Файл қосу
Жүйке жүйесінің дамуы
| ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ | |шәкәрім атындағы семей мемлекеттік университеті | |3 деңгейлі СМК құжаты |ПОӘК |ПОӘК | | | |042-14.05.01.20.103/03-2011 | |«Психофизиология» пәнінің |Баспа №3 | | |оқу-әдістемелік кешені |20.09.2011 | | ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ «Психофизиология» ПӘНІ БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ 050503 «Психология» мамандықтарына оқу-әдістемелік кешені Семей 2011 Алғысөз 1. ЖАСАЛЫНДЫ Құрастырушы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің “ Психология” кафедрасының аға оқытушысы Абдуллина Г.К. “__06____” ____09______ 2011ж 2.ҚАРАЛДЫ 1. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің «Психология» кафедрасының отырысында Хаттама №_1__»_06»__09_ 2011 жыл Кафедра меңгерушісі:_________ Сатиева Ш.С 2.2.ГФ оқу-әдістемелік бюросының отырысында Хаттама №_1_____”_23_»__09______ 2011 жыл Төрағасы _______Г.Колмогорова 2. Гуманитарлық факультеті ғылыми кеңесінің отырысында талқыланды Хаттама № 1____ « 28 »__09____ 2011 жыл Факультет ғылыми кеңесінің төрағасы___________ Б. Атантаева 4. .БЕКІТІЛДІ 4.1.Университеттің оқу-әдістемелік бюросының отырысында мақұлданды және баспаға ұсынылды Хаттама № 1_____ « 30 »___09_____ 2011 жыл ОӘК төрағасы, бірінші проректор__________Б.А.Рскелдиев 5. АЛҒАШ ЕНГІЗІЛДІ Мазмұны: 1. Глоссарий 2. Дәрістер 3. Практикалық және лабораториялық сабақтар 4. Курстық және бітірушілердің кәсіби жұмыстарын дайындау 5. Студенттің өздік жұмысы 1. Глоссарий – түсініктемелер. |№ |Термин атауы |Термин мазмұны | |1 |Абсанс |қас – қағым сәтте есінен талуы, қимыл – | | | |қозғалысының шектелуі. | |2 |Адаптация |тітіркендіргіштердің күшіне бейімделуі. | |3 |Аггревация |аурудың белгілері мен ауру адамның шағымын күшейту.| |4 |Агнозия |ми қыртысының зақымдануы нәтижесінде көру, есту, | | | |сипап сезу тітіркендіргіштерінің дұрыс қабылдай | | | |алмауы | |5 |Акцентуация |адамның екпіндеуі | |6 |Анамнез |аурудың шығу тарихы, ауру адамның тарихы. | |7 |Анестезия |туа біткен ақыл – ой кемістігі. организмнің | | | |сезгіштік қабілетінің әлсіздеуі. | |8 |Антероградты және|ес процесінің патологиялық жағдайлары: антероградты| | |ретроградты |– ауырғаннан кейінгі, ретроградты – ауырғанға | | | |дейінгі ақпарат – мәліметтерді ұмыту – естен | | | |шығару. | |9 |Вербальды зона | мидың сол жарты шары сөздік жарты зонасы (оң | | | |қолымен жазатын адамдардың миының сол жарты шары). | |10 |Деменция |жүре пайда болатын ақыл – ой кемістігі. | |11 |Дереализация |дүниенің, адамның өзіне таныс жағдайдың басқаша | | | |көрінуі. | |12 |Диссимуляция |аурудың өзін және оның белгілерін жасыру. | |13 |Галлюцинация |елестеушілік (қабылдаудың зақымдануы). | |14 |Гиперамнезия |естің өткірлігі; гипоамнезия – нашарлауы; | | | |парамнезия – жалған ес, естің кемістіктерін ойдан | | | |шығарып толықтыру. | |15 |Гипостезия |тітіркендіргіштерді жоғары түрде қабылдау. | |16 |Иллюзия |сағым (қабылдаудың зақымдануы). | |17 |Клоникалық және |эпилепсияның клиникалық көрінісі. | | |тоникалық | | | |талмалар | | |18 |Нейропсихология |жүйке – жүйесінің психикалық заңдылықтарын | | | |зерттейтін ғылым саласы. | |19 |Олигофрения |психикалық дамуда кемістік жоқ; бірақ мінез – | | | |құлық, іс - әрекетінде көрінетін ауытқуларды | | | |зерттейді | |20 |Парестезия |күйдірген не шошынған сияқты сезімдер | |21 |Психопатология |«пато»- бұзылу, ауытқу, яғни психикалық бұзылулар | | | |мен ауытқуларды зерттейтін сала | |22 |Ремиссия |психикалық аурудың, келесі кезеңіне дейінгі сауығу,| | | |аурудың әлсізденуі. | |23 |Сенестопатия |бұлшық еттердің жансыздануы не созылуы сияқты | | | |ұнамсыз түйсіктер. | |24 |Симптом |кез – келген ауруға тән белгі. | |25 |Симуляция |жоқ ауруды бар деп мида бейнелеу. | |26 |Синдром |симптомдар комплексі немесе сол ауруды даралайтын | | | |ерекше белгі. | |27 |Сопор |түрлі рефлекстер сақталғанда санасының толық | | | |жойылуы | |28 |Сөздік праксис |қалыптасқан сөздік қозғалыстардың | | | |автоматттандырылған қимылдары | |29 |Ступор |толық қимылсыздық, сана зақымдануындағы жағдай. | |30 |Эидетизм |айқын бейнелерді еске түсіру. | |31 |Экзогендік |сыртқы себептер. | |32 |Эндогендік |ішкі себептер, туа біткен. | Дәріс материалдары № 1- дәріс Тақырыбы: Психофизиология пәніне кіріспе Сұрақтары: 1. Психофизиология пәні. 2. Жүйке жүйесінің ролі мен маңызы. 3. Жүйке жүйесі дамуының эволюциялық деңгейі Психофизиология жалпы психология ғылымының саласы. Психофизиология термині 19-шы ғасырдың басында француз философы Н.Массиастың ұсынысымен енгізілді және алғашында нақты физиологиялық әдістерге негізделген психикалық зерттеулерде қолданылды. Психофизиология немесе психикалық физиология психология мен генетикалық физиология ғылымдары негізінде қалыптасқан. Психофизиологияның зерттеу пәні: адамның психикалық әрекеті мен мінез-қылықтарының физиологиялық негізі. Зерттеу объектісі – жеке адам және оның орталық жүйке жүйесі. Орталық жүйке жүйесінің бөлімдеріне: жұлын, артқы ми (сопақша ми мен варолий), ортаңғы ми, мишық, аралық ми(таламус және гипоталамус), алдыңғы ми (қыртысасты ядроларының стриапаллидарлық жүйесі және ми сыңарларының қыртысы) жатады. Пәннің мақсаты: адам психикалық функцияларының нейрондық және физиологиялық механизмдері жайлы қазіргі білімдерді меңгеру. Психофизиологияның басты ерекшелігі – бастапқы теорияның негізі мен тәжірбиелік мәселелерінің шешімін енгізумен тығыз байланыстылығында. Адам миы симметриялы ағза. Алайда олардың әрекеттері әр түрлі болып, әралуан іс- әрекетті меңгереді. Мидың әрекеттік асиметриясы екі жағдайда байланысты: 1) екінші сигналдық жүйенің жүйке орталығында әр түрлі орналасуы; 2) адамның бейімделу ісінде оң қолдың алымды үстемдігі болуы. Ми сыңарларының өзара қатынасы симметрия мен доминанта қасиеттеріне негізделген. Бұрын мидың сол сыңары тіл, ойлау, әрекет- қимылына, кеңістікте дене бағдарланысына жауапты, сондықтан үстемді (доминантты) деп есептеледі. Ал оң сыңары қосалқы ретінде қаралады. Қазіргі кезде әрбір психикалық әрекетті меңгеруде сол немесе оң ми сыңарларының үстемдігі болатындығы анықталды. Мәселен, сол ми сыңарының әрекеті басым адамдар теорияға бейім, сөз қоры мол, оны кеңінен пайдаланғыш, қимылы белсенді, мақсатқа талпынғыш, уақиғаларды болжағыш келеді. Оң ми сыңары нақтылы іс- әрекетке жұмылдырады, ол адам шабан, сөзге сараң, бірақ өте сезімтал және әсерленгіш, меңзей қарауға және еске түсіруге әуес болады. Алайда адамдардың үштен бірінде ми сыңарының жекеленген анық әрекеттік мамандылығы байқалмайды. Маманданған ми сыңарларының арасында өзара тежелу болады [6]. Екі ми сыңары екі түрлі ойлау үрдісін ұйымдастырады. Сол ми сыңары талдау ісіне қатысып, қисынды ойлауды, индукциялық амалды, ал оң ми сыңары нақтылы, бейнелі ойлауды, дедукция амалын басқарады. Сол ми сыңары сөйлеу іс- әрекетін: оны түсіну және құрастыру, сөз символдары мен жұмысты қамтамасыз етеді. Оң ми сыңары кеңістік сигналына жауапты заттарды өру және сипап сезу арқылы таниды. Оған жеткен ақпараттар бір мезгілде және жалпы тәсілмен өңделеді. Оң ми сыңарымен музыкалық қабілеттер байланысты. Ми сыңарларының асcиметриялық ерекшеліктерін көру түйсігінің айырмашылықтарынан байқауға болады. Ми сыңарларының көру түйсігі ажыратуы |Көру түйсігінің |Сол ми сыңары |Оң ми сыңары | |сипаттамасы | | | |Жақсы танылатын |Сөздік |Сөздік емес | |тапсырмалар |Оңай ажырататын |Қиын ажырататын | | |Таныс |Таныс емес | |Жақсы |Уақыттық қатынасты |Кеңістіктік қатынасты | |қабылданатын |бағалау |бағалау | |тапсырмалар |Ұқсастығын табу |Айырмашылығын | | |Тітіркендіргіштердің |табу | | |аттары бойынша |Тітіркендіргіштердің | | |сәйкестігін табу |қасиеттері бойынша | | |Сөз арқылы таңбалау |сәйкестігін табу | | | |Кеңістікті көру | | | |арқылы талдау | |Түйсіктің |Жіктеп қабылдау |Тұтас қабылдау | |ерекшеліктері |Дәйекті қабылдау |(гештальт) | | |Дерексіз, жалпылай, |Бір мезгілде түйсіну | | |әр нұсқалық тану |Нақтылы тану | |Жорамалдың |Қарапайым |Шашыраңқы | |құрылымдық |әрекеттердің бекітілген |өкілеттілігі | |айырмашылығы |өкілеттілігі | | Сөйлеу орталығы сол ми сыңарында орналасады. Ол оң қолдың қимыл белсенділігінен қалыптасады. Солақай адамдардың да 70%- де сөйлеу орталығы, оңқай адамдардағыдай сол ми сыңарында, солақай адамдардың тек 15%- де сөйлеу орталығы оң ми сыңарында орналасады. Мидың кейбір әрекеттерге ерекше жауапты болып, белгілі үстемді орталыққа айналуы латерализация деп аталады. Сірә, адамның жоғары жүйке іс- әрекетінің типтік ерекшеліктері қандай ойлау аппаратын иеленетіндігіне байланысты болуы мүмкін. «Көркемпаз» типтер- бірінші сигналдық жүйесі басым адамдар, олардың оң ми сыңары жетік көбінесе бейнелі ойлайды. Ал «ойшыл» типтер- екінші сигналдық жүйесі үстем адамдар. Бұлар сол ми сыңарына тән дерексіз ойлауды иемденеді. Аралық тип екі сигналдық жүйенің әрекеттік теңдесуімен сипатталады, адамдардың көбісі осы типке жатады. Жалпы мидың бір сыңарының басым болуы туа пайда болады, алайда тәрбие мен тәлім де ерекше маңызды орын алады. Сондықтан солақай адамдарды қайта үйрету кезінде, олардың ойлау қабілетінің ширақтығы тоқырап қалуы ықтимал. Сөз жоқ, адамның қалыпты психикалық іс- әрекеті мидың екі сыңарының біріккен жұмысының нәтижесі. Олардың тек бір мезгілдегі жұмысы мен бейнелік және дерексіз ойлау тетіктерін бірлестіру ғана сыртқы әлемнің құбылыстарын жан- жақты (нақтылы және теориялық) қамтиды. Ми сыңарларының өзара қатынасына сыртқы ортаның әр түрлі құбылмалы ықпалдары себепші болады. Сонымен ми сыңарының қарым- қатынасының екі жақты сипаты психикалық іс- әрекетті және әрекет- құлықты тиімді бағытта өзгертуге мүмкіндік туғызады Жүйке жүйесі ми сауытының ішінде орналасқан бас миынан, омыртқа сүйегінің өзегінде орналасқан жұлыннан және торынан тұрады. Жүйке жүйесі өте күрделі құрылған. Оны үлкен қаланың телефон желісімен салыстыруға болады: мысалы ми телефон станциясы, ал мидың дененің әр түрлі мүшелерімен байланыстыратын жүйкелер бұл көптеген желілер десек болады. Телефон желілерінен де, жүйкелерден де электр тоғы өтеді, ал жүйкелер миелин деген ерекше заттан тұратын қабықшамен қапталған, ол да электромдары қапталған оқшаулағыш қабықшаға ұқсас қызметті атқарады. Олардың көмегімен жүйкемен жүретін электр импульстері (серпілістері) көрші жатқан клеткаларға түспей, өздерінің бағытталған жеріне тура жетеді. № 2 дәріс Тақырыбы: Жүйке жүйесінің функционалды анатомиясы Сұрақтары: 1. Жүйке жүйесіне жалпы анатомиялық шолу. 2. Рефлекторлық доға. 3. Рефлекстер Орталық нерв жүйесі әрекетінің негізгі және спецификалық көрінісі – рефлекторлық актылардың орындалуынан яғни рефлекстерден байқалады. Рефлекс дегеніміз - рецепторлар тітіркеніне организмнің нерв жүйесі қатысуында қайтаратын жауап реакциясы. Нерв жүйесі әрекетінің рефлекторлық (латын «шағылыстыру») принципін (XVII ғ. 1648) француз философы әрі натуралисі Р.Декарт ұсынған. Оның түсінігінше, жануарлардың қандай да болмасын қозғалысы іске асу үшін «жануарлар рухы» деп аталатын өте майда, әрі жеңіл орын ауыстыратын бөлшектер мидан шағылысып бір нервтан басқа нервке өтіп, одан әрі оның қуысы арқылы етке жетіп, оны толтырып шар тәрізді пішінге келтіреді яғни ет жиырылады. Бірақ рефлексті ғылыми термин ретінде алғаш қолданып, оған қазіргі кездегі ұғымына түсінік берген (XIX – дың басында) чех физиологі Прохазка болды. Ол тіпті психикалық әрекетті де рефлекторлық принциппен түсіндіруге болады деп есептеді. Ағылшын Маршалл Голл т. б рефлекстер деп тек орталық нерв жүйесінің төменгі бөлімдерінің (жұлынның) қатысуында ғана болатын және кез келген тітіркендіруге жауап ретінде стереотипті түрде іске асатын реакцияларды есептеді. Бұл түсініктің шеңберіне симайтын басқа күрделі, сапалы (нерв жүйесінің қатысуында орындалатын) іс - әрекеттер рефлекстер туралы түсініктерді жинақтай келе, бұрын айтылмаған, жаңа сападағы, жаңа сатыдағы тұжырым жасады. «Ми рефлекстері» деп аталатын еңбегінде ол «Сапалы және сапасыз тіршіліктің (өмірдің) барлық актылары өздерінің пайда болу тәсілі жағынан рефлекстер болып табылады» деп жазды. Сөйтіп ол психикалық әрекеттің де рефлекторлық табиғатын мойындаған. Рефлекс орындалу үшін рефлекторлық доға яғни рефлексті тудыратын қозу өтетін жол керек. Рефлекторлық доға – рефлексті іске асыратын, спецификалық ұйымдасқан және өзара әрекеттесетін нерв элементтерінің комплексі. Мұның синапстар арқылы өзара байланысқан афференттік, орталық және эфференттік бөлімдері бар (22- сурет) Афференттік бөлім тітіргендіргіш әсерін сезіп қабылдайтын туынды – рецептордан басталады. Одан шығатын афференттік нерв талшығы (рецепторлық клетканың өсіндісі) қозуды орталық нерв жүйесіндегі нейрондар мен синапстар комплексі қозуды эфференттік нейрондарға береді. Бұлардан шығатын эфференттік нерв талшықтары оны одан әрі тиісті жұмыс органына (эффекторға) жектізеді. Белгілі бір рефлексті тудыратын тітіркендіргіштер әсерін қабылдайтын рецепторлар жиынтығын рефлекстің рецептивтік алаңы деп атайды. Бірақ, бір рецептивтік алаңнан әр түрлі рефлекстерді алуға болады, сондай – ақ бір рефлексті әр түрлі рецептивтік алаңнан алуға болады. Ең қарапайым рефлекторлық доға екі нейроннан: афференттік және эфференттік нейрондардан түзіледі. Бұларды бір ғана синапс байланыстырады. Сондықтан оны моносинапстық доға деп атайды. Ахилл сіңірі (созылу) рефлексіндегі доға осындай. Бірақ күрделі рефлекстердің барлығында рефлекторлық доғалар көп нейроннан, синапстардан түзіледі. Сондықтан оларды полисинапсты доғалар деп атайды. Бұларда қозу афференттік бөлімнен эфференттік бөлімге жеткенше толып жатқан аралық (қондырма) нейрондардан тұратын жолдан өтуі керек. Доғаның орталық нерв жүйесіндегі бөлімі аса күрделі. Ол жүлынның сегменттері мен де шектеме алады, сондай – ақ мидың әр түрлі бөлімдерін де қамтиды. Осы себептен де афференттік нерв талшығы арқылы түскен импульстер орталық нерв жүйесінде кеңінен тарала алады және қайтарылатын жауап реакцияларын тудыруға да әр түрлі нервтік құрылымдар қатыса алады. Мысалы: күшті ауырту түйсігін тудыратын әсер, орталық нерв жүйесі зақымданбаған болса, тек айтылған түйсікті ғана тудырып қоймайды, сонымен қатар біраз вегетативтік реакциялар байқалады (жүрек қызметі, тыныс алу т.б өзгереді). Осымен қатар бір түрлі рефлекстің (мысалы: ас қорыту сөлдерінің бөлінуі , тыныс алу т.б) орындалуы үшін орталық нерв жүйесінің әр түрлі деңгейлерінде (жұлында, сопақша, ортаңғы, аралық миларда, ми сыңарлары қыртысында) орналасқан нейрондар қатысады. Олай болса жоғарыда берілген рефлекторлық доға туралы ұғымды жалпы әрі қарапайым схема деп түсіну керек. Тітіркендіргіш әсер еткеннен бастап жауап реакциясы туғанға дейінгі уақытты рефлекс уақыты деп атайды. Бұл уақыт рефлекторлық доғаның әр трлі звенолары арқылы қозу өту ұзақтықтарының қосындысынан құралады. Бұлардың ішіндегі ең ұзағы - орталық нерв жүйесі арқылы өту уақыты (синапстық кешігу). Рефлекс орындалу үшін рефлекторлық доғаның барлық бөлімдері анатомиялық та. Физиологиялық зақымданбаған болуы тиіс. Рефлекстерді жіктеу. Организмнің атқаратын рефлекстерінің саны да, түрі де көп. Дегенмен оларды әр түрлі белгілеріне қарай жіктеуге болады. Мәселен, 1) Биологиялық маңызына қарай рефлекстерді коректік, қорғану, жыныстық, бағдарлау т.б деп топтап атайды. 2) Рецепция белгісіне қарай (яғни қай рецептордың тітіркенуінен туатындығына байланысты) экстерорецептивтік (сыртқы рецепторлар тітіркенуінен алынатын), пропрорецептивтік (қаңқа еті, сіңір, буындардағы рецепторлар тітіркенуінен алынатын ) т.б деп бөледі. 3) Орындалатын реакцияның сипатына қарай және оған қатысатын органдарға байланыстырып қозғалу, секреторлық, трофикалық, тамыр, қозғағыш, висцеромоторлық т.б рефлекстерді айырады. 4) Орталық нерв жүйесінің қай бөлімінің міндетті түрде қатысатындығына байланысты да рефлекстерді жіктейді: жұлын рефлекстері - жұлын сегменттеріндегі нейрондар қатысуында орындалады; бульбарлық рефлекстер – сопақша мидың; мезенцефальдық рефлекстер - ортаңғы мидың; диэнцефальдық рефлекстер аралық мидың; кортикальдық рефлекстер - ми қыртысы нейрондарының міндетті түрде қатысуында орындалады. Бұл жерде ескеретін бір жай, орталық нерв жүйесі зақымданбай тұтас тұрғанда оның жоғарғы бөлімдерінің рефлекстеріне төменгі бөлімдер де қатысады; сондай – ақ төменгі бөлімдер (жұлын, сопақша, ортаңғы ми) іске асыратын рефлекстер кезінде қозу импульстері жоғарғы бөлімдерге (аралық ми, қыртыс асты ядролары, ми қыртысы) де жетеді. Сондықтан бұлар да тиісті дәрежеде белгілі бір рефлекстің іске асуына қатысады және осы тұрғыдан қарағанда әрбір рефлексті бүкіл организмнің реакциясы деп қарауға болады. Оның бер жағында қандай да болмасын рефлекс оңаша, басқалармен еш байланыссыз және байқалмайды. Бір орган рефлекстері басқа органдар қызметтерін өзгертеді және керісінше Мысалы: қаңқа еттерінің жиырылуына байланысты болатын қозғалу актыларының барысында барлық дерлік ішкі органдардың қызметтері жанданады. Дегенмен, аталған рефлекстер өздеріне тиісті бөлімдер сау болған жағдайда, басқа бөлімдер қатыспаса да орындала береді. Мәселен, егер кесу арқылы бақаның миын жұлынынан ажыратса біраз уақыт (15-30 минуттай) өтіп, кесу зардабы (шоқ) аяқталған соң, оның аяғының терісіне әлсіз қышқылмен әсер етіп, немесе шымшу арқылы жұлынның өзіне тән балатын рефлекстерді алуға болады. (бүгілу, жазылу, сүрту, аймалау рефлекстері және ахиллес сіңірінен алынатын балтыр етінің жиырылуы – ахиллес рефлексі). Адамда табан терісін тітіркендіруден аяқтың басы, саусақтар рефлекторлық түрде иіледі (табан рефлексі). Тізеден ұрып санның төрт ұшты етінің сіңірін созса рефлекторлық түрде аяқ жазылады (тізе рефлексі). Бұларды да жұлын рефлексіне жатқызады. Сондай – ақ зәр шығару және дефекация (қи тастау) рефлекстері де жұлынның қатысуында жүзеге асады. Ал ему рефлекстері корнеальдық (көздің қасаң қабығына тигенде қабақтың жабылуы) рефлекс, сопақша мидың, қарашық рефлекстері (жарықтан қарашықтың кішіреюі) ортаңғы мидың қатысуында орындалады т, с.с 5) Организмде атқарылатын барлық рефлекстерді шартсыз және шартты деп үлкен екі топқа бөледі. (бұлар туралы жоғары нерв әрекетінің физиологиясында толық айтылады). 6) Рефлекстердің ерекше типіне шеткі органішілік рефлекстерді жатқызуға болады. Бұлардың орындалуы үшін орталық нерв жүйесінің қатысуы міндетті емес. Олар тиісті органның өзіндегі, ерекше метасимпатикалық деп аталатын жүйеге жатқызылатын, интрамуральдық нервтік ганглийлер элементтері түзетін рефлекторлық доға арқылы іске асады. (жүрекшілік шеткі рефлекстер) 7) Қаңқа еттеріне келетін қозғағыш нервтер арқылы іске асатын рефлекстерді сомотикалық деп, ал симпатикалық және парасимпатикалық нервтер арқылы іске асатындарды вегетативтік рефлекстер деп атайды № 3 дәріс Тақырыбы: Психофизиологияның қазіргі зерттеу әдістері Сұрақтары: 1. Қазіргі психофизиологиялық зерттеу әдістері жайлы түсінік. 2. Жүйке клеткаларының импульсті белсенділігін тіркеу. 3. Электроэнцефалография. Магнитоэнцефалография. ЯМРИ Психологиялық әдістер мен психологиялық ерекшеліктері зерттеу тәжірибесінде - ауруларды зерттеді, олардың өзіне тән– жалпылығы мына категорияларында белгіленген, биік жекелік және қызу үрейлілігі сияқты, әрекет- құлықтың ригидтілігі, қайратты бақылауы да жоғары дәрежелі сезімдердің үстінде болғанымен сезімдердің көрінуінде анығырақсыз, олардың ішкі дау барысында- ақылы төмендейді де стресстік күй-жағдайға ұшырайды. Барлығы «осындай жағдаяттарға түсу себептерін өздерін күнәландыру» туралы дезадаптациясы әлеуметтікте күшейтілген ауру ремиссиясы дәуіріне төмендейтіннің қайталану дәуіріне тән. Осындай ерекшелікке мынандай болжамды айтуға рұқсат етілді, қайталануды- адамның әлеуметтік бейімделуі бұрынғы қалпына келуі ауру дәуірінде байқалады (Косенков,2000). Негізінде бұларды бақылаулары көрінуі бойынша- патологиялық болжамы келесі қисынға келген болатын (Косенков,1997,2000). Әлеуметтік бейімделу өлшемімен ми функционалды асимметриялық артуынан болады, оны айқын шекаралар кесіп өтпейді де көрсетілгеннің барлығы сын аймақ сияқты көрінеді. Әлеуметтік дезадаптация оқиғасында, ми функционалды асимметриясы сын аймаққа кешіп өтеді, көрінуі бойынша сол уақытта патологиялары байқалады, организмнің ең функционалдығы асимметриялық- физиологиялық жүйелерінің жұмысын келесімен өзгертуін сын аймақтың бойымен қоса жүреді. Мына ремиссияны- патологияға ертіп әкеледі де ағымы әр түрлі ұзақтығымен бола алады. Әр түрлі теориялық конструкторларының (құрастырушыларының) дәлелдеуінше, бірыңғай ерекшеліксіз факторының дамуы- аурулардың барлығында ми функционалды асимметриясы туралы ұсыныстар қолданылады. Осы алекситимии концепциясы әлсіздіктерге және іздеу белсенділігі төмендерге тәуелді. Алекситимия психологиялық симптом комплекстері- когнитивті, аффективті және әрекет- құлықтық деңгейлеріне ұсынылған. Алекситимиялық конструкторында мынандай маңызды ерекшеліктерімен келеді: идентификациялық қиындықтарында мен өздерінің сезімдерінің суреттеулерінде; сезімдердің дифференцациясына қабілетсіздік мен дене түйсіктердің қабілетсіздігі; когнитивтігі стилінде елестетуі ригидтілік сияқты нақтылық жеткіліктіліксіздігі (Семенова,1993). П.Сифнеосаның алекситимиялық концепцияға сәйкес (Коростелева, Ротенберг 1993), когнитивті- аффекттивті бұзу сферасына, аффекттік вербальдық қабілеттілігінін төмен түскендігін, сыртқы орта негативтік әсерлерінен физиологиялық жауапты күшейтілуін айтады. Алекситимия төрт типтік белгілерімен сипатталады (Бройтигам және басқалары,1999): 1. Өз уақытындағы фантазия ерекшелігінде, пациентке символдық нәтижелерімен пайдалану қиынға соғады, соның арқасында ойлауы механикалық, утилитарлы мен пайдакүнемдік және нақтылы сияқты ерекшеліктерін анықтауға болады. Сонда ойлау ұйымшыл прагматикалық – техниктік және механикалық функционалды үлгісі суреттелетін жаққа бағытталған болады. 2. Өз сезімдік типтіктерін айта алмау қабілеті. Пациент уайымдаған жағдайда өзінің күй-жағдайын ауызша айтары жеткіліксіз болғандықтан, ол жесттік символдарымен белсенді түсіндіруге тырысады. Жиі пациент өз сезімдерін бейнелеп түсіндіру арқылы қоршағандарды ("менің әйелім айтады... Дәрігер айтады...") немесе сезімдер орнына дене түйсіктерін бейнелеп түсіндіреді. 3. Аңғарымпаз -пациенттер жолдастық көңіл болуларға жақсы лайықталған, не нормалдық гипер сияқты тіпті анықталады. Оларды өзіне тән байланыста нақтылы серікпен сипатталады "көңіл болулардың бостығымен", олар сондықтан күй-жағдайда емес, реттеу психологиялықтарды құрылымдарға, оларды көңіл болулар объектілердің нақтылы– пәндік қолдану деңгейінде қалады. 4. Тоқтау артындағы- деңгейде және мына жетіспеушілігінен субъекті байланысу саралары- объекті объектімен нағыз көңіл болуларға пациент қабілетсіздігін аңғарады және тасымалдау процесінде жүреді. Объектімен идентифицировалығымен жаппай болады: психосоматикалық ауру бар болады, демек, соның арқасында және басқа адам барысының арқасында (оның маңызды пішіннің), осы фактіні түсіндіреді, неге жоғалту (ойдан шығарылған немесе нақты) мынаның маңызды пішіннің ("объекті жоғалтуы") жағдаймен дәл осылай жиі болады, ауру шабуылдауы ұғындырады (немесе оның ағымы нашарлауы). Сонымен, белгілердің алектимиясы бар жиынтығы, жеке адамдардың психикалық қоймасы сипаттайтындардың ерекшелігі- ауруларға бейімделгендігі. Алекситимиялық концепциясында жатталған әлсіздік концепциясымен байланыстыруға болады. М.Селигман сезім сияқты жатталған әлсіздікті анықтайды (1975) нәтиже кездесушілігі жоқ болуының және мақсатқа бағытталған қызметтің әрекеттерді және оны фактор сияқты әріптестер атрибутивті стиль ерекшеліктеріне үлкен назарды бөледі, дәреже жатталған әлсіздікте әсер етушіні (генерализовандық анақ және тұрақты жатталған әлсіздік аурулардың дамуында патогендік факторымен келеді). Бақылау экстернальды локусымен әлсіздігі және көріну тәуекел әлсіздігі генерализовандығы маңызды кемірек бейімді демонстрация жасауы көрсетілгендей, адамдар маңыздысы азырақ, олардың беттерінде бақылау интернальдық локусымен берілді. Содан соң, зерттеулер экстернальды локус басымдылығы аралық мәнді байланыстысын айқындады және сол жарты шар биік болуымен қосты. Аралап шыға бұларды болжауға болады, адамға әлсіздік құруына бейімділік функциялардың анықтығымен жағымсыз байланыстары, сол жарты шармен қамсызданушылығы. Зерттеу нәтижелері невротикалық үрей тәуелділіктерін көрсеткендей "мен" феноменге саналған факторлардың ықпалын жасаушының қорғаныш перцептуальды күшпен аласуымен үрей деңгей байланысын (1993) "мен" растайды, аралап шыға тап осылардың (1994), куәландырушы Зенковтардың бейне байланысы туралы "мен", адамдар интеграция қамтамасыз етуші, сонымен қатар жалпы перцепция деңгейінің оң жарты шар жұмыс жасауымен болжауға болады, сол жарты шар биік болуымен өнімсіз невротикалық үрей деңгейі байланысын соншалықты емес, қаншалар оң жұмыс жасау бұзуымен анықтап келгенде де бұларды шығаруға болмайды, факторлардан біреумен ғана оң жарты шармен қамсызданушылардың функциялардың бұзуымен келеді. Мына алекситимия аралық болжаулықты жатталған әлсіздікпен байланыстар орнатуға рұқсат етеді. Алекситимия мінездемелі белгісі (қиял, ақыл- парасат, саяздылық, төленген аффекті, ойлау нақтылы технократиялық үлгісі) оң жарты шар жұмыс жасау бұзуын күдіктенуге рұқсат етеді. Осы болжам анықтамасы, тәжірибелік тап осылармен алекситимия арасында дәрежесі (1985) оң жарты шар функционалы толық құндылығы төмендеуімен байланыс көрсетеді. М.Селигмана және оның әріптестері іздеу белсенділік концепция мөлшері туралы мәселе болуды рұқсат етеді, тар байлаулы ұсынулармен байланысқан ықпалын жасауы және жатталған әлсіздіктің көріну- патологияларға алекситимия болады. Іздеу белсенділік астында бағытталған жағдай, сыртқы немесе ішкі жоспары өзгертуіне байланысты, қызмет нәтижелерінің айқын болжауы жоқ болуы жөнінде түсіндірілетін қызмет. Сондай концепция- біріншілердің ойынша, жекелік факторлардың ауқымы кең екенін қосады, сыртқы орта жағымсыз әсерлеріне адам тұрақтылық ескертуші (жатталған әлсіздік концепциясының айырмашылығына, негізінде еске алғанның тек атрибутивті стиль ерекшеліктері), ал - екіншілердің, болжауы, адам стрестік күй- жағдайда қам жейтін, сыртқы шарттардың әсерін салыстырмалы енжар объектісімен келмейді (жатталған әлсіздік концепциясы ұсынады), бірақ белсенді субъектімен, реорганизироваттайтын немесе азаптағанмен дәл осындай жағдайды дискомфорттық қайта құру, қабылдауға байланысты болатын. Іздеу белсенділік жалпы ерекшеліксіз фактормен келеді, сыртқы орта зиянның әсерлеріне организм резистенттігіне әсер етеді. Іздеу белсенділік концепциясына сәйкес, анықтықсыз шарттарында әрекет- құлық белсенді (іздеу әрекет-құлық) денесінде денсаулық өте маңызды факторымен келеді, аурулардың псхосоматикалық көрінуі қақпайлайды және көрінуі ауруларды жоғарылатады да стрестік жағдайы организм тұрақтылығын жоғарылатады. Іздеудің қарама-қарсы қабыл алмауы әр түрлі патологиялық күй-жағдайлардың даму ерекшелігінсіз әмбебаб алғы шартымен келеді [3]. Жұмыстарда үлкен мағына қызмет нәтижелерінің болжауы барабар жағдайларын құру қабілеттіліктері арналғандардың жатталған әлсіздік жасау ықпалын зерттеуіне патогенез дене аурулары қоса беріледі. Қазіргі таңда осындай болжау ми жарты шарларының үйлесімді әрекеттестігімен байланысты құруы үлкен дәрежелерге келді. Бұзу жайында оң жарты шар жұмыс жасаулары дүниемен сенушілік байланыстардың, қабыл алуға қабілеттілік азаяды да әлемде барлық қиындықтың шек қоюына, психикаға бейім мүмкіншіліктері күшті шектелген тенденция белгіленеді. Бейнелі контексті құруына қабілеттілік нашарлауы барабар жағдай құруына әрекет- құлық стратегиялары не көрінуге жағдай жасайтын және аурулардың дамуына иілгіш шағылысуға қабілетсіздікті ескертеді. Сонымен, алекситимия концепциясы және бір іздеу белсенділік концепциясы- даму ауруларды алаңдататыны: ми жарты шарларының функциялардық келіспеуі бұзу шотының артынан оң жарты шар жұмыс жасауларын белгілейді. Жатталған әлсіздік концепциясы жанама бейнемен сонымен қатар мына факторымен, жарты шарлардың әрекеттестігі бақылау локусы бағыттылықпен байлаулы, көптеген анықтаушы дәрежесі- әлсіздікте, содан соң дағдарыспен, үлгімен жатталған әлсіздік есептелетіні белгіленеді. Көз алдына негізгі концепциялар келгенде- патологиялар аурулардың тап осы түр көрінулерінің спектрлері барлығын ерекше психикалық немесе физиологиялық не мүшеліктен шығаруын көрсетіп түсіндірді № 4- дәріс Тақырыбы: Жүйке жүйесінің онтогенезі Сұрақтары: 1. Жүйке жүйесінің дамуы. 2. Жаңа туған нәресте жүйке жүйесінің ерекшеліктері. 3. Бала функционалды дамуының кезеңдері Орталық жүйке жүйесі денедегі барлық ағзалар мен физиологиялық жүйелер қызметін, зат алмасуын реттеп отырады, әрекеттер мен үрдістерді сыртқыорта құбылыстарына бейімдеп,тіршіліктің белгілі бағытта өтуін қамтамасыз етеді. Адамда жүйке жүйесінің ең жоғарғы бөлімі – ми. Ми сыңары қыртысының ерекше қызметі – ойлау, дүниетану, пікір тудыру. Адамның ми жарты шарлар қыртысының негізгі айырмашылық белгісі – оның күрделілігі мен көп қабаттылығында, оның жоғарғы қабаттарында аралық нейрондардың саны өте көп. Қыртыстағы нейрондардың негізгі 4 типін айырады: 1.Эфференттік нейрондар. Бұған пирамидалық және жіп тәрізді клеткалар жатады. Атына сәйкес пирамидалық клеткалардың формасы пирамида тәрізді келеді. Оның жоғарғы ұшынан қыртыстың беткі қабаттарына дейін жетіп тарамдалатын дендрит шығады; қысқарақ дендриттер пирамиданың негізі мен бүйір жақтарынан шығады. Аксон пирамиданың неігзгі жағынан шығып, кері кететін коллатералдар беріп, жарты шардың ақшыл затына беттейді. Қыртыстың жоғарғы қабаттарындағы пирамидалардың көлемдері кішкене келеді, ал тереңіректе орташа, үлкен және 120 мкм-ге дейін жететін алып клеткалар орналасады . Клеткалардың жоғарғы полюсінен тарамдалатын жіп тәрізді дендрит кетеді де , төменгі полюсінен аксон кетеді. 2. Аксоны жоғары кететін нейрондар - қыртыстың терең қабаттарындағы импульстерді беткі қабаттарға жеткізеді. 3. Аксоны горизонталь орналасқан нейрондар - импульсті қыртыс бетіне параллель бағытта таратады. 4. Көп тарамдалған қысқа аксонды қондырма нейрондар - импульсті көрші клеткаларға береді. Оған жататындар : жұлдызды немесе дәнді, бұта тәрізді (оның аксоны кішкентай және орташа пирамидаларды орап алады), өрмекші тәрізді клеткалар . Тәжірибелік невроздар. Жоғары жүйке қызметі мен негізгі үрдістерінің қалыпты қасиеттерінің әрекеттік ауытқулары көптеген жүйке ауруларына әкеліп соғады. Бұл бұзылудың мәні қозу мен тежелу үрдістерінің шамадан тыс күшеюі немесе олардың соқтығысуы арқасында пайда болатын тәжірибелік невроздар арқылы анықталады. Тежелу толқынының шамадан тыс күшеюі өте жуық тітіркендірулерді табандылықпен ажыратқанда, тежегіш тітіркендіргіштердің әсерін созғанда, шартсыз нықталудың мерзімін ұзаққа қалдырғанда пайда болады. Адамда осындай невроздық жағдай қиын мәселелерді шешкенде, үздіксіз тыйым салумен ұшырасқанда, мүлдем түңілгенде және үміттері аяқталмағандарда жиі байқалады. Ширақтықтың шамадан тыс күшеюі- жағымды және жағымсыз шартты тітіркендіргіштердің сигналдық мәнін өте жиі және тез қайта ауыстырудан немесе олардың қалыптасқан стреотипін кенеттен өзгертуден шығады. Сондықтан невроздық күйді адамның көзқарасын немесе тұрмыс қалпын өзгертуге мәжбүр ететін көптеген оқиғалар (әсіресе жас ұлғайған шақта) жиі тудырады. Қозу мен тежелудің қайшы келіп қалуы немесе жүйке құбылыстарының «қақтығысы», қарама- қарсы сигналдық мәні бар тітіркендірулерді бір- бірімен өте тез алмастырғанда немесе бір мезгілде әсер еткенде білінеді. Алғашқы тәжірибелік невроздар осы жолмен жасалған еді. Ол үшін қорғаныс әсерленуін тудыратын, ауыртатын тітіркендіргіш сигналы тағамдық шартты рефлекс жасағанда қолданылды. Сөйтіп, бір тітіркендіргіштің сигналдық мәнін шатастырудан, жүйке орталығында қозу мен тежелудің «қақтығысы» пайда болады. Осындай тіршілік «қақтығысы» салдарынан невроз ауруына душар болған науқастар көп кездеседі. Жоғары жүйке қызметінің невроздық ауытқулары бірнеше түрде білінеді. Бұлардың ішінде созылмалы келетін ретсіз шартты рефкстер немесе олардың деңгейінің оралымды алмасуы, теңестірушілік және парадоксалды күйлердің пайда болуы, долдану және жүйкенің ауытқулы салғырттығы байқалады. Жүйкесі әлсіз немесе ұшқалақ типтерде невроздық олқылық оңай туады және біріншісінде қозу, екіншісінде тежелу үрдістері зиян шегеді. Сонымен қатар жоғары жүйке іс- әрекетінің типологиялық ерекшеліктері бар адамдарда болатын невроздық ол қылық көріністер де осы тұрғыдан түсініктеме алады. Сонымен невроз- жоғары жүйке қызметінің созылмалы әрекеттік бұзылуы. Оған себепші- ми құрылымдарының өзара қатысының келісімсіз жағдайлары, әр түрлі әрекеттік оның ішінде вегетативтік жүйке қызметінің бұзылуы. Адамдарда невроздың көп түрі болады, оның ішінде жиі кездесетіні неврастения, мезі қылатын күйдің неврозы, истерия және психастения. И.П.Павловтың айтуынша, истерия- көркемпаз типті адамға, ал психастения- ойшыл адамға тән келеді. Невроз вегетативтік әрекеттердің бұзылуымен қатар жүреді. Бұдан ми қыртысы мен ағзалардың арақатынасының өзгергендігі байқалады. Вегетативтік өзгерістер- невроздың ерте білінетін белгісінің бірі. Олар шартты рефлекстер бұзылмастан бұрын байқалады және ұзаққа созылады. Вегетативті жүйке жүйесі. Орталық жүйке жүйесін морфологиялық және физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты денелік және вегетативтік деп екіге бөледі. Денелік жүйке жүйесі (ДЖЖ) қаңқа еттерімен байланысқан, ол организмнің түрлі қимылдарын, сыртқы ортада бір жерден екінші жерге жылжуын қамтамасыз етеді. Бұл негізінен жануарларға тән қызмет болғандықтан денелік жүйке жүйесін кейде анималдық деп те атайды. Ал вегетативтік жүйке жүйесі (ВЖЖ) ішкі ағзалардың қызметін, заттар алмасуын, өрбу үрдістерін реттейді. Қазіргі кезде жүйке- психикалық ауытқуларынан туатын вегетативтік аурулардың көбеюіне байланысты, олар көп көңіл аударуды талап етеді. Мәселен, сезімдік зардап, стресс, ышқыну, қан құрамының, жүрек- тамыр, асқорыту жүйелерінің өзгерістерімен қоса кездеседі. Мұның дерттену (патогенездік) негізін К.М.Быковтың медицинаға енгізген миқыртысы- ағзалық теориясы анықтайды. Жоғары жүйке іс- әрекетін невроздан кейін қалпына келтіру үшін, кейде ұзақ тынығу, жағдайды өзгерту, ұйқыны жақсарту жеткілікті болады. Қозғыштық және тежелгіштік үрдістеріне таңдап әсер ететін фармакологиялық дәрілер (кофеин, бром) орталық жүйке жүйесіне және невроз түріне қарай қолданылады. И.П.Павловтың жоғары жүйке іс- әрекеті туралы ілімді адамның әрекет- құлығы мен психикасы ауытқуларының көптеген мағынасын ашуға мүмкіндік жасады. Ең бастысы бұл ілім психикалық құбылыстар жөнінде идеалистік түсініктерге тойтарыс жасап, материалистік (мәдениеттік) психологияның, педагогиканың және бейнелеу теориясының ғылыми негізін қалады. Организмнің қоршаған ортадағы алуан түрлі өзгерістерге және өз ішіндегі пайда болатын қажеттіліктерді өтеуге лайықталған бейімделу процестерін іске асыратын физиологиялық механизмдер арқылы қол жететін ақырғы пайдалы нәтиженің ең негізгісі – ішкі ортаның тұрақтылығын (гемостазисті) қамтамасыз ету екені белгілі. Тек осы жағдайда ғана барлық функционалдық жүйелер өздеріне тиісті, қалыпты қызметтерін атқарады. Организмдегі мүшелер мен ұлпаларды бөгде денелерден қорғауда, клетка аралық сұйықтықтың құрамы мен қасиеттерінің тұрақтылығын сақтауда ерекше рол атқаратын гемеостатикалық бейімделу механизмдернің бірі гематоэнцифальдық тосқауыл деп есептеледі. Бұл ұғымды ғылымға Л.С.Штерн енгізді. Нерв ұлпасы мен ми клеткаларындағы ішкі орта тұрақтылығын сақтауда шешуші рөлді гематоэнцефальдық тосқауыл (ГЭТ) атқарады. Бұл механизмге бірігетін анатомиялық туындылар және олар іске асыратын физиологиялық процестер ми-жұлын сұйықтығынаң (МЖС), яғни ликвордың құрамы мен қасиеттерін реттейді. Гематоэнцефальдық тосқауыл туралы түсінік бойынша қағидалар басшылыққа алынады: • Заттардың миға енуі негізінен ликвор арқылы емес, капилляр-нерв клеткасы деңгейіндегі қан жасау жүйесі арқылы іске асады. • Гематоэнсефальдық тосқауылды анатомиялық туынды дегеннен гөрі функционалдық ұғым ретінде қабылдуа керек. Оны басқарудың физиологиялық механизмі әдеттегідей нервтік және гуморальдық жүйелердің реттеуші әсерлеріне тәуелді. • Гематоэнцефалдық тосқауылды басқаратын факторлардың ішінде нерв ұлпасының әрекеті мен метаболизмінің деңгейі жетекші ролге ие. Гематоэнцефалдық тосқауыл қаннан миға, оның сезгіш құрылымдарына әсер ететін биологиялық белсенді заттардың, метаболитердің, басқа да химиялық заттардың енуін реттейді; оған бөгде денелердің микроорганизмдердің, таксиндердің түсінеуіне кедергі жасайды. Гематоэнцефалдық тосқауылдың морфологиялық субстратындағы жетекші құрамдас ми бөлігі; • капилярларының қабырғасы болып есептеледі. Ол тосқауыл қызметін қамтамасыз етеді. Ми клеткаларына заттар енуінің екі механизмі бар: 1. Ми-жұлын сұйықтығы арқылы. Бұл сұйықтық қан мен нерв немесе глиалдық клетка арасындағы аралық буын және қоректік қызмет атқарады; 2. Капилярлар қабырғасы арқылы. Ересек организмде заттардың нерв клеткасына өтуінің негізгі жолы гематогендік (қылтамырлар қабырғасы арқылы) болдып есептеледі. Ликворлық көмекші қосымша ролге ие. № 5- дәріс Тақырыбы: Психикалық және физиологиялық қатынастар жайлы қазіргі түсініктер Сұрақтары: 1. Психофизикалық және психофизиологиялық мәселелер. 2. Психика мен мидың байланыстылығы Ми бес бөліктен тұрады: үлкен ми сыңарлары, аралық ми, ортаңғы ми, мишық, сопақша ми. Бұлардың атқаратын қызметі әр түрлі болғанымен,бір- бірімен тығыз байланысты. Мидың бөліктерінде өзара қатынасатын төрт қуыс бар. Бұл ми қарыншаларына шамамен 130-140мл сұйықтық толып тұрады. Сұйықтық түссіз,онын құрамында қаннын жасушалары және ақуыз болады. Сұйықтықтын құрамы бұзылса,онда мидың қызметі бұзылады. Миды үш қабатты қабақша қаптайды, олар:қатты, торлы және қантамырлы қабықшалар. Қатты қабықша-ішке бетін қаптап жататын мидын үстінгі(сыртқы)қабықшасы.Ортаңғы қабықшасы торлы қабықша,ол қатты қабықшаның астында жатады.Торлы қабықша өте жұқа болғандықтан,онда қан тамырлары аз болады.Ал ішкі қабықша-қантамырлардан тұрады. Қантамыр қабықшасы мидың қыртысына орналасады. Қан тамырларымен торлы қабықшалардың аралығында ми сұйықтығы толған қуыс болады. Ми қабықшасы қозудың жүйке талшықтары арқылы өтуіне бір талшықтан екінші талшыққа берілуіне бөгет жасайды. Ми ақ және сұр заттан тұрады. Бұл екі бөлік бір-бірімен нейронның ұзын өсінділері арқылы жалғасады, нейронның өсінділері қозуды да өткізеді. Ми сыңарларының және ми бағанының астыңғы бөлігі мидың негізі деп аталады. Жүйке ұлпалары қан айналымына, әсіресе оттегіні жеткілікті мөлшерде келіп отыруына өте сезімтал. Сондықан, мидың жұмысы қан тамырларының қызметіне тығыз байланысты. Қанның құрамындағы заттар қан тамырына әсер етеді. Зянды әсерден қан тамыры тарылады да, миға қанмен бірге келетін отегі мен қоректік заттардың мөлшері азады. Сөйтіп, мидың қызметі бұзылып, ауру пайда болады. Мидың қан тамырлары тарыла бастағанда науқастың басы айналып, ауырады, қуаты кетіп, әлсізденеді,одан соң қолы нмсе аяғы жансыздана бастайды, бірақ есінен танбайды. Қан қысымы артқанда кейде қан тамырлары жарылып кетеді. Бұдан миға кенет қан құйылады. Бұл ауыру адамға эмоция және ауыр дене еңбегі нәтижесінде әсер етеді. Науқас есінен танып, өліп кетуі де мүмкін. Бас айналу ауруы бір кеселдің салдарынан болады. Бас айналғанда жүрек соғады, Адамның жүрегі айнып, құсады, тіті талып та қалады, құлақ шыңылдап, нашар естулі және көздің бұлдырауы мүмкін. Дені сау адамда да теңізде жүргенде, ұшқанда, бр жазықтан екінші жазыққа тез ауысқанда, машинаға мінгенде, алты бақан тепкенде бас айналуы байқалады. Мишықпен мидағы жүйке орталықтарының әркеті уақытша немесе мүлде бұзылғанда адамның басы айналады. Бас айналуы мида ісіктің пайда болуынан, арақ ішудің әсерінен, құлақтың түрлі ауруларынан болады. Бас сақинасы (ұзақ ауыру) көбінесе ішкі мүшелердің сырқатынан, түрлі жұқпалы және жүйке жүйесінің ауруларынан, адам уланғанда пайда болады. Ми қабықшасындағы тамырлар кеңігенде бас сақинаы байқалады. Мидың қабынуы миға ауру қоздыратын вирустардың тигізген әсері салдарынан болатын жұқпалы ауыру. Тұмау, сүзек құяң, қызылша, ұшпа шешек және т.б ауырулардан кейін ми қабынады. Науқастың басы ауырады, дене қызуы көтеріледі, сандырақтайды, қол- аяғы дірілдеп, есінен танады. Адам бас миының және ми қабығы астындағы жүйке орталықтарының зақымдануына байланысты қимыл-қозғалыстық, іс-әрекеттік және танымдық- когнитивтік әрекеттерде әртүрлі деңгейдегі кемістіктер, ауытқулар мен дағдарыстар паралич (сал немесе жансыздану), гиперкинез (ырықсыз қимылдар) сияқты көріністерден байқалады. Паралич немесе плегия – рефлекторлық жолдар қозғалысы үзілуінен бұлшықтардың қимылсыздығы. Паралич немесе плегияның мынындай түрлері бар: • моноплегия – аяқ не қолының біреуі қимылдамайды; • гемиплегия – денесінің бір жағы қозғалмайды; • параплегия – екі қолы не екі аяғы қозғалмайды; • тетраплегия – барлық аяқ-қолдары қозғалмайды. Миы қабынған бала шалқалақтап, иегін кеудесіне жақындата алмайды, тынысы тарылады. Аурудың кене жұқтырады. Көктемде, жазда қалың ормандарда, таулы жерлерде кене шаққанда 2-14 күннен кейін адамның дене қызуы 39-40 дейін көтеріліп, ол құсады, естен танады. Кейбір науқастардың 6-10 күнне соң қол- аяғы жансызланады. Сау адамға жұққанда, 14-90 күн өткен соң адамның басы ауыркады, құсады, ұйқы басады. Денге қызуы көтеріледі, тамақ ішпейді, үш- төрт апта төсек тартып жатады. Қолы жансызданып, басы қалтырап, есі ауысуы мүмкін. Кейде бұл ауыру күзде кездесетін масаның бір түрінен жұғуы мүмкін. Тұмау, сүзек, мерез және т.б жұқпалы аурулардың әсерінен, күшла мен сынаптан уланғанда, суық тигенде, мидың торлы қабықшасы ми ұлпаларына жабысып,бассүйектің қуысындағы қысым күшейеді. Науқастың басы ауырып, құсады, қояншығы ұстауы мүмкін. Аяқ қолы сырқырайды, сезу қабілеті төмендейді, сал болып қалады. Науқасты тек дәрігер емдей алады. Ми шайқалуы биіктен құлағаннан, соққыға ұшырағаннан адамның басына қатты соққы тигеннен болады. Адамның есінен танып, талып қалуы, басы айналып, құсуы мүмкін, құлағы мүкіс естиді және тілі күрмеледі. Миы шайқалған адам өзіне ұқыпты қарап, мезгілмен емделмесе ауруы асқынып, миына қан құйылады, бет- ауэы қисайып, қол- аяғы жансызданып қалады. Науқас14-21 күн төсекте жатып емделуі тиіс. Адамдар түрлі психикалық ауруларға шалдыққанда оның нейрондарымен синапстарының кейбір бөлімдері бұзылады да, кейін бұл нерв жасушалары өзгеріске түсетін көрінеді.Мида әлсіз электр тоқтары жұмыс істейтіндігі ғылымға көптен мәлім. Биотоктардың мидағы жүріс- тұрыс, өрісін осциллограф дейтін аспап арқылы зерттейді. Мәселен, оны электротпен жалғастырып адамның басына кигізгенде, биотоктар ирек сызық түрінде қағазға түседі. Осындай жазылымды мидың электроцефалограммасы дейді. Биотоктардың бірнеше ритмдері ажыратылады. Мәселен, мида секундына 9-12 жиіліп шамасында өрістейтін Альфа, толқын дем алыс, тыныс жағдайын көрсететін ритм секундына 3-5- жиілікпен өтетін Дельта- толқын, секундына 13-20 жиілікте болатын «бета»- толқын (күрделі ой жұмысы жағдайындағы ми қызметі) өріс алып отыратындығы анықталған. Қыртыстың нерв клеткалары және талшықтары. Адамның жарты шарлар қыртысынң негізгі айырмашылық белгісі – оның күрделілігімен көп қабаттылығында, оның жоғарғы қабаттарында аралық нейрондардың саны өте көп. Қыртыстағы нейрондардың негізгі 4 типін айырады: 1. Эфференттік нейрондар. Бұған пирамидалық және жіп тәрізді клеткалар жатады. Атына сәйкес пирамидалық клеткалардың формасы пирамида тәрізді келеді. Оның жоғарғы ұшынан қыртыстың беткі қабаттарына дейін жетіп тарамдалатын дендрит шығады; қысқарақ дендриттер пирамиданың негізі мен бүйір жақтарынан шығады. Аксон пирамиданың неігзгі жағынан шығып, кері кететін коллатералдар беріп, жарты шардың ақшыл затына беттейді. Қыртыстың жоғарғы қабаттарындағы пирамидалардың көлемдері кішкене келеді, ал тереңіректе орташа, үлкен және 120 мкм-ге дейін жететін алып клеткалар орналасады . Клеткалардың жоғарғы полюсінен тарамдалатын жіп тәрізді дендрит кетеді де , төменгі полюсінен аксон кетеді. Аксоны жоғары кететін нейрондар - қыртыстың терең қабаттарындағы импульстерді беткі қабаттарға жеткізеді . Аксоны горизонталь орналасқан нейрондар - импульсті қыртыс бетіне параллель бағытта таратады. Көп тарамдалған қысқа аксонды қондырма нейрондар - импульсті көрші клеткаларға береді. Оған жататындар : жұлдызды немесе дәнді, бұта тәрізді (оның аксоны кішкентай және орташа пирамидаларды орап алады), өрмекші тәрізді клеткалар . Қыртыстың сұр затына оның астында жатқан ақ заттан өте көп афференттік талшықтар келеді . Олардың ішінен мынадай негізгі талшықтарды айырады: a) проекциялық талшықтар - үлкен жартышарлар қыртысын мидың төмен жатқан бөлімдерімен байланыстырады б) алыс және жақын жатқан участоктарын байланыстырады, бір жарты шардан екіншісіне келетін талшықтарды комиссуральдық деп атайды. Қыртыстың эфференттік талшықтарының өздерінің ішінен проекциялық және ассоциациялық талшықтарды айырады. Бұлардың біріншісі қыртыстың төменгі қабаттарынан, ал екіншісі жоғарғы қабаттарындағы клеткалардан кетеді. Адам туғаннан кейін нерв клеткаларының саны көбеймейді деп есептеледі. Ал мидың массасының үлкеюі дендриттердің өсу есебінен жүреді. Осының нәтижесінде туғаннан кейін клеткалардың орналасу жиілігі біртіндеп азая береді: Үлкейген дендриттер клетка денелерінің арасындағы кеңістіктерді толтырып, олардың өзін біраз ығыстырады. Жасқа байланысты дендриттер құрылысында да біраз өзгерістер жүреді: оларда ерекше қалыңданған кішкене өсінділер (шипики) пайда болады. Шипиктер орталық нерв жүйесінің барлық бөлімдеріне кездеседі, әсіресе олардың саны қыртыстың пирамидалы клеткаларында көп, әрі алуан формалы болып келеді. Қыртыста шипиктер туу қарсаңында пайда болып, олардың саны жасқа байланысты өсіп отырады. Шипиктер түрлі зақымдағыш заттарға өте сезімтал келеді. Мысалы мидағы қан айналу бұзылса шипиктер тез ыдырап кетеді. Дендриттің түрлі участоктерінде шипиктер санының өсіп-көбеюі белгілі аралық нейорондардан қозудың өтуін жеңілдете түседі. № 6- дәріс Тақырыбы: Психофизиологияның жүйелік негіздері Сұрақтары: 1. Функционалды жүйе мінез-қылықтың физиологиялық негізі. 2. Функционалды жүйенің негізгі белгілері. Жүйке жүйесі организмнің сыртқы ортамен байланысын жүзеге асырып отырады, айналадан келетін тітіркендіргіштерге жауап қайтарады. Бұлармен қатар жүйке жүйесі түрлі дене мүшелерінің, ұлпалардың, клеткалардың қызметін, зат алмасу мен қан айналысын басқарып, сыртқы ортаның үнемі өзгеріп отыратын жағдайларына оларды бейімдеп, үйлестіріп отырады. Жүйке жүйесі мүшелердің жұмысын үйлесімді реттеп отырады және ағзаның біртұтастығын қамтамасыз етеді. Организмнің сыртқы ортамен байланысы жүйке жүйесі арқылы жүзеге асады. Оны мынадан байқауға болады. Шөлді жерлерде тұратын адамдардың жүйке жүйесінің қызметі оларды дене қызуының шамадан тыс жоғарылауынан сақтандырады. Ал таулы жердегі адамдардың ағзасы жүйке жүйесі арқылы оттегін белгілі мөлшерде жұмсап, сол ортаға бейімделуге мүмкіндік алады. Жүйке жүйесі арқылы адам өзінің айналасындағы ортаны танып, біліп, зерттеп және өзгертуге белсене араласып отырады. Жүйке жүйесі адам денесіндегі мүшелердің және мүшелер жүйесінің бір қалыпты болуын қамтамасыз етеді. Жүйке жүйесі орталық және шеткі бөлімдер болып екге бөлінеді. Олар: орталық бөлік ми және жұлыннан құралады. Жұлынның артқы және алдыңғы бөлігінде жоғары қарай созылған терең жүлке (борозда) жатады. Жұлынның ортасында сұйықтыққа толы жұлын өзегі болады. Бұл сұйықтық жүйке жасушаларының тіршілік – орталығы болып табылады. Өзекті қоршап тұрған сұр заттың пішіні көбелекке ұқсас, ал оның сыртында ақ зат орналасады. Жұлынның сұр затында алдыңғы артқы және бүйір түбірлері бар. Алдыңғы түбірде ендірме нейроны, артқы түбірде қондырмалы нейрондар(түйіндер) сезім және қимыл нейрондарының арасын байланыстырып тұрады. Алдыңғы түбір дегеніміз – қимыл нейрондарының аксондары. Артқы түбір – ол сезім нейрондарының аксондары. Қимыл және сезім түбірлері омыртқа аралық тесікте қосылып, жүйке түзеді.Одан соң олар алдыңғы және артқы тармақтарға тарайды. Бұлардың әрқайсысы сезім және қимыл жүйке талшықтарынан құралған. Сөйтіп, әр омыртқа тұсында жұлыннан екі жаққа қарай 31 жұп аралас жұлын жүйелері таралады. Бұл орталықтарда рецепторлардың белгілі түрлерінен келген хабарлар талдауға және қорытындылауға түседі. Одан қозу толқыны хабарға жауап қайтаратын мүшелерге (жүрек, қан тамыры, қанқа бұлшықеттері және т.б)жеткізіледі. Келіп түскен қозу толқынының әсерінен мүшенің қызметі өзгереді, яғни рефлексті өзгеріс туады қайтарылатын жауап дәл болу үшін ми жүйесінің жоғары бөліктерінің қатысуы қажет. Жұлының қызметін ми реттеп отырады. Жұлын зақымдалғанда (ісік пайда болады) өткізгіштік және рефлекстік қызметтері жойылып кетеді. Омыртқа жотасы сынғанда немесе қыйсайғанда жұлын мен ми арасындағы байланыстар үзіледі. Мұндай адамның миы әдеттегідей қызмет атқарады, бірақ зақымданған орталық арқылы жұлынның барлық әрекеті реттеу немесе өткізгіштік қызметін атқара алмайды. Дегенмен, зақымданған жұлыннан тыс жатқан орталықтардан келген қозу толқыны жүйелерге тарала алады. Ол басты бұру,шайнау қымылдарын жасай алады. Жұлын негізінен рефлекстік және өткізгіштік қызмет атқарады. Жұлынның ақ заты оның өткізгіштік қызметін атқарып және оның әр бөліктерін өзара байланыстырады. Қызу жұлын арқылы жоғары және төмен қарай өтеді. Жоғары немесе сезімталдық өткізгіш арқылы қызу жұлыннан миға жетеді,ал ондағы толқындар төменгі немесе қимыл өткізу жолы арқылы мидан жұлыннан қимылдың нейрондарына таралады да,соңынан жауап қайтаратын мүшеге жетеді. Жұлынның сезімтал жүйке талшықтары арқылы теріден,бұлшықеттен келген қозу оның жоғары өткізгіштік жолымен миға барады. Мидың қабатына бұл қозу толқындарынан әртүрлі сезімдер (ауырсыну,жылылық немесе суық сезімдер) туады. Жұлынның рефлекстік қызметі орталық жүйке жүйесінің тек белгілібөлігі,яғни жүйке орталығы арқылы ғана жүзеге асады. Жүйке орталығының-ми бөлігінде орналасқан және белгілі мүшенің немесе жүйенің қызметін реттейтін жүйке жасушаларының тобы. Мысалы,тізе рефлексінің орталығы-жұлынның бел бөлігінде, зәр бөлудің орталығы – жұлынның бел бөлігінде, зәр бөлудің орталығы – жұлынның сегізкөз бөлігінде, көз қарашығының орталығы – жұлынның арқа бөлігінде орналасады. Жүйке орталықтары көптеген қондырмалы нейрондардан тұрады. Жұлын біздің саналы әрекетіміздің орталығы емес, ол қарапайым қозғалыстарымыздың (аяқ-қолды бүгу, керіп созу т.б) жұмысын басқаратын орталық болып табылады. Мәселен, жаңа туған нәресте емуге әрекеттенеді, аузына сүт барғанда, ол сілекей бөледі. Мұның бәрі жұлынның шартсыз рефлекстері, олар организмге туысынан тән болады. ХІХ ғасырдың басынан бері француз физиологі Бишанның ұсынысы бойынша организмдегі функцияларды анималдық немесе соматикалық және вегетативті деп бөледі. Соматикалық функцияларға сыртқы әсерлерді қабылдау және қаңқа еттері іске асыратын қозғалу реакциялары жатады. Вегетативтік функцияларға бүкіл организмдегі зат алмасуды іске асыратын жүйелер қызметін, сондай ақ өсу мен көбейуді жатқызады. Функцияларды осылай бөлуге орай, оларды реттеуді іске асыратын арнайы соматикалық және вегетативтік нерв жүйелерін ажыратады. Соматикалық нерв жүйесі экстерорецептивтік сенсорлық және моторлық функциялардың орындалуын қамтамасыз етеді. Вегетативтік нерв жүйесі ішкі органдарды, тамырлардың, тер бездерінің қызыметін және қаңқа еттерінің, рецепторлардың, нерв жүйесінің өзінің трофикалық иннервациясын камтамасыз етеді. Вегетативтік нерв жүйесінің өзіне ғана тән болатын морфологиялық ерекшелігі бар. Оның ядролары орталық нерв жүйесінің арнайы бөлімдерінде орналасады, сондықтан талшықтары да тек сол ошақтардан шығады; талшықтардың шеткі бөлімдерде бөлініп орналасуда сегментарлық болмайды. Әр талшық диаметрі өте жіңішке болады. Осылармен қатар, вегетативтік нерв жүйесінің талшықтары мидан ішкі органдарға қарай бағытталған жолда міндетті түрде үзіліс жасайды. Мұндай үзіліс жасалатын органдарды шеткі вегетативтік ганглийлер деп атайды. Ганглий нейрондары мен мидан кететін талшықтар арасында синапстік байланыс болады. Ганглий нейрондарының аксондары тиісті ішкі органдарға жетіп, оларды жабдықтайды . Ганглийдер түрлі органдармен тканьдерге орталық нерв жүйесінің импульстерін жеткізушілер ғана емес, олар шеткі рефректорлық орталықтарда болып есептеледі, сондықтан белгілі дәрежеде ОНЖ -нен тәуелсіз түрде, өз шеңберлерінде, ганглийлерде тұйықталған рефлекторлық доға арқылы әртүрлі рефлекстерді іске асырып ішкі органдар функцияларын реттей алады. Вегетативтік нерв жүйесі симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдерден түрады. Симпатикалық нерв жүйесінің орталықтары жұлынның жоғарғы кеуде (1) сегменті мен ІІ - ІV - інші бел сегменттерінің сұр затының бүйір мүйіздерінде орналасады. Бұлардан басталатын преганглионарлық деп аталатын талшықтар жүлыннан алдыңғы түбірлердегі соматикалық талшықтармен бірге шығады. Одан әрі шекаралық симпатикалық бағанға бағытталады. Баған ганглийлеріндегі нейрондардан постганглионарлық талшықтар шығарады. Бұлар организмнің барлық ішкі органдарын , сондайақ қан тамырларын жабдықтау арқылы қаңқа еттерін, терін, миды т.б. иннервациялайды. Біраз преганглионарлық симпатикалық талшықтар шекаралық баған ганглийлерінен үзіліссіз өтіп, шеткі ганглийлерде аяқталады. Бұлардағы нейрондардан шығатын постганглионарлық талшықтар өз тарапынан құрсақ бөліміндегі органдарға бағытталады. Парасимпатикалық нерв жүйесінің орталық жүйесінде орталық мида , сопақша мида және жұлынның сегізгөз сегменттерінде орналасады. Көзді қозғалатын нервтің бет, тіл-жұтқыншақ, кезеген және жамбас нервтерінің құрамына кіретін преганглионарлық парасимпатикалық талшықтар өздері жабдықтайтын органдардағы ганглийлерде немесе оларға жақын маңдағы ганглийлерде аяқталады. Ал бұларда постганглийлік талшықтар шығатын нейрондар орналасады. Көңіл аударатын бір жай, симпатикалық нерв талшықтары парасимпатикалыққа қарағанда организмде әлде қайда кең тараған. Егер симпатикалық нервтер барлық дерлік органдар мен тканьдерді жабдықтаса, парасимпатикалық нервтер қаңқа еттерін, ОНЖ-ің қан тамырларының басым бөлігін және жатырды жабдықтамайды. Олар тек ішкі органдарды және бас органдарын жабдықтайды. Вегетативтік нерв жүйесі иннервациялайтын көпшілік органдарға, симпатикалық және парасимпатикалық талшықтар қарама-қарсы әсер етеді. Мәселен, кезеген нервті тітіркендіруден жүрек қызметі әлсіреп, соғуы сирейді, ал симпатикалық нерв, керісінше, оның қызметін күшейтіп, соғуын жилетеді; парасимпатикалық әсерлер тілдегі, сілекей бездеріндегі, жыныс органдарындағы қан тамырларын кеңейтсе, симпатикалықтар – оларды тарылтады; парасимпатикалық нервтер – қарашықты кішірейтсе, симпатикалық нервтер – үлкейтеді; парасимпатикалық әсерлер бронхыларды тарылтса, симпатикалық – кеңейтеді; парасимпатикалық нервтер қарын бездерінің қызметін, ішектің жирылып –босауын күшейтеді, ал симпатикалық нервтер оларды тежейді т.с.с. Тұтас организмде бұл жүйелердің қызметтері өзара келіскен, «теңдестірілген»күйде іске асады. Нақты жағдайда, организм қажетіне лайықтанған бағытта керек болса, бірінің қызметі күшейгенде, екіншісінікі төмендейді және керісінше. Бірақ, кейде, бір жүйенің тонусының жоғарылауынан белгілі дәрежеде екіншісінің де тонусы жоғарлайтыны байқалған. Сонымен бірге, мәселен, сілекей безінің қызметін симпатикалықта, парасимпатикалық та әсерлер күшейте алады. Организмдегі барлық органдар мен тканьдердің бұл нервтермен жабдықталуы ылғи да қосарланбайтындығы жоғарыда айтылып өтті. Вегетативтік нерв жүйесінің барлық деңгейлері аралық мида орналасқан жоғары вегетативтік орталықтарға бағынады. Бұл орталықтар организмдегі көптеген органдармен жүйелердің функцияларын үйлестіреді. Ал олар өз тарапында үлкен ми сыңарлары қыртысына бағынады. Ми қыртысы соматикалық және вегетативтік функцияларды біріктіріп бірыңғай іс-әрекеттік актыларды тудыру арқылы бүкіл организмнің біртұтас жауабын қамтамасыз етеді. Ерекшелік ретінде айта кететін нәрсе, организм реакцияларының соматикалық компоненттері вегетативтіктерден өзнеше адам еркіне тәуелді түрде орындала алады, яғни оларды ерікке бағындырып күшейтуге немесе тежеуге болады. Басқаша айтқанда олар ылғи да сана бақылауында болады. Вегетативтік компоненттер әдетте мұндай бақылаудан тыс орындалып жатады: кәдімгі күнделікті өмірде адам қалауымен ішкі органдар қызметін өзгерте алмайды. Сондықтан да кейде вегетативтік нерв жүйесін автономды немесе ерікке тәуелсіз деп атайды. Әрине бұлай атау өте шартты түрде ғана мүмкін екендігі түсінікті. Бұған акад. К.М.Быковтың лабораторияларында көптеп жүргізген зерттеулер куә. Бұлар көрсеткендей, кез-келген ішкі органның қызметін шарты рефлекторлық жолмен қалаған бағытта өзгетуге болады. Ендеше вегетативтік нерв жүйесі ми сыңарлаы қытысының бақылауында қызмет атқаратынын атап көрсету керек. Вегетативтік нерв жүйесі арқылы қозу өту прцесіде түрлі медиаторлардың қатысуында жүреді. Парасимпатикалық нервтердің, сондай-ақ симпатикалық вазодилататорлардың, тері бездерінң симпатикалық нервтернің ұшында ацетилхолин түзіледі, симпатикалық нервтердің постганглионарлық бөлімдерінң ұштарында норадреналин түзіледі. Вегетативтік нерв талшықтарынң ұштарында түзілетін медиаторларыдң өздері жабдықтайтын клеткаларға соматикалық нервтерде түзілетін медиаторларға қарағанда әсер ету уақыты ұзақ болады. Себебі, бұларда, шамасы, медиаторларды ферменттер активтігі төмен болса керек. Медиаторлар вегетативтік нерв жүйесі ганглийлеріндегі синапстардың преганглионарлық талшықтары терминальдарында да түзіледі. Мұны алғаш байқағандардың бірі А.В.Кибияков болды. Ол мысықтың жоғарғы мойынының симпатикалық түйініне келетін преганглионарлық симпатикалық талшықтарды тітіркендірген соң, сол түйіннен ағып шығатын Рингер-Локк ертіндісінің құрамынан адреналин тәрізді затты тапқан. Кейін преганглионарлық талшықтар түзетін сипаттарда пайда болатын қоздырушы медиатордың ацетилхолин екендігін анықтады. Ал адреналин симпатикалық ганглийлер нейрондарында тежелу тудыратын медиатор болып шыққан. Ганглийлер синапстарындағы ацетилхолин әрекетінің бір ерекшелігі – оның әсері түйінді атропинмен уландрсада оқтамайды; бірақ никотнмен уландрса ол әсер жойлады. Осыған байланысты оларда ацетилхолин әсерін сезетін құрлымдардың екі типі бар деп есептеледі. Бірі – М-холинрецепторлар–сезгіштігін атропин әсерінен жоғалтады; екіншісі–H- холинрецепторлар–сезгіштігін никотиннің және кейбір басқа ганглиоблокаторлардың әсерәнен жоғалтады. Вегетативтік нейрондар аксондардың ұштарында қай медиатордың түзлетіндігіне қарай ол нейрондарды холинергиялық және адренергиялық деп бөледі. Біріншілердің аксондарының ұштарында қай медиатордың түзілетіндгіне қарай ол нейрондарды холинергиялық және адренергиялық деп бөледі. Біріншілердің аксондарының ұштарында ацетилхоолин жасалады. Аксон терминальдарынан босап шыққан медиаторлар –ацетилхолин мен норадреналин –постсинапстық мембранадағы спецификалық белокпен өзара әрекетке түсіп, комплексті қосылыс түзеді. Ацетилхолинмен өзара әрекеттесетін белок холинрецептор деп, ал адреналинмен немесе норадреналинмен өзара әрекеттесетін белок адренорецептор деп аталады. Адреналинмен норадреналин әсер ететін адренорецепторлардың да екі негізгі түрі бар: α және β. Бұлардың әр түрлі органдарда орналасуының өзіндік ерекшеліктері бар. Кейбір органдарда олардың екеуі де бар, олар бір не қарама-қарсы бағытты реакциялар тудырады; ал екінші біреуінде олардың біреуі ғана кездеседі. Мәселен қан тамырларында екі адренорецептор да бар. Осындағы α – адренорецепторлармен қосылыс түзетін симпатикалық медиатор артериолдарды тарылтады, ал β – адренорецепторлар оларды кеңітеді. Ішектеде α және β – адренорецепторлар болады және олардың екеуі де ішектің бірыңғай салалы еттерінде тежелу тудырады. Жүректе және бронхыларда α – адренорецепторлар болмайды. Мұнда адреналинмен норадреналин тек β – адренорецепторлармен өзара әрекеттесіп жүрек жұмысын күшейтеді және бронхыларды кеңейтеді. № 7- дәріс Тақырыбы: Сенсорлық жүйенің психофизиологиясы Сұрақтары: 1. Сенсорлық жүйенің қасиеттері. 2. Көру жүйесі. Есту жүйесі. Вестибулярлы жүйе. 3. Соматосенсорлық жүйе. Ми-жұлын сұйықтығы (ликвор, цереброжұлын сұйықтығы). Мөлдір, түссіз сұйықтық ми қарыншаларының қуысын, ми сауытындағы субарахнолдалық кеңістікті, жұлын каналын ми ұлпасындағы периваскулярының (тамырлар айналасындағы) және перицеллюларлық (клеткалар айналасындағы) кеңістіктерді толтырып тұрады. Ми-жұлын сұйықтығықоректік қызмет атқарады және мидың ішіндегі қысым шамасын анықтайды. Оның құрамында біраз биологиялық белсенді заттар болады. Мәселен, гипотоломус пен гипофиз гориондары, гаммаоминмай қышқылы, ацетилхалин, норадреналин, дофалин, серотонин және метаболизм өнімдері. Ми-жұлын сұйықтығының химялық құрамы қандікіне ұқсас. Онда 90 % су, 10 %-дай құрғақ қалдық болады. Клеткалардың 60 %-ы лейкоциттер үлесіне тиеді. Қалыпты жағдайда 1 мк-мінде 1,5 клетка болады. Ми-жұлын сұйықтығында лизоцим және біраз ферменттер бар. Клиникалық тәжірибеде дигноз қою үшін ми- жұлын сұйықтығындағы Кафеа белок коэффинциенті деп аталатын көрсеткіштің маңызы зор. Коэффициент ондағы глобулин мөлшерінің альбуминге қатынасы арқылы анықталады. Қалыпты жағдайда бұл қатынас 0,2 - 0,3 шама болады. Мидағы ликвор айналу жүйесін үш негізгі буын құрайды: ликвор өндірілуі, ликвор айналасы және ликвор әкетілуі. Ликворды негізінен ми қарыншаларының тамырлар шырмаулары қан плазмасынан сүзу (фильтрация) арқылы өндіреді. Бұл процеске белгілі дәрежеде мидың түрлі құрылымдық элементтері, нейрондар және глиалық ұлпа қатысады. Сызбанұсқа түрінде алғанда ми-жұлын сұйықтығының айналысы мынандай: мидың бүйір қарыншаларынан қарынша аралық тесік (Монро тесігі) арқылы сұйықтық ІІІ-қарыншаға өтеді, одан соң ортанғы мидағы опература (Мажанди тесігі) және латеральдық опература (Лушка тесігі) арқылы ми түбіндегі цистерналарға өтеді де, ортаңғы ми сайына жетеді. Бұдан соң үлкен ми сыңарларының субарахнойдалық кеңістігіне көтеріледі. Ми-жұлын сұйықтығының қозғалысы оның жолының әртүрлі бөлімдеріндегі гидростотикалық қысымдар градиентіне (айырмасы) негізделген. Бұл қысымдар ми сауытындағы қан тамырларының соғуына, веналық қысымның өзгерістеріне және дененің кеңістіктегі қалпына байланысты болады. Ми-жұлые сұйықтығының әкетілуі (30- 40%) арахноидалық кеңістік арқылы жүреді де, бойлай жатқан жатқан синусқа түседі. Сұйықтың 10% -дайы ми қарыншаларының тамыр шырмаулары арқылы әкетіледі, ал 5-30% -ға дейінгісі периневральдық кеңістіктер арқылы лимфа жүйесіне түседі. Айналыста болатын ми-жұлын сұйықтығының жалпы көлемі ересек кісіде қалыпты жағдайда 90-200мл шамасында орташа алғанда 140 мл-дей болады. Бір тәулікте 500 мл-дей ми-жұлын сұйықтығы жасалады. Оның жаңаруы 1 тәулікте 4- 8 рет орындалады. Бұл жиілік тамақтану режиміне, денедегі су мөлшеріне, организмдегі физиологиялық процестер тербелісінің белсенділігіне, ОЖЖ-ның қызметіне, т.б. байланысты. Үлкен ми сыңарлары қыртысының цитоархитекториясы. Қыртыстың түрлі учаскелерінің құрылыстық ерекшеліктерін оның архитектоникасы деп атайды. Қыртыстағы клеткалардың көлемін, пішінін, олардың қыртыс қабаттарында орналасуын және әрбір қабаттың қалыңдығынондағы түрлі клеткалық элементтердің бір-бірімен сандық қатынастарын (цитоархитектоникасы) т.б. өте ұқыптылықпен зерттеу нәтижесінде, үлкен ми сыңарлар қыртысының бетін толып жатқан алаңдарға бөлуге мүмкіндік туды. Кешірек ми қыртысының ми элинді талшықтарының орналасуы мен құрылыс ерекшеліктерін зерттеуге кірісті (милоархитектоника). № 8- дәріс Тақырыбы: Зейіннің психофизиологиясы Сұрақтары: Фильтр теориясы. Психофизиологиядағы зейін мәселесі. Нәтиженің алдын-алу теориясы. Зейін – бұл психикалық іс-әрекеттің бағытталуы мен шоғырлануы. Осы әрекеттің таңдамалылығы мен сақталуы оның бағыттылығын танытса, ал сол әрекетті тереңдей танумен басқаларын елемеу – зейіннің шоғырлылығын білдіреді. Бұл анықтамадан болатын қорытынды - зейін өз өніміне ие емес, ол тек басқа психикалық үдерістердің нәтижелілігін көтеру қызметін атқарады. Зейін сана қызметінің іске асуын қамтамасыз ете отырып, сыртқы әсерлерді бөлшектейді, нақты сәттегі мәнді ықпал бірліктерін ажыратады және оларға аса жоғары аналитик-синтетикалық күштерді шоғырландырады. Осыдан сана айқын да анық деңгейге көтеріліп, қажетті бағыт-бағдар алады. У. Джеймс зейіннің келесі түрлерін қарастырады: 1) сезімдік (сенсорлы) және ақыл-естік (интеллектуалды); 2) тікелей нақты, егер нысан өздігінен көңіл тартатын болса, және туынды (жанама); 3) ырықсыз не енжар, күш жұмсауды қажет етпейтін және ырықты (белсенді) – ерік қосумен болатын. Ырықсыз зейін қандай да затқа ешбір ниетсіз-ақ бағдарланады және ол үшін ерік күшін қажет етпейді. Ырықты зейін немесе ерікті зейін нысанға әдейі, белгілі мақсат қоюмен бағытталып, саналы да ерік жұмсаумен қалаған қажет уақыт аралығында орындалып жатады. Егер іс-әрекет адамды қызықтыратын болса, ырықты зейін үйреншікті зейінге өтеді де, енді ерік күші тіпті қажет болмай қалады. Ырықта зейін сияқты бұл зейін түрі белсенді сезімімен, мақсат бағдарлылығымен және ниеттілігімен ерекшеленеді. Аталған үш зейін түрлері өзара ауысып, іс-әрекет бабына, мақсатына орай қызмет жасауы мүмкін. В.Н.Страхов өз еңбектерінде өзіндік бағдарлау деген зейіннің және бір түрін атап көрсетеді. Өзіндік бағдарлау нысаны жеке адамның өз бойындағы әрекет-қылық сипаты, өзінің сөйлеу және қатынас мәнері, әлеуметтік рөлі және т.б. болуы мүмкін. Зейіннің бұл түрі арнайы қызмет те атқарады, мысалы, тұлғаға өз бойындағы әрекет-қылық, мінез өзгерістерін өзінше байқап, өзіндік ақпараттарды жинақтауға мүмкіндік береді. Мұндай зейіннің қалыптасуы үшін адам біршама күш-қуат жұмсап, жаттығуы қажет. Сыртқа бағытталған зейін – тысқы ортадағы мәнді заттар мен олардың маңызды тұстарын бөліп қарастыруға жұмсалады. Ішке бағдарланған зейін – психиканың өз қорындағы ниетті нысандарды бөліп алу қызметін атқарады. Зейін әрдайым адамның ұстанымдары мен оның әрқандай іске бейімділігі және дайындығына байланысты. Ұстаным, ниет тұлға ағзаларының сезімталдығын, барша психикалық іс-әрекеттің деңгейін арттырады. Зейін жеке-даралықты және ұжымдық болып та ажыралады. Ұжымдық зейін бір қызметпен шұғылданып, бір мақсатқа жұмылған орындаушылар арасында қалыптасады, мұндайда топтағы бір мүшенің ықпалы басқалар зейініне өзгеріс ендіруі мүмкін. Зейін қасиетері: тұрақтылығы, шоғырлылығы, көлемі мен ауысуы. оның уақыт аралығында шоғырлы сақталу мерзімімен анықталады. Іс-әрекет барысында субъекттің өзі сезбейтін, бірақ іс өніміне әсер етпейтін Зейін тұрақтылығы қысқа мерзімді зейін тербелістерінің болуы да заңды. Зейін шоғыры (концентрация) зейін тобының бір нысанға бағытталып, оның аймағына енбейтіннің бәрін елемеуімен сипатталады. бір уақытта бір не одан көп іс-әрекеттерді орындау мүмкіншілігін Зейіннің бөлінуі беретін психикалық әрекеттердің ұйымдасу сипаты. – бір уақытта анық та айқын қабылдануы мүмкін өзара Зейін көлемі байланыспаған заттар саны. Зейін ауысуы – жаңа мақсаттың белгіленуімен психикалық әрекет бағдарының саналы әрі ниетті өзгеріске түсуі. Кейде зейін іс-әрекеттің нәтижесіне орай толық ауысуы – не аяқталмаған ауысуға түсуі мүмкін. Зейіннің жеке – даралықты ерекшеліктері – бірнеше жағдаяттарға байланысты. Олар: жоғары жүйке қызметінің типі, тек өкілінің психикалық даму жағдайы, оның күнделікті психикалық қалпы, үйреншікті қызметінің шарттары. ОНЖ ның бөлімдеріне: жұлын, артқы ми (сопақша ми мен варолий), ортаңғы ми, мишық, аралық ми (таламус және гипоталамус), алдыңғы ми (қыртысасты ядроларының стриапаллидарлық жүйесі және ми сыңарларының қыртысы) жатады. Орталық нерв жүйесінің афференттік және эфференттік жолдар арқылы бүкіл денемен және қол-аяқпен байланысатын бөлігі. Жұлында эфференттік нейрондар я тікелкй, я аралық нейрон арқылы эфференттік нейрондармен байланысады. Жұлында толып жатқан өткізгішжолдардың болыуына байланысты негізгі екі функциясы бар: 1.Рефлекторлық. 2.Өткізгіштік. Жұлын рефлекстерін жұлын бақасында алуға болады(сүрту,бүгілу,жазылу т.б). Бұл рефлекстердің бір ерекшелігі олардың стереотиптігінде яғнй нақты қайталанатындығында. Жұлынның қызыметін жоғрыдағыдай екіге бөлу шартты түрде алынған нәрсе . Ми мен жұлынның байланысы бұзылған жағдайда жұлынның өткізгіштік функциясы орталық нерв жүйесінің рефлекторлық функциясының бір бөлігі ғана болып қалады. XІХ ғасырдың басында Белл мен Мажанди импульстер миға жұлынның артқы түбірлері арқылы түсетінін, ал одан алдынғы түбірлер арқылы шығытындығын тапты. Алдыңғы түбірлердің құрамына көбінесе қозғағыш нейрондардың аксондары кіреді (қаңқа еттерін жабдықтайтын). Бұлардың денелері жұлынның сұр затының алдыңғы мүйізінде жатады. Алдыңғы мүйіздің төменгі бөлімінде аксондары тоқ ішекке, тік ішекке, қуыққа және тыныс органдарына баратын майда клеткалар жатады. Осымен қатар кеуде және жоғарғы бел омыртқалар тұсында алдыңғы түбірлер құрамына клеткалары сұр заттың орталық бөлімінің сыртқы шетінде жататын эфференттік аксондарда кіреді. Артқы түбірлердің құрамына денесі сол түбірдің өзінде орналасып омыртқааралық түйін деп аталатын біраз жуандаған эфференттік нейрондардың талшықтары кіреді. Түбірлердің функциясын кесіу арқылы байқауға болады (Мюллер тәжірибесі). Егер жұлын бақасының жұлынын ҮІІІ – X – сегменттер тұсынан ашып, оның бір жағынан артқы түбірлерді, 2 – жағынан алдыңғы түбірлерді кесіп, артқы аяқтарын кезек тітіркендірсе, түрліше жауап алады. Артқы түбірлері сақталған аяқты тітіркендіргенде сол аяқтан басқа аяқтар қозғалады. Ал алдыңғы түбірлері сақталған аяқты тітіркендіргенде ешқандай жауап алынбайды. Омыртқалардың эмбриональдық дамуының ерте кезеңінде сегментарлық айқын көрінеді. Дененің әрбір сегменті (метамері), оған кіретін ет, тері және ішкі органдарын қоса, жұлынның сәйкес сегментімен жабдықталады. Бірақ дамудың одан арғы барысында мұндай сегментарлық біртіндеп бұзыла береді. Жұлынның бір сегментінің өзі бір-бірінен алшақ жатқан еттерді де жабдықтай алады. Мәселен, диафрагма ІІІ, ІҮ, Ү мойын сегменттерімен жабдықталады және осы сегменттер мойын мен иық ауданындағы ет пен теріні де жабдықтайды. Жұлынның көлденең кесіндісіне оның көпшілік бөлегін ақ зат жиынтығы алып жатқаны көрінеді. Оны өткізгіш жолдар деп атайды. Импульсті миға қарай өткізетіндерін жоғары кететін, ал импульсті кері бағытта алып жүретіндерін төмен кететін жолдар деп атайды. Жоғары кететін жолдар1. Жұлыннан миға Голл мен Бурдах шоғыры кетеді. Олар арқылы терідегі, еттегі, сіңірдегі рецепторлардың импулстер өтеді. Бұлар жұлын түйіндеріндегі нейрондардың өсінділері болып табылады. Талшықтардың кейбіреулрі қысқа; сол жұлынның өзіндегі сегменттерде аяқталады, ал кейбіреулері ұзын-сопақша миға дейін жетеді. Сопақша мидан 2- нейрон басталып, көру төмпешіктеріне келгенде 3- нейрон басталады, оның талшығы ми қыртысына жетеді. 2. Артқы мишық жолы(флексиг шоғыры). Ол жұлынның арқы мүйізінің негізінде жатқан клеткалардан басталады. Оның өзі қозуды жұлын түйнінде жатққан нейрондардан алады. 3. Алдыңғы мишық жолы(Говерс шоғыры). Ол да мишыққа барады. Флексигпен Говерстің шоғырына импульстер ет, сіңір, буын рецепторларынан келеді. 4. Сұр заттың дорзальдық мүйізінен шығып көру төмпешіктеріне келіп бітетін жұлынталамикалық жолдар. Бұл арқылы температура, ауру, такильдік тітіркендіргіштердің импульстары өтеді. Төмен кететін жолдарға: а) пирамидалық; б) руброжұлын ( Моноков шоғыры); в) вестибулиярлық шоғыр т.б. жатады. Пирамидалық жолдар ми қыртысының қозғағыш аудандарына шығып ми аяқшасы арқылы мидың төменгі бөлімдеріне келеді. Сопақша мидың төменгі бөлігінде пирамидалық жолдың көпшілік талшықтары қилысып қарама-қасы жаққа өтеді де, жұлынның ақзатының бүйір бағандарында бүйір немесе қилысқан пирамидалық жолды құрады. Қалғандары алдыңғы немесе тура пирпмидалық жол құрып жұлынның ақ затының алдыңғы бағанада орналасады. Соңғылар жолдың ақырында ғана жұлынның қарама-қарсы жағына өтеді. Пирамидалық жол талшықтарының бір бөлігі қилыспайды. Ол өз жағындағы қозғағыш нейрондарға келіп бітеді. Қол еттерінің қозғағыш нерв клеткалары қилыспаған талшықтарды өте аз алады, олардың көпшілігі аяқтың нейрондарына келеді, ал дененің басқа бөлімдерінің нейрондарына келетін қилысқан және қилыспаған талшықтар саны шамалас болады. Бір жарты шардың қыртысының қозғағыш ауданын бұзған кезде, ең алдымен күштірек қолдың қимылы, одан кейін аяқтікі және азырақ дене қимылының бұзылу себебіде, мүмкін, осы жоғарыда айтқан пирамидалық жол талшықтарының түрліше таралуынан болар деп те болжамайды. Пирамидалық жол адамдарда жануарлармен салыстырғанда күшті дамыған. Оның талшығының жартысынан көбі қолдың қозғағыш нейрондарына қарай бағытталады—бұл, шамасы, қолдын ерекше күрделі қимыл қызыметін атқаратындығына байланысты болуы керек. Пирамидалық жол арқылы қщзу өтудің тоқтауы адамда қол қимылын жасау мүмкіндігін жоғалтады. Ал жануарларда, мысалы, итте мұндай жағдайда қозғалу функциясы азақ болады. Маймылда қозғалу алғашқыда бұзылғанмен, кейін жарым- жартылай қайта қалпына келеді. Жүйке жүйесі рефлекс заңына сәйкес жұмыс істейді. Адамның рефлекстері өте көп. Олардың барлығын- шартты және шартсыз деп екі түрге бөлуге болады. Шартсыз рефлекстер- бұл туа біткен рефлекстер. Олар сананың қатынасуынсыз қосылады, олар жұлынмен басқарылады. Бұл рефлекске мысалы, аяқтың ине салуға деген реакциясын атауға болады. Ине салудан болған аяқтың ауыруы импульс ретінде сезгіш жүйке бойымен жұлынның тиісті бөліміне келіп жетеді. Ол жерден қозғалыс жүйке арқылы импульс қайтадан бұлшық еттерге қайтады да, оларды жиырылуға мәжбүр етеді (адам аяғын тартып қалды), адам денсаулығына маңызды организмді қорғауға бағытталған. № 9- дәріс Тақырыбы: Сананың психофизиологиясы Сұрақтары: 1. Сана концепциясының негіздері. «Айқын дақ». 2. Сана, қарым-қатынас және тіл. 3. Сананың функциялары. Обьективті шындықтың субьективті бейнеленуін психика дейміз. Психиканың ең төменгі және ең жоғарғы сатылары бар. Ең жоғарғы сатысы сана. Сана – адамның материя дамуының белгілі бір сатысында пайда болған қасиеті, адам психикасының формасы.Сананың зақымдануы өте күрделі және психикалық бірліктердің,қасиеттердің барлығына ықпалын тигізеді. Әсіресе ақыл-ойдың дамуындағы кемістіктер. Ақыл-ойдың кемуі синдромологиялық ерекшелігіне байланысты келесі түрлерге бөлінеді: Қарапайым акыл-ойдың кемуi: интелектуалды-мнистикалық функциялар мен әр түрлі дәрежеде көрінетін жеке бастын регрссия белгілер аймағында негативті бұзылулармен көрінеді. Психопатотәріздес ақыл-ойдың кемуі:- тұлғаның айқын өзгерістері немесе мінездің жаңа анамальді жақтарының пайда болуы, ол патологиялық церебральді процске байланысты дамымайды. Галюцинаторлы-параноидты ақыл-ойдың кемуі:- деменция белгілерімен бірге галлюцинация, сандырақ көрінеді, олар бас миының деструктивті зақымдалуының, негативті симтоматиканың көріну деңгейі мен құрылымының ерекшеліктерімен байланысты. Негативті бұзылулардың ұлғаюына байланысты өнімділік редуцияланады, фрагменттеледі және жоғалады. Амнистикалық-парамнистикалық ақыл-ойдың кемуі:- симптомдары корсаков синдромына сәйкес келеді. Ол негативті және өнімді симптомдардың тұтастылығымен сипатталады, олардың өзара қатынасы әр түрлі болуы мүмкін.Соңғы этаптарында прогресивті амнезия пайда болады. Паралитикалық ақыл-ойдың кемуі:- естің бұзылуы, паралитикалық конфабуляция, қатты интелектуалды дефекттер және эйфория. Оның құрылымына сандырақ және тұлғасын қайта бағалаумен сипатталатын сандыраққа ұқсас сөздер. Психикалық әректінің төмендеуі - бұл ақыл-ой кемістігінің бірден көзге түсетін жағы. Бұл синдром тек прогрессивті салда кездеседі. Басқа аурулар кезінде (мидың сифилисі, ми ісігі, травмалық аурулар, алкогольді энцефалопатия) оның аты өзгереді, ол псевдопаралитикалық деп аталады. Асемикалық ақыл-ойдың кемуі:-деменция белгілері болады және афазия, агнозия, апраксия, алексия, аграфия, акалькулия симптомдары байқалады. Психикалық маразм -психикалық кемістіктің, негативті бұзылулардың ең ауыр түрі. Ол психикалық әрекеттің толық бұзылуымен, қоршаған адамдармен қарым- қатынасқа түсу мүкіндігінен айырылуымен,әректке итермелейтін түрткілер мен қызығушылықтың толық жоғалуымен ерекшеленеді. Проградиентті ақыл-ойы кем процесстерінің (терминалды ақыл-ойдың кемуі) соңғы сатысы маразм деп есептеледі. Физикалық күштің кемуі, трофикалық бұзылулар, ішкі органдардың дистрафиясы – бұл жалпы маразмның белгілері. Негативті бұзылулар көп психикалық аурулар болған кезде байқалады. Әр нозологиялық формаға өзіне тән негативті симптоматиканың максималды жете алатын деңгейі болады.Маниакальді-депрессивті психозда психикалық әректтің төмендеуі немесе «мен» өзгерісін субъективті ұғуы байқалады. Шизофрения өзінің дамуында психикалық кемістігінің тек жетінші деңгейіне дейін жетеді – тұлға регрессі, бірақта ол төменгі деңгелерде тоқтап қалуыда мүмкін. Әдебиеттерде «шизофрениялық ақыл-ойдың кемуі», «шизофрениялық деменция» терминдері жиі кездеседі. Сын көзқарастын жоқтығы, интелектуалды өнімсіздік, тұлға регрессі сияқты клиникалық белгілер қалпы глобарлы ақыл- ойдың кемістігімен ұқсас келеді. Эпилепсия жағайындағы негативті бұзылулар тоғызыншы деңгейге дейін баруы мүмкін, мұнда эпелепсиялық деменция жақтары болады. Оның негізгі белгілеріне ойдың, жалпы психикалық процесстердің, инерттілігінің жылдамдығының азаюы, сөз қорының кедейленуі (олигофазия). Сөйлеген сөздерінің мағынасы терең емес,жарамсыз ассоцияциялардан құрылған. Белгілі бір жағдайды талқылайды және одан назарын басқа жаққа аудару қиынға түседі. Естің бұзылуы – бұл эпелепсиялық ақыл-ой кемістігіне тән белгі. Оның құрылымына аффективті-тұлғалық өзгерістер кіреді: қызығушылықтары эгоисттік- утилитарлы қажеттіліктерге бағытталған. Жеке бас реакциясының эмоционалды- ерік аймағында полярлық көрінеді: тұрып қалумен бірге тез қозғыштық, тыныштықпен бірге ашушандық көрністері байқалады. Бас миындағы ары қарай ұлғаймайтын органикалық зақымдар (жарақаттар, менингоэнцефалиттер, әр түрлі уланулар, странгуляционды асфиксия), мұнда негативті бұзылуларға үлкен мүмкіндік бар: психикалық әреттің төмендеуінен бастап тотальді ақыл-ой кемістігіне дейін. Бас миының прогресшіл органикалық аурулар мен деструкция: атрофикалық (сенильді және пересинильді деменция), дегенеративті процесстер (лейкодистрофия), көптеген тұқым қуалайтын энзопатиялар (гепатолентикулярлы дегенерация, амавротикалық идиотия және т.б.), ми қан тамырларының аурулары (церебральді атересклероз және эндартериит), мидағы прогресшіл инфекциялар (прогресивті сал, ағымды энцефолит) осылардың барлығы психикалық маразмға әкелуі мүмкін (тоғызыншы деңгей). № 10 –дәріс. Тақырыбы: Санасыз әрекеттің психофизиологиясы Сұрақтары: 1. Санасыз әрекеттің түрлері мен формалары. 2. Психикалық қорғанудың феномені. 3. Үлкен ми жарты шарларының сөздік стимулдарға ықпалы Адамның психикалық іс-әрекеті және оның психикасы бірдей уақытта үш өзара байланысты деңгейде қызмет етеді. Мұндай деңгейлер ғылымда келесідей аталған: бейсана, астар сана және ашық сана. Психикалық іс-әрекеттің бейсана (бессознательный) деңгейі адамда, жалпы жануарлар әлемінде тума инстинктті – рефлекторлы қалыптасады. Бұл деңгейдегі барша әрекет – қылықтар ой түсінімінде жоқ, ойластыруға келмейтін биологиялық тетіктер арқылы басқарылып, реттеледі. Олардың бәрі биологиялық қажеттерден туындайтын әрекеттер, яғни – организмнің және тек өкілінің өз тіршілігін сақтауы, жалғастыруы (қоректену, қорғану, ұрпақ қалдыру). Алайда, адам әрекет-қылығының (генетикалық шартты) бағдарламасы түптен дербес емес, ол дамудың соңғы кезеңдерінде қалыптасқан ми құрылымдарының бақылауында болады. Дегенмен, кейбір сындарлы жағдайларда (адам басына қауіп-қатер төнгенде) бейсана психика өзінен өзі іске қосылып, тіршілік сақтау, қорғану әрекеттерін реттеп, басқарады. Тек өкілінің (индивидтің) бұл көңіл-күй және бей-берекет (импульс) әрекеттері аймағы ми жарым шарларының таламус және гипоталамус бөліктерінде орналасқан. Психикалық іс-әрекеттің астар сана (подсознательный) деңгейі - жеке тұлғаның тәжірибесінде жалпыланып, автоматтық күйге енген оның өз әрекет- қылығының тұрақтанған формалары – ептіліктері, дағдылары, әдеттері, сезімдік көрегендігі (интуиция). Тек өкілінің мұндай әрекет-қылықтарының негізі оның алғашқы даму кезеңдерінде қалыптасқан. Бұлар қатарына бас миының қабық асты (лимбикалық) жүйесінде құрылымдық орын тепкен импульстік- көңіл-күйлік (импульсивно-эмоциональные) әрекеттері аймағы да кіреді. Осы психикалық аймақта тек өкілінің өзі сезбейтін ұмтылыстары, ниеттері, құмарлықтары мен ұстанымдары қалыптасады. Бұлардың бәрі тұлғаның ырықсыз аймағы, «адамның екінші табиғаты» немесе дағдылы жеке қылық-әрекеттерінің «көзі», бойға біткен мінез әдеттері. Адамның психикалық іс-әрекеті және оның психикасы бірдей уақытта үш өзара байланысты деңгейде қызмет етеді. Мұндай деңгейлер ғылымда келесідей аталған: бейсана, астар сана және ашық сана. Психикалық іс-әрекеттің бейсана (бессознательный) деңгейі адамда, жалпы жануарлар әлемінде тума инстинктті – рефлекторлы қалыптасады. Бұл деңгейдегі барша әрекет – қылықтар ой түсінімінде жоқ, ойластыруға келмейтін биологиялық тетіктер арқылы басқарылып, реттеледі. Олардың бәрі биологиялық қажеттерден туындайтын әрекеттер, яғни – организмнің және тек өкілінің өз тіршілігін сақтауы, жалғастыруы (қоректену, қорғану, ұрпақ қалдыру). Алайда, адам әрекет-қылығының (генетикалық шартты) бағдарламасы түптен дербес емес, ол дамудың соңғы кезеңдерінде қалыптасқан ми құрылымдарының бақылауында болады. Дегенмен, кейбір сындарлы жағдайларда (адам басына қауіп-қатер төнгенде) бейсана психика өзінен өзі іске қосылып, тіршілік сақтау, қорғану әрекеттерін реттеп, басқарады. Тек өкілінің (индивидтің) бұл көңіл-күй және бей-берекет (импульс) әрекеттері аймағы ми жарым шарларының таламус және гипоталамус бөліктерінде орналасқан. Психикалық іс-әрекеттің астар сана (подсознательный) деңгейі - жеке тұлғаның тәжірибесінде жалпыланып, автоматтық күйге енген оның өз әрекет- қылығының тұрақтанған формалары – ептіліктері, дағдылары, әдеттері, сезімдік көрегендігі (интуиция). Тек өкілінің мұндай әрекет-қылықтарының негізі оның алғашқы даму кезеңдерінде қалыптасқан. Бұлар қатарына бас миының қабық асты (лимбикалық) жүйесінде құрылымдық орын тепкен импульстік-көңіл-күйлік (импульсивно-эмоциональные) әрекеттері аймағы да кіреді. Осы психикалық аймақта тек өкілінің өзі сезбейтін ұмтылыстары, ниеттері, құмарлықтары мен ұстанымдары қалыптасады. Бұлардың бәрі тұлғаның ырықсыз аймағы, «адамның екінші табиғаты» немесе дағдылы жеке қылық-әрекеттерінің «көзі», бойға біткен мінез әдеттері. Астар сана аймағы өте тұрақты, бұлжымас. Бұл деңгейдегі адам әрекет- қылығын тек қана психотерапия және гипноз әдістерімен біршама басқаруға болады. Ойлау аймағынан тыс үдерістер ашық санада өз жалғасын табуы мүмкін. Керісінше, ашық санадағы психикалық әрекеттер астар санаға өтіп те жатады. Психиканың санадан тыс аймағы өзіндік бағамға келмейді, ырықты бақылауға түспейді. З.Фрейд пайымдауынша, бейсана аймағы ашық санамен сиыспайтын сеп- түрткілік (мотивационный) қуат. Әлеуметтік орта тыйымдары Фрейд пікірінше, санаға «шек» қояды, жүйкелік асқыну сәттеріндегі астар саналық тосын ниеттерді басып отырады. Дау-дамайлы қалыптан құтылу үшін адам қорғаныс әрекеттеріне өтеді, яғни психикалық қалпын санадан ығыстырады, ауыстырады, жаңалайды не шегініске мәжбүр болады. Ал психоаналитик К.Г.Юнг ойы З.Фрейд тұжырымдарынан өзгеше. Ол ашық сана мен астар сананы қарама-қарсы қоймай, керісінше ашық сананы ұжымдық бейсананың тереңде жатқан қабаттарының жалғасы, яғни архетип – адамзат тіршілігінің бастау кезеңдерінде қалыптасқан қылықтарының елестері деп түсіндіреді. Юнг пайымдауынша, адам көпшілікпен араласу себепті жинақталған астар саналық ұмтылыстары негізінде өз бойындағы мүмкіндіктерін дербес іске асыруға талпынады. Ненің жақсы, ненің жаман екендігін бізге «сыбырлап» тұратын ой не сана емес, ол «көзсіз» сезім, астар сана. Біздің барша бейберекет, ырықсыз әрекеттеріміздің билігі өз психикамыздың тұңғиық құрылымдары, тума берілген бағдарламалары мен әмбебап рәміздердің ықпалында жатыр. Сана құралы - ұғым, түсініктер, ал астар сана көңіл шарпулары мен сезімдерге арқа сүйейді. Астар сана деңгейінде қабылданған нысандар мен құбылыстарға және олардың астар санада қалыптасқан өлшем-шектеріне «қас- қағымда» шұғыл баға беріледі. Астар санамен бір қатар З.Фрейд адам психикасының тұғырлы мәндік тетіктері, яғни тұлғаның әлеуметтік ықпал жасау, өзін инабаттылық арнасында қадағалай білу қабілеттері ретінде танылған жоғары сана – «супер эгоны» ажырата қарастырады. Адамның барша рухани дүниесі – бұл тек өкілінің өзімшілдік тоқырауына қарсы тұратын, идеялық шыңдалуы мен ізгілікті жетілуін білдіруші бұл тұлғаның білімдері және мәдени әлеуметтену саласы. Ол көп жағдайларда жоғары сана аймағы. Ашық сана –адамның тума, табиғи (инстинкт) құмарлықтары мен әдеттерін қадағалайды әрі шегеріп отырады. Танымал грузин психологі Д.Н.Узнадзе (1886-1950) және оның шәкірттері өзекті түсініктеме принципі ретінде ұстаным (установка) принципін ажыратады. Бұл принцип мәні – әрқандай ұстанымнан субъекттің біртұтас модификациясын, оның болмысты қабылдауға әрі белгілі нақты тәсілмен әрекеттенуге дайындығын байқаймыз. Узнадзе пікірінше, ұстанымда психиканың ашық сана және астар сана аймақтары бірігімге келеді. Әрбір әрекет – қылық жағдайы ежелден қалыптасқан мінез-құлық, әрекет топтарын жүзеге келтіріп, іске қосады. Адам психикасы құрамында ашық сананың, астар сана мен бейсананың болуынан адамның әрекет-қимылдарының келесідей түрлерінің ықтимал дербестігі көрінеді: 1) бейсана – инстинкттік тума қимылдар; 2) бейберекет әрекеттер, жете түсінімге келмеген қимылдар, әдетке айналған, автоматты астар саналы іс-әрекеттер; дағдылы қызметтер; 3) саналы да ырықты, ерікке бағындырылған әрекеттер. Мұндай әрекеттер адамның қоршаған ортамен байланысында жетекшілік рөл атқарады. Адам санасы – оның іс-әрекеті мен мінез-құлығын реттеудің ұғымдық тетігі. Іс-әрекеттен біз белсенділіктің ерекше адамиласқан формасын танимыз. Жануарлар қылығынан адамның бұл белсенділігі жасампаздық өнімімен ажыралады. Сонымен бірге бұл белсенділік құрылым тұрғысынан жіктемелі. Онда іс-әрекеттің сеп-түрткілері мен мақсаттарының түсінімге келуі адамзаттың мәдени-тарихи даму үдерісінде жасалған құрал-сайман, жабдықтарды пайдалануы, әлеуметтену барысында меңгерілген ептіліктер мен дағдылардың қолданылуы жеке-жеке көрініс береді. Сана адамның іс-әрекетке келуіне себептік ықпал жасап әрі бағдар бере отырып, сол іс-әрекетте қалыптасады және көрінеді. Күні ілгері санада қалыптасқан психикалық бейне, заттасқан әрекет жобасы осы іс-әрекетте, оның нысаны мен нәтижесінде өз нақтылығын табады. Болмыс заттарының психикалық бейнесі сол заттардың іс-әрекет желісінде алған орны мен құрылымына тәуелді. Заттарды іс-әрекет барысында қамтудың өзі олардың психикалық бейнесінің сәйкестігін қамтамасыз етеді. Адам іс-әрекеті заттар мағынасын ашумен байланысты, ал оған орай қолданылатын құрал-жабдықтар өз бойында адамның тарихи жетілген әрекеттерінің сұлбасын сақтайды. Афференттік нервтерді бойлап орталық нерв жүйесіне түскен қозу импульстері тиісті эфференттік жолдарға жетуде, сол орталық нерв жүйесінде әр түрлі күрделілікте болатын, түрліше функцияларды басқарып реттеуге қатысты морфофункциональдық құрылымдар (нерв орталықтары) арқылы өту тиіс. Бір нерв орталығындағы нейрондар бірлестігі әдетте белгілі бір рефлекстердің орындалуына қатысады. Егер орталық нерв жүйесінің бір участогін тітіркендірсе тиісті физиологиялық реакция туады, ал сол участокті бұзса, не алып тастаса ол реакция байқалмайтын болады. Осыдан аталған участокте белгілі бір қызметті реттейтін, немесе тиісті бір рефлексті іске асыруға қатысатын нерв орталығы бар деп есептелінеді. Мәселен, үлкен ми сыңарлары қыртысының төбе тұсының (облысының) белгілі бір пункттерін тітіркендіруден иттің алдыңғы аяғының бүгілуін алуға болады, ендеше онда аяқты бүктіретін (жинататын) қыртыстық орталық болғаны. Ми қыртысының шүйде бөлімін алып тастаудан көру бұзылады, ол жерде көрудің қыртыстық орталығы болса болғаны. Миды сопақша мидың үстіңгі жағынан кесіп қиса тыныс алу тоқтамайды, ал төменгі жағынан кессе – тыныс алу қозғалыстары тоқтайды. Сопақша мидың нақты бір бөлімін бұзудан да тыныс алудың тоқтауын көруге болады, яғни сорақша мида тыныс алу орталығы орналасқан т.с .с Бірақ нерв орталықтарын бұлайша түсіну тар мағыналы әрі шартты. Шындығында, бір функцияға қатысты бір түрлі рефлекстердің орындалуына қатысатын нервтік құрылымдар, топтар, элементтер орталық нерв жүйесінің әр түрлі бөлімдерінде (этадарында) орнала са алады. Сондықтан белгілі бір функцияның нерв орталығы дегенде, әр түрлі бөлімдерде орналасқан, бірақ сол функцияға тікелей қатысы бар барлық нервтік туындылардың морфофункциональдық житынтығын түсіну керек. Әдетте мұндай құрылымдар арасында анатомиялық та, физиологиялық та байланыс болады, сондықтан олар ылғи да өзара әрекеттесе алады. Және олардың орналасуында нерархиялық (субординациялық) принцип сақталған: төменгі бөлімдерде орналасқандар қызметі өзінен жоғары бөлімдерде орналасқандарға бағынады, жоғарыдан келетін импульстерге лайықтап өздерінің функциональдық күйін өзгертеді. Сөйте тұра, жоғарыда айтылып кеткендей әр бөлімдегі құрылымдық элементтердің өзіндік дербестігі бар: басқа бөлімдермен байланыс үзілгеннің өзінде нақты өзіне ғана тиесілі қызметін тоқтатпай атқара береді. Мысалы, тыныс алу орталығыныңьең төменгі бөлімдері жұлында және сопақша мида орналасқан. Бірақ бұл қызметті реттеуге қатысатын нейрондар Варолий көпірінде, ортаңғы ми мен аралық мидың ретикульді формациясында және ең ақырында ми сыңарлары қыртысында да орналасады. Міне осылардағы нейрондардың бәрінің күрделі жиынтығы, «ансамблі» өзара келісе отырып қызмет атқарып, кең физиологиялық мағынада тыныс алуды координациялы түрде реттеп басқаратын тыныс алу орталығын құрады. Орталық нерв жүйесінде қозу өтудің ерекшеліктері нерв орталықтарын құрайтын нейрондар арасындағы синапстар қасиеттерімен тікелей байланысты. Сондай ерекшеліктердің біразы мыналар: Орталық нерв жүйесі арқылы қозу бір бағытта өтеді: афференттік нейроннан аралық нейрон арқылы, немесе бірден эфференттік нейронға қарай таралады. Өйткені нейронаралық синапстарда қозу өткізуші медиоторлар тек пресинапстық звенода ғана болады және үнемі бір бағытта, яғни постсинапс мембранасының арнайы сезгіш, құрылымымен ғана өзара әрекетке түсіп ҚПСП тудырады. Нерв орталықтарында қозудың бір бағытта таралатынын мынадай тәжірибеден көруге болады. Жануар жұлынының бір сегментіндегі артқы және алдыңғы, түбірді кеседі. Артқы түбірде афференттік талшықтары, ал алдыңғы түбірде эфференттік нерв талшықтары болатыны белгілі. Егер артқы түбірдің орталық кесіндісін тітіркендірсе алдыңғы түбірдің орталық кесіндісінен әкеткіш электродтар арқылы осциллографқа әрекет потенциалдарын жазуға болады. Ал еғер алдыңғы түбірдің орталық кесіндісін токпен тітіркендірсе, артқы түбірдің орталық кесіндісінен ондай потенциалдар алынбайды. 1. Кешіктіріп өткізу. Нейронаралық синапстар арқылы қозу өту процесінде басты роль атқаратын химиялық заттардың басауына (бөлінуіне), олардың синапстық саңылауға (кеңістікке) өтуіне, одан әрі субеннапстық мембранадағы арнайы рецепторлармен байланысып өзара әрекеттесуіне және соның нәтижесінде мембрананың ион өткізгіштігінің өзгеріп деполяризация жүруіне жұмсалатын уақыттар қосылып орталық нерв жүйесі арқылы қозудың рефлекторлық доғаның басқа бөлімдерімен салыстырғанда көп баяу (жай) өтетіндігіне себеп болады. Осыны кешіктіріп өткізу немесе синапстық кідіру дейді. Нақты өлшеу жүргізгенде бір синапстағы кідіру – 0,5 мсек шамасында болатындығы анықталған. Ал қоздырушы постсинапстық потенциалдың (ҚПСП) айнымалы шамаға жетуіне - 1,5 – 2 мсек керек. Олай болса, бұл уақыттарды қосса бір синапс арқылы қозу өтуге 2 – 3 мсек керек екендігі шығады. Осыдан қай арифметикалық жолмен – ақ рефлекс уақытын анықтаған соң, сол рефлекстің доғасында шамамен қанша синапс бари екенін анықтауға болады. 2. Қозулар жиынтықталуы (суммациясы). Бұл құбылысты нерв орталықтарының қасиеті ретінде алғаш байқап сипаттаған И.М. Сеченов (1863) болды. Оның мәнісі – екі немесе одан да көп тітіркендірулерді өзара ұштастырса рефлекторлық реакция тумайды. Жиынтыңталудың екі түрін айырады: жүйелі, бірізді, (уақыттық) және кеңістіктік. Уақыттық жиынтықталу - нерв орталғына бір афференттік нерв талшығы арқылы қысқа интервалмен бірінен соң бірі келетін қозулар ара сындағы өзара әрекеттесуден көрінеді. Егер келген қозудың әрқайсысы өз тарапынан рефлексторлық реакцияны тудыра алатын болса, жиынтықталу ырғақты тітіркендіру кезіндегі реакцияның күшеюінен, ал жеке стимул күші өздігінен рнфлекс тудыра алмайтын болса, онымен ырғақты әсер ету арқылы рефлекстің алатындығынан көрінеді. Кеңістіктегі жиынтықталуды алу үшін бір рецептивтік алаңдағы екі немесе бірнеше рецепторлар бір мезгілде тітіркендіріледі. Сонда, бір ғана рецептор бір рет тітіркенгенде тумайтын рефлекторлық акт байқалады. Мұндай жиынтықталу бір рецептивтік алаңдағы орталыққа тепкіш екі нерв талшығын табалдырықтан төмен күшпен бірінен соң бірін 15 мсек интервалмен тітіркендіргенде де алынады. Жиынтықталудың механизмі ырғақты тітіркендірулер кезінде, немесе бір мезгілде екі не одан да көп афференттік нерв талшықтары тітіркенген кезде пайда болатын қоздырушы постсинапстық потенциалдардың бірінің үстіне бірі түсуіне күшейе, өсе келе мембрана деполяризациясының айнымалы деңгейге жететіндігіне одан әрі таралатын әрекет потенциалының туатындығына байланысты. Ал бір рет қана тітіркендіру бергенде синапста түзілетін медиатор мөлшері аз болатындықтан субсинапстық мембрана деполяризациясы айнымалы деңгейге жете алмайды. 3. Ырғақтың трансформациясы. Нерв орталықтары өздеріне келген импульстер ырғағын өзгерте алады, трансформациялайды. Сол себептен де нерв орталығының жұмыс органына жіберетін эфференттңк импульстері белгілі шамада тітіркендіру сипатынан басқаша бола алады. Қозу ырғағы транспормациясының механизмі әртүрлі болады. 4. Әрекет соңы. Бұл құбылысты алғаш И. М. Сеченов байқаған. Оның мәнісі жауап реакциясының ұзақтығы тітіркендіру ұзақтығынан артық бола алады. Неғұрлым тітіркендіру күші жоғары болса соғұрлым әрекет соңыда ұзаққа созылады. Әрекет соңына екі механизм себепші болады: Біріншіден, афференттік нерв талшығын ырғақты тітіркендіруден кейінгі лепка мембранасындағы үздік деполяризация бірден жоғалмай, клетка бірнеше ондаған м/с бойы қозу импультерін тудыра алады. Екіншіден, ұзақ әрекет соңын тудырады. Бұл нерв импульстері нерв орталығындағы нейрондардың өзара байланысын тұйық сақина тәрізді құрға тізбегі арқылы айналып жүреді деп есептеледі. 5. Конвергенция, окклюзия және жеңілдену құбылыстары. Орталық нерв жүйесіндегі бір нейронда әртүрлі жолдармен жүретін импульстер тоғыса алады. Осыны конвергенция құбылысы деп атайды. Окклюзия кезінде, мысалы, екі афференттік талшық арқылчы бір мезгілде нерв орталығындағы бір немесе бірнеше нейрондарға жететін импульстер тудыратын эффект сол афференттік талшықтарды жеке – жеке тітркендіргенде туатын эффектілердің қосындысынан аз болады. Жеңілдену – бұған кері құбылыс әр түрлі нерв жолдары арқылы импульстер екі не үш нейронға бір мезгілде жеткенде пайда болатын эффект сол импульстер сол нейрондарға жеке- жеке жеткенде пайда болатын эффектілердің қосындысынан артық болады. № 11 –дәріс. Тақырыбы: Ұйқы және түс көру Сұрақтары: 1. Баяу ұйқы кезеңдері және тез ұйықтау. 2. Онтогенез және филогенездегі ұйқы. 3. Ұйқыға қажеттілік. Түс көру. 4. Ұйқының маңызы. Түс Көру – қиял процесінің ұйқы кезіндегі енжар бейнесі. Түс көруді физиологиялық тұрғыда түсіндірген академигі И.П.Павловтың пікірі бойынша ұйқы кезінде ми клеткаларының қызметі толық тежелмейді, кейбір бөлімдері ояу қалпындағыдай жұмыс істей береді. Ми қыртысының осындай бөліктерін “күзетші пункт” деп атайды. Күзетші пункттерде адамның бұрынғы көрген, естіген, дәмін татқан нәрселердің бейнелері (бейнелі ойдың ісін басқаратын оң жақ ми сыңарында) қайта “тіріледі”. Түсте ақылға сыймайтын бейнелердің туындауын мидағы сигнал жүйелерінің арасындағы байланыстың әлсіреп, бірінші сигнал жүйесінің іске қосылып, екінші сөздік сигналдардың толық тежелуімен түсіндіріледі. Осы түстерде алған әсерлердің болып көрмеген қиысулары ретінде түсіндірген И.М. Сеченов адамның ояу кезіндегі басынан кешкен оқиғалардың есепсіз көп фактілері себеп болады деп білді. Адамның дене мүшелеріндегі жайсыздық та әр түрлі түс көруге себеп болады. Түс Көру-ді зерттеу бейсаналылықты танудың жолы, адамның жан жүйесін түсінуге ықпал етеді деп білген психоаналитиктер түс көруді физиологиялық, соматик. емес, психол. құбылыс деп білді. З.Фрейд Түс Көру-дің айқын мазмұнымен қатар тылсым астары да бар, сондықтан түс адамның бейсаналық деңгейіндегі ойларының символдық бейнесі деп білді. К.Юнг бойынша Түс Көру адам санасынан тыс, оның рухани дүниесіндегі сана мен бейсаналықтың арасын байланыстыратын, болашақты болжайтын транценденталды құбылыс деп санады. Адамның психик. өмірі бейсаналықтың тереңінен тамыр алады, санамыз болса жанның орасан зор бейсаналық әлемінің аз ғана бөлігін бейнелейді. Түсте сана ұлғайып, кеңістіктік-уақыттық шектер жойылады, адам өзін басқа уақытта, кеңістікте, әлемде, мүлдем басқа күйде сезіне алады. Қазақ дәстүрлі қоғамында да Тус Көру-ге бей-жай қарамағанын, мән беріп, мағынасын жорығанын ауыз әдебиеті мұраларынан, ырымдар мен жоралардан көруге болады. Тус Көру адамның ырқынан тыс болғандықтан оны көрудің мағынасынан гөрі түсті жоруға көбірек көңіл бөлген. Түсті әрдайым жақсылыққа жорып, “Түс – балқыған қорғасын” оны жақсылыққа жорысаң – жақсы ниет қабыл болып жақсылыққа айналады, жамандыққа жорысаң – жамандыққа айналуы мүмкін деген ұғым бар. Түсті рухани әлемнің хабаршысы ретінде қабылдау діни танымға жат емес. Тус Көру-де рухани адамға аян берілетіні, ғайыптан болашақтан хабар берілетіні жайлы көптеген аңыз әңгімелер бар. Құранда аты аталатын Жүсіп пайғамбардың (ғ.с.) түсінде аян алуы мен түс жору ғылымын иеленуі Құдайдың құдіреті деп сенеді. Тус Көру мен оны жору діни және рухани танымға жат емес, адамның рухани өміріндегі, психол. халіндегі маңызды құбылыс. Павлов Иван Петрович[1]– Ресей физиологы, жоғары жүйке жүйесінің қызметі жайында ілімді жасаушы; осы заманның ірі физиология мектебінің іргесін қалаушы. • 14(26).9.1849, Ресейде, Рязань қаласында туып – 27.2.1936 Ленинградта көз жұмды. • Петербург ҒА-ның академигі (1907). • 1875 жылы Петербург университетін бітірген. • 1879 жылы Мед.-хирург. академияны бітірген. • 1890 – 1924 жылы Әскери-медициналық академияның профессоры, сонымен қатар осы жылдары ұйымдастырылған Эксперименттік медицина институтында кафедра меңгерушісі болды. • 1925 жылдан өмірінің соңына дейін КСРО ҒА-ның Физиология институтына басшылық етті. Оның ұзақ жылғы жүргізілген зерттеулерінің нәтижесінде ас қорытудың механизмі (атақты “Павловтың фистуласы”) ашылды (Нобель сыйлығының лауреаты, 1904). Бұл зерттеулер – ас қорыту процесінің физиологиясын зерттеуге ғылыми негіз болды. Павлов жүрек қызметінің реттелуі – төрт орталықтан тепкіш (эфференттік) жүйкелерге байланысты екенін дәлелдеп, ғылымда үлкен жаңалық ашты. Жоғары жүйке жүйесінің қызметін зерттеуді Павлов ас қорыту сілкейінің бөлінуін бақылаудан бастаған (Рефлекс). Павлов адамда бірінші сигнал жүйесімен (бұл жануарларда да болады) қатар, екінші сигнал жүйесі (сөйлей, жаза алатын қабілет) болатынын дәлелдеп берді. Павлов ашқан жаңалықтардың физиология, медицина, педагогика және психологияның дамуы үшін маңызы зор болды.[2] № 12 –дәріс. Тақырыбы: Үйретудің психофизиологиясы Сұрақтары: 1. Үйретудің психологиялық және биологиялық теориялары. 2. Үйретудің жүйелі психофизиологиясы. 3. Дербес тәжірибе элементтері мәселесі Инстинктер – биологиялық қажеттіріктерді қанағаттарндыруға бағытталған ішкі және сыртқы тітіркендіргішке организмнің тұқым қуалау арқылы берілетін күрделі стереотипті қозғалысы, іс-әрекеті, шаралары. Үйретудің түрі, төменгі жан-жануарларда байқалады, ол ақырындап азаю және де уақытша жоғалу анық рефлекторлық реакцияда көрсетіледі, бірнеше рет қайталанып стимуляциялық жағдайда. Сонымен, қашу реакциясы, брюхоногиялық молюскаларда байқалады. Шұғыл жарықтан қараңғыға өтуден, ақырындап әлсіздейді және стимулдар қайталаған кезде мүлдем жоғалады (Пьерон 1910) Осындай құбылыстар барлық жан- жануарларда байқалады, бір клеткалардан бастап, әр түрлі стимуляциялық түрлерде. Біріншіден қарағанда осы құбылыстар сенсорлық адаптациямен (ұзақ тітіркену әсерінен сезіну мүшесінің азаюы). Бірақта, осы ұқсастық жай ғана шын мәнінде осы түрдің әлсіздену және жоғалып кету реакциялары үйретуде әдетте өте тез болады, бірнеше жауапты реакциялардан кейін, жауапты рекациялр көбінесе эффектілі болады. Осы үйрену құбылысы немесе тағы басқа құбылыстар негативтік аспектіде үйретудің адаптапциялық мінезі тамаша өкрнекіліктермен байқалады, сондықтанда оларды феномендік негативті адаптация деп аталады. Шарттылау көбінесе адамда және жан-жануарларда жай (қарапайым) үйретудің прототипі болып саналады. Осы терминді «классикалық» мағынада түсінеміз, бірақта Павлов тәжірибелік ситуациясынада қолданады. а) Негізгі факті осы тәжірибелерде байқалады, белгілі реакция абсолюттіктен немесе шатрсыздан, тітіркену тітіркенуге ауыстырк қабілетін шақырады, біріншіден нейтралдық, ол абсолюттік, шартсыздық, тітіркенулермен келісіп реакция шақырады. Системалық модификацияның тәртібі ситуацияның қайталануына сол кезде реакция өзгермейді, ал тітіркену ауыстырылған кезде өзгереді. Ee – шартты тітіркену Eine – шартсыз тітіркену N – шартты тітіркенуге бірінші жауап R – шартты жауап Осы құбылыс барлық эволюциялық дамуында байқалған. Классикалық схема шартты рефлексі келесіде ауыстырылады (сурет 2). Бірақта белгілеп кетуге болады, жаңа жауап R» бірінші жауап R шартсыз тітіркенумен ұқсаспайды, ол ақырғымен бапйланысқан, байланыс құрылыстың осы тітіркенуді жақсылап қабылдау немесе қашу дайындығын белгілеген. б) Шарттылау құбылыстарында екі аспектіні белгілеуге болады, онда жоғарыда көлсетілген негативтік үйрену формасы суреттелген, үйрену немесе қабілеттенуге бейім. Таңдану екі немесе бірнеше тітіркенудің таңдау реакциясы Иеркстің (1917) аппаратының қолдануымен пайда болған, ол жан- жануарларды психологиялық зерттеуге қолданылады, шарттылау жағдайларына жақын. Аппарат (сурет 3) камерадан тұрады, екі шетінде отсека бар, ол арнайы шығатын орталық камерамен қосылған. Отсекада екі дифференциялдық тітіркену бар. Біреуінде дәмді приманка орналастырылған, басқасында тітіркенуге арналған электрикалық тоқ қойылған немесе бос болады. Тәжірибе барысында дифференциялдық тітіркендіргіштер ауыстырылады. Осы жағдайда абсолюттік немесе шартсыздық тітіркену(тамақ, электрлік соққы) және шартты тітіркену ( жарық, дыбыс және т.б) спецификалық жауапты реакция шақыртатындарды белгілеуге болады. Ереже бойынша тамаққа жақындау кезінде оны жейді, екінші жағдай қашуда және жүгіруде. Дифференциялдық тітіркену реакциясы бір қалыпты бағытты таңдауға негізделеді. Осы бағыт «абсолюттік» тітіркенулердің орналасуына және тітірекнулерден шақырылған реакциясына тәуелді. Жан – жаққа бағдар жасаудың жолы жануарларды үйрету көбінесе барлық бақылау және эксперименттері лабиринт жағдайымен байланысқан. Қиындығы таңдау жағдайына ұқсас, онда екіге бөлінген жолда жауап таңдауы пайда болады (сурет 4). Сондай – ақ (таңдау жағдайына ұқсас, онда еіге бөліген жолда) әр пункті таңдау кезде, қашу немесе жақындау бағыты локализациямен бір қалыпты белгіленеді, ал лабиринттің спецификалық сенсорлық мінездемесін шартты мінездемеге жатқызуға болады. Тамақты шартсыз тітіркендіргіштерге жатқызуға болады, әдетте ол жеу және жақындау реакциясын белгілейді, көрсетеді,ал лабиринттің спецификалық сенсорлық мінездемесін шартты мінездемеге жатқызуға болады, ол жақындау және бағыт реакцияларын таңдайды. Осы екі типтік жағдайда – таңдау және лабиринт аппараты – реакция болады, ол қайталаған ситуацияда пайда болады және бекітіледі, оны шартсыз тітіркену (тамақ, тоқтық соққысы), шартты реакция сияқты қарастыруға болады, ол шартсыз тітіркендіргіштен (объектіге жақындау, объектіден алыстау) шақырылады. Кейбір жағдайларда жан – жануарларда жаңа реакциялар пайда болып және ақырындап бекітіледі. Осы реакцияладың формаларын шартты реакцияға жатқызуға болады. а) Осы типтің ренакциясы Миллермен және Конорскимен (1928,1934,1937) классикалық шартты рефлекстардан қарағанда, олар «шартты рефленкстің II типі» деген атағын алды. Сол жағдайда: есту тітіркенуі, мысалы: роялдық дыбысы, тітіркену арқылы жасалған қимыл белгілі сан рет көрсетіледі; иттің аяғын жұлқылаған кезде, қозғалу реакциясын шақырса, егерде осы реакция екінші тітіркенумен ериді, мысалы: тамақтан. Авторларға сәйкес жаңа типтің пайда болуы жалпы классикалық шартты рефлекстің схемасына сәйкес өтеді Ас тітіркенуі шартсыз болып орындайды, ол сілекей бөлінуін шақырады, ал есту бірлігін ( роял дыбыс) және кинетикалық (қимыл орындауы) тітіркендіргіштері сілекей реакциясында басында күрделі киын ашртты тітіркендіргіштері пайда болады. Сол кезде екінші шарттылау біріншісінң негізінде құралады: есту тітіркенуі шартты болады да, қимылды жауапты шақырады. Сол кезден бастап қимылды реакция сілекей реакциясының кеүрделі шартты тітіркендіргіштерінің бөлігі ғана болмвй, сондай-ақ тыңдау тітіркендіргіштерінің шартты реакциясы болады. Конорский мен Миллер ойынша, екінші типтің шартты ренакциясының ерекшеліктері біріншіден ол приориоцептивтік тітіркенуді шақыру керек, екіншіден шартсыз тітіркенудің тосу немесе қашу шарты болу керек. б) Скиннердің (1935,1937,1938) суреттерінің және анализдерінің ситуациясы үлкен эксперименттік зертремеге баста болған, жалпы Миллер мен Конорскийдің ситуациясына сәйкес. Оны келесі мысалмен көрсетуге болады: қамауға алынған тышқан, есігі рычагпен жабылған, тышқан рычагты басып үйренеді, егерде ол реакция тамақ алуға әсер етсе. Осы кезде Скиннерге сәйкес «операнттық» типтің рефлексті ісі болады, яғни осындай рефлекс спецификалық тітіркенумен байланыспаған. Бұл рефлекғс шартылау типі R мен мінезделікке онда тітіркену (шартсыз) жауабымен байланысқан, «респоденттік» типінің рефлексінен қарағанда, яғни спецификалық тітіркендіргішпен байланысқан және классикалық шарттылауға мінезделген немесе шарттылау типі S, онда тітіркену (шартсыз) басқа тітіркенумен шартты байланысқан. Шарттылаудың екі типтерінің негізгі айырмашылығы: операнттық шарттылау немесе шартсыз тітіркену жауапты реакцияның уақытымен сәйкес келеді, ал респондентте басқа тітіркендірілген. Классикалық типтің шарттылауы «респонденттік» тәртібінде болады. «операнттық» тәртібінде «шартты» тітіркену айталықтай болмайды.Екінші айырмашылық біріншімен байланысқан, Скиннер және тағы басқа авторлар (Хилгард, Маркис 1940) белгілеген: классикалық шарттылау жауапты реакцияға қарағанда тәуелсіз беріледі, ал операнттық шарттылау жауапты реакцияға қосылады, сол кезде ас жануарға рычагті басқандай болады. Сол байланыста шарттылау типі R операнттық тәртіпті шақырады. в) Жан – жануарларды үйрету ситуациялары Скиннердің немесе Миллердің, Конордың схемаларына келеді. 1-ден барлық ситуациялар жатады, онда жануар бір нәрсемен жұмыс істеу керек, есікті немесе жәшікті ашу (педальға басу т.б), 2-ден барлық ситуациялар қимылдар, жануарға белгісіз, үйренбеген.Үйрету феномендерінің пайда болуы және бекітілу реакциялары тез арада болған жоқ. Басқа үйрену формаға қарағанда жаңа шарттарға адаптациялану формасы болады, онда реакцияның белгілі формасы шұғыл және тез пайда болады, дұрыс адаптациясы «тез» жетеді де және оның ақырындап жақсылауы байқалмайды№ 1.Үйрету – жаңа тәжірибені меңгеру немесе жаңаға дағдылану. 2.Оқыту – белгілі бір нәтижеге жеткізетін үрдіс (процесс) Провотворовтың көз-қарасындағы анықтама бойынша үйрету яғни жануарлардың белгілі бір сыртқы әсерлерді қабылдау қабілеті: 1. Сыртқы әсерлерді олардың арнайы конфигурацияларын «ұстап тұру» (есте сақтау) 2. Сырттан келген ықпалды «ұстап тұру» арқылы нәтижелі жауап әрекетін қолдану 3. Алғашқы және соңғы ықпалдарды салыстыра отырып, белгілі әрекеттерді ажыратып жаңа нәтижелерге жету. Зорина – үйретуді былайша анықтайды: үйрету – бұл жаңа тәжірибенің арқасында қалыптасатын бейімделуші өзгерістер. Ал Фабри – үйретудің негізін комплексті процестердің нәтижесі, сыртқы және ішкі тітіркендіргіштердің салыстырылуы, бағалануы ретінде қарастырады. Әрекеттерді салыстыра нәтижесін тексере отырып, қалыптасатын іс-әрекет деп қарастырады. Үйрету мен инстинктер бір-бірімен тығыз байланысты. Үйрету бұл белгілі бір құбылыс инстинктің қорытынды фазасындағы қозғалысқа ықпал ететін құбылыс және дрессировка құбылысында ең негізгісі болып табылады. Үйретудің түрлерін топтастыру (О. Меннинг, Г. Томас, Дж. Терс). Топтастырудың түрлері мынандай болып бөлінеді. І. Ассоциативсіз үйрету - (үйретудің ең қарапайым формалары) 1) үйрену немесе бейімделу 2) сенситизация ІІ. Ассоциативті үйрету: 1) классикалық шартты белгілер(КШБ); 2) инструменталды шартты белгілер(ИШБ). ІІІ. Конгнитивті процестер Ассоциативсіз үйрету. Габитуация (үйрену және бейімделу) жүйке жүйесіндегі реакциялардың бірнеше рет қайталаудың арқасында тірікендіргіштердің әлсіреуі немесе жойылуы. Ең алғаш төменгі сатындағылармен жүргізіліп, әсіресе қарпапайым жүйке жүйесі бар құрттарда (планари), зерттелді. Үйрету мен бейімделуде айдия немесе кез-келген жаңа әсерлерді қолдана отырып, бұрыңғы тітіркеңдіргіштерге бейімделу процесін тоқтату және жаңа тітіркендіргіштерге деген реакцияларды қалыптастыру құрылысы (жаңа әсерлердің бейімделу процесін бұзуы). Сенсибилизация – тітіркендіргіштердің жағымсыз ықпалдармен үйлесе отырып, жауап берудің арту құбылысы. Бейімделудің функциялары: жануарлардың қажетсіз реакциялардан сақтануын, шаршамауын реттейді және бұл үйретудің қарапайым функциясы болып табылады. Ассоциативті – үйретуді бекітумен байланыстыру, жүйке жүйесіндегі уақытша байланыстардың қалыптасу процесі және екі түрлі ықпалының арасындағы байланыстық; біреуі жануарларға әсерсіз, ал екіншісі мадақтау немесе жазалау әсерлерімен байланысты болады. Бұлар уақытша байланыс немесе шартты рефлекс. Шартты рефлекстер құрылымына қарай: классикалық – (Павлов) жекеше тітіркендіргіштің негізінде қалыптасатын реакция (слекей сөлінің бөлінуі) классикалық шартты рефлекс (КШР) Павловтың моделі бойынша (S ( Р). Инструменталды шартты рефлекс (ИШР) моделінің негізін жасаушы Торндайк - қателесу және қолдану әдісі, проблемалық жәшік. Торндайк бұны проблемалық жәшікке салу арқылы тәжірибе жүргізген. Қолдану және қателесу концепциясы негізінде жануарлар өздерінің нәтижеге қалай жеткенін есте сақтай отырып, нәтижелі қозғалысын іріктеп, бекітіп оны қозғалыс дағдыларында қалыптастырады. Скиннердің пікірінше инструменталды шартты рефлексі арқылы жануарлардың қозғалыс актілерін қалыптастырып үйретуде лабиринттің маңызы зор деп көрсетті. Инструменталды шартты рефлекспен салыстырмалы сипаттамасы. Құрылымдық ерекшеліктері: классикалық шартты рефлекстік байланыс барысында шартсыз реакция арасында ырықсыз шартсыз тітіркендіргіштер пайда болады. Шартты ( Бекіту ( Реакция стимул ↓ Инструменталды шартты рефлекс барысында жануар орындайтын қозғалыс шарттытітіркендіргіштермен бекітіледі. Қозғалыс ( Бекіту ( Шартты стимул (R (S). Жалпы ерекшелігі: Классикалық шартты рефлекстерде инструменталды шарты рефлекстерде де болатын биологиялық маңызды бекітулер. Классикалық шартты рефлекстердің кемістігі: Жануарлардың ішкі қажеттілігі немесе ішкі органдарының даярлығы болған жағдайда ғана жұмыс істейді. Инструменталды шартты рефлекстердің кемістігі: оның қалыптасуы интенсивті мінез-қылықтың ақырғы фразасымен байланысты, ал бағдарлау фазасы жануарлардың уақыт пен кеңістіктегі қозғалысында ескерілмейді. Фабридің пікірі бойынша Павловтың осы пікірі жануарлардағы мінез-қылықтың табиғи қалыптасу жолын көрсетеді. Өйткені жануарлардың қоршаған ортаны бағдарлауы айқын компоненттердің бейнеленуіне байланысты. Когнитивті процестері (таным) жануарлардың мінез-қылығының қалыптасуы сыртқы стимулдардың ықпалына, шарты рефлексті жауабына байланысты. Қалыпасуы адамдікінен өзгеше қоршаған ортаны қабылдау жануарларда белгілі бір нақты стимулының ықпалынсыз-ақ бейнеленеді. Жануарларда да адамдарға тән қоршаған ортаның бейнеленуі болды (сурет немесе ойша елестету). Үйретудің әдістері: 1. Өтіп кеткен реакциялар әдісі – негізін салушы Хаутер (1813) Жануардың көзінше жәшікке приманка салынады. Біраз уақыттан соң жануарларды қатар тұрған үш жәшіктің ішінен приманканы тауып алуға жібереді. Бұл әдістің негізгі мақсаты: жануарлардың есінде сақталатындығын тексеру (приманканың қай жерде жатқанын). 2. Лабиринттің ойша жоспары – негізін салушы Э. Толмен. Бұл әдіс когнитивті карталар немесе аралық реакция деп аталады 3.Заттардың қасиетіне байланыс тұрақтылық бейнелерін тестілеу – негізін салушы Крушинский, яғни жануарлар заттардың қасиетіне байланысты есте сақтауын анықтау. Крушинский негізінен эмпирикалық заң негізінде жануарлардың мінез қылық әрекетінің қалыптасуын зерттеген. Эмпирика–фактілер, бақылау, яғни жануарлардың мінез-қылығына тән, эмпирикалық заңдар Крушинскийдің пікіріне былайша тоқталады: -Жоғалу заңдылығы – жануарлар заттар туралы түсініктерін ырықсыз қабылдау арқылы есте сақтай алады. (Қысқа мерзімді). -Қозғалысқа байланысты заңдылық. Кез- келген жануарлар кіші кезінен ата-анасының басқа жыртқыштарының ортадағы қозғалысына қарап, тіршілікке қажетті қимыл қозғалыс дағдысын қалыптастырады. -Қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстың көлеміне байланысты, айрықша белгілеріне байланысты жануарлардың есінде сақталынуы. Үйретудің формалары 1) Латентік үйрету – жануарлардың өзінің мекен тұрағына байланысты бағдарлауы саналарында бейнеленеді. 2) Кеңістіктегі үйрету – (латентті үйретумен қатар жүреді) кез-келген жануарлар кеңістікте бағдарламаларды үйренеді және үйренуге қабілетті. Жануарларда өздеріне тән қоршаған ортаны бағдарлаудың тәсілдері қалыптастырылған. Мыс: жүріп өткен жолдарына байланысты, уақыттың күн мен түннің ауысуына байланысты. Жануарлар сыртқы ортадағы кейбір элементтері естеріне сақтайды. Ал бұл есте сақтау ассоциативті есте сақтау жүзеге асырылады. 3) «Үлгіге байланысты таңдау» - (эксперименттік әдіс) яғни жануарлардағы когнитивтік әрекеттік қалыптасуына байланысты жүргізілетін экспериментік әдіс. Екі немесе бірнеше үлгіге ұсына отырып, арасындағы айырмашылықтарды есіне сақтайды. 4) Имитациялық үйрету мен еліктеу жануарлардың кез-келген әрекетін, қимылын сол қалпында қайталау. 5) Эвристикалық үйрету мен инсайт. Инсайт – шындыққа жату. Бұл әдістің негізін салушы Келер-гештальт психологиясы ағымының өкілі. Бұл ілімнің негізі жануарлар мінез-қылығының тұтастығы жануарлар белгілі бір көзқарас барысында ойланбайды. Жануарлар демалу барысында ойланады. Нерв орталықтарында қозудың бір бағытта таралатынын мынадай тәжірибеден көруге болады. Жануар жұлынының бір сегментіндегі артқы және алдыңғы, түбірді кеседі. Артқы түбірде афференттік талшықтары, ал алдыңғы түбірде эфференттік нерв талшықтары болатыны белгілі. Егер артқы түбірдің орталық кесіндісін тітіркендірсе алдыңғы түбірдің орталық кесіндісінен әкеткіш электродтар арқылы осциллографқа әрекет потенциалдарын жазуға болады. Ал еғер алдыңғы түбірдің орталық кесіндісін токпен тітіркендірсе, артқы түбірдің орталық кесіндісінен ондай потенциалдар алынбайды. Кешіктіріп өткізу. Нейронаралық синапстар арқылы қозу өту процесінде басты роль атқаратын химиялық заттардың басауына (бөлінуіне), олардың синапстық саңылауға (кеңістікке) өтуіне, одан әрі субеннапстық мембранадағы арнайы рецепторлармен байланысып өзара әрекеттесуіне және соның нәтижесінде мембрананың ион өткізгіштігінің өзгеріп деполяризация жүруіне жұмсалатын уақыттар қосылып орталық нерв жүйесі арқылы қозудың рефлекторлық доғаның басқа бөлімдерімен салыстырғанда көп баяу (жай) өтетіндігіне себеп болады. Осыны кешіктіріп өткізу немесе синапстық кідіру дейді. Нақты өлшеу жүргізгенде бір синапстағы кідіру – 0,5 мсек шамасында болатындығы анықталған. Ал қоздырушы постсинапстық потенциалдың (ҚПСП) айнымалы шамаға жетуіне - 1,5 – 2 мсек керек. Олай болса, бұл уақыттарды қосса бір синапс арқылы қозу өтуге 2 – 3 мсек керек екендігі шығады. Осыдан қай арифметикалық жолмен – ақ рефлекс уақытын анықтаған соң, сол рефлекстің доғасында шамамен қанша синапс бари екенін анықтауға болады. Қозулар жиынтықталуы (суммациясы). Бұл құбылысты нерв орталықтарының қасиеті ретінде алғаш байқап сипаттаған И.М. Сеченов (1863) болды. Оның мәнісі – екі немесе одан да көп тітіркендірулерді өзара ұштастырса рефлекторлық реакция тумайды. Жиынтыңталудың екі түрін айырады: жүйелі, бірізді, (уақыттық) және кеңістіктік. Уақыттық жиынтықталу - нерв орталғына бір афференттік нерв талшығы арқылы қысқа интервалмен бірінен соң бірі келетін қозулар ара сындағы өзара әрекеттесуден көрінеді. Егер келген қозудың әрқайсысы өз тарапынан рефлексторлық реакцияны тудыра алатын болса, жиынтықталу ырғақты тітіркендіру кезіндегі реакцияның күшеюінен, ал жеке стимул күші өздігінен рнфлекс тудыра алмайтын болса, онымен ырғақты әсер ету арқылы рефлекстің алатындығынан көрінеді. Кеңістіктегі жиынтықталуды алу үшін бір рецептивтік алаңдағы екі немесе бірнеше рецепторлар бір мезгілде тітіркендіріледі. Сонда, бір ғана рецептор бір рет тітіркенгенде тумайтын рефлекторлық акт байқалады. Мұндай жиынтықталу бір рецептивтік алаңдағы орталыққа тепкіш екі нерв талшығын табалдырықтан төмен күшпен бірінен соң бірін 15 мсек интервалмен тітіркендіргенде де алынады. Жиынтықталудың механизмі ырғақты тітіркендірулер кезінде, немесе бір мезгілде екі не одан да көп афференттік нерв талшықтары тітіркенген кезде пайда болатын қоздырушы постсинапстық потенциалдардың бірінің үстіне бірі түсуіне күшейе, өсе келе мембрана деполяризациясының айнымалы деңгейге жететіндігіне одан әрі таралатын әрекет потенциалының туатындығына байланысты. Ал бір рет қана тітіркендіру бергенде синапста түзілетін медиатор мөлшері аз болатындықтан субсинапстық мембрана деполяризациясы айнымалы деңгейге жете алмайды. 6. Ырғақтың трансформациясы. Нерв орталықтары өздеріне келген импульстер ырғағын өзгерте алады, трансформациялайды. Сол себептен де нерв орталығының жұмыс органына жіберетін эфференттңк импульстері белгілі шамада тітіркендіру сипатынан басқаша бола алады. Қозу ырғағы транспормациясының механизмі әртүрлі болады. Әрекет соңы. Бұл құбылысты алғаш И. М. Сеченов байқаған. Оның мәнісі жауап реакциясының ұзақтығы тітіркендіру ұзақтығынан артық бола алады. Неғұрлым тітіркендіру күші жоғары болса соғұрлым әрекет соңыда ұзаққа созылады. Әрекет соңына екі механизм себепші болады: Біріншіден, афференттік нерв талшығын ырғақты тітіркендіруден кейінгі лепка мембранасындағы үздік деполяризация бірден жоғалмай, клетка бірнеше ондаған м/с бойы қозу импультерін тудыра алады. Екіншіден, ұзақ әрекет соңын тудырады. Бұл нерв импульстері нерв орталығындағы нейрондардың өзара байланысын тұйық сақина тәрізді құрға тізбегі арқылы айналып жүреді деп есептеледі. Конвергенция, окклюзия және жеңілдену құбылыстары. Орталық нерв жүйесіндегі бір нейронда әртүрлі жолдармен жүретін импульстер тоғыса алады. Осыны конвергенция құбылысы деп атайды. Окклюзия кезінде, мысалы, екі афференттік талшық арқылчы бір мезгілде нерв орталығындағы бір немесе бірнеше нейрондарға жететін импульстер тудыратын эффект сол афференттік талшықтарды жеке – жеке тітркендіргенде туатын эффектілердің қосындысынан аз болады. Жеңілдену – бұған кері құбылыс әр түрлі нерв жолдары арқылы импульстер екі не үш нейронға бір мезгілде жеткенде пайда болатын эффект сол импульстер сол нейрондарға жеке- жеке жеткенде пайда болатын эффектілердің қосындысынан артық болады. №13-дәріс Тақырыбы: Стресстің психофизиологиясы Сұрақтары: 1. Стресстің анықтамасы. Стрессорлар, стресстік реакциялар және дистресс. 2. Стресс және психикалық басқа жаңдайлар. 3. Стресстің механизмдері. Дистресс және ауру «Стресс» (ағылш. Stress - зорлану, күштену, қиналу) деп қоршаған ортаның кез келген қолайсыз әсерлеріне организмнің арнайыланбаған бірбеткей серпілістермен жауап қайтаруымен көрінетін, оның қорғану - бейімделу мүмкіншіліктерінің жаңа деңгейде қалыптасуын айтады. Бүл қолайсыз ықпалдарға физикалық әсерлер (ыстық немесе суық температуралар, иондағыш сәулелер, электр соққы жарақат, ауыр қол жұмыстарын атқару т.с.с), химиялық әсерлер (улы химиялық заттар, гипоксия ж.б.), биологиялық әсерлер (жұқпалар, вирустар, микробтардың уыттары, жәндіктердің улары ж.б.), психогендік (жан-дүниелік жарақаттар, күйзелістер, ауыр қайғы-қасіреттер, көңіл-күйдің толқулары), әлеуметтік жағдайлардың (қазіргі адамдарға шамадан тыс артық ақпараттардың әсерлері, уақыттың тапшылығы, жеке тұлғалардың арасындағы шиеліністер, қоғамның заңдары мен жеке адамдардың еркіндіктерінің шектелуі, қимыл қозғалыстарының азайтуы т.с.с.) әсерлері жатады. Адам үшін жағымсыз сөздің стресс жағдайын дамытуда маңызы өте үлкен. Бұл организмге қолайсыз әсерлерді стрессорлар деп атайды. «Стресс» атауын медицинаға Канада ғалымы Ганс Селье алғаш XX ғ. 60-шы жылдары енгізді. Бұл ғалымның байқауы бойынша әсер еткен қолайсыз ықпалдардың (ол жарақатпа, жұқпама, химиялық уланума немесе ауыр қайғы- қасіретпе) түріне қарамай оларға организм әрқашан бірбеткей жауап қайтарады. Бұл кезде: айырша без бен лимфалық түйіндердің кері дамуы, бүйрек үсті бездерінің гипертрофиясы, асқазан мен ұлтабардың шырышты қабықтарында ойық жара дамуы, қандай нейтрофильдер көбейіп, эозинофильдер мен лимфоциттердің азаюы, тіндерде зат алмасуларының өзгерістері байқалады. Көрсетілген өзгерістер әсер еткен қолайсыз ықпалдың түріне қарамай эрдайым бір түрде болатын болғандықтан, оларды организмнің арнайыланбаған, серпілістеріне жатқызады. Стресс кезіндегі бейспецификалық серпілістердің бір көрінісі болып, кез келген жағымсыз ықпалдардың әсерлерінен жасуша қабықтарындағы май қышқылдарының асқын тотығуы, фосфолипаза, липаза, протеаза ферменттерінің артық әсерленуі есептеледі. Қазіргі кездегі ғалымдар стрестің келесі түрлерін ажыратады: • Эустресс : жағымды стресс. Ол қалаулы әсерімен үйлеседі және ағзаны жинақтайды. Эустресс жағдайында танымдық процестердің белсенділігі және сана сезім процестері шынайы өмірде ұғысуы, есте сақтау қабілеті артады. • Дистресс: Жағымсыз стресс. Ә радам стресстің оптимальды деңгейін ұстауға қабілетті, Бірақ стрестік әсерлер адамның бейімделушілік мүмкіншілігінен аспауы керек. Олай болмаған жағдайда стресс – дистреске айналуы мүмкін. Ол шаршау, жұмысқа ынтаның төмендеуі, қобалжу, үрейлену деген сияқты өзгерістермен сипатталады. Осы сияқты стреске төзімсіздік азуға әкеп соғады. Ал, азу жүйке ауруына шалдықтырады, кейде психоздық ауруға, үнемі шаршап тұру синдромына, немесе психосоматикалық ауытқуларға жетелейді. Стресстің организм тіршілігінде маңызы өте үлкен. Оның әсерінен организмнің тіршілігіне қажетті барлық мүмкіншіліктерінің жұмылдырылуы болады. Осыдан ұдайы өзгеріп түратын қоршаған ортаның жағдайларына организмнің икемделіп, бейімделу мүмкіншіліктері артады. Г. Сельенің пікірі бойынша кез келген стрессор алдыңғы гипофизге әсер етіп, онда кортикотропин түзіліп шығуын күшейтеді. Ол өз алдына бүйрек үсті бездерінің сыртқы қабатына әсер етіп, глюкокортикоидтық гормондардың өндірілуін артырады. Осыдан қолайсыз ықпалдардың әсерлеріне организмнің төзімділігі көтеріледі. Мәселен, жануарлардың алдыңға гипофизін немесе бүйрек үсті бездерін сылып тастағанда, кез келген ықпалдарға олардың төзімділігі қатты азайып, бұл жануарлар тез жан тапсыррады. Ал, жануарларға алдын ала кортикотропин немесе глюкокортикоидтық гормон (гидрокортизон, кортизон, преднизолон т.с.с.) енгізіп, содан кейін оларға химиялық улы зат енгізсе немесе оларды жарақаттаса, онда бұл көрсетілген ықпалдарға деген жануарлардың төзімділігі артады. Сол себептен кортикотропин мен глюкокортикоидтық гормондарды адаптациялық гормондар деп атайды. Осыған байланысты стрессті Г. Селье жалпы адаптациялық синдром деп жариялады. Бұл синдром үш сатыда өтеді: 1-сатысы - үрей сатысы, 2-сатысы организмнің төзімділігінің көтерілуі, 3-сатысы қалжырау сатысы. Үрей сатысында жағымсыз ықпалдарға организмнің қорғаныстық икемделу мүмкіншіліктері тез іске қосылады. Бүл саты «соққы» және «соққыға қарсы» фазаларынан тұрады. Соққы фазасында бұлшық еттердің әлсіздігі, артериялық қысымның төмендеуі, гипотермия, гипогликемия, эозинопения, қылтамырлардың өткізгіштігі көтерілуі ж.б.байқалады. бұл кезде лимфоидтық түйіндердің кері дамуы, теріс азоттық баланс, асқазанның ойық жарасы байқалады. Бұлар организмде ыдырау үрдістерінің күшейгенін көрсетеді. Соққыға қарсы фазасында көрсетілген бұзылыстар кері бағытта өзгереді. Артериялық қысым жэне бүлшық еттердігі, күш-қуаты көтеріледі, қанда глюкоза көбейеді. Гипофиз бен бүйрек үсті бездерінде кортикотропин мен глюкокортикоидтық гормондардың өндірілуі тұрақты түрде жоғарылайды, осыдан төзімділік сатысы дамиды. Бұл сатысында бүйрек үсті бездерінің гиперторофиясы байқалады, кортикостероидтардың түзілуі артады, глюконеогенез күшейеді. Бұл кезде өзгерген сыртқы ортаның жағдайларына организмнің бейімделу мүмкіншілігі ең жоғары деңгейге көтеріледі. Егер қолайсыз ықпал ұзақ мерземде әсер етсе, онда организмнің көрсетілген қабілеті бұзылады, жалпы адаптациялық синдромның үшінші қалжырау сатысы дамиды; организмнің функциялық мүмкіншілігі таусылады, бүйрек үсті бездерінің сыртқы қабаты семіп қалады, артериялық қысым төмендейді, нэруыздардың ыдырауы артады, дене қызуы азаяды, гипогликемия байқалады. Жалпы адаптациялық синдром кезінде организмнің төзімділігі әсер етуші ықпалға ғана емес, көптеген басқа жағымсыз әсерлерге де жоғарылайды. Былайша айтқанда бір жағымсыз ықпалдан кейін екінші қолайсыз ықпалдың зиянды әсері әлсірейді. Мәселен, тәжірибелік жануарлардың терісіне формалин жіберсе қатты қабыну дамиды. Ал формалин жіберер алдында аз ғана мөлшерде қан алса (стрессор), онда формадин жібергеннен кейінгі қабынудың қарқыны төмендейді. Сондай-ақ жануарлардың көктамырына протеолиздік фермент (трипсин) жібергенде миокард некрозы пайда болады. Ал фермент жіберер алдында жануарлардың бұлшық еттерін электр ағымымен жарақаттаса, онда фермент жібергеннен кейінгі миокард некрозының мөлшері азаяды. Осыған байланысты инемен емдеу, қан алу, терінің кейбір нүктерлерін күйдіріп емдеу т.с.с. медицинаның бейдәстүр емдеу әдістері көрсетілген зандылықтармен түсіндіріледі. Организмге элсіз жэне шамалы қоздырғыштардың (Мысалы; суық температураның, физикалық жүктемелердің) ұдайы әсерлері эндокриндік жүйенің бейімделу мүмкіншіліктерін әрдайым қолайсыз ықпалдарға дайын жағдайда ұстап, организмнің оларға төзімділігін арттырады. Адаптацияның жеткіліктсіздігі немесе оның бұзылуы дезадаптациялық аурулардың дамуына әкелуі мүмкін. Мысалы, бүйрек үсті бездерінің минералокортикоидтық гормондарын (дезоксикортикостеронды) жануарларға артық мөлшерде жіберсе, онда артериялық гипертензия, нефросклероз, ағзалардың гиалинозы дамиды, қабыну қарқынды түрде өтеді. Глюкокортикоитық гормондарды жібергенде, қабыну қарқыны әлсіреумен бірге, организмнің иммундық жауаптары тежеледі, асқазан мен ұлтабардың ойық жаралары, миокардтың некрозы пайда болуы мүмкін. Бұл гормондар жеткіліксіз болған жағдайда организмнің жағымсыз әсерлерге төзімділігі азаяды. Дезадаптациялық ауруларға Сельенің пікірі бойынша, құздама (ревматизм), бронхиалық демікпе, кейбір бүйрек аурулары, жүрек пен қан-тамырлары жүйесінің және кейбір тері аурулары т.б. жатады. Олардың пайда болуында қосымша жағдайлардың маңызы үлкен. Бұл жағдайларға суық тию, артық қызыну, шаршау, тектік ерекшеліктер, ас тұзын артық пайдалану т.б. жатады. Кортикостероидтар мен ас тұзын жануарларға бірге жібергенде әртүрлі қоздырғыштардың әсерлерінен миокардтың некрозы дамуына қолайлы жағдай дамиды. Жалпы адаптациялық синдромды Г.Селье «гипофиз - бүйрек үсті бездерінің сыртқы қабаты» жүйесі арқылы түсіндірді. Қазіргі көзқарастар бойынша стресс нерв жүйесі мен эндокриндік бездердің қатысуымен дамитын организмнің күрделі нервтік-гуморалдық серпілісі. Бұл серпіліс дамуында орталық нерв жүйесі, мидың сыртқы қыртысы, гиппокамп, лимбикалық жүйе, мидың торлы кұрылымы, гипоталамус ж.б. мидың құрылымдары, шекті нервтер мен вегатативтік нерв жүйелері қатысады. Көптеген қолайсыз ықпалдардың организмге әсері нервтік-рефлекстік жолдармен болады. Сыртқы жэне ішкі қабылдағыштардан (рецепторлардан) нервтік серпіндер орталық нерв жүйесіне түсіп, ми қызметтерінің өзгерістеріне әкеледі. Содан пайда болған нервтік медиаторлар, шағын пептидтер (эндорфиндер мен энкефалиндер), нервтік гормондар (либериндер мен статиндер) нервтік- эндокриндік серпілістердің дамуына әкеліп соғады. Адамда сөйлеу жүйесінің болуына байланысты жағымсыз дөрекі сөздер, жан-дүниелік күйзелістер, психикалық жарақаттар мидың сыртқы қыртысының қатысуымен болатыны сөзсіз. Мидың сыртқы қыртысы әрекеттерінің өзгерістері мидың қыртыс асты құрылымдары мен гипоталамус арқылы эндокриндік жүйелердің жұмылдырылуына әкеледі. Стресс дамуында алдыңғы гипофиз - бүйрек үсті бездерінің сыртқы қабатынан басқа қалқанша бездер, ұйқы безі, бүйрек үсті бездерінің милық қабаты ж.б. бездер қатысады. Мәселен, кез-келген стресс кездерінде ұйқы безі инсулинді артық өндіреді. Осыдан қанда инсулиннің деңгейі көтеріледі. Ал, гиперинсулинемия симпатикалық нерв жүйесі мен бүйрек үсті бездерінің милық қабатының белсенділігін арттырып, катехоламиндердің әсерін күшейтеді. Содан норадреналиннің әсерінен қан тамырларының жиырылуы күшейеді. Қанда катехоламиндердің көбеюі өз алдына тіндердегі инсулинді қабылдайтын рецеипторлардың сезімталдығын азайтып, инсулиннің безден тыс жеткіліксіздігіне әкелуі мүмкін. Дегенмен, стресс дамуында «гипоталамусалдыңғы гипофиз - бүйрек үсті бездерінің сыртқы қабыты» бірігіп, бір функциялық жүйеге қалыптасуының маңызы өте үлкен. Сонымен, стресс дамуы бір жағынан организмнің сыртқы ортаның ықпалдарына бейімделу қабілетін көтеріп, адаптация дамуына әкелсе, екінші жағынан көптеген дерттердің пайда болуына әкеледі. Осыған байланысты, қай жағдайларда стресс организмнің адаптациялық мүмкінші/иістерін көтеріп, оның төзімділігін жоғарылатады, қай жағдайларда дерт дамуына әкеледі?— деген сүрақ пайда болады. Сонымен бірге, стресс организмнің қолай-сыз ықпалдарға төзімділігін қандай жолдармен көтереді?— деген де сүрақ түрады. Шын мәнінде көпшілік жағдайларда ұзаққа созылған және жиі қайталанған қолайсыз стресстік әсерлерден кейіи де организм тіршілігін жоғалтпай, өмір сүре береді. Демек, организм стресстік жағдайларға бейімделе алады деп тұжырымдауға болады. Бұл кезде жағымсыз әсерлерге жауап ретінде организмде стресс дамытатын жүйеиің белсенділігі артуымен қатар стрессті шектейтін жүйенің қызметі көтеріледі. Стресс дамытатын жүйеге симиатикалық-адренергиялық жүйе, гипоталамус, алдыңғы гипофиз, бүйрек үсті бездерінің сыртқы қабаты ж. б. жатады. Қолайсыз әсерлерден осы жүйненің белсенділігі көтеріледі. Осыған жауап ретінде организм мида гамма-аминомай қышқылы (ГАМҚ), серотонин, эндорфиндер мен энкефалиндер түзілуін арттырады, шеткі ағзалар мен антиоксиданттық ферменттер түзілуін көбейтеді. Бұл көрсетілгендер стрессті — шектейтін жүйеге жатады және стресс дамуын азайтады. Бұл кезде ГАМҚ мида тежелу үрдістерін күшейтеді, серотонин катехоламиндердің әсерін әлсіретеді, эидорфиндер организмде ауыру сезімін шектейді, эндорфиидер мен энкефалиндер шағын реттеуші пептидтерге жатады және көптеген ішкі ағзалардың іс- әрекеттерін қадағалайды. Шеткі тілдерде өндірілетін простагландиндер тін жасушаларының сыртқы қабықтарындағы аденилатциклаза ферментін әсерлеп, жасуша ішінде цАМФ түзілуін арттырады. Антиоксиданттық ферменттер тін жасушаларының қабықтарында май қышқылдарының асқын тотығып кетуінек сақтандырып түрады. Соңғы жылдары стресс кезінде нейтрофилдерде бір зат өндірілетіні белгілі болды. Бұл затты нейтрофилокин деп атайды. Ол пептид. Нейтрофрглокиндер қолайсыз әсерлерге организмнің сезімталдыгыл төмендетеді және стресстен кейінгі дамитын өзгерістердің қарқыньш азайтады. Мәселен, олардың әсерлерінен егеуқүйрықтарда сіресс кезінде дамитын асқазан мен ұлтабардың ойық жарасы, лимфоидтық тіннің кері дамуы, қанда лимфоциттердің азаюы, нейтрофилдердің тым аргық көбеюі болмайды (Колесников О. Л. ж. б., 1996). Нейтро-филокиндердің әсер ету жолдары элі анықталмаған. Дегенмен олардыңда стрессті шектейтін жүйеге жататыны анық. Сайып келгенде, стресс кезінде стрессті шектейтін жүйенің жүмылдырылуы нәтижесінде жағымсыз әсерлерге организмнің адаптациясы болады. Адаптацияны бейімделу деп аудару оның терең ғылыми мэнін бермейді. Бейімделу жалпы тірі жәндік-жануарларға, тіпті өсімдіктерге де тэн және қарапайым серпілістермен көрінуі мүмкін. Адаптация деп нерв және эндокриндік жүйелердің қатысуымен дамитын организмнің күрделі қорғану- бейімделу мүмкіншіліктерінің жаңа сапалы деңгейде қалыптасуына әкелетін, күрделі ұйымдастырылған жануарлар мен адам организміне тән қасиетті айтады. Организмнің адаптациясы екі сатыда дамиды: 1-сатысы жедел дамитын, өткінші, жетілмеген; 2-сатысы біртіндеп дамитын, ұзақ уақытқа жететін, жетілген болады. Жедел дамитын сатысы организмде бұрын қалыптасқан, дайын физиологиялық құбылыстардың негізінде дамиды. Мәселен, ауыртатын немесе қорқыныш тудыратын қоздырғыштардан жануарлар қашып құтылады. Организмге суық температура әсер етсе, онда жылу өндірілу күшейіп, жылуды сыртқа шығару азаяды. Дем алатын ауада оттегі азайғанда организмнің дем алуы жиілеп, тіндерде қан айналымының жылдамдығы ұлғаяды. Адаптацияның бұл сатысы организмнің физиологиялық мүмкіншіліктерінің ең жоғары шыңында өтеді және қажетті тұрақты адаптацияға әкелмейді. Мәселен, дағдыланбаған адам жүгіргенде айналымдағы қанның минуттық көлемі, өкпеде ауа алмасуы қатты күшейеді, жүрек соғуы тым жиілеп, қатты ентігу пайда болады. Бұл кезде бауырдағы гликогеннің қоры қатты азаяды, қанда сүт қышқылының деңгейі көтеріліп кетеді. Осылардың нәтижесінде жүгіру ойдағыдай тез және үзақ болмайды. Адаптацияның ұзақ мерзімді сатысы организмге сыртқы орта ықпалдарының ұзақ немесе әлденеше рет қайталанған әсерлерінің нәтижесінде біртіндеп пайда болады. Организм шынықпаған жағдайынан жаңа сапалық жаттыққан жағдайға ауысады. Сөйтіи организм бұрын әлі келмейтін ауыр жұмыстарды атқарады, гипоксияға, суыққа, ыстыққа, жүқпалы ауруларға, улардың үлкен дозаларына төзімді болады. Мидың есте сақтау қабілетінің негізінде дамитын организмнің белгілі жағдайларға үйреніп дағдылануы қоршаған ортаның ықпалдарына бейімделудің күрделі түріне жатады және ол мида жаңа шартты байланыстардың пайда болуымен сипатталады. Организмнің тұрақты адаптациясы дамуы үшін адаптацияға жауапты басым функциалық жүйе қалыптасуы қажет (Меерсон Ф. 3.). Мәселен, физикалық жүктемелерге организмнің адаитациясы кезінде адаптацияға жауапты функциалық басым жүйе бұлшық еттерде, жүрек-қан тамырлары, сыртқы тыныс жүйелерінде қалыптасады. Гипоксияға организмнің адаптациясында бұл жүйе тыныс алу жолдарында, қан және қанайналым жүйелерінде байқалады. Организмнің тұрақты адаптациясы қалыптасуы үшін организмге қолайсыз ықпалдардың (физикалық жүктеме, гипоксия ж. б.) бірнеше рет қайталануыиан жаңа қатаң дағды (стереотин) пайда болуы керек. Адаптацияның жедел дамитын сатысынан тұрақты ұзақ дамитын сатысына ауысуы үшін адаптацияга жауапты функциялық басым жүйеде «жүйелік құрылымдық із» қалыптасуы қажет (Меерсон Ф. 3.)- «Жүйелік кұрылымдық із» деп адаптацияға жауапты жүйе тіндерінде белгілі құрылымдық өзгерістердің дамуын айтады. Оның негізінде көрсетілген тіндерде нуклеин қышқылдары мен нәруыздар түзілуінің артуы жатады. Ол мына жолмен дамуы мүмкін: жаттығулардың нэтижесінде адаптацияға жауапты басым жүйе тіндері жасушаларының атқаратын қызметі көтерілуінен олардың ядроларындағы гендік құралдардың белсенділігі артады. Осыдан бұл жасушаларда ДНК молекуласының екіге ажырауы, РНК молекуласына гендік ақпараттың көшірілуі, рибосомалар мен полисомаларда нәруыздар түзілуі көбейеді. Сондықтан қызмет атқаратын жасушалардың көлемі ұлғаяды, олардың қызмет атқаруға деген қабілеті арта түседі. Сонымен қатар мида РНК мен неруыздар түзілуінің артуы жаңа шартты байланыстардың бекуіне, жаңадан қабылданған қасиеттердің тұрақты дағдыға айналуына, кейбір нейрондардың гипертрофиясы дамуына қолайлы жағдай жасайды. Бұл кезде ГАМҚ, серотонин, шағын пептңцтер, нервтік медиаторлар өндірілуіне қажетті ферменттердің түзілуі артады. Ішкі сөлденіс бездерінде нуклеин қышқылдары мен нәруыздар түзілуінің көбеюі бүйрек үсті бездерінің милық және сыртқы қабаттарының гипертрофиясы мен гиперплазиясы дамуына әкеледі, оларда катехоламиндер мен кортикос- тероидтық гормондардың өндіріл) ане қажетгі ферменттердің түзілуіне қолайлы жағдай пайда болады. Қан жүйесінде ДНК, РНК, нөруыз түзілуінің артуы сүйек кемігінің гиперплазиясы дамуын, онда эритроциттердің, гемоглобиннің, микро және макрофагтардың өндірілуін күшейтеді, иммундық жүйе деңгейінде антиденелер мен лимфоциттердің өндірілуін арттырады. Бауырда нуклеин қышқылдарй мен нәруыздсір түзілуінің артуы қан плазмасы нәруыздарының, микросомалық тотыгу ферменттерінің түзілуін күшейтеді, бауырдың усыздандыру қабілетін көтереді. Шеткі ағзалар мен тіндерде нәруыздар түзілуінің артуы тотығу- тотықсыздану ферменттері түзілуіне, макроергиялық фосфорлық қосындылардың өндірілуіне және құрылымдық нәруыздардың түзілуіне әкеледі. Мәселен, физикалық жүктемелердің нәтижесінде нәруыздар түзілуі артуынан бұлшық еттердің гипертрофиясы дамиды, оларда митохондрийлар көбейеді. Бұл кезде қан айналым және тыныс алу жүйелерінің қуаты артып, оттегін пайдалану мен АТФ түзілуі көбейеді. Осылардан бұлшық еттерде аэробтық тотығу артып, олардың қызмет атқару қарқыны мен ұзақтығы ұлғаяды. Сонымен бірге жүрек еттің шамалы гипертрофиясы дамиды, миозиннің АТФ-азалық белсенділігі көтеріледі, коронарлық қан тамьфларының сиымдылығы көбейеді, жүйелік қан айналым жақсарады. Осылай адаптацияға жауапты функциялық басым жүйеде «құрылымдық із» қалыптасады. Ал, стресс кезінде адаптацияға жауапты функциялық басым жүйе қалыптасуы нервтік және эндокриндік жүйелердің қатысуымен болады. Бұл жүйеде «құрылымдық із» қалыптасқан соң организмнің тұрақты адантациясы толығынан қалыптасып, гомеостаздың бұзылыстарын аластайды, стресстік әсерлерге жауап қайтару әдеттегі деңгейлерге келеді. №14 дәріс Тақырыбы: Психофизиология және мидың молекулярлы генетикасы Сұрақтары: 1. Мидағы гендердің экспрессиясы. 2. Мидың эволюциясы. 3. Молекулярлы генетика Цитоархитектоникалық және миелоархитекктоникалық зерттеулерге сәйкес ми қыртыстарын алаңдарға және кіші алаңдарға бөлетін карталар жасалды. Қазіргі кезде мидың онто және филогенетикалық ерекшеліктерін ескере отырып, адам миы қыртысының барлық ауданын негізгі 5 зонаға бөледі: ертедегі, ескі, жаңа және аралық қыртыстың екі зонасы. Ертедегі қыртыс – палеокертекс бүкіл үлкен ми сыңарлар қыртысының 0,6 % жатады. Бұған иіс сезу мен оынң артқы ұшындағы біраз учаске кіреді. Ертедегі қыртыс қабаттары бір-бірінен айқын бөліндбеген және олар қыртысасты ядроларынан да онша бөлігіп кете қоймаған. Ол негізінен иіс сезумен байланысты. Ескі қыртыс – архикартекс – 2,2 % ауданды алып жатады. Оның құрамына аммон мүйізі, тиісті сіңір, иіс сезу ирегі және оның жалғасы тізелік ирек кіреді. Аралық қыртыс – жаңа қыртыстың ескі және енртедегі қыртыспен түйісетін жерінде орналасқан. Ол 3 зонаға бөлінеді: • Палеокортекс жанындағы зона – бүкіл қыртыстың 0,3 % -ы. • Архикортекс жанындағы зона –1,3 %-ды алып жатады. Аралық қыртыс бірнеше клеткалық қабаттардан тұрады, жаңа қыртыс - –еокортекс үлкен жарты шарлар бетінің 95,6 %-ын алып жатады. Оның алты қабаты болады: І. Молекулалық қабат – негізінен горизонталь орналасқан нерв талшықтарынан және нейролия клеткаларынан тұрады. Клетка саны аз, қабат қалыңдығы 0,25 мм- дей. ІІ. Сырқы дәнді қабат – қалыңдығы 0,2 мм. ІІІ. Сыртқы пирамидалық қабат – оның жоғарғы бөлімінде майда, ал төменгі бөлімінде ірі пирамидалық клеткалар орналасады. ІV. Ішкі дәнді қабат – майда дәнді клеткалар жиі, пирамидалық клеткалар сирек орналасады. V. Ішкі пирамидалық – көбінесе майда, не орташа және сирек ірі пирамидалық клеткалардан тұрады. VІ. Полиформды – жіп тәрізді клеткалардан тұрады. Ми қыртысының аумағының 90 %-ы осы аталған 6 қабаттан тұрады. Фоно Экономо гистологиялық зерттеулеріне сәйкес ми қыртысының цитоархитектоникалық алаңдарын 5 типке бөлген. Олардың 2, 3, 4 типтерінде 6 қабат түгел болғандықтан оларды гомотипті деп атайды. Ал 1,5 типтерді гетеротипті қыртыс дейді. Еңбектері генетикалық психологияның дамуында маңызды кезеңдерді құрайтын көрнекті ғалым, швейцариялық психолог Жан Пиаже. Ж.Пиаже үшін А.Бине лабораториясын интеллектті өлшеу шкаласымен жұмыс жасауға шақырылған 1919 жылғы Париждегі жылдары өте маңызды болды. Бұл кездері Пиаже Бине тестінің тапсырмаларын орындау барысында балалардың қарапайым шешімдерінен жіберген қателерін зерттеуге көп көңіл бөлген болатын. 1921 ж. Пиаже Женеваға оралады.да, оны Клапаред Ж.Ж.Руссо Институтына диреторлыққа шақырады. Сол жерде қызмет жасай жүріп ол Женевадағы сәбилер үйіне де жұмысқа тұрады. Оның осы жұмыста жүріп жинаған материалдары «Баланың ойы мен тілі» (1923), «Баланың моралдық пайымдары» (1932) атты алғашқы кітаптарына негіз болды. Онда Пиаже балалардың когнитивтік дамуы тұжырымдарының негіздерін баян етеді. Бұдан кейінгі жылдарын Пиаже 1949-1951 жж. өзінің негізгі көлемді «Генетикалық эпистемологияға кіріспе» (1951) еңбегіне арнады. Пиаже өзінің балалар ойлауының теориясын логика мен биология негізінде құрды. Ол психологиялық дамудың негізі интеллекттің дамуы болып табылады деген идеядан бастау алды. Бірнеше эксперименттер сериясында ол өзінің пікірін дәлелдеді де. Онда ол ұғыну немесе түсіну, интеллект деңгейі балалардың тіліне, олардың қабылдауынажәне жадына қалай әсер ететін көрсетті. Психиканың даму кезеңдері – бұл жағдайдың сызбасына барған сайын барабар қалыптасуларға бала біртіндеп келетін интеллеттің даму кезеңдері. Бұл Пиаженің жасаған қорытындысы. Бұл сызбаның негіз болған логикалық ойлау. Пиаже даму үрдісі кезінде ағзаның қоршаған ортаға бейімделуі жүретіні туралы айтты. Сондықтан да интеллект психика дамуының өзегі болып табылады. Айналаның сызбасын түсіну, дұрыс жасау қоршаған ортаға бейімделуді қамтамасыз етеді. Сонымен қатар бейімделу енжар жүретін үрдіс емес, керісінше ағзаның ортамен, яғни айналамен белсенді өзара әрекеті. Бұл белсенділік қажетті даму жағдайынан түрады. Өйткені сызба адамға туа салысымен дайын күйінде беріле салмайды, ол қоршаған ортада жоқ деп санады Пиаже. Сызба адамның ортамен белсенді өзара әрекеті үрдісінде жасалынады. Пиаже ол туралы: «сызба объектіде де, субъектіде де жоқ, ол субъекті мен объектінің белсенді өзрар әрекеті нәтижесі болып табылады» деп жазды. Пиаженің сүйікті мысалдарының бірі сан туралы түсінігі жоқ баланың тастармен ойнап отырып, оның маңызын түсініп, оларды қатарға тізуі, және осылайша бір, екі және көп т.с.с. түсінік қалыптастыратыны. Бейімделу үрдісі мен жағдайдың біртекті сызбасын қалыптастыру біртіндеп жүреді, сонымен бірге бала сызбаны құрудың екі механизмі – ассимиляцияны және аккомодацияны пайдаланады. Ассимиляцияны құру кезінде сызба қатаң, ол жағдай өзгерген кезде өзгермейді, керісінше адам барлық сыртқы өзгерістерін сызбада берілген тар шеңберге сыйдыруға тырысады. Ассимиляцияның мысалы ретінде Пиаже баланың ойнын келтіреді. Ол ойын шеңберінде бала өзін қоршаған әлемді тани бастайды. Аккомодация жағдайдың өзгеруі кезінде дайын сызбаның өзгерімен байланысты. Осылайша, сызба шынын да (барабар) адекватты, аталмыш жағдайдың барлық нюанстарын толық көрсетеді. Дмау үрдісінің өзі Пиаженің пікірінше ассимиляция мен аккомодация үрдістерінің алма-кезектігі сияқты, белгілі бір шекке дейін бала ескі сызбаны пайдалануға, ал одан соң неғұрлым адекватты сызбаға өзгертуге тырысады. Пиаженің өзінде де ойлаудың даму кезеңдерін зерттеу біртіндеп жүрді. 20-жылдары ол ойлау мен сөйлеу арасындағы байланыстан бастау ала отырып, балалардың сөйлеуінің дамуын зерделеу арқылы ойлауының дамуын зерттеу жасап, В.Штерннің қателігін қайталады. Мсыалға балалардың: «жел неге соғады, күн айға қонаққа бара ма, жаңбыр қайдан пайда болады т.с.с» деген әдеттегі сұрақтарын жинап Пиаже бұл сұрақтарды балалардың өзіне қойып, олардың жауаптарын талдады. Содан мынадай қорытындыға келді: ойлау үрдісінің дамуы – бұл экстериоризация үрдісі, яғни ойлау ішкі, аутистикалық ретінде, соңынан эгоцентризм сатысына жете келе сыртқы, реалистік болып кетеді. Сөйлеудің даму үрдісі де солай, эгоцентрлық сөйлеуден өзі үшін сөйлеу, әлеуметтік сөйлеу, басқалар үшін сөйлеу болып кетеді. Пиаженің бұл позициясы басқа психологтар, әсіресе Выготский мен Штерннің тарапынан жазғыруға ұшырады. Олар аутистикалық ойлау өте күрделі болғандықтан реалистикалық ойлауға алғы шарт бола алмайды (Штерн), сондай- ақ эгоцентрлік сөйлеу сыртқы және ішкі ортасында аралық болып табылады (Выготский). Алайда дәл осы кездері Пиаже балалардың психикалық дамуын түсіну, олардың интеллектісінің қалыптасуы үшін маңызды орасан жаңалық ашты. Бұл ең алдымен балалар ойлауының эгоцентризм (бөтеннің көзқарасын бөлісе, қабылдай алмау), синкретизм (бала ойлауының мүшелене алмауы), трансдукция (жалпыға соқпай жалқыдан жалқыға өту), артрифициализм (жасандылық), анимизм ( жандылық), қайшылықтарға сезімсіз, яғни сезімшіл емес сияқтыерекшеліктеріннің жаңалығы болды. Оның едәуір маңыздырақ эксперименті эгоцентризмді зерттеуі болды. Мұнда Пиаже балаларға жағдайға бөтен адам ретінде қаруды қажет ететін қарапайым сұрақтар қойды. Мысалы, ол баладан неше ағайындысыңдар деген сұраққа «менің екі ағам бар» деген жауап алды. Балаға келесі сұрағы: «Ал сенің ағаңның неше бауыры бар?» болды. Әдетте балалар мұндай сұрақтарға сасқалақтап, дұрыс жауап бере алмай, өзін қосуды ұмытып, оның ағасында бір бауыры бар деп жатты. Бұдан гөрі күрделірек болған эксперимент тауға қатысты жасалды. Эскпеиментте әртүрлі биіктіктегі үш таудың басына үй, тал (ағаш), диірмен сияқты үш зат орналастырылған макеті қойылды. Оларға фотографилар таратылып, барлық үш тауда дәл қазіргі минуттағы жағдайда көрінетінін таңдауды ұсынды. Бұл тапсырманы тіпті 3-4 жастағы бала да оңай орындады. Бұдан соң макеттің келесі жағына қуыршақты қойып, эксперимент жүргізуші баладан қуыршақтың көзқарасына сәйкес келетін фотографияны таңдауды ұсынды. Бұл тапсырманы балалар орындай алмады. Осы жағдай Пиажеге баланың бөтен адамның орнына өзін қоюының қиын екендігі туралы, балалардың эгоцентризмі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік берді. №15- дәріс Тақырыбы: Клиникалық психофизиология Сұрақтары: 1. Клиникалық психофизиологияның пәні мен міндеттері. 2. Зерттеу әдістері. 3. Шизофрения. Депрессия. Психика дамуындағы клиникалық жағдайлардың пайда болуы көбінесе ішкі себептерге байланысты.Тамақтанудың жақсаруы мен урбанизацияға байланысты балалардың дамуы жылдамдап физиологиялық акселерация деген түсінік пайда болды. Физиологиялық акселерацияның физиологиялық және психикалық түрі бар . Дене бітімі дамуынан психикалық дамудың артта қалуы ретардация деп аталады. Ретардация физикалық және психикалық болып 2-ге бөлінеді .Дене бітімі акселерациясы мен мидың нашар дамуы тұқым қуалауға байланысты. Эндогендік себептерге жаскезеңдік өзгерістерге байланысты туындайтын себептер мен адамның ауруға дейінгі ағзалық ерекшеліктері жатады. Жас адамның ерекшеліктеріне байланысты невроздың түрі қалыптасады. Мысалы: истериялық реакциялар ұстамсыз адамдарда жиі дамиды. Жабысқақ түрдегі невроздар: мазасыз, күдікшіл адамдарда жиі болады. Психиканың клиникалық жағдайларының дамуына эндогендік себептердің ықпалы өте зор. Жүйке жүйесі зақымдануына байланысты туындайтын аурудың зардабынан (менингит, энцефалит,менингоэнцефалит, полимилит) болған және бассүйек ми зақымданғаннан кейінгі мидағы кемістік. Туу кездегі болған зақымданудан кейін де өмір бойы сақталатын ми кемістігі болады. (мидың ең аз(минемальды дисфункциясы «ММД» не « ерте резидуальды –органикалық мидың кемістігі» деп аталады) Резидуальды органикалық мидың кемістігі бассүйек пен ми зақымданған уақытта пайда болады. , дәрі сезімталдығы жоғары болады . Соматикалық әсіресе ауыр және ұзаққа созылған аурулар нервтік –психикалық бұзылуды оңай тудырып, олардың өтуін ауырлатады . Ересек адамдар арасында қан тамырлары аурулары мен ісік пайда болудан басқа да тұқым қуалайтын 1,5 мыңнан астам аурулар бар . Бір жағынан тұқым қуалайтын ауруы бар адамдар міндетті түрде ауырмайды , екінші жағынан мутация арқылы пайда болатынын көрсетті . Қалыпты жағдайдағы психикалық дамудың ауытқуларына мутациялардың (сыртқы себептердің-мутагендердің арқасында пайда болады , мысалы клеткаларға сәулелелердің, химиялық заттардың әсері) ықпалдары зор. Артынан бұл өзгерістер тұқым куалайды,осыған байланысты ару тудыратын фенотип пайда болды. Сыртқы факторлардың тек мутация пайда болуында ғана емес , тұқым қуалайтын аурулардың білінуінде де маңызы зор . Аномальды даму психологиясы ағзаның анатомиялық-физиологиялық өзгерістеріне, адамның денсаулығына байланысты да болады. Мысалы: анемиялық жағдай, анемия-сөзі «қан аз» немесе «аз қан» деген ұғымды білдіреді . Бұл жағдай адам қанындағы гемоглобин мөлшерінің азаюынан пайда болады. Гемоглобин организмнің тасымалдық функциясын атқарады. Гемоглобин оттегімен байланысып, әрбір клеткаға, органдарға, тканьдарға оттегін тасиды. Анемиялық жағдайда тканьдар мен органдарда оттегінің жетіспеушілігі – гипоксия болады. Анемияның негізгі симптомы (себептері): бас ауру, әлсіздік, тері мен шырынды қабаттарының реңсіздегі . Анемияның негізгі үш топқа бөлуге болады: көп қан жоғалтқандағы анемия; эритроциттер түзілуі бұзылуындағы анемия; эритроциттердің жоғары бұзылуындағы анемия. Анемияның бірінші тобын темір жетіспеушілік себептері негізінде қарастыруға болады. Әртүрлі аурулар мен жарақаттардың себептерінен қан жоғалуы мүмкін Қанның қызыл көрсеткіштерінің төмендеуі шұғыл болмайды. 1-2тәуліктен соң қан жүру және жиналу жолдарына байланысты қандағы гемоглобин мен эритроцит көрсеткіштері төмендейді. Қанды қайтадан жоғалтқанда анемияның асқынған түрі пайда болады. Оның негізгі себептері мен ағымы: әлсіздіктің біртіндеп дамуы, қозғалыс кезіндегі ентігу, жүрек соғуының жиілеуі, бас айналуы. Тері мен көзге көрінетін шырын қабаттарының реңі бұзылуы . Қанның құрамындағы гемоглобин мен эритромицин көрсеткішінің төмендеуі . Асқынған қан жоғалтуда организмдегі темір қоры жоғалып, қан түсінің өзгеруіне әкеледі. Әсіресе адамның ішкі органдарынан қан көп кеткен: асқазан –ішек жарақатына, ісіктеріне байланысты. Шизофрения тек психиатриядағы маңызды проблемалық ауру емес жалпы медициналық сырқат.Шизофрения ауруымен көбінесе жас адамдар ауырады.Сол себептен бұл ауруды айқындап танудың тәжірибелік маңызы зор.Шизофренияның басталу мерзімінің шегі жоқ.Ол бала кезде де,ересек кезде де болуы мүмкін.Шизофрения ұзақ мерзімді ауру.Көп уақытқа созылған аурулардың жартынан көбі шизофрения.Шизофрения жиі ақылдың кемістігімен аяқталатындықтан бұл қауіпті дерт болып саналады.Осы уақытка дейін шизофренияның пайда болу себептері анық емес. Психиатриядағы көптеген өткір теориялық және тәжірибелік сұрақтар шизофрениямен байланысты. Шизофрения клиникасында әр түрлі формаларды жалпы байланыстырып тұратын бірнеше психикалық белгілер бар. Аурудын пайда болу тегі, оның бірнеше түрге бөлінуі жағынан көптеген пікірлер бар. Бірак барлық психиатрлар шизофрениядағы негізгі клиникалық белгі ретінде бөлшектену бар екеніне күмәнданбайды. Бұл аурудын атын швейцар психиатры Э.Блейлер қойды. Бөлшектену белгісі төмендегідей болады. Қалыпты жағдайда барлық психикалық процестер өзара байланысты. Сезіну,қабылдау,ойлау,жүріс-тұрыс психиканың әр түрлі жақтары болып саналады. Шизофренияда осы көрсетілген біртұтастық бұзылады,яғни психикалық қызметін тұтастығы,бірлігі бұзылады. Бұл әрине ауру адамның жүріс- тұрысынан білінеді. Басқаша айтқанда шындықпен байланыстан білінеді. Бірте- бірте ауру адамдар босаңсып, ынтасыз бола бастайды. Олар өздерінің әр түрлі әрекеттері басқа біреудің ықпалымен болатынын, айтады. Ауру адамдарға символдық ойлау өте тән нәрсе. Мысалы, ауру өзін бір шеңбердің ішіне сурет қылып салып,”өзім жасаған шеңбер ішінде қауіп мүлде жоқ”деп түсіндіреді. Егер ауру өзінін салған суретін жазбаша түсіндірмесе, оның не салғаны түсініксіз болар еді. Бұл шизофрениядағы символды суреттер. Кейде ауру адамда көрмей оның салған суреттері бойынша диагноз қоюға мүмкін. Шизофрениямен ауырған балалардың суреті қызық болады. Оларда сөйлеу нашар дамығандықтан суреттерінде символизм мен бөлшектену білінеді. Кейде аурулар өз ойларын кәдімгі сөздер арқылы бере алмай, жаңа сөздерді ойлап табады. Сонымен, жоғарыда айтылғандарды қорыта келе,шизофрениямен ауырған кезде ойлау мен эмоция бұзылып, психикалық қызметтің тұтастығы бөлшектенеді. Әуелгі кезде интеллект қызметінің бұзылуы формальды түрде дұрыс болады. Ауру адам өз жұмысын одан әрі атқара береді. Бірақ туыстары мен қызметтес адамдардың бақылауы және айтуы бойынша, психиканың бұзылуы нақтылы болғандықтан аурудың диагнозын қоюға болады. Біздің елде шизофренияның түрлерге бөлінуі аурудың клиникалық ерекшеліктерімен өтуіне байланысты. Аурудың үш негізгі түрі бар: үнемі болатын, ұстамалы-прогредиентті және рекурентті. Үнемі ағымды шизофрения ағымды болады. Белгілерінің ерекшеліктеріне байланысты қатерлі, параноидты және жай ағымды түрлері болады. Ұстамалы прогредиентті шизофрения бұл түрінде дерттің ағымы өзгерісті болады. Немістің “шуб “ деген сөзі жылжудың, өзгерісті көрсетеді.Бұл дерттің қозуынан ауруда шизофренияға тән өшпейтін өзгеріс болады. Рекурентті (мерзімді ) шизофренияның бұл түрінде ұстаманың соңынан ауру мүлде жазылып кетеді. Мұнда онейройдты кататониялық, депрессивті-параноидты және аффективті белгілер болады. Шизофренияның қатерлі түрі жасөспірім кезінде басталып, үш негізгі бөліктен құралады: психикалық өнімділіктің төмендеуі, эмоциональдық өзгерістердің пайда болуы және бұрмаланған пубертатты дағдарыстың құбылыстары. Бұдан басқа мезгіл-мезгіл рудиментті сандырақ ойлар, жекеленген елестетушіліктер пайда болады. Ойлаудың бұзылуы, қиындауы, оқу үлгерімінің нашарлағаны байқалады. Қазіргі көзқарас бойынша шизофрения тұқым қуалаушылық жағынан тез қабылданатын ауруларға жатады. Мұның айғағы ретінде шизофрениямен ауырған отбасында шизофрениялық психоз және адамның жеке басының өзгеруі жиі кездеседі. Шизофренияның пайда болуын биогендік аминдер мен олардың ферменттерінің, катехоламиндер, индоламин т.б. алмасуының бұзылуынан деген қағидалар бар. Қазіргі кезде шизофренияны емдеудің негізгі тәсілдері: антипсихотикалық, антидепрессивті, транквилизаторлы жіне стимуляциялық әрекетті психотроптық заттардың қолданылуы. Бұрын емдеудің естен тандыру әдістері аурудың ем қонбайтын түрлерінде кеңінен қолданылды. Емдеудің барлық биологиялық түрлері психотерапия және еңбек пен әлеуметтік бейімделу шараларымен қатар өткізіледі. Емдеудің барлық кезеңінде жеке адамның белсенділігін сақтап қалу негізгі принцип болып саналады. 3. Семинар сабақтарының сұрақтары. 1. Психофизиология пәніне кіріспе Психофизиология пәні. Жүйке жүйесінің ролі мен маңызы. Жүйке жүйесі дамуының эволюциялық деңгейі 2. Жүйке жүйесінің функционалды анатомиясы Жүйке жүйесіне жалпы анатомиялық шолу. Рефлекторлық доға. Рефлекстер. 3. Психофизиологияның қазіргі зерттеу әдістері Қазіргі психофизиологиялық зерттеу әдістері жайлы түсінік. Жүйке клеткаларының импульсті белсенділігін тіркеу. Электроэнцефалография. Магнитоэнцефалография. ЯМРИ 4. Жүйке жүйесінің онтогенезі Жүйке жүйесінің дамуы. Жаңа туған нәресте Жүйке жүйесінің ерекшеліктері. Бала функционалды дамуының кезеңдері. 5. Психикалық және физиологиялық қатынастар жайлы қазіргі түсініктер Психофизикалық және психофизиологиялық мәселелер. Психика мен мидың байланыстылығы. 6. Психофизиологияның жүйелік негіздері Функционалды жүйе мінез-қылықтың физиологиялық негізі. Функционалды жүйенің негізгі белгілері. 7. Сенсорлық жүйенің психофизиологиясы Сенсорлық жүйенің қасиеттері. Көру жүйесі. Есту жүйесі. Вестибулярлы жүйе. Соматосенсорлық жүйе. 8. Зейіннің психофизиологиясы Фильтр теориясы. Психофизиологиядағы зейін мәселесі. Нәтиженің алдын-алу теориясы. 9. Сананың психофизиологиясы Сана концепциясының негіздері. «Айқын дақ». Сана, қарым-қатынас және тіл. Сананың функциялары. 10. Санасыз әрекеттің психофизиологиясы Санасыз әрекеттің түрлері мен формалары. Психикалық қорғанудың феномені. Үлкен ми жарты шарларының сөздік стимулдарға ықпалы. 11. Ұйқы және түс көру Баяу ұйқы кезеңдері және тез ұйықтау. Онтогенез және филогенездегі ұйқы. Ұйқыға қажеттілік. Түс көру. Ұйқының маңызы 12. Үйретудің психофизиологиясы Үйретудің психологиялық және биологиялық теориялары. Үйретудің жүйелі психофизиологиясы. Дербес тәжірибе элементтері мәселесі. 13. Стресстің психофизиологиясы Стресстің анықтамасы. Стрессорлар, стресстік реакциялар және дистресс. Стресс және психикалық басқа жаңдайлар. Стресстің механизмдері. Дистресс және ауру. 14. Психофизиология және мидың молекулярлы генетикасы Мидағы гендердің экспрессиясы. Мидың эволюциясы. Молекулярлы генетика. 15. Клиникалық психофизиология Клиникалық психофизиологияның пәні мен міндеттері. Зерттеу әдістері. Шизифрения. Депрессия. 4 СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ 4.1. СӨЖ және СӨЖО тапсырмаларын орындауға әдістемелік нұсқау. Студенттің өздік жұмысы (СӨЖ) олардың индивидуалды және топпен оқу әрекетінің көптеген түрлері кіреді, бұлар оқытушының көмегінсіз іске асады (немесе жартылай көмегі, егерде өздік жұмысы аудиторияда орындалса). Өздік жұмысының маңыздылығы оқытыушының көмегінсіз, студенттің міндетті түрде қатысуы мен, алынған ақпаратты білімде қолдану оның қандай да бір іс- әрекетте қолданылуынан тұрады. СӨЖ– өзінің білімін жетілдіру әдісі, оқытудағы әртүрлі әдістермен дедактикалық байланысы. Студент өздік жұмысы процесінде белсенді шығармашылық жеке тұлға ретінде көрінеді, өзінің мәдениетін таратушы, бағдарын,болашақ мамандыққа көрсетеді. І. Берілген тақырыпты конспектілеу. Негізгі талаптар: 1. Жазып отырған тақырыптан алшақтамай, оның мазмұнын нақты ашуға талпыну. 2. Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көп сөзділікке жол бермеу. 3. Міндетті түрде жоспар болуы және тақырып мазмұнын жоспарға сай рет- ретімен жүйелі баяндауы қажет. 4. Жұмыс түсінікті, мағыналы, орамды тілмен жазыдуы тиіс. 5. Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау. Реферат жазуда не ескеріледі? 1. Таңдап алған рефераттың тақырыбына қатысты студент кішігірім зерттеулер жасайды. Студен осы алғашқы ғылыми жұмысқа байланысты мәселелерге орай қажетті әдебиеттерге шолу жасаудан бастайды. 2. Керек жағдайларда оқытушымен кездесіп, керекті кеңестеп алғаны абзал. 3. Реферат жазуда студен негізгі мәселені ажыратуға, тақырыптардың өзара сабақтастығын тануға дағдыланады. 4. Фактілер, фактілік материалдарды іріктеу және жинақтау негізінде таблицалар, графиктер, схемалар жасалады. 5. Пайдаланған деректер, материалдар, әдебиеттердің тізімін, қайдан алғанын (сілтеме) қайда, қашан, қандай баспадан жарық көргенін көрсетуі қажет. 6. Студенттің жазған рефераты аудиторияда талқыланады. Ең алдымен оқытушы қысқаша реферат тақырыбымен, негізгі идеясымен таныстырады. Тақырыпты зерттеуші студен реферат мазмұнын аудиторияда баяндайды, сұрақтарға жауап береді. Жұмыстың мұндай түрі, формасы, нұсқасы студенттердің танымдық белсенділігін арттырып, алдағы ізденіске құлшындырады. Рефератты талқылау – шығармашылық жұмыстың бір көрінісі, яғни білімділік, қызығушылық тұрғысынан және тәрбиелік мән-мазмұны зор әрекет, жұмыс. Бұл кезде сөйлеушілер негізгі мәселеден ауытқымай, нақты, тұжырымды ой айтуға көңіл бөлуі тиіс. Рефератты талқылып, қорытындысын шығару – маңызы зор жауапты сәт, белгілі бір тақырып төңірегінде ғылыми дәйекті тұжырымдар жасап үйрену. Соңында оқытушы реферат жазған студенттің, пікір айтушылардың сөздерін жинақтап, қажетті толықтырулар енгізеді, мәселенің түсініксіз тұстарын анықтап, түзетулер жасайды, толықтырады, өзгертеді. Студенттердің өздік жұмыстарды орындауларына жалпы кеңестер (нұсқаулар) 1. Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библиографиялық дағдылар, түрлі анықтама әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б. ) ие болу керек. 2. Біліммен жемісті шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, орын, тиісті әдебиеттер мен құралдардың болуы т.б.) керек етеді, ең дұрысы кітапханаларда, оқу залдарында біліммен шұғылдануға дағдылану. 3. Өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық біліп, ол жұмысты белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек. 4.Алғашқы кезде оқытушылардан, тәжірибелі адамдардан, кітапханалардан ақыл-кеңес алудың пайдасы зор. 5. Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн. 6. Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп ұғып, түсінбеген жерлерді қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет. 7. Анықтама әдебиеттерді, энциклопедияларды, түрлі сөздіктерді қоса пайдаланып отыру керек. Студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар. • Жұмыстың көлемін шамадан тыс асырмай, оның сапасын арттыруға көңіл аудару; • Студенттердің өздік жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерімен дұрыс ұштастыра білу; • Студенттердің дербестігін арттырып, өзіндік білім алу қабілетін жүйелі түрде дамыту; • Өзіндік жұмыстың мазмұнына күнделікті өмірден алынған материалдарды, хабарларды енгізу; • Студенттерді табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдылықтарын, сонымен қатар нақты фактілер мен құбылыстарды өздігінен талдап түсінуге үйрету; • Студенттердің алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру; • Студенттерді оқу жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауға, әр уақытта дербес және белсенді әрекет жасауға баулу; • Студенттердің өздігінен дербес жұмыс істеу, еңбек ету дағдыларын қалыптастыру. СӨЖ тақырыптарының тізімі мен аралық бақылау сұрақтары: Эмоцияның психофизиологиясы - реферат. Бас ми бөліктерінің қызметі. Қабылдаудың психофизиологиясы. Қозғалыс психофизиологиясы. Саналы және санасыз психикалық процесстердің психофизиологиясы. Ми қабығының тілдік процесстер қалыптасуындағы құрылымдық маңызы. Ми жарты шарларының ассиммертиясы. Ерте онтогенез бен қартаюдың психофизиологиялық механизмдері - реферат. Дербес ерекшеліктердің психофизиологиясы.
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz