Файл қосу

Сөз сарасы












                          «Кәсіби қазақ (орыс) тілі»


                       ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

                         ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР





















                                    СЕМЕЙ
                                     2014

                                   Мазмұны


1. Глоссарий
2. Әдебиеттер
3. Курстың тақырыптық жоспары
4. Дәрістер
5. Семинар сабақтары
6. ОСӨЖ
7.СӨЖ
8.  Курс бойынша емтихан сұрақтары
9.Тест тапсырмалары
10.Пән бойынша оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыздандыру картасы
































      1 ГЛОССАРИЙ
Аффект-«жан толқуы»  деген латын сөзі. Бұл  адамның  психологиялық  күйініш,
сүйініш  сезімдері  үстіндегі  көңіл  күйінің  айқын  көрінісі  (сезімі  мен
эмоциясы) Мәселен қайғырып  жылау  немесе  шаттық  сезімі   билеген  адамның
қарқылдап ішегі түйілгенше күлуі сияқты әралуан аффектік жағдайлар.
Әрекет- белгілі мақсатты орындауға бағытталған оңашаланған қимыл.  Ол  қимыл
қозғалыс арқылы орындалатын сыртқы және ақыл оймен орындалатын  ішкі  әрекет
болуы мүмкін.
Бағдарлау реакциясы-жағдайдың өзгеруіне орай организмнің  өте  күрделі   әрі
арнайы тітіркендіргіштерге
Эвристика-грек сөзі,  қазақша табамын деген мағына береді.
Пластика-гректің пластикосдеген сөзі, мәнер қалдыру деген мағына береді.
Ассоциация-ассоциатио-латын сөзі, амал деген мағына береді.
Мнемоника-грек сөзі. Жаттау өнері дген мағына береді.
Реминисценция-латынның реминицентиа деген сөзі,  еске  түсіру  деген  мағына
береді.
Ретроактив- латын сөзі, кері әсер етуші деген мағына береді.
Проактивтік- латын сөзі, ілгері әсер етуші деген мағына береді
Психастения- 1) психикалық элсіздік; 2) ақыл- ойы кем, ақыл- ой мешеулігі.
Психика- (грек рзусһікоз - ішкі сезім, көңіл  күй)  -   объективті  шындықты
түйсік,
қабылдау, елестету, сезім, ерік, ойлау арқылы  белсенді  бейнелейтін  мидың
жүйелі қасиеті.
Психикалық  ахуал -  (  Психическое  состояние)   -  психикалық процестің
динамикалық керінісін жэне  индивид  психикасының  белгілі  бір  қалыптасқан
шартты кезі мен көрінісін айқындайтын үғым.
Психикалық детерминизм  -(Психический    детерминизм)    -    барлық
психикалық актілер мен көріністердің өзіндік себебі мен мағынасы  бар  және
олар бұрынғы нәрселердің күйіне тэуелді дейтін біржақты көзқарас.
Психикалық процестер - (Психические   процесы)-      адамның   миында
болатын және сезімде, қабылдауда, қиялда, зердеде, ойлауда, сөйлеуде  үнемі
жэне өзгермелі түрғыдан бейнеленетін ішкі өмірлік қызмет процестері.
Психикалық  энергия -(Психическая энергия) -психикалық аппарат пен
психикалық көріністің негізін өлшеуге лайықты энергия түрі.
Психогенез  - (грек.   рзусһе   -   жан,   §епезіз   -   шығу    тегі)    -
психикалық
қүбылыстардың     дүрыс     қалыптасқан     жэне     науқасқа      үшыраған
көріністерінің бастауын қарастыратын үғым. Психогенез  "бүрынғы  психикалық
процестер кейінгі
бақылаудағы    көріністерінің    қалыптасуына    міндетті    түрде    ықпал
етеді"   деген психикалық детерминизм қағидасын негізге алады.
Психогенетика -  (псіао  ...   және  грек.  §епеіікоз  -  туылуына,    шығу
тегіне
жататын)     -     психикалық     және     мінез-      қүлықтық      кейбір
құбылыстардың   түқымқуалаушылық    сипатын    жэне    олардың    генотипке
тәуелділігінзерттейтін   ғылым саласы.
Психогигиена -(психо...  және грек. һу§іепоз - емдік) - дені сау адамдарды
психикалық      жүйке      ауытқушылығынан,       психикалық       зақымнан
сақтандыруүшін
арнайы көмек көрсететін медициналық психология саласы.
Психодинамика - {психо... жэне  грек.  сіупатіз  -  күш)  -  қарама  -карсы
бағыттағы
мотивациялық ықпалдан туындайтын ойлану, сезіну, мінез-қүлық қүбылыстарын
түсіндіретін психикалық талдаулық теорияның маңызды саласы.
Психодрама  -  (психо...  жэне  грек.  сігата  -  іс-  эрекет)   -   топтық
психотерапияның
бір түрі; мүнда пациенттер актерлер мен  көрермендер  сапасында  кезектесіп
шығады, осының өзінде олардың рөлдері қатысушылардың барлығы үшін  түлғалық
мэн-мағынасы бар өмірлік жағдаяттарды үлгілеуге  бағытталады;  бүл  орайда,
барабар  емес  эмоциялық  реакцияларды  болдырмау,  элеуметтік  перцепцияны
пысықтау, өзін -өзі   неғүрлым тереңірек  танып-  білу  мақсаты  көзделеді.
Психодрама үғымын жэне процедурасын Д. Морено (АҚШ) үсынып, оны  әлеуметтік
проблемаларды шешудің бір қүралы деп түсінедірді.
Психоз - (грек.  рзусһе  -    жан)    -    жеке    адамды    тоқыраушылыққа
үшырататын
психикалық қызмеітің ауытқушылығы немесе психикалық науқастық.
Психолингвистика - {психо...  және франц. Нп^иізіідие < лат Ііп§иа - тіл)-
адамның сөйлеу қабілетінің  қалыптасуы  мен  бір  қалыпты  өтуін  зертейтін
психология мен лингвистика аралығындағы ғылым саласы.
Психологизм - элеуметтанушылық   зерттеу   принципі;   мүнда   әлеуметтік
процестер мен қүбылыстар психологиялықтың туындылары деп сипатталады.
Парадигма - (грек.  Paradigma   -үлгі)  –1)  берілген  білімдер  саласындағы
белгілі бір тарихи кезіеңдегі ғалымдардың зерттеу практикасы  соларға  қарап
ұйымдастырылатын негізгі ғылыми  жетістіктер  (теориялар,  әдістер)  жүйесі.
Ұғымды  енгізген   америкалық   тарихшы   Т.Кун   ғылыми   пәннің   дамуында
прпарадигмалық кезең  (Парадигма  белгіленер  алдындағы  кезең),  Ппарадигма
үстемдігі кезеңі, дағдарыс және  ғылыми  революция  кезеңі  (парадигмалардың
алмасуы,  бірінен  екіншісіне   өту)   болады   деп   пайымдады.   Парадигма
тұжырымдамасы алға қойған проблемалар (ғылыми пән және оның  даму  кезеңдері
туралы, таным субъектісі ретіндегі  ғылыми  қауымдастық  туралы  және  т.б.)
отандық  ғылымда  диалектикалық  материалистік  әдіснама  тұрғысында  талдап
шешілуде; 2) шындық болмыстың мәнді сипаттарын білдіретін ұғымдар  жүйесінде
тұлғаланған қатаң ғылыми теория; 3) белгілі бір тарихи кезең  ішінде  ғылыми
қоғамдастықта үстем болатын зерттеу әдістерінің, проблемалар қою мен  оларды
шешудің бастама тұжырымдамалық схемасы, моделі.
мәнін құрайды.
    Ассоциация – неғұрлым жалпы мағанасы – екі  не  одан  көп  элементтердің
арасындағы анықталған кез келген функциялық байланыс
     Бихевиоризм  –  ХХ  ғасырдың  барысында  АҚШ-та  қалыптасқан,   сырттай
бақыланатын мінез-құлықты психологияның пәні ретінде  түсінетін  механикалық
түсініктеггі  психологияның  классикалық  бағыттарының   бірі.   Бұл   бағыт
психикалық    құблыстардың    бәрі    организмнің    сыртқы    және     ішкі
тітіркендіргіштерге әсерлеуіне орай  дамиды,  белгілі  себепке,  ынталандыру
мен жағдайға байланысты болады деп санайды.
     Гештальтпсихология  –  1912  жылы  Германияда  пайда  болған   шетелдік
психологияның идеалистік сенсуалистік бағыты. Басты  өкілдері  М.Вертхеймер,
В.Келер,  К.Коффка.  Гештальт  теориясы  индивидті  сыртқы   ортадан,   оның
практикалық қызметінен бөліп алып қарастырады.
    Инсайт – неғұрлым жалпы мағанасы: бір нәрсені іште сезу, ішкі түйсік
    Интериоризация – сыртқы әлеуметтік  қызметтің  игерілуі  арқасында  Адам
психикасының ішкі  құрлымдарының  қалыптасуы;  ұғымды  француз  психологтары
П.Жане, Ж.Пиаже, А.Валлон  енгізіді.  Символдық  интеракционизмнің  өкілдері
де интериоризацияны осыған ұқсас мағынада ұғынды.
     Мотивация  –  тұлғаның  мотивтер  жүйесі.   Организмнің   белсенділігін
тудыратын және  оның  бағыттылығын  анықтайтың  түрткі.  Мотивацияны  өзінің
пайда болуы мен қызметінде мінез-құлықты реттейтің  мотивациялық  факторлары
бойынша бірнеше түрде кездестіруге болады.
    Операция - әрекеттерді орындаудың жекелген кезеңдері.
    Психикалық процестер – адамның миында болатын  және  сезімде  ,  қиялда,
қабылдауда,  зердеде,  ойлауда,  сөйлеуде,  үнемі  және  өзгермелі  тұрғыдан
бейнеленетін  ішкі  өмірлік  қызмет  процестері.  Психикалық   процестер   –
жүйеленген  және  жүйесіз,  ұғынылатын  және  ұғынылмайтын,   даралық   және
әлеуметтік  құблыстардың,  үлкен  және  шағын  топтардың  мінез-құлықтарының
жиынтығы.
    Психикалық қызметтер – ақиқат дүние заттары мен құбылыстарды адамға  тән
бейнелеуден туратын психикалық процестер.


     2. ӘДЕБИЕТТЕР

      1 Негізгі әдебиеттер
      1.1 Қазақстан Республикасының Конституциясы. 30 тамыз,1995 жыл.
      1.2 «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы»  заң,  ҚР  президенті  11
шілде, 1997 жыл №151
      1.3 «Тілдерді қолдану  мен  дамытудың  мемлекеттік  бағдарламасы».  ҚР
президентінің Жарлығы 5 қазан, 1998 жыл. №4106.
      1.4  «Тілдерді  қолдану  мен  дамытудың  2001-2010  жылдарға  арналған
мемлекеттік бағдарламасы». ҚР  президентінің  Жарлығы  7  ақпан,  2001  жыл,
№550
      1.5 «Мемлекеттік ұйымдарда мемлекеттік тілдің  қолдану  аясын  кеңейту
туралы». ҚР Үкіметінің Қаулысы 14 тамыз, 1998 жыл №769
      1.6 «Мемлекеттік ақпарат жұмыстарын жақсарту бюрократиямен күрес  және
құжат айналымын қысқарту шаралары  туралы».  ҚР   президентінің  Жарлығы  31
шілде, 2000 жыл, №427
      1.7 «Азаматтардың өтініштерін қарау тәртібі туралы». ҚР  президентінің
Жарлығы 19 маусым, 1995 жыл.
      1.8 «Нормативтік-құқықтық актілері туралы». ҚР-ның  заңы:  24  наурыз,
1997 жыл №213-1
      1.9 «Құжаттарды  мемлекеттік тілде  даярлайтын  мемлекеттік  әкімшілік
қызметкерлерін көтермелеу  туралы».  ҚР  Премьер-Министрлігінің  Нұсқауы  21
қыркүйек , 2000 жыл №117
      1.10   «Қазақстан   Республикасында   қызметтерін   мемлкеттік   тілде
жүргізетін, сонымен қатар мемлекеттік тілді жете меңгерген әділет  және  сот
органдары қызметкерлерін моральдық және материалдық тұрғыда көтермелеу  реті
туралы». ҚР Әділет министірінің бұйрығы 12 маусым, 1999 жыл № 45
      1.11 «Қазақстан Республикасында нотариалдық  іс  жүргізу  туралы».  ҚР
Әдлет министірінің бұйрығы, 16 шілде, 1998 жыл  № 83
      1.12 «Іс жүргізу туралы» ҚР Министрлер кабинетінің Қаулысы. 20 маусым,
1992, № 562
      1.13 В.Салагаев, Б.Шалабай:  «Іс  қағаздарын  жүргізу  туралы»  Алматы
«Раритет», 2000.
      1.14 І.Жақып. «Іс жүргізу» Алматы «Раритет»,  2000
      1.15 «Қазақстан Республкасында  іс  қағаздарын  жүргізу»  (мемлекеттік
және ресми тілдерде іс қағаздарын жүргізудің үлгілері) А,2001
      1.16 Л.Дүйсенбаева «Іс қағаздарын қазақша жүргізу» Алматы  «Ана  тілі»
2001.
      1.17 «Сөздік анықтамалық: екі тілде  іс  жүргізу»  Алматы,  «Атамұра»,
1994.
     2. Қосымша әдебиеттер
           1.  Дүйсенбекова Л. «Іс-қағаздарын жүргізу». Алматы,  2001ж.
           2.  Ақанова Д.Х. және т.б. «Ресми-іскери қазақ  тілі».   Алматы,
              2006ж.
           3. Зейнулина А. Ф., Балпанов Н.М.. Іскери- кәсіби қазақ тілі.  -
              Павлодар, 2007 ж.
           4. Сөз сарасы. Қазақ тілінің ресми-іскери стилі бойын.  әдістем.
              құрал. Астана, 2009ж.
           5.  Өмірзақ Т., Сансызбай Ә.  Қазақ  тілі.  IV  деңгей.  Астана,
              2006ж.
           6.  Зейнуллина А.Ф., Жұмабаева З.Е., Шаһарман А.П.,  Пазыл  Ә.Қ.
              Іскери- кәсіби қазақ тілі:  практикалық  сабақтарға  арналған
              әдістемелік нұсқау. Павлодар, 2009 ж.
           7.  Қазақстан Республикасының «Тіл туралы Заңы» (2000 жылдың  13
              наурызында шыққан Заң бойынша).
           8.  Мұхамадиева Н.Қ. «Іскерлік қазақ тілі».  Астана, 2007 ж.
     2.9           Жақыпов С. Жалпы психология негіздері. Алматы, 2012ж.
      2.10         Намазбаева   Ж.И.,   Сангилбаев   О.С.   Орысша   қазақша
психологиялық сөздік. Алматы, 2005ж.
      2.11          Жарықбаев   Қ.   Русско   казахский   толковый   словарь
психологических терминов. Алматы, 2004ж.




       ДӘРІСТЕР


      ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР


    Практикалық сабақ №1
    Сабақ мақсаты:
    Берілген гармматикалық  және  лексикалық  тақырыптардың  мазмұнын  ашып
мейлінше академиялық білімдерін арттыру:
   1.  Жаһандану  дәуірінде  Қазақстан  мемлекетінің  қазіргі   жай   күйіне
      сипаттама беру;
   2. Қазақ тіліндегі ең үлкен заңымыз үндестік заңынан өткенді еске тусіру,
      кәсіби тәжірибеде      жүзеге асыру.

Әдістемелік нұсқау
                        Қазақстан жаһандану дәуірінде
      Жаһандану дегеніміз не?  Орыс  ғалымы  В.М.Межуев  «Жаһандану  әлемдік
қауымдастықтағы  ұлттық  мемлекеттер  мен   аймақтардың   бір-біріне   өзара
тәуелділігінің артуы, олардың жалпыға ортақ экономикалық, саяси және  мәдени
ережелері бар бір жүйеге бірте-бірте  тартылуы,  интеграциялануы»  деп  атап
көрсетеді. Оған  ЮНЕСКО,  компьютерлендіру  бағдарламалары,  ғарышты  игеру,
бүкіл әлемдік қуатты корпорациялар.  Халықаралық  сауда  ұйымы,  Халықаралық
туристік ұйым сияқты, әлемдік қаржы институттары т.б. кіреді.
      Жаһандануды былай сипаттауға болатын сияқты. Бір ел мен  екінші  елдің
арасындағы кедергілер азаяды, кең  көлемде  қауымдастық  мәні  мен  мағынасы
артады, ақпараттар беру  ісі  жеңілдейді,  қаржылық,  ақпараттық,  салаларда
біртұтас кеңістік жүйесі қалыптасады.
      Жаһанданумен  бірге  өркениетке  өріс  ашар  жаңалықтар  келіп  жетті.
Технология дамыды, модернизация құлаш жайды,  ақпараттық  кеңістік  кеңейді.
Өмір  сүру  салтымыз  бен  мінез-құлқымыз  да  өзгеріс  нышандары  байқалды.
Дүниенің төрт қырымен байланыс күшейіп, орныға түсті.
      Қазір әлемдік қауымдастықта жаһандану үрдісі туралы оны жақтайтын және
оны тіптен қабылдай алмайтын  екі  топ  бар.  Жақтаушылар,  жаһандану  нарық
жүйесінде баға біркелкілігін  жүзеге  асырады,  сондықтан,  түбінде  бағаның
реттелуін, бірыңғай әрі салыстырмалы  түрде  төмен  болуы  мүмкіндігін  алға
тартады.  Олардың  пікірінше,   жаһанданудың   басты   мақсаты   –   дамудың
біркелкілігіне жету. Мысалы, бір елде  жаңғыртылған  іс  екінші  елде  артта
қалып қоюы жан-жақты  тиімсіз.  Егер  бірнеше  ел  компьютер  жүйесінің  бір
бағдарламасын ұстанып, екінші бір елдер екінші бағдарламасын  ұстанса,  олар
бір-біріне қиюласпаса, байланыстың қай түрі болмасын қиындайтыны сөзсіз.
      Жаһандану  –  халықаралық  қатынастарды  біркелкілендіру.  Халықаралық
конвенциялар жүйесі қалыптасып, оған түрлі елдер мүше болып  кіретін,  соған
сәйкес өздеріне түрлі міндеттемелер алып, құқықтарға ие болу –  жаһанданудың
нәтижесі.
      Қазақстан мемлекетінде өзге ұлттардың да мәдениетінің өркендеуіне баса
көңіл  бөлінгені  жөн.  Жаһандастыру   да   жергілікті   мәдениетті   сөзсіз
бағындырып  алуды  немесе  жойып  жіберуді  мақсат  етпейді,  бірге   дамуды
ұсынады.  Компьютер  бағдарламаларының   ұлт   тілінде   сөйлеуі,   интернет
жүйесінде ұлт тіліндегі сайттардың пайда болуы осыған дәлел.


      1-тапсырма. Мәтіннен ғылыми-көпшілік терминдерді табыңыз.
      2-тапсырма. Мәтінде келтірілген мәселеге байланысты өз ойыңызды ортаға
салыңыз.
      3-тапсырма. Мәтін бойынша түсінігіңізді баяндаңыз.
      4-тапсырма. Сөйлемдерді толықтырыңыз.
      1.... дегеніміз не ?
      2. Орыс ғалымы В.М. Межеуов ... -  деп атап көрсетеді.
      3. Жаһандану – біркелкілендіру.
      4. Қазақстан мемлекетінде .... баса көңіл бөлгені жөн.
      5. Компьютер бағдарламаларыны..... осыған дәлел.


                          Грамматикалық тақырыптар.
                         ҮНДЕСТІК ЗАҢЫ (БУЫН, ДЫБЫС)


      Қазақ сөздерінің ішіндегі дыбыстар бір-бірімен үйлесіп  құралады.  Бұл
үйлесім жеке сөздердің ішінде де, түбір  мен  қосымшалардың  аралығында  да,
тіпті сөйлем ішіндегі сөздердің  арасында  да  болады.  Мұны  ғылым  тілінде
үндестік заңы (уподобление звуков) дейді.
      Бұл қазақ тілінде дауысты дыбыстардың арасындағы үндесу (синграмонизм)
және дауыссыз дыбыстардың арасындағы  үндесу   (ассимиляция)  (үндесу  заңы)
деп аталады.
      Сингармонизм заңы – сөз  ішінде,  сөздер  аралығында  және  түбір  мен
қосымшалардың арасында дауысты дыбыстардың бір-біріне тигізетін ықпалы.
      А) Қазақ сөздері жуан дауысты дыбыстан не буыннан  басталса,  сол  сөз
бен содан өрбіген сөздер аяғына дейін жуан болуы керек. Мысалы,
      бағдарлама+шы+лар+ға
      ұя-шық+тан
      Ә) Қазақ сөздері жіңішке дауыстылардан, не  буындардан  басталса,  сол
сөз бен содан өрбіген сөздер аяғына дейін жіңішке болуы керек. Мысалы,
      тақта-ның
      түйме-ше+лер+дің
      Бұлардан басқа есте мықты ұстап, сөзді қатесіз,  өз  үйлесімімен  айту
үшін қолданылатын сингармонизм заңы бар.  Мәселен,  сөздің  басында  еріннің
қатысуымен айтылатын  о,ө,  ұ,  ү  ерін  дауыстылары  келсе,  олардан  кейін
келетін езулік дауыстыларға жақындап айтылады, бірақ ол жазуда  сақталмайды.
Мысалы,  орын-айтуда:  орұн;  өзен  –  айтуда:  өзөн;  күрек-айтуда:  күрөк.
Сөйтіп, о дыбысынан кейін келген ы дыбысы айтуда ұ-ға жақындап айтылады;  ал
е ө-ге, і ү-ге  жуықтап  айтылады.  Жазуда  бұлар  алғашқы  қалпында  жазып,
айтқанда соңғы жазылғандай етіп айту керек.
      Ықпал  (ассимиляция)  –  дауыссыздарда  болатын  үндестік  заңы.   Бұл
заңдылық бір сөз ішінде, түбір мен қосымшалардың аралығында, тіпті  бүтіндей
сөйлем ішінде сақталуға тиісті  заң.  Қазақ  тілінде  мұның  екі  түрі  бар:
ілгерінді (ғылым тілінде  прогрессивті)  ықпал  және  кейінді  (регрессивті)
ықпал.


                               Ілгерінді ықпал
                         (Прогрессивная ассимиляция)
      а)  Егер  түбірдің  соңғы  дыбысы  ұяң  (звонкие)  ж,  з  болса,  оған
жалғанатын қосымшаның басқы дыбысы да ұяң  болып  келеді.  Мысалы,  қыз+дар,
қаз+дар т.б.
      ә) түбірдің соңғы  дыбысы  қатаң  (глухие)  және  орыс  тілінен  енген
сөздердегі  б,  в,  г,  д  дыбыстарына  аяқталып  тұрса,   оған   жалғанатын
қосымшалар да қатаң дыбыстардан басталады: университет+ке, студент+пін т.б.
      б) Түбірдің соңғы дыбысы дауысты (гласные) не  үнді  (сонорные)  болып
келсе, оған жалғанатын қосымшаның басқы дыбысы  көбінесе  ұяң  (звонкие)  не
үнді болып келеді: оқытушы+ға, инженер-ге, бағдарламашы+мын т.б.


                                Кейінді ықпал
                         (Регрессивная ассимиляция)
      Егер сөздің соңғы дыбысы қатаң к, қ, п дыбыстарының  біріне  аяқталып,
жалғанатын қосымша дауысты дыбыстардың бірінен басталса, оған қ ғ-ға, к  –г-
ге, п б-ге айналып кетеді.
            Мысалы, ұяшық + ы – ұяшығы
                       қорап +ы – қорабы
                       жүрек +і - жүрегі
      Бұл құбылыс сөз тіркестерін айтқанда да, біріккен сөздердің аралығында
да байқалады. Айтуда болмаса, жазуда бұл ескерілмейді.  Мысалы,  керек  екен
(айтылуы: керегекен), ақ ешкі (ағешкі) т.б.
      5-тапсырма.  Төменгі  сөз  және  сөз  тіркестерінен  буын   үндестігін
табыңыздар.
      Жаһандану,  әлемдік   қауымдастық,   ұлттық   мемлекеттер,   аймақтар,
тәуелділік,  жалпыға  ортақ,   саяси,   мәдениет,   ережелері,   бір   жүйе,
бағдарламалар, ғарышты  игеру,  бүкіләлемдік  сауда  ұйымы,  туристік  ұйым,
әлемдік  ұйым,  әлемдік  қаржы,  кедергі,  ақпараттар,  қаржылық,  біртұтас,
кеңістік жүйесі, жаһандану үрдісі, нарықтық  жүйе,  халықаралық  қатынастар,
біркелкілендіру.
                               Тоғыспалы ықпал
                   (Прогрессивно-регрессивная ассимиляция)

Сөз бен сөз аралығында қатар келген дыбыстардың бір-біріне  ілгерілі-кейінді
ықпал етуінің нәтижесінде екеуінің де өзгеріске ұшырауы тоғыспалы ықпал  деп
аталады.


                          Қазақстан – менің отаным
     Қазақстан Республикасы Жоғарғы  Кеңесінің  сессиясында  1992  жылғы  4
маусымда  қабылданған  мемлекеттік  нышандарымыздың  төл  тарихы  тым  әріде
жатыр. Біз сонау ықылым заманнан бері байрақты елміз. Халқымыздың  бостандық
сүйгіш өр рухы оның эт-нографиялық-мәдени нышандарында жарқын көрініс  тауып
отырған.
      Ту көтерген батыр  бабалар  бейнесі  сонау  ерте  замандарда  жартаста
сызылған суреттерде айқын бейнеленген. "Көк асаба" аталған көне байрақ түсі
исі түркі халықтары кие тұтқан көк  аспан  әміршісінің  белгісіне  баланса,
түркілердің тағы  бір  табынары  -  көк  бөрі  бейнесі  де  тудағы  таңбаға
айналған.

   1. Мәтінді жоспар бойынша айтып беріңіз.

2. Берілген сөздерді түсіндірме сөздіктен тауып, мағынасын
түсіндіріңіз.
      Нышан,  айшық  (-талган),  қоректік,  шипалық,,  мегзейді,  әрлендіру,
бедерлеу, киелі.


      3. Төменгі сөздердің жуан, жіңішкелігін анықтап, қосымша жалғаңыз.
      Университет, факультет, республика, президент, турист, агент,  заңгер,
компьютер, техника.


     №1 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары
      Сұрақтарға жауап беріңіз.
      1. Жаһандану дегеніміз не ?
      2. Жаһандану біздің елде қалай жүріп жатыр ?
      3. Жаһандану кезінде қоғам дамуы қандай жағдайда болады ?


      Практикалық сабақ №2, 3
Білім де бәсекеге түседі. Лексика және лексикология  ұғымы  туралы.  Сөздің
тура және ауыспалы мағынасы.

      Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №2, 3


    Сабақ мақсаты:
      Берілген гармматикалық және  лексикалық  тақырыптардың  мазмұнын  ашып
мейлінше академиялық білімдерін арттыру:
   3. Бүгінгі таңдағы білім мен ғылымды бағыттау  және  халыққа  білім  беру
      реформаларынан   мағұлмат алу;
   4. Сөздің тура ауыспалы мағынасы тақырыбынан өткенді қайталау және кәсіби
      тәжірибеде       қолдану.


    Әдістемелік нұсқау
                          Білім де бәсекеге түседі
      XXI ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды бағыттау мақсатымен аттауымыз
үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. Себебі  ұрпағы  білімді  халықтың
болашағы бұлыңғыр болмайды, жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнегелі  білім
беру бүгінгі күннің басты талабы.
      Тәуелсіз мемлекетімізге еңбекқор, өз кәсібін  терең  түсінетін  өзінің
білімі мен  іскерлігін  жан-жақты  қолдана  білетін  мамандар  қажет.  Қазір
халыққа білім беру реформасы ғылыми негізіне сүйенген пәнді оқытудың  жоғары
деңгейімен қамтамасыз етуді міндеттеп отыр. Соның ішінде дүниежүзілік  ғылым
мен мәдениеттің алтын  қорына  өлшеусіз  үлес  қосқан  әл-Фараби  бабамыздың
педагогикалық мұрасы да  телегей-теңіз  мол  дүние.  Данышпан  ойшыл:  «Адам
деген ардақты атты лайықты алып жүруден артық бақыттылық жоқ.  Әлемде  жаман
мен жақсыны, адамның ақылы ғана ажыратады» деген болатын.
      Білімді болу деген сөз – белгісіз нәрсені ашу қабілетіне ие болу деген
сөз, білімді адам көп нәрсені біледі  және  қабілеті,  дарыны  арқылы  басқа
белгісіз нәрселерді өз бетінше аша алады.
      Сонымен қатар ғұламалар болашақ жастардың білімді болуы  өзінің  сана-
сезіміне,  зейініне,   дара   қасиеттеріне,   ақыл-ойына,   жауапкершілігіне
байланысты екенін дәлелдеген.
      Біздің елімізге мемлекетімізді көркейтіп,  өркендететін  жас  мамандар
керек.  Сол  үшін  біз  түрлі  ғылымды  меңгеріп,  оны   өз   болашағымызға,
мемлекетіміздің көркеюіне пайдалануымыз  керек.  (Егемен  Қазақстан  газеті,
2008 ж).


      1-тапсырма.  Мына  сөздер  мен  сөз  тіркестерінің  мағынасын  түсініп
алыңыз.
      Ғылымды бағыттау, басты нышан, халықтың болашағы,  білім  беру,  басты
талап, білім беру реформасы, ғылым мен мәдениет, алтын  қор,  білімді  болу,
қабілет, ғұламалар, дарын, зейін, ақыл-ой, жауапкершілік.

                          Грамматикалық тақырыптар.

                   ЛЕКСИКА ЖӘНЕ ЛЕКСИКОЛОГИЯ ҰҒЫМЫ ТУРАЛЫ

                      СӨЗДІҢ ТУРА ЖӘНЕ АУЫСПАЛЫ МАҒЫНАСЫ

  Лексика – тілдегі  сөздік  құрамды,  сөздердің  толық  жиынтығын  береді.
«Лексика» терімсөзі кейде жеке кісінің лебізіндегі сөздік қоры, жеке көркем
шығарманың немесе жазушының сөздік қоры деген тар мағынасында да жұмсалады.
Сөз жүйесінің негізгі міндеті – тілдің сөздік құрамын,  сөздің  ішкі  терең
мағынасы мен мәнін, лебіздегі қолданыс  ерекшелігінің  ішкі  заңдылықтарын,
лексика-семантикалық және  категориялық  қарым-қатынастарын  (көпмағыналық,
синонимдік,  омонимдік,   антонимдік,   конверсиялық),   қазақ   сөздерінің
қалыптасуын (төл сөздер мен кірме сөздер), қолданыс аясын (көне  және  жаңа
сөздер,  диалектілік  және  терімсөздер  т.б),   фразеологизмдерді   ғылыми
саралап, жүйелеу.

             Тіл  мен  лебіз  –  негізгі  бірлііктері   бір-бірімен   тығыз
байланыста болатын жүйелі құрылым. Сондықтан, дыбыс, сөз, сөйлем,  мәтін  –
бүтіннің ажырамас бөлшектері.

      Сөз мағынасы  өзгеріп, дамып, кеңейіп отыратын  өте  күрделі  құбылыс.
Осымен байланысты сөздің тура және ауыспалы мағынасы болады.
      Сөздің айтушы мен тыңдаушыға ортақ мәндегі бір  ұғымды  білдіруі  оның
тура мағынасы деп аталады. Ол  кейде  сөздің  негізгі  мағынасы  түрінде  де
атала береді. Мысалы, адам, қол, шөп, кел  т.б.  осы  сияқты  сөздерді  жеке
алғанда  да,  сөйлем  ішінде  үнемі  білдіретін  ортақ  мағынасын  келтіруге
болады.
      Сөздің ауыспалы мағынасы деп оның тура мағынасынан дамып, өрбіп  кейін
қосылған мағыналары аталады. Мысалы, Сен менің оң қолымсың  (ты  моя  правая
рука), қолы жеңіл (легкая рука), үйдің қабырғасы (стена дома) т.б.


      2-тапсырма. Жақшаны ашып, сөз тіркесін құраңдар. Орыс тіліне  аударып,
сөздің мағыналарына назар аударыңдар.
      Қалың  (киім,  дәптер,  бет),  суық  (су,  сөз,  қару,  хабар),   қара
(қарындаш, ниет, жүрек), адал (қызметкер, ас, жүрек, дос).

3-тапсырма. Берілген  тіркестер  құрамындағы  сөздерді  тура  және  ауыспалы
мағынаны білдіруіне қарай бөліп жазыңдар.
   1. Жақсы сөз, жақсы адам, жақсы ой, жақсы күн, жақсы студент, жақсы өмір.
   2. Терең сай, терең білім, терең құдық, терең су, терең сезім.
   3. Долы, дауыл, долы күш, долы жел, долы адам, долы теңіз.


      4-тапсырма. Мақалдарды оқып, ауыспалы мағынадағы сөзі  бар  мақалдарды
      теріп жазыңдар.
      Ғаламның шырағы – күн, адамның шырағы –  білім.  Сөз  де  кілт,  көңіл
құлпын ашады. Күннің шуағы жылы, ананың құшағы жылы.  Адал  достық  алтыннан
қымбат.
                                *     *    *
      Білімді болу деген сөздің мағынасы – белгісіз нәрсені ашуға  қабілетті
болу деген сөз.

                                                        Әл-Фараби
      Шын білім – әрдайым ақиқат, анық болатын білім.

                                                        Әл-Фараби
      Адамды дәреже жеткізбейді, білім жеткізеді.
                                                              Ә.Жами
      Білімнен қуатты күш жоқ, біліммен қаруланған адам жеңілмейді.

                                                       М.Горький


      № 2, 3  сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары
      Сұрақтарға жауап беріңіз.
      1.Білім қалай бәсекеге түседі?
      2. Ұлттық кадрлар қандай болуы керек?
      3. Білімді болу деген не?
      4. Жас мамандар қандай болуы қажет?




    Практикалық сабақ №4
    Диалект және кәсіби сөздер.
    Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №4


    Сабақ мақсаты:
    Берілген гармматикалық  және  лексикалық  тақырыптардың  мазмұнын  ашып
мейлінше  академиялық  білімдерін  арттыру.  Диалект   сөздер   мен   кәсіби
сөздерден өткенді қайталау.


    Әдістемелік нұсқау


     Қатынасты-әлеуметтік- психологиялық талдау (мамандық бойынша мәтін)
Ұжымның әлеуметтік  –  психологиялық  хал-ахуалы  әрқашан  ұжым  мүшелерінің
біріккен  әрекеті  үшін  қажет,  сонымен  бірге   оның   әрбір   қатысушының
,индивидтің психикалық және эмоционалды күйінің  атмосферасымен  сипатталады
және әрине, оны қоршаған адамдардың жалпы жағдайына байланысты.
   Бүгінде кезінен қолданылатын бұл терминді көтереңкі  көңіл  –  күй,  ұжым
рухы және рухани ахуал түсініктерімен бір қатарға қою орын алған. Белгілі  –
мөлшерде  жоғарыда  аталған  түсініктердің  жақындасуы  үшін   белгілі   бір
негіздемелер бар: ұжымның әлеуметтік – психологиялық хал-ахуал   әрқашан  да
адамдардың  біріккен  әрекеті  үшін   тәндік   өнің   әрбір   қатысушысының,
индивидтің психикалық және эмоционалдың күйінің  хал-ахуалымен   сипатталады
және  әрине,  оны  қоршаған  адамдардың  жалпы  жағдайына   байланысты.   Өз
кезегінде  кез  келген  қоғам  немесе  топтық  хал-ахуал   әрекетті   немесе
қарау(тамашалау, өмірге ризалық немесе пессимистік, мақсатқа  ұмтылу  немесе
анархистік, мейрамның бейімделуінің сипаты арқылы қөрінеді.)
   Психикалық бейімділік немесе қауым көңіл – күйі өзімен оның  эмоционалдың
тонусының деңгейінде және топ назарын бағыттау сипатында көрінетін  қауымның
психикалық күйінің динамикалық құрылым эквивалентін береді.
   Әлеуметтік  –  психологиялық   хал-ахуал   және   психикалық   бейімділік
түсінектерінің жақындағын нұсқай отырып,  олардың  бірдей  еместігіне  назар
аударған жөн.
   Рухани хал-ахуал – бұл белгілі бір адам жиынының біріккен тәртіп стилінде
және бір –  бірімен  араласуынан  көрінетін  спецификалық  психикалық  күйі.
Ахуал  өзі   жеткілікті   түрде   өзгермелі   болуы   мүмкін   және   әдетте
қозғалғыштықтың жоғары деңгейімен сипатталады.
   Хал-ахуал – бұл тұрақсыз үнемі өзгерісте  болатын  және  ұжымдық  сананың
тіпті байқамайтын жағы. К.Маркс былай жазған: «... біз  өмір  сүретін  ахуал
біздің әрқамайсысымызды 20000 фунт салмақпен басса да, сіз оны  сезесіз  бе?
Еуоропа қауымы 1848 жылы революциялық  ахуал,  оны  қоршап,  жан  –  жағынан
қысқан ахуалын сезгендей сезесіз»
   «Психологиялық   хал-ахуал»   түсінігінен   айырмасы,    «әлеуметтік    –
психологиялық  хал-ахуал»  түсінігі  адамдардың  жоғары  көңіл  –  күйіндегі
белгілі  бір  жағдаяттық  өзгерісті  емес,  тек  оның  тұрақты   белгіілерін
анықтайды.
   Осылайша, әлеуметтік – психологиялық  хал-ахуала  деп  адамдардың  бір  –
біріне және  олардың  ортақ  іске  қатысынан  көрінетін  ұжымның  психикалық
бейімділігінен немесе басым және  салыстырмалы  тұрақты  рухани  атмосфераны
түсінуіміз керек.
   Тек әлеуметтануда ғана емес, психологияда да әлеуметікті түзететін  басты
құрылым көңіл – күй болып табылады деген ұғым қалыптасқан.  Жекелеп  алғанда
белгілі кеңес психологы К.К.Платоновтың  «әлеуметтік  –  психологиялық  хал-
ахуал (топ қасиеті ретінде) топтық ішкі құрылымының бір (маңызды  болса  да)
компоненті болып табылады, мақсатқа жетудегі белсенділік  дәрежесі  тәуелді,
топтың  тұрақты  көңіл  –   күйін   туғызатын,   тұлғааралық   қатынастармен
анықталады» 1761 деген пікірін мысалға алайық.
   Осындай позицияны кейінен А.Н.Лутошкин ұстанды,  ал  «психалогиялық  ұжым
хал-ахуалық – бұл ұжымның жалпы эмоционалды бейімділігі, онда  адамдардың  »
көңіл – күйі,  олардың  рухани  толқулары  мен  қайғылары,  бір  -   біріне,
жұмысына, қоршаған оқиғаларға  қатынасы  бірігеді.  Психологиялық  хал-ахуал
түзетін басты нәрсе ұжымның эмоционалдың көңіл  –  күйі  немесе  күйі  болып
табылады.
   Көңіл – күйі бұл адамның сезімінде, қарым  –  қатынасынан,  қайғылуларына
көрінетін оның айналысында өтіп жатқан барлық  оқиғалардың  қорытындысы  деп
те айтуға болады.
   Бірілген аңықтамаларда хал-ахуал ұжымдағы  басым   көңіл  –  күй  ретінде
қарастырылғаның  байқау  қиынға  сақтайды.   Ұжымның   ихикалық   психикалық
бейімділігінің  және  көңіл  –  күйінің  хал-ахуал  түсінігінің  эквиваленті
ретіндегі маңыздылығын мойындау тегін емес.  Бұл  екі  жақты  қарастырылатын
әлеуметтік   –   психологиялық   құбылыстар    құрылымындағы    псбейімділін
категориясының  ұлғайып  келе  жатқан  мағынасын  береді.  Нақтырақ  айтсақ,
ұжымның психиқалық күйінің заттың бағылығынан да,  сондай  –  ақ  оның  сар,
яғни эмоционалдық белсенділік, әрекетке  қосылу,  нейтральді  және  белсенді
түрде көрінетін деңгейінің сипаттамасымен байланысты жағынан қарастырылады.
   Ол өз кезегінде жақсы (елігу,  энтузиазм,  қызығу,  қуаныш)  және  жаман,
теріс (агрессивтілік, шамдану, депресия) баялуы болу мүмкін.
   Заттың және сарынды аспектілерін  (психикалық  бейімділіктің)  құрылғымен
бірдейлестіруге болмайды ал соңғысына қарағанда біршама күрделі.
   Осылайша ұжым хал-ахуалды өзімен оның бүкіл тіршілік әрекетіндегі әртүрлі
көріну түрлерін  табатын,  (басым  түсетін)  ұжымның  басым  түсетін  немесе
салыстырмалы тұрақты психикалық бейімділігін береді.
   Бұдан шығытан қорытынды, бейімділіктің өзін әрекетпен қатар қоюға  немесе
бөлектеуге  болмайды,  хал-ахуалды  оның  көріністерімен,  жекелеп  алғанда,
ұжымдағы адамның нақты әрекетімен,  кейде  оның  нәтилежесімен  қатар  қоюға
болмайтына сияқты.
   Әрине, ұжым хал-ахуалына тек тұлғааралық қарым –  қатынастар  ғана  емес,
бірқатар басқа факторлар да әсер етеді, соның ішінде әуен де, өндірістік  шу
да болуы  мүмкін.  Бірақ  адамның  психикалық  әрекетінің  көрінісі  жоғарғы
дәрежедегі әлеуметтік – психологиялық болып табылатының дәлелдеп жату  қажет
емес .
   Бұдан басқа, зерттелетін құбылыстың мәнін, мағынасын,  түсінігін  түзетін
нәрсе мен оған  әсер  ететін  факторларды  не  сипатталатының  ажырата  білу
керек,  бұл,  әрине,  хал-ахуал  феноменін  осы  факторлардың   ешқайсысымен
салыстуруға негіз бермейді. Сонымен қатар, хал-ахуал түсінігіне келудің  көп
түрлілігінің артында оның көп жақтылығы  мен  күрделі  құрылымы  тұрғаны  да
анық.


                           Грамматикалық тақырып:
                         ДИАЛЕКТ  ЖӘНЕ КӘСІБИ СӨЗДЕР
                  (СЛОВА ДИАЛЕКТЫ И ПРОФЕССИОНАЛЬНЫЕ СЛОВА)
      Тілде  сөздерді  қолданылу  ерекшеліктеріне  қарай:  жиі  қолданылатын
сөздер (актив лексика),  сирек  қолданылатын  сөздер  (пассив  лексика)  деп
бөледі. Алғашқы  топқа  жалпыхалықтық  лексикадағы,  барлығымызға  түсінікті
сөздер кірсе (мектеп, қала, көше, кітап, қол), сирек  қолданылатын  сөздерге
диалект сөздер, кәсіби сөздер мен терминдер кіреді.
      Белгілі бір жердегі (аймақ, облыс, аудан) тұрғындардың сөйлеу  тілінде
ғана  қолданылатын сөздерді диалект сөздер дейміз. Диалект  сөздердің  басым
көпшілігінің  әдеби  тілде  баламалары  болады.   Мысалы,   шалбар   –   сым
(оңтүстікте),  денелі  –  жоян   (шығыста),   орындық   –   тақ   (солтүстік
облыстарда).   Диалект    сөздердің    фонетикалық,    лексика-семантикалық,
морфологиялық, синтаксистік ерекшеліктері болады.
      Бәдірен-әгүршік – қияр (огурец);
      Бақыр –шелек (ведро);
      Шыны, пиала – кесе (чаша для чая);
      Шақпақ, күкірт, шырпы – сіріңке (спичка) т.б.
      Белгілі  бір  кәсіп,  шаруашылық  саласы  адамдарына  ғана  түсінікті,
солардың өз ортасында ғана қолданылатын сөздер кәсіби сөздер деп аталады.
      Балық аулау кәсібіне байланысты сөздер (слова связанные  с  рыболовным
ромыслом): табан (лещь), шортан (щука), бекіре (осетр) т.б.
      Ауыл шаруашылығына  байланысты  сөздер  (слова  связанные  с  сельским
хозяйством): шабу (косить),  шалғы  (коса),  орақ  (серп),  мал  жаю  (пасти
скот), қой қырқу (стрижка овец) т.б.



                                КӘСІБИ СӨЗДЕР
      Кәсіби  сөздер  стилистика  мәселесімен  тығыз   байланысты.    Кәсіби
лексиканың қолданылу аясы кең. Лексиканың бұл саласында белгілі бір  аймаққа
ғана тән кәсіп  түрлерімен,  мысалы  көмір  өнеркәсібімен,  мақта  өсірумен,
балық шаруашылығымен байланысты сөздер, термин ыңғайындағы әр түрлі  атаулар
жатады.  Бұлар  стиль  түрлерінің  қай-қайсысында  да  азды-көпті   кездесіп
отырады.  Әсіресе  белгілі  бір  аймақтағы  жергілікті  халықтың  күнделікті
ауызекі тілінде және  сол  облыстыңгазет  тілінде  жиі  қолданылады.  Кәсіби
лексика элементі белгілі бір көлемде әдеби шығармалардан да байқалады.
      Кәсіби лексиканың әр кезгі  даму  көрінісін  белгілі  дәрежеде  көркем
әдебиет  стилінен  де  көруге  болады.  Мысалы,  штрек,  лава,  уклон,  креп
дегендер  сол  1920-30  жылдарды   жиі   кездесіп   отырады.   Бірақ   халық
шаруашылығының неше алуан саласындағы, атап айтқанда ғылым мен  техникадағы,
сондай-ақ өзге де кәсіп түрлеріндегі күнделікті  өзгеріске  сәйкес  бұлардың
кейбірі қолданудан шығып қалды не оларға жаңа атаулар қосылды.
      Кәсіби лексика публицистикалық стильде де  мысалы,  түрлі  қолжазбада,
очеркте  т.б.  қолданылады.  Автор  оны  мұнда  да  сол  суреттеліп  отырған
уақиғаны оқушының көз алдына нақтылы түрде, дәл елестету үшін пайдаланады.
      Қазақ   тілінде   кәсіби   сөздер   әр-алуан   қаулы   қарада,    есеп
документтерінде, анықтама-мәләмет қағаздарында, яғни  ресми  кеңсе  стилінде
де кездесіп отырады.  Олар  сондай-ақ  ғылыми  стильде  де,  атап  айтқанда,
арнаулы зерттеу еңбектердің тілінде де қолданылады.


      №4 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары
     1. Шығыс Қазақстан аймағына қатысты диалект сөздерді  теріп  жазу  (30
        сөз және түсініктеме беру).
     2. Өз мамандықтарына қатысты кәсіби сөздерді жазып,  сөйлем  құрастыру
        (30 сөз және сөйлем).



    Практикалық сабақ №5
    Жалпылама қолданылатын терминдер мен сөздер.
    Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №5


    Сабақ мақсаты:
    Берілген гармматикалық  және  лексикалық  тақырыптардың  мазмұнын  ашып
мейлінше академиялық білімдерін арттыру. Жалпылама сөздердің  қолдану  аясын
анықтау, терминдерді қолданыс аясына талдау жасау.


    Әдістемелік нұсқау


   Әлеуметтік – психологиялық хал-ахуал құрылымы (мамандық бойынша мәтін):


    [pic]



            Әлеуметтік -  психологиялық  құрылымдық көріністері.
|Бір - біріне       |
|Ортақ іске      |












    |Қатынастарда әлеуметтік-            |
|психологиялық хал-ахуалдың          |
|көріністері                         |










    |Әлемге          |
|Өз- өзіне       |








         Әлеуметтік - психологиялық құрылымының жалпы көрсеткіштері.
Ескерту: А – іске деген қатындас;
Б – тұлғаның жағдайы (өзіңе - өзіңің қатынасы). В - өзге адамдарға қатынас.
                                                             Б









                                                 А           В
- Тұлға мен  ұжымның  іс  -  әрекетіндегі  әлеметтік  –  психологиялық  хал-
ахуалдың      ролі.
- Әлеуметтік – психологиялық хал-ахуалдың табиғаты мен факторлары.
- Ұжымның хал-ахуалы мен ғылыми техникалық прогресс.
- Әлеуметтік – психологиялық хал-ахуалы мен араласу әдебі (мәдиниеті).
- Әлеуметтік – психологиялық хал – ахуалдың факторы ретінде ұжымды басқару.
- Әлеуметтік – психологиялық хал – ахуалдың түзілуі мен реттелу жолдары.
- 2.  Әлеуметтік – психологиялық хал – ахуалды зерттеу жолдары.
- Зерттеу бағдарламасы.
- Критерийлерді іздеу.
- Негізгі көрсеткіштердің анықтамасы.
- Потенциалдар қасиеттерінен құрылымдық модельге дейін.
- Болжамжар.
- 3. Әлеуметтік – психологиялық хал – ахуалдың диагностикасының  әдістерінің
жүйесі.
- Концепциядан анкетаға дейін.
- Алғашқы ақпараттардың жинау әдістері.
- Алынған эмпирикалық берілгендерінің бағасы мен анализ әдістері.
- түзелген модельдері мен климатометр.
- 4. Зерттеулер қарытындасы.
- Тилождан жалаылай сұрауға дейін.
- Әлеуметтік – психологиялық хал – ахуалдың жағдайының жалпы бағасы.
- Жұмысшы ұжымдарының әлеуметтік – психологиялық хал – ахуалы.
- Ғылыми – техникалық ұжымдарының әлеуметтік – психологиялық хал – ахуалы.
-  Әлеуметтік  –  психологиялық  хал  –  ахуалдың  құрылымындағы  психикалық
ауырлық
- Ұжымда өзара қарым – қатынас факторы ретіндегі басқарманың позициясы.
- Ұжымдағы хал-ахуалы мен қатыспайтын қатынастар.
    - Ұжым хал-ахуалы мен тұлғаның ерекшеленуі.



                           Грамматикалық тақырып.


                 ЖАЛПЫЛАМА ҚОЛДАНЫЛАТЫН СӨЗДЕР МЕН ТЕРМИНДЕР

                     (Общеупотребляемые слова и термины)


      Бір  тілде  сөйлейтін  адамдардың  бәріне  түсінікті  ортақ   сөздерді
жалпылама қолданылатын  сөздер  дейміз.  Жалпылама  лексика  адам  баласының
күнделікті тіршілігіне қажетті заттар  мен  құбылыстарды,  әрекеттерді  және
т.б. ұғымдарды атайды. Мысалы, су, ауа, тамақ, үй, нан т.б.
      Жалпылама қолданылатын сөздер тура мағынасында жұмсалады.

      Терминдер – ғылым, техника, өндіріс  т.б.  салаларындағы  ұғымдар  мен
жеке сөздердің атаулары. Терминдер  тек  тура  мағынада  қолданылатындығымен
ерекшеленеді, мағына үнемі тұрақты болады. Терминдерді  арнаулы  сөздер  деп
те атайды. Бұларда стильдік бояу болмайды.


            Термин сөздердің жасалу жолдары:

 1. Қазіргі қазақ тіліндегі терминдер орыс, араб, еуропа тілдерінде
    қалыптасқан үлгісінде жұмсалады: мәтін, квадрат, синоним, эпос, поэзия
    т.б.
 2. Қазақ тілінен балама табу арқылы:  хаттама  (протокол),  нарық  (рынок),
    ғарыш (космос) т.б.

 3. Сөздерді біріктіру арқылы  жаңа  термин  жасалады:  төлқұжат  (паспорт),
    әнұран (гимн) т.б.

                       Терминдердің ұғымы мен мағынасы
      Сөздің лексика-семантикалық топтарының бірі арнаулы лексика. Қоғамдағы
әр түрлі кәсіп пен қызмет салаларына  негізделген,  шектеулі  қолданысқа  ие
сөздер-арнаулы лексика  ретінде  танылады.  Ғылым,  техника,  өндіріс,  ауыл
шаруашылығы, басқару органдары, мәдениет пен өнер,  әскери  атаулар  т.б.  -
арнаулы лексиканы құрайды. Ол термин сөздер мен кәсіби сөздерге бөлінеді.
      Терминдер   табиғатына   тән   нәрсе   -   бірмағыналылық,    дегенмен
бірмағыналылықты сақтау барлық жағдайда мүмкін бола  бермейді,  өйткені  төл
тілдік бірліктер арқылы  термин  жасау  барысында,  лебіздегі  оның  алғашқы
негізгі мағынасы қолданыста болады. Термин сөздердің  негізгі  ерекшелігі  -
ғылым мен техника саласы бойынша белгіленген ұғымның  атауы  болады,  ерекше
анықтамасы  беріледі;  логикалық  жүйеге  негізделген   нақты   семантикасы,
лебізде келісілген қолданысы болады.  Яғни  термин  сөз  бен  оның  таңбалап
тұрған ұғымы арасында үлкен танымдық байланыс болады.  Терминнің  мазмұны  -
оның  әуелгі  терімсөздік  түсінігі  де,   мағынасы   -   термин   ретіндегі
сипаты.Терминнің мағынасы мен  мазмұны  сәйкес  келіп,   бір-бірін  анықтап,
мағына мазмұнын ашуы тиіс.

1-тапсырма. Берілген сөздермен сөз тіркестерін құрыңыз.
Өзгеріс, құбылыс, дарынды, қабілет, тұлға, жантану, қызу, тілалғыш.


2-тапсырма.  Өз  мамандығыңызға  қатысты  термин  сөздерді  теріп,  анықтама
беріңіз (50 термин сөз).


      №4 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары



    Практикалық сабақ №6

    Кірме сөздер.






    Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №6



    Сабақ мақсаты:
    Берілген гармматикалық  және  лексикалық  тақырыптардың  мазмұнын  ашып
мейлінше академиялық білімдерін арттыру:
    1. басқа тілден енген сөздер туралы өткенді қайталау, кәсіби тәжірибеде
       қолдану.


    Әдістемелік нұсқау
           Жаһандану және гендер мәселесі (мамандық бойынша мәтін)
      Дәл қазіргідей жаһандану кезеңінде елімізде  болып  жатқан  әлеуметтік
өзгерістер гендер мәселесін шешуге жаңа ғылыми тұрғыдан қарауды  талап  етіп
отыр.  Гендер  мәселесін  зерттеген  кезде  ең  алдымен  әйел  мен  еркектің
қоғамдағы әлеуметтік орындары  жан-жақты  талқылануға  тиіс.  Кеңес  Үкіметі
кезінде бұл мәселе бір жақты шешілген болатын. Ал, Тәуелсіздік алғалы  бері,
әлі экономикасы тұрақтала  қоймаған  жас  мемлекетіміздің  өркениетті  елдер
қатарында дамуы үшін әйелдер де еркектермен бірдей өз  Отанының,  өзұлтының,
өз елінің жанашыры ретінде өз білімдерін ортаға салса дейміз.
      Әрбір қоғамның, әрбір мемлекеттің жеткен биігі, мәдениетінің  деңгейі,
оның әйелге деген көзқарасымен өлшенеді деген ғой. Біздің әйелдеріміздің  де
қоғамдық белсенділігі олардың тек өз қамдары ғана емес, туған  елге,  Отанға
деген жанашырлықтан,  сүйіспеншіліктен бастау алып отырғаны  анық.  Бұл  екі
жаққа да, мемлекет үшін де, әйелдер үшін де тиімді.
      Ең алғаш гендер теориясы  осыдан  30  жылдан  астам  бұрын  әлеуметтік
ғылымдарда пайда болған. Оның ең  басты  ережелерінің  бірі  –  гендер  және
жыныс   түсініктерінің   айырмашылығы.   Жыныс   –   адамның    биологиялық,
физиологиялық  құрылымын  білдіреді.  Гендер   дегеніміз   -   әйелдер   мен
еркектердің  әлеуметтік  рөлдерінің,  эмоционалдық  мінездерінің  арасындағы
айырмашылықты білдіреді. Содай-ақ гендер  жыныстардың  әлеуметтік  қатынасын
сипаттайды.  Гендерлік  айырмашылықтардың  негізінде  иерархия  жатыр,  оның
түсіндіруі бойынша,  маскулиндік  басымдық,  ал  феминдік  бағыныштылық  деп
берілген.  Нәтижесінде,  әйелдер  де,  еркектер  де  гендерлік  таптаурынның
мөлшер  жүйесінің  «құрбаны»  балып  қалады.  Сондықтан  да  гендер  теңдігі
мәселесін ғылыми  тұрғыда  зерттеу  қажеттілігі  басым  болар.  Ал,  халыққа
түсінікті болу үшін қарапайым тілмен айтқанда, әйел мен  еркектің  теңдігіне
қол жеткізу жөніндегі мәселе жаңа тақырып емес, бірақ бұл мәселені  көптеген
беделді халықаралық ұйымдар қазіргі кезеңдегі ғаламдық  мәселелермен  бірдей
қоюда.
      Батыстың  дамыған  елдерінде  кез  келген  мәселені   міндетті   түрде
гендерлік  теңдікті  ескере  отырып  шешуге  тырысады.  Әйтпесе,   жыныстық,
нәсілдікбелгілер ескерілмеді,  яғни  шектелді  деп  санап,  түрлі  жанжалға,
соттасуға дейін апаратын дауға айналады.
      1991 жылы еліміз егемендік алғаннан  кейін  бұл  мәселеге  онша  көңіл
бөлінбейқалғаны халқымыздың тұрмыс жағдайын  әлдеқайда  әлсіретіп  жіберген,
саяси,  әлеуметтік  –   экономикалық   қиындықтардың   біразына   кездесуіне
байланысты бұл мәселе екінші орынға жылжып еді. Осы  жағдайда  да  Қазақстан
өзінің дүниежүзілік қоғамдастықтың адам құқығы мен бостандығы  туралы  негіз
қалаушы принциптерін жақтайтынын көрсетті.
      1. Әйелдер мен  еркектердің  теңдік  принципі  Қазақстан  Республикасы
заңының  негізі  болып  табылады.  Конституция  бойынша,  «адам  құқығы  мен
бостандығы  әркімге  туғаннан  бастаптиесілі  және  ешкімнен  тартып   алына
алмайды» және «адам, азамат құқығы  мен  бостандығы  орындалар  кезде  басқа
адамдардың құқығы мен бостандығын бұзбау керек (12 – бап).
      2. Қазақстанда әйелдердің бағытта жоғарылатылуы мен  құқығын  қорғауға
арналған арнайы иституционалдық  механизмдер  құрылды.  Мемлекет  басшысының
жарлығы бойынша, 1998 жылдың аяғында  Қазақстан  Республикасы  Президентінің
қарамағындағы отбасы және әйелдер істері жөніндегі Ұлттық комиссия  өз  ісін
бастады. Бұл мекеме министрмен басқарылады және үкімет мүшесі  болғандықтан,
шешімдері ең жоғары саяси деңгейде шешуге қатысуына мүмкіндік береді.
      3.  Бүгінгі  күнге,  Қазақстан  адам  құқығ   қорғайтын   30-ға   жуық
халықаралық келісімдерге қол қойды.  Оның  ішінде  нәсілдік  кемсітушіліктің
барлық түрін жою туралы Конвенция, қорлау және  басқа  да  адамның  қасиетін
төмендететін қорлаудың түрлерін жою мен жазалауға  қарсы  конвенциясы  (1984
ж), балалар құқығын қоғайтын конвенция (1989 ж), Халықаралық еңбек  ұйымының
бірқатар коонвенциялары және т.б.
      4. Қазақстан Республикасының Конституциясы  (33-бап)  бойынша,  барлық
азаматтар  жыныстық  белгісіне   қарамастан   сайлауға,   мемлекеттік   және
жергілікті үкімет органдарына  сайлануға,  референдумдерға  қатысуға  құқығы
бар. 1999 жылдың аяғында болып өткен Парламентке және  жергілікті  өкілдікті
үкімет  органдарына   -    мәслихатқа   сайлауға   өте   белсенді   қатысты.
Парламентке айлану үшін қатаң бәсекелі сайыста  10  әйел  жеңіп  шықты  және
үшеуін  сенатқа  өз  құқығын  пайдаланып  Президент  тағайындады.   Парламен
құрамында барлығы 13 әйел, бұл барлық депутаттардың  жалпы  санынан  алғанда
11% құрайды. Салыстыру үшін, маслихатқа  сайлау  бұдан  жақсырақ  өтті.  639
әйел депутат болып  сайланды.  Әйелдер  мен  отбасы  мүдделерін  Парламентте
қорғау  үшін  құрамына  екі  палатадан  30  депутат  кіретін  «Отбасы»  атты
депутаттық топ құрылды.  Сонымен  қатар,  Мәжілісте  әйел,  отбасы,  жастар,
туризм және спорт жөніндегі кішігірім комитет құрылды. Бұл  комитет  әйелдер
және  отбасы  мәселесін  қарастыратын  заң  жобаларының  жылжытылуына  себеп
болатын үлкен жұмыс атқаруда.
      5. 2000 жылдан бастап Қазақстан  мемлекттік  қызметтің  жаңа  үлгілері
жүзеге асуда. Бұл үлгілер барынша қолы жететін принципке негізделген,  яғни,
мемлекеттік қызметке және өзінің қабілеті мен кәсіби дайындығына  байланысты
өсуіне  барлдық  азаматтардың  құқығының  теңдігі,  2000  жылы  бос   қызмет
орындарына жарияланғанконкурстарға  қатысқандардың  жартысы  әйелдер  болды.
4,2 мың жеңіске жетті. Тағы 419 әйел (жартысы) кадрлік  резервке  енгізілді.
Сонымен   қатар,   Президенттің   тапсырмас   бойынша,   министрліктер   мен
ведомстволарда  және  облыстарда  әйелдерді  шешім  қабылдайтын  деңгейлерге
жылжыту үшін ашылған әйел кадрлар резерві бар.
      6. Қазіргі күнге Қазақстандағы мемлекеттік қызметкерлердің жалпы  саны
60,5 мың адамнан тұрады, оның ішінде 33 мыңы әйелдер, яғни 54%.  Мемлекеттік
басқарудың барлық деңгейлеріндегі әйелдер  саны  40%-ға  жетеді.  Осы  құрам
еліміздің   сот   корпусында   да   байқалады.   Бүгінгі   күні    Қазақстан
Республикасының басқа елдердегі елшісі  болып  үш  әйел  істейді  –  Франция
Республикасындағы, Израиль мемлекетіндегі  төтенше  және  өкілетті  елшілері
және Қазақстанның БҰҰ-ғы тұрақты өкілі. БҰҰ-ның басқармасы осы  орынға  әйел
затының екінші мәрте сайланғанын ереше атап өтті.
      7. Қазақстанда білімді әйелдер саны  еркектерге  қарағанда  басымырақ.
Жоғары және орта білімі бар  мамандар  ішінде  62%  әйелдер.  Қазіргі  кезде
жоғары оқу орындарының студентері  ішінде  жартысынан  көбі  қыздар.  Босану
немесе бала күтіміне байланысты оқуын тоқтатуға мәжбүр болған жас  әйелдерге
акдемиялық демалыс беріледі және демалыс біткеннен  кейін  оқуын  жалғастыра
аладыү
      8. Бизнеспен  айналысатын  әйелдердің  да  жағдайын  ойлайтын  уақытша
шаралар қабылданған. Мысалы: Үкімет әйелдерге жеңілдікті несие  беру  туралы
«әйелдер кәсіпкершілігін қолдау» қаулысын шығарды.
      9.  Қазақстандағы  әйелдер  мен  еркектердің  әлеуметтік  және  тәртіп
үлгілері халықаралық талаптарға сай. Бірақ  біздің  халқымыздың  қалыптасқан
ділі (менталитеті), жыныстық рөлдер мен стереотиптері де сақталады.  Мысалы,
Қазақстанда  әйелдер  еркектерге  қарағанда  әлдеқайда   көп   (51,8)   және
еркектермен бірдей құқылы болып тұрып,  сайлауларда  көбінесе  ер  адамдарға
дауыс  береді.  Бұл  әйелдердің  өкілеттік  үкімет   огандарындағы   санының
кемдігінің бірден-бір себебі.
      10. Балаларды гендерлік теңдік  принциптеріне  негізделген  әлеуметтік
және мәдени тәрбие үлгілеріне  баулу  мақсатымен  Қазақ  мемлекеттік  қыздар
педагогика институтында үлкен жүмыс жүргізілуде.  Мұнда  барлық  мамандықтар
бойынша «гендер», «құқық негіздері», адам және қоғам», «отбасы  этикасы  мен
психологиясы»  және  т.б.  пәндер  оқытылады.   Сондай-ақ,   ҚазМемҚызПИ-дің
гендерлік  ғылыми  зерттеу  институтында  БҰҰДБ-ның   техникалық   көмегімен
«гендер  теориясына  кіріспе  және  жоғары  оқу   орындарына   арналға   бес
методикалық оқу құралы әзірленіп шықты.
      11. Жыныстық стереотиптерді жою және гендерлік теңдік  ұғымын  баршаға
жария етуде бұқаралық  ақпарат  құралдары  үлкен  жұмыс  атқарууда.  «Егемен
Қазақстан» орлалық республикалық  газетунде  әйелдерге  арналған  «Сырғалым»
атты  қосымшаны  жарыққа  шығару  ұйымдастырылды.   «Казахстанскай   правдв»
газетінде «Әйелдер әлемі» деп аталатын  арнайы  беті  бар.  Ұлттық  комиисия
«Әйелдер: Шығыс – Батыс» деген өзінің қоғамдық саяси  журналынбасып  шығарып
жүр. Одан басқа  «Қазақстан  әйелдер»,  «Айна»,  «Мезгіл»,  «Амазонка»  атты
әйелдер журналы шығарылады.
      12.  Әлі  күнге  дейін  жетігінен  зертелмеген  проблемалардың   бірі:
әйелдерді жезөкшелікке  пайдалану  мақсатымен  заңсыз  әдістерді  пайдаланып
шетке  шығару  (әйелдер  траффигі).  Бұл  құбылысты  зерттеу  үшін  «Қамқор»
дағдарыс орталығында  2001  жылдың  қыркүйегінен  бастап  сенім  телефондары
істеп жатыр. Әйелдер ішіндегі заңсыз миграция себептерінің бірі –  біразының
қоғамдық мәртебесінің төмендігі жұмысқа тұрудың мүмкіндіктерінің кемдігі.
      13. Конституцияның 24-ші бабы бойынша,  әркімнің  еңбек  бостандығына,
мамандық  таңдауына  және  қызмет   көзін   қалауына   құқығы   бар.   Әркім
қауіпсіздік,  гигиена  талаптарына  жауап  беретін  еңбек  жағдайына,  ешбір
кемсітушіліксіз еңбегіне ақы  алуына  жұмыссыздықтан  әлеуметтік  қорғанудан
толық құқылы. Сарапшылардың  берген  бағасына  сүйенсек,  жалданып  істейтін
жұмыскерлердің саны 3,4 мон жетеді.  Оның  тең  жартысы  -  әйелдер.  Көбіне
әйелдер істейтін білім беру және денсаулық сақтау  салаларында  2002  жылдан
бастап жалақы көтерілді.









                           Грамматикалық тақырып.


                                КІРМЕ СӨЗДЕР

      Басқа тілден енген сөздерді кірме сөздер дейміз.  Өз  тарихында  қазақ
халқы көптеген елдермен қарым-қатынас жасап, аралас-құралас  болғаны  мәлім.
Соның  нәтижесінде  араб,  парсы,  моңғол,  орыс  тілдерінен  қазақ   тіліне
көптеген сөздер енген. Керісінше, қазақ тілінен  де  көптеген  сөздер  енді.
Мысалы, араб және парсы тілінен енген  адам,  әлем,  ғылым,  қоғам,  мектеп,
тарих, әдебиет, мәдениет, емтихан т.б.сөздер бар.
      Моңғол тілінен ел билеуге байланысты ұлыс, нөкер, жасақ, аймақ, жарлық
сөздері енген.
      Ал орыс  тілінен  қазақ  тілінен  жәшік,  тәрелке,  керуерт,  бөтелке,
бәтеңке, кәмпит, сөмке т.б.
      Латын тілінен: лекция, республика, министр, операция.
      Неміс тілінен: орден, штурм, рота, кран.
      Француз тілінен: жюри,  батальон, дуэль, гарнизон.
      Ағылшын тілінен: бокс, вагон, вокзал, митинг.
      Соңғы жылдары кірме сөздердің біразы қазақшаға аударылды:
      Самолет –ұшақ, вертолет –тікұшақ, коллектив –ұжым т.б.

      1 тапсырма. Өз мамандығыңызға қатысты мәтіннен  кірме  сөздерді  теріп
жазыңыз.
      2-тапсырма. Қазіргі тілімізге басқа тілден енген  сөздердің  көпшілігі
компьютер мен экономикаға қатысты 10 сөзге  қосымша  жалғап,  сол  сөздермен
сөйлем құраңыздар.

№6сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары
      Өлеңді жаттап алыңыз, түсінгеніңізден жазбаша мәлімет беріңіз.
       Өнер – білім бар жұрттар
      Тастан сарай салғызды
      Айшылық алыс жерлерден
      Көзді ашып-жұмғанша
      Жылдам хабар алғызды
      Білімді жиды жалықпай
      Суда жүзді балықтай
      Біз болмасақ, сіз барсыз
      Желкілдеп өскен жас ұрпақ
      Сіздерге бердім батамды-ай.       Ы.Алтынсарин





      Практикалық сабақ №7
      Фразеологизмдер.


      Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №7


Сабақ мақсаты:
      Берілген гармматикалық және  лексикалық  тақырыптардың  мазмұнын  ашып
мейлінше академиялық білімдерін арттыру:
    1. . Лексикалық мәтінге  толық  талду  жасаңыз,  жаңа  сөздерді  жаттап
       алыңыз;
    2.   Фразеологизмдерден  өткенді   қайталау,   берілген   тапсырмаларды
       орындау.

Әдістемелік нұсқау




                           Грамматикалық тақырып.
                               ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕР
      Фразеологизмдер – тұрақты тіркескен, құрамындағы  сөздердің  орындарын
ауыстыруға болмайтын, лексикалық толық мағына беретін сөз тіркестерінің  бір
түрі. Фразеологизмдер сөздің көркемдік мәнерін арттырады.  Сондықтан  көркем
әдебиеттерде кеңінен қолданылады. Мысалы, ұзын құлақ – хабар (молва,  весть,
слухи), құлақ салу  –  тыңдау  (слушать),  құлағым  сізде  –  тыңдап  тұрмын
(слушаю Вас), он саусағынан өнер тамған – шебер (мастер на  все  руки),  қой
аузынан шөп алмас – момын немесе жуас  (тихий,  мухи  не  обидет),  қас  пен
көздің арасында – жылдам, лезде, тез (мгновенно, быстро) т.б.


                               Мақал-мәтелдер


      Мақал-мәтелдер  тұрақты  тіркестер  сияқты  аз   сөзбен   көп   мағына
білдіреді. Мақал-мәтелдер сөйлеу барысында  жасалмай,  бұрыннан  қалыптасқан
даяр қалпында қолданылады.
      Мақал – тәрбиелік мәні  бар,  ақыл-нақыл  сипатында  айтылатын  сөздер
тобы.
      Мәтел – ой-пікірді бейнелеп, тұспалдап, ишаралап тұратын сөздер  тобы.
Қызым саған айтам, келінім сен тыңда.
      Мақал мен мәтелдің айырмашылығы мынада:
      Мақалдың мазмұнында себебі мен  салдары  қатар  айталады,  ал  мәтелде
істің салдары айтылып, себебі айтылмай қалып қояды.

      1-тапсырма. Достық, сыйластық туралы айтылатын 10 мақал жазыңыз.


      2-тапсырма. Жаттап алыңыз, ситуациялық жағдаят құрыңыз.
      Ақ сөйле – говори правду, ақылынан адасу – сходить  с  ума,  ала  ауыз
болу – быть в разногласии, алып қашты сөз – слухи, арзан қол –  дешевый,  ат
құлағында  ойнау  –  лихо  скакать  на  коне,  атар  таң  көрер  күн  жоқ  –
невыносимые условия жизни, ат басын тіреу –  остоновиться  для  отдыха,  ата
жау – кровный враг, аталы сөз – слово-назидание, атам  заманнан  –  издавна,
аты жер жару – стать очень знаменитым, қол ұшын  беру  –  оказывать  помощь,
аузы ауызына жұқпау – говорить очень быстро, ауызы ауыр  –  неразговорчивый,
аузы берік – держать язык за зубами, аузына  қарату  –  завоевать,  всеобщее
уважение, аяғын аспаннан келтіру  –  побеждать  в  споре,  ашса  алақанында,
жұмса жұдырығында – добиваться полного подчинения, ауызыңа май,  астыңа  тай
– да сбудутся твои слова.


      3-тапсырма.  Тұрақты  сөз  тіркестерін  тауып,   сұхбатты   аударыңыз.

    - Қайрат, сен өзің ақылыңнан адасқансың ба?
    - Неге олай дедің ?
    - Жолдастарыңмен ала ауыз болып не көрінді?
    - Кімнен естідің ?
    - Бәрі айтып жүр ғой.
       - Оның бәрі алып қашпа сөз, сенбе. Алмат, аталы  сөз  бар  емес  пе?
         Көзің жетпейінше ешкімді кінәлауға болмайды.
    - Қайрат, рас айтасың.
       - Мен  аузым берік адаммын, болған істі ешкімге айтпаймын.  Ал  олар
         айналасын  ауызына  қаратқысы  келеді,  ашса   алақанында,   жұмса
         жұдырығында болса деп ойлайды. Бұл –  үлкен  қателік.  Олар  дұрыс
         жолмен жүрсе игі еді. Мен  ешкімге  жаманшылық  тілемеймін.  Қайта
         қиыншылықта қол ұшымды берсем деймін.
    - Дұрыс, Қайрат. Сендей кешірімді адамдар көп болса екен!


       4-тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыз.
      Вожак — самый авторитетный член группы, обладающий  даром  внушения  и
убеждения. На других членов  группы  он  влияет  словом,  жестом,  взглядом.
Греки во  времена  Гомера  считали,  что  вожак  должен  обладать  мудростью
Нестора,  справедливостью  Агамемнона,  хитростью  Одиссея  и  энергичностью
Ахилесса.  На  протяжении  XX  в.  проводились  многочисленные  исследования
индивидуальных  качеств  преуспевающих  руководителей.   Так,   американский
исследователь Р. Стогдилл предложил следующий перечень качеств  руководителя
— вожака:
      1) физические качества — активный, энергичный, здоровый, сильный;
      2)  личностные  качества  —  приспособляемость,  уверенность  в  себе,
авторитетность, стремление к успеху;
      3) интеллектуальные качества -  ум,  умение  принять  нужное  решение,
интуиция, творческое начало;
      4)  способности  —  контактность,  легкость  в  общении,  тактичность,
дипломатичность.


                  *         *           *
      Тәрбиелік мәнін ашыңыз.
      Бір елдің бас әкімі өзіндей бір баймен  жолығысып  сөйлесіп  тұрғанда,
қасынан бір жарлы кедей өтеді. Ол өтіп  бара  жатып  иіліп  бас  ұрып  сәлем
берді. Оған қарсы әлгі үлкен онан да төменірек иіліп сәлем алады.
      Қасындағы бай:
       - Тақсыр,  осынша  жұрттың  үстінен  қараған  әкімсіз,  қайдағы  бір
         кедейге  неге сонша иілдіңіз? – деп сұрапты.
       Сонда әкім:
       - Ешбір ілім үйренбеген кедей сонша иіліп әдептілік көрсеткенде  мен
         онан да әдепсіз болып қалайын ба ? – депті.




      №7 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары
      Мақалдарды қазақшадан орысшаға аударыңыз.


      Құс патшасы – бүркіт
      Аң патшасы – арыстан


      Сөздік
      Құс-птица
      Аң – зверь


      Жалқаулық – жаман ауру
      Сөздік
      Жаман ауру – скверная болезнь


      Жігіт адамға жетпіс өнер де аз
      Сөздік
      Өнер – ремесел


      Жігіт көркі – өнер
      Сөздік
      Көркі – честь


      Білімнің басы – бейнет, соңы – зейнет.
      Сөздік
      Бейнет – трудный
      Зейнет – сладкий


      Ұстаздан шәкірт озар
      Сөздік
      Сыйла – почитай


      Күш – білімде, білім – кітапта
      Сөздік
      Күш – сила
      Кітапта – в книгах


      Орысшадан қазақшаға аударыңдар
      Если и золото нашел, пересчитай
      Сөздік
      Нашел – тапсаң
      Пресчитай – санап ал


      И вода счет любит
      Сөздік
      Счет любит – сұрауы бар


      Умный честь свою оберегает,
      Скупой скот свой оберегает
      Сөздік
      Оберегает –қорғайды
      Умный –ақылды
      Скупой- сараң
      Скот-мал


      Многословие – көп сөз
      Молчание – золото
      Сөздік
      Многословие – көп сөз
      Молчание – аз сөз


      Говори редко, но метко
      Сөздік
      Редко –аз
      Метко-саз, діл


      Молчание от самой большой беды оберегает
      Сөздік
      Молчание – үндемеген
      Большой беды- үйдей пәледен
      Избавляет - құтылады




      Практикалық сабақ №8
       Көнерген сөздер мен неологизмдер.
      Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №8


      Сабақ мақсаты:
      Берілген гармматикалық және лексикалық тақырыптардың мазмұнын ашып
мейлінше академиялық білімдерін арттыру:
    1. Көнерген сөздердің анықтамасын жаттап алыңыз, берілген тапсырмаларды
       орындаңыз.

                           Грамматикалық тақырып.
                      КӨНЕРГЕН СӨЗДЕР МЕН НЕОЛОГИЗМДЕР
      Қоғам дамуына орай  тіліміздегі  қолданыстан  шыққан  сөздер  көнерген
сөздер деп аталады. Көнерген сөздер мағынасына қарай екі түрге бөлінеді:
     1. Тарихи сөздер – қолданылған дәуірі өтіп, ескі заманның өзімен бірге
        көнерген тарихи атаулар. Тарихи сөздерге ел  басқарумен  байланысты
        атаулар:  хат,  патша,   уәзір,   би,   аға   сұлтан   т.б.   қазір
        пайдаланылмайтын қару-жараққа қатысты сөздер:  садақ,  жебе,  найза
        т.б.
      2.Архаизмдер – халықтың  тұрмыс-тіршілігіне,  салт-сана,  әдет-ғұрпына
қарай әр дәуірде өзгеріп, басқа  сөздермен  ауысып  отырған  немесе  ескіріп
кеткен сөздер. Мысалы: сәукеле, кебеже, күпі т.б.
      Кейбір  көнерген  сөздердің  қайтадан  жаңаратын  кездері  де  болады.
Мысалы, кеңес дәуірі кезінде қолданудан  шығып  қалған  діни  сөздер:  имам,
мешіт, ораза, айт, құран т.б.
      Сөздік қорға жаңадан  енген  сөздер  неологизмдер  деп  аталады.  Жаңа
сөздердің тууының екі түрлі себебі бар:
        1) қоғамның дамуымен бірге енген жаңа  ұғымдарға  сай  жаңа  сөздер
           пайда болады;
        2) тілдің қолданыс аясының кеңеюіне байланысты  тілімізде  бұрыннан
           қалыптасқан кірме сөздердің орнына жаңа  аталымдар  қолданылады.
           Мысалы, космос, космонавт деген сөздер алғаш пайда болған  кезде
           жаңа сөздер болатын. Кейін бұл сөздер ғарыш, ғарышкер болып жаңа
           сөздер болып есептеліп жүр.


      1-тапсырма. Газет-журнал беттерінен жаңа сөздерді теріп жазыңыздар.


      2-тапсырма. Төмендегі сөздермен сөйлем құраңыз.
      Қиял,   зейін,  үнтаспа,   мешіт,   жолсерік,   зейнетақы,   жеделхат,
дәрісхана, сәукеле.




                             Әдістемелік нұсқау
      1.    Мәтінді оқып, қысқаша мазмұнын айтып беріңіз.
2. Мәтінді азат жол бойынша мағыналық топтарға бөліп,
жоспар құрыңыз.
3. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып диалог
құрастырыңыз.
      Тақырыбы: "Астана қаласына сапар".
      Сапар,   жолсерік,   кешендер,   құрылыс,   Есіл   өзені,   тарихи
маңызды, кең әрі түзу  көше, сәулетті ғимарат.


 Креативтілікті зерттеудегі негізгі теоретикалық бағыттар (мамандық бойынша
                                   мәтін)
      Ғылыми әдебиеттерді ториялық  талдау  негізінде  біз  екі  категорияны
бөлдік: шығармашылық және креативтілік.  Нәтижесінде  мынадай  мәселе  пайда
блды: біздің диссертациялық зерттеудің негізгі құрамын  шығармашылық  немесе
креативтілік  қайсысы   құрайды?   Сол   себепті   біз   шығармашылық   және
креативтілік категорияларының мінін  талдауға,  олардың  ғылыми  әдебиеттегі
табиғатын зерттеуді шештік.
      Шығармашылық мәселесі ғасырлар  бойына  ғалымдардың  назарын  аударған
мәселе болып  табылады.  Антикалық  кезеңнен  бастап  ғалымдар  шығармашылық
механизмдерін  ашуға  ұмтылды,  философиядағы  (Платон,   Декарт,   Спиноза,
Лейбниц, Шелер, Шеллинг, Бергсон және т.б. );  өнер және  әдебиет  тарихында
(А.А. Потебня, Д.Н. Овсянико - Куликовский,  Б.А.  Лезин,  А.Н.  Веселовский
және т.б ); физиология және психопатологияда (В.М.  Бехтерев,  Ч.  Ломброзо,
В.Ф. Чиж, В.В. Савич және т.б.); математикада (Д.  Пойя,  Ж.Адамар,  В.Асмус
және т.б.); педагогикада да (Дж. Брунер, З.И.  Калмыкова,  И.С.  Якиманская,
Л.Н. Анцыферова және т.б.) және басқа әр түрлі  ғылымдарда  да  шығармашылық
мәселесі маңызды болып табылады.
      Әр түрлі  ғалымдардың  шығармашылық  мәселесіне  деген  көззқарастарын
қарастырайық.    Платон    адамдардың    индивидуальды    айырмашылықтарының
анықтылығына сенімді болды.  Ол  құдай  адамдарды  жарата  отырып,  "негізгі
материалға" топырақты не  темірді  не  алтынды  араластырды  және  адамдарға
осыған сәйкес икемді адам, берік  күрескер,  тамаша  ойшыл  сияқты  рөлдерді
бөліп береді деп санады.  Бірақ өмірлік шындық әрқашан құдаймен алдын -  ала
жазылғанмен  сәйкес  келе  бермейді.  "Жан  аристократының"  билігіне   шыға
отырып, Платон тәрбиені  толығымен  мемлекет  қолына  беруді  ұсынды,  соның
ішінде қабілетті  балаларлы  жеке  оқытуды  айтты.  Платонның  ойы  бойынша,
адамға пайдалы болу үшін қоғам "ең жақсы табиғи болмысты зерттеуі" керек .
      Платонға дейін  жүз  жыл  бұрын  осындай  көзқарасты  Қытайда  адамзат
тарихындағы бірінші философтардың бірі  -  Конфуций  айтып  кеткен.  Ол  өте
дарынды балаларды қарқынды дамытуды ұсынды.  Конфуцийдің  ілімі  кең  тарала
бастады.  Ерекше  дарынды   балалар   оның   үйінен   білім   ала   бастады.
Шығармашылық фантазиялардың барлық түрі,  соның  ішінде  тақпақ  және  роман
жаза алу қабілеті ерекше бағаланды. Оның  айтуынша,  бұл  балаларда  қатесіз
есте сақтау мен өте жоғары дамыған ойлау  қабілеті  болды.  Олардан  болашақ
ұлттық байлықтардың кепілін көрді және оларды өте жоғары бағалады.
      XV ғасырда, яғни 2000 жыл өткен, Ұлы әмірші Сулеймен Түрік империясына
таланттарды  іздеушілерді  жіберді.  Дарынды  балаларды  арнайы  мекемелерге
орналастырды, оларға онда жаратылыстану ғылымдары, философия және  әр  түрлі
өнер түрлерінен сабақтар өткізілді. Барлық  таланттар  табиғи  туа  берілген
дарындылық ретінде белгігі бір орынға ие.
      Шығыс  және  Батыс  мәдениеттерінде  шығармашылық   мәселесіне   деген
көзқарастарға талдау жасай  отырып,   айырмашылық  барын  айта  кеткен  жөн.
Батыс мәдениетінде шығармашылық адам жанының  ең  жоғарғы  көрінісі  ретінде
бағаланады,  бірақ  санадан  тыс  ойлау  белсенділігіне   жеткілікті   назар
аударылмаған.
      Шығыс мәдениетінде екі түсінік қалыптасқан, біреуі тар, екіншісі  кең.
Біріншісі  өмір  жағдайларына  анық  емес  қызық  шешімдер  табу  деңгейімен
сәйкес. Екіншісі - рухани  жарықтану  түсінігі.  Бұл  көрінулерде  шындықтың
бөлшегі бар, шығармашылық  процесс  шынында  да  ақпараттардың  санадан  тыс
өңделуін құрайды.
      Жаңа  заманның  революциялық  идеяларында  ғасырлар  бойы  қалыптасқан
қоғамдық иерархияны  қайта  қарау  тенденциясы  көрінді.   Барлық  құрылулар
теңдікте жүзеге асырылды, идеологиялық негізі Д. Локк  пен  К.  Гельвецийдің
еңбегі болды.
      Философиялық   илеялар   XVII   -   XIX   ғасырлардағы   педагогикалық
жаңалықтарға түрткі болды. XIX - X X ғасырлар аралығында  арнайы  зерттеулер
шығармашылық психологиясы аясында бастала бастады.
      Шығармашылық мәселесімен айналысушы философтардың жұмысының  көпшілігі
шығармашылық процесінің интуициялық жарығы болып  табылады,   олар  оны  тек
зерттеудің психологиялық пәні сапасында  көрсетеді.  Шығармашылық  процестің
жалпы жүйесін көрсетуге ұмтылу  негізінен өзіндік ғылыми ашылулардың  дамуын
бақылауға  сүйенді.   Бұндай  өзіндік  есептер  құнды,   онда   шығармашылық
процесінің субьективті жағы көрсетілген.
      Қоғамның,  философиялық  және   психологиялық   ғылымдардың   дамуымен
шығармашылық мәселесіне  қатысты  көзқарастар  құрылып,  өзгерді.  Әр  түрлі
психологиялық  мектептер  шығармашылық  феноменін,  ойлау  мен  шығармашылық
қабілеттерді зерттеуге өзіндік ұсыныстарын ұсынды.
      Адамның  психикалық  өмірінің  жалпы   заңдылықтары   туралы   алғашқы
көрінулер ассоциация  принципімен  байланысты,  яғни,  көрінулер  арасындағы
байланыстардың белсенділігі мен құрылуы (Т.  Рибо,  Т.Цигенғ  А.  Бэн).  Бұл
зерттеушілер  фантазия  бейнелерінің  пайда  болуын    жарияланған   түсінік
принципі  арқылы  түсіндіреді,  адам  шығармашылығы  -  бұл  мәселені   шешу
процесіндегі   алыс   ассоцияларды   таба   білу    қабілетінің    нәтижесі.
Психологиядағы ассоциативті бағыт біз зерттеген мәселеге  жеткілікті,  бірақ
А. Бэн және Т. Рибо құрған  түсініктілік  принципі  бір  жағынан  психология
ғылымындағы үлкен табыс болса,  екінші  жағынан  шығармашылық  психологиясын
зерттеудегі  болашақ  бағыттардың  бірі.   Ассоциативті  психология   бағыты
тұрғысынан   (С.  Медник,  Т.В.   Галкина,   С.В.   Алексеева   және   т.б.)
шығармашылықтың пайда болуы үшін ол құралатын жеке элементтерін,  бөліктерін
тани білу қажет.
      Шығармашылық процесін зерттеуге үлкен үлес  қосқан  гештальтпсихология
үшін (К. Дункер, М. Вертгеймер, А. Секей)  біртұтас  бейне  өзіне  ғана  тән
спецификаға ие. Берілген бағыттың өкілдерінің санауынша адамның әрекеті  мен
шығармашылық мінезі мәселелі жағдайдың элементтерінің құрамын  қалай  көреді
сонымен анықталады. Шығармашылық акте гештальтпсихология  біріншіден  екінші
құрылымға өзгерулерді  көреді және  оларды  мына  түсініктермен  сипаттайды:
"инсайт",  "жарықтану",  "қарау".   Бірақ  та  бұл  өзгерулердің   табиғаты,
мәселелі жағдайдың жаңа фокустарын табу түсініксіз болып қалады.
      К. Дункер шығармашылық мәселесін  өнімді  ойлау  позициясы  тұрғысынан
қарап,  шығармашылық  әрекеттің  негізгі  көзі  -  мәселелі  жағдайлар   деп
анықтады.    Ол   "Дункерлік   тапсырма"   деп   аталатын   экспериментальды
процедураның ерекше типін ұсынды. Бұл тапсырма бірнеше  қабаттардан  тұрады,
көрінудің  әр  түрлі  жолдары  жорамалданады,  соның  ішінде   біреуі   ғана
адекватты. Бұл тапсырманы шешу үшін оның ішкі құрылымына  ену  керек,  сонда
ғана шешу  процесі  жүзеге  асады.  Эксперимент  жағдайын  түсіну  мәселенің
шешімін табуға  әкеледі.  Тапсырма  шарттары  мен  оның  талаптары  арасында
келіспеушілік туындайды, ол тек кенеттен түсінуге, жарықтандыруға,  инсайтқа
байланысты ғана шешілуі мүмкін.
      М. Вертгеймер шығармашылықты өнімді ойлау  тұрғысынан  қарастырды.  Ол
зейінді мынаған аударды, егер мәселені немесе жағдадй анық  түсінуге  ұмтылу
оның  шешіміне алып келеді.
      А. Секей өз эксперименттерінде  шығармашылық  мәселесімен  жмыс  істей
отырып, мәселелі тапсырмаларды шешуде ойлау мен білімнің  өзара  қатынасының
ерекшеліктерін анықтады, сонымен қатарол заттарда  сол  немесе  басқа  затты
тұрақты сипаттайтын  күшті қасиеттер және зерттелуші үлкен еңбекпен  табатын
жасырылған әлсіз қасиеттер барын көрсетті. Ол бұл факті жарықпен  орындайтын
тапсырмаларда көрсетті. Оның  нұсқаларының  біреуінде  зерттелінуші  алдында
үстелде  таразы,  шырақтар,   сіріңкелер   және   кішкентай   затар   қатары
араластырылған. Нұсқауда  заттарды  қандай  да  бір  уақыттан  соң  ешқандай
араласусыз тепе  -  теңдік  бұзылатындай  етіп  теңестіру  ұсынылған.  Дұрыс
шешімді  табудың  қиындығы  мынада:  басқа   заттарға   қарағанды   шырақтар
өздерінің күшті қасиеттеріне енеді: салмақты теңестіру  түрінде  және  жарық
көзі ретінде. "Латындық шырақ сөзі - жанған  кезде  салмақты  жоғалту"  және
бұл тапсырманы шешу.
      Классикалық психоанализде (З. Фрейд,  К.  Юнг,  А.  Адлер  және  т.б.)
шығармашылық  шығармашылық  энергияның  құрылуы  және  шығармашылық   әрекет
мотивациясы арасында тұрады.
      З. Фрейд бойынша  шығармашылық  белсенділік  сексуальды  инстинктердің
сублимациясының  нәтижесі  болып  табылады,   яғни   энергияның   қарапайым,
дифференцияланбаған,   ұнамсыз   импульстардың   жоғары,   мәдени,   рухани,
дифференцияланған  энергиямен  алмасуы.  З.  Фрейд  айтуынша,   ол   ұсынған
шығармашылық энергияның құрылу механизмі  батыс  ғылымы  мен  мәдениетіндегі
ұлы жетістіктердің негізі түрткісі болды.
      К. Юнг шығармашылықта  тұлға  құрылымындағы  терең  қабат  -  "ұжымдық
санадан тыс " көрінуін қарастырды. К. Юнгтің  болжауынша,  "ұжымдық  санадан
тыс" жатқан идеялар немесе есте сақтауды шығармашылықтың негізгі көзі .
      А. Адлердің жұмысында "шығармашылық"  ұғымы  "Креативті  Мен"   идеясы
арқылы ашылады, адам өз тұлғасын өзі жасайды, өз  тағдырының  қожайыны  өзі,
кім болады және өзін қалай ұстайды баріне өзі жауап береді. Креативті Мен  -
бұл әрбір адамды индивид қылатын шығармашылық күш.
      Фрейдистердің  көзқарасы  өздерінің  индивидуалды   спецификасын   ала
отырып, шығармашылықтың негізгі көзі  адамдардың  санасында  және  санасынан
тыс жатыр деген   ойды  айтады.  Адамдағы  шығармашылық  жағтың  приоритетін
мойындау  гумандық  психологияның  мәнді  концепциясы  болып  табылады   (Г.
Олпорт, А. Маслоу, К. Роджерс, Н. Роджерс және т.б.).
      А. Маслоу бойынша креативтіліктің бастапқы көзі - өзін - өзі  шыңдауға
деген  қажеттілік:  өз  талантарын,   қабілеттерін,   тұлғалық   потенциалын
толығымен пайдалану. Бұл туралы ол  былай  дейді:  "Адамдар  олар  кім  бола
алады сол болуы керек. Олар өз табиғатына адал болуы керек".  Тұлға  өзін  -
өзі белсендіруде өзіне жақын болмысқа сай мүмкіндіктерін ашады.
      К. Роджерс және Г. Олпорттың санауынша, тұлғалық мотивация  адамдардың
үлкен қиындықтар бағытында дамуға ынталандырады.  К.Роджерстің  белсендіруші
тенденция  концепциясы  өзіне  келесілерді  біріктіреді:  мотивация,  қысым,
қажеттілік, сонымен  қатар  креативтілік.  Шығармашылық  өнімдері  (идеялар,
жобалар, әрекеттер) және шығармашылық өмір  бейнесі  жақсы  өмірмен  тұратын
адамдарда көрінеді. Жақсы өмір бұл тұрмыс емес, ол процесс.  Бұл  тағайындау
орны емес, ол бағыт.
      Тұлғалық  -  мотивациялық  бағыттың  өкілдері  шығармашылық  мәселесін
талдай отырып,  оны  тұлғалық  шығармашылық  мәселесіне  жинақтайды:  ерекше
шығармашылық қабілеттер жоқ, тек анық мотивация мен белгілерге ие тұлға  бар
деп  есептейді.   Психоанализде  де  шығармашылық  сублимация  түрінде   (З.
Фрейд); сапасы толық емес кешен компенсациясы (А. Адлер),  тұлғаның  "мінсіз
Менге"   көтерілуі  (Р.  Ассаджиоли);  ұжымдық  санадан  тыс   архетиптердің
көрінуі (К. Юнг). Гуманистикалық  психологияда  шығармашылық  қанағаттанудың
гомеостатикалық принципіне бағынбайтын тұлғалық өсідің  мотивациясы  ретінде
ұсынылған  (Г.  Олпорт),  өзін  -  өзі  шыңдауға  деген  қажеттілік,  өзінің
қабілеттерімен және өмірлік мүмкіндіктерін еркін  және  толық  жүзеге  асыру
(А. Маслоу).
      Шетелдік зерттеушілер жұмыстарында  шығармашылық  қабілет  мағынасында
қолданылады. Отандық зерттеушілер  жұмыстарында  (Д.Б.  Богоявленская,  Я.А.
Пономарев, В.Н: Дружинин) берілген түсінік ынталылық деген тағы  бір  мағына
қосады.
      Психологиядағы іс - әрекет теориясын ұсынушылар (А.В.  Леонтьев,  С.Л.
Рубинштейн, О.К. Тихомиров, В.Н. Пушкин, А.М. Матюшкин,  И.М.  Жукова,  Л.Л.
Гурова және т.б.) шығармашылық  процесті  талдау  іс  -  әрекет  категориясы
арқылы  өтеді.  Шығармашылық  іс  -  әрекет  бұл    субьекттің   бейнеленген
әрекетті жүзеге асырып, шынайы әрі жаңа нәрсе  құруымен  түсіндіріледі.  Осы
мектептің зерттеушілерінің көзқарасы бойынша шығармашылық әрекеттің  негізгі
көзі - мәселелі жағдай.  А.М.  Матюшкинмен  жасалған  мәселелі  жағдайлардың
классификациясы   психологияның   барлық    бағытында    қолданылады.    Осы
классификацияға сәйкес келесі тапсырмалар ұсынылады:
      1. Мінез - құлықтық тапсырмалар  (типтік мысал  ретінде  бихевиористер
кең қолданатын манипулятивті тапсырмалар - бас қатырғыштар)
      2. "Құрылымдық" мәселелік жағдайлар (гешталтьпсихология)
      3.  Ықтималды  тапсырмалар  (тапсырманы  шешу  "ия  не  жоқ"  принципі
бойынша шешіледі )
      4. Ақпараттық -  семантикалық  тапсырмалар  ("жеткіліксіз  ақпараттар"
тапсырмасы).
      "Мәселелі жағдайдың психологиялық құрылымы өзімен индивидтің білімімен
және тапсырмалар арасындағы қатынасты емес,  индивид  белгісізді  табу  үшін
субьект пен оның әрекетінің шартары арасында қатынас құруды енгізеді".
      Д.Б. Богоявленскийдің экспериментальды зерттеуі қызығушылық  тудырады,
онда шығармашылық берілген  мәселе  шегінен  шығуда  көрінетін  жағдайлық  -
ынталандырылмайтын   белсенділік   түрінде   көрінеді.    Бұл    механизмнің
операциальды   -   психологиялық   толуы    "интеллектуальды    белсенділік"
түсінігімен ашылады. Интеллектуальды белсенділіктің өзі үш кезеңнен  тұрады:
стимульды - өнімді (репродуктивті, пассивті), эвристикалық, креативті.
      Богоявленскийдің ойынша, белсенділіктің  стимулды  -  өнімді  кезеңіне
зерттелушінің мынадай әрекеттері жатады: олар қандай да бір  ішкі  стимулдың
әсерінен ғана  әрекет  етеді.  Бұл  әлеуметтік  индивидумның  әркет  кезеңі.
Жалғыз адамдарда бұндай жағдайда жаңа  әрекеттің  өзі  қызығушылық  шақырып,
қанағаттанушылық тудырады, басқаларда - әрекет қызығушылық  тудырады,  бірақ
әлі жаңа әрі қиын, бір қалыпты болған  кезде  олардың  қызығушылығы  азаяды,
олардың интеллектуальды әрекеті ештеңені бейнелемейді.
      Екінші   кезең   -   эвристикалық.   Бұл   кезеңнің    зертелінушілері
интеллектуальды  белсенділіктің   сло   не   басқа   деңгейінің   көрінуімен
ерекшеленеді. Жеткілікті, сенімді шешу жолдарын иелене отырып зерттелуші  өз
әрекетінің  құрамын,  құрылымын  талдауды  жалғастырады,  жеке   тапсырмалар
қояды, жаңа неғұрлым тиімді шешу жолдарын қарастырады.  Шектеу  мынада  жаңа
шешу жолдары тек сырттан қойылған міндеттер үшін ғана іздестіріледі.
      Үшінші кезең  -  креативтілік.  Зерттелінушімен  табылған  эмпирикалық
заңдылық ол үшін өзіндік мәселе болып табылады, сол үшін ол  эксперименттегі
әрекетін  тоқтатуға  дайын.  Осы  кезеңге  жататын  зерттелуші  өз   бетімен
мәселелерді қояды.


      №8 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары
     1. Өз мамандығыңызға қатысты тақырыпта шағын эссе жазыңыз.




      Практикалық сабақ №9, 10, 11, 12
      Стиль туралы түсінік. Стиль түрлері.


      Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №9,10, 11, 12


    Сабақ мақсаты:
    Берілген гармматикалық және лексикалық тақырыптардың мазмұнын ашып
мейлінше академиялық білімдерін арттыру:
    1. Стилистика іліміне сипаттама беру.

Әдістемелік нұсқау
                 Білім беру түрлері (мамандық бойынша мәтін)
         ➢ Мазмұнының типі бойынша
    - биологиялық;
    - математикалық;
    - дене тәрбиелік;
    - экономикалық;
    - филологиялық және т.б.
         ➢ Доминантты мазмұнына байланысты
               • Теориялық
    - гуманитарлық;
    - жаратылыстану ғылымы;
               • Қолданбалы
    - гуманитарлық;
    - жаратылыстану ғылымы;
      ➢ Адамзат әрекетін меңгеру шеберлігі мен түріне байланысты
    - музыкалық;
    - көркемдік;
    - техникалық;
    - технологиялық;
    - педагогикалық;
    - медициналық және т.б.
    • Білім берудің жүйе ретінде 3 өлшемде қарастырылуы
    ✓ Білім берудің әлеуметтік ауқымы,  яғни  әлемдегі,  белгілі  бір  елде,
      қоғамда, аймақта, ұйымда , т.б. бұл жерде сонымен  қатар  мемлекеттік,
      жеке меншік, қоғамдық, қоғамның жоғарғы сатысындағы, клерикалдық  және
      т.б. білім беру жүйесі;
      ✓ Білім беру бейімі
    - жалпы;
    - арнайы (математикалық, гуманитарлық, жаратылыстану т.б.);
    - қосымша кәсіптік.
    • Осы позициялар  бойынша білім беру сипаттары
    ✓   Білім   берудің   жүйе   ретінде   ақсүйектік   немесе   клерикалды,
      мемлекеттік, жеке меншік, муниципалды немесе федералды екендігі;
    ✓ Білім беру жүйе ретінде деңгейлігімен, сатылығымен  сипатталады.  Оның
      негізіне, басым көпшілік жағдайда, жас ерекшеліктік өлшемдер  алынады.
      Барлық   мемлекеттерде жеткілікті  деңгейде мектепке дейінгі білім, үш
      сатылы мектептік (бастауыш, орта, жоғары) жүйе қалыптасқан.
    ✓  Білім  беру   жүйесіне   деңгейлердің    сабақтастығы   ,   басқаруға
      икемділігі, тиімділігі, бағыттылығы тән.
    ✓ Білім беру жүйесінің ұсақ жүйелеріне сапалық және сандық сипат тән.
    ✓ Білім беру жүйе ретінде  А.И.  Субетто  мен  Н.А.Селезневалар  бойынша
      дуалистік принципке  сәйкес  бір  мезгілде  қызмет  ету  және  дамумен
      анықталады.
   Бұл  көрсеткіштер   әлеуметтік-экономикалық  және   жалпы   педагогикалық
   болғанмен психологиялық-педагогикалық аспектілерді де белгілейді.
      ✓ Психологиялық-педагогикалық  аспектілер  мынадай  сұрақтарға  жауап
        беруден тұрады:
    - адам (бала) немесе оның ата-аналары  білім  беру  жүйесі  кезеңдерінің
      барлық иерархиясын көз алдына келтіре отырып, дұрыс  таңдауды  қалайша
      жүзеге асырады;
    - әрбір білім беру құрылымының (кіші, орта,  мектептегі   жоғары  кезең,
      гимназиялық, лицейлік) оқыту  субъектісі  -   білім  алушыға  қатынасы
      қалайша жүзеге  асырылады;
    -  бір  құрылымдағы  алдыңғы  дайындықтың  келесі  кезеңде  білім  алуды
      жалғастыруға  мүмкіндігі,  оның  әрқайсысындағы  әрекеттің   тиімділік
      критерийлері,  осы  жүйені  басқару  механизмі  қандай  және   басқару
      ерекшелігіндегі жетістіктерді  тестілеу көмегімен  анықтау.
    • Білім беру процесс ретінде:
         ✓ Оқыту  процесінде  тұлғаның  дамуы  және  өзін-өзі  дамыту  және
           білім берудің үздіксіздігі арқылы танылады.
    • Білім берудің нәтижесі болып:
         ✓ Нақты  білім  беру  жүйесі   арқылы  алынатын  және  білім  беру
           стандарты формасында тіркелетін нәтиженің бейнесі табылады.
Белгілі білім беру жүйесінде білім алған  адамның  өзі.  Бұл  тұрғыда  білім
беру нәтижесі білім болып табылады

                           Грамматикалық тақырып.
                     СТИЛЬ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК. СТИЛЬ ТҮРЛЕРІ


      Стиль терминінің мазмұны кең, оның жұмсалатын орны көп.  Стилистика  –
стиль  туралы  ілім.  «Стиль»  деп  белгілі  бір   жалпыхалықаралық   тілдің
ауқымындағы тілдік қатынас құралдарының қолданылу,  сұрыпталу  және  тіркесу
тәсілдерінің қоғамдық айқындалған, қызмет жағынан  сәйкестендірілген,  іштей
топтасқан жиынтығын айтамыз.  Стиль  деп  белгілі  бір  тілдегі  лексикалық,
грамматикалық,  фонетикалық  тәсілдерінің  қолданылу  принциптерін  айтамыз.
Қазіргі әдеби тілі  қолданылуы  тұрғысынан  бес  стиль   саласына  бөлінеді.
Ауызекі,  сөйлеу  стилі,  ғылыми,  ресми  ісқағаздар,  публицистикалық  және
көркем. Стильдің бұл  тармақтары  әуелі  бір-біріне  қарама-қарсы  қойылатын
ауызекі сөйлеу түрі мен кітаби түрі болып ажыратылады.
      Ауызекі сөйлеу стиліне  тән  нәрсе  –  адамдардың  бір-бірімен  қарым-
қатынас жасауы  болса,  кітаби  стильдерге  тән  нәрсе  –  хабарлау  қызметі
болады.  Ауызекі  сөйлеу  стилі  әдетте  таныс  адамдармен  еркін   әңгімеде
қолданылады.  Міндеті  –  қарым-қатынас.  Сөздерді,   сөйлемдерді   таңдауда
еркіндік беріледі.
      Ғылыми стиль  –  ғылыми  еңбектер,  лекция,  баяндамаларда  жұмсалады.
Сөйлеуде  жалпылама  –  дерексіз,  логикалық,  дәлелдеу  жағы   басым.   Тіл
тәсілдері: жалпы және  дерексіз  мәндегі  бейтарап,  кітаби  сөздер,  ғылыми
терминдер.
      Көркем стиль – көркем шығармаларда жұмсалады. Тілдік тәсілдері  нақты,
ауыспалы мағыналы  сөздер  болып,  сөйлеу  әдетте  бейнелі,  жанды,  әсерлі,
сезімді болады.
      Публицистикалық стиль –  газет,  журнал,  жиналыстарда  пайдаланылады.
Сөйлеу қызулы,  ұранды  болып,  көпшілікке  ықпал  жасау,  қоғамдық  істерге
адамдардың дұрыс қатынасын қалыптастыру міндетін атқарады.


                           Ғылыми стиль лексикасы



      Ғылыми стиль - функционалдық стильдің тілдік белгілерімен  сараланатын
айрықша  бір  түрі.  Ғылыми  стиль  жазба  стильге  жатады,  оған  әр  ғылым
саласында жазылған ғылыми еңбектер,  зерттеулер,  оқулықтар  кіреді.  Ғылыми
стильдің өзіне тән құрылымдық жүйесі болады.  Олар:  ғылыми  мәтін,  олардың
құрылысы,  авторлық  бағалау,  ғылыми  зерттеудің  мақсаты  мен  міндеттері,
ғылыми мәтіннің құрылысының сыртқы элементтері, кіріспе, бөлім, әр  бөлімнің
түйіндемелері, қорытынды сияқты белгілі  жүйелілік  сатыдан  тұрады.  Ғылыми
стильдің ірі және шағын жанрлары болады. Ірі жанрларына жеке автордың   және
ұжымдық ғылыми ебектер жатады: диссертация,  энциклопедия,  сөздік,  оқулық,
оқу құралы.Ғылыми стильдің ұсақ жанрларына мақала,  реферат,  тезис,рецензия
т.б. жатады.
      Ғылыми стильдің лкесикасындағы ерекшелік сөз  тек  өзінің  мағынасында
жұмсалады. Ғылым салаларының ерекшеліктеріне қарай әр саланың арнайы  термин
сөздері болады. Ғылыми стильбе жалпы жазу тіліне  тән  синтаксистік  құрылыс
пайдаланылады. Бұл  стиьдің  негізгі  ерекшелігі   -  мұнда  ой  күрделеніп,
анықтама, дәлелдеме  және  формулаларға  негізделеді.  Сонымен  бірге  әрбір
ғылым  саласының  өзінің  ерекшелігіне  қарай   баяндау   тәсілінде   кейбір
өзгешеліктер болады.
      Ғылыми стильде зерттеу обьектісі болатын зат не құбылыс ғылыми негізде
сипатталып, дәлелдеуді қажет етеді.


                                Ғылыми мақала
      Ғылыми мақала жазу үшін автор обьектісін жете білу керек. Мақала  жан-
жақты зерттеулердің немесе жасалған тәжірибелердің қорытындысын негізге  ала
отырып жазылады.
      Мақала жазу үшін автор алдымен өзін  толғандыратын  яғни  қызықтыратын
тақырыпты  таңдап  алуы  қажет.  Содан  соң  сол  тақырыпты  ашу  мақсатында
зерттеулер  мен  тәжірибелер   жасай   отырып,   осы   мәселелер   жайындағы
ойларын,немесе  жаңалықтарын  ортаға  салудың  немесе  көпшіліктің  назарына
ұсынудың мезгілі жеткен кезде ғана қолға алады.
      Ғылыми мақалалар  ғылымның  әр  саласының  өз  терминдерін,  ұғымдарын
сақтай отырып жазылады. Ғылыми мақалаларды екі түрге бөліп  қарауға  болады:
ғылыми-көпшілік стиль /яғни  жалпы  жұртқа  түсінікті/,  таза  ғылыми  шағын
стиль – тек қана белгілі ғылым саласындағы мамандарға арналған.
      Мақаланың барлығы бірдей  жаңалық  әкелмегенімен,  сол  саладағы  соны
пікірлердің, жаңа пайымдаулар мен көзқарастардың болуын қажет  етеді.  Қалың
жұртшылыққа арналған мақалаларда қорытындыны  автор көбінесе,  өзі  шығармай
оқырмандардың назарына  ұсынумен  шектелсе,  ғылыми  мақалаларда,  қорытынды
шығарарлықтай тұжырымды көбіне автордың /мақаланы жазушының/ өзі жасайды.


                 Публицистикалық стильдегі сөз қолданыстары


        Публицистикалық  стильдің  хабарлама   қызметі   тілдің   құрылымдық
жүйесінің, бейтарап сөздердің қабатын құрайды.  Олар  -  ұлттық  тілдің  сөз
байлығы, стандарт сөздердің лексикалық қатарлар тізбегі.
       Публицистикалық стильдің ауызша түрі бүгінгі  мәдени  коммуникацияның
жоғары формасын құрайды.Автордың сөйлеу мәнері  ерекше  ритм,  ырғақтық  топ
құрады, дыбыстарды дұрыс айту, орфоэпиялық нормаларды сақтау бірінші  мақсат
болғанымен, екінші дауысты көпшіліктің  алдында  айтуға  жаттықтыру  тәлімін
игеру   керек.   Публицистикалық   стиль    қазақ    тіл    мәдениеті    мен
лингвостилистиканың ең бір үлкен бөлшегіне қызмет етеді.Ол  қоғамдық  ортаға
стилистикалық  бағалау  категориясы  арқылы  белгілі  сөз  бен  сөйлемдердің
жиынтығын  құрайды.  Публицистикалық   стильдің   мақсаты   саяси   қоғамдық
идеяларды үгіттеп насихаттау үшін газет, журнал, радио, теледидар арқылы
      оқырмандардың сезіміне әсер ету.
            Публицистикалық стильде тілдік құралдар  іріктеліп  қолданылады.
Бұл  стиль  әдетте  ауызша  және  жазбаша  монолог  түрінде  жүзеге   асады.
Публицистикалық стиль  публицистикалық  мақала,  очерк,  баяндама,  фельетон
түрінде жазылады.
      Қазіргі заманғы білім берудің  негізгі  тенденциялары   (А.А.Вербицкий
бойынша) (мамандық бойынша мәтін)
   Бірінші тенденция – білім берудің әрбір кезеңін үздіксіз  халықтық  білім
   беру жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде ұғыну (мектеп пен жоғары оқу орны;
   ЖОО мен студенттердің болашақ өндірістік қызметі);
   Екінші тенденция  –  «оқытуды  индустрияландыру»,  яғни  қазіргі  заманғы
   қоғамның интеллектуалдық әрекетін іс жүзінде күшейтуге мүмкіндік  беретін
   оқытуды компьютерлендіру және оны технологияландыру.
   Үшінші тенденция -  басым мәлеметтік формалардан проблемалық  элементтер,
   ғылыми ізденістер, оқушылардың  өз  бетімен  жұмыс  істеу  қорын  кеңінен
   қолданулары қамтылған оқытудың белсенді әдістері мен формаларына көшу.
   Төртінші тенденция – оқу-тәрбие процесін қатаң тәртіппен ұйымдастыру  мен
   алгоритмделген   әдістерден   осы   процесті   дамытушы,    белсендіруші,
   жылдамдатушы,  ойын  және   т.б.   әдістеріне   ауысудың   психологиялық-
   дидактикалық шарттарын қарастыру.
   Бесінші және алтыншы тенденция -  оқушы мен оқытушының өзара әрекеттесуін
   ұйымдастыруға қатысты және оқытуды ұжымды, оқушылардың бірлескен  әрекеті
   ретінде ұйымдастыру  қажеттілігін  атап  өтеді,  бұл  жерде  басты  назар
   «оқытушының оқыту әрекетінен оқушының танымдық әрекетіне ауысады».


                  Публицистикалық стильде сөйлеу мәдениеті
       Публицистикалық стильдің (хабарлама сұқбат, проблемалық сұқбат)
                                 қызметтері


                            Жарнама, жарнама тілі
            Жарнама – АҚШ индустриясының ірі  салаларының  бірі.  1991  жылы
америка фирмалары өз өнімдерінің жарнамасы  үшін  $37.млн.  доллардан  артық
қаржы  бөліпті.  Жарнама   тұтынушыға   арналатындықтан   және   тұтынушылар
нарығында    тәртібі    туралы    шешім    қабылдауына    әсерін    тигізуге
бағытталатындықтан,  ол  ұсынатын  қызмет  көрсетулер  мен  оны  ұйымдастыру
мәселелерімен кеңірек танысу пайдалы болады.


      Жарнаманың құндылықтары. Жарнама негізінен тұтынушы  мен  экономиканың
мүддесіне қызмет етеді. Бұлай деуге бірнеше себептер бар:
    • Ол  тұтынушыларға  баға,  нарықтағы  соңғы  үлгідегі  жаңартылған  әрі
      жақсартылған жаңа тауарлармен қызмет көрсетулер туралы мәлімет береді.
    • Жарнама жиі бағаның  төмендеуіне  әкеледі.  Жарнама  көпшілік  нарығын
      құрып, өнімнің өзіндік құнын төмендетеді, бұл өндірушілерді  өздерінің
      шығындарын азайтуға мәжбүр етеді. Осындай жағдай тұтынушыларға тиімді.


            Жарнаманың қысқаша тарихы
            Қазақтың  мерзімді  баспасөзі  Қазақстанның  Ресейге  қосылуының
нәтижесінде пайда болды  дейді  баспасөз  зерттеушілері.  Ш.  Уәлиханов,  Ы.
Алтынсарин, А.Құнанбаев.  Қазақ халық ауыз әдебиеті  мен  ақын-жазушыларының
шығармалары баспа  жүзін  көрді.  Сөйтіп  ХІХ  ғасырдың  2-жартысында  қазақ
тілінде   кітап,   газеттер   шыға   бастады.   Газет   пайда   болған   соң
публицистиканың түрлі жанрлары да пайда болды,  соның  бірі  жарнаманың  өзі
болды.
            Жарнама өз мазмұнын  ХІХ-ХХ  ғасырдың  өзгерістеріне  байланысты
өзгертіп отырды деуге болады. Мәселен, ХІХ  ғасырдың  соңы  мен  ХХ-ғасырдың
басында мектептер салып, халықтың  сауатын  ашу  саясаты  жүріп  жатты.  Сол
кездері  де  жаңа  оқулықтар-  кітаптар  шыға  бастағанда,   газетте   «Жаңа
кітаптар» айдарында «Дала уалаяты»  газетінде  (1888—1902)  мынадай  жарнама
жарық көрді: “Жаңада қазақтар  туралы  бір  кітап  шығып  сатылып  жүр.  Сол
кітапта Орал жағы қазақтарының  шежіресі  бар,  онан  соң  қалай  орыстармен
араласқаны бар, «жазған  Алекторов»  деген.  Сол  кітапты  білімді,  ғылымды
қазақтар  алып  оқыса  пайдалы.  Ата-бабасының  қалай  жүріп,  қалай  түзеле
бастағанын біледі. Сол кітаптың қағазы аз, бағасы 35 тиын”.


   Жарнама дегеніміз не?
   Жарнама-франц. сөзі reclame сөзінен аударғанда- бұл кез  келген  формада,
   яғни заңды немесе заңды емес белгілі бір фирма, тауар немесе қызмет  түрі
   жайлы мағлұматтардың  кеңінен таратылған ақпараты.
      Жарнама-
    ←  спектакль
    ←  концерт
    ←  лекция
    ← көрермендерге арналған басқа да мәдени шаралар, спорттық жарыстар
    ←  ойын-сауықтар
туралы хабарландырудың бір түрі

                                   Жарнама
                            (жариялануына қарай)
                                                                       ақылы
жанама
      Газет бетін сатып                                   Өнім ұсынушының
      алып  жарнамалау                                       көпшілік  қауым
мен

БАҚ  арасына  болатын

            жарнамалау
Тиімді тәсілдері- мектепте, қарттар үйінде және т.б.  жерлерде  фирманың  өз
өнімдерін тегін таратуы

Жарнаманың үш негізгі функциялары
 1. Нарық базарында әйгілі болу
 2. Фирманың беделін арттыру
 3. Тығырыққа тіреген кезде өз беделін сақтап қалу

Жарнаманың түрлері:
    ← жеке адамдарға керек хабарландыру
    ← құлақтандыру
    ← сақтандыру
    ← құжаттандыру
 Сақтандыру немесе құжаттандыру түрі:
Жекелеген   адамның    жоғалған,    ұрланған    құндылықтарын,    құжаттарын
жарнамалайды.
Құрылымдық жағынан жарнама:
   1. Суреттер арқылы безендірілетін
   2. Тек сөздерден тұратын

    • Жариялануына қарай: жанама
    • Түріне қарай: құлақтандыру
    • Құрылымдық жағына қарай: сурет арқылы безендірілген
    • Жариялануына қарай: ақылы
    • Түріне қарай: құлақтандыру, хабарландыру
    • Құрылымдық жағына қарай: сөздерден және суреттерден тұратын


              Еліміздегі жарнамалау туралы заңдар мен ережелер
    • Елдi мекендерде сыртқы (көрнекi) жарнама  объектілерін  орналастырудың
      осы  ережесi  (бұдан  әрi  –   Ереже)   «Жарнама   туралы»   Қазақстан
      Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы  Заңына  сәйкес  әзiрлендi
      және   елдi   мекендерде   сыртқы   (көрнекi)   жарнама   объектілерін
      орналастырудың бiрыңғай тәртiбi мен шарттарын белгiлейдi.


    •  Заңнамада  белгiленген  тәртiппен  тарихи,  мәдени  құндылықтар  және
      қорғалатын ландшафтық объектiлер  болып  табылатын  ерекше  қорғалатын
      табиғи аумақтарда, мемориалдық  және  салт  жораларының  кешендерiнде,
      тарих  пен  мәдениет  ескерткiштерiнiң   аумақтарында,   ғибадат   ету
      ғимараттарында, үйлер мен ғимараттарда жарнаманы орналастырған кездегi
      тыйым салулар, сондай-ақ жарнамалық  ақпараттың  мазмұнына  байланысты
      шектеулер заңнамалық актілермен белгiленедi.


    •  Бастапқы  материалдар   –   сыртқы   (көрнекi)   жарнама   объектісін
      орналастыруға жер учаскесін,  үйлердi,  ғимараттарды  немесе  өзге  де
      құрылыстарды пайдалану, инженерлiк  және  коммуналдық  қамтамасыз  ету
      көздерiне қосуға техникалық жағдай жасау, аумақты  инженерлiк  жағынан
      дайындау   шарттары,   абаттандыру    мен    көгалдандыру    жөнiндегi
      регламенттер, жарнама объектiсiнiң тұрған орны және  мемлекеттiк  қала
      құрылысы кадастрының деректерi жөнiндегi  басқа  да  көмекшi  құжаттар
      немесе  мәлiметтер  бар   құжаттар.   Елді   мекенге   осы   объектіні
      орналастырған кезде жарнама объектісінің үлгісіне  (нысанына,  түріне)
      және  бастапқы   материалдарға   қажеттілігіне   байланысты   бастапқы
      материалдар жеке немесе жиынтық түрде ресімделуі мүмкін.
      Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) сыртқы (көрнекi)  жарнаманы  орналастыру  объектiсi  –  сыртқы  (көрнекi)
жарнама объектiлерi орнатылған (бекiтiлген) үйлер мен  ғимараттар,  өзге  де
құрылыстар, сондай-ақ жер учаскесі;
2)  салынып  жатқан  объектiнiң  паспорты   –   құрылыс   салудың   аумақтық
ережелерiне сәйкес құрылыс алаңдарында  орналасқан  ақпараттық  қалқан  және
тек осы объектiнiң паспорттық деректерi бар: объектiнiң кескiнi  мен  атауы;
мердiгерлiк құрылыс ұйымының атауы; лицензияның нөмiрi  мен  берiлген  күнi;
құрылыстың  мерзiмi  туралы  мәлiметтер;  құрылыс   жетекшiсiнiң   –   жұмыс
жасаушының тегi және аты-жөні;
3)  өтiнiш  берушi  –  берiлген  елдi  мекенде  сыртқы  (көрнекi)  жарнаманы
орналастыруға ниетi бар және Ережелермен  белгiленген  шарттарды  қабылдауға
дайын мүдделi жарнама берушi (жарнама жасаушы, жарнама таратушы не  өзге  де
жарнама берушi сенiм бiлдiрген адам);
4) рұқсат беретiн құжаттама – өтiнiш берушiге жергілікті  атқарушы  органдар
беретін және сыртқы (көрнекi)  жарнаманы  орналастыру  жөнiндегi  оның  ойын
iске асыруға және жарнамалық ақпараттың таралуына құқық беретiн құжаттар.

                            Ресми іс-қағаз стилі
      Ресми іс-қағаз стилі – кітаби стильдің бірі, ресми қарым-қатынастарда,
іс-қағаздарда,  яғни  заңдарда,  құжаттрада,  актілерде,  келісім-шарттарда,
қаулыларда, ережелерде, қызмет қағаздарында және т.б. қолданылады.
      Бұл стильдің мақсаты – мәліметті жеткізу, нұсқау беру. Ресми  іс-қағаз
стилі дәлдікпен, бірмәнділікпен, мәтін құрылысының  стандарттандырылғанымен,
мәтіннің міндетті түрде жазылатындығымен еркшелінеді.
      Іс-қағаздар стиліне әр түрлі мекемелерде  жүргізілетін  жазу  үлгілері
жатады. Іс қағаздары белгілі бір форма бойынша жазылады. Ол  форманың  түрлі
үлгілері болады. Іс қағаздарының  үлгілеріне  өтініш,  сенімхат,  мінездеме,
қолхат, хабарландыру, есеп, келіссөз, өтініш,  бұйрық,  жарлық,  шағым  т.б.
жатады.
      Ресми ісқағаздар стиліне ісқағаздары, заң  құжаттарының  тілі  жатады.
Олардың  атқаратын  міндеті  іс-тәжірибеде  маңызды  мәліметтерді  хабарлау,
нақты жөн көрсету.
      Ісқағаздар  стиліне  әртүрлі  мекемелерде,  кәсіпорындарда,  ұйымдарда
жүргізілетін жазу  үлгілері  жатады.  Ол  форманың  түрлі  үлгілері  болады.
Ісқағаздарының әрқайсысының бұрыннан белгілі  бірыңғай  сөздері  мен  сөйлем
үлгілері болады. Ісқағаздары сол үлгі бойынша жазылады.
      Ресми  стильдің  көлемі,   мазмұны   және   жазылу   формасы   жағынан
ісқағаздарынан біраз ерекшелігі бар. Ресми ісқағаздары белгілі  бір  қалыпқа
(штампқа) түсіп отырады, онда сөз қолданысы  ерекше  болады.  Ресми  стильде
көбіне  заң,  жарғы,  үкімет  органдарының  қаулылары,   халықаралық   шарт,
келісім, дипломатиялық нота, үкімет хабарлары жазылады.

                      Өтініш


      Өтініш – құжаттың ең көп тараған түрі.  Жеке  тұлғалардың  басшыларға,
мемлекеттік  органдарға  қандай  да  бір  өтінішінен  тұрады.   Ісқағаздарын
жүргізудің негізгі ережелерін сақтай отырып, еркін түрде  жасалады.  Мынадай
жағдайларда өтініш жазылады:
       - академиялық демалыс сұрау;
       - шетелге оқуға кетуге байланысты уақытынан бұрын сессия тапсыру;
       - жұмысқа қабылдау;
       - басқа жұмысқа ауыстыру;
       - кезектен тыс демалыс сұрау;
       - материалдық көмек сұрау;
       - пәтер бөлу;
       - жалақыны көтеру туралы өтініш айту және т.б.



      Үлгі
                                       «Тұран» университетінің ректоры,
                                       э.ғ.д., профессор А.Р.Алшановқа
                                       Экономика факультетінің
                                        «Ақпараттық жүйе» мамандығының
                                        2-курс студенті Мырзатаев Эльдардан


                                                      Өтініш


      Денсаулығыма  байланысты  жазғы  емтихан  сессиясын  уақытынан   бұрын
тапсыруға рұқсат беруіңізді өтінемін.  Денсаулығым  туралы  анықтаманы  қоса
ұсынып отырмын.






      15-наурыз, 2011 ж.








                                 Түсініктеме


      Түсіндірме – қандай да бір  оқиғаның,  жеке  адамдардың  әрекеттерінің
себептерін түсіндіретін құжат.


      Үлгі                              «Тұран» университетінің ректоры,
                                             э.ғ.д., профессор А.Р.Алшановқа
                                       Экономика факультетінің
                                       «Ақпараттық жүйе» мамандығының
                                        2-курс студенті Мырзатаев Эльдардан


                                 Түсініктеме
      Менің 2011 жылдың 15-18 қазан аралығында сабаққа келмеу себебім,  2011
жылы 14-20 қазан аралығында Астана қаласында өткен  «Орта  Азия  аймағындағы
интеграция үрдісі» атты конференцияға қатыстым.
      Конференцияға қатысқаным туралы анықтаманы қоса ұсынып отырмын.


      21.10.12                                                қолы


                                  Өмірбаян


      Мен,  Қуанышбекова  Айжан  Нұржанқызы,  1994  жылы  мамыр   айының   6
жұлдызында  Шығыс  Қазақстан  облысы,  Тарбағатай  ауданы,  Ақсуат  ауылында
дүниеге келдім. Ұлтым – қазақ.
      Әкем – Оралбаев Нұржан Қуанышбекұлы, 1963 жылы Семей қаласында дүниеге
келген, мектепте тәрбие ісінің меңгерушісі.
      Анам –  Әлімжанова  Жанна  Тұрартайқызы,  1962  жылы  Семей  қаласында
дүниеге келген. Ол информатика пәнінің мұғалімі.
      Өзім, 2000 жылы А.Байтұрсынұлы атындағы орта  мектептің  алғаш  есігін
аштым.   Аудандық   информатика,   математика,    физика    пәнінен    өткен
олимпиадалардың   жеңімпаздарымын.   Облыстық    корреспонденттік    «Дарын»
олимпиадасына  математика  пәнінен  қатысып,  жүлделі  орынға   ие   болдым.
Аудандық «Болашақ»  жастар  ұйымын  басқардым.  Мектепті  2011  жылы  «Алтын
белгіге» бітірдім. Қазіргі таңда осы оқу орнында білімімді шыңдаудамын.
      Қосымша  мәліметтер:  қазақ,  орыс,  ағылшын,  түрік  (сөздік  қолдану
арқылы) корей (сөздік қолдану) арқылы тілдерін білемін.
      ЭЕМ  бағдарламаларын арнайы курстан өту арқылы меңгердім.
      Мекенжайым: Алматы қаласы, Айнабұлақ-2 ықшам ауданы, 66 үй, 26-пәтер.


      2-тапсырма. Жоғарыдағы үлгі  бойынша  өтініш,  түсініктеме,  өмірбаян,
жазыңыз.


                                  Мінездеме
      Ізгілік  Байдрахманұлы  Нағиев,  1975  жылы  Ақтөбе   облысы,   Шалқар
 ауданында туылған. Мамандығы: бағдарламашы, Интернет маманы.
 2002 жылдан бастап бағдарламашы мамандығын игеріп, Интернет жүйесінде сайт
 жасау, техникалық қолдау қызметтерімен айналыса бастады. Алғашқы  ашылған 
 (http://tor.kz,http://nur.kz, http://al-islam.kz)  т.б қазақша  сайттардың
 авторы және үйлестірушісі. 2008 жылдан бастап «Қазақ  Интернеті»  қоғамдық
 бірлестігінің техникалық директоры болып қызмет атқарады.

      Бүкіләлемдік  байланыс  құралы  Интернет  арқылы  Қазақстан  мемлекеті
 туралы кеңінен информациялық мағлұмат беру, қазақ тілінде сайттар дайындау
 және Интернетте орналастыру, техникалық қызмет  көрсету.  олардың  жұмысын
 жолға қою және даму  проблемаларын  зерттеу  арқылы  қазақтілді  Интернет-
 кеңістігін қалыптастыру, халқымыздың рухани, мәдени, әдеби һәм  өркениетті
 дамуына үлес қосу,  заман  талабына  ілесе  отырып,  бүкіләлемдік  желінің
 көмегімен жас жеткіншектерден бастап еліміздің әр азаматына  ұлттық  мүдде
 тұрғысынан қызмет  ету,  CD  дискілер  және  танымдық  программалар  жасау
 қызметтерімен тұрақты түрде айналысады.
      2009  жылдан  бастап  «Қаламгер   ТЕН»   ЖШС   мекемесінің   директоры
қызметінде. «Егемен Қазақстан»  газеті,  «Ана  тілі»  газеті,  «Нұр  Астана»
газеті, «Жас қазақ үні» газеті, «Дала  мен  қала»  газеті,  «Үшқиян»  газеті
және  т.б  сияқты  қазақтілді  белгілі  басылымдардың  Интернеттегі  тұрақты
жұмысын қамтамасыз етіп, ақпараттық, мәдени, ғылыми жобалармен айналысуда.


Тапсырма:
   1. Өтініш  үлгілерін жазып, бір-біріңізді тексеріңіз.
   2.  Сіз  жұмысқа  оналаспақсыз,  түйіндеме   жазып,   соны   бастығыңызғы
      көрсетіңіз.
   3. Ресми-іскери стильде қолданылатын қалыптасқан сөздерді жазыңыз.
   4. Ресми-іс қағаздар стилі етістіктің қай шағында жазылады,  Қай  есімдік
      жиі қолданылады.


 Жоғары кәсіби білім берудің заңдастырылу негіздері (мамандық бойынша мәтін)
 ҚР үздіксіз білім беру  процесі  халқымыздың  салт-дәстүріне,  мәдениетіне,
 экономикасына  және   саяси   өміріне   негізделіп   іске   асырылады.   ҚР
 тәуелсіздігіне орай білім беру  мәселелері  жаңаша  бағытта  дамуға  көшті.
 Осыған сәйкес ҚР білім беру туралы заңы  қабылданып,  онда  білім  берудегі
 мақсат пен жаңа міндеттер айқындалып көрсетілді.
   Заң білім беру саласындағы  мемлекеттік  саясаттың  төмендегідей  негізгі
   қағидаларын орнатты:
   1. ҚР азататтары білім алуға тең құқылы
   2. Әрбір азамат үшін интеллектуалдық дамуы  мен  психофизиологиялық  және
      жеке бастарының қажеттілігіне сәйкес, білімнің  барлық  саласының  қол
      жетерлік болуы.
   3. Білімнің зайырлылығы.
   4. Жеке тұлғаның білімінің және дарынының дамуына жағдай жасау.
   5. Оқыту мен тәрбиелеудің бірлігі, білім алу жүйесінің үздіксіздігі.
   6. Білім беру ұйымдарының меншік  түріне,  оқыту  мен  тәрбиелеу  түріне,
      бағыттарына байланысты әр түрлі болуы.
   7.  Білім беру ұйымдарының өкілеттілігі және оны басқарудың демократиялық
      бағытта болуы.
   8. Білім беру ізгілікті, әрі дамыту бағытын ұстануы керек.
   9. Білімнің ғылыммен, өндіріспен байланысы.
  10. Оқушыларды кәсіптік бағытқа бейімдеу.
      ҚР  білм  беру  жүйесі  Заң  бойынша  білім  беру  ұйымдарының   оқыту
      бағдарламалары мен әр деңгейдегі мемлекеттік білім беру  стандарттары,
      басқару органдары мен  оларға  бағынышты  ұйымдардың  өзара  байланысы
      негізінде құрылды. Білім беру жүйесінің негізгі міндеті ретінде  білім
      алу жеке тұлғаның дамуы мен кәсіби қалыптасуы  ұлттық  және  азаматтық
      құндылықтар, ғылым мен техниканың жетістіктері  негізінде  қарастыруға
      қажетті жағдай жасау көзделеді.
             Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі білім беретін оқу
      бағдарламаларының үздіксіздігі  мен  сабақтастығы  принципі  негізінде
      мынандай білім беру деңгейлерін қамтиды:
   1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту;
   2. Бастауыш білім беру;
   3. Негізгі орта білім беру;
   4. Орта білім беру (жалпы орта білім беру, техникалық және кәсіптік білім
      беру);
   5. Орта білімнен кейінгі білім беру;
   6. Жоғары білім беру (бакалавриат, университет, академия,  институт  және
      оларға  теңестірілгендер   (консерватория,   жоғары   мектеп,   жоғары
      училище));
   7. Жоғары оқу  орнынан  кейін  білім  беру  (магистратура,   аспирантура,
      докторантура).
      Оқу орындарындағы ең  маңызды  нормативті  құжаттардың  бірі  –  білім
      берудің мемлекеттік стандарттары болып  табылады.  Солардың  негізінде
      жалпы және кәсіптік білім беру  бағдарламалары  жасалады.  Стандарттар
      білім беру мекемелерінің барлық түріне міндетті болып  саналатын  және
      білім беру ісінің әрбір  деңгейінің  мазмұнына  қойылатын  талаптарды,
      оқушылар мен тәрбиеленушілердің оқыту  жүктемелерінің  көлемін,  білім
      сапасын тексеретін мемлекеттік  бақылау  орындарының  ережелерін,  оқу
      бағдарламаларының орындалғанын дәлелдейтін құжаттарды анықтайды.


2. «Білім беру  -  жеке тұлға мен қоғам мүддесі  бойынша  жүзеге  асырылатын
   педагогикалық    ұйымдасқан    әлеуметтену     процесі»     (Б.М.Бим-Бад,
   А.В.Петровский).
    « Білім беру  -   қоғамда арнайы ұйымдастырылған адамның дамуына қажетті
   жағдай жасау жүйесі»(В.С.Безрукова).
     «Білім беру  -  білімнің, іскерліктің,  дағдының,  ойлау   тәсілдерінің
   оқыту процесіндегі жетістігі жүйесі» (И.П.Подласый).
   «Білім беру  -  адамзаттың  әлеуметтік  маңызды   тәжірибесін  меңгерумен
   байланысты білім, іскерлік, шығармашылық  әрекеттерде  жүзеге  асырылатын
   жеке тұлғаның дамуы мен өзін-өзі дамыту процесі»  (Үлкен  энциклопедиялық
   сөздік).




№9, 10,  11, 12,  сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары:

1-тапсырам. Өз  мамандығыңызға  қатысты  жазылған  ғылыми  мақаланы  талдап,
ғылыми стильдің ерекшеліктеріне тоқталыңыз.
2-тапсырма. Қысқаша ғылыми мақала дайындаңыз.
3-тапсырма. Төмендегі мәтіндерді стиль түрлеріне ажыратыңыз.
      1-мәтін
      ...Сағат түңгі екі болып қалды. Жұрт аяғы басылды. Алдымыздағы көшемен
ең соңғы трамвай өтіп барады. Вагондарда үш-төрт адамның басы көрінді.
      Күндізгі қаптап жүрген трамвай, троллейбус,  автобустар  қайда  қазір?
Олардың әрқайсысының арнаулы тұрағы – демалуға  жайғасатын  орны  бар.  Олар
сонда жиналады.  Мұнда түні бойы ұйықтамай, қызмет ететін адамдар бар.  Олар
әлі  машиналарды  таңертеңгі  сапарға  әзірлейді.  Күндіз  бүлінген  жерлері
болса,  жөндейді.  Іші-сыртын  сүртіп,  еденің  жуып   тазалайды.   Таңертең
троллейбус, трамвай, автобустар  тап-таза болып, жарқырап шығады.
       2-мәтін
    «Ақпараттық технология» деген терминді  В.  Тлушков  енгізді.  Ол  оған
мынандай  анықтама  берді:  «Ақпараттық  технология  дегеніміз  —  ақпаратты
өңдеумен байланысты үрдістер». Сонда оқытуда ақпараттық технологиялар  үнемі
қолданылған деуге болады, себебі  оқыту  дегеніміз  —  ақпаратты  оқытушыдан
тәлімгерге  немесе   оқушыға   жеткізу.   В.Апатова,   В.Глушковтың   берген
анықтамасын жоққа шығармай,  оны  нақтылай  түседі:  «Ақпаратгық  технология
дегеніміз —  ақпаратты  өндеу  үрдісі  арқылы  жүзеге  асатын  құралдар  мен
әдістер жиынтығы».

    3-мәтін
    Қуанышбек пен Забира үш баласын жақсы шаңырақта тірбиелігісі келеді. Ол
үшін жақсы дәстүрлерді бұзбай ұстауға тырысады. Отбасында туған күн  әрдайым
тойлану керек. Үйге қонақ шақырып, қазақ  дастарқанын  даярлауды  балаларына
үйретеді.  Өздері  де  сыйластық  сақтауды  дәстүр  қылған.  Бұл   отбасында
жексенбі сайын қонақ шақыру, оларды күту  дістүрі  қалыптасқан.  Сенбі  күні
кешке  әке-шешесімен,  балаларымен  отбасылық  сұхбат  құрып,  кітап  оқиды.
Теледидар, радио арқылы жаңалықтарымен танысады.  Алыс-жақындағы  туыстармен
хабарласады. Қуанышбек өзі де, балалары да компьютерді меңгерген. Ғылым  мен
техника жаңалықтарын отбасында үнемі айтып отыру,  мүмкін  болса  қолдану  –
отбасы  өмірін  сәнді  ете  түседі.  Жақсы  дәстүр  –  отбасының   шаңыраққа
айналуына тірек болады.


    4-мәтін
       - Ішуге бір нәрсе алдырайық.
       - Мен көк шай ішемін.
       - Мен балмұздақ жегім келеді.
       - Коктейль ішейік
       - Екі бутерброд әкеліңізші.
       - Сіздерде десертке не бар ?
       - Екі кісіге джем салынған құймақ әкеліңізші.
       - Интернет-кафеде кездесеміз.
       - Сенің жеке e-mailiң бар ма?
       - Интернет істеп тұр ма?
       - Мен бос уақытымды сонда өткіземін.
       - Сен олардың сайтын көрдің бе ?
       - Интернетпен зат сатып алуға да болады ?
       - Ғаламтор арқылы адамдар танысады.
       - Басқа елдердегі достарыммен хат жазысамын.
       - Мен скайп арқылы ағаммен сөйлесемін.
       - Қызықты ақпараттарды интернет арқылы тауып алуға болады.


4-тапсырма. Стиль түрлеріне газет-жорналдардан, ғылыми  еңбектерден,  көркем
әдебиеттен мысалдар келтіріңіз.



                          *         *        *
                  Бай ма әлде кедей ме?
      Бірде ауқатты отбасының иесі өзінің кішкентай ұлын адамдардың
қаншалықты кедей тұратынын көрсету үшін ауылға апармақ болып ниеттенді.
Олар ауылдағы сіңірі шыққан бір тақыр кедейдің үйінде бір күн, бір түн
болады. Үйіне қайтып оралған кезде, әкесі баласынан:
      - Саяхат саған ұнады ма? – деп сұрайды ғой.
      - Әке, бұл бір керемет саяхат балды!
      - Сен адамдардың қаншалықты кедей тұратынын көзіңмен көрдің ғой?
      - Иә.
      - Осыдан не түйдің?
      - Сонда ұлы:
      - Біздің үйде бір ит бар, ал оларда төртеу екен. Біздің бақшаның
ортасында бассейн бар, ал оларда шеті көрінетін арық бар. Біз бақшамызды
шаммен жарықтандырамыз, ал оларға көктен жұлдыздар жымыңдайды. Біздің үйдің
артқы ауласында патио, ал оларда кең көкжиек бар, - депті.
      - Баласының жауабынан кейін әкесінің үні өшті.
      - Бұл адамдардың қаншалықты бай екенін көрсеткеніңе рақмет, әке.
Өмірде бәрі өзіңді қоршаған әлемге қандай көзқараспен қарауыңа байланысты
екен. Достарың мен отбасыңның ортасында сүйіспеншілікке бөленіп,
денсаулығың болып, көңіл күйің көтеріңкі, өмірге деген көзқарасыңыз оң
болса, барлығына да қол жеткізуге болады! – дегенді де ұлы қосып қойды.
      Бірақ жоғарыда аты аталғандарды  сатып  алу  мүмкін  емес.  Жалпы  кез
келген материалдық құндылыққа  қол  жеткізуге,  тіпті  оларды  болашаққа  да
артығымен дайындауға болады.
      Бірақ жан дүниеңіз рухани байлықтан ада болса, онда сізде ештеңе де
болмағаны.


      Практикалық сабақ №13
      Сөзжасам. Сөзжасамның тәсілдері.
      Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №13


      Сабақ мақсаты:
    Берілген гармматикалық  және  лексикалық  тақырыптардың  мазмұнын  ашып
мейлінше академиялық білімдерін арттыру:
        1. лексикалық мәтінге сипаттама беру;
        2. грамматикадан өткенді қайталау, тапсырмаларды орындау;
        3. сөзжасам тәсілдерін анықтау, берілген тапсырмаларды орындау.




Әдістемелік нұсқау
     Хейверхерст бойынша кәсіби жол кезеңдері (мамандық бойынша мәтін):
    Адамдарға толыққанды қызмет етуге мүмкіндік беретін  әрекетті  құру  мен
   еңбек дағдысын игеру  кәсіби жол кезеңдерін  анықтау  критерийлері  болып
   табылады.
1. Жұмысшылармен (қызметкерлермен) теңестіру  (5  жастан  10  жасқа  дейін).
   Балалар  өздерінің  жұмыс  істейтін  әке-шешелерімен  теңестіріледі  және
   болашақта жұмыс істеуге деген ниет  «Мен»  -концепциясының  бір  бөлігіне
   айналады.
2. Негізгі еңбек дағдысын  игеру  мен  еңбек  сүйгіштікті  қалыптастыру  (10
   жастан 15 жасқа дейін). Оқушылар әр түрлі міндеттерді шешуде өз уақыттары
   мен күш қуатын  дұрыс  ұйымдастыруды  үйренеді.  Мысалы  үй   тапсырмасын
   орындау немесе үйдегі жұмыс. Олар: алдымен – жұмыс.  Одан  кейін  –  ойын
   принципі бойынша жүре бестайды.
3. Нақты кәсіби бірегейлікке (идентичность) ие  болу  (15  жастан  25  жасқа
   дейін). Адам мамандық таңдап сол мамандыққа  өзін  даярлай  бастайды.  Ол
   таңдау мен карьераны  бастауға  көмектесетін  белгілі  еңбек  тәжірибесін
   жинақтайды.
4. Кәсіби маманның қалыптасуы (25 жастан 45 жасқа дейін).  Ересектер  өзінің
   кәсіби қабілеттілігі  мен  мүмкіндік  шеңберіндегі  шеберлікті  жетілдіре
   отырып қызмет баспалдағында жоғары өрлей бастайды.
5.  Қоғам  игілігі  үшін  жұмыс  (40  жастан  70  жасқа   дейін).   Жұмысшы-
   қызметкерлер  өз  кәсіби  карьерасының   шыңына   жетеді.   Олар   өзінің
   азаматтылығы  мен әлеуметтік жауапкершілігі  туралы ойлана бастайды  және
   күштерін қоғам алдындағы міндеттерін орындауға жұмсайды.
6. Кәсіби әрекеттің жемісті (нәтижелі)  кезеңі  туралы  толғану  (70  жастан
   кейін).  Зейнеткерлікке шыққаннан кейін адамдар кәсіби жүріп өткен  жолын
   ой-елегінен өткізіп,   ондағы  жеткен  жетістіктерін  қанағаттана  отырып
   есіне алады.
 • Кәсіптенген маман дамуының негізгі фазалары (Е.А.Климов бойынша)
 ✓ Оптант (оптант, оптация фазасы). Адам мамандық таңдауға қам  жеген  кейіп
   танытады. Бұл фазаның  нақты уақыттық шекарасы басқа фазалар сияқты  жоқ,
   өйткені олар тіршілік жағдайы мен мәдениеттің дамуымен  байланыстырылады.
 ✓ Адепт (немесе адепт фазасы) – мамандықты меңгеру үстіндегі адам.
 ✓ Адаптант (немесе адаптация  фазасы,  жас  маманның  жұмысқа  бейімделуі).
   Жас маман өзі келіп түскен ұжымның нормаларына бейімделеді,  шығармашылық
   міндеттерді шешіп үйренеді.
 ✓ Интернал (немесе  интернал  фаза)  -  өз  ісін  тұрақты,  жақсы  көретін,
   негізгі кәсіби функцияларды өзбетті орындай алатын тәжірибелі маман.
 ✓ Шебер – жұмысшы қарапайым және ең  күрделі  міндеттерді  шеше  алады.  Ол
   өзінің  белгілі бір сапаларымен,  іскерлігімен,  кәсіби  аймақта  кең  де
   терең білімімен  ерекшеленеді.  Оған  қайталанбайтын,  ерекше   іс-әрекет
   стилі  тән, оның жұмыс нәтижелері үнемі   ерекше  және  өзін  алмастыруға
   келмейтіндердің  қатарына   қосуына   негізі   бар.   Өз   біліктілігінде
   (дәрежесінде) формальды көрсеткіштерге  ие  (разряд,  категория,  дәреже,
   атақ).
 ✓ Авторитет - өз ісінің шебері, көпке танымал (белгілі  салада,  салааралық
   деңгейде, мемлекетте). Кәсіби міндетін мол тәжірибесі, іскерлігі, жұмысын
   ұйымдастыру шеберлігі арқасында шешеді.
 ✓  Үйретуші  –  беделді,  өз  ісінің  шебері,   шәкірттерін,   ізбасарларын
   үйретуге әзір.



                           Грамматикалық тақырып.
                                  СӨЗЖАСАМ
                             (Словообразование)
             Сөзжасам  –  тіл  білімінің  жеке  саласы.  Сөзжасам   –   атау
(номинация) жасау қызметін жүзеге асырады.
            Қазақ тілінің қазіргі кезде әбден  қалыптасқан  сөзжасам  жүйесі
бар, ол  –  әрине  ұзақ  уақыттағы  дамудың  нәтижесі.  Тіліміздің  сөзжасам
жүйесінің негізі көне түркі тілінен басталып,  содан  бері  дамып,  толығып,
күрделеніп, сұрыпталып, қазіргі жүйелі дәрежеге жеткен.
            Қазақ тілінің сөзжасам жүйесінде  көне  замандардан  бері  қарай
қолданылып әбден орныққан, қалыптасқан сөзжасамның негізгі үш тәсілі бар:
       - синтетикалық тәсіл;
       - аналитикалық тәсіл;
       - лексика-семантикалық тәсіл.


                            Сөзжасамның тәсілдері


    1.  Түркі  тілдері,  соның  ішінде   қазақ   тілі    қосымшалы   тілдер
       болғандықтан, синтетикалық тәсіл біздің тілімізде туынды сөз жасауда
       үлкен қызмет атқарады. Синтетикалық тәсіл арқылы туынды сөз жасаудың
       тілде қалыптасқан өзіндік жолы бар.  Бұл  тәсіл  арқылы  туынды  сөз
       жасау үшін, оған екітілдік бірліктің қатысуы керек:
      - лексикалық мағыналы сөз;
      - сөзжасамдық жұрнақ.
      Лексикалық бірлік  туынды сөздің мағынасына арқау болады, сондықтан да
туынды сөз жасауға лексикалық мағыналы сөздер қатысады.
      Синтетикалық сөзжасамда  жұрнақ  негізгі  мүше  болып  саналады.  Яғни
туынды түбір негіз сөзден сөзжасамдық жұрнақ арқылы жасалады.   Синтетикалық
тәсіл арқылы жасалған туынды сөздер туынды түбір деп аталады.
      Мысалы, өнім,
    2. Аналитикалық тәсілде екі сөз бір-бірімен тіркесіп,  жаңа  лексикалық
       мағыналы сөз жасайды. Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған сөз күрделі
       сөз деп аталады. Бірақ күрделі  сөзде  олардың  әрқайсысының  өзінің
       жеке тұрғандығы  мәнін  сақтамай,  біртұтас  мәнге  көшеді.  Мысалы,
       өнеркәсіп, теміржол, қызыл ала т.б.
    3. Лексика-семантикалық тәсілде сөздің құрамы, тұлғасы ешбір  өзгеріске
       түспейді, өзгеріс тек сөздің мағынасында ғана болады. Сөз  дыбыстық,
       морфемдік құрамын сақтай отырып,  тілдегі  бұрынғы  қолданып  жүрген
       мағынасының үстіне жаңа мағынасында да  қолданыла  бастайды.  Сөздің
       тек мағынасында өзгеріс болғандықтан, бұл тәсіл лексика-семантикалық
       тәсіл деп аталады. Мысалы,
    1) Ақ -  адал мағынасын береді. Мысалы, Ақ  жүрген адам азбас.
    2) Ақ  –сүт,  айран,  қатық,  қымыз,  шұбат  сияқты  тағамдар.  Мысалы,
       Ұлжанның күз уақытында Зере мен балаларға әзірлеп отыратын  ағы  осы
       болатын.
    3) Ақ –ақиқат, шындық. Мысалы, Жұмыр басты пендеге – өлім ақ.



      1-тапсырма. Төмендегі жұрнақтармен зат есімдер жасаңыз.
                            -ғар,/-гер, -қар/-кер
      Іс, жауын, тәлім, зер, дәрі, заң, бал, қызмет, талап, саясат, мұра.


      2-тапсырма. Төмендегі жұрнақтармен зат есімдер жасаңыз.
                       -лық/-лік, -дық/-дік, -тық/-тік
      Бас, оқу, мемлекет, мәтін,  сызба,  дыбыс,  ақпарат,  сан,мультимедия,
тәжірибе, компьютер.


      3-тапсырма. Төмендегі сөздердің қандай тәсілмен жасалғанын анықтаңыз.
      Пернетақта, телекөпір, ғаламтор, пікірталас,  телекөрермен,  жолдорба,
баспасөз, бағдаржол, шартбелгі, дыбысбейнелеуіш, құлаққап.


      4-тапсырма. Сұхбатты рөлге бөліп  оқыңыз.
       - Қызықты ақпараттарды интернет арқылы тауып алуға болады.
       - Маған үйретші.
       - Міне, интернетке қосылдық. Сенің почтаң қай  порталда  болсын:  kz
         әлде comда ма ?
       - Мынау – сенің адресің, пароліңді ұмытпа.
       - Қазір біреуге  хат  жазып,  почтаның  қалай  істейтінін  тексеруге
         болады. Жақсы болды, бәрі істеп тұр!
       - Ал мен өз достарым мен сыныптастарымның адрестерін қалай білем?
       - Көріп тұрсың ба, сенің жәшігіңде «Менің әлемім» деген сілтеме бар.
         Кіресің де, тіркелесің. «Білімі» деген  бөлімді  толтырасың.  Міне
         сенің  мектебіңдегі оқығандардың бәрі.!
       - Кейбір суреттің астында қызыл плашка жанып-сөніп тұр. Бұл не?
       - Олар қазір сайтта, біз олармен хабарласа аламыз.
       - Әрине, Сенің суретіңді де орналастырайық.
       -  Түсіндірші, суретті ұялы телефоннан  компьютерге  қалай  көшіруге
         болады?
       - Bluetooth не USB-сымын пайдаланыңыз.
       - Рахмет саған! Хатты жібердім, енді жауабын асыға күтіп отырмын.
       - Шын мәнінде, бұл өте оңай. Ертең келіп, почтаңды тексереміз.




      5-тапсырма. Берілген сөз бен сөз тіркестерінің дұрыс  жазылуына  назар
аударыңыз. Жатқа жазыңыз.
      Пернетақта, жад, интернет жүйесі, өрмекші тор, өңдеу, қолайлы  жағдай,
дүниежүзілік,  қолтетік,  қоржын,  жазғы,  компьютерлік   желі,   ақпараттық
технология жетістіктері, біртұтас  ақпараттық  кеңістік,  желілер  жиынтығы,
пайдаланушылардың саны, ақпараттар  сақталады,  электрондық  пошта,  хабарды
жедел жеткізеді, қызмет құны, гипермәтіндік сілтеме, бейнелік мәлімет.


      6-тапсырма. Төмендегі сөздердің сөзжасамның қандай жолымен жасалғанына
мән беріңіздер.
      Пернетақта, интернет  жүйесі,  өрмекші  тор,  дүниежүзілік,  қолтетік,
қоржын, компьютерлік  желі,  ақпараттық  технология,  біртұтас,  электрондық
пошта,  қызмет  құны,  гипермәтіндік  сілтеме,  бейнелік  мәлімет,   қоржын,
бағдаржол,  шартбелгі, алмалы табақша,  біріктіруші,  басылым,  ұяшық,  қуат
көзі.


                                         *         *          *
                                 Тәкәппарлық
      Вениямин Франклин деген даңқты білім иесі, Америка жұртының кісісі, он
сегіздегі жас күнінде, Медера деген қаланың бір қарт  адамына  қонақ  болып,
шығар уақытта қарт ішкі бір есіктен шығарып салуға  алып  келіпті.  Франклин
бұл кісіге келе жатып, алдында не барын аңғармай, есікке  жақындағанда  қарт
дауыстапты:
    - Еңкей, еңкей, - деп.
      Сүйдегенше болмай, есік аласа екен, маңдайшасына  Франклин  маңдайымен
тарс ете түсіпті. Сонда қарт күліп айтты дейді:
      - Бұл кішкентай реніш сізге екіншіде  ақыл  болар;  ұмытпағайсың,  сен
жассың, өмірің алдыңда, басыңды тым жоғары ұстамай, төмен  иіңкіреп  жүрсең,
мұнан да артық неше соққылардан құтыларсың.
      Бұл сөзді Франклин сексен жасқа келгенше ұмытпай, әрдайым айтушы еді:
      - Сол қарттың ақылы маған көп пайда болды және көзіммен көрдім,  басын
жоғары көтерген тәкәппарлардың нешеуінің әлек болғанын, - дейді.



    Практикалық сабақ №14
    Туынды сөздер.


    Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №14


    Сабақ мақсаты:
    Берілген гармматикалық  және  лексикалық  тақырыптардың  мазмұнын  ашып
мейлінше академиялық білімдерін арттыру.

    Әдістемелік нұсқау
    Еуропа мен Американың көптеген мемлекеттеріне тән психологиялық білім
           берудің негізгі тенденциялары (мамандық бойынша мәтін)
    Психологияны  оқытудың  мақсаттары,  ұзақтығы,  құрылымы   мен   мазмұны
негізінен ұлттық білім беру  жүйесімен,  тарихи  дәстүрлермен,  мемлекеттегі
психологияның  нақты  ғылым  ретіндегі   даму   деңгейі   және   статусымен,
экономикалық және саяси факторлармен анықталады.
    Еуропа мен Американың көптеген мемлекеттеріне  тән  психологиялық  білім
берудің негізгі тенденцияларын қарастыра кетейік.
    1.Психологиялық  білімге  деген  студенттердің  қызығушылығы   Солтүстік
Америкада,  Еуропаның  көптеген  елдерінде  және  Австралияда  артып   отыр.
Психология  студенттердің  жиі  таңдайтын  3-4  пәнінін   қатарына   кіреді.
Психологияны психология  саласында  машықтанатын  студенттермен  қатар  өзге
мамандық  өкілдері  де  оқиды.  Көптеген   мемлекеттерде   психология   орта
мектептерде оқылады және оқушылар оны қызығушылықпен таңдайды.
    2. Психология білімнің қажет екендігін студенттермен қоса білім  беретін
бағдарламалар жетекшілері де  түсініп  отыр.  Психология  оқу  пәні  ретінде
студенттер мен оқушылардың таңдауы бір жағынан білім беру  бағдарламаларының
жетекшілеріне, екінші жағынан студенттер, оқушылар өз таңдауына  байланысты.
Бірінші жағы білім беру мекемесінің  әкімшілігі  белгілі  бір  психологиялық
пәндерді және психологиямен байланысы жоқ пәндерді  оқуды  міндеттейді.  Оқу
бағдарламасын  таңдау  кезінде  студент  бағдарламада  көрсетілген  пәндерді
оқуға  міндетті.  Екінші  жағдайда  студент   таңдауына   бірқатар   курстар
ұсынылады. Осы  екі  факторлардың  шеңбері  әртүрлі  болып  келеді.  Мысалы,
Ресейде бірінші факторына доминант болып табылса, АҚШ-та керісінше.
    3.  Психологиялық  білім  берудің  ұзақтығы.  Психологияны  оқу   әдетте
«психологияға  кіріспе»  (немесе  «жалпы  психология»)  курсынан  басталады.
Содан кейін студенттер  өзінің  мамандығы  мен  қызығушылықтарының  аймағына
қарай пәндерді таңдайды.  ЖОО  бітірген  соң  психология  мамандығы  бойынша
жұмыс істеймін деген студенттер психологияны 4-6 жыл  оқиды.  Кейбір  Еуропа
мемлекеттерінде мұндай кәсіби психологиялық білім беру ұзақтығы – 5 жыл,  ал
басқаларда 6 жылды құрайды. Осы  уақыт  үзіліссіз  5  жылға  созылуы  мүмкін
немесе жоғары білімнің екі деңгейіне бөлінуі мүмкін.  Мысалы,  Норвегияда  1
жылғы кіріспе курсынан кейін студент 5 жылдық кәсіби психологтарды  дайындау
бағдараламасынан өтуі  тиіс.  Англияда  психологиялық  білім  беру  3  жылға
созылады. АҚШ-та психологиялық  білім  беруі  4  жылды  құрайды,  ал  кәсіби
психологиялық білім алу үшін тағы 2 жыл оқу қажет.
    4. Психологиялық білім берудің құрылымы мен мақсаттары. Құрылымы жағынан
психологиялық білім беру үздіксіз және үзілісті болып табылады,  ал  мақсаты
жағынан  психологиялық  білім  алуға  немесе   психолог   мамандығын   алуға
бағытталған болып бөлінеді.
    Үздіксіз жалпы білім беру кезінде студенттер алдымен жалпы психологиялық
білім алады және тек соңғы курстарда маманданады.  Мұндай  жүйе  Португалия,
Финляндия, Норвегия, Нидерланд, Австрия,  Испания,  Венгрия,  Италия,  Ресей
және Данияда қолданылады.
    Үздіксіз маманданған білім беруде студенттер басынан бастап белгілі  бір
сала бойынша маманданады (клиникалық  психология,  педагогикалық  психология
т.б.). Мұндай психологиялық білім беру жүйесі Финляндия,  Швеция,  Бельгияда
қолданылады. Үзілісті психологиялық білім берудің 2 түрі  бар.  Англия  үшін
«үш қосу үш» моделі тән. Онда студенттер үш  жыл  бойы  жалпы  психологиялық
білім алады. Оны аяқтаған соң тағы 3 жыл психологиялық білім  алуына  немесе
өз  мамандығы  бойынша  тіпті  өзге  университетте  де  білім  жалғастыруына
болады. Осы түрі Ирландия, Франция, Греция,  Португалияда  кеңінен  қолданыс
тауып отыр. Екінші түрінде 4 жылдық негізгі психологиялық  білім  және  одан
кейін 2 жыл мамандануына болады.  Бұл  білім  жүйесі  АҚШ  және  американдық
білім беру жүйесіне бағдарланған елдерде қолданылады.
    5.Психологиялық білім берудің мазмұны. Кәсіби психологиялық білім  түрлі
пәндерді  оқуды  қамтиды.  Ол  тек  психологиялық  немесе  өзге   де   білім
ғылымдарды психологиямен байланысты ғылымдар ретінде  оқыту  жиі  кездеседі.
Ресей және АҚШ психологиясының оқу бағдарламасына жалпы білім  беру  пәндері
қосылған. Сонымен қатар көптеген еуропа елдерінде психолог-студенттер  жалпы
білім  беретін  циклды  оқымайды.  Психологияға  жататын  пәндердің  өзі   2
бөлінеді: фундаменталды психологиялық  пәндерге  психономика  (қабылдау  мен
танымды зерттейді),  биологиялық  психология,  әлеуметтік  психология,  даму
психологиясы,  индивидуалды  ерекшеліктер  психологиясы,  теория,  әдіснама,
статистика   жатады.   Қолданбалы   психологиялық    пәндерге:    клиникалық
психология,  еңбек  және  ұйымдық  психология,  педагогикалық  және   мектеп
психологиясы.
    6.Уақыт өте келе кәсіби психологиялық білім берудің  екі  жағы  бөлінуде
ғылыми  бағытталған  және   тәжірбиелік   бағыттағы.   Бірақ   екеуінде   де
факультеттер жоғары деңгейдегі ғылымилықты сақтауға талпынады.  Дегенмен  60
жылдары АҚШ-та, он жылдан  соң  Еуропада  қоғамда  психолог-практикке  деген
сұрасындардың  жоғарлауы  салдарынан  кәсіби  психология  мектептерде  ашыла
бастады. Аталған мектептер практикалық психологиялық іс-әрекетке  дайындады.
Ғылыми  зерттеулер  немесе  практикалық  психология  саласындағы   мамандану
негізгі психологиялық  білімнен  кейін  магистрлік,  докторлық  және  кәсіби
бағдарлама аясында өтеді. ЖОО кейінгі психологиялық білімнің екі  түрі  бар.
Магистрлік бағдарлар көбіне екі жылға арналған және ол  ғылыми  бағдарланған
болып  есептелінеді.   Кәсіби   психологиялық   мектептері   бағдараламалары
психологтарды клиникалық, мектеп және кеңес беру  салаларындағы  практикалық
іс-әрекетті  дайындаумен  айналысады.  Ғылыми   бағдарланған   ЖОО   кейінгі
психологиялық  білім  беру  аспирантура  немесе   докторлық   бағдарламалар.
Аспирантуралық немесе докторлық бағдарламалар бойынша  оқу  маманның  ғылыми
біліктілігін көтеру  дәрежесі  бітірушінің  ғылыми  жетілділігін  білдіреді.
Сонымен   қатар   бірқатар   мемлекеттерде   практик   психологтың    кәсіби
біліктілігін көтеру бағдарламалары  бар  (Германияда  3  жыл,  Норвегияда  5
жыл).
    7.   Психологияны   осы   салада   машықтанатын   студенттермен    қоса,
әлеуметтанушылар, педагогтар, дәрігерлер, әлеуметтік  жұмысшылар,  заңгерлер
де  оқиды.  Еуропа,  Американың  көптеген  университеттерінде   студенттерге
таңдау еркіндігі бола тұрып, олар  психологияны  таңдайды.  Оған  себеп  осы
ғылым саласына деген қызығушылық. Студенттер  жиі  жалпы  психологияны  және
өзінің кәсіби іс-әрекетінде қажетті  болып  табылатын  қолданбалы  салаларын
оқиды. Ал Ресейде психологияның  оқытылуын  ЖОО  әкімшілігі  шешеді,  себебі
онда мемлекеттік білім беру стандарты бойынша оқу бағдарламасы құрылады.
    8.  Психологияны  оқыту  жоғарғы  білім  шеңберінен   шығуда.   Көптеген
мемлекеттерде психологияның оқу  пәні  ретінде  ертеден  оқытылып  жүргеніне
қарамастан, соңғы  он  жылдықта  психология  мектеп,  гимназия,  лицейлердің
жоғарғы сыныбында оқытылып жүр.
    9. Білім беретін психологиялық бағдарламаның сапасын  қамтамасыз  ететін
механизмдерді құрастыру. Психологиялық білім стандарттары  қажет  пе?  Қажет
болса, онда ол қандай  деңгейде  студенттерге  ұсынылатын  бағдараламалардың
мазмұнын анықтауы қажет. Бір жағынан  білім  беру  стандарты  оның  сапасына
кепілдік беруі тиіс, екінші жағынан ол оқытушының көзқарас  еркіндігін  және
шығармашылық іс-әрекетін шектейді. Дүние  жүзілік  тәжірбиеде  психологияның
оқу сапасын қамтамасыз етудің бірнеше  түрі  бар.  АҚШ-та  ЖОО  психологияны
оқытудың  стандарты  мүлдем  жоқ.  Қандай  пән  оқытылуы  керек  және   оның
мазмұнына қатысты сұрақты әрбір университет өзі шешеді. Ұлыбританияда  соңғы
жылдары стандартизация туралы жұмыстар жүргізілді. Комиссия жетекшілігі  бұл
жұмыс пайдалы болды және жағымды рөл ойнағандығын айтты. Сонымен  қатар  бұл
іс-шаралардың  бірқатар   кемшілігі   көрсетілді.   Көптеген   мемлекеттерде
психологиялық білімнің мазмұны нақты стандартсыз  табиғи  түрде  анықталады.
Білім берудің мазмұнын таңдаудың оптималды қосылысы: 1) міндетті, 2)  кәсіби
қызығушылықтары бойынша арнайы курстар, 3) интегративті курстар.
    10. Ұлттық білім беру жүйесін интеграциялау тенденциясы.  Соңғы  жылдары
ұлттық білім беру жүйесін  интеграциялау  тенденциясы  байқалатындығын  айта
кеткен  жөн.  Еуропада  бұл  процестер  ерекше  анық.  Әрине  бұл  келешекте
психологиялық білімнің дамуына де әсерін тигізеді.
    Жиырма тоғыз мемлекет Болонь декларациясын қабылдаған соң Еуропа  ұлттық
білім беру жүйесінің терең және жалпы  қайта  құру  дәуіріне  өтті.  Аталған
декларацияны 1999 жылы Ұлыбритания, Германия,  Италия,  Франция  мемлекеттік
үкметі  құраған  еді.   Болонь   процесі   2010   жылға   дейін   есептелген
интеграцияланған реформаларды  жүзеге  асыруға  бағытталған.  Осы  реформаға
сәйкес келесілер көзделеді:
        1. Ұлттық білім беру жүйесінің екі деңгейлі бағдарлама және  жоғары
           оқу  біліктілігіне  көшуі.   Осылайша   білім   беру   әлдеқайда
           құрылымды,  дифференциалды  және  еңбек  нарығының  нақты  қажет
           бағыты.
        2.  Университеттік  емес  жоғары  білім  беру  секторының  статусын
           жоғарлату. Арнайы орта  білім  және  университеттік  білім  беру
           арасындағы байланыс бекиді.
        3. Нормативті оқу уақытын қысқарту тенденциясы  оған  көп  деңгейлі
           жоғары білім жүйесін ендіру арқылы қол жеткізіледі.
        4. Докторлық бағдарламаның құрылымы  мен  ұйымдастырылуын  өзгерту.
           Ғылыми дәреженің екі деңгейлі құрылымын сақтап қалу көзделеді.
        5. Білім  беру  сапасын  қамтамасыз  етудің  жаңа,  орталықтанбаған
           механизмдерін енгізу. Оның негізінде: өзіндік баға; сыртқы дүние
           жүзілік, сапа аудиті: тәуелсіз ұйымдардың аккредитациясы.
        6. Дистантты және үздіксіз білім  беруді  дамыту.  Мұндағы  негізгі
           міндет – адамның бүкіл өмір  барысында  білім  алуына  мүмкіндік
           беру.
        7. Жинақтаушы өткізетін кредит академиялық сағаттар орнына  келеді.
           Ол студент орындаған оқу тапсырмаларын ескерту арқылы жасалады.
    Жалпы  алғанда  еуропалық  жоғарғы  білім  стандарттары  еңбек  нарығына
бағытталады.


                           Грамматикалық тақырып.
                                ТУЫНДЫ СӨЗДЕР


      Есім сөзден зат есім тудыратын жұрнақтар:
     1. –шы, - ші: бағдарламашы, күзетші
     2. –шылық, -шілік: адамшылық, малшылдық
     3. –лас, -лес, -дас, -дес, -тас, -тес: замандас, бауырлас
     4. –лақ, -лек, -дық, -дік,  -тық, -тік: орындық, түндік
     5. –хана: асхана, дәріхана


      Етістіктен зат есім жасайтын жұрнақтар:
    1. -м, -ым, -ім: байлам, күзем, қысым, түсім.
    2. -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе: ұрма, көрме, сүзбе, кеспе.
    3. -қы, -кі, -ғы, -гі: шалғы, тепкі, бұрғы.
    4. -с, -ыс, -іс: талас, айтыс, жүріс.
    5. -қ, -к, -ық, -ік, -ақ, -ек: тарақ, күрек, қызық, түкірік.
    6. -ыш, -іш: қуаныш, таяныш, өкініш, сүйініш.
    7. -н, -ын, -ін: боран, жуын, түйін.
    8. -у: сабау, жамау, көсеу.
    9. -ынды, -інді: шайынды, үйінді.
      10.-ғыш, -гіш, -қыш, -кіш: сүзгіш, сыпырғыш, білгіш.
   10. -уыш, -уіш: өлшеуіш, түйреуіш, бастауыш.
   11. -ыр, -ір, -р, -ар, -ер: үңгір, шұңқыр.

              Туынды сын есім жасайтын жұрнақтар:
   1. –лы, -лі, -ды, -ді: таулы, күшті
   2. –дай, дей, -тай, -тей: қыздай, сүттей
   3. –лық, -лік, - дық, -дік, -тық, -тік: компьютерлік, инженерлік
   4. –сыз, -сіз: сусыз, бұлтсыз
   5. –қы, -кі, -ғы, -гі: жазғы, қысқы

      1-тапсырма. Төмендегі сөздерге тиісті -кіш,-гіш, -қыш, -уыш, -уіш,
 -шы жұрнақтарын қосып туынды зат есімдер жасаңыз.
      Желдет, бейнеле, тасымалда, өткіз, ұш, аударма, зертте, жүргіз,  сату,
бағдарлама, бейнебейімде, дыбыста.

    2-тапсырма.  Төмендегі  сөз  тіркестерінің  қандай   жұрнақтар   арқылы
жасалғанын анықтаңыз және орыс тіліне аударыңыз.
    Физикалық   құрылғылар,   сызбалық    бейімдеуіш,    сандық    ақпарат,
арифметикалық амалдар, орталық пошта,  электрондық  пошта,  мәтіндік  немесе
сызбалық өңдегіштер,  стратегиялық шешім,  жүйелік  қорап,  аналық  тақшаға,
оперативті  жады,  ақпараттық   технологиялар,  жергілікті  өнімдер, білікті
мамандар, өмірлік тәжірибе,  бейнелік  және  дыбыстық  үлкен  бағдарламалар,
құрамдас бөліктер.




                  *         *          *
    Назар аудараңыз.



            1876 жылы Александр Грейам Белл телефон ойлап тапты.






         Алғашқы  телевизиялық  картиналарды  1924  жылы  Джон  Лоджи  Бэйрд
         құрған, дегенмен тиімдірек электрондық жүйе Би-би-Сидің  1960  жылы
         алғаш рет телевизияның шығуы үшін қолданылды.


         1940  жылы  Иоганн   Гутенборг   сөздерді   қағазға   түсіру   үшін
         ыңғайластыра  орналастырылған  әріптерді  қолдана   отырып,   қағаз
         беттеріне із қалдыратын бұрандалы пресс ойлап  тапты.  Баспа  пайда
         болғаннан бастап, кітаптар арзандатылды. Сонымен қатар  дұрыс  жазу
         мен тыныс белгілерінің стандарттары шықты.


      №14 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары
      Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.



      Практикалық сабақ №15
      Жалғаулардың түрлері.


      Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №15


      Сабақ мақсаты:
    Берілген гармматикалық  және  лексикалық  тақырыптардың  мазмұнын  ашып
мейлінше академиялық білімдерін арттыру.


    Әдістемелік нұсқау


Психологиялық мамандықтың жалпы сипаттамасы (мамандық бойынша мәтін)
      Кәсіби білім  беру  психологиясы  педагогикалық  психологияның  саласы
ретінде кәсіби білім беру жүйесіндегі оқыту мен  тәрбиелеудің  психологиялық
механизмін, мамандықты меңгеру механизмдерін зерттейді.
«Кәсіби білім беру» ұғымы арнайы білім берумен теңестіріледі және ол кәсіби-
техникалық, арнайы және жоғары білім  беру  мекемелерінде  алынады.   Кәсіби
білім алу нақты мамандық бойынша  белгілі  білім  алу  және  қалыптастырумен
байланысты.
 • Кәсіби білім беруді ұйымдастыру бірнеше принциптерден тұрады:
 ✓ Кәсіби білім берудің қазіргі әлемдік тенденциядағы арнайы  білім  берумен
   сәйкестігі  принципі;
 ✓  Кәсіби  білім  берудің  беріктігі  принципі  әлем  туралы   түсініктерді
   қалыптастырудағы психологиялық процестерді (Е.А.Климов) жүйелі білім  алу
   мәселесімен  байланыстыруды талап етеді.
 ✓  Кәсіби  білім  берудің  жекелену  принципі  сол  кәсіпке  сәйкес  кәсіби
   маңызды сапаларды қалыптастыру проблемаларын зерттеуді талап  етеді.  Осы
   аталғандардан кәсіби білім беру психологиясының пәндік аймағы туындайды:
 ✓  Кәсіби  білім   беру   жүйесінде   жеке   тұлғаның   жас   және   дербес
   ерекшеліктерін зерттеу;
 ✓ Кәсіби  іс-әрекеттің  субъектісі  ретінде  адамның  өмірлік  және  кәсіби
   жолын зерттеу;
 ✓ Кәсіби оқыту және кәсіби тәрбиелеудің психологиялық негізін зерттеу;
 ✓ Кәсіби іс-әрекеттің психологиялық аспектілерін зерттеу.
     •  Кәсіби білім беру психологиясы әдістері
    1. Бақылау
    2. Эксперимент
    3. Анкета
    4. Қызмет нәтижесін зерттеу
    5. Профессиография
   Профессиография нәтижесінде профессиограмма құрылады, немесе нақты  еңбек
   процесі,  оны  ұйымдастыру  жөнінде  мәлімет  құрастырылады  (техникалық,
   санитарлық-гигиеналық, технологиялық, психологиялық,  психофизиологиялық,
   сондай-ақ мамандық  психограммасы  құрылады.  Психограмма   психологиялық
   және психофизиологиялық  іс-әрекетті  белсендіретін  және  оны  орындауды
   қамтамасыз ететін кәсіби маңызды сапалардан тұратын нақты еңбек  әрекетін
   психологиялық талдау негізінде құрылған мамандық «портреті».
     •  Кәсіби білім беру психологиясының зерттеу бағыттары:
 ✓ мамандықты психологиялық аспектіде зерттеу және «профессиограмма» құру;
 ✓  кәсіби іскерлік пен кәсіби  білім  беру  процесінде  дағдының  қалыптасу
   заңдылықтарын зерттеу;
 ✓ кәсіби іскерлікті жетілдіру  мен  қабілеттілікті  дамыту  проблемаларының
   кәсіби  іскерлікті   жетілдіру   мен   кәсіби   қабілеттілікті   дамытуға
   (сенсорлық, интеллектуалдық, моторлық) әсері проблемалары;
 ✓ кәсіби оқытудың психологиялық проблемаларын теориялық өңдеу.
 •  Кәсіби білім берудің психологиялық  мәселелерінің  даму  тарихы  3  (үш)
   кезеңнен тұрады:
   І- кезең. «Психотехникалық» - ХХ  ғасырдағы  20-30  жылдар.  Алғашқы  рет
   кәсіби білім беру психологиясы туралы мәселелер  20-жылдары  психотехника
   шеңберінде еңбек туралы ғылым ретінде туындаған.
    ІІ-кезең. ХХ ғасырдағы 30-жылдардың аяғынан бастап 50-жылдардың ортасына
   дейін.
   Еңбек психологиясының алдында  жоғары  маманданған  мамандарды  даярлауда
   әлеуметтік  тапсырмаға   жауап   беру   міндеті   тұрды.   Ондағы   басты
   проблемалардың бірі еңбек іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру  заңдылығын
   анықтау мен одан әрі жетілдіру, оларды жаңа жағдайда қайта құру,  кәсіби-
   қабілеттілік процесін қалыптастыру,  кәсіби  білім  беруде  психологиялық
   сұрақтарды анықтау.
   ІІІ-  кезең.  ХХ  ғасырдағы  50-жылдардың  ортасынан  70-жылдарға  дейін.
   Отандық психологияда іс-әрекет парадигмасының одан әрі  дамуы  білім  мен
   іскерлікті қалыптастыру идеяларының  дамуымен  байланысты   педагогикалық
   психологияның  теориялық  және  қолданбалы  аспектілерін  құруға   әкелді
   (А.Н.Леонтьев, П.Я.Гальперин, А.В.Запорожец,  Д.Б.Эльконин  зерттеулері).
   60-жылдардағы кибернетика, бағдарламалық оқыту идеяларының дамуы  ақыл-ой
   әрекетінің  кезеңдеп  қалыптасу  теориясының  негізінде   (П.Я.Гальперин)
   бағдарламалық оқытудың негізін қалауға әкелді.
   80-90   жылдардағы   психологиялық   зерттеулерде   кәсіби   білім   беру
   проблемалары жеке тұлғаны зерттеу контексінде  талданды.  Кәсіби  маңызды
   сапа ретінде жеке тұлғаның ерекшелігі (психофизиологиялық ерекшеліктерден
   айырмашылығы)  кәсіби  іс-әрекеттің  жетістігінің   және   сенімділігінің
   факторы бола алады.
  2. Мамандық – белгілі даярлықты қажет ететін іс-әрекеттің  түрі,  тіршілік
   көзі болып табылады.
   Мамандық – белгілі адамға  тиесілі  білім,  іскерлік  және  дағды  жүйесі
   ретінде    де сипатталады.
    Мамандықты  суреттеудің жалпы схемасы 4 аспектіні қамтиды:
1.әлеуметтік-экономикалық   (мамандықтың   қысқаша   тарихы,   оның    халық
шаруашылығы   жүйесіндегі   орны,   мамандарды   даярлау   туралы   мәлімет,
перспективасы, еңбек жалақысы, мамандықтың мәртебесі);
2.өндірістік-техникалық (технологиялық процесс, объект, еңбек құралы, жұмыс
орны, еңбекті ұйымдастыру формалары туралы мәліметтер);

3.санитарлық-гигиеналық  (климат  жағдайлары  туралы  мәлімет,  жарықтандыру
сипаты  және  басқа  да  санитарлық  факторлар,  еңбек  режимі  мен   ритмі,
медицинаға кері көрсеткіштер);
4.психофизикалық   (мамандықтың   психикалық    процестер    мен    тұлғаның
қасиеттеріне қоятын талабы).
• Мамандықтардың еңбек пәні бойынша бөлінуі (А.Н.Леонтьев бойынша):
           ✓ биономикалық (табиғат);
           ✓ техномикалық (техника);
           ✓ сигномикалық (белгілер);
           ✓ артономикалық (көркемдік бейнелер);
           ✓ социономикалық (адамдардың бірлесіп әрекет  етуі  немесе  өзара
             қатынасы).
 • Е.А.Климов бойынша кәсіби іс-әрекеттің 5 схемасы:
1.  «Адам  –   Табиғат»   (агроном,   зоотехник,   ветеринар,   микробиолог,
   биолог...);
2. «Адам –  Техника»  (слесарь,  техник-механик,  техник-технолог,  инженер-
   электрик, электрослесарь);
3. «Адам -  Белгі» (программист, математик, картограф, т.б.);
4. «Адам  - Көркемдік бейне»  (суретші,  балет  артисі,  актер,  архитектор,
   скульптор, журналист);
   5. «Адам  –  Адам»  (дәрігер,  мұғалім,  әлеуметтік  қызметкер,  сатушы,
      шаштараз т.б.).
 ✓ «Адам-Табиғат»  мамандық типінің адамға қоятын  психологиялық  талаптары:
   дамыған  қиял,  көрнекі-образдық  ойлау,   жоғары  деңгейдегі  көру  есі,
   байқағыштық,  өзгермелі  табиғи  факторларды   көре  білу  және   бағалау
   қабілеті;  маман шыдамды, табанды болуы керек; ұжымнан тыс жұмыс  жасауға
   әзір, кейде қолайсыз табиғат жағдайларында да, т.б.
 ✓ «Адам–Техника» мамандық типінің адамға  қоятын  психологиялық  талаптары:
   қозғалыстың  жақсы  координациясы  (үйлесімділігі),  нақты  көру,   есту,
   вибрациялық  және  кинестезиялық  қабылдау,   дамыған   техникалық   және
   шығармашылық  ойлау  мен  қиял;  зейіннің  бөлінушілігі  мен  шоғырлануы,
   байқағыштық.
 ✓  «Адам–Белгі  жүйесі»  мамандық  типінің  адамға   қоятын   психологиялық
   талаптары: жақсы оперативті  және  механикалық  ес;  зейінді  ұзақ  уақыт
   шоғырландыру  қабілеті;  зейінді  бөлу   және     ауыстыру,   қабылдаудың
   нақтылығы,  шартты  белгілер  астарын  көре  білу  іскерлігі,  ынталылық,
   шыдамдылық; логикалық ойлау.
 ✓ «Адам-Көркемдік бейне»   мамандық  типінің  адамға  қоятын  психологиялық
   талаптары: көркемдік қабілеттер; көру есі, дамыған көре отырып  қабылдау,
   көрнекі-образдық ойлау; шығармашылық  ойлау;  шығармашылық  қиял:  адамға
   эмоционалды әсер етудің психологиялық заңдары туралы білім.
 ✓ «Адам-Адам» мамандық   типінің  адамға  қоятын  психологиялық  талаптары:
   қарым-қатынасқа ұмтылыс;  танымайтын  адамдармен  контактіге  жеңіл  түсу
   іскерлігі, адамдармен жұмыс барысында өзін тұрақты  түрде  жақсы  сезіну;
   жақсылық тілеуші, елгезек; шыдамдылық;  эмоциясын  тежей  алу  шеберлігі;
   адамдардың  және  өзінің  мінез-құлқын   саралау   қабілеттілігі,   басқа
   адамдардың ой-ниеттерін және көңіл-күйлерін түсіну, кикілжіңді шеше  білу
   іскерлігі, ойша өзін басқа адамның орнына қоя білу  қабілеттілігі;  басқа
   адамды тыңдай алу,  оның  ой-пікірімен  санасу  іскерлігі;  сөз,  мимика,
   жестті  (ым-ишара)  орынды  қолдану,  әр  түрлі  адамдардың  тілін  табу;
   адамдарды сендіре білу; жинақылық, тиянақтылық, дәлдік, нақтылық, адамдар
   психологиясы туралы білім.
 ✓ «Адам-Адам» мамандығы топтарына сипаттама
1. Басқару, оқыту, тәрбиелеу іскерлігі  «адамдардың  әр  түрлі  қажеттілігін
   қанағаттандырудағы пайдалы іс-әрекеттермен шұғылдану».
2.  Тыңдай алу іскерлігі.
3. Кең ауқымды білім .
4.  Сөйлеу (коммуникативтік)  мәдениеті .
5. Ақылдың бағыттылығы, басқалардың  орнына  өзін  қоя  білу  (децентрация),
   оның  ішкі  әлемін  сезіну  (эмпатия),  өзінің  ойын  біреудікі   ретінде
   қабылдамау іскерлігі.
6. Адамның деңгейі бұдан да жоғары болады деген сенімге негізделген бағыт.
7. Байқағыштық.
8. Халыққа қызмет етудің дұрыстығы жөніндегі терең де оптимистік сенімі.
9. Стандарт емес жағдаяттарды шешу.
10. Өзін-өзі реттеу  деңгейінің жоғарылығы.
11.  Төзімділік іскерлігі.
 •  Кәсіпті  (мамандықты)  таңдауға  ықпал  ететін   8   негізгі   факторлар
   (Е.А.Климов бойынша):
1) ересектер, отбасы көзқарасы;
2) құрбылардың көзқарастары;
3) мектептегі педагогикалық ұжым көзқарастары;
4) жеке кәсіби және өмірлік жоспарлар;
5) қабілеттіліктер мен олардың көрінісі;
6) қоғамдық мойындауға  талаптану;
7) кәсіби  әрекет туралы мағлұматтану;
8) бейімділік.
 • Психологтар  бойынша мамандықты таңдаудағы негізгі факторлар
   Субъективті факторлар:
 ✓  қызығушылықтар (танымдық, кәсіби, мамандыққа қызығушылық, бейімділік);
 ✓   қабілеттіліктер   (белгілі   іс-әрекетте   жетістікке   жетуге    қажет
   психологиялық механизмдер);
 ✓ темперамент;
 ✓ мінез.
     Объективті факторлар:
 ✓   даярлық деңгейі (үлгерімі);
 ✓ денсаулық жағдайы;
 ✓ мамандық әлемі туралы ақпарат алу.
   Әлеуметтік мінездеме
 ✓ әлеуметтік орта;
 ✓ үй-тұрмыс жағдайы;
 ✓ ата-анасының білім деңгейі.
    Д.  Сьюпери  бойынша   кәсіби  жол  кезеңдері:  зерттеушіні   индивидтің
   бейімділігі   мен   қабілетін   анықтау,   кәсіби   «Мен»    концепциясын
   белсендіретін өзіне тиесілі мамандықты іздеу қызықтырған.
 ✓ І -  даму кезеңі  (туғаннан  14  жасқа  дейін).  Балалық  шақта  «Мен»  –
   концепциясы дами бастайды.  Балалар  ойын  кезінде  өздеріне  не  ұнайды,
   неменеге икемді екендіктерін әр түрлі рөлдерді  ойнай  отырып  анықтайды.
   Оларда болашақ кәсіби карьераға әсер ететін қызығушылықтар байқалады.
 ✓ ІІ - зерттеу кезеңі (15 жастан 24 жасқа  дейін).  Қыздар  мен  бозбалалар
   өз  қажеттіліктерін,  қызығушылықтарын,   қабілетін,   құндылықтары   мен
   мүмкіндіктерін анықтап,  түсінуге  ұмтылады.  Осындай  өзіндік  саралауды
   негізге  ала  отырып   олар   кәсіби   карьераның   мүмкін   варианттарын
   қарастырады.
 ✓   ІІІ-  карьераны  жеңілдету  кезеңі  (25   жастан   44   жасқа   дейін).
   Қызметкерлер таңдап алған іс-әрекеттерінде  берік  орын  алуға  тырысады.
   Еңбек етудің алғашқы кезеңінде жұмыс  орнын  немесе  мамандықты  өзгертуі
   мүмкін, бірақ осы кезеңнің  екінші  жартысында  таңдап  алған  мамандығын
   сақтап қалу тенденциясы байқалады. Адамның еңбек ету  биографиясында  осы
   жылдар шығармашыл жылдар болып табылады.
 ✓ IV-   жеткен  жетістікті  сақтау  кезеңі  (45  жастан  65  жасқа  дейін).
   Қызметкерлер алдыңғы кезеңде жеткен дәрежені сақтап  қалуға тырысады.
      V -  құлдырау  кезеңі  (65  жастан  кейін).  Дене  және  ақыл-ой  күші
төмендей бастайды. Еңбек әрекеті тоқтайды


                           Грамматикалық тақырып.
           ЖАЛҒАУЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ (ТӘУЕЛДІК, КӨПТІК, ЖІКТІК, СЕПТІК)


      Сөздер жекеше түрде  де,  көпше  түрде  де  қолданыла  береді.  Көптік
мағынаны білдіру үшін сөздерге көптік жалғауы жалғанады.  Мысалы:  ағаш-тар,
көше-лер, қыз-дар т.б.
      Көптік жалғауының түрлері мыналар: -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер.
Көптік жалғауының басқы дыбысының түрліше болуы түбір сөздің соңғы  дыбысына
байланысты.
      Тәуелдік жалғауы заттың біреуге немесе бір нәрсеге тәуелді  (меншікті)
екенін білдіреді. Тәуелденетін зат үш жақтың біріне меншікті  болып  тұрады,
сол себепті тәуелдік жалғауының үш жағы және әр жақтың өзіне тән  жалғаулары
болады.


      |Жекеше түрі                |Көпше түрі                                  |
|І жақ     -м, -ым, -ім     |І жақ     -мыз, -ымыз, -міз, -іміз          |
|ІІ жақ    -ң, -ың, -ің     |ІІ жақ -тарың, -терің,-дарың, -дерің,       |
|ІІ жақ    -ыңыз, -іңіз,    |-ларың, -лерің                              |
|-ңыз, -ңіз                 |ІІ жақ   -тарыңыз, -теріңіз, -дарыңыз,      |
|ІІІ жақ   -сы, -сі, -ы, -і |-деріңіз,      -ларыңыз, -леріңіз           |
|                           |ІІІ жақ  -сы, -сі, -ы, -і                   |


      Сөздердің тәуелденуі оңаша тәуелдену және ортақ тәуелдену болып  екіге
бөлінеді.
      Бір немесе бірнеше заттың бір ғана затқа  меншікті  болуын  білдіретін
тәуелдену оңаша тәуелдену  деп  аталады.  Басқаша  айтқанда,  заттың  жекеше
түрде тәуелденуі.
      Бір  немесе  бірнеше  заттың  көп  затқа  меншікті  болуын  білдіретін
тәуелдену ортақ тәуелдену деп аталады. Басқаша айтқанда, заттың көпше  түрде
тәуелденуі.
      Мысалы:




      |Оңаша тәуелдену:                    |Ортақ тәуелдену:                    |
|Менің компьютер-ім, телефон-ым.     |Біздің компьютер-іміз, телефон      |
|Сенің компьютер-ің. телефон -ың.    |-ымыз.                              |
|Сіздің компьютер-іңіз, телефон-ыңыз.|Сендердің компьютер-лерің, телефон  |
|Оның компьютер-і, телефон -ы.       |-дарың.                             |
|                                    |Сіздердің компьютер-леріңіз, телефон|
|                                    |-дарыңыз.                           |
|                                    |Олардың компьютер-і, телефон -ы.    |


      Сөздің жіктік жалғауларын қабылдауын  жіктелу  дейді.  Жіктік  жалғауы
бастауыш пен  баяндауышты  байланыстырады.  Сондықтан  жіктік  жалғаулы  сөз
әрқашан баяндауыш болады да, сөйлемді тиянақтап тұрады.
      Жіктік жалғауы негізінен етістікке жалғанады. Сондай-ақ есім  сөздерге
де жалғана береді. Бірақ  жіктік  жалғауы  кез  келген  есім  сөзге  жалғана
бермейді, тек адамның кім екенін,  қандай  екенін  білдіретін  және  кәсібін
көрсететін есім сөзге жалғанады.
      Мысалы:
         Есім сөздің жіктелуі:
|Жақ    |          Жекеше             |              Көпше               |
|І      |Мен кәсіпкермін              |Біз кәсіпкерміз                   |
|ІІ     |Сен кәсіпкерсің              |Сендер кәсіпкерсіңдер             |
|ІІ     |Сіз кәсіпкерсіз              |Сіздер кәсіпкерсіздер             |
|ІІІ    |Ол кәсіпкер                  |Олар кәсіпкерлер                  |


      Етістіктің жіктелуі:


      |Жақ    |      Жекеше                 |      Көпше                       |
|І      |Мен сөндіремін               |Біз сөндіреміз                    |
|ІІ     |Сен сөндіресің               |Сендер сөндіресіңдер              |
|       |Сіз сөндіресіз               |Сіздер сөндіресіздер              |
|ІІІ    |Ол сөндіреді                 |Олар сөндіреді                    |




      Сөздердің септік жалғауларын қабылдауын септелу дейді. Зат есім жекеше
және көпше түрде  септеледі.  Септік  атаулары,  сұрақтары  және  жалғаулары
төмендегіше:
Атау.           Кім? Не?
Ілік.             Кімнің? Ненің?              -ның, -нің, -дың, -дің,  -тың,
-тің
Барыс.         Кімге? Неге? Қайда?     -а, -е, -қа, -ке, -ге, -на, -не
Табыс.         Кімді? Нені?                  -ны, -ні, -ды, -ді,  -ты,  -ті,
-н
Жатыс.        Кімде? Неде? Қайда?    -да, -де, та, -те, -нда, -нде
Шығыс.       Кімнен? Неден?            -дан, -ден, -тан, -тен, -нан, -нен
Көмектес.    Кіммен? Немен?            -мен,  -бен,  -пен,  -менен,  -бенен,
-пенен


      Септелудің екі түрі бар: жай септелу және тәуелді  септелу.  Сөздердің
тәуелденбей тұрып түбір күйінде септелуі жай септелу деп аталады.  Сөздердің
тәуелденіп барып септелуі тәуелді септелу деп аталады.


      Мысалы:
|Жай септелу                         |Тәуелді септелу                     |
|А.  Компьютер                       |А.   Компьютер-ім                   |
|І.   Компьютер-дің                  |І.     Компьютер-ім-нің             |
|Б.  Компьютер-ге                    |Б.    Компьютер-ім-е                |
|Т.  Компьютер-ді                    |Т.    Компьютер-ім-ді               |
|Ж. Компьютер-де                     |Ж.   Компьютер-ім-де                |
|Ш. Компьютер-ден                    |Ш.  Компьютер-ім-нен                |
|К.  Компьютер-мен                   |К.   Компьютер-ім-мен               |


      1-тапсырма. Төмендегі  сөздерге  тәуелдік  жалғауларды  жалғап  сөйлем
құраңыз.
      Бастық, компьютер,  құжат,  отан,  өтініш,  мамандық,  куәлік,  білім,
еңбекақы, уақыт.
      2-тапсырма. Ортақ тәуелденген сөздерді тауып, сөйлемдерді аяқтаңыз.
      Менің  жұмысымның  ....
      Сіздің уақытыңыз.....
      Сіздің көмекшілеріңіз....
      Біздің Республикамызда....
      Сендердің мамандықтарың...
      Сіздердің компьютерлеріңіз...
      Олардың табыстары.....


      3-тапсырма. Мына сөздерге тиісті жіктік жалғауларын жалғаңыздар.
      Мен бағдарлашы... . Сіз хатшы... . Сен заңгер... . Ол төраға... .  Біз
сарапшы.... Сендер кеңесші... . Сіздер көмекші... . Олар  білімді...  .  Мен
кәсіпкер... . Сіз құрылысшы... .  Сендер ғалым.... .  Сіздер  саясаткер.....
Олар тұтынушы... . Мен тілші... . Сен тексеруші... .


      4-тапсырма.  Төмендегі сөйлемдерден  септік жалғаулары бар сөздерді
теріп жазыңыздар.
      Компьютерде жұмыс істеу кезінде барлық мәлімет аналық  немесе  жүйелік
тақша арқылы өңделеді.  Компьютердің бұл құрамдас бөліктері – ең  бастылары,
өйткені  бұлар  компьютер  жұмысының  шапшаңдығын   анықтайды.   Компьютерге
әлемдегі ең үлкен тұрғылықты  дискіні,  ең  күшті  бейнелік  бейімдеуіш  пен
керемет  дыбыстық  жүйені  орнатуға  болады.  Процессор  микросхема  ретінде
ұсынылған  және  оперативті  жадымен  қатар   аналық   тақшада   орналасады.
Процессорлар бағдарламалар жұмысына қажетті есептеулерді орындайды.


      Есте сақтаңыз.
      В казахском языке суффиксы -тағы, -тегі, -дағы, -дегі присоединяются к
именам существительным, образуя имена прилагательные находящихся  в  местном
падеже,  и  переводятся  как  «тот,  который   находится»,   «тот,   который
принадлежит»: компьютердегі файлдар (файлы, которые на  компьютерах),  менің
папкамдағы фаилдар (файлы, которые на мойх  папках),  компьютер  үстеліндегі
флешка (флешка, которая  лежит на компьютерном столе) и т.д.


      5-тапсырма.  -тағы, -тегі,  -дағы,  -дегі  жұрнақтарымен  келетін  сөз
тіркестерін құрыңыз.



      6 СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ

      6.1 Студенттің өздік жұмысын өткізуге арналған әдістемелік нұсқау
      Студенттің өздік жұмысының тапсырмалары жазбаша жұмыс (бақылау жұмысы)
түрінде берілген. Сұрақтарға жауаптарды конспект, реферат, баяндама  түрінде
жазылады.  Сабақ  барысында  студенттің   теориялық  білімі,   белсенділігі,
ынтасы және шығармашылық шешім таба білу дағдысы бағаланады.


      Студенттің өздік жұмысының тақырыптары:
       1.  Мамандық  бойынша   қалыптасқан   терминдер.   Мамандық   бойынша
          қалыптасқан терминдердің салалық сөздікте түзілуі (Тапсырма  түрі:
          терминдер сөздігін құрастыру – 100 сөз).
       2. Іскерлік дағды қалыптастыруға арналған тілдік құрылымдар (Тапсырма
          түрі: реферат).
       3.  Мамандығы бойынша ғылыми еңбектерді оқып түсіну және  қазақ  және
          орысша аңдатпа (аннотация) жазу (Тапсырма түрі:  ғылыми  мақаланың
          көшірмесі және 2 тілде жазылған аңдатпа).
       4. Аударма: түсінігі, түрлері, талаптар, әдістері, ерекше жағдайлары,
          маңызы (Тапсырма түрі: баяндама жасау).
       5. Ресми іс-қағаздарының үлгілерін  жасау  (өмірбаян  (өз  атыңызға),
          түйіндеме, мінездеме, өтініш үлгілері).





































































ӨЗГЕРІСТЕРДІ ТІРКЕУ ПАРАҒЫ


      |Өзгерістің |Құжаттың   |Өзгеріс    |Хабарламаның   |Өзгеріс енгізілді      |
|рет нөмірі |тарауы,    |түрі       |нөмірі және    |                       |
|           |пункті     |(ауыстыру, |күні           |                       |
|           |           |жою, қосу) |               |                       |
|           |           |           |               |Күні      |Аты-жөні,   |
|           |           |           |               |          |қолы,       |
|           |           |           |               |          |қызметі     |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |


ӘРІПТЕСТЕРДІҢ ТАНЫСУЫ


      №
о/қ
ҚызметіАты-жөніУақытыҚолыӨзг
№УақытыҚолыӨзг
№УақытыҚолы
-----------------------




Заттық


Эмоционалды


Заттық

Эмоционалды

Бастық пен бағынушы арасында

Қызметтестер арасында

Заттық

Эмоционалды

Бір - біріне

еңбеке

Ұжымның тұрақты психикалық бейімділігі

Әлеуметтік психологиялық хал-ахуал
Пәндер