Файл қосу

Кәсіптік қазақ




|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ                             |
|СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ                       |
|3 дәрежелі СМЖ құжат       |ПОӘК              |ПОӘК 042 -18-14.1.32/02-2013     |
|«Кәсіби қазақ (орыс) тілі» |№1 баспа          |                                 |
|пәнінің оқу-әдістемелік    |18.09.2013ж.      |                                 |
|кешенінің студенттерге     |                  |                                 |
|арналған пәннің            |                  |                                 |
|бағдарламасы               |                  |                                 |









                       ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ


  5В07300 - «ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫ, БҰЙЫМДАРЫ ЖӘНЕ КОНСТРУКЦИЯЛАРЫ ӨНДІРІСІ»
        ЖӘНЕ 5В072900 - «ҚҰРЫЛЫС» МАМАНДЫҒЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН

                         «КӘСІБИ ҚАЗАҚ (ОРЫС) ТІЛІ»


                          СТУДЕНТ ҮШІН ПӘННІҢ ЖҰМЫС
                              ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ














                                    Семей
                                    2013
                                   Алғысөз

    1 ӘЗІРЛЕГЕН
    Құрастырушы__________ «02» қыркүйек 2013 ж. Оқасов А.Р.
     «Геодезия және құрылыс» кафедрасының оқытушысы


    2 ТАЛҚЫЛАНҒАН
    2.1 «Геодезия және құрылыс» кафедрасының отырысында
    Хаттама № 1  «02» қыркүйек  2013 жыл
    Кафедра меңгерушісі, т.ғ.к. _________ Н. Күдерінова


    2.2  Ақпараттық  коммуникациялық   технологиялар   факультетінің   оқу-
әдістемелік кеңесінің отырысында
      Хаттама №1  «11» ___09___ 2013 жыл
      Төрайымы  __________ Р.С. Бекбаева


    3 БЕКІТІЛГЕН
      Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің  отырысында  талқыланды  және
басылымға ұсынылды
    Хаттама №1  «18» _09__ 2013 жыл
    Оқу ісі жөніндегі проректор  _____________ Г.К. Искакова


    4 БІРІНШІ БАСЫЛЫМ
    18» _09__ 2013 жыл










                                   Мазмұны

|1   |Жалпы ережелер                                                    |    |
|2   |Пән бойынша жұмыс бағдарламасының мазмұны                         |    |
|3   |Студенттер үшін әдістемелік нұсқаулар                             |    |
|4   |Курстың форматы                                                   |    |
|5   |Курстың саясаты                                                   |    |
|6   |Баға қою саясаты                                                  |    |
|7   |Әдебиеттер                                                        |    |





































    1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
    1.1 Оқытушы және пән туралы жалпы мәлімет
    Оқасов Айдын Ризабекович, оқытушы
    «Геодезия және құрылыс» кафедрасы
    Ақпараттық  қатынас-телефон: 35-84-38, №1 басты оқу ғимараты, №1003
    Сабақ өтетін орын - №1009 аудитория
    Дарменова Гульвира Тұрсынбекқызы,  оқытушы
    «Қазақ тілінің теориясы мен әдістемесі» кафедрасы
    Ақпараттық  қатынас-телефон: 53-37-63, №8 оқу ғимараты, №223
    Пән бойынша кредит саны - 2


    1.2 Пәннің қысқаша сипаттамасы
    Қазақ  тілі  пәні  ресми  тілді  топтарға  мектептен  алған  білімдерін
жетілдіру  үшін  арналған.  Курс  барысында  студент   болашақ   мамандығына
байланысты мәтіндерді еркін аударып, еркін сөйлеу үшін жағдай жасалады.
    Курс қазақ  тілін  орыс  тілді  дәрісханаларда  кәсіби  тілге  бейімдей
оқытуға,  іскерлік  дағды-машықтарды  қалыптастыруға   бағытталған.   Сөйлеу
әрекетінің барлық  түрін  өзара  сабақтастыра  оқыту,  тілдік  материалдарды
қолданымдылық (функционалдық) жүйемен іріктеп, ыңғайлап меңгерту көзделеді.


    1.3 Пәнді оқытудың мақсаты
    - Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде, кеңселік қатынас құралы  ретінде
ғана біліп қоймай, халықпен қарым-қатынас жасау барысында ұтқыр  ойды  шешен
тілмен жеткізе білуге, жергілікті халықтың ұлттық мәдениетін тануға,  ұлттық
таным ерекшеліктерін ажыратуға дағдыландыру;
    - Күнделікті қарым-қатынас кезінде, болашақта кәсіби терминдерді қызмет
барысында еркін қолдану дағдыландыру;
    - Мамандықтың теориялық негіздерін қазақ тілінде меңгерту.


    1.4 Пәнді оқыту негізгі міндеттері
    Негізделген және қалыптасқан теориялық білімдерін жинақтай білу,  қазақ
тілінде айтылған ой-пікірді түсініп, дұрыс жауап  бере  алу;  қазақ  тілінің
грамматика  жүйесін  еркін  біліп,  қазақ  еліне   қатысты   тарихи   мәдени
материалдарды өз бетімен игере алу; өз мамандығына сәйкес терминдер  жүйесін
пайдалана  отырып  мемлекеттік  тілде  жатық  сөйлеу  дағдысын  қалыптастыру
керек.


    1.5 Оқытудың нәтижелері:
    Курстың соңында студент мыналарды білуі керек:
    -  мамандығы  бойынша  қажетті  тақырыптардағы  орташа   және   күрделі
мәтіндерді түсіну және қабылдай алу;
    - баяндамалар, хаттар жаза білу, мамандығына қажетті құжаттарды сауатты
 құрастыра және толтыра білу;
    - қажетті ақпараттарды талдай, сұрыптай білу;
    - сызба, кестелердегі ақпараттарды сауатты сөйлете алу;
    - қажет материалдарды орыс тілінен қазақ тіліне сауатты аудару;
    - түрлі тақырыптардағы пікірталастарда айтпақ ойын  дәлелдей  білу,  өз
ойын (ауызша және жазбаша) тілдік нормаларды сақтай отырып,  дәйекті,  шебер
жеткізе алу;
    - негізгі терминдерді, ұғым-түсініктерді орынды қолдана алу;
    - өтілген  тақырыптар  негізінде  эссе,  баяндамалар,  хабарлама  жазу,
студенттің өзіндік жұмыстарын дайындау барысында тезис құра білу;
    - кез-келген стилдегі материалды түсініп, ажырата алу;
    - өз кәсіби шеңберінде кеңес беріп, пікір білдіруі;
    -  іскерлік  ортада  шебер  сөйлей  алуы,   мақал-мәтелдерді,   қанатты
сөздерді қажетті тұстарда оңтайлы қолдана алуы.
    1.6 Курстың пререквизиттері:
    1.6.1 Қазақ тілі
    1.7 Курстың постреквизиттері:
        жоқ


    2 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚТАРДЫҢ ТҮРІ БОЙЫНША САҒАТТАРҒА БӨЛУ
                                                                     Кесте 1
|№  |Тақырып атауы                |Сағат саны                            |Әдебиетте|
|р/с|                             |                                      |р        |
|   |                             |Дәріс |Тәжірибе |Лаб  |СӨЖО    |СӨЖ   |         |
|1  |2                            |3     |4        |5    |6       |7     |8        |
|Модуль 1.Кәсіптік қазақ тілі – коммуникативті құрал – 7 сағ.                      |
|1  |Кіріспе. Кәсіптік қазақ      |      |2        |     |        |      |7.1.3    |
|   |тілінің техникалық           |      |         |     |        |      |         |
|   |мамандықтар үшін маңызы мен  |      |         |     |        |      |         |
|   |міндеті, курс саясаты        |      |         |     |        |      |         |
|2  |Мамандыққа қатысты түйіндеме |      |2        |     |3       |5     |7.1.1    |
|   |сөздер.                      |      |         |     |        |      |         |
|3  |Монолог – өндірістегі        |      |2        |     |        |5     |7.2.4    |
|   |көріністі суреттеу. Этикалық |      |         |     |        |      |         |
|   |сипаттағы диалог.            |      |         |     |        |      |         |
|4  |Диалог – іс-әрекеттегі       |      |2        |     |        |      |7.2.4    |
|   |қарым-қатынас. Диалог –      |      |         |     |        |      |         |
|   |белгілі бір технологиялық    |      |         |     |        |      |         |
|   |сызба бойынша ой алмасу,     |      |         |     |        |      |         |
|   |сұрақ алмасу.                |      |         |     |        |      |         |
|5  |Ауызша және жазбаша          |      |2        |     |        |2,5   |         |
|   |коммуникация орнату. 10-15   |      |         |     |        |      |         |
|   |сөйлемнен тұратын шығарма.   |      |         |     |        |      |         |
|6  |Диалог – құрылыс             |      |2        |     |        |2,5   |7.2.4    |
|   |технологиясының жұмыс режимі |      |         |     |        |      |         |
|   |жайлы                        |      |         |     |        |      |         |
|7  |Мамандыққа қатысты           |      |2        |     |        |      |7.1.5    |
|   |тақырыптарды талқылаулар.    |      |         |     |        |      |         |
|   |Модуль 2. Кәсіптік қазақ тілі - құрылыс саласында – 8 сағ.          |         |
|8  |Құрылыс материалдары туралы  |      |2        |     |3       |2,5   |7.1.5    |
|   |жалпы түсінік.               |      |         |     |        |      |7.2.6    |
|9  |Материалдардың құрылымы және |      |2        |     |        |5     |7.1.5    |
|   |негізгі қасиеттері           |      |         |     |        |      |7.2.6    |
|10 |Негізгі түсініктер мен       |      |2        |     |3       |5     |7.1.5    |
|   |реттеуіш ережелер.           |      |         |     |        |      |7.2.6    |
|11 |Құрылыс процестерінің        |      |2        |     |        |5     |7.1.5    |
|   |технологиялық жобалануы.     |      |         |     |        |      |7.2.6    |
|12 |Құрылыс алаңын инженерлік    |      |2        |     |        |2,5   |7.1.5    |
|   |дайындау.                    |      |         |     |        |      |7.2.6    |
|13 |Құрылыс жүктері және оларды  |      |2        |     |3       |2,5   |7.1.5    |
|   |тасымалдау.                  |      |         |     |        |      |7.2.6    |
|14 |Жинақтау тәсілдерінің        |      |2        |     |        |5     |7.1.5    |
|   |классификациясы. Құрылыс     |      |         |     |        |      |7.2.6    |
|   |конструкцияларын дайындау,   |      |         |     |        |      |         |
|   |дәлдеу және уақытша бекіту.  |      |         |     |        |      |         |
|15 |Өндіріс басшысы ретінде      |      |2        |     |3       |2,5   |7.2.2    |
|   |автобиография, мәлімдеме жазу|      |         |     |        |      |         |
|   |Барлығы                      |      |30       |     |15      |45    |         |


      3. ПӘНДІ ОҚЫТУДА БЕРІЛЕТІН ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР
    Пәнді оқуға арналған  әдістелелік  нұсқаулар  мен  танысып,  студенттер
пәнді толық меңгерулері  керек.  Әдістелелік  нұсқауды  құрастыру  негізінде
пәннің кейбір бөлімдері студенттермен өздік жұмыс ретінде жүргізіледі.
    Әдістелелік нұсқаулар құрамына:
        1) Пәнді оқуда қажеттті  жоспарлау,  уақытты  ұйымдастыру  (орындау
           уақыты);
        2) Оқу-әдістемелік кешенін қолдану нұсқасы;
        3) Әдебиеттер мен оқулықтарды қолдана білу;
        4) Емтиханға даярлану үшін берілетін кеңестер кіреді.
    «Кәсіптік қазақ тілі» курсы  бір-бірімен  тығыз  байланысты  үш  түрден
тұрады: тәжірибелік сабақтар,  аудиторияда  оқытушының  бақылауымен  жүретін
студенттің  өздік  жұмысы  (СОӨЖ)  және  студенттің  өздік   жұмысы   (СӨЖ).
Тәжірибелік   сабақтарда   берілген   тапсырмалар   арқылы   студенттер   өз
білімдерін, дағдыларын  арттыра  алады,  пәнге  қатысты  материалдарды  оқу-
әдістемелік және әдебиеттерді қолдана отырып СӨЖ және СОӨЖ түрінде  өңделеді
және оқытушының қадағалауында болады.

    4. КУРС ФОРМАТЫ
    Пән  бойынша  тәжірибелік  сабақтарға   қосымша   төменде   келтірілген
тақырыптар  бойынша   өздік   жұмыстар   орындауға   тиіс.   Сонымен   қатар
аудиториядан тыс жұмыстар орындау.
1. Мамандыққа қатысты түйіндеме сөздер
2. Табиғи тас материалдары. Тау тілімдерінің негізгі түрлері және олардың
жіктелуі
3. Ағаш құрылыс материалдары мен бұйымдары
4. Цемент сұрыптары, оларды анықтау жолдары
5. Бетон өндірісінің технологиясы
6. Бетон қоспаларын тасымалдау және тығыздау.
7. Полимер материалдар
8. Темір бетонды құрылыс материалдары мен бұйымдары
9. Металл. Металл бұйымдары
10. Шыны және шыны кристалды материалдар
11. Керамикалык материалдар
12. Тас қалаудың технологиясы
13. Құрылыс жұмыстарын технологиялық жобалаудың негізгі принциптері
14. Жер жұмыстарын орындауда аймақты инженерлік дайындау.
15. Құрылыс конструкцияларын жинақтау жұмыстарында қолданылатын техникалар

    5. КУРС САЯСАТЫ
    Университетте қабылданған ішкі тәртіп-талаптарын сақтау:
        • Сабаққа қатысу: тәжірибелік  сабақтарға  міндетті  түрде  қатысу.
          Егер студент  белгілі  бір  себептермен  сабаққа  қатыса  алмаса,
          барлық өткен материалдар бойынша жауап беру тиіс.
        • Тәртіп: Сабақ үстінде үнемі тәртіп  бұзған  студент  аудиториядан
          шығарылып жіберіледі және барлық курс  бойынша  «қанағаттанғысыз»
          бағасы қойылады.
        • Бақылау жұмыстары: Межелік бақылау қорытындысы студенттің сабаққа
          қатысуын, өздік жұмысты уақытында орындауын, сабақта ауызша  және
          жазбаша түрде жауап беруін ескере отырып қойылады.
        •  Көшіріп  алу:  Кез-келген  көшіріп  алу   үшін   қатаң   жазалап
          аудиторядан шығарумен қоса, жалпы курс үшін  «F»  бағасын  қоюмен
          қамтылады.
        • Ұялық телефон: Сабақ кезінде ұялы телефондар өшірілуі керек.
        • Емтихан: Қорытынды емтихан оған босатылған барлық студенттер үшін
          тестік жүйе негізінде жүргізіледі.  Емтиханның  қорытынды  бағасы
          қорытынды  аттестациямен  емтиханның   орташа   проценті   арқылы
          есептеледі.


    6 БАҒА ҚОЮ САЯСАТЫ
    Студенттердің  үлгерімін  бақылау  ағымдық,   аралық   және   қорытынды
бағалаумен   есептеледі.   Бағалау   қолданыстағы   «Студенттердің   білімін
рейтингілік бағалау туралы қаулы» бойынша іске  асады.  Қорытынды  бақылауда
емтихан алынады, ол тест немесе бақылау сұрақтары  ретінде  ауызша  алынады.
Қорытынды балл әрбір сабаққа қатысу, рефераттарды қорғау, сондай-ақ  емтихан
тапсыру нәтижесінде қойылады. Баға курс  бойынша  қойылып,  ағымдық,  аралық
және қорытынды бақылау қорытындысынан шығарылады.
    Пән қорытындысын бақылау 300 баллдық шкала бойынша қойылады.
        «Кәсіби  қазақ  (орыс)  тілі»  пәнін  оқытуда  екі  аралық   бақылау
өткізіледі.
1-рейтинг қорытындысы бойынша 1 - 8 апталарда – 300 балл
2-рейтинг қорытындысы бойынша    9-15  апталарда  –  300  балл.  Семестрдегі
жалпы  балл саны – 600.
      Қорытынды бақылау жұмысы тест арқылы қабылданады.
      Уақытында  өткізілмеген  тапсырмаларды  8-ші  және   15-ші   апталарда
өткізуге болады. Егер  студент  сабақты  себепсіз  босатқан  болса,  оқытушы
қойған баллдың 60% алады.


      |апта   |Бақылау түрі                                                |Жалпы  |
|1      |2                                                           |3      |
|       |1-7 апталардағы аудиторялық сабақтарға қатысу               |30     |
|2      |1, 2 тәжірибелік сабақтар бойынша бақылау                   |20     |
|       |Өздік жұмысты орындау                                       |30     |
|3      |Үй тапсырмасы                                               |50     |
|4      |Бақылау жұмысы                                              |40     |
|       |3,4 тәжірибелік сабақтар бойынша бақылау                    |30     |
|6      |5,6,7 тәжірибелік сабақтар бойынша бақылау                  |30     |
|7      |1 аралық бақылау                                            |70     |
|1-8 апталардағы жалпы балл саны                                      |300    |
|       |8-15 апталардағы аудиторялық сабақтарға қатысу              |30     |
|10     |8,9,10 тәжірибелік сабақтар бойынша бақылау                 |30     |
|       |Реферат жазу                                                |30     |
|12     |Үй тапсырмасы                                               |40     |
|       |11,12 тәжірибелік сабақтар бойынша бақылау                  |30     |
|14     |13,14 және тәжірибелік сабақтар бойынша бақылау             |30     |
|15     |Дискуссия жүргізу                                           |10     |
|       |Үй тапсырмасы                                               |30     |
|       |2 аралық бақылау                                            |70     |
|8-15 апталардағы жалпы балл саны                                     |300    |
|Емтихан бағасы                                                       |400    |
|Академиялық периодқа жалпы баға саны                                 |1000   |

    7 ӘДЕБИЕТТЕР


    7.1 Негізгі әдебиеттер
           1. Қазақ тілі сөздігі. А. 1999 ҰТА
           2. Ә. Болғамбаев. Қазақ тілінің синонимдік сөздігі. А.1976.
           3. Базарғалиева Б., Иманбаева М., Ибрагимов Қ. Қазақ тілі.
              Алматы, 2005.
           4. Жас техниктің энциклопедиялық сөздігі. Москва.1980.
           5. Бисенов Қ.А. Құрылыс материалдары мен бұйымдары: Оқу құралы.
              – Алматы: «ИздатМаркет», 2007.-224 бет.
    7.2 Қосымша әдебиеттер
           1. Зейнулина А. Ф., Балпанов Н.М.. Іскери- кәсіби қазақ тілі.  -
              Павлодар, 2007 ж.
           2. Сөз сарасы. Қазақ тілінің ресми-іскери стилі бойын.  әдістем.
              құрал. Астана, 2009ж.
           3. Өмірзақ Т., Сансызбай  Ә.  Қазақ  тілі.  IV  деңгей.  Астана,
              2006ж.
           4. Зейнуллина А.Ф., Жұмабаева З.Е., Шаһарман  А.П.,  Пазыл  Ә.Қ.
              Іскери- кәсіби қазақ тілі:  практикалық  сабақтарға  арналған
              әдістемелік нұсқау. Павлодар, 2009 ж.
           5. Мұхамадиева Н.Қ. «Іскерлік қазақ тілі». Астана, 2007 ж.
           6. Хамзин  С.Қ.  Құрылыс  материалдары  (зертханалық-практикалық
              жұмыстар): Оқу құралы.-Астана: Фолиант,2007.-140б
Пәндер