. деректі жазба –  фонодокумент  болып  табылады,  хабардың  шынайылығын
      танытудағы жеке әрі  қосымша аргумент болып табылады.
      Фонодокументті қолданудың мүмкіндіктерін қорытындылағанда оның юристік
аспектісіне, яғни  жазылып  алынған  оқиғаның  ақиқаттығына  назар  аударып,
содан кейін аудиторияны эмоциялық жағынан игеру мүмкіндігі сөз болуы тиіс.
       Деректі  жазба  құжат  сияқты  радиохабар  құрылымының  сюжеттік  әрі
мазмұндық , мәндік негізін құрайды.
      Мәтіндік құжаттарды қолданудың формалары:
радиохабардың  мәтінін, құрылымын өзгертпей деректі жазба қосу, мысалы  жаңа
АЭС – ты  іске  қосу  туралы  репортажда  осы  туралы  мемлекеттік  органдар
қабылдаған  қаулылардан диктордың орындауында үзінділер беру;
керісінше, деректі жазбалар хабардың мазмұны мен сюжеттік  негізін  құрайды.
Автордың сөзі, репортерлік жазбалар, музыка қосымша ретінде пайдалвнылады.
   Қосарланған сюжет – радиохабардың  құрылымы  екі  жеке  сюжеттік,  толық
аяқталған  бөлімдерден  тұрады,  бірінші  –мәтіндік  құжаттардан   құралады,
екінші – комментарийлерден, ойнақы эпизодтардан  құрастырылған.  Қосарланған
сюжет радиоочеркте, радиокомпозицияда, радиоәңгімеде жиі қолданылады.
   Радио үйінде сөздік, музыкалық, концерттік, әдеби –  драмалық  студиялар
болады. Студия  дегеніміз  –  дыбыстық  хабарлардың  жасалу  процесі  өтетін
акустикалық жарақтандырылған арнайы бөлме. Студияның іші  дыбыс  өтпейтіндей
етіп, шудың таралуын төмендететін, дыбыстық шағылуын   бәсеңдететін  құрылыс
материалдармен қапталады. Аумағына, атқаратын қызметіне қарай бірнеше  түрге
бөлінеді.
      Студиялық ақпараттық бөлмеде – сөздік , дикторлық мәтін жазылады. (арт
жағына қосу керек)
      Монтаждық  аппараттық  бөлмеде  –  шағын   хабарлар   жасалады.   Онда
магнитафондар, монтаждық пульт, бақылаушы дыбыстық агрегат орналасқан.
      Қайта жазу және күрделі  монтаж  аппараттық  бөлмесінде  –  музыкалық,
драмалық   композициялар,    эстрадалық,    симфониялық    т.б    концерттер
фонограммалары дайындалады. Мұндайда бірнеше магнитафондардан  шыққан  дыбыс
сапасы реттеледі, яғни микшерлеу процесі жасалады, көп  жолды  магнитафондар
дыбыстары  жазылады.   Әр  түрлі  дыбыстық  әсерлер  және  жасанды  жаңғырық
жасалады.   Ал,   эстрадалық   ансамбльдерді   жазған    уақытта    бөлектеп
жазуқолданылады. Мысалы, бірінші жолға  ритмикалық  топты(рояль,  контрабас,
қақпалы  аспаптар  –  саксафон);екінші  жолға  –  үрмелі  аспаптар   (труба,
тромбол); үшінші жолға – саксафон; төртінші жолға – солист  жазылады.  Содан
соң  сигналдар  магнитафондар  студиядағы  күшейткішке  беріледі.Одан  кейін
синхронды дыбыс  жазу  үшін  көпжолды  магнитофоннан  біржолды  магнитаыонға
көшіріледі.
      Концерттік студия кең болуы  тиіс,  80  –  100  адам  еркін  сиятындай
болады. Мұнда жеке әншілерден бастап, түрлі хорларды, ұжымдар  орындауындағы
бұл орында қанша  жақсы  жарақтандырылғанымен  де  студиялық  «атмосфераның»
сақталуы жиі кездеседі. Студиялық « атмосфера» деген –  айналадағы  қоршаған
ортадан пайда болатын, дыбыс жазуға кедергі  жасайтын  шу.  Бұл  –  көбінесе
бағытталмаған  микрофондарды  дыбыс  көзінен  алшақ  орналастырудан  болатын
құбылыс.  Ондайда  микрофонда  отырған  адамның  сәл  ғана  қимылы,  желдету
жуйесінен өтіп тұрған ауаның ағымы, диктордың терең дем алғаны  да  жағымсыз
шулардың пайда болуына жол  ашатын  құбылыстар  болып  табылады.  Концерттік
бағдарламаларды  орындауға  мүмкіндік  бар.  Оркестрді  еркін  орналастыруға
болады.
   Әдеби – драмалық студия  негізінде  түрлі  радиоқойылымдарды  дайындауға
бағытталған орын. Актерлердің жеке дауыстарына және қатысушы топтың қимыл  –
әрекеттеріне, сөйлеулеріне лайықталғын.
   Сөздік студияда  дикторлық  мәтін  оқылып,  жазылады.  Ол  екі  бөлмеден
тұрады. Бірінші бөлме режиссерлерге, екінші дикторға арналған. Екі  бөлменің
арасы әйнекпен бөлініп, арасын байланыстыратын  микрофонмен  жалғастарылған.
Жазылуға  тиіс  мәтіннің  сапалы  шығуына  дыбыс  операторы   мен   режиссер
жауаптылық көрсетіп, қадағалып отырады.
   Студиялар жабдықталған кезде міндетті түрде дыбыстық реверберация есепке
алынады. Реверберация (1) –  латынша  «reverbaratio»  шағылу  деген  сөзінен
шыққан. Яғни , жабық бөлмедегі дыбыс өшкенне  кейінгі  оның  біртіндеп  сөну
процесі осылай аталады. Сөздің анық , жақсы естілуіне  қажетті  ркверберация
уақыты 0,5 -0,6 секундтап аспауы қажет. Үлкен  студия  0,2  –  0,25  секунд,
кішірек студияларды 0,3 – 3,5 счекунд аралығы қамтылады.
      Концерттік  студия  –  бұл  орынның  аумағы  300  шаршы  метрге  дейін
қамтылады. Кем дегенде 40 – 50 адамнан  тұратын  оркестр  орналасатын  орын,
бірнеше микрофондар орналастырылады.
      Микрофондар алдыңғы жазу бөлмесіндегі  пультке  жалғастырылады.  «Мына
тұста барабан  күштірек»  немесе   «  скрипка  үні  әлсіздеу»  деген  сияқты
кемшіліктреге жол  берілмеу  үшін  инженерлер  микрофонды   дайыендауға  аса
көңіл бөледі. Ал, радиоқойылымдырды жазу концерттік бағдарламаларды  жазудан
күрдклі  болвп  келеді.  Мысалы,  ондай  студияларға  кемінде  бес  микрофон
қойылады. Төртеуінен шыққан сигнал  пультке,пульттен  тағы  бір  микрофонға,
одан кейін дыбыс агрегаты беріледі.
      Дыбыс жазу  кезінде  адам  дауысының  неғұрлым  табиғи  шығуына  көңіл
бөлінуі  қажет.  Табиғи  жазылған  дыбыс  хабардың   нақтылығын   арттырады.
Сонымен,  дыбыстық  студияларға  қажетті  шарттар  -   дыбыстық   (изоляция)
оқшаулау,  акустикалық   талап,   реверберация   уақыты,   техникалық   және
шығармашылық топ  жұмысын  қамтамасыз    ету.    Жоғарыда    аталып    өткен
негізгі   студияларға қосымша халықаралық  хабарларды  жазу  және  студиядан
тыс трансляциялық хабарлар жасау орындары  да  бар.  Трансляция  -  сөз  бен
дыбыс арқылы ешбір өзгеріссіз оқиға  картинасының  жасалу  процесі.  Қазіргі
кезде трансляцияның маңызы зор.  Өйткені,  шетелдерде,  ТМД  мемлекеттерінде
болып жатқан көптеген халықаралық маңызды оқиғалар осы трансляциялық  жолмен
таратылады.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. Студия дегеніміз не?
2. Концерттік студия.
3. Студиялық ақпараттық бөлме.
 Ұсынылатын әдебиеттер:
   1.Барманкулов М.  Вес  мир  у  вас  в  квартире.  Алматы.,  1972.
 2.Молдабеков А.  Хабардың  бес  белесі.  Алматы.,  2000
 3.Масғұтов С.  Көгілдір  экран-өмір  айнасы.  Алматы.,  1976
 4.Вачнадзе Г.  Весмирное  телевидение.  Тбилиси.,  1989
 5.Барманкулов М.  Телевидение:  деньги  или  власть.  Алматы.,  1997
 6.Тұрсынов Қ.  Көгілдір  экран  құпиясы.   Алматы.,  1999
 7.Кузнецов Г.  ТВ-журналист.  Москва.,  1980
 8.Саппак В.  Телевидение  и  мы.  Москва.,  1988
 9.Амандосов Т.  Совет  журналистикасының  теориясы  мен  практикасы.
   Алматы.,  1978

                           Лабораториялық жұмыстар
1-лабораторилық жұмыс
Қазіргі қоғамдағы радиохабар таратудың рөлі мен орны.
Радиохабар таратудың акустикалық табиғаты. Хабар тарату механикасының  дамуы
және  радионың  бейнелеуіш  құралдары.  Мәтіннің  оқылғанда  адамға   әсері.
Радиотындарман  аудиториясы.  Дыбыстық  журналистика   тілі   мен   стилінің
өзгешелігі. Радио  ерекшелігіндегі  оның  таралу  ауқымының  шексіздігі  мен
жеделдігі.  Оқиғаға   қатыстылығы   мен   оны   сезіну   ерекшелігі.   Радио
өзгешелігінің тарихи қалыптасуы.
        1. Студенттердің дикцияларын бақылау.
        2. Студияда дауыстарды жазып бақылау.
        3. Интонациялық бақылау.

2-лабораториялық жұмыс
Радиожурналистиканың бейнелеуіш құралдары.
Дыбысталған  сөз  –  басты  бейнелеуіш  құрал.   Радио   -   журналистиканың
бейнелеуіш  құралдары   ретінде   саз   бен   табиғи   орта   шуының   мәні.
Радиожурналистикада   және   көркем   қойылымдылық   хабарларда    музыкалық
безендірудің ерекшелігі.
       Радиожурналистиканың пішіндік бейнелеуіш құралдары.
       Радиожурналистиканың стильдік бейнелеуіш құралдары.

      1.Радиохабардың не екенімен таныстыру.
      2. Қазақ радиосының хабарларын тыңдату.
      3.Хабардың шақыру белгісі (позывной), хабардың «шапксы» және  авторлық
мәтінің жобаларымен таныстыру.

3-лабораториялық жұмыс
Қазақстанда радиохабар тарату ісінің тарихы.
Радионы  пайдаланудың  алғышарттары,  Форт-Александровск  радиостанциясы   –
Қазақстандағы  алғашқы   радиостанция.   Түркістан   өлкесі   үшін   ташкент
радиостанциясының  мәні.  Радиотелеграф  қызметінің   алғашқы   қарлығаштары
ТүркРОСТа,  КирРОСТа  жаршылары.  Орынбор,  Петропавл,   Көкшетау,   Ақмола,
Павлодар, Өскемендегі қабылдау станциялары. Қазақстанның толыққанды  алғашқы
радиостанциялары.  Қазақстанда  радиохабар  тарату  ісінің  қалыптасуы   мен
дамуының  кезеңдері  және  олардың  сипаты.  Отандық  радиохабар   таратудың
зерттеушілері. Тәуелсіз Қазақстанның радиостанциялары.
 1. Сценариялық жобамен таныстыру.
 2.  Жоғарғы  курс  студенттері  жасаған  хабарларды  тыңдатып,  рецензиялар
    жаздыру.
 3. Алғашқы хабар негізі- мәтіндер жазуды бақылау.


4 - лабораториялық жұмыс
Радиожурналистика жанрлары мен пішіндерінің эволюциясы
Радиожурналистикадағы «пішін» мен «жанр» ұғымы.  Радиожурналистика  пішіндер
мен жанрлар  эволюциясы.  Қазақстандық  радиогазеттер.  Радиожурналистиканың
жаңа  пішіндерінің  жетілуімен   радиогазеттердің   жойылуы.   Радиоға   тән
ерекшелігі бар хабарлардың көбеюі. Микрофон  алдындағы  көсемсөз  ,  тікелей
хабар тарату радиожурналистиканың  жаңа  пішіндері.  Алғашқы  студиядан  тыс
хабарлар.  Радиожиналыс,  радиомитинг  және  басқа  да  кеңестік   кезеңдегі
радиохабар таратудың пішіндері мен жанрлары.
   1. Хабарды тыңдармандар тыңдауы үшін қандай  қажеттіліктер  керек  екенін
      ұғындыру.
   2. Алғашқы хабар мәтіндерін талқылау.
   3. Нысандармен жұмыс.


5 - лабораториялық жұмыс
Қазіргі форматтық радиохабар тарату
Қазіргі  кезеңдегі  радиохабар  тарату  қызметінің  негізгі   әдістері   мен
пішіндері. Ресейлік радиохабар тарату тәжірибесі. Америкалық және  европалық
  радиохабар  таратудың  бүгінгі  модельдері.  Қазіргі  заманғы   радиохабар
таратудың форматтық ерекшелігі. Ақпараттық  радиохабар  тарату.  Ақпараттық-
музыкалық радиохабар  тарату.  Музыкалық  –  ақпараттық  радиохабар  тарату.
Музыкалық  радиохабар  тарату.  Қазақстандық  радиохабар  таратудың  қазіргі
жайы. Қазақстандық коммерциялық каналдар мен Қазақ радиосының  хабар  тарату
режимдері.   Радиотолқындағы   пікір    саналуандығы.    Мемлекеттік    және
коммерциялық   радиохабар   тарату.    Әр    түрлі    меншік    формасындағы
радиостанциялардағы    журналистік     еңбектің     айрықшалығы.     Қазіргі
радиостанциялардың түрлері. Тақырып, хабар тарату әдісі бойынша жіктелуі.
   1. Мәселе көтере алуға дайындау. Бүгінгі күннің өзекті тақырыптарын  көре
      алушылыққа дағдыландыру.
   2. Еркін тақырып бойынша студенттердің ойлау қабілетін байқау.
   3. Сценарий жасау


6 – лабораториялық жұмыс
Радиожурналистиканың ақпараттық жанрлары.
      Ақпараттық хабардың жанрлық  ерекшелігі  –  оқиғалығы,  жеделдігі  мен
шынайлылығы. Ақпараттық хабар мәтінінің ішкі құрылымы мен үйлесімі.  Ілік  –
хабар  дерегінің  негізі,  оның  мағыналық  орталығы.  Ақпаратқа   қойылатын
маңызды талаптар –  жеделдік,  айқындылық,  нақтылық,  қысқалық,  жүйелілік,
обьективтілік. Телевизия мен радиода  ақпаратты  берудің  ерекшеліктері  мен
айырмашылықтары.
    Журналистік талдау  –  оқиғаға  қатысты  жедел  пікір  білдіру.  Талдау
талдамалы жанр ретінде. Ақпараттық  хабарды  дамыту,  оған  қатысты  әртүрлі
көзқарастарды жинақтау. Жедел және  проблемалық  талдаудың  айырмашылықтары.
Талдаудағы субъективтілік. Дерекке немесе оқиғаға қатысты болжамдар айту.
    1. Хабардағы авторлық мәтінді студияда жазу
    2. Мәтін қалай жазылады, қалай оқылады, паузаның орынды қолданылуы
    3. Хабар режиссерінің міндетін түсіндіру


7 – лабораториялық жұмыс
Радиодағы талдамалы жанрлар.
      Журналистік талдау-  оқиғаға  қатысты  жедел   пікір  білдіру.  Талдау
талдамалы жанр ретінде. Ақпараттық  хабарды  дамыту,  оған  қатысты  әртүрлі
көзқарастарды жинақтау. Жедел және  проблемалық  талдаудың  айырмашылықтары.
Талдаудағы субъективтілік. Дерекке немесе оқиғаға қатысты болжамдар айту.
      Пікірталасқа құрылған радиохабарлар және  оларға  қойылатын  талаптар.
«Дөңгелек столды» ұйымдастыру және жүргізу.
       1.  Микрофон ұстай алуға, дыбыс жазуға дағдыландыру.
       2.  Сұрақ қоя білуге үйрету.
       3.  Аудиторияда дөңгелек үстел жүргізуге үйрету.


8 – лабораториялық жұмыс
Радио аудиториясы және радохабар таратудың экономикалық негізі.
      Аудиторияның  құрылымы  және  оларды  қызықтыратын  жайлар.  Мотивтер.
Электронды БАҚ пәрменділігі мен тиімділігі. Аудиторияны  типтеу  мәселелері.
Аудиторияны  ғылыми  зерттеудің  ғылыми  негіздері.  Ақпаратты   қабылдаудың
психологиялық ерекшеліктері.
      Аудиторияны зерттеу әдістері  –  сұрау  салулар,  бақылау,  құжаттарды
талдау,  эксперимент.  Телефонмен  хабарласу,  электронды  почта,   Интернет
арқылы  аудитория   талап-тілектерін  білу.   Байқаулар,   лотерея   ойнату,
сыйтарту арқылы аудиторияны кеңітудің мүмкіндіктері.
      Радиохабар таратудың экономикасы мен менеджменті
       1.  Анкета жүргізуге дағдыландыру
       2.  Аудиторияны зерттеу тәсілдерін үйрету.
       3.   Телефонмен  хабарласу,  электронды   почта,   Интернет   арқылы
       аудитория талап-тілектерін білу


9 – лабораториялық жұмыс
Деректі-көркем жанрлар.
      Радиоочерк  публицистік  жанр  ретінде.  Очерктің  жанрлық   табиғаты.
Очеркте әлеуметтік, публицистік және көркемдік  шешімдердің  тоғысуы.  Очерк
құрылымы.  Радиоочеркте  кейіпкер  бейнесін  сомдау  үшін  көркем   бейнелеу
тәсілдерін қолданудың маңызы. Радиоочерк тілі мен  стиліндегі  өзгешеліктер.
Радиоочерк пен телеочерк арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар
       1.  Мерекелік хабар дайындау, көркемдік элементтерін қадағалау.
       2.  Дауысты құбылтуды жолға қою.
       3.  Оператормен жұмыс
       4.  «Audiotion» бағдарламасымен жұмыс


10- лабораториялық жұмыс
Радиожурналистің шығармашылық шеберханасы.
      Радиожурналистика шығармашылық  түрі  ретінде.  Радиодағы  дерек,  оны
жинақтаудың ерекшелігі.  Радиохабарлардың  сапасын  айқындау.  Радиотолқында
қарым-қатынас жасаудың психологиялық ерекшелігі.
      Дауыс радиожурналистің басты еңбек құралы ретінде. Дикторлық  шеберлік
және оған қойылатын  талаптар.  Сөзді  мәнерлеп  жеткізудің  маңызы.  Сөйлеу
техникасы. Хабарлардың сипаты мен жанрына байланысты өзгермелі талаптар
       1.  Радиохабарлардың сапасын айқындау
       2.  Дикторлық шеберлікті қалыптастыру
       3.  Портреттік хабар жасау
       4.  Экономика тақырыбына хабар жасау


11- лабораториялық жұмыс
Радио аудиториясы және радиохабар таратудың экономикалық негізі
      Аудиторияның  құрылымы  және  оларды  қызықтыратын  жайлар.  Мотивтер.
Электронды БАҚ пәрменділігі мен тиімділігі. Аудиторияны  типтеу  мәселелері.
Аудиторияны  ғылыми  зерттеудің  ғылыми  негіздері.  Ақпаратты   қабылдаудың
психологиялық ерекшеліктері.
      Аудиторияны зерттеу әдістері  –  сұрау  салулар,  бақылау,  құжаттарды
талдау,  эксперимент.  Телефонмен  хабарласу,  электронды  почта,   Интернет
арқылы аудитория талап-тілектерін білу. Байқаулар, лотерея ойнату,  сыйтарту
арқылы аудиторияны кеңітудің мүмкіндіктері.
   1. Аудиторияны зерттеу әдістері  –  сұрау  салулар,  бақылау,  құжаттарды
      талдау, эксперимент
   2. Тыңдарман аудиториясын қызықтыратын жайларды ойластыру
   3. Шығармашылық тақырыбына хабар жасау

12 – лабораториялық жұмыс
Әлемдегі және Қазақстандағы радиохабар тарату үрдістері.
Әлемдік радиотарату ісіндегі қазіргі үрдістер . Ашық қоғам және  халықаралық
қарым-қатынастағы   жалпы   адамзаттық   құндылықтардың   басымдық   сипаты.
Қазақстанның әлемдік экономикалық интеграцияға кірігуі. Бүгінгі медианарық.
     1. Қазақстандағы радиоарналар қызметімен таныстыру
     2. Коммерциялық арналар жұмыстары
     3. Заң-құқық тақырыбына хабар жасау


13 – лабораториялық жұмыс
Студенттің хабар жасау технологиясы  толық  меңгергендігін  байқау,  жасаған
хабарларын студенттер арасында тыңдату.

14 – лабораториялық жұмыс
Жасалған хабарларға пікірлер жаздырту

15 – лабораториялық жұмыс
Үздік дайындалған хабарларды студенттер рейтингі арқылы бағалау.

5 СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ

1.   Радиожурналистиканың бейнелеуіш құралдары.
2.   Дыбыс. Оның қасиеттері, қолданылуы.
3.   Радиожурналитикадағы режиссура қызметі.
4.   Дыбыс өлшемі, деңгейі, көлемі.
5.   Радиоарналардың хабар тарату аумағына байланысты бөлінуі.
6.   Сценарийлік жоба маңызы.
7.  Радиоаудиторияның көлемі, зерттеу әдістері
8.  Эфирдегі сөз. Сөйлеу техникасы.
9.  Аудиторияны  ұстаудың ең алғашқы шарты және тәсілдері.
10. Монтаждау процесі
11.  Монтаж түрлері
5.12  Радиохабарын есте қалдыру үшін пайдаланатын әдістерден мысалдар
келтіру.
13.  Тыңдарманмен кері байланыс әдістері.
14.  Тележурналистика мен радиожурналистикаға соңғы 15 жыл көлемінде енген
    жаңаша кәсіби әдістері.
15.  Дыбыс жазудың тарихы.
16.  Форматты радионың хабар тарату әдістері.
17.  Редактор қызметі.
18.  Тікелей эфир табиғаты.
19.  Монтаждың жиі қолданылатын түрлері.
20.  Д.Қанатбаевтың шығармашылық шеберханасы (мысалдар).
21.  Радиохабар таратудағы соңғы үрдістер.
22.  Қазақ радиосының құрылымы.
23.  Коммерциялық радиолар
24.  Монтажға қажетті шарттар
25.  Радиохабардың хабарлаушылық міндеті
26.  Радионың өзіндік ерекшеліктері.
27.  Эфирлік талаптар.
28.  Эфирдегі тіл мәдениетінің сақталмауы (мысалдар).
29.  Радиожурналистикаға қойылатын талаптар.
30.  Радиохабарының жасалуы жолдары.
31.  Режиссер және журналист қызметі бірлігі.
32.  Электронды монтаж.
33.  Радиохабарды көркемдеу әдістері.
34.  Компьютерлік монтаж.
35.  Радиодағы шығармашылық топ міндеттері.
36.  Радионың эстетикалық міндеті.
37.  Радионың бейнелеуіш құралдары.
38.  Қазақ  радиосы хабарларын коммерциялық арналармен салыстыру (мысалдар
    арқылы)
39.  Жаңа аудиотехнологиялар.
40.  Сандық диктофондар
41.  Компьютерлік монтаждау ерекшеліктері.
42.  Дыбыстың физикалық қасиеттері жайлы.
43.  Дыбыстың таралу процестері жайлы түсінігіңіз?
44.  Акустика ғылымы жайлы не білесіз?
45.  Дыбыстың өзіндік қасиеттері туралы.
46.  Реверберация процесі жайлы  түсінік, қолданылуы.
47.  Микрофонның қызметі, басты шарты.
48.  Микрофонның түрлері, қолданылу аясы.
49.  Магнитофондардың қолданылуы
50.  Мишкерлеу құралы.
51.  Радиожурналистикада электронды есептеу машиналарының қолданылуы.
52.  Радиожурналиске көмекші компьютерлік бағдарламалар.
53.  Интернет және радиожурналистиканың байланысы.
54.  Радиохабарларының бейнелеуіш құралдары.
55.  Радиохабарларындағы сөздің рөлі.
56.  Радиохабарларындағы музыканың рөлі.
57.  Радиохабарларындағы шудың пайдаланылуы
58.  Электронды монтаж туралы түсінік.
59.  Техникалық монтаж туралы түсінік.
60.  Монтаж жасау тәсілдері.
61.  Электронды монтаж туралы түсінік.

Пәндер