Файл қосу

Сөйлемнің бірыңғай мүшелері











                  Гуманитарлық-заң, аграрлық факультетінің
                            мамандықтарына  арналған
                             «Қазақ тілі» пәнінің
                          ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК  КЕШЕНІ


                         ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
























                                    Семей
                                    2013




Мазмұны

1  Глоссарий
2  Сабақтар
3  Практикалық сабақтар
4  Студенттердің өздік жұмыстарының тақырыптары
5  Пәннің  оқу-әдістістемелік картасы
6  Оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы
7  Әдебиеттер





































1    Глоссарий
Грамматика (грек. «жазу, жазу өнері») -тілдегі сөздердің өзгеру тәсілдері
мен құралдарын, сөз тіркестерін, олардың сөйлемге құралу заңдарын
зерттейтін тіл білімінің саласы.
Лексика (грек.»сөздік қор») -тіл білімінің сөз және оның мағынасын
зерттейтін бір саласы.
Лексикология (грек. лексика, логос) -тілдік сөздік құрамы мен оның тарихи
даму заңдылықтары, қызметін зерттейтін тіл білімінің саласы.
Лексикография (грек. «сөздік» «ілім») -тіл білімінің сөздіктер жасайтын
және оларды зерттейтін бір саласы.
Морфология (грек. «жаңа», «сөз») - тілдегі жаңа ұғымды білдіріп, жаңадан
пайда болған сөздер.
Синтаксис (грек. «құрастыру») - сөз тіркесі мен сөйлемді зерттейтін тіл
білімінің саласы.
Фонетика (грек «дыбыс») - тіл дыбыстары туралы, тілдегі дыбыстық
ерекшеліктер мен заңдылықтарды зерттейтін тіл білімінің саласы.



























                  1 сабақ. Синтаксис. Сөз тіркесі. Сөйлем.


    |Сөздердің байланысу тәсілдері                                                     |


                          (                     (                     (

|   |1              |2                              |3             |4             |
|түр|Жалғаулар      |Септеулік және жалғаулық       |Орын тәртібі  |Дауыс ырғағы  |
|і  |арқылы         |шылаулар арқылы                |арқылы        |арқылы        |
|   |               |Септеулік       |жалғаулық      |              |              |
|ере|Сөйлемдегі     |Сөйлемдегі      |Сөйлемдегі     |Сөйлемдегі    |Сөйлемдегі    |
|же |сөздер жіктік, |сөздер септеулік|сөздер         |сөздер ешбір  |сөздер дауыс  |
|   |септік және    |шылаулармен     |жалғаулық      |жалғаусыз     |ырғағы        |
|   |тәуелдік       |байланысады.    |шылаулармен    |қатар тұрып   |(интонация)   |
|   |жалғауларымен  |                |байланысады.   |орын тәртібі  |арқылы        |
|   |байланысады.   |                |               |арқылы        |байланысады.  |
|   |               |                |               |байланысады.  |              |
|мыс|Мен оқушымын.  |Біз сабақ туралы|Ол ақылдыб     |алыс жер,     |Бұл – біздің  |
|ал |Бала-ға берді. |сөйлестік. Отан |бірақ жалкау.  |атақты адам.  |ауылдың       |
|   |Үйдің есіг-і   |үшін отқа түс.  |Ол шанышқы мен |              |шамдары.      |
|   |               |                |пышақты алды.  |              |Асан-белгілі  |
|   |               |                |               |              |ақын.         |
|түс|Мен сөзі мен   |Сабақ және      |Ақылды және    |Алыс сөзі мен |Бұл деген     |
|іні|оқушы сөзі мын |сөйлесу сөздері |жалқау сөздері |жер сөзі ешбір|сілтеу        |
|кте|жіктік         |туралы септеулік|бірақ жалғаулық|жалғаусыз тек |есімдігінен   |
|мес|жалғауымен     |шылаумен        |шылауымен      |орын тәртібі  |кейін сәл     |
|і  |байланысқан.   |байланысқан.    |байланысқан.   |арқылы        |кідіріс       |
|   |Бала мен бер   |                |               |быйланысқан.  |жасалып,      |
|   |сөздері-ға     |                |               |              |өзінен кейінгі|
|   |септік         |                |               |              |сөзден дауыс  |
|   |жалғауымен     |                |               |              |ырғағы арқылы |
|   |байланысқан.   |                |               |              |бөлініп       |
|   |               |                |               |              |айтылады.     |

|Сөздердің байланысу түрлері                                                       |


                      (                              (
     (                           (                          (
|түрі|қиысу            |матасу         |меңгеру      |қабысу       |жанасу        |
|ереж|Сөздердің жіктік |1.Ілік         |Сөздердің    |Сөздердің    |Сөздердің     |
|е   |жалғауы арқылы   |септігіндегі   |ілік         |ешбір        |ешбір         |
|    |байланысуы.      |сөз бен        |септігінен   |жалғаусыз тек|жалғаусыз     |
|    |Немеме басауыш   |тәуелдік       |басқа        |орын тәртібі |бірде іргелес,|
|    |пен баяндауыштың |жалғаулы сөздің|септіктердің |арқылы қатар |бірде алшақ   |
|    |байланысуы       |байланысуы.    |жалғаулары   |тұрып        |тұрып         |
|    |                 |2. Кейде ілік  |арқылы       |байланысуы.  |байланысуы.   |
|    |                 |септігі        |байланысуы.  |Олардың      |Негізінен     |
|    |                 |түсіріліп      |             |арасына басқа|үстеуімен     |
|    |                 |беріледі.      |             |сөз енгізуге |етістік жанаса|
|    |                 |               |             |келмейді.    |байланысады.  |
|мыса|I. Мен жазушымын |Бала-ның үй-і, |Су-ды төкті. |Қара қалам,  |Кеше болды,   |
|л   |II. Сен бала-сың.|Біз-дің        |Ағасы-на     |қызықты      |әдейі келді,  |
|    |III. Біз         |гүл-іміз,      |берді.       |оқиға, төрт  |сол арқылы    |
|    |барғанбыз.       |Ауыл           |Біз-ден      |батыр, алтын |білдім.       |
|    |                 |тұрғындары,    |сұрады.      |сағат, әдемі |              |
|    |                 |Көрші-нің қызы.|             |қыз.         |              |

Мәтін тапсырмалары
Мәтінді асықпай, түсініп оқыңыздар.
Мәтінге күрделі жоспар құрыңыздар.
Жоспарды басшылыққа ала отырып, қысқаша мәтінге конспекті жасаңыздар.


                             АТА КӨРГЕН ОҚ ЖОНАР


    Ата-бабамыз ұлды өздеріндей еңбек сүйгіш, малсақ жауынгер, әнші, күйші,
аңшы, кұсбегі – бесаспап азамат  етіп  тәрбиелеуді  мақсат  еткен.  Жігіттің
бойына өнер мен еңбекті, ізгі адамгершілік қасиеттерді қатар сіңірген.
    Ата өнерін баласының қууы, оны мирас етуі  ежелгі  ел  дәстүрі  болған.
Қазақ халқының өмірінде жеті атасына  дейін  мергендік,  аңшылық,  күйшілік,
емшілік өнерді қуып өткен адамдар жиі кездеседі. «Атадан ұл тумас болар  ма,
Ата жолын қумас болар ма» деген мақал да сол пікірдің айғағы.
    Аталары балалары мен немерелеріне ертегі,  аңыз-әңгіме,  мақал-мәтелдер
айтып беріп, шешендікке, тапқырлыққа тәрбиелеген.  Мысалы,  Абай  Құнанбаев,
Шоқан  Уәлиханов,  Ыбырай  Алтынсарин,  Мұхтар  Әуезов  сияқты   ұлы   ақын-
жазушылардың немесе Төле би, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке сияқты  ел  билеуші
шешендердің жастайынан елдің салт-дәстүрлері мен заңдарын,  аңыз-әңгіме  мен
өлең-жыр, мақал-мәтелдерін жаттап жадында сақтап, көп білуі  -  әкелері  мен
аталарының әсері екені сөзсіз. Көпті  көрген  қариялар  –  отбасының,  ауыл-
аймақтың үлгі тұтар тұлғасы,  тәлім-тәрбие  мектебі  сияқты.  Қай  ата-ананы
алсақ та, қызының ертең барған жерінде «балдай татып, судай  сіңіп»  кетуін,
жақсы жар, әдепті келін, аяулы ана болуын армандайды.
    Қазақ халқы келіннің келген жерінде жақсы жар, абзал ана,  ұқыпты  әйел
болуы, біріншіден, оның өскен ортасына байланысты  десе,  екіншіден,  келген
жеріне де байланысты деп қарайды. Жаңа  түскен  жас  келінге  енелері  қонақ
күту,  ас  ұстау,  бала  күту  т.б.  мәселелерде  ақыл-кеңес  беріп  үйретіп
отырады. «Келіннің жақсы болмағы, қайын ененің топырағынан» деп  ененің  жас
келінге қамқоршы болуын талап  еткен.  Сондықтан  да  «Жақсы  ауылға  келген
келін - келін.  Жаман  ауылға  келген  келін  -  келсап  болады»  деп  текке
айтпаған.
    Үлкенді сыйлау - біздің халқымыздың ежелгі дәстүрі. Ол  дәстүр  бойынша
жастар  үлкеннің  алдын  кесіп  өтпеуге,   сыпайы   болуға,   үлкенмен   сөз
жарыстыруға, тіпті үлкендердің алдында  қатты  күлмеуге  тиіс.  Осындай  ата
дәстүрмізді бүгінгі жастар жадында сақтап жалғастыра білуі қажет.


                            Есте сақтайтын сөздер
Құсбегі
Бесаспап
Салт-дәстүр
Ас ұстау
Бала күту

                            Жаттығу тапсырмалары


1-жаттығу.  Мына  тірек  сөздер  мен  сөз  тіркестерін   қатыстырып   сөйлем
құрастырыңыздар,, "Ата-ана" тақырыбына шағын шығарма жазыңдар.
      Менің ата-анам, өмір сыйлаған, бақытты болу,  шыншыл  бол,  ата-ананың
рұқсатынсыз,  ақыл-кеңес,  қадірлеу,  ана  жүрегі,   еңбек   сүйгіш,   адал,
қайырымды, еңбектегі табысы, оқу озаты, әдепті болу.


2-жаттығу.   Мәтінді   оқып    шығып,   сөз   тіркесінің   түрлеріне   қарай
ажыратыңдар.
      География оқулығынан бала кезден аты мәлім қалалар  бірінен  соң  бірі
артта қалып жатыр, қалып жатыр. Көшелерге,  үйлерге  көз  тастасаң,  көңілің
құлазиды. Әсіресе  түнде  өткенде  тіпті  түнеріп  тұрады.  Үйлердің  бірде-
бірінің терезесінен не электр жарығы, тіпті жылтылдаған  шырақ  байқалмайды.
Барлығы да бір зор зобалаң күтіп, сақтанып, бұғып,  қымтанып  қалған.  Өстіп
отырып,  олар  Саратовқа  жетті.  Бұлардан  бұрынырақ  өткен  бірнеше  пойыз
құрамасын фашистер бомбаның астына алыпты. Мұны осында келгенде естіді.


3-жаттығу. Берілген  тіркестерді  және  сөйлемдерді  байланыс  түріне  қарай
топтап, кестеге орналастырыңдар.
1. Алғашқы ай, жинақталған тәжірибе, халықтың еңбегі, білгенге  маржан,  екі
дос, біздің ферма, уақыттан озған,  таудай  талап,  ағылшын  машина,  күнмен
шағылысқан, барлаушылар кеңесі, сылдыраған бұлақ, ауыр күрсіну, көзін  жұму,
шамның жарығы, малды ауыл, шаруашылықты байыту, айдын шалқар көл.
2. Туған жерге туың тік, Отан оттан да ыстық, Кеңеспен  пішілген  тон  келте
болмас,  Ақыл  көпке  жеткізер,  өнер  көкке  жеткізер.  Тіліңмен   жүгірме,
біліммен жүгір, Сөз қадірін білмеген - өз қадірін білмейді.
Үлгі:
|Мысалы      |Матасу      |Қабысу      |Қиысу      |Меңгеру     |Жанасу    |
|алғашқы ай  |            |+           |           |            |          |
|            |            |            |           |            |          |
|            |            |            |           |            |          |
|            |            |            |           |            |          |
|            |            |            |           |            |          |
|            |            |            |           |            |          |
|            |            |            |           |            |          |

3. Шаруашылық былтыр мемлекетке алты жүз мың пұт дән тапсырды.
Әр жыл сайын екпе шөбіміз де көбейе береді. Әзірше күніне төрт  рет  қатынап
жүр. Кеше Мәдениет  сарайын  бәріміз  көрдік.  Бұлар  жаңа  басталған  көмір
разрезіне әдейі сұранып келіп отыр. Ал оны құрғату үшін  жаңа  шахта  керек.
Ерлік - табиғат сыйы емес, ұзаққа созылған тәрбиенің  жемісі.  Мен  сендерге
келген мұғаліммін. Біз осында оқимыз. Мен жақында ғана ауылдан келген  едім.
Дәукең Құсмұрын тауының сағасы жаққа ойлана қарап отыр.
Үлгі:
|Мысалы                    |Қабысу               |Жанасу                 |
|Былтыр тапсырды           |                     |+                      |
|Алты жүз мың пұт дән      |+                    |                       |
|                          |                     |                       |
|                          |                     |                       |
|                          |                     |                       |
|                          |                     |                       |
|                          |                     |                       |

      2 сабақ. Сөйлем. Сөйлемдердің құрылысына қарай бөлінетін түрлері.
           Сөйлемдердің айтылу мақсатына қарай бөлінетін түрлері.

|Сөйлем                                        |
|Біршама тиянақты ойды білдіретін сөздер тобы. |


                                                                  (
|Айтылу мақсатына қарай:    |


|түр|Хабарлы     |Сұралы сөйлем          |Бұйрықты сөйлем  |Лепті сөйлем  |
|і  |сөйлем      |                       |                 |              |
|ере|Хабарлау,   |Бір нәрсе жайында сұрап|Бұйыру,          |Сөйлеушің     |
|же |баяндау,    |білу мақсатында        |тілек-өтініш ету |көңіл-күйін   |
|   |суреттеу    |айтылатын сөйлем.      |мақсатында       |(қуану, ренжу,|
|   |мақсатында  |                       |айтылатын сөйлем |өкіну т.б.)   |
|   |айтылатын   |                       |                 |білдіру       |
|   |сөйлем.     |                       |                 |мақсатында    |
|   |            |                       |                 |айтылатын     |
|   |            |                       |                 |сөйлем.       |
|тын|Сөйлем      |Сөйлем соңына сұрау    |Сөйлем соңыны леп|Сөйлем соңына |
|ыс |соңыны нүкте|белгісі (?) қойылады.  |белгісі (!)      |нүкте немесе  |
|бел|қойылады.   |                       |қойылады.        |(көтеріңкі    |
|гіс|            |                       |                 |интонациямен  |
|і  |            |                       |                 |айтылса) леп  |
|   |            |                       |                 |белгісі (!)   |
|   |            |                       |                 |қойылады.     |
|жас|            |1. Сұрау есімдіктері   |Бандауышы бұйрық |1.Одағай      |
|алу|            |арқылы; (кім? не?      |рай арқылы       |сөздер арқылы |
|жол|            |Қанша? Қандай? т.б.)   |                 |(қап,         |
|дар|            |2. Сұраулық шылаулар   |                 |әттеген-ай,   |
|ы  |            |арқылы; (ма, ме, па,   |                 |пай-пай т.б.) |
|   |            |пе, ба, бе, ше т.б.)   |                 |2. Күшейткіш  |
|   |            |3. Оқшау, көмекші      |                 |мәнді сөздер  |
|   |            |сөздер арқылы (ә, сірә,|                 |арқылы (не    |
|   |            |қайтеді, шығар т.б.)   |                 |деген, не     |
|   |            |                       |                 |еткен, қандай,|
|   |            |                       |                 |шіркін, ғажап |
|   |            |                       |                 |т.б.)         |
|   |            |                       |                 |3. Демеулік   |
|   |            |                       |                 |шылаулар      |
|   |            |                       |                 |арқылы        |
|   |            |                       |                 |(-ау,-ақ,-ай  |
|   |            |                       |                 |т.б.)         |
|   |            |                       |                 |4. Интонация  |
|   |            |                       |                 |арқылы        |
|мыс|Ертеңіне ол |Сен оны танисың ба? Сен|Сөйлемді жазып   |Қап, мынау    |
|алы|ақсақалмен  |оны танимасың? Енді    |шық. Бұны оған   |жығылды-ау!   |
|   |ұзақ        |арманың жоқ шығар? Сен |айтпа. Жүр, тез  |Пай-пай,      |
|   |әңгімелесті.|ауылға бардың ғой, иә? |аяғыңды бас!     |мынаның       |
|   |Ақырын      |Қазір ол келіп қалса   |Тыныш отыр! Кел, |шабысын-ай! Ә,|
|   |соққан самал|ше? Оған өлең ұналы    |балалар, оқылық! |сені ме,      |
|   |шалқар      |білім, сірә? Қай бала? |Кел, жүгірейік!  |бәлем!        |
|   |қөлдің ақша |Қашан болды? т.б.      |Жылқыны тез      |Бейшара-ай,   |
|   |бетін       |                       |қайырыңдар!      |мынаның тарта |
|   |аймалап     |                       |Дауысынды тым    |алмай келе    |
|   |сүйгендей   |                       |болмаса бір      |жатқанынын-ай!|
|   |болады.     |                       |шығаршы!         |              |


Мәтін тапсырмалары
Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыздар.
Мәтіндегі асты сызылған сөздерге түсінік беріңіздер.
Мәтінді орыс тіліне аударыңыз.

                             Мақал мен мәтелдер

       Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдерде халықтың сан алуан өмір  құбылыстары
қамтылған. Олар ой дәлдігі мен ықшамдылығымен ерекшеленеді,  тақырыптары  әр
алуан болып келеді. Мысалы: Білімді өлмес - қағазда аты қалар, ұста өлмес  -
істеген заты қалар; Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің  жоқ;  Ағаш  тамырымен,
адам жол-дасымен мықты т.б.
       Мақал мен мәтел бір-біріне ұқсас. Алайда бұл екеуі бір түсінік  емес,
олардың аз да болса белгілі дәрежеде айырмашы-лықтары бар.  Ол  айырмашылық
ойды түйіндеуден  және  құрылымы  жағынан  көрінеді.  Мақалдарда  тиянақты,
тұжырымды ой  айтылады,  құрылысы  жағынан  бір  немесе  бірнеше  сөйлемнен
құралып келе береді,  алдыңғы  ой  екінші  ойдың  шарты  түрінде  көрінеді.
Мысалы, мезгілі жетсе, мұз да ерір; тоқпағы күшті болса, киіз  қазық  жерге
кірер, түсі игіден  түңілме  т.б.,  ал  мәтелдерде  аяқталған  тиянақты  ой
айтылмайды,  құрылысы  жағынан  олар  сөйлемдік  дәрежеде  болмай,  бірнеше
сөздердің тіркесі түрінде де келе береді.
       Мысалы, орақ ауыз, от тілді; қой семізі қойшыдан, т.б.
       Мақал-мәтелдердің тура және ауыспалы  мағынасы  болады.  Тілде  ақын-
жазушылар шығармаларынан мақал-мәтел, қанатты сөздер болып  кеткен  үлгілер
көп. Мысалы,  Шегірткем  бір  секірдің  құтылдың,  екі  секірдің  құтылдың,
үшіншіде тұтылдың (Ы.Алтынсарин.). Күшік асырап, ит  еттім,  Ол  балтырымды
қанатты. Доссыз ауыз тұшымас (Абай).
       Мақал-мәтелдер тұрақты тіркестердің бір түрі.

                      Өнер-білім туралы мақал-мәтелдер
       Өнерлі өрге жүзеді.
            Өнерді үйрен де жирен.
       Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер.
            Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар.
       Қына тасқа бітеді, білім басқа бітеді.
            Оқыған көп білер.
       Ақыл-тозбайтын тон, білім - таусылмайтын кен,

                 Тіл туралы мақал-мәтелдер

       Өнер алды - қызыл тіл.
             Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады.
       Шебердің қолы ортақ,  шешеннің тілі ортақ.
             Сөз тапқанға қолқа жоқ.
       Аңдамай сөйлеген, ауырмай өледі

                  Адамгершілікке байланысты мақал-мәтелдер

              Адам болар баланың кісіменен ісі бар.
             Адам болмас баланың кісіменен несі бар.
       Жақсыда кек жоқ, кектіде тек жоқ.
             Жақсыменен жолдас болсаң, ісің бітер,
             Жаманменен жолдас болсаң, басың кетер.


                              Бірлік турасында


       Төртеу түгел болса, төбедегі келеді,
       Алтау ала болса, ауыздағы кетеді.
             Тірліктің күші - бірлікте.
       Бірлік болмай, тірлік болмас.

                                Ел турасында


       Басқа елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол.
             Елдің іші - алтын бесік.
       Туған жерге туыңды тік.
             Өз елім - өлең төсегім.
       Отан - оттан да ыстық.
             Ит тойған жеріне, ер туған жеріне.
       Жері байдың - елі бай.
             Ер намысы - ел намысы.

                          Мәтін бойынша тапсырмалар

       1-тапсырма:    Берілген мақал-мәтелдердің тақырыбын анықтаңыздар:
       Елі сүйгенге өлім жоқ. Өлімнен ұят күшті. Білім арзан,  білу  қымбат.
Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле. Доссыз өмір -  тұзсыз  ас.   Түйедей  бойың
болғанша, түймедей ойың болсын.


     2-тапсырма: Берілген мақалдардың жалғасын табыңыздар:
     Олақ өзгеге сенсе...
     Ер жігіт ел үшін туады...
     Оқу білім бұлағы...
     Асыл тастан шығады...
     Ашуың келсе, қолың тарт...


     3-жаттығу. Берілген  сөйлемдерді аударыңыз.
      В окрестностях Кокчетава находится высоченная гора.  Стрела,  пущенная
с земли, не достигает ее  вершины.  Поэтому прозвали гору  «Окжетпес»  -  не
достичь стрелой. Нет человека , который не удивился  бы  высоте  этой  горы.
Вблизи она похожа на воздвигнутую кладками  ступенчатую  возвышенность.   На
ней растут даже сосны и ели, которые  невозможно  вырастить  и  при  обычных
посадках.


    4-жаттығу. Төмендегі  сөйлемдердің  түрлерін  ажыратыңыз.  Орыс  тіліне
аударыңыз.
    Сен бүгін үй тапсырмасын орындадаң ба?  Қалада үлкен үйлер көп. Алақай,
бүгін мен бес алдым! Кешке киноға барасың  ба?  Сен  кешікпей  кел.  Мұғалім
сыныпқа кірді. Әттең, сен келмей қалдың! Тыныш отырыңдар.


    5-жаттығу. Берілген сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңыз.
      М.Әуезов жиырма жасында  «Еңлік-Кебек»  трагедиясын  жазды.  Жүсіпбек
Аймауытов – қазақ романдарының негізін  салушылардың  бірі.  Мұстафа  Шоқай-
Ақмешіттің перзенті. Атасы Темір қайтыс болғаннан кейін Ұлықбек  15  жасында
әмірші болады. Кигіз үйдің іші төртке бөлінеді.


    6-жаттығу. Жай сөйлемнің әрбір түріне 5 мысал жазыңыз.











    3 сабақ . Сөйлем мүшелері. Сөйлем мүшелері туралы түсінік. Сөйлемнің
              тұрлаулы мүшелері. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері.
[pic]

Сөйлем  мүшесінің  белгілері:  1)  толық  мағыналы  сөз  болуы   керек;   2)
сөйлемдегі басқа сөзбен байланысып тұруы керек; сөйлем  мүшелерінің  бірінің
сұрауына жауап беруі керек.
      Сөйлем құрамында тұрса да, сөйлем мүшесі бола алмайтындар:  1)  шылау,
одағай сөздер, көмекш етістіктер; 2) қаратпа сөздер.
      Сөйлем мүшелері құрамына қарай дара және күрделі мүше болып бөлінеді.
      Толық мағыналы бір сөзден болған мүшені  дара   мүше  дейміз.  Мысалы:
Бізде спортшы жастар көп.
      Күрделі сөзден, тұрақты тіркестен  не  сөз  тіркесінен  болған  мүшені
күрделі мүше дейміз. Мысалы: Кешке шейін (күрделі сөз) балықшылар судан  екі
рет (сөз тіркесі) ау шығарды.
|ТҰРЛАУЛЫ МҮШЕ                                                             |
|БАСТАУЫШ – сөйлемде атау септігінен |БАЯНДАУЫШ – бастауыштың жай-күйін,  |
|тұрып, іс-оқиғаның иесін білдіреді. |оқиғаның қай шақта болғанын         |
|Сұрақтары: Кім? Не? Кімі? Несі?     |білдіріп, сөйлемді тиянақтап тұрады.|
|Кімім? Нем?                         |Қай сөз табынан болса сол сөз       |
|                                    |табының сұрағына жауап береді.      |


                             БАСТАУЫШТЫҢ ЖАСАЛУЫ
|Сөз табы      |Шарты               |Мысалдар                             |
|Зат есім      |Кез келген з.е.     |Базаралы Апанасты қатты ұнатқан      |
|              |                    |жүзбен қарап отыр (М.Ә.).            |
|Есімдік:      |Зат есім орнына     |Сіздер бізге көп нәрсе үйреттіңіздер.|
|жіктеу,       |қолданылатыны       |Бұл – көктем желі. Өзіңіз ақын       |
|сілтеу, өздік,|                    |екенсіз ғой?! Бәрі де осы келісімге  |
|белгісіздік,  |                    |ден қойды. Әркімдер тілек-ұсыныстарын|
|жалпылау      |                    |айтты.                               |
|Сын есім      |Заттану             |Үлкендер бала мінезіне сүйсініп      |
|              |                    |қалды.                               |
|Сан есім      |                    |Үшеуі суыт жүріп кетті. Сегіз екіге  |
|              |                    |бөлінеді.                            |
|Етістіктің:   |Заттану             |Оқыған білер әр сөзді (Абай). Оқу    |
|есімше, тұйық |                    |инемен құдық қазғандай.              |
|түрі          |                    |                                     |


                   Бастауыш құрамына қарай екіге бөлінеді
|Дара бастауыш                       |Күрделі бастауыш                    |
|(Бір сөзден болады)                 |(Екі не одан да көп сөздер болады)  |
|Ұлжан – тартымды болумен қатар,     |Жасалу жолдары:                     |
|сыншы да ана.                       |1.Сөз тіркесінен:                   |
|                                    |Кеншілер сарайы адамға лық толы.    |
|                                    |2.Негізгі сөз бен  көмекші есімнің  |
|                                    |байланысынан:                       |
|                                    |Ырыс алды - ынтымақ.  Еңбек түбі –  |
|                                    |береке.                             |
|                                    |3.Заттанған күрделі сын, сан есімдер|
|                                    |және етістіктің есімше тұйық етістік|
|                                    |тұлғаларынан:                       |
|                                    |Жиырма бес маған қайтып келсе ғой.  |


                            БАЯНДАУЫШТЫҢ ЖАСАЛУЫ
|Сөз табы      |Мысалдар                                                   |
|Етістік       |Шопандар қалашығында электр шамы жарқырайды.               |
|              |Оқушылардың ең басты міндеті – жақсы оқу.                  |
|Зат есім      |Дәрігер – ардақты мамандық.                                |
|Сын есім      |Біздің қатарымыз болаттай берік.                           |
|Сан есім      |Бұлар он бес.                                              |
|Есімдік       |Біздің қақпан әне.                                         |


                   Баяндауыш құрамына қарай екіге бөлінеді
|Дара баяндауыш                      |Күрделі баяндауыш                   |
|(Бір сөзден болады)                 |(Екі не одан да көп сөздер болады)  |
|Қорықтағы басты тұлға – қорықшылар. |Жасалу жолдары:                     |
|                                    |1.Сөз тіркесінен:                   |
|                                    |Ұзақ ауданы – облыстың ең жарық     |
|                                    |ауданы.                             |
|                                    |2.Күрделі етістіктен. Ауыл мәдениеті|
|                                    |де өсіп келеді.                     |
|                                    |3. Күрделі сан есімнен. Биыл жасым  |
|                                    |отыз сегізде.                       |
|                                    |4. Тұрақты сөз тіркесінен жасалады. |
|                                    |Шошығанынан шешесі есінен танып     |
|                                    |қалыпты.                            |

                        СӨЙЛЕМНІҢ ТҰРЛАУСЫЗ МҮШЕЛЕРІ
|Анықтауыш                                                                        |
|Зат есімнен болған мүшеленің сын – сипатын анықтап тұрады. Сұрақтары: қандай?    |
|қай? кімнің? ненің? неше? нешінші? қанша? қайдағы? қашанғы?                      |


|Анықтауыштың жасалу жолдары                 |

|сын есім          |есімдік      |Зат есім     |Сын есім      |есімше            |
|Зерделі қыздың    |Бұл сөз оған |Өзен бойында |Оныншы сыныпта|Айтқан сөзің дәл  |
|зерек ойы қиядағы |қатты әсер   |қора-қора қой|бұл           |келсе, саған      |
|жұмбақты іліп     |етті. Кейбір |жайылып жүр. |тақырыптарды  |сыйлығым бар.     |
|әкетті. Олар      |аңдар ертемен|Олар ағаш    |өткен едік.   |Оқығаннын беті    |
|шалғай ауылдарды  |азықтануға   |есікті       |Волейболды    |жарық.            |
|аралап шықты.     |шығады.      |сындырып ішке|алты ойыншы   |                  |
|                  |             |кірді.       |ойнады.       |                  |

|Анықтауыш құрамына қарай екіге бөлінеді:           |


|Дара анықтауыш                          |Күрделі анықтауыш                       |
|( бір сөзден тұратын анықтауыш)         |(кемінде екі сөзден тұратын анықтауыш)  |
|                                        |                                        |
|Мысалы. Ұлыған қасқырды көріп           |Жасалу жолдары:                         |
|зереқұтымыз қалмады. Сары жапырақтар    |Тұрақты тіркестен:                      |
|жерге түсіп жатыр. Баланың даусы        |Олардың қыл өтпестей татулығы елге үлгі |
|естіледі.                               |- өнеге болып отыр.                     |
|                                        |2. Күрделі сөзден:                      |
|                                        |Қара торы бірінші келді.                |
|                                        |Қолында сары-қызыл гүлдер бар.          |

|Толықтауыш                                                                       |
|Іс-оқиған заттық мағына жағынан сиппатайды.                                      |
|Сурақтары: кімге? неге? кімді? нені? кімде? неде? кімнен? неден? кіммен? неммен? |
|(атау мен ілік септіктерінен басқа септіктердің сұрақтарына жауап береді.)       |

|Толықтауыш құрамына қарай                               |


|Дара толықтауыш                       |Күрделі толықтауыш                    |
|(бір сөзден тұратын толықтауыш)       |(кемінде екі сөзден тұратын           |
|                                      |толықтауыш)                           |
|Мысалы: Жіңіше бір қос ат келеді. Оны |Жасалу жолында:                       |
|ешкімге көрсетпе.                     |Тұрақты тіркестен:                    |
|                                      |Қорыққанда Отанын сататын су          |
|                                      |жүректерден қорқу керек.              |
|                                      |2.Күрделі сөзден:                     |
|                                      |Олар аттарды қара торысын таңдап алды.|

|Толықтауыш мағынасына қарай                           |


|Тура толықтауыш                        |Жанама толықтауыш                     |
|(табыс септік тұлғасындағы толықтауыш) |(барыс, табыс, шығыс, көмектес        |
|                                       |септіктері тұлғасындағы және туралы,  |
|Мысалы: Оны ешкімге көрсетпе. Мен кітап|жөнінде, жайында шылауларымен тіркесіп|
|оқыдым.                                |келген сөздер тұлғасындағы толықтауыш)|
|                                       |Екі қарт кісімен амандастым. Оның     |
|                                       |ұзақтан келе жатқандарға көзі түсті.  |
|                                       |Сабақта жарыс туралы сөйлестік.       |



|Пысықтауыш                                                                     |
|Сөйлемде Іс – қыймылдың тнрлі белгісін (мекенін, мезгілін т.б) анықтайтын мүше.|
|Сурақтары: қайда? Қайдан? Қалай қарай? Қашан? Қашаннан бері? Қалай? Қалайша?   |
|Қайтіп? Неліктен? Не үшін? Неге? Не мақсатпен? Қаншалықты?                     |


|                                                                        |
|Пысықтауыш мағынасына қарай:                                            |

|түр|              |                  |                |             |          |
|і  |мекен         |мезгіл            |Себеп - салдар  |Сын - қымыл  |Мақсат    |
|ере|Іс -          |Іс - әрекетінің   |Іс - әрекетінің |Іс -         |Іс-әрекетт|
|жес|әрекетінің    |мезгілін          |себебін         |әрекетінің   |ің        |
|і  |болу орынын,  |білдіреді.        |білдіреді.      |жүзеге асу   |мақсатын  |
|   |мекенін       |                  |                |амалын,      |білдіреді.|
|   |білдіреді.    |                  |                |мөлшерін     |          |
|   |              |                  |                |білдіреді.   |          |
|сұр|Қайда? Қайдан?|Қашан? Қашаннан   |Неліктен? Не    |Қалай?       |Неге? Не  |
|ағы|Қалай қарай?  |бері?             |үшін? Неге?     |Қалайша?     |мақсатпен?|
|   |              |                  |                |Қайтіп?      |          |
|   |              |                  |                |Қаншылықты?  |          |
|мыс|Олар жоғары   |Түске шейін оның  |Кешке амалсыздан|Оны зорға    |Оқу үшін  |
|ал |көтерілді.    |жанында болды.    |үйге қайттым. Ол|далаға алып  |қалаға    |
|   |Ауылға қарай  |Олар қыс бой осы  |Отаны үшін жанын|шықты.       |келді. Біз|
|   |аттылы біреу  |аймақтан шықпады. |қиды.           |             |әдейі     |
|   |келе жатыр.   |                  |                |             |жарыстық. |

Мәтін  тапсырмалары
Мәтінді еркін аударма түрінде орыс тіліне аударыңыз.
Мәтінді оқып шығып әңгімелеп беріңіз.

Мәтінді  бірнеше  бөлімге  бөліп,  әрқайсысына  тақырып  ойластырып,   алған
тақырыптарыңызды негіздеңіз.

                                «ЖЕТІ ЖАРҒЫ»

      Қазақ хандығының ішкі, сыртқы жағдайы қиындағын  кезде  Жәңгір  ханның
баласы Тәуке хан қырық жылға  жуық  уақыт  хан  болды.  Қазақ  елінің  басын
біріктіру мақсатында қазақ билері Төле, Қазыбек, Әйтекемен  бірлесе  отырып,
ХҮІІІ ғасырдың бас кезінде «Жеті жарғы» қазақ заңдарының  жиынтығын  жасады.
Заң жинағында қазақ өмірінің басты-басты төмендегідей салалары қамтылған.
      Бірінші – жер дауы. Көшпелі халықтың  өмірінде  жердің  шешуші  маңызы
бар.  Қыстау,  жайлау,  жайылым,  қоныс  мал  баққан  елдің  атадан   балаға
қалдыратын еншісі. Жер – тіршілік ортасы, ата-бабасынан бері иеленіп  келген
халықтың келісімінсіз басқаға беруге, сатуға болмайды.
      Екінші сала – үй ішіндегі тіршілікке, сол отбасындағы адамдардың өзара
қатынасына  байланысты.  Әке  мен  бала,  ене  мен  келін,  үлкен  мен  кіші
арасындағы қарым-қатынас. Әсіресе үлкенді сыйлауға,  ата-ананы  құрметтеуге,
жастарды адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеуге баса көңіл бөледі.
      Үшінші сала – ұрлыққа,  барымтаға  кедергі  қоюды  көздейтін,  халықты
адалдыққа, таза еңбекпен күнелтуге бағыттайтын заңдар.
      Жарғының төртінші саласы – ел мен ел,  халық  пен  халық,  ру  мен  ру
арасындағы дау-жанжалдарды әділдікпен шешуді мақсат етеді.
      Бесінші топқа – ел бірлігін сақтауға, Отанын  қорғауға,  сыртқы  жауға
тойтарыс беруге, жасақ құруға, сардар сайлауға бағыттайтын баптар жатады.
      Жарғының келесі бір тармағы  - құн дауына арналған.  Айыр  көмей,  жез
таңдай атақты үш төбе би «Қанға қан»,  «Қанды  кек»,  «Ескіден  келе  жатқан
жау»  дегенде  бірден   ойға   оралатын   қатыгездікті   жұмсартудың   жолын
қарастырған. Онсыз да өлімнің аз емес екенін, жаттан жат емес  жақыннан  жау
іздемеу деген ізгі ниетпен өлім жазасын жұмсартып, құн төлеумен ауыстырған.
                            Есте сақтайтын сөздер
Жер дауы
Адамгершілік
Адалдық
Әділдік
Имандылық
Барымта
Еңбекпен күнелту
Жасақ құру







     4  сабақ. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері. Жалпылауыш мүше. Айқындауыш
                                    мүше.

|СӨЙЛЕМНІҢ БІРЫҢҒАЙ МҮШЕЛЕРІ                                                |
|Қызметі мен сұраулары ортақ болып, өзара салаласа байланысқан екі не одан  |
|да көп мүшелерді сөйлемнің бірыңғай мүшелері дейміз.                       |



|Бірыңғай|Бірыңға|Бірыңғай|Бірыңғай|Бірыңғай |Бірыңғай мүшелердің жалғаулық      |
|бастауыш|й      |толықтау|анықтауы|пысықтауы|шылаулар арқылы байланысуы         |
|тар     |баяндау|ыш      |ш       |ш        |                                   |
|        |ыш     |        |        |         |                                   |
|Қайбар, Күлтай, Байтас, Кәрім, Бақыткерей - бәрі |Сүгірәлиева Алтын – жақсы әнші,   |
|бір класста оқиды.                               |әсем биші. Ол біресе аяңдайды,    |
|                                                 |біресе жүгіреді, біресе тоқтайды. |
|Жалғаулық шылаулар бірыңғай |Бірыңғай мүшелер    |Бірыңғай        |Да, әрі, не,      |
|мүшелердің арасында         |бірақ деген         |мүшелердің      |немесе            |
|қайталанып келсе            |қарсылықты жалғаулық|арасында мен,   |жалғаулықтары     |
|                            |арқылы байланысса   |және, пен, бен  |қайталанбай бір-ақ|
|                            |                    |жалғаулықтар    |рет келсе         |
|                            |                    |бір-ақ рет келсе|                  |
|Инженер де, мұғалім де,     |Орта бойлы, бірақ   |Күні-түні       |Көбінің жүзі ақшыл|
|еңбегі асқан екпінді де, осы|толықша қара сұр    |қолынан кітап   |не қызғылт сарғыш |
|үйден табылады (Ғ.М.).      |жігіт еді (Ғ.Мұст.).|пен қарындаш    |келген.           |
|                            |                    |түспейді.       |                  |

|ЖАЛПЫЛАУЫШ СӨЗДЕР                                                             |
|Бірыңғай мүшелермен қызметтес, тұлғалас болып, оларға ортақ жинақтау мәнін    |
|білдіретін мүше                                                               |



|Жалпылауыш сөздердің жасалу жолдары                                           |


|Сілтеу есімдігі      |Жалпылау есімдігі      |Жинақтық сан    |Зат есім            |
|                     |                       |есім            |                    |
|Мыналар, осылар,     |Бәрі, баршасы, барлығы |Екеуі, үшеуі    |Зат есімдер         |
|бұлар, солар, олар   |                       |                |                    |
|Қазақстанның ең ірі  |Шымкент, Алматы,       |Аса, Мағаш,     |Мына өзендер: Іле,  |
|көлдері мыналар:     |Қарағанды – бәрі үлкен |Жандос – үшеуі  |Қаратал, Ақсу, Лепсі|
|Балқаш, Алакөл.      |қала.                  |оңаша           |– Балқаш көліне     |
|                     |                       |әңгімелесіп отыр|құяды.              |
|                     |                       |екен.           |                    |
|Жалпылауыш сөз       |Жалпылауыш сөз бірыңғай мүшеден кейін   |Бірыңғай мүшенің    |
|бірыңғай мүшеден     |келсе, оның алдынан сызықша қойылады.   |алдында жалпылауыш  |
|бұрын тұрса, одан    |                                        |сөз тұрып, соңында  |
|кейін қос нүкте      |                                        |сөйлемнің басқа     |
|қойылады.            |                                        |мүшелері келсе,     |
|                     |                                        |бірыңғай мүшеден    |
|                     |                                        |бұрын қос нүкте,    |
|                     |                                        |олардан кейін       |
|                     |                                        |сызықша қойылады.   |
|АЙҚЫНДАУЫШ МҮШЕ                                                                    |
|Сөйлемде белгілі бір мүшенің мағынасын басқа сөзбен түсіндіріп, нақтылап көрсететін|
|сөйлем мүшесі.                                                                     |


|Оңашаланған айқындауыш                        |Қосарлы айқындауыш                  |
|(өзінен бұрын тұрған сөзді айқындап, дәлелдеп,|(айқындайтын мүшесіне қосалқы атау  |
|түсіндіріп тұратын бір немесе бірнеше сөз)    |болады)                             |
|Омардың үлкен ұлының, Асанның, елге жасаған   |Ақан серінің әндерін жаттадық.      |
|жақсылығы өте көп. Біздің лицейдің оқушылары, |Асан мұғалімнің баласы әскерден     |
|әсіресе, 10-сыныптар, әрдайым бірініші орын   |келді.                              |
|алады.                                        |Әнші Күләш, Біржан сал, Алпамыс     |
|                                              |батыр.                              |
|                                              |Ақәділ қария ақ боз үйдің есіген    |
|                                              |тұрғызып қойып, әңгіме айтып отыр   |
|Үтір оңашаланған айқындауыштың екі жағынан    |Ескерту:                            |
|қойылады. Тобықты ішіне ең алғаш келген арба  |Кейбір қосарлы айқындауыштар        |
|осы Зеренің, Құнанбайдың кәрі шешесінің, көк  |өздерінің айқындайтын сөзінен қос   |
|арбасы десе де болады.                        |сөздер сияқты дефис арқылы бөлінеді.|
|Сызықша оңашаланған айқындауыштың екі жағынан |                                    |
|немесе өзі айқындайтын мүшесімен екі араға    |Мысалы: авто-дүкен, ұшқыш-ғарышкер  |
|қойылады.                                     |т.б.                                |
|1928 жылы Қазақстандағы тұңғыш оқу орны –     |                                    |
|ҚазПИ ашылды.                                 |                                    |
|Кейбір оңашаланған айқындауыштар өзінің       |                                    |
|түсіндіретін сөзімен, яғни, яки, не болмаса,  |                                    |
|мысалы, әсіресе байланысады.                  |                                    |
|Кит, әсіресе, оның көк жет деп аталатын түрі, |                                    |
|өте үлкен жәндік.                             |                                    |
|Жоғары, яғни жиілігі күшті, дыбыстар белгілі  |                                    |
|бір бағытпен, қатарланған дыбыс сәулелері     |                                    |
|арқылы тарайды.                               |                                    |
|Озат оқушылардың кейбірі, мысалы, Оспан, өз   |                                    |
|сыныбындағы үлгермеушілерге жәрдемдеседі.     |                                    |
|Бұл өңірде, әсіресе, өзеннің бұл жағында,     |                                    |
|Абайды дос көрер жан жоқ.                     |                                    |



Мәтін  тапсырмалары
Мәтінді оқып шығып, тақырыбын анықтаңыз.
Мәтіннің қысқаша мазмұнын әңгімелеп беріңіз.
Мәтіннен ашық рай формасындағы етістіктерді тауып, нешінші жақта
тұрғанын анықтаңыз.

                         ТӘН СҰЛУЛЫҒЫ- ЖАН СҰЛУЛЫҒЫ
      Адам  қоғамдық   тіршілік  иесі  ретінде  сыртқы    сұлулыққа    тәнті
 болып   қана   қоймай, оның   ішкі    мазмұнына     ерекше     мән  береді.
Адам  адамның  әсемдігін,  оның    іс-әрекетін,   табиғатқа    және    басқа
  адамдарға   қарым-қатынасын,   мінез-құлқын  өз   төңірегіндегі    адамдар
  бойында    қалыптасқан    әдептілікпен    салыстырып    құрайды.   Сөйтіп,
адам    сыртқы  –  көрнекі    сұлулық    пен   ішкі  –  рухани     сұлулықты
мойындай   отырып,  олардың     орнын    анықтауға     келгенде     ішкі   -
рухани     сұлулыққа    көбірек   мән      беріп,     мазмұн      сұлулығына
көбірек   жан  тартады. Халықтың   қалыңдық   таңдау       туралы,   «Көркін
 алма,    мінезін ал» - деп   ақыл – кеңес     беруінің    мәнісі     сонда.
Әдептілік   көріністері   сырт   қарағанда кейде   енжар    солғын   көрінуі
мүмкін,   бірақ  оның     өзегінде   үлкен    адамгершілік,   ізгілік    пен
мейірбандық   жатады.    Адамның    сыртқы     келбет,    пішін  көріктілігі
ішкі    рухани   терең    мазмұнымен    біте   қайнасып,   үйлесіп    жатса,
нағыз  сұлулық   сол болмақ. Ал   рухани      сұлулық    әдептілікке   қоса,
әділдікті,     шыншылдықты     адамға   деген   сүйіспеншілікті,   ізгілікті
сезім сергектігін,  биік      эстетикалық   талғамды    еркіндік   сезіміне,
сұлулыққа    талпынысты    қамтиды.
      Біздің    заманымызда      көріктеу-ажарлау,   әшекейлеп     безендіру
адамның дене, сырты    пішін  сұлулығына,     сәніне    талпынуына    қызмет
етеді.     Адамның     өзін-өзі     әлпештеп,    өз    дене       сұлулығына
сүйінуі  - табиғи     нәрсе.  Осыдан    барып, өзін  сұлу, мұнтаздай    етіп
 көрсету    үшін  әйелдер   жағы  сырға,  білезік,   алқа,    жүзік  тағады,
қасын, кірпігін, ерінін  бояп,  бетіне     опа-долап    жағады.   Бұлар   өз
орнымен, өз мөлшерімен  пайдаланса,  адамның     ажары       ашылып,    таза
балғын етіп  көрсетеді, бірақ талғамсыз   пайдаланылса, бет  пішінді  бұзып,
  ажарын   түсіреді,  басқа    біреулері     (мысалы     тағатын  әшекейлер)
табиғи  жарасымдылық   аясынан шықса    шырайға    шырай   қосып,     жараса
түседі,   тіпті    символдық  сұлулық  сипатқа  айналады.
      Киіміне  қарай   қарсы   алып,   ақылына  қарай   шығарып салады.
      Танылған  жерде ой  сыйлы,  танылмаған жерде    тоқ сыйлы.


                            Есте сақтайтын сөздер
Сұлулық
Рухани сұлулық
Мінез-құлық
Қалыңдық таңдау
Табиғи жарасымдылық
Ақыл-кеңес
                              Жаттығу жұмыстары
1-жаттығу. Сөйлемдердегі бірыңғай мүшелер қандай сөйлем мүшесі  екенін  және
бір-бірімен қалай байланысып тұрғанын көрсетіңдер.
1. Қалың қара сақалды, нұрлы жүзді, үлкен көзді, үстіне қынаға боялған  тон,
аяғына ұзын қонышты қара етік киген Сүлеймен  қарт  алдымыздан  жолықты.  2.
Дайрабай әрі күйші, әрі әнші, әрі ақын адам болған.
3.Жұмыскерлер  нәрселерін,   саймандарын,   ыдыс-аяқтарын,  қоқыр-соқырларын
жинап түйіп, көшуге даярланып жатыр. Олар жапырласып,  шуласып,  сабырласып,
бөлініп-бөлініп, нәрселерін тасырлатып, тез апыр-жапыр вагондарға міністі.
4. Отарба Көкшетау қаласының вокзалынан жүріп кеткеннен кейін біраздан  соң,
Бұзаубақ, Хасен, Сатай, Әзімхан, Қалкендер  әбігер  бола  қалды.  Ал,  бала,
бүгіннен бастап мына  болат  сүңгі  әрі  қаруың,  әрі  серігің.  Төзімділік,
сабырлық пен ептілік - балқытушының басты қасиеті.  Келгендер  Құнанбай  мен
Алшынбайдың екі жағынан жарыла отырды. Толық дөңгелек денелі, қызыл жүз,  ақ
сақалды Алшынбай тірсек жең, қара комзолдың сыртынан пұшпақ ішігін  желбегей
жамылып отыр екен.

2-жаттығу.
Төмендегі сөздерді бірыңғай  мүше  етіп  сөйлем  құраңдар.  Бірыңғай  мүшеге
ортақ жалпылауыш сөздерді өздерің ойлаңдар.
Үлгі: Алматы, Қарағанды, Шымкент, Семей, Ақмола - бәрі де  Қазақстанның  ірі
қалалары. Қазақстанның ірі қалалары мыналар: Алматы...

1. Қазалы, Жаңақорған және Шардара (Сырдария өзенінің  бойындағы  су  электр
станциялары). 2. Көксерке, алабұға, таутан,  ақмарқа,  қаяз,  ақкөз,  қылыш-
балық, аққайран, мөңке, шармай (Қазақстан суларындағы балықтар).

3-жаттығу.
Мына сөздерді жалпылауыш сөздер етіп, сөйлем құраңыз.
Бәріне, мыналар, үшеуі, баршасы, оқушылар, бәрін, төрт жігіт.

4-жаттығу. Көшіріп жазып, айқындауыштың түрлерін көрсетіңіз.
Мұражайға  және  пәтер-мұражайға  келушілер  бірнеше  есе   көбейді.   Дәлет
кітаптарды әсіресе көркем әдебиетті көп оқитын. Маресьев пен  Петров  далада
жерге жайылған плащ-палаткада жатпақ  болды.  Өткен  күні  инженер-техниктер
мен шахтерлердің өндіріс мәжілісі болып өткен. Есіктен  қарт  шахтер  Бейсен
кірді. Оңтүстік жақтағы үлкен барактағы  кабинетте  алып  шахта  құрылысының
начальнигі  Шектібай  отыр.  Телефоншы  Сәмет  ағаш  арасында  тұрған   полк
штабымен сөйлесіп жатыр. Ер Өтеген олардан  қорықпады,  шынықты.  Мағаш  пен
Кәкәтай  бұл күндерде  орысша  кітаптарды,  әсіресе  жеңіл  тілмен  жазылған
романдрды, көп оқитын. Далада  қызу  жұмыс  мақта  жинау  кезі  болатын  Ұлы
Ньютон бірде өзі ашқан жаңалықтарында алыптарға өзіне дейін өмір сүрген  ұлы
ғалымдарға сүйенгенін айтқан  болатын.  Қара  далада  желге  шыдамды  тамыры
мықты шөпттер,  мысалы,  көкпек,  жусан,  баялыш,  бетеге  өседі.  Біздерге,
қарттарға, жастар сияқты өмір  сүруге  тура  келеді.  Жоғары,  яғни  жиілігі
күшті, дыбыстар белгілі бір бағытпен, қатарланған "дыбыс  сәулелері"  арқылы
тарайды.

























    4, 5 сабақ. Жай сөйлем. Жай сөйлем туралы түсінік. Жалаң және жайылма
 сөйлем. Жақты, жақсыз сөйлем. Толымды және толымсыз сөйлем. Атаулы сөйлем.

|Сөйлемнің құрамына қарай түрлері |



|1.                    |2.            |         |3.             |4.               |
|Жақты сөйлем          |Жақсыз сөйлем |         |Жалаң сөйлем   |Жайылма сөйлем   |
|Бастауышы бар сөйлем. |Бастауышы     |         |Тек тұрлаулы   |Тұрлаусыз мүше   |
|                      |мүлдем жоқ    |         |мүшеден тұратын|қатысқан сөйлем. |
|                      |сөйлем.       |         |сөйлем.        |                 |
|1. Мен ауылға балдым. |Менің оқығым  |         |Ол келді,      |Ол ерте келді.   |
|Кітап – білім бұлағы. |келеді.       |         |Жаңбыр жауып   |Жаңбыр қатты     |
|Екі жердегі екі-төрт. |Оны айтудың не|         |тұр.           |жауып тұр.       |
|Оның айтайтын дегені -|қажеті бар.   |         |Бала-шағасы    |Оның бала-шағасы |
|осы.                  |Оған хабар    |         |келіп кетті.   |қалаға келіп     |
|                      |беру керек.   |         |Той-думан болып|кетті.Той-думанды|
|                      |Басымның      |         |тұрады.        |қызықты          |
|                      |ауырып        |         |               |откізді.Менің    |
|                      |тұрғаны. Оның |         |               |қаламымды алып   |
|                      |айтқандардың  |         |               |қойыпты.         |
|                      |түсініп       |         |               |                 |
|                      |болмайды.     |         |               |                 |
|2. Бастаушы кейде     |              |         |               |                 |
|айтылмайды. Бірақ оны |              |         |               |                 |
|баяндауышқа сұрақ қою |              |         |               |                 |
|арқылы табуға болады  |              |         |               |                 |
|Ертең мұнда кел. (Сен |              |         |               |                 |
|ертең мұнда кел)      |              |         |               |                 |





|5.                              |6.                      |7.                      |
|Толымды сөйлем                  |Толымсыз сөйлем         |Атаулы сөйлем           |
|Ойға қажетті мүшелердің бәрі    |Айтылуға тиісті         |Іс-оқиғаның, құбылыстың |
|қатысқан сөйлем.                |тұрлаулы, я тұрлаусыз   |атауын ғана көрсететін  |
|                                |мүшелердің бірі түсіп   |сөйлем.                 |
|                                |қалған сөйлем.          |                        |
|Қыста бұл жердің ауа райы өте   |-Балам, қайдан келдің?  |Жаз. Қайнаған күн. Егіс |
|суық болады.                    |-Астанадан.             |даласы. Қара бұйра жер, |
|Биылғы бітіруші түлектер        |Толымды түрі:           |көк торғын аспан.       |
|өздерінің арттарына ұмытылмастай|-Балам, (сен) қайдан    |                        |
|із қалдырды.                    |келдің?                 |                        |
|                                |-(Мен) Астанадан        |                        |
|                                |(келдім).               |                        |

Мәтін тапсырмалары
Мәтіндегі зергерлік бұйымдарды еске сақтаңыз.
Мәтінге жоспар құрыңыз
Әсемдік, сұлулыққа байданысты 10 тұрақты тіркес тауып жазып сөйлем  құраңыз.

                         ҚАЗАҚТЫҢ ЗЕРГЕРЛІК ҚОЛӨНЕРІ
      Зергерлік өнер — ерте заманнан келе жатқан, әрі  халыққа  көп  тараған
сәндік және қосалқы өнердің бір түрі. Алтын, күміс, асыл  тас  және  сүйекті
пайдаланып, сән-салтанат  үшін  әшекейлі  жиһаз,  қыз-келіншектердің  сәңдік
бұйымдары мен қару-жарақ, сауыт-сайман, ер-тұрман зерлеу өнері болған.  Оған
тас,  сүйек,  металл,   бояу,   былғары   сияқты   материалдар   кең   түрде
пайдаланылған. Заттарға зергерлік бейне жасау, сондай-ақ  бедерлеу,  қалыпқа
салып қысу, бір затқа бір затты  қоюластыру,  кіріктіру,  қақтау,  күмістеу,
термелеу,  өру,  бұрау,  тоқымалау,  әбзелдеу   т.  б.   әдістер   жетерлік.
Оңтүстік, Орталық Қазақстан, Сыр  бойы,  Жетісу  аймақтарындағы  обалар  мен
қорымдардан табылған көне заман бұйымдары (Түркістандағы Қожа Ахмет  Иассауи
мешітіндегі тайқазан, Семей музейіндегі Бегембай батырдың айбалтасы,  Алматы
облысы, Есік қаласынан  табылған  мәйіттің  алтын  киімі  т.  б.)  зергерлік
өнердің қазақ жерінде ертеден өркендегеніне айғақ.
      Қазақ зергерлері негізінен әйелдердің сәндік әшекей  заттарын  (сырға,
білезік, жүзік, сақина, шолпы, алқа, қаптырма, шаш бау, т.  б.)  ұсталары  —
батырлардың қару-жарақтарын  (айбалта,  көксүңгі,  алдаспан,  дулыға,  кісе,
қорамсақ, садақ, шоқпар), шеберлері— үй іші  мүліктерін  (кебеже,  жүк  аяқ,
ағаш төсек, асадал, адалбақан, зерлі аяқ т. б.), аңшылық жабдықтар  (томаға,
тұғыр,  балдақ,  оқшантай),  музыка  аспаптарын  (асатаяқ,  қобыз,  домбыра,
сыбызғы, дауылпаз, сазсырнай, т. б.) әсем жасай білген.  Қазақтың  зергерлік
заттарында жан-жануарларға байланысты мифтік ұғымдағы өрнек түрлері  (қошқар
мүйіз, түйе табан, таңдай), көкөніс  өрнектер  (жапырақша,  гүл,  са-бақша),
ұласымды өрнектер (ырғақ, сағақтау,  айқас  т.  б.),  геометриялық  өрнектер
кездеседі.
      Әйелдерге арналған әсем бұйымның бірі — жүзік. Оның үстіңгі бетіне  әр
түрлі тастардан не өңді әйнектерден ою-өрнек жүргізіледі.  Жүзікке  көбінесе
күмістен көз, балдақ, құс тұмсық орнатылады.  Соған  орай  көзді,  балдақты,
құс тұмсық жүзік деп аталады. Сондай-ақ мөр жүзіктер де болады.
Әйелдерге және ерлерге  арналған  сақиналар  да  соғылады.  Күміс  сақиналар
көбінесе шапқымен шекіліп, бізбен ғана безеледі.
      Мойынға тағатын әшекей заттың бірі – бой  тұмар.  Оны  ертеде  әйелдер
ғана емес, еркектер де тағатын болған.  Тұмар  іші  қуыс,  әдемі  былғарыдан
тігіледі, ою-өрнектеліп, күміс шынжырмен мойынға асып  алады.  Адамды  пәле-
жаладан, тіл-көзден сақтау үшін оның қуысына қасиетті дұғаны  қағазға  жазып
тығып қояды.
      Қазақтың еркектері мен әйелдеріне ортақ бағалы  бұйымның  бірі  —  ер-
тұрман.  Әсіресе  әйелдердің  ер-тұрманы  көркем  де  қымбат   келеді.   Оны
күмістеп,  ою-өрнекпен  әшекейлеп,   сырлап   жасаған.   Ердің   алтындаған,
күмістеген, айшықтаған, жезбен  өрнектеген  түрлері  болған.  Ол,  көбінесе,
қалыңдыққа  баратын  жігітке,  немесе  ұзатылатын  қызға  арналып  жасалады.
Осындай көркем ердің бағасы он ірі қараға жеткен.
                            Есте сақтайтын сөздер
|    |Түрлері                    |Атауы                                      |
|І   |Әйелдерге арналған сәндік  |1. Алқа.                  11. Сақина.      |
|    |бұйымдар                   |2. Балдақ.               12. Сәукеле.      |
|    |                           |3. Белбеу.               13. Сырға.        |
|    |                           |4. Білезік.               14. Тана.        |
|    |                           |5. Жүзік.                 15. Тұмарша.     |
|    |                           |6. Күміс оймақ.     16. Түйме.             |
|    |                           |7. Қапсырма.         17. Түйреуіш.         |
|    |                           |8. Қолтықша.         18. Тіс шұқығыш       |
|    |                           |9. Құлақ таза-        19. Шашбау.          |
|    |                           |лағыш.                     20. Шекелік.    |
|    |                           |10.   Өңіржиек.        21. Шолпы.          |
|II. |Ерлерге арналған бүйымдар  |                                           |
|    |                           |1. Кемер белбеу.    2. Кісе.               |

1-жаттығу. Берілген  сөйлемдерді аударыңыз.
      В окрестностях Кокчетава находится высоченная гора.  Стрела,  пущенная
с земли, не достигает ее  вершины.  Поэтому прозвали гору  «Окжетпес»  -  не
достичь стрелой. Нет человека , который не удивился  бы  высоте  этой  горы.
Вблизи она похожа на воздвигнутую кладками  ступенчатую  возвышенность.   На
ней растут даже сосны и ели, которые  невозможно  вырастить  и  при  обычных
посадках.

2-жаттығу.  Төмендегі  сөйлемдердің   түрлерін   ажыратыңыз.   Орыс   тіліне
аударыңыз.
      Сен бүгін үй  тапсырмасын  орындадаң  ба?   Қалада  үлкен  үйлер  көп.
Алақай, бүгін мен бес алдым! Кешке киноға  барасың  ба?  Сен  кешікпей  кел.
Мұғалім сыныпқа кірді. Әттең, сен келмей қалдың! Тыныш отырыңдар.

3-жаттығу. Берілген сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңыз.
      М.Әуезов жиырма  жасында  «Еңлік-Кебек»  трагедиясын  жазды.  Жүсіпбек
Аймауытов – қазақ романдарының негізін  салушылардың  бірі.  Мұстафа  Шоқай-
Ақмешіттің перзенті. Атасы Темір қайтыс болғаннан кейін Ұлықбек  15  жасында
әмірші болады. Кигіз үйдің іші төртке бөлінеді.


4-жаттығу. Жай сөйлемнің әрбір түріне 5 мысал жазыңыз.

6 сабақ. Мәтін: Алғашқы жәрдем.

Мәтін тапсырмалары
Мәтінді оқып шығып, сұрақ жауап дайында
Мәтін бойынша күрделі жоспар құр
Мәтіннің негізі идеясын анықтап, қысқаша мазмұнын айтып бер.
Медициналық термин сөздерді сөздіктен қарап 5 сөйсем құрып жаз

                               АЛҒАШҚЫ ЖӘРДЕМ
       Кенеттен  қатты  ауырған,   мертігіп,   жарақатталып   және   адамның
денсаулығы мен өміріне қатер төнетін басқа да жағдайда дәрігер  келгенше  не
ауру  (жарақатталған)  адамдарды  емдеу  мекемелеріне  жеткізгенше,  алғашқы
қарапайым жәрдем шаралары жасалуға тиіс.  Ауырған  не  жарақаттаған  адамдар
кейде өзіне-өзі жәрдем жасай алады. Мысалы, егер адамның стенокардия  (жүрек
демікпесі) ауруы ұстаса, онда ол кенет тоқтай қалып, тілінің астына  валидол
не нитроглицерин таблеткасын салады, егер уланса, асқазанын шаяды.
    Адам  көлденең  кездейсоқ  жағдайға  ұшырағанда,  жарақаттанғанда,   қан
кеткенде, кенеттен есінен танғанда оған жедел жәрдем көрсетуге тура  келеді.
Мұндағы ең басты мақсат-жарақаттану зардабын одан әрі  өршітпеу:  күн  өткен
адамды көлеңкеге апару, ал газдан иіс тигенде  -  таза  ауаға  шығару,  суға
батқанды  құтқару,  тоққа  түскенді   ажырату,   өртке   шалдыққан   адамның
киіміндегі отты өшіру.
    Екінші  міндет  -  қарапайым  медициналық   дәрі-дәрмектер   мен   құрал
жабдықтарды пайдалана отырып, оқиға болған жерде алғашқы  дәрігерлік  жәрдем
көрсету.
   Үшінші міндет  -  дереу  жедел  көмек  көрсететін  дәрігерді  шақыру,  не
жарақаттанған  адамды  жақын  арадағы  медициналық   мекемелерге   жеткізуді
ұйымдастыру. Жарақаттанған жағдайда  қанды  тарқату  шаралары  жасалады.  Ол
үшін қан шыққан жердің жоғары жағынан жұмырды,  жарақаттың  ауыр-жеңілдігіне
қарай қысып таңады да, жарақаттың  үстіне  таза  бинт,  мақта,  дәке  немесе
шүберек қойып байлайды.
   Содан кейін ол адамды міндетті түрде таяу жердегі дәрігерлік  мекемелерге
жеткізеді.
   Буыны шыққанда, сүйегі сынғанда, сіңірі үзілгенді  не  созылғанда  адамды
қозғалтпай жатқызу керек. Ол үшін мертіккен жерге жұқа тақтай, ағаш  қабығын
картон қойып, оны бинтпен, орамалмен, белбеумен  шүберекпен  орап  тастайды.
Егер сүйегі алған болып, сіңірі созылған, үзілген,  буыны  шыққан  жағдайда,
тек айқастыра тоқып тастаса да болады. Осылайша  жәрдем  көрсетілген  адамды
тез  арада  жарақат  емдейтін  пунктке  не  басқа  да  дәрігерлік   мекемеге
жеткізеді. Онда жарақат рентгенмен  тексеріліп,  алғашқы  дәрігерлік  жәрдем
көрсетіледі.

                            Есте сақтайтын сөздер
Жарақат
Жүрек делікпесі
Зембіл
Құрал-жабдық
Өртке шалқыу




































































    7 сабақ. Аралық бақылау.
$$$ 1 В
 Берілген сөйлем жай сөйлемнің қай түріне жататынын белгілеңіз.
Мен ойланып отырмын.
А. Жақсыз
В. Жақты
С. Жалаң
D. Атаулы
Е.  Толымды
$$$ 2 С
 Бастауыш, баяндауыш арасына қойылатын сызықша қатарын көрсетіңіз.
А. Оспан барған-ды
В. Плащ -  палатка.
С. Отан - өз үйің.
D. Естілер - естілмес.
Е. – Жазған ба?
$$$ 3 А
  Қайттім? Қайтеді? Сұрақтарына жауап беретін сөйлем мүшесін белгілеңіз.
А. Баяндауыш
В. Пысықтауыш
С. Анықтауыш
D. Толықтауыш
Е.  Бастауыш
$$$ 4 Е
Ыңғайлас жалғаулықты анықтаңыз.
А. Әлде, болмаса, өйткені.
В.  Бірақ, неге десең, егер.
С. Алайда, себебі, онда.
D. Я, немесе, біресе.
Е.  Мен, да, және.
$$$ 5 А
Хабарлы сөйлемді көрсетіңіз.
А. Балалар далада ойнап жүр.
В. Жауап берсең ше.
С. Сен қашан келесің.
D. Келгеніңе қанша болды.
Е. Әттең, кешігіп қалдың-ау.
$$$ 6 А

«Атқа отыр» қандай байланысу формасына жатады?

А. Меңгеру

В   Қиысу

С.  Қабысу

D.  Жанасу

Е.   Матасу

$$$ 7 C
Жақсыз сөйлемді табыңыз:
   А. Жүз жиырма бес үй.
   В. Күз келді.
   С. Бізге көбірек оқу керек.
   D. Құлаққа ұрған тападай.
   Е. Сылқ-сылқ күліп жіберді.
$$$ 8 B
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін табыңыз:
А. Есім сөздер
В. Бастауыш, баяндауыш
С. Одағай,шылау
D. Анықтауыш,қыстарма сөз.
$$$ 9 В
Сызықша дұрыс қойылған сөйлемді табыңыз.
А. Ата-ананың – ақ тілеуі ақ жол.
В. Ата-ананың ақ тілеуі – ақ жол.
С. Сұрмерген аң аулап жүрсе – алдынан үш елік қаша жөнелді.
D. Білім адамның – қанаты.
Е. Бозбаламын – мен де енді.
$$$ 10  Е

Қай мысалда үтір қойылуы қажет?
A. Аса тілеулес ағасы Абай оның алдынан шықпайды және ешкімге бетін де
   қақтырмайды.
B. Сабырлы Олжабектің сасқаны сонша орнынан атып тұрды
C. Кенжебек Асқардың шақыруымен келіп отыр
D. Әр адамның бағасына бір ғана өлшеуіш бар ол - өнімді адал еңбек
E. Біресе бір адым озып кетеді біресе кейін қалып қояды
$$$ 11 А

Тыныс белгісі дұрыс қойылған қаратпа сөзді табыңыз
A. Ендігәрі Абайды бұндай жерге бастай көрме, жарықтығым
B. Сөйлей бер, ақ домбырам күмбірлеген
C. Жоғары, шық Төке
D. Мен –қазақпын жан Отан – бел балаңмын!
E. Ботам-ай өңің қашып кетіпті ғой!


$$$ 12 А

Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді табыңыз
A. Досын сатқан жандардан жиренемін: Отанын да ондайлар сата алады
B. Түсінгені соншалық; барлығы ойында сайрап тұр
C. Асан, Айгүл, Әйгерім: үшеуіміз кітапханаға бардық
D. Сізді  ешкім шақырған жоқ: сондықтан сіз де бармайсыз
$$$ 14  В

Көп нүкте қойылатын жерді табыңыз
A. Мағынасы, құрылысы жағынан ұқсас сөйлемдер арасында
B. Айтылмақшы ой аяқталмай қалғанда
C. Сұраулы сөйлем лептік интонациямен айтылғанда
D. Ойға қатысты басқа бір ойды жолжөлнекей түсіндіргенде
E. Сөйлемдегі белгілі бір сөздің мәні оқушыға түсініксіз болғанда

$$$ 15 В

Қай сөйлемде қос нүкте қойылмайды?
A. Бұлар Асан мен Омар – сабаққа бармады
B. Асан және Омар екеуі сабаққа бармады
C. Сабаққа бармағандар Асан мен Омар
D. Сабақта жоқ оқушылар Асан мен Омар
E. Сабаққа бармаған мыналар Асан мен Омар


$$$ 16  В

Қай сөйлемде екі жерде нүкте қойылады?
A. Тәртіпсіздікке жол бермеу керек деген менің әкем
B. Тәртіпке бас иген кұл болмайды (Б. Момышұлы)
C. Мен келдім деп ол ішке кірді
D. Мыналар наурыз, сәуір көктем айлары
E. Мылтық тарс етті құс жалп етті


$$$ 17  В

Қос нүктенің орнын табыңыз
A. «Мен бардым» деді Ораз
B. Ораз мен бардым деді
C. Ораз өзі барғандығын айтты
D. Ораз мен бардым деді ме?
E. Ораз барған ба?


$$$ 18  Е

Қай сөйлемде қос нүкте қойылмайды?
A. Асан айтты «Ертеңжоғла шықпай-ақ қойсақ қайтеді?»
B. Абай «Ғылым таппай мақтанба» деді
C. Мына өзендер Жейхун мен Сейхун Аралға құянды
D. Менің түсінгенім мынау ертең жарыс болмайды
E. Біз сабақта «Ер Тарғын», «Алпамыз» жырларын оқыдық

$$$ 19 Е

Аяқталған  сөйлемнің соңында қойылмайтын тыныс белгісін табыңыз
A. Нүкте
B. Леп белгісі
C. Көп нүкте
D. Сұрау белгісі
E. Қос нүкте

$$$ 20  Е

Үтірдің қойылу себебін анықтаңыз. Оқып білім ал, бөбек!
A. Бірыңғай мүшелер
B. Одағай
C. Қыстырма сөз
D. Оңашаланған айқындауыш
E. Қаратпа сөз
























 8 сабақ. Құрмалас сөйлем туралы түсінік. Құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары.
                         Құрмалас сөйлемнің түрлері.

|түр|Салалас құрмалас сөйлем |Сабақтас құрмалас сөйлем           |Аралас құрмалас|
|і  |                        |                                   |сөйлем         |
|ере|Құрамындағы жай         |Құрамындағы жай сөйлемдердің       |Кемінде үш     |
|же |сөйлемдердің            |алғашқысының баяндауыш тиянақсыз   |сөйлемнен      |
|   |баяндауыштары тиянақты  |болып, екінші сөйлемге бағына      |құралып,       |
|   |болып, өзара тең        |байланысады. Бағыныңқы, басыңқы.   |бір-бірімен    |
|   |дәрежеде байланысады    |                                   |салаласа да,   |
|   |                        |                                   |сабақтаса да   |
|   |                        |                                   |байланысады.   |
|Жас|Салаластың құрамдығаны  |Бағыныңқысының баяндауышның негізгі|Құрамындағы үш |
|алу|жай сөйлемдер өзара екі |жасалу жолдары:                    |жай сөйлемінің |
|жол|жолмен байланысады:     |                                   |баяндауышы     |
|дар|1.Мағыналарының         |                                   |тиянақсыз      |
|ы  |жақындығына қарай       |                                   |болады да,     |
|   |іргелес тұрып, интонация|                                   |қалған екуінің |
|   |арқылы байланысады.     |                                   |баяндауыштары  |
|   |2.Құрамындағы жай       |                                   |тиянақты болып |
|   |сөйлемдер жалғаулық     |                                   |келеді.        |
|   |шылаулар арқылы         |                                   |               |
|   |байланысады.            |                                   |               |
|   |                        |Шартты рай   |-са,-се             |               |
|   |                        |Көсемше      |-а,-е,-й,-ып,-іп,-п |               |
|   |                        |             |-ғалы,-қалы,-гелі,-к|               |
|   |                        |             |елі                 |               |
|   |                        |Есімше       |-ған   |-дықтан     |               |
|   |                        |             |-ген   |-діктен     |               |
|   |                        |             |-қан   |-мен        |               |
|   |                        |             |-кен   |-ша,-ше     |               |
|   |                        |             |       |-да,-де     |               |
|   |                        |Болымсыз     |-ма,-ме|-й          |               |
|   |                        |етістік      |,      |-йынша,     |               |
|   |                        |             |-па,-пе|-йінші      |               |
|   |                        |             |,      |-стан,-стен |               |
|   |                        |             |-ба.-бе|            |               |
|   |                        |             |,      |            |               |
|мыс|Биыл қыс суық болды,    |Биыл қыс болғанмен, қар аз жауды.  |Ол үйге келсе, |
|ал |бірақ қар аз жауды. Ол  |Кітаптарын жоғалтып алғандықтан,   |Омар жоқ екен, |
|   |кітаптарын жоғалтып     |оның бүгін мазасы болмады.         |сондықтан кері |
|   |алған еді, сондықтан    |                                   |қайтуға тура   |
|   |оның бүгін мазасы       |                                   |келді. Күн     |
|   |болмады. Ол бірісе      |                                   |шықса, бұлар   |
|   |күледі, біресе ыхаланып |                                   |егістікке      |
|   |жылайды.                |                                   |кетеді,        |
|   |                        |                                   |дегенмен бүгін |
|   |                        |                                   |осында қалатын |
|   |                        |                                   |түрлері бар.   |


Мәтін  тапсырмалары
Мәтінге жоспар құрыңыз.
Үстеулердің мағыналық топтарын толық қамтитын грамматикалық таблица
құрыңыз.
Мәтінді ауызша мазмұндаңыз.

                    Қазақстанның Ұлттық Ғылым Академиясы

      Қазақстанның Ғылым Академиясы  1946  жылы  1  маусымда  құрылды.  Оның
алғашқы  президенті  Республиканың  биология  мек-тебінің  іргесін   қалаушы
академик  Қ.И.  Сәтбаев  болды.  Ұлттық  Ғылым     Академиясының     жоғарғы
органы   -   мүшелердің  жалпы жиналысы. Сессия  арасында  Ғылым  Академиясы
жұмысын президиум  басқарады.  Қазіргі  кезде  академияда  алты  бөлім  бар:
физика-математика,  жер  туралы  ғылым,  химия-технологиялық,   биологиялық,
қоғамдық  ғылым  және  Орталық  Қазақстандық.  Ұлттық  Ғылым   Академиясының
бөлімшелері  де  бар.  Олар:   "Ғылым"   баспасының   орталық   кітапханасы,
өндірістік күштер кеңесі, бір қатар мұражайлар. Бұның  бәрі  астрономия  мен
атом  физикасын,  археология  мен  этнографиялық  ғылымдарды  жаңа  деңгейде
дамытуға көмектеседі. Академия ғалымдары математика,  атом  физикасы,  түрлі
түсті  металл  өңдіруде,   геологияда,   тау-кен   өнеркәсібінде,   химиялық
тыңайтқыштар өндіруде,  жер  өңдеуде,  аңдар  мен  табиғат  қорғауда  жоғары
жетістіктерге жетуде. Ұлттық Ғылым Академиясының институттары мен  бөлімдері
ғылыми-техникалық  жоспарларды  Республикалық  және  дүниежүзілік   деңгейде
орындауға қатысуда.

                Қазақстан Республикасының ұлттық кітапханасы

      Қазақстан елінің ұлттық кітапханасы - қазақ халқының ұлттық мәдениетін
өркендетуде, қазақ зиялыларын тәрбиелеуде  және  жұмысшы  қауымының  мәдени
сұраныстарын қанағаттандыруда аса маңызды роль атқарады.
      Жыл сайын кітап  қорына  150-160  мыңдай  әр  түрлі  басылымдар  келіп
түседі, оның ішінде 80 мың кітап. Төрт миллионға жуық Республикамыздың  және
ТМД  елдерінің,  шетел  баспасөздерінің  басылымдарын,  соның  ішінде  шетел
мекемелерінен де газет, журналдар алып отырылады.
      Зерттеушілерді сирек кітап қорындағы 25  мыңнан  асатын  қазақ,  орыс,
шығыс тілдеріндегі және Батыс Европа  халықтарының  VI,  VIII  ғасырлардағы
және XIX ғасырдың басындағы кітаптар мен қолжазбалар қызықтырады.

    Жаттығу жұмыстары:
    1-тапсырма: Төмендегі сұрақгарға жауап жазыңдар.
    Екі түбірден біріккен қандай ән-күй, өлең, аң, құс, жәндік аттарын
білесіңдер? Екі не үш сөзден біріккен қандай шөп, жер, су, планета,
географиялық атауларды білесіңдер? Біріккен сөз түрінде қолданылатын қандай
ойын аттарын білесіңдер?
    2-тапсырма: Әдемі, жалтақ, мая, мырс деген  сөздерден  қос  сөз  жасап,
жасалған қос сөздерді қатыстырып, сөйлем құраңыздар.
    3-тапсырма: Төмендегі күрделі атаулардың мағыналарын айқындап,  олардан
қысқарған сөздер жасаңдар.
      Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті.  Мемлекеттік  қаржы  институты.
Тәуелсіз Мемлекеттер достастығы. Біріккен Ұлттар Ұйымы.
      4-тапсырма: Қысқарған  сөздер  дегеніміз  қандай  сөздер,  олар  қалай
жасалады, оларға қосымшалар қалай жалғанады. Мысал кел-тіріңіздер.
      5-тапсырма: Біріккен сөздер қалай жасалады, қалай жазылады?
      Мысал келтіріңіз.

                      9 сабақ. Салалас құрмалас сөйлем.
  Салалас құрмалас сөйлем туралы түсінік. Түсіндірмелі салалас. Қарсылықты
                                  салалас.
|түр|Ыңғайластық  |Қарсылықты   |Себеп-салдар|Кезектес     |Талғаулы    |Түсіндірме|
|і  |             |             |            |             |            |лі        |
|   |Жай          |Жай          |Жай         |Жай          |Жай         |Екінші жай|
|ере|сөйлемдері   |сөйлемдерінің|сөйлемдеріні|сөйлемдерінде|сөйлемдерінд|сөйлемі   |
|же |бір-біріне   |мағыналары   |ң бірі      |гі           |е айтылған  |бірінші   |
|   |іргелес      |бір-біріне   |екіншісінің |іс-қимылдың  |іс-әрекеттің|сөйлемнің |
|   |болған       |қарама-қарсы |себені      |кезектесіп   |береуі ғана |мағынасын |
|   |уақиғаны,    |болып келетін|білдіретін  |келетінін    |орындалатаны|түсіндіріп|
|   |істі         |салалас түрі.|салалас     |білдіретін   |н білдіретін|тұратын   |
|   |білдіретін   |             |түрі.       |салалас түрі.|салалас     |салалас   |
|   |салалас түрі.|             |            |             |түрі.       |түрі.     |
|   |Және, әрі,   |Бірақ,       |Өйткені,    |Бірде,       |Не, немесе, |Жалғаулы  |
|жал|да, де, та,  |дегенмен,    |сондықтан,  |біресе, кейде|я, яки, не  |жоқ.      |
|ғау|те           |сонда, да,   |себебі, сол |             |(я) болмаса,|          |
|лық|             |сөйтсе де,   |үшін, неге  |             |әлде,       |          |
|   |             |сөйткенмен,  |десеңіз, сол|             |әйтпесе.    |          |
|   |             |әйтсе де,    |себепті т.б.|             |            |          |
|   |             |әйткенмен,   |            |             |            |          |
|   |             |алайды.      |            |             |            |          |
|   |Биыл жайлауда|Оның даусы   |Биыл шөп    |Балалар бірде|Тезірек шөп |          |
|мыс|болдым және  |жақсы, бірақ |қалың шықты,|футбол       |ору керек,  |          |
|ал |ауылдағы     |ән айтуды    |өйткені     |ойнайды,     |әйтпесе     |          |
|   |ағаларымның  |жақтырмайды. |жаңбыр көп  |бірде өзенге |уакыт өтіп  |          |
|   |үйіне бардым.|Менің театрға|жауды.      |барып        |кетеді.     |          |
|   |             |барғым       |            |шомылады.    |            |          |
|   |             |келмеді,     |            |             |            |          |
|   |             |әйткенмен    |            |             |            |          |
|   |             |оның көңілін |            |             |            |          |
|   |             |қалдырғым    |            |             |            |          |
|   |             |келмеді.     |            |             |            |          |






|   |Ыңғайластық  |Қарсылықты  |Себеп-салд|Кезектес      |Талғаулы    |Түсіндірмелі|
|түр|             |            |ар        |              |            |            |
|і  |             |            |          |              |            |            |
|   |Олар төмен   |Көз қорқақ, |Еңбек     |Жалғаулықсызы |Ауырып      |Оның        |
|мыс|түсіп еді,   |қол батыр.  |қылмай    |жоқ, себебі   |отырды ма,  |келмеген    |
|ал |жол екіге    |Бас болу    |тапқан мал|жалғаулығын   |кешегі оқиға|себебі      |
|   |бөлінді.     |оңай,       |дәулет    |алып тастаса, |есіне түсті |мынау: кеше |
|   |             |бастамақ    |болмас:   |бұл сөйлемнің |ме, бүгін ол|жұмыстан кеш|
|   |             |қиын.       |қар суы   |мағынасы      |ешкемен     |қайтты.     |
|   |             |            |сықылды   |ыңғайлас      |сөйлеспеді. |            |
|   |             |            |тез       |салаласқа     |            |            |
|   |             |            |суалар.   |ауысады.      |            |            |

Мәтін тапсырмалары
Мәтінді оқып шығып, аударыңыз.
Мәтін бойынша жоспар құрыңыз.
Орыс тілінен еркін аударма түрінде аударыңыз.


                         ЕСКІРТКІ – АДАМЗАТТЫҢ СОРЫ


   «Адам азса,  заман  тозады»,  оны  жаңғырту  да,  құрдымға  құлдырату  да
өзімізге  байланысты.  Арақ  ішу,  темекі  тарту  аздай  кұрдастарымыз  енді
есірткіге бой ұра бастады. Бұның себебі не?
   Шетелдік «мәдениет» өңмеңдеп төрге ұмтылуда. Делебені қоздыратын  тұрпайы
бейнефильмдер қаптады. Кісі тонау мен адам өлтірудің «насихаты» үдей  түсті.
Оң-солын танып үлгермеген жастарымыз оған есі кете құнығып барады.
   Адамдарды нашақорлыққа баулу – қылмыстың ең зоры. Олар бірлі-жарым адамды
ғана қан қақсатып қоймайды, бүкіл ел,  үлттың  тамырына  балта  шабады.  Бүл
біздің жас мемлекетіміз  үшін  соғыс  апатымен  тең.  Оған  қарсы  неге  күш
біріктірмейміз? Неге күреспейміз?
   Күні кешеге дейін нашақорлық  деген  атау  қазақ  ұғымында  болған  емес.
Маскүнемдік те бізге жат еді. Қоғамдық  орта  да,  табиғат  та  таза,  тұнық
болатын.   Ластықтан   жиіркенетінбіз.   Енді   міне   деректерге   жүгінсек
рРРеспублика бойынша 20 мыңнан аса нашақордың бар екені анықталып,  тіркеуге
алыныпты. Бұл республикамызды жайлаған үлкен дерт, түпсіз құрдым.
   Дәрігерлердің  айтуына  қарағанда,  есірткі   миды   құрғатып,   кептіріп
жібереді. Қыздырмаға ілескен сорлы аз уақытта біржола мәңгіреді.  Есірткісіз
бір сәт те тұра алмайтын халге жетіп, тірі өлікке айналады.  Отан,  ата-ана,
құрбы-құрдас дегенді білмейді де сезбейді. Олардың бұл  дүниеде  кешетіні  -
азап.
   Алматы қаласындағы ең жас нашақор 7 жаста  екен.  Бұл  не  деген  сұмдық.
Жақында, есірткіге шалдыққан бір адаммен сұхбаттасып көрдім. Ол  әңгімесінде
былай дейді: "Алғашқы рет  достарыма  ілесіп,  есірткінің  қандай  екендігін
білгім келді, тек қызығушылық мақсатында  қолдандым.  Қан  тамырыма  есірткі
дозасы жіберілді. Сол сәттегі рахат сезімді көңілі ояу, көкірегі  сау  пенде
бастан кешірмейтіні кәміл. Қызыл, жасыл ғажап әлемнің ішінде боласың".
   Демек, есірткі адамды осылай айналдыратын болғаны. "Ал  қазір  неге,  бұл
уақытқа дейін пайдаланасың, есірткі деген көп ақша  тұрады  ғой.  Ол  ақшаны
қалай табасың?" - дегенімде, ол:  "біріншіден,  жастардың  арасында  беделді
боласың, екіншіден, үйдегі әке-шешемнің ұрысқанын елемеу және бүкіл  ренішті
ұмыту үшін қолданамын. Қазір онсыз өмір сүре алмайтын  болдым,  дер  кезінде
қабылдамасам өзімді дұрыс ұстай алмаймын. Соңдықтан ол маған өте  қажет.  Ал
ақшаны әке-шешемнен сұраймын, бермесе  ұрлап  аламын",  -  дейді.  "Емделгің
келмей ме?" деген сұраққа, ол: "әрине келеді, бірақ оған көп ақша  және  күш
қажыр-қайрат керек", - дейді. Сонда бұл жасөспірімің тағдыры немен  аяқталар
екен?..
   Сұмдықты қараңыз, есірткі алғашқыда тегін беріледі екен, екінші  рет  оны
жаңағы адам өз ақшасына іздеп жүріп  сатып  алады.  Осындай  қулықпен  торға
түскен адам одан құтыла  алмайтын  тәуелді  халге  түседі.  Ақшасы  таусылса
ұрлыққа көшеді, яғни қылмысқа  тартылады.  Ұрлық  түбі  -  қорлық.  Сотталу.
Түрме. Бұндай оқиғалардың алдын алу үшін, "есірткіге қарсы күрес" атты  іске
асатын көптеген бағдарламалар жасалып, мектеп  пен  жоғарғы  оқу  орындарына
лекциялар, арнайы сабақтар енгізілсе. Әр  отбасында  ата-ана  баласымен  бұл
жөнінде ашық сөйлескені жөн.
   Бір сөзбен айтқанда, бұл апаттың алдын  алуға  жаппай  кірісуіміз  керек.
Әрине,  қатал  жаза  да  керек,  онсыз  болмайды.  Нағыз  бұзылған   нашақор
түзелмейді, емдеуге де келмейді. Қоғамның саналы мүшесі емес. Ал біз  осыған
елтіп жүрген мыңдаған құрбыларымызды  бұдан  сақтап  қалуға  тиіспіз.  20гр.
героиннің құны 1000 доллар. Басқа түрлері де осы тектес. Осы  ақша,  шіркін,
денсаулыққа жұмсалса ғой...
   Біз, ХХІ ғасырдың  болашағын  құрамыз,  сондықтан  бұл  апатпен  күресуді
қазірден өз қолымызға шындап алуымыз керек!


                            Есте сақтайтын сөздер
Көңілі ояу
Көкірегі сау
Тәуелді
Отбасы
Нашақор
Апатпен күрес
















     10 сабақ. Себеп-салдар салалас. Талғаулы салалас. Кезектес салалас

Мәтін тапсырмалары
Мәтіннен кірме сөздерді тауып, қай тілден кіргенін анықтаңыз.
Қазақтың ұлттық спорт ойындарының тағы қандай түрлерін білесіз?
Мәтінді ауызша әңгімелеп беріңіз.


                           БӘЙГЕ МЕН АЛАМАН БӘЙГЕ

      Қазақ халқының ұлттық спорт ойынының  бірден  –  бір  көп  тарағаны  –
бәйге мен аламан бәйге. Спорттың бұл түрінің өзгеше  бір  ерекшелігі  сол  –
жарыс тек жазық жерлер мен ипподромдарда ғана өтіп қоймайды, спортшының  өзі
мен  оның  атына  жоғары  талап  қойылатын  ойлы-қырлы,  жасанды,  бөгесінді
жерлерде де өткізіледі. Бір жағынан, бұлайша жарысты бұрын  белгісіз,  ойлы-
қырлы жерлерде  өткізу  қазіргі  заманғы  ат  спортының  классикалық  түріне
жуықтайды.  Бұл  республиканың  жергілікті   халықтары   арасында   спорттың
классикалық түрлерін кеңінен таратуға  өзінің  пайдасын  тигізетіні  сөзсіз.
Әсіресе аламан бәйгенің спортшының тактикалық шеберлігін жетілдіруде  маңызы
орасан  зор.  Жарыста  мықты  да  жылдам  спортшылардың  бәрі  бірдей   жеңе
бермейді, мұнда кімде-кім жарысты  жаттығу  жағынан  құрып,  жағдайды  дұрыс
бағалап, жарыстың барысында атының күшін тиімді пайдаланса ғана  жеңіске  ие
болады.

                            Есте сақтайтын сөздер
Ұлттық спорт ойындары
Бәйге
Аламан бәйге
Ойлы-қырлы
Жергілікті халық
Мықты да жылдам

1-жаттығу. Берілген сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдаңдар.
      Таң ата жау шабуылға шықты. Шабуыл тағы тойтарылып тасталды.
Түс кезінде батальон командирі Гундилович бізге байланысты  -  сын  жіберді.
Ол комаңдирдің бұйрығын жеткізді. Бұл ұрыста Төлеген ерекше ерлік  көрсетті.
Күн кешкірген кезде  "Бородиноға"  генерал  Чистяков  пен  полковник  Капров
келді. Оларға Гундилович болған жағдайды баяңдады.

2-жаттығу. Төмендегі сөйлемдерден тура және жанама толықтауыштарды табыңыз.
      Онымен бірге ыстық от-жалын толқыны ғаламат екпін-күшпен тарап жатты.
Көрінбейтін сәуле-радиация да жан-жаққа тарап жатты. Осы  өңірде  қырық  жыл
бойы болған апаттың көлемін есептеу мүмкін емес. Табиғаттың бүлінгені,  жан-
жануарлар дүниесі мен халық шаруашылығына қаншама залал келтірілгенін  былай
қойғанда, сол жердің халқына қанша  қайғы  әкелді.  Адамзатты  қыруға,  адам
баласы жасаған байлықты жоюға арналған мұндай  жойқын  қарулардың  қарапайым
халыққа еш керекгі жоқ. Қазақстан жерінде шаруашылық мақсатқа  деп  те  кіші
жарылыстар жасалып тұрған.





                     11 сабақ. Сабақтас құрмалас сөйлем.
|Түрі              |Шартты            |Қарсылықты         |Себеп бағыныңқы     |
|                  |бағыныңқы         |бағыныңқы          |                    |
|Қарағандының қары |Көзін сәулеге     |Лиза ойнап есік    |Ол бастықтың        |
|биыл бұрқаң-тарқан|үйреткен Асқар    |алдына шығып кетсе,|бөлмесіне келген    |
|қауырт еріп еді,  |терезеден қараса, |әке-шешесінің      |еді, бірақ басқа    |
|сай салалар суға  |аспан айдай ашық  |дауыстыры үздіксіз |келгендер болып,    |
|толып, қырдың     |екен де, шуақты   |шығады да, Лиза    |көпке дейін – кезек |
|тентек өзендері   |күн түске тармасып|үйге кайтса,       |келмей, есік алдында|
|сақылдап тасығалы |қалған екен.      |сөздерінің         |күтіп қалды.        |
|тұр.              |                  |аяқталмай          |                    |
|                  |                  |тоқталғаны         |                    |
|                  |                  |андалады.          |                    |


                   Көп құрамды құрмалас сөйлемнің түрлері

|Көп  құрамды      |салалас + салалас +    |Құрамындағы   |Ол келді де,    |
|салалас құрмалас  |салалас                |жай           |есікті ашып     |
|сөйлем            |                       |сөйлемдерінің |қарап еді, бәрі |
|                  |                       |баяндауыштары |тегіс келіп     |
|                  |                       |тиянақты      |болыпты.        |
|                  |                       |болады        |                |
|Көп бағыныңқы     |Жарыспалы    |сабақтас+|              |Күн жылы        |
|сабақтас құрмалас |к.б.с.қ      |сабақтас+|Саб, саб, сал |болғандықтан,   |
|сөйлем  (к.б.с.қ) |             |салалас  |              |шанамызды алып, |
|                  |             |         |              |далаға кеттік   |
|                  |Сатылы       |сабақтас+|              |                |
|                  |к.б.с.қ      |сабақтас+|Саб, саб, сал |                |
|                  |             |салалас  |              |                |
|Көп басыңқылы     |Сабақтас+салалас +     |              |Басы ауырып,    |
|сабақтас құрмалас |салалас                |Саб, саб, сал |үйіне           |
|сөйлем            |                       |              |кеткендіктен,   |
|                  |                       |              |соңғы сабаққа   |
|                  |                       |              |қатыспады       |
|Аралас құрмалас   |Сабақтас+салалас +     |              |Ол ретін тауып, |
|сөйлем            |салалас                |Саб, саб, сал |бастықпен       |
|                  |                       |              |сөйлесіп еді,   |
|                  |                       |              |жоспарларын     |
|                  |                       |              |бекітпей қойды  |


Мәтін тапсырмалары
Мәтін бойынша екі адамның сөйлесуін құрыңыз.
Мәтінді қатысты 3мақал-мәтел айтыңыз.
Мәтінді ауызша әңгімелеп бер.

                             АС – АДАМНЫҢ АРҚАУЫ

      “Ас – адамның арқауы”  деп  тауып  айтқан  қазақ  дастарқан  байлығына
ерекше мән беріп қараған.Тағам түрлерін ақ  (сүт  тағамдары)  ,  қызыл  (ет)
және көк (жеміс) деп үшке  бөлген.  Соның  ішінде  денсаулыққа  пайдалы  әрі
құнары мол сүт тағамдарының бірнеше  түрлерін  жасай  білген.Сүтті  қасиетті
зат есебінде қарап “ақты төпке, малдың  желіні  кетеді”  деп  ескерту  жасап
отырған.Қазақтың құрт, ірімшік, ежігей тағы сол сияқты сүт  тағамдары  басқа
елдерде өте жоғары бағаланады.
       Енді  сүт  тағамдарына  жеке-жеке  тоқталып,  олардың   жасалуы   мен
дәстүрлі, кәделі жолдарын әңгімелейік.
      Қымыз – халқымыздың бірнеше ғасырлар  бойы  үздіксіз  пайдаланып  келе
жатқан ұлттық тағамы.
       Дайындау  әдісіне,  қасиетіне,   сапасына   және   сақталу   уақытына
байланысты халқымыз қымызды бірнеше түрге  бөледі.  Және  олардың  әр  түрін
жылқы жасы атауымен атайды.
У ы з   қ ы м ы з – биені алғаш байлап, жаңадан ашытылған қою қымыз.
Б а л    қ ы м ы з – жылқының сүт  қазысын  қосып  әбден  бабына  келтіріліп
пісілген қымыз. Бұл басқа қымызға қарағанда сары әрі  қою,  дәмді,  жұғымды,
тұшы болады.
Қ ұ н а н   қ ы м ы з – екі түн сақталған, толық ашыған қымыз.
Д ө н е н   қ ы м ы з – үш түн сақталған өте күшті қымыз.
Б е с т і     қ ы м ы з – төрт түн сақталып ашуы әбден жеткен қымыз.
Мұнымен қатар шөп буыны қатып, күзде сауылатын қымызды сары қымыз дейді.
Көп пісіліп ащы дәмі кеткен қымызды өлтірілген қымыз дейді. Бұл жақсы  деген
ұғымды білдіреді.
Қымыз - әрі сусын, әрі тағам, дертке шипа, жанға қуат.
Шұбат. Сүт тағамдарының ішінде қымыздан кейінгі бағалы сусын –  шұбат.  Оның
түйе сүтінен жасалатыны барша жұртқа белгілі.
      Құрт – қой, сиыр сүтінен жасалады. Әріне, қойсүтінен жасалған  құрттың
дәмі де, сапасы да өте жақсы болады.
       Құрт  көже  –  тағамдық  қуаты  мол  жеңсік  ас.  Ол  көбінесе  қыста
дайындалады. Қазақтар мұны қыстың қымызы деп  те  дәріптейді.  Өйткені  құрт
көже әрі тамақ әрі сусын.
      Ірімшік сүттен жасалады.  Сүтті  қайнатып  оған  қымыз,  айран,  шұбат
сияқты ащы іріткі  қосып  ірітеді.Іріген  сүттен  ірімшік  түзіліп,  табаққа
дорбаға салып кептіріп алады.
    Уыз. Малдың төлдегеннен кейінгі алғашқы сүті уыз деп  аталады.  Уыз  өте
дәмді әрі қою болады. Бала да, төл де уыз сүтін  тойып  ішу  керек.  Уызында
жарымаған деген сөз осыдан шыққан.
     Айран – қой, сиыр  сүтінен  әзірленеді.  Қатыққа  қарағанда  сұйық  әрі
ащылау болады. Айранмен шөл басады.

                            Есте сақтайтын сөздер

Ұлттық тағам
Дайындау әдісі
Сусын
Дертке шипа
Сүт тағамдары
Кептіру
Малдың төлдеуі
Алғашқы сүт
Қою
Төл
Әлсіз

              15 сабақ. Автор сөзі. Төл сөз. Төлеу сөз. Стиль.


    Төл  сөз  деп  жазушының  я   сөйлеушінің   сөздігі   жағынан   болсын,
грамматикалық формалары жағынан болсын ешқандай өзгеріссіз, бұлжытпай  алып,
өз сөзі ішінде қолданған біреудің сөзін айтамыз.
    Төл сөздің айналасында оны пайдаланып отырған жазушының  я  сөйлеушінің
өз сөздері қоса қолданылады. Ол - автор сөзі деп аталатын.
    Жазушының я сөйлеушінің біреудің сөзін өз сөзінде өзгертіп беруін төлеу
сөз дейміз.

|Төл сөздің орын тәртібі және тыныс         |
|белгілері                                  |




|Төл сөз автор      |Төл сөз автор       |Төл сөз автор       |Төл сөзді автор   |
|сөзінен бұрын      |сөзінен кейін       |сөзінің ортасында   |сөзі ортадан жарып|
|келеді.            |келеді.             |келеді.             |келеді.           |
|«Төл сөз»,-автор   |Автор сөзі: «Төл    |Автор сөзі: «Төл    |«Төл сөз,-автор   |
|сөзі               |сөз».               |сөз»,-автор сөзі.   |сөзі,-төл сөз».   |
|«Балалармен        |Балтабай былай деді:|Балтабай:           |«Балалармен,-деді |
|ақылдасып          |«Балалармен         |«Балалармен         |Балтабай,-ақылдасы|
|көрейік»,-деді     |ақылдасып көрейік». |ақылдасып           |п көрейік».       |
|Ақылбай.           |                    |көрейік»,-деді.     |                  |
|-Төл сөз, - автор  |Автор сөзі:-Төл сөз.|Автор сөзі:-Төл     |-Төл сөз,-автор   |
|сөзі               |                    |сөз,-автор сөзі.    |сөзі,-төл сөз.    |
|-Ол сенің інің     |Сағи былай деп      |Сағи: -Ол сенің інің|-Ол,- деді        |
|бе?-деп сұрады     |сұрады: -Ол сенің   |бе?-деп сұрады.     |Сағи,-сенің інің  |
|Сағи.              |інің бе?            |                    |бе?               |

                 Төл сөзді төлеу сөзге айналдырудың жолдары:
              Төл  сөзді  төлеу  сөзге  айналдырудың  ең  негізгі  және  жиі
қолданылатыны - төл сөзде сөйлемнің тиянақты баяндауышы болып  тұрған  сөзге
табыс жалғауын жалғау арқылы оны  (төл  сөзді)  автор  сөзімен  байланыстыру
тәсілі. Алдымен, төл сөздің баяндауышы болып тұрған етістік қай  шақта,  қай
райда айтылуына қарай етістіктің есімше  түріне  айналады  да,  содан  кейін
барып  табыс  септігін  қабылдайды.  Кейде  табыс  септік  жалғауы  есімшеге
–дық, -дік жұрнағы мен тәуелді жалғауы арқылы жалғанады. Мысалы: «Мен  судан
қорқамын»,-деді Омар. Омар өзінің судан қорқатындығын айтты.
              Төл  сөздің  баяндауышы  өткен  шақты  немесе  нақ  осы  шақты
білдіретін етістік формасында айтылса, төлеу сөзге айналғанда, ол  есімшенің
–қан, -ған, -кен, -ген жұрнақтары арқылы беріледі.  Мысалы:  «Автобус  күтіп
тұр»,-деді Омар. Омар автобус күтіп тұрғанын айтты.
               Егер төл сөз етістіктің  келер  шақ  (бұйрық  түрінен  басқа)
немесе ауыспалы осы шақ формасында айтылса, төлеу сөзге айналғанда,  -атын,-
етін, -йтын, -йтін  жұрнақты  есімше  арқылы  беріледі.  Мысалы:  «Ол  ертең
келеді»,-деді Омар. Омар оның ертең келетінін айтты.
               Егер төл сөздің баяндауышы етістіктің бұйрық  рай  формасында
айтыласа, төлеу сөзде ол тұйық  етістік  формасына  айналады.  Мысалы:  «Сен
ертерек кел»,-деді Омар. Омар оған ертелек келуін айтты.
               Баяндауышы есім сөзден я есім сөздің араласуынан,  я  болмаса
атау тұрғалы тұйық етістіктен болса,  төлеу  сөзге  айналғанда,  е  етістігі
көмекші болып келеді. «Кітап-білім бұлағы»,-деді Омар. Омар  кітаптың  білім
бұлағы екенін айтты.
                                    Стиль
    1 Ғылыми стиль:
    1.Қолданылу аясы: ғылыми еңбектерде, ғылыми баяндамаларда, лекцияларда,
қолданылады.
    2.Мақсаты: заттар ман құбылыстардың  жалпы  ерекшелігін  ашып,  мәлімет
беру.
    3.Стильдік ерекшелігі: дәлелді, зерттелген, тура мағынада алу.
    4.Тілдік құралдары: ғалыми терминдерді қолдану, хабарлы сөйлемде, өткен
осы шақтарда жиі қолданылады.
    2 Ресми іс-қағаздар стилі:
    1.Қолданнылу аясы: іс-қағаздарда, нұсқау хаттар мен кеңсе  құжаттарында
қолданылады.
    2.Мақсаты: хабарлау, аңық мәліметтер беру.
    3.Стильдік ерекшелігі: ресми, анық, дәл.
    4.Тілдік  құралдары:  кітаби,  ресми  сөздер  мен  тіркестер,   хабарлы
сөйлемдер, даяр тіркестер мен терминдер.
    3 Публицистикалық стиль:
    1.Қолданылу  аясы:  газет-журналда,   жиналыстар   мен   митингілердегі
сөздерде қолданылады.
    2.Мақсаты: көпшілікке әсер  ету,  құбылыстардың,  оқиғаның  мәнін  ашу,
оларға көпшіліктің назарын аудару.
    3.Стильдік ерекшелігі: шақыру, үндеу, нақтылық.
    4.Тілдік құралдары: риторикалық сұрақтар, стильдік  қайталау,  антитеза
пайдалану.
    4 Көркем әдебиет стилі:
    1.Қолданылу аясы: көркем шығармалада қолданылады.
    2.Мақсаты: құбылыстар мен заттарды суреттеу,  жанды,  суретін  көрсету,
бейнелеу арқылы оқырманның сезіміне әсер ету.
    3.Стильдік ерекшелігі: образды, эмоционалды, экспресивті.
    4.Тілдік құралдары:  ауспалы  мағына,  көркемдік  тәсілдерің  суреттеме
құралдарын пайдалану (теңеу, метафора т.б).
    5 Аузекі сөйлеу стилі:
    1.Қолданылу аясы: адамдар мен еркін әңгіме кезінде қолданылады.
    2.Мақсаты: қатынас жасау.
    3.Стильдік  ерекшелігі:  сөздер  мен  сөз  тіркестерін  еркін  қолдану,
даярлықсыз өткізілу.
    4.Тілдік құралдары: қарапайым сөздерді еркін қолдану, диалогқа құрылу.

Мәтін тапсырмалары
Мәтінді мәнерлеп оқып шығыңыз.
Мәтіндегі қиын сөздерді теріп жазыңыз.
Мәтінді әңгімелеп беріңіз.
                              Табиғатты қорғау


      Адам қоғамының қазіргі кездегі дамуы,  оның  алдына  көптеген  күрделі
мәселелер   қойып   отыр.   Олардың   негізгілері   дүниежүзілік    деңгейде
биосферадағы  табиғи  заңдылықтарға  үйлесімді  химиялық  өндірісті  дамыту,
энергия көздерін және та-биғат байлықтарын ұқыпты пайдалану,  ауаның,  судың
және топы- рақтың тазалығын сақтау өзекті мөселелердің бірі болып  саналады.
Бұл адамның  денсаулығын  сақтаумен  өте  тығыз  байланысты.  Сон-дықтан  да
табиғатты қорғау адамды қорғау деген ұғыммен тікелей үндесіп жатады.
      1991 жылы Қазақстан  Республикасының  "Табиғи  ортаны  қорғау  туралы"
заңы, ал 1992 жылы Қазақстан Республикасының Жоғарғы кеңесінің  иАрал  өңірі
халқының тіршілік жағдайларын  түбірінен  өзгерту  жөніндегі  шұғыл  шаралар
туралы" арнайы қаулысы қабылданды.
      Мұның бәрі де республикамызда  табиғатты  қорғау  мәселесіне  мемлекет
тарапынан үнемі назар аударылып тұрғанына толық дәлел бола алады.
      Ірі кәсіпорындарда қалдықсыз  әдістерді  енгізу,  тұйық  жүйе  бойынша
істеуге  көшу,  жанармайлардың  ауаны  ластамайтын  түрлерін  пайдалану   да
ғылымның алдында тұрған кезек күттірмейтін мәселе болып отыр.
      Өндіріс  орындарында  табиғатты   ластауға   жол   бермейтін   құрылыс
материалдарын ойлап шығару, оларды  пайдаланудың  мер-зімін  ұзартуға  басты
көңіл бөлінуде. Бұл салада Қазақстан ғалымдарының қосқан үлесі мол.
      Қазақстандық  өнертапқыш  Ғ.Наурызалин  ауа,  су  өткізбейтін  құрылыс
материалын жасаудың жаңа әдісін тапты.  Оның ойлап тапқан құрылыс  материалы
дүниежүзілік деңгейдегі материалдардан ең берік  деп  саналатын  "Бетон-20"-
дан жүз мың есе сапалы болып шықты.
      Табиғат - күллі тіршілік атаулының қуатты қоныс мекені, алтын ұя,  тал
бесігі. Ақындардың көп жырлаған  тақырыптарының  бірі  -  адам  мен  табиғат
бірлігі.
      Қазақ халқының ұлы кемеңгері Абай Құнанбаев та өз шығармаларында  төрт
түлікті  шаруашылықты,   аңшылық-саяткерлік   өмірді   табиғат   лирикасымен
ұштастыра жырлаған.
      Адам өзінің іс-әрекеті арқылы табиғатта ұзақ уақыттар ара-лығында бір-
біріне байланысты үйлесімді жүріп отыратын заңдылықтарға  әсер  етіп,  кейде
олардың бұзылуына жағдай жасайды. Ормандардың бей  берекет  қырқылуы,  жерді
қалай болса солай пай-далану,  қырғын  соғыс  зардаптары,  табиғатты  талан-
таражға салуы соған мысал бола алады.
      Қазіргі кезде Қазақстанның көптеген өңірі экологиялық апатты аймақ деп
аталады. Соның бірі Семей полигоны больш та-былады. Бұл 18  мың  км  аймақты
алып жатыр.
      1949 жылдан 1989 жыл аралығыңда бұл жерде 467 ядролық  жарылыс  болып,
сынақтар өткізілген. Осындай жойқын әрекеттерден  Семей  аймағының  табиғаты
мен халқы өте ауыр зардап шекті. Халқының  тағдыры  толғандырған  азаматымыз
Олжас Сүлейменов Семей полигонына  қарсы  және  халықаралық  ядролық  қаруға
қарсы қозғалыс ұйымдастырып, Семей полигонының жабылуына  өз  үлесін  қосты.
Мұндай сынақ аймақтары Қазақстанның 34 нүктесіңде  су  айдындары  бейберекет
пайдаланудан   және   түрлі   минералды   тыңайтқыштарды,    түрлі    зиянды
жәндіктерге  қарсы  пайдаланған пестицидтер мен гербицидтерді қолданудан  да
су қорлары ластанып тартылады. Оны Арал теңізінің тартылуы  жайынан,  Балқаш
көлінің суының азаюынан көруге болады.
                                 ("Тіршіліктану" кітабынан)




                         16 сабақ. Тыныс белгілері.
              Нүкте, қос нүкте, көп нүкте, нүктелі үтір, үтір.

Мәтін тапсырмалары
Мәтінді мәнерлеп оқып шығыңыз.
Мәтіндегі қиын сөздерді теріп жазыңыз.
Мәтінді әңгімелеп беріңіз.


                              Қорғалжың қорығы


      Қорғалжың қорығы - құстар мен жануарлардың кейбір түрлерін сақтау және
олардың табиғат өзгерісіне  бейімделінуін  зерттеу  үшін  құрылған.  ҚазССР
Министрлік Советінің қаулысы бойынша 1968 жылы ұйымдастырылған.  Бұл  қорық
Ақмола қаласынан оңтүстік батыста 140 км жерде орналасқан. Қорғалжың  теңіз
көлдерінің айдынын және олардың қамысты, нулы  жағалауларындағы  2  мың  км
аумақты алып жатыр.
      Қорықтың климаты құстар мен жануарлардың  тіршілік  етіп,  өсіп-өнуіне
өте қолайлы келеді. Жазда 40° ыстық, қыста 40° аяз  болады,  жылына  200  мм
шамасында жауын-шашын болады. Жаз айларында мұнда  Африка,  Оңтүстік  Еуропа
және Үндістаннан мыңнан астам үйрек, қаз, аққу, қызыл қаз, ақ  шіл,  шағала,
бірқазан, жапалақ, тырна, көкқұтан  т.б.  құстар  келеді.  Көктем  айларында
бұларға арнап көл  жағалаулары  мен  шөпті,  ағашты  алаңдарға  мыңдаған  ұя
салынады, жабайы күріш сияқты өсімдіктер себіледі. Қорықта  жануарлардан  ақ
қоян, көртышқан, борсық, киік, жабайы шошқа т.б.  аңдар  кездеседі.  Шортан,
қызыл қанат, сазан т.б. балықтардың өсіп-өнуіне толық мүмкіндік жасалған.
      Қорық - туристер мен өлке тану әуесқойларының саяхат орны.

                            Ақсу-Жабағылы қорығы

      Батыс Тянь-Шанның солтүстігіндегі  табиғи  комплекстерді  қорғау  және
зерттеу үшін құрылған  Қазақстандағы  тұңғыш  мемле-кеттік  қорық.  Шымкент
қаласынан  90  км  жерде,  Талас  Алатауының  батыс  және   солтүстік-батыс
сілемдерін алып жатыр.
     Қорық 1926 жылы құрылған. Жері 75 мың шаршы км. Қорықта  өсімдіктердің
1 200 түрі бар. Мұнда ағаштың 25 түрі - талас  терегі,  қайың,  тал,  шырша,
өрік, алма; бұталы өсімдіктен - арша,  ырғай  долана,  қарақат  т.б.  өседі.
Қорық бірнеше биіктік белдеуде  жатыр.  Онда  жануарлардың  53  түрі:  елік,
марал, қабан, барыс, жайран т.б. кездеседі. Құстардың 238 түрі  -  бірқазан,
қырғауыл, сары шымшық  т.б.  тіршілік  етеді.  Мұнда  Орта  Азия  тауларының
табиғи күйін сақтауға және жануар мен өсімдік дүниесін қорғауға  бағытталған
жан-жақты жұмыс жүргізетін ғылыми топ бар.


                                    * * *


      Тауды, орманды мекендейтін ірі тұлғалы мысық тұқымдас хайуанаттың бірі
- сілеусін. Мұның караколдан айырмашылығы  реңі  біркелкі  болмай,  теңбіл-
теңбіл болып келеді. Сілеусіннің құйрығы тіке, шауып тастағандай шолақ. Өте
епті, ағашта жақсы өрмелеп, бірінен екіншісіне секіре алатын күшті жыртқыш.
Дене тұрқы - 92-105  см,  құйрығының  ұзындығы-  20-30  см,  салмағы-  8-15
килограмм.
      Сілеусін жемін жасырып, өте сақтанып оңтайлы кездерді аңдып жүреді. Ол
ешқашан азығын ағаш басынан секіріп түсіп олжаламайды. Көбінесе  құрлар  мен
кемірушілер,  ақ  қоян  қорегіне  жатады.  Кейде  сілеусіндер  елік,  құдыр,
бұғыларға  шабуыл  жасап,  оларды  азық  етеді.  Олар  орман  мысықтарын  да
аулайды.


17 сабақ. Аралық бақылау.
$$$ 1 D

Адамның көңіл-күйін білдіретін сөйлемді не дейді?
A. Толымды
B. Жақсыз
C. Сұраулы
D. Лепті
E. Жайылма
$$$ 2 Е

Лепті сөйлемді табыңыз.
A. Бірде-бір адамды көрмедім
B. Екі мәрте толтырыпты ма
C. Жеті саны қасиетті дейді
D. Төртеуі де төрт алған шығар
E. Бес деген қандай жақсы баға
$$$ 3 Е

Хабарлы сөйлемді табыңыз.
A. Быжырлаған құрт-құмырсқа
B. Қап, бар даусыңмен айқаласан ғой
C. Болжалдық сан есімнің жасауылы қандай
D. Былтырғы киімінді ки
E. Барымталасу үшін күш керек
$$$ 4 А

Қай сөздер лепті сөйлем жасауға қатысады?
 A. Одағай сөздер
 B. Есім сөздер
 C. Көмекші сөздер
 D. Атау сөздер
 E. Жалғаулық сөздер
$$$ 5 А

Лепті сөйлемді табыңыз.
A. Табиғат қандай тамаша
B. Ол қандай машина айдайды
C. Қандай сөзі сұрау есімдігі емес пе
D. Қандай болса да табыңдар
E. Соны да әлдеқандай етті
$$$ 6 С

Қайсысы сұраулы сөйлем жасайды?
A. Не деген, не еткен
B. Әттең, бәрекелді
C. Сірә, шығар
D. Алайда, әйтеуір
E. Дейін, бірақ
$$$ 7 В

Сұраулы сөйлемді табыңыз
A. Оны ешкіммен сөйлеткіз (бе)
B. Жігіттің, қолы аттың тізгініне жабысты(ма)
C. Оқушылар саны жиырма бес екен
D. Күн ұясына батуға таяды
E. Өткен жылғы молшылықты ұмыт(па)
$$$ 8 С

Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөлінетін түрін көрсетіңіз.
A. Жақты сөйлем
B. Толымды сөйлем
C. Сұраулы сөйлем
D. Жайылма сөйлем
E. Құрмалас сөйлем
$$$ 9 D

Сұраулы сөйлемді табыңыз.
A. Кейбіреулер түк істемей-ақ болдырып отырады
B. Сен меннен аулақ жүр
C. Таң қараңғысынан тұру Дәметкеннің өмірлік дағдысына айналған еді
D. Немене, бізді ақшасы жоқ кедей деп естіп пе едіңіз
E. Білімдіден шыққан сөз талаптыға болсын кез
$$$ 10 D

Қазақ тілінде сөйлем айтылуы мақсатына қарай неше түрге бөлінеді?
A. 5
B. 6
C. 7
D. 4
E. 2

$$$ 11 А

Лепті сөйлемді табыңыз.
A. Пай-пай, мына аттың жорғасын-ай
B. Білім – адамның қанаты
C. Кімдер таратып, насихаттайды
D. Қарлығаш, не сонда, жалғыз жатпақ па иесіз үйде
E. Айналайын, жастық уақытты босқа өткізбе
$$$ 12 А

Бұйрықты сөйлемді табыңыз.
A. Егіс көлемін ұлғайт
B. Тіл қандай
C. Сен енді бала емессің
D. Ал Жамал ше
E. Бұл – тарихи жер
$$$ 13 С

Бұйрықты сөйлем дегеніміз не?
A. Өкіну, қорқу, жирену, кекету мақсатында айтылатын сөйлем
B. Дауыс ырғағының бәсеңдеу сазбен айтылатын сөйлем
C. Біреуге бұйыру не бірдеңені талап ету мақсатында  айтылатын сөйлем
D. Тек талап қою мағынасында айтылатын сөйлем
E. Сөйлемнің соңында нүкте қойылатын сөйлем
$$$ 14 Е

Хабарлы сөйлем дегеніміз не?
A. Айтылған ойдың тыңдаушыға түсінікті әсерлі болуы үшін айтылатын сөйлем
B. Қимыл иесінің күйін, қалын, іс-әрекетін айқындауға жауап күтетін сөйлем
C. Сұрау айтылған сөйлем
D. Адамның көңіл-күйін білдіру мақсатымен қолданылған сөйлем
E. Біреу я бірдеме туралы ойды екінші біреуге жай хабарлау мақсатында
   айтылған сөйлем
$$$ 15 С

Сұраулы сөйлемді табыңыз.
A. Балам, тоқташы
B. Апырай, желісінің қаттысын-ай
C. Сен болған шығарсың
D. Аспан ашық
E. Алматы   - оңтүстік астана

$$$ 16 А

Хабарлы сөйлемді табыңыз.
 A. Әне бір өрге шыққан немене
 B. Тарт тілінді
 C. Ауа райы суық
 D. Мақтан қума, керек қу
 E. Бұған кім кінәлі
$$$ 17 D

Лепті сөйлемді табыңыз
A. Бармағанда қайтем
B. Бақ кетпесін басыңнан
C. Сен әнші едің-ау, ә
D. Ой, байғұс бала-ай
E. Жаңбыр жауды
$$$ 18 А

Одағай сөз қатысқан лепті сөйлемді көрсетіңіз.
A. Ойпырым-ай, балаңның мінезі қандай жаман еді
B. Көрсетпе көз жасынды
C. Жүр, жарысайық
D. Балам, жөнінді айтшы
E. Амал нешік, пешенеме жазғаны осы болды
$$$ 19 Е

Себеп бағыныңқы сабақтасты белгілеңіз.
A. Аспанда жапқан тұтас бұлт сиреп, ара-тұра жұлдыздар көріне бастады
B. Сөйлесуге тіл жоқ: Есенейден бата алмайды
C. Аңсаған төлде су тапса, бас қоймай ма бастауға
D. Мен қорықпаймын, өйткені әжем кеше сұрап алған
E. Қасқыр енді мұның айғайын елемейтін болған соң, Иса басқа бір тәсілге
   көшті
$$$ 20 D

Көп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.
A. Ербол ғана сүйеп қалып, зорға дегенде буынын бекітті, бірақ сонда да
   өзін-өзі аңғарып жүрген жоқ.
B. Қысқы үкідей аппақ болып, ұзақ күндер ұзақ жортып, көбінесе үнсіз
   жориып, Омбы қаласына бүгін іңір қараңғысында келіп кірді
C. Сиырда аунамақ жоқ, жылқыда күсемек жоқ, суда қаймақ жоқ
D. Қуаты – ақындық, үміті – халық
E. Осы өткен қыс бойында, кітап соңында көп отырған Абай үй ішіне, Ербол
   мен Байманғаметке, кішкене молдаға және әңгіме тындауға жараған балалары:
   Әбдірахман, Қүлбадан, Мағаштарға өзі оқыған кейбір романдарын да қызықты
   хикая етіп айтып беріп отырамын

1 ӘДЕБИЕТТЕР
1 Негізгі әдебиеттер
1.1. З.Күзекова,  Г. Қарақұсова Жоғарғы оқу орындарының эканомика
факультеттеріне арналған. А.1997,1999.
1.2. Ш.Б Сейтова.   Ана тілің –асыл қазынаң. Семей 2001.
1.3. Т.Т Аяпова. Қазақ тілі. Негізгі оқулық
1.4. Т.Т.Аяпова Қазақ тілі. Үй кітабы
1.5. Ш.Б.Бектұров. Т.Ш. Бектұрова. Қазақ тілі. А. 2002.
1.6. Қазақ тілі сөздігі. А. 1999 ҰТА
1.7. Ә. Болғамбаев. Қазақ тілінің синонимдік сөздігі. А.1976.
1.8. Б.Шалабай, В.Салагаев. Іс қағаздары. А. 2001.
1.9. Базарғалиева Б., Иманбаева М., Ибрагимов Қ. Қазақ тілі. Алматы, 2005.
1.10. Г.Қ Рысбаева.  Қазақ тілі грамматикалық анықтағыш   А-2000
1.11. З.Күзекова .  Практикалық курс.    Қазақ тілі –Алматы: 2002
1.12. Ш.Бектұров.  Серғалиев М.  Қазақ тілі  А-1994
1.13. Жас  техниктің   энциклопедиялық    сөздігі.   Москва.1980.
1.14. Р. Сыздық  Қазақ тілінің анықтағышы  Астана, Елорда 2000.

2. Қосымша әдебиеттер
2.1. Жас толқын электронды оқулығы
2.2. Руханият электронды оқулығы
2.3. Зерде электронды оқулығы
2.4. Елтаным электронды оқулығы
2.5. Мәнерлеп оқу электронды оқулығы
2.6. Ахмет Байтұрсынов электронды оқулығы
2.7. Ыбырай Алтынсарин электронды оқулығы
2.8. Қазақ тілі электронды оқулығы


-----------------------
                    Жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлем


Пәндер