Файл қосу

Бейнелеу өнерінде жарық пен көлеңкелердің, өңдер мен түстердің реңдік қарама - қарсылығын көрсететін сипат




           Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

                  Семей мемлекеттік педагогикалық институты
                      Психология-педагогика факультеті

                    Бейнелеу өнері және дизайн кафедрасы














                                «Композиция»


            5В010700 «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы бойынша



                       ПӘННІҢ  ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК  КЕШЕНІ






























                             2013 жыл





Құрастырғандар:_________________________аға оқытушы Татиев Т.А.


«Бейнелеу өнері және сызу» кафедрасы




«Бейнелеу өнері және сызу» кафедрасында бекітілді.
Хаттама № ______     «______» ________ 2013ж.

Кафедра меңгерушісі, п.ғ.к. _______________ Мырзаканов М.С.

Психология-педагогика факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінде талқыланды.
Хаттама № ______       «______» ________ 2013ж.

Психология-педагогика факультетінің кеңесінде бекітілді.
Хаттама № ______       «______» ________ 2013ж.

Психология-педагогика факультетінің деканы,

_______________________ Аубакирова Р.Ж.




























                                   МАЗМҰНЫ



1. Пән бойынша глоссарий

2. Пәннің жұмыс бағдарламасы

3. Практикалық сабақтары өткізудің әдістемелік нұсқаулары

4. Студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысының (СОӨЖ) әдістемелік  ұсыныстары



5. Студенттердің өзіндік жұмысының (СӨЖ) әдістемелік ұсыныстары

6. Бақылау-өлшеу құралдары

7. Қосымшалар














































     1. ГЛОССАРИЙ
АВТОПОРТРЕТ - өз портреті. Суретшінің өзін-өзі салған  портреті  не  суреті.
Автопортрет көбінесе айнаға қарап немесе еске  сақтау,  санада  ұстау,  елес
әдісін қолдану тәсілдерімен салынуы мүмкін.
АЙҚЫН СУРЕТ (БРОСКИЙ РИСУНОК) –  көрушінің  көзіне  бірден  ілігетін,  айқын
бейнеленген  суретті  айтамыз.  Мұндай  суреттерде  шебердің   қолы,   әдіс-
тәсілінің айқындылығы бірден көзге түседі.
АКВАРЕЛЬ – «Акварель» деген атау латынның «aqua» (су) деген сөзінен  шыққан.

АҚИҚАТ,  ШЫНДЫҚ,  БОЛМЫС  (ДЕЙСТВИТЕЛЬНОСТЬ)  –   қоршаған   орта   болмысы.
Натураның өзіне қарап сурет салу шындық, яғни қиял емес.
АНАЛИЗ – талдау, бір нәрсені не құбылысты ойша бөлшектерге, құрама  бөліктер
мен белгілерге бөлу. Мысалы, адам басының суретін салмастан  бұрын,  пішінді
ой елегінен өткізіп, ойша  талдау  әрекетін  жасап,  оның  бас  бөліктерінің
бейне  бір  заттарға  салыстырмалы  түрде  ұқсатып,   мысалы:   геометриялық
денелерге (куб, призма, шар, конус т.б.) байқау.
АНТИКАЛЫҚ  (АНТИЧНЫЙ  лат.ANTIGVUS) – арғы, көне; көбінесе көне  грек,  көне
Римнің қоғамдық құрылысы, көне антикалық гипс  көшірмелерінен  суретке  салу
бейнелеу өнеріне оқытудың ережесі мен әдістемесіне айналған.
АНФАС (фр.ANFACE) – қарсы алдынан деген мағынада.  Адамның  портретін  қарсы
алдынан бетпе-бет бейнелеу. Өнерде де оқу  процесінде  мұндай  жұмыстар  өте
жиі кезігеді.
АКАДЕМИЯЛЫҚ СУРЕТ  –  академиялық  суреттің  суреттен  әйтпесе  суреттемеден
айырмашылығы  суретшінің  натураны  егжей-тегжейлі   талдап   салуы,   үлкен
көлемдерге бөліктерді біріктіру арқылы бейнені толық зерттеп шығуы.
АССИММЕТРИЯ –  бір  дененің,  не  бір  заттың  біліктерінің  бір-біріне  сай
болмауы. Симметриядағыдай орта  сызықтың  екі  жағындағы  көріністің  бірдей
шықпауы.
АКТИВИЗАЦИЯ  (лат.ACTIVUS  -  АКТИВТЕНДІРУШІЛІК)  (НАҚТЫ  ІСТІ   ЖЫЛДАМДАТУ,
КҮШЕЙТУ) – сурет салу процесінде ерекше талпыныспен, әсерленгіштікпен  жұмыс
жүргізу.
ӘУЕСҚОЙ - өнерпаздық, өз күшімен сурет салуды үйрену әрекеті.
БИБЛИОГРАФИЯ – баспа  шығармаларының  көрсеткіштерін,  тізімдерін  құрастыру
тәсілдері және әдістері жайында ғылым (кітаптардың атын,  мазмұнын,  авторын
т.б. жазып отыру).
БЮСТ – адамның кеуде нұсқасының  суреті,  құйылған  мүсіндік  тұрпай.  Оқып-
үйрену сабақтарында бюст салу міндетті тапсырмаларға жатады.
ВИРТУОЗ (ит.VIRTUOSO) – асқан шебер, үздік шыққан, өнерлі.  Өнерде  шеберлік
шыңына шыққандарды осылай атайды.
ГАРМОНИЯ (гр.HARMONIA)  –  үндестік,  үйлесім.  Мысалы,  алдыңызға  қойылған
натюрморттағы заттар жиынтығы  үйлесіп,  тұтастай  көз  қызығарлық  тартымды
көрініс  тудырса,  оны  біз  үйлесімді  деп  бағалаймыз.  Ондағы   заттардың
формаларының және түстерінің сүйкімді үйлесімділігі,  реңктерінің  үндестігі
бәрі-бәрі «гармония» туғызады.
ГРАФИКА (гр.GRAFIKA) – «жазамын», «суретке саламын» деген сөздерден  шыққан.
Ол-сурет салу өнері. Сурет  салу  өнерінің  күллі  жиынтығын  «графика»  деп
атайды. Суретте бейнелеу құралы сызық, дақ және штрих болып келеді.  Мысалы,
кітаптардағы суреттер «кітап графикасы» деп аталады
ДРАПИРОВКА  –  шаршалау,  перделеу.  Натюрморт  қойылымын   әсерлеу.   Сурет
өнерінде оқу жұмыстарында шаршалау  жиі  қолданылады.  Шаршалау  натюрмортта
заттар жиынтығын біртұтастыққа келтіру үшін өте қажет әдіс.
ЖАРЫҚ ПЕН КӨЛЕҢКЕ – картинада жарық та,  қою  көлеңке  де,  жарық  көлеңкеге
алмасар  тұстарда  жартылай  көлеңке  ұшырасады.  Ол  арқылы   адамдар   мен
заттардың көлемін, табиғат көрінісін, ауаның ұтымды бейнелеуге болады.
ЖИВОПИСЬ  ӨНЕРІ  –  суреттегі  нәрсені  өмірдегідей  қып  тірілте  бейнелеу.
Живопись екіге бөлінеді: станоктік, монументтік. Суретші  суретін  мольберт,
станок деп аталады, тиянақ қондырылып,  жақтауға  керілген  кенепке  салады.
«Станоктік живопись»  деп  аталады.  «Монументтік  живопись»  үйлердің  ішкі
немесе сыртқы қабырғаларының өзіне салынған шығарма жатады.
ЕЛЕСТЕТУ, ҚИЯЛ ЕЛЕС (ВООБРАЖЕНИЕ) – қиялдау не көз алдына  алып  келу,  адам
бойына біткен ажырамас тамаша қасиет. Суретші  елестету  мен  қиялы  өнермен
тікелей ұштасып жатады. Ол оқыған  кітабының  желісіне  қиялдап  сурет  сала
алады.
ИНТУИЦИЯ (лат.INTUERI)  –  қадала,  үңіле  қарау.  1)  сезу,  түйсік  арқылы
білу;       2)  зерделік,  ғылыми-теориялық  білім  мен  алдыңғы  тәжірибеге
сүйену негізінде шындыққа жету.
ҚАҒАЗ – алғаш рет қағаз екінші ғ. Қытайлар  ойлап  тапты  деген  пікір  бар.
Қағаз  жұқа,  қалың,  тегіс,  бұдыр  түрлері   бар.Қарындаш   пен   акварель
бояуларымен сурет салу, ватман, жартылай ватман, деп  аталатын  қатты  тығыз
қағаздар ыңғайлы.  Қағаз  өте  бағалы  түрлері  арнаулы  әдіспен  тек  күнге
қарағанда көрінетін ерекше өрнектер салынады.  Ондай  өрнек  «су  таңбалары»
деп аталады.
ҚАРЫНДАШ – тас дәуіріндегі адам көмірді алып, тас қабырғаларғы сызып,  күнді
қарындаш жарыққа келді. 18 ғасырда металл-қарындаштар пайда  болды.  Қазіргі
рейсфедер. Металл түтікшеге қорғасын, күміс  тіпті  алтын  сымдар  кішкентай
үзігі салынады.Қарындаш қатты, жұмсаққа бөлінеді: Т,2Т,3Т.
ҚАШАП, ОЙЫП САЛЫНАТЫН СУРЕТТЕР – ағаштен,  сүйектен,  тастан  ойып  адамның,
жан-жануар, өсімдік бейнесін ою-өрнек  салуға  болады.  Оған  қашау,  тесеу,
шапқы секілді аспап қолданылады.
ҚЫЛҚАЛАМ – акварельге ақ тиын  қалам  әрі  жұмыр,  тығыз  болуға  тиіс.Майлы
бояуға ақ түсті тікеннен қылтақтар пайдаланылады. Олар қалақ тәрізді  жалпақ
келген.  Үлкен  қылқалам  бояу  тұтас  жазылып,  үлкен  таңдақтарды  кішкене
қылқаламдар шығармашылықта  майда детальдарды  бояйды.  Қылқалам  сыртына  :
1,2,3,4... цифралар үлкен болған сайын қылқалам соғұрлым үлкен.
КОНТУР (фр.CONTOUR) – нұсқа. Бір нәрсенің сырт  кескіні.  Мысалы,  құмыраның
суретін салу барысында, алдымен құмыраның кескін-пішінін айқындап алу,  яғни
контурын сызып нұсқасын келтіру.
КОНСТРУКЦИЯ  –  түзіліс,  құрылыс.  Сурет  өнерінде  заттың   конструкциясын
анықтау, конструкциялық  тәсілмен  салу  ұғымдары  бар.  Бұл  заттың  жасалу
құрылысын білу деген сөз. Конструкция – форманың негізін құрайтын қаңқа.
КОНТРАСТ  –  қарама-қарсылық.  Натура  мен   суреттегі   реңдердің   қарама-
қарсылығы. Бейнелеу өнерінде жарық пен көлеңкелердің,  өңдер  мен  түстердің
реңдік қарама-қарсылығын көрсететін сипат.
МАНЕРА – үлгі,  тәсіл,  ерекшелік.  Суретшінің  өнердегі  бсқаға  ұқсамайтын
мәнер ерекшелігі. Сурет салудың өзіндік үлгісі – мәнері.
МОДЕЛЬ  (фр.MODELA)  –  үлгі,  кейіп.  Оқу  процесінде  қолданылатын  заттар
(геометриялық модельдер, суретін салғызушы адам т.б.).
МАЙЛЫ БОЯУЛАР – 10ғ. шыққан, дәстүрге енуі, 15ғ.  ө.с.  нидерл.  Суретшілері
Ван-Эйктердің атымен байл.  Тәжірибеде  жасап  бояулардың  жаңғақ  майы  мен
зығыр майына  жақсы  еритінін  анықтайды.  Ондай  майларға  еріт.  бояу  тез
құрғайды, ажарлы болады.
МИНИАТЮРА – ескі қолжазба кітаптардың  беттерінде  айтылып  отырған  оқиғаны
бейнелейтін суреттер кездеседі.Оны миниат.  Көлемі  жағынан  сурет,  суретші
елеусіз нәрселердің өзін жібермей, тәптіштеп көрсетеді.
НАТУРА (лат.NATURE) – табиғат, заттың өзі. Сурет салу  практикасында  заттың
немесе табиғаттың, қалап алған бөлігінің суретін өөзіне қарап бейнелеу.
НАҚЫШ – (инкрустация) стол, шкаф, әуелі жалтырата тегістелетін, сосын  оюлап
нақышталатын ағаш бетіне ерекше ағаш түрлері мен басқа заттардан  жасалынған
кішкене тақтайша өрнек салынған. Мұндай нақышқа қола,  күміс,  алтын,  жақып
аса құнды бұйымды жасалатын.
НАТЮРМОРТ – французша «өлі табиғат» .Тұрмыста күнде  кездесіп  жүретін  зат,
жеміс,  гүлдерді  немесе  балықтан  дайындалған  түрлі  тағам   бейнеленетін
картина.
ОЮ-ӨРНЕК (ОРНАМЕНТ) – белгілі сурет  пен  сызықтар,  белгілі  бір  тәртіппен
орналасқан, латын  «ornamentum»  -  әшекей.  Ою-өрнек:  сызық,  геометриялық
пішін, жапырақтардың, гүлдер, жеміс-жидек, құстар мен аңдар суреті.
ОБЪЕКТ (лат.ABJECTUN) – зат.  Материалды  дүниенің  сыртқы  құрамды  бөлігі.
Адам әрекетінің  танып  білетін  заты.  Мысалы,  картинадағы  талдар  немесе
адамдар мен хайуанаттардың орналасуы т.с.с.
ПАСТЕЛЬ – итальян «pasta» - «қамыр» түрлі-түсті пигмент  ұнтақталған  бормен
балауыз аралардан қамыр илейді. Сосын жұмыр таяқшалар жасап кептіреді.  Суға
езіп  акварель,   гуашь   секілді   пайдаланады.   Пастель   бояуы    ұзаққа
сақталмайды.
ПРОПОРЦИЯ (лат.PROPORTIO) –  сәйкестілік.  Белгілі  бөліктердің  бір-бірімен
ара  қатынасы,  сай  келісушілігі.  Үлкен  көлемді   заттың   суретін   салу
процесінде оның жеке бөліктерін үлкен  көлемге  сәйкестендіре  белгілеп  алу
тәсілі.
ТЕМПЕРА – бояудың атын да сол бояумен салынған шығарма.  4  түрге  бөлінеді:
гуммиарбин- қағазға сурет салып және гуашьқа ұқсайды,  екнші,  майлы  бояуға
ұқсайды. Үй қабырғасына сурет  салу  үшін  жұмыртқаның  сары  уызына  езіліп
дайындалатын темпера қолданылады.
ТөСЕН (ГРУНТ) – кенеп матаның бетібор таспен  желім,  ұнтақ  қосылған  сылақ
жағылып тегістеледі  .  Сонда  ғана  бояулар  ұзақ  уақытқа  дейін  өз  өңін
жоғалтпайды.
ТҮПНҰСҚА (АФТОГРАФ) – суретші кенепке тек әдемі  көріну  үшін  өзіне  ұнаған
адамның, өлкенің көрінісін бейнелеу үшін, өз шығармасын, ой-сезімін  білдіру
үшін жан-дүниесін жарқыратып, жайып салу үшін туғызады.
ТҮРЛІ-ТҮСТІ ЛАКТАР –  шап-шағын  кішкене  қорапшаның,  жып-жылтыр  қақпағына
алтындап өрнек салынады. Олар қақпағына қара лак жағып,  үстіне  түрлі-тісті
бояулармен әшекейлеген.
ТҮС – түстердің саны (7) екіге бөлінеді: жзылы,суық.  Сары,  қызыл,  қызғылт
сары- жылы түс. Көк, күлгін, көгілдір түстер – суық түстер. Жылы суық  түске
жататын түстер же бар. Мысалы: жасылға не сары,  не  көк  қосылуы.  Көк  пен
қызыл күлгін. Импрессионистер бояуды бір-бірімен  астасып  жаңаша  құбылатын
сипатын тек сонда ғана байқауға болады.
ТУШЬ – кәдуілгі тушь-сұйқылт қара бояу. Жапон  суретінде  тушьті  суға,  хош
иісті заттар араластырып кесек плиталар жасап, шыныға  не  тарелкаға  үйкеп,
ұнтақтап суға ерітеді. Тушьпен сурет  салуға  қылқалам  деп  аталатын  темір
қаламұш жарайды.
ТЕХНИКА – бір істі  орындағанда  қолданылатын  тәсіл.  Кәсіби  суретшілердің
өзіне тән қалыптасатын бейнелеу техникасы, өзіндік  бейнелеу  тәсілі.  Сурет
техникасына жаттығу қажет (мысал: штрихтау тәсілі, өң беру тәсілі т.б.)
ФАКТУРА – сурет өнерінде  суреттің  реңінің  сипаты.  Қойылым  суретін  салу
барысында заттардың материалдығын шыншыл көрсете білу шеберлігі.
ФОРМА – 1) сыртқы пішін,  оның  ішінде  пропорция,  конструкциялық  құрылым,
көлем деген мағынаны білдіреді;  2)  бейнелеу  өнерінде  «форма»  ұғымы  жиі
қолданылады. Әр нәрсенің  өзіне  ғана  тән  формасы  болады,  сол  сан-алуан
формаларды бейнелеу арқылы тану, зерттеп суретін салу арқылы  мән  мағынасын
анықтау.
ШАБЫТ, РУХ  (ВДОХНОВЕНИЕ)  –  шығармашылық  күштің  пайда  болуы,  көңіл-күй
шабыты, әсерленгіш шабыт.  Сурет  салушы  көңіл-күйінің  шабытын  өзі  жасап
рухтануы керек, ол рух күші көркем шығармасына  берілуі  керек.  ЭКСПОНАТ  –
экспонат (мұражайға, көрмеге қойылатын  зат);  мұражай  экспонаттары  (құнды
бұйымдар, картиналар т.с.с.).
ЭСКИЗ (фр.ESGUISSE) – алдын-ала жасалатын долбар. Негізгі жобаны жасау  үшін
алдын-ала дайындалатын үлгі  сурет.  Мысалы,  картинаның  түпкі  мағынасымен
ойын тауып көрсетуге арналған суретшінің ізденіс жұмыстары.
 





 • Оқытушы туралы дерек: Татиев Т.А.
 • Пән туралы дерек
   Атауы: Композиция
   Кредит саны – 2          90 сағат
   Өткізу орны: № 4 ғимарат, ауд. 15
   Оқу жоспарынан көшірме:


   |Курс |Се-   |Кредит  |Практи|ОБСӨЖ   |СӨЖ   |Барлығы |Бақылау түрі       |
|     |местр |тер     |калық |        |      |        |                   |
|3    |5     |1       |15    |7,5     |22,5  |45      |емтихан            |
|     |6     |1       |15    |7,5     |22,5  |45      |емтихан            |


 • Пререквизиттер: Студент комопзиция бойынша негізгі теориялық білімдерін
   меңгеру керек, композициялық ізденістерін,олардың аяқтауларына
   методикалық жағынан дұрыс жүргізу, бейнелеу кеңістіктің өзгешеліктерін
   және оның құрастыру әдістерін меңгеру, бейнелеуобразындағы ойдың
   шығармашылық іске асыру саласындағы білім мен дағдыларын табу қажет.
 • Постреквизиттер: Композиция заңдылықтарын меңгеру  жолында пайда болатын
   білімдер, графикада, кескіндемеде, дизайн және сәнді қолданбалы өнерінде
   көркем образын құру үшін негізгі болып есептеледі
 • Қысқаша сипаттамасы: Пәннің мақсаты- композициялық негізгі заңдылықтарын,
   мәнерлі мүмкіндіктерін меңгеру; комопзиция қасиеттерімен құралдарын
   көркемдік образын құру барысында қолдану дағдының дамуы, студенттің
   шығармашылық мүмкіндігін дамыту.

 • Курстың тақырыптық жоспары


      |№     |Тақырып                                  |Практика|ОБСӨЖ     |СӨЖ     |
|      |                                         |лық     |          |        |
|      |5 семестр                                |        |          |        |
|1-4   | Нұсқа /адам басы/. Модельдің            | 4      | 2        | 6      |
|      |мінездемелік формаларын шығара отырып    |        |          |        |
|      |бірнеше долбарларды орындау.Шаржды       |        |          |        |
|      |орындау. А-4, графикалық сурет.          |        |          |        |
|5-8   | Декоративті- импрессионистті мәнерде    |4       |2         |6       |
|      |модельдің портрет этюдін орындау. Гуашь. |        |          |        |
|      |А-3                                      |        |          |        |
|9-11  | Халық өнерінің дәстүрлі түстер бойынша  |3       |1,5       | 4,5    |
|      |модельдің портрет этюдін орындау. Гуашь. |        |          |        |
|      |Акрил. А-3                               |        |          |        |
| 12-15| Декоративті- фактуралы мәнерде модельдің|4       |2         |6       |
|      |портрет этюдін орындау Гуашь. Акрил. А-3 |        |          |        |
|      |6 семестр                                |        |          |        |
|1     | Көп фигуралы композиция. Әңгіме.        | 1      | 0,5      | 1,5    |
|2-4   |Натуралық және композициялық графикалық  |3       |1,5       |4,5     |
|      |нобайлар  мен долбарларды  орындау.      |        |          |        |
|5-8   |Түс пен тон бойынша көп фигуралық        |4       |2         | 6      |
|      |композицияны құрастыру.                  |        |          |        |
|      |Тақырыбы «Суретшінің шеберханасы».       |        |          |        |
|      |                                         |        |          |        |
| 9-11 |Картонды орындау                         |3       |1,5       |4,5     |
|12-15 |Көп фигуралық композицияны материалда    |4       |2         |6       |
|      |орындау /холст, май, темпера, акрил,     |        |          |        |
|      |гуашь/                                   |        |          |        |


 • Әдебиет тізімі.

|Негізгі әдебиет:                                                                |
|Шорохов Е.В. Композиция. - М., 1986                                             |
|Шорохов Е.В. Основы композиции. - М., 1979                                      |
|Шорохов Е.В. Методика преподавания композиции на уроках искусства. - М., 1977   |
|Непомнящий В. М. Перспектива в композиции. - Чебоксары, 1970.                   |
|Қосымша әдебиет:                                                                |
|Стасевич В.Н. Пейзаж Картина и действительность. Пособие для учителей.          |
|М.Просвещение, 1978,                                                            |
|Сокольникова Н. М. Основы композиции.  -Обнинск, 1996.                          |
|Кузин В.С. Наброски и зарисовки.- М., 1981                                      |
|Рисунок и живопись / Ю.Г. Аксенов и др. т.1., т.2.- М., 1963                    |
|Шорохов Е.В. Тематическое рисование в школе.- М., 1975                          |
|Терентьев А.Е. Изображения животных и птиц средствами рисунка и живописи. - М., |
|1980                                                                            |
|Стасевич В.Н. Искусство портрета.- М., 1972                                     |
|ИЗО в школе. Рисование. ДПИ. Графика / Под ред. В.В. Колокольникова.- М., 1975  |

ОБСӨЖ тақырыптары және орындау
|№  |ОБСӨЖ тақырыбы                   |Орындалуы|Балл     |Бақылау түрі       |
|   |                                 |/апта    |         |                   |
|   |5 семестр                        |         |         |                   |
|   | Нұсқа /адам басы/. Модельдің    |4        |5        |Жұмыстарды тексеріп|
|   |мінездемелік формаларын шығара   |         |         |қабылдау           |
|   |отырып бірнеше долбарларды       |         |         |                   |
|   |орындау.Шаржды орындау. А-4,     |         |         |                   |
|   |графикалық сурет.                |         |         |                   |
|   | Декоративті- импрессионистті    |8        |5        |Жұмыстарды тексеріп|
|   |мәнерде модельдің портрет этюдін |         |         |қабылдау           |
|   |орындау. Гуашь. А-3              |         |         |                   |
|   | Халық өнерінің дәстүрлі түстер  |11       |5        |Жұмыстарды тексеріп|
|   |бойынша модельдің портрет этюдін |         |         |қабылдау           |
|   |орындау. Гуашь. Акрил. А-3       |         |         |                   |
|   | Декоративті- фактуралы мәнерде  |15       |5        |Жұмыстарды тексеріп|
|   |модельдің портрет этюдін орындау |         |         |қабылдау           |
|   |Гуашь. Акрил. А-3                |         |         |                   |
|   |6 семестр                        |         |         |                   |
|   |Натуралық және композициялық     |4        |5        |Жұмыстарды тексеріп|
|   |графикалық нобайлар  мен         |         |         |қабылдау           |
|   |долбарларды  орындау.            |         |         |                   |
|   |Түс пен тон бойынша көп фигуралық|8        |5        |Жұмыстарды тексеріп|
|   |композицияны құрастыру.          |         |         |қабылдау           |
|   |Тақырыбы «Суретшінің             |         |         |                   |
|   |шеберханасы».                    |         |         |                   |
|   |Картонды орындау                 |11       |5        |Жұмыстарды тексеріп|
|   |                                 |         |         |қабылдау           |
|   |Көп фигуралық композицияны       |15       |5        |Жұмыстарды тексеріп|
|   |материалда орындау /холст, май,  |         |         |қабылдау           |
|   |темпера, акрил, гуашь/           |         |         |                   |


      СӨЖ шеңберіндегі сабақ тақырыптары




|№  |Тақырып                                         |Жұмыс тапсыру   |Балл    |
|   |                                                |/апта/          |        |
|   |5 семестр                                       |                |        |
|   | Нұсқа /адам басы/. Модельдің мінездемелік      |5               |5       |
|   |формаларын шығара отырып бірнеше долбарларды    |                |        |
|   |орындау.Шаржды орындау. А-4, графикалық сурет.  |                |        |
|   | Декоративті- импрессионистті мәнерде модельдің |9               |5       |
|   |портрет этюдін орындау. Гуашь. А-3              |                |        |
|   | Халық өнерінің дәстүрлі түстер бойынша         |12              |5       |
|   |модельдің портрет этюдін орындау. Гуашь. Акрил. |                |        |
|   |А-3                                             |                |        |
|   | Декоративті- фактуралы мәнерде модельдің       |15              |5       |
|   |портрет этюдін орындау Гуашь. Акрил. А-3        |                |        |
|   |6 семестр                                       |                |        |
|   |Натуралық және композициялық графикалық нобайлар|5               |5       |
|   |мен долбарларды  орындау.                       |                |        |
|   |Түс пен тон бойынша көп фигуралық композицияны  |9               |5       |
|   |құрастыру.                                      |                |        |
|   |Тақырыбы «Суретшінің шеберханасы».              |                |        |
|   |Картонды орындау                                |12              |5       |
|   |Көп фигуралық композицияны материалда орындау   |15              |5       |
|   |/холст, май, темпера, акрил, гуашь/             |                |        |


 • Білімді бағалау бойынша хабар:
   Студенттің сабақтардағы іс- әрекеттің рейтингтік бағасы:
|№   |Көрсеткіштер                                          |Балл бойынша   |
|    |                                                      |студенттердің  |
|    |                                                      |рейтингі       |
|1   |Сабаққа қатыспауы                                     |2              |
|2   |Сабаққа жөнді қатыспаған                              |3              |
|3   |Студенттің оқу әрекетінің мазмұны мен ұйымдастырылуына|4              |
|    |кейбір қателерді табуға болады.                       |               |
|4   |Оқу процессіне белсенді түрде қатысқан                |5              |


    Студенттердің түрлі тапсырма орындауындағы рейтинг бағасы:
|№   |Көрсеткіштер                                      |Балл бойынша        |
|    |                                                  |студенттердің       |
|    |                                                  |рейтингі            |
|1   |Тапсырма орындалған  жоқ                          |2                   |
|2   |Тапсырма қойылған міндеттерді жартылай ашады      |3                   |
|3   |Тапсырма қойылған міндеттерді толықсыз ашады      |4                   |
|4   |Тапсырма қойылған міндеттерді толықтай ашады.     |5                   |


   Рейтинг шкаласы:


   |Бақылау түрлері                      |Баллдар                              |
|Күнделікті                           |20                                   |
|Аралық                               |35                                   |
|Үй тапсырмасы                        |10                                   |
|Қорытынды:                           |35                                   |
|Барлығы:                             |100                                  |

 • Курстың саясаты пәнді меңгеру процесі кезінде студенттер алдына мынандай
   администрациялық шарттар қойылады:
 • Сабаққа кешігу– минус 0,5 балл
 • Сабақты босату – минус 2 балл
 • Жұмысты уақытында тапсырмау  – минус 1 балл



   СӨЖ орындаудағы студент бюджетінің уақыты

|№     |СӨЖ атауы                                  |Сағат уақытын жоспарлау  |
|1     |Рубеждік бақылауды тапсыру                 |0,5*4=2                  |
|2     |СӨЖ орындау                                |39,8                     |
|3     |СӨЖтапсырмаларын қорғау                    |0,3*8=2,4                |
|4     |Оқытушыдан кеңес алу                       |0,1*8=0,8                |
|      |Барлығы:                                   |45                       |




   Баға қою саясаты

|Курс компоненті                          |Тапсырма   |Баға     |Максимальді  |
|                                         |саны       |салмағы% |ұпай         |
|Практикалық тапсырмаларды орындау        |9          |         |5*9=45       |
|Аралық бақылау (аттестация)              |4          |         |5*4=20       |
|СӨЖ-ге арналған жұмыстарды орындау және  |6          |         |5*8=40       |
|қорғау                                   |           |         |             |


ҚОРЫТЫНДЫ БАҒА КӨРСЕТКІШІ
Қорытынды : 100 балл; А1+А2+Е = 100 балл; И = Р60%+Е40% = 100%:
1 балл – 1%

|Рейтинг    |0-49 |50-54                           |55-59              |60-64        |


Аттестация 1-30 балл                 = 60 балл (60%)
Аттестация 2-30 балл


      АТТЕСТАЦИЯЛЫҚ БАҒАНЫҢ КӨРСЕТКІШІ (0-30 БАЛЛ)


|Аттестация |0-14           |15-22           |23-26          |27-30          |
|Баға       |Қана-сыз       |Қанағаттанарлық |жақсы          |өте жақсы      |

ЕМТИХАНҒА РҰҚСАТ РЕЙТИНГІСІ (мысалға):
1) А1 12 + А2 13 = 25 ( 15-тен  29-ға дейінгі балл) емтиханға жіберілмейді
2) А1 16 + А2 18 = 34 (30-тен  60-ға дейінгі балл) емтиханға жіберіледі

ЕМТИХАН БАҒАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ ( 0 – 40 БАЛЛ)
Емтихан– 40 балл (40%)

|Балл      |0-19            |20-29             |30-39          |37-40       |
|Баға      |қана-сыз        |Қанағаттанарлық   |жақсы          |өте жақсы   |

1) Емтихан  0-ден 19-ға дейінгі балл – «қанағаттанғысыз» (академиялық
борыш)
2) Емтихан  20-дан 40-қа дейінгі балл – емтихан тапсырылды
Мысалға:
Қорытынды: 16+18+22 = 56 (D+; 1,33; қанағаттанарлық)


















































Пәндер