Файл қосу
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ | | |3 дәрежелі СМЖ құжаты |ПОӘК |ПОӘК 042.18-24.1. 64/01- | | | |2014ж. | |«Ветеринариялық фитотерапия» |№1басылым | | |пәнінің оқытушыларға арналған оқу |11.09.2014ж. | | |әдістемелік бағдарлама кешені | | | 5В120100 «Ветеринариялық медицина» мамандығына арналған «Ветеринариялық фитотерапия» пәнінің ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ ОҚЫТУШЫҒА АРНАЛҒАН ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ Семей 2014 Алғы сөз 1 ҚҰРАСТЫРЫЛҒАН Құрастырушылар: Біләлов Е.Е., ветеринария ғылымдарының кандидаты, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Ветеринариялық медицина» кафедрасының аға оқытушысы Тойкина Г.Н., ветеринария ғылымдарының кандидаты, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Ветеринариялық медицина» кафедрасының профессоры м. а. 28.08. 2014 ж. 2 ТАЛҚЫЛАНДЫ 2.1 Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Ветеринариялық медицина» кафедрасының отырысында 28.08. 2014жыл, № 1 хаттама. Кафедра меңгерушісі, доцент м.а. С.Тусупов 2.2Аграрлық факультетінің оқу-әдістемелік бюросының отырысында « 09 » 09 2014 жыл, № 1 хаттама Төрайымы Г.Джаманова 3 БЕКІТІЛДІ Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында шығаруға мақұлданған және ұсынылған. « 11 » 09 2014 жыл, № 1хаттама ОӘК төрайымы, ОӘЖ проректоры Г. Искакова 4 АЛҒАШҚЫ ЕНГІЗІЛУІ Мазмұны 1 Қолданылу саласы 2 Нормативтік сілтемелер 3 Жалпы ережелер 4 Оқу пәнінің (модулдің) мазмұны 5 Білім алушылардың өздік жұмыстары тақырыптарының тізімі 6 Оқу-әдістемелік әдебиетімен қамтамасыз ету картасы 7 Әдебиеттер ҚОЛДАНУ САЛАСЫ 5В120100 – «Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша оқытушыларға арналған «Ветеринариялық фитотерапия» пәнінің бағдарламасы мен оқу- әдістемелік кешеніне қатысты және дәстүрлі оқу шығармашылық үрдісті жүргізудегі әдістемелік ұйымдастыруға. 2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР «Ветеринариялық фитотерапия» пәнінің оқытушыларға арналған осы бағдарламасы келесі құжаттардың ұсынымдарымен және талаптарына сәйкес оқу үрдісін ұйымдастыруды белгілейді: - ҚР жалпы міндетті мемлекеттік білім беру стандартының негізінде құрылған ҚР МЕМСТ 23.08.12 ж № 1080; - СТУ 042-МУ-4-2014 Университет стандарты «Пәннің оқу- әдістемелік бағдарлама кешенін әзірлеу және ресімдеудің жалпы талаптары»; - ДП 042-1.01-2014 Құжатталу «Пәннің оқу - әдістемелік бағдарлама кешенінің құрылымы мен мазмұны» - 5В120100 «Ветеринариялық медицина» мамандығының жұмыс оқу жоспары; - «5В120100» - «Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша оқу үрдісінің жоспары, элективті пәндер катологы; - 5В120100 «Ветеринариялық медицина» арнайы жоғары білім беру мамандығы бойынша мамандарды дайындау үшін «Ветеринариялық фитотерапия» пәнінің оқу бағдарламасы. 3 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 3.1 Пәннің қысқаша мазмұны: «Ветеринариялық фитотерапия» пәні – ветеринариялық практикада қолданылатын дәрілік өсімдіктер мен өсімдік текті (фитопрепарат) дәрілік шикі заттардың ботаникалық фармако-биологиялық және ветеринариялық мақсаттағы сипаттамасын түсініп, олардың формаларын істеп көрсетудің ережелері мен әдіс-тәсілдерін үйретіп және оны жануарларға қолданудағы дәрілік заттың организмге әсер етуін бағалауды оқытады. Пәннің оқытылуы негізінен – фитотерапиялық қағида негізі бойынша оқытылып, фармакодинамикалық, фармакокинетикалық және дәрілік заттардың организмдегі биотрансформациясы заңдылықтарын түсіндіре отырып, дәрілік заттың химиялық және физикалық қасиеттеріне сәйкес әсер ету механизмін жан- жақты түсіндіреді. Сонымен қатар дәрілік өсімдіктердің медициналық мақсаттағы пайдалану классификациясымен таныса отырып, сол дәрілік өсімдіктерді ветеринариялық практикада қолданылу ықтималдығын да қарастыруды көздейді. Пән ветеринар дәрігері мамандығын қалыптастырудағы терапевтикалық білім беретін пән болып есептеледі сонымен қатар, мамандық этикасы мен деонтологиялық қағиданы сақтауға тәрбиелейді. 2. Пәнді оқытудың мақсаты: Дәрілік өсімдіктердің пайдаланылатын шикі затына байланысты жинау мерзімі мен таныстыра отырып, ондағы биологиялық пайдалы заттардың түзілу, сақталу жағдайлары және нақтылы бір ауруларға байланысты емдік, алдын алу мақсатында қолдану талаптарымен ғылыми теориялық және іс жүзінде таныстыру оқытылады. Дәрілік препарат әзірленетін өсімдік шикі затындағы биологиялық әсер етуші затқа ветеринариялық негізде сипаттама беру және дәрілік препараттар анализін жасау үшін іс жүзінде дағдыны қалыптастыру. Дәрілік өсімдік шикі затының сапасын айғақтайтын нормативтік техникалық құжаттарымен танысып пайдаланудағы биологиялық негіздемені түсіндіре отырып қазіргі уақытта медициналық және ветеринариялық салада дәрілік өсімдіктерді кеңінен пайдаланудың артып отырғандығының басты алғы шарттары негізінде түсіндіру. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Қызыл кітабы» реестріне енгізілген дәрілік өсімдіктердің таралу түрімен оны қорғау талаптары туралы оқытылады. Сонымен қатар дәрілік өсімдіктерді аула жағдайында өсіруді және дәрілік препарат ретінде пайдалану жолдарын дәріптеу арқылы адаммен қоғамның табиғатқа деген аяулы көзқарасын қалыптастыру. 3.3 Пәнді оқытудың негізгі міндеттері: Фармакогност ұйғарымы негізінде дайындалынатын дәрілік препаратты (тұнба, тұндырма, қайнатпа және экстрактілер т.б) аурудың пайда болу себептері мен патогенездік ерекшеліктеріне байланысты қолданудағы дәрілік заттар әсерінің жалпы заңдылықтары, фармакодинамика мен фармакокинетикасы, әсер ету механизмдері, дәрілік заттардың биотрансформациясы, дәріні организмге енгізу, және оның бөліну жолдарын, токсикологиялық мәселелерін және жануарлар организміндегі физиологиялық-биохимиялық үрдістердің қалыпты жағдайда жұмыс істеуіне және организмнің уланбауының алдын алуды, дерттің ары қарай ұласпауына қатысты мәселелерді түсіндіру болып табылады. 3.4 Оқытудың нәтижелері. Пәнді оқыту нәтижесінде білім алушы келесідей талаптарды - біліп, игеріп, ұғып түсініп алуға міндетті: - дәрілік өсімдіктің ботаникалық морфологиялық сипаттамасын, таралуын, дәрілік зат дайындауын жән қолданылу әдістерін түсінуге; - дәрілік өсімдіктерді пайдаланудың келешектік болашағын ұғады; - дәрілік өсімдіктердегі биологиялық заттың түзілу мерзімдеріне сәйкес жинау және сақтау, кептіру жолдарын ұғуға; - дәрілік өсімдіктер туралы ғылыми мәлімдемелік жинақтармен және гербарийлермен жұмыс істеп сипаттауды білуге; - өсімдік құрамындағы биологиялық затқа байланысты терапевтикалық қасиеттерін түсініп игеруге; - дәрілік өсімдіктерді ветеринария саласында қолданудың заңды ережелерін біліп түсінуге; - әзірленген дәрілік препараттың терапевтикалық әсерлік механизмін сыртқы ортада сынау тәжірибе жасау тәсілдерін (мысалы- қоректі ортадағы бактерицидтік, лизистік қасиеттеріне іс жүзінде көз жеткізу) біледі; - дәрілік өсімдіктер туралы ғылыми дәйектемелік ақпарат алу үшін пайдаланатын ғылыми және кәсіби әдебиеттермен жұмыс істеуді үйренеді; - ветеринария саласында қолданылатын дәрілік өсімдіктердің ішінен белгілі бір ауруға қажеттісін таңдап алуды меңгереді; - дәрілік өсімдік затының атын және құрылымдық формуласын шипа ұсынымда дұрыс көрсете алады; - дәрілік заттардың қасиетін және сақталу ережелерін; -организмнің физиологиялық және патологиялық жағдайларындағы дәрілік заттың әсерлерінің ерекшеліктерін, олардың сипаттамасын, әсер ету механизмін, қолдануға болатын және болмайтын жағдайларын; - дәрілік өсімдік шикі затын дайындаудағы жаңа аспаптармен, құралдармен жұмыс істеудегі техникалық қаупсіздікті сақтауды; - пәнді жан-жақты теория жүзінде білуді; - Малдың физиологиялық жағдайына, жасына, жынысына, салмағына байланысты дәрілік заттарды тағайындау, олардың концентрациясын білу, әртүрлі ауруларға қолданылуы, шипа ұсыным, белгілі бір формада дайындау, оларды ауруды емдеу үшін қолданғандағы нәтижелерін шығарып, тұжырымдамаларды дұрыс пайдалану дағдыларын үйренеді. 3.5 Курстың пререквизиттері: Малдәрігерлік латын терминология, Жануарлардың патологиясы. Фармакология токсикологиямен. Жұқпалы емес ішкі аурулар, клиникалық балау рентгенологиясымен. 3.6 Курстың постреквизиттері: Індеттану және індеттік аурулар; Паразитология және инвазиялық аурулар; 3.7 Оқу жұмыс жоспарынан көшірме: Кесте 1 |Курс|Семестр|Кредит|Дәріс |Тәж |БОӨЖ |БӨЖ |Барлығы|Қорытынды | | | | |(сағ) |(сағ)|(сағ) |(сағ) |(сағ) |бақылау | | | | | | | | | |түрі | |4 |8 |3 |15 |30 |22,5 |67,5 |135 |Емтихан | 3. ОҚУ ПӘНІНІҢ (МОДУЛДІҢ) МАЗМҰНЫ Кесте 2 |Сабақтың түрі және тақырыптың аталуы |Сағат | | |саны | |1 |2 | |Дәріс сабақтары | |Модуль 1 Ветеринариялық фитотерапияға таным | |Фитотерапияға кіріспе. Фитотерапияның даму тарихы. Негізгі |1 | |ұғымдар және пәнді оқыту методологиясы. | | |Дәрілік өсімдіктердің ветеринария саласында қолданылуы. |1 | |Фармакодинамика және фармакокинетика. | | |Дәрілік өсімдіктерді тану, өсіру (таралуы) дәрілік шикі затын |1 | |дайындау, кептіру және дәрілік өсімдіктерді сақтау, техникалық | | |құжаттар. | | |Дәрілік өсімдіктердегі биологиялық (емдік немесе фармакологиялық |1 | |әсер етуші) активті заттар (фотосенсибилиздеуші, микроб және | | |вирусқа, тоғышарларға, ісіктерге қарсы) түрлері | | |Дәрілік өсімдіктерді жинау мерзімінің және метрологиялық |1 | |жағдайлардың биологиялық заттарға әсері | | |Ветеринариялық мақсаттағы фитопрепараттар |1 | |Дәрілік өсімдіктер құрамындағы – алкалойд, гликозид, кумарин, |1 | |эфир майлары, дубильді заттар, флавоноидты (негізгі) заттарға | | |сипаттама | | |Модуль 2 Дербес физиологиялық жүйелерге әсер етуші дәрілік өсімдіктер | |Жануарлардың орталық нерв жүйесінің ауруларын емдеуге |1 | |қолданылатын дәрілік өсімдіктер | | |Жүрек-қан тамырлары жүйесінің қызметтері бұзылғанда |1 | |қолданылатын дәрілік өсімдіктер | | |Жануарлардың тыныс алу жүйесінің ауруларын емдеу үшін |1 | |қолданылатын дәрілік өсімдіктер | | |Жануарлардың ас қорыту жүйесінің ауруларын емдеу үшін |1 | |қолданылатындәрілік өсімдіктер | | |Жануарлардың зәр шығару жүйесінің және жыныс ағзаларының |1 | |ауруларын емдеуге қолданылатын дәрілік өсімдіктер | | |Зат алмасу процессінің бұзылуынан болатын ауруларды емдеуге |1 | |қолданылатын дәрілік өсімдіктер Дәрумен жеткіліксіздігінде | | |қолданылатын дәрілік өсімдіктер. | | |Жануарлардың гельминт құрттарын түсіруге қолданылатын дәрілік |1 | |Микробқа қарсы заттар ретінде қолданылатын дәрілік өсімдіктер мен| | |дәрілік өсімдік шикізатыммен танысу. | | |Жануарлардың тері ауруларын емдеуге сырттай қолданылатын дәрілік |1 | |өсімдіктер. | | |БАРЛЫҒЫ: |15 | |Тәжірибелік сабақтар | |Модуль 1 Ветеринариялық фитотерапияға таным | |Дәрілік өсімдіктерді қолдану барысындағы техникалық қауіпсіздік.|2 | |Негізгі ұғымдар және пәнді оқыту методологиясы. | | |Дәрілік өсімдіктер шикі затынан дәрілік препарат дайындау |2 | |түрлерінің әдістеріне теориялық қағида негіздемесін талдау. | | |Фитотерапиялық фармакодинамика және фармакокинетиканың | | |биологиялық негіздемесі. | | |Дәрілік өсімдіктерді танудағы ботаникалық негіздемелерді меңгеру.|2 | |Дәрілік өсімдіктердің табиғатта кездесуіне | | |ботаникалық-географиялық (климаттық) таралуы дәрілік шикі затын | | |дайындау, кептіру және дәрілік өсімдіктерді сақтау және | | |фитотерапиялық мақсатта пайдалануға биологиялық негіздемелік - | | |техникалық құжаттар (сертификат, химиялық сараптама т.б). туралы | | |мағлұмат | | |Дәрілік өсімдіктердегі биологиялық (емдік немесе фармакологиялық |2 | |әсер етуші) активті заттар (фотосенсибилиздеуші, микроб және | | |вирусқа, тоғышарларға, ісіктерге қарсы) түрлеріне | | |теориялық-практикалық сипаттама және анықтау жолдары. | | |Дәрілік өсімдіктерді жинау мерзімінің және метрологиялық |2 | |жағдайлардың өсімдік құрамындағы негізгі биологиялық заттарға | | |әсеріне биологиялық негіздемелермен танысу | | |Ветеринариялық мақсаттағы фитопрепараттарды қолданудың |2 | |практикалық маңызы | | |Дәрілік өсімдіктер құрамындағы – алкалойд, гликозид, кумарин, |2 | |эфир майлары, дубильді заттар, флавоноидты (негізгі) заттарға | | |байланысты дәрілік затты әзірлеу және қолдану методологиясы мен | | |дәрілік заттардың әсер ету шарттары. | | |Модуль 2 Дербес физиологиялық жүйелерге әсер етуші дәрілік өсімдіктер | |Жануарлардың орталық нерв жүйесінің ауруларын емдеуге |2 | |қолданылатын дәрілік өсімдіктерге биологиялық негіздеме | | |Жүрек-қан тамырлары жүйесінің қызметтері бұзылғанда |2 | |қолданылатын дәрілік өсімдіктердің ветеринариялық тәжірибедегі | | |маңызы | | |Жануарлардың тыныс алу жүйесінің ауруларын емдеу үшін |2 | |қолданылатын дәрілік өсімдіктер | | |Жануарлардың ас қорыту жүйесінің ауруларын емдеу үшін |2 | |қолданылатын дәрілік өсімдіктердің ветеринариялық тәжірибедегі | | |маңызы | | |Жануарлардың зәр шығару жүйесінің және жыныс ағзаларының |2 | |ауруларын емдеуге қолданылатын дәрілік өсімдіктер | | |Зат алмасу процессінің бұзылуынан болатын ауруларды емдеуге |2 | |қолданылатын дәрілік өсімдіктер | | |Жануарлардың гельминт құрттарын түсіруге қолданылатын дәрілік |2 | |өсімдіктердің ветеринариялық тәжірибедегі маңызы | | |Жануарлардың тері ауруларын емдеуге сырттай қолданылатын дәрілік |2 | |өсімдіктер | | |БАРЛЫҒЫ: |30 | 5 БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАР ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ 5.1 Дәрілік өсімдіктерді танудағы ботаникалық негіздеме 5.2 Дәрілік өсімдіктердің табиғатта кездесуі 5.3 Дәрілік өсімдіктерді кептіру және дәрілік шикі затты сақтау 5.4 Дәрілік өсімдіктердегі биологиялық активті заттар 5.5 Фитопрепараттар, фитонцидтер. 5.6 Дәрілік өсімдіктерді жинау мерзімінің биологиялық негіздемесі 5.7 Метрологиялық жағдайлардың өсімдік құрамындағы негізгі биологиялық заттарға әсері 5.8 Фитопрепараттарды қолданудың практикалық маңызы 5.9 Дәрілік өсімдіктер құрамына фитотерапиялық сипаттама 5.10 Жүрек-қан тамырлары жүйесінің қызметін жақсартуға қолданылатын дәрілік өсімдіктер 5.11 Тыныс алу жүйесінің ауруларын емдеу үшін қолданылатын дәрілік өсімдіктер 5.12 Ас қорыту жүйесінің ауруларын емдеу үшін қолданылатын дәрілік өсімдіктер 5.13 Зәр шығару жүйесінің және жыныс ағзаларының ауруларын емдеуге қолданылатын дәрілік өсімдіктер зәр шығару жүйесінің және жыныс ағзаларының ауруларын емдеуге қолданылатын дәрілік өсімдіктер 5.14 Гельминт құрттарын түсіруге қолданылатын дәрілік өсімдіктер 5.15 Зат алмасу процессінің бұзылуынан болатын ауруларды емдеуге қолданылатын дәрілік өсімдіктер 6 ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК ӘДЕБИЕТТЕРМЕН ҚАМТЫЛУ КАРТАСЫ Кесте 4 |Әдебиеттер және оқу методикалық құжаттар |Әр |Студент|Қамтамасыз-| | |түріні|-тердің|дық | | |ң саны|саны |пайызы | |Кожанов К.Н., Қожанова С.К. Фитотерапия. |5 |20 |10 | |Алматы, 2010. – 229 бет. | | | | | Айтжанов С. Фармакология Алматы 2006 |50 |20 | 100 | |Қожанов, К.Н. Ветеринариялық фармакогнозия: |50 |20 | 100 | |оқулық.- Алматы, 2009.- 233 бет | | | | |Соколов В.Д., Рабинович М.И., Горшков И.Г., |10 |20 |50 | |Ноздрин Г.А. и др. Фармакология. – М.: Колос, | | | | |2000. | | | | |Уша Б.В., Жуленко В.Н., Волкова О.И. |20 |20 |100 | |Фармакология. – М.: Колос, 2003. – 375 с. | | | | |Шәріпбаев Н. Ш. Пайдалы өсімдіктерді мал | 2 | 20 |25 | |дәрігерлігінде қолдану. – Алматы, Қайнар: 1988 | | | | |Харкевич А.Д. Фармакология. – М.: | 1 |20 |20 | |Медицина, 2002. | | | | |Червяков Д.К. Фармакология с рецептурой. - М.: | 60 | 20 |120 | |Агропромиздат, 1986. | | | | 7 ӘДЕБИЕТТЕР 7.1 Негізгі әдебиеттер 7.1.1 Кожанов К.Н., Қожанова С.К. Фитотерапия. Алматы, 2010. – 229 бет. 7.1.2 Айтжанов С. Фармакология Алматы, 2006 7.1.3 Қожанов, К.Н. Ветеринариялық фармакогнозия: оқулық.- Алматы, 2009.- 233 бет. 7.2 Қосымша әдебиеттер 7.2.1Соколов В.Д., Рабинович М.И., Горшков И.Г., Ноздрин Г.А. и др. Фармакология. –М.: Колос, 2000. – 575 с. 7.2.2 Субботин В.М., Субботина С.Г., Александров И.Д. Современные лекарственные средства в ветеринарии., издание 2-е дополненное и переработанное. г. Ростов-на-Дону «Феникс» 2001г. – 600 с. Уша Б.В., Жуленко В.Н., Волкова О.И. Фармакология. – М.: Колос, 2003. – 375 с. 7.2.3 Фармакопея СССР. – М.: Медицина, 1990. – 333 с. 7.2.4 Харкевич А.Д. Фармакология. – М.: Медицина, 2002. – 722 с. 7.2.5 Червяков Д.К. Фармакология с рецептурой. - М.: Агропромиздат, 1986. – 318 с. 7.2.6 Шәріпбаев Н. Ш. Пайдалы өсімдіктерді мал дәрігерлігінде қолдану. – Алматы, Қайнар: 1988. – 243 б.
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz