Файл қосу
Қазақ хандығының құрылуы
|Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі | |Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті | |3 деңгейлі СМЖ құжат |ПОӘК | | | | |ПОӘК | | | |042-14-5-02.01.20.1/01-20| | | |13 | |ПОӘК | | | |Оқытушыларға арналған |№1 басылым 05.09.2013 | | |"Отандық тарихтың қазіргі| | | |кезеңдегі түпкілікті | | | |мәселелері" пәні | | | |оқу- әдістемелік кешені | | | ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ "Отандық тарихтың қазіргі заман теориялық – методолгиялық іргелі мәселелері " пәні бойынша «6М020300»- Тарих мамандығына арналған ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ СЕМЕЙ 2013 1 ӘЗІРЛЕГЕН 6М020300 «Тарих» мамандығы үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты арнайы пәннің типтік бағдарламасы негізінде жасалынған. Құрастырған Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Қазақстан тарихы» кафедрасының профессоры Б.Ж.Атантаева т.ғ.д. 2ТАЛҚЫЛАҒАН 2.1. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің «Тарих және құқық» кафедрасының отырысында қаралды. Хаттама № 1 03.09.2013 ж. Кафедра меңгерушісі Мухаметжанова Н.А. 2.2. Гуманитарлық факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінің бюросының отырысында мақұлданды Хаттама № 1 05.09.2013 ж. ОӘБ төрайымы Кеңесбаева Ш.С. 3 БЕКІТІЛДІ Университеттің Оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында шығаруға мақұлданған және ұсынылған Хаттама № 1 18.09.2013 ж. Университеттің ОӘК төрайымы, бірінші проректор Искакова Г.К. Мазмұны 1 Дәрістер 2 Практикалық сабақтар 1Тақырып Енгізу дәрісі Жоспар.1 Тарихи білімнің дамуы және ғылым болып қалыптасуы 2. Қазақстандық тарихнаманың табыстары Мақсаты. Тарих ғылымын тереңнен зерттеу Талқыланатын сұрақтар: Тарихтын түп тамыры, танымал тарихшылар Қазіргі деңгейдегі ғылыми-теориялық ойлау жүйесі зерттелмек нысан мен процестің мәніне ұмтылуға тырысады. Ғылыми зерттеу дегеніміз болашаққа зер салу секілді іздену жолдары, ғылыми объективті көзқарас. Фактілерді түсіндірілуі немесе практикалық қолданылуы қиын деп ысырып тастауға болмайды. Себебі ғылымдағы жаңалық зерттеушінің өзіне де байқалмайды. Жаңа ғылыми фактілер, тіпті жаңалықтар маңызы толық ашылмағандықтан ұзақ уақыт бойы ғылым қорында жатып қалуы немесе практикада қолданылмауы мүмкін. Идеяны толық шешілуіне дейін жеткізу ғылыми зерттеуді жоспарлы жүргізуде ғана іске асады. Ғылымға кездейсоқ ашылулар да тән. Бірақ жоспарлы әрі жақсы жабдықталған ғылыми ізденістер табиғаттағы объективті заңдылықтарды тереңірек ашуға және тануға ықпал етеді. Ары қарай алғашқы ойды мақсатты әрі жүйелі өңдеу жалғаса береді, өзгерістер, қосымшалар, нақтылықтар енгізіледі де зерттеудің сұлбасы дами береді. Ғылыми зерттеу нәтижесі түсінікке, заңға және теорияға айналатын нақты мақсаттылық таным. Оған тән кейбір ерекшеліктер бар: • бұл міндетті мақсатты процесс, оған жету жолындағы нақты шешілмек міндеттер; • бұл жаңа, шығармашылыққа, белгісізді ашуға, айрықша идеяларды іске асыруға әрі қарастырылмақ мәселелерді жаңаша қарауға бағытталған процесс; • ол жүйелілігімен сипатталады: яғни зерттеу процесі әрі оның нәтижесі тәртіпке, жүйеге келтіріледі; • оған дәлелділік, жинақтаулар мен тұжырымдарды жүйелі негіздеу тән. Ғылыми-теориялық зерттеулердің нысаны жеке, нақты жағдай емес, оның зерттеу нысаны ұқсас құбылыстар мен жағдайлардың толық тобы, олардың жиынтығы. Ғылыми-теориялық зерттеулердің мақсаты жекелеген құбылыстардың қатарынан жалпыны табу, ондай құбылыстардың пайда болуын, қызмет етуін, даму заңдылықтарын ашу, демек ондай құбылыстардың мәніне терең үңілу. Ғылыми-теориялық зерттеулердің басты құралдарына мыналарды жатқызуға болады: • жан-жақты негізделген және бір жүйеге келтірілген ғылыми әдістердің жиынтығы; • өзара бір-бірімен байланысты және ғылым тілін қалыптастыратын түсініктердің, нақты терминдердің жиынтығы. Ғылыми зерттеулердің нәтижелері ғылыми еңбектерге (мақала, монография, оқулық, диссертация, т.б.) айналып, жан-жақты бағаланғаннан кейін практикада жүзеге асады, практикалық таным процесінде ескеріледі және қорытынды түрде жетекші документтерге кіргізіледі. Cонымен адамдардың барлық саладағы қызметтері (ғылыми, практикалық, т.б.) бірқатар факторлар қатарымен анықталады. Оның нәтижесі кім (субъект) немесе кімге (объект) бағытталған және бұл процесс қалай жүзеге асады, қандай тәсілдер пайдаланылады. Демек, бұл әдістің (метод) мәселелері. Әдіс (метод, грекше – таным тәсілі) – кең мағынасында – «бір нәрсеге жол салу», субъектінің кез келген түрде қызмет ету тәсілі. «Методология» түсінігінің екі мағынасы бар: белгілі бір қызмет (ғылым, саясат, өнер, т.б.) саласында қолданылатын тәсілдер жүйесі; сол жүйе туралы ілім, әдістің жалпы теориясы, теорияның жүзеге асуы. Таным мен практиканың тарихы, оның қазіргі жағдайы кез келген әдіс пен принциптер жүйесінің теориялық және практикалық мәселелерді шешуге нәтижелі көмектеспейтінін көрсетті. Сондықтан зерттеу нәтижелері ғана емес, оған жеткізетін жол да шынайы болуы тиіс. Әдістің (метод) басты қызметіне таным процесінің ішкі ұйымы мен оны реттеу немесе қайсібір нысанды практикада жүзеге асыру жатады. Сондықтан әдіс (қайсібір түрлерінде) белгілі бір ереже, тәсіл, таным нормалары және оны іске асырудың жиынтығына тіреледі. Демек белгілі бір нәтижеге жетуге бағытталған талап, принцип, т.б-дың жүйесі. Ол ізденісті реттейді, күш пен уақытты үнемдейді әрі мақсатқа жетудің қысқа жолын көрсетеді. Шынайы әдіс компас секілді, таным субъектісі және іс- әрекет үшін жол салады, қателіктерден сақтандырады. Философ Ф.Бэкон әдісті қараңғыда жол сілтейтін шамшырақпен салыстыра отырып, танымның құралы – индукция методы деп есептеді. Яғни ол ғылымнан эмпирикалық талдау, бақылау және экспериментті қалады. Соның негізінде себеп пен заңды тануға болады деді. Эмпирикалық деңгейдегі алғашқы бақылауға теориялық талдаудың жүйелі- құрылымдық әдістемесі де жатады (білім дамуының белгілі бір деңгейі, ғылыми фактілерді жинақтау, зерттеу нысаны туралы түсініктердің жиналуы, т.б.). Эмпирикалық немесе тәжірибелілік өз кезегінде сынақ пен тексеру арқылы іске асады. Және тексеру екі түрлі болуы мүмкін: тәжірибе арқылы сынау (онымен тәжірибелік /эксперимент/ ғылым айналысады) және салыстыру арқылы сынау (бұл салыстырмалы /компаративті/ ғылым аясына кіреді). Негізінен салыстыру да, тәжірибе де бір принципте жұмыс істейді. Яғни дескрипті мәліметтерді арнайы сараптамалық құралдар арқылы жүйелі және методикалық сәйкестендіру. Р.Декарт әдісті (метод) өтіріктен шынайыны ажыратуға көмектесетін «нақты да қарапайым ереже» деп түсіндірді. Әсіресе дедуктивті-рационалды әдіссіз қайсібір шынайылықты іздеудің өзі қажетсіз дейді философ. Әрбір әдіс белгілі бір теория негізінде жасалатыны сөзсіз. Әдістің тиімділігі, күші теорияның мазмұны, тереңдігі, іргелілігімен байланысты. Әдіс ғылымның әрі қарай дамуына, теориялық білімнің жүйеленуіне, оның практикада іске асуына себеп болады. Демек, теория мен әдіс бір-бірінсіз болмайды, сол секілді бір нәрсе де емес. Олар бір-біріне әсер ете отырып, теория өмірді бейнелейді де ал әдіс зерттеулер арқылы теорияға қайта оралады. Демек, әдіс – практикада іс-әрекетке айналған теория. Ғылыми әдіс бірнеше топтарға бөлінеді. Ғылыми таным процесінде қолданылуы мен рөліне қарай әдістер формальды, мазмұнды, эмпирикалық және теориялық, іргелі және қолданбалы, зерттеу әдісі және мазмұндау, т.б. болып бөлінеді. Ғылыми зерттелмек нысандардың мазмұнына орай қолданылатын әдістер жаратылыстану және әлеуметтік-гуманитарлық деп бөлінеді. Өз кезегінде жаратылыстану ғылымы әдістері өлі табиғат және тірі табиғат, т.б. әдістерге бөлінеді. Сонымен қатар сандық және сапалық, детерминистік және ықтималдылық, тікелей және жанама, түпнұсқалық және туынды, т.б. әдістер деген де бар. Ғылыми әдіс белгілеріне көбінесе объективтілік, қайта жаңғыру, эвристикалық, қажеттілік, нақтылық, т.б. жатады. Қазіргі білімде методологиялық білімнің көпсатылы концепциясы нәтижелі қызмет етуде. Бұл жағынан ғылыми танымның барлық әдістерін төмендегідей басты топтарға бөлуге болады: 1 Философиялық әдіс, оның ең ежелгісіне диалектикалық және метафизикалық әдістер жатады. Әрине әрбір философиялық концепцияның ой-қабілетін көрсететін методологиялық қызмет түрлері бар. Сондықтан философиялық әдіс осы екі атаумен шектелмейді. Оған сараптамалық, интиутивтілік, феноменологиялық, герменевтикалық, т.б. кіреді. 2 Жалпығылымилық және зерттеу әдісі, ол арнайы ғылымның философиясы мен теориялық-методологиялық жағдайында өзіндік «аралық» методологиялық рөл атқарады. Жалпығылымилық түсініктерге, негізінен, «ақпарат», «үлгілік», «құрылымдық», «функциялық», «жүйелік», «элементтік», «оптималдық», «ықтималдылық», т.б. жатады. Жалпығылымилық принциптер мен жағдайларға жүйелілік, құрылымды-функциональды, кибернетикалық, ықтималдылық, үлгілік, формальды, т.б. кіреді. Соңғы уақытта жалпығылымилық синергетика, яғни өзін- өзі ұйымдастыру және ашық тұтас жүйелер – табиғаттық, әлеуметтік, когнитивтік (танымдық) пәндер дамуда. Синергетикада «тәртіп», «хаос», «түзу емес», «анық болмау», «тұрақсыздық», «диссипативті құрылым», «бифуркация», т.б. түсініктер қатары бар. Синергетикалық түсінік «тұрмыс», «даму», «қалыптасу», «уақыт», «тұтас», «кездейсоқтық», «мүмкіндік», т.б. философиялық категориялармен тығыз байланысты. 3 Жекеғылымилық әдіс – белгілі бір ғылым саласында қолданылатын таным принциптері, зерттеу тәсілдері мен процедура жиынтығы, яғни механика, физика, химия, биология және әлеуметтік-гуманитарлық ғылым әдістері. 4 Пәндік әдіс – қайсібір ғылым саласына кіретін немесе аралық ғылым шекарасында пайда болатын белгілі бір ғылыми пәнге тән тәсілдер жүйесі. Іргелі ғылымның өзіне тән айрықша пәні әрі өзіндік зерттеу әдісі бар тәсілдердің жүйесі. 5 Пәнаралық зерттеу әдісі – пәнаралық синтетикалық, интегративтік тәсілдер (әртүрлі методологиялық деңгейдің үйлесу нәтижесі) жиынтығы. Ол кешенді ғылыми бағдарламаларды жүзеге асыруда қолданылады. Сонымен методология термині гректің «методос» және «логос» деген сөзінен шығып, «таным жолдары» деген мағынаны береді екен. Ғылымда методология көп мағынаға ие. Танымның әдістері туралы ілім және ғылыми зерттеу тәсілдерінің жиынтығы. Демек, ол – күрделі де динамикалы, тұтас келетін, тәсілдерінің субординарлық жүйесі бар, түрлі деңгейлік принциптерге сүйенген, қызмет ету аясы, бағыт, эвристикалық мүмкіндіктері, мазмұны, құрылымы, т.б. екен. Ал негізгі тақырыбымыз – тарихтың методологиясы қандай? Методологияны «тарихи танымның теориясы» деп түсіндіруге де болады. Бірақ бұндай жағдайда ғалымның зерттеушілік қызметі тасада қалады.Сондықтан зерттеу нәтижесі ғана емес, сонымен бірге оған жеткізер жол да шынайы болуы керек. Ия, теориялық біліммен ғана қаруланған ғалым нақты фактілерді сараптауда әлеуметтік процестің жалпы және нақты-тарихи заңдылықтарын ашады. Ол деректерді зерттейді, ондағы әлеуметтік ақпараттарды алады, өткенді қалпына келтіреді, фактілер мен оқиғаларға объективті баға береді. Бұл жерде теория мен әдістің, зерттеудегі әдіс пен концепция, ғылыми танымдағы методологияның маңызындағы бірлікті айту қажет. Ол әлеуметтік танымның жалпы теориясы дамуының алғышарты әрі нақты тарихтың тереңірек зерттелуіне жағдай жасайды. Демек, тарихшының шығармашылық зертханасы үшін методологияның құны айрықша деуге болады. Сонымен тарихтың методологиясы ғылыми талдау талаптарынан әрі нақты шындықты танудың құралы ретінде жалпы теориялық, көзқарастық жағдайлардың жүйесі арқылы анықталады. Демек, тарихтың методологиясы бәрінен бұрын ғалымның таным принциптері, ғылыми- зерттеу жұмыстарында қолданатын белгілі бір көзқарастық теориялық жағдайлардың (заң, түсінік, қорытынды) мақмұны. Бұл жағдайда зерттеуші өзінің практикасында методологияға сүйене отырып мынадай әдістер кешеніне сүйенеді: 1) таным мазмұнын сипаттайтын көзқарастық жағдайлар мен теориялық прициптер; 2) зерттелмек пәннің ерекшелігіне сәйкес әдістемелік тәсілдер; 3) ғылыми зерттеу нәтижесіне жету жолдары мен тәсілдері. Демек, әдіс арқылы теория және әдістеме, зерттеу техникасының анық бір өзара байланысы көрінеді. Тағы бір айта кетуге болар жайт, ол әдебиетте кездесетін «әдіс» («метод») терминінің «әдістемеліктің» («методология») синонимі ретінде берілуі. Бірақ олардың бірлігімен қатар айырмашылықтары да бар екенін ескеру қажет. Методология әдістен (метод) кеңірек, оны үш деңгейлі білім – философиялық, ғылыми-теориялық және эмпирикалық ілім деуге болады. Сондықтан методологияны әдістен ажырату, нақты әдіс немесе әлеуметтік ақпаратты (мысалы, сипаттау, сандық, т.б.) берудегі айырмашылықтарды білу керек. Бұлайша араластырып жіберу тарихи танымның көзқарастық аспектілерін толық ашпаған болар еді. Тарих методологиясы, әрине, әдістерден немесе зерттеудің техникалық тәсілдерінен алыстамайды; ол онымен нақты, эмпирикалық негізде айналысады. Тарих методологиясы тұрғысынан белгілі бір құбылысты зерттеуде нақты-тарихи талдауға, тарихнама және дерекнамаға сүйенетін көзқарастық, теориялық жағдайлар маңызды болып табылады. Методология түсінігі мен мәселесін жалпы қарастыра отырып, тағы бір гуманитарлық ғылымда пәндік маңызды орны бар «аралық», яғни әлеуметтік шындықты тарихи және көркем бейнелеу тепе-теңдігі мәселесін айтып өтуге болады. Тарих ғылымы методологиясы тұрғысынан бір аспектіні – тарихи процесс пен танымдағы көркем кейіпкер қызметін бөліп көрсету дұрысырақ болады. Бұл аспектінің шындығы көркем шығармашылықтың мәдениеттің, ал ол өз кезегінде жалпы тарихи процестің бөлшенбес бір бөлшегі болуында. Тарих ғылым ретінде өнермен де тығыз байланыста. Екеуі де танымда айрықша қызмет атқарады. Егер де, бір жағынан, тарих ғылымы үшін көркем кейіпкердің маңызы зор болса, екінші жағынан, өнер адам тәжірибесін түсіндіруде тарихи материалсыз болмайды. «Ешкім ешқашан өнердің бұл қызметін ауыстыра алмайды. Әдебиет, музыка, бейнелеу өнері, мүсін, театр, кино жеке өмірлік тәжірибені тамаша байытады, – деп жазды М.В.Нечкина. – Егер бұл функцияны тарихи процестен алып тастасақ, бір адамның тәжірибесі ол тұратын көшенің аумағына дейін кішірейіп кетеді. Егер адам өз басында өзі жинаған барлық өмірлік тәжірибесін қаншама ұстап тұруға тырысса да оған дейінгі жиналған ұрпақтардың тәжірибесізінсіз оның жүрегінен жүздеген моралдық мәселе, адам сезімінің толағай терең теңізі жоғалып кетеді. Демек, қазіргі адамның тарихи қимылы оның адамзаттың жинаған тарихи құндылықтарын бойына сіңіруімен ерекшеленеді». Яғни бұл мәселенің ғылымда қалыптасқан дәстүрі бар. «Аннал» мектебінің негізін қалаушылардың бірі, француздық тарихшы Марк Блок өзінің «Апология истории, или Ремесло историка» еңбегін «Әке, түсіндірші! Тарих не үшін қажет?» деген баланың сұрағынан бастайды да тағы былай деп жазады: «Тарих – ғылым ба, әлде өнер ме? Бұл туралы біздің аталарымыз 1800 жылы маңыздана отырып әңгімелейтін. Кейін 1890-жылдары қайсібір жабайы позитивизмге бойлай енген мамандар әдіс мәселесінде таласа отырып, оқырмандардың тарихи еңбектерді оқи отырып өздері түр деп түсінетін нәрсеге қатты бой алдыратыны айтып өкінді», – деп жазды. Яғни бұл сұраққа жауап әлі ізделуде әрі ізделе береді де. Николай Доризо деген ақынның: деп жазғанындай, тарих – тек ғылыми трактаттар емес, ол адамзаттың тіршілікпен органикалық байланысы, яғни оның әлеуметтік жады. Қоғамдық процестегі сабақтастықты аша отырып, тарих өткенді тану арқылы бүгінгіні түсінеді әрі белгілі бір сипатта келешекті болжайды. Жадынан айырылған адамның қоғамда жұмыс істеп, өмір сүре алмайтыны секілді өз тарихынан алыс қалған қоғам да алға жылжып, дами алмайды. Тарих қалай жазылуы керек, өткеніміз туралы ой толғаушының да, айтушының да еркіндігі қаншалықты әрі оның шынайылығы қай дәрежеде – бұл сұрақтар әрқашан тарихи шығармалардың авторларын да, олардың оқырмандарын да қызықтыратыны күмәнсыз. Демек, бұл сұрақ күн тәртібінен ешқашан түспек емес. Негізінде тарихи білім немесе тарихилық (историзм) Еуропада ХҮІІ ғасырда Галилей мен Декарттан басталды да ал ғылыми тарих білімі ХҮІІІ – ХХ ғасырларда қалыптасты әрі ол қазірге дейін де өзектілігін жойған жоқ. Қазіргі ғылыми тарих білімі ХҮІІІ ғасырда, яғни Ағарту дәуірінде бекіді және тарихи факт объективті және құнды, тарихи түсінік сол ХҮІІІ ғасырдан басталады деген «көзқарас» бүгінгі күндері де өз жалғасын табуда. Қазіргі заман немесе модерн дегеніміз адамның өзін-өзі теңестіретін тарихи кеңістік, ал постмодерн мета әңгімеге (метанарратив), яғни тарихшылар ұсынатын тұтас тарихи білімге сенбестігімен ерекшеленеді. Тарих теориясына ғылыми принциптер негізінде орындалып, ұғынылған тқтас тарихи процесс жатады. Біріншіден, тарихи процесс теориясына қарағанда мета әңгіме ұғымы кеңірек. Кез келген тарихи теория бұл мета әңгіме, бірақ кез келген мета әңгіме теория емес. Екіншіден, қарапайым тариғи түсінік теориямен күрделі қарым-қатынасқа түседі: әрбір кәсіби тарихшы немесе философ – теория жасаушы – өз заманының адамы, яғни заманына тән қарапайым тарихи түсініктен алыс кетпейді. Тағы бір жағы ғылыми білім кем дегенде мектеп оқулығы болса да көпшіліктің тарихи санасына ықпал етеді. Демек, кез келген тарихи зерттеудің (оның ішінде өзіңдікі де) теориялық негізін ұғыну үшін тарихи метаәңгіменің эпистемологиялық сараптамасын жүргізуді үйрену керек. Дерекнамалық негізде метаәңгіменің дағдарысынан шығудың қайсібір тәсілдерін меңгере отырып, бұл әдістің салыстырмалы-тарихи зерттеулердегі мүмкіндіктерін ұсыну қажет. Алексис де Токвиль (Франция) салыстыру адам ой қабілетінің қажетті компоненті дейді. Сонымен бірге кез келген гуманитарлық және жаратылыстану танымдық жүйенің де методологиялық ұйытқысы – салыстыру (компаратитвті талдау) екенін айта кету қажет. Қазіргі күні зерттеу бағдарламаларында статистикалық әдіс те танымал. Нәтижелі зерттеу стратегиясына статистикалық талдау мен нақты оқиғаны зерттеудің әдістерін бірдей қолдана білу тән. Ғылыми жұмыс барысы автордан қалыптасқан тәсілдерді қажет ететін бірнеше базалық кезеңдерден тұрады. Автор жұмысының компьютер тілімен айтқанда алгоритміне тоқталсақ ол мынадай • болашақ кітаптың «сұлбасы», бөлімдер атауы, сюжеті жасалады • ақпарат, фактілік материалдар жинау • жинақталған материалдарды оған дейін жасалған сызба бойынша өңдеу • мәтінді автордың және баспаның қойған мақсатына сәйкес безендіру Міне, осы әртүрлі кезеңдерді бір процеске біріктіретін құрал – компьютер. Сондықтан жаңа ақпараттық технологияны ғылыми жұмыстарға пайдалану өте маңызды болып табылады. Көпфункционалды мәтін процессор – Word-ты, оған қосымша иллюстрацияларға арнаулы Adobe PageMaker немесе QuarkXPress бағдарламаларын, сонымен бірге жарияланған мақалалар мен кітаптарды пайдалану үшін сканер қолданылады. Сонымен қатар қазіргі күнгі ғылыми-зерттеу және білімде ақпараттық технологияны пайдаланудағы басты мақсат − болашақ оқытушылар мен зерттеушілердің жалпы ақпараттық білімі мен ақпараттық мәдениетін тереңдету, автоматтандырылған талдаулар мен ғылыми мәліметтерді жүйелеуге бағытталған әдістер мен құралдарды меңгерту, дәстүрлі («журналдық») және электрондық ғылыми жарияланымдар мен тұсаукесерлерді дайындауға үйрету, Internet ғылыми-білім қорларын күнделікті кәсіби қызметтеріне пайдалана білу, т.б. Интерактивті тақта (Interactive whiteboard) – компьютер мен проекторы бар үлкен сенсорлы экран. Компьютердің жұмыс үстелінен проектор көмегі арқылы интерактивті тақтада бейнелер көрсетіледі. Бұл жағдайда тақта экран секілді қабылданады. Проекциялау арқылы тақтадағы бейнелермен жұмыс істеуге болады, өзгерістер енгізіп, белгілерді көрсетуге мүмкіндік бар. Барлық өзгерістер компьютерге файлдарға жазылады, яғни олар сақталады әрі кейін редакцияланып, алып жүруге де жарайды. Демек, электронды тақта ақпарат енгізудің құрылымы рөлін атқарады. Тақтаны арнайы стилус, сонымен қатар саусақты тигізу арқылы басқаруға болады. Тақта мен компьютердің жұмысы екі жақты да, ал интерактивті тақта үшін саусақ немесе қаламсап (стилус, қаламсап) компьютерлік mouse болады. Қазіргі күні интерактивті тақта сабақты компьютерлік қолдау үшін мектептерде, тренинг-орталықтарда, келіссөз бөлмелерінде пайдаланылады. Интерактивті тақтамен жұмыста проектор документ-камералармен де ауыстырыла береді. Оқытудың белсенді түрлері – білім, білік және тәсіл, т.б. меңгере отырып, өндіріс орындары мен ұйымдарда маңызды шешімдерді қабылдай білуге үйретуде кейс-әдістің (case study) де рөлі ерекше. Теориялық білім мен тәжірибені ұштастыруда кейс-әдісті пайдалану оқытудың сапасын да көтереді. Жағдайды топтарда талдай білу командалық жұмыс стилін қалыптастырады. Сонымен бірге кейс-талдау әдісі мәселені талдау әрі оған диагностика қою, өз позициясын анық та сенімді жеткізу, пікірталастарға қатыса білу, ақпаратты қабылдап, оған баға беру секілді кәсібилік біліктіліктерді жетілдіреді. Кей жағдайда бұл әдіс жеке адамның қалыптасуына үлкен ықпал етеді. Әрі адамның өзіне-өзі сенімділігін арттырып, артық қорқынышты немесе тым өзімшілдікті жоюға көмектеседі. 2 Тақырып: Номадизма феномені Қазақстанның тарихында. Тарихи таным аясындағы көшпенділік феномені Жоспары. Тарихи танымның формациялық және өркениеттік парадигмалары ауқымындағы номадизм Қазақ халқының дәстүрлі мәдениетінің діңгегі, ұлттың тарихи өзіндік санасының өзегі- көшпенділік құбылысы- философия мен ғылыми әдіснамадағы басы ашылмаған «ақтаңдақтардың» бірі. Күні кешеге дейін әлеуметтік болмысты талдаудың жалғыз лайықты тәсілдері деп есептеліп келген әмбебап еуроорталықтық әдістер көшпенділік өркениетті назардан тыс қалдырды, «әдіснамалық нәсілшілдіктің» салдарынан оны зерттеу аймағынан алып тастады. Тек соңғы ХХ ғасыр бойы еуропалық рационалистік дүниетанымның тығырыққа ке- луі барысында, сондай-ақ шығыс халықтарының «мәдени импе- риализммен» күресі барысында ғана «эндогендік дамудың» өрке- ниеттік түбірлері зерттеу жұмыстарының тақырыптарына айнал- ды. Осыған сай, ғылым мен философияда үстемдік етіп отырған әмбебап екі әдіснаманың – дәурені өтіп бара жатқан формациялық парадигма мен жалпы ортақ теориясы болмаса да, белгілі бір қоғам мәдениетінің барлық формалары мен руханилығының негізін құрайтын субстанциясы өркениет түрінде мойындалған өркениеттік парадигманы қарастырудың, бұл екі әдіснама аясында көшпенділік құбылысының талдануын сипаттаудың реті келіп тұр. Біз алдыңғы тараудағы тақырыпты талдау барысында мына нәрсені аңғардық: тарихты рухани игерудің адамзат жинақтаған тәжірибесі өзінің дүниетанымдық және әдіснамалық ұстаным- дарының алуан түрлілігіне қарамастан, кейбір ортақ белгілерді байқатады. Біріншіден, тарих нақты кеңістік пен уақытта жүзеге асатын үдеріс ретінде қарастырылады. Оның бірқатар себептері бола- ды және олар зайырлы немесе діни формаларына қарамастан тарихтың қозғалысын және оның бағытын анықтайтын факторлар деп есептеледі. Екіншіден, әртүрлі елдер мен халықтардың, өр- кениеттер мен нақты ұлттық қоғамдардың тағдырлары мен жолда- рын пайымдаудың алғашқы кезеңдерінен бастап-ақ тарихи үдерістің біртұтастығын, әрбір халықтың, әрбір өркениеттің ерекшелігі мен өзгешелігін қалай түсінуіне байланысты мәселелер туындайды. Бір ойшылдар үшін адамзат тарихының ішкі бірлігі болса, басқалары бұл қағидамен келіспейді. Үшіншіден, көптеген ілімдерде тарих айқын немесе жасырын түрде телеологиялық (мақсатты) сипатта көрініс табады. Дінде бұл хилиастикалық эсхатология (адамзат тарихының ақырғы заманы туралы ілім) түрінде білінсе, ал материалистік философияда бұл – тағдыры адамзатты міндетті түрде жарқын болашаққа немесе әлемдік катаклизмдерге әкелетін қоғамдық даму заңдылығының автоматизмі. Төртінші ортақ мәселе тарихтың қозғалу сипатына үңілуден туындайды. Бұл тұста да өзіндік дихотомия – тарихтың линиялық немесе циклдік қозғалысы туралы екі түрлі көзқарас пайда болды. Бесіншіден, тарих дамудың белгілі бір кезеңдерінен (дәуірлері- нен, замандарынан және т.б.) өтетін үдеріс ретінде ұғынылады. Бір ойшылдар мұны тірі ағзаның өсіп- өнуімен (балалық шағы, жастық, ересектік, қарттық) салыстырса, өзгелері дамудың ерекшелігі ретіндегі кезеңдерге бөлудің негізіне адамдар болмысының қандай да бір элементтері мен қырларын (дін мен мәдениет секілді рухани қырларын немесе еңбек құралдары мен меншік түрлері тәрізді материалдық қырларын) алады. Ақырында, тарих қашанда әлеуметтік-мәдени факторлардың күшті ықпалымен пайымдала- ды. Әдетте ойшылдардың ұлттық-мемлекеттік, әлеуметтік-таптық және мәдени-өркениеттік бағдарлары алдыңғы орынға шығады. Жалпыадамзаттық бастаудың арнайы (ұлттық, әлеуметтік және т.б.) формасы бар екенін естен шығармау керек. Ойшылдардың жеке тұлғалық өзгешеліктерін де ескеру қажет. Осыларды түйіндей отырып, тұтастай алғанда, бүгінгі күнгі тарихи танымдағы екі парадигманы, екі әдіснамалық тәсілді ай- қындауға болады. Олардың біріншісі монистикалық, ал екіншісі өркениеттік немесе плюралистік деп аталуға лайықты. Монисти- калық тәсілдің шеңберінде екі тұжырымдаманы – маркстік формациялық тұжырымдаманы және постиндустриалдық қоғам теория- сын атап өтуге болады. Маркстік тұжырымдама қоғамдық дамудың негізгі детерминан-ты ретінде өндіріс тәсілін алады және соның негізінде белгілі бір кезең- дерді немесе формацияларды (мұның формациялық тұжырымдама деп аталуы да сондықтан) бөліп алады; постиндустриалдық қоғам тұжырымдамасы болса, ол негізгі детерминант ретінде техникалық факторды ұсынады және қоғамның тарихи үш типін атап көрсетеді: дәстүрлі, индустриалды, постиндустриалды (ақпараттық немесе те- лекоммуникациялық, технотрондық, биотехнологиялық, нанотехно- логиялық және т.б. деп те аталады) қоғамдар. Өркениеттік тәсілдің түбірінде әрқилы негіздерге құрылған көп- теген тұжырымдамалар жатады, сондықтан да оны плюралистік деп атаймыз. Формациялық парадигманың негізгі идеясы адам- зат тарихының бірлігі мен оның кезеңдік даму түріндегі прогресі болса, ал бұл парадигма адамзат тарихының бірлігін және оның прогрессивті дамуын теріске шығарады. Осы өркениеттік тәсіл бойынша, бір-бірімен байланысы шамалы немесе мүлдем жоқ көптеген тарихи бірліктер (өркениеттер) болады, бұл түзілімдердің әрқайсысы өзінше құнды және сондықтан өзара тең. Олар өздерінше қалай төлтума болса, тарихтары да сондай ерекше. Адамзаттың даму тарихына қатысты діни (теологиялық), жаратылыстық-ғылыми (маркстік әдебиеттерде ол көбіне натура- листік деп аталады), ғылыми-техникалық (техникалық-детер- минациялық), мәдени-тарихи (өркениеттік) және әлеуметтік-эко- номикалық (формациялық) сияқты негізгі әмбебап тұжырымда- малардың ішінде соңғы екі тәсіл ғылымда алдыңғы орынға шықты және тарихты түсінудегі маркстік монизм мен батыстық плюра- лизмнен тұратын бұл өзіндік дихотомия зерттеуші- ғалымдар арасындағы қызу пікірталастың өзегіне айналды Алдымен, осы бірінші тұжырымдаманың мәніне үңіліп көрейік. Қоғам мен оның тарихи дамуы туралы К. Маркстің ілімі «тарихи ма- териализм» деп те аталады. Бұл ілімнің негізгі түсініктері – қоғамдық болмыс пен қоғамдық сана, материалдық өндіріс тәсілі, базис пен қондырғы, қоғамдық-экономикалық формация, әлеуметтік рево- люция. Қоғам барлық элементтері өзара байланысты және иерар- хиялық (сатылық) қатынаста болатын тұтас жүйені білдіреді. Қоғам- ның іргетасы немесе қоғамдық өмірдің негізін материалдық өндіріс тәсілі құрайды. Ол «жалпы өмірдің әлеуметтік, саяси және рухани үдерістерінің алдын алады. Адамдардың болмысын олардың сана- сы анықтамайды, керісінше, қоғамдық болмысы олардың санасын анықтайды» Өндіріс тәсілі құрылымында өндіргіш күштер және, ең алды- мен өндіріс құралдары (техника) басты мәнге ие болады. Қоғамдық өмірдің басқа салаларына (саясатқа, құқыққа, моральға және т.б.) олардың ықпалы өндірістік қатынастармен сипатталады. Ал өндірістік қатынастардың жиынтығын нақты базис, қоғам-ның экономикалық құрылымы және олардың үстіндегі олардың әрқайсысына қоғамдық сананың белгілі бір формалары сәйкес келетін құқықтық және сая- си қондырғылар құрайды. Өз кезегінде қондырғы да (саясат, құқық және т.б.) базиске белсенді кері әсерін тигізеді. Өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар арасындағы қайшылықтар дамудың не- гізгі көзі болып табылады және олар ақырында әлеуметтік рево- люция формасындағы қоғам өмірінің ерекше жағдайына әкеледі. Адамзаттың тарихы табиғи, яғни адамзат санасынан тыс жүзеге аса- тын қоғамдық-экономикалық формациялардың алмасу үдерісі болып табылады. Ол қарапайым, төменгі формалардан анағұрлым дамыған, күрделі, мазмұнды формаларға қарай өтеді. «Жалпы белгілеріндегі азиаттық, антикалық, феодалдық және қазіргі буржуазиялық өндіріс тәсілдерін экономикалық формацияның прогрессивті дәуірлері деп анықтауға болады. Буржуазиялық өндірістік қатынастар өндірістің қоғамдық үдерісінің соңғы антагонистік формасы болып табыла- ды. Сондықтан буржуазиялық қоғамдық формациямен адамзат қауымдастығының алғы тарихы аяқталады».. Орыс философы А. Панариннің айтуынша, «Маркс жалпы жә- не тұтас алғанда, тарих туралы өз заманының ауқымды түсініктерінің (мысалы, Гегельдің философиясының әлемдік тарих тікелей біртұтастықпен сипатталады, онда жалпы заңдар әрекет етеді, онда белгілі бір даму бағыты болады және т.б. тұжырымдарының) шеңберінде қалды. Бұл көзқарастарды оның басқа әдіснамалық (басқаша айтқанда, материалистік) негізде қайта пайымдағаны түсінікті, бірақ, тұтас алғанда, қайталап айтайық, ол өз ғасырының ұлы болып қалды. Және де, әрине, жаhандық көріпкелдікке бой ұрудан да құтыла алмады: капиталистік формациядан кейін коммунистік формация (социализм оның тек бастапқы кезеңі) деп есептеді. Коммунизм, осылайша, тарихтың жоғарғы мақсаты, адамзаттың алтын ғасыры болып саналды» [82, Осы ойдан шыға отырып, марксизмді ғылыми қауымдастыққа (ғалымдардың, мамандардың, әлеуметтанушылардың қауымына) арналған ғылыми теория ретінде де, қалың бұқараға, олардың ақылы мен жүрегін жаулап алуға арналған идеологиялық ілім (тіпті дін) ретінде де қарастыруға болады. Және мұның соңғысында тео- риядан гөрі сенімнің басымдылығын аңғару қиын емес. Бірінші жағдайда Маркс ғалым ретінде көрінсе, екіншісінде жалынды идео- лог, уағызшы ретінде көрінеді. Осы орайда тарихтың мәнін түсіну- дегі яhудилік рухтың тағдырына терең тоқталған орыс ойшылы Н. Бердяевтің мына бір сөзі ойға оралады: «Бітім-болмысы мейлінше еврейлік болып табылатын К. Маркс тарихтың кейінгі сәтінде сол баяғы інжілдік тақырыптың шешімін табуға тырысады: маңдай теріңмен наныңды тап. Жер бетіндегі игілікті еврейлерше талап ету К. Маркстің социализмінде жаңа формада және мүлдем өзге тарихи жағдайда көрініс тапты. Маркстің ілімі яhудилердің діни дәстүрінен сырттай ажырайды және кез келген әулиелікке қарсы шығады. Бірақ Құдайдың таңдаған халқы ретінде еврей халқына таралған мессиандық идеяны К. Маркс тапқа, пролетариатқа ауы- стырады... ендігі жаңа Израиль жұмысшы табы, құдайдың таңдаған халқы ретінде ол әлемді азат етіп, құтқаруы тиіс».. Уақыт өте келе Маркстің ілімі әлемге кеңінен таралды. Жаңа дін ретінде ол әр алуан елдердегі адамдардың жүрегін жаулап алды. 1917 жылы Ресей империясында қазан төңкерісінің жеңісінен кейін және 1945 жылғы екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуынан кейін маркстік ілім социалистік бағдар ұстанған көптеген елдердің ресми идеологиясына айналғаны мәлім және ол капиталистік батыстық әлемге қарсы идеологиялық құрал ретінде пайдаланылды. Кеңестер Одағы құрамындағы біздің еліміз де осы маркстік-лениндік үстем идеологияның құрсауында болды. Кеңес дәуірі тұсында маркстік- лениндік рухтағы ілімнің тек қоғамдық-саяси өмірдегі идеологияның негізгі құралы болып қана қоймай, бүкіл жаратылыстанымдық және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың әдіснамалық негізі болғаны да белгілі. Сондай-ақ ол өмірдің барлық дүниетанымдық қырларын, оның ішінде тарихи дамуды да түсіндіріп беретін бірден-бір дұрыс әмбебап ілім рөліне ұмтылды. Рухани саланың кеңестік дәуірге тән ерекшеліктеріне орай сол заманғы адам ментальдылығында үстемдік еткен бұл ілімнің өзіндік орнын жоққа шығаруға болмайды. Екі ғасырдан артық бодандық бұғауын басынан өткізген еліміз енді ғана өзіне тән төл мәдениетін жандандыра отырып, жалпы әлемдік өркениеттік қауымдастық құрамына ену мүмкіндігіне ие болған тұста ұлтымыздың тарихи-мәдени дамуының кеңестік кезеңі оның ажырамас бөлігі екендігін ескерген жөн. «Коммунистік бағыт» тығырыққа тірейтін жол еді, дегенмен белгілі философ Ә. Нысанбаевтың айтуынша, «КСРО өмір сүруінің жекелеген кезеңдерінде коммунистік ұлттық идеяның пайдалы әрекет коэффициенті өте жоғары болды. Адамзат тарихында ең әділ қоғам орнатуға деген құлшыныс кез келген басқа ойлаушылықты жаныштаумен еселеніп, кеңес халқының ең қалың бұқарасында коммунистік аңыз туындатқан ұғымдардың тұрақтылығын қамта- масыз етті. Осы ұғымдар ұзақ жылдар бойы, тоталитарлық идео- логияның күйреуі байқала бастаған 1970- жылдардың соңына дейін кеңес адамдарының бірнеше ұрпағының ой-санасын билеген «коммунистік идея» дейтін түрдегі кеңестік ұлттық идеяның бейне- сін құрады» Тарихты түсіндірудің Маркс ұсынған формациялық парадигма- сына деген сыни көзқарас оның көзінің тірісінде-ақ басталған еді. Бастапқыда оның апологеттері көрінген көптеген ойшыл- дар кейінірек уақыт өте келе, оның ілімінің шектеулілігіне көздері жетіп, одан көңілдері қалды. Бірақ кеңестік биліктің тоталитарлық жағдайында оған қарсы сын айту келешек тағдырыңа өзің балта шапқан көзсіз ерлікпен бірдей еді. Сондықтан қоғамтанушылар, ең алдымен тарихшылар тарапынан оған қарсы пікірлер тек қайта құру жылдары, өткен ғасырдың 80-жылдарының соңында ғана бұрқ ете түсті Тоталитарлық жүйенің құлап, бұрыңғы кеңестер елінің қиранды- сында жаңа тәуелсіз мемлекеттердің өсіп шығуы барысында бұл сын пікірлер күшейе түсті. Алысқа бармай-ақ біздің елімізде кеңес дәуіріндегі жетпіс жыл бойы халқымыздың өзіне лайық тарихы бұрмаланып келгені белгілі еді. Көшпелі қоғамға тән әлеуметтік қатынастарға тап күресі таңылды. Көшпелі өркениет алғашқы қа- уымдық, жабайылық ретінде қарастырылып, ұлттық тарихтағы мемлекеттік дәстүр жоққа шығарылды. Әлеуметтік және өркениеттік дамудың батыстық үлгіден түбірлі айырмашылықтары ескерілмеді. Қазақ халқының мәдени тарихына деген менсінбеушілік көзқарас қалыптастыруға тырысушылық болды. Кәсіби тарихшылар бір тобы тарихқа деген марксшілдік тәсіл- дің негізгі қағидалары тарихи тәжірибенің сынағынан өте алмады, сол себепті оны түбегейлі басқа тәсілмен алмастыру керек деген пікірді ұстанса, екіншілері марксизм философиялық-тарихи теория ретіндегі өзінің маңызын сақтайды, тек формациялық теорияны формациялық редукционизмнен ажырата білу керек дейді. Тарихшы және қоғамтанушы мамандардың формациялық парадигмаға таққан айыптарын былайша топтастыруға болады. Біріншіден, Батыс еуропаның тарихи материалдары негізінде жа- сақталған формациялық теорияның бүкіләлемдік тарихқа көшірілуі негізсіз. Әлемнің көптеген елдері мен аймақтарындағы қоғамдар дамуының нақты үрдістері мен формалары бес формациялық ке- стеге кіріге қоймайды. Мұны Маркстің өзі де сезіп, азиаттық өндіріс тәсілі дегенді ұсынды, бірақ ол мәселені аяғына дейін шеше алма- ды. Қазақ халқының да әлеуметтік-экономикалық тарихы бұл ке- стеге сай келмей, идеологтардың бізді қалайша бір формациядан екіншісін тастап, үшіншісіне «секіртпекші» болғаны естеріңізде болар. Оның үстіне дәстүрлі қазақ қоғамында жерге жеке меншік болды ма деген мәселе үлкен пікірталасқа айналғаны белгілі. Екіншіден, формациялық теория тарихи өмірдің негізгі детерми- нанты ретінде оның тек бір ғана қырын – әлеуметтік-экономикалық қырын алады. Алайда рухани өмір мен мәдениеттің қоғамның ма- териалдық тарихынан, әсіресе, «базис – қондырғысынан» қалайша тәуелді болатынын айқын көрсетіп бере алмайды. «Шындығында, дейді Н. Бердяев, егер экономикалық материализм бүкіл адамзаттық сана экономикалық қатынастардың үстіндегі қондырғы деп есеп- тесе, онда осы экономикалық қатынастардың пассивті бейнесінен үстем тұрған материализмнің жаршыларының, Маркстер мен Энгельстердің өздерінің санасы қайдан шығады? »Үшіншіден, ресейлік мәдениеттанушы А.Я. Гуревичтің пікірінше, формациялық тұжырымдама тарихтың макроәлеуметтанулық тал- дауына ғана бағытталған, ол әлеуметтік- экономикалық зерттеулер- ді адамдардың санасына олардың мәдениетіне сәйкес егілген әлемді қабылдау өзгешеліктері мен діни наным-сенімдерін, ұжым- дық санасын, жүріс-тұрыс қалыбын, құндылықтарын зерттеумен жақындастыратын микроәлеуметтанулық талдауды теріске шыға- рады. Төртіншіден, формациялық парадигма тарихқа бірбағытты, теле- ологиялық сипат, дамудың алдын ала берілген қатаң сабақтастығын береді және бұл дамудың мәні мен мақсаты – қоғамдық өмірдің мұраты ретіндегі коммунизм . Тағы бір ресейлік белгілі тарих философиясын зерттеумен терең айналысқан ғалым М.А. Барг бұған қосымша біршама белгілерді атап өтеді. Формациялық тәсіл барысында қоғамның әлеуметтік құрылымының кескіні барынша жұпыны көрінеді, негізгі антагонист- таптардан өзге барлық әлеуметтік топтар маргиналдық элементтер күйінде ғана көрінеді. Әсіресе таптық қайшылықты қатынастар әлеуметтік құрылымында жеті аталық ұстынды, қандас-туыстық байланысты берік ұстанған дәстүрлі қазақ қоғамына сәйкес келмейді. Сондай-ақ аталмыш тарихи материализм тарихтың қозғалысындағы «көсемдердің», «көшбасшылардың» рөлін мой- ындамайды. Саясаттануда кең танымал бұл «басшылар мен тобыр» теориясындағы кейбір ойларды дана Абайдың шығар- машылығынан да кездестіреміз: «единица болмаса, өңкей нөлің не болмақ», «көп шуылдақ не табар, билемесе бір кемел». Сондай- ақ формациялық тәсіл мемлекеттің рөлін қанаушы таптың саяси үстемдігінің құралына ғана теңгереді. Мемлекеттің басқа маңызды функциялары ескерілмейді. Ақырында аталмыш тұжырымдамада тарихи үдеріс рух атаулыдан мүлдем жұрдай екендігі белгілі. Ол қасиетті атаулының барлығын жойып, жалғыз бастапқы, нақты және шынайы болмыс ретінде материалдық экономикалық өндірісті ғана қалдырды да, бүкіл діни өмір, бүкіл рухани мәдениет, барлық өнер тек қана туынды, тек рефлексия, тек қондырғы ғана болып қалды. Қанша дегенмен формациялық теория тұтастай жүйелі ілімді білдіргендіктен оның мәнін ашу да соншалықты жеңіл, ал өркениеттік тәсілге келер болсақ, мұндағы мәселе анағұрлым күрделі. Өйткені біртұтас өркениеттік теория деген жоқ, оның үстіне «өркениет» (цивилизация латын тілінен аударғанда азаматтылықты білдіреді) терминінің өзі мейлінше көпқырлы. Мысалы, «Философиялық энциклопедиялық сөздікте» оның үш мағынасы келтірілген: 1) мәдениеттің синонимі; 2) материалды және рухани мәдениеттің қоғамдық дамуының сатысы немесе деңгейі; 3) тағылықтан кейін келетін қоғамдық дамудың сатысы Тек соңғы уақыт- тары ғана шетелдік және отандық зерттеуші философтардың еңбектерінде өркениеттің әр алуан тұжырымдамаларын бір қисынды жүйеге келтіруге тырысушылық байқалады. Ғылыми- көпшілік әдебиеттерде «цивилиография» деген атпен жаңа ғы- лым саласын бөліп көрсету ұсынысы да естіліп жатыр [Өр- кениет белгілі бір қоғамның барлық салалары мен аймақтарын көктей өтіп, мәдениеттің барлық формаларына нәр беретін, сол қоғам-ның рухани негізін құрайтын, тұтастықты орнықтырудың белгілі бір тетігін құрайтын субстанция екендігі айқындалды. Бүкіл тұрғылықты халық, мейлі ол қалалық немесе ауылдық болсын, орталықта немесе шеткері аймақта болсын, қай таптың өкілі бол- масын басқалардан ерекше, бірақ өздеріне ортақ әлеуметтік ге- нотип пен стереотипке ие болып, жалпы құндылықтар мен иде- алдарды ұстанады және ол ұзақ уақыт бойы жаңғыртылып, қайта бекітіліп, әлемдік кеңістіктегі өзінің оқшау орнына ие болады. Бұл парадигмаға сәйкес қойылатын осы ортақ талаптардан шыға от- ырып, Ғарифолла Есім ғылымға «қазақстандық өркениет» деген ұғым енгізді. Ол әлемдік өркениет жоқ, ол ұлттық өркениеттерден тұрады, өркениет дегеніміз этностардың өмір сүру тәсілі, демек оның түрлері көп дейді. Әдетте өркениетті елдер деп технологиясы жоғары жетілген елдерді айтсақ, Ғарифолла Есім өркениеттің басты сипаты, оның қайталанбайтындығында дейді. Ал келесі бір өркениеттанушы Е. Омаров «қазақ өркениеті» жөніндегі мәселені көтеріп жүр Қазақ өркениетінің Орталық Азияны қамтитын өзінше дербес оқшау территориясы, ежелгі заманнан руналық төл жазуы, өзен аңғарларында ғылым, қолөнер және т.б. дамыған қала мәдениеті, ортақ менталитеті, мәдениеті мен тарихы бар Дегенмен біртұтас ғылыми теория ретіндегі «өркениеттер теориясы» толығымен қалыптасты деп әзірге айта алмаймыз. Өр- кениеттік тәсілдің өзі ұқсас әдіснамалық қондырғылардың, ұстын- дардың жиынтығы түрінде көрінеді. Осыдан барып солқылдақтық, өлшемдердің бұлдырлығы сияқты бұл әдістің әлсіз тұстары аңғарылады. Ғылымда осы терминнің пайда болған кезінен бастапқы екі жарым ғасырдың ішінде «өркениет» ұғымының эволюциясын тал- дау оның ғылыми категория ретінде қалыптасуының баяу жүріп, әлі де жалғасып келе жатқанын көрсетеді. Осы мәселені арнайы зерт- теген И.Н. Ионов бұл эволюцияның үш кезеңін бөліп қарастырады Біріншісі XVIII ғасырдың ортасы мен XIX ғасырдың орта- сына дейінгі кезді қамтиды және оның көрнекті өкілдеріне М.Ф. Вольтер, А. Фергюссон, А.Р. Тюрго, И.Г. Гердер, Ф. Гизо, Гегель жә- не басқалары жатқызылады. Бұл кезеңде барынша сенімді тарихи оптимизм, өркениет пен прогрес идеяларының жақындасуы (тіпті бірігуі), өркениет үдерісінің линиялық-кезеңдік сипаты үстем бол- ды. «Өркениет» ұғымы тұтас адамзаттықты білдіріп, тек жеке түрде қолданылды және мейлінше бағалаушы бағытта (жабайылық, тағылық, өркениет) болды. Ұлттық-мәдени айырмашылықтар мекен ету ортасына, нәсіліне, мәдени дәстүрлеріне байланысты екінші мәндегі туынды айырмашылықтар деп есептелді. Бұл кезеңде тарихтың ерекше жергілікті мәдениеттердің жиынтығы ретіндегі идеясы (мысалы, неміс ағартушысы И.Г. Гердердің еңбектерінде) бой көрсетті, бірақ ол уақытта сұранысқа ие бола қоймады. Екінші кезеңде (XIX ғасырдың екінші жартысы) тарихи үдеріс теорияларында тарихтың тұтастығы мен байланыстылығы туралы көзқарастар үстем болып қала берді. Ойшылдар оны зерттеудегі логикалық пен тарихилық тәсілдерінің толық өзара сыйымдылығы туралы ұстынды басшылыққа алады. Тарихи синтезге деген ұмтылыс, болмыстың себеп-салдарлық байланысын талдау ба- сым болды. Өркениет теорияларының әлеуметтануландырылуы басты үрдіс болды. Бірақ тарихи оптимизм біршама бәсеңдейді. Бұл кезеңнің өкілдері О. Конт, Г. Спенсер, Г.Т. Бокль, Г. Риккерт, Э.Дюркгейм және т.б. Локальды өркениеттердің көптігі туралы көзқарастар (Н.Я. Данилевский) дами бастайды. Үшінші кезеңде (ХХ ғасыр) тарихтың локальды өркениеттердің – белгілі дәрежеде әлемдік тарих ауқымында өзара әрекетке түсетін және белгілі бір аймақты мекен ететін адамдардың ерекшеліктерінен, нақты әрекеттерінен туындайтын әлеуметтік-мәдени жүйелердің жиынтығы ретіндегі көзқарастар үстемдік ете бастады (О. Шпенглер, А. Тойнби, П. Сорокин және басқалары). Әрқилы мәдениеттердің дүниетанымымен байланысты әрекеттің субъективті мотива- циясын талдау күшейе түсті. Алдыңғы кезеңдерде басым болған тарихтың түсіндіруші ұстыны герменевтикалық (түсіну) ұстынымен алмасты. Тарихи оптимизмнің ізі де қалмады. Зерттеушілер тарих- ты пайымдаудағы рационалдық тәсілден беттері қайтып қалды. Әлемдік өркениет идеясы орталықтан периферияға қарай ал- масып, бұрынғы еуроорталықтық көзқарас сыналды. Тарихтың монистік тұжырымдамасы плюралистік тұжырыммен түбегейлі ал- масады. Бұл кезеңнің өкілдері санатына В. Дильтей, М. Вебер, К. Ясперс, С.Н. Айзенштадт, Ф. Бэгби, М. Блок, Л. Февр, Ф. Бродель және басқалары кіреді. Өркениеттік тәсілдің басты айырмашылығы – қоғам дамуындағы шешуші детерминацияның жоқтығы. Егер формациялық теория материалдық өндіріске басымдық бере отырып, қоғамды талдау- ды «төменнен» бастаса, ал өркениеттік тәсілдің жақтаушылары қоғамды пайымдауды «жоғарыдан», яғни мәдениеттен (діннен, өнерден, адамгершіліктен, құқықтан, саясаттан және т.б.) бастайды. Өркениеттік парадигма көбіне материалдық өмірге мүлдем назар ау- дармайды, қоғам өміріндегі үстем құндылықтар жүйесіне баса назар аударады. Әрбір мәдениетің органикалық тұтастығы, мәдени-тарихи типтердің қайталанбас даралығы идеяларын негіздей отырып, олар еуропацентризмді сынаушылар қатарында болды. Өркениеттік тәсіл социумнің тарихын талдаудың жалпы әдіс- намалық тәсілі ретінде әлі де болса даму, жетілу үстінде. Оның мә- ні қоғамдық-тарихи үдерісті талдауға негізделуі тиіс. Және мұның барысында формациялық тәсілдің жетістіктерін қолдану да қажет, оны есептен мүлдем шығарып тастауға болмайды. Осылайша, формациялық және өркениеттік тәсілдердің араласуы мәселесі пайда болады. Қоғам мен оның тарихын талдауға қатысты форма- циялық тәсілді пайдалану мен сақтау қажеттігі туралы соңғы кездері ғылымда мәселе көтеріліп жүр (Мысалы, Г. Макленнан). Олармен келіспеуге де болмайды, өйткені қарастырылып отырған екі тәсілдің әрқайсысы да өзінше маңызды, әрі өзінше жеткіліксіз. Өркениеттік тәсіл өркениеттік дамудың бір кезеңінен екіншісіне өтудің себептері мен тетіктерін түсіндіріп бере алмайды, ал формациялық тәсілдің шеңберінде Шығыс елдерінің, оның ішінде қазақ қоғамының тари- хын сипаттап беру қиынға соғады. Формациялық теорияның пәні мен қолданылу аясы – адам- дардың санасы мен еркіне бағынбайтын олардың әрекетінің объективті нәтижесі ретіндегі тарих. Ал өркениеттік тәсілдің пәні мен қолданылу ауқымы болса – белгілі бір мәдени аймақ үшін ерекше тән болып келетін белгілі бір құндылықтарға бағдарланған, сана- сы мен еркі бар адамдардың өмірқамының үдерісі ретіндегі тарих. Формациялық теория тарихтың онтологиялық талдауын, яғни терең ішкі, мәндік негіздерін айқындауды білдірсе, өркениеттік тәсіл – бұл негізінен тарихтың феноменологиялық талдануы, яғни халықтар мен елдердің тарихы зерттеушінің назарына ілігетін формаларда сипатталуы. Формациялық талдау – бұл тарихты «тігінен» тіліп өту. Ол адамзаттың қозғалысын әуел бастапқы, қарапайым (төменгі) саты- ларынан немесе формаларынан дамыған күрделіге қарай ашады. Өркениеттік тәсіл, керісінше, – тарихты «көлденеңінен» талдау. Оның пәні – тарихи кеңістік-уақытта қатар өмір сүретін өркениеттер, ерекше, қайталанбас түзілімдер. Егер, мысалы, өркениеттік тәсіл қытайлықтың француздан айырмашылығын атап берсе, ал формациялық әдіс қазіргі қытайдың ортағасырлық феодалдық дәуірдегі қытайдан ерекшелігін айтып береді. Формациялық теория – бұл басым бөлігінде тарихтың әлеу- меттік-экономикалық кесіндісі. Ол тарихты игерудің бастапқы бе- кеті ретінде материалдық өндіріс тәсілін алады және ол түбінде қоғамдық өмірдің барлық өзге салаларын айқындайды. Өркениеттік парадигма мәдениеттанулық факторға басымдылық береді. Оның бастапқы бекеті – мәдениет, салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар және т.б. Мұнда алдыңғы орынға өмірдің құралдарын өндіру емес, өмірдің өзі шығады. 3 Тақырып: Түркі өркениеттің тарихы Жоспары. 1 Түркі әлемнің дамуы білім және 2Түркі өркениет Ресейдік тарихнамада. 3Түркі мемлекетінін тарихына Қазақстаннын көз қарасы ҚАЗАҚ ТАРИХЫ – ТҮРКІЛЕРДІҢ ДАЛАЛЫҚ ӨРКЕНИЕТІНІҢ ҚҰРАМДАС БӨЛІГІ Осы күнге дейін тарихшылардың, саясаткерлердің, филососфтардың, әдебиетшілердің және тағы басқа ғылым өкілдерінің арасында пікірталас туғызып жүрген проблемалардың бірі-бірегейі әртүрлі халықтардың өркениеттілігі және олардың әлемдік тарихтағы орны қандай деген мәселе болып отыр. Әуелден, осындай талас тудырып келе жатқан халықтардың бірі – қазақ халқы, оның тарихы және өркениеттілігі. Сонымен түркі әлемінің, оның ішінде Қазақ елінің әлемдік тарихтағы орны қандай? Ол оған не қосты, қандай өрнек салды? Тағылық-варварлық-өркениет (дикость, варварство, цивилизация) сияқты сатылардан өте алды ма? Әлде А.Тойнби айтқандай, тұрпайы (примитивтік) қалпында қалды ма? Шығыс халықтарының өркениетін батыл айтып жүрген ғалымдар баршылық. Мысалы, орыстың атақты археологы Л.П.Окладниковтың еңбектерінде Түркі халықтарының Батыс Сібір цивилизациясын атайды. «Древняя тюркская Сибирь - деп жазады академик Л.П.Окладников, - оказаласьтеснее связанной с западом, чем с востоком. Её культура много богаче и ярче, чем можно было полагать ранее. Л.Н.Гумилев дүниенің төрт жағын бірдей жайлаған жер кіндігі Орта Азия, одан қалды Византия, Персияны, Үндімен, Қытаймен қосатын, шын мәнінде Шығыс пен Батыс тоғысатын түркі әлеміне тәнті болды. Ол әлемнің Еуропа мен Шығыстың өмір салтымен бәсеке болуға мүмкіндігі бар-ды. Барша мемлекетті «Ел» деп атаған, баспалдақты-бағынышты жүйе жасаған, шен-шекпенді билеуші топқа орынды кигізген, әскери тәртіппен, дипломатия арқылы Түрік Еліне баршаны игізген, өмірге деген көзқарас арқылы өмір салтын әлемге білгізген Ұлы империя Гумилевтің пассионарлық теориясына негіз бола алды. Бұл көзқарасты А.Сейдімбек те қолдайды «Көшпенділер өркениеті» деген ұғымды Ә.Марғұлан, К.Акишев, К.Байпақов сияқты археолог ғалымдар көбірек пайдаланады. «Көшпенділер қоғамы» деген терминді С.Толыбеков, Д.Кішібеков сияқты ғалымдар ғылыми айналымға қосты. Сонымен бірге соңғы кезде қазақ сахарасында Дала өркениеті болды»- деген пікір көбірек айтылуда А.Тойнби өркениетті табиғи ортамен байланыстырып, Қытай, Үнді өркениетін континентальды деп атағаны белгілі. Егер біз Еуразия сахарасындағы өркениетті осы тұрғыдан қарасақ, ол баяғы Ұлы Қыпшақ даласы – Дала өркениеті, «И как бы не называли эту культуру – половецкая, печенежская, булгарская или иная, -корень её был один, потому что степи на одном языке – на тюркском. Жили под одним культурным традициям – по тюркским. Исповедовали одни духовные ценности – тюркскиедеп әділ көрсетеді Мұрад Аджи. Жалпы, «Дала» деген ұғымды тек бір шөл деп ұғуға болмайды. Дешті Қыпшақ жерін басып не сан өзендер өтеді. Бір шеті Енесай, Онон мен Керулен, Ертіс, Тобыл, екінші шеті Жайық, Кәрі Каспий, Арал, Еділ Ұлы сахараның сәні мен әні еді ғой. Бүгінгі қазақ елінде 45000 өзен, 85000 көл атының болуы ойландырса екен. Ал Алтай, Ұлытау, Қаратау, Мұғаджар, Алатау, Орал таулары жер бедерін безендіріп тұрған жоқ па? Ендеше Алтайдан Дунайға дейінгі Дешті Қыпшақ сахарасы әрі далалы, әрі таулы, әрі өзен-сулы, нулы өркениет емес пе? Осы ұлан-ғайыр далада өркениет орнауға себеп болған факторлар қандай? Бірінші, Алтайдан Донға дейін созылған Ұлы Дала екі құрлықтың басын қосты. Ол Еуропа мен Азияның қақпасы, тоқсан жолдың торабы еді. Екінші, біздің жылсанауымыздан мың жылға жуық бұрын Алтайдан Донға дейін Еуразия сахарасында пайда болып, эволюциялық даму сатыларынан өтіп, бірегейлік, біртұтастық қадір-қасиеттерін сақтаған өркениет – Дала өркениеті 7000 км аралықта өрбіді. Бұл географиялық аймақта этномәдени тұтастық қалыптасты, славян, финноугор, үндіарийлік, түркі тетес тайпалар өзара әлеуметтік-экономикалық процестер барысында өзара байланысты. Осы тектер тоғысында түркі тегі, оның бірегейлігі жеңіп шықты. Біздің жыл санауымыздан бұрынғы IV мыңыншы жылдың аяқ шегінде адамдары ең жүйрік аңы - жылқыны үйретті. Салт атты көшпелілер пайда болды. Украинадағы Дерьевка елді мекені, Ресейдегі Воловад қонысы, Қазақстандағы (Көкшетаудағы) Ботай қонысындағы археологиялық қазбалар, т. б. осының дәлелі. Үшінші, сайын дала Әму мен Сыр бойы арқылы Қытай-парсы, Үнді, Араб өркениеттерімен тоғысты. Төртінші, Ұлы Далада барлық әлемдік діндер тоғысты. Шаманизм, тәңірге табыну, зердеш, пұтқа табыну, христиан, манихейлік, ислам – пенделердің рухани өміріне тірек болуға әрекет етті... Бесінші, қыр баласы табиғи ортамен толық гармонияда болды. Дала перзенті еш бір шектеу дегенді білмеді. Оған творчестволық эволюция тән еді. Алтыншы, Дала арқылы өтетін «Ұлы Жібек жолы» сауда ғана емес, мәдениет тоғысу жолы еді. Бір ғана Сырдарияның орта және аяқ шегінде 300-ге жуық қалалар мен елді мекендер болды... Ендеше Еуразиялық сахарадағы көшпенділі дала мен қаланың синтезі еді. Жетінші, аң стильді өнер дамыды. Сегізінші, сайын даладағы көшіп-қону, экологияны сақтау, ұрпақ тәрбиелеу, демографиялық процесті жолға қою, сал-серілік дәстүр сияқты Дала этикасын, менталитетін орнатты. Сонымен бірге Еуразия сахарасында мемлекеттік жүйенің небір түрлері шыңдалды. Ол түркі әлемі. Түркі әлемінің алтын бесігі – Түркі елі (Бірінші, Түркі қағанаты 551- 630; екінші, Түркі қағанаты 681-744 жж.) Еуразия сахарасындағы тұңғыш империя еді. Ол сонау Маньчжуриядан Азов теңкізіне дейінгі жерді алып жатқан. Мұндай шексіз сахарада империяны кейін Моңғолдар, XVIII-XIX ғғ. Ресей ғана орната алды. Сол дәуірде түркі жазуы пайда болды. Біздің бабаларымыз тасқа қашап, болмыстарын хаттап кетті: «Когда вверху возникло Голубое небо и внизу Бурая земля, между ними обоими возник род людской и воссилени над людьми мои пращуры Бумын каган, Истеми каган. Воссев над царство, они учредили Эль (государство) и установили Тэрю (закон) народа тюрков. Имеющих головы они заставили склонить головы, имеющих колени они заставили преклонить колени. На восток и запад они расселили свой народ. Они были мудрые каганы, они были могущественные каганы». Біздің жыл санауымызбен 545 жылы Бумын қағанның ордасына Қытай елшісі келді. Сол кезден бастап, түркі елі халықаралық статусқа ие болды. Түрік қағанаты кейінгі Түргеш, Ұйғыр, Қарахан, Қырғыз, Хазар қағанаттарына, Қарлұқ, Оғыз, Қимақ, Қыпшақ мемлекеттеріне, Алтын Орда Жошы ұлысына, Қазақ хандықтарына жол салды. Дала өркениеті әлемдік дамуға қандай үлес қоса алды? Бірінші, Тәңірлік дүниетанымды берді, Зердеш (Зороастр дінін таратты; Екінші, металл қорытудың көне ордасы болды; Үшінші, төл жазуын тапты; Төртінші, жыл мезгілін маусымға бөліп, осы күнгі календарьлық дүниетанымды қалыптастырды; Бесінші, әскери құрылымның далалық типін жасады, әскери өнердің ғажайып үлгілерін көрсетті; Алтыншы, сымбат-архитектуралық өнердің өзіндік үлгісін жасады, Айша бибі, Алашақан, Сырлытам, Қарахан, Жошыхан, Аяққамар, Жұбанана, Болғанана, Ботағай мавзолейлері т.б. Жетінші, дала гомерлері бай ауыз әдебиетін жасады. Әуез (музыка өнері) шарықтады. Тек қана Қазақ хандығы тұсында 5000-дай күй (аспапты музыка) дүниеге келіпті Сегізінші, мемлекет басқарудың дала демократиясына сүйенген жүйесін жасады. Тоғызыншы, шаруашылықтың негізі мал шаруашылығы бола тұра, адам баласы ойлап тапқан басқа түрлерін Дала перзенті қосалқы шаруашылық етті. Дала мен қала менталитетін будандастырды. 4Тақырып . Қазақ халықтың этникалық тарихы. Жоспары. 1.Қазақ хандығының құрылуы. 2.Қазақ халқының шығу тегіндегі антропологиялық және этникалық жақтары. 3.Қазақ халқының құрылуының негізгі кезеңдері және этнос ретінде қалыптасуының аяқталуы. Әрбір халықтың жеке халық болып қалыптасуы үшін көптеген тарихи кезеңдерді басынан өткізуіне тура келеді. Бұл күрделі процесс бір немесе екі ғасырдың ішінде болмайды, халық болу үшін бірнеше ғасырларды керек етеді. Мысалы, Қазақстан жерінде халық болып құрылу процесі алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап, одан кейін қола дәуірі мен (б.д.д. II-I м.ж. кезеңі) темір дәуірі (б.д.д. VII-IV) кезеңдермен, немесе бұл кезде өмір сүрген ру-тайпалардың өсіп-өркендеуінен басталады. Олар Қазақстанның ұлан- ғайыр территориясын ежелден мекендеген байырғы (автохонды) тайпалар мен тайпалар бірлестіктерінен құралған. Орта Азия мен Қазақстанның ерте дәуірдегі кезеңдерін зерттеп жүрген ғалымдардың пікірлеріне қарағанда, біздің жерімізде қола дәуірі (Андрон, Беғазы-Дәндібай мәдениеттері) мен темір дәуірінде өмір сүрген тайпалардың (сақ, сармат т.б.) иран тілдес болғандығы айтылады. Сондай-ақ, ғалымдардың көрсетуінше бұл кездегі тайпалар антропологиялық жағынан монголоидтық белгілері бар европеидтік нәсілдер екендігі көрсетіледі. Қазақ халқының бастауы болып табылатын, сақ тайпаларының тікелей жалғасы болып үйсін, қаңлы тайпалары саналады. Оны қытай деректері “Өзі сары, көзі көк, ат жақты сэ (сақ) тайпалары үйсіндердің арасында жүр” – деп көрсетеді. Қазақ халқының шыққан тегі туралы көптеген аспектілері ішінен өзекті ретінде лингвистикалық және антропологиялық мәселелерін бөлшектеп алған жөн. Орта Азия мен Қазақстан өңірінде осы екі процестің екеуі де қатар дамып отырған. Қазақстанның ертедегі тарихын екі аумақты кезеңге: үндіеу- ропалық және түріктік кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезеңде лингвистикалық тіл жағынан Қазақстан тұрғындары үндіеуропалық топтың ежелгі иран тобына кіреді, яғни бұл кез б.з.д. III-I мың жылдықтарды қамтиды. Екінші кезеңде Қазақстан территориясына шығыс жақтан көптеген көшпелі тайпалардың соның ішінде ғұндардың Батысқа қарай қоныс аударуына байланысты, сақ және сариат тайпаларының жалғасы – үйсін мен қаңлылар ғұн тайпаларымен араласып, ассимиляцияға түскен. Б.з.б. I ғасырда Солтүстік ғұндардың құрамына кірген көптеген түркі тілдес тайпалардың бір бөлігі Орталық Азиядан Тянь-Шань арқылы өтіп, қаңлы тайпалық бірлестігімен көрші-қолаң отырды, ғұндардың Қазақстанға өтуінің екінші толқыны б.з. II ғасырдың бірінші жартысында орын алды. Бұл кезде Солтүстік ғұндардың толып жатқан тайпалары Шығыс Қазақстан мен Жетісуға қоныс аударып VI ғасырға дейін өмір сүрген Юэбань мемлекетін құрды. Ғұндардың біріктіруші рөлінің арқасында сырттан келген тайпалармен байырғы тұрғындардың этникалық жақындасуы іске асты. Сөйтіп, үйсіндер мен қаңлылардың монголоидтық тәсілге өтуі басталды. Б.з. VI ғасырынан бастап оңтүстік аймақта шығыстан, Алтай, Сібір жақтан келген түркі тайпаларының басымдылығы байқалды. VI ғасырда Қазақстан жері түгелдей құдіретті бір тұтас мемлекет – Түркі қағанаты құрамына кірді. Жазба деректерден алғаш Түрік қағанатының (542 ж.) одан кейін Батыс Түрік қағанаты (603 ж.) сияқты феодалдық мемлекеттер құрылғандығы белгілі. Одан кейін Түргеш қағанаты (704-756 жж.), Қарлұқ қағанаты (756-940 жж.), Оғыз мемлекеті (IX ғ. соңы – XI ғ. басы), Қимақ қағанаты (893 – XI ғ. басы), Қыпшақ хандығы (XI – 1219 ж.), Қарахан мемлекеті (942-1212 жж.) өмір сүрді. Осы мемлекеттердің ішінде қазақтардың халық болып қалыптасуына, әсіресе екі мемлекеттің тарихи рөлі ерекше болған. 1) Қарахан мемлекеті. Бұл мемлекеттің кезінде халық болып қалыптасу пісіп – жетіліп, қалалық өмір өркендеп, отырықшылық жанданып, қолөнер дамып, көрші жатқан елдермен сауда қатынасы артып, жалпы мәдени экономикалық дамуы өскен. Алғаш рет ислам дінін – мемлекеттік дін ретінде қабылдаған. Қыпшақ хандығы (XI – XIII) Ертіс пен Еділ арасындағы кең жерді иемденді. Хандықтың құрылуына байланысты этникалық процестер жаңа даму кезеңіне аяқ басты. Бұл кезде қазақ тілінің негізі - әдеби қыпшақ тілі құрылып, сонымен бірге қазақтардың өзіне тән антропологиялық кескіні қалыптасты. Қазақ этногенезінде қыпшақтар этнос ретінде маңызды рөл атқарды, “Қазақ” сөзінің шығу тегінің өзі қыпшақтар мекен еткен аймақтар- да пайда болды. Бірақ, осындай сапырылыс кезеңде шығыстан кидандардың (қарақытай- лардың) шапқыншылығы болып, Қарахан мемлекетінің жағдайы нашарлады. XIII ғасырдың басында енді дамып келе жатқанда моңғол шапқыншылығы басталды, сөйтіп халық болып қалыптасу процесі тоқталды. Халық болып қалыптасу процесі XV ғасырға дейін, немесе 200 жылдай уақытқа кешеуілдейді. Қазақстан жерінде қаншалықты жойқын шапқыншылықтар болғынымен халық болып қалыптасудың негізгі шарты тіл бірлігі жойылмады. Керісінше, уақыт өткен сайын моңғол – шапқыншылығының өздері жергілікті халықтың түркі тіліне, әдет-ғұрпына, салт-санасына көшіп XIV ғ. толық түркіленіп кетеді. XIV-XV ғасырларда феодалдық қатынастардың нығаюы негізінде Моғолстан, Ақ Орда, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасында толассыз тоқтамай жүріп жатқан феодалдық соғыстарға қарамастан, халықтар арасында өзара бірігу, топтасуға ұмтылу процестері белең алды. Қазақстан- ның ежелгі тайпалары тарихи- географиялық, экономикалық және саяси жағдайларына байланысты үш негізгі этникалық шаруашылыққа топқа бөлінді. Олар: Ұлы, Орта және Кіші жүз. Ұлы жүз Сырдариядан бастап Жетісу жерін түгел жайлайды. Оның құрамына үйсін, қаңлы, дулат, албан, суан, сіргелі, ысты, ошақты, шапырашты, жалайыр, шанышқылы, қатаған т.б. ру – тайпалар кіреді. Орта жүз Орталық Қазақстан аудандары мен Солтүстік – Шығыс Қазақстанның бір бөлігін қоныс етеді. Оның құрамында қыпшақ, арғын, найман, қоңырат, керей, уақ, тарақты тайпа – рулары бар. Кіші жүздің мекені – Сырдарияның төменгі жағы, Арал теңізінің жағалауы, Каспий ойпатының теріскей бөлігі. Оның құрамындағы тайпалар одағы - Әлімұлы (қаракесек, қарасақал, кете, төртқара, шөмекей, шекті); Байұлы (адай, алшын, жаппас, алаша, байбақты, беріш, есентемір, қызылқұрт, шеркеш, ысық, таз, масқар); Жетіру (табын, тама, кердері, жағалбайлы, кереит, төлеу, рамадан). Жүздердің ұйымдасқан уақыты, қалай құрылғаны әлі жете зерттелмеген. Әрбір жүздің тайпалары жалпы шаруашылық мүдделер негізінде топтасқан, өз шекарасында экономикалық жағынан оқшауланған еді. Олардың тілі, материалдық тұрмыс мәдениеті жөнінен басқа жүздердің тайпаларынан ешбір айырмашылығы болған жоқ. XV ғасыр қарсаңында бұл тайпалар түрік тектес халық болып топтасты да, кейінірек «қазақ» деген этникалық ортақ атауға ие болды, сөйтіп халықтың қалыптасу процесі негізінен аяқталады. Бірақ ол кейбір себептерге байланысты кешеуілдеп барып іске асты. Оған қазақ халқының этникалық құрамына кірген тайпалардың бірнеше мемлекет құрамына енгені, кейбір жеке тарихи қалыптасқан бөлшектердің бытыраңқылығы себеп болды. XIV-XV ғғ. көпте- ген жұрттың көшіп-қонып, сапырылысуы орын алды. XV ғ. – II жартысы мен XVI ғ. қазақ халқының негізгі этникалық территориясын мемлекет етіп біріктіру, халықтың да қалыптасу процесінің аяқталуын тездетті. 5 Тақырып . Қазақ мемлекеттіліктің эволюциялық дамуы Жоспар. 1. Қазақ мемлекеттіліктің қалыптасу тарихының байқауы. 2. Түздік өркениет және оның сабақтары. 3. Қазақстан мемлекеттің білімге деген қазіргі назары. Мақсаты : Қазақстан мемлекеттіліктің білімінің үдерісіне көз жеткізу Талқыланатын сұрақ. Қазақ хандығын кім құрды. Хандық қашан құрылды XY ғасырдың ортасында Қазақ хандығының құрылуы -Қазақстан аумағында ежелден бері жалғасып келе жатқан этникалық процестің мәдени,рухани дамулардың мемлекеттіліктің дамуының және 14-15 ғасырлардағы саяси просестердің заңды қорытындысы болып табылады. Сондай-ақ қазақ халқының құрылуының Евразия тарихында алатын тарихи маңызы ерекше.Сондықтанда қазақ құрылуының қазіргі күн талаптар тұрғысынан таптық емес жаңаша көзқарастармен зерттеу кезек күттірмейтін маңызды мәселеге жатады. Күн сайын еліміздің мемлекеттілік тұғырының нығаюы бүкіл әлем алдында саяси және экономикалық беделінің өсуі Республикамыздың халықаралық аренадағы ролін айқындап отыр. Бүкіл дүниежүзі алдында қазақ мемлекеті өзінің дербестігімен және әртүрлі халықаралық саясаттағы ролімен көзге түсуде. Міне сол себепті де қазіргі мемлекетіміздің 15 ғасырдағы бір көрінісі,бір белесі болып табылатын қазақ хандығының тарихы оның ішінде оның құрылуы кімді болса да қызықтырары анық. Дей тұрсақ та қазақ хандығының құрылу мәселесі әлі күнге дейін Отандық тарих ғылымында толық шешілген мәселелер қатарына жатпайды. Тіпті бұл ауқымда мәселенің жекелеген мәселелері мен сұрақтары жөнінде қарама- қайшылықты, дау-дамайлы әр түрлі пікірлер болса, ал кейбір мәселелері әлі күнге дейін тарихшылардың назарына ілінбей күн тәртібіне қойылмай отыр. Міне, осыған орай біз осы жұмысымызда қазақ хандығының құрылуының жалпы мәселелеріне көңіл аударып зерттеушілердің назарын аудармақпыз. Біз қарастырып отырған мәселе 19 ғасырдың 60 жылдарынан бері В.В.Вельяминов- Зерновтың атты жарыққа шыққан еңбегі тарихшылардың назарында келе жатыр. Мәселенің әр түрлі аспектілерін зерттеп қарастыруда әр жылдары Ш.Құдайбердіұлы, А.П. Чулошников, М.Тынышпаев, В.Вяткин, К.А.Пищулина, Т.И.Султанов және тағы басқалар үлес қосты. Осы тарихшылардың зерттеулері негізінде қазақ хандығы құрылуының мынадай мәселелері көпшілік назарына ұсынылды. 1.Қазақ хандығы құрылуына Керей мен Жәнібек сұлтандардың Дешті Қыпшақтағы Әбілхайыр ханнан бөлініп Моғолстанның батысындағы Шу бойына қоныстануы негіз болған. 2. Қазақ хандығы құрылуы хижраның 870 ж жүзеге асқан. 3. Қазақ хандығы құрылуы Алтын Орданың саяси ыдырау нәтижесінде болған. 4. Керей мен Жәнібектің көшуіне Дешті Қыпшақтағы ру-тайпалық қайшылықтар мен шиеленістер себеп болған. 5. Керей мен Жәнібектің көшуі Дешті Қыпшақтағы таптық күрестің нәтижесінде болған. 6. Қазақ хандығы құрылуы бір тарихи оқиғамен құрылмаған, бірнеше жылдарға созылған тарихи дамудың заңды қорытындысы ретінде дүниеге келген. Жалпы алғанда бұл атап көрсетілген тұжырымдар қазақ хандығы құрылуын ашуға жәрдемдеседі, бірақ мәселені толық қамти алмайды деп ойлаймыз. Өйткені біздің пікірімізше қазақ хандығының құрылуы жоғарыда айтып өткеніміздей ұзаққа созылған этно-мәдени, рухани және саяси дамулардың нәтижесінде жүзеге асқандықтан көрсетілген. Факторлар қазақ хандығы құрылуына қатыстырылмай отыр. Міне сол себепті де біз төменде осы жағдайларды ескере отырып қазақ хандығы құрылуын ғылыми тұрғыда толық ашып көрсететін мәселелерді көрсетуге тырысамыз. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуына байланысты Отандық тарих ғылымы да идеологиялық шырмаудан құтылып, үстем идеологияға емес сол тарихқа жасаған халықтың өзіне қызмет етуге бет бұрады. Тәуелсіздік алған жылдары тарих ғылымы барлық салалар бойынша даму жолына түседі. Сондай саланың бірі-деректану ғылымы. 20 ғасырдың 90 жылдары мен 21 ғасырдың алғашқы жылдары орта ғасырлық Қазақстан тарихының мәселелерін жан-жақты көрсететін көптеген деректер қазақ тіліне аударылды және араб, парсы тілдерінен орыс тіліне аударылды. Олардың қатарына Әбілғазының "Түрік шежіресі",Бабырдың "Бабырнамасы",Қ.Жалайырдың "Жылнамалар жинағы",Өтеміс қажының "Шынғыснамасы",М.Х.Дулатидің "Тариха Рашидиін" жатқызамыз.Әсіресе М.Х.Дулатидің "Тарихи Рашиди"еңбегі орыс тілінде екі рет жәңне түпнұсқадан қазақ тіліне алғаш аударып жарыққа шығуы деректану ғылымының жетістігін көрсетті.Сондай-ақ бұл еңбек біздің қарастырып отырған мәселеміздің шеңберлерін кеңейтті.Осындай деректердің негізінде Қазақ хандығының құрылуының кейбір мәселелері алғаш рет тарихшылардың назарына іліне бастайды.Ал кейбір мәселелер туралы нақты ой пікірлер айтылады.Міне,енді біз 1990 ж. және қазіргі күндер аралығында осы мәселелер бойынша тарих ғылымына жеткен.Жетістіктерді талдай,саралай келе біз өзімізден өзіндік тұжырымымызды білдіреміз.Алдымен ескерте кетейік біз қазақ хандығының құрылуының деректері мен тарихнамасының мәселелерін бұл жұмысымызда қарастырмаймыз.Бұл мәселелер өте ауқымды болғандықтан ол арнайы түрде кесе қарастыруды талап етеді.Біздің қарастыратынымыз тарихи процестердіің өз мәселелері ғана. Қазақ хандығының құрылуы белгілі бір дәрежеде тарихи процестердің заңды қорытындысы болғандықтан оның тарихи алғы шарттары болады.Тарихи алғышарттардың өзін іштей жіктейтін болсақ,ол мынадай факторлардан тұрады: 1.Қазақ хандығының құрылуының этникалық алғы шарттары 2.Қазақ хандығының құрылуының діни-рухани алғы шарттары. 3.Қазақ хандығының құрылуындағы моңғолдық фактор немесе мемлекеттіліктің дамуының әсері. 4.Қазақ хандығының құрылуына тікелей әсер еткен саяси оқиғалар. Бұл көрсетілген факторларды ғылыми тұрғыдан терең зерттеу бізге қазақ хандығы құрылуының алғышарттарын түсінуге мүмкіндіктер береді. Енді қысқаша түрде осы факторларға назар аударсақ. Алдымен қазақ хандығы құрылуының этникалық алғышарттары туралы. Кез-келген мемлекет белгілі бір этностың әлеуметтік территориялық ұйымы және қоғамның ішкі және сыртқы қатынастарын реттейтін басқару жүйесі болғандықтан этнос-мемлекет бір-біріне етене тығыз ұғым болып саналады. Қарапайым тілмен айтсақ мемлекетті этностар туғызады. Ал мемлекеттер этностың дамуына өркендеуіне жағдайлар жасайды. Осы қағиданы қазақ халқы мен қазақ хандығына қолданып көрсек онда қазақ хандығын дүниеге әкелген қазақ этносы болып шығады. Ал тарихи деректерде қазақ этносы қазақ хандығы құрылғаннан кейін жүзеге асқан деп баяндалады. Әрине деректің авторлары орта ғасырдың адамдары болғандықтан олар тарихи процестің алғышарттарына терең бойламай тек тарихи болмысты немесе обьектіні баяндайды. Этнос-мемлекет принципіне сүйеніп біз қазақ хандығын дүниеге келтірген этникалық процестің дамуы деп түсіндіреміз. Яғни бұл жерде Дешті Қыпшақтағы тайпалар өз дамуының белгілі бір сатысында жаңа мемлекеттік жүйені қажет еткен. Ол қазақ хандығы болған. Міне, қазақ хандығы құрылуының этникалық алғышарты деп аталатын бұл мәселе тағы да қайталап айтамыз терең зерттеуді қажет етеді. Біз тек бұл жерде проблеманың өзін ғана атап көрсетіп отырмыз. Қазақ хандығы құрылуының келесі бір алғышартына діни-рухани алғышарттар жатады. Кез-келген этнос немесе этносты құраған ру-тайпалар жиынтығы өздерін нақты бір этностың мүшесіміз және басқа этностардан ерекшелендіріп көрсететін нәрсеге олардың ру-тайпалық санадан жоғары тұрған халықтың санасы жатады. Ал халықтық сананың пайда болуына діни фактор мен рухани факторлар жетекші роль атқарады. 13-15 ғасырлардағы Қазақстан аумағында болған діни-рухани дамуларда ислам дінінің Алтын Орда мен Ақ Орда мемлекетінде ресми дінге айналуы шешуші роль атқарды. Бүкіл Дешті Қыпшақтағы тайпалардың толығымен және түпкілікті түрде мұсылманданып, ортақ бір дінге сенуі Аллахты ортақ құдай деп тануы , Мұхаммедті ортақ Пайғамбар деуі құранда исламның отақ қасиетті кітабы деп білуі ,сондай-ақ шариғат жолының бикіл тайпаға айтыладыбірдей болуы ру тайпаларды ортақ діни кеңестікпен қатар ортақ рухани кеңестіке енгізеді. Осылардың нәтежесінде ру-тайпаларда ру-тайпалық санадан жоғары тұрған сана қалыптасады. Міне,осы сала этникалық процесті жаңа деңгейге көтеріп,соған сай мемлекетті қалыптастырады. Яғни ,бұл мәселеде қазақ хандығының құрылуының алғы шартын болашақта терең зерттеуді қажет етеді.Бұл факторды толық зерттемей қазақ хандығының құылуын нақты меңгердік деп айта алмаймыз. Қазақ хандығының құрылуындағы келесі алғышарттарға монғолдық фактор немесе моғолдар енгізген мемоекеттік жүйенің тікелей әсері жатады. ХІІІ ғасырдың басында монғол жаулаушылығы нәтижесінде Дешті Қыпшақта саяси және әкімшілік жағдайлармен қатар мемлекеттік жүйесі де өзгереді. Бұрынғы монғалдарға дейінгі Дешті Қыпшақтағы қыпшақ мемлекеттігі ерте ортағасырлық феодалдық қатынастарға негіделмегендіктен, ондағы билік түрлері, олардың бір-біріне қарым-қатынасы бір-біріне тәуелді болды. Ал Шыңғыс хан енгізген мемлекеттік жүйеде бұл жағдайлар басқаша көрініс тапты. Мұндағы билік түрлері ішінде хандық билік биліктің басқа түрлерінен жоғары тұрды. Биліктің басқа түрлерін өзіне тәуелді етті немесе атқарушы билік биліктің басқа түрлерін функционаларын өз қолына алды. Сөйтіп нәтижесінде 13-15 ғасырларда мемлекеттіліктің нығайтылған түрі өмір сүрді. Мұндай мемлекеттік жүйе халықтық санаға жете бастаған ру-тайпаларды басқаруда тиімділік көрсетті. Яғни халықтық деңгейге көтеріле бастаған этникалық процеске сай болуы үшін осындай нығайтылған мемлекеттік жүйе қажет болатын. Мұндай жүйенің қалыптасуын монғолдық мемлекеттік жүйе қамтамасыз етті. Сондықтан мұндай жүйені монғодық фактордың тікелей әсері деп есептейміз. Мұндай мәселе қазақ хандығының құрылу тарихында алғаш рет автордың жұмысымен көтеріліп отыр. Бұл мәселені де ғылыми тұрғыдан терең зерттеу қазақ хандығы құрылуының алғышарттарын толық білуге мүмкідіктер береді. Жоғарыда біз қарастырған үш мәселе қазақ хандығы құрылуының алғышарттары мәселесіне жатады. Жалпы осы алғышарттарды зерттемей, оларды толық меңгермей қазақ хандығының құрылуы туралы ой-пікірлерді айту мәселені шешуде толық нәтиже бермейді. Сондықтан да қазақ хандығының құрылу процесі мәселесі қандай маңызды болса, оның алғышарттары да сондай маңызды деп есептейміз. Қазақ хандығы құрылуындағы келесі бір маңызды мәселелердің қатарына хандықтың құрылуына қатысты құрылу процесіне байланысты оқиғалар барысы жатады. Алдыңғы бетте атап өткеніміздей бұл мәселелер бір шама түрде зерттеушілер тарапынан қарастырылған. Керей мен Жәнібектің көшіуі олардың моғолстанда орналасуы, сондай-ақ хандықтың құрылуының қай жылы құрылғандығы жөнінде біршама айтылады. Бұл проблемаларды тереңірек қарастыра келе біз мынадай тұжырымдар жасаймыз. Керей мен Жәнібектің көшуі М.Х. Дулатидің “Тарихи Рашиди” атты еңбегінде баяндалады да, барлық зерттеушілер осы тарихи оқиғаны хандықтың құрылуымен байланыстырады. Хандықтың құрылған жылы ретінде 1456,1465-1466,1470-1471 жылдар деп көрсетіледі. Бұл жөнінде осы мәселемен айналыссқан әрбір тарихшы өз дәлелдеулеріне сүйеніп, немесе еш дәлелдеусіз осы жоғарыдағы даталардың біреуін көрсетеді. Біздің ойымызша бұл мәселелер әлі болса толық зерттеуді қажет етеді. Біз төменде осы мәселе бойынша бірнеше жылдан бері айналысып келе жатқандықтан өзіміздің жеке ой-пікірімізді білдіреміз. Тұжырымдарымызды қысқаша тезистер түрде білдіріп көрелік. Қазақ хандығының құрылуы бір саяси оқиғамен жүзеге асқан процесс емес, Керей мен Жәнібектің Әбілхайырдан бөлініп моғолстанға көшуі тарихи процестегі маңызды оқиғаның бірі және маңыздысы. Қазақ хандығының құрылуы осы тарихи оқидан бастау алатындықтан кейбір зерттеушілер хандықтың құрылу процесіндегі басқа оқиғаларды аңғармайды. Хандықтың құрылуында осы оқиға яғни Керей мен Жәнібектің көшіуі басты рөл атқарса, одан кейінгі ірілі- ұсақты тарихи оқиғалар, сондай-ақ Әбілхайыр хандығы күйрегеннен кейін Дешті Қыпшақтың басым бөлігінде қазақ хандығы билігінің үстемдікке жетуі осы тарихи процесті аяқтаған оқиға деп есептейміз. Бұл хандықтың құрылу барысы шамамен 13-14 жылға созылған тарихи процестерден тұрады. Осы мәселедегі маңызды және ең дау-дамайлы сұраққа хандықтың нақты қай жылы құрылғандығы туралы таластар жатады. Бұл жөнінде осы мақаланың авторы ғылыми көпшілік басылымдарда бірнеше рет өз тұжырымдарын білдірген болатын. Біз қысқаша түрде қазіргі кездегі бірнеше пікірлерді талдап, оны түсіндіріп көреді. а) қазақ хандығы 1456 жылы құрылды деген пікір туралы. Бұл пікірді ХХ ғасырдың басында Ш. Құдайбердиев, А.П. Чулошников өз еңбектерінде қолданған болатын. Осы екі автордан кейін бұл датаны қазіргі күнде қолдаушылар бар.бұл датаны 1864 жылы В.В. Вельяминов-Зернов “Тарихи Рашидидегі” Керей мен Жәнібектің көшуі туралы сөйлемдерді орыс тіліне аудара келе оқырмандарға түсінікті болуы үшін бұл датаны жақша ішінде берген болатын. “Тарихи Рашидидің” мәтінінде бұл дата кездеспейді. Сол себепті де 1456 жылы қазақ хандығы құрылған жылы деген пікірді ғылыми негізсіз пікір деп жариялаймыз. ә) қазақ хандығы құрылған жылы деп көрсетілген дата 1465-1466 жыл туралы. Бұл пікірдің қате екендінін алғаш рет өз еңбегінде Т.И. Сұлтанов дәлелдеген болатын. Қысқаша түрде айтсақ сол кездегі Моғолстан ханы Есен Бұғаның нақты 1461-1462 жылы қайтыс болғандығын М.Х.Дулати тайға таңба басқандай етіп көрсетеді. 1465-1466 жылы Есен Бұғаның Керей мен Жәнібекті Моғолстанға қабылдауы қисынға келмейді. Қазақ хандығының құрылуының бастауы 1457-1458 жылы құрылды деген пікір. Осы мақала авторы бұл даталардың дұрыстығын дәлелдеп бірнешерет мақала жазған болатын. Сондықтан оны қайталамай, Керей мен Жәнібектің Моғолстанға көшіп келуі 1457 жылдың күзінде болған оқиға деп, ал Керейдің хан сайлануы 1458 жылдың күзінде жүзеге асқан деп есептейміз. Хан – барлық билікті бір қолға шоғырландырған мемлекеттің жоғарғы билік органы болып саналғандықтан осы жылды қазақ хандығының құрылған жылы деп есептейміз. Жаңа хандық пен Моғолстан арасындағы қарым-қатынас мәселесі әлі күнге дейін тарихшылар назарына ілінген емес. Біздің ойымызша қазақ хандығы Моғолстан құрамында автономиялы статуста болған секілді. 1461-1462 жж. Есен Бұғаның қайтыс болуы оның ұлы Досмұхаметтің билікке келіп, орталық билікті әлсіретуі Әбілхайырға наразы болғандықтан, қазақ хандығына келіп қосылуы жаңа хандық статусын жоғарылата бастайды. 1469 ж. Әбілхайырдың қайтыс болуы, Досмұхамет ханның қайтыс болуы, Мауеренахр билеушісі Әбу Сайт мырзаның қайтыс болуы және осы жағдайдан кейінгі пайда болған оқиғалар қазақ хандығының Моғолстан “шекпенінен” шығып, дербестенуіне мүмкіндіктер береді. 1470-1471 жж. Дешті Қыпшақтағы көшпелі өзбектер мемлекеті толығымен күйреп. Оның орнына жаңа әулеттің қазақ хандары әулетінің келуі қазақ хандығының толығымен және түпкілікті түрде аяқталуын тарихи процесс деп санаймыз. Жалпы қорыта келе тағы да қайталап айтарымыз Қазақ хандығының құрылу мәселесі әлі де болса арнайы түрде зерттеуді қажет етеін мәселелер қатарына жатады. Біз тек бұл мақалада осы күрделі мәселелер төңірегіндегі сұрақтар туралы ой қозғап. Оны шешуге тікелей жәрдем тигізетін жеке мәселелерді атап көрсеттік. Ал оларды зерттеу алдымыздағы тұрған маңызды мәселердің қатарына жатады. 6 Тақырып . Ресей империясының Қазақстан териториясын қазақ әскерімен отарлау. Заманауи көзғарас. Жоспар : 1. Ресей империянің Қазақақ жерін отарлау саясаты Қазақстандағы 1867-1868 жылдардағы реформа патшалық Ресейдің отаршылдық саясатының маңызды бөлігінің бірі болып табылады. Өйткені, ол әкімшілік құрылыс, жер қатынастары, сот құрылысы, халыққа білім беру, дін мәселесі сияқты қазақ қоғамының шешуші салаларының бәрін қамтыған болатын. Қазақстанға әкімшілік басқару жүйесін енгізудегі патша үкіметінің алдына қойған басты мақсаты аймақтағы отаршылдық саясатын күшейту болды. Осыған орай, 1867 жылы 11 шілдеде патша жарлығымен империя құрамында Түркістан генерал-губернаторлығы құрылса, ал 1868 жылы Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторлықтары құрылды. Реформаның ең басты және негізгі міндеті – "қазақ даласын Ресейдің басқа бөліктерімен бірте-бірте қосып жіберу" үшін Ресейге бағынышты халықтарды бір басқару жүйесінің құрамына біріктіру. Сөйтіп, жергілікті ақсүйектерді биліктен ысырып тастап, ру басшыларын әлсіретіп, ойға алған іс-шараларды оңтайлы жолмен оңай әрі тез жүзеге асырып отыру. Жалпы алғанда, реформалар патшалық үкіметтің қазақ даласының жергілікті тұрғындарын және аймақтық табиғат байлықтарын еркін пайдалану үшін орыс капиталына анағұрлым тиімді жағдай қалыптастыру әрекетінен туған еді. Экономикалық шаралар негізінде қазақтардың қыстауы мен жайлаулық жерлерін мемлекет меншігіне кесіп, казак әскери бөлімдері мен орыс шаруаларын орналастыру үшін "артық" жер мөлшерін анықтау ісіне экспедициялар жабдықталды. Мұның өзі қазақ жерін пайдалануынан алып, барша қазақтың жерін Ресейдің мемлекеттік меншігі деп жария ету арқылы Қазақстанның империя отарына айналғандығын дүниеге паш ету болды. Патша үкіметінің 1886 жылғы Түркістан туралы ережесі және 1891 жылғы Далалық облыстарды басқару туралы Ережесі сол орыс билігін одан ары нығайтып, қазақ даласындағы отарлық езгі мен қанаудың күшеюін тереңдете түсті. 1867-1868 жж. реформа арқылы патша өкіметі қазақ даласын толық отарлауға тырысты. Сондықтан да Қазақстан аумағы облыстарға бөлініп, ал облыстар әкімшілік орталықтарына, қазақ даласымен байланыссыз жататын әр түрлі генерал-губернаторлықтарға бөлшектенеді. Мысалы, Торғай мен Орал облыстары – Орынбор; Ақмола және Семей облыстары – Батыс Сібір; Жетісу мен Сырдария – Түркістан генерал-губернаторлықтарының құрамына кірді. Бұрынғы ішкі Бөкей хандығының аумағы уақытша Торғай облыстық басқармасына бағынышты болып қалғанымен, ол ұзаққа созылмай, 1872 жылдан бастап Астрахань губерниясының құрамына кірді. Ал Маңғыстау түбегінің аумағы 1870 ж. қазақтардың көтерілісіне байланысты Кавказ әскери округының билігіне өтті. Бұлай бөлшектеулер мен басқаруға өзгерістердің енуінің өзіндік себептері болды. Бұл туралы профессор Б. Сүлейменов: "Патшалық үкіметтің ойынша, Қазақстан жерін түрлі генерал-губернаторлықтар мен әскери округтарға бөлшектеу, қазақ халқының ұлттық бірлігінің қалыптасу жолына кедергі болып, қазақ халқын отарлық езгіде ұстауды жеңілдетуі тиіс еді" - дейді. 1867-1868 жж. реформалардағы басты бағыттардың бірі Қазақстанда күшті әскери-бюрократиялық аппарат құру болды. Ол аппарат әр түрлі жеңілдіктерге: анағұрлым жоғары еңбекақы, екі есе төлем, қызметтен босаған кездегі жоғарғы зейнетақыға қызығатын чиновниктерден құралды. Зерттеуші ғалым К.А. Жиреншин өз еңбегінде: "Отаршылық әкімшілік аппараты қазақ даласының жағдайынан бейхабар, білімі таяз адамдардан, ең бастысы, өз қызметін өміріндегі өтпелі кезең деп санап, сол уақыт ішінде тез ауқаттанып алуды көздеген офицерлерден жасақталған болатын: Генерал-губернаторлықтардың басты басқару аппаратын генерал-губернатор, оның кеңсесі және тапсырма орындаушы чиновниктер құрды. Генерал-губернаторлар әскери және азаматтық билікті толығымен өз қолдарына жұмылдырды, сонымен қатар қазақ даласындағы әкімшілік құрылысының принципі – жаңа отаршылық реформа бойынша билікті толығымен әскери ведомствоның қолына беру болды" - деп, патшалық үкіметтің құйтырқы саясатының табиғатын айқын да ашық көрсетіп береді. Бұл тұстағы генерал-губернаторлардың билік шараларын іске асыратын басқару жүйесі мынадай үш бөлікке бөлінді: облыстық басқармалар, уездік басқармалар және жергілікті басқармалар. Облыстық әкімшіліктің басқарма басшылығында әскери және азаматтық билік ететін әскери-губернатор тұрды. 1868 ж. Ереженің 22-23-бабында дала облыстарының әскери-губернаторлары облыстардағы әскери қолбасшыларға теңестірілетіні көрсетілген және де олар өз облыстарының аумағындағы орналасқан казак әскерлерінің тағайындалған атамандары болып саналатын. Облыстар өз кезегінде уездерге бөлінді. Уездік басқарманың басшылығына орыс чиновниктерінің ішінен облыстық әскери-губернатордың ұсынысы бойынша генерал-губернатор бекітетін уезд бастығы тағайындалды. Жаңа әкімшілік жүйе бойынша уездегі барлық билік жүйесі толығымен уезд бастығының қолына шоғырландырылды. Ереженің 42-65 баптары бойынша, уезд бастықтарына мынадай міндеттер жүктелді: жергілікті басқару орындарына жүктелген міндеттердің орындалуын қадағалау, уезде тыныштық пен тәртіпті сақтау, алым-салықтың жиналуын бақылау және халықтың денсаулығын сақтау. Уезде орналасқан әскери бөлімшелер, мекемелер мен бекіністер уезд бастықтарына бағынышты болды. 1867-1868 жж. реформа ел мен жерді басқарудағы патшалық үкіметтің алғашқы буыны болып табылатын жергілікті басқармаға көңіл бөлді. Әрбір уезд болыстарға, ал болыстар ауылдарға бөлінді. Е.Г.Федоров "Қазақстан – патша үкіметінің отары" атты еңбегінде: "Патшалық қазақ тұрғындарының орталықтарын әдейі бөлшектеді, барлық басқару жүйесін бөлшектеу арқылы қазақ халқының мәдени дамуын тежеп, халықты қараңғылықта ұстауды көздеді", – деп көрсетеді. Уездер территориялық белгі бойынша бір болысқа 1000-2000 киіз үй және бір ауылға 100-ден 200-ге киіз үй кіретіндей болып есептелген болыстар мен ауылдарға бөлінді. Болыстар шаруашылық жағынан біріккен ауылдардан тұрды. Осыған байланысты жаңа жағдайда қазақтардың рулық қатынастар бойынша тарихи бөлінуі заңды түрде жойылды. Ру басында ақсақал тұрғанда, оның сөзі мен ісі билік күшке ие жағдайында патша үкіметінің дала тыныштығы үшін қорқуы заңды нәрсе болатын. Граф Паленнің Түркістан аймағын тексеру жөнінде есеп беруінде: "Бұл шараны іске асырудағы мақсат рулардың үлкен аймақта бір қалыпты орналаспауы әкімшілік басқару жүйесіне кедергі туғызды және көптеген біріккен ру басында ру ақсақалдары тұрған жағдайда дала тыныштығын ұстап тұруда көп қиындықтар туғызуы мүмкін еді", – деп ондай биліктің күштілік себебін тап басып жазуы осының айғағы. Елге сүйенген ру басы кей жағдайда әкімшілік талаптарды орындамауы да әбден мүмкін екені шындық. 1867 ж. Ереженің 85-бабына сәйкес болыстардың басында қазақтардан сайланған болыс басқарушылары, ал ауылдардың басында сол сияқты сайланатын старшиналар болды. Ережеде "болыстық және ауылдық старшиналарды халық сайлайды" деп нақты көрсетілген. Бір қарағанда сайлау демократиялық негізде жолға қойылған болып көрінуі мүмкін, бірақ іс жүзінде патша үкіметі сайлауды өз мақсатына орай жүргізіп отырды. Сайланған болыс басқарушыларын – облыстық әскери губернаторы, ал ауылдық старшиналарды уезд бастығы бекітетін еді. Отаршылар әкімшілігі ұсынылған кандидаттар көңілінен шықпаса бекітпей тастап, жаңа сайлау белгілеуі де мүмкін болатын. Болыс басқарушыларын сайлауға – уезд бастықтары, ал ауылдық старшиналарды сайлауға болыс басқарушылары міндетті түрде қатысатын. Болыс басқарушылары тікелей уезд бастығына бағынышты болды және оның барлық бұйрықтарын орындауға міндетті еді, ал ауыл старшиналары болыс басқарушысына тікелей бағынышты бола отырып, болыс басқарушысына жүктелетіндей міндеттерді орындады. Реформаларды жүзеге асыруда патша үкіметі саяси-экономикалық іс-шараларымен қатар өлкені мәдени және рухани жағынан да отарлауға басты назар аударған болатын. Халық ағарту ісі патшалықтың сыртқы саясатының үлкен де маңызды саласы болып табылатын. Бұл сала патша үкіметі отарлау саясатының өзекті құралы десе де болады. Бұл саясат Ресейдің қарамағындағы ұлттарды біртіндеп христиан дініне кіргізу арқылы орыстандырып, сөйтіп империяның тұтастығын арттыруға арналған еді. Осыған сай, 1867-68 жж. реформада халық ағарту ісінде жүргізілетін шаралар жан-жақты қарастырылды. Сол құжаттар бойынша уездік қалаларда бастауыш мектептер ашу көзделген: "Дала тұрғындарына бастапқы білім беру үшін алғашқы кезде уездік басқарма орналасқан жердің бәрінде ұлт айырмашылығына қарамастан ортақ мектеп ашу керек". Осыны негізге ала отырып талай мектептер, гимназиялар ашылды. 1868 жылғы Ереженің 251-бабында діни істер Орынбор муфтиінің қарауынан алынып, азаматтық басқарманың қарамағына берілді. Молдалар сайланатын болды. Оларды бекіту тұтқасы орыс әкімшілігінің қолына тиді. Бастауыш мектептерде мұсылман дінін уағыздаушылардың қызметі шектелді. Әкімшілік қазақ мектебіне сабақ беретін ұстаздардан орыс тілін білуді талап етті. Елде орын алып жатқан территориялық-әкімшілік үрдістер Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай өзгерістер әкеліп, отарлық саясаттың жаңа салық жүйесін енгізді. Қазақстанда отырықшылық пен жер шаруашылығының көлемінің ұлғайғандығына қарамастан салық төлеушілердің басым бөлігін көшпенділер құрады. Мәселен, 1880 жылы 90,5 % құраса, 1897 жылы 82,0 %-ға жетті. 1867-1868 жылдардағы әкімшілік реформалар қазақтардың жаңа көтерілісін туғызды. XІX ғасырдың 60-шы жылдарының алғашқы жартысында Қазақстанда, әсіресе Кіші жүзде отаршылдыққа қарсы жаппай халық наразылықтары өріс алды. Көшпелі халықтың ашу-ызасын туғызған патша үкіметінің салық саясатының күшеюі болды. Оның үстіне қатардағы көшпенділер мен ауқатты отбасылар бірдей міндеткерлік атқарды. Сондай-ақ, жаңа әкімшілік бөліністер ғасырлар бойы пайдаланып келген көшпелі халықтың маусымдық жайылымдарды пайдалану үрдісіне нұқсан келтірді. Салықтар мен міндеткерліктердің күрт көбейтілуі мен әкімшілік-территориялық бөліністердің дұрыс жүргізілмеуі 1868 жылғы Орал мен Торғай облыстарында орын алған ұлттық бас көтерулердің басталуына түрткі болды. 1868 жылдың желтоқсан айында стихиялық түрде басталған көтеріліс 1869 жылдың қазан айына дейін созылды. Нашар қаруланған, бірақ жер жағдайын жақсы білетін көтерілісшілер өздеріне қарсы қимылдаған патша үкіметінің жазалау топтарын "қарақшылық" шабуылдарға ұшыратты. 1868 жылы 6 мамырда құрамында 200 қылышты және жаяу әскері бар Штемпель отряды Орынбор бағытындағы Жамансай көлі маңында қазақ жасақтарымен кездеседі. Жазалау тобы көтерілісшілерге тегеурін бере алмай, жетінші күні азық-түлігінің таусылуына байланысты кері қайтады. 1869 жылдың наурызы мен маусым айының аралығында болыс, би, сұлтан және старшиндарға қарсы 41 рет шабуыл ұйымдастырылады. Оған 3 мыңға тарта жасақ қатысты. Торғай мен Орал облыстарында көтеріліс өртінің ұлғаюына байланысты жергілікті үкімет орындарымен қатар орталық үкімет те көтерілісшілерді жазалауға отряд топтарын жөнелтті. Орал облысы аймағына подполковник Рукин, граф Комаровский отрядымен бірге, генерал-губернатор Веревкин басшылығындағы отряд аттандырылды. Көтеріліс ұйымдаспаған, өзара келіспеушіліктер мен соғыс тактикасының нашар болуына орай басылып, жанышталды. Сол сияқты 1870 жылғы Маңғыстаудағы шаруалар көтерілісі де осындай сипатта болды. Жаңа жүйе бойынша енгізілген салық жүйесі Маңғыстау халқының үкіметке қарсы наразылығын туғызды. Маңғыстау приставы подполковник Рукин дала тұрғындарының қиын жағдайымен санаспай, адайлардан 1869-1870 жылдар үшін шаңырақ алымын жаңа салық жүйесіне сәйкес дереу енгізуді талап етті. Көптеген жергілікті тұрғындар, соның ішінде Бозашы түбегінің балықшылары Рукиннің талабын орындаудан бас тартты. Адайлардың жайлауға көшуін күштеп тоқтатқан Рукиннің ойланбай жасалған әрекеттері жер-жерде көтерілістің шығуына себеп болды. 1870 жылдың наурызында Рукиннің отряды көтерілісшілердің үлкен тобымен кездесіп, қоршауда қалады. 25 наурызда ашық қақтығыс кезінде 20-ға жуық жазалаушы қаза тауып, отряд командирі Рукин өз- өзіне қол жұмсайды. Жеңіс жігерлендірген көтерілісшілер сәуір айының басында Николаев станциясына, Александровск фортына шабуыл жасады, алайда, олар сәтсіздікке ұшырады. Көтерілісшілер саны 10 мыңға жетті. Патшалық өкімет орындары қазақтардың батылдығынан қорқып, қосымша әскери көмек сұрауға мәжбүр болды. Кавказдан тың күштердің келуі күштердің арақатынасын өзгертіп, көтерілісшілер Үстірттің баруға қиын аудандарына шегінді. Осы тұста Англия үкіметінің Иранға деген ықпалы арта түседі.Патша үкіметі ендігі кезекте Хиуа хандығына қарсы шаралар ұйымдастырды. Маңғыстау аймағына Хиуа билеушілері адайлар қозғалысын қолдау үшін 4 зеңбірегі бар 6 мыңдық жасақпен қимыл жасауды ұйғарды. Бірақ шектес аудандарда Хиуаның әскери қыр көрсетуі нақты нәтижелер бермеді, дегенмен аймақтағы жағдайды едәуір шиеленістірді. Маңғыстау аймағы 3 айға жуық патша әскерінің қол астына қарады. Патша үкіметі көтерілісшілерді жаппай жазалайды. Осы тұста генерал-губернатор Н.А. Крыжановский әскери министр Милютиннің "көтерілісшілерді жазалау" туралы нұсқауын жібереді. 1870 жылы желтоқсанда көтеріліс жеңіліс тапқан соң, көтеріліс басшылары И. Тіленбаев, Д. Тәжиев, Е. Құлов және олардың серіктері 3 мың шаңырақпен Хиуа хандығының шегіне өтіп кетеді. Сөйтіп, бұқаралық сипатына қарамастан, көтерілістің негізгі қозғаушы күші - қазақ шаруалары өз қатарларын берік біріктіруге қол жеткізе алмай, Маңғыстау облысындағы халықтық-азаттық күрес жеңіліске ұшырады. Көтеріліс аяусыз жанышталып, адайларға соғыс шығыны ретінде 90 мың қой салық салынды. Маңғыстау көтерілісі өз кезегінде патша үкіметінің отарлау саясатына қазақ халқының қарсылығының айқын көрінісі болды. Жалпы XІX ғасырдың екінші жартысындағы реформалардың болмысы туралы, қорыта айтқанда, мынандай түйін жасауға болады. Патша үкіметі Қазақстанға енгізген әкімшілік реформалары негізінде оның саяси дербестігін толығымен жойып, қазақ жерінде империя құрамындағы әкімшілік басқару жүйесін орнатты. 7 Тақырып . ХVIII ғасырдағы Қазақстандағы демографиялық үдерістер. Жоспар. 1 Демографиялық үдерістер қазақстандық тарихнамада Мақсаты. Қазақстандағы демаграфиялық үрдістерді түбегейлі зерттеп, көленкелі тұсын жарыққа шығару Қазақ қоғамының әлеуметтік-экономикалық және демографиялық тарихы проблемаларын зерттеу Ресей өзінің жаңа аумақтармен бірге көшпелі және отырықшы қанша халық санына ие болғанын, олардың өмірінің экономикалық-саяси және құқықтық жақтарының негізі мен ерекшеліктері қандай екенін және қазақ халқының негізін құрайтын басқа да мәселелерді мықтап анықтап алуға тырысты. Аудандардың экономикалық тұрғыдан әлеуетті мүмкіндіктерін анықтауға айқын міндеттер қойылып, И.К. Кириллов бастаған алғашқы мекемелердің бірі 1734 жылы құрылды. Ол Орынбор экспедициясы деп аталды. Оған қатысушылардың есептері — XVIII ғасыр тарихы бойынша аса құнды деректер көзі. XIX ғасырдың 60-жылдарындағы үш жүз бойынша қазақ халқының саны туралы алғаш жарияланған мәліметтер А. И. Левшинде бар, ол 2,5 миллионнан - 3 миллионға дейін деген цифр келтіреді.[1] XIX ғасырда бұл мәселелермен статистикалық комитеттердің қатысушылары: Сібір ведомствосы бойынша — М. Красовский, Орта жүз бойынша — М. Кузьминский, Бөкей Ордасыбойынша — Я. Ханыков, Бөкей Ордасы мен Кіші жүз бойынша — И. Бларамберг, Сібір ведомствосы мен Орта жүз бойынша, сондай- ақ Томск және Тобыл губерниялары мен басқа жерлерде көшіп жүретін қазақтар бойынша Ю.А. Гагемейстер арнайы айналысты.[2] Жаңадан иеленген аумақты мекендейтін халықтың тарихы мен сол кездегі жай- күйіне деген ынта-ықылас қазақтар туралы жалпы еңбектердің пайда болғанын көрсетеді. С. Броневский, В. Вельяминов-Зернов, А. Гейне, В. Григорьев, И. Завалишин, Л. Мейер, И. Казанцев, Н. Зеланд, Р. Игнатьев, Н. Гродеков, П. Румянцев және тағы басқалардын еңбектері солардың қатарына жатады. Қазақтар туралы олардың тарихынан, әлеуметтік құрылымынан, тұрмысынан, рухани өмірінен, салық төлеуі мен әдет-ғұрпынан бастап алуан түрлі мәліметтер бар жалпы еңбектермен қатар қазақ қоғамының саяси, экономикалық, құқықтық жақтары мен мәдениеттің түрлі тақырыптарының жекелеген мәселелерін арнайы және тереңдетіп көрсететін еңбектер де аз емес. Олардың бір бөлігі мерзімді басылымда жарияланған, ал басылымдар ауқымы қазақ халқына деген ынта-ықыласты және ол жөнінде көбірек те кеңірек білуге құштарлықты көрсетеді. XIX ғасырдағы тарихнаманың тағы бір айтулы ерекшелігі Қазақстан туралы басылымдарға қазақ қоғамы өмірінің әр түрлі жақтары туралы назар аударарлық материал жариялаған қазақ зиялылары өкілдерінің тартылуы болды. Кітаптар мен мақалалардың едәуір көп бөлігінде қазақтардың шаруашылық қызметінің негізі - көшпелі мал шаруашылығымен айналысуы туралы айтылады. Қазақтардың шаруашылығын Мұхамед-Ғалий Тәукиннің жан-жақты суреттеуі ерекше ынта-ықылас туғызады. Н. Васильев Түркістан жағдайындағы көшпелі шаруашылықтың ерекшеліктері мен оның егінші қоныстанушылармен байланысын суреттеген. Ә. Бөкейхановтан, М. Шормановтан, А. Алекторовтан, В. Герннен қазақтардың тұрмысы мен мінез-құлқы, жаңа жағдайларда шаруашылықтың дәстүрлі әдістерін жүргізу қиыншылықтары және оған бейімделуге тырысушылық жөнінде қызықты сипаттамалар табамыз. А. Добросмыслов пен Диваевтыңеңбектерінде Торғай облысының мал шаруашылығы туралы бірегей материал бар.[13]; [14]; [15]; [16]; [17]; [18]; [19] XIX ғасырдың басында қазақтар Қазақстанның оңтүстігінде, бұрын да егіншілік, оның үстіне суармалы егіншілік болған Сырдария, Талас, Сарысу, Іле бойында ғана айналысып қойған жоқ, негізінен Орал, Торғай, Елек, Ор, Ертіс өзендері бойында егіншіліктің жаңа ошақтары пайда болды. М. Венюков[20] Қазақстанда болған соң «Орта және Ұлы орда» қазақтары - номадтар, бірақ көбісі Алтай, Тарбағатай, Қалба жотасы, Жоңғар және Іле Алатауы өзендерінің бойында егіншілікпен айналысады деп жазды. Егер XIX ғасырдың бірінші ширегінде егіншілікпен негізінен жатақтар, кедей егіншілер айналысса, ғасырдың ортасына қарай егіншілік, соның ішінде шөп шабу қазақ ауылының неғұрлым ауқатты топтарының да ісіне айналады, егіншіліктің ұсақ мал шаруашылығынан артықшылығы айқын бола түседі. Егіншілік пен соған байланысты проблемаларды бейнелейтін осы және басқа факторларды Т. Сейдалин, А. Алекторов, Л. Чермак және басқалар ашып көрсетеді.[21] XVIII ғасырдың соңғы ширегінен бастап патша өкіметі Қазақстанда хан билігін жойып, әкімшілік реформа жүргізуге ниеттенді. Бұл үрдіс әсіресе 1822— 24 жылдары, «Сібір қазақтары туралы жарғы» мен «Орынбор қазақтары туралы жарғы» бекітілген кезде ерекше белсенді жүргізілді, олар арқылы хан билігі жойылып, Орта жүз және Ұлы жүздің бір бөлігі сыртқы округтерге бөлінді, ал Кіші жүзде дистанциялық жүйе енгізілді. Қазақстан аумағының ішкі отарға айналдырылуына қарай Ресей 1867—68 жылдардағы Уақытша ережелер арқылы қазақтарды басқару және бағындыру жүйесін бір ізге келтірді (Қазақстанның оңтүстігін жаулап алғаннан кейін). Әкімшілік өзгерістермен бірге қазақтардың құқықтық және сот жүйесінде елеулі өзгерістер болды. Қазақтардың дағдылы құқығының қолданылу аясы күрт қысқарды, Ресей құқығы басым мәнге ие болып, ол 1886, 1891 жылдардағы Ережелермен түпкілікті баянды етілді. Өлкенің бүкіл жер қоры үстемдік етіп келген Шыңғыс ұрпақтары хан-сұлтан тегінің қолынан алынып, Ресей империясының меншігіне көшті. Замандастары құқықтық нормаларға Ресей отарлауының барлық кезеңдерінде тұрақты назар аударып отырды. М. Шорманов, Ә. Бөкейханов, Ж. Ақбаев, И. Ибрагимов, Д. Самоквасов,Г. Загряжский, А. Крахалев, П. Маковецкий, Н. Максимов, И. Крафт, А. Добросмыслов, А. Мякутин және тағы басқалардың еңбектері деректі материалдың молдығымен ерекшеленеді. Жарияланымдардың едәуір көпшілігінде қазақтардың тұрмысы, қоғамдық әлеуметтік құрылымы, сауда және қазақтардың негізінен алғанда, мал шаруашылығының шикізаты негізінде кәсіпшілікпен айналысуы көрсетілді. XIX ғасырдың 2-жартысынан бастап шаруалардың әуелі бей-берекет түрде болып, сонан соң өкімет орындары бақылауға алған қоныс аудару үрдісі XX ғасырдың басындағы жарияланымдардан жеке көрініс тапты. Өлкені отарлаудың құрамдас бөлігі - орыс шаруаларың Қазақстанға қоныс аудару саясаты кең ауқым алды. Аграрлық қатынастарды, егіншіліктің дамуы мен қоныс аудару ісін неғұрлым егжей-тегжейлі зерттеуді кеңестік кезең тарихшылары, негізінен алғанда 50- жылдарда бастады. Бұл мәселелермен Ә. Тұрсынбаев(Қазақстандағы қоныс аударушы-шаруалар тарихынан. А., 1950), П. Верещагин (Патша өкіметінің Түркістан өлкесінің Сырдария облысындағы қоныстандыру саясаты. М., 1950) айналысты, П. Шарова, ]]О. Ваганова]], А. Геллер және басқалар мақалалар жазды. Зерттеушілер қоныс аударушылардың шыққан аудандарын, олардың әлеуметтік-экономикалық тұрпатын анықтады, байырғы халықтан жердің жаппай тартып алынуы зерттеліп, қоныстандырудың салдары айқындалды. Самодержавиенің мақсаттарын жүзеге асыру жолында 1907 жылғы қазақтарды жерге орналастыру жөніндегі кеңес манызды шара болды, ол Ф.А. Щербинаның 1896-1902 жылдар ішіндегі экспедициясының деректерімен келіспей, егістік жердің отарлық қорын анықтау үшін жаңа тексеріс жүргізуді талап етті. Столыпин саясаты егжей-тегжейлі зерттеліп, бүкіл Қазақстан аумағындағы тартып алынған жер көлемі анықталды. Тарихнаманың қарастырылып отырған кезеңі мен тарихшылардың кейінгі жылдардағы еңбектері үшін Орта Азия мен Қазақстанның қазанға дейінгі кезеңдегі тарихына арналған Біріккен ғылыми сессияның (Материалдары..., Ташкент, 1955) айқындаушы маңызы болды. Сессияда әзірленген ұсыныстар «Қазақ ССРтарихының» (1-т., А., 1957) және Е. Бекмаханов (Империализм кезеңіндегі Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық қатынастар. А., 1957), С. Зиманов (XIX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақтардың қоғамдық құрылысы. А., 1958), С. Толыбеков (XVII—XIX ғасырлардағы қазақтардың қоғамдық- экономикалық құрылысы. А., 1959) жазған әлеуметтік-экономикалық тұрғыдағы монографиялардың негізіне алынды. Е.Б. Бекмаханов сұлтандар, билер, қожалар мен молдалар, байлар, тархандар, батырлар санаттары жөніндегі әлеуметтік өзгерістердің серпінін зерттеді. Бұл орайда, автордың анықтағанындай, соңғы екі санат (тархандар мен батырлар) XIX ғасырдың орта шеніне қарай өзінің экономикалық ықпалын жоғалтып, іс жүзінде өздерінің жеке әлеуметтік топ ретінде өмір сүруін тоқтатқан. Бай шаруашылығының мәніне өз көзқарастарын қорғай келіп, автор ғалымдармен екі бағыт бойынша айтысты: бір жағынан, С. Толыбековтің, С. Зимановтың байлардың XIX ғасырдан көп бұрын болғаны туралы пайымдауларына қарсы шығып, бұл көзқарасты сынаржақ деп санады; екінші жағынан, Е. Федоров пен А. Якуниннің Қазақстан экономикасындағы капиталистік қатынастарды асыра бағалап, бай шаруашылығында кедейленген ауылдастарының тегін еңбегін «туыстық көмек» түрімен пайдалану фактілерін елемеген қағидаларына қарсы шықты. Е. Бекмаханов қазақ ауылында патриархаттық-рулық тұрмыс сарқыншақтары сақталып, феодалдық өндіріс әдісі үстемдік еткенін дәлелдеді. С. Толыбеков пен С. Зимановтың монографиялары Қазақстанда дәстүрлі қатынастар үстем болған кезеңдегі қазақ халқының әлеуметтік құрылымы мен шаруашылық қызметін зерттеуге үлкен үлес қосты. Олар қазақтың мал шаруашылығы жағдайындағы өндіргіш күштерді зерттеп, негізгі өндіріс құрал- жабдықтарын иелену ерекшелігін анықтады, тәуелдік нысандарын және старшындардың рулық институттарды өз мүдделеріне пайдалану принциптерін ашып көрсетті. Ғалымдар Ресейде капитализмнің дамуы кезеңінде, әсіресе реформадан кейінгі кезеңде Қазақстандағы қанаушылар тобының құрылымы алуан түрлі әлеуметтік топтар жүйесі болғанын, отарлаушы өкімет қызметке тартқан сұлтандардың, мал мен құнарлы жайылымдарды немесе ауыл шаруашылық өнімдерін өңдейтін кәсіпорындарды иеленуші байлардың, ауылдағы сот билігін өз қолында сақтап қалған билердің, міндетіне қарамағындағы ауылдардан салық жинау кіріп, жергілікті шенеуніктік аппаратқа айналған старшындардың мүдделері тығыз ұштасып кеткенін көрсетті. Қанаушылардың әлеуметтік топтарын негізгі өндіруші қазақ шаруаларына көзқарас біріктірді. Оның үстіне мұнда қанаудың ескі нысандары жаңаларымен ұштасып жатты. Бір ерекшелігі, қоғамның үстем таптарының аты аталған әлеуметтік топтарының ешқайсысы материалдық өндіріске қатыспады. Қазақ старшындарының билігінде жайылымдар сақталып қалды; олар көп мөлшерде мал жинады; көшпелі қауым мүшелерін өз дегеніне көндіріп отырды. Сондықтан көшпелі және жартылай көшпелі ұжымдарға капитализмнің ену реформадан кейінгі кезеңде заңды құбылыс болып, 1917 жылға дейін Қазақстанда капитализм дамуының жалпы үрдісінің аяқталмағанын анықтап берді. Әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан алғанда, Қазақстандағы аграрлық тарих ең көкейкесті және күрделі проблема қатарында қалып келді. Онымен Л. Әуезова, С. Сүндетов, В. Черников, А. Гинсбург және басқалар айналысты. Ресейдегі капитализм кезеңіндегі Қазақстанның аграрлық тарихының түйінді проблемалары Б. Сүлейменов(XIX ғасырдың соңғы үштен бірі - XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы аграрлық мәселе. А., 1963) пен П. Г. Галузоның (1867—1914 жылдардағы Қазақстанның оңтүстігіндегі аграрлық қатынастар. А., 1965)еңбектерінде зерттелді. Б. Сүлейменов монографиясының хронологиялық шеңбері 40 жылды (1867—1907) қамтиды. Онда самодержавиенің аграрлық саясатының мәні және помещиктер мен буржуазияның айқындамалары ашып көрсетіліп, қазақ ауылының отырықшылану тарихы мен әлеуметтік-шаруашылық құрылысына талдау жасалған. Автор ауылда тұрақты тұрғын үйлер және мал ұстайтын қора-қопсы салу күшейе түскенін атап айтты, 1867—68 жылдардағы реформалар нәтижесінде құрылған әкімшілік ауыл мен шаруашылық ауыл арасындағы айырманы көрсетіп, олардағы қанаудың нысандары мен әдістерін қарастырған. Қазақ ауылындағы капитализмнің таралу және халықтың жіктелу дәрежесін анықтау кезінде Б. Сүлейменов екі санатты: шаруашылықтағы мал саны мен жалдама жұмысшылар санын басшылыққа алады. Ол патриархаттық-феодалдық қатынастардың өміршеңдігі себепті ауыл кедейлері едәуір дәрежеде «рулық көмек» түрінде қаналып отырғанын атап өтті. П.Г. Галузода Қазақстанның оңтүстігіндегі аграрлық қатынастар неғұрлым кең көлемді хронологиялық шеңберде, статистикалық үлкен материал негізінде берілген. Қоныс аударушылардың рөлін және соның салдарынан жер алаптарының қайта бөлінуін бағалағанда автор бұл үрдіс қазақ егіншілігінің дамуына, қазақтардың отырықшы шаруашылыққа көшуіне тежеу болғанын негізге алған. Автор өлкені әскери-феодалдық басқару аппаратының рөлін мықтап көрсетіп, патша өкіметінің аграрлық заңдарына егжей-тегжейлі сипаттама берген. Ауылдағы мүліктік теңсіздік пен жіктелісті қарастыра келіп, автор «қазақтарда егіншіліктің кен дамығаны сонша, олардың шаруашылығы сол кездің өзінде-ақ малшы-егінші бағыттағы үлгіге жақындады, ал ерекшелігі ауылдағы ірі байлық иелері жалдама еңбекті пайдаланатын кулактар тұрпаттас байлардан сараланбады десе де болады» деген тұжырым жасайды. Монографияда өлкені қазақтардың отарлауына, Жетісу қазақ әскерінің тарихына едәуір орын берілген. Патша өкіметініңқоныстандыру саясатын автор екі кезеңге бөледі: XIX ғасырда Жетісуға және Сырдария облысына шаруалар стратегиялық және әскери-саяси мақсат-мүддемен қоныс аударылса, XX ғасырда кедей және орта шаруалардың жер үшін күресін әлсірету мақсатында олар Ресейден көп мөлшерде көшірілді. Самодержавиеніңқоныстандыру саясатының салдарынан, - деп санайды автор, - көшпелі (мал өсіруші) және отырықшы (егінші) шаруашылық тереңдағдарыс кезеңіне ұшырады. Ол «өндіргіш күштердің орасан көп күйзелгенін, шаруалардың ерекше қатты қайыршыланғанын» жазады. Алайда біздің ойымызша, ең бастысы - қазақтар шаруашылығының қайта құрылуы тездетілді ме, ол мал шаруашылығынан малшы-егінші шаруашылыққа ұласты ма - осыларды анықтау керек болатын. Осы сұраққа объективті жауап алғаннан кейін ғана біз бүкіл қоныстандыру саясаты мен жалпы алғанда оның нәтижелеріне неғұрлым дәл баға бере аламыз. П. Г. Галузо Ресейден қоныс аударушы — шаруалардың Қазақстанның оңтүстігіне орналастырылғанға дейінгі мүліктік жағдайын, олардың жайғасқаннан кейінгі саралануын, шаруашылығының түр-сипаты мен қоныс аударушылар поселкелеріндегі қанаушылық қатынастарды зерттеді. Автор мынадай үзілді- кесілді тұжырым жасайды: «Егіншілік техникасы жөнінен, — деп жазады ол, — қоныс аударушылар жергілікті шаруалардан, атап айтқанда, қазақтардан озып кеткен жоқ. Олар ауыл шаруашылығында капитализмнің дамуы, капиталдың индустриялық нысандарының тууы жөнінен де олардан озып кеткен жоқ» (269- 6.). Бұдан әрі «...ауыл шаруашылығында капитализм орыс поселкелеріне қарағанда, қазақ ауылдарында неғұрлым дамыған еді» деген пікірге келеді. Автор өз пікірінің көпшілік зерттеушілердің тұжырымдарына қайшы келетінін білді, алайда өз көзқарастарын қортады. Тұжырымдарындағы елеулі айырмашылықтарға қарамастан, Б. Сүлейменов пен П. Г. Галузо қоныстандыру мәселесін XIX—XX ғасырдың басындағы Ресей экономикасына тән өзгерістермен өзара тығыз байланыста алып қарады; қоныс аудару мәселесін Еуропалық Ресейдегі аграрлық төңкеріс жағдайында ғана шешуге болады деген қорытындының куатталуы сондықтан. 1970 жылдардың аяғында Қазақстан дамуының аграрлық проблемаларына ден кою әлсіреп кетті және тарихнамадағы бұл жағдай бүгінгі таңға да тән болып отыр. Е. Ділмұхамедов пен Ф. Маликовтің, Е. Бекмұхамедовтын, М. Тұрсынованың, Г. Есенғалиеваның, М. Асылбековтің, Ц. Фридманның еңбектері өнеркәсіп пен көлікті, сауданы және қаржы саясатын Қазақстанда пролетариаттыңқалыптасу проблемасымен тығыз байланыста алып зерттеудегі елеулі жетістіктерді дәлелдейді.[22] Өлкені отарлау жағдайының мәні тау-кен өнеркәсібінде мейлінше толық көрінді. Е. Ділмұхамедов пен Ф. Маликов бұл саланың реформадан кейінгі уақыттағы даму ерекшелігін, оның өсу қиыншылықтарын қарастырған. Авторлар мұрағат материалдары негізінде XX ғасырдың басында кен-зауыт және мұнай өнеркәсібіне монополистік шетел капиталының енуін, Спасск мыс рудалары акционерлік қоғамының, Атбасар мыс кеніштері акционерлік қоғамының, Риддер және Қазақ кен-өнеркәсіп қоғамы мен басқаларының тарихын зерделей білді. Авторлар кен өндіру өнеркәсібінде жұмысшы кадрлардың қалыптасу ерекшеліктерін және олардың революциялық күресін көрсетуді өздерінің басты міндеті деп білді. Алайда авторлар Қазақстанда жұмысшы санының өсуі деректемелеріне көбірек қатысты материалды баяндаған. Олар мұны қазақ шаруаларының жіктелуі, табыс іздеп кетушілердің көбеюі нәтижесінде, майдагерлердің жұмысшылар қатарына ауысуынан, Орал мен Сібір зауыттарынан жұмысшылардың келуінен, кедейленген мещандар есебінен болды деп біледі. Авторлар 1838, 1870,1895 жылдардағы жұмысшылар жалдау туралы алғашқы заңдарды атаған; өкініштісі, олар фабрика заңдарының мазмұнын ашып көрсетпеген. Олардың шамамен есептеп шығарған деректері бойынша, бұл өнеркәсіптегі жұмысшылар саны 1860-1880 жылдармен салыстырғанда, XX ғасырдың басында 2-3 есе өскен. Бірақ бұл цифрлар сенімді емес, өйткені олар әр түрлі жылдардағы әр түрлі деректерден құрастырылған. Ауыл шаруашылық шикізатын ұқсатумен айналысатын барлық жұмысшыларды өнеркәсіп пролетариатына қосып есептеу мүмкіндігі де күдік келтіреді. Егер, мысалы, Сырдария облысының деректеріне қарағанда, онда 1906 жылы 900 кәсіпорында небәрі 2000-дай адам жұмыс істеген, мұндай кәсіпорындарды фабрикалар, ал олардың жұмыскерлерін пролетарлар деп атауға бола қоймас. Авторлардың еңбегіндегі өнеркәсіп пролетариатына әлеуметтік-экономикалық сипаттаманың айқын болмауы, сондай-ақ өнеркәсіп жұмысшыларының жалпы санын да (6,5 мың), салалар бойынша да есептеулердің негізіне алынған әр түрлі мұрағат материалдары мұқият тексеруді қажет етеді. Е. Ділмұхамедов небәрі жүз жылдан аспайтын уақыт мөлшерінде (1814— 1917) Қазақстанда руда және көмір кен орындарының ашылу, түсті металлургия мен кен ісінің даму тарихын зерттеді. Онда экспедициялардың ұйымдастырылуы мен кен-зауыт кәсіпорындарының ашылуы туралы мәліметтер, кәсіпкерлердің белгілі бір кен орындарын сатып алуын ресімдеу кезінде жасалған құжаттар, руда мен көмір өндіру, металл балқыту технологиясы туралы мәліметтер, рудниктер мен кеніштердің техникалық-экономикалық көрсеткіштері, зауыттар мен рудниктердегі еңбек өнімділігі туралы деректер бар, Қазақстанның кен өндіру өнеркәсібіндегі жұмысшылардың саны мен ұлттық құрамы қарастырылған. Қазақстанның 1917 жылға дейін тарихы аз зерттелген аудандарының бірі — Маңғыстау, сондықтан М. Тұрсынованың монографиясы белгілі бір дәрежеде өзіне назар аударуды қажет етеді. Автор XIX ғасырдың бірінші жартысында көшіп жүруге мүмкіндігі болмаған қазақ отбасыларының қалайша отырықшылыққа көшіп, балық аулаумен айналысуға мәжбүр болғанын, артельдерге біріккенін және XIX ғасырдың екінші жартысында балық аулауды ғана емес, сонымен қатар оны өңдеу мен сатуды да өздерінің қолына шоғырландырған балық өнеркәсіпшілерінің оларды біртіндеп қалайша қаратып алғанын көрсеткен. Автор артельдердің саны мен ұлттық құрамы туралы мәліметтер беріп, қазақтар мен орыстарды ауыр жағдайдың езгіге салушыларға қарсы бірлескен күреске қалай біріктіргенін көрсетеді. Қазақ өлкесін экономикалық игерудің маңызды жағы көлік байланысын дамыту, ең алдымен темір жолдар салу болды. М. Асылбеков зерттеген мәселелер кешенінде революцияға дейінгі Қазақстанның экономикасына темір жолдардың жасаған ықпалы мен оны Ресей империализмнің шикізаттық шылауына айналдыру және сонымен бірге коммуникациялар жасаудың объективті оң нәтижелері көрсетілген. Автор темір жолдар салу кезінде қазақтардың жер алқаптарының тартып алынуын және сонымен бірге жолдардағы жүк айналымының ұлғаюы, олардың бойында егіншіліктің дамуын, ауыл шаруашылық өнімдерінің өлке шегінен әкетілуін дәлелдейтін фактілер келтіреді. Ауылдағы патриархаттық-феодалдық қатынастардың ыдырауына және қазақтар шаруашылығына тауар-ақша қатынастарының енуіне себепші бола отырып, — деп жазады автор, — темір жол желілері табыс іздеп кетушілік пен жалдама еңбектің өрістеуіне әкеп соқты. Олар Қазақстандағы қоныс аударушылық қозғалысты, қала халқының өсуін, өлкеде біршама ірі елді мекендердің, темір жол станцияларының пайда болуын тездетті, олар экономикалық, саяси және мәдени өмірдің ошақтарына айналды, ақырында, негізгі жол тораптары бойында өңдеуші өнеркәсіптің дамуына және соның нәтижесінде жұмысшы кадрлардың қалыптасуына себепші болды. М. Асылбеков жергілікті өндірістік маңызы бар Троицк, Екібастұз, Спасск Қарағанды, Риддер темір жолдарының құрылысы туралы құнды ғылыми материал жинаған. Зерттеулерден Дала өлкесінің бүкіл экономикасы сияқты, революцияға дейінгі Қазақстанның аумағында қатынас жолдарының да нашар дамып, оның біркелкі болмағаны, кең-байтақ кеңістіктің бір-бірімен байланыс жасалмағаны көрінеді. Мұны мына цифрлардан көруге болады: 1917 жылы өлкенің 1000 шаршы шақырымына — небәрі бір шақырымдай, бұл ретте Сырдария облысында - 1127 шақырым, Торғайда — 932, Оралда - 310, Семейде — 236, Ақмолада - 178 шақырымнан келген, Жетісу облысында бірде-бір шақырым темір жол болмаған. М. Асылбеков XIX ғасырдың 70-жылдарынан бастап, 1913 жылға дейінгі теміржолшылар кадрларының қалыптасу тарихын зерттеді. Қатынас жолдары министрлігінің деректері сияқты бағалы да аз зерттелген деректерге жүгіне отырып, автор Қазақстандағы темір жол жұмысшылары мен қызметшілерінің жалпы санын тұңғыш рет 21700 адамнан астам етіп шығарды. Соғыс жылдарында Семей және Жетісу темір жолдарының салынуына байланысты теміржолшылардың жалпы саны 23 мың адамнан астам болды. Сонымен қатар М. Асылбеков жұмысшылар мен қызметшілер санының арақатынасын да қарастырып, темір жол жұмысшыларының өнеркәсіп орындарында жұмыс істеуінің ұзақтығы мен ұлттық құрамын ашып көрсетті. Ол келтірген кестеден Қазан революциясының қарсаңында Қазақстанның темір жолдарында 19,5 мың жұмысшы, 3,5 мың қызметші еңбек еткені көрінеді. Өз кезегінде, жұмысшылар тұрақты, уақытша жұмыс істеушілер мен күндік жұмыскерлер санатына бөлінген. Паровоз машинистері, олардың көмекшілері, кочегарлар, кондукторлар, жолсеріктер, стрелочниктер, жол күзетшілері, қолөнер жұмысшыларының бір бөлігі тұрақты жұмыс істеушілер санатында болды, олар шамамен 55 пайыз болатын.Орынбор—Ташкент темір жолындағы қазақ жұмысшылар — 70 пайызға дейін жетті, басқа жолдарда 20% болды, олардың жалпы саны 1917 жылы 5000 адамға жетті. Революцияға дейінгі Қазақстанның өнеркәсіп жұмысшылары туралы соңғы монографиялық еңбектердің бірі - С. Игібаевтың кітабы (Игібаев С. 1861—1917 жылдардағы революцияға дейінгі Қазақстанның өнеркәсіп жұмысшылары. А., 1991). Онда өнеркәсіптің құрылымы: пайда болуы, басқарылуы, кәсіпкерлер құрамы, өнеркәсіптің егіншілікпен байланысы, өнеркәсіптің өңдеуші, алтын, көмір өндіруші және басқа салалары бойынша жұмысшылардың саны, құрамы және орналастырылуы; жұмысшылардың жағдайы және тап күресінің нысандары қарастырылған. Бірқатар мәселелер жаңа тұрғыдан қойылып, түсіндіріледі. Мысалы, автор мыналарды: XIX ғасырдың 80-жылдарынан бастап жұмысшылардың рудниктерден қашуын, ұжымдасып шағым беруді; іздестіру басқармасының келісімшарт талаптарын орындамауы себепті жұмыс істеуден көрінеу бас тартуын, Зайсан уезіндегі, Өскемен, Семей облыстарындағы, Күршімдегі және Алтайдағы ереуілдер мен толқуларды және XX ғасырдың басынан — наразылық білдіру нысаны ретінде кеңінен таралған стачкаларды атап көрсетеді. С. Игібаевтың еңбегі деректемелерді кең көлемде келтіріп жазылған және мазмұны жағынан Қазақстандағы жұмысшы табының тарихына ғылыми- зерттеу кезеңін таптық тұрғыдан қараумен аяқтайды. Кеңестік тарихнамада жаңа туып келе жатқан жұмысшы табының әлеуметтік-экономикалық тарихы, әдетте, оның саяси тарихымен етене бірлікте қарастырылды. Осы проблема бойынша 1960-70-жылдарда жарияланған еңбектерде социал-демократиялық, ең алдымен, марксистік идеяларды таратуға зор көңіл бөлінді. Жұмысшы қозғалысы жаңа ғана пайда болған ұлттық аудандарда, соның ішінде Қазақстанда зерттеушілер өздігінен білім алу үйірмелерін немесе ең тәуір дегенде, студент жастардың социал-демократиялық бағыттағы топтары мен үйірмелерін көбінесе марксистік ұйымдар деп көрсетті. Өлкедегі революциялық қозғалыста большевизм пайда болған кезден бастап-ақ пролетариаттың авангардтық рөлін, большевиктер партиясының, оның ұйымының басшылық рөлін ашып көрсетуге күш салынды (қараңыз: Лениндік пролетарлық интернационализм идеяларының салтанат құруы. А., 1974; Қазақстан Компартиясы тарихы очерктері. А., 1963 және басқа еңбектер). Отар елдерде шетел капиталын өзі үшін ғана тиімді салаға салып, оның жергілікті өндірісті дамытуды тежегені, сол үшін дәстүрлі қатынастарды тоқтатып тастағаны мәлім. XIX—XX ғасырдың басы шебінде ол Қазақстан аумағына, негізінен алғанда кен өндіру және мұнай өнеркәсібіне белсенді түрде ене бастады. Ц.Л. Фридманның еңбектерінде Қазақстандағы шетел капиталының тарихын зерттеу нысанасы етіп алынды. Автор өлкеге шетел капиталының енуін зерделей келіп, оның үлес салмағы жалпы Ресеймен салыстырғанда Қазақстанда жоғары болғанын анықтады. 1917 жылғы қазан айының қарсаңында Қазақстан өнеркәсібінде құрылған акционерлік қоғамдардың нақты капиталының жалпы сомасы 100 млн сомға жуық болды. Автордың деректері бойынша, орыс капиталы сол соманың ширегіндей ғана болып, төрттен үшінен астамы шетелдіктер үлесіне тиген, оның үстіне ағылшын капиталы үстем жағдайда болған. Ол аса бай кен орындарын сатып алуға капиталистердің болмашы шығын жұмсағаны туралы және шетелдік синдикаттардың алыпсатарлық сипаты туралы мәліметтер келтірген. Негізгі капитал өсуіне талдау жасау автордың Орыс—Азия корпорациясы, Риддер кен-өнеркәсіп қоғамы және басқа да бірлестіктер сияқты ірі концессиялардың тойымсыздық мақсаттары мен барынша тонаушылық мәнін көрсетуге, ал ірі акционерлік қоғамдардың құжаттарын зерттеу оның қомақты кредит алу мақсатымен капиталистер жасаған бірқатар айла-шарғыларды ашып көрсетуіне мүмкіндік берді. Патша самодержавиесі бастапқы байлық жинаудың айуандық әдістерін байқамаған сынай көрсетіп, ол әдістер Қазан революциясына дейін шетел капиталына да өзгеріссіз қалдырылып келді. Орал—Жем ауданының мұнай байлығын пайдалану кезінде де нақ осындай жағдай байқалды. Халықаралық қаржы топтары мен биржаларға өлкенің мұнай байлығы төңірегінде даңғаза жасалғанымен, мәселе оларды ендіруге келіп тірелген кезде қаржы капиталы тым мардымсыз болып шықты, қаржыгерлер қаржы шығаруға асықпай, дұрысын айтқанда, өте сақтық білдірді, - деп жазады автор. Бұл орайда 20-дан астам кен орны барланғанымен, мұнай негізінен Доссор мен Макатта өндірілді. Артта қалған және нашар дамыған елдерге әкелінген ағылшын, француз және басқа да шетел капиталының «өркениеттендіру міндеті» сонымен тынды. Ц.Л. Фридманның еңбектерінде Қазақстанда шаруашылық дамуының табиғи барысының салдарынан, бұл профестің етене туындауынан пайда болмай, сырттан келген капитал жасаған кең және кен-зауыт өнеркәсібінің тұтас алғанда Қазақстанның бүкіл экономикасымен байланысы өте нашар жекелеген өнеркәсіп ошақтары, жан- жағынан капитализмге дейінгі қатынастар үстем болған мешеу шаруашылықтар қоршаған жекелеген өнеркәсіп «аралшықтары» түрінде болғаны атап көрсетілді. Ал егер солай болса, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және өзге де қоғамдық даму факторларына бұл «аралшықтардың» ықпалы болды ма? Ц.Л. Фридман мынадай бір факторды ғана атап өткен: капиталистердің дегеніне қарамастан, олар құрған кәсіпорындар жергілікті фабрика-зауыт пролетариатының өсуіне себепші болды. Ц.Л. Фридман назар аударған экономикалық тарихтың тағы бір тақырыбы Қазақстандағы банк капиталының кредит жүйесі мен жұмыс істеу механизмі болды. Бұл орайда ол Қазақстандағы банк капиталының сауда-өсімқорлықпен ұштасуы және өзара астасып жатуы, біріншісінің ұсақ ауыл шаруашылық шикізатын өндірушілерді қанаудың жергілікті қарапайым және капитализмге дейінгі нысандарына сіңісуі сияқты ерекшелігін де ескерді. Ол Мемлекеттік банктің Оралдағы (1876), Петропавлдағы (1881), Семейдегі (1887), Омбыдағы (1895), Верныйдағы (1912), Семей облысының Қоянды кентіндегі (1894) бөлімшелерінің қызметіне сипаттама беріп, бірқатар акционерлік және коммерциялық банктердің, әсіресе Сібірсауда банкінің жұмыс істеу фактісін атап өткен. Өлкенің сауда-өнеркәсіптік дамуына талдау жасау оның Қазақстанда өнеркәсіп буржуазиясы сауда буржуазиясынан бөлінбеген және негізінен алғанда мұнда саудаға малмен, мал өнімдерімен және астықпен несие беру басым болды деп бұрын айтылған қағиданы растауына мүмкіндік берді. Сонымен бірге, — деп көрсетеді автор, — мұнда биржалық ұйымдар құрыла бастады, солар арқылы жаппай өндірілетін өнімдерді белгілі үлгі, стандарттар немесе техникалық сипаттамалар бойынша жаппай өткізу жүзеге асырылған (Омбы және Петропавл биржалары). Алайда өлкенің экономикалық өмірінде өсімқорлық әлі де оте маңызды фактор болып қала берді. Қазақстанның тарихнамасында Ц.Л. Фридман жергілікті коммерциялық банктердің (өзара кредит қоғамының және қалалық қоғамдық банктердің) қызметіне, ұсақ кредит пен оның түрлеріне, кредит кооперативтеріне, жинақ кассаларына және т.б. тұңғыш рет талдау жасады. Ол келтірген материалдар мен есептеулер банктер арқылы әкелінген капиталдар Қазақстанда, негізінен алғанда, қызмет көрсету саласында қолданылған деп тұжырымдауға мүмкіндік береді. Банк кредиті өсімқорлық несиенің алуан түрлі нысандарын ығыстырып шығаратын деңгейге әлі де жете қоймаған-ды. Соғыс алдындағы жылдарда ғана банктердің салымшылары арасында қазақтардан шыққан сауда буржуазиясының өкілдері пайда бола бастады. Кредит-банк жүйесі патша өкіметінің отаршылдық саясатының мүдделеріне қызмет етті, ал Қазақстанның еңбекші бұқарасы бұрынғы әскери- феодалдық қанаудың бай-феодалдар мен сауда-өсімқорлық қанаумен ұштасқан әдістерін ғана емес, сонымен қатар монополистік капитализмге тән отаршылдық қанаудың «жаңа» әдістерін де бастан кешірді. Солай бола тұрса да, жинақталған материал нарықтық қатынастарға көшу жағдайларында кәсіпкерлік дамуының заңдылықтарын, капиталдың бастапқы қорлану үрдісін зерделеуге мүмкіндік береді. Сауда — қазақтардың көрші халықтармен өзара қатынасының ең ежелгі жолы. Ол XVIII-XIX ғасырлар кезінде барынша етек алды. Сауда — экономикам жаңа қатынастар көрінісінің едәуір күшті болып, тауар-ақша қатынастарының Қазақстан аумағында да үстемдік алған саласы. Еңбектердің көбісі проблемалардың жекелеген жақтарын көрсетуге арналған мақалалар болғанымен, қазақтардың сауда жасауын зерттеу едәуір көп проблемаларды көтерді. Бұлар - В. Шахматов, Б. Сүлейменов, Т. Шойын- баев, Ж. Касымбаев, П. Галузо, Т. Литвинова, С. Сүндетов, Ц. Фридмандар- Дыненбектері. Н. Г. Аполлованың монографиясында (Қазақстанның XVIII- XIX ғасырдың басындағы Ресеймен экономикалық және саяси байланыстары. М., 1960) экономикалық байланыстар шаруашылық сипатымен етене қарастырылды. Мысалы, кеден ведомостарын зерттеу негізінде автор XIX ғасырдың басында-ақ қазақ байларының тауар-ақша қатынастарына кіріп, делдалдық әрекеттермен ғана айналыспай, Орынбор, Петропавд, Троицк және басқа да бекіністер арқылы өз бетімен мал сатумен айналысқанын атап көрсетеді. Автордың айтуынша, Ресейдің Дала жұртымен сауда жасауға мүдделі болғанын қаруланған керуендер ұйымдастыру, сондай-ақ қазақ сұлтандарының «азиялық» көпестерден баж алуына тыйым салу туралы ережелер шығаруы дәлелдеді. Орыс көпестері әкелетін тауарлардың түр-түрін көрсететін құжаттар да сауданың қаншалықты серпін алғанын байқатады. Рыноктық байланыстар қазақ аулына еніп, байлардың ықпал жасауының басымдығы сақталған жағдайда шаруашылықтардың көпшілігін барған сайын озаясынатарға берді. Н.Г. Аполлова XIX ғасырдың екінші ширегінде-ақ қазақ тауарларының едәуір мөлшері ақшамен сатып алынды және ақша қатынастарының дамуында дала өңірінде орыс астығымен сауда жасау көп рөл атқарды деп пайымдаған. Автордың Қазақстанның солтүстік және шығыс аудандары үшін бүкіл Дала өлкесі бойынша астық әкелінетін Петропавл, Омбы, Семей орталық болған астық саудасына ден қоюы сондықтан. Сөйтіп Н. Г. Аполлованың мұрағат материалдарына негізделген зерттеуі Ресей мен Қазақстанның экономикалық байланыстары көрінісін жасап берді. Тарихнаманың қазіргі кезеңінде тарихшылар өз ізденістерін Қазақстанның өз ішіндегі сауданы және шектес мемлекеттермен өзара тиімді экономикалық қатынастарды неғұрлым терең зерттеуге бағыт алып отыр. Бұған В.З. Ғалиевтің (Керуендер ізімен.А., 1994) және Ж. Қасымбаевтың (Қазақстан—Қытай: XIX—XX ғасырдың басындағы керуен саудасы. А., 1996) дәлел болады. В.З. Ғалиев керуендер мен экспедицияларға қызмет жасаған адамдарға: қазақтар арасынан шыққан тілмаштарға, аудармашыларға, жолбасшыларға көп көңіл бөледі. Бұл делдалдар тілді, іс қағаздарын жасауды, жер бағдарын, қоғамның әдет-ғұрпы мен дәстүрін білуге тиіс болды, яғни істің түпкі нәтижесі көп жағынан солардың орнына сай және даярлығы мол болуына байланысты еді. Автор қазақ тілмаштары мен жолбасшыларының орыс-қазақ, орыс-орта азиялық, орыс-қырғыз қатынастарын орнатуда зор рөл атқарғанын көрсеткен. 8 Тақырып . 19 ғасырда қазақстандағы халықтың қалыптасуы Жоспары. 1 Қалыптасудың маңыздылығы 2 Сол жолдағы тер төгіс еңбек Мақсаты. Жас ұрпаққа тархты жеткізе білу. Бүгінгі таңдағы жаһандану дәуірінде мемлекеттің саяси жүйесінің жетілдірілуінде құқықтық дамуының ен негізгі алғышарттарының бірі ресми биліктің мемлекеттің мәселелерін шешуде қандай әдістер мен тәсілдер қолдануымен тығыз байланысты.Бұл мәселеге қатысты мысалдарды көршілес ТМД елдеріндегі және Еуропаның ішкі қақтығыстарды шешудегі билік ұйымдарының іс- әрекеттерінен көре аламыз. Саяси режим-әр мемлекеттегі белгілі тарихи кезеңде өмір сүрген,саяси райды сипаттайды.Саяси режимнің мән-мағынасын толық айқындау үшін,оның белгілеріне тоқталып өтейік:-саяси өкіметті ұйымдастыру тетігіндегі халықтың қатынасу деңгейі және сондай ұйымдасудың жолдары; -мемлекеттің құқығы мен адам бостандығының және азаматтық құқықтардың арақатынасы; -жеке адамның бостандығының кепілі; -қоғамдағы билікті іске асыру тетігінің шынайы сипаты; -халықтың саяси билікті іске асыру деңгейі; -ақпарат құралдарының жағдайы, қоғамдағы ашықтық деңгейі мен мемлекеттік аппараттың ашықтығы, -мемлекеттік емес құрылымдардың қоғамының саяси жүйесіндегі орны және ролі; -заң шығару мен атқару биліктерінің арақатынастары. Саяси режим-мемлекетте билік жүргізудің арнайы тәсілдері. Қазақстандағы саяси-құқықтық режимнің қалыптасуы мәселесінің өзекті екендігін ескеріп,біз мақалада саяси-құқықтық режимнің қалыптасуына өте терең ықпал жасайтын саяси факторларының дамуының тарихи-құқықтық қырларын зерделедік. Елімізде құқықтық мемлекеттің қағидаттарын одан әрі бекіту үрдісінде, бір жағынан , адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асырудың ең жоғарғы ықтимал кепілдігіне қол жеткізу, ал екінші жағынан барлық мемлекеттік органдардың, лауазымды тұлғалардың, азаматтар мен ұйымдардың конституциялық міндеттерді бұлжытпай және толық орындауы маңызды. Мемлекетімізде қалыптасқан саяси-құқықтық режимді дамыту мақсатында көптеген іс-шаралар жүргізіліп,саяси шешімдер қабылданып отырады. Қазақстан Республикасының Президентінің 2010 жылғы 17 тамызда «Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығының шығуы еліміздегі саяси-құқықтық жүйеге қатысты реформалардың қажеттілігін және өзектілігін көрсетеді Сонымен қатар мемлекетіміздің саяси-құқықтық оқиғаларына мемлекет басшысының жүйелі түрде талдау жасап, баға беріп отыруының нақты көрінісі. Ендеше еліміздің зиялы қауым өкілдерінің басын қосқан жиында Елбасының мемлекеттілікке қатысты: «Бұл – Қазақ елінің арғы-бергі тарихи жолын ой елегінен өткізіп: Кеше кім едік? Бүгін кімбіз? Ертең кім боламыз? – деген төңіректе ойлансын деген сөз. Бұл әрбір азамат туған елінің, туған халқының тағдыры ешкімдікінен де олқы еместігін түсінсін деген сөз. Бұл – әрбір азамат тарих қойнауына ойша тереңдеу арқылы өзінің ата-бабалары қалдырған осындай кең байтақ жердің лайықты мұрагері болуға ұмтылсын деген сөз»– деп саяси-құқықтық тұрғыда тереңінен толғауы жалпы жұртшылыққа ой салумен қатар, қоғамдық ғылым салаларына, әсіресе мемлекет және құқық тарихын зерттеушілерге зор міндеттердің жүктеліп отырғандығын көрсетті. Бүгінгі Қазақстан халқы азат, тәуелсіз елге айналды. Ол — қазақ жұртының ғасырлар бойғы арманы еді. Егемендік алғаннан бергі 19 жыл ішінде Қазақстан Республикасы ғасырларға тән сан-салалы саяси-құқықтық өзгерістерді басынан кешірді. Дүние жүзіне өзімізді бейбітшілік сүйгіш халық, өркениетті саясаты бар,құқықтық мемлекет ретінде танытып үлгердік. Алайда «өзгеге таныту үшін өзімізді тану қажеттігін» билігімізді нығайтып, құқықтық мемлекетті құруды қолға алғанда барып түсіндік. Тәуелсіздік ұзақ жылдардағы ұлтты азат ету,мемлекеттіліктің саяси-құқықтық жүйесін қалыптастыру жолындағы саяси күресінің заңды нәтижесі болғандығын өскелең ұрпақтың мықтап есінде ұстағаны жөн деп ойлаймыз. Қазақ елінің өткен ғасырдың басындағы маңызды оқиғаларының саяси-құқықтық сабақтарына көңіл қойып, зерделеу бүгінгі таңдағы құқықтық мемлекет дамуының мақсаттарынан туындап отыр. Осынау кезеңдегі саяси-құқықтық режимнің қалыптасу жолындағы күрестің көшбасында халқының ақыл-айнасы, жанашыры болған ұлтымыздың таңдаулы қайраткерлері тұрды. Егер төңкеріске дейін-ақ қазақ жұртының санасына саяси- құқықтық ойдың сәулесін түсіріп, оятқан, азаттық жайлы идеяның негізін қалап бағыттаған А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Шоқай, М.Дулатовтардай көсемдері ұйытқы болған Алаш зиялыларының саяси-құқықтық қызметі деп білсек, ізінше 1916-17 жылдардың ұлт-азаттық күресі мен саяси режим төңкерістерінің аласапыранында қалыптасып, шынығып, айқындалып, саяси билікке көтерілген Т.Рысқұлов, С.Сәдуақасов, Б.Сыртанов, Ж.Ақпаев, Н.Нұрмақов, Ж.Досмұхамедов т.б. зиялы қауымды көреміз. Алдыңғылар негізінен ағартушылық, саяси-құқықтық қызметімен еліміздің болашақ даму жолын саралап берген болса, кейінгілер кеңес билігі шеңберінде ұлттық мұраттарды жүзеге асыруда бар күш-жігерімен саяси стратегия жасады. Олар жоғалтып алған мемлекеттік белгілерімізді қалпына келтіріп, Қазақстанның шынайы саяси тәуелсіздігінің негізін қалауға орасан зор күш жұмсады. Бөлшектелінген қазақ жерін біріктірді, экономикасының түзеліп, оңтайлы саяси-құқықтық режимнің дамуына жағдай жасады. Өкінішке орай, ұлтымыздың зиялылары түгелдей дерлік тоталитарлық режимнің қысымын көрді, абақтыға қамалды, елден қуылды, кейінгі қуғын сүргін науқанында репрессия құрбанына айналып, жазықсыз мерт болды. Алайда, олардың саяси-құқықтық идеялары мен есімдері тарихтан күштеп өшірілгенімен де, озбыр режим олардың өз халқына деген жанпида қызметімен ерекшеленген азаматтық бейнелерін санамыздан өшіре алған жоқ. Тіпті, қатал саяси-құқықтық режим әлсіреген тұста көпшілігінің ақталғанымен де, олар туралы толық шындықты айтып, ақ-қарасын тануға идеологиялық құрсау мүмкіншілік бермеді. Осылайша, халықтың тарихи жадында сақталып келген сол ұлтжанды заңгерлеріміздің есімдері мен мол мұралары тәуелсіздік тұсында қайта жаңғырды. Бірқатар ғылыми жұмыстың арқауына айналып, жүйеленген саяси- құқықтық тақырыпта немесе жеке саяси тұлға ретінде зерттелді. Құқықтық мемлекетті модернизациялауда ұлттық заңгерлердің мұрасы өткен мен болашақтың рухани көпірі. Олардың тұлғалық мұратын ақиқаттын бағалаудың өзі, саяси-құқықтық болжам жасауға жарайтын білімі мол үрдіс. Әсіресе елдің әр түрлі саяси-құқықтық режимдер аясындағы қажеттіліктеріне бағыт бағдар жеткізіп отыратын саяси зиялылардың ұлағаты. Демек, біздің де бұл мақаламыздағы мәселелер Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық режимінің қалыптасуына ықпал еткен ұлт зиялыларының қызметі, демократиялық бағыттағы модернизациялық саяси ойлар мен құқықтық көзқарастардың қалыптасып дамуы, мәні, қоғамымызды ілгерлетудің рөлі мен ерекшеліктері, яғни, оған ат салысқан саяси күштер мен ағымдар, көрнекті саяси қайраткерлерінің жанкешті қызметінің айтылмай, зерттелмей келген олқылығын , саяси-құқықтық талдай отырып толтыру қажеттігінен туындап отыр. Осы орайда біз мақаламызда Қазақстандағы саяси-құқықтық режимнің қалыптасуына ықпал ететін үрдістерді зерделеп, талдауға ұмтылыс жасадық.Қазақстан мемлекетінің жүйелік басқаруын модернизациялау билік органдары мен басқаруды халыққа жақындатудың қамтамасыз етілуіне негізделген. Бұл Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген «биліктің бірден-бір қайнар көзі — халық»[2,4] туралы ережесін толығымен жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қазақстан азаматтарына тікелей немесе билік органдары арқылы өз еркін білдіру құқығы берілген. Сондықтан Қазақстан Республикасының саяси-құқықтық жүйесін реформа жасау арқылы модернизациялау басты бағыты болып табылады. Қазақстан мемлекетінің қалыптасуына,оның саяси-құқықтық қырларының негізделуінде көп еңбек еткен, өткен ғасырдың басында шыққан зиялылардың қоғамды саяси-құқықтық модернизациялау іс-әрекеті халыққа танылды: олар бүгінгі құқықтық саясатпен сабақтас, жалпыұлттық мүдделерге қызмет етуге бет бұрып, қазақ қауымына тән қоғамдық-саяси қозғалыстың бастауында тұрды. Бұл сол кезеңдегі саяси-құқықтық режимінің талаптарына балама ұсыныстар жасаған , қазақтың жаңадан қалыптаса бастаған аз ғана тұңғыш заңгерлерінің жаңа сапалы легі жалпыұлттық сұраныстарға жауап беруге және оларды шешуге тырысты. Модернизация мақсаты modernity, немесе қазіргі уақыт жағдайы ретінде танылатын белгілі бір жетістікке жету. Бұл жағдайдың дамыған үлгісі ретінде нарық пен азаматтық қоғам қағидаларына негізделген әлемдік экономика танылады. Модернизация мен жаһандану үрдістерін байланыстырса, онда қарым-қатынастардың капиталистік жүйесі тек модернизациялық қана емес, сонымен бірге жаһандану үрдістердің де негізінде жатқаны анықталады. Олардың бірі саяси-құқықтық жүйені саясат негізінде жатқан идеялар жиынтығы деп дәлелдесе, екіншілері оны өзара қарым қатынас жүйесі деп есептейді. Қазақстандағы саяси-құқықтың режимді оңтайлы түрде жетілдіруге қатысты принциптердің негізгі бағыты Қазақстан Республикасының 2010 жылыдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасында да атап көрсетілген:«Қазақстанда мемлекеттік басқару жүйесін дамыту тиімді де жинақы мемлекеттік аппарат құруға жаңа басқару технологияларын енгізуге,әкімшілік рәсімдерді жетілдіруге бағытталған әкімшілік реформаны құқықтық қамтамасыз етумен тығыз байланысты.Ал бұл-құқықтың әкімшілік тәрізді саласын реттеу аясы, оның маңызды міндеті-биліктің барлық деңгейінде мемлекеттік аппараттың тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету Қоғамның саяси-құқықтық жүйесін модернизациялау дегеніміз – жалпы алғанда белгілі бір әлеуметтік топтардың, ұлттардың әрқайсысына және бәріне тең мүдделерін жүзеге асыруға бағытталған билік жүргізуші құрылымдар жиынтығы. Оған мемлекеттік мекемелер, саяси партиялар және түрлі қоғамдық ұйымдар кіреді. Қоғамның саяси-құқықтық жүйесі барлық елде бірдей емес. Ол әрбір қоғамның өзіндік ерекшеліктеріне қарай құрылады, өзгерістерге түсіп дамиды. С.Хантингтонның саяси құқықтық көзқарасына сәйкес саяси модернизацияның құқықтық тетіктері мен қозғалысын қарастырсақ, модернизацияның бастамасы үшін саяси элитада реформаны бастауды оятатындай ішкі және сыртқы факторлардың кейбір жиынтығы қызмет етеді. Қайта құрулар экономикалық және әлеуметтік институттарды қозғай алады, бірақ дәстүрлі саяси жүйеге қатысы болмайды. Сондықтан әлеуметтік-экономикалық модернизацияны «жоғарыдан» әлеуметтік-экономикалық жағынан ескі саяси-құқықтық институттар шеңберінде және дәстүрлі элита жетекшілігімен жүзеге асырудың принципі мүмкіндігіне жол беріледі. Алайда, дәстүрлі қоғамнан қазіргі қоғамға өту үрдісі ойдағыдай аяқталуы үшін бірқатар шартты қадағалау қажет, ең алдымен, қоғамның түрлі саласында болатын өзгерістер арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз ету керек. Бұдан басқа билеуші элитаның тек қана техникалық — экономикалық жағын ғана емес, сонымен бірге дәстүрлі институттардың өзгеріс жағдайларына ыңғайлану үрдісімен қатар жаңасын да құрайтын саяси-құқықтық өзгерістерді жүзеге асыруға дайын болғаны жөн. Қазақтар арасынан шыққан зиялылардың қоғамды саяси модернизациялау іс- әрекеті халыққа танылды: олар жалпыұлттық мүдделерге қызмет етуге бет бұрып, қазақ қауымына тән қоғамдық – саяси қозғалыстың бастауында тұрды. Қазақстандағы саяси-құқықтық режимнің даму эволюциясында әр түрлі саясат, айла-тәсілдер қолданылды.Бірақ өз заманындағы саяси режимнің қатал талаптарына қарамастан қазақ заңгерлері Ресей Федерациясының Мемлекеттік Дума мінбесінен де тәуелсіз, егемен мемлекеттің күн тәртібіне қойылатын мәселелерді көтерді. Ахмет Байтұрсыновтың «Қазақтың өкпесі» атты мақаласында мынадай жолдар бар: «…Ата жолдасы надандық, өнерсіздік қазір қазақтан айырылатын емес. Надандықтың кесепаты әр жерден-ақ маңдайымызға тисе де, ата жолдасымыз болған соң, біз де қиып айрылмай келеміз…Жоқты барға теңгерген ғылым мен өнерді керек қылатын қазақ аз…». Осы ғылым мен өнерді керек қылатын «қазақтардың» көбеюі Ахмет Байтұрсынұлының ойынша, халықты тығырықтан шығаратын сара жол болып табылады. А.Байтұрсынұлы РКП(б) қатарына өтерінде: «…азат етілген қазақ халқы қаналған адамзаттың бүкіл басқа бөлігімен бірге ғана, яғни дүниежүзілік революция, дүниежүзілік федерация арқасында ғана бақытқа жете алады» деп жазды А. Байтұрсынұлының көрегендікпен айтқан тәуелсіз Қазақстан мемлекетін құру арқылы ғана бақытқа жететіндігі туралы саяси-құқықтық идеясы бүгінгі таңда шындыққа айналып отыр. Өздерінің өмірі мен іс әрекеттерін халқына арнаған осындай ұлтжанды азаматтарды ешқандай да саяси режимнің тетіктері тоқтата алмады. 1924 жылдың 5-10 қаңтар аралығында өткен Кеңестердің Бүкілқазақтық IV съезінде Н.Нұрмақов ҚАКСР Конституциясының жобасы жайлы баяндама жасады. Қазақстанда соңғы жылдары экономист ғалымдармен қатар ірі мемлекет қайраткерлері,заңгерлер де дағдарыстан шығудың жолдарын басты назарда ұстап келеді. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың дағдарыстың болу себебі мен дағдарыстан шығудың жолдарын теориялық және практикалық тұрғыдан зерттей келе, тұжырымдап айтқан пікірлері біздің елімізде ғана емес, әлемдік деңгейде қызу талқылануы, саяси ойлары әлемдік модернизацияға негізделгені байқалады. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев саяси- құқықтық жүйені модернизациялауда реформалардың тиімділігінің, харизматикалық типке негізін қалаушы ұлы ойшылдардың – Н. Макиавелли, Ж. Руссо, М. Вебердің саяси-құқықтық ойлары негізінде, мемлекеттің 2030 жылға дейінгі бағдарламасы бекітілді. Президенттің биылғы Жолдауында 2020 жылға дейін атқарылатын нақты саяси шешімдер, әлеуметтік мәселелер, тұрақты экономикалық даму және «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» негізінде Еуразиялық Одақ құру идеясын жүзеге асыру айқындалған. Конституциялық реформа аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының мәртебесі мен өкілеттігі өсті. Біздің көп ұлтты еліміздің барлық халқының мүдделерін бейнелей отырып, Ассамблеядан сайланған депутаттар Қазақстандағы этносаралық бітім мен келісімді нығайту үдерісінде айрықша рөл атқаруы тиіс. Қазақстанда қазіргі заманғы саяси-құқықтық жүйені дамыту міндеті тұр. Бұл үдерісте саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар және басқа да қоғамдық институттар басты рөл атқаруы тиіс. Партиялық тетіктерді нығайту қазіргі заманғы азаматтық қоғамның қалыптасуына,құқықтық мемлекеттің одан әрі жетілуіне халықты саяси-құқықтық үрдістерге кеңінен таратуға жағдай жасайтын болады. Модернизация мемлекетті әкімшілік реформа саяси және құқықтық реформалар бағдарламасындағы әкімшілік басымдылық ретінде қаралатын жоғарғы дәрежедегі бағалы үрдіс болып табылады. Тіпті Батыстың тұрақты демократиялық елдерінде де күрделі институционалдық проблемалар қалыптасуы мүмкін. Бұл басқа елдерден жай ғана көшіріп алатын мемлекеттік басқарудың ізгі жүйесі болмайтынын дәлелдейді. Үкіметтік емес ұйымдар өз қызметінде қоғамдағы мәселелер мен қарама- қайшылықтарды ажырататын қоғамдық пікірдің барометрі ретінде шығады. Азаматтық институттар азаматтардың мұқтаждықтары, мүдделері мен үміттерінің бейнесі мен артикуляцияларының формасы ғана емес, сондай-ақ оңай шешімді жасау тетігі. Өз қызметінің секторальдық сипатының арқасында, саяси партиялардан, нарықтық құрылымдардан немесе мемлекеттік биліктен гөрі үкіметтік емес ұйымдар қарапайым азаматтардың шынайы мүдделерінің жедел және дәл рефлексиясы болып табылады.Үкіметтік емес сектордың құрылуы қазақстандық мемлекеттіліктің құрылуымен, әлеуметтік демократиялық,құқықтық мемлекеттің даму кезеңімен сәйкес келеді. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2010 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында, таяудағы онжылдықта тұрлаулы да теңдестірілген даму жедел әртараптандыру және ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру есебінен қамтамасыз ететін болады. Қазақстанның 2020 жылға дейінгі дамуының шешуші бағыттарын табысты іске асыру үшін тиімді мемлекеттік аппарат қажет. Осыған байланысты мемлекеттік секторды реформалаудың басым бағыттары анықталған. Тиімділік, ашықтық және қоғам алдында есеп беру қағидаттарымен әкімшілік реформаларды тереңдету көзделеді[5,2]. Елді индустриалды әлемге бейімдеу мемлекет басшысының «Қазақстан жедел экономикалық, әлеуметтік және саяси модернизациялау жолында», «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Жолдауларына байланысты саяси шешімдер қабылдануда. Қазақстанда саяси-құқықтық режимнің қалыптасуында қоғамдық ойдың модернизациялану мәселелерін салыстырмалы талдай келе ХХ ғасыр басындағы саяси-құқықтық процестерге шолу жасай отырып, ұлт арасынан шыққан зиялылардың іс-әрекеті халыққа танылды: олар жалпыұлттық мүдделерге қызмет етуге бет бұрып, қазақ қауымына тән қоғамдық саяси қозғалыстың футурологиялық бастауында тұрды деуге негіз бар. Бұл істің басы қасында болған, Ресей университеттерінен білім алған қазақтың жаңадан қалыптаса бастаған заңгерлері,тұңғыш интеллигенттердің жаңа сапалы легі саяси- құқықтық режимге сәйкес сұраныстарға жауап беруге және оларды шешуге тырысты. Қазақ мемлекетінің зиялылары саяси-құқықтық ойды үздіксіз дамытуға ат салысты. Олар күрестің көшбастауында тұрған саяси тұлғалар болашақ Қазақ мемлекеті туралы бағдарламалардың гносеологиялық негізін қалады. Жаңа дәуір заңгер-ойшылдары мемлекеттің саяси иниституттарды қалыптастырып саяси-құқықтық жүйесін одан әрі жетілдіру негізгі екі қағидаға – еркіндік пен теңдік принциптеріне көңіл бөліп, адамның өзіндік құндылықтары мен өкілдік демократия идеяларын негіздеуге талпынды. Қазіргі кезде коғамды модернизациялаудың атауы бірнеше мағынада: мемлекеттің тұрпаты мен жалпы жүйесін; мүшелерінің теңдігіне; басқару органдарының сайланбалылығына және көпшілік дауыспен шешімдер қабылдау принциптеріне негізделген кез-келген ұйымның сипатын; қоғамдық құрылымның мұраттарын және соны жақтайтын саяси көзқарастар жемісін бейнелеу үшін қолданылады. Жергілікті ұлт өкілдері арасынан шыққан қайраткерлер қоғамдағы саяси- құқықтық процесті модернизациялауға ықпал жасай отырып, көпшілікке танылды: олар жалпыұлттық мүдделерге қызмет етуге бет бұрып, қазақ қауымына тән қоғамдық – саяси қозғалыстың бастауында тұрды. Саяси-құқықтық ойларын бір жүйеге тұжырымдап, талдап мемлекеттің нығайып дамуын болжап, қандай саяси шешімдер қабылдау керегін түсініп айқындаған. Осы кезеңде идеялар алмасудың алғашқы түрлері пайда болып, төменнен партия немесе саяси қозғалыс құру қажеттігі туралы ортақ көзқарастар жинақталды. Ресейдегі саяси жағдайдың күрделеніп көп партиялардың қалыптасуының әсерінен, қазақ елінде де «Кадеттер мен эсерлер» партиясы, «Алаш» партиясы және «Үш жүз» партиясы құрылды. Тәуелсіздік алған жылдарында Қазақстанның Социалистік партиясы, Қазақстанның Халық конгресі партиясы, Қазақстанның Коммунистік партиясы, Қазақстанның Республикалық партиясы, Қазақстанның Республикалық Еңбек саяси партиясы, Қазақстанның Халық бірлігі партиясы, Республикалық социал демократиялық «Отан» партиясы, Қазақстанның Республикалық Халықтық партиясы т.б. партиялар құрылып тәуелсіздіктің нығайуына ықпал жасады. 9 Тақырып . ХVIII - ХIХ ғасырдағы Қазақ қоғамның әлеуметтік-экономикалық тарихы. Жоспары 1 ХVIII Қазақ ғасырдағы қоғамның әлеуметтік-экономикалық тарихының сұрақтары . 2ХVIIIғ Қазақ қоғамның әлеуметтік-экономикалық тарихының байқауы. Мақсаты. ХVIII Қазақстандағы социалды-экономикалық қоғамның дамуын ашып көрсету. Тарихнамасымен танысу Өндірістік қатынастар. Рулық-тайпалық ұйымдасудың төменгі буындарында (ауыл, бөлімше) осы принцип арқылы өлгеннің артында қалған мүлкіне мұрагер болу және оның жас балаларын өсіп-жеткізуді міндетіне алу, әмеңгерлік құқығы, туған күніне, үйлену тойына, жерлеуге т. б. байланысты салт- жораларын материалдық жағынан қамтамасыз ету мәселелері реттеліп отырды. Жоғарғы қамқоршы топтар (рулар, рулардың, жүздердің одақтастығы) дәрежесінде генеалогиялық байланыстар негізінен алғанда билік жүргізу, идеология мен саясат өрісінде үлкен рөл атқарды. Мұның себебі көшпелілер қоғамын мемлекеттік саяси орталықтандыру жағдайында генеалогиялық туыстық жүйесі әлеуметтік қарым-қатынастарды реттеп отырудың негізгі тұтқасы саналды. Қазақтардың өкімет құрылымы тайпалардың генеалогиялық иерархиясы (төменгі шендердің жоғарғы шендерге бағынуы тәртібі) тұрғысында көрінді. Сонымен қатар, қазақтардың қоғамдық қатынастары жүйесінде өндірістік еңбек құралдары мен өнім өндіру процесінде адамдар арасында қалыптасатын қарым- қатынас белгілі рөл атқарды. Қазақтардың дағдылы құқында өндіріс құралдарына меншіктің бірнеше түрі айқындалған: 1) мал мен мал шаруашылығы өнімдеріне деген меншіктің жеке адамның дербес- отбасылық түріндегі меншік; 2) жерге немесе дәлірек айтқанда қысқы жайылымдарға қауымдық меншік; 3) кеңейтілген қауымның су көздеріне меншігі;4) қонатын аймаққа деген экономикадан тыс меншігі. XIX ғасырда қазақтардың көшпелі қоғамындағы өндірістік қатынастарға тән сипат - әлеуметтік ұйымдардың (отбасы, қауым, қауымдар ассоциациясы) әртүрлі буындары арасында меншік құқының барынша шашыраңқылығы болды. Іс жүзінде оның құрылымдарының бір де біреуінің жер мен суға монополиялық құқығы болмады және оларға деген өз құқығын көшпелілер сол аймақта болған кезде ғана жүзеге асыра алады. Сондай-ақ, дағдылы құқықта меншіктік қатынас түрлері өзінің нормативтік табиғатынан көрінетініндей міндетті түрде, құбылыстың тек сыртқы сұлбасын бейнелейтінін және заттын түпкі мәні жөнінде толық әрі объективті түсінік беруге жарамайтындығын ескерген жөн. Мұндай жағдайда қазақ қоғамындағы өндірістік қатынастарға меншіктің негізгі және бастапқы түрі - малға жеке меншіктік тұрғысынан қараған аса маңызды. Осы заманғы зерттеушілер шаруашылықтардың малмен жалпы камтамасыз етілуі мен табындардың түпкілікті құрамы арасындағы тікелей тәуелділікті айқындады. Малы көп байлардың табындарында (орта статистикалықпен салыстырғанда) неғұрлым ширақ жүрісті малдардың (жылқылар, түйелер, қойлар) үлес салмағы өте жоғары болды да, мүйізді ірі қара (сиырлар, өгіздер) мейлінше аз өсірілді. Бұған керісінше кедей шаруашылықтар мүйізді ірі қараны едәуір көп өсіргенімен, олардың жылқы, түйе, қойлары мардымсыз болды. Сондықтан, неғұрлым ширақ жүрісті малдары көп бай иеліктер өздерінің кедей ағайындарына қарағанда жайылымдарға әлдеқайда жылдамырақ көшіп барып, оның ешкім тие қоймаған соны шалғындарын бірінші болып пайдаланды. Ал күш- мүмкіндіктері шамалы малшылардың отбасыларына келсек, олар әлгілердің соңынан ілбіп, солардың малы жайылғандығы себепті оты кеміген жерлерде өз малдарын бағуға мәжбүр болды. Міне, осыған байланысты жағдайды өз көздерімен көргендер жазғы жайлауларға көшу кезінде оған «кім бұрын барса, сол ең жақсы өрістерді иеленді де, басқалар, кешіккендіктен де, енді өз пайдасын таба алмады» - деп атап көрсетті. Демек, көшіп-қону барысында да малы көп байлар ең жақсы жайылым мен су қорларын иеленуі арқылы нақты меншіктік қатынасқа тартылды және олар мұны «бірінші болып басып алу құқығы» түрінде жерге иелік жасау құқығын нақты іс жүзіне асырды. Бұл ретте қайсыбір отбасыларының мүліктік қамтамасыз етілгендігін бірден білдіретін мал табындарының сапалық-түліктік құрамы жанама түрде жер мен суды пайдалануда жеке адамдардың теңсіздігін танытты. Қазақ қоғамындағы бай мал иеленушілерінің саны тұтас алғанда онша көп бола қойған жоқ, бірақ олардың меншігіндегі малдың үлесі айтарлықтай зор болды. XVIII ғасыр ортасының зерттеушісі И. П. Фальк өзінің жазбаларында «Бай қырғыздардың иелігінде бес, тіпті он мың жылқы болды. Мұндай байлар өзінің үйірлеріндегі жылқы санын тіпті дәлдеп білмейді де» - деп көрсетті. Кейбір қазақтардағы мал санының бұдан да көп болғандығын олардың С. Б. Броневский, А.И.Левшин, В. В. Радлов және басқа замандастары өз еңбектерінде атап өтті. Олардың келтірген мәліметтерінен XVIII – XIX ғасырдың ортасындағы қазақ қоғамының әлеуметтік-экономикалық дамуына малдың салыстырмалы түрде аздаған ғана жеке адамдар қолында шоғырландырылу процесі тән болғандығы көрінеді. Алайда, көзбен көргендердің мойындауы бойынша қазақтардың көп бөлігі «өздерін асырау үшін жеткілікті малы болмаған кедей адамдардан» тұрды. Көшпелі халықтың бұл әлеуметтік тобы өздерініңс әлеуметтік-экономикалық жағдайына қарай тәуелді өндірісшілер қатарына жатқызылуы мүмкін. Өмірлік қажеттіліктерге қарай кедей малшылар өздерінің жұмыскерлік күшін сатуға мәжбүр болды, және сондықтан бай мал иеленушілермен әртүрлі экономикалық қарым- қатынасқа түсіп отырды. Қаралып отырған кезеңдегі қазақ қоғамындағы қанаудың негізгі түрі қауым шеңберінде дүние-мүлкіне қарай сараланған жеке адамдардың, бірлескен еңбегінің тап өзі болды. Қауымға кірген әрбір үй қожалығы өзінің, жеке меншігіндегі малының үлесіне қарамастан қауым малын кезектесіп жайып бақты. Осы бірлесіп атқарған істегі теңдей жұмсалған еңбек пен оның өнімдерін иемдену мен тұтынудың жекелік сыйпаты арасындағы айырмашылық «біреулер үшін қосымша өнім мөлшерін және екіншілері үшін қаналу нормасын құрады». Қанаудың кедей шаруашылықтарға неғұрлым бай шаруашылықтардың уақытша ұстауға мал беретін сауын сияқты түрі де пайдаланылды. Малды жайып бағуға алған кедей көшпелілер өз «қамқоршысының» табынын жақсылап күтуге, ал одан қандай да бір малы өліп қалған жағдайда, бұрын алған сонша малын төлімен бірге қайтаруға міндетті болды. Алайда, өз малын жайып бағуға беретін бай шаруашылықтардың аз болуы себепті сауындық қатынас қауым арасында кең таралым таба алмады. Көшпелілер қауымынан сырт жерлерде кедейленген қазақтардың бай мал иелеріне, орыс қоныс аударушыларына және казактарға, тау кеніштеріндегі, тұз кәсіпшіліктеріндегі және аймақтың өнеркәсіп орындарындағы маусымдық жұмыстарға жалданып күн көруі етек алады. Қауымның қатардағы мүшелері мен бай мал иеленушілер тек өзара бірлесіп белсенді іс-әрекет жасағанда ғана мал шаруашылығының қалыпты дамуы қамтамасыз етілетін. Себебі, бай көшпелілермен бірлесу кедейлерге күнделікті тамағын тауып жейтіндей, отбасын асырай алатындай қажетті күнкөрістік жағдай туғызды, ал бай жекешелер бұл бірлесу арқылы өзінің иелігіндегі мал санын көбейту мақсатындағы талпынысын іс жүзіне асыруға толық мүмкіндік алды. Осылайша қазақ қоғамының екі табы бір-бірлерін өзара толықтырып, бірыңғай әлеуметтік-экономикалық комплекстің құрамдас бөліктері ретінде көрінді. Қазақ қоғамында еңбекті және әлеуметтік-экономикалық дифференциацияны қоғамдық бөлу процессі өзінің ұсынысымен қоғамдық пайдалы қызметтің құрылымында әртүрлі функциялардың және рөлдердің күрделі спектрінде көрінетін әлеуметтік институттар мен басқыштаушылықтарды ресімдеуде ие болды. Қазақ қауымының XIX ғасырдың орта шені аралығындағы қоғамдық топтарға бөлінуіне жеке адамдардың «ақсүйек» және «қарасүйек» дегендерге жатқызылуы ерекше тән болды. Бірінші әлеуметтік топ қоғамдық қатынастар құрылымында өздерінің әлеуметтік оңашаланғандығы мен жоғары қоғамдық мәнділіктерге қарай сырттан ешкім өте алмайтын жеке адамдардың артықшылықтармен пайдаланатын жабық корпорациясы тұрғысыңда танылды. Төрелер қазақ халқының құрамына рулардан басқа, генеалогиялық қатынастарға түспейтін субэтникалық топтарға кіреді. Көшпелі ұлыстар ішінде субэтникалық топтардың пайда болуы, этностың жалпы конфигурациясына енуі қызық құбылыс. Субэтникалық деген ұғым этностан аздаған әлеуметтік-мәдени ерекшеліктері бар, өздерінің тілдік, территориялық оқшаулығы сезінген және ең бастысы өздерін бөлекше этнографиялық топ есебінде танитын этностың ішіндегі бөлшектерге қатысты қолданылады. Қандай дамыған этнос болмасын оның ішінде әртүрлі себептермен оқшау тұратын топтар кездесіп қалады. Сонымен қатар шығу тегі бөлек, бірақ көшпелі қазақ арасында өмір сүріп этникалық тіршілікке қатысып отырған кірме этностар да кездеседі. XVIII ғ. қазақ этносының құрамында осы айтылған екі топтың өкілдері мол. Көшпелі қазақ құрамына ертерек уақытта араласқан және этнос түзуші фактор қызметін атқарған субэтникалық топтардың бірі төрелер. Төрелер өз бастауларын сонау Шыңғысханнан, оның үлкен ұлы Жошыдан таратады. Қазақ хандығы қалыптасар ауыр кезеңде ұлыстарға билікті көбінесе Ұлы қағанның Орыс деген немересінен тарайтын тұқым жүргізді. Төрелер қазақ құрамында ақсүйек саналады, сұлтан мен хандар тек төрелердан сайланады. Этникалық жағынан төрелер жабық, яғни эндогамды, әлеуметтік жағынан бір бірімен тығыз байланысқан топ. Ел арасында: «Қазақта хан Шыңғыстан басталып, Шыңғыспен аяқталды» деген сөз бар. Біріншісі ХІІ ғасырда өмір сүрсе, екіншісі ХІХ ғасырда тіршілік еткен. Шыңғыс хан (1115-1227) шыққан Қият тайпасының Боржігін руы- моңғол арасында «алтын ұрпақ» деп аталады. Өз аты Темучин, Есукей батырдың ұлы, моңғолдардың бірінші ханы Хабулдың шөбересі, анасы Өлең-Еке Меркіт руынан шыққан, 1206 жылы Онон өзеніндегі шонжарлардың құрылтайында біртұтас моңғол мемлекетінің ұлы ханы болып жарияланды да, «Шыңғысхан» лауазымын алды. «Қарасүйектің» артықшылықпен пайдаланатын әлеуметтік топтары арасынан көшпелілер ұжымдарында сот билігін атқарушы билер сословиесі аса маңызды орын алды. «Би» деген сөздің, астары, - деп көрсетті Я.П. Гавердовский, - сөзге шешен, бай әрі шамдағай адамдар екенін біз ұғынуымыз керек». Қазақстандағы билердің артықшылықты жағдайы бәрінен бұрын құқықтық реттеудің, қазылықтың және жарастырушылықтың үлкен қоғамдық мәнімен айқындалды әрі мүліктік қатынастар жүйесінде айрықша құқықпен, соның ішінде кінәні іздестіру (билік жүргізу) ақысының оннан бірі түріндегі қосымша табысты иелену құқымен пайдаланатындығынан көрінді. Көшпелі қауымның қойнауынан сұлтандарға қарама-қарсы өсіп шыққан әлеуметтік үстем топ ру старшындары - билер еді. Билер де қазақтардың арасында үстем жағдайға ие болды. Олар ерекше құқықтық және экономикалық артықшылықтарды пайдаланды. Ру старшындары әуел бастан-ақ қауымдық қоныстардың едәуір бөлігіне иелік еткен, бірақ XIX ғасырдың бірінші жартысында мал өсіру дағдарысының күшеюіне байланысты олар зорлық жасап, таңдаулы қыстауларды өздерінің жеке меншіктеріне ала бастады. Байыған ру старшындарының, яғни билердің кейбір ауылдары сұлтандардың ауылдары сияқты ру қауымдарынан бөлек көшетін болды. Сонымен бірге ру билері хандармен және сұлтандармен қатар сот-талап істерін қарап, кірісті бөлуге қатысты. Тек «қарасүйектің» өкілдері ғана би бола алатын, шыңғыстықтар би болып сайлана алмайтын; бірақ сот істерін талқылауға бұлар да қатысатын. «Би» сөзінің қайдан шыққаны осы кезге дейін әлі толық анықталған жоқ. Құрбанғали Халид Оғлы «би» деген сөз «бек» немесе «биік» сөзінен шыққан деп дәлелдемек болады. «Бек - кейбір чиновниктер мен лауазымды адамдардың атағы, патша әулетіне қызмет ететін адамдарға берілетін атақ, кейбір шетелдік өкілдерге берілетін атақ: Сефир-бек, Консулус-бек; автономиялы облыстардың әкімдеріне берілетін атақ. Бұл мағынада «бек» дегек атақ «ргіпсе» деген атаққа тең. Әдеттегі құқық нормаларын сақтаушы және түсіндіруші болғандықтан, билер қазақ қоғамыңда көрнекті орын алды. ХVIII-ХІХ ғасырлардың орта шенінде Қазақстандағы батырлардың - әскери көсемдері әлеуметтік тобының үлкен беделі мен саяси ықпалы болды. Е.К.Мейендорфтың айқындауы бойынша қазақтар батыр деп батыл, әділ және тапқыр адамдарды айтады, соғыс кезінде – бұлар нағыз шабандоздар». «Батыр» атағы ешқашанда мұрагерлікке қалдырылған емес, оны әркім жеке басының ерлігімен алып отырды. Батырлардың үстем тапқа жатқызылуы қазақ қоғамындағы қарастырылып отырған тарихи кезеңдегі әскери-басқару құрылымының үлкен рөл атқаруымен, демек, әскери қарсыласу дәуірінде батырлар да көсемдер ие болатын зор билік ықпалымен анықталды. Қазақстанның шекараларындағы әскери- саяси жағдайдың салыстырмалы түрде тұрақтана бастауына байланысты XIX ғ. ортасында бұл жүйе өзінің маңызын жоғалтып, бірте-бірте екінші қатарға ығысты. Әлеуметтік категория ретінде батырлар институтының қалыптасуы әскери-феодал шонжарлардың пайда болуымен тығыз байланысты. Ал «батыр» терминінің өзі қазақтарда өте ерте заманда пайда болған. «Батыр» деген сөз «багадур» және «бакхатур» деген түрік сөздерінен шыққан. Қазақ халқы тарихының сонау алғашқы дәуірінде-ақ қазақ даласы сыртқы жаулардың шапқыншылығына ұшыраған кезде, оларға қарсы күресу үшін өздерінің қолбасшылары бар арнаулы жасақтар құрыла бастады. Осы жасақтардың шайқастарда ерекше көзге түскен жетекшілерін қазақтар «батыр» деп атады. Қазақ және басқа түркі тілдерінде «батыр» сөзі «күрескер», «қаһарман», «ер», «ержүрек», «жаужүрек» деген мағыналарды білдіреді. Қазақ қоғамында күрделі этникалық процестердің негізінде пайда болған этнографиялық топты төлеңгіттер деп атайды. XVIII ғасырда дәстүрлі қазақ қоғамының этноәлеуметтік организмінің бір жүйесі ретінде қалыптасқан құбылыс — төлеңгіттер институты болып табылады. Көшпелілер мемлекеттілігіндегі дәстүр талапқа сай «ақсүйектердің» маңайына шоғырланған төлеңгіттер, саяси билікті нығайтудың ерекше құралы ретінде қызмет атқарады. Қолда бар деректерден аталмыш кезеңде төлеңгіттер хандар мен Ұлыс сұлтандарына өте сенімді адамдары екенін дипломатиялық және орда ішіндегі маңызды істерді тындыратының, осылардың ең бастысы әскери қызметшілері болғанын көреміз. Төлеңгіттер – Қазақ хандығындағы әлеуметтік топ, ханның жансерігі, хан билігі сүйенетін әскери жасақ. Төлеңгіттер көмегімен хандар мен сұлтандар халықтан салық жинаған, жайылымдарын қарап жүрген. Сонымен қатар төлеңгіттер дипломатиялық бұйрықтарды орындап отырған. Төлеңгіттер көбінесе жаугершілік кезінде қолға түскен тұтқындардан құралған. Аңыздар төлеңгіт деп халқымыз алғашқыда Хан мен сұлтандардың қолына тұтқынға түскен Алтай телеуіттерін және олардың бірте-бірте төренің айналасындағы күтушілеріне айналуын атап кеткен сияқты. Дегенмен ғалымдарымыздың келесі бір жағы «төлеңгіт» сөзінің мән — мағынасы қазақ тіліндегі «төреңді күт» деген ұғымды білдіреді деп айтады. Саяси-әлеуметтік ұйымдасу. Жер пайдаланудан, көшпелі маршруттан, қауымаралық қақтығыстардан әртүрлі қауым қауымдастығының көршілес мемлекеттермен және халықтармен арасындағы өзара іс-қимыл жасасу қатынастарын үйлестіру және реттеу қажеттілігі қазақ қоғамында құрылымдық әлеуметтік-саяси ұйымның пайда болуын анықтады. Оның сипаттамалық ерекшелігі бір институттың әртүрлі қоғамдық (арнайы, сот, әскери-саяси және т.б.) функцияларды жүзеге асыруы болып табылады, яғни бірінші кезекте көшпелі қоғам жағдайында қондырғы элементтерінің дамымағандығымен түсіндіріледі. Бұл ретте, қарым-қатынастың әрбір үлгісі танымал дербестікке ие болды, нәтижесінде барлық құрылым құпиясыз сипатқа ие болды. Қазақ қоғамында әлеуметтік-саяси ұйымдастырудың негізгі тетігі екі үлгідегі құрылым: оның шеңберінде сыртқы экономикалық реттеу және қоғамдық қатынастарды үйлестіру жүзеге асырылатын әлеуметтік организмдер және әскери- саяси функцияларды орындайтын құрылымдар болып табылды. Жерді пайдалану, малдың жайылымын ұйымдастыру, көшпелі маршруттар, жайылым жерлерінің жүйесін қауымаралық қатынастар деңгейінде реттеу функциясы қауымның қауымдастығына шоғырландырылды. Тәжірибеде ол ханның, сұлтандардың, старшиндердің-ру басылары құқығында көшпелі жүйені реттеумен көрінді. Қауым қауымдастығының өзге маңызды функциясы сыртқы экономикалық қатынастардың барлық спектрін түбегейлі реттеу, атап айтқанда арбитраж және бақылау, кінәлілерді жазалау, қауым арасындағы қайшылықтарды және қақтығыстарды өзге қауымдармен бірге шешу, қорғанысты және шабуылды, соның ішінде барымтаны және тағы басқаларды ұйымдастыру болды. Жазғы кезеңде әртүрлі үлгідегі қауымды біріктіретін және көшпелі циклдың басқа маусымында олардың ыдыраған бөліктерін құрайтын осы қауымдастық құрылыммен бірге құрылымдық ұйым болды, олардың функцияларына көшпелілер арасында және олардың тысында әскери-саяси қарым-қатынастарды реттеу кірді. Негізінен орын алған ішкі және сыртқы саяси мәселелерді шешуді саяси және әскери құралдармен жүзеге асыруға болатын еді, кейде барлық функциялар қарсы тұру кезеңінде бір қолға (хандарға, сұлтандарға немесе батырларға) шоғырландырылды, ал бейбітшілік кезеңде ыңғайластырылды. Қазақтардың әскери-саяси құрылымы рулардың өте күшті әскери және саяси қарым-қатынасының басқалардан басым болу нысанында құрылды. Бұл ретте осы ұйымда алғаш рет ядро жасақталды. Мәселен, Абай секілді ірі мемлекет қайраткерінің күші мен беделі – Орта жүз құрамындағы ірі ру – арғындардың құдыретімен негізделді; көшпелі шекті және төртқара күшінде – Қайып хан; наймандарда – Барақ хан; қыпшақтарда – Кенесары Қасымов және т.с.с. осы негізде мемлекеттік құрылым – хандық құрылды. Әскери-саяси ұйымның құрылымы әдетте орташа алғанда 10 мың адамды қамтыды және Кенесары Қасымовтың қозғалысы жылдарында олардың саны 20-25 мың адамды құрады. Көршілес мемлекеттер тарапынан (мысалы, Жоңғария) үлкен көлемді басқыншылық болған кездер ерекшелік болды, ол кезде әскери әрекеттерге ересек ер адамдар тобы басым қатысты. Қазақтар өздерінің қарым-қатынастарын отырықшы – жер иеленуші мемлекеттермен (Ресей, Қытай, Орта Азия хандықтары) ұдайы реттеп отыруға мәжбүр болған, көшпелі әлемнің қашық болуы әскери-саяси ұйымда үлкен рөлге ие болды. Көшпелі және отырықшы-жер иеленуші әлемінің тоғысқан жерлерінде қазақтардың мемлекеттік-саяси құрылымдарының орталықтары, атап айтқанда Түркістан қаласында қазақ хандығының резиденциясы орналасты. Тұйықтық және табиғи-тұтынушылық бағытта көшпелі мал шаруашылығының жүйесіне әскери-саяси ұйым әрекетінің аясында қауым қауымдастығының деңгейінде айрықша әлеуметтік институттар тартылды, сол уақытта қауым құрылымының өзі және жаппай қаттардағы малдар осы ұйымның қол жетімсіздігінде қалды. Азын-аулақ бекіністер және дифференциалдылық салдарынан әлеуметтік-саяси басқарудың әртүрлі салаларында биліктер шашырап кетті, ол барлық қазақ қауымының және оның мемлекеттік құрылуының орталықсыздандырылуына әкеп соқтырды. Хандық билікті ұйымдастыру. Қазақстандағы жоғары билік тек қана шыңғыстықтардың (төре) династиясынан сайланған ханның қолына шоғырланды. Хандық билік мұрагерлік болып есептелді. Ханның заңды мұрагері болып, әдетте оның балалары, ағалары және немерелері танылды. Мұраға қалдыру механизмінің негізінде меритократия принципі жатты, соған сәйкес сирек кездесетін ойға және қоғамға шынайы саяси әсер ететін адамдар хан болып сайланды. Көшпенділерде ондай ойға генеалогиялық иерархияда құрметті орынға ие, айтарлықтай ірі және күшті рулардағы басшылар немесе ру одақтары: арғындар, шектілер, наймандар ие болды. Сондықтан, Қазақстанда жоғары билікті ұстанушылар құдыретті рулардан пайда болған төре өкілдері болды. Алайда, кез-келген жағдайда хан тағына иелік ету тек қана қазақтардың атақты съездерінің келісімімен жүзеге асырылды. Қазақ қоғамында жоғары билік деңгейінде саяси реттеу функциясын ханның жақын туыстары орындады. Хан оларды ірі ру-тайпа бөлімшелеріне сұлтан етіп тағайындады, ол көшпелі ұжымда маңызды сепаратизмді билеуге және көшпенділердің шаруашылық және қоғамдық-саяси өмірін үйлестіруді жүзеге асыруға мүмкіндік туғызды. Осыған байланысты, қазақтарда хандық биліктің күші және тиімділігі хан мен беделді сұлтандардың арасындағы тәуелді байланыстың қаншалықты мықты екендігі анықталды. Хандық кезінде қазақтардың әдеттегі құқығында нақты регламенттелген құзыреті жоқ, хан кеңесі деп аталатын мерзімдік құрылатын органдар болды. Жоғары билік субъектілері мен саяси құдіретті көшпелі беделділер арасындағы шынайы қарым-қатынасқа байланысты қазақ қоғамындағы бұл органның атауы ауысып тұруы мүмкін болды. Хан кеңестері хабарласа отырып қазақтардың экономикалық және саяси өміріндегі кешенді мәселелерді талқылайтын және шешетін сұлтандардан, беделді билерден және барлық жүздердің батырларынан құрылды, олар сондай-ақ мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатындағы маңызды мәселелер бойынша шешім қабылдай алды. XVIII ғасырдың ортасында Қазақстандағы хандық биліктің жүйесі қазақ қауымының потестарлы-саяси ұйымын бұзуға әсер ететін, барлық кешенді факторлардың арасында ең белсенді (және дара) болып табылатын Ресей мемлекетінің саяси институтына қатты ұшырады. Көшпелілер қоғамында әлеуметтік сүйеніш іздеуде ресейлік әкімшілік-саяси жүйе қазақтардың әлеуметтік-саяси құрылымының кейбір тетіктерін сіңіріп алды, қазақстандық өңірде Ресей империясының мақсаттары мен міндеттеріне қолданылатын жаңа функцияларды орындау үшін, әскери-саяси күшті күшейте отырып, олардың билігін заңнамалы түрде бөліп тастады. Осының нәтижесінде көшпелі қоғамның дәстүрлі саяси институты, яғни сұлтандар, хандық билік қоғамның шаруашылық және қоғамдық дамуының динамикалық тепе-теңдігін қамтамасыз ететін әлеуметтік байланыстағы өзіндік интегративтік рөлді біртіндеп жоғалтты, осылайша осы қауымның құрылымындағы өздерінің орнын жоғалтты. XIX ғасырдың 20-40 жылдарында Батыс-Сібір және Орынбор әкімшілік органдары қазақтар орналасқан, оларға тиесілі ведомстволық бағынысты аумақтарда аумақтық-әкімшілік бөлуді жүргізді және олардың ортасында өзіндік нысанға ие болған орта және төменгі басқару тетігін ұйымдастырды. Орыс билігі құрған сұлтандардың, басқарушылардың, болысты басқарушылардың, ауыл старгиндерінің жаңа заңды институттары қазақ қоғамында табиғи өзіндік реттеу механизміне бағынбады, алайда сол кездерде ресейлік заңдардың бақылаушы және реттеуші функцияларына да бағынбады. Бұл көшпелі қоғамның әлеуметтік организмінде дағдарыс көріністерін тудырды және соның артынан әртүрлі әлеуметтік қабаттар тарапынан табиғи қысым көруді пайда қылды. Сонымен бірге, қазақтардың жерінде әкімшілік реформаны жүзеге асыру патша шенеуніктеріне көшпелі қауым ішіндегі саяси өзгерістерге белсенді және мақсатты ықпал етуге мүмкіндік тудырды және осылайша Ресей мемлекеті тарапынан қазақ қоғамының әлеуметтік инсититутына біртіндеп саяси- әлеуметтік абсобация процессінің басталуын алып келді. 10 Тақырып. 19 ғасырдағы Ресейдің Қазақ жерін аграрлық отарлауы, және онын тигізген зардаптары. Жоспары. 19ғ Ресейдің аграрлық отарлау саясатын ашып кең көлемде қарау Мақсаты. Отарлау саясатын тархнама деректери бойынша жеткізу. XIX ғ. аяғы мен XX ғ. басында Ресей үкіметінің империялық саясаты аясында шаруа бастықтары институтын зерттеу тарихнамада толыққанды және арнайы зерттеу нысаны болған емес. Сонымен бірге осы зерттеліп отырған мәселенің кейбір аспектілері XIX ғ. екінші жартысы мен XX ғ. басындағы Қазақстанның әлеуметтік- экономикалық дамуын қарастыратын зерттеулерде қарастырылған. Революцияға дейінгі тарихнамада қарастырылып отырған мәселе негізінен қонысаударушылардың тұрмысын, империяның шеткері аймақтарына шаруаларды қоныстандыру, XX ғ. басындағы Ресей үкіметінің аграрлық саясатын зерттеуде қаралды.Әрине, Ресейдегі аграрлық мәселелерді зерттеушілердің бірі А.Кауфман болды. Кауфман батыс аймақтағы қазақ халқының қауымдық құрылысының ерекшеліктерін зерттеді, әсіресе, Торғай облысының шаруашылық жағдайы, мал шаруашылығы мен егіншіліктің ерекшеліктері, қоғамның әлеуметтік құрылымы, жалпы алғанда, XX ғ. басындағы Қазақстанның аграрлық даму тарихын ғылыми зерттеуге түрткі болды. Кауфман Далалық өлкенің шаруашылық құрылысымен таныса келе төмендегідей қорытындыға келді; экономикалық тұрғыдан қарағанда климаттың өзіндік ерекшелігі жағдайында мал шаруашылығымен санасу керек, өйткені, бұл тиімді. Торғай облысының солтүстік уездерінің жерлерін зерттей келе Кауфман қонысаударушылар үшін белгіленген 15 десятина жер үлесі жоғары екенін анықтады, өйткені осы аудандардың жері құнарлы және мұқтажсыз өмір сүруге 8 десятина жер жеткілікті деп есептеді. Ресейлік қонысаударушылар алғашқыда қазақтардан жерді жалға алды, сөйтіп осы аймақтың құнарлы жерлеріне орналаса бастады. «Жерді күні бүгінге дейін жалға алу ... орыс қонысаударушыларын жермен қамтамасыз етудің жалғыз жолы болды...»деді. Жерді жалға алу далалы аймақты отарлаудың бірден- бір құралы болды, ол бірте- бірте кеңінен тарала бастады. Сонымен қатар, қонысаударушылар үкімет тарапынан жасалған шектеулер мен барлық кедергілерге қарамастан, жер алуға ұмтылды. XX ғ басында қонысаудару саясатының аграрлық мәселені шешпейтіндігін Кауфман түсінді, өйткені шет аймақтардың жер қоры шексіз емес еді. Кауфман аграрлық мәселенің мәнін шаруалардың жерге деген мұқтаждығы деп түсінді және осы мәселені шешуде шаруаларды қосымша жермен қамтамасыз ету керек деп білді. Оның пікірінше, мәселені шешу шет жерлерді отарлау есебінен емес, ішкі резервтерді пайдаланып, жерді бөлу арқылы жүзеге асуы керек. Оның идеясын Жетісуде қонысаудару ісінің меңгерушісі болып ұзақ жылдар істеген О.А.Шкапский қолдады, яғни Сібір мен Қазақ даласына шаруаларды қоныс аудару Ресейдегі аграрлы мәселені шешудің амалы ретінде қарамау керек деп есептеді. Ол қоныс аудару мәселесі жалпы аграрлық мәселенің бір бөлігін құрайды, қонысаудару отарланушы аудандарда жергілікті тұрғындардың мүддесіне қайшы келу себебінен Европалық Ресейдегідей өткір формада көрініс таппаса да аграрлық мәселенің туындауына себепкер болады деп есептеді. Әрине, зерттеліп отырған мәселенің төңірегінде Далалық өлкедегі егіншіліктің даму үрдісін баяндайтын еңбектер үлкен қызығушылық туғызады. Патша үкіметінің Далалық өлкедегі аграрлық саясатының отаршылдық мәнін Т.Сидельников те өз еңбегінде көрсетті. Мәселені зерттеуде маңызды құжаттар саналатын XIX ғ. аяғы XX ғ.басында іске кіріскен Қонысаудару басқармасының зерттеулері. Ф.Щербинаның жетекшілігімен Торғай облысының Ақтөбе және Қостанай уездері 1898-1899жж. зерттелді. Торғай облысының уездерін екінші рет зерттеу Қонысаудару басқармасының бастамасымен 1904-1910жж. жүргізіледі. Зерттеу жұмыстарының нәтижелері «Материалах по киргизскому землепользованию, собранные и разработанные Статистический партией Тургайско-Уральского переселенческого района»деп аталатын еңбекте жарияланып, сондай-ақ Ырғыз, Темір, Ақтөбе уездері бойынша жекелеген томдар жарық көрді. Жерге орналастыру және Егіншілік Бас басқармасы 1914 жылы қонысаудару басқармасының қызметін көрсеткен және Далалық өлкеге қоныс аударған шаруалардың Европалық Ресейдегі шаруаларға қарағанда ауылшаруашылық машиналарымен жақсырақ қамтамасыз етілгені жөнінде салыстырмалы деректер келтірген «Азиатская Россия» еңбегі жарыққа шықты. Сонымен бірге XXғ. басында патша үкіметінің отаршылдық саясаты, аграрлық және қоныстандыру мәселелері ұлттық интелегенция өкілдерін толғандырған өзекті мәселердің бірі болды. Ә.Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Тынышпаев еңбектерінде бұл мәселеге ұлттық мүдде тұрғысынан қаралды. Шаруа бастықтарының қазақтарды басқаруда кең құққа, зор өкілеттілікке ие болғандығы туралы Міржақып Дулатов өткен ғасырдың басында былай деп жазды. «Біздің қазақты көптен билеп келе жатқан үйез, крестьянский начальник, пристав секілді төрелер жұрт ісі түгел бұлардың қолында: тұр десе тұрады, жат десе жатады. Кристиянский начальник қазақтың қандай приговорларын бұзуға ерікті» деп жазды. Т.Шонанұлы Ресейдің отарлау саясаты, шаруалардың қоныстануы, қонысаударудың қазақ қоғамына тигізген зардаптары нақты деректермен беріледі. Революцияға дейінгі орыс тарих ғылымында шаруа бастықтары институты емес, орыс шаруаларын басқарудың кейбір аспектілері, шаруалардың құқықтары және земстволық басқарушылардың қызметінің ерекшеліктері зерттелді. 1917 жылғы революциядан кейінгі онжылдықтар бойы кеңес зерттеушілері шаруа бастықтары институтын мүлдем зерттеген жоқ. Дегенмен, осы кезеңде XIX-XX ғ. басындағы Ресейдегі тарихи жағдайды баяндайтын еңбектер жарық көрді. Кеңестік тарихнамада негізінен XYIII ғ. Ресей империясының оңтүстік- шығысындағы шаруалардың отарлауы және оның жергілікті халықтың тарихи тағдырына ықпалы жөніндегі мәселелер қаралды. Алғашқы кезекте Любавскийдің еңбегі империяның шеткері аймақтарын отарлаудың жалпы көрінісін, орыс шаруаларының орналасуы және олардың орыс емес халықтардың рухани және материалдық мәдениетіне ықпалы туралы жазды. Кеңестік дәуірде тарих ғылымында зерттеулер ең алдымен экспонизм: қосылу және жаулап алу мәселесі төңірегінде шоғырланды. Осындай тарихнамалық талдаудан шығатын қорытынды зерттеулерде ең басты назар осы далалық өлкені аграрлық отарлау мәселесіне аударылды. Әлеуметтік - экономикалық тұрғыда өзекті және күрделі мәселелердің қатарына Қазақстанның аграрлық тарихы болып қала берді. Осы тақырыпты Л.Ауезова., С.Сүндетов, В.Черняков,А.Гинсбург және т.б. зерттеді. Реформа жылдарындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық қатынастары П.Г.Галузоның еңбегінде жақсы қаралды. Патша үкіметінің аграрлық саясаты, қонысаударушылардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы қазақтың көшпелі қоғамында егіншіліктің даму ерекшеліктері Б.Сүлейменовтың еңбегінде қаралады. Дегенмен, жоғарыда аталған зерттеулерде шаруа бастықтары, олардың мемлекеттің және қазақ көшпелі қоғамындағы ролі айтылмады. XX ғасырдың 90 жылдары еліміздегі қоғамдық- саяси жағдайдың өзгеруіне байланысты тарих ғылымында жаңа бағыттар, жаңа көзқарастар пайда болды. Осы тұста белгілі құқықтанушы К.А.Жиреншиннің еңбегін бөліп айтуға болады, ол қазақ ғалымдарының ішінде алғашқы болып, Дала генерал- губернаторлығында шаруа бастықтары институтына назар аударғандардың бірі саналады. К.А.Жиреншин өз еңбегінде Далалық өлкеде аталмыш институтты енгізудің құқықтық механизмінің жекелеген көріністеріне, XX ғ. басындағы басқару жүйесінің ерекшеліктеріне тоқталды. Сонымен бірге, еңбекте аталмыш мәселе XIX ғасырда Қазақстанда патша үкіметінің жүргізген әкімшілік реформаларының аясында зерттелгеніне байланысты, шаруа бастықтары институты еңбекте жүйелі түрде ашып көрсетілмеді. 11 Тақырып. Қазақ қоғамы және реформаланган даладағы құқық Осы заманғы тарихнамалық ахуал қандай да бір қорытынды жасау үшін белгілі бір тәжірибе жинақтап қорытуды қажет етеді, сонымен бірге қазақ қоғамының әлеуметтік -экономикалық дамуы туралы мәселелерді талдап зерттеудің онан кейінгі жолдарын айқындауды талап етеді. Осындай мәселелердің бірі Ресей империясының аймақтық басқару моделін құрудағы тарихи тәжірибесі, орталық пен аймақтар арасындағы әкімшілік - саяси өзара байланыстардың ұйымдастырылуын зерттеу болды. Осыған байланысты империя кеңістігін кеңейтуге ықпал еткен факторлар көрсетілген, экономикалық және саяси дамудың түрлі сатысында тұрған және біртұтас геосаяси кеңістікте түрлі социо-мәдени және этноконфессионалды параметрлері бар халықтарды біріктіруге мүмкіндік берген империялық басқару механизмін айрықша көрсеткен «Национальные окраины Российский империи» деп аталатын еңбек үлкен қызығушылық туғызады. Дегенмен, бұл зерттеуде де XX ғ. басындағы Қазақ даласындағы қазақ халқына да, орыс халқына да қатысты әкімшілік басқару бірлігі шаруа бастықтары институтының енгізілуіне назар аударылмады. Қазақстанда шаруа бастықтары институтының енгізілуі,мақсаты, жергілікті әкімшіліктің көзқарасы туралы А.Ю.Быковтың еңбегінде аталып өтеді. Қазақстандық зертеушілердің ішінде М.Қойгелдиевтің еңбегінде Ресей отаршылдығының қазақ жеріндегі негізгі ерекшеліктері, Ресей билігі орнықтырған заңдар жүйесіне тоқталады, қазақ жеріне орыс шаруаларының жаппай қонысаударуы барысы, зардаптары, қазақ облыстарын басқарудың әкімшілік аппараты, патша шенеуніктердің жүгенсіздігі, соның ішінде Қарқаралы уезінің шаруа бастығы Цыловтың әрекеті баяндаладыК.Нұрпейісов өз зерттеуінде XXғ. басындағы қазақ өлкесіндегі саяси ахуалдың аграрлық, ұлттық мәселелердің шиеленісуімен ерекшеленгенін, осы шиеленістен туындаған аграрлық және ұлт-азаттық қозғалыстардың ең алдымен отаршылдыққа қарсы бағытталғандығын атап өтедіМұхтар Құл- Мұхаммед шаруа бастықтары институтының 1902 жылы қазақ даласында енгізілуі туралы және сондай –ақ автор мұрағат қорынан алынған шаруа бастығының қазақ халқына көрсеткен озбырлығы, түрлі жүгенсіздіктері туралы жазған заңгер Ж.Ақпаевтың 1905 жылы сенатор Паленге жазған арыз-хатының толық мәтінін келтіреді. Қазақстанды отарлау мәселесін Е.Ж.Валиханов еңбегінде жаңа көзқараспен көрсетсе, Б.М. Абдрахманова XIX ғасырдағы Қазақстанның әкімшілік-басқару жүйесі, әкімшілік- территориялық құрылымын зерттеп жазды. Америка тарихшысы М.Олкотт Қазақстанға қонысаударушылардың ағылып келуі, қазақ халқының мүддесінің еленбеуі, орыс үкіметінің империялық саясатын ашып көрсетеді, тіпті қазақтардың мүддесі толығымен империяның мүддесінен жоғары тұруы мүмкін екендігі туралы пікірді Министрлер Кеңесінің төрағасы П.А.Столыпин қабыл алмады деді. Сонымен бірге М.Олкотт П.Столыпиннің қазақтар теріс қарым - қатынастың құрбаны болған жоқ, оларға берілген 15 десятина жер егіншілікпен айналысуға толық жеткілікті, ал қазақтардың мәдениеті мен олардың темпераментінің ерекшелігі Ресей мемлекетінің қарқынды дамуы мен өрлеуін бәсеңдетуге дәлелді себеп бола алмайды деген сенімде болды деп нанымды көрсетедіШетел зерттеушілерінің ішінде Дж Демко «Орыстардың Қазақстанды отарлауы» (1896-1917жж) еңбегін атап өткен жөн. Автор еңбегін орыс зерттеулері негізінде жазып, тек статистикалық мәліметтерді келтірумен шектеледі. Сонымен бірге шетелдік зерттеуші ғалымдардың қазақ жерін отарлау мәселесі жайында К.Л. Есмағанбетов, М.Лаумуллиннің, Қ.Р. Несіпбаеваның,Р.М. Таштемханованың еңбектерінде қаралды. Қазақстанда шаруа бастықтары институтының енгізілуі Ресейдің қазақ даласындағы отарлау саясаты, қазақ жеріне орыс шаруаларының қоныстануына арналған Р. Сариеваның Д. Абеновтің зерттеу жұмыстарында, Қазақстанда шаруа бастықтары институтының енгізілуі, және осы институттың жергілікті халықты орыс үкіметіне бағындыру, отарлау міндетін жүзеге асыру, орыс қоныс аударушыларын түпкілікті қорғау үшін қажет болғандығы атап өтеді. Сонымен, Дала генерал-губернаторлығында шаруа бастықтары институтының енгізілуі және оның қызметі мәселелері революцияға дейінгі, кеңестік және посткеңестік кезеңдегі тарихнамада арнайы зерттелмеген тақырып болды. Осыдан шығатын қорытынды- аталмыш мәселе архив деректеріне, тарихи фактілерге сүйене отырып нақты зерттеуді қажет етеді. 12 Тақырып ХIХ Қазақ халықтың ұлттық отарлаудан босау қозғалысының тарихының көкейкесті мәселелері. “Тарихсыз халық тұл демекші” әр халықтың өзіндік өткені жолы, даму тарихы болады. Еліміздің ұлттық тәуелсіздік алуы – қазақ халқының тарихи даму жолына қатысты жаңа көзқарастар туғызды. Бұл көзқарастардың негізі – қазақ қоғамы дамуының жолы да халықтар мен мемлекеттердің қалыптасуына ортақ сипаттарымен байланысты екендігінде. Қандай да болмасын мемлекет сыртқы басқыншылыққа қарсы күрес пен ұлттық тәуелсіздік және әлеуметтік теңдік үшін күрес үстінде қалыптасып, жетіледі. Кеңес дәуірінде қалыптасқан сыңаржақ ұғымдар бізге осы түркі әлемінің тарихи шындығын мойындатпайтын еді. Себебі, халықтың ұлттық тәуелсіздік үшін күресін, отарлау басқыншылығына қарсы наразылықтарын, ұлтшылдықтың тар шеңберіне тығып, тарихи фактілер жайында теріс қорытындылар жасауға тырыстық. Соның арқасында, өз еркімізбен отар болуға құлшынған ел болып көріндік. В.Лениннің сөзімен айтқанда жабайы, жартылай жабайы, қазақ халқы ұлы орыс халқының көмегімен ғана ел болып, көшпелі тұрмыстан отыршылыққа ауысты, орыс мұжығынан жер өңдеп, егін салуды үйрендік, бұрын екі пайызы ғана хат танитын халық Ұлы Қазан төңкерісінен соң ғана жазу мәдениетіне ие болды. Осындай жалған тұжырымдар бүкіл түрік әлеміне қалай ықпал еткенін бүгін әркім- ақ көріп отыр. Яғни отаршылдықтың негізгі мәселелеріне қатысты сыңаржақ тұжырымдар жасауға әкеліп соқтырады. Осы проблеманың өзекті мәселелерін шынайы зерттеуге тырысқан ғалымдар қуғын - сүргінге ұшырады, тарихи зерттеулердегі жаттанды біржақтылық тарихшыларға өз көзқарастарын ашып айтуға мүмкіндік бермеді. Қазір егеменді ел болған кезімізде, сол бұрмаланып келген оқиғалардың ақиқатын анықтап, тарихи шындықты қалпына келтіретін мезгіл жетті . ХХ ғасырдың басында саяси, экономикалық зор мәні бар жер және қоныстандыру мәселерін ұлттық интелегенция өкілдері: М. Дулатов, С. Асфендияров, А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, М. Тынышбаев т.б. толғандырған ең өзекті мәселелердің бірі болды. Олар шаруалар отарлауына ұлттық мүлде тұрғысынан қарап, орыс мұжықтарының қазақ жеріне қоныстануы жергілікті халықты қайғылы зардаптарға ұшыратқанын батыл айыптады. Түркі өркениетінің дамуына өлшеусіз зор үлес қосқан Қазақстан, қазақ халқы, қазақ жері дейтін болсақ, сол қазақ халқы патшалық отарлау саясаты мен коммунистік үстемдік кезіндегі қоғамдық және ғылыми өмірден шектен тыс идеологияландырылуы қазақ халқының түркі өркениетіне қосар үлесіне кері әсерін тигізді. Ол әсіресе қазақ жерін орыс шаруаларының отарлауы және оның қазақ қоғамына тигізген ауыр зардаптарынан көрінді . Кең байтақ туған жері дәстүрлі шаруашылығының негізі және тіршілігінің көзі болып табылған қазақтың «жер дауы жесір дауы» деген қанатты сөздеріне жер дауының бірінші аталуы тегін емес еді. Өйткені «кіндік қаным тамған» деп ата жұртын аса қастерлеген халқымыз үшін жер мәселесі көкеикесті мәселе болып табылды. Патша өкіметінің отарлау саясатының нәтижесінде қазақ халқы жарамсыз аймақтарға ығыстырылды, соның салдарынан кедеиленді аштыққа ұшырады, тіпті қырылып жатты. Ол турасында алаш қайраткерлерінің бірі М. Дулатовтың өзінің жер мәселесіне арнаған мақаласындағы «қазақ жері патша мүлкі саналып, сол себепті милиондаған жерсіз мұжықты өкіметтің қазақ жеріне қондыруы, бұл тілеусіз қонақтап келе бастағаннан бері жер тарылып, ата мекеннен ірге қозғалып қазақтың шаруасының күйзелуі, он бес, жиырма жылдан бері бүл көшпелі мұжықтардың келіп бітіуінің ұшы көрінбей бұлай болғанда да енді аз жылда қазақ халқы ең жаман жерге сорлап қалып ақырында пақырлыққа жетуі ықтимал « /1/деген сөздері расталған болатын . Шаруаларды қазақ даласына орналастыру Ресей империясының тек экономикалық қана емес, сонымен қатар саяси мүлдесімен де астасып жатты. Патшалық әкімшілік қоныстанушы мұжықтарды өзінің өлкедегі отарлық саясатын жүзеге асырудағы саяси-әлеуметтік тірегіне айналдыру мақсатын қойды. Яғни, шаруалар отарлауы арқылы патша үкіметі жаулап алынған аймақтарға берік табан тіреуді көздеді. Осы мәселені зерттеушілердің бірі ғалым тарихшы Ә.Б. Тұрсынбаев өз еңбектерінде қоныстандыру саясатының себептерін, мақсатымен барысын және нәтижелерін талдап отандық тарих ғылымына салмақты үлес қосты ол патша үкіметінің қоныстандыру саясатының реакциялық сипатын ашып көрсетті. Автор қазақ халқының ата-қонысының тарылып жерінің келімсектерге күшпен үлестірілуі, соның салдарынан қазақтардың кедеиленіп, қырылуы қоныстандыру саясатының нәтижесі екендігін және бұл жағдайлар революцияға дейінгі кезеңдерде одан әрі жалғасуын ашып көрсетті. Патшалық министрлер кеңесінің мәжілісінде «Амереканы отарлау барысында жергілікті халықтарға қатысты қандай саясат жүргізелсе қазақтардың жерін тартып алу кезінде де сондай әрекет жасалу керек деген пікір айтылған. Ал өзен көлдер бойындағы, орманды жерлердің тартып алынуы, қазақтарды құмды, шөлді жерлерге кетуге мәжбүр етті. Бұл жағдай жергілікті халықтың дәстүрлі шаруашылығын бұзып, ата қонысын қазақтар арасында жер тартысын, ру аралық өшпенділікті тудырды. Рулар арасындағы өшпенділіктің шиеленісуі қазақ қоғамының бөлшектенуіне апарып соғатыны белгілі. Мұның бәрі , әккі патшалықтың түпкі отарлық «бөліп алда билер бер» пиғылымен астасып жатқан болатын. Тарихшы Ә.Б Тұрсынбаев өз зерттеуінде қоныстандыру барысын 1) Сібір темір жолына салуға дейін : 2) Сібір темір жолы комитетін құрғаннан кеиінгі қоныстандыру қозғалыс. Столыпиндік реакция кезіндегі қоныстандыру қозғалысы кезеңдеріне бөлді. Тарихшы ғалым аталған зерттеуінде қоныстандыру саясатының кезеңдерін бір жерге жинақтап көрсетпесе де, оның мақсатын, сипатын, себептерін, барысын шартты түрде жоғарыдағыдай кезеңдерге бөлу арқылы көрсеткен (2). Ал тарихшы Е. Бекмаханов бұл саясатты шартты түрде екі кезеңге бөліп қарастырады 1) 1870-1889 жылдар 2) 1890-1897 жылдар. Патша үкіметі отаршылдық саясаты арқылы қоғамдық өмірінің әр саласына өзінің кері әсерін тигізді. Яғни қазақ халқының атадан балаға мұра болып келе жатқан ұлттық дәстүрі мен рухани байлығының түбіне балта шауып, экономикалық құрылымының күизелуіне рухани бастауларының құлдырауына алып келді. Ә.Б Тұрсынбаев шаруалар отарлауы біржағынан патша өкіметінің әлеуметтік саяси тірегін күшейтуге, екінші жағынан қазақ жерінің орасан зор байлығын тартып алуға негіз болды. Шаруалар отарлауының барысында қазақтардың тарихи қалыптасқан шаруашылығы күйзелді, мал шаруашылығы дағдарысқа ұшырады, мешіттері орыс қоныстарының арасында қалды, ата-бабасының бейіттері тапталды, халықтың тілі мен діні жойылып соның негізінде қазақтарды орыстандырып шоқындыру мақсатымен орыс шаруаларын қазақтармен араластыра орналастырды. Сөйтіп шаруалар отарлауы, қазақтардың әлеуметтік – экономикалық рухани мүделерін тәрік етті деп жазды. Осылайша қазақ даласындағы өзінің саяси билігімен тірегін нығайтқан патшалық Ресей түркі өркениетінің бір тірегі Орта Азия территориясын жаулап алу плацдарымына айналдыра алатынын жақсы түсінді. Патша үкіметінің қазақ халқына қатысты осындай саясатын М. Тынышпаев үкіметтің нені көздеп отырғаны түсінікті; біріншіден, жабайы және тағылық қуғын –сүргіндер және тілді, әдет –ғұрыпты барлық өзіндік ерекшелікті қыспақа алу арқылы қазақтарды дербес ұлт ретінде жою және бүкіл өлкені орыстандыру; екіншіден, түрлі әкімшілік шаралар, пәрмендер мен ережелер күші мен қазақтарды құқсыз, қауқарсыз, заңсыз тобырға айналдыру, үшіншіден, оларды қаны төгіліп, сүйегі шашылған ата қоныс жерлерінен айыру және қара дүз, қудалаға ажал апанына айдау қандай қанқұйлы зымиян мақсат деп айыптады Ойымызды қортындыласақ , патша үкіметі өзінің қоныстандыру саясаты арқылы, біріншіден, Ресейдегі жер шиеленісін қазақ жеріне орыс мұжықтарын қоныстандыру арқылы шешу, екіншіден, көшіп келген орыс шаруаларын өзінің әлеуметтік –саяси тірегіне айналдыру, үшіншіден, қазақ жерлерін Орта Азия бағытындағы өзінің стратегиялык мақсаттарын жүзеге асыру жолындағы плацдарм ету, төртіншіден өлкенің жер байлығын тонау, елді өзінің шикізат көзіне айналдыру, бесіншіден , орыстар санын арттыру, сөйтіп, жергілікті халқты орыстандыру, алтыншыдан, осы шараларды пайдаланып , қазақ халқының саяси бірлігі мен тұтастығына жол бермеу және қазақ елін Ресейдің түпкілікті отарына айналдыру мақсатын көздеді. 13 тақырып. Қазақ диаспорасындағы маңызды сұрақтарды талдап үйрену Жоспар 1Қазақ диаспорасының қағидалы мәселелері 2 Қазақ диаспорасының іргелі мәселелерін жаңаша көзғараспен зерттеп білу Мақсаты. Қазақ ғалымдарының диаспора туралы жазбаларын қарастырып, оқып уйрену. Шетелдегі қазақ диаспорасының тарихи отанына оралуын және қазақ баспасөзіндегі оралмандар мәселесіне байланысты зерттеулер қарастырлады. Олар: Кеңестік және қазіргі кезеңдегі іргелі зерттеулер; және бүгінгі зерттеушілердің әртүрлі мақалалары. Кеңес Одағы кезінде шетелдегі қазақтарды зерттеу ойдағыдай жолға қойылды деуге келмейді. Бұрынғы кездердегі асыра сілтеулерге байланысты билік басындағы әміршіл-әкімшіл жүйе барынша өз қателігін бүркемелеуге тырысты. Жаппай кеңестік ұлт құруға құлшынып отырған елде жекелеген ұлттардың ұлттық мүддесі мүлде ескерілмеді. Мұндайда шетелдегі қазақтар туралы салиқалы ой қозғау мүмкін болмады. Шетелдегі қандастарды ішке тарту былай тұрсын, оларды көбіне отан сатқындары, коммунизмнің жаулары ретінде көрсетуге тырысты. Елдегі қазақтардың олармен қарым-қатынас жасауына тыйым салынды. Шетелдегі қандастар туралы жазылған ғылыми жұмыстар қатал цензурадан өтті. Кейбіреуі қорғауға жіберілмеді. Мұндай жағдай шетелдегі қандастарымыз туралы жүйелі ғылыми түсініктің қалыптасуына кедергі болды. Соған қарамастан, шетелдегі қазақтардың тарихы туралы біраз ғылыми жұмыстар қорғалды. 1970 жылдары Л. Бадуамов «Шыңжаң қазақтарының Ұлы ықпалы мен төнкерісі» туралы диссертациясын қорғады Шетелдегі қазақтар туралы шамалы мәліметтер «Қазақ совет энциклопедиясына» енгізілді. Шетелдегі отандастармен байланыс жасайтын «Біздің Отан» (кейінгі «Шалқар») газеті тұрақты шығып тұрды. ҚазКСР. ҒА. М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты шетелдегі қазақтардың рухани мұрасы туралы қолжазбалар қорын жасақтап, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргіздіҚазахстане (1917-1980 гг.)» монографиясы аталған мәселе туралы тұңғыш рет талданып, қорытылған еңбек болып табылады. Бұл монографияда Қазан төңкерісінен кейінгі ұзақ кезең ретінде көп ұлтты Қазақстандағы ел-жұрт мәселелері елдегі көкейкесті әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер тұрғысынан кеңінен зерттелді. Жоғарыдағы авторлар ХІХ ғасырдың аяғынан ХХ ғасырдың 80-жылдарына дейінгі кезеңдегі көші-қон мәселерлеріне де көңіл бөледі. Бірақ, идеологиялық шектеулердің салдарынан шетелдегі қазақ диаспорасы мәселесі жұмыста кеңінен қарастырылмаған. Қазақтардың шет жұрттарға бытырай қоныстануының саяси және тарихи себептері терең талданбаған. М.Х. Асылбеков пен В.В. Козинаның «Демографические процессы современного Казахстана» атты монографиясында 1980-1990 жылдардағы демографиялық үрдістер, ел-жұрттың саны, даму динамикасы, оның сапалық көрсеткіштері, жыныстық, жастық құрамы, т.б. талданған Бұл еңбекте қазақтардың өз елінде азаю себептері талданғанымен, шетелдегі қазақтар мәселесі, оларды елге қайтару ісінің еліміздің демографиялық хал-ахуалымен болған тығыз байланысы қарастырылмады. Кеңестік дәуірдегі Қазақстандағы өзге ұлт диаспоралары тақырыбына да біршама зерттеулер жүргізілді. Кезінде өлкедегі жұмысшылардың қалыптасуы мен дамуын тарихи демографилық тұрғыда зерттеу мәселесі көп жақты күрделі құбылыс болғандықтан, мәселенің демографиялық, этнографиялық, экономикалық, әлеуметтік аспектілері баса қарастырылды. Мысалы, заң ғылымының кандидаты А.М. Нұрмағамбетовтың Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығының құқықтық мәселелеріне арналған жұмысында осы заманғы ішкі көші-қон мәселеріне, атап айтқанда, еңбек көші- қоны, оның Қазақстандағы нарықтың жай-күйіне ықпалы қарастырылған А.М. Нұрмағамбетов «экономикалық босқындар» деп аталатын ерекше әлеуметтік топты бөліп көрсетті. Тәуелсіздік жылдарында алғашқылардың бірі болып қазақ диаспорасы жайында Г. Меңдіқұлованың «Казахская диаспора: история и современность» еңбегі жарық көрді Автор еңбегінде шетелдегі қазақ диаспорасының қалыптасуы мен қазіргі қал-жайына, Қазақстанмен байланысына кеңінен тоқталады. Еңбекте автор қазақ диаспорасының қалыптасуының тарихи себептерін талдай келе, шетелдегі қазақтарды «диаспора» және «ирридент» деген екі топқа бөлді. Ол бойынша шалғай шет елдерге: Ауғанстан, Иран, Түркия, Германия, АҚШ, Франция секілді Қазақстан шегінен оқшау, жырақта тұрған елдердегі қазақтарды «диаспора» деп, ал Қазақстанмен шекаралас, біртұтас геотарихи аумақта өмір сүрген қазақтарды «ирридент» деп атайды. Соңғысына Қазақстанмен көрші немесе оған жақын жатқан Қытай, Ресей, өзбекстан, Моңғолия елдеріндегі қазақтар жатады. Бұл елдердегі қазақтар өздерінің байырғы ата мекенінде жұбын жазбай, шоғырлы түрде отырғандықтан, ұлттық мәдениетін, тілін, салт-дәстүрін толық сақтаған деп айтуға болады. Ал диаспора аталған алыс шетелдердегі қазақтар өздерінің тілі мен салт-дәстүрінен ажырап қалған. Г. Мендіқұлованың аталған зерттеу еңбегі тәуелсіздіктің алғашқы кезеңіндегі біршама жан-8 жақты зерттеген, қоғамда, әсіресе орыс тілді ортада олар туралы дұрыс көзқарастарды орнықтыруға әсер еткен бірегей еңбек деуге толық негіз бар. Осы заманғы отандық саяси ғылым шеңберінде көші-қон демография саласын зерттеудің негізін қалаушылар ретінде М.Б. Тәтімов, Н.В. Алексеенко, Ә. Ғали, Д. Ғали сынды ғалымдарды айтуға болады Аталмыш ғалымдар көші-қон мәселесін түрлі қырынан зерттеп, оның құқықтық-экономикалық және әлеуметтік- саяси жақтарына тұжырым жасады. Бұл еңбектер Қазақстандағы көші-қон мәселесі мен демографиялық жағдайды сипаттап қана қоймай, ондағы көкейтесті мәселелерді дәл көрсете алуымен құнды. Қазақстандағы көші-қон тарихына қатысты, халықаралық денгейде маңыздылық танытатын күрделі үрдістерді қарастырған, «Қазақ диаспорасы: Бүгіні мен ертеңі» атты монография жарық көрді. Бұл ұжымдық еңбекте диаспоратанудың және қазақ диаспорасының іргелі мәселелері қарастырылған Халқымыздың өз тағдырына деген ерекше ықыласы ХХ ғасырдың басында ерекше көрініс алғаны баршаға белгілі. Ол ХХІ ғасырдың басында да солай қайталанды. Академик Ә.Н. Нысанбаевтың редакторлығымен шыққан «Еуразиялық интеграция және қазақ диаспорасы» атты еңбекте қазіргі жаһандану заманындағы еуразиялық кеңістікте орын алған қазақ диаспорасының маңызды мәселелері жан-жақты зерттелген [11]. Қазақ диаспорасының қалыптасуында кеңестік тоталитарлық жүйенің де қосқан үлесі мол болды. Ресей ғалымы И.И. Алиевтің «Этнические репрессии» атты монографиясын осы мәселелерді қарастырған еңбектердің қатарына жатқызамыз Ол ұлттардың репрессияға ұшырау себептерінің саяси қырларын ашып көрсетеді. Бұл үрдістің бел ортасында қазақ халқының да болғаны белгілі. 1991-жылдардағы көші-қон үдерісіне көптеген Қазақстандық ғалымдардың мақалалары арналды және Қазақстандық тарихшылардың келесі бір тобы - Кеңес дәуірі мен қазіргі кезеңдегі көші-қонның біртұтас жүйесін терең зерттеуді мақсат тұтты. Бұл ретте А.Т. Тілесовтың «Саяси-әлеуметтік өзгерістер жағдайындағы Қазақстан Республикасының көші-қон саясатының қалыптасу ерекшеліктері» Б.Р. Найманбаевтың «Қазақстандағы 1970-1999 жылдар аралығындағы көші-қон (миграция) процестерінің тарихы» Қ.А. Енсеновтің «Қазақстандағы көші-қон процестері және оның зерттелуі (1926-1959)» Ә.Б. Аманның «Батыс Қазақстанның ауыл халқы: тарихи демографиялық аспект (ХХ ғасырдың 20-80 жылдары)» сияқты еңбектерін атауға болады 1991 жылдардан бастап Қазақстанның көші-қон және демографиялық жағдайына, еліміздің саяси-экономикалық, әлеуметтік, мәдени, рухани өміріне ерекше өзгерістер ала келген ағайындар туралы, олардың тарихи Отанына оралуы мен жерсіндірілуіне, жалпы оралмандар мәселесіне арналған іргелі зерттеулер жарық көре қойған жоқ. Ғалымдарымыз шетелдегі қазақ диаспорасы мәселесін жекелеген мемлекеттер бойынша, белгілі бір мәселе төңірегінде зерттеді деуге болады. Бұл еңбектерде қазақ халқының бір бөлігінің түрлі тарихи жағдайда, әсіресе, Кеңес одағының әміршіл-әкімшіл саясаты 9 салдарынан өз ата қоныс жерімен қоса шетелдік болып қалғанын немесе алыс шетелдерге бас сауғалағаны тарихи тұрғыдан біршама зерттелгенімен, 1991 жылдан бастап жаппай үрдіс алған көші-қон жағдайы жүйелі зерделенген жоқ. Бірақ, оралмандардың елге келуі мен олардың орналасуы, азаматтық алуы, әлеуметтік қамтылуы т.б. мәселелер қазақ баспасөзінде көптеп көтеріліп келеді. Қазақстандағы көптеген қоғам және мемлекет қайраткерлері оралман мәселесіне көңіл бөліп, оның шын мәніндегі ұлттық саясат деңгейіне көтерілуіне, Үкімет саясатының басым бағыттарының бірі болу керектігіне ықпал етіп келеді. Бұл қатарда Ш. Мұртаза, М. Мағауин, М. Жолдасбеков, А. Жағанова, М. Шаханов, А. Сейдімбек, Б. Тілеуханов, Б.Тайжан, Ә. Ысқақ, У. Қалижан т.б қайраткерлерді айрықша атап өткен жөн. Бұл іске Тәуелсіздіктің алғашқы кезінен елімізге шетелдерден көшіп келіп, азаматтық алған және Қазақстанда бір кісідей еңбек етіп жүрген оралман зиялыларының өкілдері де атсалысып келе жатқанын атап өтуіміз керек. Олардың қатарында шетелдегі отандастарымыз бен олардың елге оралуы жөнінде өзіндік зерттеу материалдарын жариялап, пайдалы ұсыныстарын, ой-пікірлерін айтып жүрген З. Қинаятұлы, Н. Мұқаметханұлы, Т.Зәкенұлы, З. Қабылдинов, А. Мауқараұлы, Ж. Қамайұлы, И. Жеменей, Қ. Бодаухан, Р. Айыпұлы, Е. Кәпқызы, Н. Бұлытай, Б. Қайратұлы, А. Ахметбекұлы сынды азаматтардың қосқан үлесі зор. Олардың мазмұнды мақалалары, шетелдегі қандастар туралы зерттеулері мерзімді баспасөз беттерінде жарық көрді. Шетелдердегі этникалық қазақтар тақырыбын бірінші болып көтерген және ол туралы үзбей жазып келген халықаралық «Шалқар» (бұрынғы «Біздің Отан») апталық газеті еді. Кеңес Одағы кезінде жарыққа шыққан бұл газет шетелдегі қазақтарға Кеңес Одағының қазақтар қоныстанған елдердегі елшіліктері арқылы тегін таратылып, шетелдегі қазақ диаспорасымен байланыс жасаудың бірден-бір рухани құралына айналды. Газет беттерінде үнемі шетелдегі қазақтардың айтулы тұлғалары туралы таныстыру мақалалары, тарихи деректер, Қазақстан туралы жағымды жаңалықтар жарияланып тұрды. «Шалқар» газетімен бір уақытта шетелдегі қазақтар тақырыбын жиі тілге тиек еткен «Қазақ әдебиеті» газеті болды. Онда әсіресе шетелдегі отандастарымыздың әдебиеті мен мәдениеті туралы жазылды әрі шетелдегі қазақ жазушыларының шығармаларына да орын берілді. Қазақ баспасөзінде алғашқылардың бірі болып «Қазақ әдебиеті» газетінде Б. Тоқанұлының 14Тқырып .1917ж отандық тарихының көкейкесті сұрақтары. Уақытша үкіметтің халық күткен аграрлық мәселені шеше алмауы, езілген халықтарға өзін-өзі билеуі немесе автономия алу мәселесін күн тәртібіне қоюға тырыспауы, жұмысшыларға 8 сағаттық жұмыс күнін енгізу сияқты көкейкесті мәселелерді шешпеуі халық наразылығын одан әрі күшейтті. 1917 ж. жазының соңы мен күзінің бас кезінде бүкіл Ресейдің жер-жерінде бұқараның Уақытша үкіметке деген қарсылығы өсе түсті. Бұл Кеңестердегі большевиктердің ықпалының артуына жағдай жасады. Ал Корнилов бүлігінің талқандалуы большевиктер беделін біржола көтерді. Осындай жағдайда большевиктер партиясы 1917 жылғы шілде оқиғасынан кейін алынып тасталған “Барлық билік Кеңестерге берілсін” деген ұранды қайта көтерді. Енді бұл ұран қарулы көтеріліске, Уақытша үкіметті құлатуға, пролетариат диктатурасын орнатуға бағытталды. 1917 ж. 24 қазанда (6 қарашада) Петроградта қарулы көтеріліс басталды. Келесі күні көтерілісшілер қаланың ең маңызды объектілерін басып алды. 1917 ж. 25 қазанда (7 қарашада) Әскери-революциялық комитет Уақытша үкіметтің билігінің жойылғандығын жариялады. Осылайша Қазан төңкерісі жеңіске жетті. Қазан қарулы көтерілісінің Петроградта жеңіске жетуі, сондай-ақ Қазақстанмен іргелес Ташкент, Омбы,Орынбор, Астрахань тәрізді ірі қалаларда Кеңес өкіметінің орнауы Қазақстанда да биліктің Кеңестердің қолына өтуіне ықпал етті. Алайда Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату төрт айға, 1917 ж. соңынан 1918 ж. наурызына дейін созылды. Бұл процесс аймақтың әлеуметтік–экономикалық және мәдени баяу дамуымен, ұлтаралық қатынастардың күрделілігімен, жұмысшылар мен большевиктік ұйымдардың аздығымен шиеленісе түсті. Кеңес өкіметінің Қазақстанда орнауына Ленин бастаған большевиктердің халыққа бейбітшілік, жұмысшыларға зауыт пен фабрика, шаруаларға жер, ұлттар мен ұлыстарға теңдік пен бостандық беру жөніндегі уәдесі өз септігін тигізді. Кеңес үкіметін орнатуға Орал, Жетісу, Сібір, Орынбор казак әскерлері мен құлаған Уақытша үкіметтің жақтастарының табанды қарсылық көрсетуі жағдайды одан әрі шиеленістіре түсті. Кеңес өкіметі Уақытша үкіметтің жақтастары қарулы қарсылық көрсете алмаған Сырдария, Ақмола облыстары және Бөкей Ордасында бейбіт жолмен орнады. Ал, Торғай, Орал, Орынбор, Семей және Жетісу облыстарында Кеңес өкіметін орнату үшін қиян-кескі күрес болды. Облыстық орталықтар мен уездік қалаларда кеңес өкіметі қызыл гвардиялық отрядтардың және жергілікті горнизондар солдаттарының қарулы көтерілісі арқылы орнады. Перовск (Қызылорда) жұмысшылары мен солдаттары өкімет билігін 1917 ж. 30 қазанда (12 қараша) өз қолына алды. Ташкентте Кеңес үкіметі 1917 жылы 1 қарашада кескілескен ұрыс нәтижесінде орнады. Ал 1917 жылдың қараша айының орта кезінде Кеңес өкіметі Черняев (Шымкент) қаласында жеңді. Қараша- желтоқсан айларында Кеңес өкіметі Әулиетада, Түркістанда, Қазалыда, Арал поселкісінде және облыстың басқа да ірі елді мекендерінде бейбіт жолмен орнады. Көкшетау, Павлодар, Атбасар, Өскемен уездерінде казак-орыс әскерлерінің басым болуынан Кеңес өкіметі үшін күрес біраз қиындыққа кездесті. Кеңес өкіметі 1918 ж. наурыз айында Жаркентте, Сергиопольде (Аягөзде), Талдықорғанда, сәуірдің бас кезінде Лепсіде орнады. 1917 ж. соңы мен 1918 ж. наурызы аралығында Кеңес өкіметі Қазақстанда негізінен қалалар мен басқа да ірі халық тығыз орналасқан жерлерде орнады. Кеңес өкіметін орнатумен бірге өлкенің шаруашылығы мен мәдениетін қайта құру шаралары қатар жүргізілді. Өнеркәсіп орындарында, мәселен Спасск заводында, Қарағанды шахтасында, Успен кенішінде, Ембі мұнай кәсіпорындарында бақылау қойылып, сондай-ақ банктер мемлекет меншігіне көшірілді. Кеңестердің 2-ші Бүкілресейлік съезінде қабылданған Жер туралы декрет бойынша алғашқы шаралар жүргізіле бастады. Қазан төңкерісінің алғашқы күндерінен бастап-ақ облыстық және уездік орталықтарда да жұмысшылар мен шаруалардың өкіметін нығайту ісі, ауылдық және селолық Кеңестерді құру ісімен бірге жүргізілді. Алайда ауылдың экономикалық және мәдени жағынан артта қалуынан туындаған қиыншылықтар, әлі де күшті рулық байланыстар қазақ ауылдары мен болыстарында Кеңес өкіметінің органдарын ұйымдастыру жөніндегі жұмыстарын қиындатты. 1918 жылдың күзінен бастап басқарудағы ала-құлалық жойылып, билік Кеңес атқару комитеттері қолына алына бастады. Сонда да болса, ауыл- селоларда әлі Кеңестер күш ала алмай жатты. Кеңес өкіметінің нұсқау, жарлықтарын іске асыруға қарсылық күшті болды. Халық азық-түлік тапшылығынан зардап шекті. Кеңес өкіметіне қарсы күштер бас көтерді. Кеңеске қарсы күштердің қарсылығын басу үшін, жергілікті жерлерде өкімет билігін нығайту қажет болды. Кеңес өкіметін нығайту жолындағы күресте облыстық және уездік кеңестер съездері көп роль атқарды. Облыстық, уездік, болыстық кеңестерде жер, азық-түлік, шаруашылық, сот, бақылау, қаржы бөлімдерінің жұмысын жолға қоюға бағытталған шаралар іске асырылды. Кеңестердің жанынан еңбек, ағарту, денсаулық сақтау т.б. бөлімдері ашылды. Кеңес қызметкерлерін даярлайтын курстар жұмыс істей бастады. Осындай төңкерістік шараларды іске асыру барысында, асыра сілтеушілік, солақайлық, теріс әрекеттер орын алып, Кеңес өкіметіне деген сенімсіздік күшейді. Әсіресе, Қазан төңкерісінің жеңісінен кейін ұлттық, ең алдымен ұлттық- мемлекеттік құрылыс мәселелері өткір сипат алып, талқылана бастады. Кеңес өкіметінің ұлттық саясатының негізгі принциптері маңызды екі құжатта - 1917 ж. 2 қарашада қабылданған “Ресей халықтары құқықтарының Декларациясында” және 1917 ж. 20 қарашада жарияланған Кеңес өкіметінің “Барлық Ресей және Шығыс мұсылман еңбекшілеріне” үндеуінде көрініс тапты. 1918 ж. қаңтарда кеңестердің Бүкілресейлік 3-съезінде В.И.Лениннің дайындаған “Еңбекшілер мен қаналған халықтардың құқықтары Декларациясы” қабылданды. Бұл құжатта Коммунистік партияның кеңес республикасының мемлекеттік құрылымы түріндегі кеңестік федерацияны ымырасыз жақтайтыны айқын көрсетілді. Декларацияда “Кеңестік Ресей Республикасы еркін ұлттар одағының негізіндегі кеңестік ұлттық республикалардың федерациясы түрінде құрылады” делінген. РКФСР құрылғаннан кейін елдің Шығысында жаңа автономиялық республикаларды құруға дайындық жұмыстары басталды. Большевиктік ұйымдар, Қазақстан және Түркістанның Кеңестері кеңестік бүкілқазақ, бүкілтүркістандық съездерін шақыруға дайындала бастады. 1918 ж. көктемінде еліміздің шығысында Түркістан автономиялық Кеңестік социалистік республикасы құрылды. Оның құрылуы 1918 ж. сәуірдің 20-нан 1 мамырға дейін Ташкент қаласында өткен Түркістан өлкесі Кеңестерінің Ү съезінде іске асты. Қазіргі Қазақстанның оңтүстік аймағы (бұрынғы Сырдария және Жетісу облыстары) Түркістан автономиясының құрамына кірді. Бірақта 1918 ж. қаңтарда кеңестердің 3 - Бүкілресейлік съезі Ленин дайындаған “Еңбекшілер мен қаналушы халықтар құқықтарының Декларациясында” өзге ұлттардың өзін-өзі билеу құқы жоққа шығарылды. Осылайша, әуелі 1918 ж. 5 қаңтарында Бүкілресейлік құрылтай жиналысы, одан кейін 5 ақпанда Ташкент кеңесі шешімімен Қоқанд қаласы шабуылмен алынып, Түркістан автономиясы күшпен таратылды. Қазақстанның қалған жерінде – Торғай, Орал, Ақмола, Семей облыстарында және Маңғыстауда қазақ кеңестік мемлекеттілігін құруға дайындық жөніндегі күрделі жұмыс одан әрі жалғастырылды. Қазан төңкерісінен бұрын-ақ қазақ либералдық-демократиялық қозғалысының жетекшілері Қазақстанда кеңестердің бүкілқазақ съезін шақыруға дайындық жұмыстары кеңес өкіметін нығайту процесімен қатар жүргізілді. Мұның өзі шын мәнінде кеңестік мемлекеттікті құру және оны бекіту үшін күрес екендігін көрсетті. Қазақ зиялылары мемлекет құру процесінің кеңестік жолмен шешілуімен келісе алмады. Мұндай қарсылықтың себептері мынада еді: бірінші - қазақ зиялылары әуел бастан тәуелсіз ұлттық автономия құруды жоспарласа, екінші - олар Қазан төңкерісін қабылдамады, сөйтіп Кеңес үкіметін мойындамады, оны заңсыз орнаған үкімет деп есептеді. Сондықтан да „Алаш” зиялылары ұлттық мемлекет құру үшін күрес жүргізді. Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Е.Ғұмаров, Е.Тұрмухамедов, Ғ.Жүндібаев, Ғ.Бірімжанов құрастырған бағдарламаның жобасы “Қазақ” газетінің 1917 ж. 21 қарашадағы санында жарияланды. Бағдарламаның жобасы он пункттен тұрды. Осы бағдарлама Құрылтай жиналысына сайлауда “Алаш” партиясының ірі табысқа жетуін қамтамасыз етті және 1917 ж. 5-12 желтоқсанда Орынборда өткен Екінші жалпықазақтық съезде қазақ халқының әр түрлі топтарының өкілдерін біріктірді. Төралқа төрағасы Бақтыгерей Құлманов және орынбасарлары Әлихан Бөкейханов, Әзімхан Кенесарин, Халел Досмұхамедов және Омар Қарашев басқарған съезд Қазан төңкерісіне байланысты тез өзгеріп жатқан саяси жағдайдағы “Алаш” партиясының міндеттерін, қазақ автономиясын құру және оның үкіметін қалыптастыру мәселелеріне бірінші кезекте көңіл бөле отырып, қарастырды. Съезде қазақ автономиясы құрамына Бөкей ордасы, Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу облыстары және Закаспий облысымен Алтай губерниясының қазақтар мекендеген аудандары енуге тиіс деп шешті. Съезд Уақытша үкімет құлатылғаннан кейін қалалар мен селоларда, далада қазақтардың өмір сүруіне қауіп-қатер туғызған бей-берекеттік күннен-күнге күшейіп бара жатқандығын атап көрсетті. Сондықтан съезд қазақ халқын “аман алып қалу мақсатымен” “Уақытша Халық Кеңесі” түріндегі билік құру, оған Алаш-Орда (алаш автономиясының үкіметі) деген ат беру жөнінде шешім қабылдап және бүкіл қазақ халқына “бағынатын үкіметіміз осы деп сеніп… басқа үкіметті мойындамай, өз үкіметінің әмірін екі қылмай орындау керектігі” баса ескертілді. Съезд қазақ милициясын құру жоспарын жасады. Оның әрбір облыс бойынша белгілі бір сандық құрамы, уездер бойынша үйрету мен жабдықтау шаралары белгіленді. Милицияны қару-жарақпен қамтамасыз етуді орталық әкімшілік салық салу арқылы алынатын қаржы есебінен жүзеге асыруға тиіс болды. Ұлттардың өзін-өзі билеу құқығын талап етуін заңды процесс ретінде түсінген “Алаш” азаматтары Кеңес өкіметімен келіссөздер жүргізіп, ұлттық автономия мәселесін шешуді қолға алды. Осы мақсатта 1918 ж. наурызында Алашорда үкіметінің тапсыруымен Халел және Жаһанша Досмұхамедовтер Оралдан Мәскеуге барып, Халық Комиссары Кеңесінің төрағасы В.И. Ленинмен және Ұлт істері жөніндегі халық комиссары И.В.Сталинмен кездесіп, оларға 1917 ж. желтоқсанда өткен екінші қазақ-қырғыз съезінің қаулысын табыс етті. И.В. Сталин қаулымен танысқаннан кейін 19-20 наурызда Семейдегі Ә.Бөкейханов және Х. Ғаббасовпен телефон арқылы сөйлесті. Сөз Алашорда автономиясының мәртебесі туралы болды. Телефон арқылы сұхбаттасудағы И.Сталиннің сөзі “Сарыарқа” газетінің беттерінде қазақ тіліне аударылып жарияланды. Газетте: “Ресейдегі халықтардың құқықтары туралы халық комиссарлары шығарған белгілі ережесі бұл күнге ұлт мәселесі тақырыбын кеңес өкіметінің негізгі қызмет жобасы етіп келеді. Үшінші советтер съезі осы ережені жалғастыруға қаулы қылды. Өзінің бізге тапсырып отырған жалпықазақ съезінің қаулысы түгелімен жоғарғы жобаға сай келеді. Бірақ жалғыз-ақ шарт қоямыз: егер сіздің съездің қаулысы өкілдеріңіздің совет өкіметін тануға қарсы болмаса болғаны. Үшінші советтер съезі советтік федерация жобасын жасап, бұл жоба Советтер съезінің бекітуіне салынсын деп қаулы қылынды. Бұған қарағанда енді сөзді қойып, іске кірісу керек, яғни тұрмысы бір, салты басқа халықтар жергілікті советтермен қосылып, автономия, федерациялау, тегінде басыбайлы бөлініп кету секілді ұлт ниеттерін жарыққа шығаруға съезд шақыратын комиссия құруға тырысу керек. Біз ойлаймыз, жалпы қазақ-қырғыздың өкілдері тез қамданып, ыңғайлы уақытты өткізбей, жергілікті Советтермен бірігіп, әлгідей комиссияны құрар. Сізден өтінетініміз, біздің осы жобамызды Алашорданың Кеңесіне салып жауап қайтарсаңыздар екен”,- деген мазмұнда болды. Бұл берілген Сталин сөзіндегі ең елеулі нәрсе оның жалпы қазақ-қырғыз съезі қаулысы мен Ресей халықтарының құқығы туралы декларацияның өзара үндес екендігін мойындауы еді. Міне, осы үндестік Кеңес өкіметіне Алашорданы мойындауға негіз болатындығын білдіріп, Сталин тек жалғыз ғана шарт қояды. Ол өз ретінде Алашорданың Кеңес өкіметін мойындайтындығын мәлімдеуі болатын. И.Сталиннің сөзінен тағы бір жағдайды анық аңғаруға болады. Кеңес өкіметі “басыбайлы бөлініп кету секілді ұлт ниеттерін жарыққа шығару” үшін ең алдымен оны мойындау қажеттілігін талап етті. Сонымен бірге автономия алу мәселесі орталықта шешілетіндігін ескертті. Алашордашылар үшін мұндай жағдай қиындық тудырғанымен олар И.Сталиннің ұсынысын талқылап, автономияға қатысты өз шешімдерін мәлімдеді. Ол қаулы төмендегідей еді: 1918 жылы наурыздың 21-інде Алашорданың мүшелері ұлт жұмысын басқарушы халық комиссары Сталиннің Алаш автономиясы туралы айтқан сөзінен кейін Кеңес өкіметін Ресейдегі барлық автономиялы халықтардың кіндік өкіметі деуге қаулы қылып, төмендегі өз шарттарын білдіріп: “Желтоқсанның 5-нен 13-іне шейін Орынборда болған жалпықазақ-қырғыз съезінің қаулысы бойынша тоқтаусыз Алаш автономиясын жариялайтындықтарын, Алаш автономиясының құрамына: Семей, Ақмола, Торғай, Орал, Сырдария, Ферғана, Жетісу, Бөкей ордасы, Закаспий облысының Маңғышлақ уезі, Самарқанд облысының Жизақ уезі, Әмудария әнделі (бөлімі), Алтай губерниясына қараған Бийскі, Барнауыл, Змеиногор уездеріндегі қазақтар мекендеген аудандар енуге тиістігін, Алаш автономиясында заң шығаратын, ел билейтін үкімет Алашорда болатындығын, Қазақ-қырғыз істері туралы елші ретінде совет өкіметінің қасында болуға Алашорда мүшелері Халел һәм Жаһанша Досмұхамедовтар жіберілетіндігін ескертіп, жергілікті Советтердің бұйрығы бойынша ұсталып, абақтыда жатқан Алашорданың мүшелерін тоқтаусыз босатып, мұнан былай оларды өтірік шағым, жаламен қуғын-сүргінге ұшыратуды тоқтатуды” талап етті. Өкінішке орай Ұлт істері жөніндегі халық комиссары Алашорданың қойған талап-шарттарына тікелей ресми түрде жауап бермеді. Себебі алашордалықтардың автономия құру жөніндегі талаптары кеңес өкіметінің мүддесіне қайшы келетін еді. Ұлт мәселесін пролетарлық диктатураның құрамдас бөлігі ретінде қарастыратын кеңес өкіметіне алаштықтардың ұсынысы керағар болғандығын аңғару қиын емес. Сондықтан да 1918 жылдың 28- наурызында Мәскеуден Семейдегі Қазақ комитетіне И.Сталин және мұсылмандар ісі бойынша комиссар Вахитов қол қойған жеделхат келді. Жеделхатта “қырғыз істері бойынша Комиссариат құру үшін тез арада өкілдер жіберу” жөнінде айтылды. Мұның өзі кеңес өкіметінің өлкедегі барлық істі өз қолдарына алғандығын көрсетті. Осы жылдың 29-наурызында Семейге Х.Ғаббасовтың атына Мәскеудегі Алашорда үкіметінің өкілдері Халел және Жаһанша Досмұхамедовтерден жеделхат келді. Онда Кеңес өкіметінің тұтқынға алынған қазақ қайраткерлерін тегіс босату туралы облыстық кеңестерге әмір бергендігі және Алашорда өкіметінің қойған талаптарына таяу арада жауап беруге уәде еткендігі айтылды. Жеделхатта Ұлт істері жөніндегі халық комиссариаты жанынан қазақ бөлімі ашылып, оның құрамына қазақ халқының өкілдерін сайлау құқығы Алашордаға берілетіндігі де айтылған. “Сырдария” газетінде жарияланған осындай мәліметтер шындыққа жанасады. Оған дәлел ретінде Алашорда атынан РКФСР-дің Ұлт істері жөніндегі халық комиссары И. Сталинмен Семейден тура телеграф сымы арқылы келіссөз жүргізген Халел Ғаббасовтың 1929 жылғы қарашаның 10-ында ОГПУ-дің тергеушісіне берген жауабын келтіруге болады. Онда былай делінген: “Келіссөздерде мен Совет өкіметінің декларациясының идеяларына сәйкес қазақ халқының өзін-өзі билеу құқығының кедергісіз жүзеге асырылуын талап еттім. Барлығы есімде жоқ, дегенмен де мен он төрт тармақтан тұратын талаптар қойдым. Олардың жадымда қалған негізгілері: таратылған қазақ мекемелерін қалпына келтіру, Совет өкіметі жағдайындағы ұлттық автономияны құру, қазақ халқының тұтқынға алынған қайраткерлерін босату. Сталиннің жауабының мазмұны Алашорда Совет өкіметін мойындағанда ғана Қазақстанның Құрылтай съезін шақыруға әрекеттер жасалады дегенге сайды… Біз Сталинге телеграф арқылы Совет өкіметін мойындайтынымызды мәлімдеп, сол кезде Москвада жүрген Досмұхамедовтерге Орталық үкімет алдында біздің мүдделерімізді қорғауды тапсырдық… Осылайша Халел және Жаһанша Досмұхамедовтердің Мәскеуге Кеңес үкіметі басшыларымен кездесулері мен телеграф арқылы Сталинмен жүргізген келіссөздерінде кеңес үкіметінің ұлттық тұтастық негіздегі қазақ мемлекеттігін мойындамайтындығын, тек кеңестік негіздегі автономия беруге даяр екендігін көрсетіп берді. Қысқасы Кеңес үкіметінің бұл мәселе жөніндегі ұстанымы: “Өзін-өзі билеу принципі социализм үшін күрес құралы болу керек және социализм мүдделеріне бағындырылуы тиіс”,- дегенге сайды. Кеңес өкіметінің мұндай ұстанымы Семей облысынан өзге де кеңестерге В.И. Ленин мен И. Сталиннің атынан жолданған жеделхаттардан айқын көрінді. Мәселен, Ақмола Кеңесі Мәскеуден келіссөздер жүргізу нәтижесінде орталықтан мынадай мазмұндағы жеделхат алған, онда: “Кеңес билігі большевиктердің қабылданған бағдарламасына сәйкес патша өкіметі кезінде қаналған барлық халықтарға автономия береді. Қазақ халқы өз территориясына лайық автономия құруға дайындала берсін”,- делінген. Әйтсе де іс жүзінде Кеңес өкіметі Алашорда үкіметінің өзін де талаптарын да мойындағысы келмеді. Сондықтан да Х.Ғаббасов 1918 жылдың 1 сәуірінде РКФСР Халық Комиссарлары мен Ұлт істері жөніндегі комиссариатқа жеделхат жолдап, қазақ халқының ұлттық тұтастық мүддесін көздейтін Алашорда өкіметін тез арада ресми түрде мойындауын тағы да талап етті. Кеңес өкіметі мұндай талаптарды жауапсыз қалдырды. Осылайша алаштықтардың кеңес үкіметі шеңберінде біртұтас ұлттық мемлекет құруға талпынысы нәтижесіз аяқталды. Большевиктер Алаш партиясына ұлттық буржуазия мен феодалдық топтардың таптық мүддесін қорғайтын, пролетарлық революция жолындағы кедергі есебінде қарады. Алаш басшыларының Кеңес үкіметімен жүргізілген келіссөздердің нәтижесіз аяқталуына 1917 ж. күзінде құрылған, жетекшісі Көлбай Тоғысов болған, өздерін “Қырғыз (қазақ) социалистік партиясы” деп атаған “Үш жүз” партиясы да ықпал жасады. Бұл негізінен ұсақ-буржуазиялық социалистік партия еді. Партияның саяси көзқарасы мен практикалық іс-әрекеті 1917 жылдың күзінен 1918 жылдың басына дейін елеулі түрде өзгерді. Әуелгі кезде «үшжүзшілер» социалист-революционерлер партиясымен одақтасу бағытын ұстанса, 1918 жылдың қаңтарынан бастап Кеңес үкіметін жер-жерде ұйымдастырып, нығайту ісіне белсенді түрде араласып кетеді. 1918 жылдың бас кезінен-ақ «үшжүзшілер» большевиктермен одақтасып, Алашордаға қарсы күресті. 15 Тақырып. Тарихи ғылым қазіргі кезеңде. Қазақстанның тарихнамасы және деректану мәселелері. Қазақстандық тарих ғылымының дамуы, тарихи зерттеулердің сапасы мен тиімділігінің артуы, олардың қоғамдық дамудың әлеуметтік-саяси және мәдени- тәрбиелік мазмұнына ықпалы белгілі бір дәрежеде тарихнамалық зерттеулермен анықталатындығы белгілі. Сондықтанда қазіргі таңдағы отандық тарих ғылымының дамуы мен өсуін бағамдау мақсатында қазақстандық тарихнама мен олардың әдістемелік зерттеулерінің қалыптасуының өзіндік тарихы бар. Қазақстан тарихнамасы саласы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарының кең көлемде жүргізіле бастауы, сондай-ақ Қоғамдық ғылымдар секциясы мен КСРО Ғылым академиясының Тарих бөлімінің бастамасына орай ҚазКСР Ғылым Академиясының Президиумы 1978 жылы 7 қыркүйектегі № 131 қаулысымен Институтта "Қазақстанның тарихнамасы бөлімін құру туралың қаулысын қабылдайды. Осы жылдың 25 қазанынан бастап құрамында 5 ғылыми-техникалық қызметкері бар бөлім сол кездегі ҚазКСР Ғылым академиясының вице- президенті, академик Байдабек Ахметұлы Төлепбаевтың жетекшілігімен өз қызметін бастайды. Бөлімнің осы алғашқы құрамында аға ғылыми қызметкер, тарих ғылымдарының кандидаты С.Б. Нұрмұхамедов, кіші ғылыми қызметкерлер - Р.В. Колдобская, Л.Н. Катасонова және лаборант В.А. Замаревалар болды. Институтта бөлімнің ашылуы өз тарихнамашы кадрларымызды дайындаудың игі бастамасы болды. Бөлімнің алғашқы тобында қызмет еткен аға ғылыми қызметкер В.К. Янулов КСРО ҒА Ленинградтық бөлімшесінің Ғылыми кеңесінде, аспирант Н. Әлімбаев "тарихнамаң мамандығы бойынша кандидаттық диссертацияларын сәтті қорғайды. Бұл қаулының қабылдануына түрткі болған басты себеп 1976-1979 жылдар аралығында жүргізілуге тиіс мемлекеттік тапсырыстағы "Қазақстанның тарихнамасы" атты Қазақстан тарихының өзекті мәселелері бойынша тарихи ойлардың дамуын зерттеудің алғаш рет қолға алынуы екендігін атап өткен жөн. Аталған тақырыптың мәдени революция кезеңдерін, оның басты мәселелерін, әсіресе халық ағарту және ғылым тарихы, зиялы қауымның қалыптасуы мен мәдени-ағарту жұмыстарының тарихын зерттейтін маңызды "Қазақстандағы мәдени революция тарихы (1917-1978)" атты бөліміне ҚазКСР ҒА мүше-корреспонденті, тарих ғылымдарының докторы Г.Ф. Дахшлейгер жетекшілік етсе, негізгі орындаушысы тарих ғылымдарының докторы Р.Б. Сүлейменов болды. Бөлім қызметкерлері 2 томдық "Қазақстанның қоғамтанушы ғалымдарының био- библиографиясынң дайындауды қолға алады. Аталған тақырып сол тұстағы ғылыми- зерттеу жұмыстарының ұзақ мерзім арасында жүргізілуіне орай 1980-1985 жж. қабылданады. 1979 ж. Институт дирекциясының кезекті отырысында бөлімнің құрамын нығайту және зерттеу тақырыбының аясын кеңейту туралы мәселе қаралады да, құрамына сол жылы аспирантураны бітірген Ә. Ғалиев және "Жалынң редакциясының қызметкері Р. Есіркемесова, аға лаборанттыққа Ж.І. Қуанышев қабылданады. Аталған мәселені ҚазКСР ҒА Президиумы мен Қоғамдық ғылымдар бөлімшесі қайта көтеріп, Институттың, жалпы Бөлімшенің өзге мекемелерінің де құрылымын қайта қарастыру қажеттігін ұсынады. Институт басшылығы ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағытына қарай өз құрылымын сол күйінде сақтай отырып, тек кеңестік кезеңдегі зерттеу жұмыстарын үйлестіруді жақсарту мақсатында бұрынғы бөлімдерді секторларға айналдырып, үлкен бір бөлім - Кеңестік Қазақстанның тарихнамасы бөлімін құрады. Осыған орай бөлім қызметкерлерінің бесжылдық жүктемесіне жаңа тақырып "Кеңестік Қазақстанның тарихи ойлардың даму тарихың қосылады. Көп ұзамай оны екі бөлімнен тұратын "Кеңестік Қазақстанның тарихнамасың деп қайта қарастырады. Сонымен алғашқы "Қазақстан қоғамтанушыларының био-библиографиясы" тақырыбы жалпылама шолу, энциклопедиялық сипатта қарастырылып, оқырман қауымды республиканың қоғамтанушы ғалымдарының қысқаша өмірбаяны мен ғылыми еңбектерімен таныстыру қажеттілігінен туындаған еді. Ғалымдардың өмірі мен қызметінің басты кезеңдерінен қысқаша деректер бере отырып, одақтық қоғамтану ғылымының басты құрамды бөлігі ретінде Кеңестік Қазақстанның қоғамдық ғылымдарының өсу деңгейін таныту болатын. Сол арқылы социалистік және коммунистік құрылыс жылдарындағы қиыншылықтарға қарамастан аса жемісті еңбек ете алған, ғылымда өзіндік қолтаңбасын қалдырған жандарды республика және одақтық оқырмандармен қауыштыруда тың қадам болды. Ғалымдардың ғұмырнамалық және библиографиялық мәліметтері олардың ғылым жолындағы қалыптасу мен даму кезеңдерімен алғашқы танысу болып табылатындығы анық. Қолжазбаның алғашқы нұсқасына 20-30-шы және кейінгі жылдары Кеңестік Қазақстанның қоғамдық ғылымдарының негізін қалағандар, оның келешек қалыптасуы мен дамуына, сондай-ақ зерттеуші кадрлады дайындауға атсалысқан ғалымдар, ең алдымен ҚазКСР Ғылым академиясының толық мүшесі (академик) және мүше-корреспонденттері енгізілген. Сонымен қатар, өзінің ғылыми зерттеулерін қазақстандық мәселелермен тікелей байланыстырған Мәскеу, Ленинград, т.б. ірі ғылыми орталықтардың айтулы ғалымдары да қарастырылды. Басылымға енген жоғары білікті философиялық, заңгерлік, тарихи, экономикалық, филологиялық, педагогикалық, өнертанушылық 275 очерк бөлімнің 1984 жылғы 14 қарашадағы отырысында кеңінен талқыланып, баспаға ұсынылады. Бөлім қызметкерлерінің бесжылдық ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижесінде 1986 ж. "Ғылым" баспасынан "Қазақстан қоғамтанушыларының биобиблиографиясы" жарық көреді. Басылымның жарық көруіне бөлім меңгерушісі академик Б.А. Төлепбаев, аға ғылыми қызметкер, тарих ғылымдарының кандидаты С.Б. Нұрмұхамедов басқарған құрастырушылар тобы - Т.П. Волкова, Ә.Б. Ғалиев, М.П. Коротовский, Р.Ш. Есиркемесова, Л.Н. Катасонова, Р.В. Колдобская, А.И. Нарманбетова және В.К. Януловтар үлкен үлес қосты. Оған пікір жазғандар: ҚазКСР ҒА мүше корреспонденттері - М.Қ. Қозыбаев пен Р.Б. Сүлейменов. Осы тақырыпты орындау және оны баспаға дайындау барысында бөлім қызметкерлері Өзбек КСР ҒА Тарих институтының тарихнама бөлімімен осындай кітап шығару тәжірибесімен алмасу, консультациялар алу мақсатында тығыз байланыс орната алды. Сонымен қатар жұмыстың қолжазбасымен КСРО ҒА Тарих институты директорының орынбасары және КСРО ҒА Шығыстану институтының ғылыми қызметкері С.Д. Милибанд танысып,өз пікірін білдіреді. Бөлім қызметкерлері 1983-1986 жж. аралығында "Кеңестік Қазақстандағы тарих ғылымының дамуы" атты мемлекеттік тапсырыстағы тақырып аясында ғылыми- зерттеу жұмыстарын жүргізуге жұмылдырылады. Алға қойылған басты міндет республикадағы тарих ғылымының қалыптасуы мен дамуын; тарих, өлкетануды зерттеу саласындағы ғылыми қоғамдар мен мекемелердің құрылуын; тарихшы ғалымдарды даярлау, басты ғылыми-зерттеулердің бағытын анықтау болып табылады. Сондай-ақ Қазақстандағы тарих ғылымының даму барысындағы Кеңестер Одағы Коммунистік партиясының ролін көрсету. Осылардың ішінде қазақстандық археология және этнография, ежелгі және ортағасырлар тарихына қатысты мәселелердің зерттелуі мен Қазақстанның Ресейге қосылу тарихы, революциялық қозғалыстар, қазан революциясы мен азамат соғысы тарихнамасына, Ұлы Отан соғысын кезеңдеу мәселелеріне, тың және тыңайған жерлерді игеру мен қазіргі заман тарихының көптеген өзекті мәселелеріне басты назар аудару қажеттілігі күн тәртібіне қойылады. Осы тапсырысты орындауға бөлімге ҚазКСР ҒА мүше-корреспонденті, тарих ғылымдарының докторы М.Қ. Қозыбаев аға ғылыми қызметерлікке, Н. Әлімбаев аспирант болып қабылданады. Зерттеу мәселелерінің жиынтығы бойынша КСРО ҒА мүше-корреспонденті Б.А. Төлепбаевтың редакторлық етуімен 1983 ж. "Вопросы историографии Казахстана" атты үлкен монографиялық жинақ жарық көреді. Сонымен қатар "Очерки истории исторической науки Советского Казахстана" жинағын құрастыру үлкен теориялық және практикалық қызығушылық туғызды. Онда алғаш рет Кеңестік билік жылдарындағы тарих ғылымының даму динамикасы өзінің барлық өзектес салаларымен, яғни археологиялық, тарихи-партиялық жағы, этнографиялық салаларымен толық біртұтастықта қарастырылады. "Очерктердең қазақстандық тарих ғылымының кез-келген мәселелерін қарастырудың өзіндік лабораториясы ғана қарастырылмайды, сондай-ақ оның келешек дамуына аса қажетті ақтаңдақ тұстары да айтылады. Осы тұста ерекше айта кететін нәрсе, оны дайындаушылар жоғарғы оқу орындарында тарихнама пәнін тереңдете оқытуды жетілдіруге өзіндік үлес қоса алған. 1986 ж. Бөлім меңгерушілігіне ҚазКСР ҒА мүше-корреспонденті, тарих ғылымдарының докторы М.Қ. Қозыбаев тағайындалады. 1985-1989 жылдары бөлім меңгерушісі М.Қ. Қозыбаев, жетекші ғылыми қызметкер С.Б. Нұрмұхамедов және ғылыми қызметкер В.К. Янулов Қазақстан индустриясының дамуы және жұмысшы табы тарихы бөлімімен бірлескен "Кеңестік Қазақстанның индустриалды дамуы тарихының тарихнамасы (1917-1980 жж.)" тақырыпты орындауға қатысады. Олар тақырып бойынша көптеген ғылыми мақалалар жариялайды және "История рабочего класса Советского Казахстана" атты үштомдық монографиялық еңбектің жазылуына атсалысады. Ал, 1987-1990 жылдары бөлім меңгерушісі М.Қ. Қозыбаев, аға ғылыми қызметкер Н. Әлімбаев, ғылыми қызметкерлер В.К. Янулов пен Л.Н. Катасоновалар ауыл шаруашылығын социалистік жолмен қайта құру тарихы бөлімімен "Ауыл шаруашылығы және шаруа қожалықтары тарихының тарихнамасы" тақырыбындағы зерттеу жұмыстарына қатысады. Сондай-ақ бөлім қызметкерлері "Социалистік Отанды қорғау мәселелерінің тарихнамасы" және "Ұлы Отан соғысының алғашқы кезеңіндегі Қазақстан (22 маусым 1941- 18 қараша 1942 ж.)" атты жаңа ғылыми- зерттеу жұмыстарына тартылып, алда жаңа міндеттер туындайды. Зерттеу нәтижелерінде көптеген ғылыми еңбектер баспасөз беттерінде жарық көреді. Бөлім қызметкерлері аталған тақырыптармен қатар жоспардан тыс "Великий Октябрь - ускоритель социально-экономического прогресса (историография: опыт и проблемы" атты Қазан революциясының 70-жылдығына арналған тарихнамалық жинақты әзірлейді. Жинақ "Ғылым" баспасынан 1987 ж. жарық көрді. Жоспардағы және жоспардан тыс тақырыптар бойынша жұмыс істеу тәжірибесінің нәтижесінде, Институттың және жоғарғы оқу орындарының жетекші мамандары бірлескен тарихнамалық зерттеулер жүргізуге қол жеткізді. Көлемді ғылыми еңбектерді дайындау мен баспадан шығару барысында уақытша шығармашылық топтарды құру тиімділігі арта түсті. Сондықтан да индустриалды даму және жұмысты табы, республикадағы аграрлық қайта құрулар және колхоз шаруалары тарихының тарихнамаларын зерттеу сол тақырыптарды зерттейтін бөлімдермен тығыз байланыста қарастырылатын болды. Сонымен, ХХ ғасырдың 80-ші жылдарындағы тарихнама мәселелерінің ғылыми бағытының басты өзегі тарих ғылымдарының тарихы, және кейбір тұстарда шетелдік буржуазиялық тарихнама сыны жөніндегі шолулар болып табылады. Дегенмен де, осы жылдардағы ізденістерде тарихнамалық зерттеулердің әдістемелік (методологиялық) негіздемесі жөніндегі зерттеулердің аздығы анық байқалып қана қоймайды, ол тарих ғылымдары тарихының дүниетану пәні ретіндегі өзіндік ерекшелігін әлсіретіп, тарихи білімдердің даму заңдылықтарын ашуға кедергі де жасайды. Осыдан барып тек бөлім қызметкерлеріне ғана емес, жалпы Институт ұжымына қазақстандық тарихнама мәселелерінің әдістемелік және теориялық тұстарына, әсіресе, өтпелі кезең (қорытындылары мен келешегі), қазіргі заман тарихының өзекті мәселелерінің тарихнамасына жете көңіл бөліп, зерделеу қажеттілігі туындайды. Сондықтан да Тарихнама бөлімінің ғылыми бағыты қайтадан қарастырылып, Институттың ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарына іргелі екі ірі бөлімнен тұратын "Кеңестік Қазақстанның тарихнамасы мәселелері" тақырыбы енгізіледі. Тақырыптың жетекшілігіне сол жылдардағы бөлім меңгерушісі М.Қ. Қозыбаев, ал орындалу мерзімі - 1987-1995 жж. болып бекітіледі. Осы жылдардағы бөлімнің қызметіне кеңірек тоқталсақ. Қазақстан тарихына қатысты сан алуан тарихи әдебиеттер жазылды, соның ішінде кеңестік кезең тарихына көп қалам тартылды. Оларда тарих ғылымының қалыптасуының күрделі процесі қарастырылады: әдебиеттердің біраз бөлігі, әсіресе, 20-30-шы жылдардағы қатысты басым бөлігі зерттеуші қолына түсе бермейтін арнайы жабық қорларда сақталып келді, олармен жұмыс істеуге тек соңғы жылдары ғана мүмкіндік туды. Кейінгі жылдардағы әдебиеттерде қоғамда өз үстемдігін жүргізген идеология мен жеке басқа табыну тәжірибесі, волюнтаризм мен субъектизм, құлдырау мен тоқырау кезеңдерінің тұжырымдары қарастырылғаны тарихи шындық. Олардың зардаптары алғашында КПСС-тің ХХVІІ съезінде, ХІХ Бүкілодақтық партконференцияларда ашық айтыла бастаған болатын. Әрбір кезеңге қатысты мұрағат құжаттары сұрыпталып, стереотиптік жағынан қарастыру қалыптаса бастаған тұста "ақтаңдақтар" мен "жабық тұстар", яғни этника мәселелері, Қазақстанның Ресейге қосылу тарихының сипаты мен маңызын бағалау, үш революция және Қазақстандағы азамат соғысы тұсындағы саяси ағымдар мен партиялардың рөлі, кеңестік қазақ зиялыларының қалыптасу мен дамуы, капиталистік емес жолмен дамудағы қазақ халқының социалистік жеңістерінінің шынай тарихы аршыла бастады. Міне, осы жасалғандарды объективті тұрғыдан көрсете отырып, тарихнама ғылымы қайта құрулар тұсында сараптамалық бағасын жасап, тарихымыздың ашық беттерін толықтырылуын қарастыра бастады. Осыған орай қазақстандық тарихнама тарих ғылымының ортақ жалпы теориялары (методологиясы) және бағыттарының ғылыми- теоретикалық синтезі мен ғылыми негізін дайындауды қамтамасыз етуге тиіс болды. Сонымен қатар, тарихнама, тарих ғылымының басты саласы ретінде республикамызда әлі де болса өз дәрежесінде дами алмаған еді. 70-ші жылдардың соңы мен 80-ші жылдардары тарихнама жанрын жандандырудағы әрекеттер үлкен істің бастамасы ғана болатын. Бұл сол кезеңдегі Қазақстанда ғана емес, барлық ұлттық республикалардағы тарихнама жанрына тән көрініс- тін. Нақтылы-тарихи мәселелерді зерттеудің жалпы жағдайы барлық ғылыми ізденістерге қатысты көзқарастар мен пікірлердің саналуандығымен сипатталады. Осыдан зерттеу бағыттары мен тұжырымдардың көпжақтылығы туындайды да, әрі осы бір бытыраңқылық пен қайшылықтар ғылыми нақтылау мен саналы көзқарасты талап етеді. Аталған фактілер тарихнамалық зерттеулердің даму қажеттілігі өскелең қоғам талабы екендігін тағы да дәлелдей түседі. Аталған тақырып бойынша тың бастамалар базасы құрылды. Қазақстан тарихындағы "ақтаңдақтардың ашып көрсетудің жаңа жолдары қарастырылып, олардың кейбіреулері бойынша орындаушылар да өз бағыттарын анықтады ("Ақтаңдақтар" туралы ақиқат // Социалистік қазақстан, 1988, 11 октябрь; Шындық тағылымы // Қазақ әдебиеті, 1988, 8 апрель; Голощекин. Саяси портрет // Қазақ әдебиеті, 9 декабрь; Некоторые итоги актуальные проблемы изучения истории Казахстана // В кн.: Вопросы историографии Казахстана. -Алма-Ата, 1983. -С.5-28; Некоторые проблемы историографии Великого Октября и гражданской войны в Казахстане / Великий Октябрь и социально-экономический прогресс Казахстана. -Алма-Ата, 1987. -С.16-56). Мәселені зереттеудегі жаңа ізденіс бағыттары, қорытындылары мен көзқарастар Бүкілодақтық және аймақаралық конференция мінберлерінде талқылауға ұсынылды (Ұлы Отан соғысы тарихы тарихнамасы мәселелері жөніндегі конференцияда. -М., 1978; Орта Азия республикалары және Қазақстан тарихнамашыларның аймақтық мәжілісі. -Алматы, 1987; КСРО-ның индустриалды дамуы және индустриаландырудың актуалды проблемалары. -Алматы, 1988; Орта Азия республикалары мен Қазақстандағы ұжымдастыру мәселеріне арналған "Дөңгелек стол". Алматы, 1988). Жоғарыда айтып өткеніміздей, зерттелген тақырып қорытындылары бойынша 3 жинақ жарық көреді: 1. Вопросы историографии Казахстана. -Алма-Ата, 1983. 2. Великий Октябрь и социально-экономический прогресс Казахстана. -Алма- Ата, 1987. 3. Вопросы историографии и источниковедения Казахстана (дореволюционный период). -Алма-Ата, 1988. КСРО ҒА Президиумының тарихнама және деректану жөніндегі Проблемалық Кеңесінің ұсынысымен ҚазКСР ҒА Тарих, археология және этнография институтының Тарихнама және деректану бөлімінің базасында Орта Азия республикалары мен Қазақстан аумағында аталған проблема бойынша аймақтық секция құрылады. Бұл осы проблематика бойынша қазақстандық тарихнамашылардың озық тәжірибесі мен нақтылы базасының қалыптасқандығын танытады. Бөлім қызметкерлері Р.В. Колдобская мен А.И. Нарманбетовалар Қазақ КСР тарихы бойынша қорғалған диссертациялардың көрсеткішін (1935-1985 жж.) құрастырып, баспаға дайындайды. Институттың қоғамдық істеріне белсене араласқан бөлім қызметкерілері тағы бір жаңа бастама көтереді. Олар Қазақстан өлкетанушылар қоғамының құрылтай жиналысын өткізіп, онда Бөлім меңгерушісі М. Қозыбаев республикадағы өлкетанудың жағдайы туралы баяндама жасайды. Осы Құрылтайды өткізуде П.С. Белан белсенділік танытады. Сондай-ақ бөлім қызметкерлері көрнекті тарихшы Г.Ф. Дахшлейгердің 70 жасқа толуына арналған Институт Ғылыми кеңесінің кеңейтілген мәжілісін өткізуге атсалысады. Бөлімнің жетекші ғылыми қызметкері С.Б. Нұрмұхамедов "Г.Ф. Дахшлейгер - көрнекті ғалым-тарихшы, ғылым ұйымдастырушысы" тақырыбында баяндама жасаса, кіші ғылыми қызметкерлер Р.В. Колдобская мен Е.А. Байтоғаев, аспирант М. Мадьяров мерекелік көрме дайындайды. Осы жылдары бөлім құрамы С.А. Қуандықова, Е.А. Байтоғаев, Р.С. Құдабаева және Г.А. Байболова сынды жаңа қызметкерлермен толықтырылады. Бөлім қызметкерлері және аға ғылыми қызметкерлер, тарих ғылымдарының кандидаттары А.К. Бисембаев, Н.Т. Кенжебаев, т.б. академик М. Қозыбаевтың басшылығымен 1991-1993 жж. аралығында жүргізілетін іргелі ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша "Қазақстан ХХ ғасыр басында. Методология, дерек көздері, тарихнамаң жаңа тақырыпқа тартылады. Тақырып бойынша ХІХ ғасырдың аяғы-ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан тарихы мәселелерінің теориялық-проблематикалық тұстары қарастырылады. Қазақстан Ресей империясының отары ретінде сипатталатын материалдар кеңінен зерделеніп, өз тәуелсіздігі жолындағы қазақ халқының азаттық көтерілістері қайтадан пайымдалады, өлкедегі қоғамдық-саяси ойлардың дамуы жаңа қырынан көрініс табады. Сондай-ақ басты назар қазақ демократиялық және ағартушы зиялыларының ролі, "Алаш" партиясының құрылуы тарихына аударылады. Осы тақырып аясында алғаш рет 1916 жылғы көтерілісті ұлт-азаттық көтеріліс деп қарастыру тұжырымы ұсынылып, ол халықтық қолдауға ие болады. Аталған мәселелермен қатар, қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымы, патшалық Ресейдің отарлау саясатының тарихы да жан- жақты қайтадан қарастырылады. Зерттеліп отырған мәселе бойынша 15 жұмыс жарық көреді, оның ішінде М. Қозыбаевтың "Ақтаңдақтар ақиқаты" атты монографиясы бар. Орындаушылар әртүрлі деңгейдегі конференцияларда 13-тен астам баяндамалар мен хабарламалар жасайды. Осылармен бір мезгілде "Казахстан в начале ХХ века: Методология и историография" атты мақалалар жинағы мен "Казахстан в 1916 году" атты құжаттар жинағы дайындалады. Институт Ғылыми кеңесінің 1993 ж. 7 қаңтардағы мәжілісінде институттың құрылымын қайта құру мәселесі қарастырылып, оның шешімі бойынша Тарихнама және деректану бөлімі Орталық архив және Қоғамдық ғылымдар жөніндегі ғылыми ақпараттар бөлімдерін қосумен кеңейтіледі. Осыған орай бөлімнің зерттеу бағыты мен міндеттеріне де өзгерістер енеді. Тарих ғылымдарының кандидаты Б.М. Сужиковтың жетекшілігімен "ХVІІІ-ХХ ғғ. Қазақстан тарихының мәселелері жөніндегі батыс тарихнамасың атты тақырыпты орындауға тарих ғылымдарының кандидаттары Л.И. Катасонова, Д.М. Костина, Д.М. Юзкаева, Г.Б. Бырбаева, С.Ә. Жакишева, аға-инженер А.Т. Ракишева тартылды. Бұл ғылыми-зерттеу бағытындағы жұмыстарда аймақтың өткені мен қазіргісіне қатысты шетелдік материалдарды іздеу-ақпараттық өңдеу және кешенді талдаудан өткізіледі. Шетелдік сарапшылардың тарихи аспектілер бойынша, сондай кеңестік кезеңнен кейінгі Орталық Азияның даму барысы жөніндегі байымдаулары, біздің отандық тарих мәселелеріне қатысты әдебиеттер, қазақстантану мен ортазиятануға қатысты мектептер мен бағыттардың болуы белгілі бір дәрежеде бүгінгі таңдағы жас тәуелсіз мемлекеттердің саяси бағытына әсер ету мақсатында ғылыми-зерттеу бағдарларын қалыптастыруға ұмтылып отырғандығы анық. Әсіресе шетелдік қазақстантанудағы этногенез мәселелері контекстінде ұлттық және ұлттаралық қатынастарды, көшпелі өмір салтының тарихи-экономикалық мәселелерін, Қазақстанды отарлау саясатының тарихы жөнінде жазылғандардан аларымыз баршылық. Сондықтан алға қойған ғылыми-зерттеу міндеттерін шешу барысында материалдарды жинау мен өңдеу мынандай блоктармен жүргізілді: 1. Шетелдік қазақстантанудың концептуальдық құрылымы; 2. Қазақстанды кеңестік отарлау шетел классикалық тарихнамасында; 3. Көшпелі өмір салтының тарихи- мәдени аспектісі; 4. Қазақстанның аграрлы тарихы; 5. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан және шетелдік тарихнама; 6. ПЭВМ базасында ақпараттық әрекеттерді автоматтандыру мәселелері. Сонымен қатар шетелдік және кеңестік тарихнамалық еңбектер негізінде тарих ғылымдарының докторы, бөлімнің Бас ғылыми қызметкері Ж.Б. Әбілхожиннің жетекшілік етуімен "Қазақстандағы аграрлық саясат тарихи тәжірибесі контекстіндегі ұлттық қауіпсіздік мәселелері" атты зерттеу де өзінің түпкілікті күткен нәтижелерін берді. Осы зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында халықаралық байланыстар орнатылды. Ғалымдар Рэнн және Париж университеттеріндегі әріптестерімен осы мәселе төңірегінде пікір алмасулар өткізді. Мәселе жөніндегі зерттеушілердің кейбір тұжырымдары "Кеңестік кезеңнен кейінгі қоғамдағы үшінші секторң атты қазақ-американ және "Кеңестік кезеңнен кейінгі Орталық Азия" атты қазақ-француз симпозиумдарында талқыланды. Зерттелген мәселелердің соңғы нәтижесінде Б.М. Сужиковтың "Проблемы этнической идентификации в зарубежных центральноазиатских исследованиях" атты монографиясының қолжазбасы дайындалды. Сонымен қатар Қазақстан Президентінің Еуроазиялық идеясын жүзеге асыру шаралары аясында бөлім қызметкерлері шетелдік іргелі тарихънамадлық еңбектердің негізінде аналитикалық материалдар даярлайды. Бөлім қызметкері Л. Катасонова Г.Дж. Гальпериннің "Россия и степь: Дж. Вернадский и евразианизм" (Берлин, 1989, 142 с.) және Д. Маккензидің "Лев Ташкента: Карьера генерала М. Черняева" (Лондон, 1994, 270 с.) монографиялық еңбегінің 6 тарауын аударады. Ал, ғылыми қызметкер Д.М. Костина оның "Русь и Золотая Орда" атты еңбегінен аударма дайындады. Аталған зерттеу жұмыстары 1996-1997 жж. аралығында "Шетелдік зерттеулердегі Қазақстан тарихының өзекті мәселелері" деген тақырыпта өз жалғастығын тапты. Жүйелі және тарихи-салыстырмалы тарлдау, хронологиялық және проблемалық көзқарастар арқылы қорланған тарихи білімдердерді жүйелендіру, жаңа концептуалды ережелерді теоретикалық дәлелдеу, шындық және тарих тұрғысынан қарастыру әдістерін қолдана отырып Қазақстан тарих ғылымының жаңа және қазіргі замандағы даму тарихын - тарихи білімдердің қалыптасқандығын, ұлттық тарих мектебінің пайда болғандығы мен дамуын қарастыруды мақсат еткен зерттеу мәселелері "Жаңа және қазіргі замандағы Қазақстан тарихнамасы" бағдарламасының шеңберінде жүргізілді (1996-1998 жж.). Жұмысты орындаушылар құрамы төмендегідей болып бекітілді: Қозыбаев М.Қ. - жетекші, Төлепбаев Б.А. - бас ғылыми қызметкер, Романов Ю.И. - жетекші ғылыми қызметкер, Ерофеева И.В. - аға ғылыми қызметкер, Мәжитов С.Ф. - аға ғылыми қызметкер, Асанова С.А. - ғылыми қызметкер, Дулатова Д.И. - т.ғ.д., ҚазҰМУ, Гуревич Л.Я. - т.ғ.д., ҚазМАУ, Қозыбаев І.М. - т.ғ.д., ҚазМАУ, Бисенбаев А.К. - т.ғ.к., Президент Аппараты, Кожкенов С.А. - т.ғ.к., Президент Аппараты, Мұхаметқанұлы Н. - т.ғ.к., докторант, Жоламанова А.А. - кіші ғылыми қызметкер, Нұрмағамбетова Р.Қ. - Институт ғылыми хатшысы. Бөлімнің 1996-1998 жылдары жүргізілген зерттеулерінің нәтижесінде Қазақстан тарих ғылымының көптеген түбегейлі мәселелері бойынша жаңа концептуалды пайымдаулар жасалынды. Орындалған зерттеулер мазмұны: ХХ ғ. басына дейінгі Қазақстан тарихы және ХХ ғ. басы-90-шы жж. дейінгі Қазақстан тарихнамасын қамтыды. Осы уақытқа дейін танымдық мәдениет пен оның жалпығылыми немесе тәжірибелік мәдениетпен байланысының ғылыми жағының мәні жөніндегі мәселе қарастырылған емес-тін. Осыған орай ХҮІІІ ғ. екінші жартысындағы П.С. Паллас, И.П. Фалька, А.И. Левшин сияқты ғалымдардың еңбектеріндегі қазақ халқы туралы тарихи білімдері мен П.И. Рычков, И.Г. Андреев, т.б. өлкетанушы тарихнамашылардың зерттеулері дерек көздері ретінде қарастырылады. Ал, ХХ ғасырдың басы болса ұлттық зиялы қауым өкілдерінің ғылыми еңбектерінің жанданған тұсы болды. Олардың еңтекрін талдау казақ тарихнамалық дәстүрінің болғандығын нақтылай түседі. Ә.Бөкейхан, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ш. Құдайдердиев, М.Ж. Көпеев, М. Тынышпаев, Х. Досмұхамедов т.б. еңбектектерін терең зерттеп, зерделеуде басты тарихи көзқарастар аспектілері анықталып, жоғарыда аталған қайраткерлердің тарихнамалық ізденістерінің жалпы бағытынан мәлімет аламыз. 20-30-шы жылдардағы жұмыстарды талдау барысында кеңестік әкімшіл-әміршіл жүйенің тарих ғылымының дамуына кері әсер етіп, өз уысынан шығармағандығы анық байқалады. Зерттеу әдістемелеріне таптық тұрғыдан сипат берудің өктемдігінің нәтижесінде алаш қозғалысының тарихы туралы тақырып мүлдем жабық күйде болып келсе, "буржуазиялық идеологиямен күрес" ұлт-азаттық қозғалыстардың тарихын зерттеу сипатына ықпал етті. Сондай-ақ 40-50-шы жылдардағы "бехмаханов эпопеясыменң байланысты отандық тарихнаманы зерттеу Е.Б. Бекмаханов тұжырымдарындағы амалсыздықтан жасалған "эволюциялардыңң шынайы келбетін жарыққа шығарады. Соңғы жылдарда жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде кеңестік дәуірге дейін және сол кеңестік кезеңде қордаланып қалған тарихи білімдер жарыққа шығару мен өңдеу, сараптаудан өткізілді. Тәуелсіздік жылдары жүргізілген ғылыми ізденістер отандық тарихымызды дүниежүзілік даму, түркі әлемі аясында, жалпы Дала өркениеті мәдениетінің даму жүйесінде қарастыру қажеттігін көрсетеді. Айтылған тұжырымдар "Жаңа және қазіргі замандағы Қазақстан тарихнамасың тақырыбы аясында жүргізілген кешенді іргелі зерттеулердің нәтижесі. Тақырыпты орындаудың ақырғы нәтижесінде 3 монографиялық еңбек: Қозыбаев М.Қ. Тарих зердесі. 2-кітап. -А., 1998; Абылхожин Ж.Б. Очерки социально-экономической истории Казахстана ХХ вв. -А., 1997; Абылхожин Ж.Б. Страна в центре Евразии. -А., 1998 және 1 құжаттар жинағы "Қаћарлы 1916 жыл" жарияланды. Үнемі ғылыми ізденістерде болған бөлім қызметкерлері "Әлемдік тарихнамалық дәстүрлер мен жаңашыл философиялық тарихи зерттеулердегі (историософия) Қазақстанның рөлі мен орны" атты бағдарламалық тақырыпты орындауда да нәтижелі қорытындыларға қол жеткізеді. Сонымен қатар бөлім қызметкерлері іргелі академиялық "Қазақстан тарихының" бестомдығын баспаға дайындауда үлкен үлес қосуда. Зерттеу объектісі ретінде қазақ халқының эпикалық, генеалогиялық материалдары мен ауызша халық шығармашылығындағы ұлттық тарихи ойларын қарастырған "ХҮІІІ-ХІХ ғ. ортасындағы Қазақстан әлеуметтік-саяси тарихының мәселелері жазба дерек көздері мен қазақтардың ауызша тарих айту ескерткіштеріндең тақырыбы бойынша құрамында И.В. Ерофеева мен С.Ф. Мәжитов бар шығармашылық топ революцияға дейінгі қазақ қоғамындағы тарихи ойларды сипаттайтын жаңа деректерді ғылыми айналымға қосты. Қазіргі таңда жетекші ғылыми қызметкер, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Б.М. Сужиков басқаратын Тарихнама және деректану бөлімінде т.ғ.д., профессор, Бас ғылыми қызметкер Ж.Б. Әбілхожин, тарих ғылымдарының кандидаттары, доценттер: жетекші ғылыми қызметкерлер И.В. Ерофеева, С.Ф. Мәжитов (ҚР ҰҒА жас ғалымдар сыйлығының иегері), аға ғылыми қызметкерлер С.Ә. Жакишева, Қ.Ш. Әлімғазинов, кіші ғылыми қызметкерлер М.Р. Сатенова, З.М. Төленова және 1-ші категориялы инженер А.Т. Ракишева ғылым жолындағы ізденістерін жалғастыруда. Бөлімнің ғылыми ізденістеріндегі басымдылықтар: соңғы уақытта тарихнамалық дәстүрде өзінің аналитикалық қорын кеңейту мақсатында тарихты "жаћандастырудағың әлемдік тенденциялар контекстінде қарастыруға ұмтылу анық сезіледі. Өйткені бұл жекелеген елдердің жылнамаларындағы біртұтастық заңдылықтарды бір ізге салу мен іздену әрекеттері жалпы тарихи зерттеулердегі ұлттық бағыттарды байытып және толықтыра түсетіндігін күн санап дәлелдей түсуде. Осыған байланысты Бөлімнің зерттеу жүргізіп отырған тақырыптары ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев ұсынып отырған "жаңа еуроодаққа" бірігу теориясы шеңберінде Қазақстан тарихын зерделеуді тың кешенді ғылыми-зерттеу тақырыптары аясында қарастыруды қолға алып отыр. Зерттеудің басты екі ерекшеліктері бар: біріншіден, коммунистік қоғамның келмеске кетуіне байланысты идеологиялық контекст өзгерді және патриоттық бағыттағы тарихқа сұраныс азайды, екіншіден халықаралық коммуникациялық жүйелердің жедел қарқындауы әр түрлі елдер тарихшыларының өзара пікір алмасуын жеңілдетті және идеологиялық шартқа тәуелді өткенді зерттеуді жандандыра түсті. Мұндай зерттеу тәсілі қазақстандық тарих ғылымдарының алдында тұрған аналитикалық міндеттерін бір арнаға салуға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, талдау және салыстырмалы сараптау әдістерін қолдана отырып, тарихи дамудың баламалы жолдары мен қозғалысын бүгінгі таңдағы озық тәжірибелер негізінде зерттеуге жол ашады. Осындай жаңа әдістер мен ізденістерді қолдану барысында жүргізіліп отырған "Қазақстан тарихнамасы мен деректану ғылымы инновациялық әдістер мен зерттеу технологиялары контекстінде" тақырыбы өзінің сонылығымен ерекшеленеді. Аталған ғылыми-зерттеу жұмыстары алға қойылған міндеттер аясында біртұтас кешенді тақырыпты құрайтын төрт сала (блок) бойынша жүргізіліп келеді. Бөлімде 2004 ж. бастап Институт сайты жұмыс істейді, онда институттың ғылыми қызметі, тарихи әдебиеттер кітапханасы және жиындар мен анностар тақтасы көрініс тапқан. Аталған ғылыми-зерттеу жұмыстарымен қатар бөлім қызметкерлері "Мәдени мұра" Мемлекеттік бағдарламасы бойынша "ХІІ-ХХ ғғ. батыс деректеріндегі Қазақстан тарихы", "Әлемдік тарихи ойлар", "Қазақстан тарихы жөніндегі орыс деректері" тақырыбындағы топтамалар бойынша 30 томдық басылымды орыс және қазақ тілдерінде баспаға дайындау жұмыстарын жүргізуде. Оларға Б.М. Сужиков, С.М. Мәжитов, И.В. Ерофеевалар жетекшілік етеді. Басылымға республикада жарияланбаған қазақ халқының тарихы мен қазіргі кезең, Қазақстан мен көршілес мемлекеттер тарихы жөніндегі шығармалар енеді. Бөлімнің биылғы жылғы ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізінде "Очерки современной историографии Казахстана" атты тарихнама, деректану және тарихи компьютинг (клиометрика) жанрларында отандық тарихтың түбегейлі мәселелерін қамтитын монографиялық еңбек дайындалды
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz