Файл қосу
Педагогикалық іскерлік
|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ | |ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ | |ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ | |ПЕДАГОГИКА КАФЕДРАСЫ | |СМЖ 3 - деңгейдегі құжаты |ПОӘК | | | | |ПОӘК 042-18.30 11 | | | |-2014 | |«Мұғалім мамандығының | | | |ерекшелігі» пәнінің |№ 2 – басылым | | |оқу-әдістемелік кешені | | | |(студенттер үшін) | | | «Мұғалім мамандығының ерекшелігі» ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ 5В010200-Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі Студенттерге арналған пәннің оқу жұмыс бағдарламасы Cемей -2014 | | | | |ПОӘК 042-18.30./11 -2013 |Баспа . № 1 03.09.2013|11 беттің 2-сі | 1.ӘЗІРЛЕГЕН: Құрастырушы: 28.08.2014 Пғк, длцент Дуйсембекова Ш.Д. 2.ТАЛҚЫЛАНДЫ: 2.1. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің Педагогика кафедрасының мәжілісінде қаралды. Хаттама № 1 04.09.2014ж. Кафедра меңгерушісі: ______________Джанбубекова М.З 2.2. Педагогика факультетінің оқу-әдістемелік бюросының отырысында. Хаттама № 1 «05» 09.2014ж. Төрағасы: ________________Ахметова Т.Ш 3. БЕКІТІЛДІ: Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің Оқу- әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданған және басып шығаруға ұсынылды. Хаттама №1 18.09.2014ж. ОӘК төрағасы: ____________ с.ғ.д. Искакова Г.К. 4. АЛҒАШ РЕТ ЕНГІЗІЛГЕН (Хаттама №1, 18.09.2014ж. басылымның орнына) | | | | |ПОӘК 042-18.30./11 -2013 |Баспа . № 1 03.09.2013|11 беттің 3-сі | М А З М Ұ Н Ы : 1 Жалпы ережелер 4 2.Нормативтік сілтемелер 4 3 Қолдану саласы 4 4. Оқу пәнінің мазмұны (модульдің) 6 5.Дәріс сабақтарының тақырыптары 8 6 .Практикалық сабақтарының тақырыптары 13 5.Студенттердің өздік жұмыстарының тақырыптары 16 6. Пән бойынша оқу үрдісінің күнтізбелік кестесі 17 7.Әдебиеттер 19 | | | | |ПОӘК 042-18.30./11 -2013 |Баспа . № 1 03.09.2013 |11 беттің 4-сі | 1. Жалпы ережелер 1.1 Пән және оқытушы туралы жалпы ережелер – П.ғ.к, доцент Дуйсембекова Ш.Д. – Байланыс ақпараты – тел., Таңірбергенов 2 ғимарат, Сабақ өткізу орны – №2 – Пән аты – «Мұғалім мамандығының ерекшелігі » – Кредит саны – 3 |кур| семестр |кредит |дәріс |Практи-калы| |с | | | |қ жұмыс | |1 |Зязюн Г.М. Основы педагогического |24 |18 |100 | | |мастерства,М:Просвещение,1989.-243с| | | | | |. | | | | |2 |Кан-Калик В.А. Учителю о |12 | |90 | | |педагогическом общении. | | | | | |М:Просвещение,1987.-190с. | | | | |3 |Адриади И.П. Основы педагогического|62 | |80 | | |мастерства. Москва:Академия, 1995. | | | | |4 |Чернявская А.П. Педагогическое |4 | | | | |мастерство.Ярославль, 1997. | | | | |5 |Занина Л.В., Меньшикова Н.П. Основы|30 | | | | |педагогического мастерства. Москва:| | | | | |Феникс, 2003. | | | | |6 |Щуркова Н.Е.Педагогическая |20 | | | | |технология. Москва: Пед.общество | | | | | |России, 2002. | | | | |7 |Щуркова Н.Е. Практикум по |68 | | | | |педагогической технологии. Москва: | | | | | |Пед. общество России, 2001. | | | | |8 |Спирин Л.Ф. Теория и технология |4 | | | | |решения педагогических задач. | | | | | |Москав: Рос. пед. Агенство, 1997. | | | | 5. Пән мазмұны, пәннің модульдік бөлінуі |р/с|Тақырып атаулары | дәріс |практикалық |СОӨЖ |СӨЖ | |1 |Модуль 1. | | | | | | |Тақырып 1 Мұғалім |1 |4 |3 |8 | | |мамандығының ерекшелігі, . | | | | | | |кәсіби іс-әрекеті, жүйесі | | | | | | |мен компонентті маманның | | | | | | |қалыптасу нәтижесі. | | | | | | |Тақырып 2 |2 |4 |3 |9 | | |Мұғалімінің іс-тәжрибелік | | | | | | |дайындығы . | | | | | |2 |Модуль 2. | | | | | | |Тақырып 3 |2 |4 |3 |8 | | |Білім беру туралы құжаттар | | | | | | |негізінде анықталған | | | | | | |мұғалімнің міндеттері мен | | | | | | |құқықтары | | | | | | |Тақырып 4 |2 |4 |3 |9 | | |Мұғалім еңбегінің | | | | | | |шығармашылық сипаты | | | | | | |Тақырып.5 Педагогикалық |2 |4 |3 |8 | | |құзыреттіліктің құрылымы | | | | | |3 |Модуль 3. | | | | | | |Тақырып.6 Қазіргі заманғы |2 |4 |3 |9 | | |білім берудің даму | | | | | | |жағдайлары | | | | | | |Тақырып.7 Мұғалімге |2 |4 |2,5 |8 | | |қойылатын талаптар | | | | | | |Тақырып 8 Жаңа дәуір мен |2 |4 |2 |8,5 | | |қазіргі заманғы білім беру | | | | | | |ісінің дамуы | | | | | | |Барлығы |15 |30 |22,5 |67,5 | Кесте 2 Рейтингті есептеу |Оқу |Апта |Барлығ| |сағатының | |ы | |түрі | | | | | |1 |өте жақсы бағасын қою барысында тәлімгер тақырып бойыншы берілген ауысша,| | |жазбаша, тәжірибелік жұмысты толығымен орындаған жағдай ескеріледі; егер | | |нақтылау үшін берілген сұраққа жауап берілмеген жағдайда бір кемшілігі | | |ескеріліп 1-4% алынып койылады | |2 |жақсы бағасы ауысша, жазбаша, тәжірибелік жұмыс, оның нәтижелері жалпы | | |түрде оқу жоспарына сай, бірақ бір немесе екі өрескел қатесі немесе үш | | |кемшілігі жалпы пайыздан 1 шегеріліп отырылады (дұрыс, бірақ жетілген дәл| | |жауап емес). | |3 |қанағаттанарлық бағасы егер де ауысша, жазбаша, тәжірибелік жұмыс оның | | |нәтижелері негізінен бағдарламаның талаптарына сай келіп, бірақ 1 өрескел| | |қатесі және 2 кемшілігі болса, немесе 1 өрескел қатесі және 1 өрескел | | |емес қатесі, немесе 2 – 3 өрескел қатесі, немесе 1 өрескел емес және 3 | | |кемшілігі болса, немесе 4 – 5 кемшілігі болса қойылады. | |4 |Негізінен қанағаттанарлықсыз бағасы жұмыстың жоқтығын көрсетеді, және | | |оқушыға оны қайта жасауды ұсынуға болады. | : | | | | |ПОӘК 042-18.30./11 -2013 |Баспа . № 1 03.09.2013|11 беттің 8-сі | №1 Дәріс.(1 c) Тақырып 1. Мұғалім мамандықтың ерекшеліктері Дәріс мақсаты: Педагогикалық мамандықтың негізгі мақсаттары мен міндеттерінің ерекшеліктерін атап көрсет Тақырыпқа арналған сұрақтар: 1. Білім, іскерлік, дағды 2. Мұғалім мамандығының негізгі ерекшеліктері 3. Мұғалім тұлғасы- үлгі, өнеге Дәріс мазмұны: Педагог деп бiлiм беру ұйымдарында, сондай-ақ бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын басқа да ұйымдарда бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердi оқытуға және тәрбиелеуге байланысты бiлiм беру қызметiмен айналысатын қызметкерлерді атаймыз. Педагогикалық мамандық бұл білім алу барысында пайда болатын білім, іскерлік, дағыдылардың жиынтығымен сипатталатын және кәсіби- педагогикалық міндеттерді шешуге бағыталған белгілі бір біліктілікке ие болатын педагогикалық кәсіби топтың іс-әрекетінің бір түрі. Педагогикалық мамандықтың негізгі мақсаты – қоғамдық мақсаттарды түсіну және өз тәрбиеленушілерін осы мақсаттарға жетуіне жағдай жасап, бағыттау. Мұғалім мамандығының негізгі ерекшеліктері: - гуманистік сипаты; - ұжымдық сипаты; - адаптивтік (бейімдеуші) сипаты; - шығармашылық сипаты; - қарым-қатынас жүйесінде болуы; - мұғалім тұлғасының үлгі, өнегелік сипаты және т.б. Мұғалім мамандығы табиғаты жағынан гуманистік (адамгершіліктік) сипатқа ие мамандықтардың бір түрі. Оқыту барысында мұғалім адаптивті (бейімдеу) және гуманистік мақсаттарды жүзеге асырады. Адаптивтік мақсаты ол оқушыны, тәрбиеленушіні үйретумен, социомәдениеттік жағдайлардың нақты талаптарына -дайындайды, бейімдейді. Педагог өзінің тәрбиеленушісін белгілі бір әлеуемттік жағдайларға дайындап, қоғамның қойып отырған талаптарына үйретеді. Ал гуманистік мақсаты оқушының жеке тұлғасын дамытып, шығармашылық дербестігін шыңдауға мүмкіндік жасау. Мұғалім мамандығы бір уақытта жеке тұлғаны қалыптастырушы, әрі оны басқарушы мамандық болып табылады. Оның басты мақстатарының бірі жеке тұлғаны қалыптастыру, дамыту болғандықтан ол адамның инттелектуалдық, эмоциональдық, физикалық дамуын басқарып, оның рухани әлемінің негізін қалыптастыру. Мұғалім мамандығының бір ерекшелігі ол «адам-адам» жүйесінде жұмыс жасауы. Бірақта ол осы жүйеде жұмыс жасайтын басқа мамандықтармен салыстырғанда оның еңбегінің нәтижесіне тек бір өзі ғана ықпал етпеуімен ерекшеленеді. Яғни, жеке тұлғаның қалыптасуына мұғалім, отбасы, орта және т.б. әсер етеді. Сондықтан мұғалім мамандығы ұжымдық бастау алады. Мұғалім мамандығы шығармашылық сипатқа ие мамандықтардың бірі. Мұғалім үнемі ізденіс, шығармашылық үстінде болуы тиіс. Шығармашылық педагогикалық іс-әрекеттің ұйымдастырлуы мен оның мазмұнын тиімді құрастыруға ықпал етеді. Мұғалім шығармашылығы педагогикалық міндеттерді тиімді шешуіне мүмкіндік жасайды. Мұғалім мамандығы қарым-қатынас жүйесінде болуымен ерекшеленеді. Басқа мамандықтарға қарағанда мұғалім мамандығы қарым-қатынас жасау іскерлігін жоғары деңгейде игеруді талап етеді. Қарым-қатынас арқылы мұғалім тұлғаға ықпал етіп, оның тәрбиелі болуы мен білімінің қалыптасуына жағдай жасайды. Қарым-қатынас, яғни сөз мұғалім еңбегінің басты қаруы. Мұғалім тұлғасы үлгі, өнегелік сипатқа да ие. Мұғалім өзінің тек беретін білімі мен тәжірибесі арқылы ғана тұлға қалыптасыру процесіне әсер етпейді, сонымен бірге оның жеке басының өзі оқушы тұлғасына ықпал жасайды. Сондықтан мұғалім әрқашанда бала алдында адамгершілігі мол, тәрбиелі, адам жанын түсінетін, терең білімді еліктеу үлгісі болуы керек. Мұғалім мектептен тыс уақыттарда өзінің сөзі мен ісі бір жерден шығып жатуына назар аударуы керек. Педагогикалық мамандықтың негізгі мәні оның іс-әрекетіне байланысты болып табылады. Мұғалімдер әлеуметтік іс-әрекеттің ерекше түрін атқарады, яғни адамзат жинақтаған мәдениет пен тәжірибені аға ұрпақтан жас ұрпаққа беруге бағытталады, оларды қоғамдағы белгілі бір әлеуметтік рольдерді меңгеруге дайындайды. Бақылау сұрақтары: 1. Педагогикалық мамандықтың негізгі мақсаты 2. Мұғалім мамандығының негізгі ерекшеліктері 3. Мұғалім мамандығын шығармашылық тұсынан зерттеу Негізгі әдебиеттер: 4. Мижериков В.А., Ермоленко М.Н. Введение в педагогическую деятельность: Учебное пособие для студентов педагогических учебных заведений.-М.: Педагогическое общество России, 2002.- 208с. 5. Батурина Г.И., Кузина Т.В. Введение в педагогическую профессию.-М., 1999.-228с. 6. Кан-Калик В.А., Никандров Н.Д. Мамандыққа кіріспе – М.: Педагогика, 1990.- 144с. 7. Педагогика: Учебное пособие для студентов педагогических учебных заведений / В.А.Сластенин, И.Ф. Исаев и др.- М.: Школа-Пресс, 2000.- 512с. №2 Дәріс.(2 c) Тақырып 2.. Мұғалімінің іс-тәжрибелік дайындығы Дәріс мақсаты: Практикалық іскерлік ұйымдасырушылық және коммуникативті іскерліктерге сипаттама беру Тақырыпқа арналған сұрақтар: 1. Мұғалімнің практикалық дайындығы 2. Ұйымдастырушылық іскерліктің түрлері 3. Педагогикалық техника Дәріс мазмұны:Мұғалімнің практикалық дайындығы оның сыртқы іскерліктері арқылы, яғни байқауға болатын әрекеттері арқылы анықталады. Практикалық іскерлік ұйымдасырушылық және коммуникативті іскерліктерден құралады. Ұйымдастырушылық іскерліктің құрамы өз кезегінде мобилизациялық, ақпараттық, дамытушылық және бағыттаушы іскерліктерден құралатынын 6- сызбадан көріп отырмыз. Мұғалімнің мобилизациялық іскерлігі бағытталады: - Оқушылардың оқуға деген зейінін аудару және тұрақты қызығушылығын дамыту; - Оқу дағдыларын қалыптастыру, оқу іс-әрекетін ғылыми ұйымдастыру тәсілдерін үйрету; - Оқушылардың белсенділігін, шығармашылықтарын қалыптастыру; - Ынталандыру және жазалау әдістерін тиімді қолдану. Ақпараттық іскерлік – оқу материалын түсіндіру, оны алу және өңдеу әдістерімен байланысты қолданылады. - Ақпараттық іскерлікті қолдану барысныда ақпарат көздері білім беру процесінің мақсаты мен міндеттеріне сәйкес өңделеді. - Ақпараттық іскерлік төмендегі қабілеттерде көрінеді: - Пәннің ерекшелігіне, оқушылардың дайындығы, өмірлік тәжірибесі, жас ерекшеліктерін ескере отырып оқу материалын түсіндіруде; - Әр түрлі әдістерді қолдана отырып, оқу ақпаратын беру процесін дұрыс ұйымдастыруда; - Сұрақтарды қысқа әрі ұғынықты құрастыруда; - Көрнекі құралдарды тиімді қолдануда; - Оқушылардың оқу материалын меңгеру деңгейі мен сипатын оперативті болжауда қолданылады. Дамытушы іскерлік құралады: - Оқушының жақын даму аймақтарын анықтау; - Оқушылардың таным процесін, сезімдерін, еріктерін дамыту үшін проблемалық ситуациялар құрастыру; - Танымдық дербестікті, шығармашылықты ынталандыру; - Жекелеген қабілеттерді дамытуға жағдай жасау. Бағыттаушы іскерлігі – тәрбиеленушілердің адамгершілік құндылықты ұстанымдарын және дүниетанымын қалыптастыруға бағытталып, оқу іс- әрекетіне және ғылымға деген тұрақты қызығушылығын, тұлғаның әлеуметтік маңызы бар қасиеттерін дамыту мақсатында бірлескен шығармашылық іс- әрекетті ұйымдастырудан құралады. Ал практикалық дайындықтың келесі іскерлігі коммуникативті іскерлік. Келесі 7-сызбада мұғалімнің коммуникативті іскерліктерінің құрамы көрсетілген. Сызба 7. Мұғалімнің коммуникативті іскерліктерінің түрлері. Перцептивті іскерлік – қарым-қатынастың басқаларды қабылдау, түсіну түрінде көрініс табады. Ол үшін басқа адамдардың құндылық бағдарын білу керек. Перцептивті іскерлік арқылы алынған ақпарат педагогикалық қарым-қатынастың тиімді өтуіне ықпал жасайды. В.А.Сластенин перцептивті іскерлік төмендегілерден тұрады дейді: • Бірлескен іс-әрекетте серіктестің белгілері туралы ақпаратты дұрыс жеткізу, қабылдау; • Басқа адамдардың тұлғалық мәніне терең ену; • Адамның жеке ерекшеліктерін анықтау; • Адамның қандай типке, темпераментке жататынын анықтау; • Адамның сыртқы сипаты мен өзін-өзі ұстауы бойынша адамның ішкі әлемі, болашақ іс-әрекетін және бағытын анықтау; • Адамның көңіл-күйін, жағдайын, белгілі бір оқиғаға деген қатынасын анықтау; • Адамның құндылық бағдарын көре білу. Педагогикалық қарым-қатынас іскерлігі: Коммуникативті шабуыл, яғни сөйлесуді жүзеге асыру түрінде көрініс табады. Педагогикалық техника мұғалімнің өзін-өзі басқара алу және өзара әрекеттесу іскерліктерінен құралады. Педагогикалық техника мұғалім іс- әрекетінің ішкі мазмұны мен сыртқы көрінісінің үйлесімді жарасымдықта болуына ықпал етеді. Ол төмендегі іскерлік пен дағдылардан құралады: • Дұрыс жұмыс стилін таңдау; • Оқушылардың зейінін басқару; • Мұғалімнің сөйлеу мәдениетін дамыту; • Мұғалімнің өз денесін басқаруы; • Психологиялық жағдайды реттеу; • Әр түрлі сезімдерді білдіру техникасын білдіру; • Ақпаратты бейнелі жеткізе алу Бақылау сұрақтары: 1. Практикалық іскерлік ұйымдасырушылық және коммуникативті іскерліктердің айырмашылықтарын көрсет 2. Педагогикалық қарым-қатынас іскерлігіне сипаттама бер 3. Педагогикалық техниканың мағынасын түсіндір Негізгі әдебиеттер: 1. Кан-Калик В.А., Никандров Н.Д. Мамандыққа кіріспе – М.: Педагогика, 1990.- 144с. 2. Педагогика: Учебное пособие для студентов педагогических учебных заведений / В.А.Сластенин, И.Ф. Исаев и др.- М.: Школа-Пресс, 2000.- 512с. 3. Введение в специальность: Учеб.пособие для студентов пед. Ин- тов/ Л.И.Рувинский, В.А.Кан-Калик, Д.И.Гришин и др.-М.: Просвещение, 1988.-208с. 4. Кукушкин В.С. Введение в педагогическую деятельность: учебное пособие.-М.-2005-256с Қосымша әдебиеттер: 5. Ершов П.М., Ершова А.П., Букатов В.М. Общение на уроке, или режисура поведения учителя.- М.: Московско психолого-социальный институт, Флинта, 1998.- 336с. 6. Жармекова Г.С. Культура профессионально-педагогического общения будущего учителя (учебное пособие).- Алматы; Издательский дом КазГЮУ, 2002.- 120с. 7. Елканов С.Б. Основы профессионального самовоспитания будущего учителя – М., 1989 8. Львова Ю.А. Творческая лаборатория учителя. М., 1985 №3 Дәріс.(2 c) Тақырып Білім беру туралы құжаттар негізінде анықталған мұғалімнің міндеттері мен құқықтары Дәріс мақсаты: Педагогикалық мамандықтың негізгі құқықтары мен міндеттері жайлы мығлұматтар беру Тақырыпқа арналған сұрақтар: 1. Педагог қызметкердің міндеттері мен құқықтары 2. Педагог қызметкердiң құқықтары 3. Педагог қызметкердің міндеттері Педагог қызметкердің міндеттері мен құқықтары туралы 2007 жылы 27 шілдеде қабылданған Қазақстан Республикасының "Білім беру туралы" заңында сипатталып өткен. Бұл заңның 50-бабында педагог қызметкердiң мәртебесi туралы былайша баяндалады: «Бiлiм беру ұйымдарында, сондай-ақ бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын басқа да ұйымдарда бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердi оқытуға және тәрбиелеуге байланысты бiлiм беру қызметiмен айналысатын адамдар педагог қызметкерлерге жатады. Мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарының педагог қызметкерлерi азаматтық қызметшiлер болып табылады. Мемлекет қоғамдағы педагог қызметкерлердiң ерекше мәртебесiн таниды және кәсiптiк қызметiн жүзеге асыруы үшiн жағдайлар жасайды». Ал, осы заңының 51 бабында педагог қызметкердiң төмендегідей құқықтары, мiндеттерi мен жауапкершiлiгi туралы баяндалған: 1. Тиiстi бейiнi бойынша арнайы педагогтiк немесе кәсiптiк бiлiмi бар адамдар педагогтiк қызметпен айналысуға жiберiледi. 2. Педагог қызметкердiң құқықтары: 1) кәсiби қызметiне арналған жағдаймен қамтамасыз етiле отырып, педагогтiк қызметпен айналысуға; 2) ғылыми-зерттеу, тәжiрибелiк-эксперименттiк жұмыспен айналысуға, педагогтiк практикаға жаңа әдiстемелер мен технологияларды енгiзуге; 3) жеке педагогтiк қызметке; 4) тиiстi бiлiм беру деңгейiндегi мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандарт талаптары сақталған кезде педагогтiк қызметтi ұйымдастырудың әдiстерi мен нысандарын еркiн таңдауға; 5) бiлiм беру ұйымдарын басқарудың алқалы органдарының жұмысына қатысуға; 6) ұзақтығы төрт айдан аспайтын, бес жылда кем дегенде бiр рет бiлiктiлiгiн арттыруға; 7) санатын арттыру мақсатында мерзiмiнен бұрын аттестатталуға; 8) педагогтiк қызметтегi табыстары үшiн мемлекеттiк наградалар, құрметтi атақтар, сыйлықтар мен атаулы стипендиялар түрiндегi моральдық және материалдық көтермеленуге; 9) өзiнiң кәсiптiк ар-намысы мен қадiр-қасиетiнiң қорғалуына; 10) әскери қызметке шақырылу мерзiмiнiң кейiнге қалдырылуына; 11) ғылыми қызметпен айналысу үшiн педагогтiк стажы сақтала отырып, шығармашылық демалыс алуға; 12) бiлiм беру ұйымы әкiмшiлiгiнiң бұйрықтары мен өкiмдерiне шағымдануға құқығы бар. 3. Педагог қызметкердің міндеттері: 1) өзiнiң кәсiптiк құзыретi саласында тиiстi теориялық және практикалық бiлiмдi және оқыту дағдыларын меңгеруге; 2) мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттарының талаптарына сәйкес көрсетiлетiн бiлiм беру қызметтерiнiң сапасын қамтамасыз етуге; 3) бiлiм алушыларды жоғары имандылық, ата-аналарына, этномәдени құндылықтарға құрмет көрсету рухында, қоршаған дүниеге ұқыпты қарауға тәрбиелеуге; 4) бiлiм алушылардың өмiрлiк дағдыларын, бiлiктiлiктерiн, өздiгiнен жұмыс iстеуiн, шығармашылық қабiлеттерiн дамытуға; 5) өзiнiң кәсiптiк шеберлiгiн, зияткерлiк, шығармашылық және жалпы ғылыми деңгейiн ұдайы жетiлдiрiп отыруға; 6) бес жылда кемiнде бiр рет аттестаттаудан өтуге; 7) педагогтiк әдеп нормаларын сақтауға; 8) оқушылардың, тәрбиеленушiлердiң және олардың ата-аналарының абыройы мен қадiр-қасиетiн құрметтеуге мiндеттi. Мiндеттерi мен педагогтiк әдеп нормаларын бұзғаны үшiн педагог қызметкер Қазақстан Республикасының заңдарында және еңбек шартында көзделген жауаптылыққа тартылуы мүмкiн. 4. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, педагог қызметкерлердi өздерiнiң кәсiптiк мiндеттерiн орындаумен байланысы жоқ жұмыс түрлерiне тартуға жол берiлмейдi. 4. Бiлiм беру ұйымдарында жұмыс iстеуге педагогтiк қызметiне сот үкiмiмен немесе медициналық қорытындымен тыйым салынған адамдар, сондай-ақ заңда белгiленген тәртiппен өтелмеген немесе алынбайды. Бақылау сұрақтары: 1. Педагог қызметкердің міндеттері мен құқықтары жайлы не білесің? 2. Педагог қызметкердiң құқықтарына сипаттама бер. 3. Педагог қызметкердің міндеттері қандай? Негізгі әдебиеттер: 1. Батурина Г.И., Кузина Т.В. Введение в педагогическую профессию.-М., 1999.-228с. 2. Введение в специальность: Учеб.пособие для студентов пед. Ин- тов/ Л.И.Рувинский, В.А.Кан-Калик, Д.И.Гришин и др.-М.: Просвещение, 1988.-208с. 3. Кан-Калик В.А., Никандров Н.Д. Мамандыққа кіріспе – М.: Педагогика, 1990.- 144с. 4. Педагогика: Учебное пособие для студентов педагогических учебных заведений / В.А.Сластенин, И.Ф. Исаев и др.- М.: Школа-Пресс, 2000.- 512с. Қосымша әдебиеттер: 5. Подласый И.П. Педагогика. Новый курс: Учебник для студентов педагогических ВУЗов: в 2 кн.- М.: Гуманит.изд.центр-Владос, 1999.- Кн.1:Общие основы.-576с. 6. Зимняя И.А. Педагогикалық психология: Оқу құралы.-Алматы: 2006.- 480с. 7. Абдуллина О.А. Общепедагогическая подготовка учителя в системе высшего педагогического образования.- М.: Просвящение, 1990.- 141с. 8. Багаева И.Д. Учителю о профессионализме педагогической деятельности и путях его формирования.- Гомель, 1989.- 90с. № 4 Дәріс.(2c) Тақырып Мұғалім еңбегінің шығармашылық сипаты Дәріс мақсаты: Мұғалім, мұғалімнің шығармашылығына сипаттама беру Тақырыпқа арналған сұрақтар: 1. Педагогикалық іс-әрекет 2. Мұғалімінің шығармашылық мүмкінідігі 3. Шығармашыл тұлғаның креативтілігі Педагогикалық іс-әрекет сапалық мәнге ие мамандықтың бір түрі болып табылады. Мұғалім еңбегінің ұйымдастырылуы мен мазмұны оның өз іс- әрекетіне деген шығармашылық қатынас деңгейі арқылы анықталады. Педагогтың іс-әрекетіндегі шығармашылық деңгей алдына қойған мақсаттарды шешудегі мүмкіндіктерін пайдалану деңгейі арқылы анықталады. Сондықтан мұғалім мамандығының басты ерекшеліктерінің бірі шығармашылық сипат болып табылады. Мысалы, басқа да мамандық иелері (ғылым, техника, өнер т.б.) шығармашылық сипатқа ие болғанымен, олар жаңалық ашуға бағытталса, мұғалім мамандығы адамды дамытуға бағытталады. Мұғалімінің шығармашылық мүмкінідігі жинақталған әлеуметтік тәжірибе, психологиялық-педагогикалық және пәндік білімдері, жаңа идеялар, дағды, іскерліктер арқылы анықталады. Мұғалім шығармашылығы деп өзгермелі жағдайларда педагогикалық міндеттерді шеше алу процесін атауға болады. Шығармашыл тұлғаның ерекше жеке іскерлік қасиеттерін ерекшелендіріп тұратын қасиеттерін креативтілік деп атаймыз. Зерттеушілер Е.С.Громов және В.А.Мояко креативті іскерліктің мынадай белгілерін көрсетеді: ерекшелілік, эвристикалық, фантазия, белсенділік, анықтылық-нақтылық, сезімталдық және т.б. Шығармашылық педагогқа бастамашылдық, дербестік, ойлау, сезіну, танымға деген құштарлық сияқты қасиеттерді меңгеруді қажет етеді. Бақылау сұрақтары: 1. Педагогикалық іс-әрекетті қалай түсінесің? 2. Креативтілік ұғымы 3. Мұғалімнің педагогикалық креативтілігі Негізгі әдебиеттер: 1. Кан-Калик В.А., Никандров Н.Д. Мамандыққа кіріспе – М.: Педагогика, 1990.- 144с. 2. Педагогика: Учебное пособие для студентов педагогических учебных заведений / В.А.Сластенин, И.Ф. Исаев и др.- М.: Школа-Пресс, 2000.- 512с. 3. Введение в специальность: Учеб.пособие для студентов пед. Ин- тов/ Л.И.Рувинский, В.А.Кан-Калик, Д.И.Гришин и др.-М.: Просвещение, 1988.-208с. Қосымша әдебиеттер: 4. Елканов С.Б. Основы профессионального самовоспитания будущего учителя – М., 1989 5. Львова Ю.А. Творческая лаборатория учителя. М., 1985 6. Мудрик А.В. Учитель: мастерство и вдохновение.-М., 1986 7. Вайнцвен Н. Десять заповедей творческой личности. – М., 1990 8. Кузьмина Н.В. Очерки психологии труда учителя. – М., 1967 № 5 Дәріс.(2c) Тақырып Педагогикалық құзыреттіліктің құрылымы Дәріс мақсаты: Педагогикалық құзыреттіліктің құрылымын сипаттап көрсету Тақырыпқа арналған сұрақтар: 1. Педагогикалық құзыреттіліктің құрылымы 2. Педагогикалық іскерлік Педагогтың кәсіби құзыреттілігінің құрамдас бөлігін педагогикалық іскерліктер құрайды. Педагогикалық құзыреттілік мұғалімнің теориялық және практикалық дайындығынан құралады. Ал мұғалімнің теориялық және практикалық дайындықтары педагогикалық іскерліктерден құралады. Педагогикалық құзыреттіліктің құрылымы Педагогикалық іскерлік – бұл теориялық білімге негізделген және үйлесімді дамыған жеке тұлғаны дамытуға бағытталған, автоматтандырылған бірізді жүзеге асатын әрекеттердің жиынтығы (В.А.Сластенин). Педагогикалық іскерлік – мұғалімнің әр түрлі әрекетттерінің жиынтығы, ең бастысы олар педагогикалық әрекет функцияларына сәйкес, белгілі бір мөлшерде мұғалімнің жеке психологиялық ерекшеліктерін анықтайды (В.А. Мижериков). Жоғарыда келтірілген сызбадан көріп отырғанымыздай мұғалімнің педагогикалық құзыреттілігі теориялық және практикалық дайындықтардан құралады. Теориялық дайындық өз кезегінде аналитикалық (талдау), болжау, жобалау, рефлексиялық іскерліктерден құралса, практикалық дайындық коммуникативтік және ұйымдастырушылық әскерліктерден тұрады. Педагогтың кәсіби құзыреттілігі үшін тек теориялық және практикалық дайындықтың болуы жеткіліксіз. Кәсіби құзіреттіліктің құрамын қолданбалы іскерліктер де толықтыра түседі. Оған шығармашылық іскерліктер – сурет салу, ән айту, музкалық аспаптарда ойнау, би билеу, спорт түрлерімен шұғылдану және т.с.с. іскеерліктер жатады. Әрине, педагогтың кәсіби құзыреттілігі тек аталған іскерліктер құрамымен анықталады деп айтуға болмайды. Бақылау сұрақтары: 1. Педагогикалық іскерлікке сипаттама бер 2. Аналитикалық іскерлік дегенді қалай түсінесің? 3. Педагогтің кәсіби құзіреттілігі Негізгі әдебиеттер: 1. Батурина Г.И., Кузина Т.В. Введение в педагогическую профессию.-М., 1999.-228с. 2. Кан-Калик В.А., Никандров Н.Д. Мамандыққа кіріспе – М.: Педагогика, 1990.- 144с. 3. Педагогика: Учебное пособие для студентов педагогических учебных заведений / В.А.Сластенин, И.Ф. Исаев и др.- М.: Школа-Пресс, 2000.- 512с. Қосымша әдебиеттер: 4. Подласый И.П. Педагогика. Новый курс: Учебник для студентов педагогических ВУЗов: в 2 кн.- М.: Гуманит.изд.центр-Владос, 1999.- Кн.1:Общие основы.-576с. 5. Зимняя И.А. Педагогикалық психология: Оқу құралы.-Алматы: 2006.- 480с. 6. Абдуллина О.А. Общепедагогическая подготовка учителя в системе высшего педагогического образования.- М.: Просвящение, 1990.- 141с. 7. Багаева И.Д. Учителю о профессионализме педагогической деятельности и путях его формирования.- Гомель, 1989.- 90с. № 6 Дәріс.(2c) Тақырып. Қазіргі заманғы білім берудің даму жағдайлары Дәріс мақсаты: Еліміздегі қазіргі білім беру жүйесінің маңызын көрсету Тақырыпқа арналған сұрақтар: 1. Еліміздегі қазіргі білім беру жүйесінің күйі 2. Білім беру жүйесінің алға қарай дамуы 3. Білім беру ісінде қазіргі кезеңдегі өзгерістер Еліміздегі қазіргі білім беру жүйесінің жай-күйіне жасалған талдау оның әлемдік деңгейге де, сондай-ақ көкейкесті практикалық қажеттілікке де сай еместігін дәлелдеп отыр. Біздегі бұрынғы білім беру жүйесіне шектен тыс идеологиялық тәуелділік пен кәсіптік бағдар тән еді. Қоғамдық пәндер саласында көбінесе адам табиғатын, оның өмірлік мүдделері мен қажеттіліктерін, шынайы мәдени құндылықтарын тиісінше ескере бермейтін ғылыми білім үлгілеріне бағыт ұстанылған еді. Білім беруді бір ізге салу, жаттанды қағидалар мен қалыптардан таймау, әлемдік өркениеттен оқшаулану рухани өмірдің жұтаңдауына әкеліп соқты. Еліміздегі білім берудің жағдайын талдай келе, оның ілгері дамуына кедергі жасайтын төмендегідей проблемаларды көруге болады: - қоғамымызды демократияландыру процесіне байланысты туындайтын проблемалар; - авторитарлы педагогикадан ізгілікті педагогикаға ауысу жағдайында кездесетін проблемалар; - білім берудің ұлттық моделін құрастыруға байланысты проблемалар; - білім берудің жаңа парадигмасын анықтауға байланысты туындайтын проблемалар; - білім берудің әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялануға байланысты проблемалар; - орта балаға бағдарланған оқытудан жекелей, тұлғалық-бағдарланған оқытуға ауысудағы проблемалар; - білім беру сапасына қатысты проблемелар; - білім беру мазмұнын анықтаудағы проблемалар (оқу жоспарлары, бағдарламалары, оқулықтар); - білім берудің қоғамның құндылығы ретінде маңызының төмендеуі; - жастардың тұлғалық, азаматтық және адамгершілік қасиеттерінің жеткілікті дамымауы, өзін-өзі анықтауына мотивтерінің болмауы, өзіндік қызығушылығы мен жоспарын сезіну деңгейінің төмендігі және т.б. Сондықтан, қоғамымызда білім берудің мемлекеттік, қоғамдық, тұлғалық құндылығы ретінде маңыздылығы төмендеді. Бірақ та мемлекет тарапынан жасалып жатқан реформалар қазіргі күні елімізде білім берудің маңыздылығының артып келе жатқанын байқатады. Мемлекет тарапынан білім беру ісіне қолдау көрсетіліп, оны әлемдік кеңістікке интеграциялау, халықаралық стандарттарға сәйкестендіру сияқты игі іс шаралар жүргізілуде. Білім беру ісінде қазіргі кезеңде үлкен өзгерістер жүруде: • Білім беру жүйесінің жаңа ұлттық моделін құрастыру; • Білім беру ісін халықаралық стандарттарға сәйкестендіру; • Халықаралық білім беру жүйесіне интеграциялану; •Білім беруді ақпараттандыру, компьютерлендіру, технологияландырыу және т.б. іс-шаралар мемлекет тарапынан көтеріліп жасалуда. Бақылау сұрақтары: 1. Білім беру жүйесінің маңызын көрсет 2. Жаңа ақпараттық технологияларды ата Негізгі әдебиеттер: 1. Батурина Г.И., Кузина Т.В. Введение в педагогическую профессию.-М., 1999.-228с. 2. Кан-Калик В.А., Никандров Н.Д. Мамандыққа кіріспе – М.: Педагогика, 1990.- 144с. 3. Педагогика: Учебное пособие для студентов педагогических учебных заведений / В.А.Сластенин, И.Ф. Исаев и др.- М.: Школа-Пресс, 2000.- 512с. 4. Введение в специальность: Учеб.пособие для студентов пед. Ин- тов/ Л.И.Рувинский, В.А.Кан-Калик, Д.И.Гришин и др.-М.: Просвещение, 1988.-208с. Қосымша әдебиеттер: 5. Кан-Калик В.А., Никандров Н.Д. Педагогическое творчество. – М.: Педагогика, 1990.- 144с. 6. Боршова С.Г. Молодой учитель. Труд.Быт.Творчество.М.:1999 7. Зимняя И.А. Педагогическая психология: Учебное пособие.- Ростов на Дону.: Издательство «Феникс», 1997.- 480с. 8. Рыданова И.И. Основы педагогики общения.- Мн.: Беларуская наука, 1998.- 319с. 9. Ершов П.М., Ершова А.П., Букатов В.М. Общение на уроке, или режисура поведения учителя.- М.: Московско психолого-социальный институт, Флинта, 1998.- 336с. 10. Жармекова Г.С. Культура профессионально-педагогического общения будущего учителя (учебное пособие).- Алматы; Издательский дом КазГЮУ, 2002.- 120с № 7 Дәріс.(2c) Мұғалімге қойылатын талаптар Тақырып Мұғалімге қойылатын талаптар Дәріс мақсаты: Қазіргі заманға сай мұғалімдерді сипаттап беру Тақырыпқа арналған сұрақтар: 1. Мұғалім тұлғасына қойылатын талаптар 2. Педагогикалық қабілет 3. Мұғалімге ата-аналар тарапынан қойылатын талаптар Мұғалім тұлғасына қойылатын талаптар жиынтығын педагогикалық іс- әрекетке кәсіби дайындығы анықтайды. Кәсіби дайындық өз кезегінде психологиялық, педагогикалық, әдістемелік, теориялық, практикалық дайындықтардан құралады. Мұғалімнің кәсіби дайындық жүйесі кең ауқымды болғандықтан мұғалімге қойылатын талаптар да өте көп. Мұғалімге қойылатын талаптарды шартты түрде үш топқа бөліп көрсетуге болады: жалпы адамзаттық талаптар, мұғалім мамандығының ерекшелігін анықтайтын талаптар, пәні бойынша білім, іскерлік, дағдылары. Жалпы адамзаттық талаптарға мұғалімнің адамгершілігі, қайырымдылығы, әділеттілігі, инабаттылығы, әдептілігі және т.б. жатады. Ал мұғалім мамандығының ерекшелігіне байланысты талаптарға мұғалімнің сөйлеу мәдениетінің болуы, коммуникативтілігі, шыдамдылығы, ұйымдастырушылық қабілетінің болуы, шығармашылық іскерлігінің болуы, жауапкершілігі, үнемі үлгі-өнеге болуы және т.б. кіреді. Ал үшінші топ бойынша мұғалімнің терең теориялық білімінің болуы, педагогикалық- психологиялық білімдерінің болуы, әдістемелік білімдерді игеруі және т.б. өзіне меңгереді. Педагогикалық талаптарды анықтауда педагогикалық қабілеттердің алатын орны ерекше. В.А. Крутецкий дидактикалық, академиялық, коммуникативті қабілеттерді көрсетеді. Ал зерттеуші А.И.Щербаков негізгі педагогикалық қабілеттерге дидактикалық, конструктивті, перцептивті, коммуникативті, ұйымдастырушылық қабілеттерді жатқызады. Мұғалім мамандығы тек әлеуемттік тәжірибені алмастырушы ғана мамандық емес, ол тұлға қалыптастырушы, адамды адам ретінде тәрбиелейтін мамандық. Сондықтан мұғалім тұлғасында мынадай қасиеттер болуы керек: - жоғары азаматтық жауапкершілік және әлеуеметтік белсенділік; - балаға деген сүйіспеншілік, оларға өз жүрек жылуын сыйлауға деген қажеттілігі мен қабілетінің болуы; - шынайы зиялылық, рухани мәдениет, басқа адамдармен жұмыс жасауға деген ұмтылысының және іскерлігінің болуы; - жоғары кәсіби шеберлік, ғылыми-педагогикалық ойлаудың инновациялық стилі, жаңа құндылықтар тудыруға және шығармашылық шешімдер қабылдауға дайындық; - үнемі өзін-өзі тәрбиелеуге және өзін-өзі жетілдіруге деген қажеттілігі мен дайындығының болуы; - психикалық және физикалық денсаулығы, кәсіби жұмыс жасауға қабілеттілігі және т.б. Мұғалімге қойылатын талаптарды анықтауда мұғалімнің бағыттылығы да маңызды роль атқарады. Мұғалім тұлғасының құрылымында кәсіби- педагогикалық бағыттылық маңызды орын алады. Негізгі педагогикалық бағыттылықтардың бірі мұғалім мамандығына деген қызығушылығының және педагогикалық призваниесінің болуы. Педагогикалық призвание негізі мұғалімнің балаға деген сүйіспеншілігі құрайды. Бұл негіз құрайтын сапа мұғалімнің өзін-өзі дамытуының және кәсіби маңызды сапаларды мақсатты түрде дамытудың алғышарты болып табылады. Мұғалімнің негізгі сапаларының қатарынан педагогикалық парыз және жауапкершілікті ерекше атап өту керек. Педагогикалық парызды басшылыққа ала отырып мұғалім үнемі балаға қамқорлық жасауға ұмтылады. Мұғалімге оқушылар, ата-аналар тарапынан қойылатын субъективті талаптар да бар. Оларға мыналар жатады: - балаға деген сүйіспеншілік; - эмпатия; - қарым-қатынасқа жылдам түсе алу, - ізгіліктілік; - талап қоя алушылық; - қайырымдылық; - рухани байлықтың болуы; - әділеттілік; - өз сөзінде тұра алу және т.б. Бақылау сұрақтары: 1. Мұғалім тұлғасына қойылатын талаптар жиынтығын атап көрсет 2. Мұғалімге қойылатын талаптарды шартты түрде қандай топқа бөліп көрсетуге болады? 3. Мұғалімге оқушылар, ата-аналар тарапынан қойылатын субъективті талаптарды ата? Негізгі әдебиеттер: 1. Педагогика: Учебное пособие для студентов педагогических учебных заведений / В.А.Сластенин, И.Ф. Исаев и др.- М.: Школа-Пресс, 2000.- 512с. 2. Введение в специальность: Учеб.пособие для студентов пед. Ин- тов/ Л.И.Рувинский, В.А.Кан-Калик, Д.И.Гришин и др.-М.: Просвещение, 1988.-208с. 3. Кукушкин В.С. Введение в педагогическую деятельность: учебное пособие.-М.-2005-256с Қосымша әдебиеттер: 4. Кондратеньков А.В. Труд и талант учителя: факты, мысль. М., 1989 5. Әбиев Ж. Педагогика. Алматы., 2004. 6. Харламов И.Ф. Педагогика:Учебник для вузов.-Мн.,2000.-560с. 7. Рыданова И.И. Основы педагогики общения.- Мн.:Беларуская навука,1998.- 319с. № 8 Дәріс.(2c) Тақырып Жаңа дәуір мен қазіргі заманғы білім беру ісінің дамуы Дәріс мақсаты: Жаңа дәуір мен қазіргі замаңғы білім беру ісінің айырмашылықтарын ашып көрсету. Тақырыпқа арналған сұрақтар: 1. Капитализм дәуіріндегі мұғалім мамандығының алған орны 2. Ресей мен Қазақстан жеріндегі оқу орындар 3. Қазақстандағы жоғары оқу орындары Капитализм дәуірінде мұғалім мамандығы бұқаралық мамандыққа айналды. Яғни, арнайы білімі бар кез-келген адамның мұғалім болуына мүмкіндік жасалды. ХVІІ ғасырда педагогика ғылымы философилық ғылымдар жүйесінен бөлініп шығып, өз алдына жеке ғылым ретінде қалыптасты. Педагогика ғылымының негізін салушы чех педагогы - Ян Амос Коменский. Я.А. Коменский педагогика ғылымын жеке ғылым ретінде дәледеп, оның теориялық негіздерін жасады. Кейін оның ісін белгілі педагогтар И.Г. Пестолоцци, А. Дистервег, И.Гербарт, Дж. Локк, Д. Дьюи, К.Д. Ушинский, А.С.Макренко, В. Сухомлинский, Н.К. Крупская және т.б. жалғастырды. ХVІІІ ғасырдың соңында Ресейде педагогикалық білім берудің пайда болуына және дамуына байланысты мұғалім мамандығына қойылатын кәсіби талаптар жүйесі анықталды. Ресейдегі алғашқы мұғалімдер даярлайтын оқу орны 1779 жылы Мәскеу университеті жанынан мұғалімдер семинариясы ашылды. Семинария бастауыш пән мұғалімдерін дайындады. 1804 жылы алғашқы педагогикалық университет ашылды. ХІХ ғасырда арнайы білім алған мұғалімдер қызмет жасай бастады. Олар ауқатты адамдардың үйлерінде және медрселерде бала оқыту ісімен айналысты. Қазақстан жерінде жаңа дәуірде мектеп ісі біршама қарқынды дамыды. Әсіресе, ХІХ ғасырда елімізде ағартушылық идеялардың кең таралуына байланысты және Ресей империясының отаршылдық саясатының нәтижесінде мектептер ашылып, халықты сауаттандыру ісі жолға қойылды (орыс тіліндегі мектептер негізінде). Ресей империясының орыс тілдік мектептерінде елді басқаруға көмектесетін төменгі буын басшыларын дайындайтын мамандарды, тілмаштарды әзірлеуге көңіл бөлді. Сонымен бірге, қазақ тілінде және аралас тілде оқытытатын мектептер де болды. Мысалы, ағартушы-педагог Ы.Алтынсариннің Торғай жерінде ашқан мектептері қазақ және орыс тілінде сабақ берді. Бұл мектекптерде мұғалімдік қызметті Ресейлік мұғалімдер даярлайтын семинарияларды аяқтаған мамандар және сауатты, білімді мамандар атқарды. Қазақ жерінде, сонымен бірге, діни сипатта оқытатын медереселер де кең тарады. Бұл мектептер тек дін сабақтарын оқумен ғана шектеліп қалмады. Олар зайырлы пәндерді де оқытып, балаларды шығыс және батыс өркениетінің жетістіктерімен таныстырды. ХХ ғасырдың 20-30 жж. Қазақстан жерінде жоғары оқу орындар ашыла бастады. Алғашқы мұғалімдер даярлайтын жоғары оқу орны 1928 жылы Алматы қаласында ашылды - Киров атындағы педагогикалық институт (қазіргі Абай атындағы Қазақ Ұлттық мемлекеттік университеті). Ал еліміздің облыс орталықтарында жоғары оқу орындар жүйесі 1940-1950 жылдары қалыптасты. ХХ ғасырдың 80-жылдары педагогикалық институттарда мұғалім қызметіне қосымша мамандандырулар беріле бастады, мысалы екінші бір пәннің мұғалімі т.с.с. Тәуелсіздік алғаннан кейін еліміздегі педагогикалық институттар университеттер болып қайта ашылды. Олар ендігі кезекте тек мұғалім мамандықтарын ғана емес, қоғамға қажетті басқа да маман иелерін дайындай бастады. Шығыс Қазақстан жеріндегі мұғалімдер даярлайтын жоғары оқу орны 1952 жылы Өскемен қаласында Өскемен педагогикалық институты ашылды. Ол 1991 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті болып ауыстырылды. Бүгінгі күні бұл университет мектепке қажетті барлық пән мұғалімдерін даярлау ісімен айналысады. Университетте мектептке дейінгі білім беру мекемелерінің педагогтарымен қатар, бастауыш сынып және орта мектеп пән мұғалімдерін даярланады. Бақылау сұрақтары: 1. Капитализм дәуіріндегі мектептер 2. Қазақ жеріндегі оқу орындарды ата 3. Ресей жеріндегі оқу орындарды ата Негізгі әдебиеттер: 1. Батурина Г.И., Кузина Т.В. Введение в педагогическую профессию.-М., 1999.-228с. 2. Кан-Калик В.А., Никандров Н.Д. Мамандыққа кіріспе – М.: Педагогика, 1990.- 144с. 3. Педагогика: Учебное пособие для студентов педагогических учебных заведений / В.А.Сластенин, И.Ф. Исаев и др.- М.: Школа-Пресс, 2000.- 512с. 4. Введение в специальность: Учеб.пособие для студентов пед. Ин- тов/ Л.И.Рувинский, В.А.Кан-Калик, Д.И.Гришин и др.-М.: Просвещение, 1988.-208с. Қосымша әдебиеттер: 5. Педагогика. – Алматы, 2003 6. Ушан А.Н. Дидактическая подготовка будущего учителя: технологический подход.- М., 1993 7. Учителю о педагогической технике / под ред. Л.Н.Рубинского.- М., 1987 8. Кондратеньков А.В. Труд и талант учителя: факты, мысль. М., 1989 9. Әбиев Ж. Педагогика. Алматы., 2004. 10. Харламов И.Ф. Педагогика:Учебник для вузов.-Мн.,2000.-560с. СеминарТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ, МАЗМҰНЫ, ЖӘНЕ МОДУЛЬДІК БӨЛІНУІ ( 30 с). Модуль саны – 7. №1 практикалық жұмыс. (2 сағат) Мұғалім мамандықтың ерекшеліктері Сабақтың мақсаты: Педагогикалық мамандықтың негізгі мақсаттары мен міндеттерінің ерекшеліктерін атап көрсет Тапсырмалар: Мұғалім мамандықтың ерекшеліктерінің мәні және негізгі компоненті Мұғалім мамандықтың ерекшеліктері оның әлеуметтік мәні мен мазмұны. Мұғалім мамандықтың ерекшеліктері туралы сипаттама. Мұғалім мамандықтың ерекшеліктері кәсіби білім, педагогикалық қабілеттер, педагогикалық техника. Бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби білімінің ерекшеліктері. Методикалық жоба: Педагогикалық жағдаяттар шешу, мәнерлеп оқу,әдебиеттерге шолу жүргізу Сабақта пайдаланытын құралдар: таблица,сурет.арнайы дайындалған педагогикалық жағдаяттарды шешу. Бақылау сұрақтары: тест сұрақтары берілген. Қоданылатын әдебиеттер: 1. Асқарбаева А. Ұстаз ізденістері. А 1987. 2. Асылов Ұ.Ж. Нұсқабайұлы. Әдеп. Инабаттылық дәрістері А 1987. 3. Елеусізова С. Қарым – қатынас психологиясы. А 1995. 4. Грехнев В.С. Культура педагогического общения. М 1990. №2 семинар сабағы. (2 сағат) Тақырып: Мұғалімінің іс-тәжрибелік дайындығы . Сабақтың мақсаты: Кәсіби педагогикалық қызмет-педагогтік шеберлікті қалыптастыру негізімен танысу. Тапсырмалар: Кәсіби-педагогикалық іс-әрекет – педагогикалық шеберліктің қалыптасуының негізі. Кәсіби педагогикалық қызмет-педагогтік шеберлікті қалыптастыру негізі. Жалпы педагогикалық және кәсіби-педагогикалық қызмет.Кәсіби-педагогикалық қызметтің мәні,оның құрылымы. Кәсіби- педагогтік қызметтегі мұғалімнің жеке басының қалыптасуы. . Педагогикалық қызмет деңгейлері: репродуктивтік,бейімділік,қызмет пен мінез-құлық. Методикалық жоба: Педагогикалық практика барысында мұғалімнің,тәрбиешінің кәсіби педагогикалық қызметімен танысу Сабақта пайдаланытын құралдар: интерактивтік тақта,ақпараттық коммуникациялық технология, суреттер,таблицалар. Бақылау сұрақтары: тест сұрақтары берілген.эссе жазу,конспект,реферат орындау Қоданылатын әдебиеттер: 1. Асқарбаева А. Ұстаз ізденістері. А 1987. 2. Асылов Ұ.Ж. Нұсқабайұлы. Әдеп. Инабаттылық дәрістері А 1987. 3. Елеусізова С. Қарым – қатынас психологиясы. А 1995. №3 – 4 семинар сабағы.(4 сағат) Тақырып: Болашақ мұғалімдердің кәсіби қызығушылығын дамыту Сабақтың мақсаты: Болашақ мұғалімдердің кәсіби қызығушылығын дамыту Тапсырмалар: Мұғалімнің өзін-өзі басқару шеберлігі, өзін-өзі қалыпқа келтіру техникасының негізі. 3) Жас педагогтің педагогикалық қызметі Методикалық жоба: Педагогикалық қатынастағы ықпал етудің негізгі тәсілдері. Педагогикалық қатынас және мұғалімінің кәсіби қызметіндегі орны.Педагогикалық қарым-қатынас стилі. Педагогикалық өзара қызметтестіктегі психологиялық кедергілер және оны жеңу жолдары. Педагог әдептілігін меңгеру шарттары Сабақта пайдаланытын құралдар: интерактивтік тақта,ақпараттық коммуникациялық технология, суреттер,таблицалар. Бақылау сұрақтары: тест сұрақтары берілген. Қоданылатын әдебиеттер: 1. Асқарбаева А. Ұстаз ізденістері. А 1987. 2. Асылов Ұ.Ж. Нұсқабайұлы. Әдеп. Инабаттылық дәрістері А 1987. 3. Елеусізова С. Қарым – қатынас психологиясы. А 1995. № 5 - 6 семинар сабағы(4 сағат) Тақырып: Мұғалім сөзі педагогикалық шеберліктің шарты ретінде . Сабақтың мақсаты: Сөз – мұғалім мен оқушылардың тіл табысу құралы . Тапсырмалар:. Мұғалім сөзі педагогикалық шеберліктің шарты ретінде. Педагогтың ақпараттық-сөздік әсер етуі . Педагог сөзі оның іс әрекетінің құрамында. Тіл және сөз. Ауызша сөйлеу ерекшеліктері: жағдайлық, кері байланыс, баптау стереотилизациясы, эмоционалдық. Методикалық жоба: Сөз әрекетінің психологиялық құрылымы: мақсаты, мазмұны, формасы. Сөз – мұғалім мен оқушылардың тіл табысу құралы. В.А.Сухомлинскийдің мұғалім сөзі мен оның тиімділігіне деген талаптары туралы.Кәсіптік шеберлік құрылымындағы педагогикалық қатынас. Мұғалім мен оқушылардың қарым-қатынас мәдениеті. Педагогикалық техника – педагогикалық шеберліктің компоненттерінің бірі Сабақта пайдаланытын құралдар: интерактивтік тақта,ақпараттық коммуникациялық технология, суреттер,таблицалар. Бақылау сұрақтары: тест сұрақтары берілген. Қоданылатын әдебиеттер: 1. Асқарбаева А. Ұстаз ізденістері. А 1987. 2. Асылов Ұ.Ж. Нұсқабайұлы. Әдеп. Инабаттылық дәрістері А 1987. 3. Елеусізова С. Қарым – қатынас психологиясы. А 1995. № 7 зертханалық жұмыс. (3 сағат) Тақырып: Педагогикалық шеберлік және мұғалім беделі. Сабақтың мақсаты: Ұстаздық шеберлікке жету жолдарын анықтау Тапсырмалар: Педагогикалық еңбектердің көрнекті шеберлері.Макаренко А.С., Сухомлинский В.А.,Алтынсарин Ы.,Ушинский К.Д.,Амонашвили Ш.А. Шебер-педагог қызметінің биік деңгейі. Ұстаздық шеберлікке жету жолдары. Методикалық жоба: Бастауыш сынып мұғалімдерінің өзін-өзі тәрбиелеуі және кәсіби шеберлігін қалыптастыруы. Өзін-өзі тәрбиелеу кәсіби шеберлікті қалыптастырудың құралы ретінде.Мұғалімнің өз бетінше кәсіптік білімін көтеруі және жетілуі. Сабақта пайдаланытын құралдар: интерактивтік тақта,ақпараттық коммуникациялық технология, суреттер,таблицалар. Бақылау сұрақтары: тест сұрақтары берілген. Қоданылатын әдебиеттер: 1. «Педагогика» Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті. 2. Қоянбаев Р.М, Ыбраймжанов Қ.Т. «Жалпы бастауыш білім беру педагогикасы». Түркістан-2005. 3. Подласый И.П. Педагогика 1-том. Минск-1996. 4. Бабаев С.Б, Оңалбек Ж.К. «Жалпы педагогика» Алматы 2006. 5. С.Ш. Әбенбаев, А.М. Құдиярова, Ж.Ә. Әбиев «Педагогика» Астана 2003. 6. Ж. Әбиев, А.М. Құдиярова, С. Бабаев «Педагогика» Алматы 2004. 6 СОӨЖ және СӨЖ мазмұны Кесте 4 – СОӨЖ және СӨЖ жоспарлары |СОӨЖ |СӨЖ | |аудитори|аудиториялық емес | | |ялық | | | |1 |2 |3 | | |Сөж№ Мұғалім мамандықтың ерекшеліктері |Мұғалім қызметінің | | |Тапсырма: Мұғалім мамандықтың |түрлері,қабілеттері | | |ерекшеліктері |Тапсырма: слайд жасау | | |Туралы сипаттама беру |Есеп беру формасы: | | |Есеп беру формасы конспект,ауызша баяндау |ауызша баяндау | | |Сөж№2. Ғылыми жоба «Бастауыш мұғалімнің |Педагогтық қызметтегі | | |жұмыс қызметі,тәжрибесі. |актерлік шеберлік және | | |Тапсырма: Терминологиялық сөздік құрастыру|режиссерлік элементтер. | | |Есеп беру формасы: ғылыми жоба |Тапсырма: слайд жасау | | |дайындаутест. |Есеп беру формасы: | | | |ауызша баяндау | | |Сөж3Мұғалім сөзі педагогикалық шеберліктің|Ата ана мен мұғалімнің | | |шарты ретінде |ынтымақтастығы | | |Тапсырма: Мақсат бойынша сызба құрастыру. |Тапсырма: жағдаяттар | | |Есеп беру формасы Мұғалімнің мәнерлеп |шешу | | |сөйлеу білігі: тіл мәдениеті, сөз |Есеп беру формасы: . | | |байлығына слайд жасау |конспект,ауызша баяндау | | |Сөж4. Мұғалім мен оқушылардың |Бастауыш сынып | | |қарым-қатынас мәдениеті |мұғалімдерінің өзін-өзі | | |Тапсырма: Мұғалім мен оқушылардың |тәрбиелеуі және кәсіби | | |қарым-қатынас мәдениеті. |шеберліктерінің | | |Есеп беру формасы |қалыптасуы | | |Тақырып бойынша бкулет жасау |Тапсырма: тезис жазу | | | |Есеп беру формасы: кесте| | | |құру | | |Сөж5. Мұғалім мен оқушылардың |Оқыту үрдісінде құзырлылық| | |қарым-қатынас мәдениеті. |к Тапсырма: тезис жазу | | |Тапсырма:1.В.А.Сухомлинскийдің «Мектептің |Есеп беру формасы: кесте | | |жас директорымен сырласу» оқу, талдау. |құру өзғарасын еңгізу | | |2.Семинар сұрақтарын зерттеу, тезис жазу. |мәселелері | | |Есеп беру формасы кесте құру | | | |Сөж6. Білім беру дүниежүзілік ақпаратты |Мемлекеттік | | |контекстегі көп аспектілі құбылыс ретінде.|бағдарлама2011-2020. | | | |Тапсырма: тезис жазу | | |Тапсырма: Реферат орындау |Есеп беру формасы: кесте | | | |құру өзғарасын еңгізу | | | |мәселелері | 7. Пән бойынша оқу үрдісінің күнтізбелік кестесі Кесте 5 - «Педагогикалық шеберлік » пәні бойынша оқу үрдісінің күнтізбелік кестесі |Апта |Бақылау түрі |Ұпай |Ескерту | | | |лар | | |1 |2 |3 |4 | | |1-7 апта бойынша барлық аудиториялық сабаққа |30 | | | |қатысу | | | |1 |Практикалық сабақ |- |- | | |СОӨЖ |- | | | |СӨЖ |- | | |2 |Практикалық сабақ |- | | | |СОӨЖ |- | | | |СӨЖ |- | | |3 |Практикалық сабақ |30 | | | |СОӨЖ |10 | | | |СӨЖ |25 | | |4 |Практикалық сабақ |- | | | |СОӨЖ |- | | | |СӨЖ | | | |5 |Практикалық сабақ |40 | | | |СОӨЖ |10 | | | |СӨЖ |25 | | |6 |Практикалық сабақ |- | | | |СОӨЖ |- | | | |СӨЖ |- | | |7 |Практикалық сабақ |35 | | | |СОӨЖ |10 | | | |СӨЖ |25 | | | |1 межелік бақылау |60 | | | |1- 7 апталар бойынша оқытудың ұпай нәтижесі |300 | | | | | | |ПОӘК 042-18.30./11 -2013 |Баспа . № 1 03.09.2013 |11 беттің 18-сі | | |8-15-апта бойынша барлық аудиториялық сабақ |30 | | | |түріне қатысу | | | |8 |Практикалық сабақ |- | | | |СОӨЖ |- | | | |СӨЖ |- | | |9 |Практикалық сабақ |- | | | |СОӨЖ |- | | | |СӨЖ |- | | |10 |Практикалық сабақ |30 | | | |СОӨЖ |10 | | | |СӨЖ |25 | | |11 |Практикалық сабақ |- | | | |СОӨЖ |- | | | |СӨЖ |- | | |12 |Практикалық сабақ |40 | | | |СОӨЖ |10 | | | |СӨЖ |25 | | |13 |Практикалық сабақ |- | | | |СОӨЖ |- | | | |СӨЖ |- | | |14 |Практикалық сабақ | | | | |СОӨЖ |- | | | |СӨЖ |- | | |15 |Практикалық сабақ |35 | | | | | | | | |СОӨЖ |10 | | | |СӨЖ |25 | | | |2 межелік бақылау |60 | | |8 -15 апта бойынша оқытудың ұпай нәтижесі |300 | | | | | | |Емтиханның қорытынды ұпайы | | | |Академиялық кезең бойынша ұпай қорытындысы | | | | |400 | | | |1000 | | | | | | |ПОӘК 042-18.30./11 -2013 |Баспа . № 1 03.09.2013|11 беттің 19-сі | 1. Әдебиет және қорлар |№ |Оқулық және оқу-әдістемелік Құралдың |Саны |Студент саны|Қамтылу | | |атауы | | |пайызы,% | |1 |Зязюн Г.М. Основы педагогического |24 |2 |100 | | |мастерства,М:Просвещение,1989.-243с. | | | | |2 |Кан-Калик В.А. Учителю о |12 | |90 | | |педагогическом общении. | | | | | |М:Просвещение,1987.-190с. | | | | |3 |Адриади И.П. Основы педагогического |62 | |80 | | |мастерства. Москва:Академия, 1995. | | | | |4 |Чернявская А.П. Педагогическое |4 | | | | |мастерство.Ярославль, 1997. | | | | |5 |Занина Л.В., Меньшикова Н.П. Основы |30 | | | | |педагогического мастерства. Москва: | | | | | |Феникс, 2003. | | | | |6 |Щуркова Н.Е.Педагогическая технология.|20 | | | | |Москва: Пед.общество России, 2002. | | | | |7 |Щуркова Н.Е. Практикум по |68 | | | | |педагогической технологии. Москва: | | | | | |Пед. общество России, 2001. | | | | |8 |Спирин Л.Ф. Теория и технология |4 | | | | |решения педагогических задач. Москав: | | | | | |Рос. пед. Агенство, 1997. | | | | |9 |Асқарбаева А. Ұстаз ізденістері. А |6 | | | | |1987. | | | | | |Асылов Ұ.Ж. Нұсқабайұлы. Әдеп. | | | | | |Инабаттылық дәрістері А 1987 | | | | |10 |Елеусізова С. Қарым – қатынас |10 | | | | |психологиясы. А 1995. | | | | |11 |Желдербаева С. Мәнерлеп оқу. А 1992. |5 | | | |12 |Синица И.Е. Педагогтық әдеп және |20 | | | | |ұстаздық шеберлік. А 1987. | | | | |13 |Абдуллина О.А. Жоғарғы педагогикалық |10 | | | | |білім беру саласындағы мұғалімді | | | | | |жалпы педагогикалық дайындау. | | | | |14 |Грехнев В.С. Педагогикалық қарым – |5 | | | | |қатынас мәдениеті. 1990 | | | | ----------------------- |Мұғалімнің коммуникативті | |іскерлігі | |Перцептивті | |іскерлік | |Педагогикалық | |қарым-қатынас | |іскерлігі | |Педагогикалық | |техника |
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz