Файл қосу

Қазақ елінің хандары



|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ                   |
|СЕМЕЙ ҚАЛАЛЫҚ  ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ  МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ                 |
|                                    |ОӘК                |ОӘК 042-18-24.1. |
|3 деңгейлі ОӘ құжаты                |                   |10/03- 2013      |
|«Кәсіби қазақ тілі » пәнінің  оқу   | 01.09.2013 № 1    |                 |
|әдімтемелік -материалы              |басылым            |                 |







        5В120100»  « Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша  үшін
                «Кәсіби қазақ тілі»  пәнінен сабақтарын жүргізуге арналған







                          ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІНІҢ
                          ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛЫ


















                                    Семей
                                     2013




                                   Мазмұны
1.Дәрістер
2. Тәжірибеліксабақтар
































1-апта. 1-тәжірибелік сабақ
Грамматика: Қазақ тіліндегі жалғаулардың түрлері. Көптік жалғаулары.
1-тапсырма.  XX  ғасырдың  I   жартысындағы    тарихи-әлеуметтік   жағдаймен
танысып, тарихи деректерді меңгеріп, мазмұндаңыздар.

                             Қазақ елінің тарихы
                                  * * * * *
            XX ғасырдың I жартысындағы  тарихи-әлеуметтік жағдай

XX  ғасырдың  басында  Қазақстан  көп  ұлтты  елге  айналды.  Ғасыр  басында
Қазақстанның негізгі аумағы алты облысқа бөлінді.
XX ғасырдың басында қазақтар, орыстар, украиндар өлке халқының 87  %-нан  95
%- на дейін құрады. Өлке тұрғындарының  90  %-нан  астамы  ауылдық  жерлерде
қоныстанды. Олардың негізгі  кәсібі  мал  шаруашылығы  болды.  Ал  егіншілік
халықтың көпшілік бөлігінің негізгі кәсібіне айналды.
Ресей патшалығының отары ретіндегі Қазақстанда өнеркәсіптің екі саласы: тау-
кен өндірісі  мен  кен-зауыт  өнеркәсібі,  сондай-ақ  мал  өнімдерін  ұқсату
жөніндегі өнеркәсіп жатқызылады. Қазақ  өлкесінің  ғасыр  басындағы  тау-кен
өнеркәсібінің басты салаларының бірі – алтын шығару болды.
Қазақстанда  темір  жолдардың  салынуы  маңызды  рөл  атқарды.   Революцияға
дейінгі Қазақстанның негізгі ірі Сібір темір жол  желісі  1901-1905  жылдары
салынған  Орынбор-Ташкент  жолы   болды.   Өлкенің   әлеуметтік-экономикалық
өмірінде жол қатынастарының дамуы маңызды рөл атқарды.
Қазақстанның барлық жерін  байырғы  халықтың  меншігі  деп  тану  мақсатында
мектептер     ашу     және   т.    б.    талаптар     енгізілді.     Олардың
басында     Ә.   Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М.  Тынышпаев,  М.  Шоқаев,  М.
Дулатов  сияқты  қазақ  зиялыларының  көрнекті  қайраткерлері  жүрді.   Ізгі
мақсатқа қол жеткізу үшін қазақ зиялылары саяси күрестің басты     құралдары
   ретінде    «Айқап»   сияқты   журналды   (редакторы  М.   Сералин)   және
А. Байтұрсыновтың басшылығымен «Қазақ» бұқаралық газетін шығарды.
1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс қазақ халқының  сан  ғасырлық  қозғалысының
тарихында     ерекше     орын     алады.     Көтерілістің     жолын     жұрт
таныған    басшылары  –  Ә.   Жанбосынов,   А.   Иманов,   көтерілісшілердің
саяси  көсемдері  –  Т. Бокин,  Т. Рысқұлов,  Ә.  Жангелдин,  С.  Датов,  И.
Тайманов, М. Өтемісов, К. Қасымовтар тәуелсіздік жолындағы  күреске  халықты
көтерді.
1916 жылғы көтерілістің айрықша ерекшелігі – оған қазақтармен қатар  қырғыз,
ұйғыр, өзбек және басқа да халықтар өкілдерінің қатысуы болды.
Кеңес үкіметі сауатсыздықты жою мәселесін  көтерді.  Жастарға  білім  беруді
жақсарту үшін мектептер ашу ісі  қолға  алынды.  1935  ж.  мектеп  жасындағы
балалардың 91 %-ы оқуға тартылды. 1935-1936 оқу жылында алғаш рет  11  қазақ
баласы  орта   мектепті   бітірді.   Кеңес   үкіметі   Қазақстанда   ғылымды
қалыптастыру мәселесімен де айналысты.  1932  жылы  Қазақстанда  12  ғылыми-
зерттеу институттары, 15 тәжірибе станциялары, 186  лабораториялар  және  т.
б. ғылыми орталықтар  жұмыс  істеді.  Осы  кезде  КСРО  ҒА-ның  қазақстандық
базасы құрылып, 1938 жылы КСРО ҒА-ның филиалына айналды.
1920-1930 жылдары Ж..Аймауытов,  А.Байтұрсынов,  М.Жұмабаев,  Ш.Құдайбердиев
шығармалары  кең  көлемде  пайдаланылды.  Кеңес  үкіметі  ұлттық  әдебиеттің
орнына кеңестік әдебиет пен өнердің қалыптасуына жағдай  жасады.  Осы  кезде
социалистік әдебиеттің негізі қаланды.   С. Сейфуллин,  С.  Торайғыров,   Б.
Майлин, І. Жансүгіров, М. Әуезов, С. Мұқанов,
Ғ. Мүсірепов, Т. Жароков, Ғ. Орманов сияқты т.б. кеңестік қазақ прозасы  мен
поэзиясының көрнекті өкілдері қалыптасты.
1926 жылы кәсіби театр өнерінің  алғашқы  қарлығашы  –  қазақ  драма  театры
ашылды. Оны Ә.  Қашаубаев,  С.  Қожамқұлов,  Е.  Өмірзақов,  Қ.  Жандарбеков
сияқты қазақ театр өнерінің майталмандары ұйымдастырды.
Кеңес үкіметінің өкілдері әртүрлі айыптау  науқаны  –  саяси  қуғын-сүргінге
ұласты. Қуғын-сүргінді ұйымдастыру 1920 жылдың аяғы мен 1930  жылдың  ортасы
болды. 1928 жылдың   аяғында   Алашорда  қайраткерлері  –   А.  Байтұрсынов,
М. Жұмабаев,  М.  Дулатов,  Ж.  Аймауытов  және  т.б.  44  адам  қуғындалып,
тұтқындалды. 1930 жылдың қыркүйек, қазан айларында  ұлттық  интеллигенцияның
екінші бір тобы – Х. Досмұхамедов, М. Тынышпаев, Ж. Ақпаев, Ә. Ермеков  т.б.
зиялы қауым өкілдері тұтқындалды.
Жалпы репрессия саясаты нәтижесінде қазақ халқының ең  таңдаулы  азаматтары,
олардың  ішінде кеңес үкіметін орнатуға қатысқан А. Айтиев, Т. Рысқұлов,  Н.
Сырғабеков сияқты қайраткерлер де атылып кетті.
      Кеңес халқының Ұлы Отан соғысындағы жеңісі адамзатты  фашизм  қаупінен
құтқарды.  Қазақ  халқының  бұл   жеңіске   қосқан   үлесі   зор.   Соғыстың
ауыртпашылығын көтеріп, бостандықты қорғаған қазақстандық батырлардың  есімі
әрқашан ел есінде сақталады.   Олар  –   генерал-майор   И.  В.  Панфиловтан
бастап,  Б. Момышұлы,  Т. Тоқтаров,  Қ.  Қайсенов,  Н.  Әбдіров,  Әлия  және
Мәншүк сынды халық батырларын  тарих  сахнасына  шығарды.  Соғыс  күндерінің
барлық қиыншылықтарын қажырлылықпен көтеріп, патриотизм үлгісін танытты.

Сөзік:
әлеуметтік – социальный
әлеуметтік-саяси – социально-политический
зиялылар – интеллигенция
қайраткер – деятель
майталман – неутомимый; выносливый; непревзойденный
қуғын-сүргін – репрессия
қуғын – гонение; изгнание; преследование; репрессия
қажырлылық – настойчивость; упорство; энергичность

2-тапсырма. Мәтіннің бірінші мағыналық бөлігіне  берілген  сұрақтарға  жауап
беріңіздер.
      1. XX ғасырдың басында халықтың ұлттық құрамы қанша  болды,  олар  қай
жерлерде қоныстанған? 2.  Ресей  патшалығының  отары  ретіндегі  Қазақстанда
өнеркәсіптің қай салалары басты болды?  3.  Өлкенің  әлеуметтік-экономикалық
өміріндегі жол қатынастары қалай дамыды? 4. Ұлттық  мектептерді  ашу  ісінің
басында кімдер тұрды? 5. Саяси күрестің басты  құралдары  ретінде  ең  алғаш
қандай бұқаралық газеттер шығарылды? 6. 1916 жылғы ұлт-азаттық  көтерілістің
тарихтағы маңызы қандай болды?

3-тапсырма.  Мәтіннің  екінші  мағыналық   бөлігіне   сұхбат   (сұрақ-жауап)
құрастырыңыздар.

Ү л г і :
– 1916 жылғы көтерілістің айрықша ерекшелігі неде болды?
– 1916 жылғы  көтерілістің  айрықша  ерекшелігі  –  оған  қазақтармен  қатар
қырғыз, ұйғыр, өзбек және басқа да халықтар өкілдерінің қатысуы болды.

4-тапсырма. Мәтіннің үшінші мағыналық  бөлігінен  көптік  жалғауында  тұрған
сөздерді теріп жазып, олардың жалғану ережесін түсіндіріңіздер.

Ү л г і : Егер сөздер қатаң және ұяң б, в, г, д дыбыстарына  аяқталса,  онда
-тар, -тер жалғаулары жалғанады. Мысалы: студент  + тер, кітап +  тар,  штаб
+ тар, дос + тар, жас + тар, мектеп + тер.

5-тапсырма. Мәтіннің төртінші мағыналық бөлігінен алынған сөйлемдердегі  көп
нүктенің орнына тиісті  көптік  жалғауларын  қосып  жазып,  олардың  жалғану
ерекшелігін түсіндіріңіздер.

      Қазақ театр  өнерінің  майталман...ы  ұйымдастырды.  Кеңес  үкіметінің
өкіл...і әртүрлі айыптау  науқаны  –  саяси  қуғын-сүргінге  ұласты.  Қуғын-
сүргінді үйымдастыру 1920 жылдың аяғы мен 1930 жыл...дың ортасы болды.  1928
жылдың аяғында Алашорда кайраткер...і  тұтқындалды.  1930  жылдың  қыркүйек,
қазан ай...ында ұлттық интеллигенцияның екінші бір тобы тұтқындалды.

                              Көптік жалғаулары
                          (Множественные окончания)

«Флексия» –  сөздің  мағынасын  өзгерте  алмайтын,  көмекші  мағына  беретін
көмекші морфема  болып  саналады.  Морфема  дегеніміз  гректің  форма  деген
сөзінен алынған термин. Флексия – сөйлемдегі  сөздердің  өзара  синтаксистік
қатынасын білдіреді, екінші  сөзбен  айтқанда  жалғаулар  –  сөз  бен  сөзді
байланыстыратын  постфикстер.  Флексия  сөздердің  формасын  өзгертіп,  оған
грамматикалық  мағына  үстейді.  Лингвистикада  жалғауды   флексия»   дейді.
(Ә.Хасенов)
Сөзге грамматикалық мағына үстейтін сөз бен сөзді байланыстыратын  қосымшаны
жалғау дейміз.
Қазақ тілінде септік, көптік, тәуелдік, жіктік жалғаулары (флексия) бар.
Көптік жалғау сөзге көптік мағына береді. Көптік  категориясы  тілімізде  үш
түрлі жолмен  беріледі:  1.  Лексикалық  тәсіл  көптік  ұғымды  жеке  сөздің
тікелей өз лексикалық  мағынасы  арқылы  білдіреді  (су,  сүт,  мақта,  шөп,
қымыз, шұбат, ұн,  жүн,  құм,  тұз  т.б.).  2.  Синтаксистік  тәсіл   көптік
мағынаны сөз тіркестері арқылы білдіреді (бес кісі, елу  шақты  бала,  қырық
орындық, қыруар ақша). 3. Морфологиялық тәсілде көптік  ұғымдар  жеке  сөзге
тиісті қосымшалардың қосылуы арқылы жасалады (- лар, - лер, - дар,  -дер,  -
тар, -тер), көптік жалғаулары сөзге жалғанып көптік мағына  тудырады  (үй  +
лер, көше + лер, мектеп + тер, студент + тер, қала + лар, қыз + дар).

6-тапсырма. Мәтіннің бесінші мағыналық бөлігінен  көптік  жалғауында  тұрған
сөздерді теріп жазып, олармен сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастырыңыздар.

      Ү л г і: Сала: сала + лар; басты сала + лар. Мысалы:  Қазақ  өлкесінің
ғасыр басындағы тау-кен өнеркәсібінің басты сала + лар +  ы  +  ның  бірі  –
алтын шығару болды.

7-тапсырма. Төмендегі сұрақ-жауапты рөлге  бөліп  оқып,  мағынасын  түсініп,
есте сақтаңыздар.

 – XX ғасырда Қазақстан қандай облыстарға бөлінді?
– Қазақстанның   Сырдария мен Жетісу    облыстары – Түркістан генерал-
   губернаторлығына (орталығы Ташкент қаласы),    Ақмола,  Семей,  Орал,
   Торғай облыстары – Дала генерал-губернаторлығының   құрамына
   кіргізіліп,   ішкі   Бөкет   ордасының   аумағы   Астрахан  губерниясына,
ал
   Маңғыстау Закаспий облысына қаратылды.
 – Темір жолдардың салынуы қандай рөл атқарды?
 – XX ғасырдың басында Қазақстанның орталық   аудандарының   капиталистік
     өнеркәсібінің  шикізат  көзіне,  сондай-ақ   өнім     өткізу   рыногына
айналуында,
    темір жолдардың салынуы маңызды рөл атқарды.

8-тапсырма.  XX ғасырдың I жартысындағы тарихи-әлеуметтік  жағдайға  қатысты
берілген мәтінді өз  білетіндеріңізбен  толықтырып,  мазмұндаңыздар.  Көптік
жалғауларының астын сызыңыздар.

Жалпы  Қазақстан  еңбекшілерінің  саяси  оянуына,  отаршылдық  езгіге,  ұлт-
азаттық, жұмысшылар  мен  шаруалардың  бостандығы  жолындағы  қозғалыстардың
ерекше  серпін  алуына  патшалық  Ресейдегі  1905-1907   ж.   өткен   тұңғыш
буржуазиялық-демократиялық революцияның  ықпалы  зор  болды.  1905  жылы  17
қазандағы патша Манифесінің  жариялануы  Қазақстанның  бірталай  қалаларында
көптеген адам қатысқан жиылыстарға халықтың қалың тобының  бой  көтерулеріне
ұласты.
Қазақ ұлт зиялыларының қоғамдық-саяси қызметіндегі белсенділігі арта  түсті.
1905 жылдың желтоқсанында Оралда бес  облыстың  қазақ  халқы  делегаттарының
съезін өткізіп, Ресей конституциялық-демократиялық бөлімшесін құруға  әрекет
жасаған болатын. Ондағы мақсат  –  17  қазанда  жарияланған  патша  Манифесі
берген бостандық  шеңберінде қазақтардың ұлттық мүддесін қорғау еді.

9-тапсырма.  Сөйлемдерден  жекеше  формада  тұрған  сөздерді  теріп   жазып,
олардан көптік мағыналы сөздер жасаңыздар.

Қазақстан  мен  Орталық  Азиядағы  1916  ж.  ұлт-азаттық   көтеріліс   Ресей
империясындағы  саяси  және  әлеуметтік-экономикалық    дағдарыстың   асқына
түсуіне себепші  болды.   Ол     Ресейдегі     әскери-отаршылдық     басқару
  жүйесінің   іргесін   шайқалтып, шығыстың отар халықтарының  империалистік
езгіге қарсы XX ғасырдың басында өріс алған бүкіл  ұлт-азаттық  қозғалысының
құрамдас бөлігі болды.

10-тапсырма. Көптік жалғаулары жалғанбай,  көптік  мағына  беретін  сөздерді
теріп жазып, олармен сөйлемдер құрастырыңыздар.

 «Су» сөзіне көптік жалғауы жалғанбай-ақ көптік мағына білдіреді.
Мысалы: Су – тірі организмдердің маңызды материалдық негізі.  Каспий  теңізі
суының сапасына, тазалығына, экологиялық нормаларын сақтауға  көңіл  бөлініп
отыруға тиіс. Су ең көп тараған химиялық қосылыстардың бірі. Сусыз  тіршілік
жоқ.

11-тапсырма. Берілген сөз және сөз тіркестеріне көптік  жалғауларын  жалғап,
көптік мағыналы сөздер жасаңыздар.

Қиын-қыстау жыл , жергілікті жер,  құрылыс  жүргізіп,  халық-ағарту  бөлімі,
мәдени-ағарту ұйым, үй,  кітапхана,  мектеп,  жергілікті  халық,  зерттеуші,
мәлімет келтіріп.

12-тапсырма. Дерек пен дәйектегі мәліметтерді мұқия оқып, есте сақтаңыздар.

Дерек пен дәйек. 1929  жылдан  бастап  1953  жылға  дейін  Кеңес  елінде  40
миллион адам қуғын-сүргінге  ұшыраған.  Қазақстанда  103  мың  адам  қуғынға
ұшырап,  25  мың  адам  атылған.  Қазақтардың  42  %-ы   аштықтан   қырылып,
миллионнан астам адам ауып кеткен. Ал біздің елге 1  миллион  209  мың  адам
жер аударылған.

       (Қазақ  күнтізбесі, 2005)

13-тапсырма. Ұлы Отан соғысындағы деректермен танысып, біліп алыңыздар.

                       Қазақстан – Ұлы Отан соғысында

Ұлы  Отан соғысы  жылдары  Қазақстан  1  миллион  200  мың  адамды  майданға
аттандырады.  630  мың  қазақстандық  жауынгерлер  майданнан  оралған   жоқ.
Қазақстандық жауынгерлердің 449-ы Кеңес Одағының  Батыры атанды. Оның  111-і
қазақ. Қазақстандық 81 жауынгер  Даңқ  орденінің  толық  иегері.  Оның  19-ы
қазақ. Соғыста Кеңес Одағы Батыры атағын екі мәрте алған жауынгерлер саны  –
62. Төртеуі – қазақстандық. Олар – Талғат Бигелдинов,  Иван  Павлов,  Леонид
Беда, Сергей Луганский.

14-тапсырма. Өлеңнің мағынасын түсініп, жаттап алыңыздар.

Жалпы бізде белгісіз солдаттар жоқ,             Біз көтердік оларды
белгісіз деп,           Барлығының бар аты, туған жылы,
Белгілі ерлігімен болғаны үшін.
Олар сонау                                                        Олар
қайтадан оралды жер-су іздеп,
Қырық бірінші жыл құрбандығы,                   Туған елдің қорғады ар-
намысын.          Олар сонау қырық бесінші жыл құрбандығы.


                    (Сырбай Мәуленов)


1-апта.   2-тәжірибелік сабақ
Грамматика: Етістіктің өткен, келер шақтары.
15-тапсырма.     Мәтінді         мұқият         оқып,         ХХ    ғасырдың
 ІІ
жартысындағы Қазақстанның тарихи жағдайынан мәлімет алып, мазмұндаңыздар.

                    ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы Қазақстан

          ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы Қазақстан тарихы  үш  кезеңге  бөлініп
қарастырылады: бірінші кезеңі – 1950-1970ж.ж.  «жылымық»;  екінші  кезеңі  –
1971-1985ж.ж.  «тоқырау»;  үшінші  кезеңі  –  1985-1991ж.ж.   «қайта   құру»
кезеңдері. Соғыстан кейінгі жылдары Қазақстан  экономикасының  жағдайы  ауыр
болды.  Осыған  қарамастан   Қазақстан   шикізат   көзі   ретінде   қаралды.
Қазақстаннан  Орталыққа  шикізат  жіберу  үшін  темір  жол  құрылысы   жедел
қарқынмен дамыды. Қазақстан елдің металлургия флагманына айналды, қара  және
түсті металлургияның, химия өнеркәсібінің сыңаржақ  бағытта  болуы  көптеген
қайшылықтарға әкелді. Осы кезеңде  Қазақстанда  әскери  өнеркәсіп  кешендері
көптеп  құрылды.  Соның  ішінде  Қазақстандағы  ядролық  сынақ   полигондары
халықтың  қасіретіне  айналды.  Сынақтардың  нәтижесінде  Қазақстанның   кең
аумағына радиоактивті  газдар  тарады.  Радиация  зардаптары  қазіргі  таңға
дейін халықтың денсаулығына кері әсерін тигізуде.
            1954 жылдан бастап Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді  игеру
науқаны басталды. Тың игеру жылдарында Қазақстанның  Солтүстік  облыстарында
совхоз орталықтары салынды.
             Қазақстанға  өзге  республикалардан  640  мың  адам   көшіріліп
әкелінді.  Осы  жылдары  жаппай  қоныс  аудару  науқаны  рухани,   ізеттілік
саласына үлкен зиян  алып  келді.  Қазақ  тіліндегі  мектептер  саны  700-ге
кеміп, қазақ тіліндегі әдебиеттердің саны күрт төмендеді.  Үш  мыңнан  астам
елді мекеннің аты өзгертілді. Жалпы елді-мекен аттарын  қазақ  қалай  болса,
солай қоя салмаған. Жерлердің аттары  тарихи  жағдайларға,  ірі  оқиғаларға,
жер бедерлерінің орналасу  ыңғайына,  оның  пейзаждық  ерекшеліктеріне  және
т.б.  сәйкес  қойылып  отырған.  Ол  атаулар  санамызда  бекіп,  қалыптасып,
ұрпақтан-ұрпаққа ауысып жетіп отырған.
            Ал тың игеру жылдары  қазақ  халқының  осындай  салт-дәстүрлері,
мәдениеті,  ұлттық  руханияттары  ескерілмеді.  Осы  кезеңде  тарихи  ұлттық
санаға шек қойылды. Түрі  ұлттық  мәдениет  –  оқу  мен  тәрбие  іс  жүзінде
аударма болды.
             ХХ  ғасырдың  екінші  жартысындағы  кезеңде  қудаланған  ұлттық
интеллигенция  өкілдерін  бағалауға  жол  ашылды.  1954  жылы  Е.Бекмаханов,
Қ.Сәтбаев, М.Әуезовтар еліне оралды. 1956 жылы қазақтың үш  арысы  –  Сәкен,
Ілияс,  Бейімбет  ақталды.  Тоталитарлық  тәртіп  қазақ  зиялыларына   біраз
кешірімдер жасағанымен, оларды  бақылауын  тоқтатпады.  Мысалы,  М.Әуезовтің
«Ақын аға»,  т.б.  еңбектерін  жариялауға  тыйым  салынды.  Жалпы  1959-1960
жылдары 155 еңбектің жариялануына партия тарапынан тыйым салынды.
            Осы кезеңде жер өңдеу мәдениетін, топырақ  құнарлылығын  көтеру,
сумен қамтамасыз ету дұрыс жолға қойылмады. Тың игеру  мақсатымен  жыртылған
жерлер экологиялық апаттарға ұшырады. Жердің  құнарлы  бет  қыртысы  –  шаң-
тозаңға, ал жер эрозияға ұшырады.
           Тың өлкесінде 6 облыстың өлкелік  партия  комитеті  біріктіріліп,
тікелей Мәскеуге бағындырылды. Ақмола  –  Целиноградқа,  Батыс  Қазақстан  –
Орал облысына айналды. Қазақстанда  Орталықтан  басқару  ұлттық  егемендікті
толығымен шектеді. Ұлт саясатындағы  бұрмалаушылықтар  зиялылар  мен  жастар
арасында наразылықтар туғызды. 1963 жылы Мәскеуде  оқитын  қазақ  жастарының
бір тобы – Б.Тайжанов, С.Ақатаев, М.Тәтімов,  М.Әуезовтер  бас  болып,  «Жас
тұлпар» атты ұйым құрды. Мақсаты – қазақ  жастарының  ұлттық  санасын  ояту,
себебі осы кезеңде ұлттық салт-санадан гөрі, кеңестік  салт-сана  үстемдікке
ие болып көбірек дәріптелді.
            ХХ  ғасырдың  70-80   жылдары   қоғамдық-саяси   өмірдегі   және
әлеуметтік-экономикалық дамудағы теріс құбылыстар одан әрі  өсті.  Қоғамдағы
қайшылықтар шиеленісе түсті.  1985  жылдан  басталған  қоғамдық-экономикалық
өмірді қайта құру,  Горбачевтің социализмды  «жаңарту»  әрекеттері  ешқандай
оң  нәтиже  бермеді.  Керісінше,  кеңестік  әкімшіл-әміршіл  жүйе  тоқырауға
ұшырап, қоғамның  барлық  салаларын  қамтыған  дағдарыс  одан  әрі  тереңдей
түсті.

Сөздік:
жылымық –  оттепель                                           тыңайтылған  –
удобренный
сыңаржақ – односторонний                                науқан – сезон
қоныс – поселение; стоянка                                рухани – духовный
ізеттілік – почтительность; вежливость
ерте көктемгі жылымық – ранняя весенняя оттепель
қасірет – горе; страдание; печаль; скорбь; беда; трагедия
тың – целина; целинный; бодрый; крепкий; свежий

16-тапсырма.      Мәтіннің       бірінші        мағыналық      бөлігіндегі
етістіктерді бір бағанаға келер шақ формасына салып, екінші  бағанаға  өткен
шақ формасына салып бөліп жазыңыздар да, олармен сөз тіркестерін,  сөйлемдер
құрастырыңыздар.
Ү л г і:    Қарастырылу:   қарастырыл+ған    ( бұрынғы  өткен  шақ  );    Үш

кезеңге   бөлініп қарастырыл+ған. Болу: бол+ды; ауыр бол+ды.

            17-тапсырма. Мәтіннің екінші мағыналық бөлігіндегі өткен,  келер
шақта  тұрған  етістіктердің  астын  сызып,  олардың   сөйлемдегі   қызметін
түсіндіріңіздер.

           18-тапсырма. Мәтіннен алынған сөздер сөз тіркестерін  бір-бірімен
мағынасына қарай орналастырып, сәйкестендіріңіздер.
     1.                                                         металлургия
        а) жерлерді игеру
     2.                                                              әскери
           ә) интеллигенция өкілдері
     3.                                                        радиоактивті
        б) шек қойылды
     4.  тың  және  тыңайған                                             в)
        бағындырылды
     5.                                                              ұлттың
           г) қоры
     6.                                                               қазақ
              ғ) төмендеді
     7.                            ұлттық                            санаға
        д) өнеркәсіп
     8. тікелей Мәскеуге                                                 е)
        зиялылары
     9. қоғамдық  тұтыну                                                 ж)
        газдар
    10.  тұрмыс-жағдайы                                                  з)
        флагманы

            19-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұндаңыздар. Етістіктің өткен  шақ
категориясының жұрнақтарын  тауып,  олардың  астын  сызып,  жасалу  жолдарын
түсіндіріңіздер.
          ХХ ғасырдың    ІІ   жартысындағы  Қазақстан (жалғасы).
           ХХ     ғасырдың   70-80 жылдары Қазақстанда  халықтың  әлеуметтік
жағдайын көтеруде бірсыпыра істер атқарылды. Осы  жылдары  халықты  қоғамдық
тұтыну қоры есебінен қамтамасыз  ету  біраз  жақсарды.  Оның  едәуір  бөлігі
жәрдем, зейнетақы және  шәкіртақы  төлеуге,  тегін  білім  алуға,  денсаулық
сақтауға, мәдени және  тұрмыстық  қызмет  көрсетуге  жұмаслды.  Алайда,  бұл
шаралардың халықтың  тұрмыс-дәрежесін  көтеруге  ықпалы  аз  тиді.  Өйткені,
мемлекеттің  және  кәсіпорындардың  бағаны   көтеруі,   тауарлар   сапасының
нашарлауы және т.б. халықтың тұрмыс-жағдайының төмендеуіне әкеліп  соқтырды.
Еңбек  ақы  төлем  жүйесі  еңбектің  нәтижесімен  байланыстырлған  жоқ.  80-
жылдардың ортасында Республика экономикасы дағдарыс жағдайына ұшырады.

                      Етістіктің өткен шақ категориясы
                   ( Категория глагола прошедшего времени)

Қимыл іс-әрекеттің өткен уақытта  болғандығын  көрсететін  етістіктің  түрін
өткен шақ деп атайды. Өткен шақтың 3 түрі бар:
      1. Жедел өткен шақ (очевидно-прошедшее время).
      2. Бұрынғы өткен шақ (давно прошедшее время).
      3. Ауыспалы өткен шақ (переходное прошедшее время).
Жедел өткен шақ: -ды, -ді, -ты, -ті жұрнақтарының жалғануы арқылы  жасалады.
Мысалы: жаз+ды+м (написал), айт+ты+м (сказал).
Бұрынғы өткен  шақ:  -қан,  -кен,  -ған,  -ген  тұлғалы  есімшенің  жіктеліп
келуінен жасалады. Мысалы: Мен  бар+ған+мын,  кел+ген+сіз;                2.
бұрынғы (ежелгі)  өткен  шақ;  -ып,  -іп,  -п  тұлғалы  көсемшенің  жіктеліп
келуінен жасалады. Мысалы: мен  бар+ып+пын,  (сен)  кел+іп+сің,  (ол)  оқы+п
еді.
Ауыспалы өткен шақ:  есімшенің  -атын,  -етін,  -йтын,  -йтін  жұрнақтарының
жалғануы арқылы жасалып,  бірде  өткен  шақ,  бірде  келер  шақ  мағынасында
қолданылады. Қазір, бүгін, ертең,  келесі  күні  үстеулері  арқылы  айтылса,
онда етістік келер шақта болады. Мысалы: Мен бұрын хат  жаз+атын+мын  (өткен
шақ). Ол қалаға ертең бар+атын еді (келер шақ).

            20-тапсырма.  Берілген  сөз  және  сөз  тіркестерін  пайдаланып,
етістіктің өткен шақ формасында сөйлемдер құрастырыңыздар.
           Тарихи жағдайлар, күрт төмендеу,  қасірет,  халықтың  денсаулығы,
химия өнеркәсібі, қазақтың арыстары, еңбектерін жариялау,  тыйым  салу,  ұлт
саясаты, бұрмалаушылық, ұлттық сана.

             21-тапсырма.   Мәтіннің    мазмұнына    сүйеніп,    сөйлемдерді
аяқтаңыздар.
1954                жылдан                бастап                 Қазақстанда
.....................................................................
Қазақ                тіліндегі                мектептер                 саны
........................................................................
Ол                 атаулар                 санамызда                  бекіп,
............................................................................

1956             жылы             Қазақтың             үш              арысы
......................................................................
ХХ                 ғасырдың                 70-80                 жылдарында
....................................................................
Алайда,                            бұл                            шаралардың
............................................................................
......
80-жылдардың                                                       ортасында
............................................................................
....

            22-тапсырма. Көп нүктенің орнына  тиісті  өткен  шақтың  (жедел,
бұрынғы, ауыспалы) жұрнақтарын қойып, олардың түрлерін ажыратыңыздар.
ХХ  ғасырдың  ІІ  жартысындағы  Қазақстан   (жалғасы).     1970-80   жылдары
Қазақстан ғылым саласында біраз табыстарға қол жеткіз...  .  Республика  ҒА-
ның бірсыпыра ғылыми-зерттеулерін дүние жүзі таны... .  Осы  жылдары  «Қазақ
ССР   тарихы»,   «Қазақ   тілінің   түсіндірме    сөздігі»,    «Қазақстанның
металлогениясы»,  т.б.  іргелі  зерттеулер  жарық  көр...  .   Әл-Фарабидің,
Ш.Уалихановтың, Ы.Алтынсариннің  мұраларының  зерттеліп  шығарылуы  қоғамдық
ғылымдағы елеулі оқиға бол... .  Алайда,  Қазақстан  ғылымының  табыстарымен
бірге оның қайшылықтары мен шешілмеген ірі проблемалары да бол...  .  Машина
жасау, радиоэлектроника, радиотехника, автоматика  сияқты  ғылыми-техникалық
прогрестің аса  маңызды  салалары  бойынша  ғылыми  кадрларды  даярлау  және
ғылыми мекемелерді ұйымдастыру кенже қалып кел...  .  Сөйтіп,  экономикадағы
тежеу мен тоқырау құбылыстары қоғам өмірінің мәдени салаларына да,  ғылымның
дамуына да салқынын тигізбей қойма... .

                               Етістіктің келер шағы
                 (Будущее время глагола)

Келер  шақ  қимылдың  сөйлеушінің   хабарлаған   кезінен   кейін   болатынын
білдіреді. М.: Сәуле ертең келеді, әнші өлең айтады, биші би билейді т.б.
Келер шақтың 3 түрі бар:
1. Ауыспалы келер шақ (переходное будущее время).  Ауыспалы  келер  шақ:  а)
-а, -е, -й тұлғалы көсемшенің жіктелуі арқылы  жасалады.           М:  ертең
кел+е+мін, кешке кет+е+сің, бүгін қайт+а+мыз, тойда жырла+й+мыз.  ә)  -атын,
-етін,  -йтын,  -йтін.  М.:  бар+атын  (екен),  кел+етін  сияқты,  қайт+атын
көрінеді.
2. Болжалды келер шақ (будущее предположительное время).  Қосымшалары:  -ар,
-ер,  -р,  -с.  М:  бар+ар,  кет+ер,  сана+р,  санама+с,  білме+с  т.б.  Мен
кел+ер+мін.
3. Мақсатты келер шақ (будущее время намерения).  Қосымшалары:  -мақ,  -мек,
-бақ, -бек, -пақ, -пек. М: қайт+пақ+пын, жаз+бақ+пыз, кел+мек+сіз т.б.

 23-тапсырма.  Сөйлемдерді  қазақ  тіліне  аударып,  өткен  шақтың  түрлерін
анықтаңыздар.
            Мой друг когда-то жил  в  Ташкенте.  Оказывается,  она  говорила
правду. Она когда-то, давно училась в университете. Оказывается, когда-то  я
его видела. Я когда-то писала стихи. Ты, оказывается, родилась в  Оренбурге.
Я был в Таллине. Оказывается, Сакен сидел в  читальном  зале.  Они  когда-то
катались на коньках.  Дети,  оказывается,  написали  письмо  учителю.  Сания
поступила в университет, а ты?

             24-тапсырма. Сөйлемдердегі  өткен  шақта  тұрған  етістіктердің
астын сызып, олардың түрлерін ажыратыңыздар.
             Ерте заманда Ерназар деген кісі  болыпты.  Ерназардың  өзі  бай
болыпты, төрт түлік малы сай болыпты. Басқалары тұра келді  де,  алып  Семен
шалқасынан түскен бойы қозғалған жоқ. Мына біреуін  бір  адам  жазған  екен.
Кешегі алай-дүлей дауылдан ешқандай белгі қалмаған (Ш.Айтматов).  Төреқұлдың
әңгімесін жиналғандар ақырына дейін селт етпей ұйып тыңдапты  (Қ.Жұмаділов).
Оған әрекеттің қауіпті екенін әрбір жауынгердің өзі  де  сезген  (Р.Қошқ-в).
Түн  көрпесін  жамылған  кең   жазық   даланың   бәрін   де   сәуле   басқан
(М.Иманжанов).  Қолға  түскен  батырларымызды  байлап  алып  кетіпті  (Қазақ
ертегілерінен). Мен қасқыр  дегенді  күндіз  де  көрген  емеспін,  түнде  де
көрген емеспін (Ғ.Мүсірепов).

            25-тапсырма.  Келер  шақта  тұрған  етістіктердің  астын  сызып,
олардың жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.
           Кейбіреулердің  бар  өнері,  мақсаты  –  киімін  түземек  (Абай).
Ертеңгі  күні  он  шақты  кісі  жолдас  ертіп,  Абай  Қарамолдаға   аттанбақ
(М.Әуезов). Біз ғылымды сатып, мал іздемек  емеспіз  (Абай).  Сейіттің  өлі-
тірісін білмек емес. Ортақ қордан  Шымболат  колхозға  кең  клуб  салдыратын
сияқты (С.Мұқанов). Ол Қара адырдан 5-6  шақырымдай  ұзап  шығатын  көрінеді
(М.Әуезов). Келін деп кем көрмей, тең адамша сырласпақшы (З.Ахметвоа).  Үйге
тез оралды. Жақсы ма, жаман ба тарих  бәрібір  өлмек  емес  (І.Есенб.).  Екі
тумақ жоқ болса, екі өлмек те жоқ (М.Әуезов).

            26-тапсырма.  Сөйлемдердегі  өткен  шақта  тұрған   етістіктерді
болжалды келер шаққа айналдырыңыздар.
           Ашу деген ағын су, алдын ашсаң ақырады. Ақыл деген  дария,  алдын
тоссаң,  арқырайды.  Көп  шаңды  құлан  көтереді,  боранды  тұман  көтереді.
Ордаңды талқан қылып шабамын (М.Ө.).  Кешке  жақын  дүкенге  барамыз.  Кешке
шамамен  сағат  төрттерде  футбол   ойнаймыз.   Біз   мейрамханада   кездесу
өткіземіз. Лекция сағат екілерде аяқталады. Университетке ертең барамын.

           27-тапсырма. Етістіктің  шақ  категориясының  түрлерін  ажыратып,
олардың жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.
           Күндіз де, түнде де жол жүруге болмайтын  көрінеді.  Татарлар  не
өлтіретін, не аяқ-қолын  байлап  тауға  алып  кететін.  Оның  тіп-тік  найза
шыңдары, биік құздары бұрынғысынша көкке қол созады. Енді  мынау  жұлдызынан
көз жазбақ емес,  айырылмақ  емес.  Дәмежан  жоқшылық,  мұқтаждық  күйін  де
жасырмақ  емес  (М.Әуезов).   Емен   ағаштың   саясында   қазақтың   ардақты
кісілерінің  бірсыпырасы  отырып,  түнеп,  түстенетін  еді.  Өзі   мақтануды
сүймейтін. Жер төңкеріліп жатса да,  бөтен  сөз  аузынан  шықпайтын.  Маңына
жолатқысы келмей, әдейі зілді етіп айтты (Ғ.Мүсірепов).

            28-тапсырма.   Мақал-мәтелдердің  мағынасын  түсініп,  тәрбиелік
мәніне назар аударыңыздар. Болжалды  келер  шақ  жасап  тұрған  жұрнақтардың
астын сызыңыздар.
      Бал тамған тілден,                                        Айран  ішкен
құтылар,
      У да  тамар.                                                     Шелек
жалаған тұтылар.
                                 * * * * * *
      Аңдамай сөйлеген,                                       Есі бар  жігіт
елін табар,
       Ауырмай  өледі.                                              Есі  жоқ
жігіт жаттың отын жағар.
                                                     * * * * * *
       Жалғыздың  үні  шықпас,                               Сумен   ойнама,
батарсың,
       Жаяудың  шаңы  шықпас.                                Отпен   ойнама,
жанарсың.
                                                     * * * * * *
            Төле би: «Бұзылған елдің ішіне сормаңдай би кез болар», -  деген
менің әруағым риза болсын десеңдер, татулықтарыңды бұзбаңдар, -  деп  кеткен
екен. Абылай елді елге қосар, бірақ басқаларының шылбыры оның  қолына  түсер
ме екен? Әбілқайыр түлкі сипатты кісі еді,  қайтып  ол  Кіші  жүзді  қоспас,
оның ұрпағы да әке жолын қуар.

          29-тапсырма. Нақыл сөздердің мағынасын түсініп, есте  сақтаңыздар.
Мақсатты келер шақ жасап тұрған жұрнақтардың астын сызыңыздар.
                   Мақсатым – тіл ұстартып, өнер таппақ,
                   Наданның көңілін қойып, көзін ашпақ.
      Өзіне сенбе, жас ойшыл,                           Өлді деуге бола  ма,
айтыңдаршы,
       Тіл  өнері  дертпен  тең.                                  Өлмейтұғын
артына сөз қалдырған.

                          (Абай)
              30-тапсырма.   Төмендегі   тақырыптар    бойынша    пікірталас
ұйымдастырыңыздар. Пікірталас барысында етістіктің шақ  категориясына  назар
аударыңыздар.
     1. Тіл уақыт өткен сайын жаңарады, оған жаңалықтар еніп отырады.
     2. Әлемдегі ең кең жайылған тіл – сөзге ең бай тіл.


1-апта. 3-тәжірибелік сабақ
Грамматика: Етістіктің  осы  шақ   категориясы.   Қазақ   тіліндегі   модаль
сөздер.
      31-тапсырма.  Мәтінмен  танысып,  мемлекеттік  тілді  қандай  дәрежеде
білетіндіктеріңізді, оның дамуына қосатын үлестеріңізді  өз  тараптарыңыздан
толықтырып, мазмұндаңыздар.

                          Тіл тағдыры – ел тағдыры
                                  * * * * *
                        Қазақ тілі – мемлекеттік тіл

       Ұлттың   сақталуына да,  жоғалуына да  себеп  болатын  нәрсенің
            ең  қуаттысы  –  тіл. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады.

                                           (А. Байтұрсынов)
           Анамыздың ақ сүтімен бойымызға  дарыған тілімізді ұмыту  –
                         бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту.

                                              (Б. Момышұлы)
          Қазақстан –  егеменді,   тәуелсіз    ел.    Қазақстанды    дамыған
өркениетті   елу   елдің қатарына  енгізетін  еліміздің  болашағы –  бүгінгі
жастар. Олардың міндеті – елінің намысын қорғап, оны әлемге  таныту.  Әлемге
таныту үшін әр жас өз елінің тарихын, тілін жетік білуі керек.
       Қазақ    тілі      осы     мемлекеттің      түпкілікті     тұрғындары
қазақтардан    басқа    Қытай,  Монғолия,    Иран,     Ауғанстан,     Түркия
мемлекеттері     мен     ТМД-ның      Ресей,       Өзбекстан,    Қырғызстан,
Түрікменстан  сияқты   республикаларында   тұратын   қазақтардың    да   ана
тілі.
      Қазақ тілі – түркі  тілдерінің  қыпшақ  тобына  жатады.  Оған  кіретін
тілдер – қарақалпақ, ноғай,   татар,   башқұрт,   қырғыз,   қырым    татары,
  қарашай,   балқар,   құмық  және  басқа  тілдер.  Қазақ   тілі  –   өзінің
әдеби,  ғылыми   және   саяси   жазу    нормасы    қалыптасқан    бай   тіл.
Қазақ   тілінің   тарихы  әр  түрлі   кезеңдерді   бастан   кешкен     қазақ
халқының  тарихымен тығыз байланысты.
      Оның  қалыптасуы  XІ-XІІ    ғасырлардағы   Түрік   қағанатының   пайда
болу  кезеңінен басталып,  XV   ғасырдағы   қазақ  хандығы   тұсында   әбден
қалыптасқан.  Қазақ  тілі   ең   көне  бастауын  әр  кездегі   ежелгі  түрік
жазулары ескерткіштерінен: Талас-Орхон-Енисей жазулары
 (V-VIII  ғ.),  Жүсіп  Баласағұнның  «Құдатғу  білік»  ,  Махмұт  Қашқаридың
«Диуани лұғат ат түрік», Қожа Ахмет Яссауидің «Хикмет»  (XІ-XІІ  ғ.),  Алтын
Орда, Шағатай және қыпшақ   (XІІІ-XІV ғ.) тұсындағы жазулардан алған.
 Сонымен қатар, халық ауыз әдебиетінің дәстүрлері  мен  тілдік  нормаларында
қалыптасқан ұлы Абай мен Ыбырай шығармалары арқылы қазіргі қазақ әдеби  тілі
бізге жеткен.
             Қазақ жазуы бірнеше рет өзгеріске  ұшырады.  1929  жылға  дейін
араб графикасын, ал 1929-1940 жылдары латын графикасын, 1940  жылдан  бастап
қазіргі уақытқа дейін орыс графикасын (кирилл әліпбиін) қолдануда.
            Мемлекеттік тіл, яғни қазақ тілі  –  әлемдегі  алты  мыңға  жуық
тілдердің ішіндегі қолдану өрісі жағынан  жетпісінші,  ал  тіл  байлығы  мен
көркемдігі жағынан алғашқы ондықтар қатарындағы  тіл.  Сондай-ақ,  ол  дүние
жүзіндегі ауызша және жазбаша тіл  мәдениеті  қалыптасқан  600  тілдің  және
мемлекеттік мәртебеге ие 200 тілдің қатарында тұр.
            Қазақ тілі – бай да, құнарлы тілдердің қатарына  жатады.  Ежелгі
бабаларымыздың тарихы, шежіресі және әртүрлі әдеби мұралар  бүгінгі  ұрпаққа
ана тіліміз арқылы жетіп отыр. Тіл тарихы  халық  тарихына  ұқсас.  Қоғамның
өзгеруіне байланысты тіл де дамып, өзгеріп отырады.
                Елбасы Н.  Ә.  Назарбаев:  «Қазақстанның  болашағы  –  қазақ
тілінде» деген.1989 жылы  11  қыркүйекте  қабылданған  «Тіл  туралы»  Заңда:
«Тіл –  халықтың  ұлы  жетістігі,  әрі  оның  ажырамайтын  және  бөлінбейтін
белгісі» делінген.
      Тіл – халықтың жаны.  Тіл  құрыса,  халық  та  жер  бетінен  жоғалады.
Адамзат тарихында  көптеген өркениетті елдердің  өшіп  кетуі  алдымен  тілді
жоғалтудан басталғанын ғылым дәлелдеген болатын.
      Халық тәуелсіздігінің  ең  басты  белгісі  –  оның  ана  тілі,  ұлттық
мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық  мәдениеті  жоқ  ел  өз  алдына  мемлекет
болып өмір сүре алмайды. Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық  қадір-
қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады.  Сондықтан,  кез-
келген мемлекет өзінің салт-дәстүрін, ана тілін  ерекше  қорғайды.  Тіл  бар
жерде болашақ бар, мемлекет бар, ұлттық рух, ұлттық намыс бар.
Сөздік:
егеменді – суверенный
түпкілікті – вечный; постоянный; окончательно; основательно
көне – старый; старинный, древний; античный
құнарлы – плодородный; содержательный; калорийный
ежелгі – давний: древний; исконный
шежіре – родословие; летопись; родословная история
мұра – наследие; наследство; памятник

       32-тапсырма.  Мәтіннің  мазмұны  бойынша  берілген  сұрақтарға  жауап
беріңіздер.
      1. XXІ ғасыр жастарының міндеті не? 2. Қазақ тілі кімдердің ана  тілі?
3. Қыпшақ тармағына қай тілдер  кіреді?  4.  Қазақ  тілінің  қалыптасуы  қай
кезеңнен басталып, қай ғасырда толық қалыптасты? 5. Қазақ  тілінің  ең  көне
бастауын неден алған? 6. Ежелгі тарих, шежіре, мұралар  бүгінгі  ұрпаққа  не
арқылы жетіп отыр? 7. «Тіл туралы» Заңда не  айтылған?  8.  Дүние  жүзіндегі
барлық халық тәуелсіздікке не үшін ұмтылады? 9. Ана тіліміз бізге  кімдердің
шығармалары арқылы жеткен?

33-тапсырма. Мәтіннен осы шақта тұрған  етістіктерді  теріп  жазып,  олардың
түрлерін (нақ, ауыспалы) ажыратып, жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.
Ү л г і: Мәдениеті қалыптасқан алты жүз тілдің  және  мемлекеттік  мәртебеге
ие  екі  жүз  тілдің  қатарында  тұр  (жалаң  нақ  осы  шақ).   Республикада
мемлекеттік тіл ретінде бір ғана тіл – қазақ тіліне  конституциялық  мәртебе
беріл+іп отыр (күрделі нақ осы шақ). Қоғамның жылжып,  өзгеруіне  байланысты
тіл де дамып, өзгеріп отыр+а+ды ( ауыспалы осы шақ).

34-тапсырма. Төмендегі  сөз және сөз тіркестерін негізге  алып,  осы  шақтың
түрлеріне (нақ, ауыспалы) мәтін құрастырыңыздар.
Өте бай тіл, тәрбиелеудің құралы, мәдениеттің  гүлденуі,  тарихи  қалыптасу,
туған тіл, сүйіспеншілік, ұғым,  қазақ  халқының,  ғылыми  тіл,  мемлекеттік
мәртебе,  мемлекеттік  міндет,  қарым-қатынас  тілі,  тіл  комитеті,  тілдің
салалары, ресми  тіл,  ауызекі  және  жазбаша  қолдану,  тілді  қолдану  мен
дамыту, мемлекеттік тілді насихаттау, қазақ тілі – қазақ халқының  этникалық
тілі.
35-тапсырма. Тіл туралы өлеңді мұқият оқып, мағынасын түсініп, жаттаңыздар.
Ана тілім, жүрегісің анамның,                      Анашымды  ұмытқаным  емес
пе?
Жүрек ана, мен өзіңнен жаралдым.             Ана тілім егер сені ұмытсам.
Сағат сайын саулығыңды  тілеймін,              Сенің  әрбір  тынышыңнан  күн
кешем,
Сенсіз  маған  керегі  жоқ  ғаламның.               Сен  арқылы  тіршілікпен
тілдесем.
Сенің арқаң қанып ішсем тұнықтан,            Ел бетіне қалай тура қараймын,
Сенің  арқаң  дүниеден  сыр  ұқсам.                  Ана  тілім,  егер  сені
білмесем.

36-тапсырма. Өлең жолдарындағы тілеймін, тілдесем, қараймын  сөздерінің  қай
шақта тұрғанын ажыратып, жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.

37-тапсырма.  Төмендегі  тіл  туралы  айтылғандарды  есте  сақтаңыздар.  Ана
тілдеріңізді құрметтеңіздер.
     Тілсіз қоғамның қандай түрі болса да өмір сүре алмайды, тілдің өзі
қоғам
бар жерде ғана   пайда   болып,   өмір сүреді. Қоғамнан тыс тіл жоқ.
                                                 Тіл қоғамның жемісі.
                                        * * * * *
    Тіл – әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы –
 әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол – атадан балаға мирас болып қалып отыратын
                              баға жетпес мұра.
                                        * * * * *
Туған тілдің абыройын асқақтату – әрбір адамзаттың абзал борышы.
                                             * * * * *
Тіл – таусылмайтын байлық. Оны қанша білсең, сонша биіктейсің.
                                                     * * * * *
                Туған еліңнің мемлекеттік тілін білуге міндеттісің.
                                         * * * * *
   Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан
      да қол үзеді. Ана тіл – ар өлшемі. Олай болса, тілді шұбарлау –
                           арды шұбарлау, көңіл тұнығын лайлау.

                                                     * * * * *
     В. И. Ленин: «Тіл – адам қатынасының аса маңызды құралы», - дейді.
         Мұның мәні  – тіл жоқ жерде адамдардың бірлесіп жұмыс істеуі,
           қоғамдық өндірістің қай саласын болса да ұйымдастыруы,
                       дамытуы мүмкін емес деген сөз.

38-тапсырма. Мақал-мәтелдерді жаттап, мағынасын түсіндіріңіздер.
                                           Басқа таяқ тілден.
                                                     Беда голове от языка.
                                      * * * * *
                              Тіл тас жарады, тас жармаса  бас жарады.
             Слово камни разбивает, а если не камни, то головы.
                                     * * * * *
                     Қотыр қолдан жұғады, пәле тілден жұғады.
             Болячки через руки передаются, беда – через слово.

39-тапсырма.  Жоғарыдағы  тіл  туралы  айтылғандардан   осы   шақта   тұрған
етістіктерді тауып, олардың түрлерін (нақ, ауыспалы) ажыратыңыздар.
                       Етістіктің осы шақ категориясы
                   (Категория настоящего времени глагола)

                                                  Осы шақ
Шақ  –  етістіктің  негізгі  категорияларының  бірі.  Шақ  қимылдың  жасалып
жатқанын, келешекте жасалатынын, жасалып қойғанын білдіретін категория.
Шақтың үш түрі болады: осы, келер, өткен шақ.
Осы шақ қимылдың сөйлеушінің хабарлау кезінде болып жатқанын білдіреді.  М.:
Мен тыңдап отырмын. Далада қар жауып тұр.

                           Осы шақтың 2 түрі бар:
     1. Нақ осы шақ (собственно-настоящее время).
     2. Ауыспалы осы шақ (переходное настоящее время).
Нақ осы шақ қимылдың сөйлеуші хабарлап тұрғанда болып жатқанын білдіреді.
                         Нақ осы шақтың 2 түрі бар:
Дара (простая форма).
Күрделі (сложная форма).
Нақ осы  шақтың  дара  түрі  отыр,  жүр,  жатыр,  тұр  етістіктеріне  жіктік
жалғауының тікелей жалғануы  арқылы  жасалады.  Мысалы:  мен  отыр+мын,  сен
жатыр+сың, сіз тұр+сыз, сендер жүр+сіңдер, біз тұр+мыз, олар отыр.
Нақ осы шақтың күрделі түрі лексикалық  мағыналы  етістікке:  -ып,  -іп,  -п
жұрнақтары жалғанып, тұр, жүр, жатыр, отыр етістіктеріне  жіктік  жалғауының
жалғануы арқылы жасалады. Мысалы: Мен оқы+п отыр+мын. Сен көр+іп  жатыр+сың.
Сіз ал+ып тұр+сыз. Сендер біл+іп жүр+сіңдер.
Ауыспалы осы шақ қимылдың үнемі болып тұратынын білдіреді. Ауыспалы осы  шақ
етістіктің түбіріне -а, -е,  -й  жұрнақтарының  жалғанып,  одан  соң  жіктік
жалғауының жалғануы арқылы жасалады.

                        Қазақ тіліндегі модаль сөздер
                     (Модальные слова в казахском языке)
Қимыл-әрекеттің шындық өмірге қатысы туралы сөйлеушінің көзқарасы  модальдық
категория деп аталады. Олар  мыналар:  шамасы,  әрине,  әлбетте,  рас,  шын,
мүмкін, сияқты, тәрізді,  керек,  екен,  шығар,  болар  т.б.  Осы  сөздердің
ішінде: шығар, болар, екен, керек, қажет, сияқты, тәрізді  модальді  сөздері
үнемі  сөйлемнің  соңында  келеді.  Ал,  қалған  сөздер  көбінесе  сөйлемнің
басында, не соңында келеді.  Модальные  слова  служат  для  выражения  точки
зрения говорящего на отношение высказываемой  мысли  к  действительности.  В
казахском языке имеются следующие модальные слова:
керек, қажет – необходимо; надобно; нужно. Оған не керек? (Что ему  нужно?).
Маған қазақ  тілі  оқулығы  керек  (Мне  необходимо  учебник  по  казахскому
языку).
сияқты –  как будто; как; кажется. Ол айтқан сияқты (Он как будто
                   говорил).
шамасы –    скорее всего; вероятно. Шамасы ол келмейді (Скорее всего, он
                    не придет).
әрине, әлбетте   – конечно. Әрине, ертең келемін (Конечно, я приду завтра)
екен  – оказывается. Театрда адам көп екен (Оказывается, в театре много
             народа).
рас, шын –  правда; верно. Рас, маған биік өкшелі аяқ киім керек Правда,
                    мне нужна обувь с высоким каблуком).
мүмкін, шығар – возможно; может быть; вероятно. Мүмкін, емтиханды
                               ерте тапсырасың (Возможно, ты сдашь экзамен
                               досрочно).   Ол  әлі  келмеген  шығар  (Может
быть, он еще
                               не пришел).
әйтеуір болар –  когда-нибудь; всегда. Әйтеуір, ол бір келер (Когда-
                             нибудь,он  появится).  Әйтеуір,  Мараттың  сөзі
тура келді
                             (Всегда  выходит так, как говорил Марат).
тәрізді, секілді – похоже. Ол өтірік айтқан тәрізді (Похоже, он неправду
                              сказал).
Среди этих слов, такие слова как шығар, болар, екен, керек,  қажет,  сияқты,
тәрізді присоединяются только к концу  предложения.  Остальные  слова  могут
находиться как в начале так и в конце предложения. Бұлардан басқа да  модель
сөздер баршылық: бәсе –  вот оно что; наконец-то; так оно и  вышло;  тиіс  –
необходимо; должно;  обязано;  следует;  әлбетте  –   конечно;  обязательно;
разумеется;  так  точно;   әрине    –    безусловно;   конечно;   бесспорно;
несомненно.

40-тапсырма. Берілген модаль сөздермен сөйлемдер құрастырыңыздар.
Тәрізді,  секілді  (похоже),  екен  (оказывается),  шамасы  (скорее   всего,
вероятно), рас, шын (правда, верно), әйтеуір (когда-нибудь, всегда).
Ү л г і: Әлем таныған ел болу үшін тіліміздің жұлдызын биіктетуіміз керек.
41-тапсырма. Өлеңді жаттап,  мағынасын  түсіндіріңіздер.  Өлең  жолдарындағы
етістіктің  шақ категориясын тауып, олардың түрлерін ажыратыңыздар.
                                                  Ана тілі – ұрпақ тілі

Батар, кетер келмеске күнім менің,        Сол тіліммен дүниені атадым,
Қалар, бірақ, киелі тілім менің.               Таптым бүкіл тіршіліктің
атауын.
Қасіретті шақтарда түңілгенде                Жатты онда аманаты ананың,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.                 Жатты онда аманаты атаның.
                                (М. Мақатаев)
            (С. Мәуленов)
                                        * * * * *
Сақтар болсаң халқыңды  – тілді сақта,   Дей алмас қайдан әкелді,
Баға жетпес мұра жоқ тілден басқа!         Бар тілден үйрен білімді.
          Тілден өзге жиһаздың бәрін түгел            Ұмытсаңдағы бөтенді,
          Базарлайсың қалтаңда ақшаң жатса.        Ұмытпа ана тіліңді.
                                                (Ә. Сәрсенбаев)
              (А. Тоқмағамбетов)

42-тапсырма. Нақ осы шақтың астын сызып, олардың  түрлерін  (дара,  күрделі)
ажыратыңыздар.
Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту – Қазақстан Республикасы  халықтарының
көкейкесті проблемаларының бірі болып  отыр.  Болашақ  мамандар  үшін  қазақ
тілін білу міндетті болып отыр. Іс қағаздарын қазақ  тілінде  жүргізу  қолға
алынып, іске асырылып жатыр. Мейман сол баяғы сұлқ қалпы үнсіз  жатыр.  Шеке
тамыры әдеттегідей білемденіп тұр. Құрт қайнап, буы бұрқырап, ірімшік  пісіп
жатыр (Ә. Кекілбаев).
Адамдар мен түйелер міз бақпай, сап түзеп тізіліп тұр.  Ертең  күзде  Хиуаға
жылқы сатуға жүргелі отырмын. Орнынан ыршып атып  тұрды.  Бүгінгі  сөзіңізге
таң қалып отырмын. Екі шатқалдың арасында тұрмыз. (Ғ.М.). Біз  оны  халықтар
арасындағы достықтың бастауы, олардың ынтымақтастығы мен  береке  бірлігінің
тірегі ретінде қастер тұтып  отырмыз. Бірақ  сол  заманның  шырмауынан  шыға
алмаған ол ілім – бізге жетпіс жылдан соң ғана оралып отыр.

43-тапсырма. Көп нүктенің орнына нақ осы шақ (дара,  күрделі)  жасап  тұрған
сөздерді тиісті орындарына қойып, сөйлемдерді толықтырыңыздар.
Қазақ тілі – дүние жүзіндегі ауызша және жазбаша тіл  мәдениеті  қалыптасқан
алты жүз тілдің және мемлекеттік  мәртебеге  ие  екі  жүз  тілдің  қатарында
.......... . Республикада мемлекеттік тіл ретінде   бір  ғана  тіл  –  қазақ
тіліне конституциялық мәртебе .........  ..........  .  Ана  тіліміз  арқылы
ғана біз халқымызды,  отанымызды  танып  білеміз,  халық  рухының  сарқылмас
бастауы да сонда ....................  .  Тіл  құрыса,  оның  халқы  да  жер
бетінен жоғалып кететіндігі туралы  .............   ..............  .  Қазақ
тілінің мемлекеттік  мәртебесін  толық  іске  асыру  үшін  көптеген  шаралар
жүргізіліп, іске ..............  ............... .
Сөйлемдерді толықтыруға керекті сөз және сөз тіркестері: тұр, беріліп  отыр,
жатыр, айтылып жүр, асырылып отыр.

44-тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер.
1. Қазақстан Республикасында тіл туралы Заң қашан қабылданды?  2.  Қазақстан
азаматы неге құқылы? 3.  Қазақстанның  болашағы  –  жастар  қандай  болулары
керек?  4.  Қазақстан  Республикасында  қанша  ұлттың  өкілдері  тұрады?  5.
Қазақстан  қандай  елдермен  дипломатиялық  қарым-қатынас  жасайды?  6.   А.
Байтұрсынов кейінгі ұрпаққа қандай мұра қалдырған? 7. А. Байтұрсыновтың  тіл
біліміне арналған қандай еңбектерін білесіздер?
45-тапсырма.  Сұрақтарға  нақ  осы  шақтың  дара  (жалаң)  формасында  жауап
беріңіздер.
     1.                              Сен                              қайда
        отырсың?............................................................
        .........................
     2.                              Ол                               кімде
        отыр?...............................................................
        ...............................
     3.                              Біз                              қайда
        тұрмыз?.............................................................
        ............................
4.                                 Олар                                кімде
отыр?.......................................................................
..................
5.                                  Біз                                кімде
отырмыз?....................................................................
.................
6.               Сіз             қай              жерде              тұрсыз?
............................................................................
....

46-тапсырма.    Сөйлемдерден     осы    шақта     тұрған    етістіктердің
астын сызып, олардың түрлерін (нақ, ауыспалы) ажыратыңыздар.
Тіл екі түрлі жолмен қызмет  етеді.  Сөйлеу  тілі  бетпе-бет  сөйлеу  арқылы
жүзеге асады. Сөйлеу тілі көбіне диалог түрінде өтеді.  Жазба  тілде  сөйлем
ойды  нақты  да  толық  білдіре  алатындай  жүйелі,  әрі  түсінікті   етіліп
құрылады. Тілдің қызметі мен ойдың  айтылу  мақсатына  қарай  сөйлем  құруда
соған сәйкес сөздер, грамматикалық тұлғалар, тіркестер сұрыпталып,  талданып
қолданылып жүр. Әркімнің сөз қолдану ерекшеліктері әр түрлі болады.  Көсіліп
сөйлейтін  көсем  де,  таңдайынан  бал  тамған,  тыңдаушысын   тамсандыратын
шешендер де сөйлегенде сөзді сұрыптап қолданады,  сол  арқылы  ойын  дәл  де
әсерлі  жеткізіп  жүр.  Оқушының  сезіміне  әсер  ету  үшін  сөздер  бейнелі
мағынада, астарлы түрде, көркем мәнде қолданылып отырады.

47-тапсырма.  Төмендегі  етістіктерді  нақ  осы  шақтың  дара  (жалаң)  және
күрделі формасына салып жіктеңіздер.
Ү л г і :
I.   Мен отырмын  (Я сижу)                 Мен жаз+ып отыр+мын   (Я пишу)
II.  Сен отырсың  (Ты сидишь)           Сен жаз+ып отыр+сың  (Ты пишешь)
      Сіз отырсыз   (Вы сидите)             Сіз жаз+ып отыр+сыз (Вы  пишете)

III. Ол отыр   (Он сидит)                      Ол жазып отыр (Он пишет)
      Сөйлесу, қарау, айту оқу, бару, зерттеу, тыңдау, дәлелдеу, сипаттау.

48-тапсырма. Сол жақ бағанадағы сөйлемдердегі көп нүктелердің орнына оң жақ
бағанадағы     сөздерді       мағынасына   қарай    іріктеп,    тиісті
орындарына    қойып жазыңыздар.
Ү л г і : Мен университетте оқып жүрмін  (нақ осы шақтың күрделі түрі).
|Мен                                 |а) баяндама                         |
|.................................оқы|ә) әңгіме, мақала                   |
|п жүрмін.                           |б) кітап                            |
|Сен ..............................  |в) төсек, кереует                   |
|оқып отырсың.                       |г) диван                            |
|Біз                                 |д) кино, спектакль                  |
|..............................оқып  |е) әңгіме                           |
|жатырмыз.                           |ж) хат, газет                       |
|Мен ...........................     |з) оныншы сынып                     |
|жазып отырмын.                      |й) университет                      |
|Сіздер ....................жазып    |                                    |
|отырсыздар.                         |                                    |
|Сіз                                 |                                    |
|...............................жазып|                                    |
|отырсыз.                            |                                    |
|Мен ......................ұйықтап   |                                    |
|жатырмын.                           |                                    |
|Олар ...........................    |                                    |
|ұйықтап жатыр.                      |                                    |
|Сендер ................... көріп    |                                    |
|отырсыңдар.                         |                                    |
|Олар                                |                                    |
|.................................   |                                    |
|айтып отыр.                         |                                    |


2-апта.  4-тәжірибелік сабақ
Грамматика: Етістік. Негізгі, туынды, болымды, болымсыз етістіктер.  Көмекші
есімдер.

      49-тапсырма. Қазақ халқының  ұлы  ханы,  қолбасшысы  –  Абылай  ханның
ерлігі   туралы   тарихи   мәліметтерді   оқып,   тақырыпқа    қатысты    өз
білетіндеріңізді қосып, толықтырып, мазмұндаңыздар.

                            Қазақ елінің хандары
                                 * * * * * *
                  Үш жүздің басын біріктірген хан – Абылай
                                 (1711-1781)

                                         Абылай хан – ақыл-парасаты жағынан
болсын,
                                        көрегендігі жағынан болсын, қол
астындағы
                                        халқының күші мен санының
басымдылығы
                                        жағынан болсын, сол кездегі қазақ
даласын
                                       билеген замандастарының бәрінен де
басым еді.
                                                                       (А.И.
Левшин – әйгілі тарихшы)

      Абылай хан (Әбілмансұр) – қазақ   халқының  ұлы  ханы,  қолбасшы,  аса
көрнекті   мемлекет   қайраткері,   саясаткер,   дипломат,    қазақ    жерін
біріктіруші.
      Абылай –  Орта  жүз  ханы,  Жәңгір  ханның  бесінші  ұрпағы.  «Ақтабан
шұбырынды» жылдарында жетім қалып, Төле  бидің  қолына  келеді.  Жас  Абылай
Төле биге қызметкер болып, жылқысы мен түйесін бағады.
       Ол 20 жасында қан майданда ерлігімен танылады. Сол кезеңде  қалмақтың
батыры Шарышты  жекпе-жекте өлтіреді.
      XVIII ғасырдың алғашқы он жылдығында қазақ халқы үлкен  ауыртпашылықты
басынан кешірді. Жоңғарлар, Еділ  қалмақтары,  Орал  башқұрттары  жан-жақтан
қазақ ауылдарын шауып, талан-таражға салды. Оған табиғат  апаттары  –  қатал
қыс, көктайғақ, жұт қосылып, қыспаққа алады.
  Қазақ даласында 1724 жылы бастаған жоңғар шапқыншылығына   қарсы  белсенді
күрес барған сайын күшейе  түсті.  1726  жылы  Ордабасы  деген  жерде  (  ол
қазіргі Оңтүстік Қазақстан  облысындағы  қазақ  хандығының  ежелгі  астанасы
Түркістанның маңы)    үш жүздің  өкілдері  бас  қосқан  жиналыс  өткізіледі.
Әбілқайыр  хан  әскердің  бас  қолбасшысы  болып  сайланып,   барлығы    бір
келісімге келеді.
Қазақ қоғамында  рухани  бірлестіктің   ерекше  жағдайы  қалыптасады.  Халық
арасынан  Қабанбай,  Бөгенбай,  Райымбек,  Олжабай,  Жәнібек  сияқты   нағыз
батырлар шықты.
Халық басынан кешіп отырған   қиын  жағдай  –  жартылай   күйреуге  ұшыраған
қазақ мемлекетін қалпына  келтіре  алатын  адамды  талап  етті.  Ондай  адам
табылды. Оны елі Абылай деп атады,  ал  шын  есімі  Әбілмансұр  болатын.  Ол
өзінің  жеке  басының  алғырлығының   арқасында  атақ-даңққа  жетіп,   халық
құрметіне бөленді.
Қазақтың бірде-бір ханы Абылайға дейін  де,  одан  кейін  де  мұндай  шексіз
билікке ие болып, халық құрметіне бөленген емес. Ол алпауыт  рубасылары  мен
сұлтандардың бетімен  кетуіне тиым салды.
1730-1733 жылдар  аралығында  болған бір ұрыста жеңіп, Орта  жүздің  сұлтаны
деп  танылып, қазақ даласындағы ең беделді  әміршілердің  біріне айналды.
Абылайдың әскери қолбасшы ретінде қабілеті 1730-1740 жылдардағы  шайқастарда
ерекше көрінеді. Абылай жоңғарлармен соғысқа  Қабанбай,  Бөгенбай,  Жәнібек,
Мүйізді Өтеген және   тағы  басқа  қазақтың  белгілі   батырларымен  бірігіп
қатысады.
1771 жылы Орта жүз ханы  болып  сайланған  Абылай  іс  жүзінде  бүкіл  қазақ
даласына билігін жүргізіп, қазақ  халқының  тұтастығын  сақтау  үшін,  Ресей
үкіметімен де, Қытайдағы Цин империясымен   де  бейбіт  қатынастар  орнатуға
күш салды. Сол  үшін  ол  айтарлықтай  саяси   ұтыстардан   бас  тартты.  Өз
кезінде мұндай саясат бірден-бір дұрыс айла болуы да  мүмкін,  қазақтар  тек
осылай ғана   тәуелсіздігін  сақтаған.  Ал  Абылай  Жоңғарияның  көп  ұзамай
күйрейтінін алдын-ала  білген.
Абылай жоңғарлардың иелігіне өтіп  кеткен   көп  жерлерді  табанды  жорықтар
жасап, қайтарып алды. Жазба деректерде Абылайдың  шетел  басқыншыларымен  де
күрес  жүргізгендігі  туралы  деректер  сақталған.  Абылайдың  дипломатиялық
әрекеттері, оны өз заманының ұлы қайраткері деңгейіне көтерді.
Абылай  Қазақ  хандығының  күшін  біріктіріп,  оны  әскери  жағынан   қуатты
мемлекетке айналдырды.  1766-1768  жылдары  Абылай  Қоқан   хандығына  соғыс
ашып, Ташкентті  бағындырған.  Кейіннен  мұсылман  елдерінің  басын   қосуға
ұмтылып,  Ауғанстан   шахымен  келіссөз    жүргізеді,   Түркиямен   байланыс
жасайды.
XVIII ғасырда Қазақстанды жаулап алуды көздеген Жоңғар хандығы мен Маньчжур-
Қытай империясына қарсы күресте үш жүздің  басын  қосып,  күшін  біріктіруде
Абылай хан зор рөл атқарды, үлкен еңбек сіңірді.
Қаһарлы  хан,  ұлы  қолбасшы  Абылай   дарынды  күйші  ретінде  де   тарихта
белгілі.  Оның  «Ақ  толқын»,  «Алабайрақ»,  «Қайран  елім»,  «Қара  жорға»,
«Шынды жорық», «Жетім торы», «Бұлан жігіт» және  тағы басқа күйлері бар.
Ол Түркістанда тұрып, 1781 жылы дүние салды. Оның сүйегі Қожа Ахмет  Иассауи
кесенесіне қойылған. Абылай ханға  елімізде  ескерткіштер  орнатылып,  үлкен
қалалардағы даңғылдарға, университеттерге оның есімі берілген.

Сөздік:
талан-тараж – грабеж; погром; расхищение; растранжирить
күйреу – крах: разрушаться; крушение; разорение; разгром
алғыр – хваткий; смелый; способный; предприимчивый; восприимчивый
алпауыт – богач; магнат; мощь; помещик; уничтажающая сила
басқыншы – грабитель; захватчик; оккупант
                              Етістік (Глагол)

Заттың қимылын, іс-әрекетін, жай-күйін  білдіретін  сөз  табын  етістік  деп
атаймыз.
Етістік – знаменательная часть речи, которая обозначает действие,  состояние
лица или предмета.
Етістік (глагол) – это часть речи, которая грамматически  выражает  значение
действия в формах лица (жазамын  -  я  буду  писать,  жазасың  -  ты  будешь
писать), времени (бардым - я  ходил,  барамын  -  я  пойду)  и  отвечает  на
вопросы не істеді? (что сделал?),  не  істемек?  (что  будеть  делать?),  не
қылды? (что сделал?).
Тұлғасына  қарай   (по   способу   образования)   етістіктер:   1)   негізгі
(непроизводные): оқы (читай), ал (бери), жаз (пиши), жүр (пошли); 2)  туынды
(производные); ой+на (играй), ой+ла (думай), тұз+да (соли),  гүл+де  (цвети)
болып екіге бөлінеді.
Негізгі етістіктер  деп  әрі  қарай  бөлшектеуге  келмейтін  бір  морфемадан
тұрып, қимыл мағынасын білдіретін етістіктер аталады.  М.:  кел,  кет,  айт,
бөл, же, өт, жүр, күл, бар, т.б.
Туынды етістіктер деп түбір етістіктен және басқа сөз табынан  сөз  тудырушы
жұрнақтар  арқылы  жасалған,  ең  кемі  екі  морфемадан  тұратын  етістіктер
аталады. М.: ой-на, қол-да, жыр-ла, батыл-дық, хат-шы, тарих-шы, т.б.
                         Етістік тудыратын жұрнақтар
                     (Словообразующие суффиксы глаголов)

|Жұрнақтар     |Мысалдар (примеры)                                    |
|(суффиксы)    |                                                      |
|              |    Түбір сөздер        |      Туынды сөздер           |
|-ла, -ле,     |бас – голова            |бас-та – начинай              |
|-да, -де,     |ой – мысль              |ой-ла – думай                 |
|-та, -те      |тұз – соль              |тұз-да – посоли               |
|              |шеге – гвоздь           |шеге-ле – забей гвоздь        |
|              |ем – лечение            |ем-де – лечи                  |
|              |есеп – задача           |есеп-те – реши                |
|              |іс – дело               |іс-те – делай                 |
|-лас, -лес    |серт – условие          |      серт-тес – условься,    |
|-дас, -дес    |ақыл – ум               |договорись                    |
|-тас, -тес    |дос – друг              |ақыл-дас – советуйся          |
|              |көмек – помощь          |дос-тас – подружись           |
|              |бір – один              |көмек-тес – помоги            |
|              |қош – прощание          |бір-лес – объединяйся         |
|              |                        |қош-тас – прощайся            |
|-қар, -кер,   |бас – голова            |бас-қар – возглавь            |
|-ғар, -гер    |ес – память             |ес-кер – запомни              |
|              |су – вода               |су-ғар – поливай              |
|              |тең – равное; тюк       |тең-гер – приравняй           |
|-лан, -лен    |пайда – польза          |пайда-лан – пользуйся         |
|              |ашу – злоба             |ашу-лан – возмущайся          |
|              |үй – дом                |үй-лен – женись               |
|-а, -е        |түн – ночь              |түн-е – ночуй                 |
|              |сан – число             |сан-а – считай                |

50-тапсырма. Мәтіннің бірінші мағыналық  бөлігіне  берілген  сұхбатты  рөлге
бөліп оқып, мағынасын түсіндіріңіздер.

                                         Сұрақ-жауап
–  Абылай кім?
–  Абылай – қазақ     халқының   ұлы    ханы,     қолбасшы,  аса көрнекті
    мемлекет қайраткері, саясаткер, дипломат, үш жүздің басын біріктіруші.
–   Абылай қай жүздің ханы?
–   Абылай – Орта жүз ханы, Жәңгір ханның бесінші ұрпағы.
–   Ол қанша жасында ерлік көрсетті?
–  Абылай 20 жасында қан майданда  ерлігімен танылады.   Сол  кезде
   қалмақтың   батыры  Шарышты жекпе-жекте  өлтіреді.
–  Қай кезеңде қазақ хандығы ауыртпашылықты басынан  кешірді?
 – XVIII ғасырдың алғашқы он жылдығында қазақ халқы үлкен
    ауыртпашылықты  басынан кешірді. Жоңғарлар, Еділ  қалмақтары, Орал
    башқұрттары  жан-жақтан  қазақ   ауылдарын шауып, талан-таражға салды.
–   Қай уақытта жоңғар шапқыншылығына қарсы күрес күшейе түсті?
–   Қазақ даласында 1724 жылы бастаған   жоңғар   шапқыншылығына   қарсы
     белсенді күрес  барған сайын күшейе түсті.
–   Әскердің қолбасшысы болып  кім сайланды?
–   Әбілқайыр  хан әскердің бас қолбасшысы  болып сайланды.

51-тапсырма. Берілген етістіктерді  пайдаланып,  сөйлемдер  құрастырыңыздар.
Сөйлемдердегі  негізгі,  туынды,  болымды,   болымсыз   етістіктерге   назар
аударыңыздар.

|баста            |жоғарыла           |барма          |жаз        |
|ойлан            |аялда              |сөйлеспе       |түс        |
|пікірлес         |талаптан           |айтпа          |бол        |
|көмектес         |басқар             |кетпе          |қос        |
|беттес           |есептес            |тастама        |кел        |

                                    Болымды және болымсыз етістіктер
        Положительные и отрицательные формы глаголов)

Қазақ тілінде етістіктер болымды  және  болымсыз  болып  бір-біріне  қарама-
қарсы екі топқа бөлінеді.
Болымды етістік. Етістік негізгі түбірде де, туынды түбірде де қимылдың, іс-
әрекеттің  болуын  білдіреді.  Сондықтан  етістік  негізгі  я  туынды  түбір
күйінде  болымды  мәнді  білдіреді.  Оларды  болымды  етістік   дейді.   М.:
қайтамын, жүземін, айтқанмын т.б.
Болымсыз етістік. Болымсыз етістіктер қимылдың, іс-әрекеттің болмауын,  іске
аспауын білдіреді. Болымсыз етістік негізгі, я  туынды  түбір  етістіктерге;
1. -ма, - ме, - ба, - бе, - па, - пе жұрнақтары жалғану арқылы;  2.  белгілі
шақ тұрғысындағы етістікке жоқ, емес сөздерінің  тіркесуі  арқылы  жасалады.
Мысалы: оқы-оқыма, бар-барма, түс-түспе,  биле-билеме,  келген  жоқ,  берген
жоқ, кешіккен емес, тазалаған емес, тойлаған жоқ, т.б.

52-тапсырма. Мәтіннің екінші мағыналық бөлігінен болымды етістіктерді  теріп
жазып, олардан болымсыз етістік жасап, жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.

Ү л г і: Айт – айтпа, қоныстан – қоныстанба, ал – алма, келтір  –  келтірме,
қалыптас – қалыптаспа, шық – шықпа,   қолда – қолдама,  аш  –  ашпа,  жүр  –
жүрме, кет – кетпе,  жүргіз – жүргізбе.
Бер – берген жоқ; біл – білген жоқ; айт –  айтқан  емес;  қинал  –  қиналған
жоқ; түсін – түсінген жоқ;  кел – келген емес; бар – барған емес.
       Мысалы:   Ана  тіліміздің   тағдыры   үшін  күресте   халқымыз   қам-
қарекетсіз болған емес.

53-тапсырма.    Мәтіннен   туынды    етістіктерді   теріп   жазып,    оларды
талдаңыздар.

           Ү л г і:  1771 жылы Орта  жүз  ханы  болып  сайланған  Абылай  іс
жүзінде бүкіл қазақ даласына билігін жүргізді.
«Сай» (овраг; ущелье;) – сөздің түбірі,  зат  есім;   «ла»  –  зат   есімнен
етістік жасап тұрған  жұрнақ; «н»  – өздік етіс  жұрнағы;  «ған»  –  бұрынғы
өткен шақтың жұрнағы.

Тапсырма. Сөйлемдердегі туынды   етістік  жасап  тұрған  жұрнақтардың  астын
сызыңыздар.

Жастайынан  жетім  қалған  Абылай  Төле  бидің,  Әбілмәмбет  сияқты  ханның,
Бөгенбай  батырдың тәрбиесін   көріп  өсті.  Абылай  хан  бүкіл  өмірін  бір
мақсатқа ғана бағыттады. Ол ен далада еркін өскен қазақ халқын  аман  сақтап
қалу үшін барлық  ақыл-ойы мен қажыр-қайратын сарқа жұмсады. Ол шын  мәнінде
исі қазақтың біртуар көсемі бола білді. Абылай он  бес  жасынан  бастап  қан
майданды көзімен көріп, қырғын шайқастарда жеке басының  ерлік-тапқырлығымен
жеңіс туын желбіретті.

                               Көмекші есімдер
                              (Служебные имена)

      Көмекші есімдер негізгі есімдермен  ілік  септігі  арқылы  байланысып,
заттардың кеңістіктегі орналасу қатынастарын көрсетеді.  Олар:  үсті,  асты,
алды, арты, жаны, қасы, сырты, іші,  арасы,  ортасы,  т.б.  Негізгі  есімдер
ілік септігінде, көмекші есімдер тәуелдік жалғауында келеді.
      Служебные имена, сочетаясь  с  именем  существительным  в  родительном
падеже  (ілік   септік),   образуют   словосочетания,   которые   показывают
пространственные   отношения   предметов.   При   этом    служебные    имена
употребляются только в притяжательной форме (тәуелдік жалғау) третьего  лица
и принимают падежные окончания. Например:
Арасы – между; промежуток. Үйдің арасы (между домами).
Асты –  под; низ. Үстелдің асты (под столом).
Үсті – над; верх. Жәшіктің үсті (над ящиком).
Алды – перед; передняя часть. Үйдің алды (перед домом).
Арты – за; задняя часть. Үйдің арты (за домом).
Жаны – рядом; возле. Үйдің жаны (рядом с домом).
Қасы – возле; около. Үйдің қасы (возле дома).
Іші – в; внутри. Үйдің іші (внутри дома).
Сырты – вне; за; снаружи; наружная часть. Үйдің сырты (вне дома).
Басы – верх. Ағаштың басы (верх дерева).
Түбі – у; низ. Ағаштың түбі (низ дерева).
Ортасы – центр; посередине. Көшенің ортасы (посередине улицы).
Қарама-қарсы – напротив. Үйге қарама-қарсы (напротив дома).
Мысалдар: Үйдің іші таза (внутри комнаты (в комнате)  чисто.  Үйдің  жанында
жеңіл машина тұр (около  дома  стоит  легковая  машина).  Үстелдің   үстінде
қалам, журнал жатыр (на столе  лежат  ручка  и  журнал).  Терезенің  алдында
үстел тұр (перед окном стоит стол).

 Тапсырма.  Көп нүктенің орнына етістіктің сөз тудырушы  жұрнақтарын  қойып,
туынды етістіктердің жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.
Жастарды балалықты тас...п,  білім  алыңдар,  дүниенің  кілті  білімде,  оқу
керек, надандықпен күресу керек, - деп сендіреді. Абай.  Пайдалы  қазбаларды
із....у, бар...у, суретке түсіру  т.б.  салалардағы  инженер-геологтар.  Кен
қоры мен сапасы анық...лады. Оларды ашып, халық  игілігіне жұм...у,  негзігі
міндеттердің  бірі. Бұлар белгі..ген соң ғана  арнайы  тәсілмен  кен  қазыла
бас...йды.
          Керекті жұрнақтар: -та, -ла, -де, -та, -са, -ле.

54-тапсырма.  Кестеде көрсетілген Абылай ханның өмірінің  барлық  сәттерінде
үлгі-өнеге бола білген көсемдердің есімдерін есте сақтаңыздар.
[pic]
55-тапсырма. Төмендегі көмекші есімдермен сөйлемдер құрастырыңыздар.
Сырты  (вне,  снаружи),  қасы  (возле,  около),  үсті  (над),   қарама-қарсы
(напротив), жаны (рядом, возле)

56-тапсырма. Көмекші есімдерге берілген сөз және  сөз  тіркестерін  тәуелдік
формада септеңіздер.
      Ү л г і    : Арасы, арасының,  арасына,  арасын,  арасында,  арасынан,
арасымен. Үйімнің сырты, үйімнің сыртының, үйімнің сыртына, үйімнің  сыртын,
үйімнің сыртында, үйімнің сыртынан, үйімнің сыртымен.
      Іші, түбі, ортасы, алды, университеттің маңайы,  көшенің  бойы,  судың
жағасы, ескерткіштің тұсы, аялдаманың алды, халықтың ортасы.

       57-тапсырма.   Сөздердің   екінші   дұрыс   сыңарларын   тауып,   сөз
тіркестерін құрастырыңыздар.
|1. қаланың            |а) тұсы               |Ү л г і : Қаланың маңы.      |
|2. зиялы              |ә) іші                |1............................|
|3. көлдің             |б) алды               |....................         |
|4. көшенің            |в) дәрісхана          |2............................|
|5. шеткі              |г) басы               |....................         |
|6. үйдің              |ғ) сырты              |3............................|
|7. терезенің          |д) қауым              |....................         |
|8. үлкен              |е) үсті               |4............................|
|9. құдықтың           |ж) ортасы             |....................         |
|10. ауылдың           |з) маңы               |5............................|
|11. үстелдің          |й) жағасы             |....................         |
|                      |                      |6............................|
|                      |                      |....................         |
|                      |                      |7............................|
|                      |                      |....................         |
|                      |                      |8............................|
|                      |                      |....................         |
|                      |                      |9............................|
|                      |                      |....................         |
|                      |                      |10...........................|
|                      |                      |.....................        |


58-тапсырма. Көп нүктенің орнына көмекші есімдерді қосып жазыңыздар.
      Ұзақ жолаушылап, қырғыз ............ таяу бір асудан асқан ол  орманға
еніп  кетті.  .............  қалпақ,  ................  қой  жүнді   шекпен,
аяғында  саптама  етік.  Бір  мезгілде  тап   .............,   шоқ   ағаштың
.............. қатты  айғай  естілді.  Ағаш  .............  бір  жігіт  шыға
келді.  ..............   қазақтар,  қырғыздар  көп.   Иса   қалың   халықтың
..............,  күрестің бел ............. жүрген.
                                               * * * * *
                                                   Жау ............
жұдырық,
                                            Жарақтыға жау жолықпас (мақал).
Сөйлемдерді толықтыруға керекті көмекші есімдер: сыртына, басында,  жанында,
ішінде, арасынан, ішінде, ішінде, ортасында, артынан.

59-тапсырма. Мәтінді орыс тіліне аударып, көмекші есімдерді табыңыздар.
Ораз Жандосов үлкен төбенің үстіне шықты. Ол аттан түсті. Төбенің үсті  теп-
тегіс, шөбі қалың. Неше түрлі гүлдер  жайнап  тұр.  Аспанда  торғайлар  ұшып
жүр. Аспанда бұлт жоқ, ашық. Ораз бала кезінде  осы  төбенің  үстінде  талай
рет  ойнаған.  Туған  жерім  қандай  әдемі!  Ораз  Жандосов   –   большевик,
революционер.
                                      * * * * *
      Қазақ тілі кабинеті үлкен,  жарық.  Кабинеттің  ортасында  ұзын  үстел
тұр. Үстелдің үстінде кітаптар, газет-журналдар  жатыр.  Кабинеттің  ішінде,
оң жақта үш шкаф тұр. Онда  қазақ  тіл,  шет  тілдері  оқулықтары  бар.  Екі
терезенің арасында кішкене үстел тұр.

      60-тапсырма. Сөйлемдердегі көмекші есімдердің астын сызыңыздар.
      Алғашқы жүрісінен айырылған қос  жирен  қайта  қарқынға  мініп,  менің
қасыма да жетіп қалды. Мен де қарсы алдынан қолымды бұлғап, жол үстіне  атып
шықтым. Екпіндей  жеткен қос ат  ішін  тартып,  осқырынып  тұра  қалды.  Еті
қызған аттар жол бойымен  тоқтамай,  желіп  келеді.  Ішіне  құм  толтырылған
жастықшаны алып тастады (С. Жүнісов).  От  жағылмаған  бөлменің  іші  салқын
екен.  Алаша  үстінде  ойнап  отырған  Болаттың  нәзік  саусақтары   қызарып
кетіпті.
                                             * * * * *
Жергілікті адамдар бұл төңіректің маңында сол  жылдары  Исадан  басқа  атағы
жайылған Байзақовты естіген емеспіз деседі. Иса – қайраткер, қашан да  қалың
халықтың  ішінде,  күрестің  бел  ортасында  жүрген.  Жиырмасыншы  жылдардың
ішінде телеграммаға  қол  қоюшылардың  ішінде  Байзақов   деген  фамилия  да
кездеседі. Алғаш оның басына келгені – «Аңшы  ма  немесе  тыңшы  ма?»  деген
үрейлі күдік. Ақбөпеш-ау, үйдің іші азынап  кетіпті  ғой!  Ақбөпеш  оны  жер
үйдегі пештің үстіне қойды.

      61-тапсырма.   Сөз  және  сөз  тіркестерін  пайдаланып,  негізгі  және
туынды етістіктерге  негізделген сөйлемдер құрастырыңыздар.
      Ү л г і: Абылай өз жанынан тамаша  күйлер  шығарып,  Шоқан  айтқандай,
сол заманның  эпикалық  қарымдағы  ерлік  істерін  күй  тілінде  бейне+ле+ді
(бейнелей білді).
       Билігін жүргізді, көсемі бола  білді,  қажет  екенін  терең  түсінді,
мүддеге бағындыра білді,  таң  қалдырып,  мәдениетіне  жүйрік  болды,  күлер
шығарып, жеңіс туын желбіретуі, сақталып отыру,  қорғаушы,  бағалайды,  алып
шығады, сынынан өтуі, Абылайды іздеп барады.

      62-тапсырма.  Әр  бағанадағы  сөздерді  орын  тәртібі  бойынша  тиісті
орындарына қойып, сөйлемдердің мағынасының дұрыс сақталуына  назар  аударып,
сөйлемдер құрастырыңыздар.
|№  |1             |2          |3             |4            |5        |
|1  |шықты         |арасынан   |батырлар      |нағыз        |халық    |
|2  |ретінде       |белгілі    |тарихта       |ол дарынды   |күйші    |
|3  |қосып         |біріктірді |күшін         |үш жүздің    |басын    |
|4  |алды          |Абылай     |жоңғарлардан  |қайтарып     |жерлерді |
|5  |білді         |ұлттық     |қазақтар      |тәуелсіздігін|сақтай   |


63-тапсырма. Болымды етістіктерден болымсыз, туынды етістіктер жасаңыздар.
       Ү  л  г  і  :  Жоғары:  жоғары+ла  (үстеуден  етістік  жасалып  тұр);
жоғарыла+ма (болымсыз етістік). Жаға: жаға+ла (зат есімнен  етістік  жасалып
түр);  жағала+ма (болымсыз тү). Тіл: тіл+ші; бас; бас+тық (зат  есімнен  зат
есім  жасалынып  тұр);  тілші  емес,  бастық  емес  (болымсыз  түрі).  Жаңа:
жаңа+лық (сын есімнен зат есім жасалынып тұр); жаңалық жоқ (болымсыз түр).

|Болымды         |Туынды етістіктер  |Болымсыз етістіктер |Жалғанатын       |
|етістіктер      |                   |                    |жұрнақтар        |
|1. заман        |...................|....................|е                |
|2. әдебиет      |...............    |................    |ла               |
|3. екі          |...................|....................|те               |
|4. көп          |...............    |................    |дас              |
|5. сурет        |...................|....................|ші               |
|6. қорытынды    |...............    |................    |де               |
|7. қыс          |...................|....................|та               |
|8. түн          |...............    |................    |лік              |
|9. жеңіл        |...................|....................|шілік            |
|10. төмен       |...............    |................    |                 |
|                |...................|....................|                 |
|                |...............    |................    |                 |
|                |...................|....................|                 |
|                |...............    |................    |                 |
|                |...................|....................|                 |
|                |...............    |................    |                 |
|                |...................|....................|                 |
|                |...............    |................    |                 |
|                |...................|....................|                 |
|                |...............    |................    |                 |

64-тапсырма. Сөйлемдердегі көмекші есімдердің астын сызыңыздар.
Жақсы ән, жарқын сөз, көңілді күлкі түннің жарым ортасы ауғанша  толастамай,
қалықтады  да  тұрды.  Бір  мезгілде  қасына  Абай  келді.  Маңайында  жауын
алдындағы майда қоңыр жел баяу соғып тұрды.  Жастар  тобы  оны  алты  қырдың
астына дейін шығарып салды. Сыртын көріп  ішінен  түңілме.  Ол  қанша  артта
қалса да, ойы, пікірі алда. Сырттан  аяз, іштен жылан  шарпиды.  Құнанбайдың
мықты жері Тобықты іші болса, әлсіз жері де осы Тобықты ішінде.  Ой  артынан
ой туар, желге мінсең, жеткізбес. Құдық басында,  кешкі  ауыл  сыртында,  от
басында Абай сөздерін бұларға оқытып отыратын Дәркенбай және  көптеген кәрі-
жас бар.


2-апта. 5-тәжірибелік сабақ
Грамматика: Жіктік, септік жалғаулары.
65-тапсырма.  Тарихтағы  ірі  тұлға,  қолбасшы  –   Әбілқайыр   хан   туралы
мәліметтерді мұқият оқып, мағынасын түсініп, мазмұндаңыздар.

                             Кіші жүз әскерінің
                   қолбасшысы – Әбілқайыр хан (1693-1748)

Әбілқайыр хан – қазақтың   Кіші жүзінің ханы,   Шыңғыс    ханның он  бесінші
ұрпағы.  1710  жылы  Қарақұмдағы  халық  жиынында  жас  Әбілқайыр  Кіші  жүз
әскерінің қолбасшысы және хан болып сайланды.
      XVIII ғасыр  қазақ  халқы  үшін  ел  басына  күн  туған  кезең  болды,
жоңғарлар  тарапынан  болған  шабуылдар  халықты  көп  күйзеліске  ұшыратты.
Әбілқайыр бұл сұрапыл соғыста ерекшелік танытты.  Ол  бабаларының  иелігінде
болған  Сайрам,  Түркістан  және  Ташкент  қалаларын  қорғау  жолында   ерен
ерлігімен көзге түсті. Бұл қалалар  жоңғарлардың  қоршауында  қалған  кезде,
екі жағы тең емес шайқаста анасы мен әйелі тұтқынға  түскен  соң,  Әбілқайыр
хан шегінуге мәжбүр болды. 1718 жылы Аягөзде Әбілқайыр мен Қайып  ханның  30
мыңдық әскері жоңғарлармен қанды шайқас жүргізді.
      Әбілқайыр өзінің күші, айласы, ақылдылығы,  бірбеткейлігі,  батырлығы,
шабуылды ұйымдастыра білгендігімен даңқы шығып, хандыққа  қол  жеткізді.  Ол
жас кезінен батылдығымен танылып, дарынды әскербасы  және  білгір  саясаткер
болды.
1726 жылы қазақ халқының жоңғарларға қарсы азаттық  күресі  күшейген  кезде,
үш жүздің қазақтары бас қосқан  Ордабасында  болған  құрылтайда,  билер  мен
батырлар бірауыздан  оны  қазақ  жастарының,  қазақ  хандығы  әскерінің  бас
қолбасшысы етіп сайлады.  Ол  сол  жолы  Аңырқай  шайқасында  үлкен  жеңіске
жетті.
Әскербасы  Әбілқайыр  халық  жастары  үшін  қыруар  істер  атқарды,   соғысу
қабілетін жоғары деңгейге көтерді және қарулы күштерде адамгершілік рух  пен
патриотизмді  марапаттап  отырды.  1728  жылы  қазақ  әскері   жеңіске   қол
жеткізді.
Бұл   шайқастар  Ұлытау  тауларында,  Қарасиыр  жері  мен  Бұланты  өзенінің
бойында болды, мұнда олар экспедициялық корпусты  талқандады.  Бұл  жеңістен
кейін халық көкейінде жеңіске  қол  жеткізуге  болады  деген  сенім  ұялады.
Басқыншыларға қарсы халық жұмыла көтерілді.
Әбілқайыр 1748 жылы 1 тамызда өзінің ата жауы Барақ сұлтанның  қолынан  қаза
табады. Әбілқайырдың жүргізген саясаты  қазақ  мемлекетінің  қалыптасуы  мен
дамуы жолында маңызды рөл атқарды.
Сөздік:
қолбасшы – командующий; полководец
шабуыл – атака;  набег; наступление; нападение
күйзелу – испытывать тяжелое состояние; переживать кризис; разруха;
                 страдать
сұрапыл – лютый; свирепый; суровый
дарынды – гений; талант; способный; одаренный; талантливый
бірбеткей – принципиальный; ультимативный; односторонний
батыр – богатырь; герой; отважный
азаттық – независимость; освобождение; свобода

66-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап  беріңіздер.

1. Әбілқайыр кім? 2. XVIII  ғасырдағы  халықтың  жағдайы  қандай  болды?  3.
Әбілқайырдың ерліктері туралы не білесіздер? 4. Оның әскері  кімдерге  қарсы
шайқас  жүргізді?  5.  Ол  өзінің  қандай  қасиеттері  арқылы  хандыққа  қол
жеткізді? 6. Қай кезде, кімдер, неге байланысты  Әбілқайырды  қолбасшы  етіп
сайлады? 7. Ол жастар үшін қандай істер істеді?  8.  Сұрапыл  шайқастар  қай
жерлерде болды?  Әбілқайыр  кімнің  қолынан  қаза  тапты?  Оның  саясаты  не
жолында маңызды рөл атқарды?

67-тапсырма.  Мәтіннің  бірінші  мағыналық   бөлігіндегі   жіктік   жалғаулы
сөздердің   астын   сызып,   жіктік   жалғауларының   сөйлемдегі    қызметін
түсіндіріңіздер.

                   Жіктік жалғаулары    (Личные окончания)

Жіктік  жалғауы  –  қимыл  иесінің  кім  екенін  білдіру  үшін  қолданылатын
қосымша. Ол басқа қосымшалар сияқты  сөз  бен  сөзді  байланыстырып,  қарым-
қатынасқа келтіріп тұрады. Жіктік  жалғауы  жалғанған  сөз  үнемі  баяндауыш
қызметінде жұмсалып, бастауышпен жақтық, шақтық жағынан  қиыса  байланысады.
Сөздерге жіктік жалғауы жалғануын сөздің жіктелуі дейміз.
Егер сөздің соңғы  дыбысы  дауыстыға  және  үнді  л,  р,  й,  у  дыбыстарына
аяқталса,  онда  -мын,  -мін  (жекеше),  -мыз,   -міз   (көпше)   жалғаулары
жалғанады.
Мысалы: Мен бала-мын, жақсы-мын, кіші-мін, тұр-мын, ұл-мын, жау-мын.
Егер сөздің соңғы дыбысы б,  в,  г,  д  дыбыстарынан  басқа  ұяң  дыбыстарға
аяқталса, онда -бын, -бін (жекеше), -быз, -біз (көпше) жалғанады.
Мысалы: Мен қыз-бын, жалғыз-бын, біз қыз-быз, жалғыз-быз.
Егер  сөздің  соңғы  дыбысы  қатаң  дауыссыздарға  және  б,  в,  г,  д   ұяң
дыбыстарына бітсе, онда -пын, -пін (жекеше), -пыз, -піз (көпше) жалғанады.
Мысалы: Мен студент-пін, биолог-пын, біз студент-піз, биолог-пыз.
Көптік  мағынаны  білдіру  үшін  -сың,   -сің   және   -сыз,   -сіз   жіктік
жалғауларынан кейін көптік жалғаулары жалғанады.
Мысалы.: Сендер мұғалім-сің-дер.
           Сөздің соңғы дыбысы жекеше ІІ жақта қандай дыбысқа  аяқталса  да,
-сың, -сің, -сыз, -сіз, -сыңдар, -сіңдер жалғаулары жалғанады. М.:  мұғалім-
сіз, оқытушы-сыз, биші-сіз, құрылысшы-сың, суретші-сің, оқушы-сыңдар,  биші-
сіңдер. ІІІ жақта жіктік жалғауы болмайды. М.: Ол  отыр,  ол  студент,  олар
оқушы.

       68  -тапсырма.  Мәтіннен  алынған  сөздерді   жекеше,   көпше   түрде
жіктеңіздер.

Ү л  г  і:  Батыл  қолбасшы.  Жекеше:  Мен  батыл  қолбасшы+мын,  сен  батыл
қолбасшы+сың, сіз батыл қолбасшы+сыз, ол батыл қолбасшы.  Көпше:  Біз  батыл
қолбасшы+мыз, сендер батыл қолбасшы+сыңдар,  сіздер  батыл  қолбасшы+сыздар,
олар батыл қолбасшы.
Хан,  әскербасы,  саясаткер,  білгір,  ақылды,  батыр,  дарынды,   басқыншы,
сұлтан.

69-тапсырма.  Мәтінге  байланысты  алынған  сөз   және   сөз   тіркестерімен
сөйлемдер құрастырыңыздар. Сөйлемдер жіктік жалғауларына негізделсін.
Қазақ ханы, ханның баласы, үш  жүз  басы,  батыл,  халық  билеушісі,  шайқас
басшысы, сұлтанның қызы, көшпелі халық, біртуар тұлға, ел  ағасы,  тәуелсіз,
әйгілі.

70-тапсырма. Мәтіннің екінші мағыналық бөлігінен  септік  жалғаулы  сөздерді
тауып, олардың сөйлемдегі қызметін түсіндіріңіздер.
Ү л г  і:  Қасым  ханның  тұсында  Қазақ  хандығы  өзінің  дәуірлеу  биігіне
көтерілді.
«Хан» - сөздің түбірі, зат есім; «ның» – ілік септігінің  жалғауы;  «тұс»  –
сөздің түбірі;  «ы»  –  тәуелдіктің  ІІІ  жағының  жалғауы;  «нда»  –  жатыс
септігінің жалғауы; «өз» – өздік есімдігі, сөздің түбірі; «і» –  тәуелдіктің
ІІІ жағының жалғауы; «нің»  –  ілік  септігінің  жалғауы;  «биік»  –  сөздің
түбірі, сын есім; «і» – тәуелдіктің  ІІІ  жағының  жалғауы;  «не»  –   барыс
септігінің жалғауы.

71-тапсырма. Жалғаулар сөйлемде қандай  қызмет  атқарады?  –  деген  сұраққа
мысалдардың негізінде жауап беріңіздер.

                   Септік жалғаулары (Падежные окончания)
Септік  жалғаулары  арқылы  есімдер  сөйлемдегі  етістіктермен   де,   шылау
сөздермен де, есімдер өзді-өздері  де  жалғасып,  әр  алуан  қарым-қатынасқа
түседі. Сөйлемдегі сөздерді  бір-бірімен  жалғастырып,  септестіріп  тұратын
қосымшаларды септік жалғаулары дейміз.
Қазақ тілінде 7 септік бар. Септік жалғаулары – зат  есімдердің  мағыналарын
түрлендіріп, оларды басқа сөздермен байланыстыратын қосымшалар.
|Септік жалғаулары                                                    |
|Атаулары            |Сұраулары                    |Жалғаулары        |
|Атау (имен. падеж)  |кім? (кто?), не? (что?)      |                  |
|Ілік                |кімнің? ненің? (чей? чья?    |-ның, -нің, -дың, |
|(родит. падеж)      |чье? кого? чего?)            |-дің, -тың, -тің  |
|Барыс (дательно-    |кімге? неге? қайда?          |-ға, -ге, -қа,    |
|направительный      |(кому? чему, зачем? куда?)   |-ке, -а,          |
|падеж)              |                             |-е, -на, -не      |
|Табыс               |кімді? нені? (кого? что?)    |-ны, -ні, -ды,    |
|(винит. падеж)      |                             |-ді,              |
|                    |                             |-ты, -ті, -н      |
|Жатыс               |кімде? неде? қайда? қашан? (у|-да, -де, -та,    |
|(местный падеж)     |кого? на чем? где? когда?)   |-те,              |
|                    |                             |-нда, -нде        |
|Шағыс               |кімнен? неден? қайдан? (от   |-нан, -нен, -дан, |
|(исходный падеж)    |кого? от чего? откуда?)      |-ден, -тан, -тен  |
|Көмектес            |кіммен? немен? қалай?        |-мен (менен),     |
|(твор.-соед. падеж) |(с кем? с чем? как?)         |-бен (бенен),     |
|                    |                             |-пен (пенен)      |

72-тапсырма. Мәтіннен жіктік және септік жалғауында  тұрған  сөздерді  теріп
жазып, олармен сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастырыңыздар.
Ү л г і: Соғыс; Отан соғысы+ның. Отан соғысы+ның сүргіні басталғанда,  қазақ
халқы 2 миллионға жетер-жетпес болып қалды. Тарих; өзінің тарихы-нда.  Қазақ
халқы өзінің тарихы+нда мұндай қасіретті кезеңге тап болып көрген емес.
Басшы; Ұйтқы болған басшы. Осыған ұйтқы болған басшы –  халықпен  ақылдасып,
бәрі бірігіп, ортақ мүдденің абыройын жоғары көтерді.
ІІІ жақта  жіктік  жалғауы  болмайды:  Мен  басшы+мын;  сен  басшы+сың;  сіз
басшы+сыз; ол басшы.

73 -тапсырма. Терминдердің мағынасын түсініп, есте сақтаңыздар.
Мұғалім – кейде  бұл  сөздің  орнына  өз  тіліміздегі  «оқытушыны»  қолданып
жүрміз. Мұғалім бізге араб тілінен  кірген.  Араб  тіліндегі  алғашқы  түбір
галим – білгір, білетін мағынасында айтылады. Ал оның алдына «му»  қосымшасы
жалғанып барып мұғалім сөзі шыққан.  «Мұғалім»  біздегі  «үйретуші»  сөзінің
мағынасымен бірдей.
Емтихан – бұл сөздің араб тіліндегі  ең  алғашқы  түбірі  «махан»  –  сынау,
байқау дегенді білдіреді. Осы түбірге сол тілдегі түрлі  қосымшалар  жалғану
арқылы «имтихан»  болып  өзгеріп,  «сынау,  байқау»  мағынасын  берген  сөз,
біздің тілімізге ауысқанда өз мағынасын сақтап,  тұлғасы  жағынан  «емтихан»
болып қалыптасқан.
Сабақ – «сабақтың» басты мағынасы мүлдем  басқаша.  Араб  тіліндегі  «сабақ»
сөзі  «таңертең»  мағынасын  білдіреді.  Оның  ауыспалы  екінші  мағынасы  –
«таңертең келу». Оқудың көбінесе ертеңгілікте басталатынын  ескерсек,  сабақ
сөзінің «таңертең оқуға келу» мағынасын беретіндігін байқаймыз.
Кітап  –  түптеліп,  тасқа  басылған  көркем,  ғылыми  шығармалар  мен   оқу
құралдарын қазіргі тілімізде «кітап» дейміз. Ал  бұл  сөз  бізге  арабтардан
ауысқан. Арабша «китабе» сөзінің ежелгі мағынасы «жазу»  дегенді  білдіреді.

Мақала – газет, журнал беттерінде жарияланған хабарлар. Араб  тілінде  «қале
– сөйлеу, сөз» деген  мағыналарда  қолданылады.  Осы  түбірдің  алдына  араб
тіліне тән «ма» жұрнағы  қосылса,  «жарияланған  сөз»  мағынасында  түсінуге
болады.

74-тапсырма.  Төмендегі  сөз  және  сөз  тіркестеріне  1-3  жақтарда  жіктік
жалғауларын жалғаңыздар.
  Құрылтайшы, Жошы ханның  баласы,  Шыңғысханның  ұрпағы,  негізін  қалаушы,
қайсар, ержүрек, жаушы, Отырар, Сығанақты бағындырушы, маңғыстаулық,  қыпшақ
.
75-тапсырма.  Көп  нүктенің   орнына   тиісті   септік   жалғауларын   қосып
жазыңыздар.
Махмұд Қашқари –  түркі...  тұңғыш  тіл  маманы,  түркі  тілі...  оқулығы...
жасаған, грамматикасы... түзеп, жалпы түркі әлемі... тіл  өнері...  өрісі...
кеңейтіп, өркені... өсірген ғұлама. Түркология тарихы... ол  тұңғыш  тарихи-
салыстырмалы  әдіс...  қолданып,  түркі  тілдері  тарихи  диалектологиясы...
негізі... салды. Оның осы тілдер... салыстырмалы түрде зерттеу тәсілі  бүкіл
Шығыс тілшілері... ортақ зерттеу тәсілі  реті...  өзінше  бір  мектеп  болып
қалыптасты.

76-тапсырма. Сөздерге  септік  жалғауларын  (7  септік  те  қамтылуы  керек)
жалғап, олармен сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастырыңыздар.
Әскер,  шайқас,  бөгет,  қала,  мешіт,  тіл,  мекен,  сақталу,  ел,   халық,
қыпшақтар.
Ү л г і: Шығарма; тарихи шығармалар+да. Мысалы: Оны тарихи  шығарма+лар+  да
Бейбарыс, Бибарыс деп те атайды.
Египет; Египет+ті билеген. Мысалы: Жамақұлы Бейбарыс түркі  әулеті  Баһриден
шыққан мамлюктердің Египет+ті билеген төртінші сұлтаны.

77-тапсырма.  Сөйлемдерден  септік  жалғауларында  тұрған  сөздердің   астын
сызып, олардың түрлерін ажыратыңыздар.
Болат хан өлгеннен кейін «қазақтың бас ханы болу жолы менікі»  деп  сеніммен
жүрген  Әбілқайыр  билік  тізгінінің  басқаның  қолында  кеткенін   көргенде
ашуланып, бәрін тастап  еліне  кетеді.  Сөйтіп  олар  Еділ  қалмақтарын  да,
башқұрттарды да,  сондай-ақ  Жайық  қазақтарын  да  айдап  салып,  Кіші  жүз
қазақтарының тынышын кетіре бастайды.  Соның  аяғы  Әбілқайырдың  1730  жылы
өзін  Ресей  империясының  қол  астына  алуын  сұрап,  Петербургке   елшісін
жіберуіне әкеліп соғады.


2 апта. 6-тәжірибелік сабақ
Грамматика: Тәуелдік жалғаулары.
78-тапсырма. Қазақ хандығының негізін қалаған Әз Жәнібек хан  туралы  тарихи
деректермен  танысып,  оның  қазақтардың  басын  қосуға   сіңірген   еңбегін
меңгеріп, мазмұндаңыздар.

                          Қазақ хандығының негізін
                     қалаушылардың бірі – әз Жәнібек хан
                                            (? – 1480)
Барақұлы Жәнібек хан – Қазақ хандығы мен  қазақ  хандары  әулетінің  негізін
қалаушы. Көк Орда ханы Өрістің (Орыстың) шөпшегі, Барақ ханның  баласы.  Шын
есімі Әбусағит (кей деректерде Бусаид). «Жәнібек» – ханның жалған  аты.   Ол
XV ғасырда өмір сүрген, оның 1450 жылға дейінгі  өмірі  мен  қызметі  туралы
нақты деректер жоқтың қасы.  Сол  кездерден  жеткен  дерек  көздерінде  оның
есімі үнемі Керей ханмен бірге аталып отырады. Оның алғашқы белсенді  қимылы
өздеріне қоныс берген Монғолстан  ханы  Есенбұғаға  көмектесіп,  қалмақтарға
шайқаста көрінеді. Ол Әбілқайыр ханның баласы  Шейх-Хайдарға  қарсы  соғыста
бірнеше ел ағаларымен тіл табысып,  оларды  өздерінің  одақтасы  етеді.  Осы
соғыста оның есімі Керей хансыз алғаш рет жеке аталады.
Монғолстан  ханы  өз  қарсыластарымен  болатын  күресте   көмектесер   деген
есеппен, қазақ басшыларымен одақтас болды. Өзара қырқысулар мен  соғыстардан
жапа шеккен 200 мыңға жуық көшпенділер Жәнібек хан мен Керей  ханның  маңына
топтасты.
Әбілқайыр хан өлімінен кейін ханның тағы үшін болған өзара  қырқысулар  өрши
түсті. Оларға туған жерге оралуды көздеп жүрген Жәнібек хан  мен  Керей  хан
да  араласып  кетеді.  Олар   Әбілқайырдың   мұрагері   Шейх-Хайдар   ханмен
кескілескен шайқасқа түседі. Өз  әміршілері  тарапынан  ешқандай  көмек  ала
алмаған Шейх-Хайдар, билік үшін күресте жеңіліске ұшырайды.
Әбілқайыр  өліп,  оның  қармағындағы  ел  ыдырап,  бұрынғы   көшпелі   өзбек
тайпаларының дені қазақтарға  келіп  қосылып,  өзбек-қазақ  атанған  кезден,
яғни Қазақ хандығының елі көбейіп, жері  кеңейген  кезден  бастап,  Кереймен
бірге Жәнібекті  де  хан  дейді.  Осыған  қарағанда,  Жәнібек  Керей  ханның
тұсында «кіші хан» есебінде елді онымен бірге басқарып,  ол  өлгеннен  кейін
билікті тұтас өз қолына алған сияқты.
Жәнібек Керей ханнан кейін жеті жылдай қазақ хандығының ханы  болған.  Қазақ
хандығының бастау кезінен мол дерек беретін атақты  тарихшы  Мұхамед  Қайдар
Дулати  қазақтардың  Монғолстан  жеріне  келген  кезін  баяндағанда,   үнемі
Керейді хан, ал Жәнібекті сұлтан деп ажыратып атап отырады.
Шейх-Хайдар жеңіліске ұшырағаннан  кейін,  биліктің  Орыс  хан  тұқымдары  –
Жәнібек  хан   мен   Керей   ханның   қолдарына   өтуі   «Көшпелі   өзбектер
мемлекетіндегі» саяси жағдайды өзгерткен жоқ. Дегенмен, бұл  оқиға  «Көшпелі
өзбектер мемлекеті» атының Дешті-Қыпшақ  болып  өзгеруіне  ықпал  етті.  Бір
кездері Монғолстанға қоныс аударған адамдар Өзбек  ұлысында  «қазақтар»  деп
атала бастады және бұл атау бүкіл хандыққа тарай бастады.
Билік үшін күресте Жәнібек хан мен оның үзеңгілестері – қазақтардың  бірігуі
мен Қазақ хандығының құрылуына үлес қосты.
XVғасырдың орта шенінде ежелден Жетісу  өңірін  мекендеген  түркі  тайпалары
бір этникалық топқа біріге келе, қазақ халқын құрады. Жәнібек хан мен  Керей
хан Жетісу өңірі, Шу мен  Талас  өзендерінің  бойын  мекендеген  қазақтардың
басын қосуда көп  еңбек  сіңірді.  Бұл  мақсатпен  олар  өзара  қырқысуларды
басып, ірі феодалдарды маңайына топтастырды.
Жәнібек ханның Дешті-Қыпшаққа (Көшпелі өзбектер мемлекеті) оралғаннан  кейін
билігін күшейткені туралы, өмірінің соңғы жылдары мен өлімі туралы  деректер
жоқ. Оның есімі  тарихи  деректерде  соңғы  рет  1473  ж.  кездеседі.  Бұдан
кейінгі жылдары Керей хан туралы ғана  айтылған.  Жәнібек  хан  жиі  болатын
шайқастардың бірінде қаза тапқан деп болжауға болады. Сақталып қалған  халық
аңыздары мен өлеңдерінде  Жәнібек  ханды  Әз  Жәнібек  деп  атаған.  Жәнібек
өлгеннен кейін билік басына Керей ханның баласы Бұрындық келеді.

      Сөздік:
әулет – династия; поколение; потомство; род; семья
шөпшек – праправнук (пятое поколение)
дерек – источник; факт; весть; данные; сообщение; известие
шайқас – битва; сражение; схватка; борьба; биталия
жапа шегу – страдания; терзаться; страдать; мучиться
қырқысушылық – вражда
кескілескен шайқас – жестокая борьба
ұлыс – племя; народность; день великого праздника; этнос
үзеңгілес – соратник; единомышленник
тайпа – племя; племена; род

79-тапсырма. Мәтінді үш мағыналық бөлікке бөліп, бірінші мағыналық  бөлігіне
сұхбат (сұхбат-жауап) құрастырыңыздар.
Ү  л  г  і :
– Қазақ хандығының негізін кім қалаған?
– Қазақ хандығы мен қазақ хандары әулетінің негізін қалаған – Барақұлы
   Жәнібек хан.

80-тапсырма. Мәтіннің бірінші мағыналық бөлігінен  бес  сөзді  теріп  жазып,
оларды оңаша тәуелдену формасына салып тәуелдеңіздер.
Ү л г і: Қоныс (поселение; стоянка). Менің қоныс+ым; сенің қоныс+ың;  сіздің
қоныс+ыңыз; оның қоныс+ы.

81-тапсырма. Мәтіннің екінші мағыналық  бөлігінен  бес  сөзді  теріп  жазып,
оларды ортақ тәуелдену формасына салып тәуелдеңіздер.
Ү  л  г  і:    Қарсылас   (противник).   Біздің   қарсылас+ымыз;   сендердің
қарсылас+ың; сіздердің қарсылас+ыңыз; олардың қарсылас+ы.

82-тапсырма. Мәтіннің үшінші мағыналық  бөлігінен  бес  сөзді  теріп  жазып,
оларды көпше тәуелдену формасына салып тәуелдеңіздер.
Ү  л  г  і:  Тарихшы  (историк).   Жекеше:   Менің   тарихшы+лар+ым;   сенің
тарихшы+лар+ың; сіздің тарихшы+лар+ыңыз; оның тарихшы+лар+ы.  Көпше:  Біздің
тарихшы+лар+ымыз;  сендердің  тарихшы+лар+ың;  сіздердің   тарихшы+лар+ыңыз;
олардың тарихшы+лар+ы.

                            Тәуелдік категориясы
                        (Категория притяжательности)

Бұл грамматикалық категория орыс  тілінде  жоқ,  тәуелдік  мағына  негізінен
тәуелдік есімдігі арқылы беріледі: моя книга, твой дом.
Заттың  бір  адамға,  көп  адамға  меншіктілігін  білдіретін  тілдің  арнайы
грамматикалық тәуелдік категориясы бар.
Тәуелдік категориясының мағынасы  жұрнақ  және  тәуелдік  жалғаулары  арқылы
беріледі:
1. Тәуелдік мағына -нікі, -дікі, -тікі  жұрнақтар  арқылы  беріледі,  жұрнақ
меншікті заттың иесін білдіретін сөзге жалғанады  М.:  кітап  менікі,  қалам
сенікі, дәптер Асандікі т.б.
2. Тәуелдік мағына тәуелдік жалғаулары арқылы беріледі. Тәуелдік жалғауы  3-
жақта, анайы, сыпайы түрде, жекеше, көпш түрде қолданады.
      Тәуелдік жалғау бір заттың екінші бір затқа  немесе  біреуге  (адамға)
тәуелді, меншікті  екенін  білдіреді.  Тәуелденетін  сөз  үш  жақтың  біріне
тәуелдене, меншіктене айтылады. Тәуелдік жалғау  өзі  жалғанған  сөзді  ілік
септік жалғаулы сөзбен байланыстырып тұрады.
Меншіктік  форма  (тәуелдену  ұғымын)  тудыратын  -   нікі,   -дікі,   -тікі
жұрнақтары  ілік  септігінің  -ның,  -нің,  -дың,  -  дің,  -  тың,  -   тің
жалғауларының  және  -қы,  -кі,  -ғы,  -гі  жұрнақтарының  бірігуінен  пайда
болған. Тәуелдік жұрнақтардың басқа жұрнақтардан ерекшелігі -  жуан  формасы
болмайды. Мысалы: ме-нікі,  се-нікі,  сендер-дікі,   олар-дікі,  кі-тапхана-
нікі т.б.
          Притяжательная форма  образуется  путем  присоединения  к  именным
основам суффиксов: - нікі, -дікі, -тікі.  Суффиксы  притяжательной  формы  в
отличие от других суффиксов не имеют твердого варианта.

                         Тәуелдік екі түрлі болады:

1. Оңаша тәуелдену;    2. Ортақ тәуелдену.
1. Бір не көп заттың жеке адамға меншіктелуі оңаша  тәуелдену  деп  аталады:
Менің кітабым, менің кітаптарым, оның қобызы, оның қобыздары.
2. Бір не көп заттың көп адамға меншіктелуі  ортақ  тәуелдену  деп  аталады:
Біздің үйіміз, біздің мүліктеріміз, олардың саяжайлары.

83-тапсырма.   -нікі,  -дікі,  -тікі жұрнақтарын тиісті сөздерге жалғап,
олармен сөз тіркестерін құрастырыңыздар.
          батыр
ел

              жүзбасы
мемлекет
                                                                       -дікі
           тарих
                                                                       -нікі
           ұлт
                                                                       -тікі
          тұлға
жауынгер
билік
патша
әкім
          халық

84-тапсырма.  Мәтіннен  он  сөзді  теріп  жазып,  оларға   меншіктік   форма
(тәуелдену  ұғымын)  тудыратын  -нікі,  -дікі,  -тікі   жұрнақтарын  жалғап,
олармен сөз тіркестерін құрастырыңыздар.

Ү л г і:   Қазақ: қазақ+тікі; жер қазақ+тікі. Басшы: басшылары+нікі;  мекеме
басшылары+нікі. Халық: халық+тікі; жеңіс халық+тікі.

85-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша сөйлемдерді  толықтырып,  орыс  тіліне
аударыңыздар.

     1.         Монғолстан         ханы         өз          қарсыластарымен
        ......................................................
     2.                            Өз                            әміршілері
        тарапынан...........................................................
        ...................
     3.                          Осыған                          қарағанда,
        Жәнібек.............................................................
        .............
     4.                 Дегенмен,                 бұл                 оқиға
        «Көшпелі............................................................
        ........
     5.                  XV                  ғасырдың                  орта
        шенінде.............................................................
        .............
     6.                           Мұхамед                            Хайдар
        Дулати..............................................................
        ................
     7.                           Қоныс                            аударған
        адамдар.............................................................
        .................
     8.            Жәнібек            хан            жиі            болатын
        ....................................................................
        ........

               Тәуелдену (Образование формы притяжательности)
               Оңаша тәуелдену (Формы личной притяжательности)

|Жақ           |Соңғы дыбысы (Конечный звук)                             |
|(лицо)        |                                                         |
|              |Дауысты                   |Дауыссыз                      |
|              |(Гласные)                 |(Согласные)                   |
|І. Менің (мой,|-м        |-м            |-ым           |-ім           |
|моя, мое,     |          |              |              |              |
|мои)   І      |          |              |              |              |
|              |аға+м     |әке+м         |қыз+ым        |ел+ім         |
|              |қала+м    |терезе+м      |қалам+ым      |үй+ім         |
|ІІ. Сенің     |-ң        |-ң            |-ың           |-ің           |
|(твой, твоя,  |          |              |              |              |
|твое, твои)   |          |              |              |              |
|              |аға+ң     |әке+ң         |қыз+ың        |ел+ің         |
|              |қала+ң    |терезе+ң      |қалам-ың      |үй+ің         |
|   Сіздің     |-ңыз      |-ңіз          |-ыңыз         |-іңіз         |
|(ваш,         |          |              |              |              |
|ваши, ваше,   |          |              |              |              |
|ваши)         |          |              |              |              |
|              |аға+ңыз   |әке+ңіз       |қыз+ыңыз      |ел+іңіз       |
|              |қала+ыз   |терезе+ңіз    |қалам+ыңыз    |үй+іңіз       |
|ІІІ. Оның     |-сы       |-сі           |-ы            |-і            |
|(его, ее)     |          |              |              |              |
|              |аға+сы    |әке+сі        |қыз+ы         |ел+і          |
|              |қала+сы   |терезе+сі     |қалам+ы       |үй+і          |



       86-тапсырма  .  Батыр  Шақшақұлы  Жәнібек  туралы  берілген   қысқаша
мәтінмен танысып, сөйлемдердегі тиісті сөздерден  тәуелдік  жалғаулы  сөздер
жасаңыздар.

       Шақшақұлы  Жәнібек  (?-1751)  –  жоңғар   шапқыншылығы   кезінде   ел
тәуелсіздігі үшін күрескен атақты батыр «Ақтабан шұбырындыдан» кейін  босқын
елдің басын  қосып,  азаттық  күресін  ұйымдастырған,  Бұқар  жырау  сөзімен
айтқанда: «Қаракерей Қабанбай,  Қанжығалы  Бөгенбай,  Қаз  дауысты  Қазыбек,
Шақшақұлы Жәнібек, ормандай көп Орта жүз, содан шыққан төрт тіректің»  бірі.
Одан басқа ол ауыздыға сөз бермеген, қиянатқа жол  бермеген  әділ  би,  діни
сауаты мол молла кісі болған. Шыққан тегі – Орта жүздің Арғын тайпасынан.
       Халық  өзінің  сүйікті  ұлын  кезінде  «Шақшақ  Жәнібек»,  «Шақшақұлы
Жәнібек» деп атап кеткенімен, Шақшақ оның әкесінің де, руының да  аты  емес,
үшінші атасының аты. Шақшақтан Көшей,  Көшейден  Қошқар,  Қошқардан  Жәнібек
туады.


 3-апта. 7-тәжірибелік сабақ
Грамматика: Етістіктің рай (ашық, шартты райлар) категориясы.
87-тапсырма. Төле би туралы мәтінді мұқият оқып,  түсініп,  оның  тапқырлығы
мен  шешендігін  меңгеріп,  мазмұндап  тәлім-тәрбиелік  мәні  жоғары   нақыл
сөздерін өз өмірлеріңізге үлгі-өнеге тұтыңыздар.

                          Қазақ халқының көсемдері
                                  * * * * *
                             Төле би (1663-1756)

          Шешен кісі – сөз бастар,

          Адал кісі – ел бастар.
                       (Ж. Жабаев)
 Қазақта     Қабанбайдан асқан батыр,   Төле  биден асқан би жоқ.
 Үш жүзге үлгі айтқан Төле би  қандай да болса   даулы мәселені
            қорытындылаған    соң,    одан    кейін    ешкім    сөз
өрбітпеген.

  (Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы

            «Едіге би» дастанынан)
      Төле би Әлібекұлы ХVІІ –  ХVІІІ  ғасырларда  өмір  сүрген.  1663  жылы
қазіргі Жамбыл облысына қарайтын Шу өзенінің  бойында  Әулие  ата  маңындағы
Жайсаң жайлау деген жерде  дүниеге  келген.  Төле   жастайынан  араб,  парсы
тілдерін жақсы  білген.  Тарихи  кітаптарды,  аңыз  қисса,  дастандарды  көп
оқиды. Әке  тәрбиесінің  арқасында  билікке  ерте  араласып,  сенімнен  шыға
білген. Алғыр, тапқырлығымен, әділдігімен көрініп,  жастайынан  ел  ішіндегі
жер дауы, жесір дауына араласып, шешім айтып отырған.
      Қазақ хандығын бір орталыққа біріктіруде Тәуке ханды  қолдаған.  Тәуке
ханның басшылығымен Қазыбек, Әйтеке және басқа  да  белгілі  билермен  бірге
қазақ хандығын  құруға  қатысқан.  «Жеті  жарғы»  заңын  жасасқан,  сол  заң
кодексін шығарушылардың бірі. Ол қазақтың  белгілі   хандарымен,  билерімен,
батырларымен  бірге   жоңғар,  қалмақ  басқыншыларына  қарсы   халық-азаттық
майданын ұйымдастырып, басшылық етті.
      Әлібекұлы Төле би қазақтың Тәуке, Болат, Әбілмәмбет, Жолбарыс,  Абылай
хандары тұсында мемлекет басқару ісіне   араласқан  аса  ірі  мемлекет  және
қоғам қайраткері, ойшыл дана. Әз Тәуке хан құрған «Билер кеңесінің»  мүшесі,
атақты шешен, Ұлы жүздің төбе биі, шыққан тегі Ұлы жүздің  Дулат  тайпасының
Жаныс руынан.
       Тәуке  ханның  тұсында  Төле  би  «Билер  кеңесінің»  мүшесі  ретінде
мемлекеттік істердің оң шешілуіне айтарлықтай үлес қосқан, жыл сайын  өтетін
 бүкілхалықтық жиынды ұйымдастырушылардың бірі.
Ол Орта жүздің төбе  биі  Келдібекұлы   Қазыбекпен,  Кіші  жүздің  төбе  биі
Байбекұлы Әйтекемен бірге Тәукенің Түркістан қаласын орталық  етіп,  үш  жүз
ұлыстарын  бір  орталыққа  бағындырып,  сөйтіп  бір  Қазақ   хандығын   құру
мақсатының орындалуына  атсалысады.  Жоңғар  шапқыншылығына  қарсы  бауырлас
қырғыз, қарақалпақ, өзбек халықтарының одағын құруға  бағытталған  шараларды
жүзеге асыруға белсене қатысады. Бұл Қазақ пен  Жоңғар  хандықтарының  арасы
шиеленісіп  тұрған кез болатын.
1723 жылы қазақ еліне  қалмақтар  басып  кіре  бастады,   қазақ  тарихындағы
қасіретті «Ақтабан шұбырынды» атанған  тарихи  кезең  басталды.  Бұл  барлық
қазақтың  басына  түскен  ауыртпалық  еді.  Ақтабан  болды,  яғни  табандары
көлдіреп, іріңдеді, шұбырынды болды, жылады, көз жастары  көл  болды,  халық
босып кетті.
ХVІІІ ғасырдың жиырмасыншы жылдарының басында болған  Жоңғар  шабуылы  қазақ
халқының тарихында «Ақтабан шұбырынды» деп аталып кетті.
Тап осы кезде Төле би ауып кеткен елді  қайтаруға  Өтеген  батырды  жіберді,
байдың малын ортаға салып, қалған бала-шағаларды асырайды.  Туыс  халықтарды
бейбіт  қатынасқа,  келісімсіз   жайларға   жол   бермеуге,   кешірімділікке
шақырады. Бұл секілді елім, жерім деп еңіреген Төленің қамқорлығын ел  мәңгі
есінде сақтап, таусылмайтын жыр етіп жырлайды:

Елің  кетті  шұбырып,                                         Бұл   сапардан
сескенем,
Ақ  қар,   көк   мұз   суықта                                      Аш-арыққа
қараған,
Ақтабан болған асыл жол,                               Бізге пайда өзгеден,-

- деп Төлеге халық айтса:
деп, Төле есі ауған елдің еңсесін көтеріп, «Бас-аяғымызды құрайық,  ел  есін
жисын. Қазіргі ауыр жағдайда арықтаған, ашыққан, тарыққан елді  аман  сақтап
қалу бізге көп пайда береді. Малдың бәрін ортаға салып, жан сақтаудың  қамын
істеңдер»,  -  деп  елді  қоғамдастырып,  күш-қуат,  рух  беріп,  көңілдерін
көтерді, қайта ел қылды.
Төленің осындай ерлігін, ел үшін істеген және қоғамшыл  болғанын  халық  жыр
етіп ақтарды:
           Кейін  қалған  Үйсінді,                                 Қара  тау
мен Ұлы тау,
Төле би құрып жинапты,                    Саласына орнапты.
Білуші еді сабазың,                                 Қазақтың қолы күшейіп,
Өзіне  келер  ұятты,                                        Қалмақты   қайта
айдапты.
Қазыбек, Әйтекемен бірігіп,                     Жауды қуып қаладан,
Үш жүздің басын құрыпты.                      Ташкентті қазақ қайта апты, -

                                                 дейді.
Төле би «Ақтабан шұбырындыға»  ұшыраған  қазақ  жерін  жоңғар  феодалдарының
езгісінен азат етуде аса зор ұйымдастыру  жұмыстарын  жүргізеді.  Ресей  мен
Қазақ хандығы арасындағы қарым-қатынасты қалыптастыруға күш  салады.  Жоңғар
билеушілерінің іштей әлсіреуіне ықпал
жасайды. Жоңғар хандығының құлауын қамтамасыз етеді. Бұл Төле  бидің  Абылай
ханмен бірлесе жүргізген сыртқы саясатының ірі нәтижесі еді.
      Ел аузында Төле  би  туралы  тарихи  аңыздар  сақталған.  Оның  атымен
байланысты айтылатын нақыл сөздер, мақал-мәтелдер,  билік  кесімдер  де   ел
арасында кеңінен тараған. Төле би есімі тек Ұлы жүзде ғана  емес,  Орта  жүз
бен Кіші жүзде де аса құрметпен аталады.  Бұл  оның   бүкіл  қазақ  халқының
тағдырына қатысты  ірі оқиғалардың ортасында  жүргенінің айғағы. Бұған  Төле
бидің замандасы, тағдырласы Қаз дауысты  Қазыбек  бидің  «Төле  би  дүниеден
өтті» деген суық хабарды естігенде: «Төле би өлді дегенше, дүниеден  әділдік
өлді десейші. Бүтін билікке Төле жеткен, бүтін  хандыққа  Есім  хан  жеткен,
бұл екеуіне кім жеткен?» деп, жер таянып, көзіне жас алуы да  дәлел  болады.
Бұл үш арыс, үш асылдың бірінің  екіншісіне  берген  бағасы.  Бұдан  асырып,
жеріне жеткізіп айту мүмкін  де  емес.  Өйткені  олар  қасында  жүріп,  бір-
бірінің қадір-қасиетін жете таныған алыптар.
Төле бидің денесі Ташкент қаласындағы Жүніс  ханның  жанына  қойылған.  Онда
оған үлкен ескерткіш орнатылған.

Сөздік:
қисса – поэма; поэтическое сказание
дастан – поэма; эпос
алғыр – восприимчивый; предприимчивый; смелый: способный;  хваткий
тапқыр – предприимчивый; догадливый
ұлыс – племя; народность; день великого праздника; этнос
кесім – приговор; сделка

       88-тапсырма.  Мәтіннің   мазмұнына   сүйеніп   сұхбат   (сұрақ-жауап)
құрастырыңыздар.
    Ү л г і:
–  Төле би қай ғасырда өмір сүрген?
–  Төле би Әлібекұлы ХVІІ-ХVІІІ ғасырларда  өмір сүрген, 1663 жылы   дүниеге

    келген.

      89-тапсырма. Мәтіннен ашық рай формасында  тұрған  етістіктерді  теріп
жазып, олардың қай шақта тұрғанын ажыратыңыздар.
      Ү л г і:
      Төле  жастайынан-ақ  халқының  жоғын  жоқтап,  мұңын  мұңдаған,  туған
жерінің, елінің бірлігі мен ынтымағын көксеп, сол  үшін  өле-өлгенше  қызмет
ет + ті (жедел өткен шақ, ашық рай).
      Төленің Отанға, туған жерге, халқына деген  қалтқысыз   сүйіспеншілігі
талай ұрпаққа патриоттық  рух  беріп,  ізгі  жолға  баулып  кел  +  е  +  ді
(ауыспалы осы шақ, ашық рай).
      Әрқайсысының басында өз күйі мен тағының (тақ)  қамын  ойлаған  хандар
тұр (нақ осы шақ, жай түрі, ашық рай).
      1680 жылдан бастап Тәуке қазаққа хан бол + мақ  (мақсатты  келер  шақ,
ашық рай).
      90-тапсырма. Мәтіннен он шақты етістікті теріп жазып,  олардан  шартты
рай жасап, сөйлемдер құрастырыңыздар.
      Ү л г і: Күшейту; күшейт + се. Шығыстан жоңғарлықтар  шабуылды  күшейт
+ се, онда қазақ халқының сыртқы жағдайы шиеленісе түседі.

                         Етістіктің рай категориясы
                       (Категория наклонения глагола)

Наклонение – это грамматическая категория в  системе  глагола,  обозначающая
отношение   действия   к   реальности,    представление    о    возможности,
желательности, истинности. Глагол казахского языка имеет 4 наклонения. Это:
1. ашық рай (изъявительное наклонение);
2. бұйрық рай (повелительное наклонение);
3. шартты рай (условное наклонение);
4. қалау рай (желательное наклонение).
Ашық рай обозначает действие  в  настоящем,  прошедшем  и  будущем  времени.
Нап.: Айдын кітап оқып отыр (осы шақ). Жансая үй  жинады  (өткен  шақ).  Мен
ертең киноға барамын (келер шақ).
      Шартты рай выражает возможность и желательность действия при  тех  или
иных условиях. Условное наклонение образуется  прибавлением  суффиксов  -са,
-се к основе глагола. М.: Сіз шақыр-са-ңыз біз барамыз.  Мен  хат  жаз-са-м,
ол келеді. Ол кел-се, мен барамын.

91-тапсырма. Көп нүктенің  орнына  рай  категориясының  тиісті   жұрнақтарын
қосып жазып, олардың түрлерін ажыратыңыздар.
       Егер  қалмақтарға  ірі-ірі  соққылар  бер...  ,   онда  оларды  кейін
қайтарар еді. Осы шайқасты қазақ халқы жең..., онда  Тәуке  хан  Төлені  Ұлы
жүздің бас биі етіп сайламақшы еді. Тәуке өзінің «Жеті жарлығын»  (заңдарын)
жаса... , онда оны жүзеге асыру үшін, көрші  елдермен  достық  қарым-қатынас
жасауға кірісер еді. Үш жүздің ұлы ханы деген атағы  болма...  ,  әр  жүздің
ханы өз бетімен, өз билігімен басқарды. Байтақ Отанды алып жатқан қазақ  бір
жерде  ғана  қырылған  бол...  ,  ол  арнайы  сөз   болмас   еді   (шындыққа
жанаспайды).

      92-тапсырма. Тәуке хан мен Төле бидің жеңістері туралы  жазылған  өлең
жолдарының мағынасын түсініп, түсінгендеріңізді айтып беріңіздер.
Тәуке мен Төле бірігіп,                            Қолын бастап қазақтың,
Қылышын өткір қайраған.                       Қалмақты кейін айдаған.
Осы жеңістен кейін қазақ халқы Төлені қатты бағалады, Тәуке хан  Төлені  Ұлы
жүздің бас биі етіп сайлады.
Туған жер, туған ел азаттығы үшін өткен арпалыстан мынадай  жыр  жолдары  ел
арасына кең тарап, бүгінгі ұрпаққа мұра болып кеткен:
Төле би жайшылықта билік еткен,        Жорықта қол басқарып, іс атқарып,
Соғыста найза  ұстап  ерлік  еткен.            Үйретіп  жас  ерлерге  тәрбие
еткен.

93-тапсырма.   Жақшаның   ішіндегі   етістіктерді   тиісті   формаға   қойып
жазыңыздар. Мәтінді мазмұндаңыздар.
Қаралы 1723 жылға дейін қазақ хандығы  Ұлы  жүз  жерінде  орналасып  (келу).
1722 жылы жоңғарлықтар жоралғы топ құрып үлкен шабуылға дайындала  (бастау).
1727 жылы жоңғарлықтар қазақпен  қайта  (соғысу).  Бұл  соғыстың  салдарынан
наймандар  батысқа  (көшу).  Найманның  Садыр  деген  руы   қатты   қырғынға
(ұшырау). Төле жаудың  алдын  бөгеп,  шегіне  (соғысу).  Бұл  соғысқа  басқа
батырлармен бірге Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлар  (қатысу),
олар жауға қатты соққы (беру). «Қаруға өзгеріс енгізу  керек,  жаудың  жақсы
қаруын да пайдалануымыз қажет, - деп Төле әскерді шынықтыру,   жаудың  әдіс-
айласын білу жөнінде бірқатар шаралар белгіледі.

94-тапсырма. Сөйлемдерден рай категориясында тұрған  сөздерді  тауып,  астын
сызып, олардың түрлерін ажыратыңыздар.
Отбасының берекесі, ердің ырысы жақсы   болса,  ол  әйелге  байланысты  деп,
Төле би олардың бақытты болуларына жағдай жасап отырған.  Шындықты  танытып,
әділдікке қол  жеткізсе,  ол  Төле  бидің  әртүрлі  амал-тәсілдерін  қолдана
білгені. Төле би шабындыққа  таласқан екі жігітті ертіп сыртқа шықса,  бидің
сөзін жерге тастамай, екеуі қол алысып, татуласып кетіпті. Халқының ынтымақ-
бірлігін ойласа, қолынан келгеннің бәрін жасар еді.

95-тапсырма.  Төле  би  атынан  айтылған  толғаудағы  шартты  райда   тұрған
сөздерді  теріп жазып, олармен сөйлемдер құрастырып, өлеңді мазмұндаңыздар.
 Жаңбыр жаумаса, жер жетім,                 Балаң жақсы болса,
 Басшысы болмаса, ел жетім.                     Жан мен тәннің шырағы.
 Ұқпасқа айтқан сөз жетім ...                      Әйелің жақсы болса,
 Атың жақсы болса,                                    Бірінші – иманың,
 Ер жігіттің пырағы.                    Екінші – жиғаның,

Үшінші – ырысыңның тұрағы ...

      96-тапсырма. Төле бидің  тәрбиелік  мәні  жоғары  шешендік  сөздерінен
түсінгендеріңізді өз сөздеріңізбен айтып  беріңіздер.  Шартты  райда  тұрған
сөздерді табыңыздар.
Уа, көсіле шабар жерің бар,                      Құлдық ұрсаң дұшпанға,
Ту көтерген ерің бар,                              Арылмайтын сорың бар...
Қол боларлық елің бар,                             Құлдық ұрсаң дұшпанға,
Атадан қалған сара жолың бар,                    Еркек болып туды деп,
                                                                        Мына
сені кім айтар?

97-тапсырма. Төмендегі сөз және  сөз  тіркестерімен  шартты  рай  формасында
сөйлемдер құрастырыңыздар.
Тыңдау, сауатын ашу, шешен болу, көзге түсу, шақыру, кеңесші  болу,  көріну,
тығыз байланысу, сақталу, суреттеу, білімді болу.

3-апта. 8-тәжірибелік сабақ
Грамматика: Етістіктің бұйрық, қалау райлары.
98-тапсырма.  Мәтінді  мұқият  оқып,  Қазыбек  бидің  ақылдылық,  тапқырлық,
шешендік  ерекшеліктерімен  танысып,  оның  өсиет  сөздерінің  мән-мағынасын
ашып, мазмұндаңыздар.

                 Қазақ халқының атақты шешені – Қаз дауысты
                          Қазыбек би  (1667 – 1764)

       Қаз  дауысты   Қазыбек   Келдібекұлы    қазақ   халқының   XVII-XVIII
ғасырлардағы үш ұлы биінің бірі, көрнекті қоғам және  мемлекет   қайраткері.
Оның  оқыған жерлері, алған білімі туралы  нақты  деректер  жоқ.   Дегенмен,
ел аузындағы аңыз-әңгімелер мен биден  жеткен шешендік сөздер  өз  заманында
білімді, халықтың ауыз  әдебиеті мен сат-дәстүрін,  рәсімдерін  ,  ата  жолы
заңдарын мейлінше мол меңгерген  озық ойлы, әділ де көреген, батыл да  батыр
 адам болғандығын айқын аңғартады. Шыққан тегі Орта жүздің Арғын  тайпасының
 Қаракесек руынан.
Әділдігі мен алғырлығы үшін Тәуке хан  Қазыбекті  Орта жүздің Бас  биі  етіп
тағайындайды. Кейбір архивтік мәліметтер  бойынша,  Қазыбек  би  «Тәуке  хан
заңдарының жинағын» өңдеуге қатысқан. Ол ел басқару  ісіне  араласып,  Қазақ
хандығының ішкі және сыртқы саясатына ықпал жасап  отырады.  XVIII  ғасырдың
40-жылдары Абылай хан жоңғарлардың  қолына  түсіп  қалғанда,  оны  тұтқыннан
босатып алуға  атсалысады.
Жоңғар басқыншылығына қарсы  халық күресін  ұйымдастырушылардың бірі  болған
Қазыбек би  елдің  азаттық  алуы  жолында   аянбай  тер  төгеді.  Ол  Ресей,
Бұхара,   Хиуа  мемлекеттері  арасындағы   еларалық  мәселелерге   араласып,
бейбітшілік   деп   достықты   дәріптеп,   аразды    татуластырып,    алысты
жақындастырып отырған би.
Қазыбек би  елшілік қызметті  де   мінсіз  атқарған  тұнғыш  дипломат.  Оның
тұңғыш рет он сегіз жасында   елшілікке  барып,  басшы  болып  қайтқаны  әлі
күнге дейін ел аузында. Өткір тілділігі мен  шешендігі  үшін  және  өнерінің
арқасында ол бала биден дана биге  айналып,  «қара  қылды  қақ  жарған   Қаз
дауысты Қазыбек би», «алты алаштың ардағы» деген атқа ие болады.
Қаз дауысты Қазыбек – қазақтың тұтас бір елдігін көксеп,  өле-өлгенше   ұзақ
та нәтижелі өмір кешкен аты шулы шешен биі. Қазақтың үш жүзін  бір  хандыққа
 қаратып, оның Орта  жүзінің  тізгінін  берік  ұстаған  беделді  биі,  асқан
талант иесі. Қаптаған қалың жоңғарға  қарсы  ерлікпен  күрес  ашып,  ержүрек
қазақ ұлдарының, елінің мүддесін, ұлтының  ар-намысын  қорғап  өткен  басшы,
ұшқыр ойлы, жаны таза кемеңгер.
Қызыл тілдің шебері, айтыс-тартыста   озып  шыққан  жүйелі  сөздің  жүйрігі.
Шындықты, әділдікті жақтаған  абзал  азамат.  Халықтың  басына  қайғылы  күн
туып, берекесі кеткен ауыр заманда ел-жұртын сақтап қалу үшін, өмірін  сарып
еткен ардагер, асқан ақыл иесі. Қара  түнек  қаптаған  қазақ  аспанына  өмір
сәулесін шашқан жарық жұлдызы.
 Қазыбектің:
Алтын ұяң – отаның қымбат,                         Туып өскен елің қымбат,
Құт-береке – атаң қымбат,                              Кіндік кескен жерің
қымбат,
Мейірімді анаң қымбат,                                  Ұят пен ар қымбат,
Асқар тауың – әкең қымбат,                           Өзің сүйген жар
қымбат,-

деген сөздері қазақ жастарының есінде ғасырлар бойы  өнегелі  өсиет  ретінде
сақталып  келеді,  сақтала  бермек.  Ол  Түркістандағы  Қожа  Ахмет   Яссауи
кесенесінде жерленген.

Сөздік:
би – властный; пляска; судья, танец
шешендік сөз – ораторское слово
шешендік – красноречие;  ораторство
рәсім – церемония; обычай; обряд
ойлы – вдумчивый; рассудительный
көреген –зоркий; прозорливый; знахарь
батыл – бесстрашный; решительный; смелый
алғыр – восприимчивый; предприимчивый; смелый; способный; хваткий
күрес – борьба
азаттық – независимость;  освобождение; свобода
дәріптеу – возвеличить; воспеть;  популяризация; превозносить; хвалить;
                  восхвалять
дана – мудрый; мудрец; штука; штучный; экземпляр
мүдде – желание; цель; интерес; запрос; намерение

99-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақ-жауап (сұхбат)  құрастырыңыздар.
Сөздікті жаттаңыздар.
Ү л г і :
– Қазыбекті кім би етіп тағайындады?
– Әділдігі мен алғырлығы үшін Тәуке хан Қазыбекті Орта жүздің Бас биі етіп
   тағайындады.

      100-тапсырма.  Мәтіннен он етістікті теріп  жазып,  оларды  қалау  рай
формасына қойып, қай шақта тұрғанын анықтаңыздар.
      Ү л г і :  Меңгеру (тұйық етістік). Меңгер+гі+м келіп тұр  (осы  шақ);
меңгер+гі+м келді (жедел өткен шақ); меңгер+гі+м келеді (келер шақ).

       101-тапсырма.  Берілген  сөйлемдердегі   етістіктерді   қалау   райға
айналдырыңыздар.
      Ү л г і : Қазыбек би бұдан кейін  де  жоңғарларға  екі  рет  елшілікке
барып,  ел  намысына  дақ  түсірмей,  көздеген  мақсатын   орындап   қайтқан
(орында+ғы+сы келді). Тәуке хан  бұрыннан  қалыптасқан  дәстүрлі  әдет-ғұрып
заңдарын  одан  әрі  жетілдіру  арқылы  жаңа  заң  жүйесін  жасауға  тырысты
(жаса+ғы+сы келді).
       Әз  Тәукенің  бір  орталықтан  жүргізіп  отырған  басшылығына  іріткі
түсірді. Қазыбек –мемлекет істерімен қатар ру аралық   сұлтандар  арасындағы
тартыстарға да әділ  билігін  айтып  отырған.  1743  жылы  Абылай  тұтқыннан
босап, қазақтың 33 қаласы Әбілмәмбет ханға қайтарылып берілген.  Қазыбек  өз
елінің «ақтабан шұбырындыға» ұшырағанын көрген жоқ. «Жеті жарғыға»  сүйенген
қазақ билері  ел ішіндегі дау-жанжалдар мен  саяси  маңызы  бар  мәселелерді
тиімді шеше алды. Мемлекеттің тұтастығына қауіп төндіре бастаған.

                     Қалау рай (Желательное наклонение)

Қалау рай выражает желание,  намерение  говорящего.  Желательное  наклонение
образуется путем прибавления к корню или к  основе  глагола  суффиксов  -ғы,
-гі, -қы, -кі, затем  следует  притяжательное  окончание  и  вспомогательный
глагол кел в ІІІ лице для трех времен (настоящего, прошедшего, будущего).
Мысалы:

|Етістік  |Қалау рай     |Тәуелдік    |Көмекші     |Осы, өткен, келер шақта|
|         |жасайтын      |жалғауы     |етістік     |                       |
|         |жұрнақтар     |            |            |                       |
|жаз      |-ғы, -гі, -қы,|-м          |кел         |-іп тұр (осы шақ)      |
|         |-кі           |            |            |-ді (өткен шақ)        |
|         |              |            |            |-еді (келер шақ)       |

Менің жаз-ғы-м кел-іп тұр (осы шақ).
Менің жаз-ғы-м кел-ді (өткен шақ).
Менің жаз-ғы-м кел-еді (келер шақ).
Менің киноға бар-ғы-м кел-іп тұр. Мне хочется пойти в кино  (осы шақ).
Менің киноға бар-ғы-м кел-ді. Мне хотелось пойти в кино   (өткен шақ).
Менің киноға бар-ғы-м кел-еді. Мне захочется пойти в кино (келер шақ).

102-тапсырма.   Қалау   райда   тұрған   етістіктердің    шақ   категориясын
ажыратыңыздар.
Қазыбек би, Төле би, Әйтеке  билермен  бірге  қазақ  рулары  мен  тайпаларын
Тәуке ханның қол астына топтастырып,  қырғыз  елдерімен  одақ  жасап,  қазақ
хандығының беделін көтергісі  келді.  Анасы  айтқан  тәрбиелік  мәні  жоғары
сөздерді кішкентай күнінен жаттап өскен ол – ер  жете  келе  өзі  де   солай
сөйлегісі келеді.  Мұқанның ауыл  сыртына  шығып,  серуендегісі  келіп  тұр.
Ахметтің сыбызғыда  ойнағысы  келеді.  Жастардың  бүгінгі  кеште  ән  айтып,
домбыра тартқысы келді. Ауыл жастарының  тойдан  кейін  алтыбақан  тепкілері
келеді.

103-тапсырма.  Қазыбек  бидің  қазақ  халқы  туралы  қалмақ  ханына   айтқан
шешендік   сөздерінің   мән-мағынасын   түсініп,    түсінгендеріңізді     өз
сөздеріңізбен айтып беріңіздер.  Сөйлемдерден  бес  етістікті  теріп  жазып,
оларды қалау рай формасында өткен, осы, келер шақтарда жіктеңіздер.
1. Біз қазақ деген мал баққан елміз,  бірақ  ешкімге  соқтықпай  жай  жатқан
елміз. 2. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін  жау  баспасын
деп,  найзаға  үкі  таққан  елміз.  Ешбір  дұшпанды   басындырмаған   елміз,
басымыздан сөз асырмаған елміз. 3. Досымызды сақтай білген елміз,  дәм-тұзын
ақтай білген елміз. 4. Асқақтаған  хан  болса,  хан  ордасын  таптай  білген
елміз. 5. Атадан ұл туса, құл боламын  деп  тумайды,  анадан  қыз  туса  күң
боламын деп тумайды. Ұл мен қызды  қаматып  отыра  алмайтын  елміз.  6.  Сен
қалмақ болсаң, біз қазақпыз, қарпысқалы келгенбіз.  Сен  темір  болсаң,  біз
көмірміз, еріткелі келгенбіз. Қазақ-қалмақ баласы табысқалы  келгенбіз.   7.
Танымайтын жат  елге   танысқалы  келгенбіз,  танысуға  келмесең,  шабысқалы
келгенбіз. 8. Сен қабылан болсаң,  мен  арыстан,  алысқалы  келгенбіз.  Жаңа
үйреткен жас тұлпар жарысқалы келгенбіз. 9. Берсең,  жөндеп  бітіміңді  айт,
бермесең дірілдемей жөніңді айт, не тұратын жеріңді айт!-депті.

104-тапсырма. Сөйлемдерден қалау  райда  тұрған  етістіктерді  тауып,  астын
сызып, олардың жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.
Төле би кезінде оқыған, сауатты, халқының ақындық, шешендік өнерінен  тәлім-
тәрбие алғысы келеді. 1749 жылы  Орынбор  губернаторы  И.И.Неплюевке  өзінің
жиені Айтбай бастаған елшілерді жіберіп, Ресейге  қосылу  ниетін  білдіргісі
келді. Төле би жоңғар билеушілерінің арасындағы тақ таласын  қолдап,  ежелгі
жаудың іштей  әлсіреуіне  ықпал  жасағысы  келеді.  1740  жылғы   башқұрттар
көтерілісінің басшысы Қарасақалдың Қабанбай батырға  бармас  бұрын,  Қазыбек
биге келіп паналағысы келді.
105-тапсырма.  Көп  нүктенің   орнына   қалау   райдың   жұрнақтарын   қосып
жазыңыздар.
Сол қиын күндерде Қазыбек би, Әйтеке би, Төле билермен бірге  отырып,  елді,
жерді қорғауға белсене аралас...сы келеді.  Барлық  шығыс  халықтары  наурыз
мейрамын жақсы көңіл-күймен қарсы ал...лары келеді. Халықты бірлікте   ұстау
үшін, үш жүздің өзінен шыққан үш биге билету арқылы  басқар...сы  келді.  Ол
елшілік қызметті мінсіз атқар...сы келген тұңғыш дипломат. Қазыбек оқ атпай-
ақ ақылмен жол тауып, ел  бірлігінің елшісі бол...сы келді.

106-тапсырма.  Төмендегі  етістіктерге  бұйрық  райдың   жұрнақтарын   қосып
жазыңыздар

Ү л г і :  Сөйлеу  –  сөйле+йін;  сөйле;  сөйле+ңіз;  сөйле+сін;  сөйле+йік;
сөйле+ңдер; сөйле+ңіздер; сөйле+сін.

Зерттеу, жүргізу, қолдану, есептеу, толықтыру,  пайдалану,  барлау,  күресу,
бақылау, қорыту,  бағалау.

                    Бұйрық рай (Повелительное наклонение)
Бұйрық рай выражает побуждение к действию – просьбу,  приказ.  Повелительное
наклонение образуется путем  прибавления  к  основе  окончаний,  І  л.,  ед.
число: -айын, -ейін, -йын, -йін; І л., мн. число: -айық, -ейік, -йық,  -йік;
во ІІ лице окончания не имеются; в ІІІ лице -сын, -сін.

107-тапсырма. Мәтіннен бес етістікті алып, бұйрық райдың  формасында  жекеше
және көпше жүкте жіктеңіздер.
Ү л г і :
I    Мен көмектес+ейін, арала+йын          Біз көмектес+ейік, арала+йық
II   Сен көмектес, арала                             Сендер  көмектес+іңдер,
арала+ңдар
       Сіз  көмектес+іңіз,  арала+ңыз              Сіздер  көмектес+іңіздер,
арала+ңыздар
III  Ол көмектес+сін, арала+сын              Олар көмектес+сін, арала+сын

108-тапсырма. Етістіктерден қалау рай жасап, оларды жіктеңіздер.
Келіп еді, жазып отыр, сөйлеп тұр.

109-тапсырма. Қазыбек бидің  қалмақ ханына айтқан өлең жолдарының  мағынасын
түсіндіріп, жаттап алыңыздар.

                       Ерден ердің несі артық,                      Бір-ақ
асым еті артық,
             Ептестірген сөзі артық,                      Жерден жердің
несі артық,
             Малдан малдың несі артық,                Бір-ақ уыс шөбі
артық,
                                                         Міндетіне алған
сөзден
                                                         Шегінген жігіттен,
                                                          Өлген  аюдың   өті
артық,
- дейді, сонда хан: Өй, өзің жөніңде айтшы, атың кім?-  депті.  Қазыбек  би:
Атым – Қазыбек, әкем – Келдібек, халқым – қазақ, руым – Қаракесек, –  депті.
Сонда хан: Даусың қаз дауысындай қаңқылдап тұр екен, -деген екен.

110-тапсырма. Мәтіннен бірнеше етістікті теріп жазып, оларды  бұйрық  райдың
болымсыз түріне қойып, сөйлемдер құрастырыңыздар.

Ү л г і:  Ғылым таппай мақтанба, орын таппай баптанба, құмарланып  шаттанба.



3 апта. 9-тәжірибелік сабақ
Грамматика: Сөйлемнің түрлері (хабарлы,  сұраулы,  лепті,  бұйрықты).  Қазақ
тіліндегі сөздердің орын тәртібі.
111-тапсырма.  Әйтеке  би  туралы  мәліметтермен  танысып,  оның   әділдігі,
шешендігі,   білгірлігін   өздеріңізге   үлгі-өнеге   тұтыңыздар.    Мәтінді
мазмұндап, мәтінге берілген сөздікті жаттап алыңыздар.

                        Сөз шебері, майталман шешен –
                            Әйтеке би (1683-1722)

                                                                       Бас
                              басыңа би болсаң,

       Манар тауға сыймассың,
                                      Басалқаңыз бар болса,
                                      Жанған отқа күймессің
                                         (Әйтеке би)
      Әйтеке – қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен  үлес  қосқан  атақты
үш бидің бірі, мемлекет қайраткері. Әмір Темірдің бас кеңесшісі болған  Ораз
қажының бесінші ұрпағы. Әйтеке бес жасында ауыл  молдасынан  сауатын  ашқан.
Жеті жасынан бастап аталары  Ақша  хан  мен  Жалаңтөс  баһадүр  Әйтекені  өз
тәрбиесіне алады. Ол Самарқанттағы Ұлықбек медресесінде оқиды.  Дін,  құқық,
аспан әлемі, жағырапия, тарих, математика пәндерін,  араб,  парсы,  шағатай,
өзбек тілдерін меңгеріп шығады.
      Әйтеке Ақша атасынан ел басқару, елшілік  байланыстар  жасау  жолдарын
үйренсе, Жалаңтөс  атасынан  әскери  қолбасшылық  дәстүрлер  мен  дағдыларға
жаттығады.  Әйтеке  медресені  бітірісімен  туған  ауылына   оралып,   әкесі
Байбекпен, ұстазы Қосуақпен бірге ел  басқару  істеріне  араласады.  Сөйтіп,
жиырма бір жасында бүкіл Бұқара мен Самарқант  төңірегіндегі  қазақ,  өзбек,
қарақалпақ құрама жұртының бас биі болды.
      Ал жиырма бес жасында барша Кіші жүз халқы оны бас  би  етіп  сайлады.
1680 жылы Тәукені хан  етіп  сайлауға   қазақ  халқының  бетке  ұстарларымен
бірге Әйтеке би де айырықша атсалысты. Тәуке таққа  отырғаннан  кейін  алғаш
рет ресми түрде айырықша құқықты «Хан  кеңесі»  сайланды.  Әйтеке  Кіші  жүз
жұртының атынан осы кеңестің мүшесі болды.
      Осы кезде бұрынғы «Қасым  салған  қасқа  жолдың»,  «Есім  салған  ескі
жолдың» заман өзгерісіне орай кейбір тұстарының  ескіруіне  байланысты  жаңа
заң үлгілерін жасау қажеттілігі туды.  Тәуке  хан  мен  билердің  қатысуымен
1684 ж. «Жеті жарғы» қабылданды. Күні бүгінге дейін негізі сақталып  отырған
ежелгі Солон заңымен (б.з.б. VII-VI ғ.) терезесі тең  бұл  заңның  бытыраңқы
елдің   басын   біріктіруге,   жұртымыздың   әл-ауқатының    артуына,    ата
дәстүрлеріміздің сақталуына, ұрпақ тәрбиесіне қосқан үлесі зор болды.
      Әйтеке билікті мақал-мәтелдетіп мәнерлеп айтатын,  дауды  әділ  шешіп,
кесек-кесек сөйлейтін өте әділетті, білгір би болған. Сондықтан  да  ол  аға
би атанып Кіші жүз елін ұзақ жылдар басқарған. Әйтеке би, Тәуке ханның  Төле
би, Қазыбек би сияқты кеңесші бас билерінің бірі  және  «Жеті  жарғы»  заңын
жасасқан  азамат.  Әйтеке  дана  би  ғана  емес,  сонымен  қатар  ол  ұлттық
мақтанышымыз,  қазақтың  жүз  жылда  бір  туатын  арысы,  артына  өшпес   із
қалдырған адал перзенті. Өз халқына,  ел-жұртына   адал  еңбек  еткен,  оның
іргелі  ел  болуын  жатпай-тұрмай   ойлаған   мұндай   тұлғалар   арғы-бергі
тарихымызда  өте  аз.  Әйтеке  сонысымен  де  ұлы  адам.  Оның  есімі  қазақ
даласының көгінде желбіреп тұрған аспан түсті туымыздай, әр қазаққа  қымбат,
әр адамға қасиетті есім.
      Сөздік:
      құрама – сборный; федерация, комбинированный; соединенный
      бетке ұстар – образцовый; самый передовой
      бытыраңқы – разобщенный; разрозненный; рассеянный
      әл-ауқат – благосостояние; положение; состояние
      дау- ссора; тяжба; иск; претензия; раздоры; спор
      дана – мудрый; мудрец; штука; штучный; экземпляр
      арыстан – славный; словна большой

      112-тапсырма. Әйтеке бидің тапқырлығын,  шешендігін  айқындайтын  өлең
жолдарының  мағынасын  түсіндіріп,  есте  сақтаңыздар.  Лепті   сөйлемдердің
айтылуына назар аударыңыздар.
      Екі би бір шешімге келе алмай қалғанда, үшіншісі  –  Әйтеке  би  дауға
билік айтып, тоқтатқан екен: Сабыр  етіңдер,  ағалар!  Ашу  бар  жерде  ақыл
тұрмайды.
                     Ашу деген  ағын  су,                            Туысқан
соң сөз қуыспау керек.
                      Алдын  ашсаң,  арқырар.                     Сөз  қуған
бәлеге жолығады.
                      Ақыл  деген   дария,                               Жол
қуған олжаға жолығады.
                     Алдын  тоссаң,  тоқырар.                     Төле,  сен
жылқысын қайтар!
                     Кісі біреуге туыспау керек                Қазыбек,  сен
жесірін қайтар!-
деп екеуін келістіріп, қол  алыстырыпты.  Ел  Әйтекенің  бұл  билігіне  риза
болып, бітімге келіп, тынышталыпты.
                                            Сөйлемнің түрлері
Қазақ тілінде сөйлемдер мағынасы мен мақсатына, айтылу сазына қарай 4  түрге
бөлінеді:
1. Хабарлы сөйлем (повествовательное предложение).
2. Сұраулы сөйлем (вопросительное предложение).
3. Бұйрықты сөйлем (побудительное предложение).
4. Лепті сөйлем (восклицательное предложение).
Хабарлы сөйлем. Белгілі бір оқиға, құбылыс туралы ойды  екінші  біреуге  жай
хабарлап  айтылған  сөйлемді  хабарлы  сөйлем  дейміз.  Мысалы:  Қазақ  ауыз
әдебиетінде Төле би туралы ауыз әңгімелер,  шешендік  сөздер  көп.  Төле  би
ақылды,  әділ,  шешен,  әрі  халық  қамын  ойлайтын   қайраткер   бейнесінде
суреттеледі.
Сұраулы сөйлем. Бір нәрсе жайында сұрай  айтылған  сөйлемді  сұраулы  сөйлем
дейді. Сұраулы сөйлем 2 жолмен жасалады:
1. Сұраулық шылаулар  -ма,  -ме,  -ба,  -бе,  -па,  -пе  жалғаулары  арқылы.
Мысалы: Сен келдің бе? Жанат үйде ме? Жұмысқа барасың ба?
2. Сұрау есімдіктері (қай? қашан? кім?  қайда?  не?  қайдан?  неге?)  арқылы
жасалады. Мысалы: Студенттер қайда? Мына бала кім? Қашан келді?
Кейде сұраулық шылаулары түбір сөз бен жіктік жалғауларының  арасынан  келіп
-мы, -мі, -бы, -бі, -сы, -ні формасында да  кездеседі.  Мысалы:  Сен  немене
тоңып қалғанбысың? Бұл қайсың, Мұратпысың?
Лепті сөйлем. Адамның әртүрлі көңіл-күйін  білдіру  мақсатымен  қолданылатын
сөйлем лепті  сөйлем  деп  аталады.  Лепті  сөйлемдердің  мағыналары  көңіл-
күйіне, қуану, ренжу, таңдану, аяу, өкіну, қорқу  сияқты  мақсатта  айтылады
да, айтылу әуені, интонациясы өте асқақ, көтеріңкі болады.  Мысалы:  Пай-пай
мына аттың жорғасын-ай! Туған күніңмен! Жолдастар!
Восклицательные предложения служат для выражения чувств, предложения  эмоций
(горя, радости,  удивления,  восхищения  и  т.д.)  В  конце  восклицательных
предложений  ставится  восклицательный  знак.  Восклицательные   предложения
произносится с сильным чувством, с восклицанием. Например:  Мына  үй  қандай
әдемі! (Как красив этот дом!) Да здраствует наша Родина! Қымбатты достар!
 Бұйрықты сөйлем. Біреуге бұйыру, зеку, тілек,  өтініш  немесе  бір  нәрсені
талап ету мақсатымен айтылған сөйлем бұйрықты сөйлем  деп  аталады.  Мысалы:
Балам жөніңді айтшы.
1. Бұйрықты сөйлем бәсең дауыспен айтылып, жазуда соңына нүкте қойылады.
2. Ал кейбір бұйрықты сөйлемдер  бұйыру,  талап  ету  мағынасында  көтеріңкі
дауыспен айтылғанда, соңына  леп  белгісі  қойылады.  Мысалы:  Көрсетпе  көз
жасыңды! Жүр жарысайық!
Бұйрықты сөйлем әртүрлі  дауыс  ырғағымен  айтылады  да,  ІІ  жақта  тұрады.
Мысалы: Маған  кел!  Жоғал!  Кет  әрі!  Сөзді  доғарыңыздар!  Сыпыр  еденді!
Сабағыңды дайында! Шық үйден!
Побудительные   предложения   в   казахском   языке   передаются    глаголом
повелительного  наклонения  вторго  лица  единственного  или  множественного
числа. Нап.: Бөлмені сыпыр! Әрі тұр! Жұмаш, мында кел! Келіңіз тезірек!
Цель побудительных предложений  –  побуждение  собеседника  к  совершению  и
прекращению  действия.  В  зависимости  от  характера  побуждения  (просьба,
приказ,  призыв)  побудительное   предложение   произносится   с   различной
интонацией.  В  качестве  грамматического  средства   выражения   побуждения
используется повелительное наклонение.
      113-тапсырма. Төмендегі  хабарлы  сөйлемдерден  сұраулы  сөйлемдер  (2
жасалу жолын пайдаланып) жасаңыздар.
       Әйтеке  би  үш  жүзге  озық,  алғыр  және  терең   ақылымен,   тапқыр
шешендігімен,  әділ  билігімен  белгілі  болған  қоғам   қайраткері.   Қазақ
халқының қайғысына қайғырған, қуанышына қуанған, соғыста қолына  қару  алып,
алғы шепте жүрген  жауынгер  ұйымдастырушы.  Әйтеке  Күлтөбедегі  үш  жүздің
құрылтайына  қатысқанда  25  жас  шамасында  екен  дейді  шежіреші  қарттар.
Шынында да үш бидің кішісі Әйтеке болған. Билер тарихында қазақтың Төле  би,
Қаз дауысты Қазыбек би және Әйтеке билердің орны ерекше.

        Сөздік:
      озық – опережающий; передовой; прогрессивный; авангардный
      алғыр – восприимчивый; предприимчивый; смелый; способный; хваткий
      тапқыр – предприимчивый; догадливый
      шежіреші – летописец
      шешен – красноречивый; оратор

      114-тапсырма. Сұраулы сөйлемдердің жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.
      Әйтекеге шешендік, тапқырлық өнер қашан дарыған? Төле  би  Ұлы  жүздің
ғана ру басы, төбе биі болып қойған ба? Қай би  бүкіл  қазақ  елінің  саяси,
мемлекет  қайраткері  дәрежесіне  көтерілген?  Аңыз-әңгімелер  мен  шешендік
сөздерде Төле бидің бейнесі қалай суреттелген?  Әйтеке  би  нешінші  ғасырда
өмір сүрген? Қозы бағып жүрген жас кезінде Әйтеке  кімдерге  жолығады?  Жеті
атасын жетелеп жүргенді кім көріпті?

      115-тапсырма. Сөйлемдерді  мұқият  оқып,  олардың  түрлерін  (хабарлы,
сұраулы, лепті, бұйрықты) ажыратыңыздар?
      Қазақ халқының бұл үш биі ел басына  күн  туған  қиыншылық  кезде  де,
билер кеңесі кезінде де, ел жиналған айт, ас,  той  тұсында  да,  жер  дауы,
жесір дауы көтерілген жерде де бірге  бас  қосып  ел  тағдырын  бірге  шешіп
келген.
      Алға, достар! Еңбекте де, оқуда да табыс тілеймін! Оқуға  түсуіңізбен!
Ол қандай кемеңгер адам! Әр халықтың өз ана  тілі  болады.  Алматыға  келген
қонақтар  қайда   орналасады?   Не   деген   байлық!   Ілияс   Есенберлиннің
«Көшпенділер» романын оқыдың ба? Қ. И. Сәтбаев – металлогенияның  атасы.

                    Қазақ тіліндегі сөздердің орын тәртібі
                      (Порядок слов в казахском языке)
Для казахского языка характерен строгий порядок слов:
1. Глагол-сказуемое стоит в конце предложения: Студенттер аудиторияда  отыр.
(Студенты сидят в аудитории).
2.  Определение  стоит  перед  определяемым  словом.  М.:  Студенттер  жарық
аудиторияда отыр (Студенты сидят в светлой аудитории).
3.  Вопросительное  слово  при  отсутствии   глагола-сказуемого   стоит   на
последнем месте. М.: Мынау ше? (Что  это?)  Бірінші  аудитория  қайда?  (Где
первая аудитория?)
4. При  наличии  в  предложении    глагола-сказуемого  вопросительное  слово
ставится перед ним. М.: Жәмила қайда отыр? (Где сидит Джамиля?)

      116-тапсырма. Сөйлемдерді аударып, қазақ тілінде сұраңыздар.
      Что делается в ведущем техническом вузе страны в этом  плане?  Будущее
нации связано с развитием университетского  образования  и  науки?  В  каком
году исполнился  70  лет  Казахскому  национально-техническому  университету
имени К. И. Сатпаева? Для качественной  организации  научно-образовательного
процесса  что  необходимо?  Как  выпускники  университета  устраиваются   на
работу?

       117-тапсырма.  Сөйлемдерден  кейін  тиісті  тыныс  белгілерін  қойып,
олардың түрлерін ажыратыңыздар.
      Бұл  үшеуі  де  елін,  жерін  шапқыншы  жаудан  қорғап  қалуда  елдің,
халықтың бірлігін, ынтымағын сақтауда, адамгершілік, салт-дәстүрді  сақтауда
зор еңбек сіңірген билер.
      Ойпырмай, мынау бір керемет қой Сен кеткелі жатырсың ба Сабаққа  қашан
барасың Бізді тәрбиелеп өсірген халқымызға көп алғыс айтамыз Бұлбұлсыз  бау-
бақша мен саяжайлардың сәні бола ма Қазақ тау-кен  металлургия  институтының
тұңғыш директоры кім  болды  Жетеді,  доғар  Тезірек  кет  Халықтар  достығы
жасасын Мен өмірімде Д. Қонаевты екі рет  көрдім  Қап,  кешігіп  қалғаным-ай
Тапсырманы міндетті түрде орында Бөлмені сыпыр Тез жинал Мерекеңмен  ҚазҰТУ-
дың кітапханасы 1990 жылы бірінші  категориялы  кітапхана  қатарына  қосылды
Оқырмандар интернеттің әлемдік желісі қызметтерін пайдалансын

      118-тапсырма. Бұйрықты сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыздар.

      Слушайте команду! Встаньте в строй! Не выходите из  рядов!  Равняйтесь
налево! Спойте! Выполняйте приказ! Готовьтесь к экзаменам!  Пишите!  Выйдите
из дома!

      119-тапсырма. Сөйлемнің әр түріне үш сөйлемнен, барлығы он екі  сөйлем
құрастырыңыздар.

                        Қазақ халқының шешендік өнері

120-тапсырма. Сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне ажыратып, олардың орын  тәртібін
түсіндіріңіздер. Шешендік өнерден мәлімет алып, есте сақтаңыздар.

Қазақ өнерінің өзіндік ерекшеліктері болады. Ең алдымен  қазақ  шешендерінің
сөздері негізінен ауызекі айтылып, ауызша таралған. Бізге жеткен  деректерге
қарайтын болсақ, қазақ шешендерінің атасы – Жиренше  деп айтуға болады.
Ал аңыздарда Жиренше Әз Жәнібек  хан  мен  Асан  қайғының  (XIV-XV)  тұстары
ретінде айтылады. «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы  Майқы  би»  дейтін  сөз
бар. Абай сол Майқыны «Шыңғыс ханның он екі биінің  бірі»  деп  атайды.  Бұл
дерекке  қарасақ,  шешендік  өнердің  тарихы  әрі  қарай  тереңдей   түседі.
Қазақтың  шешендік  өнерінің  кеңірек  дамып,  биіктеген   кезеңі   XV-XVIII
ғасырлар. Бұл қазақ халқының жоңғар,  қалмақ,  қытай  басқыншыларына,  патша
үкіметінің озбырлығына қарсы тұрып, өз тәуелсіздігін қорғау жолындағы  күрес
жүргізген жылдар еді. Тап осы  кезеңде  билер  мен  шешендердің,  ақындардың
халықты жұмылдырып, рухтандырудағы рөлі мен беделі арта түсті.  Осы  кезеңде
сөз өнерін жетік меңгерген адамдар сирек  дарын  ретінде  жоғары  бағаланып,
қай заманда да,  қай  қоғамда  да  үлкен  сый  құрметке  ие  болып  отырған.
Шешендік сөздердің кейде билер сөзі деп аталуының өзі де талай сырдың  бетін
ашады. Шындығында да шешендік сөздер негізінен  билер  айтысы,  билік  шешім
үстінде  туып  отырған.  Би  –  халықтың  көкейіндегісін,   көкірегіндегісін
жарыққа шығарған айтушысы.

121-тапсырма.  Мәтіннен  бірнеше  сөз  және  сөз  тіркестерін  теріп  жазып,
олармен бұйрықты, лепті, сұраулы сөйлемдер құрастырыңыздар.  Олардың  айтылу
сазына қарай айырмашылықтарын түсіндіріңіздер.
      Нағыз шешен болу үшін тек шеберлік жеткіліксіз.  Табан  астында  тауып
сөйлейтін  тапқыр,  топқа  тайсалмай  сөз  бастайтын  батыл,  сөз  сайысында
саспайтын сабырлы болу  қажет.  Шешендік  өнердің  қиындығы  туралы  айтатын
болсақ:
                     Көш бастау қиын емес,               Шабатын  жерде  жау
бар.
                     Қонатын жерде  су  болса.             Шаршы  топта  сөз
бастау қиын,
                      Қол  бастау  қиын  емес,                  Шешуін  адам
таппас дау бар,
- дейтін сөз соны аңғартады.
      Бүгінгі таңда қазақ халқының  шешені  болу  үшін,  өз  заманының  озат
ойшылы, оқыған, саналы, білімді, мәдениетті азаматы болуға тиіс.
      Жалпы шешендік  өнер  халық  даналығынан  туған  мұра,  халықтың  асыл
қазынасы. Мазмұны – халықтың  бастан  кешірген  өмірін,  арманы  мен  қиялын
көрсетеді. Өмірге, дүниеге көзқарасын, ой-өрісін  бейнелейді.  Халық  өзінің
қиялдаған арманына қашан да жетемін деген сенімнен айырылмаған. Өмірдің  сан
алуан құбылыстарын бір-бірімен теңеп, салыстырып, болашағын болжап,  қиялдап
сөйлеген шешендік өнермен айтылған.





Хабарлы       Бұйрықты
                                Сұраулы
   Лепті

      Білгенге маржан. Үш жүз туралы біліп алыңыздар.
      Үш жүз. Қазақ халқы үш жүзден тұрады. Олар: Бекарыс – Ұлы жүз;  Ақарыс
– Орта жүз; Жанарыс  –  Кіші  жүз.  Ұлы  жүз:  Үйсін  (Албан,  Суан,  Дулат,
Сарыүйсін, Шапырашты, Ошақты, Ысты,  Сіргелі,  Жалайыр,  Қаңлы,  Шанышқылы).
Орта жүз: Арғын, Найман, Керей, Уақ,  Қоңырат,  Қыпшақ.  Кіші  жүз:  Үш  топ
Алшыннан құралады. Олар: Байұлы  (Адай,  Беріш,  Алшын,  Жаппас,  Есентемір,
Малқар, Таз, Байбақты,  Тана,  Шеркеш,  Ыссық,  Қызылқұрт);  Әлімұлы  (Әлім,
Шөмен, Кете, Қаракесек,  Қарасақал,  Төртқара,  Шекті);  Жеті  ру  (Кердері,
Жағалбайлы, Керейт, Телеу, Табын, Тама, Рамадан).


4-апта. 10-тәжірибелік сабақ
           Грамматика: Сын есімнің мағынасына қарай жіктелуі.  Қатыстық  сын
есімдер.
           122-тапсырма. Халық батыры – Қабанбайдың ерлік істерінен  мәлімет
алып, мәтінді мазмұндаңыздар. Тарихи деректерді есте сақтаңыздар.

                Ел қорғаны – батырлар. Ел қорғаған – ер бабам
                                      * * * * *
                    Халық батыры – Қабанбай   (1703-1781)

           Қожағұлұлы  Қабанбай  –  жоңғар  басқыншыларына   қарсы   күресті
ұйымдастырушылардың бірі, қазақтың біріккен қолының Бас  қолбасшысы,  жекпе-
жекте жеңіліп көрмеген халық  батыры.  Шыққан  тегі  –  Орта  жүздің  Найман
тайпасының Қаракерей руынан, ел азаттығы  жолында  күрескен  киелі  батырлар
әулетінен. Оның аталары да аты шыққан батырлар болған.
            Жоңғарларға  қарсы  күрестегі  Қаракерей  Қабанбайдың   батырлық
ерлігі ерекше. Ол қатыспаған бірде-бір шайқас болмаған. Қабанбай  бір  жарым
жылға  созылған  Шаған  шайқасына,  сексен  күнге  созылған  әйгілі   Алакөл
шайқасына, 1728 жылғы Шұбар теңізі жағасындағы ірі шайқастарға қатысқан.  Ал
Жоңғар  қақпасындағы  шайқас  оның  соңғы  жеңісі  болған,  яғни  ол  әйгілі
«Ақтабан шұбырындыдан» кейінгі  айтулы  ірі  шайқастардың  бәріне  қатысқан.
«Хан батыры», «Дарабоз» деген атақтарға ие болған. Сан рет шайқас  алдындағы
жекпе-жекке шығып, бәрінде де жаудың  үміткер  батырларын  жер  жастандырып,
жауынгерлерін жеңіске бөлеп отырған.  Халқы  оны  «Қаракерей  Қабанбай»  деп
ардақ тұтып, есімін жырға  бөлеп,  ұрпақтан-ұрпаққа  жеткізген.  Абылай  хан
дәуіріндегі қазақтың ең соңғы әскери ірі қақтығысы 1770  жылғы  қазақ-қырғыз
соғысы болды. Бұл – осы соғысқа қатысқан Қабанбай батырдың да ерлік  жолының
соңғы белгісі.
           Қабанбай батыр соғысқа жүз үш  рет  кірген.  Оның  атын  шығарған
Шаған шайқасы болды. Ол әулетімен  батыр  болыпты.  Оның  әкесі  Қожағұл  өз
тұсында  Жалаңтөс  батырларымен  бірге   Хиуа   хандығына   қарсы   соғысқан
қолбасшылардың бірі.
          Халық арасында Қаракерей Қабанбай  батыр  жөнінде  аңыз-әңгімелер,
жыр-дастандар өте көп. Бұған керісінше тарихи құжаттарда  Қабанбай  батырдың
1740-1762 жылдардағы өмірі ғана көрінеді.
          Қабанбайдың жеті ұлы болған. Оларды «жеті  Қабанбай»  деп  атайды.
Батырдың ұрпақтары бұл күнде Шығыс Қазақстан,  Алматы  облыстарының  жерінде
мекендегенімен, олардың арғы аталары оңтүстік жақтан ауып келіп, Есіл,  Нұра
бойын қоныс еткен. Бұл өңірдің 1728-1762жылдар аралығында батырдың да  құтты
мекені  болғаны  белгілі.  Қайтыс  болғаннан  кейін,  Қаракерей  Қабанбайдың
денесі осы ата  мекеніне  әкеліп  жерленген  көрінеді.  Елі  аяулы  батырдың
басына сәулетті күмбез орнатты.
            Ел басына күн туған кездерде ірі-ірі  шайқастарға  қырық  жылдай
қатысып, ерекше батырлығымен көзге түскен Қабанбайдың «дарабоз»  деген  атқа
оның жасаған ерліктерінің сай екені тарихтан белгілі.

Сөздік:
басқыншы – грабитель; захватчик; оккупант
шайқас – битва; сражение; схватка, борьба
дара – индивидуальный; отдельный; одиночный; абсолютный
жауынгер – воин; солдат; боец; рядовой; воинственный
қақтығыс – столкновение; стычка; конфликт; инцидент
дәуір – век; фаза; эпоха; эра; период

          123-тапсырма. Мәтіннен қатыстық сын  есім  тұлғасында  тұрған  сөз
тіркестерін теріп жазыңыздар.
        Ү л г і: Дипломатия+лық тәсіл. Парасат+ты би. Дәстүр+лі мәдениет.

            124-тапсырма.  Мәтіннің  мазмұны  бойынша  сұхбат  (сұрақ-жауап)
құрастырыңыздар.
                       Сын есім  (Имя прилагательное)

Сын есім дегеніміз  –  заттың  сын-сипатын,  сапасын,  түр-түсін,  мөлшерін,
көлемін білдіретін сөз табы.
Имя прилагательное – это часть речи, которое обозначает признаки,  качества,
свойства, цвет, объем, форму предмета.
Сын есім қандай? (какой?), қай? (который?) деген сұрақтарға жауап береді.
Сын есім мағынасына қарай (по значению) 2-ге бөлінеді:
Қатыстық сын есімдер (относительные прилагательные).
Сапалық сын есімдер (качественные прилагательные).
Қатыстық сын есімдер  –  бір  зат  пен  екінші  заттың  қатысын,  байланысын
білдіреді.
Қатыстық сын есім  выражает  признаки,  приписываемые  предметам,  отношение
одного предмета к другому  по  принадлежности,  местонахождению,  времени  и
т.д.
Мысалы: шөпті жер – шөп мол шығатын жер, түнгі жел  –  түнде  соғып  тұратын
жел, қысқы сессия – қысқы уақытта өткізілетін сессия, жазғы демалыс –  жазда
болатын демалыс күні, таулы алқап – тауы көп жер, тұзды  тамақ  –  тұзы  көп
салынған тамақ, ақшалы адам – ақшасы  көп  адам,  түскі  ас  –  түс  кезінде
ішілетін ас, қысқы аяз – қыс мезгілінде болатын аязды күндер т.б.
Қатыстық   сын  есімдер  сөздің  түбіріне  төмендегі  жұрнақтардың  жалғануы
арқылы жасалады:
1. -лы, -лі,  -ды,  -ді,  -ты,  ті  –   бір  заттың   екінші  затқа  қатысын
көрсетеді (указывает на  отношение  одного  предмета  к  другому).  М.:  Көп
бала+лы үй.
2. -дай, -дей,  -тай,  -тей  –  бір  заттың  екінші  затқа  қатысты  сапасын
көрсетеді (указывает на качество предмета  относительно  другого  предмета).
М.: Тау+дай, әке+дей, бала+дай;
3.  -лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік – қоғамға, саясатқа,  өнерге  қатысын
көрсетеді (указывает на отношение к  обшеству,  к  искусству,  к  политике).
Мысалы:  Қала+лық, азамат+тық, әлеумет+тік;
4. -сыз, -сіз –  болымсыз сын есімдер  (отрицательные  прилагательные).   М:
кітап+сыз, үй+сіз, ағаш+сыз.
5. -қы, -кі, -ғы, -гі – мезгіл, уақыт және кеңістікке  қатысты  сын  есімдер
(отношения времени и пространства).  М.: жоғар+ғы қабат, кеш+кі уақыт;
           125-тапсырма. Қатыстық сын есімдермен сөйлемдер құрастырыңыздар.
          Денелі адам, көңілді бала,  беделді  қызметкер,  абыройлы  азамат,
жұлдыздай жарық, таудай биік, сауатты оқушы,  қысқы  олимпиада,  сусыз  жер,
шөлейтті дала, кешкі уақыт, мұнайлы  өлке,  әлеуметтік  жағдай,  мемлекеттік
мекеме, ызғарлы қыс, ұшқынды жалын.

126-тапсырма.   Берілген   қатыстық   сын   есімдерді    мағынасына    қарай
орналастырып, сәйкестендіріңіздер.

|1. көшпелі      |а) жау             |Ү л г і: Шешендік өнер.          |
|2. қанды        |ә) ақыл            |1................................|
|3. қарулы       |б) жорық           |........................2........|
|4. қатысты      |в) жауынгер        |.................................|
|5. түнгі        |г) батыр           |................3................|
|6. айбынды      |ғ) халық           |.................................|
|7. атақты       |д) соғыс           |........4........................|
|8. нар тұлғалы  |е) шежіре          |.................................|
|9. азаттық      |ж) алып            |5................................|
|10. пайдалы     |з) дерек           |.........................6.......|
|11. халықтық    |и) шайқас          |.................................|
|                |                   |.................7...............|
|                |                   |.................................|
|                |                   |.........8.......................|
|                |                   |.................................|
|                |                   |9................................|
|                |                   |.........................10......|
|                |                   |.................................|
|                |                   |................11...............|
|                |                   |.................................|
|                |                   |.......                          |



         127-тапсырма. Көп нүктенің орнына қатыстық сын  есім  жасап  тұрған
жұрнақтарды қосып жазыңыздар.
          Ол елі мен жеріне қауіп төндірген Ресей мен Қытайға тосқауыл  болу
үшін күші жетпей,  сөзі  өтпей  қиналған  сәттерде  ең  сүйік...   балаларын
кепілдікке берді. Ол Қытай мен қалмақ тілдерінде еркін  сөйлеп,  олардың  да
ықпал...  адамдарын ұтқыр  сөздерімен  тосылтып  отырды.  Абылай  хан  қазақ
халқының саяси-әлеумет...  өміріне қырық  жылдан  астам  уақыт  ықпал  етіп,
билігін жүргізді. Торы  ала  тұлпары  астында,  шойын...   шоқпары  қолында.
Өтеген мен  Наурызбай  жауынгерлерін  ертіп,  мерзім...   уақытында  жетеді.
Наурызбай батыр Абылайдың қасында болып, оның сенім...  батырларының  біріне
айналды. Қазақ қолының жеңіс...  жолын  жалғастырып,  жоңғарларды  Тұрпаннан
асыра қуып тастайды.

128-тапсырма. Терминдердің мағынасын ескеріп, есте сақтаңыздар.
         Мектеп –  балаларға  білім  беретін  оқу  орны,  бұл  сөз  «китабе»
сөзінен шыққан. «Китабе» сөзінің алдына «ма» қосылып, «макитабе» сөзі  пайда
болған. Оны өз тілімізге аударсақ, «оқуға, сабақ жүргізуге  арналған  бөлме»
мағынасында.  Бұл  сөз  қазақ  тіліне  аударғанда  «мектеп»  қалпына   дейін
өзгерген.
         Дәптер – оқушылар пайдаланатын жазу құралы. Бұл  сөз  де  тілімізге
араб тілінен енген. Арабша  «дафтер»  сөзі  «жазуға  арналған  кітап»  деген
мағынаны білдіреді. Содан кейін барып «дәптер» сөзі шыққан.
         Қалам – жазу құралы, оның да алғашқы  төркіні  –  араб  тілі.  Ерте
кезде адамдар сиямен жазу  үшін  құс  қауырсынын  пайдаланғаны  белгілі.  Ал
арабтар  ертеде  қауырсынның  орнына  қамысты  ұштап  жазған.   Содан   араб
тіліндегі «қалам» сөзі – «қамыс ұшы» деген мағынаны береді.
         Бор – мұның тақтаға жазу жазатын ақ балшықтан жасалған құрал  екені
белгілі. «Бор» атауын алуы – оның түсіне  байланысты.  Қазіргі  кезде  қазақ
тілінде «ақ» түсін «боз» қалпында айтыла  беретіні  де  белгілі.  Осы  «боз»
сөзі өте ерте кездерде «бор» болып, «ақ»  мағынасында  қолданылатын  болған.
Монғол тілінің деректеріне сүйенсек, «бор»  сөзі  «сұр»,  «боз»  мағыналарын
білдіреді.

          129-тапсырма.  Берілген  сапалық  сын  есімдерді   бір   бағанаға,
қатыстық сын есімдерді екінші бағанаға бөліп жазыңыздар.
         Білікті қолбасшы, қабілетті жауынгер, көзсіз ерлік,  шымқай  қызыл,
қара ала, елеулі үлес, биік, аласа, дөңгелек,  қырлы,  қисық,  жалпақ,  сұр,
боз, сусыз жер, шулы көше, еріншек, аласа, қара торы, жуас, өткір, жіңішке.

          130-тапсырма. Төмендегі сөз және сөз  тіркестерінен  қатыстық  сын
есімдерді тауып, олардың жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.

|1. арыстандай айбатты  |2. көрнекті қайраткер  |3. айтулы батыр        |
|зарлы өкініш           |белгілі батыр          |қабілетті бала         |
|ардақты азамат         |көреген саясаткер      |амалсыз жағдай         |
|өнегелі ақын           |арғымақ ат             |құнды еңбек            |
|ұлттық сезім           |қауіпсіздік            |батырлық жол           |
|көркемөнер             |коммунистік партия     |қазақ хандары          |
|ымырасыз күрес         |әншілік өнер           |бас сардар             |
|тәуелсіз Қазақстан     |қазақтың ұлы ханы      |дуалы ауыз             |
|иманжүзді адам         |ағартушылық сала       |батырдың ұрпақтары     |
|өнерлі тұлға           |ақ ниеттілік           |жаугершілік заман      |



          131-тапсырма.  Абай  өлеңдерінен  қатыстық  сын  есімдерді  тауып,
өлеңдерден үзіндіні жаттап алыңыздар.
Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ,                       Желсіз түнде  жарық
ай,
Қой  мойынды,  қоян  жақ,  бөкен  қабақ.                      Сәулесі   суда
дірілдеп...
Ауыз омыртқа шығыңқы, майда жалды,                           * * * * *
Ой желке, үңірейген болса сағақ,                    Ақ  киімді,  денелі,  ақ
сақалды,
Теке мұрын, салпы ерін, ұзын тісті,               Соқыр мылқау танымас  тірі
жанды.
Қабырғалы, жотасы болса күшті.                                       *  *  *
* *
Ойынды еті бөп-бөлек,  омыраулы,                 Қақтаған  ақ  күмістей  кең
маңдайлы,
Тояттаған бүркіттей салқы төсті.                   Аласы аз, қара  көзі  нұр
жайнайды.
                      * * * * *
                               Сөйлесе сөзі әдепті, ән мағыналы,
                               Күлкісі бейне бұлбұл құс сайрайды.

                      (Абай)

4-апта. 11-тәжірибелік сабақ
Грамматика: Сапалық сын есімдер.
           132-тапсырма. Райымбек батырдың ата  мекенін  жаудан  тазартудағы
ерліктерін үлгі-өнеге тұтыңыздар. Мәтінді мұқият  оқып,  мағынасын  түсініп,
мазмұндаңыздар.

                        Жоңғар басқыншылығында даңқы
                     шыққан батыр – Райымбек     (1705-?)

          Хангелдіұлы Райымбек – жоңғар басқыншыларына қарсы қазақ  халқының
бостандығы үшін күрескен қазақ  батыры.  Шыққан  тегі  –  Ұлы  жүздің  Албан
тайпасының   Әлжан   руынан.   Кейінгі   деректерде   «Хангелді    Райымбек»
аталғанымен, Хангелді Райымбектің әкесі емес, атасы.
          Райымбек 17  жасында  жоңғар  басқыншыларына  қарсы  күресте  ерен
ерлік көрсетіп, батыр атанды. Ол өз заманында ұйымдастыру  қабілеті  жоғары,
сарбаздарын  жігерлендіре  білген  қазақтың  білікті   қолбасшысының   бірі.
Тарихтағы қазақ батырларының негізгі іс-әрекеттерінде халықпен  санасу  жағы
басым  болған.  Райымбек  те  кез-келген  мәселені   жанындағы   батырлармен
ақылдасып шешіп отырған.
          Жан беріп, жан алысқан жаугершілік заманда  аяқ  астынан  күтпеген
қиындықтар болған кезде, Райымбектің қиналмай жол тауып, әскерді  аман  алып
шыққан талай ерліктері ел есінде сақталып қалған. Солардың бірі –  қалмақтар
қаптап  келіп  қалғанда  Райымбектің  көзсіз  ерлікке  барып,  әскерін   Іле
өзенінен  аман  өткізуі.  Райымбектің   үнемі   Ұлы   жүз   қолының   атақты
батырларымен біріге отырып,  ата  мекенін  жаудан  тазартудағы  ерліктері  –
ұрпаққа үлгі боларлықтай. Оның ерекше көзге түсіп, ерен батырлығын  танытқан
«Ойран төбе шайқасы» сондай шабуылдардың бірі ғана.
          Халық  «Жалғыз  жүріп  жол  тапқанша,  көппен  бірге  адас»  десе,
Райымбек осы ұстанымды бойына сіңірген адам. Әсіресе, ылғи да  халқын  ойлап
жүрсе, бұл – нағыз ел үшін туған азаматтық қасиет.
         Қазақта «Жер болса – ел болады, ел болса – ер болады» деген де  сөз
бар. «Айласыз батыр болар ма?»  деп  те  бекер  айтылмаған.  Нағыз  қолбасшы
Райымбек қиын сәттерде жол  тауып,  сарбаздарын  рухтандырып,  жігерлендіріп
отырған.
         «Ақтабан шұбырынды» кезінде жау қолын бөгеп, босқан елдің  қырғынға
ұшырамай, аман құтылып кетуіне мүмкіндік жасаудан басталған  батырдың  ерлік
жолы – Жетісу өңірін жаудан тазартуды өз міндетіне  алып,  тарихи  танымдағы
жауынгерлік дәстүрді дамытуға өзіндік үлес қосуы – оның тарихи тұлға  екенін
айғақтайды.
         Халық «Ер есімі –  ел  есінде»  деп  тегін  айтпаған  болса  керек.
Райымбектің    жоңғар   шапқыншылығы   кезіндегі   ерлік    іс-әрекеттерінің
шексіздігіне қарай, халық оның есімін  аңызға  айналдырған.  Ол  шапқыншылық
кезеңдердің  бәрінде  аттан  түспей,  қарулас  серіктестерімен  бірге  талай
шайқастарды бастан өткізді.
         Райымбекті «Әулие» деп атайды. Тасып жатқан дариядан  әскерін  аман
өткізуі,  сусыз  жерден  су  шығаруы,  болашақты  болжаған  көріпкелдік  іс-
әрекеттері оның ел есінде осы атағымен  сақталуына  мүмкіндік  берген  болса
керек.
         Мүйізді Өтеген батыр бірде Райымбекке: «сен өлгенде  шудың  астында
қаласың», - деген екен. Сол сөз шындыққа шығып, батырдың  мазары  бұл  күнде
бұрынғы Ұлы Жібек  жолының  бойындағы,  қазіргі  Алматы  қаласының  ең  шулы
көшесінің жиегінде тұр.
             Райымбек   батырдың   тұлғасын   ақын   М.Мақатаев   «Райымбек!
Райымбек!» поэмасында сомдаған. Елін, жерін  азат  етуде  Райымбек  батырдың
тарихи рөлі зор. Оның ерлігі жас  ұрпақты  отансүйгіштік  рухта  тәрбиелеуге
әбден лайықты.

Сөздік:
сарбаз – воин; боец; солдат
қырғын – бойня; погром; резня; битва; уничтожающий; урон; побоище
ұстану – придерживаться
жігерлендіру – приободрить; вдохновлять; воодушевлять; приободрять
қарулану – быть вооруженным; взяться за оружие; вооружение; вооружаться
көріпкел – ясновидец

           133-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға  жауап
беріңіздер.
          1. Райымбек не үшін күрескен батыр?  2.  Ол  кімге  қарсы  күресте
ерлік көрсетіп, батыр атанды? 3. Неліктен оны  білікті  қолбасшы  дейді?  4.
Райымбектің қай ерлігі ел есінде сақталған?  5.  Оның  қай  ерлігі  жастарға
үлгі боларлық? 6. Райымбектің ерекше батырлығымен танылғаны қай шайқас?   7.
«Ақтабан шұбырынды»  оқиғасына  байланысты  Райымбектің  ерлігі  жөнінен  не
білесіздер? 8. Райымбекті неге «Әулие» деп атаған? 9. Батырдың тұлғасын  қай
ақын, қай еңбегінде сомдаған?  10.  Мүйізді  Өтегеннің  Райымбекке  айтқанын
қалай түсіндіресіздер?

            134-тапсырма.  Мәтіннен  сапалық  сын  есімдерді  теріп   жазып,
олармен сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастырыңыздар.
          Ү л г і: Жалпақ; жалпақ дала; Қазақстанның жалпақ даласына  кімдер
келіп, кімдер кетпеді? «Жалпақ» сөзі  сапалық  сын  есім,  пішінді,  форманы
білдіреді.

          135-тапсырма. Абайдың өлең  жолдарындағы  сапалық  сын  есімдердің
астын сызып, олардың заттың несін білдіріп тұрғанын түсіндіріңіздер.
Қақтаған  ақ  күмістей  кең  маңдайлы,          Маңдайдан  тура  түскен  қыр
мұрынды,
Аласы аз, қара көзі нұр  жайнайды,             Ақша  жүз,  алқызыл  бет  тіл
байлайды,
Жіңішке қара қасы  сызып  қойған,              Аузын  ашса,  көрінер  кірсіз
тісі,
Бір жаңа ұқсатамын туған  айды.                 Сықылды  қолмен  тізген,  іш
қайнайды.
      * * * * *
Адасып алаңдама жол таба алмай,                Кейбір  жігіт  жүреді  мақтан
сөйлеп,
Берірек түзу жолға шық қиналмай...             Сыртқа  пысық  келеді,  көзге
сынық...
                                     * * * * *
Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,           Кәрі-жас  дәурені  өткен  тату
емес,
Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.                    Епке көнер ет  жүрек  сату
емес...
Жақсы менен жаманды айырмадың...

                                          (Абай)
                             Сапалық сын есімдер
                        (Качественные прилагательные)
Сапалық сын есімдер заттың түсін, түрін, көлемін, аумағын, салмағын,  сипаты
мен сапасын, дәмін, көлемін т.б. білдіреді.
Сапалық (качественные) сын  есімдер  обозначают  качество,  свойство,  цвет,
объем, величину, характер, вкус, форму предмета и т.д.

|Түрлері (Типы)       |Мысалдар (Примеры)                                |
|а) түрі мен түсі     |а) ақ – белый, қызыл – красный, сары – желтый,    |
|(качество, признак   |жасыл – зеленый, көк – синий, сұр – серый,        |
|цвета)               |көгілдір – голубой, күрең – бордовый.             |
|                     |ә) жақсы – хороший, сұлу – красивый, жалқау –     |
|ә) сын-сипаты        |ленивый, жуас – тихий, смирный, әлсіз – слабый,   |
|(характер и          |қатты – твердый, семіз – жирный, арық – худой.    |
|свойство)            |б) үлкен – большой, кең – широкий, тар – узкий,   |
|                     |биік – высокий, жуан – толстый, жіңішке –         |
|б) көлемі мен аумағы |тонкий, кішкене – маленький, аласа – низкий.      |
|(объем, величина,    |в) ащы – горький, тұщы – пресный,                 |
|размер)              |тәтті – сладкий, дәмді – вкусный,                 |
|                     |қышқыл – кислый, тұзды – соленый.                 |
|в) дәмі мен иісі     |г) қырлы – граненый, түзу – прямой,               |
|(вкус)               |қисық – кривой, дөңгелек – овальный, круглый,     |
|                     |сопақ – продолговатый, жұмыр – шарообразный,      |
|г) пішіні, түрі,     |жалпақ – плоский.                                 |
|формасы (форма)      |                                                  |



           136-тапсырма. Сапалық сын есімдермен сөйлемдер құрастырыңыздар.
           Ащы, қышқыл, дөңгелек, жұмыр, кішкене, аласа, кең,  тар,  жалқау,
күрең, көгілдір, әлсіз, жуас, жақын, жіңішке.

         137-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сапалық сын есімдерді
қойып жазыңыздар.
 ......... шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,          Құлақтан кіріп бойды
алар,
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.              Тәтті ән мен
............... күй.
                                                               * * * * *
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,                      ............. көңілім
сырласар,
Теп-тегіс ........... келсін айналасы.                     ..............
тартқан бейуаққа.
                                                               * * * * *
Мақсатым – тіл ұстартып, өнер шашпақ,         Кеселді ...........,
қылжақбас,
.................. көңілін қойып, көзін ашпақ.           Әзір тамақ, әзір
ас.
                                                * * * * *
                                        Қар – ........., бүркіт –
.........,  түлкі – ........
          Ұқсайды қаса сұлу шомылғанға.
          Өлең  жолдарын  толықтыруға  керек  сапалық  сын  есімдер:  тәтті,
жасыл, күңгірт,сұрғылт, жұмыр, наданның, жалқау, аппақ, қызыл, қара.

         138-тапсырма. Төмендегі сапалық сын есімдерге қарсы мағыналы сын
есімдерді тауып жазыңыздар.
    Түзу, әлсіз, кең, жуан, қышқыл, тұзды, қырлы, сопақ, ақ, тентек,  үлкен,
жақсы, ауыр, ащы.

          139-тапсырма. Сөйлемдердегі сапалық  сын  есімдерді  тауып,  астын
сызыңыздар.
          Адам тастан қатты, гүлден нәзік. Кітап  –  алтын  сандық.  Отансыз
адам – ормансыз бұлбұл.  Істегенің  еліңе  жақсы,  үйренгенің  өзіңе  жақсы.
Жемісті ағаштың басы төмен.  Қарға  баласын  «аппағым»  дер,  кірпі  баласын
«жұмсағым» дер. Жоғалған пышақтың  сабы  алтын.  Жақсы  сөз  –  жарым  ырыс.
Аспанның батыс беті қызғылт қоладай жарқырайды. Төбесі – аппақ қар, өңірі  –
жасыл орман. Қол-аяғы балғадай жұмыр.

            140-тапсырма.   Тұрақты   сөз   тіркестерінің   мағынасын   ашып
түсіндіріңіздер. Олармен сөйлемдер құрастырыңыздар.

         Аталы сөз –  слова  назидания,  умные  слова,  крылатые  слова;  Ақ
жаулық – женщина,  жена,  супруга,  спутница,  подруга  жизни;  Ақ  көңіл  –
простушный, добрый, чистая душа;  Ақ  бата  –  благословение;  Ақ  жарқын  –
жизнерадостный; Ақ жүрек – прямодушный,  откровенный,  душа  нараспашку;  Ат
көпір – очень много, хоть отбавляй; Ашық ауыз –  разиня,  ротозей,  раззява;
Аядай жер – клочок земли.

         141-тапсырма. Мәтінді оқып, мағынасын  меңгеріңіздер.  Сапалық  сын
есімдерді табыңыздар.

         Ақ аю мен қара аюдың түр-түсі бір-біріне ұқсамайды, бірақ  туыстығы
бірден аңғарылады. Полярдың ақ қара, көк мұзында тіршілік  ететін  ақ  аюдың
түсі әрқашан ақ болады. Қоңыр аюлар  ақсары  да,  қоңыр  да,  қара  да  бола
береді. Ақ аю – жыртқыш  аң,  оның  табиғи  тіршілік  ортасы  су.  Қоңыр  аю
орманды аймақтарда кездеседі, олар балқұмар болып келеді. (Ол кім?  Бұл  не?
кітабынан)

          142-тапсырма. Төмендегі сын есімдерді пайдаланып,  адамның  мінез-
құлқын, бейнесін сипаттай отырып, сапалық сын есімдерге  негізделген  әңгіме
құрастырыңыздар.

            Адал, ақылды, ашық, әдепті, батыл, әңгімешіл,  жалқау,  жігерлі,
жомарт, кең  пейілді,  кішіпейіл,  қабілетті,  қайратты,  қарапайым,  қатал,
қонақжай, қырағы, мейірімді, момын, өжет, сараң, өткір, өнегелі,  парасатты,
сезімтал, ұстамды, шешен, ширақ, шыдамды, шыншыл, сұлу, аласа, сұңғақ,  тіп-
тік, йықты, сақалды, толық, өзімшіл.

            143-тапсырма.   Сөйлемдердегі   сын   есімдердің   грамматикалық
ерекшеліктеріне қарай бөліну түрлерін (сапалық, қатыстық) ажыратыңыздар.

           Ауа әрі жұмсақ, әрі  тәтті,  көкірегіңді  керіп,  ішкі  сарайыңды
толтыра береді. Қызыл тал  мен  ақ  қайыңның  қырау  басқан  ұзын  бұтақтары
жылтырап, күнмен шағылысады. Таза  ауа  салқын  Алатаудың  қойнауынан,  биік
басынан ақырын есіп, баяу шалқиды. Қалың  орман,  сазды  батпақтарды  күртік
қар басқан. Бұл кезде Абайдың денесі  іріленген,  жауырынды,  сүйекті  болып
қалған екен. (М.Әуезов).
Қалың ағаш  арасында  әсем  үйлер  сығалап  тұрған  тәрізді.  Ағашты  көшеде
жапырақты бұталар арасынан электр шамдары  жарқырайды.   Бір  шетте  кішкене
ұста дүкенінің, бір шетте мал қораларының ішкі бейнесі көрінеді.
4-апта. 12-тәжірибелік сабақ
Грамматика: Үндестік заңы. Ілгерінді, кейінді ықпалдар.
          144-тапсырма. Мәтінмен танысып, Кеңес Одағының батыры  –  Бауыржан
Момышұлының соғыс  жылдарындағы  ерлігін  өз  білетіндеріңізбен  толықтырып,
мазмұндаңыздар.

                  Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы –
                      Бауыржан Момышұлы    (1910-1982)

             Бауыржан  Момышұлы  қазіргі  Жамбыл   облысы,   Жуалы   ауданы,
Көлбастау ауылында туған.
            Жеті жылдық мектепті бітірген соң,  біраз  уақыт  мұғалім  болып
істейді. 1932 жылы әскер қатарына шақырылады.  Онда  бір  жарым  жыл  жүріп,
запастағы командир  атағын  алады.  Ауылға  оралған  соң,  біраз  жыл  қаржы
мекемесінде  қызмет  істейді.  1936  жылы  қайтадан  Қызыл  Армия   қатарына
шақырылып, түрлі әскери бөлімдерде взвод, рота командирі болады.
            1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталысымен, ол даңқты  генерал-майор
И.В.Панфиловтың басқаруымен Алматы маңында жаңадан жасақталған  316-атқыштар
дивизиясының құрамында майданға аттанады. Соғыс жылдарында  батальон,  полк,
дивизияны басқарады.
             Соғыс кезіндегі жеке басының қаһармандық  ерлігімен  және  ұрыс
жүргізудегі әскери шеберлігімен ерекше көзге  түседі.  Б.Момышұлының  әскери
өмірбаянында Мәскеу түбіндегі  шайқас  ерекше  орын  алады,  сол  шайқастағы
ерлігі Одақ көлеміне аңыз болып тарайды. Бауыржанның осындай ерлігі  жөнінде
белгілі орыс жазушысы А.Бек «Волоколамское  шоссе»  («Волоколам  тас  жолы»)
повесін жазады. Бұл шығарма кейін бірнеше тілге аударылады.
              Бауыржанның басқа да ерліктері аз емес. Тек  19-шы  гвардиялық
атқыштар полкінің батальон командирі ретінде Москва түбінде  27  сәтті  ұрыс
жүргізді.  Волоколам  бағытында  Крюкова  қонысы  үшін  шайқаста  19  полкті
басқарады.
              Соғыстан кейін Бауыржан  Совет  Армиясы  Бас  штабының  Жоғары
әскери академиясын бітіреді  (1950),  сонда  әскери-педагогикалық  қызметпен
айналысады,  Совет  Армиясы  әскери  академиясында  сабақ  береді.  1956  ж.
Гвардия полковнигі  –  Б.Момышұлы  отставкаға  жіберіледі.  Бұдан  кейін  ол
біржола  шығармашылық  жұмыспен  айналысады.  Оның  шығармаларының   негізгі
тақырыбы  –  жауынгерлік  мінез-құлықтың  қалыптасуы,  елдік   пен   ерлікті
дәріптеу, жастарды  Отанды  қорғауға  дайын  тұру  рухында  тәрбиелеу  болып
табылады. Бауыржан қазақ және орыс тілдерінде бірдей  жазып,  өз  өміріндегі
көрген-білгендерін шығармаларында арқау етеді.
           Б.Момышұлының басты шығармалары: «Офицер күнделігі», «Бір  түннің
оқиғасы»  (1956),  «Москва  үшін  шайқас»  (1958),  «Майдандағы  кездесулер»
(1962) және т.б.
            Бауыржан  бірнеше  орден,  медальдармен   марапатталады.   Кеңес
Одағының Батыры атағы Отан  соғысы  біткеннен  кейін  жарты  ғасырдай  уақыт
өткен  соң,  ол  дүние  салғаннан  кейін  1990  ж.  берілген   болатын.   Ел
тәуелсіздік  алғаннан  кейін   ҚР-ның   тұңғыш   Президенті   Н.Назарбаевтың
жарлығымен оған «Халық қаһарманы» деген атақ  берілді.  Оның  есімі  мектеп,
көше, елді мекендерге берілді.
            Ол 25 жыл өмірін әскер қатарында өткізді,  фашистермен  207  рет
қанды шайқасқа кіріп, 5 рет өлім құрсауында қалды, 2 рет жараланды.
            Б.Момышұлының  қаһармандық  даңқы  күллі  әлемге  жетті.   Азия,
Африка, Латын Америкасы құрлықтарында 50-ші жылдары  «Волоколам  тас  жолын»
әркім өз тіліне аударып, қолдан-қолға таратып әкетті.
           В.Швацковтың қойған «Волоколам тас  жолы»  пьесасы  Б.Момышұлының
әскери өмірбаянын суреттейді.

Сөздік:
жасақтау  основать; организовать дружину; переформировать дивизию
қаһармандық – героизм; героический; подвиг; отвага
атқыштар дивизиясы – стрелковая дивизия
шығармашылық – творчество
дәріптеу  –  возвеличить;  воспеть;  популяризация;  превозносить;  хвалить;
восхвалять
елдік – миролюбие; мирное взаимоотношение
ерлік – героизм; доблесть; мужество; храбрость

            145-тапсырма. Мәтіннің бірінші мағыналық бөлігіне сұхбат (сұрақ-
жауап) құрастырыңыздар.
            Ү л г і:
    –    8-ші     гвардиялық      атқыштар      дивизиясының      командирі,
полковник
        И.И.Серебряков өзінің Үндеу хатында не туралы жазды?
    –    1944    жылы     8-шы     гвардиялық     атқыштар      дивизиясының
командирі,
          полковник    И.И.   Серебряков      КСРО     Жоғары      Кеңесінің
Президиумына
          жазған    Үндеу    хатында:   «Жолдас    Б.   Момышұлына    құрмет
көрсетуді.....
          өтінемін     және    мұны     жеткізуді    өзімнің   парызым   деп
білемін.......  әділдік
        менен  осыны  талап  етеді»,   -  деп   жазады.  Бірақ   бұл  аяқсыз
қалады.  .......
        одан кейінгі ерліктері де ескерусіз қалады.
   –   Б.Момышұлына Кеңес Одағының Батыры атағы қашан берілді?
    –   1942  ж.    Б.Момышұлын    Кеңес    Одағының     Батыры      атағына
ұсынады.
       Бірақ   бұл  марапатталу   қағазы   жоғалып  кетеді.     Б.Момышұлына
Кеңес
       Одағының  Батыры  атағы  Отан  соғысы  біткеннен  кейін    1990  жылы
берілді.

146-тапсырма.  Үндестік   заңын    оқып,  қайталап,  ілгерінді,  кейінді
ықпалдарды мысалдармен түсіндіріңіздер.

                                   Үндестік заңы (Сингармонизм)
Сингармонизм – гректін Syn – «бірге»  және  harmoni  –  «байланысу,  үндесу»
деген мағынаны білдіретін сөздері бойынша жасалған термин.
Басқа түркі тілдері сияқты қазақ тілінің дыбыстары да сөз  ішінде,  сөз  бен
қосымшаның,  сөз  бен  сөздің  арасында  бірімен-бірі  үндесіп,  біріне-бірі
жасалуы, айтылуы жағынан үйлесіп отырады. Мысалы: бала-лар, мектеп-те, қала-
ға т.б.
Сөз ішіндегі сөз бен қосымша, сөз бен сөз  арасындағы  дыбыстардың  бірімен-
бірі ұқсауын үндестік заңы деп атаймыз.
Үндестік заңы екі түрлі болады: а) буын үндестігі; б) дыбыс үндестігі.

                Дауыссыз дыбыстардың үндесуі, дыбыс үндестігі
                                (Ассимиляция)
В казахском языке существует фонетическое явление – ассимиляция.
Если сингармонизм  считается  гармонией  гласных,  то  ассимиляция  является
созвучием согласных.
Различаются два вида ассимиляции:
Ілгерінді ықпал (прогрессивная ассимиляция).
Кейінді ықпал (регрессивная ассимиляция).

                               Ілгерінді ықпал
Наиболее распространенные виды прогрессивной ассимиляции:
1. Если корень оканчивается на звонкий согласный (суффиксы  или  окончания),
следующие за корнем аффиксы начинаются со звонкого согласного: сөз-дік, қыз-
дар.
2. Если корень  слова  оканчивается  на  глухой  согласный  или  на  звонкие
согласные,  следующие  за  корнем  аффиксы   тоже   начинаются   с   глухого
согласного: орындық-тар, кітап-тар, завод-тар, штаб-тар.
3.  Если  корень  слова   оканчивается   на   гласный   или   сонорный,   то
присоединяемые  к  нему  окончания  начинаются  со  звонкого  или  сонорного
согласного: бала-лар, кім-дер, терезе-лер, қалам-дар, еден-дер.
Такое влияние последующего согласного предыдущему звуку на слоговой  границе
называется прогрессивной ассимиляцией.
4. Если корень слова оканчивается на  ш,  а  присоединяемый  к  нему  аффикс
начинается со звука с, то последний  под  влиянием  первого  в  произношении
переходит на ш, но  пишут  согласно  орфографическим  нормам.   Жазылуы  (на
письме): шаш+са, аш+са, іш+сін, ұш+сын; айтылуы  (в  произношении):  шаш+ша,
аш+ша, іш+шін, ұш+шын.
5.  Если  корень  оканчивается  на  гласный,   звонкий   или   сонорный,   а
присоединяемый к нему аффикс начинается с глухого к, қ, то они  произносятся
как звонкие  г, ғ.
Бота+көз = Бота+гөз                                        жаз келді  =  жаз
гелді
Меңді+құл = Меңді+ғұл                                  қара қой =  қара ғой
          Талды+қорған = Талды+ғорған                         ала кел =  ала
гел
           Түбір  мен  қосымшаның  немесе  сөздердің  аралығындағы  көршілес
дыбыстардың  алдыңғысының  кейінгі  дыбысқа  әсер   етіп,   өзіне   ұқсатуын
ілгерінді ықпал дейміз.
          Воздействие предшествующего звука на  последующий,  которое  имеет
место как в пределах одного слова, так и между отдельными, соседними друг  с
другом словами, называется прогрессивной ассимиляцией.
                                Кейінді ықпал
А в регрессивной  ассимиляции  звук  влияет  на  предыдущий  звук,  в  таких
случаях:
1. Конечные глухие согласные корня (к, қ, п) переходят в звонкие (г, ғ,  б),
если присоединяемый к ним аффикс начинается  с  гласного:  кітап  –  кітабы,
орындық – орындығы, күнделік – күнделігі
2. Конечный (н) корня в положении (б,  п)  произносится  как  (м):  дүйсенбі
(дүйсембі), сейсенбі (сейсембі), сәрсенбі (сәрсембі),  бейсенбі  (бейсембі),
сенбі (сембі), жексенбі (жексембі).

             147-тапсырма.  Мәтіннен  алынған  сөз  және  сөз  тіркестерінен
ілгерінді ықпал жасап тұрған сөздерді  тауып,  емлесін  түсіндіріп,  олармен
сөйлемдер құрастырыңыздар.
          Әскер  қатарына,   қаһармандық,    шақырылып,   И.В.   Панфиловтың
басқаруымен,   жаңадан   жасақталған,   дивизиясының    құрамында,    әскери
шеберлігімен,  түбіндегі  шайқас,   батальон   командирі,   Одақ   көлеміне,
аударылады, шығармашылық, жауынгерлік.

           148-тапсырма.  Мәтіннен  алынған  сөйлемдерден  кейінді   ықпалды
(регрессивная ассимиляция) табыңыздар.  Түбір  мен  қосымшаның  аралығындағы
көршілес дыбыстардың соңғысының алдыңғы дыбысқа әсерін түсіндіріңіздер.
         Соғыс  кезіндегі  жеке  басының  қаһармандық  ерлігімен  және  ұрыс
жүргізудегі әскери шеберлігімен ерекше көзге түседі.  Гвардия  полковнигі  –
Б.Момышұлы отставкаға жіберіледі.  Дүние  салғаннан  кейін  оған  1990  жылы
Кеңес Одағының Батыры атағы беріледі.
Б.  Момышұлының  басты  шығармаларының  бірі  –   «Офицер   күнделігі».   Ел
тәуелсіздік  алғаннан  кейін  ҚР-ның  тұңғыш  Президенті   Н.   Назарбаевтың
жарлығымен оған «Халық қаһарманы» деген атақ  беріледі.  Оның  шығармашылығы
оқушы қауымға мәлім, ондағы негізгі тақырыбы  –  жауынгерлік  мінез-құлықтың
қалыптасуы және т.б. И.В. Панфиловтың  басқаруымен  Алматы  маңында  жаңадан
ұйымдастырылған жасағы – 316-шы  атқыштар  дивизиясының  құрамында  майданға
аттанады.

           149-тапсырма. Сөздерге тәуелдіктің  ІІІ  жағының  жалғауын  қосып
жазып, олардың өзінен бұрынғы дыбысқа әсерін түсіндіріңіздер.
           Жүрек, орындық, ерлік, қасық, доп, шөп, жидек,  күнделік,  күрек,
тазалық,  сабақ,  жіп,  білек,  бастық,  оқулық,  жинақ,    қазақ,   сөздік,
көзілдірік, есеп, қап, кітап, себеп, академик.

            150-тапсырма. Көп нүктенің  орнына  септік,  көптік  жалғауларын
қосып жазып, буын үндестігін түсіндіріңіздер.
           Бауыржан... әдебиет майданында әскери ерлік...інен  еш  кем  емес
қаһармандық іс тындырған қаламгер екені баршаға мәлім. Ұзақ  жыл...дан  соң,
соғыс және  еңбек  ардагер...і,  ғылым  мен  мәдениет  қайраткер...і,  қалың
жұртшылық  талабымен,  ҚР  Президенті   Н.Назарбаевтың   қолдауы   арқасы...
халқымыз... ардақты ұлы –  көзі  тірісінде-ақ  аты  аңыз...  айналып  кеткен
осынау даңқты жауынгер, дарқан ойлы қолбасшы турасындағы тарихи  әділеттілік
қалпы... келтіріліп еді. Фидел  Кастро  Б.Момышұлы  туралы  кітап...  басына
жастанып  оқыды.  Оның  көзі  тірісінде  қалың  қазақ   жұртының   тарихында
Қарақыпшақ Қобыланды сынды болған адам екендігін дәлелдеуге тарих енді  ғана
көшті... .

          151-тапсырма. Сөйлемдерден  буын  үндестігіне  бағынбай  жалғанған
қосымшалары бар сөздердің астын сызып, олардың ережелерін түсіндіріңіздер.
          Қара жорға Қасқырбайдікі (Ә.Сәрсенбаев). Бүгін Ақшоқыға  өздерінің
өнерлері мен табыстарын асыға әкелген өнерпаздар да аз  емес.  Ол  жаңағыдай
жайларда өте намыскер, басынан сөз асыра алмайды (М.Әуезов). Ел де,  жер  де
халықтікі. Әбілқайырдың бір байқағаны – Жәнібектің қол астындағы ел  шетінен
сөзуар.

         152-тапсырма. Сөйлемдердегі буын  үндестігін  бір  бағанаға,  дыбыс
үндестігін екінші бағанаға бөліп жазыңыздар.
          Корпуста  тәрбиешілердің  және  оны  биыл  бірінші  бітірушілердің
атынан Шоқанның сөйлеуі ұйғарылған. Оның шешен, жас  екенін  Омбының  қоғамы
байқап  та  үлгерген.  Солардың  үйлерінде  өткізілетін  кештерде   Шоқанның
қатыспайтыны сирек болатын. Сонда жұртты  қызықтыратыны:  білімнің  көптігі,
тарихты,  әдебиетті,   көркем   өнерді   жақсы   көретіндігі,   әзіл-оспаққа
жүйріктігі, сөзге алғырлығы, әжуа-қалжыңға ұсталығы, әйелдердің  тілін  таба
білуі, әңгімелердің қызықтығы, тағы тағылар (С.Мұқанов).

           153-тапсырма.  Сөздер  мен  сөз  тіркестерінен  дыбыс  үндестігін
табыңыздар.
          Бұрынғы. Аймангүл. Он бес. Орманбай.  Тұзсыз.  Көре  алмадым.  Көз
сала жүр. Есенгелді. Амангелді. Досжан. Тас жол. Бос жүрмен.
          154-тапсырма.  Сөздер мен сөз тіркестерін  қазақ  тіліне  аударып,
оларға   көптік   жалғауларын   жалғап,   ілгерінді,   кейінді    ықпалдарды
көрсетіңіздер.
          Учебник,  тарелка,  книга,  тетрадь,  ручка,  молоток,  напильник,
посуда, одежда, обувь, пожилой человек, первая парта, человек, уенные  вещи,
государство.

          155-тапсырма. Жыр  жаттайық!  Өлеңді  мәнерлеп  оқып,  дыбыстардың
сауатты оқылуына назар аударыңыздар. Өлеңді жаттап алыңыздар.
Кең дүние, төсіңді аш, мен келемін,           Аспанындай кей сәтте
күрсінемін,
Алынбаған ақым бар сенде менің.              Жас талындай жауқазын бүршік
едім.
Бұйрат құмдар – бұйығып шөлдегенім,      Кең дүние, керемет қалпыңменен
Бура бұлттар – бусанып терлегенім.           Жүрек болып кеудеме кірші
менің.
                              Байтақ ел, балауса тау, бозаң далам,
                                 Секілді бәрі менен көз алмаған.
                                 Кең дүние, кенде етсең сыбағамнан,
                                 Шырылдаған сәбидей мазаңды алам.

(М.Мақатаев)

          156-тапсырма.   Оқу-білім   туралы   макал-мәтелдердің   мағынасын
түсініп, есте сактаңыздар. Білімдеріңізді тереңдетіңіздер.
*Терлемеген – терең білмес.                          *Білімдіні, бала болса
да аға деп біл.
*Мен білмеймін деме, үйренемін де.            *Окыған – опық жемейді.
*Оқыған ұл – атасынан да үлкен.                  *Білім – ағашы, еңбек
алмасы.
*Пірің көп болғанша, білімің көп болсын.   *Білім – елге, су – жерге.
*Күш – білімде, білім – кітапта.                     *Ақылдының қазынасы –
білімі.
*Білімі жоқтың, таңы да тас қараңғы түндей.
*Қазынаны тереңнен табарсың, білімді  кітаптан табарсың.

           157-тапсырма.  Сөздердің   жазылуы   мен   айтылуын   салыстырып,
айтылуындағы ерекшеліктеріне назар аударыңыздар.
          Торы ала ат. Жаңа ауыл. Қара күрең.  Көк  ала.  Үлкен  ғалым.  Жүз
жылқы. Бас штаб. Сенбі. Жексенбі. Сәрсенкүл. Қазанқап. Ала кет.

158-тапсырма. Сөздерге -ы, -і жалғауларын жалғап, кейінді ықпалды  сөздермен
сөйлемдер құрастырыңыздар.
          Еңбек, жақ, бармақ, бауырсақ, кек,  оймақ,  қуыршақ,  қасық,  бақ,
бесік, жидек, көп, білезік, тарақ, мектеп.


5-апта. 13-тәжірибелік сабақ
Грамматика: Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері.
         159-тапсырма. Дүниежүзіне  әйгілі  ұлы  ғалым,  энциклопедияшы  әл-
Фарабидің өмір жолынан мәлімет алып, мәтінді меңгеріп, мазмұндаңыздар.

                           Ұ л ы  т ұ л ғ а л а р
                                  * * * * *
                   Ұлы ғалым, ойшыл – Әбу Насыр әл-Фараби
                                  (870-950)
         Әбу  Насыр  әл-Фараби  Аристотельден  кейін  дүниежүзі  білімі  мен
мәдениетінің екінші  ұстазы  атанған  данышпан,  энциклопедист  ғалым.  Оның
мұсылманша толық аты-жөні Мұхаммед ибн Мұхаммед  ибн  Узлағ  Тархани.  Туған
жері – Сырдария бойындағы ерте заманда түркі  халықтарының  орталығы  болған
Отырар  (қазіргі  Оңтүстік  Қазақстан  облысы)  қаласы.  Ежелгі  түркілердің
орталық қаласы Отырарды  кезінде  Қыпшақ,  Қаңлы,  Қоңырат  тайпалары  мекен
еткен. Отырар – бір жағынан көшпелі мал  шаруашылығын  кәсіп  еткен,  екінші
жағынан – отырықшы-егіншілікпен айналысатын түрлі түркі ру-тайпаларын  өзара
байланыстыратын қала болған. Бұл шаһарды арабтар  «Фараб»  деп  атаған.  Сол
бойынша,  ұлы  ұстаз  әл-Фараби  атанып  кеткен.  Отырар  қаласын  қыпшақтар
«Қарашоқы» деп атаған.
           Ежелден Отырар  қаласын  мекен  еткен  түркі  тектес  тайпалардың
барлығы дерлік бертін келе қазақ халқының этникалық  құрамына   енгені  көне
тарихтан белгілі. Әл-Фараби сол  қазақ  халқының   құрамына  қосылған  түркі
тайпасынан шыққан және ол  советтік  шығыс  халықтарының  мәдениетіне  жақын
қатынасы бар қайраткер деуге болады.
            Жастайынан  асқан  зерек,  ғылым-өнерге  мейлінше  құштар  болып
өскен әл-Фараби алғашқы білімін туған жері Отырарда  қыпшақ  тілінде  алады.
Ол өсе келе ғылым мен мәдениет орталықтары – Бағдад, Қорасан, Дамаскі,  Каир
т.б. шаһарларда болады.
            Әл-Фараби өзінің түркі тілімен қатар, араб, парсы, грек,  латын,
санскрит тілдерін де жетік білген.
            Ғұлама ғалым әл-Фарабидің атсалыспаған ғылым  саласы  жоқ  деуге
болады. Ол философия, логика, математика, астрология, астрономия,  медицина,
музыка, тіл білімі, әдебиет теориясы, табиғат ғылымдары, социология, поэзия-
риторика т.б. ғылым салалары бойынша қыруар ғылыми  еңбектер  жазды.  Кейбір
еңбектерін атайтын болсақ: «Ақылдың мәні  туралы  трактат»,  «Данышпандықтың
інжу-маржаны»,  «Ғылымдардың  шығуы»,  «Философияны  оқу  үшін  алдымен   не
керек?»,  «Аристотель  еңбектеріне  түсіндірме»   («Поэтика»,   «Софистика»,
«Риторика, т.б.») сияқты зерттеулері  оның  есімін  әлемге  философ  ретінде
танытты.
           Риторика, поэтика,  өнер,  музыка,  т.б.  жөніндегі  еңбектерінде
айтылған  көркемлдік-эстетикалық  көзқарастары   әлі   күнге   дейін   мәнін
жоймаған. Музыка зерттеу саласында «Музыка туралы үлкен  кітап»  атты  кесек
еңбегін қалдырды.
           Әбу Насыр әл-Фараби әдебиет теориясымен де жан-жақты  шұғылданған
ғалым, оның «Өлең және ұйқас туралы сөз»  деген  шығармасы  болған.  Сонымен
қатар, «Өлең ырғағы туралы»,  «Ырғақ  пен  өлең  туралы  сөз»  және  «Поэзия
өнерінің  негіздері  туралы   трактат»   деп   аталатын   зерттеулері   оның
еңбектерінің тізімінде көрсетіледі.
            Фараби  заманында  жаратылыстану  ғылымдарының  ішінде  медицина
ғылымы жақсы дамыды. Бұл салада да оның еңбектері бар.
            Әл-Фараби  Аристотельдің  ғылыми  мұраларын  жан-жақты  зерттеп,
өзінің   ғылыми   еңбектерінде   адамның   ақыл-ойының     дүние    танудағы
құдіреттілігін  дәріптеді.  Ол  тәрбиенің,  оның  ішінде  еңбек  тәрбиесінің
теориясы ғылымға негізделуі қажет деп тұжырымдады.
             Аристотельден  кейінгі  дүниежүзілік  білім   мен   мәдениеттің
«екінші ұстазы» болған әл-Фараби Аристотельдің шығармалары жайында  көптеген
трактаттар мен түсіндірмелер жазды.
            Өмірінің соңына әл-Фараби Мысыр, Шам, Халеб  қалаларында  болып,
ақырында Шам шаһарына келіп тұрақтайды, сонда  қайтыс  болады.  Оның  денесі
Шам шаһарының Кіші қақпа (Бас ас-Сағир) жанындағы зиратқа қойылады.
             Әл-Фарабидің ісін жалғастыратын,  ғылымға  берілген  шәкірттері
де көп болды. Олардың ішінде Орта Азияның ұлы ғалымы  Әбу  әли  ибн  Синаның
(Авиценна) есімін атауға болады. Кейнгі кезде шығыс  ғалымдары  оларды  «Қос
Фараби» деп те атайды.  Сондай-ақ  ұлы  ғалымдар  –  Беруни,  Бозжани,  Омар
Һайямдар да өздерін әл-Фарабидің шәкірттері деп есептейді.

Сөздік:
данышпан – гений; великий; премудрый; мудрый; гениальный
отырықшы – оседлый
тайпа – племя; племена; род
дәріптеу – возвеличить; воспеть; превозносить; хвалить; восхвалять
шаһар – город

          160-тапсырма.  Мәтіннің  бірінші  мағыналық  бөлігіне  сұрақ-жауап
(сұхбат) құрастырыңыздар.
Ү л г і:
– Әл-Фарабидің шығармаларының саны белгілі ме?
    – Оның көптеген  шығармалары  ел   арасында   қолжазба  күйінде   тарап,
бірте
бірте жоғалып кеткен, тек қана кейбір еңбектерінің  ғана  тізімі  сақталған.
Соның өзінде ұлы ғалым  еңбектерінің  саны  жөнінде  нақтылы  деректер  жоқ.
Фараби шығармаларының санын  неміс  ғалымы  Ш.Штейшнейдер  117  десе,  түрік
ғалымы А.Атеш 160, ал совет ғалымы Б.Ғафуров 200 трактат деп көрсетеді.

           161-тапсырма.  Мәтіннің  екінші  мағыналық  бөлігінен   сөйлемнің
тұрлаулы мүшелерін тауып, олардың астын сызыңыздар.
Ү л г і:
          Фараби   (кім?)   шығыс   пен   Батыстың   ғылыми   қауымын   грек
философиясымен, логика ғылымымен, ежелгі мәдениетімен  таныстыруда  зор  рөл
атқарды (не істеді?). Әл-Фараби (кім?) оқыту  мен  тәрбиелеудің  мақсаттарын
жеке-жеке анықтайды (не істейді?).

162-тапсырма.  Мәтіннің  үшінші  мағыналық  бөлігіне  жоспар  құрып,  жоспар
бойынша әңгімелеп беріңіздер.

                         Сөйлем мүшелері (Члены предложения)
Сөйлем   мүшелері   атқаратын   қызметіне   қарай   бес   түрге    бөлінеді:
        1.Бастауыш; 2.Баяндауыш; 3.Анықтауыш; 4.Толықтауыш;
5. Пысықтауыш.   Бастауыш пен баяндауыш сөйлемнің тұрлаулы мүшелері.
Анықтауыш, толықтауыш және пысықтауыш сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері.
Как в русском, так  и  в  казахском  языке,  члены  предложения  делятся  на
главные (тұрлаулы) и второстепенные (тұрлаусыз). Так же,  как  и  в  русском
языке к главным членам предложения относятся: подлежащее и сказуемое.
Подлежащее (бастауыш), которое отвечает на вопросы кім? кімдер? (кто?),  не?
нелер? (что?) и может выражаться всеми частями речи. Например:  Самат  (зат.
есім) ағасына телефон соқты. Он (сан. есім) екіге  бөлінеді.  Мен  (есімдік)
үндемедім. Өзім (өздік есімдігі) апарып салдым.
Сказуемое (баяндауыш) отвечает на вопросы не  істеді?  не  қылды?  не  етті?
қайтті? (что делал? что сделал?), а также  может  быть  выражено  различными
частями речи. Например: Асан кітап оқыды. Мен  инженермін.  Баласы  Алматыда
оқып жүр. Мен жиырмадамын.

          163-тапсырма.  Сөйлемдерден  тұрлаулы  мүшелерді   тауып,   оларға
сұрақтар қойыңыздар.
         Әбу Насыр әл-Фараби  «Шығыстың  Аристотелі»  атанған  есімі  әлемге
танылған философ  болды.  Осы  қырық  шақты  еңбегінің  өзі-ақ  әл-Фарабидің
энциклопедист-ғалым,  дарынды-әдебиетші,  ұшқыр-ойлы  ақын  болғанын   толық
дәлелдейді. Ол адамзат қоғамындағы барлық проблемаларды шешуге қабілетті  ең
басты күш –  ақыл-парасат  деп  біледі.  Әл-Фараби  өзінің  «Қайырымды  қала
тұрғындарының көзқарастары» атты кітабында  бірқатар  қоғамдық,  әлеуметтік,
этикалық мәселелерді сөз етеді. Мұндағы  «қала»  деп  отырғаны  –  мемлекет.
Ғалым бұл шығармасында мемлекеттің пайда болуын, ондағы теңсіздіктің  өмірге
келуін, қала әкімдеріне қажетті адамгершілік қасиеттерді, бақытқа жету  үшін
бірігіп тіршілік ету керектігін сөз етеді.  Ол болашақ қоғамды –  адамдардың
емін-еркін азат өмір сүретін,  бәрі  тең,  бірін-бірі  құрметтейтін  бақытты
қоғам ретінде суреттейді.
           164-тапсырма.  Төмендегі  нақыл  сөздерден   сөйлемнің   тұрлаулы
мүшелерін табыңыздар.
             Еңбексіз адам бақытты өмір сүре алмайды.

          (А.Чехов)
      Өзге ештеңеден табылмас бақытты еңбектен табасың.

        (А.Менделеев)
                    Адамдар еркіндік алғанда ғана еңбек сүйгіш бола алады.
                              Тіл байлығы – ой байлығы.

      (Н.И.Карамзин)
       Сөз өнері – өнер атаулының ең қиыны мен күрделісі.

                 (Бальзак)
                                Сөз – өмірдің ұлы қаруы.

        (В.Короленко)
                                   Ең жақсы тіл – ана тілі.

        (М.И.Калинин)

           165-тапсырма.  Берілген  сөз  және  сөз  тіркестерімен  сөйлемдер
құрастырып, олардан тұрлаулы мүшелерді табыңыздар.
           Фараби  еңбектері,  әдебиет  теориясы,  философия,  логика,   тіл
білімі, ұлы ғалым, Фарабидің зерттеулері, поэзиялық туындылары,  оның  әдеби
мұрасы, ғұлама ғалым ретінде танытатын, Фарабидің ақындығы.

166-тапсырма.  Сөйлемдердегі  баяндауыштардың  астын   сызыңыздар.   Кітапты
бағалаңыздар.
          Кітап – қымбат дос. Ол  сенің  айыбыңды  ашпайды,  сырыңды  сыртқа
шашпайды. Саған  әрқашан  үндемей  көмектеседі.  Әрдайым  айтқаныңа  көнеді,
айдауыңа жүреді, ақы сұрамайды. Бірақ сен  де  кітапқа  қайырымды  бол.  Оны
сүй, аяла! Кітаптан үйренген жақсылығыңды жұртқа үйрет! Кітап – көп  ақылдың
құйылған  көлі,  ортақ  мүлкі,  халық  қазынасы,  сарқылмас  білім   бұлағы.
(Ө.Тұрманжанов)















167-тапсрыма.   Фараби   еңбектеріндегі   өлең   жолдарының   мән-мағынасын,
тәрбиелік  мәнін   түсініп,   есте   сақтаңыздар.   Бастауыштарға   сұрақтар
қойыңыздар.

Бауырым, сен теріс түскен жандарға ерме,
Олардан аулақ жүр, қашанда әділдік жағында бол.
          Бұл дүние – біз мәңгі тұратын мекен-жай емес,
Әлемде ешкім өлімді жеңе алмады.
                               Адамдарға бір сәттік қысқа ғұмыр берілген,
                               Сол қас қағымдай сәттің өзін көп көріп,
                               Адамдар бірін-бірі жегідей жейді,
                               Бірін-бірі азапқа салып қинайды.
                               Түкке тұрғысыз атақ-даңққа таласып,
                               Қашанға дейін бір-бірімізді азаптай береміз.
          * * * * *
Зиялы  аз  бір  тұтам  тіршілікте,                           Бауырым,  қанша
сүйгенмен,
Әкімдікке   күллісі   жүгіреді.                                 Өтеді   өмір
күйбеңмен.
Көкірекпен  сезініп,  күрсініп  көп,                      Шындыққа  бас  тік
алаулап,
Жаным менің түршігіп, түңіледі.                      Пенделіктен бол аулақ.
             * * * * *
                                   О, жаратқан, көп неткен ақымағың,
                                   Құм сықылды тез ысып, тез суынар.

  168-тапсырма.  Мақал-мәтелдердің  тәрбиелік  мәніне  назар   аударыңыздар.
Бастауыштарды тауып, олардың қай сөз табынан болғанын түсіндіріңіздер.

           Ұйымдасқан – ұтады. Сыпайы – сырын сақтар, әдепті – арын  сақтар.
Шешінген – судан тайынбас. Естімеген – елде көп. Қорқақ  –  көлеңкесінен  де
қорқады. Қорыққан – бұрын жұдырықтар. Көп –  қорқытады,  терең  –  батырады.
Аянбаған – жауды алар, абайлаған – дауды алар. Ел аралаған  –  сыншы  болар,
орман аралаған – үйші болар. Еңбекпен – ер өседі, егізден төл  өседі.  Өзін-
өзі  билеген – ең бақытты.

169-тапсырма. Тәлім-тәрбие  алыңыздар!  Мәтіннің  мазмұнына  назар  аударып,
мағынасын түсініңіздер. Маман болыңыздар! Ата-аналарыңызды құрметтеңіздер!

          Әр ана өз  баласының  өнерлі  ісін  мақтан  етеді.  Сенің  бірінші
тәрбиеші ұстазың – сол ана. Жамал бүгін Жарқынның  жаңа  мамандыққа  жолдама
алып келгеніне  қуанып  еді.  Көз  алдында  есейген,  ер  жеткен  адам  тұр.
Баласының сөздері де сабырлы. Өзі кәдімгі тәрбиеші  сияқты.  Қимылы  икемді.
Бойы да таралып өскендей. Белін қынай киген гимнастеркасы  өзіне  жарасып-ақ
тұр. Училище нағыз адамды тәрбиелеген.   (Н.Ғабдуллин)

          170-тапсырма. Фараби есімі  дүние  жүзі  мәдениеті  мен  ғылымының
тарихынан  берік  орын  алады.  Оның  артына  қалдырған  ғылыми  мұраларының
салаларын есте сақтаңыздар.



















5-апта. 14-тәжірибелік сабақ
Грамматика: Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері. Анықтауыш.
171-тапсырма. Мұхаммед пайғамбардан кейінгі мұсылмандар әулие  тұтқан  киелі
адам  –  Қожа  Ахмет   Яссауи   туралы   мәтінді   мұқият   оқып,   түсініп,
мазмұндаңыздар.

              Түркі  халқының ұлы ақыны, діни поэзияның негізін
                     салушы – Қожа Ахмет Яссауи ( ?-1166)

Қожа Ахмет Йассауи – қазақ халқының байырғы мәдениетінің  тарихында  айрықша
орны бар ұлы ақын. Өз аты – Ахмет, есімінің алдындағы «қожа» мұсылман  дінін
таратып, уағыздаушылық қызметіне орай берілген атау, ал соңындағы  «Йассауи»
 ақынның қай жерден шыққандығын көрсетеді.  Бірақ  Йасы  қаласы  оның  туған
жері емес, оның бала кезінен  өскен  жері.  Ақынның  туған  жері  –  қазіргі
Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданы.
      Ахмет Бұхара қаласында Юсуф Хамаданидан  діни  білім  алғаннан  кейін,
Түркістанға келіп, сол  кезде  Орталық  Азияда  кең  тараған  сопылық,  діни
идеялардың ірі насихаттаушысына айналады.
      Ахметтің тұңғыш рухани  ұстазы,  әрі  тәрбиешісі  атақты  Арыстан  баб
болған. Ел арасында қалған аңыз бойынша, Мұхаммед  пайғамбар  мұсылман  діні
туралы «аманатын» Арыстан бабқа  табыс  етеді.  Одан  кейін  арада  500  жыл
өтеді. Бір күні Арыстан баб даланы кезіп жүрген 11  жасар  балаға  жолығады.
Бала: «Ақсақал,  аманатты  маған  беріңіз»,-  дейді.  Сол  бала  Ахмет  еді.
Сөйтіп, ол «аманатты» алады.
Қожа  Ахмет  Яссауи  Мұхамед   пайғамбардан   кейінгі   мұсылмандар  әулие
 тұтқан
 киелі адам саналады. Арыстан бабты жерлегеннен кейін  Қожа  Ахмет  Бұхараға
көшіп барады. Онда ол атақты  Қожа  Юсуп  Хамадани  шайхында  сопылық  оқуын
оқиды. Кейін Ясы (Түркістан) қаласына  ауысады.  Түркістан  Ахмет  Яссауидың
дінді уағыздаушы ретінде ұзақ жыл  қызмет  еткен  киелі  мекені  болады.  Ол
ғұмырының көбін осында өткізеді, осында жерленеді.
Қожа Ахмет түркі халқының ақыны ретінде әйгілі. Оның бүгінгі ұрпаққа  жеткен
көлемді шығармасы –  «Диуани Хикмат» («Хикмет  жинақ»).  Бұл  шығарма  алғаш
рет 1878 жылы жеке кітап болып басылып шығады. Аталған кітабында ол  сопылық
танымды негіз  етіп  алады.  Онда  бала  күнінен  бастап,  пайғамбар  жасына
келгенге дейінгі өмір жолын баяндайды, тіршілікте  көрген  азабын,  қайғысын
айтады.  Бұхара халыққа үстемдік жүргізуші хандардың, бектердің,  қазылардың
(билердің) жіберген кемшіліктерін, жасаған қиянаттарын сынайды, бұл  өмірдің
жалғандығын білдіреді, адамдарды  қайырымдылыққа  уағыздайды,  әділеттілікті
жақтайды.  Оның  өлеңдері  қарапайым  халық  арасында  ауыздан-ауызға  жатқа
айтылып, кең тараған.
Сонымен қатар, Қожа Ахметтің   «Диуани  Хикмат»   еңбегінен  қазақ  халқының
ертедегі мәдениетіне, әдебиетіне,  тарихына,  этнографиясына,  экономикасына
қатысты бағалы деректер табуға болады.
Қожа Ахмет 1166 жылы қайтыс  болады.  Түркістан  қаласында  жерленген.  Оның
басына XIV ғасырдың аяғында атақты Ақсақ Темір күмбез орнаттырады.  Кейіннен
Қожа Ахмет Йассауидың өзі түрік  халықтарының  рухани  атасына,  ал  күмбезі
түрік дүниесі табынатын кіші Меккеге айналады.

           Сөздік:
уағыздаушы – проповедник                                    сопышылар –
софисты
сопы – праповедник; аскет; подвижник                 бек – аристократ;
феодал
сопысыну – считать себя подвижником ислама
әулие, қасиетті – безгрешный; святой
аманат – поручение; вклад; заклад; залог
уағыз – заповедь; пропаганда; увещевание; проповедь
қайырымдылық – великодушие; отзывчивость; чуткость; милосердие
сопылық – аскетизм; затворничество; подвижничество; подвижнический

      172-тапсырма.  Мәтіннің  мазмұны  бойынша  берілген  сұрақтарға  жауап
беріңіздер.

      1. Қожа Ахмет кім? 2. Оның есімі  қандай  мағына  береді?  3.  Ол  қай
жерде дүниеге  келген?  4.  Қожа  Ахмет  нені  насихаттаған?  5.  «Аманатқа»
байланысты қандай  аңыз-әңгімелер бар? 6. Оны кімнен кейінгі киелі адам  деп
санаған? 7. Қожа Ахмет ұзақ жылдар  бойы  қай  жерді  мекендеген  және  онда
қандай қызмет атқарған? 8. Оның қандай  ірі  шығармасын  білесіздер?  9.  Ол
еңбегінде нені баяндаған, кімдерді  сынаған?  10.  Оның  өлеңдері  қарапайым
халыққа қалай жеткен? 11. Қожа Ахметтің  «Диуани  Хикмат»  еңбегінен  қандай
бағалы деректерді табуға болады? 12. Ол қашан, қай  жерде жерленген?

173-тапсырма. Мәтіннен анықтауыштарды  тауып,  оларға  сұрақтар  қойыңыздар.

Ү л г і: Халық арасында Қожа Ахмет Иассауи туралы аңызға айналған  (қандай?)
әңгімелер көп. Қандай әңгімелер көп? Аңызға айналған әңгімелер көп.  «Диуани
Хикматтан»  қазақ  халқының  ертедегі  мәдениетіне,  әдебиетіне,   тарихына,
этнографиясына,  экономикасына  қатысты  бағалы  (қандай?)  деректер  табуға
болады.

174-тапсырма. Сөз және  сөз  тіркестерімен  сөйлемдер  құрастырып,  олардағы
анықтауыштардың астын сызыңыздар.

Киелі адам, мұсылман діні, сопылық  оқу,  дінді  уағыздаушы,  қызмет  еткен,
тұрған мекені, ұзақ ғұмыр, түркі халықтары, өз дәуірінде,  зерттеуші  ғалым,
поэтикалық кітап, тұрмыс-тіршілік, тарих, әдебиет, мәдениет.

175-тапсырма.   Сөйлемдердегі   анықтауыштарды   тауып,   олардың   ережесін
түсіндіріңіздер.

Қожа Ахмет Яссауидың  әкесі  Ибраһим  мұсылманша  сауаты  бар,  сөз  қадірін
білетін  білікті  адам  болған.  Шешесінің  аты   –  Қарашаш.  Оның  «Диуани
Хикмат» еңбегі жеке кітап болып басылып  шығады.  Содан  кейін  ол  Стамбул,
Қазан, Ташкент қалаларында бірнеше рет қайтадан басылады.  Соның  бірі  1901
жылғы  Қазанда  шыққан  Тыныштықұлының  қазақтарға  арнап  шығарған  нұсқасы
болатын. Төрт тармақты өлеңмен жазылған бұл шығармасында  ақын  өзінің  өмір
жолын баяндаған. Ол өзінің насихаттарында айтқандай, бұл дүниенің  қызығынан
бас тартып, о дүниенің мәңгілігін жырлайды. Осы  бағытта  оның  жолын  қуған
шәкірттері көптеп саналады. Олар да Қожа  Ахметтің  жолын  қуған,  софизмнің
жыршылары болған.

Тапсырма.   Тұрлаусыз   мүшелерді   қайталап,   өткен   материалдарды   еске
түсіріңіздер.
                              Тұрлаусыз мүшелер
                           Анықтауыш (Определение)

|Тұрлаусыз мүшелер өздігінен сөйлем құрай алмайтын,                   |
|тек сөйлемдегі ойды толықтырып тұратын мүшелер.                      |
|Ережесі               |Сұрақтары               |Мысалдар             |
|Сөйлемде зат есімнен  |қандай? қай? кімнің?    |Ол – ұзын бойлы адам.|
|болған мүшені сын,    |ненің? неше? нешінші?   |Жазғы демалыста      |
|сапа, басқа да түрлі  |қанша? қаншасыншы?      |демаламыз.           |
|белгілері жағынан     |                        |                     |
|сипаттап тұратын      |                        |                     |
|тұрлаусыз мүшені      |                        |                     |
|анықтауыш дейміз.     |                        |                     |



176-тапсырма.  Берілген  сын  есімдердің  екінші   сыңарларын   тауып,   сөз
тіркестерін құрастырыңыздар.

|1. поэтикалық     |а) шеберлік   |Ү л г і:      Тарихи дерек.            |
|2. атақты         |ә) дарын      |1……………………….............................|
|3. көрнекті       |б) қақтығыс   |.                                      |
|4. этникалық      |в) дерек      |2…………………………………………..                    |
|5.қолбасшылық     |г) қасиет     |3…………………………………………..                    |
|6. қарулы         |ғ) тұлға      |4…………………………………………..                    |
|7. тарихи         |д) адамдар    |5…………………………………………..                    |
|8. уағыздаушылық  |е) атау       |6…………………………………………..                    |
|9. ержүрек        |ж) кітап      |7…………………………………………..                    |
|10. поэзиялық     |з) қайраткер  |8…………………………………………..                    |
|11. тапқыр        |и) шешен      |9…………………………………………..                    |
|                  |              |10…………………………………………..                   |

177-тапсырма.   Әміре   Қашаубаев   туралы   деректі    есте    сақтаңыздар.
Сөйлемдердегі анықтауыштарға сұрақтар қойыңыздар. Өнерді сүйіңіздер.

                        Б і л г е н г е   м а р ж а н

                   Мен Әміредей әншіні сирек кездестірдім.

                                   (Анри Барбюс)
                                      Әміре қазақ даласының бұлбұлы…

                             (А. В. Луначарский)
                         Мен шығыстағылар әншісін неге бұлбұл
                           құсқа теңейтінін енді түсіндім, онда
                                       әншілік қабілет өте басым.

                                   (Ромен Роллан)

      Әміре Қашаубаев дүниеден мезгілсіз өтті.  Ол  еңбекші  халықтың  өкілі
боды. Ол  айтатын  әндер,  оның  ерекше  дауысы  қала  мен  дала  еңбекшілер
бұхарасының  мүддесін  айқындайды.  Затаевич   Әміреден   ондаған   әндердің
нотасын жазып алған. Ол әндер Анри Барбюс,  Ромен  Роллан  тәрізді  мәдениет
қайраткерлерін  шын  көңілмен   сүйсіндірген.   Әміре   Москва   мен   Париж
сахналарында өнер көрсетті. Оның дауысы  жөнінде  мақтаулы  бағалар  әлемдік
баспасөзде аз жазылған жоқ  (Сәкен Сейфуллин).

178-тапсырма. Қасым Аманжолов өлеңінің мағынасын түсініп, жаттап  алыңыздар.
Еліңізді, жеріңізді сүйіп, оның патриоты болыңыздар.

Қ. Аманжолов жырларынан адам бойындағы рухани қуат, қайсарлық мол  көрінеді.
Ол өзінің «Қазақстан» атты өлеңінде туған елін мақтан етеді.

                              Қ а з а қ с т а н

        Қазақстан дейтін менің бар елім           Бұл далада атам қолға ту
алған,
        Жатыр алып жарты дүние әлемін.        Бұл далаға жылан келіп
уанған,
        Бұл даланы анам жаспен суарған,         Бұл далада өскен жанда жоқ
арман.

                 (Қ. Аманжолов)

179-тапсырма.  Еңбек  туралы  мақал-мәтедлдердің  мағынасын  түсініп,   оның
тәрбиелік мәніне  назар  аударыңыздар.  Сөйлем  мүшелеріне  сұрақтар  қойып,
олардың астын сызыңыздар. Еңбек етуге өздеріңізді тәрбиелеңіздер.

Еңбекпен ер өседі,                                       Көндікпесең
бейнетке,
Егізден төл өседі.                                         Қолың жетпес
зейнетке.
                                 * * * * *
Берекесіз бейбақтар                                    Жақсы болар жігіттің
Терлеп еңбек етпейді.                                 Жұмыссыз жүрген күні
жоқ.
Терлеп еңбек етпеген                                  Жаман болар жігіттің
Арманына жетпейді.                                    Еш жұмысқа қыры жоқ.
                                           * * * * *
Еңбек – ырыстың бұлағы,                            Жасыңда жалықпасаң,
Еңбек – бақыттың шырағы.                         Қартайғанда тарықпайсың.
















180-тапсырма.    Сөздердің      синонимдерін     көрсетілген   жолдарға
толтырыңыздар.

|Ү л г і:      Алыс – қашық, қиыр, шет, қиян, шалғай, ұзақ, жырақ, алшақ,|
|т.б.                                                                    |
|1. Анда-санда   |1.....................................................|
|2. Ас           |..........................................            |
|3. Ат           |2.....................................................|
|4. Әлем         |..........................................            |
|5. Қайғылы      |3.....................................................|
|6. Мықты        |..........................................            |
|7. Келбет       |4.....................................................|
|8. Тамаша       |..........................................            |
|9. Кескін       |5.....................................................|
|10. Адал        |..........................................            |
|11. Алып        |6.....................................................|
|12. Сыпайы      |..........................................            |
|13. Ақылды      |7.....................................................|
|                |..........................................            |
|                |8.....................................................|
|                |..........................................            |
|                |9.....................................................|
|                |..........................................            |
|                |10....................................................|
|                |.........................................             |
|                |11....................................................|
|                |.........................................             |
|                |12....................................................|
|                |..........................................            |
|                |13....................................................|
|                |..........................................            |



Берілген сөздердің синонимдері: Келбет, пішін, бейне, мүсін, кейіп,  кескін,
көрік, ажар, тамақ,  дәм,  тағам,  есім,  дүние,  жиһан,  жер  жүзі,  күшті,
керемет, әділ, шыншыл, күшті, кішіпейіл, есті,  уайымды,  мұңды,  қасіретті,
қапалы.

       181-тапсырма.  Сын  есімдердің  антонимдерін   көрсетілген   жолдарға
толтырыңыздар.
|Ү л г і:      Кәрі – жас; қалың – жұқа; ақ – қара; түзу – қисық; қараңғы |
|– жарық; оң – сол                                                        |
|1.Жамандық  |1.....................|11. Ірі    |1........................|
|2. Кең      |................      |12.Шапшаң  |..................       |
|3. Ұзын     |2.....................|13. Аласа  |2........................|
|4. Жақындау |................      |14. Жомарт |.................        |
|5. Арзан    |3.....................|15.Жылдам  |3........................|
|6. Жаңару   |................      |16. Жуан   |.................        |
|7. Оңай     |4.....................|17. Терең  |4........................|
|8. Үлкен    |................      |18. Ыстық  |.................        |
|9. Арық     |5.....................|19. Аш     |5........................|
|10. Терең   |................      |20. Араз   |.................        |
|            |6.....................|           |6........................|
|            |................      |           |.................        |
|            |7.....................|           |7........................|
|            |................      |           |.................        |
|            |8.....................|           |8........................|
|            |................      |           |.................        |
|            |9.....................|           |9........................|
|            |................      |           |.................        |
|            |10....................|           |10.......................|
|            |...............       |           |..................       |


5-апта. 15-тәжірибелік сабақ
Грамматика: Пысықтауыш, оның түрлері.
      182-тапсырма. Әйгілі тарихшы,  әдебиетші   –  Мұхаммед  Хайдар  Дулати
туралы тарихи деректермен танысып, мәтінді мазмұндаңыздар.

                 Қазақ хандықтарының тарихнамасы – Мұхаммед
                         Хайдар Дулати   (1499-1551)

       Дулат  Хұсайынұлы  Мұхаммед  Хайдар  –  әйгілі  тарихшы,   әдебиетші.
Монғолстан мен  оған  іргелес  жатқан  елдердің  тарихы  жөнінде  аса  құнды
деректер беретін «Тарихи Рашиди» кітабы мен «Жаһаннама»  дастанының  авторы.
Жетісу жеріндегі ежелгі Дулат  тайпасы  әміршілерінің  ұрпағы,  яғни  атақты
Дулат руынан шыққан. Оның ата-бабалары құдіретті әмірлер болған.
      Мырза Хайдар 1499 жылы Ташкент қаласы билеушісінің  отбасында  дүниеге
келеді. Бұл кезде Ташкент Монғолстан  мемлекетіне  қарайтын.  Ал  1514  жылы
қазақ хандығының тықсыруымен Монғол  мемлекеті  құлайды.  Хайдар  Мырза  сол
Монғол   ханының   қызы   Жүністен   туады.   Ол   өзінің    дарындылығымен,
тапқырлығымен, жан-жақты қабілеттілігімен қоса  ержүрек,  әскери  талантымен
көзге түсіп отырады.
      Мұхаммед Хайдар Дулати мұсылманша  жақсы  білім  алады.  Өз  уақытының
әдеби, мәдени ғұрыптарын, ғылым мен  көркемөнерді,  халықтық  қолөнердің  әр
саласын терең  меңгереді.  Ол  поэзияны  да  теріс  көрмеген.  Түрік,  парсы
тілдерінде еркін жаза біледі. Шыққан жерінің  тектілігі,  жеке  басының  аса
қабілеттілігі – оның  болашақ  тағдырына  жол  ашып  отырады.  Мырза  Хайдар
Монғолстан әміршісінің сарайында көрнекті қызмет атқарады.  Бірақ  құбылмалы
тағдыр Мырза Хайдардың біраз  уақытын  «Кіші  Тибетте»  қаңғырумен  өткізуге
душар етеді.
      1541 жылы Мырза Хайдар  өзінің  айлалы  іс-әрекетімен  Кашмирді  өзіне
қаратып алады. Ол сол  жерде  тұрақты  тұрады.  Осы  жерде  1543-46  жылдары
өзінің атақты «Тарихи Рашиди» кітабын  парсы  тілінде  жазып  бітіреді.  Бұл
еңбегінде алғаш құрыла  бастаған  қазақ  хандықтары,  әсірес  қазақ  жерінің
басын құраған Қасым, Бұрындық, Таһире сияқты хандар  туралы,  сонымен  қатар
XVI  ғасырдағы  қазақ-монғол  және   қазақ-өзбек   ара-қатынастары   жөнінде
толығырақ  мәліметтер  берілген.  Демек,   оны   ғасыр   дәуіріндегі   Қазақ
хандықтарының тарихнамасы деуге де болады.
      Хандықтың басы Жәнібек пен Керейден  басталатындығы  да,  қазақ  деген
этникалық атаудың себептері де және т.б. көптеген  мәселелер  ең  алғаш  осы
кітапта айтылған. Түрік тілінде жазылған «Жаһаннама»  поэмасы  да  Хайдардың
қаламынан туындаған.
        Мұхаммед   Хайдар   сол   кездегі   оқиғалар   мен   оған   қатысқан
қайраткерлерді, сондай-ақ Монғолстан мемлекетінің, Қазақ хандығының  тарихын
жақсы білген. Оның тікелей өзі куә болған жайлары да көп. Содан да болар  ол
орта  ғасырдағы  қазақтарға,  әсірес  дулат  тайпасының   тарихына   қатысты
жоғарыда аталған еңбектерін берген. Хайдар Мырза  1551  жылы  шайқаста  қаза
табады.

Сөздік:
әмір – веление; правитель государства; предписание; приказ;
            распоряжение
әмірлі – царственный
әмірлік – владычество
дастан – поэма; эпос
билеуші – владелец; владыка; правящий
тапқырлық – догадливость; находчивость; остроумие; предприимчивость
дарынды – гений; талант; способный; одаренный; талантливый
қабілеттілік – восприимчивость; делоспособность; способность
ғұрып – нрав; обряд; обычай; традиция

       183-тапсырма.  Мәтіннің  бірінші   мағыналық   бөлігіне   сұрақ-жауап
(сұхбат) құрастырыңыздар.
      Ү л г і:
– Мұхаммет Хайдардың толық аты-жөні қалай аталған?
– Оның толық аты-жөні – Дулат Мұхаммед Хұсайынұлы Мырза Мұхаммед
   Хайдар деп аталған.
– Оның мағынасын қалай түсіндіруге болады?
– Мұндағы «Мұхаммед Хайдар» – өз аты. «Мұхаммед Хұсайын» – әкесінің аты.
   «Мырза» – текті әулеттің тұқымы екенін білдіретін атау (хан балаларының
   ханзада,  сұлтан  аталатыны   секілді),   «дулат»  –  шыққан   тайпасының
аты.

      184-тапсырма. Мәтіннің екінші  мағыналық  бөлігіндегі  пысықтауыштарға
сұрақтар қойып, олардың астын сызыңыздар.

      Ү л г і:
       Мұхаммед  Хайдар  халықтық  қолөнердің  әр   саласын   терең   (қалай
меңгерді?) меңгерді. Ол кезде  (қашан?  қай   кезде?)  Шығыс  облыстарындағы
(қайдағы? қай жердегі?) патшалық еткен  ханзадалар  әулетін  тақтан  құлатып
отырған. Жылы-жылы (қалай сөйлесең?) сөйлесең, жылан інінен шығады (мақал).
                            Пысықтауыш (Обстоятельство)

|Ереже               |Сұрақтары                        |Мысалдары     |
|Сөйлемде            |қайдан? қайда? қалай қарай?      |Ол қалада     |
|іс-қимылдың түрлі   |қашан? қашаннан бері? қалай?     |тұрады.       |
|белгісін, мекенін,  |қалайша? қайтіп? неліктен? не    |Ертең апам    |
|мезгілін, амалын,   |үшін? неге? не мақсатпен?        |келеді.       |
|себебін, мақсатын   |қаншалықты? қанша?               |Олар бірталай |
|білдіретін мүше.    |                                 |жүрді.        |

      Пысықтауыштың түрлері.  Пысықтауыштар  білдіретін  мағыналарына  қарай
бес түрге бөлінеді: 1. Мезгіл пысықтауыш. 2. Мекен пысықтауыш. 3.  Сын-қимыл
пысықтауыш. 4. Себеп пысықтауыш. 5. Мақсат пысықтауыш.
       Мезгіл  пысықтауыштың  сұраулары:  Қашан?  қай  кезде?  қай  уақытта?
қашаннан бері? қашанға дейін? т.б.
      Мекен пысықтауыштың сұраулары: Қайда? қай жерде? қайдан? қалай  қарай?
қай жерге дейін? т.б.
       Қимыл-сын  пысқтауыштың  сұраулары:  Қалай?  қайтып?   қалайша?   кім
арқылы? не арқылы? қанша? қанша рет? неше? неше рет? т.б.
      Себеп пысықтауыштың сұраулары: Неліктен? неге? не себепті?
      Мақсат пысықтауыштың  сұраулары:  Кім  үшін?  не  үшін?  неге?  қандай
(нендей?) мақсатпен?

      185-тапсырма.  Әр бағанадағы  сөздерді  орын  тәртібі  бойынша  тиісті
орындарына қойып, мағыналарының дұрыс сақталуына  назар  аударып,  сөйлемдер
құрастырыңыздар.

|1. |тұрды        |қолында       |біраз уақыт  |Бабырдың     |Мұхаммед    |
|   |             |              |             |             |Хайдар      |
|2. |сарайдағы    |басқарады     |қызметін     |содан кейін  |рұқсатымен  |
|   |             |              |             |             |Бабырдың    |
|3. |баласы       |тәрбиешісі    |ханның       |Әбу ар-Рашид |сұлтанның   |
|   |             |болады        |мұрагер      |             |            |
|4. |қашады       |сезген        |Мұхаммед     |қауіпті      |Үндістанға  |
|   |             |              |Хайдар       |             |            |
|5. |тұрады       |уақыт         |билеп        |біраз        |Кашмирді    |

186-тапсырма.  Сөз  және  сөз   тіркестерімен   сөйлемдер   құрастырыңыздар.
Сөйлемдерден пысықтауыштарды табыңыздар.
Мырза Хайдар, хан сайлау, ханзадалар  әулеті,  Монғолстан  мемлекеті,  ғылым
мен көркемөнер, аса қабілетті,  жетік  білетін,  сарай  қызметін,  жан-жақты
білімді, орта ғасыр, дулат тайпасы.

187-тапсырма.  Көп   нүктелердің   орнына   тиісті   пысықтауыштарды   қосып
жазыңыздар.  Оларға сұрақтар қойыңыздар.

Ү л г і: Биыл    ( қашан?)    Абайдың   жасы   он үшке  толған  еді  (мезгіл
пысықтауыш).
...........      .........   осылай   жүруге   бел   байлаған.   Оқтын-оқтын
............ соққан жел  лебімен     әлсіз     шам  .............  ұйытқиды.
Сонымен   .............   томсарып       отырып      барып,    .............
қыбырласқанда,  Құнанбай  ойдағы   сөзін  бастады.     Абай,    бері    кел,
............ кел.  .............    ............. екі күндік жолда  үлкендер
.............  жүрмей,  баланың  шыдамын   ..............  тауысқандай.  Осы
............ бурыл ат есік пен төрдей  .................  түсе  берген.  Дәл
Есембай биігінің ............... . Аяғында, ауылдан  .................  ұзап
шықты.  Көксерек  өзгелерді  жіберіп,  өзі  бір  күшік   қасқырмен   бөліне,
.............. қарай тартты. Түйе енді ............... жүре бастады.
Сөйлемдерді толықтыруға керекті пысықтауыштар: күні  бойы,  іргеден,  кейде,
біраз, қайта, мұнда, бұдан бұрынғы,  жылдам,  әбден,  өрде,  алға,  тұсында,
әбден, оң жақ бүйірге, ақырын.

188-тапсырма. Сөйлемдердегі пысықтауыштардың астын сызып,  олардың  түрлерін
ажыратыңыздар.
Биыл Құнанбайдың өз ауылдары да күземді ерте алды.  Ертең  қыстауға  көшеміз
де, қыс бойы інге кіргендей жатып  аламыз.  Кезеңге  шығып  алып,   Бақтығұл
сайды жоғары өрлей шапты. Болыстың құлағанын көріп  қалып, енді шапшаң  түсе
бастады (М.Әуезов). Жоғары-төмен үйрек, қаз  ұшып  тұрса  сымпылдап  (Абай).
Жігіттерді ерте  жатқызып,  ерте  оятатын  отағасы  –Есламқұл  –  Томаршаның
немере ағасы (Ғ.Мүсірепов).  Қаншама  қысып  сұраса  да,  ұйымдастырушыларды
таба алмады (Х.Есенжанов). Шырақтарым, тұс-тұстан келсеңдер  де,  туғанымдай
болып қалып едіңдер.

189-тапсырма.   Төмендегі   үстеулерге   қарсы   мәнді   үстеулерді   тауып,
көрсетілген жолдарға толтырыңыздар.

Ү л г і:    Жоғары-төмен.
|Ілгері     |1.....................|Алға          |1.....................|
|Бұрын      |................      |Ертеңгісін    |................      |
|Әрі        |2.....................|Астыртын      |2.....................|
|Мұнда      |................      |Сыртқары      |................      |
|Ерте       |3.....................|Жаздыгүні     |3.....................|
|Ішке       |................      |Биыл          |................      |
|           |4.....................|              |4.....................|
|           |................      |              |................      |
|           |5.....................|              |5.....................|
|           |................      |              |................      |
|           |6.....................|              |6.....................|
|           |................      |              |................      |



190-тапсырма.   Мәтіннің   мазмұнына   назар   аударыңыздар.   Халқы,   оның
тәуелсіздігі үшін басын  бәйгеге  тіккен  батырлардың  ерлік  өнегесін  үлгі
тұтыңыздар. Сөйлем мүшелерінің астын сызып, олардың түрлерін ажыратыңыздар.
      «Ер Тарғын» жыры  –  өзінің  идеялық-көркемдік  сипаты  жағынан  қазақ
батырлар жырының ішіндегі таңдаулы шығармалардың бірі. Жырда  ерлік,  елдік,
жақсылық пен жамандық, кіршіксіз  адал  махаббат  секілді  өзекті  мәселелер
көтерілген. Басқа батырлар жыры сияқты, «Ер  Тарғын»  жырының  негізінде  де
тарихи оқиғалардың ізі жатыр. Халқымыздың басынан  кешкен  тарихи-әлеуметтік
оқиғалар, халықтың әдет-ғұрпы, салт-санасы, рухани  тіршілігі,  арман-мұраты
көрініс береді. Жырда халқы, оның тәуелсіздігі үшін  басын  бәйгеге  тіккен,
еліне  қамқор,  пана  бола  алған  батырдың  ерлік,   адамгершілік   бейнесі
өрнектелген.  Халық  сонау  баяғы  заманда  өткен  адал  перзентінің   ерлік
өнегесін келесі ұрпағына үлгі етіп қалдырған.


      6-апта. 16 тәжірибелік сабақ
      Грамматика: Толықтауыш. Тура және жанама толықтауыштар.
      191-тапсырма. Қазақтың ұлы ағартушасы  –  Ахмет  Байтұрсынұлының  өмір
жолынан мәлімет алып, мәтінді мазмұндаңыздар.

                 ХХ ғасырдың басындағы алты алаштың арыстары
                                  * * * * *
               Ахмет Байтұрсынов – қазақ тілі мен әдебиеттану
             ғылымының негізін салушы, ірі тюрколог (1873-1973)

         Жол көрсеттім қазақ деген намысқа,
        Жол сілтедім жақын емес, алысқа.
       Өзге жұрттар өрге қадам басқанда,
       Дедім сен де қатарыңнан қалыспа.

                           (А. Байтұрсынов)

      Ахмет Байтұрсынұлы – қазақтың ұлы  ағартушысы  ,  ірі  ғалым-лингвист,
түріктанушы, ақын, аудармашы, әдебиет зерттеушісі,  бірқатар  оқулықтар  мен
оқу құралдарының авторы. Туған жері – бұрынғы Торғай  уезінің  Тосын  облысы
(қазіргі Қостанай облысының Жангелдин ауданындағы Ақкөл ауылы).
      А. Байтұрсынұлы шығармашылық жұмысын өлең жазудан  бастаған.  Онда  ол
еңбекші  халықтың  ауыр   халін,   арман-тілегін,   мұң-мұқтажын   көрсетіп,
жұртшылықты оқуға,  білім-  ғылымға,  адамгершілікке,  мәдениетті  көтеруге,
еңбек етуге  шақырады.  Патшалық  Ресейдің  қанаушылық-отаршылдық  саясатын,
шенеуліктердің опасыздығын сынады.
      Ақынның алғашқы өлеңдері «Қырық мысал» атты  аударма  жинағы  1909  ж.
Санкт- Петербургте жарық  көрді.  Бұл  кітабы  арқылы  қалың  ұйқыда  жатқан
қараңғы елге  жар  салып,  олардың  ой-санасын  оятуға  бар  жігер-қайратын,
білімін жұмсайды. Ақын әрбір  аудармасының   соңында  өзінің  негізгі  ойын,
айтайын деген түйінді мәселесін халқымыздың сол кездегі  тұрмыс-тіршілігіне,
мінезіне, психологиясына сәйкес қосып отырған.
      А. Байтұрсынұлының екінші кітабы – «Маса» (1911). Бұл  кітабына  енген
өлеңдерінде ақын қараңғылықты,  надандықты  сынады.  Көптеген  өлеңдері  сол
кездегі  ағартушылық  бағытпен  үндес  болды.   Ол   Шоқан,   Абай,   Ыбырай
қалыптастырған  дәстүрлерді,  гуманистік,  демократиялық  бағыттағы  ойларды
жалғастырушы ретінде көрінді. Қоршаған ортаға ойлана, сын  көзімен  қарайды,
қоғамдағы істерге көңілі толмайды.  «Қазақ  салты»,  «Досыма  хат»,  «Жиған-
терген»,  «Тілек  батам»,  «Жауға  түскен  жан  сөзі»,   «Бақ»   және   т.б.
өлеңдерінің мазмұны осыны танытады. Кітаптарының ішкі  сазы  мен  ой-өрнегі,
сөз орамы қазақ поэзиясына тән өзіндік жаңалық, ерекше өзгеріс әкелді.
      Халық ауыз әдебиетінің үлгілерін  жинап  жарыққа  шығаруда  зор  еңбек
сіңірді. Әдебиет саласындағы алғашқы зерттеуі  деп  «Қазақ»  газетінің  1913
жылғы үш санында шыққан «Қазақтың бас ақыны» деген көлемді мақаласын  атауға
болады. Онда қазақ халқының рухани өмірінде Абайдың  аса  ірі  тұлға  екені,
өмірбаяны, шығармаларының мазмұны тереңдігі, ақындық  шеберлігі,  поэтикасы,
орыс әдебиеттерімен байланысы туралы ойлы пікірлер айтылған.
       Қазақ  ауыз  әдебиетінде  молынан  сақталған  жоқтау-жырларын  арнайы
жүйелеп, сұрыптап, 1926ж. «23 жоқтау» деген атпен жеке кітап  жариялады.  А.
Байтұрсынұлының  қазақ  әдебиеттану  ғылымы  мен  әдебиет  тарихы  жөніндегі
тұңғыш  көлемді  еңбегі  –  «Әдебиет  танытқыш»  (1926).  Мұнда  көркем  сөз
өнерінің табиғаты, сыры, мазмұны, ерекшеліктері, жанрлары,  жаңа  терминдер,
ұғымдар жайлы жан-жақты зерттеулер, тұжырымдар сөз болады.
      Бұл кітаптың бірінші бөлімі «Сөз  өнерінің  ғылымы»  деп  аталады  да,
онда көркем сөздің толып жатқан қыры мен  сыры,  тараулары  мен   тармақтары
сөз етіледі. Екінші бөлімі «Қара сөз бен дарынды  сөз  жүйесі»  деп  аталады
да, көркем қара сөз табиғаты, оның тараулары – шежіре, заман хат,  өмірбаян,
мінездеме, тарихи әңгіме, шешен сөз, оның түрлері,  білімді  шешен  сөз  деп
жүйелеп келіп, әңгіме, романға сипаттама береді.
       А.  Байтұрсынұлы  тілші-ғалым   ретінде   қазақ   тілінің   табиғаты,
өзгешеліктері,  араб  әліпбиінің  жайы,  терминдері,   қазақ   тілін   оқыту
әдістемесі туралы мақалалар жазды. Ол қазақ балаларының ана тілінде  сауатын
ашуына көп күш жұмсады. Осы  мақсатта  «Оқу  құралы»  (1912),  «Тіл  құралы»
(1914); ересектердің сауатын ашуға  арнап  «Әліпби»  (1924),  «Жаңа  әліпби»
(1926) атты оқулықтар мен тың еңбектер ұсынды. Қазақ грамматикасына  қатысты
категориялардың  әрқайсысына  қазақша  ғылыми  термин  жасап,  морфологиялық
тұлға- тәсілдерді жаңаша талдауға жаңаша анықтамалар берді.
Қазақ   фонетикасы   мен   граммтикасын   талдауда    тілдің    типологиялық
ерекшеліктері мен өзіндік даму барысын ескеру принципін ұстады.
 А. Байтұрсынұлы қазақ тіл білімін ХХ ғасырдың  бас  кезінде  қалыптастырып,
оның  ірге  тасын  қалады.  Араб  графикасына  негізделген  қазақ   жазуының
реформаторы болды.
      А. Байтұрсынұлы отаршылдықтың озбыр саясатына қарсы халықты ояту  үшін
халықты ағартудан басқа жол жоқ екенін,  надандықпен,  қараңғылықпен  күресу
керектігін толық түсініп,  бар  ғұмырын  осы  жолға  арнады.  Қуғын-сүргінге
түсті – мұқалмады; түрмеге қамалды – жасып, жұқармады. Мұғалім  болып,  бала
оқытып, жас ұрпақтың көзін  ашты;  газет  шығарып,  мақала  жазып,  ұйқыдағы
ұлтын  оятып,  замана  аңғарын  түсіндірді;  өлең   жазып,   мақсат-мүддесін
танытты, түрлі қызмет істеп, үлгі-өнеге көрсетті.
      Оның халқына адал қызмет  етуге  арнаған  бар  ғұмырына  «Халық  жауы»
деген жала ат тағып, оны атқызды, атын атағандарды  қуғынға  салды.  Бәрібір
олар мақсатына жете алмады. Жала – бұлт, шындық –  күн  екен,  заманы  қайта
туып, шындықтың  беті  ашылды.  Ұлтын  сүйген,  ұлтжанды  Ахмет  Байтұсынұлы
ақталды.

      Сөздік:
мұң-мұқтаж – желание; просьба
отаршылдық – колонизация
сөз орамы – оборот речи
шеберлік – ловкость; умение; мастерство
жоқтау – оплакивание умершего; причитать по умершему
жыр – песня; причитание; рассказ в стихах; былина о героях
шежіре – родословие; летопись; родословная история
мұқату – высмеивать; потешаться; издеваться; унижать
мұқалмады – не унижался
жасу – унывать; отчаиваться; становиться робким; несмелым
жасымады – не отчаивался; не унывался

192-тапсырма. Мәтінге жоспар құрып, жоспар бойынша әңгімелеп беріңіздер.

193-тапсырма. Мәтіннің бірінші мағыналық бөлігіндегі толықтауыштарды  тауып,
оларға сұрақтар қойып, астын сызыңдар.
Ү л г і :
А.  Байтұрсынұлы  бұл  еңбегінде  ауыз  әдебиеті   мен   жазба   әдебиетінің
әлеуметтік,  қоғамдық  мән-маңыз+ы+н  (несін?)  ашудан  гөрі   адамгершілік,
эстетикалық әсемдік  әуен+і+  н  (несін?)  талдауға  көбірек  көңіл  бөлген.
Маңыз+ы+н, әуен+і+н сөздері табыс септігінде,  тәуелдік  септеу   формасында
тұрған толықтауыштар. Кітаптың бірінші  бөлімі  «Сөз  өнерінің  ғылымы»  деп
аталады да, онда көркем сөздің толып жатқан қыры мен сыр+ы+н, тараулары  мен
тармақтар+ы+н, тіл әуезділігінің қыруар  шарттар+ы+н,  сөздің  өлең  болатын
мәніс +і+н, өлең айшықтар+ы+н, шумақ түрлер+і+н, тармақ тұлғалар+ы+н,  бунақ
буындар+ы+ н, ұйқастығ+ы+н (несін?) сөз етеді.
Бұл сөйлемдегі сырын тармақтарын, шарттарын мәнісін,  айшықтарын,  түрлерін,
тұлғаларын, буындарын, ұйқастығын сөздері табыс септігінде, тәуелдік  септеу
формасында  тұрған  бірыңғай  толықтауыштар.  Ал  қыры  (қырын),   тараулары
(тарауларын)   сөздері   табыс   септігінің   жасырын   формасында    тұрған
толықтауыштар.

194-тапсырма. Мәтіннің екінші мағыналық бөлігіндегі жанама  толықтауыштардың
астын сызыңыздар.
Ү л г і:
А.  Байтұрсынұлы  Еуропа   жұрты+нда   (кімде?)   сындар   әдебиетінің   бай
тәжірибесін меңгеру+ге (неге?) бет алушылық,  қазақ  көркем  сөз  істері+нде
(неде?) сәйкестік,  үйлесімділік  тапқанын  айтады.  Жұрты+нда,  меңгеру+ге,
істер+нде  сөздері  барыс,  жатыс  септіктерінде  тұрған  толықтауыштар.  А.
Байтұрсынұлы әдебиет зерттеушісі реті+нде  (неде?)  қазақ  әдебиетінің  даму
процесін  жеке  дара  бөліп  қарамай,  барлық  халықтар   әдебиетіне   ортақ
сипаттар+мен (немен?) ұштастыра талдауға тырысады.

195-тапсырма.  Мәтіннің  үшінші  мағыналық  бөлігінен   тура   және   жанама
толықтауыштарды тауып, олардың ережесін түсіндіріңіздер.
Ү л г і:
А. Байтұрсынұлы қалдырған бай мұраның бір саласы – көркем аударма.  Ол  орыс
классиктерінің шығармалары+н (нені?) қазақ тілі+не (неге?)  аударып,  көркем
қазынаның бұл саласы+н (нені?) байыту+ға (неге?) мол үлес қосты.
                           Толықтауыш (Дополнение)
Сөйлемдегі ойды  толықтырып  тұратын  тұрлаусыз  мүшені  толықтауыш  дейміз.
Толықтауыш барыс, табыс, жатыс, шығыс,  көмектес  септіктерінің  сұрақтарына
жауап береді. Кімді? нені? кімге? неге? қайда? кімде? неде?  кімнен?  неден?
кіммен? немен?
Мысалы: Атасы баласын шақырды. Оған көмектесу керек.
           Толықтауыштың 2 түрі бар:  1.  Тура  толықтауыш.Табыс  септігінде
келетін толықтауышты тура толықтауыш дейміз. М.: Мен  хатты  (нені?)  Шұғаға
жазып  отырмын  (Б.Майлин).  2.  Жанама  толықтауыш.  Барыс,  жатыс,  шығыс,
көмектес  септіктерінің  бірінде  келетін  толықтауышты  жанама   толықтауыш
дейміз. М.: Мен тұрып кемпірмен  (кіммен?)  қоштастым  (Б.  Майлин).   Тілде
тиек, ерінде сүйек жоқ (мақал).

196-тапсырма.   Ахмет   Байтұрсынов   туралы   айтылған   пікірлерге   назар
аударыңыздар. Мағынасын түсініп, есте сақтаңыздар. Сөйлемдердегі  тура  және
жанама толықтауыштарды тіркесіп тұрған сөздерімен бірге теріп жазыңыздар.
... Өзге оқыған  мырзалар  шен  іздеп  жүргенде,  қорлыққа  шыдап,  құлдыққа
көніп, ұйқы басқан қалың қазақтың ұлт намысын жыртып, ұлттық  арын  жоқтаған
патша  заманында  жалғыз-ақ  Ахмет  еді.  Қазақтың   ол   уақыттағы   кейбір
оқығандары уез, губерния соттарына тілмәш болып, кейбірі арын сатып  ұлықтық
іздеп жүргенде, Ахмет қазақ ұлтына жанын аямай қызмет қылды.  ....  халықтың
арын  іздеп,  өзінің  ойға  алған  ісі  үшін  бір   басын   бәйгеге   тікті.



                   (С. Сейфуллин)
Ахаң  ашқан  мектебі,  Ахаң  түрлеген  ана  тілі,  Ахаң  салған  әдебиеттегі
елшілдік ұраны – «Қырық мысал», «Маса»; «Қазақ» газетінің қан жылаған  қазақ
баласына істеген еңбегін, өнер-білім, саясат  жолындағы  қажымаған  қайратын
біз     ұмытсақ      та,      тарих      ұмытпайтын      істер      болатын.



                         (М. Әуезов)

197-тапсырма.  Мәтіннен  алынған  сөз  және  сөз   тіркестерімен   сөйлемдер
құрастырып,  толықтауыштың түрлерін ажыратыңыздар.
Зұлым саясат, төрт жылдық мұғалімдер мектебі, қалың қазақ,  зорлық-зомбылық,
құлдық,  ұлт  намысы,  ұлттық  ар,  бәйгеге  тігу,   отаршылдық,   надандық,
қараңғылық,   қуғын-  сүргін,  үлгі-өнеге,  жүзеге  асыру,   ұлтын   сүйген,
опасыздық.

198-тапсырма. Өлеңді мұқият оқып, мағынасын  ашып,  түсінгендеріңізді  айтып
беріңіздер.

                Ж ұ р т ы м а

Бірлік  қып  іс  істеуге  шорқақ,  жұтым,          Білмейсің   жөнің   менен
терісіңді,
Табылса  оңай  олжа  ортақ,  жұртым,              Ел   болып   іс   етпейсің
келісімді.
Сияқты қара  қарға  шуылдаған,                     Үміт  қып  бәйге  атындай
талай қосып,
Үрейсіз  қоян  жүрек  қорқақ,   жұртым.            Байқадық   шабыс   түгіл,
желісіңді.

Жөн айтқан жұртшылыққа адам болса,       Келгенде өз-өзіңе мықтысыңдар,
Шығасың  қолыңа  алып  кері   ісіңді.                 Қайтейін   өзге   десе
көнгішіңді.
Бытыр  бет-бетіңе  жөнелгенде,                       Сықылды   сынық   бұтақ
төмендесең,
Көрдің  ғой  жайылатын  өрісіңді.                     Кім  жұлмас   оңайдағы
жемісіңді.

                                     (А. Байтұрсынов)

199-тапсырма.  Сөйлемдердегі  толықтауыштардың  астын  сызып,  олардың   қай
септікте тұрғанын түсіндіріңіздер.
А. Байтұрсыновтың аудармалары. А. Байтұрсынұлы қалдырған  бай  мұраның  тағы
бір саласы – көркем  аударма.  Ол  орыс  классиктерінің  шығармаларын  қазақ
тіліне аударып, көркем қазынаның бұл саласын байытуға мол үлес қосты. И.  А.
Крылов мысалдарының бір тобын қазақ  тіліне  аударып,  «Қырық  мысал»  деген
атпен жеке жинақ қылып  бастырды.  И.  И.  Хемницердің  «Ат  пен  есек»,  А.
Пушкиннің «Балықшы мен балық», «Алтын әтеш», «Ат», «Данышпан Аликтің  ажалы»
шығармаларын, орыстың белгілі лирик  ақыны  С.  Я.  Надсонның  өлеңін  қазақ
тіліне аударды.


6-апта. 17-тәжірибелік сабақ
Грамматика: Буынның түрлері ( Ашық, тұйық, бітеу).
200-тапсырма.  XX  ғасырдың  басындағы  ұлттық  әдебиеттің  барлық  жанрында
бірдей еңбек еткен қаламгер  –  Жүсіпбек  Аймауытов  туралы  мәтінді  мұқият
оқып, мағынасын түсініп, мазмұндаңыздар.
        Қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі –
                    Жүсіпбек Аймауытов (1889-1931)

                                                                   Ұланым,
                             қорғаным, сен Алаш!
                                                                     Жолыңа
                           құрбандық, мал мен бас,
                                                   Өнер тап, өрге шап!

                                      ( Ж. Аймауытов)

Жүсіпбек  Аймауытов  –   қазақтың   көрнекті   жазушысы,   қазақ   әдебиетін
қалыптастырушылардың бірі. Туып-өскен жері  –  Павлодар  облысының  Баянауыл
ауданына қарасты бұрынғы «Қызыл ту», қазіргі «Жүсіпбек Аймауытов» ауылы.
XX ғасырдың басында ұлттық әдебиеттің барлық жанрында  бірдей  өнімді  еңбек
еткен қаламгерлердің қатарында ақын  әрі  прозашы,  драмашы  әрі  аудармашы,
сыншы әрі публицист Ж. Аймауытовтың  есімі  айрықша  орын  алады.  Ол  қазақ
әдебиетінің жаңа өріске шығуына мол еңбек сіңірді, артына сан қилы  аса  бай
мұра қалдырды.
Жүсіпбек шығармашылығы әуел баста өлең жазудан басталады.  Өзінің  деректері
бойынша ол тұңғыш өлеңін 13 жасында жазған.  Оның  ақындық  жүрегінен  туған
«Жазушыларға», «Не қылып отыр», «Ұран», «Еңбекшілер ұраны»  сияқты  өлеңдері
мен «Нұр күйі» поэмасында ақын  бұрынғы  өмірдің  келеңсіз  жақтары  мен  өз
дәуірінің көріністерін  ақындық  сезімталдықпен  жырлайды.  «Көшу»  өлеңінде
қазақ  ауылындағы  көш  суреттері,  көштің  сән-салтанаты  көрінсе,  «Ұршық»
өлеңінде ұршық иірген кемпірдің  монологы  арқылы  қарапайым  өмір  көрінісі
бейнеленеді.
«Нұр күйі» поэмасында адамның көңіл-күйі, қуанышы мен мұңы жырланады.  Поэма
жастарды өмірді сүюге, қиындыққа қарсы тұра білуге шақырады.
Ж.Аймауытовтың  әдеби  мұрасының  салмақты  саласы  –  прозалық  шығармалар.
Кішігірім  әңгімелерден  бастап,  жазушы  қаламынан  «Қартқожа»,  «Ақбілек»,
романдары туды.
«Қартқожа» романы  XX ғасырдың  басындағы  қазақ  еңбекшілерінің  әлеуметтік
аласапыран кезіндегі тағдырын бейнелеген  алғашқы  ірі  шығармалардың  бірі.
Онда 1916 жылғы Ресей патшасының қазақ жастарын майданның қара жұмысына  алу
туралы жарлығы кезіндегі, патшаның тақтан құлауы  алдындағы  қазақ  ауылының
көрінісі, адамдар психологиясы  көркем  бейнеленген.  Жазушы  осы  тартыстар
арқылы  қазақ  кедейінің  қоғамдағы  теңсіздіктің  сырын  ұғуы,   әлеуметтік
әділетсіздіктің  себептерін  түсінуі   секілді   ояну   процесін   көрсетуге
ұмтылады.
Романдағы оқиғалар бас кейіпкер Қартқожаның басынан өткен нақты  жағдайларға
негізделген. Сол арқылы жазушы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысының  басталуы
мен оның патшаны тақтан құлатқан 1917 жылғы ақпан төңкерісіне  ұласуы,  алаш
қозғалысының өмірге келуі, ақтар мен қызылдардың  соғысы,  қазан  төңкерісі,
азамат соғысы тұсындағы  жайларды  баяндайды.  Осы  оқиғалар  тұсында  роман
кейіпкері Қартқожа да  есейіп,  ес  жинайды,  алға  қарайды,  болашаққа  бет
алады.
Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романы «Қартқожа» романымен  үндес.  «Қартқожадағы»
көтерілетін күрес, азаттық идеясы «Ақбілекте» одан  әрі  жалғасады.  Романда
ескі ортадағы жікшіл тартыстардан қорлық көрген  қазақ  қызының  төңкерістен
кейінгі жаңа сипатты заманның мүмкіндігіне сай өз құқығы  үшін  күресу  жолы
баяндалады.
«Ақбілек»  романы  –  бір  ғана  қазақ  қызының  күрделі  тағдыры  негізінде
әлеуметтік төңкерістер тұсындағы қазақ ауылының өзгеру процесін   суреттеген
алғашқы қазақ романдарының бірі.
Сол кездегі әлеуметтік әділетсіздік пен қазақ әйелінің  трагедиялық  тағдыры
автордың 1928 жылы жазылған «Күнікейдің жазығы» атты еңбегіне арқау  болады.
Бас  кейіпкердің  тағдыры  арқылы  жазушы  ел  өмірін  бейнелейді.   Халықты
шарасыздықтан сақтандырады. Ескіге қарсы күресу идеясын көтереді.
Ж.Аймауытовтың қаламынан  елдің  тұрмысын,  ой-арманын  суреттеген  бірқатар
әңгімелер де туды. Драмашы ретінде де  ол  ерте  танылды.  Бірнеше  драмалық
шығармалар жазды. Олардың негізгі  тақырыбы  –  азаттық,  бостандық  идеясы.
Халықты  оқу-өнерге  шақырды.  Ел  азаматтарын  белсенді  қимылға   үндейді.
Әйелдердің теңдігін қорғайды.
Ж.Аймауытов өз дәуірінің мәселелерін көтерген  көптеген  мәнді  мақалалардың
авторы.  Сонымен  қатар  оқу-ағарту  мәселелеріне  қатысты  бірқатар  ғылыми
еңбектер де жазды. Сондай-ақ ол аудармашы ретінде де белгілі.  Ж.  Аймауытов
аударған туындылар оның аудармашылық талантын да айқын танытты.

Сөздік:
аласапыран   –   вьюга;   хаос                               шарасыздық    –
безвыходность
ұршық  –  прялка;  веретено;  вертел                төңеріс   –   переварот;
революция
майдан – фронт; поле битвы; арена            тақ – трон; престол; нечетный
азаттық – независимость; освобождение; свобода

201-тапсырма. Мәтінді үш мағыналық бөліктерге бөліп, әрқайсысына  тақырыптар
қойып, жоспар құрыңыздар.

202-тапсырма.  Мәтіннің  бірінші  мағыналық  бөлігіне  сұхбат  (сұрақ-жауап)
құрастырыңыздар. Үлгіде берілген сұхбатты оқып, танысыңыздар.
Ү л г і :
–  Ж. Аймауытов қай жылы, не себеппен тұтқынға алынды?
– 1929    жылы   жазықсыз    тұтқынға  алынып, «халық жауы» деген жаламен
   1931 жылы өлім   жазасына кесіледі.
–  Оның шығармалары халыққа таралып тұрды ма?
–  Ж. Аймауытовтың   өмірі   мен   шығармашылығы   ол  атылғаннан кейінгі
    алпыс жыл бойы   ауызға алынбады. Кеңес   үкіметі   тұсында ол туралы
    айтуға да, жазуға да тыйым салынды.
–  Қашан оның шығармалары жарық көрді?
–  Кеңес үкіметі ыдырап, коммунистік идеологияның құрсауы босағаннан кейін
    ғана  қаламгер    мұрасы    халқына    жете  бастады.  1989    жылы  бір
томдық
    кітабы   жарық  көрді,  зерттеу    жұмыстары    қолға    алынды.    1997
жылдан
    бастап Жүсіпбек шығармаларының бес томдық   жинағы басылды.

203-тапсырма. Буын дегеніміз не, оның неше түрі бар? Сұрақтарға жауап  беріп
мысалдармен түсіндіріңіздер.
Сөздегі бар дауыстының немесе дауысты мен  дауыссыздардың  дауыс  толқынымен
бөлшектеніп айтылатын тобын буын дейміз.  Сөз  ішінде  неше  дауысты  болса,
сонша буын болады.
Слог  –  это  гласный  звук  или  сочетание  гласного  звука  с  одним   или
несколькими согласными звуками, произносимые одним выдыхательным толчком.  В
казахском языке существует три вида слогов: 1. ашық  буын  (открытый  слог);
2. тұйық буын (полузакрытый слог); 3. бітеу буын (закрытый слог).
                          Ашық буын (Открытый слог)
Слог,  состоящий  только  из  одной  гласной  фонемы  или   начинающийся   с
согласного и оканчивающийся на гласный, называется  открытым.  Например:  а-
та, ба-ла, і-ні, те-рек, ал-ма.
                       Тұйық буын (Полузакрытый слог)
Слог, который начинается с гласного и оканчивается на согласный,  называется
полузакрытым. Например: ат, от, ет, өрт, ар-ман, ал-мұрт.

                         Бітеу буын (Закрытый слог)
Слог, начинающийся с согласного и оканчивающийся  на  согласный,  называется
закрытым. Например: ба-ла-лар,  дәп-тер,  жаз,  гүл,  мақ-сат,  төрт,  қант,
құрт.

|Түрлері (Виды)   |Мысалдар (Примеры)                                |
|1.Ашық буын      |Бір дыбысты             |Екі дыбысты              |
|(Открытый слог)  |(Однофонемный)          |(Двухфонемный)           |
|                 |а-та, ә-ке, і-ні. М.: Е,|ба-ла, қа-ла-ға,         |
|                 |солай ма?               |те-ре-зе, да-ла          |
|2.Тұйық буын     |Екі дыбысты             |Үш дыбысты (Трехфонемный)|
|(Полузакрытый    |(Двухфонемный)          |                         |
|слог)            |                        |                         |
|                 |от, ат, ет, ер, ел, ұн, |ант, өрт, ұлт            |
|                 |ін, ол, іс, үш          |                         |
|3.Бітеу буын     |Үш дыбысты              |Төрт дыбысты             |
|(Закрытый слог)  |(Трехфонемный)          |(Четырехфонемный)        |
|                 |тас, тіс, қыс, гүл, күш,|қант, жент, тарс, тырс,  |
|                 |тіл, мыс, жаз           |жұрт, төрт, құрт, бұлт   |

204-тапсырма.   Сөйлемдерден   бірнеше   сөзді  теріп  жазып,  буынға
бөліп олардан ашық буынды ажыратыңыздар.
Ү л г і : 1919 жылдан бастап Жүсіпбек Семейде, Павлодарда  кеңес  үкіметінің
жұмыстарына араласады. Семей губерниялық оқу бөлімінің  меңгерушісі,  «Қазақ
тілі» газетінің редакторы болады.
Сөздерден ашық буынды  көрсету  керек.  Жұмыстарына:  жұ+мыс+та+ры+на;  ашық
буын: – жұ; -та; -ры; -на. Меңгерушісі: мең+ге+ру+ші+сі; ашық буын: – ге;  -
ру; -ші; -сі.

205-тапсырма. Сөйлемдерден бірнеше сөзді теріп жазып, буынға бөліп,  олардан
бітеу буынды ажыратыңыздар.
      Ү л г і :  1922-1924  жылдары  Жүсіпбек  Қарқаралыда  мектеп  мұғалімі
болды. 1924-1926 жылдары Ташкентте шығатын «Ақ жол» газетінің  редакциясында
істейді. 1926-1929 жылдары  Шымкенттегі  педагогикалық  техникумға  директор
болады. Ара-арасында әртүрлі саяси жұмыстарға араласады.
      Мектеп: мек+теп; бітеу буын – мек; -теп. Жүсіпбек:  Жү+сіп+бек;  бітеу
буын – сіп; -бек. Шымкенттегі: Шым+кент+те+гі; бітеу буын: – шым; -кент.

206-тапсырма. Сөйлемдерден  бірнеше  сөздерді  теріп  жазып,  буынға  бөліп,
олардан тұйық буынды ажыратыңыздар.
      1911 жылы Павлодардағы екі сыныпты орыс-қазақ мектебіне  түсіп,  оқуын
жалғастырады.  1914-1919  жылдары  ол  Семейдегі  мұғалімдер  семинариясында
оқиды. Семейде жүріп алаш қозғалысына  қатысады.  «Абай»  журналын  шығаруға
атсалысады.
Оқуын: о+қу+ын; тұйық буын – ын; ол – тұйық буын.

207-тапсырма. Ж.Аймауытовтың  «Әнші»  әңгімесімен  танысып,  мазмұндаңыздар.
Сөйлемдерден   бірнеше   сөзді   теріп   жазып,   буынға   бөліп,   түрлерін
ажыратыңыздар.
       «Әнші»  әңгімесінен  үзінді.  Әңгіме  өмірде  болған  тарихи  адамның
төңірегінде құрылған.
      ... Жетішатыр – жақсы қала. Қаптап жатқан қазақ.  Жазы-қысы  –  қымыз,
ойын-сауық. Айт, той, құдалық, ат жарысы, күрес, төбелес. Үй қыдырған көлең-
көлең ақ жаулық... Жаз шықса –  параход,  паром,  қалың  орман...  .  Әңгіме
Ертістің жағасындағы Жетішатыр қаласының өмірінен  алынған  осы  суреттермен
басталады.
      Әңгіме оқиғасы  өтетін  Жетішатыр  қаласы  –  Семей,  әнші  Әмірқан  –
қазақтың  жезтаңдай  әншісі,  әйгілі  Әміре  Қашаубаев.   Жазушының   көркем
бейнелеу шеберлігі Әмірқан -Әміренің әншілік құдіретін,  ән  айтқан  кездегі
сипатын суреттеуге келгенде аса ғажайыптанып  көрінеді.  ...  Ұшатын  құстай
қомданып алды. Отырғандар аузын ашып аңырайды. Әнді желдете  құтырта  соқты,
қылмита  соқты.  Лебізі  құлаққа  жағып  кетті,  жүректі  тербетті,  тамырды
желпіндірді, бойды шымырлатты.
      Ж.Аймауытовтың суреттеуіндегі Әмірқан елден оқшау тұрған  ерекше  адам
емес. Көппен бірге тыныстап,  айналасына  өнерін  сыйлап,  ойын-сауық  құрып
жүрген қарапайым жандардың бірі.  Оның  қуанышы  да  елмен  ортақ,  өзгенікі
секілді өзіне жетерлік арман-мұңы да бар.


6-апта. 18-тәжірибелік сабақ
Грамматика: Сан есімдер (Реттік, топтау, жинақтық).
208-тапсырма.  Шығармалары  арқылы   туған   елін   оятуға   ұмтылған   алаш
қозғалысының  белсенді  қайраткері  –  Міржақып  Дулатұлының  өмір   жолымен
танысып, мәтінді мазмұндаңыздар.

      Қазақ халқының жалынды патриоты – Міржақып
                                        Дулатов  (1885-1935)

                               Көзіңді    аш,    оян, қазақ, көтер  басты,
   Өткізбей    қараңғыда    бекер     жасты.
   Жер кетті, дін нашарлап, хал һарам боп,
  Қазағым,    енді     жату    жарамас-ты!
                                                  (М.  Дулатов)

       Міржақып  Дулатов  –  қазақтың   аса   көрнекті   ағартушысы,   қоғам
қайраткері, ақын, жазушы, жалынды сөз шебері. Туған жері  –  бұрынғы  Торғай
уезінің Сарқопа болысының үшінші ауылы.
М. Дулатов – ақын, халқымыздың бостандығы мен   тәуелсіздігі  үшін  күрескен
XX  ғасырдың   басындағы  қазақ   зиялыларының  көрнекті  өкілдерінің  бірі.
Ақынның бірінші кітабы – «Оян, қазақ!» деп аталады. Бұл  –  халқын  патшалық
отарлық езгінің бұғауын үзіп, өз жолын табуға шақырған  ақынның  жан  айқайы
еді. Оның  кітабына енген шығармаларының тағы бір міндеті –  алдымен   қазақ
жастарын ояту, адамдарды  надандық  пен  қараңғылықтан  алып  шығып,  оларды
білімге, оқу мен еңбекке шақыру болды.
М. Дулатов өз өлеңдерінде патшаның отарлық саясатына ашық қарсы шығып,  қара
халыққа қысым  көрсеткен  заң  бұзушыларымен  күресті.  Ол  үкіметтен  қазақ
жастары үшін мектептер ашып, қазақ тілінде газеттер мен  журналдар  шығаруды
талап  етті.  Оның  идеялары  XX   ғасырдың   басында   қазақ   зиялыларының
шығармаларында одан  ары дами түсті.  Мәселен,  «Оян,  қазақ!»  өлеңі  қазақ
жастарының ұранына айналды.
1913 жылы «Қазақ» газетінде  М. Дулатов: «1905 жылдан  бастап  біздің  халық
басқа  халықтар  сияқты   дербестігін,  ұлттық  тұтастығын  ойлай   бастады.
Бостандыққа ұмтылған сол  жылдары  Семей  облысының  басшылығы  халыққа  жол
көрсетушілерді қудалап, олардың біразы  қамауға   алынып,  түрмеге  жабылды,
басқалары Сібірге  айдалды.  Қалғанының  беделі  түсіп,  халықтың  сенімінен
айырылды», - деп жазды.
«Оян, қазақ!» жинағы  1909  жылы  жарық  көріп,  1911  жылы  қайта  басылды.
Қазақтың кең даласында алаңсыз өмір   сүріп,  мал  бағып  жатқан  жайбарақат
халқын: «Көзіңді аш, оян,  қазақ,  көтер  басты,  Өткізбей  қараңғыда  бекер
жасты» деп жырымен жұлқылап  оятып, оларды  білімге,  ел  үшін  пайдалы  іс-
әрекетке шақырады.  Бүкіл халықтың еркіндікке жетуінің басты шарты  –  түнек
болып торлаған қараңғылық ұйқысынан ояну, дүр  сілкініп,  надандықтан  арылу
деп білген ол: «Оян, қазақ!» деп ұрандаудан танған жоқ. Сондықтан   да  оның
үні   қалың ұйқыдағы қазағын оятуды мұрат тұтқан өзінен  он  екі  жас  үлкен
рухани ағасы. А. Байтұрсынұлының  үнімен қатар естіліп, қазақ даласын  қатар
шарлады. Оларды туыстырған – халқының мүддесі, қамы, мұң-зары болатын.
Шын мәнінде тарихи оқиғалар орын  алып  жатқан  сол  кезде  алдыңғы  қатарлы
қазақ  зиялылары қазақ халқын ақтап  қалуға,  оған  еркіндік  пен  бостандық
әперуді ойлады. Дәл осы тұстағы басты  идея – қазақ ұлттық  мемлекетін  құру
және  сол кездегі жағдайда қазақ автономиясын  құру еді.  1916  ж.  шаруалар
көтерілісі, 1917ж. ақпан және қазан революциясы болды. Ақпан  революциясынан
кейін  автономияның болмайтынына көзі жеткен  Ә.  Бөкейханов  ұлттық  партия
құра бастады. Ол: «Біз ұлттық автономия  құру  үшін  халықты  «Алаш»  туының
астына жинаймыз»,- деп жазды. Алайда, бұл ниетінің  орындалмасын  сезген  Ә.
Бөкейханов «Алаш» партиясын  құруға кірісті.
Сөйтіп, 1917 ж. «Алаш» партиясы құрылды да,    іле-шала  Ә.  Бөкейханов,  А.
Байтұрсынов және  М. Дулатов бастаған қысқа мерзімдік  «Алашорда»  мемлекеті
пайда болды.
1920 ж. «Алашорда»  бұған  дейінгі  қабылдаған  барлық  заңдарынан  айырылып
қырғыз (қазақ)  революциялық  үкіметінің  құрамына  кірді.  «Алаш»  партиясы
осымен өмір сүруді тоқтатты.  Оның   серкелері  кеңес   органдарына  жұмысқа
тартылғандарымен,  кейінірек  барлығы  дерлік  Сталиндік   қапастарда   қаза
болды.
Ерте оянып, ерте есейген өр мінезді Міржақып қашанда күрес  шебінің  алдында
болды. Оның жалынды сөзі, тындырымды ісі, «Бақытсыз Жамал» романынан  бастап
газет-журналдардағы мақалаларына дейін  халық  мүддесіне  арналған.  Сонымен
бірге, ол халықтың  әдет-ғұрпын сақтауға, елін, жерін сүйетін тәрбие  беруге
күш салды. Ел бейнетіне өгіз болып жегіліп, ертеңі үшін жанын қиған ол:  «Ем
таба алмай дертіңе мен  ертеден,  сол  бір  қайғың  өзегімді  өртеген.  Тырп
етпейсің  бас  көтеріп  көрпеден,  еңсең  неге  түсті  мұнша,  елім-ай»  деп
дүниеден арманда кетті.

Сөздік:
бұғау – кандалы; оковы; цепь                  қапас  –  застенки;  застенок;
клетка
дербестік – самостоятельность                қапаста – за решеткой
отаршылдық – колонизация                     мұң-зар – печаль; горе
түнек  –  тьма                                                 мұң-мүдде   –
желание; просьба
тұтастық – единство; общность; целостность; оплаченность

209-тапсырма.   Мәтіннің   мазмұны   бойынша   берілген   сұрақтарға   жауап
беріңіздер.
1. М. Дулатов не үшін күрескен? 2. «Оян, қазақ!»  кітабының  негізгі  идеясы
және оның кітабына енген шығармаларының міндеті не?  3.  Ол  қазақ  жастарын
неге шақырды? 4. Ол  үкіметтен  нені  талап  етті?  5.  М.  Дулатов  «Қазақ»
газетінде не туралы жазды?  6.  Қазақтың  кең  даласында  мал  бағып  жатқан
халқын қандай пайдалы іс-әрекетке шақырды, оларды оятудағы мақсаты  не  еді?
7. Тарихи оқиғалар орын алып жатқан  сол  кезеңдегі  оның  басты  идеясы  не
болды? 8. Ә. Бөкейханов не құрды?  9.  «Алаш»  партиясы  қашан  құрылды,  ол
қанша  өмір сүрді? 10.  Міржақыптың  барлық  іс-әрекеті,  шығармалары  кімге
арналды және ол барлық күш-жігерін неге жұмсады?

210-тапсырма.     Мәтіннен    сан    есімі  бар  сөйлемдерді  теріп   жазып,
олардағы сан
  есімдердің   жасалу    жолдарын     түсіндіріңіздер.     Сан     есімдерді
сөзбен   жазыңыздар.
      Ү л г і :
      Міне, осындай күрделі кезеңде, 1904   жылы     Міржақып  Дулатов  Омбы
қаласына  келеді.  Осында   ұлт  зиялыларының   ұстазы   А.   Байтұрсыновпен
кездеседі. Бұдан кейінгі уақытта бірі  –  ұстаз,  бірі  –  ізбасары  ретінде
жұптарын жазбайды. 1905 жылы Міржақып А. Байтұрсыновпен бірге  Қарқаралыдағы
саяси-бұқаралық  жұмыстарға қатысады.
Сан есімдер: Бір мың тоғыз жүз төрт+інші; Бір мың тоғыз жүз  бес+інші  жылы.
«інші» жұрнақтары реттік сан есімдер жасап тұр.

                                 Сан есім (Имя числительное)
Заттың санын, мөлшерін, ретін білдіретін сөз табын сан есім деп атайды.
Имя числительное – это часть речи, обозначающее число, количество и  порядок
следования  предметов  и  отвечающее  на   вопросы   қанша?   неше?   нешеу?
(сколько?), нешінші (который по счету?).
Сан есім лексика-грамматикалық мағынасына қарай 6 топқа бөлінеді. Олар:
       – Топтау сан есімдер (Группирующие);
       – Реттік сан есімдер (Порядковые);
       – Жинақтық сан есімдер (Собирательные);
       – Есептік сан есімдер (Количественные);
       – Болжалдық сан есімдер (Приблизительные);
       – Бөлшектік сан есімдер (Дробные).

Топтау сан есімдер заттың мөлшерін топтап көрсетеді. Бір  санның  қайталануы
арқылы жасалады. Бірінші компоненті  есептік  сан  есім  болады  да,  екінші
компонентіне шығыс септігінің жалғауының жалғануы арқылы  жасалады.  Мысалы:
он-оннан (по десять), жиырма-жиырмадан (по двадцать), бес-бестен (по  пять).
Нешеден? қаншадан? (по сколько?) деген сұрақтарға жауап береді.
Реттік сан есімдер есептік сандарға -ыншы, -інші, -ншы,  -нші  жұрнақтарының
жалғануы арқылы жасалынады да  нешінші?  қай?  (который?)  деген  сұрақтарға
жауап береді. М.: Сен қай жылы тудың? Мен бір мың  тоғыз  жүз  сексен  төрт-
інші жылы тудым.
Жинақтық сан есімдер бірден жетіге дейінгі есептік сан  есімдерге  -ау,  -еу
жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады (біреу, екеу,  үшеу,  төртеу,  бесеу,
алтау, жетеу). Нешеу? деген сұраққа жауап береді. М.: Атадан  алтау,  анадан
төртеу, жалғыздық көрер жерім жоқ (Абай).

211-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып,  мазмұнын  меңгеріңіздер.  Сан  есімдерді
сөзбен жазып, олардың түрлерін ажыратыңыздар.

      М. Дулатов 1906 жылы  Петербургке  барып  қайтады.  Бұл  сапарынан  ол
саяси күрескер ғана емес, шабытты ақын болып оралады. 1907 жылы  Петербургте
«Серке» газетінде шыққан «Жастарға» деген өлеңінде қазақ халқының  басындағы
қиын жағдайдың анық себептерін саралап, отарлық саясатты  әшкерелейді.  1909
жылы  Петербургте  шыққан  «Оян,  қазақ!»   атты   өлеңдер   жинағы    патша
әкімшілігінің  қуғындауына  ұшырайды.  1913  жылы  ол  Байтұрсыновпен  бірге
«Қазақ»  газетін  шығарып,  басылымның  бұдан   кейінгі   жұмысына   белсене
араласады. 1920 жылы Ташкентке келіп,  сондағы  «Ақ  жол»  газетінде  қызмет
атқарады. 1922 жылы жазықсыз қамауға алынады.  Түрмеден  шыққан  соң,  1922-
1926 жылдары Орынбордағы ағарту институтында  оқытушы  болады.  1928  жылдың
аяғында бір топ қазақ  зиялыларымен  бірге  қамауға  алынады  да,  10  жылға
сотталып, 1935 жылы тұтқында қайтыс болады.

212-тапсырма. Сан есімдерді үш бағанаға бөліп: Бірінші бағанаға  реттік  сан
есім жасап, екінші бағанаға рим цифры арқылы,  үшінші  бағанаға  топтау  сан
есім жасап, сөйлемдер құрастырыңыздар.

      Ү л г і :
|Исатай Тайманов бір мың |Майқы би  XII-XIII      |«Үшінші» артық деген    |
|жеті жүз тоқсан бір+інші|ғасырлар аралығында өмір|ойынды ойнау үшін       |
|жылы туған.             |сүрген.                 |балалар екі-екі+ден     |
|                        |                        |сапқа тұра қалды.       |

40, 80, 35, 47, 15, 17, 8,6, 19, 1938, 1941, 2, 3, 7, 18, 21, 22

213-тапсырма. Төмендегі реттік сан есімдермен сөйлемдер құрастырыңыздар.
      Ү л г і : М. Дулатовтың бір мың тоғыз жүз он  үш+інші  жылы  Орынборда
«Азамат», ал бір мың  тоғыз   жүз    он    бес+інші    жылы  «Терме»    атты
өлеңдері   басылып   шықты.
1991,  1997,  11,  1,  1945,  2000,  2030,  63,  58,  20.

214-тапсырма. М. Дулатовтың халқын надандық, қараңғылық ұйқысынан ояту  үшін
жазған,  сол  кезеңдегі  бүкіл  елді  дүр  сілкіндіріп,  патриоттық   жалыны
лапылдап   тұрған   атақты   «Оян,   қазақ!»   өлеңін   жаттап,    мағынасын
түсіндіріңіздер.
                                  О  я  н,     қ  а  з  а  қ  !
Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер  басты,              Мен  біткен  ойпақ  жерге
аласа ағаш,
Өткізбей қараңғыда бекер жасты.                 Емеспін  жемісі  көп  тамаша
ағаш.
Жер кетті, дін нашарлап,  хал  һарам  боп,      Қалғанша  жарты  жаңқам  мен
сенікі,
Қазағым, енді жату жарамас-ты.                    Пайдалан, шаруаңа  жараса,
алаш!
                                 Алыстан алаш десе, аттанамын,
                                 Қазақты қазақ десе, мақтанамын.
                                 Болғанда әкем – қазақ, шешем – қазақ,
                                 Мен неге қазақтықтан сақтанамын,

215-тапсырма.  Мақал-мәтелдерден  жинақтық  сан  есімдердің   астын   сызып,
олардың мағынасын түсіндіріңіздер.
1. Алтау ала  болса,           2.  Көмбенің  иесі  екеу:          3.Би  екеу
болса, дау төртеу
    Ауыздағы  кетеді.            Біреуі –  көреген,               4.Ағайынды
алтау болса,
    Төртеу түгел  болса,          Біреуі  –  көрген.                    Адам
тимейді.
                                Төбедегі                             кетеді.
  5. Біреуден екеу жақсы.
                                                            * * * * *
                   Алтаумын деме, жетеуге жолығасың
                   Жетеумін деме, сегізге жолығасың.

      216-тапсырма. Есептік  сан  есімдерден  жинақтық  сан  есімдер  жасап,
олармен сөйлемдер құрастырыңыздар. Емлесін түсіндіріңіздер.
Ү л г і : екі: екі+еу; екеу.       1,    2,   3,   4,   5,   6,   7.

217-тапсырма. Сан есімдермен  алдымен  сөз  тіркестерін,  одан  соң  олармен
сөйлемдер құрастырыңыздар.
Оннан, бір-бірден, алпыс бестен, отыз бірден, қырық-елуден, екі-үштен,  жүз-
жүзден, он бес-жиырмадан, алты-алтыдан, алпыс-жетпістен.

218-тапсырма.  Төмендегі  мақалдың  мағынасын   түсініп,   жасалу   жолдарын
түсіндіріңіздер.
                                             Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар.

219-тапсырма. Көп нүктелердің орнына тиісті жинақтық сан  есімдерді    қосып
 жазыңыздар.
            .............біреу  сеп,                                     Екі
батыр егессе,
                           Тамға                 тіреу                  сеп.
...............бірі өлер.
                              * * * * *
Бір күн молда ........... алып қалды. ............ де  жылап  отырмыз.  Үйге
күн батарда ғана жіберді    (Б. Майлин).
                                Атадан                     ................,
Жалғыздық көрер
            Анадан .................,                                  жерім
жоқ          (Абай)
Сөйлемдерді толықтыруға керекті сан есімдер: Біреуге,  екеуінің,  екеумізді,
алтау, төртеу.
       220-тапсырма.  Әр  бағандағы  сөздерді  мағынасына   қарай   іріктеп,
сөздерді тиісті орындарына қойып, сөйлемдер құрастырыңыздар.  Сан  есімдерге
назар аударыңыздар.

|байлық        |бірінші       |байлық        |байлық        |ақ            |
|денсаулық     |үшінші        |екінші        |он саулық     |жаулық        |
|Бір           |Жаман         |бір           |жаудан        |тыстағы       |
|үйдегі        |жау           |мың           |              |              |
|жарады        |бес ешкі      |жер           |ысқырығы      |айдағаны      |
|жылдық        |мың           |жылдық        |жүз           |құда          |
|              |күйеу         |              |              |              |
|екеу          |мал           |бас           |болмай        |болмайды      |
|              |              |              |екеу          |              |
|тіл           |бас           |жарады        |Тас           |жармаса       |



       221-тапсырма.  Сан  есім  мағынасына  қарай  нешеге  бөлінеді?  Дұрыс
жауабын көрсетіңіздер.

      а) 4;   ә) 7;   б) 9;   в) 6;   г) 3

222-тапсырма. М. Дулатовтың  «Оян,  қазақ!»  өлеңіндегі  қараңғылықтан  ояту
ұранына үндес жатқан С. Торайғыровтың  «Шәкірт  ойы»  өлеңінің  мазмұнын  өз
ойларыңызбен толықтырып, түсіндіріңіздер.

Қараңғы қазақ  көгіне                                  Күн  болмағанда,  кім
болам?
Өрмелеп шығып, күн болам.                     Мұздаған елдің жүрегін
Қараңғылықтың кегіне                               Жылытуға мен кірермін.

                (С. Торайғыров)

223-тапсырма. Реттік, топтау,  жинақтау  сан  есімдер  жасайтын  жұрнақтарды
тиісті торлардың ішіне жазыңыздар.












      224-тапсырма. Қазақтың тұңғыш саяси  «Алаш»  партиясын  ұйымдастырушы,
Алашорда үкіметінің төрағасы Әлихан  Бөкейхановтың  өмірінен  мәлімет  алып,
мәтінді мазмұндаңыздар.

              «Алаш» партиясын ұйымдастырушы, Қазақ автономиялы
                     Республикасының  тұңғыш төрағасы –
                     Әлихан Бөкейханов      (1870-1937)

Біз ұлттық автономия                      Ешкімнің Әлиханға бар ма сөзі,
құру үшін халықты                            Демейді  қандай қазақ оны оң
көзі.
«Алаш» туының асты                      Семей тұрсын, жеті облыс бар
қазақтан
жинаймыз.                                          Толассыз жеке дара тұр
ғой өзі.
    (Ә.Бөкейханов)
      (С. Торайғыров)

Әлихан Бөкейханов – көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері,  ғұлама  ғалым,
ұлт-азаттық қозғалысының теориялық  негізін  салушы,  әрі  көсемі,  қазақтың
тұңғыш   саяси   партиясын   ұйымдастырушы    және    Алашорда    үкіметінің
төрағасы.Туған жері – бұрынғы Семей облысындағы Қарқаралы уезінің  Тоқырауын
болысы, қазіргі Қарағанды облысының Ақторғай ауданы.
XX ғасырдың басында Әлихан Семей түрмесіне  қамалып,  кейін  Самар  қаласына
жер аударылады.  1916 жылы жер  аудару  мерзімі  бітіп,  Самардан  Орынборға
келеді.
Ол Ақпан төңкерісінен үлкен үміт күтеді, бірақ ол үміті ақталмайды.  Уақытша
үкімет, оның ішінде  өзі  мүше  болып  жүрген  кадет  партиясының  көсемдері
қазаққа автономия беруге қарсы болады. Әлихан бұл  партиямен  бір  келісімге
келе алмай, одан шығып, Томск  қаласында Сібір автономистерінің  құрылтайына
қатысады. Осыдан болашақ Сібір республикасының құрамында  Қазақ  автономиясы
құрылмақ болады.  Құрылтайдан  келісімен  Әлихан  қазақ  тарихындағы  тұңғыш
саяси ұйым – Алаш партиясын ұйымдастыруға  кіріседі.  Артынша,  1917  жылдың
желтоқсанында бүкіл қазақтардың құрылтайында Қазақ  автономиясы  жарияланып,
Ә. Бөкейханов оның тұңғыш төрағасы болып сайланады. Бірақ көп ұзамай,  Қазақ
автономиясының жұмысы тоқтатылып, басшыларын қуғынға салады.
Әлихан Мәскеуге жер аударылады. Онда он жыл үй  қамауында  отырған  ол  1937
жылдың тамызында қайта тұтқындалып, бір  айдан  кейін  жалған  жаламен  өлім
жазасына кесіледі.
Бүкіл мағыналы өмірін халқының азаттық алып, еркін ел болуына арнаған  аяулы
азаматтың соңғы демі біткенше,  сол  мақсаты  жолында  жасаған  қызметі  сан
қилы. Ол –  Ресей  жергілікті  және  қалалық  қоғам  қайраткерлері  съезінің
делегаты, Ресейдің I Мемлекеттік Думасының және мұсылман халықтары  съезінің
депутаты, IV  Мемлекеттік  Думаның  мұсылмандар  фракциясының  Бюро  мүшесі,
ғұлама ғалым,  ормантанушы,  экономист,  мал  шаруашылығын  зерттеуді  жолға
қоюшы, тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы, аудармашы,  әрі  публицист  ретінде
қазақ халқының саяси-әлеуметтік тарихында өшпестей із қалдырған тұлға.

225-тапсырма.  С.  Торайғыровтың  «Алаш  ұраны»  атты  өлеңін  мұқият  оқып,
мағынасын түсініп, мазмұнын айтыңыздар.
С. Торайғыров «Алаш ұраны» атты  өлеңін  жазып,  патшаның  тақтан  құлауына,
елінің дербес автономия алуына тілектестік білдіріп, үн қосады.
                              « А л а ш     ұ р а н ы »
Алаш туы астында,                                         Қолымызды
байлаған,
Біз – Алаштың баласы.                                   Ерімізді айдаған,
Күніміз туып көгерді,                                     Елімізді
лайлаған,
Сарыарқаның даласы.                                     Жерімізді
шимайлаған,
Құрт ауырудай жайлаған                                Өшті залым қарасы, -
Құртпаққа бізді ойлаған,
деп, Алаш ісіне адалдығын білдіріп, оны қолдауды  уағыздап,  елді  бірлікке,
ел тұтастығы үшін күреске шақырады.


7-апта. 19-тәжірибелік сабақ
Грамматика: Есептік, бөлшектік, болжалдық сан есімдері.
226-тапсырма. Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан ежелгі, көне қала
–Түркістан жайлы тарихи деректермен танысып, мазмұндаңыздар.

                Қазақстанның тарихи қалалары
                                         * * * * *
                       Қазақ хандығының бірінші астанасы –
                               Түркістан қаласы

      Түркістан – қазақ хандығының алғашқы астанасы болып саналатын  ежелгі,
бабалардың көне қаласы. Ол Қаратау мен Сырдария өзендерінің  ортасында,  Ұлы
Жібек жолының бойында  орналасқан.  Ежелгі  қалаға  керуендер  батыстан  да,
шығыстан да келіп жататын болған. Түркістанның тарихы әріден  басталады.  Ол
кезде қала Шабғар (Шойтөбе) деп аталған.  Мұсылман  діні  келгеннен  бастап,
қала Ясы деп аталған. Ақын Қожа Ахметтің Яссауи деп аталатыны да осыдан.
       Монғол  жаугершілігінен  кейін  қала  Түркістан   атанды.   Түркістан
«түріктер  мекені»  деген  мағынада.  Түркістан  өзінің  Қожа  Ахмет  Яссауи
кесенесімен   танымал.   XIV-XV   ғасырларда   тұрғызылған   сарайлар    мен
шіркеулердің тұтас кешені кесене деп аталады. Олардың бәрі Шығыстың  қадірлі
адамы, шейх, сопы, ойшыл, түркі халықтарының  рухани  ұстазы  –  Қожа  Ахмет
Яссауиға ғана арналып салынған.
      Мұсылман әлемінде Қожа Ахмет  Яссауи  кесенесі  Меккемен  қатар  басты
қасиетті орындардың бірі болып  саналады,  түркілердің  екінші  Меккесі  деп
аталады.  Жыл  сайын  мыңдаған  қажылыққа  барушылар  кесенені   көру   үшін
Түркістанға келеді.
      Ертеде сақ дәуірінен бастап бабаларымыз түрік  тайпасының  бір  бұтағы
болған. Отырар, Тараз, Түркістан сияқты қалалар салған. Қалаларда  шәкірттер
оқитын медреселер  ашқан.  Сондай  бір  ғажайып  медресе-мектеп  Түркістанда
болды. Медресенің бас мұғалімі ақын Қожа Ахмет Яссауи еді.  Ол  діни  ғұлама
және түрік халықтарының рухани көсемі болды.  Бала  оқытып  жүріп,  «Даналық
сөздер» деген кітап жазады. Кітапқа тәрбиелік мәні зор – кісінің таза  жүруі
өтірік  айтпауы, адал болуы туралы ақыл сөздері енді.
      Әмір Темірдің әмірі жүріп, айтқаны  болып  тұрған  заман  болатын.  Ол
дүние жүзінен  ұста,  зергер,  сәулетші  өнерпаздарды  жинап,  баяғыда  қаза
болған ақын зиратының басына ғажайып ғимарат орнатуға жарлық береді.
      Қожа Ахмет Яссауидың басына  ғимаратты  тұрғызу  үшін,  мыңдаған  адам
қатар  тұрып  күйген  қышты  (кирпич)  бір-біріне  қолмен   беріп,   алыстан
жеткізген. Ғимарат түрлі бөлмелерден тұрады. Солардың бірі – «қазандық»  деп
аталатын бөлме. Осы бөлмеде салмағы  екі  тонна  келетін  үлкен  қола  қазан
орнатылған. Оған жеті жылқының  еті сияды. Ернеуінде қазанды құйған  ұстаның
есімі араб тілінде жазылған. Ол ғимарат он жыл көлемінде салынды.
      Көптеген зиратшылар арасында  ірі  сауда  өкілдерінің,  жер  иелерінің
болуы қала экономикасының дамуына өзіндік септігін тигізді.  Қала  базарында
Орта  Азияның  өнімдері  мен  Оңтүстік  Қазақстан  көшпенділерінің  өндірген
өнімдері түсіп, товар  нарықтары  осы  жерде  анықталып  жататын.  Алыс  шет
елдерден  әкелінген  жібек  маталар,  мақта  кездемелер,   алтын,   күмістен
жасалған зергерлік бұйымдар, керамикалық заттар осы жерден табылатын.
      XVI ғасырдан бастап Түркістан қаласы қазақ  хандығының  астанасы  етіп
бекітілді.  Хан  өз  билігінің  тәуелсіздігін  айқындау   мақсатында   теңге
соқтырды. Шет елдермен келісушіліктер де осы қалада жүргізілді.  Елшілер  де
осы  қаладан  тапсырыс  алып,  алыс  елдермен  байланыстар   орнатты.   Қала
экономикасы бұрынғыдан арта түсті. Түркістанның  қазақ  хандығының  ордасына
айналуымен қатар, Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің іші,  маңы  қасиетті  орынға
айналды.
       Кесенеде  ірі  қоғам  қайраткерлері  мен  атақты  адамдар,   батырлар
жерленді. Оларды жерлеу рәсімі жекелеген  мазарлар  мен  құрылыстар  салумен
қатар жүргізіледі. Сөйтіп, үлкен ғимарат айналасында  ескерткіштер  ансамблі
қалыптасты.
      Міне, қалыптасу кезеңі тарихтан осындай  бастау  алып,  халықты  түркі
дүниесімен  байланыстыратын,  өткенімізді   көрсететін   талай   өрлеу   мен
құлдырауды бастан кешкен киелі Түркістанға 1500 жыл толды.

      Сөздік:
       қыш  –   кирпич                                            шіркеу   –
церковь; церковный
        керуен   –   караван                                       сопы    –
праведник; подвижник
      қажылық – паломничество                     қола – бронза; бронзовый
      мазар – могила; кладбище; гробница; надгробный памятник

      227-тапсырма. Мәтіннен сан есімдерді  теріп  жазып,  олардың  түрлерін
ажыратыңыздар.

      228-тапсырма.  Мәтіннің  бірінші  мағыналық  бөлігіне  тақырып  қойып,
сұрақ-жауап (сұхбат) құрастырыңыздар.
      Ү л г і:
– Көне Түркістан топырағында қанша хан, би, батырлар жерленген?
– Көне   Түркістан  топырағында   сексен   бір    хан,    би,    батырлардың
сүйегі
   жерленген.   Жас      жеткіншектер     ата-бабаларының     ерлік   жолын,
тасқа
   басылған   сөзін   іздейтін  болса,   оны   осы     көне     Түркістаннан
   табады.
   Өйткені   тарихы   терең Түркістан    қышпен,   таспен   жазылған   кітап
секілді.

       229-тапсырма.  Мәтіннің  екінші  мағыналық   бөлігін   мұқият   оқып,
мағынасын түсініп, орыс тіліне аударыңыздар.

       230-тапсырма.  Сан  есімнің  түрлерінің  жасалу  жолдарын   меңгеріп,
мысалдармен түсіндіріңіздер.

                 Есептік,  болжалдық, бөлшектік сан есімдері
Есептік сан  есімдер  заттың  сандық  мөлшерін  білдіреді  де  қанша?  неше?
(сколько?) деген сұрақтарға жауап береді. М.: бір, бес,  отыз,  қырық,  жүз,
үш мың, он мың т.б.
Болжалдық сан есімдер – белгілі бір заттар мен  құбылыстардың  сан  мөлшерін
дәл атамай, болжап, шамамен көрсетеді. Олар 3 жолмен жасалады:
1. -дай, -дей, -тай, -тей жұрнақтарының жалғануы арқылы. М.:  Мына  мекемеде
он бес-тей адам жұмыс істейді.
2. -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер көптік жалғауларының  жалғануы  арқылы
жасалады. М.: Сабақ үш-тер-де басталады. Әлия он  тоғыз-дар-да.  Дәрісханада
он шақты студент отыр.
3. Екі есептік сан есімнің қосарлануы арқылы жасалады.
М.: алты-жеті (шесть-семь), отыз-қырық (тридцать-сорок).
Бөлшектік сан есімдер  –  негізінде  таза  математикалық  ұғымға  байланысты
туған сөздер. Олар белгілі бір  заттар  мен  құбылыстардың  сандық  бөлшегін
білдіреді. М.: Сол өнімнің 2/3-сі (үштен екісі) Қазақстанда.  Бөлшектік  сан
есімдер  есептік  сан  есімге  шығыс  септігінің  жалғауы  жалғануы   арқылы
жасалады. М.: 2/4 (төрттен екі), 3/10 (оннан үш) т.б.

231-тапсырма.  Төмендегі  сан  есімдерді  сөзбен  жазыңыздар.  Сан   есімнің
болжалдық,  топтау,   бөлшектік   түрлерінің   әрқайсысына   бес   сөйлемнен
құрастырып, олардың жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.
5,063; 0,6; 3,55; 11,56; 1763; 1011; 5083;  972;  2005;  30692;  42,  12356;
4701; 29; ХХ ғасыр; 3 000 000; 67060; 87.

      232-тапсырма. Сөйлемдердегі  бөлшектік  сан  есімдерді  сөзбен  жазып,
оқып шығыңыздар.
      Жер шарының  3,2  бөлігін  су  алып  жатыр.  Жапон  аралдарының  бүкіл
ауданының 6,5 бөлігіне  жуығын  қалың  ормандар,  таулар  алып  жатыр.  «Мың
жылқы» бөгеннің (бөген – водохранилище; дамба; плотина) ең енді жері –  1,56
км., ұзындығы – 5,8 км-ге жетеді. Орташа тереңдігі  –  5,2  метр,  ең  терең
жері – 9 метр. Қазақстанның мемлекеттік орман қорының көлемі –26,4 га.

      233-тапсырма. Сан есімдерді сөзбен жазып, олардың түрін атаңыздар.

                  0,7;  [pic]  0,025;  [pic] [pic]

        234-тапсырма.   Болжалдық   сан   есімдер    жасайтын    жұрнақтарды
көрсетіңіздер.
    1. -ыншы, - інші, -ншы, -нші
    2. -ау,  -еу, -нан, -нен, -дан, -ден
    3. -тан, -тен, -дан, -ден
    4. -дай, -дей, -тай, -тей, -даған, -деген

235-тапсырма. Мақал-мәтелдердегі көп нүктелердің орнына тиісті  сан
есімдерді қосып жазыңыздар.

         ................ бірі – Қыдыр.    ....................жарты  –  бір
бүтін.   ................. рет  өлшеп,  бір  рет  кес.    ..................
жақсы қас болмас, .............жаман дос  болмас.  Ер  кезегі  .............
дейін.   .............сомың   болғанша,   ................   досың   болсын.
............... тентек елге симас.
        Сөйлемдерді толықтыруға керекті сан есімдер:  қырықтың,  екі,  жеті,
екі, екі, бір, үшке, жүз.

        236-тапсырма. Сөйлемдердегі  сан  есімдердің  астын  сызып,  олардың
түрлерін ажыратып, жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.

      Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар (мақал).  Жаңа  салынып  жатқан
биік үйлердің айналасында  мыңдаған  адам,  жүздеген  машиналар  құмырсқадай
қайнайды (Ғ. Мүсірепов). Сексеннен асқан аңшы мен  елуден  асқан  күзетшінің
бас қосатын жері осы ұста дүкені болды.  Мың  кісінің  түсін  білгенше,  бір
кісінің атын біл (мақал). Кейінгі жылдары  Қазақстан  жеңіл  өнеркәсібі  2,8
млрд. сомның халық тұтынатын тауарын өндіреді. Жетінші бес жылдықта құрылыс-
монтаж жұмысына 35,9 млн. сом бөлінген. Биыл күзде үшеуімізді жасы  асқандар
қатарына  жатқызып,  балалар  үйінен  Ы.  Алтынсарин  атындағы  қазақ   орта
мектебінің интернатына ауыстырды (Ө. Қанахин). Бұлақтың екі жағы да  ағашсыз
ашық. Біз шыққан дөңестен  екі-үш  жүз  метрдей  ғана  қашықтықта  еді.  (Қ.
Қайсенов).

          237-тапсырма.  Мұнай  өнімін  өндіруден  мәлімет  алыңыздар.   Екі
бөліктегі    сан    есімді    тіркескен    сөз    тіркестерін    бір-бірімен
сәйкестендіріңіздер. Сан есімдерді сөзбен жазыңыздар.

|1. Өзен кенінен 334 мың           |а)  монографиясы жарық көрді.      |
|2.  Академик Н.И. Андрусов        |ә) 5 шілде күні мұнай фонтаны      |
|1877жылы                          |атқылады.                          |
|3. Оның 1915 жылы «Маңғышлақ»     |б) 28,5 миллион тоннаға жеткізілді.|
|атты                              |                                   |
|4. № 6 скважинаның 2389 м         |в) 1,48-2,48%  парафин бар.        |
|тереңдігінен                      |                                   |
|5. 1999 жыл. Мұнай өндіру көлемі  |г) АҚШ долларына пайдалы           |
|                                  |қазындылар өндірілген.             |
|6.  Мұнайдың құрамында            |ғ) 15 мамандық бойынша инженер     |
|                                  |кадрларын дайындады.               |
|7.  1979 жылы бүкіл жер жүзінде   |д) Каспий сырт жағында геология    |
|450-470 млд.                      |маршрут зерттеуін жүргізді.        |
|8.  ҚазТКМИ 1934-1960 жылдар      |е) тонна мұнай өндірілді.          |
|аралығында  6 факультетте         |                                   |

          238-тапсырма. Төмендегі сан есімдермен сөйлемдер  құрастырыңыздар.

           Он-оннан,  жиырмаларда,  екі-үш,  тоқсандай,  миллионнан   астам,
сексен шақты, жиырма-отыз, он жарым, бестен бірі, жиырма үш бүтін оннан  үш,
отыз-қырықтай, қырықтарда.

           239-тапсырма.  Өлең  жолдарындағы  сан  есімдердің  астын  сызып,
олардың қай септікте тұрғанын айтыңыздар.
Екеумізді достасқан тілек қосты,                   Сексен көл Көкшетаудың
саясында,
Айнымайтын сенімді жүрек қосты.                Әрқайсысы алтын кесе
аясында...
                                   (С. Мұқанов)
                      (С. Сейфуллин)

                                   Батырдың қырыққа таяу келген жасы,
                          Денесі биік жота, таудай басы...

                                                          * * * * *
Бес жаста безіп үйден тал ат мініп,               Отызда ор қояндай аспанға
атып,
Он жаста жарға ойнаған лақтайсың.             Қырықта мүшеленген құр
аттайсың.
Келгенде жиырмаға сазда өсетін,                     Елуде ақыл-ойың тегіс
толып,
Балауса бейне балғын құрақтайсың.              Төскейден сарқыраған
бұлақтайсың.


                               (Балуан Шолақ)
      240-тапсырма.  Бөлшектік,  болжалдық  сан  есім  жасайтын  жұрнақтарды
торларда көрсетіңіздер.

                       Сан есімнің түрлері:





      жұрнақтары:
жұрнақтары:



7-апта. 20-тәжірибелік  сабақ
Грамматика: Дауыссыз дыбыстардың үннің қатысына  қарай  (қатаң,  ұяң,  үнді)
жіктелуі.
241-тапсырма. Арғы тарихы екі мың  жылдан  асатын  қазақ  халқының  ең  көне
қалаларының бірі – Отырар жайлы мәліметтер алып, түсініп, мазмұндаңыздар.

                  Ұлы Жібек жолында орналасқан ортағасырлық
                        ірі қалалардың бірі – Отырар

Қазақстанның  Отырары – еліміздің Ұлы Жібек жолында орналасқан  ортағасырлық
ірі қалалардың бірі, оның арғы тарихы екі мың жылдан асады.  Кеңес  Одағының
30 томдық үлкен энциклопедиясында: «Отырар орнын оғыздар біздің  дәуірімізге
дейінгі IV ғасырда иемденіп, кент, қорғандар сала  бастаған»,-  деп  жазады.
«Отырар шығыстағы  ортағасырлық  керуен  жолын  иемденіп  қана  қойған  жоқ,
көшпелі халықтың отырықшы кәсіппен  айналысуының  куәсі,  бұл  жерді  ежелгі
қазақ халқы мекен еткен. Отырар ойпатының  қазіргі  тарихшылар  үшін  маңызы
зор»,- деп жазады А.Н. Бернштам.
Отырар туралы  орыс  тарихшылары  –  Бартольд,  Гумилев,  Кляшторный,  парсы
тарихшысы Рашид ед-Дин және қазақ, араб тарихшылары тебірене  жазады.  Қазақ
халқының басына  түскен  қандай-қандай  қиындықтар  мен  кезеңді  оқиғаларды
ауызға алса да, Отырарға соқпай өту мүмкін емес. Отырар  –  қазақ  тарихының
айнасы, қанды көпірі секілді өз алдына үлкен шежіре.
Отырар ойпатының топырағы  ат  тұяғы  көп  таптаған,  шексіз  көп  шайқастан
қырман етіп түтіп майдалаған, бірде халықтың көз жасы  төгілсе,  бірде  қаны
төгілген. Бұл жолды бабалар жүріп өткен, сан-қилы дүбірлі  жорықтар  болған.
Отырар қаласы – өз тарихында сұрапыл соғыстан үш рет  қирап,  үш  рет  қайта
тірілген іргелі орын. Арабтар жаулап алған кездегі  Отырар  орталығы  қыштан
(кирпич) салынған  тамдары,  жәдігерлері  мол,  көшелері  кең  қала  болған.
Отырардың керуен кіріп-шығатын бес  қақпасы  болған,  олар:  Дарбаза  қақпа;
Алтын қақпа; Хансарай қақпа; Құл қақпа; Пышақшы қақпа.
Араб әскері мен қыпшақ қолының  ұрысынан  қыштан  салынған  Отырар  орталығы
жермен-жексен болып қираған, құрыған. Оның тарихы Орта  Азиядағы  сауда  мен
кәсіптің көптеген басқа да орталықтарының тарихы сияқты  қайғылы   аяқталды,
қала құрып кетті. Орта ғасырда араб қолбасшыларының қазақ  қалаларын  жаулап
алғаны мәлім. Сайрам мен Йасыны 840 жылы басып алса, Тараз қаласын 893  жылы
жаулады, Отырар қаласын 841 жылы құлатты.
Орта ғасырдың ортасында қираған қалдық орнына қайтадан үйлер салынып,  әдемі
көшелер бой түзей  бастайды.  Мешіт,  медресе,  базар,  ас  ішетін  орындар,
кітапхана  салынып,  дүниеге   Әбунәсір   әл-Фараби,    әл-Жауһари   келетін
«Отырардың алтын ғасыры» деп аталатын кезеңі осы болатын. 1219 жылғы  монғол
шапқыншылығына алғаш  тойтарыс  берген,  кейіннен  өртеніп,  қирап,  жермен-
жексен болған, екінші мәрте салынған қала қорғаны осы болатын.
      Шыңғыс ханның екі ұлы Шағатай  мен  Үкітай  алты  ай  бойы  арпалысып,
ғимараттарды қиратады, көшелерді өртеп, халқын тонап, қан жоса етіп  қырады.
Осы қан майданнан кейін Отырар  бір  ғасырда  түзеліп  кете  алмай,  басынан
үлкен қиыншылықтарды өткереді. Қала XIV  ғасырда  бірте-бірте  қалпына  келе
бастайды. Ел тұрақтанып, қыш үйлердің орнына кесектен,  қамыстан  үйлер  бой
көтереді.  Жергілікті  халық   аузында  қалған  «Қамыс  қала»  –осы   Отырар
қаласының үшінші рет қайта тірілуі еді.
      XIV ғасырдың аяғында Ақсақ  Темір  мен  Тоқтамыстың  сұрапыл  ұрыстары
осынау Отырар даласынан өтеді. Қала қанды соғыстан тағы  да  зардап  шегеді.
Халық үздіксіз ұрыстан әбден шаршап, қаланы біржола тастап кетеді.
      XV ғасырдың басында қаланы  Махмұт сұлтан билейді. Ол Отырар,  Сауран,
Түркістан қалаларын Шейбани ханға сыйлайды. Қазақ  ханы  Бұрындық  Шейбаниге
қарсы екі мәрте сұрапыл жойқын жорық  жасап,   қаланы  қазақ  билеушілерінің
иелігіне алады.   Көне  қаланың  2000  жылдық  қысқаша  тарихы  осы.  Тарихи
деректер бойынша, Отырардың  дәуірлеп  тұрған  заманында  100  мыңнан  астам
халық мекендеген, бірнеше  мешіті,  медресесі  болған.  Отырар  атын  әлемге
танытқан  әл-Фараби  заманынан  қалған  ең   бай   кітапхана   болды   деген
тарихшылардың дерегі бар.
      Отырар жеріне  келген алғаш  білімпаздардың бірі – Арыстанбаб. Ол  әрі
ақын, әрі жұлдызға қарап адамдарын болжай  алатын  болған,  жылына  бір  рет
Меккеге барып табынып  отырған  деген   деректер  бар.  Арыстанбаб  кесенесі
Отырардың ең атақты ескерткіші  болып  табылады.  Ол  XV  ғасырда  салынған,
кейіннен бірнеше рет қайта салынған.  1971  жылы  кесене  тағы  да  қайтадан
салынды.
Ескерте кететін бір жәйт: Жоғарыда аталған тарихи қалалар тек қана  саудамен
ғана аты шыққан жоқ. Оларда ғылым, білім, мәдениет қатар дамыды.

      Сөздік:
кент – город; селение; поселок                                қыш – кирпич
керуен                               –                               караван
жорық – поход
дүбірлеу – затопать; загудеть; загрохотать             қырман – ток; хирман
сұрапыл  –  лютый;  свирепый;  суровый                     қырман   басу   –
молотить
қорған – укрепление; оплот; опора; защищайся; обороняйся
жойқын – уничтажающий; сокрушительный; опустошительный

      242-тапсырма.  Мәтіннің  мазмұны  бойынша  берілген  сұрақтарға  жауап
беріңіздер.

1. Отырарды неге көне, тарихи қала дейді? 2. Отырардың орнында қай  ғасырдан
тіршілік басталған, халық  мекен  еткен?  3.  Отырар  өз  тарихында  сұрапыл
соғыстарды неше рет өткерді? 4. Отырардың  қақпалары не үшін  керек  болған?
5. Отырардың тарихы қалай аяқталып отырған?  6.  Тарихи  қалалар  –  Сайрам,
Йасы,  Тараз, Отырар қашан жаулап алынып,  құлатылды?  7.  «Отырардың  алтын
ғасыры» деп аталатын кезең қай уақытқа келеді? 8. Қай жойқын соғыстан  кейін
Отырар  бір  ғасырға  дейін  түзеле  алмады?   9.   «Қамыс   қаланы»   қалай
түсіндіресіздер? 10. Неге байланысты халық Отырарды біржола  тастап  кетеді?
11. XV ғасырдың басында қалада  қандай  жағдайлар  болды?  12.  Арыстанбабқа
байланысты не білесіздер?

243-тапсырма.    Сөйлемдердегі    қатаң     дауыссыз    дыбыстарының
астын сызып, олардың дұрыс оқылуына назар аударыңыздар.

      Ү л г і :   Ұлы  Жібек  жолының  Киев  Русінен  шыққан  үлкен  тармағы
телегей теңіз болып толқып жатқан Еділ өзенінен өткен  соң-ақ  қазақ  жеріне
енеді.
      Отырар орнында бұл күндері басы  бүтін  жалғыз  құрылыс  –  Арыстанбаб
ғимараты, Алғашқы көне дәуірдегі ескерткіш  қирап  құрыған  соң,  бұл  соның
орнына салынған ортағасырлық әсем өрнекті ғимарат. Арыстанбаб –  Қожа  Ахмет
Яссауидың ұстазы, әулие болған адам. Арыстанбаб   туралы  жазылған  нақтылай
тарихи деректер жоқ.  Әйтседе  1900  жылы  Ташкент  қаласында  шығып  тұрған
Түркістан археолог суретшілер үйірмесінің мәжіліс хаттамасының  XII  томында
ол туралы айтылған.

       244-тапсырма.  Сөйлемдердегі   үнді   дауыссыз   дыбыстарының   астын
сызыңыздар.

      Ү л г і  :  Отырарды  мекендеген  ұлыс  пен  тайпалар  қайтседе  ұрпақ
желісін үзіп алмауға тырысып, бірде  қолына  кетпен  алып  жерге  дән  ексе,
бірде сауыт киіп, қолына қылыш ұстап атқа қонды,  керуен  тартып,  алыс  пен
жақынды кезді.
      Орта ғасырда өмір сүрген Отырардан  шыққан  ғұлама  Исмаил  әл-Жауһари
«Тілді түзету» кітабында былай деп жазған: «Ұлы жібек жолының үлкен  тармағы
ең әуелі Киев Русінен, Болғар жерінен өтіп, үстіртті басып, Аралды  айналып,
Жент қаласына жететін (Жент қаласын біраз тарихшылар Янкикент, Оғызкент  деп
те атайды). Жентке жеткенше сауда керуені құс  қанаты  талған  шөлден,  түйе
табаны күйген құмнан өтеді, арып-ашып әбден әлсірейді. Көліктерінің  жартысы
орта жолда қаңқа болып қалады».
                    Дауыссыз дыбыстар (Согласные звуки )

Қазақ тілінде дауыссыз дыбыстар үн мен салдырдың қатысына қарай (по  участию
голоса и шума) үш топқа бөлінеді: 1. қатаң; 2. ұяң; 3.үнді;
Салдырдан жасалған дауыссыз дыбыстарды қатаң дауыссыздар (глухие  согласные)
деп атайды.
1. Қатаң дауыссыздарға: п, ф, к, қ, с, т, ш, щ, х, ц, ч дыбыстары жатады.
Үн мен салдырдың қатысы арқылы жасалған дауыссыз дыбыстарды ұяң  дауыссыздар
деп атайды.
2. Ұяң дауыссыздарға: б, в, г,  ғ, д, з, ж, һ  дыбыстары жатады.
Үн мен  салдырдың  қатысынан  жасалып,  бірақ  салдырдан  үн  басым  болатын
дыбыстарды үнді дауыссыз (сонорные согласные) дыбыстар деп атайды.
3. Үнді дауыссыздарға: р, л, й, у (тау), м, н, ң дыбыстары жатады.

      245-тапсырма. Тарихи тұлғалардың шыққан жерінен мәлімет алыңыздар.



      1.





2.





           3.              3.






           4.


246-тапсырма.  Берілген  сөйлемдерден  ұяң   дауыссыз   дыбыстарының   астын
сызыңыздар.
Ү л г і : Ұлы Жібек жолы батыс  пен  шығыс  елдерін  екі  мың  жылдай  уақыт
ішінде үзбей жалғастырып жатты.
Жібек жолымен келе жатқан керуен Еділ өзенін өткен соң, ең әуелі Алтын  Орда
хандығының кішігірім қалаларына бұрылып, демалып  алып  Сарайшықта  түнейді.
Ұшы-қиыры жоқ сары сахараның бетінде ай жүріп,  жыл  жүріп  келгенде,  алғаш
тоқталатын үлкен қала – Арал теңізі маңындағы  Жент  шаһары  болатын.  Содан
кейінгі қорғаны биік, жиһазы мол, салтанаты  ерекше  –  Баба  ата,Түркістан,
Отырар, Тараз, Баласағұн, Жаркент қалалары тізіліп жататын.

247-тапсырма. Мәтіндегі  сөздерді  үш  бағанаға  бөліп  жазып,  ондағы  ұяң,
қатаң, үнді дауыссыз дыбыстарының астын сызыңыздар. Ұлы  Жібек  жолы  туралы
тарихи деректерді есте сақтаңыздар.

Ү л г і :
|Қатаң                   |Ұяң                     |Үнді                    |
|қабатты, қамал, қала,   |ғұламалар, бекініс,     |халық, тарихында,       |
|көне, шапқыншылық,      |қорған, мыңдаған жылдар,|мәдениеттің, жазу       |
|сұрапыл, соғыс, қанды   |сауда, Жібек жолы,      |үлгісі, ғимарат салу,   |
|шайқас                  |ғимарат салу            |ертедегі қамал          |

Отырар және Ұлы Жібек жолы. Отырар  қаласын  Ұлы  Жібек  жолынсыз  елестету,
зерттеу, әңгімелеу мүмкін емес. Осыдан мың жыл бұрын Ұлы Жібек  жолының  бір
тармағы – көне Византия елінен шығып, Европа жерін аралап, Киев Русін  басып
өтіп, қазақ жеріне жеткен. Осы қазақтың қиырсыз кең  сахарасын  басып  өтіп,
Қаратау мен  Алатауды  жағалап,  Балқаш  көлін  айналып,  Қытай  еліне  асып
жөнеліп жататын.
Ұлы Жібек жолының келесі бір  тармағын – таяу Шығыста  жатқан  араб  елдерін
түгел аралап, Мысыр асып, Бағдат басып, көне Ауған  жерімен  жылжып  отырып,
Қытайға баратын.
Мың жылдан бері ел мен елдің арасында жойылмай  келе  жатқан  дәстүрлер  осы
жол арқылы байланысқан.

 248-тапсырма. Қатаң, ұяң, үнді  дауыссыз  дыбыстарын  көрсетілген  торларға
толтырыңыздар.











7-апта.  21-тәжірибелік сабақ
Грамматика: Дауысты дыбыстардың бөлінуі. Қазақ тіліне тән дыбыстар.
249-тапсырма.  Қазақстанның  бұрынғы  астаналары  туралы  берілген   мәтінді
мұқият оқып, түсініп, өз білетіндеріңізбен толықтырып, мазмұндаңыздар.

          Қазақстанның  астаналары – Орынбор,
          Қызылорда, Алматы, Астана қалалары
                                        * * * * *
                              О р ы н б о р     қ а л а с ы

XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың  басында  Орынбор  қаласы  Қазақ
халқының саяси және мәдени орталығы, Кеңес  өкіметі  орнағаннан  кейін  қала
1920-1925 жылдар аралығында Қазақ АССР-нің астанасы болып бекітілді.
...XX ғасыр – қазақ мемлекеттігі тарихының жаңа белесі  болды.  Самодержавие
құлады. Ақ патша тақтан тайды.  Ұлы  дала,  дауыл  алдындағы  теңіздей  тына
қалды.
Ресейдегі қорған қала – Орынбор саяси оқиғалардың орталығына айналды.  Совет
үкіметінің   алғашқы   жылдарында  қазақ  интеллигенциясының  едәуір  бөлігі
Орынбордың  оқу  орындарында  оқып,  білім  алды.  Қазақстанның  съездерінің
барлығы осында өтетін.  «Алаш»  партиясы  ұйымдастырылып,  Алашорда  үкіметі
құрылды. Халықтың ұраны – демократиялық республика,  ұлттық  дербестік  және
әділеттілік деп жарияланды. Алайда, алаш  азаматтарының арманы  орындалмады.
Арпалысқан азамат соғысы басталып,  көп  ұзамай,  Орынборды  қызылдар  басып
алды.
Қазақ баспасөзінің  алғашқы  қарлығаштары  –  «Айқап»  журналы  мен  «Қазақ»
газеті осы қалада басылып шықты. Бұлардан басқа да басылымдар  мен  кітаптар
көптеп шығарылды. Сол кездегі қазақ зиялылары осы қалада бас  қосып,  осында
шоғырланды. Олар саясатпен, халық ағарту ісімен шұғылданды.
Орынбор  қаласының  өнеркәсібінде  машина  жасау,  металл  өңдеу  басты  рөл
атқарады. Станоктар, құрал-сайман, тамақ өнеркәсібі үшін машиналар, электро-
механикалық және темір  жол  транспортын  жабдықтайтын  зауыттар  бар.  Қала
маңынан  ірі  газ орны табылып, игерілуде.  Тамақ,  жеңіл  өнеркәсіптері  де
өркендеген. Комбинаттар жұмыс істейді.
Орынбордың негізгі тарихи орындары 1734  жылы  салынған  қамалға  орналасқан
(қала қақпасының қалдықтары салынған). Қала 1930 жылдан  қарқынмен  өркендеп
келеді. Жоғары және арнаулы  орта  білім  беретін  оқу  орындары,  театрлар,
музейлер жұмыс істейді.

250-тапсырма. Мәтінге жоспар құрып, жоспар бойынша әңгімелеп беріңіздер.
251-тапсырма.  Қазақ  тіліндегі  дыбыстар  туралы  ұғымды  қайталап,   өткен
материалдарды еске түсіріңіздер.

                         Дауысты дыбыстардың бөлінуі
                       (Классификация гласных  звуков)
           1. Дауысты дыбыстар (гласные звуки) – а, ә, е, о,  ө,  ұ,  ү,  ы,
,і, и, у; 2. Жуан дауысты дыбыстар (твердые гласные звуки) –  а,  о,  ұ,  ы;
3. Жіңішке  дауысты  дыбыстар (мягкие гласные  звуки) –  ә, е, ө, ү,  і.  4.
Қазақ   тіліне   тән   дауысты    және   дауыссыз   дыбыстар  (специфические
гласные и согласные звуки  казахского языка) –  ә, ө, ұ, ү, і, ғ, қ, ң, һ.
          Тілдің қатысына  қарай  (По  положению  языка)  –  жуан,  жіңішке;
еріннің қатысына  қарай (по  участию  губ)  –  еріндік,  езулік;  3.  Жақтың
қатысына қарай (по степени раскрытия рта) – ашық, қысаң болып бөлінеді.
           Сөйлемдерден  жуан  және  жіңішке  дауысты  дыбыстарды  ажыратып,
олардың дұрыс оқылуына назар аударыңыздар.
          Қорғасынды  қолдана  бастау  уақыты  мыспен  бірдей.  Мыстан  оның
айырмашылығы –  қорғасынды  кеннен  тек  балқытып  қана  алу  мүмкін  болды.
Табиғатта табиғи қорғасын өте сирек және өте аз кездеседі.
           Сөйлемдерді   көшіріп   жазып,   ондағы   еріндік   және   езулік
дауыстыларды екі бөлек бағанаға бөліп жазыңыздар.
            Бірінші  рет  металды  күмісті  өзен  құмын  жуу  арқылы   емес,
жыныстағы желіден алған. Алтынға қарағанда  оны  алу  қиынырақ.  Содан  болу
керек алғашқы кезде ол алтыннан қымбат бағаланды.

252-тапсырма.   Ашық,   қысаң,   дауыстыларды    атап,    оларға    мысалдар
келтіріңіздер.

253-тапсырма.  Мәтіннің  алғашқы  бірінші  жартысынан   қазақ   тіліне   тән
дыбыстары бар сөздерді  теріп  жазып,  олардың  сауатты  дыбысталуына  назар
аударыңыздар.

254-тапсырма. Сөз  және  сөз  тіркестерімен   сөйлемдер  құрастырып,
дауысты дыбыстарды атаңыздар.
Орынбор   өлкесі,   қазақтардың   тарихы,   қарым-қатынастар,    Орынбордағы
рудалардың  түрлері,  қалпына  келтірілді,  өндірілді,   жерлерді   қамтыды,
мұражайлар, әскери күш, сауда алаңы, астана, тәуелсіздік.

255-тапсырма. Мәтінмен танысып, мазмұндаңыздар.

                     Қ ы з ы л о р д а       қ а л а с ы

Қызылорда  қаласының  бұрынғы   аты   –   Ақмешіт.   Қазақстанның   оңтүстік
бөлігіндегі ірі қала.  1926-1929  жылдар  аралығында  Қазақстанның  астанасы
болды. Бұл қаланы таңдаудың  себебі  –  Ақмешіт  қазақ  даласының  ортасында
орналасқан,  екіншіден,  Ташкент   темір   жолы   Ақмешітті   елдің   барлық
өлкелерімен байланыстырады.  Оның үстіне қала Сырдарияның жағасында тұр.
Бұрынғы Ақмешіт кейіннен Қызылорда болып өзгертілген. Оны  осылай  өзгертуге
ұйытқы болған және оған күш салған белгілі мемлекет  және  қоғам  қайраткері
Сұлтанбек Қожанов болды. Ол сонымен қатар  «киргиз»  деген  атаудың  «қазақ»
болып, елдің Қазақстан деп аталуына да зор ықпал етті.
Қазақстан  тәуелсіздік  алған  жылдары  Қызылорда  облысында   шаруашылықтың
барлық салалары жандана бастады.  Қаратаудағы  қорғасын  мен  мырыштың   бай
қоры негізінде Шалқия кеніші жұмыс істей бастады. 1992  жылдан  бері  Құмкөл
кен орнынан   сапасы  жоғары  мұнай  өндіріледі.  Уран  кенінің  (Қарамұрын)
өндірістік  қуаты жылына 700 тоннаға жеткізілді. Емдік қасиеті  бар  балшық,
шипалы минерал судың көздері  пайдаланылады.  «Жаңа  қорған»  курорты  жұмыс
істейді.
Республикадағы  бірегей  целлюлоза  қағаз   комбинаты,   күріш   машиналарын
шығаратын «Қызылордакүрішмаш» АҚ, Құрылыс материалдары комбинаты,  басқа  да
зауыттар мен фабрикалар,  Аралтұз  комбинаты  облыс  экономикасын   дамытуда
елеулі  орын  алады.  Қызылорданың  өзінде  де   астық,  ет,  сүт   өнімдері
комбинаттары бар.
Астана болған кезде Қызылорда  көркейіп,  құлпыра  түсті.  Кітапханалар  мен
мектептер ашылды. 1920-1929 жылдарда Қазақ драма  театры  құрылды.  «Еңбекші
қазақ», «Алаш»,  «Жас  Алаш»  газеттері  басылып  тұрды.  Бірақ   Орталықтың
республикаға саяси қысымы күшейді. Жаппай  қуғын-сүргін  басталды.  Алашорда
азаматтарын қызметтерінен қуып, жер аударып, абақтыға  қамап,  ату  жазасына
бұйырып жатты. Халықты  естен  кетпес трагедия, сұмдық  террор мен  аштықтың
азабы күтіп тұрған еді. Тарихтың қазақ  мемлекеттігінің  алғашқы   дәуірінен
жазыла бастаған Қызылорданың астаналық тарихы  осылай  аяқтады.  Араға   көп
жыл салып, бұл қала  мемлекеттік жалауды қайта желбіретті.

256-тапсырма.  Алматының  тарихы   туралы   деректермен   танысып,   мәтінді
мазмұндаңыздар.

                  Алматы – ғылымның, мәдениеттің орталығы,
                 Қазақстан Республикасының оңтүстік астанасы

Алматы  қаласы  Еуразиялық  континенттің  орталығында,   Тянь-Шань   тауының
солтүстігінде,  Іле   Алатауының   баурайында,   ҚР-ның   оңтүстік-шығысында
орналасқан. Қаланың Алматы аталуы  тегін  емес,  ол  алмалы  жер.  Бау-бақша
технигі С. Иванов  1916 ж.  жазған  «Алматы»  атты  мақаласында:  «Алматы  –
қырғыз  сөзі  және  орыс  тіліне  аударғанда  «алмалы  жер»  деген  мағынаны
білдіреді»,- деген.
Бұл атаумен Верный  қаласының  аумағын  атаған,  өйткені  жергілікті  жерлер
жабайы алманың таралуымен ерекшеленген. Оңтүстік астана –  Алматыны  (орысша
транскрипциясында) апортпен байланыстырады.
Қаланың  атына  апорт   емес,  жабайы  алмалардың  негіз  болғаны  айтылады.
Белгілі  өлкетанушы  И.Л.  Брызгалов  пен  академик  Н.И.  Вавилов  1928  ж.
Алматыға келіп, кіші Алматы өзенінің бойында өскен алмаларды көріп,  мұншама
көп жабайы алмаларды еш жерде көрмегендіктерін және мүмкін бұл  жер  шынымен
нағыз мәдени алманың отаны шығар,- деп  айтқан.  Апорт  Жетісудың  эмблемасы
болды. Оны «патша-алма», алмалардың «әкесі» деп бекер айтпаған.
Қаланың даму тарихы б.з.д. 10-9 ғ., 7ғ.,  б.з.  8-10  ғ.,  10-14  ғ.,  15-18
ғасырларды  қамтиды.  Қаланың  жаңа  тарихы  1854  жылдың  4  ақпанында  Іле
Алатауының баурайында  Ресей  империясының  әскери  қамалы  Верный  қаланған
кезеңінен  басталады.  1854  жылдың  күзінде   Верный   қамалының   құрылысы
аяқталды.
1921  жылдың  5  ақпанында  аудан  комитетінің  салтанатты  жиынында  Верный
қаласының атын өзгерту туралы шешім  қабылдады.  Бұл  шешім  бойынша  Жетісу
Әскери-революциялық комитеті бұйрық шығарды: «Қаланың  революциялық  орталық
мәртебесін алуына байланысты Жетісу  әкімшілік  орталығының  атауы  –  Алма-
Атаға өзгертілді».
Алматының  Қазақстанның  астанасы  болуына  байланысты  1936  жылы   қаланың
архитектуралық құрылысы  жөнінде  арнайы  жоспар  құрылды.  Жоспардың  басты
мақсаты – Алматы қаласын мәдени орталыққа  айналдыру болды. Жоспар  бойынша,
қалыптасқан тарихи маңызы бар құбылыстарды түбегейлі  өзгерту  және  үлкейту
негізделді.
1993  жылғы  шешім  бойынша,   қаланың   атауы   –   Алма-Атадан    Алматыға
ауыстырылды.
1997 жылы Қазақстан Республикасының Президенті  Н.Назарбаевтың  үкімімен  ел
астанасы  Алматыдан Астанаға ауыстырылды.
1998 жылдың 1 шілдесінде Алматы қаласының мәртебесі туралы  заң  қабылданды.
Бұл заң бойынша, Алматы – ғылыми, мәдени, тарихи, қаржылық  және  өндірістік
орталық болады.
Бүгінгі  таңда  Алматы  –  жастардың  қаласы,  ҚР-ның   оңтүстік   астанасы,
білімнің, ғылымның, мәдениеттің, қаржылық  және   өндірістік  орталық  болып
күннен-күнге гүлденіп, шарықтап дамуда.

257-тапсырма. Мәтінді оқып, бас қала, жас қала –  Астана  туралы  деректерді
есте сақтап, мазмұндаңыздар.

                  Астана – Қазақстан Республикасының елордасы

      Қазақстан  тәуелсіздік алғаннан кейін  алда  тұрған  қыруар  міндеттер
мен атқарылатын істердің бірегейі аймақ  тұтастығын  сақтау,   демографиялық
орнығуды  реттеу  сияқты  мәселелер  болды.  Өйткені  жергілікті  ұлт   саны
оңтүстік  өңірлерде  жиі  шоғырланғанымен,   солтүстік   өңірлерде   пайызға
шаққанда тым аз мөлшерде болды. Біріншіден  Солтүстік  өңірлерде  жергілікті
ұлт санын арттыру  мақсатында,  екіншіден  географиялық  жағынан  елдің  де,
Еуразияның да кіндігінде орналасқан қала  болған  соң,  Ақмола  Қазақстанның
астанасы болуға бірден-бір ыңғайлы қала деп танылды.
      Аз уақыттың ішінде екі жүз мыңға жетпейтін халқы  бар  қала  алты  жүз
мыңнан асып кетті. Астанада   600 000  адам  тұрады  (2004).  Қазір  қаланың
аумағы  200  km²   алып   жатыр.   Қала   Қазақстанның   орталық   бөлігінің
солтүстігінде  Ақмола   облысы,   Есіл   өзенінің   алабындағы   өзен   маңы
жазықтығында орналасқан. Қаланың  атауы қазақ тілінен  алынған.  Қазақша  ол
сөз елдің бас қаласы дегенді  білдіреді.  Астана  сөзі  қазақ  тіліне  парсы
тілінен ауысқан. Онда  ол  «киелі  орын»,  «босаға»  деген  мағыналарға  ие.
Астана 1830 ж. Есіл өзенінің жағасында қазақ-орыс әскерлері негізін  қалаған
бекіністен бастау алады.
1862 ж. Ақмола  қала  мәртебесін  алды.  1962  ж.  Қалаға  Целиноград  атауы
берілді.  1997 ж. Егемен Қазақстанның Президенті  Н.Назарбаевтың  Жарлығымен
елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылдады. 1998  ж.  мамырда
жаңа елорданың  атауы  –   Астана  болып  өзгертілді.  1998  ж.  10  шілдеде
Қазақстанның жаңа елордасы – Астананың халықаралық тұсауы кесілді.
1998 ж. ЮНЕСКО-ның шешімі  бойынша,  Астана  қаласына  «Бейбітшілік  қаласы»
жоғары атағы беріліп,  медальмен  марапатталды.  Бұндай  атақ  қысқа  мерзім
ішінде әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени  дамуда  неғұрлым  әсерлі,
әрі қуатты өсуге, тұрақты этникалық қатынасты орнықтыруға қол жеткізе  алған
ғаламшардың жас қалаларына беріледі.
Бразилияда өткізілген бұл конкурста Астана барлық өлшемдер  бойынша  әлемнің
әр түрлі елдерінің он екі қаласын басып озды.
      Есіл өзенінің екі жағасы Еуропа  мен  Азияның  озық  үлгісіндегі  жаңа
сәулетті  кешендермен  әрленіп  шыға  келді.  Кейінгі  жылдары  қала   маңын
көріктендіру қызу қолға алынып жатыр. Астана ғасырымыздағы ең озық, ең  әсем
қалаларының   бірі болатыны даусыз.


8-апта. 22-тәжірибелік сабақ
Грамматика: Көсемше. Көсемшенің жасалуы.
258-тапсырма.    Туған       халқына     ғасырлық     туынды сыйлаған ұлы
тұлға  –  М. Әуезовтың   шығармашылық   жолынан   мәлімет   алып, мағынасын
түсініп, мәтінді мазмұндаңыздар.

                   Кеңес заманындағы ғылым мен техниканың
                         дамуына үлес қосқан ғалымдар
                                  * * * * *
                                 Ұлы жазушы – Мұхтар Әуезов
                                                    (1897-1961)
       Әуезов  Мұхтар  Омарханұлы  –   қазақтың   әйгілі   жазушысы,   қоғам
қайраткері, әдебиеттану  ғылымының  негізін  салушылардың  бірі,  Қазақ  КСР
Ғылым  академиясының  академигі,  филология  ғылымдарының  тұңғыш   докторы,
профессор. Қазақ  КСР-ның еңбек сіңірген  ғылым  қайраткері.  Туған  жері  –
бұрынғы Семей үйезінің Шыңғыс болысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы).
Ата-анасынан  ерте  қалған   Мұхтардың   орыс,   қазақ   мәдениетіне,   Абай
өлеңдеріне, аудармаларына көңіл бөлуіне  атасы Әуездің ықпалы болды.
Мұхтар Семейде 5 жыл қалалық училищеде, 4 жыл мұғалімдік  семинарияда  оқып,
орыс және Батыс Европа әдебиетімен кең танысты. Ол  Шекспирдің  «Отелласын»,
Гогольдың «Ревизорын», Тургеневтің  «Дворян  ұясы»  деген  романдарын  қазақ
тіліне аударды.
1917 жылы «Еңлік-Кебек» атты  тұңғыш  драмасын,  1921  жылы  проза  жанрында
«Қорғансыздың күнін» жазды.
Жазушыға «Абай» романы үшін СССР Мемлекеттік, ал  «Абай  жолы»  романы  үшін
Лениндік  сыйлық берілді. 1959 жылы М.  Әуезов  Ленин   орденімен,  екі  рет
Еңбек Қызыл Ту, Құрмет  белгісі ордендерімен марапатталды.
XX ғасырдағы қазақ халқының ұлттық рухани    дамуындағы     ұлы  тұлғалардың
бірі –
М. Әуезов. Ол –  үлкен  суреткер,  дарынды  драматург,  аудармашы,  белсенді
сыншы, сондай-ақ  ғұлама ғалым. М. Әуезов жазушылық өнер мен  ғылыми-зерттеу
жұмыстарын қатар алып жүріп, бұл салада ірі еңбектер қалдырды.
М. Әуезовтың Абай мұрасын ғылыми тұрғыдан танып-білуде  жарты  ғасырға  таяу
ізденіс үстінде туған көп салалы ғылыми-зерттеу  еңбектері  абайтанудың  қол
жетпес заңғар биігіне  айналып отыр. Бұл еңбектердің  нәтижесінде,  М.Әуезов
қазақ әдебиеті тарихының  саласы  –  абайтанудың   негізін  салушы,  әрі  ол
мұраны ғылыми-шығармашылық жолмен бүкіл  әлемге  таныту  арқылы  әдебиеттану
саласында   қайталанбас дарынды тұлға ретінде танылып, мойындалды.
«Абай жолы» – М. Әуезовтың бас кітабы. Ол: « «Абай», «Абай жолы»  романдарын
жазу деген менің күллі  шығармашылық  тіршілігімдегі  түбегейлі  әрекетім»,-
деп жазады. Сондай-ақ жазушының: «Менің  тілімде  Абай  тілінің  өрнек-бояуы
бар. Менің романымды терең ұғамын десеңдер Абайды, Абай поэзиясын оқыңдар»,-
 деп айтқаны да бар.
      «Абай жолы»  –  халық  жолы.  Абайдың  елі,  жұрты,  қоғамдық  ортасы,
әлеуметтік  қоршауы,  дәуірі,  заманы  туралы  романдары  –   М.   Әуезовтың
қолындағы шамшырағы еді.  Ол  өзінің   шығармалары  арқылы  зорлық-зомбылық,
жауыздық, әділетсіздікті жазды, халыққа танытты.
М. Әуезовтың қазақ поэзиясының өткен ғасырдағы классигі  Абайдың  өмірі  мен
творчествосын тереңдеп зерттеуі – үлкен ғылыми  ерлік.  Абай  шығармаларының
жинағы он  шақты рет басылып шықты, «Абай жолы»  романы   отыз  шақты  елдің
тіліне аударылды. Осы роман арқылы ол қазақ халқын дүние жүзіне танытты.
      «Абай үш түрлі білім қазынасынан сусындады»,- деп жазады ғалым.  Олар:
біріншісі – қазақ халқының ауыз әдебиеті, екіншісі – шығыстың (араб,  парсы,
түрік) классикалық поэзиясы; үшіншісі – орыс  халқының  мәдениеті  және  сол
арқылы еуропалық мәдениеттің бай қазынасы. Абайдың   озық  орыс  әдебиетінен
үйренгендігі  ғалымның  «Орыс  классиктері  мен  Абай»,   «Орыс  реализмінің
дәстүрі және революцияға дейінгі қазақ әдебиеті»,  «Пушкин  мен  Абай»  атты
ғылыми мақалаларында сөз болады.
М. Әуезовтың ғылыми мұрасы ұшан-теңіз. Оның  ұзақ жылғы шығармашылығына  зер
салса, оның  үлкен  екі  арнасы  зерттеушілердің  назарын  ерекше  аударады:
біріншісі – абайтанушылығы; екіншісі – фольклортанушылығы. Жазушының  әдеби-
ғылыми мұрасының екі    алтын   діңгегі – осылар.    Дүниежүзіне      әйгілі
    «Абай жолы»    эпопеясының авторы
М.  Әуезовтың  әдеби   мұрасы   тарихшы,   филолог,   педагог   ғалымдарының
еңбектерінде  қолданылып  келеді.
      М.Әуезовтың жеке басы – тым ірі тұлға. 1961 жылы ол  қайтыс  болғаннан
кейін ҚР Үкіметі  қаулы қабылдап, оның  есімін  ҒА-ның   Әдебиет  және  өнер
институтына,  Қазақтың  мемлекеттік  Академиялық  драма  театрына,  бірқатар
мектеп, көшелерге берді  және  Алматының  бір  ауданы  М.  Әуезовтың  атымен
аталады.

      Сөздік:
      дарын – гений; талант; способный; одаренный; талантливый;
      заңғар – высочайший;  громадина
      мұра – наследие; наследстово; памятник
түбегейлі – кардинальный; коренным образом; основательный;
                    окончательно зорлық-зомбылық – насилие
жауыздық – зловредность; злодейство; коварство; подлость

259-тапсырма. Мәтінге жоспар құрып, жоспар бойынша  әңгімелеп беріңіздер.

260-тапсырма. Мәтіннен көсемше  тұлғасында  тұрған  сөздердің  астын  сызып,
олардың жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.
Ү л г і:
М.Әуезов  Абайға  арнап   үлкенді-кішілі   мақалалары   бар,   монографиялық
зерттеулері  бар,  барлығы  елуден  аса   еңбек   жаз+ып+ты.   Олар:   «Абай
ақындығының  айнасы», «Абай еңбектерінің биік нысанасы»,  «Абайдың  идеялық-
мәдени ізденулері» сияқты  зерттеулерінде  ақын  шығармашылығының  қалыптасу
ерекшеліктері сөз бол+а+ды.
«Жаз» – түбір етістік; «ып» – өсемшенің жұрнағы; «ты» –  III  жақтың  жіктік
жалғауы; «Жазыпты» сөзі өткен  шақ  көсемше  тұлғасында  тұр  (III  жақ,  ол
жазыпты). «Бол» – түбір етістік; «а» – ауыспалы  шақ  көсемше  жасап  тұрған
жұрнақ; «ды» – III жақтың жіктік жалғауы; «болады» сөзі  көсемше  тұлғасында
(ол болады, III жақ) жіктеліп тұр.

261-тапсырма. Берілген көсемшелерді жекеше, көпше түрде жіктеңіздер.
Ү  л  г  і  :  Білмей:  білмей+мін,   білмей+сің,   білмей+сіз;   білмей+ді;
білмей+міз, білмей+сіңдер, білмей+ді.
Айтып, барып, келіп, жібере,  бере,  көре,  сөйлей,  болмай,  қала,  шығара,
байқай.
                           Көсемше  (Деепричастие)
   Тиянақсыз тұлғада келіп, көмекші  етістіктермен  тіркесу  арқылы  күрделі
етістік тудыратын етістіктің түрін  көсемше деп атайды.
    Деепричастие,  как  и  причастие  относится  к  глагольным  формам.  Оно
обозначает второстепенные действия и  служит  признаком   другого  действия.
Деепричастие   отвечает на вопросы  қайтіп?  (каким  образом?  ),  не  істеп
отыр? (что делает? ), не істеді? (что сделал? ),  не  істегелі  жатыр?  (что
собирается делать? ) и т. д.
                                 Көсемшенің жасалу жолдары:
1. Ауыспалы шақ көсемше ( Деепричастие переходного  времени ):  -а,  -е,  -й
(келме+й, сана+й, көр+е, айт+а, сыз+а, бер+е, біл+е, оқыма+й).
2.  Өткен   шақ  көсемше  (  Деепричастие   прошедшего   времени   ):   -ып,
 -іп,   -п (көр+іп, кел+іп, оқ+ып, ойла+п, бар+ып, ал+ып, қал+ып, сөйле+п).
3.   Келер   шақ   көсемше   (Деепричастие   будущего   времени):     -қалы,
-келі,  -ғалы,   -гелі  (бітір+гелі,   ұнат+қалы,   бар+ғалы,   білдір+гелі,
сөйлес+келі, кет+келі, айт+қалы)

262-тапсырма. Төмендегі етістіктерден  көсемше  жасап,  оларды  үш  бағанаға
бөліп жазыңыздар. Бірінші бағанаға ауыспалы  шақ  көсемше,  екінші  бағанаға
өткен шақ көсемше,үшінші бағанаға келер шақ көсемше  тұлғасында  жазыңыздар.

Ү л г і :
|Өткен шақ көсемше       |Ауыспалы шақ көсемше    |Келер шақ көсемше       |
|Зертте+п+ті,            |Оқыма+й+ды, күт+е+ді,   |Айналыс+қалы,           |
|атқар+ып+пын,           |мақұлда+й+ды, айт+а+ды. |жарияла+ғалы,           |
|кел+іп+сің, сұра+п+сыз. |                        |кет+келі, көтер+гелі.   |


Болу, көшу, күресу,  суреттеу,  жаттау,  үйрету,  табылу,  даму,  әңгімелеу,
қазу, араласу, бастау, қолдау, кездесу, ашу, баяндау, түсіндіру, санау.

263-тапсырма. Көсемшелерді  етістіктермен  тіркестіріп,  күрделі  етістіктер
жасаңыздар.
Ү л г і :
|Жабу             |жап+қалы        |1.  Жап+қалы жатыр.        |
|Жүру             |жүр+гелі        |2.  Жүр+гелі отыр.         |
|Қатысу           |                |3.  Қатыс+ып жүр.          |
|Түсу             |қатыс+қалы      |4.  Түс+іп келеді.         |
|Сынау            |түс+іп          |5.  Сына+п көреді.         |
|Көрсету          |сына+п          |6.  Көрсет+келі барады.    |
|Қону             |көрсет+келі     |7.  Қон+ғалы кетті.        |
|Шегіну           |қон+ғалы        |8.  Шегін+е тоқтады.       |
|Сөйлеу           |шегін+е         |9.  Сөйле+й кірді.         |
|Бару             |сөйле+й         |10. Бар+а шешеді.          |
|                 |бар+а           |                           |


Қарағалы,  жинап,   жасай,   жүре,   атай,   тапсырып,   көрсетіп,   бітіре,
тағайындалғалы, көшпелі, ұсына, қабылдап, қайтара, өзгергелі, жөндегелі.

264-тапсырма.  Сөйлемдердегі   көсемше  тұлғасында  тұрған  сөздердің  астын
сызып, олардың қай шақта тұрғанын ажыратыңыздар.
М. Әуезов 1922 жылы күзде Орынбордағы  ірі  мемлекеттік  лауазымды  қызметін
тастап,  Орта  Азиялық  Түркістан  университетіне  (Ташкент  қаласы)  ерікті
тыңдаушы  болып  кіреді  де,  «Шолпан»  журналында  қызмет  істей  бастайды.
Ташкентте бірнеше әңгімесі басылады.
1923 жылдың қазан айында М. Әуезов  Ленинград   мемлекеттік  университетінің
филология бөлімшесіне оқуға түседі. Орыс географиялық қоғамының  Шығыс-Сібір
бөлімшесінің мүшесі ретінде М.  Әуезов  Семей  секциясы  Кеңесінің  құрамына
кіреді.
1925 жылы жаз айында  М.  Әуезов  Жетісу  ауылдарын  аралайтын  экспедицияға
шығып, қазақ халқының ән-фольклор шығармашылығының үлгілерін жинайды.

265-тапсырма.  Көп  нүктенің  орнына  көсемшенің  тиісті  жұрнақтарын  қосып
жазыңыздар.
1990    жылы    М. Әуезов    Қазақ      КСР     Жоғарғы     Кеңесінің  халық
депутаты бол...  сайлан... ,  онда  Кеңес  Президиуымының  мүшесі  бол...ды.
«Абай жолы»  романының  бірінші  томы  1952  жылы,  екінші  томы  1954  жылы
басыл... , шығ...ды. Роман жазамын деген ойымда  жоқ,  шәкірт  кезімде  атам
Әуездің  әңгімелерін  тапжылма...  ,  ұзақ  тыңдайтын  едім.  Әйгерім  небір
жайларды  әңгімеле...  беретін.  Материал  жина...   жүр...  ,  мен  Абайдың
достарымен әңгімелес... көрдім. Оның бойындағы ең абзал  қасиеттің  жиынтығы
бол...   табыл...ды. 1918 жылы М. Әуезов пен  Ж.  Аймауытов  Семейде  «Абай»
журналын шығар...ды.

266-тапсырма. Мақал-мәтелдердегі, өлең  жолдарындағы  көсемше  жасап  тұрған
жұрнақтардың астын сызып, олардың жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.
Ақылды кісі азбайды,                                      Ақылды  адам  арын
қорғайды,
Асыл бұйым  тозбайды.                                     Сараң  адам  малын
қорғайды.
                                      * * * * *
                           Сауатсыздың сөзіне сүрініп құлайсың.
                                      * * * * *
Қазақ қазақ болғалы,                                          Ел болудан
қалғаны.
Өз алдына ел болып,                                          Бұхарадан
келген тайқазан
Оңаша бір қонғалы,                                            Бәрі адыра
болғаны...
Хандығынан айырылса –
  267-тапсырма.     Мәтіндегі    көсемше      тұлғалы        баяндауыштардың
астын сызыңыздар.
 Қазақстан 2010 жылы Еуропадағы   Қауіпсіздік   және  ынтымақтастық  ұйымына
төрағалық  етеді.   Жер   планетасының   болашағын   қамтамасыз   ету   үшін
Қазақстанның ұйымдастыру қабілеті жетеді. Осы  саладағы  біздің  «Еуропадағы
жол» бағдарламасы үлкен қызығушылық туғызып отыр. Бұл  бағдарламадағы  басты
мақсат – еліміздегі реформаның бәрін еуропалық стандартқа сай жүргізу  болып
табылады. Ұлтаралық келісім  мен  татулықтың  Қазақстандық  үлгісін  әлемдік
кеңістікке ұсыну да назардан тыс қалмайды. Әсіресе, құқықтық  салада  заңмен
өмір сүру деңгейі кейбір тұстарда  төмендеп  жатады.  Мемлекеттің  мықтылығы
өз заңын құрметтей білетін ұлтжандылығымен өлшенеді.

268-тапсырма.  Жақшаны   ашып,   жақша   ішіндегі   етістіктерді   көсемшеге
айналдырыңыздар.

Абай  соншалықты  рақаттанып  (сүйсіну)  күлді  (М.  Әуезов).  Біз   Жәнібек
Кәрменовтың әнін (тыңдау) отырмыз. Кәмиланы  (көрмеу)  үш   ай  өтті.  Бүгін
бәрі де киіз үйлерін (жығу),  жылы  үйлеріне  кіріп  жатты.  Мақсат  менімен
(сөйлесу) келіпті.  Қамар  мамасының  мойнына  (құшақтау),  өзінің  қуанышын
айтты.  Алматы  апорты  Жетісу  өңірінің  төл  жемісі  (болу)  есептелінеді.
Жетісудың алма  бағын  ерте  ғасырлардағы  саяхатшылар  мифтік  Эдем  бағына
(теңеу).  Алматының  апорты  Қазақстанның  символы  (болу)  келгені  ақиқат.
Қазіргі таңда апорт  ағаштарының  азаюына  байланысты  көкейкесті  мәселелер
(көтерілу) де біраз жылдар болды.


      8-апта. 23-тәжірибелік  сабақ
Грамматика: Есімше. Есімшенің жасалуы.
269-тапсырма. Қ. Сәтбаевтың  жүргізген  ғылыми-зерттеу  жұмыстарынан,  өмірі
мен қызметінен мәлімет алып, мәтінді мазмұндаңыздар.

                        Қаныш Сәтбаев – ғалым-геолог
                                 (1899-1964)

Қаныш Сәтбаев – қазақ халқының ұлы перзенті, көрнекті ғалым-геолг,  қазақтың
алғашқы кен инженері, Қазақ КСР ҒА-ның тұңғыш Президенті,  академигі,  қоғам
қайраткері, қазақстандық  металлогения  мектебінің  негізін  қалаушы.  Туған
жері  –  бұрынғы  Семей  губерниясының  Павлодар  уезіндегі  Ақкелін  болысы
(қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданы).
Қаныш Имантайұлының азамат болып қалыптасуына Абай,  Шоқан,  Ы.  Алтынсарин,
С. Торайғыровтардың  үлгілі өмірі мен еңбектері әсерін тигізді.
Қ. Сәтбаев 1926 жылы Томск технологиялық институтын  үздік  аяқтап,  тау-кен
инженер-геологы деген мамандық бойынша диплом  алған  алғашқы  қазақ  болды.
Институтты бітіргеннен кейін ол «Атбасцветмет»  тіресінің  геология  бөлімін
басқаруға жіберіледі. Бұл тіреске  Жезқазған  мыс  кең  орындарын,  Байқоңыр
көмірін  зерттеу  және  Қарсақбай   мыс   зауытының   құрылысын   жалғастыру
міндеттеледі.
1929 жылы трест Қарсақбайға көшірілгеннен  бастап,  Қ.  Сәтбаев  комбинаттың
геологиялық-барлау бөлімінің  геологы,  бастығы  болып,  1941  жылдың  шілде
айына дейін сонда тынымсыз еңбек етті. «Үлкен Жезқазған» деп  аталатын  алып
мыс комбинатының дүниеге келуі, мысты  өлкенің  жан-жақты   зерттеліп,  оның
мол байлығының игеріле бастауы Қ.Сәтбаевтың есімімен тығыз байланысты.
Қ. Сәтбаев Жезқазған кен орнында мыс қорының мол   екендігін  анықтайды.  Ол
геологиялық-барлау жұмыстарымен  ғана шектелмей, геология  ғылымының  барлық
 саласы бойынша жұмыс жүргізді. Жаңа  технологияны  пайдалана  отырып,  сан-
салалы геологиялық қызмет жүйесінің  негізін қалады. Қ. Сәтбаев кен инженер-
геологы ретінде тау-кен жұмысын да жақсы  білетін,  әртүрлі  кен  қазбаларын
зерттеген,  жер  жүзіндегі  мыс  алқаптарындағы  кеніштердің   геологиясымен
бірге, кен қазу технологиясын терең талдаған  оқымысты.  Жезқазғанда  мыстан
басқа  20  түрлі  элементтер,  оның  ішінде  рений,   осмий   және   платина
кездесетінін де көрсетіп берді.
Ғалымның есебінше, көне замандардан бастап  Жезқазған  жерінен  бір  миллион
тоннадай мыс кені алынған көрінеді. Мысты  өңір  Жезқазған жерінде  ғасырлар
бойына тұнып  жатқан  мол  қазына  байлығы  адамзатқа  сонау  көне  заманнан
белгілі болған. Зерттеушілердің пікірінше,  көне  қола  дәуірінің  өзінде-ақ
адамдар осы өңірде мыс кенін өндірген.  Қаныш  Имантайұлы  1932  жылы  48000
мерт тереңдіктегі 1,5 шаршы шақырым жерде ғана  2  млн.  тонна  мыс  қорының
жатқанын, оның Одақ көлеміндегі экономикалық ең тиімді,  әрі  ең  үлкен  кен
орны екенін дәлелдеген болатын. Ағылшындардың бар-жоғы  60  мың  тонна  ғана
мыс бар деген жорамалы жоққа  шықты.  Оған  қоса  сол  кездің  өзінде-ақ  ол
Жезқазған кен орнының  орталық  бөлігінен  басқа,  жүзге  тарта  кен  шөккен
қыртыстардың барын, шашыранды кен ошақтарының көптігін, Бетпақдалада, Жаман-
Айбатта және Сымтаста да мыс кені кездесетінін атап көрсетті.
1946 жылы маусым айында Қазақстан ҒА-сы  құрылып, Қ.  Сәтбаев  оның  алғашқы
Президенті болып сайланды. Осы  жылы  қазан  айында  ол  КСРО  ҒА-ның  толық
мүшесі   дәрежесіне  жетті.  Шығыс   республикалары  ғалымдарының   арасынан
шыққан  тұңғыш академик  атанды. Бұл  ғылымның  биік  шыңына   жеткендігінің
белгісі еді.
 Ғалымның өмір жолының шырқау шыңы – металлогениялық қазба  кен  орындарының
болжамын  жасаудың жан-жақты тәсілін табу, әдісін көрсету   болып  табылады.
Қ. Сәтбаев  зерттеу  еңбектерінің  нәтижесінде,  Қазақстандағы  металлогения
ғылымының атасы атанды. Ол жасаған металлогениялық  талдау  әдістемесі  және
кен  орындарын  болжау  теориясы  жөніндегі  қағидалары  геология  ғылымына,
әсіресе металлогения ғылымын өркендетуге ерекше  септігін  тигізді.  Орталық
Қазақстанның металлогениялық болжам картасы әлемдегі теңдессіз ғылыми  еңбек
 ретінде тарихқа енді. Осы еңбектері арқылы ғалымның аты жер  жүзіне  әйгілі
болды.
Сөздік:
кеніш – карьер; рудник; клад; сокровище; залежь
алқап – долина; низменность; окрестность; полоса; вокруг; лощина
шөгу – осадок; оседание
кен орны – месторождение; прииск
кен қазбасы – горная выработка
жер қыртысы – пласт почвы; земная кора; слой земли
кен ошағы – месторождение; рудник
шашыранды – брызги
талдау – анализ; подбор; разбор; анализировать

270-тапсырма.   Мәтіннің   мазмұны   бойынша   берілген   сұрақтарға   жауап
беріңіздер.
1. Қ. Сәтбаев кім,  ол  қай  жерде  дүниеге  келген?  2.  Оның  қалыптасуына
кімдердің ықпалы болды? 3. Қаныш Имантайұлы қай оқу орнын бітірді?  4.  Оның
мамандығы кім? 5. Ол институтты бітіргеннен кейін қандай қызмет атқарды?  6.
Үлкен Жезқазған және Сәтбаев   дегенді  қалай  түсіндіресіздер?  7.  Сәтбаев
ғылымның қандай салалары бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізді? 8. Мысты  өңір
Жезқазғанда  мыс кені қай уақыттан бастап өндірілген?  9.  Қаныш  Имантайұлы
Жезқазғандағы мыс  қорына  байланысты  нені  дәлелдеді?  10.  Ғалымның  өмір
жолының шырқау шыңы ретінде оның  ғылымдағы  қай  жетістіктерін  айтасыздар?
11. Ол қай еңбегі арқылы жер жүзіне әйгілі болды?

271-тапсырма.  Мәтіннен  алынған  сөз  және  сөз   тіркестерін   пайдаланып,
сөйлемдер құрастырыңыздар.
Мысты алқап, кен қазу  технологиясы,  Жезқазған  өңірі,  геологиялық-барлау,
мол байлық, инженер-геолог, жаңа технология, тау-кен,  экономикалық  тиімді,
жорамал, мыс кені, болжау теориясы, геология ғылымы, металлогения картасы.

272-тапсырма.  Мәтіндегі  есімше  тұлғалы  сөздердің  астын  сызып,   оларды
тіркескен сөздерімен бірге теріп жазыңыздар.

273-тапсырма. Сөйлемдерден есімше тұлғалы сөздерді тауып, олардың қай  шақта
тұрғанын ажыратыңыздар.
Жезқазған мысын өндірістік жолмен игеретіндіктері  туралы  алғашқы  талпыныс
орыс капитализмінің алпауыттары Н. Ушаков пен А.  Рязановтардың  есімдерімен
байланысты.  Олар  мыс  өңірінің  бай  кен   орындарын   өздеріне   қаратып,
иеліктеріне алған.  Бірақ   XX  ғасырдың  басына  дейін  өлкеде  мыс  өндіру
дамыған жоқ. Тек, 1906 жылы Лондонда құрылған ағылшын-француз  «Атбасар  мыс
кеніші»  акционерлік  қоғамының  қолына  көшкеннен   кейін  Жезқазған  мысын
игерудің  алғашқы   қадамдары  басталған.  Он  жылдың   ішінде   (1907-1917)
ағылшындар алғашқы шахталарды қазып, Қарсақбай мыс зауытын  салған  болатын.
Олардың балқытуға  дайындаған мыс кенінің көлемі  37500  тонна  болды,  оның
көлемін болашақта одан  да  жоғары  көрсеткіштерге  арттырмақ   жоспарланды.
Әрине, бұл мол байлықты игерудің  алғашқы  бастамасы  болатын.  Ол  байлықты
зерттеудің болашағын көрсету – Қ. Сәтбаев  пен  оның  шәкірттерінің  үлесіне
тиген болатын. «Атбасартүстіметалл» тресінің геологтары мыс қорының  1  млн.
тоннаға жуық, ал кеннің жалпы көлемі 1162800 т. болатынын дәлелдеді.

                         Есімше, оның жасалу жолдары

1.  Есімшенің жұрнақтарын тауып, олардың  жасалу  жолдарын  түсіндіріңіздер.


Ат айналып қазығын табар, ер айналып елін  табар.  Келген  дәулет  –  кеткен
бейнет.  Еңбек  ерлікке  жеткізер,  ерлік   –     елдікке   жеткізер.   Қолы
қимылдағанның  аузы қимылдар.

2. Төмендегі сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Оқыған  адам,  тыңдайтын  студент,     қалаға  бармақ,   ертегілер   айтпақ,
ризашылығын білдіретін, сызу сызбақ, жарысқа  қатысқан.

3. Үлгіде көрсетілгендей, сөйлемдерді есімше  формасында  қайта  құрастырып,
есімшенің жұрнақтарын ажыратыңыздар.

  Ү л  г  і:   Журналист  жаңа  бір  лепті  сезді.  Жаңа  бір  лепті  сезген
журналист. Жастардың санасында өзгерістер жүріп жатыр.  Олар  өсе  келе,  ел
үмітін  ақтайды.  Қазір  Марат  шетелде  оқып   жатыр.  Шетелдік  инвестиция
Қазақстан үшін шешуші күшке айналды.

4.  Жақшаның ішіндегі етістіктерден есімшенің түрлерін (өткен шақ,  ауыспалы
шақ, болжалды келер шақ, мақсатты келер шақ) жасаңыздар.

           Ү  л  г  і:   Мен  оны  (көру).  Мен  оны  көр+ген+мін.  Мен  оны
көр+ер+мін. Мен оны көр+етін+мін. Мен оны  көр+мек+пін.  Сания  бұл  кітапты
(оқу). Жаңбыр (жауу).  Марат  жұмысты  тез  (істеу).  Мен  саған  бір  кітап
(көрсету). Концерт   сағат   онда  (аяқталу).  Мен  онымен  (танысу).  Пойыз
сағат үште (келу).

5. Есімшелерден  болымсыз  есімше  жасаңыздар.   Ү  л  г  і:  Бар+ма+ған+мын
(өткен шақ), бар+ма+с+пын (келер шақ), бар+атын емес+пін (ауыспалы шақ).

           Келген, айтқан, сұрау, тыңдаған, сөйлескен, отыр.

6. Мақал-мәтелдерді жаттап,  олардың  мағынасын  түсіндіріңіздер.  Есімшенің
жұрнақтарын ажыратыңыздар.

            Көрмес түйені де көрмес. Толған  ел  –  тарихын  таспен  жазады.
Тозған ел – тарихын жаспен жазады. Бас кеспек   болса да,  тіл  кеспек  жоқ.
Атасынан ақыл алса, тентек ұл да жөнделер. Денсаулықты сақтап,  байытатын  –
қимыл- қозғалыс. Нәрсенің сыртына қызықпа, асылы ішінде болар.

7.   Төмендегі   сөздерге   берілген   жұрнақтарды   қосып   жазып,   есімше
жасаңыздар.

а) -қан, -кен, -ған, -ген.  Отыру,  теру,  жинау,  жеу,  тігу.   ә)   -атын,
-етін, -йтын, -йтін.  Айдау,  сүйреу, тасу, кесу, қалу.   б) -ар,  -ер,  -р.
Сезу, оқу, жинау, қазу, жүгіру. в)  -мақ,  -мек,  -бақ,  -бек,  -пақ,  -пек.
Бару, келу, айту, шешу, тойлау, сезу, сызу.



274-тапсырма. Есімшелерден болымсыз есімше жасаңыздар.
Ү л г і : Кенді игеру; кенді  игер+ген;  кенді  игер+ме+ген  (игерген  жоқ).
Тұжырым айту; тұжырым айт+қан; тұжырым айт+па+ған  (айт+қан  жоқ).  Жобасына
тоқталу;  жобасына   тоқтал+атын;   жобасына   тоқтал+ған   емес;   жобасына
тоқтал+ма+йтын;
Ұйымдастырылған, зеттейтін, барлайтын, анықтар,  шешім  қабылдамақ,  мәлімет
алар, жұмысын  жүргізбек,  еңбекті  талқылар,  дайындық  жүргізген,  маңызын
айтқан.

275-тапсырма.  Өлең  жолдарынан  есімше  жасап  тұрған  жұрнақтарды   тауып,
олардың жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.
Бұл бір сөз қасірет  айтып  хатқа  жазған,         Оқ  тиіп,  он  үшінде  ой
түсіріп,
Қалмаған түк қасиет қазақ азған.                    Бітпейтін жүрегімде  бар
бір жарам.
Байға мал,  оқыған  шен  мақсат  боп,                 Алданып  жегеніме  оны
ұмытсам,
Ойлайтын жұрттың  қамын  адам  азған.            Болғандай  жегенімнің  бәрі
қарам
                                                 * * * * *
...Тек  жүрсе,  тоқ  жүрмекті                              ...Біз   жанбасақ
лапылдап
Қиын   деме   білмекті.                                        Аспан   қалай
ашылмақ.
                                      * * * * *
Қинамайды абақтыға жапқаны,
Қиын емес дарға асқаны, атқаны.               Тән  көмілер,  көмілмес  еткен
ісім,
Маған ауыр  осылардың  бәрінен                   Ойлайтындар  мен  емес  бір
күнгісін...
Өз ауылымның иттері үріп, қапқаны.
                                      * * * * *
Оюын ойып, орындап қойып,             Қиыннан қиып, қиырдан жиып,
Түр салғандай өрнекке.                        Құрап сөзді термекке...

276-тапсырма. Берілген етістіктерден  (өткен  шақ,  ауыспалы  шақ,  мақсатты
келер шақ, болжалды келер шақ) есімше жасаңыздар.
Ү л г і : Өндіру; өндір+ген (өткен шақ);  өндір+етін  (ауыспалы);  өндір+мек
(мақсатты); өндір+ер (болжалды).
Белгілеу, жалғастыру, бұрғылау, қазу,  басқару,  қадағалау,  жеткізу,  салу,
анықтау.

277-тапсырма.     Есімшелерді        оңаша      және       ортақ       түрде
тәуелдеңіздер.
Ү л г і :  Оңаша,  I жақ:    Менің    түсіндір+ер+ім.    Ортақ,    I    жақ:
Біздің   түсіндір+ер+іміз.
Қолданатын,     жобалар,    ақылдаспақ,    жеткен,    тіркелер,    енгізген,
орналастырмақ, арнар.

278-тапсырма. Төмендегі есімшелерді септеңіздер.
Айтқан, білетін, салған, ойлайтын, жүргізетін, баяндайтын.

279-тапсырма.  Сөйлемдердегі  есімшелердің  сөйлемнің   қай   мүшесі   болып
тұрғанын анықтаңыздар.
1942 жылы Қ. Сәтбаев  Жезқазғанға  арналған  ғылыми  еңбегі  үшін  геология-
минералогия  ғылымының  докторы  атағына  ие  болған.  Сол  жылы  «Жезқазған
ауданының  кен  орындары»  атты  ғылыми  еңбегі  үшін   мемлекеттік   сыйлық
берілген. Соғыс  кезіндегі   ауыр  жылдарда  ғалым  өзінің  бар  күш-жігерін
Отанды  фашизмнен  қорғау  ісіне  арнаған.  Басқа  да  жұмыстарымен   қатар,
Жездідегі марганец қазба байлығын да ашқан.

280-тапсырма. Үлкен Жезқазғанның  құрылысы  жөнінен  қысқаша  мәлімет  алып,
мәтіндегі есімшелердің жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.
Үкен Жезқазған құрылысын бастауға, оны  ұлғайтуға  қарсы  болған  ұйымдардың
бірі – түсті металдар Бас  басқармасы  (Главцветмет)  болатын.  Басты  себеп
ретінде  Жезқазғанды  Одақтың  көлеміндегі   магистральмен   байланыстыратын
темір жолдың жоқтығын алға тартқан. 1931 жылы бұл мәселе бойынша техникалық-
экономикалық дайындық жұмыстарын жүргізіп, Үлкен Жезқазған құрылысы үшін  ең
тиімді жобаны  салынып   жатқан   Қарағанды-Балқаш  темір  жолына  қосу  деп
шешкен болатын. Темір жол құрылысы 1936 жылдан  қалмай  басталып, 1938  жылы
алғашқы жұмыстары басталатын болған. Бұл жоспар Үлкен  Жезқазған   құрылысын
кең көлемде жүргізуге толық мүмкіндік беретін еді.  Үлкен  Жезқазған  9  жыл
бойы қалыптасқан, негізін жергілікті қазақтар құрайтын 3  мыңға  жуық  маман
жұмысшы кадрлары бар Қарсақбай комбинатының базасында салынбақ еді.

281-тапсырма. Өлеңді оқып, есімшелерді тауып,  олардың  қай  шақта  тұрғанын
айтып беріңіздер.
Қарғадан қарға туар қарқылдаған,
Жақсыдан жақсы туар жарқылдаған.
Дегендер: «Мен жақсымын» толып жатыр,
Пайдасы өз басынан артылмаған...
                                                              Бәрінен  тыныш
ұйқтап жатқандар көп,
                                                             Ұмтылып,  талап
ойлап талпынбаған.
                                                                Бос    босаң
жасық туған боз бала көп,
                                                              Киіздей   шала
басып қарпылмаған...

                        (Базар жырау)

282-тапсырма.  Көп  нүктенің  орнына  есімшенің  тиісті  жұрнақтарын   қосып
жазыңыздар.
Құлақтан кіріп, бойды ал...,                              Алтау бол...,  бес
бол...,
Жақсы ән мен тәтті  күй.                                     Ішінде  абаданы
бір бол... .
Көңілге  түрлі  ой  сал...                                        Абаданынан
айырылса,
Әнді сүйсең, менше сүй.                                   Олардың әрбіреуі

  Әрбір итке жем бол... .


8-апта. 24-тәжірибелік сабақ.
Аралық бақылау жұмысы.


9-апта. 25-тәжірибелік сабақ
Грамматика: Етіс категориясы. Негізгі, өздік, өзгелік етістер.
283-тапсырма.  Д.  А.  Қонаевтың  Қазақстан   экономикасы   мен   мәдениетін
өркендету жолындағы  жасаған  еңбектерін  өз  білетіндеріңізбен  толықтырып,
мәтінді мазмұндаңыздар.

                 Мемлекет және қоғам қайраткері, академик –
                                 Дінмұхамед Қонаев (1912-1993)

       Қонаев  Дінмұхамед  Ахметұлы  –  аса  көрнекті  мемлекет  және  қоғам
қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек  Ері,  Қазақ  КСР  ҒА-ның  академигі,
техника ғылымдарының  докторы,  КСРО  шет  ел  ордендері  мен  медальдерінің
иегері.
       Верный  (қазіргі  Алматы)  қаласында  қызметкердің  отбасында  өмірге
келген. Мәскеудегі Түсті металл алтын институтын бітіріп,  тау-кен  инженері
мамандығын алады.  Ол  Балқаш  мыс  қорыту  комбинатының  Қоңырат  руднигіне
жұмысқа  орналасады,  онда  бұрғылау  станогының  машинисі,   цех   бастығы,
рудниктің бас инженері және оның директоры болып қызмет істейді.
      Екінші дүниежүзілік  соғысының  қиын  күндерінде  ол  тылдағы  жұмысты
ұйымдастыруда іскерлігімен көзге түседі. «Алтайполиметалл» комбинатының  бас
инженерінің  орынбасары,  Риддер   руднигінің   және   КСРО   қорғасын-мырыш
өнеркәсібінің ең ірі кәсіпорындарының бірі  –  Лениногор  кен  басқармасының
директоры қызметтерін атқарады. Қазақстан ғалымдары  оны  Қазақ  КСР  ҒА-ның
академигі және оның президенті етіп сайлайды.
      Д. Қонаев өмірінің 45 жылға жуығын  ел  басқару  ісіне  арнады,  ширек
ғасырға  жуық  уақыт  Қазақстанның  бірінші  басшысы  қызметін  атқарды.  Ол
жауапты  басшылық  қызметті  атқара  жүріп,  республикадағы   тау-кен   ісін
дамытуға, еліміздегі ғылымның дамуына үлкен үлес қосты.
      Республиканы басқарған жылдары Қазақстанда жаңа  өнеркәсіпті  аудандар
қалыптасып, елде жаңа қалалар мен ірі елді мекендер пайда  болды.  Павлодар-
Екібастұз  отын-қуат  кешені,  Қарағандыдағы  ГРЭС-2,  Шығыс   Қазақстандағы
Бұқтырма су электр станциясы, Павлодар  трактор  зауыты,  т.б.  кәсіпорындар
іске қосылды. Маңғыстаудың мұнай кен орындары игерілді, темір жол  құрылысы,
көлік түрлері дамыды. Республика титан,  магний,  синтетика,  каучук  өндіре
бастады.  Электротехника,  машина  жасау,   химия   салалары   тез   дамыды.
Жезқазған, Маңғыстау және Торғай облыстары шаңырақ көтерді.
      Д. Қонаев тау-кен инженері,  тау-кен  ісі  саласының  ірі  ғалымы,  өз
заманының  ұлы  саясаткері  бола  білді.  Ол  билік  басында  болған   уақыт
қаншалықты  күрделі,  қарама-қайшылықты  болғанымен,   елдің   экономикасын,
әлеуметтік саласын, ғылымын,  ұлттық  мәдениетін  дамыту  ісіне  өзінің  мол
тәжірибесін және ұйымдастырушылық қабілетін  аянбай  жұмсады.  Ел  мүддесін,
болашақ қамын бір сәтке де естен шығарған емес. Алпысыншы жылдардың  басында
Н. С. Хрущевтың озбырлығымен Өзбекстанға беріліп кеткен қазақ жерінің  біраз
бөлегін қайта қайтарып алуы да соның айқын бір дәлелі еді.
      Д. Қонаев сегіз рет Ленин орденімен марапатталды. Ол еліміздің  партия
және шаруашылық жұмыстарымен өзінің ғылыми еңбектерін ұштастыра білді.  100-
ден аса ғылыми еңбектері жарық көрді.  Д.  Қонаевтың  қажымай,  талмай  ұзақ
жылдар   бойы   жасаған   ерен   еңбегінің   нәтижесінде,   Қазақстан   өзге
республикалардан  көш  ілгері  озып,  лайықты  орынға  ие   болды.   Ғылыми-
зерттеулердің жаңа бағыттары  көрініс  тапты.  Ол  өз  ісіне  адал  берілген
табанды қайраткер. Халық алдындағы парызын абыроймен орындаған абзал  азамат
1993 жылғы 22 тамызда, 82 жасқа қараған шағында кенеттен қайтыс болды.

      Сөздік:
тылда жұмыс істеу – работать в тылу
қорғасын – свинец
мырыш – цинк
мүдде – желание; цель; интерес; запросы; намерение
табанды – упорный; стойкий; решительный; настойчивый

           284-тапсырма.  Мәтіннің  мазмұны  бойынша  сұрақ-жауап   (сұхбат)
құрастырыңыздар.
      Ү л г і:
– Д. Қонаев өзінің қандай ерекше қасиеттерімен танылды?
– Д.  Қонаев     Қазақстанның     партия     ұйымын      басқарған     ширек
ғасырға
    жуық  уақыт  ішінде   өзінің    үлкен    мәдениеттілігімен,    иманжүзді
ізеттілігімен
   танылып,    халық   дәстүрін  жақсы  білетін,  ой-өрісі  кең  жан  екенін
көрсетті.

285-тапсырма. Төмендегі етістіктерден өзгелік етіс жасаңыздар.
Ү л г і:  Тазалау; тазала+т; Тігу; тік+тір.
 Қолдану, жасау,  басқару,  қадағалау,  түсіру,  шешу,  қабылдау,  белгілеу,
атқару, жинау, дәлелдеу, анықтау, зерттеу, ұйымдастыру, дамыту.

286-тапсырма.  Мәтіннен  негізгі,  өздік,  өзгелік  етістерді  тауып,  астын
сызып, олардың жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.
Ү л г і:  Д. Қонаев аз уақытта іскер басшы, зор талап иесі болып  көр+ін+ді.
Жер-дүниені су қылып, сырттағы шаруашылықтарға  баратын  жолды  батпақ-лайға
айнал+дыр+ған жаңбырдың кесірінен Димекең көлік ауыстыр+ғыз+ды.
                              Етіс категориясы
Етіс деп қимылдың  объекті  мен  субъектіге  қатысын  білдіретін  етістіктің
категориясы аталады. Етіс бес түрге  бөлінеді:  1)  негізгі  етіс  (основной
залог), 2) ортақ етіс (совместный залог),  3)  өзгелік  етіс  (понудительный
залог), 4) ырықсыз етіс (страдательный залог),  5)  өздік  етіс  (возвратный
залог).
Негізгі етіс – етістің түрлеріне құбылмай  тұрғандағы  түбір  қалпы  жатады.
Мысалы: жат, оқы, ойла, әзірле, жақ т.б.
Өздік етіс – негізгі етістен -ын, -ін, -н жұрнағы арқылы  жасалып,  қимылдың
субъектінің  өзіне  жасалатынын  білдіретін  етістің  түрі  өздік  етіс  деп
аталады: жу+ын, ки+ін, тара+н.
Өзгелік етіс – негізгі етістен -тыр, -тір, -дыр, -дір, -ыр, -ір,  -т,  -қыз,
-кіз, -ғыз, -гіз жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалып, қимылдың бөгде  адам
арқылы жасалуын білдіреді: айт+тыр, сөйле+т, жаз+ғыз.

287-тапсырма.   Етіс   категориясының   үш   түріне   сөйлемде   құрастырып,
көрсетілген жолдарға жазыңыздар.

                                                       1.            Негізгі
1........................................

                                                         2.            Өздік
2........................................
Етіс категориясы:
                                                             3.      Өзгелік
 3........................................


288-тапсырма.  Етіс  категориясының  (өздік,  өзгелік)  түрлерін   ажыратып,
оларды екі бағанаға бөліп жазыңыздар.
Димекең осы сапарында халықтық ерекше сый-құрметіне  бөленіп,  елден  ерекше
көңілді арқаланып аттанды. Тосын табысты Мәскеудің баспасөзі  жарыса  жазып,
радиосы бірнеше рет қайталап, жетістікті  жаһанға  жеткізді.  1978  жылы  ол
кезде Күрті ауданына қарайтын Желтораңғы  ауылында  облысты  шулатқан  оқиға
болды. Оны іздеушілердің жорығы ауылды әбден  дүрліктірді.  Оған  Балқаштағы
сауда орталығының салынуы, Алматыда «Балқаш» демалыс  үйінің  ұйымдастырылуы
дәлел бола алады. Д. Қонаев осы сапарында өзінің «Өтті дәурен  осылай»  атты
кітабымен  таныстырды.  1986  жылы  орталықтың  жүргізіп  отырған  әділетсіз
саясатына қарсы республика жастары өз қарсылықтарын білдіріп алаңға шықты.

289-тапсырма.     Төмендегі       етістерге       морфологиялық       талдау
жасаңыздар.
Ү л г і: Аударғызды: аудар –  етістіктің  түбірі;  -ғыз  –  өзгелік  етістің
жұрнағы; -ды –етістіктің жедел өткен шағының жұрнағы.
Сезінеді, істетеді, бергізеді, айтқызады,  қырын,  таран,  боян,  сақтандыр,
шошын, теңестір.
290-тапсырма. Көп нүктелердің орнына өздік, өзгелік  етістердің  жұрнақтарын
қосып жазыңыздар.
Жауынгерлер жетіл...ілген жаңа қару-жарақтармен қаруланған. Д.  Қонаев  1960
жылғы қаңтардан бастап Қазақстан  Компартиясы  Орталық  Комитетінің  бірінші
хатшысы болды, 1962 жылы желтоқсанда ол жоғары лауазымды қызметтен  ал...ды.
XXIV пен XXVII съезд  аралығында  Орталық  Комитет  Саяси  Бюросының  мүшесі
болып сайла...ды. Батыс және Солтүстік  Батыс  бөлігіндегі  қираған  қалалар
мен өнеркәсіп  күштерін  қалпына  кел...ді.  Көмір  қазу  220  млн.  тоннаға
жет...ілді. Сәнді де салтанатты мәдениет сарайлары, оқу  орындары  сал...ып,
мекемелер жаңа техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілді.

291-тапсырма.  Өлең  жолдарынан  етіс  категориясының   жұрнақтарын   тауып,
олардың түрлерін ажыратыңыздар.
Қыздырып  күннің  қарауы,                              Халыққа   сөйте-сөйте
нандырды өзін,
Надандық теңізі тартылар.           Алғыза бастады ептеп айтқан сөзін.
                                            * * * * *
Қысқа түн қымқырылды, таң көрінді,                            Абылай салды
жарлықты
«Кел, шық» деп, иек қағып жарық күнге...          Қалдан ханды қашырып,
...Көк майса көзі ілініп тұрған сондай,           Шөп салған жерін бұздырып
Асыл шөп, жасыл шөптің иісі аңқып.          Ұрысты қатты қыздырып.
                                            * * * * *
Әділ болып байқадым, не өндірдім?      Он жыл қызмет қылып бір кедей
таппас,
Бұл басым залым болып  бір  байқасын!          Қондырған  бір  жүзікке  асыл
тасын.

292-тапсырма.  Берілген  өздік,  өзгелік  етістердің  көмегімен  сөйлемдерді
толықтырыңыздар.
Ташкентте  шыққан  «Ақ  жол»  газетінде  А.  Байтұрсынұлы  туралы   «Лайықты
қошемет» атты мақала ..................... . Қазақтың әдеби тілінің  негізін
салушы, «А» әліпбиінен бастап ......................, надандықпен  күресуші,
сауатсыздықты жоюшы ұстазымыз – А. Байтұрсынов.  Оқу  ісіне,  жазу  емлесіне
жаңалық  .......................  дана.  Патша  үкіметінің  зұлым  саясатына
қарсылық пікірін  .....................  қаһарман.  А.  Байтұрсыновты  қазақ
халқының рухани көсемі деген танымдарын газет бетінде паш  ете  отырып,  оны
қараңғылық  көгіндегі  темірқазыққа   ........................   .   Зерттеу
еңбектері  том-томдап   жарық   көріп,   Ахметтану   саласына   өз   ойларын
......................, өзіндік үлестерін қосып жатыр.
Сөйлемдерді толықтыруға  керекті  етістер:  Жарияланды,  оқытып,  кіргізген,
таратқан, теңестірді, жеткізіп.

293-тапсырма.  Тіліміздегі  кейбір  сөздердің  нақты  мағынасын  меңгерейік!
Берілген сөздердің мағынасын түсініп,  есте  сақтаңыздар.  Етістердің  астын
сызыңыздар.
      Әдебиет – жалпы жазба және көркем  шығармалар  жиыны.  «Әдебиет»  сөзі
бізге араб, парсы тілдерінен енген. Оның араб  тіліндегі  тұлғасы  «адабуын»
болса, алғашқы мағыналарының бірі – «тәрбие беру». Ал парсы  тілінде  «әдиб»
сөзі қазақ тіліндегі «жазушы» кейде «ұстаз», «тәрбиелеуші»  деген  ұғымдарда
қолданылады. Осы сөздер негізінде тіліміздегі «әдебиет» сөзі қалыптасқан.
      Тарих – мұның  алғашқы  мағынасы  басқашалау  болған.  Араб  тіліндегі
«арқ»  немесе  «алрраһ»  сөзі  «ай,  күннің  есебін  (датасын)  қою,   жазу»
мағынасында қолданылады.  Осы  түбір  сөздің  алдына  араб  тіліне  тән  сөз
тудырушы  қосымшаның  бір  түрі  «та»  қосылып,  «таарқ»  немесе   «таағрақ»
делініп, бастапқы мағынасына біршама өзгеріс енген. Сөйтіп, ол қазақ  тіліне
осы күйінде ауысқан.
      Баяндама – жиналыста жасалатын хабарлама. Баяндама сөзінің  арғы  тегі
– араб тілінен шыққан. Түркі тілдеріне ерте кезде ауысып, қалыптасқан.  Оның
араб  тіліндегі  «байан»  тұлғасы  –«мазмұнын  түсініп   беру»   мағынасында
қолданылады.


9-апта. 26-тәжірибелік сабақ
Грамматика: Ортақ, ырықсыз етіс категориялары.
294-тапсырма.       Жер     ғылымының   жаңа  саласының    негізін   қалаушы
ғұлама  ғалым  –  А.Ж.  Машановтың  ғылым  жолынан  мәлімет  алып,   мәтінді
мазмұндаңыздар.

 Жер ғылымының жаңа саласы – геомеханика
                  ғылымының негізін салушы – Ақжан Машанов
                                 (1906-1997)


                      Азабын алыс жолдың жүрген білер,
                                                                       Мен
                        емес, оны айтып міндетсінер.
                                                                  Ар үшін,
                           елім үшін еткен еңбек,
                                                                       Жас
                       ұрпақ – келешегім, солар білер.
                                                             (Ақжан Машанов)

       Ақжан  Жақсыбекұлы  әл-Машани  –  ҚР  ҰҒА-ның  корреспондент  мүшесі,
профессор. Университетті қызыл дипломмен бітірген тұңғыш түлегі, ҚР  ҰҒА-ның
құрылтайшысы, жер ғылымының жаңа  саласы  –  геомеханика  ғылымының  негізін
салушы инженер, өзі ұстаздық еткен «Маркшейдерлік іс» кафедрасына 30  жылдай
жетекшілік еткен. Қазақ фонтастикасы  мен   «Білім  және  еңбек»  журналының
негізін қалаған. Ұлы баба әл-Фарабиді алғаш танытып,  ұрпағымен  қауыштырушы
және оның мұрасын жан-жақты бірегей зерттеуші. Фараби (1970) бабаның  көркем
образын тұңғыш жасаған қаламгер.
Ұлттық техника зиялылары Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ  шаңырағын  1934  жылы
Кен-металлургия  институты  болып  көтергенде,  оның  алғашқы  шәкірттерінің
бірі, ҚР ҰҒА-ның тұңғыш корреспондент-мүшесі, ғұлама ғалым,  профессор  А.Ж.
әл-Машани болған.
А.Ж. әл-Машани геология, маркшейдерлік іс салаларымен  сабақтас  жаңа  ғылым
саласы  –  жер  механикасының   (геомеханика)   іргетасын   профессор   П.К.
Соболевский  және  оның  шәкірті  А.П.  Рыжковпен  бірге  қаласып,   негізін
салушының бірі.
Ғалымның осыдан 30-40 жыл бұрын-ақ қазақ тілінде оқулық жазуын;  ең  бастысы
мың жылдан астам уақыт өз ұлты үшін  тарих  топырағында  жабулы  қалған  ұлы
бабасы  –  әл-Фарабиді  ұрпағымен  қауыштыруын;  ал  соңғы  жылдары  жасының
тоқсанға иек артып қалғандығына қарамастан шығармашылық ширақтығын  танытып,
қазақтың екі алып данасы - әл-Фараби мен Абай арасындағы рухани  байланыстың
зерделенуін; Қазақстан  ғылымын  жаңа  сатыға  көтеретін,  әрі  ұлт  намысын
көтеріп, ел мүддесін қастерлейтін ұрпақ тәрбиесінің  пәрменді  идеологиясына
бастау болардай жазылған шығармаларын атар едік.
1936-1939 жылдардан бастап-ақ шыға бастаған: «Жер  сілкіну»,  «Таулар  қалай
құрылған», «Жанартау» және «Жер бетінде тіршілік қалай пайда  болды?»  деген
тәрізді жеке-жеке  кітапшаларын  айтуға  болады.  Бүгінгі  таңда  республика
жоғары оқу орындары Кен факультеттерінде «Жер механикасы» жеке  пән  ретінде
оқытылады.
А.Ж. әл-Машани отыз жылдан астам  уақытын  «Маркшейдерлік  іс»  кафедрасының
меңгерушілік  қызметінде  –  кен-инженер-маркшейдер  мамандарын   даярлаумен
үздіксіз айналысып, білікті  кәсіби  маман  –  инженерлер  даярлауға  сүбелі
еңбек қосқан болатын.
1960 жылдардың басында  ғалым  Кен  атауларының  тұңғыш  терминдік  сөздігін
шығаруға  белсене  араласады.  А.  әл-Машани  ауыл  мектебін  қазақ  тілінде
тәмәмдап келген жастарға  геология  саласынан  білім  беру  мақсатымен  И.В.
Мушкетовтың «Жалпы геологияның қысқаша курсын»,  В.А.  Обручевтің  «Геология
негізін», И.  Потемкиннің  «Геология  және  минералогия»  оқулықтарын  қазақ
тіліне аударды.
Ағжан ағамыздың туған халқына жасаған еңбектерінің  бірі  –  жарты  ғасырдан
астам ғұмырын әл-Фараби  мұрасын  зерттеуге  бағыштап,  ұлы  бабаның  көркем
бейнесін «Әл-Фараби» (1970) романында сомдағанында.
Ұлағатты ұстаз А.Ж. әл-Машанидың 100 жылдық мерейтойының  2006-2007  жылдары
дүние жүзі бойынша ЮНЕСКО шеңберінде аталып өтілуі ғалымның қауым үшін,  ұлт
құндылықтарын дамытудағы еңбегінің бағасы деп  қарастырған  жөн.  Осы  ретте
ғұламаның  әлі  оқушысын  таппаған  150  баспа  табақ  зерттеулері  тәуелсіз
еліміздің жастарын тәрбиелеудегі әлі  игерілмеген  қазынасы  екендігін  айта
кету міндет. Бұл Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ үшін зор мақтаныш.

Сөздік:
бірегей – уникальный
зерде – интеллект; ум; сознание; память
зерделі – благоразумный; внимательный
пәрменді – ударный; мощный; сильный; с размахом; ударно

295-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша  берілген  сұрақтарға  жауаптарыңызды
бос жолдарды толтыру арқылы беріңіздер.
1.              А.               Ж.               Машанов               кім?
............................................................................
.........
2.             Ол             ненің             негізін             қалаған?
............................................................................
.
3.       әл-Машани        қай        кафедрада        ұстаздық        еткен?
...............................................
4.           Қай            журналдың            негізін            қалаған?
.................................................................
5.        А.        Машанов        кімді        халқымен        қауыштырған?
.............................................
6. Оның не туралы жазған шығармаларын ерекше атауға болады? ............
7.     Қандай     тақырыптарға     жазған      кітапшаларын      білесіздер?
.........................
8.       Ол       қандай       мамандарды       даярлаумен        айналысты?
......................................
9.   А.   Машанов   қай   салада   тұңғыш    терминдік    сөздік    шығарды?
..................
10.    Ол    кімнің,    қандай    оқулықтарын    қазақ    тіліне    аударды?
..........................
11. әл-Машани жарты ғасырдан астам ғұмырын кімнің
                     мұрасын                зерттеуге                арнады?
.......................................................................

296-тапсырма. А.  Машановтың  әл-Фараби  зиратының  басында  тұрып  шығарған
өлеңін жаттаңыздар.
Түркістан, Шам арасын жақындатқан бабамыз,          Зират айлап басыңды,
Басыңа келді ұрпағың, ақылды, дария  данамыз.           Елден  іздеп  келген
ем.
Араб, парсы, түрікте Сізді білмес жан бар ма ?            Тәбәрік  етіп  бір
уыс,
Басқаларды таниды тарихқа көзін салғанда.                Топырақ  алдым  мен
сенен.

        Мағауия   мешіті,                                   Торқалы    менен
тоғысқан,
      Сан ғасыр бастан кешірген.             Тоқсан тарау жол екен.
                Қасыңда әлі тұр екен,                       Сізге  де  мекен
болыпты,
                Дар ас – Салам ол мекен.                   Ел  басын  қосқан
сол мекен.

       (А. Ж. Машанов

        23. 09. 1968 ж., Дамаск)

297-тапсырма. Мәтіннен ортақ және ырықсыз етістерді тауып, олардың  түрлерін
ажыратыңыздар.
Ү л г і: Ұлы баба әл-Фарабиді алғаш таны+т+ып («таны» – сөздің  түбірі,  «т»
өзгелік етістің  жұрнағы;  «ып»  көсемше  жасап  тұрған  жұрнақ),  ұрпағымен
қауыш+тыр+у+шы («тыр» –өзгелік етістің жұрнағы) және оның мұрасын  жан-жақты
зерттеуші.

                      Ортақ, ырықсыз етіс категориялары
Ортақ етіс (взаимно-совместный залог). Негізгі етістен -ыс, -іс, -с  жұрнағы
арқылы жасалып, қимылдың бірнеше субъектіге ортақ екенін білдіретін  етістің
түрі ортақ етіс деп аталады: айт+ыс, кел+іс, жақта+с.
Ырықсыз етіс (страдательный залог). Негізгі етістен -ыл,  -іл,    -л,  кейде
түбір л дыбысына аяқталса, онда -ын,  -ін,  -н  жұрнақтары  арқылы  жасалып,
қимылдың  жасаушысы  белгісіз  болып,  қимыл  өзінен-өзі  жасалғандай  болып
көрінуін  білдіретін  етістің  түрі  ырықсыз  етіс  деп   аталады:   орындық
қой+ыл+ды, су құй+ыл+ды, киім іл+ін+ді.

298-тапсырма. Ортақ, ырықсыз етіс категорияларының емлесін қайталап,  жасалу
жодарын еске түсіріңіздер.

299-тапсырма. Сөздерді мағынасына қарай іріктеп, ортақ және  ырықсыз  етісті
сөз тіркестерін жасап, оларды көрсетілген бос жолдарға жазыңыздар.

|1. күш         |а) құралады      |1.......................................|
|2. жастардан   |ә) сақталады     |.............................           |
|3. әлемде      |б) жатқызылады   |2.......................................|
|4. мәңгі       |в) берісіпті     |.............................           |
|5. қатарына    |г) таралған      |3.......................................|
|6. батасын     |ғ)  мойындалған  |.............................           |
|7. кең         |д) салынды       |4.......................................|
|8. қаһарманға  |е) телінді       |.............................           |
|9. қала        |ж) жазысты       |5.......................................|
|10. хат        |з) сынасқан      |.............................           |
|               |                 |6.......................................|
|               |                 |.............................           |
|               |                 |7.......................................|
|               |                 |.............................           |
|               |                 |8.......................................|
|               |                 |.............................           |
|               |                 |9.......................................|
|               |                 |.............................           |
|               |                 |10......................................|
|               |                 |..............................          |

300-тапсырма. Берілген етістерді жіктеңіздер.
      Ү л г і: Сыз+ыс+у: Мен сызыстым,  сен  сызыстың,  сіз  сызыстыңыз,  ол
сызысты.  Біз  сызыстық,  сендер  сызыстыңдар,  сіздер  сызыстыңыздар,  олар
сызысты.
      Жазылу, келісу, киіну, мақтану, ойлану,  алысу,  қабылдасу,  есептесу,
жинасу.

       301-тапсырма.  Сөйлемдерді  қазақ  тіліне  аударып,  ырықсыз  етістің
(страдательный залог) жұрнақтарын тауып, жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.
      Гости приглашены. Письмо  отправлено.  Белье  постирано  и  выглажено.
Квартира  убрана.  Талгат  записался  в  кружок  иностранных  языков.   Люди
собрались на собрание. Дома и деревья покрылись белым снегом.  Мы  поднялись
с первого этажа на второй на эскалаторе. Урок окончен. Я  выздоровила.  Было
выпито много чая. Много книг было прочитано.

      302-тапсырма. Етістіктерге  ортақ  етістің  жұрнақтарын  қосып  жазып,
олармен сөз тіркестерін құрастырыңыздар.
      Ү л г і:  Пісіру;  пісір+іс+ті; Асты пісір+іс+ті.
      Жабу, ішу, ашу, кесу, алу, әкелу, жуу, үтіктеу,  беру,  шақыру,  жазу,
көтеру, жақтасу, ойлау.

303-тапсырма.  Сөйлемдердегі  етістердің  астын  сызып,   олардың   түрлерін
ажыратыңыздар. .
Тәуелсіздік жарияланған аз уақыттың ішінде елдің іргесін  бекітетін  біршама
игілікті істер атқарылды. Елімізде өз Қарулы күштеріміз құрылды. Әскер –  ел
қорғаны екенін өз Қарулы күшің бар кезде еркін сезінесің. Қандай қиын  заман
болса да елін жаудан қорғап, халқына пана болған батырларымыз  осы  әскердің
құрамында қарсыласымен күш  сынасқан.  Қазіргі  әскерлеріміздің  80  пайызға
жуығы қазақ жастарынан құралады. Әлемде мойындалған бір шындықтың бар  екені
белгілі. Қазақстанның әрбір азаматы Отан үшін отқа түсе білсе, ел  тыныштығы
мәңгі сақталады.

304-тапсырма.       Өлеңді     мәнерлеп  оқып,   мағынасын   түсініп,   есте
сақтаңыздар.

                    Ұстазым Ақжан әл-Машанидың 100 жылдық
                              мерейтойына арнау

Көңілі бір Сарыарқадай кең еді,                     Мерейтойға шашу ету  ән-
жырды,
Іздегені жер  астының  кені  еді.                         Бабалардан  қалған
дәстүр бұрынғы.
Шәкірттері атап  жатқан  бүгінгі,                      Машановты  еске  алу,
-деп ашалық,
Ұлы  ұстаздың  100-ге  келген  тойы  еді.            Тойымыздың   шымылдығын
бүгінгі.

Әл-Машани  қазағымның  мақтаны,                    Бейнесі   елестейді   шың
басында,
Ғұлама деп сөз сөйлейміз шаттана.                 Аңыз боп  аты  жеткен  бір
ғасырға.
Білім қадірін түсінетін адамға,                         Мәңгілік есте  қалар
есімің, -деп,
Машани ісі жадында қалар жаттала.               Арнадым осы жырды ұстазыма.

           (М. Нұрпейісова)

305-тапсырма. Жақшаны  ашып,  жақшаның  ішіндегі  етістіктерді  тиісті  етіс
формасына қойыңыздар.
1931 жылы  Әбілхан  Қастеев  Мәскеудегі  Н.К.Крупская  атындағы  көркемсурет
студиясына (жіберу). Құрманғазының есімі атақты күйші  ретінде  бүкіл  қазақ
даласына (тарау).  Ғасырлар  бойы  ауыздан-ауызға  көшіп,  халықтың  жадында
(сақтау), бүгінгі  дәуірге  жеткен  шешендік  өнер  елдің  ойлау  деңгейінің
шексіз  жоғарылығын  танытады.  «Гүлдер»  ансамблінің  қыздарына  қарап   әр
қазақтың қызының бойы  (түзеу).  Өнеге  деген  осы,  -деп  үлкендер  батасын
(беру). Бұл кезеңнің әдеби тілін көрсететін материалдар VI –  VIII  ғасырлар
аралығында (жазу) руникалық жазба ескерткіштер.

 306-тапсырма. Етістіктерді тауып, олардың жасалу жолдарын  түсіндіріңіздер.

Жалпы тіршілікте алыстаған сайын асқақтай көрінетін адамдар  болады.  Сондай
адамдардың бірі Ақжан Жақсыбекұлы әл-Машани. Уақыт өткен сайын ғұлама ғалым-
ұстаздың  өмір  жолы  мен  ғылыми  еңбектерінің  қажеттілігі  ұрпақтар  үшін
бұрынғыдан да ұлғая, биіктей береді. Ақжан Жақсыбекұлының жарқын бейнесі  ХХ
ғасырдың ойшыл ғұламаларының арасында шоқ  жұлдыз  болып  көрінеді  және  ол
қазақ халқының мақтанышы бола бермек.
Қазақстан Республикасы  Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың  ұсынысымен  және  ел
азаматтарының қолдауымен ғалымның  100  жасқа  толған  мерейтойын  атап  өту
ЮНЕСКО-ның Күнтізбесіне енгізілген  болатын.
Ұлағатты  ұстаз  А.Машановтың  100  жылдық   мерейтойы   2006-2007   жылдары
дүниежүзі бойынша ЮНЕСКО шеңберінде аталып өтілді.

 9-апта. 27-тәжірибелік сабақ
Грамматика: Сын есімнің жай және салыстырмалы шырайлары.
307-тапсырма. Академик Ө. Байқоңыровтың шығармашылығымен танысып, мағынасын
түсініп, мәтінді мазмұндаңыздар.

                    Тау-кен инженері, академик – Өмірхан
                  Аймағанбетұлы  Байқоңыров    (1912-1980)

      Байқоңыров Өмірхан Аймағанбетұлы – тау-кен  инженері,  ғалым,  техника
ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстан ҰҒА-ның  академигі,  Қазақстанның
еңбек сіңірген жоғары мектеп қызметкері.  Туған  жері  –  Жезқазған  облысы,
Ұлытау ауданы, Сөмке ауылы (қазіргы Ұлытау  совхозы).  1925  жылдан  бастап,
өмірінің соңына  дейін  Қарсақбай,  Шымкент  және  Қарағанды  металлургиялық
зауыттарында  жұмысшы-металлург  болып   жұмыс   істеген,   кедей   шаруаның
отбасында дүниеге келді.
      Ө. Байқоңыров 1940 жылы Қазақ  тау-кен  металлургия  (қазіргі  ҚазҰТУ)
институтын тау-кен инженері мамандығы бойынша бітіріп шығады. 1952 жылы  осы
институтқа директор болып тағайындалады. Институт 1960  жылы  политехникалық
болып қайта құрылады. 1962  жылы   Ө.  Байқоңыров  осы  институттың  ректоры
болып қызмет істейді.
      1962 жылы  Қазақ ССР ҒА-ның академигі,  сонымен  қатар  академик-хатшы
болып сайланады. Ол – пайдалы қазбалар  кен  орындарын  әзірлеу  саласындағы
көрнекті  ғалым-энциклопедияшы.  Оның  ірі  еңбектері  дүниежүзілік   ғылыми
қоғамға кеңінен танымал, ірі тау-кен инженері және өндіріс  ұйымдастырушысы,
көрнекті қоғам қайраткері, өз Отанының патриоты, Қ.И. Сәтбаевтың шәкірті.
      Жас  тау-кен  инженерінің  еңбектену  кезі  Ұлы  Отан  соғысының  ауыр
жылдарына келді. Оған ескі шахтаны  қайта  қалпына  келтіру  жүктелді.  Оның
жетекшілігімен жер бетіндегі ғимараттар, шахта оқпаны және  жер  асты  қазба
жұмыстары қалпына келтірілді. Үш-төрт айдан соң жүздеген тонна  мыс  жаңадан
алына бастады. Ө. Байқоңыров мемлекеттік  жоспарды  асыра  орындап  отырғаны
үшін Мемлекеттік комитеттің ауыспалы Қызыл Туын 16 рет жеңіп  алды.  Тау-кен
жұмыстарының   жаңа   әдістері    тұрақты    түрде    сынақтан     өткізіліп

          тұрды. Жезқазғанда қазба  жұмыстарын  жылдам  жүргізу,  қазып  өту
процесін  механикаландыру  және  тазарту  жұмыстарын   ұйымдастыру   бойынша
шаралар жүргізіп отырды.
      Ө. Байқоңыров  тау-кен  инженері  ретінде  бұрғылау-жару  жұмыстарынан
бастап,  кенді  денелердің  жер  қабатында  орналасуына  байланысты   барлық
технологиялық процестерді дамытуға, жаңартуға маңызы зор үлес қосты. Сондай-
ақ  ол  Ертіс-Қарағанды  каналының  және  Қарағанды,  Екібастұз,  Жезқазған,
Теміртау, Балқаш, Шет, Қарағайлы  аудандарындағы  ірі  рудниктер,  Маңғыстау
түбегіндегі   мұнай   кен   орындары   сияқты   өнеркәсіптік   орталықтардың
құрылыстары жұмыстарын атқаруға белсене қатысқан.
      Академик Ө. Байқоңыров  жаңа  тиімді  технологияларды  кеңінен  дамыту
және  өндіріске  енгізу  мақсатында  тау   жыныстарының   физика-механикалық
қасиеттерін  бақылауда  сейсмикалық,  ультрадыбысты,   оптикалық,   ядролық-
физикалық және басқа әдістерін қолдануды енгізді.
       Оның  еңбегінің  ең  биік  шыңы  –  пайдалы  қазбалы  кен   орындарын
әзірлеудің сыныптамасы мен әдістерін  таңдау  әдістемесін  құруы.  Ол  түсті
металдар кенін, химиялық шикізаттарды және кенді емес материалдарды  жерасты
және ашық қазып алуды қолданудағы әдістерін жетілдіруде және жаңа  әдістерді
әзірлеуде қазақстандық ғылыми мектепті құрушы. Оның еңбектері шетелдерде  де
танымал. Ол артына өшпес із қалдырған ғалым.
       Ө.   Байқоңыров   300-ден   аса   ғылыми   еңбектері   мен   көптеген
монографиялардың  авторы.  Академик  Ө.  Байқоңыровтың  Отанға  істеген  зор
қызметі, дүниежүзілік ғылымға және жоғары  білімге  қосқан  үлесі  үшін  сол
кезеңнің ең жоғарғы наградасы Ленин  орденімен,  «Шахтер  даңқы»  белгісімен
және көптеген  медальдармен,  Қазақ  ССР  Жоғарғы  Кеңесінің  грамоталарымен
марапатталған.
      Академик  Ө.  Байқоңыровтың  есімі  Жезқазған  университетіне,  Қ.  И.
Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың тау-кен институтына берілді. Алматы,  Жезқазған,
Сәтбаев қалаларында  көшелердің  аты  аталып,  Жезқазған  руднигіне,  Алматы
қаласының  тұрғын   үйлеріне   мемориал   тақталар   орнатылған.   Жезқазған
университетінің оқу корпусы алдында монумент орнатылып,  қабіріне  ескерткіш
қойылды.

      Сөздік:
      оқпан – ствол
оқпан түсетін жер  –  место заложения ствола
кен – залеж; месторождение; недра; полезные ископаемые

      308-тапсырма.  Мәтіннің  бірінші  мағыналық  бөлігі  бойынша  берілген
сұрақтарға жауап беріңіздер.
1. Ө. Байқоңыров кім, қай жерде, қандай жұмыс істеген? 2. Ол қай  оқу  орнын
бітірген,  мамандығы  кім?  3.  Қашан  ректорлық  қызмет  атқарды?   4.   Ө.
Байқоңыров қай салада көрнекті ғалым  болып  танылды?  5.  Ұлы  Отан  соғысы
жылдары оған қандай міндеттер жүктелді? 6. Оның  жетекшілігімен  не  қалпына
келтірілді? 7. Мемлекеттік  жоспарды  асыра  орындағаны   үшін  нені,  қанша
рет  жеңіп  алды? 8.  Ол  нені  жаңартуға,  дамытуға  зор  үлес   қосты?  9.
Қандай жұмыстарды атқаруға белсене араласып отырды?

      309-тапсырма. Мәтіннің екінші мағыналық бөлігіне сұрақ-жауап  (сұхбат)
құрастырыңыздар.
Ү л г і:
–  Сол   кездері   ауылдық   жерлерден   келген   қазақ   жастарының   оқуға
түсулері
    үшін қандай қиындықтар болды?
–  Ауылдық жерлерден келген қазақ студенттерінен  контингент  қалыптастыру
   қиын   болды,  себебі   қабылдау   емтихандары   орыс   тілінде   өтетін.
Бірінші
   емтихан диктанттан соң-ақ олар өте алмай қалатын.
–  Ал Ө. Байқоңыров бұл мәселе жөнінде қандай көмек көрсете алды?
–   Кейбір  аға  буын   педагогтардың   қарсы   болуына    қарамастан,    Ө.
Байқоңыров
    қазақ   жастар  үшін    институтқа     қабылдау    ережесін    өзгертіп,
қабылдау
    емтихандары ана тілінде  жүргізілетін болды.

310-тапсырма.  Сын есімнің  жай  және салыстырмалы  шырайларын
қайталып, өткен материалдарды еске түсіріңіздер.

                                     Сын есімнің шырайлары

                          Жай шырай (Положительная степень)
Жай шырай формасы  шырайлардың  басқа  түрлерін  мағына  жағынан  да,  форма
жағынан да салғастыратын негізгі форма болып саналады.
Мысалы: әдемі, жақсы, ақ, көк.

                Салыстырмалы шырай (Сравнительная степень)
Салыстырмалы шырай дегеніміз бір  заттың  сынына  екінші  бір  заттың  сынын
салыстырып, сол салыстырылатын  түстердің  я  белгілерінің  бір-бірінен  сәл
артық екенін білдіретін шырайдың түрі.
Салыстырмалы шырай тудыратын жұрнақтар:
1. -рақ, -рек, -ырақ, -ірек: көгірек, бойшаңырақ, жұмсағырақ, сәндірек.
2.  -лау,  -леу,  -дау,  -деу,  -тау,  -теу:  кішілеу,  ақшылдау,  үлкендеу,
сараңдау.
3. -қыл, -ғыл, -қылт, -ғылт, -тым, -шыл, -шіл, -қай, -аң:  бозғыл,  сұрғылт,
көкшіл, қоңырқай, ақшыл.

311-тапсырма. Сын есімдерді қазақ тіліне аударып, оларға- лау,  -   леу,   -
дау,- деу, -тау,     -теу      жұрнақтарын    тиісті      сөздерге     қосып
жазып,   салыстырмалы шырай жасаңыздар.
       Холодный,  открытый,  грязный,  ровный,  красный,  желтый,  зеленный,
белый, теплый, горячий, длинный, вкусный, сложный.

312-тапсырма. Мәтіндегі жай  және  салыстырмалы  шырайларды  тауып,  олардың
емлесін түсіндіріңіздер.
Ү л г і: Ол барлық уақытта да қиын+дау кезеңдерге тап  болып  отырды,  бірақ
проблемаларды қашанда дұрыс шешумен айналысты.

313-тапсырма. Сөйлемдерден салыстырмалы  шырайларды  тауып,  олардың  жасалу
жолдарын түсіндіріңіздер.
      Қараойға қарағанда Сұлутөбе бойшаңырақ. Ниетқабылдың отша  жанған  сәл
кішілеу қара көзі тесіле қарады. Өзгелерінен  гөрі  сергектеу  Ыбыраш  түскі
ұйқыдан жеңіл оянды. Жігітттің бетіне ажар кіріп, ақшылдау жүзі  алқызылдана
бастады. Дымқыл шалғынның арасында, бозғылт тұманның  ішінде  барлаушы  бала
да көрінбейді.

314-тапсырма.  Сын  есімдерді  қазақ    тіліне    аударып,    оларға   -рақ,
-рек, -ырақ, -ірек жұрнақтарын тиісті сөздерге  жалғау  арқылы  салыстырмалы
шырай жасаңыздар.

      Ү л г і:      Үлкен – үлкен+ірек;    қатты – қатты+рақ.
       Большой,  маленький,  прямой,  кривой,  пожилой,  молодой,   широкий,
далекий, худой, короткий,  высокий, гоячий, холодный, твердый, мягкий.

315-тапсырма.  Берілген  сөйлемдердегі   шырайлардың  астын  сызып,  олардың
түрлерін ажыратыңыздар.

      Менің әріптесім сенен биігірек. Меніңше, мына жігіт жалқаулау  сияқты.
Жанаттың көзі Қарашаштың көзінен үлкендеу. Мен кезекте жастау әйелден  кейін
тұрдым. Марат Айдостан аласалау екен. Осы шешім дұрысырақ па деймін.

316-тапсырма. Төмендегі жай шырайлардан салыстырмалы  шырай  жасап,  олармен
сөйлемдер құрастырыңыздар.ъ
      Жас адам, ақа қағаз, ұзын қарындаш, жақсы бала, тәрбиелі  оқушы,  ұзын
бойлы жігіт, қызық кітап, дәмді тамақ, ескі киім, қалың  дәптер,  ыстық  су,
ашық аспан, ақ қағаз.

317-тапсырма. Зат есімдерді мағыналық жағынан  сын  есімдермен  тіркестіріп,
сөз тіркестерін құрастырыңыздар.
      Кітапхана, оқу орны, қала, өлке, мәселе, қыз, киім, дәрігер,  студент,
қалам.

318-тапсырма.        Сын        есімнің        шырай          категориясының
түрлерін    (   жай,  салыстырмалы)  ажыратып,  оларды  екі  бағанаға  бөліп
жазыңыздар.
      Дәмдірек, ұзындау, сарғыш, жеңілірек,  аласа,  көкшіл,  тез,  сұрғылт,
жас, көгілдір, ақшылтым, қалың, әдемі, сұр,  жасылдау,  ащы,  тәтті,  қызық,
қиынырақ, оңайлау, кең, биік, қымбат, арзан.

319-тапсырма.  Өлеңді  мәнерлеп  оқып,  мағынасын  түсініп,  тіл  туралы  не
айтылғанын  әңгімелеп  беріңіздер.  Жай   шырайлардан   салыстырмалы   шырай
жасаңыздар.

                                      Алтын күннен бағасыз  бір  белгі  боп,

                                      Нұрлы жұлдыз, бабам тілі,  сен  қалдың
тілім.
                                      Жарық көрмей жатсаң да ұзақ кең
                                      Таза терең, өткір,  күшті  кең  тілім.

                                      Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа,
                                      Ақ қолыңмен тарта аларсың, сен тілім!

                       (Мағжан Жұмабаев)
10-апта. 28-тәжірибелік сабақ
      Грамматика: Сын есімнің күшейтпелі және асырмалы шырайлары.
      320-тапсырма. Қазақ халқының музыкалық мұралары мен дәстүрлері  туралы
тарихи деректермен танысып, мәтінді мазмұндаңыздар.

                    Қазақстанның мәдениеті, өнері, спорты
                                  * * * * *
                     Қазақ халқының ұлттық музыкалық дәстүрі

       Қазақ  халқының  ұлттық  музыкалық  мұрасы  мен  дәстүрлерінің,   саз
аспаптарының шығу тарихы  тереңде  жатыр,  ғасырдан  ғасырға  ұласады.  Орта
Азияның кең даласын  жайлаған,  мал  бағумен  айналысқан  көшпенді  тайпалар
өзіндік ерекшелігі  мол  музыкалы-поэзиялы  шығармалар  жасап,  оны  қазіргі
қазақ халқына мұра етіп қалдырды.
      Ән,  күй,  термеге  үн  қосатын  қазақтың  дәстүрлі  музыкасы  адамның
өмірімен, оның тіршілігімен өте тығыз байланысты.  Әндер,  күйлер,  аспаптық
пьесалар мерекелерде, күнделікті өмірде орындалып  отырған.  Халық  арасында
ақын, жырау, әнші, күйші, сал, сері  деген  атақ  алған  кәсіби  музыканттар
қоғамда ерекше құрметті орын алады.
      Ақын – поэзиялық  сөз шебері, суырып салма. Ақын барлық  уақытта  өзін
домбырамен сүйемелдеп отырады. Халық ақыны  –  ол  өз  халқының  мәдениетін,
тарихын жақсы білетін, өз  заманының  білімпазы,  саясаты  мен  географиясын
терең түсінетін ойлы адам.
      Егер ақын қазақтың белгілі бір  руының  атынан  сөйлесе,  жырау  бүкіл
халық атынан сөйлейді. «Жырау» деген сөз «жыр»  –  эпос,  аңыз,  өлең  деген
сөзден шыққан. Жыраулар эпостық  шығармалар  шығарған  және  оны  орындаған.
Кейінірек,  XVII  ғасырда  жыраулар  орнына  жыршылар  келді,  олар  эпостық
шығармаларды орындаушылар.
      Күйші және әншілер тек қана  орындаушылар  ғана  емес,  сонымен  қатар
олар күй шығарушылар да. Күй  жанрында  халықтың  өткендегі  өмірі,  тұрмыс-
тіршілігі, әдет-ғұрпы, салт-санасы, дүние танудағы көзқарасы,  арман-тілегі,
туған жерге деген махаббаты, т.б. толғанады.
      Күй атасы – Құрманғазы – әйгілі халық  композиторы,  асқан  домбырашы,
орындаушы. Ол қазақтың халықтық инструменталдық музыкасына  классик  ретінде
кірді. Құрманғазының барлық өмірі – қазақ халқын қанаушылыққа қарсы  күреске
арнаған. Патша үкіметінің қуғыны да,  түрмесі  де  композитордың  еркіндікті
аңсаған көңілін жасыта алмады.
      Қорқыт (VIII-IX ғғ.) – оғыз-қыпшақ тайпаларының ұлы  ойшылы,  көріпкел
дана. Ол қазақ халқы үшін алдымен күй атасы. Қобызда күй  шалу  дәстүрін  ең
алғаш орнықтырушы. Оның қобызынан күй төгілгенде, тіптен табиғат  та  тынып,
Сырдария ағысын  баяулатып,  аң-құс  демін  ішіне  тартып,  адамдар  жұмысын
тастайды  екен.  Қорқыт  ата  –  оғыз-қыпшақ  ортасындағы   саяси-әлеуметтік
мәселелерді шешуде жол көрсетуші бас тұлға, сыртқы жаудан, ішкі даудан  аман
болуын қадағалаушы ақылгөй.
      Асанқайғы (XIV-XV ғғ.) –  халқының  ертеңін  ойлап,  еңсесін  көтеруді
өмірлік  мұрат  еткен,  Ұлытау  төңірегінде  қазақ  руларының   қоныстануына
атсалысып, халқына бағдар беріп отырған. Ел ішіндегі шежіре сөздер  мен  күй
аңыздарға қарағанда, Асанқайғы халық қамын  ойлаған  ақылгөй,  көреген  ғана
емес, сонымен бірге керемет дарынды күйші де болған.
      Жаяу Мұса (1835-1929) – қазақтың  әйгілі  әнші-композиторы,  ақын.  Ол
қазақтың ән-өнерін мазмұн,  түр  жағынан  байытып,  шығармашылық  жаңалықтар
енгізіп, әуен-сазын жаңа биіктерге көтерген  аса  дарынды  композитор.  Жаяу
Мұса өз шығармаларында қазақтың мұңын мұңдап,  жоғын  жоқтап,  өз  заманының
арманын әнмен бере білген.
      Қазақ халқының ұлттық музыкалық мәдениеті өте  жоғары  деңгейде,  сан-
салалы болған. Күйлер мен ұлттық музыкалық аспаптар қазақ халқының  өмірінде
айрықша орын алады.  Халықтың  мол  ұлттық  музыкалық  мұрасы  мен  аса  бай
орындаушылық  тәжірибесінің  жоғары  деңгейде  болғаны  тарихи   деректерден
мәлім. Қазақтың саз аспаптары өзіндік  ерекшелігі мол, алуан түрлі және  өте
бай мұра.
       Қазақ  халқының  ұлт  болып  қалыптасу  кезеңінде  өзіне  тән  ұлттық
музыкалық дәстүрі дүниеге келді. Соның нәтижесінде бай  музыкалық  мәдениеті
қалыптасты. Бесік жыры, үйлену тойлары мен жерлеудегі  салт-дәстүрлер  әнмен
айтылды. Ақындар айтысы халықтың көп жиналып, ұйып тыңдайтын  өнер  сайысына
айналды. Орындаушылық дәстүрдің түрлері домбыра немесе қобыздың  сүйемелімен
орындалды. Қазақ музыкасының тарихи даму  жолында  ұлттық  өнердің  өшпейтін
классикалық шығармаларын тудырған, жоғарыда атап кеткен және  т.б.  көптеген
күйші-композиторлар шықты. Олар қазақтың  өткен  өміріндегі  дамыған  музыка
мәдениетінің дүлдүл өкілдері еді.

      Сөздік:
      терме – импровизация; пение                 салт-сана – традиция
                     назидательного  содержания                 көріпкел   –
ясновидец
          әдет-ғұрып  –  обряд;  обычай;  традиция                 дүлдүл  –
оратор; чемпион
      сал – певец; акын; плот; паралич
      сері – поэт-песенник; рыцарь; сэр
      жырау – поэт-сказитель; певец;
                 сказитель; жырау

      321-тапсырма.  Мәтіннің  мазмұны  бойынша  берілген  сұрақтарға  жауап
беріңіздер.
      1. Көшпенді  тайпалар  нені  қазақ  халқына  мұра  етіп  қалдырды?  2.
Қазақтың дәстүрлі музыкасы немен  тығыз байланысты болған ? 3.  Ақын,  халық
ақыны дегендеріміз кімдер? 4.  Жырау,  жыршылар  туралы  не  білесіздер?  5.
Күйші және әншілер кімдер? 6. Күй атасы –  Құрманғазы  өзінің  шығармаларын,
өмірін неге арнаған? 7. Қорқыт ата деген кім, ол халқы үшін не істеп,  немен
айналысқан?  8.  Асанқайғы  туралы  не  білесіздер?  9.  Жаяу  Мұса   өзінің
шығармаларында нені жырлаған? 10. Күйлер мен  ұлттық  музыкалық  аспаптардың
маңызын  қалай  түсіндіресіздер?  11.   Ұлттық   музыкалық    дәстүр   қалай
қалыптасты?

      322-тапсырма. Мәтіннен асырмалы шырайларды тауып, астын сызып,  оларды
тіркескен сөздерімен бірге теріп жазыңыздар.

      323-тапсырма. Төмендегі күшейтпелі шырайлармен  сөйлемдер  құрастырып,
олардың жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.
      Сұп-суық, жап-жарық, үп-үлкен,  сап-сары,  жап-жақсы,  қып-қысқа,  ұп-
ұзын, қап-қара, әп-әдемі.

      324-тапсырма.  Мәтіннің  бірінші  мағыналық  бөлігінен  он  шақты  сын
есімдерді теріп жазып, олардан асырмалы  шырай  формасында  сөз  тіркестерін
жасап, сөйлемдер құрастырыңыздар.
      Ү л г і: Дарынды; аса дарынды. Әйгілі халық композиторы,  аса  дарынды
домбырашы Құрманғазы Сағырбаевтың күйлері бейнелі мәнерлілігімен,  домбырада
ойнаудың өзіндік айрықша стилімен ерекшеленеді.

                    Күшейтпелі шырай (Усилительная степень)
Күшейтпелі шырай дегеніміз – заттың бастапқы сындық сапасын күшейте  түсетін
шырай. Мысалы: жап-жақсы, жап-жарық, үп-үлкен, сап-сары т.б.
                    Асырмалы шырай (Превосходная степень)
Асырмалы  шырай  заттың  сынын  не  асыра  көтеріп,  не  тұқырта  төмендетіп
көрсетеді. Бұл шырай сын есімнің  алдынан  келіп,  күшейткіш  демеуліктердің
тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: тіпті аласа, орасан зор, тым кішкене,  өте
жақсы, аса үлкен, ең қадірлі, өте төмен т.б.
Превосходная степень выражает большую или меньшую  меру  признака  предмете,
но без сравнения. Она образуется с помощью усилительных наречий.
 Усилительная степень указывает на высшую степень признака в одном  предмете
в  сравнении с другим  предметом.  Он  образуется  с  помощью  усилительного
слога.

      325-тапсырма. Берілген  күшейтпелі,  асырмалы  шырайларды  қатыстырып,
қысқаша мәтін құрастырыңыздар.
      Кіп-кішкентай, ең жақсы, тым әлсіз, өте қызық, қап-қатты, орасан  зор,
ап-аласа, әп-әдемі, тым биік, өте жинақы,  аса  ұғымтал,  аса  ұқыпты,  тап-
таза, аса белсенді, түп-түзу, өте сезімтал.

      326-тапсырма. Сөйлемдерден асырмалы шырайларды тауып, олардың  емлесін
түсіндіріңіздер.
      Бұл аңызда көне музыкалық аспап – жетіген  туралы  айтылады,  аспап  –
жақындары өліп, өмір оты өшіп, бастарынан бақ кетіп,  күн  мен  ай  тұтылып,
дүниесі қара түнекке айналған орасан зор қайғыдан кейін  туған.  Бұндай  тым
ауыр қайғы-қасіретке қарсы тұрудың жалғыз жолы – көздің  жасын  төге  отырып
жеті  тіршіліктің  символы  –  жеті  ішекті  аспап   тудыру   болды.   Қазақ
музыкасының ерекше  байлығын  бір  кезде  аса  көрнекті  музыка  зерттеушісі
Б.Асафьев жоғары бағалаған. Ән,  күй,  термемен  үн  қоса  жүретін  қазақтың
музыкасы адам өмірімен, оның тіршілігімен  өте  тығыз  байланысты.  Күй  мен
әнді нақышына келтіріп  орындайтын  күйшілер  мен  әншілердің  ауылға  келуі
өнердің нағыз мерекесі болып табылады.

       327-тапсырма.   Сын   есімдерді   асырмалы,   күшейтпелі   шырайларда
жіктеңіздер.
      Ү л г і:
І.    Мен сұп-сұлумын, тым ақылдымын, өте ұқыптымын, кіп-кішкентаймын.
ІІ.   Сен әп-әдемісің, нағыз ғалымсың, өте белсендісің, аса абыройлысың.
      Сіз өте әдептісіз, тым дарындысыз, жап-жақсысыз, сұп-сұрсыз.
ІІІ. Ол сап-сары, топ-толық, жап-жас, өте өжет.
       Сүйкімді, тәуір, жинақы, сыпайы,  жасық,  өнерлі,  ұмытшақ,  шыдамды,
білгіш, еңбекқор, келбетті.

      328-тапсырма. Сын есімнің шырайларын (жай,  салыстырмалы,  күшейтпелі,
асырмалы) төрт торға бөліп жазыңыздар.


      [pic]

329-тапсырма.  Мақал-мәтелдермен  танысып,  сын   есімдердің   қай   шырайда
тұрғанын анықтаңыздар. Мақал-мәтелдерді жаттап алыңыздар.

Ең ащы да – тіл, ең тәтті де – тіл               Жақсы келін – қызыңдай,
Ең жұмсақ та – тіл, ең қатты да – тіл.     Жақсы күйеу – ұлыңдай.
Язык – и горек, и сладок.                            Хорошая  невестка,  как
дочь родная,
Он – и тверд, и мягок.                     Хороший зять, как сын родной.
                           Әдепті бала – арлы бала,
                           Әдепсіз бала – сорлы бала.
                           Воспитанность ребенка – его счастье,
                           Невоспитанность – его же несчастье.

330-тапсырма. Көп  нүктелердің  орнына  асырмалы  шырай  жасайтын  күшейткіш
үстеулерді (аса, өте, нағыз, ең) тиісті орындарына қойып, қосып жазыңыздар.

      Күйшілер мен әншілерді қадірлі қонақ етіп күтіп,  ал  кететін  уақытта
................ бағалы сыйлықтар беріп отырған. Ақын  барлық  уақытта  өзін
домбырамен  сүйемелдеп  отырады,  ал  ол  құрастырған  өлең  ...............
әдемі, әсем, ырғақты болады.  ............... шешен болу  үшін,  сөзге  ғана
шебер болу жеткіліксіз. Қазыбек үш жүздің  ішіндегі  ................  қиын,
............... күрделі мәселелердің  басы-қасында  жүрген  биі  болған.  А.
Байтұрсыновтың  орны  ерекше  екені  белгілі,  оның   теориялық   деңгейінің
.............. жоғары болғанын көреміз.

       331-тапсырма.  Өлең  жолдарындағы   шырайлардың   астын   сызыңыздар.
Өлеңдерді жаттап алыңыздар.

Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы,                Сұрама  оның  бәрін  бүгін
менен,
Қиыннан  қиыстырар  ер  данасы.                 Тіршілік  болса  тағы  айтып
берем.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,             Ақанның ең аяулы әңгімесі –
Теп-тегіс   жұмыр   келсін   айналасы.              Тек   бүгін    танысалық
«Құлагермен»
                                                                      (Абай)
(І.Жансүгіров)

                         Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы,
                         Аласы аз, қара көзі нұр жайнайды.
                         Жіңішке қара қасы сызып қойған,
                         Бір жанға ұқсатамын туған айды.
                         Маңдайдан тура түскен қыр мұрынды,
                         Ақша жүз, алқызыл бет тіл байлайды.
                                                        (Абай)


      10-апта. 29-тәжірибелік сабақ
      Грамматика: Есімдік. Жіктеу, белгісіздік есімдіктері.
      332-тапсырма. Абай атындағы Қазақ мемлекеттік Академиялық  опера  және
балет театрының ашылу тарихымен танысып, мәлімет алып, мазмұндаңыздар.

                 Абай атындағы Қазақ мемлекеттік Академиялық
                           опера және балет театры
      Абай атындағы Қазақ мемлекеттік Академиялық опера  және  балет  театры
1934 жылы  13  қаңтарда  М.Әуезовтың  либреттосына  жазылған  «Айман-Шолпан»
музыкалық спектаклімен  ашылды.  Иван  Коцыко  өңдеген  халық  өлеңдері  мен
күйлері орындалды. Спектакль көпшіліктің көңілінен шығып, әсері  зор  болды.
Жаңа театрдың ашылуы бүкіл елге таралды.
      Бұл қазақ халқының музыка  тарихында  үлкен  орын  алатын  орасан  зор
оқиға болып, онда рөлдерде ойнаған актерлердің барлығының да есімі  мәңгілік
тарихта өшпестей болып, қазақ музыка мәдениетінің біртуар өнер иелері  болып
қалды. Соның ішінде К.Байсейітова, режиссер Жұмат Шанин, әнші және  режиссер
Қ.  Жандарбеков,  әнші,   режиссер   және   драматург   Қ.Байсейітов,   биші
Ш.Жиенқұлова,  әнші  М.Ержанов,  суретші  Анатолий  Ненашев,   жазушылар   –
М.Әуезов,   Ғ.Мүсірепов,    С.Мұқанов,    Б.Майлин,    композитор    Евгений
Брусиловский, т.б.  өнер майталмандары еді.
      Е.Брусиловский Қазақстанның ұлттық опера  өнеріне  көп  үлесін  қосқан
театрдың ең алғашқы композиторларының бірі болды. Оның  музыкасына  жазылған
«Қыз Жібек»  (1934),  «Жалбыр»  (1935),  «Ер  Тарғын»  (1936)  спектакльдері
көрерменнің ыстық ықыласына бөленген туындылар болып табылады.
      1938 жылы ұлы  композитор  П.Чайковскийдің  «Лебединое  озеро»  балеті
алғаш рет сахналандырылды. Осы жылы алғаш рет В.Великановтың «Қалқаман  және
Мамыр» атты қазақ балеті қойылды.
      Опера театрының алғашқы табысы 1936  жылғы  Москва  қаласындағы  қазақ
әдебиеті мен мәдениетінің  күндері  болып  табылады.  Қазақтың  бұлбұл  қызы
атанған К.Байсейітованың сомдаған Жібек рөлімен «Қыз Жібек» спектаклі  үлкен
қошеметке бөленді. Барлық баспасөз беттері жаңа  театр  мен  оның  әртістері
және олардың үлкен табыстары жөнінде  мақалалар  жариялады.  Қазақ  өнерінде
алғаш рет К.Байсейітоваға Кеңестер Одағының халық әртісі атағы берілді.
      Театрды жаңа кәсіби мамандармен толықтыру  мақсатында  Ресейдің,  т.б.
елдердің  ұлттық  музыка  білім  ордаларын  бітірген  өнерпаздарын   театрға
шақыртып,   театр   әртістерінің   қатарын   толықтырып   отырды.   Олар   –
Б.Досымжанов, Ә.Үмбетбаев,  Ришат  және  Мүсілім  Абдуллиндер,  Ш.Бейсекова,
К.Кенжетаев, М.Төлебаев, т.б.
      1941 жылы  театрға  Академиялық  театр  атағы  берілді.  Әрине,  опера
театры – ең алдымен, бүкіл өмірлерін ең әсем өнердің бірі – театрға  арнаған
әдебиет  қайраткерлерінің,  композиторлар,  жазушылар,   суретшілер,   жақсы
вокалдық қабілеттері бар актерлердің ең сүйікті жұмысы. Бұл  адамдар  ұлттық
мәдениеттің тарихына енген. Олардың іс-әрекеттері              70  жыл  бойы
дамып, жалғасып келеді.
       Ұлы  Отан  соғысының  алдында  театрдың  репертуарында  31   опералық
(олардың ішінде 9 қазақ) және 6 балеттік (2 қазақ) спектакльдер болды.
      1944 жыл М.Әуезовтың либреттосы А.Жұбановтың және  Л.Хамидидың  «Абай»
қазақ  операсының  жарық  көруімен   есте   қалды.   Әрине,   бұл   театрдың
репертуарындағы әлі күнге дейін ең негізгі үлкен  шығармашылық  табыс  болып
табылады.  Ұлы  қазақ  ағартушысы,  философ,  гуманист,  ақын  Абайдың   100
жылдығына орай опера және балет театрына Абай аты берілді.
      50-ші жылдар арнайы жоғары білім алған Е.Серкебаев,  Р.Джаманова,  Эра
Епонешникова,  З.Райбаев,  С.Көшербаева   сияқты   кәсіптік   музыканттардың
келуімен есте қалды. Олар өз шеберліктерін  жетілдіре  отырып,  халық  сүйіп
таныған опера және балет театрының «жұлдыздары» болды.
      Қазіргі Абай атындағы Қазақ мемлекеттік Академиялық опера  және  балет
театры Қазақстанның музыка өнерінің флагманы болып табылады.  Қазіргі  таңда
бұл Еуразия кеңістігіндегі ең  ірі  театр.  Театрдың  шығармашылық  ұжымының
құрамында атақты сахна шеберлері және есімдері бүкіл  әлемге  танымал  түрлі
халықаралық байқаулардың жас дарынды лауреаттары еңбек  етеді.  Қазақ  опера
және балет театры сахнасының шеберлерін Франция, Германия, Италия,  Жапония,
Түркия, Қытай, АҚШ сияқты елдерде қошеметтейді.

      Сөздік:
      біртума – неповторимый; оригинальный; шедевр
      туынды – произведение; вторичный; производный; генетический
      шеберлік – мастерство; умение; ловкость
      шығармашылық – творчество; творческий

       333-тапсырма.  Мәтіннің  бірінші   мағыналық   бөлігіне   сұрақ-жауап
(сұхбат) құрастырыңыздар.
      Ү л г і:
      –   Қай қазақ операсы қазақ музыкасының алтын қорына енді?
    – Театрдың  көркемдік  жетекшісі   репертуарға   ерекше   көңіл   бөлді.
      Орыс,
          еуропа, қазақ опералары  қойылды.  Олардың  ішінен   «Біржан  және
Сара»
          операсы қазақ музыкасының алтын қорына енді.

        334-тапсырма.   Мәтіннің   екінші   мағыналық   бөлігіндегі   жіктеу
есімдіктерінің астын сызып, олардың қай жақта тұрғанын түсіндіріңіздер.
      Мысалы: Олар  (ІІІ  жақ,  көпше)  біздің  елде  ғана  емес,  сондай-ақ
көптеген елдерде танымал болды.
                        Есімдік (Жіктеу, белгісіздік)
Есімдіктер – есім сөздердің (зат есімнің, сан есімнің, сын  есімнің)  орнына
жүретін сөз табы. Мағынасына қарай есімдік 7 топқа бөлінеді:
Жіктеу есімдіктері (Личные местоимения): мен, сен,  сіз,  ол,  біз,  сендер,
сіздер, олар.
Белгісіздік   есімдіктері    (Неопределенные    местоимения).    Белгісіздік
есімдіктері дегеніміз  заттар  мен  құбылыстардың  мағыналарын  нақты  түрде
білдірмей,  белгісіз  мәнде  айтылатын  сөздер:  әркім,  әрқайсы,   әлдекім,
әлденеше, біреу, кейбіреу, қайсыбір, бірдеме т.б.

      335-тапсырма. Жіктеу есімдіктерінің астын сызып, оларды септеңіздер.
      Әрбір минералдық затты табиғи  түрінде  пайдаланатын  болса,  онда  ол
пайдалы  қазынды  деп  аталады.  Рудада  металл  таза  күйінде   өте   сирек
кездеседі, көбінесе ол химиялы қоспа  түрінде  болады.  Біздің  ел  көптеген
көмір  және  түсті   металл   запастарының   иесі.   Менің   пәннің   барлық
бөлімдеріндегі кен терминологияларын толық  меңгергім  келеді.  Сенің  шахта
алаңдарын ашу және дайындау технологиялық үлгілерінің  әртүрлі  тәсілдерінің
тиімді жақтарын зерттеуің қажет.

       336-тапсырма.  Өлеңді  мәнерлеп  оқып,  жіктеу   есімдіктерінің   қай
септікте тұрғанын айтыңыздар.
                                  Бауырлар
Менің жерім мына жер  –  сенің  жерің,     Менің  көлім  мына  көл  –  сенің
көңілің,
Жарасып тұр сол жерге келулерің.       Сенің арқаң көңілге семіргенім.
Осы алқапта сенің де малың жатыр, Жоғалмасын, ағайын, жоғалмасын,
Жайқалып тұр шабылмай егіндерің.  Жетем деген сол көлге сенімдерің.
                         Мына өзен менікі, ел күніге,
                         Сүйінеді ұрпақтың ерлігіне.
                         Қимай кеткен сол суды аталарың
                         Бетін жуып соңғы рет мөлдіріне.
                                                       (Т.Молдағалиев)

337-тапсырма. Мен, сен, біз жіктеу есімдіктерін үлгіде  көрсетілгендей  етіп
септеңіздер.
             А.         ол                    сендер                      1.
.........................................................
             І.         оның                  сендердің                   2.
.........................................................
             Б.         оған                  сендерге                    3.
.........................................................
            Т.       оны                  сендерді                        4.
.........................................................
             Ж.         онда                  сендерде                    5.
.........................................................
            Ш.       одан                 сендерден                       6.
.........................................................
             К.         онымен                сендермен                   7.
.........................................................

       338-тапсырма.  Инженер  сөзі  белгісіздік  есімдіктерінің  қайсысымен
мағыналық сөз тіркесін жасай алады?  Сөз  тіркестерін  көрсетілген  жолдарға
толтырыңыздар.
                                          ешқашан                         1.
...................................................
                                          біреу                           2.
...................................................
                                          кейбіреу                        3.
...................................................
                                          кейбір                          4.
...................................................
                                          қайсыбір                        5.
...................................................
Инженер                                   әрбір                           6.
...................................................
                                          әркім                           7.
...................................................
                                          әрне                            8.
...................................................
                                          әлдекім                         9.
...................................................
                                          әлдеқашан                      10.
.................................................

            339-тапсырма.  Есімдіктерді  тауып  (жіктеу  және  белгісіздік),
оларды түрлеріне қарай ажыратыңыздар.
      Біздің университет бүгінде  75-тен  астам  мамандық  бойынша   инженер
мамандарын дайындайды. Мен студентпін. Сен  де  болашақта  тау-кен  инженері
боласың. Әрбір адамның өмірде өз  таңдауы  бар.  Біреу  маркшейдер  болғанды
қалайды, ал кейбіреулер мұнай-газ  инженері  болсам  деп  армандайды.  Қалай
болғанда да  біз  қазақстандықтармыз.  Қазақстан  –  біздің  Отанымыз.  Олар
біздің елімізге келіп-кетіп жүретін қонақтар. Әрқайсысының  ойында  әлденеше
сұрау бар. Біз болып, сіз болып Отанымыз Қазақстанның гүлденуіне  үлесімізді
қосайық, ағайын!

       340-тапсырма.  Өлеңнің  мағынасын  түсініп,   жаттаңыздар.   Өлеңдегі
есімдіктердің астын сызып, олардың түрлерін  ажыратыңыздар.
                       А, Құдай, жасты-жасқа пар қылғаның,
                       Біреуді жоқ, біреуді бар қылғаның.
                       Астына алтын, күміс тақты беріп,
                       Біреуді жұрт билеген хан қылғаның.
                       Біреуге мал мен бақты үйіп беріп,
                       Ақылсыз, екі аяқты мал қылғаның ...
                       Біреуге Аплотондай білім беріп,
                       Мінер ат, ішер асқа зар қылғаның ...
                                                  (С.Торайғыров)

      341-тапсырма. Сөйлемдерден белгісіздік есімдіктерін табыңыздар.
       Біреуден  алсаң  аманат,  берсең  жақсы  саламат.   Әй,   Қазыжан-ай,
кейбіреуді ризық айдайды, кейбіреуді ажал айдайды, шырағым, -  дейді  Шоқан.
Қайсыбірін айтайын,  балаларымның  бәрі  он  саусағынан  бал  тамған  шебер.
Ешкімнің жазығы жоқ, ешкім бұған кінәлі емес.  Сол  малдың  артынан  үш-төрт
қуғыншы шығады. Төле далаға шығып, бірнеше адамдарды көрді.  Өзің  білмесең,
білгендерден үйрен.

      342-тапсырма. Төмендегі сөз  және  тіркестерін  пайдаланып,  сөйлемдер
құрастырыңыздар.
       Біреуге  дауыс  көтеру,   әлдебір   жолдау   жұмыстары,   кейбіреулер
құрастырады, бірдеме айту, қайсыбір геологтар,  әлдеқайда  тиімді,  әлденеше
көру, әрбір маман, біреу, қайсыбір, әркім, әрдайым, әрқашан, бірдеңе.

        343-тапсырма.   Сөйлемдерден   белгісіздік    есімдіктерін    тауып,
белгісіздік есімдіктеріне жататын сөздерді атаңыздар.
      Кейбір мамандар Қ.И.Сәтбаевтың  артына  қалдырған  үш  мұрасы  ретінде
Жезқазғанды,  Ғылым   Академиясын,   Геологиялық   институтты   атайды,   ал
кейбіреулер бұл санды тоғызға жеткізеді. Тау жыныстары деп тұрақты  құрылымы
мен  құрамдары  бар  бір  немесе  бірнеше  минералдардан  түзіліп,   өзіндік
жаралуымен жер қабыршығын құрайтын табиғи  минералдық  агрегаттарды  атайды.
Әркімнің өмірде өз таңдауы болады. Біреу  маркшейдер  болғанды  қалайды,  ал
кейбіреулер мұнай-газ инженері болсам деп армандайды.

      344-тапсырма. Өлең жолдарындағы  жіктеу  есімдіктерінің  астын  сызып,
олардың жақтарын ажыратыңыздар.

      Біз надан боп өсірдік            Біз болмасақ, сіз барсыз,
      Иектегі сақалды.                 Үміт еткен достарым,
      «Өнер – жігіт көркі», -деп       Сіздерге бердім батамды.
      Ескермедік мақалды.                               (Ы.Алтынсарин)
                                  * * * * *
      ... Сенсің – жан ләззаты,         ... Сен – жаралы жолбарыс ең,
      Сенсің – тән шәрбаты.             Мен – киіктің лағы ем.

(Абай)

       345-тапсырма.   Өлеңдерден   белгісіздік   есімдіктерін   табыңыздар.
Өлеңдердің мағынасын түсініп, жаттаңыздар.
Жігіттің шешендігін дауда сына,            Қазақта қасқыр да көп,  түлкі  де
көп,
Мақтаған қыран құсты ауда  сына.             Алайда  жіп  тақпаймыз  ешкімге
дөп.
Қарын  тоқта  әркім-ақ  үйде  батыр,            Сөз  жүгіртіп,   шағыстырған
қасекеңдер,
Жігітті батырсынған жауда сына.             Түлкіге  қалып  жатыр  күлкі  де
боп.
                                              (Ақан                    сері)
(С.Дөнентаев)

      346-тапсырма. Көп нүктелердің орнына белгісіздік  есімдіктерін  тиісті
орындарына қойып жазыңыздар.
      Сырым үндемейді, ................ алысқа қарайды. Мына  ..............
кім? Халық  ............... нәрсені түсінеді.    .................  өз  әнін
шырқайды. Әкем менен ................ ойлануды талап етеді.
      Тірек сөздер: біреу, әрбір, әлдеқайда, әрқайсысы, әрқашан.

                     (Мағжан Жұмабаев)


10-апта. 30-тәжірибелік сабақ
      Грамматика:  Сілтеу, сұрау есімдіктері.
       347-тапсырма.  Ә.Қастеев  атындағы   Мемлекеттік   өнер   мұражайының
қалыптасу  кезеңдері  туралы  мәтінді  мұқият   оқып,   мағынасын   түсініп,
мазмұндаңыздар.

                Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайы

        Мемлекттік    Ә.Қастеев    атындағы    өнер    мұражайы    Қазақстан
Республикасындағы  үлкен  мәдени  орталықтарының  бірі.  Мұражай   жинағында
Қазақстан, Ресей, Еуропа, Америка, Шығыс және басқа да елдердің  кескіндеме,
графика, мүсін және  сәндік-қолөнер  туындыларынан  құралған  22000-ға  жуық
экспонаттар  бар.  Мұражайдың  негізгі  мақсат-мүддесі  –  әрқашанда  жоғары
сапалы әлемдік өнер туындыларын жинап, қорғап-сатап, насихаттап, өнер  сүйер
көпшілікке көрсетіп отыру.
      Мұражай 1935  жылы  Қазақ  ССР-нің  15  жылдығына  арналған  мерекелік
көрменің негізінде Ұлттық көркемсурет галереясы болып құрылды.
      Көркермендер үшін 1976 жылы  галерея  1970  жылдан  жұмыс  істеп  келе
жатқан қолөнер мұражайымен біріктіріліп, Қаз ССР Мемлекеттік  өнер  мұражайы
болып ашылды. Ал 1984 жылдан бастап мұражайға Қазақстанның  халық  суретшісі
Ә.Қастеевтің есімі берілді. Мұражайда әр  ұлттың  сан  ғасырлық  тарихы  бар
мәдениетінен және оның  түрлері  мен  жанрларын  сипаттайтын  экспонаттардан
жинақталған әлемдік өнер туындыларымен кеңінен танысуға болады.
      Қазақ халқы өзінің көне заманнан бері келе жатқан тамаша  тарихы  және
өзіне ғана тән көркем  мәдениетімен  ерекшеленеді.  Мұражай  қорындағы  көне
және орта ғасырдағы  өнер  бұйымдары,  өткен  дәуірден  қалған  шығармашылық
өнердің   теңдесі   жоқ   ескерткіштері   өнердің   өсуі   мен   эволюциялық
өзгерістерінен мағлұмат береді.
      Көшпелі қазақтың тұрмысында ең  басты  рөл  атқаратын  зат  –  киізден
жасалған бұйымдар.  Үй-ішінің  сәнін  кіргізетін  текеметтер  мен  алашалар,
төсеніштер мен ыдыс-аяқ салатын  қоржындар  жасалған.  Көркемдік  әсері  бар
дүние  ол  –  текемет.  Ол  өзінің  түр-түсінің  сәнімен  өлшенеді.  Киізден
жасалатын төсеніштің тағы бір түрі – сырмақ. Оның  оюлары  симметриялы  және
графикалық анықтылықпен ерекшеленеді.
      Сонау көне заманнан бері келе жатқан  халықтың  дәстүрлі  үй  мүлкінің
бірі – кілем қазірдің өзінде де маңызын жойған жоқ.  Ою-өрнектері  мен  түр-
түсінің байлығымен аса тартымды. Кестелі кілемнің бір  түрі  –  түскиіз.  Ол
қалыңдық  жасауының  ең  негізгісі  болған,  отбасының  бақытын,   тазалығын
(пәктігін) суреттейді.
       1935  жылы  Қазақ  ұлттық  көркемсурет  галереясы  құрылғаннан   бері
«Қазақстан бейнелеу өнері» коллекциясын жинақтауға жіті көңіл бөлінді.
       Қазіргі  таңда  Ә.Қастеев  атындағы  Мемлекеттік   өнер   мұражайының
залдарында ұлттық өнер мектебінің қалыптасқан анталогиясын  құрайтын  10000-
нан астам көркем шығарма қойылған. Қордағы аса  құнды  кескіндеме,  графика,
мүсін туындылары ұлттық мектебіміздің көркем шежіресі іспеттес.
       ХХ  ғасырдың  20-30  жылдар  коллекциясы  негізінен  шынайы  көңілмен
орындалған  аз  ғана  акварель  мен   суреттер   Ә.Қастеевтің,   А.Исмайлов,
К.Ходжиков пен К.Ходжиковтердің  жұмыстары  сол  уақытты  суреттейтін  терең
ішкі сезімге толы шынайы туындылар.
      Әр кезеңдегі жұмыстардан  Қазақстандағы  дара  шығармашылық  иелерінің
даму эволюциясын көруге болады.  Қ.Телжанов,  Н.Нұрмұхаммедов,  К.Шаяхметов,
М.Кенбаевтың туындыларының ойы, тақырыбы, орындалуы кең көлемді қамтиды.
      Қазіргі заманғы Қазақстан қолданбалы өнері коллекциялары  ХХ  ғасырдың
70-жылдарынан бастап жинақтала бастады.  Онда  тоқылған  маталар,  металдан,
қыштан, фарфордан, киізден, шыныдан жасалған бұйымдар жиналған.
      Суретшілер өз  мемлекетінің  ХХІ  ғасырдағы  тарихи  дамуына,  өмірдің
барлық  саласындағы  қарқынды  өзгерістерге  куә   болып   келеді.   Олардың
көпшілігі жеке дәрежелі шығармашылық иелігіне жетті. Шығармаларының  негізгі
тақырыбы – ата-бабамыздың көнеден келе жатқан ғасырлық мұралары болды.
      Мемлекеттік Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайындағы бүгінгі күнгі  1200-
ден аса кескіндеме,  түпнұсқалы  және  басылымнан  өткен  графика,  мүсіндер
мұражайдың  ең  құнды  жинақтарының  бірі.  Ең  таңдаулы  деген   шығармалар
мұражайдың  тұрақты  экспозициясына  кірген.  Қазіргі  уақытта   Мемлекеттік
мұражайы – сурет өнері саласындағы ең ірі ғылыми-зерттеу және  мәдени-ағарту
мекемелерінің бірі болып отыр. 2000 жылдың 1 қаңтарына негізгі  қордың  саны
–  21  мың  бірлікті  құрайды.  Мұражайдың  бай,  жан-жақты,   баға   жетпес
коллекциясы Қазақстанның, Еуропа және Азия елдерінің  өткен  кезеңдегі  және
қазіргі уақыттағы  шеберлерінің  көркем  мәдениеті  туралы  түсінік  береді.
Мұражайда барлығы – 14 экспозициялық зал жұмыс істейді.

      Сөздік:
      кескіндеме – живопись                  текемет – кошма
      алаша – коврик; палас                  қоржын – сумка
      қыш – кирпич                           мұра – наследие
      жіті – бдительный; чуткий; зоркий;
сәндік – декоративный; роскошный
туынды – произведение; производный
          төсеніш – палас; постилка; кошма;
          мүсін – скульптура; статуя; осанка; кристальный бюст
генетический; вторичный застилка; настил; тюфяк
сырмақ – стеганная кошма с узорчатой апликацией

      348-тапсырма.  Мәтіннің  мазмұны  бойынша  берілген  сұрақтарға  жауап
беріңіздер.

      1.  Мемлекеттік  мұражайы  ненің  орталығы  болып  саналады?  2.  Оның
негізгі  мақсат-мүддесі  не?  3.  Мұражай  қашан   құрылды?   4.   Мұражайға
Ә.Қастеевтің  есімі  қашан  берілді?  5.  Ол  несімен  ерекшеленеді,   неден
мағлұмат береді? 6. Көшпелі қазақтың тұрмысында ең басты рөл  атқаратын  қай
бұйымдар, олар несімен ерекшеленеді? 7. Көне заманнан келе  жатқан  қазақтың
дәстүрлі мүлкі деп нені атайсыздар? 8. Ә.Қастеев  атындағы  мұражайда  қанша
көркем шығарма қойылған? 9. Мұражайда неден жасалған бұйымдар жиналған?  10.
Шығармалардың негізгі тақырыбын атаңыздар.

      349-тапсырма.  Мәтіннен  сілтеу,  сұрау  есімдіктері  бар  сөйлемдерді
теріп жазыңыздар.

      350-тапсырма. Мәтіндегі жіктеу  есімдіктерінің  астын  сызып,  олардың
қай жақта, қай септікте тұрғанын айтыңыздар.

      351-тапсырма. Есімдіктердің  түрлерін  (жіктеу,  сілтеу,  белгісіздік)
ажыратып, оларды көрсетілген торларға бөліп жазыңыздар.











352-тапсырма. Мәтіннен он шақты хабарлы  сөйлемдерді  теріп  жазып,  олардан
сұраулы сөйлемдер жасаңыздар.
      Ү л г  і:  ХХ  ғасырдың  аяғы  мен  ХХІ  ғасырдың  басы  Қазақстандағы
көркемсурет  процестеріне  жаңа  ағым  әкелді.  ХХ  ғасырдың  аяғы  мен  ХХІ
ғасырдың басы Қазақстандағы көркемсурет процестеріне қандай ағым әкелді?

353-тапсырма. Сілтеу есімдіктеріне септік жалғауларын жалғап, септеңіздер.
      Ү л г і: Ана(у), ана+ның, ана+ған, ана+ны, ана+да, ана+дан, ана+мен.
      Бұл, сол, ол, осы, мына(у).

                  Сілтеу есімдіктері (Указательные местоимения)
Сілтеу  есімдігі  сілтеу,  нұсқау,  көрсету  мағынасын   білдіреді.   Сілтеу
есімдіктеріне: бұл, сол, ол, осы,  сона,  ана,  анау,  мына,  мынау,  сонау,
осынау, әне, міне деген сөздер жатады. Сұрауы: қай? қайсы?

                                    Сұрау есімдіктері (Вопросительные
местоимения)
Сұрау мағынасын  тудыратын  негізгі  есімдіктер:  кім?  не?  неше?  нешінші?
нешеу?  қай?  қандай?  қалай?  қашан?   қанша?   Сұрау   есімдігі   септеліп
қолданылады.

      354-тапсырма. Сілтеу, сұрау есімдіктерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.
      Ү л г і:  Сонау;  Сонау  көне  заманнан  бергі  келе  жатқан  халықтың
дәстүрлі үй мүлкінің бірі – кілем қазірдің өзінде де маңызын жойған жоқ.
      Бұлар, солар,  аналар,  мыналар,  қандай?,  қанша?  кім?,  не?  қашан?
қалай? сол, осы, бұл, анау, мынау, қай?

       355-тапсырма.  Сөйлемдерді   қазақ   тіліне   аударып,   есімдіктерді
түрлеріне қарай (сілтеу, жіктеу) екі бағанаға бөліп жазыңыздар.
      Это мой дом, а тот его дом. Мы сделали это сами. У  меня  ничего  нет.
Все люди гуляют на улице. Кто это? Никто их не видел. Как они проводят  свое
свободное время? Ты знаешь сам. Возьми это платье, оно  идет  тебе.  У  меня
ничего нет. Это твое место.

        356-тапсырма.   Сұраулы   сөйлемдердің   неше   жолмен   жасалатынын
түсіндіріңіздер. Төмендегі сөйлемдерден сұраулы сөйлемдер жасаңыздар.
      Мұражайдағы түкті кілемдер ішіндегі ең тамаша түрлері – «арабы»  кілем
мен «бес кесте» болып саналады. Төсеніш киіздерде  қошқар  мүйізді  оюлардың
түрлі көріністері басымырақ кездеседі.  70-жылдары  шеберлер  шығармашылыққа
өзіндік өзгеріс керектігін дәлелдеуге тырысты. Ақырғы  он  жыл  жаңаша  өнер
мәнерін  анықтауда  жемісті   болды.   Суретшілердің   көптеген   туындылары
сырласуға, жеке сөйлесуге арналған. Суретшілер көрерменге – адамзатқа  ортақ
мәселені жеке сюжет арқылы түсінуге мүмкіндіктер жасайды.

357-тапсырма. Көп нүктелердің орнына сілтеу есімдіктерін  тиісті  орындарына
қосып жазыңыздар.
      ............... қонақжайлылық көбінесе ысырапшылдыққа әкелетін  сияқты
көрінеді. ...........  мыңдаған  жылдар  бойы  адам  баласы  ...............
мұзарт шыңдар құпиясын ашуға құмартып келген.  ................  –  ержүрек,
батыл, мейірімді, әрі  төзімді  жігіт.  ................  тайпаның  адамдары
шетінен алғыр, өжет көрінеді. ............... – оның  елінің  ежелгі  салты,
игі салты. .............. әнді естіп, тату дос, батыл ер болғымыз келеді.
      Сөйлемдерді толықтыруға керекті сілтеу есімдіктері: Осы, сол,  осынау,
бұл, сол.

358-тапсырма.  Нешінші?  қайсысы?  деген  сұрау  есімдіктерін  жіктеп   және
тәуелдеңіздер.
      Ү л г і: Жіктеу: Мен қаншасыншымын? Тәуелдеу: Менің қаншасыншым?











       359-тапсырма.  Берілген  жаңылтпаштан  сілтеу,  жіктеу   есімдіктерін
тауып, жаңылтпашты жаттаңыздар.

Ол аралда да марал,                                            От екен
маралға арал,
      Бұл аралда да марал.
Оттасын аралда марал.
      360-тапсырма. Өлең жолдарынан  есімдіктерді  тауып,  олардың  түрлерін
ажыратыңыздар.
      Бұл заманда не ғаріп?            Өзің шыққан ұлтыңнан,
      Ақ қалада бөз ғаріп,             Басшы қылған жұртыңнан.
      Жақсыларға айтпаған, –           Бұл мінез, бұл құлқыңнан,
      Асыл шырын сөз ғаріп.            Қайтып қарғыс алмайсың.
                       (Асанқайғы)                      (С.Дөнентаев)

                          Бұл дүние пәнилығын етеді екен,
                          Бір дәурен өтіп, бірі жетеді екен ...
                                                  (Ш.Бөкеев)


      11-апта. 31-тәжірибелік сабақ
      Грамматика:  Өздік, болымсыздық, жалпылау есімдіктері.
      361-тапсырма. Еліміздің алғашқы  техникалық  жоғары  оқу  орны  туралы
тарихи деректермен танысып, мағынасын меңгеріп, мәтінді мазмұндаңыздар.

                        ҚазҰТУ – ғылым, білім ордасы
                                  * * * * *
                Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық
                   университеті – еліміздің алғашқы жоғары
                техникалық оқу орны. Қ.И.Сәтбаев және ҚазҰТУ

       Қ.И.Сәтбаев  атындағы  Қазақ   ұлттық   техникалық   университеті   –
республикада инженерлік білім берудің алғашқы, әрі  әлі  күнге  дейінгі  көш
бастаушысы.
       Қ.И.Сәтбаев  атындағы  ҚазҰТУ-дың  іргетасы  1933  жылы,  Қазақстанда
тұңғыш өнеркәсіп орындарының ашылуымен  тұспа-тұс  қаланып,  ел  экономикасы
дамуының тарихи кезеңдерімен бірге дамып келеді.
      Алғашында тау-кен металлургиясы мен  тау-кен  барлау  факультеттерінің
базасында ұйымдастырылған Қазақ ұлттық техникалық университеті  бүгінде  осы
салада білім беретін еліміздегі жетекші жоғары  оқу  орны  дәрежесіне  дейін
өсті.
      ҚазҰТУ –  мыңдаған  инженерлер  мен  Қазақстандағы  барлық  техникалық
жоғары оқу орындарының оқытушыларының іс жүзіндегі анасы іспетті.
      Университеттің ұлттық техникалық мәртебесі – еліміздің қалыптасуы  мен
дамуына орасан зор үлес қосқан университет түлектері  –  көрнекті  ғалымдар,
педагогтар мен инженерлердің ерен еңбектерінің жемісі.
      ҚазҰТУ-дың құрылуының 75  жылдығы  мемлекетіміздің  өміріндегі  елеулі
мәні бар оқиға. Инженер мамандарды дайындаудың шеберханасы –  ҚазҰТУ  өзінің
75 жылдық тарихи қызметінің  мақсаты  мен  мазмұнын,  Отанымыздың  ұлтжанды,
техникалық сауатты ұрпағын қалыптастыруға арнап келеді.
      Халықтың есінде  –  ҚазТКМИ,  ҚазПТИ,  ҚазҰТУ  болып  сақталып  қалған
Қазақстанның  жетекші  жоғары   оқу  орнының  тарихы  –  бұл  республикадағы
инженерлік білім беру, оның өндірістік өсіп-өркендеуінің даму кезеңдері.
       Қазақстандағы  техникалық  білім  берудің  қарлығашы   –   ҚазҰТУ-дың
республикадағы бірқатар өндіріс салаларының қалыптасуы мен  дамуындағы  және
оларды инженер мамандарымен  қамтамасыз  етуге  сіңірген  еңбегін  бағаламау
мүмкін емес.
      ҚазҰТУ-дың тарихы – бұл еліміздің  мәдениеті  мен  білімінің,  ғылыми-
техникалық интеллигенциясының қалыптасуы мен дамуының тарихы.
      Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдарда Қ.И.Сәтбаев  атындағы  ҚазҰТУ  –
жоғары сапалы, қарқынды білім беру мен ғылыми-инженер  мамандарын  даярлауда
айтарлықтай жетістіктерге қол  жеткізіп,  еліміздің  техникалық  жоғары  оқу
орындарының арасында ғана  емес,  халықаралық  ауқымдағы  зор  мәртебеге  ие
жоғары оқу орнына айналды.
      Жаңа мыңжылдықта Қ.И.Сәтбаев атындағы  ҚазҰТУ  өзінің  алдына  сапалық
тұрғыдан жаңа мақсаттар мен міндеттер  қояды.  Университет  дамудың  әлемдік
білім  беру  жүйесінде  лайықты  орынға  ие  бола  алатын  жоғары   элиталық
инженерлік-техникалық университет қалыптастыруға  аяқ  басқан  жаңа  кезеңде
тұр. Университеттің жаңа даму бағдарламасы – жаңаша  ойлау  мен  білім  беру
үрдісіндегі жаңаша ізденістер. Университет білім мен  ғылымды  интеграциялау
жолына түсті.

                  Қ.И.Сәтбаев және Қазақ ұлттық техникалық
                                университеті

      Қ.И.Сәтбаев КСР ҒА-ның президенті болып  сайланғаннан  бастап  (1946),
сол кездегі Кен металлургия институтын өз қамқорлығына ала бастаған.
      Ұлы ғалым өз халқына инженер кадрларының ауадай  қажет  екенін  алдын-
ала біліп, жергілікті ұлт жастарын  аспирантураға  қалдырып,  оларға  жағдай
жасауға баса көңіл бөлді.
      Қазақ кен  металлургия  институтының  Қазақ  политехникалық  институты
болып қайта құрылуына, оның материалдық-техникалық базасының ұлғаюына,  жаңа
мамандықтардың  ашылуына  Қ.И.Сәтбаев  үлкен  көмек  көрсетті.  Осы  жылдары
Сәтбаевтың  шәкірттері,  әрі  ізбасарлары  академик-ғалымдар   Ө.Байқоңыров,
Евней Букетов, Ш.Есенов, А.Машанов сияқты тұлғалар қалыптасты.
      Қ.И.Сәтбаев қазақ жастарының тек қана  теориялық  білім  алып  қоймай,
оны өндірістегі іс-тәжірибемен дамытып, жақсы маман болып шығуына да  ерекше
ден   қойды.   Өндірістік   тәжірибеде    болған    студенттер    техникалық
мамандықтардың қыр-сырын терең  біліп,  меңгерумен  қатар,  қаржы  да  тауып
қайтатын.
       Қ.И.Сәтбаев  болашақ  инженер-студенттердің  жан-жақтылығына,  рухани
байлығына, парасаттылығына қарап, ұлттың болашағын елестететін.
      Міне, бүгінгі таңда Сәтбаев шарапатына бөленген  ҚазҰТУ  –  техникалық
білімнің  қара  шаңырағы,   қасиетті   білім   ордасы   атанса,   Сәтбаевтың
қамқорлығын көрген шәкірттері мемлекет және  қоғам  қайраткерлері  деңгейіне
көтерілді.
       1999  жылы  Қазақ  ұлттық   техникалық   университетіне   инженерлік-
техникалық мамандар даярлауға сіңірген аса зор еңбегі үшін  көрнекті  ғалым,
академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың есімі берілді.

      Сөздік:
      мәртебе – достоинство; престиж; честь; слава; чин; статус
      парасат – разум; рассудок; здравомыслие; интеллект; смышленность

      362-тапсырма. Бірінші мәтін бойынша сұрақ-жауап  (сұхбат)  құрастырып,
оны рөлге бөліп оқыңыздар.
      Ү л г і:
      –     ҚазҰТУ бүгінде қандай дәрежеге дейін өсті?
    – Алғашында тау-кен металлургиясы мен  тау-кен  барлау  факультеттерінің
      базасында ұйымдастырылған ҚазҰТУ  бүгінде  осы  салада  білім  беретін
      еліміздегі жетекші жоғары оқу орны дәрежесіне дейін өсті.

       363-тапсырма.  Екінші  мәтінге  жоспар  құрып,  өз  білетіндеріңізбен
толықтырып, мазмұндаңыздар.

      364-тапсырма.  Мәтіндерден  есімдіктерді  тіркескен  сөздерімен  бірге
теріп жазып, олардың түрлерін ажыратыңыздар.

      365-тапсырма. Сөйлемдерден жалпылау есімдіктерін тауып, олардың  астын
сызыңыздар.
      Қасым хан бүкіл қазақ халқын біріктіру арқылы үлкен  әскери  күшке  ие
болды. Жалпы бізде белгісіз солдаттар жоқ, барлығының бар аты,  туған  жылы.
Бұл оның бүкіл қазақ халқының тағдырына қатысты  ірі  оқиғалардың  ортасында
жүргенінің айғағы. Ол тек Ұлы жүздің ғана ру басы, төбе  биі  болып  қоймай,
барлық қазақ елінің  саяси,  мемлекеттік  қайраткері  дәрежесіне  көтерілген
адам. Ол көне дәуірдегі түркінің  әлемдік картасын жасап,  түркі  дүниесінің
ежелгі шаһарларын, елді мекендерін түгел дерлік көрсетеді.

                  Өздік, болымсыздық, жалпылау есімдіктері

                                         Өздік есімдіктері
                               (Возвратные местоимения)
Өздік есімдігіне өз деген есімдік, оның тәуелденген  түрлері  жатады:  өзім,
өзің, өзіңіз, өзі, өздерің, өздеріңіз, өздері.

                                  Болымсыздық есімдіктері
                              (Отрицательные местоимения)
Болымсыздық мағынаны білдіретін  есімдіктің  түрі  болымсыздық  есімдік  деп
аталады.  Болымсыздық  есімдіктерге  еш  деген  тілдік  нұсқа  арқылы  сұрау
есімдіктерінен және басқа да сөздерден жасалған  есімдіктер  жатады:  ешкім,
ештеме, ешқашан, ешқайда, ешқайдан, ешқайсысы, ешбір, дәнеңе, дәнеме.

             Жалпылау есімдіктері (Обобщающие местоимения)
Жалпылау есімдіктері жалпылау мағынасын білдіреді.  Жалпылау  есімдіктеріне:
бәрі, бар, барлық, күллі, бүкіл, барша, түгел деген сөздер жатады.

      366-тапсырма. Өзі, бәрі, ешкім есімдіктерін септеңіздер.
      Ү л г і: Ешнәрсе:  ешнәрсе+нің,  ешнәрсе+ге,  ешнәрсе+ні,  ешнәрсе+де,
ешнәрсе+ден, ешнәрсе+мен.

      367-тапсырма. Төмендегі  есімдіктерді  пайдаланып,  олармен  сөйлемдер
құрастырыңыздар
       Өзінің,  өзі,  өздеріңіз,  барлық,   түгелімен,   ештеңе,   ешқандай,
ешқайсысы, өзімнің, өздерімен.

      368-тапсырма. Өздік есімдігін тауып, оларды сөз құрамына талдаңыздар.
      Ү л г і: Өзіміздің: «Өз» – сөздің түбірі; «іміз» – ортақ  тәуелденудің
І жағының жалғауы (Біздің өзіміз); «дің» – ілік септігінің жалғауы.
Өзім – тәңірі табынамын өзіме,                           Бұзушы да,  түзеуші
де өзіммін,
Сөзім – құран, бағынамын сөзіме!                      Енді, ескілік,  келдің
өлер кезіңе!
                                                               (М.Жұмабаев)

      369-тапсырма. Тәуелдену формасында  тұрған  өздік  есімдіктерімен  сөз
тіркестерін жасап, көрсетілген жолдарға жазыңыздар.

                                 Ү л г і: Өзіңнің үйің. Өзің жазған  кітапты
оқыдым.
                                       1. _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _  _
_ _ _ _
                                       2. _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _  _
_ _ _ _
                                       3. _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _  _
_ _ _ _
                                       4. _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _  _
_ _ _ _
                                       5. _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _  _
_ _ _ _
                                       6. _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _  _
_ _ _
                                       7. _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _  _
_ _ _ _
                                       8. _  _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _  _  _
_ _ _ _


370-тапсырма.  Ұлағатты  сөздерден  есімдіктерді  тауып,  олардың   түрлерін
ажыратыңыздар.
 Ешқашан жаңылмайтын адамдар бар, өйткені олардың ешнәрсе істеуге мойны жар
                                  бермейді.
                                                           (И.Гете)
                                  * * * * *
      Өзіне-өзі ғашық болушылық, бұл – адамның үлкен соры.  Бұл  ең  алдымен

                              өзімшілдікті,   өзімшілдік    –    күншілдікті
туғызады.
                   Ешбір өнерді құрғақ тілек, құрғақ бұйрық туғызбайды.
                                                                (М.Әуезов)
                                  * * * * *
           Ештеңе де өзінен-өзі, ерік-жігерсіз, құрбандық пен еңбексіз
                                 істелмейді.
           Адам еркі, тек қана берік адамның еркі  – ғаламат күш.

(А.М.Герцен)
                                  * * * * *
      Егер ақылыңыз дұрыс жұмыс істесін десеңіз, өз деміңізді бақылап
                                                           отырыңыз.
                                                           (Рене Декарт)
                                  * * * * *
       Білімге құмартып, кітапты бүкіл жан дүниеңмен сүй. Ол сенің ең жақсы
        досың ғана емес, өміріңнің ақырына дейін сенімді серігің де.
                                                           (М.А.Шолохов)

        371-тапсырма.   Ешқашан   болымсыздық   есімдігі    төмендегі    сөз
тіркестерінің  қайсысымен  мағыналық  сөз  тіркестерін  жасай   алады?   Сөз
тіркестерін көрсетілген жолдарға жазыңыздар.
                                  Ү л г і: Ешқашан келіспейді.
                            уақытын бөледі   1. _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _  _
_ _ _
                            мұңын айтпас     2. _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _  _
_ _ _
                            өзімен келіспейді     3. _ _ _ _ _ _ _ _ _  _  _
_ _ _ _ _ _
                            сөйлей алды      4. _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _  _
_ _ _
                            ән айтты         5. _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _  _
_ _ _
                            оны жеңбейді     6. _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _  _
_ _ _
                            білмей кетті     7. _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _  _
_ _ _

372-тапсырма. Төмендегі өлең жолдарын мағынасына қарай іріктеп,  тиісті  сөз
тіркестерімен сәйкестендіріп, көрсетілген жолдарға толтырыңыздар.

                                       бәрін біл  1. _ _ _ _ _ _ _ _ _  _  _
_ _ _
                                       арың бұл   2. _ _ _ _ _ _ _ _ _  _  _
_ _ _
      .                                құрметте   3. _ _ _ _ _ _ _ _ _  _  _
_ _ _
                                       тұр бетте  4. _ _ _ _ _ _ _ _ _  _  _
_ _ _

      373-тапсырма.  Көп  нүктелердің  орнына  жалпылау  есімдіктерін  қосып
жазыңыздар.
      Біздің заман шыққан  күндей  жайнайды,  ...............  әлемге  алтын
нұрын  түсіріп  (Ж.С.).  Беріліп  ...............  ынтамен,  ...............
халық сеніп  тұр  (Ж.С.).  Осы  жазған  ...............  сөзден,  Байқалынар
............... шыны (А.). Абай ................ сөзді  түгел  айтып  болсын
дегендей,  үндеген  жоқ  (М.Ә.).  ..................  осы  .................
қауымның қайғысын Абайға өзгеше терең түсіндірді (М.Ә.). Жылы менен  суықтың
...............  көріп,  Қайран   көңіл   қайыспай   қайрат   етті   (Абай).
Керімбаланың  ашықтығын,  еркелігін  ...............  жастар  ұнатқан   еді.
(М.Әуезов).
       Сөйлемдерді  толықтыруға  керекті  есімдіктер:  Бар,  барлық,  күллі,
барша, түгел, баршасы, бәрін.

       374-тапсырма.   Сөйлемдерден   болымсыздық   есімдіктерін   тіркескен
сөдерімен бірге теріп жазыңыздар.
      Маркшейдерлік  жұмыстарды  атқару  кезінде  ешкім  ешқайда  алаңдамауы
керек. Дүниеде ешқандай міні жоқ ешкімді таппайсың. Жер астында  атқарылатын
жұмыстың маңынан ешкімді көре алмадық. Кен қорының  пайдалы  бөлігін  айырып
алуға ешбір қаржы бөлінбеген. Каретканың  жүріс  құрылысының  үстіне  ештеңе
орнатылмапты.

      375-тапсырма. Қарамен терілген есімдіктердің түрлерін анықтап,  оларды
әр бағанаға бөліп жазыңыздар.
            ... Май тамызса тілінен,              Ағаң менен апаң сөзі,
            Еш адамға сенбеске.              Барлық сөзге тұра ала ма?
                                  * * * * *
                       Ескермей ешбір нәрсе жүруші едім,
                       Бар ма екен қасірет-қапа шығар күні.
                                  * * * * *
                        Жиылған ағайынға отырғаның,
                        Біреудің бақ-даулетін қызық көріп.
                                  * * * * *
      Жел соқса, құйын құйса, жылжи беру,         Мынау қырда қазақ тұр
      Болғандай табан тірер ешнәрсе жоқ.          Бастарында азап тұр.
                                  * * * * *
                       Бәрі баймен бағалас, сөзі бір боп,
                       Би, болыс, бара алмаймыз ауылнайға.
                                  * * * * *
                       Кейбіреулер жазады «қу өмір» деп,
                       Тұрағы жоқ, алдамшы, «су өмір» деп.

       376-тапсырма.  Мақал-мәтелдерден   өздік   есімдіктерін   табыңыздар.
Олардың мағынасын түсініп, есте сақтаңыздар.
      1. Кісі елінде күркірегенше, өз еліңде дүркіре.
      2. Өз үйім – өлең төсегім.
      3. Отанға опасыздық еткенің – өз түбіңе жеткенің.
      4. Өз басыңды дауға берсең де,
          Жолдасыңды жауға берме.
      5. Қорқақ өзінің көлеңкесінен де қорқады.

      377-тапсырма. Сөйлемдерден жалпылау есімдіктерін табыңыздар.
      1.  Мәжіліске  қатысқандардың  барлығы  да   жоғары  білікті  мамандар
болды. 2. Студенттер түгел келсе, мына жұмысты тез бітірер едік. 3. Бар  ойы
– өлең айтып, ән салайық. 4. Түгел сөздің түбі бір, түп атасы  –  Майқы  би.
(Мақал). 5.  Біріңді,  қазақ,  бірің  дос.  Көрмесең,  істің  бәрі  бос  ...
(Абай). 6. Өнер біткеннің бәріне жаратылысынан бейім адамның болуы  шындыққа
сыймайды. (әл-Фараби). 7. Біз барлық күш-жігерімізді тек  қана  білім  алуға
жұмсауымыз керек. 8. Жиналған барша жұрт алдында өзінің  жасаған  кемшілігін
мойындап, бәрінен кешірім сұрады.


11-апта. 32-тәжірибелік сабақ
      Грамматика:  Тұйық етістіктер. Салт және сабақты етістіктер.
      378-тапсырма. ҚазҰТУ-дың  даму  тарихынан  мәліметтер  алып,  түсініп,
мазмұндаңыздар. Тарихи деректерді есте сақтаңыздар.

                      Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық
                техникалық университетінің тарих беттерінен:
                         ізденістер мен жетістіктер

       1930  жылдардың  басында   елімізде,   бұрынғы   КСРО-ның   дамуында,
Қазақстанның орны ерекше маңызды  болды.  Өндірістік  күштердің  қалыптасуы,
шикізат  көздерін  жаппай  іздестіру,   Лениногорск,   Балқаш,    Жезқазған,
Қарағанды,  Гурьев,  Шымкент,  т.б.  қалаларда  өндірістік   кәсіпорындардың
салынуы кең қанат жайды. Бұл Қазақстандағы кен және металлургия  өндірісінің
қарыштап дамуының бастамасы болды. Қазақстан экономикасы тез  арада  білікті
мамандардың өсіп-жетілуін қажет етті.
      1933 жылдың қыркүйегінде КСР Одағын Халық комиссарлар Кеңесінің  Семей
тау-кен  институтымен  біріктіре  отырып,  Алматы  қаласында  Қазақ  тау-кен
металлургия институтын құру туралы қаулысы қабылданды.
      ҚазҰТУ-дың тарихы  1934  жылдан  басталады.  Осы  жылы  Қазақ  тау-кен
металлургиялық институтының жалғыз геологиялық-барлау факультетінде  инженер
кадрларын дайындау басталды.
       Қазақстандағы  тұңғыш  техникалық  жоғары  оқу  орнының  қалыптасуына
кәсіпорындар мен ұйымдар, мекемелер  баға  жетпес  көмек  көрсетті.  Олардың
көпшілігі   зертханаларға   қажетті   жабдықтар,   минералдар    жинақтарын,
геофизикалық және  топографиялық  құрал-саймандар  беріп,  ғылыми-техникалық
әдебиеттермен қамтамасыз етуге көмектесті. Оқытушылық-профессорлық  құрамның
мәселесі де шешілді.
      ҚазТКМИ өзінің құрылуы мен ұйымдастырылуы  барысындағы  қиыншылықтарды
табыспен жеңе  отырып,  аз  уақыт  ішінде  тау-кен,  металлургия,  геология,
құрылыс, т.б. өнеркәсіп  салаларын  инженер  кадрларымен  қамтамасыз  ететін
негізгі база ретінде үлкен беделге ие болды.
      1960 жылы ҚазТКМИ политехникалық институты болып қайта  құрылып,  оның
8 факультетінде кәсіби инженерлер дайындайтын еліміздегі ең  беделді  жоғары
оқу орындарының біріне айналды.
      Жекелеген факультеттердің негізінде Атырау мұнай және  газ  институты,
Ш.Есенов атындағы Ақтау политехникалық  университеті,  Рудный  индустриалдық
институты, Алматы энергетика  және  байланыс  институты,  Қазақ  мемлекеттік
сәулет  және  құрылыс  академиясы  ашылды.  Рудныйдағы   филиалы,   Өскемен,
Лениногорск,  Қаратау,  Зыряновск,  Шевченко,  Атырау  қалаларындағы   жалпы
техникалық факультеттер  ҚазПТИ-дің  маңызды  құрылымдық  бөлімшелері  болып
табылады.
       1994  жылдың  қаңтарында  В.И.Ленин  атындағы  ҚазПТИ  Қазақ   ұлттық
техникалық университеті болып өзгертілді. Осы кезеңнен бастап, еліміздің  ең
басты техникалық  жоғары  оқу  орны  ретінде,  кадрларды  даярлауды  әлемдік
деңгейде таныту мақсатында, оқу бағдарламалары мен жоспарларын  жетілдірудің
аса маңызды міндеттері жүктелді.
       1990  жылдары  университет  даярлаған   инженер   кадрлары   тәуелсіз
Қазақстанның  маңызды  өндіріс  салалары   мен   өнеркәсіптерін   реформалау
саясатын жүзеге асыруға атсалысты. Көптеген  университет  түлектері  бүгінде
экономиканың  әртүрлі  салалары  мен  ғылыми-зерттеу  мекемелерінің  жетекші
мамандары.
      Инженерлік-техникалық мамандар  дайындауға  сіңірген  аса  зор  еңбегі
үшін  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  1999   жылдың   22   қыркүйектегі
қаулысымен Қазақ ұлттық техникалық университетіне көрнекті  ғалым,  академик
Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың есімі берілді.
      ҚазҰТУ-дың қазіргі кезеңдегі қызметі университеттің беделін  көтеруге,
университетте басталған қайта құруларды  жүзеге  асыруға,  оқытудың  сапасын
жақсарту мен басқару жүйесін жетілдіруге бағытталып отыр.

      Сөздік:
      шикізат – сырье; сырое вещество
      қанат жаю – развиваться; расправить крылья
      құрылым – структура; состав; строение

      379-тапсырма.  Мәтіннің  мазмұны  бойынша  берілген  сұрақтарға  жауап
беріңіздер.
      1. 1930 жылдардағы Қазақстанның жағдайы қалай болды? 2. 1933  жылы  не
жөнінде қаулы қабылданды? 3. ҚазҰТУ-дың  тарихы  қай  жылдан  басталады?  4.
Қазақстандағы тұңғыш техникалық оқу  орны  туралы  не  білесіздер?  5.  Оның
қалыптасуына кімдер көмек жасады? 6. ҚазТКМИ қандай жетістіктері үшін  үлкен
беделге  ие  болды?  7.  ҚазТКМИ   қай   жылы   қайта   құрылды?   8.   Жеке
факультеттердің негізінде қандай оқу орындары ашылды?  9.  ҚазПТИ  қай  жылы
және қалай өзгертілді? 10. ҚазҰТУ-ға қай жылы, кімнің есімі берілді?

       380-тапсырма.  Мәтіннен  салт  етістіктерді  бір  бағанаға,   сабақты
етістіктерді екінші бағанаға тіркескен сөздерімен бірге теріп жазыңыздар.

       381-тапсырма.   Төмендегі   мақал-мәтелдерді   оқып,   ондағы   табыс
септігіндегі   сөздердің    етістіктермен    қалай    байланысып    тұрғанын
түсіндіріңіздер.

      Ашу жүйкені бұзады,                    Аяз, әліңді біл,
      Жүйке ұйқыны бұзады.                   Құмырсқа, жолыңды біл.
       Шешен  кісі  сөз  бастар,                       Алтыннан  қымбат  сөз
айтсаң,
      Адал кісі ел бастар.                   Ақымақ құлақ салмайды.
      Біреудің ала жібін аттамайды.          Өтірікшіні үйіне қуып тық.
      Қалам ұстаған қол қайыр сұрамайды.

      382-тапсырма Сөйлемдердегі салт  етістіктерді  бір  бағанаға,  сабақты
етістіктерді екінші бағанаға бөліп жазыңыздар.
      Нұржан оларды аттандырып, қосқа қайта оралды. Ақан жаңа ғана  шешініп,
тамақ ішуге ыңғайлана бастаған. Нұржанды  көрді  де,  теріс  айналып  кетті,
төсегін қопарып, бірдеме іздеген болып, күбжеңдей берді.  Әнеукүнгі  жанжал,
өсек жүзіне шырмау, көңіліне ақау салса керек,  беттетпеді.  Нұржан  да  тіл
қатқысы келіп, қипақтап тұр еді. Ақан  жуынып,  тамағын  ішті  де  қатардағы
күркеге барып, студенттермен әңгіме құрды  (З.Шашкин).

                          Тұйық етістік (Инфинитив)
Тұйық етістік -у жұрнағы арқылы жасалып,  қимылдың  атын  білдіреді:  бар+у,
кел+у, оқы+оқу.
Инфинитив образуется аффиксом -у и выражает  имя  действия:  сен+у,  қара+у,
жаз+у.
                        Салт және сабақты етістіктер
                     (Непереходные и переходные глаголы)

Табыс септіктегі сөзге мағынасы сабақталып тұратын етістік  сабақты  етістік
деп аталады. Ал керісінше,  табыс  септіктегі  сөзге  мағынасы  сабақталмай,
салт күйінде істің өзін, жай  күйді  білдіретін  етістіктерді  салт  етістік
дейміз.
Оз, оқы деген екі етістікті алсақ, оқы етістігі табыс  септікті  талап  етіп
тұр:  кітапты  оқы,  хатты  оқы.  Ал  оз  етістігі  объектіге   сабақталмай,
жадағайланып салт тұр, яғни оз етістігіне сабақталынып тұрған объекті жоқ.
      383-тапсырма. Тұйық етістіктерді пайдаланып, олармен сөз  тіркестерін,
сөйлемдер құрастырыңыздар.
      Ү л г і: Көру (смотреть); көруге  болады  (можно  посмотреть);  көруді
қоя тұр (подожди смотреть); көруде мән бар (есть смысл посмотреть);  көруден
бас  тартты   (отказался   смотреть);   көрумен   шұғылданды   (он   занялся
просмотром).
      М.Нұрпейісованың «Машановтың  ғылыми  мектебі»  атты  кітабының  тұсау
кесуін көрудің, оған қатысудың мәні зор, ғұлама ғалым  А.Машановтың  ғылымға
қосқан жетістіктерінен мағлұмат алудан ешқашан  бас  тартуға  болмайды,  оны
насихаттау, оған қатысу, көру үлкен ғанибет.
      Жүргізу, салу, жобалау, арнау, реттеу, даму, орындау,  өңдеу,  өткізу,
атқару, есептеу, түзету, тексеру.

                         Қ а з Ұ Т У – б ү г і н д е
                     ҚазҰТУ – бүгінде ғылым мен білімнің
                               бірегей орталығы
















384-тапсырма. Ә.Нұршайықовтың академик Ш.Есеновке жазған өлеңінің  мағынасын
түсініп, жаттаңыздар. Салт және сабақты етістіктердің астын сызыңыздар.

Кең маңдай, қыран көз            Өлшеусіз  кен  берген.              Адамның
бәрін де
Қаныштай қалыбы.       Қазына, құт қашып,         Туыстай тең көрген.
Жеті қап жер астын          Әр түрлі жерлерден,         Талай тау қызметті
Зерттеген  тынбастан               От,  бензин   көбейіп,           Тоқтыдай
өңгерген.
Ғылымның алыбы.        Халқына дем берген.             Қазақтың біртуар
Жігері  жасымас                    Газ,  мұнай,  тас  тілін         Мәңгілік
мақтаныш
Болаттың қанығы!       Сүлеймен секілді                     Ұлысыз – анығы!
Ағайын         елдерге                           Патшадай         меңгерген.



                              (Ә.Нұршайықов)
385-тапсырма. ҚазҰТУ-дың құрамында жұмыс  жасап  жатқан  институттарды  есте
сақтаңыздар.



























386-тапсырма. Төмендегі сөз және сөз тіркестерін  пайдаланып,  сабақты  және
салт етістік формасында сөйлемдер құрастырыңыздар.
       Ү  л  г  і:  Сапасын  арттыру.  Университет   қабырғасында   мамандар
дайындаудың сапасы+н («н»  –  табыс  септігінің  жалғауы,  сабақты  етістік)
арттыру мақсатында маңызды үш бағыт бетке ұсталды.
        Мамандарды   дайындау,   әлемдік   стандарттарына,   оқу-әдістемелік
әдебиеттермен,  геологиялық-барлау  институтына,   белсенділігімен,   ғылыми
конференцияларда,  университетті  бітірген,  кешенді  экспедиция,  қабілетін
таныту, қызметінен бастады, кен орындарын, ашу бағытында.

      387-тапсырма. Мақал-мәтелдердегі етістіктерге сұрақтар қойып,  олардың
қайсысы салт, қайсысы сабақты екенін ажыратыңыздар.

        1.  Егінші  жерін  мақтайды,           2.  Жігіттің  жұмсаған  күшін
сұрама,
       Балықшы көлін мақтайды.           Бітірген ісін сұра.
       Кәсіпқор кенін мақтайды.           3. Қыс азығын, жаз жина.
        4.  Аға  алдында  пейіліңді  көрсет,        5.  Отты  үрлей  берсең,
өшірерсің,
        Іні  алдында  мейіріңді   көрсет.        Көршіңді   күндей   берсең,
көшірерсің.

                             6. Семіздікті қой көтерер.

      388-тапсырма. ҚазҰТУ-дың даму жолдарынан мәлімет алыңыздар.





















      389-тапсырма.  Сөйлемдерден  салт  және  сабақты  етістіктерді  тауып,
олардың жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.
      Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ – кәсіби және ғылыми кадрларды  дайындауда
жетекші орынды иеленетін  ғылым  мен  білімнің  ордасы.  ҚазҰТУ  мемлекеттік
қызмет пен  өндірісте  табысты  еңбек  етіп  келе  жатқан  80  мыңнан  астам
инженерлерді,  ғылым  докторлары  мен  кандидаттарын  дайындаған  білім  мен
ғылымның орталығы.
      Уақыт талабына сай, университетте соңғы он жылдықта жас ұрпаққа  білім
беру саласында  қызмет  көрсетудің  ауқымы,  инженер  кадрларын  дайындайтын
мамандықтар тізбесі, қолданылатын оқу технологияларының көлемі кеңейді.

       390-тапсырма.   Мақал-мәтелдерді   мұқият   оқып,   мағынасын   ашып,
түсінгендеріңізді айтып беріңіздер. Салт және  сабақты  етістіктердің  астын
сызыңыздар.

1. Халықтан қайырымдылықты,         2. Болат қайнауда шынығады,
    Қариядан байымдылықты үйрен.              Батыр майданда шынығады.
3. Жақсы кісі өлмесін,                    4. Жаманға сырыңды айтпа,
     Жамандықты  көрмесін.                            Сырыңды   айтсаң   да,
шыныңды айтпа.


      11-апта. 33-тәжірибелік сабақ
      Грамматика:  Еліктеу сөздер.
      391-тапсырма.  ҚазҰТУ-дың  ғылыми  даму  жолына  өз  үлестерін  қосқан
тұлғалар,  университеттің  ректорлары  туралы  тарихи  деректермен  танысып,
есте сақтаңыздар.

             Тарих беттерінен: Әшір Бүркітбаев – тұңғыш ректор.
                       ҚазҰТУ ректорлары.  Ә.Ермеков –
                            халықтың қалаулы ұлы

      1934 жылы 19 қыркүйекте  негізі  қаланған  Қазақ  тау-кен  металлургия
институтының  тұңғыш  директоры  –  Ә.Ж.Бүркітбаев   алғашқы   еңбек   жолын
қарапайым токарлықтан бастаған. Орал-Қазақстан өнеркәсіп  академиясын  үздік
бітірген білікті  маман.  Қазақстан  өлкелік  комсомол  комитетінің  бірінші
хатшысы, Қазақ өлкелік  партия  комитеті  бюросының  мүшесі,  ҚазОАК  мүшесі
болған.
      Бүркітбаев Әшір Жанәліұлы Қазақстан  тарихындағы  бірінші  инженерлік-
техникалық  институттың  негізін  қалаған   танымал   ғалым-педагог   болды.
Ә.Бүркітбаев институттың қалыптасуы мен дамуына үлкен үлес қосты.
      Бірінші оқу жылының басында институтта 145 студент болды,  бірақ  1934
жылдың қазан-қараша айларында институттың бірінші курсына  жаңадан  қабылдау
жасалды.
      Ә.Бүркітбаев 1938 жылы «Халық жауы» деп  айыпталып,  тұтқынға  алынып,
ату жазасына бұйырылды, кейіннен 1958 жылы ақталды.
      Базарбаев Серікбай  Базарбайұлы  1937  жылдың  қазан  айында  институт
директорлығына (1937-1939) сайланды. Мәскеудің  М.И.Калинин  атындағы  түсті
металдар мен алтын институтының түлегі.
      Коктов Андрей Иванович 1939 жылдың қаңтар  айында  институт  директоры
қызметіне (1939-1942) сайланды, Мәскеу  кен  институтының  түлегі.  А.Коктов
Ұлы Отан соғысының алғашқы күндерінде басқа да оқытушылармен, сондай-ақ  200
студенттермен бірге Отан қорғаушылар  қатарында  болды.  Институт  директоры
А.И.Коктов, институттың партия ұйымының хатшысы Мұса Құрманғалиев және  тағы
басқалар майданнан оралмады.
      Брук Израиль Яковлевич 1942 жылы институт директоры болып  (1942-1946)
сайланды.  Жоғары   мектептің   ұйымдастырушысы,   Иркутск   кен-металлургия
институтының бұрынғы директоры, Ленинград институтының түлегі.
      Гришин Михайл Карпович  1946  жылы  институтты  басқаруға  (1946-1952)
тағайындалды. Мәскеудің  М.И.Калинин  атындағы  түсті  металдар  және  алтын
институтының түлегі, өндірісте бірнеше  жыл  жұмыс  істеген,  соңғы  жылдары
Шымкент кен ісі техникумының директоры қызметін атқарған.
       Байқоңыров  Өмірхан  Аймағамбетұлы  1952   жылы   ҚазТКМИ   директоры
қызметіне  (1952-1962)  тағайындалды.  ҚазТКМИ  түлегі,  Қазақ  КСР  Жоғарғы
Кеңесінің депутаты, ол кезде техника ғылымдарының кандидаты болған.
      Есіркегенов  Ғабдіслям  Мұхамадиұлы  1962  жылы  Қазақ  политехникалық
институтының ректоры (1962-1968) болып сайланды.  Ол  Қазақ  кен-металлургия
институтының 1953 жылғы түлегі.
      Омаров Әшім Құрамбайұлы 1968 жылы институт ректоры  болып  (1968-1976)
тағайындалды. Мәскеу болат және құймалар  институтының  түлегі,  жоғары  оқу
орнындағы қызмет тәжірибесі көп, ғылыми  жұмыстар  бойынша  проректор  болып
істеген, өндірістік тәжірибесі мол.
      Әшімов Әбдіғаппар Әшімұлы 1976 жылы Қазақ политехникалық  институтының
ректоры болып (1976-1985) тағайындалды. ҚазПТИ-дың 1960  жылғы  түлегі,  аса
ірі ғалым, әрі педагог.
      Рақышев Баян Рақышұлы  1985  жылы  ҚазПТИ  ректоры  болып  (1985-1992)
тағайындалды. ҚазПТИ-дің 1957 жылғы түлегі.
      Шайхұтдинов Еренғайып Мәлікұлы 1992 жылы ҚазПТИ ректоры  болып  (1992-
1999) тағайындалды. ҚазПТИ проректоры қызметін атқарған профессор.
      Нүсіпов Ерғали Нүсіпұлы 2000 жылы  21  қаңтарда  Қ.И.Сәтбаев  атындағы
ҚазҰТУ ректоры болып (2000-2001) тағайындалды. ҚазПТИ-дің түлегі,  геология-
минералогия ғылымдарының кандидаты, профессор.
      Сүлеев Досым Қасымұлы 2001  12  шілдеде  Қ.И.Сәтбаев  атындағы  ҚазҰТУ
ректоры  болып  (2001-2008)  тағайындалды.  ҚазПТИ-дің  түлегі,  ҚР  ҰҒА-ның
академигі, техника ғылымдарының докторы, профессор.
      Әділов Жексенбек  Мәкейұлы  2008  жылы  сәуірде  Қ.И.Сәтбаев  атындағы
ҚазҰТУ  ректоры  болып  тағайындалды.   ҚР   ҰҒА-ның   құрметті   академигі,
Халықаралық инженерлік академияның академигі, ғылым докторы, ҚазПТИ түлегі.

      Сөздік:
      өлкелік – краевой; территориальный
      құйма – литье; сплав; отливка
      құйма болат – литая сталь

      392-тапсырма. Мәтіннен алынған сөз және  сөз  тіркестерімен  сөйлемдер
құрастырыңыздар.
      Жоғары оқу орны,  ғылыми  жұмыстар,  қызмет  тәжірибесі,  тағайындалу,
білікті маман, танымал ғалым, қалыптасу, даму, ұйымдастырушы.

      393-тапсырма. Сөйлемдерден еліктеу сөздерді табыңыздар.
      Асқар беті шып-шып терлеп, геодезиялық өлшеулер  жүргізіп  жатты.  Жер
бетіндегі нүктелердің арақашықтықтарын анықтау оңай еместігін түсінген  Әсет
бұлқан-талқан ренжіді. Атмосфералық қысымның  қатты  әсер  еткені  соншалық,
Марат қалт-құлт етіп аяғын шақ басып келе жатты.  Далалық  өлшеулер  кезінде
қалт жіберіп алсаң, өлшем мөлшерлері  дұрыс  шықпай  қалуы  мүмкін.  Алыстан
көрінген ыңғайсыз сұлбаны көріп,  Айжан  селк  ете  қалды.  Жүрегім  зу  ете
қалды.

      394-тапсырма. Төмендегі еліктеу сөздердің дыбыстық еліктеуіш  сөздерін
бір бөлек, бейнелеуіш сөздерін екінші топқа бөліп жазыңыздар.
      Жарқ, баж,  даң-дұң,  күмп,  қыр-қырш,  шіңк-шіңк,  бұрқ-сарқ,  сатыр-
күтір, дүңк, арс, тарс-тарс, жалт-жұлт, сықыр-сықыр, қалш-қалш,  далаң-далаң
жүгірді, жарқ-жұрқ етті, бүгжең-бүгжең жүрді,  қызараң-қызараң  етті,  дүрс-
дүрс етті.

      Сөздік:
      жылт-жылт – миг-миг                        шолп – бух-бултых
      дүрс-дүрс – тук-тук                    маң-маң басып – не торопясь
      лап-лап етіп сөнді – миг-миг и погасла

                   Еліктеуіш сөздер (Подражательные слова)

Еліктеу сөздер табиғаттағы әр  алуан  құбылыстардың  дыбыстарына  еліктеумен
немесе  олардың  бейнесін  елестетумен  байланысты  туған  сөздер.   Оларға:
тарс(етті), сырт(етті), күмп, салп,  тарс-тұрс,  пыр-пыр,  шырт-шырт,  жалт-
жұлт, сырт-сырт, сарт-сұрт, жылт-жылт, сылаң-сылаң, алақ-жұлақ, кілт,  қалт,
жалт сияқты сөздер жатады.
Еліктеу сөздер екі топқа бөлінеді. Оның бірінші тобы  –  дыбыстық  еліктеуіш
сөздер, екінші тобы – бейнелеуіш еліктеуіш сөздер деп аталады.
Дыбыстық еліктеуіш сөздер – айналадағы табиғат  құбылыстарының  алуан  түрлі
дыбыстарына еліктеуден пайда болған сөздер. Мысалы:  қарқ  етті,  тарс  етті
т.б.
Бейнелеуіш сөздер – табиғаттағы  заттардың  қозғалысын,  күйін  көру  арқылы
сипаттайтын, бейнелейтін сөздер. Мысалы: жалп ете түсті, жалт  қарады,  маң-
маң басты т.б.

      395-тапсырма. Төмендегі  еліктеуіш,  бейнелеуіш  сөздерді  пайдаланып,
сөйлемдер құрастырыңыздар.
      Қиқаң-қиқаң етті, маң-маң баст,  ербең-ербең  етті,  шарт-шұрт  сынды,
саңқ етті, жалт қарады, жарқ-жұрқ, қалт етті, сарт-сұрт болды.

      396-тапсырма.  Сөйлемнен  еліктеу  сөздерді  тауып,  олардың  түрлерін
ажыратыңыздар.
      Ү л г і: Жарқ-жұрқ  етті  – бейнелеуіш сөздер.
      Жарқ-жұрқ еткен  өткір  жарықтан  шахта  іші  жап-жарық  болды.  Шахта
ішінің тар ауасына шыдай алмай, жұмысшы гүрс етіп  етбетінен  құлады.  Метан
газының қысымы Ахметтің жүрегін дүрс-дүрс соқтырды.
      Жер қазушы жігіттер жұмыстан кейін өзен суына шолп етіп  түсіп  жатты.
Түскі тамаққа жиналған жұмысшылар ду-ду  етіп  әңгімелесті.  Мыж-мыж  болған
қалпағын басына баса киіп, Бақыт әрі қарай жүріп кетті. Асқар  досына  қарап
сылқ-сылқ күліп мәз болды. Шаршаған кен  қазушылар  жұмыстан  кейін  маң-маң
басып, қайтып бара жатты.
      Шахта ішіндегі шам лап-лап етіп сөнді.  Жұмысшылар  күтпеген  жағдайға
шыдай алмай у-шу болысты. Көп кешікпей  алыстан  жылт-жылт  етіп  от  көріне
бастады.

      397-тапсырма. Халықтың қалаулы ұлы  Ә.Ермеков  туралы  мәтінді  мұқият
оқып, оның өмір жолынан мәлімет алып, мазмұндаңыздар.

                     Ермеков Әлімхан Әбеуұлы – халықтың
                                 қалаулы ұлы

      Ә.Ермеков – ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында халықтың қоғамдық-саяси  және
рухани-мәдени өміріне белсене араласып, өзінің өнегелі өмір жолымен  тарихта
терең із қалдырған тұлғалардың бірі, белгілі қоғам  қайраткері,  әрі  ұстаз-
ғалым.  Оның  өмір  жолы      2009  жылы  75  жылдық   мерейтойын   тойлаған
Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-мен тығыз байланысты.
      Томск техникалық институтының тау-кен факультетінің  бесінші  курсында
оқып жүргенде, 1917 жылы болған қос төңкеріс  оқиғалары  Ә.Ермековтың  оқуын
тастап, саяси өмірге араласуына  тура  келді.  Ол  1919-1920  жылдары  Қазақ
өлкесін басқару жөніндегі әскери-революциялық комитет мүшесі ретінде,  Кеңес
өкіметінің Қазақстанда орнауына белсенді атсалысады.
       Осы  қазақ  революциялық   комитетінің  1920  жылдың  18  мамырындағы
қаулысы бойынша, Ә.Ермековке №2043 мандат беріліп, сол жылдың  18  тамызында
ол  Мәскеуде  В.И.Лениннің  алдында  «Қазақ  өлкесінің  жағдайы  және   оның
шекарасын белгілеу» жөнінде баяндама жасады.  Бұл  баяндамаға  ерекше  назар
аударылу себебі,  Ресей  империясы  кезінде  халқымыздың  шұрайлы  өлкелерін
тартып алып, отарлаушыларға берілген болатын.
      Ә.Ермеков өзінің өмір  жолының  бір  белесінде  ұстаз,  ғалым  ретінде
танылды. Қазақстандағы  оқу орындарының аяғынан тік  тұрып  кетуіне  өзіндік
үлесін қосты және  алғашқы  оқу  орындарының  іргетасын  қалаушылардың  бірі
болды.
      1927-1935 жылдары Қазақ  педагогикалық   және  Алматы  мал  дәрігерлік
институттарында  сабақ  берді.  1935  жылы   математика   саласында   тұңғыш
профессор атағына ие болды. Ә.Ермеков 1935-1937 жылдары қазіргі  Қ.И.Сәтбаев
атындағы   ҚазҰТУ-да   еңбек   етті.   Алғашында   математика   кафедрасының
профессоры,  кейіннен  кафедра  меңгерушісі  болып,  жастарға  сапалы  білім
беруде өзінің күш-жігері мен білімін аяған жоқ.
      Ә.Ермеков  1930  жылдардағы  әкімшілік-әміршіл  кезеңінің  зардаптарын
басынан кешіріп, «Алаш» қайраткерлерімен бірге қуғын-сүргінге ұшырады.  1957
жылы толық ақталып, өмірінің соңына дейін Қарағанды  мемлекеттік  техникалық
университетінде ұстаздық қызмет етті. Ол – Кеңес  өкіметінің  ұзақ  жылдарға
созылған   қудалауына   қарамастан,   өзінің    адамгершілік,    ұлтжандылық
қасиеттерін сақтай білген халықтың қалаулы ұлы.
       398-тапсырма.  Мәтіннің  бірінші  мағыналық  бөлігіне  жоспар  құрып,
жоспар бойынша әңгімелеп беріңіздер.

      399-тапсырма. Мәтіннің екінші мағыналық бөлігіне сұрақ-жауап  (сұхбат)
құрастырып, оны рөлге бөліп оқыңыздар.

      400-тапсырма. Өлең жолдарынан еліктеуіш сөздерді табыңыздар.

Аю қыз ашуланып сарқ-бұрқ етті,
Наркескен қыз қолында жарқ-жұрқ етті ...
Сілкініп қаһарлы қыз түрегелді,
Шаңқ етіп жатқан елді ду көтерді.
                                                             Найманда    екі
жүзді наркескенмін,
                                                            Желкеңді  кеспек
үшін қойған сақтап.
                                                             Тозаңың   анда-
санда бір бұрқ етті,
                                                              Саулатып    ем
бейпіл тілді екі жақтан.
                                      * * * * *
Білем анық, жанға жайлы май сұлу,
Жарқ-жарқ еткен майда найжағай сұлу,
Қызықты орман, көңілді еркін кең дала,
Күміс табақ көкте жүрген Ай сұлу.
                                                            Қыс,  қар,  мұз,
қырау, қылау – жерді көміп,
                                                              Бұлт   бүркеп,
тұман төніп, баса шөгіп,
                                                             Жер  көкті  аяз
бүріп, қызыл жайлап,
                                                            Бұрқ-сарқ  боран
құсып, шашып, төгіп ...

401-тапсырма. Еліктеуіш сөздердің қай  сөзбен  тіркесіп  тұрғанын  көрсетіп,
мағынасын ажыратыңыздар.
      Қым-қиғаш қиқу, сарт-сұрт төбелес  болды  да  қалды.  Анда-санда  гүрс
етіп қалған бір дауыс  әлдекімді  әлденеменеге  еріксіз  көндіргісі  келетін
сияқты. Ол тарс-тұрс ете қалған дыбысқа жалт қарады. Айсұлу басын изеді  де,
тық-тық басып жүріп кетті. Ол ол ма, аздан соң жүрегі дүрс-дүрс соғып,  басы
айнала бастады.

      402-тапсырма. Еліктеу сөздерді  тауып,  олардың  түрлерін  (еліктеуіш,
бейнелеуіш) ажыратыңыздар.

      Төртеуі жалп-жалп құлады. Түйе шөккенде,  Қамқа  серейіп,  сұлқ  етті.
Шапқан сайын қарқыны үдеп, екі  құлағының  түбінен  жел  гу-гу  етті.  Айыл-
тұрман шағылысып, жарқ-жұрқ  етті.  Беті  шып-шып  терлеп,  азғана  бусанып,
күнге шағылысып жатқан әппақ қарды  бауырымен  сызып,  төрт-бес  аттап  тұра
қалды. Қараңғылықтан қылаң етіп, аттылы адам шыға  келді.  Жаңбыр  сырт-сырт
етіп әлі жауып тұр. Жүрегім зу ете түсті. Қарға қарқ  етті.  Оның  көз  жасы
мөлт-мөлт етеді. Сырттан шаңқ-шұңқ айғай естілді.
12-апта. 34-тәжірибелік сабақ
      Грамматика:  Үстеу. Үстеудің түрлері (мезгіл, сын-бейне, күшейткіш)
      403-тапсырма. Қазақстанның тәуелсіздік шежіресінен мағлұмат  алып,  өз
білетіндеріңізбен толықтырып, мазмұндаңыздар.

                      Қазақстанның тәуелсіздік шежіресі
                                  * * * * *
              Тәуелсіздік – қазақ халқының сан ғасырлық арманы.
                     Тәуелсіздікке қол жеткізу шежіресі:
                             цифрлар мен фактілер

      Тәуелсіз Қазақстан. 1988 жылы Қазақ КСР  Компартиясының  ОК  1920-1950
жылдарда қуғын-сүргінге ұшырап, жазықсыз атылып кеткен қайраткерлерді  ақтау
туралы  қаулы  қабылданды.   Соған   сәйкес   Ә.Бөкейханов,   А.Байтұрсынов,
М.Дулатов,   Ш.Құдайбердиев,   М.Жұмабаев,   Ж.Аймауытов,    Х.Досмұхамедов,
М.Тынышпаев сынды көптеген Алаш қайраткерлері мен ғылыми-шығармашылық  зиялы
қауым өкілдерін ақтауға  және  олардың  мұраларын  қайта  қалпына  келтіруге
мүмкіндік берілді.
      Сол тарихи кезеңдегі басты оқиғалардың бірі – 1989 жылы 22  қыркүйекте
қабылданған «Тіл туралы» Заң еді. Бұл Заңда қазақ тілі мемлекеттік  тіл,  ал
орыс тілі  ұлтаралық  қатынас  тілі  деп  бекітілді.  Осылайша,  тәуелсіздік
жолында ұлттық тарих пен ұлттық тіл  қоғамды  жұмылдырушы,  әрі  біріктіруші
күшке айналды.
      1990 жылы  24  сәуірде  Республикада  Президенттік  басқару  институты
енгізілді. Жоғарғы Кеңестің сессиясында Н.Ә.Назарбаев Қазақ  КСР  Президенті
болып сайланды. Одақтас республикалар Кеңес Одағын  егеменді  мемлекеттердің
одағына  айналдыру  реформасын  дайындай  бастады.  1990  жылы  25   қазанда
Қазақстан  Жоғарғы  Кеңесі  «Қазақ  КСР-ның  мемлекеттік  егемендігі  туралы
Декларация» қабылдады. Бұл тарихи  құжат  еліміздің  тәуелсіздігіне  жасаған
маңызды қадамы болды.
      1991 жылы 29 тамызда  ҚР-ның  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  Жарлығымен
Семей  ядролық   полигоны   жабылды.   Бұдан   басқа   Қазақстанның   өзекті
мәселелерінің бірі – елді  ядролық  қарусыз  мемлекетке  айналдыру  мәселесі
шешілді.
       1991  жылы  1  желтоқсанда  Қазақстанда  бірінші  рет   бүкілхалықтық
Президент сайлауы өткізіліп, Елбасы болып Н.Ә.Назарбаев сайланды.
      1991 жылы 10  желтоқсанда  Н.Ә.Назарбаев  Қазақ  Советтік  Социалистік
Республикасының Қазақстан Республикасы  болып  аталуы  жөніндегі  Заңға  қол
қойды.
      1991 жылы 16  желтоқсанда  «ҚР-ның  мемлекеттік  тәуелсіздігі  туралы»
Конституциялық Заң қабылданды. Бұл күн Тәуелсіздік күні болып жарияланды.
      1991 жылы 30 желтоқсанда  Минскіде  Қазақстанның  ядролық  қарусыз  ел
болуға деген ұмтылысы жөнінде жарияланды.
      1992 жылы 25 қаңтарда ҚР-сы БҰҰ (Біріккен Ұлттар Ұйымына) қабылданды.
      1992 жылы 4 маусымда ҚР-ның Туы, Елтаңбасы және Әнұраны  туралы  Заңға
қол қойылды.
       1993  жылы  15  қарашада  ҚР-ның  ұлттық  ақшасы  –  теңге  айналысқа
енгізілді.
      1995 жылы 1 наурызда Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды.
      1995 жылы 30 тамызда ҚР-ның Ата Заңы – Конституциясы қабылданды.
      1997  жылы  20  қазанда  Президент  Жарлығымен  Астана  қаласы  ҚР-ның
астанасы болып жарияланды.
      1997 жылы 11 шілдеде  «Қазақстан  Республикасындағы  Тіл  туралы»  Заң
қабылданды.
      1999 жылы 10 қаңтарда  Елбасын  екінші  рет  бүкілхалық  болып  ҚР-ның
Президенті етіп сайлады.
       1998  жылдың  30  желтоқсаны.  1999   жылды  «Ұрпақтар  бірлігі   мен
сабақтастығы жылы» деп жариялау туралы Жарлыққа Президент  қол  қойды.  1998
жыл «Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы», 1997 жыл «Қоғамдық  келісім  және
саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы» болып жарияланды.
      1999 жыл, 10 қаңтар. ҚР-ның Президентін сайлау  болды.  Президенттікке
түскен төрт үміткердің ішінен Н.Назарбаев 79,78% дауысқа ие болды.

      Сөздік:
      қуғын-сүргін – репрессия
      ұмтылыс – стремление; порыв
      үміткер – претендент; надеющийся; возлагающий надежду

       404-тапсырма.  Жоғарыда  көрсетілген  цифрлар  мен  фактілерді  толық
меңгеріп, есте сақтаңыздар.

      405-тапсырма. Мәтіннен үстеулерді  тіркескен  сөздерімен  бірге  теріп
жазып, олармен сөйлемдер құрастырыңыздар.

      406-тапсырма. Сөйлемдерден мезгіл үстеулерін  тауып,  оларға  сұрақтар
қойыңыздар.
      Бүгінгі таңда қай ұлтты, қай халықты алса  да,  бәрінің  өз  ана  тілі
бар. Әр халық өз ана тілін ардақтайды. Тілді  жасаушы  –  халықтың  өзі.  Әр
ұлттың өкілі өз ана тілінің ертеңін ойлауы керек. Тіл –  өмір  бойы  халыққа
қызмет етеді. Ана тілін  қадірлемеген  адамның  ертеңі,  болашағы  жоқ.  Ана
тілінсіз ұлт мәдениеті, ұлт әдебиеті жоқ.
      Қазір қазақ тілі  мейлінше  дамып,  өрісі  кеңейіп,  байып,  жетілуде.
Бүнгі қазақ тілінің байлығы – қазақ халқының,  қазақ  ұлтының  байлығы.  Осы
байлықты қашанда бағалап, құрметтеу керек.
       407-тапсырма.  Берілген  үстеулермен   сөз   және   сөз   тіркестерін
құрастырып, олардың түрлерін ажыратыңыздар.
      Сыртта, бірталай, дәлме-дәл, мүлдем,  әдейі,  құр  босқа,  бір-бірден,
ілгері, сонша, анда-санда, түнеугүні, ала  жаздай,  айрықша,  әбден,  кенет,
зорға, аздап, шапшаң.
                           Үстеу. Үстеудің түрлері
      Үстеу. Іс-әрекет қимылдың түрлі белгісін, мезгілін, мекенін,  себебін,
мақсатын, тағы да басқа сипатын білдіретін  сөздердің  лексика-грамматикалық
тобын үстеу деп атайды.
      Үстеу (Наречие) – это часть речи, которая обозначает признак  действия
и его состояние, признак и  степень  качества,  признак  предмета,  а  также
различные обстоятельства при которых совершается действие. Үстеу  мағынасына
қарай (по значению) 8 түрге бөлінеді.


















408-тапсырма.  Сөйлемдерді  қазақ  тіліне  аударып,   үстеулердің   түрлерін
ажыратыңыздар.
         Я намереваюсь поехать летом в деревню. Ержан  очень  хорошо  усвоил
материалы урока. Азамат никогда не опаздывает на занятия. Столько  овощей  и
фруктов на базаре. Надо положить яйца в тесто по одному.

       409-тапсырма.  Төмендегі  әр  бағанадағы  сөздерді  мағынасына  қарай
іріктеп, тиісті орын тәртібі бойынша қойып, мағыналарының  дұрыс  сақталуына
назар аударып, сөйлемдер құрастырыңыздар.

|1. қол        |            |туралы келісімге |тәуелсіз   |достастығын   |
|қойылды       |мемлекеттер |                 |           |құру          |
|2. ТМД-ның    |қол қойылды |«Алматы          |жөніндегі  |1991 жылы     |
|құрылуы       |            |Декларациясына»  |           |21желтоқсанда |
|3. БҰҰ-ның    |болды       |1992 жылы        |мүшесі     |Қазақстан     |
|толық         |            |2 наурызда       |           |              |
|4.  кездесуі  |Алматыда    |басшыларының     |1999 жылы  |саяси         |
|              |сыртқы      |бірінші          |14         |мекемелерінің |
|болды         |            |                 |қыркүйекте |              |
|5.қабылданған |ерекше      |кездесудегі      |орын       |қазіргі заман |
|              |маңызды     |                 |алады      |тарихында     |
|Декларация    |            |                 |           |              |

           Сын-бейне үстеулері (Наречия образа и способа действия)
Қимылдың жүзеге асу амалын білдіреді.  Сұрақтары:  қалай?  (как?),  қалайша?
(каким образом?), қайтіп? (каким  способом?).  Әрең,  ақырын,  жылдам,  тез,
сөйтіп, емін-еркін, дереу, шапшаң,  кенет,  тікелей,  бірге,  зорға,  аздап,
қолма-қол, көзбе-көз, жедел.

                     Мезгіл үстеулері (Наречия времени)
Қимылдың мезгілін білдіреді. Сұрақтары: қашан? (когда?), қашаннан  бері?  (с
каких пор?).
Бүгін, былтыр, күндіз, кеше, ертең,  қазір,  кешке,  таңертең,  биыл,  анда-
санда, күні бойы, қыстыгүні, ала жаздай, оқта-текте.

                 Күшейткіш үстеулері (Наречия усилительные)
Қимылдың  белгісі  мен  сапасын  тым  күшейтіп,  не  солғындатып  көрсетеді.
Сұрақтары: қалай? (как?), қандай? (какой?). Әбден, тым,  ең,  ылғи,  мүлдем,
нағыз, орасан, айрықша, небір, тіпті, керемет.

      410-тапсырма. Төмендегі сөздердің ішінен күшейтпелі үстеулерді  тауып,
оларды бөлек бағанаға бөліп жазыңыздар.
      Қалам, оқиға, жаратылыс, зорға, әрең, дереу, жылдам,  орасан,  жоғары,
шарасыздан, ілгері, өте, барлау,  іздестіру,  қасақана,  тым,  алыс,  жақын,
нағыз, мүлдем, оң жақ, әдейі, тіпті, керемет, айрықша, әбден, ұзақ, бірден.

       411-тапсырма.  Берілген  мезгіл  үстеулерін   қатыстырып,   сөйлемдер
құрастырыңыздар.
      Ертең, анда-санда, бүрсігүні, таңертең, күні бойы, ала жаздай,  қазір,
ежелден, ертесіне, кеше, биыл, былтыр.

      412-тапсырма. Көп нүктелердің орнына тиісті мезгіл  үстеулерін  қойып,
сөйлемдерді толықтырыңыздар.
        .......................   олардың   жатақханасына    барып,    өзара
әңгімелесерміз. Қасен менің басыма  ........................  келмеген  ойды
әкеп  салды.  .........................  оның  сауда  айналымы   губерниялық
тұтынушылар  корпорациясынан  асып  кетті  деген.  .........................
шықсаң, алдыңнан күн шығады, ........................ шықсаң,  алдыңнан  түн
шығады. ......................... Абайдың жасы он үшке  толған  еді.  Жаңбыр
әлі  жауған  жоқ,  тек  ............................  аздап  сіркіреп   тұр.
............................  ол  жақ  жылы.   .............................
бұрқ     еткен     бүлікшілікті     сол     сәтте     басып      тастамасаң,
.......................... ол өрттей лаулап етек алып кетеді.
      Сөйлемдерді толықтыруға керекті үстеулер:  Бүгін,  бұрын,  былтырлары,
таңертең, кешке, жаздыгүні, оқта-текте, биыл, ертемен, күні бойы.

413-тапсырма. Тәуелсіздік шежіресінің жалғасын меңгеріп, есте сақтаңыздар.
       Тәуелсіздік  шежіресі  (жалғасы).  1999  жыл,   23   ақпан.   «Егемен
Қазақстан», «Ана тілі»,  «Жас  Алаш»,  «Спорт»,  «Жетісу»,  «Алматы  ақшамы»
газеттері  бірігіп,  «Қарадомалақ   –   2000»   бастамасын   көтерді.   Онда
демографияны жақсарту жайында айтылған.
       1999  жыл,  25  ақпан.  Тәуелсіз  Қазақстанның  тұңғыш  халық  санағы
басталды.
      1999 жыл,  5  сәуір.  Премьер-министр  Н.Балғымбаев  «ҚР  Үкіметі  мен
Ұлттық банкінің теңгенің айырбас бағамына алдағы уақыттағы  саясаты»  туралы
мәлімдеме жасады.
      1999 жыл, 9 сәуір. Түрікменстанның  астанасы  Ашхабад  қаласында  Орта
Азияның  бес  мемлекеті  –  Қазақстан,  Қырғызстан,  Өзбекстан,   Тәжікстан,
Түрікменстан елдерінің басшылары бас  қосып,  басқа  да  мәселелермен  бірге
Арал теңізінің аянышты жайын қозғады.  Осыған  байланысты  Арал  теңізі  мен
оның  маңайында  қоныстанған   халықтарды   сауықтыру   жөніндегі   «Ашхабад
деклорациясы» қабылданды.
      1999  жыл,  7  мамыр.  Сталин  мен  компартияның  «сценариі»  бойынша,
Рейхстагқа орыс Егоров пен  грузин  Кантариялардан  бұрын  барып  ту  тіккен
қазақ Рахымжан Қошқарбаев есімін Мәскеу 54 жыл бойы елемей  келген  болатын.
Енді тәуелсіздігіміздің арқасында Р.Қошқарбаевқа жоғарғы  ерекшелік  белгісі
– «Халық қаһарманы» атағын беру туралы Н.Назарбаевтың Жарлығы шықты.

         414-тапсырма.    Берілген    сын-бейне    үстеулерінің    мағынасын
түсіндіріңіздер.
      Тез қимылдады, шапшаң сөйледі, әрең  қозғалды,  қолма-қол  құрастырды,
көзбе-көз  беттесті,  дереу  жауап  қатты,  бірден  келді,  емін-еркін  жүр,
кенеттен тоқтады.

       415-тапсырма.  Сын-бейне  үстеулерін  тіркескен  етістіктермен  бірге
теріп жазыңыздар.
      Жай соққандай сарт етіп, әлденесі  сынды  да,  конвейер  кенет  тоқтап
қалды. Аққасқаны  Қасен мен Бейсенбай зорға  дегенде  айырып  алды.  Аққасқа
көлденең келіп, көксеректі құлақ шекеден ала түсті. Абай бір  кезде  оқыстан
әжесінің  басын  құшақтап  алып,  сыбырлай  күбірлеп,   бірнәрсені   шұбырта
жөнелді. Осы ойынан ол  тез  айныды.  Өйткені  ол  қандай  жағдай  болмасын,
өзінше баға беретін  адам.  Әжесі  мен  немерелері  әрең  ажырасты.  Парасат
әдетінше Мәдиге қарады да, бірақ  ойына  бірдеңе  түскендей  жұмсара  қойған
жоқ.
      416-тапсырма.  Сын-бейне,  мезгіл,  күшейткіш  үстеулерін  қатыстырып,
«Мемлекет тағдыры – жастардың қолында» тақырыбына мәтін құрастырыңыздар.

      417-тапсырма. Төмендегі үстеулердің ішінен сын-бейне үстеулерін  теріп
жазып, олармен сөйлемдер құрастырыңыздар.

       Дәлме-дәл,  бекерге,  әдейілеп,  шапшаң,  мүлдем,  дереу,  қыстыгүні,
соншалық, недәуір, бірден, анағұрлым, зорға, жылдам, онша, жедел.

       418-тапсырма.  Көрсетілген  торларға  сын-бейне,  күшейткіш,   мезгіл
үстеулеріне жататын сөздерді тиісті орындарына жазыңыздар.














      419-тапсырма. Күшейткіш үстеулерді тауып, олардың  сын-бейне  белгісін
немесе   іс-әрекетке   күшейтпелі   мағына    беріп    тұрғанын    ажыратып,
түсіндіріңіздер.

      Ұлытаудың етегіне бау-бақшасымен кең  жайыла  орналасқан  кілең  аласа
үйлі қала. Қасқыр сөйте-сөйте жақындай береді де, жылқының нақ алдына  келіп
ойнайды да, кенеттен  тамағына  шабады.  Бұндай  жағдайда  аса  сақ  болмаса
болмайды.  Мылтықпен  атқаннан  кейін,   қасқырдың   сілесі   әбден   қатты.
Қазақстанның бүгінгі келбеті өте қатты өзгерген. Бұнда жаз айында  жер  беті
жасыл бояумен көмкерілген түске еніп, ал алтын күзде  төңіректің  бәрі  сары
жамылып, нағыз ырыс  аймағына  айналады.  Топтанып  алған  қасқырлар  тайдың
жағын сындырғаны болмаса, ешбірін жығып,  емін-еркін  жей  алған  жоқ.  Асан
екеуіміз ақырын әңгімелесіп  келеміз.  Әрең  дегенде  ауылдың  шетіне  келіп
тоқтадық. Олар дереу бізді көріп, бет-бетімен үйге тарқаса бастады.

      420-тапсырма.  Берілген  күшейткіш  үстеулерін  қатыстырып,  сөйлемдер
құрастырыңыздар.
      Аса, орасан,  керемет,  тіпті,  тым,  айрықша,  кілең,  өңкей,  нағыз,
әбден.

       421-тапсырма.  Сын-бейне,  күшейткіш,  мезгіл  үстеулерін   пайдалана
отырып,   «Әжелер   –   отбасының   алтын   діңгегі»    тақырыбына    әңгіме
құрастырыңыздар.
      Анда-санда, күні бойы, таңсәріде, түгел, осылай,  жедел,  тез,  бетпе-
бет, тікелей, мейлінше, нық, дәл, тіпті, керемет, нағыз, ең, орасан.


12-апта. 35-тәжірибелік сабақ
      Грамматика:  Мекен, мақсат, себеп-салдар үстеулері.
       422-тапсырма.  Тәуелсіз   Қазақстандағы   орнатылған   монументтердің
мазмұнымен танысып,  мағынасын  түсініп,  өз  білетіндеріңізбен  толықтырып,
мазмұндаңыздар.

                  «Тәуелсіздік», «Қазақ елі» монументтері,
                        «Тәуелсіздік таңы» ескерткіші
                                  * * * * *
                « Т ә у е л с і з д і к »   м о н у м е н т і

       Авторлары:   Қазақстан   Республикасына   еңбегі   сіңген   сәулетші,
Мемлекеттік  сыйлықтың  лауреаты  –  Шота  Уәлиханов;  мүсіншілер  –  Нұрлан
Далбаев, Әділет Жұмабаев;  сәулетшілері  –  Қазбек  Жарылғапов,  Қ.Монтақаев
және т.б.

      1996 жылы 16  желтоқсанда  Алматыдағы  Республика  алаңында  Қазақстан
тәуелсіздігінің бес жыл толуы құрметіне, 1986 жылғы Желтоқсан  көтерілісінің
                             10 жылдығына орай, осы бақытты  бостандық  үшін
жан  аямастан  күрескен  ата-бабаларымызға  арнап  «Тәуелсіздік»   монументі
ашылды.
      Ескерткіштің ашылуына Н.Назарбаев пен Түркия  Президенті  С.  Димерель
қатысты. Қазақтың қолданбалы өнерінен туындаған монументтің негізгі  орталық
композициясы ұлттық өрнекпен көмкерілген,  текшелі  діңгек  тастан  (стелла)
құралған,  биіктігі  28  метр.  Діңгектің  ұшар  басы  көк   аспанға   қарай
биіктеген,  ортасындағы  дөңгелектің  басы  жұмырланып   мүсінделген,   оған
Қазақстанның Елтаңбасы ойылып түсірілген.  Оның  үстіңгі  жағындағы  қоладан
құйылған қанатты барыстың үстінде тұрған сарбаздың оң  қолында  қыран  құсы,
сол қолында садағы, белінде қанжары мен асынып  алған  сауыты  бар.  Алтынға
малынған жебелері бар жас сарбаздың  айбарлы,  сұсты  тұлғасы  «Тәуелсіздік»
монументінің беріктігін, мықтылығын аңғартады. Бұл сарбаздың бейнесі  б.д.д.
IV-VII  ғасырдан  қалған  Есік  қорғанынан  табылған  «Алтын  адам»  түрінде
салынған. Сарбаздың болмысы 6 метрлік, 4 тонналық қоладан құйылып,  алтынмен
әдіптелген монументтің екі жағында қазақ халқының тарихи  өмір  белестерінен
мағлұмат  беретін   архитектуралық-мүсіндемелік   бейнелер,   сонау   сақтар
дәуірінен тәуелсіздікке дейінгі  тарихи  кезеңдерді  қамтиды.  Яғни  Томирис
заманынан бастап әл-Фараби, Қазақ  хандығының  құрылуы,  Ақтабан  шұбырынды,
Алқакөл   сұлама,   жоңғар   шапқыншылығына   қарсы    күрес,    ұлт-азаттық
қозғалыстары,   екінші    дүниежүзілік    соғыс,    Желтоқсан    көтерілісі,
Тәуелсіздіктің жариялануы  туралы  көрініс-суреттер  тиімді  орналастырылып,
көркемдік жарасымын тапқан.
      Ортадағы діңгектің жанына  қойылған  тас  белгілерде  Әнұран  мен  Ата
Заңнан  үзінділер,   Ұлыбритания,   Ресей,   Қытай   сияқты   мемлекеттердің
шекарамызға,   тәуелсіздігімізге   қол   сұғуға    болмайтындығына    берген
кепілдіктері, Н.Назарбаевтың Тәуелсіздік жөнінде айтқан аталы сөздері қазақ-
орыс тілдерінде ойып жазылған.
      «Тәуелсіздік» монументі ХХ  ғасырдың  аяғындағы  ұлттық  сәулет  өнері
тарихында өз орны бар мүсіндік және сәулетшілік шығармашылықтан  туған  озық
архитектуралық жәдігерлердің біріне айналды.

      Сөздік:
      қола – бронза                                   садақ – лук
      қанжар – кинжал                                 жебе – стрела
      көмкеру – обшивать края; окаймлять
жәдігер – наследие; память; реликвия
      діңгек – колонна; стойка; столб; ствол; мачта
      текшелеу – складывать пачками; сложить рядами; слоями
      қыран – беркут; орел; сокол; ловкий; хваткий; зоркий
      сауыт – бронь, кольчуга; щит; урна; посуда; сосуд

      423-тапсырма.  Мәтінге  сұрақ-жауап  (сұхбат)  құрастырып,  оны  рөлге
бөліп оқыңыздар.
      Ү л г і:
      –     Еуропада мұндай үлкен оқиғаларға байланысты монументтер қандай
          түрде тұрғызылған?
    – Көне ғимараттарға бай Еуропада үлкен оқиғаларға байланысты  көтерілген
      мұндай белгілердің көпшілігі тіреуіш-колонна түрінде келеді екен.
    – Бұл айтылғанға қандай мысал келтіре аласыздар?
    –  Мысалы,  Римдегі  император  Троянға,  Париждегі  Вандам   алаңындағы
      Напалеонға,  Лондондағы  Трафальдар   алаңындағы   Нельсонға   арналып
      тұрғызылған ескерткіштер осы әдіспен салынған.

      424-тапсырма.  Сөйлемдерден мекен үстеулерін тауып,  оларды  тіркескен
етістіктерімен бірге көшіріңіздер.
      Сенің бері келуіңе мен себепкер болсам, менің  бірден  қайтуыма  көлік
себепкер болған. Ертай – алда, біз арттамыз. Жоғары-төмен  үйрек,  қаз  ұшып
тұрса, сымпылдап. Алды-артына кетеді, қосылмайды бастары. Атқа  мініп  алып,
Бақтығұл тұрған сайды жоғары өрлей шапты. Бақтығұл болыстың құлағанын  көріп
қалып, енді шапшаң төмен қарай түсті. Кібіртіктеген  қонақтар  ілгері  қарай
аттай алмай, босаға жаққа  жалп-жалп  отыра  кетті.  Шырақтарым,  тұс-тұстан
келсеңдер де, туғаным болып қалып едіңдер. Біз  ілгері  аттаған  сайын,  жел
желіге түседі, көкіректен артқа қарай итере түседі. Желге ерегескендей,  біз
де алға қарай ұмтыламыз.

      425-тапсырма. Мекен үстеулерін қатыстырып, сөйлемдер құрастырыңыздар.
      Мұнда, ішкері, жоғары, артқа, тысқары, сыртта,  бері,  төмен,  ілгері,
тұс-тұсында, сонда, алға.

                    Мекен, мақсат, себеп-салдар үстеулері
Мекен: Қимылдың болу орны мен бағытын, мекенін білдіреді. Сұрақтары:  қайда?
(где? куда?), қайдан? (откуда?). Әрі, бері, ілгері, жоғары,  ішкері,  төмен,
алға,  артқа,  ішке,  мұнда,  сонда,  тысқары,  сыртта,  алды-артында,  тұс-
тұсында.
Мақсат:  Қимылдың  жасалу  мақсатын  білдіреді.  Сұрақтары:  не  үшін?  (для
чего?), неге? (зачем? для чего?), не мақсатпен?  (с  какой  целью?).  Әдейі,
қасақана, көре тұра, әдейілеп, біле тұра, жорта.
Себеп-салдар:  Қимылдың  жасалу  себебін,  салдарын,  нәтижесін   білдіреді.
Сұрақтары: неліктен? (почему? отчего?), не  себепті?  (по  какой  причине?),
қалай? (как?).
Бекерге, амалсыздан, шарасыздан, құр босқа, босқа, текке, лажсыздан,  жоққа,
тектен-текке, әншейін, т.б.

      426-тапсырма. Көп нүктелердің орнына тиісті үстеулерді қойып,  олардың
түрлерін ажыратыңыздар.
      Қайсар басқышпен  .....................  түсіп  келе  жатып,  бір  жас
баланың жылаған дауысын естіді. Мүмкін ..................... аң да,  құс  та
жоқ шығар. Төлеген ..................... шығарылған ішек-қарнын сол  қолымен
басып, орнынан атып тұрды да, қолына автоматын ала жүгірген  бетімен  жаңағы
офицерді қақ басынан беріп келіп жіберді. Оның бейіті  Ұлытаудың  бөктерінде
.....................   қалды.   Құрмаш    пен    Қасым    ауылының    арасы
.....................     болатын.     Күннің     көзі      көк      жиектен
.....................  қарай  асып,  .....................  түсіп,   біржола
бітті.
       Сөйлемдерді  толықтыруға  керекті  үстеулер:  Төмен,  мұнда,  сыртқа,
артта, әріде, жоғары, төмен.

       427-тапсырма.  «Тәуелсіздік   таңы»   ескерткішінен   мәлімет   алып,
білетіндеріңізді қосып, мазмұндаңыздар.

          « Т ә у е л с і з д і к   т а ң ы »   е с к е р т к і ш і

      Алматыда қыркүйектің 18 күні 1986  жылғы  Желтоқсан  көтерілісінің  20
жылдығына  арналған  «Тәуелсіздік  таңы»  ескерткіші  ашылды.  Оған   ҚР-ның
Президенті Н.Назарбаев  пен  Желтоқсан  көтерілісіне  қатысушылар,  жұршылық
өкілдері қатысты.
      Желтоқсан көтерілісінің 20 жылдығына орай, Алматы қаласының  Желтоқсан
мен   Сәтбаев   көшелерінің   қилысында   орналасқан   «Тәуелсіздік    таңы»
ескерткішінің  салтанатты  ашылу  рәсіміне  келген  Н.Назарбаев:   «Жастарды
алаңға шығуға итермелеген Желтоқсандағы көтеріліс Қазақстан  тәуелсіздігінің
жаршысы болды. Бұл көтеріліске ұлтшылдық сипат беруге  талпыныстар  жасалып,
ұлтаралық  қақтығыс  деп  түсіндірушілер  болды.  Бірақ  оның  мүлдем   олай
болмағанын тарихтың өзі көрсетіп берді. Жастар  бар  болғаны  әділеттілікті,
теңдікті, тәуелсіздікті қалады. 1986 жылдың желтоқсанында  болған  көтеріліс
Кавказ бен Балтық жағалауы елдеріндегі  ұлттық  қозғалыстардың  өршуіне  жол
ашты», - деді.
      Н.Назарбаев 20 жыл  бойы  қазақстандықтардың  бірлікте,  түсіністікпен
өмір сүріп келе жатқанын айта  келіп,  елдегі  тұрақтылық  пен  тыныштықтың,
адамдардың арасындағы татулық пен  теңдіктің,  елдегі  табыстың,  бақыт  пен
гүлденудің қайнар көзі екенін халықтың түсініп отырғанын жеткізді.
      Ескерткіштің ашылу рәсіміне белгілі қоғам  қайраткерлері,  1986  жылғы
Желтоқсан көтерілісіне қатысушылар, Желтоқсан қозғалысының  мүшелері,  саяси
партиялардың, қоғамдық  ұйымдар  мен  ұлттық-мәдени  орталықтардың  өкілдері
қатысты.

      428-тапсырма. Дұрыс нұсқасын көрсетіңіздер.

        1.   Мекен   үстеулері:                            2.   Себеп-салдар
үстеулері:
      а) амалсыздан үйіне кетті                   а) қыстыгүні қайтады
      ә) қасақана істеген                         ә) босқа барыпты
       б)  қолма-қол   тапсырды                              б)   емін-еркін
сөйледі
      в) алға қадам басты                         в) таңсәріде тұрды
      г) әрең бара жатыр                          г) аз-аздап алды

      3. Мақсат үстеулері:                         4. Сын-бейне үстеулері:
      а) ілгері жүрді                                  а) екеулеп көтерді
      ә) қасақана істеді                                    ә) кешке келеді
      б) сырттан кірді                                 б) дереу кетіп қалды
      в) ала жаздай дайындалды                    в) мейлінше ұқыпты
      г) әншейін айтыпты                          г) төмен түсші

       429-тапсырма.  Сөйлемдерді   қазақ   тіліне   аударып,   себеп-салдар
үстеулерін табыңыздар.

      Студенты зря поднялись  наверх.  Мама  вынуждено  встала  рано  утром.
Азамат ничего не делает просто так. Сначала они пошли в магазин.     Попусту
не   трать   время.   Иди назад.

      430-тапсырма. Мақсат үстеулерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.
      Әдейілеп, біле тұра, қасақана, әдейі, жорта, көре тұра.

431-тапсырма. Себеп-салдар, мекен, мақсат үстеулері қандай сұрақтарға  жауап
береді? Жауаптарыңызда көрсетілген торларға толтырыңыздар.















        432-тапсырма.   «Қазақ   елі»   монументінің   мазмұнымен   танысып,
түсінгендеріңізді айтып беріңіздер.

                  «Қ а з а қ    е л і»   м о н у м е н т і

      Авторы – Мұхтар Холдарбеков; Аймағы –  Астана;  Айдары  –  Архитектура
ескерткіштері; Мазмұны – Бұл кешен – егемендік пен тәуелсіздіктің,  еркіндік
пен теңдіктің туын көтерген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі.

      «Қазақ елі»  монументі  –  ержүрек  ата-бабамыз,  жасампаз  аға  буын,
жарқын болашаққа көз тіккен  жастар,  қазақ  елінің  Тәуелсіздігі  мен  оның
тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев бейнеленген –  бірегей  тарихи  композиция.
Мәдени кешеннің 91 метрлік биіктігі Қазақстан  тәуелсіздікке  қол  жеткізген
1991 жылды білдіреді. Оның жоғарғы жағында –  қазақстандықтардың  бұдан  әрі
дамуына және гүлденуіне ұмтылысын білдіретін – Самұрық  құсы,  ал  іргесінде
қазақ жері мен қазақ халқының кешегі, бүгінгі және  жарқын келешегі  жайында
сыр шертетін төрт бедер-бейне көрсетілген.
      Монументтің алып  жатқан  жалпы  аумағы  5  гектар,  ал  оған  қосымша
жанасып жатқан жердің көлемі 11 гектарды құрайды. Аумақ –  елдегі  ұлтаралық
татулықты,  ниеттердің  тазалығын  көрсету  үшін  толығымен   ақ   мәрмәрмен
көмкерілген.
         Бедер-бейнелік    композициясының    қақ    ортасында     Қазақстан
тәуелсіздігінің   символы   –   оның   Бірінші   Президенті   Н.Назарбаевтың
Конституцияның  үстіне  қолын  қойып,  ант  беріп  тұрған  сәті  және  халық
көрсетілген.  «Халық  және  Президент»  деп  аталатын  бұл   бедер-бейне   –
тәуелсіз, демократиялық елімізде заңның үстемдік құратынын айғақтайды.
       Монументтің  оң  жағына  салынған  «Қаһармандық»  бедер-бейнесінде  –
Отанын қорғаған қазақ халқының ерліктерін, айбынды күш-жігерін,  жауынгерлер
мен сарбаздардың ат үстіндегі жорықтарын  көруге  болады.  Батыс  жақ  бетте
орналастырылған «Жасампаздық» бедер-бейнесінде халқымыздың көшпелі  дәуірден
ғарышқа ұшқанға дейінгі  жолы  суреттелген.  Ол  металлург  пен  мұнайшының,
инженер мен диқаншы, құрылысшы мен ғарышкердің бейнелері арқылы  мемлекеттің
қуатын көрсетуге ұмтылған.
      Шығыс жағында  орналасқан  «Болашақ»  бедер-бейнесі  –  тәуелсіз  елде
өсіп, өз  тағдырларын  өздері  жасап,  ғылымда,  мәдениетте,  спортта  үлкен
жетістіктерге жетіп  келе  жатқан  қазақстандық  жастардың  көңілді  шақтары
нақышталған.
      Композиция идеясының негізгі түйіні – «Мыңжылдық» аллеясының  бастапқы
нүктесіне қоладан құйылып орнатылған «Бірлік» көп бейнелі  мүсіндік  тобында
жасалған. Мұнда – ауызбірлікті сақтай  отырып,  өз  тәуелсіздіктерін  қорғап
қалуға, уақыттың қиын-қыстау кезеңдерін жеңуге дайын батыл да, рухани  мықты
халықтың шаттанған күйі көрсетілген.
Сөздік:
      бейне – облик; образ; отображение; символ; тип
      айбынды – величавый; величественный; бравый; внушительный; храбрый
      айбынды ер – бравый мужчина
      сарбаз – воин; боец; солдат
      қаһармандық – героизм; героический; подвиг, отвага
      жасампаздық – созидательность; изобретательность; живучесть

      433-тапсырма.  Мәтінге  сұрақ-жауап  (сұхбат)  құрастырып,  оны  рөлге
бөліп оқыңыздар.
     –    Монументтің орталық барельефі қалай аталады және одан кімнің
           бейнесін көруге болады?
    –  Орталық  барельеф  –  «Халық  және  Президент»  деп   аталады.   Онда
      Қазақстанның  Тұңғыш  Президенті  Н.Назарбаев  пен   оның   сыртындағы
      халықтың бейнесі көрінеді.
      434-тапсырма. Сөздерді  мағыналарына  қарай  іріктеп,  сәйкестендіріп,
сөз тіркестерін көрсетілген жолдарға толтырыңыздар.
|1. сырттан            |а) істеді               |1.                     |
|2. амалсыздан         |ә) қызық                |.......................|
|3. көзбе-көз          |б) алды                 |...........            |
|4. әдейі              |в) кетеді               |2.                     |
|5. өте                |г) әдемі                |.......................|
|6. аз-аздап           |ғ) сөйледі              |............           |
|7. ертемен            |д) алды                 |3.                     |
|8. керемет            |е) айтыппын             |.......................|
|9. асыға              |ж) сөйлесті             |............           |
|10. бекерге           |з) келді                |4.                     |
|                      |                        |.......................|
|                      |                        |............           |
|                      |                        |5.                     |
|                      |                        |.......................|
|                      |                        |............           |
|                      |                        |6.                     |
|                      |                        |.......................|
|                      |                        |............           |
|                      |                        |7.                     |
|                      |                        |.......................|
|                      |                        |............           |
|                      |                        |8.                     |
|                      |                        |.......................|
|                      |                        |............           |
|                      |                        |9.                     |
|                      |                        |.......................|
|                      |                        |............           |
|                      |                        |10.                    |
|                      |                        |.......................|
|                      |                        |..........             |


      435-тапсырма. Себеп-салдар үстеулерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.
       Лажсыздан,   бекерге,   тектен-текке,   амалсыздан,   босқа,   текке,
шарасыздан, құр босқа, жоққа, әншейін.

      436-тапсырма.  Өлең  жолдарынан  үстеулерді  тауып,  олардың  түрлерін
ажыратыңыздар.
      Тілекті бүгін хақтың берген күні,
      Көл дария көздің жасын көрген күні,
      Талайдың тіршіліктен қол сермеген,
      Қайғысын тас-талқан ғып бөлген күні.
                              Жолында Ырғыз, Шалқар, Жаманқала,
                              Жоғары біз жатайық жолын алып,
                              Қостанай, Атбасар мен Ақмешіттің ...
      Біреудің шөбін ұрлап қара басқыр!
      Соншама не көрді екен, құдай ұрған?
                              Білмеді не айтарын жазған ұры,
                              Ұялып, текке қарап тұрды құры.

      437-тапсырма. Қазақтың біртуар ұлы, халық жанашыры  Мұхтар  Шахановтың
Желтоқсан көтерілісіндегі ұлтжандылығынан сыр шертейік. Сонау  1986  жылдағы
ызғарлы күндер туралы әңгімелеп беріңіздер.

                          Желтоқсан шындығын ашқан
                       халық жанашыры – Мұхтар Шаханов

      Ел басына  күн  туған  1986  жыл.  Ызғарлы  желтоқсанның  16,  17,  18
күндері.  Ұлтымыздың  сыйлы   перзенті,   дара   тұлға   Дінмұхамед   Қонаев
Қазақстанды басқару қызметінен алынып, орнына  өзге  ұлттың  өкілі  Геннадий
Колбин  тағайындалды.  Бұл  хабар  қазақ  жастарының  намысына  тиді.  Билік
басындағы бұл шешім Алматыдағы жоғары оқу орындарына лезде тарады.
      Алғашында «Әр ұлтқа өз  басшысы»  деген  мазмұндағы  жазулар  көтерген
бейбіт шеруге шыққан жастар кешке  резеңке  дойыр  (резиновая  дубинка)  мен
сапер  күректерімен  қаруланған  қызыл  жендеттердің  езгісінде  қалды.  Сол
кездегі деректерге жүгінсек, үш күнде 60 мыңдай  адам  алаңға  шыққан,  оның
сегіз мыңы уақытша қамауға алынып, 200-дей адам әр түрлі  мерзімге  абақтыға
жабылды. 1500 адам әкімшілік жазаға тартылды.
      Осындай кезеңде жастарға  мұз  жастанған  желтоқсан  ақиқатын  айтатын
адам табылмай қиналғанда, қызыл империяның отаны – Мәскеуде  үлкен  мінбеден
шындықты айтып, әділетсіздікке жаны күйзеле сөз  сөйлеген  қазақтың  дарынды
ақыны, біртуар азаматы, халықтың жанашыры –  Мұхтар  Шаханов  болатын.  Оның
съездер  сарайында  сөйлеген  сөзі  арқылы  да  Желтоқсан  көтерілісі  бүкіл
дүниежүзіне тарады.
      КПСС ХХІІІ съезінің мінбесінде  Желтоқсан  шындығын  ашып  айтып,  оны
қайта қарап, оң баға беру туралы депутаттар алдына  мәселе  қойды.  Көпшілік
дауыс М.Шахановты қолдап шықты. Осылай әділдік салтанат  құрып,  желтоқсанда
жазықсыз жазаланған жастар толық ақталды.
       Бұл  сол  кездегі  Кеңес  Одағы  бойынша  жүріп  жатқан  Қайта   құру
науқанының да әсері болғанын көрсетіп берді.
      М.Шахановтың дәл мұндай әрекетке  баруы  батырлық,  үлкен  ерлік  еді!
Отанын, халқын сүйеген  патриоттың  ісі  еді.  Сол  күндері  ұлт  жастарының
жалғыз жанашыры М.Шаханов қана болып қалғанын  бүгінде  ешкім  жоққа  шығара
алмайды.
      Ақын Желтоқсан көтерілісін тек мінбеден ғана  айтып  қойған  жоқ,  сол
желтоқсан құрбаны  болғандармен  өзі  тікелей  араласып,   түрмеден  шығарып
алды.     Оқудан    шығарылғандарды,    жұмыстан    қуылғандарды    қайтадан
қабылдатқызды. Ерекше істерімен танылғандарға, баспана алуға көмектесті.
      М.Шаханов адамзат баласының  тағдырына алаңдамай  тұра  алмайтын  дара
талант. Оның өлеңдерінің тақырыбы әр алуан, мазмұны да  ерекше.  Онда  нәзік
мейіріммен қоса, азаматтық рух үндесін жатады.
      Әлем таныған Шыңғыс Айтматовпен «Құз басындағы аңшының  зары»  кітабын
жазуы да тағылымды тірлік.
      Бүгінгі таңдағы бірнеше өлең кітаптарының  авторы  М.Шаханов  халқының
жанашыры, ірі тұлға, ел тағдырын өз тағдырына айналдырған қоғам  қайраткері,
саясаткер.
      М.Шахановты мақтағаннан гөрі, Шахановпен мақтанған абзал.

      Сөздік:
      ызғарлы – суровый; холодный
      бейбіт шеру – мирное шествование
      резеңке дойыр – резиновая дубинка
      сапер күректер – саперные лопаты
      мұз жастанған желтоқсан – в обьятьях ледового декабря
      тағлымды тірлік – поучительное дело

       438-тапсырма.   Желтоқсан   көтерілісінің   құрбаны   болған   Қайрат
Рысқұлбеков туралы мәтінді мұқият оқып,  мазмұндаңыздар.  Ызғарлы  Желтоқсан
көтерілісін естеріңізге түсіріңіздер.

                    Халық қаһарманы – Қайрат Рысқұлбеков
                                 (1966-1988)

      Рысқұлбеков Қайрат Ноғайбайұлы  Жамбыл  облысының  Мойынқұм  ауданында
дүниеге келген.
      1986  жылы  Алматыдағы  Сәулет-құрылыс  институтына  (қазіргі  Сәулет-
құрылыс академиясы) оқуға түсті. Осы жылы  16-18  желтоқсанда  болған  қазақ
жастарының отаршылдық және  әміршілдік  жүйеге  қарсы  көтерілісіне  белсене
қатысты. Көтеріліс қатыгездікпен жаншылғаннан кейін 1987  жылдың  қаңтарында
тұтқындалды. 1987 жылдың 16 маусымында өлім жазасына кесілді.
      Халықаралық қауымдастық  КСРО  басшылығынан  Қ.Рысқұлбековтың  жазасын
жеңілдету туралы өтініш жолдады. Кейіннен оған берілген жаза  20  жылға  бас
бостандығынан айырумен ауыстырылды.  Бірақ  оның  өміріне  Семей  түрмесінде
құпия жағдайда қастандық жасалды.
       Қ.Рысқұлбеков  Желтоқсан  көтерілісінің  құрбаны,   1996   жылдың   9
желтоқсанында оған «Халық қаһарманы» атағы берілді.
       Қ.Рысқұлбеков  ҚР-сы  Жоғарғы  Соты   Пленумының   1992   жылдың   21
ақпанындағы шешімімен толықтай  ақталды.  Алматы  қаласындағы  Қ.Рысқұлбеков
өзі оқыған Сәулет-құрылыс Академиясы  тұрған  көшеге  оның  есімі  берілген.
Тараз қаласында оның есімімен аталатын демалыс бағы бар. Оның  орталығындағы
алаңда Қ.Рысқұлбековке ескерткіш орнатылған.


12-апта. 36-тәжірибелік сабақ
      Грамматика: Мөлшер, топтау үстеулері.
439-тапсырма. Қазақстанның тұңғыш  Президенті  Н.Назарбаевтың  өмір  жолынан
мәлімет алып, мәтінді өз білетіндеріңізбен толықтырып, мазмұндаңыздар.

                     Нұрсұлтан Назарбаев – Қазақстанның
                              тұңғыш Президенті

Назарбаев  Нұрсұлтан  Әбішұлы  (1940)   –   Тәуелсіз   Қазақстанның   тұңғыш
Президенті. Туып-өскен жері –  Алматы  облысының  Қарасай  ауданына  қарасты
Шамалған  ауылы.
Днепродзержинск  техникалық   училищесін   (1960),   Қарағанды   металлургия
комбинатына  қарасты  жоғары  техникалық  оқу  орнын  (1967),  Кеңес   Одағы
коммунистік  партиясы Орталық  комитетіне  қарасты  Жоғары  партия  мектебін
(1976) бітірген. Экономика ғылымдарының докторы, академик.
Еңбек  жолын  1960   жылы   Теміртау   қаласындағы   Қарағанды   металлургия
комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна  пештеріндегі  жұмыстарды
атқару жолдарынан өтті.
Қазақ КСР-ның Жоғарғы Кеңесі  1990  жылдың  24  сәуірінде  Н.Ә.  Назарбаевты
Қазақ КСР-ң ең алғашқы Президенті етіп  сайлады,  1991  жылы  1  желтоқсанда
бүкілхалықтық  сайлау  өткізілді.  Ол  1991  жылы  10   желтоқсанда   ҚР-ның
Президенті лауазымымен қызметке кірісті.
Н. Ә.  Назарбаев  ҚР  Қарулы  Күштерінің  Жоғарғы  Басқолбасшысы,  Қазақстан
халықтары Ассамблеясының  Төрағасы,  Қазақтардың  Дүниежүзі  Қауымдастығының
төрағасы.
1991  жылдың  16  желтоқсанында  Қазақстан  мемлекеті  өзінің  Тәуелсіздігін
салтанатты  түрде  жариялады.  Бұл  оқиға  одақтың   күйреуімен   байланысты
болғанын барша халық жақсы біледі. Әлем халқы бір шындықты ашып берді. Ол  –
әрбір  мемлекет  ұлттық  мемлекет   болғанда   ғана   саяси,   экономикалық,
әлеуметтік прогреске жетеді. Мемлекеттік саясат сол елде қанша ұлт  өкілдері
тұрса, солардың бәрінің де  мүддесін  қорғайды.  Бірақ  тұрғылықты  халықтың
тілі, тарихи қалыптасқан дәстүрі, әдет-ғұрпы, менталитеті шешуші орын  алуға
тиіс.
Қазақстан  халқының  жаңа  даму  жолына  бағытты  –  тарих  сілтеді.  Ол   –
демократиялық, өркениетті елдердің өмір жолы еді.  Бір  кезде  уыстан  шығып
кеткен мемлекеттілікті тарихтың  ондаған-жүздеген жылдарынан  кейін  қалпына
келтірудің алғашқы бастамасы  1990  жылдың  25  қазанында  Егемендік  туралы
Деклорацияның қабылдауынан басталды.
Қазақстанның Тәуелсіздігін жариялау,  оны  әлем  қауымдастығына  таныстыруда
     Н. Назарбаевтың  еңбегі  шексіз  болды.  Тәуелсіздік  алғаннан  кейінгі
жылдар көптеген уақиғаларға толы болды. Жаңарған Қазақстаның Елтаңбасы,  Туы
мен Әнұраны дүниеге келді.
Қазақстан халқы Н. Назарбаевтың басшылығымен ХХІ ғасырға қадам  басты.  Оның
негізгі мақсат-мүддесі  «Қазақстан  –  2030»  стратегиясында   тұжырымдалды.
Бірде-бір халық, бірде-бір ұлт, бірде-бір мемлекет ұзақ  мерзімді  жоспарсыз
ілгері дами алмайды.
Н. Назарбаевтың  бастамасымен  тәуелсіз  қазақ  елінде  дүниежүзілік  тарихи
маңызы бар істер  атқарылды.  1991  жылдың  күзінде  40  жылдан  астам  бойы
адамзат өміріне қауіп төндіріп келген Семей ядролық полигоны жабылды.
Туған елінің тыныштығын, адамзаттың қауіпсіздігін сақтау үшін  Н.  Назарбаев
АҚШ, Ресей, Францияның билеушілерімен келіссөздер жүргізіп,  ядролық  қаруды
Қазақстаннан алыстатуға  (удаление)  1994  жылы  келісті.  1995  жылы  соңғы
ядролық қару қазақ елінен әкетілді. Осылайша адамзат  тарихында  тұңғыш  рет
ядролық қарудан ерікті түрде бас тартқан мемлекет пайда болды.
2000 жылдың күзінде мемлекеттер мен халықтар  арасындағы  интеграцияны  жаңа
сапалы биікке көтеру мақсатында, бес  мемлекеттің  басын  қосқан  Еуразиялық
экономикалық одақ құрылды.
Тәуелсіздік  алғалы  бергі  уақытта  Н.  Назарбаевтың  көреген  басшылығымен
мемлекеттік экономикалық, әлеуметтік, мәдени құрылыстарды реформалау  жүзеге
асты. Қазақстанның нарықтық ел екенін әлем мойындады.  ЮНЕСКО  күнтізбесінде
Абайдың 150 жылдық, М. Әуезов пен Қ.  Сәтбаевтың  100  жылдық,  Түркістанның
150 жылдық мерейтойларының енуі, Париж  бен  Лондонда,  Берлин  мен  Токиода
қазақ  арыстарының  құрметпен   аталуы   –   мәдениет,   өнер,   ғылым   мен
дүниетануымызды жаңаша қалыптастыруда.
Қазақстанның тәуелсіздігі жылдарында қыруар істер атқарылды.  Бірақ  олардың
ішінде екеуін атап өту керек: біріншісі – 1997 жылы Н. Назарбаевтың  ұсынған
«Қазақстан  –  2030»  даму  стратегиясы,  екіншісі  –  елорданың   Алматыдан
Астанаға көшірілуі. «Қазақстан – 2030»  бағдарламасында  бүкіл  елдің  даму,
қалыптасу   стратегиясы   жасалынды,   таяу   болашақта    қол    жеткізетін
жетістіктерді белгіледі. Ал, жаңа  Астана  еліміздің  болашағының  символына
айналғанына ешкімнің күмәні жоқ.
Кезінде  біреу  білсе,  біреу  білмеген  Ақмола-Целиноград  атаулары   тарих
еншісіне айналды.  Ал  бүгінгі  Астанада  Н.  Назарбаев  ірі  мемлекеттердің
басшыларымен келіссөздер жүргізіп, кездесулер  өткізіп,  Қазақстанды  әлемге
танытуда, Қазақстан әлемді тануда.
Көреген саясаткер ретінде Н. Ә. Назарбаевтың халық алдында  сіңірген  тарихи
еңбегі уақыт өткен сайын айқындалып, бағасы арта түсуде.

Сөздік:
аластау – удаление; гонение; изгнание; изгонять
аластату – удалить; отстранить; изгнать

440-тапсырма. Мәтінге  сұрақ-жауап  (сұхбат)  құрастырып,  оны  рөлге  бөліп
оқыңыздар.
Ү л г і :
– Н.Назарбаев еңбек жолын неден бастады?
– Н.Назарбаев  еңбек  жолын  1960  жылы  Теміртау   қаласындағы  Қарағанды
   металлургия  комбинатында  қатардағы жұмысшы болып бастап, домна
   пештеріндегі жұмыстарды атқару жолдарынан өтті.

441-тапсырма. Мәтіннен үстеулерді тіркескен сөздерімен  бірге  теріп  жазып,
олардың түрлерін ажыратыңыздар.

442-тапсырма.  Мәтіннен  алынған  сөз   және   сөз   тіркестерімен   үстеуге
негізделген сөйлемдер құрастырыңыздар.
Еңбек жолы, бүкілхалықтық, жұмысшы,  меңгерушісі,  хатшы,  қызмет,  сайлану,
тәулсіз Қазақстан, адамзат өміріне, ядролық қару, мемлекет,  биікке  көтеру,
одақ құру, нарықтық ел, көреген саясаткер.

                                   Мөлшер, топтау үстеулері

Мөлшер: Қимылдың мөлшерін, көлемін білдіреді. Сұрақтары: қанша?  (сколько?),
қаншалық? (на сколько?), қаншадан? нешеден? (по сколько?). Сонша,  бірталай,
недәуір,  азды-көпті,  мұнша,  мұндайлық,  біраз,   неғұрлым,   бірен-саран,
анағұрлым, азғантай, талай, онша, оншалық, соншалық, сондайлық.
Топтау: Қимылдың іс-әрекетін топтап  көрсетеді.  Сұрақтары:  қалай?  (как?),
қаншадан? (по сколько?).  Екеулеп,  он-ондап,  рет-ретімен,  аз-аздап,  бас-
басына, жұп-жұбымен,  топ-тобымен,  бір-бірден,  үшеулеп,  көп-көптен,  тең-
теңімен.

443-тапсырма. Сөйлемдердегі мөлшер үстеулерінің астын сызып, олардың  қандай
сұрақтарға жауап беретінін айтыңыздар.
Оларды  біраз  бұрылғаннан  кейін,  бұл  кернді  арнаулы  саймандар   арқылы
сындырып, скважинадан шығарып  алып  отырады.  Алайда  едәуір  ұзындығы  бар
қазбалар  үшін  көлемдік  есеп  жеткілікті  дәлдікпен  жазықтыққа  көшірілуі
мүмкін. Шыңырау (шурф) жер  бетінен  қазылатын  онша  терең  емес  (70-90м),
қимасы шағын, көбінесе тік көлбеу өтетін кен жүргізілетін штольнялармен  ашу
анағұрлым тиімді болады.  Кен  түсімі  неғұрлым  жоғарылаған  сайын  жоғалым
коэффициенті кемиді. Еңістігі едәуір трассасы бар, конвейерлері мен  скиптік
көтергіштерге арналған құламалы ор жолдарды айырады.

Сөздік:
көлбеу жазықтық – наклонная плоскость            жазықтық – плоскость
көлбеу  –  горизонтально;  раскос                                қазбалар  –
раскопки
едәуір – много; достаточно
кеніш – рудник; месторождение

444-тапсырма. Төмендегі мөлшер үстеулерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.
Біраз,  сонша,  бірен-саран,  азды-көпті,  бірталай,  анағұрлым,   азғантай,
талай, недәуір, мұнша, сондайлық.

445-тапсырма. Мекен, сын-бейне, топтау үстеулерін тауып,  олардың  үш  бөлек
бағаналарға бөліп жазыңыздар.
Алға, кейін, артқа,  екеулеп,  жылқы,  зорға,  әрең,  дереу,  адамзат,  топ-
тобымен, баға, мемлекеттік,  жоғары,  төмен,  ілгері,  қабат,  қалың  әдемі,
қабырға, жұп-жұбымен, ертең, бүрсігүні, алды, арты, сонша,  қазақша,  жедел,
қасақана, бас-басына, ұшу, жазу, қалыптасты, бекерге, көзбе-көз,  қыстыгүні,
аз-аздан, мүлік, орын, белгілі, белсенді, бастық, балға,  көп-көптен,  алыс,
жақын, бір-бірден, оң жақ, сол жақ, орасан, әрі, шапшаң, тым  бірден,  ұзақ,
ауыр.

446-тапсырма.  Сөйлемдерден  мөлшер  үстеулерін   тауып,   оларға   сұрақтар
қойыңыздар.
Бүгінгі  таңда  қазақ  тілінің  фонетикалық-грамматикалық  құрылысы   едәуір
зерттеліп, танылып қалды, лексикалық қат-қабаттары да жинақталып,  әр  алуан
сөздіктер   жасалды.   Сонымен   біраз   томсарып   отырып   барып,    қайта
қыбырласқанда, Құнанбай ойдағы сөзін бастады. Көксерек әлі  онша  жақындаған
жоқ. Кен орындарын іздеп-табу жұмыстарының  қарқынын  сондайлықты  жеделдету
шаралары іске асырылуда. Кен  түсімі  неғұрлым  жоғарылаған  сайын,  жоғалым
коэффициенті кемиді. Жігіттің даусы аз саябырлады да,  қақпаны  қайта  ашты.
Біз күткен пойыз мезгілінен біраз кешігіп, түн ортасы ауа келді.

447-тапсырма. Қазақстан –  тәуелсіз  мемлекет!  Өлеңнің  мағынасын  түсініп,
жаттаңыздар. Тәуелсіздігімізді қашанда мақтан тұтыңыздар.

                                  Т ә у е л с і з д і к

 Өзіңдікі Елің де,                Асқар тау да сенікі,
                      Өзіңдікі  Жерің   де.                   Бақша-бау   да
сенікі.
                     Өзіңді-өзің еткен Бақ -            Қалтқысыз Доспенен,
                     Тәуелсіздік  төрінде!                    Қатал  Жау  да
сенікі.
                      Өзіңдікі  –  Туың  да,                 Ұраның   да   –
жасасын!
                     От  пен  Ауа  Суың  да.                     Құраның  да
жасасын!
                     Жаса, Қазақстаным,                 Қасиет-кие дарыған
                      Белді  бекем  буын  да!                    Ұланың   да
жасасын!
                                                        (Иран-Ғайып)
448-тапсырма. Берілген топтау үстеулерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.
Жұп-жыбымен,  бір-бірден,  екеулеп,  аз-аздан,  бас-басына,  үшеулеп,   көп-
көптен, рет-ретімен, топ-тобымен.

449-тапсырма.  Сол  жақ  бағанадағы  сөз  және  сөз  тіркестерінің  оң   жақ
бағанадағы сөз  тіркестерімен  мағынасына  қарай   іріктеп,  сәйкестендіріп,
көрсетілген жолдарға жазыңыздар.

|         Ү л г і :               Қазақстан – тәуелсіз        |
|мемлекет                                                     |
|1. қазақ елінің    |а) тұрақтылық       |1. - - - - - - - - -|
|2. тәуелсіздік таңы|ә) саясаткер        |- - -  2. - - - - - |
|3. жүргізіліп      |б) нарықтық ел      |- - - - - - - -     |
|отырған            |в) жолымен          |3. - - - - - - - - -|
|4. қоғамдағы       |г) қауіпсіздікгі    |- - - -             |
|5. дүниежүзіне     |ғ) сайлау           |4. - - - - - - - - -|
|әйгілі             |д) саясат           |- - - -             |
|6. Еуропалық       |е) одақ құру        |5. - - - - - - - - -|
|7. Қазақстан –     |ж) атқан            |- - - -             |
|8. тәуелсіздік     |з) тарихындағы      |6. - - - - - - - - -|
|9. адамзаттың      |                    |- - - -             |
|10. бүкілхалықтық  |                    |7. - - - - - - - - -|
|                   |                    |- - - -             |
|                   |                    |8. - - - - - - - - -|
|                   |                    |- - - -             |
|                   |                    |9. - - - - - - - - -|
|                   |                    |- - - -             |
|                   |                    |10. - - - - - - - - |
|                   |                    |- - - - -           |

450-тапсырма. Көп нүктелердің орнына  тиісті  үстеулерді  қосып  жазыңыздар.
Олардың түрлерін ажыратыңыздар.
Ол  үшін  прогрессивтік  әдістерді   кеңінен   қолданып,   бұл   жұмыстардың
геологиялық-  экономикалық  тиімділігін  ..........  арттыру  шаралары  іске
асырылуда.  Еріншектің  ..........  бітпес.  Йығынан  ...............  түйіп
қалып едім, қолым шойынға  тигендей  болды.    ...............  қарап  қарап
мұңдасар, ой жіберіп әр жаққа. Жемісті  ағаштың  басы  ............  .  Асан
............  телефон   соқты.   .............   берекелі,   ...............
парасатты   тәжірибе   –   халық    түйген    тұжырымдар.    Қыжылжардікімен
салыстырғанда,  Омбы  вокзалы  .................  үлкен  де,  салтанатты  да
көрінді.
Сөйлемдерді  толықтыруға  керекті  үйстеулер:  азды-көпті,  ертеңі,   әдейі,
төмен, дереу, ең, едәуір.

 451-тапсырма. Үстеулердің дұрыс нұсқасын табыңыздар.
1. Топтау үстеуі:                           2. Мөлшер үстеуі:
а) мейлінше, әдейі                     а) әдейілеп, әрі, бері
ә) сәл, нық, дәл                            ә) барынша, онша
б) азғантай, көп                            б) үшеулеп, ішке
в) тең-теңімен                               в) бірталай
г) анда-санда                           г) бірен-саран, ішкері

452-тапсырма.  Берілген  сұрақтарға  жауаптарыңызды   көрсетілген   жолдарға
жазыңыздар.
1. Үстеу мағынасына қарай неше түріне бөлінеді? ----------------------------
--
2. Себеп-салдар үстеулер қандай сұрақтарға жауап  береді?-------------------

3. Әдейі, жорта, қасақана үстеулері үстеудің қай түріне жатады? ---------
4. Сын-бейне үстеулеріне қай үстеулер жатады? ------------------------------
---
5. Сондайлық, неғұрлым, біраз, бірен-саран
     үстеулері үстеудің қай түріне жатады?----------------------------------
--------
6. Мекен үстеулері қандай сұрақтарға жауап береді? -------------------------
--
7. Топтау үстеулерін атаңыздар. --------------------------------------------
---------
8. Мүлдем, керемет, барынша, кілең тым,
    нағыз үстеулері үстеудің қай түріне жатады?-----------------------------
-----
9. Мезгіл үстеулері қандай сұрақтарға жауап береді? ------------------------
---

453-тапсырма. Үстеулерді тауып, оларды түрлеріне  қарай  ажыратып,  сұрақтар
қойыңыздар.

1. Көп адамға көктем де, қыс  та   арайлы,                 2.  Бүгін,  міне,
қараса
    Ал мен үшін  алтының  да  мыс  талайғы  .....            Бір  кеш  кетіп
барады.

3. Бүгін сағы сынды деп,                               4. Бекер ғой бәрі,
    жақаныңды басынба!                                    Бекер ғой  бәрі  –
бөтен ғой.

      454-тапсырма. Жыр жаттайық! Байтақ елімізідің кіндігі – Астана  туралы
өлеңді жаттаңызда. Бас қала – жас қаламызды мақтан тұтыңыздар.
                                 А с т а н а

      Өлеңін жазған Абдрахман Асылбек.
Әнін жазған Қабділрашид Қайым
Тарихы таңғажайып дастан – аңыз,                Астана – байтақ жердің
кіндігі бұл,
Арқада – алтын орда Астанамыз.                    Астана – дарқан төрдің
түндігі нұр.
Керемет сәнді үйімен, ән күйімен,                   Береке, мерекелі ортақ
орда.                        Құлпырып көз тартады бас қаламыз.

Астана – жалпақ елдің бірлігі бұл.
            Астана, Астана –
Қазақтай халқы бар,
            Көркем бұл жас қала
Кеңпейіл салты бар,
            Өркенде бас қала,
Әлемге даңқы бар –
            Астана, Астана!
Астана, Астана, Астана!
                                          Қазақтың қасиетті әр төбесі,
                                          Астана – алып тұлғаң нар төбесі.
                                          Ғасырдан ғасырларға қанат жайып,
                                          Асқақтап арта берсін мәртебесі!


13-апта. 37-тәжірибелік сабақ
      Грамматика: Сабақтас құрмалас (мезгіл, мақсат бағыныңқылы) сөйлемдер.
      455-тапсырма. Қазақстанның мәдени және табиғи ескерткіштері туралы
мәтінді мұқият оқып, мағынасын түсініп, мазмұндаңыздар.

                          Өркениетке өрлеу жолында
                                  * * * * *
                       Қазақстанның мәдени және табиғи
                        ескерткіштері.   «Алтын адам»

      Мәдени ескерткіш дегеніміз  адам  баласының  шексіз  қиялы  мен  шебер
қолынан шыққан  әр  алуан  дүниелер.  Оған  –  ғимарат-кесенелер,  мешіттер,
мүсіндер,  сурет-портреттер,  зергерлік  бұйымдар,  металдар   мен   қыштан,
ағаштан жасалған түрлі тұрмыстық заттар жатады.
Біздің  ұлтымыздың  көнеден  келе  жатқан  мәдени   ескерткішіне   –   киелі
баспанамыз киіз үйді жатқызуға болады. Сонымен қатар  жетпіске  тарта  сазды
аспаптар, ат әбзелдері мен төрт түлікке  қажетті  құрал-сайман  түрлері  де,
тұрмыстық бұйымдар да көнеден сақталған.
Ал ғимарат-кесенелерге келсек  Ұлытаудағы  Алаш  хан,  Жошы  хан  мазарлары,
Түркістандағы  Қожа  Ахмет   Яссауидың,   Тараздағы   Қарахан,   Айша   бибі
кесенелерін айтуға болады. Бұлар алғашқы орта ғасыр туындыларына жатады.
Тым көнеден жеткен (б.э.д.) жәдігерлеріміз – Есік қаласынан табылған  «Алтын
адам» (Алматы облысы), Шығыс Қазақстан  облысы  Қотан-Қарағай  ауданы  Берел
қорығынан шыққан алтын адамдар (әйел және еркек), он екі арғымақ  әбзелдері.
Атырау  өңірінен  табылған  осыған  ұқсас  жәдігерлер  құнды  мұралар  болып
саналады. Ешқандай басқа ұлттарда қайталанбайтын, кездесе  бермейтін  ұлттық
киім үлгілерінің өзі ұлтымыздың мақтанышы. Таңбалы тастар мен балбал  тастар
тарихымыздың түп негізі.
Табиғи  ескерткіштер   сан  мың  жылдарға  созылған   табиғи   құбылыстардың
әсерінен (жел, су,  ыстық  пен  суық,  жер  сілкінісі,  т.б.)  пайда  болған
ғажайып кескіндемелер.  Қазақстан  жерінде  мұндай  табиғат  таңғажайыптарын
жүздеп санауға болады. Жазық жерде жеке тұрған  Толағай  тауы,  Көкшетаудағы
Оқжетпес, Жұмбақтас, Шайтан тас, Жеке батыр, Қаратаудағы Келіншек  тау,  Қыз
төккен,  Алатаудағы  Шарын  шатқалдары,  Көлсай,  Алтай  тауларындағы  түрлі
жартастар.
Іле бойындағы Әнші құмдар, Маңғыстаудағы  Шерқала  сияқты  мүсінді  төбелер,
Қазығұрт тауындағы Кеме қалған орын – мұның бәрі табиғат туындылары.
Қазіргі кезде  мәдени  ескерткіштер  мемлекет  қамқорлығына  алынып,  оларды
жөндеу, көшіру, тиімді  жерлерде  сақтау  шаралары  қарастырылған.  Табиғаты
таңғажайып өңірлерге апаратын туристік  орталықтар  құрылған.  Мұндай  құнды
мұраларды қорғау және сақтау әрбір азаматтың адамдық парызы.

Сөздік:
кесене   –   мавзолей                                             мүсін    –
скульптура; бюст
қыш   –   кирпич                                                    саз    –
мелодия; мотив; болото
кескіндеме – живопись                       жәдігер – наследие; память
әбзел – снаряжение; амуниция; утварь         жартас – скала; утес
таңбалы – приметный; отмеченный; клейменный; имеющий тамгу; знак

456-тапсырма.   Мәтіннің   мазмұны   бойынша   берілген   сұрақтарға   жауап
беріңіздер.
1. Мәдени ескерткіш дегеніміз не? 2. Оған нелер жатады?  3.  Қазақ  халқының
көнеден келе жатқан мәдени ескерткішіне нені жатқызуға  болады?  4.  Көнеден
сақталған  қандай  бұйымдарды  білесіздер?  5.  Ал  ғимарат-кесенелерге   не
жатады? 6. Б.э.д. өте ертеден келе жатқан жәдігерлер туралы  не  білесіздер?
7. Нені ұлттық мақтанышымыз  деп  санаймыз?  8.  Табиғи  ескерткіштер  неден
пайда болады?

457-тапсырма. Мәтіннің бірінші жарты бөлігінен бес  сөйлемді  алып,  олардан
мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер жасаңыздар.
Ү л г  і:   Мәдени  ескерткіштер  мемлекет  қамқорлығына  алын+ғалы,  оларды
жөндеу, тиімді жерлерде сақтау шаралары қарастырылған.

458-тапсырма. Мәтіннің екінші жарты бөлігінен  бес  сөйлемді  алып,  олардан
мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер жасаңыздар.
          Ү л г і : Мәдени  ескерткіштер  туралы  толығырақ  мағлұмат  алсын
деп, бірнеше әдебиеттерді оқуды ұсынды.

459-тапсырма.  Мезгіл  бағыныңқылы  сабақтас  құрмалас  сөйлемдерді   тауып,
олардың  басыңқы  және  бағыныңқы  сыңарларының   қандай   тұлғалар   арқылы
байланысып тұрғанын анықтаңыздар.
Ұлы Отан соғысы  жылдары  1940-шы  жылмен  салыстырғанда,  мұнай  өндіру  26
пайызға артты. Маңғыстау түбегіндегі Өзен және Жетібай  мұнай  кен  орындары
ашылғаннан кейін,  Қазақстанның  мұнай  өнеркәсібінің  дамуында  жаңа  кезең
басталды.  Маңғыстау  түбегіндегі  жаңа  кен  орындарынан   мұнай   өндіріле
бастағаннан  кейін,  Қазақстанда  мұнай  өндіру  33  млн.   тоннаға   жетті.
Сейсмикалық  барлау  жұмысына  қажетті  белгілі-бір   қашықтықта   шұңқырлар
қазылған соң, олардың ішіне тоқтың әсерімен жарылатын дәрі салынды.  Оқ-дәрі
жарылған  соң,  жер  қыртыстарына  тараған  толқындар  тау  жыныстарының  әр
қабаттарынан түрліше жылдамдықпен  өтеді.  Абылай  хан  жоңғарлардың  қолына
тұтқын болып түсіп қалғанда, оны босатып алуға белсене араласады.
                              Сабақтас құрмалас сөйлемдер
                        (Сложноподчиненные предложения)

       Сложноподчиненными  предложениями   называются   такие   предложения,
которые  состоят  из   главного   (басыңқы)   и   придаточного   (бағыныңқы)
предложений.


















               Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем

Бағыныңқысы басыңқыдағы істің мезгілін білдіретін сабақтастың  түрін  мезгіл
бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем деп атайды.
Придаточное времени указывают на  время  действия  главного  предложения,  и
отвечают на вопросы қашан? (когда?), қашаннан бері? (с каких пор?),  қашанға
шейін (до каких пор?).

                                     Способ образования:
Путем прибавления к причастию суффиксов: -да, -де.
М.: Мен кел-ген-де, сен үйде жоқсың. (Когда я пришел, тебя не было дома).
Путем применения после причастия с окончаниями барыс  септік  частиц  шейін,
дейін. М.: Шешесі жұмыстан  кел-ген-ге  дейін,  қызы  тамақ  пісіріп  қойды.
(Пока мама была на работе, дочь приготовила ужин).
Путем применения к причастию с окончаниями шығыс септік частиц  кейін,  соң,
бері.  М.:  Емтихан  тапсыр-ған-нан  кейін,  үйге  барамыз.   (После   сдачи
экзаменов, поедем домой).
Путем прибавления к корню глагола деепричастий -қалы, -келі,  -ғалы,  -гелі.
М.: Мен кел-гелі көп болды. (Прошло много времени с тех пор, как я пришел.
                 Мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем

Бағыныңқысы басыңқыдағы істің мақсатын білдіретін сабақтастың  түрін  мақсат
бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем деп атаймыз.
Придаточные  цели  указывают  на  цель  действия  главного  предложения,   и
отвечают на вопросы не мақсатпен? (с какой целью?), не  үшін?  (для  чего?),
неге? (зачем?).
                                          Способ образования:
Путем прибавления к причастию суффиксов: -ша, -ше. М.: Мен  кел-ген-ше,  сен
үйде отыр. (Пока я не приду, сиди дома).
От  исходной  формы  глагола  с  послелогом  (тұйық  етістіктен  кейін  үшін
шылауының келуі арқылы)  үшін.  М.:  Институтқа  ерте  жету  үшін,  біз  тез
жүрдік. (Для того, чтобы пораньше прийти в институт, мы шли быстро).
От повелительной, условной,  желательной  форм  глагола  со  вспомогательным
словом деп. М.: Баласы жақсы оқысын  деп,  әкесі  көп  кітап  әкеліп  берді.
(Чтобы сын хорошо учился, отец принес ему много книг).

460-тапсырма.  Көп  нүктелердің  орнына   мезгіл   бағыныңқылы   сабақтастың
бағыныңқы сыңарларын тиісті орындарына қойып жазыңыздар.
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев 1926 жылы  Қарсақбайға  ....................,  оның
алдында Жезқазған-Ұлытау ауданындағы кен байлықтарын іздеу  мен  геологиялық
барлау жұмыстарын  жаңа  техникамен  кеңінен  жүргізу  тәрізді  аса  маңызды
міндет тұрды. Шоқан Уәлиханов сияқты ауыз әдебиетін зерттеуді Қ. И.  Сәтбаев
Баянауылда ....................., студент кезінен-ақ бастап жалғастырды.  Қ.
И. Сәтбаев «Мыс,  көмір,  темір,  марганец  рудалары  және  Жезқазған-Ұлытау
ауданының   басқа   да   қазба   байлықтары»   атты    тақырыпта    баяндама
..............., 1934 жылының  қараша  айында  Одақтық  Ғылым  Академиясының
сессиясына қатысты. Орта Азия  халықтары,  көне  Персия  ғалымдары  күн  мен
түннің   теңелетін    уақытын,    күнін,    сағатына,     ..................
.................., тура астрономиялық  дәлдікпен есептеп шығарған.
Сөйлемдерді толықтыруға керекті  мезгіл  бағыныңқылы  сабақтастың  бағыныңқы
сыңарлары: келгенде, жүргенде, жасағалы, минутына дейін.

461-тапсырма. «Алтын адам» туралы мәтінді мұқият  оқып,  тарихи  деректермен
танысып, мазмұндаңыздар.

                              « А л т ы н     а д а м »

Әлем жұртшылығы тарихи деректер мен мұраларға қашанда  үлкен  қызығушылықпен
қарайды. Жаһан жұртшылығының  басым  бөлігі  туристік  сапарға  шыға  қалса,
міндетті  түрде  тарихи  бай  өлкелерге  барады.  Басқа  елдердегі   сияқты,
Қазақстан  жерінде  де  көптеген  археологиялық  қазбалар   табылған.   Көне
қалалардың орны халқымыздың бай тарихынан мәлімет бергендей.
Ал, күні бүгінге дейін жоғалмай келген Тараз, Түркістан сияқты сан  ғасырлық
тарихы бар қалалар көптеген туристердің таңдана  отырып  аралайтын  мекеніне
айналған.
Археологиялық  қазбаларға  келетін  болсақ,  бұл  тұрғыдан  Қазақстан  жерін
зерттеудің  негізгі  жұмыстары  ХХ  ғасырда  жүргізілген.   Қала   орындары,
зираттар,  мешіт-медреселер   кең   байтақ   отанымыздың   түкпір-түкпірінен
табылған.
Ал, Алматы облысындағы Есік қорғанынан «Алтын адам»  табылған  кезде,  алыс-
жақын елдердің барлығы елең еткен-ді. Бұл 1970  жыл  болатын.  Археологиялық
құндылықты  тапқан  тарих  ғылымдарының  докторы  Кемал  Ақышев,  басқа   да
ғалымдармен кеңесе отырып, бұл біздің заманымызға дейінгі  IV  ғасырда  өмір
сүрген сақ ханзадасы деген шешімге келді.
«Алтын адамның» бойындағы қаруы  да,  үстіндегі  киімі  де  түгелдей  дерлік
алтыннан құйылған. Бұл ең алдымен киімнің ішіндегі адамның, сонан  соң  оның
елінің   дәулетін   көрсетсе,   екіншіден   сол   кездің   өзінде-ақ   түсті
металлургияның қыр-сырын меңгерген тайпалардың өмір сүргенін айқындай    тын
сияқты. «Алтын адам»  Алматыдағы  Орталық  мұражайға  қойылды.  Кейін  қазақ
елінің басты  символы  ретінде  басқа  елдердегі  көрмелерге  де  шығарылды.
Оңтүстік  астананың  орталық  алаңындағы  (Республика  алаңы)  «Тәуелсіздік»
монументінің негізгі бейнесі де осы «Алтын адам».
Қазіргі кезге дейін бұдан басқа тағы екі «Алтын  адам»  табылды.  1999  жылы
Атырау облысының Аралтөбе қорғанынан табылған.  Оны  қазу  жұмыстарын  тарих
ғылымдарының  кандидаты  Зейнолла  Самашев  жүргізген.  Біздің   дәуірімізге
дейінгі ІІІ ғасырға жататын осынау алтынмен көмкерілген  адамды  оның  болат
семсеріне қарап, ғалымдар сарматтардың көсемі деген қорытындыға келген.
Үшінші «Алтын  адам»  2003  жылы  табылған.  Профессор,  тарих  ғылымдарының
докторы Әбдеш Төлеубаев бастаған  археологтар  қауымы  оны  Шығыс  Қазақстан
облысының Шілікті  жазығынан  қазып  алған.  Ғалымдардың  пайымдауынша,  бұл
«Алтын адам» б.д.д. VII-VIII ғасырларда  өмір  сүрген.  Мекен  еткен  жеріне
және үстіндегі құйма алтыннан жасалған  аң-құс  белгілеріне  қарағанда,  сақ
патшасына келетін бұл адам әлі де зерттелу үстінде.
Міне, күні бүгінге дейін бір емес, үш  «Алтын  адам»  табылды.  Ұлан  байтақ
Қазақстанның  жерінде  әлі  қанша  «Алтын  адамның»  жатқаны  белгісіз.  Оны
зерттеу уақыттың еншісінде.

Сөздік:
зират  –  кладбище;  могила                            қазба  –  ископаемое;
раскопка
ханзада – принц; сын хана;                          тайпа – племя;  племена;
род
                  потомок  хана                                    болат   –
сталь
 семсер – меч; сабля;  рапира                        аң  –  дикое  животное;
зверь
 құйма – литье; сплав; отливка

462-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақ-жауап құрастырып, оларды  рөлге
бөліп оқыңыздар.
Ү л г і:
– Қазақстан     жеріндегі     археологиялық    қазбаларды    зерттеу     қай

   уақытта жүргізілген?
– Қазақстан   жерін, ондағы археологиялық қазбаларды зерттеудің  негізгі
   жұмыстары ХХ ғасырда жүргізілген.

463-тапсырма. Мәтіннің бірінші жарты бөлігінен  үш  сөйлемді  алып,  олардың
негізгі  мағынасын  сақтай  отырып,  мезгіл  бағыныңқылы  сабақтас  құрмалас
сөйлемдер жасаңыздар.
Ү л г і:
Алматы облысындағы Есік қорғанынан  «Алтын  адам»  табылған+нан  бері,  оған
алыс-жақын елдің бәрі қызығушылықпен қарады.

464-тапсырма. Мәтіннің екінші жарты  бөлігінен  үш  сөйлемді  алып,  олардың
негізгі  мағынасын  сақтай  отырып,  мақсат  бағыныңқылы  сабақтас  құрмалас
сөйлемдер жасаңыздар.
Ү л г і:
«Алтын адамды» қазақ  елінің  басты  символы  ретінде  таныт+у  үшін,  басқа
елдердегі көрмелерге де шығарды.
Бағыныңқылы  сөйлем                                                Басыңқылы
сөйлем

Мен
Сен
Сіз
Ол                   кел+ген+де,                      Айгүл теледидар  көріп
отыр екен.
Біздер
Сендер
Сіздер
Олар

 465-тапсырма.  Мезгіл  бағыныңқылы  сабақтас  құрмалас  сөйлемдерді  тауып,
оларға сұрақтар қойыңыздар.
Абай үйге кіргенде, Әбіш конверттегі бар қағазды оқып шыққан еді.  Қарағанды
көмірін тапқалы, жүзге жуық жылдар  өтіп  барады.  Ауыл  осы  қонысқа  келіп
орналасқаннан бері, ол бір күн дамыл тауып  тыныққан  емес.  Бу  мен  пульпа
бөлінгеннен кейін, пульпа аппараттың төменгі жағынан  сүзгіден  өтіп,  сұйық
ерітінді  мен  қалдыққа  бөлінеді.  Шеелиттің                   концентратын
автоклавта өңдегенде, сода көп мөлшерде кетеді. Абай  әкесі  келгелі,  үйден
шыққан жоқ. Жұрт жиналып болған соң,  Әркен  көрген-білгенін  асықпай  айтып
берді. Әбу Насыр әл-Фараби үйіне оралғанда, көшпелі елдің  әр  алуан  өмірін
көргендігін айтып берді. Атақты  жиһанкез  Қорқыт  данамен  танысқалы,  оның
жанына шәкірт болып еріп жүретін болды. Еліміз егемендік  алғалы  бері,  бұл
мәселе тыс қалған емес.
466-тапсырма.  Мақсат  бағыныңқылы  сабақтас  құрмалас  сөйлемдерді   тауып,
оларға сұрақтар қойыңыздар.
Әңгіменің  негізгі  арқауын  қамту  үшін,   оған   Б.   Момышұлының   саяси,
философиялық, әскери  көзқарастарын  білдіретін  бірнеше  жанама  сұрақтарға
жауабын жалғастыруым қажет. Ел  сүйген  ойлы  ұлдың  этика,  мораль,  тәрбие
мәселелеріне байланысты пікірлерін  жалғастыру  үшін,  жаңағы  айтылғандарды
өрбітіп, қиюластыру қажет. Біз жазатын нәрсенің  жанры  –  сұхбат,  естелік,
әңгіменің сипатын танысын деп, астасқан ойды  диалог  түрінде  құрды.  Өзіне
ерекше мектеп болсын деп,  әр  ұлт  адамдарымен  қызметтес  болды.  Жаным  –
арымның садағасы, халқым үшін  жаным  пида  деп,  жанып  тұрған  отқа  талай
түстім. Өз елінің  бағасын  біліп,  оны  қадірлеу  үшін,  өз  халқыңа  үлкен
сүйіспеншілікпен қарауың керек.

467-тапсырма. Сөйлемдерден мақсат және мезгіл бағыныңқыларды  тауып,  оларды
екі бағанаға бөліп жазыңыздар.
Қазақ халқының не әдет-ғұрпын, не  мәдениетін,  не  тілін  білмейтін  адамды
республиканың   бірінші   басшылығына   тағайындағаннан   кейін,   жастардың
наразылығы  туып,  алаңға  шықты.   Желтоқсан   көтерілісіне   қатысушыларды
«Ұлтаралық жанжалды ушықтырды» деп, оларға  «ұлтшылдар»  деген  айып  тақты.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан соң, қазақ тілінің өрісін кеңейту  мәселесіне
назар аударыла бастады. Қазақ  тілінің  даму  жолын,  қолданылу  аясын  биік
деңгейге  көтеру  үшін,  қазақ  тіліне  мемлекеттік   мәртебе   беріп,   оны
күнделікті өмірге белсенді түрде  енгізді.  Ат  тұяғының  дүбірі  естілмесін
деп, бұлар ауылдың ық жағына қарай бұрыла  жүрді.  Абай  бүгін  әдейі  оңаша
сөйлесу үшін, Мағаш пен Әбіштерді осында шақыртқан еді.  Ерітіндіден  натрий
нитратын бөліп алғаннан  соң,  оны  тыңайтқыш  ретінде  ауыл  шаруашылығында
қолданады.


13-апта. 38-тәжірибелік сабақ
Грамматика:   Себеп,   қимыл-сын бағыныңқылы  сабақтас құрмалас сөйлемдер.
468-тапсырма. Еліміздің   болашағы  –  жастарға   артар  үміт  зор.  Мәтінді
мұқият оқып,    мағынасын    түсініп,    өз     ойларыңызбен     толықтырып,
мазмұндаңыздар.

                    Елдің де,  тілдің де тірегі – жастар.
                Намыс туын желбіретуге жол ашқан да – жастар

Елдің де,   тілдің   де  тірегі – жастар   екенінде   дау    жоқ.    «Тәрбие
 басы – тіл»,- деп
М. Қашқари тегін айтпаған. Бұл – адамның адамзат болып қалыптасуында  тілдің
алатын орнын мейлінше терең түсінген ұлы  тюркологтың  сөзі.  «Өнер  алды  –
қызыл тілді» Абайдан асырып айтқан дана жоқ.
Сол тілдің қолданылу  аясын  арттырып,  оны  дамытудың  жан-жақты  қамтылған
көптеген шараларын іске асыруға, өрісін кеңейтуге  атсалысып,  өз  үлестерін
қосатын да, елін, жерін қорғайтын  да,  өнер,  білім,  ғылым  мен  техниканы
дамытатын  да  –  жастар.  Жастар  –  еліміздің  болашағы,   мемлекетіміздің
тұтқасы. Бұл айтылғандарға 1986 жылғы  Желтоқсан   көтерілісі  де  куә  бола
алады.
XX  ғасырдың  соңы  қазақ  халқы  үшін   тарихи   дүрбелеңдермен,   қоғамдық
өзгерістермен есте қалды. Солардың бірі – желтоқсан жаңғырығы.
XX ғасырдың екінші жартысы қазақ халқының білімі мен    мәдениеті  жетілген,
саны біршама өскен әлемдік  аренаға  өз  үнімен,  өз  бет-бейнесімен  көріне
алған кезең болды.
Дәл осы кезде, яғни 1986  жылы  желтоқсан  айында  Кеңес  Одағы  Коммунистік
партиясының Орталық  комитеті  Қазақстанның  жұртшылығымен  келіспей,  қазақ
ұлтымен санаспай, басқа елдің өкілін мемлекет басшысы етіп тағайындады.
Бұл  әрекет  қазақ  халқының  жаппай  наразылығын  туғызды,  әсіресе   қазақ
жастарының ашу-ызасы, ұлттық намысы оянды.
1986  жылы  17  желтоқсан  күні  ереуілге  шыққан  жастардың  алдыңғы   легі
Алматыдағы  Орталық  алаңға  қарай  шеру  тартты.  Бұлар  Театр  және   Кино
институттарының,  Мемлекеттік  консерваторияның  студенттері  мен   қаладағы
кейбір өндіріс орындарының жұмысшы-жастары еді.
Іле-шала оларға ҚазМУ мен Қыздар педагогикалық  институттарының  студенттері
және басқа да оқу орындарының студенттері мен жұмысшы жастар  легі  қосылды.
Орталық алаңдағы жастардың саны бірнеше мыңнан асты,  кейінгі  күндері  одан
да көбейді.
Жастардың басты талабы, әрі басты ұраны –  «Әр  ұлтқа  өз  көсемі»,   «Қазақ
ұлтын қазақ басқару керек» деген  сөздерді  транспоранттарға  жазып,  ауызша
айтып та жатты. Қазақ  жастарынан   бұндай  тосын  әрекетті  күтпеген  Кеңес
Одағы  басшылығы  қатты  састы.  Бүкіл  әлемнің  назары  Қазақстанға   ауды.
Еркіндікті сүйгіш қазақ халқының,  қазақ  жастарының  талап-тілегі   орынды,
әрі заңды екенін шетелдің бұқаралық ақпараттық құралдары  жарыса  жазып  та,
айтып та жатты. Әйтсе де өктем саясаттың озбыр күшінен құрбан болғандар  мен
жазықсыз сотталғандар оқудан, жұмыстан қуылған жастар көп болды.
Бірақ бұдан ұлт жігері  жасымады. Осы көтерілістен кейін-ақ іргесі  шайқалып
тұрған Кеңес Одағы  шайқала бастады.  Ақыр  соңында   күйреп,  құлап  тынды.
Бейбітшілікті  сүйгіш,  азаттықты  аңсаған  қазақ  елі   тәуелсіздікке   қол
жеткізді. Патриот жастар ақталып, қаһармандарын ел таныды.
Осылайша ел тірегі, тіл тірегі –  жастар  Қазақстанның  Тәуелсіздік  алуына,
Егеменді ел болуына жол ашып берді. Қазақ жастары халқының,  елінің  намысын
қорғау үшін қандарын төкті, бірақ тізе  бүкпеді.
Желтоқсан көтерілісінен бастап, бүгінге  дейін  елімізде  елеулі  өзгерістер
тарих беттеріне  еніп  келеді.  Мемлекетіміз  үлкен  қомақты   жетістіктерге
жетуде.
Қазақстанның  өнері,  білімі,  мәдениеті,  ғылымы,  экономикасы,   техникасы
шарықтап  даму үстінде.
Жастар ғылымның әр саласында жан-жақты әлемдік  деңгейде білім  алып  жатыр,
оған  «Болашақ»  бағдарламасымен  оқып  жатқан  болашақ  мамандарды   айтуға
болады. «Болашақ»  бағдарламасы  басталғалы,  мыңдаған  жастар  оқу  бітіріп
келіп, елге қызмет  етуде.  Индустриялық-инновациялық,  әлеуметтік-құқықтық,
саяси реформаларды іске асыруда  жастарға жүктеліп отырған  міндет  те  зор,
жүк те ауыр, үміт те үлкен.
  Жастар  жоғары  лауазымды  қызметтер  атқарып,  «Қазақстан  –  2030»  даму
стратегиясының  қалыптасуына,  дамуына  елеулі  еңбектерімен  өз   үлестерін
қосуда,  халқымыз  бүгінгі жастарымызды мақтан тұтады.
Қазақстан тарихында Алматының  Орталық алаңында болған 1986 жылғы  Желтоқсан
көтерілісі қазақ халқының намыс туының желбіреуіне  ұласты.  Ереуіл   болған
жерде «Тәуелсіздік», «Желтоқсан» монументтері бой көтерді.

Сөздік:
жаңғырық – эхо; отзвук; резонанс           дүрбелең – паника; смятение
озбыр – наглый; узурпатор; хапуга         дүрбелең шығару – взбунтоваться
құрбан – жертва; жертвоприношение

469-тапсырма. Мәтінге  сұрақ-жауап  (сұхбат)  құрастырып,  оны  рөлге  бөліп
оқыңыздар.
470-тапсырма. Мәтіннің  бірінші  жарты  бөлігінен  үш  сөйлемді  алып,  оның
негізгі  мағынасын  сақтай  отырып,  себеп  бағыныңқылы  сабақтас   құрмалас
сөйлемдер жасаңыздар.
Ү л г і :
Қазақстан жұртшылығымен санаспай, басқа елдің өкілін мемлекет  басшысы  етіп
тағайындаған+дықтан, қазақ жастарының наразылығы туды.

471-тапсырма.  Мәтіннің  екінші  жарты  бөлігінен  үш  сөйлемді  алып,  оның
негізгі мағынасын сақтай отырып,  қимыл-сын  бағыныңқылы  сабақтас  құрмалас
сөйлемдер жасаңыздар.
Ү л г і :
Жастар  жоғары  лауазымды  қызметтер  атқар+ып,  «Қазақстан  –  2030»   даму
стратегиясының   қалыптасуына,  дамуына  елеулі  еңбектерімен  өз  үлестерін
қосып келеді.

472-тапсырма.  Себеп  бағыныңқылы  сабақтас  құрмалас   сөйлемдерді   тауып,
олардың   бағыныңқылары   мен   басыңқыларының   қандай   тұлғалар    арқылы
байланысып тұрғанын айтыңыздар.
Кемеңгер   би   елдермен   пайда   болған   дау-жанжалға   әділ    билігімен
араласқандықтан, ол  қарақалпақ,  өзбек,  түркмен  халықтары  арасында  жылы
қабылданды. Желтоқсан оқиғасы дүр сілкіндірген соң,   қалғып  кеткен  ұлттық
сана оянып, үлкенді де, кішіні де ойға қалдырғандай болып  еді.  Тәуелсіздік
таңы атқаны себепті, қазақша  балабақша  мен  мектептер  ашыла  бастады.  Ер
Төстік жалмауыз кемпірдің қолында қалғандықтан, елі одан күдерін мүлде  үзіп
еді. (Ертегіден). Сол жылы Асқардың  стипендиядан  басқа  қаражаты  болмаған
соң,  бір  мезгілде  пристаньда  қара  жұмыс  істейтін  еді.  Беті   ашылып,
жалаңаштанып қалған  тау  жыныстарының  белгілі  бір  мезгілде  беті  ашылуы
себепті, ол өзгеріссіз қалпын, құламайтын қасиетін сақтайды.

473-тапсырма.  Қазақстанның  дамуының  негізгі  жолдары   белгіленген   ұзақ
мерзімдік міндеттерінен мәлімет алып, есте сақтаңыздар.


















474-тапсырма.  Екі  жай  сөйлемнен  себеп  бағыныңқылы   сабақтас   құрмалас
сөйлемдер құрастырыңыздар.
1. Әбу Насыр қыпшақ, оғыз, түрік  тілдерін  жақсы  білетін.  Сол  тілдердегі
жазылған кітаптарды түгел оқып шықты. 2. Ол  Самарқан,  Бұхар,  Хиуа  сияқты
қалаларда  болды. Араб, парсы, еврей тілдерінде  оқып,  жазуды  үйренді.  3.
Мектеп   кітапханасында   жаңа   туындылар   көп.   Олар    кітап   көрмесін
ұйымдастырды.  4.  Қазақ  тілін  жақсы  үйренді.  Қазақ  тілінен  өткізілген
қалалық  олимпиадаға  қатысты.  5.  Жоңғар  басқыншыларының   қазақ   жеріне
шапқыншылығы 1607 жылы басталды. Одан кейін үсті-үстіне шабуыл жасай берді.
475-тапсырма. Төмендегі сөйлемдерді қимы-сын бағыныңқылы құрмалас  сөйлемдер
болатындай етіп, қазақ тіліне аударыңыздар.
Стало так тихо, что с балкона я слышала голоса детей. Хочу   трудиться  так,
чтобы родители гордились мной. Галя читала письмо так,  что  ясно  слышалось
каждое слово. Выпив воды, они утолили жажду.  Работа  закончилась  до  того,
как пришел Арман. Он говорил так громко, чтобы люди могли слышать его.

               Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем
Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің  бағының-қысы  басыңқыдағы
істің, амалдың қалай орындалғанын білдіреді.
Придаточные образа действия показывают как  происходит  действие  в  главном
предложении и отвечают на вопросы қалай? (как?),  қайтіп?  не  етіп?  (каким
образом?).
|Бағыныңқы      |Бағыныңқының баяндауышы    |Мысалдар (Примеры)       |
|сабақтас       |(Сказуемое придаточных)    |                         |
|(Придаточные   |                           |                         |
|предложения)   |                           |                         |
|Қимыл-сын      |1. Көсемшенің -а, -е, -й,  |Олар су іш+іп, шөлдерін  |
|бағыныңқылы    |-ып, -іп, -п жұрнақтарының |қандырды. (Выпив воды,   |
|(Придаточные   |жалғануы арқылы жасалады.  |они утолили жажду).      |
|образа         |(Путем прибавления к корню |Арман келме+й, жұмыс     |
|действия)      |глагола деепричастий       |бітті. (Работа           |
|               |-а, -е, -й, -ып, -іп, -п). |закончилась до того, как |
|               |2. Есімшеге -дай, -дей     |пришел Арман).           |
|               |жұрнақтарының жалғануы     |Ол адамдар еститін+дей,  |
|               |арқылы жасалады. (Путем    |қатты сөйледі. (Он       |
|               |прибавления к причастию    |говорил так громко, чтобы|
|               |суффиксов -дай, -дей).     |люди могли слышать его). |

476-тапсырма. Екі жай  сөйлемнен  қимыл-сын  бағыныңқылы  сабақтас  құрмалас
сөйлемдер жасаңыздар.
1. Әбу Насыр елімен қоштасты. Ол оқуға аттанды. 2. Жиырма  жасар  Әбу  Насыр
сауда керуеніне ерді. Бағдаттағы «Даналық үйіне» аттанды. 3.  Олар  алыстағы
елдерді аралады.   Әбу  Насыр  сол  сапарынан  Фарабқа  оралды.     4.  Мына
мақаланы тез жазды. Баспаға наурыздың аяғына  дейін  тапсырыңыздар.  5.  Мен
көп  ойланған жоқпын. Бірден келістім.  6. Қасым  Қазақстанда  болды.  Қазақ
тілінен білімін жетілдірді. 7. Ала сауысқан бұтаққа қонбады. Шықылықтап  ұша
берді.

477-тапсырма.   Себеп   және   қимыл-сын   бағыныңқылы   сабақтас   құрмалас
сөйлемдердің жасалу жолдарын көрсетілген торларда көрсетіңіздер.



                                                Себеп бағыныңқылы

                                             * * * * *

                                                        Қимыл-сын
                                                     бағыныңқылы

478-тапсырма. Берілген сөздермен  қимыл-сын  бағыныңқылы  сабақтас  құрмалас
сөйлемдер құрастырыңыздар.

Орындайтын+дай,  жоспарла+п,  сақта+п,  кел+е,  табылатын+дай,  күтетін+дей,
жина+й,  бар+а, ал+ып, қайт+ып, бітір+іп.

479-тапсырма.  Төмендегі  сөздермен  себеп  бағыныңқылы  сабақтас   құрмалас
сөйлемдер құрастырыңыздар.

Келмейтін+діктен, танымайтын+дықтан,  ұсынған себепті,  барған  соң,  айтқан
соң, қатысқан+дықтан, сағынған себепті, білетін+діктен.

480-тапсырма. Дұрыс нұсқасын табыңыздар.

1. Қимыл-сын бағыныңқылы:                     2. Себеп бағыныңқылы:
а) -да, -де, -йынша, -йінше                            а) бері, дейін,  -де,
-ша, -п
ә) себепті, деп, үшін, шейін                          ә)  -дей,  үшін,  -да,
-де
б) -дай, -дей, -ып, -п, -а                                 б) соң,  себепті,
-дықтан,-діктен
в)  -қалы,  -келі,  -й,  -е,  -іп                                 в)  -қалы,
-келі, кейін
г)  -ша,  -ше,  -ғалы,  -гелі                                  г)  -ып,  мен
-йынша, -йінше

       481-тапсырма.  Көп  нүктенің  орнына  қимыл-сын,  себеп   бағыныңқылы
сабақтастың  бағыныңқы  сыңарларын  қосып  жазып,  олардың  жасалу  жолдарын
түсіндіріңіздер, түрлерін ажыратыңыздар.

Беті ашылып, жалаңаштанып қалған тау жыныстарының белгілі бір мерзімде  беті
ашылуы  ...............,  ол  өзгеріссіз  қалпын   сақтайды.   Күрделі   кен
қазбаларын  жүргізу  нәтижесінде   оның   межелі   тұсына,   ...............
.............., оған  жер  бетінен  жол  ашылады.  Поршень  қысылған  ауаның
күшімен, ...............  ................ бұрғының  артынан  келіп  соғады.
Осы соққылардың арқасында тау жыныстары  ..............,  скважина  тереңдей
береді. Өкпе-жүрегі аяғына  ................., талған буындарын  баса  алмай
келеді. Тұла бойы .................., төбе шашы жиырылып бара жатты.  Өзінің
сөздігі  ..................,  бірнеше  сөздің   аудармасын   менен   сұрады.
Күрделі  қазбалар  пайдалануға  ....................     ..................,
олар негізгі қор құрамына енеді.
Сөйлемдерді толықтыруға  керекті  басыңқылар:  Себепті,  жеткен  соң,  жүріп
отырып, бұзылып, түскендей, шымырлап, болмағандықтан, берілген соң.


13-апта. 39-тәжірибелік сабақ
Грамматика: Қарсылықты, шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер.
482-тапсырма. Соңғы жылдардағы  еліміздегі  білім  берудің  даму  жолдарынан
мәлімет алып, мәтінді мазмұндаңыздар.

                  Жоғары оқу орындарының элитасы туындауда

Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа Жолдауында: «Жоғары білім  беру
сапасы  халықаралық  ең  жоғарғы  стандарттарға  сай  болуы  тиіс»,  -   деп
көрсетілген. Жаһандану жағдайында біздің ел үшін  басқа  жол  жоқ.  Мемлекет
дамуының сапасын айқындайтын жоғарғы білікті мамандарды  дайындауда,  жоғары
оқу орындарының  атқаратын  міндеті  зор.  Қазақстан  Республикасының  Білім
және ғылым министрлігі ЖОО-дағы  білім  сапасына  аса  үлкен  көңіл  бөледі.
Қазір  оқу  орындары  студенттердің  әлеуметтік  жағдайын  жақсартуға,   әрі
халықаралық деңгейдегі білім беруге ұмтылуда. Қазақстанның 145  жоғарғы  оқу
орындарында 633 мыңнан астам  студент  оқиды.  Оларға  мемлекеттік  тапсырыс
бойынша 34840 орын бөлінді, бұл 2008-ші жылға қарағанда 1350  орынға  артық.
Экономикалық дағдарыс жағдайында студент жастарды әлеуметтік жағынан  қолдау
мәселелері қарастырылған.
2009-2010-шы  оқу жылында  ақылы  оқудан  23737  студент,  банктік  несиемен
оқуға ауысты. Ол мемлекеттік тапсырыстың  жалпы  көлемінің  70  %-ын  алады.
Грантта оқитындар 9375 теңге шәкіртақы алады және  олардың  жол  шығындарына
өтемақы төленеді. Бұндай үлкен көлемдегі көмек еліміз  Тәуелсіздік  алғаннан
бері бірінші рет көрсетілуде.
               Қазақстан   Республикасының    Жоғарғы    мектебі    Болондық
келісімшартына   біртіндеп   енуде.   Еліміздің   30   жоғарғы   оқу    орны
университеттердің Ұлы Хартиясына  қол  қойды.  37  жоғары  оқу  орнында  екі
дипломдық  білім  беру  іске  асырылуда.  131  жоғарғы  оқу  орны  кредиттік
технология бойынша оқытады, ал 20 университет қашықтан  оқу  жүйесі  бойынша
білім береді.
          Жоғарғы білім беруде білім  сапасы  және  халықаралық  стандарт  –
негізгі  бағыт  болып  табылады.  Қазір  9  жоғарғы  оқу  орны   институттық
аккредитациядан, ал үшеуі арнайы халықаралық аккредитациядан  өтті.  Әлемдік
рейтингке ену –  барлық  Қазақстан  оқу  орындарының  міндеті.  2009  жылдың
күзінде Астанада алғаш рет  рейтинг  бойынша  4-ші  халықаралық  конференция
өткізілді.
          Университеттердің  ғылыми-зерттеу   жұмыстары   қарқынды   дамуда.
Мысалы,  Д.Серікбаев  атындағы  Шығыс   Қазақстан   мемлекеттік   техникалық
университетінің «Алтай» технопаркінде  16  ғылыми  зертхана  жұмыс  істейді.
Л.Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетінде  пәнаралық  ғылыми-зерттеу
кешені  жұмысын  бастады.   Абай   атындағы   Қазақ   ұлттық   педагогикалық
университетінде физика, математика, ақпараттану институты және  екі  ғылыми-
зерттеу орталығы ашылды.
      Нағыз болашақтың жобасы – Астанадағы  «Назарбаев  университеті».  Оның
даму  стратегиясы  келесі  принциптерге  негізделген.  Біріншіден,   әлемнің
алдыңғы  қатарлы  университеттерімен  серіктес  болу.  Екіншіден,   заманауи
ғылыми инфрақұрылымды  қамтитын  зерттеу  қызметін  ұйымдастыру.  Үшіншіден,
басқарудың  заманауи  сараптама  және  қаржыландыру  жүйесін  құру.  Бұл   –
университеттегі  қаржылық  тұрақтылықты  қамтамасыз  етеді.    Университетте
жеті   мектеп   жұмыс   істейтін  болады.  Олар:  1. дайындық  мектебі;
 2. жалпы  білім    беру    департаменті;    3.  инженерия    мектебі;    4.
жаратылыстану   ғылымы;
5. жалпы медицина; 6. бизнес; 7. мемлекеттік саясат мектебі.
2010 жылы дайындық мектебіне 700  адам  қабылдау  жоспарланған.  Академиялық
бағдарламалардың мазмұны, сонымен  қатар,  факультеттерді  мамандандыру  ісі
шетелдік серіктестермен  бірге жасалады.

 Сөздік:
туындау – произвести; производный      төлемақы – плата за что-либо
шәкіртақы  –  стипендия                              сарап   –   экспертиза;
отбор; оценка

       483-тапсырма.  Мәтінге  жоспар  құрып,   жоспар   бойынша   әңгімелеп
беріңіздер.

484-тапсырма. XXI ғасырдағы  білім  беру  жүйесі  қандай?  Өзара  пікірталас
ұйымдастырыңыздар.

485-тапсырма.  Мәтіннің  бірінші  бөлігінен  үш  сөйлемді  алып  ,   олардан
қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер құрастырыңыздар.
Ү л г і:
Елімізде  экономикалық  дағдарыс  болған+мен,  студент  жастарға  әлеуметтік
жағынан қолдау көрсетіліп жатыр.

486-тапсырма.  Мәтіннің екінші жарты бөлігінен  үш  сөйлемді  алып,  олардан
шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер құрастырыңыздар.
Ү л г і:
Жоғары  оқу  орындары  халықаралық  аккредитациядан  өтпейін+інше,   әлемдік
рейтингке ене алмайды.
487-тапсырма.  «Қазақстандағы  білім  беру  реформасы»  тақырыбына   шығарма
жазыңыздар.

488-тапсырма. Берілген сөз және  сөз  тіркестерімен  қарсылықты  бағыныңқылы
сабақтас құрмалас сөйлемдер құрастырыңыздар.
Айтқанмен,  барса  да,  біле  тұра,  табылса  да,  ұсынғанмен,   болса   да,
білгенмен, жасағанмен,  көре тұра, мақұлдаса да, жібере тұра.

489-тапсырма.  Төмендегі  сөз  және  сөз  тіркестерімен  шартты  бағыныңқылы
сабақтас құрмалас сөйлемдер құрастырыңыздар.
       Орындаса,  қайталамайынша,  енгізбейінше,  орналасса,  шықса,   жауап
берсе,  кездеспейінше, өзі хабарласпайынша, талқыласа.

          Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем
Басыңқыдағы іске бағыныңқыдағы айтылған  іс,  оқиға  мазмұнына  қарама-карсы
мағыналық қатынаста  келетін  сөйлемдерді  қарсылықты  бағыныңқылы  сабақтас
дейміз.
Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас  қайтсе  де?  не  етсе  де?  қайткенмен?  не
еткенмен? (несмотря ни на что?) деген сұрақтарға жауап береді.
В придаточном уступительном предложении  придаточные  имеют  противоположное
главному значение: действие главного предложения совершается как бы  вопреки
условиям, поставленным в придаточном предложении.

|Бағыныңқы       |Бағыныңқының баяндауышы    |Мысалдар                 |
|сабақтас        |(Сказуемое придаточных)    |(Примеры)                |
|(Придаточные    |                           |                         |
|предложения)    |                           |                         |
|Қарсылықты      |1. Есімшеге көмектес       |         Күн жарқырап    |
|бағыныңқылы     |септігінің -мен жалғауының |тұрған+мен, қатты аяз.   |
|(Придаточные    |жалғануы арқылы жасалады.  |(Хоть и светит солнце,   |
|уступительные)  |(От причастий с окончанием |стоит сильный мороз).    |
|                |көмектес септік -мен).     |Тез жүрсе де, пойызға    |
|                |2. Шартты райлы етістікке  |үлгермей қалды. (Хоть и  |
|                |-да, -де шылауларының      |ехал быстро, на поезд не |
|                |жалғануы арқылы жасалады.  |успел).                  |
|                |(Путем прибавления после   |Сабақ оқуға уақыттары аз |
|                |условной формы глагола     |бол+а тұр+а, емтиханды   |
|                |частиц -да, -де).          |жақсы тапсырды. (Хоть у  |
|                |3. -а, -е, -й жұрнақты     |них и было мало времени  |
|                |көсемше түрінен болады. (От|на подготовку, они хорошо|
|                |деепричастий с суффиксами  |сдали экзамены).         |
|                |-а, -е, -й).               |                         |

490-тапсырма.  Сөйлемдерден  қарсылықты  бағыныңқылы  сабақтастарды   тауып,
олардың жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.
      Қазақстан Республикасында қазақ тілі  мемлекеттік  мәртебе  алғанымен,
тілді меңгеру  жоғары  деңгейге  көтерілмей  жатыр.  1986  жылы  желтоқсанда
Орталық алаңға жастар шкеруге  бейбіт  сипатта  шыққанмен,  аяғында   оларды
қуғындап, соққыға жығып,  оқу,  жұмыстарынан  шығарды.  Конституцияға  қарсы
келетін  ешқандай  іс-әрекеттер  жасамаса  да,  Орталық  билігіндегілер   өз
өктемдігін жасады. Жастардың қарусыздығын көре тұра,  Кеңес  әскері  халыққа
саперлік күректер, су  шашатын  машиналар  сияқты  қару  түрлерін  қолданды.
Алыстағы ағайынының анда-санда жазар сәлем  хатын  сағына  күткенімен,  таяу
арада ешқандай хабар ала алмады. Үйі қалада бола тұра, ол  қаладағы  демалыс
орындарына шыға қоймайтын.  Білім  алу  адамды  ізет  пен  абыройға,  жоғары
дәрежеге жеткізетін құрал екенін білсе де, Жомарт білім алуға  онша  талпына
қоймайтын.
      491-тапсырма. Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдерді  тауып,
олардың жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.
Атың жақсы болса,                                    Әйелің жақсы болса,
Ер жігіттің пырағы.                                   Бірінші – иманың,
Балаң жақсы болса,                                   Екінші – жиғаның
Жан  мен  тәннің  шырағы.                            Үшінші   –    ырысыңның
тұрағы...
                                             * * * * *
Тату болса,  ағайын  жақын,                        Сыбайлас  болса,  нағашың
жақын,
Ақылшы болса, апайың жақын.               Адал болса, досың жақын.
Бауырмал болса, інің жақын                     Жан серігің жас кезіңнен,
Алдыңа тартқан адал асын –                     Бәрінен де әйелің жақын.
Қимас жақын қарындасың.

492-тапсырма.   Сөйлемдерден   шартты,   мезгіл,    қарсылықты,    қимыл-сын
бағыныңқыларды тауып, оларды әр бағанаға бөліп жазыңыздар.
Жаңа жұмысшыларға техника  қауіпсіздігін  ұғындырмайынша,  шахтаға  жіберуге
болмайды. Еуропа әдебиетімен танысқаннан кейін, қазақ ақындары  сөздің  асыл
болатын сырын біле бастады. Ақын адам сөздің асыл болатын сипаттарын  білсе,
сөзін таза, мінсіз шығарады. Бұл – французша күрес, екі  жауырыннның  арасын
жерге тигізбейінше  жыққанға  есептелмейді.  Отан  үшін  өз  басымды  өлімге
байлай отырып, мен оларды ажалмен алысуға жұмсадым. Өзім де жаным –  арымның
садағасы, халқым үшін қасықтай қаным  пида  деп,  жанып  тұрған  отқа  талай
түстім. Мен өзге  ұлттарды  құрметтегенмен,  өз  ұлтын  сүюші  адаммын.  Зор
дұшпаннан қалай сақтансаң, ұсақ жаудан солай сақтан.  Қорлық-зорлыққа  қанша
көнсе де, ана жүрегі қарсыласуын қояр емес. Жаңа ғана талып қалғандай,  Әбіш
ешбір белгі бермей сұлық жатты.

493-тапсырма.  Төмендегі  атауларға  берілген  түсініктемелердің   мағынасын
меңгеріп, есте сақтаңыздар.
      Тәрбие – араб тілінен енген  сөз.  Түбірі  –  «раба»,  мағынасы  «өсу,
есею, ұлғаю» сөздеріне келеді. Түбір сөздің алдына «та»  буыны,  соңына  «й»
жұрнағы қосылып, тәрбие атауына, яғни  өсіру  мағынасына  ие  болған.  Кейде
арабтарда «тарабиет» сөзі кішіпейіл мағынасында қолданылады.  Ол  сөз  қазақ
тіліне ауысқаннан кейін «тәрбие» тұлғасына ие болған.
      Бет –  түркі  тілдеріндегі  «бет»  сөзінің  алғашқы  мағынасы  басқаша
болғандығын тува, тофа тілдерінен байқалады. Туваларда «бети», тофа  тілінде
«беъет» сөздері қазір бізде қолданылып  жүрген  «алды»,  «бұрын»  сөздерінің
мағыналарын береді. Ал  «бет»  сөзі  кейін  келе  бастың  алдыңғы  жағы  мен
кейбір заттарлың үстіңгі жағын ұғындыратын «су беті, кітап  беті»  мағынасын
білдіретін болған.
      Мәдениет –  сөздің  араб  тіліндегі  тұлғасы  –  «мудун»  сөзі  «қала»
мағынасын берсе,  «мәдени»   –   «қала  тұрғыны»   деген  ұғымды  білдіреді.
Осыдан «мәдениет» сөзі пайда болған.
Сурет – сөздің араб тіліндегі тұлғасы «сувар», ал мағынасы  –  «түр,  кейіп,
кескін»  дегенді  ұғындырады,   көпше  түрі  «суварат».  Сөйтіп,  осы  күнгі
түсінігімізге «сурет» болып енген.

                            Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем
Сабақтас  құрмаластың  бағыныңқы  сөйлемі  басыңқы  сөйлемдегі  іс-әрекеттің
жүзеге асу, не аспау шартын білдіретін сабақтас  сөйлем  шартты  бағыныңқылы
сабақтас деп аталады.
Условные  придаточные  предложения  указывают  на   условия,   при   которых
происходит действие главного предложения, и отвечают на вопросы  қайтсе?  не
етсе? қайткенде? не еткенде? (при каком условии?).

|Бағыныңқы               |Бағыныңқының баяндауышы|Мысалдар (Примеры)   |
|сабақтас(Придаточные    |(Сказуемое придаточных)|                     |
|предложения)            |                       |                     |
|Шартты бағыныңқылы      |1. Етістіктің шартты   |Қар жау+са, балалар  |
|(Придаточные условия)   |рай түрінен болады. (От|қуанады. (Когда идет |
|                        |условной формы         |снег, дети радуются).|
|                        |глагола).              |Жаңа жұмысшыларға    |
|                        |2. Етістіктің болымсыз |техника қауіпсіздігін|
|                        |түріне -йынша, -йінше  |түсіндірме+йінше,    |
|                        |жұрнақтарының жалғануы |шахтаға жіберуге тиым|
|                        |арқылы жасалады. (Путем|салынған. (Новым     |
|                        |прибавления к          |рабочим запретили    |
|                        |отрицатель-ной форме   |спускаться в шахту,  |
|                        |глагола суффиксов      |пока их не ознакомят |
|                        |йынша, -йінше).        |с правила-ми техники |
|                        |                       |безопасности).       |

      494-тапсырма. Дұрыс нұсқасын табыңыздар.
1. Қарсылықты бағыныңқылы                    2. Шартты бағыныңқылы
а) -ып, -а, -дықтан,  үшін                                  а)  -мақ,  -мек,
-ар, -ер, -р
ә)  кейін,  -да,   -қалы,  -й                                     ә)  -атын,
-етін, -қан, -кен
б) -да, -де, -мен,  -а,  -е,  -й                                 б)  -йынша,
-йінше, -са, -се
в) -йынша, деп, -ша, -ше                                  в)  -ырақ,  -ірек,
-шық, -шік
г) -ның,-нің, -ға, -ге, -ған                                г)  -қар,  -кер,
-паз, -хана

      495-тапсырма. Танымал тұлғалардың аталы сөздерінің мағынасын  түсініп,
есте сақтаңыздар.
    Білімге құмартып, кітапты барлық жан-дүниелеріңмен  сүйіңдер!  Ол  сенің
тек
        жақсы досың ғана емес,  өміріңнің ақырына  дейінгі  сенімді  серігің
де.

                                           (М. А. Шолохов)
                                    Білім мен даналық – адам көркі.
                                                             (Ә. Науаи)
Көп білгенге мәз болу – қате. Білімнің саны емес, сапасы маңызды.

                                           (Л. Н. Толстой)
               Жақсы кітап оқу – ақылды адаммен сырласқанмен бірдей.

                                           (Л. Н. Толстой)
             Адамның бойындағысының бәрі де: жүзі де, киген киімі де,
                                 жаны да,  ойлары да әсем болуы керек.

                                   (А. П. Чехов)
                          Шындық – ауа, онсыз дем алуға болмайды.

                                   (И. С. Тургенев)
                            Адам өз ақылымен өмір сүру үшін туған.

                                    (Л. Н. Толстой)


14-апта. 40-тәжірибелік сабақ
Грамматика:  Салалас   құрмалас   сөйлемдер.   Ыңғайлас   салалас   құрмалас
сөйлемдер.
496-тапсырма. Бүгінгі  таңдағы  экологиялық  проблемаларды  өз  ойларыңызбен
толықтырып, мәтінді мазмұндаңыздар.

                     Қазақстанның экологиялық мәселелері
                                  * * * * *
     Қазақстандағы экологиялық аймақтар. Әлемдік экологиялық проблемалар

Қазақстандағы қазіргі кездегі  экологиялық  мәселелерге  байланысты  бірнеше
экологиялық аймақтарды көрсетуге болады:
Бірінші  аймаққа  –  Каспий  маңы,  мұнай  өндіру   мен   өңдеу   салаларына
маманданған облыстар кіреді. Бұл аймақтағы мәселе – табиғи ортаның  мұнаймен
ластануы. Аталған аймаққа –  Қазақстанның  негізгі  мұнай  өндіретін  Атырау
және Маңғыстау облыстары жатады.
Қазақстанда  мұнай  өндіру  100  жылдан  бері  жүргізіліп  келеді.  Ескірген
технологияларды  қолдану  орасан  зор  экономикалық  шығындар  мен  қоршаған
ортаның  бұзылуына  әкеліп  соқтырады.   Топырақтың   құнарсыздануы,   судың
мұнаймен ластануы адамның денсаулығына және экожүйелерге әсер  етіп,  шөлдеу
процестерінің жүруіне, биокоп түрліліктің жойылуына әкеледі.
Тыныс алу жолдарының қабыну  аурулары  мұнай  өндіретін  аудандарда  жоғары.
Мұнай өндірілген жылдары 5 млн. тоннаға жуық мұнай төгілген. Бұл  грунт  пен
судың  ластануына,  өсімдіктердің  жойылуы  мен  адамның  ұшқыш  органикалық
қосылыстарымен ластануына әкеледі.
Екінші  аймаққа  еліміздің  солтүстік-шығыс  облыстары  –  Шығыс  Қазақстан,
Павлодар,  Қарағанды,  Ақмола  жатады.   Бұл  аймақтарда  ҚР-ның  өнеркәсібі
жоғары дамыған. Ірі түсті  және  қара  металлургия,  энергетикалық  комплекс
шоғырланған. Аталған аймақтардағы экологиялық мәселелер – қоршаған  ортадағы
 өндірістік қалдықтардың жиналуы, нақты территориялардағы  ауаның  ластануы,
ормандардың   бүлінуі,   территориялардың   ерекше   қорғауға   алынуларының
жеткіліксіздігі.
Аймақ – тау-кен өндіру,  көмір  өнеркәсібі  мен  жылу  энергиясын  өндіретін
орталық  болып  табылады.  Аймақтың  экономикасында  ауыр  өнеркәсіп,  мұнай
өңдеу, азық-түлік және жеңіл өнеркәсіп маңызды орын алады.
Территорияның  басым  бөлігін  ормандар  алып  жатыр.   Қазақстанның   орман
ресурстарының  көп  бөлігі  Шығыс  Қазақстан,  Қостанай,  Батыс   Қазақстан,
Павлодар, Ақмола облыстарына келеді.
Ертіс-Нұра – Есіл өзендерінің бассейндерінің  су  ресурстары  –  негізгі  су
көзі.
Республиканың астанасы – Астана қаласы осы мәселелер аймағында жатыр.  Шығыс
Қазақстан облысында Семей ядролық полигоны орналасқан. Тек  бір  ғана  Шығыс
Қазақстан облысында  1,5 млрд. тонна  улы  өнеркәсіп  қалдықтары  сақталған.
Олар 32 мың га жерді алып жатыр. Ертіс өзенінің ластануына  Шығыс  Қазақстан
мен Павлодардағы керосиннің төгілуі қауіп төндіруде.
Экологиялық  мәселелердің  халықтың  әлеуметтік-экономикалық   жағдайы   мен
денсаулығына әсері орасан зор,  яғни  жыл  сайын  улы  қалдықтардан  келетін
шығын 300 млн. доллар, ауаның ластануы – 266 млн.  доллар.  Аймақта  қатерлі
ісіктермен ауру деңгейі өте жоғары.
Үшінші аймаққа – оңтүстік аймақтар жатады. Тұрақты  сумен  қамтамасыз  етуді
қажет ететін ауыл шаруашылық бағытымен  сипатталады.  Оңтүстік  аудандардағы
негізгі экономикалық мәселелер – су ресурстарының жетіспеуі,  су  көздерінің
шайынды сулармен ластануы, жайылымдардың құнарсыздануы, табиғи  және  мәдени
ескерткіштердің бұзылуы. Бұл аймаққа – Алматы,  Жамбыл,  Оңтүстік  Қазақстан
және Қызылорда облыстары жатады. Негізгі қызметі – ауыл  шаруашылығы.  Жерді
суару үшін Арал және Алакөл, Балқаш өзен, бассейндерінің суын пайдаланады.

Сөздік:
шайынды – ополоски; помои
жайылым – пастбище; луг; простор; выгон; пастбищный
жайылым жерлер – пастбищные угодья
ластану – загрязнение; загрязниться; замараться; запачкаться; засориться

497-тапсырма. Мәтіннің  бірінші  мағыналық  бөлігіне  жоспар  құрып,  жоспар
бойынша әңгімелеп беріңіздер.

498-тапсырма.  Мәтіннің  екінші  мағыналық  бөлігіне  сұхбат   (сұрақ-жауап)
құрастырып, оны рөлге бөліп оқыңыздар.
Ү л г і :
– Солтүстік-шығыс аймақтарының экономикасының дамуына ненің әсері
   болады?
– Аймақтың экономикасының дамуына су ресурстары әсер етеді. Ертіс және
   Нұраның өзен  бассейндері 4,1 млн. халықты сумен қамтамасыз етеді және
   ішкі өнеркәсіптік қажеттілік үшін 1700 мвт энергия өндіреді.

           499-тапсырма. Мәтіннің үшінші мағыналық бөлігіндегі  сөйлемдердің
негізгі  мағынасын  сақтай  отырып,  ыңғайлас  салалас  құрмалас   сөйлемдер
жасаңыздар.
Ү  л г і :
Балқаштағы экологиялық жағдайға байланысты негізгі  мақсат  –  Балқаш  көлін
сақтап қалу және бүкіл Балқаш-Іле аймағының келешегін ойлау.

500-тапсырма.  Оң  жақ  бағандағы  сөздердің  көмегімен   ыңғайлас   салалас
құрмалас сөйлемдерді толықтырыңыздар.

|1. Далалы  алқапта --------------  алып      |оңтүстікті                 |
|жатқан  қарағайлы  --------------  өсетін    |ормандар                   |
|және олар ертеде Орал мен Алтай аралығын     |тұтастырып                 |
|--------------  жататын.                     |жер асты                   |
|2. Сырдариядан су алуға байланысты           |сексеуіл                   |
|-------------------------------  суларының   |экологиялық                |
|деңгейі төмендеп кетті де, бұл жерлер        |ресурстарды                |
|-------------   өсіруге  жарамсыз  болып     |технологияларды            |
|қалды.                                       |акция шерулері             |
|3. Болашақ ұрпақтардың дамуы үшін            |соғыстың                   |
|-------------- тұрақтылықты  сақтап  қалу    |орталығында                |
|қажет   және    қалдықсыз  ------------------|қозғалыстың                |
|тиімді пайдаланатын -----------------        |                           |
|жасап, оны іске қосу керек.                  |                           |
|4. Антиядролық «Невада-Семей» қозғалысының   |                           |
|------------------- Батыс пен  Шығысқа       |                           |
|шындықты  жеткізді  және құпия               |                           |
|----------------  сырын ашты.                |                           |
|5. «Невада-Семейдің» Алматыдағы              |                           |
|халықаралық іскерлік   -----------  үлкен    |                           |
|жиналыс  өтті, жиналыста осы  ---------------|                           |
|төрағасы  Олжас  Сүлейменов сөйледі.         |                           |



                                             Салалас құрмалас сөйлемдер
Құрамындағы  жай  сөйлемдерінің  баяндауыштары  тиянақты  болып,  өзара  тең
дәрежеде байланысқан құрмалас сөйлемнің түрін салалас құрмалас дейміз.
Мысалы: Айгүл аттан түсіп еді, су қайта таязданып қалғандай екен.
Сложносочиненным предложением называется такое предложение, которое  состоит
из  независимых  одно  от  другого  предложений,  образующих   в   смысловом
отношении единое целое.
По способу связи  сложносочиненные  предложения  делятся:  на  бессоюзные  и
союзные. М.: Көктем келді, күн жылынды. (Пришла весна, стало тепло).  Көктем
келді де, күн жылынды. (Пришла весна, и стало тепло).
Құрамындағы жай сөйлемдердің бір-бірімен  мағыналық  қарым-қатынасына  қарай
салалас құрмалас сөйлем 6 түрге бөлінеді:
1. Ыңғайлас жалғаулықты салалас құрмалас сөйлем.
2. Қарсылықты жалғаулықты салалас құрмалас сөйлем.
3. Себеп-салдар жалғаулықты салалас құрмалас сөйлем.
4. Талғаулы жалғаулықты салалас құрмалас сөйлем.
5. Кезектес жалғаулықты салалас құрмалас сөйлем.
6. Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем.

               Ыңғайлас жалғаулықты салалас құрмалас сөйлемдер
Құрамындағы жай сөйлемдерінің  бірінде  айтылған  ойға  екіншісінде  атылған
ойдың мезгілдес, бағыттас, ыңғайлас мәнде  қарым-қатынаста  болуын  ыңғайлас
салалас дейміз.

|Жалғаулық шылаулар (Соединительные|Мысалдар                         |
|союзы)                            |(Примеры)                        |
|Ыңғайлас жалғаулықты салалас      |1. Оның бүгін кеткісі келмеді    |
|(Соединительные союзы):           |және күн суық болды. (Он не хотел|
|және, да, де, та, те (и, к тому   |сегодня уезжать, и к тому же день|
|же).                              |был холодный).                   |
|                                  |2. Жиналыс бітті де, халық тарқай|
|                                  |бастады. (Собрание закончилось, и|
|                                  |народ стал расходиться).         |

501-тапсырма.   Ыңғайлас   салаластың   жалғаулық   шылауларымен   сөйлемдер
құрастырыңыздар.    Және, да, де, та, те, әрі (и, к тому же).
Ү л г і : Көмірден май да шығады, әрі темір қорытатын кокс те шығады.

502-тапсырма.  Көп  нүктелердің  орнына  ыңғайлас  салаластың   екінші   жай
сөйлемін өз ойларыңыздан құрастырып, қосып жазыңыздар.

Үлкендердің    үлгі-өнегесі    арқылы    әдет    дағдыға    айналады     да,
...................   .        Республика   азаматтарының   құқықтары    мен
міндеттерін  конституция  анықтайды  да,   ..................  .  1925  жылы
наурыз  айында   Қазақстанның  астанасы  Орынбордан  Қызылордаға  көшті  де,
.............................  .   Қазақ  халқы  бостандық,   азаттық   үшін
күресті де, ......................... .  Жаңа ғана аспан  шайдай  ашық  еді,
..........................     .     Жұмыс      басталып      кетті      де,
............................... .

503-тапсырма.  Мәтінді   мұқият  оқып,  мағынасын  түсініп,   әлемдік   және
аймақтық  экологиялық  проблемалардың  жігін   ажыратып,   өз   ойларыңызбен
толықтырып, мазмұндаңыздар.

                       Әлемдік экологиялық проблемалар

        Жер шарындағы халық санының өсуіне байланысты өнеркәсіп дамыды, ірі
қалалар, жол, үй, алып  ғимараттар  салынды.  Нәтижесінде,  бізді  қоршаған
ортаға зиянды қалдық заттар, улы газдар, лас сулар, шаң-тозаңдар шығарылды.

      Зиянды заттардың мөлшері шектен тыс көбейіп, бүкіл адамзат  қауымына,
қоршаған орта табиғатына зиянын тигізді. Бірте-бірте бұл жағдайлар  қауіпті
экологиялық проблемаларға айналды.
      Қазіргі кезде Жер шарындағы экологиялық проблемаларды  –  жергілікті,
аймақтық және әлемдік деп  жіктейді.  Жергілікті  экологиялық  проблемалар-
белгілі бір аудан, облыс көлемін қамтиды. Мысалы, қаланың ауасы,  кішігірім
өзен мен көлдердің ластануы, ірі өнеркәсіп айналасының ластануы, т.б.
      Аймақтық экологиялық проблемалар көлемі  бірнеше  аудан  мен  облысты
қамтиды. Мысалы, Балқаш, Арал, т.б. проблемалары. Ал,  әлемдік  экологиялық
проблемалар бүкіл биосфераны қамтиды. Оларға озон қабатының жұқаруы, қышқыл
жауындар,  улы  тұмшалар,  жылыжай  эффектісі,  мұхиттар  мен   теңіздердің
ластануы, жатады. Әрине аталған экологиялық проблемалардың арасында  шекара
болмайды. Олар бір-біріне  ұласып,  сабақтасып  жатады.  Әрбір  экологиялық
проблеманың өзіне тән  ерекшелігі,  қауіптілік  деңгейі,  әсер  ету  аймағы
мөлшері болады.
       Бүкіл  дүниежүзілік  денсаулық  сақтау  ұйымының  (БДҰ)  мәліметтері
бойынша, атмосферадағы озон қабатының жұқаруынан қатерлі  ісік  ауруларының
1%-ға көбейгендігі анықталған.
      Азот қосылыстары атмосфераға көбінесе, орман өртінен,  ірі  өнеркәсіп
орындарынан бөлінетін түтінен жинақталады. Адам азот оксидімен дем  алғанда
– тыныс жолдарының қабынуы, бронхит, ентікпе аулуларынан зардап шегеді.
    Улы түтін өнеркәсіп орындарында, жылу электр станцияларында  көмір  мен
мазутты жаққанда пайда болады.
      Атмосфераның химиялық ластануы  –  бүкіл  адамзат  қауымын  алаңдатып
отырған ғаламдық проблемалардың бірі.

504-тапсырма. Экологиялық проблемаларды қалай шешуге болады?  Осы  мәселелер
төңірегінде пікірталас ұйымдастырыңыздар.

505-тапсырма. Мәтіннен экология саласына қатысты  терминдерді  теріп  жазып,
олармен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Ү л г і: Ядролық полигон.  Семей аймағы тұрғындары Семей  маңындағы  ядролық
полигонның қауіпті қатер болатынын білгенге дейін алаңдай қойған жоқ.

506-тапсырма.  Төмендегі  сөз  және  сөз  тіркестерімен  ыңғайлас  салаласқа
негіздеп, сөйлемдер құрастырыңыздар.

Зиянды заттар, қауіпті жағдай,  экология  ғылымы,  ірі  өнеркәсіп,  өндіріс,
Қазақстан жері, улы түтін,  ғаламдық  проблема,  әсер  ету,  мәселені  шешу,
өзекті мәселе, пайдалы кеңес.

507-тапсырма.  Табиғатты  қорғау  мәселесі  бойынша   сұхбат   (сұрақ-жауап)
құрастырыңыздар.
508-тапсырма. Берілген  жай  сөйлемдерді  жалғаулық  шылаулар  арқылы  өзара
байланыстырып, ыңғайлас салаласқа айналдырыңыздар.

1. Бурабай көлінің айналасында бірнеше демалыс, емдеу  орындары  орналасқан.
Олардың  алғашқылары  ХХ  ғасырдың  20-шы  жылдары  салынған  көрінеді.   2.
Жақсылық пен жамандық адамның іс-әрекеті арқылы өлшенеді. Бұны  адам  бойына
жастайынан  мінез-құлық  ережесі  етіп  қалыптастыруы  қажет.   3.   Артынша
терістік желі түстікке шығып алды. Ол кідірмей кәдімгі қызыл желге  айналды.
4. Еңбек адамды көрікті етпек. Ол тынысты тазартады.  5.  Мұрат  ойға  қарай
шұбатылған жолмен төмен кетті. Мен жарға ашылған жолмен жоғары кеттім.

509-тапсырма. Әр  бағанадағы  сөз  және  сөз  тіркестерін  мағынасына  қарай
іріктеп, ыңғайлас салалас сөйлемдер құрастырыңыздар.


|1.әрі киіндіріп|адамзатты    |ғасырлар       |мал            |асырап та      |
|те келеді      |             |бойы           |шаруашылығы    |келеді         |
|2. сынаққа     |қабылдап     |тұрғанын       |полигон        |және           |
|дайын          |алды         |анықтады       |объектілерінен |жұмыстардың    |
|3. мен         |жабдықтар    |зарядтың өз    |барлық         |кейін          |
|тетіктері      |жөнелтілді   |бөлшектері     |қажетті        |ядролық        |
|жеткізілді     |де,          |               |               |               |
|4. жерден      |халыққа      |және олар      |1953 жылға     |туралы         |
|көшірілген     |жарылыстар   |қауіпті        |дейін          |ескертілмеді   |
|жоқ            |             |               |               |               |
|5. қару-       |сынақтар     |типтерін жасап |тұрды, әрі     |1956-1958      |
|жарақтың       |өткізіп      |жатты          |ядролық        |жылдары        |
|жаңа           |             |               |               |полигонда      |

510-тапсырма.  Ыңғайлас   салалас   құрмалас   сөйлемдердің   астын   сызып,
құрамындағы жай сөйлемдердің қалай байланысып тұрғанын түсіндіріңіздер.

Ұлы Отан соғысы аяқталысымен, еліміздің басшылығы өте  қысқа  мерзім  ішінде
атом проблемасын шешпек болды  да,  сол  арқылы  АҚШ-ты  атом  қаруына  жеке
даралықтан айырды. Ол адамзатты дамудың жаңа  сатысына  көтерді,  әрі  жалпы
адамзат байлықтары алдындағы жауапкершілігін де көтерді.  21  тамызда   ССРО
үкіметі өзінің арнайы қаулысымен атом ғылыми-зерттеу полигонын  құру  туралы
шешім қабылдады да, оған  «№2  жаттығу  полигоны»  деген  шартты  ат  берді.
Полигон құруға басшылықты ССРО Қарулы Күштері  бас  штабының  арнайы  бөлімі
жүзеге   асырды   және   полигонның   барлық   қызметін   бақылап    отыруды
И.В.Курчатовқа тапсырды.


14-апта. 41-тәжірибелік сабақ
Грамматика: Себеп- салдар,  кезектес салалас  құрмалас сөйлемдер.
 511-тапсырма. Қазақстандағы   радиациялық   ластану   мәселесінен   мәлімет
алып,  мәтінді   мазмұндаңыздар.

                     Қазақстандағы радиациялық ластану.
                                     Семей полигоны

      Қазіргі кезеңнің өзекті  мәселелерінің   бірі  –  радиациялық  ластану
болып қалып отыр. Радиоактивті ластанумен күресу  тек  алдын  алу  сипатында
ғана  болады.  Себебі   табиғи  ортаның   мұндай   ластануын   нейтралдайтын
биологиялық  ыдырату әдістері  де,   басқа  механизмдері  де  жоқ.  Қоректік
тізбек бойынша  тарала отырып   (өсімдіктерден  жануарларға)    радиоактивті
заттар   азық-түлік   өнімдерімен   бірге   адам   ағзасына   түсіп,    адам
денсаулығына зиянды  мөлшерге дейін жиналуы мүмкін.
Қазақстан территориясында  қуатты   ядролық   сынақтардың  ең  көп   мөлшері
жасалды. Семей полигонында   1949  жылдан   1989  жылға  дейін  470  ядролық
жарылыс,  оның 90-ы   ауада,  354-і  жер  астында  және   26-ы  жер  бетінде
жүргізілген.
Олар Қазақстан  территориясының   біраз  бөлігінің   радиациялық  ластануына
әкелді. Шығыс   Қазақстан   тұрғындары  Хиросима-Нагасаки  мен  Чернобыльдан
кейінгі ең үлкен ионданушы  сәулелену  дозасын  алған.  Радиациялық   әсерге
байланысты   туған  аурулар  туралы   мәліметтер  1989  жылға  дейін   құпия
сақталып келді. Ресми емес көздердің  мәліметтеріне   сүйенсек,  лейкемиядан
қайтыс болғандар саны  ондаған мың адамды құрайды.
Қазақстан территориясында радиациялық  ластану себептеріне  мыналар  жатады:
Семей  ядролық  полигонында  жасалған  жарылыстардың   әсері,   радиоактивті
материалдарды пайдаланған  өнеркәсіп   орындары,  ғаламдық  жауындар,  халық
шаруашылығы   мәселелерін  шешу   мақсатында   жасалған   жерасты    ядролық
жарылыстары, табиғи радиоактивті  қалдықтар.
Қоршаған   ортаның     химиялық     ластануы    дүниежүзілік     экологиялық
мәселелерге жатады.
Жер шары бойынша адам баласы бірнеше  тарихи  радиациялық  апаттардың  куәсі
болып,  зардап  шекті.  Мысалы,  1945  жылы  АҚШ-тың  Жапониядағы  Хиросима,
Нагасаки қалаларына  атом   бомбасын  тастауының   салдарынан  күні  бүгінге
дейін мыңдаған адамдар  сәулелік аурулардың зардабын  шегуде.  Одан  кейінгі
жылдары  атом қаруларын суда, жер астында және  атмосферада сынады.
Біздің республикамызда 40 жылдан  астам   уақыт  бойы  Семей  өңірінде,  сол
сияқты Тайсоған, Азғыр, Нарын жерлерінде бес жүзге  тарта ядролық   сынақтың
жасалғанын айтып кеттік.  Оның  әрбіреуінің   қуаты   Хиросимаға   тасталған
атом бомбасынан кем болмады.
Табиғи ортаның  биологиялық  ластануы  да  ерекше  орын  алады.  Биологиялық
ластануларға  ауыру туғызатын микроорганизмдер, вирустар, құрттар жатады.

512-тапсырма.  Мәтін  бойынша  берілген  сұрақтарға  жауап  беріңіздер.
1. Қазіргі кезеңдегі  өзекті мәселеге не  жатады?  2.  Радиоактивті   заттар
адам ағзасына  қандай жолмен түседі? 3. Қазақстанда қашан, қанша және  қайда
ядролық сынақтар жасалды? 4. Ол сынақтардың нәтижесі неге әкеліп  соқты?  5.
Радиацияға байланысты  адамдар  негізінен   қандай  ауыруларға  ұшырады?  6.
Радиациялық  ластану себептеріне  нелер жатады? 7. Химиялық ластану   қандай
көлемдегі экологиялық  мәселелерге жатады?  8.  Жер  шарындағы  адамзат  қай
радиациялық  апаттардың куәсі болды? 9. ҚР-да  қаншама  уақыт  бойы  ядролық
сынақтар жасалды?

            513-тапсырма.  Мәтіннен   салалас  құрмалас  сөйлемдерді  тауып,
олардың түрлерін ажыратыңыздар.

            514-тапсырма.  Мәтіннен  алынған  сөз  және   сөз  тіркестерімен
себеп-салдар  және  кезектес жалғаулықты  салаластарға  негіздеп,  сөйлемдер
құрастырыңыздар.
Қоршаған орта, ластану, аса қауіпті ісік ауырулары,  зардап  шегу,  сәулелік
ауыру, өндіріс қалдықтары, улы заттар, радиоактивті заттар,  ядролық  сынақ,
лейкемия, Семей полигоны, өнеркәсіп  орындары,  жарылыстар,  атом бомбасы.

      515-тапсырма. Түсіндірме сөздіктің   негізінде  экология   саласындағы
терминдерге түсініктеме беріңіздер.
Экология, экожүйелер, табиғат  ресурстары,  ластану  көздері,  озон  қабаты,
ғаламдық генетика, көміртек айналымы, тіршілік қабаты, ядрошық.

             Себеп-салдар жалғаулықты салалас құрмалас сөйлемдер
Құрамындағы  жай  сөйлемдер  өзара  алдыңғысы  соңғысының  немесе    соңғысы
алдыңғысының  себебін  білдіретін  салалас  құрмаластың  түрін  себеп-салдар
салалас дейміз.

|Жалғаулық шылаулар               |Мысалдар                            |
|(Соединительные союзы)           |(Примеры)                           |
|Себеп-салдар жалғаулықты салалас |1. Мен үлкенмін, сондықтан сен мені |
|(Причинно-следственные союзы):   |тыңдауың керек. (Я старший, поэтому |
|сондықтан, сол себепті, өйткені, |ты должен меня слушаться).          |
|неге десеңіз (поэтому, потому    |2. Мен сабаққа бара алмадым, өйткені|
|что, по той причине).            |ауырып қалдым. (Я не смог пойти на  |
|                                 |занятия, потому что заболел).       |

                       Кезектес жалғаулықты салалас құрмалас сөйлемдер
Құрамындағы  жай  сөйлемдері  арқылы  берілген  істің,  оқиғаның  кезектесіп
келуін білдіретін салалас сөйлемнің түрін кезектес салалас дейміз.
Кезектек  салалас  бірде,  біресе,  кейде  деген  кезектес  мәнді  жалғаулық
шылаулар арқылы жасалады.
Мысалы: Біржан біресе бұлбұл нақысты, көп  ырғақты  «Жиырма  бесті»  созады,
біресе назды қоңыр, кең тынысты «Жанботаны» айтады.

      516-тапсырма. Төмендегі  жалғаулықты   шылауларды  пайдаланып,  себеп-
салдар   салалас  құрмалас  сөйлемдер    құрастырып,   оларды    көрсетілген
торларға  жазыңыздар.

[pic]

517-тапсырма. Танымал тұлғалардың  айтқан  даналық  сөздерінен  себеп-салдар
салаластарды көрсетіп, мағынасын өз ойларыңызбен айтып беріңіздер.
          Балаға сіңірген ата-ана еңбегін бала өмір бойы ақтап бола
           алмайды. Балаға деген  махаббатқа ешбір махаббат теңесе
            алмайды, себебі ол өле-өлгенше  суынбайтын махаббат.

                                ( Ғ. Мұстафин )
                                  * * * * *
         Шеше мінезінен сезік алса,  бала   жүрегі  суына  береді,  қатулана
береді.

                                 ( Ғ.Мүсірепов )
                                  * * * * *
                  Қазақта қызға әкеден гөрі ана көп қарайды, себебі қызға
                                            үй   ішіндегі   өнердің    бәрін
үйретеді.

                                ( А.И. Левшин )
                                  * * * * *
         Сабырлылық – бойда жасырын жатқан қуаттың белгісі, өйткені
            сезімнің,  ойлаудың толық және  терең болуы  ұстамсыз
                           қылықтарды болдырмайды.

                        ( М.Ю. Лермонтов )

518-тапсырма. Көп нүктелердің орнына  тиісті шылауларды   қойып,  салаластың
түрлерін  ажыратыңыздар.
Көз   алдай   алады,    .....................    .     ол    ойнай    алады,
................... .  қорқыта  алады,  яғни  оның  тұрақты   қалпына  сирек
кездесесің.    Оспан     өзінің    берген    уәдесінде      тұра     алмады,
....................  өзінің  ойлағанындай   шықпады.  .....................
айқайлаған дауыс қатты естілді, .................... ақырын  естілді.  Кешке
ол жазуына кіріседі, ................... теледидар  көреді. Көктем    келді,
күн жылынды, жер көгерді.  Сабыр  түбі  –  сары  алтын,  ...................
сарғайған  жетер   мұратқа.  Асығыс  түбі  –  өкініш,  .....................
асыққан – қалар ұятқа ( Абай ). Ол  сенен   үлкен,  ...................  сен
оны  құрметтеуің  керек.  Әдемі   айтқан  сөзі  менің  жүрегімді   тербетті,
................... сөздің мән-мағынасы терең жатыр емес пе?!
      Керекті шылаулар: Себебі, бірде, кейде, өйткені, сондықтан.

             519-тапсырма.  Берілген  жалғаулықты   шылауларды   пайдаланып,
кезектес  салас  құрмалас   сөйлемдер   құрастырып,   көрсетілген   торларға
жазыңыздар










520-тапсырма.    Семей    полигоны    туралы    мәліметпен    танысып,    өз
білетіндеріңізбен толықтырып, мәтінді мазмұндаңыздар.

                        С е м е й    п о л и г о н ы

Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында  АҚШ әлдеқайда алда  келе  жатты.  Әлем
тарихында бірінші  ядролық қаруды сынауды АҚШ 1946 жылдың 16  шілдесі   күні
Нью-Мексико   штатында  өткізді.  Үш  аптадан  соң,   6   тамызда   жапонның
Хиросима  қаласына 20 мың тонна тротилға  тең  сұрапыл   қиратқыш  күші  бар
атом   бомбасы  тасталды.   Прогрессивтік   адамзат   америка   әскерлерінің
қылығына жағаларын ұстады.
Бірақ адамзат Хиросима қасіретінен Семей  қасіретінің алыс  емес  екенін  ол
кезде  білген  жоқ  еді,  бірақ  көп  ұзамай  Хиросимаға  туған  күн,  Семей
территориясы тұрғындарының басына да туды.
«Невада-Семей» қозғалысының шерулерінде 1949 жылдан  1989 жылдар  аралығында
 40 жыл қырғын болды, 500-ге жуық бомба жарылды.  Бұл  тарихта  бұрын  соңды
болмаған  адамзатты  атомдық жолмен  қыруды ұйымдастырған  жауыздықтың  өзі.
Кеңес өкіметі  Сарыарқа  жерінде  бомбасын  жарып,  ондағы  тіршілік  әлемін
тоқтатып,  адамдарды  ақырзаман  індетіне  шалдықтырып,  Жер-Ананы    өсінен
тайдырып жібере жаздады.
Егер жарылыс тоқтамағанда, әр ядролық сынақ табиғатқа  шексіз  зиян  әкеліп,
улы  тозаң  жарты  әлемге  жайылып,  Орта   Азияны   ядролық   күш   тозаңға
тұншықтырып, халықты жойып жіберер еді. Полигон  маңындағы  халықтың  көбісі
дәрігерлердің өзі анықтай алмайтын  аурулардан  қырылғаны  белгілі.  Төрткүл
дүние қазақты «Семей сұмдығы» арқылы алғаш білді.
Антиядролық «Невада-Семей» қозғалысының акция  шерулері  Батыс  пен  Шығысқа
шындықты жеткізіп,  құпия болып келген  соғыстың  сырын  ашты.  Тоталитарлық
жүйенің әскери күштерімен арпалысқан  қозғалыс  белсенділері   белгілі  ақын
Олжас Сүлейменовтың  соңынан еріп,  күшті  күрес  талаптарының   нәтижесінде
1991 жылы полигонды жабуға қол жеткізді. Ядролық қару  жасау  жерлерін  жабу
ісінде  Қазақстан  тұңғыш мемлекеттердің бірі болды.
Атом  жарылысы  болған  кезде,  ол  жерге   бүкіл   Менделеев   кестесіндегі
элементтердің бәрін қолданылғаны белгілі. Олардың  бәрі  радиация  шығарады.
Осылардың  ішіндегілері –«цезий – 137» мен «строний – 90» және  «плутоний  –
239» адам өміріне өте қауіптілері екен. Олардың  жоғалуына  жүздеген  жылдар
қажет. Тіпті кейбіреулерінің сәулеленуі мыңдаған  жылдарды   қамтиды.  Соның
бәрі жабулы қазан болып қалды.
Семей облысының атомдық сынақтардан  көрген зардаптарын  зерттеу  және  оның
картасын жасауды  қажет етеді.
Полигон жабылды, бірақ оның  үні  бірден  өшкен   жоқ.  Жан  түршігерлік  ол
жылдарды және оның жабылуына  қандай қиындықтармен  қол жеткізілгенін  халық
қалай ұмытсын!
Адамзат бұл қасіретті қозғалыстың тарихын,  қырық  жыл  бойы  қандай  зардап
әкелгенін білуі тиіс.

Сөздік:
қиратқыш – разрушительный                           жарылыс – взрыв
сұрапыл – лютый; свирепый; суровый;
қырғын – бойня, погром; битва; уничтожающий ;
жауыздық – зловредность;  злодейство; коварство; подлость;
ақырзаман – конец света
індет – замор; зараза; эпидемия; повальная болезнь; инфекция;
шалдығу – измотаться;  расстройство;
тозаң – пыль;  пылинка;  пыльца;
зобалаң – неразбериха;
зардап – жгучая боль; тяжелые последствия;  вред;  убыток;

521-тапсырма.  Мәтінді  оқығаннан  кейін  Семей  полигоны    туралы   қандай
мәлімет алдыңыздар? Әңгімелеп беріңіздер.

522-тапсырма. Мәтіннің бірінші жарты бөлігінен  үш  сөйлемді  алып,  олардың
негізгі  мағыналарын  сақтай    отырып,   себеп-салдар    салалас   құрмалас
сөйлемдер жасаңыздар.
Ү л г і :
«Невада-Семей»  қозғалысының   шерулерінде    1949    жылдан   1989   жылдар
аралығында 40  жыл  қырғын болды, себебі онда 500-ге тарта  ядролық  жарылыс
болды.
523-тапсырма. Мәтіннің екінші  жарты бөлігінен  үш  сөйлемді  алып,  олардың
негізгі мағынасын  сақтай   отырып,  кезектес  салалас   құрмалас  сөйлемдер
жасаңыздар.

524-тапсырма. Сөйлемдерді өз тараптарыңыздан  толықтырып,  салалас  құрмалас
сөйлемдердің  түрлерін ажыратыңыздар.
1. Денсаулық – зор байлық, себебі ------------------------------------------
--------
2. Байлық – мұрат емес,  неге десеңіз --------------------------------------
--------
3. Бейнет түбі – зейнет,  сондықтан ----------------------------------------
---------
4. Кейде өмірден түңілесің,  кейде -----------------------------------------
---------
5. Бірде шаттана қуанасың, бірде -------------------------------------------
---------
6. Біресе сырыңды маған айтасың, біресе ------------------------------------
------
7. Қайғың болса, досыңа бар,   өйткені -------------------------------------
--------
8. Ұрлық түбі – қорлық, себебі    ------------------------------------------
-----------

525-тапсырма.   Түстер   нені   білдіреді?   Сөйлемдерді   өз   ойларыңызбен
аяқтаңыздар.






                             білдіреді, себебі ....








                             білдіреді, себебі ....







                             білдіреді, себебі ....




526-тапсырма. Өлең жолдарынан  салалас құрмалас сөйлемдерді тауып, олардың
салаластың қай түріне жататынын айтыңыздар.

Тірілтіп өткен күнді, тағы шөлдеп,           Кейде  ойлайды  жылауға  қайғы-
зарын
Осы күнді күн демес қарғап,  міндеп.       Тынымсыз  күнде  ойлаған  дерттің
бәрін.
Кейде тілеп бақ пенен тағы тыныштық,  Кейде онысын жасырар жұрттан ұрлап,
Кейде қайғы, азапты тағы да іздеп.          «Кетірер»  деп  мазақтап  беттің
арын.
                               Ауыру жүрек ақырын соғады жай,
                               Өз дертін тығып ішке соғады жай,
                               Кейде ыстық тағы да қан басады,
                               Кейде бір сәт тыншығар, үн шығармай.

                    ( Абай )
527-тапсырма. Берілген  жай сөйлемдерден салалас құрмалас  сөйлемдер  жасап,
көшіріп жазыңыздар.
Ү л г і : Бүгін  Маржан  театрға бара  алмай  қалды.  Оның  уақыты  болмады.
Бүгін Маржан театрға бара алмай қалды, себебі уақыты болмады.
1. Жаман мінез-құлық – рухани кесел.  Бұл  кеселді  жою  үшін   тән  кеселін
емдеуде қолданылатын  дәрігердің тәжірибесіне еліктеуіміз керек.
2. Жаман дос – көлеңке. Басыңды күн шалса,  қашып құтыла  алмайсың.  Басыңды
бұлт шалса, іздеп таба алмайсың.
3.  Өнер  кейде  адамды  асқақ  сезімге  бөлейді.   Адамның   жан   дүниесін
нұрландырады. Жан дүниесін  байыта түседі.
4. Жұмыстың нәтижесі көбінесе  оқу  орнындағы   жалпы  тәртіпке   байланысты
екенінде дау жоқ. Тәрбиеленушімен бірге жұмыс  істеп  отыратын   тәрбиешінің
өзіне  байланысты болады емес пе?
5. Тіл аса мейірбандықты керек  етеді.   Сөздің  шарапатынан  дуалы  шарапат
жоқ.
6.  Адамды  мақтап  қою  қажет.  Ол  өзін-өзі  құрметтеу  сезімін  тудырады,
шығармашылық күш-қуатын  дамытып, сезімін арттырады.


           14-апта. 42-тәжірибелік сабақ
Грамматика : Қарсылықты салалас құрмалас  сөйлемдер.
528-тапсырма. ХХІ  ғасырдағы  үлкен  проблема  –  экология  мәселесі.  Арал,
Алматының  экологиялық  жағдайлары  туралы  мәтіндерді   мұқият   оқып,   өз
тараптарыңыздан толықтырып, мазмұндаңыздар.

               Қазіргі экологиялық жағдайлар. Арал экологиясы.
                         Алматы қаласының экологиясы

Қазіргі  экологиялық  жағдайлар.  Қазіргі   кезеңдегі   шиеленісіп   отырған
экологиялық мәселелерге  байланысты табиғи ортаның сапасын  жақсарту  өзекті
мәселе  болып  отыр.  Жер  шарының  кейбір  аймақтарында  қайтымсыз  табиғат
өзгерістері мен апаттары болуда. Оған топырақтың құнарсыздануына  байланысты
ауыл шаруашылығы өнімдерінің төмендеуін, шөлге айналған  экожүйелерді,  өзен
мен көлдердің тартылуын, климаттағы  өзгерістерді,  қуаңшылықты,  фауна  мен
флораның азаюын, т.б. көптеген табиғат факторларын мысал  ретінде  келтіруге
болады.
             Өнеркәсіптің  қарқынды   дамуы   мен   адамның   іс-әрекетінің
нәтижесінде қоршаған табиғи ортаның тепе-теңдігі бұзылуда.Табиғатқа  қатты,
сұйық, синтетикалық,  газ  күйінде  заттар  шығарылып,  су,  ауа,  топырақ,
сапасын төмендетті.
      Өнеркәсіп, зауыт,  жылу  қазандықтары,  автокөліктер,  ұшақтар  жұмыс
істегенде химиялық зиянды заттар бөлініп отырады. Олар – қатты, сұйық,  газ
күйінде болуы мүмкін. Сондықтан өзен,  көл  суын  қайнатпай  ішуге,  жеміс-
жидекті жумай жеуге болмайды. Әсіресе, ірі  қалаларда,  өнеркәсібі  дамыған
жерлерде, зауыт, фабрикалар маңында зиянды заттардың  мөлшері  шамадан  тыс
көп болады.
      Улы заттардың қатарында темекі мен есірткі заттар да жатады. Темекіні
жиі тарту өкпе мен қолқаның созылмалы ауруына, өкпе жолдарының қатерлі ісік
ауруларына апарып соғады. Есірткі заттары да қолқа мен өкпенің қатерлі ісік
ауруларын туғызды.

Сөздік:
құнарсыз – бесплодный; неплодородный;
қолқа – аорта
қолқа жырығы – отверствие аорты
өнеркәсіп – промышленность; промышленный

529-тапсырма. Мәтінге сұрақ-жауап (сұхбат) құрастырып, оларды   рөлге  бөліп
оқыңыздар.

 530-тапсырма. Төмендегі тақырыптарға реферат жазыңыздар.
1. Қоршаған ортаның химиялық, биологиялық және радиациялық
    ластануының себептері және олардан қорғану шаралары.
2.  Ластану көздері.
3.  Зиянды қалдықтар.
4. Каспий өңірінің  экологиялық мәселелері.
5. Атырау және Маңғыстау өңірінің экологиясы.
6. Солтүстік-шығыс  облыстарының экологиясы.
7. Оңтүстік аймақтардың экологиясы.

531-тапсырма.  Мәтіннен  алынған  сөз  және  сөз   тіркестерін   қатыстырып,
қарсылықты салалас құрмалас сөйлемдер құрастырыңыздар.
Экологиялық  мәселелер,   табиғат   апаттары,   топырақтың    құнарсыздануы,
өнеркәсіп, құрғақшылық, су, ауа,  топырақ,  химиялық  зиянды  заттар,  сұйық
газ, зауыт, фабрика.

532-тапсырма.Түсіндірме сөздікті пайдаланып, экология саласынан он  терминге
түсініктеме жазып, олардың мағынасын түсіндіріп беріңіздер.

533-тапсырма. Ұлы  тұлғалардың  табиғатты  қорғау,  экологиялық  проблемалар
туралы айтқан өсиетті  сөздерінің мағынасын түсініп, есте сақтаңыздар.

      Экологиялық проблемалар – ең маңызды өмірлік проблемалардың бірі,
               өйткені әңгіме адамның өмір сүретін ортасы туралы, болашақ
                    ұрпақтардың өмірі туралы болып отыр.

            ( Шыңғыс  Айтматов)
                  Табиғаттың әр беті – терең мағынаға толы кітап.

                    ( И.Гете)
         Табиғаттың өзінде өзгеше бір сүйсінерлік,  жанға  жайлы  бір  нәрсе
бар.

             ( Шоқан  Уәлиханов)
       Табиғатты қорғау мәселелерінде ведомстволық көзқарасқа, өткінші
                    тиімділікке төзуге тіпті де болмайды.

                                ( Шыңғыс Айтматов)
                   Адам табиғатсыз тіршілік ете алмайды ...
  Табиғат адамды қайырымдылыққа, бір мақсатқа ұмтылатын сұлу
               жан етіп тәрбиелейді. Ол – денсаулық, шабыт және
                             шығармашылықтың қайнар көзі.

     ( П.И. Мартковский)
    Жер мәселесі – өмір мәселесінің ең зоры, оны шешен ақылмен,
                                      сабырмен шешкен дұрыс.

  ( Ә.Бөкейханов)

              Қарсылықты жалғаулықты салалас құрмалас сөйлемдер
Құрамындағы жай  сөйлемдердегі  істің,  оқиғаның  өзара  қарама-қарсы  мәнде
жұмсалатынын білдіретін салаластың түрін қарсылықты салалас дейміз.
Қарсылықты салаластың құрамындағы жай  сөйлемдер  өзара  іргелес  тұрып  та,
жалғаулық шылаулар арқылы да байланыса береді.

|Жалғаулық шылаулар              |Мысалдар                          |
|(Соединительные союзы)          |(Примеры)                         |
|Қарсылықты жалғаулықты салалас  |1. Мен кітабымды беріп едім, бірақ|
|(Противительные союзы): бірақ,  |ол алмады. (Я давал ему свою      |
|алайда, дегенмен, әйтсе де,     |книгу, но он не взял).            |
|сонда да (но, однако, иначе,    |2. Ол менен бұрын кетті, сонда да |
|все-таки).                      |мен оны қуып жеттім. (Он ушел     |
|                                |раньше меня, но я его догнал).    |

534-тапсырма.  Арал  теңізінің   экологиясы  туралы  мәтінді  мұқият   оқып,
мәлімет алып, өз ойларыңызбен толықтырып, мазмұндаңыздар.

                 Арал теңізінің экологиялық мәселелері

Арал өңіріндегі экологиялық апат  аумақтарына  Қызылорда  облысының,  Ақтөбе
облысы Байғанин,  Ырғыз,  Мұғалжар,  Темір,  Шалқар  аудандарының,  Оңтүстік
Қазақстан облысының Арыс, Отырар, Созақ,  Шардара  аудандары  мен  Түркістан
қаласының, Қарағанды  облысы Ұлытау ауданының аумақтары кіреді.
Арал өңірінің қазақстандық бөлігінің экологиялық  қолайсыз  аумақтарын  бөлу
кезінде, экологиялық апат аймақтарына Қызылорда обылысының Арал және  Қазалы
аудандары, Ақтөбе облысының Шалқар ауданы енгізілген.
  Сонымен, Аралдың мұңы – қазақтың мұңына айналғаны қашан?! 1995   жылдарға
таман Арал теңізі су көлемінің төрттен үш бөлігінен  айырылды.  Теңіз  беті
екі еседен астам кішірейіп кетті, теңіз деңгейі 19 метрге төмендеді. 30 жыл
ішінде Аралдың радиусы 150 шақырымға дейін кейін шегінді, нәтижесінде теңіз
айналасындағы 30 000 шаршы шақырым  жер  қылтанақсыз  шөл  далаға  айналды.
Осының салдарынан халықтың денсаулығы күрт төмендеді, тыныс алу, ас  қорыту
мүшелерінің түрлі кеселдері пайда болып, жұқпалы аурулар  күш  алды.  Бауыр
аурулары мен тырысқақ бұрын-соңды болмаған дәрежеде таралды. Аналардың 80%-
ы қаныаздық ауруына шалдыққан.
      «Қазіргі кезде Арал теңізі  мен  оған  жапсарлас  аудандарды  қалпына
келтіру мүмкін емес», - дейді мамандар, бірақ «Кіші Арал» деп  аталатын  су
бассейнін толтыруға болады екен. Бүгінгі күні Кіші Аралда 12 текше  шақырым
су бар, енді екі жыл ішінде бұл көлемді 27 текше шақырымға дейін ұлғайтудың
жоспары жасалған.  Ауылшаруашылық  министрлігі  су  ресурстары  комитетінің
мәлімдеуінше, Арал теңізіне құятын Сырдария өзенінің төменгі сағасындағы су
желілерін қалпына келтіру жобасы жүзеге асуда. Биыл жазда Әйтек су  желісін
қалпына келтіру жұмыстары аяқталып,  одан  әрі  Қазалы  және  Қызылорда  су
желілерін жетілдіру жұмыстары басталды. Сырдария бойымен теңіздің солтүстік
бөлігіне жыл сайын ең аз дегенде 5 текше шақырым су келіп құйылатын болады.
Енді екі-үш жылда Кіші Аралдағы  судың  деңгейі  Аралда  кеме  шаруашылығын
қалпына келтіруге болатындай су жиналмақшы екен.  Кіші  Аралға  су  толтыру
бағдарламасын,  ТАСИС  ұйымы,  ЮНЕСКО  және  әртүрлі  елдердің   үкіметтері
қаржыландырып отыр. Ал кезінде Арал теңізі ішкі су қорының  көлемі  жөнінен
әлем бойынша төртінші орында болатын.

Сөздік:
саға – устье реки; место впадения реки в море, озеро
желі – линия; сеть; стержень; жила; веревка; киновязь
тырысқақ – холера; холерик; капризный

535-тапсырма. Мәтіннен алынған сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.
Қоршаған орта, табиғатты қорғау, жұқпалы аурулар, табиғатты қорғау,  қалпына
келтіру, су толтыру, қаржыландырып  отыру,   кішірейіп  кетті,   шөл  далаға
айналды.

536-тапсырма. Дұрыс нұсқасын табыңыздар.
1. Қарсылықты салалас :                           2. Кезектес салалас:
а)  әйтсе  де,  үшін,  кейін,  дегенмен                а)  өйткені,  алайда,
дегенмен
ә) бірде,  деп,  соң,  -дықтан                             ә)  сол  себепті,
дейін, -діктен
б) бірақ, сонда да, алайда, дегенмен            б) бірде, кейде, біресе
в) неге  десеңіз,  шейін,  кейін,  соң                  в)  -йынша,  -йінше,
біресе, және

3.  Ыңғайлас  салалас:                                    4.  Себеп-  салдар
салалас:
а) кейде, сондықтан, алайда                         а) -ғалы, -гелі,-  хана,
өйткені
ә) -да, -де, -деп, соң, үшін                              ә)  алайда,  әйтсе
де, және
б) және, -да, -де,  -та,  -те                                 б)  сондықтан,
сол себепті,
в) неге десеңіз,  -йінше,  үшін                         в)  бірақ,  әсіресе,
соң, дейін

537-тапсырма. Сөйлемдерден қарсылықты салалас  құрмалас  сөйлемдерді  тауып,
олардың қалай байланысып тұрғанын түсіндіріңіздер.
Жандарал Абайға көз қиығын тастап, «осының  өзі  істеп  отыр  ма,  тағы  бір
айласы ма жұмбақты қазақтың», - деп ойлап еді, бірақ Абайдың  түрінде  қатты
таңданғандықтан басқа ешбір белгі жоқ екен. Шаршайтын орайым бар еді,  бірақ
бүгін  көрген  бір  қызығым  күні  бойғы  жол  азығым  болып,   шаршағанымды
білдірмеді. Таң  алдында   бір  сағат  мызғығаны  болмаса,  Абай  бұл  түнді
ұйқысыз өткізді, бірақ әлі тұрған жоқ. Қазақтың   моңғолдан  шыққандығы  ұят
емес, бірақ біздің білімсіз, ғылымсыз қалмақтығымыз  ұят  (  Абай).  Қалыбек
артынан ілесіп, аяғынан шалған болады, бірақ өзі құлап түседі.  Сара   ки-ки
 Қажымұқанның   құлағын  тістей  жармасты,  дегенмен   күш  атасы  Қажымұқан
жапон палуанын қос қолдап көтеріп  алды да, жерге алып ұрды.

538-тапсырма.  Сөйлемдердің  негізгі  мағынасын   сақтай   отырып,   олармен
қарсылықты салалас құрмалас сөйлемдер  жасаңыздар.
Балқаш   көлінің   экологиялық    мәселелері.    Балқаш    көлі    Қарағанды
(Жезқазған), Жамбыл, Алматы ( Талдықорған) облыстарымен шектесіп жатыр.
Балқаш жартылай  тұщы  көл.  Сарыесік  түбегі   Балқашты  батыс  және  шығыс
бөліктерге бөледі. Батыс  бөлігіндегі  су  ірі  Іле  өзенінің  келіп  құюына
байланысты  тұщы  болған.  Балқаштың  шығыс  бөлігіне  келіп  құятын   шағын
өзендердің  барлығы  қазір  толығымен   дерлік   суаруға   және   шаруашылық
қажеттіліктеріне жұмсалады.
Балқаштағы су деңгейінің  төмендеуі  нәтижесінде  ондатра өсіру  кәсіпшілігі
құлдырап кетті. Бағалы балықтар аулау жылына  40  мыңнан  8   мың  центнерге
дейін кеміген. Өзен жағалауындағы тоғайлы  ормандар  жоғала  бастады.  Бүкіл
жағалауда  шөлдеу  процесінің  басталуы   көлдің   жағасындағы   қамыстардың
жойылуына әкеліп соқты.
Балқаштағы экологиялық жағдай тек   Балқаш  көлін  сақтап  қалу  ғана  емес,
бүкіл  Балқаш-Іле   аймағының  келешегін  ойлауды  талап   етеді.   Экология
заңдарын білу, қала мен  өндіріс  орындарының  тиімді  тығыздығын   анықтау,
Оңтүстік  Қазақстандағы тепе-теңдікті қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

Сөздік:
кәсіпшілік – промысел; ремесленничество; хозяйство
тұщы – пресный
тепе-тең – равный; тождественный; тождественно
539-тапсырма. Салалас құрмалас сөйлемдердің  әр  түрінің  тиісті  шылауларын
көрсетілген торларда көрсетіңіздер.
































540-тапсырма. Қарсылықты құрмалас  сөйлемдерді өз ойларыңызбен аяқтаңыздар.

«Әке көрген оқ жанар, шеше көрген тон пішер», - дегендей, отбасында  балалар
әкелері мен аналарының бойындағы қасиеттері  мен  өнерлерін  үйреніп  өскен,
бірақ ................... . Түйгені көп шешесі қызымен,  келінімен  өмірдегі
тәжірибелерімен   бөлісіп,   болашақ   өмірге    дайындайды,     әйтсе    де
................... . Отбасы мүшелерінің  жас  шамасы  әр  түрлі  болса  да,
олардың арасында рухани жақындық болады, дегенмен .................... .

541-тапсырма.  Тағы  да  экология  мәселесі!  Алматы  қаласының  экологиялық
жағдайларымен танысып, мәтінді мазмұндаңыздар.
                Алматы қаласы ауасының  экологиясы

Алматы  қаласын   зерттеушілердің   айтуынша,   ауаның   қатты   ластануының
нәтижесінде,  тек адамдар ғана емес, ағаштар да «ауырады» екен.
Алматының  ауа  экологиясын  кірлетуші  автокөліктер  болып  табылады.  Қала
ауасын кірлетуші зиянды химиялық заттардың 80 %-ы автокөліктердің  шығаратын
түтіндерінен   тұрады.   Соңғы   онжылдықта   қала    халқының    бұрынғымен
салыстырғанда, 1.5  есе  жиі  ауыратыны   анықталды  және  қала   республика
бойынша ол жағынан бірінші орында тұр.
Алматы қаласы, былайша айтқанда,  газды камераға айналып тұр,-дейді  эколог-
ғалымдар. Ағаштар ауаны тазалайды деген ұғым халық түсінігіне сіңіп  қалған.
Ал  ағаштар   болса   адамдардың   жауапкершілігінің   жоқтығынан   ауырады.
Өсімдіктердің жапырақтары өзгеріске  ұшырайды.  Ғалымдар  кейбір  ағаштардың
жапырақтарында қорғасынның нормадан 3 есе артық, ал  кадмийдің  нормадан  10
есе  артықтығын  анықтады.   Олардың   ауыруға   ұшырауына,   жапырақтарының
өзгеруіне   қаланың    «химиялық   күюге»    ұшыраған   жерлері,   газдардың
шоғырланған жерлері және металды учаскелерінің әсері болатыны анықталды.
Алматы  І  және  «Жұлдыз»  аудандарының  маңайында  өсетін  ағаштарда  литий
табылды. Бұл  элемент  адам  ағзасындағы  түрлі  психологиялық   процестерді
баяулатып,  адамның  қозғалысын   баяулатуға,   ойлау    қабілетінің   қатты
қабынуына алып келеді. Ал кейбір химикаттар адам ағзасында  өмірінің  соңына
дейін жиналып тұра береді.
Жергілікті экологтардың айтуы бойынша, бүкіл облыс  территориясында  тұрақты
органикалық улы  химиялық  заттардың  100  тоннадан  астамы  шашылып  жатыр.
Оларды ешкім жоймайды да, оларға ешкім мән бермейді де. Жаңбыр жауған  кезде
ол қауіпті заттар жердің жоғарғы қабатына шығарылады да,  кейін  биологиялық
тізбек бойынша адам ағзасына беріледі.
Алматы қаласының экологиялық проблемасы барша халыққа таныс.  Бірақ  адамдар
өздерінің қандай түрлі улы  газдармен  демалып  жатқанын  түсінбейді  немесе
тіпті білмейді де. Қаладағы  улы  заттардың  өсімдіктерге  отырып  қалатынын
және оның аяғы неге әкелетінін барлығы біледі.
Қаланың экологиялық жағдайының негізгі көрсеткіші  –  қаланың  ауа  бассейні
болып табылады. Қала ойыста орналасқан. Осы факторға  байланысты  бұл  жерде
ауаның жиі бір жерде тұрып қалуы,  тұмандар  байқалады.  Сол  себепті  ауаға
шығарылатын  зауыттар  мен  фабрикалардың  улы   химиялық   түтіндері   және
автокөліктердің түтіндері  қала үстінде жиналып тұра береді. Ал  ауа  құрамы
болса химикаттарға тола береді, ауа желдетілмейді. Ауаны кірлейтін заттар  –
шаң,  күкірт   диоксиді,   көмір   оксиді,   азот   диоксиді,   фенол   және
формальдегидтер болып табылады.


542-тапсырма. Мәтінге жоспар құрып,  жоспар  бойынша  толықтырып,  әңгімелеп
беріңіздер.
            543-тапсырма.   Мәтіннен  алынған  сөз  және   сөз   тіркестерін
қатыстырып, қарсылықты салалас құрмалас сөйлемдер құрастырыңыздар.
Автокөліктердің   түтіндері,   өзгеріске   ұшырауы,   ағаштардың   «ауыруы»,
қорғасын, кадмий, өсімдіктердің  жапырақтары, адам ағзасы,  химикаттар,  улы
заттар, Алматының экологиясы, ауа бассейні.

544-тапсырма.  Қарсылықты   салалас   құрмалас   сөйлемдердің    жалғаулықты
шылауларын қатыстырып, сөйлемдер құрастырыңыздар.
Бірақ,  алайда, дегенмен, әйтсе де, сонда  да  (  но,  однако,  иначе,  все-
таки).


15-апта. 43-тәжірибелік  сабақ
Грамматика: Талғаулы, түсіндірмелі салалас  құрмалас сөйлемдер.
545-тапсырма.  Наурыз  мерекесі  туралы  мәтінді   мұқият   оқып,   түсініп,
мазмұндаңыздар.

                        Халқын сүйген – салтын сүйер
                                  * * * * *
                    Наурыз – шығыс халықтарының мерекесі.
                            Батаменен ел көгерер

                                                          Көтерген Айсұлуды
                                  Алып өгіз
                                                                 Көтерген
                           Аспан туы, ол – Наурыз

                                                 ( Низами)
                                   Қазақтан – Наурыз,  Алаш екі ұл туған,
                                   Наурыздың деп айтады үлкен жасын.
                                  Ұрпақсыз өлген Наурыз жазғытұры,
                                  Келер  жылы көктемде оның беріпті асын.
                                  Қазақтың балалары сонан бері,
                                 «Наурыз»деп қойыпты атап жылдың басын,-

деп қазақ шежірелерінде айтылған. Онда Наукрыз (Наурыз),  Алаш  деген  бірге
туысқан нақты  адамдар екендігі көрсетілген. Ауызша тарих-шежіреде  айтылған
бұл  деректер  өте  маңызды.  Себебі  Наурыздың  Қазақ,  Алаш  болғаны  ерте
замандардан келе жатқан  үрдіс  екені көрінеді. «Көктемде ас  берді  дегені»
– жыл басы көктем мерекесі ежелден аталып келе жатқанын меңзейді.
Наурыздың  қазақ  қоғамындағы  рөлі  кез  келген  астан,  тойдан,  басқа  да
шаралардан жоғары болған. Белгісіз автордың жазуы бойынша: «...Қайда  атақты
бай болса, Наурызнаманы сол байға қалдырады екен. Төле   билердің  заманында
Наурызнаманың   қадір-құны,  астан,  тойдан  ілгері   болады   екен...»,   -
делінген. Наурызнама  –  шат-шадыман,  ойын-сауық,  той,  -  деген  мағынаны
білдіреді.
Қазақстан халқы ортада  1926   жылдан  бері  Наурызды  ресми  түрде  тойлауы
үзіліп қалғанан кейін  сүйікті мейрамы – жаңа жыл наурызбен  қайта  қауышып,
ата салтын қайта жаңғыртып, 1988  жылдан бері  тойлап келеді.  Бұл  мерекені
шығыс елдері – Өзбекстан, Қырғызстан, Ауғаныстан, Тәжікстан,  Пәкістан  ерте
кезден өткізеді. Наурыз табиғат пен адамның үндестігін  көрсетеді,  күн  мен
түннің теңелген күні.
Наурыз – жыл басы. Парсы тілінде «нау» –  «жаңа», «руз»  –  «күн»,  «жаңару»
деген ұғымдарды білдіреді.  Халық  мерекеге  алдын-ала  дайындалады.  Дәстүр
бойынша үйге қос шырақ жағылады, ыдыстар  ернеуіне  дейін  айранмен,  сүтпен
немесе бұлақ суымен толтырылады. Бұл – тоқшылықтың белгісі.
Науыз – достық, еңбек, бейбітшіліктің мерекесі. Ұлыстың ұы күні адамдар бір-
біріне деген реніштерін  ұмытып,  өзіне  де,  өзгеге  де  жақсылық  тілеген.
Дастарқанның басты асы – наурызкөже болған. Наурызкөже жеті  түрлі  тағамнан
жасалады. Наурызкөжені тойып ішу керек, сонда жыл бойы  тоқшылық  болады,  -
деген сенім бар. Дастарқан басында  жастар үлкендердің  батасын алған.  Бата
– үлкендердің өзінен жасы кішілерге  беретін  ықыласты  тілегі.  Ақсақалдар:
«Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын, қайда  барсаң,  жол  болсын!»,  -  деп  бата
береді.
Дәстүр бойынша Наурыз айтысы өткізіледі. Бұл жақсылық пен жамандықтың,  суық
пен жылының, жаз бен қыстың айтысы. Мереке  қызған  кезде,   ұлттық  ойындар
ойналады.
Көне деректер бойынша, наурыз тоғыз күн тойланады екен. Ол той  «Наурызнама»
деп аталған. Әдетте, оны бай, ауқатты адамдар жасаған.
Абай өзінің тарихи бір  мақаласында  :  «...Сол  күнді  «Ұлыстың  ұлы  күні»
дейді екен», -  деп  жазады.  Ақын   Наурыз   тойын  дінмен  байланыстырмай,
көктем мерекесі екенін ашық жазады.
Ахмет Байтұрсынұлы : «Наурыз – қазақша жыл басы», - дейді. Міржақып  Дулатов
: «Мұсылман жұрттарына ортақ, жылына екі рет келетін ораза, құрбан  айттарын
есепке алмағанда,  бізде жалғыз мейрам бар, ол – Наурыз», - деген.  А.Диваев
 оңтүстік өлкеде   ақпанның  аяғында,   қар   еріген  кезде  наурыздың  атап
өтілетінін көрсетеді.
Наурыз  туралы  көп  айтуға  болады.  Сонымен,  Наурыз  –   ерте    заманнан
қалыптасқан бүкілхалықтық Жаңа жыл. Ол – көктем, еңбек,  шат-шадыман,  ойын-
сауық  мерекесі.  Наурыз  –  тазалықты,  жан   тазалығын,   тән   тазалығын,
кешірімшілдікті, адалдықты, достықты, татулықты насихаттайтын  мереке.

546-тапсырма.  Мәтіннің  мазмұны    бойынша   берілген    сұрақтарға   жауап
беріңіздер.
1. Қазақ шежірелерінде Наурыз, Алаш туралы   не  айтылған?  2.  «Наурызнама»
қандай мағынаны білдіреді? 3. Қазақстан  халқы  бұл  мерекені  қай  уақыттан
бері тойлап келеді? 4. «Наурыз» сөзі қандай мағынаны  білдіреді?  5.  Наурыз
мерекесін  қалай тойлайды? 6. Бұл мерекедегі  басты  тағамды  атаңыздар.  7.
Қандай ұлттық  ойындар өткізіледі? 8. Наурыз  –  қандай  мереке?  9.  Наурыз
туралы ұлы тұлғалар не айтқан?

   547-тапсырма.   Мәтіннен     бірнеше     сөйлемдерді     алып,    олардан
түсіндірмелі,  толғаулы салалас  құрмалас  сөйлемдер жасаңыздар.

  548-тапсырма. Наурызға  байланысты   берілген   түсініктеменің   мағынасын
меңгеріп,  есте сақтаңыздар.
Наурыз – парсы тілінде  бір ғана күн аты,  жаңа жылдың бірінші күні  –  жаңа
күн.
Наурыз бата – наурызға арналып  сойылған малдың   басы  мен  жамбасын,  ескі
жылдан  қалған дәм – сүрленген қазы-қарта  мен жал-жаяға  берілетін бата.
Наурыз жыры – қазақ халқының  жаңа жыл, Наурызға арнап  айтатын  тұрмыс-салт
жырының бір түрі.
Наурыз көже  –  келер  жылы  молшылық   болсын  деген   ниетпен  әр  шаңырақ
міндетті түрде  беретін  арнаулы тағам.
Наурыз жұмбақ – наурыз айындағы жұлдыздардың  қозғалысы   мен  орнына,   күн
мен  түннің   теңелуіне,    табиғат  қозғалыстарына   байланысты   айтылатын
жұмбақ өлең.
Наурыз  тілек  –  наурыз  күні   амандасу  рәсімімен   құттықтау   негізінде
тақпақпен  айтылатын қуанышты  тілек.
Наурыз төл – наурыз айында  туған бота,  бұзау болса,  оны  наурыз  төл  деп
атайды.
Наурызша – қарайған жерді толық  жаба  алмайтын   жұқалау,  қылаулап  жауған
жұқа қар.
Наурыз шешек – наурыз айында  гүлдейтін  өсімдік.

                                    Талғаулы салалас құрмалас сөйлемдер
Құрамындағы  жай  сөйлемдер  өзара  болжамдық  қатынаста  болады   да,   тек
біреуіндегі істің, қимылдың жүзеге асатындығын көрсетеді.
Мысалы: Бұл істің шындығын не көзімен көрген айтар немесе құлағымен  естіген
айтар. Малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек (Абай).  Бұл
жерде я сен тұрасың, я мен тұрамын.
Талғаулы салалас не,  немесе,  я,  яки,  болмаса,  әйтпесе,  не  болмаса,  я
болмаса, әлде деген шылаулардың қатысуы арқылы жасалады.
549-тапсырма.  Төмендегі   жалғаулықтарды   қатыстырып,   толғаулы   салалас
құрмалас  сөйлемдер  құрастырыңыздар.
Немесе, не, я, яки, болмаса, я болмаса, әйтпесе,  әлде,  (или,  иногда,  то,
однажды, либо).

550-тапсырма. Талғаулы  салалас   құрмалас  сөйлемдердің   қалай  байланысып
тұрғанын  түсіндіріңіздер.
 Үлкен  мөлдір қара көздерінде  әлде бір еркелік, әлде наз,  аса бір  сыпайы
ұяңдық бар (З. Қабдолов). Бұл  істің  шындығын  не  көзімен   көрген  айтар,
немесе құлағымен естіген айтар.  Малды  не  жерден  сұрау  керек,  не  аққан
терден сұрау керек (Абай). Үлкендер бала мінезіне бір  күліп,  бір  таңданып
сүйсініп қалды (М. Әуезов).  Ақыры  ойладым:  осы  ойыма  келген  нәрселерді
қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен  қара  сияны   ермек  қылайын,  кімде-кім
ішінен керекті  сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз  сөзім
өзімдікі дедім де,  ақыры  осыған тоқтадым (Абай). Күндіз ылғи  ұзақ  жырлар
жырланады немесе  шешендер айтқан  тақпақтар  айтылады.

551-тапсырма. Сөйлемдердегі  түсіндірмелі  салалас   құрмалас   сөйлемдердің
жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.
Жолаушылардың шаршағаны соншалықты: тамаққа да  қарамай  ұйықтап  қалды.  Ол
ұлдарына екі нәрсені өсиет етті: бірі – еңбек, екіншісі –  татулық.  Жұрттың
бәрі соған қарай дүрлікті: біреу қолын бұлғады,  біреулері  оның  атын  атап
айқайлады. Айтар сөзім мынадай:  ешкімге де бір шөкім  жер  берілмейді.  Осы
арада көңіл ұйытар  бір нәрсе –  Әуезовтың   адамзаттық  келбеті.  Байжанның
әлі дағдылана  алмай жүрген   бір  ғана  нәрсесі  бар  еді:  ол  –  Сырдария
бойының  маса-сонасы,  құрт-құмырсқа  мен  бақа-шаяны   сияқты   жәндіктері.
Абайдың жалғыз ғана бір арманы – Мағжанмен тілдесіп қалу.

552-тапсырма. Қазақ халқының ұлттық мәдени байлығы,  рухани  қазынасы  болып
саналатын бата туралы мәліметпен  танысып, оның құндылығын түсіндіріңіздер.

                                    Батаменен ел көгерер

Қазақ халқының ұлттық мәдени байлығы,  рухани қазынасы болып саналатын  бата
сөздерінің   мән-мағынасы,  қадір-қасиеті ерекше бағалы. Өйткені  бұл  ақыл,
нақыл сөздер  –    тәрбиенің  бастау  бұлағы.  Ата-бабаларымыздың   қасиетті
өсиеті – ғасырлар бойы мысқылдап жиналып, ой  елегінен   өткізіліп,  бүгінгі
күнге жеткен.
Бата ұғымы құранның  бірінші сүресінің  аты «фатихадан»   туындаған  сияқты.
Мұнда Жаратушы мен оның  «елшісі» Мұхамедке мадақ сөз айтылады.
Халықтың тілек-батасы – жеткіншек  жас ұрпақты әдепті, сабырлы,  арлы  болып
өсуге баулиды. Елін, жерін қорғауға талпынтады.
Белгілі бір этикалық, эстетикалық, педагогикалық   жүйемен  құрылған  тілек-
бата сөздер – халықтың өзімен бірге   жасасып  келе  жатқан  ежелгі  мұрасы.
Бұлар – оның рухани өмірінде тұтастық бірлігін, салт-дәстүрін,  адамгершілік
қасиеттерін сақтауда ерекше қызмет атқарады.
Бата – адам баласына  тек  жақсылық   тілеу  мақсатында  айтылатын   ертеден
қалыптасқан  дәстүр.  Кейіннен  тілек  айту,  сол  тілекке  жету  «құдіретке
байланысты», - деген сеніммен батаның нұсқалары қалыптасты.
«Үйің құтты болсын», «Сапарың  оң  болсын»,  «Жайлы  жатып,  жақсы  тұрыңыз»
деген   тілектер  қысқа  да,   нұсқа  айтылған  баталық  сөздер.  Бата  қарт
адамдардың ризалық сезімін, жақсы тілектерін  білдіреді: «Еліңнің  елеулісі,
халқыңның  қалаулысы бол», «Шырағың сөнбесін», «Отбасыңнан бақыт  кетпесін»,
«Арманыңның асуына жет», «Берекелі тірлік, мерекелі бірлік  берсін»,  -  деп
жастарды халқын сүюге, бірлікке, тірлікке шақырып тәрбиелейді.
«Жауынменен жер көгерер, батаменен ел көгерер», - деп,  халық  батаны  киелі
сөз ретінде жоғары бағалайды. Оны жас ұрпақ жаттап, жадында сақтайды.
Бата беру – адал ниет, жақсы тілек  білдірудің   ұлттық  дәстүрі.  Халық  ақ
батадан рухани қуат алады, ол жақсылыққа жол ашады деп сенеді.
Батаның бірнеше түрлері бар: жас талапкерге бата;  дастарқан  батасы;  алғыс
батасы; наурыз батасы; шілдехана батасы; жас жұбайларға  бата;  жол  жүрерде
беретін бата; жаңа айдың  батасы;  теріс бата;  серттесу  батасы  және  т.б.
Олардың  кейбіреуіне тоқталсақ:
Дастарқан бата. «Дастарқаның мол болсын,  Абыройың зор болсын» ( Ақ бата).
Алғыс батасы. «Бақ берсін, бас берсін. Өміріңе ұзақ жас берсін» ( Ақ бата).
«Батаменен ел  көгерер,   жауынменен   жер  көгерер»,  -  деген  сөз  адамды
ізгілікке,  мейрімділікке баулиды.
Жаңа айдың батасы. «Жаңа айда – жарылқа, ескі айда  есірке»  (  бата).  Жаңа
туған айды көрген әр адам осылайша бата жасап, бет сипайды.
Наурыз батасы. Бұл батаның   орны ерекше,  ол жалпы көпшілікке бағытталады:
          Ұлыс  оң  болсын,                                      Төрт  түлік
ақты болсын!
         Ақ мол  болсын,                                        Ұлыс  береке
берсін,
          Қайда  барсаң,  жол  болсын!                     Бәле-жала   жерге
енсін!
         Ұлыс бақты болсын,
Болашақ ұрпағына ұзақ өмір, табыс тілеу адамзаттың асыл мұраты болса керек:
         Айдай жарқыра,                                       Маңдайың  ашық
болсын,
          Жұлдыздай  жалтыра,                               Дұшпаның   қашық
болсын.
Қазақ  халқының   бата  сөздеріне   оның  тарихи   салт-дәстүрі,    танымдық
ерекшеліктері, әсіресе  болашақ ұрпағын тәрбиелеуге негізделген ізгі  арман-
аңсары жарқын көрініс береді.

                   Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемдер
Құрамындағы жай сөйлемдердің алдыңғысы соңғысына нұсқап, ал соңғысы  алдыңғы
сөйлемнің  мазмұнын  ашатындай,   талдап   түсіндіріп   тұратын   құрмаласты
түсіндірмелі салалас дейміз.
Түсіндірмелі  салаластың  жай  сөйлемдері  жалғаулықты   шылаусыз,   іргелес
байланысады. Бірінші жай сөйлемде көбінесе  сілтеу  есімдіктері  мен  сілтеу
мәнді  сөздер (мынау, мынаны, сол, сонша, соншалық, сондай) болады.
Түсіндірмелі салаластың ара жігіне қос нүкте,  не сызықша қойылады.  Сызықша
сонша, соншалық, сондай   деген баяндауышы бар сөйлемдерде жиі қойылады.
Мысалы: Байжанның әлі  дағдылана алмай жүрген  бір ғана нәрсесі бар еді:  ол
–  Сырдария  бойының  маса-сонасы  мен  құрт-құмырсқа,   бақа-шаяны   сияқты
жәндіктер,  Жұрттың  бәрі  соған  қарай  дүрлікті:  біреу   қолын   бұлғады,
біреулері оның атын атап айғайлады. Жамандық жалын секілді: өзін де,  өзгені
де  жалмай берді. Тұманның қалыңдығы сонша – түк те   көрінбейді.
553-тапсырма.  Мәтіннен  алынған  сөз  және  сөз  тіркестерін    қатыстырып,
түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемдер құрастырыңыздар.
Мәдени  байлығы,  қадір-қасиеті,  ата-бабаларымыз,   бата   ұғымы,   әдепті,
сабырлы, тілек- бата, ежелгі  мұра,  салт  -дәстүр,  батаменен  ел  көгерер,
дастарқан батасы.

554-тапсырма.   Төмендегі   талғаулы   салалас   құрмалас   сөйлемдерді   өз
ойларыңызбен  толықтырыңыздар.

Біз бір жылдың ішінде  тілді  үйреніп  шығуға  мүмкіндік  жасаймыз,   немесе
............ . Бүгінгі тартыста Абай тобы  не  ұтады,  не  ..............  .
Студенттер сабақ барысында білімін шыңдап  шығады, немесе  ..............  .
Анамның  көзіне   жас  үйірілді,  ол  қуаныш   жасы   болуы   мүмкін,   әлде
................. . Күні бойы күн бұлттанып түнеріп тұрып алды,   не  жауар,
не .................. .  Арқаның кешкі  самал  желі  біресе  салқын,  біресе
.............. .

555-тапсырма. Екі жай  сөйлемдерден  талғаулы  салалас   құрмалас  сөйлемдер
жасаңыздар.

1. Екеуіміз  сабаққа дайындалайық. Біраз  серуендеп  келейік.   2.  Қонақтар
қонақ үйге барады. Кешке  қарай  жолға  шығады.  3.  Мен  Ақтөбеге  пойызбен
барамын.  Ұшақпен ұшқанды да жөн  көріп  отырмын.  4.  Әбден  тынығып  алған
қонақтар бірден жатып демін алар. Астарын  сіңіру  үшін   әңгімелесіп  біраз
отырар.  5. Бұл адамдардың ортасынан  кетуім  керек.  Барша  жанға  тынымсыз
болатын зұлымдықты қоюым керек екен  ғой  (Шәкәрім).  6.  Өзеннің  жағасында
сайдағы  ағаштардың  көлеңкесінде  отырады.  Өзінің  басқаға  жем   болмауын
көздейді (Ғ. Мұст).

556-тапсырма.  Төмендегі  сілтеу  есімдіктері  мен  сілтеу  мәнді   сөздерді
қатыстырып, түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемдер құрастырыңыздар.

Ү л г і : Оның қорыққаны сондай – не айтып, не қойғанын білген  жоқ.  Өтірік
сөз жарақат сияқты: жазылса да орны қалады. Адамды екі  нәрсе  қартайтпайды:
бірі – жақсы мінез, екіншісі – жақсы сөз.
Мынаны, мынау, сол, сонша, соншалық, сондай.


15-апта. 44-тәжірибелік сабақ
      Грамматика: Одағай.
       557-тапсырма.  Бала  тәрбиесіне  байланысты  халық  даналығы,   қазақ
халқының  салт-дәстүрлерімен  танысып,  оның  тәрбиелік  мәнін  түсініп,  өз
білетіндеріңізбен толықтырып, мазмұндаңыздар.

             Бала тәрбиесіндегі халық даналығы, салт-дәстүрлер.
                   Ораза, құрбан айттарының тәрбиелік мәні

       Бала – өмірдің жалғасы. Балаға өнер үйретіп, кәсіпке баулу, тиянақты
       білім беру, абзал азамат етіп тәрбиелеу адамзат қоғамының басты
 міндеттерінің бірі. Жанұяның жемісі, алтын діңгегі, тіреуі – бала. Осы ойды
    халқымыз – «Бесіксіз үйде береке жоқ», - деп түйеді. Бұл – әр ошақтың
   түтіні сөнбесін деген ізгі тілектен туған сөз ғана емес, сонымен бірге
 елдікті ойлау, елдің ертеңгісі жөнінде қам жеу. Қазақ халқы баланы өмірдің
    жалғасы, мәні мен сәні деп бағалаған. Ата-бабаларымыздың: «Бір баласы
  бардың шығар-шықпас жаны бар, көп баласы бардың үйінде жанған шамы бар»,
 «Балалы үй – базар, баласыз үй – қу мазар», «Бала адамның бауыр еті» сияқты
               пайымдауларында терең мағыналы көзқарас жатыр.
      Бала тәрбиесі отбасынан басталады. Оның өмірге  белсенді  көзқарасының
бағыты үлкендер арқылы тәрбиеленеді. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған  көшет
кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда, оны түзете алмайсың»,  -
деп   бекер   айтпаған.   Сондықтан    баланы    кішкентайынан    ізгілікке,
мейірімділікке,  адалдыққа  тәрбиелеуде  отбасының  рөлі   үлкен.   Мектепке
дейінгі баланың рухани-адамгершілік  дамуы,  оның  балабақша  мен  отбасының
арасындағы қарым-қатынасының тығыздығы артқан сайын ойдағыдай жүзеге асады.
      Тәрбиенің негізгі мақсаты  –  дені  сау,  ұлттық  сана-сезімі  оянған,
рухани  ойлау  дәрежесі  биік,  парасатты,  еңбекқор,  іскерлік   қасиеттері
қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу.
      Рухани-адмгершілік тәрбие – бұл  дұрыс  дағдылар  мен  өзін-өзі  ұстау
дағдыларының    нормаларын,    қарым-қатынас    мәдениетінің    тұрақтылығын
қалыптастырады.
      Сананың қалыптасуы – ол баланың мектепке бармастан бұрын қоғам  туралы
алғашқы ұғымдарының қалыптасуынан басталады.
      Мақал-мәтелдер,  қанатты,  өсиетті  сөздер,  халық  даналығы,  жұмбақ,
айтыс өлеңдер – адамгершілікке  тәрбиелеудің  арқауы.  Үлкендерді  сыйлау  –
адамгершіліктің  негізі.  Адамзаттық  құндылықтар  бала   бойына   іс-әрекет
барысында,  әр  түрлі  ойындар,  хиқаялар,  ертегілер,  қойылымдар    арқылы
беріледі.
      Адамгершілік тақырыбы – мәңгілік. Ол ешқашан ескірмейді. Жас  ұрпақтың
бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіруді бесік жырынан бастау керек.
      Ұрпақ тәрбиесі – келешек қоғам тәрбиесі.  Сол  келешек  қоғам  иелерін
жан-жақты  жетілген,  ақыл-парасаты  мол,  мәдени-ғылыми  өрісі  озық   етіп
тәрбиелеу – қоғам алдындағы әр азаматтың борышы.
      Мектепке дейінгі адамгершілік тәрбиесі – балалардың адамгершілік сана-
сезімін,  мінез-құлқын  қалыптастырады.  Дәлірек  айтқанда,  кішіпейілділік,
сыпайылылық,  үлкенді  сыйлау,  инабаттылық  тәрбиесінің  сатылап   қамтитын
мәселелері.
      Қазақ халқының салт-дәстүріндегі бір ғана бала  тәрбиесіне  байланысты
соңғы  жылдарда  көптеген  ғылыми-көпшілік,  ғылыми-әдістемелік   әдебиеттер
жарық көрді. Бұл еңбектер кейінгі ұрпаққа асыл қазына  ретінде  тарту  етуге
тұрарлықтай шығармалар. Мысалы, өмірге ұрпақ жалғасы нәресте  келгендегі  ел
қуанышының жарқын көрінісі –  сүйінші,  көрімдік  сұрау,  байғазы  беру  өте
жарасымды дәстүр.  Өмір  табалдырығын  жаңа  аттаған  нәрестелерге  арналған
шілдехана, балаға ат қою, бесікке салу, бесік жыры,  бесік  тойы,  нәрестені
қырқынан шығару, тіл ашар, тұсау кесу, атқа мінгізу, сүндет  тойы  –  осының
барлығы халқымыздың тот баспайтын асыл қазынасы.
      Бесікке салу. Шілдехана өткеннен кейін  баланы  бесікке  салады.  Бала
халықшыл болсын деп, бесіктің үстіне тон,  шапан  жабады.  Ат  жалын  тартып
мінсін деп қамшы іледі, көз  тимесін  деп  тұмар  тағады,  қырандай  көреген
болсын деп бүркіттің тұяғын байлайды.
       Қырқынан  шығару  –  Туғанына  қырық  күн  толғанда  баланы  қырқынан
шығарады. Әйелдердің үлкені «Отыз омыртқаң жылдам  бекісін,  қырық  қабырғаң
жылдам қатсын» деп, баланың үстіне қырық қасық су құяды.
      Тұсау кесу. Тұсау кесу –  сәби  қаз  тұрғаннан  кейін,  жығылмай,  тез
жүріп кетсін,  болашағы  жарқын  болсын  деген  тілекпен  жасалатын  дәстүр.
Тұсауды ақ, қара жіпті ширатып, ала жіппен кеседі. Ол балаға болашақта  адал
бол, ешкімнің ала жібін аттама, шыншыл, әділетті бол дегенді білдіреді.
      Атқа мінгізу тойы. Бала  4-5  жасқа  толғанда,  әке-шешесі  ұл  балаға
арнап ат, ертоқым даярлайды. Тойға келушілер қамшы, садақ, т.б.  саймандарды
әкеліп сыйға тартады. Бұл  –  баланы  азамат  болуға  жарадың  деген  ырымды
білдіреді. Ержеткенде еліңді, жеріңді  қорғауға  дайын  болуының  керектігін
меңзейді.
      Ата-бабамыз ұрпақ тәрбиесіне аса  зор  мән  берген.  Өйткені  ұрпақ  –
болашақ. Оны жақсы түсінген халық: «Балаңды беске дейін  патшаңдай  күт,  он
беске дейін қосшыңдай  жұмса, он бестен кейін құрдасыңдай сыйла»,-деп  бұкіл
тәрбиелік  тағылымды  үш-ақ  сөзге   сыйдырған.   Қазақ   халқының   даналық
сөздерінің  мағынасы,  тәрбиелік  мәні  өте  жоғары.  Қазақ  халқының  ұрпақ
өсірудегі міндеті осындай қарапайымдылыққа құрылған.

      Сөздік:
ізгілік   –   добро                                          сана-сезім    –
самосознание; чувство
садақ  –  лук                                              тағылым  –  урок;
пример
инабаттылық – благонравность
кәсіп – занятие; профессия; специальность
          парасат – разум; рассудок; здравомыслие; интеллект; смышленнось
қамшы – кнут; плеть; плетка; бич; нагайка
байғазы – подарки детям в честь обновки
даналық – мудрость; премудрость; гениальность
көрімдік – подарок, дающий право увидеть невесту или новорожденного

558-тапсырма. Мәтіннің бірінші мағыналық бөлігіне берілген сұрақтарға  жауап
беріңіздер.
1. Бала тәрбиесіне байланысты айтылған қандай  халық  даналығын  білесіздер?
2. Ол  айтылған  даналық-құндылықтардың  мағынасын  қалай  түсінесіздер?  3.
Баланы тәрбиелеуді қай уақыттан бастау керек? 4. Тәрбиенің  негізгі  мақсаты
не? 5. Рухани тәрбие нені  қалыптастырады?  6.  Баланың  санасы  қай  кезден
қалыптасады?  7.  Мақал-мәтел,  қанатты,  өсиетті  сөздердің,   ертегілердің
баланы тәрбиелеудегі маңызы  қандай?  8.  Адамгершілік  тақырыбы  туралы  не
айтасыздар?

559-тапсырма.  Мәтіннің  екінші  мағыналық  бөлігіне  сұрақ-жауап   (сұхбат)
құрастырыңыздар.
Ү л г і:
–   Қазақ   халқының   салт-дәстүрлеріндегі   бала   тәрбиесіне   байланысты
зерттеулер,
   әдеби  басылымдар бар ма?
– Қазақ халқының салт-дәстүрлеріндегі бала тәрбиесіне байланысты соңғы
   жалдарда көптеген  ғылыми-көпшілік, ғылыми-әдістемелік әдебиеттер жарық
    көрді.

560-тапсырма.   Мәтіннен     алынған    сөз    және     сөз    тіркестерімен

сөйлемдер құрастырыңыздар.
Өмірдің  жалғасы,  адамзат,  бала,  адалдық,  мейірімділік,  отбасы,  қарым-
қатынас, негізгі міндет, дағды, мақал-мәтел,  халық  даналығы,  құндылықтар,
салт-дәстүр, кішіпейілділік.

561-тапсырма.  Бала  тәрбиесіндегі  салт-дәстүр  қандай  мән-мағына  береді?
Жауаптарыңызды көрсетілген жолдарға толтырыңыздар.

1. Сүйінші сұрау -----------------------------------------------------------
-------------
2. Көрімдік беру------------------------------------------------------------
-------------
3. Балаға ат қою------------------------------------------------------------
--------------
4. Бесік. Бесік тойы--------------------------------------------------------
--------------
5. Сүндет тойы--------------------------------------------------------------
-------------
6. Тілашар тойы-------------------------------------------------------------
-------------
7. Базарлық-----------------------------------------------------------------
---------------
8. Тыйым салу---------------------------------------------------------------
-------------

562-тапсырма. Мәтіннен бірнеше сөйлемді алып, оның негізгі мағынасын  сақтай
отырып, одағайы бар сөйлемдер жасаңыздар.

                                 Одағай (Междометие)

Дербес мағынасы жоқ, адамның алуан түрлі көңіл-күйін  білдіретін  сөз  табын
одағай деп атайды.
Мысалы: Япырым-ау, қайда сол күндер?! Аухау-аухау  деп  кешкі  тымық  даланы
басына көтерді.
Междометие – это часть речи.  Междометиями  называются  неизменяемые  слова,
служащие для передачи различного рода  чувств,  эмоций,  переживаний,  боль,
тоску, радость, удивление, гнев и так далее. Междометие  отдельно  не  имеет
лексического значения.
Междометия по значению делятся на 4 вида:
1. Көңіл-күй одағайлары (Эмоциональные междометия);
2. Жекіру, ишарат одағайлары (Императивные междометия);
3. Шақыру одағайлары (Призывные междометия);
4. Тұрмыс-салт одағайлары (Бытовые междометия).

563-тапсырма.  Сөйлемдерді  қазақ  тіліне   аударып,   ондағы   одағайлардың
оқылуына назар аударыңыздар.
Ах, как сегодня чудесно! Ох, что теперь будет? Ура,  мы  идем  на  каникулы!
Ой, какая у кошки мягкая шерсть! Э, тогда ты будешь волком.  Эй,  иди  сюда!
Большое спасибо, друг мой! Эй, прекрати говорить!

564-тапсырма. Одағайларды тауып, мәнерлеп оқыңыздар.
Па, шіркін, жер деп осыны айтсаңшы! Ой, мынау әнші екен ғой! Мынаның  дауысы
қандай, ей! Қарағым-ау, босағада  тұрғаның  не,  үйге  кірсеңші!  Қап,  әлгі
әртіс қызды мына  Жанай  ағасына  көрсететін  едім.  Әттең,  кетіп  қалғанын
қарашы! Уһ, осындай семсерім болып, мен де кезінде Ұлы Отан соғысына  барсам
ғой! Бәрекелді, көп жаса,  балам!  Жолың  болсын!   Моһ-моһ,  іше  ғой!  Уһ,
жүктің ауырын-ай! Пай-пай! Шіркін, қазақтың  келіндері-ай!  Бәрекелді,  жаңа
бір күш біткендей болды!

565-тапсырма.  Ораза,   құрбан   айттарының   тәрбиелік   мәнімен   танысып,
өздеріңізге үлгі-өнеге тұтыңыздар.

                   Ораза, құрбан айттарының тәрбиелік мәні

Айт исламның аса зор мерекесі. Екі айт бар. Олар: ораза айт, құрбан айт  деп
аталады. Айт – Арабияда ислам дініне дейін қалыптасқан. Ораза айт  отыз  күн
ораза біткеннен кейін  болады. Ораза  айын  «рамазан  айы»  деп  те  атайды.
Пітір садақасы осы айда  беріледі.  Оны  әр  мұсылман  мешітке  береді.  Айт
күндері:    – Айт құтты болсын!
– Айтсын, жақсылығы бірге болсын (Б. Майлин),-деп құттықтап жатады.
      Оразаның мағынасы – бір  нәрседен  алыстау.  Шариғатта  ораза  ұстаған
адам таң азаннан бастап, күн  батқанға  дейін  оразаны  бұзатын  нәрселерден
сақтану керектігі айтылған.
      Рамазан айында ең  басты  діни  амал   (ауыз  бекіту)  –  ораза  болып
табылады. Ораза ұстаған адам ораза кезінде жеуден,  ішуден,  темекі  шегуден
бас тартуы  керек.  Сонымен  қатар,  рамазан  мезгілінде  мұсылмандар  ислам
қағидаларын тиянақты орындауға, құмарлық сезімдерден бас   тартуға,  зорлық-
зомбылықтан сақтануға,  ашу,  қызғаныш,  дүниеқорлық,  қанағатсыздық  сияқты
нәрселерге жол бермеуге тиіс. Ұрсысу, өсек тасудан сақтану қажет.
      Рамазан кезінде  адамдар  тату-тәтті,  ынтымақты,  бейбітшілікте  өмір
сүреді деп күтіледі. Барлық ерсі,  өрескел  әдеттен  аулақ  болып,  жан,  ар
тазалығын  сақтау  маңызды  болып  саналады.  Оразаның  негізгі  мақсаты   –
тіршіліктегі барлық жамандықтан арылып, адамның ішкі жан-дүниесінің  тазаруы
болып табылады.
      Ораза – тазалыққа, адалдыққа, кішіпейілділікке, өтірік-өсек  айтпауға,
татулыққа, ауызбірліке, достыққа, кешірімшіл болуға тәрбиелейді.
      Отыз күн ораза біткеннен кейін рамазан айының жалғасы ретінде  үш  күн
ораза айт мейрамы  өтеді.  Орза  айттың  бірінші  күні  мұсылмандар  мешітке
барып, айт намазын оқиды.
Ораза айттан кейін 70 күн өткен  соң  Құрбан  айт  мерекесі  басталады.  Бұл
мерекенің «Құрбан айт» деп аталуының себебі – осы айтта құрбандық  шалынады,
сондықтан құрбандық шалу мерекесі деп аталады.
Құрбан айттың негізгі мақсаты – өмірден кеткен жақындары мен туыстарын  еске
түсіру, соларға құран оқытып, құрбандық  шалу.  Сонымен  қатар,  құрбан  айт
мерекесі  мұсылмандардың  бес  парызының  бірі  –  қасиетті  Меккеге  барып,
қажылық жасаумен байланысты. Қажылықтың соңғы күнінде құрбандық  шалу  салты
жасалады.
      Мұсылмандар құрбан айт күні шалған құрбандығының қабыл  болып,  арман-
тілектерінің  орындалуын  Алла   тағаладан   сұрайды.   Елінің   тыныштықта,
бейбітшілікте  әр  отбасының  шаттыққа  бөленіп,  тату-тәтті   өмір   сүруін
тілейді.

Сөздік:
пітір – налог в честь месячного поста рамазана
садақа – подачка; подаяние; жертва; милостыня
ораза – пост у мусыльман; рамазан на мусыльманском востоке
шариғат – мусыльманское вероучение
ораза айы – месяц рамазана
зорлық-зомбылық – насилие
дүниеқорлық – жадность; мещанство; стяжательство
құрбандық – жертвенное животное
құрбандық  шалу – жертвоприношение
құрбандыққа шалу – зарезать в качестве жертвы

      566-тапсырма.  Мәтіннің  бірінші  бөлігі  ораза  айтқа  жоспар  құрып,
жоспар бойынша мазмұндаңыздар.

567-тапсырма.  Мәтіннен   тәрбиелік  мағынаны  білдіретін   сөз   және   сөз
тіркестерін теріп жазып, олармен сөйлемдер құрастырыңыздар.
568-тапсырма.   Құрбан   айтқа   қатысты   мәтінге   сұрақ-жауап    (сұхбат)
құрастырыңыздар
      Ү л г і:
–  Құрбан айт мерекесі қашан басталады?
–  Құрбан айт мерекесі ораза айттан кейін 70 күн өткен соң басталады.

569-тапсырма. Одағайларды тауып, олардың астын сызыңыздар.
      Әттең-ай, әттең-ай, дүние неткен  тәтті  ең-ай!  Бәрекелді,  Жібекжан,
айың тусын оңыңнан...   Ай-хай, өте шығар дүние  қас  қағымда!  Оу,  ағайын,
ағайын  бір  кәдеге  жарайын.  Тәйт,  тоқтат  мына  әңгімені!   Тырау-тырау,
тырналар, елге сәлем ала бар. Құру-құру, жануарым. Жә, тый көзіңнің жасын!

570-тапсырма. Одағайдың әр түріне жататын одағайларды  көрсетілген  торларға
толтырыңыздар.
                                    [pic]

Берілген одағайларды тиісті түрлеріне бөліп жазыңыздар: Бәрекелді,  әттеген-
ай, әттең, алақай, беу, қап, әй, ей, өу, уһ, пай-пай, ойпыр-ай,  бәсе,  түу,
аһ, өй, тәйт, тек, жә,  құрау-құрау,  шөре-шөре,  моһ-моһ,  құр-құр,  кә-кә,
пырс, қош-қош.


15-апта. 45-тәжірибелік сабақ.
III. Аралық бақылау жұмысы.
Қорытынды бақылау.
















                                   2.2.    СОӨЖ      т а қ ы р ы п т а р ы
                             Тапсырмалардың тізімі мен түрлері

|№         |Жұмыстың түрі|           Жұмыстың тақырыбы            |Баға-ла|
|Апта      |             |                                        |у      |
|          |             |                                        |пайы-зы|
|1         |2            |3                                       |4      |
|1-апта    |Реферат      |1. XX ғасырдың басындағы қазақ тілінің  |100%   |
|          |             |жағдайы.                                |       |
|          |             |2. Қазақ баспасөзінің тарихы.           |       |
|          |             |3. Қазақ әдебиетіндегі тұлғалар.        |       |
|          |             |4. Қазақ тіл білімінің қалыптасуы (Абай,|       |
|          |             |Ыбырай, Қ. Жұбановтардың тіл            |       |
|          |             |туралы айтқан сөздері).                 |       |
|2-апта    |Реферат      |1. Қазақ хандығының негізін             |100%   |
|          |             |қалағандардың бірі – Керей  хан.        |       |
|          |             |2. Тәуке хан. Тәуке ханның «Жеті        |       |
|          |             |жарғысы».                               |       |
|          |             |3. Қазақ хандары – Жәңгір хан мен Есім  |       |
|          |             |хан.                                    |       |
|3-апта    |Реферат      |1. Қазақ халқының шешендік өнері.       |100%   |
|          |             |2. Досбол, Жиренше шешендер.            |       |
|          |             |3. Сырым Датұлының шешендік өнері.      |       |
|          |             |4. Ел қамын ойлаған үлкен ойшыл,        |       |
|          |             |тапқыр шешен –  Майқы би.               |       |
|          |             |5. Бұқар жырау Қалқаманұлы.             |       |
|          |             |6. Доспанбет жырау.                     |       |
|          |             |7. Асан қайғы.                          |       |
|4-апта    |Реферат      |1.  Алпамыс батырдың ерлігі жайлы.      |100%   |
|          |             |2. Қобыланды жырындағы отаншылдық,      |       |
|          |             |ұлтжандылық  мәселесі.                  |       |
|          |             |3. Наурызбай батырдың ерлігі.           |       |
|          |             |4. Қазақ халқының атақты батыры –       |       |
|          |             |Бөгенбай.                               |       |
|          |             |5. Райымбек батырдың ұрпақтары.         |       |
|          |             |6. Халық батыры – Исатай Тайманұлы.     |       |
|5-апта    |Реферат      |1.  Махмуд Қашқаридің «Диуани лұғат     |100%   |
|          |             |ат-түрік»  еңбегі.                      |       |
|          |             |2. Жүсіп Баласағұнның «Құдатғу білік»   |       |
|          |             |еңбегі.                                 |       |
|          |             |3. Ұлы Абай мен Ыбырай шығармалары      |       |
|          |             |арқылы бізге  жеткен қазіргі қазақ әдеби|       |
|          |             |тілі.                                   |       |
|6-апта    |Реферат      |1.  Көрнекті ақын, аудармашы – Мағжан   |100%   |
|          |             |Жұмабаев.                               |       |
|          |             |2.  Қоғам қайраткері – Тұрар Рысқұлов.  |       |
|          |             |3. Ақын, композитор – Шәкәрім           |       |
|          |             |Құдайбердиев.                           |       |
|          |             |4.  Алаштың ардақты азаматы – Смағұл    |       |
|          |             |Садуақасов.                             |       |
|          |             |5.  С.Торайғыровтың лирикасы.           |       |
|          |             |6.  Мұхамеджан Сералин.                 |       |
|          |             |7. С.Сейфуллиннің «Көкшетау»            |       |
|          |             |поэмасынан үзінді.                      |       |
|          |             |                                        |       |
|7-апта    |Реферат      |1. Ежелгі ортағасырлық көне қалалардың  |100%   |
|          |             |бірі – Тараз  қаласы.                   |       |
|          |             |2. Ұлы Жібек  жолындағы ірі қалардың    |       |
|          |             |бірі – Испиджаб (Сайрам).               |       |
|          |             |3. Ортағасырлық қалалар – Сарайшық,     |       |
|          |             |Сауран.                                 |       |
|          |             |4. Қазақ хандығының ордасы – Ұлытау,    |       |
|          |             |Түркістан.                              |       |
|          |             |5. «Яссауи» кесенесі                    |       |
|8-апта    |Реферат      |1. Ғалым, геолог, мемлекет қайраткері – |100%   |
|          |             |Ш. Есеновтың  өмір жолы.                |       |
|          |             |2. Сәтбаев және Үлкен Жезқазған.        |       |
|          |             |3. Қ.Сәтбаев және Қазақстан ғылымының   |       |
|          |             |дамуы.                                  |       |
|9-апта    |Реферат      |1. Академик Ө. Жолдасбековтың өмірі     |100%   |
|          |             |мен қызметі.                            |       |
|          |             |2. Евней Букетовтың ғылымдағы ашқан     |       |
|          |             |жаңалықтары.                            |       |
|          |             |3. Қазақ қыздарының ішінен шыққан       |       |
|          |             |тұңғыш маркшейдер ғалым –               |       |
|          |             |Ж.Қаңлыбаева.                           |       |
|          |             |4. Қ. Сәтбаев – Қазақстандағы           |       |
|          |             |металлогения ғылымының атасы.           |       |
|10-апта   |Реферат      |1. М. Әуезов атындағы Академиялық       |100%   |
|          |             |драма  театры.                          |       |
|          |             |2. Қазақстан мұражайларының пайда       |       |
|          |             |болу  тарихы.                           |       |
|          |             |3. Қазақстанның бүгінгі таңдағы музыка  |       |
|          |             |өнерінің,  мәдениетінің дамуы.          |       |
|          |             |4. Қазақ спорты. Қазақтың тұңғыш        |       |
|          |             |балуаны – Қажымұқан Мұңайтпасов.        |       |
|          |             |5. Сидней олимпиадасының чемпионы –     |       |
|          |             |Бекзат  Саттарханов.                    |       |
|          |             |6. Күрес мектебінің ұйымдастырушысы –   |       |
|          |             |Дәулет  Тұрлықанов.                     |       |
|11-апта   |Реферат      |1. ҚазҰТУ-дың Әнұраны (жаттау).         |100%   |
|          |             |2. Қазақстанның жоғары оқу орындары.    |       |
|          |             |3. Отаншылдық,  ұлтжандылық,            |       |
|          |             |мемлекетшілдік    – жастарға  керекті   |       |
|          |             |қасиет.                                 |       |
|          |             |4. ҚазҰТУ – еліміздің алғашқы           |       |
|          |             |техникалық  жоғары оқу орны.            |       |
|          |             |5. ҚазҰТУ – бүгінде.                    |       |
|          |             |6. ҚазҰТУ-дың спорт саңлақтары.         |       |
|12-апта   |Реферат      |1. «Желтоқсан желі» өлеңін жаттау,      |100%   |
|          |             |мазмұндау.                              |       |
|          |             |2. М.Шахановтың желтоқсанға  қатысты    |       |
|          |             |өлеңдері.                               |       |
|          |             |3. Тәуелсіз Қазақстанның рәміздері.     |       |
|          |             |4. Тәуелсіздік декларациясы.            |       |
|          |             |5. «Қазақстан – 2030» стратегиясы.      |       |
|          |             |6. Қазақстанның Ата заңы.               |       |
|13-апта   |Реферат      |1. Тәуелсіздік символы –  «Бәйтерек».   |100%   |
|          |             |2. Қазақстанның жеті кереметі.          |       |
|          |             |3. Шарын (Чарын) шатқалы.               |       |
|          |             |4. Болашақ – ғылым мен білімде.         |       |
|14-апта   |Реферат      |1. Каспий өңірінің экологиясы.          |100%   |
|          |             |2. Балқаш экологиясы.                   |       |
|          |             |3. Су экологиясы. Суды қорғау.   Судың  |       |
|          |             |ластануы.                               |       |
|          |             |4. Байқоңыр экологиясы. Ауа             |       |
|          |             |экологиясы. Ауаны  қорғау.              |       |
|          |             |5. Атырау облысының өркендеуіндегі      |       |
|          |             |экологиялық   проблемалар.              |       |
|15-апта   |Реферат      |1. Қазақ халқының салт-дәстүрлері.      |100%   |
|          |             |2. «Қазақы дастарқаны» (Өлеңді жаттау). |       |
|          |             |3. Үйленуге байланысты салт-дәстүрлер.  |       |
|          |             |4. Қазақ халқының қонақ күту дәстүрі.   |       |
|          |             |5. Құда түсу рәсімі.                    |       |
|          |             |6. Айт, оның тәрбиелік мәні (ораза,     |       |
|          |             |құрбан айттары).                        |       |




-----------------------
                                    Мүде



   Бумын





                                  Күлтегін



Шыңғыс хан





                      Абылай хан кестедегі көрсетілген

                              көсемдердің соңғы

                                 тұяғы еді.



Әз Жәнібек



                                  Есім хан



   Бабыр



Тоқтамыс



  Едіге



                                 Асқақ Темір



                                Қасым    хан



                                    Керей





              Сөйлемдердің айтылу сазына қарай бөліну түрлері:



                        Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері:



                                  Бастауыш



Баяндауыш



Сұрақтары: Не істеді? Не қылды? Қайтеді? Қанша?



Сұрақтары: Кім? Не? Кімдер? Нелер?  Несі? Қайсысы?



философия



математика



логика



астрономия



ботаника



  Әл-Фараби 240-қа жуық трактат жазған, олар ғылымның алуан түрлі салаларын
                                  қамтиды:



лингвистика



физика



медицина



астрология



музыка



әдебиет



минералогия



Сөйлемнің тұрлаусыз

          мүшелері:



Пысықтауыш



Толықтауыш



Анықтауыш



        Сұрақтары:

қай? қандай? қайсы?

қанша? нешінші? кімнің? ненің? неше?



        Сұрақтары:

қашан? қанша? қалай? не себепті? неліктен? не мақсатпен? қайтіп?



            Сұрақтары:

кімді? нені? кімге? неге? қайда?кімде? неде? неден? кімнен? кіммен? немен?





                            Сан есімнің түрлері:



топтау



жинақтық



реттік



Жұрнақтары:



Жұрнақтары:



Жұрнақтары:



есептік  ікк



болжалдық



бөлшектік



Өз заманындағы әйгілі қобызшы, күйші, тірі сөздің зергері Қорқыт баба өмір
сүрді.



Жент қаласында







Дүние жүзіне әйгілі ғұлама философ Әбу Насыр әл-Фараби дүниеге келді.





   Отырар қаласында





1. Жүсіп Жүгінеки;

2. Әл-Түркістани;

3. Қожа Ахмет Яссауи сияқты ақындар шықты.



Түркістан қаласында



Ұйғыр, қазақ халқына ортақ ақын Ахмет Баласағұн дүниеге келді.



Баласағұн қаласында







1. Қатаң дауыссыздары:



Дауыссыз дыбыстардың үн мен салдырдың қатысуына қарай бөлінуі:







2. Ұяң дауыссыздары:







3. Үнді дауыссыздары:



                                1. Жай шырай



                               2. Салыстырмалы



                                3. Күшейтпелі



                                 4. Асырмалы



Тұп-тұнық, биік, ақ, жып-жылтыр, аса қадірлі, сұрғылт, күреңдеу, әдемі, тым
ұзақ, тәп-тәтті, өте жақсы, ұзынырақ, кішілеу, жеңілірек, қышқылтым, суық,
жалпағырақ, көк, шымқай қызыл, нағыз дос, орасан үлкен, қатты



                                  1. Жіктеу



Мен (я); бұл (это, эта, этот); бірнеше (несколько); біреу (один); сол
(тот); сендер, олар (вы, они); анау (тот, вон); мынау (это, эта, этот); осы
(это, эта, этот); сен (ты); сіз (вы); біз (мы); сіздер (вы); ол (он, она,
оно); кейбіреу (некоторый); әркім (каждый).



                                  2.Сілтеу



                                3.Белгісіздік



                                 Тәуелдеу:у



                                   Жіктеу:



І.  Менің _ _ _ _ _ _

ІІ. Сенің  _ _ _ _ _ _

     Сіздің _ _ _ _ _ _

ІІІ. Оның _ _ _ _ _ _ _



І.   Мен _ _ _ _ _ _

ІІ. Сен _ _ _ _ _ _ _

     Сіз _ _ _ _ _ _ _

ІІІ. Ол _ _ _ _ _ _ _



                                  Нешінші?

                                  Қайсысы?



өзім

өзің

өзіңіз

өзі

өзіміз

өздерің

өздеріңіз

өздері



                                   Ешқашан



Ана тілің –  . . . . .

Ұятың боп,  . . . . .

Өзге тілдің  . . . . .

Өз тіліңді . . . . .



                       160-тан астам ғылым докторлары;



                                 ҚР ҰҒА-ның

                                9 академигі;





                                 ҚазҰТУ-да:



        450-ден астам ғылым кандидаттары, доценттер қызмет  істейді.



                    35-тен астам корреспондент мүшелері;



       2. Ә.Бүркітбаев атындағы Металлургия және полиграфия институты



                          3. Машина жасау институты



                 1. Ө.Байқоңыров атындағы Тау-кен институты



                    5. Ақпараттық технологиялар институты



                4. Қ.Тұрысов ат. Геологиялық-барлау институты



                            ҚазҰТУ-дың құрамында:



                          7. Экономика және бизнес

                                  институты



                                6. Мұнай және

                                газ институты



      9. Әл-Машани ат. Жоғары технологиялар және тұрақты даму институты



                    10. Автоматика және басқару институты



                           8. Құрылыс және сәулет

                                  институты



        1. Докторлық және  кандидаттық диссертациялар

         қорғалатын Кеңестер;



          2. Докторантура, аспирантура, магистратура жұмыс істейді.



      3. Шетелдік жоғары оқу орындары және компанияларымен халқықаралық
                      байланыстар жақсы жолға қойылған.





                                 ҚазҰТУ-да:



5. 1,5 млн. том әдеби қоры бар

    ғылыми-техникалық

    кітапхана бар.



     4. Қазіргі заманға сай жабдықталған оқу және Интернет залдары бар.



1. Мекен үстеулері



                           6. Күшейткіш үстеулері



                           4. Сын-бейне үстеулері



                              Үстеудің түрлері:



      7. Мақсат

          үстеулері



2. Мезгіл үстеулері



8. Топтау үстеулері



3. Мөлшер үстеулері



                          5. Себеп-салдар үстеулері



                              Үстеудің түрлері:



                              Мезгіл үстеулері:



                            Күшейткіш үстеулері:



                            Сын-бейне үстеулері:



                    Себеп-салдар үстеулерінің сұрақтары:





                       Мақсат үстеулерінің сұрақтары:





                        Мекен үстеулерінің сұрақтары:





                            3. Себеп  бағынынқылы

                            (Придаточные причины)



           4. Қимыл-сын бағыныңқылы (Придаточные образа действия)



                  2. Мақсат бағыныңқылы (Придаточные цели)



              Сабақтас құрмалас сөйлемдер алты түрге бөлінеді:



                 1. Мезгіл бағыныңқылы (Придаточные времени)



            5. Қарсылықты бағыныңқылы (Придаточные уступительные)



                 6. Шартты бағыныңқылы (Придаточные условия)



3. Білім, ғылымды

          дамыту



                             2. Экономикалық өсу



                           4. Экологияны жақсарту



                             «Қазақстан – 2030»

                 ұзақ мерзімдік міндеттеріне мыналар жатады:



                       5. Ұлттық қауіпсіздікті нығайту



                          1. Ішкі саяси тұрақтылық



                    6. Энергетикалық ресурстарды арттыру



                 7. Мемлекеттік қызметкерлердің санын өсіру



2...........................................................................
......



1...........................................................................
......



2...........................................................................
......



1...........................................................................
.



            Сондықтан, сол себепті, өйткені, неге десеңіз, себебі



2.



1.



                               Біресе,  кейде,

                                    бірде



3.



                                  тазалықты



                                  келісімді



                                   Ақ түс





                                  даналықты





                                бейбітшілікті



                                  әділдікті



                                  биіктікті



                                   Көк түс





                                тұрақтылықты



                                   ерлікті





                                  Жасыл түс



                                  қуанышты



                                  гүлденуді



                                 молшылықты



                                үміт, сенімді



                                 Шылаулары:





                                 1. Ыңғайлас







                                   Салалас

                                  құрмалас

                                сөйлемдердің

                                  түрлері:





                                    Шылаулары:





2.Қарсылықты





                                 Шылаулары:







3. Кезектес



                                 Шылаулары:





                               4. Себеп-салдар







                                   Салалас

                                  құрмалас

                                сөйлемдердің

                                  түрлері:



                                 Шылаулары:





                               5. Талғаулықты



                                 Шылаулары:





                               5. Талғаулықты



                            2. Жекіру одағайлары:



                          1. Көңіл-күй одағайлары:



3. Шақыру одағайлары:



                                   Одағай





Пәндер