Файл қосу
Қазақ әдебиетінің тарихы
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті Филологиясы факультеті Қазақ әдебиеті кафедрасы ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ пәні бойынша оқу әдістемелік кешені «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті», «Филология» мамандықтарының І курсына арналған Семей –2013 ж. Құрастырушы: Ақтанова А.С. Қазақ әдебиеті кафедрасы «____» ________________2013 ж. ________ кафедра отырысында № ____ хаттамада бекітілген. Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к.: _______ Ақтанова А.С. Қазақ филологиясы факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен №___ хаттама ____ _________2013 ж. талқыланған. Филологиясы факультетінің Ғылыми кеңесінде бекітілді. №_____ хаттама «_____» ____________ 2013ж ОӘК төрайымы ________ (қолы) Филологиясы факультетінің деканы, ф.ғ.к.: Қадыров А.Қ. МАЗМҰНЫ Дәріс сабақтарының тезисі...................................................................... ............. Семинар сабақтарының тезисі...................................................................... ........ Студенттердің оқытушы басшылығымен орындайтын жұмыстарына әдістемелік нұсқаулықтар................................................................ .......... Студенттердің өз бетімен орындайтын жұмыстарына нұсқаулықтар................................................................ ............................. Курс бойынша жазбаша жұмыстардың тақырыптары ............................................. Курс бойынша тест тапсырмалары ............................................................................ .. Курс бойынша емтихан сұрақтары ............................................................................ . ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН «Қазақ халық ауыз әдебиеті»пәнінің оқу-әдістемелік кешені Оқу әдістемелік кешенге түйіндеме ОӘК және әдебиеттану жөніндегі ғылыми- қолданбалы ақпарат осы заманғы әдебиеттану ғылымының теориясы негізінде терең де ауқымды берілген. Пән мақсаты әдеби көркем шығарманың құрылымы мен мазмұны, тектері мен түрлері, сөз өнерінің қыр-сырын меңгертуді мақсат етеді. Осы ОӘК жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арналған. І СТУДЕНТТІҢ ДӘРІСТІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus) 1.Жалпы мәліметтер: 1.1 Қазақ фольклоры (қазақ халық ауыз әдебиеті) пәні 1.2 Қазақ филологиясы кафедрасы 1.3 Оқытушы – Ақтанова А.С. 1.4 Қатыстық ақпарат: телефон –56-14-47 354558; 1.5 Жүргізілу орны - №3 оқу ғимараты 1.6 Несиелер саны – 2 1.7 Оқу жоспарынан көшірме: |Курс |Сем|Кре|Дәріс|Семи-|СОӨ|Рей- |Бар- |Бақыла| | |ест|дит| |нар |Ж |тинг |лығы |у | | |р | | | | | | |формас| | | | | | | | | |ы | |1 |1 |2 |15 |15 |15 |8,1 |53,1 |Емтиха| | | | | | | | | |н | 1.8 Пәннің пререквизиттері: Қазақ фольклоры (ауыз әдебиеті үлгілері) мектепте оқытылатын ана тілі, әдебиет пәндері мен факультативтік сабақтарда барлық сыныптарға арналған оқу бағдарламары негізінде жүргізіледі. Сондықтан мектеп бағдарламасына сай алған білімдері негізінде студенттер қазақ фольклоры (қазақ халық ауыз әдебиеті) пәнін оқу үшін халық мұраларының синкретті түрі: тұрмыс-салт жырлары, шешендік сөздер, мақал мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, аңыз- әңгімелер, ертегілер, эпостар, тарихи жырлар, айтыс өнері мәтіндерімен; сарындамалар (ғұрып фольклоры үлгілері): салт сөзі, қалып сөзі, ғұрып сөзі халық өнерінің түрлерімен таныс болуы керек. 1.9.Пәннің постреквизиттері: Бұл пән бойынша алынған білім кейінгі семетрлерде оқылатын әдебиеттануға кіріспе, әдебиет теориясы, қазақ әдебиетінің тарихы, қазақ әдебиеті сынының тарихы пәндерін меңгеру үшін қажет. Сондықтан студенттің болашақ мамандығына қажетті теориялық және практикалық білім осы пәнді оқу барысында беріледі. 2.Пәннің қысқаша сипаттамасы: 2.1 Пәнді оқытудың мақсаты: Қазақ фольклорын жеке пән ретінде оқыту арқылы халқымыздың сан ғасыр бойына жасаған рухани мәдениеті – фольклорлық мұраларды терең, жан-жақты таныстыру мақсат етіледі. Мазмұн-мәні терең, әрі көркем халық әдебиетін аса бағалы байлық ретінде оқыта отырып, оның өзінше сыр-сипатын танытып, жастарға тағлым беру көзделеді. 2.2 Пәнді оқыту міндеттері: - фольклордың пайда болуы туралы пікірлер жайлы, фольклордың жанрлары мен түрлері жайында мағлұмат беру; - ауыз әдебиеті мұраларының көп қырлы табиғаты мен туу, таралу, сақталу ерекшеліктері, жанрлардың классификациясы, жанрлық түрлердің бөліну жолдары жайлы ұғым қалыптастыру; - қазақ фольклорының қалыптасу кезеңдерімен таныстыру; - қазақ фольклорының зерттелу тарихы мен фольклор туралы ғылымның ХVIII ғасырда қалыптаса бастауы жайында мәлімет беру; - қазақтың дәстүрлі мәдениетінің бір саласы фольклордың аса құнды рухани байлық екенін түсіне білуге баулу. 2.3 Курс мазмұны: Бұл пән бойынша мынанадай теориялық және практикалық мәселелер қарастырылады: фольклор, халық даналығы, ауызша сөз өнері, халық поэзиясы ұғымдары. Фольклор табиғаты, өмір сүру заңдылықтары. Фольклор және ұлт тарихы. Фольклор жанрлары, классификациялау принциптері. Тұрмыс-салт жырлары, Лирикалық өлеңдер, халықтық проза түрлері, эпос, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, балалар фольклоры т.б. Курс аяқталған соң студент: • Фольклордың өзіндік табиғатын меңгереді; • Қазақ фольклорының қалыптасу, даму кезеңдері жайлы мағлұмат алады. • Қазақ фольклорының өзіндік ерекшеліктері, жанрлары туралы терең білім алады. • Қазақ фольклорының жекелеген нұсқалары, олардың поэтикасы туралы жан- жақты білім алады. • Қазақ фольклорының зерттелу тарихы, фольклортану ғылымының тарихы туралы хабардар болады. • Қазақ халық ауыз әдебиеті мұраларының мәтінімен танысып, олардың идеялық-эстетикалық құндылықтары туралы өзіндік пікір қалыптастырады. • Қазақ фольклорының көркемдік ерекшелігі және жазба әдебиеттің қалыптасуына әсер-ықпалын бағамдай білуге үйренеді. • Қазіргі фольклортанудың өзекті мәселелерімен таныс болады. • теориялық білімді практикада қолдана білуді үйренеді. • зерттеу жұмысына икем-дағдысы қалыптасады. • кәсіби қарым-қатынас жағдайларын меңгереді. 3. Тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі: |Жұмыс түрі|Тапсырма |Әдеби-|Орындау |Баллдар |Бақыла|Тапсыру | | |мақсаты мен |еттер |ұзақтығы |(рейтинг- |у |мерзімі | | |мазмұны | | |шкала |формас| | | | | | |бойынша |ы | | |Ауызша |Студенттер-ді|1 - 34|5-6 апта |5 балл |Коллок|7-апта-да | |жұмыс: |ң өткен | | | |виум | | |мәтінді |материалды | | | |Мәтінд| | |жатқа |естерінде | | | |ік | | |тапсыру |қайта | | | |сынақ | | | |жаңғырту | | | |алу | | | |білімнің | | | | | | | |сақталу | | | | | | | |деңгейін | | | | | | | |бағалау. | | | | | | | |Мәнерлеп оқу | | | | | | | |дағдысын | | | | | | | |қалыптастыру | | | | | | |Жазбаша |Студент-терді|1 - 34|1-7 апта | |1-кред|7-апта-да | |жұмыс: |ң | |аралығынд|4 балл; |ит: | | |реферат. |ғылыми-теория| |а | |бақыла| | | |лық | |8-15 апта| |у |15аптада. | | |еңбектермен | |аралығынд|Реферат – |жазу; | | | |жұмыс істей | |а |10 балл. |2-кред| | | |алу, түйінді| | | |ит-реф| | | |ойларды | | | |ерат | | | |жіктеп ала | | | |қорғау| | | |білу дағдысын| | | |. | | | |бағалау. | | | | | | |Жазбаша |Студенттердің|1 - 39|13-14апта|20 балл |Тест |15 апта | |жұмыс. |өткен | | | |тапсыр| | | |материалды | | | |у | | | |игеру | | | | | | | |деңгейін | | | | | | | |бағалау. | | | | | | 3.1 Әдебиеттер тізімі: Негізгі әдебиеттер: 1. Байтұрсынұлы А. Бес томдық шығармалар жинағы. І,ІІ т. Алматы, 2003,2004. 2. Әуезов М. Әдебиет тарихы. Алматы, 1990. 3. Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті.-Алматы,1974. 4. Садырбаев С.Қазақ халқының әдебиеті. Хрестоматия.-Алматы,1990. 5. Қазақ әдебиетінің тарихы. Iт.1 кіт-Алматы,1960. 6. Қазақ әдебиетінің тарихы. 1т.2кіт.-/Алматы,1964ж/ 7. Қоңыратбаев Ә. Қазақ фольклорының тарихы. /Алматы, 1991ж/ Қосымша әдебиеттер: 8. Бердібаев Р. Сарқылмас қазына. -Алматы, 1983. 9. Қасқабасов С. Қазақтың халық прозасы.-Алматы, 1984. 10. Каскабасов С. Казахская волшебная сказка.-Алматы, 1972. 11. Марғұлан Ежелгі жырлар, аңыздар.-Алматы, 1985. 12. Тұрсынов Е. Генезис казахской бытовой сказки в аспекте связи с первобытным фольклором. - Алматы, 1973. 13. Қоңыратбаев Ә. Қазақ эпосы және түркология. - Алматы, 1987. 14. Қазақ фольклористикасының тарихы. - Алматы, 1988. 15. Тұрсынов Е. Қазақ ауыз әдебиетін жасаушылардың байырғы өкілдері.- Алматы, 1976. 16. Уахатов Б. Қазақтың халық өлеңдері. -Алматы, 1974. 17. Уахатов Б. Қазақтың тұрмыс-салт жырларының типологиясы. - Алматы, 1983. 18. Сейдімбеков А. Мың бір маржан. -Алматы, 1989. 19. Тал бесіктен жер бесікке дейін.- Алматы, 1996. 20. Қазақ бақсы-балгерлері. -Алматы, 1993. 21. Қазақтың мақалдары мен мәтелдері. -Алматы, 1959,2003. 22. Адамбаев Б. Халық даналығы. - Алматы, 1976. 23. Қазақтың халық жұмбақтары. - Алматы, 1959. 24. Әлімбаев М. Жұмбақтар.-Алматы, 1978. 25. Әлменұлы Б. Шешендік сөздер.-Алматы, 1969. 26. Ысмаилов Е. Ақындар. - Алматы, 1956. 27. Әуезов М., Собалев Л. Қазақ-халқының эпосты мен фольклоры.//Уақыт және әдебиет. - Алматы, 1962. 28. Қазақтың қазіргі халық поэзиясы. -Алматы, 1973. 29. Байтұрсынов А. Ақ жол. - Алматы, 1991. 30. Досмұхамедұлы Х. Аламан. - Алматы, 1991. 31. Сейдеханов К. Қазақтың Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі халық поэзиясы. - Алматы, 1974. 32. Ыбыраев Ш. Эпос әлемі.-Алматы, 1993. 33. Ғабдулин М. Сыдыков Қ. Қазақ халқының батырлар жыры. -Алматы, 1972. 34. Жұмалиев Қ. Қазақ эпосы мен әдебиет тарихының мәселелері. -Алматы, 1958. 35. Жармұхамедов М. Айтыстың даму жолдары.-Алматы, 1976. 36. Ақ сандық, көк сандық. Балалар фольклоры.-Алматы, 1988. 37. Радлов В.В. Алтын сандық. Алматы, 1993. 38. Қосымова Г. Қазақ ешендік өнерінің негіздері және тілдік таным. Алматы, 2005. 39. Наурыз: жаңарған салт-дәстүрлер. Алматы, 1991. 40. Қалиев С. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. Алматы, 1994. 41. Боздағым: қазақтың жоқтау жырлары. Алматы, 1990. 42. Адамбаев Б. Шешендік сөздер. Алматы, 1967, 2002. 43. Абылқасымов Б. Фольклор шындығы. Алматы, 1990. 44. Бердібаев Р. Қазақ эпосы. Алматы, 1982. 45. Мұқанов С. Халық мұрасы. Алматы, 1974. 46. Сыдықов Т. Қазақ халқының батырлық жырлары. Алматы, 1972. 47. Дүйсенбаев Ы. Қазақ лиро-эпосы. Алматы, 1973. 48. Шаңырақ (энциклопедия). І-ІІІ том. Алматы, 1993. 49. Әуезов М. Жұмбақтар туралы. Қазақ жұмбақтары. Алматы, 1993. 50. Әлменұлы Б. Шешендік сөздер. Алматы, 1993. 51. Қазақ тарихи жырларының мәселелері. Алматы, 1974. 52. Садырбаев С. Халық әдебиетінің тарихи негіздері. Алматы, 1992. 53. Сейітжанұлы З. Тарихи эпос. Алматы, 1994. 54. Оразақын А. Қара өлең. Алматы, 1997. 55. Қазақ фольклорының типологиясы.Алматы, 1981. 56. Өмірәлиев Қ. Абай офоризмдері. Алматы, 1993. 3.2 Баға қою жайлы мәлімет: Рейтинг- шкала |Бақылау |Баллдар | |формасы | | |Ағымдық |40 | |Аралық |20 | |Қортынды |40 | |Барлығы: |100 | 3.3 Әр түрлі жұмыстарды бағалау шкалалары мен критерийлері: 1. Дәріс – 2 балл 2. Практикалық сабақтардағы жауап -10 балл 3. Реферат жазу және қорғау-10 балл 4. Мәтінді жатқа тапсыру- 5 балл 5. Тест – 20 балл 6. СӨЖ - 5 балл. 7. СӨОЖ – 8 балл. 8. Барлығы: 60 балл 4 Бағалау саясаты Курсты оқу барысында алынған барлық баллдар жинақталып, бір-біріне қосылады. Осы курстан алған ақтық бағаны шығару үшін әрбір тапсырама мен рейтинг бақылауынан алынған баға және емтихан бағаларының қорытындысы бойынша орташа балл есептеледі. Барлық тапсырмаларды көрсетілген уақытында өткізу қажет. Барлық тапсырмаларды қабылдап алу емтиханға 7 күн қалғанда аяқталады. Барлық тапсырманы өткізбеген студенттер емтиханға кіргізілмейді. Жұмысты кеш тапсырсаңыз: қосымша тапсырма беру арқылы жұмыс көлемін ұлғайтылады; Тапсырмалар оқытушы тағайындаған уақытта қабылданады. Емтиханға келмесеңіз: орынды себеп болса, бұрынғы орындалған жұмыстарыңыз есепке алынады; орынсыз себеп болса, тапсырманы орындауыңыз қажет және осы мәселеге қатысты университет саясаты есепке алынады. Әрбір тақырыпты қайталау және өтеу міндетті. Өтілген материалды меңгеру деңгейі тест арқылы тексеріледі. Тест алдын ала ескертілмей өткізіледі. Аудиториялық сабақтарды босатпау, кешікпеу міндетті. Себепсіз сабақтан қалсаңыз: қосымша шығармашылылық жұмыс беріледі (реферат, көркем мәтінге талдау т.б.); Сабаққа екі рет кешігу бір рет сабақ босатылғанға теңгеріледі. Оқу үрдісіне белсенді түрде қатысу қажет. Кеңестер: оқу үрдісінде, қарым-қатынаста компетентті болыңыз; топта және оқытушылармен ашық, сыпайы, шыншыл болыңыз; оқу процесіне белсенді қатысу, топпен жұмыс істей білуіңіз керек; тапсырманы шығармашылылықпен орындаңыз. 2. КУРС БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР 2.1 Курстың тақырыптық жоспары Барлығы (кредит)- 2 |р/с|Пәннің |Дәріс |Семинар |ОСӨЖ |Рейтинг| | |тақырыптары | | | | | |1 |Фольклор, оның |2 | | | | | |ерекшеліктері мен| | | | | | |жіктелуі. | | | | | |2 |Қазақ |1 | | | | | |фольклорының | | | | | | |тарихы және | | | | | | |фольклористика | | | | | | |ғылымы. | | | | | |3 |Ғұрып фольклоры |1 |2 |1 | | | |және тұрмыс салт | | | | | | |жырлары. | | | | | |4 |Мақал-мәтелдер. |1 |1 |1 |1,1 | |5 |Жұмбақ, |1 |1 |1 | | | |жаңылтпаш, өтірік| | | | | | |өлең. | | | | | |6 |Шешендік сөздер. |1 |2 |2 |2 | |7 |Аңыздар. |1 |1 |1 | | |8 |Ертегілер. |1 |1 |2 |1 | |9 |Эпостық жырлар. |2 |2 |2 |2 | |10 |Тарихи жырлар. |1 |2 |2 |2 | |11 |Айтыс өнері және |2 |2 |2 | | | |қазіргі қазақ | | | | | | |поэтикасы. | | | | | |12 |Балалар фольклоры|1 |1 |1 | | | |және бала | | | | | | |тәрбиелеу | | | | | | |ғұрыптары. | | | | | |Барлығы |15 |15 |15 |8,1 | 2.2. Дәріс сабақтарының тезисі 1-дәріс: Фольклор, оның ерекшеліктері мен жіктелуі. «Халық әдебиеті», «Фольклор», «Ауыз әдебиеті», «Халық поэзиясы», «Халық сөз өнері» деген атаулардың ерекшеліктері. Фольклортанудың тіл, этнография, тарих, философия, музыкамен байланысы. Фольклордың пайда болуы, жанрлар ме түрлері. Фольклордың көп қырлы болмыс-бітімі, әдет- ғұрыппен байланысы. Ауызша сөз өнерінің синкреттік сипатының басым болуы мен вариантты болып келуі. Фольклор халықтың үміт арманын, тарихи- әлеуметтік құбылыстар туралы түсінігі мен бағасын көрсететіндігі. Танымдық, тәрбиелік, эстетикалық қызметттері. Әдебиеттер:1-7,29,31,34,43,52,55. 2-дәріс: Қазақ фольклорының тарихы және фольклористика ғылымы. Қазақ фольклорының қалыптасуы өте ұзақ та күрделі процесс. Рулық қоғамдағы фольклор үлігілеріне миф, еретегі, аңыз, әпсана, бақсы сарыны, арбау, байлау өлеңдері т.б. жанрларды жатқызамыз. Бұл дәуірде қалыптасқан халық қазынасы халықтық дүниетанмның ең ерте дәуірлерінегі зороастризм, шаманизм, анимизм, тотемизмге байланысты туып қалыптасқан. Қазақ эпостарының осы күнгі бастамалары ерте замандардағы патриархалдық рулық құрылыс кезінде қалыптасқан. Эпос жанрының ішінде көне эпос дәл осы дәуірдің көркем мұрасы. Орта ғасырлардағы фольклор үлгілеріне батырлық эпос, ғашықтық эпос, ертегі, аңыз, әпсана жанрлары жатады. Түркі қағанаты, орта ғасыр, қазақ хандығы кезіндегі ауыз әдебиетінің дамуы. Түркі жазба ескерткіштері, ақындық, жыраулық поэзияның фольклорға ықпалы зор болды. Фольклордың ең өзекті тақырыбы- елдік пен ерлікті жырлау. Қазақ халқының жоңғарларға қарсы ерлік күресі фолшьклорда кеңінен сөз болды. Қазақстанның Ресейдің боданы болуына байланысты фольклорда жаңа тақырыптар пайда болды. 1916ж. ұлт-азаттық көретіліс, 1941-45ж.ж. ІІ Дүниежүзілік соғысы арнау, жоқтау, сәлем хат, қоштасу тәрізді лирикалық жыр жанралрының қайта жаңғырған кезеңі еді. ІІ Дүнижүзілік соғыс кезіндегі халық поэзиясы. Қазақ фольклорының зерттелу тарихы және фольклористика ғылымының тарихы. Қазақ ауыз әдебиетін зерттеу шын мәнінде бірнеше ғасырлық тарихы бар келелі іс. Қазақ фольклоры туралы ғылым ХУІІІ ғ. қалыптаса бастады. ХІХ ғ. І жартысында қазақ фольклорының этнографиялық бағытта зерттелді. ХХғ. бас кезіндегі қазақ фольклоры жаййында мәселелр көтеріліп, газет-журналдарда халық мұрасын жинау, зерттеу, бағалау хақында пікірлер айтылды. (А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев, М.Ж.Көпеев, С.Сейфуллин, М:Әуезов, С.Мұқанов т.б.) 30ж.ж. кеңестік дәуірдергі халық творчествосын зерттеу одақтық көлемде қолға алына бастады. М.Әуезовтің «Қазақ халқының эпосы мен фольклоры»(1939), С.Мұқановтың «Батырлар жыры» (1939), Қ.Жұмалиевтің «Халық поэмалары» (1939), Ә.Марғұланның «Қазақ эпосын тудырған мотивтер» (1939) т.б. еңбектері жарияланды. 40-50ж.ж. қазақ фольклорының жанрларын монографиялық көлемде зерттеу қолға алынды. 70- 80ж.ж. қазақ фолклортану ғылымының үлкен белесті кезеңі болды. Ғылымға Р.Бердібаев, С.Қасқабасов, Е.Тұрсынов, Б,Абылқасымов, Ш.Ыбыраев, Б.Адамбаев, Ә.Қоңыратбаев сынды ғалымдар келді. Қазақ фольклорының поэтикасы, тарихилығы, эстеткиасы т.б. өзекті мәселелер зерттеу нысанасына алынды. Әдебиеттер:1-7,14,15,16,17,34,43,45,52,54,55. 3-дәріс: Ғұрып фольклоры және тұрмыс салт жырлары. Қазақтың отбасылық, маусыимдық және бақташылық ғұрып фольклоры. Бала өсіру, үйлену және жаназалау ғұрыптары. Тұрмыс-салт жырлары: бақташылық, діни, татемдік, ұлыс, бөбек, үйлену, жаназалау, лирикалық өлең-жырлар. Тұрмыс-салт өлеңдерінің зерттелуі мен класификациясы. Ш.Уәлиханов, В.Радлов, М.Әуезов жіктеулері. Еңбек кәсіпке байланысты өлеңдер халықтың тұрмыс-тіршілігіне, күнкөріс кәсібіне байланысты туатындығы. Аңшылық, егіншілік, малшылық, наурыз өлеңдерінің ерекшелігі. Бір шоғыр өлеңдер үйлену салтына байланысты айтылатындығы. Олар «Тойбастар», «Тойтарқар», «Жар-жар», «Сыңсу», «Беташар» өлеңдері қыз ұзатып, келін түсіруге байланысты айтылуы. Тұрмыс-салт жырларыны ңкейбірі адам қайтыс болғанда («Естірту», «Көңіл айту», «Жоқтау») айтылады. Ал наным-сенімге байланысты айтылатын тағы бір топ өлеңдер («Бәдік», «Арбау», «Бақсы сарыны», «Жарапазан») бар. Бұл өлеңдер әр түрлі мақсатта айтылады. «Бәдік», «Бақсы сарыны» емдеу үшін, «Арбау-байлау» өлеңдері сөз арқылы әсер ету ретінде айтылады. Халық лирикасының жанрлық ерекшеліктері. Лирикалық Өлеңдер қара өлең, тарихи өлең, ән-һөлең болып үшке бөлініп, түрлі тақырыпты қамтиды. Қара өлең он бір буынды, төрт тармақты, үш жолы ұйқасқа (а,аб,а) құрылады. Қара өлең әнмн айтылып, айырмасы болатындығы. Тарихи өлең болған оқиға негізінде туады. «Қаратаудың басынан көш келеді» атты өлең жоңғар шапқыншылығына байланысты туса, «Ақмешітті алу», «Дәметкеннің зары», «Жанкісінің Битемірге айтқаны» қатарды өлеңдер орыс отарлаушылары мен ұлт азаттық көтеріліске байланысты туған. Ән өлең бір адамның ішкі сезімі, көңіл күйіне орай туып, әнмен орындалады. Әдебиеттер:1-7,9,16,18,19,20,31,34,36,39,40,41,48,5254. 4-дәріс: Мақал-мәтелдер. Мақал-мәтелдердің жанрлық белгілері мен класификациялаудың принциптері. Тақырыптық, логикалық-семантикалық жіктеулер туралы түсінік. Мақал- мәтелдердің жиналуы мен зерттелуі және тура және ауыспалы мағыналары. Құрылысы жағынан ықшам болып, ырғақ, ұйқасқа құрылатындығы. Мақал мен мәтелдің айырмашылығы. Мақалда түсінік пен қорытынды қатар айтылып, ой тиянақты келсе, мәтелде ой ишара, тұспалмен беріледі. Мақал-мәтелдердің тақырыбы халық өмірінің барлық саласын қамтиды. Мақалда тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні айтылады. Мақал-мәтелдердің қанатты сөз, афоризмдерден айырмашылығы. Әдебиеттер:1-7,18,21,56. 5-дәріс: Жұмбақ, жаңылтпаш, өтірік өлең. Қазақ жұмбақтарының жиналу, зерттелу тарихы. Жанрлық белгілері мен жасалу жолдары. Жұмбақтардың шығуына таудың әсері. Жұмбақ заттардың қызметіне, дәміне, түсіне, сыртқы көрінісіне, дыбысына, қандай нәрседен жасалатыныына қарай ойластырылады. Жұмбақ - өмірдегі зат пен құбылысты тану құралы. Жұмбақтар басқа жанрлармен (ертегі, айтыс, мақал-мәтел, шешендік сөздер) байланысты болады. Жаңылтпаш көбіне тез айтуға құралады. Балалардың тілін дамытады, кейде ойын үстінде үлкендер де айтады. Өтірік өлең өмірде болмайтын жағдайларды өлеңге айналдырады. Өтірікті шындыққа айналдырып айту үлкен тапқырылқты талап етеді. Әдебиеттер:1-7,23,24,36,49. 6-дәріс: Шешендік сөздер. Шешендік сөздер ақындар айтысы секілді, халық ауыз әдебиетінің өзіндік ерекшеліктерін көрсететін жанрларының бірі. Әдетте, шешендік өнер айтыс- дауда туып, дамиды. Философиялық терең ойға құрылған шешендік сөздер сайысы тек қазақ халқы ғана емес әлемдік әдебиеттің ежелгі дәуірлеріндегі халықтың көбіне тән. Дәстүрлі шешендік сөздер дегеніміз – белгілі бір мәселеге байланысты тапқыр ой, көркем тілмен айтылған және халық жиі қолданып,сәйлемдік құрамы қалыптасқан жүйелі,үлгілі сөздер. Шешендік сөздерді шартты түрде мазмұнына қарай үшке бәлеміз: шешендік арнау, шешендік толғау, шешендік дау. Шешендік арнау – белгілі бір адамға арнайы айтылған сәлем, сын, әзіл және бата сөздер. Шешендік толғау сөздер. Шешендік арнау сөздер адамдар арасындағы қарым-қатынас пен көңіл-күйін бейнелесе,шешендік толғау халықтың табиғат құбылыстары мен өмір өзгешеліктеріне өзіндік көзқарасын көрсетеді. Шешендік дау-қазақ қауымының заттық және даулы мәселелерді шешетін ежелгі әдет заңынан елес береді. Шешендік Дауды мазмұнына қарай шартты түрде жер дауы, жесір дауы, құл дауы,мал дауы және ар дауы деп беске бөлуге болады. Әдебиеттер:1-7,22,25,37,38,42,45,50. 7-дәріс: Аңыздар. Аңыз, жылнама, миф, шежіре қай елде болса да, бар. Қазақ халық ауыз әдебиеті аңыз, миф, әңгімелерге аса бай. Халық прозасының ертегіге жатпайтын жанрлары өзінің табиғаты мен мүддесіне қарай баяндап отырған оқиғаларын шын етіп көрсетуге тырысады, әрбір фактіні өмірде болады деп хабарлайды. 1.Аңыз, әпсана, миф, хикая мен әңгімедегі баяндалған оқиға шын болып көрінуге тиіс, өйтпегенде ол шығармалардың тыңдаушы үшін құны болмайды. 2.Аңыздық прорзада қиял саналы түрде пайдаланылмайды. 3.Баяндаушы аңыздың немесе хикаяның көркемдігін әрлендіріп жатпайды, оның міндеті – қажетті мәліметті, оқиғаны хабарлау. 4.Танымдық қызметі басым ( ғибрат, білім беру). Миф – дүниенің, жаратылыстың әр түрлі құбылыстар мен жердің жаратылуын, адамзаттың алғашқы қалай пайда болғанын және аңдар мен құстардың шығу тегі мен мінез-құлқын, ерекшеліктерін түсіндіріп, баяндайтын прозалық шығармалар. Хикая дегеніміз – ел өмірде бар деп сенген неше түрлі жезтырнақ, үббе, албасты, күлдіргіш, жалғыз көзді дәу, шайтан, пері, дию сияқты нәрселері туралы діни-нанымға негізделген әңгімелер. Аңыз дегеніміз – бір мекеннің, жергілікті жердің, я болмаса бір тайпаның, рудың ауызекі шежіресі. Әпсана (легенда)- дегеніміз қазақ фолклорының ертегіге жатпайтын қиял мен кереметтік элементтерін мол пайдаланатын және бір шындық оқиғаны, кейіпкерді, мекенді қамтитын бірақ мұсылмандық дінге негізделмеген әңгіме. Аңыздар олардың түрлері. Аңыздардың тарихи негіздері. Әдебиеттер:1-7,9,10,11,20,37,43,45,52. 8-дәріс: Ертегілер. Барлық елдердің фольклорынан мол орын алатын жанрлардың бір түрі - ертегілер. Ертегілер көбінесе қара сөз үлгісінде айтылатындықтан, оны халықтың ерте заманда шығарған көркем әңгімесі дейміз. Қазақ ертегілерінің ел арасынан жиналып хатқа түсуі, баспа жүзіне шығуы ХІХғ. II жартысынан басталады. Бұл ретте Ш.Уәлиханов, Г.Н. Потанин, В.В.Радлов, Ә.Диваевтан бастап бірнеше кезеңдердің ғалымдары еңбек сіңірген. Ертегі жанрының мақсаты - тыңдаушыға ғибрат беру ғана емес, сонымен бірге эстетикалық ләззат беру. Ертегі жанрының функциясы кең, ол әрі тәрбиелік әрі көркем- эстетикалық роль атқарады. Ертегілік прозаның басты мақсаты - сюжетті барынша ғажайыпты етіп, көркемдеп, әсерлеп баяндау. Демек, ертегі шындыққа бағытталмайды, қайта керісінше, әсірелеуді міндет тұтады. Жануарлар туралы ертегінің түп-төркіні адамзат тарихының ең арғы заманында, аңшылық өмір кезінде жатыр. Қиял-ғажайып ертегілер - қазақ ауыз әдебиетінің ең көне жанрларының бірі. Алғашқы қауымдық қоғамда дамыған. Сондықтан бұл ертегілерде адамзаттың ертедегі өмірінің көптеген белгілері сақталған. (Матриархат дәуірі, анимизм, тотемизм, магия сияқты діни наным –сенімдер). Қиял-ғажайып ертегілердің сюжеті мен поэтикасына, құрылымына батырлық жырлар үлкен әсер еткен. Әдебиеттер:1-7,9,10,11,12,15,37,45. 9-дәріс: Эпостық жырлар. Қазақ фольклорының тарихи сипаты басым көркем де құнды саласы-эпостық жырлар.Эпос деп оқиғасы ел өмірінен алынып, образдары ірі әрі кемелді түрде жасалып, батырлық немесе ғашықтық сюжетке құрылған үлкен-үлкен эпикалық жыр-дастандарды айтамыз. Қазақ эпосының түрлері: 1.Көне эпос; 2.Батырлық эпос; 3.Ғашықтық эпос; 4.Тарихи эпос. Қазақтың көне эпостарына: «Құламерген, Жоямерген», «Таласбай мерген», «Дотан батыр», «Құбығұл», «Мұңлық-Зарлық» жатады. Алғашқы адамдарының дүниетанымын көркем елестететін мифтік, ертегілік, аңыздық оқиғаларға құрылған эпикалық туындылардың ортақ белгілері: 1. Қипял-ғжайып оқиға күрделі орын алады, адам баласына қаскөй күштер:жезтырнақ, дию, аждаһалар, албастылармен күрес, оларды жеңіп барып мұратқа жету көрсетіледі.2. Көне эпоста дүниенің жаралуы туралы мифтік ұғымдар көрініс тапқан. 3. Анаеркі (матриархат) дәуірінің ыдырап, атаеркі (патриархат) кезеңінің салты орныға бастаған шақтың сипаттарын танытатын оқиғалар кездеседі. 4.Көне эпосыта ертедегі аңшылық өмірдің суреттері неғұрлым көбірек сақталған. 5. Адамдардың сиқырлы күштерге сенуі (анимизм,тотемизм т.б.), жан-жануарлардың, өсімдік дүниесінің жаны, иесі бар деп есептеушілігі эпикалық шығырмаларда өз ізін қалдырған. 6.Баласыздық тақсіреті, әулиелер аралап, мінәжат етіп жүріп перзентті болушылық, түс көру, аян беру, болашақ қаһарманның ғажайып тууы тәрізді мотивтер сюжетке негіз болады.7.Қаһарманның жедел есеюі, жүйрік ат таңдап мініп, қауіпті алыс сапарға аттануы, жол жөнекей алуан түрлі жыртқыш, сиқырлы қас күштермен кездесуі, батырлықпен үйленуі-көне эпоста кең таралған құбылыс. Әрбір халықтың эпостық жырларының қатарынан батырлар жырының алатын орны үлкен. Батырлар жыры елдің сандаған ғасырларда бастан кешкен тарихын, салт-санасын көркем жинақтайды, түрлі оқиғаларға өзіндік көз-қарасын белгілейді, алдан күткен арманын білдіреді. Тарихта болған белгілі оқиғалар мен істердің дәлме-дәл шежіресі, көшірмесі болғанмен қаһармандық эпос сондай құбылыстардың терең тұжырымын аңғартады. Батырлар жырында ерлік, отан сүйгіштік қасиеттер асқақтата жырланады. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз мінез, қасиеттерді әсірелеп беру эпосқа тән қасиет. Әдебиеттер:1-7,8,11,13,14,27,32,33,34,44,45,46,47,55. 10-дәріс:Тарихи жырлар. Тарихи жырлардың ең басты ерекшеліктері өмірде болған оқиға негізінде туатындығы. Тарихи жырларға алғаш назар аударған Ш.Уәлиханов болса, одан бері А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, Х.Досмұхамедұлы, М.Әуезов, Е.Ысмайылов т.б. ғалымдар пікір айтып анықтама берген. ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы тарихи жырларға «Абылай хан», «Қабанбай батыр», «Бөгенбай батыр», «ОЛжабай батыр», «Бекет», «Жанқжа батыр», «Сұраншы батыр», «Исатай-Махамбет » т.б. жырлары жатады. Бұл топтағы жырлардағы басты қаһармандар жоңғар қалмақтары мен ҚоқанХиуа хандықтарның озбырлығына қарсы күрескендіктен аталған жырлардың тақырыбы елді-жерді қорғау болып келеді. Әдебиеттер:1-7,13,27,32,34,43,44,45,51,52,53. 11-дәріс:Айтыс өнері және қазіргі халық поэзиясы. Айтыс атауының мағынасы. Айтыс қазақтан басқа кейбір елдерде (Индия, Араб, Франция, Қырғыз т.б.) болатындығы. Айтыс көпшіліктің көз алдында өсетіндіктен табанда тауып айту басты шарт. Қарсы ақынның сөзіне ұтымды да ұтқыр жауап қайтара білу керек. Айтыстың бірнеше түрі бар. Олар қыз бен жігіт айтысы, ақындар, әдет-салт айтысы, жұмбақ айтысы т..б болып бөлінеді. Айтыс ХІХ ғасырда кеңінен дамыған. Көптеген белгілі ақындар (Сүйінбай, Шөже, Жанақ, Құлмамбет, Кемпірбай, Әсет, Біржан, Сара, Ұлбике, Ырысжан, Майкөт, Түбек, Манат қыз т.б.) айтыс мектебін өту арқылы көпке танылған. Қазіргі заман халық поэзиясының өкілдері: Ж.Жабаев, И.Байзақов, Н.Байғанин, К.Әзірбаев, О.Шипин, Н.Бекжанов, Т.Көбдіков, Қ.Жапсарбаев, І.Манкин т.б. ақындар екендігі. Бұлардың басты басты ерекшелігі – қолма-қол төгіп айтатын импровизатор екендіктері. Ақпа ақындардың сынға түсіп, танылатын жері-шары топ, торқалы жиын, қызған айтыс үсті. Халық ақындарының шығармаларында фольклордағы ортақ дәстүрлер мен ортақ мотивтер басым көрінеді. Суырып салып жырлау – біртіндеп жетілетін қасиет. Бұл топтағы ақындар үлкен эпикалық жырлардың туып-қалыптасуына айтарлықтай үлес қосқан тұғалар. Халық ақындары өз заманнының шындығын жырлап, үнемі халықтық мүдде тұрғысынан сөйлейтін өнер иелері. Әдебиеттер:17,26,28,29,31,35,37,45,52,55. 12-дәріс: Балалар фольклоры және бала тәрбиелеу ғұрыптары Балалар фольклоры деген ұғымның ауқымы кең. Бұған ауыз әдебиетінің көптеген жанрлары мен жанрлық түрлері жатады. Балалар фольклорының арнайы сала болып бөліну себебі оның өзіне тән көптеген ерекшеліктерінің болуында. Халқымыздың балалар фольклоры жанрлық құрамы жағынан сан салалы, олардың атқаратын қызметі де түрліше. Зерттеу еңбектерде оларды үлкендердің балаларға арнап шығарған, бірақ негізінен балалрдың репертуарында сақталған шығармалар және балалардың өздері таратқан өлең-жырлар деп екіге бөлу қалыптасқан. Балалар фольклорының халық педагогикасымен тығыз байланысты. Балалар фольклорының үлкен бір саласы - ойын өлеңдері.Тілі шығып, сөйлей бастағаннан, кәмелетке толып, есейген шағына дейін баланың жасына лайықты сан түрлі ойын ойналған. («Саусақ санау», «Қуырмаш», «Бес саусақ», «Соқыр теке», «Кім ұшты?», «Қаламақ», «Сұрамақ» т.б.). Балалар фольклоры балалардың ойын ұштап, қиялына қанат беріп, әдемілікке, әсемдікке тәрбиелеп қана қоймайды, сонымен бірге тапқырлыққа, шешендікке де баулиды. Әдебиеттер. 1-7,19,29,36,37,339,40,45,48,54,56. 2.3.Семинар сабақтарының жоспары №1семинар. Тақырыбы:Ғұрып фольклоры және тұрмыс-салт жылары 1. Халық өлеңдерінің зерттелу тарихы мен класификациясы. 2. Ш.Уәлиханов, В.Радловтың халық өлеңдерін жіктеуі. 3. А.Байтұрсынұлының фольклор мұраларын жіктеуі. Сарындама. 4. Қазіргі зертелу жайы және класификациялаудың проблемалары, жанрдың сипаттамасы. 5. Тұрмыс-салт жырлардың үй-іші, шаруашылық, еңбек процестеріндегі түрлі салт-ырым, әдет-ғұрып, наным-сенімдермен байланысы. 6. Еңбек кәсіппен байланысты туған өлең жырлардың жанрлық түрлері. 7. Наным-сенімдерге байланысты өлеңдер. 8. Үй-іші салтына байланысты өлең түрлері. 9. Қара өлең, ән өлең, тарихи өлеңдер. 10. Лирикалық өлеңдердегіқазақ халқының эстетикалық дүниетанымы. №1 семинар бойынша тапсырмалар. 1. Бақсы сарынын жатқа оқу. 2. Бәдік жырын жатқа оқы. 3. Жар-жарды жатқа оқы. 4. Сыңсуды жатқа оқы. 5. Қоштасуды жатқа оқы. 6. Жұбатуды жатқа оқы. 7. Махаббат, туған жер, еңбек-кәсіп, тәлім-тәрбие т.б. тақырыптағы қара өлеңдерден жатқа оқу. 8. Халық әндерінің 1-2 мәтінін жатқа оқу. 9. Тарихи өлеңдердің 1-2 мәтінін жатқа оқу. Әдебиеттер:1-7,14,16,17,18,29,32,34,37,38,39,46,50,52. № 2 семинар. Тақырыбы: Мақалдар мен мәтелдер 1. Мақал-мәтелдердің жанрлық белгілері мен классификациялаудың принциптері. 2. Тақырыптық, логикалық, семантикалық жіктеулер туралы түсінік. 3. Мақал–мәтелдердің жиналуы мен зерттелуі және оның ауызекі сөйлеу тілімен байланысы. 4. Мақал-мәтелдердің тақырыбы халық өмірінің барлық саласын қамтуы. 5. Мақал-мәтелдердің жалпы және жалқы мағыналары. 6. Құрылысы, ырғақ, ұйқас, үндестік ерекшеліктері. 7. Мәтелдің мақалдан айырмашылығы. 8. Қанатты сөздер, афоризмдермен арақатынасы. Әдебиеттер:1-5,19,21,22,34,47. №3- семинар. Тақырыбы: Жұмбақтар,жаңылтпаштар, өтірік өлең 1. Қазақ жұмбақтарының жиналу, зерттелу тарихы. 2. Жанрлық белгілері. Жұмбақтың жасалу жолдары мен тәсілдері. 3. Жұмбақтың тақырыбы, ондағы халық тұрмысының көрінісі. 4. Жұмбақтың басқа жанрлармен (ертегі, айтыс, мақал-мәтел, шешендік сөздермен байланысы. 5. Жұмбақтардың айтылу формасы мен көркем бейнелеу тәсілдері. 6. Өтірік өлеңнің жанрлық сипаты, шендестіріу.(антитеза мен әсірелеудің ролі). Әдебиеттер:1-7,18,21,56. № 4- семинар: Шешендік сөздер 1. Шешендік сөздердің табиғаты, атқарған қызметі мен қоғамдық мәні. 2. Шешендік сөздердің жиналу және зерттелу тарихы. 3. Жанрлық түрлері. 4. Шешендік арнау. 5. Шешендік толғау. 6. Шешендік дау. 7. Шешендік сөздердің аңыз, мақал-мәтелдермен байланысы. 8. Шешендік сөздердің эстетикалық, тәрбиелік мәні-маңызы. Әдебиеттер:1-7,20,23,35,36,40,43,48. № 5-семинар. Тақырыбы: Ертегілер 1. Халық прозасы туралы түсінік. 2. Ертегілік және аңыздық проза. 3. Ертегілердің жиналуы мен зерттелуі. 4. Ертегілердің жанрлық ерекшелігі, халықтық сипаты. 5. Ертегілердің классификациясы және жанрлық түрлері. 6. Хайуанаттар жайындағы ертегілер. 7. Қиял-ғажайып ертегілер. 8. Батырлық ертегілер. 9. Новеллалық ертегілер. 10. Сатиралық ертегілер. Әдебиеттер: 1-5, 7,8,9,10,13,35,43. №6- семинар. Тақырыбы: Аңыздар 1. Аңыз. Анықтамасы мен жанрлық сипаты. 2. Тарихи, мекендік, күй аңыздары. 3. Әпсана. Анықтамасы, түрлері, аңыздан айырмасы. 4. Хикая. 5. Миф. Мифтік құбылушылық. 6. Аңыздар, олардың тарихи негіздері. Әдебиеттер: 1-5,7,8,9,18,35,41,43,50. №7-семинар: Эпостық жырлар 1. Қазақ эпосының жанрлық классификациясы. 2. Көне эпос. 3. Қаһармандық эпос. 4. Лиро-эпос. 5. Тарихи жырлар. 6. Эпос пен тарих. Әдебиеттер:1-7,9,11,12,25,30,31,32,42,43,44,45,53. №7- семинарға тапсырмалар: 1. «Қобыланды батыр» жырындағы Тайбурылдың шабысын суреттейтін үзіндісін жатқа оқу. 2. «Ер Тарғын» жырындағы Тарғынның монологын жатқа оқу. 3. «Ер Тарғын» жырындағы Ақжүністің портреті берілетін үзіндіні жатқа оқу. 4. «Қыз Жібек» жырындағы Төлегеннің алты қазбен қоштасуын жатқа оқу. 5. «Қыз Жібек» жырындағы Жібектің портреті берілетін үзіндіні жатқа оқу. 6. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырындағы Ай мен Таңсықтың қоштасу жырын жатқа оқу. 7. №8-семинар. Тақырыбы: Тарихи жырлар 1. Тарихи жырлардағы ел мен ер образдары. 2. Тарихи жырлардың зертелуі. 3. Тарихи жырлардағы өмір шындығының суреттелуі. 4. Тарихи жырлардың жіктелуі (Ә.Қоңыратбаевтың зертеулері негізінде). Әдебиеттер:1-7,9,11,12,25,30,31,32,42,43,44,45,53. №9-семинар.Тақырыбы: Айтыс өнері және қазіргі халықпоэзиясы 1. Айтысты мазмұны мен тақырыбына, түріне қарай жіктеу. 2. Әдет-ғұрыппен, салтпен байланысты айтылатын айтыстар: бәдік, жұмбақ, жар- жар айтыстары. 3. Сүре айтыс, түре айтыс, қайым айтыс-айтыс формаларының түрлері. 4. Қыз бен жігіт айтысы. 5. Ақындар айтысы. 6. Айтыстың қазіргі сипаты мен дамуы. 7. Айтыстың көркемдік ерекшеліктері. Әдебиеттер: 1-7, 24,26,30,32,41,42,43,49,50,51. №10- семинар. Тақырыбы: : Балалар фольклоры 1. Балалар фольклорының өзіндік ерекшеліктері мен зерттелу тарихы. 2. Идеялық-көркемдік табиғаты, атқаратын қызметі. 3. Балалар фольклорының халық педагогикасымен байланысы. 4. Балалар фольклорының жанрлары мен жанрлық түрлері. 5. Бөбектерге арналған өлеңдер. 6. Айтылу себебі мен мезгілі, тақырыбы мен стильдік өрнегі. 7. Балалардың өздері орындайтын жырлар. 8. Ойын өлеңдері. 9. Балалар фольклорының поэтикасы. Әдебиеттер. 1-7,17,27,34,35,37,38,43,46,52,54. Әдістемлік нұсқау Семинар тақырыптары, онда қарастырылатын сұрақтар фольклортану ғылымының өзекті теориялық және методологиялық мәселелерін кеңінен қамтиды. Студенттің білімді өз бетімен алуға ұмтылушылығын, ізденімпаздық қабілетін арттыру мақсат етіледі. Студенттен әр семинардың берілген сұрақтарына тыңғылықты әзірленуі талап етіледі. Ол үшін студент көрсетілген әдебиеттер бойынша әрбір сұрақтың мәнін ашатындай конспект әзірлеуі қажет. Бұл біріншіден, білімінің жүйелілігін, үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Екіншіден, дайын конспектінің өздік жұмысты орындау, коллоквиум, кезеңдік және қорытынды бақылауға дайындалу барысында пайдасы зор. Семинардың тақырыбымен танысып алған соң, қажетті әдебиеттерді іріктеп алу керек. Бір сұрақтың айналасында айтылған түрлі авторлардың пікірлеріне іштей салыстырулар жасап, түйінді жерлерін қағаз бетіне түсіру керек. Осы мәселе төңірегіндегі өз ойыңыз қандай, соны дәйектеңіз. Бұдан соң белгілі бір тұжырымды дәлелдеу үшін өзіңіз оқыған көркем туындылардан, сын мақалалардан мысалдар келтіріңіз. Келесі семинарларда алдыңғы өткен сабақтарда дайындаған материалдарыңызды, алған біліміңізді дұрыс пайдалана біліп, жаңа тақырыпппен байланыстырып отырыңыз. Әр тақыпрыпты өткен кезде ұсынылып отырған көркем мәтіндермен мұқият танысып, көрсетілген үзінділерін жатқа оқу қажет. Семинар барысында теориялық мәселелерді меңгерумен қатар мәтінді жатқа білу талап етіледі. Емтихан алдынла мәтіндік тест алынады. 2.4 СТУДЕНТТІҢ ОҚЫТУШЫ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН ОРЫНДАЙТЫН ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫ ШЕГІНДЕГІ САБАҚТАР ЖОСПАРЫ (СОӨЖ) 1. Қазақ халқының мақал – мәтелдерін жаттау. Бұл тақырып бойынша «Мың бір мақал» ойыны ойналады. 2. Қазақ жұмбақтарын жаттау. «Жүз бір жұмбақ» ойыны ойналады. 3. Тұрмыс-салт жырларын жатқа білу. «Ұлт дәстүрі ұмытылмайды» атты сахналық көрініс қойылады. 4. «Қобыланды батыр» жырының түрлі нұсқаларын салыстыра оқу. Бұл тақырып бойынша «Алтын сақа» ойыны ойналады. 5. «Ер Тарғын» жырын оқу. Бұл тақырып бойынша «Алтын сақа» ойыны ойналады. 6. «Қыз Жібек» жырын оқу. Бұл тақырып бойынша «Алтын сақа» ойыны ойналады. 7. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырын оқу. Бұл тақырып бойынша «Алтын сақа» ойыны ойналады. 8. Шешендік сөздердің түрлі жанрларынан (шешендік арнау, шешендік толғау, шешендік дау) жатқа оқу. Бұл тақырып бойынша «Алтын сақа» ойыны ойналады. 9. «Біржан-Сара» айтысынан Біржан мен Сараның өздерін сипаттайтын жерлерінен үзінді жатқа оқу. Бұл тақырып бойынша «Алтын сақа» ойыны ойналады. 10. Айтыс жинағын пайдалана отырып, айтыстың жанрлық түрлерін ажырату. СОӨЖ жүргізу формасы:Пән барысында берілетін материалдарда қайталану болмау үшін СОӨЖ – ге берілген тақырыптардың барлығын ойын түрінде өткіземіз. Әдістемелік нұсқау:Аталмыш тақырыптағы ойындар «Қазақстан» телеарнасында жүретін «Алтын сақа», «Мың бір мақал, Жүз бір жұмбақ» ойындарына негізделеді. СОӨЖ басталмас бұрын телеойынмен танысып алу қажет. Ойындардың барысында студенттің теориялық білімі, белсенділігі, ынтасы және шығармашылық шешім таба білу дағдысы бағаланады. Ойынға бүкіл топ қатысады. 2.5 СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫС ТАПСЫРМАЛАРЫ (СӨЖ) 1-тақырып: Мақалдар мен мәтелдер 1.Төменде келтірілген мақал-мәтелдердің мақалын бір бөлек, мәтелін бір бөлек теріп жаз. «Қазақ әдебиетінің тарихы» (1том, 1 кітап, -Алматы, 1964), Б.Адамбаевтың «Халық даналығы» (- Алматы:Рауан, 1996) атты кітаптарына сүйеніп, олардың мақал немесе мәтел жанрына жатқызылу себебін түсіндір. «Қырғи қабақ болу», «Көпке топырақ шашпа», «Жұмған аузын ашпау», «Ер арыс – аруақ, ат арыса - тулақ», «Төбесінен тік тұру», «Ер айтпас, айтса - қайтпас», «Кеңеспен кескен қол ауырмас», «Ат-тонын ала қашу», «Ауырдың астымен, жеңілдің үстімен», «Көңіл қалмас, көйлек жыртпас», «Берсе – қолынан, бермесе - жолынан», «Соқыр тауыққа бәрі бидай», «Жас бала құстың көлеңкесінен тоңады», «Итпен ойнасаң – үрерсің, баламен ойнасаң - күлерсің» «Тауықтың түсіне тары кіреді», «Той дегенде қубас домалапты», «Таз таранғанша той тарқар», «Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарар», «Халық қартаймайды», «Көпті сөкпе, кенді төкпе». 2. «Үнемі ауырдан жеңілге, қиыннан оңайға қарай ұстарып отыратын жалпы тіл заңына лайық мақал мен мәтелдер де қысқартумен, ықшамдалумен жетіледі. Қазақ мақал-мәтелдерін қысқарта ұстартудың бірнеше тәсілі бар...»- деген Б.Адамбаевтың пікірін нақты мысалдармен дәлелдеп, сол тәсілдерді көрсетіңдер. 3. Төмендегі мақалдарға тән ұйқас түрлерін анықтаңдар. Қазақ мақалдарының жинағын пайдалана отырып, әртүрлі ұйқасқа құрылған мақал- мәтелдерге 5-6 мысал келтіріңдер. Жаман сайға су түссе, Өткел бермес кешуге, Жаман кісіге мал бітсе, Сусын бермес ішуге. *** Қошқар болар қозын Маңдай жер дөң болар. Жақсы болар жігіттің, Етек-жеңі кең болар. *** Өз сөзіңді шекер дейсің, Өзге сөзді бекер дейсің. Өзіңді-өзің хан көтеріп, Өзге жұртты нөкер дейсің. *** Қасқа, жайсаң билер бар, Қасына ерген қулар бар. Бидің басы қауақтай, Қудың басы қуықтай. 2-тақырып: Шешендік сөздер 1. Төменде келтірілген шешендік сөздердің мәтінін мұқият оқып шығып, шешендік сөздердің қай түріне жататынын анықтаңдар. (Шешендік сөздер. –Алматы:Отау, 1992. Құраст. Б.Адамбаев). 1.«АТЫҢ ЖАМАН БОЛСА...» Таймас шешен айтты деген сөз Атың жаман болса, Қамшылай-қамшылай Дәрменің кетер. Балаң жаман болса, Айқайлай-айқайлай Қадірің кетер. Қатының жаман болса Кедейлік жуық болар Шайың суық болар. Наның күйік болар. Көңіліңе қайғы толар. Үйіңнен мейман кетер, Кедейлік қуып жетер. (51-б.) 2. БҰЛ ДҮНИЕДЕ НЕ ЖЕТІМ? - Бұл дүниеде не жетім? Санай берсең көп жетім. Үйрек-қаз қалқып ұшпаса, Дария-шалқар көл жетім. Ел жағалай қонбаса, Бетегелі бел жетім. Ұлығы әділ болмаса, Төресін түзу бермесе, Болады байтақ ел жетім. Өз бетімен білмесе, Айтқан сөзге ермесе, Ұқпасқа айтқан сөз жетім. Замандасы болмаса, Өңкей жастың ішінде Қария болар тез жетім. Қара қасты, қыпша бел Сылаңдаса алдыңда, Сөзіңді қабыл алмаса, Құр қараған көз жетім.(73-б.) 3. ...Боран жас кезінде жарлы болып, Жантай деген байға жалданады. Жантай тынышсыз адам болып, ұрыс шығарып, Боранның қолы Жанатйға тиеді. Жантай Боранның маған қолы тиді деп билерге Боранның үстінен шағым береді. Алқа-қотан отырған билер Боранға сөз береді. Сонда Боран былай дейді: Жалға жүрдім Жағалбайлы Жантайға, Бір тай алмақ болып алты айда. Жарымадым асына, Тұман түсті басыма, Шайтан болып ұрысып, Қолым тиді басына. Уа, билер, жақсылар, Бірің қайың, бірің тал. Бірің шекер, бірің бал. Айтып-айтпай немене, Бәріңе мәлім біздің хал. Бірің балға, бірің төс, Бірің айт та, бірің кес. Алдарыңа салынды іс, Арамға бермей әділ шеш! Отырғандар Боранның ісін мақұлдап, Жантайдан тайын әперіпті. Боран содан кейін сөзге қатысып, шешен атаныпты.(127-б.). 3-тақырып: Батырлар жыры «Қобыланды батыр» жыры/Батырлар жыры. 1том.-Алматы: Жазушы,1986 жылғы басылымы бойынша. 1.Жыр мәтінінде кездесетін төмендегі көнерген сөздердің мағынасын түсіндірме сөздікке сүйеніп түсіндір және осы сөздер кездесетін жыр жолдарын дәптерге түсір:азар, әбдесте, әбілет, бақал, берен, беренжі, жекен, жолым үй, қандек/қандақ, кіріс, көбеңірек, қалбай, қайдақ, қауыс, манат, салқам/салқым, суқар, татыр, телше, тіллә қалқан, халас, чына, ылығ/ылға. 2. Халық ауыз әдебиетінде шығарманың ішкі мәнін ашудың кең таралған тәсілдерінің бірі – символ, яғни, табиғатқа тән құбылыстар мен заттардан алынған бейнелерді қаһарманға не өмір құбылыстарына телу. Мейлінше кең таралған символдар: батыр немесе жас жігітті – «арыстан», «жолбарыс», «қыран», «көкжал», сұлу қызды – «асыранды қаз», «сұқсыр», «қызыл түлкі» т.б. Аталмыш символдар лирикалық өлеңдермен қатар, батырлар жырында, ғашықтық жырларда, тарихи жырларда, ертегілерде де қолданылады. «Қобыланды батыр» жырынан осындай символдарды теріп жазып, олардың мағынасын ашыңдар. Символдардың бағалаушылық сипатына назар аударып, шығарманың жалпы мазмұнымен сабақтастығына баға беріңдер. 3. Символдар тек қаһарман бейнесін сомдауға ғана қызмет етпейді, сонымен қатар, қаһармандардың іс-әрекетіне, шығармада суреттелетін оқиғаларға баға беру үшін де жұмсалады. Мәселен, «Қобыланды батыр» жырындағы «Қаланың алдын шаң қылды, қақпаның алдын қан қылды» деген символдық образ оқиғаның мәнін ашып тұр, шайқастың қаншалықты сұрапыл, ауыр болғандығын айқындап, Қобыландыға тән қаһармандық пен қажырлылықты ашып тұр. Жырдан осындай жалпы мәндегі көркем символдарды табыңдар. Олардың мағынасына түсініктеме жасаңдар. Олардың мәтіндегі көркемдік қызметін анықтаңдар. 4. Жыр мәтінінен қазақ халқының көне наным-сенімдерін танытатын үзінділерді тауып, олардың мәнін, қандай наным-сенім іздерін білдіретінін, мәтіндегі қызметін түсіндіріңдер. «Алпамыс батыр» жыры 1. Жыр мәтінінде кездесетін төмендегі көнерген сөздердің мағынасын түсіндірме сөздікке сүйеніп түсіндір және осы сөздер кездесетін жыр жолдарын дәптерге түсір: алал, аршыға, атбесік, бәчча/батша, бәнт, берен, ғамкүн/ғамгин, ғариқ/ғарық, деңгел, жөш зайыл, зарада, зер, керік, мөһердер, мұштады, наяты/наһаят, нәубет, пайыз, пыстан, рәт/раһат, самалық, сарқана, сота, төлежу, шонық т.б. «Батырлардың іс-әрекетін, жүріс-тұрысын, тұлғасын ұлғайтып көрсету батырлық жырда маңызды орын алады» (Ш.Ыбыраев. Батырлық жырлар//Қазақ әдебиеті.Энциклопедия.- Алматы: «Білік» баспа үйі,1999. 157-158б.б.). Жыр мәтінінен ғалымның осы тұжырымын дәлелдейтін мысалдар келтіріңдер. Жыр табиғатына тән осы ерекшеліктің мәнін түсіндіріңдер. 4-тақырып: Лиро-эпос «ҚОЗЫ КӨРПЕШ - БАЯН СҰЛУ» 1. Жырға жоспар жасаңыз. Үлгі: |1 Аңдағы кезігу | | |2. Құдалық | | |3. | | |4. | | 2. Жырдан диалогтерді тауып, оның маңызын дәлелдеңдер. 3. Баян мен Қозы, Қарабай мен Қодарды сипаттайтын сөздерді теріп алып, бас кейіпкерлер мінезін ашудағы орнын анықтаңдар. Көмек-нұсқау: Қарабай: Үмітсіз дүниеден Қарабаймын. І | |Баян мен Жібек | |1.Негізгі ұқсас | | |қасиеттері | | |2. Өзіндік | | |ерекшеліктері | | ІІ | |Төлеген мен Қозы | |Негізгі ұқсастықтары | | |Өзіндік ерекшеліктері | | ( №4 тақырыптың тапсырмалары Қ.О.Бітібаеваның «Мектеп» баспасынан 2003 жылы шыққан «Әдебиетті тереңдетіп оқыту» атты оқу құралынан алынды.) 5-тақырып:Ертегілер 1. Төмендегі ертегілерді жанрларға жіктеп топтастыр. С.Қасқабасовтың «Қазақтың халық прозасы» (-Алматы, 1984, «Казахская волшебная сказка»(Алматы, 1972) және Е.Тұрсыновтың «Генезис казахской бытовой сказки» (Алматы1973,) атты еңбектеріне сүйеніп, ертегі жанрларының өзіндік ерекшелігін түсіндіріңдер. 2. «Ер Төстік» ертегісіндегі қазақ халқына тән мифологиялық дүниетаным іздерін атап көрсетіңдер. 3.«Ер Төстік» пен «Аяз би» ертегілерін салыстыра отырып, екеуінде кейіпкерлер қалай бейнеленген, әрқайсысының ерекшеліктері неде? Оларды бейнелеудегі сөз қолданыстар, өрнектер қандай? Сол арқылы қиял-ғажайып ертегілер мен шыншыл ертегілердің бір-бірінен айырмашылығын көрсетіңдер. Әдебиеттер:1-56 Әдістемелік нұсқау. СӨЖ тапсырмалары жазбаша жұмыс (бақылау жұмысы) түрінде берілген. Сұрақтарға жауаптарды конспект түрінде дәптерге жазып: 1-кредит бойынша 3,6-апталарда, 2-кредит бойынша 11,14- апталарда СОӨЖ сабағында тексеріледі. 2.7 КУРС БОЙЫНША ЖАЗБАША ЖҰМЫС ТАҚЫРЫПТАРЫ 1- кредит бойынша тапсырма жазу түрінде беріледі. Бақылау жұмысы тақырыптары. 1. Қара өлең. 2. Айтыс. 3. Батырлар жыры. 4. Ғашықтық жырлар. 5. Көне жырлар. 6. Тарихи жырлар. 7. Тарихи өлең. 8. Ертегілер. 9. Әпсаналар. 10. Аңыз жанры. 11. Қазақ фольклортануының тарихы. 12. Фольклор және қазақ әдебиеті. Бақылау жұмысы дегеніміз берілген тақырыптың қысқаша мазмұнын беретін шығарма. Берілген тақырыптардан қалауыңыз бойынша бір тақырып таңдап аласыз. Сіз бақылау жұмысын 12 беттік оқушы дәптеріне жазып өткізесіз. 1-7 апта аралығында дайындалып, 7-аптада СОӨЖ сабағында өткізесіз., Егерде тақырыбыңыз өтіп кетсе 7-аптаға дейін тапсырып тастауға болады. Реферат тақырыптары 1. Реферат. «Ш.Уәлиханов - фольклортанушы». 2. Реферат. «М.Әуезов және қазақ фольклортану ғылымы». 3. Реферат. «Ә.Марғұлан және қазақ фольклортану ғылымы». 4. Реферат. «С.Мұқанов және қазақ фольклортану ғылымы». 5. Реферат. «С.Сейфуллин және қазақ фольклортану ғылымы». 6. Реферат. «Ә.Қоңыратбаев және қазақ фольклортану ғылымы». 7. Реферат. « М.Ғабдуллин және қазақ фольклортану ғылымы». 8. Реферат. «С.Қасқабасов және қазақ фольклортану ғылымы». 9. Реферат. «Ә.Диваев және қазақ фольклортану ғылымы». 10. Реферат. «Г.Н.Потанин және қазақ фольклортану ғылымы». 11. Реферат. «В.В.Радлов және қазақ фольклортану ғылымы». 12. Реферат. «Р.Бердібаев және қазақ фольклортану ғылымы». 13. Реферат. «М.Көпеев және қазақ фольклортану ғылымы». Әдістемелік нұсқау. Берілген реферат тақырыптарынан біреуін қалауыңыз бойынша таңдап аласыз. Реферат 15-аптада СОӨЖ сабағында қабылданады. Реферат А4 форматта жазылады. Қолдан жазылған реферат көлемі 15 бет, ал компьтерден басылған реферат көлемі 10 бет болу керек. Реферат құрылымы: 1) жоспары; кіріспе; негізгі бөлім; қорытынды; қолданылған әдебиеттер тізімі. Сыртқы беті стандартқа сай, компютерге басылған болуы тиіс. Реферат стандартқа сай жазылып, қорғалса – 10 баллға бағаланады. Жай ғана өткізілсе – 4 балл. Әдебиеттер: 1-56 Курстық жұмыстардың тақырыптары: 1. Қазақ фольклортану ғылымының тарихы. 2. Фольклордағы тұтастану құбылысы. 3. Қазақ фольклорының эстетикасы. 4. Қазақ фольклорының поэтикасы. 5. Фольклор және жазба әдебиет. 6. Қазақ фольклорының қалыптасып, даму тарихы. 7. Фольклор және шындық. КУРС БОЙЫНША ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ 1. Қай вариантта батырлардың тұсына сүйікті жарының аты жазылған? А) Гүлбаршын-Қамбар В) Құртқа-Алпамыс С) Кенжекей -Қобыланды Д) Ақжүніс-Тарғын Е) Назым-Төстік 2. Мына тұлпардың иесі қай вариантта дұрыс берілген: А) Тарлан-Қобыланды В) Тайбурыл –Төлеген С) Көкжорға-Алпамыс Д) Қарақасқа-Қамбар Е) Байшұбар- Тарғын 3. Қай жырдағы қай кейіпкердің мұңы? « Әуелеп ұшқан алты қаз, Етің-шекер, сорпаң-баз, Қонар болсаң, жануар, Міне – майдан, міне –саз! Өлмеген құлға, құдая, Болып қапты енді жаз!...» А) «Ер Сайыннан» Ер Сайынның зары В) «Ер Тарғыннан» Тарғынның мұңы С) «Қозы Көрпештегі» Қозының толғауы Д) «Қыз Жібектегі» Төлегеннің қоштасуы Е) « Алпамыстағы» Алпамыстың монологы 4. Қай шығармадан? Кімнің мұңы? «Сор құдықтың басына Сорға бола қонды әкем. Жалмауызға жанынан Қорқып мені берді әкем» А) «Ер Төстіктегі» Төстіктің мұңы В) «Қыз Жібектегі» Сансызбайдың зары С) «Қозы Көрпеш- Баян сұлудағы» қыздың толғауы Д) « Керқұла атты Кендебайдағы» Мергенбайдың торығуы Е) « Едіге батырдағы» Тоқтамыстың сыры 5. Төрт түлік мал туралы сенімде және жырларда айтылатын түйенің пірі: А) Ойсылқара В) Сексек ата С) Қамбар ата Д) Шопан ата Е) Баян 6.Қай жыр осылай басталады? « Бұрынғы өткен заманда Дін мұсылман аманда, Жиделі Байсын жерінде, Қоңырат деген елінде Байбөрі деген болыпты, Кедейліктен бай болып, Төрт түлікке жолықты» А) «Ер Тарғын» В) «Ер Қосай» С) «Едіге батыр» Д) «Қамбар батыр» Е) «Алпамыс батыр» 7. Қай жырдың басталуы осылай? «Уақ ұлы Қамбар екен, Қамбар ұлы Ер Көкше Ер Көкше жас екен, Жаста болса, бас екен...» А) «Қамбар батыр» жыры В) «Ер Қосай» жыры С) «Ер Сайын» жыры Д) «Ер Көкше» жыры Е) «Ер Тарғын» жыры 8. Қай батырдың кімге айтқан сөзі? «Қинады жоқтық жанымды, Ұядан жалғыз баламын Құс етін беріп бағамын Үйдегі екі кәрімді, Оған да назар саламын, Қабатымен алармын Алпыс үйлі арықты, Сеніменен ойнасам, Айналар ісім қиынға» А) Қамбар батырдың Назымға айтқаны. В) Алпамыстың Гүлбаршынға айтқаны С) Тарғынның Ақжүніске айтқаны Д) Қобыландының Құртқаға айтқаны Е) Сайынның Аюбикешке айтқаны 9. Құртқа қай батырдың жары? А) Тарғынның В) Сайынның С) Алпамыстың Д) Қобыландының Е) Едігенің 10. «Қазақ эпосымен әдебиет тарихының мәселелері» /1958/ атты ғылыми еңбектің авторы? А) Қ. Жұмалиев. В) Ы.Дүйсенбаев. С) Б.Кенжебаев. Д) М. Ғабдулин. Е) Е. Ысмаилов. 11. Батырдың аяқтай алмаған шаруасын тындырып, оның кегін алып, жауды жеңетін кім? А) Ағасы. В) Інісі. С) Баласы. Д) Әйелі. Е) Қарындасы. 12. Қай батырдың сөзі? «Күнді бұлт құрсайды, Күнді байқай қарасам, Күн жауарға ұқсайды Айды бұлт құрсайды, Айды байқай қарасам, Түн жауарға ұқсайды. Бойды байқап қарасам, Қол-аяғым көсіліп, Аузы-мұрным ісініп, Хақтың маған бұйрығы Таянғанға ұқсайды.» А) Қобыланды батыр. В) Ер Сайын С) Ер Тарғын Д) Ер Көкше Е) Қамбар батыр 13. Қай жырдағы қай аттың шабысы? «Арандай аузын ашады, Аяғын топ-топ басады. Бір төбенің тозаңын Бір төбеге қосады Кешке таман... Жын қаққанға ұқсады. Құла менен құлжаның, Марал менен бұғының, Ұзатпай алдын тосады. Көл жағалай отырған Көкқұтан мен Қарабай Көтеріліп ұшқанша Белінен келіп басады. А) «Алпамыс батырдағы» Байшұбар. В) «Қамбар батырдағы» Қарақасқа. С) «Қыз Жібектегі» Көкжорға Д) «Қобыланды батырдағы» Тайбурыл. Е) «Ер Тарғындағы» Тарлан 14. Мынау кімнің сөзі? Қай жырдан? «Қара жерге қар жауар- Қарды көр де, етім көр! Қар үстіне қан тамар- Қанды көр де, бетім көр» А) Баян сұлу- «Қозы Көрпеш- Баян сұлу» жырынан В) Жібек-«Қыз Жібек» жырынан С) Айман-«Айман-Шолпан» жырынан. Д) Құртқа-«Қобыланды батыр» жырынан. Е) Ақжүніс- «Ер Тарғын» жырынан. 15. Мақалдың жалғасын тап. Малым-жанымның садағасы, Жаным- А) Қанымның садағасы В) Арымның садағасы С) Баламның садағасы Д) Ақшамның садағасы Е) Халқымның садағасы 16. Қай ертектен? «Бала сол қотыр тайды ұстайды да, жүгендейді. Жүгендегенде тайдың қотыры жазылады. Үстіне тоқым салғанда, құнан болады. Үстіне ер салғанда, дөнен болады. Айылын тартқанда бесті болады. Бала үстіне қарғып мінгенде, тұлпар болып, көзді ашып-жұмғанша жұртқа жетіп келеді». А) «Ер Төстік» ертегісінен В) « Керқұла атты Кендебай» ертегісінен. С) «Алтын сақа» ертегісінен Д) « Аламан мен Жоламан» ертегісінен Е) «Құламерген –Жоямерген» ертегісінен 17. Мынау үзінді қай жырдан? Қыздың аты кім? Тазша кім? «Шешіп киім, етігін, Мойнына қыздың мінді енді, Бағлан өскен хан қызы Көтеріп тазды жүрді енді. Салбыратып аяғын Емшегіне ұрды енді, Желке шашын тізгін қып, Былай жүр деп, бұрды енді.» А) «Қозы Көрпеш- Баян сұлу». Қыз –Баянның сіңлісі. В) «Алпамыс батыр » Қыз –Қаракөз, Тазша-Кейқуат. С) «Қобыланды батыр» Қыз-Қарлыға, Тазша -Қобыланды. Д) «Ер Едіге» Қыз- пері, Тазша –Баба түкті шаты Әзіз Е) «Ер Тарғын» Қыз –Ақжүніс, Тазша- Қожақ. 18.Осы жолдар қай шығармадан? Кімдердің қоштасуы? «Балталы, Бағаналы ел, аман бол, Бақалы, балдырғанды көл, аман бол» Кірім жуып, кіндігім кескен жерім, Ойнап-күліп, ер жеткен жер, аман бол» А) «Қозы Көрпеш- Баян сұлу» Екі қыздың ел- жұртымен қоштасуы. В) «Айман-Шолпан». Қыздардың көшердегі сөзі. С) «Қыз Жібек» Жібектің елімен қоштасуы. Д) «Ер Төстік» Кенжекейдің ұзатылғандағы сыңсуы. Е) «Қобыланды батыр» Қарлығаның монологы. 19. Қай жырда осы сөз айтылады. Айтатын кім? «Мен бір бүгін түс көрдім; Түсімде жаман іс көрдім: ...мінген Көкжорға ат Ер- тоқымсыз бос көрдім» А) «Қобыланды батыр» Құртқаның сөзі. В) «Алпамыс батыр» Гүлбаршынның сөзі. С) «Қозы Көрпеш- Баян сұлу» Баянның сөзі. Д) «Қыз Жібек» Жібектің сөзі. Е) «Ер Тарғын» Ақжүністің сөзі. 20. Мақалдың жалғасын тап. Жер таусыз болмайды, Ел ... А) Жаусыз болмайды. В) Даусыз болмайды. С) Сөзсіз болмайды. Д) Көзсіз болмайды. Е) Ерсіз болмайды. Тест тапсырмаларының кілті |Сұрақтардың номері | |1 | |1 |2 |3 | [pic]
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz