Файл қосу
Қазақтың халықтық педагогикасының даму кезеңдері
|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ | |ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ | |ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ | |ПЕДАГОГИКА КАФЕДРАСЫ | |СМЖ 3 - деңгейдегі құжаты |ПОӘК | | | | |УМКД 042-18.30-2013 | |«Этнопедагогика» пәнінің | | | |оқу-әдістемелік кешені |№3 – басылым | | |(оқытушылар үшін) | | | «Этнопедагогика» ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ (Барлық мамандықтарға арналған) ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР Cемей – 2013 1.ӘЗІРЛЕГЕН: Құрастырушы: 28.08.2013 п.ғ.м., аға оқытушы Мухметова Раукен женисовна 2.ТАЛҚЫЛАНДЫ: 2.1. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің Педагогика кафедрасының мәжілісінде қаралды. Хаттама № 1 04.09.2013ж. Кафедра меңгерушісі: ______________ /Джанбубекова М.З./ 2.2. Педагогика факультетінің оқу-әдістемелік бюросының отырысында. Хаттама № 1 «05» 09.2013ж. Төрағасы: ________________ /Ахметова Т.Ш./ 3. БЕКІТІЛДІ: Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің Оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданған және басып шығаруға ұсынылды. Хаттама №1 18.09.2013ж. ОӘК төрағасы: ____________ /с.ғ.д. Искакова Г.К./ 4. АЛҒАШ РЕТ ЕНГІЗІЛГЕН (Хаттама №1, 18.09.2013ж. басылымның орнына) МАЗМҰНЫ 1. Этнопелагогика пәні бойынша негізгі түсініктер (глоссарий). 2. Этнопелагогика пәні бойынша дәрістер кешені. 3. Этнопелагогика пәні бойынша семинар тапсырмалары. 4. Студенттердің өздік жұмыстары. 1. ЭТНОПЕДАГОГИКА ПӘНІ БОЙЫНША НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕР (ГЛОССАРИЙ) Абырой- жеке адамның құндылығы туралы түсінікті білдіреті моральдық ұғым, адамның өз-өзіне және қоғамның жеке адамға моральдық қатынасын бейнелейтін этикалық категория. Адамгершілік- қоғамдық өмірдің объективтік заңдылығына сәйкес, адамдар арасындағы қарым-қатынастарды реттеуге негіз болып табылатын талапқа сай белгілі бір гуманистік принциптерді білдіретін моральдық ұғым. Адамгершілік адамдардың мінез-құлқымен, іс-әрекеттерімен көзге түседі. Адамға өзіндік тұрғыдан қарау-оқыту және тәрбиелеу барысында оқушыларды өздеріне тән ерекшеліктерін есепке алу. Мысалы олардың білім деңгейін,саяси дайындығын,мұраттарын, өмір тәжірибесін т.с.с. есепке алу. Адам тұласының бағыттылығы- белгілі қоғамға оның мұрат-мақсаттарына орынды немесе теріс қатынастары тұрғысынан қарағандағы жеке адамның ең елеулі,шешуші сипаттамаларының бірі. Жинақталған түрінде адам тұлғасының бағыттылығы-өз халқының, бүкіл адамзаттың асыл мұратына ұмтылуы, оған жету жолындағы күресі. Азаматтық- адам тұлғасының жетекші сапаларының бірі. Іс-әрекет, қарым қатынас және қарым-қатынас тәрбие жүйесімен қалыптасады. Азаматтықтың мәні адамдық міндеттерін және борыштарын санаулы, белсенді атқару құқын орынды пайдалану, қоғам белгілеген ережелерді дәл орындау болып табылады. Ақыл- ойлаудың таным қабілеті дамуының жоғары басқышы, жаңа білімінің шығармалығы, адамның жүріс-тұрғысында және бүкіл өмірлік іс-әрекетде орындылықтың болуы. «ақыл» атауы ойлау қабілетінің синониміне ретінде жиі қолданылады. Ақылдың болуы, ақылды болу қарқынды және нәтижесі ақыл-ой іс- әрекетіне қабілеттің болуы деген сөз. Ақыл-ой тұжырымы- бір немесе бірнеше пікірлерден жаңа, туынды пікірді алудың логикалық тәсілін көрсететін ойлаудың түрі.Ақыл-ой түйіні алғы шарттан (бастапқы пікірден), қорытындыдан (алғы шарттан тұжырымға көшуден) тұруы. Білімдердің ғылымда және тәжірибеде дамуы, құбылыстардың мәні болып танылуы, олардың заңдылықты ара байланыстарының айқындалуы ақыл-ой тұжырымы нақты құбылыстарға баға беру, теориялық және тәжірибелік мәнді ерекшеліктерді дәлелдеу барысындағы ой-пікірлердің негізін құрайды. Ақыл-ой тәрбиесі- тәрбиенің басқа салаларымен үздіксіз байланысты ойлаудың шығармалық қабілеттерін мақсатқа сай дамыту.Ойдың жұмысы адам өмірінің шарттары мен жағдайларында болатын обьективтік қарама- қайшылықтарды шешуге әрдайым бағытталып отырады. Әдіснама (методология) - (грек тіліндегі methoolos -зерттеу жэне тану жолдары, logos - тцсінкі, ілім) -теориялық және практикалық жұмыстарды, сондай-ақ осы жүйе туралы ілімді кұру және ұйымдастыру принциптері мен әдістерінің жүйесі. Әдеп- игі әдетпен, өміршең әдет-ғұрыппен қалыптасқан ұлттық мәдениеттің көрінісі, мәдени үрдістердің, имандылықтың тірек-негізі. Әдептілік -белгілі моральдық нормалар мен принциптерді бұлжытпай орындау. Егер моральдық нормалар мен принциптер кісінің бойына сіңсе, ол адамдардың әдептілік қасиеті не әдептілік сезімі болып саналады. Әдет-ғұрып-белгілі ситуациялардағы адам мінез-құлқының қайталанатын әдетті дағдылары. Әлеуметтік құбылыс- қоғамдық өмірдің ішкі мәнін ашатын нақты сыртқы көрінісі ретіндегі деректер, оқиғалар ,барыстар жиынтығы. Әлеуметтік шындықтың теориясын,оның зерттейтін заңдарымен заңдылықтарын ұғынып алу танысу субьектінің құбылыстар мәніне енуі болып табылады. Бұл өзара тығыз байланысты құбылыстар мәніне енуі болып табылады, нақты оқиғаларды , деректерді, барыстарды талдау арқылы жүзеге асып, нәтижесінде адам қоғамдық дамудың жалпы заңдылықтары жөнінде қорытындағы келеді және оларды тәжірбелік іс-әрекетіне басшылыққа алу мүмкіндігіне ие болады. Атрибуция - адамның жүріс - тұрыс себептерімен дәлеледенген жеке қасиеттерін, мінезін, оның іс - әрекетін кәдімгі талдау негізінде баска адамға тапсыру. Балажандылық- қазақ халқы үшін болмыстағы баға жетпес байлық - ол бала, баланы қазақ халқы өмірімнің жалғасы, ұрпағын, ата кәсібін жалғастырушы деп бағалап бала тәрбиесіне көп көңіл де бөле білген. Қазақ халқы бала туралы өз пікірлерін: "Артыңда байлық қалғанша бала қалсын", "Ер адамның алдында ашылатын есігі болсын, әйел адамның алдында тербететін бесігі болсын" - деп орынды бере білген. Гуманистік- адам сүйгіштік, адам мен қоғамдық қасиеттерге құрметпен қарау Гетереостереотип - басқа халықтар өкілдері туралы бағалау пікірлер жинағы. Даму- өзіне тән ерекшелігі бар сапалық қозғалыстың турі. Құбылыстардың пайда болуы мен жойылып кету дамуға байланысты. Кез келген баму уақытпен байланысты болады. Дамудың бағытын тек уақыт анықтайды Дәлелдеу -әйтеуір бір қағиданың ақиқаттығын осымен байланысты бар басқа ақиқаттар және пайымдаулар көмегімен тауып алудағы логикалық амал. Дәлелді пікір ғылыми ойлау өрнегінің ажырамас белгісі, ғылыми сенімдерді қалыптастыр кезеңі. Сондықтан ұстаздық жумыста дәлелдеу тактикасы мен методологиясы маңызды орын алады . Дәстурлер -ұзақуақыт бойына қоғамда адамдар арасындағы қатынасқа сақталып ұрпақтан-ұрпаққа берілетін әлеумттік және мәдени мұралардың құрыамды болігі. Идеал -«Идеал – ұмтылысты қажет ететін, бірақ ешқашан жеткізбейтін, адам ақыл-ойына қажетті басшылық» (И.Кант). Мораль идеалы ол: жан-жақты, абсолютті, ізгілік туралы елестері дұрыс, адамдар арасында кемеліне келген қарым-қатынас бейнесінде, адамгершілігі мол жеке бастың жоғарғы үлгісі. Инициация - сол немесе басқа ұлыстарда бар әрекеттер таптамасы осы аркылы және адамның әлеуметтік мәртебесі ресми түрде ауысып бекітіледі. Мораль- (лат.moralis-әдет-ғұрып)-әлеуметтік шындықтың этикалық сапаларын (ізеттілік, мейірбандық, әділеттілік, мінез-құлық, әдет-ғұрып т.б.) бейнелейтін қоғамдық сананың бір түрі. Адамдардың бір-біріне және қоғамға деген міндеттері мен қарым-қатынастарын анықтайтын қауымдық өмір сүру ережелерінің, адамдардың мінез-құлықтары нормаларының жиынтығы(. Дәстүр- (лат. traditio-жапсыру, жалғастыру)-тарих барысында қалыптасып, ұрпақтан- ұрпаққа жалғасып отыратын әдет-ғұрыптар, салт-сана, қоғамдық тәртіп, заң, мұрат пен игілік, мінез-құлық қалыптары және т.б., қоғамда, ұлтта немесе жекелеген әлеуметтік топтарда ұзақ уақыт бойы сақталатын әлеуметтік-мәдени мұра элементтері. Дербестік- белгілі бір істі, мақсатты орындауда бөтен адамның жетегінде кетпей өз білімімен, жігерлілігімен, сенім-қабілетімен шешуге тырысу. Жомарттық - Жомарттық дегеніміз- қандай да бір игілікті істі шын көңілден әрі одан да пайда ойламай, қайтарымсыз істеу. (Жолықсан біздің жақтың тентегіне, өмірдің қарамайды келтесіне, қонаққа жалғыз атын сойып беріп, жүген ұстап қалады ертеңіне( деп бір дана адам айтпақшы ата- бабаларымыз: (Жомарт дос көбейтеді. Сараң мал көбейтеді(-деп жомарттықты дәріптеп, сараңдықты жамандаған. Жауапкершілік- адам әрекетінің оның нәтижесінің моральдық нормаға сәйкестігін және қылық салдарын сезіну. Негізгі тұлға - осы этностық топтың жеке тұлғамен туыстарын әрбір жеке тұлғада бар қасиеттер ұғымы. Кішіпейілділік- Кішіпейіл болу дегеніміз - кісінің өзін ешкімнен жоғары ұстамауы. Адамның өз ерекшелігін, артықшылығын ешкімге білдірмей, өзін ешбір адамнан жоғары санамай, халық ішіндегі жай ғана адам ретінде өмір сүру, баршаға бірдей заңдылықтармен әрекет ету. Бауырмашылдық-(Адамның баласы-бауырың( деп Абай атамыз айтқандай қазақ халқына бауырмалдық тән. Кез келген қазақ жөн сұраса келе бір-біріне туыс, бауыр болып шығады. Жалпы (ағайын( деген сөздің өзі туыс, рулас, кейде тұқымдас мағынасында айтылады. Ағайын деген сөздің арғы тегі (аға-іні( деген сөздерден шыққан сияқты, туыстық қарым-қатынас қазақта бір-біріне қол ұшын беру, көмек көрсету тұрғысында да өзінің кең пейілділігімен, бауырмалдылығымен ерекшеленеді. Қанағатшылдық- Қанағат деген ұғым өзін-өзі тоқтатуға байланысты мағынаны, яғни тойымдық, тоқмейілдік, нысапты білдіреді. Қауымдасу- қазақ халқына тән ерекше моральдық сапа түрі. Қауымдасу адамдардың бір-біріне түрлі жағдайда көмек көрсету кезінде анық байқалады. Мәселен, бұған қыз ұзату, келін түсіру, енші беру сияқты қуаныш кезінде немесе кісісі өлген үйге аза салу, оның жетісі, қырқы, жылын беру, кездейсоқ апатқа (жұт, өрт, т.б) ұшырап, мал-мүліктен айрылған туысқа туыстық жақындығымен шама-шарқына қарай (қосқаным( деп көмек көрсету әдеті (дәстүрі) де дәлел бола алады. Моральдық норма- жеке бастың мінез-құлқын бағыттап қана қоймай оны бақылауға және бағалауға мүмкіндік беретін қоғамға қажетті мінез-құлық үлгісі. Моральдық сана -басқа да саяси, құқықтық, діни, эстетикалық сияқты адамдардың әлеуметтік тұрмысын бейнелейтін қоғамдық сана формасы.Моральдық сана адам әрекетін, оның қоғамдық құбылысын, оларға өзінің жағымды, жағымсыз көзқарасын білдіреді, оларды қажетіне орай мадақтайды немесе талқылайды, сынға салады, демек моральдық сана адам қылығын бағалаушы. Моральдық сезім- моральдық нормамен реттелетін жеке бастың өзінің қылығына және әрекетіне деген қобалжу. Моральдық этикалық дәстүр- тарихи даму барысында көпшілік тарапынан қалыптасқан мораль элементтерінің (норма, құндылық, принцип, категориялар) дәстүрдегі көрінісі. Намыс -адам қасиеттерінің арқауы. Намыс - адам өмірінің әр сатысында әр түрлі байқалады. Ол - "мен, мен" - деген сәби намысы, өзін-өзі біле бастаған балғын жастың жігіттік намысы, бойжеткен ару қыз намысы, азаматтық намыс, ұлттық намыс. Демек, намыстың ауқымы кең. Қазақ - намысшыл халық. Оның "Ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді" деген мақалы намыстың не екендігін ұқтырғандай. Парасаттылық- Парасат… Адамның адамдығын, халықтың халықтығын, мемлекеттің мемлекеттігін ұстап тұрған моральдық сапа. Рәсімдер - Игі іс-әрекеттің ұлттық көрінісі Рәміздер - Этностық (ұлттық) белгілер мен жоралғылар (Таңба, белгі, ту т.б) Салт - Ұлттық дәстүрдің берік қалыптасып, өмір заңдылығына айналуы, этностық тіршілік Салт-сана - Әдептің, дәстүр мен әдет-ғұрыптың халыққа, халық санасына сіңіп, ұлттық мәнде көрінуі Сенімдер - Дінге, болашаққа, игі іс-әрекеттің келешегіне сену, көрегендікке бейімдеу Табандылық- қабылдаған шешімді жүзеге асыру үшін ұзақ уақыт бойы жігерлік таныту. Тыйымдар - Жамандыққа қарсы жасалынатын әрекет, тәлім-тәрбиелік заңды нұсқау, тәртіптілікке үйрету Ұждан- адамның өз қылығына, ойына сыни баға беруі, мұратына (идеалына) үйлесімсіздігін сезінуі мен моральдық борышты орындай алмауы. Ұждан адамды тәрбиелеу және әлеуметтендіру кезінде қалыптасады. Ұждан эмоционалдық феномен. Ол өзін-өзі кінәлаудан, қынжылудан, қобалжудан көрініс табады. Этика- (гр. ethos-дағды, әдет-ғұрып)-зерттеу объектісі мораль болып табылатын ежелгі теориялық пәндердің бірі. Этика құл иеленушілік құрылыстың қалыптасу кезеңінде пайда болып, қоғамның стихиялы-дағдылы моральдық сана- сезімінен философияның негізгі құрамдас бөліктерінің бірі ретінде, нақтылық туралы нағыз теориялық білімнен өзгеше, не істеу керекекені туралы (практикалық( ғылым ретінде бөлінді(. (философиялық сөздік) Этникалык бірігу - этникалық қауымдарды жақындату процесі. Этникалық контакт - түрлі ақпараттар жэне мәдени құндылыктармен алмасу барысында нақты халақгар өкілдерінің бір - біріне ықпалын тигізетін этносаралық әрекеттестіктердің формасы. Конформ этносы - жеке адамдар тобының ұлттық әдет - ғұрыптарға, жүріс тұрысына ұлттық ерекшеліктеріне және стериотиптерді ішкі кедергісіз меңгеру және жеткілікті мағынадан түсілу арқылы көрінетін бейімділігі. Кросс - мәдени этнопсихологиялық зерттеу - түрлі ұлттарға этностық қауымдар өнімдерінің тұлға аралық байланысында және өзара әрекетінде көрінетін көрініс. Ұлттық намыс -Туған елінің ар-намысын қорғау, ұлттық мұраларды қастерлеу, ата дәстүрін аялау, адам сыйлау. Халықтық психология - белгілі бір ұлтқа жататын жеке тұлғаның психологиялық ерекше тұйық білім Ырымдар - Жақсылыққа құштарлық, жақсылыққа ниет етумен жасалынатын әрекет, игі сенім Этнопедагогика - халықтың (этностың) тарихи өмір тәжірибелерін жүйеліп тұжырымдаған ұлттық тәлім-тәрбие туралы ғылым (Ә. Табылдиев). Этностық дискриминация - нәсіл мен ұлтына қарап адамның азаматтық құқымен мүдесіне қасақана қысым жасау. Этностық контакт -әртүрлі ақпараттар мен мәдени құндылықтар алмасу барысында әр халақтың бір - біріне ықпал жасайтын этносаралық әрекеттестік. Этностық топ - тіл мен мәдениеттің, діннің маңызды ерекшеліктерін сақтай алған халақтық окшау бөлігі. Этностық толеранттық- басқа этнос өкілдерінің бейтаныс өміріне мінез - құлқына, салт - дэстүріне, сенімдеріне шыдамдылық білдіру. Этностық кикілжің - көзқарастары мен мүдделерінің бір - бірімен үйлеспеуінің нәтижесінде этностардың өзара наразылығы. Этномадени бейімделу - адамның психологиялық немесе әлеуметтік дағдылануы. Этникалык ассимиляция - бір халақтың екінші халақпен оның тілін, әдеп -ғұрып, ұлттық сана - сезімін жоғарлату жолымен бірігу нәтижесі. 2. Этнопедагогика пәні бойынша дәрістер кешені 1-дәріс. Этнопедагогиканың методологиялық негіздері. Мақсаты: Этнопедагогика ұғымына анықтама беру, түсіндіру. Халықтық педагогиканың мазмұнын және негізгі қызметтерін айқындау. Негізгі ұғымдар : Этнопедагогика, халықтық педагогика, этникалық қауым, этнос, тәрбиелік мәдени мұра. Жоспары: Халық педагогикасының мазмұны және негізгі қызметі. Этнопедагогиканың басқа ғылыми салаларымен байланысы. Этнопедагогика - белгілі бір халықтың , тайпаның өзіне тән ерекшелігі бар дүниетанымдық, тәрбиелік мәдени мұрасы, халықтық ғылым болып табылады. Этнопедагогика-халықтық тәлім-тәрбиені, оның тәжірибесін қорытындылап жүйелейтін теориялық сипаттағы ғылым саласы. Этнопедагогика - этникалық қауым педагогикасының дамуын зерттейтін педагогикалық білімдердің жаңа саласы. Педагогиканың дамуын халықтың педагогикалық дәстүрлерімен бірге қарастыру тек қызығушылық туғызып қана қоймайды,сондай-ақ тарихи -педагогикалық зерттеулердің нәтижелірек болуының , ғылыми педагогикалық теориялардың өмірге икемділігін оларды келешекте зертеудің қажетті екендігін тексерудің де айғағы. Сонымен қатар этнопедагогика өзіндік ішкі тарихи педагогикалық даму заңдылықтарына ие.Осыған орай оларды жалпы және даралық тәртіптегі элементтер құрайтынын; жалпы заңдылық этностық тәрбиенің қоғамдық болмыс,өмір саят, қоғамдағы өндірістік қатынастардың дамуы,оның қайта құрылуына тәуелділігімен анықталса; даралық заңдылық этнопедагогиканың ұлттық «адамшылық табиғаттың» адамгершілік тұрғыдан қорғалуын, генефондты сақтау және оның табиғи дамуын қамтамасыз етуге қабілеттілігінде екенін көрсету басты міндет болып табылады. Этнопедагогиканың халыққа білім беру саласында қолданылу жағдайларымен байланысты мәселелер проблеманың өзіне және оның шешілу жолдарына толық түсіндірме беру арқылы баяндалғаны тиімді. Дәл сондықтан да этнопедагогиканы алдымен оқу тәрбие процесіне кеңінен енгізудің негізгі жолы өткен кезеңдерде қисынсыз алынып тасталған халықтық және табиғатпен үйлесімділік педагогикалық принциптерін жаңарту екендігі арнайы атап көрсетіледі. Халықтың педагогикалық даналығы халықтық тәрбие құралдарын толық пайдаланған жағдайда дәл осылар педагогика ғылымын байытуға; халыққа білім беруді жаңартуды жүзеге асыруға; отбасы, балабақша, кәсіби оқу орындары тәрбие проблемаларын шешудегі одағын нығайтуға елеулі үлес қосатын бастау болып табылатындығын ескеру керек. Этнопедагогикадағы бала денсаулығы мен денесінің жетілуі жөніндегі қамқорлық, ақыл ой, мен еңбекке дайындық, саналы адамгершілік эстетикалық тұрғыда бағыттау, мінез құлықты реттеу , өзін өзі тәрбиелеу мен қайта тәрбиелеу, яғни тұлға қалыптастырудың бүкіл жетекші бағыттарын қамтитын аса бай фактілермен танысу болашақ мамандарды оқылатын материалға қызығушылығын арттырады. Құрылымында этнопедагогика элементтері бар немесе өзге өлшем мен көрініс беретін сабақтар жобаларын кластан тыс жұмыс түрлерін дайындап, өткізу; этнопедагогикалық тақырыптарды үйірмелер жұмыстарының бағдарламаларына енгізу, этнопедагогикалық факультативтар ұйымдастыру, халық педагогтары шығармалары бойынша класс сабақтары циклін ұйымдастыру, тарихи этнопедагогикалық тақырыптамалар бойынша жоғарғы кластар үшін кештер дайындау, арнайы этнопедагогткалық газеттер, хабарламалар ұйымдастыру және өткізу әдістемелері жайлы бірізділікпен баяндаудың студентті этнопедагогика материалдарымен жұмыс істеуге баулудың мәні ерекше. Адам баласы оу бастан өз ұрпағын өмірге, еңбекке икемдеп, тәрбиелеп келгені көпке аян. Бүгінгі қалыптасқан белгілі ғылыми теориялық заңдары бар педагогика ғылымы өмірге келгенше де адамзат тәрбие ісімен айналысып бақты . Оның қағазға түспеген, бірақ халық жадында мәңгі сақталып, ұрпақтан ұрпаққа ғасырлар бойы ауызша нақыл ақыл, өсиет өнеге, қағида болып тарап келген білім білік, тәлім тәрбие беру тағлымдары бар. Ол халықтық педагогика деп аталады. Тарихи педагогикалық әдебиеттерде соңғы уақытта «Халық педагогикасы» деген ұғымды зерттеушілер бір біріне қарама қайшы төрт тұрғыдан қарастырып жүр. Олардың біріншілері: халықтың санасына тән рухани құбылыс деп қараса; екіншілері: әр халықтың педагогикалық тәжірибесі; ал үшіншілері. Халықтық педагогикалық ойлар мен іс әрекеттерәнәі бірлігі, төртіншілері: халық тәрбиесі туралы өғылым деп қарайды. Халық педагогикасының теориялық негіздерін зерттеуші ғалым Е.Л. Христова халық педагогикасын «халықтың таптық педагогикалық санасы» деп қарастырады. Зерттеуші педагог Г.С. Виноградов халық педагогикасын халықтың педагогикалық мәдениетінің құрамдас бөлігі ретінде қарастырып, оны «білім мен дағдылар жиынтығы» деген пікірді құптаған. Халық педагогикасымен ұзақ жылдар бойы айналысып, келелі үлес қосқан көрнекті ғалым Г.Н. Волков педагогикалық әдебиеттерге тұңңғыш рет «этнопедагогика» деген ұғымды енгңзген. « Этнопедагогика халықтың жас ұрпақты тәрбиелеу тәжірибесі туралы, олардың педагогикалық көзқарастары туралы ғылым.» дейді Г.Н. Волков. Халықтық тәрбиенің түрлі аспектілері сөз болған бірқатар зерттеулерде (Битиева Н.Б, Қыдырәлиева К.Н, Насруллаева Н.Н, Байман Ф.Е, т.б.) халықтық педагогикалық білімдерінің жиынтығы ішінде, әсіресе патриоттық тенденциялардың, отбасы тәрбиесі және адамгершілік жайлы қағидалардың, эстетикалық, еңбек және ақыл ой мәселелеріне қатысты түсініктердің орнын бөліп атайды. Халықтық педагогикалық білімдері комплексті және синтетикалық сипатта деп бағалауға әбден болады. Себебі аса ауқымды педагогикалық мәліметті қабылдап, оны жадында сақтау және келер ұрпаққа дәлме дәл жеткізе алу үшін ойды жинақтап айтудың тиімді жолдары мен түрлері қарастырылған. Халқымыз ғасырлар бойы өз ұрпағын адамгершілікке, елжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеп келеді. Осы ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүрдің өзегі, алтын діңгегі халықтық педагогика болды деуге болады. Халықтық педагогика салт дәстүр, жол жора, қонақ күту рәсімдері, ел жұрт, ру тайпа, қала берді бүкіл халықтық қарым қатынастан берік орын алған тәлім тәрбиенің түрі, адам мінезі, іс әрекетін қалыптастырудың белгілі нормасы болып табылады. Этнопедагогиканың зерттеу әдістері жиі сөз болған жекелеген авторлар еңбектерінде әдет ңұрыптар мен дәстүрлер халықтық сенімдер, ойындар мен ойыншықтар жөніндегі этнографиялық материалдардың халықтық тәлім тәрбие мазмұнын ашып көрсетудегі маңыздылығы атап көрсетіледі. Этнопедагогика кең теориялық қорытындылауды талап ететін проблемалармен қатар, фактілік материалдар жинақтау, тереңдеп зерттеу мен талдауды қажет ететінг жекелеген мәселелер де аз емес.Оның алдында шешілуі ең қиын алдымен педагогика мен этнографияға мәнді жәрдемін тигізетін өзекті міндеттер тұр. Диалектикалық ілімге сүйене отыра этнопедагогика ұдайы мұрагер болу жаңару және жаңаны тудыру процесінде өмір сүретін қозіалысты жүйе деп әбден қарастыруға болады.Мұнымен байланысты этнопедагогикада жаңа құбылыстардың пайда болуы және алға басуы; XX ғасырдың басына дейінгі және одан кейінгі кезеңдерді этностық педагогиканың даму тенденцияларын ашып көрсетуге елеулі орын берілуі қажет. Этнопедагогика білімдерін қолдану рухсыздыққа, ұлттық жоққа шығаруға, тарихи ессіздікке нақты тосқауыл қояды ғ балалар мен жасөспірімдерге халықтық құндылықтар мен дәстүрлер, ұлттық мәдениет мұрагерлері ретіндегі адамзаттық борышын жете түсінуге , оларды өзінің ата аналары, өткен ұрпақ , бүтін халық ісін жалғастыруға үйретуге көмектеседі. Этнопедагогикалық қарастыруда тәрбие қоғамдық құбылыстың бірінен өзгесіне заңды ілесіп отыруы, яғни мінез құлықтың табиғи формасы ретінде алға шығады. Этнопедагогика зерттеудің кең көлеміне не оның алдында үлкен өзекті міндеттер тұр. Оның қалыптасуының қазіргі жағдайда халықтың педагогиканың әрекет ету аясын анықтау оның бүгінгі тәрбие мен өзара байланысын айқындау аса маңызды. Этнопедагогиканың практикаға жол табуы ол қазіргі педагогикалық теорияны жан жақты қолданғанда ғана мүмкін . Сонымен бір мезгілде этнопедагогиканың көптеген қоғамдық , гуманитарлық және психологиялық ғылымдардың өзара ықпал ету шеңберіне енуінің принципті мәні бар.Бұл этнопедагогикалық материал мен бастаулары елеулі кеңейтеді, оны үлкен тарихи тәжірибесі бар ғылымдар методтарымен қаруландырады және сонысымен де аса кең теориялық қорытындылаулар үшін қолайлы жағдайлар туғызады.Этнопедагогикалық ізденістерді этносоциологиялық зерттеулердің құрамды бөлігі ретінде қарастыру жемісті болып көрінеді.Кез келген ғылым секілді этнопедагогикаға да теориялық тереңдікпен ұштасатын кеңестік керек, мұның өзі эмпирикадан тек теориялық қорытындылауларға көшкен жағдайда өана мүмкін болады. Студенттердің білімдерін бақылауға арналған сұрақтар: 1.Этнопедагогиканың принциптері, міндеттері, қызметтері, негізгі түсініктерін атаңыз. 2. Басқа ғылыммен өзара байланысын анықтаңыз. 3. Этнопедагогика ұғымының мәнін ашыңыз. 4. Этнопедагогиканың зерттеу әдістерін көрсетіңіз. 5. Этнопедагогиканың басқа ғылым салаларымен байланысын анықтаңыз. Әдебиеттері: 1. Айдаров I., Орхон ескерткіштерінің тексті, Алматы,ғ, 1990 2. Алтынсарин Ы., Таңдамалы педагогикалық мұралары Алматы, 1991 3. Арғынбаев X, Қазақ халқының қол өнері, Алматы, 1987 4. Қосков Г.Н., Этнопедагогика Чебоксары, 1990 5. Баласағұн, Құтты білік, Алматы, 1995 6. О. Табылдиев. Қазақ этнопедагогикасы А-2001ж 2-дәріс. Этнопедагогика және оның қалыптасуы мен дамуының тарихы. Мақсаты: Этнопедагогиканың пайда болу тарихымен таныстыру, оқушыларға қазақ этнопедагогикасын баяндап, ғалымдардың шығармаларындағы тәрбиенің халықтық қағидасымен таныстырыру. Халықтың әлеуметтік тәжірибесі мен халықтық дәстүрлері педагогикалық ойдың дамуының негізі екенін түсіндіру. Негізгі ұғымдар: Әлеуметтік тәжірибесі, жас ұрпақ тәрбиелеу, халықтық қағидасы, Я.А.Коменский, И.Г.Песталоцци, Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев, К.Д.Ушинский, Ы.Алтынсарин. Жоспар: Халықтық әлеуметтік тәжірибесі мен халықтық дәстүрлері педагогикалық ойдың дамуының негізі ретінде. Орта ғасырдағы Орта Азия және Қазақстанның жас ұрпақ тәрбиелеудегі халықтық педагогикалық дәстүрлерінің мәні туралы. Я.А.Коменский, И.Г.Песталоцци, Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев, К.Д.Ушинский, Ы.Алтынсарин шығармаларындағы тәрбиенің халықтық қағидасы. Қазақтың халықтық педагогикасының даму кезеңдері. (шартты түрде) | Бірінші |Екінші |Үшінші |Төртінші |Бесінші |Алтыншы |Жетінші |Сегізінші | |дәуір |дәуір |дәуір |дәуір |дәуір |дәуір |дәуір |дәуір | |Б.д.д. |Б.д.д. | | | | | | | |Тас , қола|VII -III|VI – IX |X - XV |XV – XVIII |XVIII –XX |1920 |1991ж. – | |замандары |ғ.ғ. |ғ.ғ. |ғ.ғ. |ғ.ғ. аралығы|ғ.ғ. 20 ж. |-1990 |кейінгі | | |б.д. V |аралығы |аралығы | |дейін |ж.ж. |егеменді | | |ғ. дейін| | | | |аралығы |ел | |Алғашқы |Сақтар |Ұлы |Араб |Қазақ |Қазақстан |Кеңестік |Тәуелсіз | |қауымдық |мен |түрік |Шығыс |хандығы |Ресейге |дәуір |Қазақстанд| |құрылыс |ғұндарды|қағанаты|мәдениеті|кезіндегі |қосылу |дегі ғылы|ағы қлттық| |кезіндегі |ң |кезіндег|,орта |ұлттық тәлім|кезіндегі |ми |тәлім | |тәрбие. |жауынгер|і тәлім |ғасыр |тәрбие |ұлт азаттық |педагогик|тәрбиенің | | |лік |тәрбие. |ойшылдары|көріністері |қозғалысымен|аның |өркен | | |тәрбиесі| |ның |(жыра |ағарту |қалыптасу|жаюы. | | |. | |тәлімгерл|улар |шылық |ы. | | | | | |ік ой |поэзиясындағ|демократиялы| | | | | | |пікірлері|ы тәлімдік |қ бағыттағы | | | | | | |. |ойлар). |тәлім | | | | | | | | |тәрбие. | | | Халықтық тәрбие тарихи даму процесіндегі тірі дене болып табылады. Табиғатқа сәйкестілік, табиғи салдарлар қағидасы өте қарапайым түрде болса да, олардың педагогика ғылымында негіздеуінен көп бұрын халықтың ауызша шығармашылығында көрініс тапты. Тарихтың тәрбиелік мәнін есте ұстай отыра ел қорғаған, халық тыңыштығы үшін күрескен көсемдер мен осы тарихи оқиғаларға арналған ауызша халықтық шығармашылықтың өзі халықттың азаттық қозғалысы тарихын өзіндік және қарапайым түрде бейнелеп және келешек ұрпақтың рухани- адамгершілікті тұрғыда қалыптасуынаықпал жасайтынын ұмытпау керек. Халықтық педагогиканың әлеуметтік бағыттылығы, әсіресе көне жазба ескерткіштерде мақалдар мен мәтелдер, ертегілер мен жырлар, бата, тілек секілді тәрбие құралдарында толығырақ бейнеленген. Олардың шығу тегі мен тарихи дамуына есепке алып сипаттау, тарихи- генеикалық тұрғыдан қарастыру халық педагогикасын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді және оның демократиялық сипатына назар аудартады. Әрине, этнопедагогика тарихында ертедегі Қазақстандықтардың еңбекке тәрбиелеу дәстүрлері мен кәсіпке үйретушілік жүйесі, әртурлі қозғалмалы ойындары мен жарыстары, саналуан әдет- ғұрыптар мен өмір салтары терең із қалдырды.Халықта эстетикалық тәрби берудің өзіндік үлгісі болады. Оның сипатты ерекшелігі еңбек тәрбиесімен тығыз байланыстылығы. Бұл ең алдымен еңбек құралдарын шебер және сәнді безендіруден, өңдеуден көрінді. Олар ыңғайлы ғана емес, көзді қуануы, көңіл- күйді көтеріндей әсем де болуы тиіс еді. Мұндай көркемдік талғам ғасырлар бойы тәрбиеленген. Тәрбиенің мәңгілігі, қажеттілігі, қасиеттілігі жайлы ой түркі жазбасының ертедегі ескерткіштерімен дәлелденеді. Бұл тұрғыда ерекше қызығушылық туғызытындары және үлгі боларлықтары, әсіресе, орхон ескерткіштері (VII-VIIIғғ.). Мұнда халық педагогикасының күрделілігі және көпқырлығы бейнеленген. Оларда ата- анаға құрмет, адалдық пен әділеттілік, еңбекті құрметтеу, жаудың алдыңда қаймықпау, білуге құмарлық, қарттар мен үлкендерге қайырымды және сыпайы қарым- қатнас және т.б. ойлар айтылады.от Орхон ескерткіштерінде жекелеген педагогикалық жаңалықтар да баршылық: бұл болашақ батырлардың жас кезеңдеріне сипаттама, достар мен жаулардың мінезқұлықтық өзгешеліктерін бағалауға ұмтылыстар; халық мүдделі сапалардың тұлға бойында болуы үшін оның тиімді ықпал ету шарттарын қарастыру, мінез құлықты отанға қызмет етуді үйрете отыра, жоғары мақсаттарға бағыттау. Педагогикалық мәдениеттің деңгейі жөнінде тек нақты педагогикалық ескерткіштер мен шығармалар бойынша ғана емес, сондай-ақ тәрбиеленушілер мен олардың өлмес мұралары арқылы да пікір айтуға тура келеді. Осындай педагогика ғылымына жуықтап келген халық педагогтары барлық кезеңдерде, барлық халықтарда да болады. Олар кейін пайда болып дамыған халықтық негіздегі демократиялық педагогикалық жүйеге жағымды жағдайлар туғызады. Өткеннің көрнекті педагогтары халықтың педагогикалық көзқарастарын көп көңіл бөлді. Тәрбиенің халықтығы, табиғат пен үйлесімділігі идеясын дамытты, халық педагогикасынан мысалдарды халық даналығының бейнеленуі ретінде пайдаланды. Кез келген педагогтың данышпандығы мен ұлылығы халықтық педагогикалық мәдениетке жақындығымен, оның рухани қазынасының тереңіне мейлінше бойлау қабілетімен өлшенеді. Творчествалық күшті халықтан оның өмірінен, халықтық шығармашылықтан және онда көрініс берген тәжірибеден жинақтаған осындай көрнекті тұлғалардың бірі Ш.Уалиханов. Ол өзінің педагогикалық қызметін халық ауызша шығармашылығы туындыларын жинаудан бастады. Халыықтық эпостық поэма «Қозы Көрпеш және Баян Сұлу», қырғыз эпосы «Манас», халықтық әдет-ғұрыптар, жастар мен балалар ортасы дәстүрлері т.б. – мұның бәрі Ш.Уалиханов көрініс тапты. Халыққа білім беру үшін ең алдымен оның рухын түсіну керек. Өзінің ағартушылық қызметінде Ы.Алтынсарин осы ережені басшылыққа алды. Оның бірқатар шығармалары халықтық салықтардың жағымды және жағымсыз тұстарын зерттеуге олардың тәрбиелік мәнін айқындауға арналған. Көрнекті ғалым, ағартушы демократ отбасы және қоғамдық тәрбиенің озық дәстүрлерін ардақтап, сақтау және қажырылқпен дамытуға қызу үндейді. Халық педагогтары- потриоттар әрекеттерінде ортақтық мол. Халықтың педагогикалық даналығы Абайдың бүкіл қоғамдық қызметі мен идеялары ауммағын қамтиды. Оның тәрбие мақсаты мен бағыттры жайлы ойлары халықтық, талаптары халықтық, көптеген шығармалары ммазмұны халықтық. Халық мақал- мәтенлдерін ол өзіне тірек, сипаттауды керек етпейтін қағида ретінде пайдаланады, олардан өз ойларына дәлелдемелер табады. |№ |Ғалымның аты |Нақылдары, ойлары | |1 |Я.А.Коменский |«Ағайынды чехтарды» тәрбиелеудегі халықтық | | | |дәстүрдің жақсы нәтижелеріне сүйене отырып, | | | |баланы жастайынан еңбекке және жақсы | | | |мінез-құлыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсетіп | | | |берді. | |2 |И.Г.Песталоцци |Тәрбиені ана тілінде оқытатын халықтық | | | |мектептердің бай тәжірибесіне негіздей отырып | | | |жүргізуді мақұлдады. Ол адамның ақыл-ойының | | | |қалыптасуы, дұрыс дамуы ұлт тіліндегі оқудың | | | |мазмұны мен оқыту әдісін дұрыс ұйымдастыруға | | | |байланысты деп ерекше атап көрсетті. «Бала | | | |тәрбиесі оның дүниеге келген күннен басталуы | | | |керек. Баланың дүниені түсінуі жанұяда | | | |басталып, мектепте әрі қарай жалғастырылуы | | | |шарт» деген қағиданы ұсынды. | |3 |К.Д.Ушинский | Орыс халқының бала тәрбиесі сол халықтың сан| | | |ғасырлық тарихымен тығыз байланысты, тәрбиенің | | | |негізін халықтың жақсы-жаман дәстүрінен | | | |іздестіру керек. | Балаларды өткен тарихпен таныстыру жөніндегі халық қамқорлығы ерекше. Еркіндікке сүйіспеншілік пен рух өн бойын көктей өтетін қазақ халқының батырлар жырлары мақтануға тұрарлық. Олар ерекше шабытты талап ететін дара көріністер. Өткеннің ерліктері аңыз- әңгімелер, жыр- дастандарға өзек болған. Мәселен, ру- тайпалардың ұлыстық дәуірдегі осындай туындыларына Алып батыр, Қорқыт жөніндегі аңыздар, Оғуз, Алпамыс, Күлтегін туралы жыр дастандарды атауға болады. Олардың бала санасына ықпалы үлкен. Өз отбласы, руы, тайпасы, отанына сүйіспеншіліксіз өткен тарихына мақтанышсыз халық өз этникалық даралығын сақтап қала алмайтын еді. Балаларға батырлар барлық уақытта халықтық жоғары сана мен даралықтарды алып жүруші екендігі жайлы ойдың сіңірілуі осымен түсіндіріледі. Студенттердің білімдерін бақылауға арналған сұрақтар: 1.Я.А.Коменский, К.Д.Ушинский, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский, Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаевтың халықтық педагогикалық көзқарастары. 2. Ғалымдардың еңбектеріне хронологиялық таблица жасаңыз. Әдебиеттері: 1. Айдаров I., Орхон ескерткіштерінің тексті, Алматы,ғ, 1990 2. Алтынсарин Ы., Таңдамалы педагогикалық мұралары Алматы, 1991 3. Арғынбаев X, Қазақ халқының қол өнері, Алматы, 1987 4. Косков Г.Н., Этнопедагогика Чебоксары, 1990 5. Баласағұн, Құлты білік, Алматы, 1995 3-дәріс. Тұлға қалыптастырудағы халықтық педагогиканың негізгі факторлары. Жоспар: Тұқышқуалаушылық, орта, тәрбиеге деген халықтық көзқарас. Табиғат. Қарым-қатынас. Тұрмыс. Балалар ортасының уақытша топтар, артельдер, ұжымдар. Халықтық ойындар, жарыстар. Негізгі ұғымдар: Тұқышқуалаушылық, орта, тәрбие, халықтық ойындар, Мақсаты: Отбасында, қоғамдық ортада баланы тәрбиелеуде халықтық педагогиканың әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, оны жеке тұлға етіп қалыптастыру. Жаңа қоғамның жас отбасыларын қазақ халқының тәрбиелеудің дәстүрлі әдістері жайлы хабардар ету. Балаға өз ұлты мен отанының ерекшеліктері жайлы ақпарат беру. Бала тәрбиесінде халықтық педагогиканы қолдану – жан-жақты дамытушы фактор болғандықтан, әлеуметтендіру процесі де жүзеге асады. Жаңылтпаш, ауызша поэзия және тағы басқа халық ауыз әдебиетінің түрлері баланы моральдық құндылықтарға баулып қана қоймай, кішкене кезінде тіл мүкісін болдырмауға қолданылатын құрал. Халықтық педагогика ғасырлар бойы қалыптасып, шыңдалған сенімді де құнды құрал болып қала бермек. Бұл тәрбие әдісі өз күшін бүгінгі таңда да жоғалта қойған жоқ. Тәрбиенің халықтық жүйесінің қалыптасуына ықпал еткен жағдайлар. Мектептер пайда болғанға дейін тұлға қалыптастыруда ғасырлар бойы қалыптасқан тәрбиенің халықтық дәстүрлері шешуші роль атқарды. Халық ұрпақтан ұрпаққа өзінің қоғамдық және әлеуметтік тәжірибесін, рухани байлығын, үлкеннің кішіге құрметі ретінде мұра етіп келді, сол арқылы қоғамның материалдық және рухани мәдениетінің тарихын туғызды. Адам мәдениетінің екі саласы арасындағы сабақтастық байланыс дәл осы педагогикалық мәдениетпен қамтамасыз етіледі. Жеткіншектің сезім мен санасына ықпал етудің кешендік шаралары оның өмірі мен әрекетін ұйымдастырудың саналуан түрлерімен сәйкес келеді. Жастардың өмірін ұйымдастырудың жиынтық түрлеріне көптеген салттар мен дәстүрлерді, әдет-ғұрыптар мен мерекелерді жатқызуға болады. Өзінің қызметінде міндетті түрде мерекелік сипатқа ие еңбек дәсүрлері барлық халықтарда алдыңғы орында. Күнделікті іске айналған ұжымдық көмек, өзара көмек көмек салтын қалыптастырады. Халықтық педагогика – халық шығармашылығында көрініс тапқан, тәрбие ісіне тікелей не жанама қызмет ететін халық шығармашылығының тереңінен шыққан тәрбие саласындағы түсініктер, көзқарастар, пікірлер, сенімдер, дағдылар мен тәсілдер. Көптеген халықтық әдет-ғұрыптар, мейрамдар, салтанаттар өзінің сезімді мәнерімен, эстетикалық реңділігімен жастарға гуманистік тәрбие берудің қолайлы және тиімді құралы болды. Бұған көз жеткізу үшін барлық халықтарға белгілі әдістерді атаса да жеткілікті, бұл – көрсету, үйрету, сенім, ізгі тілек, өтініш, кеңес, мақұлдау, кінәлау, сөгіс, ескерту, көндіру, ант беру, жазалау және т. б. Халықтық педагогиканың халықтық сана ретінде дамуы, тәжірибелер мен дәстүрлер жинақтауы негізінен қоғамдық тәрбие жүйелері әлі өмірге келмеген тарихи кезеңге жатады. Демек, табиғат және еңбек – халықтық тәрбиенің қозғаушы күштері, жетілген адам тұлғасы жайлы түсінікті туғызушы факторлар. Табиғаттың ықпалы педагогикалық процеске саналылық элементін енгізді, жетілу жайлы ойды кеңейтті. Табиғаттың эстетикалық ролі мәңгілік, бүкіл әсемдік табиғатқа тән. Жастардың эстетикалық талғамының артуына табиғаттың әсер ететіндігі жайлы әрбір халықтың табиғат сұлулығын пайымдаумен рухтанған жоғары поэтикалық шығармаларынан көрініп тұр. Осылайша, тәрбиенің мақсаты айқындалып, әлеуметтік тәжірибе, рухани құндылыұтарды сақтау, жаңғырту, тапсыру, бекіту құралы ретінде дәстүрлер алға шықты. Жалпыға ортақтық, бұқаралық, тұрақтылық, әсерлі тартымдылық – дәстүрлерге тән сипат болып сипатталады. Олардың мәні – мұраланған әдет түрлерін өзгеріссіз сақтауы, бұрыннан қалыптасқан өмір салтына өткеннің мәдени мұрасы ретінде ұқыпты қатынас таныту. Дәстүрлердің күші – ұйымдаспаған жаратылысында. Олар көзқарастар мен тәртіп жолдрын ешкімге күштеп таңбайды, адамды тәжірибелік әрекеттерге итермелегендіктен, түсініктер мен тәртіп қалыптары қарсылықсыз қабылданады. Тәрбие дәстүрлерін талдауда халық тәрбиенің барлық салалары қатарласа жүзеге асуына қамқор болды, тұлға қалыптастыруды оның барлық құрамдарымен жиынтықта қарастырды және оны тұтас процесс ретінде жүзеге асырды деп тұжырым жасауға алып келді. Мұның даусыздығы халықтың ауызша шығармашылығының кез келген жанрымен дәлелденеді. Өлеңдер, ертегілер, жұмбақтар мен мақалдардың поэтикалық формалары мен мазмұнының саналуандығы халықтық педагогика жетілген тұлға сипаттарын анықтай отыра, онымен қатарластыра жетілген тұлға идеалын жүзеге асыру жайлы да қамқор болғанына куә етеді. Мәселен, ауызша поэзияның аса кең тараған түрі әндер мен өлеңдерді алайық. Көптеген әндер балалар мен жасөспірімдерді табиғат пен қоғам жайлы сан түрлі мәліметтермен қаруландырады: тарихи жырлар маңызды тарихи оқиғалар жайлы жалпыға түсінікті хабарлайды, еңбек әндерінде ғана емес, сондай-ақ, мерекелік әдет-ғұрыптық, бесік жырларында, тіпті той- думандарда да басым тақырып болып табылады; өлеңдер жоғары адамгершілік идеалдарды насихаттайды; бұларда күш пен денсаулық және т. б. дәріптеледі. Сондай-ақ, жұмбақтардың ақыл-ой тәрбиесінің тиімді құралы, ал мақал- мәтелдер – адамгершілік тәрбиесі болып табылатындығы белгілі. Халықтың жекелеген ауызша шығарма жанрларының қызметін анықтап қана қоймай, оларды тәрбие мен өзін-өзі тәрбилеудің нақты міндеттеріне сай жекелеген үлкен-кішілігіне қарай бөлінген топтар арасына бөліп орналастыру атап көрсетуге тұрарлық. Жаңа жұмбақтарды балалар мен жасөспірімдерге көбіне үлкендер хабарлағанмен, жұмбақтар мен өлеңдерді, мәселен, балалар өз ортасында құмарлықпен пайдаланады. Мақалдар көбіне үлкендер арасында кеңінен тараған және балалар мен жастарға тәрбиелік ықпал ету мақсатында хабарланады, үлкендер өз ортасында оларға сирек жүгінеді; әндер, атап айтқанда жастар ортасында аса кеңінен тараған, қарттар ән айтпайды десе де болады. Тұлғаның қалыптасуындағы ойынның алатын орны. Балалар мен жастар ортасының аса тиімді құралдарының келесі бірі – ойындар. Халық педагогикасы оларды бала өсуі, дамуы мен қалыптасуың факторы ретінде көреді. Осыған байланысты халықтың “Бала өсірген ана бала болып ойнайды, бала оқытқан ұстаз бала болып ойлайды” деуі осыдан. Ойын балалар үшін тек жұбаныш пен уақыт оздыру, ойын-сауық пен қуаныш қана емес. Көптеген балалар ойындарының дене күштерін дамыту, көркемдікке және адамгершілікке баулуда маңызды мәні бар. Мәселен, балалар ойындарын этнографиялық және педагогикалық тұрғыдан талдауға ұмтылған Ә. Диваевтың “Игры киргизских детей” атты мақаласы ғылыми қызығушылық туғызады. Бұнда ол ер балалар мен қыздардың саз балшықтан жануарлардың түрлі мүсіндерін жасау, қуыршақтарына киім тігу қабілеттері көрсетіліп, “Соқыр теке”, “Көк сиыр”, “Бөрік жасырмақ” т. б. ойындарының мазмұнын ашады. Сондай-ақ, “Қырғыз жастарының көне ойындары” мақаласында тойда, айттарда ауыл жастарының ат жарыстары “Қыз қyу”, “Көкпар”, “Аударыспақ” т.б. ойындары жайында мағлұматтар береді. Бұл ойындардың дене тәрбиесін дамытуда алатын орны еркше. А. Диваев аталған мақаласында ойынның бала тәрбиесіндегі ролін айта келіп, жас өспірімдерді үш топқа бөледі: |1-7 жас аралығы – нәресте |Ежелгі қазақ ойындары | |7-10 жас аралығы – бозбала |Қозғалмалы ойындар | |15-30 жас аралығы – жігіт |Спорт ойындары | А. Диваев : “Бұл жерде менің айтарым, егер қыз баланың қолдан жасайтын қуыршақтары мен ер балалардың өздерінің балшықтан жасап алатын жылқы мен түйе сияқты жануарлар мүсіні болмаса, қазақ балаларының ойыншықтары мүлдем жоқ. Бірақ антропологиялық көзқараспен қарайтын болсақ, олардың осы ұсқынсыз ойыншықтары баланың өз шығармашылық қиялымен туғандықтан, құнды болып есептеледі”. Қазақ халқының өмірінде ойынсыз тірлік бітпеген, тіпті көшіп- қонуда да жастар аяғын ойынға айналдырып отырған. XXI ғасырдың бірінші жартсында қазақ даласын Сібірге жер аударылған поляк А. Янушкевич өзінің жазып жүрген күнделіктерінде қазақтың ойын- сауығының халықтық тұрмыс-тіршілігімен, әдет-ғұрпымен, қоршаған ортамен астасып жатқанын таң-тамаша еткенін сөз етеді. “Кешкісін біздің үйде бір қызық болды. Ол әр түрлі аңдар мен құстардың,әсіресе, түйенің, құланның, бүркіттің дауысын айнытпай салады. Бұны одан артық айнытпай салу ешкімнің қолынан келмейді” ,– деп таң-тамаша еткен. Жаңылтпаш ойыны. Бұл ойынды әуелде тілінің мүкісі бар, әр әріпті, дыбысты дұрыс айта алмайтын балалар үшін пайдаланған халық педагогикасының бір саласы. Кішкене кезінде ‘р’-дың орнына ‘и’-ді ауыстырып айтуға байланысты халық үні, әуені әдемі өлеңделіп: - Дегенде, ей, Тайқарбай, әй, Тайқарбай, Қойыңды мол жусанға жай, Тайқарбай, Тайқарбай, Майқарбайлар толып жатыр, Әй, Тайқарбай, дагенің қай Тайқарбай? деп балаларға әр дыбысты өз орындарында айтуға дағдыландыру арқылы тіл мүкісін түзетуге көмектескен ойын түрі. Бала тәрбиесінде халықтық педагогиканы қолдану – жан-жақты дамытушы фактор болғандықтан, әлеуметтендіру процесі де жүзеге асады. Жаңылтпаш, ауызша поэзия және тағы басқа халық ауыз әдебиетінің түрлері баланы моральдық құндылықтарға баулып қана қоймай, кішкене кезінде тіл мүкісін болдырмауға қолданылатын құрал. Халықтық педагогика ғасырлар бойы қалыптасып, шыңдалған сенімді де құнды құрал болып қала бермек. Бұл тәрбие әдісі өз күшін бүгінгі таңда да Студенттердің білімдерін бақылауға арналған сұрақтар: 1.Тұқышқуалаушылық, орта, тәрбиеге деген халықтық көзқарасмағынасын ашыңыз. 2.Табиғат, қарым-қатынас, тұрмыс терминдерінің мағынасын түсіндіріңіз. 3. Халықтық ойындардың қандай түрлерін білесіз. 4. Табиғи ықпалдың алатын орны; 5. Бала қалыптасуына бастайтын маңызды әрекет – ойын. Ойыншықтар. Әдебиеттері: Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі. Алматы, «Сана», 1995 Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақтың халық педагогикасының тарихынан. Алматы, «Кітап», 1992 Қалиев С. Халық педагогикасының тағылымдары. //Бастауыш мектеп-1991-№5 – 26 б. Қалиев С., Базилов Ж. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. Алматы, РБК, 1993 Мырзатаева Б.Халықтық салт-дәстүрлердің бала дамуына ықпалы. Ұлағат – 2002 №5 37 б. 4-дәріс. Халық идеалындағы «жетілген тұлға» және оны тәрбиелеудің тәжірибесі. Жоспар: Халық ұғымындағы тұлға. Балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі халық ауыз әдебиеті және оның жанрлары, мақал-мәтелдер адамгершілік, имандылық тәрбиесінің құралы ретінде. Халық ертегілері. Этнос. Аңыздар. Балалар фольклоры. Негізгі ұғымдар: Этнос, халық ертегілері, «жетілген тұлға», мақал-мәтелдер, халық ауыз, әдебиеті. Мақсаты: Қазақ халқының тұрмыс - салты, әдет - ғұрпы жайлы мәлімет беру. Олардың бала тәрбиесіндегі алатын орны, маңыздылығын түсіндіру. Халық педагогикасының элементтерін шебер пайдалана білуге үйрету. Халқына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық сезімін ояту. Жетілген адам тәрбиелеудің халықтық бағдарламасы көпқырлы және кең. Және оны жүзеге асыру құралдары да сан алуан.Жастардың тұлғалық бейнесін қалыптастыруға бүкіл халық өмірі ықпал етті: бәрі тәрбиелейді, барлығы тәрбиеледі, бәрін тәрбиеледі. Адамды жетілдіруді халық мейлінше нақты және анық түсінді: сөзі жетілген адамның синтездік бейнесі ғана емес, сондай ақ нақты жетілулер еңбекте, ақыл – ой адамгершілік – құлық, әсемдікке жетілуді қалыптастыруды қамтамасыз ету жайында болды. Жетілген тұлғаның нақты сипаттары тек тілек – сөздер төңірегінде болған жоқ, олар тәрбие тәжірибесімен тығыз байланысты алға шықты, яғни сөз бен істің бірлігі халық педагогикасының қуатты тұстарының бірі болып табылады. Халықтық педагогикалық көзқарастарын жүзеге асыру жұмысын мақсатқа сай қамтамасыз ету мен тәрбие дәстүрлерін бекіту, оларды нақтылау, толықтыру және жетілдіруге көмегін тигізген жеке сынақ әдісі ел арасында кеңінен мәлім болды. Халыққа сөзбен әсер етудің сан түрлі тәсілдері белгілі, сезім мен санаға ықпал ету шараларының көптеген түрлнрі бар. Дәстүрлі бата – тілектер әсерлі ықпал етуді көздеді. Балалар достарына, есейе келе өзіне, үлкен ағаларына, ата- аналарына, ауылдастарына ант берді. Балалар ортасындағы серттер сөзге, борышқа, достыққа берік болу міндеті сипатында болды. Халықтық пікір анттарға байыпты қарым – қатынасты ұдайы қолдап отырды. Балалар мен жастар ортасының аса тиімді құралдарының бірі – ойындар. Халық педагогикасы олардың бала өсуі, дамуы мен қалыптасуы факторын көреді. Оның «Бала өсірген ата- ана бала болып ойнайды, бала оқытқан ұстаздар бала болып ойлайды» деді осыдан. Ойындар тек жұбаныш пен уақыт оздыру, сауық – сайран мен балалар үшін қуаныш қана емес. Көптеген балалар ойындарының ден күштерін дамыту, көркемдікке және адамгершілікке баулуда маңызды мәне бар. Халықтық тәрбие түрлері халықтың әлеуметтік өмірінің бүкіл өзге салаларымен, сенім – нанымдарымен дәстүрлерімен, салттары және әдет – ғұрыптарымен,шаруашылық кәсібі түрлерімен, қоғамдық тәртіп қалыптарымен ажырамыс бірлікте алға шығады. Бұл қалыптар орнықты әлеуметтік қатынастар жиынтығымен бірге ең ақырында, қоғам мүшелерінің әдеттері мен тәртіптерін белгілейді, белгілі өмірі тәжірибесі сондай – ақ ішкі мақсат пен дағдыланған әрекеттер тудырып, жеткеншек тұлғасының дамуы мен қалыптасуын жобалайды және бағыттайды. Қазақ халқының өмірінде ойынсыз тірлік бітпеген тіпті көшіп қонуда да жастар аяғын ойынға айналдырып отырған. «Бұл елдің ескі бір салты бойынша, көші – қон кезінде жастар әуелі үлкендердің үйін тігісіп береді. Одан соң жетім қалған үйлерді де тігіседі. Ең соңында отау үйлерді қалдырып, аяғын ойын – сауыққа айналдырып әкетеді » - деп жазған екне Ғабит Мүсірепов. «Ұлпан повесінде». Өркениетті, мәдениетті елдердегідей мектеп, халық ағарту жүйесі, институт, университет, баспасөз маңдайына бұйырмаған ата – бабаларымыз жас ұрпаққа ұсыеар тағылымын бір буыннан екінші буынға толқындай ауыстырып мирас еткен аса бай ауыз әдебиетіне шоғырландырған. Түз далада не жүйрік – тіл жүйрік! Тілдің әсерлі, ықпалды құдіретіне сенген. Сол себептен де «Ұлы сөзден ұлағат», демекші, халық педагогикасының нәрімен суарылып, өзінің тәрбиелік нәрін күні бүгінге дейін жоғалтпай келе жатқан бірден – бір киелі мұра – фольклор. Халық поэзиясын көпшіліктің өзі тудырғандықтан, ол елдің тұрмыс – тіршілігімен тығыз байланыста болған. Әр ел өз басынан өткерген оқиғаларды құмарта жырлайды. Сол жырларға қарап, елдің әдет – ғұрпын, ой – санасы мен түрлі сезімдерін дәл танып білуге болады. Сонымен қатар фольклор шығармаларынан халық тағдыры, оның өмірден көрген қайғы – қасіреті мен мұң- зары, келешектен күткен арман- тілектері айқын көрініс тапқан. Әрбір айтушы – импровизатор өз тыңдаушысына ұстаздық жасап, олардың түйсік сезімін келелі ой – ниеттерге бастап отырған. Ғылымда халық поэзиясын «Фольклор», ал оны зерттейтін ғылым саласын «Фольклористика» деп атайды. Неміс ғалымы И.Ф. Кнафльдің анықтауынша фольклор халық даналығы деген ұғымды білдіреді. Фольклор шығармаларының ерекшелігі тәрбиелік қасиеті – ол қоғам дамуының әр түрлі сатысында, негізінде еңбек процесінде жасалатын болғандықтан, пессимизм дегенді білмейді. Оның бас кейіпкері көбіне мұрат – мақсаттарына жетіп отырады. Мұны фольклорға тән оптимизм дейміз. Қазақ фольклорында бала бағу, бала асырау, қыз ұзату, жаназалау бақсылық нанымға, діни әдет – ғұрыпқа байланысты туған салт өлеңдерді тұрмыс – салт жырлары деп атаймыз. Мұны мазмұны мен тақырыбына қарай бірнеше түрге бөлуге бөлуге болады. а) Төрт түлік мал туралы ә) Діни әдет – ғұрып тудырған жырлар б) Үйлену жырлары в) Ұлыс жырлары г) Бөбек жырлары д) Жаназалау жырлары ж) Шешендіксөздер, мақал – мәтел, жұмбақтар. Тәрбие процесіндегі жас ерекшелікті ескере отыра ұл мен қызды адамгершілік инабаттылыққа, еңбекке, әсемдікке тәрбиелеуде, ұлтымыздың ұлттық мәдениетіне, тіліне, дініне баулуда фольклор материалдарының ролін есепсіз деп айта аламыз. Қазақ баласының басының көп болғанын тілеген халық неғұрлым көп болса, солғұрлым, байлықтың көзі, бақыттың өзі деп түсінген. Оған халқымыздың аялы перзенті Еркенекті Саршуаш бидің пікірін айтсақ жеткілікті. Әрбір баласы бардың бір ру елде малы бар. Екі баласы бардың екі рулы елде малы бар. Үш баласы бардың үш рулы елде малы бар. Төрт баласы бардың төбеден салған жолы бар. Бес баласы бардың дес бермейтін күші бар. Алты баласы бардыңалладан басқа несі бар» дегенінен балажанды халық екенімізді көруге болады. Халқым баурында өсірген балапанының бойынан мінез – құлқында, ақыл – парасатынан, жүріс – тұрысынан ең арғысы тілінен бір мүкіс болиас үшін ойын түрін ойлап тапқан халық – ондай ойынның бірін жаңылтпаш дейді. Қазақтың жаңылтпаш қазіргі педагогикалық оқу орындарындағы «Дефектология» факультетінің қызметін атқарады. Бұл факультеттердегі арнайы білімі бар ұстаздардың еңбек түрін, әдіс – айналасын біздің қазақтың кез келген жанұясында, ойын – сауығында «жаңылпаш» арқылы баланың тілінің мүкіс болмасын ескерген. Қазақтың салты бойынша ойын – сауыққа жиналған жастар ән салып, өлең айтуға тиіс. Егер айта алмаса онда жаңылтпаш айту керек. Ойын басқарушы алдымен өзі мәніне келтіріп айтады, сонан соң оны ол қайталайтын болған. Баланы айналасындағы қоршаған әлеммен таныстырудың тағы бір құралы ол – жұмбақ. Жұмбақ деген ол баланың күнделікті өмірде көріп жүрген жаннды - жансыз заттарына ұқсас нәрселерді сипаттай отырып, сол нәрселерді сипаттай отырып, сол нәрсенің негізгі қасиетін бүгіп айтпай, баланың зейінін ұштау ойлату, әрбір нәрсенің негізгі белгілері қандай, ол немен салыстыруға болады деген ой елегін көз алдына елестете отыра, қоршаған дүниені бақылап, бағалауға баулитын тәрбиелік қасиеті ерекше. Мысалы: арбаны жұмбақ қылғанда, оны адамға тәріздеп ұқсатып былай сипаттайды. Ізі бар, қадамы жоқ аяғының Тимейді үші жерге таяғының Қолдарын хайуанға арта тастап, Салады әуезіне баяғының Қазақ халқының жұмбақтарының күрделі бір тобы – төрт түлік малға, хайуанаттар арналған – ол жұмбақтарды жастарға айтқанда әрбір малдың өзіндік мінез – құлқы, қасиеті, түр сипаты, өзіндік жасайтын қызметі суреттеледі. Жұмбақ баланың дүние тану әлемін, ой өрісін, білімін тереңдететін, әр бір заттың өзіндік атқаратын қызметін, ерекшелігін неден істелгенін, не жұмысқа арналғанын, жан – жансыз нәрсенің адамның ойына келе бермейтін қасиетін баланың жас кезінен бастап тәрбиелеу керек екенін халық педагогикасы білген, сол жолда халқым баласын ұқыптылыққа әр нәрсенің өзіндік ерекшелігін ескеруге, бақылауға, байқауға көңіл бөлгендігін ғылыми педагогика жоққа шығармайды. Ертегі. Ертегілер жанрлары әр қилы. Олар қиял – ғажайып, тұрмыс- салт, хайуанаттар және сыншыл ертегілер. Ертегінің қай түрі болсада бала жанына жақын, баланың хиялын, ойын өрге сүйрейтін, еңбек сүйгіш, қолынан келмейтін өнері жоқ, өнегелі, «жеті қырлы, бір сырлы» - болуға тәрбиелейд. Шешендік сөздер қазақ фолклорында жасалып , сөйлеу тілінде көбірек қолданылатын мақал – мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш түрінде айтылатын даналыққа толы нақыл үлгілері. Мақал – мәтелдер халық творчествосының төл жемісі, халықтың моральдық кодексі, тәрбиетеориясы. Мақал – мәтелдерді көне түркі тілінде «аталар сөзі» деп те атайды, яғни бұл «атадан балаға мирас болып» келе жатқан қазына деген сөз. Әр халықтың мақал - мәтелі сол халыхтың өзі жасаған логикалық формуласы, ережесі. Ол көп ойлануды, ұзақ баяндауды керек ететін қиын нәрсені жеп – жеңіл, оп оңай, бір- ақ сөзбен түсіндіреді, ұғындырады. Туған елдің қадір – қасиеті туралы балаға ұзақ әңгімелемей – ақ: «Ел іші алтын бесік», «Кісі елінде сұлтан болғанша өз еліңде ұлтан бол» деген сияқты екі – үш сөзбен Отан қадірін түсіндіруге болады. Орыс педагогы К.Д. ушинский мақал – мәтелдер балалардың тәрбиесі мен адамның жеке басының қалыптасуындағы сан ғасырлық тәжірибесін қорытындылаушы, нағыз халық педагогикасы деп санады. Ушинскийдің сөзімен айтқанда, балалар тәрбиесі саласындағы мақал – мәтелдер, сондай – ақ басқа да қанатты нақыл сөздер, сөздің інжу – маржандары, онда халықтың даналығы, байқампаздығы, оның бала тәрбиесіндегі үлкен өмірдің тәжірибесі, еңбекке деген көзқарасы, үміті мен арман мүддесі қалыптасып сақталған. Студенттердің білімдерін бақылауға арналған сұрақтар: 1.Тәрбиенің халықтық жүйесінің қалыптасуына ықпал еткен жағдайлар. 2.Ауызша поэзия. Оның түрлері. 3. Халық ұғымындағы тұлғаны бейнелеңіз. 4. Халық ауыз әдебиеті және оның жанрларын атаңыз. 5.Мақал-мәтелдер адамгершілік, имандылық тәрбиесінің құралы ретінде қолданудың мақсаты? Әдебиеттері: 1.Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі. Алматы, «Сана», 1995 2. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақтың халық педагогикасының тарихынан. Алматы, «Кітап», 1992 3.Қалиев С. Халық педагогикасының тағылымдары. //Бастауыш мектеп-1991-№5 – 26 б. 4. Қалиев С., Базилов Ж. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. Алматы, РБК, 1993 5. Мырзатаева Б.Халықтық салт-дәстүрлердің бала дамуына ықпалы. Ұлағат – 2002 №5 37 б. 5-дәріс. Халық педагогикасындағы балалар мен жастарды өмірге тәрбиелеу. Мақсаты: Этнопедагогиканың өзектілігі, ең алдымен адам өміріндегі халықтың тәрбиенің алатын ерекше маңызды рөлімен анықталатын мазмұнын түсіндіру. Адам әлуметтенуінің маңызды құралы бола отыра халықтық тәрбие балалар мен жасөспірімдерді қоғамда өмір сүрудің түрліше тәртіптеріне даярлайтын ерекшелігін түсіндіру. Негізгі ұғымдар: Тәрбие жұмысының әдістемесі, отбасы тәрбиесі, әлеуметтік даму, отбасындағы қыз және ер балалар тәрбиесі, ұлттық дәстүрлері. Жоспар: Этнопедагогика курсы бойынша тәрбие жұмысының әдістемесі. Отбасы тәрбиесі халықтық педагогиканың негізі ретінде. Отбасының әлеуметтік тарихи дамуы. Халықтық педагогикадағы отбасындағы қыз және ер балалар тәрбиесінің ерекшеліктері. Отбасы тәрбиесінің жетекші ұлттық дәстүрлері. Тәрбие балаға ықпал етудің жетекші құралы болғандықтан оны толық қарастыру тиімді. Оның үстіне қазақ этнопедагогикасында ол алғашқы қоғамдық қажеттілік, әрбір дені сау адамның басты міндетті ретінде анықталады. Әсіресе айырықша мәнді тұстары, оның адамгершілігі және бүгінге де, болашаққа да бағыттылығы. Тәрбиенің отбасында алатын орны айрықша. Оны ешнәрсемен алмастыруға болмайды.Халқымыз бұлмәселеге ежелден-ақ ерекше мән берген,себебі,болашақ осы отбасынан басталады.Тәрбие бастауы-отбасы.Жақсылық пен ізгілік дәні шақырақтың астында өнеді.Ащы да болса бүгінгі ақиқат мынау:үлкенге құрмет,кішіге ізет деген түсініктен қазіргі жастарымыздың санасы алшақ.Олардың дүниетанымы сыртқы жылтырақты бірінші орынға қояды.Сәнді киінуге,сыртқы келбетке көбірек ден қояды.Ал, адамның ажары,асыл қазынасы оның ішкі дүниесі екендігіне онша көңіл бөлмейді.Жоғарыда айтылған келеңсіз көріністердің салдары-ұлттық құндылықтардың арзандауына,ар-намыстың құнсыздануына әкеліп соқтырады.Адам баласының ұлы бақыты-онда ақыл бар,ендеше,сол бақытты қолдан шығарып алмай,аялап ұстау қажет.Ата- бабамыздан келе жатқан салт-дәстүрлеріміз-халқымызды нешеме «тар жол тайғақ кешулерден» аман алып шыққан ұлттық құндылықтарымыз.Өркендеу жолымен болашаққа бет түзеген елде тойып та,тоңып та секірмеген жөн. Құт-береке ордасы-қасиетті шаңырақты қастер тұтуымыз керек. | |Тәрбиеде кімнің ролі зор:|Қанатты сөздер | |Ер бала | Әке |Ұлға отыз үйден тыйым, он сан үйден | | | |сын.Ата көрген оқ жонар.Aта балаға | | | |сыншы. | |Қыз | Ана |Ұлдың ұяты әкеге,қыздың ұяты шешеге. | | | |Қыз жат жұрттық.Қыздың қырық жаны бар. | Қазақ халқы бала тәрбиесіне қоғамдық мән беріп, ерекше көңі бөлген. Оның аса жауапты қоғамдық мәселе екенін мойындамай отырып, халықтың әр түрлі әлуметтік топтары бала тәрбиесінің мақсаты мен міндетін, оның іске асу жолдарын өз мүддесіне сай, өзінше шешуге тырысатын. әрине бала тәрбиесі барлық әлуметтік топтарға ортақ, бәріне бірдей қажетті жақтары да аз емес, көп –ақ. Мұндай ортақ жағдайлар ең алдымен баланың адамгершілік қасиеттерін, елжандылық сезімдерін тәрбиелеу болып табылады. Адамның адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу дегеніміз жан –жақты мазмұны кең құбылыс. Әркім, әр отбасы өз ұрпағы адам баласына тән барлық жақсы, жағымды қасиеттерінің бәрін өз бойына сіңіруді қалайтыны да даусыз. Бірақ, өмірде әр адамның мұндай ізгі тілегі, арманы орындала бермейді. Өйткені біріншіден, табиғаттың әркімге әр түрлі қабылет, әртүрлі мүмкіндік беруі болса; екіншіден, әркімді қоршайтын орта оған өз ықпалын жасамй қоймайды. «Халқымыздың ежелгі үрдісі бар, Адастырмас ақ жолдан үлгісі бар. Үлкен сыйлау ұққанға соның бәрі, Зерделі ұл,зейінді қызды сынар. Көңілдің тілейтін тазалығын, Аз емес арқалаған азабының. Мол өсиет қалдырған ұрпағына, Қасиетінен айналдым қазағымның! » М.Әлімбаев. Қазақ халқы басқа халықтар сияқты бала тәрбиесіне өте ерте заманнан-ақ өзінің жиып-терген бай,асыл қазынасы,мол тәжірибесімен ерекше көңіл аударған.Қазақ атамыз келешек ұрпақтың қамын алыстан болжап,алдымен кіммен қан араластырады,кіммен құда болады,сол ниетпен текті жердің қызына құда түсіп,келген келіннің некесін қиып,ақ батасын беруден бастаған.Одан соң өмірге нәресте келеді,оған лайықтап ат қойып,бесікке салып,тұсау кесер рәсімдерін жасап,өсе келе оған қазақ халқының ұлттық шежіресін,өзінің шыққан тегін,халықтың даналық сөздерінің мағынасын түсіндірген. Имандылықтың алғашқы әліппелерін де үйретіп,үлкенді сыйлап,кішіге қамқорлық жасап,ағайын-туыс,көрші-қолаң,ауылдаспен ауызбірлікте өмір сүруге үйреткен.Ақ сақалды аталарымыз бен ақ жаулықты әжелеріміздің де бала тәрбиесіндегі орны ерекше.Ақылды енелер жаңа түскен келіндерінің,жаңа туған нәрестелерінің жылы алақаны,шуақты күндері бола білген.Мұндай ұяда тәлім- тәрбие алған бала да өнегелі,сулы жерге желкілдеп біткен құрақтай болып өскен.Сондықтан да халықтың осы жерде: «Әже-қайнар бұлақ,бала- жағасындағы құрақ», «Әке көрген-оқ жонар,шеше көрген-тон пішер» деген нақыл сөздері дөп келіп тұрғандай. «Баланы жастан» дейді халық. Бұл-өміршең пікір. Зерделі халқымыз балаға жастайынан жақсы өсиет,кеңестер арқылы өнегелі тәрбие беріп,қимыл-әрекетіне байқау жүргізіп,оның ішінде әсіресе,ойынға да үлкен мән берген.Ойынды-бар өнердің бастауы деп біліп,әр ойынның уақыт өткізу үшін емес, белгілі бір мақсатпен ойлануға, айналаға зер салуға, шапшаң, епті болуға, күшті-мықты болуға, әсемдік пен сыпайылыққа тәрбиелейтінін аңғарған. Қазақ этнопедагогикасы өзіндік тарихы бар, өзіндік төл тума кейіп, тәрбиелік жүйеге ие. Ол өзге туыстас қырғыз, өзбек, түркімен, қарақалпақ этнопедагогикасы сыяқты ежелгі көне түркі халық педагогикасы негізінде өзіне түркілердің көпғасырлық тәжіребиесін сіңіріп қалыптасты. Тарихи тағдыр, өмірдің әлуметтік-эканомикалық тәртіптер ортақтылығы жайында дамыған этнопедагогика халықтың мен тұрмысы, оның педагогикалық идеялары, ғасырлар бойғы армандары, білімге ұмтылысы, тарихи өзгерудегі әлуметтік әділетсіздікке қарсы күресі, өз балаларының жақсы болашағы туралы үмітін бейнелейді. Оның толық бейнесі, әсіресе, тілде, еңбеші отбасының күнделікті өмірінде, оның тәрбие тәжіребиесінде, отбасы- тұрмыстық мәдениетінде, сондай-ақ тәрбиенің фольклор секілді маңызды құрамында белгі береді. Қазақ этнопедагогикасының көзге түсерліктей әбден қалыптасуы XV- XVIғасырларға, қазақ халқының жеке этникалық қауым ретінде алға шығуы мен байланысты. Тарихи принцпке сүйенену этнопедагогиканың жетекші бағыттарының даму жолдарын өткенге мән беріп анықтауға жәрдемдеседі. Гуманизм, табиғатпен үйлесімділік, халықтық, еңбекте тәрбиелеу, сезімталдық, тәрбиенің жүйелілігі менбірізділігі, талаптар бірлігі, бала тұрғысына ілтипат пен құрмет- бұлар ұрпақ тәрбиелеудің халықтық жетекші бастауларын құрайды. Бұл принцптердің қадағалануы баланы табиғи жағдайға қояды, яғни оның дағдылы ортада өсіп –жетілуін, туған тілінде оқып, мәдени- тарихи, рухани ұлттық дәстүрлер мен әдет ғұрыптар арқылы тәрбиеленуін қамтамасыз етеді. Бұл халықтық тәрбиенің және оның құрамды бөлігі- отбасы тәрбиесінің жалпы бағытын, оның мақсат, мазмұнын және ұйымдастыру әдісімен анықтайды. Осыған орай еңбекте қазақ халқының отбасы тәрбиесі, халықтық сүйіспеншілік, жанұя, балалар мен ата-аналар жөніндегі ұғымдарын, түсініктерін ашып көрсетуге үлкен орын берілген. Ата-ана. Халқымыздың дүниетанымынан өрбіген тәңірге табынудың бір жағы табиғатты аялау болса, екінші жағы ата-бабаны қастерлеп, аруағына сыйыну.осы үрдіс халықтың тұрмыс тіршілігінен өмір тәжіребиесінен шыққан ежелгі дәстүр. Ата- ананы сыйлап пір тұту-исі түркі халықтарының оның ішінде өзіміздің қазақ халқының қанына дарыған, айнымас қасиетінгің бірі. өмір беріп, өнеге көрсеткен әке, ақ сүтін беріп, тоғыз ай, тоғыз күн құрсағында сақтап құрсақ тәрбиесінен бастап, әлпештеп аялап өсірген ана алдындағы қарыз сезімі-әр адамның адамгершілік деңгейінің өлшемі болып табылды. Тіпті ата –баба аруағын сыйлау, оған сыйыну соның бәрі байрақты Көк түркілерден, олардан мыңжылдай бұрын ғұмыр кешкен гундардан келе жатқан ұлы дәстүрді сақтау мұратынан туған. Яғни бұл дегенің –ерлігімен елге елге сіңірген еңбегімен, ерекше бойға біткен адамгершілік қасиетімен халқына қалаулы болған адамдардың рухынан қуат алып кейінгі ұрпаққа үлгі өнеге ету деген сөз. Ата –ананың алғысы жәй қарапайым тілмен айтқанда бала үшін Алланың жарлығымен тең деуге болады. Ғұлама ғалым дәрігер Әбу Әли Ибн Синадан дәрігерлік емдеу қасиетіңізді сіз кімнен үйрендіңіз дегенде: «Тәуіптліктің киелі күшін анамның аялы алақанынан, жібектей әуенінен үйрендім деген екен» шындығында солай болар. Ата –ананы құрмет тұту біздің халқымыздың қанында барлығын дінімізде, салтымызда, ақынымызда,жырымызда,и әнімізде, күйіміз де қолдап бір –бірін толықтырып дәлелдей түседі деп тілге тиек етеміз. Ұл мен қызды болашақ өмірге баулу. Ұлағатты ақыл кеңестер мен қатар қл қызына жар таңдауда болашақ өмірлерінде адаспау үшін, ертегілерге арқау болған таза махаббатты баяндаған. Ертегілерді тілге тиек ете отыра әңгіме айту әрбір отбасыныңміндеті екнін ата –анасы естен шығармаған. Ондай ертегілерде жар тағңдаудакөркем қыздардың образдарын жігіт таңдау, жар таңдау үстінде айқындалады. Ол қыздар жігіттің жігітін таңдайды, бірнеше шарттар қояды. Ол шарттардың белгісі мынадай болып келеді: бір түнде алтын сарай салу, оған бәйтерек орнату, бәйтерек түбінен бұлақ ағызу, немесе ат бәйгесінен озып келу, қиын жұмбақтарды шешу, жұрттан өнерін асыру. Міне осындай күресте кім жеңсе соған тұрмысқа шықпақ. Халық ерлікті, ептілікті, еңбек сүйгіштікті осындай әдіс тәсілдер арқылы жеткізген. Қазақ халқы қызын да ұлын да тәрбиеден тыс қалдырмаған. Ана құрсағында басталған тәрбие мектебі дүниеге келген күннен жалғасын тауып, есейіп еңкейген шақта да өзінің ролін жоймағандығын ғылыми педагогиканы зерттеушілер әрбір халықтың өзіндік ерекшелігін ескере отыра тәрбиенің ғылыми болжамын жалғастырса керек. Студенттердің білімдерін бақылауға арналған сұрақтар: 1.Отбасында халықтық педагогика тұрғысында тәрбиелеудің мақсатын түсіндіріңіз. 2.Халықтық педагогикада ұл мен қызды болашақ өмірге баулу жолдарын анықтаңыз. 3.Халықтық педагогикадағы отбасындағы қыз және ер балалар тәрбиесінің ерекшеліктері неде? 4.Отбасы тәрбиесі халықтық педагогиканың негізі ретінде мақсатын түсіндіріңіз. 5.Отбасы тәрбиесінде ұлттық дәстүрлері қолдану жолдарын көрсетіңіз. Әдебиеттері: 1.Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі. Алматы, «Сана», 1995 2. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақтың халық педагогикасының тарихынан. Алматы, «Кітап», 1992 3.Қалиев С. Халық педагогикасының тағылымдары. //Бастауыш мектеп-1991-№5 – 26 б. 4. Қалиев С., Базилов Ж. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. Алматы, РБК, 1993 5.Мырзатаева Б.Халықтық салт-дәстүрлердің бала дамуына ықпалы. Ұлағат – 2002 №5 37 б. 6.З.Әбілова, Қ.Қалиева «Этнопедагогика оқулығы» Алматы 1999жыл 6-дәріс. Ақыл-ойды дамыту халық қамқорлығының бастауы. Мақсаты: Балаларды білімге, ой өрісін кеңейту икемділіктермен дағдыларына таратудың халықтық құралдарын түсіндіру. Жалпы білімдермен қатар, адамдардың өндірістік қызметінің нақты салаларына, белгілі бір кәсіп түрлеріне қатысты халықтық білімдер халықтық дидактика жәрдемімен қамтамасыз етілгенін түсіндіру. Негізгі ұғымдар: Ақыл-ойды, дағды, халықтық білімдер. Жоспар: Ақыл-ой тәрбиесіне халықтық көзқарас. Балаларды білімге, ой-өрісті кеңейту икемділіктерімен дағдаларына таратудың халықтық құралдары. Халықтық білімдер және оны күнделікті өмірде қолдану. Тарих, география, үй шаруашылығын жүргізу, арифметика, метереология, биология, мал өсіру, қолөнер бойынша мәліметтер әрбір индивидке белгілі білімдер жиынтығын беру, адамның өндірістік – еңбек, отбасы – тұрмыстық және қоғамдық, яғни, негізгі әрекеттері түрлерін қамтитын өмірде аса қажет практикалық және интеллектуалдық дағдылар мен икемділіктерге баулу болып табылады. Халық педагогикасы білім беру мазмұнын анықтауға негізінен өмірден келді, осыған орай мұнда спекулятивті құрылымға орын жоқ, болуы да мүмкін емес. Өмірден алшақ абстрактілі білімдер практикалық мәнге ие бола алмайды. Сондықтан, мәселе, халық « өмірдің өзі – ұлы ұстаз » екендігін әділ атап көрсетеді. Яғни, білімнің өмірмен байланыстылығы – халықтың аса маңызды дидактикалық талабы. Сонымен бір мезгілде арнайы ұйымдастырылған оқыту процесінде ғана игерілуі мүмкін көлемдірек білімдер де назардан тыс қалмаған: «әліппенің ар жағы – білім бағы », « өнер ағып жатқан бұлақ, ғылым жанып тұрған шырақ » Ал кітап халық көзқарасында адамның досы, кеңесшісі, білім көзі: «күш білімде, білім – кітапта » Халық тәрбиешілері үйрену, оқуды адам бүкіл жаңаны ерекше қабылдағыш балалық шақтан бастаса, мақсатқа лайықты болатындығына, алынған білім өмір бойына игілікті қызмет ететініне тәжірибеде көз жеткізді. Олардың « жаста оқыған оқуың тасқа жазғанмен бірдей » - деп балалар мен жастарды білімдерді игеруге үндеуі, әсіресе, ақылды дәріптеп, оның мүмкіндіктері шектеусіздігін ашып түсіндіруге тырысуы осыдан. Халықтың педагогикалық тәжірибесі ақыл – ой тәрбиесінің міндеттері мен мазмұнына кең мағына берілгенін көрсетеді. Адамның ақылы, оның сөйлеуінен көрінеді. «көп сөйлеген білімді емес, дөп сөйлеген білімді », « ақылдының сөзі қысқа, айта қалса нұсқа » - дейді нақылдар. Біліксіз, дөрекі адам кейпін « ақылды ойлап, түйгенін айтады, ақылсыз шала – пұла білгенін айтады » - деп сезімталдықпен дәл тауып сипаттайды. Баланың ақылын тәрбиелеу оның танымдық қабілеттерін жан – жақты дамыту, әртүрлі түсінулердің кеңдігі мен сезімталдығын, байқағыштықты, естің түрлерін жаттықтыруды, ойдың елестетуін ынталандыруды талап етеді. Мәселен, жұмбақтар халық педагогикасында осы талапты жүзеге асырудың аса құнды дидактикалық материалы болып табылады. Олар баланың ойлауын дамытуға ықпал жасйды, оларды қоршаған ортаның түрлі салаларынан заттар мен құбылыстарды талдай алуға үйретеді. Және де сол зат жайлы материалдардың молдығы ( мәселен, жалпы адам туралы, адамның жекелеген дене мүшелері: бас миы, көздер, тістер, шаштар, тіл, саусақ, жүрек, тамырдың соғуы және т.с.с. әрқайсысы жайлы жеке айтылатын жұмбақ мол ) затқа немесе құбылысқа соғұрлым кеңірек сипаттама беруге мүмкіндік береді. Алайда ақыл – ой тәрбиесіндегі халық шығармашылықтарының мәні ойлауды дамытумен ғана шектелмейді, олар сондай – ақ ақылды, табиғат жайлы мәліметтермен және адам өмірінің түрлі салаларынан білімдермен байытады. Оларды пайдаланудың құндылығы баланың табиғат және азамат жайлы мағлұматтар жиынтығын ақыл – ой әрекеті процесінде алатындығында. Мәселен, дүниені тануды кеңейтудің аса мәнді құралы ретінде халық шығармашылығының өзге туындыларымен қатар жаңылтпаштар мен ертегілер, аңыздар мен әңгімелер, ойындар мен ойыншықтар алға шығады. Мақалдар мен мәтелдер ақыл парасат көзі, еліктеу үлгісі, сенімді жетекші, өткен ұрпақтың өнегелі мұрасы және бейнелі ойлау мен шешендік сөйлеудің үлгісі ретінде, терең ойларды сақтап қызмет атқарады. Осындай мол деректерге сүйенсек, ақыл – ой тәрбиесі тәжірибесіне төмендегідей талаптардың болғанын аңғару қиын емес. Олар: білімді саналылықпен және белсенділікпен меңгеру, ақыл – ой тапсырмаларының ұғынықтылығы және шамаға лайықтылығы, ақыл – ой еңбегінің жүйелілігі және бірізділігі, білімді игерудің беріктігі. Ақылға, білімге ұлы қазына ретіндегі көзқарас және ақыл – ой тәрбиесінің мәнін негіздеу халықтың қоршаған орта жайлы маңызды мәліметтер шеңберін игеруге үндеуінің өзіндік үлгісі еді. Балаларды өмірде қажет білімдер қорымен қаруландыру негізінен еңбек процесінде үлкендер арқылы іске асты. Және де бұл жағдайда заттар мен құбылыстар олардың практикалық пайдалы тұрғысынан қарсатырылуы. Қазақ халқы жұмбақ шешу ойындарын әрбір құбылыстың өзіндік дербес қасиетін дәл келтіру мен қатар, екінші бір затқа не құбылысқа ұқсастығын салыстыра отыра, баланың өзін қоршаған табиғат әлеміне: аспан, жер – су, жан – жануарлар, от пен жарық, тұрмысқа қажетті бұйымдар мен жабдықтар, өмірде кездесетін құбылыстар мен заттарға зейін қойып, бақылау, байқау, қабілеттерін ояту мақсатында пайдаланған. Бұл жайында балалар жазушысы Ысқабаев Әлидің « 777 жұмбақ » атты еңбегі өткеніміз бен бүгінгі техника ғылым жаңалықтарын байланыстыра отырып жасаған жұмбақтары кішкене сәбиден бастап ер жеткен ұл мен қыздарымыздың ойлау қасиеттерін дамытуға септігін тигізеріне күмән жоқ. Бала бақша, мектеп мұғалімдері әр бір тақырыпқа байланысты пайдаланып отырса, ұтпаса, ұтылмайды. Әрі сабағы қызықты болумен қатар, мұғалімнің әр бір тақырыпқа жаңа жұмбақты ойнатумен қатар балаларға өз бетінше жұмбақ ойлап келуге тапсырса нұр үстіне нұр жауады демекпіз. Қазіргі кезде діннің тәрбиелік рөлі жөнінде көптеген еңбектер жарық көруде. Сол еңбектердің бірі ретінде Мұхтар Арынның «бес анық» атты еңбегін жастарды тәрбиелеудің идеологиялық құралы ретінде пайдалануға болады. Мұхтар Арын: қандай халық болмасын, өзінің тарихи тағдырына байланысты дінді белгілі бір идеологиялық саналы тәрбиелеуші құрал ретінде өзінің бойына қабылдап алған. Біздің қазақ халқының тарихи тағдыры ислам дінімен байланысты. Ислам діні - біздің ұлт болып қалыптасуымызға, халық болып тәртіпті, тәрбиелі ел болып өмір сүруімізге қызмет еткен дін. Кейінірек Марксизм – Ленинизм ілімінің билеп төстеуіне байланысты, коммунистік идеологияға байланысты діннен сырт айналып, оны мүлдем теріске шығардық. Бүгінгі таңда, тәуелсіздікке, халқымыздың азаттығына байланысты ой, ойлау еркіндігі ауадай қажет болған жағдайда тәрбиелік құрал бола алатындай қажет болған жағдайда тәрбиелік дін өте қажет деуден аулақпыз, бірақ ислам дініндегі екі нәрсе тәрбиемізге сәйкес келетін сияқты, сол екі нәрсенің бірі – иман. Адам баласының иман жүзділігі, өзінің жеке басының тәрбиелігі, оның жүректен шығып жататын нәрсе екенін сезіну өте бір қажетті дүние. Осыған байланысты үлкен бір психологиялық сезім бар, ол сенім, бір нәрсеге сену. 70 жыл бойы осы сеніммен ажыратуға көп күш жұмсалды. Бірақ адам баласының миында сенім бар. Ол Аллаға сену. Жалпы айтқанда әрқайсымыздың жүрегімізде деген мәселе. Аллаға сенудің арына, ұятына сену керек. Осыдан келіп басқа сенім түрлері шығады: болашаққа сену, адамның белгілі бір қасиеттеріне бас иіп сену, адамға сену, баланың әкеге, әкенің балаға сондай-ақ күнделікті өмірде, тұрмыста сенімді болуға үлкен қуат беретін күш. Адаммен адамды жақындататын, танытатын, жақсыға сену, жаманға сенбеуді ажырату үшін де керек нәрсе бұл. Сондықтан иман деген нәрсе, иман жүзділік деген сеніммен байланысты. Діннің қуатты, күшті жері – адамның бойында сенім деген сезімді тәрбиелеу. әрине тәрбие тек дін арқылы ғана болады деген ой тумауы керек. Біздің айтып отарғанымыз діннің прогрессивтік – тәрбиелік мәні. Оны жоққа шығаруға болмайды. Екінші бір мәселе шариғат деген ұғымға қатысты. Мұның өзі адамаралық қарым – қатынаста жалпы заңдылықтар болу керек дегенді білдіреді. Қазақ даласында шашырап жатқан біздің көшпелі халқымыз белгілі бір тәртіпке келіп, жинақтаған. Соның нәтижесінде бұрынғы адамдарда иман жүзділік пен тәртіптілік молырақ болғаны рас. Ал қазір өкінішке орай, өзімізді білімбірекпіз деп санағандықтан да, иман – жүзділік, тәртіп төмендігін мойындаған жөн. Кеңес өкіметі тұсында пайғамбарымыз Мұхаммед Галайсаламды құбыжық қылып, мазақтап жаратпайтындай жағдайға алып келді. Шындығында ол үлкен ғалым еді. Оның артына қалдырып кеткен мұрасы – « мың бір хадисінде » қаншалықты ғалым екені көрініп тұрған жоқ па. Білім туралы хадисінде білім екі түрлі болады дейді, біреуі жүректегі білім, ол өте пайдалы, екіншісі тілдегі білім, ол таңда, тәңір алдында пенденің күнәсіне дәлел болады дейді. Сонда түсіне білген адамға құр әншейін жүректен қабылдамаған нәрсені білім деп айтуға болмайды деп тұрғандығын сезіну қиын емес. Құр жаттанды тілде бар, жүректе жоқ ол білім еместігі айтылады. Дін туралы – Мұхаммед Галиссаламның тағы бір айтып кеткені – білімді, ғылымды қабылдайтын адамға ғана түсіндіру керек. «кешеге айтқан сөз шығын » дегендей қабылдамайтын адамға көңілімізде жүрген жақсы ойларды айтсақ, онда қабылдамаушы адам емес, айтушы адам күнәкер екенін айтып кеткенде пайғамбарымыз екенін білген жөн. Мұхтар Арын: «дінді ұлттық рухтандыратын, ұлттың өзіндік мыңдаған жылдар бойына жинаған қасиеттерін байыта түсетін, кеңде, кемел қосымша құрал деп түсінген жөн» - дейді. Сондай – ақ дін адамды адамзат бәйтерегінің бір бұтағына байлайтын құдірет. Ислам, христиан, буддизм болсын, барлық діндерді сыйлап, барлық діндерден үйрену керек. әрбір дінде дүниеге басқаша қарау мүмкіндігі бар. Мысалы, христиан дінінде Иса - әрі құдай, әрі адам, әрі құдай баласы. Ол мойнына барлық адамдардың күнәсін алып, өз - өзін құрбандыққа шалған. Сондықтан христиандарда кішіпейілділік, мейірімділік, басқаның мүддесі өз мүддесінен жоғары қою, азаматтық басым. Ал Мұхаммед – ол адам баласын құдай болады дегенге сенбеген. Сондықтан исламның Алласы жеті хат аспанның ар жағында. Бұл жағдай мұсылмандарды білімге, өз - өзін жетілдіруге талпындырған. Олар Алланы тану арқылы, табиғат тылсымдарына үңілген, қисындық жүйені таңғажайып түрде дамытқан. Халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан үйрету даналығы өзіне халық шеберлері, білгірлер, ұсталар мен диқандар, суретшілер мен сәулетшілер, малшылардың терең және сан түрлі білімдерін шоғырландыратынын байқатады. Олардың тәжірибесі этнодидактика арқасында ұрпақтан ұрпаққа көбейтіліп, беріліп отырды. Дидактикалық талдауға алынған фольклор материалдары, мал өсіру, егін егу және өзге де кәсіп түрлерімен байланысты салттар, халықтық астрономиялық және фенологиялық қорытындылаулары бұл міндеттерге: Балаларда заттар, оқиғалар, қоршаған өмірдегі іс - әрекеттер мен құбылыстар жайлы дұрыс түсінік қалыптастыру. Олардың сезімталдығы мен дүниені тиімділікпен танып білуі процесін дамыту. Ақыл – ой қабілеті мен ынталылықты арттыру. Балаларды интеллектуалдық дағдылар мен икемділіктерге баулу енгенін көрсетеді. Мұның өзі халықтық балаларға өмірге қажет білімдер жиынтығын игертудегі дидактикалық талаптары ғылым педагогикаға жақындығының белгілері. Студенттердің білімдерін бақылауға арналған сұрақтар: 1.Халықтық педагогикады ақыл-ойды дамыту жолдарын анықтыңыз. 2.Халықтық ақыл-ой тәрбиесіне анықтама беріңіз. 3.Балаларды білімдендіру, ой-өрісін кеңейтудің халықтық құралдарын атаңыз. 4.Халықтық білімдерді күнделікті өмірде қолдану әдістемесін көрсетіңіз. Әдебиеттері: 1. Мырзатаева Б.Халықтық салт-дәстүрлердің бала дамуына ықпалы. Ұлағат – 2002 №5 37 б. 2. З.Әбілова, Қ.Қалиева «Этнопедагогика оқулығы» Алматы 1999жыл 3. Арғынбаев Х. Қазақ отбасы: /Қазақ отбасының кешегісі мен бүгінгісі жайындағы ғылыми зерттеу еңбек/ Алматы: Қайнар, 1996 – 286 б. 4. Ақбаев Н. Ата салтыңды аяла: салт-дәстүрлері туралы таным. Алматы: Ана тілі, 1998 – 159 7-дәріс. Еңбек халық педагогикасының өзегі. Мақсаты: Халықтық педагогика арқылы тұлғаны еңбекке баулу жолдарымен қаруландыру. Еңбек тәрбиесінің әдістерінің мақсат-мазмұнымен таныстыру. Негізгі ұғымдар: . Еңбек тәрбиесі, еңбекке баулу жолдары, еңбек дәстүрлері, еңбек тәрбиесінің әдістері. Жоспар: Халақтық еңбек дәстүрлері және олардың педагогикалық мәні. Еңбек дәстүрлі түрлерін үйрету. Еңбек тәрбиесінің әдістері: түсіндіру, әрекет түрлерін көрсету, жаттығу, өсите, мадақтау, тиым т.б. Еңбекке баулудың тәжірибесі қазақ халқы тіршілігінің барлық тарихи даму кезеңінде жинақталды және еңбек әрекеті тәрбие практикасымен, оның дамуы жетілуімен тығыз байланыста болды. Білім жүйесін, еңбек іскерліктері мен дағдысын қарастыратын халықтың еңбек әрекетінің тәжірибесі, алдымен, отбасы дәстүрлерін, одан соң халықтың еңбек дәстүрлерін жасай отырып, ғасырдан ғасырға беріліп, жалғаса түсті. Қазақтың халықтық педагогикасын белгілі дәрежеде С. Қалиевтің «Халық педагогикасының ауыз әдебиетіндегі көрінісі» атты еңбектің авторы қазақтың халықтық педагогикасын ауыз әдебиетіндегі көріністері бойынша қарастыруға талап жасаған. Соның ішінде қазақ халқының өз ұрпақтарын адал да еңбексүйгіш, өнегелі де өнерлі, парасатты азамат етіп тәрбиелеуде ауыз әдебиетінің асыл үлгілерін ғасырлар бойы қалай пайдаланып келгені, оны бүгінгі қазақ мектептерінде оқу-тәрбие барысында қолданудың тиімді жолдары сөз болады. Қоғамның жаңа әлеуметтік-саяси дамуы жағдайларында жалпы білім беретін мектеп оқушыларын өз халқының рухани қазыналарымен, оның ұлттық мәдениетімен, дәстүрлерімен, неғұрлым терең таныстыру қажеттігі туындайды. Өйткені халықтың барлық озық идеялары мен тәжірибелері соларда жинақталған. Қазақтың халықтық педагогикасының мазмұны бай да сан қилы. Ол жеткіншек ұрпаққа тәрбие берудің барлық жақтарын қамтиды. Еңбек - өмірдің негізі, ал еңбек ету – адамның басты міндеті деген үлкендердің өсиеттері де, адал еңбек еткен кісі өз халқы алдында құрметке ие болатыны жайында ересек адамдардың әңгімелері де балаларды еңбекке идеялық, адамгершілік тұрғысынан даярлаудың басты құралдары болып табылады. Осындай мақсаттағы еңбек даярлығынан өткен балалар ертерек жұмысқа араласқысы келіп, еңбекке деген сүйіспеншілігі ерте оянып, үйде, шаруашылықта ата-аналарына көмектесуге талпынған. Еңбекке деген өз көзқарастары мен ой-тұжырымдары бар кіші жанрдағы ұлттық фольклор да тәрбие құралдарының ішінен өзіне тиесілі орын алған. Халық даналығы мен ой- тұжырымдарына бай мақал-мәтелдер еңбек пен оның адам өміріндегі мағынасын білдірсе, афоризмдер балалар санасына ерекше моральды күшпен әсер еткен, олар халықтың сөзі сияқты салмақты да сенімді қабылданатын болған. Халықтың пайымдауынша, еңбек тұлғаның адамгершілік тұрғыда жетілуін бағалаудың басты өлшемі болып табылады, адамның абыройын арттырып, оның ерік-жігерін шынықтырады, оған қуат беріп, адамдар алдындағы беделге жеткізеді. Халық өнегелі еңбек етіп, өз еңбегімен отбасына және қоғамға материалдық жағдай жасаған адамдарды қатты құрметтеген. Бұл идеяларды мынадай мақалдар дәлелдей түседі: «Еңбек еткеннің мұқтажы табылар, еріншек бәрінен қағылар», « Еңбек ерлікке жеткізер, ерлік елдікке жеткізер», «Еңбек ер атандырады», «Еңбек ширатады, өмір үйретеді». Ақыл-кеңес айтушы үлкендер еңбектің маңызы туралы балаларға айта отырып, оның адам тарихындағы рөлі туралы тереңірек мағлұмат берген. «Ерінбегеннің еңбегі оңады, еңбегі оңғанға қыдыр қонады», т.б. деген философиялық нақыл сөздердің негізінде, еңбектің рөлін қазақ халқы эмпирпкалық жолмен жүздеген жылдар бойы тіршілік үшін болған күрестің барысында, көптеген сынақтардан кейін, табиғат алдындағы өзінің әлсіздігін мойындау арқылы түсінді. Сондықтан мұндай афоризмдердің мазмұны жас ұрпақтың санасына өмірді бекітудегі негізгі идея ретінде сіңіріліп отырды. Мақал-мәтелдердің моральдық және психологиялық тұрғыда әсер етуі олрардың шамасына (көп, жеткілікті, аз), балаға белгілі бір іс-әрекет барысында (өзіне-өзі қызмет көрсетуші, күнделікті жұмысты жасаушы және т.б.) айтылуына, айтылған нақыл сөздердің педагогикалық мәніне және ырғағына, сондай-ақ айтушы адамның тәрбиеленуші баланың жас мөлшерін ескергендігіне байланысты болды. Еңбек ерік-жігерді, дене мен ақыл-ой күшін талап етті. Бұл ретте еңбекке балалардың саналы тұрғыда қарауына төмендегідей афоризмдерде айтылған өсиеттер себеп болды: «Қайраты бар кісінің – берекеті бар ісінің», «Жан қиналмай жұмыс бітпес, талап қылмай мұратқа жетпес», «Еңбексіз іс бітпейді, еріншектің қолы жетпейді». Қазақ халқының мектеп оқушыларын еңбекке даярлаудағы тәрбие құралы ретінде пайдаланылатын моральдық-этикалық ұғымдары ұрпақтан-ұрпаққа жазылмаған заң ретінде ұлағатты асыл сөздері мен афоризмдері арқылы («Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас, қардың суы секілді тез суалар», «Сақалын сатқан кәріден, еңбегін сатқан бала артық», «Еңбекпен табылған тамақ тәтті, әрі сіңімді болады» және т.б.) өңделіп, толықтырылып, беріліп отырған. Афоризмдерде еңбек тәрбиесі моральдық-этикалық көзқарас тұрғысында сипатталумен ғана шектелмейді, моральдық-этикалық норма, тәжірибе түрінде қарастырылған. Егер моральдық-этикалық ережелер мен нормалардың мектеп оқушыларын еңбекке даярлаудағы рөліне тоқталатын болсақ, бұл ережелер мен нормалар халықтың көшпелі өмір салтына, әлеуметтік жағдайына, табиғаттың өзіндік ерекшелігіне, адамдардың бірін-бірі қажетсінуіне байланысты туындаған. Яғни, қазақтар «Адамның күні - адаммен» деген принципті ұстана отырып, туыстық-қандастық жүйені тарата білуді өмір сүрудің нормасы, моральдық- этикалық өлшемдер деп қабылдаған және бұл дәстүрдің ұрпақтан ұрпаққа жеті ата бойы беріліп отырылуына аса мән берген. Балаларға еңбектің мақсаты мен оның алдағы уақыттағы нәтижесі туралы мағлұматтар берілген. Ересектердің бұл тақырып бойынша айтқан ой- тұжырымдары беделді мақалдармен нақтыланып отырған: «Не ексең соны орасың, нені сақтасаң – соны аласың», «Адал еңбек елге жеткізер, арам қулық елден кеткізер». Осылайша еңбек тәрбиесінде ата-аналарға қарапайым болғанымен, түсінікті әрі баланың есінде мәңгілік сақталатын халық даналығы көмекке келді. Алайда, халық арасында өте сирек болса да көпшіліктің талқысына түсетін жалқаулар мен жатыпішерлер де кездесіп отыратындықтан. Қазақтар балаларды жалқаулықпен, бос жүріспен келіспеушілік рухта тәрбиелеуге баса көңіл бөлген. Осыған орай балаларға қарапайым түсінік берумен қатар, өмірде кездесетін жағымсыз жағдайларды сипаттап, адамгершілікке шақыратын мақалдар да жиі кездеседі: «Жалқаулық аздырады, еңбек оздырады», «Жылқы жаманы жегіншек, жігіт жаманы еріншек», «Ерінбегеннің еңбегі оңады, еңбегі оңғанға қыдыр қонады» және т.б. Балаларды еңбекке тәрбиелеуде қазақ эпостарының тәрбиелік әсері жоғары болды. Қобыланды, Ер Тарғын, Алпамыстың халық бостандығы мен бақыты үшін жасаған ерліктері балалар үшін үлкен өнегеге айналды. Батырлардың ерлігін олар үлкен еңбектің нәтижесі ретінде, күрескердің даңқты ерлігі ретінде, жер бетіндегі адал іс үшін күрес түрінде қабылдаған. Балалардың еңбек адамдары мен олардың жұмыс нәтижесіне деген аялы көзқарасына келетін болсақ, ата-аналар бұл мақсатта өздерінің сенімдерін бекіту үшін белгілі бір нақыл сөздерді пайдалана білген: «Еңбегің сыйлы болса, ішің майлы болар», «Еңбектің түбі – береке, көптің түбі - мереке». Мұндай құрмет көрсетуге балаларды тәрбиелеу оларды атақты адамдармен таныстыру арқылы, үлкендермен бірге жұмыс жасата отырып, олардың өнімді еңбегіне көзін жеткізу арқылы, ересек адамдардың еңбек өнімін пайдалану барысында, сондай-ақ халық арасында жиі кездесетін өзара көмек барысында жүзеге асырылған. Сонымен, халықтың моральдық-этикалық көзқарастары мектеп оқушыларын еңбекке деген жағымды көзқарасын қалыптастыруда, еңбекке тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады. Балаларды еңбекке өнегелі, идеялық тұрғыда даярлауда отбасындағы ересек адамдардың педагогикалық өсиеттері мен ақыл-кеңестерінің рөлі аса зор болған. Олардың еңбектің пайдасы мен көркемділігі туралы, адамдық қасиеттері мен намысы жоғары адамдар туралы айтқан әңгімелері балалардың еңбек туралы ұғым-түсінігін қалыптастыруға үлкен септігін тигізген. Қазақ халқының өзіндік ұлттық сыр-сипатын және рухани жан азығын, қоршаған ортаны түйсіну сезімін өзге елдерден ерекшелендіріп тұратын бір қыры – ежелден келе жатқан, тіршілік көзінің негізінде қалыптасқан дүниетанымдық көзқарасы. Дүниетаным – адамның дүниеге деген рухани қатынастарының негізі болатын және солардың бәрін жалпылама түрде қамтитын, адам мен әлемнің сан алуан арақатынасын білдіретін ұғым. Адамның дүниемен байланысы, оны тануы белгілі бір ұлттық белгілері, түсніктері болады. Қазақ халық педагогикасында еңбек тәрбиесінің мақсаты жеткіншектерді еңбекке, қоғамдағы өмірге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу болып саналады. Еңбек тәрбиесінің бұл мақсаты мынадай педагогикалық міндеттер арқылы жүзеге асырылған: 1. Еңбекке аялы көзқарасын қалыптастыру, оның қажеттігіне сенімін бекіту, еңбекті материалдық және рухани құндылық айнарының негізі және қоғамның тіршілік ету әрекеті ретінде қабылдауға тәрбиелеу; 2. Еңбек әрекеттері арқылы бастауыш мектеп оқушыларын еңбек адамдарын құрметтеуге тәрбиелеу; 3. Мектеп оқушыларын еңбек нәтижелерін құнттап сақтауға тәрбиелеу; 4. Мектеп оқушыларын еңбекке деген сұранысын және еңбек ету дағдысын қалыптастыру; 5. Еңбектің барлық түрлеріне бастауыш мектеп оқушыларының сыйластық көзқарасын қалыптастыру; 6. Мектеп оқушыларында ұжымдық еңбек дағдысын тәрбиелеу; 7. Мектеп оқушыларында еңбектегі өзіндік дербестікті және шығармашылық ынтаны тәрбиелеу; 8. Мектеп оқушыларында еңбектену іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру; 9. Мектеп оқушыларын еңбек мәдениетіне тәрбиелеу. Халық тұрмысындағы және отбасындағы еңбек тәрбиесі, ересектердің тәжірибелері мен дәстүрлері заман талабына сай тәрбиенің жаңа принциптері мен әдістерін қалыптастыра отырып, өмір өзгерістеріндегі даму барысына негізделеді. Студенттердің білімдерін бақылауға арналған сұрақтар: 1.Халақтық еңбек дәстүрлеріне анықтама беріңіз. 2.Еңбекке баулу жолдарын анықтаңыз. 3.Еңбек тәрбиесінің әдістеріне анықтама беріңіз: түсіндіру, әрекет түрлерін көрсету, жаттығу, өсиет, мадақтау, тиым т.б. Әдебиеттері: 1. Мырзатаева Б. Халықтық салт-дәстүрлердің бала дамуына ықпалы. Ұлағат – 2002 №5 37 б. З. З.Ә Әбілова,К.М.Қалиева. Этнопедагогика.А-1999ж 4. Ә. Табылдиев.Халық тағылымы. А-1992 5. Ғаббасов С. Халық педагогикасының негіздері Алматы, 1995 ж. б. К.Б.Жарықбаев. Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы А-І994 8-дәріс. Халық ұғымындағы адамгершілік тәрбиесі. Мақсаты: Халық ұғымындағы адамгершілік тәрбиесінің мазмұнымен таныстыру. Баланың бойында адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың жолдарымен қаруландыру. Негізгі ұғымдар: адамгершілік тәрбиесі, рухани-адамгершілік тәрбие, гуманизм, азаматтықтық, адамгершілік қасиеттер. Жоспар: Халық ұғымындағы адамгершілік тәрбиесінің мазмұны: гуманизмді, азаматтықты, жағымды адамгершілік қасиеттерді, ата-ана алдындағы парыз сезімін, оларға деген сүйіспеншілігін. адалдығын, шыншылдығын қалыптастыру. Адамгершілікке тәрбиелеу құралы — еңбек пен ата-ана үлгісі Ыбырай Алтынсарин Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа-адамгершілік- рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Рухани -адамгершілік тәрбие- екі жақты процесс. Бір жағынан ол үлкендердің, ата-аналардың, педагогтардың балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан- тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым-қатынастарынан көрінеді. Сондықтан белгілі бір мазмұнды іске асыра, адамгершілік ықпалдың әр түрлі әдістерін пайдалана отырып, педагог істелген жұмыстардың нәтижелерін, тәрбиелеушілерінің жетіктістерін зер салып талдау керек. Адамгершіліктің негізі мінез-құлық нормалары мен ережелерінен тұрады. Олар адамдардың іс-қылықтарынан, мінез-құлықтарынан көрінеді, моральдық өзара қарым-қатынастарды басқарады. Отанға деген сүйіспеншілік, қоғам игілігі үшін адам еңбек ету, өзара көмек, сондай-ақ қоғамға тән адамгершіліктің өзге де формалары, бұл-сананың, сезімдердің, мінез-құлық пен өзара қарым-қатынастың бөлінбес элементтері, олардың негізінде қоғамымыздың қоғамдық-экономикалық құндылықтары жатады. Баланың өмірге белсенді көзқарасының бағыты үлкендер арқылы тәрбиеленеді. Тәрбиелеу, білім беру жұмысының мазмұны мен формалары балалардың мүмкіндігін ескеру арқылы нақтыланады. Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру процесінде, ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады. Әр баланың жеке басы- оның моральдық дамуы үшін қамқорлық жасау- бүгінгі күннің және алдағы күндердің талабы, оған педагогтың күнделікті көңіл бөлуі талап етіледі. Баланың рухани-адамгершлік дамуы отбасы арасындағы қарым-қатынастың тығыздығы артқан сайын ойдағыдай жүзеге асады. Әрбір бала қандай да болмасын бір міндетті орындау үшін, өзіндік ерекше жағдайлар жасалады. Мәселен, ойында ұнамды әдеттер, өзара қарым-қатынастар, адамгершілік сезімдер қалыптасады, еңбекте-еңбек сүйгіштік, үлкендер еңбегін құрметтеу, сондай-ақ ұйымшылдық, жауапкершілік, парыздың сезімі сияқты қасиеттер, патриоттық сезімдер жайлы мағлұматтар. т. б. қалыптасады. Балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі міндеттері мына жайлармен түйінделеді: ізгілік бастамасымен тәрбиелеу, балалар мен үлкендер арасындағы саналы қарым-қатынас/ тұрмыстың қарапайым ережелерін орындау/ кеңпейілдік, қайырымдылық, жақын адамдарға қамқорлықпен қарау және т. б./ Ұжымға тәрбиелеу, балалардың өзара ұжымда қарым-қатынасын қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, әр түрлі ұлт өкілдеріне қадір тұту және сыйлау. Осылайша мейірімділіктің негізі қаланады, немқұрайдылықтың пайда болуына, құрбыларына, төңіректегі үлкендерге қалай болса солай қарауға мүмкіндігі жасалмайды. Тәрбиенің негізгі мақсаты- дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу. Ертегінің рухани тәрбиелік мәні зор. Ол балаға рухани ляззат беріп, қиялға қанат бітіретін, жасбаланың рухының өсіп жетілуіне қажетті нәрсенің мол қоры бар рухани азық, деп атап көрсеткен. Руханилық жеке тұлғаның негізгі сапалық көрсеткші. Руханилықтың негізінде адамның мінез-құлқы қалыптасады, ар-ұят, өзін-зі бағалау және адамгершілік сапалары дамиды. Мұның өзі мейірімділікке, ізгілікке шақырады. Рухани-адамгершілік тәрбие — бұл дұрыс дағдылар мен өзін-өзі ұстау дағдыларының нормалары, ұйымдағы қарым-қатынас мәдениетінің тұрақтылығын қалыптастырады. Жеке адамның адамгершілік санасының дәрежесі оның мінез- құлқы мен іс әрекетін анықтайды. «Жақсымен жолдас болсаң- жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң- қаларсың ұятқа...» «Жаман дос, жолдасын қалдырар жауға» — деген мақалдардан көруге болады. Мақал-мәтелдер, жұмбақ, айтыс, өлеңдер адамгершілік тәрбиенің арқауы. Үлкенді сыйлау адамгершіліктің бір негізі. Адамзаттық құндылықтар бала бойына іс-әрекет барысында, әр түрлі ойындар, хикаялар, ертегілер, қойылымдар арқылы беріледі. Адамгершілік-адамның рухани байлығы, болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін руханиет дәуіріне жаңа қадам болып табылады. Адамгершілік тәрбиенің нәтижесі адамдық тәрбие болып табылады. Ол тұлғаның қоғамдық бағалы қасиеттерімен сапалары, қарым-қатынастарында қалыптасады. Адамгершілік қоғамдық сананың ең басты белгілерінің бірі болғандықтан, адамдардың мінез-құлқы, іс-әрекеті, қарым-қатынасы, көзқарасымен сипатталады. Олар адамды құрметтеу, оған сену, әдептілік, кішіпейілдік, қайырымдылық, жанашарлық, ізеттілік, инабаттылық, қарапайымдылық т. б. Адамгершілік-ең жоғары құндылық деп қарайтын жеке адамның қасиеті, адамгершілік және психологиялық қасиеттерінің жиынтығы. Адамгершілік тақырыбы- мәңгілік. Ол ешқашан ескірмек емес. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру- ата-ана мен ұстаздардың басты міндеті. Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер. Адамгершіліктің қайнар бұлағы- халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет-ғұрпында. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс — тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді. Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттерінің ең бастысы —өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі — келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан- жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени — ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу — біздің де қоғам алдындағы борышымыз. Адамгершілік тәрбиесінің әрқайсысының ерекшеліктерін жетік білетін ұстаз халық педагогикасын ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлерді, әдет- ғұрыпты жан-жақты терең білумен қатар, өркениетті өмірмен байланыстыра отырып, білім берудің барлық кезеңдерінде пайдаланғаны дұрыс. Ата-ананың болашақ тәрбиесі үшін жауапкершілігі ұрпақтан ұрпаққа жалғасуда. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі»дегендей, ата-ананың күн сайын атқарып жүрген жұмысы- балаға үлкен сабақ. Жас балалардың үлкендер айтса, соны айтатынын, не істесе соны істегісі келетінін бәріміз де білеміз. Баланың үйден көргені, етене жақындарынан естігені-ол үшін адамгершілік тәрбиесінің ең үлкені, демек жақсылыққа ұмтылып, жағымды істермен айналысатын адамның айналасындағыларға көрсетер мен берер тәлімі мол болмақ.. Жас өспірім тәлім-тәрбиені, адамгершілік қасиеттерді үлкендерден, тәрбиешілерден насихат жолымен емес, тек шынайы көру, сезім қатынасында ғана алады. Жеке тұлғаның бойындағы жалпы адамзаттық құндылықтардың қалыптасуы осы бағытта жүзеге асады, сөйтіп оның өзі-өзі тануына, өзіндік бағдарын анықтауына мүмкіндік туғызатындай тәлім-тәрбие берілуі керек. Жақсы адамгершілік қасиеттердің түп негізі отбасында қалыптасатыны белгілі. Адамгершілік қасиеттер ізгілікпен ұштастырады. Әсіресе еңбекке деген тұрақты ықыласы бар және еңбектене білуде өзін көрсететін балаларды еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу басты міндет болып табылады. Өз халқының мәдениетін, тарихын, өнерін сүю арқылы басқа халықтардың да тілі мен мәдениетіне, салт-дәстүріне құрметпен қарайтын нағыз мәдениетті азамат қалыптасады. Қазақ халқының әлеуметтік өмірінде үлкенді сыйлау ұлттық дәстүрге айналған. Отбасында, балабақшада , қоғамдық орындарда үлкенді сыйлау дәстүрін бұзбау және оны қастерлеу әрбір адамнан талап етіледі. Халқымыздың тәлім- тәрбиелік мұрасына үңілсек, ол адамгершілікті, қайрымдылықты, мейірбандықты дәріптейді. Ата-бабаларымыздың баланы бесігінен жақсы әдеттерге баулыған. «Үлкенді сыйла», «Сәлем бер, жолын кесіп өтпе» деген секілді ұлағатты сөздердің мәні өте зор. Адамгершілікті, ар-ұяты бар адамның бет-бейнесі иманжүзді, жарқын, биязы, өзі парасатты болады. Ондай адамды халық «Иман жүзді кісі» деп құрметтеп сыйлаған. Балаларымызды имандылыққа тәрбиелеу үшін олардың ар-ұятын, намысын оятып, мейірімділік, қайырымдылық, кішіпейілдік, қамқорлық көрсету, адалдық, ізеттілік сияқты қасиеттерді бойына сіңіру қажет. Баланы үлкенді сыйлауға, кішіге ізет көрсетуге, иманды болуға, адамгершілікке баулу адамгершілік тәрбиесінің жемісі. Балаларды адамгершіліке тәрбиелеуде ұлттық педагогика қашанда халық тәрбиесін үлгі ұстайды. Ал, адамгершілік тәрбиелеудің бірден-бір жолы осы іске көзін жеткізу, сенімін арттыру. Осы қасиеттерді балаға жасынан бойына сіңіре білсек, адамгершілік қасиеттердің берік ірге тасын қалағанымыз. Адамгершілік- адамның рухани арқауы. Өйткені адам баласы қоғамда өзінің жақсы адамгершілік қасиетімен, адамдығымен, қайырымдылығымен ардақталады. Адам баласының мінез құлқына тәрбие мен тәлім арқылы тек біліммен ақылды ұштастыра білгенде ғана сіңетін, құдіретті, қасиеті мол адамшылық атаулының көрініс болып табылады. Халық педагогикасы-нәрестенің сезімін ананың әуенімен оятатын бесік жырлары, даналыққа толы мақал-мәтелдер, жұмбақ-жаңылтпаштар, қиял- ғажайып ертегілері, ойындары, тәрбиелеп өсіру негіздері адамгершілік ниеттерге баулиды. Олай болса, адамгершілік тәрбие беру кілті — халық педагогикасында деуге болады. 8-наурыз аналар мерекесіне арналған «Қыз сыны» сайысына ата-аналар үлкен жауапкершілікпен қатысты. Олар анаға байланысты мақал-мәтелдер жаттады. «Шеше көрген тон пішер, әке көрген оқ жонар» — демекші қыздарымыз түйме тігіп, өз шеберліктерін көрсетті. Тәрбиешінің алға қойған мақсаты, баланың бойына ұлттық саналық қалыптасқан, халқының әдет-ғұрпын салт-дәстүрлерін көңіліне тоқыған дені сау, шымыр да шыныққан, сымбатты, халықтың тілін білетін, рухани байлығы мол, жан-жақты азамат тәрбиелеп өсіру. «Мен елімнің азаматымын» тақырыбына қосымша «7 мамыр — батырлыр күні» мерекесіне арналған «Ел қорғауға әзірміз» атты көңілді жарыс өткізілді. Осындай сайыстар арқылы өсіп келе жатқан жас ұрпақ ұландарымызды Отанды қадірлеп қорғай білуге баулытамыз. Балалар осы жарыста өздерінің шапшаңдылығымен, батылдығымен өз Отанының жас ұландары екенін көрсетіп, дәлелдеді. Жарыстар жас жеткіншіктердің бойында адамгершілік қасиетін оятып, патриот болуға тәрбиелейді. Адамгершілік тәрбиесінде алдымен баланы тек жақсылыққа-қайырымдылық, мейірімділік, ізгілікке тәрбиелеп, соны мақсат тұтса, ұстаздың, ата-ананың да болашағы зор болмақ. «Мен үш қасиеттімді мақтан тұтам», — депті Ақан сері. Олар: жалған айтпадым, жақсылықты сатпадым һәм ешкімнен ештеңені қызғанбадым. Бұл үш қасиет әркімнің өз құдайы. «Өз құдайынан айырылған адам бос кеуде, өлгенмен тең» деген екен. Шындығында бұл ақиқат. Олай болса, жеке тұлғаны қалыптастыруда, олардың жан дүниесіне сезіммен қарап, әрбір іс-әрекетіне мақсат қоюға, жоспарлауға, оны орындауға, өзіне-өзі талап қоя білуге тәрбиелеу — адамгершілік тәрбиенің басты мақсаты. Мақсатқа жету үшін сан алуан кедергілер болуы мүмкін. Ондай қасиеттерді бала бойына жас кезінен бастап қалыптастыру жеке тұлғаны қалыптастырудың негізін қалайды. «Еліміздің күші- патшада, сәбидің күші- жылауында» демекші, біздің күшіміз, қорғанышымыз, сеніміміз- адамгершілігімізде болуы керек. Ол үшін Ақанның осы үш қасиетін бала бойына дарыта білсек-ұлы жеңіс болары анық. Студенттердің білімдерін бақылауға арналған сұрақтар: 1. Халық ұғымындағы адамгершілік тәрбиесінің мазмұнын түсіндіріңіз. 2. Жағымды адамгершілік қасиеттер, азаматтықтық, ата-ана алдындағы парыз, оларға деген сүйіспеншілік. адалдық, шыншылдық қасиеттерін бала бойында қалыптастыру жолдарын анықтаңыз. 3. Қазақ халқының ғұлама педагогтарының еңбектеріндегі адамгершілік туралы жазған қанатты сөздерін, нақыл сөздерін айтыңыз. Әдебиеттері: 1. Мырзатаева Б. Халықтық салт-дәстүрлердің бала дамуына ықпалы. Ұлағат – 2002 №5 37 б. 2. С.Ғаппасов.Ізгілік әліппесі А-1991 З. З.Ә Әбілова,К.М.Қалиева. Этнопедагогика.А-1999ж 4. Ә. Табылдиев.Халық тағылымы. А-1992 5. Ғаббасов С. Халық педагогикасының негіздері Алматы, 1995 ж. 9-дәріс. Әсемдік халықтың идеалы. Мақсаты: Эстетикалық тәрбиені ұлттық педагогикамен ұштастыра отырып, оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыру жолдарын меңгерту. Оқушыларды қолданбалы өнер, музыка, халықтық әндер және билер, ертегілер, жырлар, салт- дәстүрлер арқылы көркемдікке баулу амазмұнымен маныстыру. Негізгі ұғымдар: Әсемдік, эстетикалық тәрбие, эстетикалық талғам. Жоспар: Халықтық педагогикасындағы эстетикалық тәрбиенің негізгі бағыттары. Әсемдіктің халықтық идеалы, эстетикалық талғам, ұғым, балаларды қолданбалы өнер, музыка, халықтық әндер және билер, ертегілер, жырлар, мерекелер, салт- дәстүрлер т.б. арқылы көркемдікке баулу. Халық педагогикасымен айналысушылар қоғам дамуының алғашқы сатыларында–ақ тәрбиеге өзіндік көзқарас болғандығын, мақсатқа сай тәрбиелеудің жолдары ойластырылғандығын мәлімдейді. Қазақ этнопедагогикасының қайнар-бұлағы біздің заманымызға дейінгі дәуірден бастау алады. Ұлттық мәдениеттің тегі сол ұлттың ұлт болып қалыптаспай тұрған кезінен бастап–ақ жеке ұлыстардың ұрпағын тәрбиелеуден туындағаны белгілі. Балалардың жан-жақты дамуы үшін, әсіресе сұлулық пен сымбаттылыққа қанық болулары үшін оқу-тәрбие үрдісінде халықтық педагогиканы қолдану өте маңызды. Адамдардың эстетикалық сезімдері олардың өмірінде зор роль атқарады. Әсемдікті көре, түсіне, жасай білу адамның рухани өмірін байытады, қызғылықты етеді, оған ең жоғары рухани ләзаттануға мүмкіндік береді. Біз әр адамның адамгершілікті тұлғалық мәнін жан-жақты дамытуға ұмтыламыз, сондықтан әр баланың сезімін нәзіктігін, көркемдікті, әсем нәрсені сүйенетіндей етіп дамытуымыз керек. Адамның әсемдікті және жексұрындықты, сәулеттілік және ождансыздықты, қуаныш пен қайғыны т.б. түсінуіне байланысты, оның саналы тәртібі мен мінез – құлқы айқындалады. Осыдан келіп адамның әсемділікке шынайы көзқарасы мен мұраттары болуы керек екендігі шығады. Оқушылардың жалпы мәдениеті, яғни эстетикалық тәрбиенің маңызды жақтары ізеттілік, ұқыптылық, жылы шырайлылық, қайырымдылық, тазалықты сақтау т.б. Жалпы эстетикалық мәдениет – бұл қатынас эстетикасы, киім-кешек эстетикасы, үй-жағдай эстетикасы, манера, дене қимылы, т.б. А.С. Макаренко еңбектерінде бұл проблемаға зор мән берілген. Жеке адамның сыртқы мәдениеті мен ішкі дүниесінің ұштасып жатуы эстетикалық сұлулықтың белгісі. А.П. Чеховтың сөзімен айтқанда адамда: бет, киім, жан, ой – бәрі сұлу болу керек. Ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық тәлім-тәрбиенің белгілі жүйесінде жас буын жадына біртіндеп сіңіріп отыратын арнаулы жолдар, тиісті тәсілдер де болған. Мәселен, мақал-мәтелдерде адамгершілік, имандылық тәрбиесіне байланысты әдеп-ғұрыптар насихатталса, жұмбақтар мен айтыстарда – ақыл – ой тәрбиесі, өлең, жыр-дастандарда - әсемдік (эстетикалық) тәрбиесінің негізгі принциптері, ал ертегілер халықтық тәрбиенің сан алуан мәселелерін қозғайтын тәлімдік материал ретінде пайдаланылған. Демек, халықтық педагогика – тәлім-тәрбиелік ой – пікірдің ілкі бастауы, халықтың рухани мұрасы. Қазақ халқының тәлімдік мәні зор ой толғаныстары бесік жыры мен батырлық эпостарда, ертегілер мен аңыздарда, шешендік сөздер мен айтыс термелерде, мақал-мәтелдерде көптеп кездеседі. Мұндағы ұрпақ тәрбиесінің негізгі түйіні – адамгершілік-имандылық, ақыл-ой, еңбек, эстетика, дене, отбасы тәрбиесіне байланысты мәселелерге келіп тіреледі. Қазіргі кездегі эстетикалық тәрбиенің міндеттерін шешу үшін халықтың осы уақытқа дейінгі тәжірибесін меңгеру қажет. Мәдени құндылықтарды жасауда әр халықтың өзіндік ерекшелігі бар. Халық әрдайым әсемдікті іздеді, қолдан жасады және оны өмірде, тұрмыста, еңбекте бекітуге тырысады. Оны халқымыз үй жиһаздарын жасауынан және оны әсемдікті сезінудегі тәрбие құралы ретінде пайдалануынан көруге болады. Халқымыздың тұрмысына енген қолданбалы қолөнер бұйымдар, олардың әшекейленіп жасалуы эстетикалық тәрбиеде өз алдына бір сала. Халықтық эстетикалық тәрбие жүйесінде лирикалық, үйелмендік, тұрмыстық, әдет-ғұрыптық, еңбектік және т.б. әндер мен өлеңдер ерекше орын алады. Бұлар да эстетикалық тәрбие құралдары ретінде қызмет етті. Халқымыздың әндері, жанры және тақырыбы жағынан өте бай. Көптеген әндер би қимылдарымен байытылды. Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеудің негізгі құралы - өнер. Ол шындықты көркем, сезімді қабылданылатын бейнелер арқылы бере отырып және осылар арқылы адам сезімімен санасына әсер етіп, оның көзқарасын қалыптастыруға жәрдем етеді. Қазақ халқының музыкалық аспаптарының түрлілігі таңқаларлықтай (домбыра, шертер, аса таяқ, шаңқобыз, ұран, жетіген, үскірік, қамыс сырнай, дабыл т.т.). Олар бос уақытта пайдаланылып жас ұрпаққа эстетикалық тәрбие беру ісіне қызмет етті. Эстетикалық тәрбиеде халық ауыз әдебиетінің маңызы өте зор болды. Оның мазмұны халқымыздың бүкіл өмір тәжірибесін қамти отырып, жас ұрпақ санасын әсемдік сезімін, талғамын, қажеттілігін билейді. Эстетикалық тәрбиенің күрделі мәселелерін айқындауда біз халықтың жинақтаған педагогикалық білімімен тәрбие тәжірибесіне сүйенуіміз қажет. Тәрбие жүргізу ісінде үйрету, пайымдату, сендіру, әсерлендіру тәсілдері қолданылады. Ұлттық тәрбие үлгілерін көрсетіп, үйрету үшін сахналық тәсілдерді қолданудың мәні зор. Сөзді жаттау, оны сахнада мәніне жеткізіп, мәнерлеп айта білу, өмір құбылыстарын әсерлендіре көрсету, кейіпкер бейнесін айнытпай көрсету әрбір тәрбиеленушінің санасына сан қырымен әсер ететін құбылыс. Оқушы түсінігінің эстетикалық жақтан қалыптасуы халықтық педагогика және тағы сол сияқты көптеген факторлардың ықпал ету нәтижесінде болады. Сондықтан мектеп мұғалімдері оқушылардың эстетикалық талғамын іс-жүзінде, теория жүзінде де арттыра отырып, көрген білгендерімен сұлулықты қабылдауға көмектесуі керек. Оқушылардың эстетикалық сезімін дамыту оларға мынау жақсы, әдемі, ал мынау жаман, көріксіз деп ауызша айтуда ғана жүзеге аспайды, сонымен бірге бала күнделікті тұрмыста да, мектепте де эстетикалық талғампаздықтың үлгі өнегесін күн сайын көріп отыруы керек. Ата-бабамыз сыртқы көрнекі сұлулық пен ішкі рухани сұлулықты мойындай отырып, олардың орнын анықтауға келгенде, ішкі рухани сұлулыққа көбірек көңіл бөліп, мазмұн сұлулығына көбірек жан тартады. Оқушыларға әдепті әсемдіктен бөліп түсіндіруге болмайды. Егер оларды бөліп айтуға болатынын мойындасақ, онда әдепсіз сұлулықтың да болатынын мойындауға тура келер еді де, сұлудық өлшемдері тек сыртқы белгілер, симметрия, пропорция, түр-түстер сәйкестігі, т.б. ғана болып шығады. Орыстың атақты әдебиет сыншысы әрі эстет В.Г. Белинский сұлулықты барлық уақытта моральмен бірге қабылдап келген қоғамдық тәжірибеге сүйене отырып: «Сұлулық шындықпен моральмен бір туысқан. Егер шығарманы көркемдік құндылыққа ие десек, онда ол сөз жоқ, әдеп-инабаттылық жағынан да құнды болады», - дейді. Халқымыз дене сұлулығына, әсіресе қыз баланың көрікті болуына ерекше көңіл бөлген. Аналар «Аттың көркі – жал, қыздың көркі шаш» деп ұққан. Қыз баланың шашын жақсы өсіру үшін айранмен, ірімшіктің сары суымен немесе қынамен жудырған. Шаштарын қос бұрым немесе бестемше етіп өру бойжеткен қыздардың көркі болған. Қыз бен жігіт айтысындағы: «Атымды әкем сүйіп Несіп қойған, шашымды бестемшелеп есіп қойған» деген сөз тіркестері осы пікірді дәлелдейді. Халық жанрларында аруларды «Шашының ұзындығы ізін басты» немесе «Қыпша бел, қиылған қас, қолаң шашты» деп сипаттаған. Халық даналығы арулардың киім киісіне де ерекше мән берген. «Адам көркі – шүберек, ағаш көркі жапырақ», «Қыз өссе – елдің көркі» деп қыз баланы қынама қамзол, дүрия бешпент, кәмшат бөрік, қос етек көйлек, биік өкше етік тіктіріп кигізген. Сырға, білезік, шолпы, шашбау, жүзік сияқты әшекей заттарды тақтырған. «Қыздың көзі қызылда» деген мақал да қыз баланың әшекей заттарға үйірлігін білдіреді. әзатылған қыздың ауылында айтылатын «Жар-жар», «Жұбату», «Сыңсу» өлеңдерінде, келін түсіру тойларында орындалатын «Беташарда» қыздың, жас келіннің басты – басты киімдері, сән-салтанаты, сұлулық бейнесі мақтала жырланған. Оқушы түсінігінің эстетикалық жақтан қалыптасуы халықтық педагогика және тағы сол сияқты көптеген факторлардың ықпал ету нәтижесінде болады. Сондықтан мектеп мұғалімдері оқушылардың эстетикалық талғамын іс-жүзінде, теория жүзінде де арттыра отырып, көрген білгендерімен сұлулықты қабылдауға көмектесуі керек. Педагогикада эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу тәрбиенің басқа салаларымен тығыз байланысы қаралады. Балалардың ақыл-ой тәрбиесін, зерттелген құбылыстар әсемдігін ашпай жүзеге асыру мүмкін емес. Еңбекке тәрбиелеу – адамдардағы әсемдікті еңбек мазмұны мен процесін танымай саналы тәртіп пен мінез-құлықты тәрбиелеу мүмкін емес. Сондай-ақ әсемдікке көзқарасты тәрбиелеуді өмірден, белсенді іс-әрекеттен және мұраттарға жету жолындағы күрестен оқшау қарауға болмайды. Сонымен эстетикалық тәрбие табиғаттағы, өнердегі, еңбектегі, өмірдегі ең жақсыны қабылдау, одан ләззат алу. Эстетикалық тәрбие адамда дүниедегі әдемілік атаулыны бағалай білуге үйретеді, өнер шығармаларын тануға, қастерлеуге баулиды. Эстетикалық тәрбиенің өзіне тән міндеттері бар. Олардың бірі – эстетикалық сезімді және эстетикалық қабылдауды тәрбиелеу. Өмірдегі, өнердегі әдемілікті сезу және көру адамдарда әртүрлі болады. Біреулер әдемілікке үңіле қарап, оның сырын білуге тырысады, ал кейбіреулер оған онша мән бермейді, қалай болса солай қарап жанынан өте шығады. Әдемілікті сезу үшін, оған түсіну үшін ең алдымен бейнелеу өнері, музыка және ән саласынан әр бір адамда білім болуы керек. Білім адамды әдеміліктің объективтілік критерийлерімен қаруландырады. Білімді адам сұлулықты бағалай біледі, түсінеді. Айналадағы дүние сезімталдық, эстетикалық қабылдау қырағылығы, ықыластылық, қамқорлық баланың эстетикалық дамуының негізі болады. Студенттердің білімдерін бақылауға арналған сұрақтар: 1.Халықтық педагогикадығы әсемдік, эстетикалық тәрбие, эстетикалық талғам терминдерінің анықтамасы қандай? 2.Балалардың эстетикалық талғамын қалыптастыру жолдарын айтыңыз. 3.Қолданбалы өнер, музыка, халықтық әндер және билер, ертегілер, жырлар, салт-дәстүрлер арқылы балаларды көркемдікке баулу мазмұнын түсіндіріңіз. 4. Халықтық педагогикасындағы эстетикалық тәрбиенің негізгі бағыттарын атаңыз. Әдебиеттері: 1. Мырзатаева Б. Халықтық салт-дәстүрлердің бала дамуына ықпалы. Ұлағат – 2002 №5 37 б. 2. С.Ғаппасов.Ізгілік әліппесі А-1991 З. З.Ә Әбілова,К.М.Қалиева. Этнопедагогика.А-1999ж 4. Ә. Табылдиев.Халық тағылымы. А-1992 5. Ғаббасов С. Халық педагогикасының негіздері Алматы, 1995 ж. 10-дәріс. Мектептегі этнопедагогикалық жұмыстардың мазмұны. Мақсаты: Этнопедагогикалық білімдердің мектеп жұмыстарындағы алатын орнын анықтап, этнопедагогикалық құндылықтардың ерекше маңызын айқындау. Сонымен қатар этнопедагогикалық білімдерді мұғалімнің кәсіптік іс-әрекетінде қолдану жолдарына түсініктеме беру. Жүргізіліп жатқан тәжірибелік- педагогикалық жұмыстар халықтық педагогикалық идеялар мен тәжірибені жеткіншек ұрпақ тәрбиесінің құрамды бөлігі болып таблытаындығын сенімді дәлелдеу. Негізгі ұғымдар : этнопедагогикалық жұмыстар, «Елім-ай», «Кәусар бұлақ», ұлттық бағдарламалар, тәжірибелік-педагогикалық жұмыстар, Жоспар: Этнопедагогикалық білімдерді мұғалімнің кәсіптік іс- әрекетінде қолдану, этнопедагогика бойынша сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырудың түрлері. Қазақстанның жалпы білім беретін мектептеріне этнопедагогиканы еңгізудің қазіргі жағдайы «Атамекен», «Елім-ай», «Жұлдыз», «Кәусар бұлақ», ұлттық бағдарламалары, олрадың Қазақстан Республикасыны орта және жалпы білім беретін мектептеріндегі бағыттары және қолданылуы. Халықтық дәстүрлерді тәрбие процесінде пайдалануда бұл дәстүрлердің өсіп келе жатқан адамға психологиялық әсерін және оларды қолданудың жолдарын білу керек. Бұл үшін оларды жан-жақты зерттеу және алынған нәтижелермен студенттерді, болашақ мұғалімдер мен тәрбиешілерді қаруландыру, оларға халықтық дәстүрлер мен педагогикалық көзқарастар жайлы білім беру, олардың тәрбиелік мүмкіндіктерін ашу қажет. Тәрбие процесінің тиімділігі қандай да бір техникалық жаңалықтарды, қандай да бір ерекше айла-әдістерді енгізу жолымен емес, ал нақты халықтық негіздерді балалар мен ата-аналар, кіші және ересек балалар, балалар мен педагогтар, ата-аналар мен педагогтар және т.б. өзара байланысында мейлінше қайта жаңартуда; адамдар арасындағы қарым-қатынастарда жалпы, балалар арасында жекелей алғанда сезгіштік, қайырымдылық, сергегтік, ақ пейілділік, ізгілік ахуалын туғызуда. Байланыстың жақындығы мен қарым-қатынастың тығыздығы тұлғаны қалыптастыру мен дамытудың шешуші шарттары бола алады. Сезімді тәрбиелеу мәселесі қазіргі педагогика үшін ой-өрісті дамытуға қатысты проблемаларға қарағанда күрделі және өзекті мәселеге айналуда. Шынайы халықтық негіздерді толығырақ енгізу бұл мәселені шешуде тірек қызметін атқара алады. Оқушылардың танымдық әрекеті белсенділігін арттыратын және оқытудың тиімділігін жоғарылататын жаңаша әдістер мен тәсілдер неғұрлым мол оқыту неғұрлым технологияландырылған болса, адамдық пен адалдықтың, қайырымдылық пен мейірімділіктің халықтық дәстүрлеріне соғұрлым көп көңіл бөлу талап етілуі, демек, этникалық, этикалық және психологиялық құбылыстар мен мәліметтерге назар аудару мен соғұрлым көбірек болуы заңдылығы оқыту мен тәрбиелеудің үйлесімді бірлігінің ерекше маңызды методикалық аспектісі болып шығады. Тұлға қалыптастырудағы алға жылжулар қазіргі бүкіл ғылым және техникалық жетістіктерді оқыту процесінде тәрбиенің маңызды факторы ретінде барынша қолдану және халықтық пайдаланумен байланысты. Адамның әлеуметтенуінде тәрбиенің халықтық дәстүрлері Қазақстанның тәуелсіз алған қазіргі жағдайында қоғамдық жаңаруы мен демократиялануы ісіне қызмет етіп тиісті орнын алуы қажет. Оқыту мен тәрбиелеу арасындағы үйлесімді сәйкестік жас ұрпақты қалыптастырып дамытуға жалпы халықтық назар аударумен және педагогикалық дәстүрлердегі бүкіл шынайы халықтықты қайта өркендетумен қамтамасыз етілмек. Қоғамдық рухани мәдениетте тәрбиелеудің таусылмас идеясы мен тәжірибесін сақтаушы халықтың «педагогикалық зердесі» жасампаздық роль ойнауға қабілетті. Олай болса, халықтық педагогиканы пайдаланудың бағдарламаларын дайындау қажеттігі туындайды. Олар, мәселен, төмендегідей бағыттарда мазмұндалса тиімді болар еді: ▪ Мақсат, міндеттерді ұсыну, оларға жетудің жолдары мен құралдарын анықтау (болжау бағыт); ▪ Халықтық педагогика жайлы қажет білімдер және педагогикалық дәстүрлердің озық мәніне түсінік беру (көпміндеттілігі, көпұрпақтығы, сапалық қасиеттерді қалыптастырудағы тәрбиелік құндылықтардың сабақтастығы және т.б.) (хабарламалық білімдік бағыт); ▪ Тәлімдік дәстүрде негіз қаланған халық даналығы байлығы мен тәжірибесіне оқушыларды тарту (практикалық бағыт). Халықтық тәрбие дәстүрлерін тұтас педагогикалық процесте – меңгерудің шарттарын анықтаудың да мәні зор, яғни, олар: ▪ Педагогтардың ұрпақтар байланысын отбасындағы қарым-қатынастағы секілді әлеуметтік орта мен қатынаста балалар мен үлкендердің біріккен әрекеттерін ұйымдастыру жолымен қамтамасыз етуі; ▪ Халықтық педагогикалық мәдениетті ауызша шығармашылықтар туындыларымен, жазба мұралар, архитектуралық ескерткіштер, сәндік- қолданбалы өнер туындылары мен танысу арқылы меңгеру; ▪ Халықтық рухани байлығы мен тілін туғызушы қайнар көз – ана тілін жетік игеру. Халықтық дәстүрлерді мақсатқа сай педагогикалық пайдаланғанда ақыл-ой, адамгершілік, этикалық, эстетикалық, дене және еңбек тәрбиесіне, ұйымшылдықты қалыптастыруға қолайлы мүмкіндіктер туады. Сондықтан, балалар мен жастар тәрбиесін басқару халықтық педагогикасының озық идеялары мен тәжірибесін қолдану принциптерін есепке алып жүзеге асырылуы қажет (ұтытылған педагогикалық озық дәстүрлерді қазіргі жағдайдағы жаңадан қалыптасып жатқан дәстүрлермен ұштастыру); қоғамдық-тарихи тәжірибе, халық даналығы берілісі сабақтастығын балалардың отбасы тәрбиесінде қамтамасыз ету; оқушыларды алдыңғы қатардағы дәстүрлерге және олардың белсенді қызметіне тарту: ▪ Оқушыларды халық педагогикасының құралдарымен тәрбиелеудің мақсаты, міндеттерін, мазмұны мен әдістерін нақтылау және ғылыми негіздеу (мұның өзі оларды зерттеуді методологиялық жетілдіруді талап етеді). Қоғамның рухани байлығын арттыруға жәрдемдесетін халықтық педагогиканың озық идеялары мен жағымды тәжірибесін, жекелей алғанда, дәстүрлерін (әсіресе, еңбек, қолөнер және мәдени), әдет-ғұрыптар мен мінез- құлық нормаларын әрі қарай зерттеу үшін іріктеген жөн және педагогтарға, тәрбиешілерге, ата-аналарға ұсыну қажет. Мектептер үшін ата-бабалар қол еңбегі мен халықтық өзге жетістіктерді, халықтық медицина тәжірибесі, адамның мінез құлқына талаптары және т.б. қамтып көрсететін құрал қызметін атқарушы «Қазақ халқы педагогикасы» қолайлы хабар көзі даярланып, жарық көрсе пайдалы болар еді. Халықтың педагогикалық шығармашылығы мұраларын сабақтауда және сабақтан тыс жұмыстарда жүйелілікпен пайдаланған тиімді. Ауызша халықтық шығарма, туған тіл баланың жан дүниесіне енеді. Мақалдар, мәтелдер балаларды терең ойларды қысқа түрде, анық білдіруге үйретсе, жұмбақтар ой- өрісті кеңейтеді; ойындар бала организмін жетілдіреді, тұлғаның моральдық- жігерлілік және дене күші сапаларын арттырады. Басқаша айтқанда, бұлар ақыл- ой, адамгершілік және дене тәрбиесі құралдары, әдістері мен тәсілдерді қызметін атқаруы қажет. Халықтық ауызша шығармашылығын оқып үйрену барысында патриотизм, ұйымшылдық, халықтар ынтымағы, гуманизм, үлкендерді құрметтеу, қарапайымдылық, сыпайылылық, адалдық және адамның моральдық кейпінің өзге де тұстарын тәрбиелеуге ерекше көңіл аударған жөн. Халықтың өткендегі өмірі мен бүгінгі жағдайы айырмашылығын жан-жақты ашып көрсетуге мүмкіндік беретіндіктен эпостарды оқып үйрену негізіне салыстыру мен теңеу әдісі алынғаны тиімді болар еді. Халық шығармашылықтарының тәрбиелік мүмкіндіктерін қазіргі тәрбие мақсаты және міндеттерімен тығыз байланыста қарастырудың да мәні зор. Оқушыларда халық шығармашалығының көркемдік құндылығы жайлы шығармашылығының көркем дік құндылығы жайлы түсінік қалыптастыру үшін кіршіксіз арман мен өмір орнықтырушы, көңіл күйді алып беруші болып табылатын кейіпкер бейнелерін көңілге қонымды пайдалана алу; халық туындылары, тілі музыкасы, әні, өнерінің мәнерлілігі, әуенділігі, көркемдік айқындылығын көрсету қажеттігі туындайды. Адамгершілікке тәрбиелеу процесінде озық халықтық дәстүрлерді, жоғары идеялық ертегілер, мақалдар, мәтелдер, жұмбақтарды қолдану тиімді. Халық педагогикасынан өнегелерге кластан тыс жұмыста, газеттер мен журналдар беттерінде, радио мен теледидар хабарларында тиісті орын берілуі керек. Халықтық педагогика мектепке дейінгі және мектептен тыс тәрбие мекемелерінде жүргізілетін тәрбие бойынша жұмыстарды сол не өзге деңгейде байытуы тиіс. Халық педагогикасы материалдарымен жұмысқа оқушылардың өздерін қатыстырған пайдалы. Үйірмелер, байқаулар, тақырыптық кештер мен конференциялар ұйымдастыру осы мақсатқа бағытталғаны жөн. Тәрбие жұмысының моделі Тәрбиеші оқушы Іс-әрекет Коллективті әрекет жеке бастың дамуы. Тәрбиеші оқушыға, оқушы тәрбиешіге әсер ету болған жағдайда екі жақты процесс іске асады. Ортақ әрекет болуы керек. Мұғалім оқушы – оқушы мұғалім орнына тұра білуі керек. Тәрбие іс-әрекет болғандықтан оқушы мен оқытушы орта істі шеше білу керек. Сөйтіп, нәтижеде бүкіл оқушылар ұйымы, ата-аналар тобы коллектив болып шеше алмаса олардың жұмысын ноль деуге болады. Ал коллектив сыныпта қалыптаса сынып жетекшісі жоқ болса да өздері атқара береді. Мұндай жағдай жеке бастың жан-жақты дамуына ықпал етеді. Егер осы дәрежеге жетсек тәрбие жұмысының мақсатына жеткеніміз. Жалпы білім беретін орта мектептің тәрбие жүйесі бірін-бірі толықтыратын, сабақтастыратын негізгі екі бөлімнен тұрады. 1-ші бөлім: Оқу, білім беру саласындағы тәрбие. 2-ші бөлім: Арнайы тәрбие. Қазіргі кезде жаңа жасалып жатқан оқулықтар мен бағдарламада ескертетін жағдай-бастауыш буыннан бастап білім мазмұны, Қазақ халқының өмір тәжірибесі, салт-дәстүрі, шаруашылық жүргізу тәсілдері, рухани байлығы, саяси әлеуметтік, экономикалық ерекшелігін ескеру. Сонымен қатар, дүниежүзілік мәдениет, ғылым, техника жетістіктерін әлем халықтарының озат тәжірибесімен дәстүрлерін пайдалану. Бұдан былай мектептерімізде мақсатын көздеген арнайы пәндер болады. Олар: 1. Өнер және Әдеп. /6-7 кл. Арналған/. Ұлттық өнер мен әдеп жайында жүйелі білім беру. Өнердің әрбір саласының іші мазмұнын ашу, баланың жеке қабілеті мен дарынын ояту, шығармашылыққа, іскерлікке үйрету; халқымыздың ізгі қасиеттерін баланың бойына сіңіріп имандылық мінез-құлқын қалыптастыру. 2. Қазақ халқының салт-дәстүрі. /8-9 кл. арналған/. Халқымыздың ұлттық ерекшелігін, психологиясын, дүниетанымын, ойын, тұрмыс-тіршілігін, салт-дәстүрлерін олардың санасына сіңіру арқылы халқымыздың ұрпақты тәрбиелеудегі, әулет жалғастырудағы өмір тәжірибесінен түсінік беру. 3. Ұлттық мәдениет тарихы. /10-11 кл. үшін/. Оқущылардың жас шамасын ескере отырып қазақ халқының бай тарихынан /әдебиет, сәулет, бейнелеу, қолданбалы өнерлерді, спорт ойындары, ән-күй, тәлім-тәрбие тарихы т.б./ жүйелі мәлімет беру. Ұлттық санасын азаматтығының негіздерін қалыптастыру. Мұнымен қатар білім министрлігі бекіткен «Қазақ мектептері мен мектепке дейінгі балалар мекемелеріндегі имандылық-эстетикалық тәрбие берудің кешенді бағдарламасы бар». Мектептегі тәрбие жүйесінің екінші бөлімі – арнайы тәрбие. Бұл түрлі әдіс-тәсілдерге, баланың іс-әрекеті мен қарым-қатынасына негізделген оқытудағы тәрбие беру жұмысының мазмұндас жалғасы. ← Халықтың, мәдениетін, өнерін, ғылымының тарихи даму негіздерін зерттеу; ← Отбасы және мектепке дейінгі тәлім-тәрбиені байланыстыра отырып жаңа мазмұнды «Атамекен», «Сөз зергері», «Қол өнері», «ұлттық ойындар», «сөз хат», «Шежіре», «Шешендік өнер», т.б. үйірмелер, клубтар ұйымдастыру. ← Ақындар, терме-жыршылар кластарын ашу; ← «Әкелер», «әжелер», «енелер», «келіндер» мектептерін ұйымдастыру; ← Үй шаруасы сабағын ұлттық тәрбие кезіне айналдыру. ← Ата тарихын зерттеу, зерделеу. Сол арқылы баланы ел тарихына, өз әулетіне, тегіне үңілуге баулу; ← Тарихи-этнографиялық орындарда/ұлы жібек жолы, жоңғар қапасы/зерттеу, мазмұны саяхаттар ұйымдастыру. ← Ғылым, мәдениет қайраткерлерімен, көпті көрген қариялармен кездесу кештері, пікір алысу. ← Жоғары кластарда халықтың ауыз әдебиеті үлгілері, шежірелері бойынша шығармашылық сайыстары өткізуді дәстүрге айналдыру; ← Киноклубтар жұмыстарын жандандыру; ← Ұлттық ойындар сайысын ұйымдастыру; ← Отбасы мен мектептің жұмысындағы бірлікті күшейту мақсатында «Халық педагогикасы университеттерін» ұйымдастыру. Қазақ мектептеріндегі ұлттық тәлім-тәрбие жұмысының бағдарламасын айтқанда әсіресе 6-11 кластарға арналған «Атамекен» бағдарламасының ролі ерекше. «АТАМЕКЕН» - Қазақстандағы жалпы білім беретін мектептердегі оқу- тәрбие процесінің өзіндік ұлттық айшық, ерекшеліктерін анықтайтын қазақ халқы педагогикасының тәлім-тәрбиелік принциптеріне негізделген ғылыми- педагогикалық және методикалық бағдарлама болып табылады. Бағдарламаның негізгі мақсаты ұлттық өзіндік ерекшеліктерді ескере отырып, оқу-тәрбие жұмысының жаңа үлгісіндегі жобасын балалар мен ересектерді біріктіретін, ауылдық, аудандық, қалалық, облыстық, аймақтық «Атамекен» ордасын/штабын/ құру. «Елім-ай» атты ұлттық этнографиялық іскерлік, шығармашылық /творчествалық/ - көріністік ойындарын өткізу, өз Туын, елтаңбасы /эмблемасын/, төсбелгісін /значогін/, ұлттық киім формасын және өзге рәсімдік-символдық белгілерді иелену әрбір мектепте тарихи ұлттық этнографиялық музейлер ашу. Қызметі: «Атамекен» негізгі 30 шығармашылық бағыттан тұрады. Онда халықтың салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары, тарихы, этномәдениеті, этностық тілдері рухани игіліктерін қолдана отырып, балық ағарту-тәрбие процестерін кешенді /комплексті/ түрде қарастырған. Шығармашылық бағыттарды толығынан жүзеге асыру үшін мектептерде, мектептерден тыс мекемелерде, педагогикалық жоғарғы оқу орындары мен училищелерінде іс-әрекет етуші штабтар-«Атамекен» ордасы құрылады. Орда төрағасы, орынбасарын, 3 бірлестіктіің жетекшілерін 1- 4 класс «Балдырғандар ата-баба елінде», 5-8 кластар-«Мұрагер» бірлестіктерін құрып, сайлап толық шығармашылық жұмыстар жүргізіледі. Әрбір бірлестік өздерінің жас ерекшеліктеріне қарай және тілектеріне қарай бағыттарын белгілейді. Олар белгілі бір мерзімдер бойынша бірлестіктерге тапсырылып салтанатты және дәстүрлі түрде жалғастырылып отырады, қоғамдық пікірлер арқылы өзгертіліп және толықтырылып отырады. Әрбір шығармашылық бағыт өзінің ұлттық-рәсімдік символдық елтаңбасын /эмблемасын/ иеленеді. 1. Сендіру-сөзге негізделген баяндама, әңгіме, диспут, лекция – бұл ең жетекші әдісі. Сөйтіп бұл әдісті сендіру әдісі деп айтамыз. 2. Практикалық әдіс. Жағымды мінез-құлыққа жаттықтыру – оған түрлі тапсырмалар беру. Қоғамдық азаматтық, пионерлік тапсырма беру. Спортқа, түрлі үйірмелерге, экскурсияға қатыстыруға тапсырмалар беру; Ойындар пәнді, әскери т.б. жылжымалы ойындар арқылы жығымды әдет- ғұрыпқа тәрбиелеу. 3. Ынталандыру – мұны Бабанский стимуляция жасау деп атайды, көтермелеу және жазалау бұл педагогикада көмекші қосымша әдістер ретінде қарастырылады. 4. Өзін-өзі тәрбиелеу – Сухомлинский: «Бала өзін-өзі жетілдіруге икемделмесе оны жүз мұғалім де тәрбиелей алмайды», - дейді. «Менің атым Қожа» - Қожаның айна алдына отырып өзіне-өзі бұйрық беруі. (Абайдың қара сөздері). Студенттердің білімдерін бақылауға арналған сұрақтар: 1.Этнопедагогикалық білімдерді мұғалімнің кәсіптік іс-әрекетінде қолдану мақсатын анықтаңыз. 2.Этнопедагогика бойынша сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырудың түрлерін атаңыз. 3.«Атамекен», «Елім-ай», «Жұлдыз», «Кәусарбұлақ», ұлттық бағдарламаларының мақсатын түсіндіріңіз. 4.Қазақстан Республикасыны орта және жалпы білім беретін мектептеріндегі ұлттық тәрбиені жүзеге асыру жолдары қандай? Әдебиеттері: 1. Мырзатаева Б. Халықтық салт-дәстүрлердің бала дамуына ықпалы. Ұлағат – 2002 №5 37 б. 2. С.Ғаппасов.Ізгілік әліппесі А-1991 З. З.Ә Әбілова,К.М.Қалиева. Этнопедагогика.А-1999ж 4. Ә. Табылдиев.Халық тағылымы. А-1992 5. Ғаббасов С. Халық педагогикасының негіздері Алматы, 1995 ж. 3. Этнопедагогика пәні бойынша семинар тапсырмалары. 1-семинар. Этнопедагогика пәні: пәннің мақсаттары мен міндеттері. Мақсаты: Этнопедагогика пәнінің мазмұнымен таныстыру. этнопедагогика ұғымына анықтама беру. Оның негізгі мақсаттары мен міндеттерімен таныстыру. Жоспар: 1.Халықтық педагогиканың мазмұны және негізгі қызметтері 2.Этнопедагогиканың басқа ғылыми салаларымен байланысы 3.Халықтық педагогикалық көзқарас және этнопедагогика Бақылау сұрақтары: 1. Халық педагогикасы туралы ғалымдардың көқарастарындағы айрмашылықтарды көрсет 2. Халық педагогикасы мен ғылыми педагогиканың қағидаларының үндестігін салыстыра отырып ажыратып бер. 3. Этнопедагогика қандай ғылым салаласынан бөлінген? Қандай салалармен байланысты? 4. Халықтық педагогиканың қандай негізгі қағидалары бар? 5. Этнопедагогиканың пайда болуына қандай теория әсерін тигізді? Әдебиеттер: 1.Айдаров І., Орхон ескерткіштерінің тексті, Алматы, ғ, 1990 2.Алтынсарин Ы., Таңдамалы педагогикалық мұралары, Алматы, 1991 3.Арғынбаев Х. Қазақ халқының қолөнері, Алматы 1987 4.Косков Г.Н.Этнопедагогика Чебоксары, 1990 5.Баласағұн, Құтты білік, Алматы, 1995 6.О.Табылдиев Қазақ этнопедагогикасы А.2001 ж. 2-семинар.Этнопедагогиканың этникалық компоненті. Мақсаты: Этнопедагогиканың этникалық құрылымы түсінігімен таныстыру. «Этнос», «Ұлт», «Халық» ұғымдарына түсінік беру. Этностарды зерттейтін ғылым салалары жайлы ақпарат беру. Қазақ этносының дамуымен қысқаша таныстыру. Жоспар: 1.Этнос, ұлт және халық ұғымдары 2.Этностар мәдениетін зерттейтін қоғамдық ғылымдар және олардың өзара байланысы 3.Қазақ этносының пайда болу тарихы Бақылау сұрақтары: 1. «Этнос» ұғымының «халық» және «ұлт» ұғымдарымен байланысы қандай? 2. Этностың шығу тегін қалай сипаттауға болады? 3. Этнос мәдениеті қай кездерден бастап зерттеле бастады, және оған кімдер қатысты? 4. Қазақ этносының қалыптасуына үлес қосқан адамдар жайлы айтып бер. Әдебиеттер: 1. Алтынсарин Ы., Таңдамалы педагогикалық мұралары. Алматы, 1991 2. Арғынбаев Х. Қазақ халқының қол өнері, Алматы, 1987 3. Косков Г.Н. Этнопедагогика, Чебоксары, 1991 4. Баласағұн , Құтты білік, Алматы, 1995 5. Табылдиев, Қазақ этнопедагогикасы А-2оо1 3-семинар.Халықтық тәрбие құралдары және олардың факторлары. Мақсаты: Халықтық тәрбие ұғымымен таныстыру. Халықтық тәрбие туралы еңбектерді қарастыру. Тәрбие құралдарына тоқталып, олардың халықтық тәрбие беруде атқаратын қызметтерін қарастыру. Жоспар: 1.Педагогтардың ғылыми еңбектеріндегі халықтық тәрбие 2.Этнопедагогикалық түсініктерге ғылыми анықтамалар Бақылау сұрақтары: 1. Халықтық тәрбие құралдарына нелерді жатқызуға болады? 2. Қазіргі тәрбие құралдары мен ертеректе қолданылған тәрбие құралдарына қандай салыстырмалы талдау жасауға болады? 3. Халықтық тәрбиені зерттеген педагог ғалымдарды атап, олардың педагогикалық ойларын талда. Әдебиеттер: 1. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі, Алматы, «Сана», 1995 2. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақтың халық педагогикасының тағылымдары, Алматы, «Кітап» 1992 3. Қалиев С. Халық педагогикасының тағылымдары.// Бастауыш мектеп-1991-№5- 26 б. 4. Қалиев С., Базилов Ж. Қазақ халқының салт-дәстүрлері, Алматы, РБК, 1993 5. Мырзатаева Б. Халықтық салт-дәстүрлердің бала дамуына ықпалы. Ұлағат – 2оо2 №5 37 б. 4-семинар.Этнопедагогика бойынша зерттеулерді талдау. Мақсаты: Этнопедагогика бойынша зерттеу жұмыстарымен танысу, этнопедагогиканың әдіснамасын қарастыру. Жоспар: 1. Этнопедагогика әдіснамасы. 2.Интегративті этнопедагогика. 3.Этнопедагогикалық менеджмент. 4.Этнопедагогикалық антропология. Бақылау сұрақтары: 1. Этностық тарих дегеніміз не? 2. Этнопедагогиканың басқа ғылымдарымен байланысы қандай? 3. Этностар тарихына әсер ететін факторларды ата. 4. Этностарды зерттеуде тарихи-педагогикалық зерттеулерге қойылатын талаптар қандай? Әдебиеттер: 1. Жарықбаев Қ, Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі. Алматы, «Сана», 1995 2. Жарықбаев Қ, Қалиев С. Қазақтың халық педагогикасының тарихынан. Алматы, «Кітап», 1992 3. Қалиев С. Халық педагогикасының тағылымдары // Бастауыш мектеп-1991-№5 – 26 б. 4. Қалиев С., Базилов Ж. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. Алматы, РБК, 1993 5. Мырзатаева Б. Халықтық салт-дәстүрлердің бала дамуына ықпалы. Ұлағат -2002-№5 – 37 б. 6. 5-семинар.Қазақ этнопедагогикасы. Мақсаты: Қазақ этнопедагогикасының негіздерін, ұстанымдарын, заңдылықтарын қарастыру. Қазақтың этнопедагогикасының қайнар көзерімен, мазмұнымен танысу. Жоспар: 1.Қазақ этнопедагогикасының негіздері, қызметі, ұстанымдары, заңдылықтары. 2.Қазақтың халықтық педагогикасының қайнар көздері. 3.Қазақтың халықтық педагогикасының мазмұны. Бақылау сұрақтары: 1. Қазақ этнопедагогикасының өзіндік ерекшеліктері қандай? 2. Қазақтың халықтық педагогикасының қайнар көздерін ата. 3. Қазақтың халықтық педагогикасының мазмұны қандай? 4. Қазақтың халықтық педагогикасының ұстанымдары қандай? Әдебиеттер: 1. Жарықбаев Қ, Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі. Алматы, «Сана», 1995 2. Жарықбаев Қ, Қалиев С. Қазақтың халық педагогикасының тарихынан. Алматы, «Кітап», 1992 3. Қалиев С. Халық педагогикасының тағылымдары // Бастауыш мектеп-1991-№5 – 26 б. 4. Қалиев С., Базилов Ж. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. Алматы, РБК, 1993 5. Мырзатаева Б. Халықтық салт-дәстүрлердің бала дамуына ықпалы. Ұлағат -2002-№5 – 37 б. 6. З.Әбілова, Қ.Қалиева «Этнопедагогика оқулығы» Алматы 1990 жыл 6-семинар.Этномәдениет – этнопедагогика негізі ретінде. Мақсаты: Этномәдениет ұғымына анықтама беру. Этномәдени білім жайлы түсініктерін қалыптастыру. Жоспар: 1.Этникалық мәдениет және білім. Этномәдени білім туралы түсінік. 2.Білімнің мәдени сәйкестілігі. 3.Қазақстанда этномәдени қызығушылықтарды жүзеге асыру. Этномәдени білімді іске асыру ұстанымдары. Мәдениетаралық толеранттылық. Полиэтникалық білімдік орта. Бақылау сұрақтары: 1. Этникалық мәдениет дегеніміз не? 2. Этномәдени білім туралы түсінік. 3. Қазақстандағы этномәдениеттің қалыптасуы. Әдебиеттер: 1. Мырзатаева Б. Халықтық салт-дәстүрлердің бала дамуына ықпалы. Ұлағат – 2002 №5 37 б. 2. З.Әбілова, Қ.Қалиева «Этнопедагогика оқулығы» Алматы 1990 жыл 3. Арғынбаев Х. Қазақ отбасы:/Қазақ отбасының кешегісі мен бүгінгісі жайындағы ғылыми зерттеу еңбек/ Алматы: Қайнар, 1996 – 286 б. 4. Ақбаев Н. Ата салтыңды аяла: салт-дәстүрлері туралы таным. Алматы: Ана тілі, 1998-159 7-семинар.Тұлға қалыптастырудағы халықтық педагогиканың негізгі факторлары. Мақсаты: Тұлға қалыптастырудағы халықтық педагогикалық факторлар жайлы түсінік беру. Жоспар: 1) Тұқымқуалаушылық, орта, тәрбие деген халықтық көзқарас. 2)Табиғат. Қарым-қатынас Тұрмыс. Балалар ортасының уақытша топтар, ұжымдар. 3) Халықтық ойындар, жарыстар. Бақылау сұрақтары: 1. Тұлға дегеніміз кім? 2. Тұлға қалыптасуына әсер ететін халықтық педагогикалық факторларды ата. Әдебиеттер: 1. Қалиев С. Халық педагогикасының тағылымдары // Бастауыш мектеп-1991-№5 – 26 б. 2. Қалиев С., Базилов Ж. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. Алматы, РБК, 1993 3. Мырзатаева Б. Халықтық салт-дәстүрлердің бала дамуына ықпалы. Ұлағат -2002-№5 – 37 б. 8-семинар.Еңбек халық педагогикасының өзегі Мақсаты: Еңбек тәрбиесімен таныстыру, халық педагогикасындағы еңбек тәрбиесін жайлы түсініктерін қалыптастыру. Жоспар: 1. Халықтық еңбек дәстүрлері және олардың педагогикалық мәні. 2. Еңбек дәстүрлі түрлерін үйрету. 3. Еңбек тәрбиесінің әдістері, түсіндіру, әрекет түрлерін көрсету, жаттығу өсиет, мадақтау, тиым т.б. Бақылау сұрақтары: 1. Халықтық еңбек дәстүрлері және олардың педагогикалық мәні қандай? 2. Еңбектің дәстүрлі түрлерін ата. 3. Еңбек тәрбиесінің әдістері, түсіндіру, әрекет түрлерін көрсету, жаттығу өсиет, мадақтау, тиым т.б. жайлы айт. Әдебиеттер: 1. Жарықбаев Қ, Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі. Алматы, «Сана», 1995 2. Жарықбаев Қ, Қалиев С. Қазақтың халық педагогикасының тарихынан. Алматы, «Кітап», 1992 3. Қалиев С. Халық педагогикасының тағылымдары // Бастауыш мектеп- 1991-№5 – 26 б. 4. Қалиев С., Базилов Ж. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. Алматы, РБК, 1993 5. Мырзатаева Б. Халықтық салт-дәстүрлердің бала дамуына ықпалы. Ұлағат -2002-№5 – 37 б. 6. З.Әбілова, Қ.Қалиева «Этнопедагогика оқулығы» Алматы 1990 жыл 9-семинар.Болашақ мұғалімдерді этнопедагогика бойынша даярлау. Мақсаты: Этнопедагогикалық білімдерді мұғалімнің кәсіптік іс-әрекетіне қолдану жолдарына түсініктеме беру. Жүргізіліп жатқан тәжірбиелік- педагогикалық жұмыстар халықтық педагогикалық идеалар мен тәжірбиені жеткіншек ұрпақ тәрбиесінің құрамды бөлігі болып табылатындығын сенімді дәлелдеу. Жоспар: 1.Этнопедагогикалық білімдерді мұғалімдік кәсіптік іс-әрекетіне қолдану, этнопедагогика бойынша сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырудың түрлері. 2.Қазақстанның жалпы білім беретін мектептеріне этнопедагогиканы енгізудің қазіргі жағдайы «Атамакен», «Елім-ай», «Жұлдыз», «Кәусар бұлақ», ұлттық бағдарламалары, олардың Қазақстан Республикасын орта және жалпы білім беретін мекемелердегі бағыттарды және қолданылуы. Бақылау сұрақтары: 1. Этнопедагогика бойынша сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырудың қандай түрлері бар? 2. Қазақстанның жалпы білім беретін мектептеріне этнопедагогиканы енгізудің қазіргі жағдайы қандай? Әдебиеттер: 1. Мырзатаева Б. Халықтық салт-дәстүрлердің бала дамуына ықпалы. Ұлағат – 2002 №5 37 б. 2. З.Әбілова, Қ.Қалиева «Этнопедагогика оқулығы» Алматы 1990 жыл 3. Ә.Табылдиев. Халық тағылымы. А.-1992. Ғаббасов С. Халық педагогикасының негіздері. Алматы, 1995. 4. Қ.Б.Жарықбаев. Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы. А-1994. 4. Студенттердің өздік жұмыстары. СӨЖ №1 Тақырып: Мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәні Мақсаты Мақал-мәтелдерді тәрбие процесінде қолдана білу жолдарын меңгерту. Тапсырма мазмұны Мақал мәтелдерді топтастырыңыз, мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәнін ашып түсіндіріңіз Тапсырма тақырыбы: 1.Төрт түлікке байланысты 2.Өнер, білім 3.Батырлық, ерлік 4.Елдік, ынтымақ, бірлік. Тағыда басқа тақырыптарды қарастырыңыз. Әдебиет Ә. Табылдиев.Халық тағылымы. А-1992 Формасы Ақпараттық жоба (топқа бөлініп буклет жасаңыз) СӨЖ №2 Тақырып: Бала тәрбиесіндегі халықтық ұстанымдар Мақсаты Қанатты сөздерді педагогикалық процесте қолданудың жолымен таныстыру Тапсырма мазмұны Бала тәрбиесіндегі халықтық ұстанымдар Тапсырма: Конспект жасап материал жинақтап қабырға газетін дайындаңыз Әдебиет С.Ғаппасов.Ізгілік әліппесі А-1991. Бастауыш мектеп №8,9-2006 Формасы Қанатты сөздер (слайд жасау) СӨЖ №3 Тақырып: Тәрбие сағатын халықтық педагогикамен байланыстыру Мақсаты Пәнаралық байланыс жолдарын анықтау Тапсырма мазмұны Бір тәрбие сағатының тақырыбын алып халықтық педагогикамен байланыстыру жолдарын көрсету Әдебиет З.Ә Әбілова,К.М.Қалиева. Этнопедагогика.А-1999ж Формасы Әдістеме жүргізу (жоспарын құрыңыз) СӨЖ №4 Тақырып: Шешендік сөздердегі адамгершілік тағылымдар Мақсаты Шешендік сөздердің философиялық мазмұнын түсіндіру Тапсырма мазмұны Адамгершілікке байланысты айтылған шешендік сөздерді тауып конспект жасап, эссе жазыңыз Әдебиет Б.Адамбаев Шешендік сөздер А-1992 Формасы Жаднама жасаңыз СӨЖ №5 Тақырып:Ертегілерді сахна арқылы тәрбиеге пайдаланудың жолдары Мақсаты Теорияны практикамен байланыстыру Тапсырма мазмұны Ертегілерді сахна арқылы тәрбиеге пайдаланудың жолдары Тапсырма: Әдістеме жүргізу 1.Тұрмыс-салт 2.Табиғатқа байланысты 3.Аңдарға байланысты Әдебиет О. ТабылдиевҚазақ этнопедагогикасы А-2001ж Формасы: Әдістеме жргізі (Интерактивті тақталарды қолдану) СӨЖ №6 Тақырып:Тұрмыс-салт жырларының тәрбиелік мәні Мақсаты Тұрмыс салт жырларының педагогикалық мазмұнымен танысу Тапсырма мазмұны Тұрмыс-салт жырларының тәрбиелік мәні Тапсырма: Бақылау сұрақтары 1.Қазақтың тұрмыс-салт жырлары 2.Қазақтың тұрмыс-салт жырларының жаңаша мазмұны Әдебиет К.Ж.Қожахметов Халыктық педагогиканы зерттеудің кейбір ғылыми және теориялык мәселелері. А-1993 Формасы Ақпараттық баяндама жасаңыз ----------------------- Тәрбие әдісінің негізгі түрлері Сендіру Практикалық әдіс Ынталандыру Өзін-өзі тәрбиелеу
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz