Файл қосу

Экономикалық ресурстар



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК  УНИВЕРСИТЕТІ | |
|3 деңгейлі СМЖ құжаты          |ПОӘК            |ПОӘК 042-18.1.02/02-2013       |
|ПОӘК                           |                |                               |
|«Микроэкономика» пәнінің       |№  басылым      |                               |
|студенттерге арналған          |                |                               |
|бағдарламасы                   |                |                               |

















                        «Микроэкономика» пәні бойынша
                     5В050600 «Экономика» мамандығы үшін
                            ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

            СТУДЕНТТЕРГЕ  АРНАЛҒАН ПӘННІҢ ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ























                                 Семей 2013


                                  Алғы сөз
      «Микроэкономика» экономика  саласының  мамандарын  дайындау  барысында
оқытылатын іргелі пәндердің  бірі  болып  саналады.  Микроэкономика  жеклегн
экономикалық агенттердің, атап айтқанда,  тұтынушылар  мен  фирмалардың  іс-
әрекетін зерттейді. Бұл пән студенттерге фирма жұмыс істейтін нарық  түріне,
әсіресе,ондағы бәсеке деңгейіне байланысты түсініктеме  береді.  Бұл  дербес
ойлап,  жауапкершілікті   шешім   қабылдай   алатын   экономикалық   сауатты
мамандарды тәрбиелеуге мүмкіндік береді.

    1. ҚҰРАСТЫРҒАН
    Қуантқан  Б.   «Экономика  және  бизнес»  кафедрасының   доцент   м.а.,
э.ғ.к.,Габдуллина Л.Б., Экономика және бизнес» кафедрасының аға оқытушысы


       2.ТАЛҚЫЛАНДЫ
    2.1.  Семей  қаласының  Шәкәрім  атындағы  мемлекеттік  университетінің
«Экономика және бизнес » кафедрасының мәжілісінде
    Хаттама №   , «___ » 2013 жыл


    Кафедра меңгерушісі  ____________  Ш.Д.Жайлаубаева


    2.2.Қаржы-экономикалық    факультетінің    оқу-әдістемелік      бюроның
мәжілісінде
    Хаттама №  , «___ »  2013 жыл


    Төраға                            ____________  С.Х.Тойкин


3.БЕКІТІЛДІ
    Университеттің оқу-әдістемелік кеңес мәжілісінде қаралып  және  баспаға
ұсынылды
    Хаттама №___, «____» ____________ 2013 жыл


    ОӘК төрағасы ____________ Искакова Г.К.


    4. ЕНГІЗІЛДІ
    20.02.2008 №1 басылым орнына








                                 СЕМЕЙ -2013



                                   Мазмұны

   1. Жалпы мағлұматтар
   2. Пәннің мазмұны және сабақ түрі бойынша сағаттарды бөлу
   3. Пәнді оқу бойынша әдістемелік нұсқаулар
   4. Курс форматы
   5. Курс саясаты
   6. Баға қою саясаты
   7. Әдебиеттер


































    1  ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТТАР.
     • Оқытушының фамилиясы, аты, жөні – Қуантқан Б.Қ. э.ғ.к., доцент м.а.,
       Габдуллина Л.Б., аға оқытушы;
     • Кафедра – «Экономика және бизнес»;
     • Байланыс ақпараты – тел:  530373, №8 оқу ғимараты, №209 кабинет;
     • Сабақ өткізілетін орын – сабақ кестесі бойынша;
     • Пән аты - «Микроэкономика»;
     • Несие саны – 2;
     • Оқу жоспарынан көшірме (1-кесте):

       Күндізгі бөлімде оқитын студенттер үшін оқу жоспарынан көшірме
                                                                     Кесте 1

|Курс    |Семестр                    |Кредит                                 |
|1                                |2      |Дәріс                      |практ. |
|Тақырып 1. Микроэкономикаға      |1      |Микроэкономика пәнін және  |1      |
|кіріспе.                         |       |әдістерін анықтау.         |       |
|Ресурстардың шектеулігі мәселесі |       |Қажеттілік, материалдық    |       |
|және таңдау қажеттігі.           |       |игіліктер және қызметтер,  |       |
|Ресурстарды мерзімдік бөліп      |       |экономикалық ресуртар мен  |       |
|тарату. Нарық игіліктерді        |       |олардың шектеулігі         |       |
|қоғамдық ерікті бөлу механизмі   |       |түсініктерін оқу.Өндірістік|       |
|ретінде . Микроэкономика         |       |мүмкіндіктер қисығын сызу  |       |
|әдістемесі : моделдер және       |       |және оны талдау.           |       |
|теориялар.                       |       |                           |       |
|Тақырып 2. Сұраныс және ұсыныс   |2      |Сұраныс және ұсыныс        |2      |
|теориясының негіздері,           |       |өзгерісіне нарық әсерін    |       |
|Сұраныс және ұсыныс              |       |түсіндіру,олардың          |       |
|моделі.Бағалық емес факторлардың |       |функциясын кестелік        |       |
|әсері. Нарықтық тепе-теңдік.     |       |,графиктік ,аналитикалық   |       |
|                                 |       |түрде көрсету.  Сұраныстың |       |
|                                 |       |баға бойынша икемділігін   |       |
|                                 |       |пайдаланып тұтынушы        |       |
|                                 |       |шығыстарын талдау.Нарықтық |       |
|                                 |       |жағдайларды (тепе-теңдік,  |       |
|                                 |       |артықшылық, тапшылық)      |       |
|                                 |       |анықтау бойынша есептерді  |       |
|                                 |       |шығару, жаттығуларды       |       |
|                                 |       |орындау.                   |       |
|Тақырып 3. Сұраныс және ұсыныс   |1      |Сұраныстың бағалық,        |1      |
|икемділігі. Салықтардың әсері.   |       |қиылысқан және табыс       |       |
|Сұраныстың бағалық, қиылысқан    |       |бойынша икемділік          |       |
|және табыс бойынша икемділіктері.|       |коэффициенттерін есептеу   |       |
|Ұсыныстың бағалық икемділігі.    |       |арқылы   күнделікті        |       |
|Салық салуды нормативтік талдау. |       |қолданылатын тауар, сапалы |       |
|                                 |       |тауарлар ,нашар тауарлар,  |       |
|                                 |       |өзара алмастырылатын және  |       |
|                                 |       |өзара толықтырылатын       |       |
|                                 |       |тауарды анықтау.  Ұсыныстың|       |
|                                 |       |бағалық икемділігін        |       |
|                                 |       |есептеуде уақыт факторын   |       |
|                                 |       |ескеру .                   |       |
|Тақырып 4. Тұтынушы талғамының   |1      |Тұтынушы іс-әрекетін       |1      |
|теориясы.                        |       |талдауда ординалистік және |       |
|Тұтынушы қалауы және талғамсыздық|       |кардиналистік бағыттардың  |       |
|қисықтары. Транзитивтік және     |       |айырмашылығын түсіндіру.   |       |
|толымдылық аксиомасы.            |       |Тұтынушы қалауын график    |       |
|Алмастырудың шекті мөлшері.      |       |жүзінде көрсету. Жалпы     |       |
|Тұтынушының бюджеттік шектеулігі.|       |пайдалылық функциясы       |       |
|Бюджет сызығының көлбеуі.        |       |түсіндіру және шекті       |       |
|Тұтынушы тепе-теңдігі. .         |       |пайдалылық, бюджеттік      |       |
|Тепе-теңдік шарты. Тең пайдалылық|       |шектеулік, тұтынушы        |       |
|қағидасы. «Табыс-тұтыну» қисығы  |       |тепе-теңдігі бойынша       |       |
|және Энгель кисығы. «Баға-тұтыну»|       |есептер шығару. Әр тауар   |       |
|қисығы көмегімен жеке сұраныс    |       |категориясына              |       |
|қисығын сызу.Нарықтық сұраныс    |       |«Табыс-тұтыну» қисығы және |       |
|қисығы жеке сұраныс қисығының    |       |Энгель кисықтарын          |       |
|көлденең жиынтығы ретінде. Алмасу|       |түсіндіру. «Баға-тұтыну»   |       |
|әсері және табыс әсері. Гиффен   |       |қисығы көмегімен жеке      |       |
|тауарлары                        |       |сұраныс қисығын сызу,      |       |
|                                 |       |.Нарықтық сұраныс қисығы   |       |
|                                 |       |жеке сұраныс қисығының     |       |
|                                 |       |көлденең жиынтығы ретінде. |       |
|                                 |       |Алмасу әсері және табыс    |       |
|                                 |       |әсерлерін график жүзінде   |       |
|                                 |       |талдау. Жаттығуларды       |       |
|                                 |       |орындау.                   |       |
|Тақырып 5. Өндіріс теориясы      |1      |Экономикалық ресурстар     |1      |
|Экономикалық ресурстар           |       |сипаттамасы. Өндірістік    |       |
|сипаттамасы. Өндірістік          |       |функцияның көмегімен       |       |
|функцияның көмегімен технологияны|       |технологияны сипаттау.     |       |
|сипаттау. Изокванта карталары,   |       |Изокванта карталары, және  |       |
|және оларды құру. Технологиялық  |       |оларды құру. Технологиялық |       |
|алмастыру нормасы. Айнымалы      |       |алмастыру нормасы. Айнымалы|       |
|өндіріс факторының орташа және   |       |өндіріс факторының орташа  |       |
|шек-тік  өнімі. Өндіріс          |       |және шек-тік  өнімін       |       |
|факторының кемімелі қайтым заңы. |       |есептеу. Өндіріс факторының|       |
|Ауқым әсері.                     |       |кемімелі қайтым заңы. Ауқым|       |
|                                 |       |әсері.                     |       |
|Тақырып 6. Өндіріс шығындары.    |2      | Изокоста. Бухгалтерлік    |2      |
|Изокоста. Бухгалтерлік және      |       |және экономикалық шығындар.|       |
|экономикалық шығындар. Ресурстың |       |Ресурстың баламалы құны.   |       |
|баламалы құны. Баламалы шығындар.|       |Баламалы шығындар. Қысқа   |       |
|Қысқа және ұзақ мерзімді         |       |және ұзақ мерзімді         |       |
|шығындар. Орташа және шектік     |       |шығындар. Орташа және      |       |
|шығындар арасындағы байланыс.    |       |шектік шығындар арасындағы |       |
|Орташа шығын қисығының нысаны.   |       |байланыс. Орташа шығын     |       |
|Тепе-теңдік шарты. Жалпы         |       |қисығының нысаны.          |       |
|шығындарды барынша азайту.       |       |Тепе-теңдік шарты. Жалпы   |       |
|Ауқымнан үнемдеу.                |       |шығындарды барынша азайту. |       |
|                                 |       |Ауқымнан үнемдеу. Есептер  |       |
|                                 |       |шығару, жаттығуларды       |       |
|                                 |       |орындау, дұрыс жауаптарын  |       |
|                                 |       |табу.                      |       |
|Тақырып 7. Жетілген бәсеке       |2      |Пайда фирма қызметінің     |2      |
|нарығындағы ұсыныс.              |       |мақсаты ретінде.           |       |
|Пайда фирма қызметінің мақсаты   |       |Экономикалық пайда. Қалыпты|       |
|ретінде. Экономикалық пайда.     |       |бухгалтерлік пайда. Пайданы|       |
|Қалыпты бухгалтерлік пайда.      |       |тарату және салық салу.    |       |
|Пайданы тарату және салық салу.  |       |Орташа және шектік табыс.  |       |
|Орташа және шектік табыс.        |       |Жетілген бәсекелестік      |       |
|Жетілген бәсекелестік шарты.     |       |шарты. Бәсекелес фирманың  |       |
|Бәсекелес фирманың өніміне       |       |өніміне сұраныс қисығы.    |       |
|сұраныс қисығы. Бәсекелік нарықта|       |Бәсекелік нарықта фирма    |       |
|фирма пайдасын барынша арттыру   |       |пайдасын барынша арттыру   |       |
|немесе шығындарын барынша азайту |       |немесе шығындарын барынша  |       |
|ережесі.                         |       |азайту ережесі. Есептер    |       |
|                                 |       |шығару, жаттығуларды       |       |
|                                 |       |орындау, дұрыс жауаптарын  |       |
|                                 |       |табу.                      |       |
|Тақырып 8. Монополия және        |1      |Монополиялық билік         |1      |
|монопсония.                      |       |көрсеткішін анықтау.       |       |
|Монополияның экономикалық        |       |Монополияның қоғамдық      |       |
|салдары. Монополиялық билік      |       |шығындары. Бағалық         |       |
|көрсеткіші. Монополияның қоғамдық|       |дискриминацияны түсіндіру. |       |
|шығындары. Бағалық дискриминация.|       |Нарықты сегменттеу. Есептер|       |
|Нарықты сегменттеу.              |       |шығару, жаттығуларды       |       |
|                                 |       |орындау, дұрыс жауаптарын  |       |
|                                 |       |табу.                      |       |
|Тақырып 9. Монополиялық бәсеке   |1      |Бәсекелес емес нарықтардың |1      |
|Бәсекелес емес нарықтардың даму  |       |даму ерекшеліктерін        |       |
|ерекшеліктері. Қысқа және ұзақ   |       |түсіндіру. Қысқа және ұзақ |       |
|мерзімдегі монополиялық бәсеке.  |       |мерзімдегі монополиялық    |       |
|                                 |       |бәсеке жағдайында өндіріс  |       |
|                                 |       |көлемін және бағаны        |       |
|                                 |       |анықтау.                   |       |
|Тақырып 10. Олигополия           |1      |  Олигополиялық нарық      |1      |
|Олигополиялық нарық. Фирманың    |       |кезінде фирманың           |       |
|стратегиялық іс-қимылдары .      |       |стратегиялық іс-қимылдарына|       |
|Дуополия.                        |       |түсінік беру. Есептер      |       |
|                                 |       |шығару, жаттығуларды       |       |
|                                 |       |орындау, дұрыс жауаптарын  |       |
|                                 |       |табу                       |       |
|Тақырып 11. Өндіріс факторлар    |1      |Өндіріс факторлары         |1      |
|нарығы.                          |       |нарығының ерекшеліктері.   |       |
|Өндіріс  факторлары нарығының    |       |Ресурстың шектік           |       |
|ерекшеліктері. Ресурстың шектік  |       |табыстылығы. Ресурсқа фирма|       |
|табыстылығы. Ресурсқа фирма      |       |сұранысының қисығы.        |       |
|сұранысының қисығы. Ресурстардың |       |Ресурстардың нарықтық      |       |
|нарықтық ұсынысы.Жетілген        |       |ұсынысы.Жетілген бәсекелі  |       |
|бәсекелі және монополиялық өнім  |       |және монополиялық өнім     |       |
|нарықтары. Еңбек жағдайы және    |       |нарықтары. Еңбек жағдайы   |       |
|еңбек ақы. Капитал қозғалысы және|       |және еңбек ақы. Капитал    |       |
|капитал қорлары. Қарыз пайызының |       |қозғалысы және капитал     |       |
|нарықтық ставкасын анықтау. Рента|       |қорлары. Қарыз пайызының   |       |
|жер бағасы ретінде.              |       |нарықтық ставкасын анықтау.|       |
|                                 |       |Рента жер бағасы ретінде.  |       |
|                                 |       |Есептер шығару,            |       |
|                                 |       |жаттығуларды орындау, дұрыс|       |
|                                 |       |жауаптарын табу.           |       |
|Тақырып 12. Жалпы тепе-теңдік    |1      |Жеке меншік игілік және    |1      |
|Қоғамдық игіліктер және сыртқы   |       |қоғамдық игілік. Игіліктің |       |
|әсерлер. Ассиметриялық ақпарат   |       |бәсекесіздігі және         |       |
|Жалпы тепе-теңдік талдауы. Жеке  |       |жалпылығы. Сыртқы әсерлер: |       |
|меншік игілік және қоғамдық      |       |оң және теріс әсерлер.     |       |
|игілік. Игіліктің бәсекесіздігі  |       |Мемлекет рөлі: салықтық    |       |
|және жалпылығы. Сыртқы әсерлер:  |       |түзетулер және субсидиялар.|       |
|оң және теріс әсерлер. Мемлекет  |       |Сапа анықсыздығы.          |       |
|рөлі: салықтық түзетулер және    |       |Ассиметриялы ақпараттың    |       |
|субсидиялар. Сапа анықсыздығы.   |       |маңызы. Кепілдіктер рөлі.  |       |
|Ассиметриялы ақпараттың маңызы.  |       |Тапсырушы агент мәселесі.  |       |
|Кепілдіктер рөлі. Тапсырушы агент|       |Сақтандыру. Есептер шығару,|       |
|мәселесі. Сақтандыру.            |       |жаттығуларды орындау, дұрыс|       |
|                                 |       |жауаптарын табу.           |       |

   3.  ПӘНДІ ИГЕРУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
      Микроэкономиканы  оқу  барысында   пәннің   логикасы   мен   құрылымын
жетекшілік ету керек. Мысалы, өндіріс  факторлары  нарығын   алдымен  нарық,
бәсеке, сұраныс және ұсыныс тақырыптарын   игермей  оқу  күрделірек  болады.
Өздігімен   дайындалу   үшін   экономикалық    жоғарғы    оқу    орындарына,
факультеттерге  немесе  экономикалық  мамандықтағы   студенттерге   арналған
микроэкономика бойынша  оқулықтар  мен  оқу-әдістемелік  құралдарды  қолдану
ұсынылады.  Бір  тақырыптың   белгілі  бір  оқулықта    басқа   әдебиеттерге
қарағанда толық, тереңірек қарастырылатынын ескеру қажет.  Айталық,  сұраныс
және  ұсыныс  сұрақтары,   тұтынушы   тәртібі   теориясы    В.М.   Гальперин
редакциясымен     «Микроэкономикада»,     Н.     Мамыров,     Тілеужанованың
«Микроэкономикасында»,  ал  өндіріс  теориясы,  кәсіпорын  және  кәсіпкерлік
формалары  Р.М. Нуреев редакциясы бойынша «Курс  микроэкономики»  оқулығында
толығырақ қарастырылған. Әйгілі батыс оқулығы (аударылған)  Макконнелл  және
Брюдің «Экономикс» сұраныс және ұсыныстың , жетілген және жетілмеген  бәсеке
нарықтары    жағдайында    өндіріс    көлемі    мен    бағасын    анықтауды,
микроэкономикалық   тепе-теңдікті  терең   талдауымен   ерекшелінеді.   М.Х.
Айдарханов пен С.Қ. Жұмашбекованың  «Микроэкономика» оқу  құралында  өндіріс
шығындары,   өндіріс   факторлар   нарығы,   жалпы   тепе-теңдікті   талдау,
асимметриялық ақпарат тақырыптары кеңірек талданған.
      Микроэкономика бойынша оқулықтар жыл  сайын  қайта  өңделіп  басылады,
сондықтан   оларды   неғұрлым   жақсы,    табысты    деп    бөліп    қарауға
болмайды..Терминологиядағы  кейбір  сұрақтарды   экономикалық   сөздіктермен
толықтыруға болады.
      Барлығымыз сіздермен өркениетті нарықтық қатынастар қалыптасу процесін
бастан  кешіріп  жатқан  жағдайда   өзекті   болып   теорияны   практикамен,
дағдарыстың нақты процестерімен және  әлеуметтік-экономикалық  реформалармен
байланысы  табылады.  Сондықтан  пәнді  зерттеу  кезінде  бұқаралық  ақпарат
құралдары  мен  мерзімді  басылым  материалдарын  қолдану  маңызды.  Сонымен
қатар,  кафедрада   оқу  процесінің  кітаппен  қамтамасыз   етілуі   бойынша
мәліметтер бар.  Оларды пайдалана отырып,  өздігімен  дайындалу  үшін  басты
қайнар   көз   болып   дәріс,   семинарлық   сабақ   жазбалары   табылатынын
ұмытпағаныңыз жөн.
      Дәрістерді жазып отыру қажет (минимум  –  негізгі  жағдайларды).  Олар
маңызды сұрақтар мен түсініктерді  бөліп қарауға, жаттығулар  мен  есептерді
шешуге бағдар алуға көмектеседі.  Дәріс  жазбалары  сырттай  бөлімде  оқитын
студенттерге семинар сабақтарына дайындалуда уақытты үнемдеуге  көмектеседі.
Студенттің  семинарлық  сабаққа  белсенді   қатысуы   экономикалық   тіл   ,
экономикалық талдау дағдыларын  дамытуға  ,  есептерді,  жаттығуларды,  тест
сұрақтарын шешуге, графиктерді  құруға,  дискуссияға  қатысуын  жетілдіреді.
Сырттай оқу бөлімі студенттері  тестілер,  жаттығулар,  проблемалық  есептер
және басқа білімін өздігімен тексеру  үшін  қажетті  микроэкономика  бойынша
тренингтер бар оқу-әдістемелік құралдарға қызығушылық білдіруі  керек.  Егер
мүмкіндік болса, тестілер, есептерді шығару жолымен  пәнді  білуіне  қатысты
өзіндік жарыстар ұйымдастыруға болады. Осы сияқты  ойындарды  өткізу  тәсілі
бойынша негізгі жағдайлар  мен  түсініктерді  жақсы  есіне  сақтауға  қызмет
етеді.   Ол   үшін   келесі   оқу   құралдарын   ұсынамыз:   Мамыров    Н.Қ.
«Микроэкономика»,  «Практикум по микро  и  макроэкономике»  (ред.  жетекшісі
Огибин О.Ю), Мухамедиев «Микроэкономика», Есенғалиева К.С. Микроэкономика  .
Қысқаша дәрістер,  есептер  ,тестілер,  Молдахметова  А.Б.  ,  Өтебаев  М.О.
Микроэкономика (оқулық).
      Бақылау  жұмыстары  мен  өздік   жұмыстарын   бағалауда    біріншіден,
студенттің өз бетінше талдау және  қорытынды  шығаруға  ұмтылуы,  екіншіден,
жұмыс тақырыыбын, графикті, кестелерді  орындаудағы  тиянақтылығы  қаралады.
Сондай-ақ, статистикалық көрсеткіштерді пайдалану керек.
 ОСӨЖ орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар: «Микроэкономика» пәнін  оқу
барысында әрбір студент ОСӨЖ   орындауы  қажет.  Олардың  бірі  –  эссе.Эссе
тақырыбын оқытушы өзі береді немесе  студент  берілген  тақырыптар  арасынан
өзі  таңдап  алады.  Эссені  жазу  мақсаты   таңдалған   тақырыпты   кеңінен
қарастыру. Эссе жазу барысында студент берілген  материал  төңірегінде  ғана
емес, сонымен қатар арнайы сұрақтармен, статистикалық  материалдармен  жұмыс
істеуі керек, берілген сұрақтың басқа мәліметтермен, сұрақтармен  байланысын
көрсетуі  керек.  Студент  эссені  дайындау  үшін  барлық  ақпарат  көздерін
пайдаланады, соның ішінде Интернет жүйесіндегі  мәліметтерді  де  сілтемелер
жасай отырып қолданады.  Егер  ұсынылған  мәселе  бойынша  бірнеше  көзқарас
болса, онда олардың барлығын аргументтей отырып, келтіру керек.
    Егер ұсынылған тақырып сандық көрсеткіштерді талап ететін  болса  (нарық
параметрлері,  сегмент  параметрлері,  қатысушылар  саны  және  т.б.),  онда
ақпарат көздеріне сілтеме жасай отырып, соңғы мәліметтерді берген дұрыс.
    Кейбір  тақырыптарды  зерттеу  экономикалық   немесе   қаржылық   талдау
жүргізуді  талап  етеді,  мұндай  кезде  эсседе  талдау   қорытындысы   ғана
көрсетіледі және соның негізінде жасалған маңызды элементтер келтіріледі.
      Эссе мәтінін екі түрлі әдіспен  бейнелеуге  болады:  қолжазба  түрінде
немесе машинада басу арқылы. Эссе  А4  таза  ақ  қағазының  бір  жақ  бетіне
жазылады. Қойылатын талаптар: сол жағынан – 25-30 мм, оң жағынан  –  10  мм,
астыңғы және үстіңгі жағынан – 20 мм қалдыру керек. Абзац - 15-17 мм.  Бөлім
атаулары астыңғы және үстіңгі жақтарынан бір арқылы бөлініп тұрады.
      Қолжазба түрінде жазылған текст  шарикті  қаламмен,  ұғынықты  жазумен
жазылуы керек. Әр-бір беттте 28-30 жол болуы керек. Мұндай жазу барысында  №
3 трафарет қолданылады. Эссенің жалпы көлемі 6  беттен  кем  болмауы  керек.
Жазу барысында бетті шимайлауға, сөздерді сызуға,  үстінен  жазуға,  өшіруге
болмайды.  Сонымен  қоса,  жалпы  қолданыстағы  сөздерден   басқа   сөздерді
қысқартуға рұқсат етілмейді.
   Компьютерде басылған эссеге қойлатын талаптар: Microsoft Word,  шрифт  KZ
Times New Roman, размері 14, бірлік  интервал.  Эссе  көлемі   4-  5  бет  .
Беттерді жоғарғы оң жақ бұрышта белгілеген жөн.
   Эссе  басында  оның  мазмұны  немесе   жоспары   жазылады,   ал   соңында
пайдаланылған әдебиеттер тізімі беріледі.
   Соңында  қосымша  тігілуі  мүмкін,  олар   текст   беттеріне   саналмайды
(статистика мәліметтері, графиктер, сызбалар, кестелер және т.б.)
   СӨЖ орындауға  арналған  әдістемелік  нұсқаулар:  «Микроэкономика»  курсы
бойынша  кредиттік  технология  бойынша  оқитын  студенттерге  СӨЖ   реферат
түрінде беріледі. СӨЖ бастамас бұрын студент реферат тақырыбын зерттеп  алуы
керек. Ұсынылған әдебиеттер тізімін қарастырған жөн.
       Реферат   мәтінін  екі  түрлі  әдіспен  бейнелеуге  болады:  қолжазба
түрінде немесе машинада басу арқылы. Реферат  А4 таза ақ қағазының  бір  жақ
бетіне жазылады. Қойылатын талаптар: сол жағынан – 25-30 мм,  оң  жағынан  –
10 мм, астыңғы және үстіңгі жағынан – 20 мм қалдыру  керек.  Абзац  -  15-17
мм. Бөлім атаулары  астыңғы  және  үстіңгі  жақтарынан  бір  арқылы  бөлініп
тұрады.
      Қолжазба түрінде жазылған текст  шарикті  қаламмен,  ұғынықты  жазумен
жазылуы керек. Әр-бір беттте 28-30 жол болуы керек. Мұндай жазу барысында  №
3 трафарет қолданылады. Рефераттың жалпы көлемі 5 беттен кем болмауы  керек.
Жазу барысында бетті шимайлауға, сөздерді сызуға,  үстінен  жазуға,  өшіруге
болмайды.  Сонымен  қоса,  жалпы  қолданыстағы  сөздерден   басқа   сөздерді
қысқартуға рұқсат етілмейді.
   Компьютерде басылған эссеге қойлатын талаптар: Microsoft Word,  шрифт  KZ
Times New Roman, размері 14,  бірлік  интервал.  Реферат  көлемі   5  бет  .
Беттерді жоғарғы оң жақ бұрышта белгілеген жөн.
      Микроэкономиканы базалық ғылым ретінде  ынтамен  оқуға  тырысыңыз,  ол
көптеген арнайы  экономикалық пәндерді жақсы игеруге септігін тигізеді.

4. КУРС ФОРМАТЫ
   Курс  бағыты:  15  тақырып  түгелдей  «Микроэкономика»  курсының   барлық
тақырыптарын қамтиды. Пәннің оқу  жоспары  бойынша  30  аудиториялық  сағат,
оның ішінде  15  сағаты  дәріске,  ал  15  сағаты  практикалық  (семинарлық)
сабаққа бөлінген.
   Аудиториялық дәрістік курс студенттер  білімін  жүйелейтін  негізгі  және
маңызды материал болып табылады.
   Дәріс  –  пәннің  логикалық   түрде   жүйеленген   теориялық   сұрақтарын
қарастыруға негізделген оқу сабағының формасы.
   Дәрістің негізгі атқаратын ролі барлық  оқу  сабақтарының,  соның  ішінде
студенттердің өзіндік жұмыстарының бағыттарын, негізгі мазмұны  мен  сипатын
анықтай отырып, ғылыми білімнің негізін салу.  Пәнді  дұрыс  игерудің  шарты
болып практикалық (семинар) сабақтарын жүргізу табылады.
   Практикалық сабақ –  студенттердің  өз  бетімен  жұмыс  атқару  қабілетін
арттыруға бағытталған оқу сабағының бір түрі. Практикалық  сабақтар  семинар
түрінде  өткізіледі,  ол  студенттердің  ғылыми   әдебиетпен   жұмыс   жасау
қабілетін, көпшілік алдында сөз сөйлеу қабілетін арттырады.
   Практикалық (семинар) сабақтары жоспар бойынша жүргізіледі, студенттердің
жүйелі түрде сабаққа дайындалуын, олардың жауаптарын тыңдауды, есептер  шешу
арқылы теориялық білімді нығайтуды талап етеді.
   Практикалық  сабақтар  пәннің  қиын  сұрақтарын  терең  түрде   зерттеуге
мүмкіндік  береді  және   студенттердің   өзіндік   жұмысының   қорытындысын
шығарудың  негізгі  формасы  блып  табылады.   Осы  сабақ  түрлерінде   ғана
студенттер мәселелерді дұрыс  жеткізуді,  өз  ойлары  мен  пікірлерін  еркін
түрде айтуды үйренеді.  Осының барлығы қазіргі заман маманына  қажетті  әдіс
– тәсілдерді үйренуге мүмкіндік береді.
   Студенттер барлық жұмыстарды  белгіленген  уақытта  орындап,  тапсырулары
керек. Уақытынан  кешігіп  өткізілген  жұмыстар  төмен  бағамен  бағаланады.
Курстың тақырыптарын  қарастыру  барысында  студент  ұсынылған  әдебиеттерді
қолдануы керек. Сонымен қоса, студент келесі баспа материалдарында  берілген
қосымша мәліметтерді қарастыруы  керек:  Қаржы-қаражат,  Вопросы  экономики,
Транзитная экономика,  Информационный  бюллетень,  Статистические  сборники,
Вестник Каз НУ имени Аль-Фараби, АльПари, т.б.
       Жұмысты орындау барысында келесі ережелерді сақтау керек:
Жұмыс сұрақтары әдістемелік материалда беріледі;
Жұмысты оқушы  дәптерінде  немесе  альбом  беттерінде,  жазу  тәртібіне  сай
орындау қажет;
Жұмыс басында мазмұнын немесе жоспарын көрсету керек
Жұмыс соңында  оны  жазу  барысында  қолданған  әдебиеттердің  тізімін  беру
керек.
       Әдістемелік нұсқау талаптарына сәйкес жазылмаған жұмыстар қайта
жетілдіруге қайтарылып беріледі.

   5. КУРС САЯСАТЫ
Пән бойынша қойылатын талаптар
Сабаққа қатысу: Университет ережелері бойынша студент  үштен  артық  сабақты
босатпауға тиіс. Егер  студент  үштен  артық  сабақ  босатса  (барлық  себеп
бойынша), бұл  жағдайда  оқытушы  студентке  берілген  пән  және  бүкіл  оқу
бағдарламасы бойынша оның босатылғаны жөнінде ақпараттауға міндетті.
Сабаққа кешігу : Әр екі кешігу (кез келген себеп бойынша)  толық  1  сабақты
босатқанға тең болады.
Тапсырмаларды орындау және емтихан тапсыру: Студенттер міндетті түрде  өзіне
берілген  тапсырмаларды  өздері  орындап  жүруі  қажет.   Біреуден   көшіру,
оқытушыны кез келген түрде  алдау  сияқты  тәртіп  бұзу  берілген  студентті
университеттен шығаруға негіз ретінде бола алады.
Ұялы телефондар студент аудиторияда отырған кезде  міндетті  түрде  өшірілуі
тиіс.  Бұл ережені бұзу этикалық тәртіпті бұзу ретінде қарастырылады..
Егер  студенттерге   берілген   тапсырмалар   белгіленген   уақыттан   кейін
тапсырылса, олар қабылданбайды немесе әр кешіккен күн үшін 5 балл алынады.
Студенттер жазбаша жұмыстарды орындағанда, Шәкәрім  атындағы  университеттің
компьютерлерін қолдана алады (арнайы бөлмелерде)
Студентте кітапханада жұмыс істеуге немесе  кітапты  үйге  алып  дайындалуға
құқығы бар (сәйкес ережелерге қарай).

6.СТУДЕНТТЕРДІҢ БІЛІМДЕРІН БАҒАЛАУ САЯСАТЫ
Кесте 4 - Студенттер білімдерін бағалау шкаласы
|Бағаның әріп|Баға                              |балл  |Пайыз                      |
|арқылы      |                                  |      |(%)                        |
|эквивалентте|                                  |      |                           |
|рі          |                                  |      |                           |
|1           |2                                 |3     |4                          |
|А           |Ең жоғарғы баға                   |4.00  |95-100                     |
|А-          |өте жақсы                         |3.67  |90-94                      |
|В+          |Жақсы                             |3.33  |85-89                      |
|В           |Жақсы                             |3.00  |80-84                      |
|В-          |Жақсы                             |2.67  |75-79                      |
|С+          |Қанағаттанарлық                   |2.33  |70-74                      |
|С           |Қанағаттанарлық                   |.2.00 |65-69                      |
|С-          |Қанағаттанарлық                   |1.67  |60-64                      |
|С+D+        |өту балы                          |1.33  |55-59                      |
|D           |ең төмен өту балы                 |1.00  |50-54                      |
|F           |ең төмен                          |0.00  |0-49                       |
|I           |Аяқтамаған                        |NA    |                           |
|W           |Босатылған                        |NA    |                           |
|AW          |әкімішіліктік босату              |NA    |                           |
|P           |өтті (тек соңғы тестке)           |NA    |0                          |




      Студент емтиханға - 50% босатылады және қорытынды бағасы пән (семестр)
бойынша (кесте 2) қарау керек.


«Микроэкономика» пәні бойынша баллдардың бөлінуі
|№      |Бақылау түрі                 |Барлық балл саны |ескерту           |
|1.     |1 – 7 жұма аралығында дәріс  |30               |                  |
|       |сабақтарына қатысу мен       |                 |                  |
|       |дайындалу                    |                 |                  |
|2      |Практикалық (лабораториялық) |90-105           |                  |
|       |сабақ                        |                 |                  |
|3      |СӨЖ                          |30-45            |                  |
|4      |ОСӨЖ                         |60-75            |                  |
|5      |Аралық бақылау (компьютерлік |70               |                  |
|       |тесттілеу)                   |                 |                  |
|6      |1 – 7 жұмада оқу нәтижесі    |300              |                  |
|       |бойынша балл саны            |                 |                  |
|7      |8 –15 жұма аралығында дәріс  |30               |                  |
|       |сабақтарына қатысу мен       |                 |                  |
|       |дайындалу                    |                 |                  |
|8      |Практикалық (лабораториялық) |90-105           |                  |
|       |сабақ                        |                 |                  |
|9      |СӨЖ                          |30-45            |                  |
|10     |ОСӨЖ                         |60-75            |                  |
|11     |Аралық бақылау (компьютерлік |70               |                  |
|       |тесттілеу)                   |                 |                  |
|12     |8– 15 жұмада оқу нәтижесі    |300              |                  |
|       |бойынша балл саны            |                 |                  |
|13     |Емтихан бағасы               |400              |                  |
|14     |Академиялық кезеңге балл саны|1000             |                  |


      Емтихан кезінде  «Микроэкономика» пәні бойынша ең жоғарғы көрсеткіші 1-
ші және 2-ші межелік көрсеткішіне қарап,  емтихандағы  бағасы  арқылы   мына
формулаға сүйене отырып қойылады.:
                        И%=((Р1+Р2) / 2) х 0,6 +Е х 0,4,


      где: Р1 – 1-ші межелік рейтингі;
                    Р2 -  2-ші межелік рейтингі;
                    Е – емтихандағы алған пайыздағы бағасы.
    Егер студент сабақты ауырып қалған  және  басқа  да  себепті  жағдайлар
бойынша босатқан болса (тиісті ұйымдармен құжаттық расталған)   және  аралық
бақылауды бекітілген уақытта тапсырмаған болса, онда оның  аралық  бақылауды
жеке  тапсыруға  құқығы  бар.  Бұл  жағдайда  ұсынылған  құжаттар  негізінде
факультет  деканы  емтихандық  сессияның  басталу  мерзіміне  дейін   аралық
бақылауды жеке тапсыру уақытын тағайындайды және студентке  жеке  рейтингтік
ведомость  береді.  Студент  пән  бойынша  қорытынды  рейтингтік   бақылауға
жіберіледі, егер оның  семестрдегі  сомалық  рейтингтік  балы  50%  -ға  тең
немесе жоғары болса. Пән бойынша қорытынды баға шкала бойынша анықталады.
Студенттерге аттестатция нәтижесі қалай шығарылатындығын оқытушылыр барынша
толық түсіндіреді

7.ӘДЕБИЕТТЕР

7.1. Негiзгi
1. Мамыров Н.Қ., Есенғалиева Қ.С., Тiлеужанова М.Ә.  Микроэкономика/ Оқу
құралы.-Алматы.2000,
2.Айдарханов М.Х., Жұмашбекова С.Қ. Микроэкономика (есептер мен тест
жинағы): Оқу құралы. – Астана: Фолиант, 2008. – 168 б.
3. Нуреев Р.Б. Курс микроэкономики.- Москва: Норма-Инфра М, 1998
4. Есенғалиева К.С. Микроэкономика . Қысқаша дәрістер, есептер ,тестілер-
Алматы , 2007
5. Молдахметова А.Б. , Өтебаев М.О. Микроэкономика (оқулық)- Астана, 2007
7.2. Қосымша
1. Айдарханов М.Х., Зейнуллина А.Ж. Сборник тестов по экономической  теории,
микроэкономике и макроэкономике. /Учебное пособие. – Семей, 2008. – 214 с.
2.Гальперин В.С., Гребенников И.И. Микроэкономика. Москва ,2000
3. Долан Эд., Линдсей Е. Рынок.Микроэкономическая модель.С-Пб, 1996
4. Дорнбуш, Фишер, Шмалензи. Экономика. Москва: 1994
5. Вечканов Г.С., Вечканова Г.Р. Микроэкономика.-Спб: Питер,2000
6. Емцов Р.Г..\, Лукин М.Ю. Микроэкономика.-М.: Дис,1997
7. Кац М, Микроэкономика – Мн.: Новое знание,2004.- 828 с.
8. Мухамедиев Б.М.  Микроэкономика.- Алматы: Казахский Университет,2001
9. Макконнелл К., Брю С. Экономикс .Москва,1992, т-2
10. Микро-,макроэкономика.Практикум / под.ред. Огибина О.Ю: С-Пб, 1998
11. Микроэкономика/ Под.общ. ред. Н.И. Базылева.-Минск: БГЭУ,2000
12. Микроэкономика/ Под.общ. ред. Яковлевой Е.Б.- Спб:Поиск,2000
13. Пиндайк Р., Рубинфельд Д. Микроэкономика. Москва,1992
14. Тарануха Ю.В. Микроэкономика – М.: Дело и сервис, 2006. -634с.
15.Тарануха Ю.В. Микроэкономика (тесты, граф.упражнения, задачи)– М.: Дело
и сервис, 2006. -206 с.
16. Хайман Д.Н Современная микроэкономика: анализ и применение. Москва
,1992
17. Хейне П. Экономический образ мышления. Москва, 1992 .

Пәндер