Файл қосу
Тәрбие берушілік
|Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі | |Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті | |Педагогикалық факультеті | |3 деңгейдегі СМК құжаты |ПӨӘК |ПОӘК 042-18.19-13-2013 | | |Баспа | | | |№____ | | |«Әлеуметтік педагогика» пәні бойынша| | | |оқу-әдістемелік материалдар | | | «Әлеуметтік педагогика» пәнін оқыту-әдістемелік комплекс 5В010300- «Педагогика және психология» 5В010200- «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандықтарына арналған Оқу-әдістемелік материалдар Семей-2013 МАЗМҰНЫ | |Глоссарий | | | |Дәрістер | | | |Практикалық сабақтар | | | |Студенттердің өздік жұмыстар жоспары | | 1. Глоссарий |Әлеуметтiк педагогика пәнiнiң зерттеу объектiсi - адамның әлеуметтiк | |ортамен өзара қарым-қатынасының жиынтығы негiзiнде оның қоғамдағы даму | |процесi болып табылады. | |Әлеуметтiк педагогика - әлеуметтендiру процесiн бiлiмдiк-тәрбиелiк | |құралдармен реттеудiң және жүзеге асырудың, танымның теориясы мен | |практикасын қамтитын ғылым саласы болғандықтан, әлеуметтiк болмыстың адам | |өмiрi барысындағы мақсаты мен мiндеттеріне ықпалын қарастырады. | |Әлеуметтік тәрбие деп баланың немесе тұлғаның әлеуметтенуіне қажетті | |қоғамдық маңызды қасиеттерді қалыптастыруға мақсатты бағытталған процес | |Педагогикалық іс-әрекет - бұл оқушылардың жеке басының дамуы үшін оқыту | |мен тәрбиені әлеуметтік-мәдени тәжірибе арқылы беруге бағытталған кәсіби | |әрекеттің бір түрі | |Әлеуметтік-педагогикалық iс-әрекет - бұл баланың әлеуметтенуiне, | |әлеуметтiк-мәдени тәжірибені меңгеруі мен қоғамда өз идеясын жүзеге | |асыруға қабілетті болуына көмектесуге бағытталған кәсіби әрекеттің бір | |түрі | |Әлеуметтендіру - мәдени құндылықтар мен әлеуметтік нормаларды үйрену және | |жетілдіру процесі немесе қоршаған әлеуметтік ортаның адамның бүкіл өмірі | |барысындағы дамуына ықпалы. | |Әлеуметтендіру факторлары - бұл адамның қоғамдық ортада қалыптасуына ықпал| |етуші шарттар. Әлеуметтену процесі адамның өзінің дамуына әсер ететін | |көптеген құбылыстармен байланысымен жүзеге асырылады | |Әлеумет (Социум) – адамның қалыптасатын ортасы; осы ортаны құрайтын | |ұйымдар, мекемелер, бірлестіктер мен әртүрлі топтардың жиынтығы; адамның | |өз іс-әрекеті барысында сезінетін әсерлері; адамның өз белсенділігін | |танытатын және көрсететін құралдық, мәдени және рухани кеңістігі. | |Микроәлеумет – адамның ең жақын қоршаған ортасы; отбасы, мектеп, | |тұрғылықты мекен жайы бойынша бос уақытындағы қарым-қатынас жасайтын | |ортасы, адам мен ортаның күнделікті тіршілік әрекетінде өзара ықпал ету | |шеңбері мен қарым-қатынасы. | |Әлеуметтік институт - адамдардың өзара бірлескен қызметін ұйымдастырудың | |тарихи қалыптасқан тұрақты формасы. Әлеуметтік педагогика курсын оқып | |үйрену барысында тұлғаны қалыптастыру факторлары туралы сөз еткенде | |әлеуметтендіру институты қызметін отбасы, балабақшалар, мектептер, әртүрлі| |еңбек ұжымдары атқаратындығын түсінуіміз керек. | |Әлеуметтік рөл – тұлғаның қоғамдық және тұлғааралық қарым-қатынастардағы | |объективті қойылған әлеуметтік позициясы, мінез-құлқының моделі немесе | |әлеуметтік функциясы. | |Әлеуметтік бейімделу - процесс және индивидтің немесе топтың өмірдің жаңа | |қоғамдық жағдайларында жаңа әлеуметтік ортаға белсенді бейімделуінің | |нәтижесі. | |Әлеуметтік құлдырау - бала бойында әлеуметтік сезімнің, қызығушылық пен | |білік, дағдылардың қалыптаспауы; баланың жас ерекшелігіне байланысты | |әрекетінің әлеуметтік рөлдерге сәйкес келмеуі. | |Педагогикалық құлдырау - отбасындағы, мектептегі және балабақшалардағы | |оқу-тәрбие процесінде орын алған кемшіліктердің жағдайы немесе күй-жайы. | |Балалықты қорғау – кәмелет жасына толмаған балалардың құқығын қорғау | |ережесін анықтайтын нормативтік құжаттарды жасау негізінде балалардың | |құқығы мен мүддесін қорғауды қамтамасыз ететін шаралардың жүйесі; балалар | |еңбегін құқықтық реттеу; ата-аналарының қамқорлығынан айрылған балаларды | |қамқорлыққа алу мен асырап алу жүйесін жетілдіру; әлеуметтік көмекке | |мұқтаж балалармен коррекциялық және реабилитациялық жұмыс жүргізу үшін | |мамандандырылған әлеуметтік қызмет пен мекемелер жүйесін құру. | |Бала құқығы – балалар мен жасөспірімдердің өмірінің барлық сфераларындағы | |мүдделерін қорғауға бағытталған ерекше құқықтық нормалар мен ережелердің | |жиынтығы. | |Қамқорлыққа алу - азаматтардың жеке және мүліктік мүдделерін қорғаудың | |құқықтық формасы. | |Қорғаншылық жасау - нақтылы себептермен ата-аналарының қамқорлығынан | |айырылған және денсаулығына байланысты өздігінен құқығы мен өз мүддесін | |қорғауға қабілетсіз 14-тен 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған балаларға | |тағайындалады. | |Жетімдік – балаларына қамқорлық жасауға қабілетсіз деп табылған және | |ата-аналық құқығынан айырылған ата-аналардың балаларының қоғамдағы ата-ана| |қамқорлығынан айырылған балалар тобына жатуымен айқындалған әлеуметтік | |құбылыс. | |Балаларға деген қатігездік қатынас – саналы түрде балаға дене жағынан, | |психологиялық және эмоционалдық тұрғыдан зиян келтіру, сонымен бірге | |ата-ана, тәрбиешілер мен өзге де адамдар тарапынан баланың физиологиялық | |және психологиялық дамуына кедергі жасау. | |Әлеуметтік жұмыс – адамдардың мәдени, әлеуметтік және материалдық өмір | |сүру деңгейінде жеке дара тұлғаға, отбасына немесе адамдар тобына көмек | |көрсетуді мақсат еткен мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар тарапынан| |құрылған кәсіби қызметтің арнайы түрі. | |Қайырымдылық - ықылас, жанашырлық, мейірімділік таныту, қандай да бір | |адамға деген қамқорлық сезімінің туындауы. | |Әлеуметтік қорғау - азаматтарды әлеуметтік, құқықтық және экономикалық | |тұрғыдан кепілдендіруді заң жүзінде іске асырудың механизмдерінің жүйесі.| |Әлеуметтік қолдау - өмірлік қажетін қанағаттандыруда елеулі мұқтаждық | |көріп отырған «әлсіз» әлеуметтік топтың, жекелеген отбасыларының, | |балалардың лайықты өмір сүруіне жағдай жасау мен қолдау көрсетуге және | |өмірлік бағдарын айқындау мен өз орнын табуына көмек көрсетуге бағытталған| |арнайы әлеуметтік шаралардың жүйесі. | |Әлеуметтік реабилитация - индивидтің қоғамға немесе мәдени жүйеге енуіне | |бағытталған бағдарламалар мен әрекеттерді іске асыру; қоғамдық ортаға | |әлеуметтік бейімделмеген баланы әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан | |қалыптастыруды мақсат еткен медициналық-психологиялық, әлеуметтік-құқықтық| |және педагогикалық шаралар. | |Әлеуметтік кеңес беру - бұл әлеуметтендіру, тұлғалық болмысын қайта | |қалпына келтіру және олардың әлеуметтік функцияларын, бағдарын, | |қарым-қатынас нормаларының қалыптасқан тәжірибелерін оптимальдандыру | |мақсатында адамға психологиялық ықпал ету тәсілімен әлеуметтік көмек | |көрсетудің ерекше формасы. | |Отбасылық кеңес беру - отбасы мен оның мүшелеріне психологиялық ықпал | |жасау. | |Отбасы терапиясы - отбасылық қарым-қатынасты реттеуге және отбасы | |мүшелерінің психологиялық және психикалық саулығын қалпына келтіру | |мақсатында отбасы ықпалдастығының моделін өзгертуге бағытталған теориялық | |және практикалық әрекеттердің аумағы. | |Психикалық ауытқу - баланың ақыл-ойы дамуымен, психикалық | |жетіспеушілігімен байланысты айқындалады. | |Педагогикалық ауытқу - бұл ұғым немесе түсінік әлеуметтік педагогика мен | |педагогика ғылымында өте аз қолданылады. | |Әлеуметтік ауытқу - ол «әлеуметтік қалып» ұғымымен байланысты. Әлеуметтік | |қалып - қоғам дамуының өзіндік кезеңінде қалыптасқан және арнайы | |қабылданған әлеуметтік топтың немесе адамдардың мінез-құлық әрекеттерінің | |үлгі ережесі. | |Депрессия – бұл жағымсыз эмоциялық белгісі бар аффектілі күй. | 2. Дәрістер Модуль 1 Әлеуметтік педагогиканың әдіснамалық негіздері Дәріс 1. Әлеуметтік педагогика пәні, оның мақсат, міндеттері Дәріс жоспары: 1. Әлеуметтік педагогика саласының пайда болуы мен қалыптасуына тарихи шолу 2. Әлеуметтік педагогика пәнінің мақсат-міндеттері және негізгі қызметтеріне сипаттама 3. Әлеуметтiк педагогикалық теория мен практикасының нысандары «Әлеуметтiк педагогика» ұғымын алғаш рет XIX ғасырда немiс педагогы А. Дистервег енгізген. Бірақ араға көп уақыт салып қана әлеуметтік педагогиканың екі ғылыми-практикалық бағыты айқындалды. Оның бірі П. Наторп есімімен байланысты айқындалып, халықтың мәдени деңгейін көтеру мақсатында қоғамның тәрбиелік күштерін интеграциялау мәселесіне арналды. Екінші бағыт қараусыз қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсету, оларды қорғау, құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталды. Бұл бағыт Г. Нол, Г. Боймер есімдерімен байланысты болды. Әлеуметтiк педагогика, бұл қоршаған ортаның тәрбиеге әсерi жөнiндегi ғылым. Әлеуметтiк педагогика мәселелерiн зерттеуде танымал Ресей ғалымы А. В. Мудрик әлеуметтiк педагогиканы адамның бүкiл өмiрi барысында жүзеге асырылатын әлеуметтiк тәрбиесiн қарастыратын ғылым ретiнде қабылдауға болады деп айтады. Әлеуметтік педагогиканың идеялары мен бұл саладағы қызметкерлердің жұмыстары С. Т. Шацкий, В. Н. Шульгин, М. В. Крупенин, А. Г. Калашникова, А. П. Пинкевич т.б. тарапынан қарастырылған. С. Т. Шацкий мектептің әлеуметтік рөлін негіздеп, кіші ортада біртұтас тәрбие процесін ұйымдастыруды теориялық тұрғыдан айқындаған. 30-жылдардың аяғындағы мектептердің тек оқу-тәрбие процесін жақсартуға ғана басты назар аударуы әлеуметтік педагогика саласындағы ғылыми зерттеулерді кейінге ысырып жіберді. Әлеуметтік педагогиканың бастаулары халықтық педагогикада жатыр. Тұлғаны әлеуметтендіру идеялары ұлы ғұламалардың педагогикалық көзқарастарында қарастырылған. Атап айтқанда, әл-Фараби, Ж. Баласағұн, М. Қашқари, Қ. А. Ясауи және т.б. ғұламалар еңбектерінде адам тәрбиесін жүзеге асыру оның әлеуметтік ортасын қалыптастырумен байланысты екендігі баса айтылған. Әлеуметтік педагогика мәселелерін көптеген классик педагогтар Я. А. Коменский, Ж. Ж. Руссо, И. Г. Песталоцци, И. Гербарт, А. Дистервег, К. Д. Ушинский және т.б. қарастырған. Олардың педагогикалық көзқарастарының ықпалымен адам тәрбиесінің қоғамдық-әлеуметтік ортадағы рөлі, тәрбие нәтижесінің қайырымдылықпен, мейірімділікпен айқындалатындығы туралы ой- пікірлер тұжырымдалады. Әлеуметтiк педагогика пәнiнiң зерттеу объектiсi - адамның әлеуметтiк ортамен өзара қарым-қатынасының жиынтығы негiзiнде оның қоғамдағы даму процесi болып табылады. Сонымен қатар, әлеуметтік педагогиканың ғылым ретіндегі негізгі мақсаты педагогикалық мақсатпен сабақтастықта тұлғаның әлеуметтік болмысына қатысты білімдерді интеграциялау болып табылады. Практикалық пән ретіндегі негізгі мақсаты - өзінің табиғи болмысынан алыстаған тұлғаны қалпына келтіруге көмектесетін технологияларды жасау. Ал, әлеуметтiк педагогиканың пәнi - адамның әлеуметтенуiнiң және оның қоғамға бейiмделуiнiң педагогикалық аспектiсi болып табылады. Әлеуметтiк педагогика адам мен қоғамның өзара әсерлесуi негiзiнде қалыптасу, қоғамға толық ену ретiндегi тұлғаның әлеуметтiк қалыптасуын ынталандырудың мақсатын, мiндетiн, мәнiн, мазмұны мен принциптерiн, әдiстерi мен формаларын зерттейдi. Әлеуметтiк педагогика өзiнiң пәндiк өрiсiне ие және ғылым ретіндегі өзiндiк мiндеттерi айқындалған. Олар: - тұлғаның даралық дамуын гармониялы бiрлiкте қарастыра отырып, ғылыми әлеуметтендiрудi қамтамасыз ету; - тұлғаның дамуы мен әлеуметтену процесiне әсер етушi қарым-қатынастарды педагогикалық тұрғыдан реттеу; - тұлғаның қоғамға және әлеуметтену процесiндегi педагогика-лық ғылымдардың көпжақты әсерiнiң мүмкiндiктерiн зерттеу; - әлеуметтiк ортаның педагогикалық потенциалын арттыру мен оны пайдаланудың шарттарын және тәсiлдерiн зерттеу; - тұлға ұғымының мәнін, оның даму, қалыптасу кезеңдерін түсіну; - адамның әлеуметтік болмысының түрлі формаларының (адам, жекелік, тұлға, субъект) шекараларын ажырата алу; - тұлғаның дамуы мен өзін-өзі дамытуының өзара байланыстылығына талдау жүргізу; - әлеуметтік детерминант, әлеуметтік қалыптасу, тұлға қызметі мен дамуы ұғымдарының мәнін ашу. Адамның дамуын оның қоршаған орта ықпалынан және өзара қарым-қатынас негiзiнде дамуын оның әлеуметтенуiнiң нәтижесi деп қарастыруға болады. Әлеуметтену: - адамның қоғаммен өзара қарым-қатынасы арқылы және өмiрдiң әртүрлi жағдайларынан; - адамдарға мемлекет тарапынан болатын әсерлер арқылы; - тәрбиенiң немесе адамның дамуының белгiлi бiр жағдайда мақсатты бағытталған процесi арқылы; - адамның өзiн-өзi тәрбиелеуi немесе өзiн-өзi дамытуы арқылы жүзеге асырылады. Әлеуметтiк педагогика - әлеуметтендiру процесiн бiлiмдiк-тәрбиелiк құралдармен реттеудiң және жүзеге асырудың, танымның теориясы мен практикасын қамтитын ғылым саласы болғандықтан, әлеуметтiк болмыстың адам өмiрi барысындағы мақсаты мен мiндеттеріне ықпалын қарастырады. Әлеуметтiк педагогика жеке адамдарға, тұрғындардың топтарына көмек көрсетудi өз мiндетiне жатқызады. Әлеуметтiк-педагогикалық тәрбие және тәжiрибесiнiң нысаны - жеке дара және қоғамдық сипаттама бiрлiгiн қамтитын әлеуметтік ортаның мүшесi болып табылатын адам, ал оның пәнi - адамның әлеуметтiк тұрғыда қалыптасуының және дамуының педагогикалық аспектiлерi. Әлеуметтiк-педагогикалық теория мен практикасының екiншi міндетiнің нысаны - қоғамның әлеуметтiк шеңберi, микро (шағын) орта, адамдар ұжымы және т.б.болып табылады. Аталмыш деңгейге тән іс-әрекетті жүзеге асырудың белгiлi құралдарына мәдени-ағарту, дене шынықтыру - сауықтыру, әлеуметтiк- тәрбие жұмыстарын және т.б. ендiруге болады. Әлеуметтiк педагогиканың үшiншi деңгейдегi нысаны - әлеуметтендiрудiң алуан түрлi сатылары мен деңгейiндегi жеке адам болып табылады. Бұның өзі қоғамда әлеуметтік педагогикалық қызметтің қажеттілікке айналып отырғандығы мен осы салада мамандар даярланудың сұранысы артып отырғандығын дәлелдейді. Әйтсе де, халықтық болмысызда тастанды балалар мен қараусыз қалған ата-аналардың болмағандығы қоғамның өркениеттілігінің шарықтаған заманында өз жалғасының үзіліп отырғандығын көрсетеді. Тұжырым: 1. Әлеуметтік педагогика ғылымы адамды өзi өмiр сүрiп отырған қоғамының талаптарына сай әлеуметтендiру тәжiрибелерiн ұрпақтан-ұрпаққа беру қажеттiлiгiнен туындады. 2. Әлеуметтік педагогика ғылымы адам мәселелерiмен айналысатын барлық ғылымдармен тығыз байланысады. 3. Әлеуметтік педагогика ғылымының мақсат-мiндеттерi қоғамның адам тәрбиесiне деген талаптарына сай үнемi өзгерiп отырады. Ол қоғам талаптарынан туындап, қоғам мұқтажын ескередi. Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары: 1.Әлеуметтiк педагогика пәнiнiң зерттеу объектiсi мен пәнiн сипаттаңыз. 2.Әлеуметтiк педагогика мен педагогика ғылымының арасында қандай байланыс және ерекшелiктер бар? 3.Әлеуметтiк-педагогикалық тәрбие мен тәжiрибе нысандарын атаңыз. 4.Әлеуметтiк педагогика теориялары қай кезден бастап қолданылып келедi? 5.Әлеуметтiк педагогика теорияларының дамуына үлес қосқан қандай ғалымдарды бiлесiз? 6.Әлеуметтiк педагогиканың теориялық және қолданбалы қызметтерiн атаңыз. Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер 1.Атемова Қ. Т. Педагогика негіздері. - Астана: Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2006. -118 б. 2.Василькова Ю. В., Василькова Т. А. Социальная педагогика. уч.пособие.- М.:1999. 3.Галагузова И. Г. История социальной педагогики. - М.: 2000. 4.Мудрик А. В. Социальная педагогика: учебное пособие /Под ред. В. А. Сластенина. - М.: 1999.-С.19-24. 5.Социальная педагогика: Курс лекций /под общ.ред. Галагузовай М. А. – М.:2000. - С.162-165 6.Мустаева Ф. А. Социальная педагогика. –М.: «Академический Проект», Екатеринбург: Деловая книга, 2003. -528 с. Дәріс 2. Әлеуметтік педагогиканың негізгі категориялары Дәріс жоспары: 1.Әлеуметтік педагогика ғылымының негізгі категориялары 2.Әлеуметтік педагогика пәнінің басқа педагогикалық пәндермен байланысы 3.Әлеуметтiк педагогика ғылымының төл және кірме ұғымдары мен олар арасындағы сабақтастық байланыс Әлеуметтік педагогика ғылым ретінде адамның бүкіл өмірі барысында жүзеге асырылатын әлеуметтік тәрбиесін қарастырады. Барлық ғылымдар саласы секiлдi әлеуметтiк педагогика да өзiндiк ұғымдар мен түсiнiктерге және ғылыми категорияларға ие. Олар әлеуметтену, әлеуметтiк оқу, әлеуметтiк тәрбие, әлеуметтiк iс-әрекет, әлеуметтiк-педагогикалық iс-әрекет, әлеуметтену процесi және т.б. «Әлеуметтiк» деген сөз латын тiлiнен аударғанда «қоғамдық» деген мағынаны бiлдiредi, яғни қоғамдағы адамдардың өмiрiмен және қарым- қатынасымен байланысты қоғамдық дегендi дәйектейдi. Бұл мағынада адамның әлеуметтiк дамуы мен тәрбиесi туралы ғана емес, қоғамдағы әлеуметтiк құндылықтарға, нормалар мен ережелерге бағдар алу туралы сөз етуге болады. Әлеуметтiк педагогикада екi бағыт байқалады: әлеуметтiк және тұлғалық. Бiрiншi бағыт мемлекет пен қоғамның өскелең ұрпақты тәрбиелеуге жалпы ықпал етуi арқылы анықталады. Бұл - социопедагогика деп аталады, ал тар мағынада - адамның тұлғасын қалыптастыру процесiне өмiр сүру ортасының ықпалы - орта педагогикасы болып саналады. Әлеуметтік педагогиканың мәселелерi П. Наторп, И. Г. Песталоцци, К. Д. Ушинский, Н. И. Пирогов, Дж. Дьюи, Г. Кершенштейнер, Р. Зейдель, С. Т. Шацкий, А. С. Макаренко, Б. Р. Лихачев, В. Д. Семенов және т.б. еңбектерiнде теориялық тұрғыдан зерттелдi. Әлеуметтiк педагогиканың тұлғалық бағыттары Дж. Локк, Ж. Ж. Руссо, Ф. Ницше және т.б. философиялық көзқарастары арнасында қарастырылған. Аталмыш бағыттың бастауы – «даралық» педагогикасы болып саналады. XIX ғасырдың екiншi жартысында адамнан жоғарыны қалыптастыру концепциясы пайда болды. (Ф. Ницше) Бұл бағыт педагогтар алдына адамның өзi үшiн тәрбиелеу мәселесiн шешудi мiндет еттi. Тұлғаның әлеуметтiк қалыптасуы оның табиғат заңдары бойынша дамитын әлеуметтiк жан ретiнде, әрi әлеуметтiк орта, қоғам, индивидтiң белгiлi бiр ықпал ету қабiлеттiлiктерiн ескеру негiзiнде тәрбиеленедi деген тұжырым бередi. Адамның әлеуметтiк өзiндiк дамуы өте күрделi процесс, дегенмен әлеуметтiк даму жағдайлары, бағыттары және қарқындылығы өзгерiс үстiнде болады. Сонымен, әлеуметтік педагогика ғылымының негізгі категориялары: әлеуметтену, әлеуметтену процесi, әлеуметтік оқу, әлеуметтік тәрбие, педагогикалық іс-әрекет, әлеуметтік-педагогикалық iс-әрекет, әлеуметтендіру, әлеуметтендіру факторлары, әлеумет (социум), микроәлеумет, әлеуметтік институт, теріс әлеуметтендіру (деәлеуметтендіру) институттары, әлеуметтік рөл, әлеуметтік бейімделу, әлеуметтік құлдырау, педагогикалық құлдырау, балалықты қорғау, бала құқығы, қамқорлыққа алу, қорғаншылық жасау, жетімдік, балаларға деген қатігездік қатынас, әлеуметтік жұмыс, қайырымдылық әлеуметтік қорғау, әлеуметтік қолдау, әлеуметтік реабилитация, әлеуметтік кеңес беру, отбасылық кеңес беру, отбасы терапиясы және т.б. Педагогика ғылымы «жеке адам», «даму», «әрекет», «әлеуметтендіру», «қоғам» деген секілді көптеген басқа пәндер түсініктерін де қолданады. Оны педагогика ғылымының кірме түсініктері деп айтамыз. Ал педагогика ғылымының төл ұғымдары «білім беру», «оқыту», «тәрбиелеу» категориялары болып табылатындығын бiлемiз. Енді осы ұғымдардан әлеуметтік педагогиканың негізгі түсініктерін ажыратып көрсетейік. Түсінік - бұл шындықты танып-білу процесінің санамызда бейнеленуінің бір формасы болып табылады. Ғылыми түсінік бірден қалыптаспайды. Түсініктің мәнін анықтау үшін оның белгілерін ажыратып алу қажет. Сонымен қатар, негiзгi ұғымдар деп тек сол ғылымға тән түсiнiктердi айтамыз. Кез келген жаңа ғылым саласы өзiнiң негiзгi түсiнiктерiнен туындайтын жаңа түсiнiктерге ие болады. Әлеуметтiк педагогиканың түсiнiктерi педагогика ғылымының түсiнiктерiнен туындайды, олай болса әлеуметтiк педагогика пәнiнiң өзi ғылыми педагогиканың бiр саласы ретiнде көптеген зерттеу объектiсi жеке адамның қалыптасуы болып табылатын басқа ғылымдармен тығыз байланыста болады. Оны төмендегі 1-схема мынадай түрiнде көрсетуге болады: Тұжырым: 1Әлеуметтік тәрбиенің мақсаты адамзат қоғамының барлық кезеңiнде адамды өзi өмiр сүрiп отырған қоғамының талаптарына сай етiп қалыптастыруды көздеген. Әлеуметтік педагогика ғылдымының негізгі категориялары педагогика ғылымы категорияларынан келіп туындайды, сонымен қатар олар да қоғамдық категория болып табылады. Өйткенi әртүрлi қоғамдық талаптарға сай берiлген анықтамалар мазмұны бiрдей емес. Бұдан байқайтынымыз, қоғамның мақсаты тәрбиенiң, тұлғаны қоғам талабына сай етіп қалыптастырудың мақсатымен сәйкес сабақтасып отырады. Тәрбие үздiксiз және үзiлiссiз процесс болғандықтан, тұлғаны қоғам талабына сай әлеуметтендіру үрдісі де үздіксіз әрі үзіліссіз процес болып табылады. Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары: 1.Әлеуметтiк педагогиканың негiзгi ұғымдары мен кірме ұғымдарын атаңыз. 2.Әлеуметтендiру, әлеуметтiк оқу мен әлеуметтік тәрбие, әлеуметтiк бейiмделу және т.б. ұғымдарға сипаттама берiңiз. 3.Тәрбие мен әлеуметтендiру түсiнiктерiнiң өзара арақатынасына талдау жасаңыз. 4.Әлеуметтiк педагогика өз дамуында педагогика ғылымының басқа қандай салаларымен және басқа қандай ғылымдармен байланысады. 5.Әлеуметтiк тәрбиенiң әлеуметтендiру процесiнiң құрамдас бөлiгi екендiгiн дәлелдеңiз. Пайдаланылған әдебиеттер 1.Галагузова И. Г. Социальная педагогика: Курс лекций: Учебное пособие для студ. Высших.уч. завед. /под ред. М. А. Галагузовой. –М.:Гуманист. Изд.центр ВЛАДОС, 2003. -416 с. 2. Мудрик А. В. Социальная педагогика: учебное пособие /Под ред. В. А. Сластенина. - М.: 1999.-С.19-24. 3.Мустаева Ф. А. Социальная педагогика. –М.: «Академический Проект», Екатеринбург: «Деловая книга», 2003. -528 с. 4. Қоянбаев Р. М., Қоянбаев Ж. Б. Педагогика. - Алматы, 2000. - 327 б. 5. Рюриков Н. Мед и яд любви. −М., 1990. - 450 с. 6. Педагогика. −Алматы: Нұрлы Әлем, 2003. - 366 б. 7. Жарықбаев Қ. Б. Жантануға кіріспе: хрестоматия. –Алматы: Дарын. 2005.- 191 б. Дәріс 3. Әлеуметтік-педагогиканың жалпы әдiстерi Дәріс жоспары: 1.Әлеуметтік зерттеу әдістері туралы түсінік 2.Әлеуметтік-педагогикалық зерттеу әдістерінің түрлері және оларға сипаттама 3.Тәрбие әдістері, олардың түрлері және сипаттамалары 4.Әлеуметтік-педагогикалық тұрғыда көмек беру әдістері және мазмұны «Әдіс» ұғымын грек тілінен аударғанда «жол», «тәсіл» деген мағынаны білдіреді. Әдіс проблемасы - әлеуметтік педагогикада ең өзекті мәселелердің бірі, өйткені тұлғамен тәрбиелік жұмыс жүргізудің құралы көп жағдайда әлеуметтік-педагогикалық ықпал етудің тиімділігіне байланысты. Әлеуметтік педагогикадағы әдістерді үлкен үш топқа біріктіріп, классификациялауға болады деп көрсетеді ғалым Ф.А.Мустаева өзінің «Әлеуметтік педагогика» деп аталатын кітабында. Олар мынадай: 1.Зерттеу әдістері; 2.Тәрбие әдістері; 3. Әлеуметтік-педагогикалық тұрғыда көмек беру әдістері. Ғылыми зерттеу әдістері – бұл ғылыми теориялардың байланыстылық, қатынас, тәуелділік заңдылықтарын орнату мен орналастыру мақсатында ғылыми ақпараттарды алудың тәсілдері. Зерттеу әдістерін қолдану әлеуметтік педагогиканы ғылым ретінде дамыту мен жетілдіру үшін маңызды. Ғылыми зерттеу жұмысының екі түрі бар. Олар: эмпирикалық және теориялық. Эмпиризм - бұл философиялық ілім, ол ғылымның бір ғана көзінен алынған білім. Эмпирикалық таным практикалық тәжірибені, шындық болмысты зерттеуге негізделеді. Теориялық зерттеуде жоғарыдағы әдістермен қоса абстрактілеу, идеяландыру, модельдеу және т.б. әдістер қолданылады. Сонымен бiрге логикалық, анализ-синтез, индукция-дедукция әдістері де қолданылады. Эмпирикалық зерттеуде бақылау, баяндау, эксперимент сияқты зерттеу әдістері қолданылады. Енді әлеуметтік-педагогикалық ғылыми-зерттеу әдістеріне жеке-жеке тоқталып өтелік: Бақылау әдісі педагогикалық құбылыстарды тікелей қабылдау негізінде танып білу тәсілі. Бақылау әдісінің негізгі функциясы бақылау объектісі мен әлеуметтік педагог арасындағы тікелей және қайтымды байланыстар жағдайындағы зерттеліп отырған процес туралы мәліметтерді іріктеп, таңдап алудан тұрады. Педагогикалық экспенимент зерттеу басында қойылған ғылыми болжамның негізділігі мен дұрыстығын айқындауда дәлелді тексеру мен ғылыми- объективтілікті қамтамасыз ететін зерттеудің кешенді әдістерінің бірі. Педагогика ғылымында экспериментті жүргізу табиғи және лабораториялық жолмен іске асырылады. Әлеуметтік педагогикадағы зерттеу әдістері жүйесінде сұрау әдістерінің орны ерекше. Оларға сұхбат, интервью, анкета әдістері жатады. Әлеуметтік педагогика бойынша ғылыми зерттеулерде моделдеу әдістері де жиі қолданылады. Жалпылама түрде алғанда модель зерттеу пәнінің функциясының, нақтылы қырларының, элементтерінің жүйесі ретінде айқындалады. Әлеуметтік педагогикада озат педагогикалық тәжірибелерді зерделеу мен қорыту әдісі үлкен қолданысқа ие. Әлеуметтік-педагогикалық ғылымдағы мәліметтерді өңдеу үшін зерттеудің математикалық әдістері қолданылады. Оларға ранжирлеу (жинақталған мәліметтерді нақтылы заңдылықпен орналастыру, өсу немесе кему ретімен орналастыру, әрбір зерттелген нәтиженің орнын анықтау), шкалалау (педагогикалық құбылыстың жекелеген қырына баға беруде сандық көрсеткіштерді ендіруге мүмкіндік беретін әдіс) және т.б. әдістер жатады. Әлеуметтік педагогиканың екінші тобын тәрбие әдістері құрайды. «Әдіс» деген сөз гректің «методос» деген сөзінен шыққан. «Метод» деген ұғым «белгілі ақиқатқа, шындыққа, мақсатқа жетудің жолдары» деген мағынаны білдіреді. Сипатына қарай топтастырылған тәрбие әдістері - сендіру, жаттықтыру, мадақтау және жазалау, іс-әрекетті ұйымдастыру, оқушының тәртібіне ықпал ету әдістері болып бөлінеді. Нәтижесіне қарай топтастырылған тәрбие әдістері: • адамгершілікті қалыптастыруға бағытталған түрткілер, қатынастар, түсініктер, идеялар тудыратын әдістер; • әдептілікті және тәртіптілікті қалыптастыратын әдістер. Қазіргі кезде тәрбие әдістерін жіктеудің 11-ден астам түрі бар. Солардың ішінде Т. Е. Конникова, Г. И. Щукина және В. С. Сластенин жасаған тәрбие әдістерін жіктеуде бірізділік байқалады. Осыған орай тәрбие әдістері төрт топқа жіктеледі: • қоғамдық сананы қалыптастыру мақсатында қолданылатын әдістер; • баланың мінез-құлқы мен іс-әрекетін қалыптастыру мақсатында қолданылатын әдістер; • баланың мінез-құлқы мен іс-әрекетін ынталандыру мақсатында қолданылатын әдістер; • мінез-құлық пен іс-әрекетке бақылау жасауды, өзін-өзі бақылауды ұйымдастыруды жүзеге асыру әдістері. Жеке адамның санасын қалыптастыру әдістеріне мыналар жатады: этикалық әңгіме; әңгімелесу; пікірталас; лекциялар; өнеге; көз жеткізу (ситуация). Мадақтау әдісі дегеніміз - тәрбиешінің баланың жағымды іс-әрекетін, мінез-құлқын көріп бағалай білуі және оны көпшілік, ұжым алдында қолдайтынын жария етуі. Тәрбие әдістерінің бұрынан келе жатқан түрі - жазалау әдісі кеңінен танымал, әрі өте күрделі әдіс. Жазалау тәрбиеленушілердің теріс қылықтарының алдын алу мен қайта тәрбиелеуге бағытталған жеке тұлғаның немесе ұжымның нақтылы бір талаптарын қоюдың формасы ретінде қолданылады. «Жарылыс» әдісі. А. М. Макаренко ең алғаш бұл әдістің мәні мен қолданылу мақсатын аша отырып, осылайша ат қойған. Әлеуметтік педагогиканың тәрбие әдістерінің үшінші тобына әлеуметтік- психологиялық көмек көрсету әдістері жатады.Оған психологиялық кеңес беру, аутотренинг, қызметтік ойындар және т.б. жатады. Психологиялық кеңес беру психологиялық-педагогикалық қызмет пен әлеуметтік жұмыс қызметіндегі ең кеңінен тараған әдістердің бірі болып табылады. Аутотренинг – клиенттерді бұлшықеттерін релаксация жасауға, өзін-өзі сендіруге ерік жігерін бағыттай алуға, зейінін бір орталыққа шоғырландыруды дамытуға және ерікті ақыл-ой белсенділігін басқара білуге бейімдейтін психотерапиялық әдіс. Әлеуметтік-психологиялық тренинг топтағы адамдармен өзара қарым- қатынасқа түсуде өзін-өзі танып білу білігі мен дағдыларын қалыптастырудың топтық әдістерінің жиынтығын құрайды. Қызметтік ойындар - нақтылы бір қызмет түрінің әлеуметтік мазмұнын, қайта жасаудың, тәжірибе типіне тән сипаттағы қарым-қатынас жүйесін моделдеудің формасы. Тұжырым: 1.Кез келген ғылым саласы секiлдi әлеуметтік педагогика ғылымының да өз дамуында қолданатын зерттеу әдiстерi бар және олар өзiндiк ерекшелiкке ие. 2.Әлеуметтік педагогика ғылымының зерттеу әдiстерi жалпы педагогика ғылымының зерттеу әдістерін пайдаланады: теориялық және эмпирикалық әдiстер. Теориялық әдiстерге барлық теория жүзiнде қарастырылатын әрекеттердi, ал эмпирикалық әдiске барлық практикалық-әрекеттiк негiзде жүргiзiлетiн әдiстердi жатқызамыз. 3.Әлеуметтік педагогиканың зерттеу әдiстерi ғылымның дамуына және орын алып отырған проблемаларды шешудiң жолдарын анықтау мақсатына қызмет етуi тиiс. 4.Әлеуметтік педагогикалық әдiстердi қолдануда басқа ғылымдар байланысы назардан тыс қалмайды. Мысалы, тәрбие әдістері, тарихи шолу мен жүйелеу әдістері, психологиялық кеңес беру әдістері, статистикалық мәлiметтердi пайдалану, салыстырмалы талдаулар жасау, математикалық есептеулер мен жобалаулар педагогика салалары арасындағы және ғылымаралық байланысты қамтамасыз етедi. Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары: 1.Зерттеу әдiсi ұғымына, әлеуметтiк-педагогикалық зерттеудiң негiзгi әдiстерiне сипаттама берiңiз. 2.Әлеуметтендiрудiң қозғаушы күшiнiң негiзгi көзi тұлғаның өмiрлiк сұранысы мен әлеуметтiк мүмкiндiгiнiң арасындағы қарама-қайшылықтар деп айтуға бола ма? 3.Әлеуметтiк зерттеу әдiстерi iшiндегi эксперимент пен тәжiрибелiк жұмыстың айырмашылығы неде деп ойлайсыз? 4.Әлеуметтiк-педагогикалық зерттеу жұмысын ұйымдастырудың негiзгi кезеңдерiн атаңыз. 5.Әлеуметтiк педагогикадағы теориялық және эмпирикалық танымның рөлiн ашып көрсетiңiз. Пайдаланылған әдебиеттер 1.Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика: Оқу құралы. Алматы, 2004. 2.Қоянбаев Ж. Б., Қоянбаева Р. М. Педагогика: Оқу құралы. Алматы, 2002. 3.Мустаева Ф. А. Социальная педагогика. –М.: «Академический Проект», Екатеринбург: «Деловая книга», 2003. -528 с. 4.Сухомлинский В. А. Балаға жүрек жылуы. Шығармалар толық жинағында. -Алматы, 1984. - 476 б. 5.Қалиев С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы. −Алматы: Білім, 2003. -280 б. 6. Баласағұн Ж. Құтты бiлiк. -Алматы:Жазушы, 1986. -358 б. 7. Көбеев С. Баланы семьяда тәрбиелеу. - Алматы: Мектеп, 1965.-67 б. 8. Әл-Фараби. Әлеуметтік этикалық трактаттары. - Алматы: Ғылым, 1975. - 305 Дәріс 4. Әлеуметтік педагогиканың тұжырымдамалық идеялары мен негізгі принциптерi Дәріс жоспары: 1.Әлеуметтік педагогиканың тұжырымдамалық идеялары және оның мазмұндық алғышарттары 2.Әлеуметтендіру принциптері, оладың түрлері және оларға сипаттама 3.Баланы қоғамға бейімдеу мен ендіруде әлеуметтендіру принциптерін басшылыққа алудың жолдары Қазіргі таңда әлеуметтік педагогиканың тұжырымдамалық және құрылымдық мәселелерін жасауда қолданылып жүрген негізгі тұжырымдамалық идеялар Б. А. Грушин, Р. Г. Гурова, С. Н. Иконников, В. Г. Лисовский, Ю. В. Торсуев және т.б. еңбектерінде қарастырылған. Бұл зерттеулерде тәрбиенің әлеуметтік детерминанттылығы және әлеуметтік-экономикалық жағдайларға байланысты тұлғаның әлеуметтенуі жайлы эмпирикалық зерттеулердің талдаулары берілген. В. С. Бестужев-Лада, Б. С. Гершунский, В. А. Караковский, М.Н. Скаткин, В. А. Ядов т.б. әлеуметтік-педагогикалық болжам жасау мәселелерін шешуде әлеуметтік педагогика ғылымына үлкен үлес қосқан. В. И. Журавлев, Б. Т. Лихачев, В. Г. Разумовский, Г. П. Будановалардың зерттеулерінде жастардың еңбекке, отбасылық өмірге, білім алуға, қоғамдық іс-әрекет пен дем алуға дайындығы жан-жақты әрі терең қарастырылған. Психология мен әлеуметтік психологияда тұлғаның психологиялық құрылымы мен рефлексивтік белсенділіктің түрлеріне, формаларының заңдылықтарына іс- әрекет психологиясы мен тұлға ерекшеліктері, идентификациялаудың әлеуметтік- психологиялық механизмдері (эмпатия, еліктеу, сендіру т.б) жатады. Бұл орайда Б. Т. Ананьев, Л. С. Выготский, А. Н. Леонтьев, Б. Ф. Ломов, В. М. Мерлин, Л. И. Анциферова, И. Н. Семенов және т.б айтуға болады. Соңғы жылдарда философияда қоғамда адамның алатын орны, адамдағы биологиялық пен әлеуметтіліктің арақатынасы, тұлға дамуының әлеуметтік мәдени детерминациясы, адамның іс-әрекеттік болмысы әлеуметтік қоғамның негізгі сфераларын талдау, гуманистік концепция мазмұнын түсіну мәселелеріне көп көңіл бөлінуде. Бұл бағыттағы зерттеулер ретінде М. Н. Берулова, Л. П. Буева, Л. Н. Коган, И. И. Резвицкий, И. Н. Семенов, Э. Г. Юдин, К. А. Шварцман т.б еңбектерін атауға болады. Әлеуметтік педагогиканың принциптері – бұл, тұлғаның қалыптасу және даму процесінің базалық принциптерін түсіну ғана емес, сондай-ақ оларды практикалық тұрғыда жүзеге асыру. Ондай принциптер қатарына – гуманитарлық, дамудың әлеуметтілігі, жүйелілік, поляризация және тәжірибе жатады. 1. Әлеуметтендiрудiң ізгіліктілігі принципi. «Гумандылық», «гуманизм» ұғымдары латынның «адамдық» деген сөзінен аударылғанда «адамға деген құрмет» деген мағынаны білдіреді. Гуманизм қағидасы мынадай ережелерді сақтауды қажет етедi: - қоғамдағы барлық балалардың дене, материалдық және әлеуметтік жағдайына карамай оларға деген дұрыс қарым-қатынас пен құрмет болуға тиіс; - әрбір баланың бойындағы «мен» ұғымының қалыптасуы мен дамуына көмектесу, айналадағы адамдарға құрметпен қарау; - мейірімділік пен қайырымдылықты гуманизмнің алғашқы басқышы ретінде түсіну. Әлеуметтендiрудiң ізгіліктілігі, бағыттылығы принципi - адамның өмiрiн, оның дене, психикалық және адамгершiлiктiк саулығын, сондай-ақ рухани байлықтарын адамның жоғары құндылықтары ретiнде мойындау. Әлеуметтендiру процесiндегi педагогикалық ықпалдың негiзгi мақсатының өзi оны тек танып қана қоймай, сол құндылықтарға қол жеткiзу болып табылады. Тәрбиені ізгілендіру идеясы Ян Амос Коменскийдің еңбектерінде бастау алып, ол барлық елдер педагогтары тарапынан насихатталып келеді. Әлеуметтік педагогиканың ізгіліктілік принципі ізденушілік және практикалық іс-әрекетте төмендегідей үш идеямен байланысты болады: - адамды жоғары әлеуметтік құндылық ретінде тану; - адамды қоғамдық дамудың мақсаты ретінде мойындау; -адамды қоғамдық өмірдің жалпы барлық салаларын кез келген әлеуметтік- педагогикалық жобалар мен технологияларды бағалаудың жоғарғы критериі ретінде тән алу. Әлеуметтік педагогика үшін әлеуметтілік принципі - адамның интегралдық әлеуметтік болмысына, тұлғаның көп аспектілі қалыптасу және даму процесінің әлеуметтік детерминациясы мен қызмет ету жағдайындағы тұлғаның әлеуметтік болмысына қатысты үш аспектіде принципиалдық маңызға ие. Жүйелілік принципінің мазмұны төмендегі қағидалар арқылы айқындалады: - тұлғаның қалыптасу және даму процесін зерттеу және қамтамасыз етуде пәнаралық қатынасқа бағдарлану; - тұлғаның өмір сүру деңгейі мен әлеуметтендірудің барлық құрылымдық компоненттерінің субординациясы мен координациясының логикасын мазмұндық тұрғыдан қарастыру; - жүйелілік қатынас негізінде әлеуметтік-педагогикалық технологияларды жасау. Поляризациялау принципі әлеуметтендіру процесінің өзін диалектикалық бірлікте қарастыруды, қарама-қайшылықтар бірлігі ретіндегі тұлға болмысының табиғатын, оның өмір сүруінің жекелік деңгейін түсіндіруді мақсат етеді. Әлеуметтік педагогтарды кәсіби дайындау тұжырымдамасы. Жалпы тұжырымдамалар ғылыми білімді дамыту формалары ретінде бірнеше ерекшеліктерге ие. Ең алдымен белгілі бір ғалымның дүниетанымдық жеке ұстанымын білдіреді. Сондай-ақ, ол теорияны құрастырудың алғашқы сатысы саналады. Осындай дүниетанымдық ұстанымдар мен әдіснамалық нұсқаулар негізінде кейбір пән аясындағы бастапқы теориялық категориялар бірігуі нәтижесінде әдіснамалық тұжырымдар пайда болады. Мұндай бірігу негізінен олардың арасындағы қажетті байланыстарды айқындау негізінде жүзеге асырылады. Мұндай процедураны толық деңгейде жүзеге асыру түбінде концепцияның теорияға айналуына септігін тигізеді. Әлеуметтік педагогика ғылымындағы әлеуметтендіру принциптері тәрбие принциптерімен тығыз байланыста қарастырылады. Осы тұста педагогикалық тәрбие принциптері мен М. А. Галагузованың әлеуметтік педагогикалық принциптер тұрғысындағы көзқарастары жақын келеді. Солардың біразын қарастырып көрейік: Әлеуметтендірудегі тәрбиенің халықтығы принципі. Қазақ халқы бала тәрбиелеу мәселесіне ерекше мән берiп, балаларды оның тек ата-анасы ғана емес, бүкіл ауыл болып тәрбиелегендiгi белгiлi. Сондықтан ата дәстүрінің бірі – дүниеге келген балаға бүкіл ауыл, тума-туысқандар болып көңіл бөлу болып табылады. Азан шақырып атын қойғаннан ер жетіп отау тіккенге дейінгі бала өмірінің әрбір белесі мен асқан асуы туыстар тарапынан атаусыз, ескерусіз қалған емес. Бала өміріне байланысты отбасында болатын қуаныштардың барлығын қадірменді ақсақалдар мен игі жақсылар балаға деген жақсы тілегін айтып, ақ батасын беріп, үй иелерінің қуанышын бөліскен. Міне, сондықтан да бала тәрбиесі бұрынғы қазақ ауылында бір үй адамдарының тілек-талабы мен мүдделерінің деңгейінен асып түсіп, қоғамдық, әлеуметтік сипатқа ие болған. Әлеуметтендiрудiң мәдениетке байланыстылығы принципі. Тәрбиенің мәдениетке байланыстылығы қағидасын алғаш немiс педагогы А. Дистерверг ендірді. Ол бала тәрбиесінде оның өмір сүрген жері мен уақытын, мәдениет және болашақта өмір сүруге тиісті болатын жері ескерілуі керек деді. Әлеуметтендiрудегi жеке-даралылық принципi. Мұнда әрбiр индивид дене жағынан және интеллектуалдық мүмкiндiгi бойынша қайталанбайтын тұлға ретiнде қарастырылады. Сондықтан, оларды тәрбиелеу немесе өмiрлiк әрекеттерге бейiмдеу қызметiнiң мазмұндық және уақыттық аспектiлерi әртүрлi болып келедi, соған сәйкес соңғы алынатын нәтижесi де бiр-бiрiнен ерекшеленедi. Ол адамның гендік ерекшелігіне, тұлғаның өмірлік мақсаттары мен ұстанған позицияларына да байланысты болады. 1.Әлеуметтік тәрбие тұлғаны қоғам талабына сай етіп қалыптастыруды көздегендіктен, ол тәрбие үрдісімен сабақтасып жүзеге асырылады. Сондықтан әлеуметтендіру үрдісі де нақты заңдылықтарға бағынып, принциптерге сүйенеді. 2.Әлеуметтік педагогика ғылымының негізгі принциптері адам тәрбиесін жүзеге асыруда басшылыққа алынатын тәрбие принциптерімен тығыз байланыста болады. 3.Әлеуметтендіру принциптері әлеуметтік педагог қызметін тиімді ұйымдастырудың шарттарын қамтамасыз етеді. Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары: 1.Әлеуметтендірудің статусы дегенде нені түсінесіз? Баланың әлеуметтендіру процесiне педагогикалық ықпал ететiн негiзгi принциптердi атаңыз және оларға сипаттама берiңiз. 2.Әлеуметтік педагогтарды кәсіби дайындау тұжырымдамасының негізіне қандай идеялар алынғандығын дәлелдеңіз. 3.Әлеуметтендiру принциптерін жекелеген ғалымдардың көзқарастары бойынша топтап, ерекшеліктеріне байланысты сипаттаңыз. 4.Әлеуметтендiру принциптерінің қазақ тәрбиесіндегі негізін салыстырмалы түрде дәлелдеп көрсетіңіз. Пайдаланған әдебиеттер 1.Андреева Г. М. Социальная психология. учебник для высших учебных заведений. - Москва 2001 2.Мудрик А. В. Социальная педагогика. учебник для педагогичеких вузов /под. ред. В. А. Сластенина. - М., 2000. 3.Социальная педагогика: курс лекций: учеб. пособие для студ высш.учеб заведений / под ред М. А. Галагузовой. М.: Гуманит изд центр АЛАДОС, 2001. -414 с. 4.Рожков М. И. Концепция социального закаливания детей // Современные концепции воспитания: Материалы конференций. – Яраславль. 2000. 5.Субъект действия, взаимодействия, познания. Психологические, философские, социокультурные аспекты. - Москва, Воронеж, 2001 5.Мищик Л. И. Социальная педагогика \Социальная работа http:// soc pedagogika.narod.ru. ghja 6.Құнанбаев А. Қара сөз, поэмалар. /құрастырған К. Серiкбаева. - Алматы, Ел, 1992. - 272 б. 7. Жұмабаев М. Педагогика. - Алматы: Ана тiлi, 1992. - 160 б. Дәріс 5.Әлеуметтік педагогтің кәсіби қызмет жүйесі Дәріс жоспары: 1. Әлеуметтік-педагогикалық қызмет және оның жүйесі туралы түсінік 2. Әлеуметтік-педагогикалық қызметтің негізгі функциялары 3. Әлеуметтік-педагогикалық қызметтің құрылымы 4. Әлеуметтік-педагогикалық қызметтің міндеттері «Әлеуметтік педагог» мамандығының аталуының өзі «педагог» сөзінен туындайды. Сондықтан әлеуметтік педагог мамандарын педагогикалық оқу орындарында дайындап шығарады. Бұл екі мамандықты да теңестіріп отыратын нәрсе - олардың екеуінің негізгі назарының объектісі бала және оның дамуы мен әлеуметтік қалыптасуы болуында. Соған қарамай, бұл мамандықтар бір- бірінен ерекшеленеді де. Оқытушы өзінің негізгі білім берушілік қызметін орындаса, ал әлеуметтік педагог оқушының қоғамға бейімделуін басты назарда ұстайды. Әлеуметтік педагогтің қызметінің объектісі - әлеуметтендіруге мұқтаж болып табылатын балалар мен жастар болады. Бұған бойында әртүрлі интеллектуалдық, педагогикалық, психологиялық ауытқулары бар балалар (көзі көрмейтін, естімейтін, ақыл-есі кемтар және т.б. балалар) да жатады. Әлеуметтік педагогтің қызметінің мақсаты - баланың дұрыс өсіп жетілуі мен дамуына психологиялық мүмкіндіктерді жасау. Маманданудың негізіне әлеуметтік педагог қызметінің бағыттарына икемділік танытқан тип тұлғалары алынады. Осыған байланысты мынадай мамандарды ажыратып көрсетуге болады: -девиантты мінез-құлықты жасөспірімдермен жұмыс істейтін әлеуметтік педагогтар; -мүгедектермен жұмыс істейтін әлеуметтік педагогтар; -жетім балалармен жұмыс істейтін әлеуметтік педагогтар; -қашқын балалармен жұмыс істейтін әлеуметтік педагогтар және т.б. Әлеуметтік педагогтің бүгінгі таңда қызмет ету салалары өте ауқымды. Олар: білім беру мекемелері, жастар ісі жөніндегі комитет мекемелері, денсаулық сақтау мекемелері (балалар ауруханалары, психикалық ауру балалардың арнайы ауруханалары, наркоман балалар санаторийлері және т.б.), халықты әлеуметтік қорғау мекемелері, ішкі істер бөлімі жүйесіне қарайтын мекемелер (балаларға арналған интернаттар мен тәртіп бұзушы балалар колониясы және т.б.). Жоғарыдағы талаптарды ескере отырып, әлеуметтік педагогтың мынадай негізгі қызметтерін(функцияларын) бөліп көрсетуге болады: 1. Тәрбие берушілік; 2. Диагностикалық қызмет; 3. Ұйымдастырушылық; 4. Алдын ала болжау қызметі; 5. Әлеуметтік-терапевтік; 6. Делдалдық қызмет; 7. Реттеушілік қызмет; 8. Қорғаушылық қызмет; 9. Алдын алушылық қызмет. Бұл қызметтер белгілі бір құралдарды қолдану арқылы жүзеге асырылады. Құралдарға барлық іс-әрекеттер, пәндер, құрал-саймандар, әдіс-тәсілдер, формалар мен технологиялар жатады. Әлеуметтік педагог мамандық ерекшелігі бойынша байқағыштық, жағдаяттардан тез шығуға қабілетті болу, интуиция және т.б. қасиеттерге ие болуы керек. Ал жеке адам ретіндегі қасиеттері: 1. Ізгіліктілік қасиеті (мейірімділігі, жоғары сезімталдығы, адалдығы, әділдігі және т.б.); 2. Психологиялық мінезділігі (психикалық процестерге жоғары деңгейде талдау жасай білуі, тұрақты психологиялық көңіл-күйде болуы, ерік күші мен көңіл күйін басқара бiлуi және т.б.); 1.Психоаналитикалық қасиеті (өзін-өзі бақылай білуі, өзіне-өзі сын көзбен қарай білуі, өзіне-өзі дұрыс баға бере білуге қабілетті болуы); 2.Психологиялық-педагогикалық қасиеті (тез тіл тапқыштық, көпшіл болу, салмақтылық және т.б.). Әлеуметтік педагогтың өз қызметін атқару барысында білуі тиіс бірқатар міндеттері айқындалған. Олар: - отбасы тәрбиесінің бүгінгі күнгі мәселелері мен қиындықтарын, отбасы өмірінің психологиясы мен этикасын, бүгінгі отбасы дамуының тенденцияларын білуі тиіс; - балалардың, жасөспірімдер мен жастар тұлғасының даму заңдылықтарын, олардың сұраныстары мен қызығушылықтарын, мотивтері мен оларды қанағаттандыру деңгейлерін білуі тиіс; - балаларды қорғаудың әлеуметтік-құқықтық және мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізін, мүгедек балаларды қорғау, кәмелетке толмағандар құқығын қорғау, балалық пен аналық құқықтарды реттейтін құқықтық актілерді білуі тиіс; - отбасыларына көмек көрсету мәселелері бойынша қоғамдық мекемелер мен мемлекеттік институттар жүйесінің функцияларын білуі тиіс; - әлеуметтік ортада, мектепте, отбасында, тұрғылықты мекенжайда, бірлестіктерде, топтарда және т.б. жерлердегі жұмыстың ерекшелігін білуі тиіс; - жұмыс ұйымдастырылатын ортаның экологиялық, демографиялық, әлеуметтік- педагогикалық ерекшелігін білуі тиіс; - тұлғаны және ол өмір сүретін микроортаны диагностикалаудың әдісі мен әдістемесін білуі тиіс; - отбасыларымен, әртүрлі топтар мен әртүрлі категориядағы адамдармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс жүргізудің әдісі мен әдістемесін білуі тиіс; - отбасындағы бос уақытты ұйымдастырудың, қарым-қатынастың, отбасындағы балалардың, жасөспірімдер мен ересектердің бос уақыттарын ұйымдастырудың принциптерін білуі тиіс; - еңбек заңдарының негіздерін білуі тиіс. Сонымен қатар, әлеуметтік-педагогикалық қызметте маманның меңгеруі тиіс және бойынан табылуы тиіс қабілеттіліктеріне де бірқатар талаптар қойылады. Олар төмендегідей: - балалар мен жасөспірімдердің қызығушылығын анықтау және олардың ақыл- ойының, дене және таланты жағынан дамуына жағдай туғыза білуі тиіс; - әртүрлі әлеуметтік мәдени жағдайда білім беру процесін ұйымдастыру; - отбасылық-тұрмыстық жағдайда тәрбиеге оң ықпал жасау, отбасыларына кәсіби көмек беру; - әлеуметтік қауіпті отбасыларымен, ондағы педагогикалық қараусыз қалған жасөспірімдермен байланыс орната отырып, өзара түсіністік табу, оларға көмек пен қолдау көрсету; - балалардағы девиантты мінез-құлықтың пайда болуын диагностикалау және байқалған девиантты мінез-құлықты коррекциялау және үйрету; - клиенттерді түсіністікпен тыңдай білу және өткір тақырыптардағы талқылауларды позитивті эмоционалды көңіл-күймен түсіндіру; - табысты кәсіби қызметке мүмкіндік туғызатын қарым-қатынасты қалыптастыру және дамыту; - балалар мен жастардың өз проблемалары бойынша мәселелерін өз күштерімен шешуге күш салуына белсенділіктерін қалыптастыру; - отбасының беріктігін сақтауда және оларға бала тәрбиесінде нақтылы педагогикалық көмек көрсетуде әлеуметтік институттардың мүмкіндіктерін пайдалану; - әлеуметтік институттар арасында байланыстар орнату; - кәсіби қызметте әлеуметтік зерттеулер әдістерін пайдалану. Тұжырым: 1.Әлеуметтік педагогикалық қызметке деген көзқарас бүгiнгi қоғамда екiжақты деп қарастыруға болады. Бiрiншiден, көпшiлiк нарық талаптарына сай бiлiм мен қабiлеттiң көзi тәрбиеші еңбегiне байланысты екендiгiн түсiнiп, оған жоғары баға берсе, екiншiден мамандық таңдау мен әлеуметтiк мәнi бойынша әлеуметтік педагогикалық мамандықтың мәртебесi анағұрлым төмендедi. 2.Бүгiнгi қоғамда сапалы бiлiм алу бiлiм берушi тұлғаның жеке басының сапасына да байланысты екендiгiн көрсеттi. Өйткенi бiлiмдi меңгеруде оқытушымен қарым-қатынасқа түсу, жеке басының өнегесi, аудиторияға әсерi және т.б. көптеген факторлар маңызды. 3.Бүгiнгi әлеуметтік педагог маманы өз қызметiнiң мазмұнын қоғам талаптарына сай жаңа технологиялармен толықтырумен қатар жеке басының дамуында да әлеуметтендiрушiлiктi жүзеге асыруы тиiс. Өйткенi бүгiнгi қоғам талаптары әлеуметтік педагогтар алдына адамды қоғамға ендіруде немесе тұлғаны қоғам талабына сай қалыптастыруда үлкен жауапкершiлiктердi жүктейдi. Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары: 1.Әлеуметтiк педагогтың жеке басына қойылатын талаптар қандай? 2.Әлеуметтiк педагог қызметiнiң жүйесi және мазмұны неден тұрады? 3.Әлеуметтiк педагог қызметi барысында қолданылатын әдiс-тәсiлдер мен құралдарды сипаттап беріңіз. 4.Әлеуметтiк педагогтың кәсiби бiлiмдiлiгiн түсiндiрiңiз. 5.Әлеуметтiк педагог қызметiнiң құрылымы және оны iске асыру әдiстемесi тиімді ұйымдастырылуы үшін қандай шарттарды ұсынасыз? Көзқарасыңызды дәлелдеңіз. 6.Әлеуметтік педагогтың міндеттері тәрбиешіден, сынып жетекші міндеттерінен несімен ерекшеленеді? 7.Қандай тұлғалық қасиеттер, білімдер мен дағдылар әлеуметтік педагогтың кәсіби қызметінде қажет болып саналады? 8.Қалыпты отбасыларына әлеуметтік-педагогикалық көмек қажет болады деп ойлайсыз ба? Пайдаланылған әдебиеттер 1.Галагузова И. Г. Социальная педагогика: Курс лекций: Учебное пособие для студ. высших. уч. завед. /под ред. М. А. Галагузовой. –М.:Гуманист. Изд.центр ВЛАДОС, 2003. -416 с. 2.Мудрик А. В. Социальная педагогика. учебник для педагогичеких вузов /под. ред. В. А. Сластенина - М., 2000 3. Мустаева Ф. А. Социальная педагогика. –М.: Академический Проект, Екатеринбург: Деловая книга, 2003. -528 с. 4.Атемова Қ. Т. Педагогика негіздері. - Астана: Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2006. -118 б. Модуль 2. Тұлғаны әлеуметтік қалыптастыру Дәріс 6. Әлеуметтендіру процесіндегі жеке адам және оның әлеуметтенуіне әсер етуші факторлар Дәріс жоспары: 1. Әлеуметтендіру жүйесіндегі жеке адам туралы түсінік 2. Әлеуметтену үрдісіндегі ықпал етуші факторлар және оларға сипаттама 3. Әлеуметтендіру факторлары мен тәрбие факторлары арасындағы байланыс және ерекшеліктер «Әлеуметтендірудің міндеті - қоғамда жаңа ұрпақтарды тәрбиелеу» деген Э. Дюркгейм мен Т. Парсонстың теориялары көптеген зерттеушілерге түрткі болды. Сөйтіп, педагогикалық терминдер сөздігінде «әлеуметтендіру - бұл отбасымен және қоғаммен қарым-қатынас кезінде адамдардың рөлдерінің алмасу процесі» деп сипаттама берiледi. Бүгінде әлеуметтену процесінің әрбір кезеңіндегі үш топтың міндеттері төмендегідей анықталған: 1.Мәдени-жаратылыстану міндеті - бұл дене және жыныстық дамудың белгілі бір деңгейге жетуiмен сипатталады; 2.Әлеуметтік-мәдени міндеті - танымдық, адамгершілік-моральдық, құндылық қасиеттердiң әртүрлі жастағы адамдарға тән болуымен сипатталады. Адамның әлеуметтік-мәдени міндеті: а) институттар мен басқа да жоғары оқу орнындағы тәрбиелік жұмыстар арқылы жүзеге асырылады; ә) ол адамның өз практикасынан, өмірдегі көрген-білгенінен тұрады. 3.Әлеуметтік-психологиялық міндеті - жеке адамның өзін-өзі танып білуi немес өз идеяларын болашақта жүзеге асыруға қабілетті бола білуi арқылы анықталады. Жеке адам туралы ой-пiкiрлер ерте кездегi шығыс ғұламалары, атап айтқанда М. Қашғари, Қайқаус, Қ. Иассауи және т.б. еңбектерiнде кеңiнен орын алған. Мәселен, Қайқаус өзiнiң «Қабуснама» атты еңбегiнде: «Адамдықты бiлдiретiн үш қасиет бар, соның бiрi - жәуанмәртлiк. Жәуәнмәрт болам десең көзiңдi жаман қараудан, тiлiңдi жаман сөзден, қолыңды жаман iстен сақта» деп көрсетедi. Баланың дамуы күрделi қайшылықтары бар процесс болып табылады. Бұған негiзгi педагогикалық үш фактор әсер етедi. 1.Тұқымқуалаушылық 2. Орта 3. Тәрбие. 1. Ұрпақтарда ата-аналарға тән биологиялық ұқсастықтың болуы тұқымқуалаушылық деп аталады. Мысалы: балаға ата-анадан дене қалыптасуы, шаштың түсi, көздерiнiң, терiлерiнiң түсi ауыса алады. Осының бәрi туа бiткен дене ерекшелiктерi деп аталады. И.П.Павловтың iлiмiне сәйкес адам туылған кезде толып жатқан туа бiткен қасиеттермен туылады. Олар: тамақтану, қорғану, бағдарлау, тiлдiң дамуы, тiк жүру және т.б. Бұл қасиеттер адамдармен араласу барысында қалыптасады. Егер бала адаммен қарым- қатынаста болмаса, ол жүре де, сөйлей де алмайды. 1.Адамның дамуына орта ықпал етедi. Олар: географиялық орта, үй-iшi ортасы, әлеуметтiк орта және ұжымдық орта болып бөлiнедi. Мысалы солтүстiк аймақта өмiр сүретiн адамдар мен оңтүстiкте өмiр сүретiн адамдардың мiнез- құлқы мен әрекетiнде өзгешелiктер кездеседi. Өйткенi олар өмiр сүретiн ортаның температурасы мен табиғаты олардың болмысына өз ықпалын тигiзедi. Отбасының өзi ондағы баланың қалыптасуына әртүрлi әсер етедi. Тiптi бiрдей ортадағы әртүрлi отбасыларында тәрбие алған балалар әртүрлi болады. Оған отбасының мынадай белгiлерi әсерiн тигiзедi: - отбасының құрамы; - отбасындағы адамдардың жас мөлшерi мен баланың отбасындағы туылу реті (тұңғышы, кенжесі секілді); - отбасындағы әлеуметтiк-материалдық жағдай; - отбасындағы психологиялық климат және өзара қарым-қатынас; - отбасында қолданылатын салт-дәстүрлер. 2.Тәрбие - баланың дамуына ықпал ететiн негiзгi әрi шешушi фактор болып табылады. Тәрбиенiң басқа факторлардан айырмашылығы - ол адамның дамуына әрқашан да мақсат көздеп ықпал етуi. Әлеуметтену процесiне бiрнеше негiзгi факторлар әсер етедi. Олар: мегофакторлар, макрофакторлар, мезофакторлар және микрофакторлар (1-Сурет). Мегофакторларға (мего - өте үлкен, жалпы деген мағынаны бiлдiредi) космос, планета, әлем және т.б. жатқызуға болады. Макрофактор (макро - үлкен деген мағынаны бiлдiредi), оған ел, қоғамдық этнос, мемлекеттiң әлеуметтенуге әсерiн түсiнемiз. Ел - мәдени-географиялық феномен. Бұл географиялық жағдайы мен табиғи ерекшеліктері арқылы айқын ерекшеленетін, белгілі шекарасы бар территория. Ол мемлекеттік егемен немесе басқа елдің билігінде болуы мүмкін. Сонымен қатар, бір елдің құрамында бірнеше кішкентай мемлекеттер болуы мүмкін. Мезофактор (мезо - орта, аралық деген мағынаны бiлдiредi) - бұлар үлкен адамдар тобының әлеуметтенуге тигiзетiн әсерi. Әлеуметтендірудің мезофакторларына этнос, аймақ, халық жатады. Бұқаралық қарым-қатынас құралдарының негізгі қызметтерін қарастырайық: 1. Ақпараттық қызмет. Теледидардағы бағдарламалар, радио, газеттердегі хабарлар және т.б. арқылы адам өзінің ақпараттық әлемін қалыптастырады. 2. Рекреативтік қызмет. Бұқаралық қарым-қатынас құралдары көп жағдайда топтық немесе жеке-дара адамдардың бос уақыттарын қалай өткізетіндіктерін айқындайды. Бұл қызмет барлық адамдарды күнделікті тұрмыстық күйбелеңнен біршама ауытқытып, сергітеді. 3. Релаксациялық қызмет. Қоршаған әлеуметтік ортамен немесе басқа да өмір құбылыстарындағы қарым-қатынаста қиындық көріп отырған жастар мен жасөспірімдер үшін бұл қызмет ерекше сипатқа ие. 4. Нормативтік қызмет. Бұқаралық қарым-қатынас құралдарын пайдалану барлық жас ерекшеліктеріндегі адамдардың белгілі бір нормалар спектрін игеруіне ықпал етеді. Мезофакторлардың жекелеген адамдарға әсері арқылы төртiншi топ факторы анықталады. Оны микрофактор деп атаймыз (микро - кiшi деген мағынаны бiлдiредi). Әлеуметтендірудің микрофакторларына отбасы, тәрбие институттары, құрдастар тобы, микроорта, ұйымдар (соның ішінде діни ұйымдар да) жатады. Тәрбие институттары - нақтылы әлеуметтік-кәсіби құрылымға немесе нақтылы жас аралығындағы адамдардың дамуы үшін мақсатты да жоспарлы ұйымдастыру мақсатында қоғам мен мемлекет тарапынан арнайы ұйымдастырылған ұйымТәрбие әлеуметтік институт ретінде қоғамдық өмірде нақтылы қызметті қамтиды. Олар мыналар: - мақсатты бағытталған жағдайды жасау арқылы қоғамның мүшесін дайындау мен дамыту мәселесі тек тәрбие процесі арқылы ғана жүзеге асырылады; - қоғамдық өмірдің тұрақтылығын қамтамасыз етуді мәдениетті қолға алу және оны жаңартып, қолдануға ыңғайлы ету арқылы жүзеге асыру; - қоғам мүшелерінің қарым-қатынасы мен іс-әрекетін және талпынысын иинтеграциялау. Тұжырым: 1.Жеке адам әлеуметтендiру процесiнiң объектiсi әрi субъектiсi ретiнде көрiнедi. Нақтырақ айтқанда, жеке адамды қоғамның бүгiнгi талаптарына сай бейiмдеп тәрбиелеуде адам әлеуметтендiрудiң объектiсi ретiнде қарастырылса, өзiнiң қоғаммен тығыз байланысы арқылы бiртiндеп қоғамға енуi және оның мiнез-құлық ережелерiнiң қалыптасуы әлеуметтендiру процесiнiң субъектiсi ретiнде көрiнедi. 2.Жеке адамның дамуы қоғамнан тыс болуы мүмкiн емес. Олай болса жеке адам бойындағы кемшiлiктер мен ауытқулар да қоғам ықпалынан туындайды. 3.Жеке адамды әлеуметтендiрудегі тәрбие үрдісінде әлеуметтендірудің: мего, макро, мезо және микрофакторлары әсер етедi. Жеке адамның қалыптасуындағы кездесетiн ауытқулар жеке дара кездесуi мүмкiн емес. Олар: әлеуметтiк ауытқу, психикалық ауытқу, дене жағынан ауытқу және педагогикалық ауытқулар болып мiндеттi түрде бір-бiрiмен байланыста дамиды. 4.Бүгiнгi күнгi педагогика ғылымында тәрбие ұғымының мәнi мен мазмұны әлеуметтендiру түсiнiгiнiң қоғамдық мәнiмен пара-пар анағұрлым ауқымды қолданылып келедi. Өйткенi баланы жан-жақты тәрбиелеу түсiнiгiнiң өзi оны сол баланың өмiр сүретiн қоғамының азаматы етiп бейiмдеумен, яғни әлеуметтендiрумен тiкелей байланыста жүзеге асырылмақ. 5.Діни ұстанымдар мен сенімдер баланы қоғамға ену мен қоғамда дұрыс өмір сүруге бейімдеудің негізгі құралы ретінде қызмет атқарады. 6.Діни еңбектердегі тәрбие ұстанымдары ғылыми педагогика теориясы мен практикасында ұсынылатын тұлғаны қоғам талабына сай қалыптастыру талаптарын толықтыра түседі және өзара сабақтасып байланысады. 7.Діни еңбектердің мазмұнындағы тұлғаны өз қоғамында өмір сүру талаптарына байланысты ұсыныстарды отбасындағы, мектептегі тәрбие үрдісінде пайдалану әлеуметтендіру үрдісін тиімді ұйымдастыруға септігін тигізеді. Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары: 1. Адамның өзі өмір сүретін қоғамындағы объектілік және субъектілік рөлін ажыратып түсіндіріңіз. 2. Әлеуметтендiру процесiнiң құрбаны дегендi қалай түсiндiресiз? Қандай ішкі қайшылықтар адамды әлеуметтенудің құрбаны болуға итермелейді. 3. Әлеуметтендiру процесiне әсер етушi факторларды атаңыз. 4. Тұлғаның әлеуметтену процесiндегi ұлттық менталитеттiң алатын орны қандай? Көзқарасыңызды дәлелдеңіз. 5. Діни түсініктердің адамның қоғамдық талаптарға сай бейімделуі мен әлеуметтенуіне ықпалын түсіндіріңіз. 6.Діни түсініктердегі қарым-қатынастың қоғамдық қатынастар талаптарына сай келуіне салыстырмалы сипаттама жасаңыз. 7. Дiни тәрбиенiң деңгейлеріне салыстырмалы талдау жасай отырып, қазіргі қоғамдағы баланы әлеуметтендіру үрдісінде басым көрінетін құбылысын сипаттап көрсетіңіз. Пайдаланылған әдебиеттер 1.Галагузова И. Г. Социальная педагогика: Курс лекций: учебное пособие для студ. высших. уч. завед. /под ред. М. А. Галагузовой. –М.:Гуманист. Изд.центр ВЛАДОС, 2003. - 416 с. 2.Мудрик А. В. Социальная педагогика. учебник для педагогичеких вузов /под. ред. В. А. Сластенина - М., 2000 3.Мустаева Ф.А. Социальная педагогика .–М.: Академический Проект, Екатеринбург:Деловая книга,2003.-528 с. 4.Атемова Қ. Т. Түркі халықтарындағы отбасы тәрбиесі дәстүрлерінің қалыптасуы. Монография. -Алматы: Қазақ университеті. 2009. -328 б. 5.Педагогика. Дәріс курсы. −Алматы: Нұрлы Әлем, 2003. - 366 б. 6.Кiшiбеков Б. Қазақ менталитетi: кеше, бүгiн, ертең. -Алматы: Ғылым, - 1999. - 200 б. 7.Сахих хадистер. /Ред. басқарған Мыңбаев М. Г. Таңдамалы бiрiншi кiтап. - Алматы, 2003. - 224 б. Дәріс 7. Отбасы - әлеуметтендiру процесiнің жетекші институты Дәріс жоспары: 1.Отбасы және оның баланы әлеуметтендіру институты ретіндегі қоғамдық мәні 2.Отбасының әлеуметтендірушілік белгiлерi мен әлеуметтендірушілік ықпалы 3.Отбасы типтері және ондағы әрекеттер сферасы 4.Отбасының әлеуметтендірушілік қызметі 5.Толық емес отбасылардағы тәрбие мен әлдеуметтендіру үрдісінің жүргізілу мүмкіндіктері Отбасы қоғамның элементарлы құрылымы ретіндегі алғашқы әлеуметтік бөлігі болып табылады. Отбасындағы адамдардың бiр-бiрiмен өзара қарым-қатынасының сипатына қарай М. Галагузова оларды авторитарлы, демократиялық және эгалитарлық деп бөлдi. Авторитарлық отбасы өзiнiң қарым-қатынастағы қаталдығымен сипатталады. Мұндай отбасыларында әйел ерiне бағынышты немесе ерi әйелiнен аса алмайды және балалары ата-аналарының дегенiнен шыға алмайды. Демократиялық отбасыларындағы қарым-қатынас толық өзара түсiнiстiк пен сыйластыққа негiзделедi. Мұнда отбасы мүшелерiнiң үйiшiлiк қызметтерi қабiлеттерi мен мүмкiндiктерiне қарай тең бөлiнген, отбасындағы әрекеттердi ұйымдастыру мен атқаруға бәрi жұмыла қатысып отырады. Ал эгалитарлық отбасылары ондағы ересектердiң тең құқылығымен ерекшеленедi. Мұндай отбасыларындағы адамдар үшiн отбасы проблемаларына қарағанда жеке басының проблемалары бiрiншi орында тұрады. Мысалы, жұмыстағы жетiстiктер және т.б. Мұндай отбасыларында үйiшiлiк жұмыстар тең бөлiнген, барлығы ұжым болып жабыла кiрiсiп атқарады және шешiм қабылдайды. Бос уақытты да бiрге өткiзуге тырысады. Мұндай отбасыларындағы қарым-қатынастың кемшiлiгi отбасы проблемаларын шешуде кейбiрiнiң жеке мүддесi немесе қызығушылығы ескерiлмесе, кикiлжiң тууы мүмкiн. Енді осы қарастырылған отбасыларының ішіндегі бірқатар отбасы типтеріне сипаттама беріп, тоқталып өтейік: Жас отбасы. Бұл отбасылар жұбайлық өмір дамуының алғашқы сатысында және жұбайлық таңдау міндеттерін жүзеге асыру кезеңінде. Бұл кезеңде олар бір- бірін енді танып біліп, мінез-құлықтарындағы алшақтықты түзетуге, үйреншікті өмір сүру салтынан жаңа өмірге бейімделу кезеңін бастан кешіреді. Орташа жастағы жұбайлар отбасы. Қарым-қатынастарына қарай мұндай отбасыларына тәрбиеленушілерді тәрбиелеушілік айқындалатын өзіндік ұжымдық сипат тән. Көптеген жұбайлар бұл жас кезеңінде тек сөз ғана емес, отбасындағы іс-әрекет пен ерлі-зайыптылық өнегесінің тәрбиелік ықпалын қолданатын өздерінің жеке тәжірибелеріне сүйенеді. Ересек жұбайлар отбасы. Мұндай отбасыларына өздері жеке немесе ересек балаларымен және немерелерімен тұратын жұбайлар отбасы жатады. Оларға зейнеткерлікке шыққан жұбайлар жатады. Мұндай отбасыларының мәселелеріне олар жаңа мекенжайға көшкенде бейімделудің қиындығы, жұмыс орнын ауыстыруға байланысты туындаған қиыншылықтар және т.б. жатады. Баласыз отбасылары. Әдетте мұндай отбасыларына он жылдан бері некелерінде бала болмаған жағдайда осылай аталады. Әрбір үшінші баласыз отбасы ерінің бастамасымен ажырасады. Әйтсе де ажырасу арыздарын бергендер олардың ішінде аздаған бөлігі ғана баланың болмауын ажырасу себебі ретінде көрсетеді, көп бөлігі көрсетпейді екен. Көп балалы отбасы. Мұндай отбасыларына төрт баласы бар отбасылар кіреді. Мұндай отбасылары өздерінің ауызбіршілігімен ерекшеленеді және ажырасу көрсеткіштері де салыстырмалы төмен болады. Аз балалы отбасы. Бұл қазіргі кезде ең көп тараған отбасылар, оларға екіден немесе жалғыз баласы бар отбасылар жатады. Күрделі отбасы. Бұл бірнеше ұрпақ өкілдерінен тұратын толық отбасыларын, тіпті бірнеше некелік отбасыларын қамтитын ұжым. Оны жұбайлардың ата-аналары, жұбайлардың өздері және олардың балалары құрайды. Жыл өткен сайын мұндай отбасыларының саны азайып барады. Қолайлы отбасы. Мұндай отбасыларына жас отбасылар, орташа жастағы, ересек жастағы жұбайлар отбасы және т.б. кіреді. Сонымен қатар, мұндай отбасыларына баласыз, көп балалы, күрделі отбасылар және т.б. да енеді. Қолайсыз отбасы. Қолайсыз отбасыларына нақтылы бір уақыт барысында отбасыаралық және отбасыішілік тұрақсыздық қалыптастырып келген ықпалдарға қарсы тұруға қабілетсіз отбасыларын жатқызамыз. Аралас отбасы немесе қайталанған некелі отбасы. Бұл бірінші неке сәтсіз болғанда қайта некелесуден пайда болған отбасылары. Ондағы мүшелердің жартысы бұрынғы некеден туылған балаларды қамтиды. Мұндай отбасыларын Ресей ғалымдары үш түрге бөледі (Ф. А. Мустаева): 1. Балалы әйелдің баласыз еркекке тұрмысқа шығуы; 2. Балалы еркектің баласыз әйелге үйленуі; 3. Балалы еркек пен балалы әйелдің ортақ отбасылық тұрмыс құруы. Некесіз отбасы. Бұл өз қарым-қатынастарын заңды ресми түрде рәсімдеуді қажет етпеген әйел мен еркектің ұзақ уақытқа созылған ортақ тұрмыстық одағы. Бұған некеге дейінгі жастардың ұзақ уақыт бойы бірге тұрған келісімді ортақ одағы жатуы мүмкін, көп жағдайда мұндай отбасыларында өмірге сәбидің келуімен заңды некеге тұру қажеттілігі орын алады. Толық емес отбасы. Бұл көбінде ажырасудан кейнгі отбасылары немесе ерлі- зайыптылардың бірінің қайтыс болуына байланысты пайда болған отбасылары, кейде жалғыз адамдардың бала асырап алуынан пайда болған отбасылары болып табылады. «Аналық» отбасы. Бұл толық емес отбасыларының бір түрі десек те болады. Ата-анасы некеге тұрмай әйел азаматтың жеке қалауымен бала табуы нәтижесінде пайда болған отбасы болып табылады. Ажырасудың нәтижесінде пайда болған толық емес отбасы. Ажырасудан кейінгі отбасы көп уақытқа дейін осындай көңіл-күйді басынан кешіреді. Ажырасқан отбасыларының үштен бір бөлігі ғана қайта толық отбасы жағдайына ие болады. Ата-аналарының біреуінің қайтыс болуынан пайда болған толық емес отбасы. Бұл отбасыларында ата-ана рөлін ана немесе әке орындайтын болады. Әйел (немесе еркек) тарапынан бала асырап алу негізінде қалыптасқан отбасы. Мұндай отбасыларына өмірге деген құлшынысының жоғары болуы тән. Дистанттық отбасы. Мұндай отбасыларына қалыпты отбасыларын жатқызамыз. Оларға ерлі-зайыптылардың бірінің кәсіби қызметінің ерекшелігіне байланысты өмірінің көп бөлігін бөлек өткізетін баласыз отбасылары, аз балалы және көп балалы отбасылары кіруі мүмкін. Әртүрлі деңгейлі отбасы. Мұндай отбасыларындағы жұбайлардың кәсіби бағыты мен білімі әртүрлі деңгейде болады. Аралас ұлтты отбасы. Бұл ата-аналарының әртүрлі ұлт өкілдерінен тұратын адамдар некесі, мұнда тіпті олардан туылған балаларының өзі кәмелет жасына толғанда ата-аналарының бірінің ұлтын таңдауға құқылы болады. Содан әр ұлтты отбасы болып шыға келеді. Бала тәрбиесiне деген ата-аналар көзқарасының әртүрлiлiгi және отбасындағы тәрбие жұмысының жүйесiз әдiстерiнiң қолданылуы, ата-аналар мiнез-құлқының жиi өзгерiп отыруы, баланың мiнез-құлқынан тыс мадақтау мен жазалау тәсiлдерiнiң сәйкессiз қолданылуы (ата-аналардың мiнез-құлқына қарай) отбасындағы баланың мiнезiнiң терiс қалыптасуына әсер етедi. Толық емес отбасыларындағы балалар тәрбиесi де өзiндiк ерекшелiкке ие. Көптеген зерттеу жұмыстары толық емес отбасыларындағы жалғыз ананың бала тәрбиесiнде әкенiң орнын толтыра алмайтындығын, яғни бiр сөзбен айтқанда баланың толыққанды әлеуметтенуiн қамтамасыз ете алмайтындығын айтады. Соған қарамастан көп жағдайда толық емес отбасыларында ана баланың кезiнде ала алмаған әке қамқорлығын беруге тырысады. Осы мақсатта ана балаға қамқоршы болу, қорғаушы, бақылаушылық позицияны ұстанады. Тұжырым: 1.Отбасы-қоғамның бір бөлшегі бола отырып, баланың қоғамға енуін қамтамасыз ететін әлеуметтендірудің негізгі институты болып табылады. 2.Отбасының әлеуметтендірушілік қызметінің сипаты оның қоғаммен қарым- қатынасы нәтижесінде қалыптасқан отбасылық құндылықтарына байланысты анықталады. 3.Отбасы типтеріне байланысты отбасының баланы әлеуметтендірушілік ықпалы да әртүрлі болады. Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары: 1.Бала тұлғасын әлеуметтендiруде отбасының рөлi қалай көрiнедi? 2.Әлеуметтік педагогтар тарапынан ұсынылып жүрген отбасылық қарым- қатынастың типтерiн бөлiп көрсетіңіз. Олардағы тәрбие мен әлеуметтендіру ерекшеліктерін сипаттаңыз. 3.Отбасына берiлген әртүрлi анықтамаларды салыстырыңыз. Олардың қайсысы отбасының сипатының мәнiн толық ашады? 4.Отбасының маңызды қызметтерiн ата-бабаларымыздың тарихи дәстүрлерімен және бүгінгі күнгі жаңа дәстүрлермен салыстыра отырып, сипаттаңыз. 5.Қолайлы емес отбасының типологиясын және ондағы қарым-қатынасты реттеудiң мүмкiн болатын жолдарын өзiңiздiң тұжырымыңыз бойынша ұсыныңыз. Пайдаланылған әдебиеттер 1.Әл-Фараби. Әлеуметтік этикалық трактаттары. - Алматы: Ғылым, 1975. - 305 б. 2.Галагузова И. Г. Социальная педагогика: Курс лекций: учебное пособие для студ. высших.уч. завед. /под ред. М. А. Галагузовой. –М.:Гуманист. Изд.центр ВЛАДОС, 2003. -416 с. 3.Атемова Қ. Т. Оқушыларда гумандық қасиеттерді қалыптастыруда мектептің рөлі. –Алматы: Ғылым. 2002.-118 б. 4.Торохтий В. С. Психология социальной работы с семьей. –М.:ЦСП РАО, 1996. -218 с. 5.Мустаева Ф. А.Социальная педагогика. –М.: Академический Проект,Екатеринбург: Деловая книга, 2003.-528с. Дәріс 8. Мектеп - әлеуметтендіру институты және әлеуметтік- педагогикалық жүйе ретiнде Дәріс жоспары: 1.Мектептің әлеуметтендіру институты ретіндегі мәні мен мүмкіндіктері 2.Мектептің баланы әлеуметтендірушілік қызметі 3.Әлеуметтiк бағдарланған мектептердiң қызметiнiң жетекшi бағыты мен типтері 4.Мектептегі баланы әлеуметтендіру шараларының ұйымдастырылу ерекшеліктері Тәрбие бүгiнге дейiн бiр орында тұрған емес. Ол сан құбылып, сан өзгерiске ұшырап, қоғаммен бiрге жаңарып келедi. Қоғамға нарықтық экономиканың келуiне байланысты балалар психологиясын нарық талаптарына сай тәрбиелеу қажеттiлiкке айналды. Оларда ұлттық тәрбиемен қоса нарық заманына сай қасиеттердi қалыптастыру тәрбие мақсатына айналды. Осы тұста ғалымдар Ж. Б. Қоянбаев пен Р. М. Қоянбаевтар өздерінің «Педагогика» кітабында тәрбие ұғымына былайша анықтама бередi: «Тәрбие дегенiмiз - жастарды қоғамда өмiр сүруге және еңбек етуге бейiмдеу». Бұл нағыз нарық талабын ескеріп, адам тәрбиесін қоғам талабына сай жүзеге асыруды көздеген анықтама болатын. Бүгiнгi таңда «тәрбие» ұғымының ауқымы әлеуметтендiру ұғымымен астасып, әлеуметтiк мәнге ие болып отыр. Өйткенi бүгiнгi тәрбие беру мәселесi жастарды қоғамға лайықты азамат етiп тәрбиелеумен сәйкес келгендiктен, бұл ұғымдар бiр-бiрiнiң баламасы ретiнде де қолданылып келедi. Сапалы бiлiм алған адам өмiрде міндетті түрде тәрбиелi әрi қоғамдық істерге жан-жақты дайын болады деп саналды. Бiрақ тарихи тәжiрибелерге талдаулар жасау мен практика мұның дұрыс емес екендiгiн көрсетiп бердi. Бүгiнгi жағдайда мектептiң әлеуметтiк-қалыптастырушылық, тәрбиелеушiлiк мiндетi елеулi түрде күшейтiлуде. Әсiресе, тұрғындардың елеулi бөлiгiнiң әлеуметтiк орнықтырушылығы отбасындағылардың әлеуметтiк-психологиялық қиыншылықтардан басымдығы бiлiм беру жүйесiндегi әлеуметтiк ортаның қатаң әсерiнiң күшеюi бүгiнгi бiлiм беру мен тәрбиенiң дәстүрлi қызметiнiң көкейкестiлiгiн арттырып, тереңдете түсуге алып келдi. Олар: 1. Әлеуметтiк бейiмдеу және әлеуметтiк тұрақтандыру қызметi. Ол әрбiр оқушыда реалды әлеуметтiк қарым-қатынасқа түсудi, тұлғаның әлеуметтiк даралығын қалыптастыруды, әрбiр мектеп бiтiрушiсi үшiн өмiрлiк перспективаларды ашуға, әлеуметтiк кикілжіңдер мен әлеуметтiк қысымдарды шешуді қамтамасыз ету; 2. Әлеуметтiк қайта құрылушылық қызмет. Бұл қызмет тез өзгеретiн өмiрлiк жағдаяттардың, нарық қатынасы мен демократиялық-құқықтық қоғамның қалыптасуы жағдайында адамдардың сапалы өмiр сүруге бейiмделуiн қамтамасыз етедi; 3. Әлеуметтiк-қорғаушылық қызмет. Ол балалардың өмiрi мен дамуына қалыпты жағдай жасай алмайтын отбасылары мен қоғамдағы балаларға қамқорлық жасаумен байланысты іс-шараларды ұйымдастыруды қамтиды; 4. Денсаулықты сақтаушылық және нығайтушылық қызмет. Ол бiлiм берудiң бағасы шектен тыс жоғары болғанда немесе бiлiм беру денсаулықты жоғалтуға алып келетiн жағдайдағы балалардың денсаулығының катастрофалық құлдырауымен байланысты болады. Мысалы, компьютерде ұзақ отыру көзге, мидың шаршауына алып келедi. 5. Мәдени және мәдени-шаруашылық қызмет. Бiлiм берудi кең мағынада мәдениетпен қарым-қатынас ретiнде түсiнуден келiп шығады немесе көпшiлiк хабар құралдары, мәдениет мекемелерi, микроорта әзiрге бұл процестi қамтамасыз етуге қабiлетсiз болып отыр. Нақтылы пәндерді тереңдетіп оқытатын сыныптары бар мектептер. Бұл мектепетерде бір немесе екі пән тереңдетіліп оқытылады. Мысалы, шетел тілі мен математика секілді т.б Гимназия мектептері - оқу орнының бағытына байланысты бастапқы білім берудің вариативтілігін қамтамасыз ететін, оқушылардың таңдауына байланысты профильдік курстар мен пәндердің ғылыми негіздерін тереңдетіп оқытатын жалпы білім беретін оқу орны. Лицей – нақтылы бір профиль бойынша пәндерді тереңдетіп оқытатын жалпы білім беретін оқу орны. Оның гимназия мектептерінен айырмашылығы олар кең бағытты қамтымай, нақтылы техникалық-математикалық, бологиялық-химиялық және т.б. секілді бағыттарды қамтитындығында. Әлеуметтiк бағдарланған мектептердiң қызметiнiң жетекшi бағыты мен доминантты ядросы бойынша оларды мынадай типтерге бөлуге болады: - Бейiмделу мектебi. Мұндай мектептерде жетекшi идея әрбiр баланың дара психофизиологиялық ерекшелiгi мен қызығушылығын және даму деңгейiн ескере отырып, оның тұлғалық дамуы мен әлеуметтенудiң толық мүмкiндiктерiне қолайлы жағдайларды қамтамасыз етуге бағытталады. - Сауықтыру мектептерi. Мұндай мектептердiң базалық бағдары - денсаулықты сақтау мен нығайту, бiлiм берудiң нәтижесi ретiнде денсаулық пен тәрбиелiлiктiң және бейiмдiлiктiң гармониялы мүмкiндiктерiн iздестiредi. - Оқушылардың қызығушылығы бойынша елеулi сабақтар жүргiзетiн мектептер - олар мектеп-клубтар. Мұнда ұжымдық қызмет шығармашылық жұмыстар әдiстемесiне негiзделедi. Ұжым мүшелерi көңiлдегi әрекеттерiмен шұғылданады. - Үй типтi мектептер. Мұндай модель негiзiнен халықтың бiрден-бiр әлеуметтiк-мәдени орталығы болып табылатын шағын ауыл мектептерi үшiн өте қолайлы. - Академиялық мектептер. Оларға гимназия, лицей, профильдi мектептер жатады. Ондағы әлеуметтiк бағдар орта және жоғары кәсiби оқу орындарымен, ғылыми мекемелермен, ғылыми өндiрiстермен, шығармашылық одақтармен, мамандармен, ғалымдармен, шығармашылық зиялылары өкiлдерiмен байланыс жасау арқылы жүзеге асырылады. - Оқу-өндiрiстiк мектептер. Ол да профильдi мектеп, бiрақ негiзгi мақсаты еңбекке, қолөнердi меңгеруге бағытталған мектеп. Мұндай мектептер негiзiнен оқу-өндiрiстiк комбинаттар болып табылады. - Ашық мектептер - мектеп қабырғасынан тыс жерде оқу, оқудан тыс әрекеттердiң бөлiгiн жүзеге асыратын оқу орны. Бұл лабораториялардағы және өндiрiстер мен мәдениет мекемелерiндегi сабақтар және т.б. Бүгінгі жалпы білім беретін мектептер тәрбие институты ретінде мынадай әлеуметтендіру мекемелерінің рөлін атқарады: - оқушыларды оқыту арқылы тәрбие берушілік қызмет іске асырылатын білім және тәрбие беру мекемелерінің рөлі; - мектептегі оқудан тыс жұмыстар негізінде педагогтардың ұйымдастыруымен өткізілетін шаралар арқылы оқушылардың өмірге бейімділігін қалыптастыру мақсат еткен ұйымның рөлі; - оқушылардың өмірін мақсатты түрде оқушылардың бос уақыттарындағы өзара қарым-қатынастары арқылы ықпал ететін әлеуметтік-психологиялық топ рөлін атқарады. Жалпы алғанда мектеп әлеуметтендірудің ашық жүйесі ретінде мыналарды білдіреді: - мектептің отбасыларымен әлеуметтік байланысының күшеюі; - мектептің қосымша білім беру, мәдени мекемелерімен және әлеуметтендірудің басқа да институттарымен өзара байланысты жұмыстарының жүргізілуі; - педагогтардың мектеп түлектері, ардагерлер, мәдени қызметкерлер, спорт саласындағы қоғамдық орталармен тығыз байланысының болуы; - педагогикалық және балалар ұжымының әртүрлі шығармашылық ұжымдармен ынтымақтастығының болуы; - сабақ пен сабақтан тыс оқытулардың мектептен тыс жерлерде өткізілуі: шеберханаларда, лабораторияларда, табиғатта және т.б. Ата-аналар жиналысы - бұл мұғалімнің қолындағы маңызды педагогикалық құрал болып табылады. Онда ата-аналарға балалары туралы айтуға, белгілі бір кедергілерді шешуді бірге жоспарлауға болады. Өзара түсінік пен өзара көмек болған кезде ғана ата-аналар жиналысы нәтиже береді. Бүгінгі күннің талабына сай отбасы өмірін ұйымдастырып, балалар бойында ұнамды қасиеттерді қалыптастыруда ата-аналар білімдерін жетілдіру қажеттілік болып отыр. Бұл білімдер мектептің ата-аналарға арналған іс- шараларының мазмұнына ендірілумен жүзеге асырылмақ. Тұжырым: 1.Мектеп-мақсатты құрылған тәрбие үрдісін ұйымдастыру мекемесі ретінде баланы әлеуметтендірудің негізгі институты болып табылады. 2.Әртүрлі мектептің типтеріндегі тәрбие үрдісінің ерекшеліктеріне байланысты тұлғаны қоғам талабына сай қалыптастыру міндеті бірдей болғанымен, оларды әлеуметтендіру жолдары әртүрлі жүзеге асырылады. 3.Мектеп тұлғаны әлеуметтендіруде қоғамдық ұйымдармен, отбасымен байланыста жұмыс жүргізгенде ғана әлеуметтендіру міндетін тиімді шешеді. Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары: 1.Мектептің әлеуметтендірушілік қызметінің мүмкіндіктерін сипаттап түсіндіріңіз. 2.Мектептің типтерін атаңыз және олардың типтеріне байланысты әлеуметтендіру мүмкіндіктерінде айырмашылық бола ма? Қалай ойлайсыз? Ойыңызды тұжырымдаңыз. 3.Педагогикалдық процестің екі жақтылық үрдісі екендігін білеміз. Мектептегі әлеуметтендіру процесінде осы заңдылық қалай жүзеге асырылады? Түсіндіріңіз. 4.Мектептің әлеуметтендірушілік қызметінде ата-аналардың қаншалықты қатысы мен ықпалы болуы тиіс деп ойлайсыз? Пікіріңізді жазбаша дәлелдеңіз. Пайдаланылған әдебиеттер 1.Мустаева Ф. А. Социальная педагогика.–М.:Академический Проект, Екатеринбург: Деловая книга, 2003.-528 с. 2.Қазақстан Республикасының тәлiм-тәрбие тұжырымдамасы. //Егемен Қазақстан. −1993, 5 ақпан. 3.Қоянбаев Ж. Б., Қоянбаева Р. М. Педагогика: Оқу құралы. Алматы, 2002. 4.Галагузова И. Г. Социальная педагогика: Курс лекций: учебное пособие для студ. высших.уч. завед. /под ред. М. А. Галагузовой. –М.:Гуманист. Изд.центр ВЛАДОС, 2003. -416 с. 6.Атемова Қ. Т. Оқушыларда гумандық қасиеттерді қалыптастыруда мектептің рөлі. - Алматы: Ғылым, 2002.-118 б. Модуль 3. Балаларды тәрбиелеу мен дамытудағы әлеуметтік ауытқулар Дәріс 9. Әлеуметтік педагогикадағы қалып және қалыптан ауытқу Дәріс жоспары: 1.Әлеуметтік-педагогикалық қалып туралы түсінік, оның қоғамдық категория ретіндегі мәні 2.Әлеуметтік-педагогикалық қалыптан ауытқу түсінігі және қалыптан ауытқудың себептері 3.Әлеуметтік-педагогикалық қалыптан ауытқудың түрлері, олардың өзара ықпалы 4.Әлеуметтік-педагогикалық ауытқуы бар балалардың белгілері мен ауытқу құбылыстарының алдын алу жолдары Қандай қоғамда болмасын, тіпті дамудың қандай сатысында болса да өзіне ерекше назар аударуды қажет ететін адамдар кездеседі. Олар - дене немесе психологиялық, әлеуметтік жағынан ауытқулары бар адамдар. Ондай адамдар қашанда басқа адамдар тобынан ерекшеленіп тұрады және олардың қасиеттері мен іс-әрекеттерін қалыпты жағдайға сәйкес келмейді деп айтуға болады. Қалып (норма) ұғымы медицина, психология, педагогика және физиология ғылымыдарында кеңінен қолданылады. «Қалып» ұғымының мәніне сипаттама берудің қиындығы оның терминдік түсінігінде ғана емес, мазмұнында да болып отыр. Өйткені адамдар қоғамында қабылданған талаптарға сай «қалып» түсінігі ұлттық, менталитететік сипатқа байланысты да ерекшеленуі мүмкін. Ауытқу негативті немесе позитивті сипатқа ие болуы мүмкін. Мысалы, баланың қалыптан ауытқуы кейде оның ақыл-ойы жағынан кемістігі болып саналса, кейде ол талантты болуымен айқындалады. Шартты түрде қалыптан ауытқу құбылысын төрт түрге бөлуге болады. Олар: денедегі ауытқу, психикалық ауытқу, педагогикалық ауытқу, әлеуметтік ауытқу. 1.Денедегі қалыптан ауытқу құбылысы адамдардың денсаулығындағы кемшіліктерге байланысты болып, медициналық көрсеткіштермен айқындалады. Медицинада әрбір жас ерекшелігіне сай адамдардың денінің саулығын сипаттайтын өзіндік көрсеткіштері (салмағы, бойы, көкірек көлемі, және т.б.) айқындалған. Денсаулығы мен дамуы жағынан ауытқуы бар адамдардың мынадай түрлерін атап көрсетуге болады: - дерт – психикалық немесе физиологиялық функциясында аномальдық құбылыстың болуы, қандай да бір іс-әрекетті орындауда қиындық туғызатын аномальдық құрылым элементтерінің кездесуі; - мүмкіндігі шектелген – адам қимылында қалыпты болған әрекеттерді жасауда қабілеттіліктің болмауы немесе шектелуі; - мүгедектік – жас ерекшелік, жыныстық және әлеуметтік факторлардан туындайтын қандай да бір нормативтік рөлдерді орындауды шектейтін немесе кедергі келтіретін нақтылы адамның мүмкіндігінің шектелуі немесе дефектісінің кез келген салдары; 2.Психикалық ауытқу баланың ақыл-ойы дамуымен, психикалық жетіспеушілігімен байланысты айқындалады. Оған адамның сөзі, эмоциялық- еріктік күші, сондай-ақ сөйлеудегі кемшіліктер, тұтығу, оқу мен білім мазмұнын баяндаудағы кемшіліктер жатады. Баланың ақыл-ойы жағынан дамымай қалуы жүйке жүйесінің тума дефектісі немесе аурудың салдарынан болуы мүмкін. 3.Педагогикалық ауытқу - бұл ұғым немесе түсінік әлеуметтік педагогика мен педагогика ғылымында өте аз қолданылады. Бұл ең алдымен педагогикалық мақсатты жүзеге асыруда білім алушының әрекетінде қалыптасқан нормалар мен көрсеткіштерді салыстыру арқылы реттеп отыратын ынталандырудың тұлға дамуына әсерімен іске асырылады. Әлеуметтік ауытқу - ол «әлеуметтік қалып» ұғымымен байланысты. Әлеуметтік қалып - қоғам дамуының өзіндік кезеңінде қалыптасқан және арнайы қабылданған әлеуметтік топтың немесе адамдардың мінез-құлық әрекеттерінің үлгі ережесі. Шын мәнінде әлеуметтік қалып қажет етілген мінез-құлықтың моделі ретінде қабылданады. Әлеуметтік педагог қызметінде әлеуметтік қалып пен ауытқу шекарасын білу және айқындау өте маңызды. Қалыпты мінез бен әлеуметтік ауытқу орын алатын мінез-құлықты сипаттайтын: еріксіздік пен шектен тыс белсенділік, қорқыныш пен ызақорлық және т.б. қасиеттер осы екі ұғым арасын айқындайтын түсініктер болып табылады. Сондықтан әлеуметтік педагог қызметінің бір қыры ауытқудың алдын алуға, қоғамда қабылданған мінез-құлық пен іс-әрекет қалыптары мен талаптарының бұзылуын болдырмауға бағытталса, екінші қыры, бойында ауытқудың белгілері байқалған балаларды реабилитациялауға бағытталады. Бұл балаға қалай көмектесу керек, қоғамға қалай қосу қажет деген сауал төңірегінде атқарылатын өте маңызды да ауқымды жұмыс. Тұжырым: 1.Қоғамда орын алып отырған көптеген келеңсіз жағдайлар мен кездесетін қиыншылықтар адамның қалыпты өмір сүруі мен мінез-құлқының өзгеруіне алып келеді. Әлеуметтік педагог қызметінің қажеттілігі тұлғаны қалыпты өмір сүру дәстүріне қайта әкелу мен қоғам талаптарына бейімдеуден туындайды. 2.Педагогикалық процесс екіжақты сипатқа ие болғандықтан, тұлғаны әлеуметтендіру процесі тұлғаның өзі тарапынан белсенділіктің болуын қажет етеді. 3.Әлеуметтік педагогикалық процестегі қалып ұғымының өзі қоғамдық категория ретінде өзгеріп отырады. 4.Қалыптан ауытқудың бір түрінің орын алуы басқа түрлерінің де пайда болуына алып келеді. Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары: 1.Әлеуметтiк педагогикадағы «қалып» және «қалыптан ауытқу» ұғымдарына сипаттама берiңiз. 2.Ауытқудың түрлерiн атаңыз және оның себептерiне сипаттама берiңiз. 3.Бойында ауытқуы бар балалардың белгiлерiн атаңыз және әлеуметтiк ауытқулар арасындағы байланыстылықты дәлелдеңiз. 4.Бүгінгі қоғамда әлеуметтік ауытқуы бар балалармен жұмыстың жүргізілуіне көзқарасыңыз қандай? Көзқарасыңызды нақтылы аргументтермен дәлелдеңіз. Пайдаланылған әдебиеттер 1.Галагузова И. Г. Социальная педагогика: Курс лекций: Учебное пособие для студ. высших.уч. завед. /под ред. М. А. Галагузовой. –М.:Гуманист. Изд.центр ВЛАДОС, 2003. -416 с. 2.Мудрик А. В. Социальная педагогика. Учебник для педагогичеких вузов /под. ред. В. А. Сластенина - М., 2000. 3.Азаров Ю. П. Искусство воспитывать. - М.: Знание, 1971. С.- 32. 4.Семейное воспитание. Краткий словарь. -М.,Издательство политиченской литературы, 1990. - 313 с. 5.Мудрик А. В. Общение в процессе воспитания. –М.:Педагогическое общество России., 2001. - 320 с. 6. Дружинина В. Н. Психология семьи. 3-ое издания.-М.: 2006.-176 стр. 7. Нұрмұхамбетова Т. Р. Тәжірибелік психология. Оқулық. 4-томдық. –Шымкент:Нұрлы бейне. 2006. -188 б. Дәріс 10. Девиация - әлеуметтiк-педагогикалық проблема Дәріс жоспары: 1. Девиация ұғымы, девиантты мінез-құлық туралы түсінік 2. Девиантты мінез-құлықты балаларға тән қасиеттерге сипаттама 3. Девиантты мінез-құлықтың түрлері және оларға сипаттама «Девиация» кездейсоқ себептердiң әсерiнен заттың қалыпты жағдайынан ауытқуы деген мағынаны бiлдiредi. Жасөспiрiмдiк шақ - балалық шақтағы ең қиын және ең күрделi кезең. Бұл кезеңдi өтпелi кезең деп те айтады. Себебi бұл кезде жасөспiрiмдер балалық шақтан жiгiттiк шаққа өтедi. Бұл кезде бала бойында көптеген өзгерiстер болады. Ол физиологиялық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік өзгерiстерден көрінеді. Қоғамда қалыпты мiнез-құлықтан ауытқыған балаларды «қиын» немесе «тәрбиесi қиын» бала деп санау қабылданған. Тәрбиесi қиын балалардың әрекетiн «девиация құбылысы» деп атайды. Мiнез-құлқында, iс-әрекетiнде ауытқуы бар балаларға мыналар жатады: - мектепке, сабаққа бармайтын балалар; - жетiм балалар; - әлеуметтiк жетiм балалар; - улы заттар мен наркотиктер пайдаланатын жасөспiрiмдер; - жеңiл жүрiске түскен жасөспiрiмдер; - тәртiп бұзатын жасөспiрiмдер. Девиация девиантты, деликвенттi және криминалды мiнез-құлықты қамтиды. Девиантты мiнез-құлық деп мiнез-құлқындағы нормадан ауытқуы бар балаларды айтамыз. Бұл топтағы адамдарды тәртiпсiз, әдепсiз деп атауға да болады. Девианттық мінез-құлық екі үлкен категорияға бөлінеді. Біріншісі – анық немесе жасырын психопотологияның барлығын білдіретін психикалық саулықтың қалыптарынан ауытқыған мінез-құлық. Екіншісі – әлеуметтік, мәдени және әсіресе, құқықтық қалыптарды бұзатын антисоциалды мінез-құлық. Мұндай әрекеттер аз болса, оларды құқық бұзушылық деп қабылдаймыз да, ал салмақты болса әрі жазаланса қылмыс деп атаймыз Делинквенттi мiнез-құлық. Бұл мiнездегi балалар девиантты мiнез-құлықты балалар қылығын қайталайды. Делинквентті мінез-құлықты балаларға мынадай қасиеттер тән: - зорлық көрсету, балағаттау, ұрып кету, адамзатқа қарсы әрекеттер жасайды; - материалдық пайда табуды көздейтін қоғамдық көліктердегі ұрлық, машина алып қашу және т.б. айналысады; - наркотик сату, тарату және т.б. Бұл мiнездегi балалардың сыртқы әрекеттерiнде ғана емес, iшкi дамуында да көп ауытқулар болады. Криминалды мiнез-құлық заңға қайшы әрекеттерi арқылы анықталады. Жасына қарай қылмыс кодескiнiң белгiлi статьясына байланысты қылмыстық iс қозғайды. Олардың іс-әрекеттері қоғамға және қоршаған ортаға қауіп төндіреді деп табылады. Заңды бұзатын, мiнез-құлқында ауытқуы бар балаларға тән сипат мыналар: - қылмыс түрлерi мен адамзатқа жат қылықтар жасау; - iшкi құрылымдық ауытқу (яғни ауытқу белгiлi бiр әлеуметтiк топқа байланысты болса); - ауытқудың сыртқы ортаға бағытталуы (отбасындағы ұрыс-керiс нәтижесiнде қылмысқа барса) немесе өзiне зиян келтiрсе (алкоголизм және т.б.) Жеткіншектегі ауытқыған жүріс-тұрыс өз-өзін дәлелдеп көрсету үшін пайда болады. Ғалым П. М. Якобсон мінез ауытқуларын оның ішкі түрткілеріне қарай негізгі үш түрге бөліп қарастырған: 1. Дүниеқорлыққа бағдарланған ауытқу. 2. Агрессивтілікке бағдарланған ауытқу. 3. Әлеуметтік-пассивтік ауытқу. А. Е. Личко жеткіншектердің мінез ауытқуларының ішінде жүріс-тұрысынан көрініс беретін бірнеше түрлерін анықтаған. Олар: 1. Ішімдікке салыну (маскүнемдік). Бұл құбылыс күннен күнге көбейе түсуде. Бұл заңдылыққа сай мәселені салыстырмалы-әлеуметтік зерттеушілер мына тұжырымдарға келді: - Әлеуметтік-құқықтық жағдайларды бұзатындар ішінде ішімдікті пайдаланатындардың жиі кездесуі; - Ішімдік пайдалану әлеуметтік бақылаудың спецификалық түрлерімен байланысты. Кей жағдайларда бұл құбылыс белгілі бір қажетті ритуал элементтерімен байланысты болса, басқа жағдайларда жүріс-тұрысының антинормативтік көрінісі ретінде кездесуі; - Ішімдік, әдетте ішкі комфорттан тасымалданып, тұлғаның өз тәуелділік сезіміне негізделеді. 1.Нашақорлық. Есірткілерді пайдаланған кезде жеткіншектер белгілі бір жаман қылық жасауы мүмкін. Осыдан қылмыс жасау, ұрлықтар, кісі өлтіру саны көбейеді. 2.Агрессивті мінез-құлық. Жеткіншектер агрессиясы олардың өмірлік сәтсіздіктерге ұшырауының нәтижесінде өз-өзін сыйлауының төмендеп, қатыгез адамға айналуымен сипатталады. 3.Суицидиалды мінез-құлық. Осы бағытта ғалым А.Е.Личко жеткіншектердің мінезіне зерттеу жүргізген. Нәтижеде 17 жастағы жеткіншектердің 32%-ы суицидалды әрекетті жасауға бел буғанын анықтаған; Әлеуметтік ауытқуды С. А. Беличева «девиантты мінез-құлық» деп атап, оларды төмендегідей етіп топтастырды: - Пайдақорлық бағыттағы девиация: материалды, ақшалай, мүліктен пайда табу (ұрлық, алдау, жымқыру, сату, т.б. құқық бұзу, түрлері); - Агрессивті бағыттағы девиация: адамгершілікке кері бағытталған әрекеттер жасау (бұзықтық, соққы, тіл тигізу, өлтіру, зорлау); - Девиацияның әлеуметтік енжар түрі: әлеуметтік және жеке мәселелерді шешуде (жұмыс, оқу, нашақорлық, ішімдік және суицид) белсенді өмір сүруден қашу, азаматтық жауапкершіліктен жалтару. К. К. Платонов девианттық мінез-құлықты бес түрге бөліп көрсеткен: 1. Делинквенттік мінез-құлық (әрекетке шектен тыс күш салу); 2. Аддиктивті мінез-құлық; 3. Патомінездік мінез-құлық; 4. Психопатологиялық мінез-құлық; 5. Гиперқабілеттілік базасындағы мінез-құлық. Деликвенттік мінез-құлық адамның көңіл көтеруінде т.с.с. әрекеттерден де көрінуі мүмкін. Жасөспірім қызығушылықпен немесе (компания) топ арасында тұрып балконнан төмен қарай өтіп бара жатқан өткіншілерге ауыр зат тастап, дәл тигізгеннен қанағаттануы мүмкін. Психологиялық ашығудың девианттылыққа жетелейтіндігі ғылымда дәлелденген. Э.Берннің пікірі бойынша адамда психологиялық ашығудың алты түрі бар: - сенсорлық стимуляцияға ашығу; - өзгелерге өзін мойындату бойынша ашығу; - қарым-қатынас жасауға ашығу; - физикалық жақындасуға және сексуалдық қатынасқа ашығу; - психологиялық құрылымдық ашығу; - тіл табысуға келіспеушілік жағдайында ашығу. Девиациялық мінез-құлықтың шегінде көрсетілген ашығу түрлерінің әрбірі өрши түседі. Адам ашығу сезіміне қанағат таппайды және осы ақиқат жағдайда сол ыңғайсыздықты шешуге ұмтылады. Мүмкіндігі шектеулі отбасындағы мінез-құлықтың бұзылуы. Бұл әлеуметтік нормаға қарсы немесе агрессивті мінез-құлық (қарсы шығу, дөрекілік) көрсетуімен байланысты ерекшеленеді. Әлеуметтендірілмеген мінездің бұзылуы - әлеуметтік қоғамда қалыптасқан нормаларды бұзу, балаларға қатыгездік істеумен көзге түсетіндер. Әлеуметтенген мінез-құлықтың бұзылуы. Мұндай мінез-құлық антиәлеуметтік тұрақтылық (ұрлау, өтірік айту, сабақ кезінде қыдыру, үйден кетіп қалу, дөрекілік) немесе агрессивті мінез-құлық қарым-қатынасқа тез түсетін балаларда көрінеді. Делинквентті мінез-құлық. Бұл қылмысқа жатқызуға, соттауға болмайтын бұзақылық. Ерте кезден ішімдік қолдану, наркомания. Ішкілік наркоманияның басы болып саналады. Девиацидті сексуалды мінез-құлық. Бұл жеткіншектің жыныстық қарым- қатынасқа шектен тыс ұмтылуымен, бірақ онда жыныстық идентификацияның әлі толық жетілмеген сипатымен айқындалады. Л.М.Анисимова психикалық дені сау үлкен адамдарға суицидалдық мінез- құлық түрінде байқалатын патологияға жатпайтын жағдаяттық реакцияның алты типін бөліп көрсетті: - эмоциялық дисбаланс реакциясы (жағымсыз эмоциялық тітіркендіргіштердің басым түрге айналған бұзылысы); - сары уайымшылдық жағдаяттық реакция (дүниені сезінудің өзгеруі; бұл жағдайда бәрі күңгірт, қалыптасқан жағдайдан шығатын жол жоқ, болашақтан күтетін еш нәрсе де жоқ сияқты сезіледі); - теріс баланс реакциясы (өмірлік қорытындыларды ұтымды жүргізу, болашақты бағалауда жоғары сыншыл деңгейін көздейтін реакция); - жұмылдыру реакциясы; - қарсыластық реакциясы (байланыстардан, алғашқы әрекеттерден бас тарту жападан-жалғыз қалу сезімімен, тұйыққа тірелумен қоса жүреді); - тәртіпке көнбеу реакциясы (мазасыздық күйді туғызады). Гипермаскулиндік (әйелде еркекке ұқсас белгілердің болуы) мінез-құлық еркектік, тәуелсіздік, әдейі дөрекілік, шамшылдық қасиеттері арқылы байқалып, көбіне жанжалшылдықпен және айқын көрінетін қаталдықпен қоса жүреді. Мұндай жеткіншектер еркелету мен аялаудан қысылады, таза әйелге тән істер мен қызығушылықтардан қашып жүреді. Тұжырым: 1. Девиантты мінез-құлықтың пайда болуы отбасындағы және қоғамдық ортадағы балаға деген мейірімділіктің тым аздығынан немесе тым көптігінен туындайды; 2. Девиантты мінез-құлықтың алдын алмаушылық қылмыстың артуына алып келеді; 3. Бала әлеуметтенуінде оның өмірлік ұстанымдарын берік қалыптастыру маңызды. Сондықтан отбасындағы балаға психологиялық кеңес беру жұмысын жүргізуге ата-аналарды даярлау - әрбір тәрбие мекемелерінің алдында тұрған басты міндеті болуға тиіс. Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары: 1.«Девиация» ұғымының мәнін ашыңыз, оның құрылымын сипаттап түсіндіріңіз. 2.Халқымызда әлеуметтік қалыптан ауытқыған мінез-құлықтарды қалай реттеп отырғандығын мысалдармен дәлелдеп түсіндіріңіз. 3.Бүгінгі күні ғылымда айқындалған девиантты мінез-құлықтың түрлеріне сипаттама беріңіз, олардың пайда болуын бүгінгі күннің әлеуметтік мәселелерімен байланыстырып түсіндіріңіз. 4.Девиантты мінез-құлықты балалары бар ата-атаналарға олармен қандай бағытта және қалай жұмыс жүргізуді ұсынасыз? 5.Девиация құбылысы қоғамдық категория ретінде құбылмалы сипатқа ие дегенді қалай түсіндіресіз? Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Жарықбаев Қ. Б. Жантануға кіріспе: хрестоматия. – Алматы:Дарын. 2005.-191 б. 2. Спиваковская А. С. Психотерапия: игра, детство, семья. –М.: ЭКСМО- Пресс. 2000. -304 с. 3. Невский И. А. Возрастные особенности психического развития детей. –М.:1992. 4. Кон И. С. Психология старшеклассника. – М.:Просвещение. 1987. -196 с. 5. Нұрмұхамбетова Т.Р. Тәжірибелік психология. Оқулық. 4-томдық. –Шымкент:Нұрлы бейне. 2006. -188 б. Дәріс 11. Девиантты мінез-құлықтың пайда болу себептері Дәріс жоспары: 1. Девиантты мінез-құлықты балалардың пайда болу себептері 2. Девиантты мінез-құлыққа алып келетін факторлар 3. Девиантты мінез-құлықтың көрініс беру формалары В.Т.Кондрашенковтың тұжырымы бойынша балаларда кездесетін өзін-өзі сыйлауының төмендігі девиантты мінез-құлықтың барлық түрінде көрініс береді, сондай-ақ қылмыстық топқа ену арқылы құқық бұзушылық әрекетінің болуы, наша қолдану, ішкіштік, агрессия, суицидті мінез-құлық және әртүрлі психикалық бұзылулар орын алады. Осыған байланысты әдебиеттерде девиацияға мынадай себептер негіз болады: 1. Девиантты мінез-құлық көрсетудің негізгі себебі - өзін-өзі сыйлауының төмен болуы, өйткені индивид қоғамдағы өзінің қылықтары арқылы жағымсыз қатынастарды табады; 2. Өз-өзін сыйлауы төмен антинормативті мінез-құлқының өсуіне байланысты анти әлеуметтік топтың әрекеттеріне қосылып, өзінің статусын құрдастарының арасында көтеруге тырысады; 3. Кейбір жасөспірімдерде девиантты мінез-құлық өзін өзгелерге сыйлату үшін жасаған шаралар болуы мүмкін. Жеткіншектердің мінез-құлқындағы ауытқулар туа пайда болмайды, олар физиологиялық ауытқулардан емес, отбасындағы және мектептегі дұрыс тәрбие бермеудің салдарынан пайда болады. Осы аталған ауытқу девиантты мінез-құлықтың шығуына алып келеді. Көптеген ғалымдар (И. А. Невский, Л. С. Колесова) жүргізген зерттеулер барысындағы сауалнамалар девиантты мінез-құлық көрсетуге әсер ететін сырқы факторларды келесі топтарға бөліп көрсетуге мүмкіндік берді: 1.Индивидтің әлеуметтік бейімделуінде қиындық туғызатын, асоциалдық мінез-құлықтың алғышартының психобиологиялық деңгейіне ықпал ететін индивидтік фактор; 2.Мектептегі және отбасындағы тәрбиенің олқылығынан пайда болатын психологиялық-педагогикалық фактор; 3.Кәмелетке толмаған баланың отбасындағы, ауласындағы, оқу-тәрбие ұжымындағы жақын құрбыларымен болған жағымсыз қарым-қатынасының ерекшелігін айқындайтын әлеуметтік-психологиялық фактор; 4.Өзі қалаған қарым-қатынас ортасындағы индивидтерді белсенді таңдау қатынасына, қоршаған ортадағы құндылықтар мен нормаларға, отбасының, мектептің және қоршаған ортаның, сондай-ақ өзінің жеке құндылық бағдары мен мінез-құлқын өздігінен реттеушілік қабілетінен туындайтын жеке тұлғалық фактор; 5.Қоғамда өмір сүрудің әлеуметтік және әлеуметтік-экономикалық жағдайларын айқындайтын әлеуметтік фактор. Көп жағдайда девиантты мінез-құлықтың пайда болуына әлеуметтік факторлар түрткі болады (мектептегі қиындықтар, өмірдегі соққылы оқиғалар, девиантты субмәдениеттің ықпалы және т.б.). Білімнің төмен деңгейі, тәртібі нашар, сабақтан көп қалатын, психологтың талабын орындамайтын, адамгершілік деңгейі төмен, құрбыларымен тіл табыса алмайтын, ал кейде, психикалық дамуы, ойлау қабілеті кейін қалған, ашуланшақ, әртүрлі жүйке ауруларына шалдыққан, тәрбиеге әрең көнетін оқушыларды қиын балалар қатарына жатқызуға болады. Жүйке аурулары отбасындағы және басқа да әр түрлі қиын жағдайлардың салдарынан болуы мүмкін. Ата-ана тарапынан, мектеп қабырғасынан жылулық сезінбеген оқушы өзінің өмірде ешкімге қажетсіздігін сезінеді, соның салдырынан уайымға беріледі, иммунитеті төмендейді. Осындай мінез-құлқында қиындығы бар оқушыларды ғалым А. С. Спиваковская екі топқа бөліп қарастырады. Олар: 1. Тән кемтарлығы және жан жарақаты бар оқушылар; 2. Отбасында, мектепте тәрбиелеуден шет қалған, жеке басын қалыптастыруда сыртқы кері фактолардың, әлеуметтік жағдайдың әсері болған және өтпелі кезеңнің күрделілігінен мінезі дұрыс қалытаспаған оқушылар. Н. Гаспарова мінез-құлқында қиындығы бар оқушыларды мынадай топтарға бөледі: 1. Сезім әрекетіне бой алдырғыш, эмоционалды оқушы; 2. Агрессивті; 3. Қыңыр-қырсық; 3. Ұялшақ; 4. Тынымсыз белсенді бала. И. И. Шурыгина, А. К. Матейчик отбасында балаға дұрыс тәрбие бермеудің төрт түрін көрсеткен. Олар: қабылдамау, гиперсоциалды, қорқақ-секемшіл, эгоорталықты. Осы түсініктерге сипаттама беріп кетейік. Қабылдамау. Егер ата-анада балаға деген сүйіспеншілік болмаса, бала мұндай әсерді қабылдай алмайды. Қабылдамау әйел жүкті болған кезден бастап, баланың дүниеге келуіне қарсы болғаннан пайда болады. Гиперсоциалды. Мұндай ата-аналар «дұрыс» ата-аналар. Ата-ана баласын сағатпен тамақтандырып, ойнағысы келсе ойнатып, ұйықтағысы келсе оны ұйықтатады. Гиперсоциалды бала робот-автомат сияқты өмір сүреді. Қорқақ-секемшіл. Бұл жолмен тәрбиелейтін ата-аналардың балалары шамалы ауырса, оны үйден шығармай, бүкіл отбасы болып соның бетіне қарап, баланың ойын алдын ала ауруға дайындайды. Эгоорталықты. Бұлай тәрбиеленген балалардың болашақ қарым-қатынасында отбасының жауапкершілік деңгейі жоғары болады. Баланың ортаға деген көзқарасы төмен болады. Бала мінез-құлқының қиын болып келуі бірнеше факторға байланысты: 1. Биологиялық фактор. 2. Үйішілік фактор. 3. Географиялық фактор. Жоғарыда қарастырылған факторлардың баланың қалыпты мінез-құлқын сақтай алмауына алып келетіндігін ескеретін болсақ, оның көріну сипаттарын мынадай жайттармен байланыстырып түсіндіруге болады: 1. Оқшаулану кикілжіңді жағдайға ұшыраған адамның өздігінен бұл жағдайдан шыға алмаған кезінде көрінеді. Ол стресстен шығу үшін өзінің «мен»-інің өзін зақымдаған ортадан байланысын үзуге талпыныс жасайды. Бірақ кикілжіңді жағдайдан бұлай кету адам мен оны қоршаған орта арасында күн өткен сайын оқшаулануды, психологиялық арақашықтықты өршіте түседі. «Қашқын» индивидті орта «бөтен, қаңғыбас» адам ретінде қабылдайды. Соның нәтижесінде «Қашқын» индивид жағымды эмоция жетіспеушілігін басынан кешіреді. 2. Дербестігінен айырылу өзіндік «мен»-інен бөлектене бастаған кезде көрінеді, яғни өзін-өзі түйсінуді жоғалтады, кез келген іс-әрекет өзінің маңызын жоғалтады, эмоциясы сөнеді. Егер мұндай күйзелістер ұзақ болса, психиатрдан кеңес алу керек. 3. Депрессия – бұл жағымсыз эмоциялық белгісі бар аффектілі күй. Депрессия кезінде жан дағдарысы мен үмітсіздік сезімі күшті қамығумен қатар жүреді. Депрессия кезінде уақыт өтпей, жұмысқа деген қабілет елеулі түрде төмендейді. Бұл жағдай өзіне-өзі қол жұмсауға алып келуі мүмкін. Депрессияның өту сипаты әртүрлі формада көрінеді. 4. Бақылаудың локусы. Адам маңызды жағдайларда басқа адамдарға деген жауапкершілікті өз мойнына алуға бейім болады. Ал кей жағдайда адам өзінің өмірін толығымен сыртқы күштерге тәуелді деп санайды. Осыдан үмітсіздік пен әлсіздік пайда болады. Мұның өте ауыр формаларында өзін кінәлі сезіну, жақын адамдарын жоғалтудан болған стрестік ситуация, беделді тұлғалар жағынан болған сын суицидті іс-әрекетке әкелуі мүмкін. 5. Дене бітіміндегі кемістігінен күйзелу. Бұл күйзеліс сыртқы түр- тұрпатымен байланысты, яғни бетке түскен секпілден бастап, толықтық, аяқтың жіңішкелігі, бел және т.б. неше түрлі дене мүшелерімен байланысты туындайды. Өзінің дене бітіміне көңілі толмаушылық олардың өзіне деген сенімін азайтып, тіпті бақытсыздыққа соқтыруы мүмкін. 6. Философиялық синдроммен улану. Балалардың тұрмыс мәселелеріне деген қызығушылығы, әдетте, қалыпты құбылыс. Бірақ балалардың кейбірінде бұл қызығушылық басқаша формада көрініс береді: әлемді құрудың жалпы заңдылықтарын қайта жасау, олардың жоспарын жасау секілді мәселелермен байланысты туындаған көзқарастарының болуы. 7. Оқу неврозы мектепке, университетке барғысы келмеудің табанды түрде қарсылығынан көрінеді. Невроз – оқытушы мен сыныптастардан конфликтілі қарым-қатынастан кейбір жекелеген оқу пәндеріне немесе барлығына бірдей қатынасқысы келмеуінен туады. Әсіресе, одан мектеп оқушылары зардап шегеді Отбасының моральдық-адамгершілік бейнесіне қарай ондағы тәрбиеленіп жатқан баланың әлеуметтенуіне ықпалы да әртүрлі болады. Олар төмендегідей: 1) Тәрбиелік әсері күшті отбасылары. Оның негізгі белгісі – отбасының жоғары құлықтылық атмосферасы; 2) Тәрбиелі-тұрақтылық – жақсы тәрбие бере алуға деген мүмкіндігі бар отбасылары. Мұндай отбасында девиацияның орын алуы басқа институттар арқылы, көбінесе мектептердегі баланың жағдайымен байланысты ауытқулардың орын алуы байқалуы мүмкін; 3) Тәрбиелі-тұрақсыздық – мұнда да толықтай жағымды мүмкіндіктер бар. Бірақ бұл жағдайларға ата-ананың педагогикалық позициясы жөніндегі дұрыс емес көзқарастың болуы тән; 4) Тәрбиелі-әлсіз – баланы әлеуметтік қадағалауды жоғалту. Ата-аналар балаларына дұрыс тәрбие бермегендіктен оларды қадағалай алмауы; 5) Агрессивті-негативтілік – ылғи текетірестік атмосфера орын алады; 6) Маргиналдылық отбасылар – ішімдік пен сексуалдылық деградация байқалған отбасылар; 7) Құқық бұзушылар отбасы; 8) Қылмыстылар отбасы. Тұжырым: 1.Тәрбие олқылықтары мен қарама-қайшылықтары орын алған жерде девиантты мінез-құлықты балалардың кездесуі міндетті. 2.Девиантты мінез-құлықты балалардың пайда болуының себептерін анықтамайынша алдын алу жолдарын тиімді шешу мүмкін емес. 3.Тәрбие тұлғаның қалыптасуындағы шешуші әрі жетекші фактор болғандықтан, әлеуметтендіру процесінде баланы әртүрлі жағымсыз мінез-құлық пен теріс әрекеттерден сақтаудың бір ден-бір жолы, тәрбие жұмысының тиімділігімен айқындалмақ. Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары: 1.Девиантты мiнез-құлық және оның түрлеріне сипаттама беріңіз. 2.Девиантты мiнез-құлықтың пайда болу себептерi қандай? 3.Девиантты, деликвенттi, криминалды мiнез-құлықтардың ерекшелiгi неде? 4.Девиантты мiнез-құлықтың пайда болуына әсер етушi факторларды атаңыз. 5.Қазақ халқында мінез-құлқы қалыпты талапқа сай келмейтін адамдардың әрекетін қандай әдістер арқылы алдын алған? Тәжірибелерден мысалдар келтіріңіз. 6.Нұрмұхамбетова Т. Р. Тәжірибелік психология. Оқулық. 4-томдық. –Шымкент:Нұрлы бейне. 2006. -188 б. Пайдаланылған әдебиеттер 1. Жарықбаев Қ. Б. Жантануға кіріспе: хрестоматия. – Алматы:Дарын. 2005.-191 б. 2.Әл-Фараби. Әлеуметтік этикалық трактаттары. - Алматы: Ғылым, 1975. - 305 б. 3.Баласағұн Жүсiп. Құтадғу бiлiк /баспаға дайындаған Әбжан Құрышжанұлы. - Түркiстан: Тұран, 2004. - 555 б. 4.Спиваковская А. С. Психотерапия: игра, детство, семья. –М.: ЭКСМО- Пресс. 2000. -304 с. 5. Невский И. А. Возрастные особенности психического развития детей. –М.:1992. 6.Кон И. С. Психология старшеклассника. – М.:Просвещение. 1987. -196 с. Дәріс 12. Девиантты мінез-құлықты балалармен жүргізілетін әлеуметтік- педагогикалық қызмет Дәріс жоспары: 1.Девиантты мінез-құлықты балалармен жүргізілетін әлеуметтік-педагогикалық қызметтің негізгі бағыттары 2. Девиантты мінез-құлықты балалармен жұмыс жүргізудің концептуалдық келістері 3. Девиантты мінез-құлықты балалармен жұмыс жүргізудегі профилактикалық жұмыстар 4. Девиантты мінез-құлықты балалармен жұмыс жүргізудегі әлеуметтік- педагогикалық реабилитациялау Девиантты мінез-құлықты балалар санының артуы қоғам алдына әлеуметтік педагогтар даярлау мен әлеуметтік қызмет сапасын арттыру мәселелерін қойды. Сондықтан бүгінгі қоғамда девиантты мінез-құлықты жеткіншектермен жұмыс істеудің профилактикалық (алдын алу) және реабилитациялық технологияларын кеңінен насихаттау және жетілдіру – басты міндет. Профилактика – жеткіншектердің мінез-құлқында әртүрлі әлеуметтік ауытқулардың сипаттарын қалыптастыратын себептер мен жағдайлардың алдын алуға бағытталған мемлекеттік, қоғамдық, әлеуметтік-медициналық және тәрбиелік-ұйымдастырушылық шаралардың жиынтығы. Әлеуметтік педагогикадағы девиантты мінез-құлықтың алдын алу жұмыстарында ең алдымен дер кезінде ұйымдастырылған шаралар мынадай бағытты ұстануы тиіс: - әлеуметтік қауіпті топта деп табылған кәмелет жасына толмаған баланың дене, психологиялық және әлеуметтік-мәдени жағдайының алдын алу; - баланың денсаулығы мен қалыпты өмір сүру деңгейін қолдау, қорғау және сақтау; - баланың әлеуметтік маңызды құндылықтарына қол жеткізуіне және ішкі потенциалын ашуға көмектесу. Әлеуметтік ауытқу әртүрлі себептер мен жағдайларға байланысты болғандықтан, профилактикалық шараларды бірнеше топқа бөлуге болады: - бейтараптандырушылық; - теңестірушілік; - әлеуметтік ауытқушылыққа алып келетін жағдайлардың туындауын ескертушілік; - келеңсіз жағдайларды жоюшылық; - профилактикалық жұмыстар мен оның нәтижелерін бақылаушылық. Профилактикалық шаралардың өтуі жоғары тиімділікті болуы үшін белгілі бір шарттарды ескеру маңызды. Ондай шарттарды ғалымдар мынадай құрамда көрсетеді: - баланың әлеуметтік ортада, табиғатта өзін қолайсыз сезінуіне әсер етіп тұрған көздерді болдырмау. Сонымен қатар, өмірінде кездескен кедергілер мен қиыншылықтарды өздігінен шешуге қажетті тәжірибені меңгеруіне жағдай туғызу; - баланың алдына қойған мақсаты мен денсаулығын сақтауға бағытталған жоспарына қол жеткізу үшін көмегі тиетін жаңа дағдыларды үйренуге оқыту; - әлі пайда болмаған мәселелердің шешімін табуға үйрету және олардың пайда болуының алдын алу. Әлеуметтік-профилактикалық тұрғыдан келудің негізгі мақсаты әртүрлі негативті құбылыстарды қалыптастыратын себептер мен жағдайларды айқындау, кейіннен жоюды қарастырады. Әлеуметтік-педагогикалық келіс. Ол девиантты мінез-құлықты баланың тұлғалық қасиеттерін, әсіресе, тұлғаның адамгершіліктік және еріктік қасиеттерін коррекциялау және қайта қалпына келтірумен байланысты сипатталады. Бірінші кезең - жекелеген еріктік сапалардың мәнін ашу, олардың мысалдарын көрнекілік тұрғысында дұрыс жеткізу; Екінші кезең - жеткіншектердің еріктік сапалары туралы көзқарастарын қорыту, батырлық пен тәкаппарлық, бірбеткейлік пен қырсықтық, өз бетінше еңбектенуге қабілеттілік пен өзгелер пікіріне деген құрметтің төмендігі түсініктері арасындағы айырмашылықтарды айқындау. Үшінші кезең - жоспарлы түрде өз кемшілігін іздеу, оны түзетудің жолдарын қарастыру және өзін-өзі тәрбиелеу кезеңі. Бұл кезеңде әлеуметтік педагог жеткіншектің қалыптасуында өзіне дұрыс баға бере білуіне, жеке кемшіліктеріне төзбеу сезімін оятуға көмектесуі тиіс. Төртінші кезең - өзін-өзі тәрбиелеудің саналы түрдегі жүру процесі, өзін-өзі дәлелдеу мен өзін-өзі дамытуға деген қажеттілігін іске асыру кезеңі. Девиантты мінез-құлықты балалармен жұмыс жүргізудің келесі түрі –қоғамдағы қалыпты мінез-құлыққа бейімделмеген балаларды әлеуметтік- педагогикалық реабилитациялау. Реабилитацияны кең ауқымды міндеттерді шешуге бағытталған, бала бойында қарапайым дағдыларды қалыптастырудан адамды қоғаммен толық интеграциялауға дейінгі шаралардың жүйесі ретінде қарастыруға болады. Реабилитация дегеніміз - баланы қоғамдағы белсенді өмірге және қоғамдық пайдалы еңбекке қайтаруды мақсат еткен шаралардың жүйесі деуге болады. Реабилитацияның бірнеше түрлері анықталған. Олар: медициналық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік-экономикалық, кәсіби және тұрмыстық. Девиантты мінез-құлықты жеткіншектерді өмірге қайта бейімдеу реабилитациялық орталықтар деп аталатын мамандандырылған мекемелерде жүзеге асырылады. Мұндай мекемелердің негізгі міндеттері мыналар болып табылады: - балалар мен жеткіншектердің қараусыз қалуының, қаңғыбас және әлеуметтік ортаға бейімделмеген болуының алдын алу; - ата-аналарының кесірінен немесе экстремалдық жағдайлардың салдарынан қиын өмірлік жағдайларға тап болған (соның ішінде дене жағынан және психикалық тұрғыдан қысым көрген, қауіпті жағдайда өмір сүретіндер және т.б.) балаларға медициналық-психологиялық көмек көрсету; - қоршаған адамдармен өзара қарым-қатынас жасау дағдысы мен жағымды мінез-құлықтың әлеуметтік тәжірибелерін қалыптастыру; - ата-аналарының қамқорлығынсыз қалғандар мен өмір сүру жағдайы жоқ балаларға қамқорлық көрсету қызметін орындау; - тұлғаны дағдарыстық жағдайынан шығаруға мүмкіндік беретін психологиялық және педагогикалық қолдау көрсету; - отбасына қайта оралу үшін ықпал ету; - білім алуға, қалыпты дамуға мүмкіндікті қамтамасыз ету; - алдағы уақытта тұрмыстық және кәсіби орналасуға қамқорлық жасап тұру. Диагностика кәмелетке толмаған баланың эмоционалдық-танымдық, тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуын, әлеуметтік рөлдерінің, кәсіби қызығушылығының даму деңгейлерін анықтауға бағытталған әлеуметтік-педагогикалық зерттеуді көздейді. Реабилитациялық бағдарлама әрбір бала үшін жеке жасалады, ол құрамында: мақсаты, міндеттері, әдістері, формалары, құралдары мен қызметтің кезеңдері секілді негізгі элементтерді қамтиды. Реабилитациялық бағдарламаның негізгі мақсаты баланың қоғамдағы коммуникативтік дағдыларын жинақтауына көмектесу және адамгершіліктік құндылықтарын коррекциялау мен қалыптастыру болып табылады. Реабилитациялаудан кейінгі қорғаушылық баланың реабилитациялық орталықтан шыққаннан кейін туындаған кикілжіңдерді коррекциялау мен жүйелі бақылауға алу арқылы отбасымен, достарымен және мектеп ұжымымен үйлесімді қарым-қатынасын қайта қалпына келтіруге көмектесуді көздейді. Тұжырым: - девиантты мінез-құлықты балалардың қоғамда болуы әртүрлі әлеуметтік ықпалдардың және тәрбие институттарының қызметіндегі олқылықтардың нәтижесінде пайда болады; - девиантты мінез-құлықты балалардың дені өтпелі кезеңге сәйкес келетіндігі олардың азаматтық қалыптасуында әлеуметтік орта тарапынан болған мұқтаждықтарына көмектің дер кезінде көрсетілмеуінен туындайды; - кез- келген қайта тәрбиеленетін немесе қайта әлеуметтік ортаға қайтарылған бала реабилитациялық қамқорлықты қажетсінеді. Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары: 1. Девиантты мінез-құлықты балалармен қандай бағыттарда жұмыс жүргізіледі? 2. Девиантты мінез-құлықты балалармен жұмыс жүргізуді концептуалдық тұрғыда зерттеген ғалымдар көзқарастарын сипаттап айтыңыз. 3. Әлеуметтік қараусыз қалған балаларды өмірге қайта бейімдеу жұмыстарына қандай қызметтер енеді? 4. Реабилитациялық орталықтарда қандай әлеуметтік-педагогикалық жұмыстар жүргізіледі? 5. Қазақстанда девиантты мінез-құлықты балалармен жұмыс жүргізіп жатқан қандай реабилитациялық орталықтардың жұмысының оң нәтижелері туралы айта аласыз? Пайдаланылған әдебиеттер 1. Жарықбаев Қ. Б. Жантануға кіріспе: хрестоматия. –Алматы:Дарын. 2005.- 191 б. 2.Галагузова И. Г. Социальная педагогика: Курс лекций: учебное пособие для студ. высших.уч. завед. /под ред. М. А. Галагузовой. –М.:Гуманист. Изд.центр ВЛАДОС, 2003. -416 с. 3. Мудрик А. В. «Социальная педагогика». учебник для педагогичеких вузов /под. ред. В. А. Сластенина - М., 2000. 4. Спиваковская А. С. Психотерапия: игра, детство, семья. –М.: ЭКСМО- Пресс. 2000. -304 с. 5.Невский И. А. Возрастные особенности психического развития детей. –М.:1992. Модуль 4. Әлеуметтік педагогикалық іс-әрекеттің әдістемесі мен технологиясы Дәріс 13. Әлеуметтік-педагогикалық қызметтің әдістемесі мен технологиясы Дәріс жоспары: 1. Әлеуметтік-педагогикалық қызметтің әдістемесі мен технологиясы түсінігі 2.Әлеуметтік-педагогикалық қызметтің әдістемесі мен технологиясы ұғымдарының өзара байланысы мен ерекшеліктері 3. Әлеуметтік-педагогикалық қызметті жүргізу технологиясының практикасы 4.Әлеуметтік-педагогикалық қызметті ұйымдастырудағы басқа ғылымдар теориясы мен практикасының қажеттілігі Кез келген мамандықтың қызметін меңгеруде болашақ маман ең алдымен қызмет түрлерімен танысады. Мысалы, физика пәнінің маманы болу үшін ол алдымен физиканың заңдылықтарын оқып үйренеді, ал балалар дәрігері болып шығу үшін анатомия, физиология ғылымдарын меңгереді. Мұндай сұрақтарға әдістеме мен технология жауап береді. Алдымен «әдістеме» және «технология» ұғымдарының мәнін түсініп алайық. «Әдістеме» - бұл қандай да бір жұмысты орындауға мақсатты бағытталған әдістер мен тәсілдердің және құралдардың жиынтығы. Біз әлеуметтік- педагогикалық зерттеу мәселесін қарастырған кезімізде «әдіс» ұғымымен таныс болдық. Бұл ұғым өте кең көлемде қолданылады. Атап айтқанда, психологияда, әлеуметтануда, педагогикада және т.б. «Әдістер» - бұл баланың әлеуметтенуіне әсер ететін, әлеуметтік тәжірибелердің жинақталуына мүмкіндік туғызатын бала мен әлеуметтік педагогтың өзара байланысты қызметінің тәсілі. Әлеуметтік-педагогикалық технологияның «классикалық» технологиядан ерекшеленетін нақтылы сипаттарын Ресей ғалымы Е.И.Холостова мынадай құрамда сипаттап көрсетеді: 1. Концептуалдылық технология, яғни бұл, әлеуметтік педагогикалық қызметте философиялық, психологиялық, дидактикалық және басқа да білім берудің ғылыми концепциялары енген нақтылы технологияларға сүйену арқылы әлеуметтік педагогикалық қызметті ұйымдастыруды көздейді. 2. Жүйелілік технологиясы, бұл, процестің логикасы, әлеуметтік педагогикалық процестің барлық бөліктерінің өзара байланысы, кешенділігі секілді жүйенің барлық көрсеткіштерін игеру арқылы көрініс табады. 3. Үнемділік технологиясы, яғни бұл технологияны пайдалану жұмыс уақытының резервтерін жасау есебінен әлеуметтік педагогтың қызметін оптимальдандыруға мүмкіндік туғызады. 4. Салыстырмалы түрдегі алгоритмделу технологиясы. Негізінде әлеуметтік педагогикалық технологияда қызметтің жалпы процесін бөліп қарастыру шектелген. 5. Іс-әрекеттің коррекциялануы технологиясы, бұл әлеуметтік педагогикалық процесті іске асыруда үнемі тұрақты кері байланыстың орын алу мүмкіндігінің болуымен айқындалады. 6. Әлеуметтік педагогикалық технологияның қайта жаңғыртылуы тікелей алгоритмделу дәрежесіне байланысты болады, яғни технологияның қаншалықты дәрежеде қайта жаңғыртылуы мүмкіндігімен, сонымен қатар, басқа да ғылым салаларындағы әрекеттердің әлеуметтік педагогикада қолданылуы мүмкіндігі арқылы сипатталады. Әлеуметтік педагогикалық технологияның екі негізгі формасы ғылымда ұсынылады: Біріншіден, әлеуметтік педагогикалық қызметтің нақтылы операциялары мен процедураларын қамтитын бағдарламалар түрінде; Екіншіден, осындай бағдарламаларға сәйкес құрылған қызметтің өзі түрінде. Әлеуметтік педагогикалық технологиялар бірнеше деңгейде көрінеді. Олар: 1. Индивидуалдық немесе авторлық деңгей. Мұнда әлеуметтік педагогикалық қызмет әлеуметтік педагогикалық міндеттерді шешу бойынша бірізді, нақтылы әрекеттерді өзіндік ерекшелікпен іске асырумен байланысты айқындалады. 2. Топтық немесе профильдік деңгей. Мұнда әлеуметтік педагогикалық міндеттерді іске асыру нақтылы әлеуметтік институттар саласында аталмыш институттар типіне тән технологияларды таңдау арқылы атқарылады. 3. Басқарушылық немесе территориялық деңгей. Мұнда нақтылы бір әлеуметтік педагогикалық міндет нақтылы бір территория шеңберінде әлеуметтік институттар қызметі мен байланысын қатыстыру арқылы жүзеге асырылады. Жоғарыда аталған технологиялар әрекетінің деңгейлеріне сәйкес жалпы, жеке және арнайы әлеуметтік педагогикалық технологияларды бөліп көрсетуге болады. Жалпы әлеуметтік педагогикалық технологиялар маманның баламен өзара ықпал ету заңдылықтарын және осы әрекеттің компоненттерін сақтауды жүзеге асырады. Жалпы әлеуметтік педагогикалық технологиялар жүйесі өзінің құрамында диагностикалауды, профилактикалауды, адаптациялау, реабилитациялауды, коррекциялауды, әлеуметтік терапияны, әлеуметтік экспертизаны, прогностикалауды, делдалдықты, кеңес берушілікті және т.б. қамтиды. Жеке әлеуметтік педагогикалық технологиялар өзінің негізіне әлеуметтік қолдауға мұқтаж болған нақтылы адамдар категориясы мен әлеуметтік сатыға көмек көрсету бойынша технологиялық процедураларды ендіреді. Арнайы әлеуметтік педагогикалық технологиялар мамандандырылған мекемелер мен орталықтардағы әлеуметтік процестерді оптималдандыруға арналады. Әлеуметтік педагогикалық қызмет барысында қолданылатын кейбір жекелеген технологиялар мен технологиялық процестерді практикада пайдалануда әлеуметтік педагог көптеген шаралардың кешенін қолдана алады. Мүндай шаралардың кешені технологияландырылу деп айтылады. Әлеуметтік педагогикалық әрекетті технологияландыру процесі мынадай бірнеше кезеңдерде іске асырылады: 1. Теориялық кезең – мақсатты технологиялық әрекеттің нысанын негіздеу, құрамдас компоненттерге бөліп қарастыру және олардың арасындағы өзара байланысты көрсету. 2. Әдістемелік кезең – бұл кезең іс-әрекеттің әдіс - тәсілдері мен құралдарын таңдаумен, ақпараттарды жинақтау және өңдеумен, оған талдау жасаумен, жеке практикалық қызметті жобалау мен жоспарлаудан; аланған нәтижелердің мазмұндық интерпретациялауға мүмкіндік беретін диагностикалау жүйелерін іріктеумен, нтижелерді трансформациялау принциптерін таңдаумен және іс-әрекетті жүзеге асыру процесінде кездесуі мүмкін болған қиыншылықтардың алдын алу жүйелерін жасаумен байланысты айқындалады. 3. Процедуралық кезең – бұл кезеңде нақтылы әлеуметтік - педагогикалық әрекет жүзеге асырылады. «Құрал» - анағұрлым кең мағыналы түсінік. Құрал - әлеуметтік педагогтың алдына қойған мақсатына жетуде қолданатын материалдық, эмоционалдық және интелектуалдық шарттарының жиынтығы болып табылады. Көз жеткізу - бұл баланың ішкі адамгершілік туралы білімдері мен іс- әрекеттерінің дұрыс екендігiне сенімінің қалаптасуы. Сұхбат - бұл көз жеткізудің сұрақ-жауап әдісі. Әлеуметтік педагогтың шеберлігі ол қандай сұрақтарды таңдап алуы керек екендігін білуі мен қолдану тәсілін игеруімен айқындалады. Жаттығу әдісі оқушыларда нақтылы бір адамгершілік қасиеттер мен дағдыларды қалыптастырумен байланысты. Тәрбиелі дағдыны әдетке айналдыру үшін көптеген жаттығулар орындауға тура келеді. Мысалы, бала әдемі әрі сауатты жаза білу үшін ол көп уақыт жазып жаттығады. Осы тұста ұлы ғұлама әл-Фараби баланы іс-әрекетке баулып, тәрбиелегенде оның жас ерекшелігімен қатар дара ерекшелігін және қызығушылығын да ескеруге кеңес береді. Бұл жөнінде ол: «Әрбір балаға өзінің ерекшелігіне қарай бір жұмыс белгіленуі тиіс. Өйткенi, - біріншіден, әрбір адам кез келген жұмысқа және кез келген кәсіпке жарамды бола бермейді. Және басқа адам емес, кейде тек сол адам, басқа бірер жұмысқа емес, тек сол жұмысқа жарамдырақ болады; - екіншіден, бір жұмыспен немесе кәсіппен шұғылданатын әрбір адам бұл жұмысты неғұрлым жетік, білгір және шебер атқарып, бұл жұмыстың білгірі болып шығады, өйткені ол өзін осы жұмысқа жастайынан үйретеді; - үшіншіден, көп жұмыстарды бір мезгілде орындап шығу көп уақыт алады. Сондықтан баланы жұмыспен баулуда әртүрлі жұмыстарды қатар орындауды талап етпей, бір жұмысты тиянақты орындап бітіруді талап еткен абзал», - деп балаларды еңбекке тәрбиелеудің тиімді шарттарын көрсетеді. Осылайша, ғұлама баланың жас және дара ерекшеліктерін ескеру арқылы жаттығу тапсырмаларын іріктеу, таңдау жасауда ескеру маңыздылығын айтады. Көз жеткізу әдісі мен жаттығу әдістері бір-бірімен тығыз байланысты. Әлеуметтік-педагогикалық әдістер арасындағы ерекше тобына жататыны коррекциялау әдісі болып табылады. Оған мадақтау, көтермелеу мен жазалау әдістерін жатқызамыз. Тұжырым: 1. Педагогикалық процесс қашанда оқытушылардың басшылығымен ұйымдастырылып, оқушылардың өзара iс-әрекеттерi негiзiнде жүзеге асырылады. Сондықтан әлеуметтік педагогикалық қызмет те педагогикалық процестен тыс болуы мүмкін емес. 2. Тұтас әлеуметтік-педагогикалық процесс әлеуметтік педагог әрекетiн ұйымдастыруда педагог пен ата-аналардың және т.б. қатысуымен мақсатқа жетуін қамтиды. 3. Әлеуметтік-педагогикалық процесс екi жақты сипатқа ие болады 4. Әлеуметтік-педагогикалық процестiң мақсаты мен мiндеттерi қашанда қоғам мақсатын және мiндетiн қоғамдық тапсырыс ретiнде жүзеге асыру арқылы анықталады. Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары: 1. Әлеуметтік технологияның өндірістік технологиялардан ерекшелігі неге? 2. Әлеуметтік-педагогикалық қызметтің әдістемесі мен технологиясы ұғымдарының өзара байланысы мен ерекшеліктеріне сипаттама беріңіз. 3. Әлеуметтік-педагогикалық қызметтің әдістемесі мен технологиясы қандай міндеттерді қамтиды? 4. Әлеуметтік-педагогикалық қызметті жүргізу технологиясының практикасын логикалық байланыста сипаттаңыз. 5. Әлеуметтік-педагогикалық қызметті ұйымдастырудағы басқа ғылымдар теориясы мен практикасының қажеттілігі неде? 6. Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың тиімділігін арттыруда өзіңіз тарапынан қандай дәстүрлі емес әдістерді ұсынар едіңіз? 7. Әлеуметтік педагогикалық әдістеме мен технология арасындағы ерекшелікті сипаттап түсіндіріңіз. Пайдаланылған әдебиеттер 1.Мустаева Ф. А.Социальная педагогика. –М.: Академический Проект,Екатеринбург: Деловая книга,2003.-528 с. 2. Педагогика. − Алматы: Нұрлы Әлем, 2003. - 366 б. 3.Әл-Фараби. Мемлекет қайтаркерлерiнiң нақыл сөздерi. Әлеуметтiк- этикалық трактаттарында. - Алматы: Ғылым, 1975. – С.5- 28. 4. Макаренко А. С. Педагогическая поэма. - М.: Педагогика, 1984. −3 т. - 512 с. 5. Қоянбаев Ж. Б., Қоянбаева Р. М. Педагогика: Оқу құралы. Алматы, 2002. 6. Василькова Ю. В., Василькова Т. А. Социальная педагогика. Уч.пособие.-М.:1999. Дәріс 14. Әлеуметтiк педагогтің ата-аналарының қамқорлығынан айырылған балалармен жүргiзетiн жұмысы Дәріс жоспары: 1 «Қамқорлық», «жетім», «әлеуметтік жетім» ұғымдары туралы түсінік және олардың сипаттамасы 2 Ата-аналарының қамқорлығынан айырылған балаларды қамқорлыққа алу мекемелері, олардың түрлері 3 Ата-аналарының қамқорлығынан айырылған балаларды қамқорлыққа алу мекемелеріндегі жұмыстың мазмұны, сипаты 4 Жетiм балаларды қамқорлыққа алудың жолдары 5 Бала асырап алған отбасыларымен жүргiзiлетiн әлеуметтiк- педагогикалық қызметтің түрлері және кезеңдері «Қамқорлық» - қорғансыз балалардың (ата-аналарынан айырылған балалар, жас сәбилер және т.б.) жеке басының және мүлкiнiң құқықтарын қорғау. Сонымен қатар, әлеуметтiк педагогикада «жетiм», «әлеуметтiк жетiм» ұғымдары жиі қолданылады. Сонымен, ата-анасының қамқорлығынан айрылған балаларға: - ата-анасы қайтыс болған; - ата-анасы бала тәрбиелеу құқығынан айрылған; - ата-аналық құқығы шектелген; - түзету колониясында кiнәсiн өтеп жүрген ата-аналардың балалары; - қылмысына байланысты тәртiп сақтау органдары бақылауында жүрген ата- аналардың балалары; - балаларын емханалардан, әлеуметтiк мекемелерден алып кетуден бас тартып жүрген ата-аналардың балалары жатады. Отбасы - адамдықтың алғашқы әліппесінің негізін қалайтын баланың алтын бесігі. Сондықтан да салауатты отбасында ғана салауатты ұрпақ қалыптаспақ. Қоғамның болашағын құрайтын жастар тәрбиесінде бәсекелестікке қабілеттілікті отбасынан бастаған маңызды. Ол үшін рухы мықты жастарды қалыптастыру, ал олардың ынтымағы жарасқан ата-ана тәрбиесінен өнеге алған ортадан шығуы қажеттілік. Жетiм қалған балаларды қамқорлыққа алу екi жолмен жүзеге асырылады. 1. Асырап алу; 2. Мемлекет қамқорлығына беру. Асырап алу - баланы қорғаудың арнайы шарасы. Онда ерлi-зайыптылардың баламен туыстық байланысы заң жүзiнде тiркеледi. Мемлекеттiк қамқорлыққа алу - арнайы мекемелерге орналастыру жолымен асырап алынбаған балалардың тәрбиесi мен дамуына қалыпты жағдай туғызу. Бала асырап алған отбасыларымен жүргiзiлетiн әлеуметтiк-педагогикалық қызметтің мазмұны көп қырлы. Солардың бірізді жүйесіне сипаттама беріп өтейік. Асырап алынған бала әртүрлi типтi отбасыларына түсуi мүмкiн. Олар қамқорлыққа алған отбасы немесе асырап алушы отбасы деп аталады. Бұл екеуiнiң айырмашылығы: - қамқорлыққа алған отбасының баламен туыстық байланысы болады; - асырап алушы отбасының баламен ешқандай туыстық байланысы болмайды. Әртүрлi бала асырап алатын отбасылары мен олардың қызметтерiне қарамай олармен жұмыс жүргiзудi, яғни әлеуметтiк-педагогикалық қызметтi мынадай етiп бөлiп көрсетуге болады: - отбасыларын iрiктеу; - ата-аналарды анықтау; - балаларды тәрбиелеу мен оқыту мәселелерi бойынша олардың әрекеттерiн жаттықтыру. Әлеуметтiк педагогтың қызметi қашан да осы іске қатысы бар басқа да мамандар қызметiмен байланыста жүзеге асырылады. Олар әлеуметтiк қызметкерлер, дәрiгерлер, психологтар, дефектологтар және т.б. Әлеуметтік педагог баланы қамқорлыққа алуда өзінің қызметтік функцияларын сәтті жүзеге асыру үшін балалықты қорғау бойынша заңдар мен нормативтік-құқықтық құжаттарды, әлеметтік педагогиканың негіздерін, әдістері мен формаларын; балалар мен жасөспірімдердің тұлғалық дамуының негізгі заңдылықтарын, олардың сұраныстарының, қызығушылықтары мен мотивтерінің ерекшеліктерін және оларды қанағаттандырудың дәрежесін; әлеуметтік саладағы жұмыстың ерекшелігін; отбасыларымен жүргізілетін жұмыстардың мазмұнын, формалары мен әдістерін; әлеуметтік педагог қызметі мен аталмыш мекеменің функциялары мен құқықтарын және нормативтік құжаттарын; еңбекті қорғау ережелерін, қауіпсіздік техникасын; отбасын диагностикалық зерттеу жүргізудің әдістемелерін, тұлғаның дамуын; өз жұмысын бағдарламалау мен талдау жасаудың әдістерін білуі тиіс. Әлеуметтік педагог жұмысты өзіне бектіліп берілген микроучаскені зерттеуден бастауы тиіс. Микроучаскені зерттеу екі бөліктен тұрады: 1. Педагогқа бекітілген учаске мен мектеп орналасқан мөлтек ауданның құрылымын зерттеу. Әлеуметтік- педагогикалық қызметті ұйымдастыру бойынша кәсіби байланыстарды орнату. Мектеп орналасқан микроауданның әлеуметтік паспортын зерттеу. 2. Мемлекет тарапынан қамқорлық пен әлеуметтік педагогикалық көмекке мұқтаж балалары бар әлеуметтік қауіпті отбасыларының тобын айқындау. Әлеуметтік педагогтардың тәрбиеленушілерімен жүргізетін жұмыстарын ұйымдастырудың формалары әртүрлі. Шартты түрде оларды мынадай үш түрге бөліп көрсетуге болады: 1. Әлеуметтік педагогтың келушілермен жеке жара жұмыс жүргізу формасы (сұхбат, кеңес беру, бақылау, қарым- қатынасты реттеу, коррекциялық жұмыстартар жүргізу және т.б.); 2. Реабилитациялық мекемелердегі, халықты әлеуметтік қорғау мекемелеріндегі, жалпы және қосымша білім беру ұйымдарындағы, клубтық және басқа да мекемелердегі мамандармен кешенді әлеуметтік педагогикалық және басқа да көмек түрлерін көрсету мақсатында жүргізілетін бірлескен жұмыстары. 3. Кооперативтік жұмыс формасы - бұл, әлеуметтік педагогтардың, қараусыз қалған балалармен және наркомандармен және т.б. күресу, кәмелетке толмаған балаларды әлеуметтік қорғау мақсатында ұйымдастырылатын көпшілік шаралар мен қайырымдылық акцияларын өткізу үшін құрылғын әртүрлі мекемлер мен ұйымдардың мамандары мен басшыларының бірлестіктері. Әлеуметтік педагогтың жұмыс формалары анағұрлым көпқырлы. Олардың барлығы дерлік адамдарға өмірлік жолдарында кездескен қиыншылықтарды жеңуге көмек көрсетуге бағытталған. Тұжырым: 1. Жетім, әлеуметтік жетім.балаларды мемлекеттік қамқорлыққа алу қоғамның адам тәрбиесіне және адам мен қоғамдық қатынастарды ізгілендіру ұстанымдарынан туындаған мәселе. 2. Жетім балалардың қоғамға енуі мен қоғамның адам тәрбиесіне қойып отырған талаптарын орындаудың бірден бір шарты немесе жолы- ата-анасының қамқорлығынан айрылған балаларды мемлекеттік қамқорлыққа алу арқылы әлеуметтендіру болмақ. 3. Бала асырап алу мен қамқорлыққа алу - баланы әлеуметтендірудің ең тиімді жолы. Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары: 1. «Қамқорлық», «жетiм», «әлеуметтiк жетiм» ұғымдарының айырмашылығы мен ортақ сипаттарына түсінік беріңіз. 2. Ата-анасының қамқорлығынан айрылған балаларға кімдерді жатқызуға болады? 3. Жетiм балаларды қамқорлыққа алу мекемелерінің қызметіне сипаттама беріңіз. 4. Жетім балаларды асырап алу мен қамқорлыққа алудың жолдарын сипаттап түсіндіріңіз. 5. Мемлекеттік қамқорлыққа алу мекемелеріндегі әлеуметтік педагог қызметiнiң функциялары неден тұрады? 6. Бала асырап алған отбасыларымен жүргiзiлетiн әлеуметтiк-педагогикалық қызметтiң құрылымына кезеңді сипаттама беріп, түсіндіріңіз. 7. Әлеуметтiк педагог қызметiндегi әдiс-тәсiлдердің ерекшеліктері қандай? 8. Тәрбиесі қиын балалар мен жеткіншектер тәрбиесіндегі психолог пен әлеуметтік педагог функцияларын қалай ажыратып көрсетер едіңіз? 9. Тәрбиесі қиын жеткіншектің мінез-құлқының қалыптасуына себеп болған факторларды анықтау үшін диагностикалық карта құрастырыңыз (сұрақтар жүйесін, тексеру жағдаяттарын, бақылау обьектілерін және т.б.). 10. Микроауданның әлеуметтік-педагогикалық картасын жасау үшін оның зерттеу бағдарламасын дайындаңыз. Пайдаланылған әдебиеттер 1.Мустаева Ф. А.Социальная педагогика. –М.: Академический Проект,Екатеринбург: Деловая книга,2003.-528 с. 2. Педагогика. − Алматы: Нұрлы Әлем, 2003. - 366 б. 3. Қоянбаев Ж. Б., Қоянбаева Р. М. Педагогика: Оқу құралы. Алматы, 2002. 4. Галагузова И. Г. Социальная педагогика: Курс лекций: Учебное пособие для студ. высших.уч. завед. /под ред. М. А. Галагузовой. –М.:Гуманист. Изд.центр ВЛАДОС, 2003. -416 с. 5. Мудрик А. В. Социальная педагогика. учебник для педагогичеких вузов /под. ред. В. А. Сластенина - М., 2000 Дәріс 15. Мемлекеттiк қамқорлыққа алу мекемелерiндегi әлеуметтiк- педагогикалық қызмет Дәріс жоспары: 1. Мемлекеттік қамқорлыққа алу мекемелеріндегі әлеуметтік педагогикалық қызметтің қажеттілігі мен сипаты 2. Мемлекеттік қамқорлыққа алу мекемелерінің түрлері мен ерекшеліктері және жұмыс мазмұны 3. Мемлекеттік қамқорлыққа алу мекемелеріндегі әлеуметтік педагог қызметінің жүйесі Егер бала асырап алынбаса немесе ешқандай отбасына қамқорлыққа берiлмесе, онда оның бiлiмi мен тәрбиесiмен мемлекеттiк мекемелер шұғылданады. Олар балалар үйi мен мектеп-интернаттарға орналастырылады. Балалар үйi мен мектеп-интернаттардың айырмашылығы сонда, балалар үйiнде тұратын балалар сол жерге жақын аймақтағы мектепте бiлiм алады. Ал мектеп-интернатта балалар өмiр сүредi әрi оқып, бiлiм алады. Жетiм балалар тәрбиесiмен шұғылданатын балалар үйiнiң бүгiнгi жаңа формасы отбасы типтi балалар үйi болып табылады. Мұнда ата-аналардың рөлiн әлеуметтiк дайындықтан өткен ата-ана тәрбиешi атқарады. Балалар үйiнде атқаратын қызметi қарапайым балалар үйiндегiдей болып қала бередi. Балалар үйiнiң негiзгi мiндеттерi мыналар: - баланың қалыпты дамуын қалыптастыратын отбасылық жағдайға жақын қолайлы мүмкiндiктер жасау; - балалар денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету; - баланы әлеуметтiк қорғауды, оның дәрiгерлiк-педагогикалық және әлеуметтiк бейiмделуiн қамтамасыз ету; - тәрбиеленушiлердiң қызығушылығы мен құқығын қорғау; - балалардың бiлiм беру бағдарламасын меңгеруiн, тұлғаның қызығушылығына сәйкес лайықты бiлiм алуын қадағалау; - тәрбиешiлердiң жалпы мәдениетiн қалыптастыру, оларды өмiрге бейiмдеу; - балалардың өзiн-өзi дамытуы мен өзiн-өзi таныту сұранысын қалыптастыру; - балалардың кәсiптi таңдауға және кәсiби бiлiм беру бағдарламаларын меңгеруiне жағдай жасау. Балалар үйiндегi балалар проблемасын кеңiнен зерттеген ғалымдар М.И.Лисина, В.С.Мухина, А.М.Прихожан, Е.О.Смирнова және т.б. болды. Балалар үйiнде кездесетiн әртүрлi жастағы балаларға қысқаша сипаттама берейiк. Олар: мектепке дейінгі жастағы балалар, кіші мектеп жасындағы балалар, жеткіншек, жасөспірімдік жастағы балалар. Мектеп жасына дейiнгi балалар үшiн ересектермен қарым-қатынаста болып сұхбаттасу, жүздесіп көрісуге деген ынта, үлкеннің қамқорлығы мен мейірімін сезіну аса қажет. Әйтсе де, ересектер тарапынан мұндай мейірімнің жеткіліксіздігін ғалымдар зерттеулері көрсетуде. Бұл жастағы балалардың қоғамдағы қарым-қатынасқа деген талпынушылығы, ересектерге деген ұмтылысынан болады, балалар ересектер тарапынан болған қарым-қатынасты және ұсынысты шын ықыласымен қабылдайды. Балалар үйіндегі кіші мектеп жасындағы балаларға тән сипат балалар үйінің күнделікті тіршілігіндегі әрекет түрткісінің айқын байқалуында. Олар балалар үйінде өмір сүру ережелерін орындау, мектепте және балалар үйінде мінез-құлық талаптарын сақтау секілді әрекеттерді орындаумен ерекшеленеді. Жасөспiрiмдiк шақта бұл себептер баланың өзiнiң «Менiнiң» қалыптасуында нақтылы бiр қиындықтарды туғызады. Балалар үйiнде тәрбиеленіп жатқан жасөспiрiмдердiң интеллектуалдық, мiнез-құлықтық сипаттамаларына қосымша олардың денсаулығына сәйкес проблема қосылады. Балалар үйiндегi әлеуметтiк педагогтың қызметiне тоқталайық. Әлеуметтiк- педагогикалық қызметтiң мақсаты - балалар үйiндегi тәрбиеленушiлердi әлеуметтендiру болып табылады. Ол мақсат әртүрлi мiндеттердi жүзеге асыру негiзiнде орындалады. Әлеуметтiк педагогтың қызметi баланың әлеуметтiк статусын анықтаудан басталады. Құжаттарды зерттеу, әңгiмелесу, тест жүргiзу жолымен әлеуметтiк педагог баланы танып бiледi, шешуге тиiс болған проблеманы бөлiп айқындайды. Әлеуметтiк педагог баланың дене және психикалық саулығы туралы, оның интернаттық мекемеге түскенге дейiнгi өмiрiнiң жағдайын, ата- аналары туралы мәлiмет жинайды. Әлеуметтiк педагогтың келесi мiндетi - бала дамуының жеке бағдарламасын жасау, яғни ол баланың қазiргi жағдайын ескере отырып, оның балалар үйiнен кетерде қандай дәрежеде болуы керек екендiгiн елестетуi керек. Балалар үйiнде орындайтын әлеуметтiк педагогтың тағы бiр маңызды мiндетi – әкiмшiлiк органдары тарапынан баланың қызығушылығы мен құқығын қорғау. Осы функцияны жүзеге асыра отырып, әлеуметтiк педагог тәрбиешiнiң тәрбие құқығын қорғайды. Сондай-ақ, әлеуметтiк педагог баланың тұрғын үй проблемасымен, алдағы уақыттағы баланың оқуын жалғастыруы мен жұмыспен қамтамасыз етiлуi мәселелерiмен айналысады. Тұжырым: 1. Әлеуметтік педагог қызметінің қажеттілігі қоғамның бүгінгі нарықтық қатынас 7 кезеңіндегі құбылыстарға байланысты туындап отыр. 2. Әлеуметтік педагог қызметінің жүйесі қамқорлыққа алынған баланың өмірі мен әрекетіндегі қажеттіліктер мен мұқтаждықтардан туындайды. 3. Әлеуметтік педагогикалық қамқорлыққа алудың тиімділігі қамқорлыққа берілген баланың жас ерекшеліктері мен дара ерекшеліктеріне де байланысты. Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары: 1.Мемлекеттiк қамқорлыққа алу мекемелерiнің негізгі мiндеттерiн атаңыз. 2.Бүгінгі күнгі мемлекеттiк қамқорлыққа алу мекемелерiнің қандай типтерін атай аласыз? Соның ішіндегі отбасы типтi балалар үйiндегі жұмыс жүйесі туралы айтыңыз. 3.Балалар үйiнде орындайтын әлеуметтiк педагогтың қызметі мен мiндеттеріне сипаттама беріңіз. 4.Балалар үйiндегi әлеуметтiк-педагогикалық қызметтің негізгі функцияларын түсіндіріңіз. 5.Балалар үйiндегi әлеуметтiк педагог қызметін ұйымдастырудың әдiстерi мен формаларын түсіндіріңіз. Пайдаланылған әдебиеттер 1.Галагузова И. Г. Социальная педагогика: Курс лекций: Учебное пособие для студ. высших.уч. завед. /под ред. М. А. Галагузовой. –М.:Гуманист. Изд.центр ВЛАДОС, 2003. -416 с. 2.Мудрик А. В. Социальная педагогика. Учебник для педагогичеких вузов /под. ред. В. А. Сластенина - М., 2000 3.Мустаева Ф. А.Социальная педагогика. –М.: Академический Проект,Екатеринбург: Деловая книга,2003.-528 с. 4. Педагогика. −Алматы: Нұрлы Әлем, 2003. - 366 б. 5. Қоянбаев Ж. Б., Қоянбаева Р. М. Педагогика: Оқу құралы. Алматы, 2002. 3. Практикалық сабақтардың мазмұны 1-тақырып Әлеуметтік педагогиканың пәні, міндеттері және негізгі категориялары. Мақсаты: әлеуметтік педагогика пәні, мақсаты, міндеттері туралы түсінік қалыптастыру. Сұрақтар: 1. Әлеуметтік педагогика саласының пайда болуы мен қалыптасуына тарихи шолу. 2. Әлеуметтік педагогика пәнінің мақсат-міндеттері және негізгі қызметтеріне сипаттама. 3. Әлеуметтiк педагогикалық теория мен практикасының нысандары. 2-тақырып. Әлеуметтік педагогиканың принциптері Мақсаты: әлеуметтік педагогиканың принциптері, баланы әлеуметтендіру процесiне педагогикалық ықпал ететiн негiзгi принциптерге сипаттама беру. Сұрақтар: 1. Әлеуметтік педагогиканың әрі ғылым, әрі тәжірибе ретіндегі принциптері. 2. Принциптер:табиғатқа сәйкестік, жекелік тұрғыдан қарау ,гумандық принцип,тұлғаға және әлеуметтікке тәуелдік, шарттылық принцип, мәдениетке сәйкес принципі, ортаға тәуелді. 3. Шарттылық принциптердің негізгі талаптары және өзара байланысы. 3-тақырып Орта педагогикасы,оның мәні. Мақсаты: ортаның әлеуметтіндіруге ықпалы, әлеуметтендірудің тетіктері, әлеуметтендіру институттары түсінік қалыптастыру. Сұрақтар: 1.Орта әлеуметтендіруге ықпал жасаушы факторлар. 2.Орта өмірінің түрлі кезеңдері мен басқыштары. 3.Орта өмірінің түрлі кезеңіндегі оның жасына қарай әлеуметтендірудің ерекшеліктері. 4.Әлеуметтендірудің тетіктері, әлеуметтендіру институттары. 4-тақырып П.Ф.Каптеревтің педагогикалық процесс жайлы ілімі. Мақсаты: П.Ф.Каптеревтіің педагогикалық көзқарастары, педагогикаға қосқан үлесі, әлеуметтік педагогика туралы еңбектерімен танысу. Сұрақтар: 1.П.Ф.Каптеревтің педагогикаға қосқан ой-пікірлері 2. П.Ф.Каптеревтің әлеуметтік педагогикамен байланысты еңбектері 5-тақырып Әлеуметтік-педагогикалық процестің мәні Мақсаты: әлеуметтік-педагогикалық процестің мәні, мазмұнын білу. Сұрақтар: 1.Әлеуметтік педагогикалық процестің мәні мен мазмұны. 2.Әлеуметтік институттардың ұстамдары тұрғысынан әлеуметтік тәрбиенің негізгі бағыттары;бағытталған әлеуметтік тәрбие,әлеуметтік шарттық тәрбие,өзіндік ерекшелігі бар әлеуметтік тәрбие 6-тақырып Тұлғаның әлеуметтік басталуының педагогикасы Мақсаты: адамның өзі өмір сүретін қоғамындағы объектілік және субъектілік рөлін ажыратып түсіну, тұлғаның әлеуметтену процесiндегi ұлттық менталитеттiң алатын орынын ашып көрсету. Сұрақтар: 1. Жеке тұлғаның әлеуметтік қалыптасуы. 2.Жеке тұлғаның әлеуметтік дамуы. 3.Тұлғаның қалыптасуына әлеуметтік педагогиканың тигізетін әсері. 7-тақырып Адамды әлеуметтендірудің негізгі концепциялары. Мақсаты: әлеуметтендірудің концепцияларымен танысу. Сұрақтар: 1.Адамды әлеуметтендіруге ықпал жасаушы факторлар. 2.Адам өмірінің түрлі, кезеңдері мен басқыштары. 3.Адам өмірінің түрлі кезеңіндегі оның жасына қарай әлеуметтендірудің ерекшеліктері. 4.Әлеуметтендірудің тетіктері, әлеуметтендіру институттары. 8-тақырып Әлеуметтік тәрбиенің мәні мен мазмұны. Мақсаты: Сұрақтар: 1.Мектептен тыс мекемелердің әлеуметтік педагогикалық іс-әрекетінің өзіндік ерекшеліктері. 2.Тәрбиелік күштерді интеграциялау. 3.Балалар мен жасөспірімдерге білім беру және тәрбиелеу ауқымындағы әлеуметтік саясатты белсендіру проблемалары. 9-тақырып Отбасы - тұлға әлеуметтендірілуінің негізгі институты. Мақсаты: бала тұлғасын әлеуметтендiруде отбасының рөлiн, отбасылық қарым-қатынастың типтерiн бөлу, тәрбие мен әлеуметтендіру ерекшеліктерін сипаттау; отбасына берiлген әртүрлi анықтамаларды салыстыру; отбасының маңызды қызметтерiн ата-бабаларымыздың тарихи дәстүрлерімен және бүгінгі күнгі жаңа дәстүрлермен салыстыру. Сұрақтар: 1.Отбасы бала тәрбиелеудің негізгі тетіктері. 2.Қазіргі жағдайда отбасы тәрбиесінің қиындықтары. 3.Отбасындағы тәрбие типтері,ата-аналар беделі. 4.Макаренко бойынша балаларды тәрбиелеуде кері әсер ететін ата- аналардың беделінің түрлері. 5.Отбасының тәрбиелік мүмкіншіліктерін арттыратын жолдары. 10-тақырып Тұлға әлеуметтендірілуіндегі мектептің ролі. Мақсаты: мектептің әлеуметтендірушілік қызметінің мүмкіндіктерін ашу; мектептің типтерін, олардың типтеріне байланысты әлеуметтендіру мүмкіндіктеріндегі айырмашылықтарды білу. Сұрақтар: 1.Мектептегі гумандандыру мен демократияландыру-балалардың, жасөспірімдердің, жастардың дамуының, тұлғалық және әлеуметтік өзін көрсетудің шешуші шарттары. 2. Мектептен тыс мекемелердің әлеуметтік педагогикалық іс-әрекетінің өзіндік ерекшеліктері. 3.Тәрбиелік күштерді интеграциялау. 4.Балалар мен жасөспірімдерге білім беру және тәрбиелеу ауқымындағы әлеуметтік саясатты белсендіру проблемалары. 11-тақырып «Балалық кіші мәдениеттің» және баланың «әлеуметтік-мәдени әлемінің» мәні, оның әлеуметтік-мәдени әлеміне ықпал жасайтын факторлар. Мақсаты: «Әлеуметтік мәдениет» атауы, баланың «әлеуметтік мәдени әлемі» түсінігін қалыптастыру. Сұрақтар: 1. «Әлеуметтік мәдениет» атауы, баланың «әлеуметтік мәдени әлемі» түсінігі. 2.Балаға тән және дара әлеуметтік мәдени әлемі. 3.Баланың әлеуметтік-мәдениетінің негізгі әлеуметтік педагогикалық сапалық сипаттамалары. 4.Баланың, жасөспірімнің әлеуметтік мәдени әлемінің көріну ерекшеліктері және оны есепке алу қажеттілігі. 5.Баланың әлеуметтік мәдени әлеміне ықпал жасайтын факторлары. 12-тақырып Балалар мен жасөспірімдердің ауытқушылық жүріс-тұрыстары - әлеуметтік- педагогикалық мәселе ретінде. Мақсаты: әлеуметтiк педагогикадағы «қалып» және «қалыптан ауытқу» ұғымдарына сипаттама, ауытқудың түрлерi және оның себептерiне сипаттама беру. Сұрақтар: 1.Ауытқуланушы, делинквенттық, девианттық жүріс-тұрыс. 2. Адамда девианттық жүріс-тұрыстың қалыптасуы жайлы теориялар. 3.Девианттық жүріс-тұрыстың қалыптаса бастауының кезеңдері.Адамның жүріс-тұрысты қалыптастыруға ықпал жасайтын факторлар тобы. 4.Жасөспірімдік кезеңнің проблемалары. 5.Балалар мен жасөспірімдердің девианттық жүріс-тұрыстың алдын алуға және түзетудегі әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекеттің негізгі бағыттары. 13-тақырып Конфликт, оларды шешудің әдіс-тәсілдері. Мақсаты: конфликт туралы түсінік, конфликтінің туу себептері мен оны шешудің жолдарын қарастыру. Сұрақтар: 1.Конфликт туралы түсінік. 2.Конфликтінің туу себептері мен оны шешудің жолдары. 3.Конфликтінің әлеуметтік ортаға тигізетін әсері. 4. Студенттердің өздік жұмыстары 4.1. Студенттің өздік жұмыстарының құрылымы: СӨЖ №1 Әлеуметтік педагогика әлеуметтік философияның бір бөлімі ретінде. СӨЖ №2 Принциптердің негізгі талаптары. Принциптер арасындағы байланыс. СӨЖ №3 Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың тиімділігін арттыруда өзіңіз тарапынан қандай дәстүрлі емес әдістерді ұсынар едіңіз. СӨЖ №4 Ата-ана беделі. СӨЖ №5 Тәрбиесі қиын жеткіншектің мінез-құлқының қалыптасуына себеп болған факторларды анықтау үшін диагностикалық карта құрастырыңыз (сұрақтар жүйесін, тексеру жағдаяттарын, бақылау обьектілерін және т.б.). СӨЖ №6 Баланы әлеуметтік-педагогикалық қорғау. 4.2 Студенттік оқытушымен өздік жұмысытарының құрылымы: СОӨЖ №1 «Әлеуметтік педагогиканың ғылыми-теориялық негіздері» кесте дайындау. СОӨЖ №2 Тұлғаны диагностикалауәдістемелері. СОӨЖ №3 Дүниежүзілік отбасы тәрбиесі тәжірибелерін ескере отырып, отбасының әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық жағдайын жақсартудың ғылыми жобасын ұсыныңыз. СОӨЖ №4 Отбасының маңызды қызметтерiн ата-бабаларымыздың тарихи дәстүрлерімен және бүгінгі күнгі жаңа дәстүрлермен салыстыра отырып, сипаттаңыз. СОӨЖ №5 Девиантты мінез-құлықты балалары бар ата-атаналарға олармен қандай бағытта және қалай жұмыс жүргізудің жоспарын дайындаңыз. СОӨЖ №6 Қазақ халқында мінез-құлқы қалыпты талапқа сай келмейтін адамдардың әрекетін қандай әдістер арқылы алдын алған. Тәжірибелерден мысалдар келтіріңіз.
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz