Файл қосу

Эксперименталды психологиясы
















                        ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ


                             Этнопсихология пәні


         5В010300 «Педагогика және психология» мамандығына арналған


                     СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ПӘННІҢ ЖҰМЫС
                              ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ


















                                    Семей
                                    2013

                                   Алғысөз


1 ЖАСАЛЫНДЫ
Құрастырған: педагогикалық психология кафедрасының доценті, псх.ғ.к.
30.08.2013 ж.  ___________  Джумажанова Г.К.


2 ҚАРАЛДЫ
2.1. Педагогикалық психология кафедра меңгерушісі, псх.ғ.к.:
_____________Г.К. Джумажанова
 Хаттама №1 «03» 09  2013   ж.


2.2.   Педагогика   факультетінің   оқу-әдістемелік   кеңесінің    бюросында
талқыланды:
Хаттама №1 «05» 09 2013 ж.

Оқу-әдістемелік кеңесінің төрайымы ____________  Т.Ш. Ахметова

3 БЕКІТІЛДІ
3.1. Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданды және
баспаға ұсынылды
Хаттама №1 «18» 09  2013  ж.

ОӘК төрайымы,
оқу-әдістемелік жұмысының проректоры ______________Г.К. Искакова

4 АЛҒАШ ЕНГІЗІЛГЕН
















                                  Мазмұны:

   1. Жалпы ережелер
   2. Пәннің мазмұны және сабақтардың түрі бойынша сағаттарға бөлу
   3. Пәнді оқытудың әдістемелік нұсқаулары
   4. Курс форматы
   5. Курс саясаты
   6. Баға қою саясаты
   7. Әдебиеттер


































1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР


      1.1 Оқытушы және пән туралы жалпы мәлімет
      Джумажанова Гульжанар Какимжановна, педагогика ғылымдарының кандидаты,
доцент
      Телефон номері: 42-06-41
      Сабақ өтетін орын - №303 аудитория
      Пән бойынша кредит саны - 3
      1.2 Пән мазмұнының қысқаша сипаттамасы:
      Пәннің  оқу-әдістемелік  кешені  Шәкәрім  атындағы  СМУ-нің   пәндерге
арналған оқу-әдістемелік кешені туралы ережесіне сай құрастырылған.  Аталған
пәнді оқыту барысында дәріс, тәжірибелік, сондай-ақ СӨЖ және ӨСӨЖ  сабақтары
құрастырылады.  Оқу  жоспарының  көшірмесінде  бөлініп  берілген  әр   сабақ
түрлері сағатқа шағылған, пәннің қысқаша мазмұны, мақсаттары мен  міндеттері
көрсетілген.  ОӘК  оқу  пәнін  меңгерудің  барлық  талаптарына  сай  келеді.
Негізгі және қосымша әдебиеттер  тізімі  бар.  Студенттерге  арналған  жұмыс
бағдарламасы берілген.  Студентке  арналған  жүмыс  бағдарламасында  оқылуға
тиісті тақырыптар мен жұмыс түрлерінің  тізімі  әдебиеттердің  көрсетілуімен
айқындалған. Әр дәріс сабағы бойынша қысқаша мәлімет  берілген.  Тәжірибелік
сабақтардың тақырыптары және әр тақырыпта  қарастырылатын  мәселелер  жоспар
түрінде нақты көрсетілген. СӨЖ және ӨСӨЖ  тапсырмаларын  өткізудің  мерзімі,
тақырыптары  және  әдебиеттері  жазылған.  Студенттердің   білімін   бағалау
әдістемесі бар.
      1.3 Пәнді оқытудың мақсаты: Жеке тұлғаны зерттеудің  этнопсихологиялық
мәселелері   жайлы   түсінік   беру.    Студенттердің    қазіргі    өмірдегі
этнопсихологиялық  білімдерін,  осылардың  таңдалынған  мамандық  шеңберінде
кәсіби  қалыптасу  процесіндегі  рөлі  мен  оның  мәнін  анықтау,  зерттеуге
қызығушылығын  тудыру.  Студенттерде  гуманистік  көзқарас,   психологиялық-
педагогикалық  творчествалық  ойлау,  коммуникативті  хабардарлықты   дамыту
арқылы   тұлғалық    потенциалын    өздігінше    жетілдіруге    басымдылығын
қалыптастыруды мақсат етіп қояды.
      1.4 Пәнді оқыту міндеттері:
      Этнопсихология пәнінің мазмұнын білу;
      Ұлт,  халық,  этнос   арасындағы   айырмашылықтарды   ажырата   білуге
көмектесу;
      Этнопсихологиялық талдау тәсілдері мен әдістер жүйесі;
      Этнопсихологиялық бақылау, талдау, зерттеу жүргізе білу.
      1.5. Оқып-зерттеу нәтижесінде студент:
      -  білуі  керек:  этнопсихология  ғылымында  ерекше  категория  екенін
дәлелдейтін   теориялық   тұжырымдардың   мазмұнын   және   экспериментальды
әдістердің іске асу механизмдерін
      -   игеруі   керек:   этнопсихология   ғылымы   пәнінің    кезеңдерін,
этнопсихологиялық талдау тәсілдері мен әдістер жүйесін
      -  меңгеруі  керек:  ұлт,  халық,  этнос  арасындағы  айырмашылықтарды
ажырата білуге көмектесу
      - істей алуы керек: Этнопсихологиялық бақылау, талдау, зерттеу жүргізе
алуы
      - түсінуі керек: кәсіптік  іс-әрекет  жағдайында  психологиядан  алған
білімін  қолдану   туралы   түсінігін,   этнопсихология   туралы   теориялық
білімдерді зерттеп, психологтың қызметінде  экспериментальды  әдістемелердің
көмегімен дамытудың негіздерін қарастыруын
      -  болуы  керек:   қазіргі   психологияда   этнопсихологияны   зерттеу
мәселесінің   алатын    орнын,    пәннің    мазмұны,    зерттеу    әдістері,
этнопсихологияны зерттеу мәселесі  пәнін  арнайы  ғылыми  пән  ретінде  оқып
үйренудің теориялық маңызы мен практикалық пайдасы
      - қабылдауы керек: этнопсихология ғылымында  ерекше  категория  екенін
дәлелдейтін теориялық тұжырымдардың мазмұн және экспериментальды  әдістердің
іске асу  механизмдерін,  этнопсихологиялық  талдау  тәсілдері  мен  әдістер
жүйесін
      1.6. Курс пререквизиттері:
      1.6.1 Жалпы психология
      1.6.2 Даму психологиясы


      1.7.Курстың постреквизиті:
      1.7.1 Психологиялық эксперименттің теориясы мен практикасы
      1.7.2 Эксперименталды психологиясы

2. ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚТАРДЫҢ ТҮРІ БОЙЫНША САҒАТТАРҒА БӨЛУ
                                                                     Кесте 1
|   |Тақырып атауы      |Сағат саны                          |             |
|   |                   |                                    |Әдебиеттер   |
|   |                   |Дәріс |Семи  |Лаб  |ОЖСӨЖ    |СӨЖ    |             |
|   |                   |      |нар   |     |         |       |             |
|1  |2                  |3     |4     |5    |6        |7      |8            |
|1  |Этнопсихология     |2     |1     |-    |1,5      |4,5    |1 Б. 35-48   |
|   |пәні, міндеті      |      |      |     |         |       |3 Б. 5-9     |
|   |туралы жалпы       |      |      |     |         |       |7 Б. 47-210  |
|   |түсінік            |      |      |     |         |       |             |
|2  |Ұлттық сана-сезім  |2     |1     |-    |1,5      |4,5    |1 Б. 51-55   |
|   |мәселесі           |      |      |     |         |       |8 Б. 210-225 |
|3  | XX ғасырдың екінші|2     |1     |-    |1,5      |4,5    |6 Б. 29-56   |
|   |жарты-сындағы      |      |      |     |         |       |7 Б. 105-135 |
|   |этникалық қайта    |      |      |     |         |       |4 Б. 52-69   |
|   |тірілу             |      |      |     |         |       |             |
|4  |Мәдениет және      |2     |1     |-    |1,5      |4,5    |1 Б. 32-95   |
|   |ұлыстағы тұлға     |      |      |     |         |       |7 Б. 12-165  |
|   |                   |      |      |     |         |       |8 Б. 14-28   |
|5  |Жеке тұлғаны       |2     |1     |-    |1,5      |4,5    |1 Б. 35-48   |
|   |зерттеудің         |      |      |     |         |       |3 Б. 5-9     |
|   |этнопсихология-лық |      |      |     |         |       |7 Б. 47-210  |
|   |мәселелері         |      |      |     |         |       |             |
|6  | Әлеуметтік        |2     |1     |-    |1,5      |4,5    |1 Б. 32-95   |
|   |мінез-құлықты      |      |      |     |         |       |7 Б. 12-165  |
|   |реттеудің          |      |      |     |         |       |8 Б. 14-28   |
|   |вариативтік        |      |      |     |         |       |             |
|   |мәдениеті          |      |      |     |         |       |             |
|7  |Этносаралық        |2     |1     |-    |1,5      |4,5    |1 Б. 32-95   |
|   |қарым-қатынас      |      |      |     |         |       |7 Б. 12-165  |
|   |психологиясы       |      |      |     |         |       |8 Б. 14-28   |
|8  |Этникалық          |2     |1     |-    |1,5      |4,5    |1 Б. 32-95   |
|   |конфликтілер: пайда|      |      |     |         |       |4 Б. 52-69   |
|   |болу себептері және|      |      |     |         |       |7 Б. 12-165  |
|   |реттеу тәсілдері   |      |      |     |         |       |8 Б. 14-28   |
|9  |Жаңа мәдениетті    |2     |1     |-    |1,5      |4,5    |6 Б. 29-56   |
|   |ортаға бейімделу   |      |      |     |         |       |7 Б. 105-135 |
|   |                   |      |      |     |         |       |4 Б. 52-69   |
|10 |Ұлттық тәлім-тәрбие|2     |1     |-    |1,5      |4,5    |6 Б. 29-56   |
|   |мәселесі           |      |      |     |         |       |7 Б. 105-135 |
|   |                   |      |      |     |         |       |4 Б. 52-69   |
|11 |Ұлттық дүниетанымды|2     |1     |-    |1,5      |4,5    |1 Б. 32-95   |
|   |қалыптастыруда     |      |      |     |         |       |4 Б. 52-69   |
|   |салт-дәстүрдің     |      |      |     |         |       |7 Б. 12-165  |
|   |алатын орны.       |      |      |     |         |       |8 Б. 14-28   |
|12 |Тұлғаның           |2     |1     |-    |1,5      |4,5    |1 Б. 32-95   |
|   |ұлтжандылық сезімі |      |      |     |         |       |4 Б. 52-69   |
|   |мен қасиеті,       |      |      |     |         |       |7 Б. 12-165  |
|   |сапалары           |      |      |     |         |       |8 Б. 14-28   |
|13 |Ұлттық мінездің    |2     |1     |-    |1,5      |4,5    |6 Б. 29-56   |
|   |нышандары          |      |      |     |         |       |7 Б. 105-135 |
|   |                   |      |      |     |         |       |4 Б. 52-69   |
|14 |Этнопсихология-лық |2     |1     |-    |1,5      |4,5    |6 Б. 29-56   |
|   |құбылыстар-дың     |      |      |     |         |       |7 Б. 105-135 |
|   |функциясы, мазмұны |      |      |     |         |       |4 Б. 52-69   |
|15 |Толық этностық     |2     |1     |-    |1,5      |4,5    |1 Б. 32-95   |
|   |бірлікте           |      |      |     |         |       |4 Б. 52-69   |
|   |халықтардың ұлттық |      |      |     |         |       |7 Б. 12-165  |
|   |психологиясы       |      |      |     |         |       |8 Б. 14-28   |
|   |Барлығы:           |30    |15    |-    |22,5     |67,5   |             |

3 ПӘНДІ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ
      Студент аталған   курс  бойынша  мынадай  теориялық  және  практикалық
мәселелерді игеруі керек. Оқу жоспарының көшірмесінде  бөлініп  берілген  әр
сабақ түрлері сағатқа  шағылған,  пәннің  қысқаша  мазмүны,  мақсаттары  мен
міндеттері көрсетілген. ОӘК оқу  пәнін  меңгерудің  барлық  талаптарына  сай
келеді.  Негізгі  және  қосымша  әдебиеттер   тізімі   бар.   Оқушылар   мен
студенттерге арналған жүмыс бағдарламасы берілген. Студентке арналған  жүмыс
бағдарламасында  оқылуға  тиісті  тақырыптар  мен  жүмыс  түрлерінің  тізімі
әдебиеттердің көрсетілуімен айқындалған. Әр  дәріс  сабағы  бойынша  қысқаша
мәлімет берілген. Тәжірибелік  сабақтардың  тақырыптары  және  әр  тақырыпта
қарастырылатын мәселелер жоспар түрінде нақты  көрсетілген.  СӨЖ  және  ӨСӨЖ
тапсырмаларын өткізудің  мерзімі,  тақырыптары  және  әдебиеттері  жазылған.
Студенттердің білімін бағалау әдістемесі бар.


4 КУРС ФОРМАТЫ
      Семинарға дайындық кезінде студент мұғалімнің  дәрісін  назарға  ұстай
отырып,  біршама  ізденіс  жұмыстарын  жасау  қажет.  Ғылыми  мақалалар  мен
монографиялар, сондай-ақ интернет желісінен алынған материалдардағы  керекті
деректер  конспектіленіп  алынады.   Семинар   студенттің   ізденіс   жұмысы
болғандықтан,  бір  емес  бірнеше  дереккөздерді  пайдалануға  тиісті.  Курс
бойынша  білуге  тиісті  терминдер  мен  шартты  ұғымдарды  оқытушы  қамтып,
түсіндіреді. СӨЖ тақырыптары берілген сұрақтарды қамти отырып, жазбаша  және
ауызша жұмыс түрінде орындалады.  СӨЖ-ді  конспект  түрінде  дәптерге  жазып
өткізу қажет. Сабақ барысында студенттің  теориялық   білімі,  белсенділігі,
ынтасы және шығармашылық шешім таба білу дағдысы бағаланады.


5 КУРС САЯСАТЫ
      Курсты оқу барысында алынған ұпай жинақталып, жалпы  саны  шығарылады.
Жиынтық бағаны шығару үшін әрбір тапсырманы орындауы, сабаққа қатысуы,  СӨЖ,
ОСӨЖ тапсырмаларын, тиісті жаттығу  жұмыстарын  орындағаны  жөніндегі   ұпай
жиынтығы, кезеңдік, қорытынды  бақылау  нәтижелері  т.б.  түгел  ескеріледі.
Курсты  оқу  барысында  алынған  барлық   ұпайлар   жинақталып,   бір-біріне
қосылады. Осы курстан алған жиынтық бағаны шығару үшін әрбір  тапсырама  мен
рейтинг  бақылауынан  алынған  баға  және  емтихан  бағаларының  қорытындысы
бойынша орташа балл есептеледі. Барлық тапсырмаларды  көрсетілген  уақытында
өткізу қажет. Барлық тапсырмаларды қабылдап алу  емтиханға  7  күн  қалғанда
аяқталады. Барлық тапсырманы өткізбеген студенттер емтиханға  кіргізілмейді.
Жұмысты  кеш  тапсырсаңыз:  қосымша  тапсырма  беру  арқылы  жұмыс   көлемін
ұлғайтылады;   Тапсырмалар   оқытушы   тағайындаған   уақытта   қабылданады.
Емтиханға келмесеңіз: орынды себеп болса,  бұрынғы  орындалған  жұмыстарыңыз
есепке алынады; орынсыз себеп болса, тапсырманы орындауыңыз қажет  және  осы
мәселеге  қатысты  университет  саясаты  есепке  алынады.  Әрбір   тақырыпты
қайталау және өтеу міндетті. Өтілген материалды меңгеру деңгейі тест  арқылы
тексеріледі. Тест алдын ала ескертілмей өткізіледі. Аудиториялық  сабақтарды
босатпау,   кешікпеу   міндетті.   Себепсіз   сабақтан   қалсаңыз:   қосымша
шығармашылылық  жұмыс  беріледі  (реферат,  көркем  мәтінге  талдау   т.б.);
Сабаққа екі рет кешігу бір рет сабақ босатылғанға теңгеріледі. Оқу  үрдісіне
белсенді түрде қатысу қажет.


6 БАҒАЛАУ САЯСАТЫ
      «Этнопсихология» пәні бойынша ұпай бөлінісі
                                                                     Кесте 2
|Апта  |Бақылау түрі        |Ұпай жиыны            |Ескерту              |
|1     |2                   |3                     |4                    |
|      |1-8 апта бойы       |30                    |                     |
|      |дәріске қатысу      |                      |                     |
|      |Семинар             |30                    |                     |
|2     |                    |                      |                     |
|      |СӨЖ                 |15                    |                     |
|      |Семинар             |30                    |                     |
|4     |                    |                      |                     |
|      |СӨЖ                 |15                    |                     |
|      |ОСӨЖ                |35                    |                     |
|      |Семинар             |30                    |                     |
|6     |                    |                      |                     |
|      |СӨЖ                 |15                    |                     |
|      |ОСӨЖ                |35                    |                     |
|      |Семинарға           |30                    |                     |
|8     |                    |                      |                     |
|      |СӨЖ                 |15                    |                     |
|      |ОСӨЖ                |35                    |                     |
|1-8 апта бойынша барлық   |300                   |                     |
|ұпай саны                 |                      |                     |
|      |9-15 апта бойы      |30                    |                     |
|      |дәріске қатысу      |                      |                     |
|      |Семинар             |30                    |                     |
|10    |                    |                      |                     |
|      |СӨЖ                 |15                    |                     |
|      |Семинар             |30                    |                     |
|12    |                    |                      |                     |
|      |СӨЖ                 |15                    |                     |
|      |ОСӨЖ                |45                    |                     |
|      |Семинар             |30                    |                     |
|14    |                    |                      |                     |
|      |СӨЖ                 |15                    |                     |
|      |Семинар             |30                    |                     |
|15    |                    |                      |                     |
|      |СӨЖ                 |15                    |                     |
|      |ОСӨЖ                |45                    |                     |
|9-15 апта бойынша барлық  |300                   |                     |
|ұпай саны                 |                      |                     |
|Емтихан ұпайы             |400                   |                     |
|Академиялық мерзімге      |1000                  |                     |
|жиынтық ұпай              |                      |                     |

7 ӘДЕБИЕТТЕР
      7.1.  Негізгі әдебиеттер:
      7.1 Стефаненко Т.Г. Этнопсихология. – М., 1999.
      7.1.2 Жарықбаев Қ. Этнопсихология: ұлт тәрбиесінің  өзегі.  –  Алматы:
Білім. 2005.
      7.1.3 Табылдиев Ә. Этнопедагогикалық қазақша-орысша сөздік. –  Алматы,
2002.
      7.1.4 Этнопедагогика және этнопсихология. – Алматы, 1994.
      7.1.5 Кукушкин В.С., Столяренко Л.Д. Этнопедагогика и  этнопсихология.
– Ростов на Дону, 2000.


      7.2. Қосымша әдебиеттер:
      7.2.1 Мұқанов М.М. Зейінді тәрбиелеу. – А., 1980.
      7.2.2 Лурия А.Р. Внимание и память. – М.: 1975.
      7.3.3 Джакупов С.М. Психология познавательной деятельности. –  Алматы,
1992.
      7.4.4 Намазбаева Ж.И. Развитие личности. – А.: 1996.


Пәндер