Файл қосу
Материалдардың сапа жүйесі
| ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ | |СЕМЕЙ қ. ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ | |СМЖ 3-деңгейдегі құжаты |ПОӘК | | | | |ПОӘК 042 - | | | |18 -7.1.34/03-2013 | |ПОӘК | | | |«Тамақ өнімдерін сақтау |№ 1 басылым | | |тәсілдері және буып-түю |18.09.2013ж | | |материалдары» пәнінің | | | |оқу-әдістемелік кешені | | | «Тамақ өнімдерін сақтау тәсілдері және буып-түю материалдары» ПӘННІҢ ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ 5В072800– «Өңдеу өндірістерінің технологиясы» мамандығы үшін ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР Семей 2014 Алғы сөз 1 ӘЗІРЛЕНДІ Құрастырған Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Тамақ өнімдерінің және жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы» кафедрасының т.ғ.к., доцент м.а., Нұрымхан Г.Н. _____________«27» тамыз 2014 ж. 2 ТАЛҚЫЛАНДЫ 2.1 «Тамақ өнімдерінің және жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы» кафедрасының мәжілісінде №1 хаттама «3» қыркүйек 2014 ж. Кафедра меңгерушісі__________________ Б.К. Асенова 2.2 Инженерлік–технологиялық факультеттің оқу-әдістемелік бюросының мәжілісінде №1 хаттама «5» қыркүйек 2014 ж. Төрайымы ______________ С.С.Толеубекова 3 БЕКІТІЛДІ Университеттің Оқу-әдістемелік кеңесінің мәжілісінде қолдау алды және басып шығаруға ұсынылды №1 хаттама «11» қыркүйек 2014 ж. ОӘК төрайымы_____________ Г.К. Искакова 4 АЛҒАШҚЫ РЕТ ЕНГІЗІЛДІ Мазмұны |1 |Глоссарий | | |2 |Дәрістер | | |3 |Тәжірибелік және зертханалық сабақтар | | |4 |Курстық жоба (жұмыс) | | |5 |Білім алушының өздік жұмысы | | 1. ГЛОССАРИЙ Агломераттар - өзара Ван-дер –Ваальс күштерімен немесе электростатикалық күштермен байланысқан өнімнің ұсақ бөлшектерінің жеткілікті мөлшердегі мықты байланысы. Адгезия- екі әр текті денелердің жоғары беттерінің жабысуы Ассортимент- қандай да бір белгілері бойынша біріктірілген тауарлардың түрлері немесе жиынтығы Бакалеялық тауарлар- ұн, жарма, дрожжилар, макарон өнімдері,крахмал, тұз, кофе, саңырауқұлақтар, дәмдеуіштер Гель фильтрация- еріген заттың құрамындағы түрлі өлшемдегі молекулаларын бөлу үрдісі. Дисперсті фаза- біртекті емес жүйенің ішкі, ұсақ бөлшектелген фазасы. Жарамдылық мерзiмi - өнiмдi (тауарды) дайындау (өндiру), оның айналымы процестерiнiң (сатыларының) шарттары сақталған кезде мақсаты бойынша пайдалану үшiн өнiмнiң (тауардың) қауiпсiз болып саналатын уақыты аяқталғанға дейiнгi кезең; Дайындалған (өндiрiлген) күнi - өнiмдi (тауарды) дайындаудың (өндiрудiң) технологиялық процесiнiң аяқталған сәтi туралы ақпарат беретiн, дайындаушы (өндiрушi) қоятын күн; Буып-түйiлген күнi (өлшенiп салынған, сұйық өнiмдер құйылған) - өнiмнiң (тауардың) орауышқа (ыдысқа) салынған күнi; Дайындаушы (өндiрушi) - өнiмдi кейiннен иелiктен шығару немесе өндiрiстiк мақсаттарда өзi тұтыну үшiн өндiретiн жеке немесе заңды тұлғалар; Ингредиент - жануар, өсiмдiк, микробиологиялық немесе минералдық тектi зат, сондай-ақ тағам өнiмiн дайындау (өндiру) кезiнде пайдаланылатын және дайын өнiмде бастапқы немесе өзгертiлген түрде болатын табиғи немесе синтезделген тағамдық қоспалар; Ұжымдық тауарлық белгi - бұл қауымдастықтың (одақтың) немесе заңды тұлғалардың және (немесе) жеке кәсiпкерлердiң өзге де бiрлестiктерiнiң өздерi шығарған немесе өткiзетiн өнiмдердi (тауарларды) белгiлеу үшiн қызмет ететiн, бiрыңғай сапалық немесе өзге де сипаттамаларға ие тауарлық белгiсi; Таңбалау - тұтынушыға арналған ақпаратты жеткiзетiн және өнiмге (тауарға), құжаттарға, жаднамаларға (қосымша парақтарға), затбелгiлерге, контрзатбелгiлерге, кольереткаларға, заттаңбаларға, жапсырмаларға (стикерлерге), орауышқа (ыдысқа) түсiрiлген мәтiн, тауарлық белгiлер, шарттық белгi және суреттер; Өнiм (тауар) шығарылатын жердiң атауы - табиғи жағдайларды немесе адам факторларын қоса алғанда, өнiмнiң (тауардың) ерекше немесе басты түрде оны дайындаумен байланысты айрықша қасиеттерiн белгiлеу үшiн пайдаланылатын географиялық сiлтеме; Тағамдық құндылық - құрамымен және дәмдiк қасиеттерiмен айқындалатын, ағзаны тағамдық заттармен қанағаттандыру дәрежесi; Тұтынушы - тiкелей тұтыну (пайдалану) немесе одан әрi өткiзу үшiн өнiмдi (тауарларды) сатып алатын жеке немесе заңды тұлға; Өнiм берушi - өнiмдi (тауарды) өткiзетiн жеке немесе заңды тұлға; Сақталу мерзiмi - сақтаудың белгiленген шарттары сақталған кезде, өнiмнiң (тауардың) нормативтiк құжатта немесе өнiмге (тауарға) арналған сатып алу-сату шартында көрсетiлген сапа мен қауiпсiздiк көрсеткiштерi сақталатын уақыт кезеңi; Тауарлық белгi - заңнамаға сәйкес тiркелген немесе Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық шарттардың күшiмен тiркеусiз қорғалатын, бiрыңғай заңды немесе жеке тұлғалардың өнiмiн (тауарларын) басқа заңды немесе жеке тұлғалардың бiр тектi өнiмiнен (тауарларынан) ажырату үшiн қызмет атқаратын белгi; Орауыш (ыдыс) - өнiмдi (тауарды) зақымдалудан, бүлiнуден және жоғалудан қорғауды қамтамасыз ететiн құрал немесе құралдар кешенi. 2. ДӘРІСТЕР 1-дәріс. Тамақ өнімдерін сақтау мен буып-түюге арналған жалпы ұсыныстар Дәріс сұрақтары: 1. Буып – түю тауардың қауіпсіздігін, қоршаған ортаны ластаудың қауіпсіздігі, тауардың бүлінуі мен жоғалуының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін буып – түю әдісі 2. Балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті 3. Қаптамаға және таңбалауға қойылатын талаптар Дәріс мақсаты: Тамақ өнімдерін буып-түюге арналған қауіпсіздік талаптарымен техникалық регламенттермен таныстыру; 1.1 Буып – түю тауардың қауіпсіздігін, қоршаған ортаны ластаудың қауіпсіздігі, тауардың бүлінуі мен жоғалуының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін буып – түю әдісі. Буып – түюдің негізгі бағыты – бүып – түйілген тауарларды сыртқы жағымсыз әсерлерінен қорғау және де тауарлардың кейбір бөліктері мен жеке үлгіні қоршаған ортаға түсуін ескерту. Буып – түюдің қосымша функциясы – бұл тауарлардың түрлі – түсті безендірілуі. Бұл жағдайда ол тұтынушылардың және маркетологтардың өз алдына қызығушылығын тудырады.Буып – түюдің элементтері: тара буып – түю немесе байлау материялдары.Тара - буып – түюдің басты элементі, тауарларды орналастыратын басты зат. Буып – түюдің материалдары - буып –түюдің қосымша элементтері, тауарды механикалық бұзылудан сақтауға арналған.Байлау материалы – буып – түюдің қосымша элементі, тараның беріктігін арттыру үшін арналған. Тұтынушы тараға жататындар: • әр түрлі мөлшері бар жәшіктер, себеттер, қатар, лотоктар, қағаздан жасалған қаптама, қағаз, фольга мен полимерлер және аралас металдар; • шыны және металл банкілері, бөтелкелер, тетрапакеттер, полимерлі және аралас металдардан жасалған сакандар; • орама металдары – қағаз фольга, пергамент, картон, полимерлі металдар. Тасымалдау орамын тауарларды тасымалдау мен көтерме немесе бөлшек ретінде сатуда қолданылады. Тасымалдау орамын екі әдіс арқылы жүргізіледі: бірден буып – түйілген және бірден буып – түйілмеген . Қолданылған металдарға қатысты механикалық тұрақтылығы және беріктігі, сонымен қатар тауарларды сақтау деңгейіне байланысты болып табылады. Тауарлардың бірнеше түрлері металды және шынылы – гермитизация жағдайында тауарға оттегінің әсерін жояды және сыртқы микрофлораны, қышқылдық бөліну (жану,майдың тұздалуы, витаминдердің бұзылуы ) және микробиологиялық бөліну (шіру, көгеру, торлану) . Металдарды және қара түсті шыны бөтелкелер тауарларды күн сәулесінен және қышқылдық бөліну прноцесінен қорғайды.Орташа – қатты орам қатты орамнан салмақ және көлеммен ажыратылады. Бос орам бір – бірінен өте жеңіл жиырылады және созылады оларды тасымалдау үшін сақтау кезінде арзанға түседі. Орташа – қатты орамға механикалық әсері тұтақты тауарларды орнатады және олардың сақталуын қамтамасыз етеді.Орамаға бояуларды безендіріп жағу үшін Ресейдің Минздрав органдарымен рұқсат етілген бояғыштары қолданылады. Ең қауіпсіздігі әйнекті және маталы тара, ал қауіптісі – металдық және полимерлі таралар болып саналады. Ораманың сенімділігі – механикалық қасиеттердің сақталу қасиеті немесе белгілі уақыт аралығында герметикалығы. Осы қасиетке байланысты орама тауарлардың сақталуын қамтамасыз етеді. Бірақ орама түрлеріне байланысты оралған тауарлардысақтау бірдей емес болып табылады. Сақтау қасиеті орама көп рет қолданылуы үшін тауармен бірге де, онсыз да жақсы сақталуы керек. Орама сәйкестігі – оралған тауарлардың тұтынушылық қасиетін өзгертпеу қабілеттілігі. Ол үшін орама таза, құрғақ, жабысқақтық пен бөгде иістер болмауы керек. Ол тауардың жеке компоненттерін(су, май) сіңірілуі қажет. Тауармен сәйкес келмейтін ораманы қолдануға болмайды. Мысалы: құрамында майы бар өнімдерге қағазды және полиэтилендіқабатты қолдануға болады, себебі, майлар орамаға сіңіп кетеді. Тағамдық өнімдерге арналаған ағаш жәшіктерді хвой тұқымдас ағаштардан жасауға болмайды. Сақтау қасиеттінің ең маңыздысы критерилеріне: қауіпсіздік, сенімділік, сондай – ақ буып – түюдің экологиялық эффектісі және буып – түйілген тауардың сақталу мерзімі.Буып – түюдің экологиялық эффектісі оның құндылығы бойынша және эксплуатация, утилизация бағасымен сипатталады. Сонымен, буып – түюдің маңызды формасы – ішкі қолайсыз іс - әрекеттерөз есебінен сақтауда, буып – түйілген тауардың қауіпсіздігі, сондай – ақ буып түю мен тауардың сәйкестігі. 1.2.Балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті Осы «Балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы және «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі заңдарына (бұдан әpi - Заң) сәйкес әзірленген.2. Осы Техникалық регламент балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне, оларды өндіру және айналымы үдерістеріне қойылатын талаптарды белгілейді және Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының (бұдан әpi - КО СЭК, ТН) 0402, 0406, 1103, 1602, 1604, 1704, 1806, 1901, 2005, 2007, 2008, 2009, 2104, 2201 тауар позициясына кіретін тамақ өнімдеріне қолданылады. 3. Осы Техникалық регламенттің талаптары жас балаларға арналған балалар тағамдарына; диеталық және емдік-профилактикалық тағамдарға қолданылмайды.4. Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығы үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында азайтылуы қажет балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдерінің тіршілік циклі үдерісінде туындайтын факторларға (тәуекелдерге) мыналар жатады: тамақ өнімдерінің жекелеген түрі үшін техникалық регламенттер немесе санитариялық ережелер талаптарымен белгіленген, құрамындағы уытты элементтердің, микоуыттардың, пестицидтердің, антибиотиктердің, радионуклидтердің, тағамдық қоспалардың, витаминдердің, микроэлементтердің және басқа да нормаланбайтын контаминанттардың артуы, өнімнің механикалық және микробиологиялық ластануы. 5. Мүмкін болатын тәуекелдер балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдерінің тіршілік циклдерінің мынадай сатылары (үдерістері) кезінде туындайды:балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау);қоймаларды, өндірістік үй-жайларды, машиналарды, жабдықтарды, көлік құралдарын, қосалқы материалдарды дайындау;өндіріске негізгі және қосымша шикі заттарды, оның ішінде тағамдық қоспаларды және ингредиенттерді қабылдау және дайындау; балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдерін өндіру (дайындау);сақтау, тасымалдау, өткізу.6. Балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдерінің тәуекелін бағалау кезінде қазіргі заманғы өңдеу әдістері, инспекциялаудың, ішінара бақылаудың, зертханалық зерттеулердің әдістері пайдаланылады. 7. Балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін бағалау:өндіру кезінде қолданылатын шикізаттар мен материалдардың қауіпсіздігімен;құрамының артуы организмге зиянды әсер ететін химиялық және биологиялық ксенобиотиктер (уытты элементтер, пестицидтер, микоуыттар, антибиотиктер, радионуклидтер, тағамдық, қоспалар) бойынша өнімнің сипатын анықтау жолымен;анықталған тәуекелдің әрқайсысының балалар мен жасөспірімдердің организміне әсерін және оның салдарларын талдау жолымен;анықталған тәуекелдерді шектеу бойынша ic-шараларды белгілеумен айқындалады.8. Балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдерін сәйкестендіру оны осы Техникалық регламента пайдалану саласына жатқызу және олардың атаулар мен сәйкестендіру көрсеткіштерінің, осы Техникалық регламентін, талаптарына сәйкестігін белгілеу және (немесе) ықтимал бұрмалауды анықтау мақсатында жүргізіледі.Сәйкестендіру үшін мына әдістердің бірі немесе олардың үйлесімі пайдаланылуы мүмкін:өнімді сынау. 9. Егер, ілеспе құжаттардағы және зат таңбалардағы балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдері туралы ақпарат осы Техникалық регламентте белгіленген атауларға және (немесе) сәйкестендіру көрсеткіштерге сәйкес келмесе немесе дұрыс болмаса, балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдері бұрмаланған деп танылады және мәжбүрлеп кepi қайтаруға жатады. 1.3.Қаптамаға және таңбалауға қойылатын талаптар Балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдерін қаптау және таңбалау Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 наурыздағы № 277 қаулысымен бекітілген «Буып-түюге, таңбалауға, затбелгі жапсыруға және оларды дұрыс түсіруге қойылатын талаптар» техникалық регламентінің талаптарына, сондай-ақ, өнімнің жекелеген түрлеріне қойылатын талаптарға сай келуі тиіс.Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімді қаптау зақымдануды болдырмау мақсатында контаминацияны (ластауды) азайту және таңбалауды орналастыру өнімін барлық жарамдылық мерзімі ішінде барабар қорғанышты қамтамасыз етуі тиіс. Қаптама материалдары Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген материалдардан дайындалады.Балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдерінің тұтынушы қаптамасының бүтіндігі бұзылған кезде осы өнімнің меншік иесі айналымнан жедел алып тастайды. Оны одан әpi пайдалану Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.Балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдері, мынадай көлемдерден аспайтын қымталған қаптамада шығарылуы тиіс:сұйық сүт және сүт қышқылы өнімдері - 1 литр;паста тәрізді сүт өнімдері - 0,2 кг;консервіленген ет және ет-өсімдік өнімдері - 0,35 кг;жеміс, көкөніс және жеміс-жидек-көкөніс шырындары мен нектарлары - 2 литр.Балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдерінің тұтынушы ыдысында мынадай таңбалау орналастырылуы тиіс:дайындаушының және Қазақстан Республикасындағы аумағындағы тұтынушылардың талаптарын қабылдауға дайындаушы өкілеттік берген (бар болған кезде), (елді қоса алғанда заңды мекенжайы, ал заңды мекенжаймен сәйкес келмегенде кәсіпорынның мекенжайы) ұйымның атауы мен орналасқан жері;өнімнің атауыөнімнің құрамы (тағамдық қоспаларды, витаминдерді, микронутриенттерді, хош истендіргіштерді міндетті түрде көрсете отырып, ингредиенттердің массалық үлесі азайту тәртібімен);нетто массасы немесе көлемі; құрамындағы витаминдерді, минералдық заттарды және энергетикалық құндылығын қоса алғанда, тағамдық құндылығы; тұтыну қаптамасын ашқанға дейінгі және одан кейінгі сақтау шарттары; тұтыну қаптамасын ашқанға дейінгі және одан кейінгі жарамдылық мерзімі; дайындау тәсілі (қажеттілігіне қарай);пайдалану жөніндегі ұсынымдар; өнім соған сәйкес дайындалған және сәйкестендірілуі мүмкін нормативтік құжат. Балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдерінің тасымалдау қаптамасына оны тасымалдау үдерісі кезіндегі өнімнің қауіпсіздігі үшін қажетті белгілер мен жазбалар жазылады. Әдебиеттер: 7.1.1 , 7.1.2, 7.2.1, 7.1.3 2-дәріс. Буып-түю материалдарының түрлері. Дәріс сұрақтары: 1. Буып-түю материалы 2. Қағаз.Картон Дәріс мақсаты: Буып-түю материалдарының түріне, оларға анықтама беру; Көптеген буып-түйілген материалдың басым бөлігін қағаз бен картон құрайды. Себебі олардың қасиеттері, сорттары көп түрлі, сонымен қатар бағасы төмендейді.Материалдың алғашқы шикізаты ағаш және бір жылдық өсімдіктер. Шикізат механикалық және химиялық әдістермен өңделеді де жартылай фабрикат алынады.Механикалық өңдеу арқылы алынған жартылай фабрикат құрамында шикізатта кездесетін барлық заттар сақталады. Ал химиялық жолмен өңдегенде жабысқақ және т.б. заттар еріткіштер арқылы толық жоғалады да тек таза целлюлоза қалады.Жартылай целлюлоза екі әдісті бірдей қолданда алынады, яғни химиялық өңдеу белгілі бір шекте жүреді де әрі қарай механикалық өңдеумен аяқталады. Нәтижесінде жоғарыда айтылған заттар біртіндеп ғана жойылады. Механикалық өңдеу арқылы алынған жартылай фабрикат ағаш массасы болып саналады. Бұл массадан жасалған қағаз тех сарғылттанады және сынғыш келеді. Ал химиялық жолмен алынған жартылай фабрикаттан жасалған қағазда немесе целлюлозадан алынған қағазда ағаш массасы болмағандықтан мықтылығы жоғары болады және сарғаймайды.Қағаз тиісті қасиеттерге ие болу үшін жартылай фабрикаттарды қағаз массасына айналдырады, яғни талшықтары ұнтақталады, толтырғыштар қосылады, араластырылады, боялады және жабыстырылады. Ал осы қағаз массасынан қағаз бен картон даярланады. Материалдың қолдану мақсатына байланысты олар түрлі мықтылық қасиетке: жыртылмайтын, езілмейтін, сынбайтын, ыдырамайтын, бүктелмейтін және т.с.с. ие болуы қажет. Сонымен қатар буып-түю мақсатында өткізбеушілік қасиет (май, су, бу, аромат, т.б.) маңызды роль атқарады.Өткізбеушілік қасиетке ие болу үшін түсін өзгерту үшін қағазға жаналға жасайды және сіңіру сияқты өңдеулерден өтеді. Орауыш қағаз – макулатурадан, ағаш массасынан, целлюлозадан қосылып жасалады. (ТПЛ 8-3018 «Орауыш қағаз»). Бұл қағаз төмендегімен тікелей қатынаста болмауы керек. Пакетті қағаз – тығыздығы 40-125 г/м2 пакет жасау үшін қолданылады. Ол мықтылығымен ерекшеленеді. Май өткізбейтін қағаздың тағам өнімдері үшін маңызы зор. Оның пергамент, подпергамент, пергамен деген түрлері бар. Пергамент – май және ылғал өткізбейтін қасиетімен ерекшеленеді. Подпергамент – пергаментке қарағанда май және ылғал өткізбеушілігі әлсіздеу. Пергамен – қасиеті бойынша подпергаментке ұқсас, бірақ жарық өткізгіштігі бар. Аталған қағаз түрлерінің барлығы майлы өнім өңдеуге қолданылады. Сіңірілген қағаз – түрлі сіңгіш заттармен өңделген қағаз, сіңгіш заттар қосқаннан кейін қағаз тиісті қасиетке ие болады. Парафинмен өңделген қағаз – бу және май өткізбейді. Сіңгіш қоспа ретінде парафин және пластмасса қолданылады (полиизобутилен, полиэтилен). Сіңіру арқылы мынадай қағаз түрлері даярланады: 1. фуницитті; 2. инсектицидті; 3. бактерецидті. Фуницидті және бактерецидті қағаз дифенил, сорбин қышқылы, натрий бекзоаты сияқты сіңіргіш материалдармен өңделеді, өнімді зең және бактериялармен ластанудан қорғайды. Инсектицидті қағазға перетин қосылып өңделеді, бұл қағаздардан қапшықтар жасалады, тағам өнімдерін жәндіктерден қорғайтын қасиетке ие. Картон– тұтынушы тара ретіндегі түрлі қораптар даярлауды қолданады. Дуплекс картон (екі қабатты) – ағаш массасы бар ішкі қабаты болады. 225- 500 г/м2 Триплекс картон (үш қабатты) – ішкі екі қабат болады. Тегіс картон – тығыздығы 400 г/м2 оны даярлау үшін қағаз қабатты қажет қалыңдық бергенше біріне – бірі жабыстырылады. Қолданылған шикізат және жартылай фабрикаттарға байланысты картон түрлі сортты болып келеді. Сұр картон – макулатурадан қызыл–қоңыр картон, ағаш массасынан даярланады, оны кож- картон деп атайды. Қатты картон – макулатурадан даярланады, мықты болу үшін құрамына белгілі мөлшерде целлюлоза немесе қамыс т.б. шикізаттар қосылады. Қатпарлы картон – маңызы өте зор, тегіс және толқынды, ирен қағаздар қабатынан тұрады. Қабатына қарай былай бөлінеді: 1. екі қатпарлы картон – 1 тегіс + 1 ирек ; 2. үш қабатты қатпарлы картон – 2 тегіс + 1 ирек ; 3. бес қабатты қатпарлы картон – 3 тегіс + 2 ирек. Әдебиеттер: 7.1.1, 7.1.3, 7.2.1, 7.2.2 3-дәріс. Өнім сапасын сақтаудағы буып-түюдің сапасы Дәріс сұрақтары: 1. Материалдардың сапа жүйесі 2. Сапасын сақтаудағы буып-түю Дәріс мақсаты: Өнім сапасын сақтауда әсер ететін жағдайлармен, материалдардың сапасына сипаттама беру; Буып-түю материалдарының сапа жүйесі.Сапа жүйелерінің қарқынды дамуының сыртқы (тапсырма берушілердің талаптары, бәсекелестіктің артуы) және ішкі себептері бар. Маңызды сыртқы себептердің бірі - көптеген шетелдік органдар мен сертификаттау жүйелерінің сапа жүйесін өнімді сертификаттаупроцедурасына енгізуі. Мысалы, Еуропалық Одақта өнімді міндетті түрде сертификаттауға қатысты 11 директиваның жетеуінде сапа жүйесін сертификаттау сапа белгісін берудің шарты ретінде көрсетілген. Сапа жүйесі бар кәсіпорындарға несие алу және сақтандыружақтарынан жеңілдіктер берілуі мүмкін. Сонымен қатар, сапа жүйесі бар кәсіпорындардың халықаралық тендерлерді ұтып алу мүмкіндігі ұлғаяды. Егер өнім сапасының төмендігі туралы сотқа арыз түскен болса, онда сапа жүйесінің сертификаты кәсіпорынның кінәлі еместігінің дәлелі ретінде бағаланады. Көптеген елдердің Үкіметтері мемлекеттік тапсырма жөнінде мәселе қарастырылғанда алғашқы орындарды сапа жүйелері бар кәсіпорындарға береді. Сапа жүйесіне ынталылық ішкі себептерге де байланысты:тұтынушылардың талабын толығымен орындау, өндіру шығынын азайту, тұтынушылар мен бақылау органдары тарапынан тексеруді азайту, өндірістің мәдениетін жақсарту, сапаға деген жауапкершілікті арттыру. Қазіргі кезде ТМД елдерінің басқалары сияқты Қазақстан Республикасында сапа жүйесі сертификатталған мекемелер саны жағынан шет елдерден көп кейін қалған. Мысалы, Ұлыбританияда мұндай мекемелер саны шамамен 66,7 мың, АҚШ-та 37,0 мың болса, Ресейде бар болғаны 1500 шамасында,Қазақстанда бұл жұмыс соңғы жылдары ғана қолға алынып отыр. Қазақстан Республикасының Үкіметі тарапынан экономиканы дамытуға, отандық өнімнің бәсекелестігін қамтамасыз ету бағытында нақты шаралар қолданыла бастады. 2001 жылғы мамырда Үкіметтің № 590 қаулысы бойынша 2001- 2005 жылдарға арналған Республикалық «Сапа» бағдарламасы қабылданды. Бағдарламада кәсіпорындардың өнімді сертификаттаудан сапа жүйесін сертификаттауға ауысуы көзделген. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесінде көптеген кәсіпорындар сапа жүйесі мен өндірістерге сертификат алды.Қазақстан Республикасында сапа жүйелері мен өндірістерге сертификаттау жүргізудің тәртібіне жалпы талаптар және оларды жүргізу тәртібі ҚР СТ 3.15.1-98 стандартында белгіленген. Сапа жүйесін және өндірісті сертификаттаудың негізгі мақсаттары: • өнім сапасын арттыру аясындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру; • өтініш берушінің белгіленген талаптарға сәйкес келетін өнім шығаруға техникалық және ұйымдық мүмкіншіліктерін бағалау мен ресми куәландыру; • сыртқа шығаратын (экспортқа) өнімнің міндетінен туындайтын өтініш берушінің сапа жүйесі мен өндірістерді сертификаттаудағы сұраныстарын қанағаттандыру; • дүние жүзінің және Қазақстанның нарықтарында өнімдердің бәсекелестік қабілетін арттыру, оның ішінде өткізу нарықтарын игеру және кеңейту; • сертификаттау кезінде өнімдердің қауіпсіздігін толығырақ және шын растау. Сапа жүйелері мен өндірістерінің сертификатталуын ҚР СТ 3.2-мен белгіленген Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесінде тіркелген меншіктің нысанындағы сапа жүйелері мен өндірістерді сертификаттау жөніндегі органдар жүргізеді. Сапа жүйелері мен өндірістерді сертифиқаттау жөніндегі жұмыстарды бас сарапшы-аудитор басқаратын сертификаттау жөніндегі комиссия жүзеге асырады. Сапа жүйелерін сертификаттау мына қағидаларға негізделген: • еріктілікке; • құқықтылыққа өтуіне; • бағалаудың әділдігіне; • бағалау нәтижелерінің үдемелілігіне; Сапа жүйесінің нормативтік құжаттарға сәйкестігі белгіленген нысандағы сәйкестік сертификаттарымен расталады. ҚР СТ 3.11-дің талабына сәйкес олар Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесінің мемлекеттік тізімінде тіркеуге жатады. Сапа жүйелерін сертификаттау жөнінде талас мәселелер болған жағдайда өтініш беруші ҚР СТ 3.10-ға сәйкес шағым- арыз беруіне болады. Сапа жүйесін сертификаттау мына ретте жүргізіледі: 1. Сапа жүйесін алдын ала бағалау; 2. Сапа жүйесін мекемеде тексеру және бағалау; 3. Сертификатталған сапа жүйесін инспекциялық бағалау. Бірінші ретте өтініш берушінің сапа жүйесін сертификаттауға дайындығын алдын ала бағалау үшін комиссия ұсынылған құжаттардыталдайды. Бұл рет екінші реттегі жұмысты өткізуге болатыны туралы жазбаша қорытынды шығарумен аяқталады. Буып-түйгіш деген материалдарға тара және қосалқы буып-түйгіш құралдар өңдеуге қажетті барлық материалдар жатады. Буып-түйгіш материалдарды қолдану келесі қарым-қатынаспен анықталады: Тауар ═˃ материал ═˃ тара Бұл жерде негізгі фактор болып саналады. Тауардың материалдарға қоятын талабы; - материалдың өңделуіне қабілеттілігі; - қолда бар материал; - қымбат емес баға. Буып-түйгіш материалға қойылатын талаптар сан түрлі: - мықтылық; - өткізбеушілік; - тұрақтылық және т.б. Кейбір жағдайларда материалдар бірнеше талаптарды бірден орындауға тура келеді. Мұндай кезде бір немесе бірнеше материалдар біріктіріледі, яғни комбинирлерді, сөйтіп мықтылық, өткізбеушілік сияқты талаптарға бірден жауап беруге қабілетті болады. Тараны даярлау кезінде материалдың өңдеуге жарамдылығы маңызды рөл атқарады. Дайындалатын өнімнің формасы және конструкциясы өңдеу ерекшеліктеріне байланысты болады. Сондықтан материалдың қарапайым немесе машина көмегімен өңдеу мүмкіндігіне қабілетті болуы тиіс. Материалды сатып алу, жинақтау және оның бағасын таңдау кезінде өте жауапкершілік қажет. Материалдың бағасы тауар және тараның мақсаттылығына және қарым-қатынасына байланысты түзіледі. Буып-түю материалдарының түрі және товарлық өнімнің физика-химиялық қасиеттеріне байланысты тара мынадай сипаттары боынша жіктеледі: – тауарлық айналымағы функциялары бойынша; – қайта пайдаланылуы бойынша; – иелену түрі бойынша; – арналуы бойынша; – жасап шығару тәсілі бойынша; – конструкциялық ерекшеліктері бойынша; – беріктігі бойынша; – сыртқы факторларға қарсы тұруы бойынша; – жасалған материалы бойынша; – шығару технологиясы бойынша. Тауарлық айналымағы функциялары бойынша тара мынадай 3 түрге бөлінеді: тасымалдауға арналған, тұтынушылық және жабдық-тара. Тасымалдауға арналған тара тауарларды тасымалдау және сақтау үшін қолданылады. Бүндай тара қорап, жәшік, контейнер және т.с. түрде кездеседі. Тұтынушылық тара тұтынушыға тауармен бірге түседі (флакондар, бөтелкелер, банкалар, тубалар, стакандар, пакеттер және т.с.). Оның бағасы тауардың бағасына кіргізіледі және оны сатып алушы төлейді. Тұтынушылық тараға қатаң талаптар қойылады, ол сатып алушының назарына ие болуы керек. Шығарушы туралы, тауардың көлемі, тұтынушыға қажетті қасиеттері және оны пайдалану ережелері бойынша ақпарат білдіруі керек. Өнімге жарнама бола алуы керек. Тара-жабдық тауарды салу, тасымалдау, уақытша сақтау және оның көмегімен тауарды сатуға арналған бұйым болып табылады (мысалы, сату автоматтары). Қайта пайдаланылуы бойынша тара бір рет қана қолданылатын, қайтарылатын және көп мәрте қолданылатын деп бөлінеді. Тара көбінесе бір рет қана қолданылады. Қайтарылатын деп қолдануда болған және қайта қолдануға келетін тараны атады. Көп мәрте қолданылатын тара тауарларды жеткізу үшін көп мәрте қолдануға келеді, сондықтан ол міндетті түрде жеткізушіге қайтарылуы керек. Иелену түрі бойынша жалпы қолданылатын (жеке кәсіпорынның мүлкі болып табылмайтын) және инвентарлық (көп мәрте қолданылатын, жеке кәсіпорынның мүлкі болып табылатын сондықтан жеткізушіге қайтарылатын тара) тара кездеседі.. Арналуы бойынша тара әмбебаб (универсал) және арнаулы деп бөлінеді. Әмбебаб тара әр түрлі тауарларды салу үшін қолданылады, ал арнаулы – тек қана бір білгілі тауар үшін қолданылады. Жасап шығару тәсілі бойынша тара бондарлық (бондарная), желімделген (клееная), штампталған (штампованная), құйылған (литая), пісірілген (сварная) деп бөлінеді. Конструкциялық ерекшеліктері бойынша тараны шашылмайтын, шашылатын, жиналатын, шашылып жиналатын, жабық, ашық және штабелденетін тара деп бөледі. Шашылмайтын тара шашып тастауға келмейтін қозғалмайтын бөлшектерден тұрады. Шашылатын тараның конструкциясы оны жеке бөлшектері бойынша шашып тастауға және элементтерін бір-біріне қосып қайта жинауға мүмкіндік береді. Жиналатын тараның конструкциясы оны жинауға және содан соң қайта орнына келтіруге мүмкіншілік береді. Шашылып жиналатын тара конструкциясы бойынша шашылатын және хиналатын тараның қасиеттеріне ие болады. Егер тараның конструкциясы қақпақ немесе басқа жабу элементін қолдануға мүмкіндік беретін болса, бұндай тараны жабық тара дейді. Ондай мүмкіндік болмаса – ашыт тара дейді. Штабелденетін деп Тараның конструкциясы оны тұрақты штабель түрінде жинауға мүмкіндік беретін болса, бандай тараны штабелденетін деп айтамыз. Беріктігі бойынша тараны берік (металл, ағаш және полимер жәшіктер, бөшкелер), жартылай берік (картон жәшіктер, полимерные тубалар), жұмсақ (қаптар, пакеттер) және сынатын (әр түрлі шыны тара) тара деп бөледі.. Сыртқы факторларға қарсы тұруы бойынша тара шаң-, жарық-, май-, газ-, су- және ылғалөткізбейтін түрлерге бөлінеді. Жасалған материалы бойынша ағаш, картон, қағаз, мата, метал, шыны, керамика, полимерден жасалған және комбинирленген тара кездеседі. Қазіргі кезде көбінесе картон, қағаз және комбинирленген материалдардан жасалған тара қолданылады. Бұндай тара тараның барлық түрінің 70…90 % -ын құрайды. Әдебиеттер: 7.1.2, 7.1.3, 7.2.3, 7.2.4 4-дәріс. Тауарларды сақтау кезіндегі маркілеу маңызы Дәріс сұрақтары: 1. Буып-түю материалдарын тексеру кезіндегі сәйкессіздіктер 2. Тауарлық белгі Елеулі сәйкессіздік - сапа жүйесінің кейбір элементінің немесе элемент бөлігінің болмауы, қолданбауы немесе толық бұзылуы, не сапа жүйесіне қойылған нормативтік талаптардан ауытқуы, мұндай кезде бұл ауытқуды жою мәселесі кәсіпорынның ұйымдың құрылымын өзгертеді, көптеген материалдық шығындарды, ұзақ уақытты қажет етеді және ол өнімнің сапасына елеулі әсер етеді. Елеусіз сәйкессіздік - кәсіпорынның ұйымдың құрылымымен, көптеген материалдық шығындармен байланысы жоқ, тек белгіленген талаптарды орындауда байқалатын бірен-саран кемістіктер, не сапа жүйесіне қойылған нормативтік талаптар бойынша басқадай ауытқулар және олар сапа жүйесін бағалау жөніндегі комиссия жұмысының барысында, не олардың анықталған кезінен бастап бір айдың ішінде жойылады. Сапа жүйесін тексеру мен бағалаудың нәтижелері мына түрлерде болуы мүмкін: • сапа жүйесі толығымен стандарттарға сәйкес; • сапа жүйесі негізінен стандарттарға сәйкес, бірақ та жүйе элементтерінен елеусіз сәйкессіздіктер анықталған; • сапа жүйесінде елеулі сәйкессіздіктер орын алған. Егер елеулі сәйкессіздіктер болмаса немесе 10 не одан аз елеусіз сәйкессіздіктер анықталса, сапа жүйесі стандарттарға сәйкес табылады. Бір елеулі сәйкессіздік болса немесе 10-нан астам елеусіз сәйкессіздіктер анықталған болса, онда сапа жүйесістандарттарға сәйкес емес деп табылады. Сапа жүйесін сертификаттауға ұсыну туралы шешімді тексеру және бағалау нәтижелері бойынша жасалған актілер негізінде бас сарапшы қабылдайды. Егер сертификаттау мүмкін деп табылса, онда сертификаттау органы сәйкестік сертификатының жобасын және сәйкестік белгісін қолдануға берілетін лицензияның жобасын жасайды. Осы құжаттар мемлекеттік сертификаттау жүйесі белгілеген тәртіппен тіркеуден өткізіледі. Осымен қатар сертификаттау органы инспекциялықтексеру жүргізу жөнінде мекемемен келісім жасайды. Инспекциялық тексеру (3-ші ретке сәйкес) сапа жүйесінің сәйкестік сертификатының күшінде болу мерзімінің ішінде жүргізіледі. Сертификаттың күшінде болу мерзімінің ішінде сапа жүйесінің барлық элементтері кем дегенде бір рет тексерілуі керек. Сертификатталған сапа жүйелеріне бақылау жүргізу жоспарлың және жоспарсыз болуы мүмкін. Жоспарлық инспекциялық тексерудің кезеңділігін сертификаттау жөніндегі орган анықтайды, бірақ ол жылына бір реттен кем болмауы керек. Инспекциялық тексеру кезінде анықталған елеусіз сәйкессіздіктерді жою жөніндегі кәсіпорынның түзету жұмыстарын жүргізуі туралы, сапа жүйесінің тексерілетін элементтерінің сәйкестігі немес сәйкессіздігі және басқадай инспекциялық тексеру объектілерінің нақтылы жағдайы туралы көрсетіледі. Инспекциялық тексерудің нәтижелері сапа жүйесінің сәйкестік сертификатының күшін дәлелдеу, тоқтата тұру немесе жою мүмкіндігі туралы шешім қабылдауға негіз болады. Э.Деминг: «Сапа - 98% мөлшерінде сапа жүйесіне, 2% мөлшерінде адамдарға байланысты» деген болатын. Мұның дәлелі ретінде өндірісі дамыған елдерде орын алып отырған бәсекелестің өнімнен сапа жүйелеріне ауысуын келтіруге болады. ИСО 9000 сериялы стандарттарына сәйкес құрылған сапа жүйелерін қолданушылардың айтарлықтай жетістіктеріне қарамастан, өндірісте TQM (жалпыға бірдей сапа менеджменті) принципі негізінде қалыптастырылған сапа жүйелерін қолдануға көп көңіл бөлінуде. TQM негізінде қалыптастырылған жүйеге мыналар тән: • сапаны жақсарту жұмыстарына бүкіл қызметкерлер мен жұмысшыларды, қажетті шикізатты дайындаушыларды және тұтынушыларды жұмылдыру; • сапаны жақсарту жұмысын тұрақты түрде жүргізіп отыру, мысалы зақымдалған өнім мөлшерін ең кіші деңгейге жеткізу ( Імлн. өнім ішінен тек қана 100-10 зақымдалған өнім); • өнімнің өзіндік құнын азайту; • TQM-ның бағыт ерекшеліктері оның өнімнің рыноктағы бәсекелестігін арттыруды басқаруға лайықты екенін көрсетеді. ИСО 9000 сериялы стандарттарының 2000 жылы шыққандарында TQM-ның кейбір принциптері ескерілген. Бұл жаңа стандарттар 14000 сериялы (қоршаған ортаны басқару жүйесі) стандарттарымен үйлестірілетін болады. Тауар Белгісі – бір заңды немесе жеке тұлғаның тауарларын немесе көрсететін қызметтерін екінші бір заңды немесе жеке тұлғалардың осы тектес тауарларын немесе көрсететін қызметтерінен ажыратуға мүмкіндік беретін таңба. Тауар Белгісі өнімді дараландыру тәсілі болып табылады, бұл тәсілді меншіктену құқығы заң бойынша зияткерлік меншікке жатқызылады. Тіркелген Тауар Белгісіне куәлік беріледі. Тауар Белгісі ретінде сөз, бейне, көлем және басқа таңбалар немесе олардың құрамдастырылған түрлері тіркелуі мүмкін. Мемлекеттік елтаңбаларды, тулар мен эмблемаларды, халықаралық ұйымдардың қысқартылған немесе толық атауларын; ресми бақылау таңбаларын, кепілдікті және сынамалық таңбаларды, мөрлерді, наградалар мен басқа да айырым белгілерін білдіретін таңбалар Тауар Белгісі ретінде тіркеуге алынбайды. Дегенмен, осы құзырлы органдардың немесе иелерінің келісімі болса, олардың Тауар Белгісіне қорғалмайтын нышандар ретінде енгізілуі мүмкін. Тауар Белгісі заңмен қорғалады және оны тауар үшін Тауар Белгісі ретінде тіркелген бүкіл тауарға немесе оның бір бөлігіне қатысты жасалған шарт бойынша басқа бір заңды және жеке тұлғаларға беруге болады. Сонымен бірге Тауар Белгісінің иесі (лицензиар) Тауар Белгісін пайдалану құқығын лиценз. келісім бойынша басқа тұлғаға (лицензиатқа) беруі мүмкін. Тауар Белгісімен қатар белгілі бір фирманың бір тауарын емес, барлық тауарларын таңбалау үшін символ-белгі түріндегі сауда таңбасы (кейде оны фирмалық белгі деп те атайды) мен шығарылатын өнімге емес, шығарушы фирмаға тиесілі сауда атауы да пайдаланылады. Заң жүзінде қорғалған Тауар Белгісі, әдетте дөңгелек сызықпен қоршалған латынша R әрпімен – таңбаланады. Тауар таңбасын иеленушінің оны пайдалануға заңмен қорғалған айрықша құ-қығы болады. Тауар Белгісі (сауда таңбалары) фирмалық тауарларға‚ орамаларға (тоғанақтарға)‚ сызбаларға‚ анықтамалықтарға‚ шоттарға‚ бланкілерге‚ затбелгілерге және тауарлармен‚ жұмыстармен‚ қызметтермен қоса жүретін басқа да құжаттамаларға соғылады. Тауар Белгісі зияткерлік белгілерге жатады және негізгі құрал-жабдықты ақыға сатып алған жағдайда айналымнан тыс активтердің құрамында есептеледі. Егер Тауар Белгісін субъектінің өзі әзірлеген болса‚ онда мұның өзі оның өнімі‚ тауары деп саналады‚ оны өткізу сәтінде және тек оны сатып алған тарапта ғана оның бейматериалдық актив деп бағалануы мүмкін. Тауардың арналуы (жеке бастың пайдалануына немесе қайта сатуына арналуы)‚ ал статистика мақсаты үшін – есеп айырысу сипаты (қолма- қол есеп айырысу немесе қолма-қол ақшасыз есеп айырысу) заң жүзінде бөлшек сауданың басты белгісі болып табылады. Әдебиеттер: 7.1.3, 7.1.4, 7.2.2, 7.2.3 5-дәріс. Тауарларды сақтау мен тасымалдау кезіндегі жағдайдың әсері Дәріс сұрақтары: 1. Тауарларды сақтау кезіндегі әсер ететін жағдайлар 2. Тасымалдау кезіндегі жағдайдың әсері Тауарларды сақтау және тасымалдау кезінде тұтынушылық құндылықтарына қауіп төнеді. Ол келесі жүретін өзгеруге байланысты: - сапасының өзгеруі - тауар өндірісінің құрамдас бөліктері химиялық процесстер барысында өзгеруге ұшырайды. Май қақсиды, витаминдер ыдырайды. Көмірсутек ашыған өкілдер пайда болады. - күйінің өзгеруі - тауар өндірісінің химиялық құрамы сақталады, бірақ күйі өзгереді. Мысалы: нанның қатуы, сахарозаның кристалданып карамельне айналуы. - ластану және шығындалу - бұл бөгде денелердің түсуінен, жәндіктер мен кеміргіштердің зиянкесті әрекеттерінен немесе булану процесі нәтижесінде туындайтын тұтынушылық құндылығын төмендететін кемшіліктері. Мысалы: тауар өніміне шаңның қонуы, басқа иістің сіңуі, дәнді - дақылдардың қоңыздармен ластануы, ароматты заттардың ұшып кетуі, кебуі және т.б. Пастерленген сүт. Сүтті сауа салысымен онда микроорганизмдердің көп түрі болуы мүмкін, ары қарай оны тасымалдауда және өңдеуде олардың саны қатты өседі; сол себепті сүт фермасында рұқсат етілген тәсілмен сүт пастерленуі керек (85ºС температурада пастерлеу немесе қысқа уақытта 71-74 ºС). Одан соң сүтті тез +5ºС дейін суытады. Егер пастерленген сүт ауада ашық күйінде қалса, онда ол тағы да микрооорганизмдермен инфицирленеді. Сондықтан пастерленген сүтті микробтары аз тараға құйып, микроорганизмдер енбейтіндей суықта сақтау қажет. Тоңазытқыштық жүйе бұзылмау керек. Сонымен қатар тараға басқа иіс пен дәм, ароматтар енбеуі керек, өйткені сүт өзіне басқа иістерді енгізуі жеңіл болады. Нақты зерттеулер көрсеткішіне байланысты, сүттің құрамындағы витаминдер жарықтың әсерінен тез төмендейді екен (6 сағат ішінде сүттіің құрамындағы С витамині мөлдір бөтелкеде 79 % құрайды). Сүтке жарықтың әсері тағы да сальды,майлы дәм береді-жарықтан жақсы қорғайтын тара қажет. Сауылған сүттен басқа, сатылуға пастерленген майсыздалған сүтте түседі, оның майлылығы максимум 0,05 % құрайды. Майы аз пахта және де сүтқышқылды өнімдер (йогурт, айран және т.б) мен сүт сусындары дайындалады. Олардың тарасына қосымша талаптар қойылмайды. Буып-түю құралдары. Сүтке арналған тұтынушы тара. Соңғы кезге дейін пастерленген сүт және де басқа арнайы түрлері (йогурт т.б) шыны құмырада сатылатын болатын. Шыны құмыралардың артықшылығы олардың иісі, дәмі болмайды, тіпті сүтті қыздырған кезде шықпайды. Сонымен қатар қайталап қолдану кезінде де (50-60 рет) арзан тұрады. Шыны құмыралардың кемшіліктері - қайта әкелінген бөтелкелердің дұрысталып тазалануындағы техникалық қиындықтардың туындауы. Жұмысшылардың көп жұмыс істеуінен, олардың көзбен қарап тексергенінен жеткіліксіз тазаланады; буып-түю кезінде бөтелкені зақымдап алу қаупі; тараның салмағының жоғары болуы (құмыраның салмағы 0,25 л-ге 200 г, 0,5 л-ге 450 г және 1л-ге 660 г); жоғары жарық енгіштік. Жарықтан қорғаушы боялған бөтелкелерді қолдану, олардың тазалығын тексеруде қиындықтар туғызады және бұл сатып алушылардың келіспеушілігін шақырады. Осы кемшіліктердіңт болуы картоннан жасалған бір реттік таралардың енуіне себебін тигізді. Сүтті тасымалдаушы тара болып қазіргі кезде комбинирленген материалдан жасалған тара - картон және пластмассадан жасалған пакеттер және полиэтиленді пленкалы пакеттер табылады. Қойылтылған сүт және кофеге арналған кілегей. Сүт көп уақыт сақталуы үшін, ол стерилденген болуы керек. Жылытылып, содан соң 50-30 % буландырып, суығаннан кейін тараға құұйлып стерилденеді (115-120 ºС). Өзіне арналған тарада және суықта 3 ай көлемінде сақталады. Тараны ашқан соң, бөлме температурасында сүттің сақталуы 2-3 күн. Тара (банкі, шыны құмыра) стерилизациялау температурасына шыдау керек және өз кезегінде сүтке бөгде иіс, дәм бермеуі қажет және герметикалық жан-жағынан жабық болуы тиіс. Стерилизацияланған кофе кілегейіне буып-түю құралдары үшін арнайы талаптар қойылады. Егер жарық енгіш тара қолданылатын болса, онда қоюланған сүт және кофе қаймағын қараңғы жерде сақтау керек. Сақтау температурасы 15 ºС –тан жоғары болмауы керек. Буып-түю құралдары. Қоюланған сүтке және кофе кілегейіне қолданылатын тара: а) ақ қаңылтырдан жасалған банка; б) шыны банкалар в) шыны бөтелкелер г) алюминийден жасалған қатты тубалар. Банканың этикеткасын жабыстыру үшін кілейді бетіне толық жағамыз,ал шыны құмыра үшін сызықпен не тамшы түрінде тамызамыз. Қаңылтырдан жасалған банканың бетіне мөр қойылады, ал шыныдан жасалғанғанға қойылмайды, себебі дұрыс қойылмаған мөрді қайта қалпына келтіруге болмайды. Қойылтылған сүтті және кофеге арналған кілегейді тасымалдаушы тара: а) ағаштан жасалған көп қолданбалы 40 бөтелке сиятын контейнерлер (0,25 л); б) қақпағы бар қораптар немесе гафрирленген жиналғыш қораптар немесе толық картоннан жасалған 30 бөтелкелер немесе 72 банка. Әдебиеттер: 7.1.3, 7.1.4, 7.2.4, 7.2.5 6-дәріс. Өнімдерді сақтаудың дәстүрлі және заманауи әдістері Дәріс сұрақтары: 1.Тағам өнімдерін буып-түюдің маңыздылығы. 2. Тараның негізгі түрлерінің жіктелуі және сипаттамалары 3.Тағам өнімдерін буып-түю мақсаттары 1.Астық түйір массасында болатын микроорганизмдер барлығы астық түйір сапасы мен онын сақталуына бірден әсер етпейді. Сақтау кезінде астық түйір массасында тек сапрофитті микроорганизмдер жетінді, және бірінші ретте тасымалдау, бұзылу, ауа және тағы басқа арқылы түсетін торлы саңырауқұлақтар жақсы жетіледі. Осы топтардағы сапа көрсеткіштерін анықтау биохимиялық және микробиологиялық зерттеулерді жүргізген кезде күрделі аппараттар мен арнайы қондырғыларды қажет етеді. Сондықтан бұндай астық түйір сапасын анықтауды нан қабылдайтын өнеркәсіпте жүргізе алмайды, оны тек жекелеген бөліктерін астық түйір өндеу өнеркәсіптерінін зертханаларында зерттейді. Астық түйір сапасын бағалауды біріктіру және әр сапа көрсеткіштерін анықтаудын барлық әдістерінін нәтижелерін салыстыру үшін стандарт бойынша тексереді. Анализ жасау арқылы астық түйір сапасын анықтау астық түйір өндеу өнеркәсібінде астық түйірда қажетті анализ жасау бойынша астық түйірды қабылдау кезінде астық түйір партиясынын шектеулі дайындық кондиция және оларды қабылдау талаптарына сай екендігін қарастырады. Сапа мәліметтері негізінде астық түйірды мемлекетке сату және өнеркәсіптерде орналастыру жосапырна сәйкестігін сақтау қоймаларында астық түйір орналастыру кездерінде есеппен жүргізіледі. Біруақытта астық түйірдын шыдамдылығы және оны сақтау алдында өндеу қажет ететіндігі қарастырылады. Астық түйір партиясы үшін сақтау кезінде сапанын негізгі көрсеткіштері бойынша жүйелі кезінде сапанын негізгі көрсеткіштері бойынша жүйелі түрде қадағалау жүргізіледі. Осылайша, сақталатын астық түйір сапасынын төмендеуін тудыратын және онын сақталуы үшін қолданылатын шараларға қосымша үрдістер басталатын партияларды уақытында аяқтап отырады. Астық түйір массасы немесе астық түйір нан қабылдайтын және астық түйір өндеу өнеркәсіптеріне қарсы (зауыттарға) түсіп, партия бойынша астық түйір сақтағыштарда (элеваторда, қоймаларда) сақталады. Партия деген ұғымда сапасы бойынша біртекті қоймадан бір уақытта қабылданатын, тапсырылатын, тиеу және сақтауға тағайындалатын кез келген астық түйір мөлшерін айтуға болады. Астық түйір өндеу өнеркәсіптеріне түсетін, әр астық түйір партиясы сапасы анықтау үшін анализ жасалады. Партия сапасы берілген партиялардан алынған орташа үлгінін анализі нәтижсеі негізінде тағайындалады. Астық түйір анализі қажетті жана типтегі аппараттармен, инвентарлар және реактивтермен жабдықталған астық түйір өндеу өнеркәсібінін зертханаларында жүргізіледі Тазарту, кептіру, белсенді түрде желдету және басқа да астық түйірды өндеу кезінде олардын анализі манызды мән береді. Бұл механизмдер мен машина жұмыстарын өз уақытында реттеуге мүмкіндік туғызады, осылайша, олардын жұмысынын жоғары дәрежеге жетуіне мүмкіндік береді. Мысалы, егер кептіру жұмысын бақылау кезінде астық түйірды кептіруден кейін қуырылған астық түйірдын болуы немесе ылғал толығымен төмендемегені байқалады, осы жөнінде кептіру мастаріне дертхана жеткізеді, ол кептіру жұмыстарында болған кемшіліктерді реттеу шараларын пайдаланады. Тағам өнімдері жоғары тұтынушылық қасиетке ие болуы тиіс және халықтың рационды және қауіпсіз тамақтануына қабілетті болуы қажет. Тағам өнеркәсібінің мамандары жекелеген тағам түрлерінің сыртқы орта әсеріне сезімталдығын анықтай алуы қажет. Осылайша буып түю жұмыстарын шығын айналу шығындары болып саналады. Буып түюге байланысты тауардың өзіндік құны артпайды. Оның бағасы өседі. Осыған орай буып түюге кететін шығын тауарлары сақталса және тауар айналымының жүзеге асыруын қажеттілігі шығындардың артып кетпеуі тиіс. Тауар айналымы тауар өндіретін кәсіпорын бастап тұтынушылардын қолдана жатқанға дейін аралықтарын қамтиды. Әрекет етуші талаптарға сәйкес тағам өнімдерін буып түю өндірісі кәсіпорындарында гигиеналық ережелерге сай жүргізілуі тиіс. Дүкендерде алдын ала буып түюдің тауарды сату неғұрлым тиімді, ал оны сату кезінде белгілі бір қиыншылықтар туғызады. Буып-түюге, таңбалауға, затбелгi жапсыруға және оларды дұрыс түсiруге қойылатын талаптар" техникалық регламентi (бұдан әрi - Техникалық регламент) дайындаушыда (өндiрушiде) орауышқа (ыдысқа) буып-түйiлген (өлшенiп буып-түйiлген) және буып- түйiлмеген (өлшенiп буып-түйiлмеген), Қазақстан Республикасы аумағында өткiзiлетiн отандық және импорт өндiрiсi өнiмiне (тауарға) қолданылады және буып-түюге, таңбалауға, затбелгi жапсыруға және оларды дұрыс түсiруге қойылатын жалпы талаптарды белгiлейдi.Осы Техникалық регламент ережелерi өнiмдi (тауарды) өткiзу, тасымалдау, сақтау, пайдалану, жөндеу, қалпына келтiру, кәдеге жарату, жою, нормативтiк құқықтық актiлердi және стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттарды әзiрлеу кезiнде, техникалық регламенттерде белгiленген талаптардың сақталуына мемлекеттiк бақылау жүргiзу кезiнде, сондай-ақ сәйкестiктi растау кезiнде қолданылуға тиiс.Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын, өнiмнiң (тауарлардың) жекелеген түрлерiн буып-түюге, таңбалауға, затбелгi жапсыруға және оларды дұрыс түсiруге қойылатын талаптарды регламенттейтiн техникалық регламенттер мен стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттар осы техникалық регламент талаптарына қайшы келмейтiн бөлiкте қолданылады. Тамақтану, тамақ өнімдері туралы ғылымның негізі және олардың химиялық құрамы (Органикалық және бейорганикалық құрауыштар), тамақ өнімдерінің негізгі қүраушы заттары және олардың адам тағамындағы рөлі; тірі дененің энергияны қажет етуі, тамақ рационының құрылымы, тамақтың жеке құраушы бөліктерінің физиологиялық маңызы.Дайындаушы (өндiрушi), өнiм берушi өнiм (тауарлар) туралы оларды дұрыс таңдау мүмкiндiгiн қамтамасыз ететiн тұтынушыға арналған қажеттi және дәйектi ақпаратты уақтылы ұсынады. Өнiмдi (тауарды) өткiзу кезiнде тұтынушыға арналған ақпарат тiкелей өнiммен (тауармен), орауышта (ыдыста), затбелгiде, кольереткада, контрзатбелгiде, заттаңбада, жапсырмада (стикерде), құжаттарда, жаднамаларда (қосымша парақтарда) берiлген мәтiнмен, шартты белгiлермен және (немесе) суреттермен бiрге заңнамаға сәйкес өнiмнiң (тауарлардың) жекелеген түрлерiн таңбалауға қойылатын талаптар ескерiле отырып берiлуге тиiс. Өнiмдi (тауарды) өткiзу кезiнде тұтынушыға арналған ақпаратты дайындаушы (өндiрушi) және (немесе) буып-түюшi, өнiм берушi ұсынады.Орауыштағы (ыдыстағы), затбелгiдегi, кольереткадағы, контрзатбелгiдегi, заттаңбадағы, жапсырмадағы (стикердегi), құжаттардағы, жаднамалардағы (қосымша парақтардағы) қолдану жөнiндегi тұтынушыға арналған ақпарат пен таңбалаудағы мәтiн мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жазылады. Тұтынушыға арналған ақпарат өнiм (тауар) туралы ақпарат берiлетiн мемлекеттiк, орыс немесе өзге де тiлдiң емле ережесi нормалары ескерiле отырып жазылады. Тұтынушыға арналған ақпарат тiкелей өнiмнiң (тауардың) әр бiрлiгiне орауышта (ыдыста), затбелгiде, кольереткада, контрзатбелгiде, таңбада, жапсырмада (стикерде), құжаттарда, жаднамаларда (қосымша парақтардағы) оқуға (танысуға) қолайлы жерге орналастырылады Тұтынушыға арналған ақпарат стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттамада көзделген тәсiлмен берiледi және айқын әрi оңай оқылуға тиiс. Тұтынушыға арналған ақпарат бiр нақты түсiнiктi, толық және өнiмнiң (тауардың) құрамына, қасиеттерiне, тағамдық құндылығына (тағам өнiмдерi үшiн), табиғатына, тегiне, дайындалу (өндiрiлу) және тұтынылу (қолданылу) тәсiлiне, сондай-ақ сапасы мен қауiпсiздiгiн тiкелей немесе жанама сипаттайтын өзге де мәлiметтерге қатысты тұтынушыларды жаңылыстырмайтын және берiлген өнiмдi (тауарды) сыртқы түрi немесе органолептикалық көрсеткiштерi бойынша соған жақын басқа өнiм ретiнде қабылдауға жол бермейтiн болуға тиiс.Тұтынушыға арналған ақпаратта өнiм (тауар) оған сәйкес дайындалған (өндiрiлген) нормативтiк құжаттың атауы (белгiсi) көрсетiледi. Сәйкестiктi растау туралы тұтынушыға арналған ақпаратты дайындаушы (өндiрушi) және (немесе) өнiм берушi:стандарттау жөнiндегi қолданыстағы нормативтiк құжаттарға сәйкес түсiрiлген сәйкестiк белгiсi; техникалық реттеу саласындағы заңнамаға сәйкес өнiммен (тауармен) қоса жүретiн сәйкестiк сертификаты (сәйкестiк сертификатының көшiрмесi) түрiнде беруге тиiс. Буып-түйiлмеген немесе өлшенiп буып-түйiлмеген өнiмнiң (тауардың) сәйкестiгiн растау туралы ақпаратты тұтынушыға өнiм берушi жеткiзедi.Өнiм (тауар) туралы тұтынушыға арналған ақпаратта өнiмнiң (тауардың) атауын көрсету қажет. Өнiмнiң (тауардың) атауы стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкес келуге тиiс. Өнiм (тауар) атауын латын алфавитiнiң әрiптерiмен жазуға болады. Өнiмнiң (тауардың) шығу тегi орнының атауы мынадай жағдайлар сақталған жағдайда оның атауына қосу рұқсат етiледi:өнiмнiң (тауардың) шығарылған орнының атауы географиялық объектiнiң тарихи атауы болса;тұтынушыға арналған ақпаратта дайындаушы (өндiрушi) орналасқан елдерде белгiленген тәртiппен тiркеусiз дайындаушы (өндiрушi) - осы тауарлық белгiнiң иесi тiркеген немесе қабылдаған (ұжымдық) тауарлық белгi көрсетiлсе; белгiсi географиялық объектiнi бiлдiретiн немесе содан тұратын, бiрақ Қазақстан Республикасында оны дайындаған (өндiрген) орнымен байланысты емес белгiлi бiр түрдегi өнiмнiң (тауардың) белгiсi ретiнде жалпы қолдануға енгiзiлген өнiмнiң (тауардың) шығарылған орны атау деп танылмаса; өнiмнiң (тауардың) шығарылған орнының тiркелген атауын осы атауды пайдалану құқығына ие болып табылмайтын заңды және жеке тұлғалардың пайдалануына жол берiлмейдi. Дәнді дақылдарды өңдеу және сактау технологиясы.Дән және дәнді дақылдардың сипаттамасы; нандық дақылдар, дәнді — бұршақты дақылдар, астықтың сапасын бағалау. Астықты ұнға өңдеу технологиясы. Астықтың технологиялық қасиеттері: астықтың ұндық қасиеттері, ұнның наубайханалық кұндылығы. Бидай мен қара бидайды ұн тартуға дайындау.Диірменнің астық тазалау бөліміне дейінгі және одан шыққан астықгың сапасы.Астықты сұрыпты ұнға өндеудің түрлері. Бидайды наубайханалық және макарон ұндарына өндеу. Бидай және қара бидай ұндарының сапасына қойылатын талаптар. Астықты жармаға өңдеу технологиясы. Жарма дақылдарынан алынатын жарманың түрлері. Астықты кауыздауға дайындаудың технологиялық процестері. Жарма зауытының қауыздау бөліміндегі технологиялық процестер. Жарма дақылдарынан алынатын жармалардың сапасы мен шығымы. Астықты өңдеуде алынатын екінші өнімдер. Бидай мен жұгерінің ұрықтық өнімдері. Наубайханалық емес және бүршақ дақылдарының ұндары. Наубайхана өндірісінің технологиясы. Нан өнімдерінің жіктемесі. Нан өндірісінің технологиялық кезеңдерінің мәні мен кезектілігі. Бидай, қарабидай жэне бидай- қара бидай нандарын дайындау тәсілдері. Бидай мен қара бидай қамырларының қасиеттерінің өзгешелігі. Ауыл шаруашылық шикізаттарын жууға арналған жабдықтар. Сусымалы ауыл шаруашылық шиказаттарын тазалау және іріктеу жабдықтары. Дара ауыл шаруашылық шикізаттарын сорттау, тексеру, іріктеу жабдықтары. Өсімдік және жануар өнімдерінің сыртқы қабаттарын тазалау, аршу жабдықтары. Тағамдық ортаны майдалау жабдықтары. Майдаланған тағамдық ортаны сорттау және байыту жабдықтары. Сүйық тектес және біртекті емес тағамдық ортаны бөлу жабдықтары. Тағамдық ортаны араластыру жабдықтары. Тағамдық ортаны пішіндеу жабдықтары. Тамақ өнімдерін буып-түю жабдықтары. Тамақ өнімдері мен бүйымдарын мөлшерлеу жабдықтары. Дара өнімдердің орамалау жабдықтары. Сусымалы және дара өнімдерді өлшемдеуге арналған жабдықтар.Сұйық және паста тәріздес өнімдерді өлшемдеу машиналары. Тағамдық ортаны түрлендіруге арналған машиналар мен аппараттар. Температураны тұрақтандыру және тагамдық ортаның концентрациясын жоғарылату аппараттары. Тағамдың ортаны кептіруге арналған аппараттар. Пісіру және тағамдық ортаны құыру аппараттары. Тағамдық ортаны тоңазыту және мұздату аппараттары. Тағамдық ортаны экстракциялау және диффузиялау процесстерін жүргізуге арналган аппараттар. Өңдеу өнеркәсібі салаларының технологиялық жабдықтары Астықтау және қайта өңдеу кәсіпорындарының технологиялық жабдықтары . Нан зауыттары, макарон және кондитер фабрикаларының технологиялық жабдықтары. Құрамында қант бар шикізаттарды өңдеуге арналған технологиялық жабдықтар. Астық түйір сапасын жекеленген не олардың массасын зерттеу негізінде бағалайды. Көптеген белгілерді тек астық түйір массасынан анықтайды. Өйткені адамдар әр түрлі мақсатта пайдаланғандықтан тауар партияларын ұсынады. Бастапқы астық түйір массасы астық түйірды өсімдіктің басқа бөліктерінен ажырату арқылы түзіледі. Нан қабылдау өнеркәсіпорынына жинау әдісіне (тура араластыру немесе бөліп жинау) қарамастан астық түйір қабықшалары және әртүрлі талшықтардан тұратын астық түйір массасы түседі. Астық түйір массасының құрамы негізінен егінді техникалық деңгейде өсіруіне, жылдық климаттың ерекшелігіне, астық түйірды жинаудан кейінгі өңдеуіне және егінді жинау сапасы мен әдісіне байланысты болады. Егінді жинау үрдісіне астық түйір массасында минералды қоспаларда (жер, құм, галька және тағы басқалары) түседі. Қоспалар астық түйір сапасының сақталуы мен қайта өндеу мүмкіндігіне әсерін тигізеді. Астық түйірдын салмағы бойынша астық түйір партиясынан тұратын негізгі құрамын білу манызды болып табылады. Астық түйірды айтарлықтай дәрәжеде олардын тамақтық, технологиялық санымен қатар оларды қайта өндеу, астық түйірды тазарту кезінде кенінен қолданылатын астық түйірдын толықтығын жақсы сипаттайды. Кез келген астық түйір массасы, тек астық түйір қоспасыннан басқасы көптеген микроорганизмдерден тұрады. Олардын мөлшері 1 г Астық түйірда ондаған және жүздеген мынға, кей жағдайда миллион экземплярға жетеді. Бұл кез келген үйдегі астық түйірды егу және егінді жинау микроорганизмдерге қаныққан ортада жүретіндігімен түсіндіріледі. Олардын тіршілігі кезінде өсімдіке көптеген микротоптар болады, сондықтан жана жиналған астық түйірдын негізгі салмағы арнайы эпифиттерден, яғни сонғы өнім арқылы бөлініп отыратын өсімдік бетінде тіршілік ететін микроптардан тұрады. Эпифитті микрофлордын типтік атауы шөптік таяқша болып табылады. Тағам өнімдері жоғары тұтынушылық қасиетке ие болуы тиіс және халықтың рационды және қауіпсіз тамақтануына қабілетті болуы қажет. Тағам өнеркәсібінің мамандары жекелеген тағам түрлерінің сыртқы орта әсеріне сезімталдығын анықтай алуы қажет. Тағамның тұтынушылық құндылықтарын өндірушінің тұтынушыға дейін сақтау үшін тиімді тара түрін қажет етеді. Тара өнімдерінің шығындалуына және тасымалдау, сақтау кезінде сапаның төмендеуіне ықпал етеді, көп жағдайларда тағам тауар айналымын мүмкіндігін жасайды. Осылайша буып түю жұмыстарын шығын айналу шығындары болып саналады. Буып түюге байланысты тауардың өзіндік құны артпайды. Оның бағасы өседі. Осыған орай буып түюге кететін шығын тауарлары сақталса және тауар айналымының жүзеге асыруын қажеттілігі шығындардың артып кетпеуі тиіс. Тауар айналымы тауар өндіретін кәсіпорын бастап тұтынушылардын қолдана жатқанға дейін аралықтарын қамтиды. Әрекет етуші талаптарға сәйкес тағам өнімдерін буып түю өндірісі кәсіпорындарында гигиеналық ережелерге сай жүргізілуі тиіс. Тара таңдау тек оның өлшемдеріне ғана байланысты емес. Тара түрлері зерттелуі тиіс, яғни қойма бөлімдерін тиімді пайдалану немесе тасымалдаушы көлік қуатын тиімді пайдалану жағдайлары ескерілуі тиіс. Дүкендерде алдын ала буып түюдің тауарды сату неғұрлым тиімді, ал оны сату кезінде белгілі бір қиыншылықтар туғызады. Тараны безендіру кезінде сатып алушыларға аса қажетті мәліметтер берілуі тиіс, атап айтқанда тауардың сипаттамасы, бағасы, мөлшері тауарлық таңба, тауар, номер, өндіруші кәсіпорын номері, энергетикалық құндылығы, шығу өндірісінің мерзімі, сақталу мерзімі. Тара сатып алушылардың жеткілікті ақпараттың, сонымен қатар тауарларды жарнамалар құралы болып табылады. Буып түю кезінде тараға қойылатын талаптар (химиялық, физикалық, биологиялық) толық орындалуы тиіс. Мысалы, мыналар қамтамасыз етілуі қажет: соғылу, итерілу, құлау кезіндегі беріктік. Құлау және тербеліс кезіндегі беріктік, тұрақтылық атмосфералық құбылыстарға қарсы (температураның өзгеруі, жарықтың түсуі) төзімділігі, органикалық иістерді өткізбеуі, май, ауа және газ, микроағзаларды өткізбеушілік. Тұтынушылық тара тауарларда атмосфералық құбылыстарда бөгде иіс, дәмдерден қорғауға негізделген, ал тасымалдаушы тара тауарларды белгілі бір жерге жарамды етіп жеткізуді қамтамасыз етеді. Әдебиеттер: 7.1.3, 7.1.4, 7.1.5, 7.2.4, 7.2.5 7- дәріс. Өнімнің ерекшелігіне байланысты Дәріс сұрақтары: 1. Буып-түю құралдары. Қағаз және картоннан жасалған тара 2. Буып-түю құралары. Ағаштан жасалған тара 3. Транспорттық-өндірістік тара Картон жәшіктер. Қолданылатын материалдың түрі бойынша гофрирленген картоннан жасалған жәшіктер және тұтас желімделген картоннан жасалған жәшіктер кездеседі. Бірінші түрі көп тараған және перспективалы болып табылады. Жәшіктердің ішкі өлшемдері ГОСТ 9142–90 талаптарына сай болуы керек және салынатын өнімнің габариттік өлшемдері мен салмағы бойыша алынады. Жәшіктің ұзындығы мен ені арасындағы қатынас 2,5 : 1 ден көп болмауы керек, биіктігі мен енінің ара қатынасы 2 : 1 ден көп емес және 0,5 : 1 ден кем емес болуы керек.. Әр түрлі конструкцияларда атқаруда қолданылған және көбінесе транспорт ретінде бірақ басым бөлігі бірнеше рет қайта қолдануға арналған. Тұтынушылық тара ретінде аз мөлшерде қолданылады. Ол мыналарға байланысты болып келеді: - ағаштың түрі мен сапасына ; - тараның конструкциясына ; - беріктілігін, төзімділігін, ашыту мүмкіндігіне байланысты. Ағаш тара өндірілуіне байланысты: - жәшіктер, қайың, шырша; - ауыр кеспек, емен ; - жеңіл кеспек, шырша, европалық май қарағай, қайың ; - науа. Транспорттық тара өнімдерді тасымалдау, қоймаға қою және сақтау үшін арналады. Транспорттық тараны дұрыс таңдау өнімді тиімді және сенімді тасымалдауға мүмкіндік береді. Өнімнің зақымдалуының 25 % транспорттық тараның дұрыс таңдалмағанынан орын алады. Транспорттық тараны шартты түрде мына сипаттары бойынша классифицикациялауға болады: • формасының тұрақтылығы бойынша – қатты және жұмсақ • қолдану дәрежесі бойынша – бір рет және көп мәрте қолданылатын; • ьуып-түйелетін өнімнің түрі бойынша- сұйық, сусымалы өнімдер, даналы (штучный) өнімдер үшін; • жасап шығару тәсілі бойынша - сваркаленген, желімделген, үрлеп жасалған, құйылған, престелген, термоформаланған; • материалы бойынша - полиэтилен (ПЭ), поливинилхлорид (ПВХ), полипропилен (ПП), резина-полиэтилен (РП), комбинирленген материалдар; • компакттілігі бойынша - бұзылмайтын, бұзып-жиналатын; • буып-түюі бойынша -герметикалық, изобарлық, ашық. Қатты транспорттық тара. Жәшік – төрт бұрышты қақпағы бар немесе қақпақсыз транспорттық тара. Жасау тәсілдері: қысым қолданып құю, айландырып отырып формалау. Материалы: полиэтилен, полипропилен. \ Лоток – төрт бұрышты биіктігі аласа транспорттық тара. Жасау үшін жәшік жасау тәсілдері қолданылады. Корзина – қабырғалары биік, қабырғалар ауданының жартысы тесіктерден құралатын транспорттық тара. Жасау тәсілі: қысым қолданып құю. Материалы: полиэтилен, полипропилен. \ Фляга – цилиндр формалы корпусы бар, ауыз жағы конус түрде орындалған, қолмен көтеру үшін тұтқасы бар, жабылатын қақпағы бар транспорттық тара. Жасау тәсілдері: ауамен үрлеу. Материалы: полиэтилен, полипропилен. Баллон – тамшы,шар немесе цилиндр формадаға корпусы, сфера формасындағы түбі және тар ауызы бартранспорттық тара. Жасау тәсілдері: ауамен үрлеу. Материалы: полиэтилен, полипропилен, полиэтилен-терфтолат, полиакрилат (ПА). Бидон – жазық немесе гофрирленген цилиндр немесе конус формасындағы корпусы, жазық түбі және қақпағы бар транспорттық тара. Жасау тәсілдері: ауамен үрлеу, айландырып формалау. Материалы: полиэтилен, полипропилен. Бөшке – парабола немесе цилиндр формалы, өнімді құю үшін тесіктері бар немесе бүбінің біреуі алынатын транспорттық тара. Жасау тәсілдері: ауамен үрлеу. Материалы: полиэтилен, полипропилен. Канистра – төртбұрышты қолмен көиері үшін тұтқасы бар, жабу үшін құрылғысы бар транспорттық тара. Жасау тәсілдері: ауамен үрлеу, айландырып формалау. Материалы: полиэтилен, полипропилен. Бак – үлкен өлшемді жоғарғы жағында құю үшін тесігі, төменгі жағында құйып алу үшін тесігі бар транспорттық тара. Жасау тәсілдері: ауамен үрлеу, айландырып формалау. Материалы: полиэтилен, полипропилен. Жұмсақ полимер транспорттық тара. Жұмсақ контейнер – сусымалы өнімдерді аз уақыт сақтау және кез келген көлік түрімен тасымалдауға арналған үлкен габаритті жұмсақ сиымдылық (емкость). Жасау тәсілдері: сваркалау, тігу, желімдеу. Материалдары: полиэтилен және полипропилен талшықтары, полиэтилен қапшықтар, резина-мата материалдары. Мөшек – корпусы жең формасында орындалған, түбі желімделген, сваркаланған немесе тігілген, аузы ашық немесе жабық транспорттық тара. Жасау тәсілдері: сваркалау, тігу, желімдеу. Материалдары: полиэтилен, полипропилен, ламинирленген материалдар. Целлофан Полиэтилен Плиофильм Полипропиллен Целлофан – полиэтилен Поливинилхлорид (қатты) Ас – адамның арқауы. Сондықтан тағам өнімдері қай заманда болмасын жоғары сұранысқа ие және халықты тамақтандыруда рационалды және денсаулыққа кепілдік беретін қасиетке ие болу керек. Тағам өнімдері қоршаған орта әсеріне сезімтал (температура, ылғалдылығы, күн сәулесі т.б.). Ал тара тағам өнімдерін сақтау және тасымалдау кезінде сапасының төмендеуін және шығынға ұшырамауын қамтамасыз етеді.Ол өнімді физикалық, химиялық, климаттық, биологиялық әсерден қорғайды. Қазіргі заманда тара жасайтын материалдардың түрлері өте көп: полиэтилен, шыны, ПЭТ, қаңылтыр, қағаз т.б. Целлофан Целлофан қабығы жыртылуға төзімді, жетерлікті эластикалы, газ өткізгіштігі өте төмен және бу өткізгіштігі жоғары, майға төзімді болып келеді. Целлофан микроағзалардың әсеріне төзімсіз, сондықтан буып-түю кезінде гигиеналық жағдайларды өте қатал қадағалау керек. Целлофанда пісірілген және ливерлі шұжықтар, сосискалар үшін қабық ретінде, ал ұсталған шұжық тауық еі, ветчина, политеттерді үлестеп буып-түю үшін қоланылады. Целлофанды буып-түю материалы өнімнің ароматын жақсв сақтайды, қабығы өнімдерден оңай алынады. Сақтау процессі кезінде балауса еттің түсін сақтау үшін бір жақты жамылғаса бар целлофанды қолдануға болады. Етке целлофан жамылғысы жоқ жағымен қарау керек, соәтіп ол ылғалданады және газ өткізгіш қасиетке ие болады. Целлофанның сырт жағы нитролакпен және полиэтиленмен жамылған болыпкеледі, ол целлофанның суөткізгіштігін жояды және еттің ылғал шығынынан қорғайды. Лакталған DLST маркалы целлофанды балауса етті, пісірілген шұжықтары, тураманы, котлеттері үлестеп буып-түю үшін қолданылады. Ал мұздатылған етті буып- түю үшін MSAT – 350/4 қабығын жиі қолданады, ал шұжықтарды үлестеп буып-түю үшін LSAT 350/2 және РТ – 350 маркалы целлофандар қолданылады. LSAT 350/2 маркасын машинамен буып-түю үшін, ал РТ 350 қолмен буып-түю үшн арналған. Еттің жартылай фабрикаттарын және шұжықтың кез келген сорттарын буып-түю үшін лакталған целлофанды қолдану ұсынылады. Ет өнімінің қорғау қабығын жасау мақсатында целлюлоза және оның туындылары және лакталған целлофан кеңінен қолданылады. Ет пластмассалы тәрелкеде лакталған целлофанда буылып-түйілген. Ычтық плиткада қабықтың шеткі шеттері пісіріледі. Ет астына сөл сіңіргіш картоннан немесе қабықты пластифицирілмеген поливинвлхлоридден жасалған тәрелке салынады. Сонымен қатар пенопластирлерден жасалған тәрелкелер де пайдаланылады. Етті тәрелкеге салу процессі автомматтандырылған болу мүмкін. Балауса етке және құс етіне микроағзалардың дамуын тежейтін буып-түюші таралар қолданылады. Бұл буып-түюші материал бактерицитті компаниенті бар адсорбирлеуші материалмен өңделген целлюлозадан тұрады. Сонымен қатар етті буып-түю үшін регенирленген целлюлоза пайдаланылады. Бұндай қабық оттегіөтікзгіштігімен ерекшеленеді, бұл оттегі етте метгемоглабин түзуіне жол бермейді. Сонымен қатар етті буып-түю үшін целлюлозаның туындысы, мысалы этилцеллюлоза пайдаланылады. Англияда еттің ылғалы булануына мүмкіндік беретін қабық ойлап табылды, ол кішірейеді және өнімге тығыз жабысады. Қабықта ацетилбутират немесе ацетопрапионатцеллюлоза бар. Полиэтилен Жоғары тығыздықты полиэтилен қабығы -60-тан +120 Сградус шегінде қолданылады, сонымен қатар төменгі тығыздықтағы полиэтилинге қарағанда тартылу қабілетіне ие және қатты. Жоғарғы тығыздықты полиэтиленнен сосискалар қабығын, дайын ет қабығын, балауса және мұздатылған етті орайтын буып-түю материалын жасайды. Қабықта стерилдеуге , дайын тамақты жылытуға болады. Кейде қабықтар ультракүлгін сәулелерді жұтатын бояғыш пигменттерімен сіңіріледі. Төменгі тығыздықтағы полиэтилен қабығын -60-тан +85 С градус аралығында пайдалануға болады, сонымен қатар төменгі тығыздықтағы полиэтилен қабығының май өткізгіш қасиетін және ароматикалық заттардың өткізгіш қасиетін ескеру керек. Қабқтың бағасы өте арзан және өнімді кетуден сақтайды. Сонымен қатар бұл буып-түю материалы қысқа мерзімге суытылған етті мөлшерлеп салынған ұсақ үлесті етті, жартылай фабрикаттард сақтауға арналған. Полиэтиленді қабықта етті стерильдеу үшін етті полиэтиленді немесе поливинилхлортті стерильді қабықпен жабылады және тігіспен термопісіріледі. Өнім енуші ионизациалық дозасы 1,5*10 алты дәрежесі Р-мен бірнеше секунд өңделеді бұның нәтижесінде ет және оның буып-түюші стерильденеді. Плиофильм Каучуктің гидрохлоридіндегі пластификатордың құрамына жіне типіне байлансты қабықтың шыдамдылық температурасы да өзгереді. Плиофильм екі типті болып шығарылады – ориентирленген және ориетирленбеген. Ориентирленген қабық қыздыру кезінде азайады және 50%-ке дейін кішірейеді.Бұл қабық дұрыс емес пішінді құс етін, ветчинаны және т.б. ет өнімдерін буып-түю үшін арналады. Плиофильм кулинарлы ет тағамын, таңертеңгі асты, шұжық өнімдерін буып- түйеді. Құрамында пластификаторы жоғары қабық, аязға төзімдісі, мұздатылған ет өнімдерін буып-түю үшін арналған. Қабық әртүрлі автоматта жақсы өнделеді. Плиофильмнің 120 НМ типіне ет, құсты, ал 75 ВҒ типіне, бекон, сосискалар, ет таңертеңгі астары буылып-түйіледі. Полипропилен Полипропиленнен жасалған қабық – ең мөлдірі, май өткізбейді, жақсы пісіріледі, бағасы қымбат емес, жылу төзімділігі, бірақ тартылмаған күйінде суыққа төзімділігі азайады. Сондықтан ориентирленбеген қабық үшін -10-нан +140 С градус, ал ориентирленген қабықтың пайдалану диапазоны -60-тан +90 С градус. Ет өндірісінде полипропилен қабығы стерильденген ет өнімдерін, мұздатылған екінші астарды және ет өнімдерін ұзақ сақтауға, буып-түюге арналады. Целлофан – полиэтилен Бұл комбинерленген материалдың бу және газ өткізгіштігі төмен болғандықтан оны негізінен су мөлшкрі шұжықтарды, ет турамаларын, сосискаларды вакумдап, буып-түю үшін пайдаланылады. Бұл буып-түюші қабық 85С градусқа дейін қыздыруға шыдайды, сонымен қатар қысқа мерзімде 100 С градуста қыздыруға дейін шыдайды, сондықтан өнімді пайдалану алдында қыздырып жіберуге болад. Бұл қабық машинада жақсы өндіріледі. Поливинилхлорид Бұл қабық аз мөлшерде бу өткізгіш және оттегіні аз өткізеді, физика – химиялық қасеті, пайдалану температурасының диапазоны -15 С-тан +75 С градусқа дейін. Тарту көмегімен үлестібуып-түюші тары алып котлеттер, ет салатын май және құрамында май бар өнімді қаптайды. Қабық мөлдір немесе бойалған болуы мүмкін . Машинада жақсы өңделеді. Әдебиеттер: 7.1.4, 7.1.5, 7.2.5, 7.2.6 8- дәріс. Өнімді сақтауға арналған ыдыстар мен қораптары Дәріс сұрақтары: 1. Буып-түю материалдары. Қағаз. Картон 2. Буып-түю материалдары. Ағаш. Шыны. Керамика 3. Пластмасса Буып-түйгіш деген материалдарға тара және қосалқы буып-түйгіш құралдар өңдеуге қажетті барлық материалдар жатады. Буып-түйгіш материалдарды қолдану келесі қарым-қатынаспен анықталады: Тауар ═˃ материал ═˃ тара Бұл жерде негізгі фактор болып саналады. Тауардың материалдарға қоятын талабы; • материалдың өңделуіне қабілеттілігі; • қолда бар материал; • қымбат емес баға. Тараны даярлау кезінде материалдың өңдеуге жарамдылығы маңызды рөл атқарады. Дайындалатын өнімнің формасы және конструкциясы өңдеу ерекшеліктеріне байланысты болады. Сондықтан материалдың қарапайым немесе машина көмегімен өңдеу мүмкіндігіне қабілетті болуы тиіс. Материалды сатып алу, жинақтау және оның бағасын таңдау кезінде өте жауапкершілік қажет. Материалдың бағасы тауар және тараның мақсаттылығына және қарым-қатынасына байланысты түзіледі. Қайта пайдаланылуы бойынша тара бір рет қана қолданылатын, қайтарылатын және көп мәрте қолданылатын деп бөлінеді. Тара көбінесе бір рет қана қолданылады. Қайтарылатын деп қолдануда болған және қайта қолдануға келетін тараны атады. Көп мәрте қолданылатын тара тауарларды жеткізу үшін көп мәрте қолдануға келеді, сондықтан ол міндетті түрде жеткізушіге қайтарылуы керек. Иелену түрі бойынша жалпы қолданылатын (жеке кәсіпорынның мүлкі болып табылмайтын) және инвентарлық (көп мәрте қолданылатын, жеке кәсіпорынның мүлкі болып табылатын сондықтан жеткізушіге қайтарылатын тара) тара кездеседі.. Арналуы бойынша тара әмбебаб (универсал) және арнаулы деп бөлінеді. Әмбебаб тара әр түрлі тауарларды салу үшін қолданылады, ал арнаулы – тек қана бір білгілі тауар үшін қолданылады. Жасап шығару тәсілі бойынша тара бондарлық (бондарная), желімделген (клееная), штампталған (штампованная), құйылған (литая), пісірілген (сварная) деп бөлінеді. Конструкциялық ерекшеліктері бойынша тараны шашылмайтын, шашылатын, жиналатын, шашылып жиналатын, жабық, ашық және штабелденетін тара деп бөледі. Шашылмайтын тара шашып тастауға келмейтін қозғалмайтын бөлшектерден тұрады. Шашылатын тараның конструкциясы оны жеке бөлшектері бойынша шашып тастауға және элементтерін бір-біріне қосып қайта жинауға мүмкіндік береді. Жиналатын тараның конструкциясы оны жинауға және содан соң қайта орнына келтіруге мүмкіншілік береді. Шашылып жиналатын тара конструкциясы бойынша шашылатын және хиналатын тараның қасиеттеріне ие болады. Егер тараның конструкциясы қақпақ немесе басқа жабу элементін қолдануға мүмкіндік беретін болса, бұндай тараны жабық тара дейді. Ондай мүмкіндік болмаса – ашыт тара дейді. Штабелденетін деп Тараның конструкциясы оны тұрақты штабель түрінде жинауға мүмкіндік беретін болса, бандай тараны штабелденетін деп айтамыз. Беріктігі бойынша тараны берік (металл, ағаш және полимер жәшіктер, бөшкелер), жартылай берік (картон жәшіктер, полимерные тубалар), жұмсақ (қаптар, пакеттер) және сынатын (әр түрлі шыны тара) тара деп бөледі.. Сыртқы факторларға қарсы тұруы бойынша тара шаң-, жарық-, май-, газ-, су- және ылғалөткізбейтін түрлерге бөлінеді. Жасалған материалы бойынша ағаш, картон, қағаз, мата, метал, шыны, керамика, полимерден жасалған және комбинирленген тара кездеседі. Қазіргі кезде көбінесе картон, қағаз және комбинирленген материалдардан жасалған тара қолданылады. Бұндай тара тараның барлық түрінің 70…90 % -ын құрайды. Көптеген буып-түйілген материалдың басым бөлігін қағаз бен картон құрайды. Себебі олардың қасиеттері, сорттары көп түрлі, сонымен қатар бағасы төмендейді. Материалдың алғашқы шикізаты ағаш және бір жылдық өсімдіктер. Шикізат механикалық және химиялық әдістермен өңделеді де жартылай фабрикат алынады. Шикізат (ағаш және бір жылдық өсімдіктер (тросник)) (физикхимиялық әдіс) Шикізат (тросник) ↓ Өңделеді (химиялық-механикалық) ↓ ┌── Жартылай фабрикат ──┐ ↓ ↓ ↓ Ағаш қағаз массасы целлюлоза Механикалық өңдеу арқылы алынған жартылай фабрикат құрамында шикізатта кездесетін барлық заттар сақталады. Ал химиялық жолмен өңдегенде жабысқақ және т.б. заттар еріткіштер арқылы толық жоғалады да тек таза целлюлоза қалады. Жартылай целлюлоза екі әдісті бірдей қолданда алынады, яғни химиялық өңдеу белгілі бір шекте жүреді де әрі қарай механикалық өңдеумен аяқталады. Нәтижесінде жоғарыда айтылған заттар біртіндеп ғана жойылады. Механикалық өңдеу арқылы алынған жартылай фабрикат ағаш массасы болып саналады. Бұл массадан жасалған қағаз тех сарғылттанады және сынғыш келеді. Ал химиялық жолмен алынған жартылай фабрикаттан жасалған қағазда немесе целлюлозадан алынған қағазда ағаш массасы болмағандықтан мықтылығы жоғары болады және сарғаймайды. Қағаз тиісті қасиеттерге ие болу үшін жартылай фабрикаттарды қағаз массасына айналдырады, яғни талшықтары ұнтақталады, толтырғыштар қосылады, араластырылады, боялады және жабыстырылады. Ал осы қағаз массасынан қағаз бен картон даярланады. Материалдың қолдану мақсатына байланысты олар түрлі мықтылық қасиетке: жыртылмайтын, езілмейтін, сынбайтын, ыдырамайтын, бүктелмейтін және т.с.с. ие болуы қажет. Сонымен қатар буып-түю мақсатында өткізбеушілік қасиет (май, су, бу, аромат, т.б.) маңызды роль атқарады. Өткізбеушілік қасиетке ие болу үшін түсін өзгерту үшін қағазға жаналға жасайды және сіңіру сияқты өңдеулерден өтеді. Орауыш қағаз – макулатурадан, ағаш массасынан, целлюлозадан қосылып жасалады. (ТПЛ 8-3018 «Орауыш қағаз»). Бұл қағаз төмендегімен тікелей қатынаста болмауы керек. Пакетті қағаз – тығыздығы 40-125 г/м2 пакет жасау үшін қолданылады. Ол мықтылығымен ерекшеленеді. Май өткізбейтін қағаздың тағам өнімдері үшін маңызы зор. Оның пергамент, подпергамент, пергамен деген түрлері бар. Пергамент – май және ылғал өткізбейтін қасиетімен ерекшеленеді. Подпергамент – пергаментке қарағанда май және ылғал өткізбеушілігі әлсіздеу. Пергамен – қасиеті бойынша подпергаментке ұқсас, бірақ жарық өткізгіштігі бар. Аталған қағаз түрлерінің барлығы майлы өнім өңдеуге қолданылады. Сіңірілген қағаз – түрлі сіңгіш заттармен өңделген қағаз, сіңгіш заттар қосқаннан кейін қағаз тиісті қасиетке ие болады. Парафинмен өңделген қағаз – бу және май өткізбейді. Сіңгіш қоспа ретінде парафин және пластмасса қолданылады (полиизобутилен, полиэтилен). Сіңіру арқылы мынадай қағаз түрлері даярланады: 1. фуницитті; 2. инсектицидті; 3. бактерецидті. Фуницидті және бактерецидті қағаз дифенил, сорбин қышқылы, натрий бекзоаты сияқты сіңіргіш материалдармен өңделеді, өнімді зең және бактериялармен ластанудан қорғайды. Инсектицидті қағазға перетин қосылып өңделеді, бұл қағаздардан қапшықтар жасалады, тағам өнімдерін жәндіктерден қорғайтын қасиетке ие. Картон– тұтынушы тара ретіндегі түрлі қораптар даярлауды қолданады. Дуплекс картон (екі қабатты) – ағаш массасы бар ішкі қабаты болады. 225-500 г/м2 Триплекс картон (үш қабатты) – ішкі екі қабат болады. Тегіс картон – тығыздығы 400 г/м2 оны даярлау үшін қағаз қабатты қажет қалыңдық бергенше біріне – бірі жабыстырылады. Қолданылған шикізат және жартылай фабрикаттарға байланысты картон түрлі сортты болып келеді. Сұр картон – макулатурадан қызыл–қоңыр картон, ағаш массасынан даярланады, оны кож- картон деп атайды. Қатты картон – макулатурадан даярланады, мықты болу үшін құрамына белгілі мөлшерде целлюлоза немесе қамыс т.б. шикізаттар қосылады. Қатпарлы картон – маңызы өте зор, тегіс және толқынды, ирен қағаздар қабатынан тұрады. Қабатына қарай былай бөлінеді: 1. екі қатпарлы картон – 1 тегіс + 1 ирек ; 2. үш қабатты қатпарлы картон – 2 тегіс + 1 ирек ; 3. бес қабатты қатпарлы картон – 3 тегіс + 2 ирек. Картоннан және қағаздан Картон жәшіктері мен барабандарды шығару үшін картон және қағаздың мынадай түрлері қолданылады: гофрирленген картонның тегіс қабаттары үшін картон; желімделген біртұтас таралық картон; қорап жасау үшін картон; гофрирлеу үшін картон. Гофрирленген картонның тегіс қабаттары үшін картон ГОСТ 7420–89 бойынша К-0, К-1, К-2, К-3, К-4 маркаларда шығарылады. Картонның маркасы тараның беріктік сипаттамаларына қойылатын талаптарға және оны пайдалану жағдайларына сәйкес алынады. Желімделген біртұтас таралық картон ГОСТ 9421–80 бойынша КС, КС-1, КС- 2, КС-3, КСВ, КСВ-1, КСВ-2 маркаларда шығарылады. Картон жәшік, решетка және перегородка жасау үшін қолданылады. Қорап жасау үшін картон ГОСТ 7933–89 бойынша А, Б, В, Г, Д маркаларда шығарылады. А және Б маркалары негізінен тұтынушылық тара жасау үшін арналған. В, Г және Д маркалары картон барабандар және картон жәшіктерінің прокладкалары мен решеткаоарын жасау үшін қолданылады. Гофрирлеу үшін картон (ГОСТ 7377–85) гофрирленген картонным гофрирленген қабатын жасау үшін арналады. Стандарт бойынша гофрирлеу үшін картонның мынадай маркалары бекітілген: Б-0, Б-1, Б-2, Б-3. Қағаз қаптарын жасау үшін алуан түрлі қап жасауға арналған қағаздар қолданылады. Қап жасауға арналған қағаз (ГОСТ 2228–81) әр түрлі жағдайларда қолданылу үшін көп қабатты қағаз қаптарын жасау үшін арналған. Қап жасауға арналған қағаздың 20-дан астам түрлері кездеседі. Олар ені 960…1300 мм рулон түрінде шығарылады. Рулондардың диаметрі 1200 мм-ге дейін барады, салмағы 400…800 кг. Қазіргі кезде полиэтилен қабаты бар (полиэтиленмен ламинирленген) қап жасауға арналған қағаз кеңінен қолданылады. Қалыңдығы 10…40 мкм полиэтилен қабаты қағаздың химиялық тұрақтылығын және беріктігін жоғарылатады. Қағаздың су өктізбеу қабілеті 10…15 % жоғарылайды. Полиэтиленмен ламинирленген қағаз жақсы термопісіріледі. Өнімді буып-түю үшін материалды, картон немесе қағаз тараның түрін таңдау кезінде төмендегі негізгі талаптарды сақтау керек: 1. Тара берік болуы және буып-түйілген өнімнің бұзылмауын қамтамасыз етуі керек 2. Тараның құны буып-түйілген өнімнің құнынан едәуір төмен болу керек 3. Тараның конструкциясы пайдалану үшін ыңғайлы болу керек 4. Тараны шығаруға жұмсалатын материалдың көлемі минималды болу керек. 5.Тара унифицикацияланған және бекітілген стандарттар талаптарына сай болу керек 6. Тара заманға сай жоғары механикаландырылған құрал-жабдықтардың қолданылуымен шығарылуы керек 7. Тараның конструкциясы өнімді механикаландырылған жағдайда буып- түюге мүкіншілік беруі керек. Тропикалық елдерге жіберілетін бұйымдарды су өткізбейтін материалдарға буып-түю керек. Бұл үшін оларды парафинделген, су өткізбейтін қағазға орап, картон қораптарына салады. Ішіне бұым салынған картон қораптарды су өткізбейтін қағазға орайды да парафинге салып қорғайтын қабат жасайды. Содан кейін қораптарды тағы бір рет қағазға орайды, қораптар транспорттық тараға салғанда бір-біріне жабысып қалмауы үшін. Қораптар су жібермейтін картоннан (ГОСТ6659–83) немесе тара жасауға арналған суға берікті картоннаг (СТУ К-89) жасалуы мүмкін. Бұйымдарды судан қорғау үшін оларды су өткізбейтін қағазға орайды немесе жәшіктің ішкі беттеріне су жібермейтін қағаз жаяды, немесе осы екі амалдың екеуін де орындайды. Металдан жасалған бұйымдарды орау үшін қолданылатын қағаздың құрамында хлоридтер болмауы керек, үйтпесе бұйымды тот басуы мүмкін. Ағаштар Транспортты тара үшін ағаш ең маңызды материал болып табылады, ал тұтынушылық тара одан аз мөлшерде шығарылады. Ағаш целлюлозадан, гелиицеллюлозадан және лигниннан және қосымша, крахмал, шайыр, май, минералды заттардан тұрады. Буып-түю мақсатында қолданылатын ағаштың келесі түрлері бар. Қарағай (Pinus silvestris). Ол әсіресе құрғақ өнімдерге қолданылады. Құрамындағы шайырдың көп мөлшері оны иіске сезімтал өнімдерді буып-түю үшін қолданылады. Шырша (Picea exeisa). Ол жәшік, науа, кеспек және шелек жасау үшін қолданылады. Май қарағай (Abies Pectinata). Шайыр иісі болмағандықтан иісі жоқ кеспек шығару үшін қолданылады. Жартасты емен, жазғық емен мықтылығына, шыдамдылығына байланысты кеспек жасау үшін қолданылады. Оны қыста қолданған жөн. Қайың ол өте тұтқыр, иілгіш, жастикалы болып келеді. Онда мүлдем иіс болмайтындықтан, иіске сезімтал өнімдерді орау үшін қолданылады. Кеспек, жәшік жасайды. Жәшәктерді жиі желімделген фанерадан жасайды. Терек оның ағашы өте жеңіл және өте жақсы өңделеді. Иісі жоқ болғандықтан иіске сезімтал тауарларды орау үшін қолданылады. Құрғақ кезінде шыдамды. Ағаштан жасалған тара негізінен транспорттық тара түрінде шығарылады. Себебі – бұндай тара ұзақ уақыт ішінде өз қасеттерін жоғалтпайды және экологиялық қасиеттерге ие. Ағаш тара мынадай қасиеттерге ие: - механикалық беріктік; - өңай жасалады; - шикізат қоры бай; - экологиялық таза. Кемшиліктері: - асалмағы ауыр; - бағасы қымбат; - гигиеналық қасиеттері төмен; - көп орын алады; - шірігіш. Казіргі кезде ағаштан тара аз мөлшере шығарылады. Оның орны жеңіл, гигиеналық қасиеттері бар пластмасса және картоннан жасалған тара көбірек пайдаланылады. Тағам өнімдерін буып-түю үшін қолданылатын шикізатқа қатаң талаптар қойылады. Мысалы, бұл мақсатта қарағайды қолдануға болмайды. Өйткені оның құрамында көп мөлшерде смола кездеседі. Оның иісі өнімге көшуі мүмкін. Шикізат ағаштың түрін буып-түюі көзделген өнімнің ерекшеліктеріне және қасиеттеріне байланысты таңдайды. Шыны Шынының сәйкес қасиеттері оны тара жасау үшін жарамды етеді. Сондықтан тағам өндірісінде тараның негізгі бөлігі шыныдан жасалады. Шыны жасау үшін шикізаттар жеткілікті мөлшерде және ол қымбат емес. Шынының мықтылығы, соған қарамастан күңгірттігі немесе оңай боялатындығы қолдану аясын кеңейтеді. Жақсы тығыздық, иістің жоқтығы немесе қасқан кезде жоғары мықтылығы шыныны тағам өнімдерін буып-түюге жарамды етеді. Кері қасиеті - үлкен салмағы және тараның нәзіктілігі. Шыны тара шығару үшін шикізат. Шыны тара шығару үшін қажетті шикізаттар негізгі және қосалқы (қосымша) деп бөлінеді. Негізгі шикізатқа төмендегі қышқыл және сілтілі қосылыстар жатады: кремнезем (кремний диоксиді Si02),бор ангидриді (B2О3), алюминий оксиды (Al2O3), натрий сульфаты (Na2SO4), содa (Na2CO3), поташ (K2CO3), известняк (СаС03), доломит (СаС03 . МgС03). Қосымша шикізатқа шыны қайнату үшін қажетті компоненттер жатады: • әр түрлі бояғыштар (металл оксидтері, мыстың, алтынның және т.б. металдардың коллоидтық-дисперленген қосылыстары); • шыныға ақ түс беру үшін қолданылатын заттар, мысалы фосфор, қалайы қосылыстары; • тотықтырғыштыр және тотықсыздандырғыштар – арнайы тотығу-тотықсыздану ортаны қалыптастыру үшін; • түссіздендіргіштер жәнеағартқыштар – ақ және түссіз шыны алу үшін; •қорғасыноксиді РbО немесе барий оксиді ВаО - хрусталь сортты шыны алу үшін (қорғасын хрусталі немес барий хрусталі). Шыны тараға қойылатын талаптар арнайы мемлекеттік стандарттарда көрсетілген. Керамика Ыдыс жасау үшін пайдаланылатын ең көне материалдың бірі балшық немесе каолин болып табылады. Балшықтын және каолиннің айырмашылығы бөлшектердің мөлшерінде, ал құрамды заттары (каолинит, аллофан, монтмоиллонит, кварц, жер сипаты және т.б.) Жер итотын немесе бор сияқты кремқышқыл зат қосқан кезде тығыздығы жоғарылайды. Керамикалық массаны күштің көмегімен әр түрлі пішімдеуге болады. Бұл тараның пішініне де және оның сыртын безендіруге де жатады. Сыртын соған қарамастан түспен әшекей балшық немесе жер шкотымен жабады. Керамикалық масса жеткілікті мөлшерде болса да, одан аз тара түрі дайындалады. Себебі бұйымды қолмен жасайды. Пластмассалар ретінде синтетикалық жолмен алынған макромолекулярлы органикалық заттарды айтуға болады. Органикалық заттар молекула заттарына көмірқышқыл атом құрылысын иеленетін болған жағдайларда жасалынады. Пластмассаларға жататын заттар: целлюлоза, крахмал, белоктар, ағаш құрамына жататын, қағаздар ,тері және т.б. заттар қарама – қарсы қойылады. Қазіргі кезде пластмассаларды қолданғанда әр түрлілері мен пішіндері кездеседі. Пластмассалар табиғи және материалдардан да қымбат болу керек, сондықтан оларды табиғи материалдардың қасиеттерін иеленбейтін буып-түю құралдары қажет болғанда қолданылады. Пластмассалар 2-ге бөлінеді: 1. жартылай синтетикалық ; 2. толық синтетикалқ. Жартылай синтетикалық пластмассалар – бұл макро – моллекулярлы табиғи заттарды химиялық әрекеттестіру нәтижесінде алынатын жаңа материалдар. Мысалы, нитроцеллюлоза немесе галомет. 1 –нші жағдайда ақуызды зат казеин қызмет етеді. Толық синтетикалық пластмассалар – қарапайым заттардан синтетикалық жолмен алынған макромолекулярлы заттар. Мысалы, пенопластр-фенолдан және формальдегидты немесе ацетилинді полихлорванил және хлорлы судан жасалады. Термопластар – температураға байланысты өңделуден кейін 3-нші жағдайда қолданылып сипатталады. Қатты эластикалық, жұмсақ эластикалық, жұмсақ пластикалық. Мысалы, қазіргі кезде көп кездесетін конфетке арқылы қақпағы бар домалақ банка тиімді, көп кездесетін қатты эластикалық жағдайда ұқсайды. Ал егер оны 800 С- қа дейін қыздырса, материал жұмсарады – бұл жұмсақ эластикқа келеді. Термопластар – пісіру қасиеті бар жалғыз ғана пластмасс топтары. Реактопластмассалар (қатты) – бұд өңдеу кезінде дисперсті артқа тартушылықты сезінеді. Содан кейін ғана қатты эластикалық қалыпқа келеді. Эластиктер - өзінің каучук тәрізді эластикалық пішінімен ерекшеленетін макромолекулалары синтетикалық заттар оларды өңдеу және қолдану кезінде олар жұмсақ эластикалық болады. Егер пластикалар буып-түю материалдары ретінде қолданылса, онда олар негізгі талаптарға жауап беруі керек.: физиологиялық жағынан күмән тудырмау керек. Бағасы жоғары болмауы және жеткілікті мөлшерде болу керек. Сонымен бірге экономикалық жағдайда төменделуі тиіс. Кейінгілерді қарастырайық. Фенолды шайыр (смола) -тағам өнімдеріне жақындамауы керек, фенолмен жақындатса өнімнің дәмі және иісі өзгереді. Соған қарамастан пленкалар - нитроцеллюлозадан жасалған, жақындамауы тиіс. Экономикалық себептерге байланысты тағам өнімдерінде полилитакриндер қолданылады. Оптималды тара құру жолында көбінесе әр түрлі пластмассалар түрін қосып және оларды басқа буып-түю материалдармен біріктіріп жасайды. Комбинирленген пленка біртекті пленкаға қарағанда көптеген өнімдерді буып-түюде талаптарды қанағаттандырады. Бұған әр түрлі буып-түю материалдарың оң қасиеті жинақталады. Қазіргі кезде белгілі болған - целлофан-полиэтилен, целлофан-поливинилденхлорид, қатты поливинилхлорид- алюминий. Пластмассадан жасалған буып-түю материалдарының көпсандарының ішінен, тағам өнімдерін буып-түюге арналған полиэфирлі пленканы айтпай кетуге болмайды. Ол әсіресе жақсы механикалық қасиеттерімен ерекшеленеді. Соңғы кездерде жаңадан пайда болған поликарбонатты пленкалар кең қолданады. Полимерден жасалған тара және орағыш материалдар арналуы, материалы, құрамы, конструкциясы және өндіру технологиясы бойынша жіктеледі. Полимер тара жасау үшін қолданылатын материалдарды табиғи және синтетикалық материалдарға бөледі Табиғи полимер материалдарына целлюлозаның туындылары: регенерирленген целлюлоза және целлюлоза астаттары жатады.. Орағыш материалдар көбінесе регенерирленген целлюлоза – вискозадан жасалады.. Целлюлоза пленкаларының пайдалы қасиеттері болып оның шыныдан кем емес мөлдірлігі, жоғары беріктігі (мықтылығы), майлар мен иістерді өткізбеуі табылады. Вискозадан жасалған пленка (целлофан). Целлофан – арзан мөлдір буып-түю материалы қағаз және картон негізінде дәстүрлі буып-түю материалдарынан айырмашылығы, ол мөлдір тара дайындауға мүмкіндік береді. Химиялық көзқараспен қарағанда мұнда әңгіме целлюлоза жайында болмақ, тор мағынада целлюлоза гидраты туралы айтылар табиғатта кездесетін целлюлоза химиялық –техникалық процесс нәтижесінде сульфитті, сульфитті целлюлоза түрінде жиі қолданылатын мөлдір пленкаға айналады. Бұл мағынада целлофан пластмассаға жатпайтын және түрленген табиғи материал. Табиғи целлюлоза гидратына (целлофан) айналуы мынада: алғашқы материалдың беткі – кристалды құрылымы бұзылады. Бұл реакцияға қатысатын химиялық құраушының көмегімен целлюлозаны еріту арқылы экструздейді, сосын целлюлозаны суытады. Бұл енді пленка мөлдір, ашық материал шығу үшін суыту /ванналарына тағы бірнеше вални/пленка өткізу арқылы / қосады. Целлюлозаларды буып-түю үшін қолдану мәні, ол мөлдір және арзан, соған қарамастан оның ультракүлгін сәулелерді өткізуі басқа мөлдір пленкаға қарағанда жоғары. Мұны жарық сезгіш заттар, май, дәруменді, өнімдерді буып – түю кезінде есепке алу керек. Негізгі шикізат – целлюлозаны ағаш қалдықтарын каустикалық содамен өңдеу арқылы алынады. Вискоза пленкасының алуан түрлері кездеседі, оның ішінде суды өткізбейтін және оны өткізетін, термосваркаланатын және сваркаланбайтын, бір немесе екі жағынан қапталған және т.б. Су өткізетін целлофан пленкасы өнімді шаңнан, майлар мен зең түсуінен қорғау қажет болғанда қолданылады. Оған конфеттерді, жаңа пысқан көкөністер мен жемістерді, сосискаларды орауға болады. Су өткізбейтін вискоза пленкасы нан-тоқаш және кондитер өнімдерін, сигареттерді, жаңа сойылған етті орау үшін қолданылады. Полиетиленмен қапталған целлофан қақталған етті, сырды және басқаларды вакуум жағдайында орау үшін қолданылады. Бұл жерде целлофан газдардың өтпеуін, ал полиэтилен – сварка тігісінің мықтылығын және ылғылдың өтпеуін қамтамасыз етеді. Бұндай пленкаға печенье, чипсы орауға болады. Целлюлоза ацетаттары.Ацетат пленкалары вискозадан жасалған пленкалардың қасеттерінің көбіне ие, сонымен бірге қыздырылған күйінде жеңіл майысады (термоплатичны), жақсы формаланады және бүктеледі. Көп қабатты ламинаттардың сыртқы қабаты түрінде қолданылады. Пленка ылғал жібермейді, ал бу және газ жібереді, сондықтан «тыныс ала алатын» орамдық материал ретінде көптеген жас тағамдарды орау үшін қолданылады. Бүктеп желімдеу немесе формалау арқылы конфеттер, шоколад салуға арналған әр түрлі сиымдылықтар мен коробкалар жасауға келеді. Синтетикалық полимер материалдарына олефин гомологтық қатарының газдарын – этилен, пропилен, бутен, винил полимерлері – поливинилхлорид, иономерлер, стирол полимерлері, полиамидтер және т.б. полимеризациялау өнімдері жатады. Төмен тығыздықты полиэтилен – полиэтилен низкой плотности (ПЭНП). Этиленді полимеризациялау арқылы алынады.. ПЭНП пленкалары мықты болып табылады және мықтылығын – 700С температураға дейін сақтай алады. Ылғал және бу өткізбейді, бірақ газ өткізеді сондықтан тез тотығатын өнімдерді буып-түюге келмейді. Химиялық тұрақты болып табылады, әсіресе қышқылдар, сілтелер және анорганикалық еріткіштерге қарсы, бірақ көмірсуларға, майларға қарсы тұра алмайды. ПЭНП буып-түюге арналған пленкаларың 75%-ын құрайды. Бұл материал полиэтилен пакеттері түрінде әр түрлі тағам өнімдерін сау үшін қолданылады. Төменгі температураларда беріктігін жоғалтпауына байланысты мұздатылған тағам өнімдерді орау үшін қолданыла алады. Жоғары тығыздықты полиэтилен – полиэтилен высокой плотности (ПЭВП).ПЭВП-дан жасалған пленкалар 120 0С температуралаға дейін шыдайды, сондықтан одан жасалған тара бумен стерилизациялауді көтереді. Химиялық тұрақтылығы ПЭНП пленкаларының тұрақтылығынан жоғары б.т.. Радиациялық-модификацияланған полиэтилен.Кәдімгі ПЭНП пленкаларынжоғары жиіліктігі электр тогы өрісінде ұстау арқылы алынады. Тиісті тұрақтыландырғыш (стабилизатор) қолдана отырып 105 0С температураға, ал қысқа мерзім ішінде 230 0С температураға шыдайтын полиэтилен алуға болады. Полипропилен. Пропиленнің синтетикалық полимеры болып табылады. Полиэтиленге қарағанда пропиленнің тығыздығы төмендірек, ол қатты жоғары температураға шыдайды. Тағам өнімдерін орауға арналады. Полибутен-1 (ПБ).ПБ плёнкасы ПЭНП-ға қарағанда қатты және мықты б.т., жоғары температураға шыдайды. Оны ыстық өнімдерді орау үшін қолдануға болады. Буды өткізбейді бірақ газды жақсы өткізеді. Термосваркаланады. Бұл пленкадан сүт құятын пакеттер жасалады. Поливинилхлорид (ПВХ).Винилхлоридты полимеризациялау арқылы алынады. Пленка қатты және мықты б.т. Печенье және кондитер өнімдері салынған қорабтардың ішіне жайу үшін қолданылады. Поливинилиденхлорид(/ПВДХ). Винилиденхлорид және винилхлорид сополимеры б.т. Плёнка жарық өткізеді, мықтылығы жоғары 120... 158 °С температурада сваркаланады. ПВДХ пленкаларының бу- және газ өткізгіштігі өте төмен. Көп қабатты пленкалар шығарғанда және қағаз, целлофан, полипропилен пленкаларының бетіне жағылады. Ветчина, сыр, құс өнімдерін орау үшін қолданылады. Осы плёнкадан жасалған қаптар сырларды жетілдіру кезінде қолданылады. Иономерлер.Полимерлердің бұл тобы коваленттік және иондық байланыстарға ие болады.. Иономерлерді «Дюпон»швейцар фирмасы зерттер дайындаған және олар Сурлин А деп аталады. Сурлин А пленкалары этиленде негізделген және көптеген қасиеттері бойынша полиэтиленге ұқсас болып табылады. Иономерлер жарықты жақсы өткізеді (прозрачность) үй температурасында кез келген органикалық еріткіштердің әсерінен өзгермейді және жоғары температурада да бір де бір еріткіште ерімейді. Термосваркамен формалау арқылы дайындаратын тара шығару үшін қолданылады. Экструзия арқылы ламинирлеу үшін де қолданылы алады. Стиролдың полимерлері және сополимерлері.Стирол 145 °С температурада қайнайтын химиялық сұйық болып табылады. Полимеризациялау өнімдеріне полистирол және оның модификациялары, акрилонитрил, бутадиен және стирол сополимерлері жатады.. Полистирол (ПС).Полистирол пленкасы өте сынғыш болып табылады және модифициялаусыз орау материалы түрінде қолданыла алмайды. Полистирол орташа деңгейде газ өткізгіштікке және жоғары бу өткізгіштікке ие. Күшті қышқыл және сілтелерге қарсы тұрақтылығы бар. Модифицирленген полистиролдан әр түрлі стаканчиктер, подностар, қатты тубалар және т.б. жасайды.. Полиамидтер (ПА).Барлық полиамидтер қатты, төзімді сатериалдар болып табылады. Бумен 140 °С температураға дейін стерилизайиялауды көтереді. Томен температурада сынбайды, соққыларды жақсы көтереді, жеңіл свараланады. Буып түю материалы ретінде полиамидтер мынадый қасиеттерге ие: майлар мен сілтілерге қарсы тұрақты, газ- және кислородты , хош иістерді жақсы өткізеді. Кемшіліктері: ылғылды жақсы сіңіреді және бу өткізеді.. Полиамид плёнкалар тағам өнімдерін вакуум жағдайында буып-түю үшін қолданылады. Поликарбонат (ПК).Көмір қышқылының полиэфиры болып табылады. Поликарбонат плёнкалары жоғары термотұрақтылық, тұтқырлыққа ие, жарықты жақсы өткізеді. Қасиеттері температураның әсерінен көп өзгермейді. Өте төмен температураларға да шыдамды. Импульстік, ультрадыбыс және кәдімгі жылу сваркалауға жарамды. Формаға оңай келтіріледі. Ыстық тамақты орау үшін қолданылады. Автоклавтарда стерилденетін өнімдерді және микротолқын пештері үшін оралатын өнімдерді орау үшін қолданылады. Әдетте синтетикалық және табиғи материалдардың көбісі нақты мақсатта пайдалану үшін қажетті барлық қасиеттерге ие болмайды. Материал химиялық тұрақты, бірақ мықтылығы төмен болуы, газдарды өткізбеуі бірақ суды өткізуі мүмкін. Барлық қасиеттерге ие бірақ қымбат болуы мүмкін және т..с. Қазіргі жағдайда техниканың дамуына байланысты қажетті қасиеттерге ие көп қабатты полимер дәне комьинирленген материалдарды шығаруға болады. Көпқабатты полимерматериалдары. Әр түрлі полимер плёнкаларын біріктіру арқылы бастапқы пленкалардың қасиеттерінен едәуір жоғары қасиеттерге ие көп қабаттвы материалдар алуға болады. Әдетте полимердің екі-үш түрін екі-үш қабатқа біріктіру оптималды деп есептеледі. Картон және қағаздан жасалған тара шығару үшін картон, қағаз, фанера, қаңылтыр, жіп, шпагат, металл таспа, металл сым, желімдегіш және тығыздағыш заттар, ылғалдан және басқалардан қорғайтын жамылыштар қолданылады. Картон мен қағаз басқа материалдармен қосылып дайын өнімнің (тараның) қажетті мықмылығы мен жеңілдігін қамтамасыз етеді. Картон мен қағаздың типі тараның мықтылығына қойылатын талаптарға сәйкес, тараның конструкциясы оптималды (оңтайлы) және үнемді және оған салынатын өнімнің сақталуын қамтамасыз ететіндей қылып таңдайды. Картон және қағаздан тара жасау үшін ең жақсы материал болып құрамына негізінен сульфаттық целлюлоза кіретін таралық картон және қағаз табылады. Өңдеудің түріне және өңдеудің мүмкіндігіне байланысты қағаз бен картоннан әр түрлі таралар жасалады. Басқа да материалдармен байланысты (пластмассалар, бұлдар, қаңылтырлар) әр түрлі жағдайларда пайдалану мүмкіндігіне ие болды. өндірістің ерекшелігіне байланысты таралардың түрлері көп түрлі формалармен өзгешеленбейді, бірақ мұнда жақсы графикалық дайындау (рәсімдеу) талғамдары бойынша алынған бояғыштар және өрнек салу, лактау сияқты басқа да рәсімдеу әдістермен жасау мүмкіндігі бар. Ерекше конструкцияларынан басқа тараның мынадай түрі қолданылады: пакеттер, қораптар, стакандар, бошкалар, шелектер және кулектер немесе рулоннан (орамша) өңделген оралған қағаздар немесе қағаздан орау үшін орауыштар қолданылады. Тағам өндірісінде буып-түю тараларынан басқа көптеген көмекші әдістер қолданылады, яғни қағаздан, картоннан жасалған. Мысалы, жабыстырылатын лента, қағаз арқан, этипеткалар, жасанды жүк сияқты. Кулектер, пакеттер және қағаз қаптар. Кулектер және пакеттер тұтынушы тара ретіндеқолданылады, ал қағаз қаптар транспорттық тара ретінде қолданылады. Кулектер(кулька, қамар-жөкеден жасалған үлкен қап) конус формалы, көбінесе себілмелі тауарларға қолданылады. Пакеттің әр түрлі түрлерін машинаның көмегімен толтырып жабуға болады және сол үшін олар үлкен қолданысқа ие болады. Одан басқа пакеттерді транспорттық тараға, сөрелерге қабат-қабат қою оңай болып табылады. Буып-түюші (ораушы) пакеттер. Орауыштарды бір қабаттан немесе көп қабаттан жеңшеден жасайды. Оларды түпті және түпсіз етіп жасайды. Тегіс пакеттерді тегіс жеңшеден, түпсіз қылып жасайды және бірнеше дайындаудан жасайды. Ал түпті пакетті тегіс жеңшеден және аяғы жағы оралып тұратын бүрмелі жеңшеден жасайды. Көп қабатты жайылған пакеттің ауданы 2700 см2 кем болмауы керек, ал 2700 см2 үлкен болса, ол қан болып саналады. Орауыш қаптар. Бұл көп қабатты орауыштар және жеңешеден жасалады және бұларды да түпті және түпсіз жасап шығарады. Тегіс, жазылған жерде жатқанды қаптық ұзындықтан, биіктіктен тұратын ауданы 2700 см2 кіші болмау керек. Түпсіз, тегіс қапты тегіс жеңшеден немесе бүрмелі жеңшеден және басы не аяғы тігілген қаптан жасайды. Қораптар. Қораптарды жұқа, тұтас және гафрирленген (кепілдінтенген) картон қағаздан жасайды. Қорапты жасау үшін жапсырма қағаз, тоқыма материалдар, пластмассалар қолданылады. Бұлар жоғары сапалы картон өңдеуші топтарға кіреді. Жаңа картоннан жасалған тораптар - тұтынушылық тара ретінде қолданылады, ал тұтас және гафрирленген картондар транспорттық тара ретінде қолданылады. Тамақ өнімдерін орау үшін бүктемелі қораптар, яғни беттері ашылып, жабылатын қораптар қолданылады. Бүктемелі қораптар оларды жай әдіспен жасағандықтан кең қолданылады. Картон және қағаз тараны конструкциясы бойынша жіктеу. Картон және қағаз тара конструкциясы және түрі бойынша мыналарға бөлінеді: • гофрирленген картоннан жасалған жәшіктер; • тұтас желімделген картоннан жасалған жәшіктер; • картон лотоктар; • картон барабандары; • картон обечайкалар; • картон вкладыштар; • қағаз қаптар; • картонподдондар; • картон контейнер, прокладкалар, амортизаторлар және т.б. Әдебиеттер: 7.1.3, 7.1.4, 7.2.5, 7.2.6 9- дәріс. Сақтау барысында өнім сапасына әсер ететін факторлар Дәріс сұрақтары: 1. Астық түйір сапасы көптеген көрсеткіштері 2. Буып-түю материалын өндiруге және оның құрамына қойылатын талаптар 3. Буып- түю тауардың қауіпсіздігі, қауіпсіздігін қамтамасыз ететин буып- түю әдісі Астық түйір сапасы көптеген көрсеткіштермен сипатталады. Осылардын ішінде барлығы манызды, бір - бірімен бағынынқа мәнде болады. Кейбір сапа белгілері тек астық түйірдың жеке партияларында ғана анықталады. Барлық сапа көрсеткіштерін үш топқа бөледі. 1. Кез келген алу үшін қолданылатын астық түйірдын барлық партиясынын сапасын бағалау үшін анықталатын міндетті көрсеткіш, оны жалпы көрсеткіш деп атайды. Бұл топқа балғындығы (түсі, иісі, дәмі), астық түйірдын бүлдіргіштерімен зақымдануы, ылғалдылығы сияқты белгілер жатады. 2. Жекелеген астық түйір партиясын арнайы мақсатта анықтау үшін қолданылатын астық түйір сапасын бағалау кезінде анықталатын міндетті көрсеткіш. Бұл топқа жататын көрсеткіштер: астық түйірдын ұсақтық және ірілік мөлшері, тіршілік қабілеттілігі, табиғатты, шыны түстілігі жатады. 3. Өз кезегінде бәсекеге жарамдылық екі көрсеткішке байланысты — баға деңгейіне және өнім сапасы деңгейіне. Ал екінші фактор бірте-бірте бірінші орынға шығады. Еңбек өнімділігі, ресурстардың барлық түрлерін үнемдеу өнімнің сапасына тікелей орын береді. Өнімнің сапасы — бұл белгілі мұқтаждылықты қанағаттандыруға үлкен себепші болатын өнімнің пайдалылығының жиынтық ерекшелігі. Өнімнің сапалылығы тек техникалық, тауар тану ғана емес, сонымен қатар ең маңызды экономикалық санаты болып табылады. Экономикалық санаты ретінде ол тұтыну құнына тығыз байланысты. Егер де тұтыну құны — бұл жалпы алғанда тауардың пайдалылығы болса, ал онімнің сапалылығы — бұл оны пайдаланудағы нақтылы жағдайда тұтыну құнының деңгейіндегі көрінуі.Өнімнің сапа деңгейі оның сапалық көрсеткіштері жүйесі негізінде анықталады. Бұл деңгейді анықтау үшін мұның әрбір көрсеткіштерінің сандық маңызын білу және ұқсастық өнім көрсеткіштерімен салыстыру қажет.Сапаның көрсеткішін анықтау оның саңдық маңызын өзін өзі түсіну болып табылады. Ол үшін практикада өнімнің өзіндік ерекшелігіне байланысты мына төмендегі әдістер пайдаланылады: өлшеуші әдіс (аснаитар, приборлардың көмегімен); тіркеу әдісі — бұл тіркеуге және есептеуге негізделген. Тіркеу әдісі мынадай көрсеткіштермен, атап айтқанда: қауіпсіздік, патенттік-құқықтық стандарттау, сәйкестендірумен анықталуы мүмкін; есептеу әдісі — өнімнің сапасы жөніндегі көрсеткіштерді анықтау үшін арнайы математикалық үлгілерді қолдануға негізделеді; органолептік әдіс — адам мүшесін сезу-көру, есту, дәм, түйсінуді талдауды қамтиды. Табылған маңыздылықтың дәлдігі және растылығы адамдардың біліктілігі, даңдылығына және қабілеттілігіне байланысты; социологиялық әдіс — өнім, оны нақты немесе тұтынушылардың мүмкіншілігі туралы пікірлерді талдау және жинау негізінде жүзеге асырылады; сарапшылық әдіс — мамандар тобы арқылы іске асырылады. Мысалы, дизайнерлер, дәм айырушылар. Практикада өнімнің сапа деңгейін бағалау үшін көрсеткіштер жүйесін пайдаланады. Онда өзіне қорытындылау және өнімнің сапасы жөнідегі жеке көрсеткіштер қосылады. Сапаны жинақтап қорыту көрсеткіштері жалпы сапада немесе кәсіпорындарда өнім сапасының деңгейін сипаттайды. Бұл көрсеткішке жататындар: • сұрыптылығы; • маркасы; • жүктелімі; • пайдалы заттың мазмұны; • өнімнің дүниежүзілік стандартына сай үлесі, т.б. жеке көрсеткіштер тым әр түрлі және не ол, не бұл өнімнің өзіндік ерекшелігіне байланысты болады. Астық түйір партиясындағы әртүрлі мақсатқа тағайындалған сапанын қосымша көрсеткіштер. Бұл топқа астық түйірдын химиялық құрамы (мысалы, белок мөлшері) микроорганизмдер мөлшері және тағы басқа көрсеткіштер жатады. Әдебиеттер: 7.1.5, 7.1.6, 7.2.5, 7.2.6, 7.2.7 10-дәріс. Буып – түю материалдарының өнім түріне байланысты ерекшелігі Дәріс сұрақтары: 1. Буып- түю материалдарға қойылатын талаптар 2. Буып- түю материалдарының түрлері мен жіктелуі 3. Терминдер мен анықтамалар Буып-түю материалын өндiруге және оның құрамына қойылатын талаптар Буып-түю материалын өндiру кезiнде, буып-түю материалының көлемi мен салмағын өнiмдi (тауарды) буып-түю үшiн қауiпсiздiктiң, гигиена мен қабылдаудың қажеттi деңгейiн қамтамасыз ететiн ең аз қажеттi санмен шектеу қажет. Буып-түю материалы тамақ өнеркәсiбiнде пайдалануға арналған буып-түю материалдарынан басқа, оны қайта пайдалану немесе рециркуляцияны қоса алғанда, қалпына келтiру мүмкiндiгi есепке ала, сондай-ақ буып-түюден қалған қалдықтарды басқару жұмыстары нәтижесiнде қалдықтарды және қалғандарын кәдеге жарату кезiнде қоршаған ортаға тиетiн әсердi азайтуды есепке ала жобаланады, өндiрiледi және өткiзiледi. Буып-түю материалы тастандылар кезiнде, буып-түю материалы немесе кәдеге жарату жұмыстары нәтижесiнде алынған қалдықтар өртелген немесе жерге көмiлген уақытта күлде немесе сiлтiлендiру кезiнде iшiнде зиянды және басқа қауiптi заттардың болуын азайтуды есепке ала өндiрiледi. Буып-түю материалы мынадай талаптарға бiр мезгiлде жауап беруге тиiс: буып-түю материалының физикалық қасиеттерi мен сипаттамалары өнiмдi (тауарды) қолданудың (пайдаланудың) көзделген жағдайларында оның өмiрлiк циклi iшiнде тасымалдауларының немесе айналыстарының белгiлi бiр санын қамтамасыз етуге тиiс; Пайдаланылған буып-түю материалы адам өмiрi мен денсаулығын және қоршаған ортаны қорғау және қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында өңделуге, қайта өңделуге, кәдеге жаратылуға және жойылуға тиiс. Бұдан әрi қолдануға және бұдан әрi пайдалану мақсатында қайта өңдеуге жатпайтын және көмiлу мен жойылуға жататын буып-түю материалынан қалған қалдықтар биошiру сипатына ие болуға тиiс. Буып-түю материалынан қалған биошiру қалдықтары соңғы қорданың үлкен бөлiгi көмiртегi қостотығына, биомасса мен суға айналып ыдырайтындай физикалық, химиялық, жылулық және биологиялық шiрудi қамтамасыз етуге тиiс. Осы техникалықрегламенттемынадайтерминдерқолданылады: 1) жарамдылық мерзiмi - өнiмдi (тауарды) дайындау (өндiру), оның айналымы процестерiнiң (сатыларының) шарттары сақталған кезде мақсаты бойынша пайдалану үшiн өнiмнiң (тауардың) қауiпсiз болып саналатын уақыты аяқталғанға дейiнгi кезең 2) дайындалған (өндiрiлген) күнi - өнiмдi (тауарды) дайындаудың (өндiрудiң) технологиялық процесiнiң аяқталған сәтi туралы ақпарат беретiн, дайындаушы (өндiрушi) қоятын күн; 3) буып-түйiлген күнi (өлшенiп салынған, сұйық өнiмдер құйылған) - өнiмнiң (тауардың) орауышқа (ыдысқа) салынған күнi; 4) дайындаушы (өндiрушi) - өнiмдi кейiннен иелiктен шығару немесе өндiрiстiк мақсаттарда өзi тұтыну үшiн өндiретiн жеке немесе заңды тұлғалар; 5) ингредиент - жануар, өсiмдiк, микробиологиялық немесе минералдық тектi зат, сондай-ақ тағам өнiмiн дайындау (өндiру) кезiнде пайдаланылатын және дайын өнiмде бастапқы немесе өзгертiлген түрде болатын табиғи немесе синтезделген тағамдық қоспалар; 6) ұжымдық тауарлық белгi - бұл қауымдастықтың (одақтың) немесе заңды тұлғалардың және (немесе) жеке кәсiпкерлердiң өзге де бiрлестiктерiнiң өздерi шығарған немесе өткiзетiн өнiмдердi (тауарларды) белгiлеу үшiн қызмет ететiн, бiрыңғай сапалық немесе өзге де сипаттамаларға ие тауарлық белгiсi; 7) таңбалау - тұтынушыға арналған ақпаратты жеткiзетiн және өнiмге (тауарға), құжаттарға, жаднамаларға (қосымша парақтарға), затбелгiлерге, контрзатбелгiлерге, кольереткаларға, заттаңбаларға, жапсырмаларға (стикерлерге), орауышқа (ыдысқа) түсiрiлген мәтiн, тауарлық белгiлер, шарттық белгi және суреттер; 8) өнiм (тауар) шығарылатын жердiң атауы - табиғи жағдайларды немесе адам факторларын қоса алғанда, өнiмнiң (тауардың) ерекше немесе басты түрде оны дайындаумен байланысты айрықша қасиеттерiн белгiлеу үшiн пайдаланылатын географиялық сiлтеме; 9) тағамдық құндылық - құрамымен және дәмдiк қасиеттерiмен айқындалатын, ағзаны тағамдық заттармен қанағаттандыру дәрежесi; 10) тұтынушы - тiкелей тұтыну (пайдалану) немесе одан әрi өткiзу үшiн өнiмдi (тауарларды) сатып алатын жеке немесе заңды тұлға; 11) өнiм берушi - өнiмдi (тауарды) өткiзетiн жеке немесе заңды тұлға; 12) сақталу мерзiмi - сақтаудың белгiленген шарттары сақталған кезде, өнiмнiң (тауардың) нормативтiк құжатта немесе өнiмге (тауарға) арналған сатып алу-сату шартында көрсетiлген сапа мен қауiпсiздiк көрсеткiштерi сақталатын уақыт кезеңi; 13) тауарлық белгi - заңнамаға сәйкес тiркелген немесе Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық шарттардың күшiмен тiркеусiз қорғалатын, бiрыңғай заңды немесе жеке тұлғалардың өнiмiн (тауарларын) басқа заңды немесе жеке тұлғалардың бiр тектi өнiмiнен (тауарларынан) ажырату үшiн қызмет атқаратын белгi; Буып – түю тауардың қауіпсіздігін, қоршаған ортаны ластаудың қауіпсіздігі, тауардың бүлінуі мен жоғалуының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін буып – түю әдісі. Буып – түюдің негізгі бағыты – бүып – түйілген тауарларды сыртқы жағымсыз әсерлерінен қорғау және де тауарлардың кейбір бөліктері мен жеке үлгіні қоршаған ортаға түсуін ескерту. Буып – түюдің қосымша функциясы – бұл тауарлардың түрлі – түсті безендірілуі. Бұл жағдайда ол тұтынушылардың және маркетологтардың өз алдына қызығушылығын тудырады. Буып – түюдің элементтері: тара буып – түю немесе байлау материялдары. Тара - буып – түюдің басты элементі, тауарларды орналастыратын басты зат. Буып – түюдің материалдары - буып –түюдің қосымша элементтері, тауарды механикалық бұзылудан сақтауға арналған. Байлау материалы – буып – түюдің қосымша элементі, тараның беріктігін арттыру үшін арналған. Тұтынушы тараға жататындар: • әр түрлі мөлшері бар жәшіктер, себеттер, қатар, лотоктар, қағаздан жасалған қаптама, қағаз, фольга мен полимерлер және аралас металдар; • шыны және металл банкілері, бөтелкелер, тетрапакеттер, полимерлі және аралас металдардан жасалған сакандар; • орама металдары – қағаз фольга, пергамент, картон, полимерлі металдар. Тасымалдау орамын тауарларды тасымалдау мен көтерме немесе бөлшек ретінде сатуда қолданылады. Тасымалдау орамын екі әдіс арқылы жүргізіледі: бірден буып – түйілген және бірден буып – түйілмеген . Қолданылған металдарға қатысты механикалық тұрақтылығы және беріктігі, сонымен қатар тауарларды сақтау деңгейіне байланысты болып табылады. Тауарлардың бірнеше түрлері металды және шынылы – гермитизация жағдайында тауарға оттегінің әсерін жояды және сыртқы микрофлораны, қышқылдық бөліну (жану,майдың тұздалуы, витаминдердің бұзылуы ) және микробиологиялық бөліну (шіру, көгеру, торлану) . Металдарды және қара түсті шыны бөтелкелер тауарларды күн сәулесінен және қышқылдық бөліну прноцесінен қорғайды. Орташа – қатты орам қатты орамнан салмақ және көлеммен ажыратылады. Бос орам бір – бірінен өте жеңіл жиырылады және созылады оларды тасымалдау үшін сақтау кезінде арзанға түседі. Орташа – қатты орамға механикалық әсері тұтақты тауарларды орнатады және олардың сақталуын қамтамасыз етеді. Буып-түйгіш материалға қойылатын талаптар сан түрлі: • мықтылық; • өткізбеушілік; • тұрақтылық және т.б. Кейбір жағдайларда материалдар бірнеше талаптарды бірден орындауға тура келеді. Мұндай кезде бір немесе бірнеше материалдар біріктіріледі, яғни комбинирлерді, сөйтіп мықтылық, өткізбеушілік сияқты талаптарға бірден жауап беруге қабілетті болады Буып-түю материалдарының түрі және товарлық өнімнің физика-химиялық қасиеттеріне байланысты тара мынадай сипаттары боынша жіктеледі: – тауарлық айналымағы функциялары бойынша; – қайта пайдаланылуы бойынша; – иелену түрі бойынша; – арналуы бойынша; – жасап шығару тәсілі бойынша; – конструкциялық ерекшеліктері бойынша; – беріктігі бойынша; – сыртқы факторларға қарсы тұруы бойынша; – жасалған материалы бойынша; – шығару технологиясы бойынша. Тауарлық айналымағы функциялары бойынша тара мынадай 3 түрге бөлінеді: тасымалдауға арналған, тұтынушылық және жабдық-тара. Тасымалдауға арналған тара тауарларды тасымалдау және сақтау үшін қолданылады. Бүндай тара қорап, жәшік, контейнер және т.с. түрде кездеседі. Тұтынушылық тара тұтынушыға тауармен бірге түседі (флакондар, бөтелкелер, банкалар, тубалар, стакандар, пакеттер және т.с.). Оның бағасы тауардың бағасына кіргізіледі және оны сатып алушы төлейді. Тұтынушылық тараға қатаң талаптар қойылады, ол сатып алушының назарына ие болуы керек. Шығарушы туралы, тауардың көлемі, тұтынушыға қажетті қасиеттері және оны пайдалану ережелері бойынша ақпарат білдіруі керек. Өнімге жарнама бола алуы керек. Тара-жабдық тауарды салу, тасымалдау, уақытша сақтау және оның көмегімен тауарды сатуға арналған бұйым болып табылады (мысалы, сату автоматтары). Буып – түю материалдарының 3 түрі Металл – буып – түю материалдары ретінде герметикалық немесе механикалық мықтылық қажет болғанда қолданылады. әр түрлі материалдар өзінің электролитті қатарындағы күшке сәйкес коррозияға сезімталдығы әртүрлі болады. Сондықтан кейбір материалдарға қандай тауар буып-түйілетіндігіне байланысты коррозияға қарсы жабдық қажет. Металл өнеркәсібінде транспортты және тұтынушы тара ретінде қолданылады. Кейде тараның барлығы металдан тұрмайды, тек оның жеке элементі, мысалы, банка қақпағы металдан жасалады. Ең көп қолданылатын әртүрлі қалыңдықты жапырақшалы болады. Одан қара және ақ қаңылтыр құяды. Қара қаңылтыр дегеніміз жылдам коррозияға ұшырайтын, аяғына дейін өңделмеген жапырақшалы болады. Оның буып-түю мақсатында қолдану үшін қорғаныш жабын жабу керек. Бөшкелерді (теспектерді) және барабандарды кейде қара қаңылтырлардан жасайды. Қосымша коррозияға қарсы жабын жағады. Ол жабын жақсы ұсталып қалу үшін беті таза болу керек. Ақ қаңылтыр дегеніміз қалайланған қаңылтыр, өндірісте консерв банкілерін дайындау үшін қолданылады. Жапырмалы алюминийде көп көлемде консерві банкілерін даярлау үшін қолданылады. Мұнда банкілерді сору әдісімен дайындайды, лактайды. Алюминийді қолданудың келесі саласы құбыр даярлау. Ол тара жасау үшін сирек қолданылады. Бұлдарды бұрынғыға қарағанда буып - түю үшін қазір сирек қолданылады. Талшықты материалдың көп бөлігін тараның бұлдар дайындау үшін импорттайды. Соған қарамастан таралық бұлдарды және одан жасайтын таралар қазіргі буып- түю техникасы талаптарына сәйкес келмейді. Тағам өнімдерінің өндірісінде бұлдар жасалған таралар жасалады. Ең кіші кездесетіні тор және қап түріндегі тоқылған бұйымдар. Қап және тор жасау үшін қолданылған иілген жіптің алғашқы материалы болып: - қабықты талшықтар: зығыр, кенекшөп, жұпкотонин, шақпашөп; - химиялық талшықтар, целлюлоза, жұты ретінде (вискозные волокна); - қағаз, жазық және далалақталған иілген жіпке өңделген. Дәстүрге сай қазір алғашқы материал ретінде синтетикалық материалдар, мыс.полиамидті, полиэфирлі, поливинилді талшықтарды иілген жіпке өңдеп, керемет таралық бұл береді. Әнине, мұндайдың бағасы қымбат болғаннан кейін қолданысы шектеулі. Целлофан – арзан мөлдір буып-түю материалы қағаз және картон негізінде дәстүрлі буып-түю материалдарынан айырмашылығы, ол мөлдір тара дайындауға мүмкіндік береді. Химиялық көзқараспен қарағанда мұнда әңгіме целлюлоза жайында болмақ, тор мағынада целлюлоза гидраты туралы айтылар табиғатта кездесетін целлюлоза химиялық –техникалық процесс нәтижесінде сульфитті, сульфитті целлюлоза түрінде жиі қолданылатын мөлдір пленкаға айналады. Бұл мағынада целлофан пластмассаға жатпайтын және түрленген табиғи материал. Табиғи целлюлоза гидратына (целлофан) айналуы мынада: алғашқы материалдың беткі – кристалды құрылымы бұзылады. Бұл реакцияға қатысатын химиялық құраушының көмегімен целлюлозаны еріту арқылы экструздейді, сосын целлюлозаны суытады. Бұл енді пленка мөлдір, ашық материал шығу үшін суыту /ванналарына тағы бірнеше вални/пленка өткізу арқылы / қосады. Целлюлозаларды буып-түю үшін қолдану мәні, ол мөлдір және арзан, соған қарамастан оның ультракүлгін сәулелерді өткізуі басқа мөлдір пленкаға қарағанда жоғары. Әдебиеттер: 7.1.5, 7.1.6, 7.2.5, 7.2.6 11-дәріс. Өнімдердің сақтаудың дәстүрлі және заманауи әдістері Дәріс сұрақтары: 1. Өнімді сақтаудың дәстүрлі әдістері 2. Заманауи әдістері Аппертиздеу. Біз аппертиздеу деп атайтын асты консервілеу әдісі 1810 жылы Николя Аппердің арқасында пайда болды. Оның мәні суға батырылған және герметикалық жабылған сыйымдылықта асты ұзақ дайындау. Бұл пастерлеу әдістерінің біреуі. Консервілеу үдерісі ауаның қатысуынсыз жабық кеңістікте жүргізіледі. Аппертиздеу үдерісі кезінде өнімдерге зиянды микроағзалардың дамуы баяулайды. Бұл оның дәмін өзгертпей, өнімдерді мүлде қауіпсіз етеді. Осындай әдіспен ет өнімдерін және көкөністерді сақтайды. Пастерлеу. Пастерлеу әдісін Луи Пастер ферменттеу үдерістеріне тәжірибелер жүргізу кезінде ойлап тапты. Пастерлеу кезінде өнімді микроағзалар жойылатын температураға деін қыздырады. Пастерлеудің классикалық әдісі 60ºC-тан асатын, бірақ 100ºC-тан аспайтын температурада өтеді. Пастерлеудің өнімдер құрамындағы дәрумендерді жоғалтпай, олардың дәмдік және қоректік қасиеттерін сақтап қалуға мүмкіндік беретіні маңызды. Мұздату. Мұздату ең заманауи, сондықтан да азық-түлік өнімдерін консервілеудің ең сапалы әдісі. Өнімдерді әр түрлі температурада мұздатады. Көкөністер мен жемістерді - 30-тан - 40 °C-қа дейінгі, етті - 20 °C-тан - 40 °C-қа дейінгі температурада мұздатады. Алынған мұздатылған өнімдер өздерінің ем дәмдік, қоректік және органолептикалық қасиеттерінің көпшілігін сақтайды. Осы әдістің арқасында өнімдер біздің ағзамыз үшін маңызды дәрумендер мен минералды тұздар, сонымен қатар ағуыздар мен майлар сияқты қоректік заттардың ең көбін сақтайды. Мұздатылған өнімдер қайтадан мұздатылуға жатпайтынын есте ұстаған жөн. Мұздату өнімдерді сақтаудың ең тиімді әдісі болып саналады. Ашыту. Ашыту – бұл өнімдерді сақтаудың биологиялық әдісі. Оның мәні сүтті ферменттеу нәтижесінде сүт қышықылын бөлуде. Ашыту әдісі бірінші кезекте өсімдік өнімдерін сақтау үшін қолданылады. Ашыту олардың қоректік қасиеттеріне әсер етпей, өнімдерді сақтауға мүмкіндік береді. Еуропалық елдердің көптеген тағамдарында қырыққабатты ашыту өте танымал болды. Дұрыс ашытылған қырыққабатты жаншу және арнайы бөшкеге салу қажет. Ашытудың барлық үдерісінде тұздық суды құйып отырған маңызды. Тұздық су қырыққабаттан сөлдің бөлінуіне әсер етеді және сүтқышқылды бактериялардың дамуын тездетеді. Кептіру. Өнімдерді сақтаудың әдісі ретінде кептіру барлық жерде қолданылады, яғни тек үйде ғана емес, сонымен қатар азық-түлік өнімдерін шығаратын фабрикаларда да. Жүздеген жылдар бойы белгілі екендігіне қарамастан асты кептіру үнемі жетілдірілуде. Кептіру өнімдерді судан босатады. Бұл оларды зиянды микроағзалардың дамуынан тамаша қорғайды. Бұл әдіс шәй, кофе, макарон өнімдерінде, сонымен қатар кептірілген жемістерді алу үшін қолданылады. Ыстау. Ет, балық немесе ірімшік сияқты өнімдерді ыстау оларды арнайы ыстағыштарда түтін әсеріне қою арқылы болады. Ыстауға қажетті түтінді жапырақты ағаштарды жағу арқылы алуға болады. Ыстаудың арқасында біздің өнімдер өзіндік дәм мен иіс алады. Әдебиеттер: 7.1.4, 7.1.5, 7.2.5, 7.2.6 12-дәріс. Өнімнің ерекшелігіне байланысты буып-түю Шыны таралар - кең көлемде тағам өндіріснде қолданылады. Бұл көп мөлшерде шикізаттың бар екенін, сонымен қатар шынының жақсы қасиеттерімен түсіндіріледі. Мысалы: - иістің және дәмнің толық жоқ болуы; - иіс пен дәмді қабылдамаушылығы; - химиялық заттарға жақсы тұрақтылық; - қысу кезінде жақсы тұрақтылық; - жақсы өткізбеушілік; - толық изоляцияланған. Сонымен қатар тараны мөлдір, мөлдір емес және жарық өткізбейтіндей қылып жасауға болады. Материал және өндіріс оған әртүрлі пішін беруге мүмкіндік береді. Бөтелкелерге өлшем тізімі 0,1 - ден 1 л - дейін стандарттарда бекітіледі. Шыны тараға бөтелке, банка және стаканнан басқа арнайы буып - түю құралдары қолданылады. Мысалы: конфетті буып - түю арқылы шыны таралар. Кемшіліктеріне басқа тара түрлерімен салыстырғанда салмағының ауырлығы және механикалық мықтылығының төмендіні (сынғыштығы) жатады. Шыны тараны классификациялау және ассортименті Шыны тараны аузының мөлшері, шынының түсі, арналуы және конфигурациясы бойынша классификациялайды. Аузының мөлшері бойынша тар ауызды (аузының ішкі диаметрі 30 мм-ге дейін) және кең ауызды (аузының ішкі диаметрі 30 мм-ден үлкен) шыны тара кездеседі. Тар ауызды тара (бөтелкелер), әдетте, шарап, арақ, коньяк, сыра, алкогольсіз сусындар, минералды сулар, ликерлер, настйкалар, шырышдар, шампан шараптарын және өсімдік майларын құю, сақтау және тасымалдау үшін қолданылады. Тар ауызды тараның сиымдылығы 50, 200, 250, 330, 500, 700 и 1000 мл. Оларды түссіз, жартылай ақ, жасыл и қою сары шыныдан жасайды. Кең ауызды тара (банкалар және бутыльдер) сүт және сүт өнімдерін құюға, герметикалық түрде жабылып сақталатын және тасымалданатын консервіленген өнімдерді буып-түюге арналады. Олардың сиылмылығы 100 - 10 000 мл болады және олар мөлдір және жартылай ақ шыныдан жасалады. Арналуы бойынша тара былау бөлінеді: – консервіленген өнімдерді герметикалық түрде жабу үшін банкалар, бөтелкелер және бутыльдер; – тағамдық сұйықтар, сондай-ақ арақ-шарап өнімдері үшін бөтелкелер; – және т.б. Түсі, формасы, негізгі өлшемдері, сиымдылығы, салмағы және жіберілетін ауытқулар бойынша шыны тара оның жеке түрінің стандартында қойылған талаптарға сәйкес келуі керек. Шыны тараның сапасы тікелей шынының сапасынан тәуелді болып табылады. Шыны жақсы пісірілген, бірткеті болуы керек, ақаулары болмау керек; химиялық тұрақты болу керек, тараға құйылған өнімге көшпеуі керек және оны бұзбауы керек. Ішіндегі өнімнің жайын байкауға болатындай мөлдір болуы керек. Соның құйылуына арналған өнімнің физика-химиялық қасиеттеріне байланысты жарықтың өнімге әсер етпеуін қамтамасыз ету үшін қорғау түстеріне – қою сары, қою жасыл түске боялуы керек. Керамика таралар Керемикалық тара - қосымша роль атқарады. Бұған себеп жоғары бағалы шынымен бұл тара қорғаушы қасиеттермен және жақсы термоизоляциясымен иеленеді. Сонымен қатар спиртті сусындар үшін қалыпты немесе маңызды формалы бөтелкелер дайындалуы мүмкін. Бөтелкеден басқа буып - түюге арналған банкалар, саз - балшықтан жасалған, қыштан жасалған құмыралар қолданылады. Әдебиеттер: 7.1.7, 7.1.8, 7.1.6, 7.1.7 13-дәріс. Өнімді сақтауға арналған ыдыстар мен қораптар. Картон және қағаздан жасалған тара шығару үшін картон, қағаз, фанера, қаңылтыр, жіп, шпагат, металл таспа, металл сым, желімдегіш және тығыздағыш заттар, ылғалдан және басқалардан қорғайтын жамылыштар қолданылады. Картон мен қағаз басқа материалдармен қосылып дайын өнімнің (тараның) қажетті мықмылығы мен жеңілдігін қамтамасыз етеді. Картон мен қағаздың типі тараның мықтылығына қойылатын талаптарға сәйкес, тараның конструкциясы оптималды (оңтайлы) және үнемді және оған салынатын өнімнің сақталуын қамтамасыз ететіндей қылып таңдайды. Картон және қағаздан тара жасау үшін ең жақсы материал болып құрамына негізінен сульфаттық целлюлоза кіретін таралық картон және қағаз табылады. Өңдеудің түріне және өңдеудің мүмкіндігіне байланысты қағаз бен картоннан әр түрлі таралар жасалады. Басқа да материалдармен байланысты (пластмассалар, бұлдар, қаңылтырлар) әр түрлі жағдайларда пайдалану мүмкіндігіне ие болды. өндірістің ерекшелігіне байланысты таралардың түрлері көп түрлі формалармен өзгешеленбейді, бірақ мұнда жақсы графикалық дайындау (рәсімдеу) талғамдары бойынша алынған бояғыштар және өрнек салу, лактау сияқты басқа да рәсімдеу әдістермен жасау мүмкіндігі бар. Ерекше конструкцияларынан басқа тараның мынадай түрі қолданылады: пакеттер, қораптар, стакандар, бошкалар, шелектер және кулектер немесе рулоннан (орамша) өңделген оралған қағаздар немесе қағаздан орау үшін орауыштар қолданылады. Тағам өндірісінде буып-түю тараларынан басқа көптеген көмекші әдістер қолданылады, яғни қағаздан, картоннан жасалған. Мысалы, жабыстырылатын лента, қағаз арқан, этипеткалар, жасанды жүк сияқты. Кулектер, пакеттер және қағаз қаптар. Кулектер және пакеттер тұтынушы тара ретіндеқолданылады, ал қағаз қаптар транспорттық тара ретінде қолданылады. Кулектер(кулька, қамар-жөкеден жасалған үлкен қап) конус формалы, көбінесе себілмелі тауарларға қолданылады. Пакеттің әр түрлі түрлерін машинаның көмегімен толтырып жабуға болады және сол үшін олар үлкен қолданысқа ие болады. Одан басқа пакеттерді транспорттық тараға, сөрелерге қабат-қабат қою оңай болып табылады. Буып-түюші (ораушы) пакеттер. Орауыштарды бір қабаттан немесе көп қабаттан жеңшеден жасайды. Оларды түпті және түпсіз етіп жасайды. Тегіс пакеттерді тегіс жеңшеден, түпсіз қылып жасайды және бірнеше дайындаудан жасайды. Ал түпті пакетті тегіс жеңшеден және аяғы жағы оралып тұратын бүрмелі жеңшеден жасайды. Көп қабатты жайылған пакеттің ауданы 2700 см2 кем болмауы керек, ал 2700 см2 үлкен болса, ол қан болып саналады. Орауыш қаптар. Бұл көп қабатты орауыштар және жеңешеден жасалады және бұларды да түпті және түпсіз жасап шығарады. Тегіс, жазылған жерде жатқанды қаптық ұзындықтан, биіктіктен тұратын ауданы 2700 см2 кіші болмау керек. Түпсіз, тегіс қапты тегіс жеңшеден немесе бүрмелі жеңшеден және басы не аяғы тігілген қаптан жасайды. Қораптар. Қораптарды жұқа, тұтас және гафрирленген (кепілдінтенген) картон қағаздан жасайды. Қорапты жасау үшін жапсырма қағаз, тоқыма материалдар, пластмассалар қолданылады. Бұлар жоғары сапалы картон өңдеуші топтарға кіреді. Жаңа картоннан жасалған тораптар - тұтынушылық тара ретінде қолданылады, ал тұтас және гафрирленген картондар транспорттық тара ретінде қолданылады. Тамақ өнімдерін орау үшін бүктемелі қораптар, яғни беттері ашылып, жабылатын қораптар қолданылады. Бүктемелі қораптар оларды жай әдіспен жасағандықтан кең қолданылады. Картон және қағаз тараны конструкциясы бойынша жіктеу. Картон және қағаз тара конструкциясы және түрі бойынша мыналарға бөлінеді: - гофрирленген картоннан жасалған жәшіктер; - тұтас желімделген картоннан жасалған жәшіктер; - картон лотоктар; - картон барабандары; - картон обечайкалар; - картон вкладыштар; - қағаз қаптар; - картон поддондар; - картон контейнер, прокладкалар, амортизаторлар және т.б. Картон жәшіктер. Қолданылатын материалдың түрі бойынша гофрирленген картоннан жасалған жәшіктер және тұтас желімделген картоннан жасалған жәшіктер кездеседі. Бірінші түрі көп тараған және перспективалы болып табылады. Жәшіктердің ішкі өлшемдері ГОСТ 9142–90 талаптарына сай болуы керек және салынатын өнімнің габариттік өлшемдері мен салмағы бойыша алынады. Жәшіктің ұзындығы мен ені арасындағы қатынас 2,5 : 1 ден көп болмауы керек, биіктігі мен енінің ара қатынасы 2 : 1 ден көп емес және 0,5 : 1 ден кем емес болуы керек. Әр түрлі конструкцияларда атқаруда қолданылған және көбінесе транспорт ретінде бірақ басым бөлігі бірнеше рет қайта қолдануға арналған. Тұтынушылық тара ретінде аз мөлшерде қолданылады. Ол мыналарға байланысты болып келеді: - ағаштың түрі мен сапасына ; - тараның конструкциясына ; - беріктілігін, төзімділігін, ашыту мүмкіндігіне байланысты. Ағаш тара өндірілуіне байланысты: - жәшіктер, қайың, шырша; - ауыр кеспек, емен ; - жеңіл кеспек, шырша, европалық май қарағай, қайың ; - науа. Жәшіктер. Жәшік сырты 2 тік қойылған қабырғадан, 2 қиғаш қабырғалардан және түбінен тұрады. Жәшіктер қақпақсыз (бетсіз немесе бетпен қақпағы бар) қолданылады. Егер қабырғалары, түптері беттері тақтайшадан және бір-біріне тығыз жабысқақ және ауыр, үлкен ағаштан болса онда оны жәшік деп атайды. Ағаш жәшіктер мына сипаттары бойынша ажыратылады: – арналуы бойынша (әмбебаб және нақты өнімге арналған, мысалы шайға арналған фанер жәшіктер); – конструкциясы бойынша (бұзылып-жиналатын және бұзылмайтын); – бөлшектерін қосу тәсілі бойынша (тығыз жиналатын және решеткалы); – бөлшектерін біріктіру түрі бойынша (сым скобалармен, шегемен және т.б.); – өлшемдері бойынша (буып-түйілетін жүктің габариттік өлшемдері және салмағына байланысты стандарттармен бекітіледі); - және т.б. сипаттары бойынша . Ағаш жәшіктің бір түрі болып лотоктар табылады, олардың биіктігі 110 мм-ден аспайды. Ағаш бөшкелер жәшіктер сияқты транспорттық тараға жатады. Олардың корпустары цилиндр немесе парабола тәрізді болуы мүмкін. Арналуы бойынша ағаш бөшкелер құрғақ өнімдер үшін және сүйықтар үшін деп бөлінеді. Құрғақ өнімдерге арналған бөшкелерге құрғақ сүт өнімдірі, жұмыртқа ұнтағы, салқындатылған балық, құрғақ бояу және т.б. өнімдер буып-түйіледі. Сүйықтарға арналған бөшкелерге тұздықтағы өнімдер, рассолдағы тұқымдар мен көкөністер, сыра, шарап, шырындар және т.б. сұйық өнімдер, сондай-ақ тағамдық майлар, мұздатылған тұқымдар мен жемістер және т.б. буып-түйіледі. Бұл бөшкелердің тығын мен тығындалатын тесіктері болады. Бөшкелердің сиымдылығы әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы коньяк, шарап, шырын құюға арналған бөшкелердің сиымдылығы 50 - 600 л, сыраға арналған - 50 - 100 л. Басқа өнімдерге арналған бөшкелер 5 - 250 л. Әдебиеттер: 7.1.6, 7.1.7, 7.2.7 14-дәріс. Сақтау өнімнің сапасына әсер ететін факторлар Өз кезегінде бәсекеге жарамдылық екі көрсеткішке байланысты — баға деңгейіне және өнім сапасы деңгейіне. Ал екінші фактор бірте-бірте бірінші орынға шығады. Еңбек өнімділігі, ресурстардың барлық түрлерін үнемдеу өнімнің сапасына тікелей орын береді. Өнімнің сапасы — бұл белгілі мұқтаждылықты қанағаттандыруға үлкен себепші болатын өнімнің пайдалылығының жиынтық ерекшелігі. Өнімнің сапалылығы тек техникалық, тауар тану ғана емес, сонымен қатар ең маңызды экономикалық санаты болып табылады. Экономикалық санаты ретінде ол тұтыну құнына тығыз байланысты. Егер де тұтыну құны — бұл жалпы алғанда тауардың пайдалылығы болса, ал онімнің сапалылығы — бұл оны пайдаланудағы нақтылы жағдайда тұтыну құнының деңгейіндегі көрінуі.Өнімнің сапа деңгейі оның сапалық көрсеткіштері жүйесі негізінде анықталады. Бұл деңгейді анықтау үшін мұның әрбір көрсеткіштерінің сандық маңызын білу және ұқсастық өнім көрсеткіштерімен салыстыру қажет.Сапаның көрсеткішін анықтау оның саңдық маңызын өзін өзі түсіну болып табылады. Ол үшін практикада өнімнің өзіндік ерекшелігіне байланысты мына төмендегі әдістер пайдаланылады: өлшеуші әдіс (аснаитар, приборлардың көмегімен); тіркеу әдісі — бұл тіркеуге және есептеуге негізделген. Тіркеу әдісі мынадай көрсеткіштермен, атап айтқанда: қауіпсіздік, патенттік-құқықтық стандарттау, сәйкестендірумен анықталуы мүмкін; есептеу әдісі — өнімнің сапасы жөніндегі көрсеткіштерді анықтау үшін арнайы математикалық үлгілерді қолдануға негізделеді; органолептік әдіс — адам мүшесін сезу-көру, есту, дәм, түйсінуді талдауды қамтиды. Табылған маңыздылықтың дәлдігі және растылығы адамдардың біліктілігі, даңдылығына және қабілеттілігіне байланысты; социологиялық әдіс — өнім, оны нақты немесе тұтынушылардың мүмкіншілігі туралы пікірлерді талдау және жинау негізінде жүзеге асырылады; сарапшылық әдіс — мамандар тобы арқылы іске асырылады. Мысалы, дизайнерлер, дәм айырушылар. Практикада өнімнің сапа деңгейін бағалау үшін көрсеткіштер жүйесін пайдаланады. Онда өзіне қорытындылау және өнімнің сапасы жөнідегі жеке көрсеткіштер қосылады. Сапаны жинақтап қорыту көрсеткіштері жалпы сапада немесе кәсіпорындарда өнім сапасының деңгейін сипаттайды. Бұл көрсеткішке жататындар: • сұрыптылығы; • маркасы; • жүктелімі; • пайдалы заттың мазмұны; • өнімнің дүниежүзілік стандартына сай үлесі, т.б. жеке көрсеткіштер тым әр түрлі және не ол, не бұл өнімнің өзіндік ерекшелігіне байланысты болады. Астық түйір партиясындағы әртүрлі мақсатқа тағайындалған сапанын қосымша көрсеткіштер. Бұл топқа астық түйірдын химиялық құрамы (мысалы, белок мөлшері) микроорганизмдер мөлшері және тағы басқа көрсеткіштер жатады. Буып-түю материалын өндiруге және оның құрамына қойылатын талаптар Буып-түю материалын өндiру кезiнде, буып-түю материалының көлемi мен салмағын өнiмдi (тауарды) буып-түю үшiн қауiпсiздiктiң, гигиена мен қабылдаудың қажеттi деңгейiн қамтамасыз ететiн ең аз қажеттi санмен шектеу қажет. Буып-түю материалы тамақ өнеркәсiбiнде пайдалануға арналған буып-түю материалдарынан басқа, оны қайта пайдалану немесе рециркуляцияны қоса алғанда, қалпына келтiру мүмкiндiгi есепке ала, сондай-ақ буып-түюден қалған қалдықтарды басқару жұмыстары нәтижесiнде қалдықтарды және қалғандарын кәдеге жарату кезiнде қоршаған ортаға тиетiн әсердi азайтуды есепке ала жобаланады, өндiрiледi және өткiзiледi. Буып-түю материалы тастандылар кезiнде, буып-түю материалы немесе кәдеге жарату жұмыстары нәтижесiнде алынған қалдықтар өртелген немесе жерге көмiлген уақытта күлде немесе сiлтiлендiру кезiнде iшiнде зиянды және басқа қауiптi заттардың болуын азайтуды есепке ала өндiрiледi. Буып-түю материалы мынадай талаптарға бiр мезгiлде жауап беруге тиiс: буып-түю материалының физикалық қасиеттерi мен сипаттамалары өнiмдi (тауарды) қолданудың (пайдаланудың) көзделген жағдайларында оның өмiрлiк циклi iшiнде тасымалдауларының немесе айналыстарының белгiлi бiр санын қамтамасыз етуге тиiс; Пайдаланылған буып-түю материалы адам өмiрi мен денсаулығын және қоршаған ортаны қорғау және қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында өңделуге, қайта өңделуге, кәдеге жаратылуға және жойылуға тиiс. Бұдан әрi қолдануға және бұдан әрi пайдалану мақсатында қайта өңдеуге жатпайтын және көмiлу мен жойылуға жататын буып-түю материалынан қалған қалдықтар биошiру сипатына ие болуға тиiс. Буып-түю материалынан қалған биошiру қалдықтары соңғы қорданың үлкен бөлiгi көмiртегi қостотығына, биомасса мен суға айналып ыдырайтындай физикалық, химиялық, жылулық және биологиялық шiрудi қамтамасыз етуге тиiс. Осы техникалықрегламенттемынадайтерминдерқолданылады: 1) жарамдылық мерзiмi - өнiмдi (тауарды) дайындау (өндiру), оның айналымы процестерiнiң (сатыларының) шарттары сақталған кезде мақсаты бойынша пайдалану үшiн өнiмнiң (тауардың) қауiпсiз болып саналатын уақыты аяқталғанға дейiнгi кезең 2) дайындалған (өндiрiлген) күнi - өнiмдi (тауарды) дайындаудың (өндiрудiң) технологиялық процесiнiң аяқталған сәтi туралы ақпарат беретiн, дайындаушы (өндiрушi) қоятын күн; 3) буып-түйiлген күнi (өлшенiп салынған, сұйық өнiмдер құйылған) - өнiмнiң (тауардың) орауышқа (ыдысқа) салынған күнi; 4) дайындаушы (өндiрушi) - өнiмдi кейiннен иелiктен шығару немесе өндiрiстiк мақсаттарда өзi тұтыну үшiн өндiретiн жеке немесе заңды тұлғалар; 5) ингредиент - жануар, өсiмдiк, микробиологиялық немесе минералдық тектi зат, сондай-ақ тағам өнiмiн дайындау (өндiру) кезiнде пайдаланылатын және дайын өнiмде бастапқы немесе өзгертiлген түрде болатын табиғи немесе синтезделген тағамдық қоспалар; 6) ұжымдық тауарлық белгi - бұл қауымдастықтың (одақтың) немесе заңды тұлғалардың және (немесе) жеке кәсiпкерлердiң өзге де бiрлестiктерiнiң өздерi шығарған немесе өткiзетiн өнiмдердi (тауарларды) белгiлеу үшiн қызмет ететiн, бiрыңғай сапалық немесе өзге де сипаттамаларға ие тауарлық белгiсi; 7) таңбалау - тұтынушыға арналған ақпаратты жеткiзетiн және өнiмге (тауарға), құжаттарға, жаднамаларға (қосымша парақтарға), затбелгiлерге, контрзатбелгiлерге, кольереткаларға, заттаңбаларға, жапсырмаларға (стикерлерге), орауышқа (ыдысқа) түсiрiлген мәтiн, тауарлық белгiлер, шарттық белгi және суреттер; 8) өнiм (тауар) шығарылатын жердiң атауы - табиғи жағдайларды немесе адам факторларын қоса алғанда, өнiмнiң (тауардың) ерекше немесе басты түрде оны дайындаумен байланысты айрықша қасиеттерiн белгiлеу үшiн пайдаланылатын географиялық сiлтеме; 9) тағамдық құндылық - құрамымен және дәмдiк қасиеттерiмен айқындалатын, ағзаны тағамдық заттармен қанағаттандыру дәрежесi; 10) тұтынушы - тiкелей тұтыну (пайдалану) немесе одан әрi өткiзу үшiн өнiмдi (тауарларды) сатып алатын жеке немесе заңды тұлға; 11) өнiм берушi - өнiмдi (тауарды) өткiзетiн жеке немесе заңды тұлға; 12) сақталу мерзiмi - сақтаудың белгiленген шарттары сақталған кезде, өнiмнiң (тауардың) нормативтiк құжатта немесе өнiмге (тауарға) арналған сатып алу-сату шартында көрсетiлген сапа мен қауiпсiздiк көрсеткiштерi сақталатын уақыт кезеңi; 13) тауарлық белгi - заңнамаға сәйкес тiркелген немесе Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық шарттардың күшiмен тiркеусiз қорғалатын, бiрыңғай заңды немесе жеке тұлғалардың өнiмiн (тауарларын) басқа заңды немесе жеке тұлғалардың бiр тектi өнiмiнен (тауарларынан) ажырату үшiн қызмет атқаратын белгi; Әдебиеттер: 7.1.7, 7.1.8, 7.2.7, 7.2.8 15-дәріс. Буып-түю материалдарының өнім түрлеріне байланысты ерекшеліктері. Буып – түю тауардың қауіпсіздігін, қоршаған ортаны ластаудың қауіпсіздігі, тауардың бүлінуі мен жоғалуының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін буып – түю әдісі. Буып – түюдің негізгі бағыты – бүып – түйілген тауарларды сыртқы жағымсыз әсерлерінен қорғау және де тауарлардың кейбір бөліктері мен жеке үлгіні қоршаған ортаға түсуін ескерту. Буып – түюдің қосымша функциясы – бұл тауарлардың түрлі – түсті безендірілуі. Бұл жағдайда ол тұтынушылардың және маркетологтардың өз алдына қызығушылығын тудырады. Буып – түюдің элементтері: тара буып – түю немесе байлау материялдары. Тара - буып – түюдің басты элементі, тауарларды орналастыратын басты зат. Буып – түюдің материалдары - буып –түюдің қосымша элементтері, тауарды механикалық бұзылудан сақтауға арналған. Байлау материалы – буып – түюдің қосымша элементі, тараның беріктігін арттыру үшін арналған. Тұтынушы тараға жататындар: • әр түрлі мөлшері бар жәшіктер, себеттер, қатар, лотоктар, қағаздан жасалған қаптама, қағаз, фольга мен полимерлер және аралас металдар; • шыны және металл банкілері, бөтелкелер, тетрапакеттер, полимерлі және аралас металдардан жасалған сакандар; • орама металдары – қағаз фольга, пергамент, картон, полимерлі металдар. Тасымалдау орамын тауарларды тасымалдау мен көтерме немесе бөлшек ретінде сатуда қолданылады. Тасымалдау орамын екі әдіс арқылы жүргізіледі: бірден буып – түйілген және бірден буып – түйілмеген . Қолданылған металдарға қатысты механикалық тұрақтылығы және беріктігі, сонымен қатар тауарларды сақтау деңгейіне байланысты болып табылады. Тауарлардың бірнеше түрлері металды және шынылы – гермитизация жағдайында тауарға оттегінің әсерін жояды және сыртқы микрофлораны, қышқылдық бөліну (жану,майдың тұздалуы, витаминдердің бұзылуы ) және микробиологиялық бөліну (шіру, көгеру, торлану) . Металдарды және қара түсті шыны бөтелкелер тауарларды күн сәулесінен және қышқылдық бөліну прноцесінен қорғайды. Орташа – қатты орам қатты орамнан салмақ және көлеммен ажыратылады. Бос орам бір – бірінен өте жеңіл жиырылады және созылады оларды тасымалдау үшін сақтау кезінде арзанға түседі. Орташа – қатты орамға механикалық әсері тұтақты тауарларды орнатады және олардың сақталуын қамтамасыз етеді. Буып-түйгіш материалға қойылатын талаптар сан түрлі: - мықтылық; - өткізбеушілік; - тұрақтылық және т.б. Кейбір жағдайларда материалдар бірнеше талаптарды бірден орындауға тура келеді. Мұндай кезде бір немесе бірнеше материалдар біріктіріледі, яғни комбинирлерді, сөйтіп мықтылық, өткізбеушілік сияқты талаптарға бірден жауап беруге қабілетті болады Буып-түю материалдарының түрі және товарлық өнімнің физика-химиялық қасиеттеріне байланысты тара мынадай сипаттары боынша жіктеледі: – тауарлық айналымағы функциялары бойынша; – қайта пайдаланылуы бойынша; – иелену түрі бойынша; – арналуы бойынша; – жасап шығару тәсілі бойынша; – конструкциялық ерекшеліктері бойынша; – беріктігі бойынша; – сыртқы факторларға қарсы тұруы бойынша; – жасалған материалы бойынша; – шығару технологиясы бойынша. Тауарлық айналымағы функциялары бойынша тара мынадай 3 түрге бөлінеді: тасымалдауға арналған, тұтынушылық және жабдық-тара. Тасымалдауға арналған тара тауарларды тасымалдау және сақтау үшін қолданылады. Бүндай тара қорап, жәшік, контейнер және т.с. түрде кездеседі. Тұтынушылық тара тұтынушыға тауармен бірге түседі (флакондар, бөтелкелер, банкалар, тубалар, стакандар, пакеттер және т.с.). Оның бағасы тауардың бағасына кіргізіледі және оны сатып алушы төлейді. Тұтынушылық тараға қатаң талаптар қойылады, ол сатып алушының назарына ие болуы керек. Шығарушы туралы, тауардың көлемі, тұтынушыға қажетті қасиеттері және оны пайдалану ережелері бойынша ақпарат білдіруі керек. Өнімге жарнама бола алуы керек. Тара-жабдық тауарды салу, тасымалдау, уақытша сақтау және оның көмегімен тауарды сатуға арналған бұйым болып табылады (мысалы, сату автоматтары). Буып – түю материалдарының 3 түрі Металл – буып – түю материалдары ретінде герметикалық немесе механикалық мықтылық қажет болғанда қолданылады. әр түрлі материалдар өзінің электролитті қатарындағы күшке сәйкес коррозияға сезімталдығы әртүрлі болады. Сондықтан кейбір материалдарға қандай тауар буып- түйілетіндігіне байланысты коррозияға қарсы жабдық қажет. Металл өнеркәсібінде транспортты және тұтынушы тара ретінде қолданылады. Кейде тараның барлығы металдан тұрмайды, тек оның жеке элементі, мысалы, банка қақпағы металдан жасалады. Ең көп қолданылатын әртүрлі қалыңдықты жапырақшалы болады. Одан қара және ақ қаңылтыр құяды. Қара қаңылтыр дегеніміз жылдам коррозияға ұшырайтын, аяғына дейін өңделмеген жапырақшалы болады. Оның буып-түю мақсатында қолдану үшін қорғаныш жабын жабу керек. Бөшкелерді (теспектерді) және барабандарды кейде қара қаңылтырлардан жасайды. Қосымша коррозияға қарсы жабын жағады. Ол жабын жақсы ұсталып қалу үшін беті таза болу керек.Ақ қаңылтыр дегеніміз қалайланған қаңылтыр, өндірісте консерв банкілерін дайындау үшін қолданылады. Жапырмалы алюминийде көп көлемде консерві банкілерін даярлау үшін қолданылады. Мұнда банкілерді сору әдісімен дайындайды, лактайды. Алюминийді қолданудың келесі саласы құбыр даярлау. Ол тара жасау үшін сирек қолданылады. Бұлдарды бұрынғыға қарағанда буып - түю үшін қазір сирек қолданылады. Талшықты материалдың көп бөлігін тараның бұлдар дайындау үшін импорттайды. Соған қарамастан таралық бұлдарды және одан жасайтын таралар қазіргі буып- түю техникасы талаптарына сәйкес келмейді. Тағам өнімдерінің өндірісінде бұлдар жасалған таралар жасалады. Ең кіші кездесетіні тор және қап түріндегі тоқылған бұйымдар. Қап және тор жасау үшін қолданылған иілген жіптің алғашқы материалы болып: - қабықты талшықтар: зығыр, кенекшөп, жұпкотонин, шақпашөп; - химиялық талшықтар, целлюлоза, жұты ретінде (вискозные волокна); - қағаз, жазық және далалақталған иілген жіпке өңделген. Дәстүрге сай қазір алғашқы материал ретінде синтетикалық материалдар, мыс.полиамидті, полиэфирлі, поливинилді талшықтарды иілген жіпке өңдеп, керемет таралық бұл береді. Әнине, мұндайдың бағасы қымбат болғаннан кейін қолданысы шектеулі. Әдебиеттер: 7.1.7, 7.1.8, 7.2.7, 7.2.8 3. ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАР 1. Пәннің оқытылу мақсаты 2. Курстық жұмыстың мақсаты 3. Ғылыми курстық жұмысты рәсімдеу мақсаты 4. Курстық жұмыстың негізгі бөлімі 5. Курстық жұмыстың қорытындылау бөлімі 6. Қолданылған әдебиеттер тізімінің дұрыс жазылуы 7. Курстық жұмысты орындау тәртібі 8. Курстық жұмыстың қосымшасын рәсімдеу тәртібі 4 КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ 5 БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ 5.1 Буып-түю кезіндегі қауіпсіздік ережелері 5.2 Буып-түю материалдарына қойылатын талаптар 5.3 Өнім сапасын анықтайтын әдістер 5.4 Өнімдерді сақтаудың дәстүрлі және заманауи әдістері 5.5 Астық өнімдерінің өнім түрлеріне байланысты буып-түю 5.6.Өнімдердің ерекшелігіне байланысты буып-түю 5.7 Ет және тамақ өнімдерін сақтау түрлері 5.8 Өнімді сақтауға арналған ыдыстар мен қораптар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz