Файл қосу

Профильді курстардың мысалы



|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ  БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ                     |
|СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ                    |
|Құжат СЖМ  3 деңгейлі    |ПОӘК                     |ПОӘК 042-Х. 1.ХХ/01- 20  |
|ПОӘК                     |Редакция №               |                         |
|Пәннің оқу-әдістемелік   |                         |                         |
|материалдары             |                         |                         |
|12 жылдық мектепте       |                         |                         |
|информатиканы бейінді    |                         |                         |
|оқытудың негіздері       |                         |                         |



                  ПӘННІҢ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

                  «5В011100» – «Информатика»  мамандығы үшін

       «12 жылдық мектепте  информатиканы бейінді оқытудың негіздері»

                    ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ

























                                    Семей


                                    2013








Құрастырған:  28.08.2013 ж
Информатика және ақпараттық технологиялар кафедрасының
аға оқытушысы  _______ Абишова А.А.

Информатика және ақпараттық технологиялар кафедрасының
отырысында талқыланды.
Хаттама  № 1   05.09.2013 ж.
Информатика және ақпараттық технологиялар кафедрасының
меңгерушісі         _______ Абишова А.А.


Физика-математика факультетінің Оқу-әдістемелік бюро мәжілісінде бекітілді.

Хаттама  №1   11.09.2013 ж.
Физика-математика факультеті
Оқу-әдістемелік бюросының төрайымы    ____________   Батырова К.А.


Университеттің Оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлданды.
Хаттама  №1   18.09.2013 ж.
ОӘК төрайымы       _________  Искакова Г.К.











































  Мазмұны

1. Глоссарий
2. Дәрістер
3. Зертханалық сабақтар
4. Студенттердің өздік жұмысы
Дәрістер

Дәріс № 1-2.
Тақырыбы: 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшудің негіздемесі
12 жылдық жалпы орта білім берудің басты мақсаты мен күтілетін нәтижелері

      Қазақстан  Республикасындағы  12  жылдық   орта   жалпы   білім   беру
Тұжырымдамасы  –  жалпы  орта  білім  беру  жүйесінің  мақсаты,  міндеттері,
ұйымдастыру ұстанымдары мен  бағыттарын  бейнеленетін  негізгі  құжат  болып
табылады.
      Бұл Тұжырымдама  Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңының;
«Қазақстан   Республикасын   2010   жылға   дейін   дамытудың   стратегиялық
жоспарына»;  «Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  2010  жылға   дейін
дамытудың мемлекеттік бағдарламасына; Қазақстан  Республикасының  Президенті
Н..Ә.Назарбаевтың  «Қазақстан  экономикалық,  әлеуметтік  және  саяси  жедел
жаңару жолында» атты жолдауына, Болоньдегі Еуропа елдері  білім  министрлері
кеңесіне,  ЮНЕСКО-ның  үздіксіз  білім  беру  туралы   ұсыныстарына   сәйкес
әзірленді.
      Қазақстандық жалпы орта білім мазмұны оқушының өмірдегі  құзіреттілігі
үшін жеткіліксіз болып отырған әрбір оқу пәні бойынша  білімі,  білігі  және
дағдысын  алу  тәртібімен   ғана   сипатталады.   Білім   мазмұнының   артық
ақпараттығы  оқушының  оқуға  ынтасының   төмендеуіне   және   денсаулығының
нашарлауына әкеп соғады.
      Қоғамдағы түрлі бағыттағы өзгерістерге сәйкес білім берудің  қызметіне
жаңаша қарау, әлемдік жинақталған тәжірибеге және қол жеткен табыстарға  сын
көзбен  қарап  бағалау,  ұлттық  ерекшеліктерді  ескере  отырып  оқыту   мен
тәрбиелеудің жаңа тиімді жолдарын табу –  12  жылдық  білім  беру  мәселесі.
Бүгінде  осы  бағыттағы  білім  беру  ең  негізгі  міндеттердің  бірі  болып
саналады.
      12  жылдық  оқытуға  көшу   Қазақстандық   білім   беру   реформасының
стратегиялық міндеттерін ойдағыдай шешуге мүмкіндік береді. Ал  оның  мәнісі
шығармашылық  тұлғаны  қалыптастыруға  бағытталған   жаңа   ұлттық   моделді
дамытуға, «жалпыға арналған білім» үлгісінен  «таңдауы  бойынша  білім  алу»
үлгісіне  сапалы  көшуді  және  әлемдік   білім   беру   кеңістігіне   енуді
жылдамдататын  тетіктердің  бірі  осы   жаңа   бағдарлама   бойынша   мектеп
жағдайында  оқыту  болып  отыр.   Білім   беру   жүйесінденгі   өзгерістерге
негізделген әлемдік дамудың негізгі үрдістері мыналар болып табылады:
    - қоғам дамуының қиындылығы;
    - постиндустриалдық, ақпараттық қоғамға көшу, мәдениаралық өзара қатынас
      ауқымының кеңеюі;
    -  халықаралық  ынтымақтастық  нәтижесінде   шешілуі   мүмкін   ғаламдық
      проблемалардың туындауы және өсуі;
    - қоғамның демократиялануы;
    - экономиканың қарқынды дамуы, бәсекелестіктің өсуі;
    - адам капиталы мәнінің артуы.
      Осыған сәйкес  дамыған  елдердің  білім  беру  жүйесінде  төмендегідей
тенденциялар байқалып отыр:
   -  білім беру философиясы мен әдіснамасының жаңаруы, білім беру  мазмұнын
құру   әдістерінің   өзгеруі,   білім   беру   мазмұнындағы    жетілдірілген
модельдердің жасалуы, білім беруді басқарудың тиімді  тәсілдерін  іздестіру,
жаңа білім технологияларының енгізілуі және т.б;
-  оқытудың  дәстүрлі  өнімсіз  стилін   ығыстырып,   оқушылардың   танымдық
белсенділігі мен өзіндік ойлауын қамтамасыз ететін жаңа  дамытушы,  сындарлы
білім беру моделіне көшуі, терең және белсенді кәсіби  бағдар  берудің  ерте
жастан басталуы;
    -  оқушы  жастарға  азаматтық  -  патриоттық,  рухани  -   адамгершілік,
      көпмәдениеттілік,  денсаулық  сақтау  және  экологиялық  тәрбие   беру
      ролінің күшейтілуі;
    - білім ұйымдарының оқушыны әлеуметтендірудегі рөлінің артуы
болып табылады.
      Қазақстандағы білім беру жүйесіне түбегейлі реформалар  жасауға  себеп
болған да осы жаңа білім беру бағдарламасына  көшу  идеясы  еді.  Бұған  бір
дәлел Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың  2015  жылға  дейінгі
Тұжырымдамасының өмірге келуі. Қазақстан Республикасының  Білім  және  ғылым
қызметкерлерінің 3 съезінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Бүгінде 12  жылдық
мектеп моделі анықталды, алайда оған көшу білім сапасының  артуын  өздігінен
қамтамасыз етпейді, білім берудің мазмұнын қайта қарау  талап  етіледі  және
мұны бүгіннің өзінде жасау қажет» деп атап көрсетті. Мұның  өзі  білім  беру
жүйесінің алдында үлкен міндеттер тұрғандығын  білдіреді.  12  жылдық  білім
берудің методологиялық  негіздеріне орай, мектепте білім  берудің  мазмұндық
жағын жаңартудың аса маңызды бағыттары мыналар болып табылады:
      - мектепте білім берудің мазмұнын қазіргі  қоғам  қызметінің  серпінді
құрылымымен сәйкес келтіру;
      - оқушылардың өз бетінше білім алуға және  оны  практикада  қолдануға,
оқытудың әр түрлі саласында өз мүмкіндіктерін тануға және жақсы  қасиеттерін
ашуға тәрбиелеу;
       -  әрбір  жас  кезеңіндегі  негізгі  психикалық   жаңа   құрылымдарды
қалыптастыру төңірегіндегі оқу үрдісін жолға қою;
      - оқушыларды танымның ғылыми тәсілдеріне мақсатты  және  жүйелі  түрде
тарту, негізгі мотивациялық үрдістерді айқындайтын  оқу  ахуалдарын  кеңінен
қолдану.
      Қазіргі мектептің білім мазмұнын ізгілендіру мен даралауға  айқын  бет
бұру мынадай міндеттерді жүктейді:
      - оқушының  жеке  тұлға  ретінде  және  іс-әрекет  субъектісі  ретінде
мақсатты, тұрақты және дәйекті дамуына жағдай жасау;
         - оқушылардың белгілі бір білімді таңдауы  мен  меңгеруін,  олардың
оқу үрдісі кезінде таңдау мүмкіндіктері мен құқықтарын қамтамасыз ету;
      - оқу-тәрбие үрдісінде ынтымақтастық педагогикасының ізгі қатынастарын
орнықтыру;
      -  білім мазмұнын барынша ізгілендіруді қамтамасыз ету;
      -  психологиялық білім берудің бастапқы негіздерін қалыптастыру;
      -  білім мазмұнының  инварианттық  және  вариативтік  компоненттерінің
арасындағы гуманитарлық және жаратылыстану-ғылыми білімдердің  диалектикалық
бірлігін қамтамасыз ету;
      -  оқушылардың оқу жүктемесін тұрақтандыру.
      Адамның жан-жақты дамуы білім берудің ғаламдық мақсаты болып табылады.
Педагогикада білім берудің мақсатын, оның мазмұны  мен  құрылымын  анықтауға
қазірігі заманғы  адам  тұжырымдамасының  тұрғысынан  келу  көзқарасы  берік
қалыптасып  отыр.  Жүргізілген  зерттеулер  тұлғаның   қалыптасу   моделінің
компоненттерінің  мынадай  үш   тобын   қамтитынын   көрсетеді:   психиканың
функционалдық   тетіктері,   тұлғаның   тәжірибесі,   тұлғаның   жинақталған
типологиялық қасиеттері. Компоненттердің осы топтары адам  қызметінің  жалпы
құрылымының  және  зерттеу  объектілерінің  құрылымымен  бірге   12   жылдық
мектептің жалпы білім беру стандарттары мен базалық  оқу  пәндерін  жасаудың
теориялық негізі болып отыр.
      12 жылдық мектепке көшу жағдайында оның құрылымы оқытудың мақсаты  мен
міндеттерінің  арасындағы  байланысты,  әрбір  жас  сатыларында   оқушыларды
тәрбиелеу  мен  дамытуды  олардың  психологиялық,  физиологиялық  және   жас
ерекшеліктерне қарай қамтамасыз етуге тиіс.
      Тұжырымдаманың  мақсаты  -  12   жылдық   мектеп   жайында   Қазақстан
Республикасының жалпы орта білім беру жүйесін  жаңарту  жолдары  мен  дамыту
стратегиясын айқындау.
      Тұжырымдаманың міндеттері:
      ❖ 12 жылдық мектептегі білім беру мақсатын,  міндеттерін,  құрылымын,
        мазмұнын және  оқу-тәрбие  процесін  ұйымдастырудың  ерекшеліктерін
        атап көрсету;
      ❖ 12 жылдық білім беруге көшудің  қаржылық-экономикалық  негіздемесін
        дайындау;
      ❖ Осы Тұжырымдаманың күтілетін нәтижелерін анықтау.
      Тұжырымдама төмендегі бөлімдерден тұрады:
1. Әлемдік үрдістер мен  отандық  тәжірибелерге  сүйене  отырып,  12  жылдық
   жалпы орта білім беруге көшудің негіздемесі.
2. 12 жылдық жалпы орта білім берудің мақсаты мен күтілетін нәтижелері.
3. Жалпы орта білім беру құрылымы.
4. Білім беру мазмұнын жаңартудың негізгі бағыттары.
5. Білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері.
6. Педагогикалық кадрлар.
7. Білім берудің күтілетін нәтижелерін бағалау жүйесі.
8. Жалпы орта білім беру жүйесін басқару.
9. 12 жылдық жалпы білім беру тұжырымдамасын іске асыру жағдайлары.
      Қазақстандық жалпы орта білім  беретін  мектеп  соңғы  жылдары  өзінің
келбетін өзгертті. Білім беруді жаңарту  жүйесін  қолдайтын  нақты  қадамдар
жасалды. Олардың ішінде мемлекеттік жалпыға міндетті  білім  стандарттарының
әзірлену және енгізілуі, кредиттік технология негізіндегі үш  сатылы  жоғары
білім  моделінің  енгізілуі,  вариативті  білім  берудің  енгізілуі,   білім
сапасын бағалау критерийлерін әзірлеу жөнінде жұмыстар басталды.  Бірақ  қол
жеткен жетістіктер адам капиталының дамуы  мен  орнықты  экономикалық  өсуді
толық қамтамасыз ете алмайды.
      Қазақстанның білім беру жүйесінің даму  деңгейіне  кері  ықпал  ететін
мынадай факторлар қалып отыр:
   1.  Білім  мазмұнының  оқушының  оқуға  қызығушылығын  төмендететін  және
      денсаулығына кері ықпал ететін ақпараттық сипатының басымдығы.
   2. Орта білім беру жүйесінде диагностикалық мақсаттың болмауы.
   3. Білім  берудің  жеке  тұлғаның  дамуына  емес,  формальды  нәтижелерге
      бағдарлануы.
   4.  Оқу  жетістіктерін  бағалауда  оқушыны  қызықтырмайтын,   шынайылықты
      қамтамасыз етпейтін  және  қиындық  тудыратын  жағдайға  душар  ететін
      ескірген жүйенің сақталуы.
   5. Жасөспірімдердің тұлғалық, азаматтық және  адамгершілік  қасиеттерінің
      жеткілікті дамымауы, өзін-өзі  кәсіби  анықтау  мотивтерінің  болмауы,
      өзіндік қызығушылығы мен өмірлік жоспарын сезіну деңгейінің төмендігі.


      [pic]


      12 жылдық жалпы орта білім беру үш сатыдан тұрады
      1-саты – жалпы бастауыш білім беру ( 1-4- сыныптар – бастауыш мектеп)
      2-саты – негізгі орта білім беру  (5-10-сыныптар – негізгі мектеп)
      3-саты – жалпы орта білім беру (11-12-сыныптар – жоғарғы мектеп)


      1-саты.  Жалпы орта білім беру (1-4 сыныптар)
      Оқуды бастау жасы - 6 жас.  Оқыту ұзақтығы - 4 жыл
      1-сатыдағы негізгі бағдар – оқушының өзін-өзі  таныту  мүмкіндігі  мен
қоршаған ортасының шынайылығы туралы білімді игерудегі даралығын ашу,  оқуға
талабын және білігін қалыптастыру, яғни оқытудың келесі  салаларына  қажетті
танымдық  қызығушылығын  арттыру,  кіші  жастағы  оқушылардың  біртұтас  оқу
әрекетін қалыптастыруға ықпал ету.
      Баланың тұлғалық  қалыптасуын,  оның  қабілеттерінің  тұтастай  дамуын
қамтамасыз ету. Бастауыш мектепте қажетті біліктер дағдыларды  игеруге,  оқу
және жазу, санау, шығармашылықпен ойлау элементтерінің, жеке  гигиенасы  мен
денсаулығын  сақау  негіздерінің   болуына   ықпал   ететін   оқу   әрекетін
ұйымдастыру.
      2-саты. Жалпы орта білім беру (5-10 сыныптар)
      Оқыту ұзақтығы – 6 жыл
      2-сатының негізгі бағдары – негізгі жалпы білім  алуға  жағдай  жасау,
адамдар  арасындағы  және  этносаралық   қатынастар   мәдениетін,   тұлғаның
біртұтас көзқарасын, өзін-өзі  анықтауын  қалыптастыру,   тұлғаның  өзін-өзі
ұйымдастыру  тетіктерін,  кәсіби  және  танымдық  ой-пікірінің   туындауына,
теориялық ойлау тәсілдері  мен  ғылыми  таным  әдістерін  игеруіне,  зерттеу
дағдысының қалыптасуына ықпал ететін оқу әрекетін ұйымдастыру.
      Негізгі мектеп оқытуды бейіндік мектепте немесе кәсіптік бастауыш және
орта білім беру ұйымдарында жалғастырудың базасы болып табылады.
      Бұл сатының ерекшелігі оқушының үшінші сатыдағы бейіналды  дайындықтың
мектеп қызметінің оқушының болашақ  бағдарын  саналы  таңдауына  дайындығына
игі ықпал  ететін  педагогикалық,  психололгиялық-педагогикалық,  ақпараттық
және ұйымдастырушылық жүйесі ретінде жүргізілуі болып есептеледі.
      3-саты. Жалпы орта білім беру (11-12 сыныптар)
      Оқыту ұзақтығы -2 жыл
      Жалпы орта білім берудің соңғы кезеңі болып табылатын  үшінші  сатының
негізгі мақсаты оқытудың саралануы мен  даралануы  бағдарланған  жалпы  орта
білім беру, оқушулардың болашақ кәсіби қызметіне саналы  да  жауапты  таңдау
жасауына, жеке және өмірлік өзін-өзі танытуына жағдай жасау.
      Бейіндік оқыту жаратылыстану - математикалық, әлеуметтік -гуманитарлық
және технологиялық бағыттар бойынша жүзеге асырылады.
      Бейіндеу (профилизация) нысандары  мектептің  педагогикалық  әлеуетін,
білімдік   инфрақұрылымының   мүмкіндігін,   облыстың,   қаланың,   ауданның
сұранысын ескере отырып анықталуы тиіс.
      Бейіндік  оқытуды  іске  асыру  жалпы   білім   беретін   мектептерде,
гимназияларда,  лицейлерде,  дарынды  балаларға  арналған   мамандандырылған
мектептерде,  мүмкіндігі  шектеулі  балаларға  арналған  арнайы  мектептерде
жүзеге асырылады.
      Материалдық-техникалық жағдайын, кадрлық әлеуеті  мен  оқу-әдістемелік
қамтамасыз етуді ескере отырып, үшінші  сатыдағы  бейіндік  оқыту  төмендегі
ұйымдастыру нысандары бойынша қарастырылады:
   1. Бір бейінді мектеп – бір бейінді оқытуды іске асыру;
   2. Көп бейінді мектеп – бірнеше бейінді оқытуды іске асыру.
      12 жылдық білім берудің басым бағыты – педагогикалық іс-әрекеттің жеке
тұлғаға  бағытталуы.  Тұлғаға  бағытталған  көзқарас  –  педагогикалық   іс-
әрекеттің методологиялық жаңа бағыты.
      Қазақстан қоғамының қазіргі  геосаяси,  экономикалық  және  әлеуметтік
жағдайы, әлемдік білім кеңістігіне кірігуі Қазақстан  Республикасының  Жалпы
орта білім беру жүйесін жаңғыртуды, атап айтқанда, орта  білім  мазмұны  мен
құрылымын, мақсаттарын қайта қарауды және  оқыту  мерзімін  кеңейтуді  талап
етеді.
      Қазіргі кезеңде 12 жылдық мектепте есептелген белгілі бір  халықаралық
білім беру стандарты қалыптасты.
      Өзінің  және  қоғамның  мүддесінде  өзін-өзі  белсенді  етуге   дайын,
өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге  қабілетті  және
құзіретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру.
      Білім берудің күтілетін нәтижелері белгіленген мақсатқа сәйкес  мектеп
түлегінің негізгі құзырлылығы төмендегіше анықталады:
      1. Құндылықты-бағдарлы құзыреттілік – оқушының қоршаған ортаны  бірдей
қабылдайтын  қабілетті,  жоғары  әдептілік  құндылықтар  негізінде  жасампаз
қоғам  өмірінде  өзінің  ролін  таба  білу  біліктілігі,  азаматтылығы   мен
елжандылығы. Бұл құзіреттілік  өмірдегі  түрлі  жағдайларда  шешім  қабылдай
білу білігін қамтамасыз етеді. Ең бастысы, өзінің Отаны  Қазақстан  патриоты
болу, азаматтық белсенділігін көрсету, саяси  жүйені  түсіну,  болып  жатқан
әлеуметтік жағдайларға баға бере білу.
      2.  Мәдениеттанымдық  құзыреттілік   –   жалпы   адамзаттық   мәдениет
жетістіктері негізіндегі іс-әрекет тәжірибесін және қоғамдағы дәстүрлер  мен
жеке,   отбасылық   және    әлеуметтік    өмірдің    мәдениет    негіздерін,
этномәдениеттік    құбылыстарды    игеруге    мүмкіндік    беретін    ұлттық
ерекшеліктерін тани  білу.  Адам  мен  қоғамның  дамуындағы  ғылымның  рөлін
түсіну. Өзі халқының мәдениеті мен әлемнің мәдени көптүрлілігін түсіну  және
бағалауға  мүмкіндік  беретін  мәдени-демалыс  қызметін  тиімді  ұйымдастыру
тәсілдерін игеру, рухани келісім мен толеранттылық идеяларына бейім болу.
      3.    Когнитивтік құзыреттілік – оқушының зерттеу әрекеті мен  өзіндік
оқу-танымдақ процесін қамтамасыз  ететін  кешенді  құзырлылық.  Бұл  құзырет
өзінің білімділік қызметін  ұйымдастыра  білуді,  тиімді  жоспарлай  білуді,
сәйкес  функционалдық  сауаттылық  талаптары  негізіндегі  білімді   игеруде
әлемнің ғылыми бағытын түсінуге ізденушілік-зерттеушілік  әрекет  дағдыларын
игеруге мүмкіндік беретін  өзінің  әрекетіне  талдау  және  қорытынды  жасау
тәсілдерін қарастырады.
      4.    Коммуникативтік құзыреттілік – адамдармен өзара әрекет пен қарым-
қатынас  тәсілдерін  білуді,   түрлі   әлеуметтік   топтарда   жұмыс   істеу
дағдыларын, қоғамдағы түрлі  әлеуметтік  топтарда  жұмыс  істеу  дағдыларын,
қоғамдағы түрлі әлеуметтік рөлдерді орындауды,  өмірдегі  нақты  жағдайларда
шешім қабылдау үшін байланыстың  түрлі  объектілерін  қолдана  алу  білігін,
мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін, халықаралық  қатынаста  шетел  тілінде,
қатынас дағдылары болуын қарастырады.
      5.     Ақпараттық-технологиялық  құзыреттілік  –  бағдарлай  білу,  өз
бетінше іздей білу, талдай, таңдай білу, өзгерте білу,  сақтай  білу,  білім
мен  ақпаратты  ақпараттық  технологиялар   мен   техникалық   объектілердің
көмегімен жеткізуді жүзеге асыра білу және интерпретациялау білігі.
       6. Әлеуметтік өзара қарым-қатынас құзыреттілігі –  отбасылық,  еңбек,
экономикалық, саяси  қоғамдық  қатынастар  саласындағы  белсенді  азаматтық-
қоғамдық тәжірибе мен білімге ие болуды білдіреді. Бұл  құзырет  әлеуметтік-
қоғамдық жағдайларға нақты талдау жасай білуді,  түрлі  өмірлік  жағдайларда
жеке басына және қоғам мүддесіне сәйкес ықпал ете  білуді,  кәсіби  бағдарын
саналы таңдай алуды қарастырады.
      7. Тұлғалық  өзін-өзі  дамыту  құзыреттілік.  Бұл  құзырет  отбасылық,
еңбек, экономикалық және  саяси  қоғамдық  қатынастар  саласындағы  белсенді
азаматтық-қоғамдық  қызмет  білімі  мен  тәжірибесінің   болуын   білдіреді.
Құзырет нақты әлеуметтік қоғамдық жағдайларға  талдау  жасай  білуді,  түрлі
өмірлік  жағдайларда,   яғни   өзінің   мүмкіндігін   нақты   перспективалық
жоспарлаумен салыстыра  білуді,   қызметін  өзіндік  қадір-қасиет  сезімімен
ұйымдастыра білуді, өзінің өмірі мен ісіне жауапты қарауды, жеке және  қоғам
пайдасына сәйкес шешім қабылдауды және ықпал етуді қарастырады.
      Аталған құзыреттіліктерді игеру оқушының  орта  білім  беретін  мектеп
жағдайында нәтижелі әлеуметтендірілуіне игі ықпал етеді.
      12  жылдық  мектепке  енгізілген  бейіналды  және  бейіндік   дайындық
оқушының  өз  қабілеті  мен  өмірлік   құқығына   сәйкес   өзін-өзі   кәсіби
анықтауында, болашақ кәсіби қызметін  саналы  да  жауапты  таңдауына  едәуір
тиімді  дайындыққа  қол  жеткізуде  олардың  әллеуметтендірілу   мүмкіндігін
кеңейтеді.
&&&
$$$002-002-100$ Дәріс 1-2. Өзін-өзі тексеру сұрақтары
   1. ҚР 12 жылдық орта жалпы білім беру Тұжырымдамасы
   2. Білім беру мазмұнын жаңартудың негізгі бағыттары.
   3. Білім беру үрдісін ұйымдастырудың ерекшеліктері

Дәріс № 3-4.
Тақырыбы: 12 жылдық мектептің психологиялық-педагогикалық  астарлары.  Жалпы
білім беру тұжырымдамасын іске асыру                  жағдайлары

      Оқытудың тиімді және үйлесімді болуы оқушының танымдық дамуының табиғи
логикасын ескергенде ғана мүмкін болмақ. Егер оқытуды мәдениет пен  қоғамның
жеке адаммен жан-жақты байланысының ұдайы процесі ретінде алар болсақ,  онда
осы байланыстың негізгі жүйелері  осы  арқылы  өтеді.  Психологияда  мынадай
негізгі танымдақ процесстер бөле-жара айтылады:  түйсіну,  қабылдау,  зейін,
ес, ойлау, сөйлеу және  қиял.  Үйлесімді  өзара  іс-әрекет  және  оны  оқыту
кезінде осы процестердің барлығын  қалыптастыру  тұлғаның  тұтастай  дамуына
жағдай жасайды.
      Бастауыш мектеп жасындағы балаларға  білім  беру  мен  жалпы  мақсатқа
жетуді іске асыру бірқатар  психологиялық-педагогикалық  шарттарды  сақтауды
қажет етеді:
      -  үлкендер  мен  балалардың  өзара  іс-әрекеттерінің   жеке   тұлғаға
бағдарлануы;
      - әрбір балаға іс-әрекет түрін, әріптес,  құрал-жабдық,  т.с.с  таңдау
мүмкіндігін беру;
      - бала табыстылығына  қатысты  көрсеткіштері  педагогикалық  бағалауға
бағыт  ұстау  баланың  бүгінгі  жетістіктерін   оның   кешегі   табыстарымен
салыстыру;
      -  баланың  эмоциялық-құндылық,   әлеуметтік   жекебастық,   танымдық,
эстетикалық тұрғыдан дамуына  және  оның  даралығын  сақтауға  ықпал  ететін
білім алу ортасын құру;
      - бала дамуының аса маңызды  факторлары  ретінде  жетекші  іс-әрекетті
қалыптастыру;
      - зерттеушілік, шығармашылық  іс-әрекеттің,  белсенділіктің  бірлескен
және дербес, қозғалғыш және тұрақты нысандарының теңгерімділігі.
      Бастауыш мектеп жасы – баланың жеке тұлғасы мен  оның  ағзасының  одан
әрі  дамуын  айқындайтын  өте  маңызды  кезеңдерінің   бірі.   Бұл   жастағы
балалардың маңызды ерекшеліктері – олардың  айналадағы  өміріне:  адамдарға,
оқиғаларға, фактілерге қызығушылық танытуы болып табылады.
      Олардың қоршаған ортадағы заттар туралы түсініктері бар,  олар  білуге
құштар, жаңа  ақпаратты  да  жақсы  қабылдайды.  Осы  ынта  мен  құштарлықты
бастауыш сынып мұғалімі өшіріп алмай, оның әрі қарай дами түсуіне көп  көңіл
бөлуі керек.
      Орта білім беру жүйесін жаңарту мәселесі  баланы  алты  жастан  бастап
мектеп жағдайында оқытып, тәрбиелеуді жүзеге асырғалы отыр.  Бұл  12  жылдық
орта білімге көшудің ең басты  мәселелерінің  бірі  және  бірегейі.  Себебі,
бұрын  балабақша  жағдайында  мектепалды  дайындығынан  өтетін   не   отбасы
жағдайында үйде  дайындалатын  ойын  баласы  енді  мектепке  келіп,  партаға
отырып, оқушылар қатарына өтпек. Әрине алты жастағы баланың  мектепте  оқуға
физиологиялық,  психологиялық  тұрғыдан  дайын  екенін   көптеген   ғалымдар
зерттеулер  негізінде  дәлелдеп   отыр.   Орыстың   алдыңғы   қатарлы   бала
тәрбиесімен және оны дамыту жолдарымен айналысқан  ғалымдары  Л.С.Выготский,
В.В.Давыдов,  Л.В.Занков,  Д.Б.Элькониндармен  қатар  қазақстандық  педагог-
психологтар: В.К.Павленко, Қ.Т.Шериязданова  және  тағы  басқалар.  Мектепке
баланы 6 жастан қабылдау дұрыс болып отыр, өйткені  осы  жастағы  балалардың
білуге деген құштарлығы  мен  қызығушылығы  басым.  Сонымен  қатар  мектепке
дейінгі тәрбие жүйесін сақтау орынды. Ал егер  5  жастағы  балалар  мектепке
даярланар болса,онда балабақшадағыдай жағдайы  болу  керек.  Бұл  балалардың
мектепке  дайындығы  тексеріледі.  Ол  үшін  «12  жылдық  мектептің  бірінші
сыныбына қабылданатын  балалардың  оқуға  дайындық  деңгейін  анықтау»  атты
әдістемелік құрал басшылыққа алынды. Ол бойынша “Әлеуметтік зерттеу”,  “Ата-
аналар туралы мәліметтер”, “Ата-аналарға арналған  сауалнама”,  “Медициналық
зерттеулер”, “Балалардың  денсаулық  құжаты”  т.б.  жинақтай  келе  оқушының
психологиялық  мінездемесі,  психологиялық  дайындық  ерекшеліктері,   таным
деңгейлері,  ортаға  қатысы,  дамуы  анықталды.  1-жарты   жылдықта   жылдық
қорытынды  тексеру  жұмыстары  алынады.  Эксперимент  барысында  сынып   пен
салыстырмалы сынып  арасында  айырмашылық  байқалды.  Айырмашылықтың  болуы,
яғни эксперименттік сыныптағы білім,  білік  және  оқу  дағдыларының  сапасы
жоғары  болуы,  біріншіден,  бала  санының  аздығына,  екіншіден   сабақтағы
жұмысбастылықтың болмай, сабақ  ұзақтығының  35  минут  болуында  және  жеке
оқулық  материалдарының  балаға   түсініктілігінде   деуге   болады.   Білім
сапасының жақсы болуына себептер көп. Отбасы,  ұстаз,  балалар  қауымдастығы
осының тетігі.
      Алты жастан оқыту - баланың ақыл-ойының дамуы мен әлеуметтік  даярлығы
үшін мейлінше қолайлы кезең болып табылады
      6 жасар баланың оқудағы жетістігі  -  мектепке  дейінгі  психологиялық
тұрғыдағы дайындық деңгейіне байланысты болып келеді.
      6 жасар баланың дамуында қоршаған ортамен байланысындағы  үйлесімділік
қатынасын  6  аспекті  бойынша  қарастыруға   болады.   Олар:   медициналық,
физиологиялық,  психологиялық,  әлеуметтік,  педагогикалық,  интеллектуалдық
аспектілер.
      6 жастан 1 сыныпқа оқытудың өзіндік ерекшеліктері бар  екені  белгілі.
Оқыту процесі  бұл  жаста  негізінде  ойын  түрінде  жүргізіледі.  Сондықтан
балалардың   психологиялық   ерекшелігін   ескере   отырып,   сабақта   ойын
элементтерін көбірек пайдалану қажет. 12 жылдық білім беруде оқу  жүктемесін
азайтып, оқушының бос уақытын жеке қабілеті мен ізденуге жұмсауға  мүмкіндік
туғызу көзделеді. Сабақтың ұзақтығы 35 минут 5 күндік оқу болады.  Ал  мұның
өзі  білім  беру  парадигмасының  пәндік  білім  беруден  тұлғалық-бағдарлық
бағытқа көшуінен туындап отыр.
      Олай болса, тұлғалық-бағдарлық білім  берудегі  негізгі  құрал  оқулық
десек, оның сапасы мен атқаратын қызметін жете түсінуге  көңіл  бөлу  қажет.
Оқулықтың  сапалы  жазылуына  назар  аударған  авторлардың  басты   ұстанған
принципі  тұлғалық-бағдарлық,  нәтижелі  шығармашылық   қызмет,   кіріктіру,
пәнаралық байланыста оқыту және  т.б  нәтижеге  бағдарланған  білім  жүйесін
құру болды. Оқулық  -  нақты  пән  бойынша  берілетін  негізгі  оқу  кітабы.
Оқулықта пәннің бағдарламасы толық ашылады. Оқулық-бұл оқушы мен  оқытушының
бірлескен әрекеттерінің құралы. Бұдан оқулықтың білім берудің  құралы  екені
жөнінде дәлелді қорытынды шығады.
      Бұл кезде баланың өзін-өзі белсенді көрсетуі және оның  барлық  рухани
және дене күшінің дамуы қатар жүреді. Баланың осындай  барлық  ерекшеліктері
қолайлы факторлардың әсерімен,  дұрыс  та  мақсатты  педагогикалық  ықпалдың
көмегімен туындайды және дамиды.  Баланың  табиғи  мүмкіндіктерін  ескерудің
арқасында ғана осы  жасқа  лайықты  оқытудың  мазмұны  мен  әдістерін  дұрыс
анықтауға, баланың үйлесімді дамуын қамтамасыз етуге болады.
      Оқушылардың білімді меңгеруіндегі басты мәселе-ойлау арқылы іс қылудың
тәсілдерін  үнемі  үйрету,  ойлау  әрекеттері  түрлерін  (талдау,  жинақтау,
пайымдау,т.б.) меңгертудің маңыздылығы сөзсіз.
      Орыстың педагогика ғылымдарының аса көрнекті  қайраткері  К.Д.Ушинский
оқу  жетістігі  жаңа  материалдың  ескімен  байланысында  деп  білді.   Жаңа
мәліметтерді «ескінің легіне» қосып тіндестіру «жаңа міндетті түрде  ескінің
негізінде құрылып, ескі үздіксіз қайталанған сайын жаңа үстемеленіп  қосылып
отыру керек». Ол «жаңа  ұғымды  меңгеру  кепілдігі:  кепілдік  мықты  болған
сайын жаңа ұғым берік әрі жеңіл меңгеріледі», - деп түсіндірді.
      12 жылдық білім беруде бастауыш сынып оқушыларының жаңа  материалдарды
оқып үйренуге дайындау жұмыстарын  сараптауда  аса  көңіл  бөлген  мәселелер
мыналар:
       - Жаңа материалды оқып-үйренуге дайындауға бағытталған тапсырмалардың
саны.
        - Оқушылардың дайындық деңгейіне байланысты дайындық  тапсырмалардың
мазмұны.
      Математика мен информатика пәнінің күрделі тақырыптары  өтуге  ыңғайлы
кезеңдерге бөлінген.  Бұл  бөлімдер  оқу  жылы  ішінде  біртіндеп  енгізіліп
отырылады. Мұғалім қиын тақырыпты үш кезеңге бөледі:
      1-кезең:  Перспективалық   дайындық.   Басқаша   айтқанда,   біртіндеп
ұғындырылатын  тақырып.  Бұл  кезде  тірек  ұғымдары,  іскерлік  жаттығулар,
оқушылардың жауаптары арқылы оқытуды бастау жүзеге асырылады.
      2-кезең:    Оқулықпен жұмыс кезеңі. Бұл кезде  түсініктер  нақтыланып,
тақырып бойынша материалдар жинақталады. Оқушылар жинақтау схемалары  арқылы
саналы  түсінуге  бағытталады.  Олар  мектепте  және  үйде   өз   беттерімен
тапсырмалар орындап, өз  ойларын  схемалар  арқылы  дәлелдеуге  жұмыстанады.
Сонымен  қатар  осы  кезеңде   бірқатар   ұғымдар   алдын-ала   түсіндіріліп
отырылатындықтан,   оза   оқыту   шарттары   да    орындалып,    оқушылардың
материалдарды қабылдау мүмкіндіктері артады.
      3-кезең:     Үнемделген  уақыттарды  пайдаланып,  жұмыс  істеу  арқылы
іскерлік дағдысы қалыптасады. Бұл қатені үнемі түзетіп отырудан  гөрі,  одан
алдын-ала  сақтандыруға  үйретеді.  Сонымен  әрбір  оқылған   тақырып   жаңа
тақырыпты   оқуға   негіз   бола   алады.   Мұғалімдердің    осы    саладағы
біліктілігімен, оқушылардың жаңа материалдарды оқып үйренуге  дайындылығының
алатын  орнын  анықтау  мақсатымен  қала  мен  ауданның  бірнеше   мектебіне
сауалнамалар жүргізілді.
      Дидактикалық және әдістемелік әдебиеттерді,  мұғалімдердің  сұрақтарға
берген жауаптарын, осы мәселе  туралы  пікірлерді  жан-жақты  талдай  келіп,
жаңа материалдарды оқып үйренуге оқушыларды дайындау мәселесі  педагогикалық
істе өзінің нақты қолданысын әлі де толық таппай отырғаны оқушылардың  білім
сапасын  арттыруда  үйрету,  жетілдіру,  жаттықтыру  бағыттарына  аса  назар
аударудың тиімді екенін көрсетеді.
      4 жылдық бастауыш, 6 жылдық негізгі және 2 жылдық жалпы  орта  білімді
қамтитын құрылым тұлғаның психологиялық жас ерекшеліктеріне сәйкес келеді.
      12 жылдық жалпы орта білім  беру  Тұжырымдамасын  іске  асыру  жолдары
мынадай:
      1) 12 жылдық жалпы орта білім  берудің  мемлекеттік  жалпыға  міндетті
стандартын әзірлеу;
      2) Білім  берудің  пәндік  стандарттарының  тұжырымдамалық-әдістемелік
негіздері мен мазмұнын әзірлеу;
      3)  Қазақстан Республикасының «Білім туралы»  жаңа  заң  жобасын  және
тиісті нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу;
   4) Күтілетін нәтижелерге жетуді бағалаудың рейтингтік жүйесін әзірлеу;
   5) Оқу-әдістемелік  және  материалдық-техникалық  құралдармен  қамтамасыз
      ету;
   6) Ел көлемінде психологиялық қызметті бейіндік оқытудың жаңа  нысандарын
      құру;
   7) Мұғалімдерді қайта даярлау мен біліктіліктерін арттыру арқылы нәтижеге
      бағдарланған оқытуға бейімдеу;
   8)  12  жылдық  оқытуға  көшуді  қаржылық   және   материалдық-техникалық
      қамтамасыз ету.
      Осы Тұжырымдаманы іске асыруға жауапты орындаушылар  12  жылдық  білім
беру    проблемаларының    республикалық    ғылыми-практикалық     орталығы,
Ы.Алтынсарин атындағы қазақ білім  академиясы,  Ұлттық  білім  беру  сапасын
бағалау  орталығы,  Білім  беруді  ақпараттандырудың  республикалық  ғылыми-
практикалық орталығы, Білім беру мен  тестілеудің  мемлекеттік  стандартының
ұлттық орталығы, «Оқулық» республикалық  орталығы,  Білім  беру  жүйесіндегі
басшы   және   ғылыми-педагогикалық   кадрлардың   біліктілігін   арттыратын
республикалық институты, білім беруді басқару  органдары  мен  оған  қарасты
ұйымдар болып анықталды.
&&&
$$$002-004-100$Дәріс №3-4.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
   1. Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
   2.


Дәріс № 5-6.

Тақырыбы:     12    жылдық    оқу    мерзіміне     ауысу     қажеттіліктерін
             айқындайтын  факторлар.  Профильді  курстар  мектептегі  жоғары
сатыдағы информатиканы оқытудың дифференциациясы ретінде


      1-фактор. Білім беру парадигмасының өзгеруі.
      Қазіргі білім беру  тұлғалық-бағдарланған  стратегиясын  іске  асыруға
бағытталған. Оның негізгі идеясы-оқушыларға  механикалық  түрде  білім  беру
емес, олардың табиғи  қабілеттері  мен  әлеуметтік  мүдделеріне  баса  назар
аудара  отырып  өмірлік  жоспарларын  жүзеге  асыруларына  кең  мүмкіндіктер
жасайтын білім кеңіcтігін құру.
      2-фактор. Оқушылардың денсаулығын сақтау.
      Бірінші сыныпта оқушылар аптасына белгіленген 20  сағаттың  орнына  22
сағат, жоғары сынып оқушылары 38 сағаттың орнына 40-42 сағат оқу  жүктемесін
орындайды.   ҚР   Денсаулық   сақтау   министрлігінің   деректері   бойынша,
республикада 2 миллионнан астам бала 66% әр  түрлі  аурулармен  диспансерлік
есепте  тұрады.  Мектепте  оқыту  кезеңінде  балалар  арасында   тыныс   алу
мүшелерінің, көз, асқорыту, жүйке-психикалық, тірек-қозғалыс  аппараттарының
зақымдануы сияқты т.б. аурулар ондаған есеге артып отыр.
      12 жылдық оқу мерзіміне көшу  жағдайында  белгіленген  күнделікті  оқу
жүктемесін  азайту,  оқушылардың  әртүрлі  үйірмелерге   қатысуларына,   бос
уақыттарын өз мүдделеріне сай өткізулеріне мүмкіндік жасайды.
      3-фактор. Оқушыларды әлеуметтендіру, әлеуметтік шиеленісті төмендету.
      Дәстүрлі 11 жылдық жалпы орта білім  беру  нарығының  қажеттіліктеріне
орай оқытудың тәжірибелік бағытына сәйкес кәсіптік бағдарды  қамтамасыз  ете
алмайды. 12 жылдық  мектептің  негізгі  буынында  оқушылар  арасында  кәсіби
бағдарлау жұмыстары жүргізіледі.
      4-фактор. Оқу сапасын арттыру.
      12 жылдық  білім  беруге  көшу  күнделікті  оқу  жүктемесін  төмендету
есебінен жалпы орта білім берудің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
       Білім сапасын арттыру оқу материалдарын мемлекеттік жалпыға  міндетті
білім стандарттарының талаптары деңгейіне сай меңгеруге, сырттай және  іштей
саралаудың  тиімді  тепе-теңдігін  құруға  кепілдік  беретін   педагогикалық
жаңартпашыл оқыту технологияларын жетілдіру нәтижесінде жүзеге асырылады.
      5-фактор. Отандық аттестаттардың шетелдерде танылуы жөніндегі  әлемдік
іс-тәжірибелер.
      12 жылдық білім берудің басым бағыты-педагогикалық  іс-әрекеттің  жеке
тұлғаға бағытталуы. Тұлғаға бағытталған көзқарас-педагогикалық  іс-әрекеттің
методологиялық жаңа бағыты.
      Болашақ  мамандардың  12  жылдық  білім  берудің   әдіснамасын,   оның
теориялық және практикалық негіздерін қазірден бастап жан-жақты үйренуі  аса
маңызды әрі өзекті мәселе. Осы орайда, болашақ бастауыш  сынып  мұғалімдерін
кәсіби даярлаудың жалпы жүйесінде педагогика курсы ерекше орын алады.

      Профильді курстар мектептегі жоғары  сатыдағы  информатиканы  оқытудың
дифференциациясы ретінде

      Дифференциациялы оқыту —қазіргі  мектептің  өзекті  мәселесі.Ол  алуан
түрлібілімді траекторияны  жүзеге  асырады,жеке  оқытуға  мүмкіндік  береді,
оқушылардыңтанымдықбелсенділігініңдамуына,   кәсібижолдыңталғамына,    вузда
оқуды таңдауға көмектеседі.
      Информатика, дифференциациялы оқыту анық түрде жүзеге асатын пәндердің
қатарына жатады. Оған информатиканың  ғылым  және  ақпараттық  технологияның
көпшілігінің  құрамында  болуы,  мектепте  білім  беруде  сыртқы  шарттардың
араласуы көмектесті.
      Алайда   информатика   пәнінің   дифференциациялы   курсы     негіздік
курстағыдай  бір   ақпараттың   мазмұнын   әртүрлі   әдістемеде   баяндаумен
байланысты    емес,     дифференциациялы     курстың     мазмұнында     анық
айырмашылықтарымен  ерекшеленеді.Ол тек  мектептің  жоғарғы  сатысында  ғана
мүмкін, информатиканың негіздік курсын оқығаннан кейін.
      Нормативтік  жоспарда  информатиканыоқытуда  дифференциацияның  жүзеге
асуының мүмкіндігі Орта білім беру мектептерінде информатика  пәнінкөзделген
үш кезеңді: кіріспе, негізгі және дифференциялдаған орындай отырып  үздіксіз
оқытуға көшу.Дифференциялданған кезең үшін – жоғары  мектеп,  яғни  X  —  XI
сыныптар  (ал  12  жылдық  мектепке  көшкен  жағдайда—  XI—XII   сыныптар.).
Көрсетілген шешім негізделеді, дербес жағдайда,  информатикадан  мемлекеттік
білім  беру  стандарты  жобасында,  1995  жылы  Білім  беру   Министрлігінің
байқауында жеңімпаз атанған.
      Информатиканың профильді - дифференциялды курстың  ортақ  мақсаты  мен
міндеттері мынадай:
      • әр оқушының мүддесімен есептесе отыру;
      • кәсіби дайындықтың бағытын ескеру;
      • ғылыми дүниетанымның негіздерін белгілі бір нысанға келтіру;
      • оқушының ойлау қабілетін дамыту;
      • оқушыларды практикалық еңбекке дайындау;
      • компьютермен жұмысты дағдылау және кәсіптеу.
      Информатиканың  дифференциалданған  курсыныңтипологиясы  жайлы   сұрақ
маңызды, неғұрлым мынадай курстың жоспары білім берудің  мақсаттарын  жүзеге
асырмайды және мектепте  информатиканың  орнын  нақ  бекітпейді.Типологияның
негізі ретінде, А. А.Кузнецов,  Л.  Е.  Самовольная  және  Н.  М.  Угринович
ұсынған 12 жылдық мектепте информатиканы оқытудың мазмұнының  тұжырымдамасын
сараптаймыз.
      Профильді курстың мазмұнын анықтауда мынадай екі курсты атауға болады—
іргелі және қолданбалы.  Іргелі  курстың  бастапқы  функциясы  ретіндеғылыми
дүниетанымның қалыптасуы  болса,  ал  қолданбалы  ға-  практикалық  қызметке
дайындық жатады.
      Информатика    пәнінің    алғашқы    типінің    профильді     курсының
дифференциацияның  мазмұны  пәндік  облыстарда  ,  мектепте(сыныпта)   нақты
бағыттарды жетекшілікке ала отырып оны оқытуға бағытталған.
      Егер мектептің негізгі бағыттарын мынадай пәндік облыстарға бөлсек:
      • филология,
      • қоғамтану,
      • математика,
      •жаратылыстану,
      • технология,
      онда оның әрбіреуіне информатиканың профилді  курсының  өзінің  терімі
ықтимал. Мынадай курстардан информатика  пәнінің   тарауы  лайықты  ғылымның
пәнімен бірге жүргізіліп оқытылады.
      Осындай курстардың басты мақсаты – ғылыми   дүниетанымды  дамыту,  оны
қалыптастыру(информатика  жағынан  –«әлемнің   жүйелі-ақпараттық   суреті»),
информатиканың  дамыған(модельдеу,  формальдау  және   т.с.с.)басқа   іргелі
ғылымдарды ғылыми әдістермен зерттеу.
      Информатиканың профильді курсының екініші түрі – қолданбалы -   пәндік
облыстарда  дифференциялданбайды,  ал   ақпараттық   қызметтің   көрінісінің
критериясына негізделеді. Осындай курстың басты мақсаты – қалыптасқан дағды-
әдістерді дамыту және ғылыми-ақпараттық  технологиялардың  құралдарын  (ҒАТ)
әртүрлі салаларда  қолдана білу.
      Адамның ақпараттық қызметінің  түрі(жиын,  өңдеу,  ақпараттың  сақтау)
нақты пәндік облыстарға инвариантты, сол  себептен  дифференциация  мазмұнын
оқытудың басты өлшемі ақпараттық қызметтің компоненті  және  құрылымы  болып
табылады.
      Үстіде айтылғанның бәрі 13.1 кестесінде көрсетілген.Онда топтастырудың
негізіне  пәндік(білім  беру)  облыстар  тиесілі,  Білім  Министрлігінің  30
маусымның 1996 жылғы №56 бұйрығымен «Об утверждении  обязательного  минимума
содержания среднего (полного) общего образования» анықталған.
      Кесте 1
      Информатиканың профильді курсының дифференциациясы
|дифференциация принципі   |Түсініктеме                                    |
|А. Басты педагогикалық    |Мыналарды атауға болады:                       |
|қызмет бойынша            |• «Іргелі» профильді курс (мақсаты - ғылыми    |
|                          |дүниетанымның құралымы);                       |
|                          |• «Қолданбалы»профильді курс (мақсаты -        |
|                          |практикалық қызметке, еңбекке дайындық)        |
|Б. Пәндік облыстар        |Берілген пәндік облыстардың  біреуімен курсты  |
|бойынша:                  |байланыстыру:                                  |
|                          |• Филология;                                   |
|                          |• Қоғамтану;                                   |
|                          |• Математика;                                  |
|                          |• Жаратылыстану;                               |
|                          |• Технология;                                  |
|                          |• Дене тәрбиесі                                |
|В. Ақпараттық қызметтің   |Берілген ақпараттық қызметтердің біреуімен     |
|түрлері бойынша:          |курсты байланыстыру:                           |
|                          |• Ақпаратты өңдеу;                             |
|                          |• Ақпаратты сақтау, жіберу,қолдану;            |
|                          |• ақпаратты жіберу;                            |


      Нақты курстарға келетін болсақ, олар өте көп болуы  мүмкін  2  және  3
кестеде  ақпаратты  қызметтің  түрлері  мен  профильді   курстардың   пәндік
облыстардың  атаулары  берілген.  Келесі  тарауларда  осындай  курстар  анық
жазылған.


      Кесте 2
      Информатиканың профильді курстары, пәндік облыстармен байланысы
|Пәндік облыстар және оның құрамы |Профильді курстардың мысалы             |
|ФИЛОЛОГИЯ (тіл, әдебиет)         |Белгі қалыптары                         |
|Қоғамтану (тарих, қоғамтану,     |Қоғамдық процесстерде компьютерді       |
|география, экономика)            |модельдеу.                              |
|МАТЕМАТИКА (математика,          |Есептеуші математика және программалау  |
|информатика)                     |Математикалық модельдеу                 |
|                                 |Есептеуші техника                       |
|                                 |Программалау                            |
|                                 |Компьютерлітелекоммуникация             |
|Жаратылыстану (биология, физика, | Табиғатта компьютерлі модельдеу        |
|химия, экология)                 |процессі                                |
|Дене тәрбиесі (дене тәрбиесі,    |                                        |
|өмір тіршілік қауіпсіздігі)      |                                        |


      Кесте 3
      Информатиканың профильді курсы, ақпараттық қызметтермен байланысы
|Ақпараттық қызметтердің түрлері |Профильдік курстардың мүмкіндік         |
|                                |мсысалдары                              |
|Ақпаратты өңдеу                 |Мәтіндік ақпаратты өңдеу                |
|                                |Графикалық ақпаратты өңдеу              |
|                                |Сандық ақпаратты өңдеу                  |
|Ақпаратты алу, сақтау және      |Деректер қорын қолдану                  |
|қолдану                         |                                        |
|Ақпаратты жіберу                |Компьютерлітелекоммуникациялар          |


      Әлбетте, курс мазмұнында, 2 және 3 кестесінде көрсетілгендей,  маңызды
қиылусылар бар.  Ол  толығымен  қалыпты  жағдай,  себебі  пәндік  облыстарға
бағдарланған  курстар,негізгі  ақпараттық  технологияларды  және  ақпараттық
қызметтердің түрлерін  игереді.
      Керісінше, кестеде көрсетілген кейбір курстар, әртүрлі нұсқаларда бар.
Мысалы, «Программалау» курсы  шартты  атаулармен  мынадай  нұсқада  берілген
«Паскаль  тілінде  программалау»,   «Нысанды   бағдарланған   программалау»,
«Логикалық программалау» және т.б.
      Информатиканың профильді курстары интегралданған курстармен  тұтасады.
Профильді      және       интеграланданған       курстардың       арасындағы
айырмашылықтаратауларында ғана түйіседі, ал  кейде  терең  мінезді  қамтиды.
Нақ пәндік облысқа  бағдарланған  әрбір  профильді  курсты,  интегралды  деп
есептеуге  болады,  егер  оны  оқыту  барысында  оқушылар  жаңа  білім   мен
дағдыларды   тек   информатика   және   ақпараттық   технологиялардан   ғана
емес,сонымен қатар пәндік облыс бойынша  игерсе.Интеграция  деңгейі  әртүрлі
болуы  мүмкін:  егер  курста  информатика  айқын  көрінсе,  онда  ол  курсты
профильді деп атағанымыз жөн, ал егер жаңа материал информатика  мен  пәндік
облыспен  тең  болса  –   интегралды   деп   атаймыз.   Әдебиетте   көбінесе
«информатика + X» формуласымен берілгенді  интегралды  деп  атайды,  мұндағы
«X»  -   дегеніміз   математика.   Бұл   ғылымдардың   тарихи   жақындығымен
түсіндіреді,  сонымен  қатар  информатика  мұғалімдерінің   ерекшеліктерімен
солардың көбі математика мұғалімдері болып табылады.
      Информатиканың профильді курсын жобалауда  курстың  нормативтік  еңбек
сыйымдылығы маңызды сұрақ болады. Аптасына 1  сағат   2  жылдық  дайындықтың
өзінде, профилді курстың ең  ықтимал  көлемі  136  сағ.(соның  өзі  көбінесе
практикада).  Сол  уақытта   да   кіші   көлемде   профилді   курсты   жасау
мүмкіндіктерін жібермеу керек.  Информатиканы  терең  оқытатын   мектептерде
курстың көлемі едәуір үлкен, 272 сағатқа дейін(яғни аптасына 2 сағ).
      Айта   кетсек,    профильді    дифференциация    көбінесе    деңгейлік
дифференциациямен қиылысады. 2 және 3 кестесінде көрсетілгендей  белгіленген
курстарда екідеңгейлі дифференциация  болуы  мүмкін.   Бұл  ретте  профильді
курстың(оқылатын  материалдың  көлеміне   және   оның   игеруіне   қойылатын
талаптарға байланысты) деңгейі мемлекеттік  білім  берустандартына  жазылған
немесе оны уақытша ауыстыратын  құжатпен  салыстырылып  анықталады.  Мынадай
екі жағдайға назар аударсақ:
      • стандарт талаптың ең төмен деңгейін анықтайды, онда  профильді  курс
оның шектерінен шығады;
      • профильді курстың  деңгейін  оқушылардың  білімділігінің  деңгейімен
және  курстың(осы  параметрлерге   сай   талапты   аса   көтермелеуі   біраз
таратылған) жүзеге асуына жіберген уақытпен ара қатынасын белгілеу керек.
&&&
$$$002-006-100$Дәріс №5-6.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1. Білім беру парадигмасы


Дәріс № 7.

Тақырыбы: Модельдеуге нысандалған, информатиканың профильді курсы

      Информатиканың профильді  курсының  көбі  өз  атауларында  «модельдеу»
сөзін қосады немесе  мазмұнында  модельдеудің  элементтерін  қолданады.  Бұл
қалыпты  жағдай,  себебі  модельдеу    адамгершілік   мәдениеттің   құрамдас
компоненті болып табылады және табиғатты, қоғамды- қоршаған  ортаны  танудың
бірден-бір әдісі.
      Модельдеумен байланысты профильді  курсты  жобалауда,  терминологияның
мәселесі туындайды. Жиі мазмұнымен анық емес терминдер пайдаланыладыжәне  ең
алдымен оларға нысандалу қажет.
      Модельдеу табиғи  және  абстрактілі  болып  бөлінетіні  белгілі.Табиғи
модельдеу    информатиканың     шектерінде     жатқандықтан     одан     әрі
талданбайды.«Абстрактілі  модельдеу»  деген  ұғым  педагогикалық   әдебиетте
автордың     қатарының     "ақпараттық     модельдеу"     деген      ұғыммен
теңдестіріледі.14.1. суретінде лайықты топтастырукөрсетілген
      [pic]


      14.1. Модельді топтастырудың нұсқасы (В. К. Белошапкажәне т.б.)


      Оның авторлары — В. К.Белошапка, С. А. Бешенков,А.С.Лесневский.
      Модельді классификация түрлеріне мыналар жатады:
      • экспертті жүйелер;
      •статистикалықанализдыңжүйелері;
      • деректер қоры және т.б.
      Динамикалық модельдеуге:
      • кибернетикалық жүйелер (техника, биология);
      • компьютер;
      • ғаламдық модельдеу;
      • алгоритм дискретті процесстің формальді модельдеуі ретінде;
      • ақпаратты беру жүйелері.
      Ғылыми- педагогикалық әдебиетте кездесетін модельді классификация 14.2
суретінде көрсетілген. А.  В.  Могилев  және  Е.К.Хеннер  жұмыстарында  анық
жазылған.
      [pic]


      Рис. 14.2. Модельді топтастыру нұсқасы (А.В.Могилев, Е.К.Хеннер)


      Мынадай қолданбалы аймақтарда ұсынылған:
      • дәстүрлі(ең алдымен, теориялық физикаға, сонымен  қатар  механикаға,
химияға,  биологияға  және   т.б.)информатиканың   техникалық   құралдарымен
байланыссыз математикалық модельдеу;
      • ақпараттық модельдер және модельдеу соның  ішінде  қосымшаақпараттық
жүйелер;
      • вербальді (яғни сөздік, мәтіндік) тілдік модельдер;
      • ақпараттық (компьютерлік) технологиялар:
      — негізгі программалық жабдықтарды  қолдану  (мәтіндік  редакторларды,
кестелік процессорларды, телекоммуникациялық пакеттерді);
      — компьютерлі модельдеу, оның өзі:
      а) есептеуіш модельдеу;
      б) «процесстің және көріністің визуализациясы» (графикалық модельдеу);
      в)  «жоғарғы»  технологиялар,   компьютерге   негізделген   қолданбалы
технологияларды (қазіргі уақытта) өлшеуіш  аппаратураларымен,  сенсорларымен
және т.б. құралдарымен қолданыста.
      Осыдан қорытынды: қандай да бір ұғым кездестірсек, мәселен, ақпараттық
модельдер, осы контекста автор не  жайлы  айтып  отырғанын  түсінуге  тырысу
керек.
      Жоғарыда келтірілген топтастырудың нұсқаларында табиғи  емес(абстракт,
ақпараттық) модельдеуінің үлкен саны  көрсетілген.  Мектепте  информатикадан
профильді – нысандалған курсты құрастыруда олар тең құқылы емес. Осы  мақсат
үшін   физикалық    және    экологиялық    процесстіңдинамикалықмодельдерін,
дерекқорларымен және ақпараттық технологияларға  сүйенетін  классификациялық
(ақпараттық) модельдеуді жиі  пайдаланады;алайда  мектептеинформатика  курсы
статистикалық анализдың жүйелеріне немесе экспеттік  жүйелерге  сүйенетініне
елестету қиын.Оның екі түрлі себебі бар: біріншіден,объектілі  қиыншылықтар,
модельдеуге жататын тараулардың көбінің күрделілігі;екіншіден,дәстүрлік,оқу-
программалық-әдістемелік      қамсыздандырудың      болмағандығы,әдістемелік
жоспардың болмауы.Еске түсірсек, мектепте профильді  курс,ең  алдымен,  орта
білім берудің мақсатын көздейді.
      Модельдеу мен компьютер жайлы айтсақ.Абстрактілі(ақпараттық) модельдеу
   компьютерге  дейін  пайда  болған   және   дәстүр  бойынша,   модельдеуде
компьютерлерсіз жасалған нәрсе,  оларсыз  да  болып  жатады.  Компьютерлерге
модельдеуді қосу,  ереже  бойынша,  қосымша  абстрактіні  жүргізеді.  Алайда
модельдеуде  компьютердің  мүмкіндіктері  өте  көп,  олардың  көмегімен  көп
жағдайда алға жүруге болады. Осы тарауда айтылған курстың екі  міндеті  бар:
оқушыларға модельдеудің принциптерін, сонымен қатар компьютерге  негізделген
модельдеудің технологиясын түсіндіру.
      Профильді курсты жүргізуде, негізі  модельдеу  болса,  мұғалімдер  мен
оқушылар  алдында  кітаптармен,   басқа  оқу   –   әдістемелік   құралдармен
қиындықтар туындайды. Қазіргі уақытта айтылған курстар оқу әдебиетінен  көрі
көбінесе  мақалаларда,  диссертацияларда,  монографияларда  жазылған.Осындай
оқулықтармен қазіргі уақытта  жұмыс  істеп  жатыр  және  жуырда  олар  пайда
болады, ал оғанға дейін мұғалім өзі курсты, төменде  берілген  материалдарға
жүгініп жүргізеді.
      &&&
      $$$002-007-100$Дәріс №7.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
     1. Табиғи модельдеу
     2. Абстрактілі модельдеу

Дәріс №8
Тақырыбы: 12 жылдық мектеп мұғалімінің кәсіби тұлғасы
      Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп адамзат қоғамын алға
апаратын  күш  тек  білімде  ғана.  Қай  елдің  болмасын   өсіп   өркендеуі,
өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің  деңгейіне,
дамыту бағытына байланысты.
      Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев өзінің халыққа  арналған  Жолдауында
"XXI ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық" дей  келе
12 жылдық жалпы орта білімге көшудің керектігін айқын көрсетті.
      Осыдан-ақ,  мемлекетіміздің  өркениетті   елдер   қатарына   ұмтылуына
байланысты  әлемдік  білім  кеңістігіне  кіру  қажеттігі  туындап  отырғанын
көруге болады. Мұның өзі егемен  еліміздің  білім  мазмұны  мен  құрылымының
әлемдік елдер деңгейіне сай болуын меңзейді.
      Қазақстан Республикасының  2015  жылға  дейінгі  білім  беруді  дамыту
тұжырымдамасының мақсатында көрсетілгендей, әлемдік білім  беру  кеңістігіне
ықпалдастырылған   және   жеке   тұлға    мен    қоғамның    қажеттіліктерін
қанағаттандыратын  көп  деңгейлі  үздіксіз  білім  берудің  ұлттық   моделін
қалыптастыру  үшін  білім  беруді  дамытудағы   стратегиялық   басымдықтарды
белгілеу болып табылады.
      Қазіргі таңда қоғам алдына қойылып отырған басты міндеттердің  ең  бір
өзектісі - бүкіл білім жүйесін  түбегейлі  жаңартып,  дүниежүзілік  деңгейге
сәйкес келетін, жастарға сапалы білім беруге жағдай  жасайтын  және  олардың
үйлесімді дамуына, жеке бастың тұлға ретінде қалыптасуына  бағытталған  жаңа
үлгідегі мектеп кұру болып отыр.  Бұл  мақсатты  орындау  орта  білімнің  12
жылдық мерзімге өтуімен астасып жатыр.
      Еліміз 12 жылдық орта білім беруге көшу  мәселесін  шешуде  алыс-жақын
шетелдердің іс-тәжірибелеріне және соңғы кездегі педагогика  мен  психология
ғылымдарының алдыңғы қатарлы зерттеу нәтижелеріне сүйенуде. 12  жылдық  орта
білімге көшу аз уақыт ішінде, жеңіл түрде іске аса қоятын мәселе  емес.  Бұл
білім беру орындарының үйлесімді дайындығын, әрбір мұғалімнің өз ісін  қайта
қарауды, білімінің теориялык және әдістемелік тұстарынан  жетілдіруді  талап
ететін мәселе. Сонымен қатар, 12 жылдық орта білімге көшу осыған  байланысты
жарық көретін әрбір мемлекеттік құжаттар талаптарының өз кезінде  орындалуын
және  мұғалімдер  мен  оқушылар  қауымына   ұсынылатын   оқулықтардың,   оқу
құралдарының    педагогикалық,    әдістемелік,    психологиялык,    тұрғыдан
негізделуін керек етеді.


























      Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан үшін ең негізгі басымдықтың бірі – білім.
Білім ғылымның іргетасы және мемлекет дамуының алтын арқауы.  Елбасы  биылғы
халыққа Жолдауында  Қазақстанның  дамуының  басты  шарты  қоғам  мүшелерінің
білім деңгейінің артуына тікелей байланысты екендігін атап көрсетті.  Демек,
отандық білім жүйесі өз қызметін «білім беруге салынған  бүгінгі  инвестиция
– мемлекеттің ертеңіне жасалған қамқорлық»  деген  қағидатқа  сүйеніп  жұмыс
жасау керек деген сөз.Жалпы білім  бастауын  мектептен  алады,  оның  қайнар
көзі десек те болады. Сондықтан, мектеп неғұрлым таза, серпінді,  шығармашыл
болса, ол келіп құятын білім айдыны да сондай дәрежеде  болады.  Нәтижесінде
отбасы, қоғам, өмір жақсарып, сапалық көрсеткіштер  жоғарылайды.  Бір  жылға
жоспар құрсаң – егін ек, жүз жылға жоспар құрсаң  –  ағаш  ек,  ал  мәңгілік
мұратты көздесең – ұрпақ тәрбиеле деген ғибрат бар. Бұл жауапкершілігі  зор,
салмағы ауыр міндет. Өйткені бүгінгі  жас  буын  –  ел  болашағының  ертеңгі
кілті. ХХІ ғасыр тың идеялар  мен жасампаз жаңалықтардың дәуірі. Оған  лайық
болу- қазіргі  жаһандану  процесіндегі  кез  –  келген  мемлекеттің  негізгі
ұстанымы. Ендеше біздің тәуелсіз елімізде өркениетке жетелер жолдың  бастауы
– білім ордалары десек, оның жүрегі де, тірегі де мұғалімдер қауымы.
      Мұғалім ақпаратанушы емес, оқушының жеке тұлғалық  және  интелектуалды
дамуын жобалаушы. 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшу  мұғалімнен  жоғары
құзырлықты, ұйымдастырушылықты қабілеттілікті, оқушыларды  қазіргі  қоғамның
түбегейлі өзгерістеріне  лайық  бейімдеу,  олардың  зерттеушілік  дағдыларын
дамыту бағытын талап етеді.
      12  жылдық  білім  беруге  көшу  мұғалімді   «бұрыннан   келе   жатқан
педагогикалық білім, білік, дағдылық жүйені,яғни шамадан тыс  ақпарат  беріп
және нәтижеге сүйреп, соңында  оқушылардың  денсаулығының  нашарлауына  және
уақытын жоғалтуына апарып соғатын  жүйені  өзгертіп»,  керісінше  қалай  оқу
керек, қалай ойлау керек, кез –келген туындаған  міндеттерді  шешу  үшін  әр
тұлға пайдалана алатын жаңа технологияларды үйрету  айқындамасын  қабылдауға
бағдарлайды. (Қазақтан Республикасындағы12  жылдық  жалпы  орта  білім  беру
Тұжырымдама жобасынан келтірілген дәйексөздер)
      12 жылдық орта білім мазмұнының ең алғашқы бастамасы  бастауыш  буында
жүзеге асатыны белгілі. Себебі бастауыш буында  жоғары  сыныптарда  оқылатын
бүкіл пәннің іргетасы қаланып  қана  қоймайды,  сонымен  қатар  білім  алуға
талпынушылық, яғни балалардың  оқу  әрекеті,  танымдылық  белсенділік,  жеке
бастың адами қасиеттерінің негізі осы кезеңде қаланады.  Сонымен  қатар  осы
кезеңде баланың белсенділігі, оның рухани және дене күші де  дами  бастайды.
Осы жасқа лайықты мазмұн мен оны оқытудың әдісін саралау, бала жанына  жақын
қарым-қатынас арқылы оларды дамыту мәселесін ғылыми жолға  қою  оңай  мәселе
емес.
      Мұндағы мақсат - психологиялық  тұрғыдан  мектепке  жаңа  келген  алты
жасар баланың ойын  әрекетін  жалғастыра  отырып,  біртіндеп  оқу  әрекетіне
көшуін қамтамасыз ететін әдістерді қарастыру. Алты жасар бала үшін жаңа рөл-
оқушы, жаңа әрекет - оқу болса, осы мәселелерге олардың шаршамай,  жалықпай,
қызығушылықпен араласып кетуіне, маңайымен қарым-қатысының  күшеюіне  жағдай
жасау  мұғалімнің  шеберлігін  және  осы  жастағы   оқушының   психологиялық
ерекшелігін жете білуін керек етеді.
      Бастауыш мектепті бітіргенде 9 (тоғыз  )  жастағы  бала  XX  ғасырдағы
өзінің замандастарымен салыстырғанда оқу, ойлау,  қарым-қатынас  сияқты  іс-
әрекетінің жоғары деңгейімен, білімді  өздігінен  ізденуге  ұмтылушылығымен,
өзін-өзі    дамытуға    икемдігімен,    адамгершілік    және    отанжандылық
құндылықтарының жоғарылығымен, яғни тұлғаның барынша жан-жақты даму  үрдісін
сезіну біліктілігімен ерекшеленуге тиіс.
      Соңғы үшінші сатымыз  – бағдарлы білім беру.
      Бағдарлы  білім  беру  –  оқытудың  дифференцияланған  және  жекелеген
принциптері жүзеге асатын, толық жалпы орта білімнің қорытынды  кезеңі.  Бұл
кезеңде оқушылардың өмірлік қажеттіліктері мен қызығушылықтарының  арқасында
білімді тұлғалық  анықталу  мақсатында  жүргізе  отырып,  мамандық  таңдауға
мүмкіндік алады.


































      Кез – келген мұғалімде осы қасиеттер болса онда бұл мұғалімнің   жұмыс
нәтижесі мынадай болмақ:


























      Мына келесі сызбадан  біз нені  байқаймыз?Яғни  бұл  жерде  мұғалімнің
кешегі  күнге    дейінгі   ұстанымдары   мен   бүгінгі   күнгі   ұстанымдары
салыстырылып көрсетілген. Жалпы мектептердің барлығы дерлік 12 жылдық  білім
беру жүйесіне көшсе онда жұмыс  жасайтын  мұғалімдердің   де  өмірге   деген
көзқарасы өзгереді.












































      &&&
      $$$002-008-100$Дәріс №8.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
     1. Бағдарлы білім беру


Дәріс № 9-10.
Тақырыбы: 12 жылдық  мектепте  информатика  пәнін  оқыту  ерекшеліктері.  12
жылдық білім беруге ауысу жағдайында  оқушыларды  тәрбиелеу  жүйесінің  даму
перспективасы

      Елбасымыздың 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа  Қазақстан»  атты  халыққа
жолдауында айтып кеткендей: «Біз бүкіл еліміз  бойынша  әлемдік  стандарттар
деңгейіне сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз  керек».  Кез
келген  елдің  болашағы  білім  беру  жүйесінің  және   зиялылар   қауымының
деңгейіне  байланысты  болғандықтан,  Қазақстан  халқына   әлемнің   дамыған
елдерімен тең дәрежеде білім беру қажеттігі күмән тудырмайды.
      Өмір талабына сай мектеп жаңа әлеуметтік тапсырысты  орындауға,  басқа
мақсатты, формалы, сапалы білім  беруге  бағытталуы  қажет.  Ойлап  қарасақ,
барлық әлемдік кеңістіктегі білім беру идеологиясы «бүкіл өміріңнің  білімі»
принципінен  «өмір  бойғы  білімге»  ауысуда.  Бұл  идеологияны  және   ішкі
резервті  пайдалана  отырып,  жаңа  нарықтық  жағдайларға  жүйелі   бейімдеу
механизмін орындау – біздің міндетіміз.
      Сондықтан бүгінгі күні еліміздің білім  жүйесінде  оқыту  үрдісін  тың
идеяларға негізделген жаңа мазмұнмен қамтамасыз ету міндеті тұр. Жалпы  орта
білім   берудің   жалпыұлттық   деңгейдегі   басты   мақсаты   –   Қазақстан
Республикасының әлеуметтік,  экономикалық,  қоғамдық-саяси  өміріне  белсене
араласуға дайын,  құзыретті  тұлғаны  қалыптастыруға  ықпал  ету.  Ол   2008
жылдан бастап енетін, 12 жылдық  білім  беру  мазмұнынан  жан-жақты  көрініс
таппақ. 12 жылдық  жалпы  орта  білім  беру  педагогикалық  процестің  әрбір
қатысушысының шығармашылық потенциалы мен психофизиологиялық  ерекшеліктерін
ескере отырып, олардың дамуына  жағдай  жасауға,  сондай-ақ  негізгі  мектеп
оқушыларына  кәсіби  бағдар  беруге,  жоғары  сатыдағы  оқушыларды  бейіндеп
оқытуға бағытталған біртұтас жүйе құруды қарастырады.
      12 жылдық білім беруге ауысу жағдайында оқушыларды тәрбиелеу жүйесінің
даму перспективасы
      Қазіргі таңда Республикада 12 жылдық білім беруге көшу кезеңінде қоғам
дамуында  орын  алып  отырған  әлеуметтік-экономикалық  түбірлі  өзгерістер,
ынталы бастамалар,  мектепте  жалпы  білімнен  таңдаулы  білімге  көшу  және
болашақ жасөспірімдерді ғылыми техникалық прогресс  талабына  сай  тәрбиелеу
мәселесі оқу мақсатын, мазмұнын, түрін, әдісін қарастырып,  тәрбие  үрдісіне
көптеген өзгерістер енгізуді талап етеді.
      Біз тәрбие мен білімді егіз дүние деп келеміз. Бұл екеуі  бір  арнада,
бір мақсатта әрекеттескенде ғана оңды нәтиже бере алады.  Ғылыми  негіздерге
сүйенсек  адам  тәрбиесі  методологиясын  екіге   бөлуге   болады.   Бірінші
биологиялық индивид, екінші сананы жетілдіру сатысы.
      Қазақстан Республикасында Білім беруді  дамытудың  2005-2010  жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасында:  «Қазіргі  заманғы  электронды  оқулық
басылымдарын  әзірлеуге,  жалпы  білім  беретін  мектептің  негізгі  пәндері
бойынша электрондық оқулық басылымдарының таралымын ұйымдастыру және  оларды
дәстүрлі оқыту құралдарымен кіріктіруді жүзеге асыру керек. 12 жылдық  білім
беруге көшу кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады. 2008-2009 оқу  жылында
1-сынып оқушылары жаңа бағдарлама бойынша оқи бастайды», - делінген.
      12 жылдық білім берудегі оқушылар қызметінің мақсаты:
      - жеке  білім  беру  траекториясын  қоя  білуге  берілген  мүмкіндікті
қолдану (оқу материалын игеру деңгейі, қарқыны) ;
      - әрекет ету әдістерін,  тәсілдерін,біліктілігін  оқу  мен  әлеуметтік
құзыреттіліктің құрамдық бөлігі ретінде игеру;
      - оқу жағдайларын шешуге немесе құзыреттіліктің пайда болуына арналған
жұмыстардың әдістері  әдістері  мен  тәсілдерін,  біліктері  мен  дағдыларын
кіріктіру;
      - жалпы орта білім беретін мектептегі білім беру мазмұнын игеруге және
оны өзінің жеке білімдік капиталына енгізуге  арналған  ақпараттық  ортадағы
(оқулықтар,  оқу-әдістемелік   әдебиеттер,   мультимедиалық   бағдарламалар,
қашықтан оқыту технологиялары, Интернет  желісі  т.б)  берілген  мүмкіндікті
қолдану.
      &&&
      $$$002-010-100$Дәріс №9-10.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
     1. Құзыретті тұлғаны қалыптастыру
     2. Қазіргі заманғы электронды оқулық басылымдары

Дәріс №11
Тақырыбы: Жаңа құрылым мектебінің мұғалімі
      Бүгінгі күнде жалпы орта білім беретін  мектеп-  жаңа  қоғам  мектебі,
болашақ мектебі, яғни мәдени саналы, халықтық  мәдениетке  интеграцияланған,
жеке бағыттылық, баланың жеке басының дамуына педагогикалық жағдай  жасайтын
және  өзін-өзі  тануына  көмек  көрсететін,  физикалық  және  рухани  жағына
экологиялық  таза,  ізгілендірілген,  өмірге,  дүниеге  тік  қарай   алатын,
қоршаған  ортамен  жүйелі  байланыс  түзетін,   білімнің   жаңа   мазмұнымен
байланысқан, әлеуметтік өмірге бейімделген, бәсекеге  қабілетті  жаңа  ұрпақ
өсіріп,  дамытып,  жетілдіретін  мектеп  болуға  тиіс.  Мұндай  өнімді  және
нәтижелі,  сапалы  білім  беретін  мектеп  бүгінгі  күнде   өзіндік   мектеп
реформасын қажет етеді. Сондықтан да мектеп реформасы тек мектептің  басқару
жүйесі мен оқыту процесін ғана қамтып қоймай, сол  мектептің  бала  оқытатын
мұғалімдері мен  қызметкерлерінің  (мектеп  кітапханасыы,  мектеп  асханасы,
сабақ кестесі, сыныптар және т.б.) де түгелімен өзін-өзі жаңа бағытқа  қарай
кәсіби  шеберлігін  күнделікті  ұштауын  талап  етеді.  Болашақтағы   үлгілі
мектептің орнығуына байланысты онда білім  беретін  мұғалімдер  де,  олардың
кәсіптік сапалары мен педагогикалық  қызметіне  ерекше  өзгерістер  енгізуді
қажет деп санайды.
      Бүгінгі күнде мектептің жаңа реформалық жүйесі 12  жылдық  білім  беру
турасында әрбір өзін кәсіби  деңгейі  жетілген  деп  есептейтін  кез  келген
мұғалім, білім беру қызметкері бұл жүйенің қыр-сырын түгел  меңгермей,  бала
дамуының мәселелерін түгелімен  меңгере  алмайды.  Сондықтан  білімнің  жаңа
үлгісі  өзіне   сәйкес   жаңа   мұғалімдерді   талап   етеді.   Ол   мұғалім
шығармашылықпен жұмыс  істей  алатын  жеке  тұлға,  педагогикалық  қызметтің
барлық келеңді-келеңсіз жақтарын  зерттеп  меңгеруге  ынталы,  өзінің  пәнін
жетік меңгерген,  кез  келген  педагогикалық  жағдайда  өзінің  білімділігі,
парасаттылығы, ақылдылығы, мәдениеті, іскерлігі, шеберлігі,  арқасында  шеше
алатын, педагогикалық үрдістің нәтижесін жақсартуға ұмтылатын  мұғалім  болу
керек.
      12 жылдық білім беру жүйесіне көшу тұсында мұғалімнің кәсіптік жетілуі
мен дамуы тұрғысында көп мәселелер қарастырылуы қалыпты  жағдай.  12  жылдық
білім жүйесіне көшуде мектеп алдына негізгі  үш  бағытты  басшылыққа  алады.
Олар 1-бағыт:  оқушының  жеке  қабілетін  есепке  ала  отырып  жеке  даралық
бағытта оқыту.  2-бағыт:  оқушының  потенциалдық  мүмкіндіктерін  есепке  ал
отырып жеке даралық бағытта оқыту. 3-бағыт: ішкі қажетіліктерді  есепке  ала
отырып жеке даралық бағытта  оқыту.  12  жылдық  білім  жүйесі  бойынша  бұл
бағыттарды жүзеге асыру үшін мұғалім негізгі  үш  компонентпен  таныс  болуы
тиіс. Олар: инварианттық  компонент  –  мемлекеттің  базалық  оқу  стандарты
жүйесіндегі талаптар мен мазмұндарға жауап  беретіндей  жалпы  міндетті  оқу
жоспарының бөлімін меңгеру, профильдік компонент – профильдік оқу  стандарты
талаптарының  мазмұнында  көрсетілгендей   оқу   курстарының   тереңділігін,
оқытылатын  пәндердің  өзара  байланыстылығын  меңгеру,  тұлғалық  компонент
–оқушылардың  өзіндік  зерттеушілік  дағдыларын  қалыптастыруға   байланысты
мектеп ұсынған арнайы таңдау курстарын, оқу жоспарларын меңгеру.
      Жаңа үлгідегі мектеп мұғалімі қандай болу керек?  Деген  сұраққа  оның
кәсіби  шеберлігі  жөнінде  жалпы  орта  мектептің  мұғалімдеріне  қойылатын
талаптар  басшылыққа  алына  отырып,  негізгі  талаптар  толықтырылып,  жаңа
реформалық үлгідегі талаптар  ұсынылды.  Бұл  үшін  мұғалімге  педагогикалық
мәселелер бойынша пәннің теориясы мен әдістемесі, педагогика саласы  бойынша
оның әдіснамалық негізін, ғылымның, танымның теориясы мен әдістерін  меңгеру
оның   кәсіптік   сапаларының   қалыптасуы   мен   зерттеушілік   қызметінің
қалыптасуына өз септігін тигізеді. Сонымен,  білім  реформасы  инновациялық-
дидактикалық  іс-әрекетті,  инновациялық  әдістерді  және   технологияларды,
педагогикалық іс-әрекет субъектісінің  дамуы  мен  өздігінен  дамуына  бағыт
беретін  талаптарды  түзеді.  Бұл  міндеттерді  жүзеге  асыру  үшін  қазіргі
мектептерге   зерттеушілік-шығармашылығы   талаптарын    толық    меңгерген,
қызығушылықпен баланың жеке тұлға  болып  дамуына  өз  үлесін  қоса  алатын,
баланы өздігінен өмірге жетелейтін ақыл-кеңес бере алатын мұғалім қажет.
      Оқу  процесінде  көптеген  күтпеген  жағдайлар  болады.  Атап  айтсақ:
оқушылардың сабаққа үлгермеушілігі, ата-аналармен  қарым-қатынас  деңгейінің
жеткілікті  болмауы,  құрдастарымен  келіспеушілік  жақтары  және  т.б.  Бұл
мәселелердің  шешімін  мұғалім  әрбір  баланы  жеке  дара  зерттей   отырып,
мәселенің себебін зеректікпен анықтай алады. Егер  ол  мәселелер  шешілмеген
жағдайда бұл психологиялық соққыға тек қана мұғалім немесе  мектеп,  ата-ана
ғана емес, қоршаған орта, құрдастары да әсер етуі мүмкін.  Сондықтан  асығыс
шешім қабылдаудан бұрын мәселенің мән-жайын толық зерттеп біліп алу тағы  да
мұғалім үшін жауапты нәрсе. Мұғалім оқушының жас ерекшелігін ескере  отырып,
оқушылардың не қалайтынын қанағаттандыруды ұйымдастыруы қажет.
      Әрбір ұстаз үшін оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда  мол  білімділікті,
ақылдылықты, дұрыс іскерліктер мен дағдыларды  қолдануды  қажет  етеді.  Осы
ретте кейбір мәселелерді жаңаша  көзқараспен  қарастыруды  жөн  деп  есептей
отырып, мынадай эталондарды атап өткен жөн:
      - сабаққа педагогикалық-психологиялық талдау жасау;
      - дамыта оқыту жүйесінің мәні мен міндеттері;
      -сабақты ұйымдастырудың педагогикалық-психологиялық негіздері;
      - мұғалім жұмысының шығармашылық сипаты.


      12 жылдық білім беру барысында Информатика пәнін оқытудың нәтижелері
|Білуі тиіс          |Білуі тиіс                |Білуі тиіс             |
|- Компьютерде жұмыс |- ЕТ кабинетінде          |- Мемлекеттік          |
|жасағанда,          |компьютермен жұмыс        |ақпараттық сақтану     |
|санитарлық-гигиеналы|барысында денсаулық-тарын |жүйелерін              |
|қ талаптарды        |сақтап, техника           |                       |
|                    |қауіпсіздік ережесін      |                       |
|                    |қадағалауды               |                       |
|- компьютердің      |- ақпараттық және         |- ақпараттық және      |
|қосымша, яғни       |коммуникациялық           |телекоммуникациялық    |
|перифериялық        |технологиялардың қосымша  |жүйелердің қосымша     |
|құрылғыларын және   |бөліктері мен олардың     |бөліктері мен олапдың  |
|олардың функцияларын|функцияларын              |функциялары            |
|- MS Windows        |- негізгі қолданбалы      |- кең таралған         |
|стандартты ортасын  |бағдарламалар және жүйелік|қол-данбалы және       |
|- MS Office         |бағдарламалар: офистік    |жүйелік бағдарламалар: |
|элементарлық        |бағдарламалар,            |проектілеу жүйелері,   |
|негіздерін          |корпоративті ақпараттық   |ғылыми бағдарлама-лық  |
|                    |жүйелер, мультимедиа,     |жасақтама,             |
|                    |интернет                  |геоинформациялық       |
|                    |                          |жүйелер                |
|- ақпараттық        |- ақпараттық жүйелердің   |- ақпараттық жүйелердің|
|жүйелердің қолданылу|мазмұны, құрамын          |деңгейлерін            |
|орны: ролі және     |                          |                       |
|функцияларын        |                          |                       |
|- ақпараттық        |- ақпараттық технологияның|- ақпараттық           |
|технологияның ролі  |мазмұны және құрамын      |технологияның          |
|мен функцияларын    |                          |деңгейлерін            |
|- Интернеттің       |- Ethernet, Extranet,     |- WWW – World Wide Web |
|элементарлық        |Intranet және Internet    |дүниежүзілік ақпараттық|
|негіздері           |желілік жүйелері-Google,  |портал                 |
|- веб-сайт,         |Yandex, Yahoo, Aport      |- компьютер көмегімен  |
|электрондық почта,  |ақпараттық-іздеу жүйелері |өлшеу және есептеу     |
|веб-форум, веб-чат, |- e-Learning дистанциялық |технологияларының      |
|электрондық магазин |оқыту                     |принциптері            |
|                    |- видеоконференц байланыс |- компьютер мониторингі|
|                    |- интерактивті технология |- интеллектуалды       |
|                    |- электрондық сауда       |машиналар мен роботтар |
|                    |                          |- электрондық үкімет   |
|- алгоритмдер мен   |- моделдеу, конструктрлеу,|- компьютерді басқару  |
|программалар        |проектілеу және басқару   |объектілері мен        |
|                    |бағдарламалары            |жүйелерінің негіздері  |
|- Интернетке қосылу |- Интернеттен қажетті     |- қажетті ақпараттық   |
|- текстік,          |ақпараттық ресурстарды    |ресурстар кітапханасын |
|графикалық          |іздеу және табу           |дүниежүзілік ақпараттық|
|ақпараттарды құру,  |- инновациялық            |портал                 |
|сақтау              |технологиялар білімін     |-Интернет арқылы жіберу|
|- аудио және видео  |қолдана білу              |- графикалық           |
|ақпараттарды        |- құжаттарды анализдеу    |бағдарламалар          |
|демонстрациялау     |және синтездеу            |Photoshop, Corel Draw, |
|                    |                          |Adobe Illustrator      |
|                    |                          |- AutoCAD БҚ           |


      &&&
      $$$002-011-100$Дәріс №11.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
   1. Инварианттық компонент
   2. Тұлғалық компонент
   3. Профильдік компонент


Дәріс №12
Тақырыбы: 12 жылдық оқыту моделі
      Егемен  елімізде  жүзеге  асырылып  жатқан  ілгерілеу  саясаты   қоғам
өмірінің  барлық  саласына  түбегейлі  өзгерістер  енгізуде.  Қазіргі  таңда
қойылып отырған  күрделі  мәселелердің  ішінде,  жас  ұрпаққа  білім  беруді
әлемдік деңгейге жеткізу үлкен орын алады. Сондай қоғамдағы түрлі  бағыттағы
өзгерістердің  бірі  –  12  жылдық  оқыту  моделі.  Президентіміз  Нұрсұлтан
Назарбаев өзінің халыққа Жолдауында «ХХI ғасырда білімін дамыта  алмаған  ел
тығырыққа тірелері анық» дей  келе,  кадрлар  қорын  жасақтаудың  қажеттігін
айтты.  Сонымен  қатар  бұл  мәселенің   негізін   мектептен   басталатынын,
сондықтан да 2008  жылдан  бастап  12  жылдық  жалпы  орта  білімге  көшудің
керектігін  айқын  көрсетті.  Осыдан-ақ,  мемлекетіміздің  өркениетті  елдер
қатарына ұмтылуына  байланысты  әлемдік  білім  кеңістігіне  кіру  қажеттігі
туындап отырғанын көруге болады. Мұның өзі егемен  еліміздің  білім  мазмұны
мен құрылымының әлемдік елдер деңгейіне сай болуын меңзейді.  Қазіргі  таңда
қоғам алдына қойылып отырған басты міндеттердің ең бір  өзектісі-бүкіл  әлем
жүйесін түбегейлі жаңартып, дүниежүзілік деңгейге сәйкес  келетін,  жастарға
сапалы білім беруге жағдай жасайтын және  олардың  үйлесімді  дамуына,  жеке
бастың тұлға ретінде қалыптасуына  бағытталған  жаңа  үлгідегі  мектеп  құру
болып отыр. Бұл мақсатты орындау орта білімнің 12  жылдық  мерзімге  өтуімен
астасып жатыр.
      Еліміз 12 жылдық орта білім беруге көшу  мәселесін  шешуде  алыс-жақын
шетелдердің іс-тәжірибелеріне және соңғы кездегі педагогика  мен  психология
ғылымдарының алдыңғы қатарлы зерттеу нәтижелеріне суйенуде. 12 жылдық   орта
білімге көшу аз уақыт ішінде, жеңіл түрде іске аса қоятын мәселе  емес.  Бұл
білім беру орындарының үйлесімді дайындығын, әрбір мұғалімнің өз ісін  қайта
қарауды, білімнің теориялық  және  әдістемелік  тұстарын  жетілдіруді  талап
ететін мәселе. Сонымен қатар, 12 жылдық орта білімге көшу осыған  байланысты
жарық көретін әрбір мемлекеттік құжаттар талаптарының өз кезінде  орындалуын
және  мұғалімдер  мен  оқушылар  қауымына   ұсынылатын   оқулықтардың,   оқу
құралдарының педагогикалық, әдістемелік, психологиялық тұрғыдан  негізделуін
қажет етеді. Білім беруді ұзақ және  орта  мерзімді  дамытудың  стратегиялық
мақсаттары басым бағыттары  мемлекет  басшысының  «Қазақстан  –  2030»  даму
стратегиясында көрсетіліп, Қазақстан Республикасында 2005-2010  ж.бастап  12
жылдық көшу анықталған. 12 жылдық білім беруге көшу  жөніндегі  бағдарламаны
даярлау  «12  жылдық  білім  беру  проблемаларының  Республикалық  ғылыми  –
практикалық Орталығы»  РМКК  бастамасымен  дайындалды.  Бағдарламаны   жасау
бейіндік оқытуда сапалы білім алу,  әлеуметтік  тапсырысты  орындауға  деген
қажеттіліктен, сұраныстан туындап отыр.  Қойылған  мақсатқа  жету  және  оны
тиімді  түрде  жүзеге  асыру  үшін  12  жылдық  оқытуға   көшу   процестерін
оңтайландыру  мүмкіндіктерін  белсендіруге  жайлы  жағдай  жасау  қажет.  12
жылдық білім беруге көшу жөніндегі  Бағдарлама  –  бейіндік  оқытуға  көшуді
қамтамасыз  ететін басты стратегиялық құжат.  Бағдарламаны  жүзеге  асырудың
негізгі бағыттары мен тетігі.
      1. Ұйымдастырушылық – ақпараттық қамтылуы.
      Жұмыстың осы бағытының мақсаты – 12 жылдық оқытуға көшуді  ақпараттық,
жарнамалық-насихат және білім  беру  жүйесінің  ішкі  пайдалы  байланыстарын
пайдалану.
      2. 12 жылдық білім беруге көшуге дайындық жұмыстары
      Жұмыстың осы бағытының мақсаты  –  оқу-тәрбие  жұмысын  ұйымдастырудың
жаңа технологиясы мен тәсілдерін қолдану,  педагогтардың  тұлғалық-бағдарлық
оқытуға психологиялық даярлығы.  Білім  беру  қызметінің  сапасын  арттыруда
отбасы, мектеп және қоғамдық көпшіліктің өзара пайдалы әсері.
      3. Мектептің білім беру бағдарламасының мазмұнын жаңарту
      Жұмыс бағытының мақсаты – мектептің педагогикалық практикада 12 жылдық
білім беру  тұжырымдамасының  ережелеріне  сай  бейімделуі,  жаңа  бағдарлы-
әдістемелік  бағдарлама,  оқулық,  дидактикалық   материалдар,   әдістемелік
құралдармен қамтылуы.
      1. Ұйымдастыру – басқарушылық қамтылуы.
      Осы бағыт аясында өзара әрекет ету, 12  жылдық  оқытуға  қатысушыларды
ынталандыру мен қолдау,  Бағдарламаны  іске  асыру  барысы  мен  нәтижесінің
мониторингін жасау, бағалау.
      V. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже.
      Осы  бағдарламаның  стратегиялық  мақсаттарын  іске  асыру  қамтамасыз
ететін 12 жылдық білім беруге көшу мен әрекет етудің моделін жасау.
      Бейіндік  оқытуды   ұйымдастырудың   мағыналық   жағын   педагогикалық
кадрларды кешенді түрде даярлау арқылы ғылыми-әдістемелік ұйымдастыру.
      Оқушыларды мақсатты, тұрақты дамуы үшін жағдай жасау – оқу әрекеті мен
әлеуметтену субъектісі.
      &&&
      $$$002-012-100$Дәріс №12.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
     1. Бейіндік оқыту
     2. 12 жылдық білім беруге көшу мен әрекет етудің моделі






Дәріс №13


Тақырыбы:   12  жылдық  білім  беруде   оқушыларда   информатика   сабағында
қалыптастырылатын құзыреттіліктер

      Қазақстан Республиксының 2020 жылға  дейінгі  білім  беруді  дамытудың
Мемлекеттік  бағдарламасында  білім  берудің  негізгі  міндеті  –   білімдік
шоғырландырудан нәтижеге бағытталған құзыреттілік тұғырға  көшу.  12   білім
беру  жағдайында  әлемдік  деңгейдегі  белгіленген  білім  беру  міндеттерін
нәтиже ретінде көру мүмкіндігі туындайды. 12 жылдық білім беру  проблемалыры
орталығы дайындағын Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты  білім
берудің мазмұнын жобалау және белгілеу тәсілдерінің  жаңа  үлгісін  ұсынады.
Бұрын   мемлекеттік   стандарттар   берілетін   материалдың   көлемін    мен
құрылымынның нормаларын белгілеген  болса,  жаңа  стандарт  жобасында  білім
берудің нәтижелері норма ретінде бекітілген. Ең  басты  нәтиже  құзыреттілік
болып отыр.
      Құзыреттілік тұғыры бойынша білім беру  прагматикалық  сипатта  болады
және мыналарға бағытталады: тәжірибеден пайдалыны  ала  білу;  өзінің  алған
білімінің өзара байланысын ұйымдастыра білу және  оны  ретке  келтіре  алуы;
өзінің алдындағы міндеттерін өздігімен шеше алу біліктілігі.
      Бұл үшін «құзырет» және «құзыреттілік» деген ұғымдардың  мән-мағынасын
ашып алуды жөн көрдік. «Құзыреттілік»  және  «құзырет»  ұғымдарын,  тұлғаның
құрылуында феномен ретінде құзыреттілікке ие болудың  мәнін  және  табиғатын
түсінуде  А.М.Аронов,  Дж.Равен,   А.Н.Тубельский,   Б.И.Хасан   және   т.б.
пайымдауларының мәні зор. Соның  ішінде  А.М.Аронов  құзыреттілікті  белгілі
бір әрекетке даярлығы деп қарастыруды ұсынады, құзыреттіліктің  іс-әрекеттік
негізі   қазіргі   білімдік   және    болашақтағы    практикалық    әрекетті
байланыстырады. Ғалымның ойын жалғастырушы .Г.Б. Голуб құзыреттілік  тұғырда
оқушының  белгілі  бір  өнімі  бар  іс-әрекеті  жатыр,    «іс-әрекет   ойлау
әрекетінің   бөлігі»,   ал   құзыреттілік   «бұл   іс-әрекеттің    жіктелген
субъектіленген іс-әрекеті» деп ерекше атап  өткен.  Бұл  құзыреттілікті  іс-
әрекеттік категориясы деп түсінуге мүмкіндік береді. Автордың пікірінше,  ол
субъективтенген,  яғни  жеке  іс-әрекет  тәжірибесінен  өткен,   субъективті
тәжірибеге айналады. Сонымен, құзыреттілік– оқу мен өмір  жағдаяттарын  шешу
кезінде білім алушылардың  білімді,  біліктілігін,  дағдыны  және  әрекеттің
барлық тәсілдерін меңгеруі, білім берудің нәтижесі.
      Білім берудің күтілетін нәтижелері белгіленген мақсатқа сәйкес  мектеп
түлегінің негізгі құзырлылығы төмендегіше анықталады:
      Құндылықты-бағдарлы құзыреттілік -  оқушының  қоршаған  ортаны  бірдей
қабылдайтын  кабілеті,  жоғары  әдептілік.  кұндылықтар  негізіңде  жасампаз
коғам  өмірінде  өзінің  рөлін  таба  білу  біліктілігі,  азаматгылығы   мен
елжандылығы. Бұл құзыреттілік  өмірдегі  түрлі  жағдайларда  шешім  қабылдай
білу білігін қамтамасыз етеді. Ең бастысы, өзінің Отаны  Қазақстан  патриоты
болу, азаматтык, белсенділігін көрсету, саяси жүйені  түсіну,  болып  жатқан
әлеуметтік жағдайларға баға бере білу.
      Мәдениеттанымдық құзыреттілік — жалпы адамзаттық мәдениет жетістіктері
негізіндегі  іс-әрекет  тәжірибесін  және  қоғамдағы  дәстүрлер  мен   жеке,
отбасылық  және  әлеуметтік  өмірдік  мәдениет  негіздерін,  этномәдениеттік
құбылыстарды игеруге мүмкіндік  беретін  ұлттық  ерекшеліктерін  тани  білу.
Адам мен қоғамның дамуындағы ғылымның рөлін түсіну. Өзі  халқының  мәдениеті
мен әлемнің мәдени көптүрлілігін түсінуге және бағалауға  мүмкіндік  беретін
мәдени-демалыс кызметін тиімді ұйымдастыру тәсілдерін игеру; рухани  келісім
мен толеранттылық идеяларына бейім болу.
      Оку-танымдык құзыреттілік — окушының зерттеу әрекеті мен өзіндік  оку-
танымдық процесін қамтамасыз ететін кешенді құзырлылық. Бұл  құзырет  өзінің
білімділік қызметін ұйымдастыра  білуді,  тиімді  жоспарлай  білуді,  сәйкес
функционалдық  сауаттылық  талаптары  негізіндегі  білімді  игеруде  әлемнің
ғылыми  бағытын  түсінуге  ізденушілік  –  зерттеушілік  әрекет   дағдыларын
игеруге мүмкіндік беретін  өзінің  әрекетіне  талдау  және  қорытынды  жасау
тәсілдерін карастырады.
      Коммуникативті құзыреттілік  —  адамдармен  өзара  әрекет  пен  қарым-
қатынас  тәсілдерін  білуді,   түрлі   әлеуметтік   топтарда   жүмыс   істеу
дағдыларын, қоғамдағы түрлі әлеуметтік рөлдерді  орындауды,  өмірдегі  нақты
жағдайларда шешім қабылдау үшін байланыстың түрлі объектілерін  қолдана  алу
білігін, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде, халықаралық қатынаста  шетел
тілінде қатынас дағдылары болуын қарастырады.
      Ақпараттык-технологиялык құзыреттілік —  бағдарлай  білу,  өз  бетінше
іздей білу, талдай, тандай  білу,  өзгерте  білу,  сақтай  білу,  білім  мен
акпаратты акпараттық технологиялар мен  техникалык  объектілердің  көмегімен
жеткізуді жүзеге асыра білу және интерпретациялау білігі.
      Әлеуметтік-еңбек құзыреттілік отбасылық, еңбек,  экономикалық,  саяси,
қоғамдық қатынастар саласындағы  белсенді  азаматтық-қоғамдық  тәжірибе  мен
білімге ие болуды білдіреді. Бұл  құзырет  әлеуметтік  қоғамдық  жағдайларға
накты талдау жасай білуді, шешім қабылдай білуді, түрлі өмірлік  жағдайларда
жеке басына және қоғам мүддесіне сәйкес ықпал ете білуді қарастырады.
      Тұлғалық өзін-өзі дамыту құзыреттілік. Бұл құзырет  отбасылық,  енбек,
экономикалық және саяси қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді  азаматтық-
қоғамдық қызмет білімі мен тәжірибесінің  болуын  білдіреді.  Құзырет  нақты
әлеуметтік-қоғамдық  жағдайларға  таддау   жасай   білуді,   түрлі   өмірлік
жағдайларда {өзінің мүмкіндігін нақты перспективалық жоспарлаумен  салыстыра
білу және қызметін өзіндік кадір-касиет сезімімен үйымдастыра  білу,  өзінің
өмірі мен ісіне жауапты  карау)  жеке  және  коғам  пайдасына  сәйкес  шешім
қабылдауды және ыкпал етуді қарастырады.
      Құзыреттілігі жоқ мұғалімнің оқушылары да  құзыретсіз  екендігін  есте
ұстаған  жөн.  Құзыреттілік  құралдарының   тізімі   бәрінен   бұрын   оқушы
ұстанымына да байланысты. Оқушылардың  құзыреттілігін  қалыптастыру  олардың
белсенділігіне   байланысты   болады,   яғни    мұғалімнің    «белсенділігі»
оқушылардың белсенділігіне ауысқан  кезде  ғана  болады.   Оқушыларды  оқыту
үдерісінде төменде көрсетілген  технологияларды  белсенді  пайдалану  керек:
жобалар  әдісі,  жарыссөз  әдісі,  ойын   технологиясы   (рөлдік   ойындар),
проблемалық  пікірталас, интерактивтік  оқыту  технологиясы  (жұппен,  шағын
топтарда), модульдік оқыту технологиясы.
      Жобалар әдісі, мысалы, ақпараттық, коммуникативтік, жеке тұлға ретінде
өзін-өзі жетілдіру және т.б. сияқты құзыреттілікті қалыптастыруға  қолданыла
бастады.
      Оқу-танымдық құзыреттілікті қалыптастыру — бұл оқу іс-әрекеті  мен  өз
қызметін  талдау  біліктілік   дағдыларын   қалыптастыру   болып   табылады.
Жүйелілік  дағдылары,  мысалы,  сұлбалар,   алгоритмдер   құрастыру   арқылы
қалыптасады.  Осы  құзыреттілікті  қалыптастыру  үшін  сабақтарда   өзін-өзі
бақылау және өзара бақылау белсенді түрде қолданылады.
      Коммуникативтік  құзыреттілікті  қалыптастыру   ойын   технологиялары,
пікірталастар   көмегімен   сатылай   жүргізіледі.   Негізгі    біліктілікті
қалыптастыруда  оқу-әдістемелік  кешендер  мен  оқу  құралдары  маңызды  рөл
атқарады.
      Сонымен  қатар  информатика   сабағында   ақпараттық   технологияларды
пайдалану  арқылы  оқушылардың   ақпараттық   құзіреттілігін   қалыптастыру,
қазіргі  заман  талабына  сай    ақпараттық   технологияларды,   электрондық
оқулықтарды  және  Интернет  ресурстарды  пайдалану  оқушының   білім   беру
үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді.
      Қорытындылай келсек, оқушы құзыреттілігін қалыптастыру үшін  әр  ұстаз
өзіне тиімді әдіс-тәсіл мен технологияны қолдана алады. Ол “Модульдік  оқыту
технологиясы”,  Қараевтың  “Оқытудың   педагогикалық   технологиясы”   болуы
мүмкін, бірақ ең бастысы  шәкірт  қойылған  проблеманың  шешімін  өзі  табуы
керек, әрекет жасай білуі керек.
Дәріс №13.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
     1. Әлеуметтік-еңбек құзыреттілігі
     2. Ақпараттык-технологиялык құзыреттілігі
     3. Тұлғалық өзін-өзі дамыту құзыреттілігі
     4. Оқу-танымдық құзыреттілікті қалыптастыру
     5. Коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру

Дәріс №14
Тақырыбы: 12 жылдық  білім  беру  жүйесіндегі  бастауыш  мектеп  оқушыларына
информатика сабағын оқыту жолдары
|ХХ ғасыр – ақпарат ғасыры болғандықтан, адамзатқа компьютерлік сауаттылық|
|ауадай қажет. Ал бұл сауаттылықтың алғашқы баспалдағы мектептен          |
|басталады.                                                               |
|Қазіргі өмір талабына сай компьютерлік сауаттылықты жылдам дамыта отырып,|
|педагогика – психологиялық әдістемелік бастапқы дайындықты               |
|қалыптастырмайынша, балалар өз білім деңгейлерін көтере алмайды. Сол     |
|себепті информатика пәнін бастауыш сыныптан бастап енгізу қажеттілігі    |
|туындайды.                                                               |
|Оқушыларға информатика білімінің қыр-сырын жетік таныту, қабілеттерін    |
|шыңдау, кез-келген ортада өзін еркін ұстауға, Қазақстан Республикасының  |
|азаматы деген атқа лайық болатындай етіп тәрбиелеу – біздің міндетіміз   |
|болмақ. Ел болашағы сауатты ұстаздың қолында десек қателеспейміз.        |
|Болашақты жасайтын бүгінгі жастар, олай болса оқушы қиялын дамыту        |
|әзденімпаз ұстаздың қолында. Ол үшін ұстазға өзінің білімін үздіксіз     |
|жетілдіру, оқытудың әдіс – тәсілдерін меңгеру, ғылыми әдістемелік        |
|басылымдарды көбірек оқу, ізденістерін тәжірибеде қолданып отыруы қажет. |
|12 жылдық мектептің информатика пәнінің ұстазы өскелен заман талабына    |
|сәйкес шығармашылыққа бейім зерттеу жұмысы тәсілдерін қолдана алатын     |
|маман болуы тиіс.                                                        |
|Ғалымдардың, практик – ұстаздердің пікірінше, информатика курсын бастауыш|
|сыныптарда оқытуға негіз болатын факторлар мыналар:                      |
|-   бастауыш мектеп оқушысын ақпараттық қоғамға бейімдеу;                |
|-   ерте жастан балалардың ақпараттық ойлау қабілетін дамыту;            |
|-   бастауыш мектеп оқушыларының ақпараттық мәдениетін қалыптастыра      |
|отырып, әлемдік ақпараттық білім кеңістігіне даярлау.                    |
|Информатика сабағында оқушылар компьютермен алғаш танысып, оқу, ойындық  |
|және бастауыштағы пәндер мазмұнына құралған жаттықтырушы бағдарламалар   |
|негізінде компьютерлік сауаттылықтары қалыптасады. Баланың компьютерлік  |
|сауаттылықты меңгеруі- бұл сабақта және сабақтан тыс кезде компьютерді өз|
|қажетіне қарай еркін пайдалана білуі, сондай ақ техникаға сауатты ұқыпты |
|қарауы. Информатика сабағының тағыда бір мүмкіндігі оқушылардың қоршаған |
|ортаның элементтерін танып, оларды ажырата білу қабілеттерін дамытса,    |
|екіншіден, ойлау, есте сақтау қабілеттерімен қатар байқағыштығын зейінін,|
|берілген тапсырманы орындаудың оңтайлы, тиімді жолдарын таба білу        |
|қабілетінің дамуына әсері мол. Психологтардың зерттеуінше, ойлаудың      |
|логикалық құрылымының негіздері 5-11 жас аралығында қалыптасады.         |
|Сондықтанда алгоритмдік даму қабілеттерін барынша ерте жастан            |
|қалыптастыру қажеттігі өзінен-өзі туындайды.                             |
|Информатиканың бастауыш мектеп оқушыларына бергендегі тиімділігі:        |
|1.     Алгоритмдік ойлау және ақпараттық мәдениетті, жүйелеу, талдау     |
|ерекшеліктерін қалыптастырады .                                          |
|2.     Даралық интеллектіні және сезім-жігер қасиеттерін, есте сақтау    |
|және түйсіну, қиял,қабылдау негіздерін дамытады.                         |
|3.     Оқушыларда азаматтық және дүниетанымдық  тәрбиені,   ақыл- ой     |
|танымын,өмірге көзқарасын қалыптастырады.                                |
|Бастауыш мектеп оқушыларына арналған информатика сабағының құрылымы:     |
|1.     Ұйымдастыру кезеңі (1-2 минут)                                    |
|2.     Бой сергіту. Мысалы логикалық есептер, математикалық есептер, есте|
|сақтау қабілетін дамытуға арналған есептер (3-5 минут)                   |
|3.     Үй жұмысын тексеру (3-4 минут)                                    |
|4.     Жаңа сабақты түсіндіру немесе дәптермен жұмыс (10-12 минут)       |
|5.     Сергіту сәті (1 минут)                                            |
|6.     Үй жұмысын беру. Міндетті түрде түсіндіріп беру керек  (2- 3      |
|минут)                                                                   |
|7.     Компьютермен жұмыс (8-10 минут – 1 сынып; 10-15 минут – 2-4       |
|сыныптар)                                                                |
|8.     Бой сергіту (1 минут)                                             |
|9.     Сабақты қортындылау (2-3 минут) [2]                               |
|Сабақтың құрылымын осылай бөлудің себебі:                                |
|·     Оқушылар бір жұмыстан тез жалықпайды;                              |
|·     Сабақ үстінде шаршамайды;                                          |
|·     Бастауыш сынып оқушылары жай жазып жай оқиды, сол себептен         |
|тақырыпты біз ауызша түсіндіруіміз керек, жеке жеке оқушылардың алдына   |
|жазылған дайын конспект таратсақ оқушы үйіне барған кезде өткен          |
|материалды асықпай қайталайды;                                           |
|·     Сабақ үстінде дайын компьютерлік оқыту құралы болмағандықтан өзіміз|
|әзірлеген флипчарттар мен презентацияларды қолдануға болады. Дайын       |
|флипчарттармен оқыту жылдам және жаза алмайтын оқушылар үшін суреттеме,  |
|бейнелер арқылы көрсетіліп түсіндіріледі, сабақты қызықты жүргізуге және |
|оларды сабақтан жалықтырып алмауға мүмкіндік береді. Осы мақсатта сонымен|
|қатар сабақ ортасында сергіту сәттерін қоса отыру әдістері өте тиімді    |
|ұйымдастырылуы тиіс;                                                     |
|·     Оқушыны сабаққа деген қызығушылығын қызықты әрі тартымды           |
|тапсырмалармен арттыру керек, мысалы осы тапсырманы орындағаннан кейін   |
|әсем сурет шығады, әріптердің барлығын дұрыс қойсан сиқырлы ертегідегі   |
|кейіпкер пайда болады, басқа оқушыларға қарағанда тезірек тапсырманы     |
|орында т.б. тапсырмалар оқушыға ойын түрінде түсінікті де және қызықты   |
|болады.                                                                  |


      Дәріс №14.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
     1. Мектеп оқушысын ақпараттық қоғамға бейімдеу жағдайы?
     2. Мектеп оқушысын әлемдік ақпараттық білім кеңістігіне даярлау


Дәріс № 15
Тақырыбы:   12 жылдық білім жүйесіндегі бастауыш сыныпта информатика
сабағын оқытудың  маңызы

      Қазіргі заман мектеп оқушыларын құбылмалы әлемге бейімдеуге, өзінің
жеке өмірінде болашақ кәсіптік әрекетті тануға мүмкіндік беретін
өзгерістерді талап етеді.
12 жылдық білім беру барлық   ұлттық  білім  беру  жүйесіндегі  реформа,  ол
«жылдам дамушы ортада өмір  сүруге  қабілетті,  өзіндік  дамуға  даяр,  өзін
таныта алатын және өзі үшін де қоғам үшін де  бар  мүмкіндігін  пайдаланатын
жоғары білімді шығармашыл, құзыретті  тұлға  қалыптастыруды  және  дамытуды»
алдын ала болжайды.
     Заман талабына сай білім беру жүйесі жас  ұрпақты  жеке  тұлға  ретінде
қалыптастырудың маңызды мәселелерін шешудің түрлі жолдарын қарастыруда.  Оны
қалыптастыру қоғамдағы негізгі сала-білім беру жүйесіне міндеттеледі.  Елдің
елдігін,  бірлігін  сақтап,  көркейтетін,  басқа   елдермен   терезесі   тең
өркендейтін, болашағын айқын көрсететін білім  беру  жүйесі.  Ұрпаққа  білім
беру отбасынан бастап, еліміздің қоғамдық жүйесін қамтитын  іс.  Бүгінгі  12
жылдық білім беру қажеттілігі еліміздің игі мақсатқа  жетуі  үшін  көзделген
сара жолы десе болғандай. 12 жылдыққа көшу  білім  саласына  көп  өзгерістер
енгізеді, әрі нағыз білім сапасының нақты бағасын бермек.
[pic]
     Елімізде ақпарат ағымы  қарқындап,  ғылым  мен  техниканың  өркен  жаюы
өмірге келген баланың даму, өсу, қалыптасу жолын  ерекше  қарастыруды  талап
етеді. Мектеп жасындағы баланың жас ерекшелігін зерттеу,  формальді  тек  іс
қағаз, сауалнама арқылы  жүргізіліп  келген  болатын.  Жан-жақты  зерттеудің
тұтас бағдарламасы болған емес. Алғашқы  күннен  баланың  үлгерімі  мен  іс-
әрекетін  бір-бірімен  салыстыру  арқылы  шектелген   көрсеткіштер   бойынша
бағаланатын. Осындай тәсілдердің кемшілігін бүгінгі күнде көріп отырмыз. 12-
жылдық білім қазіргі  өмір  талабын  айқындап,  жаңа  ғасыр  білім  жүйесін,
тәрбиесін ұсынады.
     Баланы барлық жағынан тәрбиелеу үшін  оны  барлық  жағынан  білу  керек
деген  дана  педогогикалық  шындықты  естен  шығармауымыз   керек.   Қазіргі
педагогика оқу мен тәрбиеге  зерттеу  әдісін  ұсынып,  мұғалімнің  жұмысында
оқушының  даму  деңгейіне,   яғни   ақыл-ой,   адамгершілік,   физиологиялық
ерекшелігіне баса назар аударуды қажет ететіндігін көрсетеді. Қоғамдық  және
кәсіп иелері өмірінің салаларында қарқынды  түрде  өзгеретін  еңбек  жағдайы
күнделікті жұмыс технологияларының өзгеруіне әкеп соқтырады. Осы  өзгерістер
қоғамның болашақ  мүшелерінің  дайындығына  қойылатын  талаптарына  да  әсер
етеді. Адамның  өз  өмірінің  субъектісі,  қоғамдағы  белсенді,  өз  бетімен
болатын күш,ең жоғары құндылық және барлық  заттың  өлшемі  ретінде  түсінуі
білім берудің жаңа құндылықтарының тууына әкеп  соқтырады.  Қазірден  бастап
білім  берудің  іс-әрекеттік  құндылық  парадигмасының   және   білім   беру
қоғамдастығының   кезеңі   басталуда.   Мектеп    алдындағы    міндет    оқу
бағдарламаларына осы өзгерістерді  енгізіп,  қажеттіліктерін  қанағаттандыру
үшін оқытудың мазмұны мен әдістерін қайта құру  болып  табылады.  Ақпараттық
технологияның дамуы қоғамның әр мүшесінің танымдық  көзқарасының  жетілуіне,
білім беру жүйесінің нәтижелі моделіне байланысты.  Ақпараттандыру  қоғамның
барлық салаларына ерекше үлесін тигізбек.
    Оқыту,  білім  беру  тәжірибесі  педагогикалық  үрдістің  сапасын  үнемі
арттырып  отыруды   талап   етеді.   Сол   себепті   педагогикалық   үрдісті
технологияландыру мәселесі маңызды болып саналады.
Қазіргі  ақпараттық  қоғамда  өндірістің  дамуының  негізгі   құралы   болып
ақпараттық ресурстардың қажеттілігі көрінеді. Сондықтан  білім  беру  саласы
да өзінің дамуы  үшін  жаңа  қадамдарға  баруда.  Осыған  байланысты  адамға
ақпараттар  кеңістігінде  дұрыс  бағытты  таңдауға  мүмкіндік  жасай  алатын
оқытудың жаңа технологиялары пайда болуда.
    Жаңа ақпараттық технологиямен  орындалатын   қызмет  өзінің  кез  келген
нақты формасында тиімдірек орындалады, адам өркениетті бола бастайды.
Ұрпақ үшін кітаптың маңызы қандай болса, компьютер де  оқушы  үшін  қоршаған
әлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Олай болса,  барлық  сабақтарды
компьютерлердің  қуаттануымен  жүргізуді  үйрену  –  бүгінгі  күннің   кезек
күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі.
     Соңғы  жылдары  білім  беру  аясы  жүйесінде   компьютерлік   техниканы
пайдалану белсенді түрде  жүзеге  асырылуда.  Білім  беру  жүйесіндегі  жаңа
ақпараттық технология  дегеніміз  –  оқу  және  оқу-әдістемелік  материалдар
жинағы, оқу қызметіндегі есептеуіш техниканың техникалық құралдары,  олардың
ролі мен орны туралы ғылыми  білімнің  жүйесін  және  оқытушылар  еңбектерін
жүзеге асыру үшін оларды  қолдану  формалары  мен  әдістері  деген  анықтама
беруге  болады.  Яғни,  ақпараттық  технология   –   білім   беру   мекемесі
мамандарының жұмысын жүзеге асырушы  әдістер  мен  формалар  және  балаларға
білім беруші құрал.
      Ақпараттық  технология   қызметінің  құралы  ретінде  жаңа  ақпараттық
технологияның компьютерлік құралдары қолданылып жүр, алайда  заман  талабына
сай компьютерлік техниканың  дамып  жетілуіне  байланысты  ғылыми  сипаттағы
компьютерлік бағдарламаларды  жасау керек және  ол  оқушының  іс  әрекетінің
интеллектуалды құрылысымен сәйкес келуі тиіс.
Педагогикалық   және    әдістемелік    әдебиеттерде    оқытуда    ақпараттық
технологияларды пайдаланудың бірнеше бағыттары көрсетілген, солардың  ішінде
мектептегі оқу практикасында қажеттілерінің негізгілері  мыналар:  компьютер
-  оқушы  білімін  бағалау  құралы;  компьютерлік   модельдеуді   қолданатын
зертханалық    практикум;    мультимедиа-технология,     жаңа     материалды
түсіндірудегі  иллюстрациялық  құрал;  дербес  компьютер,  білім   жетілдіру
құралы.
   Мұғалім жұмысы практикада оқушы білімін бағалау  үшін  алатын  тақырыптық
тестерден көрінеді. Тест көзі мультимедиа компакт-дискілер  немесе  интернет
желісі болуы мүмкін.
    Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалану өз  білімін  көтеру
тиімділігін  де  арттырады.  Бұл  бірінші  кезекте  сандық  түрде   жазылған
ақпараттарды пайдалану кезінде қажетті мәліметтерді  оңай  табуға  мүмкіндік
береді. Қазіргі кезде көптеген  әлемге  танымал  энциклопедиялар,  сөздіктер
электронды түрге айналдырылған.
   Бірақ, практика  көрсеткендей,  компьютер  толыққанды  оқу  құралына  әлі
айнала қойған жоқ. Бұл көптеген дербес жағдайларға байланысты:
–     Уақытша. Мектеп бағдарламасындағы әрбір  пәннің  өз  ұйымдастырушылық-
әдістемелік және мазмұндық ерекшеліктері болады, соған орай оған  ақпараттық
технологияны «енгізу» кезін таңдай алу керек.
–     Техникалық.  Дербес  компьютерлердің  техникалық  сипаттамасы  әрқилы.
Сондықтан өзімізге  қажет  қосымша  құрылғыларды  (сканер,  принтер,  модем,
наушниктер, микрофон және т.б.) таңдай білуіміз керек.
–     Ұйымдастырушылық.  Пәнді  оқыту  үрдісіне  ақпараттық  технологияларды
енгізу барысында бағдарламалық жабдықтарды баптау және  құрылғыларды  жөндеу
сұрағы тұрады. Сондықтан мұғалімдерге білікті көмекші қажет.
   Осы шарттарды орындаған жағдайда қазіргі  ақпараттық  технологиялар  әсер
етуші дидактикалық құралдар болмақ.  Оқу  үрдісінде  компьютерлік  техниканы
қолданудағы қиыншылықтар көбіне мұғалімнің дербес компьютерді   дидактикалық
құрал ретінде қабылдауына дайын екендігіне байланысты.
    Қазіргі кезде компьютердің  көмегімен  тек  белгілі  бір  аудиторияларда
ғана емес, сонымен бірге қашықтан оқыту үрдісі де дамып келе жатыр. Ол  үшін
Интернет  желісіне  қосылған  компьютер  керек.   Қашықтан   оқыту   кезінде
тапсырманы және  онымен  бірге  ұсынылған  оқулықтарды  қарап  отырып  білім
алғысы  келетін  адам  өзі  ізденіп,  жауаптарын  салып   жібереді.   Немесе
бірлескен телеконференцияларға қатысады. Оқытудың бұл түрі анағұрлым  арзан,
әрі қалаған уақытыңда оқуыңа, тапсырмаларды орындауыңа мүмкіндік береді.
     Бұның бір мысалы ретінде 2007-2008 оқу жылының  басында  ҚР  Президенті
Н.Назарбаевпен бірге өткізілген интерактивті  сабақты  айтуға  болады.  Егер
біз барлық мүмкіндіктерімізді толық пайдалана  алатын  болсақ,  онда  біздің
келешек ұрпағымыз компьютерлік технологиямен толыққанды білім ала алады.
     Ақпараттық  технологияның  қолданбалы  информатика   ұсынатын   әртүрлі
техникалық құралдары және  құрылғылар  көмегімен  жинақтау,  сақтау,  іздеу,
өңдеу  жолдары  және  әдістер  жүйесі   ретінде   қарастырамыз.   Ақпараттық
технология  мақсаты  қолданушының  қажеттілігне  сәйкес  ақпараттық   өнімді
қолдану  және  сапалы  құрастыру   болып   табылады.   Оқытудың   ақпараттық
әдістерінің бірі-білім беруде интернеттің байланыс мүмкіндіктерін  қолданып,
шексіз ақпарат ресурстарын пайдалануға ұмтылу.  Бүгінгі  таңда  оны  қолдану
үшін таным мүмкіндігін жүзеге асыруда, кез келген  ақпарат  ресурстарын  бар
жағдайда іс-әрекет жолдарын меңгерумен  байланысты.  Бұрынғы  білім  берудің
әдістемесі қазіргі қоғамның талаптарына жауап бере алмайды, ал оқытуда  жаңа
технология қолдану мектептің дұрыс бағытта  дамуына  жол  ашады.  ХХІ  ғасыр
білім стандартын құрайтын үш маңызды құрам іске асырылуы тиіс:
•  Ақпаратты іздеуді және таңдауды жүргізу дағдысы.
•  Шет тілін білуі.
•  Бастауыш қоғам түсініктерін білуі.
     Педагогтер XXI ғасырды «Жаңа ақпараттық технология» кезеңі деп  атайды,
қазір кез келген ақпаратты табу жолдары  оңай.  Сондықтан  оқушыларды  қажет
ақпаратты тауып, оны талдап ойластыруға  үйрету  -  оқыту  технологияларының
бір аспектісіне айналып  отыр,  әрі  таным  белсенділігінің  артуына  тиімді
әсерін береді.
     Білім беру технологиясы - оқу барысын жоспарлау, оқушылардан  тест  алу
және білім беру жүйесі ретінде мектеп іс-әрекетін басқару үшін жүйелі  тәсіл
мен  ілеспелі  тәжірибелік  білім  жиынтығын  құрады.  Оқыту   технологиясы-
дидактикалық бағытта  оптимальды  жүйелердің  принциптерін  анықтаудың  және
жасаудың, алдын ала сипаттамалары берілген қайталауға  келетін  дидактикалық
процестерді  конструкциялаудың  ғылыми  зерттеу  аясы.Ақпараттық  технология
білім берудің негізгі мақсаты қоғам талаптарына  жауап  бере  отырып,  қоғам
өмірінің әр кезеңінде қажеттіліктің өзгеріп, соған  орай  білім  берудің  де
негізгі мақсатын өзгертеді.
    Стандартты білім берудің мақсаты,  қарапайым  сөзбен  айтқанда,  оқушыны
жан-жақты дамыту. Оқу іс әрекеті белгілі бір  құрамдас  бөліктерден  тұрады.
Олар:
1) оқу ситуациялары (немесе міндеттері);
2) оқу әрекеті;
3) бақылау;
4) бағалау;
    Төменгі сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетінде  жаңа  ұғымды  меңгеру
процесін түсіну, оны қорыту және қолдану сияқты үш кезеңнен тұрады.  Сондай-
ақ зерттеу нысаны мақсаттылықпен талдау нәтижесінде оның мәнді  және  мәнсіз
жақтары сараланып, қорытындыланады да, содан соң соның негізінде  жекеленген
(мәселелер) шешіледі. Олармен қоса жас  баланың  бойында  оқытудың  бастапқы
сатыларында  оның  білімінің  жан-жақтылығын  қамтамасыз  етуге  бағытталған
білімнің әмбебаб кешенін және әрекет (алгоритмдер)  тәсілдерін  қалыптастыру
мәселесі де қойылады. Біздің пікірімізше,  төменгі  сынып  оқушыларын  білім
беру салалары категориялары жүйесінде оқыту  оларға  арнайы  қандай  да  бір
пәндермен  бірге  жан-жақты  әрекет,   қызмет   амалдарын   үйрету   аясында
жүргізілуі   тиіс.   Бұл   жинақтай    келгенде,    ақпараттық    мәдениетті
қалыптастырудың  негізін  құрайды.  Бұл  процесті  қалыптастыруда    бақылау
әрекетін  қолдану  арқылы  іске  асырылды.  Ол  үшін  оқушыларда   игерілген
білімнің белгілі бір жиынтығын информатика  пәнімен  байланыстырып  танымдық
тапсырмалар арқылы бақылау жұмыс түрі жүргізілді.
Олардың бір қатары  оқушылардың  жаңа  оқу  курсын  игеруге  деген  дайындық
деңгейін  бағалауға  арналса,  екіншілері  оқушылардың   біліміндегі   нақты
кемшіліктерді анықтауға, мақсатты түзету жұмысын  жоспарлауға  жәрдемдеседі,
ал  үшіншілері  оқытудың  кейінгі  үрдісін  және  оның  нәтижелеріне  болжам
жасауға ықпал етеді.
    Тапсырмаларды   орындау   алдында   информатика    пәнінен    оқушыларға
тапсырмалардың орындалуындағы талаптарға көңіл аударуы сұралынады.
   Берілген тапсырмаларда  бала  қабылдаған  заттарын  талдау  және  саралау
мүмкіндіктерін  пайдаланып  онда  заттардың  жекелеген  тікелей  қасиеттерін
анықтайды.  Материалдарды   мағыналық   жағынан   топтап,   оның   жекелеген
бөлімдерін салыстырады.
    Бұл  тапсырманы  оқушылардың  танымдық  іс-әрекеттерін,  логикалық  ойын
қорытып, оның елеулі байланыстары  мен  қатынастарын  кеңінен  талдап,  есте
сақтайды және басқа тапсырмаларды орындағанда қолдана бастайды.
     Бастауыш сыныпта, информатика  пәнінде  бақылау  әрекеттерін  пайдалану
барысында,  оқушылардың  ой  қорытулары  көрнекі  алғы  шарттарға,  қабылдау
деректеріне сүйенеді. Қорытынды жасау дәлелдер  негізінде  емес,  қабылдаған
мәліметтерге тура қатынасы жолымен жүзеге асырылады.
      Көрнекі  бейнелеулер  мен  суреттеулер  арқылы  оқушылар  заттар   мен
құбылыстардың белгілері  мен  қасиеттерін  ұғынады.  Сонымен  қатар  белгілі
заттар  мен  құбылыстарды  жіктеу  іскерлігі  бастауыш  мектеп  оқушыларының
танымдық, ақыл-ой әрекетінің жаңа күрделі формаларын дамытады.
       Ақпараттық технология  әдістері  мәліметтер  қорының  әдістері  болып
табылады. Ақпараттық құрал  ретінде  математикалық,  техникалық,  ақпараттық
және басқа құралдар жатады. Ақпараттық технология  қолдануда  оқушы  өз  іс-
әрекетін, міндеттерін шешудің әдіс тәсілдерін қайта жаңғыртып  игереді.  Бұл
әрекет пәндік те,  ақыл-ой  шеңберінде  де  орыдалады.  Кейбір  танымдық  іс
әрекеттер кез-келген оқу материалдарьн игеру, жұмыс  істеу,  кейбірін  қайта
жаңарту  тән.  Оқушылардық  танымдық  іс-әрекетін  дамытуда  кез-келген  пән
бойынша ақпараттық технологияның орны ерекше.
  Сабақ барысында әр пәнге сай компьютерді пайдаланып сабақ жоспарын  құруға
болады,әр оқушы өз компьютеріндегі модульдік жұмыстарды  пайдаланып  өз  іс-
әрекетін көрсетеді. Компьютердің алгоритмдік құрылымы арқылы оқушы  танымдық
көзқарасын жетілдіреді, қызығушылығы артады.
      Ақпараттық технология бүгінгі таңның  өзекті  мәселесі,  сондықтан  12
жылдық білім жүйесінде осы бағыт орынды қолға алынған.
2  сыныптан  бастап   информатика   пәні(инвариативті)   жүретіндігі   бізді
қуантарлық жағдай, әрі ақпараттық технологияны бастауыш  сыныпта  қолданудың
тиімділігі жоғары екені  айқын көрініп отыр.
                        Ақпараттық технологияның тиімділігі:
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
 
  12 жылдық білім беруде  информатика пәнін оқыту арқылы   әр тұлғаның  жан-
жақты   дамуына,   алған    мәліметтерді    сәйкестендіруіне,    есептеуіне,
салыстыруына,  диагностика  құруына,  болжамдар  жасауына,  ұлттық   өзіндік
танымның дамуына үлкен үлесін тигізіп,білім берудің  тиімді  жолын  таңдауға
әрекет етеді.
      Информатика пәнін оқытуда кез келген сабақ  –  ол  оқу  үрдісінің  бір
бөлігі, сондықтан да оқып  үйретуді  ғылыми  танымда  нақтылықтың  критерийі
ролін атқаратын өмірмен, практикамен байланыстыра білуге, ал оқу  процесінде
– оқуға ынталылықты, оған оң  көзқарасты,  айналадағы  ортаның  құбылыстарын
түсіндіру  үшін  теориялық  білімдерін  практикада  қолдана  білу  дағдысына
қалыптастыруға  тиіс.     Компьютерлік   желілер   технологиясын   қолдануда
оқушылардың  пәнге  деген  қызығушылығын   арттырып   қана   қоймай,   үлкен
ізденіспен, шығармашылыққа жетелеуге де болады. Нәтижесінде оқушы:
    • Компьютерде еркін жұмыс жасайды;
    • Компьютерлік желілермен байланыс жасайды;
    • Ақпараттарды ала алады, өңдейді, сақтайды;
    • Интернет желісімен тұрақты байланыс туғыза алады;
    • Электрондық поштаны қолданып түрлі ақпараттар алмаса алады;
    • Өздігінен ізденімпаздық қабілеті артады;
    • Ақпараттық сауаттылығы мен ақпараттық мәдениеті қалыптасады.
   Мұғалім – ақпараттанушы емес, оқушының жеке тұлғалық және интеллектуальды
дамуын   жобалаушы.   Ал    бұл    мұғалімнен    ақпараттық    құзырлылықты,
ұйымдастырушылық  қабілеттілікті,  оқушыларды  қазіргі  қоғамның   түбегейлі
өзгерістеріне  лайық  бейімдеу,  олардың  зерттеушілік   дағдыларын   дамыту
бағыттарын талап етеді.
      Дәріс №15.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
     1. Ақпараттық сауаттылық ?
     2. Ақпараттық құзырлылық деген не?
     3. Ақпараттық мәдениет?




           Зертханалық сабақтар
Зертханалық жұмыс №1
Жеке тапсырмалар.
      1-Тапсырма.  Әртүрлі  мектептер  түрлеріне,  олардың   құрылымы   және
міндеттеріне арналған оқу жоспарларымен танысу, ондағы  информатика  пәнінің
орнын  анықтау.  Міндетті  және  таңдамалы  сабақтарға  (егер  ондай  болса)
арналған информатика пәні мұғалімнің бір апталық жұмыс  жоспарының  кестесін
құру.
      2-Тапсырма. Орта білім беру  мектебіне  арналған  информатика  пәнінің
бағдарламасын, оның құрылымын және  мазмұнын  талдау.  Информатиканың  басқа
пәндермен пәнаралық байланыстарына мысал келтіру.
      3-тапсырма. (Компьютерде іс-қағаздарды  жүргізуге  дайындау)  курсының
бағдарламасымен танысу. Курс бағдарламасының құрылымын, олармен жұмыс  істеу
әдістемесін анықтау. Әртүрлі курстар үшін бағдарламаларды  салыстыра  отырып
талдау.
      4-тапсырма.  «Компьютерді   қолданушылар»   курсының   бағдарламасымен
танысу. Курс бағдарламасының  құрылымын,  олармен  жұмыс  істеу  әдістемесін
анықтау. Әртүрлі курстар үшін бағдарламаларды салыстыра отырып талдау.
      5-тапсырма.    «Информатика,    Физика,    Математика»,     «Алгорифм»
журналдарының  ерекшеліктерін  ашу.  Оның  құрылымы  бөлімдері,  мәні   және
информатика мұғалімнің жұмысына әдістемелік көмегі.


Зертханалық жұмыс №2:
Тақырыбы         Сабақты жобалау кезеңдері
Мақсаты:         Сабақты кезеңдерге бөліп отырып, сабақ жоспарын құру.

Тапсырмалар:
        1. Тақырып 1 сүйене отырып, сабақ жоспарын құрыңыз.
        2. Сабақ тақырыбын Қосымша 1-де көрсетілген  өз нұсқаңызды алыңыз.
        3. Сабақ жоспарын А4 фоматта қағаз түрінде тапсырасыз.
        4. Тақырып 1-де көрсетілген мысалға қарап орындаңыз.
Бақылау сұрақтары
   1. Сабақты жобалау дегеніміз не?
   2. Жобаның жоспардан ерекшеілігі қандай?
   3. Сабақтың мақсатын анықтау үшін қандай талаптар қойылады?

Зертханалық жұмыс тақырыбы №3:
Педагогикалық әрекетке практикалық дайындық
Мақсаты:         MS PowerPoint-та презентация құрып үйрену

Тапсырмалар:
   1. Алдыңғы зертханалық жұмыстағы құрған сабақ жоспарыңызға сүйене отырып,
      осы тақырыпты түсіндіруге көмекші құрал ретінде презентация құрыңыз.
   2. Ол үшін Тақырып 2 теориялық материалын оқып, сондағы  мысалды  орындап
      көріңіз.
   3. Осы мысалға қарап отырып, өз тақырыбыңыз бойынша презентация құрыңыз.
   4. Презентация кем дегенде 7 слайдтан тұруы керек.
   5. Презентация Тақырып 2 теориялық  материалындағы  Презентацияны  құруға
      қойылатын талаптарды қанағаттандырсын.
Бақылау сұрақтары
   1. Презентация не үшін қолданылады?
   2. Оның ерекшеліктері қандай болуы керек?
   3. Қалай қолданудың маңыздылығы бар ма?
   4. Визуалды құралдың маңыздылығы неде?
   5. Негізгі сүйенетін принциптер қандай?

Зертханалық жұмыс тақырыбы №4:
Педагогикалық программалық құралдарды  (ППҚ) құрудың психологиялық
аспектілері
Мақсаты:    MS Word-та Веб-бет құрып үйрену

Тапсырмалар:
   1. Тақырып 3  теориялық материалмен оқып танысыңыз,  гиперсілтеме  құруға
      берілген мысалды орындаңыз.
   2. Алдыңғы сабақта құрған  өз  сабақ  жоспарыңыздың  электронды  нұсқасын
      ашыңыз.
   3. Осы жоспарды Тақырып 3  теориялық  материалына  сүйене  отырып,  сабақ
      жоспарыңызды Веб-бет түрінде сақтаңыз.
   4. Оған гиперсілтемелер  орнатыңыз.  Гиперсілтеме  сіздің  жоспарыңыздағы
      практикалық жұмыстарға орнатылсын. Яғни, Веб-бетте  тек  сабақ  жопары
      жазылуы  керек,  ал  практикалық  тапсырмалар,  сұрақтар,  қолданылған
      әдебиеттер  басқа  беттерде  орналассын.  Осы  беттерге   гиперсілтеме
      құрыңыз. Гиперсілтемелерге түсініктеме жазыңыз.
   5. Мұғалімге электронды нұсқасын тапсырыңыз.
Бақылау сұрақтары
   1. ТП MS Word гиперсілтеме қалай құрылады?
   2. Веб-бет дегеніміз не?
   3. Бірнеше файлдарды гиперсілтеме арқылы байланыстыруға болады ма?
   4. Құжат ішінде қандай да бір бөлімне сілтеме құруға болады ма?
   5. Гиперсілтеме орнатылған сөзді қалай ажыратуға болады?

Зертханалық жұмыс тақырыбы№5:     жобалар әдісі
Мақсаты:         Сабақ жоспарын дәстүрлі емес әдіспен құру.
                                             Ойын элементтерін қосып,  сабақ
өткізу.
Тапсырмалар:
        1. Тақырып 6 теориялық материалын оқып танысыңыз.
        2. Осында аталған дәстүрлі  емес  сабақ  өткізу  әдістеріне  өзіңіз
           білетін әдістер болса, қосыңыз.
        3. Екі студенттен бірігіп, өз еріктеріңізбен  7,  8,  9  сыныптарда
           өтілетін бір тақырыпты таңдап, сол сабаққа  дәстүрлі  емес  ойын
           әдісін қолданыңыздар.
        4. Сабақ жоспарының қағаздаағы нұсқасын тапсырасыздар.
        5. Осы сабақты толық 45 минутқа есептеп, топ  студенттері  арасында
           өткізуге дайындалыңыздар.
        6.  Ойын  элементтері,   дидактикалық   материалдар,   дайын   ойын
           программаларын қолданыңыздар.
        7. Көрнекілік материалдар қолданыңыздар.

Вариант номерлері:
1 және 3
2 және 5
4 және 7
Бақылау сұрақтары
   1. Дәстүрлі емес әдіс дегеніміз не?
   2. Қандай дәстүрлі емес әдістерді білесіз?
   3. Ойын элементтерін қолданудың тақырыпты меңгеруге көмегі қандай?

Зертханалық жұмыс№6
1-тапсырма. Информатика сабақтарындағы аналогия.  Жаңа  программалық  әдісті
меңгеру аналогиясының іс-әрекеті бойынша және  піікр  айтуға  өзіндік  мысал
келтіру.
2-тапсырма.  Дедукция.  Алгоритмде  қатені  іздеу  кезінде  дедуктивтік   ой
қорытындысын ашуға тырысыңыз.
3-тапсырма.  Абстракция  және  дәлелдеу.  Үш  туристтің  жүкті  бөлу  туралы
қолданбалы есепті информатика термині бойынша қисынға келтіру.
4-тапсырма.  Мына  критерийлар  бойынша  информатикада   бақылау   әдістерін
салычстырыңдар: алгоритмде немесе нұсқауда қатені түзеу нәтижелігі;  оқушыға
пайдасы; педагогты ескішілдік жұмыстан босату.

Зертханалық жұмыс №7.
Тақырыбы:        Информатиканы оқыту үрдісінде психологиялық
                 мәселелерді шешу әдістері
Мақсаты:         Информатиканы оқуға ынталы оқушыларды анықтау үшін
                 тест құрастыру. Тест программасын  кез-келген  программалау
                 тілінде құру.

Тапсырмалар
     1.  Информатикаға  ынталы  оқушыларды  анықтап  алуға  арналған   тест
        сұрақтарын құрыңыз. Ол сұрақтар  оқушының  білімін  және  логикалық
        ойлау қабілетін тексеруге мүмкіндік беретін болсын.
     2. Тестте 30 сұрақ және әр сұрақта 5 жауап нұсқасымен құрыңыз.
     3. Құрылған тест сұрақтарын бағалау шартын көрсетіңіз.
     4.  Осы  тест  сұрақтарын  тесттік  программаға  енгізіңіз.  Программа
        ретінде  Тақырып 5 көрсетілген мысалды  алуға,  толықтыруға  немесе
        өзіңізге басқа программалау тілінде құруыңызға  болады.  Сұрақтарға
        байланысты сызбалар немесе суреттер бар болса, оны  міндетті  түрде
        тест программасына қосыңыз.
     5. Тест сұрақтарына оқушы жауап  бергенде  оның  информатика  сабағына
        бейімділік мөлшері  бағалансын.

Бақылау сұрақтары
   1.  Информатикаға  ынталы   оқушыларды   анықтауда   қандай   талаптарға
      сүйенесіз?
   2. Тесттің нәтижесін бағалауды қалай ұйымдастыруға болады?
   3. Тестті білімді бағалауға қолданған дұрыс деп есептейсіз бе?

Зертханалық жұмыс №8
Тақырыбы:        Бағдарламалар, жоспарлар, оқулықтар,  оқу құралдары
                            олардың құрылымдары және мазмұны.
Жеке тапсырмалар.
1-тапсырма. 7 сыныпқа арналған Информатика оқулығын, оқу құралдарын  талдау,
олардың құрылымдарын және осы оқулықтармен жұмыс істеу  әдістерін  сипаттау.
Түрлі оқулықтарға  арналған  оқу  бағдарламаларын  салыстыра  отырып  талдау
жасау.
2-тапсырма. 8 сыныпқа арналған Информатика оқулығын, оқу құралдарын  талдау,
олардың құрылымдарын және осы оқулықтармен жұмыс істеу  әдістерін  сипаттау.
Түрлі оқулықтарға  арналған  оқу  бағдарламаларын  салыстыра  отырып  талдау
жасау.
3-тапсырма. 9 сыныпқа арналған Информатика оқулығын, оқу құралдарын  талдау,
олардың құрылымдарын және осы оқулықтармен жұмыс істеу  әдістерін  сипаттау.
Түрлі оқулықтарға  арналған  оқу  бағдарламаларын  салыстыра  отырып  талдау
жасау.
4-тапсырма.  10  сыныпқа  арналған  Информатика  оқулығын,  оқу   құралдарын
талдау, олардың құрылымдарын және осы  оқулықтармен  жұмыс  істеу  әдістерін
сипаттау. Түрлі оқулықтарға арналған оқу  бағдарламаларын  салыстыра  отырып
талдау жасау.
5-тапсырма.  11  сыныпқа  арналған  Информатика  оқулығын,  оқу   құралдарын
талдау, олардың құрылымдарын және осы  оқулықтармен  жұмыс  істеу  әдістерін
сипаттау. Түрлі оқулықтарға арналған оқу  бағдарламаларын  салыстыра  отырып
талдау жасау.

Зертханалық жұмыс №9
Тақырып:         Информатика сабағында көрнекті құралдарды (электрондық
                 оқулық  және гипертақырыптар, мультимедиа)  қолдану.
      Жеке тапсырмалар әдебиеттерді  таныстыру  және  тапсырмаларға  қысқаша
баяндама жасайды.
          Жеке тапсырмалар.
      1-тапсырма. Информатика сабағында көрнекілікті  қолдану.  Плакаттардың
ерекшеліктері.  Информатика  сабағында   плакатты   қолдану   және   негізгі
фрагментін көрсету.
         2-тапсырма.    Информатика    сабағында    көрнекілікті    қолдану.
Транспаранттардың   ерекшеліктері.   Информатика   сабағында   транспарантты
қолдану және негізгі фрагментін көрсету.
      3-тапсырма. Информатика  сабағында  көрнекілікті  қолдану.  Инструкция
және оның түрлері. Информатика сабағында инструцияны  қолдану  және  негізгі
фрагментін көрсету.
      4-тапсырма.  Информатика  сабағында  көрнекілікті  қолдану.  Компьютер
экранындағы тақырып арқылы сабақтың фрагментін өңдеу.
         5-тапсырма.    Информатика    сабағында    көрнекілікті    қолдану.
Гипертақырыптар. Гитертақырып арқылы мысалдың  жұмысын  демонстрациялап  өту
(10-11 сыныптар үшін).
      6-тапсырма. Информатика сабағында  көрнекілікті  қолдану.  Мультмедиа.
10-11 сынып оқушыларына информатика сабағына дайындау.

Зертханалық жұмыстар №10
Төмендегі тақырыптарға  ауызша жауап дайында:
   1. ЭВМ құрылғыларымен жабдықталған кабинетте оқытылатын информатика
      сабағына қойылатын талаптар.
   2. Информатика кабинетінің негізгі тағайындалуы.
   3. Информатика кабинетінің құрал-жабдықтары.
   4. ЭЕМ кабинеттеріндегі жұмысты ұйымдастыру.
   5. Информатика кабинетінде жұмыс істеу кезіндегі гигиеналық талаптар
   6. ЭВМ құрылғыларына қойылатын гигиеналық талаптар
   7. Информатика кабинетінде жұмыс істеу кезіндегі қойылатын гигиеналық
      талаптар
   8. Оқушылардың ЭЕМ сабағы кезінде гигиеналық тұрғыдан дұрыс орналасулары.

Зертханалық жұмыстар №11
Тақырыбы:        Жергілікті және ауқымды компьютерлік желілер
                 жұмысындағы  ақпараттық өзара әсерлесу
Мақсаты:         HTML тілінде электрондық оқулық құрып үйрену.

Тапсырмалар:
   1. Тақырып 5 теориялық материалдарын оқып танысыңыз.
   2. Осы теориялық материалдардағы мысалдарды орындап, нәтижесін  мұғалімге
      көрсетіңіз.
   3. Қосымша  2  тақырыптарды  қараңыз.  Осы  өзіңіздің  нұсқаңызда  қандай
      тақырып тұр, сол тақырыпты толықтырып электронды оқулық құрыңыз.
   4. Электронды оқулық 15 беттен тұрсын.
   5. Оқулықты құру барысында HTML  тілінің  барлық  теориялық  материалдағы
      көрсетілген мүмкіндіктерін қолданыңыз.
   6. Сурет  қою,  сырғымалы  жол,  фреймдарға  бөлу,  кесте  құру  тегтарын
      қолданыңыз.
   7. Электронды оқулықты құрған студент жайлы ақпарат жеке бір бетте  кесте
      түрінде берілсін.

Бақылау сұрақтары
   1. HTML құжаты дегеніміз не?
   2. HTML құжаты жазылатын негізгі тегтарды атаңыз.
   3. Құжатты Веб-бет түрінде ашу үшін қандай форматта сақтау керек?


Зертханалық жұмыстар №12
Тапсырма.  Төмендегі тақырыптар бойынша сабақ жоспарын және Power Point
программасының көмегімен презентация құрыңдар:
1. Әлемнің информациялық көрінісі
2. Компьютердің  арифметикалық негіздері
3. ДК құрылымы және жұмыс істеу принципі
4. Компьютерлік информацияны қорғау
5. Microsoft Word-та графикалық сурет кірістіру
6. Графикалық редакторда сурет  фрагменттерін жылжыту  және көшіру
7. Microsoft Excel-де диаграммамен  жұмыс
8. Microsoft Word-та фигуралық мәтін кірістіру
9. Windows ОЖ.  Калькулятор.
10. Windows ОЖ.  Paint -графиктік редакторы


Зертханалық жұмыс №13
Тақырып:           Информатика пәнінен оқу жылының  3-ші  тоқсанға  арналған
 оқу-
                              тәрбие жұмысының  күнтізбелік  жоспарын  кесте
бойынша құру:

|Сабақ     |Сағат  |Қайталауға |Көрнекі оқу|Үй        |Сабақта   |Сыныптан тыс|
|тақырыбы  |саны   |арналған   |құралдары  |тапсырмасы|бақылау   |жұмыс       |
|          |       |материал   |           |          |түрі      |            |


   1. Тақырыпты меңгертудегі сабақтың ролі.
Сабақты жобалауда  тақырыпты  меңгертуде  қандай  роль  алатынын  алдын  ала
анықтау  керек. Бұл сабақтың басты дидактикалық   қойылымы  болып  табылады.
Келесі қойылымдарды анықтайық:
         •  Оқушыларды  курстың,  тарауды  немесе  бөлімнің   проблемасымен
           таныстыру; проблеманың маңыздылығын түсіндіру.
         • Жаңа тақырыпты үйреншікті қабылдауын қамтамасыз ету.
         • Алған білімдерін  дұрыс пайдалана білуге үйрету.
         • Тақырыптағы негізгіні қайталау.
         • Оқушылардың білімін бақылау.
Қойылымдарға байланысты келесі сабақ түрлері туады:
      • Кіріспе сабақ
      • Жаңа материалды меңгеру және оқу сабағы
      • Білімді қолдану сабағы
      • Білімді жалпылау және жүйелеу сабағы
      • Білімді тексеру және қайталау сабағы
Осы кезеңнің нәтижесі сабақ типін анықтау болып табылады.
   2. Мақсатты анықтау.
Мақсат – тосатын нәтиженің бейнесі (образ) және бұл мақсатқа  қол  жетілген.
Сабақ мақсаты екі түрлі түрде қалыптасады: пән көлемінде (оқыту  мақсаттары)
және пәнге қатыссыз  деңгейде  (педагогикалық  мақсаттар).  Мақсат  құрғанда
келесі талаптарды қанағаттандыру керек:
    • Мақсат анық болуы керек
    • Мақсат қандай да бір әрекеттер тізбегі ретінде берілуі мүмкін
    • Мақсатты анықтайтын қандай да бір критерилер болуы керек. Яғни,  сабақ
      соңында мақсатқа жеткен жетпегендікті анықтау үшін керек.
    • Оқытушы мақсат – ой қалыптастыру, көрсету, ашу.
    • Дамытушылық – біліктілікті дамыту
    • Тәрбиелік – тәрбиелеу; ой тудыру т.б.
   3. Оқыту нәтижесін жоспарлау.
Оқыту нәтижесіне қойылатын талаптар тұлғалық- әрекет түрінде болуы керек:
   1. Сабақ тақырыбын оқыған соң оқушылар нені білуі керек?
         • Түсінік;
         • Кейіпкерлер;
         • Фактілер;
         • Құбылыстар;
         • Үрдістер;
         • Даталар
   2. Нені үйренуі керек:
      • Атау;
      • Түсіндіру;
      • Анықтау;
      • Құру;
      • Өткізу;
      • Ережелерді қадағалау;
      • Картадан көрсету
4. Оқыту әдісін таңдау.
Оқу әдістерінің типологиясы:
      • Түсініктемелі, иллюстрациялы
      • Эвристикалық
      • Проблемалық әдіс
      • Зерттеушілік, модельдік
      • Бағдарланған
5. Сабақтың қолайлы ұйымдастырылған формасын таңдау.
      Сабақ  формасын  таңдау  сабақ  материалдарына,  тақырыптағы  сабақтың
роліне, басқа пәндермен,  сабақтармен  байланыстылығына  байланысты.   Сабақ
формасы анықталады:
    • Дәстүрлі- элементтері:  дискуссиялар,  зертханалық  жұмыстар;  пробле-
      малық есептерді шешу.
    • Дәріс тақырыптың негізгісін тереңірек ашып береді.
    • Зертханалық сабақ – баспа  құралдарымен  (оқулық,  құжат)  өз  бетімен
      жұмыс жасау.
    • Практикалық сабақ -  әлеуметтік  тәжірибеде  кездесетін  проблемаларды
      дәрістен алған білімге сүйене отырып шешу, талдау.
    • Қорытынды сөйлесу – оқушылар сұрақтарға жауап береді
    • Сабақ – диспут – маңызды тақырып бойынша пікірталас.
6. Танымдық әрекетін ұйымдастыру формасы
Танымдық әрекеттің келесі түрлері бар:
    • Фронтальді
    • Топтық
    • Жеке
    • Жұппен
7. Оқыту құралдарын таңдау
Бұл дегеніміз тақырыпты меңгеру үшін керек сабақтың техникалық жабдықталуы
8. Сабақ құрылымын құру
      Жаңа  тақырыпты  меңгерту  жаспары  жасалады.  Сабақтың  әр  кезеңінің
уақыты есептелінеді. Оқушылар әрекеті:
    • Әңгімеге араласу
    • Жоспар және кестелер құру
    • Оқулық мәтінін оқу
    • Проблемаларды шешу
    • Картамен жұмыс
    • Құрылымды-логикалық схема құру
    • Тезис және конспекті құру.
    • Талдау және жалпылау
    • 2 түрлі ақпарататр қатынасы
    • Оқиғалар тізбегін орнату
    • Жалпылаушы мінездеме
    • Белгілері бойынша фактілерді топтау
    • Белгілерін анықтау
    • Фактілер мен құбылыстардың қатынасы
    • Терминдер мен анықтамалардың қатынасы
9. Сабақты мазмұнды толтыру.
Жаңа тақырыпты берудің бірнеше тәсілдері бар:
    • Таныстыру (әңгіме, хабарлама) – 6 сыныпқа дейін
    • Сипаттау (мінездеме, суретпен беру, аналитикалық сипаттау)
    • Түсіндіру
    • Әңгімелесу (аналитикалық, эвристикалық)
10. Өлшемдерді құру
      Бұл жұмыстың ең қиын, көп жағдайда қол жеткізе алмай  қалатын  бөлімі.
Бұл талаптың өзі бірінші қойылған талаптан  анықтылықты  талап  етеді.  Егер
абстрактілі мақсат қойылса, онда өлшеу мүмкін емес.

Жеке тапсырмалар.
Оқулық бойынша оқу-тәрбие жұмысының планын құру.
1. Информатика 7.
2. Информатика 8.
3. Информатика 9.
4. Информатика 10.
5. Информатика 11.

Зертханалық жұмыс №13.
Тақырыбы:       Оқытудың ұйымдастырылған формаларының  жүйесі.
       Зертханалық  жұмысқа  дайындалғанда,  таңдап  алынған  жеке  тапсырма
бойынша сөз сөйлеуді өңдеу.
      Жеке тапсырмалар.
      1-тапсырма.  Неге  оқытудың  басында  қостық  жұмыс  жиі  қолданылады?
Қостық жұмысты  қолданатын  ОҰФ-ке  мысал  келтіру.  ЭЕМ-де  қостық  жұмыста
оқушылардың ролін қалай өзгертуге болады?
      2-тапсырма. Қандай себептен ЭЕМ-де жалғыз жұмыс істеп  отырған  оқушы,
мұғалімнен көмек  сұрамауы  мүмкін?  Жеке  тапсырмаларды  қолданатын  ОҰФ-ке
мысал келтіру.
      3-тапсырма. Топтық құрамында жұмыс істеп әрбір  оқушының  активтілігін
қалай қамтамасыз ету керек? Топтық жұмысты қолданатын ОҰФ-ке мысал келтіру.
      4-тапсырма.  Оқытуды  басқару  үшін  педагогқа  компьютер  не  береді?
Қостық, топтық және жеке жұмысты қолданатын ОҰФ-ке мысал келтіру.

Зертханалық жұмыс№15
    Оқытудың бір  түрінен  баяндама  дайындау.  Баяндама  басында  таңдалып
алынған оқыту түрінің бейнесін беру. Нақты мысалмен  алынған  оқыту  түрінің
ерекшелігін көрсету.
 1. Дәріс. Неге бүкіл сабақты дәріс  түрінде  өткізуге  болмайды?  Оқытудың
    қандай   түрлері дәрістен алыстатылған?
 2. Семинар. Семинардағы оқушының жұмыс нәтижесі не болуы мүмкін?
 3. Зертханалық жұмыс. Оқушылардың Зертханалық жұмыс дайындығына  бақылауды
    не үшін қолданылады?
 4.  Жеке  практика.  Оқушылардың  ЭЕМ-нің  көшпелі   жұмысының   нәтижесін
    көрсету. Өзіндік практиканы оқытудың ерекшеліктерін көрсету.
 5. Саяхат. Мұғалімге информатикадан саяхат дайындаудың алгоритмін құрыңыз.
    Саяхат уақытында тақырыпқа байланысты оқушыға мысал келтіру.
 6. Факультативтік курс. Факультативтік сабақтың жалпы мақсатын көрсетіңіз.
    Пәндер   арасындағы   факультативтік   курстардың   ерекшелігі    неде?
    Факультативтік   сабаққа   келмейтін   тақырыптарға   мысал    келтіру.
    Түсініктеме беру.
 7. Үйірме. Ииформатика бойынша  үйірме  жұмысының  басқалардан  ерекшелігі
    неде?
 8.  Олимпиада  және  оған  дайындық.   Оқушыларға,   мұғалімге   олимпиада
    мақсаттарын көрсету.


     ӨЗІН- ӨЗІ ТЕКСЕРУГЕ ЖӘНЕ ЕМТИХАНҒА ДАЙЫНДАЛУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

Білім беретін - портал анықтамасын беріңіз
Электрондық ресурстар дегенді калай түсінесіз?
Электронды білім беретін ресурстардың түрлерін атаныз?
Бакылау өлшемдері,  ғылыми зерттеу, оқудан тыс басқаруды ұйымдастыру  арқылы
электрондык ресурстардың колдану ерешеліктерін атаңыз?
Интернет жүйесі
Мультимедиа дегеніміз не? Мультимедиа  термині  неліктен  көпмағыналы  болып
келеді?
Мультимедиа құралдарын сипатта.
Ақпартты түр бойынша классификациялау қандай критерийлерге негізделеді?
Электронды білім беру  басылымдары  мен  ресурстарын  қүру  мен  пайдалануда
мультимедианың қандай мүмкіндіктері маңызды?
Неліктен    окытуда мультимедианы қолданғанда оның тиімділігі артады?
Иллюстрация  түсінігінің мәнін аш және оның  мультимедиа  жүйесіндегі  рөлін
түсіндір.
Интерактивтілік  дегеніміз не?
«Виртуальды шындық» дегеніміз не?
Виртуальды  шындықты  мультимедиа құралдарына жатқызуға болады ма?
Электронды білім беру басылымдары  мен  ресурстарын  жасау  мен  пайдалануда
«виртуальды шындық» жүйесінің мүмкін  бағыттары  мен  артықшылыктарын  айтып
беріңіз.
Электронды басылым дегеніміз не?
Электронды білім басылымы дегеніміз не?
Электронды білім басылымдарын және ресурстарын  оқыту  кезінде  пайдаланудың
дидактикалық мақсатын айтыңыз?
Электронды білім  басылымдарын  және  ресурстарын  пайдаланудың  тиімділігін
айтыңыз
Гипермәтін дегеніміз  не?  Гипермәтіннің  қарапайым  мәтіннен  айыр-машылығы
неде?
Электронды білім  басылымдары  және  ресурстары  классификатқиясы  негізінде
кандай критерилер болуы мүмкін?
Электронды білім басылымдары классификациясына мысал келтіріңіз
Электронды білім басылымы қандай түрдегі талаптар қажет?
Электронды білім  басылымна  кажетгі  әдістемелік  талаптарды  айтыңыз  және
сипаттаңыз
Электронды білім басылымына кажетті психологиялык  талаптарды  айтыңыз  және
сипаттаңыз
Электронды  білім   басылымына   қажетті   техникалық   және   технологиялык
талаптарды айтыңыз және сипатгаңыз
Электронды білім ресурсындағы новигация принципі
Электронды білім ресурсы мазмұны бойынша иерархиялық  навигация  принципінің
ерешеліктері
Электронды білім басылымы және  ресурсының  сқенариі  дегеніміз  не?  Қандай
түрлі сценариді білесіздер?
Білім жүйесінде пайдаланатын  электронды басылымдар кандай ерешеліктерге  ие
болуы керек?
Оқыту үдерісін ақпараттандырудың ерекшеліктері қандай?
Оқушылардың білімдерін, қабілеттіліктерін  және  іскерліктерін  бақьшау  мен
бағалауды ақпараттандырудың ерекшеліктері қандай?
Оқыту  мекемелерінде  жүргізілетін  ғылыми  зерттеулерді  акпарат-тандырудың
ерекшеліктері қандай?
Окушылардың окудан тыс іс-әрекетін ақпараттандырудың ерекшеліктері кандай?
Оку  мекемесінің  іс-әрекетін  басқаруды,  жоспарлауды  және   үйымдастыруды
акпараттандыру ерекшеліктері қандай?
Білім берудің әр іс-әрекеттерінде қолданылатын  акпараттандыру  құралдарынын
ерекшеліктерін көрсет.
Әр    білім беру іс-әрекетінде колданылатын Интернет  ресурстарына  мысалдар
келтір.
Адам баласымен колданылатын акпарт алмасу құралдарын атаңыз
Телекоммуникациялық желі дегеніміз не?
Телекоммуникациялық желінің қандай түрлерін білесіз?

-----------------------
| Әлемдік білім    |
|кеңестігіне енуге |
|өз-               |
|ге елдің даму     |
|үрді-             |
|сіндегі үлгілерді |
|зерделеу, ұлттық  |
|сана қалыптастыру |
|дың басым бағыты. |


|Әрбір жеке     |
|тұлғаға білім  |
|алу-дың өмірлік|
|жолын еркін    |
|таңдау мүмкін- |
|дігі туады     |
|               |
|.              |


|Білім мазмұнын     |
|жаңар-             |
|та отырып, оқу     |
|үрдісін-           |
|де өз іс-әрекетін  |
|ұйымдастыра алатын |
|тәжірибесін үйлес- |
|тіре алатын тұлға  |
|қалыптасады.       |


|Алгоритмдік ойлау және       |
|ақпараттық                   |
|мәдениетті,жүйелеу,талдау    |
|ерекшеліктерін қалыптастырады|
|.                            |
|                             |


|Даралық интеллектіні және       |
|сезім-жігер қасиеттерін, есте   |
|сақтау және түйсіну,            |
|қиял,қабылдау негіздерін        |
|дамытады.                       |
|                                |


|Оқушыларда азаматтық және     |
|дүниетанымдық  тәрбиені,      |
|ақыл- ой танымын,өмірге       |
|көзқарасын қалыптастырады.    |
|                              |



Пәндер