Файл қосу

Мемлекет және құқық азаматтық негіздері



|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ                       |
|СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ               |
| 3 деңгейлі СМЖ құжаты   |ПОӘК                   |                        |
|                         |                       |ПОӘК                    |
|                         |                       |042-18-20.1.18/02-2013  |
|«Құқық негіздері»        |№1 басылым             |                        |
|                         |18.09.2013ж.           |                        |




































                      ПӘНДЕРДІҢ ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ


                              «Құқық негіздері»






                   СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН ПӘНДЕР БАҒДАРЛАМАСЫ






















































                                    Семей


                                     2013










1 ӘЗІРЛЕНДІ
Құрастырушы:
«Құқықтану» кафедрасының аға оқытушысы Н.С. Газизова




2 ТАЛҚЫЛАНДЫ
2.1 «Құқықтану» кафедрасы мәжілісінде

№1 Хаттама 02.09.2013ж.
Кафедра меңгерушісі _________    С.Х. Елеманов



2.2  Гуманитарлық-заң факультетінің оқу- әдістемелік бюро мәжілісінде

                                                                №1 Хаттама
17.09.2013ж.
Төрайым_____________Ш.С. Кеңесбаева


3 БЕКІТІЛДІ
Университеттің Оқу- әдістемелік кеңесі мәжілісінде мақұлданып, ұсынылды
№1 Хаттама 18.09.2013ж.
ОӘК төрайымы_________ Г.К.Искакова


АЛҒАШ РЕТ ЕНГІЗІЛДІ  №1


































                                   Мазмұны



      |1   |Жалпы ережелер                                                 |    |
|2   |Пәннің мазмұны және сабақ түрлеріне байланысты сағаттар        |    |
|3   |Пәнді оқып үйренуге арналған әдістемелік нұсқаулар             |    |
|4   |Курстың форматы                                                |    |
|5   | Курстың саясаты                                               |    |
|6   |Бағалау саясаты                                                |    |
|7   |Әдебиеттер                                                     |    |
|    |                                                               |    |


























      |    |                                                                |   |
|    |                                                                |   |
|    |                                                                |   |
|    |                                                                |   |
|    |                                                                |   |
|    |                                                                |   |
|    |                                                                |   |
|    |                                                                |   |




















1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
      Оқытушы және пән туралы жалпы мәлімет: Газизова Назигул Слямболовна.
      Кафедра:  «Юриспруденция»
      Байланыс ақпараты – тел.: 36-02-23,  №1 оқу ғимараты, кабинет №604
      Сабақтың өткізілу орны – №8 оқу ғимараты, 105 дәрісхана.
      Кредит саны – 2
    «Құқық негіздері»- заң ғылымдар жүйесіндегі базалық  әдістемелік  ғылым
болып саналады..
        Құқық негіздері  заң  ғылымының  барлық  саласының  объективті  даму
заңдылықтарын, бір-бірімен байланысын зерттеп,  жалпылама  тұжырымдар  жасап
отырады.  Жалпы  пән  салалық  ғылымдардың  жетістіктерін  пайдаланып,   заң
ғылымының негізін дамытып отырады. Курсты оқытудағы  негізгі  мақсат:  құқық
негіздеріне байланысты  барлық  ілімдерді  меңгеру,  негізгі  категорияларды
білу, мемлекет және құқық туралы мағлұмат алу болып табылады.
      Құқық негіздері пәнін оқытудың мақсаты – мемлекет пен  құқықтың  пайда
болуының алғы шарттарын,  себептерін  теориялық  және  әдістемелік  тұрғыдан
қарастыру.  Демократиялық,  құқықтық  мемлекет  орнату  жолындағы  Қазақстан
қоғамында  жаңа   құқықтық   ойлауды,   жалпы   және   құқықтық   мәдениетті
қалыптастыруды,  жоғарғы  кәсіби  маман  дайындауды  жүзеге   асыру.   Құқық
негіздері  жоғарғы  оқу  орындарының   барлық   мамандықтарында   оқытылатын
міндетті пәндердің бірі. Бұл  пән  құқық  пен  мемлекет  туралы  жинақталған
ұғымдарды оқытады.
      Адамзат қоғамын ежелден-ақ құқық пен мемлекет неге қажет?- деген сұрақ
ойландырды. Құқық неге  қажет?  Мемлекеттің  ролі  қандай?-деген  сұрақтарға
жауап іздеді. Сондықтан мемлекет пен құқықтың пайда  болуының  заңдылықтарын
оқыту  негізгі  міндеті  болып  табылады.  Егеменді  Қазақстан  мемлекетінде
Қазақстан  қоғамының  даму  заңдылықтары,  мемлекеттілігінің   қалыптасуының
жолдары бүгінгі күні мемлекет  және  құқықты  жаңа  мазмұнда  оқытуды  қажет
етеді. Құқықтық мемлекет орнатудың ең басты мәні қоғам мүшелерінің  құқықтық
білімін    жетілдіру,    азаматтық-құқықтық    қоғам    орнату-     құқықтық
институттарының алдына жаңа міндеттер қояды.
      Пәнді оқудың негізгі міндеттері:
         - «Құқық негіздері»  пәнін  оқыту  арқылы  студенттердің  құқықтық
           саладағы теориялық және практикалық  дағдыларын қалыптастыру;
         - құқық шығармашылық процестерін ұғыну;
         - нормативті –құқықтық  актілермен жұмыс жасай алуды меңгеру;
         -  мемлекет  нысанын  ұғына  отырып,  басқару   жүйесіне   араласу
           қабілетін дамыту;
         - құқық салаларынан алған білімдері  негізін  іс-тәжірибеге  асыра
           алуды игеру.
      Оқытудың нәтижесі:
Студент білуі керек:
         - құқық салаларының пәндерін ажырата алуды;
         - заң ғылымының ғылымдар саласында алатын орнын, маңызын;
         - өз құқықтарының құқықтың қай саласымен реттелетінін;
         - ҚР мемлекеті нысанын;
         - құқықтық жауапкершіліктің түрлерін.
Студент меңгеруі керек:
    - адам және азамат ұғымдарының ара қатынасын;
    - құқықсубъектіліктің пайда болу негіздерін;
    -  ҚР   құқықтық   мемлекеттің   құрылу   барысындағы   кедергілер   мен
      қиыншылықтарды сараптай алуды;
    - құқықтық қатынастарға түсудің құқықтық жолдарын.
Студент игеруі керек:
    -  адам   және   азаматтардың   құқыктык   мәртебесінің   конституциялық
      принциптерін,  адам  және  азамат   құқықтары   мен   бостандыктарының
      түрлерін, қорғалу жолдарын, қарама  –  қайшылықтар  мен  кемшіліктерді
      байқап, салыстырма түрде қорытынды тұжырымдар жасай алуды;
    - нормативті құқықтык актілерді окып – үйреніп, талқылай алуды;
    - құқықтық жағдаяттардан шығудың жолдарын.




         2 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША САҒАТ БӨЛІНІСІ
                                                                    №1 Кесте
|№  |Тақырып атауы     |Сағаттар                      |Әдебиеттер          |
|   |                  |ДС  |ЛС  |СС  |СОБӨЖ    |СӨЖ   |                    |
|1  |2                 |3   |4   |5   |6        |7     |8                   |
|1  |Мемлекет ұғымы    |2   |    |2   |1        |20    |Баққұлов С. Құқық   |
|   |және мәні.        |    |    |    |         |      |негіздері. Оқулық.  |
|   |                  |    |    |    |         |      |Алматы :2004.  – 248|
|   |                  |    |    |    |         |      |б.                  |
|2  |Қоғамда құқықтың  |2   |    |2   |1        |      |Баянов Е. Мемлекет  |
|   |алатын орны.      |    |    |    |         |      |және құқық          |
|   |                  |    |    |    |         |      |негіздері. Оқулық.  |
|   |                  |    |    |    |         |      |Алматы: Жеті жарғы, |
|   |                  |    |    |    |         |      |2001. – 624 б.      |
|3  |Конституциялық    |1   |    |1   |2        |      |Амандықова С.Қ.     |
|   |құқық -Қазақстан  |    |    |    |         |      |Қазақстан           |
|   |Республикасының   |    |    |    |         |      |Республикасының     |
|   |маңызды құқық     |    |    |    |         |      |конституциялық      |
|   |саласы ретінде.   |    |    |    |         |      |құқығы: Оқу құралы. |
|   |                  |    |    |    |         |      |– Астана: Фолиант.  |
|   |                  |    |    |    |         |      |2001. – 176б.       |
|4  |Қазақстан         |2   |    |2   |1        |      |Дулатбеков Н.О.     |
|   |Республикасының   |    |    |    |         |      |Мемлекет және құқық |
|   |азаматтық         |    |    |    |         |      |негіздері. Оқу      |
|   |құқығының         |    |    |    |         |      |құралы. Астана:     |
|   |негіздері.        |    |    |    |         |      |Фолиант, 2001. – 252|
|   |                  |    |    |    |         |      |б.                  |
|5  |ҚР еңбек құқығының|1   |    |1   |2        |      |Ахметов А., Ахметова|
|   |негіздері.        |    |    |    |         |      |Г. Еңбек құқығы.    |
|   |                  |    |    |    |         |      |Алматы, 2005.       |
|6  |Отбасы құқығының  |1   |    |1   |2        |      |Ашитов З.О.,Ашитов  |
|   |негіздері.        |    |    |    |         |      |Б.З. Қазақстан      |
|   |                  |    |    |    |         |      |Республикасының     |
|   |                  |    |    |    |         |      |құқық негіздері.    |
|   |                  |    |    |    |         |      |Алматы: Жеті жарғы, |
|   |                  |    |    |    |         |      |2000. - 256 б.      |
|7  |Әкімшілік құқықтың|1   |    |1   |1        |      |Баққұлов С. Құқық   |
|   |негіздері.        |    |    |    |         |      |негіздері. Оқулық.  |
|   |                  |    |    |    |         |      |Алматы :2004.  – 248|
|   |                  |    |    |    |         |      |б.                  |
|8  |Қазақстан         |1   |    |1   |2        |25    |Баянов Е. Мемлекет  |
|   |Республикасының   |    |    |    |         |      |және құқық          |
|   |қылмыстық         |    |    |    |         |      |негіздері. Оқулық.  |
|   |құқығы-құқық      |    |    |    |         |      |Алматы: Жеті жарғы, |
|   |саласы ретінде.   |    |    |    |         |      |2001. – 624 б.      |
|9  |Экология құқығының|2   |    |2   |2        |      |Амандықова С.Қ.     |
|   |негіздері         |    |    |    |         |      |Қазақстан           |
|   |                  |    |    |    |         |      |Республикасының     |
|   |                  |    |    |    |         |      |конституциялық      |
|   |                  |    |    |    |         |      |құқығы: Оқу құралы. |
|   |                  |    |    |    |         |      |– Астана: Фолиант.  |
|   |                  |    |    |    |         |      |2001. – 176б.       |
|10 |Халықаралық       |2   |    |2   |1        |45    |Дулатбеков Н.О.     |
|   |құқықтың          |    |    |    |         |      |Мемлекет және құқық |
|   |негіздері.        |    |    |    |         |      |негіздері. Оқу      |
|   |                  |    |    |    |         |      |құралы. Астана:     |
|   |                  |    |    |    |         |      |Фолиант, 2001. – 252|
|   |                  |    |    |    |         |      |б.                  |


      3 ПӘНДІ ОҚЫП ҮЙРЕНУГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
           Семинар сабақтарын өткізуге арналған әдістемелік нұсқау
      «Құқық негіздері» пәні  бойынша  семинар  сабақтары  құқықтық  білімді
нығайтудың  негізгі  жолы болып табылады. Семинар сабағында студент  тақырып
бойынша берілген сұрақтарға жауап  тауып  қана  қоймай  оны  қорытып   дұрыс
жеткізе білуі  қажет.  Семинар  сабағында  студент  өзінің  дәріс  сабағында
алған  білім деңгейін  тереңдетуге,  талқыланып  отырған  тақырыпқа  қатысты
өзінің көзқарасын білдіруге  мүмкіндік  алады.  Семинар  сабағына  дайындалу
барысында  жаңа термин сөздерге мән беріп, оны есте сақтауға тырысу керек.
      Студент  семинар сабағына  дайындалуға ұсынылған әдебиеттерді   мұқият
саралауы  керек  және  ол  ұсынылған  әдебиеттермен  шектеліп  қана  қоймай,
сонымен бірге  өз  тарапынан  ізденіп   баспа  материалдарын  да  қарастыруы
қажет.
      Құқықтық білім  адам  өмірінің  барлық  кезеңдеріне  қажет,  сондықтан
аталмыш пәнге деген  қызығушылықтың  болуы  студенттің  құқықтық  мәдениетін
арттыруға септігін  тигізеді.  Семинар  сабағының  басты  кеңесшісі  ол  пән
оқытушысы. Сол себепті түсініксіз сұрақтарға оқытушыдан кеңес  алып  отырған
жөн.  Семинар  сабағында  тақырыпқа  қатысты  мәселе  көтеріліп,  әр   түрлі
әдістердің   қолдануымен   шешіледі.  Әдістер:   ахуалдық    есептер   шешу,
баяндау, пікір  таластыру,  ойын  және  т.б.  Есептер  дегеніміз  күнделікті
өмірімізде  туындап жатқан құқықтық  мән  –  жайлар,  мәне  соларға  жауапты
іздеу барысында студент  қажетті  нормативті  құжатты дұрыс  тауып,  талдауы
керек.  Жауапты  баяндау  барысында  арнайы  деректерге  сүйене  отырып,  өз
сөздеріне дәлелдемелер келтіріп отыруы керек. Жауап беру барысында   баяндап
тұрған мәселеге тұжырым жасай алуы қажет.




       ЭССЕ ЖАЗУҒА, ПРЕЗЕНТАЦИЯ ДАЯРЛАУҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
      Эссе  француз  тілінен  "essai",  ағылшын  тілінен  "essay",  "assay"-
талпыныс, жазушылық сынама, очерк; латын тілінен "exagium" – ойлау.
Эссе  философияның,  эстетиканың,  әдеби  сынның,  публицистиканың,   көркем
әдебиеттің тұрақталған, қалыптасқан тұжырымдарға жаңа қырынан қарап,  өзінше
толғап, әрі дағдыдан, әдеттен, көне соқпақтардан бөлек,  тың  болжамдар  мен
түйіндеулерге құрылатын жанры. Әдебиеттегі Эссе –  соны  пікірлерге  көбірек
мән беріліп, оқырманды ой теңізінде  жүздіретін  таңдай  қақтыратын,  өзінше
ойлап-сезіну қажеттілігін туғызатын, қаныңды қыздырып, рухани  әлеміңе  азық
сыйлайтын,  дүние  құбылыстарын  өткір  қабылдауымен  ерекшеленетін   көркем
туынды. Эссе табиғаты сыршыл сезімге, тіл бояуларының  айрықша  салтанатына,
әшекейлі композицияға құрылады. Өзгеше бітімді бұл өнер  туындысында  эссеші
интеллектуалдық байлығын, аңғарымпаздығын, жарқын,  тапқыр  ойлылығын,  өмір
саяхатындағы көрген-білетін, сезінген-түйгенін,  тәжірибелерін  жомарттықпен
жайып салады. Эссе сипатында туған туындыларға  батыл  болжамдар  мен  өткір
ұсыныстар,  пікір  жарыстырулар  мен  талас  тудыратын  жорамалдар,   ойлар,
көкейге қо-нымды, таным көкжиегін кеңейтуге қозғау саларлық  байламдар  тән.
Бұл шағын көлемді ой бөлісу, қандай болса мәселені еркін баян  ету,  дәлелді
зиятты ізденіс.  Эссе  бір  мәселе  немесе  сұрақ  бойынша  жеке  көзқарасты
білдіріп,  алдын  ала   немесе   мәселені   қанағаттанарлықтай   баяндалуына
үміттенбейді. Әдетте, эссе бір нәрсе туралы жаңа,  субъективті  рең  беретін
сөзді және философиялық, тарихи -  биографиялық,  публицистикалық,  әдеби  -
сын, ғылыми-көпшілік, баллетристикалық сипатта болуы мүмкін.
      Презентация — жаңа  бір  нәрсені,  жаңа  ғана  пайда  болған,  жаңадан
құрылған жағдайды  қоғамдық елестету. Ақпаратты  елестетудің,  берудің  жаңа
тәсілі, жаңа формасы. Презентацияның түрлерінің  бірі  мультимедиялық,  яғни
бір файлда жинақталған слайдтар  жинағы.  Презентация  жоба  туралы  қысқаша
немесе шағын әңгіме түрінде де болады. Студент презентация  арқылы  берілген
ұғымды топтап,  шағын  түрде  жеткізуі  керек.  Презентация  арқылы  студент
өзінің фантазиясы, креативті ойы,  терең  білім  деңгейі  арқылы  көзқарасын
ортаға салады.
      4 КУРСТЫҢ ФОРМАТЫ
      Курс   дәріс,  семинар  сабақтарынан,  студенттің  өздік  жұмыстарынан
тұрады. Пәнді  толық  игеру  мақсатында  студентке  оқытушыдан  кеңес  алуға
арнайы сағаттар бөлінген. Шентік бақылау  студенттің  білімін  аттестациялау
үшін беріледі. Шептік бақылау нысаны тест түрінде болуы мүмкін.
      5 ПӘННІҢ САЯСАТЫ:
• Сабақтарға уақытында келу;
    • сабақ үстінде басқа істермен шұғылданбау, ұялы телефонды өшіріп қою;
    • себепсіз сабақтан қалмау, ауырған жағдайда  дәрігерләк анықтама әкелу;
    • босатқан сабақтарды оқытушы белгілеген уақытта келіп тапсыру;
    • тапсырманы орындамаған жағдайда, қорытынды  баға төмендейді;
    • оқу процессіне белсенді қатысу;
    • күнделікті сабаққа қатысу;
    • шыдамды, жауапты болу керек, курстастарымен және  оқытушылармен  жақсы
      қарым – қатынас орнату.
Талаптар: сабақ барысындағы жұмыстарға белсенді қатысу  үшін,  студенттердің
құқық  негіздері  пәніне  деген  қызығушылығы  қажет.  Барлық  тапсырмаларды
уақытында орындау керек. Сабақта материалды  талдау  үшін,  сұрақтар  қойып,
сын көзқарас білдіру үшін, мәселені көтеру үшін алдын  ала  дайындалып  келу
керек.

            6 БАҒАЛАУ САЯСАТЫ
      1-7  апта  аралығында  студент  барлығы  300  балл  жинақтайды,   8-15
аралығында 300 балл жинақтауы керек. Жалпы балл -600. Емтихан- 400 балл.


      7 ӘДЕБИЕТТЕР
Нормативті-құқықтық актілер:

     1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 30 тамыз 1995 ж.
     2.  Қазақстан  Республикасының   Конституциялық   заңы   “   Қазақстан
        Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы” 16.12.1991.
     3.   Қазақстан   Республикасының   Конституциялық   заңы    “Қазақстан
        Республикасының  сот  жуйесі  және  судьялардың  мәртебесі  туралы”
        25.12.2000.
     4.   Қазақстан   Республикасының   Конституциялық   заңы    “Қазақстан
        Республикасының Президенті туралы” 28.12.1995
     5.   Қазақстан   Республикасының   Конституциялық   заңы    “Қазақстан
        Республикасының Үкіметі туралы” 18.12.1995.
     6.  Қазақстан  Республикасының  Конституциялық   заңы   “Республикалық
        референдум туралы” 02.11.1995.
     7.   Қазақстан   Республикасының   Конституциялық   заңы    “Қазақстан
        Республикасындағы сайлау туралы” 28.12.1995.
     8. «Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР заңы. 23.07.1999.
     9. «Неке және отбасы туралы» ҚР заңы. 17.12.1998.
    10.  «Қазақстан Республикасындағы Еңбек туралы» заңы. 10.12.1999.
    11.  Қазақстан  Республикасының  Президентінің  заң  күші  бар  Жарлығы
        “Қазақстан   Республикасының    Конституциялық    Кеңесі    туралы”
        29.12.1995.
    12. Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі 16.07. 1997.
    13.  Қазақстан  Республикасының   Азаматтық   кодексі   (жалпы   бөлім)
        17.12.1994.
    14.  Қазақстан  Республикасының  Азаматтық   кодексі   (ерекше   бөлім)
        01.07.1999.
    15. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі.
        30.01.2001.
    16. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі. 13.07.1999.
    17. Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексі. 13.12.1997
    18. Қазақстан Республикасының қылмыстық атқару кодексі. 13.12.1997.
    19. Бюджетке төленетін салық және міндетті төлемдер туралы.12.06.2001.
    20. Қазақстан Республикасының Жер кодексі. 20.06.2003.
    21. Қазақстан Республикасының Су кодексі. 17.07.2003.
    22. Қазақстан Республикасының Орман кодексі. 08.07.2003.
    23. Қазақстан Республикасының нормативтік  –  құқықтық  актілер  туралы
        заңы. 24.03.1998.
                        Ұсынылатын әдебиетер тізімі:

   1. Сапарғалиев Ғ. Мемлекет және құқық теориясы.-Алматы,1998
   2.  Жоламанов  І.Д.,Мұхтаров  А.І.,  Түкелов  А.Н.  Мемлекет  және  құқық
      теориясы.-Алматы,1999
   3. Ғ. Сапарғалиев ҚР Конституциялық құқығы, Алматы-2004
   4. Венгеров А.Б. Теория государства и права.-М.,1998
   5. Комаров С.А. Общая теория государства и права.-М.,1998
   6. Теория государства и теория/Под ред.Н.И. Матузова.-М.,1997
   7. Ашитов З.О. Егемен Қазақстанның құқығы.-А.,1997
   8. Төлеуғалиев Ғ.Қазақстан Республикасының  азаматтық  құқығы:  Оқулық.1-
      том.-Алматы,2001
   9. Алғабаев А.Н. Қылмыстық құқық.-А.,1998
  10. Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы: Жалпы бөлім.-Алматы,2001
  11. Гражданское право.Т.1: Учебник/Под ред. А.П. Сергеева, Ю.К.  Толстого.
      М.,2000
  12. Сапаргалиев Г.С. Заң терминдерінің сөздігі. Алматы: Жеті Жарғы, 1997.
  13.  Заманов С.З. Конститутция и Парламент Республика Казахстан.-А.,1998
  14. Черняков А.Л. Конститутционное право  Республика  Казахстан  :Проблемы
      теории и практики.-А.,1997
  15.   Гражданское  право.  Ч.1:  Практикум/Под  ред.  Н.Д.  Егорова,  А.П.
      Сергеева.-М.,2000
  16.  Трудовое право/Под ред. О.В. Смирнова.-М.,1998
  17.  Е. Баянов. ҚР мемлекеті мен құқығының негіздері,-Алматы-2003


      |                                                                          |
|                                                                           |

Пәндер