Файл қосу
Тәуелсіз мемлекеттер
|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ | |СемЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ | |3 деңгейлі СМК құжаты |ПОӘК | | | | |ПОӘК 042- | | | |/01-2013 | |ПОӘК | | | |«Дүниежүзінің экономикалық-|№ 1 басылым | | |әлеуметтік географиясы» |09.2013 ж. | | |пәнінің оқу-әдістемелік | | | |материалдары | | | ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ «Дүниежүзінің экономикалық- әлеуметтік географиясы» 5В011600 – «География»мамандығы үшін ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ Семей 2013 Мазмұны |1 |Глоссарий |3 | |2 |Дәрістер |9 | |3 |Практикалық сабақтар |52 | |4 |Студенттердің өздік жұмыстары |53 | Глоссарий Аймақ (лат. Regio - облыс) – бұл термин «аудан» түсінігіне синоним ретінде және нақты шекарасы көрсетілмеген аймақты сипаттау үшін пайдаланылады. Анклав- (француз.enclave) – жан-жағынан басқа мемлекеттің аумағымен қоршалған бір мемлекет аумағының бөлігі. Ассимилияция – (лат. Assimilatio-бірігу, ұқсастыру)- бір халықтың басқа халықтың тілін, мәдениетін үйреніп, бірлесуі; өзінің тілін, мәдениетін және ұлттық сана- сезімін жоғалтуы. Табиғи ассимилация халықтардың этникалық топтарының аралас үйленуі барысында жүзеге асады; күштеу арқылы жүретін ассимилация-қысым көрсетудің нәтижесінде жүзеге асады. (мысалы, туған тілінде кітап басып шығаруға және білім алуға тыйым салу, т.б) Аудан (rayon – тікелей аудармасы шырақ, радиус) – экономикалық, әлеуметтік, экологиялық әкімшілік белгілі көрсеткіштері негізінде бөлінетін аумақ. Әкімшілік – аумақтық бөлінуі (лат.adminstratio – басқару, басқарма) – мемлекеттің аумақтық жүйесінің ұйымдастырылуы, соның негізінде мемлекеттік басшылық пен билік жүйесінің жұмыс атқаруы. Геосаясат – елдің географиялық жағдайы және басқа физикалық, экономикалық, географиялық факторлармен шартталатын мемлекеттің сыртқы саясаты мен халықаралық қатынасты саяси, әскери-стратегиялық, экологиялық, халықаралық байланыстарға тәуелділігін зерттейтін ғылыми бағыт. Дезурбанизация – урбандалу процесіне белгілі бір қарама- қарсы жағдай, халықтың қаладан тыс жерге шоғырланбауы және қоныстану процесі. Демография – (грекше demos-халық және grafo - жазу) – халық санының өсуі және халықтың ұдайы өсуі. Демографиялық жарылыс – туудың жоғары қарқынын сақтау арқылы өлімнің шұғыл төмендеуі нәтижесінде, халық саны өсімінің күрт артуы. Депопуляция – (depopulation- халықтың азаюы) - халық санының төмендеуі, азаюы. Еңбек өнімділігі - адамның еңбек әрекетінің жемісі, өнімділігі. Бір жұмысшының белгілі уақытта жасап шығарған өнім мөлшері немесе белгілі өнімді жасауға кеткен уақыт бірлігімен есептеледі. Еңбек ресурстары- еңбек ету үшін білім, ойлау қабілеті, қажетті физикалық дамуы бар ел халқының бір бөлігі. Иерархия – (грекше – hierarchia-әулие, arche- билік) – тұтастық элементтері және бөліктерінің жоғарыдан төменге қарай орналасу реті. Импорт (ағыл. Import - әкелу) - басқа мемлекеттерден елге тауар әкелу, тасу. Индустриалиизация (лат. Industria – ынта, жігер) – шаруашылықтың барлық салаларында, өнеркәсіпте, әсіресе ірі машиналық өндірісті жасау нәтижесінде елдің аграрлықтан индустриялдық құрылымға өтуі. Инфрақұрылым (лат.infra – төмен және structura - орналасу)- халықтың күнделікті сұранысын қамтамасыз ету үшін қажетті жүйелер мен қызметтер, құрылыстар, ғимараттар, т.б жиынтығы. Өндірістік инфрақұрылымға: көлік, байланыс, энергетика, сумен қамтамасыз ету; әлеуметтік инфрақұрылымға (қызмет көрсету сферасы)- білім беру, денсаулық сақтау, бөлшек сауда және қоғамдық тамақтану, тұрмыстық қызмет көрсету, т.б жатқызылады. Кооперациялау- белгілі бір өнімді дайындауды бірлесіп атқаратын дербес кәсіпорындар мен жекелеген шаруашылық салалары арасындағы тығыз өндірістік байланыс. Ол өндірісті мамандандырудың күшеюі және қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуы нәтижесінде өрістеуде. Ол даяр бұйым шығаратын жетекші кәсіпорын тапсырмасымен бірнеше өндіріс орындары бірігіп, оларды түйіндермен тетіктермен, дайындамалармен, сондай-ақ агрегаттармен, шала фабрикаттармен қамтамасыз ету ісін қамтиды. Аумақтық жағынан жақын жатқан кәсіпорындардың өзара байланыс тиімділігінің жетілдіруді ұйымдастыру тұрғысындағы іс- шара. Мұның да мамандандыру түрлеріне сәйкес 3 түрі бар. Ол аумақтық (аудан іші немесе ауданаралық) немесе салалық (сала ішіндегі немесе салааралық) принцптер бойынша ұйымдастырылады, өнеркәсіптің экономикалық ұтымдылығын арттыруға бағытталған өндірісті ұйымдастырудың аса маңызды формаларының бірі. Құрамдастыру – бір кәсіпорын аясында әр түрлі өнімдер шығаратын бірнеше өндірісті технологиялық жағынан аумақтық және ұйымдық тұрғыда біріктіретін өндірісті ұйымдастырудың прогресшіл түрі. Ол келесі үш түрде: шикізат өнімдерінсатылап өңдеу; шикізат пен отынды кешенді пайдалану; қалдықтарды қолдану бағытында жүзеге асырылады. Бұл форма-металлургия, химия, жеңіл өнеркәсіп тамақ, ағаш, мұнай өңдеу, т.б. салаларда кеңінен қолданылады. Мысалы: толық циклді металлургия камбинатында бірнеше (шойын, болат, прокат, кокс, химиялық өнім, цемент, т.б.құрылыс материалдарын өндіру)өндіріс түрлері біріктірілген. Қызметкерлердің тапшылығы (лат. defecit - жетіспеу)-қызметкерлердің жетіспеуі, жұмыс орынының жұмыс істеуге ынталылардан көп болуы. Мамандану (лат.specialis дара, ерекше)- Ауданның мамандануы-ауданда белгілі өнім өндірісі немесе белгілі қызмет көрсету түрінің шоғырлануы. Мамандандыру- белгілі бір дайын өнімді, оның жеке бөліктерін даярлау немесе дербес технологиялық операцияларды орындау ісі арнайы бір салаға, оқшауланған кәсіпорныға оның ішіндегі құрылымдарға жүктелуі. Осы тұрғыдағы оның 3 түрі ажыратылады: заттық немесе нақтылы бір дайын өнім шығаруға мамандандыру (станок, автомабиль жасау, аяқкиім, т.б.); тетіктік немесе өнімнің жеке бір тетігін жасауға мамандандыру (поршень, шарик- подшипниктер, реле, т.б.); технологиялық кезеңдерге немесе стадиялық мамандандыру (құрастыру) цех, иіру фабрикасы, құю зауыты, т.б. Мегалополис (грекше megas-үлкен және polis – қала; бұл атау 35 мекеннің қосылуынан пайда болған ертедегі грек қаласы Мегалоаполь атымен аталған) – бірнеше қала агломерациясының бірігуінің нәтижесінде пайда болған ең ірі қоныстану формасы. Мигарция (лат. migratio – көшіп - қону)- халықтың аумақтар бойынша көші- қоны (қоныс аудару, мезгілді және тербелмелі көші-қоны). Миграция сальдосы (итал. saldo өтемақы, есеп, қалдық) – халықтың механикалық өсімі тәріздес белгілі аумаққа қоныс аударып келушілер мен белгілі уақыт аралығында қоныс аударып кетушілер саны (бір жыл ішінде) айырмашылығы. Нәрестелер өлімі – туған мың нәрестеге шаққандағы бір жасқа дейінгі өлгендердің саны. Негізгі өндірістік қорлар-материалдық өндірістің машина жасау, құрал- жабдықтар, өндірістік ғимарат, құрылыстар салуда пайдаланылды. Өнеркәсіп – адамзат қоғамының өндіргіш күштерінің даму денгейіне ықпал етуші шаруашылықтың жетекші саласы. Ол өзі үшін де, шаруашылықтыңбасқа да салалары үшін де әрі адам игілігіне қажетті өзге де материалдық құндылықтарды өндіретін бірегей кешен. Ол шикізат пен материал, отын мен энергия өндірумен бірге өзінің құрамындағы түрлі салалардан алынған немесе ауыл шаруышылығында өндірілген өнімді ары қарай өңдеумен де айналысатын сан мыңдаған арнаулы кәсіпорныдардың жиынтығы. Құрылымы өте күрделі осы кешеннің салаларын атқаратын міндеті мен технологиялық ерекшеліктеріне қарай өндіруші және өнеркәсіп түрлеріне топтастырамыз. Өз кезегінде өндіруші өнеркәсіп өзінің еңбек затын табиғаттан алса, өндіруші өнеркәсіп еңбек өніміне айналған заттарды ғана өңдейді. Өнеркәсіп орталықтары - өнеркәсіп салаларының шоғырланып орналасуымен ерекшеленетін қала немесе кент аумағы. Өнеркәсіп орталықтары, негізінен, өндірістің ауқымдылығымен және құрамының күрделілігімен ерекшеленеді. Ол индустриялдық мазмұндағы қызметімен қоса әрі көлік қатынасында маңызды рөл атқарады. Әдетте, өндіруші өнеркәсіп орталықтары (шахталар, кеніштер, т.б.) өңдеуші өнеркәсіп орталықтарымен (машина жасау, химия, т.б.) салыстырғанда тар профильді болып келеді. Өйткені өндіруші өнеркәсіп орталықтары белгілі бір шикізат түрін немесе табиғат қорын пайдаға жарату мен ғана шектеледі, ал өндәруші өнеркәсіп орталықтарының өндірістік профилі өзінің жан – жақтылығымен сипатталынады. Өнеркәсіп орталықтары өзі орналасқан аумаққа қатысты үйлесімді ұйымдастырушылық рөл атқара отырып, сол жердегі өндіргіш күштердің қарқынды дамуына да зор ықпал жасайды. Өнекәсіп торабы – ортақ мүдделі жағдайда бірыңғайлы көліктік географиялық орнымен, өзара өндірістік – технологиялық байланыстармен бірлестірілген өнеркәсіптік кәсіпорындардың серіктесіп орналасқан аумағы. Өнеркәсіп торабы бірнеше қаалар мен олардың маңында орналасқан кенттерді қамтиды, өте сирек жағдайда бір қаланың аумағымен де шектелуі мүмкін. Атқаратын қызметіне қарай өндіруші өнекәсіп торабы және өңдеуші өнеркәсіп торабы болып бөлінеді. Өндіруші өнеркәсіп торабы: көмір, мұнай, қара металлургия, т.б салаларға, ал өңдеуші өнеркәсіп торабы: машина жасау, химия, тоқыма және басқа да тармақтарға бөлінеді. Өнеркәсіптің кооперациялануы (лат. cooperatio – ынтымақтастық, әріптестік)- белгілі бір өнімді бірлесіп шығаратын маманданған кәсіпорындардың арасындағы өндірістік байланыс. Өндіруші өнеркәсіп - минералдық ресурстар, кен байыту, құрылыс материалдарын, басқадай шикізат түрлерін өндіру, балық аулау, ағаш дайындау, т.б. салалары жатады. Өндірістік ұйымдастыру - сапалы өнім шығару, оның түрлерін көбейту, еңбек өнімділігін арттыру, өндірістік шығындарды азайту, еңбек жағдайын жақсарту және мамандардың біліктілігін көтеру негізінде өндіріс орынының тиімділігін көтеру мақсатындағы еңбек процесі мен өндіріс заттарын уақыт пен кеңістікте ұтымды ұштастыруға бағытталған іс- шаралар жиынтығы. Ол негізгі, көмекші, қызмет көрсетуші өндірістер мен басқару процестерін қамтиды. Өндірісті ұйымдастыруда түйдекті, дара және партиялық әдістер қолданылады, соңғысында алғашқы екі әдіс ұштастырылады. Өндірісті ұйымдастырудың маңызды формаларына: құрамдастыру, шоғырландыру, мамандандыру, кооперациялау жатады. Өңдеуші өнеркәсіп – аралық өнімдер мен даяр бұйымдар алумен шұғылданатын: металлургия, химия, машина және құрал-жабдықтар жасау, металл және ағаш өндеу, тоқыма тамақ т.б. өнеркәсіп салаларынан тұрады. Өнеркәсіп өзі шығаратын өнім түрлеріне қарай екі үлкен топқа бөлінеді: 1) «А»тобына немесе ауыр өнеркәсіп бөлігіне өндіріс құрал- жабдықтарын (станок,прокат, минералдық тыңвйтқыш, целлюлоза т.б.) жасап шығаруға; 2) «Б» тобына немесе жеңіл өнеркәсіпке күнделікті тұтыну заттарын (тігін, балық, астық өнімі, тағамдар, үй мүліктері, дәрі-дәрмек, т.б.) жасайтын салалар кіреді. Аталмыш қос салалық топ бірнеше кешенді салаларға бөлінеді, ал олар өз кезегінде тармақталып жекеленген өндіріс түрлеріне жіктеледі. Мысалы, машина жасау өнеркәсіп кешені – ауылшаруашылық, энергетикалық, көліктік машиналар, станок, аспаптар жасау, т.б. салаларға бөлінеді, олардың өзі ары қарай жеке өндіріс түрлеріне (көліктік машина жасау-автомабиль, авиация кеме жасау,т.б.), олар өз кезегінде жеке (автомабиль жасау – автобус, жүк, жеңіл, спорттық,т.б) арнайы бағыттарға тармақталады. Приватизация (лат. privatus - жеке)- мемлекеттің меншігіне жеке қожайындарға беру, жекешелендіру. Рекрация (recreatio – қалпына келтіру). Рекрациялық ресурстар – адам денсаулығын қалпына келтіруге мүмкіндік беретін, жақсы демалыс үшін жасайтын ресурстар. Субсидия (лат. subsidium –көмек, қолдау)- мемлекеттен әлдебір аймаққа, әлеуметтік топтарға, салаларға бөлінетін ақша қоры. Терминал (лат. terminus – шектен шығу, соңы) – көлік торабының жекешеленген, маманданған бөлігі (мысалы, теңіз портындағы мұнай айлағы, т.б.). Урбанизация (лат. urbanus - қалалық)- қала халқының үлес салмағының өсуі, қалалар рөлінің артуы және қалалық өмір салтының таралуы процесі. Халықтың аймақтарға шоғырлануы (лат. concentratio – жинақталу, үйірілу)- халықтың жеке, орталық, зона, аудандарға шоғырлануы. Шоғырлану процесі халықтың әркелкі орналасуын күшейтеді. Халықтың табиғи өсімі – туу мен өлім саны аралығындағы айырмашылық. Шаруашылықтың салалық құрылымы - өнімнің бағасы, негізгі өндірістік қордың бағасы және жұмыс істейтіндердің саны бойынша әр түрлі өнеркәсіп салаларының арасындағы өзара арақатынасы. Шоғырландыру - өндірісті ірілендіру мақсатында өндіріс құрал-жабдығының, еңбек қорларының және өндірілетін өнімінің барынша іргелі кәсіпорындарға тоғыстырылып жинақталуы. Осындай кәсіпорын аясында – еңбек құралдарын, т.б. жарақатарды жетілдіріп жаңғыртып отыру еңбек және шикізат ресурстарын үнемдеу, еңбек өнімділігін арттыру, тиімді. Олардың ұсақ немесе орта кәсіпорындарға қарағанда техникалық- экономикалық, т.б. артықшылықтарымен қатар пайдасы да мол, бәсекеге қабілеті де зор. Экономикалық аудан- экономикалық – географиялық жағдайы, табиғи, еңбек ресурстары мамандануы. Өндірістің өзара байланыстылығы бойынша айырмашылығы бар аумақ. Экологиялық жағдай – белгілі аумақтағы қоршаған ортаның табиғи жағдайы. Адамның тіршілік әрекеті жағдайларымен бағаланады. Экологиялық жағдайдың нашарлауына қарай қанағаттанарлық, дағдарысты, ауыр, апатты және шиеленіскен экологиялық жағдайлар деп бөлінеді. Экологиялық белсенді халық – жұмыспен қамтылған халық (жұмыс істейтіндер) пен жұмыссыздарды біріктіреді (белсенді түрде жұмыс іздеушілер және еңбекке даярлау). Экспорт (ағыл. Export – сыртқа шығару)- басқа елдерге тауар шығару. Этнос (ағыл.ethnos - халық) – адамдардың – тайпа, халық, ұлыс тарихи қалыптасқан тұрақты топтары. Лекция 1 Тақырыбы: Дүние жүзінің қазіргі саяси картасы (1 сағат) Мақсаты – дүние жүзінің қазіргі саяси картасының қалыптасу жағдайларына тарихи-географиялық, саяси-географиялық тұрғыдан талдау жасау, басты халықаралық және аймақтық саяси ұйымдармен таныстыру. Жоспары 1) Дүние жүзінің саяси картасындағы соңғы өзгерістер. 2) Саяси география және геосаясат. 3) Халықаралық және аймақтық саяси ұйымдар. Дүние жүзінің саяси картасында елдің әлемдегі орнын, саяси-әкімшілік құрылымы бейнеленеді. Сонымен қатар, саяси картада басты саяси-географиялық өзгерістер: жаңа тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуы, елдердің саяси статусының ауысуы, шекаралары мен аумағының, ел атауы мен астанасының өзгеруі және т.б. көрініс табады. Дүние жүзінің саяси картасы мен ондағы заңдылықтарды, өзгерістерді географияның саяси география деп аталатын тармағы зерттейді. Мазмұны жағынан бір қарағанда қарапайым болып көрінетін саяси картада әдетте мемлекеттер мен олардың шекаралары, әкімшілік-аумақтық жіктелуі, астанасы мен ірі қалалары бейнеленеді. Мұның негізінде дүние жүзі елдерінің мемлекеттік құрылымы мен басқару үлгілерінің таралу заңдылықтарына, мемлекеттер арасындағы өзара қарым-қатынастарға, сондай ақ мемлекеттік шекараларды анықтау мен халықтың қоныстануына байланысты болатын аумақтық жанжалдарға (қақтығыстар) қатысты күрделі мәселелер жатыр. Дүние жүзінің саяси картасы тарихи кезеңдерде ұдайы өзгеріске түсуде. Оған әртүрлі факторлар ықпал етеді. Дүние жүзінің қазіргі заманғы саяси картасының қалыптасуына қатысты оқиғаларды шартты түрде Жаңа (XVІІ ғасырдан Бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін) және Ең жаңа кезең (Бірінші дүниежүзілік соғыстан бүгінгі күнге дейін) деп аталатын екі дәуірге топтастырады. - Еуропалықтардың отарлау әрекеттері XV ғасырда португалдардың Солтүстік Африкадағы аса маңызды сауда және көлік қатынасы орталықтары болып табылатын Сеута және Мелилья қалаларын жаулап алуынан басталды. - ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында дүние жүзіндегі жетекші метрополиялар арасында ықпал ету аймақтары үшін күрес шиеленісе түсті. Соның нәтижесінде әлемді Бірінші дүниежүзілік соғыстың өрті шарпыды. - Дүние жүзінің қазіргі заманғы саяси картасының қалыптасуында Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңы мен одан соң болған маңызды өзгерістер, ХХ ғасырдың 50-60-жылдарындағы отарлық жүйенің күйреуі, 80-90-жылдарында социалистік жүйенің ыдырауына байланысты оқиғалар айрықша роль атқарды. Сонымен, дүние жүзінің саяси картасы мемлекет пен қоғам дамуы барысында ұдайы жүріп отыратын түбегейлі саяси-әлеуметтік өзгерістерді, әлемдегі елдердің орны мен ауқымын, түр-сипатын бейнелейді. Дүние жүзінің қазіргі саяси картасының объектілері қатарына мемлекеттік мәртебесі ресімделген және ресімделмеген 267 ел мен аумақтар жатады. Оларды басты екі топқа: 1) мемлекет мәртебесі ресімделген, халықаралық деңгейде танылған егемен (тәуелсіз) мемлекеттер; 2) дербес басқару мәртебесіне ие болмаған (тәуелді) аумақтар деп екіге бөледі. Олар бір-бірінен жерінің ауданы, халық саны, әлеуметтік-экономикалық даму деңгейіне қарай айырмашылық жасайды. Тәуелсіз мемлекеттер. Тәуелсіз елдер мемлекеттік құрылымы мен басқару формалары жағынан әртүрлі болады. Дүние жүзінің халықаралық деңгейде танылған тәуелсіз мемлекеттерін мемлекеттік құрылымы бойынша монархиялар мен республикаларға бөледі. Монархия жағдайында жоғары өкімет билігі бір ғана адамның (император, король, герцог, князь, сұлтан және т.б.) қолында шоғырланған. Билік ету құқығы атадан балаға мұра етіп беріледі. Дүние жүзінде қазіргі кезде 30 монархия бар. Олардың барлығы дерлік Ескі Дүниеде (Азияда – 14, Еуропада – 12, Африкада – 3), тек біреуі ғана Мұхит Аралдарында (Тонга Корольдігі) орналасқан. Дүние жүзіндегі елдердің басым көпшілігі мемлекетті басқару формасына қарай республика (латынша “res publіca” – қоғамдық іс) болып табылады. Республикалық басқару формасы Еуропадағы буржуазиялық төңкерістер нәтижесінде енгізілген болатын. Федерациялы мемлекет жағдайында оның құрамына енетін федерация мүшелерінің белгілі бір саяси, экономикалық дербестігі болады. Бірыңғай (федералдық) заңдарымен және басқару органдарымен, ортақ әскермен қатар, федерация мүшелерінде мемлекеттік биліктің барлық белгілері (ту, әнұран, конституция, парламент, атқарушы билік жүйесі) бар. Дүние жүзіндегі федерациялар саны 20-дан асады (1 - кесте). 1-кесте Дүние жүзіндегі федерациялы мемлекеттер |Аймақтар |Мемлекеттер | |Еуропа |Аустрия Республикасы, Бельгия Корольдігі, Германия | | |Федерациялы Республикасы, Ресей Федерациясы, Швейцария | | |Конфедерациясы, Югославия Одақтас Республикасы | |Азия |Біріккен Араб Әмірлігі (БАӘ), Малайзия, Мьянма Одағы, | | |Пәкстан Ислам Республикасы, Үндістан Республикасы | |Америка |Америка Құрама Штаттары, Аргентина Республикасы, Бразилия| | |Федерациялы Республикасы, Венесуэла Республикасы, Канада,| | |Мексика Құрама Штаттары | |Африка |Комор аралдары Федерациялы Ислам Республикасы, Оңтүстік | | |Африка Республикасы, Нигерия Федерациялы Республикасы, | | |Эфиопия | |Аустралия мен | | |Мұхит Аралдары |Микронезия Федерациялы Штаттары, Аустралия Одағы. | Тәуелді аумақтар. Ұлы географиялық ашылулар мен еуропалық отарлау нәтижесінде метрополияларға тәуелді аумақтар пайда болды. Жалпы “аумақ” деген термин егемендігі жоқ жерлерге; аз игерілген аудандарға; мәртебесі белгісіз жерлерге (мысалы, Батыс Сахара) қатысты қолданылады. Тәуелді аумақтарға отарлар (латынша “colonіa” - қоныс), протектораттар (латынша “protector” – қамқоршы), мандаттық аумақтар, шалғай департаменттер мен аймақтар, ассоциациялық мемлекеттер жатады. Ұлыбританияға тәуелді аумақтар: 1. Гибралтар (Испаниямен даулы аймақ) 2. Әулие Елена аралы (Атлант мұхиты) 3. Ангилья (Кариб теңізі) 4. Виргин (Британдық) аралдары (Кариб теңізі) 5. Кайман аралдары (Кариб теңізі) 6. Монтсеррат (Кариб теңізі) 7. Теркс и Кайкос (Кариб теңізі) 8. Питкэрн (Мұхит Аралдары) 9. Бермуд аралдары (Атлант мұхиты) 10. Фолкленд (Мальвин) аралдары (Аргентинамен даулы аумақ). Францияға тәуелді аумақтардың арасында “шалғай департаменттер” деп аталатын айрықша топ бар. “Шалғай департаменттер” ресми түрде Франция мемлекетінің құрамында деп есептелінеді, оларды француз үкіметі тағайындаған комиссар немесе префект басқарады. Францияға тиесілі 5 шалғай департамент бар. Сонымен, Францияға тәуелді аумақтар қатарына жататындар: 1. Француз Гвианасы - «шалғай департамент» (Оңтүстік Америка) 2. Гваделупа — «шалғай департамент» (Кариб теңізі) 3. Мартиника — «шалғай департамент» (Кариб теңізі) 4. Реюньон аралы — «шалғай департамент» (Үнді мұхиты) 5. Сен-Пьер және Микелон — «шалғай департамент» (Атлант мұхиты) 6. Маоре аралы (Комор аралдары тобында) — әскери база, «айрықша аумақтық түзілім» 7. Крозе аралдары (Үнді мұхиты) 8. Кергелен аралы (Үнді мұхиты) 9. Клиппертон аралы (Тынық мұхит) 10. Француз Полинезиясы (Қоғам, Туамоту, Маркиз, Тубуаи, Бас және басқа аралдар) (Мұхит Аралдары) 11. Жаңа Каледония (Мұхит Аралдары) 12. Сен-Поль аралы (Үнді мұхиты) 13. Амстердам аралы (Үнді мұхиты) 14. Уоллис және Футуна (Мұхит Аралдары) Нидерландқа тәуелді аумақтар: Антиль (Нидерланд) аралдары (Бонайре, Кюрасао, Саба және т.б.) және Аруба (Кариб теңізі) Данияға тәуелді аумақтар: 1. Гренландия (ішкі автономия) АҚШ-қа тәуелді аумақтар: 1. Виргин аралдары (Кариб теңізі) 2. Пуэрто-Рико (1952 жылдан бастап АҚШ-қа “өз еркімен қосылған” мемлекет статусы бар) 3. Шығыс Самоа (Мұхит Аралдары) 4. Гуам (Тынық мұхит, Мариан аралдары тобында) 5. Мидуэй аралындағы әскери базалар (Гавай аралдары) 6. Джонстон және Сенд аралдарындағы әскери базалар 7. Адам қоныстанбаған аралдар: Пальмира, Джарвис, Кингмен-Риф, Хоуленд және Бейкер (Мұхит Аралдары) Аустралия Одағына тәуелді аумақтар: Кокос аралдары (Мұхит Аралдары) Халықаралық ұйымдар дегеніміз – халықаралық келісімдер (жарғы, статут немесе басқа құжаттар) негізінде құрылған, тұрақты түрде жұмыс істейтін үкімет аралық және үкіметтік емес ұйымдар. Олар өзінің қызметін жарғылық құжаттарына сай, көп жақты келіссөздер мен проблемаларды талқылау, дауыс беру арқылы немесе консенсус негізінде шешім қабылдауға құрады. 1919 жылы құрылған Ұлттар Лигасы деп аталатын халықаралық ұйым 1939 жылы өз жұмысын тоқтатты. Екінші дүниежүзілік соғыстан соң, 1945 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) құрылды. Штаб-пәтері Нью-Йорк қаласында (АҚШ) орналасқан. Ұйымға 191 мемлекет (2007 ж) мүше. Бұл ұйымның алға қойған негізгі мақсаттары оның Жарғысында көрініс тапқан. Олардың қатарына әлемдегі бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, бейбір өмірге төнген қауіптің алдын алу немесе бетін қайтару, халықаралық даулы мәселелер мен шиеленістерді реттеу жатады. Бұл Жарғыда мемлекеттердің бейбіт қатар өмір сүруі мен ынтымақтастығының басты принциптері, оның барлық мүшелерінің теңдігі, халықаралық көлемдегі ынтымақтастық пен өзге мемлекеттердің ішкі істеріне араласпау принциптері бекітілген. БҰҰ-ның басты органдары – Бас Ассамблея мен Қауіпсіздік Кеңесі, Экономикалық және әлеуметтік кеңес, Халықаралық сот, Қамқорлық жөніндегі кеңес, Хатшылық. БҰҰ-ның Бас хатшысын Бас Ассамблея 5 жыл мерзімге тағайындайды. Сондай ақ, БҰҰ-ның халықаралық деңгейдегі қызметін ұйымдастыруда оның құрамындағы Атом энергетикасы жөніндегі агеттік (МАГАТЭ), Білім беру, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымның (ЮНЕСКО, штаб-пәтері Парижде орналасқан), Халықаралық еңбек ұйымының, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының, Азық-түлік пен ауыл шаруашылық жөніндегі ұйымның (ФАО), Сауда және даму жөніндегі конференциясының (ЮНКТАД) маңызы зор. Лекция 2 Тақырыбы: Қазіргі заманғы елдерді топтастыру (2 сағат) Мақсаты – қазіргі заманғы дүние жүзі елдерін топтастырудың негізгі принциптерімен таныстыру. Жоспары 1) Дүние жүзі елдерін топтастырудың әртүрлі әдістемелері. 2) Елдерді мемлекет құрылымы бойынша топтастыру. 3) Елдерді аумағы мен халық санына қарай топтастыру. 4) Елдерді экономикалық даму деңгейіне қарай топтастыру. Дүние жүзі елдерін топтастыру ең алдымен біз бірінші тақырыпта қарастырып кеткен басқару формасы мен мемлекет құрылымына қарай болады. Одан басқа топтастырудың бірнеше басқа принциптері бар, олардың негізгілері: 1. Жерінің ауданы 2. Аумағының пішіні 3. Халық саны 4. Теңізге шығу –шықпауы 5. Әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі Мемлекет аумағы – белгілі бір мемлекеттің егемендігіндегі географиялық кеңістік бөлігі, ол мемлекеттің халықаралық деңгейде танылған аумағы болып табылады. Мемлекеттер арасындағы кеңістік қатынастар шекаралар арқылы реттеледі. Осы тұрғыда мемлекеттің саяси-географиялық орны анықталады. Мемлекет аумағының құрамына құрлық пен ішкі сулар ғана емес, оның жағалауындағы Дүниежүзілік мұхиттың аумақтық бөлігі де енеді. Теңіз жағалауында орналасқан мемлекеттердің басым көпшілігінде (олардың саны 121) аумақтық сулар 3-12 мильдік жолақты құрайды, алтауында ол 15-50 миль, ал қалған он үш елде 200 мильдік аумақтық су зонасы бекітілген. Теңізге тікелей шыға алмайтын 41 мемлекетке басқа мемлекеттердің аумағы арқылы еркін өту құқығы берілген. Жерінің ауданы бойынша ірі тоғыз елді (Ресей Федерациясы, Канада, Қытай, АҚШ, Бразилия, Аустралия Одағы, Үндістан, Аргентина, Қазақстан) атауға болады, олардың жерінің ауданы бірігіп, адам қоныстанған құрлықтың 55,8 %-ын құрайды. Ал жерінің ауданы 30 мың км2-ден аспайтын микромемлекеттерге Еуропадағы «ергежейлі» мемлекеттер мен Мұхиттағы аралдық мемлекеттерді жатқызуға болады: Ватикан, Монако, Лихтенштейн, Мальта, Андорра, Мальдив Республикасы, Науру, Тувалу және т.б. Ұсақ мемлекеттердің алып жатқан аумағы адам қоныстанған құрлықтың бар болғаны 1,3%-ын құрайды (кесте). үние жүзі мемлекеттерін жерінің ауданы бойынша топтастыру (И.И. Пирожник бойынша) | |Мемлекеттер типі |Аумағы |Ел саны |Жалпы ауданы | | | | | |млн км2 |% | |1 |Алып мемлекеттер |2,5 млн км2-ден|9 |75,8 |55,8 | | | |астам | | | | |2 |Ірі мемлекеттер |350 мың – 2,5 |48 |45,2 |33,3 | | | |млн км2 | | | | |3 |Орташа мемлекеттер |150-350 мың км2|28 |7,1 |5,2 | |4 |Шағын мемлекеттер |30-150 мың км2 |43 |3,5 |2,6 | |5 |Ұсақ мемлекеттер |30 мың км2-ден |66 |1,8 |1,3 | | | |аз | | | | |6 |Тәуелді аумақтар |2,3 |1,7 | | |Барлығы | |194 |135,8 |100,0 | Мемлекетке аумағы бойынша баға беруде оның игерілу деңгейі де ескеріледі. Мысалы, Аустралия Одағының 1/3 бөлігін шөлдер алып жатыр, ал Ресей Федерациясының 3/5 бөлігі табиғаты қатал аудандар болып табылады. Мемлекет жерінің ауданы оның халықаралық мәртебесі мен егемендігін бағалауда кедергі бола алмайды. кестеде жерінің ауданы бойынша «экстремум- мемлекеттер» деп аталатын елдер топтамасы берілген. Мемлекет аумағы бойынша экстремум-мемлекеттер |Макромемлекеттер |Микромемлекеттер | |атауы |аумағы, млн км2|атауы |аумағы, км2 | |Ресей Федерациясы |17,1 |Ватикан |44 га | |Канада |9,9 |Монако |1,6 | |Қытай |9,5 |Науру |21,3 | |АҚШ |9,3 |Тувалу |30,0 | |Бразилия |8,5 |Сан-Марино |61,0 | |Аустралия Одағы |7,7 |Лихтенштейн |157 | |Үндістан |3,2 |Сент-Китс және Невис|260 | |Аргентина |2,8 |Мальдив Республикасы|298 | |Қазақстан |2,7 |Гренада |300 | Мемлекет аумағының пішіні және таралып орналасуы бойынша да мемлекеттер айырмашылық жасайды. Бұл фактор ел аумағын игеруде, экономикалық дамуына, мемлекеттік шекаралардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды роль атқарады. Осы тұрғыда елдерді бірнеше типтерге бөліп қарастыралды: 1. Созылыңқы пішіндегі мемлекеттер (Чили, Норвегия, Швеция, Вьетнам, Италия, Панама, Того, Гамбия). Олардың аумағы теңіз жағалауы бойымен немесе ірі өзендер бойымен жүздеген километрге созылып жатыр. Бұл көптеген аудандардың елдің әкімшілік орталығынан шалғай жатуына әсер етіп, аумақты басқаруға кедергі келтіреді. Мысалы, Чилидің орта бөлігінде орналасқан астанасы Сантьяго қаласы солтүстігіндегі шөлді аудандармен және оңтүстігіндегі Отты Жердегі теңіз маңы аудандарымен экономикалық жағынан әлсіз байланысқан. Италияның солтүстіктен оңтүстікке созылып жатуы елдің оңтүстігі мен солтүстік аудандарының экономикалық тұрғыда біркелкі дамуына кедергі келтіруде. 2. Біртұтас аумақты алып жатқан мемлекеттер (Франция, Испания, Польша, Венгрия және т.б.). Олардың аумағы квадрат немесе дөңгелек пішінді болып келеді. Бұл шеткі аудандардың ел орталығына шамамен бірдей қашықтықта орналасуына, мемлекеттік шекараларының салыстырмалы түрде қысқа болуына, қатынас жолдарының неғұрлым жақсы тарамдалуына, аумақтың экономикалық дамуына және басқарылуына қолайлы жағдай жасайды. Дегенмен, сыртқы пішіні қолайлы елдің аумағында да оның игерілуі мен басқарылуына кедергі келтіретін табиғи факторлар (биік таулар, батпақтар және т.б.) болуы мүмкін. Мысалы, Перу биік Анд тауларымен екі бөлікке бөлініп жатыр. 3. Шашыраңқы мемлекеттер (Индонезия, Филиппин сияқты аралдық мемлекеттер, екі бөліктен тұратын Малайзия және т.б.). Аумағы біртұтас емес, бірнеше бөліктерден тұратын мұндай мемлекеттерде басқару және қорғаныс, қатынас жолдары, экономикалық байланыстар бойынша қиындықтар туындайды. Оқшауланған аумақтарда мемлекеттің ішкі бірлігін бұзуға әрекеттену қимылдары, әртүрлі ішкі кикілжіңдер, ел астанасының орнына қатысты таластар туындауы мүмкін. Мұндай мемлекет типіне АҚШ-ты да жатқызуға болады: оның құрамына кіретін Аляска мен Гавай аралдары негізгі аумақтан шалғайда орналасқан, бұл қосымша экономикалық шығындарға себепші болады. 4. Құрамында анклавтар бар мемлекеттер. Анклав – мемлекеттің негізгі аумағынан басқа мемлекеттердің жерлері арқылы бөлініп жатқан немесе басқа мемлекеттің аумағында орналасқан аудандар. Анклав жағдайындағы аудандар қатарына Ресей Федерациясының құрамына енетін Калининград облысы, Әзірбайжан құрамындағы Нахичевань, Испания құрамына енетін, бірақ Мароккода жатқан Сеута мен Мелилья және т.б. анклавтар жатады. Анклавтар жалпы алғанда мемлекеттің стратегиялық жағдайына қолайлы әсер еткенімен, елдің әскери жағынан осал, экономикалық байланыстарға қолайсыз аудандары болып табылады. Елдерді халық саны бойынша да топтастырады. Ең алдымен халық саны 100 млн адамнан асатын 11 мемлекетті бөліп қарайды (Қытай – 1 314 млн, Үндістан – 1 095 млн, АҚШ – 290 млн, Индонезия – 235 млн, Бразилия – 182 млн, Пәкстан – 166 млн, Бангладеш – 147 млн, Ресей – 143 млн, Нигерия – 132 млн, Жапония – 128 млн, Мексика – 105 млн адам). Халық саны ең аз мемлекеттерге Ватикан, Монако, Сан-Марино т.б жатады. 3. Теңізбен шектесуі мемлекеттің геосаяси және стратегиялық орнын анықтайды. Сол себепті елдерді теңізге шығу мүмкіндігіне қарай да бағалайды. Бұл тұрғыдан алғанда дүние жүзі бойынша 43 ел теңізбен шектеспейді. 4. Әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі. Қазіргі кезде жекелеген елдер мен аймақтар әлемдік экономикада алатын орны жөнінен бір-бірінен үлкен айырмашылық жасайды. Сондықтан елдердің нақты әлеуметтік-экономикалық даму деңгейлерін салыстырып, сипаттауда сандық көрсеткіштер жүйесі кеңінен пайдаланылады. Жеке елдің дүние жүзілік шаруашылықтағы орнын және әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктерін сипаттауда: 1) ел экономикасының типі; 2) жерінің ауданы және оның игерілу деңгейі; 3) халқының саны мен еңбек ресурстарының құрылымы; 4) жалпы жиынтық өнімнің (ЖЖӨ) көлемі мен құрылымы; 5) халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасы; 6) елдің халықаралық еңбек бөлінісіндегі орны сияқты маңызды көрсеткіштердің жиынтығы пайдаланылады. Аталған көрсеткіштердің біріне қарап, елдің типін анықтау жаңсақтық болады, сондықтан ел аралық салыстырулар жүргізуде өте көп мөлшерде сандық деректер ескеріледі. Елдерді экономикалық даму деңгейі бойынша топтастыру. Ел экономикасының ауқымы ең алдымен жалпы жиынтық өнім көлемімен анықталады. Жиынтық өнімнің екі түрі бар: жиынтық ішкі өнім (ЖІӨ) және жиынтық ұлттық өнім (ЖҰӨ). ЖІӨ жыл ішінде белгілі бір аумақта өндірілген тауарлар мен көрсетілген қызметтің жалпы құнын көрсетсе, ЖҰӨ көлемін анықтауда аумақтағы шетелдік кәсіпорындар үлесі есептелмейді. Әдетте географтар салыстырулар жүргізгенде ЖІӨ көлемін ғана есепке алады. Әртүрлі елдердегі ЖІӨ көлемінің көрсеткіштері алшақтық жасамас үшін бірыңғай бірлік – АҚШ доллары пайдаланылады. Бұл көрсеткіштер бойынша елдерді Мәскеу мемлекеттік университетінің географ-ғалымдары ұсынған типология бойынша топтастырады. Бұл топтастыру бойынша тәуелсіз елдер 3 ірі топқа бөлінеді: - Жоғары дамыған елдер - Орташа дамыған елдер - Экономикасы нашар дамыған елдер Лекция 3 Тақырыбы: Постиндустриялық елдердің қазіргі дүниедегі орны (2 сағат) Мақсаты – постиндустриялық елдерге тән басты белгілерін анықтап, олардың негізгі топшаларының географиялық ерекшеліктерімен таныстыру. Жоспары 1) Постиндустриялық елдер және олардың негізгі белгілері. 2) Жоғары дамыған елдер. 3) Шағын капиталистік елдер. 4) Қоныс аударған капитализм елдері. Жоғары дамыған елдер тобына нарықтық экономика тән болатын, Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымына (“Париж клубы”) мүше елдер енеді. Бұл елдерге жиынтық ішкі өнімнің және энергияны тұтынудың жан басына шаққандағы көрсеткішінің жоғары болуы, адамның өмір жасының ұзақтығы, қызмет көрсету саласының басымдылығы, экономикасының “ашықтығы”, ауыл шаруашылығы үлесінің төмендігі тән болады. Аталған елдер экономикалық дамудың постиндустриялық кезеңіне (естеріңе түсіріңдер) аяқ басқан, яғни ауыл шаруашылығының ЖІӨ-дегі үлес салмағы 2-5%-дан аспайды, өнеркәсіп үлесі жылдан жылға қысқарып келеді, қызмет көрсету саласының үлесі 60-70%- ды құрайды. Постиндустриялық елдердің экономикасының ашық сипатта болуына “көрінбейтін экспорт” (көлік және қаржы қызметі, туризм, байланыс, ақпараттық қызмет көрсету) әсерін тигізеді. Бұл елдерде байланыс жүйелерінің күшті дамуы ірі фирмалардың қызметкерлерінің үйінде жұмыс істеуіне (АҚШ-та олардың саны 4 млн. адамға, ал Ұлыбританияда 1,3 млн. адамға жетті), жеке филиалдардың жұмысын үйлестіру мақсатында бейнеконференциялар ұйымдастыруына мүмкіндік береді. Сонымен, бұл топтағы елдерге тән ортақ белгілер: 1. Тәуелсіз болып, ұзақ уақыт дамуы; 2. Қоғамда демократиялық принциптердің тұрақты қалыптасуы 3. заңдардың жетілген болуы 4. экономиканың нарықтық жолмен дамуы 5. қызмет көрсету саласының басым болуы 6. әлеуметтік базаның жоғары деңгейде, сапалы дамуы 7. экономикалық және әлеуметтік дамуды қамтамасыз ететін саяси жүйенің болуы Жоғары дамыған елдердің өзін 3 негізгі топшаға жіктейді: 1. Басты капиталистік елдер – “Үлкен Жетілік” деп аталатын жоғары деңгейде дамыған жеті ел (АҚШ, Канада, Жапония, Германия, Франция, Ұлыбритания, Италия), Бұл елдерде жан басына шаққандағы жиынтық ішкі өнім (ЖІӨ) көрсеткіші 25 мың доллар шамасында, экономикасының ауқымы өте үлкен және құрылымы күрделі. Бұл топтағы елдерді “өркениет локомотивтері” деп те атайды. Әлемдегі “500-дің клубы” аталған аса ірі 500 ұлтаралық бірлестіктің 400- ден астамы осы елдерде орналасқан, олардың үлесіне жалпы жылдық сату көлемінің 90%-ы тиесілі болады. 2. Батыс Еуропаның шағын капиталистік елдері: Бельгия, Нидерланд, Австрия, Швейцария, Норвегия, Швеция, Дания, Финляндия.ЖІӨ көрсеткіші 20-25 мың доллар. Бұл елдер әлемдік экономикада елеулі орын алады, маманданған салалары бар: Халықаралық географиялық еңбек бөлінісінде Бельгия мен Нидерланд порт шаруашылығымен (Роттердам, Антверпен), электр техникасы өндірісімен; Норвегия халықаралық теңіз тасымалына мамандануымен; Швейцария қаржы орталықтарымен және станок, сағат өндірісімен; Финляндия целлюлоза-қағаз өндірісімен; Швеция машина жасау және металлургия өнеркәсібімен ерекшеленеді. Бұл елдердің халықаралық деңгейде мамандануын мына мысалдардан көруге болады: кішігірім Швейцарияда 620 банк бар, ал Нидерланд гүл өсірушілері әлемдік гүл нарығының жартысынан астамын “жаулап алған”. Қазіргі кезде дүние жүзілік саясатта да шағын елдердің ролі артып отыр. Бірқатар халықаралық ұйымдардың штаб-пәтерлері осы елдерде орналасуы – осының дәлелі. Мысалы, Брюссель қаласында НАТО мен Еуропалық Одақтың, ал Венада МАГАТЭ (Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік), және ОПЕК (сыртқа мұнай шығаратын елдер ұйымы) сияқты ұйымдардың штаб-пәтерлері орналасқан. Бейтарап саясат ұстанатын Швейцарияда Біріккен Ұлттар Ұйымының құрамына енетін Бүкіл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының, Халықаралық еңбек ұйымының, Дүниежүзілік Метеорологиялық ұйымның және Халықаралық пошта одағының штаб-пәтерлері шоғырланған. 3. “Қоныс аударған капитализм” елдері. Дамыған капиталистік елдердегі капиталистік қатынастардың (өндірісті ұйымдастырудың технологиясы, нарықтық шаруашылық үлгісі, өмір салты және т.б.) “дайын” үлгісінің бұрын капиталистік жүйе тән болмаған елдерге енгізілуін ғалымдар “капитализмнің қоныс аударуы” деп атайды. Осыған сәйкес, әлемде “қоныс аударған капитализм елдері” деген айрықша елдер тобы ажыратылады. Мұндай елдер тобына бұрын Ұлыбританияның отары болған Аустралия Одағы, Израиль, Жаңа Зеландия және Оңтүстік Африка Республикасы жатады. Экономикасының даму ерекшелігіне байланысты бұл топқа “үлкен жетілікке” енетін Канада да жақын келеді. Аталған елдердің экономикасында әлемдік деңгейдегі экономика алпауыттары жетекші роль атқарады. Басқа дамыған елдерге қарағанда бұл елдерде тау- кен өнеркәсібінің үлесі жоғары, экспортында шикізат пен ауыл шаруашылық өнімдері басым. Лекция 4 Тақырыбы: Дамушы елдердің қазіргі дүниедегі орны (2 сағат) Мақсаты – Дамушы елдердің негізгі топшаларының географиялық ерекшеліктерімен таныстыру және олардың қазіргі дүниедегі орнын ашып көрсету. Жоспары 1) Дамушы елдердің негізгі топтары. 2) Жетекші дамушы елдер. 3) Жаңа индустриялық елдер. 4) Мұнай экспорттаушы елдер. «Жалға пәтер беруші» елдер. 5) Дамушы елдердің қазіргі дүниедегі орны. Дамушы елдер саны жағынан көп, алып жатқан аумағы, халқының саны жөнінен де ауқымды. Бұл елдер тобына мынадай белгілер тән болады: 1. Әлемдегі ірі ұлтаралық бірлестіктердің пайдасы ретінде елден қайтымсыз әкетіліп жатқан қаржының болуы; 2. Шаруашылықтың көп укладтылығы, яғни капитализмнің бұрынғы жүйе сарқыншақтарымен ұштаса дамуы; 3. Жергілікті капиталдың салыстырмалы түрде нашар дамуы, оның әлемдік қана емес, ұлттық экономикадағы үлесінің де төмен болуы; 4. Экономикада мемлекеттік сектор үлесінің басым болуы; 5. Жоғары дамыған елдерге ғылыми-техникалық жағынан тәуелді болу, оларда ескіріп қалған технологияларды өндірісте пайдалану; 6. Әлеуметтік қарама-қайшылықтар. Осы жалпы белгілеріне қарамастан, дамуышы елдер даму деңгейіне, экономикасының құрылымы мен ұйымдасу деңгейіне, әлемдегі орнына қарай әрқилы болады. Оларды осы ішкі айырмашылықтарына қарай мынадай негізгі топшаларға бөледі. Жетекші дамушы елдер (Қытай, Үндістан, Бразилия, Мексика): Халық санының көптігі; арзан еңбек ресурстары; экономикалық әлеуетінің жоғарылығы; жан басына шаққандағы экономикалық көрсеткіштердің төмен болуы; шаруашылық құрылымының күрделілігі; бай мәдени қор. Жаңа индустриялық елдер (Корея Республикасы, Малайзия, Сингапур, Тайвань, Таиланд, Аргентина): Шетел инвестициясы мен жоғары технологиялар, арзан жұмыс күші есебінен экономиканың, әсіресе өнеркәсіптің жоғары қарқынмен дамуы. Плантациялық шаруашылық елдері (Гватемала, Гондурас, Коста-Рика, Куба, Никарагуа, Сальвадор, Доминика Республикасы, Гаити, Гана, Кот- д”Ивуар, Шри-Ланка): Агроклиматтық жағдайлардың қолайлылығы; шетел қаржысының басымдылығы; саяси жағдайдың тұрақсыздығы; халықтың әл- ауқатының төмендігі. Мұнай экспорттаушы елдер (Парсы шығанағы елдері, Ливия, Венесуэла және т.б.): Жан басына шаққандағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің жоғары болуы; жаңа технологиялардың енгізілуі; қаржы экспорты. “Жалға пәтер беруші” елдер (Мальта, Кипр, Бахрейн, Либерия, Багам аралдары, Барбадос, Панама): Халықаралық маңызды көлік жолдары тоғысында орналасуы; салық жеңілдігі; рекреациялық ресурстар; қаржы және қызмет көрсету орталықтарының қалыптасуы. Кейбір алдыңғы қатарлы дамушы елдер жиынтық ішкі өнімнің жан басына шаққандағы көрсеткіші мен әлеуметтік даму деңгейі, өнеркәсіптің даму қарқыны жөнінен жоғары дамыған елдерге жақындайды. Әлеуметтік- экономикалық даму деңгейі төмен дамушы елдердің көпшілігінде демографиялық, экологиялық жағдайдың асқынуы байқалып, халықты азық- түлікпен қамтамасыз етуге қатысты проблемалар туындауда. Соңғы жылдары алдыңғы қатарлы елдерде ақпараттық экономиканың басым бола бастауы дамыған елдер мен дамушы елдердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейіндегі айырмашылықтарды одан әрі тереңдете түсті. Дамушы елдердің басты артықшылығы болып есептелетін шикізат қоры мен арзан еңбек ресурстарына сұраныс азаюда; бұл дамыған елдерде шикізатты аз қажетсінетін және ақыл-ой еңбегіне негізделген экономиканы дамытумен байланысты түсіндіріледі. Лекция 5 Тақырыбы: Мешеу елдер, олардың артта қалушылығының себептері (2 сағат) Мақсаты – Қазіргі заманғы дамудың төмен сатысындағы мешеу елдердің экономикалық-географиялық ерекшеліктерімен таныстыру. Жоспары 1) Мешеу елдер ұғымы, олардың артта қалушылығының себептері. 2) Азия мен Африкадағы мешеу елдер. 3) Мешеу елдердің экономикалық құрылымындағы ерекшеліктер. 4) Демографиялық проблемалар. Мешеу елдер ұғымына әлеуметтік және экономикалық даму деңгейі өте төмен, осы себепті қаржылық, экономикалық және гуманитарлық көмекке мұқтаж елдер қамтылады. Мешеу елдерге тән мынадай белгілер бар: - Экономикалық даму деңгейінің және жан басына шаққандағы табыстың өте төмендігі; - табиғи өсудің жоғарылығы; - аграрлық сектордың басымдылығы; - әлеуметтік жағдайдың нашарлығы - адамның өмір жасының қысқалығы, сәбилер өлімінің көптігі. Мешеу елдердің қатарына Мұхит Аралдары, Африка, Азияда орналасқан 48 ел жатады. Олардың қатарында сыртқы қарыз мөлшері шамадан тыс көп болып отырған Африка елдері, экономикасының құрылымы өте қарапайым, ресурстарға өте кедей Мұхиттық аралдардағы мемлекеттер, халық саны көп, ауыл шаруашылығының басымдылығы жағдайында дамуы тежеліп отырған Азия елдері бар. Мешеу елдердің экономикалық құрылымындағы ерекшеліктері: 1) экономиканың монокультуралық сипаты (көптеген мешеу елдерде экономика құрылымы өте қарапайым, онда бір немесе бірнеше ғана сала басым болады, ол саланың дамуы көбінесе шетелдік инвестиция мен әлемдік нарықтағы бағамдарға тәуелді болады); 2) экономиканың көп укладтылығы (мұндай елдерде экспортқа бағдарланған бір немесе бірнеше сала ғана ірі капиталистік шаруашылық деңгейінде болады, сонымен қатар натуралды, бытыраңқы шаруашылық укладтары сақталған). 3) Экономиканың бір орталықта ғана шоғырлануы (әдетте ел астанасында немесе басты портты қалада). Мешеу елдерде демографиялық проблемалар да көп. Олардың қатарына туудың шамадан тыс көп болуы, сәбилер өлімінің жоғары деңгейі, адамның өмір жасының қысқалығы және балалар үлесінің жоғарылығы. Лекция 6 Тақырыбы: Өтпелі экономика елдерінің дүниежүзілік шаруашылықтағы орны (2 сағат) Мақсаты – Өтпелі экономика елдерінің дүниежүзілік шаруашылықтағы орнымен және осы елдердің экономикалық-географиялық ерекшеліктерімен таныстыру. Жоспары 1) Өтпелі экономика тән елдер және олардың басты ерекшеліктері. 2) Өтпелі экономика тән елдердің дүниежүзілік шаруашылықтағы орны. Өтпелі экономика тән елдер тобына енетін елдер саны онша көп емес. Бұл топтағы елдерді ғалымдар негізгі екі топшаға жіктейді: 1. Шығыс Еуропадағы өтпелі экономика елдері. Бұл топты кезінде социалистік даму жолында болған елдер (Польша, Чехия, Словакия, Венгрия, Румыния, Болгария, Сербия, Черногория, Словения, Хорватия, Босния және Герцеговина, Македония, Албания, Балтық бойы елдері – Латвия, Литва, Эстония) құрайды. Экономиканың өтпелі сипаты бұл елдерде айқын көрінеді; оларда орталықтан жоспарланатын социалистік экономикадан нарықтық экономикаға өту жүзеге асырылуда. Жекелеген елдердің дүние жүзілік шаруашылық пен еңбек бөлінісіндегі бағыт-бағдарының өзгеруі де өз әсерін тигізбей қойған жоқ. Соған қарамастан аймақ шаруашылығының дамуында ғылыми- техникалық прогрестің тигізген әсері айқын байқалады. Әсіресе электр энергетикасы, машина жасау, химия өнеркәсіптері қарқынды дамуда және ол өндіріс орындары елдердің неғұрлым артта қалған аудандарының деңгейін көтеруге бағытталған. Аталған елдерде ЖІӨ көрсеткіші 10 мың долларға дейін. 2. ТМД елдері. ТМД елдерінің құрамы. ТМД одағының құрылу жағдайлары мен қазіргі даму тенденциялары. ТМД елдері экономикасының даму бағыттары, олардың әртүрлілігі. Ресей экономикасындағы қазіргі даму тенденциялары, әлеуметтік және саяси жағдай. Украина мен Беларусь Республикаларындағы қазіргі экономикалық, әлеуметтік және саяси жағдай. Қазақстан Респбликасының ТМД одағындағы орны. ТМД құрамындағы даму қарқыны баяу елдер. Әлеуметтік жағдайдың әркелкілігі. Саяси тұрақсыздық байқалатын аумақтар. Лекция 7 Тақырыбы: Дүние жүзіндегі ынтымақтастық ұйымдары (2 сағат) Жоспары 1) Дүние жүзіндегі халықаралық ынтымақтастықтың маңызы. 2) Біріккен Ұлттары Ұйымы 3) Елдердің ынтымақтасу типтері. 4) Кедендік одақтар. Сауда ұйымдары. Халықаралық ұйымдар дегеніміз – халықаралық келісімдер (жарғы, статут немесе басқа құжаттар) негізінде құрылған, тұрақты түрде жұмыс істейтін үкімет аралық және үкіметтік емес ұйымдар. Олар өзінің қызметін жарғылық құжаттарына сай, көп жақты келіссөздер мен проблемаларды талқылау, дауыс беру арқылы немесе консенсус негізінде шешім қабылдауға құрады. 1919 жылы құрылған Ұлттар Лигасы деп аталатын халықаралық ұйым 1939 жылы өз жұмысын тоқтатты. Екінші дүниежүзілік соғыстан соң, 1945 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) құрылды. Штаб-пәтері Нью-Йорк қаласында (АҚШ) орналасқан. Ұйымға 191 мемлекет (2007 ж) мүше. Бұл ұйымның алға қойған негізгі мақсаттары оның Жарғысында көрініс тапқан. Олардың қатарына әлемдегі бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, бейбір өмірге төнген қауіптің алдын алу немесе бетін қайтару, халықаралық даулы мәселелер мен шиеленістерді реттеу жатады. Бұл Жарғыда мемлекеттердің бейбіт қатар өмір сүруі мен ынтымақтастығының басты принциптері, оның барлық мүшелерінің теңдігі, халықаралық көлемдегі ынтымақтастық пен өзге мемлекеттердің ішкі істеріне араласпау принциптері бекітілген. Кейбір жағдайда БҰҰ халықаралық саяси жанжалдарды реттеудің бейбіт құралдарынан басқа, әскери жолын да пайдалануына тура келеді. БҰҰ қарамағындағы әскери күштер мен қаржы оған мүше елдердің жарнасы есебінен түзіледі. БҰҰ-ның басты органдары – Бас Ассамблея мен Қауіпсіздік Кеңесі, Экономикалық және әлеуметтік кеңес, Халықаралық сот, Қамқорлық жөніндегі кеңес, Хатшылық. БҰҰ-ның Бас хатшысын Бас Ассамблея 5 жыл мерзімге тағайындайды. Сондай ақ, БҰҰ-ның халықаралық деңгейдегі қызметін ұйымдастыруда оның құрамындағы Атом энергетикасы жөніндегі агеттік (МАГАТЭ), Білім беру, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымның (ЮНЕСКО, штаб-пәтері Парижде орналасқан), Халықаралық еңбек ұйымының, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының, Азық-түлік пен ауыл шаруашылық жөніндегі ұйымның (ФАО), Сауда және даму жөніндегі конференциясының (ЮНКТАД) маңызы зор. Халықаралық ұйымдар |Ұйымның аты |Құрылғ|Штаб-пәтері |Мүше елдер |Мақсаты мен міндеттері | | |ан |орналасқан жер | | | | |жылы | | | | |Біріккен |1945 |Нью-Йорк |188 ел енеді |Әлемдегі бейбітшілік | |Ұлттар Ұйымы | | | |пен халықаралық | |(БҰҰ) | | | |қауіпсіздікті | | | | | |қамтамасыз ету, бейбір | | | | | |өмірге төнген қауіптің | | | | | |алдын алу немесе бетін | | | | | |қайтару, халықаралық | | | | | |даулы мәселелер мен | | | | | |шиеленістерді реттеу | |МАГАТЭ, |1987 |Вена |120-ға жуық ел |Дүние жүзі елдерінің | |Атом | | |енеді |атом энергиясын бейбіт | |энергети-касы| | | |мақсатта және ядролық | |жөніндегі | | | |қауіпсіздік талаптарына| |Халықаралық | | | |сай неғұрлым кең | |агенттік | | | |пайдалануына қол | |(БҰҰ-ның | | | |жеткізу. | |шешімімен | | | | | |құрылған | | | | | |ұйым) | | | | | |ФАО, |1945 |Рим |160-ға жуық ел |Әлемдегі аштықпен | |БҰҰ-ның | | |енеді |күрес, адамдардың | |азық-түлік | | | |тамақтануын жақ-сарту | |және ауыл | | | |мен өмір сүру деңгейін | |шаруашылығы | | | |көтеруге ықпал жасау, | |жөніндегі | | | |ауыл шаруашылығының, | |арнайы ұйымы | | | |балық және орман | | | | | |шаруашылығының | | | | | |өнімділігін арттыру, | | | | | |азық-түлік-пен | | | | | |қамтамасыз ету жүйесін | | | | | |жетілдіру | |ЮНЕСКО, |1946 |Париж |183 ел енеді |Білім беру, ғылым және | |БҰҰ-ның білім| | | |мәде-ниет саласында | |беру, ғылым | | | |халықаралық | |және мәдениет| | | |ынтымақтастықты қолдау | |жөніндегі | | | | | |арнайы ұйымы | | | | | |ЮНКТАД, |1964 |Швейцария |168 ел енеді |Экономикалық және | |БҰҰ-ның сауда| | | |әлеуметтік даму деңгейі| |және даму | | | |әртүрлі мемлекеттер | |жөніндегі | | | |арасындағы халықаралық | |конференциясы| | | |сауда қатынастарын | | | | | |қолдау | |Солтүстік |1949 |Брюссель |АҚШ, Ұлыбритания, |Біртұтас қорғаныс | |Атланттық | | |Франция, Италия, |жүйесін құрайтын | |келісім ұйымы| | |Бельгия, Дания, |әскери-саяси одақ | |(НАТО) | | |Исландия, Канада, | | | | | |Люксембург, | | | | | |Нидерланд, | | | | | |Норвегия, | | | | | |Португалия, | | | | | |Грекия, Түркия, | | | | | |ГФР, Чехия, | | | | | |Венгрия, Польша | | |Еуропалық |1957 |Брюссель |Франция, ГФР, |Біртұтас экономикалық | |Одақ (ЕО), | | |Италия, Бельгия, |одақ құру арқылы елдер | |1993 ж дейін | | |Нидерланд, |арасындағы тауар, | |Ортақ нарық | | |Португалия, |қаржы, жұмыс күшінің | | | | |Люксембург, |еркін айналымына жағдай| | | | |Ұлыбритания, |жасау | | | | |Дания, Ирландия, | | | | | |Грекия, Испания, | | | | | |Швеция, Финляндия,| | | | | |Австрия. | | |Оңтүстік-Шығы|1967 |Джакарта |Индонезия, |Оңтүстік-Шығыс Азиядағы| |с Азия | | |Малайзия, |бейбітшілік пен | |елдерінің | | |Сингапур, Таиланд,|тұрақты-лықты орнату, | |ассоциациясы | | |Филиппин, Бруней, |экономи-калық-әлеуметті| |(АСЕАН) | | |Вьетнам, Лаос, |к және мәдени өрлеуді | | | | |Мьянма |жеделдету | |Мұнай |1960 |Вена |Алжир, Біріккен |Мұнай өнімдерінің | |экспорттаушы | | |Араб Әмірліктері, |әлемдік нарықтағы | |елдер ұйымы | | |Венесуэла, Габон, |бағасын тағайындау және| |(ОПЕК) | | |Индонезия, Ирак, |оның өндірілуі мен | | | | |Иран, Катар, |сатылуына бақылау жасау| | | | |Кувейт, Ливия, | | | | | |Нигерия, Сауд | | | | | |Арабиясы, Эквадор.| | Лекция 8 Тақырыбы: Қазіргі дүниедегі ғаламдық проблемалар (2 сағат) Жоспары 1) Ғаламдық проблемалардың ерекшеліктері. Бейбітшілікті сақтау проблемасы. 2) Ғаламдық экологиялық проблемалар. 3) Шикізатпен қамтамасыз ету және энергетикалық проблемалар. 4) Азық-түлік проблемасы. 5) Демографиялық проблемалар. Дүниежүзілік мұхитты игеру проблемалары. Ресей географы В.П. Максаковскийдің анықтамасы бойынша, ғаламдық проблемалар деп бүкіл дүние жүзін, бүкіл адамзатты қамтитын, оның қазіргісі мен болашағына қауіп төндіретін және өзінің шешілуіне бірігіп күш жұмсауды, барлық мемлекеттер мен халықтардың біріккен әрекетін талап ететін проблемаларды атайды.Сипаты жағынан ғаламдық проблемалар әртүрлі болады, олардың маңыздылары қатарында: 1. Бейбітшілік сақтау мен қарусыздану проблемасы; 2. Экологиялық проблема; 3. Демографиялық проблемалар; 4. Азық-түлік проблемасы 5. Энергетика және шикізат проблемалары 6. Дүниежүзілік мұхитты игеру проблемасы Ғаламдық проблемалар өзара тығыз байланысты. Мәселен, энергетикалық және шикізат проблемалары экологиялық проблемамен, ал экологиялық проблема демографиялық проблемамен, демографиялық проблема өз кезегінде азық-түлік проблемаларымен және т.б. өзара байланысты. Осы проблемалар ішінен бейбітшілікті сақтау проблемасын бірінші кезекке қоюға болады, себебі Жер бетінде тіршіліктің сақталуының өзі тікелей бейбітшілікке тәуелді екендігі сендерге айдан анық түсінікті. Бейбіт өмір жағдайында қарулануға жұмсалып жатқан қыруар қаржыны шешімін таппаған басқа проблемалардың қажеті үшін емін-еркін пайдалануға мүмкіндік туған болар еді. Экологиялық проблемаларды ғаламдық әсер ету дәрежесі мен сипатына қарай екінші кезекке қоюға болады. Өйткені адамзат тіршілігінің болу-болмауының өзі экологиялық проблемаларды шешу мен оның алдын алуға тікелей қатысты болып отыр. Бейбітшілік сақтау проблемасы. Адамзаттың ғаламдық проблемалары арасында Жер шарында бейбітшілікті сақтау және жаңа дүниежүзілік соғысқа жол бермеу проблемасы аса маңызды орын алады. Өйткені бүгінгі таңда Жер шарында жинақталған қару-жарақтың ең соңғы үлгілері санаулы сағаттарда-ақ миллиондаған адамдардың мерт болуына жеткілікті. Жаппай қарулану немесе милитаризация (латынша mіlіtarіs - әскери) экономиканың, жалпы қоғамның дамуына кері ықпал етеді. Жаппай қарулану және әскери шығындар. Қазіргі кезде әскери шығындар көлемі адамзаттың ең кедей бөлігінің табысынан бірнеше рет асып түседі. ХХ ғасырдың соңына қарай дүние жүзі бойынша әскери шығындардың жылдық мөлшері 1 трлн. АҚШ долларынан асып түсті. Бұл қарулану үшін минутына 1,9 млн. доллар қаржы жұмсалады деген сөз. Дүние жүзінде ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға бөлінетін қаржының 25-30%-ын әскери мақсаттағы жобалар құрайды. Сондай-ақ дүние жүзі елдерінің әскер қатарында бүгінгі таңда 25 млн-ға жуық адам жинақталған. Осыншама адам Германия сияқты жоғары дамыған елдің экономикалық белсенді халқының санына тең. Демек бұл көрсеткіш халықтың әлеуметтік-экономикалық мүмкіндігін шектеп, басқа да көптеген ғаламдық проблемаларды шешуді тежейді. Ғаламдық экологиялық проблемалар. Дүние жүзіндегі қазіргі заманғы экологиялық жағдайдың нашарлауын адамзаттың тұтыну ауқымы мен биосфераның ресурстық-экологиялық мүмкіндіктерінің сәйкес келмеуімен түсіндіруге болады. Ноосфера туралы ілімнің негізін қалаған академик В.И.Вернадский ХХ ғасырдың ортасында-ақ адамзаттың шаруашылық әрекеті географиялық ортаға табиғаттың өзінде жүріп жатқан геологиялық процестерден кем әсер етпейтіндігі туралы жазған. Одан бергі өткен уақытта адамның табиғатқа әсері одан сайын арта түсті; экологиялық проблемалар ауқымы жөнінен ғаламдық сипат алды. Ғаламдық экологиялық проблемалар түрліше сипатта болады; олардың аса маңыздыларына табиғи ортаның ластануы мен жай-күйінің нашарлауы жатады. 1) Табиғи ортаның ластануы. 2) Озон қабатының жұқаруы проблемасы. 3) Ормандар аумағының қысқаруы. 4) Шөлейттену. 5) Ғаламдық экологиялық проблемаларды шешу жолдары 6) Тұрақты даму концепциясы. Демографиялық проблема Демографиялық даму ұғымына халық санының артуы ғана емес, урбандалу, босқындар проблемасы және ұлттар арасындағы қарым-қатынастар тәрізді сан- салалы мәселелер енеді. Сондықтан ғаламдық демографиялық проблеманы демография, экономика және саясаттың өзара күрделі байланыстары тұрғысынан талдап, қарастыру қажет. Азық-түлік проблемасы. Адамзат қоғамының бүкіл тарихында азық-түліктің жетіспеушілігі әрқашан байқалып отырған, оған әртүрлі себептер әсер еткен. Ғалымдар дүние жүзі елдерін азық-түлікпен қамтамасыз етілу деңгейі бойынша бірнеше топқа бөледі: 1) азық-түлік өнімдерін экспортқа шығаратын елдер (АҚШ, Канада, Аустралия, ЕО құрамындағы кейбір елдер, Финляндия, Венгрия); 2) азық-түлік жетіспейтін, бірақ оны сырттан сатып алу мүмкіндігі бар елдер (Жапония); 3) азық-түлік өндірісі жергілікті сұранысты әрең қамтамасыз ететін елдер (Қытай, Үндістан, Оңтүстік Америка елдері); 4) азық-түлік жетіспейтін, бірақ өзін-өзі қамтамасыз ету үшін су және жер ресурстарын қарқынды игеріп жатқан елдер (Египет, Индонезия, Пәкстан, Филиппин); 5) жан басына шаққанда азық-түлікпен қамтамасыз етілу жағдайы төмен елдер (Африканың Сахарадан оңтүстікке қарай орналасқан дамушы елдері); 6) халық санының артуы аумақтың ресурстық мүмкіндігінен жоғары болуы себепті азық-түлік дағдарысы басталған елдер (Гаити, Непал, Сальвадор). Энергетика және шикізат проблемалары. Қазіргі кезде адамзаттың жыл өткен сайын артып келе жатқан сұранысын өтеу үшін бұрынғыға қарағанда әлдеқайда көп шикізат қажет болуда. Мұның өзі шикізат пен энергетика проблемасын ауқымы жағынан ғаламдық проблемалар қатарына жатқызуға себепші болады. Қазіргі кезде әлемде 160 түрлі минералды шикізат өндіріледі, жыл сайын жер қойнауынан 100 млрд тонна пайдалы қазба алынады. Құрлықтың жартысынан астамы толығымен игерілген. Дүниежүзілік мұхитты игеру проблемалары. Жер шарындағы тіршілік үшін дүниежүзілік мұхиттың алатын орны ерекше. Мұхит сулары атмосфераны оттегімен байытады, адамдарды құнарлы да пайдалы азық-түлікпен қамтамасыз етеді. Сондай-ақ дүниежүзілік мұхиттың арзан да тиімді көлік жолы дүние жүзі елдері арасындағы халықаралық қарым-қатынасында да маңызды орын алып келді. Құрлықтағы кейбір минералдық ресурстардың азаюы өндіріс ауқымы тез ұлғайып жатқан жағдайда мұхит суларынан кен өндіру, әсіресе мұнай мен газ өндірудің жедел дамуына себепші болып отыр. Дүниежүзілік азық-түлік проблемасының туындауы мұхит суларының биологиялық ресурс ретіндегі қолданылу аясын да күннен-күнге кеңейтуде. Ғылым мен техника жетістіктері мұхит суынан тек мұнай мен газ ғана емес, темір-марганец конкрецияларын; сутегі изотобы—дейтерийді айырып алу; орасан зор толысу энергиясын алатын электр стансаларын салу; теңіз суын тұщыландыру істерінде жаңа болашақ ашуда. Мұхит суында 10 млн тонна алтын бар. №1 СОӨЖ САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: Елдерді топтастыру САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: Елдердің топтары мен оларға тән белгілерді анықтау. Негізгі түсініктер мен терминдерге тоқталу. Дүние жүзінің саяси картасының объектілері туралы түсінік қалыптастыру САБАҚҚА КЕРЕКТІ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР: 1.Дүние жүзінің саяси картасы 2.Жеке таратылатын дүние жүзінің картасы 3.Дүние жүзінің атластар мен жаратылыстану-математика бағытындағы оқу құралдары 4. Статистикалық мәліметтер ТАПСЫРМА: 1. Мемлекеттік құрылым мен басқару формалары бойынша кесте құрастырып, картадан көрсету, есте сақтау. 2. Мемлекет аумағы бойынша 10 алып және шағын мемлекеттерді кескін картаға түсіріп, - ел аумағын игеруде; - экономикалық дамуына; - мемлекеттік шекаралардың қауыпсіздігіне саяси баға беру. 3. Дүние жүзіндегі елдерді экономикалық даму деңгейі бойынша топтастырып, ЖІӨ көлемі жөнінен жетекші 10 елді атап, диаграмма құрастыру. 4. Глоссарий жазу 1. Теократтық грекше theos-құдай, kratos – билік деген мағынаны білдіреді. 2. Республика латынша respublica – қоғамдық іс деген мағынаны білдіреді 3. Унитарлы – латынша unitas – бірлік 4. Федерациялы – латынша foederatio – одақ, бірлестік 5. Отарлар – латынша colonia – қоныс 6. Протектораттар – латынша protector – қамқоршы 6. «Қазақстанның қазіргі дүние жүзі саяси картасындағы орны» тақырыбында хабарлама дайындау. Бақылау формасы: Студенттердің сабаққа белсенді араласуын қадағалап, СӨЖ берілген тапсырмаларды қабылдау. №2 СОӨЖ САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: Дамыған елдер. «Үлкен Жетілік елдері» САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: Дамыған елдер, «Үлкен Жетілік елдері» және олардың даму тенденциялары туралы түсінік қалыптастырып, студенттердің интеллектуалдық ой-өрісін жан-жақты дамытуда пікір алмастыру. САБАҚҚА КЕРЕКТІ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР: 1.Дүние жүзінің саяси картасы 2.жеке таратылатын дүние жүзінің картасы 3.дүние жүзінің атластар мен жаратылыстану-математика бағытындағы оқу құралдары 4. Статистикалық мәліметтер Сұрақтар: 1. ЖІӨ және ЖҰӨ өндірудің айырмашылығы неде, олардың әр түрлі топ елдеріндегі көрсеткіштерінің айырмашылығы неге байланысты? 2. Олардың экономикалық даму типіндегі және сыртқы сауда қатынастарындағы өзгешеліктері қандай? 3. Батыс Еуропа қандай алғышарттар негізінде дүние жүзілік экономикалық дамудың орталығына айналды. 4. Дамыған елдердің қазіргі экономикалық жағдайына баяндама дайындау. Тапсырмалар: 1. Басты капиталистік елдер «Үлкен Жетілік елдеріне» презентация дайындау. 2. Батыс Еуропаның шағын капиталистік елдеріне баяндама дайындау. 3. «Қоныс аударған капитализм» елдеріне хабарлама дайындау. Бақылау формасы: Берілген тапсырмаларды орындалуын қадағалап, презентацияларын қабылдау. № 3 СОӨЖ САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: Орташа дамыған елдер. САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: Орташа дамған елдерге жан-жақты сипаттама беріп, олардың әлеуметтік және экономикалық даму тенденцияларына баға беру. САБАҚҚА КЕРЕКТІ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР: 1.Дүние жүзінің саяси картасы 2.жеке таратылатын дүние жүзінің картасы 3.дүние жүзінің атластар мен жаратылыстану-математика бағытындағы оқу құралдары 4. Статистикалық мәліметтер Тапсырмалар: 1. Батыс Еуропаның орташа дамыған елдерінің саяси-экономикалық жағдайлары мен табиғи-ресурстық потенциалына баға беру. 2. Шығыс Еуропадағы өтпелі экономика елдеріне жан-жақты сипаттама беру. 3. Батыс және Шығыс Еуропаның экономикасының дамуындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарын анықтау. 4. Батыс және Шығыс Еуропа елдері мен Қазақстан арасындағы сыртқы экономикалық байланыстарына хабарлама дайындау. 5. Еуропадағы халықаралық туризм орталықталықтарына презентация дайындау. Бақылау формасы: Берілген тапсырмаларды орындалуын қадағалап, презентацияларын қабылдау. №4 СОӨЖ САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: Дамушы елдер САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: Дамушы елдер және олардың әлеуметтік және экономикалық даму тенденциялары туралы түсінік қалыптастыру САБАҚҚА КЕРЕКТІ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР: 1.Дүние жүзінің саяси картасы 2.жеке таратылатын дүние жүзінің картасы 3.дүние жүзінің атластар мен жаратылыстану-математика бағытындағы оқу құралдары 4. Статистикалық мәліметтер Тапсырмалар: 1. Кестені пайдалана отырып, дамушы елдердің негізгі топшаларына сипаттама беру. - жетекші дамушы елдер; - жаңа индустриялық елдер; - плантациялық шаруашылық елдер; - мұнай экспорттаушы елдер; - «жалға пәтер беруші» елдер; - даму деңгейі төмен елдер. 2. Дамыған және дамушы мемлекеттерді салыстырып, экономикалық-әлеуметтік жағдайына баға беру. Бақылау формасы: Студенттердің сабаққа белсенді араласуын қадағалап, СӨЖ берілген тапсырмаларды қадағалау. №5 СОӨЖ САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: Географияда статистикалық модельдер құрастыру. САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: Берілген мәліметтер бойынша модельдер құрастыруды үйрену. САБАҚҚА КЕРЕКТІ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР: 1.Дүние жүзінің саяси картасы 2.Жеке таратылатын дүние жүзінің картасы 3.Дүние жүзінің атластар мен жаратылыстану-математика бағытындағы оқу құралдары 4. Статистикалық мәліметтер Тапсырмалар: -Дүние жүзі елдердің жалпы ішкі өнімі бойынша; -жан басына шаққанда ЖІӨ көлемі бойынша; -жер көлемі бойынша; -халық саны бойынша; -халық санының ұдайы өсімі бойынша; -ауыл шаруашылығы көрсеткіші; -өндірістік өнеркәсіп үлесі бойынша 10 елдің ең төмеңгі және ең жоғарғы көрсеткіштерін алып, рангке жіктеу. |Формула Х=_мах - мin | |3 | Мұндағы, х -интервал Мах – ең жоғарғы көрсеткіш Мin – ең төмеңгі көрсеткіш Рангтерге бөлу тәртібі: 1) Мin-нан у-ке дейін (у = Мin+х) 2) у-тен Z-ке дейін (Z= у+х) 3) Z-тен Мах-ға дейін 2. Қызмет көрсету саласы бойынша дүние жүзінің 10 елінің ең төмеңгі және ең жоғарғы көрсеткіштерін алып, рангке жіктеу. Нәтижесі бойынша кескін картаға 1-рангктегі елдерді – қызыл түспен, 2-рангктегі елдерді – сары, 3-рангктегі елдерді жасыл түспен кескін картаға бояу. №6 СОӨЖ САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: Қазіргі замаңғы ғаламдық процестер САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: Ғаламдану және аймақтық ы САБАҚҚА КЕРЕКТІ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР: 1.Дүние жүзінің саяси картасы 2.жеке таратылатын дүние жүзінің картасы 3.дүние жүзінің атластар мен жаратылыстану-математика бағытындағы оқу құралдары 4. Статистикалық мәліметтер ТАПСЫРМА: 1. Халықаралық экономикалық байланыстар. 2. Халықаралық ынтымақтастық ұйымдары. 3. Дүние жүзілік шаруашылықтың ғаламдануы. 4. Халықаралық байланыс жүйесігі Қазақстанның орны тақырыптарына хабарлама дайындау. Бақылау формасы: Студенттердің сабаққа белсенді араласуын қадағалап, СӨЖ берілген тапсырмаларды қадағалау. №7 СОӨЖ САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: Дүние жүзінің ғаламдық проблемалары САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: Ғаламдану және аймақтық ынтымақтастық жайлы білімдерін толықтыру САБАҚҚА КЕРЕКТІ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР: 1.Дүние жүзінің саяси картасы 2.жеке таратылатын дүние жүзінің картасы 3.дүние жүзінің атластар мен жаратылыстану-математика бағытындағы оқу құралдары 4. Статистикалық мәліметтер ТАПСЫРМА: - ғаламдық демографиялық проблемалар; - азық-түлік проблемасы; - энергетика және шикізат проблемалары; - дамушы елдердің артта қалушылығын жою проблемасы; - Дүние жүзілік мұхитты пайдалану проблемасы; - Ғарышты бейбіт мақсатта игеру тақырыптарына пікір-талас өткізу. Бақылау формасы: Студенттердің сабаққа белсенді араласуын қадағалап, СӨЖ берілген тапсырмаларды қадағалау. 3.2. Емтиханға дайындалуға арналған сұрақтар 1. Қазіргі дүние елдерін мемлекет құрылымы бойынша қандай топтарға бөледі? 2. Анклав деген не? 3. Тәуелді аумақтар қандай түрлерге бөлінеді? 4. Халықаралық және аймақтық ұйымдарға мысал келтір, олардың ерекшеліктерін ата 5. Қандай мемлекеттерде тәуелсіздік жарияланғанымен, егемендік халықаралық деңгейде танылмаған? 6. Дүние жүзі елдерін жерінің ауданына қарай қандай топтарға бөледі? 7. Экстремум елдер дегеніміз не? 8. Дүние жүзі елдерін жерінің пішіні, теңізге қатынасына қарай қандай топтарға бөледі? 9. Әлем елдері экономикалық даму деңгейіне қарай қалай жіктеледі? 10. Экономикалық даму деңгейін сипаттайтын көрсеткіштерді ата 11. Жиынтық ішкі өнімнің жалпы көлемі дегеніміз не? 12. Қандай елдер ЖІӨ көлемі бойынша әлемде алдыңғы орындарда, оның себебі неде? 13. Қандай елдердің ЖІӨ көлемі өте аз, себебін түсіндір 14. ЖІӨ құрылымы мен ел экономикасы типінің және даму деңгейінің арасында байланыс бар ма? 15. «Постиндустриялық» елдерге тән қандай белгілерді білесің? 16. Жоғары дамыған елдерге тән белгілерді ата 17. Шағын капиталистік елдердің ерекшеліктері қандай? 18. «Қоныс аударған капитализм елдері» ұғымын түсіндір, бұл топтамаға қандай елдер жатады? 19. Өтпелі экономика қандай елдерге тән, оның ерекшеліктері қандай? 20. Жетекші дамушы елдер топтамасына енетін елдерді ата, олардың басты ерекшеліктері қандай? 21. «Жаңа индустриялық елдер» ұғымын түсіндір, оған қандай елдерді жатқызуға болады? 22. «Мұнай экспорттаушы елдер» топтамасына тән басты белгілерді ата, оған қандай елдер жатады? 23. «Мешеу елдер» топтамасын қандай елдер құрайды, оларға тән белгілер қандай? 24. Ғаламдық экологиялық проблемалар қалай пайда болады, олардың қатарына қандай мәселелерді жатқызуға болады? 25. Елдердің экологиялық-экономикалық типтері дегеніміз не? 26. Дамушы елдер мен дамыған елдердегі демографиялық проблемалар мен демографиялық саясаттың айырмашылықтары қандай? 27. Дүниежүзілік мұхит ресурстарын игеру проблемасының ғаламдық сипат алуы немен байланысты? 28. Бейбітшілікті сақтау проблемасының адамзат дамуы үшін маңызын ата 29. Дамушы елдер мен дамыған елдердегі азық-түлік проблемасының ерекшеліктерін ата 30. Шикізатпен қамтамасыз ету проблемасының елдер бойынша ерекшеліктері қандай? «Қазіргі дүние географиясы» пәні бойынша тест тапсырмалары 1.Даниядағы мемлекет құрылымы А) парламенттік республика В) федеративті республика С)) конституциялық монархия D) абсолютті монархия E) Теократиялық монархиz ***** 2.Британ империясы құрамындағы өзін өзі басқаратын отар: А) доминион В) республика С) анклав D) метрополия E) протектарат ***** 3.Қай елдер НАТО құрамына енеді? А) Австрия В) Финляндия С) Бельгия D) Швейцария E) Англия ***** 4.Еуропалық Одақтың штаб-пәтері қай қалада орналасқан? А) Вена, Австрия В) Брюссель, Бельгия С) Стокгольм, Швеция D) Женева, Швейцария E) Мадрид, Испания ***** 5.Біріккен Ұлттар Ұйымының ғылым, білім және мәдениет бойынша ұйымы: A) ЮНЕСКО B) ВОЗ C) ОПЕК D) МАГАТЭ E) АСЕАН ***** 6. Қай елдер тобында тек корольдіктер берілген? A) Италия, Монако, Сан-Марино B) Мальта, Португалия, Нидерланд C) Дания, Швеция, Ұлыбритания D) Польша, Франция, Греция E) Испания, Исландия, Ирландия ***** 7. НАТО-ға мүше азиялық мемлекет А) Үндістан В) Израиль С) Жапония D) Түркия E) Қазақстан ***** 8.Малайзияның мемлекеттік құрылымы А) республика В) Ұлыбритания құрамындағы доминион С) конституциялық монархия D) абсолютті монархия E) Теократиялық монархия ***** 9.Республиканы ата А) Кувейт В) Иордания С) Оман D) Ливан E) Судан ***** 10. Бразилияның мемлекеттік құрылымы А) федеративті республика В) конституциялық монархия С) абсолютті монархия D) доминион E) протектарат ***** 11.Парижде қай ұйымның штаб-пәтері орналасқан: A) НАТО B) ЮНЕСКО C) АСЕАН D) НАФТА E) ВОЗ ***** 12.Солтүстік Африкадағы монархия: A) Египет B) Алжир C) Марокко D) Мали E) Лесото ***** 13. Батыс Европадағы республика: A) Монако B) Франция C) Испания D) Люксембург E) Швейцария ***** 14.Монархияны тап: A) Норвегия B) Финляндия C) Исландия D) Швейцария E) Франция ***** 15.Британ Бірлестігіне кірмейтін елді тап: A) Канада B) Австралия C) ЮАР D) Мексика E) Жапония ***** 16. Шетелдік Европадағы мемлекет саны: A) 40 B) 50 C) 60 D) 70 E) 80 ***** 17.Оңтүстік-Шығыс және Оңтүстік-Батыс Азиядағы астаналарды ата: A) Бангкок B) Кито C) Лима Д) Коломбо Е) Джакарта ***** 18.Аталған елдер арасынан федерациялық республиканы табыңдар: А) Франция В) АҚШ С) Қазақстан D) Ливан Е) Австралия ***** 19.Урбандалу деңгейі нені көрсетеді: А) халықтың жалпы санындағы қала халқының үлесін В) экономикалық даму деңгейін C) елдің даму тарихын D) экономикадағы ауыл шаруашылығының үлесін Е) елдің әлеуметтік деңгейін ***** 20.Батыс Еуропа елдеріне тән болатын құбылыс: А) туу көрсеткіші жоғары, өлім көрсеткіші төмен В) туу және өлім көрсеткіштері төмен С) туу және өлім көрсеткіштері жоғары D туу көрсеткіші төмен, өлім көрсеткіші жоғары Е) туу және өлім көрсеткіші жоғары ***** 21. Саны жағынан көп тіл семьясы: А) қытай-тибет В) афразиялық С) нигер-кордофан D) үндіеуропалық Е) Алтай семьясы ***** 22.Еуропадағы халық саны ең көп ел: А)Ұлыбритания В) Германия С) Италия D) Франция Е) Испания ***** 23. Үндістандағы урбандалу деңгейі: А) 50% В) 15% С) 70% D) 26% Е) 25% ***** 24.Аталған мемлекеттердің қайсысында урбандалу деңгейінің ең төмен көрсеткіші байқалады? А) Үндістан В) Непал С) Ауғанстан D) Қытай Е) Пәкістан ***** 25.АҚШ-тың халқы ең көп мегалополисі: А) Калифорния (“Сан-Сан”) В) Көл маңы (“Чиппитс”) С) Солтүстік-Шығыс (“Босваш”) D) Оңтүстік Е) Оңтүстік-шығыс ***** 26.Еуропалықтар мен үндістердің некесінен туған ұрпақтар: А) самбо В) мулаттар С) креолдар D метистер Е) негрлер ***** 27. Канаданың халқы негізінен елдің қай бөлігінде шоғырланған: А) орталық В) солтүстік С) оңтүстік-шығыс D) оңтүстік Е) солтүстік-батыс ***** 28. Үндістер мен қара нәсілділердің некесінен туған ұрпақтар: А) метистер В) самбо С) мулаттар D) креолдар Е) негрлер ***** 29.Латын Америкасындағы халық саны жөнінен ең ірі қала: А) Мехико В) Рио-де-Жанейро С) Буэнос-Айрес D) Сан-Паулу Е) Бразилия ***** 30.Латын Америкасы елдері арасында үндіс халықтарының үлесі ең көп ел: А) Боливия В) Бразилия С) Гватемала D) Мексика Е) Аргентина ***** 31.Төмендегі тұжырымдардың қайсысы дұрыс: А) Дамыған елдердегі халықтың жас құрылымында балалар үлесі жоғары болады В) Дүние жүзі елдерінің көпшілігінде халықтың жыныстық құрылымында әйелдердің үлесі жоғары болады С) Азияның барлық елдерінде басым дін ислам болып табылады D) Дамушы елдердегі халықтың жас құрылымында егде адамдар үлесі жоғары Е) Еуропаның халық санының үлесі жоғары ***** 32. Дүние жүзі халқының санына болжаудағы басты көрсеткіш. А) дүние жүзі мен аймақтары халқының өсу қарқыны В) дамушы елдер халқының орташа жылдық өсу қарқыны С) дүние жүзі елдері халқының тығыздығы D) дамушы елдердің демографиялық саясатының сипаты Е) дамыған елдердің демографиялық саясатының сипаты. ***** 33.Халықтың қоғамдық денсаулығының негізгі көрсеткіші: А) халық саны В) өмір сүру ұзақтығы С) табиғи өсім D) жас-жыныстық құрылымы Е) Экономикалық белсенді халық ***** 34.АҚШ халқының мекен ететін басым бөлігі А) қала типтес кенттерде В) қалаларда С) ауылды жерлерде D) фермаларда Е) шағын аудандарда ***** 35. Әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі төмен елдерде жұмыспен қамтылған халықтың А) құрылымында кімдердің үлесі жоғары В) өнеркәсіпте жұмыс істейтіндердің С) білім беру саласының қызметкерлерінің D) ауыл шаруашылық қызметкерлерінің Е) банк қызметкерлерінің ***** 36.Латын Америкасы елдерінде ең кең таралған дін: А) католиктік В) иудаизм С) православие D) протестанттық Е) ислам ***** 37.Үндістан халқына тән белгі: А) халықтың ұлттық құрамының біркелкілігі В) халықтың жыныстық құрылымында әйелдердің басымдылығы С) өмір жасының ұзақ болуы D) көп ұлттылық Е) халық санынын көптігі ***** 38.Солтүстік Еуропа елдерінде кең тараған дін: А) православие В) протестанттық С) католиктік D) ислам Е) иудаизм ***** 39.Қала халқының үлесі көп ел: А) Бельгия В) Португалия С) Ирландия D) Франция Е) Польша ***** 40.Азияның қай елінде халықтың тығыздығы 1 шаршы км-ге 800 адамнан асып түседі? А) Қытай В) Үндістан С) Бангладеш D) Корея Республикасы Е) Тайланд ***** 41.Халық саны ең көп ел: А) Үндістан В) Бразилия С) АҚШ D) Қытай Е) Жапония ***** 42.Африкадағы халық саны ең көп ел: А) Египет В) Нигерия С) ОАР D) Эфиопия Е) Мали ***** 43. Маори қай елдің байырғы тұрғындары А) Жаңа Зеландия В) Багам аралдары С) Мальдив аралдары D) Мадагаскар Е) Филиппин аралдары ***** 44.Шығыс Еуропаның урбандалу деңгейі ең жоғары елі: А) Македония В) Эстония С) &Чехия D) Польша Е) Латвия ***** 45.Депопуляция (халық санының кемуі) процесі қай аймаққа тән А) Шығыс Еуропа В) Солтүстік Еуропа С) Оңтүстік Еуропа D) Батыс Еуропа Е) Орталық ***** 46. Шетел жұмысшылары – “гастарбайтерлердің” саны көп ел: А) Ұлыбритания В) Италия С) Испания D) Германия Е) Франция ***** 47. Еуропадағы дамудың “орталық білігі” бойында қанша адам өмір сүреді: А) 20 млн адам В) 60 млн адам С) 80 млн адам D) 120 млн адам Е) 150 млн адам ***** 48.Шетелдік Азия елдерінде халықтың ұдайы өсуінің қай типі басым А) аралас В) бірінші С) екінші D) халық санының кемуі Е) халық санынын өсуі ***** 49.Африкадағы біршама жақсы дамыған ел. А) Чад B) Мали C) Уганда D) ОАР Е) Ангола 50. Шетелдік Азияның экономикалық белсенді халқының басым бөлігі қай салада жұмыс істейді А) өнеркәсіпте В) ауыл шаруашылығында С) өндірістік емес салада D) ауыл шаруашылығы мен өндірістік емес салады Е) кен орындапрында ***** 51. Әлемдегі ең ірі мегалополис қайда орналасқан: А) Үндістанда В) Қытайда С) Сингапурда D) Жапонияда Е) Кореяда ***** 52. Зейнеткерлердің “қарлы белдеуден” “күн белдеуіне” қоныс аударуы қай елде байқалады А) Канадада В) АҚШ-та С) Германияда D) Норвегияда Е) Мексика ***** 53. Халқының 4/5 бөлігі теңіз деңгейінен 3 мың м биіктікте өмір сүретін ел: А) Чили В) Эквадор С) Перу D) Боливия Е) Колумбия ***** 54.АҚШ-тағы халық саны ең көп штат: A) Флорида B) Вермонт C) Пенсильвания D) Виргиния Е) Арканзас ***** 55. Батыс Еуропадағы ең ірі порт: А) Марсель В) Гавр С) Роттердам D) Неаполь Е) Гронинген ***** 56.Батыс Еуропадағы мұнай өндірілетін негізгі аудан: А) Париж алабы В) Балтық теңізі қайраңы С) Уэльс ауданы D) Солтүстік теңіз қайраңы Е) Норвегия жағалауы ***** 57. Дүние жүзінде қант құрағын ең көп өндіретін ел: А) Куба В) Индонезия С) АҚШ D) Бразилия Е) Қытай ***** 58. Бұл елді Еуропаның “сүт фермасы” деп жиі атайды. А) Венгрия В) Дания С) Ұлыбритания D) Финляндия Е) Норвегия ***** 59.Шетелдерде өндірілетін мұнайдың төрттен үші тиесілі: А) еуропалық елдерге В) дамыған капиталистік елдерге С) дамушы елдерге D) Шығыс Азия елдеріне Е) Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне ***** 60.Азияның қай елі мұнай өндіруден жетекші орын алады А) Кувейт В) Иран С) Ирак D) Сауд Арабиясы Е) Катар ***** 61.Сингапур экономикасының дамуына ықпал ететін негізгі фактор: А) экономикалық-географиялық жағдайының қолайлылығы В) ірі көлемдегі шетелдік инвестициялар С) өнеркәсіптің жоғары деңгейде дамуы D) бұрын отар болғандығы Е) Кен байлықтарынын көптігіне байланысты ***** 62.Дүние жүзінде қай ел ірі қара мал саны жөнінен 1-орын алады А) Қытай В) Үндістан С) Түркия D) Таиланд Е) Банкок ***** 63.Бұл мемлекеттердің қайсысы ОПЕК ұйымына енбейді А) Индонезия В) Катар С) Бахрейн D) Оман Е) Кувейт ***** 64.Экономикалық дамудың “қытайлық үлгісінің” мәні: А) орталықтан жоспарлау В) инвестициялық әрекеттің кеңеюі С) жалпы индустрияландыру D) орталықтан жоспарлауды нарықтық экономика элементтерімен ұштастыру Е) бірлескен кәсіпорындардың, құрылуымен ***** 65.Дүние жүзіндегі ең қуатты СЭС қай елде салынуда А) Үндістан В) Қырғызстан С) Қытай D) Жапония Е) Ресей ***** 66. Қай қала АҚШ-тағы автомобиль жасаудың орталығы болып есептеледі А) Чикаго В) Детройт С) Нью-Йорк D) Лос-Анджелес Е) Флорида ****** 67.Солтүстік Америка елдерінде жұмыспен қамтылғандардың құрылымында кімдердің үлесі жоғары: А) ауыл шаруашылығында жұмыс істейтіндердің В) өңдеуші өнеркәсіпте істейтіндердің С) өндіруші өнеркәсіпте істейтіндердің D) қызмет көрсету саласында істейтіндердің Е) мемлекеттік лауазымда жұмы істейтіндердің ***** 68.Канада қандай ауылшаруашылық өнімін экспортқа шығарудан көзге түседі: А) ет В) бидай С) жүн D) картоп Е) сүт ***** 69.Жан басына шаққанда электр энергиясын өндіруден жетекші орын алатын ел: А) Норвегия В) АҚШ С) Мексика D) Жапония Е) Германия ***** 70.Балық шаруашылығы қай елдің халықаралық мамандану саласы А) Чехия В) Венгрия С) Норвегия D) Бразилия Е) Финляндия ***** 71.Латын Америкасының қай мемлекеті НАФТА ұйымына енеді: А) Венесуэла В) Бразилия С) Мексика D) Аргентина Е) Чили ***** 72.Детройт, Нижний Новгород, Вольфсбург қай саланың даму орталығы: А)кеме жасау В) автомобиль жасау С) радиоэлектроника D) станок жасау Е) химия өнеркәсібі ***** 73.Бразилиядағы ірі жер иелігі: А) фазенда В) гасиенда С) минифундия D) эстансия Е) участок ***** 74. Ресурспен жақсы қамтамасыз етілген және экономикалық даму деңгейі жоғары ел: А) Жапония В) Канада С) Бразилия D) Ресей Е) АҚШ ***** 75. Дүниежүзілік шаруашылықтың ғаламдануы ең алдымен неден көрінеді: А) бірыңғай ақша бірлігінің енгізілуінен В) бірыңғай энергетикалық жүйенің жасалуымен С) бірыңғай қорғаныс саясатының жүргізілуімен D) бірлескен кәсіпорындардың, ұлтаралық бірлестіктердің құрылуымен. Е) бірінғай ұйымдардың құрылуымен ***** 76.Аустралия, Гвинея, Ямайка, Ресей - әлемдегі жетекші өндірушілер: А) боксит В) табиғи газ С) уран D) мұнай Е) темір ***** 77. Ауыр машина жасау қай елдің халықаралық мамандану саласы болып табылады А) Малайзия В) Бразилия С) Индонезия D) Португалия Е) Швейцария ***** 78.Дүние жүзінде шошқа саны жөнінен бірінші орын алатын ел: А) Германия В) Қытай С) Бразилия D) Үндістан Е) Жапония ***** 79.Талшықты дақылдарға қайсылары жатады: А) зығыр, мақта, джут В) күріш, жүгері, сорго С) какао, шай, жержаңғақ D) тары, арпа, кофе Е) сұлы, арпа джут ***** 80.Өсімдік шаруашылығы қай елде ауыл шаруашылығының басты саласы болып табылады А) Дания В) Германия С) Ұлыбритания D) Италия Е) Испания **** 81.Қазіргі заманғы мұнай өңдеудің теңіз порттарына жақын орналасуының себебі неде? А) сырттан әкелінетін арзан шикізатқа бағдарланады В) қызметкерлер санының жеткілікті болуы С) мұнай өндірудің қысқаруы D) мұнай тасымалдау құнының артуы Е) мұнай тасымалдау көзінің тиімділігінде ***** 82.Халықаралық сауданың 80%-дан астамын қамтамасыз ететін көлік: А) темір жол В) автомобиль көлігі С) теңіз көлігі D) әуе көлігі Е) құбыр көлігі ***** 83. Табиғи газды ірі көлемде экспортқа шығарушылардың тізімінен қате табыңдар: А) Нидерланд В) Марокко С) Норвегия D) Канада Е) Сауд Аравиясы ***** 84.Африкадағы фосфоритті ірі көлемде экспортқа шығаратын ел: А) ОАР В) Эфиопия С) Замбия D) Марокко Е) Эфиопия 85.Нигерия, Ливия, Алжир қай өнімді экспортқа шығарады: А) темір кені В) мұнай С) тас көмір D) мыс кені Е) уран ***** 86. ОПЕК және АСЕАН құрамына енетін мемлекет: А) Алжир В) Нигерия С) Малайзия D) Индонезия Е) Катар ***** 87.Шетелдік Еуропаның тас көмір алаптары арасында ең ірісі: А) Шотландия В) Оңтүстік Уэльс С) Рур D) Донецк Е) Солтүстік теңіз қайраңы ***** 88. Еуропадағы ғана емес, бүкіл дүние жүзіндегі “химияланған” ел: А) Швеция В) Франция С) Германия D) Португалия Е) Италия ***** 89.“Азиялық жолбарыстар” қатарына жататындар: А) Корея Республикасы, Индонезия, Малайзия В) Жапония, Корея Республикасы С) Филиппин, Сауд Арабиясы D) Таиланд, Қытай Е) Вьтнам, Таиланд, Жапония, Қытай ***** 90. Шетелдік Азияның өсімдік шаруашылығының құрылымында мына дақылдарды өсіру А) жетекші рольге ие болады: В) мал азықтық С) техникалық D) дәнді дақылдар Е) сергітетін ***** 91. Дүние жүзінде кеме жасаудан екінші орын алатын ел: А) Корея Республикасы В) Жапония С) Израиль D) Филиппин Е) Индонезия ***** 92.Қазіргі кезде “экономикалық керемет” болып жатқан елдер: А) Жапония мен Филиппин В) Корея Республикасы мен Сингапур С) Үндістан мен Қытай D) Сауд Арабиясы мен Түркия Е) Малайзия мен Индонезия ***** 93.Әлемдегі “тау-кен өндіретін ұлы державалар” қатарына енетін ел: А) Малайзия В) Пәкстан С) Сауд Арабиясы D) Аустралия Е) Норвегия ***** 94.“Мыс белдеуі” қай жерде орналасқан: А) Африканың солтүстік бөлігінде В) Африканың шығыс бөлігінде С) Африканың батыс бөлігінде D) Африканың оңтүстік-шығыс бөлігінде Е) Африканың орталыцқ бөлігінде ***** 95. Әлемдегі ең ірі О’Хэйр әуежайы қайда орналасқан? А) Вашингтонда В) Сан-Францискода С) Майамиде D) Чикагода Е) Сеулде ***** 96. Уран, мырыш және асбест өндіруден дүние жүзінде бірінші орын алатын ел: А) Канада В) Бразилия С) АҚШ D) Аргентина Е) Мексика ***** 97.Дүние жүзіндегі банан өсіретін жетекші елдер: А) Бразилия, Чили, Эквадор В) Коста-Рика, Колумбия, Эквадор С) Куба, Колумбия, Бразилия D) Ямайка, Панама, Эквадор Е) Бразилия, Куба, Колумбия ***** 98.Латын Америкасындағы индустриялық үшбұрышты құрайтын қалалар: А) Сан-Паулу, Мехико, Рио-де-Жанейро В) Мехико, Лагос, Гавана С)Рио-де-Жанейро, Сан-Паулу, Белу-Оризонти D) Рио-де-Жанейро, Сан-Паулу, Бразилиа Е) Панама, Белу-Оризонти, Лагос ***** 99.Батыс Еуропаның қаржы орталықтары: А) Париж, Амстердам В) Женева, Цюрих С) Лондон, Цюрих D) Лондон, Брюссель Е) Амстердам, Брюссель ***** 100.Шетелдік Еуропа аумағында ең солтүстікте орналасқан мемлекет: A) Исландия B) Норвегия C) Финляндия D) Швеция Е) Италия ***** 6.Ұсынылатын әдебиеттер тізімі Негізгі әдебиеттер 1. Петрова Н.М. География: современный мир. М., Форум-Инфра-М., 2007. 2. Мировая экономика. Под ред. А.С.Булатова. М., Экономика, 2007. 3. Алисов Н.В., Хореев Б.С. Экономическая и социальная география мира (общий обзор). М., Гардарики, 2004. Қосымша әдебиеттер 1. Ә.Бейсенова, К.Каймулдинова, С.Әбілмәжінова, Ж.Достай География. Дүние жүзіне аймақтық шолу. Оқулық. – Алматы, “Мектеп”, 2007 2. Искакова К.А., Утекешова Р.К. Практические задания по курсу «География мирового хозяйства» (для студентов географических специальностей ВУЗов Республики Казахстан). Алматы, «Казак университет!», 1998. 3. Шреплер Х.А. Международные организации: Справочник / Пер. с нем. С.А.Тюпаева – М. Международные отношения, 1999. 4. К.Каймулдинова, Б.Асубаев, Б.Әбдіманапов. География. Тест тапсырмалары. – Алматы: “Мектеп” баспасы, 2006. 5. Родионова И.А., Холина В.Н. Пособие по географии для поступающих в ВУЗы. Политическая карта мира. М., 2004. Анықтамалық әдебиеттер 1. Страны мира: Справочник/ под общей ред. И.С. Иванова – М.: Республика, 2004. 2. Большая иллюстрированная энциклопедия географии. Русское издание. – М., Махаон, 2005 7. Интернет ресурстардың тізімі 1. http:/countries.ru 2. http:/wordls.ru 3 http:/geograf-ru.narod.ru 4 http:/krugosvet.ru ----------------------- Дүние жүзінің саяси картасының объектілері Тәуелді аумақтар Тәуелсіз мемлекеттер Республикалар Монархиялар Ассоциациялық мемлекеттер Шалғайдағы департаменттер мен аймақтар Отарлар Протеократтар Мандаттық аумақтар Парламенттік Президеттік Абсолюттік Теократты Конституциялы Мемлекеттік құрылым туралы Унитарлы мемлекет Федерациялы мемлекет
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz