Файл қосу
Қазақстан Республикасының мемлекеттік аппаратының құрылымы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ | | |3 деңгейлі СМЖ құжаты |ОӘК |ПОӘК 042-18-20.1.20/03-2013 | |«Мемлекеттік қызмет және | | | |басқару» пәнінің |№1 басылым | | |оқу-әдістемелік кешені |.09.2013ж | | «Мемлекеттік қызмет және басқару» ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ «5В030400»- кеден мамандықтарына арналған ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР Семей 2013 Мазмұны 1. Глоссарий 2. Дәрістер 3. Практикалық және лабораториялық сабақтар 4. Курстық жұмыс 5. Студенттердің өздік жұмысы 1. Глоссарий |№ |Терминдік ұғым сөз |Ұғымдық мазмұны | |1 |«А» корпусы |Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын | | | |кадр резервіне іріктеудің және конкурстық | | | |іріктеудің ерекше тәртібі, сондай-ақ арнайы | | | |біліктілік талаптары көзделген басқарушылық | | | |деңгейдегі мемлекеттік әкімшілік лауазымдар | |2 |Ауысу |мемлекеттік қызметшіні атқарып жүрген қызметінен | | | |бір мезгілде босата отырып, Қазақстан | | | |Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен| | | |оны бос не уақытша бос мемлекеттік әкімшілік | | | |лауазымға тағайындау рәсімі | |3 |«Б» корпусы |«А» корпусына енгізілмеген мемлекеттік әкімшілік | | | |лауазымдар | |4 |Бiлiктiлiк талаптары |мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасуға үмiткер| | | |азаматтарға олардың кәсiптiк даярлық деңгейiн, | | | |біліктілігін және нақты мемлекеттiк әкiмшiлiк | | | |лауазымға сай келуiн айқындау мақсатында қойылатын| | | |талаптар | |5 |Лауазымды адам |билiк өкiлiнiң функцияларын тұрақты, уақытша | | | |немесе арнайы өкiлеттiк бойынша жүзеге асыратын не| | | |мемлекеттiк органдарда ұйымдастырушылық-өкiмдік | | | |немесе әкiмшiлiк-шаруашылық функцияларды | | | |орындайтын адам | |6 |Лауазымдық өкiлеттiктер |мемлекеттiк қызметшiлер өз қызметiн жүзеге | | | |асыратын мемлекеттiк органдардың алдында тұрған | | | |мақсаттар мен мiндеттерге сай келетін нақты | | | |мемлекеттiк лауазыммен көзделген құқықтар мен | | | |мiндеттер | |7 |Тәлімгер |мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған адамға | | | |бекітілген, оның кәсіби даярлығына практикалық | | | |көмек көрсететін мемлекеттік қызметші | |8 |Мансаптық жоспарлау | «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік | | | |қызметшісінің лауазымдық ауыстырылуы және кәсіби | | | |дамуы кезеңдерін айқындауға бағдарланған процесс | |9 |Мемлекеттiк әкiмшiлiк |Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес | | |қызметшi |мемлекеттiк органда кәсіби қызметін тұрақты | | | |негізде жүзеге асыратын мемлекеттiк қызметшi; | | | |вексель түрінде ұсынылған ақша мөлшері | |10 |Мемлекеттiк әкiмшiлiк |тиісті біліктілік талаптары бар мемлекеттік | | |лауазым санаты |әкiмшiлiк лауазымдар жиынтығы ұлттық валютаның | | | |курсын басқа елдердің валюталарына қарағанда | | | |көтерілуі | |11 |Мемлекеттiк қызмет |мемлекеттiк билiктiң мiндеттерi мен функцияларын | | | |iске асыруға бағытталған лауазымдық өкiлеттiктерді| | | |атқару жөнiндегi мемлекеттiк қызметшiлердiң | | | |мемлекеттiк органдардағы қызметi | |12 |Мемлекеттік қызметтің |бос мемлекеттік лауазымдарға орналасуға үміткер | | |кадр резерві |Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан | | | |Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен| | | |қалыптастырылған жүйеленген тізімі | |13 |Мемлекеттiк қызметшi |мемлекеттiк органда Қазақстан Республикасының | | | |заңнамасында белгiленген тәртiппен республикалық | | | |немесе жергiлiктi бюджеттерден не Қазақстан | | | |Республикасы Ұлттық Банкiнiң қаражатынан ақы | | | |төленетiн лауазымды атқаратын және мемлекеттiң | | | |мiндеттерi мен функцияларын iске асыру мақсатында | | | |лауазымдық өкiлеттiктерді жүзеге асыратын | | | |Қазақстан Республикасының азаматы | |14 |Мемлекеттік |мемлекеттік қызметшілердің осы Заңда, мемлекеттік | | |қызметшілердің қызмет |органдардың актілерінде белгiленген және жалпы | | |этикасы |жұрт таныған моральдық-этикалық нормаларға | | | |негізделген мінез-құлық қағидалары | |15 |Мемлекеттiк лауазым |мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық | | | |актiлерде белгiленген лауазымдық өкiлеттiктер және| | | |лауазымдық мiндеттер аясы жүктелген құрылымдық | | | |бiрлiгi | |16 |Мемлекеттiк саяси |тағайындалуы (сайлануы), босатылуы және қызметi | | |қызметшi |саяси-айқындаушы сипатта болатын және саяси | | | |мақсаттар мен мiндеттердi iске асыру үшiн жауапты | | | |болатын мемлекеттiк қызметшi | |17 |Мүдделер қақтығысы |мемлекеттік қызметшінің жеке басының мүдделері | | | |өзінің лауазымдық өкілеттіктерін тиісінше | | | |атқармауына әкеп соғуы мүмкін болатын кездегі | | | |мемлекеттік қызметшінің жеке басының мүдделері мен| | | |оның лауазымдық өкілеттіктері арасындағы қайшылық | |18 |Ротация |мансаптық жоспарлау шеңберінде «А» корпусының | | | |мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін олардың | | | |келісімімен лауазымдық ауыстырулар | |19 |Тағылымдама |мемлекеттік қызметшілердің, сондай-ақ мемлекеттік | | | |әкімшілік қызметтің кадр резервіне алынған | | | |адамдардың мемлекеттік органдардың жолдамасы | | | |бойынша тұрақты жұмыс орнынан тыс жерде кәсіби | | | |білім алуы мен тәжірибе жинақтауы | |20 |Тәлімгер |мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған адамға | | | |бекітілген, оның кәсіби даярлығына практикалық | | | |көмек көрсететін мемлекеттік қызметші | 2.Дәрістер Тақырып 1. Мемлекеттік басқарудың мазмұны. 1.Мемлекттік басқарудың түсінігі және қағидалары. 2.Мемлекеттік басқарудың объектілері. 3.Мемлекеттік басқарудың механизмі. 4.Мемлекеттік басқарудың әдістері. 5.Мемлекеттік басқарудың нысандары. 1.Қазіргі мемлекеттік басқарудың концепциясының әдістемелік негіздерін қалыптастыру Қазқстан Республикасындағы мемлекеттік құрылыс пен басқарудың тәжірибесі мен теориясын дамытуда өте маңызды орын алады. Мұнда әңгіме мемлекеттік аппараттың республикадағы әлеуметтік-экономикалық және саяси құрылыстарды жылдамдатуға арналған жаңа бағыттар туралы болып отыр. Еліміздің Президентінің Қазақстанның халқына арналған «Қазақстан 2030» жолдауында олар республиканың дамуының басымды бағыттары ретінде көрсетілген. Басқару әр түрлі нысандарда адамзат қоғамы пайда болғаннан бастап орын алған. Қоғамның неғұрлым дамуына байланысты басқарудың да, оған деген қажеттіліктің де мәні артып отырған. Басқарудың ажырамас қасиеті ретінде билік болып табылады. Бұл жерде екі жағдайды қарастыру қажет. Біріншіден, кім басқарады соған биліктік өкілеттіктер беріледі. Мұндай өкілеттіктер көлемі ұжымның алдына қойылған сұрақтарды тиімді және ұтымды шешу үшін жеткілікті болуы тиіс. Екіншіден, басқаруда бірлескен қызметтің қатысушылары басқарушы субъектінің (жетекшінің) еркіне бағынуы тиіс. Сонымен, біз басқарудың әлеуметтік институт ретіндегі мынадай мәнді белгілерін қарастырдық: а) басқару қоғамдық қажетті қызмет, жалпылама сипатқа ие, және адамдардың ұжымдасқан қызметі жүзеге асырылатын жерде көрініс табады; ә) басқару бұл басқарушылық шешімдерді әзірлеу, қабылдау және іс жүзіндегі жүзеге асырудағы адамдардың саналы, ерікті және мақсатты қызметі; б) басқарушылық әсер ету басқарудың негізі, ядросы болып табылады, қоғамдық жүйеге, оның құрамдас бөліктеріне, адамдардың әрекетіне жан-жақты әсер етеді, ұйымдастырушылық және реттеуші қасиеттерге ие; в) билік басқарудың бөлінбес белгісі ретінде адамдардың әрекетіне, объектілерге әсер етудің қажетті шарты болып табылады; г) басқарудың ұйымдастырушылық (әкімшілік) реттелінуі. 2. Мемлекеттік басқару мақсатты сипатқа ие және арнайы сұрақтарды шешуді қамтамасыз етеді. Дәл мемлекеттің өзіне 2030 жылға дейінгі бекітілген Қазақстанның даму стратегиясында көзделген міндеттері мен бостандықтарын жүзеге асыруда маңызды орын берілген. Мемлекеттік басқарудың сапалы ерекшеліктерін өзінің нормативті бекітілген мақсаты нақтылап береді. Олар Қазақстан Республикасының Конституциясында, жоғарғы өкілді және атқарушы органдардың заңдық және басқа да нормативтік актілерінде қалыптасады және өзінің көрінісін табады. Мемлекеттік басқарудың мақсаты Конституциялық заңдардың, Президент жарлықтарын және басқа да нормативтік актілердің күнделікті орындалуы мен жүзеге асыруы болып табылады. Мемлекеттік басқару барлық қоғамның мүддесін білдіреді, басқарудың барлық саласының дамуын үйлестіреді. Басқарушылық қызметтерді күнделікті орындау үшін мемлекеттің атынан қоғамдағы басқаруды жүзеге асыратын арнайы аппарат құрылады. Мелекеттік басқару – ерекше субъектілер тобының (органдардың, лауазымды адамдардың) экономика, әкімшілік-саяси және әлеуметтік – мәдениет аяларына басшылық жасау процесінде міндеттер мен функцияларды іс жүзінде орындаудан тұратын заңға тәуелді, заңдық биліктік, ұйымдастыру қызметі. Мемлекеттік басқару мыналармен сипатталады: қоғамдық пайдалы қызметтің нақтылы түрімен; бұл қызметтің атқару-өкім ету сипатымен; арнайы уәкілетті субъектілердің жүзеге асыруымен; күнделіктігімен және үзіліссіздігімен; заңға тәуелді сипатымен; қызметінің әр түрлі нысандарымен (құқық шығару; құқық қолдану, шарт жасасу) 3. «Мемлекеттік басқару жүйесі» мен «мемлекеттік басқару механизмі» ұғымдары өзара байланысқан және бір-бірінен бөлектелмейді. Механизм мемлекеттік басқарудың үш тарапының – ұйымдастырушылық-құрылымдық (жүйе), функционалдық (мазмұнды) және қоғамдық жүйеге басқарушылық әсер етудің өзара байланысын көрсетеді. Кез-келген мемлекеттік органның ұйымдастырушылық құрылымы оның қызметінің мазмұнымен, тікелей қызметімен анықталатыны белгілі. Бұлай мемлекеттік аппаратқа да қатысты айтуға болады: мемлекеттің ұйымдастырушылық құрылымы оның қызметімен анықталады. Осылармен қатар әңгімені мемлекеттік басқарудың әдістері мен нысандары, мәні мен мазмұны жөнінде өткен дұрыс. Басқарудың ең мәнді белгісі ретінде оның мақсатты сипаты болып табылады(Қазақстан Республикасының стратегиялық дамуын қамтамасыз ету, қоғамдық өмірді жоғары ұйымдастыру т.б.) Аталғандарды ескере келе мемлекеттік басқарудың механизмін былай анықтауға болады: мемлекеттік аппараттың жүйесінің әрекет етуі, қоғамдық жүйеге мақсатты әсер ету. 4. Басқару тәжірибесінде екі негізгі бағыттың қалыптасуы, олар арқылы басқару функциялары жүзеге асырылады:1)мемлекеттік басқару; 2) қоғамдық басқару. Олар бір-бірін толықтырып тығыз қатынаста болады, бұл арқылы тұтастай әлеуметтік жүйенің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Мемлекеттік және қоғамдық басқару органдардың жүйесі конституциалық қағидалардың негізінде қызметін атқарады. Қазақстан Республикасы қызметінің негіз салушы конституциалық қағидаларына мыналар жатады: қоғамдық келісім және саяси тұрақтылық, халықтың игілігі үшін экономиканың дамуы, қазақстандық патриотизм, демократиялық әдістермен мемлекет өмірінің маңызды сұрақтарын шешу т.б. Бұл Қазақстан Республикасының мемлекеттік және қоғамдық басқарудың фундаментін анықтайды. Бірақ бұл екі басқаруда бір-бірінен айырмашылықтары да бар қоғамдық органдардың басқарушылық функциаларының көлемі мемлекеттік аппараттың функциаларына қарағанда бір деңгейде тұрмайды. Мемлекет үлкен және кең көлемдегі қоғамдағы басқару функцияларын атқарады. Ал қоғамдық басқару мемлекеттік емес азаматтардың бірлестігінің ішкі ұйымдастырушылық қызметін реттеуге бағытталған. Өзін өзі бақылаудың сұрақтары 1.Мемлекттік басқарудың түсінігі және қағидалары. 2.Мемлекеттік басқарудың объектілері. 3.Мемлекеттік басқарудың механизмі. 4.Мемлекеттік басқарудың әдістері. 5.Мемлекеттік басқарудың нысандары. Ұсынылатын әдебиет 1.Уваров В.Н. Государственная служба и управление. Петропавловск: СКЮА, 2004. 2.Чиркин В.Е. Государственное управление - М.: ЮРИСТ, 2002. 3.Байменов А.М. Государственная служба в Республике Казахстан. Астана, 2000. 4.Пикулькин А.В. Система государственного управления - М.: ЮНИТА-ДАНА,2001. 5.Глазунова Н.И. Система государственного управления - М.: ЮНИТА-ДАНА, 2002. 6.Оболонский А.В. Государственная служба - М.: ДЕЛО, 2000. 7.Старилов Ю.Н. Служебное право - М.: БЕК, 1996. 8.Атаманчук Г.В. Теория государственного управления. Курс лекц. М.:Юр.лит. 1997. Тақырып 2. Мемлекеттік органның құқықтық мәртебесі. 1.Мемлекеттік органның түсінігі және жіктемесі. 2.Мемлекеттік органның құрылу тәртібі. 3.Мемлекеттік органның құзыреті. 1.Мемлекеттік аппарат – бұл қоғамды басқару үшін арнаулы құрылған мемлекет органдарының біртұтас жүйесі. Оның нышандары: мемлекет қоғамды басқаратын және тек қана қызметпен шұғылданатын адамдардан тұрады; мемлекеттік аппарат мекеме мен органдардың байланыс жүйесі; мемлекет органдарының қызметі ұйымдастырушылық, материалдық және әкімшілік кепілдіктерімен қамсыздандырылады; мемлекеттік аппарат азаматтардың заңды мүдделер мен құқықтарын қорғау үшін құрылады . Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 2-бабында: «Мемлекеттік қызмет – азаматтардың мемлекеттік органдар мен олардың аппаратында конституциялық негізде жүзеге асырылатын және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыруға, мемлекеттің өзге де міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған кәсіби қызмет» делінген . Мемлекеттік аппаратың ерекше ішкі құрылысы бар: олардың арасындағы қатынастар бір жүйеге біріктіріледі. Бұл жүйенің негізін экономика, саяси қарым-қатынастар, сана-сезім құрайды. Осы жүйеде әрбір органның өзінің орны, бір-бірімен қарым-қатынастары, қызметінің негізгі принциптері көрсетіледі. Дамудың әрбір кезінде мемлекеттік органдардың орындайтын қызмет бабы және істері өзгеріп отырады. Шығыс мемлекеттерде бүкіл аппаратты бір орталыққа бағындыратын – патшаның билігі орнаған Парламенттік республикада негізгі функциялар парламенттің қолында болады. Мемлекеттік аппарат дамуының объективтік бағыттары байқалады: бюрократизация, дифференция, профессионализмнің өсуі. Мемлекеттің әрбір типіне мемлекеттік аппараттың ерекше нышандары сәйкес келеді. Мемлекеттік қызмет – конституциялық негізде баянды етілетін азаматтардың мемлекеттік органдар мен оның аппаратындағы мемлекеттік басқаруды, басқа да мемлекеттік міндеттер мен қызметтерді атқаруды жүзеге асыратын кәсіптік қызметі . Әдетте заң әдебиеттерінде «мемлекеттік аппарат» және «мемлекет механизмі» түсініктері синоним сөздер ретінде қолданылады. Мемлекеттік аппарат – бұл мемлекеттің басқарушылық қамтамасыз етушілік және қорғаушылық функцияларын іске асыру бойынша жұмыстарын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың, мекемелер мен ұйымдардың біртұтас, иерархиялық жүйесі /3, 5б./. Мемлекет аппаратының, оның барлық бөлімшелерінің мазмұнын қоғамдық өмірдің барлық салаларының тиісті ұйымдасуы мен тиімді қызмет етуін қамтамасыз етуге бағытталған басқарушылық, ұйымдастырушылық қызмет құрайды. Бұл қызметтің нысандары көп жағдайда басқарудағы заңдар мен құқықтық механизмдердің қолданылу шамасына байланысты. Осыған сәйкес, мемлекеттік аппарат қызметінің келесі нысандарын бөліп қарастыруға болады: 1) тікелей басқарушылық – бұл ғылыми ұсыныстар жасаумен, тәжірибе алмасумен байланысты, құқықтық сипатты иеленбеген қызмет түрлері; 2) құқықтық нысандар – бұл құқықтық заңды сипаттағы қызмет түрлері, яғни, олар барлық субъектілер үшін міндетті болып табылады және мемлекеттік міндетті салдарды туындатады. Мемлекет аппараты қызметінің негізгі құқықтық нысандарына мыналар жатады: а) құқықшығармашылық қызмет – бұл нормативтік актілер жобаларын дайындауға, оларды қабылдау мен жариялауға байланысты қызмет; б) құқыққолданушы қызмет – бұл құқықтық нормаларды жүзеге асырумен байланысты қызмет; в) құқыққорғаушы қызмет – бұл заңдардың сақталуын бақылаумен және қадағалаумен, кінәлі тұлғаларды заңды жауапкершілікке тартумен т.б. байланысты қызмет. Осы жерде мемлекеттік аппараттың жалпы сипаттағы белгілеріне тоқталып өтелік. Біріншіден, мемлекеттік аппарат арнайы басқарумен шұғылданатын адамдардан тұрады (заң шығарумен, заңды орындаумен, оларды бұзудан қорғайды). Екіншіден, мемлекеттік аппарат органдардың және мекемелердің қиын жүйесі, өздерінің негізгі билік қызметтерін іске асыруға тығыз байланыста болады. Үшіншіден, мемлекеттік аппарат бөліктерінің барлық қызметтері ұйымдастыру және қаржы құралдарымен қамтамасыз етіледі . 2 .Қазақстан Республикасының мемлекеттік аппаратының құрылымы Өкілетті органдар Қазақстан Республикасының мемлекеттік аппаратының құрылымына мыналар жатады: 1) өздерінің тікелей биліктік функцияларын жүзеге асыру барысында тығыз байланыстағы және өзара бағыныстылықтағы мемлекеттік органдар; 2) биліктік өкілеттіктерге ие емес, алайда, экономика, білім беру, мәдениет, денсаулық қорғау, ғылым т.б. салаларда жалпы әлеуметтік функцияларды атқаратын мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар; 3) басқарумен арнайы айналысатын мемлекеттік қызметшілер; 4) мемлекеттік аппараттың қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті ұйымдастырушылық, қаржылық және күштеу құралдары. Мемлекеттік аппараттың өздерінің қызметтерін жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік органдардан тұрады. Мемлекеттік орган дегеніміз – бұл мемлекеттік міндеттерді орындаушы және осы мақсатта сәйкес биліктік өкілеттікерді иеленген ұйым немесе мекеме. Мемлекеттік органдар бірнеше топқа бөлінеді, олар атқаратын қызметтеріне сәйкес жүйе-жүйеге, сала-салаға жіктеледі. Мемлекеттік органдар өкілеттігінің шеңберіне қарай үш топқа бөлінеді: - мемлекеттік билік органдары; - мемлекеттік атқару органдары; - сот билігі. Республика Президенті мемлекеттік аппаратта ерекше орын алады. Бірақ ол үш биліктің біріне де жатпайды. Ол мемлекет билігінің барлық тармақтарының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді . Жоғарғы өкілеттік органдарды халық сайлайды. Парламент – заң шығару функциясын жүзеге асыратын Республиканың ең жоғарғы өкілді органы. Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі палатадан: Сенат және Мәжілістен тұрады. Сенат облыстардан, республикалық маңызы бар қаладан және астанасынан екі адамнан тиісінше барлық өкілді органдары депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан тұрады. Жеті депутатты Президент тағайындайды. Мәжіліс Республиканың әкімшілік-аумақтық бөлінісі ескеріле отырып, құрылатын және сайлаушылар саны шамамен тең бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын алпыс жеті депутаттардан тұрады. Негізінде заң шығару тек парламенттің құзыреті, бірақ кейде басқа жоғарғы органдар осы жұмысқа кіріседі. Парламент кейбір заңдарды қабылдау құқығын Президентке береді, оны делегаттық заңдылық деп атайды. Қазақстан тарихында екі палаталық парламент 1995 жылғы Конституциясында жарияланған. Бұл Парламенттің қабылдаған заңдарының сапасын көтеруге, парламентті біршама тұрақты және орнықты органға айналдыру үшін қолданған шара. Қазақстанның сайлау жүйесі мажоритарлық типке жатады, сайлауға депутаттар жиырма бес жасқа толуы керек. Қазақстан парламентінің ерекшелігін жоғарғы палатасының құрылуы және оның қызмет бабы көрсетеді. Депутаттардың бір жартысы екі жылға, ал екінші жартысы төрт жылға сайланады. Сенатқа отыз жасқа толған адамдар депутат болып сайланады. Парламент негізгі заң шығарушы орган. Парламенттің сессиясы оның палаталарының бірлескен және бөлек отырыстары түрінде өткізіледі. Парламенттің үйлестіруші органдары – бюро, жұмыс органдары – тұрақты комитеттері, бірлескен комиссиялары болып табылады. Президент мемлекеттің жоғарғы қызметкерлерін тағайындағанда парламент келісімін береді, олардан есеп алады, соғыс және бітім мәселелерін шешеді, халық референдум тағайындау туралы бастама көтереді, конституциялық заңдылық туралы жыл сайын жолдауын тыңдайды, өзінің ішкі сұрақтарын шешеді, және басқа да Конституция жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады . Қазақстан Республикасының Конституциясының 54-бабына сәйкес, Парламент палаталарының бөлек отырысында мәселелерді әуелі Мәжілісте, ал содан кейін Сенатта өз кезегімен қарау арқылы: 1) заңдар қабылдайды; 2) республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы есептерді, бюджетке енгізілетін өзгертулер мен толықтыруларды талқылайды, мемлекеттік салықтар мен алымдарды белгілейді және оларды алып тастайды; 3) Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының мәселелерін шешу тәртібін белгілейді; 4) мемлекеттік наградаларды тағайындайды, Республиканың құрметті, әскери және өзге де атақтарын, сыныптық шендерін, дипломатиялық дәрежелерін белгілейді, Республиканың мемлекеттік рәміздерін белгілейді; 5) мемлекеттік заемдар мен Республиканың экономикалық және өзге де көмек көрсетуі туралы мәселелерді шешеді; 6) азаматтарға рақымшылық жасау туралы актілер шығарады; 7) Республиканың халықаралық шарттарын бекітеді және олардың күшін жояды. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық Заңының 9-бабына сәйкес, Палаталарды мемлекеттік тілді еркін меңгерген өз депутаттарының арасынан Палаталар депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен жасырын дауыс беру арқылы Сенат пен Мәжіліс сайлаған төрағалар басқарады. Сенат Төрағасының қызметіне кандидатураны Қазақстан Республикасының Президенті ұсынады. Мәжіліс Төрағасының қызметіне кандидатураларды Палатаның депутаттары ұсынады . Палаталар әр Палатада саны жетіден аспайтын тұрақты комитеттер құрады. Палаталардың бірлескен қызметіне қатысты мәселелерді шешу үшін Сенат пен мәжіліс тепе-тең негізде бірлескен комиссиялар құруға хақылы. Комитеттер мен комиссиялар өз құзырындағы мәселелер бойынша қаулылар шығарады. Комитеттер мен комиссияларды құру, олардың өкілеттігі және қызметін ұйымдастыру тәртібі заңмен белгіленеді. Парламент Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар Қазақстан Республикасының заңдары, Парламенттің қаулылары, Сенат пен Мәжілістің қаулылары түрінде заң актілерін қабылдайды. Республиканың заңдары Республика Президенті қол қойғаннан кейін күшіне енеді . Өзін өзі бақылаудың сұрақтары 1.Мемлекеттік органның түсінігі және жіктемесі. 2.Мемлекеттік органның құрылу тәртібі. 3.Мемлекеттік органның құзыреті. Ұсынылатын әдебиет 1. Бахрах Д.Н. Административное право. Учебник, изд. «Бек», М., 1996. 2.Таранов А.А. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқығы. Академиялық курс. Алматы, “ҚазГЗУ Баспа үйі” ЖШС, 2003. 3.Таранов А.А. Административное право Республики Казахстан. Академический курс. Алматы, ТОО “Баспа”, 2000. 4.Овсянко Д.М. Административное право: Учебное пособие.Москва,Юристъ, 2000. 5.Административное право Республики Казахстан: Часть особенная: учебник для юридических вузов. Отв.ред. Таранов А.А. Алматы, Жеті Жарғы, 1997. Тақырып 3. Әлеуметтік жүйе мемлекеттік басқарудың объектісі ретінде. 1.Адам әлеуметтік жүйенің негізгі элементі ретінде 2.Азаматтардың бірлесуінің ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны 3. Халықтың аумақтық принцип бойынша бөлінуі 4. Халықтың өндірістік принцип бойынша бөлінуі 5.Мемлекеттік басқарудағы салалық және қызметтік бастамалар 6.Мемлекеттік басқарудың субъектілері мен объектілерінің өзара байланысы 7. Мемлекеттік басқару жүйесінің “сыртқы саласы” 1. Тұлға – басқарудың тұтас, жүиелік объектісі – адамның биологиялық, әлеуметтік және рухани қасиеттерінің органикалық бірлігі. Осыған сәйкес басқарушылық әсер етудің тікелей объектісіне азаматтардың сыртқы бақылауы мен реттеуіне жататын әрекеттері, яғни адамдардың ерікті (саналы) әрекеттері жатады. Әр адамға өздерінің материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында көптеген қоғамдық қатынастарға қатысуға кең ауқымды мүмкіндіктер беріледі. Мемлекет қоғамдағы ең өзекті қатынастарды құқықтық нормалардың көмегімен реттейді. Осылайша құқық қоғамдық жүйедегі қажетті тәртіп пен тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Сонымен қатар мемлекет адамға әр түрлі қоғамдық қатынастардың қатысушысы ретінде ерекше заңдық қасиет – құқықтық мәртебе береді. Құқықсубъектілік дегеніміз – бұл құқық субъектісінің (адамның, азаматтың) құқықтар мен міндеттерге ие болуы, белгілі бір құқықтық қатынастардың қатысушысы болу қабілеті. Осымен қатар құқық субъектісінің өзінің субъективті іс әрекетін жүзеге асыруға көрсетілген заңдылық бойынша құқығы болады. Субъективті құқықтың көлемі мен сипаттамасы және заңдық міндеттемесі бойынша азаматтың жалпы және арнайы құқығының мәртебесін айыруға болады. Азаматтық институты мемлекет пен адамдардың қарым-қатынасын бекітеді. Заңдық кепілдіктер – азаматтардың құқықтық мәртебесінің сипаттамасын толықтырады. Жалпы және арнайы кепілдіктер Конституция мен Қазақстан Республикасының әрекет етуші заңдылығымен анықталған. 2. Әлеуметтік жүйедегі жалпылаудың жоғары деңгейінде мемлекеттік басқару объектісі ретінде экономикалық, әлеуметтік, және саяси-әкімшілік салалары қарастырылады. Басқару объектісі ретінде өндірістер, мекемелер әр түрлі ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер және т.б. қарастырылады. Аталған объектілердің құққықтық субъективтілігі олардың мемлекеттік тіркеуден өту уақытынан пайда болады. Осы көрсетілген тәсілмен басқару объектілерінің құқықтық мәртебе сипаттамасымен байланысты. 3. Мемлекеттік басқарудың объектісі ретіндегі қоғамдық жүйені құрылымға бөлудің келесі деңгейіне ол халықты аумақтық принцип бойынша бөлу болып табылады. Біздің ата заңымыз Конституция бойынша республика территориясы біртұтас, бөлінбейтін және ешкімнің қолсұқпаушылығы танылған. Мемлекеттік шекараны қорғаудың құқықтық негіздері «ҚР-ың мемлекеттік шекарасы туралы» 13 қаңтар 1993 ж. Қабылданған арнайы заңмен анықталады. Қазақстан Республикасының шекарасы дегенiмiз Қазақстан аумағының шегiн - құрлығын, суын, жер қойнауын және әуе кеңістiгi айқындайтын сызық және осы сызық бойынша тiгiнен өтетiн жазықтық. Мемлекеттiк шекараны Қазақстан Республикасы егемендi құқықтарының бүкiл билiгiне ие болатын аумақтық (құрғақ, су, жер қойнауы, әуе кеңiстiгiнiң) заң жүзiнде баянды етiлген кеңiстiгi шегiн анықтайтын сызық ретiнде қарастырады. Қазақстан Республикасы әкiмшiлiк-аумақтық құрылысының жүйесiне мынадай әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер кiредi: ауыл (село), поселке, ауылдық (селолық) округ, қаладағы аудан, қала, аудан, облыс. Қазақстан Республикасы аумағының республикалық және жергiлiктi мүдделерiн қолайлы ұштастыру негiзiнде мемлекеттiк басқаруды жүзеге асыру негiзгi екi категорияға - аймақтарға және елдi мекендерге бөлiнедi. 4. Өндірістік принцип бойынша халықтың бөлінуі, әлеуметтік жүйе мемлекеттік басқарудың маңызды бөлігі ретінде сипатталады. Мұнда мемлекет саясаты қоғамдық еңбек ұйымдары, қоғамдық еңбек ресурстарын қолдану аясында жүргізіледі. Мемлекет әлеуметтік-экономикалық салада еңбек құқығын жүзеге асыруға Қазақстан шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ тұлғаларға мамандық таңдауына кепілдік береді. Халықтың өндірістік бөліну принципі мемлекеттік саясаттың білім аясында жүргізілуіне байланысты. Жаңа мемлекет құруда, қоғамның әлеуметтік- экономикалық жаңарылуы кәсіби білімді дамытуға және жоғарғы білікті мамандарға сұраныс туғызады. Экономиканың әлеуметтік, әкімшілік-саяси құрылста жан-жақты мамандарды дайындау, еңбек нарығы талаптарына сәйкес мамндарды оқыту, барлық категориялы жұмыскерлердің біліктілігін жоғарылату – білім мен халықты жұмыспен қамтамасыз ету аясында жүргізілетін мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі болып табылады. 5. Ұйымдық – техникалық аспектіде сала мамандырылған өнеркәсіп жиынтығын құрады (мекемлер, ұйымдар). Ол өз ретінде халықтың материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсаты мен басқа да қоғамдық маңызы бар қызметтерді атқарады, сонымен бірге салалық түрге сай басқа да топ субъектілерінің мүдделерін қамтиды. Әр сала қоғам өмірінің жеке-жеке әлеуметтік саласының (экокномикалық, әлеуметтік, әкімшілік саяси құрылыс) нақты түріне жатады. Өзінің қажетті қоғамдық функцияларын орындай отырып азаматтардың материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандырады. Заңдылық арқылы нақты сұрақтар анықталады, ол арқылы мемлекет әр саланың дамуын қамтамасыз етеді. Мемлекеттік басқаруда салалық бастауларды шығарудың ең маңызды астары оның сипаттамасы болып табылады, бірақ ол жалғыз емес. Оның басқа астары әлеуметтік бастауларда функционалдық түрде бекітіледі. Осыған сәйкес қосымша әлеуметтік жүйенің салааралық және аумақтық «кесулер» жатады. «Қазақстан – 2030» даму стратегиясында айтылғандай «Ведомствоаралық және аумақаралық үйлестіру ауа тәрізді қажет, ол қойылған мақсаттарға жету саяси биліктің көрінісі». Басқару объектісі ретінде қалыптасып келе жатқан әлеуметтік, экономикалық жүйе біртұтас биліктік органның болуы қажет, стратегиялық мәселелерді шешудегі ведомстволардың қызметі мен күшін бақылау үшін қалыптастырады. 6. Мемлекеттік басқару жүйесі өз қызметінің түрі бойынша экономикалық, әлеуметтік немесе әкімшілік-саяси қоғамдық өмірдің салаларына кіретін мамандырылған мекемелердің, ұйымдардың, өндіріс орталықтарының мемлекеттік органдардың байланыстарынан ғана тұрмайды. Осыған, сонымен қатар, басқарудың субъектілері мен объектілер арасындағы белгілі ұйымдық байланыстары кіреді. Мемлекеттік басқару біржағынан, басқарушы жүйе ұйымының әрбір объект сыныптарымен, басқа жағынан, басқарудың субъектісі мен объектісі арасындағы қатынастарды орнатумен сипатталады. Соңғылардың өзара қатынастары тікелей және кері байланыс деп аталатын жолдарымен жүзеге асады. Сонымен, мемлекеттік басқару жүйесіндегі ең маңыздысы болып, субъектілердің (мемлекеттік орган) және объектілердің (қоғамдық жүйе) тура және кері байланысы болып табылады. Қоғамдық үрдістерді басқару мазмұны мен мәні тек осылармен анықталады. Ал мемлекеттік аппараттың ішкі өзара байланысына тоқталсақ, олар өздерінің функционалдық қызметіне байланысты басқару субъектісінің ішкі ұйымдасуына оның нақты үйлестірілген жұмысына бағытталған. Нормативті түрде орнатылған байланыстар мемлекеттік органдар жиынтығына сапалы түрде жүйені қамтамасыз етеді, олар өз кезегінде қызмет етеді және қоғамның тарихи және әлеуметтік – экономикалық даму шарттарына бейімделеді. 7. Мемлекеттік басқару жүйесі өзінің барлық қатынасты жекебастылығымен, тұрақтылығымен, автономиясымен «сыртқы ортамен» өзара іс-әрекет жасайды. Бұл жерде сыртқы ортамен байланыстың айрықша түрі қарастырылады. Бұл адаммен табиғат арасындағы өзара іс-әрекетпен, халыққа жұмыс және көмек көрсетумен, қоғамдық құрылымдармен және т.б. байланысты қатынастар. Кең мағынада алғанда сыртқы орта – бұл басқарудың жеке салалары, жалпы мемлекеттік басқару жүйесі қызмет атқаратын саяси, экономикалық және өзге жағдайлар. Мемлекеттік басқару жүйесінің сыртқы объективті жағдайлардың алғашқы қатарында табиғи-географиялық түрі тұрады. Мемлекеттік басқаруды қалыптастыратын объективті жағдайлардың екінші қатарына құрылымдық- функционалдық байланыс «табиғат-қоғам» жатады. Бұл фактор адаммен табиғат байланысын көрсетеді. Қазақстан елі 70 жыл бойы өмір сүрген ескі саяси және экономикалық жүйеден нақты түрде бас тартты. Қазіргі таңда жаңа мемлекет өмір сүреді, өзгеше саяси және экономикалық жүйесі қалыптасуда, құндылықтар жүйесінің сапалы түрі мен қоғамдық қатынастардың жаңа бағыты құрылуда. Республика дамуының күшті жақтарының бірі саяси тұрақтылық пен жалпы қоғамның бірлігі болып есептеледі. Мемлекеттік басқару жүйесінің қызмет етуінің маңыздысына сыртқы фактор жатады. Бұл жерде ҚР географиялық, геосаяси және геоэкономикалық жағдайы қарастырылады. Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару жүйесінің дамуының тағы бір сыртқы факторына шетел мемлекеттер тарапынан қолдау көрсетудегі қосымша мүмкіндіктерді және әлеуметтік-экономикалық, саяси қайта қалыптасатын елдерде жүргізілетін ақшалық ұйымдарды пайдалану кіреді. Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару жүйесінің сыртқы факторларды есептей отыра дамуы әлемдік және ұлттық мәдениет қатынастар сұрағындағы стратегиясын анықтаумен тікелей байланысты. Шетел тәжірибесін зерттеу және пайдалану мемлекеттік құрылыс саласында айрықша маңызға ие, себебі Қазақстан стратегиялық таңдау алдында тұр, яғни алдыға жылжудың жолын анықтау. «Қазақстан-2030» стратегиясында қоғам дамуының әр түрлі моделдері қарастырылады. Өзін өзі бақылаудың сұрақтары 1.Адам әлеуметтік жүйенің негізгі элементі ретінде 2.Азаматтардың бірлесуінің ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны 3. Халықтың аумақтық принцип бойынша бөлінуі 4. Халықтың өндірістік принцип бойынша бөлінуі 5.Мемлекеттік басқарудағы салалық және қызметтік бастамалар 6.Мемлекеттік басқарудың субъектілері мен объектілерінің өзара байланысы 7. Мемлекеттік басқару жүйесінің “сыртқы саласы” Ұсынылатын әдебиет 1. В.И. Григорьев. Административное право Республики Казахстан. Общая часть. Альбом схем и толковый словарь (учебно-наглядное пособие). Алматы, 2003. 2.Жампиисов С.Д., Нұрбаев Н.К., Қарамурзин Т.А. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқығы бойынша 100 сұрақ пен 100 жауап. Оқу құралы. Семей, 2002. 3.Б.Жетписбаев. Административная ответственность в Республике Казахстан. Учебное пособие. Алматы, “Дәнекер”, 2000. 4.Матюхин А. Государство в сфере права: инвеституционный подход.- Алматы: ВШП «Әділет»,2000. 5.Сапаргалиев Г.С. Конституционное право Республики Казахстан. - Алматы: Жеті Жарғы, 1998. Тақырып 4. Мемлекеттік басқарудың функциялары, нысандары және әдістері. 1.Мемлекеттік басқарудың саясаты мен мақсаты 2.Мемлекеттік басқарудың функционалдық құрылымы 3.Мемлекеттік басқарудың әдістері 4. Мемлекеттік басқарудың нысандары 1.Мемлекет қоғамның маңызды және күрделі саяси институты ретінде нақты құрылымға; ішкі бөлімше басқаруына ие. Әрбір мемлекеттік орган құрылым және кадрлармен анықталған өкілеттілік беруінде мемлекет атынан әрекет етеді. Мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы объективтік шарт ықпалымен және қоғамдық даму фактілерімен; сонымен қатар мемлекеттік басқарудағы субъективтік шарттармен құрылады. Объективттік шарт және факторлар белгілі мемлекетте құрылып фукцияланған ішкі ортаны құрады. Мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық құрылымының шетелдік моделін жергілікті объективті жағдайларға бейімделмей механикалық ауыстыру немесе көшіріп алу аз пайдалы болады. Немесе керісінше; жергілікті объективтік жағдайлар және қоғамдық даму фактілерінің есебі мемлекеттік басқарудың тиімділігін қамтамасыз етеді және мемлекеттік құрылымның ұйымдастырушылық моделін құрастыруға рұқсат береді. Мемлекеттік аппараттың және мемлекет механизмінің негізгі элементі болып толығымен мемлекеттік орган табылады. Мемлекеттік органдар нақты сапалы белгілерге ие. Оларға: А) мемлекеттің еркі бойынша және заңдық тәртіпте органдардың құрылуы; Ә) мемлекеттік аппараттың құрылуында органдардың орнын және рөлін анықтау; Б) мемлекеттің міндетінен және қызметінен туындайтын арнайы қызмет және қызметтің құқықтық-ұйымдастыру нысанын жүзеге асыру; В) қызмет аясына тең мемлекеттік-билік өкілеттігін беру; Г) заңда бекітілген ұйымдастырушылық құрылымның жиынтығы (мемлекеттік лауазымды болу т.б.); Ғ) Кәсіби негізде мемлекеттік органдардың құзыреттілігін жүзеге асыратын адамдардың ерекше тобының жиынтығы; Д) өз атынан және мемлекет атынан түсуі; Е) азаматтардың құқықтары мен заңдық мүдделерін қорғау және кепілдік беру; Ж) мемлекет алдындағы жауапкершілігі. 2. Пайда болған мемлекеттік аппарат толық жүйе ретінде бөлек жүйе астынан тұрады, нақты айтқанда мемлекет қызметінің аясында өзінің міндетін және құзіреттілігін шешетін органдардың жеке топтарынан тұрады. Мемлекет органдары бір-бірінен пайда болуымен, құзіреттілік сипатымен көлемінен, мемлекеттік қызметті атқаруда әдіс-тәсілдерімен ерекшеленеді. Құзырет мемлекеттік органдардың құқықтық мәртебесін басты құрамдас бөлігі болып одан мемлекеттік басқарудың салық жүйесінің қызмет етуімен байланысты болады. Мемлекеттік органдарды жіктеуге, мемлекет нысаны, басқару нысаны, мемлекеттік құрылыс нысаны, әсер ететіні сөзсіз. 3. Мемлекеттік орган басқа мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдардан (мекеме, ұйым және т.б.) әлдеқайда ерекшеленеді: Қазақстан Республикасының заңнамасында мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік органдар мен мемлекеттік ұйымдарға анықтама беруге тырысқан. Сонымен, мемлекеттік орган болып бекітілген заңнама тәртібінен құрылған, мемлекеттік басқару және бақылау қызметін орындауға құзыретті мемлекеттік мекеме табылады. Мемлекеттік органдардың құқықтық мәртебесін анықтау тәртібін унификациялау мақсатында Қазақстан Республикасында арнайы Ереже әрекет етеді. Ол Үкіметке және барлық денгейдегі әкімдерге бағынышты және есеп беретін мемлекеттік органдарға таралады. Мемлекеттік органды құрушы болып мемлекет атынан Президент, Үкімет, астана, облыс әкімдерімен жүзеге асады. Құрылуы туралы құжат болып мемлекеттік орган құру туралы акт және ол туралы ереже болады. Мемлекеттік органды қаржыландыру тек мемлекеттік бюджет есебінен жүргізіледі. Бекітілген тәртіпте мемлекеттік органның атауы, оны құру туралы актімен анықталады. Мемлекеттік органдар заңды тұлға болып табылады, өз атауы бар мөрі мен штамптары, бекітілген үлгідегі бланктері, сондай-ақ заңдалыққа сәйкес банкілік есепшотқа ие. Мемлекеттік орган азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түсе алады. Азаматтық-құқықтық қатынастарда мемлекеттік орган мемлекет атынан түсе алады. Азаматтық-құқықтық қатынастарда мемлекеттік орган мемлекет атынан қатыса алады егер ол оған заңнамаға сәйкес құзыреті болса. Егер мемлекеттік органға заңнамаға сәйкес пайда әкелетін қызметпен айналасуға рұқсат берілсе, онда бұл қызметпен түскен пайда, мемлекеттік бюджет пайдасына жіберіледі. Мемлекеттік органды құру барысында бұлжытпай оның қызметі, негізгі міндеттері мен құзыреті анықталады. Мемлекеттік органның міндеттері мыналарды анықтайды: А) ҚР заңшығарушы актілерімен; Ә) мемлекеттік органды құру туралы актімен; Б) Мемлекеттік орган туралы Ереже. Бұл уақытта органның құзыреті анықталады, оның негізгі міндеттері мен қызметтерін жүзеге асыру үшін. Өз қызметін жүзеге асыру үшін мемлекеттік орган жедел басқару құқығындағы мүлікпен қамтамасыз етіледі. Мемлекеттік органның мүліктік кешені мемлекет бөлген мүлік есебінен құрылады, және негізгі қорлар мен айналым құралдарынан тұрады, олардың құны мемлекеттік органның барысында көрініс табады. Республикалық мемлекеттік органның атына тіркелген мүлік актісінің негізінде мемлекеттік меншікке жатқызылады. Орган атына тіркелген мүлік, сәйкес әкімшілік территориалдық бірлік есебінен құрылған коммуналдық меншікке жатқызылады. Мемлекеттік органға мүлік билік ету құқығы берілуі мүмкін. Мемлекеттік органның құрылуы мемлекет пен қоғамның дамуының объективті, субъективті факторы ретінде анықталады. Айтып кеткендегі объективті факторларға, мемлекеттік басқарудың объектісі ретіндегі әлеуметтік жүйенің қажеттілігінен туындайды. Субъективтік факторлар нарықтық жағдайда мемлекеттің қызметін орындап және міндеттерін шешуге бейімделген мемлекеттік органды қалыптастырумен байланысты. 1. Мемлекеттік саясат- көп жақты түсінік, мемлекет және қоғамның жағдайын және ішкі процестерін бейнелейді. Мемлекеттің саясаты ауқымы бойынша бүкіл қоғамды қамтиды, яғни, тіршілік әрекетінің негізгі саласы ретінде танылады. Ол стратегиялық бағыты бойынша қоғам дамуының жұмысын болжайды. Ол әрбір адамның экономикалық, саяси және т. б. құқықтар мен бостандықтарын қамтамасыз етеді. Алдымен мемлекеттік басқарудың мақсатын ерекше атап өту керек. Берілген мақсат мемлекет және қоғамның стратегиялық бағытының дамуын білдіреді. Ерекше әлеуметтік маңызын ескере отырып, стратегиялық мақсат Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген. Қазақстан Республикасының Конституциясының 1 бабында «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары». Берілген мақсат қоғаммен бекітілген, өйткені Конституция халықпен 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған. Халық мемлекет билігінің қайнар көзі ретінде республикалық референдум арқылы оны іске асырады және өзінің қатынасы арқылы мемлекет дамуының стратегиялық бағытын анықтайды. Сонымен қатар, мемлекеттің және қоғамның болашақтағы жағдайын анықтайды. Стратегиялық мақсат жоғарғы заңдық күшіне ие болады және басқа деңгейдегі мақсаттарды қалыптастыру негіз болып табылады. 2. Мемлекеттік басқарудың негізгі функционалдық құрылымы бойынша мемлекеттің функциялары заң шығарушы, атқарушы, сот және бақылауды жатқызады. Келесі басқару функциалары былай бөлінген: ұсыныс (басқару жүйесі), жоспарлау, кадрларды қамтамасыз ету, реттеу, бақылау. Берілген функциялардың мазмұнды анализ арқылы мемлекеттің әлеуметтік процестерге қатысты оның мінезін типтік көріністі, басқару ізбасарды алуға болады. Ұйым, құрылым жұмысын еңгізеді және мемлекет басқару субъектісінің құқықтық мәртебесін (мемлекеттік органдардың), қоғамдық жүйе объектісінің құқықтық мәртебесін анықтайды; мемлекеттік басқарудың субъектілері мен объектілердің арасындағы өзара байланысын қалыптастырады (басқару процестерін). Жоспарлауға алдын-ала белгіленген шаралардың жүйесі, тәртіпті сақтау, жұмыстық қорытынды түрін және орындалу уақыты кіреді. Жоспарлау 2-ге бөлінеді: 1. болжау; 2. жобалау. Болжауға арнайы ғылыми зерттеулердің негізінде қоғам жұмысының дамуы жатады.Жобалауға мемлекеттік басқарудың бір немесе бірнеше мақсатын жүзеге асыруға байланысты шаралардың жүйесін қалыптастыру процессі жатады. Кадрлық қамтамасыз етуге мемлекеттік басқару жүйесіндегі мамандарды тиімді қолдану, бөлу, дайындауға байланысты сұрақтардың жиынтығын шешу жатады. Реттеу қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған, адамдардың және олардың ұжымдарының мүмкін болатын және міндетті әрекеттерінің шегін анықтайды.Әсіресе құқықтық реттеуді бөліп қарастыруға болады. Азаматтардың тәртібін заңдық нормалар арқылы мемлекет жүзеге асырады. Сонымен қатар, құқықтық реттеу пәнін анықтайды, әдісін реттейді, қоғамдық қатынастардың, субъектілердің құқықтық жағдайын және құқықтық қатынастарын қалыптастырады. Бақылау объективтік информацияны алуымен байланысты яғни, ведомстволық объектілердің, мемлекет органдар жұмыстарының және лауазымды тұлғалардың жағдайын білуге мүмкіндік береді. Бақылау функциясы мемлекетке берілген мақсаттарды орындауды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, мемлекеттік аппараттағы заңдылықты және міндетті шарт ретінде пәнді қолдайды, адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғайды. Бақылаудың түрі мемлекеттің негізгі функцияларының орындалуы арқылы анықталады. 3. Әдістердің мәні басқару объектісіне тікелей билік ету ықпалымен құрылады. Басқару мәнін функцияға қарағанда қызмет көрсететін басқарудың тәртібі әдістер салаға ықпал ету, тәсілімен ықпал ету қасиетімен кіреді. Басқару тәрбиесінде ерекше орынға әкімшілік –құқықтық әдістер, мемлекеттік органдардың қоғамдық үрдістерге, қатынастарға, байланысқа негізінен белсенді түрдегі ықпалы ие болады. Экономикалық әдістер басқару объектісінің түрлерінен тәуелсіз және тәуелсіз шаруашылық-ұйымдастырушылық құқықтық құрылымы өзінің жүзеге асыру барысында жұмысын дербес тиімді жақсарту жолын сайлау ресурстарды аймақты қолдану, жаңа технологияны меңгеру, күту құрылымын ұсынумен бейнеленеді. 4. Мемлекеттік басқарудың құрылымын құқықтық және құқықтық емес деп бөлуге болады. Құқықтық құрылымдар мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың әрекеттері белгілі бір заңды салдарлардың орандалуын тудырады. Құқықтық емес ол әртүрлі құрылымдардың түрлері заңдық салдарды тудырмайтын, бірақ мемлекеттік органдардың жағымды жағдайлардағы мақсаттарын жүзеге асыру функциялар мен құзыретін құруға бағытталған. Құқықтық құрылымдар басқарушылық шешімдерімен сәйкесінше мемлекеттік органдардың құзыретіне байланысты, басқарушылық шешімдер ресми құрылымдарымен білдірілген. Басқарудың қызмет нысандарының кейбір түрлері құқықпен өзара байланысы бар және өз жұмысын ұйымдастыру бойынша мемлекеттік басқару субъектілерінің нақты ұйымдастырушылық әрекетінен көрініс табатын басқарушылық мақсатындағы қатынас. Мемлекеттік органдардың бір жақты биліктік ерік білдіруінің көрініс табатын құқық нысандарына қарағанда, құқықтық емес нысандарда басқарымдық мәселелердің сипаты мен ерекшеліктеріне қарай ұйымдастарушылық қызметтің әр түрлі нұсқаулары көрсетіледі. Өзін өзі бақылаудың сұрақтары 1.Мемлекеттік басқарудың саясаты мен мақсаты 2.Мемлекеттік басқарудың функционалдық құрылымы 3.Мемлекеттік басқарудың әдістері 4. Мемлекеттік басқарудың нысандары Ұсынылатын әдебиет 1. Бахрах Д.Н. Административное право. Учебник, изд. «Бек», М., 1996. 2.Таранов А.А. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқығы. Академиялық курс. Алматы, “ҚазГЗУ Баспа үйі” ЖШС, 2003. 3.Таранов А.А. Административное право Республики Казахстан. Академический курс. Алматы, ТОО “Баспа”, 2000. 4.Овсянко Д.М. Административное право: Учебное пособие.Москва,Юристъ, 2000. 5.Административное право Республики Казахстан: Часть особенная: учебник для юридических вузов. Отв.ред. Таранов А.А. Алматы, Жеті Жарғы, 1997. Тақырып 5. Мемлекеттік-басқарушылық шешімдер. 1. НҚА-дің түсінігі мен жіктелуі 2. НҚА-дің жобаларын жоспарлау, дайындау және келістіру 3. НҚА-дің реквизиттері, құрылымы және мәтінінің стилі 4. НҚА-ді қабылдау мен жариялауының тәртібі 5. НҚА-дің уақыт, кеңістікте және адамдар арасындағы әрекеті 6.Атқарушы биліктің жергілікті және орталық органдарының НҚА-ін мемлекеттік тіркеу 1. Нормативтiк құқықтық акт - референдумда қабылданған не уәкiлеттi орган немесе мемлекеттiк лауазымды адамы қабылдаған, құқықтық нормаларды белгiлейтiн, олардың қолданылуын өзгертетiн, тоқтататын немесе тоқтата тұратын белгiленген нысандағы жазбаша ресми құжат. Нормативтiк құқықтық актiнiң деңгейi - нормативтiк құқықтық актiнiң нормативтiк құқықтық актiлер сатысындағы өзiнiң заң күшiне қарай алатын орны болып табылады. Нормативтiк құқықтық актiлер негiзгi және туынды актiлер болып бөлiнедi. Нормативтiк құқықтық актiлердiң негiзгi түрлерiне мыналар жатады: 1) Конституция, конституциялық заңдар, кодекстер, заңдар; 2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң Конституциялық Заң күшi бар Жарлықтары; Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлықтары; Қазақстан Республикасы Президентiнiң өзге де нормативтiк құқықтық Жарлықтары; 3) Қазақстан Республикасы Парламентi мен оның палаталарының нормативтiк қаулылары; 4) Қазақстан Республикасы үкiметiнiң нормативтiк қаулылары; 5) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң, Жоғарғы Сотының және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының нормативтiк қаулылары және өзге де актілер. Нормативтiк құқықтық актiлердiң туынды түрлерiне мыналар жатады: 1) регламент - қандай да бiр мемлекеттiк орган мен оның құрылымдық бөлiмшелерi қызметiнiң iшкi тәртiбiн реттейтiн нормативтiк құқықтық акт; 2) ереже - қандай да бiр мемлекеттiк органның немесе оның құрылымдық бөлiмшесiнiң мәртебесi мен өкiлеттiгiн белгiлейтiн нормативтiк құқықтық акт; 3) қағида - қандай да бiр қызмет түрiн ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртiбiн белгiлейтiн нормативтiк құқықтық акт; 4) нұсқаулық - заңдардың қоғамдық қатынастардың қандай да бiр саласында қолданылуын егжей-тегжейлi көрсететiн нормативтiк құқықтық акт. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтiк қаулылары аталған сатыдан тыс тұрады. Әкiмшiлiк- аумақтық бөлiнiстер мәслихаттарының нормативтiк құқықтық шешiмдерi, өкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары мен өкiмдерiнiң нормативтiк құқықтық шешiмдерiнiң сатысы Қазақстан Республикасының Конституциясымен және жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы заң актiлерiмен белгiленедi. 2. Нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын дайындау жоспарлары бiр жылға жасалатын ағымдағы және неғұрлым ұзақ мерзiмге жасалатын перспективалық жоспарлар болып бөлiнедi. Перспективалық жоспарларда неғұрлым маңызды нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ дайындау уақыты бiр жылдан астам мерзiмге жоспарланатын нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу көзделедi. Дайындау жоспарларында: 1) нормативтiк құқықтық актiнiң деңгейiн, нысаны мен реттеу мәнiн бейнелейтiн атауы; 2) дайындау мерзiмдерi; 3) жобаны әзiрлеуге жауапты мемлекеттiк органдар мен ұйымдар көрсетiледi. Қазақстан Республикасы Парламентi депутаттарының заң шығару бастамашылығы тәртiбiмен дайындалатын заңдар жобаларының әзiрлеушiлерi Парламент депутаттары болып табылады. Егер нормативтiк құқықтық актiлердiң жалпыға мiндеттi маңызы болса, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қатысты болса немесе кәсiпкерлiк қызметтi реттесе, Қазақстан Республикасының әдiлет министрлiгi олардың жобалары бойынша заң сараптамасын жүргiзедi. Уәкiлеттi орган балама жобалар дайындауды бiрнеше мемлекеттiк органдар мен ұйымдарға тапсыруға немесе оларды әзiрлеудi шарттық негiзде, оның iшiнде конкурс бойынша бiрнеше ғылыми ұйымдарға немесе ғалымдарға тапсыруға хақылы. Нормативтiк құқықтық актiнiң дайындалған жобасы, ал қажет болған жағдайда - оны дамыту үшiн қабылданатын басқа да нормативтiк құқықтық актiнiң жобасы мүдделi мемлекеттiк органдар мен ұйымдарға келiсуге жiберiледi. 3. Нормативтiк құқықтық актiлердiң мынадай реквизиттерi болуға тиiс: 1) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Елтаңбасы; 2) актiнiң нысанына нұсқау 3) осы нормативтiк құқықтық акт реттейтiн iстi бiлдiретiн тақырып; 4) нормативтiк құқықтық актiнiң қабылданған жерi мен күнi; 5) нормативтiк құқықтық актiнiң тiркеу нөмiрi; 6) тиiстi нормативтiк құқықтық актiге қол қоюға уәкiлдiк берiлген адамның қолы; 7) нормативтiк құқықтық актiнiң Қазақстан Республикасының әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiн осылай тiркелуге тиiстi нормативтiк құқықтық актiлерде көрсету; 8) елтаңбалы мөр. Нормативтiк құқықтық актiнiң әрбiр бабы (тармағы), сондай-ақ тараулары, бөлiмдерi мен бөлiктерi араб цифрларымен нөмiрленедi. Баптардың (тармақтардың) нөмiрленуi бүкiл нормативтiк құқықтық актiнiң басынан аяғына дейiн реттелiп жасалады. Нормативтiк құқықтық актiнiң бөлiмдерi мен бөлiктерiнiң нөмiрленуi де дербес және басынан аяғына дейiн реттелiп жасалады. Нормативтiк құқықтық актiнi қабылдаудың мақсаты мен себептерiн, оның алдында тұрған негiзгi мiндеттердi түсiндiру қажет болған жағдайларда құқық нормаларын баяндаудың алдынан кiрiспе бөлiм (преамбула) берiледi. 4. Нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау тәртiбi Қазақстан Республикасының Конституциясымен және Заңмен белгiленедi. Нормативтiк құқықтық актiлердiң әр алуан түрлерiн қабылдау тәртiбiнiң ерекшелiктерi сонымен қатар: 1) кодекстер үшін - Заңмен. Кодекстер, оларға өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бөлек отырыстарында өз кезегімен қарау арқылы кемінде екі оқылымда қабылданады; 2) заңдар үшiн - Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының Парламентi туралы, Қазақстан Республикасының Президентi туралы, референдум туралы заң актiлерiмен, өзге де заң актiлерiмен, оның iшiнде Парламент пен оның палаталарының регламенттерiмен; 2-1) Парламенттiң және оның палаталарының нормативтiк қаулылары үшiн - Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының Парламентi туралы заң актiлерiмен; 3) Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлықтары үшiн - Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының Президентi туралы заң актiсiмен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң осы тәртiптi реттейтiн актiлерiмен; 4) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары үшiн - Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Үкiмет туралы заң актiсiмен, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және үкiметiнiң актiлерiмен; 5) орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдарының Қазақстан Республикасы Үкiметi құрамына кiретiндерiнiң де, кiрмейтiндерiнiң де, оның iшiнде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерi үшiн - Үкiмет пен осы органдар туралы заң актiлерiмен, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметiнiң актiлерiмен, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлықтарымен, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң осы органдардың қызметiн реттейтiн қаулыларымен; 6) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң нормативтiк қаулылары үшiн - Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы заң актiлерiмен, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметiнiң актiлерiмен айқындалады. 5. Нормативтiк құқықтық актiлер мынадай мерзiмдерде: 1) Қазақстан Республикасының заң актiлерi, Қазақстан Республикасының Парламентi мен оның палаталарының қаулыларын қоспағанда, Қазақстан Республикасы Президентiнiң нормативтiк құқықтық жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк құқықтық қаулылары, егер актiнiң өзiнде немесе оларды қолданысқа енгiзу туралы актiлерде өзге мерзiмдер көрсетiлмесе - олар алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң; 2) Қазақстан Республикасының Парламентi мен оның палаталарының қаулылары, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтiк қаулылары, егер актiлердің өзiнде өзге мерзiмдер көрсетiлмесе - алғашєы ресми жарияланған күннен бастап; 3) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң қаулылары - оларды қабылдаған күннен бастап; 4) Қазақстан Республикасының министрлерi мен орталық мемлекеттiк органдардың өзге де басшыларының нормативтiк құқықтық бұйрықтары, орталық мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық қаулылары, Орталық сайлау комиссиясының нормативтiк қаулылары, орталық мемлекеттiк органдар ведомстволары басшыларының нормативтiк құқықтық бұйрықтары, мәслихаттардың нормативтiк құқықтық шешiмдерi, сондай-ақ әкiмдiктердiң нормативтiк құқықтық қаулылары мен әкiмдердiң нормативтiк құқықтық шешiмдерi, егер актiлердiң өзiнде өзге мерзiмдер көрсетiлмесе - олар қабылданған күннен бастап, ал әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуге тиiстiлерi - мемлекеттiк тiркеуден кейiн күшіне енеді. 6. Егер мемлекеттiк тiркелуге тиiстi нормативтiк құқықтық акт: 1) азаматтардың заңда белгiленген құқықтары мен бостандықтарына қысым жасаса; 2) жоғары тұрған деңгейдегi нормативтiк құқықтық актiлерге қайшы келсе; 3) нормативтiк құқықтық актiнi шығарған органның құзыретiне шегiнен шығып кетсе; 4) егер келiсу қажет болып, келiсiлмесе; 5) мемлекеттік тіркеу ережелерінде белгіленген тәртіпті бұза отырып қабылданса, мұндай актіні тіркеуден бас тартылуы мүмкін. Мүдделi мемлекеттiк орган мемлекеттiк тiркелуге тиiстi нормативтiк құқықтық актiнi тiркеуден бас тартылуына сот тәртiбiмен шағымдануы мүмкiн. Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу ережесін Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi. Орталық мемлекеттiк органдар қабылдайтын нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк есебiн Қазақстан Республикасының әдiлет министрлiгi жүзеге асырады. Өзін өзі бақылаудың сұрақтары 1. НҚА-дің түсінігі мен жіктелуі 2. НҚА-дің жобаларын жоспарлау, дайындау және келістіру 3. НҚА-дің реквизиттері, құрылымы және мәтінінің стилі 4. НҚА-ді қабылдау мен жариялауының тәртібі 5. НҚА-дің уақыт, кеңістікте және адамдар арасындағы әрекеті 6.Атқарушы биліктің жергілікті және орталық органдарының НҚА-ін мемлекеттік тіркеу Ұсынылатын әдебиет 1. Бахрах Д.Н. Административное право. Учебник, изд. «Бек», М., 1996. 2.Таранов А.А. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқығы. Академиялық курс. Алматы, “ҚазГЗУ Баспа үйі” ЖШС, 2003. 3.Таранов А.А. Административное право Республики Казахстан. Академический курс. Алматы, ТОО “Баспа”, 2000. 4.Овсянко Д.М. Административное право: Учебное пособие.Москва,Юристъ, 2000. 5.Административное право Республики Казахстан: Часть особенная: учебник для юридических вузов. Отв.ред. Таранов А.А. Алматы, Жеті Жарғы, 1997. Тақырып 6 Әкімшілік процедуралар. 1.Басқарушылық процесс және оның сатылары 2.Жеке құқықтық актілер: түсінігі, талаптары 3.Басқарушылық қатынастар және олардың жіктелуі 4.Басқарушылық қатынастарды құқықтық реттеу 1. Әлеуметтік жүйеге басқарушылық әсер етудің тиімділігі көбіне мемлекеттік аппараттың жұмысын ұымдастырудан білінеді. Осыған сәйкес заңдылықта және басқару тәжірибесінде әкімшілік процедуралар қалыптасты. Олардың мәні басқарушылық қызметті жетілдіру, мемлекеттік органдардың мүлтіксіз қызмет жасауы мен өзара байланысын үйлестіру, басқарушылық шешімдерді жедел қабылдау, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау, мемлекеттік мүдделерді қорғау. Әкімшілік процедуралар келесідей қағидаларды негізге алады: заңдылық, төмен тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың жоғары тұрғандарына бағыныстылығы; барлығының сот пен заң алдындағы теңдігі; азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының басымдығы; азаматтар мен ұйымдардың өтініштерін қарастырғандағы бюрократизм мен сарсаңға салуға жол бермеу және т.б. тұрады. 2. Мемлекеттік органдар (лауазымды тұлғалар) мемлекеттік қызметтерді (лауазымды өкілеттіктерді) жүзеге асырғанда жекеше құқықтық актілер түрінде рәсімделетін шешімдер қабылдайды. Бұндай түрінде жеке қолданыстағы құқықтық актілер Қазақстан Республикасының заңдылығына кірмейді және сәйкесінше нормативтік құқықтық актілерге жатпайды. Оларды қабылдаудың, рәсімдеудің, орындаудың және орындалуына бақылау жасау процедурасы басқаша. Өз құзыреттері шегінде мемлекеттік огандардың қабылдаған құқықтық актілері келесідей реквизиттерді ұстануы керек: 1) жеке құқықтық актілердің атауы. Мұнда қабылданатын актінің нысаны көрсетіледі. Мысалы жарлық, бұйрық, өкім және т.б. 2) берілген актінің пәнін көрсететін атау 3) актіні қабылдаудың орны мен мерзімі 4) берілген актіге қол қоюға өкілетті тұлғаның қолтаңбасы 5) органның мөрі Әкімшілік процедураның келесісі құқықтық актіні орындауды ұйымдастыру болып табылады. Берілген әкімшілік процедура өте маңызды , жауапты және нақтылаушы болып табылады, өзара байланыстағы және өзара бағыныштағы компоненттерден тұрады. Әкімшілік процедуралардың маңыздыларының қатарына қабылданған құқықтық актілердің орындалуына бақылау жасау жатады. Бақылаудың бірнеше түрі болады: 1) құқықтық актілердің орындалуына бақылау жасау 2) мемлекеттік органдардың басқарушы лауазымды тұлғаларының тапсырмаларын орындауға бақылау жасау 3) ішкіаппараттық бақылау 4) сыртқы бақылау Басқару теориясында басқарушылық қызметтің кезеңділігін басқарушылық цикллдің сатылары деп атау танылған. Басқарушылық процесстің келесідей сатылары танылған: Даулы жағдай және оның анализі . Бұл басқарушылық циклдің сатысы қоғамның дамуының өзекті мәселелерін анықтаумен байланысты. Мақсатын анықтап алу. Бұл саты мемлекеттік басқарудың нақты мақсатын қалыптастырумен байланысты. Мақсатқа жетудің жолдары мен құралдарын таңдау. Мұнда мемлекеттік басқарудың субъектісі алға қойған мақсатына жету үшін қажетті жолдар мен құралдарды іздеуге байланысты ұйымдаструшылық әрекеттер жасайды. Әрекеттердің бағдарламаларын әзірлеу. Мақсатқа жетудің жолдары мен құралдарын таңдауға байланысты алдын-ала жұмыс аяқталғаннан кейін алдағы әрекеттерді әзірлеуге байланысты бағдарламаны дайындау сатысы басталады. Басқарушылық шешімді қабылдау. Бұл басқарушылық циклдің негізгі сатысы. Онда басқарушылық процесстің барлық мәні шоғырланған және әр түрлі процедураларды қосады. Шешімді орындауды ұйымдастыру. Бұл саты мемлекттік басақарудың ұйымдастырушылық мәнімен тікелей байланысты. Бұл сатының мәні өкілетті мемлекеттік органдармен қабылданған шешімдерді дер кезінде және дәл орындауға байланысты ұйымдастырушылық шараларды әзірлеу мен қабылдауда жатыр. Үйлестіру, реттеу,түзету. Бұл саты басқарушылық әсер етудің көздеген жағдайларының өзгеруіне байланысты туындайды. Шешімді орындауды бағалау. Басқарушылық циклдің бұл сатысы да маңызды және жауапты болып табылады. Оның тағайындалуы басқарушылық қызметтің анализі және нәтижелерін шығару. 3. Басқарушылық қатынастар қоғамдық қатынастардың ерекше бір түрі, онда адамдар әлеуметтік мәртебеге ие – басқарудың субъектілері мен объектілері. Бұл қоғамдық қатынастарда бір адамдар басқаларымен басқарады. Мемлекеттік басқару саласында бір жақ тарапқа (мемлекеттік орган) белгілі бір функциялар мен өкілеттіктер берілсе, екіншілеріне бірінші тарап жағынан әсер ету көрсетіледі. Басқарушылық қатынастар ерікті болып табылады, себебі мемлекеттік басқару адмдардың әрекетіне, санасына әсер етумен байланысты. Басқарушылық қатынастардың келесі белгісі - өкімдік. Басқарушылық қатынастарды биліктік қатынастар деп те атайды. Өзінің табиғаты бойынша басқарушылық қатынастар ұйымдастырушылық сипатқа да ие. Мемлекеттік басқару саласындағы қатынастар басқару субъектілері – мемлекеттік органдардың ерекше мәртебесімен сипатталады. Мемлекеттік-басқарушылық қатынастардың тағы бір ерекшелігі онда бір тарап ретінде әрқашан мемлекеттік орган қатынасқа түседі. Мемлекеттік басқару механизміндегі басқарушылық қатынастар мағынасына қарай келесі тәртіпте көрінеді: 1. мемлекеттік органдар мен азаматтар арасындағы қатынастар 2. мемлекеттік органдар мен тікелей бағынышты объектілер арасындағы қатынастар 3. мемлекеттік органдар мен тікелей бағынышты емес объектілер арасындағы қатынастар 4. мемлекеттік органдардағы ішкіаппараттық қатынастар және т.б. 4. Құқық салалары құқықтық реттеу механизмінде бастапқы, алғашқы орынға ие. Оларда басқарушылық қатынастардың тараптарының әдетінің моделі белгіленген. Мемлекеттік басқарудың әдісі – басқару субъектісінің басқару объектісіне ықпал ету тәсілі, амалы, ол басқарудың алдына қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін, басқарудың функцияларын іске асыру үшін пайдаланылады. Мемлекеттік басқару әдісінің белгілері-мемлекеттік қызметтің белгілі бір түрін мақсатты түрде танумен табиғи байланысты, басқару қызметі субъектісінің объектіге басқару ықпалын білдіреді, басқару субъектісінің өз құқық өкілеттігін іске асырудың құралы (амалы), тиісті ообъектіге арналған, алға қойылған басқару мақсатына нақты жағдайларда қол жеткізудің қолайлы тәсілі, белгілі бір мерзімдік шеңберлері болады. Мемлекеттік басқару әдістері ықпал ету сипатына қарай тура және жанама болып бөлінеді. Тура өз ішінде иландыру және мәжбүрлеуге бөлінеді. Ал жанама әлеуметтік-психологиялық және экономикалыққа бөлінеді. Басқарудың әкімшілік әдістері мынадай түрлерге бөлінеді: көрініс нысаны бойынша - әкімшілік-құқықтық, әкімшілік-ұйымдастырушылық; заңдық мәні бойынша – нормативтік, жеке даралық; ықпал ету тәсілі бойынша – міндеттейтін, уәкілдік беретін, көтермелейтін; нұсқама нысаны бойынша – кесімді, тапсырма беретін, ұсыныс жасайтын; Өзін өзі бақылаудың сұрақтары 1.Басқарушылық процесс және оның сатылары 2.Жеке құқықтық актілер: түсінігі, талаптары 3.Басқарушылық қатынастар және олардың жіктелуі 4.Басқарушылық қатынастарды құқықтық реттеу Ұсынылатын әдебиет 1. Бахрах Д.Н. Административное право. Учебник, изд. «Бек», М., 1996. 2.Таранов А.А. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқығы. Академиялық курс. Алматы, “ҚазГЗУ Баспа үйі” ЖШС, 2003. 3.Таранов А.А. Административное право Республики Казахстан. Академический курс. Алматы, ТОО “Баспа”, 2000. 4.Овсянко Д.М. Административное право: Учебное пособие.Москва,Юристъ, 2000. 5.Административное право Республики Казахстан: Часть особенная: учебник для юридических вузов. Отв.ред. Таранов А.А. Алматы, Жеті Жарғы, 1997. Тақырып 7. Мемлекеттік басқаруды қамтамасыз ету. 1.Мемлекеттік басқаруды ақпараттық қамтамасыз ету 2. Мемлекеттік басқаруда заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету 3.Мемлекеттік басқаруды ғылыми қамтамасыз ету 1. Мемлекеттік органдардың нақты және қалыпты жұмыс істеуі біріншіден, ішкі құрылымның ұтымды қалыптасуымен, басқарушылық еңбек өндірісінің өсуімен және басқарушылық жүйенің тіршілік қызметінің дамуымен, ал келесі жағынан, мемлекеттік органдардың сыртқы байланыстарының жетілуімен тығыз байланысты. Бұл жерде мемлекеттік басқаруды кадрмен, ақпараттық және ғылыми қамтамасыз ету туралы сөз болып отыр. Ерекше орынды басқарудағы мемлекеттік тәртіпті және заңдылықты күшейту және лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін арттыру сұрақтары алады. Бұл сұрақтар осы тақырыптың мазмұны болып табылады. Ақпарат – басқарудың бөлінбейтін бір бөлігі болып табылады. Ақпараттың арқасында мемлекеттік басқару жүйесі қоғамдық құбылыстарға тиімді әсер ете алады. Ақпараттың көмегімен мемлекеттік басқару жүйесі сыртқы ортамен бірге әрекет етеді. Ақпараттың үзіліссіз қозғалысы мемлекеттік аппараттың, оған бағынышты басқару объектілерінің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етіп отырады. Мемлекеттік басқару саласында қолданылатын ақпарат, өзінің мәні мен табиғаты бойынша әлеуметтік ақпараттық болып табылады. Кең мағынада қоғамдық процесстерді басқаруда қолданылатын және қоғамда қалыптасқан ақпарат туралы айтылып отыр. Бұл жерде нормативтік-құқықтық актілерде орын алатын басқарушылық шешімдер шығару туралы сөз болып отыр. Бұл салада құқықтық ақпарат деген ұғымды айтуға болады, яғни құқық нормаларында мазмұндалатын ақпарат. Басқарушылық ақпарат әр түрлі қайнар көздерден құралады. Олардың қатарына: 1) Қазақстанның 2030 жылға дейінгі стратегиялық дамуы; 2) Қазақстан Республикасының Конституциясы; 3) нормативтік-құқықтық актілер; 4) жеке құқықтық актілер және т.б. Ақпараттарға, мемлекеттік басқарудың тиімділігі бойынша белгілі бір талаптар қойылады. Олардың қатарына ұтымдылық, жаңалық, жеткіліктігі, пайдалылығы, мемлекеттік органдардың (лауазымды тұлғалардың) өкілеттігіне тиістілігі, қолжеткізушілігін жатқызуға жатқызуға. Басқарушылық шешімнің ақпараттың мазмұны ерекше маңызға ие. Басқарушылық шешімдердің сапасына талаптарды арттырудың шарттары ақпараттармен жұмыс істеудің әкімшілік процедураларымен байланысты. Сонымен бірге, басқарушылық шешімдердің ғылыми сараптамасы туралы айта кеткен жөн. Оны сәйкес кәсіби білімі және арнайы зерттеу практикасы бар мамандар жүргізеді. Мемлекеттік органда ақпаратпен жұмыс жасауды ұйымдастыру өзіне әр түрлі кешендік процедураларды қосып қарастырады. 2. Мемлекеттік басқарудағы заңдылық – бұл басқару қатынастарының барлық субъектілерінің мемлекеттің аумағында қолданылып жүрген нормативтік – құқықтық актілерді дәл және мүлтіксіз сақтауы мен орындауы. Заңдылықтың қағидалары – негіз болатын идеялар, басшылыққа алынатын бастамалар, олар заңдылықтың негізіне жатады және оның мәнін білдіреді. Заңдылықты бұзған үшін жазалаудың болмай қалмайтындығы – заңдылықты бұзудың әрбір фактісі тиісті мемлекеттік – құқықтық баға алуға тиіс және кінәлілер жасалынған әрекетілікке бара-бар жаза тартуға тиіс. Мемлекеттік тәртіп – мемлекеттің және оның уәкілетті органдарының белгіленген тәртібі, ол бойынша барлық мемлекеттік органдар, кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар, лауазымды адамдар мен азаматтар өздеріне жүктелген мақсаттар мен міндеттерді дер кезінде жеке орындауға тиіс. Мемлекеттік тәртіптің түрлері: Ұйымдастыру белгісі бойынша - өнеркәсіптік, көліктік, құрылыстық, саудалық, әскери, білімдік және басқа. Функционалдық белгісі бойынша – ақпараттық, жоспарлық, ұйымдастыру, атқару, қаржылық, есептік, қызметтік және басқа. Заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз етудің тәсілдері – атқарушы билік аясында заңдылық пен тәртіпті қолдау мен нығайту жөніндегі мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың, қоғамдық бірлестіктердің, азаматтардың қызметінің құқықтық, ұйымдастыру әдістерінің, нақтылы тәсілдерінің, операцияларының, жұмыс нысандарының жиынтығы. Заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету тәсілдерінің түрлеріне – мемлекеттік бақылау, мемлекеттік қадағалау, сот бақылауы, шағымдану жатады. 3.Қазақстан Республикасы өзінің егемендігін алған сәттен бастап, мемлекеттік аппарат пен мемлекеттік органдарды ұйымдастырудың ең үздік, әмбебап құрылымын іздестіру процессінде. Мемлекеттік дамудың 2030 жылға дейін арналған стратегиясында – Қазақстан үшін жаңа үлгідегі, мемлекеттік қызмет пен басқару құрылымын өмірге әкелу мақсаты қойылған, әрине бұл құрылым нарықтық экономикаға ең тиімдісі болады. Бұл өз ретінде мемлекеттік басқарудың ғылыми қамтамасыз етілуін, тәжірибелік жұмыстар мен елдегі мемлекеттік басқаруды реформалаудың негізгі бағыттарын жүйелі түрде шешуді қажет етеді. Бұл мемлекеттік басқарудың қамсыздандыру түрі ұйымдастырудың басқарушылық қызметін ғылыми негізде, яғни қорытындылар мен ұсыныстарды ғылыми басқаруда қолданылады. Ғылыми негіз деп бұл жерде - басқару жөніндегі қазіргі таңдағы білімдердің жиынтығын айтамыз. Сол білімдер негізінде мемлекеттік органдардың тәжірибелік қызметтері құрылады. Ғылыми басқару – бәрімізге мәлім белгілі теориялық жалпылауды қамтамасыз етіп қоймай, сонымен қатар, ұсыныстарды қалыптастырады, ол өз ретінде мемлекеттік аппараттың тәжірибелік қызметіне арналса, екінші жағынан, басқарушы кадрлардың квалификациясын жетілдіру және де дайындау жүйесіне арналған. Қазақстан дамуының 2030 ж. стратегиясында көрініс тапқан басқарудың мақсаттық концепциясына сай қандай да болмасын жүйенің аралық кезеңде немесе қызмет түрлерінде болсын жұмыс істеуі басымдықтар мен түпкі мақсаттарға жетуге негізделу керек. Осыған орай, мемлекеттік басқаруды ғылыми қамтамасыз етудің мақсаты ол – тапсыпмаларды сәтті шешіп, экономикалық, әлеуметтік, әкімшілік – саяси салалардың тиімді жолдарын іздестіру жатады. Стратегияда көрініс тапқан мемлекеттіліктің дамуы мемлекеттік органдар құзыретінің жетілдірілуімен, сонымен қатар олардың жауапкершілігі мен өкілеттілігінің арасындағы теңдікпен байланысты. Мемлекеттік басқаруды жетілдірудің негізгі тәсілі – құқық. Өзін өзі бақылаудың сұрақтары 1.Мемлекеттік басқаруды ақпараттық қамтамасыз ету 2. Мемлекеттік басқаруда заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету 3.Мемлекеттік басқаруды ғылыми қамтамасыз ету Ұсынылатын әдебиет 1. Бахрах Д.Н. Административное право. Учебник, изд. «Бек», М., 1996. 2.Таранов А.А. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқығы. Академиялық курс. Алматы, “ҚазГЗУ Баспа үйі” ЖШС, 2003. 3.Таранов А.А. Административное право Республики Казахстан. Академический курс. Алматы, ТОО “Баспа”, 2000. 4.Овсянко Д.М. Административное право: Учебное пособие.Москва,Юристъ, 2000. 5.Административное право Республики Казахстан: Часть особенная: учебник для юридических вузов. Отв.ред. Таранов А.А. Алматы, Жеті Жарғы, 1997. Тақырып 8. Мемлекеттік қызмет жария-құқықтық институт ретінде. 1. Мемлекеттік қызметтің қоғамдық еңбек бөлінісіндегі орны мен маңызы. 2. Мемлекеттік қызметтің өзіне тән белгілері 3. Мемлекеттік қызметтің қағидалары 4.Мемлекеттік қызметті басқару 1. Қазақстан Республикасының Конституциясы (33-бап 4-тармақ) мемлекеттік қызметті ұйымдастыруға негізгі, бастапқы талаптар қояды. Ал одан бөлегі Қазақстан Республикасының 1999 ж. 23 шілдедегі № 543-1 «Мемлекеттік қызмет туралы» заңында қарастырылған. Заң мемлекеттік қызметті ұйымдастырудың негіздерін, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайын, мемлекеттік қызмет саласындағы қатынастарды реттеу мен олардың әлеуметтік қорғалуын анықтайды. Мемлекеттік қызмет азаматтардың еңбек қызметінің бір түрі болып табылады, сондықтан еңбекті ұйымдастырудың жалпы қағидаларына сүйенеді. Мемлекеттік қызмет басқару персоналының мақсатты, әлеуметтік-пайдалы, объективті қажетті және ұйымдастырылған қызметі. Оның өзінің пәні болады. Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби қызметіне нақты бір белгі тән болады. Бұл белгілердің бірі еңбек пәнінің спецификалығы болып табылады. Мемлекеттік қызметте белгілі бір қызмет түріне жатқызылған, яғни, кәсібіне, мамандығына, квалификациясына, лауазымына байланысты жұмысты атқару көзделеді. Мемлекеттік қызметтің басқа белгісінің бірі мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік орган қызметіне жеке өзінің қатысуы болып табылады. Мемлекеттік қызметке тән бір белгі ол лауазымды тұлғаның мемлекеттік органның ішкі еңбек тәртібі мен регламентіне бағынуы. Лауазымды тұлғалардың айлығы да мемлекеттік қызметтің сипаттаушы белгісіне жатады. 2. Еңбек құқығы ғылымымен анықталған жалпы белгілермен қатар мемлекеттік қызмет өзінің арнайы ерекшеліктерімен сипатталады (мемлекеттің міндеттері мен функцияларымен байланысы, басқарушылық қызметті жүзеге асыру, мемлекеттік биліктік өкілеттіктер және т.б.) Бұл сұрақтардың барлығы басқа құқық салаларының нормаларымен реттеледі (конституциялық, әкімшілік, қылмыстық және т.б.) Мемлекеттік қызмет-мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттігін атқару жөніндегі міндеті.Берілген анықтама мемлекеттік қызметтің кәсіби қызмет ретіндегі келесідей белгілерін бөліп көрсетуге мүмкіндік береді: а) мемлекеттік қызмет мемлекеттің ішкі және сыртқы қызметтері мен міндеттерімен байланысты; ә) мемлекеттің экономика салаларын, әлеуметтік саланы және әкімшілік- саяси құрылыс саласын дамытудағы міндеттері мен қызметтері мемлекеттік басқару, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби қызметі арқылы жүзеге асырылады; б) мемлекеттік қызмет құрылатын арнайы аппарат шеңберінде жүзеге асырылады; в) мемлекеттік қызметтің ерекшелігі басқарушылық қызметтерді жүзеге асырумен байланысты; г) мемлекеттік қызметшілер мемлекет атынан қызмет жасауына байланысты оларға басқару қызметін жүзеге асыруға қажетті мемлекеттік – биліктік өкілеттіктер беріледі; ғ) мемлекеттік қызмет қатаң түрде Конституция, заңдардың нормаларына, Қазақстан Республикасының Президентінің жарлықтары мен басқа да нормативтік- құқықтық актілерге негізделеді; д) мелекеттік қызмет - тәжірибелік, ұйымдастырушылық қызмет, орындаушылық сипатқа ие; е) мемлекеттік қызмет өкімдік сипаты бар қызмет. Бұл дегеніміз мемлекеттік қызметшілердің өздерінің қызметтерін атқарғанда заңдық өкімді ұйғарымдар қолдана алу құқығы; ж) мемлекеттік қызмет саясаттан тыс сипатқа ие. Бұл жағдайда мемлекеттік қызметшілер өздерінің лауазымдық қасиеттері мен өкілеттіктерін орындағанда тек қана заң талаптарын басшылыққа алып, саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктерінің және олардың органдарының шешімдерімен байланыспауы керек. 3. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет келесідей қағидаларға сүйенеді : 1) заңдылық; 2) қазақстандық патриотизм; 3) мемлекеттiк өкiметтiң заң шығарушылық, атқарушылық және сот тармақтарына бөлiнуiне қарамастан, мемлекеттiк қызмет жүйесiнiң бiртұтастығы; 4) азаматтар құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерiнiң мемлекет мүдделерi алдындағы басымдығы; 5) жалпы қол жетiмдiлiк, яғни Республика азаматтарының мемлекеттiк қызметке қол жеткiзуге және өз қабiлеттерi мен кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттiк қызмет бойынша жоғарылатылуға тең құұығы; 6) азаматтардың мемлекеттiк қызметке кiруiнiң ерiктiлiгi; 7) мемлекеттiк қызметшiлердiң кәсiбилiгi мен жоғары бiліктiлiгi; 8) мәнi бiрдей жұмыстарды орындағаны үшiн еңбекке ақыны тең төлеу; 9) жоғары тұрған мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдар өз өкiлеттiгi шегiнде қабылдаған шешiмдердi орындаудың бағынысты мемлекеттiк қызметшiлер мен төменгi мемлекеттiк органдардың қызметшілерi үшiн мiндеттiлiгi; 10) мемлекеттiк қызметшiлердiң бақылауда болуы және есептiлiгi; 11) мемлекеттiк құпиялар немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып есептелетiн қызметтi қоспағанда, қоғамдық пiкiр мен жариялылықты ескеру; 12) мемлекеттiк қызметшiлердiң құқықтық және әлеуметтiк қорғалуы; 13) мемлекеттiк қызметшiлердi қызметтiк мiндеттерiн адал, ынталы атқарғаны, ерекше маңызды және күрделi тапсырмаларды орындағаны үшiн көтермелеу; 14) мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметтiк мiндеттерiн орындамағаны не тиiсiнше орындамағаны және өздерiнiң өкiлеттiгiн асыра пайдаланғаны үшiн жеке жауаптылығы; 15) мемлекеттiк қызметшілердiң бiлiктiлiгiн арттыруды үздiксiз жүргiзу принциптерiне негiзделедi. Мемлекеттiк органдарда саяси партиялардың ұйымдарын құруға жол берiлмейдi. Мемлекеттiк қызметшiлер лауазымдық мiндеттерiн атқарған кезде заңдардың талаптарын басшылыққа алады және саяси партиялардың, қоғамдық бiрлестiктер мен олардың органдарының шешiмдерiне байланысты болмайды. 4. Мемлекеттік қызмет саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру үшін сәйкес функциялары мен өкілеттіктері бар арнайы органдар құрылады. Олардың қатарына Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет бойынша агенттігі және оның аумақтық бөлімшелері жатады. Бұл агенттіктің негізгі міндеттері, қызметтері мен өкілеттіктері Қазақстан Республикасының Президентінің 1999 ж. 3 желтоқсанындағы № 280 жарлығымен бекітілген Ережемен анықталған. Мемлекеттік саяси қызметшінің қызметтік міндеттері Қазақстан Республикасының заңдарымен, Ережемен, тиісті мемлекеттік орган туралы Ережемен және лауазымдық нұсқаулықтармен айқындалады. Мемлекеттік саяси қызметшілердің негізгі міндеттері: 1) мемлекеттік саясатты айқындауға және іске асыруға жәрдемдесетін шешімдер қабылдау; 2) қабылданған шешімдердің орындалу барысын бақылау; 3) мемлекеттік және өзге де бағдарламалар мен жобалардың орындалу барысын реттеу және бағалау, сондай-ақ орындалуы үшін дербес жауапкершілік; 4) мемлекеттік органның жұмысын басқару; 5) бағынысты мемлекеттік қызметшілердің жұмысына басшылық жасау болып табылады. Мемлекеттік саяси қызметшілерге мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын қоса атқаруға жол берілмейді. Мемлекеттік саяси қызметшінің өкілеттігі: 1) Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған; 2) мемлекеттік орган таратылған; 3) мемлекеттік саяси қызметші өзінің табысы мен мүлкі туралы көрінеу жалған мәліметтер берген; 4) "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңда (бұдан әрі - Заң) белгіленген міндеттер мен шектеулерді сақтамаған; 5) өзіне меншік құқығы бойынша тиесілі мүлікті сенімді басқаруға бермеген; 6) сыбайлас жемқорлыққа тән құқық бұзушылық жасаған; 7) мемлекеттік саяси қызметшіге қатысты соттың айыптау өкімі заңды күшіне енген; 8) жоғары тұрған басшылық мемлекеттік саяси қызметшінің өз өкілеттігінен бас тарту туралы жеке жазбаша өтініші негізінде орнынан түсуін қабылдаған; 9) атқаратын лауазымына оны тағайындау (сайлау) құқығы бар лауазымды тұлға (орган) тиісті шешім қабылдаған; 10) республика заңдарында көзделген өзге де негіздер туындаған жағдайларда тоқтатылады. Мемлекеттік саяси қызметшінің өкілеттігі сол сияқты мемлекеттік орган қайта құрылған, мемлекеттік қызметшілердің саны немесе штаты қысқартылған жағдайларда тоқтатылуы мүмкін. Мемлекеттік саяси қызметшілер Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында көзделген негіздерде орнынан түсуге өтініш береді. Егер орнынан түсудің негіздері заңдарда көзделмесе, мемлекеттік саяси қызметшілер еңбек заңдарында көзделген жалпы негіздер бойынша жұмыстан босатылады. Өзін өзі бақылаудың сұрақтары 1. Мемлекеттік қызметтің қоғамдық еңбек бөлінісіндегі орны мен маңызы. 2. Мемлекеттік қызметтің өзіне тән белгілері 3. Мемлекеттік қызметтің қағидалары 4.Мемлекеттік қызметті басқару Ұсынылатын әдебиет 1.Уваров В.Н. Государственная служба и управление. Петропавловск: СКЮА, 2004. 2.Чиркин В.Е. Государственное управление - М.: ЮРИСТ, 2002. 3.Байменов А.М. Государственная служба в Республике Казахстан. Астана, 2000. 4.Пикулькин А.В. Система государственного управления - М.: ЮНИТА-ДАНА,2001. 5.Глазунова Н.И. Система государственного управления - М.: ЮНИТА-ДАНА, 2002. 6.Оболонский А.В. Государственная служба - М.: ДЕЛО, 2000. 7.Старилов Ю.Н. Служебное право - М.: БЕК, 1996. 8.Атаманчук Г.В. Теория государственного управления. Курс лекц. М.:Юр.лит. 1997. Тақырып 9. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесі. 1.Мемлекеттік органдардың штаты мен жеке құрамы 2.Мемлекеттік лауазымдардың жіктелуі. Лауазымды тұлға түсінігі. 3.Мемлекеттік қызметшілердің негізгі құқықтары мен міндеттері 4.Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық шектеулері 1. Мемлекеттік органдардың практикалық қызметі ол өзіндік құрамға, дұрыс іріктеуге және басқару кадрларының орындарына байланысты. Сондықтан мемлекеттік органдардың ұйымдастырушылық жұмыстарында кадрлық сұрақтар маңызды орын алады. «Штат» - түсінігі мемлекеттік органдардың құрылымынан бөлінбейді. Органдардың құрылымын олардың бөлімшелерінің жиынтығы реттейді, олардың арасындағы функциялары мен өкілеттігін бөлу берілген органдарға жіктелген. Дәл әкімшілік-басқарушылық персонал мемлекеттік органның құзыретін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Осыған байланысты штаттың және мемлекеттік органнның құрылымдық байланысы туралы сұрақ тек теоретикалық қана емес практикалық мағынаға ие. Штаттың тізімінде лауазымдардың саны және атаулардың тізімі, оларды мемлекеттік органдардың құрылымдық деңгейлері бойынша бөлу, сонымен қоса әр лауазым бойынша лауазымдық жалақы бекітіледі. Бекітілген штаттық тізім бойынша мемлекеттік органдардың құрылымы туралы, қызметкердің штаттық құрамы туралы жалпы сипаттама алуға болады. Штаттық тізім негізінде мемлекеттік органның қызметшілерінің тізімінің құрамын анықтауға болады. Мемлекеттік органның құрылымы мен штатына байланысты қызметкерлердің үш тобын бөліп көрсетуге болады: 1) органның басшылығының құрамына кіретіндерді; 2) органның құрылымдық бөлімшелерінде өздерінің негізгі қызметін жүгізетіндер; 3) қосымша құрам. Кейде оларды басқарушы, жедел және қызмет көрсететін персонал деп атайды. 2. Мемлекеттік қызметші ретінде - мемлекеттік органдарда заңдарда белгіленген тәртіппен республикалық немесе жергілікті бюджеттен не Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің қаржысынан ақы төленетін қызметті атқаратын және мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттікті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы. Заңдылықта мемлекеттік қызметшілерді жіктеу көзделген. Олардың құрамына саяси мемлекеттік қызметшілер мен әкімшілік мемлекеттік қызметшілер кіреді. Мемлекеттiк саяси қызметшi - тағайындалуы (сайлануы), босатылуы және қызметi саяси-айқындаушы сипатта болатын және саяси мақсаттар мен мiндеттердi iске асыру үшiн жауап беретiн мемлекеттiк қызметшi. Саяси лауазымдарға Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын мемлекекттік саяси қызметшілер, олардың орынбасарлары; Қазақстан Республикасы Парламентінің палаталары және Парламент палаталарының төрағалары тағайындайтын және сайлайтын мемлекеттік саяси қызметшілер, олардың орынбасарлары; Конституцияға сәйкес Президент пен Үкіметтің өкілдері болып табылатын мемлекеттік саяси қызметшілер; орталық атқарушы органдар мен ведомстволарды басқаратын мемлекеттік саяси қызметшілер (басшылар), оолардың орынбасарлары атқаратын лауазымды адамдар жатады. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызмет санаты - мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер атқаратын, лауазымдық өкілеттiктiң көлемi мен сипатын көрсететiн әкiмшiлiк лауазымдар жиынтығының саралаушылық сипаттамасы. Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер санаттарға бөлінеді. Қызметтердің санаттары Қазақстан Республикасының Президентімен бекітіледі. Онда А – санатының тобына Қазақстан республикасы Президентінің әкімшілігі; В – санатының тобына Парламент палаталарының аппараттары, Премьер-министрдің кеңсесі, Жоғарғы Соттың аппараты, Қазақстан Республикасы Конституциялық кеңесінің аппараты, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы; С – санатының тобына Президентке тікелей бағынышты және есеп беретін органдар, Орталық атқарушы органдар, Үкімет құрамына кірмейтін Орталық атқарушы органдар, Орталық атқарушы органның ведомствосы, облыстық, аудандық, аумақтық органдар; Д – санатының тобына облыстардың, аудандардың, кенттердің, ауылдардың(селолардың) әкімдерінің аппараттары, облыстардың, аудандардың мәслихаттарының аппараттары, облыстардың, аудандардың соттарының аппараттары; Е – санатының тобына жергілікті атқарушы органдар кіреді. 3. Әрекет етуші заңдылық бойынша мемлекеттiк қызметшiнiң: Республиканың азаматтарына Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңдарымен кепiлдiк берiлетiн құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға; өз өкiлеттiгi шегiнде мәселелердi қарауға және олар бойынша шешiмдер қабылдауға қатысуға, тиiстi органдар мен лауазымды адамдардың оларды орындауын талап етуге; белгiленген тәртiппен лауазымдық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi ақпарат пен материалдар алуға; лауазымдық мiндеттердi атқару үшiн белгiленген тәртiппен меншiк нысандарына қарамастан, ұйымдарда болуға; басшыдан мемлекеттiк қызметшiнiң атқаратын лауазымына сәйкес қызметтiк өкiлеттiк мiндеттерi мен көлемiн дәл белгiлеудi талап етуге; жеке басының қадiр- қасиетiнiң құрметтелуiне, басшылар, өзге де лауазымды адамдар және азаматтар тарапынан өзiне әдiл және құрметпен көзқарас жасалуына; өзi атқаратын лауазымға жұмыс сапасына, тәжiрибесiне және Заңда белгiленген өзге де негiздерге қарай ынталандырылуына және еңбегiне ақы төленуiне; тиiстi бюджет қаражаты есебiнен қайта даярлануға (қайта мамандануға) және бiлiктiлiгiн арттыруға; өзiнiң мемлекеттiк қызмет өткеруiне қатысты материалдармен кедергiсiз танысуға, қажет болған жағдайларда жеке түсiнiктеме беруге; бiлiктiлiгi мен қабілетi, өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн адал орындауы ескеріле отырып, қызметi бойынша жоғарылауға; қызметшiнiң пiкiрiнше негiзсiз айып тағылған жағдайда қызметтiк тексеру жүргiзiлуiн талап етуге; еңбегiнiң қорғалуына, денсаулығының сақталуына, қауiпсiз және жоғары өнiмдi жұмыс iстеуi үшiн қажеттi еңбек жағдайына; әлеуметтiк және құқықтық қорғалуға; мемлекеттiк қызметтен өз қалауы бойынша босауға; зейнетақымен және әлеуметтiк қамсыздандырылуға; жоғары тұрған мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдарға мемлекеттiк қызметтi жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгізуге құқығы бар. Мемлекеттiк қызметшiлер: Республиканың Конституциясы мен заңдарын сақтауға; Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен тәртiппен мемлекеттiк қызметшiнiң антын беруге; азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, заңдарда белгiленген тәртiп пен мерзiмде азаматтардың өтiнiштерiн қарауға, олар бойынша қажеттi шаралар қолдануға; өзiне берiлген құқықтар шегiнде және қызмет мiндеттерiне сәйкес өкiлеттiгiн жүзеге асыруға; мемлекеттiк тәртiп пен еңбек тәртiбiн сақтауға; өзiне заңда белгiленген шектеулердi қабылдауға; заңдарда белгiленген қызметтiк әдеп нормаларын сақтауға; басшылардың бұйрықтары мен өкiмдерiн, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың өз өкiлеттiгi шегiнде шығарған шешiмдерi мен нұсқауларын орындауға; мемлекеттiк құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтауға, оның iшiнде мемлекеттiк қызметтi тоқтатқаннан кейiн де, заңмен белгiленген белгiлi бiр уақыт iшiнде, ол жөнiнде қолхат бере отырып сақтауға; қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде алған, азаматтардың жеке өмiрiн, ар-намысын және қадiр-қасиетiн қозғайтын мәлiметтердi құпия сақтауға және олардан, заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, мұндай ақпарат берудi талап етпеуге; мемлекеттiк меншiктiң сақталуын қамтамасыз етуге; мемлекеттiк қызметшiнiң жеке мүдделерi оның өкiлеттiгінен түйiсетiн немесе қайшы келетiн жағдайларда, оларды тағайындауға құқығы бар лауазымды адамды дереу хабардар етуге; қызметтiк міндеттерін тиiмдi атқару үшiн өзiнiң кәсiби деңгейi мен біліктiлiгiн арттыруға мiндеттi. 4. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық шектеулері заңдылықпен байланысты. Мемлекеттік қызметші депутаттың өкілді органы және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында қызметте болуға құқығы жоқ; басқа ақылы қызметпен айналысуға (педагогикалық, ғылыми және басқа да шығармашылық қызметтен басқа), кәсіпкерлік қызметпен айналысуға; мемлекеттік органдарда үшінші жақтардың өкілі болуға; ереуілдер мен митингілерге қатысуға (егер олар мемлекеттік органдардың қалыпты әрекет етуіне әсер етсе); лауазымдық өкілеттіктерді атқарғанда жеке мақсатта азаматтар мен заңды тұлғалардың қызметін пайдалануға құқығы жоқ. Мемлекеттiк қызметшi белгiленген тәртiпке және заңдарға сәйкес, қызметке кiргеннен кейiн бiр ай iшiнде мемлекеттiк қызмет өткеру уақытына өзiнiң меншiгiндегi коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталындағы үлестi (акциялар пакеттерiн) және осы адамдарға заңды тиесiлi ақшаны, сондай-ақ мүлiктiк жалға берілген өзге де мүлiктi қоспағанда, пайдалану табыс алуға әкеп соғатын өзге де мүлiктi сенiм бiлдiрiлген басқаруға беруге мiндеттi. Мемлекеттік қызметші сеніп тапсырылған мүлкінен түскен, ұтыстардан түскен, дивиденттерден, сыйақалардан келген және басқа да заңды қайнарлардан алынған табыстарды алуға құқылы. Өзін өзі бақылаудың сұрақтары 1.Мемлекеттік органдардың штаты мен жеке құрамы 2.Мемлекеттік лауазымдардың жіктелуі. Лауазымды тұлға түсінігі. 3.Мемлекеттік қызметшілердің негізгі құқықтары мен міндеттері 4.Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық шектеулері Ұсынылатын әдебиет 1.Уваров В.Н. Государственная служба и управление. Петропавловск: СКЮА, 2004. 2.Чиркин В.Е. Государственное управление - М.: ЮРИСТ, 2002. 3.Байменов А.М. Государственная служба в Республике Казахстан. Астана, 2000. 4.Пикулькин А.В. Система государственного управления - М.: ЮНИТА-ДАНА,2001. 5.Глазунова Н.И. Система государственного управления - М.: ЮНИТА-ДАНА, 2002. 6.Оболонский А.В. Государственная служба - М.: ДЕЛО, 2000. 7.Старилов Ю.Н. Служебное право - М.: БЕК, 1996. 8.Атаманчук Г.В. Теория государственного управления. Курс лекц. М.:Юр.лит. 1997. Тақырып 10. Мемлекеттік қызметке түсу. 1.Жалпы мемлекеттік қызметке түсудің шарттары 2.Саяси мемлекеттік қызметке түсудің тәртібі. 3. Әкімшілік мемлекеттік қызметке түсудің тәртібі. 4.Мемлекеттік қызметтің кадрлық құрамы 1. Мемлекеттік қызметті өткеру бұл мемлекеттік-қызметтік қатынастардың пайда болуын, өзгертілуін және тоқтатылуын тудыратын өзара байланысты, өзара бір-біріне себепші заңдық айғақтардың жүйесі. Мемлекеттік қызметті өткерудің элементтері: мемлекеттік қызметке кіру; мемлекеттік қызметшілерді аттестациялау; қызметті ауыстыру; қызмет атқару жеңілдіктері мен оны ынталандыру; мемлекеттік қызметкерлердің жауаптылығы. Мемлекеттiк қызметке кiретiн адамдар мынадай талаптарға: Қазақстан Республикасының азаматы болуға; егер Республиканың заңдарында тиiстi лауазымдар жөнiнде өзгеше белгiленбесе, жасы он сегiз жастан кем болмауға; қажеттi бiлiмi, кәсiби даярлық деңгейi болуға және белгіленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келуге тиiс. Мемлекеттiк қызметте болуға байланысты шектеулер: өкiлдi органдардың депутаты және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының көмекшісi болуға; педагогтiк, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтi қоспағанда, басқа да ақылы қызметпен айналысуға; кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға, соның iшiнде, егер коммерциялық ұйымды басқаруға тiкелей қатысу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оның қызметтiк мiндетiне кiрмейтiн болса, ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, коммерциялық ұйымды басқаруға қатысуға; үшiншi тұлғалардың істерi бойынша өзi қызмет iстейтiн не өзiне тiкелей бағынысты немесе өзiнiң бақылауындағы мемлекеттік органда өкiл болуға; өзiнiң қызметтiк iс-әрекетiн материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз ету құралдарын, басқа да мемлекеттiк мүлiк пен қызметтiк ақпаратты қызметтiк емес мақсатта пайдалануға; ереуiлдердi қоса алғанда, мемлекеттiк органдардың қалыпты жұмыс iстеуiне және қызметтiк мiндеттердi орындауға кедергi келтiретiн әрекеттерге қатысуға; лауазымдық өкiлеттiгiн орындауға байланысты азаматтар мен заңды тұлғалар көрсететiн қызметтi жеке мақсатына пайдалануға құқығы жоқ. Заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк қызметшiге өзiнiң жақын туыстары ата-аналары, балалары, бала асырап алушылар, асырап алған балалар, ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек аға-iнiлерi мен апа-сiңлiлерi, аталары, әжелерi, немерелерi) немесе ерi (зайыбы) атқаратын қызметке тiкелей бағынысты лауазым атқаруына болмайды. 2. Мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң мемлекеттiк қызметке кiруi тағайындау не сайлау негiзiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген басқа да реттерде, тәртiп пен жағдайларда жүзеге асырылады Мемлекеттік саяси қызметшілердің қызметтік міндеттері Қазақстан Республикасының заңдарымен, мемлекеттік қызметті өткеру тәртібі туралы ережемен, сәйкес мемлекеттік органдар туралы ережелер мен лауазымдық нұсқамалармен анықталады. Мемлекеттік саяси қызметшілердің негізгі функцияларына мыналар жатады: 1) мемлекеттік саясатты анықтау мен жүзеге асыруға септігін тигізетін шешімдер қабылдау; 2) қабылданған шешімдердің орындалу барысына бақылау жасау; 3) орындалу барысын реттеу мен бағалау; 4) мемлекеттік органның қызметін басқару; 5) бағыныстағы мемлекеттік қызметшілердің жұмысын басқару; Мемлекеттік саяси қызметші мен мемлекеттік әкімшілік қызметші лауазымдарын бірге өткеруге тыйым салынады. Мемлекеттік саяси қызметшілердің еңбекақысының жүйесі Қазақстан Республикасының Президентімен анықталады. 3. Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасуға құқығы бар. Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасу, осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, конкурстық негізде жүзеге асырылады. Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуы ол тиісті бос тұрған лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сай келген жағдайда, мемлекеттік әкімшілік қызметшінің және уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің келісімімен конкурстық іріктеусіз ауысу тәртібімен жүзеге асырылуы мүмкін. Мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң, сондай-ақ тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн, өз өкiлеттiгiн доғарған және ұсынылатын бiлiктiлiк талаптарына сай келетiн Парламент депутаттарының, мәслихат депутаттарының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға конкурстық iрiктеусiз орналасуға құқығы бар. Мемлекеттiк саяси қызметшiлер мен тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн Парламент депутаттарының, мәслихат депутаттарының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Президентi айқындайды. Мемлекеттiк қызметке кiру кезiнде жынысына, нәсiлiне, қай ұлтқа жататынына, тiлiне, әлеуметтiк тегiне, мүлiктiк жағдайына, тұрғылықты жерiне, дiнге қатынасына, сенiмiне, қоғамдық бiрлестiктерге қатыстылығына және кез келген өзге де мән-жайларға қарай қандай да болсын тiкелей немесе жанама шектеулер белгілеуге жол берiлмейдi. 4. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң лауазымдарға орналасуға арналған кадрлар резервiн уәкiлеттi орган мен оның аймақтық бөлiмшелерi қалыптастырады. Кадрлар резервi: 1) конкурстық iрiктеуге қатысқан және конкурстық комиссия кадрлар резервiне тiркеу үшiн ұсынған азаматтардан; 2) мемлекеттiк қызметшiлердi даярлау мен қайта даярлаудың мемлекеттiк бағдарламалары бойынша мемлекеттiк тапсырыс негізiнде оқудан өткен азаматтар; 3) мемлекеттiк органдар кәсiби деңгейiн көтеру мақсатында халықаралық ұйымдарға немесе басқа мемлекеттерге жұмысқа жiберген азаматтардан; 4) аттестаттаудан өткен және аттестаттау комиссиясы кадрлар резервіне есепке алуға ұсынған мемлекеттік әкімшілік қызметшілерден жасақталады. Кадрлар резервiне тiркелген азаматтар бiр жыл iшiнде конкурстан өтпестен мемлекеттiк органдардағы тиiстi мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға тағайындалуы мүмкiн. Кадрлар резервiн қалыптастыру және олармен жұмысты ұйымдастыру тәртiбi уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Мемлекеттiк қызметтiң кадрлар резервi туралы ережемен реттеледi. Өзін өзі бақылаудың сұрақтары 1.Жалпы мемлекеттік қызметке түсудің шарттары 2.Саяси мемлекеттік қызметке түсудің тәртібі. 3. Әкімшілік мемлекеттік қызметке түсудің тәртібі. 4.Мемлекеттік қызметтің кадрлық құрамы Ұсынылатын әдебиет 1.Уваров В.Н. Государственная служба и управление. Петропавловск: СКЮА, 2004. 2.Чиркин В.Е. Государственное управление - М.: ЮРИСТ, 2002. 3.Байменов А.М. Государственная служба в Республике Казахстан. Астана, 2000. 4.Пикулькин А.В. Система государственного управления - М.: ЮНИТА-ДАНА,2001. 5.Глазунова Н.И. Система государственного управления - М.: ЮНИТА-ДАНА, 2002. 6.Оболонский А.В. Государственная служба - М.: ДЕЛО, 2000. 7.Старилов Ю.Н. Служебное право - М.: БЕК, 1996. 8.Атаманчук Г.В. Теория государственного управления. Курс лекц. М.:Юр.лит. 1997. Тақырып 11. Мемлекеттік қызметті өткеру. 1.Лауазымды тұлғалардың құзыреті 2. Қызметтік этика және жұмысының стилі 3. Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерді аттестациялау 4.Мемлекеттік қызметкерлерді марапаттау 5.Мемлекеттік қызметкерлердің тәртіптік жауапкершілігі 6.Мемлекеттік қызметкерлерді оқыту 1. Саяси мемлекеттік қызметшілердің функционалдық міндеттері Конституциямен, ҚР-ң заңдарымен, сәйкес мемлекеттік орган туралы ережемен, ҚР-ң Президентінің жарлығымен бекітілген мемлекеттік қызметті өткеру тәртібі туралы ережемен(10 наурыз 2000 жыл № 357), және лауазымдық нұсқамалармен реттелінеді. Мемлекеттік саяси қызметшілердің негізгі міндеттері: 1) мемлекеттік саясатты айқындауға және іске асыруға жәрдемдесетіншешімдер қабылдау; 2) қабылданған шешімдердің орындалу барысын бақылау; 3) мемлекеттік және өзге де бағдарламалар мен жобалардың орындалу барысын реттеу және бағалау, сондай-ақ орындалуы үшін дербес жауапкершілік; 4) мемлекеттік органның жұмысын басқару; 5) бағынысты мемлекеттік қызметшілердің жұмысына басшылық жасау болып табылады. Мемлекеттік саяси қызметшілерге мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын қоса атқаруға жол берілмейді. Мемлекеттік саяси қызметшінің өкілеттігі: 1) Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған; 2)мемлекеттік орган таратылған; 3) мемлекеттік саяси қызметші өзінің табысы мен мүлкі туралы көрінеу жалған мәліметтер берген; 4) "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңда белгіленген міндеттер мен шектеулерді сақтамаған; 5) өзіне меншік құқығы бойынша тиесілі мүлікті сенімді басқаруға бермеген; 6) сыбайлас жемқорлыққа тән құқық бұзушылық жасаған және т.б. жағдайларда тоқтатылады. Мемлекеттік саяси қызметшінің өкілеттігі сол сияқты мемлекеттік орган қайта құрылған, мемлекеттік қызметшілердің саны немесе штаты қысқартылған жағдайларда тоқтатылуы мүмкін. Мемлекеттік саяси қызметшілер Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында көзделген негіздерде орнынан түсуге өтініш береді. Егер орнынан түсудің негіздері заңдарда көзделмесе, мемлекеттік саяси қызметшілер еңбек заңдарында көзделген жалпы негіздер бойынша жұмыстан босатылады. 2. Әрбір мемлекеттік қызметші осы ережелердің сақталуы үшін барлық қажетті шараларды қолдануға міндетті. Мемлекеттік қызметшілер өз қызметінде: 1) Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын бұлжытпай жүргізуге; 2) Республика азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын бұзуға орайлас әрекеттерге жол бермеуге; 3) мемлекеттік қызмет принциптері мен жоғары адамгершілік құндылықтарын ұстануға; 4) мемлекеттік қызметшінің антын сақтауға; 5) мемлекеттік және еңбек тәртібін сақтауға; 6) басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан этика нормаларын бұзу фактілеріне жол бермеуге және тыйым салуға тиіс. Мемлекеттің өкілі ретіндегі мемлекеттік қызметшінің парызы мен міндеттері: 1) Республиканың Конституциясы мен заңдарын бұлжытпай сақтау; 2) мемлекет мүдделерін қорғау; 3) Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық татулықты нығайтуға жәрдемдесу; 4) өзінің қызметтік міндеттерін әділ әрі қалтқысыз атқару; 5) заңмен белгіленген өзі қабылдаған шектеулерді сақтау және т.б. Азаматтармен және заңды тұлғалармен қарым-қатынастарда мемлекеттік қызметшілер: 1) басқа адамдардың ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге; 2) олардың өтініштерін қарау кезінде төрешілдікпен сөзбұйдаға салу көріністеріне жол бермеуге, олар бойынша заңда белгіленген мерзімде қажетті шаралар қолдануға; 3) мемлекеттік биліктің беделін, азаматтардың мемлекет институттарына сенімін нығайтуға ықпал етуге; 4) азаматтар мен заңды тұлғалардың Конституцияда кепілдік берілген құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін сақтау мен қорғауды қамтамасыз етуге; 5) мемлекеттік тіл мен Қазақстан халқының өзге тілдеріне, оның әр алуан әдет-ғұрыптары мен дәстүрлеріне құрметпен қарауға және т.б. 3. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер олардың кәсiби даярлығы, құқықтық мәдениетi, азаматтармен жұмыс iстеу қабiлетi деңгейiн анықтау мақсатында аттестаттаудан өтедi. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердi аттестаттауды жүргiзудiң тәртiбi мен талаптарын уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Республика Президентi бекiтедi. Аттестациялауда бағалаудың негізгі критериіне қызметшілердің өздеріне белгіленген міндеттерді орындай алу қабілеті жатады Аттестациялауды өткізудің тәртібі мен шарттары ҚР-ның Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы №327 Жарлығымен бекітілген Ережемен анықталған. Аттестация өткізуге дайындықты, мемлекеттік орган басшысының тапсырмасы бойынша кадр қызметі ұйымдастырады. Ол мынадай шараларды қамтиды: 1) аттестациядан өтушіге қажетті құжаттарды дайындау; 2) аттестация өткізудің кестесін әзірлеу; 3) аттестация комиссияларының құрамын айқындау; 4) аттестация өткізудің мақсаты мен тәртібі туралы түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру. 5) мемлекеттiк қызмет істерi жөнiндегi уәкiлеттi органмен немесе оның аумақтық бөлiмшелерiмен сынақ мерзiмдерi және оны өткiзетiн орны туралы келiсу. Аттестациялаудан жүкті әйелдерден басқа барлық әкімшілік мемлекеттік қызметшілер өткізіледі Мемлекеттік қызметке алғаш рет түсіп отырған тұлғалар аттестациялаудан мемлекеттік қызметте үздіксіз үш жыл болғаннан кейін өтеді. Содан соң әр үш жыл өткен сайын аттестациялаудан өтіп отырады. 4. Мемлекеттiк қызметшiлер лауазымдық мiндеттерiн үлгiлi орындағаны, мiнсiз мемлекеттiк қызметi, ерекше маңызды және күрделi тапсырмаларды орындағаны үшiн және жұмыстағы басқа да жетiстiктерi үшiн: 1) бiржолғы ақшалай сыйақы беру; 2) алғыс жариялау; 3) бағалы сыйлықтармен марапаттау; 4) сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген көтермелеудiң өзге де нысандары арқылы көтермеленуi мүмкiн. Мемлекеттiк қызметшiлер ерекше еңбек сiңiргенi үшiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградаларымен марапатталады. Аталған марапаттау шараларынан басқа мемлекеттік қызметшілер ерекше қызметтері үшін мемлекеттік сыйлықтарға ұсынылуы мүмкін. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсанындағы заңымен республиканың жоғарғы сыйлығына ие азаматтарды марапаттаудың тізімі мен тәртібі беріледі. 5. Мемлекеттiк қызметшiлердiң өзiне жүктелген мiндеттердi орындамағаны және тиiсiнше орындамағаны, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны, лауазымдық өкiлеттiгiн асыра пайдаланғаны, мемлекеттiк және еңбек тәртiбiн бұзғаны үшiн, сондай-ақ Заңда белгiленген, мемлекеттiк қызметте болуға байланысты шектеулердi сақтамағаны үшiн мемлекеттiк қызметшiге тәртiптiк жазалар: 1) ескерту; 2) сөгiс; 3) қатаң сөгiс; 4) қызметке сәйкес еместiгi туралы ескерту; 5) атқаратын қызметiнен босату қолданылуы мүмкiн. Тәртiптiк жазаны: 1) лауазымдық өкiлеттiгiне сәйкес осындай құқығы бар адамдар қолданады; 2) жасағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңында өзгедей жауаптылық көзделген әрекет үшiн қолдануға болмайды; 3) Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленетiн тәртiппен қолданады. Тәртiптiк лайықсыз әрекетке жол берген мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiнi оны тағайындаған басшы белгiленген тәртiппен жауаптылығы туралы мәселе шешiлгенге дейiн лауазымдық мiндеттерiн атқарудан уақытша шеттетуi мүмкiн. Мемлекеттiк қызметшi өз iс-әрекетiнiң заңсыздығы үшiн жауап бередi. Мемлекеттiк қызметшiлер қылмыс және өзге де құқық бұзушылықтар жасаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген негіздер мен тәртiп бойынша тиiсiнше қылмыстық, әкiмшiлiк, материалдық жауапты болады. 6. Жаңа мемлекет құру, қоғамның саяси және экономикалық қайтақұрылуы жағдайында мемлекеттік қызметшілерді оқытудың жүйесінің орны артады. Мемлекеттік қызметшілер кадрлерін оқытуды жетілдірудің, олардың кәсібилігі мен құзыреттілігін жоғарылатудың бағдарламалық құжаты болып Қазақстан Республикасының Үкіметінің 13 қараша 2000ж. №1706 қаулысымен мақұлданған Мемлекеттік қызметшілерді оқытудың концепциясы табылады. Концепцияның негізгі ережелері орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілерінің кадрлерінің біліктілігін арттыру мен қайта даярлауды ұйымдастыруда басшылыққа алынады. Оқытудың негізгі түрлеріне жатады: дайындау, қайта дайындау, біліктілігін арттыру, жұмыс орнында оқыту және өзіндік оқу. Мемлекеттік қызметшілерді кәсіби оқытудың қосымша түріне сынақ ісі (стажировка) жатады. Ол алдын-ала теоретикалық дайындалу нәтижесінде алынған жаңа кәсіби білімдерін тәжірибеде қалыптастыру мен бекіту мақсатында ұйымдастырылады. Басқарушылық кадрлерді оқытудың инфрақұрылымында ерекше орын ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік қызмет Академиясына беріледі. Мемлекеттік қызмет кадрлерінің кәсіби деңгейлерін арттыру және басқару кадрлерін дайындау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту мақсатында ҚР Үкіметінің 7 мамыр 2002ж. № 506 қаулысымен мемлекеттік қызметшілерді оқытудың Еуразиялық орталығы құрылды. Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттырудың аймақтық орталықтарына ерекше орын беріледі. Олар қосымша білім беру ұйымдары болып табылады және мемлекеттік қызмет Академиясында әзірленген бағдарламалар мен әдістемелер арқылы мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруды, аймақтағы кәсіби білім бағдарламасын жүзеге асырады. Мемлекеттік қызметшілерді оқытудың жүйесінде маңызды орынды мемлекеттік органдардың кадрлік қызметтері алады. Оларға мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруды, дайындау және қайта дайындауды ұйымдастыру жүктеледі. Өзін өзі бақылаудың сұрақтары 1.Лауазымды тұлғалардың құзыреті 2. Қызметтік этика және жұмысының стилі 3. Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерді аттестациялау 4.Мемлекеттік қызметкерлерді марапаттау 5.Мемлекеттік қызметкерлердің тәртіптік жауапкершілігі 6.Мемлекеттік қызметкерлерді оқыту Ұсынылатын әдебиет 1.Уваров В.Н. Государственная служба и управление. Петропавловск: СКЮА, 2004. 2.Чиркин В.Е. Государственное управление - М.: ЮРИСТ, 2002. 3.Байменов А.М. Государственная служба в Республике Казахстан. Астана, 2000. 4.Пикулькин А.В. Система государственного управления - М.: ЮНИТА-ДАНА,2001. 5.Глазунова Н.И. Система государственного управления - М.: ЮНИТА-ДАНА, 2002. 6.Оболонский А.В. Государственная служба - М.: ДЕЛО, 2000. 7.Старилов Ю.Н. Служебное право - М.: БЕК, 1996. 8.Атаманчук Г.В. Теория государственного управления. Курс лекц. М.:Юр.лит. 1997. Тақырып 12. Мемлекеттік қызметті тоқтату. 1. Мемлекеттік қызметті тоқтатудың жалпы шарттары 2. Мемлекеттік қызметті тоқтатудың қосымша негіздері 3. Саяси мемлекеттік қызметшілердің отставкаға шығуы және жұмыстан босатылуы 1. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң мемлекеттiк қызметтi тоқтатуы үшiн: 1) олардың өз тiлегi бойынша жұмыстан босату туралы арыз беруi; 1-1) тараптардың өзара келісуі бойынша мерзімді еңбек шартын жасасу жолымен олардың мемлекеттік қызметте болу мерзімін бір жылға ұзарту құқығымен Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген зейнеткерлік жасқа толуы; 2) келiсiм-шарт мерзiмiнiң бiтуi не Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздер бойынша келiсiм-шарттың бұзылуы; 3) мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң өз табысы мен мүлкi туралы көрiнеу жалған мәлiмет беруi; 4) Заңда белгiленген мiндеттер мен шектеулердi сақтамауы; 5) меншiк құқығымен тиесiлi мүлiктi сенiм бiлдiрiлген басқаруға бермеуi; 6) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуы; 7) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасауы; 8) заңда белгiленген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымды конкурстан тыс атқаруы; 9) аттестаттаудың терiс нәтижелерi; 10) Қазақстан Республикасының еңбек және мемлекеттік қызмет туралы заңдарында көзделген өзге де негіздемелер негіз болып табылады. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердi қызметтен босатуды мемлекеттiк органның мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға қабылдауға құқығы бар тиiстi лауазымды адамы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүргiзедi. Қызметтен заңсыз босатылған жағдайда мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiнiң уәкiлеттi органға шағымдануға, сондай-ақ өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауға құқығы бар. Мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң ауысуы мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшілердiң жаңадан тағайындалған мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң бастамасы бойынша атқарып отырған лауазымдағы мемлекеттiк қызметтi тоқтатуы үшiн негiз бола алмайды. 2. Мемлекеттік саяси қызметшінің өкілеттігі: 1) Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған; 2) мемлекеттік орган таратылған; 3) мемлекеттік саяси қызметші өзінің табысы мен мүлкі туралы көрінеу жалған мәліметтер берген; 4) "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңда белгіленген міндеттер мен шектеулерді сақтамаған; 5) өзіне меншік құқығы бойынша тиесілі мүлікті сенімді басқаруға бермеген; 6) сыбайлас жемқорлыққа тән құқық бұзушылық жасаған; 7) мемлекеттік саяси қызметшіге қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген; 8) жоғары тұрған басшылық мемлекеттік саяси қызметшінің өз өкілеттігінен бас тарту туралы жеке жазбаша өтініші негізінде орнынан түсуін қабылдаған; 9) атқаратын лауазымына оны тағайындау (сайлау) құқығы бар лауазымды тұлға (орган) тиісті шешім қабылдаған; 10) республика заңдарында көзделген өзге де негіздер туындаған жағдайларда тоқтатылады. Мемлекеттік саяси қызметшінің өкілеттігі сол сияқты мемлекеттік орган қайта құрылған, мемлекеттік қызметшілердің саны немесе штаты қысқартылған жағдайларда тоқтатылуы мүмкін. Мемлекеттік саяси қызметшілер Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында көзделген негіздерде орнынан түсуге өтініш береді. Егер орнынан түсудің негіздері заңдарда көзделмесе, мемлекеттік саяси қызметшілер еңбек заңдарында көзделген жалпы негіздер бойынша жұмыстан босатылады. 3. Отставка дегенiмiз мемлекеттiк саяси қызметшiнiң тиiстi мемлекеттiк лауазымдағы мiндеттерiн атқаруды тоқтатуы, ол оның жазбаша арызы негiзiнде жүзеге асырылады. Отставканы мемлекеттiк саяси қызметшiнi осы лауазымға тағайындаған (сайлаған) мемлекеттiк орган немесе лауазымды адам қабылдайды немесе одан дәлелдi бас тартылады. Отставканы қабылдау немесе одан бас тартылу туралы шешiм жазбаша арыз берiлген күннен бастап бiр ай мерзiмде қабылданады. Саяси қызметшi отставкадан бас тартылған жағдайда қызметтiк өкілеттiгiн атқаруды жалғастыруға тиiс және оның Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен қызметтен босауға құқығы бар. Мемлекеттiк саяси қызметшiлер Конституцияда, Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгiленген негiздер мен тәртiп бойынша отставкаға шығады. Лауазымдық өкiлеттiгiн өрескел бұзу, мемлекеттiк қызметте болуға лайықсыз қылықтар жасау мемлекеттiк саяси қызметшiнiң отставкаға шығуы үшiн негiз бола алмайды, қайта жұмыстан босату үшiн негiз болады. Мемлекеттiк саяси қызметшiлердi қызметтен босатудың негiздерi мен тәртiбiн Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейдi. Өзін өзі бақылаудың сұрақтары 1. Мемлекеттік қызметті тоқтатудың жалпы шарттары 2. Мемлекеттік қызметті тоқтатудың қосымша негіздері 3. Саяси мемлекеттік қызметшілердің отставкаға шығуы және жұмыстан босатылуы Ұсынылатын әдебиет 1.Уваров В.Н. Государственная служба и управление. Петропавловск: СКЮА, 2004. 2.Чиркин В.Е. Государственное управление - М.: ЮРИСТ, 2002. 3.Байменов А.М. Государственная служба в Республике Казахстан. Астана, 2000. 4.Пикулькин А.В. Система государственного управления - М.: ЮНИТА-ДАНА,2001. 5.Глазунова Н.И. Система государственного управления - М.: ЮНИТА-ДАНА, 2002. 6.Оболонский А.В. Государственная служба - М.: ДЕЛО, 2000. 7.Старилов Ю.Н. Служебное право - М.: БЕК, 1996. 8.Атаманчук Г.В. Теория государственного управления. Курс лекц. М.:Юр.лит. 1997. Тақырып 13. Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқаруды реформалаудың негізгі бағыттары. 1. Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқарудың реформасының концептуалдық негіздері 2.Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқарудың реформасының негізгі бағыттары 1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметті реформалау мәселесінің өзектілігі бірқатар объективтік және субъективтік сипаттағы факторларда көрініс тапқан. Ең алдымен жас мемлекеттің қалыптасуы мемлекеттік қызметтің жаңартылған кадрлық құрамының қалыптасуын да талап етеді. Басқа жағынан Қазақстанның стратегиялық даму бағыты демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде мемлекеттік қызметкерлердің сапалы құрамымен болу керек. 2030 жылға дейінгі Қазақстанның даму стратегиясында мемлекеттік қызметті реформалау мен кадр саясатына байланысты негізгі идеялар анықталған. Реформаның басты мақсаты – Қазақстан үшін нарықтық экономикаға бейім, тиімді, жаңа мемлекеттік қызмет пен басқару құрылымын дайындау. Берілген мақсат келесі міндеттерді шешкенде жүзеге асырылады: мемлекеттік аппарат кадрлерін тиімді қолдану мен іріктеу жүйесін жетілдіру; мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру мен даярлаудың жүйесін жақсарту; мемлекеттік қызмет кадрлерін басқарудың жалпымемлекеттік жүйесін қалыптастыру; - мемлекеттік аппараттағы сыбайлас жемқорлықпен күрес; мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік-құқықтық кепілдіктерін арттыру. 2030 жылға дейінгі Қазақстанның даму стратегиясында кадрлерді алу, дайындау мен өсу жүйесін жақсарту мемлекеттік басқаруды реформалаудың басым бағыттарының бірі болып табылады. Онда мемлекеттік қызметтің жоғары репутациясын құру мен қолдау стратегиялық міндеті қойылған. Мемлекеттік аппараттың түбірімен жаңаруының тағы бір шарасы, ол азаматтардың әкімшілік мемлекеттік қызметке түсердегі міндетті конкурстық іріктеуден өтуді енгізу болып саналады. Реформаның маңызды нәтижесіне «мемлекеттік қызметшілерді оқытудың концепциясын» қабылдау жатады. Бұл құжатта оқытудың мақсаты мен міндеттері, жүйесі мен қағидалары, мемлекеттік қызмет кадрлерін оқыту процессін ресурстық және құрылымдық қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін реформалаудың келесі маңызды звеносы болып кадрлерді басқару жүйесін бекіту болып табылады. Мемлекеттік қызметті реформалаудың маңызды бағытына (сәйкесінше кадрлік саясаттың объектісі ретінде де) сыбайлас жемқорлықпен күрес жатқызылады. 2030 жылға дейінгі Қазақстанның даму стратегиясында сыбайлас жемқорлықпен күреске ерекше назар аударылып, қатал күрес жүргізу көзделген. Республикадағы мемлекеттік қызметті реформалаудың өзекті бағытына мемлекеттік қызметшілерді әлеуметтік-құқықтық жағынан қорғауды қамтамасыз ету болып табылады. 2.Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформа мемлекеттiк бағдарламасын (1994 ж.) орындаудың басты нәтижесi қоғам мен мемлекет дамуының стратегиялық бағыттарын айқындап берген, адам мен азаматтың негiзгi құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ мемлекеттiк институттардың жаңа жүйесiн бекiткен Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылдануы (1995 ж.) болды. Заңнаманы одан әрi жетiлдiру процесiнде Конституцияның үстемдiгi және төменгi деңгейдегi актiлер нормаларының жоғарғы деңгейдегi актiлерге сәйкес тұру принциптерiн бұлжытпай ұстану қажет. Қолданыстағы заңдар нормаларын мына шараларды: құқықтық реттеудегі ахаулықтарды толықтыруды және оны қоғамдық қатынастардың барынша маңызды салаларына тереңдетудi; заң жобаларына, соның iшiнде олардың ұлттық қауiпсiздiк мүдделерiне сай болуына, ғылыми сараптама жүргiзу практикасын жалғастыруды және кеңейтудi; заңнаманы бiр iзге келтiру мақсатында онда қолданылатын терминдердiң мемлекеттiк және орыс тілдерiндегi бiрыңғай тiзбесiн қалыптастыруды; қабылданатын барлық заңдарды тиiмдi iске асыру үшiн жағдай жасау мақсатында оларды қаржылай қамтамасыз етудiң жеткiліктілiк принципiн мұқият сақтауды; қылмыс, сыбайлас жемқорлық және әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасауға тiкелей немесе жанама түрде жағдай туғызушы алғышарттарды анықтау мақсатында нормативтiк құқықтық актiлер жобаларына криминологиялық сараптама енгiзудi; заң жобалары қызметiн жоспарлауды жақсарту мақсатында оны перспективалық (3 жылға) жоспарлау практикасын енгізудi iске асыру жолымен жетiлдiру қажет ұлттық заңнама ауқымын орта мерзiмдi перспективаға жүйелеу жөнiндегi жұмысты жоспарлау, құқықтық реттеудi талап ететiн қоғамдық қатынастарға ғылыми талдау жүргiзу қажет. Мұндай алдын-ала талдау нормативтiк құқықтық актiлермен реттелмеген және түрлi деңгейдегi реттеудi қажет ететiн қоғамдық қатынастар саласын айқындауға мүмкiндiк бередi. Заңнаманы жүйелеу оның барлық үш нысанын қолдану: инкорпорациялау, топтау және жинақтау арқылы жүзеге асырылуы тиiс. Кез келген қоғамда, әдеттегiдей, түрлi индивидуумдар, әлеуметтiк топтар, ұйымдар мүдделерiнiң қарама-қайшылығы болуы мүмкiн. Осы орайда сүйемелдеу сияқты құбылысқа өркениеттi, заңдық шеңбер беру қажет. Бүгінде заң актiлерi мемлекеттiк органдарға мазмұны заң шығарушының қалауына сай емес, ал кейде оған тiкелей қайшы келетiн заңға тәуелдi актiлер қабылдауға мүмкiндiк беретiн бланкеттiк (сiлтемелiк) нормалардың көп мөлшерiн қамтиды. Мемлекеттiк органдардың норма түзушiлiк тәжiрибесiнде тар салалық, ведомстволық көзқарас жойылмаған, соның нәтижесiнде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары, адам құқықтарына, бостандықтарына және азаматтар мен ұйымдардың заңды мүдделерiне қысым жасау орын алған. Әрi бұл жәйт заңдарды iс жүзiнде заңға тәуелдi актiлермен алмастыруға әкеп соқтырады. Осыған байланысты заң актiлерiн әзiрлеу процесi сiлтемелiк нормалар санын қатаң түрде азайтумен және заңдарды мүмкiндiгiнше тиiмдi нақтылаумен сипатталуға тиiс. Сонымен бiрге қабылданған заңдардың толықтай iске асырылуын, соның iшiнде қажет деген заңға тәуелдi актiлердiң дер кезiнде қабылдануын қамтамасыз ететін тетіктердi жетiлдiрген жөн. Жергiлiктi норма түзушiлiктiң сапасын арттыру қажет болып отыр. Бұл орайда да жалпыға мiндеттi маңызға, ведомствоаралық сипатқа ие немесе азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты жергілiктi мемлекеттiк органдардың актілерiн тiркеу мiндеттілiгi туралы заң нормаларын iске асыруға бағытталған қосымша шаралар қолға алынуы қажет. Қазiргi кезде жоғары заңгерлiк бiлiм алуды қамтамасыз ететiн оқу орындарының қатары өте көп. Алайда, бұл ұйымдарда мамандар даярлау сапасы ойдағыдай емес. Бұл шұғыл шешiмiн талап ететiн мәселе. Сонымен қатар жемiстi дамып келе жатқан отандық құқықтық ғылымға қолдау таныту жөнiндегi шаралар қолға алынуы қажет. Құқықтық мемлекет қµру және жоғарыда айтылған мiндеттердi iске асыру мақсатында мемлекеттiк органдар мен лауазымды тұлғалар құқықтық саясатты өздерiнiң күнделiктi қызметiнде iске асыруы тиiс. Оның негiзгі принциптерi болып: заңдылық, яғни Конституция мен заңдардың, оларға негiзделген заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актілердiң нормаларын сақтап, орнымен қолдану; адам мен азамат құқықтары мен бостандықтарының ұлықтылық жағдайын бiлдiретiн адам құқықтары мен бостандыєтарының басымдылығы; гуманизм, яғни адамның жеке тұлға ретiндегі жоғары құндылығын, оның еркiн дамуға және қабiлетiн көрсетуге деген құқықтарын тану, қоғамдық қатынастар сапасына баға берудiң өлшемi ретiндегi жеке адам игiлiгiнiң орнығуы; қазақстандықтардың өз Атамекенiн жан-жақты қолдауы мен адалдығы және Отанына сүйiспеншiлiгi ретiндегi қазақстандық патриотизм толық дәрежеде орнығуға тиiс. Өзін өзі бақылаудың сұрақтары 1. Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқарудың реформасының концептуалдық негіздері 2.Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқарудың реформасының негізгі бағыттары Ұсынылатын әдебиет 1.Уваров В.Н. Государственная служба и управление. Петропавловск: СКЮА, 2004. 2.Чиркин В.Е. Государственное управление - М.: ЮРИСТ, 2002. 3.Байменов А.М. Государственная служба в Республике Казахстан. Астана, 2000. 4.Пикулькин А.В. Система государственного управления - М.: ЮНИТА-ДАНА,2001. 5.Глазунова Н.И. Система государственного управления - М.: ЮНИТА-ДАНА, 2002. 6.Оболонский А.В. Государственная служба - М.: ДЕЛО, 2000. 7.Старилов Ю.Н. Служебное право - М.: БЕК, 1996. 8.Атаманчук Г.В. Теория государственного управления. Курс лекц. М.:Юр.лит. 1997. 3.Практикалық сабақтар Тақырып 1. Мемлекеттік басқарудың мазмұны. Мемлекттік басқарудың түсінігі және қағидалары.Мемлекеттік басқарудың объектілері.Мемлекеттік басқарудың механизмі. Мемлекеттік басқарудың әдістері.Мемлекеттік басқарудың нысандары. Тапсырма: Нормативтік құқықтық актімен жұмыс жасау Ұсынылатын нормативтік актілер 1.Уваров В.Н. Государственная служба и управление. Петропавловск: СКЮА, 2004. 2.Чиркин В.Е. Государственное управление - М.: ЮРИСТ, 2002. 3.Байменов А.М. Государственная служба в Республике Казахстан. Астана, 2000. 4.Пикулькин А.В. Система государственного управления - М.: ЮНИТА-ДАНА,2001. 5.Глазунова Н.И. Система государственного управления - М.: ЮНИТА-ДАНА, 2002. 6.Оболонский А.В. Государственная служба - М.: ДЕЛО, 2000. 7.Старилов Ю.Н. Служебное право - М.: БЕК, 1996. 8.Атаманчук Г.В. Теория государственного управления. Курс лекц. М.:Юр.лит. 1997. Тақырып 2. Мемлекеттік органның құқықтық мәртебесі. Мемлекеттік органның түсінігі және жіктемесі. Мемлекеттік органның құрылу тәртібі.Мемлекеттік органның құзыреті. Тапсырма: Нормативтік құқықтық актімен жұмыс жасау Ұсынылатын нормативтік актілер 1. Бахрах Д.Н. Административное право. Учебник, изд. «Бек», М., 1996. 2.Таранов А.А. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқығы. Академиялық курс. Алматы, “ҚазГЗУ Баспа үйі” ЖШС, 2003. 3.Таранов А.А. Административное право Республики Казахстан. Академический курс. Алматы, ТОО “Баспа”, 2000. 4.Овсянко Д.М. Административное право: Учебное пособие.Москва,Юристъ, 2000. 5.Административное право Республики Казахстан: Часть особенная: учебник для юридических вузов. Отв.ред. Таранов А.А. Алматы, Жеті Жарғы, 1997. Тақырып 3. Әлеуметтік жүйе мемлекеттік басқарудың объектісі ретінде. Адам әлеуметтік жүйенің негізгі элементі ретінде.Азаматтардың бірлесуінің ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны. Халықтың аумақтық принцип бойынша бөлінуі. Халықтың өндірістік принцип бойынша бөлінуі.Мемлекеттік басқарудағы салалық және қызметтік бастамалар.Мемлекеттік басқарудың субъектілері мен объектілерінің өзара байланысы. Мемлекеттік басқару жүйесінің “сыртқы саласы”. Тапсырма: Нормативтік құқықтық актімен жұмыс жасау Ұсынылатын нормативтік актілер 1. В.И. Григорьев. Административное право Республики Казахстан. Общая часть. Альбом схем и толковый словарь (учебно-наглядное пособие). Алматы, 2003. 2.Жампиисов С.Д., Нұрбаев Н.К., Қарамурзин Т.А. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқығы бойынша 100 сұрақ пен 100 жауап. Оқу құралы. Семей, 2002. 3.Б.Жетписбаев. Административная ответственность в Республике Казахстан. Учебное пособие. Алматы, “Дәнекер”, 2000. 4.Матюхин А. Государство в сфере права: инвеституционный подход.- Алматы: ВШП «Әділет»,2000. 5.Сапаргалиев Г.С. Конституционное право Республики Казахстан. - Алматы: Жеті Жарғы, 1998. Тақырып 4. Мемлекеттік басқарудың функциялары, нысандары және әдістері. Мемлекеттік басқарудың саясаты мен мақсаты.Мемлекеттік басқарудың функционалдық құрылымы .Мемлекеттік басқарудың әдістері. Мемлекеттік басқарудың нысандары. Тапсырма: Нормативтік құқықтық актімен жұмыс жасау Ұсынылатын нормативтік актілер 1. Бахрах Д.Н. Административное право. Учебник, изд. «Бек», М., 1996. 2.Таранов А.А. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқығы. Академиялық курс. Алматы, “ҚазГЗУ Баспа үйі” ЖШС, 2003. 3.Таранов А.А. Административное право Республики Казахстан. Академический курс. Алматы, ТОО “Баспа”, 2000. 4.Овсянко Д.М. Административное право: Учебное пособие.Москва,Юристъ, 2000. Тақырып 5. Мемлекеттік-басқарушылық шешімдер. НҚА-дің түсінігі мен жіктелуі. НҚА-дің жобаларын жоспарлау, дайындау және келістіру. НҚА-дің реквизиттері, құрылымы және мәтінінің стилі. НҚА-ді қабылдау мен жариялауының тәртібі . НҚА-дің уақыт, кеңістікте және адамдар арасындағы әрекеті.Атқарушы биліктің жергілікті және орталық органдарының НҚА-ін мемлекеттік тіркеу. Ұсынылатын нормативтік актілер 1. Бахрах Д.Н. Административное право. Учебник, изд. «Бек», М., 1996. 2.Таранов А.А. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқығы. Академиялық курс. Алматы, “ҚазГЗУ Баспа үйі” ЖШС, 2003. 3.Таранов А.А. Административное право Республики Казахстан. Академический курс. Алматы, ТОО “Баспа”, 2000. 4.Овсянко Д.М. Административное право: Учебное пособие.Москва,Юристъ, 2000. 5.Административное право Республики Казахстан: Часть особенная: учебник для юридических вузов. Отв.ред. Таранов А.А. Алматы, Жеті Жарғы, 1997. Тақырып 6. Әкімшілік процедуралар. Басқарушылық процесс және оның сатылары.Жеке құқықтық актілер: түсінігі, талаптары.Басқарушылық қатынастар және олардың жіктелуі.Басқарушылық қатынастарды құқықтық реттеу. Тапсырма: Нормативтік құқықтық актімен жұмыс жасау Ұсынылатын нормативтік актілер 1. Бахрах Д.Н. Административное право. Учебник, изд. «Бек», М., 1996. 2.Таранов А.А. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқығы. Академиялық курс. Алматы, “ҚазГЗУ Баспа үйі” ЖШС, 2003. 3.Таранов А.А. Административное право Республики Казахстан. Академический курс. Алматы, ТОО “Баспа”, 2000. 4.Овсянко Д.М. Административное право: Учебное пособие.Москва,Юристъ, 2000. 5.Административное право Республики Казахстан: Часть особенная: учебник для юридических вузов. Отв.ред. Таранов А.А. Алматы, Жеті Жарғы, 1997. Тақырып 7. Мемлекеттік басқаруды қамтамасыз ету. Мемлекеттік басқаруды ақпараттық қамтамасыз ету. Мемлекеттік басқаруда заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету .Мемлекеттік басқаруды ғылыми қамтамасыз ету. Тапсырма: Нормативтік құқықтық актімен жұмыс жасау Ұсынылатын нормативтік актілер 1. Бахрах Д.Н. Административное право. Учебник, изд. «Бек», М., 1996. 2.Таранов А.А. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқығы. Академиялық курс. Алматы, “ҚазГЗУ Баспа үйі” ЖШС, 2003. 3.Таранов А.А. Административное право Республики Казахстан. Академический курс. Алматы, ТОО “Баспа”, 2000. 4.Овсянко Д.М. Административное право: Учебное пособие.Москва,Юристъ, 2000. 5.Административное право Республики Казахстан: Часть особенная: учебник для юридических вузов. Отв.ред. Таранов А.А. Алматы, Жеті Жарғы, 1997. Тақырып 8. Мемлекеттік қызмет жария-құқықтық институт ретінде. Мемлекеттік қызметтің қоғамдық еңбек бөлінісіндегі орны мен маңызы. Мемлекеттік қызметтің өзіне тән белгілері. Мемлекеттік қызметтің қағидалары.Мемлекеттік қызметті басқару. Тапсырма: Нормативтік құқықтық актімен жұмыс жасау Ұсынылатын нормативтік актілер 1.Уваров В.Н. Государственная служба и управление. Петропавловск: СКЮА, 2004. 2.Чиркин В.Е. Государственное управление - М.: ЮРИСТ, 2002. 3.Байменов А.М. Государственная служба в Республике Казахстан. Астана, 2000. 4.Пикулькин А.В. Система государственного управления - М.: ЮНИТА-ДАНА,2001. 5.Глазунова Н.И. Система государственного управления - М.: ЮНИТА-ДАНА, 2002. 6.Оболонский А.В. Государственная служба - М.: ДЕЛО, 2000. 7.Старилов Ю.Н. Служебное право - М.: БЕК, 1996. 8.Атаманчук Г.В. Теория государственного управления. Курс лекц. М.:Юр.лит. 1997. Тақырып 9. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесі. Мемлекеттік органдардың штаты мен жеке құрамы.Мемлекеттік лауазымдардың жіктелуі. Лауазымды тұлға түсінігі.Мемлекеттік қызметшілердің негізгі құқықтары мен міндеттері. Тапсырма: Нормативтік құқықтық актімен жұмыс жасау Ұсынылатын нормативтік актілер 1.Уваров В.Н. Государственная служба и управление. Петропавловск: СКЮА, 2004. 2.Чиркин В.Е. Государственное управление - М.: ЮРИСТ, 2002. 3.Байменов А.М. Государственная служба в Республике Казахстан. Астана, 2000. 4.Пикулькин А.В. Система государственного управления - М.: ЮНИТА-ДАНА,2001. 5.Глазунова Н.И. Система государственного управления - М.: ЮНИТА-ДАНА, 2002. 6.Оболонский А.В. Государственная служба - М.: ДЕЛО, 2000. 7.Старилов Ю.Н. Служебное право - М.: БЕК, 1996. 8.Атаманчук Г.В. Теория государственного управления. Курс лекц. М.:Юр.лит. 1997. Тақырып 10. Мемлекеттік қызметке түсу. Жалпы мемлекеттік қызметке түсудің шарттары .Саяси мемлекеттік қызметке түсудің тәртібі. Әкімшілік мемлекеттік қызметке түсудің тәртібі.Мемлекеттік қызметтің кадрлық құрамы. Тапсырма: Нормативтік құқықтық актімен жұмыс жасау Ұсынылатын нормативтік актілер 1.Уваров В.Н. Государственная служба и управление. Петропавловск: СКЮА, 2004. 2.Чиркин В.Е. Государственное управление - М.: ЮРИСТ, 2002. 3.Байменов А.М. Государственная служба в Республике Казахстан. Астана, 2000. 4.Пикулькин А.В. Система государственного управления - М.: ЮНИТА-ДАНА,2001. 5.Глазунова Н.И. Система государственного управления - М.: ЮНИТА-ДАНА, 2002. 6.Оболонский А.В. Государственная служба - М.: ДЕЛО, 2000. 7.Старилов Ю.Н. Служебное право - М.: БЕК, 1996. 8.Атаманчук Г.В. Теория государственного управления. Курс лекц. М.:Юр.лит. 1997. Тақырып 11 Мемлекеттік қызметті өткеру. Лауазымды тұлғалардың құзыреті. Қызметтік этика және жұмысының стилі. Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерді аттестациялау.Мемлекеттік қызметкерлерді марапаттау. Тапсырма: Нормативтік құқықтық актімен жұмыс жасау Ұсынылатын нормативтік актілер 1.Уваров В.Н. Государственная служба и управление. Петропавловск: СКЮА, 2004. 2.Чиркин В.Е. Государственное управление - М.: ЮРИСТ, 2002. 3.Байменов А.М. Государственная служба в Республике Казахстан. Астана, 2000. 4.Пикулькин А.В. Система государственного управления - М.: ЮНИТА-ДАНА,2001. 5.Глазунова Н.И. Система государственного управления - М.: ЮНИТА-ДАНА, 2002. 6.Оболонский А.В. Государственная служба - М.: ДЕЛО, 2000. 7.Старилов Ю.Н. Служебное право - М.: БЕК, 1996. 8.Атаманчук Г.В. Теория государственного управления. Курс лекц. М.:Юр.лит. 1997. 6.Оболонский А.В. Государственная служба - М.: ДЕЛО, 2000. 7.Старилов Ю.Н. Служебное право - М.: БЕК, 1996. Тақырып 12 Мемлекеттік қызметті тоқтату. Мемлекеттік қызметті тоқтатудың жалпы шарттары. Мемлекеттік қызметті тоқтатудың қосымша негіздері .Саяси мемлекеттік қызметшілердің отставкаға шығуы және жұмыстан босатылуы. Тапсырма: Нормативтік құқықтық актімен жұмыс жасау Ұсынылатын нормативтік актілер 1.Уваров В.Н. Государственная служба и управление. Петропавловск: СКЮА, 2004. 2.Чиркин В.Е. Государственное управление - М.: ЮРИСТ, 2002. 3.Байменов А.М. Государственная служба в Республике Казахстан. Астана, 2000. 4.Пикулькин А.В. Система государственного управления - М.: ЮНИТА-ДАНА,2001. 5.Глазунова Н.И. Система государственного управления - М.: ЮНИТА-ДАНА, 2002. 6.Оболонский А.В. Государственная служба - М.: ДЕЛО, 2000. 7.Старилов Ю.Н. Служебное право - М.: БЕК, 1996. 8.Атаманчук Г.В. Теория государственного управления. Курс лекц. М.:Юр.лит. 1997. Тақырып 13 Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқаруды реформалаудың негізгі бағыттары. Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқарудың реформасының концептуалдық негіздері.Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқарудың реформасының негізгі бағыттары. Тапсырма: Нормативтік құқықтық актімен жұмыс жасау Ұсынылатын нормативтік актілер 1.Уваров В.Н. Государственная служба и управление. Петропавловск: СКЮА, 2004. 2.Чиркин В.Е. Государственное управление - М.: ЮРИСТ, 2002. 3.Байменов А.М. Государственная служба в Республике Казахстан. Астана, 2000. 4.Пикулькин А.В. Система государственного управления - М.: ЮНИТА-ДАНА,2001. 5.Глазунова Н.И. Система государственного управления - М.: ЮНИТА-ДАНА, 2002. 6.Оболонский А.В. Государственная служба - М.: ДЕЛО, 2000. 7.Старилов Ю.Н. Служебное право - М.: БЕК, 1996. 8.Атаманчук Г.В. Теория государственного управления. Курс лекц. М.:Юр.лит. 1997. 4 Курстық жұмыс қарастырмаған 5. Студенттердің өздік жұмысы 5.1.Студенттердің өздік жұмысын орындаудағы әдістемелік нұсқаулар Өздік жұмысының кең таралған және маңызды түрлерінің бірі – ол тәжірибелік сабақтарға және ғылыми конференцияларға студенттермен әзірленетін рефераттар болып саналады. Бұл өздік жұмыстың түрі өте қызықты және маңызды, өйткені ол студентті ғылыми зерттеулерге баулиды. Рефератты дайындау студенттердің ғылыми-ізденіс жұмыстарының элементі ретінде оларды аудиторияның алдында сөйлеуге мүмкіндік береді. Осының бәрі, студенттердің рефераттық жұмыстарын басқаруын ұйымдастыруға үлкен жауапкершілік артады. Рефераттың тақырыбын таңдап алу өте маңызды орын алады, өйткені студенттің өздік жұмысқа деген қызығушылығы, алынған тақырыпқа байланысты болады. Сондықтан, оқытушыға студенттің тақырыпты дұрыс таңдап алуына көмек жасап, рефератты әзірлеу барысында оған жалпы басқаруды қамтамасыз ету қажет. Рефератты әзірлеуінің бірінші кезеңі - әдебиетті дұрыс таңдау, ол үшін кітапханадағы каталогтарды және басқада библиографиялық нұсқауларды қолданған жөн. Студентті анықтамалық әдебиеттермен, термин – аудармалармен, әдістемелік нұсқаулармен, ғылыми журналдармен қолдануға үйрету қажет. Екінші кезең – танысу, мәліметті топтастыру және талдау. Ең алдымен тақырып бойынша негізгі құжаттарды оқып, оларды зерттеуден бастау керек. Осы жұмыс барысында тақырыптың негізгі сұрақтары біліне бастайды, олардың реттілігі және бастапқы жоспары. Сонан кейін, жоспардың сұрақтары арқылы барлық зерттелген әдебиет бойынша мәліметті топтастыру қажет. Барлық мәлімет жиналғаннан кейін, жоспарды ретке келтіріп, рефератты құрастыруға және жазуға кірісуге болады. Бұл реферат әзірлеуінің үшінші соңғы кезеңі болмақ. Ақырында пайдаланған әдебиет тізімін келтіру қажет. Оқытушыға студенттерді қатал бақылауының қажеті жоқ, керісінше олардың ынтасын марапаттау қажет. Реферат толығымен әзірленбей тұрып, оқытушы студенттің дайындаған жоспарын қарап шығу қажет. Рефератты ресімдеу сұрақтары бойынша арнайы кеңес берген жөн. Рефераттың титулды бетіне университеттің және факультеттің атауын, мамандығын, тақырыбын, өзінің аты – жөнін, жазылған жылын көрсету қажет. Келесі бетте, цифрлармен белгіленген рефераттың жоспары көрсетіледі. Жоспардағы сұрақтардың жауабын жаңа беттен бастаған жөн. Рефератты жазу барысында беттерді нөмірлеп, сол жақтан (3 см) жолдарды қалтыру керек. Ақырғы бетте пайдаланған әдебиеттің тізімі көрсетіледі, олардың жазылуын алдын ала оқытушы студенттерді таныстырады. Реферат жұмысы аяқталғаннан кейін, оны студент тексеруге оқытушыға тапсырады, сонан кейін барып ол жұмысқа : «сыналды», «сыналған жоқ» немесе «қанағаттандырылған», «жақсы», «өте жақсы» деген баға беріледі. Рефераттық жұмыстардың есепке алуының жеке журналы болғаны немесе рефераттарды болашақ оқу жұмыстарында пайдалану үшін оқу залында сақтаған жөн. 5.2. Студенттердің өздік жұмыстарының тақырыптары 1.млекеттік қызметті қалыптастыру және даму тарихы. 2.Мемлекеттік қызметтің түрлері. 3.Аппараттың әрекет қабілеттілігіне саясаттану деңгейінің әсері 4.Мемлекеттік қызмет туралы заңнамадағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипатты шаралар. 5.Мемлекеттік қызметшілердің кәсіптілігін жоғарлату жолдары. 6.Мемлекеттік қызметшілерді оқытудың тұжырымдамасы (концепциясы). 7.Әкімшілік процедуралар 8.Мемлекеттік қызмет, заңдылық және әкімшілік юстиция. 9.Мемлекеттік басқарудың объектісі ретіндегі әлеуметтік жүйе. 10.Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесі 11.Әкімшілік процедуралар туралы” ҚР Заңының жалпы сипаттамасы. 12.Шетелдік елдердің мемлекеттік қызметі. 13.Мемлекеттік қызметкерлердің тәртіптік жауапкершілікке тартуды жүзеге асыру мәселелеріни талдау 14.Мемлекеттік басқару жүйесіндегі заң шығарушы билік. 15.Мемлекеттік басқару жүйесіндегі атқару билігі.
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz