Файл қосу
Пән барысы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ |4 деңгейлі СМЖ құжаты |ОӘК |П | | | |042-14-4-04-1.20.09-2008| |ПОӘК |№ 1 басылым | | |«Цитология және | | | |гистология» пәнінің | | | |студентке арналған жұмыс| | | |оқу бағдарламасы | | | 050607 – “Биология” мамандығына арналған “Цитология және гистология” ПӘНІНІҢ ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ (ПОӘК) ПӘННІҢ СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ Семей, 2008 Алғы сөз 1. ӘЗІРЛЕГЕН Құрастырушы Тоқаев Зейнолла Қалымбекұлы ........................ «....»........................ 2008 ж., в.ғ.д., профессор, “Биология” кафедрасының профессоры, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері. 1. ТАЛҚЫЛАҒАН 2.1. “Биология” кафедрасының мәжілісінде. «....» ....................... 2008 ж. Хаттама № .... Кафедра меңгерушісі ................................. Р.А. Арынова. 2.2.Аграрлық факультеттің оқу - әдістемелік кеңесі мәжілісінде. «....» ....................... 2008 ж. Хаттама № .... Төрайымы ......................................... Г.И. Джаманова. 2. БЕКІТІЛДІ Университеттің Оқу - әдістемелік кеңесінің мәжілісінде шығаруға мақұлданған және басылымға ұсынылған. «....» ....................... 2008 ж. Хаттама № .... ОӘК төрайымы, бірінші проректор ..................................... А.А. Молдажанова. БІРІНШІ РЕТ ЕҢГІЗІЛГЕН |Мазмұны |Беттері | |1. Жалпы ереже | | |2. Пәнді зерделеуге қажет әдістемелік нұсқаулар | | |3. Курстың форматы және саясаты | | |4. Студенттерді бағалау талаптары (саясаты) | | |5. Пәннің мазмұны және сабақ түрлеріне орай сағаттарды| | |бөлу | | |6. Оқытушының басшылығымен (ОБСӨЖ) және студенттердің | | |тек өз бетімен (СӨЖ) жүргізетін жұмыстарының мазмұны | | |7. Пәннің оқу барысын көрсететін күнтізбелік кестесі | | 1. Жалпы ереже Оқытушының ФАӘА – Тоқаев Зейнолла Қалымбекұлы, в.ғ.к., профессор, жаратылыстану ғылымдары Академиясының толық мүшесі (академик). Кафедрасы – Биология. Байланыс ақпараты – тел. 531970, № 5 оқу ғимараты, бөлме № 12. Сабақ өтетін бөлмелер - № 13 немесе 14 және № А-1 дәрісхана. Пәннің атауы - “Цитология және гистология” Кредит саны – 3, ал жалпы сағат саны – 135. 1 кесте Жұмыс оқу жоспарының көшірмесі: |Пән |Сем |Кре |Дәріс |ЗС |ОБСӨЖ |СӨЖ |Барлығы |Қорытынды | | |естр |дит |(сағат)|(сағат|(сағат) |(сағат)|(сағат) |бақылаудың | | | | | |) | | | |түрі | |ЦГ |2 |3 |15 |30 |45 |45 |135 |емтихан | 1. Пән мазмұнының қысқаша сипаттамасы. Цитология және гистология – адам және жануарлар организмiндегi жасушалар, ұлпалар, ағзалар, оның жүйелерінiң микро-, субмикроскопиялық құрылысын, қызметiн зерттейтiн, әрі организмнің пайда болғанынан өлгенге дейiнгi тiршiлiк әрекетiн және iс-тәжiрибе мүддесiне сай, даму бағытына ықпал жасау мүмкiндiктері туралы ғылым. Пән биологияның білім жүйесінде басқа пәндермен (зоология, анатомия, биохимия, физиология, генетика және басқа) бірге маңызды орын алады да, биология ілімі мен іс –тәжірибесі (практикасы) түзілетін негізі болып келеді. Ол кәсіптендіру пәндермен де (молекулалық биология, адам биологиясы және басқа) тығыз байланысты. Биология бакалавры жұмысында микроскоппен жұмыс істеу, қарапайым препараттарды жасау, жасушаның электронограммасын және микрофотосын ажырату, плазмалемманың туындылары мен негізгі тұрақты қосындыларды (органоидтарды) ұқсаттыруға, гистологиялық препараттарды оқуға, жануарлардағы негізгі ұлпалар жүйесінің түрлерін (типтерін) ұқсастандыруды (идентификациялау) білуі керек. Ол организмдегi жасуша, ұлпалар биологиясы туралы бiлiмдi тереңдетiп, олардың қызметiне нәтижелi, көздеулi ықпал жасау мүмкiндiгiн туғызып, биология ғылымының негізгі салаларында қызмет етуге мүмкiндiк бередi. 2. Пәннің мақсаты биология ғылымы мен практикасына өте қажет және маңызды организм жасушаларының, ұлпаларының, ағзаларының қазіргі деңгейдегі морфологиясын студенттерге баяндау, оны оларға меңгерту. Сөйтіп студенттердің ары қарай жоғары білім алуын жалғастыруға, творчестволық мүмкіндіктерін, белсенділігін және жаңашылдығын дамытуға жағдайлар жасау. 3.3. Пәнді зерделеудің негізгі міндеттері: тіршілік құбылысындағы түрлі деңгейдегі жүйелер құрылымы, қызметінің (жасушалар, ұлпалар, ағзалар, ағзалар жүйелері, организм) мәнін айқындау; заттардың алмасу процестерін, сыртқы ортамен қарым-қатынасын, дамуын және шығу тегін білу; қазіргі биологияның ілімдік, қолданбалы аспектілерін әзірлеуге айтарлықтай үлес қосу. Мысалы, қан құюдағы жасушалардың, ұлпалардың сәйкестігі, ұлпаларды ауыстырып салу, жүйкенің қажу (стресс алу) себепшарттарының әсері, әртүрлі жағдайдағы ұлпалардың қалпына келу мүмкіншіліктерін зерттеу, цитоанықтау көкейтесті қолданбалы түйінді мәселе (проблема) болып келеді. Ал, цито-, гистологиялық әдістерді (цито-, гистохимия, авторадиография, биометрия, математикалық жоба, ЭЕМ, арнайы автоматикалық құралдар) қолдану биотехнологияның, тек инженериясының, ұрықтарды ауыстырып отырғызудың іс- тәжірибе есептерін шешуге мүмкіндік береді. Медицинада, ауыл шаруашылығында, ветеринарияда және басқа салаларда цитологиялық,гистологиялық зерттеулердің қортындысын пайдалану. 3.4. Пәнді зерделеу нәтижесінде студент мыналарды білуге міндетті: - жануарлар организміндегі ұлпалар, ағзалар және ағзалар жүйесінің құрамында болатын жасушалардың, жасушасыз құрылымдардың микро,- субмикроскоптық құрылысын, тіршілік әрекетін; организмдегі ұлпалар дамуын, олардың құрылысын, қызметін, орналасқан жерін және қалпына келуін; ағзалардың микроскопиялық құрылысын білуі; - тұрақты және уақытша гистологиялық препараттарды, микроскоптың окулярлық көрсеткішін әзірлеу техникасының негізімен және онымен зерделеу әдістерін; биология бакалаврының практикалық еңбегінде организм, ағзалар, ұлпалар, жасушалар және субжасушалық элементерді күрделі, кешенді зерттеу әдістерін қолдануды және пайдалануды білуді; - түрлі микроскоптар мен микротомдарды пайдалануды, бір нәрсені жарық оптикалық техника арқылы көрсетуді, лейкоциттерді санауды және лейкоцитарлық формуланы құруды, гистологиялық препараттардың бейнесін салуды және пәннен алған білімді басқа пәндерді оқығанда қолдануды істей білуі; - ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеу, қысқаша жазбаны (конспект) жазу, зерттеу журналын, библиографиялық істі жүргізу және организм ұлпаларының шығу тегін, орналасқан жерін, құрылысын, қызметін, жіктелуін, әрі қазіргі зерттеу әдістерінің (электронды, люминесцентті, кезеңді-қарсыластық микроскопия, сандық гистохимия, т.б.) қысқаша жазбасын жазу дағдысы бар болуы; - микроскоппен жұмыс істеу, гистологиялық препараттарды дайындап, оны “оқуды” және микро-, электрондыфотобейнелерді айқындай білу, ғылыми тәжірибе сызбасын құрып, оны өткізу және талдау дағдысына ие болуы. 3.5. Курстың басты деректемелері (пререквизиті, арнаулы қажетті пәндердің атауы; білім сатысы алдындағы пәндер): Пәнді зерделеудің басты негізі орта мектептің оқу бағдарламасына сай өткен: зоология, ботаника, анатомия, адам физиологиясы мен гигиенасы, жалпы биология, физика, химия; олар келешекте жоғары кәсіптік білім бағдарламасындағы базалық пәндерді – жеке даму биологиясы, биохимия, биофизика негіздері, өсімдіктер физиологиясы, генетика, адам және жануарлар физиологиясы, микробиология және вирусологияларды оқығанда өте қажет болады. 6. Курс деректемелері (постреквизиті, оқып білуде міндетті курс болатын пәндердің атауы, жұмыс оқу жоспарынан): Пән молекулалық биология, адам биологиясы, генетика, т.б. пәндердің негізі болып келеді. Оның деңгейі кәсіптендіру пәндерін терең меңгеруге және практикалық қызметте өте қажет ілімдік, практикалық дағдыларды іске асыру сапаларымен айқындалады. Пәннің әдістемелік ұсыныстарын толық меңгеру үшін, З.Қ. Тоқаевтың жарық көрген еңбектерін (2001 ж. Семейде “Гистология, эмбриология, цитология практикумын”, 2002 ж. “Гистология зертханалық сабақтарының оқулық- әдістемелік құралын”, 2006 ж. Алматы “Інжу-Маржан” полиграфия фирмасында басылған “Жануарлар морфологиясы латын ветеринариялық терминологиясымен” оқулығын) кітапханадан алып, күнделікті сабақта қажетті құрал ретінде пайдаланған жөн. 7.2. Пән барысы. Оқылатын дәрісте кейінгі ғылымның көкейтесті мәселелері, қазіргі жетістіктері, жаңалықтары айтылады. Өткізілетін зертханалық сабақтарда организмнен алынып, жасалған жасушалар, ұлпалар, ағзалар препараттарын жарық микроскопта тікелей зерттеп, электронды микроскопта көрінетін микробейнелерді талдап, зерделейсіздер. Бұл студентті өз бетімен оқуға, іздену әдетін қалыптастыруға, қисынды пікір дамытуға, ғылыми зерттеу жұмысына дағдыландыруға, пәннен алған білімді басқа пәндерді оқығанда, оны пайдалана білуге үйрету; студенттер гистологиялық, цитохимиялық препараттар, электронды микрофотограммалар, басқа көрнекi құралдарды анықтауда, осы саладағы терминдер мен ұғымдарды алған бiлiмi, дағдысы, шеберлiгi деңгейiнде көрсетуi керек. Ол үшiн арнайы гистологиялық терминологиялық сөздiк дәптер ашып, әр дәрiс пен зертханалық сабақтан кейiн жаңа сөздердi жазып алып, жаттау қажет. Сабақ үстiнде микропрепараттардың көрiнiсiн түрлi-түстi қарындашпен альбомға салып алып, әдiстеме нұсқауларына сай белгiлерiн қойып, оларды электронды микроскоп көмегiмен алынған микрофотосуреттермен салыстырып, айырмашылық, ерекшелiктерiн байқаған жөн. Себебi, емтихан кезiнде белгiсiз препараттарды анықтау, студенттердiң бiлiмiн бағалаудың бiр критерийi болып саналады. Пәннiң әр дәрiсiнен кейiн ұсынылған сұрақтарға, тестерге жауап берiп, оған қайтаратын жауапты жинақтап қорытып, күмәндiк туса, алдын ала дәрiстен оқып, оны толық түсiнiп, дәрiске, сабаққа дайын болып келген жөн. Сонда ғана әр тақырыпты жақсы меңгерiп, цитология мен гистология келешек мамандыққа қажет биология iлiмiнiң негiзi екенiн түсiнесiз. 7.3. Пәннің талаптары (саясаты). Қатынасу: дәрiс, зертханалық сабақтарға мiндеттi түрде қатынасу керек. Егерде қандайда болмасын себептермен сiз оларға қатынаса алмасаңыз, онда барлық меңгере алмаған материалға жауапкер боласыз. Мiнез – құлық: Студент ар кодексiн: мiнез-құлық этикасын сақтауы керек. Сабаққа кешiгу кешiрiлмейтiн қылық. Сабақ үстiнде оқу тәртiбiн бұзушылар дәрiсханадан шығарылады немесе бүкiл курс бойынша «қанағаттанарлықсыз» бағамен жазаланады. Бақылау тапсырмалары. Олар сөзсiз орындалып, белгiленген мерзiмде тапсырылуы қажет. Кешiгiп орындалған жұмыстардың бағасы өзiнен - өзi төмен болады. Межелiк бағалау: Межелiк бағалаудың қортындысы сабақ қатысуы мен үлгерiмiне, студенттердiң белгiленген мерзiмге өз бетiмен жұмыс орындауына, сабақта ауызша немесе жазбаша түрде берген жауабына, межелiк бақылау қортындысына байланысты қойылады. Көшiрiп алу және бiреудiң шығармасын толық немесе жарым-жартылай өз атымен ұрлап пайдалану: Қандай да болмасын көшiрiп алу, бiреудiң шығармасын толық, не жарым-жартылай өз атымен ұрлап пайдалану (студенттерден дайын тапсырма, шешiмдер көшiрмесiн пайдалану) дәрiсханадан шығарумен тоқтатылады немесе «қанағаттанарлықсыз» бағамен жазаланады. Ұрлап пайдалану мен алдауды болғызбау керек. Ұялы телефон: Сабақ үстiнде оны үзiп тастау немесе ұялы телефонмен байланысты болғызбау керек. 7.4. Бағалау. Емтихан: Қортынды емтихан барлық студенттер емтихан беруге рұқсат етiлгеннен кейiн емтихан сұрақтары жазылған ауызша, не тест арқылы өткiзiледi. Бұл студенттерге өте маңызды: себебi олар әр деңгейдегi жүйелер құрылымының тiршiлiк құбылысының мәнiн қалыптастыруы; философияның диалектикалық материализм көзқарасынан организмнің даму заңдылықтарын; тiршiлiк процестерiн басқаруды меңгерiп алуы қажет. Бұлармен бiрге емтиханға дейiн пән бағасын шығару үшiн қысқаша жазба дәптер, микропрепараттағы көрiнiстер бейнесiн салған альбом тексерiледi, биология бакалавры жұмысына қажет организм, ағзалар, ұлпалар, жасушалар, олардың электронды микроскоптағы құрылымын күрделi, кешендi зерттеу тәсiлдерiн қолдануына қажет препараттарды, электронды микрофотограммаларды оқып, микроскоппен жұмыс iстеу дағдысы байқалады. Әр тесте пәннiң әр бөлiмiнен алынған бес сұрақ болады. Оның iшiнде тек бiр жауабы ғана дұрыс. Сондықтан дұрыс жауап алдына белгi қою қажет. 7.5. Студент білімін бағалау критерийі және жүйесі. Пән емтиханын бағалау үшін модуль, межелік бақылау (60%),қорытынды бағалау, емтихан - (40%), барлығы 100% құратын үлгерімнің ең үлкен қосындысы алынады. 3 кесте |№ |Студенттің оқу және жұмыс түрлері |Балдар | |1 |Дәріске қатысуы |5 | |2 |Зертханалық сабаққа қатысып, жауап беруі |5 | |3 |Гистологиялық препараттарды, электронды микро фото |5 | | |граммаларды анықтау | | |4 |Микро препараттар бейнесін дәптерге салу |3 | |5 |Реферат (белгілі 1 мәселенің қысқаша мазмұны) жазу |3 | |6 |Жазбаша бақылау жұмысты орындау |3 | |7 |Сызба, кестелер дайындау |5 | |8 |Гистологиялық препараттарды әзірлеу |5 | |9 |Слайдтарды (негатив түріндегі фотосурет) дайындау |3 | |10 |Ғылыми мақалалар дайындау |3 | |11 |№ 1 шектік бақылау – 7 апта |10 | |12 |№ 2 шектік бақылау – 15 апта |10 | | |Ағымдық бақылау |60 | | |Қортынды бақылау |40 | 7.6. 3 кестедегі жұмыстарды бағалаудың шкаласы мен критерийі. 4 кесте |3 кесте |Бал |Апталар |Қор. | |бақылау |дар | |бал | |түрлері | | | | | | |1 | | | |Д |СПС |ЗС |ОБСӨЖ |СӨЖ | |1 |Кіріспе |1 | |2 |4 |3 | |2 |Клеткалық ілім. Эукариотты, про |1 | |4 |2 |3 | | |кариотты жасушалар | | | | | | |3 |Цитология және гистология зерттеу |1 | |4 |3 |3 | | |әдістері | | | | | | |4 |Биологиялық, плазматикалық жарғақтар |1 | |5 |3 |3 | |5 |Цитоплазма |1 | |2 |6 |3 | |6 |Интерфазалық ядро |1 | |1 |2 |3 | |7 |Тұрақты, тұрақсыз қосындылар |1 | |2 |6 |3 | |8 |Жасушаның тіршілік әрекеттері |1 | |1 |2 |3 | |9 |Жасушаның тіршілік циклі |1 | |1 |2 |3 | |10 |Жасушалардың тұрақталуы, дерттануы |1 | |1 |4 |3 | |11 |Ұлпалық жүйенің пайда болуы |1 | |1 |2 |3 | |12 |Эпителий ұлпалары |1 | |3 |2 |3 | |13 |Ішкі орта ұлпалары |1 | |1 |3 |3 | |14 |Бұлшық ет ұлпалары |1 | |1 |2 |3 | |15 |Жүйке ұлпасы |1 | |1 |2 |3 | | |Барлығы |15 | |30 |45 |45 | Оқытушының басшылығымен (ОБСӨЖ) және студенттердің тек өз бетімен (СӨЖ) жүргізетін жұмыстарының мазмұны. ОБСӨЖ және СӨЖ жоспары 6 кесте |№ |ОБСӨЖ |СӨЖ | |реті| | | | |аудиториялық |аудиториядан тыс | | |1 |Гистологиялық зерттеу |Клеткалық теория, оның негізгі|Микроскоппен жұмыс| | |әдістері |ережелері |істеу | |2 |Препарат әзірлеу |Гистология мен цитологияның |Құрылғыларды | | |техникасы |қазіргі зерттеу әдістері |әзірлеу | |3 |Тірі заттардың |Дамудың қатерлі кезеңдері. |Микротом пышақ | | |жасушадан тыс түрлері |Лимфа тамырлары. |тарын қайрау | |4 |Жасуша құрылысы |Ұрық пен жетілген организмде |Кесінділер | | | |қанның түзілуі |дайындау | |5 |Жасушаның тұрақты |Жүйке ұлпасының қалпына келуі.|Препаратты бояу | | |қосындылары |Үлкен ми, жұлын қабықтары. | | |6 |Амитоз, оның түрлері |Безді эпителийдің жіктелуі, |Окуляр көрсеткішін| | | |құрылысы, даму көзі. |әзірлеу. | |7 |А.Н. Северцов жұмыстары| | | |8 |А.В. Румянцев жұмыстары| | | |9 |Н.Г. Хлопин жұмыстары | | | |10 |А.А. Заварзин жұмыстары| | | |11 |Бір қабатты эпителий |Жыныс жасушасын консервлеудің |Суреттер жасау | | | |қазіргі әдістері | | |12 |Көпқабатты эпителий |Май ұлпасы |Ағзаларды өз беті | | | | |мен оқу | |13 |Мезенхима |Эпифиз |Ағзаларды өз беті | | | | |мен оқу | |14 |Ретикулярлы ұлпа |Ірі сілекей бездері. |Ағзаларды өз беті | | | | |мен оқу | |15 |Шеміршек |Өт қабы және өт бөлу жолдары |Ағзаларды өз беті | | | | |мен оқу | |16 |Бұлшық ет ұлпасы | | | |17 |Жалғама, глиоциттер | | | |18 |Дербес жүйке түйіндері | | | |19 |А. Максимов жұмыстары | | | |20 |Н.Г. Хрущов жұмыстары | | | |21 |Э. Геккель жұмыстары | | | |22 |И. Мечников жұмыстары | | | |23 |К.М. Бэр жұмыстары | | | |24 |Т. Шванн жұмыстары | | | |25 |М. Шлейден жұмыстары | | | |26 |Ф. Лейдиг жұмыстары | | | |27 |А.О. Ковалевский жұмысы| | | |28 |Б.И. Лаврентьев жұмысы | | | |29 |А.В. Немилов жұмыстары | | | |30 |Г.А. Шмидт жұмыстары | | | 8.5. «Цитология және гистология» пәнінің оқу процесінің күнтізбе кестесі 8 кесте. |№ реті |Апта |1 |2 | |А |4,0 |95 – 100 |Өте жақсы | |А- |3,67 |90 – 94 | | |В+ |3,33 |85 – 89 |Жақсы | |В |3,0 |80 – 84 | | |В- |2,67 |75 - 79 | | |С+ |2,33 |70 – 74 |Қанағаттарлық | |С |2,0 |65 – 69 | | |С- |1,67 |60 – 64 | | |Д+ |1,33 |55 – 59 | | |Д |1,0 |50 - 54 | | |Ғ |0 |0 - 49 |Қанағаттарлықсыз | |I |NA | |Аяқталмаған | |P | |өтті |Пәнді өтті | ӨЗГЕРІСТЕРДІ ТІРКЕУ ПАРАҒЫ |Өзгерістің |Құжаттың |Өзгеріс |Өзгеріс № |Өзгеріс енгізілді | |рет № |бөлімі, |түрі |және уақыты| | | |пункті |(ауыстыру, | | | | | |жою, қосу) | | | | | | | |Уақыты |Аты-жөні, | | | | | | |қолы, | | | | | | |лауазымы | ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ТАНЫСТЫРУ |Рет |Лауазымы |Аты-жөні |Уақы |Қолы |Өзгерістің |Қолы | |№ | | |ты | |№, уақыты | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | |
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz