Файл қосу
Кәсіпкерлік құқықтың әдістері
КӘСІПКЕРЛІК ҚҰҚЫҒЫ ПӘНІНЕН БАРЛЫҚ ТАҚЫРЫПТАРЫ БОЙЫНША ОҚЫП ҮЙРЕНУГЕ ҰСЫНЫЛАТЫН НОРМАТИВТІ АКТІЛЕР МЕН НЕГІЗГІ ӘДЕБИЕТТЕР Нормативтік актілер: 1. Қазақстан Республикасы Конституциясы 1995ж 2. Азаматтық кодекс 1994 3. Шаруашылық іс-әрекетті және кәсіпкерлікті дамыту туралы заңы 11.12.1990 4. Республикалық бюджет қаражаты есебінен адвокаттар көрсететін заң көмегіне ақы төлеу және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеудің ережелері 5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 26 тамыздағы № 1247 қаулысымен бекітілген 6. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының қаулысы “Республика соттарының денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу жөніндегі заңдарды қолдануының кейбір мәселелері туралы”, 9 шілде 1999 жыл. 7. Тыйым салынған мүлікті сақтаудың тәртібі мен шарттары туралы нұсқаулық – ҚР әділет министрінің 2000 жылғы 17 сәуірдегі бұйрығымен бекітілген 8. Жекеше кәсіпкерлік туралы заң. 1997ж 9. Шаруа-фермерлер туралы заңы 31.07.1998 10. Акционерлік қоғам туралы заң 10.07.1998 11. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер» туралы ҚР- ның 2001ж 12 маусымдағы заңы. 12. «Валюталық реттеу туралы» ҚР-ның Заңы. 24 желтоқсан 1996ж 13. «Бюджет жүйесі туралы» ҚР-ның Заңы. 1 сәуір 1999 ж. «Бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелерді тіркеу туралы» ҚР-ның Заңы. 5 наурыз 1997 ж. 14. «Ақша толемдері мен ақша аударымдары туралы» ҚР-ның заңы. 29 маусым 1998 ж Негізгі әдебиеттер: 15. Коммерциялық кәсіпкерлік негіздері Нысанбаев С.Н., Қожамқұлова 16. Коммерциялық құқық В.Яковлев М-1993 17. Кәсіпкерлік және құқық Кулагин М-1997 18. Шаруашылық құқығы Лаптев В.1993 19. Шаруашылық құқығы Круглова Н.М-1998 20. Кәсіпкерлік құқықтың режимі Попондопуло В.Ф М-1995 21. “Экономикалық теория негіздері” 2002 ж. Тақырыбы: ҚР кәсіпкерлік құқығының дамуы Жоспар: 1. Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік құқықтың пайда болуы 2. Кәсіпкерлік құқығының құқықтық реттеу әдістері. Кәсіпкерлік құқық бұл белгілі бір мақсатқа бағытталған заң, жоба жағынан қолдап, қуатталған алдын-ала жүзеге асырылатын экономикалық құбылыстарды білетін тәуекелге бел буған іс-әрекет қимылдардың жиынтығын айтады. Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік құқық пәні – Қазақстан Республикасында кәсіпкерлердің құқық нормаларын реттейді, негізгі кәсіпкерлікке қолданылатын норматив тік актілермен заңнамалардың қолдану тәсілдерін зерттейтін пән. Кәсіпкерлік құқықтың әдістері. Кәсіпкерлік қатынастарды реттеуде және кәсіпкерлік құқықтың субъектілерінің өз бетімен шешім қабылдауына мүмкіншілік туғызатын келісім әдісі. Бұл әдістің мәні кәсіпкерлік құқықтың субъектілері бір-бірімен заңға әйкес әрекеттер жасағанда ешкімнің күштеуінсіз, зорлауынсыз өз еріктерімен, өзара келісімге келу арқылы мәселелерін шешуге құқықтары мен бостандықтары бар. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу барысында міндетті тапсырма беру, белгілеу әдістері пайдаланылады. Бұндай қатынастардың барысында бір жақ (тарап) екінші бір тарапқа міндетті түрде орындалуға тиісті құқықтық кесімдер беруі мүмкін. Көп жағдайда бұндай құқықтық кесімдер мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге беріліп жатады. Мысалы, кәсіпкерлікпен айналысатын жеке не заңды ұйымның кәсіпкерлік әрекетінің барысында қоршаған ортаға зиян келтірілетін болса, онда мемлекет сол келтірілген зиянды қайта қалпына келтіруді талап ете алады. Бұндай мемлекеттік құзыретті органдар тарапынан берілген кесімдер кәсіпкерліктің субъектілері үшін орныдалуға міндетті. Осындай әдістердің бірі тыйым салу әдісі. Оның мәні, егер де кәсіпкерлік субъектілерінің кәсіпкерлік іс-әрекетінің барысында қоршаған ортаға қауіпті зиян келуі мүмкін болған жағдайда мемлекет оларға кәсіпкерлікпен айналысуға тыйым салу мүмкін. Келесі әдістердің бірі кепілдеме, ұсыныс беру әдісі. Тараптар кәсіпкерлік қатынастардың барысында бір-біріне ұсыныс жасауға мүмкіншіліктері бар. ҚР кәсіпкерлік құқығының даму тақырып бойынша бақылау және реферат сұрақтары. 1. Кәсіпкерлік құқығы пәні нені зерттейді 2. Кәсіпкерлік құқығы пәні мәні неде. 3. Кәсіпкерлік құқығының құқықтық реттеу методы. Глоссарий. кәсіпкерлік істің еркіндігі – кез келген ақыл-есі дұрыс, жасы толған адам заңнамаларда көрсетілген талаптарға сәйкес жағдайларда кәсіпкерлікпенг айналысуға құқығы бар; кәсіпкерлік құқық - белгілі бір мақсатқа бағытталған заң, жоба жағынан қолдап, қуатталған алдын-ала жүзеге асырылатын экономикалық құбылыстарды білетін тәуекелге бел буған іс-әрекет қимылдардың жиынтығы. Тест. 1. Кәсіпкерлік құқықтың негiзгi қағидасы кайсы: А) меншiктi коргауды камтамасыз ету Б) пайда табу В) кiнәсiздк презумпциясы Г) жоспарлау Д) мiндеттi төлеу 2. Кәсіпкерлік құқық обьектiсi кайсысы: А) өндіріс орындары Б) енбек ету В) салык Г) занды факт Д) жәрдемақы 3. Кәсіпкерлік құқық субьектiсi кайсысы А) мемлекет, ел, жұрт, өңір Б) аурухана В) сот сараптама Г) жергiлiктi аткарушы органдар Д) әкiмшiлiк Тақырып: Кәсіпорын, өндірістік кооператив кәсіпкерлік құқықтың объектісі ретінде Қозғалмайтын мүліктің ерекше түрінің бірі кәсіпорын болып табылады. Заң бойынша “кәсіпорын” термині екі мағынада кәсіпорын деп аталады (АК-тің 102- 104 баптары). Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асару үшін пайдаланатын мүліктік кешен құқық объектісі түріндегі кәсіпорын деп танылады (АК-тің 119 бап 1 тармағы). Яғни ондай кәсіпорын құқық объектісі болып табылады, кәсіпорын тұтасымен немесе оның бір бөлігі сатып алу-сату, кепілге, жалға беру шарттарының және басқа да мәмілелердің объектісі болуы мүмкін, ол әкімшілік тәртіппен өзге субъектіге берілуі ықтимал. Мүліктік кешен ретінде кәсіпорын құрамына оның қызметіне қажетті деген барлық мүлік түрлері енеді. Соның ішінде үйлер, ғимараттар, құрылыстар, құрал-жабдықтар, шикізаттар, өнімдер, жер учаскесіне құқық, талап ету құқығы, борыштар, сондай-ақ атауын белгілейтін белгілер (фирманың атауы, тауар белгілері), егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, және тағы басқа айрықша құқықтар болады. Өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде пайда келтіруді көздейтін (коммерциялық ұйым) не мүндай мақсат ретінде пайда келтіре алмайтын және алыпған пайдасын қатысушыларына үлестірмейтін (коммерциялық емес үйым) үйым занды түлға бола алады. Коммерциялық ұйым болып табылатым занды түлға мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылык серіктестік, өндірістік кооператив нысандарында қүрылуы мүмкін. Коммерциялық емес үйым болып табылатын заңды түлға мекеме, қоғамдық бірлестік, түтыну кооперативі, қоғамдық қор, діни бірлестік нысанында және заң қүжаттарында көзделген өзге де нысанда қүрылуы мүмкін. Коммерциялық емес үйым кәсілкерлік қызметпен өзінің жаргылық мақсаттарына сай келуіне қарай ғана айналыса алады.Заңды түлғалар бірлестік қүра алады. Занды тұлға Азаматтық кодекстің, занды түлғалар түрлеріне әрқайсысы туралы Заңиның, өзге де заң қүжаттары мен қүрылтай қүжаттарының негізінде жүмыс істейді. Бақылау және реферат сұрақтары. 1. Кәсіпкерлік құқығының жүйесі қандай 2. Кәсіпкерлік ара қатынасы қандай 3. Кәсіпкерлік құқығы обьектілері 4. Кәсіпкерлік құқығындағы заттарды саралау Глоссарий. Авторлық құкық - автордың мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтары. Заң – қоғамдық қатынастарды реттейтін, ҚР Конституциясында көзделген түбегейлі принциптер мен нормаларды белгілейтін, ҚР-ның Парламенті, ал ҚР Конституциясы 53 – бабының 4) – тармақшасында көзделген жағдайларда ҚР – ның Президенті қабылдайтын нормативтік құқықтық акт. Кодекс – біртектес қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар біріктіріліп, жүйеге келтірілген заң. Тест 1. “Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау” туралы заңы қашан шығарылды: А) азаматтық айналым Б) мүлiктiң болуы В) дербес мүлiктiк жауапкершiлiк Г) ұйымдасқан бiрлiк Д) елдің, мемлекеттің халықтың қажеттілігін жүзеге асырудағы қызметі 2. Кәсіпкерлік құқық құқық саласы ретінде қандай жүйелерге бөлінеді? а) жалпы, ерекше, арнайы б) жалпы, ерекше в) жеке, арнайы г) жеке, жалпы 3. Муліктік игіліктерге жатадын обьектілер. a) Заттар, ақша. b) Жеке адамның өмірі. c) Денсаулығы. d) Есім алу құқығы. e) Автор болу құқығы. 4. Мүліктік емес игіліктерге жатадын обьектілер. a) Есім алу құқығы, автор болу құқығы. b) Құнды қағаздар. c) Тауарлық белгілер. d) Фирмалық атаулар. e) Заттар, құнды қағаздар. Тақырып: Атаулы бағалы қағаз. Кәсіпкерлік құқықтың объектілерінің бірі бағалы қағаздар болып табылады. Азаматтық кодекстің 129 бабында оған мынадай анықтама берілген: белгіленген нысан мен міндетті реквизиттерді сақтай отырып, жүзеге асырылуы тек оны көрсеткенде ғана мүмкін болатын мүліктік құқықтарды куәландыратын құжат бағалы қағаз болып табылады. Осындай анықтамадан бағалы қағаздың ерекше сипаты шығады, ол атап айтқанда: а) бағалы қағаз – түрі және мазмұнымен заң талаптарына қатаң бағынатын құжат. Мәселен, бағалы қағаздармен куәландырылатын құқықтардың түрлері, бағалы қағаздардың міндетті реквизиттері, бағалы қағаз нысанына талап тар және басқа да қажетті талап тар заң құжаттарымен немесе соларда белгіленген нысанға сәйкес келмеуі оның жарамсыз болуына әкеліп соқтырады; ә) бағалы қағаз оның иеленушісінің мүліктік құқығын куәландырады; б) бағалы қағаздағы құқықты жүзеге асыру үшін оны көрсеткенде, не бергенде ғана құқық іске асырылады. Бағалы қағазды құжат демен бірге оны зат деп те көрсетеді. Өйткені, кез- келген құжаттың түп-төркіні материалдық дүниеге қатысты келеді. Сондықтан да онда көрсетілген әріп таңбалары мен сандары, тасқа басылып не қолмен жазылған жазбалары осы құжат туралы тиісті ақпарат береді. Сонымен бірге, кез келген құжаттың бағалы қағаз бола алмайтыны тағы бар, тек заңмен белгіленген шарттың белгілері сақталғаны бағалы қағаз құқығын алады. Бағалы қағаздың міндетті реквизиттері арнайы норматив тік құқықтық құжаттарында көрсетілген оның атауы, сериясы, нөмірі, өтініш жасау мерзімі, субъектінің қағаз бойынша орындалу орны және талап тар болып табылады. Мұндай талап тар түгелдей сақталмаса, яғни бағалы қағаздың міндетті реквизиттерінің болмауы немесе бағалы қағаздың ол үшін белгіленген нысанға сәйкес келмеуі, оның жарамсыз болуына әкеліп соқтырады. Бағалы қағаздар зат ретінде бірнеше түрге бөлінеді, әр иеленушісінің талап - мүддесіне сәйкес бланк, қағаз парақшасы түрінде кездеседі. Бағалы қағаздың құны тиісті материалдық игіліктің құнына негізделеді. Мазмұнына қарап бағалы қағаздарды облигация, коносамент, акция және заң актілерінде немесе соларда бекітілген тәртіппен бағалы қағаздар жатқызылған басқа да құжаттар деп негізгі түрлерге бөледі. Атаулы бағалы қағаз – бұл мүліктік сипаты бар құжат, оның иесі кім екендігі құжаттың мәтінінде көрсетіледі. Яғни атаулы бағалы қағаз бойынша құқықты талап ету сонда көрсетілген адамға ғана тиесілі болады. Эмиссиялық бағалы қағаздарды топтастыру мемлекеттік және емес деп бөлінетін болғандықтан оның заңдық маңызы болады. Бағалы қағаздар жөніндегі қазіргі қолданылып жүрген заңдар құжатталмаған бағалы қағаздар ұғымына сәйкестендірілген. Құжатталмаған құнды қағаздар шын мәнінде бағалы қағаздың мазмұнын куәландыратын мүліктік құқы болып есептеледі. Ондай бағалы қағаздармен құқықтық қатынасқа түскен кезде оның тізілімдегі жазбаға енгізілуі жарамды бола береді. Бақылау және реферат сұрақтары. 1. Атаулы бағалы қағаз. 2. Бағалы қағаздың түсінігі. 3. Бағалы қағаздың түрлері. 1. Кәсіпкерлік ара қатынасы қандай 2. Кәсіпкерлік құқығы обьектілері 3. Кәсіпкерлік құқығындағы заттарды саралау Глоссарий. Бағалы қағаз - белгіленген нысан мен міндетті реквизиттерді сақтай отырып, жүзеге асырылуы тек оны көрсеткенде ғана мүмкін болатын мүліктік құқықтарды куәландыратын құжат. Бағалы қағаздар айналысы - бағалы қағаздармен азаматтық-құқықтық мәмілелер жасасу. Бағалы қағаздар депозитарийі - бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді есепке алу және оларды орындау, сондай-ақ бағалы қағаздарды материалсыздандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын мамандандырылған үйым. Бағалы қағаздар портфелі - бағалы қағаздар рыногы субъектісінің меншігіндегі не басқаруындағы алуан түрлі бағалы қағаздардың жиынтығы. Бөлінетін мүлік - бөлу нәтижесінде бөліктері өз мақсатын (міндетін) жоғалтпайтын мүлік. Бөлінбейтін мүлік - өзінің шаруашылық мақсатын (міндетін) өзгертпей бөлуге болмайтын немесе заң құжаттарында ұйғарылуына қарай бөлуге жатпайтын мүлік. Заң актісі - Конституциялық заң, Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық заң күші бар Жарлығы, Кодекс, Заң, Қазақстан Республикасы Парла-ментінің қаулысы, Сенат пен Мәжілістің қаулылары. Тест. 1. Мүліктік жарна дегеніміз а) ауылдық тұтыну кооперативінің пай қорындағы тек қана ақша қаражаты б) ауылдық тұтыну кооперативінің пай қорына пайшының қосатын жарнасы в) төрағаның жарнасы г) табыс болып есептелетін жарна 2. Пайшы дегеніміз: а) тек қана мүліктік жарна енгізген азамат б) мүліктік жарна енгізген және жарғыда көзделген тәртіппен ауылдық тұтыну кооперативіне мүшелікке қабылданған азамат в) тек қана мүліктік жарна енгізген заңды тұлға г) кооператив төрағасы 3. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікте қатысушылардың саны а) 50 ден аспауы тиіс б) 20 дан аспауы тиіс в) 100 ден аспауы тиіс г) 80 нен аспауы тиіс Тақырып: Акция, оның маңызы Бақылау түрі: Тест тапсырмалары 1. Акционерлік қоғамның құрылтай құжаттары а) құрылтай шарты мен жарғысы б) тек құрылтай шарттары; с) тек құрылтай жарғысы; д) бұйрықтар; е) қаулылар; 2. Қай занды тұлғалар мүлкіне оз қатысушылары міндеттемелік құқықтарын сақтап қалады. a) Шаруашылық серіктестіктер, акционерлік қоғам мен кооперативтер. b) Қоғамдық бірлістіктер. c) Қоғамдық қорлар. d) Діни бірлестіктер. e) Мекеме. 3. Қай занды тұлғалар мүлкіне оз құрылтайшыларын (қатысушылары) мүліктік құқықтарын сақтамайды. a) Қоғамдыққорлар, қоғамдық бірлестіктер және діні бірлестіктер. b) Шаруашылық серіктестіктер. c) Мекеме. d) Акционерлық қоғам. e) өндірістік кооператив. 4. Заңды тұлғаның негізгі құжаты. a) Құрылтай құжаттары. b) Конституция. c) Азаматтық кодекс. d) Жалпы акционерлердің жиналысы. e) Тек В.С жауабы. 5.Занды тұлғаның тұрақты жері қай жері есептеледі. a) Тұрақты жумыс істейтін органы орналасқан жері. b) Филиалдың орналасқан жері. c) Өкілдіктердің орналасқан жері. d) Бастықтын тұрақты жері. e) А,В,С жауабы. 6.Занды тұлға қай органга тіркеліге тиіс. a) Әділет органында. b) Жергілікті атқарушы органында. c) БТИ. d) Облыстық әкімшілікте. e) Жауабы жоқ. 7. Бірлескен шаруашылық қызмет туралы шарт бойынша тараптар жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыруға а) бірлесіп іс-әрекет жасауға міндеттенеді; б) еркін іс-әрекет жасауға міндеттенеді; с) жеке-дара іс-әрекет жасауға міндеттенеді; д) ешқандай міндет алмайды; е) ешқандай құқық алмайды; 8. Егер жеке кәсіпкер лицензиялауға тиісті қызметті жүзеге асырса, онда: а) оның осындай қызметті жүзеге асыруға лицензиясының болуы міндетті; б) лицензияның қажеті жоқ; с) лицензия керек емес өйткені ол тіркелу кезінде ақы төлейді; д) лицензия бір жылдан кейін алуы тиіс; е) құқығы шектеледі; 9. Серіктестік қатысушыларының ортақ мүлік үлесіне билік етуге құқығы бар ма? а) құқығы жоқ; б) құқығы бар; с) төраға рұқсаты негізінде; д) атқару органы рұқсаты негізінде құқылы е) толық құқығы бар; 10. Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы заңы күшіне қашан енді? а) 1999ж. 21шілде б) 1999ж. 21 тамыз с) 1999ж. 21 маусым д) 1999ж. 21 мамыр е) 1998ж. 16 қараша 11. Жай серіктестік қалай құрылады? а) бірлескен шаруашылық қызмет туралы шарт негізінде құрылады; б) Үкімет қалысымен құрылады; с) атқарушы органның шешімімен құрылады; д) әкімнің өкімімен құрылады; е) сот шешімімен құрылады; 12. Алғашқы өндірістік кооператив қай елде, қашан құрылды? а) Англияда 1844ж. б) Германияда 1845ж. с) Францияда 1899ж. д) Ресейде 1856ж. 13. Жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) үлесіне (салымдарына) бөлінген коммерциялық ұйым бұл: а) шаруашылық серіктестік б) ауылшаруашылық өндірістік кооперативі с) ауылшаруашылық тұтыну кооперативі д) акционерлік қоғам 14. Шаруашылық серіктестікті бір адам құруы мүмкін бе? а) ия б) жоқ с) кейбір жағдайларда д) келісім бойынша Тақырып: Кәсіпкерлік іс-әрекет түсінігі Кәсіпкерлік дегеніміз меншік түрлерне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған, жеке меншікке (жеке кәсіпкерлік) не мемлекеттік кәсіпорынды шаруашылық басқару құқығына (мемлекеттік кәсіпкерлік) негізделген ынталы қызметі Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің атынан, оның тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады. Кәсіпкерлік іс - мүліктік құқықтарды қоса алғандағы мүліктің жиынтығы, жеке кәсіпкер өз қызметін солардың негізінде және солар арқылы жүзеге асырылады. Кәсіпкерлік қызмет үздіксіз және қосарлана, ілеспелі түрде жүргізілетін келісім-шартты әр текті және жан-жақты кешенді жұмыстардың, іс-қимылдың жиынтығы. Осылардың әрқайсысы салыстырмалы түрде әрі қысқа, әрі мәмілелі келісілген мерзім уақытымен және нақтылы кезеңдер шеңберінде шектеулі жағдайда болады. Демен, әр жұмыстың шегі, тиімді және оңтайлы әдістері бар. Мақсат – дұрыс іс-қимыл жасау, жаңалықты іздеп табу, оны кәсіпкерлік жұмысында пайдалану. Сұраныс дегеніміз сатып алушылардың өздеріне қажетті бұйымдармен қызмет түрлеріне ақша төлеу дайындығы. Ұсыныс дегеніміз өндірушілердің белгілі бір бағалар бойынша сатура дайындаған тауарларының жиынтығы. Тауардың бәсекелік нарығында сұраныс пен ұсыныстың әрекет ету механизмі қалай жұмыс істейтінін және сұраныс пен ұсыныс тең болған деңгейде нарықтық баға қалай орнайтынын байқайық. Сұраныс көлеміне бағадан басқа табыстар деңгейі, нарық мөлшері, басқа тауарлардың бағасы мен пайдалылығы өз әсерін тигізеді. Ұсынысқа әсер ететін басты фактор - өндіріс шығындары. Сондықтан, егер техникалық прогрестің жетістіктерін пайдалану нәтижесінде немесе ауыл шаруашылығына қатысты болса, қолайлы ауа рай жағдайында өндіріс шығындарын азайту ұсыныс қисығы оңға төмен ауысады. Ұсыныс пен өндіріс шығындарының өзара байланысының негізгі қағидаларын кеңінен қарайық. Алдымен фирма шығындарының негізгі түрлерін анықтайық. Шығындар екі үлкен категорияға бөлінеді: тұрақты және өзгермелі. Тұрақты шығындар дегеніміз өндірілген өнімдердің саны қандай болса да өзгермейтін шығындар. Оған үй-жайды жалдаудың төлемі, саймандарға жұмсалған шығындар басқару және әкімшілік қызметкерлерінің ақысы кіреді. Өзгермелі шығындар өндіріс көлеміне тікелей байланысты өзгереді. Олар жұмыс күші мен шикізаттар сатып алуға жұмсалған шығындарға байланысты. Өзгермелі шығындардың өсуі біркелкі емес, нөлден бастап өндіріс өскен сайын олар алдымен тез өседі, сосын өндіріс көлемі ұлғайған сайын жаппай өндірісте үнемдеу факторы білінеді де, өзгермелі шығындардың өсуі өнімнің ұлғаюына қарағанда баяулай түседі. Ары қарай өнімділіктің азаю заңының әрекеті басталғанда, өзгермелі шығындар қайтадан өндірістің өсуін басып озады. Пайда дегеніміз жалпы табыс пен жалпы шығындардың айырмашылығы. Айталық монополист бағаны біртіндеп төмендетіп 35 доллар қояды. Онда ол 1 тауардан артық 4 тауар өткізе алады, бірақ бұл да аз ғана сату көлемі. Бұл жағдайда оның жалпы табысы 140 доллар (35х4), ал таза пайдасы (140 – 72) – 68 доллар. Бақылау және реферат сұрақтары. 1. Кәсіпкерлік іс-әрекеті түсінігі 2. Кәсіпкерлік іс-әрекеті түсінігі белгілері 3. Кәсіпкерлік іс-әрекеті тәуекелі 4. Сұраныс және ұсыныс түсініктері Глоссарий. кәсіпкерлік істің еркіндігі – кез келген ақыл-есі дұрыс, жасы толған адам заңнамаларда көрсетілген талаптарға сәйкес жағдайларда кәсіпкерлікпенг айналысуға құқығы бар; кәсіпкерлік құқық - белгілі бір мақсатқа бағытталған заң, жоба жағынан қолдап, қуатталған алдын-ала жүзеге асырылатын экономикалық құбылыстарды білетін тәуекелге бел буған іс-әрекет қимылдардың жиынтығы. Қорлау – басқа адамның ар – намысы мен қадір-қасиетін әдепсіз түрде кемсіту. Келісім-шарт жасасу - келісім-шарт, шарт жасасу шарты бойынша ауыл шаруашылық өнімін өндіруші өзі өсірген (өндірген) ауыл шаруашылық өнімін ұқсату немесе сату үшін осындай өнімді сатып алуды жүзеге асыратын дайындаушы - тұлғаға беруге міндеттенеді. Тест. 1. Кәсіпкерлік құқық обьектiсi кайсысы: А) өндіріс орындары Б) енбек ету В) салык Г) занды факт Д) жәрдемақы 2. Кәсіпкерлік құқық субьектiсi кайсысы А) мемлекет, ел, жұрт, өңір Б) аурухана В) сот сараптама Г) жергiлiктi аткарушы органдар Д) әкiмшiлiк 3. Кәсіпкерлік бұл: А) азаматтық айналым Б) мүлiктiң болуы В) дербес мүлiктiк жауапкершiлiк Г) ұйымдасқан бiрлiк Д) елдің, мемлекеттің халықтың қажеттілігін жүзеге асырудағы қызметі Тақырып: Кәсіпкерлік тәуекелдің мақсаты Коммерциялық тәуекел – кәсіпорын өндірген немесе сатып алған тауарлар немесе көрсетілген қызметтерді іске асыру процес інде пайда болады. Осы жағдайлар өндірістік немесе коммерциялық кәсіпкерлікке тән. Коммерциялық тәуекелдің негізгі түрлері мыналар: - сатылатын немесе сатып алынатын тауарлар бағасының өзгеруіне (төмендеуі немесе жоғарылауына) байланысты тәуекел; - айналыс процесі кезіндегі тауарлардың жоғалу тәуекелі; - айналыс шығындары деңгейінің жоғарылау тәуекелі; - нарықтағы тауарлардың өткізілуімен және сапасымен байланысты тәуекел; - тауарларды алумен тәуекел; - кәсіпорынның іскерлік белсенділігінің баяулауы немесе тоқтауымен байланысты тәуекел; - құнсыздану салдарынан болатын тәуекел; - сатып алушының төлем қабілеттілігімен байланысты тәуекел; - келісім-міндеттерінің орындамауы аясындағы тәуекел; - валюталық бағаның өзгеру тәуекелі; - қызметкерлердің мүмкін болатын жетілмеген шынайылығынан туындайтын тәуекел; - бәсекелестер қызметінде болатын тәуекел; - кәсіпорын жұмысшыларының жауапсыздығынан тауарларды жоғалту тәуекелі. Кәсіпорын қызметінің қаржылық тәуекелі көбінесе меншік құралдарына қатынасымен өлшенеді. Тәуекел факторлары – субъективті, яғни, кәсіпорынға тікелей байланысты. Субъективті факторларға жататындар – техникалық жабдықтау мен техниканың қауіпсіздік жағдайы және кәсіпорындарының өзіне байланыссыз құнсыздану, бәсекелестік, саяси жағдайлар. Бақылау және реферат сұрақтары. 1. Коммерциялық тәуекел. 2. Кәсіпкерлік құқығының құқықтық реттеу методы. 3. Кәсіпкерлік құқығы пәнінің принциптері қандай. 4. Кәсіпкерлік құқығының жүйесі қандай. 5. Кәсіпкерлік ара қатынасы қандай. 6. Кәсіпкерлік құқығы обьектілері. Глоссарий. Кондоминиум — жылжымайтын мүлікке меншік нысаны, бұл ретте жылжымайтын мүліктің жекелеген бөліктері, соның ішіңде жер учаскелері азаматтар мен занды тұлғалардың және (немесе) мемлекеттің дербес меншігінде болады, ал жылжымайтын мүліктің бөлек меншікке жатпаитын бөліктері (үй маңыңдағы бөлінбейтін жер учаскесі, ортақ пайдаланыстағы жер) ортақ меншік құқығы негізінде жылжымайтын мүлік бөліктерінің меншік иелеріне тиесілі болады; Меншік құқығы - субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы.Меншік иесінің өз мүлкін иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы болады. Иелену құқығы дегеніміз мүлікті іс жүзінде иеленуді жүзеге асыруды заң жүзінде қамтамасыз ету. Пайдалану құқығы дегеніміз мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі. Билік ету құқығы дегеніміз мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуі.Меншік құқығынын, мерзімі шексіз. Тест. 1. Кәсіпкерлік құқықтың негiзгi қағидасы кайсы: А) меншiктi коргауды камтамасыз ету Б) пайда табу В) кiнәсiздк презумпциясы Г) жоспарлау Д) мiндеттi төлеу 2. Кәсіпкерлік құқық обьектiсi кайсысы: А) өндіріс орындары Б) енбек ету В) салык Г) занды факт Д) жәрдемақы 3. Кәсіпкерлік құқық субьектiсi кайсысы А) мемлекет, ел, жұрт, өңір Б) аурухана В) сот сараптама Г) жергiлiктi аткарушы органдар Д) әкiмшiлiк 4. Кәсіпкерлік бұл: А) азаматтық айналым Б) мүлiктiң болуы В) дербес мүлiктiк жауапкершiлiк Г) ұйымдасқан бiрлiк Д) елдің, мемлекеттің халықтың қажеттілігін жүзеге асырудағы қызметі Тақырып: Коммерциялық кәсіпкерлік 1725 жылы Ричард Кантильон кәсіпкерді – нар тәуекел жағдайында қызмет етуші адам деді. 1961 жылы “кәсіпкер – ұстамды тәуекел жағдайында қызмет ететін пысық адам” деп пайымдаған Давид Маклелланд да осы пікірді қолдаған. Кәсіпкерлік ұғымына анықтама беруші келесі ағым – кәсіпкерлікке тән тәуекелділікпен қатар, одан алынатын пайда мен туындайтын жауапкершілікті жатқызады. Мысалы, 1797 жылы Бодо кәсіпкер – іскерлік қызметке жауап беруші, кәсіпорын қызметін бақылап, жоспарлап, ұйымдастырып және оған иелік етуші тұлға деген. 1964 жылы Питер Друкердің дәлелдемесі – кәсіпкер қандай болмасын мүмкіндікті пайдалана отырып, ең жоғарғы деңгейдегі пайдаға жетуге ұмтылатын адам. Кәсіпкерлік – белгілі бір құнға ие болатын жаңа нәрсе ашу үрдісі, ал кәсіпкер – осыған барша күші мен уақытын жұмсай отырып, орнына ақшалай және қанағаттарнарлыққа жете алатын, қаржылық, психологиялық және әлеуметтік тәуекелді мойнына алатын адам. Отандық экономикада кәсіпкерліктің кең тараған түрі бар. Ол – коммерциялық кәсіпкерлік. Бұны көптеген себепртермен түсіндіруге болады. Негізгілері: коммерциялық кәсіпорынның пайдасының жоғары болуы; жылдам қайтарымдылығы; жүзеге асыру прпоцесінің оңайлығы; басқару жүйесінің жеңілдігі, тиімділігі және тағы басқалар. Кәсіпкерлік ұғымы пайда алып келетін белсенді қызмет бабы. “Коммерция” латын сөзінен аударғанда “сауда” мағынасын береді. Олай болса коммерциялық кәсіпкерлік – пайда және табыс алуға бағытталған сауда- делдалдық, сауда-дайындық жұмыстарының жиынтығы. Коммерциялық кәсіпкерлік ең алдымен, ақша-тауар, сауда-айырбас операцияларында анықтаушы рөл атқаратындығымен сипатталады. Сондықтан, коммерциялық кәсіпкерліктің мәні – сату, сатып алу бойынша, яғни, тауарларды қайта сату операциялары болып табылады. Коммерциялық кәсіпкерліктің негізгі зерттеу объектісі – тауар, капитал. Капитал кезінде қаржылық кәсіпкерлік пайда болады. Комерсант болу үшін тек өзінің аумағында ғана емес, сонымен бірге басқа жерлерде коммерция туралы әртүрлі ақпараттарға ие болу керек. Бақылау және реферат сұрақтары. 1. Кәсіпкерлік түсінігі. 2. Коммерция түсінігі. 3. Кәсіпкерлік коммерция. 4. Кәсіпкердің құқықтық мәртебесі 5. Кәсіпкердің іскерлік әдебі. Глоссарий. Бересі — есептелген және мерзімінде төленбеген салықтар және бюджетке теленетін басқа да міндетті төлемдер сомалары. Бизнес — пайда беретін экономикалық қызмет; баюдың кезі болып табылатын табыс өкелетін кез келген қызмет түрі (іс, көсіп, кәсіпкерлік жөне басқалары). Мемлекеттік багдарлама — салааралық сипаты бар, өлеуметтік-эко-номикалық дамудың неғүрлым маңызды міндеттерін шешуге жөне мемлекеттің қорғаныс қабілетін, құқық тәртібін, заңдылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағыггалған мәселелер бойынша Қазақ-стан Республикасының Үкіметі әзірлейтін және Қазақстан Республика-сының Президенті бекітетін бағдарлама. Мүліктік зиян - құқықпен қорғалатын мүліктің ұрлануымен, жойылуымен, зақымдалуымен немесе жоғалуымен келтірілген, сондай ақ материалдық нұқсан жеке адамға басқаша жолмен, еңбек ақы алмау,денсаулығына келтірілген зиянға байланысты емделу кезіндегі шығындарды алмау және тағы басқа жолмен келтірілген залал. Зиян – заңмен қорғалатын игілік атаулының кемуі. Тест. 1. Мемлекеттік тіркеу кезінде тіркеуші органға құрылтай шартын табыс ету а) талап етілмейді; б) талап етіледі; в) міндетті түрде табыс етілуі тиіс; г) заң бұзушылық болып есептеледі; д) екі жақтың келісіміне байланысты; 2. Өндірістік қызметпен айналысатын шағын кәсіпкерлік субьектілерінің жазбаша өтініші бойынша жерді пайдалану актісін бергені үшін төленетін соманы а) 3 жылға қалдыра алады б) 1 жылға қалдыра отырып жүргізеді; в) 5 жылға қалдыра алады; г) 7 жылға қалдыра алады; д) 10 жылға қалдыра алады; 3. Шағын кәсіпкерлік субьектлері бірлестіктерін құруға құқылы ма? а) сот шешімі негізінде; б) құқығы жоқ; в) құқылы; г) лицензия негізінде; д) әкім рұқсатымен құқылы; 1. Алғашқы өндірістік кооператив қай елде, қашан құрылды? а) Англияда 1844ж. б) Германияда 1845ж. в) Францияда 1899ж. г) Ресейде 1856ж. Тақырып: Шағын бизнес Кәсіпкерліктің жекеше және мемлекеттік кәсіпкерлік деген екі түрі бар. Жекеше кәсіпкерліктің бір түрі жеке кәсіпкерлік – азаматтардың өздерінің (жеке кәсіпкерлік) немесе мемлекеттік емес зңды тұлғалардың (заңды тұлғалардың жеке кәсіпкерлігі) меншігіне негізделген және азаматтардың немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалардың атынан олардың тәуекелімен және мүліктік жауапкершілігіне алынып жүзеге асырылатын, азаматтардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың табыс табуға бағытталған бастамашылық қызметі.Ол әсіресе серіктес мүліктік жауапкершілікті бірінші дәрежеге қоятын әрқандай іс-әрекет қимылдарды тиымды пайдаланатын тұлға болып есептеледі. Жеке кәсіпкерлік бұл заң әрекеті қимылы жағынан екіге бөлінеді: - жеке тұлғалы кәсіпкерлік; - заңды тұлғалы кәсіпкерлік Жеке тұлғалы кәсіпкерлікпенен заңды тұлғалы кәсіпкерліктің төмендегідей айырмашылығы бар. Жеке тұлғалы кәсіпкерлік ресми түрде барша экономикалық қатынастардан пайдаланады: а) қаржы көздері жағынан; ә) қажетті тауарлармен қызметтерді қамтамасыз ету жағынан; б) өндіріс процесін тиымды дәрежеде ұйымдастыру жағынан; в) несие беру жағынан; г) жаңа техника мен технология жағынан қамтамасыз ету. Жеке кәсіпкер дегеніміз бұл заңды тұлға құрмай, заңды тұлға белгілері болмаған жағдайда кәсіпкерлікпен шұғылданатын жеке азаматтар.Осыған байланысты жеке кәсіпкерлік екі топқа бөлінеді: 1. өзіндік кәсіпкерлік; 2. бірлескен кәсіпкерлік Өзіндік кәсіпкерлікті бір азамат меншік құқығы бойынша өзіне тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті пайдалануға және (немесе) оған билік етуге жол беретін өзге де құқыққа байланыст дербес жүзеге асырылады. Бірлескен кәсіпкерлікті азаматтар тобі (жеке кәсіпкерлер) ортақ меншік құқығы бойынша өздеріне тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті бірлесіп пайдалануға және (немесе) оған билік етуге жол беретін өзге де құқыққа байланысты жүзеге асырады. Бірлескен кәсіпкерліктің түрлеріне мыналар жатады: 1) ерлі-зайыптылардың бірлескен ортақ меншіші негізіндегі жүзеге асырылатын ерлі-зайыптылар кәсіпкерлігі; 2) шаруа (фермерлік) шаруашылығының ортақ меншіші немесе жекешелендірілген тұрғын үйге бірлескен ортақ меншігі негізінде жүзеге асырылатын отбасылық кәсіпкерлік; 3) кәсіпкерлік қызмет үлестік ортақ меншік негізінде жүзеге асырылатын жай серіктестк Бақылау және реферат сұрақтары. 1. Кәсіпкердің құқықтық мәртебесін анықтау 2. Кәсіпкердің іскерлік әдебі. 3. Коммерсант түсінігі 4. ҚР кәсіпкерліктің түрлері 5. Жеке кәсіпкер ұғымы Глоссарий Бизнес — пайда беретін экономикалық қызмет; баюдың кезі болып табылатын табыс өкелетін кез келген қызмет түрі (іс, көсіп, кәсіпкерлік жөне басқалары). Бизнес-жоспар — фирманың бизнес-операциясын, іс-қимылдарын жүзеге асыру жоспары, бағдарламасы, ол фирма, тауар, оның өндірісі, өткізу рыноктары, маркетинг, операциялардың үйымдастырылуы және олардың тиімділігі туралы мәліметтерден түрады. Брокер - сыйақы үшін шарт негізінде іс-қимыл жасайтын, клиенттердің тапсырмасы бойынша, солардың есебінен және мүдделерін көздеп бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелерді жүзеге асырушы делдал. Қорғаншылық (қамқоршылық) – кәмелетке толмағандардың және сот әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеттілігі шектеулі) деп таныған адамдардың қүқықтары мен мүдделерін қорғаудың құқықтық нысаны. Тест 1. Акционерлік қоғам қандай бағалы қағаздын турін шығаруға құқылы. a) Акция. b) Облигация. c) Депозит. d) Вексель. e) Чек. 2. Муліктік игіліктерге жатадын обьектілер. a) Заттар, ақша. b) Жеке адамның өмірі. c) Денсаулығы. d) Есім алу құқығы. e) Автор болу құқығы. 3. Кәсіпкерлік құқықтық қатынастар қандай болып бөлінеді? а) ішкі және сыртқы. б) негізгі және жалпы. в) ішкі және жалпы. г) жеке және арнайы. 4. Кәсіпкерлік құқықтық қатынастардың элементтері қандай? а) Кәсіпкерлік құқық нормалары, субьектілері, обьектілері б) аграрлық құқық құрылысы в) реттеу, тарату г) аграрлық құқықтық нормалар жиынтығы Тақырып: Кәсіпкерлік түрлері сипаттамасы Бақылау түрі: Тест тапсырмалары Тест тапсырмасы: 1. Кәсіпкерлік құқықтың негiзгi қағидасы кайсы: А) пайда табу Б) меншiктi коргауды камтамасыз ету В) кiнәсiздк презумпциясы Г) жоспарлау Д) мiндеттi төлеу 2. Кәсіпкерлік құқық обьектiсi кайсысы: А) өндіріс орындары Б) енбек ету В) салык Г) занды факт Д) жәрдемақы 3. Кәсіпкерлік құқық субьектiсi кайсысы А) мемлекет, ел, жұрт, өңір Б) аурухана В) сот сараптама Г) жергiлiктi аткарушы органдар Д) әкiмшiлiк 4. Кәсіпкерлік бұл: А) елдің, мемлекеттің халықтың қажеттілігін жүзеге асырудағы қызметі Б) мүлiктiң болуы В) дербес мүлiктiк жауапкершiлiк Г) ұйымдасқан бiрлiк Д) азаматтық айналым 5. “Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау” туралы заңы нені реттейді: А) азаматтық айналым Б) мүлiктiң болуы В) дербес мүлiктiк жауапкершiлiк Г) ұйымдасқан бiрлiк Д) елдің, мемлекеттің халықтың қажеттілігін жүзеге асырудағы қызметі 6. Кәсіпкерлік құқық құқық саласы ретінде қандай жүйелерге бөлінеді? а) жалпы, ерекше б) жалпы, ерекше, арнайы в) жеке, арнайы г) жеке, жалпы 7. Кәсіпкерлік құқықтық қатынастар қандай болып бөлінеді? а) ішкі және сыртқы б) негізгі және жалпы в) ішкі және жалпы г) жеке және арнайы 8. Кәсіпкерлік құқықтық қатынастардың элементтері қандай? а) Кәсіпкерлік құқық нормалары, субьектілері, обьектілері б) аграрлық құқық құрылысы в) реттеу, тарату г) аграрлық құқықтық нормалар жиынтығы 9. Кәсіпкерліктің ішінде жүріп жатқан қоғамдық ауылшаруашылық қатынастар бұл: а) ішкі аграрлық құқықтық қатынастар б) сыртқы аграрлық құқықтық қатынастар в) негізгі аграрлық құқықтық қатынастар г) орталық аграрлық құқықтық қатынастар 10. Алғашқы өндірістік кооператив қай елде, қашан құрылды? а) Англияда 1844ж. б) Германияда 1845ж. в) Францияда 1899ж. г) Ресейде 1856ж. 11. Жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) үлесіне (салымдарына) бөлінген коммерциялық ұйым бұл: а) шаруашылық серіктестік б) ауылшаруашылық өндірістік кооперативі в) ауылшаруашылық тұтыну кооперативі г) акционерлік қоғам 12. Жалғыз қатысушысы бар серіктестіктің құрылтый шарты а) жалпы негізде б) арнайы негізде в) ерекше негізде г) салалық негізде д) жасалмайды 13. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жеке-дара атқарушы органы серіктестіктің атынан а) сенімхатсыз әрекет етеді б) сенімхат арқылы әрекет етеді в) шарт негізінде әрекет етеді г) мәміле негізінде әрекет етеді д) куәлік негізінде әрекет етеді 14. Мемлекеттік тіркеу кезінде тіркеуші органға құрылтай шартын табыс ету а) талап етілмейді; б) талап етіледі; в) міндетті түрде табыс етілуі тиіс; г) заң бұзушылық болып есептеледі; д) екі жақтың келісіміне байланысты; 15. Өндірістік қызметпен айналысатын шағын кәсіпкерлік субьектілерінің жазбаша өтініші бойынша жерді пайдалану актісін бергені үшін төленетін соманы а) 3 жылға қалдыра алады б) 1 жылға қалдыра отырып жүргізеді; в) 5 жылға қалдыра алады; г) 7 жылға қалдыра алады; д) 10 жылға қалдыра алады; 16. Шағын кәсіпкерлік субьектілері бірлестіктерін құруға құқылы ма? а) құқылы; б) құқығы жоқ; в) сот шешімі негізінде; г) лицензия негізінде; д) әкім рұқсатымен құқылы; 17. Акционерлік қоғамның құрылтай құжаттары а) құрылтай шарты мен жарғысы б) тек құрылтай шарттары; в) тек құрылтай жарғысы; г) бұйрықтар; д) қаулылар; 18. Бірлескен шаруашылық қызмет туралы шарт бойынша тараптар жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыруға а) бірлесіп іс-әрекет жасауға міндеттенеді; б) еркін іс-әрекет жасауға міндеттенеді; в) жеке-дара іс-әрекет жасауға міндеттенеді; г) ешқандай міндет алмайды; д) ешқандай құқық алмайды; 19. Егер жеке кәсіпкер лицензиялауға тиісті қызметті жүзеге асырса, онда: а) оның осындай қызметті жүзеге асыруға лицензиясының болуы міндетті; б) лицензияның қажеті жоқ; в) лицензия керек емес өйткені ол тіркелу кезінде ақы төлейді; г) лицензия бір жылдан кейін алуы тиіс; д) құқығы шектеледі; 20. Жай серіктестік қалай құрылады? а) бірлескен шаруашылық қызмет туралы шарт негізінде құрылады; б) Үкімет қалысымен құрылады; в) атқарушы органның шешімімен құрылады; г) әкімнің өкімімен құрылады; д) сот шешімімен құрылады; Тақырып: Жеке кәсіпкерлік Кәсіпкерліктің жекеше және мемлекеттік кәсіпкерлік деген екі түрі бар. Жекеше кәсіпкерліктің бір түрі жеке кәсіпкерлік – азаматтардың өздерінің (жеке кәсіпкерлік) немесе мемлекеттік емес зңды тұлғалардың (заңды тұлғалардың жеке кәсіпкерлігі) меншігіне негізделген және азаматтардың немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалардың атынан олардың тәуекелімен және мүліктік жауапкершілігіне алынып жүзеге асырылатын, азаматтардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың табыс табуға бағытталған бастамашылық қызметі.Ол әсіресе серіктес мүліктік жауапкершілікті бірінші дәрежеге қоятын әрқандай іс-әрекет қимылдарды тиымды пайдаланатын тұлға болып есептеледі. Жеке кәсіпкерлік бұл заң әрекеті қимылы жағынан екіге бөлінеді: - жеке тұлғалы кәсіпкерлік; - заңды тұлғалы кәсіпкерлік Жеке тұлғалы кәсіпкерлікпенен заңды тұлғалы кәсіпкерліктің төмендегідей айырмашылығы бар. Жеке тұлғалы кәсіпкерлік ресми түрде барша экономикалық қатынастардан пайдаланады: а) қаржы көздері жағынан; ә) қажетті тауарлармен қызметтерді қамтамасыз ету жағынан; б) өндіріс процесін тиымды дәрежеде ұйымдастыру жағынан; в) несие беру жағынан; г) жаңа техника мен технология жағынан қамтамасыз ету. Жеке кәсіпкер дегеніміз бұл заңды тұлға құрмай, заңды тұлға белгілері болмаған жағдайда кәсіпкерлікпен шұғылданатын жеке азаматтар.Осыған байланысты жеке кәсіпкерлік екі топқа бөлінеді: 1.өзіндік кәсіпкерлік; 2.бірлескен кәсіпкерлік Өзіндік кәсіпкерлікті бір азамат меншік құқығы бойынша өзіне тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті пайдалануға және (немесе) оған билік етуге жол беретін өзге де құқыққа байланыст дербес жүзеге асырылады. Бірлескен кәсіпкерлікті азаматтар тобі (жеке кәсіпкерлер) ортақ меншік құқығы бойынша өздеріне тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті бірлесіп пайдалануға және (немесе) оған билік етуге жол беретін өзге де құқыққа байланысты жүзеге асырады. Бірлескен кәсіпкерліктің түрлеріне мыналар жатады: 4) ерлі-зайыптылардың бірлескен ортақ меншіші негізіндегі жүзеге асырылатын ерлі-зайыптылар кәсіпкерлігі; 5) шаруа (фермерлік) шаруашылығының ортақ меншіші немесе жекешелендірілген тұрғын үйге бірлескен ортақ меншігі негізінде жүзеге асырылатын отбасылық кәсіпкерлік; 6) кәсіпкерлік қызмет үлестік ортақ меншік негізінде жүзеге асырылатын жай серіктестк Ерлі-зайыптылардың кәсіпкерлігі, бірлескен ортақ меншік негізінде жүзеге асырылатын ерлі-зайыптылардың өзара келісуі арқылы, ынтымақ бірлесуі арқылы, аудан әкімі жағынан тіркеуден өткен соң өтініш білдіріледі. Егер кәсіпкер дәйекті түрде басқа тұлғалармен экономикалық қатынас жасауды қалайтын болса, осы қызмет үшін лицензия алуы тиіс. Лицензия бергені үшін аудан әкімінің аппараты алым алмайды. Ал бұл лицензия өнеркәсіп, аул шаруашылық, құрылыс және жөндеу қызметтері үшін, сауда үшін шектелген мерзімде лицензия беріледі. Лицензия мерзімі 3 жылдан 5 жылға дейін. Ал жеке дәрігерлік, мал дәрігерлік қызметін жүзеге асыру үшін лицензия мерзімі шектелмейді. Ал көлік қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия кемінде 5 жыл мерзімге беріледі. Ал жеке қызметтердің кәсіпкерлік түрлеріне лицензия кемінде 1 жылға бері леді. Тауар сататын азаматтар импорт, экспорт үшін лицензия беру Қазақстан Республикасының “Жеке кәсіпкерлік” туралы заңында белгіленген дәрежеде беріледі. Жеке кәсіпкерліктің әр алуан түрлерін жүзеге асыру кезінде іскерлік айналымда іс-қимыл жасау, өндіріс процесінің 2 түрін анықтадық, соның екінші түрінде бірлескен кәсіпкерлік жағдайында тұлғалардың құқықтық іс- қимылы төмендегідей жағдайда болуы керек: Біріншіден: кәсіпкерлікті жүзеге асыруда ерлі-зайыптылардың мүддесі бір-біріне қайшы болмауы керек. Бір-біріне пайдалану жағынан мүлікті әр түрлі дәрежеде пікірі болмауы керек. Яғни пайдалануға зайыбының өзара келісімі көзделеді. Екіншіден: ерлі-зайыптылардың іс-әрекетінде, яғни кәсіпкерлікті жүзеге асыру ретінде ерлі-зайыптылардың бірі екіншісінің келісімімен ерлі- зайыптылардың атынан іс-қимыл жасайды. Мұның өзге жеке кәсіпкерлікті тіркеу кезінде расталуы керек. Үшіншіден: кәсіпкерлік қызметінің объектісі болған үйді пайдалануға байланысты кәсіпкерлікті жүзеге асырған кезде іскерлік айналымда тұрғын үйге меншік иелерінің куәландырған келісімі болуы тиіс. Осы жағдайда ғана бұл субъектілер жеке кәсіпкерлердің іс-қимылын жүзеге асырады. Бақылау және реферат сұрақтары. 1. Кәсіпкердің құқықтық мәртебесін анықтау 2. Кәсіпкердің іскерлік әдебі. 3. Коммерсант түсінігі 4. ҚР кәсіпкерліктің түрлері 5. Жеке кәсіпкер ұғымы Глоссарий Жеке кәсіпкерлік – азаматтардың өздерінің (жеке кәсіпкерлік) немесе мемлекеттік емес зңды тұлғалардың (заңды тұлғалардың жеке кәсіпкерлігі) меншігіне негізделген және азаматтардың немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалардың атынан олардың тәуекелімен және мүліктік жауапкершілігіне алынып жүзеге асырылатын, азаматтардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың табыс табуға бағытталған бастамашылық қызметі Адвокат - кәсіптік заң көмегін көрсететін, айыпталушыны сотта қорғайтын заңгер. Оралымды басқару құқығы- меншік иесінің қаражаты есебінен қаржыландарылатын мекеменің, мемлекеттік мекеменің меншік иесінен мулік алған және өз қызметінің мақсатына, меншік иесінің тапсырмаларына және мүліктің мақсатына сәйкес заң құжаттарымен белгіленген шекте сол мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын жузеге асыратын қазыналық кәсіпорындардың заттық құқығы. Тест. 1. Заң құжаттарында көзделген реттерде мүлік меншік иесінен жасаған қылмысы немесе өзге де құқық бұзушылық үшін санкция түрінде сот тәртібімен тегін алынуы мумкін, яғни: a) Тәркілеу. b) Реквизициялау. c) Алимент. d) Декрет. e) Жауабы жоқ. 2. Жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) үлесіне (салымдарына) болінген коммерциялық үйым, бұл: a) Шаруашылық серіктестік. b) Өндірістік серіктестік. c) Мекеме. d) Қоғамдық қор. e) Акционерлік қоғам. 3. Шаруашылық серіктестік неше адамнан құруы мүмкін. a) Бір адамнан. b) Екі және одан көп адамнан. c) Өн адамнан және одан көп адамнан. d) 50 адамнан және одан көп адамнан. e) 100 адамнан және одан көп адамнан. Тақырып: Шаруашылықтардың кәсіпкерлігі Шаруашылық серіктестігінің мүлкіндегі қатысушылардың үлесі пайыздық шамамен, ал акционерлік қоғамда акция мөлшерімен есептеледі. Қатысушылар өздерінің салымдарының көлеміне сәйкес мынадай құқықтарды жүзеге асырады: а) серіктестіктің басқару ісіне қатысушылардың қатысу құқығы; ә) қатысушылардың арасында серіктестік түсірген пайданы (кірісті) бөлуге қатысу құқығы; б) серіктестіктің мүлкіндегі үлесіне орай қатысушының құқығы. Шаруашылық серіктестігінің меншік құқығын алу негіздері болып табылатындар: құрылтайшылардың салымдары, олардың жиынтығы серіктестіктің жарғылық қорын құрайды; серіктестіктің қызметі барысында құралған, өндірілген және алынған мүліктер. ҚР “Шетелдік инвестициялар туралы” заңының 15 бабы 4 тармағына сәйкес серіктестік қатысушылары шетелдік инвесторлар болған жағдайда, олар жарғылық қорға өздерінің салымдарын шетелдік валюта түрінде енгізе алады. Біріккен кәсіпорын мен шетел қатысушыларының жарғылық капиталына салым мүлкінің үлесі шетелдік валютамен айқындалуы мүмкін. Серіктестіктің қызметі мен сипатына байланысты кей жағдайда жарғылық қорға салым бола алатын жекелеген мүлікке заңмен шектеу жасалуы мүмкін. Шаруашылық серіктестігінің жарғылық капиталының көлемі шектеусіз болады, бірақ та қызметінің сипаты мен нақты түріне орай заң олардың жарғылық қорының ең төменгі мөлшерін тағайындайды, ол қатысушылардың салымы салынған сәтте айлық есептік көрсеткіш мөлшерімен өлшенеді. Жарғы капиталының көлемін азайту белгіленген ең төменгі мөлшерден кеміп кетпеуі керек, әрі қалыптан төмендетіп жіберуді сот арқылы реттеуге мүдделі жақтардың ұмтылысына жол берілмейді (“Шаруашылық серіктестік туралы” жарлықтың 6 бабы 6 тармағы). Шаруашылық серіктестік таратылған жағдайда несие берушілермен есеп айырысқаннан кейін қалған серіктестік мүлкіндегі өздерінің үлесіне сәйкес мүліктің бір бөлігін немесе оның құнын алуға құқылы. Серіктестікке қатысушының пайдалануға ғана берген мүлкі сыйақы төленбей зат түрінде қайтарылады. Толық серіктестіктің мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда қатысушылары серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен ортақ жауапкершілікте болатын серіктестік толық серіктестік деп танылады. Серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзінің бүкіл мүлкімен (толық серіктерімен) қосымша жауап беретін бір немесе одан да көп қатысушылармен қатар, серіктестіктің (салымшылардың) мүлкіне өздері салған салымдардың жиынтығымен шектелетін бір немесе одан көп қатысушыларды енгізетін және серіктестіктің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қатыспайтын серіктестік (коммандиттік) сенім серіктестігі деп танылады. Бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлеске бөлінген серіктестік жауапкершілігі шектеулі серіктестік деп танылады. Қатысушылары серіктестік міндеттемелері бойынша өздерінің жарғылық капиталға салымдарымен жауап беретін, ал бұл сомалар жеткіліксіз болған жағдайда өздеріне тиесілі мүлікпен оған өздері еселенген мөлшерде енгізген салымдар арқылы жауап беретін серіктестік қосымша жауапкершілігі бар серіктестік деп танылады. Бақылау және реферат сұрақтары. 1. Шаруашылықтардың кәсіпкерлігі. 2. Кәсіпкерлік іс-әрекеті түсінігі 3. Кәсіпкерлік іс-әрекеті түсінігі белгілері. 4. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің кәсәпкерлігі. Глоссарий Жай серіктестік - бірлескен шаруашылық қызмет туралы шарт негізінде қүрылады. Бірлескен қызмет туралы шарт бойынша (ж.с. шарты) тараптар кіріс түсіру немесе заңға қайшы келмейтін басқа да мақсаттарға қол жеткізу үшін бірлесіп әрекет етуге міндеттенеді. Заңды тұлға - меншік, шарушылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және муліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жузеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын үйым. З.т. дербес балансы немесе сметасы болуға тиіс. Еншілес ұйым - жарғылық капиталының (шығарылғаи жарғылық капиталының) басым бөлігін заңды тұлға қалыптастырған олардың арасында жасалған шартқа сәйкес (не өзгедей түрде) негізгі ұйым осы ұйымнын, қабылдайтын шешімдерін айқындай алатын заңды тұлға еншілес ұйым болып табылады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік -бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлеске бөлінген серіктестік Ж.ш.с. қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестіктің қызметіне байланысты залалдарға өздерінің қосқан салымдарының құны шегінде тәуекел етеді.Ж.ш.с. қатысушылардың саны елуден аспауға тиіс. Ж.ш.с. жалғыз қатысушы ретінде бір адамнан тұратын басқа шаруашылық серіктестігі бола алмайды. Тест 1. Занды түлғаның дербесінде не болуға тиіс. a) Дербес балансы , сметасы және оз атауы мөрі. b) Тек сметасы болып тиіс. c) Тек морі. d) Тек морі мен сметасы. e) Жауабы жөқ. 2. Коммерциялық ұйым деп нені айтылады. a) Оз қызметінің негізгі мақсаты ретінде табысы келтіруді көздейтін заңды тұлғалар. b) Мақсат ретінде пайда келтіре алмайтын және алынған таза табысын қатысуарына үлестірмейтін занды тұлға. c) Оз қызметінің негізгі мақсаты ретінде табысын келтіруді козмейтін занды тұлға. d) Мақсат ретінде пайда келтіре алатын және алынға таза табысың қатысушыларының үлестірмейтің занды тұлға. e) Жауабы жөқ 3. Коммерциялық емес деп нені айтамыз. a) Мақсат ретінде пайда келтіре алмайтын және алынған таза табысын қатысушыларына үлестірмейтін занды тұлға. b) Оз қызметінің негізгі мақсаты ретінде табысын келтіруді козмейтін занды тұлға. c) Оз қызметінің негізгі мақсаты ретінде табысы келтіруді көздейтін заңды тұлғалар. d) Мақсат ретінде пайда келтіре алатын және алынға таза табысың қатысушыларының үлестірмейтің занды тұлға. e) Жауабы жоқ. 4. Занды тұлғаның құқық қабілеттілігі қай кезде пайда болады. a) Ол құрылған кезде. b) Ол туылған кезде. c) 18 жаста. d) Сот шешімімен пайда болған. e) құрылтайшылардың шешімімен. 5. Шаруашылық серіктестіктерінің жоғары органы не болып табылады. a) Оның қатысушыларының жалпы жиналысы. b) Оның құрылтайшылардың құжаты. c) Бухгалтерия. d) Басқарма. е) Жауабы жоқ. Тақырып: Шаруашылықтардың кәсіпкерлігі Шаруашылық серіктестігінің мүлкіндегі қатысушылардың үлесі пайыздық шамамен, ал акционерлік қоғамда акция мөлшерімен есептеледі. Қатысушылар өздерінің салымдарының көлеміне сәйкес мынадай құқықтарды жүзеге асырады: а) серіктестіктің басқару ісіне қатысушылардың қатысу құқығы; ә) қатысушылардың арасында серіктестік түсірген пайданы (кірісті) бөлуге қатысу құқығы; б) серіктестіктің мүлкіндегі үлесіне орай қатысушының құқығы. Шаруашылық серіктестігінің меншік құқығын алу негіздері болып табылатындар: құрылтайшылардың салымдары, олардың жиынтығы серіктестіктің жарғылық қорын құрайды; серіктестіктің қызметі барысында құралған, өндірілген және алынған мүліктер. ҚР “Шетелдік инвестициялар туралы” заңының 15 бабы 4 тармағына сәйкес серіктестік қатысушылары шетелдік инвесторлар болған жағдайда, олар жарғылық қорға өздерінің салымдарын шетелдік валюта түрінде енгізе алады. Біріккен кәсіпорын мен шетел қатысушыларының жарғылық капиталына салым мүлкінің үлесі шетелдік валютамен айқындалуы мүмкін. Серіктестіктің қызметі мен сипатына байланысты кей жағдайда жарғылық қорға салым бола алатын жекелеген мүлікке заңмен шектеу жасалуы мүмкін. Шаруашылық серіктестігінің жарғылық капиталының көлемі шектеусіз болады, бірақ та қызметінің сипаты мен нақты түріне орай заң олардың жарғылық қорының ең төменгі мөлшерін тағайындайды, ол қатысушылардың салымы салынған сәтте айлық есептік көрсеткіш мөлшерімен өлшенеді. Жарғы капиталының көлемін азайту белгіленген ең төменгі мөлшерден кеміп кетпеуі керек, әрі қалыптан төмендетіп жіберуді сот арқылы реттеуге мүдделі жақтардың ұмтылысына жол берілмейді (“Шаруашылық серіктестік туралы” жарлықтың 6 бабы 6 тармағы). Шаруашылық серіктестік таратылған жағдайда несие берушілермен есеп айырысқаннан кейін қалған серіктестік мүлкіндегі өздерінің үлесіне сәйкес мүліктің бір бөлігін немесе оның құнын алуға құқылы. Серіктестікке қатысушының пайдалануға ғана берген мүлкі сыйақы төленбей зат түрінде қайтарылады. Толық серіктестіктің мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда қатысушылары серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен ортақ жауапкершілікте болатын серіктестік толық серіктестік деп танылады. Серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзінің бүкіл мүлкімен (толық серіктерімен) қосымша жауап беретін бір немесе одан да көп қатысушылармен қатар, серіктестіктің (салымшылардың) мүлкіне өздері салған салымдардың жиынтығымен шектелетін бір немесе одан көп қатысушыларды енгізетін және серіктестіктің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қатыспайтын серіктестік (коммандиттік) сенім серіктестігі деп танылады. Бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлеске бөлінген серіктестік жауапкершілігі шектеулі серіктестік деп танылады. Қатысушылары серіктестік міндеттемелері бойынша өздерінің жарғылық капиталға салымдарымен жауап беретін, ал бұл сомалар жеткіліксіз болған жағдайда өздеріне тиесілі мүлікпен оған өздері еселенген мөлшерде енгізген салымдар арқылы жауап беретін серіктестік қосымша жауапкершілігі бар серіктестік деп танылады. Бақылау және реферат сұрақтары. 1. Шаруашылықтардың кәсіпкерлігі. 2. Кәсіпкерлік іс-әрекеті түсінігі 3. Кәсіпкерлік іс-әрекеті түсінігі белгілері. 4. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің кәсәпкерлігі. Глоссарий Жай серіктестік - бірлескен шаруашылық қызмет туралы шарт негізінде қүрылады. Бірлескен қызмет туралы шарт бойынша (ж.с. шарты) тараптар кіріс түсіру немесе заңға қайшы келмейтін басқа да мақсаттарға қол жеткізу үшін бірлесіп әрекет етуге міндеттенеді. Заңды тұлға - меншік, шарушылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және муліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жузеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын үйым. З.т. дербес балансы немесе сметасы болуға тиіс. Еншілес ұйым - жарғылық капиталының (шығарылғаи жарғылық капиталының) басым бөлігін заңды тұлға қалыптастырған олардың арасында жасалған шартқа сәйкес (не өзгедей түрде) негізгі ұйым осы ұйымнын, қабылдайтын шешімдерін айқындай алатын заңды тұлға еншілес ұйым болып табылады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік -бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлеске бөлінген серіктестік Ж.ш.с. қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестіктің қызметіне байланысты залалдарға өздерінің қосқан салымдарының құны шегінде тәуекел етеді.Ж.ш.с. қатысушылардың саны елуден аспауға тиіс. Ж.ш.с. жалғыз қатысушы ретінде бір адамнан тұратын басқа шаруашылық серіктестігі бола алмайды. Тест 6. Занды түлғаның дербесінде не болуға тиіс. f) Дербес балансы , сметасы және оз атауы мөрі. g) Тек сметасы болып тиіс. h) Тек морі. i) Тек морі мен сметасы. j) Жауабы жөқ. 7. Коммерциялық ұйым деп нені айтылады. f) Оз қызметінің негізгі мақсаты ретінде табысы келтіруді көздейтін заңды тұлғалар. g) Мақсат ретінде пайда келтіре алмайтын және алынған таза табысын қатысуарына үлестірмейтін занды тұлға. h) Оз қызметінің негізгі мақсаты ретінде табысын келтіруді козмейтін занды тұлға. i) Мақсат ретінде пайда келтіре алатын және алынға таза табысың қатысушыларының үлестірмейтің занды тұлға. j) Жауабы жөқ 8. Коммерциялық емес деп нені айтамыз. f) Мақсат ретінде пайда келтіре алмайтын және алынған таза табысын қатысушыларына үлестірмейтін занды тұлға. g) Оз қызметінің негізгі мақсаты ретінде табысын келтіруді козмейтін занды тұлға. h) Оз қызметінің негізгі мақсаты ретінде табысы келтіруді көздейтін заңды тұлғалар. i) Мақсат ретінде пайда келтіре алатын және алынға таза табысың қатысушыларының үлестірмейтің занды тұлға. j) Жауабы жоқ. 9. Занды тұлғаның құқық қабілеттілігі қай кезде пайда болады. f) Ол құрылған кезде. g) Ол туылған кезде. h) 18 жаста. i) Сот шешімімен пайда болған. j) құрылтайшылардың шешімімен. 10. Шаруашылық серіктестіктерінің жоғары органы не болып табылады. e) Оның қатысушыларының жалпы жиналысы. f) Оның құрылтайшылардың құжаты. g) Бухгалтерия. h) Басқарма. е) Жауабы жоқ. Тақырып: Кәсіпкерлік формалары Қаржылық кәсіпкерлік – кәсіпкердің қаржылық типі, оның шұғылданатын айрықша түрі, айрықша тауар болып есептелінеді. Олар мыналар: ақша, валюта және құнды қағаздар. Қаржы кәсіпкерлігімен шұғылданатын тұлғалар төмендегідей міндеттерді жүзеге асыруы тиіс: 1. кәсіпкер ең алдымен ақша, валюта, құнды қағаз сатып алатын потенциалды тұлғаларға ие болуы керек. Яғни суверенитеттерге ие болуы керек; 2. кәсіпкер әр уақытта, әр қашанда өз еліндегі шетелдердегі валюталардың курс деңгейін, поритеттерін анық біліп бару керек, сонымен бірге кәсіпкер сол елдердегі банк пайыздарының дәрежесін біліп әрі талдауы керек; 3. кәсіпкер қаржы операцияларын жүзеге асырудың шарттарын және орындау, реттеу, тәртіпке келтіру құжаттарын, сонымен бірге қаржының шығатын қайнар көзін тағы басқа ресурстарды Алдан-ала білу керек. Міне сындай жағдайға шетел ақпараттарына ие болған кәсіпкер өзінің алдына қойған міндеттерін жүзеге асыра алады. Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің ең кең тараған формалары екіге бөлінеді: 1. жеке кәсіпкерлік 2. ұжымдық кәсіпкерлік Осы екі кәсіпкерлікке байланысты Қазақстан Республикасы бірнеше заңменен жарлықтар шықты. Ол заңменен жарлықта Үкімет және жергілікті органдардың тікелей кәсіпкерлікті дамыту, оларды қаржы жағынан қолдау және қорғау мәселелеріне байланысты тікелей міндеттерін анықтап берді. Әсіресе бұл заңдарды 1997 ж. бері тілге алуға болады. Олар мыналар: 1. 1997 ж. 19 маусымда шыққан “Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау” туралы Қазақстан Республикасы заңы; 2. 1998 ж. 27 сәуірде шыққан “Кәсіпкерлік қызметке еркіндік берудегі азаматтардың және жеке заңды тұлғалардың құқығын қорғау туралы” Қазақстан Президентінің жарлығы; Бақылау және реферат сұрақтары. 1. Кәсіпкерлік формалары. 2. Кәсіпкерлік түрлері. 3. Қаржылық кәсіпкерлік. 4. Кәсіпкерлік саласынадығы міндетмемлер. 5. Кәсіпкерлік саласындағы шарттар олардың орындалу. 6. Кәсіпкрлік саласындағы шаруашылық байланыстар. Глоссарий. Жалған көсіпкерлік - кәсіпкерлік немесе банктік қызметті жузеге асыру ниетінсіз несие алу, салық төлеуден босатылу, өзге мүліктік пайда алу немесе тыйым салынған қызметті жасыру мақсаты бар азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтірген коммерциялық ұйым. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік - бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгі-ленген мөлшерде үлеске бөлінген серіктестік Заңсыз кәсіпкерлік - кесіпкерлік қызметті тіркеуден өтпей не рұқсат (лицензия) алу міндетті болған жағдайларда арнаулы рұқсатсыз (лицензиясыз) немесе лицензиялау шарттарын бұзып жүзеге асыру, сол сияқты кәсіпкерліктің тыйым салынған түрлерімен шұғылдану, егер осы әрекеттер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтірсе, не ірі мөлшерде табыс табумен байланысты болса. Тест. 1. Қайсы пункт шаруашылық жүргiзу құқығының обьектiсi болып табылмайды. a) Ар-ұят. b) Адам. c) Мал. d) Үй-ғимараттары. e) Су. 2. Заңды тұлғаның органдары қалай белгiленедi. a) Заң құжаттары мен құрылтай құжаттары. b) Басшының бұйрығымен. c) Жергiлiктi атқарушы органдар келiсiмiмен. d) Жалпы жиын. e) Мемлкекет белгiлейдi. 3. Комерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға қайсы нысандарда құрлуы мүмкiн. a) Шауашылық серiктестiк. b) Мекеме. c) Қоғамдық бiрлестiк. d) Дiни бiрлестiк. e) Қоғамдық қор. 4. Заңды тұлғаның тұрған жерi қай жер болып есептеледi. a) Заңды тұлғаның тұрақты органы тұрған жер. b) Заңды тұлға орналасқан жер. c) Заңды тұлға тiркелкен жер. d) Заңды тұлғаның басшысы тұратын жер. e) Заңды тұлғаның есеп шоты орналасқан жер. Тақырып: Кәсіпкерлік жүргізудегі мемлекеттің ролі Бақылау түрі: Тест тапсырмалары Тест тапсырмасы: 1. Кәсіпкерлік құқықтың негiзгi қағидасы кайсы: А) пайда табу Б) меншiктi коргауды камтамасыз ету В) кiнәсiздк презумпциясы Г) жоспарлау Д) мiндеттi төлеу 2. Кәсіпкерлік құқық обьектiсi кайсысы: А) өндіріс орындары Б) енбек ету В) салык Г) занды факт Д) жәрдемақы 3. Кәсіпкерлік құқық субьектiсi кайсысы А) мемлекет, ел, жұрт, өңір Б) аурухана В) сот сараптама Г) жергiлiктi аткарушы органдар Д) әкiмшiлiк 4. Кәсіпкерлік бұл: А) елдің, мемлекеттің халықтың қажеттілігін жүзеге асырудағы қызметі Б) мүлiктiң болуы В) дербес мүлiктiк жауапкершiлiк Г) ұйымдасқан бiрлiк Д) азаматтық айналым 5. “Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау” туралы заңы нені реттейді: А) азаматтық айналым Б) мүлiктiң болуы В) дербес мүлiктiк жауапкершiлiк Г) ұйымдасқан бiрлiк Д) елдің, мемлекеттің халықтың қажеттілігін жүзеге асырудағы қызметі 6. Кәсіпкерлік құқық құқық саласы ретінде қандай жүйелерге бөлінеді? а) жалпы, ерекше б) жалпы, ерекше, арнайы в) жеке, арнайы г) жеке, жалпы 7. Кәсіпкерлік құқықтық қатынастар қандай болып бөлінеді? а) ішкі және сыртқы б) негізгі және жалпы в) ішкі және жалпы г) жеке және арнайы 8. Кәсіпкерлік құқықтық қатынастардың элементтері қандай? а) Кәсіпкерлік құқық нормалары, субьектілері, обьектілері б) аграрлық құқық құрылысы в) реттеу, тарату г) аграрлық құқықтық нормалар жиынтығы 9. Кәсіпкерліктің ішінде жүріп жатқан қоғамдық ауылшаруашылық қатынастар бұл: а) ішкі аграрлық құқықтық қатынастар б) сыртқы аграрлық құқықтық қатынастар в) негізгі аграрлық құқықтық қатынастар г) орталық аграрлық құқықтық қатынастар 10. Алғашқы өндірістік кооператив қай елде, қашан құрылды? а) Англияда 1844ж. б) Германияда 1845ж. в) Францияда 1899ж. г) Ресейде 1856ж. 11. Валюта итал.тілінен аударғанда қандай мағына береді? а) құн, баға; б) ақшалар; в) ақшаның түрі; г) ақшаның көлемі; 12.Тауарлардың құнының шамасын өлшеу үшін пайдаланатын ақша өлшемі бұл: а) валюта; б) бюджет; в) ақша; г) ақшаның көлемі; 13. Валюталық пайдалану тәртіптері қандай? а) айырбасталымды, ішінара айырбасталымды, айырбасталмайтын; б) қолданатын, қолданылмайтын; в) айырбасталымды, айырбасталмайтын; г) қолданатын, мүлдем қолданбайтын және ішінара қолданылатын; 14. Айырбасталымды валюта дегеніміз ? а) бұл топқа валюталық шектеу жойылған елдердің валютасы жатады; б) валютаға, валюта операцияларын жасауға толықтай валюталық шектеу жойылмаған елдердің валютасы; в) бұған барлық операциялар бойынша валюталық шектеу сақталған елдердің валютасы жатады; г) тек Қазақстанда қолданатын ақшалар; 15. Валюта курсы дегеніміз не? а) валюта бағамы бір елдің ақша бірлігінің екінші бір елдің ақша бірлігімен белгіленген құны; б) валюта бағамымен бір елдің ақшасымен басқа елдің ақшасын ауыстыру; в) валюта бойынша ақшаны ауыстыру; г) валюта бойынша ақшаны көбейту; 16. Валюталық операциялардың түрлері қандай? а) ағымдық және капитал қозғалысына байланысты; б) ағымдық және негізгі; в) негізгі және жанама; г) экономикалық және қаржылық; 17. «ҚР Валютаны реттеу туралы» Заңы қашан қабылданды? а) 24.12.1996ж. б) 28.02.1997ж. в) 27.12.1995ж. г) 29.12.1998ж. Тақырып: Мемлекеттік кәсіпкерлік Мемлекеттік кәсіпорын дегеніміз бұл сол мемлекет қарамағында аумағында орналасқан болып қоғам мүшелерінің ең бір маңызды дәйекті қажеттерін қанағаттандыратын елдің, халықтың тікелей дамуына әлеуметтік – экономикалық тұрмыс дәрежесіне тікелей әсер ететін қоғамдық потенциалдың күшеюіне жетілуіне басымырақ үлес қосатын қоғамдық өндірістің бір саласы болып есептелінеді. Мемлекеттік кәсіпкерлікке экономикадағы беделді кәсіпорын салалары кіреді. Мемлекеттік кәсіпорын төмендегі үлгіде ұйымдастырылады: 1) мемлекет аумағындағы барша өндірістің, кәсіпорындардың ұлттандырылуы, бұл жағдайда екі әдіспен жүзеге асырылады: а) конфискациялау арқылы; б) құны бойынша сатып алу арқылы; 2) мемлекет өзінің қаржысы есебінен жаңа кәсіпорындардың жаңа жерлерді игеру арқылы жүзеге асырылады; 3) шетелдерден несие алу, шетелдік инвесторлардан пайдалану, халықтан елден заем арқылы мемлекеттік меншікті қалыптастыру арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік кәсіпорындарды жүзеге асыруда оған төмендегідей екі міндет қойылады: 1. шаруашылықты жүргізу құқығына ие болу; 2. сол шаруашылыққа оперативтік дербестік басқару құқығы. Мемлекет атынан тұлғалар осы міндеттерді жүзеге асыру мемлекеттік меншіктің көрінісіне, түріне, қалыптасуына қарай мемлекеттік меншік екіге бөлінеді: 1. республикалық дәрежедегі мемлекеттік меншік; 2. жергілікті әкімшілік дәрежесіндегі мемлекеттік меншік, бұл меншік – коммуналды меншік деп аталады. Сонымен бірге шетел қаржысы негізінде қалыптасқан серіктестік меншікте болады.Мемлекеттік кәсіпорындардың белгіленуі және қызметтердің жүзеге асырылуы: біріншіден төмендегі әлеуметтік – экономикалық қоғам мүшелерінің барша қажеттігін қанағаттандыруға бағытталған болады. Бұл бағыт тек қоғам мен мемлекеттің міндеттерін орындайды. Ол міндеттер арқылы аумақтық жақтан қоғам мүшелерінің барша өнімге деген қажеттігін қанағаттандырады. екіншіден қоғам мүшелері үшін, мемлекет үшін қажет болған барша қызметтерді жүзеге асырады, яғни барлығы болмаса да қоғамдағы 3/2 бөлігін қанағатандыруғы бағытталады. үшіншіден мемлекеттің, елдің, халықтың қауіпсіздігі, еңбек етуї үшін қорғаныс қабілетін қанағаттандыруға бағытталған болады, сонымен мемлекеттік кәсіпорын 3 бағыттағы міндеттерді орындайды. Мемлекеттік дәрежедегі кәсіпорындардың республикалық деңгейдегі объектілерді, министрліктер, ведомстволар мекемелерінде бас директор басшылық жасайды. Ол тұлғалар мемлекет атынан уәкіл болып есептелінеді, басшылық етеді. Бақылау және реферат сұрақтары. 1. Мемлекеттік кәсіпорын. 2. Кәсіпкерлік жүргізудегі мемлекеттің ролі 3. Кәсіпкерлік іс әрекетті мемлекеттік реттеу. 4. Кәсіпкерлік іс-әрекетті мемлекеттік реттеу түсінігі. 5. Кәсіпкерлік іс-әрекетті мемлекеттік реттеудің әдістері. Глоссарий Мекеме - басқару, әлеуметтік-мәдени немесе өзге де коммерциялық емес сипаттағы қызметтерді жүзеге асыру үшін меншік иесі құрған және қаржыландыратын ұйым. Мемлекеттік әкімшілік қызметші - мемлекеттік саяси қыз-метшілердің құрамына кірмейтін, мемлекеттік органда тұрақты кесіби негізде лауазымдық өкілеттікті жүзеге асыратын мемлекеттік қызметші. Мемлекеттік әкімшілік қызмет санаты - мемлекеттік әкімшілік қызметшілер атқаратын, лауазымдық өкілеттіктің көлемі мен сипатын көрсететін әкімшілік лауазымдар жиынтығының саралаушылық сипаттамасы. Мемлекеттік баж - уәкілдік берілген мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар заңдық мені бар іс-қимылдар жасағаны не құжаттар бергені үшін алатын міндетті төлем. Тест 1. Бөлу нәтіжесінде бөліктерді өз мақсатын (міндетін) жоғалтпайтын мүлік, бұл: a) Бөлінетін мүлік. b) Бөлінбейтін мүлік. c) Меншік. d) Азаматтық меншік. e) Мемлекеттік меншік. 2. Өзінің шаруашылық мақсатын (міндетін) өзгертпей бөлуге болмайтын немесе заң құжатында ұйғарылуына қарай бөлуге жатпайтын мүлік. a) Бөлінбейтін мүлік. b) Бөлінетін мүлік. c) Азаматтық меншік. d) Меншік. e) Мемлекеттік меншік. 3. Коммерциялық емес үйымға жатпайтын ұйым. a) Қазыналық кәсіпорын. b) Мекеме. c) Қоғамдық бірлестік. d) Қоғамдық қор. e) Діні бірлестік. 4. Қосымша шаруашылық серіктестік қай серіктестікке жатады. a) Шаруашылық серіктестік. b) Толық серіктестік. c) Сенім серіктестік. d) Жауапкершілігі шектеулі серіктестік. e) Тек В, С и Д жауабы.
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz