Файл қосу

тиіс - нақты - өзіндік - түрде - талаптар - қажетті - кесте





|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ                                                   |
|БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ                                                |
|Семей қ. ШӘКӘРІМ атындағы  МЕМЛЕКТТІК УНИВЕРСИТЕТІ                          |
|3 деңгейлі СМЖ құжаты    |ПОӘК                     |                         |
|                         |                         |ПОӘК 042-14.05.01.20.65  |
|                         |                         |/02-2013                 |
|                         |                         |                         |
|Оқытушыға арналған пәннің|Редакция № 2  02.09.13.  |                         |
|жұмыс оқу бағдарламасы   |орнына Редакция №        |                         |
|«Психологиялық мамандыққа|                         |                         |
|кіріспе»                 |                         |                         |







               «ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МАМАНДЫҚҚА КІРІСПЕ» ПӘНІ БОЙЫНША
                            ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
                   5В010300 - «Педагогика және психология»



             СТУДЕНТКЕ  АРНАЛҒАН ПӘННІҢ ЖҰМЫС ОҚУ  БАҒДАРЛАМАСЫ














                                 Семей  2013










                                   Алғысөз

1 ЖАСАЛЫНДЫ
Құрастырушы__________ Семей қ. Шәкәрім атындағы мемлекеттік  университетінің
“Педагогикалық психология” кафедрасының аға оқытушысы п.ғ.к Кулмышева Н.А
                                                                    “______”
 _______ 2013  ж.
2. ҚАРАЛДЫ
2.1 Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің “Педагогикалық  психология”
кафедрасының отырысында
 Хаттама №_1____ «__»________  2013   жыл

Кафедра меңгерушісі: псх.ғ.к._____ Г.К.Джумажанова

2.2 ГЗФ оқу-әдістемелік бюросының отырысында
Хаттама №__1____ «__»________  2013 жыл

Төрайымы _______
3 БЕКІТІЛДІ
3.1 Университеттің  оқу-әдістемелік  кеңесінің  отырысында  мақұлданды  және
баспаға ұсынылды
Хаттама №__1____ «__»________  2013  жыл

ОӘК төрағасы, оқу ісі жөніндегі проректор_______
































Мазмұны:

      1.Жалпы талаптар
      2.Пәнді оқудың әдістемелік нұсқауы
      3.Курс саясаты
      4.Студент рейтингісін санау саясаты
      5.Пән мазмұны мен сағат санының бөлінуі
      6.СОБӨЖ және СӨЖ жоспары
      7.«Ойынның   психологиялық-педагогикалық   негіздері»   пәнінің    оқу
      процесінің күнтізбелік графигі..




 1  Пәннің қысқаша мазмұны.

1.2.Жұмыс оқу жоспарынан үзінді
Кесте1
|Курс  |Семестр  |Кредит |ЛК    |СӨЖО   |СӨЖ   |Барлығы  |Қортынды   |
|      |         |Саны   |(сағ.)|(сағ)  |(сағ) |         |бақылау    |
|      |         |       |      |       |      |         |формасы    |
|1     |1        |1      |15    |15     |15    |45       |емтихан    |


1.3. Пәннің мақсаты:
        Болашақ  маманның  жас  ұрпақты  оқыту,  тәрбиелеу   және   дамытуға
бағытталған теориялық, әдіснамалық және   практикалық  даярлығы.  Мектептегі
оқу-тәрбие  үрдісін  жаңартудың  қазіргі  бағытын   шығармашылықпен   қарау,
ізгілендіру   және   демократияландыру,   жаңашыл-педагог   іс-тәжірибелерін
ескеру.
1.4 Пәнді оқып-зерттеудің негізгі міндеттері:
- төменгі курс студенттерінің кәсіптік бағдарлықтарының деңгейін  жоғарлату.

- адам  өмірінде  психологтың  ролі  мен  маңыздылығы  туралы  білім  өрісін
арттыру.
-   психология   және   педагогика   аумақтарындағы   ғылыми-    әдістемелік
зерттеулерге, білімдерін жетілдіруге, мамандыққа қызығушылықтарын  арттырып,
жергілікті  әлеуметті  орталарда   психологиялық   білімдерді   насихаттауға
студенттерді қатыстырып жетелеу.
 -  Қазақстан Республикасында  және  шет  елдерде  психологтарды  даярлайтын
негізгі оқу орындарымен, түрлерімен және типтік  психологиялық-педагогикалық
кәсіптермен таныстыру.

1.5 Оқып-зерттеу нәтижесінде студент:
    -  психология ғылымының өзіндік ерекшеліктерін меңгереді;
    - психология мамандығына кіріспе ретінде жалпы ұғымдармен танысады;
    -  психология мамандығы бойынша жалпы елестетулері пайда болады.

1.6 Курс пререквизиттері:
« Психологиялық мамандыққа кіріспе» » курсын меңгеру үшін  студенттер
келесі пәндерді қосымша оқуы қажет: психология және адам дамуы,
педагогикалық мамандыққа кіріспе, педагогика.

1.7 Курстың постреквизиті:
Пән туралы білім келесі пәндерді меңгерту  үшін  қажет:  Даму  психологиясы,
педагогикалық   психология,   баланың    психологиялық    –    педагогикалық
диагностикасы, педагогика.

2 . Пәнді оқып-зерттеу бойынша әдістемелік нұсқаулар

                  І. Берілген тақырыпты конспектілеу.
                       Негізгі талаптар:
   1. Жазып отырған тақырыптан алшақтамай, оның мазмұнын нақты ашуға
      талпыну.
   2. Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көп сөзділікке жол бермеу.
   3. Міндетті түрде жоспар болуы және тақырып мазмұнын  жоспарға  сай  рет-
      ретімен жүйелі баяндауы қажет.
   4. Жұмыс түсінікті, мағыналы, орамды тілмен жазылуы тиіс.
   5. Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау.

                             Реферат жазуда не ескеріледі?
   1.  Таңдап  алған  рефераттың  тақырыбына   қатысты   студент   кішігірім
      зерттеулер жасайды. Студент  осы  алғашқы  ғылыми  жұмысқа  байланысты
      мәселелерге орай қажетті әдебиеттерге шолу жасаудан бастайды.
   2. Керек жағдайларда оқытушымен кездесіп, керекті кеңестер алғаны абзал.
   3. Реферат жазуда студент негізгі мәселені ажыратуға, тақырыптардың өзара
      сабақтастығын тануға дағдыланады.
   4. Фактілер,  фактілік  материалдарды  іріктеу  және  жинақтау  негізінде
      таблицалар, графиктер, схемалар жасалады.
   5.  Пайдаланған  деректер,  материалдар,  әдебиеттердің  тізімін,  қайдан
      алғанын  (сілтеме)  қайда,  қашан,  қандай  баспадан  жарық   көргенін
      көрсетуі қажет.
   6. Студенттің жазған рефераты аудиторияда талқыланады. Ең алдымен оқытушы
      қысқаша реферат тақырыбымен, негізгі идеясымен таныстырады.  Тақырыпты
      зерттеуші студент реферат мазмұнын аудиторияда  баяндайды,  сұрақтарға
      жауап береді.

                Жұмыстың  мұндай  түрі,   формасы,   нұсқасы   студенттердің
танымдық белсенділігін   арттырып, алдағы ізденіске құлшындырады.

Рефератты талқылау – шығармашылық жұмыстың бір  көрінісі,  яғни  білімділік,
қызығушылық тұрғысынан және тәрбиелік мән-мазмұны  зор  әрекет,  жұмыс.  Бұл
кезде сөйлеушілер негізгі мәселеден ауытқымай, нақты,  тұжырымды  ой  айтуға
көңіл бөлуі тиіс.

Рефератты талқылып, қорытындысын шығару – маңызы зор  жауапты  сәт,  белгілі
бір тақырып төңірегінде ғылыми  дәйекті  тұжырымдар  жасап  үйрену.  Соңында
оқытушы реферат жазған студенттің,  пікір  айтушылардың  сөздерін  жинақтап,
қажетті  толықтырулар  енгізеді,  мәселенің  түсініксіз  тұстарын   анықтап,
түзетулер жасайды, толықтырады, өзгертеді.



                                  Аннотация
   Аннотация – (аңдатпа лат. т. - ескерту, аңдату) кітаптың топтама жинағы,
қолжазбаның мазмұнын оқырманға қысқаша баяндау. Аннотацияда  шығармаға баға
беріп, автор туралы мәліметтер келтіреді, кітаптың немесе жекелеген
мақалалардың жазылу тарихын қамтуы, әдебиеттерге және т.б. деректерге
сілтеме  жасауы да мүмкін. Оқырман аннотацияға сүйене отырып, өзіне
қажетті әдебиеттерді таңдай алады.


   Студенттердің өздік жұмыстарды орындауларына жалпы кеңестер (нұсқаулар)
1. Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа  қажетті  нақты  дағдыларға
(іштей  жылдам  оқи   білу,   библиографиялық   дағдылар,   түрлі   анықтама
әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б. ) ие болу керек.
2. Біліммен жемісті шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, орын,       тиісті
әдебиеттер  мен   құралдардың   болуы   т.б.)   керек   етеді,   ең   дұрысы
кітапханаларда, оқу залдарында біліммен шұғылдануға дағдылану.
3. Өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық біліп, ол жұмысты  белгілі
жоспармен, жүйемен жасауы керек.
4.Алғашқы кезде оқытушылардан, тәжірибелі адамдардан, кітапханалардан  ақыл-
кеңес алудың пайдасы зор.
5. Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн.
6.  Оқыған  материалды  мұқият  ұғатындай  етіп  ұғып,  түсінбеген  жерлерді
қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет.
7.  Анықтама  әдебиеттерді,  энциклопедияларды,   түрлі   сөздіктерді   қоса
пайдаланып отыру керек.

      Студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар.
         • Жұмыстың көлемін шамадан тыс  асырмай,  оның  сапасын  арттыруға
           көңіл аудару;
         • Студенттердің өздік жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерімен дұрыс
           ұштастыра білу;
         • Студенттердің дербестігін арттырып, өзіндік білім алу  қабілетін
           жүйелі түрде дамыту;
         •  Өзіндік   жұмыстың   мазмұнына   күнделікті   өмірден   алынған
           материалдарды, хабарларды енгізу;
         • Студенттерді табиғат пен  қоғам  дамуының  жалпы  заңдылықтарын,
           сонымен қатар нақты фактілер мен құбылыстарды  өздігінен  талдап
           түсінуге үйрету;
         •  Студенттердің  алған  білімдерін  іс  жүзінде  қолдана   білуге
           дағдыландыру;
         • Студенттерді оқу  жұмысына  шығармашылық  тұрғыдан  қарауға,  әр
           уақытта дербес және белсенді әрекет жасауға баулу;
         • Студенттердің өздігінен дербес жұмыс істеу, еңбек ету дағдыларын
           қалыптастыру.



                Ойынның психологиялық-педагогикалық негіздері
                пәні  бойынша  дәріс оқуға әдістемелік нұсқау

    Жоғары  оқу  орнындағы  дәріс  сабақтары   студенттердің   шығармашылық
ізденісте  білімді  меңгеру  арқылы,  ғылыми  әдебиеттермен  өзіндік   жұмыс
формаларын, стилін таңдауға мүмкіндік береді.
    Лектор тыңдаушыларын  объективті  түрде  ғана  ақпараттандырып  қоймауы
тиісті. Дәрістегі ғылыми ақпарат  сенімді  түрде  жеткізіліп,  әдебиеттермен
өзіндік істеуге бағыт берілуі тиіс.
    Лектордың дәрісі мынадай функциялар атқарады:
   1. Бағдарлаушы
   2. Түсіндіру
   3. сендіру
    Бағдарлаушы қызметінде дәріс ғылыми әдебиеттерге сүйене  отырып  ғылыми
теория  негіздерін  қашан  және  қандай  авторлармен  тұжырымдалған,  қандай
объективті   өмірлік   қажеттіліктерге   тәуелді   екенін,   қандай   ғылыми
әдебиеттерге сүйеніп бұл туралы терең оқуға  болатындығына  бағыт  беріледі.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі де дәрістің бағдарлау қызметіне жатады.
    Түсіндіру  қызметі  арқылы  ғылыми  түсініктер,  түсіндірілетін  теория
немесе гипотеза айқындалады.
    Сендіру  қызметі  арқылы  лектор  тұжырымдарын  дәлелдемелер  негізінде
жасауы тиіс. Міндетті түрде фактіні дәлелдей білу қажет.  Сендіру  функциясы
оқу дәрісінде өте маңызды. Студент ғылыми тұжырымдарды өзіндік сенім  арқылы
меңгеріледі. Лектор дәрісі қызықты өту үшін төмендегі психологиялық  шарттар
қажет;
    - аталған ғылыми жүйесінде білімдерді меңгеру;
    - дәріске деген студент қызығушылығын туғызу;
    - студенттер түсіндірілген материал жаңалығын сезінуге тиіс;
    - студенттердің жұмыс істеуге ынталандыруын туғызу.
    Пән бойынша дәріс оқу әдістемесі.
    - тақырып бойынша негізгі түсініктерді аудиторияға жеткізу;
    - мазмұнды дәлелдеу;
    - материал мазмұның ақпараттығы;
    - материалдың проблемалылығы.
    Дәріске  негізгі  және  жан-жақты  дайындық  –  оны  жақсы  оқудың  бір
мүмкіндігі болып табылады.
                       Дәріс мазмұнына дайындық
    І – кезеңде дәріске дайындық:
    - мақсат қалыптастыру;
    - аталған нақты дәрістің  тақырып  және  бөлім  бойынша  өткізілу  орны
айқындалады;
    - студенттердің даярлық деңгейін анықтау;
    - теоретикалық және нақты материалдар таңдап алынады.
    Бұл  кезеңде   дәріс   мазмұны   ерекшеліктерінің   ішінде   ғылымилық,
беріктілігін лектор ескеруі керек.
       Ғылымилық.  Дәріс қазіргі ғылыми білімдерге сүйенуі тиіс.  Ол  түрлі
   теориялық  материалдар  және   тәжірибелік   материалдарды   салыстырудан
   көрінеді.  Отандық  және  шетелдік  зерттеушілер,  ғылыми  эксперименттер
   нәтижесі,   жаңа   идеялар   мен   концепциялар,   зерттеу    әдістерінің
   сипаттамасынан тұрады.
       Дәріс арқылы тек ақпарат  берілмейді,  студенттердің  ғылыми  ойлауы
   қалыптастырылады.
       Беріктілігі.  Студенттердің  негізгі  түсінік,   заңдылық,   зерттеу
   әдістерімен түсінуін, қамтамасыз етеді. Әсіресе терминдер жүйесіне  үлкен
   көңіл бөлу қажетті.
       Психология ғылымында терминология күрделі.  Дәріс  барысында  арнайы
   терминология жүргізу қажет: сөздердің этимологиясын қарастыру.


     Жоғары оқу орнында дәріс сабақтарын дұрыс оқу да мынандай талаптары
                                  қойылады:
       Кіріспеде тақырып, мақсат айтылып,  қызығушылығын  тудырып,  негізгі
   тірек   идеялары   құрастырылады,   алдыңғы   және   соңғы    білімдермен
   байланыстырады.
       Ең күрделісі дәрісті бастау.  Бірінші  айтылған  сөз  тыңдаушылардың
   назарын аударуы тиіс. Дәріс туралы түсінікті оның атауынан алуға  болады.
   Ол қысқа, негізгі ойды жеткізіп, формасы жағынан  тартымды  болуы  қажет.
   Тақырып маңыздылығын студент тұлғасын дамытудағы білімдерді меңгеру  үшін
   көрсету қажет. Дәріс жоспары, мақсаты хабарланады. Тыңдаушылардың назарын
   соңында білімді  тексеруге  арналатын  бақылауға  аударуға  болады.  Жаңа
   материалды өткен материалмен байланысы  көрсетіледі.  Кіріспе  бөлім  5-7
   мин. қамтиды.
       Негізгі бөлімде барлық анықтамалар мен негізгі теоретикалық сұрақтар
   нақты, қысқа ашылады.  Әр  теориялық  көзқарасқа  дәлелдемелер,  суреттер
   таңдап алынады. Дәріс сұрақтары 2 – 4-ке дейін. Дәріс  мәтіні  өте  үлкен
   болмауы керек.
       Алғашқы сұраққа өткен соң кідіріс жасалады. Бұл психологиялық  пауза
   студенттердің  өзін  еркін   сезінулеріне   және   оқылатын   материалдың
   маңыздылығын түсіндіруге,  қабылдауға  даярлығын  тексереді  (бет-әлпеті,
   әңгіме).
       Материалды  түсіндіру  және   дәріс   формасына   қарай   дәрістерді
   түсіндіруге болады. Проблемалық сипатағы дәріс өткізу  үшін  студенттерді
   өзіндік  танымдық  белсенділік  және  шығармашылыққа  даярлауға   мынадай
   белсенді құралдар пайдаланылады:
    - бекітетін негізгі сұрақтармен;
    - оқытушы өзін ұсынған тұжырымдар бойынша түрлі көзқарастарды салыстыру;
    - сұрақтар қою, түрлі шешімдер мен көптеген тапсырмалар ұсыну;
    - кері байланыс қамтамасыз ету.
    Аудиториямен байланыста лектордың сыртқы бейнесі, өзін-өзі ұстау, жест,
сөйлеуі, тілі маңызды роль атқарады.
    Қорытынды.  Дәрістің   негізгі   идеяларын   жинақтап   қорытындылайды.
Тақырыпқа сай ұсыныстар беріліп, қиындытарды жою жолдары көрсетіледі.
    Дәріс талапқа сай аяқталуы қажет. Сөзді бөлмей,  дәрісті  соңфна  дейін
аяқтауға  уақытты  үнемдеу   керек.   Дәрісті   аяқтау   арқылы   студенттер
сұрақтарына жауап беріледі.  Қорытынды  шығарылып,  өзіндік  жұмысқа  нұсқау
беріледі,  әдебиеттер  ұсынады.  Дәріс  жағымды  эмоционалды  көңіл   күймен
аяқталуы тиіс.




3 Курс саясаты
                      Студенттерге қойылатын талаптар:


   1. Сабаққа кешікпеу.
   2. Дәрісті босатқан жағдайда өз бетімен материалды  келесі  сабаққа  оқып
      келу.
   3. Жұмысты тапсыру және кеңес алу мерзімін қатаң сақтау.
   4. Талдау барысында тыңдау және басқалар көзқарасын құрметтеу.
   5. ОСӨЖ міндетті түрде қатысып, тапсырманы уақытында орындау.


          4 Ұпайлық, пайыздық және әріптік эквивалентінде бағалау

шкаласы
  Кесте 6
|Әріптік жүйе     |Ұпайлардың сандық|Пайыздық мазмұны |Дәстүрлі жүйе       |
|бойынша бағалау  |эквиваленті      |                 |бойынша бағалау     |
|А                |4                |95-100           |                    |
|А                |3,6              |90-94            |Үздік               |
|В+               |3,4              |85-89            |                    |
|В                |3,2              |80-84            |Жақсы               |
|В-               |3,0              |75-79            |                    |
|С+               |2,8              |70-74            |                    |
|С                |2,6              |65-69            |Қанағаттанарлық     |
|С-               |2,4              |60-64            |                    |
|Д+               |2,2              |55-59            |                    |
|Д                |2,0              |50-54            |                    |
|F                |0                |0-49             |Қанағаттанарлықсыз  |
|I                |NA               |                 |Аяқталмаған         |
|P                |-                |өтті             |Пәнді өтті          |

   5 Студенттерге арналған пән бойынша жұмыс бағдарламасы


   Кесте 2 Пән мазмұны. Сағаттардың бөлінуі



      |№  |Тақырып атаулары                        |Сағаттар                     |
|   |                                        |Дәріс    |СОӨЖ       |СӨЖ    |
|1  |Психологиялық ғылымға кіріспе.          |2        |1          |1      |
|   |Психология ғылым ретінде түсінігі.      |         |           |       |
|2  |Психологиялық ғылымның негізгі          |1        |2          |1      |
|   |бөлімдері.                              |         |           |       |
|3  |Психологиядағы ғылыми емес зерттеулер.  |2        |1          |2      |
|4  |Психологиялық ғылымның дамуы. Ғылымға   |1        |2          |2      |
|   |дейінгі психология                      |         |           |       |
|5  |Ғылыми психологияның пайда болуы.       |1        |2          |2      |
|6  |Психология  мектебі  және бағыты.       |2        |1          |1      |
|7  |Қазақстан Республикасындағы психология  |1        |2          |2      |
|   |ғылымының дамуы.                        |         |           |       |
|8  |Қазіргі Қазақстан психологиясының және  |1        |2          |2      |
|   |этнопсихологиясының  дамуы.             |         |           |       |
|9  |Психологиялық  мамандық ретінде. Кәсіби |2        |1          |1      |
|   |ажырату және оның мәнісі тұлғаның өзін  |         |           |       |
|   |реттеуі.                                |         |           |       |
|10 |Психолог- маман ретінде өзін реттеуі    |2        |1          |1      |

                                                                     Кесте 3

|СӨЖО                                               |СӨЖ               |
|Аудиториялық               |Аудиториядан тыс       |                  |
|2                          |3                      |4                 |
|Қазақстан Республикасында  |Анықтамалармен жұмыс   |Конспект1         |
|Білім беру системасының    |                       |                  |
|негізгі құрылымы.          |                       |                  |
|Психологтың негізгі        |Психологтың кәсіби     |Конспект2         |
|іс-әрекеті және кәсіби     |сапаларын талдау.      |                  |
|сапалары                   |                       |                  |
|Психологтың этникалық      |Кодексті талдау.       |Баяндама3         |
|кодексі                    |                       |                  |
|ҚР мен шет елдердегі       |Квалификациялық        |Конспект4         |
|психологқа қойылатын       |талаптарды зерттеу.    |                  |
|квалификациялық талаптар   |                       |                  |
|Кәсіби біліктіліктің       |Кәсіби біліктілікке    |Схема5            |
|сапасын жеке бағдарлама    |қойылатын талаптарды   |                  |
|ретінде реттеу.            |қарастыру.             |                  |
|Білім беру мекемелеріндегі |Психологтың практикалық|Реферат6          |
|психологтың практикалық    |жұмысын талдау.        |                  |
|жұмысы                     |                       |                  |
|Психологтың іс-әрекеті –   |Психологтың            |Реферат7          |
|медициналық орталығының    |іс-әрекеттерін         |                  |
|спецификасы.               |қарастыру.             |                  |
|Бизнес аймағындағы         |Психологтың кәсіби     |Конспект8         |
|психологтың кәсіби         |іс-әрекетін қарастыру. |                  |
|іс-әрекеті.                |                       |                  |
|Тұлғаны зерттеу барысындағы|Психолог жұмысының     |Тест9             |
|психолог жұмысының         |ерекшеліктерін талдау. |                  |
|ерекшеліктері              |                       |                  |
|Практикалық психология     |Практикалық            |Баяндама10        |
|ғылымының дамуы және жаңа  |психологияның даму     |                  |
|этапқа шығуы.              |тарихын зерттеу.       |                  |

7 Пән бойынша оқу үрдісінің күнтізбелік кестесі

Кесте 4
№Апталар12345671РБ891011121314152РБ1Бақылау түріККБКСхРРТБСхРТабХ2РБР2Семинарлар01515152020200201010101010103СОӨЖ01010100101010104СӨЖ00252525025252551 РБ60756Ұпайлар025402545301052700301045104510120270
Белгілеулер: Р-реферат; К-конспект; Х-хабарлама; СХ-схема; Б-баяндама; Таб.-таблица; Т-тест.
Пәндер