Файл қосу

Қазақ прагмалингвистикасының зерттелу жайы




|ҚАЗАҚСТАН    РЕСПУБЛИКАСЫ  БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ  МИНИСТРЛІГІ                      |
|СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ                     |
|3-деңгейлі СМЖ               |                 |                               |
|құжаты                       |ПОӘК             |                               |
|                             |                 |ПОӘК 042-18-28.1.10/03-2014    |
|ПОӘК «Прагмалингвистика»     |______2014 жылғы |                               |
|пәніне арналған              |№ басылым        |                               |
|оқу-әдістемелік материалдар  |                 |                               |






                      5В050117- Қазақ тілі мен әдебиеті
                            мамандығына арналған
                             «Прагмалингвистика»

                          ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК  КЕШЕНІ



                         ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР



























                                    СЕМЕЙ
                                    2014




                                   Мазмұны

1  Глоссарий
2  Дәріс сабақтарының мазмұны
3  Тәжірибелік сабақтардың мазмұны
4  Студенттердің өздік жұмысы
5 Өзгерістерді тіркеу парағы
6 Әріптестердің танысуы


































1 ГЛОССАРИЙ

1  СӨЙЛЕУ –  бір мезгілде болатын нақтылы сөйлеу.  Сөйлеудің  дыбыстық  және
 жазба   түрлері  бар.   Сөйлеуге    сөйлеу  қызметі  және  сөйлеу  нәтижесі
жатады.  Әдетте, сөйлеу  мен  тіл  қарама-қарсы  қойылады.   Тіл  –  араласу
құралы болса,  сөйлеу  –   осы  құрал  арқылы    араласуды  жүзеге  асырады.
Сөйлеу арқылы тіл қолданыс табады.  Сөйлеу әрқашанда  нақтылы  болады,   тіл
– абстрактілі  болып  қайталануы  мүмкін.  Сөйлеу  –  кеңістік  пен  уақытта
жасалады,  оның  шегі  болмайды,  сөйлеу  –  материалды  құбылыс,   ол  есту
мүшелері арқылы қабылданады.
2 ДИАЛОГ – ( грек. dialogos – әңгіме, екі адамның  сөйлесуі)  –  екі  немесе
бірнеше адамның   сұрақ-жауап  ретіндегі  сөйлесіп,  тіл қатысуы.  Диалогтың
сөздік құрамына   әсер  ететін  факторлардың   негізгі  сөзді  қабылдау   не
қабылдамау.
3   ДИСКУРС   –   (фр.discours   –   сөйлеу)–   экстралинвистикалық,   яғни,
парадигматикалық, әлеуметтік, мәдени, психологиялық факторлармен  байланыста
болатын мәтін. Белгілі бір оқиғаны  баяндайтын  мәтін.  Дискурс  –   өмірдің
тілі,   сондықтан  да   дискурс  термині  «мәтін»  терминімен  салыстырғанда
көне,  басқа да   бүгінгі өмірмен байланысы жоқ текстерге қолданылмайды.
4 ПАРАЛИНГВИСТИКА – (грек. para – қасындағы, маңындағы және  лингвистика)  –
1. Сөйлеуде  қолданылатын  мағыналы хабар жеткізуші, бірақ  тілге  жатпайтын
құралдар; 2. тілдік байланысқа  қатысатын   тілдік  емес   (вербальды  емес)
құралдардың жиынтығы.
5 РИТОРИКА – (грек. rhetorike – шешендік өнер) –  прозалық  қара  сөз   және
ауызекі көркем сөздің  жасалуын зерттейтін   филологиялық  пән.  Поэтикамен,
стилистикамен тығыз байланысты болады.
6 МОНОЛОГ –  (грек.monos –  бір  және   logos  –  сөз,  сөйлеу)  –  белсенді
сөйлеудің   нәтижесінде   пайда    болатын     сөйлеу    түрі.     Монологқа
интраперсональды сөйлеу деген анықтама береді.
7 ӘДЕБИ ТІЛ – орныққан, тұрақты нормалары  бар,  жалпыға  бірдей  түсінікті,
ортақ, қоғамдық  қызметі   әр  алуан,   жалпы  халықтық  тілдің  екшеленген,
сұрыпталған, сымбатталған жүйелі түрі. Әдеби тіл  жалпыхалықтық  тілдің  бір
түрі.
8. ТАБУ  –  (полинезия  сөзі)  –  кейбір  сөздерді,  есімдерді,  сөйлемдерді
атауға тиым салу.  Т.  құбылысы  тілдің   магиялық  қызметімен   байланысты,
яғни,   сөз  арқылы  қоршаған  әлемді   өзгертуге   болады  деген   нанымнан
туындайды.  Т.  Барлық  тілдерде  бар.  Ең  көп  тараған  Т.  адам  есімімен
байланысты: туыстардың атын айтуға  тиым салынған, сонымен  қатар  құдайдың,
патшаның  атын атауға  болмайды.  Т. эвфемизм түсінігімен  тығыз  байланысты
болады.
9.ЭВФЕМИЗМ – (грек.euphemis –mos, eu     –  жақсы  және   phemi  –  сөйлеу)-
эмоция  жағынан  бейтарап  сөздер.  Э.  құлаққа  ерсі  естілетін   сөздердің
синонимдері ретінде жұмсалады. Мысалы: «семіз-толық, кәрі-егде,  өлді-қайтыс
болды» және т.б, эвфемизм– дисфемизм сөздерге  қарсы қойылады.
      Дисфемизмде керісінше, эмоциялы бейтарап сөз орнына әдейі тұрпайы
сөздер қолданылады.
  10. Транскрипция (лат.  Trancriptio -   көшіріп  жазу)  –  сөз  дыбыстарын
хатқа түсіру (жазу) әдісі.

                                 2 ДӘРІСТЕР

                                  1-Дәріс.
  Тақырыбы: Прагмалингвистика семиотика мен лингвистиканың аралығында пайда
 болған ілім екендігі. Прагмалингвистиканың лингвистикалық зерттеу саласына
                                   айналуы

    Коммуникативтiк мақсат  (  тiлдiк  қарым-қатынаста  адресант  көздейтiн
негiзгi  мақсат.  Коммуникативтiк  мақсатқа  жетудiң  өзiндiк  жолдары   мен
әдiстерi болады. Бұл мәселенi  терең  зерттеген  ғалымдар  О.Я.Гойхман  мен 
Т.М.Надеина  өз еңбектерiнде   (46) тiлдiк   коммуникацияның  ерекшелiктерiн
көрсете келiп, тiлдiк қызметтiң өзiндiк кезеңдерi болатынын айтады.  Оларда:
1) айтылатын ойды даярлау, 2) айтылатын ойды ретке келтiру, 3)  ойды  сыртқа
шығару, 4) сөйлеудi қабылдау, 5) түсiну, 6) айтылатын ойға жауап   беру  деп
бөлiп,  айтылған  ойды  түсiнудiң  деңгейi  әр  түрлi  жағдайға   байланысты
болатынын  ескертедi.  Бұл  жағдайлардың  жиынтығы  (  контекст   деп   атап
көрсетедi. Контекстiң ашық (эксплициттi),  жасырын  (имплициттi)  болатынын,
жасырын  контекске  мақсат,  мүдде,  мотив  (уәж),  коммуниканттардың   жеке
басының  ерекшелiктерi   (бiлiм   деңгейi,   әлеуметтiк   жағдайы,   мiнезi)
кiретiндiгiн айтады.
    Тiлдiк коммуникацияда  табысқа  жетудiң  логика,  психология  және  тiл
сияқты үш категориясы бар. Аталған үш  категорияның  iшiнде  барлық  ақпарат
тек сөз арқылы жеткiзiлетiндiктен  тiл  (  тiлдiк  қарым-қатынаста  мақсатқа
жетудiң ең маңызды құралы.
    Пiкiрталаста көбiнесе шындықты  жақтайтындар  емес,  қарсыласының  ойын
тез, нақтылы анықтап, қарсы  айтатын  ойын  жинақы,  шебер  жеткiзетiн  адам
жеңiске жететiнi белгiлi. Бұл пiкiрталасқа қатысушылардың  тiлдiк  стратегия
мен тактикаларды жылдам, ұтымды ұйымдастыра бiлуiнiң нәтижесi.
    Бұл жерде бiз коммуникативтiк мақсатқа сай қолданылатын коммуникативтiк
тактикалар жайында айтпас бұрын тоқсан ауыз  сөздiң  тобықтай  түйiнiн  айта
бiлген қазақ халқына тән шешендiк өнер жайлы ой бiлдiрудi жөн көрдiк.  Сонау
ерте заманнан бастау алып, бүгiнгi саяси-әлеуметтiк өмiрiмiзге жеткен  шешен
сөйлеу дәстүрiнiң маңыздылығы бүгiн арта түскен.
    Қазiр шешендiк өнер  ұжымды,  қоғамды  басқарудың,  заң  органдарындағы
қызметкерлердiң,  ғалымдар  мен  оқытушылардың,  сайлау  науқаны   кезiндегi
кандидаттардың сенiмдi өкiлдерiнiң,  телерадио  хабарларды  жүргiзушiлердiң,
газет тiлшiлерiнiң маңызды құралы болып отыр, өйткенi айтар ойларын  әсерлi,
ұтымды, жинақы жеткiзе бiлсе, тiлдiк коммуникацияға  қатысушылардың  барлығы
да көздеген мақсаттарына жетедi.
    Бiрақ  шешендiк  өнердiң  нәтижесi  тыңдаушыларға  айтылған  ақпараттың
қажеттiлiгiне, шынайылығына, сөйлеушiнiң  негiзгi  мақсатына  да  байланысты
болады. Газет тiлшiсi оқырманға айтар ойын  пәрмендi  жеткiзу  үшiн  қанатты
сөздердi, мақал-мәтелдердi, әйгiлi адамдар айтқан құнды сөздердi  келтiредi.

    Осы ерекшелiк жайында профессор Р.Сыздықованың: «Публицистика  (  жазба
әдебиет жанры. Сөйте тұра ол ( әдеби тiлдiң ауызша түрiне  ең  жуық  келетiн
жанр. Өйткенi публицистиканың саяси-көркем очерк,  памфлет,  эссе,  репортаж
тәрiздi  салалары  информация  берумен  қатар,  оқырманға  әсер   ету,   оны
иландыру,  жиiркендiру,  сүйiндiру  т.б.  сияқты  мақсаттарды  да  көздейдi.
Сондықтан мұнда  да,  ауызша  шешендер  сөзiндегiдей,  эмоциялы-экспрессивтi
элементтердi таңдап алу, құлаққа жағымды  дыбыстар  үйлесiмiн  (аллитерация)
жасау,  метафора,  теңеулердi  еркiнiрек  қолдану,  модальдық  реңк  беретiн
элементтердi  (қыстырма  сөз,  сұраулы  сөйлемдер  т.т.)  жатсынбау  тәрiздi
құбылыстар орын алады( деген пiкiрiне қосыла отырып,  баспасөз  тiлiн  шебер
қолданудың негiзi газет тiлшiлерiнiң қазақ халқына тән шешендiк өнердi  жете
түсiне бiлуiне байланысты екендiгiн айтамыз.
    Газет тiлiн жазбаша берiлетiн шешендiк өнердiң  бiр  түрiне  жатқызсақ,
газет тiлшiлерiнен коммуникативтiк мақсатқа  сай  ойын  жинақтап,  оқырманға
әсерлi жеткiзу үшiн қажеттi тiлдiк құралдарды талғаммен таңдай бiлу,  таңдап
алынған тiлдiк құралдарды коммуникативтiк тактикаға негiздей  жеткiзу  талап
етiледi. Қазақ газеттерiнiң тiлшiлерi үшiн Жиренше шешен,  Асан  қайғы,  Қаз
дауысты Қазыбек би, Әйтеке би, Төле билердiң, т.б.  шешендiк  өнерлерi  үлгi
болуға лайық.
    Осы күнгi риторика ғылымының  негiзi  сонау  Ежелгi  Грециядан,  Римнен
басталғаны белгiлi. Бұл ғылымның дамуына Платон, Аристотель сияқты  ойшылдар
мен Сократ сияқты шешендер көп үлес қосқаны  белгiлi.  Қазiр  ғылымда  мәтiн
лингвистикасы, стилистика, психолингвистика сияқты ғылымдар негiзiнде  пайда
болған  неориторика  ғылымы  дамып  келедi.  Бұған  қарап  шешендiк  өнердiң
маңыздылығы бүгiн де өз мәнiн жоймағандығын айтуға болады. Шешендiк  өнердiң
қыр-сырын зерттеген еңбектерге Р.Сыздықова, Б.Адамбаевтың ғылыми  еңбектерiн
жатқызуға болады.
    Бiз жұмысымызда газет тiлшiсiнiң алға қойған коммуникативтiк  мақсатына
жетуде қолданатын стратегиялар  мен  тактикалардың  бiр  шетi  осы  шешендiк
өнермен байланысатындығын айтамыз. Бiрақ, бұл мәселе  - қазақ тiл  бiлiмiнде
жазба   тiл   бойынша   зерттелуi   әлi   қолға   алынбаған   тың   тақырып.

    Әрбiр тiлдiк қарым-қатынас жағдайының стратегиясы  болады.  Стратегияға
жағдайды бағдарлау, тiлдiк қарым-қатынаста табысқа жету  үшiн  ықпал  етудiң
бағытын анықтап, ұйымдастыру  жатады.  Тiлдiк  қарым-қатынастың  стратегиясы
белгiлi бiр жағдайда  алға  қойған  мақсатқа  жету  үшiн  тiлдiк  құралдарды
қолданатын   коммуникативтiк     тактикаға   негiзделедi.    Коммуникативтiк
тактикалар  белгiлi  бiр  ортаның  ерекшелiктерiне  байланысты  қолданылады.
Басқаша айтқанда, коммуникативтiк тактиканы орнымен қолдану керек.
    Тiлдiк қарым-қатынас стратегиясына байланысты  қолданылатын  тактиканың
түрлерi  көп.  Олар  (тактикалар)  тiлдiк  қарым-қатынас  iс  жүзiне  асатын
ортаға,  коммуниканттардың  ерекшелiктерiне   (жасы,   бiлiмi,   тәжiрибесi,
қоғамдағы әлеуметтiк  орны,  т.б.),  айтылатын  ойдың  мақсатына  сай  болуы
керек. Сондай-ақ коммуникативтiк тактика әр халықтың Ұлттық ерекшелiгiне  де
негiзделедi. Коммуникативтiк мақсаттан туындаған  автордың  стратегиясы  мен
тактикасы (  газет  мәтiнiнiң  прагматикалық  функциясын  қамтамасыз  ететiн
микрокомпоненттер.
    М.К.Мурзагалиеваның тiлдiк қарым-қатынастың стратегиясы  мен  тактикасы
жайында: «Если коммуникативные стратегии универсальны для  всех  языков,  то
национально-культурные  различия  должны   проявляться   именно   на   этапе
формирования и вербализации стратегии в различных  тактиках.  Иначе  говоря,
выбор  тех  или  иных   тактик   обусловлен   национальной   принадлежностью
участников речевого акта( деген пiкiрiне толық қосыламыз.
    Газет    мәтiнiнiң    коммуникативтiк    мақсатына    сай    қолданатын
коммуникативтiк  стратегиясы  мен  коммуникативтiк   тактикасын   зерттеудiң
барысында    бiз    қазақ    газеттерiнде    қолданылатын    коммуникативтiк
тактикалардың төмендегiдей түрлерiн анықтадық:
    1. Абырой беделдi алға тарту.
    2. Коммуникантты өзiмсiну (интимизация).
    3. Фактiлердi қарама-қарсы қою.
    Аталған коммуникативтiк тактикалар ( газет авторларының коммуникативтiк
мақсатқа жету үшiн ұйымдастырған стратегиясын  iс  жүзiне  асырудың  жолдары
мен әдiстерi.
    1. Абырой беделдi алға тарту тактикасы
    Адамның абырой беделiн бетке  ұстау  үшiн  әрине  кезiнде  сол  адамның
айтқан сөзiн, пiкiрiн, оның мәнiн, ең басты бұл адамның қоғамдағы  дәрежесiн
ескеруге тура келедi. Айтқан қанатты сөзi сол сәтте  тiлдiк  қарым-қатынасқа
түсушiлердi белгiлi бiр iске, iс болғанда парасатты,  игiлiктi  iске  бастай
алғандағы,  қателiктi  көрсетiп,  дұрыс  бағыт  бере  алғандығы  да  негiзге
алынады.
    Бұл әдiс ( қазақ халқы бұрыннан қолданатын тиiмдi әдiс.  Өйткенi  «Өнер
алды қызыл тiл( деп шешендiктiң мәнi мен мағынасын  ертеден  терең  түсiнген
халықтың бiрi ( қазақ халқы өз ойын ашық  жеткiзiп,  тыңдаушысына  әсер  ету
үшiн ұлы, ойшыл, бiлiмдар адамдардың, ғалымдардың, ел сыйлаған  қариялардың,
шешендердiң  сөздерiн  алға  тартып,  олардың  абырой  беделiне  арқа  сүйей
отырып, түпкi мақсатына  қол  жеткiзген.  Осы  әдiстi  қазақ  газеттерiндегi
жарияланым авторлары да шебер қолданады. Мысалы:
        «Құлақтан кiрiп бойды алар жақсы ән мен  тәттi  күй(  деп  ұлы  Абай
       айтпақшы, сонау жас шағымнан-ақ жақсы ән  мен  тәттi  күйдiң  қадiрiн
       бiлiп, тыңдауды әдет  еткен,  күйтабақ,  күйтаспа  жинайтын  қазақтың
       бiрiмiн.
                                         (Қазақ әдебиетi,  28  қаңтар,  1997
ж.)
    Автор Абайды»  өлең  жолдарынан  үзiндi  келтiре  отырып,  ұлы  ақынның
абыройына арқа сүйейдi.
        ... Мұхтар Әуезов  «төзiмдiлiк  қазақ  халқының  маңдайына  жазылған
       жақсы қасиет, бiрақ оның ұзақ болмағаны жақсы(,  (  деген  екен.  Сол
       ғұлама жазушы айтқандай үмiттенейiк, бiрақ  үмiтiмiз  2030-ншы  жылға
       кетiп қалып жүрмесiн.
                                                  (ХХI век, 23 наурыз,  2000
ж.)
    Автор кемеңгер жазушы  М.Әуезовтің  сөзiн  бере  отырып,  беделiн  алға
тартады. Бiз келтiрiлген мысалдарымызда  подтекстi   (астарлы  ойды)  талдап
жатпадық, бұл жерде тек сөздерiнен  үзiндi  келтiрiлген  адамдардың  абырой,
дәрежесiн (әрине соған сай айтқан сөздерiн) алға тартып отырғанын  көрсетудi
мақсат еттiк.
             Ай, заман-ай, заман-ай,
            Түстi мынау тұман-ай.
            Iстiң бәрi күмән-ай! (
        деп Бұқар жырау бабаның дағдарғанындай, қай жерде де қазақтың: «Апыр-
       ау мына заман не  боп  кеттi,  бұның  ұшығына  шығып,  кiм  ұғындырып
       бередi? деп ақылы айран, ойы сайраң болған кездерi аз болмаған.
                                                    (Ана  тiлi,  13  маусым,
1997 ж.)
    Бұл жерде «Ана тiлi( газетiнiң ұжымы Бұқар жыраудан үзiндi бере отырып,
қоғамдағы әлеуметтiк-экономикалық жағдайдың  барысын  түсiндiруде  атқаратын
мiндеттерiн саралайды.
        Баяғыда аталарымыз: «Молотов берген  байталды,  Хрущев  келiп  қайта
       алды( деп кекесiнмен әндетедi екен. Филармонияның жағдайы осыны  еске
       түсiредi.
                                                 (Ана тiлi,  4 қараша,  1999
       ж.)
    Жарияланым  авторы  ата-бабаларымыздың  өмiр  тәжiрибесiнен  туындаған,
белгiлi бiр оқиғаларға  байланысты  айтқан  сөздерiн  алға  тартып,  олардың
абыройына арқа сүйейдi.
        ХХІ ғасырдағы Қазтуған ақынның «Қайран менiң Едiлiм,  Мен  салмадым,
       сен  салдың(,  немесе  ХХI  ғасырдағы  Жиембет  жыраудың   «қол-аяғым
       бұғауда, Тарылды байтақ кең  жерiм(,  (  деп  апанға  түскен  бөрiнiң
       бөлтiрiгiндей аласұруы,  сондай-ақ  Мұраттың  «Едiлдi  келiп  алғаны,
       етекке қалын салғаны, Жайықты келiп алғаны, жағаңа қолын  салғаны(  -
       деп қазақтың басына тақаған ақырзаманды сезiп дабыл қағуы, өз мұңының
       өртiне оранып,  жалғыздыққа  ұшыраған  жаралы  рухтың  көрiнiсi  едi.
       Ақиқаты Ақтамбердi жыраудың «Жалауы найза жанға алып, Жау қашырар  ме
       екемiз( сынды жүрегiнен төгiлген асыл  сөздер  қазақтың  арман-аңсары
       ғана  емес,  жоғалған  рухқа  іңкәр  ностальгиялық  сағыныш  болатын.
       Далалық рухы мен еркiндiгiнен  айырылған  елдiң  жоғалған  рухты  кеш
       келген көктемдi аңсағандай сағына кетуi тегiннен-тегiн еместiк.
        Жаралы рухтың ең биiк  көрiнiсi  «Қайрыла  алмай  барамын,  қайранда
       қалған елiме(, ( деп жаралы жолбарыстай  жанын  қоярға  жер  таппаған
       Махамбеттiң тууы  табиғи заңдылық едi. «Алғаным ару  болмаса,  алдыма
       алып  сүймендi(  (Шалкиiз)  деп,  дүниедегi  сұлулықтың  өзiне  асқақ
       қарайтын көшпендiлердің рухы  Махамбеттен  кейiн  жеңiлiске  ұшырады.
       Абай атамыздың аяусыз сынайтын  «өтiрiк,  өсек,  мақтаншақ,  ерiншек,
       бекер,  мал  шашпақ(  сынды  қазақтың  табиғатындағы   мiндер,   ата-
       бабаларымыздың бойында о баста жоқ қасиеттер едi.
                                                        (СолДат,  22  ақпан,
2000ж.)
    Әрине абырой беделдi бетке ұстау тактикасын  орынды,  шебер  қолданудың
нәтижесiнде жарияланым авторы өзiнiң  бiлiктiлiгiн  көрсете  отырып,  тiлдiк
қарым-қатынаста өзi  алға  қойған  коммуникативтiк  мақсатының  стратегиясын
тиiмдi белгiлеген.
    Абырой беделдi  алға  тарту  тактикасына  бiз  газет  мәтiнiнде  мақал-
мәтелдердi қолдануды да жатқыздық. Өйткенi  мақал-мәтелдер  кезiнде  белгiлi
бiр халықтың  өмiрлiк  тәжiрибесiне  байланысты  түйген  ойларының  нәтижесi
екендiгi даусыз.
    Мақал-мәтелдi  кез-келген  адамның  ойлап  шығаруы  мүмкiн  емес.  Оған
қазiргi кезде жекелеген ұлы адамдардың айтқан  қанатты  сөздерi  дәлел  бола
алады. Ұлы ақын Абай өлеңдерiнiң  мына  бiр  жолдары  қазақ  халқы  арасында
өсиет, нақыл сөздерге айналғаны белгiлi. «Бiлiмдiден шыққан  сөз,  талаптыға
болсын кез(, «Өлең ( сөздiң патшасы, сөз сарасы(, «Ғашықтың  тiлi  (  тiлсiз
тiл, көзбен көр де, iшпен бiл(, т.б. Соған байланысты  бiз  мақал-мәтелдердi
қолдануды абырой беделдi алға тарту тактикасына  қосып  отырмыз.  Бұл  жерде
қазақ атты бүкiл бiр халықтың беделi, өмiрлiк тәжiрибесi алға тартылады.
    Бiз де коммуникативтiк  тактиканың  осы  түрiне  талдау  жасауда  ғалым
А.Нұрмахановтың сөзiн алға тартуды жөн көрдiк:  «Түркi  халықтары  өздерiнiң
мақал-мәтелдерiн «аталар сөзi(, «ақыл сөзi(, «нақыл  сөзi(,  «даналық  сөз(,
«көсем сөз( дей отырып, «Атаңның сақалына  қарама,  айтқан  мақалына  қара”,
«Мақал-мәтел  - маржан сөз, қоса көрме  арзан  сөз(  деген.  Расында  мақал-
мәтелдердiң  тағылымдық,  тәрбиелiк,  өсиет-өнегелiк  маңызы  аса  зор.   Ең
бастысы мақал-мәтелдер тоқсан ауыз сөздiң тобықтай түйiнiн  әрi  қысқа,  әрi
нұсқа  жеткiзедi.  Сондай-ақ  мақал-мәтелдер  тура  және  ауыспалы  мағынада
айтылатын, адам  және  оны  қоршаған  табиғат  пен  жер  бетiндегi  тiршiлiк
атаулыны ой елегiнен өткiзген өсиетнама десе де болады.
    Мақал-мәтел жайында Б.Адамбаев: «Мақал-мәтел халықтың өзi  жасап  алған
заңы, өмiрде болатын әр  түрлi  жағдайларды  ұғындыратын,  түсiндiретiн  оқу
құралы iспеттi. Мақал-мәтелде, көбiнесе, ортақ ой, жалпы  ереже,  анықталған
қағидалар айтылады, формасы жағынан тiлге жеңіл,  құлаққа  жағымды  дыбысқа,
ырғақ ұйқасқа құрылады, көбiнше көркем тiлмен  (  өлеңмен  жасалады(  деген.
Бiз ғалымның пiкiрiне  қосыла  отырып,  жұмысымыздың  тақырыбына  сай  газет
тiлшiлерiнiң  осы   мақал-мәтелдердi   қолдану   тактикасы   арқылы   тiлдiң
прагматикалық функциясын iс жүзiне  асырып,  коммуникативтiк  мақсатқа  жету
мүмкiндiктерiне тоқталамыз.
    Бiрақ жұмысымызда газет мәтiнiнде қолданылған мақал-мәтелдердiң  мәнiне
тоқталып жатпай, мақал-мәтелдердi қолданған жарияланым авторының  тактикасын
айқындау мақсатында қалай қолданылатынын басқаша  айтқанда,  мәтiнде  мақал-
мәтелдердi қолдану түрлерiн көрсету  үшiн  бiрнеше  топқа  бөлiп,  үзiндiлер
берудi жөн көрдiк.
1) мақал-мәтелдердiң бiр жолын түсiрiп қолдану түрi.
        «Сенген қойым сен болсаң( дегендей, олар  Үндiстан  мен  Тәжiкстанда
       қанша және қандай жарылыс жасап жатқанын  анықтау  үшiн  бiзге  келiп
       арнаулы «бақылау( жарылыстарын жасайтын көрiнедi.
                                   (Егемен Қазақстан, 2 қыркүйек, 1999 ж.)
        «Толқыннан тасқын туады( өмiрдiң өзi де толқыннан  құралады.  Толқын
       туласа, туламаса, тiршiлiк жоқ.
         «Дос жылатып айтады( дегендей барлық өкпемiздi осылай ашық  айтсақ,
       келешек президенттерге де белгiлi сабақ болар деп ойлаймын.
                                                            (Дат,  1  шiлде,
       1998 ж.)
2) мақал-мәтелдердiң компоненттерiн өзгертiп қолдану түрi.
        Дiн басымыз Рәтбек қажының басқа да  жауапкер  дiн  қызметкерлерiнiң
       құлағына  күмiс  сырға,  мешiтте  басына  сәлде   орап,   кәсiпкерлiк
       iстеушiлердiң құлағына мыс сырға ( ұры алыстан келмейдi, абайлаңдар!
                                           (Қазақ әдебиетi,  5  ақпан,  1999
       ж.)
        Кәрi  қыз  ұл  тапса  қоярға  жер  таппайды  екен.  Ежелден  аңсаған
       тәуелсiздiкке қол жеткiзiп едiк, ендi келiп сол тәуелсiздiктен  шошып
       отырған жайымыз бар.
                                            (Қазақ әдебиетi, 5 наурыз,  1996
       ж.)
        Мұндай  жағдайды  барлық  мемлекеттер  өтпелi   кезеңде   бастарынан
       өткерген. Қазақта «көршiңмен тату бол( деген қағида бар. Бiрақ  «жетi
       өлшеп, бiр кестi(  ұмытпауымыз керек.
                                              (Ана тiлi, 23  қыркүйек,  1999
       ж.)
3) мақал-мәтелдiң автордың сөз қолдану ерекшелiгiне  қарай  сөйлеуге  кiрiге
берiлу  түрi.
        Қателессек,  бiз-ақ  қателесейiк,  байқауымызша  осы  бiрер  аптаның
       iшiнде әкiм мырзалардың да «iшкендерi iрiң, жегендерi желiм( болғанға
       ұқсайды.
                                                   (Ана тiлi, 18 ақпан, 1999
       ж.)
        Дегенмен 5  жылдан  асса  да  азаматтық  ала  алмай  қиналып  жүрген
       оралмандар үшiн ( «жығылғанның үстiне жұдырық( болмасына кiм кепiл?
                                                   (СолДат, 22  ақпан,  2000
       ж.)
        «Жақсысын асырып, жаманын жасыру( газет  атаулының  бүгiнгi  ұстатар
       қағидасы емес. Неғұрлым ашық жазған, ақиқатты  ашық  көрсеткен  газет
       қана халықтық басылым.
                                                 (Ана тiлi, 12 наурыз,  1998
       ж.)
        Алайда «77(- iнi  тамашалай  отырып,  ерiксiз  алаңдай  беретiн  бiр
       түйткiл бар. Ол «77 күндiк( әрiптестерiмiздің кейде ұлтымыздың қанына
       сіңген әдептiлiктен ауытқып кететiнi. «Әзiлiң жарасса  атаңмен  ойна(
       деп әзiлдей бiлген халқымыз, алайда, ешкiмнiң намысына орынсыз  тиiп,
       мазақ, келеке, әжуа етпеген. Ал бiздiң «77(-мiз соңғы кездегi  кейбiр
       қойылымдарын  әсiресе  әжуаға,  орынсыз  келекеге,  мәнсiз    мазаққа
       айналдырып барады. Былай қарағанда, «онда тұрған не барға( салынуымыз
       мүмкiн. Дегенмен, халық  алдында  өнерiмен  кең  танылған  кiсiлердiң
       түймедейiн түйедей қылғаннан ұтарымыз не?
                                                   (Ана тiлi, 11 ақпан, 1999
       ж.)
4) мақал-мәтелдерде айтылатын ойды алға тарта отырып, ой өрбiту түрi.
        «Қалауын тапса, қар жанады(  дегендей,  АҚШ-тың  араласуымен  Каспий
       теңiзiндегi бiрқатар кенiштерге байланысты  түрiкмен-әзiрбайжан  дауы
       жуық арада шешiлетiн түрi бар.
                                               (Ана тiлi, 23 қыркүйек,  1999
       ж.)
        «Ауруын жасырған өледi( дегендей,  мен  бұл  жолы  кемшiлiкке  әдейi
       көбiрек тоқталдым.
                                              (Қазақ Елi, 27 қыркүйек,  1996
       ж.)
        «Бiтер iстiң басына,  жақсы  келер  қасына(  демекшi,  өткен  жылдың
       көзiнен берi Түркiстанның бағы ашылған тәрiздi.
                                                 (ХХI век, 23  наурыз,  1999
       ж.)
        «Алтын көрсе, перiште жолдан таяды( демекшi,  ауылдағы  анасына  қол
       ұшын берудi де ұмытты. Ал анасы  болса  Алматы  жақтан  келетiн  қара
       жолға қарай-қарай көзi талды.
                                  (Егемен Қазақстан, 21 қаңтар, 1998 ж.)
        «Айдағаны бес ешкi, ысқырығы жер жарады( дегендей, төрт партияның он
       адамын «көп партиялы парламент( деп жарияға жар салудамыз.
                                                  (Ана тiлi, 4 қараша,  1999
       ж.)
    Әрине, газет тiлшiлерiнiң коммуникативтiк тактиканың (әдiстердiң)  бiрi
ретiнде  мақал-мәтелдердi  қолдану  түрлерiн  одан  әрi  жалғастыра   беруге
болады.
        «Алыстан арбалап тасығаннан, жақыннан дорбалап  жина(,  «Кiсiдегiнiң
       кiлтi ( аспанда(,  «Бай  өзiнен  ауысқан  қалдығын  бередi(  (  деген
       халқымыздың   аталы   сөзiн   басшылыққа   алсақ,   кiсiге   шетелдiк
       алпауыттарға алақанымызды жаймай, халықтың тұтынатын бұйымдарын, азық-
       түлiктi өз жерiмiзде өндiргенiмiз тиiмдi.
                                           (Қазақ Елi, 19 қыркүйек, 1997 ж.)


        Осы дәстүр, салттар ( «ағайын өкпеге қиса да  өлiмге  қимау(  шарты,
       «жаным үшiн малым құрбан, арым үшiн  жаным  құрбан(  деген  мәрттiгi,
       «кiсi елiнде сұлтан болғанша, өз елiңде ұлтан бол(  деген  патриотизм
       дала демократиясының бұлжымас заңына айналды.
                                                  (Жас Алаш, 22 наурыз, 1996
       ж.)
    Газет   тiлшiлерi    келтiрiлген    мысалдардағыдай    мақал-мәтелдердi
топтастыра, түйдектете беру әдiстерiн де шебер қолданады. Бiрақ бұл  әдiстiң
газет бетiнде сирек кездесетiндiгi байқалады.
    Газет  тiлшiлерi  адамның  абырой  беделiн  алға  тарта  отырып,  газет
оқырмандарына  әсер  ету,  үгiт-насихат  жүргiзу,  белгiлi  бiр  iс-әрекетке
бастау  сияқты  көптеген  мақсаттарға  қол  жеткiзуге  тырысады.  Бұл  газет
тiлшiлерiнiң  коммуникативтiк   мақсаттан   туындайтын   стратегиясына   сай
коммуникативтiк тактикаларды шебер қолданатындығын көрсетедi.
    Газет тiлшiсiнiң коммуникативтiк мақсатынан  туындайтын   тактикалардың
бiрi ( «Коммуникантты өзiмсiну (интимизация)» әдiсi.
    2. «Коммуникантты өзiмсiну (интимизация)» әдiсi газет бетiнде негiзiнен
есiмдiктердiң, тәуелдiк, жiктiк жалғаудың көмегiмен берiледi.
    Жалпы газет тiлiнде I жақтың көпше түрiндегi есiмдiктi,  тәуелдiк  және
жiктiк жалғауды газет   мәтiнiнiң  авторы  оқырмандарға  өзiнiң  жақындығын,
көзқарастарының бiр екендiгiн көрсету үшiн ұтымды қолданады.
        «Қалтасы тесiк қоғам мұны қалай жасатты( деген сауал  әрбiр  кеудеде
       тұрғаны айқын. Құдайға шүкiр, тiлге деген ықылас,  ынтасы  бөлек  жас
       достарымыз бар екен. Бiз соларға арқа сүйеп отырмыз.
                                   (Егемен Қазақстан, 21 қараша, 1996 ж.)
    Келтiрiлген мысалда мақала авторының  оқырмандарды  өзiмсiну  тактикасы
тек бiз  есiмдiгi  арқылы  ғана  емес  достарымыз,  деген  сөздегi  тәуелдiк
жалғаудың көмегiмен де берiлiп отыр.
        «Жындының айтқаны емес, сандырағы келедi( ( деген сөздi тауып айтқан
       қазақ атам қандай дана едi.  «Доживем  до  понедельника(  апталығының
       1996 жылғы мамырдың 24 күнгi санында жарық көрген  «В  чем  опасность
       трайбализма( атты мақаланы оқығанда менiң есiме аты  шулы  арандатушы
       Жириновскийдiң Иран мен Түркияны және тюбетейкаларды  (бiздер  туралы
       айтып отыр) бiр-бiрiне қарсы қойып, әлсiреген  жағына  жәрдем  берiп,
       үнемi бiзге жүгiнетiндей етiп ұстауымыз керек деген сөзi бiрден  түсе
       кеттi. «Ауыз өзiнiкi ғой( деп оған мән бермей жүре берiппiз.  Сөйтсек
       Жириновский «сандырағының( мазмұны тереңде  екен...  Сондықтан  әрбiр
       айтар сөзiмiздi таразыға салып  безбендеп  көрсек  болмай  ма?  Қазiр
       бiзге  бiрлiгiмiздi,  ынтымағымызды  көрсететiн  тәрбиелiк  мәнi  бар
       еңбектер керек: «Бөлiнгендi бөрi жейдi( Рушылдықты қоздырып жүргендер
       (  Қазақ   халқының   жауы,   Жириновский   сықылдылардың   қолшоқпар
       жандайшаптары дегiмiз келедi.  Дұшпандарымыздың  арандатуларынан  сақ
       болғанымыз жөн.
                                                (Қазақ Елi,  5  шiлде,  1996
       ж.)
    Бұл үзiндiде мақала авторы оқырмандар қауымын  өзiмсiну  әдiсiн  бiздер
туралы айтып отыр, мән бермей жүре берiппiз, әрбiр айтар сөзiмiздi  таразыға
салып,  безбендеп  көрсек  болмай  ма?,  бiзге  бiрлiгiмiздi,  ынтымағымызды
көрсететiн тәрбиелiк мәнi бар еңбектер керек, дұшпандарымыздың  арандатуынан
сақ  болғанымыз  жөн  деген  сөз  тiркестерiнiң  iшiндегi   есiмдiктер   мен
тәуелдiк, жiктiк жалғаулардың көмегi арқылы берiп отыр.
        Бұл бүгiн бiздi, жалпы қазақты ойландыруға  тиiстi  мәселе.  Әсiресе
       болашағымыздың кескiн-келбетiн қазiргi жастарымызға қарап, бiлуiмiзге
       болады десек, студент  жастардың  рухани  дүниесi   -кезектегi  өткiр
       мәселе.
                                          (Алматы Ақшамы, 21 қазан, 1996 ж.)
    Бұл үзiндiде өзiмсiну әдiсi «бiздi(,  «болашағымызды»(,  «жастарымызға(
деген сөздер арқылы берiлген.
        Алматы әсем қала. «Шаңырақ-2( соның  бiр  ауданы.  Бiзге  кiм  көңiл
       бөледi?  Бiз  де  халық  емеспiз  бе? ...   Әлде   санаттан   шығарып
       тастадыңыздар ма?
                                                 (Жас Алаш, 27  қазан,  1999
       ж.)
    Үзiндiде мақала авторы өзiн мақалада әңгiмеленген халықтың тұрмыстық әл
ауқатының  ауыр  екендiгiн  жақсы  түсiнетiндiгiн,  жанашырлығын  есiмдiктер
арқылы берiп отыр.
        Ендеше, бiз  жаңа  парламентке  «қазақша  сөйлеңiздер(  деген  талап
       қояйық.  Қағаз  жүзiндегi  өтiрiк  «мемлекеттiк(  мәртебемен  қашанға
       жүремiз?
                                                (Ана тiлi,  4  қараша,  1999
       ж.)
    Мақаланың авторы бұл жерде бүкiл қазақ халқын  толғандырып  жүрген  тiл
мәселесiне көзқарасын бiлдiре отырып, қазақ  тiлiнiң  мәртебесiн  арттырудың
тағы бiр жолын көрсетуге тырысады.
        Бүгiнгi таңда қайсы елде болмасын қылмыс өршiп тұр. Бiздiң  елiмiзде
       де қылмыстың алуан түрi туындап, асқынып бара жатқаны байқалады.
                                      (Қазақ әдебиетi, 18 ақпан, 2000 ж.)
    Үзiндiде барлық елдердiң хал жағдайына тән қазiргi қылмыстық  әрекеттiң
өз елiнде де орын алып, отырғандығын  айта  отырып,  мақала  авторы  «бiздiң
елiмiзде( деген сөз тiркесi арқылы оқырман  қауымын  өзiмсiнiп,  ел  жағдайы
бүкiл халыққа ортақ екенiн бiлдiруге тырысқан.
    Қазақ  газеттерiнде   жарияланған   көптеген   мақалалардың   авторлары
коммуникативтiк  мақсатқа  жетудiң  осы  бiр  әдiсiн   (тактикасын)   үнемдi
қолданады, бұл әдiс -  мәтiннiң  прагматикалық  функциясын  айқындайтын  өте
тиiмдi  әдiс.   «Коммуникантты   өзiмсiну(   (интимизация)   әдiсiн   «Қазақ
әдебиетi(, «Ана тiлi(,  «ZAMAN  Қазақстан(,  «Қазақ  Елi(  газеттерi  ұтымды
қолданатындығы  анықталды.  Бұл  газет  тiлшiлерiнiң  оқырмандармен  тiкелей
диалогқа баруға, оқырманмен арақашықтығын азайтуға тырысудың нәтижесi  деуге
болады. Орыс  тiлi  бiлiмiнде  тiлдiк  бiрлiктердi  қолданудағы  интимизация
әдiсi Рао Суджата (89), Б.Райымбекованың  (88)  диссертациялық  жұмыстарында
аталып өтiлген.
    3. Фактiлердi қарама-қарсы қою тактикасы.
    Тiлдiк  қарым-қатынас  барысында   коммуникативтiк   мақсатқа   жетудiң
стратегиясына   сәйкес   қолданылатын,    прагматикалық    тиiмдiлiгi    зор
тактикалардың бiрi  (  «Фактiлердi  қарама-қарсы  қою  әдiсi(.  Бұл  әдiстiң
ерекшелiгiне келетiн болсақ, әсер ету мүмкiндiгiн былай   қойғанның  өзiнде,
жеткiзiлген ойды нақтылы фактiлер арқылы  есте  сақтап,  белгiлi  бiр  пiкiр
тұжырымдап, соған қатысты әрекет жасауға ықпал етедi.
    Қазiргi қоғамдағы әлеуметтiк-экономикалық өзгерiстер  тек  белгiлi  бiр
адамдар арасында ғана емес ұжымдардың, қоғамдардың, тiптi нақтылы бiр  елдер
мен мемлекеттердiң арасындағы қарама қайшылықтардың бар  екендiгiн  көрсетiп
отыр. Газет тiлшiлерi өз ойын осындай нақтылы  фактiлердi  бiр-бiрiне  қарсы
қойып, салыстыра отырып беру әдiсiн шебер қолданады. Бұл  әдiстiң  барысында
мәтiн көлемiнде газет тiлшiсiнiң  негiзгi  мақсаты  бiрде  жасырын  берiлсе,
бiрде ашық түрде берiледi.
    Оқырман  газеттегi  мақаланы  оқи  отырып,  жеткiзiлген  ақпараттың  өз
көмегiмен нақтылы бiр пiкiрге келiп,  дәл  сол  жағдайға  байланысты  өзiнiң
одан  бұрынғы  көзқарасын  өзгертуi  мүмкiн.  Дәл  осылай   болғанда   газет
мақаласының авторы мұндай коммуникативтiк тактиканы  қолдана  отырып,  газет
мақаласы арқылы алға қойған коммуникативтiк мақсатына қол жеткiзедi.
    Әрине, бұл жерде де газет  тiлшiсi  мен  оқырман  арасындағы  байланыс,
олардың  бiлiм  деңгейi,  өмiрлiк  тәжiрибесi,  жеткiзiлген  ақпарат  туралы
хабардарлығы, жас ерекшелiгi,  тiптi  кей  жағдайда  оқырмандардың  қоршаған
ортасы да өзiндiк ықпалын тигiзедi. Мысалы,  оқырман  салыстырыла  берiлген,
қарама-қарсы қойылған  фактiнiң  негiзгi  мәнiн  бiлмесе,  газет  тiлшiсiнiң
интенсиясын (ниетiн) да түсiне алмайды. Ал керiсiнше болған  жағдайда  газет
тiлшiсi фактiлердi қарама-қарсы  қойып  беру  арқылы  негiзгi  ойын  жинақы,
түсiнiктi етiп жеткiзедi.
    Бұл әдiстiң мәнiн  ашып  көрсету  мақсатында  басқа  тактикалар  сияқты
негiзгi айтылатын ойды жеткiзудiң жолын көрсету үшiн  бiз  мысалдарды  бiрде
сөйлем түрiнде, бiрде абзац көлемiнде, бiрде мәтiн көлемiнде берiп  отырмыз.
Мұндағы мақсатымыз «фактiнi қарама-қарсы қою(  әдiсiнiң  бүкiл  мәтiнге  тән
контексiн түсiнуге ықпал ету.
         Қарағанды облысының әкiмi К.МҰХАМЕДЖАНОВ:
         «... ӘРБIР ҰШЫРЫМ ҚҰНЫНАН РЕСЕЙДIҢ АЛТАЙ ӨЛКЕСI 6% ПАЙДА КӨРЕДI. АЛ
       МЕНIҢ ӨЛКЕМЕ ЕШТЕҢЕ БҰЙЫРМАЙДЫ. ӨКIНIШТI ...(
                                             (Жас Алаш, 4 қараша, 1999 ж.)
    Бұл жерде мақала авторы Қарағанды облысы  әкiмiнiң  сөзi  арқылы  ғарыш
кемелерiн ұшырудың Ресей мен Қазақстанға қаншалықты  пайдалы  немесе  зиянды
екенiн ашық жеткiзiп отыр.
    Жалпы қазақ тiл  бiлiмiнде  прагматикаға   негiзделген  коммуникативтiк
мақсат,  коммуникативтiк  стратегия,  коммуникативтiк  тактика  мәселелерiне
байланысты зерттеу кезегiн күтiп тұрған өзектi тақырыптар көп.


                        Өзін -өзі бақылау сұрақтары:

1.  Коммуникативтік мақсат дегеніміз не?
2.   Тілдік  қарым-қатынастың  мақсатқа   жетуі   үшін   қандай   тактикалар
қолданылады?
3.   Абырой беделді алға тарту тактикасының прагматикалық функциясы қандай?
4. Коммуникативтік өзімсіну әдісінің прагматикалық қызметі қандай?
5. Фактілерді қарама қарсы қоя тактикасының прагматикалық функциясы қандай?






                                  2-Дәріс.
Тақырыбы:   Прагмалингвистиканың   зерттеу   нысаны,   мақсаттары,   негізгі
ұғымдары, мәселелері. Қазақ прагмалингвистикасының зерттелу жайы.

    Газет тiлiнде прагматикалық функция атқаратын тiлдiк құралдардың бiрi (
бағалауыш  лексика.  Газеттiк  бағалауыш  лексика  (  баспасөз  тiлiнiң   ең
маңызды,  ең  үлкен  бөлiмi.  Бағалауыш  лексика  терминiн  тiлшi   ғалымдар
А.Алдашева,  О.Бүркiтов,  Б.Момынова,  т.б.  газет  тiлiнiң  ерекшелiктерiне
қатысты қолданған.
    Бағалауыш  лексиканың  эмоциялы-экспрессивтiк  мағынасы   прагматикалық
қызметiне  сай  қазiргi  кезеңде  күрделене  түскен.   Бұл   құбылыс   газет
мәтiндерiнде айрықша байқалады. Өйткенi газет  өзiнiң  қоғамдық  рөлiне  сай
бағалауыш лексиканы газет оқырмандарының iс-әрекетiне ықпал ету үшiн  үнемдi
қолданады. Газеттiң осы жан жақты, ықпал ету мүмкiндiгi мол  лексикасы  ГПС-
тiң сөздiк қорының заттар мен құбылыстарды, түсiнiктердi  әлеуметтiк  жақтан
бағалау ерекшелiгiне деген қажеттiлiгiн  қанағаттандырып,  көбiнесе  газетте
үгiт-насихат жүргiзудiң құралы болып табылады.
    Бағалауыш   лексиканың   мағынасы    екi    оксиологиялық    полюстердi
( «жақсы/жаманды(     қарсы      қоюға негiзделген.      Бұл құбылыс жайында
ғалымдар Н.Д.Арутюнова, Е.М.Вольф, М.Оразов, О.С.Песельник,  Л.Н.Горелова  ,
Б.Хасанов, З.К.Темиргазина құнды пiкiрлер айтқан.
    Тiлдiң  бағалауыш  семантикасы   Е.М.Вольфтың   монографиясында   толық
зерттелген.  Тiлде  бағалауыш  құрылымның   бiрнеше   түрлерi   болатындығын
Е.М.Вольф  португалия  және  орыс  тiлдерiне  байланысты   ашып   көрсетедi.
Е.М.Вольф бағаның  сөз  мағынасында  бағалауыш  аспектi  ретiнде  тiлдiң  әр
кезеңдегi бiрлiктерiнде кездесетiнiн айтады.
    Баға  семантикалық  түсiнiк   ретiнде   тiлдiк   құрылымның   бағалауыш
аспектiлiк  мәнiн  айқындайды.  Бағалауыш  қатынастар   тiлде   семантикалық
құрылымдармен бекiтiледi. Қазақ тiлiнде бағалауыш мүмкiндiгi бар  лексиканың
мол қоры бар.
    Бiр сөйлемнiң өзi де бағалауыш қасиетке ие бола алады: Ол (  тәжiрибелi
шебер ( құптау, Сен не iстеп қойдың! ( кiнәлау, немесе Ол (  нағыз  ұстаз  (
берiлетiн баға «жақсы(, Ол ( адам  емес,  ол  аң  сияқты  (  берiлетiн  баға
«жаман(.  Баға  беру  жағынан  қарастырсақ,  «жақсы(  «жаман(  түсiнiгi  жоқ
болатын тiлдiң кездеспейтiндiгiне көз жеткiземiз.
    Бағалауыш предикат негiзгi екi түрлi мәнге  ие  болады.  Олар  «жақсы(,
және «жаман(, «+( және «-(. Бiр қарағанда  «жақсы(  немесе  «жаман(  белгiсi
бағалауыш сөздiң құрамында  оның  семантикалық  компонентi  ретiнде  әрқашан
болуы керек сияқты. Мысалы: әдемi, үздiк, керемет (+),  сүйiкiмсiз,  оңбаған
(-) бағаға ие болады. Бiрақ баға  бере  алатын  көптеген  сөздердiң  белгiсi
айқындалмаған. Мысалы қиын, жеңiл, маңызды сөздерiнiң  белгiсi  «жақсы(  ма,
«жаман( ба? Егер сөз тiркесi контексте тұрмаса, оларға бiрден «+( немесе  «-
( белгiсiн беру мүмкiн болмайды. Мұндай жағдайда бағалауыш  белгi  айтылатын
ойды  толық  жеткiзгенде  ғана  айқындалады.  «Жақсы(  деген  баға  нормаға,
өлшемге сай дегендi бiлдiрсе, «жаман( нормадан ауытқуды бiлдiредi.
    Дегенмен әр тiл бағалауыш мән беру  қабiлетiне  қарай  әр  түрлi  болып
келедi. Бағаның субъектiсi ( баға берушi болса,  бағаның  объектiсi  (  баға
берiлетiн адам, зат, оқиға, т.б. Бағаның субъектiсi мен  объектiсi  көбiнесе
сезу, түйсiну сияқты аксиологиялық предикаттар арқылы байланысады.
    Семантика мен прагматиканың арақатысы мен өзара ықпалы ең өзектi мәселе
болып отырған  бағалауыш  ерекшелiктiң  мәнiн  зерттеу  қызығушылық  тудырып
отыр.  Тiлшi  ғалымдар  Ю.Д.Апресян,   К.Изард,   Л.Г.Бабенконың   еңбектерi
бағалауыш лексиканың эмоциялық ерекшелiктерiн ашуға негiзделген.
    Баға  беруде  семантикалық  және  прагматикалық   аспектiлердi   бөлуге
болмайды, семантика (тiлдiк бiрлiктердiң  өзiндiк  мәнi)  мен  прагматикалық
(коммуникация процесiн iске асыру жағдайы) бағаның ұқсастығы бар.
    Газет мәтiнiндегi баға тәуелсiз болмайды.  Ол  мәтiннен  суреттеу  және
пiкiр айту құрылымының  құрамына  енедi.  Баға  тiлдiк  құралдың  баға  беру
объектiлерiнiң орнын көрсетiп, олардың  өзара  байланысын  айқындап  бередi.
Баға  айтылатын,  жазылатын  ойдың   мазмұнына   коммуникативтiк   процестiң
прагматикасымен тығыз байланыста  болатын  ерекше  реңк  қосады.  Кез-келген
баға тiлдiк құралда бағалауыш қасиет бар екендiгiн дәлелдейдi.
    Баға жайында сөз болғанда тiлдiк  коммуникацияда  алдыңғы  орынға  адам
факторы шығады. Бағаның мәнi адамдарға  бағытталса,  немесе  сол  адамдардың
өмiрiмен  байланысты  болса  тiптен  арта  түседi.   Тiлдiк   коммуникацияға
қатысушылардың әрқайсысына қатысты болатын баға өте маңызды рөл атқарады.
    Белгiлi  бiр  жағдайға  баға  бергенде  тiлдiк  коммуникация  процесiне
қойылатын  әлеуметтiк-психологиялық  талаптар  да  бар.   Басқаша   айтқанда
бағалауыш  сөздiң  мағынасы  тек  семантикалық  қана   емес,   прагматикалық
ерекшелiктермен де айқындалады. Прагматикалық аспектiң  баға  берудегi  рөлi
өте маңызды.
    Бағаның объектiсiмен қатысын зерттеу  де  өзектi  мәселе.  Бұл  құбылыс
Н.Д.Арутюнованың  еңбегiнде  қаралған.   Бағалауыш   құралды   таңдау   баға
объектiсiнiң   «тiлдiк   әлемде(   алатын    орнымен    айқындалады.    Егер
коммуникацияға  қатысушылардың  бiрi  бағаның  объектiсi  болса,  онда  баға
ерекше прагматикалық мәнге ие болады.
    Газеттiк бағалауыш лексика ( газет сөздiгiнiң ең маңызды  және  ең  iрi
қорының бiрi. Белгiлi бiр сөздi  әр  түрлi  контекстуалды  мағынада  қолдана
беру нәтижесiнде жаңа мағыналы сөз тууы, не сол сөзге  үстеме  реңк  берiлуi
мүмкiн. ГПС-те  белгiлi  бiр  сөздiң  контекстi  қолданымнан  жаңа  мағынаға
өтетiндiгi туралы мысалдар көп.
    Г.Я.Солганик   бағалауыш  белгi  бойынша  газеттiк  лексиканы   жағымды
бағалауыш, жағымсыз бағалауыш және модальды бағалауыш лексика деп  үш  топқа
бөлуге болатындығын айтқан. Лексиканы осылай  саралау  ГПС-тiң   ерекшелiгi.
Басқа стильдегi лексиканы бiз дәл осылай бағалауыш  белгi  бойынша  нақтылап
саралай алмаймыз.
    ГПС-те  лексиканы  жағымды,  жағымсыз  деп   бөлуiмiздiң   өзi   тiлдiң
әлеуметтiк  бағалауыш  принциптерiне  тiкелей   байланысты.   Жағымды   және
жағымсыз бағалауыш лексикамен қатар модальды  бағалауыш  лексикаға  бөлу  де
публицистикадағы  бағалауыш  фактор   ықпалының   жан-жақты,   әрi   күрделi
екендiгiмен айқындалады.
    Жағымсыз  бағалауыш  лексика  газет  беттерiнде  жиi  кездеседi.  Газет
мәтiндерiнде жағымсыз бағалауыш лексиканың  көп  болуына  тiлдiк  құралдарды
пайдалануға әсер ететiн экстралингвистикалық  факторлар  себеп  болады.  Бұл
себептерге  газет  тiлшiсiнiң   коммуникативтiк   мақсаты,   коммуникативтiк
жағдаят,  адресат,  адресаттың  мәтiндi  оқып  түсiнуi,  ең  бастысы  мақала
жазылған кездегi экономикалық, әлеуметтiк факторлар жатады. Қазiргi  қоғамда
құндылықтар бағасының жылдам өзгеруiне байланысты газет  тiлшiлерi  арасында
өз ойын анық жеткiзу үшiн жағымсыз бағалауыш лексиканы  жиi  қолдану  үрдiсi
бар.  Бұл  (  газет  тiлшiлерiне  берiлген  публицистикалық  еркiндiктiң  де
нәтижесi.
    Газеттiк жағымсыз бағалауыш лексика құрамында аңдар өмiрiмен  (көбiнесе
жыртқыштар), олардың өмiр сүру үшiн  күресiмен,  сондай-ақ  аңшылық  кәсiпке
байланысты сөздер көп кездеседi. Бұл топтағы сөздердi  ГПС-те  тек  жағымсыз
(пейоративтiк) құрал ретiнде  қолданатындығы   байқалады.  Сондай-ақ  мұндай
сөздердi ГПС-ке енгiзудiң өзiнде образды -  символдық  ерекшелiк  байқалады.
Мысалы  акула  (бизнестiң  үлкендi-кiшiлi   акулалары),   қақпан   (алданып,
өтiрiктiң қақпанына түстi), құзғын (құзғындарға тойтарыс берiлдi).
         Газет тiлшiсi түпкiлiктi мақсатқа жету үшiн  коммуниканттардың  аң,
       құс, жыртқыштарға байланысты қалыптасқан дүниетанымына сүйене отырып,
       тiлдiң  бағалауыш  мүмкiндiгiн   шебер   қолданады.   Бұл   -   қазақ
       газеттерiнде  жиi  кездесетiн   құбылыс.   Қазақтың   ақын-жыраулары,
       жазушылар мен шешендерi  оны  шебер  қолданғаны  белгiлi.  Бiз  ондай
       бағалауыш лексиканы газет  мәтiнi  тiлiнiң  прагматикалық  функциясын
       айқындау мақсатында даралап отырмыз.
    Келтiрiлген  үзiндiлерде  мақала  авторлары  аң,   құс,   жыртқыштардың
атауларына байланысты қалыптасқан ұғымдарға  негiз  артып,  халық  санасында
қалыптасқан дүниетанымға сүйенiп, қазақ тiлiнiң бағалауыш мүмкiндiгiн  шебер
қолданған.  Бұл  жерде  айта  кетерiмiз  бiз  қазақ  әдебиетi  теориясы  мен
стилистикасындағыдай әр сөздiң метафора, теңеу, эпитетке  қатыстылығын  ашып
көрсетудi мақсат еткен жоқпыз.
    Газет  мәтiнiнде  бағалауыш  лексикада  жағымды,   жағымсыз   бағалауыш
лексикадан басқа өте күрделi, семантикалық құрылымы екi  жақты  да  қамтитын
модальды бағалауыш сөздер де бар екендiгiн айттық. Сөздiң жағымды,  жағымсыз
бағалауын ашық көрсетпесе де, модальды бағалауыш сөздiң астарында баға  беру
мақсаты байқалады. Бұл сөздердiң баға  беру  ерекшелiгi  тек  сол  сөздердiң
тiкелей өзiне емес, сол сөз байланысындағы  мәселеге,  мағынаға,  мәнге  сай
бiлiнiп қалады. Мысалы қолдады сөзiн алсақ, оны тек жағымды немесе  жағымсыз
типтi  бағалауыш  ерекшелiгi  бар  сөзге  жатқызуға  болмайды.  Бiрақ   оның
бағалауыш ерекшелiгi мүлде басқаша. Қолдады  деген сөздегi баға  осы  сөздiң
тiкелей мағынасына емес, кiмнiң, қандай адамды (iстi)  қолдағандығына  қарай
берiледi. Сөйтiп қолдады сияқты  сөздерде  бағалауыш  ерекшелiк  бар,  бiрақ
олардың бағалауыш мүмкiндiгi жанама, модальды  түрде  болып  келедi.  Сөздiң
модальды бағалауыш  бояуға  ие  болуы  (  сөз  бен  контекстiң  өзара  тығыз
байланысының, сөздiң белгiлi бiр контекске бекiтiлуiнiң нәтижесi.
    Газет мәтiнi адамдар арасында тiлдiк қарым-қатынас жасауға ықпал етудiң
барысында контекске негiз артады.  Олай  болса,  бағалауыш  лексиканың  даму
жолы: контекстi қолданым ( модальдық бояу ( жағымды, не  жағымсыз  бағалауыш
бояу.
    Газеттiк бағалауыш лексика газет сөздiгiнiң  әрi  сапалық,  әрi  сандық
жағынан ықпал ету мүмкiндiгi мол  маңызды  қабаты  болып  табылады.  Ол  ГПС
жүйесiнiң бағалауыш мәнге деген қажеттiлiгiн қамтамасыз етiп,  оның  негiзiн
құрайды және газет лексикасының ерекшелiгiн айқындайды.  Газет  лексикасының
мәнiн ашып түсiндiру бiрiншiден,  газеттiң  қоғамдық  деңгейiне,  екiншiден,
журналистiң лингвистикалық дайындығына,  үшiншiден,  жарияланатын  мақаланың
жанрлық-стильдiк ерекшелiгiне байланысты. Басқаша айтқанда, сөздiң  мазмұнын
жеткiзетiн  орта,  сол  ортадағы  сөздiң  контексi  басты  ерекшелiк   болып
табылады.
    Газет тiлшiсi  бағалауыш  мәнге  ие  жаңа  сөздiң,  терминнiң  мазмұнын
сызықша арқылы аудармасын беру, немесе сөздiң мазмұнын жақшаға алып  көрсету
арқылы бередi. Одан әрi сөздiң контекстiлiк  мәнi  сөйлем  арқылы  берiледi.
Сөздiң контекстiк мәнiн абзац арқылы көрсету өте  сирек  кездеседi.  Ал  бiр
жаңа сөздiң, терминнiң мәнiн бүкiл бiр  мәтiн  бойынша  түсiндiрiп  айқындау
жиi кездесетiн құбылыс.  Әсiресе  мақаланың  тақырыпатында  кездесетiн  жаңа
сөздiң контекстiк мәнiн түсiндiруде бұл әдiс кеңiнен  қолданылады.  Сөйлемде
қолданылған сөздiң контекстiк мәнiн жақша арқылы ашып көрсетуге болады.
         Осында сөз боп отырған қылмыстар мен  қылмыскердiң  бәрiнiң  жоғары
       жақта «шатырлары( бар. Олардың қорғаушылары лауазымды чиновниктерден,
       құқық қорғау  органдарының  беделдi  қызметкерлерiнен,  депутаттардан
       (көкесi,  жездесi,  бажасы,  курстасы,  досы,  жерлесi  боп  келетiн)
       тұрады.
                                                            (Дат,  1  шiлде,
       1998 ж.)
    Бұл сөйлемде жақша iшiнде берiлген сөздер бiрiншi сөйлемдегi  бағалауыш
мәндегi «шатырлары( деген сөздiң контекстiк мәнiн айқындап тұр.
    Газет тiлшiлерi белгiлi бiр  құбылысқа   баға  бергенде  (  жақсы/жаман
сөздерiн өте сирек қолданады. Бұлай болудың  себебi  (  журналистiң  алдында
хабар жеткiзу мен  үгiттеуден басқа тағы бiр маңызды мiндет  (  белгiлi  бiр
оқиғаға, құбылысқа деген өз көзқарасын бiлдiру  кезiнде  мәтiннiң  бағалауыш
мақсаты анық байқалмауын  қамтамасыз ету  мақсаты  тұрады.  Олай  болмағанда
оқырманның   бойында  бағаға,  пiкiрге  қарсы  көзқарас  қалыптасуы  мүмкiн.
Сондықтан журналист кез-келген оқиға мен  құбылыстарға  ашық  баға  бермеуге
тырысады.
    Газеттiң  бұл   мiндетiн   шешуге   семантикалық   және   прагматикалық
информацияның  тығыз  ұштасуы  көмектеседi.  Осыған   орай   сыбайлас   және
қолтығына  су  бүркушi  сөздерiне  тоқталып  көрейiк.  Екi  мағынаның  басты
компонентi (  көмекшi.   Соған  қарамастан  жоғарыда  аталған  сөз  бен  сөз
тiркесi сөйлеушiнiң сөз болып тұрған адамға  жағымсыз  көзқараста  екендiгiн
бiлдiредi. Дәл осындай жағдайдағы «бастаушы(, «жанжал  шығарушы(,  «мұрындық
болушы(  сөздерiн  алып  көрейiк.  Бiрiншi  лексеманың  прагматикалық   мәнi
семантикалық мәнiмен шектеледi. Екiншi лексема ( жағымсыз бағаны  бiлдiредi,
ал үшiншiсi ( жағымды баға бередi.
    Дегенмен осындай  тiлдiк  бiрлiктердiң  прагматикалық  мәнi  подтекстiң
деңгейiмен айқындалады. Бiрақ ол (подтекст) барлық оқырманға түсiнiктi  бола
бермеуi мүмкiн. Оқырманның хабардар болу деңгейiне сай белгiлi  бiр  ақпарат
не семантикалық, не прагматикалық деңгейде түсiндiрiлуi мүмкiн.
    Сөздiң жасырын мағынасы неғұрлым тереңде   жатса,  тiлдiк  бiрлiктердiң
прагматикалық  мақсатын  анықтау  күрделi  болады.   Прагматиканың   осындай
ерекшелiгi  газет  үшiн  өте  құнды  нәрсе.  Шебер  журналистке   оқырманның
сезiмiне  жол  тауып,  ақпараттың  бағасын  түсiнуiне  бағыт  сiлтеу  қиынға
соқпайды.
    Жасырын түрде прагматикалық  ақпарат  берудiң  негiзгi  көзi  (  сөздiң
екiншi мағынасы.  Семантикалық  ерекшелiк  сөздiң  ауыспалы,  фразеологиялық
байланыстағы, құрылымдық  жағынан  бағыныңқы  мағынасына  қарағанда  негiзгi
мағынасында басым. Керiсiнше ауыспалы  мағынадағы  сөз  бен  сөз  тiркесiнде
таза прагматикалық ерекшелiк басым болып келедi.
    Дәл осындай заңдылықты синтаксис  және  стилистика  саласынан  байқауға
болады. Сөйлемдегi сөздердiң дағдылы тәртiбiн  өзгерту,  ой  екпiнiн  түсiру
прагматикалық функция атқарады. Мысалы, Ол шылым шегудi қойды сөйлемiн  және
Ол қойды  шылым  шегудi  сөйлемдерiн  салыстырсақ,  сөздердiң  дағдылы  орын
тәртiбi  өзгерген  екiншi  сөйлемде  бағалауыш  ерекшелiк  бiрiншi  сөйлемге
қарағанда басым.
    Прагматикалық  бағалауыш  ерекшелiктi  қабылдаудың  маңызды  факторы  (
адресаттың бiлiм деңгейi,  өмiрлiк  тәжiрибесi,  сөздiң  ауыспалы  мағынасын
және сол сөздiң бойындағы жасырын бағалауыш қасиеттi ұға бiлуi.
    Бiрақ ойды хабарлаудың басты мақсатына  сәйкес  газет  тiлiнiң  негiзгi
қызметiнiң  белгiлi  бiр  түрi  басым   болып   келедi.   Газеттегi   тiлдiк
элементтердiң өзiндiк ерекшелiгi тiлдiк элементтiң бiр  мағыналылықтан  гөрi
көп  мағыналық  қасиетiмен,  әсiресе  сөздiң  көбiнесе  астарлы  мағынасында
қолданылуына тiкелей байланысты.
       «Тағы да қармаққа шабақтар iлiгiп, ал сансыз  тауарды  вагон-вагонмен
әкелетiн тiрегi күштi «шортандардың» қылшығы да қисаяр емес»
       (Егемен Қазақстан, 27 наурыз, 1997 ж.)
деген сөйлемдегi шабақтар, шортандардың, қылшығы да қисаяр емес  сөздер  мен
сөз тiркестерiнiң астарлы мәнiн қолдана отырып,  журналист  газет  тiлiндегi
сөздердің бағалауыш ерекшелiктерiн шебер қолданған.
    Газет   мәтiндерiндегi    тiлдiң    бағалауыш    мүмкiндiгiн    қолдану
ерекшелiктерiн  қарастырғанда  ең  алдымен  газет  тiлшiлерiнiң  жалпы   тiл
дұрыстығына,  бермек  әсерiне  дәл  түсетiн  сөздi   iздеуге   үлкен   көңiл
бөлетiндiгi анықталды. Газет тiлшiлерi үшiн ең маңыздысы да, қиыны  да  осы.
Демек журналистiң сөз таңдауының бiр ұшығы шеберлiкке барып тiреледi.
    Тiлшi ғалым Қ.Ш. Шаяхметов: «Әсердiң орташылығы  да,  әсерленiп  күшеюi
де, тұқыртылып құлдыратылуы да ( сөз  қолданысты  даралай  өңдеудiң,  таңдау
мен талғамның еншiсi( дей келiп, «Балықтың жаны суда(  екендiгiндей,  сөздiң
жаны мәтiн iшiнде. Әбден баптап, қажет шартын түгендеген  кезде  түйiршiгiне
дейiн  құлпырып  шыға  келедi(  (203.75-76)  дейдi.   Бiз   ғалымның   сөздi
мағынасына сай даралап,  таңдап,  шебер  қолдана  бiлудiң  ерекшелiгi  жайлы
айтқан құнды пiкiрiне қосыла отырып, сөз  қолдана  бiлу  газет  тiлшiлерiнiң
шеберлiгiн айқындайды демекпiз.
    Бiр нәрсенi, құбылысты iс-қимылды дәл және әсерлi сипаттайтын сөздi тап
басып қолдану ( журналист үшiн ең басты  мiндет.  Газет  тiлшiлерi  көбiнесе
коммуникативтiк  мақсатқа  жету  үшiн  адамдар   санасында   сахна   өнерiне
байланысты қалыптасқан бағалауыш лексиканы жиi қолданатындығы байқалады.
    Сөздiң прагматикалық зонасында коннотация, басқаша айтқанда,  сөйлеушi,
жазушы  белгiлi  бiр  сөз  негiзiнде  ұғынатын  мәдени  пiкiр  мен  дәстүрдi
айқындайтын  ассоциация  ерекше  орын  алады.  Тiлдiк  бiрлiктiң   бағалауыш
қасиетi сөздiң  семантикалық  мағынасының  емес,  коннотациялық  мағынасының
нәтижесi.
    Газет мақаласын прагматика жағынан түрлендiру процесiнде  коннотацияның
маңызы  қандай  деген  сұрақтың  жауабын  тiлдiк  коннотацияның  өзiне   тән
ерекшелiктерiнен  iздеу  керек.  Коннотация  сөздiң  лексикалық  мағынасынан
тысқары тұрып-ақ, сөз болып отырған затқа,  жағдайға,  оқиғаға  белгiлi  бiр
бағалауыш образ бередi, сөйтiп арнайы бағалауыш сөз немесе анықтама  айтпай-
ақ бағаны тиiмдi беруге ықпал етедi.
    Қорыта айтқанда газеттiң бағалауыш лексикасы (  газет  сөздiгi  қорының
әрi сандық, әрi сапалық жақтан  ықпал  ете  алатын  ең  маңызды  бөлiгi.  Ол
бағалауыш мүмкiндiкке деген  қажеттiлiктi  қанағаттандыра  отырып,  ГПС-тегi
барлық лексикалық жүйенiң негiзiн қалайды.  Қазақ  газеттерiндегi  бағалауыш
лексика көбiнесе  газет  тiлiнiң  лексикалық  ерекшелiгiн  айқындай  отырып,
прагматикалық функция атқарады.
    Бағалауыш мүмкiндiктi зерттеу бағаның  тiлдiк  жүйенiң  барлық  саласын
қамтитындығын   көрсетедi.   Мәтiннiң   бағалауыш   аспектiсi    морфология,
синтаксис, лексика сияқты тiлдiң барлық деңгейлерiнен  құралады.
    Бiздiң мақсатымыз жұмысымыздың  тақырыбына  сәйкес  газет  тiлшiлерiнiң
тiлдiк   бiрлiктер   мен   тiлдiк   құралдардың    бағалауыш    ерекшелiгiн,
прагматикалық   функциясын   шебер   қолдана   отырып,    мақала    жазудағы
коммуникативтiк мақсатына қол жеткiзу мүмкiндiгiн көрсету болды.
    Автор мен оқырман арасындағы байланыс, жеткiзiлген  ақпаратты  түсiнiп,
iс-әрекетке   бару,   белгiлi   бiр   пiкiрге   келу   сияқты    мәселелердi
психолингвистикаға  негiздеп  тереңнен  зерттеу  керек.   Сондай-ақ   мақала
жазылған сәттегi қоғамдағы әлеуметтiк-экономикалық  жағдай  мен  өзгерiстер,
оқырмандардың сапалық деңгейi, газет тiлшiлерiнiң бiлiмдiлiгi,  т.б.  сияқты
мәселелердi  қамтитын  социолингвистикамен  ұштастыра   зерттеу   де   үлкен
iзденiстi қажет етедi. Болашақта  газет  мәтiнi  мен  тiлiн  зерттеу  iсiнде
аталған өзектi тақырыптар кеңiнен ашылып зерттелетiнiне сенiмдiмiз.


                         Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

      1. Бағалауыш лексика терминінін ең алғаш қай ,алымдар қолданған?
      2. бағалауыш лексиканың мағынасы неге негізделген
      3. Г.Я.Солганик бағалауыш  белгі  бойынша  газеттік  лексиканы  нешеге
         бөліп көрсетеді? Атаңыз?
      4. А.А.Уфимцева коннативті мағынаны  неше топқа бөліп көрсеткен?
      5. Коннатацияға эмоциялық мағына мен бірге стилистикалық мағына жүктеу
         керек деген  пікірді ұсынған ғалымды атаңыз?


                                  3-Дәріс.
    Тақырыбы: Семантиканың семантика, синтактика, прагматика деп үш топқа
        бөлінетіндігі. Олардың прагматика бағытындағы орны мен рөлі.

    Мәтiннiң прагматикалық мүмкiндiгiн арттыра түсетiн микрокомпоненттердiң
бiрi ( мәтiннiң  тақырыпаты.  Газет  мәтiнiнде  тақырыпат  тек  синтаксистiк
ерекшелiктi көрсетпейдi. Ол (  бiрнеше  қызмет  атқаратын  мәтiннiң  негiзгi
компонентi. Бұл қызметтердiң негiзгiсi ( белгi, хабар беру,  қызықтыру  және
мәтiндi  ұйымдастыру.  Сондықтан  мәтiн  мен  қоршаған  ортадағы  оқырмандар
арасындағы байланыстың негiзгi күшi тақырыпатқа түседi.
    Прагматиканың тиiмдiлiгi адресаттың сана-сезiмiне мақсатты түрде  ықпал
ету болып табылатындықтан газет мәтiнi тақырыпатының маңызы артады.
    Газет мәтiндерiнiң тақырыпаттарына талдау жасау кезiнде  соңғы  жылдары
газет мәтiнiнiң прагматикалық қызметiне сай келетiн өзгерiстер көп  екендiгi
байқалды, мұндағы басты мақсат ( оқырмандарға әсер ету.
    Газет мәтiнiнiң  тақырыпаты  (  мәтiндi  түсiнiп  оқудың  негiзi  деуге
болады.  Кейбiр  тiлшiлер  тақырыпатты  мәтiннiң  сыртқы  орта  мен  мазмұны
арасындағы шекара (тура мағынасында) деген пiкiр айтады.
    Тақырыпат ( газет мәтiнiнен бөлек айқындалып  берiлетiн  ерекше  құрал.
Тақырыпаттың маңыздылығы мәтiннiң  коммуникативтiк  бағытына  да  байланысты
болады. Көбiнесе газет мәтiнiн оқу әр түрлi  шрифтармен  берiлген  тақырыпат
пен айдарды оқудан басталады. Тақырыпаттардың жасырын, ашық  мағынасы  газет
мәтiнiнiң көлемiне қатысты  болып  келуi  мүмкiн.  Газет  мәтiнiнiң   көлемi
шағын болса, тақырыпаттың мазмұны ашық берiледi, ал  мәтiннiң  көлемi  үлкен
болса тақырыпаттың жасырын, астармен (подтекспен) берiлуi байқалады.
    Газет  мәтiнiнiң  прагматикалық  функциясын  зерттеу  барысында   соңғы
жылдардағы қазақ газеттерiне тән  тақырыпатты  қолдану  әдiстерiнiң  бiрнеше
түрлерi анықталды. Олар:
    1) тақырыпатты сұраулы сөйлеммен беру;
    2) тақырыпаттағы ойдың аяқталмағандығын бiлдiру мақсатында
    тақырыпатты көп нүктемен беру;
    3) мақал-мәтелдер мен өлең жолдарынан үзiндi беру.
    Тақырыпаттың бұл түрлерiнiң әсiресе  кейiнгi кезде жиi қолданылатындығы
аңғарылады.  Жекелеген  газеттердiң   бiр   нөмiрiндегi   жалпы   жарияланым
тақырыпаттарының жартысынан  астамы  сұраулы  сөйлемдермен  берiлетiн  үрдiс
байқалады.
    Бiз бұл  тармақшада  қазақ  газеттерi  тақырыпаттарының  газет  мәтiнiн
қабылдау  пәрмендiлiгiн   арттырудың   тиiмдi   құралы   ретiнде   атқаратын
прагматикалық  функциясын  ашып   көрсетудi   мақсат   еттiк.   Тақырыпаттың
прагматикалық функция  атқаруына ықпал ететiн басқа да тiлдiк  құралдар  бар
екендiгi сөзсiз. Олардың  қатарына   тақырыпаттағы  бағалауыш  лексикаларды,
тақырыпаттың  синтаксистiк  құрылымын  да   жатқызуға    болады.   Сондай-ақ
тақырыпаттың газет бетiнде берiлу шарттары да үлкен рөл атқарады.
    Оқылмаған мәтiн коммуникативтiк функция атқара  алмайды.  Мәтiн  тiлдiк
қарым-қатынасқа түсiп, оқырман қызыға оқыса ғана өзiне тән  қызметiн  атқара
алады. Газет бетiндегi мәтiндердi  қызыға  оқудың  кiлтi  (  тақырыпат  және
айдар. Тартымды, мазмұнды, әсерлi тақырыпат   таңдай  алу  (  газет  тiлшiсi
шеберлiгiнiң дәлелi.
    Газет  мәтiнiнiң  тақырыпаттары   экспрессивтiк   тұрғыдан   қарағанда,
оқырманның  қызығушылығын  арттыру,  мәтiндi  оқуға  жұмылдыру  функцияларын
атқарады. Ал лингвопрагматикалық тұрғыдан қарағанда, тақырыпаттар:
    - мәтiннiң бүкiл мазмұнын жинақтап, прагматикалық функция атқарады;
    - тақырыпаттар арқылы мәтiндегi проблеманы бiлуге болады;
    - тақырыпаттар арқылы адресанттың коммуникативтiк мақсаты  айқындалады.


    Газет мәтiнiнiң тақырыпаты мен мәтiн  арасында  белгiлi  бiр  мағыналық
байланыс болады.  Ол  байланыс  мәтiннiң  алғашқы  сөйлемiнен  соңына  дейiн
үзiлiссiз байқалады. Автор осы байланысты үзбей жеткiзу  үшiн  қазақ  тiлiне
тән  тiлдiк  құралдардың  прагматикалық  функциясын  шебер  қолданады.   Бiз
оқырманға әсер етiп,  қызықтыратын  тақырыпаттың  прагматикалық  ерекшелiгiн
қарастырдық.
    Авторлардың газеттiң үгiтшiлiк, насихатшылық ұйымдастырушылық  қызметiн
терең  түсiне  отырып,  коммуникативтiк  мақсатқа   жету   үшiн   қолданатын
прагматикалық   функция   атқарушы    микрокомпонеттер    iшiндегi    өзiнiң
тартымдылығымен көзге түсетiнi (  тақырыпат.  Ал  тақырыпатта  пайдаланылған
бағалауыш лексиканың өзi жеке бiр тақырып бола алады.
    Бл  мәселелер  қазақ  тiл  бiлiмiнде  зерттелу   кезегiн   күткен   тың
тақырыптар. Сондай-ақ  газет  мәтiнiн  оқуға  жұмылдыратын  микрокомпонентке
тақырыпаттардың берiлу формасын да жатқызуға болады. Бұл  ерекшелiк  әсiресе
соңғы  жылдары  көптеген  газеттерге,  соның  iшiнде  «Жас  Алаш(,  «СолДат(
газеттерiне тән.
    Қазақ газеттерi тақырыпатты  әртүрлi  формамен  бере  отырып,  берiлген
шрифтке де үлкен  көңiл  бөлетiнi  байқалады.  Негiзгi  тақырыпаттың  астына
тақырыпаттың жалғасын басқа шрифтпен  терiп  беру  әдiсi  көптеп  кездеседi.
Жалпы газет бетiнде газет мәтiнiнiң орны, тақырыбы, айдары, берiлу  формасы,
терiлген шрифтерi  коммуникативтiк  мақсатқа  жетуде  прагматикалық  функция
атқара   алады.   Газет   мәтiнiн   қабылдаудың   пәрмендiлiгiн   арттыратын
микрокомпоненттер iшiнде газет мәтiнi тақырыпатының мазмұны да  маңызды  рөл
атқарады.


                         Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Мәтіннің тақырыпаты дегеніміз не?
2.  Газет  мәтінінің тақырыпатына қандай талаптар қойылады?
3.  Тақырыпаттың соңына көп нүтке қою әдісінің прагматикалық мақсаты неде?
4.  Мақал-мәтелдермен  берілетін  тақырыпаттардың  прагматикалық  ерекшелігі
қандай?


                                  4-Дәріс.
   Тақырыбы:Прагмалингвистикалық мәтіннің эмоционалды әсер ету теориясының
                                 мәселелері.

  Газет мәтiнiнiң экспрессивтiк синтаксисi адресанттың коммуникативтiк  iс
     жүзiне асыруда прагматикалық функция атқаратын маңызды құрал болып
                                  табылады.
    Басқа мақсаттық стильдегi сияқты ГПС-тiң де синтаксистiк  ерекшелiктерi
бар.  Баспасөз  тiлi  синтаксисi  кiтаби  тiл  мен   ауызекi   сөйлеу   тiлi
синтаксистерiнiң бiрлiгiнен тұрады.
    Синтаксис жүйесiнде, әсiресе ГПС-те кез келген  синтаксистiк  қатынасты
бiлдiретiн  құрылымдардың  стилистикалық  жақтан  даралану  процесi  жүредi.
Соған байланысты тiлдiң көркемдегiш құралдары молайып,  синтаксистiк  жүйесi
анағұрлым жетiлiп дамиды. Өйткенi әрбiр  мақсаттық  стиль  өз  талабына  сай
мағына  мен  мән  беретiн  құрылымдарды  iрiктеуге  қабiлеттi.  Синтаксистiк
жүйенiң тiлдiк құралдары стилистикалық тұрғыдан даралануының негiзiн  қалап,
стилистикалық оппозицияның қалыптасуына ықпал етедi.
    Осы мәселелер жайында қазiргi қазақ тiлiнiң синтаксистiк  стилистикасын
зерттеген   Н.Х.   Демесинованың:   «Публицистика   қоғамдық    ерекшелiгiне
байланысты өзiнiң тiлдiк құрамына әртүрлi  морфологиялық  және  синтаксистiк
формалар жүйесiн қабылдай алады( деген пiкiрiне толық  қосыла  отырып,  ГПС-
тегi  синтаксистiк  құрылымдар   баспасөздiң   әр   түрлi   мақсаттары   мен
мiндеттерiн iс жүзiне асыруына ықпал етуге қабiлеттi демекпiз.
    Экспрессивтiк   синтаксис   құралдарын   зерттеудiң    барысында    бiз
синтаксистiк  стилистиканың  ерекшелiктерiн   зерттеген   Г.Я.   Солганиктiң
еңбегiнен   мәтiн,   мәтiннiң   құрылымы,   мәтiндегi   абзацтардың    рөлi,
сөйлемдерiнiң байланысы, лексикалық  қайталамалар  жайында  терең  мазмұнды,
құнды пiкiрлердi байқадық. Г.Я.Солганик мәтiн лингвистикасының даму  барысын
сипаттай отырып, жоғарыда аталған синтаксистiк құрылымдардың  ерекшелiктерiн
ашып  көрсеткен:  «Фрагмент  (  крупная   семантико-синтаксическая   единица
текста. Далее следует глава, часть, целое  произведение.  ...Специфика  всех
этих  единиц  речи  состоит  в  их  структурной  и  относительной  смысловой
законченности,  что  позволяет  каждой  из  них  при  определенных  условиях
выступать в качестве самостоятельного речевого произведения(.
    Т.Қордабаев: «Тiлде  дамымай,  өзгерiске  ұшырамай  бiр  қалыпта  қалып
қоятын мәңгiлiк еш нәрсе де жоқ, бәрi де өзгередi,  дамиды.  Сондай  өзгеру,
даму ( тiлдiң синтаксистiк  жүйесiндегi  категориялардың  барлығына  да  тән
құбылыс. ...ол ( сол тiлде  сөйлейтiн  қауымның  тiлдi  өз  ойын  дәлме-дәл,
толық етiп бере алатын икемдi, орамды, көркем, бай тiл  дәрежесiне  жеткiзу,
шындап дамыта беру талабы.  Бұл  талап  -  тiлдiң  өмiр  сүруiндегi  ең  бiр
шешушi, басты қажеттiлiк( деп тұжырымдайды.
    Орыс және қазақ тiл бiлiмiнде  синтаксистiк  құрылымдардың  ерекшелiгiн
терең  зерттеген  тiл  мамандары  Т.Қордабаев,  Г.Я.Солганиктiң  пiкiрлерiне
қосыла  отырып,  бiз  жұмысымызда  газет  мәтiнiнде  прагматикалық   функция
атқарудағы  синтаксистiк  құрылымдардың  да  маңызы   зор   екендiгiн   атап
көрсетемiз.
    Зерттеу жұмыстарының барысында ГПС-те  құрмалас  сөйлемдерге  қарағанда
жай сөйлемдердiң саны көп болып келетiндiгi анықталды. Бұл  ерекшелiк  соңғы
жылдарда ГПС-тiң барлық жанрларына  тән  құбылыс.  Оның  өзiндiк  себептерi,
уәжi (мотивi) де бар.  Негiзгi  мақсат  -  жазылған  жағдайдың  оқырмандарға
түсiнiктi болып, әсер  ете  алуы.  Газет  мәтiнiнде  көбiнесе  бiр  құрмалас
сөйлеммен беруге болатын ойды бiрнеше жай сөйлеммен  беру  әдiсi  байқалады.
Адресатқа (оқырманға) әсер ету  тұрғысынан  алғанда  ойды  жай  сөйлемдермен
жеткiзудiң тиiмдiлiгi басым болып  келедi,  өйткенi  газет  мәтiнiндегi  жай
сөйлемдердiң арасында тығыз логикалық байланыс бар.  Грамматикалық  тұрғыдан
бөлшектенiп алынған сөйлемдер семантикалық  бiртұтас  құрылым  болып,  газет
мәтiнi мен тiлiнiң прагматикалық функциясын күшейте түседi.
    Газет  мәтiнiнiң  прагматикалық  функциясын  экспрессивтi  синтаксистiң
көркемдегiш  құралдары болып табылатын синтаксистiк құрылымдар да  атқарады.
Газет  мәтiнiнде  кездесетiн  ондай  құралдарға   лексикалық   қайталамалар,
инверсия, парцелляция, т.б. жатады.
    ГПС-тiң  синтаксистiк  ерекшелiктерiн  зерттеген   О.Бүркiтов   сұраулы
сөйлемдер, қыстырма сөздер мен қыстырма  сөз  тiркестерi,  атаулы  сөйлемдер
жайында, әсiресе баспасөз тiлiнде  жиi  кездесетiн  лексикалық  қайталамалар
сияқты синтаксистiк құрылымдар  жайында  құнды  пiкiр  айта  келiп:  «ПС-тiң
синтаксистiк ерекшелiктерiнiң бiрi деуге  болатын,  бiрақ  бүгiнгi  баспасөз
тiлiнде жалпылық сипатқа әлi ие бола қоймаған синтаксистiк құралдар да  бар.
Олардың  қатарына  сегменттi  құрылымдар  мен   парцелляциялы   құрылымдарды
жатқызуға болады( деген тұжырым айтады.
    Бiз бұл пiкiрге қосыламыз. Бiрақ қазiргi кезде қазақ газет  мәтiндерiне
талдау жасау барысында бүгiнгi қазақ газеттерiндегi  аналитикалық  жанрларда
газет тiлшiлерiнiң парцелляция  құрылымын  өнiмдi  пайдаланатыны  анықталды.
Бұл құбылыс ең алдымен газет тiлiнiң әсер ету, үгiттеу, насихаттау,  белгiлi
бiр әрекетке бастау, ұйымдастыру  сияқты  негiзгi  қызметтерiне  байланысты.
Парцелляция  құрылымын  үнемдi  қолдануға  бүгiнгi   таңдағы   демократиялық
өзгерiстердiң нәтижесiнде газет  тiлшiлерiне  берiлген  пiкiр  еркiндiгi  де
себеп болып отыр.
    Бұған қоса қазiргi алмағайып кезеңде тұрақты оқырмандар  табу,  олардың
көңiлiнен шығу, қызықтыру  мәселесi  де  экономикалық  жақтан  өзектi  болып
отыр. Сондықтан газет тiлшiлерi оқырмандарды елiктiрiп өздерiне  тарту  үшiн
адресатты елең  еткiзудiң  тактикаларын  (әдiстерiн)  iздестiрiп,  қолдануға
мәжбүр болып отыр. Олай болса, парцелляциялық құрылым  дәл  қазiргi  кезеңде
газет тiлшiлерi үшiн коммуникативтiк мақсатқа жетуде  прагматикалық  функция
атқаратын маңызды құрал болып табылады.
    Қазақ тiл бiлiмiнде ендi ғана зерттеле  бастаған  парцелляция  құрылымы
мәселесiне келетiн болсақ, ол  бүгiнгi  таңда  терең  зерттеудi  қажет  етiп
отырған тың тақырып екенi сөзсiз.
    Тiл бiлiмiнде экспрессивтi синтаксистiң синтаксистiк құрылымдары  мәтiн
лингвистикасының объектiсi болып табылады. Оны мәтiндiк синтагматикадан  тыс
алып   қарау   мүмкiн   емес.   Негiзгi   мағыналық   бiрлiк   мәтiн   болып
саналатындықтан, сөйлем сол мәтiннiң бiр бөлiгi ретiнде қаралады.
    Оқырманның  дүниетанымына  сүйенетiн  адресант  айтар  ойын  адресаттың
түсiнетiнiне сенедi. Дегенмен, адресант өз  ойын  оқырманның  дәл  түсiнуiне
ықпал ету үшiн мәтiндегi сөйлемдердi оқырман қызыға  оқитындай  етiп  беруге
тырысады.
    Етiстiгi жоқ темалық және ремалық сегменттер экспрессивтiк синтаксистiң
құралы  ретiнде  қаралып,  сөйлемдердегi  етiстiктiң  рөлi  бәсеңдейдi.  Бұл
құбылыс екi бағытта байқалады:
    1) Сөйлем сегменттелген кезде сөйлемдегi басқа компоненттерге тигiзетiн
етiстiктiң рөлi бәсеңдеп, темалық және ремалық сегмент пайда болады.
    2) Экспресивтiк-коммуникативтiк варианттарда  экспрессивтiк  етiстiксiз
құрылым берiледi.
    Сөйлемдердi  сегменттеу   (бөлшектеу)   кезiнде   ақпарат   бөлшектелiп
берiледi.  Ондай  бөлшектер  темалық  және  ремалық  болып  екiге  бөлiнедi.
Темалық бөлшектердi зерттеуде сөйлемде айтылатын  оқиғаның  иесi  анықталса,
ремалық бөлшектердi зерттеу парцелляция құрылымымен  ұштастырыла  зерттеледi
.
    Темалық  бөлшектеуден  өзгешелiгi  ремалық  бөлшектеу  айтылатын  ойдың
соңында тұрады. Ремалық  бөлшектеу  ремалық  компоненттердiң  санын  арттыра
отырып, экспрессивтiк функция атқарады.
    Парцелляция құбылысын  зерттеген  А.Т.Ақыжанова  «Жалпы  тiл  бiлiмiнде
«парцелляция( терминi француз тiлiндегi «parceller( сөзiнен енген. Бұл  ұғым
қазақша  «Ұсақ  бөлшектерге  бөлу(  дегендi  бiлдiредi.  Сондықтан  бiз  бұл
терминдi бөлшектенген сөйлем деп  алғанды  жөн  көрдiк(  дейдi.  Расында  да
парцелляция тек бiр сөйлем арқылы беруге болатын ойды  бөлшектеп  жеткiзетiн
құбылыс. Бiрақ осы құбылыстың өзiндiк мотивi (уәжi) бар.
    Қазақ тiл бiлiмiнде бұл құбылысты  зерттеудiң  қолға  алына  бастағанын
айттық.   Кезiнде   парцелляция   құрылымы    жайында    М.Б.Балақаев    пен
Т.С.Сайранбаев: «Қазақ тiл бiлiмiнде парцелляция  арнайы  сөз  болған  емес(
деп бұл құбылысты аударма мәселесiне ұштастыра қарастырған.
    Соңғы  жылдардың  iшiнде  парцелляция  құбылысы  жайлы  айтылған  құнды
пiкiрлердi  профессор  Р.Сыздықованың  еңбектерiнен  табуға  болады.  Ғалым:
«Парцелляциялық құбылыстың ғажабы сол ( жазушы қай нәрсеге
(сәтке, қимылға, сын-сипатқа т.т )  оқырман  назарын  аударып,  ой  салмағын
салғысы келсе, бәрiн де еркiн аулақтай (парцелляциялай) алады, әсiресе  жоқ,
дұрыс, рас  сияқты  сөздер  жеке  тұруға  бейiм,  өйткенi  олар  көп  сөзбен
берiлетiн ой екпiнiн қабылдап оқшауланған бiр өздерi көп нәрсенi  аңғартады(
 деген пiкiр айтады. Бiз ғалымның пiкiрiне қосыламыз.
    Газет мәтiнiнде газет тiлшiлерi белгiлi бiр  ойды  бiрнеше  парцелляция
арқылы берудi коммуникативтiк мақсатына сай тиiмдi қолданады. Өйткенi  ғалым
Р.Сыздықова айтқандай,  газет  тiлшiлерi  қолданған  парцелляциялық  құбылыс
газет  оқырмандарына  эмоциялық  әсер  етiп,  мәтiндi  оқуды,  оны  түсiнудi
қамтамасыз ете алады.
    Парцелляция құбылысына А.Т.Ақыжанова: «Жалпы алғанда, бiз парцелляцияны
жазбаша  әдеби  тiлдiң  экспрессивтiк  синтаксисiнде  синтаксистiк   жағынан
байланысқан  құрылымды  нүктемен  ажыратылатын,  интонациямен   оқшауланатын
бөлiктерге, яғни фразаларға бөлшектеу тәсiлi деп түсiнемiз(  деген  анықтама
берген.
    Бiз жұмысымыздың тақырыбына сай парцелляцияға  экспрессивтiк  синтаксис
тұрғысынан   тiлдiк   қарым-қатынаста   коммуникативтiк   мақсатқа    жетуде
прагматикалық функция атқаратын маңызды синтаксистiк  құрал  деген  анықтама
беремiз.
    Парцелляция құбылысы газет тiлшiлерiнiң ерекше эмоционалдық көңiл күйiн
бiлдiредi. Парцелляция жазбаша тiлге ауызекi сөйлеу тiлiнен келген  құбылыс.
Қазақ халқы ауызекi сөйлеу тiлiнде өз ойларын тыңғылықты, толымды  жеткiзуге
тырысады.
    Газет  мәтiндерiндегi  экспрессивтiк  синтаксиске  жататын  парцелляция
құрылымы қазiргi қоғамдағы демократиялық  жағдайларға  да  байланысты  екенi
сөзсiз.  Өйткенi  қазiргi   газет   тiлi   газет   тiлшiлерiнiң   еркiндiктi
пайдаланып, өз ойларын жасқанбай жеткiзуге тырысатындығын айқын көрсетедi.
    Парцелляция  құрылымы  әсiресе  аналитикалық  жанрларда,   оқырмандарға
ерекше  эмоциялық  әсер  етудi  көздеп  жазылған  мақалаларда  ойды   қорыту
кезiнде, басқаша айтқанда, не абзацтың, не мәтiннiң соңында қолданылады.
    Бұл құбылыс мәтiнде өзектiлiгiн баса  көрсететiн  мәселелердi  қозғаған
тұста оқырмандардың  эмоциясына  ерекше  әсер  ету  мақсатында  қолданылады.
Соған  байланысты  парцелляциялық  құрылымның  прагматикалық   функциясы   (
коммуникативтiк мақсатты iс жүзiне асыруда қолданылатын маңызды құрал.
    Жалпы тiл бiлiмiнде парцелляция құрылымын зерттеген  ғылыми  еңбектерге
С.Орынбасарова,  А.А.Алиев,  А.К.Шаяхметованың,  т.б.  еңбектерiн  жатқызуға
болады. Аталған еңбектер жаңадан зерттеле бастаған  парцелляция  құрылымының
ерекшелiктерiн одан әрi ашуға ықпал ететiн еңбектер.
    Бұл  үзiндiде  де  автор  лексикалық  қайталама   сияқты   синтаксистiк
құрылыммен қатар соңғы «Тозып бiттiк( сөйлемiне ой  екпiнiн  түсiре  отырып,
жеткiзудi мақсат еткен жағдайының өзектiлiгiн айқындай бiлген.
    Қазақ газеттерi мәтiндерiнде айтылатын ойды  адресатқа  түсiнiктi  етiп
жеткiзу  үшiн,  эмоциялық  әсер  етiп,  белгiлi  бiр  пiкiр  қалыптастырып, 
әрекетке   бастау   үшiн    прагматикалық    функцияны   беру    мақсатында 
қолданылатын экспрессивтiк синтаксистiң синтаксистiк құрылымдары көп.
    Бiз  тек  аталған  синтаксистiк  құрылымдардың  iшiнде   парцелляциялық
құрылымға тоқталдық. Парцеляциялық  құрылым  газет  мәтiнiнiң  прагматикалық
функциясын iс жүзiне асыратын негiзгi компоненттердiң бiрi.
    Газет    мәтiнiндегi    экспрессивтiк     синтаксистiң     синтаксистiк
құрылымдарының прагматикалық функциясын жеке алып,  тереңiнен  талдау  газет
мәтiнi мен тiлiнiң ерекшелiктерiн зерттейтiн ғалымдар алдында тұрған  өзектi
мәселелердiң бiрi деп санаймыз.

                         Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

   1. Баспасөз тілі синтаксисі неден тұрады?
   2. Газет  мәтінінің  прагматикалық  функциясын  экспресивті  синтаксистің
      көркемдегіш  құралдары  болып  табылатын   синтаксистік   құрылымдарды
      атаңыз?
   3. ГПС-тің синтаксистік ерекшелігін зерттеген ғалымды атаңыз?
   4. Парцелляция құбылысының маңыздылығын түсіндіріңіз?
   5.   Газет   мәтініндегі    экспресивтік    синтаксистің     синтаксистік
      құрылымдарының прагматикалық функциясы қандай?






5-Дәріс. Тақырыбы: Ғылыми сөздің прагматикалық аспектісі.

    Газет мәтiнiнiң прагматикалық функциясын айқындау  мақсатында  бiз  тек
тiлдiк бiрлiктердiң бағалауыш мүмкiндiктерiн  талқылап  қана  қоймай,  мәтiн
құруға   қатысатын   синтаксистiк   құрылымдар   мен   тыныс    белгiлерiнiң
прагматикалық функциясын ашып көрсетудi мақсат еттiк.
    Оқырмандарға  жасырын   әсер   ету   үшiн   лексикалық,   синтаксистiк,
морфологиялық әдiстермен қоса графикалық  құралдарды  да  қолдануға  болады.
Газет мәтiнiнде тыныс белгiсiнiң көмегiмен жасырын баға  берудiң  сан  қырлы
әдiстерi бар екенi сөзсiз. Газет мәтiнiндегi  мұндай  ерекшелiктерге  талдау
жасап, iрiктеу барысында  адресанттың  коммуникативтiк  мақсатын  iс  жүзiне
асыруда олардың маңызды рөл атқаратыны анықталды.
    Бiздiң мақсатымыз ( тыныс  белгiлердiң  мәтiн  құрылымында  адресанттың
адресатқа өз ойын тиянақты, ұтымды, әсерлi, астарлы, мақсатты  жеткiзу  үшiн
қолданылатындығын,  тыныс  белгiлердiң  де  прагматикалық   функция   атқара
алатындығын дәлелдеу болды.
    Жазба тiлде қолданылатын көптеген графикалық құралдар ауызекi  сөйлеуде
дауыс ырғағымен, үзiлiспен, қимыл қозғалыспен жеткiзуге болатын құрал  болып
табылады. Жазба тiлде көбiнесе дауыс ырғағы тырнақшаның көмегiмен  берiледi.
Әдетте тырнақшаның  ерекше  ырғақты  көрсететiн  тiлден  тысқары  ролi  бар.
Мысалы, тырнақша көп мағыналы сөздiң мәнiн айқындауға ықпал етедi.
    Газет мәтiндерiндегi ирония мен сарказмдар  тырнақшаны  қолдану  арқылы
берiлетiндiгiн бiлемiз. Автордың түпкi  мақсатын  тырнақшаға  алынған  сөздi
қарама-қарсы мағынасымен салыстыра отырып,  анықтауға болады.
    Тыныс  белгiлердiң  стилистикалық  мүмкiндiктерi  аз   зерттелгендiгiне
байланысты  бiз  тек  тырнақша  және  жақша  сияқты  графикалық  құралдардың
прагматикалық функциясын ашып көрсетуге тырыстық. Бiз тырнақша  мен  жақшаны
тыныс белгiсi ретiнде қарау жеткiлiксiз  деп ойлаймыз, өйткенi олар  мәтiнде
«тыныс белгiсiнен( де  ауқымды  қызмет  атқара  алады.  Көркем  әдебиет  пен
публицистикада тырнақша мен жақшаға алынған сөздердiң  әсер  ету  мүмкiндiгi
мол. Тырнақша мен жақша ( адресанттың  ойын  астарлы  жеткiзуiне  ықпал  ете
алатын тiлдiк құрал.
    Зерттеу жұмысының барысында  тырнақшаға  алынған сөздерге мәтiн  iшiнде
ерекше  логикалық  екпiн  түсiп  тұратындығы   байқалды.   Логикалық   екпiн
қызығушылықты  арттырудың  негiзi  болып   табылатындықтан,   тырнақша   тек
логикалық  екпiндi  берушi  ғана  емес  семантикалық  өзгерiске,  оқырманның
мәтiндi қабылдау тиiмдiлiгiн арттыруға да ықпал етедi.
    Графикалық  құралдарды  прагматикаға  қатысты  зерттеуде  көп  нүктенiң
ерекшелiгiн  анықтаған   Т.Ш.Мырзахметованың    кандидаттық   диссертациясын
ерекше атауға болады. Диссертациялық жұмыста тыныс белгiсiнiң  теориясы  мен
практикасы  қарастырылып,  қазақ  және  орыс  тiлдерi   негiзiнде   көпнүкте
жүйесiне семиотикалық және функционалды-прагматикалық талдау жасалған.
    Тырнақша және жақша сияқты тыныс белгiлердiң прагматикалық  мүмкiндiгiн
зерттеу де кезек  күтiп  тұрған  тақырып   деп  ойлаймыз.  Бiз  бұған  газет
мәтiндерiнiң прагматикалық функциясын зерттеудiң  барысында  көз  жеткiздiк.
Тыныс белгiлерiнiң стилистикалық ерекшелiктерiн  мәтiндi  қабылдау  мәселесi
тұрғысынан  психолингвистикамен  ұштастыра   зерттеу   бағытында    да   тың
тақырыптардың көп екендiгi рас.
    Тырнақша  мен  жақша  сияқты  графикалық  құралдар  оқырманның  мәтiндi
қабылдауына   ықпал  етедi.  Адресант   осы   құралдарды   қолдана   отырып,
коммуникативтiк мақсатына қол жеткiзедi.
    Дәудi сөзiн  тырнақшамен  бере  отырып,  мақала  авторы  аттарын  атап,
түстерiн  түстемесе  де  бұл  сөздiң  кiмдерге   байланысты   айтылатындығын
оқырмандардың  түсiнетiнiне  сенiм  арта  отырып,  бiр   сөз   арқылы  талай
адамдардың  лауазымы  мен  есiмдерiн  атап   өткендей.   Бұл   жерде   автор
тырнақшаның прагматикалық функциясын  орынды қолдаған.
         Әлсiз   халық   қашан   да   мақтаншақ,   әрi   жасқаншақ.    Қазақ
       «интеллигенциясының( бiз  әлi де   демократияға  дайын  емеспiз  деп,
       қайта-қайта  дабыл   қаға  беретiнi  де,  жеке  басын  қорғап  қалуға
       негiзделген шартты  рефлекс.  Өйткенi  ештеңеге  дайын  емеспiз  деп,
       ұлттың  басына  төнген  қатерге  мойын  бұрмай  өмiр  сүру  (   қазақ
       интеллигенциясы үшiн ең ыңғайлы позиция.
                                                     (СолДат, 22 ақпан, 2000
       ж.)
    Интеллегенция сөзiн  тырнақшаға  алып  берудегi  автордың  мақсаты  осы
атаққа ие болып отырғандардың өз деңгейiне сай  емес,  жеке  басын  көптеген
адамдар екенiн ашып көрсету болғаны  байқалады. Егер өз ойын  газет  тiлшiсi
тырнақшаны қолданбай тәптiштеп, түсiндiрiп жазса,  оқырманға  тигiзер  әсерi
дәл осы үзiндiдегiдей болмас едi. Бұл жерде автор  коммуникативтiк  мақсатқа
жетудiң ұтымды әдiсiн қолданып отыр.
         Сөйтiп, ұйымдасқан  қылмыстың мемлекет билiгiнде ғана  емес,  жалпы
       елдiң өмiрiнде «бесiншi билiк( иесiне айналуы  қоғамның  саяси  билiк
       қатынасындағы ажырамас бөлшегi болып шығады.
                                      (Қазақ әдебиетi, 18 ақпан, 2000 ж.)
    Әлеуметтiк ортада санамызға сiңiстi  болып  кеткен  төрт  билiктiң  бар
екенi белгiлi. Газет тiлшiсi қазiргi кезде өз өктемдiгiн бүкiл ел  көлемiнде
жүргiзiп отырған ұйымдасқан қылмысты бесiншi билiкке теңеп, тырнақшаға  алып
беруiнде үлкен саяси, әлеуметтiк, экономикалық мән, астар бар.
         Бәрi бiлiм жүйесiндегi реформадан басталған тәрiздi. Былтыр, барлық
       жердегiдей,  Бiлiм  Министрінің  бұйрығымен  Шымкентте  де  орта  оқу
       орындарын жоғары бiлiм ордаларының қол астына жатқызу   науқаны  қызу
       жүргiзiлдi.  Бұл  «құрбандыққа(  Манап   Өтебайұлының   колледжi   де
       шалынды.
                                                  (Ана тiлi, 20 ақпан,  1997
       ж.)
    Үзiндiде автор коммуникативтiк мақсатына жету үшiн тек тырнақшаны  ғана
емес,  тырнақшаға  алынған  «құрбандық(  сөзiнiң  бағалауыш  мүмкiндiгiн  де
пайдаланып, оқырманға эмоциялық әсер етуге тырысқан.
    Газет мәтiнiнде оқырманның назарын  аударып,  ой  екпiнiн  түсiру  үшiн
қолданылатын тыныс белгiлердiң бiрi ( жақша.
    Жақша газет мәтiнiнде  екi  түрлi  қызмет  атқарады.  Бiрiншiсi,  газет
мәтiнiндегi сөздiң негiзгi мәнiн түсiндiру мақсатында қолданылса,  екiншiсi,
прагматикалық функция атқара отырып, коммуникативтiк  мақсатқа  қол  жеткiзу
үшiн ой екпiнiн  түсiру  арқылы  оқырманға  эмоциялық  әсер  ету  мақсатында
қолданылады.
    Бұл қолданыстың  алғашқысы  көбiнесе  газет  бетiндегi  ғылыми  стильде
жазылған  мақалаларда  жиi  кездеседi.  Ал  екiншiсi  (  газет   мәтiнiндегi
аналитикалық жанрларда газет тiлшiлерi жиi  қолданатын  экспрессивтiк  құрал
болып табылады.
    Газет мәтiнiнде прагматикалық функция атқаратын графикалық  құралдардың
көлемi  тырнақшамен  және   жақшамен   шектелмейдi.   Кез   келген   мәтiнде
қолданылатын  сұрау  белгiсi,  көп  нүкте  сияқты   графикалық   құралдардың
прагматикалық ерекшелiктерi тақырыпатқа  байланысты  қаралды.  Сызықша,  леп
белгiсi сияқты тыныс белгiлердiң де прагматикалық функция атқару  мүмкiндiгi
бар.
    Бiрақ бiздiң  негiзгi  мақсатымыз  газет  мәтiнiнде  кездесетiн  тiлдiк
бiрлiктердiң, синтаксистiк құралдардың, тыныс  белгiлердiң,  жалпы  мәтiннiң
прагматикалық  функциясын   айқындау   болғандықтан   жұмысымызда   мәтiннiң
прагматикалық   функциясын   айқындайтын    коммуникативтiк    тактикаларға,
синтаксистiк  құралдар  мен  тыныс  белгiлерiне  және  тiлдiк   бiрлiктердiң
бағалауыш ерекшелiктерiне, газет  мәтiнi  тақырыпатының  ерекшелiгiне   ғана
тоқталдық.
    Аталған мәселелердi мәтiн лингвистикасы мен лингвистикалық  стилистика,
коммуникативтi лингвистика мен прагматикалық  лингвистика  салалары  бойынша
газет мәтiнi мен тiлiнiң ерекшелiктерiн ескере отырып, психолингвистика  мен
социалингвистикаға ұштастыра зерттеу маңызды.
    Газет  мәтiнiнiң  прагматикалық  функциясын  зерттеу   барысында   жеке
тараулар  мен  тармақшаларда  қаралған  мәселелерге  байланысты  қазақ   тiл
бiлiмiнде зерттелуге тиiстi бiрқатар өзектi, тың  тақырыптарды  атап  өттiк.
Олардың  әрқайсысы қазақ тiл бiлiмiнде мәтiн лингвистикасын,  лингвистикалық
стилистиканы, коммуникативтiк лингвистика  мен  прагматикалық  лингвистиканы
дамытуға үлес қосатын өзектi тақырыптар. Аталған мәселелер  болашақта  қазақ
тiлiнiң  ерекшелiктерiн  зерттейтiн  тiлшi  ғалымдардың  еңбектерiне   негiз
болатынына   сенiмдiмiз. Өйткенi    мәтiн    лингвистикасы,    прагматикалық
лингвистика қазақ тiл бiлiмiнде жаңа дамып келе жатқан салалар.

                         Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

   1. Газет мәтінінде графикалық құралдардың  прагматикалық  функция  атқару
      мүмкіндігінің ерекшеліктерін атаңыз?
   2. Тырнақша мен жақшаны пайдаланудың прагматикалық  қызметі неде?
   3. Сұрау белгісінің атқаратын прагматикалық қызметі қандай?
   4. Газет мәтінінің прагматикалық функциясының  атқаратын  қызметі  туралы
      айтыңыз
   5. Леп белгісінің  атқаратын прагматикалық қызметі қандай?


                                  6- Дәріс
  Тақырыбы: Публицистикалық стильдегі ақпаратты жеткізуші тілдік бірліктер

    Газет тiлiн жазбаша берiлетiн шешендiк өнердiң  бiр  түрiне  жатқызсақ,
газет тiлшiлерiнен коммуникативтiк мақсатқа  сай  ойын  жинақтап,  оқырманға
әсерлi жеткiзу үшiн қажеттi тiлдiк құралдарды талғаммен таңдай бiлу,  таңдап
алынған тiлдiк құралдарды коммуникативтiк тактикаға негiздей  жеткiзу  талап
етiледi. Қазақ газеттерiнiң тiлшiлерi үшiн Жиренше шешен,  Асан  қайғы,  Қаз
дауысты Қазыбек би, Әйтеке би, Төле билердiң, т.б.  шешендiк  өнерлерi  үлгi
болуға лайық.
    Бiз жұмысымызда газет тiлшiсiнiң алға қойған коммуникативтiк  мақсатына
жетуде қолданатын стратегиялар  мен  тактикалардың  бiр  шетi  осы  шешендiк
өнермен байланысатындығын айтамыз. Бiрақ, бұл мәселе  - қазақ тiл  бiлiмiнде
жазба   тiл   бойынша   зерттелуi   әлi   қолға   алынбаған   тың   тақырып.

    Әрбiр тiлдiк қарым-қатынас жағдайының стратегиясы  болады.  Стратегияға
жағдайды бағдарлау, тiлдiк қарым-қатынаста табысқа жету  үшiн  ықпал  етудiң
бағытын анықтап, ұйымдастыру  жатады.  Тiлдiк  қарым-қатынастың  стратегиясы
белгiлi бiр жағдайда  алға  қойған  мақсатқа  жету  үшiн  тiлдiк  құралдарды
қолданатын   коммуникативтiк     тактикаға   негiзделедi.    Коммуникативтiк
тактикалар  белгiлi  бiр  ортаның  ерекшелiктерiне  байланысты  қолданылады.
Басқаша айтқанда, коммуникативтiк тактиканы орнымен қолдану керек.
    Тiлдiк қарым-қатынас стратегиясына байланысты  қолданылатын  тактиканың
түрлерi  көп.  Олар  (тактикалар)  тiлдiк  қарым-қатынас  iс  жүзiне  асатын
ортаға,  коммуниканттардың  ерекшелiктерiне   (жасы,   бiлiмi,   тәжiрибесi,
қоғамдағы әлеуметтiк  орны,  т.б.),  айтылатын  ойдың  мақсатына  сай  болуы
керек. Сондай-ақ коммуникативтiк тактика әр халықтың Ұлттық ерекшелiгiне  де
негiзделедi. Коммуникативтiк мақсаттан туындаған  автордың  стратегиясы  мен
тактикасы (  газет  мәтiнiнiң  прагматикалық  функциясын  қамтамасыз  ететiн
микрокомпоненттер.
    Газет    мәтiнiнiң    коммуникативтiк    мақсатына    сай    қолданатын
коммуникативтiк  стратегиясы  мен  коммуникативтiк   тактикасын   зерттеудiң
барысында    бiз    қазақ    газеттерiнде    қолданылатын    коммуникативтiк
тактикалардың төмендегiдей түрлерiн анықтадық:
    1. Абырой беделдi алға тарту.
    2. Коммуникантты өзiмсiну (интимизация).
    3. Фактiлердi қарама-қарсы қою.
    Аталған коммуникативтiк тактикалар ( газет авторларының коммуникативтiк
мақсатқа жету үшiн ұйымдастырған стратегиясын  iс  жүзiне  асырудың  жолдары
мен әдiстерi.
    1. Абырой беделдi алға тарту тактикасы
    Адамның абырой беделiн бетке  ұстау  үшiн  әрине  кезiнде  сол  адамның
айтқан сөзiн, пiкiрiн, оның мәнiн, ең басты бұл адамның қоғамдағы  дәрежесiн
ескеруге тура келедi. Айтқан қанатты сөзi сол сәтте  тiлдiк  қарым-қатынасқа
түсушiлердi белгiлi бiр iске, iс болғанда парасатты,  игiлiктi  iске  бастай
алғандағы,  қателiктi  көрсетiп,  дұрыс  бағыт  бере  алғандығы  да  негiзге
алынады.
    Бұл әдiс ( қазақ халқы бұрыннан қолданатын тиiмдi әдiс.  Өйткенi  «Өнер
алды қызыл тiл( деп шешендiктiң мәнi мен мағынасын  ертеден  терең  түсiнген
халықтың бiрi ( қазақ халқы өз ойын ашық  жеткiзiп,  тыңдаушысына  әсер  ету
үшiн ұлы, ойшыл, бiлiмдар адамдардың, ғалымдардың, ел сыйлаған  қариялардың,
шешендердiң  сөздерiн  алға  тартып,  олардың  абырой  беделiне  арқа  сүйей
отырып, түпкi мақсатына  қол  жеткiзген.  Осы  әдiстi  қазақ  газеттерiндегi
жарияланым авторлары да шебер қолданады. Мысалы:
        «Құлақтан кiрiп бойды алар жақсы ән мен  тәттi  күй(  деп  ұлы  Абай
       айтпақшы, сонау жас шағымнан-ақ жақсы ән  мен  тәттi  күйдiң  қадiрiн
       бiлiп, тыңдауды әдет  еткен,  күйтабақ,  күйтаспа  жинайтын  қазақтың
       бiрiмiн.
                                         (Қазақ әдебиетi,  28  қаңтар,  1997
ж.)
    Автор Абайды»  өлең  жолдарынан  үзiндi  келтiре  отырып,  ұлы  ақынның
абыройына арқа сүйейдi.
        ... Мұхтар Әуезов  «төзiмдiлiк  қазақ  халқының  маңдайына  жазылған
       жақсы қасиет, бiрақ оның ұзақ болмағаны жақсы(,  (  деген  екен.  Сол
       ғұлама жазушы айтқандай үмiттенейiк, бiрақ  үмiтiмiз  2030-ншы  жылға
       кетiп қалып жүрмесiн.
                                                  (ХХI век, 23 наурыз,  2000
ж.)
    Автор кемеңгер жазушы  М.Әуезовтің  сөзiн  бере  отырып,  беделiн  алға
тартады. Бiз келтiрiлген мысалдарымызда  подтекстi   (астарлы  ойды)  талдап
жатпадық, бұл жерде тек сөздерiнен  үзiндi  келтiрiлген  адамдардың  абырой,
дәрежесiн (әрине соған сай айтқан сөздерiн) алға тартып отырғанын  көрсетудi
мақсат еттiк.
             Ай, заман-ай, заман-ай,
            Түстi мынау тұман-ай.
            Iстiң бәрi күмән-ай! (
        деп Бұқар жырау бабаның дағдарғанындай, қай жерде де қазақтың: «Апыр-
       ау мына заман не  боп  кеттi,  бұның  ұшығына  шығып,  кiм  ұғындырып
       бередi? деп ақылы айран, ойы сайраң болған кездерi аз болмаған.
                                                    (Ана  тiлi,  13  маусым,
1997 ж.)
    Бұл жерде «Ана тiлi( газетiнiң ұжымы Бұқар жыраудан үзiндi бере отырып,
қоғамдағы әлеуметтiк-экономикалық жағдайдың  барысын  түсiндiруде  атқаратын
мiндеттерiн саралайды.
        Баяғыда аталарымыз: «Молотов берген  байталды,  Хрущев  келiп  қайта
       алды( деп кекесiнмен әндетедi екен. Филармонияның жағдайы осыны  еске
       түсiредi.
                                                 (Ана тiлi,  4 қараша,  1999
       ж.)
    Абырой беделдi  алға  тарту  тактикасына  бiз  газет  мәтiнiнде  мақал-
мәтелдердi қолдануды да жатқыздық. Өйткенi  мақал-мәтелдер  кезiнде  белгiлi
бiр халықтың  өмiрлiк  тәжiрибесiне  байланысты  түйген  ойларының  нәтижесi
екендiгi даусыз.
    Мақал-мәтелдi  кез-келген  адамның  ойлап  шығаруы  мүмкiн  емес.  Оған
қазiргi кезде жекелеген ұлы адамдардың айтқан  қанатты  сөздерi  дәлел  бола
алады. Ұлы ақын Абай өлеңдерiнiң  мына  бiр  жолдары  қазақ  халқы  арасында
өсиет, нақыл сөздерге айналғаны белгiлi. «Бiлiмдiден шыққан  сөз,  талаптыға
болсын кез(, «Өлең ( сөздiң патшасы, сөз сарасы(, «Ғашықтың  тiлi  (  тiлсiз
тiл, көзбен көр де, iшпен бiл(, т.б. Соған байланысты  бiз  мақал-мәтелдердi
қолдануды абырой беделдi алға тарту тактикасына  қосып  отырмыз.  Бұл  жерде
қазақ атты бүкiл бiр халықтың беделi, өмiрлiк тәжiрибесi алға тартылады.
    Бiз де коммуникативтiк  тактиканың  осы  түрiне  талдау  жасауда  ғалым
А.Нұрмахановтың сөзiн алға тартуды жөн көрдiк:  «Түркi  халықтары  өздерiнiң
мақал-мәтелдерiн «аталар сөзi(, «ақыл сөзi(, «нақыл  сөзi(,  «даналық  сөз(,
«көсем сөз( дей отырып, «Атаңның сақалына  қарама,  айтқан  мақалына  қара”,
«Мақал-мәтел  - маржан сөз, қоса көрме  арзан  сөз(  деген.  Расында  мақал-
мәтелдердiң  тағылымдық,  тәрбиелiк,  өсиет-өнегелiк  маңызы  аса  зор.   Ең
бастысы мақал-мәтелдер тоқсан ауыз сөздiң тобықтай түйiнiн  әрi  қысқа,  әрi
нұсқа  жеткiзедi.  Сондай-ақ  мақал-мәтелдер  тура  және  ауыспалы  мағынада
айтылатын, адам  және  оны  қоршаған  табиғат  пен  жер  бетiндегi  тiршiлiк
атаулыны ой елегiнен өткiзген өсиетнама десе де болады.
    Газет мәтiнiнде прагматикалық функция атқаратын графикалық  құралдардың
көлемi  тырнақшамен  және   жақшамен   шектелмейдi.   Кез   келген   мәтiнде
қолданылатын  сұрау  белгiсi,  көп  нүкте  сияқты   графикалық   құралдардың
прагматикалық ерекшелiктерi тақырыпатқа  байланысты  қаралды.  Сызықша,  леп
белгiсi сияқты тыныс белгiлердiң де прагматикалық функция атқару  мүмкiндiгi
бар.
Бiрақ бiздiң негiзгi мақсатымыз газет мәтiнiнде кездесетiн тiлдiк
бiрлiктердiң, синтаксистiк құралдардың, тыныс белгiлердiң, жалпы мәтiннiң
прагматикалық функциясын айқындау болғандықтан жұмысымызда мәтiннiң
прагматикалық функциясын айқындайтын коммуникативтiк тактикаларға,
синтаксистiк құралдар мен тыныс белгiлерiне және тiлдiк бiрлiктердiң
бағалауыш ерекшелiктерiне, газет мәтiнi тақырыпатының ерекшелiгiне  ғана
тоқталдық.
                         Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

   1. Бағалауыш лексика терминінін ең алғаш қай ,алымдар қолданған?
   2. бағалауыш лексиканың мағынасы неге негізделген
   3. Г.Я.Солганик бағалауыш белгі бойынша газеттік лексиканы  нешеге  бөліп
      көрсетеді? Атаңыз?
   4. А.А.Уфимцева коннативті мағынаны  неше топқа бөліп көрсеткен?
   5. Коннатацияға эмоциялық мағына мен бірге  стилистикалық  мағына  жүктеу
      керек деген  пікірді ұсынған ғалымды атаңыз?



                                  7- Дәріс
         Тақырыбы: Прагматикалық лингвистиканың қатысымдық табиғаты


    Т.Қордабаев: «Тiлде  дамымай,  өзгерiске  ұшырамай  бiр  қалыпта  қалып
қоятын мәңгiлiк еш нәрсе де жоқ, бәрi де өзгередi,  дамиды.  Сондай  өзгеру,
даму ( тiлдiң синтаксистiк  жүйесiндегi  категориялардың  барлығына  да  тән
құбылыс. ...ол ( сол тiлде  сөйлейтiн  қауымның  тiлдi  өз  ойын  дәлме-дәл,
толық етiп бере алатын икемдi, орамды, көркем, бай тiл  дәрежесiне  жеткiзу,
шындап дамыта беру талабы.  Бұл  талап  -  тiлдiң  өмiр  сүруiндегi  ең  бiр
шешушi, басты қажеттiлiк( деп тұжырымдайды.
    Орыс және қазақ тiл бiлiмiнде  синтаксистiк  құрылымдардың  ерекшелiгiн
терең  зерттеген  тiл  мамандары  Т.Қордабаев,  Г.Я.Солганиктiң  пiкiрлерiне
қосыла  отырып,  бiз  жұмысымызда  газет  мәтiнiнде  прагматикалық   функция
атқарудағы  синтаксистiк  құрылымдардың  да  маңызы   зор   екендiгiн   атап
көрсетемiз.
    Газет  мәтiнiнiң  прагматикалық  функциясын  экспрессивтi  синтаксистiң
көркемдегiш  құралдары болып табылатын синтаксистiк құрылымдар да  атқарады.
Газет  мәтiнiнде  кездесетiн  ондай  құралдарға   лексикалық   қайталамалар,
инверсия, парцелляция, т.б. жатады.
    ГПС-тiң  синтаксистiк  ерекшелiктерiн  зерттеген   О.Бүркiтов   сұраулы
сөйлемдер, қыстырма сөздер мен қыстырма  сөз  тiркестерi,  атаулы  сөйлемдер
жайында, әсiресе баспасөз тiлiнде  жиi  кездесетiн  лексикалық  қайталамалар
сияқты синтаксистiк құрылымдар  жайында  құнды  пiкiр  айта  келiп:  «ПС-тiң
синтаксистiк ерекшелiктерiнiң бiрi деуге  болатын,  бiрақ  бүгiнгi  баспасөз
тiлiнде жалпылық сипатқа әлi ие бола қоймаған синтаксистiк құралдар да  бар.
Олардың  қатарына  сегменттi  құрылымдар  мен   парцелляциялы   құрылымдарды
жатқызуға болады( деген тұжырым айтады.
    Бiз бұл пiкiрге қосыламыз. Бiрақ қазiргi кезде қазақ газет  мәтiндерiне
талдау жасау барысында бүгiнгi қазақ газеттерiндегi  аналитикалық  жанрларда
газет тiлшiлерiнiң парцелляция  құрылымын  өнiмдi  пайдаланатыны  анықталды.
Бұл құбылыс ең алдымен газет тiлiнiң әсер ету, үгiттеу, насихаттау,  белгiлi
бiр әрекетке бастау, ұйымдастыру  сияқты  негiзгi  қызметтерiне  байланысты.
Парцелляция  құрылымын  үнемдi  қолдануға  бүгiнгi   таңдағы   демократиялық
өзгерiстердiң нәтижесiнде газет  тiлшiлерiне  берiлген  пiкiр  еркiндiгi  де
себеп болып отыр.
    Бұған қоса қазiргi алмағайып кезеңде тұрақты оқырмандар  табу,  олардың
көңiлiнен шығу, қызықтыру  мәселесi  де  экономикалық  жақтан  өзектi  болып
отыр. Сондықтан газет тiлшiлерi оқырмандарды елiктiрiп өздерiне  тарту  үшiн
адресатты елең  еткiзудiң  тактикаларын  (әдiстерiн)  iздестiрiп,  қолдануға
мәжбүр болып отыр. Олай болса, парцелляциялық құрылым  дәл  қазiргi  кезеңде
газет тiлшiлерi үшiн коммуникативтiк мақсатқа жетуде  прагматикалық  функция
атқаратын маңызды құрал болып табылады.
    Қазақ тiл бiлiмiнде ендi ғана зерттеле  бастаған  парцелляция  құрылымы
мәселесiне келетiн болсақ, ол  бүгiнгi  таңда  терең  зерттеудi  қажет  етiп
отырған тың тақырып екенi сөзсiз.
    Тiл бiлiмiнде экспрессивтi синтаксистiң синтаксистiк құрылымдары  мәтiн
лингвистикасының объектiсi болып табылады. Оны мәтiндiк синтагматикадан  тыс
алып   қарау   мүмкiн   емес.   Негiзгi   мағыналық   бiрлiк   мәтiн   болып
саналатындықтан, сөйлем сол мәтiннiң бiр бөлiгi ретiнде қаралады.
    Оқырманның  дүниетанымына  сүйенетiн  адресант  айтар  ойын  адресаттың
түсiнетiнiне сенедi. Дегенмен, адресант өз  ойын  оқырманның  дәл  түсiнуiне
ықпал ету үшiн мәтiндегi сөйлемдердi оқырман қызыға  оқитындай  етiп  беруге
тырысады.
    Етiстiгi жоқ темалық және ремалық сегменттер экспрессивтiк синтаксистiң
құралы  ретiнде  қаралып,  сөйлемдердегi  етiстiктiң  рөлi  бәсеңдейдi.  Бұл
құбылыс екi бағытта байқалады:
    1) Сөйлем сегменттелген кезде сөйлемдегi басқа компоненттерге тигiзетiн
етiстiктiң рөлi бәсеңдеп, темалық және ремалық сегмент пайда болады.
    2) Экспресивтiк-коммуникативтiк варианттарда  экспрессивтiк  етiстiксiз
құрылым берiледi.
    Сөйлемдердi  сегменттеу   (бөлшектеу)   кезiнде   ақпарат   бөлшектелiп
берiледi.  Ондай  бөлшектер  темалық  және  ремалық  болып  екiге  бөлiнедi.
Темалық бөлшектердi зерттеуде сөйлемде айтылатын  оқиғаның  иесi  анықталса,
ремалық бөлшектердi зерттеу парцелляция құрылымымен  ұштастырыла  зерттеледi
.
    Темалық  бөлшектеуден  өзгешелiгi  ремалық  бөлшектеу  айтылатын  ойдың
соңында тұрады. Ремалық  бөлшектеу  ремалық  компоненттердiң  санын  арттыра
отырып, экспрессивтiк функция атқарады.
    Қазақ тiл бiлiмiнде бұл құбылысты  зерттеудiң  қолға  алына  бастағанын
айттық.   Кезiнде   парцелляция   құрылымы    жайында    М.Б.Балақаев    пен
Т.С.Сайранбаев: «Қазақ тiл бiлiмiнде парцелляция  арнайы  сөз  болған  емес(
(214.3) деп бұл құбылысты аударма мәселесiне ұштастыра қарастырған.
    Соңғы  жылдардың  iшiнде  парцелляция  құбылысы  жайлы  айтылған  құнды
пiкiрлердi  профессор  Р.Сыздықованың  еңбектерiнен  табуға  болады.  Ғалым:
«Парцелляциялық құбылыстың ғажабы сол ( жазушы қай нәрсеге
(сәтке, қимылға, сын-сипатқа т.т )  оқырман  назарын  аударып,  ой  салмағын
салғысы келсе, бәрiн де еркiн аулақтай (парцелляциялай) алады, әсiресе  жоқ,
дұрыс, рас  сияқты  сөздер  жеке  тұруға  бейiм,  өйткенi  олар  көп  сөзбен
берiлетiн ой екпiнiн қабылдап оқшауланған бiр өздерi көп нәрсенi  аңғартады(
деген пiкiр айтады. Бiз ғалымның пiкiрiне қосыламыз.
    Газет мәтiнiнде газет тiлшiлерi белгiлi бiр  ойды  бiрнеше  парцелляция
арқылы берудi коммуникативтiк мақсатына сай тиiмдi қолданады. Өйткенi  ғалым
Р.Сыздықова айтқандай,  газет  тiлшiлерi  қолданған  парцелляциялық  құбылыс
газет  оқырмандарына  эмоциялық  әсер  етiп,  мәтiндi  оқуды,  оны  түсiнудi
қамтамасыз ете алады.
    Парцелляция құбылысына А.Т.Ақыжанова: «Жалпы алғанда, бiз парцелляцияны
жазбаша  әдеби  тiлдiң  экспрессивтiк  синтаксисiнде  синтаксистiк   жағынан
байланысқан  құрылымды  нүктемен  ажыратылатын,  интонациямен   оқшауланатын
бөлiктерге, яғни фразаларға бөлшектеу тәсiлi деп түсiнемiз(  деген  анықтама
берген.
    Бiз жұмысымыздың тақырыбына сай парцелляцияға  экспрессивтiк  синтаксис
тұрғысынан   тiлдiк   қарым-қатынаста   коммуникативтiк   мақсатқа    жетуде
прагматикалық функция атқаратын маңызды синтаксистiк  құрал  деген  анықтама
беремiз.
    Тiл бiлiмiнде экспрессивтi синтаксистiң синтаксистiк құрылымдары  мәтiн
лингвистикасының объектiсi болып табылады. Оны мәтiндiк синтагматикадан  тыс
алып   қарау   мүмкiн   емес.   Негiзгi   мағыналық   бiрлiк   мәтiн   болып
саналатындықтан, сөйлем сол мәтiннiң бiр бөлiгi ретiнде қаралады.
    Оқырманның  дүниетанымына  сүйенетiн  адресант  айтар  ойын  адресаттың
түсiнетiнiне сенедi. Дегенмен, адресант өз  ойын  оқырманның  дәл  түсiнуiне
ықпал ету үшiн мәтiндегi сөйлемдердi оқырман қызыға  оқитындай  етiп  беруге
тырысады.
    Етiстiгi жоқ темалық және ремалық сегменттер экспрессивтiк синтаксистiң
құралы  ретiнде  қаралып,  сөйлемдердегi  етiстiктiң  рөлi  бәсеңдейдi.  Бұл
құбылыс екi бағытта байқалады:
    1) Сөйлем сегменттелген кезде сөйлемдегi басқа компоненттерге тигiзетiн
етiстiктiң рөлi бәсеңдеп, темалық және ремалық сегмент пайда болады.
    2) Экспресивтiк-коммуникативтiк варианттарда  экспрессивтiк  етiстiксiз
құрылым берiледi.
    Сөйлемдердi  сегменттеу   (бөлшектеу)   кезiнде   ақпарат   бөлшектелiп
берiледi.  Ондай  бөлшектер  темалық  және  ремалық  болып  екiге  бөлiнедi.
Темалық бөлшектердi зерттеуде сөйлемде айтылатын  оқиғаның  иесi  анықталса,
ремалық бөлшектердi зерттеу парцелляция құрылымымен  ұштастырыла  зерттеледi
.
    Темалық  бөлшектеуден  өзгешелiгi  ремалық  бөлшектеу  айтылатын  ойдың
соңында тұрады. Ремалық  бөлшектеу  ремалық  компоненттердiң  санын  арттыра
отырып, экспрессивтiк функция атқарады.
    Парцелляция құбылысын  зерттеген  А.Т.Ақыжанова  «Жалпы  тiл  бiлiмiнде
«парцелляция( терминi француз тiлiндегi «parceller( сөзiнен енген. Бұл  ұғым
қазақша  «Ұсақ  бөлшектерге  бөлу(  дегендi  бiлдiредi.  Сондықтан  бiз  бұл
терминдi бөлшектенген сөйлем деп  алғанды  жөн  көрдiк(  дейдi.  Расында  да
парцелляция тек бiр сөйлем арқылы беруге болатын ойды  бөлшектеп  жеткiзетiн
құбылыс. Бiрақ осы құбылыстың өзiндiк мотивi (уәжi) бар.
    Қазақ тiл бiлiмiнде бұл құбылысты  зерттеудiң  қолға  алына  бастағанын
айттық.   Кезiнде   парцелляция   құрылымы    жайында    М.Б.Балақаев    пен
Т.С.Сайранбаев: «Қазақ тiл бiлiмiнде парцелляция  арнайы  сөз  болған  емес(
деп бұл құбылысты аударма мәселесiне ұштастыра қарастырған.


                        Өзін -өзі бақылау сұрақтары:

1.  Коммуникативтік мақсат дегеніміз не?
2.   Тілдік  қарым-қатынастың  мақсатқа   жетуі   үшін   қандай   тактикалар
қолданылады?
3.   Абырой беделді алға тарту тактикасының прагматикалық функциясы қандай?
4. Коммуникативтік өзімсіну әдісінің прагматикалық қызметі қандай?
5. Фактілерді қарама қарсы қоя тактикасының прагматикалық функциясы қандай?

                                  8- Дәріс
               Газет мәтініндегі әсер ету қызметінің көрінісі

    Газет мәтiнiнiң экспрессивтiк  синтаксисi  адресанттың  коммуникативтiк
iс жүзiне  асыруда  прагматикалық  функция  атқаратын  маңызды  құрал  болып
табылады.
    Басқа мақсаттық стильдегi сияқты ГПС-тiң де синтаксистiк  ерекшелiктерi
бар.  Баспасөз  тiлi  синтаксисi  кiтаби  тiл  мен   ауызекi   сөйлеу   тiлi
синтаксистерiнiң бiрлiгiнен тұрады.
    Синтаксис жүйесiнде, әсiресе ГПС-те кез келген  синтаксистiк  қатынасты
бiлдiретiн  құрылымдардың  стилистикалық  жақтан  даралану  процесi  жүредi.
Соған байланысты тiлдiң көркемдегiш құралдары молайып,  синтаксистiк  жүйесi
анағұрлым жетiлiп дамиды. Өйткенi әрбiр  мақсаттық  стиль  өз  талабына  сай
мағына  мен  мән  беретiн  құрылымдарды  iрiктеуге  қабiлеттi.  Синтаксистiк
жүйенiң тiлдiк құралдары стилистикалық тұрғыдан даралануының негiзiн  қалап,
стилистикалық оппозицияның қалыптасуына ықпал етедi.
    Осы мәселелер жайында қазiргi қазақ тiлiнiң синтаксистiк  стилистикасын
зерттеген   Н.Х.   Демесинованың:   «Публицистика   қоғамдық    ерекшелiгiне
байланысты өзiнiң тiлдiк құрамына әртүрлi  морфологиялық  және  синтаксистiк
формалар жүйесiн қабылдай алады( деген пiкiрiне толық  қосыла  отырып,  ГПС-
тегi  синтаксистiк  құрылымдар   баспасөздiң   әр   түрлi   мақсаттары   мен
мiндеттерiн iс жүзiне асыруына ықпал етуге қабiлеттi демекпiз.


                        Өзін -өзі бақылау сұрақтары:

1.  Коммуникативтік мақсат дегеніміз не?
2.   Тілдік  қарым-қатынастың  мақсатқа   жетуі   үшін   қандай   тактикалар
қолданылады?
3.   Абырой беделді алға тарту тактикасының прагматикалық функциясы қандай?
4. Коммуникативтік өзімсіну әдісінің прагматикалық қызметі қандай?
5. Фактілерді қарама қарсы қоя тактикасының прагматикалық функциясы қандай?


                                   9-Дәріс
              Тақырыбы: Газет мәтінінің прагматикалық қызметі.

     Газет тiлшiсi оқырманға  айтар  ойын  пәрмендi  жеткiзу  үшiн  қанатты
сөздердi, мақал-мәтелдердi, әйгiлi адамдар айтқан құнды сөздердi  келтiредi.

    Осы ерекшелiк жайында профессор Р.Сыздықованың: «Публицистика  (  жазба
әдебиет жанры. Сөйте тұра ол ( әдеби тiлдiң ауызша түрiне  ең  жуық  келетiн
жанр. Өйткенi публицистиканың саяси-көркем очерк,  памфлет,  эссе,  репортаж
тәрiздi  салалары  информация  берумен  қатар,  оқырманға  әсер   ету,   оны
иландыру,  жиiркендiру,  сүйiндiру  т.б.  сияқты  мақсаттарды  да  көздейдi.
Сондықтан мұнда  да,  ауызша  шешендер  сөзiндегiдей,  эмоциялы-экспрессивтi
элементтердi таңдап алу, құлаққа жағымды  дыбыстар  үйлесiмiн  (аллитерация)
жасау,  метафора,  теңеулердi  еркiнiрек  қолдану,  модальдық  реңк  беретiн
элементтердi  (қыстырма  сөз,  сұраулы  сөйлемдер  т.т.)  жатсынбау  тәрiздi
құбылыстар орын алады( деген пiкiрiне қосыла отырып,  баспасөз  тiлiн  шебер
қолданудың негiзi газет тiлшiлерiнiң қазақ халқына тән шешендiк өнердi  жете
түсiне бiлуiне байланысты екендiгiн айтамыз.
    Газет тiлiн жазбаша берiлетiн шешендiк өнердiң  бiр  түрiне  жатқызсақ,
газет тiлшiлерiнен коммуникативтiк мақсатқа  сай  ойын  жинақтап,  оқырманға
әсерлi жеткiзу үшiн қажеттi тiлдiк құралдарды талғаммен таңдай бiлу,  таңдап
алынған тiлдiк құралдарды коммуникативтiк тактикаға негiздей  жеткiзу  талап
етiледi. Қазақ газеттерiнiң тiлшiлерi үшiн Жиренше шешен,  Асан  қайғы,  Қаз
дауысты Қазыбек би, Әйтеке би, Төле билердiң, т.б.  шешендiк  өнерлерi  үлгi
болуға лайық.
    Бiз жұмысымызда газет тiлшiсiнiң алға қойған коммуникативтiк  мақсатына
жетуде қолданатын стратегиялар  мен  тактикалардың  бiр  шетi  осы  шешендiк
өнермен байланысатындығын айтамыз. Бiрақ, бұл мәселе  - қазақ тiл  бiлiмiнде
жазба   тiл   бойынша   зерттелуi   әлi   қолға   алынбаған   тың   тақырып.

    Әрбiр тiлдiк қарым-қатынас жағдайының стратегиясы  болады.  Стратегияға
жағдайды бағдарлау, тiлдiк қарым-қатынаста табысқа жету  үшiн  ықпал  етудiң
бағытын анықтап, ұйымдастыру  жатады.  Тiлдiк  қарым-қатынастың  стратегиясы
белгiлi бiр жағдайда  алға  қойған  мақсатқа  жету  үшiн  тiлдiк  құралдарды
қолданатын   коммуникативтiк     тактикаға   негiзделедi.    Коммуникативтiк
тактикалар  белгiлi  бiр  ортаның  ерекшелiктерiне  байланысты  қолданылады.
Басқаша айтқанда, коммуникативтiк тактиканы орнымен қолдану керек.
    Тiлдiк қарым-қатынас стратегиясына байланысты  қолданылатын  тактиканың
түрлерi  көп.  Олар  (тактикалар)  тiлдiк  қарым-қатынас  iс  жүзiне  асатын
ортаға,  коммуниканттардың  ерекшелiктерiне   (жасы,   бiлiмi,   тәжiрибесi,
қоғамдағы әлеуметтiк  орны,  т.б.),  айтылатын  ойдың  мақсатына  сай  болуы
керек. Сондай-ақ коммуникативтiк тактика әр халықтың Ұлттық ерекшелiгiне  де
негiзделедi. Коммуникативтiк мақсаттан туындаған  автордың  стратегиясы  мен
тактикасы (  газет  мәтiнiнiң  прагматикалық  функциясын  қамтамасыз  ететiн
микрокомпоненттер.

                                  10-Дәріс

  Тақырыбы: Прагматикадағы тілге әсер ететін экстралингвистикалық мәнділері
             (коммуникативтік жағдаят, мақсат, стртегия, таксика

    Коммуникативтiк мақсат  (  тiлдiк  қарым-қатынаста  адресант  көздейтiн
негiзгi  мақсат.  Коммуникативтiк  мақсатқа  жетудiң  өзiндiк  жолдары   мен
әдiстерi болады. Бұл мәселенi  терең  зерттеген  ғалымдар  О.Я.Гойхман  мен 
Т.М.Надеина өз еңбектерiнде  тiлдiк  коммуникацияның ерекшелiктерiн  көрсете
келiп, тiлдiк қызметтiң  өзiндiк  кезеңдерi  болатынын  айтады.  Оларда:  1)
айтылатын ойды даярлау, 2) айтылатын ойды  ретке  келтiру,  3)  ойды  сыртқа
шығару, 4) сөйлеудi қабылдау, 5) түсiну, 6) айтылатын ойға жауап   беру  деп
бөлiп,  айтылған  ойды  түсiнудiң  деңгейi  әр  түрлi  жағдайға   байланысты
болатынын  ескертедi.  Бұл  жағдайлардың  жиынтығы  (  контекст   деп   атап
көрсетедi. Контекстiң ашық (эксплициттi),  жасырын  (имплициттi)  болатынын,
жасырын  контекске  мақсат,  мүдде,  мотив  (уәж),  коммуниканттардың   жеке
басының  ерекшелiктерi   (бiлiм   деңгейi,   әлеуметтiк   жағдайы,   мiнезi)
кiретiндiгiн айтады.
    Тiлдiк коммуникацияда  табысқа  жетудiң  логика,  психология  және  тiл
сияқты үш категориясы бар. Аталған үш  категорияның  iшiнде  барлық  ақпарат
тек сөз арқылы жеткiзiлетiндiктен  тiл  (  тiлдiк  қарым-қатынаста  мақсатқа
жетудiң ең маңызды құралы.
    Пiкiрталаста көбiнесе шындықты  жақтайтындар  емес,  қарсыласының  ойын
тез, нақтылы анықтап, қарсы  айтатын  ойын  жинақы,  шебер  жеткiзетiн  адам
жеңiске жететiнi белгiлi. Бұл пiкiрталасқа қатысушылардың  тiлдiк  стратегия
мен тактикаларды жылдам, ұтымды ұйымдастыра бiлуiнiң нәтижесi.
    Бұл жерде бiз коммуникативтiк мақсатқа сай қолданылатын коммуникативтiк
тактикалар жайында айтпас бұрын тоқсан ауыз  сөздiң  тобықтай  түйiнiн  айта
бiлген қазақ халқына тән шешендiк өнер жайлы ой бiлдiрудi жөн көрдiк.  Сонау
ерте заманнан бастау алып, бүгiнгi саяси-әлеуметтiк өмiрiмiзге жеткен  шешен
сөйлеу дәстүрiнiң маңыздылығы бүгiн арта түскен.
    Қазiр шешендiк өнер  ұжымды,  қоғамды  басқарудың,  заң  органдарындағы
қызметкерлердiң,  ғалымдар  мен  оқытушылардың,  сайлау  науқаны   кезiндегi
кандидаттардың сенiмдi өкiлдерiнiң,  телерадио  хабарларды  жүргiзушiлердiң,
газет тiлшiлерiнiң маңызды құралы болып отыр, өйткенi айтар ойларын  әсерлi,
ұтымды, жинақы жеткiзе бiлсе, тiлдiк коммуникацияға  қатысушылардың  барлығы
да көздеген мақсаттарына жетедi.

                        Өзін -өзі бақылау сұрақтары:

1.  Коммуникативтік мақсат дегеніміз не?
2.   Тілдік  қарым-қатынастың  мақсатқа   жетуі   үшін   қандай   тактикалар
қолданылады?
3.   Абырой беделді алға тарту тактикасының прагматикалық функциясы қандай?
4. Коммуникативтік өзімсіну әдісінің прагматикалық қызметі қандай?
5. Фактілерді қарама қарсы қоя тактикасының прагматикалық функциясы қандай?


                                  11-Дәріс
  Тақырыбы: Мәтінді прагматикалық аспект негізінде зерттеу мәселесі жайында

    Газет мәтiнiнiң прагматикалық функциясын айқындау  мақсатында  бiз  тек
тiлдiк бiрлiктердiң бағалауыш мүмкiндiктерiн  талқылап  қана  қоймай,  мәтiн
құруға   қатысатын   синтаксистiк   құрылымдар   мен   тыныс    белгiлерiнiң
прагматикалық функциясын ашып көрсетудi мақсат еттiк.
    Оқырмандарға  жасырын   әсер   ету   үшiн   лексикалық,   синтаксистiк,
морфологиялық әдiстермен қоса графикалық  құралдарды  да  қолдануға  болады.
Газет мәтiнiнде тыныс белгiсiнiң көмегiмен жасырын баға  берудiң  сан  қырлы
әдiстерi бар екенi сөзсiз. Газет мәтiнiндегi  мұндай  ерекшелiктерге  талдау
жасап, iрiктеу барысында  адресанттың  коммуникативтiк  мақсатын  iс  жүзiне
асыруда олардың маңызды рөл атқаратыны анықталды.
    Бiздiң мақсатымыз ( тыныс  белгiлердiң  мәтiн  құрылымында  адресанттың
адресатқа өз ойын тиянақты, ұтымды, әсерлi, астарлы, мақсатты  жеткiзу  үшiн
қолданылатындығын,  тыныс  белгiлердiң  де  прагматикалық   функция   атқара
алатындығын дәлелдеу болды.
    Жазба тiлде қолданылатын көптеген графикалық құралдар ауызекi  сөйлеуде
дауыс ырғағымен, үзiлiспен, қимыл қозғалыспен жеткiзуге болатын құрал  болып
табылады. Жазба тiлде көбiнесе дауыс ырғағы тырнақшаның көмегiмен  берiледi.
Әдетте тырнақшаның  ерекше  ырғақты  көрсететiн  тiлден  тысқары  ролi  бар.
Мысалы, тырнақша көп мағыналы сөздiң мәнiн айқындауға ықпал етедi.
    Газет мәтiндерiндегi ирония мен сарказмдар  тырнақшаны  қолдану  арқылы
берiлетiндiгiн бiлемiз. Автордың түпкi  мақсатын  тырнақшаға  алынған  сөздi
қарама-қарсы мағынасымен салыстыра отырып,  анықтауға болады.
    Тыныс  белгiлердiң  стилистикалық  мүмкiндiктерi  аз   зерттелгендiгiне
байланысты  бiз  тек  тырнақша  және  жақша  сияқты  графикалық  құралдардың
прагматикалық функциясын ашып көрсетуге тырыстық. Бiз тырнақша  мен  жақшаны
тыныс белгiсi ретiнде қарау жеткiлiксiз  деп ойлаймыз, өйткенi олар  мәтiнде
«тыныс белгiсiнен( де  ауқымды  қызмет  атқара  алады.  Көркем  әдебиет  пен
публицистикада тырнақша мен жақшаға алынған сөздердiң  әсер  ету  мүмкiндiгi
мол. Тырнақша мен жақша ( адресанттың  ойын  астарлы  жеткiзуiне  ықпал  ете
алатын тiлдiк құрал.
    Зерттеу жұмысының барысында  тырнақшаға  алынған сөздерге мәтiн  iшiнде
ерекше  логикалық  екпiн  түсiп  тұратындығы   байқалды.   Логикалық   екпiн
қызығушылықты  арттырудың  негiзi  болып   табылатындықтан,   тырнақша   тек
логикалық  екпiндi  берушi  ғана  емес  семантикалық  өзгерiске,  оқырманның
мәтiндi қабылдау тиiмдiлiгiн арттыруға да ықпал етедi.

                         Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

   1. Газет мәтінінде графикалық құралдардың  прагматикалық  функция  атқару
      мүмкіндігінің ерекшеліктерін атаңыз?
   2. Тырнақша мен жақшаны пайдаланудың прагматикалық  қызметі неде?
   3. Сұрау белгісінің атқаратын прагматикалық қызметі қандай?
   4. Газет мәтінінің прагматикалық функциясының  атқаратын  қызметі  туралы
      айтыңыз
   5. Леп белгісінің  атқаратын прагматикалық қызметі қандай?



                                  12-Дәріс
          Тақырыбы: Коммуникативтік мақсат және оқырман дүниетанымы

    Тiлдiк коммуникацияда  табысқа  жетудiң  логика,  психология  және  тiл
сияқты үш категориясы бар. Аталған үш  категорияның  iшiнде  барлық  ақпарат
тек сөз арқылы жеткiзiлетiндiктен  тiл  (  тiлдiк  қарым-қатынаста  мақсатқа
жетудiң ең маңызды құралы.
    Пiкiрталаста көбiнесе шындықты  жақтайтындар  емес,  қарсыласының  ойын
тез, нақтылы анықтап, қарсы  айтатын  ойын  жинақы,  шебер  жеткiзетiн  адам
жеңiске жететiнi белгiлi. Бұл пiкiрталасқа қатысушылардың  тiлдiк  стратегия
мен тактикаларды жылдам, ұтымды ұйымдастыра бiлуiнiң нәтижесi.
    Бұл жерде бiз коммуникативтiк мақсатқа сай қолданылатын коммуникативтiк
тактикалар жайында айтпас бұрын тоқсан ауыз  сөздiң  тобықтай  түйiнiн  айта
бiлген қазақ халқына тән шешендiк өнер жайлы ой бiлдiрудi жөн көрдiк.  Сонау
ерте заманнан бастау алып, бүгiнгi саяси-әлеуметтiк өмiрiмiзге жеткен  шешен
сөйлеу дәстүрiнiң маңыздылығы бүгiн арта түскен.
    Қазiр шешендiк өнер  ұжымды,  қоғамды  басқарудың,  заң  органдарындағы
қызметкерлердiң,  ғалымдар  мен  оқытушылардың,  сайлау  науқаны   кезiндегi
кандидаттардың сенiмдi өкiлдерiнiң,  телерадио  хабарларды  жүргiзушiлердiң,
газет тiлшiлерiнiң маңызды құралы болып отыр, өйткенi айтар ойларын  әсерлi,
ұтымды, жинақы жеткiзе бiлсе, тiлдiк коммуникацияға  қатысушылардың  барлығы
да көздеген мақсаттарына жетедi.
    Бiрақ  шешендiк  өнердiң  нәтижесi  тыңдаушыларға  айтылған  ақпараттың
қажеттiлiгiне, шынайылығына, сөйлеушiнiң  негiзгi  мақсатына  да  байланысты
болады. Газет тiлшiсi оқырманға айтар ойын  пәрмендi  жеткiзу  үшiн  қанатты
сөздердi, мақал-мәтелдердi, әйгiлi адамдар айтқан құнды сөздердi  келтiредi.


                        Өзін- өзі бақылау сұрақтары:
1.  Коммуникативтік мақсат дегеніміз не?
2.   Тілдік  қарым-қатынастың  мақсатқа   жетуі   үшін   қандай   тактикалар
қолданылады?
3.   Абырой беделді алға тарту тактикасының прагматикалық функциясы қандай?
4. Коммуникативтік өзімсіну әдісінің прагматикалық қызметі қандай?
5. Фактілерді қарама қарсы қоя тактикасының прагматикалық функциясы қандай?








                                  13-Дәріс

             Тақырыбы: Прагматикасының хабарламалық аспектілері.

    Газет мәтiнiнiң прагматикалық функциясын айқындау  мақсатында  бiз  тек
тiлдiк бiрлiктердiң бағалауыш мүмкiндiктерiн  талқылап  қана  қоймай,  мәтiн
құруға   қатысатын   синтаксистiк   құрылымдар   мен   тыныс    белгiлерiнiң
прагматикалық функциясын ашып көрсетудi мақсат еттiк.
    Оқырмандарға  жасырын   әсер   ету   үшiн   лексикалық,   синтаксистiк,
морфологиялық әдiстермен қоса графикалық  құралдарды  да  қолдануға  болады.
Газет мәтiнiнде тыныс белгiсiнiң көмегiмен жасырын баға  берудiң  сан  қырлы
әдiстерi бар екенi сөзсiз. Газет мәтiнiндегi  мұндай  ерекшелiктерге  талдау
жасап, iрiктеу барысында  адресанттың  коммуникативтiк  мақсатын  iс  жүзiне
асыруда олардың маңызды рөл атқаратыны анықталды.
    Бiздiң мақсатымыз ( тыныс  белгiлердiң  мәтiн  құрылымында  адресанттың
адресатқа өз ойын тиянақты, ұтымды, әсерлi, астарлы, мақсатты  жеткiзу  үшiн
қолданылатындығын,  тыныс  белгiлердiң  де  прагматикалық   функция   атқара
алатындығын дәлелдеу болды.
    Жазба тiлде қолданылатын көптеген графикалық құралдар ауызекi  сөйлеуде
дауыс ырғағымен, үзiлiспен, қимыл қозғалыспен жеткiзуге болатын құрал  болып
табылады. Жазба тiлде көбiнесе дауыс ырғағы тырнақшаның көмегiмен  берiледi.
Әдетте тырнақшаның  ерекше  ырғақты  көрсететiн  тiлден  тысқары  ролi  бар.
Мысалы, тырнақша көп мағыналы сөздiң мәнiн айқындауға ықпал етедi.
    Газет мәтiндерiндегi ирония мен сарказмдар  тырнақшаны  қолдану  арқылы
берiлетiндiгiн бiлемiз. Автордың түпкi  мақсатын  тырнақшаға  алынған  сөздi
қарама-қарсы мағынасымен салыстыра отырып,  анықтауға болады.
    Тыныс  белгiлердiң  стилистикалық  мүмкiндiктерi  аз   зерттелгендiгiне
байланысты  бiз  тек  тырнақша  және  жақша  сияқты  графикалық  құралдардың
прагматикалық функциясын ашып көрсетуге тырыстық. Бiз тырнақша  мен  жақшаны
тыныс белгiсi ретiнде қарау жеткiлiксiз  деп ойлаймыз, өйткенi олар  мәтiнде
«тыныс белгiсiнен( де  ауқымды  қызмет  атқара  алады.  Көркем  әдебиет  пен
публицистикада тырнақша мен жақшаға алынған сөздердiң  әсер  ету  мүмкiндiгi
мол. Тырнақша мен жақша ( адресанттың  ойын  астарлы  жеткiзуiне  ықпал  ете
алатын тiлдiк құрал.
    Зерттеу жұмысының барысында  тырнақшаға  алынған сөздерге мәтiн  iшiнде
ерекше  логикалық  екпiн  түсiп  тұратындығы   байқалды.   Логикалық   екпiн
қызығушылықты  арттырудың  негiзi  болып   табылатындықтан,   тырнақша   тек
логикалық  екпiндi  берушi  ғана  емес  семантикалық  өзгерiске,  оқырманның
мәтiндi қабылдау тиiмдiлiгiн арттыруға да ықпал етедi.

                         Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

   1. Газет мәтінінде графикалық құралдардың  прагматикалық  функция  атқару
      мүмкіндігінің ерекшеліктерін атаңыз?
   2. Тырнақша мен жақшаны пайдаланудың прагматикалық  қызметі неде?
   3. Сұрау белгісінің атқаратын прагматикалық қызметі қандай?
   4. Газет мәтінінің прагматикалық функциясының  атқаратын  қызметі  туралы
      айтыңыз
   5. Леп белгісінің  атқаратын прагматикалық қызметі қандай?


                                  14-Дәріс
        Тақырыбы: Прагматикалық қызметтің көркем мәтіндегі қолданысы.
    Мәтiннiң прагматикалық мүмкiндiгiн арттыра түсетiн микрокомпоненттердiң
бiрi ( мәтiннiң  тақырыпаты.  Газет  мәтiнiнде  тақырыпат  тек  синтаксистiк
ерекшелiктi көрсетпейдi. Ол (  бiрнеше  қызмет  атқаратын  мәтiннiң  негiзгi
компонентi. Бұл қызметтердiң негiзгiсi ( белгi, хабар беру,  қызықтыру  және
мәтiндi  ұйымдастыру.  Сондықтан  мәтiн  мен  қоршаған  ортадағы  оқырмандар
арасындағы байланыстың негiзгi күшi тақырыпатқа түседi.
    Прагматиканың тиiмдiлiгi адресаттың сана-сезiмiне мақсатты түрде  ықпал
ету болып табылатындықтан газет мәтiнi тақырыпатының маңызы артады.
    Газет мәтiндерiнiң тақырыпаттарына талдау жасау кезiнде  соңғы  жылдары
газет мәтiнiнiң прагматикалық қызметiне сай келетiн өзгерiстер көп  екендiгi
байқалды, мұндағы басты мақсат ( оқырмандарға әсер ету.
    Газет мәтiнiнiң  тақырыпаты  (  мәтiндi  түсiнiп  оқудың  негiзi  деуге
болады.  Кейбiр  тiлшiлер  тақырыпатты  мәтiннiң  сыртқы  орта  мен  мазмұны
арасындағы шекара (тура мағынасында) деген пiкiр айтады.
    Тақырыпат ( газет мәтiнiнен бөлек айқындалып  берiлетiн  ерекше  құрал.
Тақырыпаттың маңыздылығы мәтiннiң  коммуникативтiк  бағытына  да  байланысты
болады. Көбiнесе газет мәтiнiн оқу әр түрлi  шрифтармен  берiлген  тақырыпат
пен айдарды оқудан басталады. Тақырыпаттардың жасырын, ашық  мағынасы  газет
мәтiнiнiң көлемiне қатысты  болып  келуi  мүмкiн.  Газет  мәтiнiнiң   көлемi
шағын болса, тақырыпаттың мазмұны ашық берiледi, ал  мәтiннiң  көлемi  үлкен
болса тақырыпаттың жасырын, астармен (подтекспен) берiлуi байқалады.


                         Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Мәтіннің тақырыпаты дегеніміз не?
2.  Газет  мәтінінің тақырыпатына қандай талаптар қойылады?
3.  Тақырыпаттың соңына көп нүтке қою әдісінің прагматикалық мақсаты неде?
4.  Мақал-мәтелдермен  берілетін  тақырыпаттардың  прагматикалық  ерекшелігі
қандай?


                                  15-Дәріс
                  Тақырыбы: Прагматиканың өзекті мәселелері

    Оқырмандарға  жасырын   әсер   ету   үшiн   лексикалық,   синтаксистiк,
морфологиялық әдiстермен қоса графикалық  құралдарды  да  қолдануға  болады.
Газет мәтiнiнде тыныс белгiсiнiң көмегiмен жасырын баға  берудiң  сан  қырлы
әдiстерi бар екенi сөзсiз. Газет мәтiнiндегi  мұндай  ерекшелiктерге  талдау
жасап, iрiктеу барысында  адресанттың  коммуникативтiк  мақсатын  iс  жүзiне
асыруда олардың маңызды рөл атқаратыны анықталды.
    Бiздiң мақсатымыз ( тыныс  белгiлердiң  мәтiн  құрылымында  адресанттың
адресатқа өз ойын тиянақты, ұтымды, әсерлi, астарлы, мақсатты  жеткiзу  үшiн
қолданылатындығын,  тыныс  белгiлердiң  де  прагматикалық   функция   атқара
алатындығын дәлелдеу болды.
    Жазба тiлде қолданылатын көптеген графикалық құралдар ауызекi  сөйлеуде
дауыс ырғағымен, үзiлiспен, қимыл қозғалыспен жеткiзуге болатын құрал  болып
табылады. Жазба тiлде көбiнесе дауыс ырғағы тырнақшаның көмегiмен  берiледi.
Әдетте тырнақшаның  ерекше  ырғақты  көрсететiн  тiлден  тысқары  ролi  бар.
Мысалы, тырнақша көп мағыналы сөздiң мәнiн айқындауға ықпал етедi.
    Газет мәтiндерiндегi ирония мен сарказмдар  тырнақшаны  қолдану  арқылы
берiлетiндiгiн бiлемiз. Автордың түпкi  мақсатын  тырнақшаға  алынған  сөздi
қарама-қарсы мағынасымен салыстыра отырып,  анықтауға болады.
    Тыныс  белгiлердiң  стилистикалық  мүмкiндiктерi  аз   зерттелгендiгiне
байланысты  бiз  тек  тырнақша  және  жақша  сияқты  графикалық  құралдардың
прагматикалық функциясын ашып көрсетуге тырыстық. Бiз тырнақша  мен  жақшаны
тыныс белгiсi ретiнде қарау жеткiлiксiз  деп ойлаймыз, өйткенi олар  мәтiнде
«тыныс белгiсiнен( де  ауқымды  қызмет  атқара  алады.  Көркем  әдебиет  пен
публицистикада тырнақша мен жақшаға алынған сөздердiң  әсер  ету  мүмкiндiгi
мол. Тырнақша мен жақша ( адресанттың  ойын  астарлы  жеткiзуiне  ықпал  ете
алатын тiлдiк құрал.
    Зерттеу жұмысының барысында  тырнақшаға  алынған сөздерге мәтiн  iшiнде
ерекше  логикалық  екпiн  түсiп  тұратындығы   байқалды.   Логикалық   екпiн
қызығушылықты  арттырудың  негiзi  болып   табылатындықтан,   тырнақша   тек
логикалық  екпiндi  берушi  ғана  емес  семантикалық  өзгерiске,  оқырманның
мәтiндi қабылдау тиiмдiлiгiн арттыруға да ықпал етедi.
    Газет  мәтiнiнiң  прагматикалық  функциясын  зерттеу   барысында   жеке
тараулар  мен  тармақшаларда  қаралған  мәселелерге  байланысты  қазақ   тiл
бiлiмiнде зерттелуге тиiстi бiрқатар өзектi, тың  тақырыптарды  атап  өттiк.
Олардың  әрқайсысы қазақ тiл бiлiмiнде мәтiн лингвистикасын,  лингвистикалық
стилистиканы, коммуникативтiк лингвистика  мен  прагматикалық  лингвистиканы
дамытуға үлес қосатын өзектi тақырыптар. Аталған мәселелер  болашақта  қазақ
тiлiнiң  ерекшелiктерiн  зерттейтiн  тiлшi  ғалымдардың  еңбектерiне   негiз
болатынына   сенiмдiмiз. Өйткенi    мәтiн    лингвистикасы,    прагматикалық
лингвистика қазақ тiл бiлiмiнде жаңа дамып келе жатқан салалар.

                         Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

   1. Газет мәтінінде графикалық құралдардың  прагматикалық  функция  атқару
      мүмкіндігінің ерекшеліктерін атаңыз?
   2. Тырнақша мен жақшаны пайдаланудың прагматикалық  қызметі неде?
   3. Сұрау белгісінің атқаратын прагматикалық қызметі қандай?
   4. Газет мәтінінің прагматикалық функциясының  атқаратын  қызметі  туралы
      айтыңыз.




                           3 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР

|р/с |Тақырыбы мен мазмұны                            |Тәжірибелік       |
|1   |Прагмалингвситика семиотика мен лингвитиканың   |1                 |
|    |аралығында пайда болған ілім екендігі.          |                  |
|    |Прагмалингвистиканың лингвистикалық зерттеу     |                  |
|    |саласына айналуы.                               |                  |
|2   |Прагмалингвистиканың зерттеу нысаны, мақсаттары,|1                 |
|    |негізгі ұғымдары, мәселелері. Қазақ             |                  |
|    |прагмалингвситиканың зерттелу жайы.             |                  |
|3   |Семантиканың семантика, синтактика, прагматика  |1                 |
|    |деп үш топқа бөлінетіндігі. Олардың             |                  |
|    |прагматикабағытындағы орны мен рөлі.            |                  |
|4   |Прагмалингвистиканың мәтіннің эмоционалды әсер  |1                 |
|    |ету теориясының мәселелері.                     |                  |
|5   |Ғылыми сөздің прагматикалық аспектісі.          |1                 |
|6   |Публицистикалық стильдегі ақпаратты жеткізуші   |1                 |
|    |тілдік бірліктер.                               |                  |
|7   |Прагматикалық лингвитиканың қатысымдық табиғаты |1                 |
|8   |Газет мәтініндегі әсер ету қызметінің көрінісі. |                  |
|9   |Газет мәтінінің әсер ету қызметінің көрінісі.   |1                 |
|10  |Прагматикадағы тілге әсер ететін                |1                 |
|    |экстралингвитикалық мәнділері (коммуникативтік  |                  |
|    |жағдаят, мақсат, стратагиялық, тактика)         |                  |
|11  | Мәтінді прагматикалық аспект негізінде зерттеу |1                 |
|    |мәселесі жайында                                |                  |
|12  | Коммуникативтік мақсат және оқырман дүниетанымы|1                 |
|13  | Прагмалингвитиканың хабарламалық аспектілері   |1                 |
|14  | Прагмалингвистикалық қызметтің көркем мәтіндегі|1                 |
|    |қолданысы.                                      |                  |
|15  |Прагмалингвистиканың өзекті мәселелері          |1                 |


             5 СТУДЕНТТІҢ   ӨЗДІК  ЖҰМЫС  ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ  ТІЗІМІ


        5.1.  Прагмалингвистиканың зерттеу нысаны, мақсаттары, негізгі
      ұғымдары, мәселелері. Қазақ прагмалингвситиканың зерттелу жайы.
        5.2 Семантиканың семантика, синтактика, прагматика деп үш топқа
        бөлінетіндігі. Олардың прагматикабағытындағы орны мен рөлі.
        3. Прагмалингвистиканың мәтіннің эмоционалды әсер ету теориясының
           мәселелері.
        4. Ғылыми сөздің прагматикалық аспектісі.
   5. Публицистикалық стильдегі ақпаратты жеткізуші тілдік бірліктер.
   6. Прагматикалық лингвитиканың қатысымдық табиғаты
   7. Газет мәтініндегі әсер ету қызметінің көрінісі.
   8. Газет мәтінінің әсер ету қызметінің көрінісі.
        5.9  Прагматикадағы тілге әсер ететін экстралингвитикалық мәнділері
      (коммуникативтік жағдаят, мақсат, стратагиялық, тактика)
        5.10 Мәтінді прагматикалық аспект негізінде зерттеу мәселесі
      жайында
         11. Коммуникативтік мақсат және оқырман дүниетанымы
             5.12 Прагмалингвитиканың хабарламалық аспектілері














































6 ӨЗГЕРІСТЕРДІ ТІРКЕУ ПАРАҒЫ
|Өзгерістің |Құжаттың   |Өзгеріс    |Хабарламаның   |Өзгеріс енгізілді      |
|рет нөмірі |тарауы     |түрі       |нөмірі және    |                       |
|           |пункті     |(ауыстыру, |күні           |                       |
|           |           |жою, қосу) |               |                       |
|           |           |           |               |Күні      |Аты-жөні,   |
|           |           |           |               |          |қолы,       |
|           |           |           |               |          |қызметі     |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |



6. ӘРІПТЕСТЕРДІҢ ТАНЫСУЫ
|№   |Қызметі  |Аты-жөні         |Уақыт|Қолы  |Өзгерту №   |Уақыты   |Қолы  |
|о/қ |         |                 |ы    |      |            |         |      |
|    |         |                 |     |      |            |         |      |
|    |         |                 |     |      |            |         |      |
|    |         |                 |     |      |            |         |      |
|    |         |                 |     |      |            |         |      |
|    |         |                 |     |      |            |         |      |
|    |         |                 |     |      |            |         |      |
|    |         |                 |     |      |            |         |      |
|    |         |                 |     |      |            |         |      |
|    |         |                 |     |      |            |         |      |
|    |         |                 |     |      |            |         |      |
|    |         |                 |     |      |            |         |      |
|    |         |                 |     |      |            |         |      |
|    |         |                 |     |      |            |         |      |
|    |         |                 |     |      |            |         |      |
|    |         |                 |     |      |            |         |      |
|    |         |                 |     |      |            |         |      |
|    |         |                 |     |      |            |         |      |
|    |         |                 |     |      |            |         |      |
|    |         |                 |     |      |            |         |      |
|    |         |                 |     |      |            |         |      |
|    |         |                 |     |      |            |         |      |
|    |         |                 |     |      |            |         |      |
|    |         |                 |     |      |            |         |      |
|    |         |                 |     |      |            |         |      |
|    |         |                 |     |      |            |         |      |
|    |         |                 |     |      |            |         |      |
|    |         |                 |     |      |            |         |      |
|    |         |                 |     |      |            |         |      |
|    |         |                 |     |      |            |         |      |
|    |         |                 |     |      |            |         |      |
|    |         |                 |     |      |            |         |      |
|    |         |                 |     |      |            |         |      |
|    |         |                 |     |      |            |         |      |
|    |         |                 |     |      |            |         |      |
|    |         |                 |     |      |            |         |      |
|    |         |                 |     |      |            |         |      |

Пәндер