Файл қосу

Лабораториялық ыдыстар



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
           СЕМЕЙ ҚАЛАЛЫҚ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ  | |
|3 деңгейлі СМЖ құжаты        |ПОӘК               |ПОӘК 042.18-24.1. 10/03 2013   |
| «Зертханалық іс» пәнінің    |№1 басылым         |                               |
|оқытушыларға арналған        |18.09.2013ж.       |                               |
|оқу-әдістемелік материалдар  |                   |                               |














     5В120100 «Ветеринариялық медицина»  және «5В120200» «ветеринариялық
          санитария» мамандығына арналған «Зертханалық іс»  пәнінен

                        ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР




















                               Семей, 2013 ж.




                                   МАЗМҰНЫ


   1. Дәрістер
   2. Тәжірибе сабақтары















































                                К І Р І С П Е

      Азық-түлік проблемасын шешу кез келген елдің  алдында  тұрған  ғылыми-
техникалық прогресс жолында дамуының негізгі келелі мәселелердің бірі  болып
табылады. Ол үшін халық  шаруашылығында,  оның  ішінде  ауыл  шаруашылығында
түпкілікті өзгерістер, қайта құру  мәселелері  дұрыс  жолға  қойылуы  қажет.
Кейінгі жылдары елімізде мал, құс  шаруашылықтары  ақырындап  аяғынан  тұрып
келеді. Қазіргі кезде ғылыми жұмыстағы ең  негізгі  мақсат  –  асыл  тұқымды
малдарды өсіру, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.  Бұл
мәселені  шешуде  мал   шаруашылығы   және   ветеринария   ғылыми-өндірістік
орталығының басшылары мен мамандары белсене ат салысуда.
      Республикамыздағы ауылшаруашылық өндіріс кешендерінің  алдында  тұрған
мақсат -  өндірістерге  экономикалық  әдістерді  еңгізу,  шаруашылық  қарым-
қатынастарды жаңа деңгейге көтеру, жаңа  технологияларды  тиімді  пайдалану,
өндірудің мөлшері мен сапасын бүгінгі күннің талабына сай  нәтижеге  жеткізу
болып табылады.  Бұл  мәселелерді  шешуде  мал  және  құс  шаруашылықтарының
алатын орындары ерекше, тіпті  шешуші  негізгі  роль  атқарады  десек  артық
айтқандық емес. Міне сондықтан да мал және құс  шаруашылықтарының  өнімдерін
өндіруге  аса  зор  көңіл  бөлінуі  керек.   Республикамыздың   халқын   мал
шаруашылығының өнімдерімен қамтамасыз ету үшін  малдан  алынатын  өнімдердің
мөлшерін ғана көбейтіп қоймай, олардың сапасын үнемі жақсартып отыру  қажет.
Шаруашылықтарда   кездесетін   кемшіліктерді   жойып,   алдыңғы    қатардағы
технологияны  іске   асыру   арқылы   жұмсалған   қаржының   қайтарымдылығын
жоғарылату керек.
      Мал және құс шаруашылықтарының дұрыс өркендеуі ветеринариялық  ғылыми-
зерттеу жұмыстарының дұрыс іске асуына тікелей  байланысты.  Бұл  жерде  мал
басының  сақталуын  қадағалай  отырып,   олардың   өнімділігін   жоғарылату,
санитарлық және тауарлық  сапасын  жақсарту,  барлық  жерлерде  эпизоотиялық
жағдайды,  әсіресе  адамдар  мен  малдарға  бірдей   аурулардан   сақтандыру
мәселесін, дұрыс уақытында шешеіп отыру  негізгі  мақсат.  Мәселен,  бүгінгі
таңда індетті аурулардың 300-ге жуық нозологиялық түрлері  белгілі.  Олардың
көпшіліктері өте қауіпті аурулар. Қазірде малдар арқылы адамдарға  берілетін
аурулардың 184 түрлері анық. Олардың ішінде жылқылардан –  50,  ірі  қарадан
-50, шошқадан -46, құстардан - 26, балықтардан  - 14 және т.б.
      Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұжымының  деректері  бойынша  жыл  сайын
1,5  млрд.  адамның  тағамдар  арқылы  уланулары  тіркелетін  көрінеді.  ТМД
елдерінде бұл көрсеткіш 6,5 – 33 млн. болса,  олардың   6000  –  9000  адамы
өледі екен. Міне сондықтан да, мал дәрігерлері мен адам дәрігерлерінің  және
санитарлардың алдында  тұрған  негізгі  мақсаттар  –  адамдар  мен  малдарды
індетті  аурулардан  сақтандыру,  бола  қалған  жағдайда  уақытында  нақтылы
диагноз қоя білу және  тез  арада  ғылыми  тұрғыда  дәлелденген  емдеу,  жою
шараларын дұрыс пайдалану.
      Бұл мәселелерді іске асыру тек қана қазіргі кездегі жаңа  технологияны
және диагностикалық  әдістерді,  әртүрлі  лабораториялық  зерттеулерді  жете
білгенде ғана  дұрыс  орындалады.   Биология  және  ветеринария  салаларында
кеңінен  жүргізілетін  зерттеулер  көптеген  техниканы,  жаңа  технологияны,
аспаптар мен әртүрлі лабораториялық жануарлар мен ыдыстарды қолдануды  талап
етеді.
      Қазіргі кезде мал шаруашылығының  өркендеу  технологиясының  негізінде
ауруларды емдеу мен олардан сақтандыру мәселелерін шешу үшін  көптеген  жаңа
препараттар,  приборлар  және   аспаптар   мен   құралдар   ұсынылуда.   Мал
организмінің өмірінде болатын өзгерістерді толық қанды  түрде  зерттеу  үшін
қазірде  белгілі  зерттеу  әдістері  мен  әдістемеліктерді,   аспаптар   мен
құралдарды  үнемі  жетілдіре  түсіп  отыру  қажет  екені  сөзсіз.  Ол   үшін
радиоэлектротехниканың,  физиканың,   оптиканың,   биологияның   және   т.б.
ғылымдардың жетістіктерін пайдалана отырып шығарылған күрделі  аспаптар  мен
құралдарды кеңінен пайдалану қажет.
      Мұндай күрделі аспаптар  мен  құралдарды  зерттеу  жұмыстарында  дұрыс
пайдалану  үшін  қосымша  білім  мен  әдістемеліктерді  үйрену   қажеттілігі
сөзсіз. Малдәрігерлік  салада  экспериментті  зерттеу  жұмыстарын  жүргізуде
және оны жоспарлауда зерттелетін заттарды, аспаптар  мен  құралдарды  таңдап
алу көптеген қиындықтар тудырады. Себебі,  ветеринариялық  және  биологиялық
зерттеулерде қолдануға болатын  жаңа  приборлар,  аспаптар  мен  құралдардың
жүйеленген анықтамалары әркімнің қолына  түсетін  әдеби  деректерде  кездесе
бермейді. Олардың негізгі көздері  арнайы  жұрналдардағы  жеке  мақалаларда,
министрліктер мен  ведомстволықтардың  шығарылымдарында  және  шет  елдердің
фирмаларының жарнамаларында кездеседі. Оларда кездесетін қысқаша  техникалық
мінездемелер зерттеушіні оған қажетті мағлұматтармен  толық  қамтамасыз  ете
алмайды. Кей  кезде  техникалық  білімділіктің  жеткіліксіздігі  де  кедергі
жасайды.
      Бір қарағанда қарапайым болып  көрінетін  ыдыстарды  зерттеу  жұмысына
дайындау; реактивтерді, бояуларды, бактериялық ортаны  рет-ретімен  дайындау
ерекшеліктерін де еске алып отыру қажет. Оларды дайындау  сапасынан  зерттеу
жұмысының нақтылығы мен дұрыстығы пайымдалады.
      Сонымен, қорыта келгенде, малдардың ауруын дұрыс анықтау,  малдар  мен
өсімдіктерден алынатын өнімдердің сапасына дұрыс  баға  беру  т.б.  көптеген
мәселерді дұрыс шешу лабораториялық зерттеулердің негізінде жүргізіледі.
      Лабораториялық зерттеулердің нақтылығы  мен  бағалылығы  зерттеу  үшін
таңдап  алған  әдістемелікке;   аспаптар   мен   құралдарды,   ыдыстар   мен
реактивтерді  дайындауға;  биологиялық  материалдарды,   антикоагулянттарды,
консерванттарды және  т.б.  заттарды  алу,  сақтау,  тасымалдау  мәселелерін
дұрыс шешуге тікелей байланысты.
        Сонымен   қатар   малдәрігері   мен    биологиялық    мамандықтарына
лабораториялық ыдыстардың,  аспаптар  мен  құралдардың  түрлерін  білу  және
оларды  жұмысқа  дайындау;  әртүрлі  ертінділердің  концентрацияларын  дұрыс
есептеп шығару; зерттеу  үшін  лабораториялық  жануарларды  таңдап  ала  алу
олардың тәжірибеде нәтижелі жұмыс істеулеріне жақсы көмегін тигізеді.
       Жоғарыда  айтылған  мәселелерді  ескере  отырып  1998  жылдан  бастап
малдәрігерлерін   дайындайтын   жоғарғы   оқу   орындарының   бағдарламасына
«Лабораториялық іс» пәні еңгізілген. Бұл сабақ бұрын тек медицина  саласында
дәрігерлерді жетілдіру курстарында ғана жүргізіліп келген. Тәжірибе  жүзінде
медицина саласындағы мұның өзінің жеткіліксіз екендігін өмір көрсетіп отыр.
       Біздің  алға  қойған   мақсатымыз   болашақ   малдәрігерінің   барлық
мамандықтарының  кез  келген  лабораториялық  зерттеулерді  толық   меңгеріп
шығуларын  қатаммасыз  ету.  Міне,  сондықтан  да,  болашақ  мал   мамандары
«Лабораториялық іс» пәнін игергенде  келещекте  өз  жұмыстарында  кездесетін
зерттеу аспап-құралдарымен, техникамен, лабораториялық жануарлармен,  оларды
жұмысқа  дайындап,  пайдалана   білу   әдістерімен   жәнеде   осының   бәрін
өздіктерімен шешу мәселелрімен танысады.


                                             Н Е Г І З Г І   Б Ө Л І М

                      1. Анықтамасы, пәннің мақсаты.
               2.Тарихи деректер.

      «Лабораториялық  іс»  пәні  лабораториялық  зерттеулерді  әдістемелік,
техникалық, ұйымдастыру мәселелерімен  қамтамасыз  етуді  және  зерттеулерді
тәжірибе жүзінде іске асыруды қарастырады.
      Негізгі қарастырылатын мәселелер:
         • ауруларды анықтау, олардан  сақтандыру  және  емдеу  процессінің
           нәтижесін бақылау  үшін  адамдар  мен  малдардың  организміндегі
           биологиялық сұйықтарды зерттеу;
         •  қоршаған  ортаның  биологиялық,  химиялық  агенттермен  ластану
           деңгейін анықтау және физикалық факторлардың әсерін зерттеу;
         • сыртқы ортаны қорғау;  мал  шаруашылығының  жұмысшыларын  тиімді
           санитарлық-гигиеналық жағдаймен қамтамасыз ету; малдардың,  олар
           тұратын қора жайларының, жайлымның, азықтардың, судың және  т.б.
           мәселелерді дұрыс, уақытында шешу;
         • малдан, өсімдіктерден алынатын шикізаттардың сапасын анықтау;
         • індетті және тоғышарлар тудыратын  адамдар  мен  малдарға  ортақ
           аурулардан сақтандыру шараларын қамтамасыз ету.

      Бұл мәселелерді шешуде «Лабораториялық  іс»  пәні  барлық  клиникалық,
ветеринариялық, жалпы  биологиялық  және  т.б.  пәндермен  тығыз  байланыста
болады. Қандай  лабораториялық  зерттеулер  болмасын,  оларды  жүргізу  үшін
белгілі бір приборлар, аспап-құралдар және реактивтер  қажет.  Сондықтан  да
«Лабораториялық  іс»  пәнінің  негізінде  техникалық  (физика,  химия)  және
іргелі (фундаментальды) ғылымдардың қазіргі кездегі жетістіктері жатыр.


      Республикамызда мал шаруашылығының дамуын зерттеу бастапқы кезде  ара-
тұра әртүрлі ғылыми-зерттеу экспедициялары арқылы жүргізілді.  Мәселен,  ХІХ
ғасырдың 15-20 жылдары доктор Бунге ірі қара малының сібір  жарасы  мен  оба
ауруларының таралу себептерін анықтады. Кейіннен 1872-1874-1888 жылдары  осы
ауруларды  зерттеп,  болдырмау  мәселелерін  жетілдіре  түсу  үшін   кешенді
экспедициялар  құрылды.  Ал  1893  жылдан   бастап   Қазақстанда   обылыстық
ветеринариялық қоғамдар  құрыла  бастайды.  Бұл  қоғамдар  көп  жылдар  бойы
ғылыми мекемелердің ролін атқарып келді. Олар ветеринария ғылымының  алғашқы
кезеңіндегі ғылыми ізденістердің жолы мен көлемін анықтап  отыратын  негізгі
ұйымдастырушы күшке айналды. Қоғамның негізгі қызметтері үш мәселені  шешуге
бағытталды:
        1. Ғылыми, тәжірибелік және ұйымдастыру жұмыстарын;
        2. Әдістемелік-кеңес мәселелерін;
        3. Үгіттеу және оқытушылық бағыттарды.
      ХІХ ғасырдың екінші жартысында Ресейде басқа да Еуропа  елдеріндегідей
медициналық,  ветеринариялық  және  ауылшаруашылық  микробиологияның   дамуы
негізінде медициналық және  ветеринариялық  бактериологиялық  лабораториялар
мен станциялар ашыла бастады. 1887 жылы Харьковтік және  Дерптік  (Юрьевтік)
бактериологиялық  станциялар  ұйымдастырылды,  ал   1890   жылы   Саратовтың
ветеринариялық-бактериологиялық лабораториясы құрылды. 1897 жылы Ресейде  25
ветеринариялық-бактериологиялық лабораториялар мен станциялар жұмыс істеді.
        1898 жылы 22  қаңтарда  Петербургта  ветеринариялық-бактериологиялық
лаборатория мен ішкі істер министрлігінің  жанынан  ветеринариялық  басқарма
ашылды. Лабораторияның алдына қойылған мақсаттар:
    • губерниялардың талаптары бойынша сібір жарасына қарсы  вакцинаны  және
      басқа да егілетін материалдарды дайындап, жіберіп отыру;
    • жаңа биопрепараттарды тексеруден өткізіп отыру;
    • сырттан келетін  патологиялық  материалдарды  диагностикалық  тұрғыдан
      зерттеу;
    • әртүрлі эпизоотологиялық сұрақтарды ғылыми зерттеуден өткізу;
    •  малдәрігерлік  курстарда  білімдерін   жетілдіруге   жіберілген   мал
      дәрігерлеріне бактериологиядан сабақ беру.
   Осы  лабораторияның  негізінде  Қазан  революциясынан  кейін  Мемлекеттік
эксперименталды ветеринария институты  құрылды.  Кейіннен,  1930  жылы  ВИЭВ
болып аталды.
    Қазақстанда      ветеринариялық-бактериологиялық       лабораторияларды
ұйымдастыру  мәселесін  бірінші   рет   обылыстық   ветеринария   инспекторы
А.П.Петровскийдің ұсынысы бойынша Орал ветеринариялық қоғамы  көтерді.  Оған
негізгі себеп болған сол жылдары Оралда түйелердің белгісіз  аурудан  көптеп
қырылуы. 1897 жылы Оралда төрт далалық  бөлімшесі  және  бес  сапарға  дайын
лабораториясы бар ветеринариялық-бактериологиялық лаборатория  құрылды.  Бұл
лаборатория кезінде індетті, тоғышарлар тудыратын және  басқа  да  ауруларды
анықтауда; бактериялық  улар  мен  вакциналарды  дайындауда,  белгісіз  түйе
ауруларын  зерттеуде  қомақты  жұмыстар  жүргізді.   Лаборатория   мамандары
қазіргі Батыс-Қазақстан, Ақтөбе, Манғышылақ және Атырау обылыстарына  қызмет
көрсетті.
    Орал  ветеринариялық-бактериологиялық  лабораториясының  ғылыми-зерттеу
жұмыстары  тек  Қазақстанда  ғана  емес  бүкіл   Ресейдің   барлық   түкпір-
түкпірлеріне дейін белгілі болды.  Осы  лабораторияның  оңды  тәжірибелеріне
сүйене отырып көптеген мал дәрігерлері  осындай  лабораторияны  Қазақстанның
басқа да обылыстарында ашуға  ұсыныстар  жасады.  Бірақ  сол  кездегі  патша
үкіметі  ол  ұсыныстарды,  сондай-ақ  орталық  малдәрігерлік  ғылыми-зерттеу
станциясын ашу туралы берілген ұсынысты да ескерусіз қалдырды.
    Азамат соғысы кезінде  малдәрігерлерінің  күрт  азаюы,  мал  өнімдеріне
қызығушы  топтардың   көбеюі   малдәрігерлік   жұмыстың   нашарлауына   және
Қазақстанда эпизоотияның  таралуына  әкеп  соқты.  Осындай  құлдырап  кеткен
малдірігерлік істің дұрыс жолға қойылуына 1921 жылғы  қараша  айында  болған
малдәрігерлік мамандардың Бүкілресейлік съезі  түпкілікті  әсер  етті.  Онда
эпизоотиямен   күрестің   бірыңғай   мемлекеттік   жоспарлануы    анықталды;
жылқылардың маңқа ауруын жоюдың жолдары, ірі қараның және шошқаның оба  және
өкпе ауруларына, сібір  жарасы,  қотыр  және  т.б.  ауруларға  қарсы  күресу
шаралары белгіленді.
    Съезд губерниялық және  обылыстық  маңыздағы  ветеринариялық  қызметтің
біртекті  құрылымын  шешті,  «Ветеринариялық-бактериологиялық   институттар»
және  «Губерниялық  ветеринариялық-бактериологиялық  лабораториялар»  туралы
ережелерді бірінші рет бекітті.
    1921   жылы   В.С.Бобровский   жер   туралы    халық    комиссариатының
ветеринариялық басқармасының бастығы болып тағайындалады.  Оның  басқаруымен
арнайы комиссия Ветеринария  заңының   (Жарғы)  бірінші  жобасын  дайындауға
кіріседі. Бұл жоба 1923  жылғы  қараша  айында  өткен  ВЦИК-тің  сессиясында
қаралып,  Заң   ретінде   бекітіледі.   В.С.Бобровский   басқарған   орталық
ветеринариялық  басқарма  ветеринариялық  ұжымдардың   тармақтануына,   оның
ішінде бактериологиялық лабораториялардың дамуына ерекше қамқорлық жасады.
    Қазақстанда ветеринариялық ұжымдар Қырғыздық  орталық  атқару  комитеті
мен Қырғыз республикасының советтік халық  комиссариаты  құрылғаннан  бастап
заңды  ұжым  ретінде  хаттала  бастады.  1920  жылы  18  қырқүйекте   Қырғыз
республикасының  халықтық  жер  комитетінде  Орталық  ветеринариялық   бөлім
ұйымдастырылды. Оның бірінші ұйымдастырушысы және бастығы  болып  1904  жылы
Қазанның малдәрігерлік институтын бітірген А.П.Сейдалин тағайындалады.
    1924 жылы ветеринариялық  ұжымдар  мен  ветеринария  мамандырының  саны
недәуір   көбейеді.   Малдәрігерлік    бөлімдер,    пункттер,    институттар
ұйымдастырылады. Қазақстанда ветеринария  саласының  дамуы  әсірее  соғыстан
кейінгі  жылдары  жылдамдай  түседі.   Обылыстық,   аудандық   малдәрігерлік
лабораториялар   құрылады.   Қазақстанда   малдәрігерлік   лабораториялардың
қызметін   ұйымдастыруда   үлкен   үлес   қосқан   ғалымдар:    У.Б.Базанов,
И.А.Квятковский, Т.И.Исенгулов,  С.А.Аманжолов,  А.Р.Абишев,  Н.Ж.Жанузаков,
академик З.К.Кожебеков және т.б..
    Диагностикалық әдістемеліктер  мен  препараттар  дайындауда  көп  еңбек
сіңірген  ғалымдар:  К.Н.Бучнев,   А.А.Росляков,Б.А.Матвиенко,Б.Т.Толысбаев,
К.Б.Бияшев, Т.С.Сайдулдин, Н.П.Иванов, М.С.Сабаншиев,  И.Белобаб  және  т.б.
көптеген ғалымдар.
    Лабораториялық    зерттеу    әдістемеліктерін    шығаруда    Е.Ф.Дымко,
З.К.Кожебеков, Н.Ф.Шуклин, Т.М.Тлеуғали, С.Қ.Қырықбай  ұлы,  Г.Х.Габидуллин,
В.Н.Квятковский,  К.Н.Қожанов  және  т.б.  көптеген  ғалымдар  өз  үлестерін
қосты.


                           Лабораториялық ыдыстар.

        1. Жалпылай қолдануға арналған ыдыстар;
        2. Арнайы қолдануға арналған ыдыстар;


      Лабораториялық   ыдыстар   –   анализдік,   препараттық   және   басқа
лабораториялық жұмыстарда жалпылай және арнайы  қолданылатын  ыдыстар.  Олар
негізінен  химикалық-лабораториялық   шынылардан,   фарфордан,   пластикалық
заттардан, платинадан, металл  тотықтарынан  және  басқа  да  материалдардан
жасалады.   Химикалық-лабораториялық   шынылар   жоғарғы    химиялық    және
температуралық    төзімділігімен,    аз    кристаллданатын     ерекшелігімен
сипатталады. Оның мұндай қасиеттері оларды шыны үрлеу  оттықтарында  өңдеуге
мүмкіншілік береді. Оларды 5 топқа жіктеуге болады:
   1. Кварц шыныдан жасалған лабораториялық ыдыстар.
   2. № 23, 20, 52, Ц 32, ЦЛ, КС-№; және т.б. натрий-кальций силикатты  шыны
      маркаларынан жасалған лабораториялық ыдыстар.
   3.  Сілтісі  аз   алюминийбор   және   бор   силикаттарынан   дайындалған
      лабораториялық ыдыстар.
   4. Борсыз және аз борлы алюминий силикатынан  дайындалған  лабораториялық
      ыдыстар.
   5.  Сілтіге  төзімді  цирконды  шынының  Щ-14,  Щ-23,  Щ-26  маркаларынан
      дайындалған лабораториялық ыдыстар.
   Кварц шынылардың құрамында 96 %-дан жоғары кремнезем болады. Оны кварцтың
ең таза сортынан электр пештерінде немесе  оттегі-сутегі  жалынында  балқыту
арқылы алады. Кварц шынысы  температураға  ең  төзімді,  оның  температурада
ұлғаю  коэффициенті  төмен,  отқа  төзімділігі  жоғары,  көптеген   химиялық
реагентерге  инертті,  көзге   көрінетін,   ультракүлгін   және   инфрақызыл
сәулелерді өткізе алады. Бірақта ол шынылар өте нәзік; сілтілерде,  сілтілік
металлдардың карбонаттарында және фторлы-сутегі қышқылында тұрақсыз; 1200ºС-
дан жоғарғы температурада мөлдірлігін жоғалтады.  Негізгі  түрлері:  мөлдір,
мөлдір емес, оптикалық, ерекше таза, керамикалық  және  легирленген.  Мөлдір
шынылардан  колбалар,  тигелдер,  реторттар,  стақандар,  табақтар,  әртүрлі
диаметрлі түтікшелер дайындалады.
   Бұл топқа кварционидті шынылар да жатады. Оларды құрамында  натрий,  бор,
оттегі,  кремний  бар  шынылардан  натрий  боратын   қышқыл   ертінділерімен
сілтісіздендіру   арқылы   алады.   Бұл   шынылардан   өте   жұқа   химиялық
лабораториялық ыдыстар,  түтікшелер,  ультракүлгін  сәулесін  шашатын  кварц
жанғыштары дайындалады.
   Екінші топтағы шынылардың құрамында  13-20  %  сілті  тотықтары,  5-10  %
кальций  тотығы  және  1,5-4  %  аллюминий  тотығы  болады.   Олардан   жұқа
лабораториялық  ыдыстар,  приборлар,   аппараттар   және   қалық   қабырғалы
эксикаторлар,  газ  өлшегіштер,  өлшегіш  цилиндрлар   және   т.б.   ыдыстар
дайындалады.
   Үшінші топтағы ыдыстар өте жоғарғы  температураға  төзімділігімен,  бірақ
сілті  ертіндісіне  тұрақсыздығымен  сипатталады.  Бұл  шынылардан   қалыпты
шлифті ыдыстар,  химиялық  аппаратуралар,  шыны  мақталары,  микробиологияда
қолданылатын Петри тарелкасы, Кох пипеткасы және т.б. ыдыстар дайындалады.
   Төртінші топтағы ыдыстар  маркасы  №  13,  АТ-24  ж2не  т.б.  механикалық
әсерлерге мықтылығымен, температураға төзімділігімен  ерекшеленеді.  Олардан
лабораториялық трубалар дайындайды.
   Бесінші топтағы лабораториялық шынылардың құрамында  цирконий,  стронций,
лантан тотықтары болады.
   Лабораториялық  ыдыстарды  дайындайтын  шыныларды   олардың   құрамындағы
заттарды-шихталарды арнайы  банна  пештерде  1400ºС  қайнату  арқылы  алады.
Шихтаға  әртүрлі  металлдардың  тотықтары  мен  карбонаттарын  қосу   арқылы
өздерінің оптикалық,  механикалық,  химиялық  және  басқа  да  касиеттерімен
ерекшеленетін шынының арнайы сорттарын алуға болады.
   Лабораторияларда қолданылатын шыны  ыдыстар  жұмысқа  қолданылуы  бойынша
және оларды дайындаған материалдардың  түрлеріне  қарай    бірнеше  топтарға
бөлінеді.
   Жұмысқа қолданылуы бойынша: жалпы қолданыстағы, арнайы қолданыстағы  және
өлшегіш  ыдыстар;  оларды   дайындаған   материалдардың   түрлеріне   қарай:
қарапайым шыныдан, арнайы шыныдан және кварцтан дайындалған ыдыстар.
   Жалпы қолданыстағы ыдыстарға жататындар үнемі лабораторияда болуы  қажет,
онсыз  көптеген  жұмыстарды   істеуге   мүмкіншілік   жоқ   ыдыстар.   Олар:
пробиркалар,    ворнкалар,    стақандар,    колбалар,     кристаллизаторлар,
тоңазытқыштар, реторттар, үшқосқыштар, крандар және т.б. заттар.
   Арнайы   қолданыстағы   ыдыстарға   жататындар   белгілі   бір   мақсатта
қолданылатын  ыдыстар.  Олар:  Кипп,  Сокслет,  кали  аппараттары;  Къелдаль
приборы;  дефлегматорлар;  Дрексель,  Вульф,  Тищенко  шынылары;  пикнометр,
ареометр;  шар тәрізді  түбі  бар  колбалар;  арнайы  тоңазытқыштар;  балқу,
қайнау,   мұздату   температураларын   анықтайтын   приборлар;    центрифуга
стақандары, арнайы пробиркалар және т.б. ыдыстар.
   Өлшегіш ыдыстарға өлшегіш цилиндрлар, пробиркалар,  пипеткалар,  колбалар
жатады.
                 Жалпы қолдануға арналған ыдыстар.


   Бұл ыдыстардың ішіндегі ең көбірек қолданылатыны әртүрлі пішінді, әртүрлі
материалдардан  дайындалған  пробиркалар.   Олар   цилиндр   тәрізді,   түбі
доғалданған,  әртүрлі  көлемді,  әртүрлі  шынылардан  дайындалған  түтіктер.
Кәдімгі лабораториялық пробиркаларды жеңіл балқитын  шынылардан  дайындайды.
Бірақта жоғарғы  температурада  қолданылатын  пробиркаларды   қиын  балқитын
немесе кварцтан дайындайды.
   Қарапайым пробиркалардан басқа  градуспен  белгіленген  және  цетрифугаға
арналған пробиркалар бар. Пробиркалар сапалы реакцияларда, өте  терең  микро
анализдерде пайдаланылады. Пробиркаларда реакция қою  үшін  реактивтерді  аз
мөлшерде алған жөн. Оларда аз мөлшерде сұйықты қайнатуға  болады.  Тек  оның
жоғарғы жағынан ұстағышпен ұстау керек. Сұйықты  қыздыруды  жоғарғы  жағынан
бастайды,  төменгі  жағынан  бастағанда  сұйық  қатты  қайнайды  да  төгілуі
мүмкін. Қайнатқан уақытта пробирканың ашық  аузын  оператордан  қарсы  жаққа
қаратып ұстайды. Ал аздап жылыту керек болған жағдайда  пробирканы  сұйықпен
ыстық суға салып қою керек.
   Воронкалар сұйықтарды құю, сүзу үшін қажет. Химиялық  воронкалар  әртүрлі
көлемде шығарылады. Олардың жоғарғы ауызғы  диаметрлері  35,  55,  70,  100,
150, 200, 250 және 300 мм болады. Кәдімгі воронкалардың  ішкі  қабаты  тегіс
болып  келеді.  Егер  сүзуді  жылдамдату  керек  болса,  онда  ішкі   қабаты
бұдырланған воронкаларды қолданады.  Сүзу  үшін  қолданылатын  воронкалардың
45º бұрышы болады және қисайта кесілген түтікшемен аяқталады.
   Аналитикалық жұмыстарда аналитикалық воронкаларды қолданған жөн.  Олардың
айырмашылығы  аяқ  түтікшелері  ұзын  және  оның  жоғарғы  жағының  диаметрі
төменгі  жағынікінен  тарлау  болып  келеді.   Мұндай   конструкция   сүзуді
жылдамдатады.  Сонымен  қатар  ішкі  қабаты  бұдырланған   және   воронканың
түтікшеге қосылатын жерінде шар тәрізді кеңістік істелген воронкаларда  сүзу
процессін үш есеге дейін жылдамдатуға болады.
   Бөлгіш воронкалар өзара араласпайтын сұйықтарды  (мысалы  су  мен  майды)
ажырату үшін қолданылады.  Олар  цилиндр  немесе  груша  тәрізді,  көпшілігі
тығыздалып жабылатын тығынмен қамтамасыз етілген. Трубканың жоғарғы  жағында
шыны кран бар.
   Олардың    сиымдылықтары   әртүрлі,   соған   байланысты   қабырғаларының
қалыңдықтары  да  әртүрлі  болып  келеді.  Неғұрлым  сиымдылығы  аз   болса,
солғұрлым қабырғасы жұқа.
   Тамшылатқыш воронкалардың бөлгіш воронкалардан айырмашылығы  олар  жеңіл,
қабырғалары жұқа, көпшілігінің  аяққы түтікшелері ұзын болып келеді.  Оларды
реакцияда  сұйықтарды  өте  аз  мөлшерде,  тамшылатып  қосу  керек  болғанда
пайдаланылады.
   Жұмысты бастар алдында шыны кранның шлифті  бетін  жұқа  етіп  вазелинмен
немесе арнайы маймен майлайды. Ол май түтікшенің ішіне кірмеуі керек.  Тамшы
бірқалыпты таму  үшін  воронкаға  қондырғы  орнатылады.  Ондай  воронкаларда
краннан кейін бірден кеңейтілген бөлігі ары қарай түтікшемен жалғасады.
   Химиялық стақандар әртүрлі  сиымдылықтағы  (50-2000  мл)  қабырғасы  жұқа
цилиндр  тәрізді  ыдыстар.  Олар  аласа,  биік;  тұмсықты,  тұмсықсыз  болып
келеді. Сондай-ақ шкалалы, Филлипс, тұмсықты конус қабырғалы стақандар  бар.
Оларды химиялық реакцияларда, препарат дайындау жұмыстарында қолданады.
   Кәдімгі шынылардан дайындалған стақандарды жалаң  отқа  қыздырғанда  олар
сынып кетеді. Сондықтан олардағы сұйықты қыздыру үшін  газға  немесе  электр
плиткаларына  асбестенген торша арқылы қыздырады. Су банналарында  қыздыруға
болады.  Стақанды  плитаға  қояр  алдында  оның  сыртындағы  суды,   ылғалды
орамалмен мұқият сүрту керек.
   Түбі жадағай шыны колбалар. Олар шар және  конус  тәрізді  болып  келеді,
сиымдылықтары 50  мл-ден  10  литрге  дейін,  шлифті  және  шлифсіз  түрлері
болады.   Тығыз  жабылатын  тығынды  конус  тәрізді   колбаны   «йод   санын
анықтайтын колба» деп атайды.
   Колбаларды химиялық реакцияларды титрлеуге, препараттар  дайындауға  т.б.
лабораториялық  жұмыстарға  пайдаланады.  Колбадағы  сұйықты   стақандағыдай
қыздырады. Ыстыққа төзімді шыныдан жасалған колбаларды ашық  отқа  да  қоюға
болады. Штатив шығырына орналастырып қыздыруға  да  болады.  Кейде  колбаның
бетін жауып қыздыруға тура келеді. Ол  үшін  сағат  шынысын,  шыны  жапқышты
немесе колпақты пайдаланады. Дистілденген суды,  реактивтерді  сақтау  үшін,
оларға шаң, бөгде заттардың түспуіне өте қолайлы.
   Бунзен колбасы сүзуді  вакуум-насос  қолдану  арқылы  жүргізгенде  қажет.
Колбаның жоғарғы жаында тубусы болады. Оны  резина  түтікше  арқылы  вакуум-
насосқа  қосады.  Колбаның  аузына  резина  тығынмен   бекітілген   ворнканы
орналастырады. Сорғыш колбалар  әртүрлі  сиымдылықты  және  әртүрлі  пішінді
болып келеді. Лабораториялық  жағдайда  көбінесе  конус  тәрізді  колбаларды
қолдану ыңғайлы.
   Колбадағы сүзіндіні аппаратты қайта ажыратып жатпай құйып алу үшін  краны
түп жағында орналасқан Бунзен колбасы қолайлы. Ол үшін вакуум-насосты  алдын
ала жабады да, сүзіндіні  кран  арқылы  дайын  ыдысқа  құйып  алады.  Бунзен
колбасын атмосферлік қысымға төзімді болу  үшін  қалың  шыныдан  дайындайды.
Жұмыс уақытында  колбаны орамалмен орап немесе  қағаз  жәшікке  орналастырып
ұстаған қауіпсіз болады. Жарыла қалған  кезде  шынының  сынықтарынан  қорғау
үшін колбаға поливинилхлоридтан дайындалған мөлдір пленканы спираль  тәрізді
жапсырып тастауға да болады. Әрбір колбаға тесігі әртүрлі, жиі  қолданылатын
воронкалардың ұштарының диаметрлеріне дәл келетін, екі-үш тығыннан  дайындау
керек.
   Әлі қолданыста болмаған Бунзен колбасын мұқият тексеру керек. Сызаты  бар
колбалар  вакуумға  шыдамайды.  Колбаны  вакуум-насосқа  қосар  алдында  оны
орамалмен орап немесе қағаз жәшікке орналастырып барып қосу керек.
   Кристаллизаторлар  –  қабырғалары  жұқа,  түбі  жадағай,  сиымдылығы  мен
бетінің диаметрі әртүрлі шыны ыдыс. Оны заттарды кристаллдау және  буландыру
үшін  қолданады.  Кристаллизаторларды  тек  су  баннасында  ғана   қыздыруға
болады.
   Жуғыштар – ыдыстарды жуу үшін бейімделген аспап. Оларды сиымдылығы  0,5-2
литр колбалардан дайындайды. Полиэтиленнен жасалған жуғыштар қолайлы,  бірақ
оларды ыстық ертінділерде қолдануға бомайды.
    Жуғыштарды  дайындау  үшін  екі  тесігі  бар  резина  тығынды   колбаны
пайдаланады. Майыстырылған  бірі  ұзын,  бірі  қысқа  екі  түтікшені  резина
тығындағы тесіктерге орналастырады.  Түтікшелердің  екі  жақ  басын  балқыту
арқылы доғалдайды. Осылай жиналған  жуғышты  дистілденген  сумен  толтырады,
жуғыш жұмысқа дайын.
    Тоңазытқыштар  –  қайта   қуу   аппаратындағы   қайнаған   судың   буын
конденсациялау үшін қолданылады.  Суытылған  су  буы  дайын  ыдысқа   немесе
қайта сол қайнатылған ыдысқа жиналады. Осыған байланысты олардың пішіні  мен
аттары әртүрлі болады. Дайын ыдысқа конденсатты  жинау  үшін  пайдаланылатын
тоңазытқыш түзу тоңазытқыш деп, ал конденсат қайта қайнатылған ыдысқа  жинау
үшін пайдаланылатын тоңазытқыш кері тоңазытқыш деп аталады.
    Либихтің түзу тоңазытқышы. Лабораторияда кең  тараған  тоңазытқыш.  Бір
жақ басы кеңейтілген ұзын шыны түтік сытанан шыны  немесе  металл  жапқышпен
қапталған. Шыны түтіктің ұштары резина түтікшелермен жалғасады. Бір  ұшы  су
құбырымен жалғасады да, ал екінші ұшы ағатын  каналға  бағытталады.  Краннан
келетін суық су су буына қарсы ағыста болады да, оны суытады. Негізгі  ереже
бойынша су төменгі жағынан кіріп жоғарғы жағынан шығуы керек  және  буы  бар
түтікшенің сыртындағы шыны көйлек әрқашанда  суға  толы  болуы  керек.  Олай
болмаған жағдайда  түтік суға толмаған жерінен  сынып  кетеді.  Тоңазытқышты
ұзақ уақыт пайдаланғанда оның шыны көйлегінің  ішінде  сумен  келетін  темір
тотығының тұнбасы пайда болады. Оны  ауық-ауық  10-16  %-ды  тұз  қышқылының
ертіндісімен тазалап отыру керек. Тазалап  болғаннан  кейін  ол  арқылы  5-6
минуттай таза  су  жібереді.  Либихтің  тоңазытқышы  арқылы  пары  150ºС-дан
аспайтын сұйықты ғана қайта айдауға болады.
    Кері тоңазытқыштардың шарикті,  бұрандалы  және  т.б.  түрлері  болады.
Шарикті түрінде тоңазытқыштың трубасы шар тәрізді кеңейтілген, ал  бұрандары
түрінде спираль тәрізді бұратылған.  Мұндай  трубаларда  олардың  тоңазытқыш
беттері ұлғаяды, конденсация толық жүреді.
    Аллиннің тоңазытқышы тік орнатылады. Оны қисайтқан жағдайда шар тәрізді
кеңейтілген жерге конденсат сұйығы толады  да  конденсация  фракциясы  дұрыс
жүрмейді.
    Сокслеттің шарикті тоңазытқышы. Онда  сұйықтың  буы  шардың  ішкі  және
сыртқы қабаттарының арасынан өтеді де,  бу  сыртқы  жақта  ауамен,  ал  ішкі
жақта суық сумен суытылады.
    Домраттың   тоңазытқышы   бұрандалы   тоңазытқыш,   түзу   және    кері
тоңазытқыштардың  ролін  бірдей  атқарады.  Температураның  өзгеруіне  жақсы
бейімделген. Ерекшелігі оның сыртқы  қабатындағы  қоршаған  ортаның  су  буы
суытылмайды.
    Сифондар. Сұықты қайта құюға бейімделген ыдыс. Оның бір ұшын  құйылатын
сұйыққа батырады да,  бір  ұшын  саусақпен  немесе  қысқышпен  жауып  қояды.
Үшінші ұшы арқылы сұйықты  сорады  да,  сұйық  түтіктің  бүгілген  деңгейіне
жеткенде саусақпен басып тұрған ұшын ашады,ал үшінші  ұшын  жабады.  Сифонды
жоғарғы қысымды пайдаланып та туғызуға болады.
    Дөңгелек  түпті  шыны   колбалар   кәдімгі   және   арнайы   шынылардан
дайындалады.  Олар   көптеген   лабораториялық   жұмыстарда   пайдаланылады.
Олардағы сұйықты жалаң отта қыздыру үшін үстіңгі жағында шұңғылы бар  асбесс
торшалары қолданылады.








                 Арнайы қолдануға арналған ыдыстар.


    Къельдаль колбасы – алмұрт пішінді, мойны  ұзындау  болып  келген  шыны
ыдыс. Сиымдылығы 300-800 мл, қиын балқитын, ыстыққа төзімді  «Пирекс»  типті
шыныдан жасалған. Оны тексерілетін заттағы азотты анықтау үшін қолданады.
    Дистиллят алу үшін қолданылатын колбалар. Сұйықты қайта айдап дистиллят
алу үшін Вюрца, Клайзен, Арбузов және т.б. колбалар пайдаланылады.
    Вюрц колбасы ұзын мойынды, өсінді түтікшелері бар, сұйықты қайта  айдау
үшін  қолданылатын  аппарат.  Өсінді  түтікшелерінің   орналасу   биіктігіне
байланысты әртүрлі температураларда қайнайтын  сұйықтарға  тиісті  аппаратты
таңдап алуға болады.
    Клайзен колбасының Вюрц колбасынан айырмашылығы  екі  мойны  бар,  оның
біреуінен қисық пішінді түтікше  шығарылады.  Төменгі  қысымдағы  сұйықтарды
айдау үшін қолданылады.
    Арбузовтың колбасы – Клайзен колбасының жетілдірілген түрі. Ондағы  екі
мойын бір-бірімен қосылған. Егер сұйық аяқ астынан қайнайтын болса, онда  ол
кеңейтілген бөлігі арқылы қайта колбаға құйылады.
    Аллонжылар – имек шыны түтік, сұйықты қайта  айдау  кезінде  тоңазытқыш
пен қабылдағышты қосу  үшін  пайдаланылады.  Аллонжының  кең  басына  таңдап
алынған тығынның тесігіне тоңазытқыштың түтігін 3-4 см тереңдікке  еңгізеді,
ал жіңішке ұшын қабылдағышқа қосады.
    Дефлегматорлар – дистілдеуге арналған қондырғы. Жоғарғы жағында  жанама
түтікшесі,  кеңейтілген  бөліктері  бар   шыны   түтік.   Фракциялық   қайта
қайнатуларда пайдаланылады. Олардың пішіні мен көлемі әртүрлі болып  келеді.
Олармен жұмыс істегенде сақтық керек. Себебі олар оңай сынады.
    Эксикаторлар – шлифті жапқышы бар,  ерекше  пішінді  қалың  шыны  ыдыс.
Ылғалды бойына тез сіңіретін заттарды сақтау  үшін  және  заттарды  өте  жәй
суыту үшін қолданылады. Жіңішкертілген иық  тұсында  тигель  қоюға  арналған
тесіктері болады. Фарфордан жасалған жапсырманың  төменгі  жағына  кептіргіш
заттар –  қыздырылған  кальций  хлориді,  сусыздандырылған  күкірт  қышқылы,
кейде ангидрон  немесе  фосфор  тотығы,  силикагель  және  аллюминий  тотығы
орналастырылады.
    Вакуум-эксикаторда краны бар резина түтікшені  кіргізетін  тесігі  бар.
Сол түтікше арқылы вакуум-насосқа қосылады. Жапқышының шлифін өте жұқе  етіп
вазелинмен немесе арнайы маймен майлар  қояды.  Жапқышты  тік  көтеріп  емес
жылжытып ашады. Жапқышты  үстелге  қойғанда  шлифін  жоғары  қаратып  қояды.
Ыстық тигельдерді қойғанда басында эксикаторды толық жаппайды, 1-2  минуттай
тосып барып толық жабуға болады.
    Газдарды жуу үшін Вульф, Дрексель, Тищенко шынылары қолданылады.
    Вульф шынысының қабырғасы қалың, сиымдылығы 250 мл  –  5  л  мөлшерінде
болады. Екі-үш ауыз мойны  бар,  төменгі  жағында  сұйықты  ағызатын  тубусы
болады.
    Дрексель шынысы шыны тығыны бар цилиндр. Цилиндрдің ішінде оның  түбіне
дейін жететін түтік бар. Одан жанама түтікше кетеді.
    Тищенко шынысының Вульф шынысынан айырмашылығы  оның  ортасында  ыдысты
бірімен бірі қатынаста болатын екі бөлікке бөліп тұратын қабырға бар.
    Кипп аппараты қос тотықты көміртегін, күкіртті сутегін  және  басқа  да
газдарды  алу  үшін  қолданылатын  аппарат.   Аппараттың   төменгі   жағында
кеңейтілген резервуар бар. Кейбір аппараттарда ол жерде тубус  болады.  Оның
үстіңгі жағында шар тәрізді газ шығаратын тубусы  бар  кең  бөлігі  бар.  Ал
үстіңгі жағы алмұрт тәрізді воронкамен аяқталады.
    Аппаратты жұмысқа қосу үшін шар тәрізді  бөлігіндегі  кранды  ашып  сол
арқылы,  көлемі 1 см²-тан кем емес керекті газды  алатын  заттың  бөлшектері
салынады. Ұнтақ заттарды қолданбаған жөн, газ  өте  көп  бөлініп  аппараттың
жоғарғы жағынан шығып кетуі мүмкін. Тубус шыны краны  бар  резина  тығынымен
тығындалады. Одан кейін тубустағы газ бөлетін кранды  ашып,  алмұрт  тәрізді
воронка арқылы  тиісті  сұйықты  құяды.  Сұйықты  жоғарғы  шар  тәрізді  кең
бөліктің ортасына дейін құюға болады. Аппараттағы ауаны шығару үшін газды 5-
7 минуттай шығарады да,  кранды  жауып  қояды.  Газ  жүретін  түтікшені  газ
жинайтын  ыдысқа  қосады.  Кранды  ашып-жабу  арқылы  газдың  түзілуін  және
жиналуын реттеп отырады.
    Тамшылатқыш – сұйықты тамшы  арқылы  қолдануға  арналған,  науалы  шыны
тығыны бар, одан сұйық тек тамшылап қана ағатын  түтікше.  Тамшы  ұстағыш  –
кейбір зерттеулер мен  анализдерде  қолданылатын  шыны  приборлар.  Олар  бу
арқылы түзілетін тамшыларды ұстап жинау үшін  қолданылады.  Олардың  бірнеше
түрлері бар: Къельдаль, Конта, Геккель  қондырғылары;  чеш  тамшы  ұстағышы;
сулы жапқышы бар тамшы ұстағыш және т.б.
    Петри   тарелкасы   (немістің   микробиологі,    1852-1921    жж.)    –
бактериологиялық лабораторияларда тығыз қоректік ортада бактерияларды  өсіру
үшін қолданылатын ыдыс. Р.Кохтың ассистенті Петри 1887 жылы  ұсынған.  Петри
тарелкасы екі жадағай  шыны  тарелкалардан  тұрады,  оның  біреуі  қақпақтың
ролін атқарады. Олардың диаметрлері мен биіктіктері  әртүрлі  болып  келеді.
Жуғанда,  залалсыздандырғанда   аз   сілтісізденетін   бейтарап   шынылардан
жасалады. Кәдімгі тарелкалардың диаметрі 10 см, ал биіктігі 1,5 см болады.
    Конвей  тарелкасы  –  пішіні  лабораториялық  шыны  кристаллизаторларға
ұқсас, диаметрі см, ортасында  диаметрі  см  қосымша  цилиндр  дәнекерленген
шыны ыдыс. Ертінділердегі, қандағы, зәрдегі аммиакты анықтауға  және  аммиак
бөлу арқылы жүретін ферментті реакцияларда қолданылады.
    Жұғын   шынысы   –   сапалы    микрокристаллоскопиялық    реакцияларды,
бактериологиялық  зерттеулерді  жүргізу  үшін  пайдаланылады.  Жұқа  шынылар
қыздырғанға төзімді келеді. Олармен жұмыс істегенде оның шетінен ғана  ұстау
керек немесе пинцетті қолданған жөн.


                           Лабораториялық техника.

                1. Анықтамасы, классификациясы;
                2. Жалпы қолданылатын құрал-жабдықтар мен аппараттар.

   Лабораториялық техника –  лабораториялық  жағдайда  әртүрлі  зерттеулерді
жүргізуге арналған техникалық құрылыстардың,  аппараттардың,  приборлар  мен
жабдықтардың жиынтығы.
   Малдәрігерлік мекемелерде л.т. биологиялық  сұйықтардың,  тіндердің  және
қоршаған ортаның физикалық, химиялық қасиеттерін зерттеу  үшін  қолданылады.
Зерттеушілердің еңбектерін жеңілдетеді және өнімділігін арттырады.
   Лабораториялық техниканың дамуының негізгі бағыты -  зерттеудің  дәлдігін
жоғарылату,   еңбек   өнімділігін   арттыру.   Олар    өлшемдік,    көлемдік
анықтамалардың классикалық әдістерін  өте  сезімтал,  дәл,  жылдам  және  аз
еңбекті электрлік, фотометрлік, ферменттік т.б. әдістермен алмастырады;  дәл
өлшегіш    индикаторлы    гемоглобинометр,     кондуктометрлік     цитометр,
фотоэлектрлік колориметр т.б. приборлар қолданылады. Жиі кездесетін  анықтау
түрлерін  жылдам  және  автоматты  түрде   анықтау   жағдайларына   көшіруге
бейімделеді.
   Лабораториялық техниканың классификациясы:
     1. Қолдану сферасында:
            • жалпы лабораториялық  техникалар  –  барлық  немесе  көптеген
              ветеринариялық-биологиялық зерттеулерде қажетті техникалар;
            • арнайы лабораториялық техникалар – бір бағытта немесе белгілі
              бір зерттеу түрінде қолданылатын техникалар.
     2. Ветеринариялық-биологиялық зерттеулердің түріне қарай:
            • микробиологиялық;
            • биохимиялық;
            • гематологиялық;
            • гистологиялық;
            • иммунологиялық;
            • патолого-анатомиялық;
            • ветеринариялық-санитарлық;
            • өнімдердің сапасын сараптау үшін.
          3. Лабораториялық процесстегі орнына қарай:
            • анализге дайындау үшін (ыдыстарды, реактивтерді дайындау;
              сынама алу; зерттедетін затты бөліп алу);
            • анализ үшін (іздеген затты табу, оны салыстыру, өлшеу);
            • көмекші операциялар үшін (анализге дайындалуға және оны
              жүргізуге жағдай жасау).


                3. Жобалар жасауға бейімделу жағынан:
                 -жалпы техникалық лабораториялық техникалар. Олар тек
                 ветеринариялық лабораторияларда ғана емес басқа да
                 лабораторияларда қолданылады;
                 -ветеринариялық     лабораториялық     техникалар,      тек
                 ветеринариялық-биологиялық лабораторияларда ғана  қолдануға
                 бейімделген.

           Жалпы қолданыстағы құрал-жабдықтар мен аппараттар.


      Жалпы лабораториялық техникаларды бірнеше топқа бөледі:
   1. Суды дистілдейтін және минералсыздандыратын аппараттар (дистиляторлар,
      бидистилторлар, апирогенді су  алатын  аппараттар,  аквадистиляторлар,
      суды минералсыздандыратын аппараттар);
   2. Қыздыратын, кептіретін,  термостаттайтын  аппараттар  (тигель,  муфель
      пештері, инфрақызыл сәуле беретін аппараттар, колбаларды қыздырғыштар,
      термостаттар, ультратермостаттар,  лабораториялық  банналар).  Олардың
      көбі жылу  энергиясын  жылу  көзінен  бірден  реакция  жүретін  ыдысқа
      береді. Жылуды жеткізетін орта ретінде су, май, парафин, құм, ауа және
      т.б. пайдаланылады;
   3. Өлшегіш аппараттар (техникалық, аналитикалық,  тең  иықты,  торзиондық
      таразылар);
   4.  Центрифуга  аппараттары   (лабораториялық,   клиникалық,   вакуумдық,
      рефрижераторлық, препараттық және аналитикалық ультраценрифугалар);
   5.  Табу,  идентификациялау   және   өлшеу   аппараттары   (микроскоптар,
      колориметрлер,  нефелометрлер,  спектрофотометрлер,   рефрактометрлер,
      термометрлер және т.б.);
   6. Араластыратын, сілкіндіргіш аппараттар. Сиымдылығы 50 ден  1000  мл-ге
      дейін, айналу жылдамдығы 30-1200 об/мин. Жұмыс  істеу  уақыты  бірнеше
      минуттан бірнеше  тәулікке  дейін.  Процесс  ыдыс  тұрған  платформаны
      қозғау арқылы іске асырылады. Олардың  конструкциялары  да,  пайдалану
      бағыттары да  әртүрлі  болып  келеді.  Көбінесе  ыдыстардың  пішініне,
      көлеміне  бейімделеді.  Олардың  көлемі  10  мл-ден  3  литрге  дейін,
      түсірілетін күш 0- ден 60 кг- ға дейін болады. Қозғалу бағыты кезекпе-
      кезек, шайқалу, айналу, күрделі болып келеді.  Тербеліс  жиілігі  100-
      300 1 минутына; тербеліс амплитудасы     5 -40  мм.  Демалыссыз  жұмыс
      істеу уақыты бірнеше минуттан бірнеше тәулікке дейін
   7. Көмекші құрал-жабдықтар лабораториялық ыдыстарды өңдеу,  жуу,  кептіру
      үшін   қолданылатын   аппараттар;   тоңазытқыштар;   сору    шкафтары;
      компрессорлар; вакуум-насостар және т.б.
   Лабораториялық техниканың көптеген приборлары,  аппараттары  және  құрал-
жабдықтары жалпы техникалық болып келеді.

     Суды дистілдеу және ионсыздандыру үшін қолданатын аппараттар.


   Дистілденген су (Agua destillata) – ондағы ерітілген қоспалардан  қайнату
арқылы тазартылған су.  Ондай  су  малдәрігерлік  мақсатта  еріткіш  ретінде
дәрілік заттардың ертінділерін дайындау  үшін  кеңінен  қолданылады.  Кейбір
дәрілік   заттардың   ертінділерін   дайындау    үшін    дистіденген    суды
залалсызданырады. Ондай  суды  кәдімгі  ішетін  судан  арнайы  аппараттар  –
аквадистилляторлар арқылы алады.  Алдымен  суды  ашық  қазанда  15-30  минут
қайнату арқылы немесе арнайы химиялық заттарды қолдану арқылы  ондағы  ұшқыш
заттарды ұшпайтын түріне айналдырады.  Ол  суды  дистілдеу  арқылы  ұшпайтын
қосылыстардан тазалайды. Дистілденген  судың  бірінші  бөлігін  қолданбайды.
Осындай   жолмен   алынған   дистілденген   суды   оған   шаң-тозаң,   бөгде
қосылыстардың түсуінен сақтайды. Дистілденген су түссіз, иіссіз, дәмсіз,  рН
5,0-6,8 болып келеді. Оны буландырғанда құрамындағы құрғақ қалдық  0,001  %-
дан аспауы; құрамында нитриттер, нитраттар, хлоридтер,  сульфаттар,  кальций
және ауыр металл тұздары болмауы керек.  Жоғарғы  тазалықтағы  су  алу  үшін
дистілденген  суды  екінші  рет  қайтадан  дистілдейді,  бидистілденген   су
алынады (Agua bidestillata).
   Суды органикалық заттардан тазалау үшін екінші рет  дистілдеудің  алдында
оған жуықтап 0,1 мл калий перманганат ертіндісі  мен  бірнеше  тамшы  күкірт
қышқылын қосады. Осындай құрамында органикалық заттардың  ізі  де  жоқ  суды
апирогенді су деп  атайды.  Бидистілденген  суды  арнайы  кварцтан,  қалайы,
күміс немесе платинадан жасалған ыдыстарда сақтайды.
   Суды тазалау үшін ион алмастыратын қара майлар жиі қолданылады.  Ол  үшін
суды катиониттер және аниониттермен толтырылған колонкалар  арқылы  кезекпен
өткізеді. Осындай  жолмен  алынған  суды  минералсызданған  су  деп  атайды.
Құрамында минералды заттары жоқ сулар ішуге жарамайды.
   Дистілденген су алу үшін күші мен өнімділігі әртүрлі бірнеше   аппараттар
қолданылады. Мысалы, Д-1 дистилляторы арқылы сағатына  4-5  л;  ал  Д-25 784
моделді дистиллятор арқылы сағатына  25  л  су  дайындауға  болады.  Бірақта
олардың барлығының  жұмыс  істеу  принціпі  бір  –  су  буын  қайтадан  суға
айналдыру, конденсациялау.
   Дистилляторлардың  жұмыс  істеу  принціпі:  электр  қыздырғыш  элементтер
арқылы су  қайнатылып  буға  айналдырылады.  Ол  камераның  сырты  жылулықты
сақтау  және  операторды  күюден  сақтандыру  үшін  қапталған.  Түзілген  бу
сыртынан  суық  сумен  қамтамасыз  етілген  конденсаторға  түсіп  суытылады.
Осындай жолмен алынған су қажетті  ыдысқа  жиналады.  Оның  тазалығы  тиісті
аппарат арқылы экранда беріледі. Бу түзілетін камерада судың  деңгейі  үнемі
бір қалыпта ұсталып тұрады. Ол үшін арнайы теңелткіш құралы  іске  қосылады.
Су түспей  қалған  жағдайда  электр  қыздырғыштар  автоматты  түрде  сөнеді.
Приборды ұзақ уақыт  қолданбаған  жағдайда  ондағы  суды  толық  ағызу  үшін
ағызатын  кран  бар.  Дистиллятор  ұзақ  уақыт   жұмыс   істеу   үшін   оның
түтікшелеріндегі қайнатпаларды тазалап отыру керек.
   Апоригенді су алу үшін қосымша жабдықталған «АА-1» аппаратын қолдануға да
болады.  Онда  суды  буландыратын  камераға  химиялық  реагенттер  қосылады.
Ондағы қысымды реттеу үшін артық буды  сыртқа  шығаратын  тесік  бар.  Судың
деңгейін қадағалау үшін суөлшегіш шыны қондырылған.  Химиялық  реагенттердің
дозасы цилиндр  тәрізді  екі  шыны  түтікшеден  тұратын,  әрқайсысы  100  мл
сиымдылықты дозатор арқылы реттеліп отырады. Химиялық реагент  ретінде  «ХЧ»
марганец  қышқыл  калий,   алюмокалий   квасцысы,   фосфор   қышқыл   натрий
препараттары қолданылады.
   Дистілденген  суды  сақтау  үшін  көбінесе  шыны  бутыльдер  қолданылады.
Бірақта оны ұзақ  уақыт  сақтағанда  шынының  сілтілік  реакциясы  болатынын
ескерген жөн.
   Қазіргі кездегі ғылым мен техниканың жетістігі дистілденген судан да таза
су алуды  жолға  қойып  отыр.  Өте  таза  су  алу  үшін  жаңа  әдістер  іске
асырылуда.  Ол  әдістер  бойынша  суды  ионсыздандыру,   адсорбциялау   және
микросүзгіден өткізу қатарынан қолданылғанда дистілденген судан да  таза  су
алуға болатындығы іс жүзінде дәлелденген.
   Суды ионсыздандыру үшін оны  иониттермен  толтырылған  колонкалар  арқылы
өткізеді. Ондағы  катиониттер  оң  зарядты  иондарды,  ал  аниониттер  теріс
зарядты иондарды байланыстырады.
   Микросүзгілерде диаметрі 0,3  мкм  бөлшектерге  дейін  ұсталады.  Сонымен
қатар иониттер микроорганизмдерді де ұстауға қабілетті. Бірақ,  еске  алатын
жағдай, иониттерді  ұзақ  уақыт  қолданғанда  микроорганизмдердің  керісінше
көбеюі де мүмкін.  Сондықтан  оларды  жиі  ауыстырып  отыру  қажет.  Аппарат
жүйесінде сағат механизмі бар. Ол жұмыс режімін  автоматты  түрде  қадағауға
мүмкіндік береді.

Қыздыруға, кептіруге және қызуды тұрақтандыруға арналған       аппараттар.

   Қыздыруға  арналған   аппараттар.   Лабораторияларда   жиі   жүргізілетін
жұмыстардың бірі қыздыру. Ол үшін қазіргі  кездегі  лабораторияларда  электр
тоғы  арқылы  қыздырылатын  приборлар  жиі  қолданылады:  плиталар,  пештер,
ванналар, кептіргіш шкафтар және т.б..  Жылулықты  тасымалдаушы  ретінде  су
немесе ауа  пайдаланылады.  Әсіресе  газ  жоқ  жерде  және  газды  қолдануға
болмайтын жағдайларда (жеңіл ұшқыш, тез от  алғыш  органикалық  ертінділерді
қыздырғанда) электр тоғының  маңызы  өте  зор.  Электр  приборларын  реостат
арқылы қосып және сол арқылы реттеп отыруға болады. Ал белгілі бір  деңгейге
дейін реостатсыз реттеу үшін электроприборларда үш контакт болады.
   Электр пештерінің әртүрлі көлемді, дөңгелек, төртбұрышты, ашық және жабық
түрлері бар. Оның спиралін  жабатын  пластинка  металлдан,  асбестен  немесе
тальк-шамоттан жасалады. Асбес пен тальк-шмоттан жасалған  түрлері  химиялық
реагенттердің әсеріне төзімді және қолдануға  ыңғайлы  болып  келеді.  Асбес
арқылы  қыздырылатын  плиталардың  жақтаулары  бар,  оларды  пайдаланып  құм
баннасын жасауға болады. Ашық плиталар оларға қыздыратын заттың  түсу  қаупі
болмаған жағдайда пайдаланылады.
   Ванналардың бірнеше түрлері бар: су ваннасы, құм ваннасы, ауа ваннасы.
   Су ванналары отқа қауіпті заттармен жұмыс істегенде өте қолайлы.  Реостат
арқылы  тоққа  қосып,  сол  арқылы  температурасын  реттеп  отыруға  болады.
Көптеген  ванналар  арнайы   термореттеушімен   қамтамасыз   етілген.   Онда
температураны 30-100ºС аралығында реттейтін контакты термометр бар.
   Құм  ванналарында  әртүрлі  заттарды  100ºС-дан   жоғарғы   температурада
қыздыруға болады.  Қыздыратын  ортаның  қызметін  ұсақ  етіп  себілген  және
тазартылған құм атқарады. Құмның үстіне қойылған  ыдыстың  түбі   керамикаға
тимеуі керек. Құм ванналарының артықшылығы  олардағы  қыздыру  температурасы
тұрақты болып келеді,  бірақ  құм  өте  жәй  қызады  және  400ºС-дан  жоғары
температура алуға келмейді.
   Ауа ванналары. Электр тоғы арқылы жұмыс істейтін ауа  ванналары  көбінесе
қайнау   температурасы   100ºС-дан   жоғары    сұйықтарды    қыздыру    үшін
пайдаланылады. Қыздыру ортасы ауа. Ең жоғарғы қыждыру температурасы 200ºС.
   Колбаны қыздырғыштар.  Түбі  дөңгелек  шыны  ыдыстардағы  сұйық  заттарды
қыздыру  үшін  лабораторияларда  ортасы  шұңқырланған,  кәдімгі  плиталардан
биіктеу келген арнайы плиталар қолданылады.
   Колбаларды электр тоғымен тікелей қыздыру үшін қыздыру элементі  колбаның
түбіне орналастырылған, бірден электр тоғына қосуға болатын арнайы  колбалар
бар.
   Пештердің түрлері: муфель, тигель, шахта, түтікше пештері.
   Муфель пештері өте жоғарғы температурада қыздыру, күл алу,  балқыту  үшін
пайдаланылады. Оларда температура 1000-1200ºС-ға  дейін  жетеді,  ал  арнайы
пештерде одан да жоғары температураны алуға  болады.  Пеште  шамоттан  (отқа
төзімді балшық немесе каолин)  немесе  басқа  да  отқа  төзімді  материалдан
жасалған  муфель  бар.  Оған  қыздыру  сымын  орап,  оны   металл   корпусқа
орналастырады.
   Тигель пештері. Олар муфель пештерінің бір түрі,  айырмашылығы  пішінінің
өзгешелігі және керамикалық муфелінің орналасуы басқаша  болады.  Кераикалық
муфель тигель пішіндес, металл корпуста  тік  орналастырылады.  Оның  тесігі
жоғары қаратылады да, кераикадан жасалған қақбағымен жабылады.
   Шахты пештері. Олар тигель пештерінен  тек  пішіні  жағынан  ғана  өзгеше
болып келеді, тигель пештері сияқты пайдаланылады.
   Түтікше пештері. Кейбір  тексерулерде  реакция  түтіктерін  қыздыру  үшін
қолданылады. Мысал  ретінде  қопарғыш  зарядтарды,  органикалық  синтездерді
келтіруге болады.
     Қатты заттарды кептіру, сұйықты буландыру және қыздыру үшін  инфрақызыл
сәулесі қолданылады. Оны сүтті пастеризациялау  үшін  де  қолдануға  болады.
Затты жәй, ақырын қыздыру үшін электр лампаларын қолданады.
      Қыздыру үшін қолданылатын газ приборлары. Лабораторияларда  екі  типті
– Бунзен және Теклю газ оттықтары қолданылады. Меккер  оттығы  да  бар.  Газ
оттықтарды іске қосуды олардың газ  шығарады-ау  деген  жерлерін  тексеруден
бастау керек. Ол үшін оттықты газ кранына қосады да, тамызу арқылы  реттеуші
винттің жұмысын тексереді. Винттің төңірегіне сереңке  арқылы  газдың  шығу-
шықпауын  көреді.  Көп  мөлшерде  сұйықты   қыздыру   үшін   газ   плиталары
қолданылады. Олардың үстелдің үстіне қоятын және тұрмыстық түрлері бар.
      Сұйық оттықтар. Олардың бірнеше  түрлері  бар.  Жиі  қолданылатындары:
шыны және металл спиртті оттықтар. Олар қатты жалындамайды.
      Шыны спиртті оттықта спирт мақтадан жасалған фитиль  арқылы  беріледі,
ал  металлды  оттықта  –  қабырғасының  төменгі  жағында  орналасқан,  ішіне
бірнеше мыс сымы салынған, түтікше арқылы. Спирт  оттықтың  төменгі  жағына,
ішінде диаметрі кішкене  мыс  сымдары  бар  бөлігіне  түседі.  Оттық  жоғары
температура береді.
      Спиртті оттықтарда жалын болмайды,  температура  жоғары  болады.  Газы
жоқ лабораторияларда бензинді және керосинді оттықтар кең  тараған.  Олардың
да бірнеше түрлері бар. Алдымен оттықты қыздырады да, одан кейін оған  ауаны
үрлеп  толтырады.  Қысым  арқылы  бензин  немесе  керосин  беріледі.   Кейде
лабораторияларда дәнекерлегіш бензинді оттықтар пайдаланылады.
       Далада  жұмыс  істегенде  құрғақ  спирт  немесе   қатты   бензиндерді
қолдануға болады. Қысқа уақытқа, бірнеше минутқа қыздыру  үшін  уротропиннің
таблеткасын пайдалануға болады. Бір таблетка үш минуттай жанады.

            Кептіргіш аппараттар.

      Кептіргіш шкафтар - әртүрлі  объектілерді  кептіру  үшін  қолданылатын
жабдық. Оның кептіргіш-залалсыздандырғыш  түрі  бар.  Онда  инструменттерді,
ыдыстарды   және   басқа   да   бұйымдарды   тек   кептіріп   қана    қоймай
залалсыздандыруға да болады. Олардың дөңгелек  және  тікбұрышты,  бір  жақты
және екі жақты, отты және электрлі, жалпы қолдануға болатын  және  кептіргіш
түрлері бар. Кептіргіш шкафтарда ыстық-суықты  жібермейтін  бір  немесе  екі
есікті жұмыс камералары болады. Олардың ішінде  көп  тесігі  бар,  металлдан
жасалған төсеніштері  бар.  Камераның  ішіндегі  ауаның  айналуы  вентилятор
арқылы іске асырылады. Шкафтың көрсеткіштерінің  элементтері оның  сыртында,
жоғарғы  жағына  орналастырылады.  Электр  шкафтарда  температура  автоматты
түрде – термоэлементтер немесе контакты термометр арқылы іске асырылады.
       Электр  кептіргіш  шкафтарымен  жұмыс  істегенде  қауісідік  ережесін
сақтау керек. Аппарат жұмыс істеп тұрған кезде жөндеу  жұмыстарын  жүргізбеу
керек, жұмыс  камераларына  жеңіл  тұтанатын  немесе  аггрессиялық  заттарды
салмау керек.







                                     2-ші кесте
Кептіргіш және кептіргіш-залалсыздандырғыш шкафтардың негізгі деректері



|Шкафтардың              |Жұмыс камера            |Қуаты                   |
|типтері,шифрлары        |сиымдыл. дм             |кВт                     |
|Аналитикалық            |               200 г    |        1,0 – 0,1 мг    |
|Микроаналитикалық       |                  20 г  |        0,1 – 0,01 мг   |
|Пробиркалық             |                    2 г |        0,02 – 0,004 мг |
|Торзиондық              |                20 мг – |         0,05 – 0,1 мг  |
|                        |1 г                     |                        |


      Таразылармен жұмыс істегенде төмендегідей ережелерді сақтау керек:
   1. Таразылармен, әсіресе аналитикалық таразылармен  жұмыс  істегенде  өте
      сақтық керек. Оларды бір орыннан екінші орынға оған  себепсіз  жылжыта
      беруге болмайды;
   2. Олар әрқашанда таза тұруы керек. Өлшеу  алдында  олардың  тарелкаларын
      тазалап сүртіп отыру қажет;
   3. Өлшеу үшін затты бірден  таразының  тарелкасына  салмай,  арнайы  ыдыс
      қолдану керек;
   4. Таразының жанында өлшенетін заттың қосымша бөліктері тұруы шарт;
   5. Иісі бар  және  улы  заттарды  өлшеу  процессін  тек  сору  шкафы  бар
      орындарда жүргізеді;
   6. Аналитикалық таразыларда ашық ыдыстарда йодты;  аммиакты;  азот,  тұз,
      сірке қышқылдарын; үш-бес  хлорлы  фосфорды;  ұшқыш  заттарды  өлшеуге
      болмайды;
   7. Әртүрлі салмақты гирлермен,  әсіресе  аналитикалық,  қатынаста  сақтық
      керек. Оларды тек пинцетпен ғана алуға болады;
   8.  Оларды  қолдана  салысымен  өз   орындарына   жинап   қояды,   таразы
      тарелкасында қалдыруға болмайды;
   9. Аналитикалық таразылар мамандармен ауық-ауық тексеріліп отыруы  қажет.
      Күрделі бұзылыстарды өздігінен жөндеуге болмайды.


                      Центрифуга аппараттары.


    Центрифуга  –  орталықтан  тебілетін  күшті   туғызу   арқылы   әртүрлі
тығыздықтағы  күрделі  қоспаны  құрам  бөліктеріне  бөлу  үшін  қолданылатын
аппарат.
    Ең бірінші центрифуга сүттен қаймақты ажырату үшін 1887  ж.  Германияда
істеп шығарылды.  Осыдан  бастап  центрифуга  лабораториялардың  ең  қажетті
аппаратына айналды.
    Оптикалық жүйелі аналитикалық центрифуганы 1922 ж. шведтің  физиохимигі
Т.Свердверг ойлап шығарды.
      Центрифугалар  лабораториялық  тәжірибеде,  авиацияда,  медицина  мен
ветеринария кеңінен қолданылады.
    Лабораториялық центрифугалар ауруларды  анықтау  барысында  биологиялық
сұйықтарды  олардың  әртүрлі  фракцияларына  бөлуге   бейімделген.   Мысалы,
компоненттерін  бөлу  олардың  химиялық  құрамын,   құрылысын,   молекулалық
массасын анықтауды жеңілдетеді.
    Центрифуга ротордан, қосатын жүйеден, корпустан, жұмыс камерасынан және
басқару жүйесінен тұрады. Қосатын жүйе  қолмен  немесе  электр  арқылы  іске
асырылады. Оның негізгі қызметі – роторға айналу қозғалысын тудыру.  Роторда
зерттелетін  зат  ыдысымен  орналастырылады.  Жұмыс  істеу  принципі   ротор
айналғанда туындайтын ортадан тебілу  күші  зерттелетін  заттың  бөлшектерін
тығыздығына байланысты ығыстырады.
    Лабораториялық   тәжірибеде   жалпы   (айналу   жылдамдығы    6000-8000
айналым/мин.), жылдамдықты рефрижераторлық  (айналу  жылдамдығы  18000-25000
айналым/мин.)  және  ультра  центрифугалар  (айналу  жылдамдығы  75000-80000
айналым/мин.) қолданылады.
    Центрифугалардың жалпы түрі өте көп.  Оның  ішінде  қолмен  айнадыратын
центрифуга массасы  1  кг  және  жерге  орнатылатын  өзінің  мұздатқышы  мен
бірнеше ротордан тұратын ауыр центрифугалар бар. Кейбірінің  айналымы  20000
айналым/минутқа дейін жетеді.
    Жылдамдықты рефрижераторлық центрифугалар жерге  орнатылады,  мұздатқыш
агрегаты, қуатты электр қозғағыш және вакуум құрылысы  бар.  Оларды  белгілі
бір   температурада    липопротеидтердің,    вирустардың,    бактериялардың,
торшаорганоидтарын, жоғарғы молекулалы  органикалық  және  органикалық  емес
полимерлердің ұсақ бөлшектерін бөлу үшін қолданады.
    Ультрацентрифугалар аналитикалық  және  препаративтік  болып  бөлінеді.
Аналитикалық  центрифугалар   макромолекулалардың   молекулалық   массасының
тазалығын және құрылысын зерттеу үшін, ал препаративті  центрифугалар  үлкен
көлемдегі  заттардан  белокты,  нуклеин  қышқылдарын,  қанттарды  бөлу  үшін
қолданылады.
    Препаративтік ультрацентрифуганың топтамасына 40  ауыстырылып  отыратын
роторлар кіреді.  Оның  жүйелерінде:  қосатын  жүйе,  қозғалтқышты  суытқыш,
майлы,  вакуумды  температураны  тұрақтандырғыштар  және  ротор  бар.   Оның
жұмысының қалыптылығын микропроцессор немесе ЭВМ қамтамасыз етеді.
    Центрифугаларда қоланылатын роторлар мықтылығы жоғары  және  коррозияға
төзімді титан немесе алюминий қоспаларынан дайындалады.  Зерттелетін  заттар
арнайы   пробиркалар   немесе   ыдыстарға   құйылып    барып    центрифугаға
орналастырылады.  Олар  мықтылығы   жоғары   шынылардан   және   тотықпайтын
болаттардан,  полимерлердің   кейбір   түрлерінен   (полиэтилен,   целлюлоза
нитраты, поликарбонат жәнет.б.) жасалады.
    Пайдалануға қолайлы болу үшін көптеген центрифугалар қосқыш  реостатпен
қамтамасыз етілген. Ол арқылы айналым жәй  басталады  және  оның  жылдамдығы
реттеліп  отырады.  Ереже  бойынша  айналымды  жылдамдату   және   бәсеңдету
біртіндеп іске асырылады. Бірден қатты жылдамдық бергенде ыдыстағы  сұйықтың
төгілуі   және   центрифуганың   істен   шығуы   мүмкін.   Қазіргі   кездегі
центрифугалар сағат механизмімен қамтамасыз етілген,  сол  арқылы  автоматты
түрде қосу және тоқтату  процесстері  іске  асады.  Көптеген  үлкен  массалы
центрифугалар  автоматты   тежегіштермен   жабдықталған.   Соның   арқасында
аппаратты тоқтан алғаннан  кейін  тоқтау  уақыты  қысқарады.  Мысалы,  үлкен
роторлы центрифугалар тоқтан алғаннан кейін, егер тежегіш  жоқ  болса,  онда
ол 15-30минуттан кейін барып тоқтайды, ал тежеуіш болғанда ол уақыт  бірнеше
есе қысқарады. Тежегіш жұмысқа автоматты түрде қосылады.
    Центрифугалардың жұмыс уақытын  ұзарту  және  олармен  жұмыс  істегенде
қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін төмендегі нұсқауларды сақтау қажет:
       1. Центрифуганың айналымын жұмысқа біртіндеп, жәй қосу керек;
       2. Қорғаныс қақпағы барлық уақытта да жабық болуы керек;
       3. Сұйық құйылған пробиркалар екі-екіден, қарсы ұяға диаметрлі  түрде
          тепе-теңдікте орналастырылады;
       4. Центрифугада діріл пайда болғанда оны  тоқтатады,  себебін  жояды.
          Ондай діріл пробиркалардың  салмағы  тең  болмағанда,  диаметралды
          орналаспағанда немесе біреуі сынғанда болады;
       5. Барлық шыны ыдыстардың астында амортизациялық  қабат  болуы  шарт.
          Сондай-ақ  гильзалар  мен  стақандарда  шыны  сынығының   болмауын
          қадағалау керек.
       6. Центрифуганың барлық үйкеліске қатысатын беттерін үнемі қадағалап,
          уақытында майлап отыру керек. Майдың түрі нұсқауда көрсетіледі.
      Лабораториялық тәжірибеде центрифугаға арналған шыны  пробиркалар  жиі
пайдаланылады.  Центрифуга  кезінде  олардың  түбіне  көп  салмақ  түсетінін
ескеру  керек.  Оның  астына  резинадан  немесе  басқа  жұмсақ   материалдан
жасалған төсеніш қабат салады.
      Центрифугамен жұмыс істейтін кісіні арнайы дайындаудың қажеті жоқ. Тек
дірілдің пайда болу себебін біліп, соны уақытында ескерсе болғаны.  Ол  үшін
зерттелетін  зат  бар  пробиркаларды  центрафуж  таразыларында  өлшеуге   де
болады. Роторларды ауыстырғанда оларды соғылыстан,  қышқыл  мен  сілтілердің
әсерлерінен сақтаған  жөн.  Қауіпсіздік  техникасын  дұрыс  сақтамау  апатқа
ұшыратуы мүмкін.
      Жылдамдық  рефрижераторлық  және   ультра   центрифугаларда   қорғаныс
құралдары қарастырылған, ротордың жұмыс камерасының бронды  қорғаныс  қабаты
бар.
      Лабораториялық  центрифугаларды  сақтау  шараларын  арнайы   нұсқаулар
бойынша инженер  техниктер  жүргізеді.  Центрифугаларды  ұзақ  уақыт  сақтау
керек болса оларды консервациялайды.

                                5-ші кесте
      Центрифугалардың түрлері және олардың көрсеткіштері
|Аттары және белгілері     |Айналым   |Масса    |Конструкциясындағы       |
|                          |минутына  |Кг       |Ерекшеліктері            |
|Лабораторлық үстелдік –   |3000 -6000|         |Роторы бұрышты типті     |
|ЦЛН-2                     |          |8        |                         |
|Бұрышты аз көлемді ЦУМ-1  |2000 -    |     16  |Екі бұрышты ротор, электр|
|                          |8000      |         |сағат,тежегіш            |
|Клиникалық лабораториялық |1000,1500,|         |Крест түрлі ротор        |
|ЦЛК-1                     |3000      |14       |                         |
|Лабораториялық            |3000 -    |         |Бұрышты ротор, крест     |
|стационарлық – ЦЛС – 3    |6000      |90       |түрлі ротор, электр      |
|                          |          |         |сағаты,автом. тежегіш    |
|Лабораториялық            |3000 -    |     120 |Электр тахометрі, электр |
|стационарлық – ЦЛС-31М    |18000     |         |сағаты, автом.тежегіш    |
|Лабораториялық            |1000-6000 |         |Крест.ротор, екі бұрышт  |
|рефрижераторлық – ЦЛР-1   |3000-18000|350      |ротор,электр сағаты, ГХ  |
|                          |          |         |автоматты тежегіш, 0+4ºС |
|                          |          |         |диапазонды суытқыш       |
|Рефрижераторлық вакуумды  |20000-га  |         |Бұрышты ротор,электр     |
|ЦВР-1                     |дейн      |375      |сағаты,                  |
|                          |          |         |автом.тежегіш,-10+10ºС   |
|                          |          |         |фреонды суытқыш,вакуум   |
|                          |          |         |насос                    |
|Препаративті              |35000-5000|         |Екі ротор, температура -4|
|ультрацентрифуга УЦП-1М   |0         |500      |+20ºС аралығында         |
|Ультрацентрифуга УЦА-1    |45000-6500|    1700 |Т -25 +25ºС аралығында   |
|                          |0         |         |                         |


        Өндірістік    центрифугалардың    лабораториялық    центрифугалардан
айырмашылығы олардың көлемі үлкен және роторларының құрылысы  күрделі  болып
келеді.  Олар  химико-фармацевтикалық,  микробиологиялық,  химиялық,   тамақ
өнеркәсібінде,  тау-кен  өндірістерінде  және   т.б.   өндіріс   салаларында
пайдаланылады.

            Іздеген затты табу, оны ұқсастыру және өлшеу параметрлерін
                       алу үшін қолданылатын аппараттар.


       Микроскоп  –  объектілердің   немесе   бөлшектердің   кәдімгі   көзге
көрінбейтін  құрылыстарының  үлкейтілген  кескінін  алу  үшін   қолданылатын
оптикалық прибор. Биология, ветеринария, медицина және  басқа  да  салаларда
жиі қолданылады, кең тараған.
      Екі  линзадан  тұратын  жүйенің  заттардың  кескінін  ұлғайтатыны  XVI
ғасырда  Нидерланды,  Солтүстік  Италия   көзілдірік   шеберлеріне   белгілі
болған. Микоскоп тәрізді приборды 1590 ж.  Нидерландыда  Янсеннің  шығарғаны
туралы деректер бар. Бастапқыда  қарапайым,  бір  объективтен  ғана  тұратын
микроскоп болған. Артынан күрделілендіріліп оған окуляр қосылған.  1609-1610
жж. Галилей  өзінің  трубасындағы  объектив  пен  окулярдың  ара  қашықтығын
өзгерте отырып, оны микроскоп ретінде қолданған. Содан бастап микроскоп  тез
тарап, жетілдіріле бастайды.
      Приборға «микроскоп» деген терминді 1625 ж. Рим  академиясының  мүшесі
И.Фабер ұсынған.
      Микроскопты қолданумен  биология  саласындағы  алғашқы  ғылыми-зерттеу
табыстары Гуктың еншісінде. Ол 1665 жылдары бірінші рет  өсімдік  торшасының
құрылысын сипаттап  жазды.  1673-1677  жж.  А.Левенгук  микроскопты  қолдана
отырып еркек жыныс торшаларын, әртүрлі қарапайымдыларды, сүйектің  құрылысын
тауып, олардың сүреттерін салды.
       Қазірде  микробиологиялық  объектілерді  зерттеу  үшін   микроскоптың
әртүрлі моделдері пайдаланылады. Олардың ішінде кең тарағандары: МБИ-1, МБИ-
3, МБР-3, МВД. Барлық микроскоптардың  құрылысында  механикалық  бөлігі  мен
оптикалық жүйені ажыратуға болады.
      Биологиялық микроскоп таға  тәріздес,  салмақты  штативке  бекітіледі.
Негізі   тіреуішпен   қамтамасыз   етілген,   оның   ішінде   микромеханизмі
орналастырылған. Микорскоптың тубусын  қозғайтын  макро-  және  микровинтер,
объективтерге арналған револьер, тубустарды ауыстыру  үшін  жоғарғы  жағында
ұя,  визуалды  зерттеуге  арналған  бинокуляр,  сүретке  түсіруге   арналған
монокуляр қондырғылары бар.
      Микорскоптың зат қоятын үстелі ондағы препаратты қарама-қарсы  бағытта
қозғайтын  жабдықпен  қамтамасыз  етілген.  Айна  арқылы  шағылысқан   жарық
сәулесі  конденсор  арқылы  жиналады.  Конденсор  металл  қорабтағы  бірнеше
линзалардан  тұрады.  Конденсордың  жарықтық  күші  (апертура)   линзалардың
санына байланысты. Байқау әдістеріне байланысты  конденсордың  жарық,  ашық,
қисық,  фазды  контрасты  жазықтар  беретін  түрлері  қоланылады.  Айна  мен
конденсордың арасында конденсордың апертурасын  реттейтін  иристі  диафрагма
бар. Ондай  диафрагма  конденсордың  линзаларының  аралығында  орналасуы  да
мүмкін.
      Микроскоптың  негізгі  оптикалық  элементі  объектив.  Ол  зерттелетін
объектінің үлкейтілген және төңкерілген кескінін береді. Объектив -  бірімен
бірі ортақтастырылған линзалардың жүйесі.  Объективке  ең  жақын  орналасқан
линза фронтальды линза, ал қалғандары коррекциялық  линазалар  деп  аталады.
Объективтегі кескінді оптикалық жүйе – окуляр арқылы көреміз.
      Микроскоптарға жарық көзі ретінде әртүрлі лампалар –  қыздыру,  сынап-
кварц  лампалары  пайдаланылады.   Препарат   арқылы   өтетін   жарық   көзі
препараттың астынан түседі, ал  шағылыстыру  арқылы  зерттегенде  -  үстінен
немесе жанынан түседі. МБИ-6, МБИ-15 микроскоптарында арнайы  жарықтандырғыш
жүйе  микроскоптың  конструкциясының  құрамына  кіреді.  Басқа   жағдайларда
өндірісте шығарылатын жарықтандырғыштардың  әртүрлімаркалары  пайдаланылады.
Объективтер  6,3-100  есе,  ал  окулярлар  -  7  -15  есе  үлкейтеді.  Жалпы
микроскоптың үлкейту мүмкіншілігі 44-150 есе.
      Биологиялық  микроскоптан  басқа  стереоскопиялық,   жанасымды,   қара
жазықты, фазды-жанасымды, интерференциялық, ультракүлгіндік,  инфрақызылдық,
поляризациялық,  люминесценттік,   рентгендік,   көшірмелік,   телевизиялық,
голографикалық, салыстырмалы түрлері бар.
      Қара жазықты микроскопта қара жазық  арнайы  конденсор  арқылы  немесе
кәдімгі  конденсордың  орталық  тұсын  қара  қағазбен   жабу   арқылы   іске
асырылады.  Айырмашылығы  жарық  максимум,  диафрагма  толық  ашылады   және
жарықтандыру реостаты іске қосылады. Зерттелетін  препараттар  таза  белгілі
бір қалыңдықтағы зат және жабылғы шыныларды  пайдалану  арқылы  дайындалады.
Зат шынысының қалыңдығы 1,2 мм-ден, ал жабылғы шынының  қалыңдығы  0,17  мм-
ден аспауы керек. Препарат тамшыны мыжу әдісімен дайындалады.  Препарат  пен
конденсордың арасына иммерция майын орналастырады.  Ары  қарай  конденсордың
винттері арқылы объектіні тауып,  жазықтың  орта  тұсына  орналастырады  да,
тиісті үлкейткішпен зерттеуге кіріседі.
      Фазалық-контрасты және аноптральды микроскоптар арқылы түссіз, мөлдір,
опикалық жағынан бір-бірінен айырмашылықтары аз заттарды алдын ала өңдеусіз-
ақ тексеруге болады.
      Түссіз біркелкі заттарда жарық толқынының таралуы оның  интенсивтігіне
әсер етпейді, тек жарықтың өту жылдамдығы қоршаған  ортадағы  жылдамыдығынан
жоғары болады.  Оның  аз-кем  болуы  препараттағы  жарықтың  шағылуының  аз-
кемдігіне  тікелей  байланысты.  Бұл  өзгерістер  фазалық   өзгерістер   деп
аталады. Биологиялық  объектілерге  (тірі  торшалар,  тіндердің  кесінділері
және т.б.) олардан өтетін  жарықтың  тек  фазалық  толқынының  өзгеруі  тән.
Адамның  көздері   боялған  препараттар  арқылы  өткен,  толқу   амплидудасы
өзгерген жарықтың ғана  интенсивтігін  анықтай  алады,  ал  жарықтың  фазалы
өзгерістерін  қабылдай  алмайды.   Сондықтан   түссіз   объектілер   кәдімгі
микроскоптармен зерттегенде көрінбейді.  Оны  көру  үшін  Зерниктің  ұсынған
арнайы конденсор жабдығын пайдаланған жөн.  Онда  жарық  толқынының  фазалық
өзгерістері интенсивтік өзгерістерге айналады да объект көзге көрінеді.
      Фазалық  контрасты  әдіспен  жұмыс   істегенде   кәдімгі   биологиялық
микроскоптан басқа арнайы жабдық керек. Ол  үшін  конденсор  мен  объективті
фазалық  конденсормен  ауыстырады  да,  револьвер  дискісін   нольге  қояды.
Микроскоп үстеліне  препаратты  қойып,  фокусын  анықтап,  жарықты  түзейді.
Мұндай әдісте  Келлер  әдісі  бойынша  анықталған  оптималды  жарықтық  болу
қажет.  Лампаның  қызуын  реостат  арқылы,  микроскоп  жазығындағы   жарықты
диафрагма арқылы реттеп отырады. Револьвер дискісінің  көрсеткішін  объектив
көрсеткішімен дәлдестіреді.  Окулярдың  орнына  қосымша  микроскопты  қосып,
оның жұмысын екі сақинаны біріктіру арқылы реттейді. Ендігі кезекте  қосымша
микроскопты окулярмен ауыстырады да зерттеуге кіріседі.
      Фазалы  контрасты  әдістің  жетілдірілген  түрі  ретінде   аноптральды
контрасты әдіс ұсынылған. Оның  фазалы-контрасты  түрінен  көп  айырмашылығы
жоқ. Ерекшелігі объективінің мүмкіншілігінің жоғары болуында және  боялмаған
препаратта  тығыздығының  оптикалық  айырмашылығының  минималды  көрсеткішін
анықтауға мүмкіндігі. Неғұрлым объектінің тығыздығы жоғары болса,  солғұрлым
оның кескіні жарығырақ көрінеді.
      Люминесцентті  микроскопты  қолдану.  Люминесценттік  (флюоресценттік)
дегеніміз кейбір заттардың  оған  түскен  жарықтың  әсерінен  толқыны  басқа
(көбінесе ұзын) сәулені бөліп шығаруы.
      Кәдімгі жарықта белгілі бір түсі бар  заттар  ультракүлгін  сәулесімен
әсер  еткенде  басқа   түске   айналады.   Ультракүлгін   сәулесінде   көзге
көрінбейтін объект флюоресцентті сәуленің әсерінен  анық  көрінетін  болады.
Ондай объект қараңғы фонда әртүрлі түспен көрінеді, сондықтан  флюоресцентті
микроскоппен қараңғы жерде жұмыс істеген қолайлы.
      Көзге көрінетін сәуледе фрюоресценттік микроскоптың жабдығы өте  жарық
жарық көзінен және биологиялық микроскоптан тұрады.  Микроскоптың  айнасымен
жарық көзінің арасына көк-сия түсті жарық фильтрі (УФС-3,  ФС-1  және  т.б.)
орналастырылады.  Сары  жарық  фильтрін  (ЖС-3  немесе  ЖС-1)   микроскоптың
окулярына кигізеді. Осы жарық фильтрлері арқылы  препаратқа  түскен  көк-сия
түсті жарық люминесцентті қоздырады. Бірақ бұл  жарық  қозған  люминесцентті
көруге кедергі жасайды, сондықтан сары жарық фильтрі қолданылады.
      Жабдықты жарықтандыру Келлер әдісімен іске асырылады, тек конденсордың
диафрагмасы толық ашық болуы  керек.  Флюоресценттік  қасиеті  жоқ  иммерсия
майын қолданудың маңызы өте зор. Кедр немесе басқа иммерсия  майына  өзіндік
флюоресценттік қасиетін жою үшін 1 грамына 2-10 тамшы нитробензол қосады.
      Люминесцентті микроскоптың артықшылығы:
         • түрлі-түсті кескінді беру;
         • қара фонда өздігінен сәулеленетін объектінің жоғарғы  деңгейдегі
           контрастылығы;
         • мөлдір және мөлдір емес тірі объектілерді зерттеу мүмкіншілігі;
         • әртүрлі өмір процессін даму сатысында зерттеу мүмкіншілігі;
         • кейбір микроорганизмдер мен вирустардың шоғырларын анықтау;
         • цито-гистохимиялық және  экспресс  диагностикалық  жетілдірілген
           әдістерді дамыту.
   Кәдімгі көзге нашар көрінетін детальдар мен объектілерді  аздап  үлкейтіп
қарау үшін үлкейтетін оптикалық прибор – лупа қолданылады.
   Лупалардың қарапайым түрі бір, екі немесе бір-бірімен желімделген бірнеше
линзалардан тұрады.  Күрделі  түрі  –  бір-бірінен  белгілі  бір  қашықтықта
бекітілген линзалар мен призмалардың жүйесі. Қарапайым түрі 1,25-3  есе,  ал
күрделі түрі 40 есе үлкейтеді.
    Лупалар   қолданылуына   қарай   тұқымдық   (4х),   өлшегіш   (10-16х),
фотопленканы, слайдты қарау үшін (6х),  қалталық  (жинақталатын),  қарапайым
(2,5х, 4х, 6х) және күрделі (6х, 10х,  20х),  тоқыма  саласы  үшін  штативті
(4х, 7х),  материалды  бөлшектеу  үшін  (40-80х)  және  телескопиялық  болып
жіктеледі.
    Лупалар   медицина   мен   ветеринария   салаларында   офтальмологияда,
оториноларингологияда, хирургияда, лабораториялық  істе  және  т.б.  кеңінен
қолданылады.
    Микроскоптармен жұмыс істеудің жалпы ережесі:
        • микроскопты пайдалану туралы нұсқауды қатаң сақтау;
        • оның тазалығын үнемі қадағалап отыру;
        • жарықты дұрыс пайдалану;
        • әрбір нақтылы  жағдайда  оптикалық  жүйенің  ең  ұтымды  вариантын
          таңдай білу (окуляр-объектив-конденсор).
      Микорсопты шаң-тозаңнан сақтау үшін оны жабық  жерде,  қапшықта,  шыны
қалпақтың астында ұстайды. Ауық-ауық оптикалық жүйенің  тазалығын  тексеріп,
тек  сыртынан  ғана  сүртіп  отырады.  Ол  үшін  шашты  қылқаламды,   жұмсақ
материалды сумен немесе  спиртпен  ылғалдап  пайдаланады.  Мақта,  малілерді
қолдануға  болмайды,  себебі  олардың  оптикада  қалған  талшықтары  зерттеу
жұмысына кедергі жасайды. Бензин, ксилолды  да  пайдалануға  болмайды,  олар
линзалардың желімін  ашып  жіберуі  мүмкін.  Олармен  прибордың  механикалық
үйкелістегі бөліктерін сүртіп, маймен майлайды.
      Микроскоп жылына бір рет шебер-оптикпен қаралып, керек болған жағдайда
жөндеуден өткізіледі.
      Термометрлер. Малдәрігерлік тәжірибеде өте  жиі  қолданылатын  прибор.
Онымен кез келген объектінің – тірі организмнің, ауаның, судығ,  топырақтың,
бөлменің, әртүрлі  сұйықтың  және  дайындалатын  материалдың  температурасын
анықтауға   болады.   Қолданылуы   бойынша   медициналық,    ветеринариялық,
лабораторлық, сулық, топырақтық, бөлмелік және т.б. болып жіктеледі.
      Термометрлердің олардың әсерлері бойынша жіктелуі бар:
        1.  Дилатометрикалық  (температураға  байланысты   дене   көлемінің
           өзгеруі);
        2.  Манометрикалық  (жабық  кеңістікте   температураға   байланысты
           қысымның өзгеруі);
        3. Электр термометрлері  (болометрлер  –  қарсы  күш,  пирометрлер,
           термопаралар, жартылай өткізгіш-термисторлар және т.б.);
        4. Оптикалық (радиациондық және оптикалық пирометрлер);
        5.  Термохимиялық  (температураның  әсерінен  түстерін   өзгертетін
           заттардың қасиетін пайдалану).


      Дилатометрикалық термометрлер  қолдану  түрлеріне  байланысты  әртүрлі
сұйықтармен – сынаппен,  бензолмен,  спиртпен,  газбен,  азотпен,  пентанмен
және  т.б.  толтырылады.  Толтырылған  сұйықтың  аттарымен  аталады.  Оларды
максималды және минималды деп бөледі.
      Манометрикалық термометрлер. Әсерлеріне байланысты екі түрі бар:
        1. газды (азот, гелий) және сұйықты (сынап, ксилол, метил);
        2. булы (хлорлы – метил, этил, этилді эфир, ацетон, бензол).
      Бірінші топтағы термометрлер жабық кеңістіктегі газдың немесе сұйықтың
қысымын өлшеу үшін, ал екінші  топтағы  термометрлер  –  сұйықтың  үстіндегі
қаныққан  будың  қысымын  өлшеу  үшін   есепталген.   Олар   арқылы   арнайы
диаграммалық лентаға немесе  диаграммалық  дискіге  жазып,  сызу  үшін  олар
сағат механизмімен немесе электр моторымен қамтамасыз етілген.
      Электр  термометрлері   әсерлері   бойынша   қарсылық   (болометрлер),
термоэлектрлік  (термопарлар  мен   пирометрлер),   термисторлар   (жартылай
өткізгіштер) болып бөлінеді.
      Оптикалық термометрлердің екі түрі бар:  радиациондық  және  оптикалық
пирометрлер.  Радиациалық  пирометрлер  қызған   заттан   радиация   түрінде
тарайтын жылулық сәулені  ұстайды  және  жинақтайды,  ал  оптикалық  түрі  –
қызған денеден шығатын сәуленің жарықтығын белгілі температура  жарықтығымен
салыстырады.
      Термохимиялық  термометрмен  анықтау  әдісі   температураға   сезімтал
қарындаштар және этил спиртімен сұйылту арқылы  дайындалған  бояулар  арқылы
анықтауға негізделген.
      Ветеринариялық  тәжірибеде  максималды  –  сынапты  және  минималды  –
спиртті термометрлер жиі қолданылады. Сонымен  қатар  термогигробарометрлер,
Август және Ассман  психрометрлері,  жазатын  термографтар  бар.  Бұлар  мал
тұратын орындардың температураларын анықтау үшін қолайлы.
      Мал  қораларының,  азықтарды  сақтайтын   орындардың   температуралық-
ылғалдылық микроклиматын аықтау үшін психрометрлер қолданылады.



                     Арнайы қолданылатын лабораториялық техникалар.

      Арнайы қолданылатын лабораториялық техникалар төмендегідей жіктеледі:
   1.  Микробиологиялық  зерттеулерге  арналған  аппаратуралар.  Бұл   топқа
      жататын   аппараттар   жұмыс   жағдайында   тазалықты,   зарарсыздықты
      қамтамасыз  етеді.  Оларға   жататындар:   автоклавтар   немесе   булы
      стерилизаторлар;  зарарсыздандыратын  кептіргіш  шкафтар;   культураны
      сақтайтын,  өсіретін  және  тасымалдайтын  аппараттар;  агар   кесетін
      штативтер; төмегі температура шкафтары; вирустарды  сақтауға  арналған
      аппаратуралар;  микрофлораның   құрылысын,   қасиетін   және   құрамын
      зерттеуге арналған  аппараттар;  Люминесцентті  микроскоп;  инфрақызыл
      спектрометрлер;    ультрацентрифугалар;    ферментті     процесстердің
      кинетикалық, массалық әдістерін қолдана отырып микроорганизмдердің зат
      алмасу   процессін   зерттейтін   приборлар;   газды   хроматографиялы
      спектрометрлер және т.б.;
   2.  Гистологиялық  зерттеулерге   арналған   аппаратуралар:   терілердің,
      сүйектердің,  еттердің,   жалпы   тіндердің   жұқа   кесінді   ретінде
      препараттарын  дайындауға,  оларды  бояу   және   ұсақтауға   арналған
      микротомдар, оның пышақтарын  қайрайтын  жабдықтар,  гомогенизаторлар,
      тіндерді гистологиялық өңдеуге арналған аппараттар;
   3. Гематологиялық зерттеулерге арналған аппараттар: эритроциттердің  шөгу
      реакциясын анықтайтын  приборлар,  Сали  гемометрі  және  гемоглобинді
      анықтауға арналған гемоглобинметрлер,  Горяев  камерасы,  гематокритке
      арналған центрифугалар, лейкоциттерді санауға арналған он бір клавышты
      счетчиктер және т.б.;
   4.  Цитологиялық  зерттеулерге   арналған   аппаратуралар   гематологияда
      қолданылатын  аппаратуралар  тәрізді  –  зерттейтін   биоматериалдарды
      бояйтын автоматтар, торшаларды санауға және оларды ажыратуға  арналған
      автоанализаторлар;
   5.  Иммунологиялық  зерттеулерге  арналған  аппаратуралар:   серологиялық
      реакция компоненттерін  сұйылтып  құюды  жеңілдеті  үшін  қолданылатын
      Флоринскийдің топты дозаторы,  микротитрометрлер,  қанның  тобын  және
      резусын анықтайтын аппараттар және т.б.;
   6. Биологиялық сұйықтарды биохимиялық зерттеуге арналған жалпы техникалық
      өлшегіш приборлар: фотоэлектр колориметрлер,  фотометрлер,  фотоэлектр
      абсорбциометрлер, спектрофотометрлер, поляриметрлер, рефтрактометрлер,
      флюориметрлер,  денситометрлер,   жалынды   фотометрлер,   сұйықтардың
      электрлік және иондық қасиеттерін анықтайтын аппараттар мен приборлар:
      электрофорез  аппаратурасы,  рН-метрлер,  хроматография  аппаратурасы,
      осмометрлер және т.б.. Сұйықтың тығыздығын анықтау үшін:  ареометрлер,
      урометрлер, лактоденситометрлер, вискозиметрлер.
    Субстраттар  мен  ферменттерді  анықтайтын  лабораториялық   техникалар
кеңінен  тарауда.  Ол  реактивтердің  алдын  ала  дайындалған  жиынтығы  мен
биологиялық  сұйықтың  реакциясы  арқылы  анықтауға   негізделген.   Реактив
жиынтығы қағаз, лента, ұяларға  сіңіріледі,   ал  оларға  биологиялық  сұйық
тигенде олардың түрлері өзгереді. Бояудың  интенсивтігі  денситометр  арқылы
жазылып, анықталады.


      Микробиологиялық  және  бактериологиялық  ортаны  зерттеуге  арналған
аппаратуралар мен жабдықтар.


         1.  Бактриологиялық  және  вирусологиялық  зерттеулерге   арналған
            аппаратуралар мен жабдықтар.


    Қазіргі  кездегі  микробиологиялық  ғылыми-зерттеу   лабораторияларында
электрондық және  люминесценттік  микроскоптар,  инфрақызыл  спектрометрлер,
ультрацентрифугалар   және   басқада    техникалық    жетістіктердің    жаңа
аппаратуралары  қолданылады.  Сонда  да  тәжірибелік  микробиологияға   жаңа
ғылыми жетістіктердің өте жәй еңгізіліп жатқанын атап өту керек.
    Қазіргі микробиология  саласында  қолданылып  жүрген  көптеген  әдістер
өткен ғасырда ұсынылған әдістер (Пастер  пеші,  Кохтың  аппараты,  Дригалдың
шпателі, Петри тарелкасы және басқалары).
    Жалпы микробиологиялық аналихдің дамуын екі сатыға бөлуге болады:
       1. Көмекші;
       2. Меншікті микробиологиялық деп.
      Көмекші    сатысына    лабораториялық    ыдыстарды    жуу,    кептіру,
зарарсыздандыру, қоректік  ортаны  дайындау,  оны  ыдыстарға  құю  басқа  да
дайындық  операциялары  жатады.  Ал   меншікті   микробиологиялық   сатысына
зерттейтін   материалдарды   алу   және   оны    қоректік    ортаға    себу,
микроорганизмдердің таза культурасын бөліп алу және  оны  серологиялық  және
биохимиялық әдістер арқылы идентификациялау операциялары жатады.
      Көптеген көмекші операциялар көп жұмыс істеуді  қажет  етеді.  Мысалы,
мақта-марлі, мақта тығындарын дайындау,  оларды  зарарсыздандыру,  аз  уақыт
пайдаланылуына қарамай, көп еңбек сіңіруді қажет етеді. Сондықтан да  оларды
дайындау үшін арнайы машиналар шығарылған.
      Қазірде мақта-марлі тығындарының орнына металл қақпақшалары ұсынылған.
Олардың бактериологиялық (16х150 мм) және серологиялық (12х100  мм)  түрлері
бар.
      Микробиологиялық анализдің көмекші операцияларының біріне жататын агар
«косяктарын» дайындау. Ол үшін  арнайы  штатив  шығарылған.  Оның  көмегімен
пробиркалардағы  агарды  0-15º  шамасында  қисайтып  шайқауға  болады.   Бір
операцияда 50 пробиркаға дейін бірден өңделеді. Сұйытылған жылы агар  ортасы
пробиркамен штативке орналастырылғаннан кейін реттеуші винтпен  оны  белгілі
бір градусқа қисайтады. Штатив берік, жеңіл жуылатын материалдан жасалады.
      Байлау материалдарын, хирургиялық  инструменттерді,  қоректік  ортаны,
лабораториялық  ыдыстарды,  ластанған  материалдарды  зарарсыздандыру   үшін
автоклав  немесе  қаныққан  су   буының   қысыммымен   жұмыс   істейтін   бу
стерилизаторы қолданылады.
      Автоклав ең бірінші рет Гейденрихпен  1884  ж.  тәжірибеге  еңгізілді.
Конструкциялары бойынша автоклавтар  тік  (АВ-75АВ-20),  көлбеу  (АГ-2,  АГ-
200), тасымалды және шкафты (АШ-250А,  АШ-380,  АШДВ-250А  және  т.б.  болып
бөлінеді.
      Автоклавтың негізгі деталдары су буландыратын және  зарарсыздандыратын
камералар. Олар дәнекерленген біртұтас конструкциялы болғанымен  функциялары
жөнінен бөлектенген. Осындай конструкция зарарсыздандыратын  камераға  жүкті
салғанда, оны алғанда ол  камераға  будың  келмеуін  қамтамасыз  етеді  және
автоматты түрде жұмысқа қажетті қысымды ұстап  тұрады.  Су  буының  камерасы
резина салынғын  шойын немесе болат қақпақпен жабылады. Екі камерада  металл
қапшықтың ішіне орналастырылған, төсенішке  бекітіледі,  ішкі  және  астыңғы
жақтарынан  асбестпен  оқшауланған.  Зарарсыздандыратын  камераның   жоғарғы
жағында буға арналған тесік бар. Автоклавтың жұмысын бақылау үшін  манометр,
қорғаныш қақпақша, су  өлшегіш  шыны  және  судың  аппаратқа  түсуін  реттеп
отыратын  крандар  жүйесі  бар.  Қажетті  қысым  ондағы   приборлар   арқылы
автоматты түрде реттеледі.  Медициналық  автоклавтарда  зарарсыздандыру  265
кгс/см² қысымда, 138ºС температурада жүргізіледі.
      Бу  арқылы  зарарсыздандыруды  Кохтың  аппараты  арқылы  да  жүргізуге
болады.  Аппарат  -  екі  қабырғалы,  үстінен  қақпақпен  жабылған  цилиндр.
Қақпағындағы тесікке термометр орналастырылады. Аппараттың  ішінде  іші  мен
түбінде  тесіктері  бар  қаңылтырдан  жасалған,  оңай  алынатын  кәтел  бар.
Аппараттың  екі  қабат  арасына   су   құяды,   зарарсыздандырылатын   затты
орналастырады да жоғарғы тесіктен  будың  қатты  ағыны  шыққанша  қыздырады.
100ºС- да  зарарсыздандыру   30-60  минут  аралығында  жүргізіледі.  Жоғарғы
температурамен ұзақ уақыт әсер еткенде өз  қасиеттерін  өзгертетін  желатин,
қант   және   т.б.   материалдарды   3   тәулік   қатарынан    30-60    мин.
зарарсыздандырады. Оны бөлшекті  зарарсыздандыру  леп  атайды.  Ол  үшін  бу
краны ашық автоклавты да қолдануға болады.
      Құрғақ  ыстықпен  зарарсыздандыру  Пастер   пешінде   немесе   құрғақ-
зарарсыздандыратын шкафтарда жүргізіледі.
      Механикалық зарарсыздандыру  өте  ұсақ  тесікті  материалдан  жасалған
бактериалдық сүзгілер арқылы іске  асырылады.  Пастер-Шамберлен,  Беркефельд
шамдары немесе Зейтц сүзгіші жиі қолданылады.
      Микроорганизмдерді өсіру үшін белгілі  температураны  автоматты  түрде
ұстап тұратын  әртүрлі  термостаттар  қолданылады.  Бөлініп  алынған  микроб
культурасын,  биологиялық  препараттарды,  қанның  сары  суын,  вакциналарды
төменгі   температурада   сақтау   үшін   0…+8ºС   қамтамасыз   ететін    үй
тоңазытқыштары пайдаланылады. Одан да төмен температураны алу үшін  төменгі,
ультра төменгі температурадағы шкафтар қолданылады. Олар  арқылы  -27…-73ºС,
одан да төмен температураны алуға болады.
      Микробиологиялық синтез арқылы  зерттеуді  дамыту  мамандардың  алдына
көптеген міндеттер қоюда. Олардың ішіндегі ең  негізгісі  микроорганизмдерді
үздіксіз  өсіру  үшін  қолданылатын  аппараттар  мен  жүйелерді   жетілдіру.
Микроорганизмдердің  микробиологиясын,  физиологиясын,  биохимиясын  зерттеу
салаларындағы жетістіктер қазіргі кезде  комплексті  жабдықтарды:  Биостенд,
АНКУМ-І, ферментерлер  және  т.б.  аппаратуралар  мен  приборларды  шығаруға
мүмкіншілік туғызды. Бұл приборлар  үлкен-стационарлық,  кіші-лабораториялық
приборлар  ретінде  шығарылады.  Ферментерлерде  микроорганизмдерді  өсірген
кезде оттегімен аэрация  жасайтын,  микроб  массасын  үздіксіз  араластырып,
ортаның рН-ын анықтап және  реттеп  отыратын,  қалыпты  температураны  ұстап
тұратын арнайы жабдықтар бар.
      Вирусологиялық   лабораторияларда   торша   массасын   көбірек   алуға
мүмкіншілік  тудыратын  аппаратуралар  сұраныс  табуда.  Мысал  ретінде  тін
культурасын  алуға  арналған,  америкалық  фирма  шығарған  “New   Brunswik”
көпдискалы жабдықты келтіруге болады.


      Бактериологиялық  орталар  –  микроорганизмдердің  өсуіне  ең  қолайлы
жағдай  туғызатын,  қоректік   заттардың   белгілі   бір   концентрациясының
қоспасынан тұратын қолдан жасалған субстрат.
      Қоректік орта төменгі жағдайлар үшін қолданылады:
         1.  Лабораториялық  және  өндірістік  жағдайда   микроорганизмдерді
            өсіру;
         2.  Тірі  организмнен  немесе  қоршаған  ортадан  бөлініп   алынған
            микроорганизмдердің қасиеттерін зерттеу;
         3.   Микроорганизмдердің    таза    культураларын    сақтау    және
            консервациялау;
         4. Микроорганизмдердің өсу процессіне қажетті энергия алулары  үшін
            олардың құрылыс және биохимиялық компоненттерінің биосинтезі.
      Тір организмдегі барлық химиялық реакциялар суы бар ортада  ғана  іске
асырылады. Олай болса су кез келген қоректік ортаның ең қажетті  компоненті.
Ол ондағы оттегі мен сутегінің көзі болып табылады.
      Микроорганизмдер үшін ең  негізгі  көміртегінің  көзі  –  көмірсутегі.
Көптеген  микроорганизмдермен  моносахаридтер,  әсіресе  гексоздар   кеңінен
пайдаланылады.  Көміртегінің   ішінде   –   глюкоза.   Саңырауқұлақтар   мен
актиномицеттер үшін – маннит және  актиномицеттер  глицеринді  де  пайдалана
алады.
      Микроорганизмдердің торша белоктарын құруға қажет амин  қышқылдарының,
нуклеин  қышқылдарының  құрылыстарының  элементтері  пурин  және   пиримидин
негіздерінің  синтездері  үшін  өте   қажет   азоттың   көзі   болуы   шарт.
Саңырауқұлақтар  мен  кейбір  бактериялар  азот  көзі  ретінде   нитраттарды
пайдаланады.     Алдымен     нитраттар     микроорганизмдермен     өңделеді-
тотықсыздандырылады, содан кейін ғана  биосинтез  процессіне  қатысады.  Өте
көп  микроорганизмдер  өңделген-тотықсыздандырылған  азотты   қажет   етеді.
Сондықтан да қоректік ортаға азоттың көзі ретінде аммоний  тұздарын  қосады.
Микроорганизмдерге қажетті азот органикалық қосылыстар  –  амин  қышқылдары,
белок-пептондар арқылы да камтамасыз етілуі мүмкін. Бұл  қосылыстар  азоттың
ғана емес көміртегінің, күкірттің, энергияның да көздері бола  алады.  Міне,
сондықтан да  құрамында  жануарлардың  немесе  өсімдіктердің  белоктары  бар
қоректік орта өте көп микроорганизмдердің өсіп-өнуін қамтамасыз етеді.
      Торшалардың қажетті компоненттері ДНК, РНК, АТФ  және  т.б.  синтездеу
үшін  микроорганизмдерге  өте  керекті  фосфордың  көзі  ретінде   фосфаттар
пайдаланылады.
      Қоректік ортаға күкірттің көзі ретінде сульфаттар қосылады.  Сондай-ақ
кейбір амин қышқылдары – цистин, цистеиндер де күкірттің көзі бола алады.
      Қоректік  ортада  минералдық  қосылыстар  болуы  шарт.  Ол  үшін  оған
минералдық заттар  –  калий,  натрий,  магний,  кальций;  микроэлементтер  –
темір, кобальт, мыс, молибден, мырш, марганец және т.б. қосылады.
      Қоректік ортаның сапасына негізгі әсер ететін факторлар – олар ортаның
қажетті  рН  көрсеткіші  және  белгілі  бір  микроорганизмді   өсіруде   сол
микроорганизмге  тиісті  ортаның  реакциясын  қалыпты   диапазонда   сақтау.
Ортаның  оптимум  рН  көрсеткіші  бейтарап  көрсеткішке  жуық  болуы  керек.
Мысалы, патогенді микроорганизмдер рН 7,2-7,4–те, ал саңырауқұлақтар рН 4,0-
6,0–да жақсы өседі. Бактериялар рН –4,0 -тен төмен болса өспейді.
      Қоректік орта қасиеттері және қолданылулары бойынша  бірнеше  топтарға
бөлінеді. Консистенциясы бойынша тығыз, сұйық  және  жартылай   сұйық  болып
бөлінеді.  Тығыздаушы  зат   ретінде   теңіз   су   балдырларынан   алынатын
полисахарид агары, желатина және кремний қос тотығының туындысы -  сликагель
қолданылады. Ол үшін агарды 1-2 %, желатинаны  10-15  %,  сликагелді  1,5  %
мөлшерінде қосады.
      Қоректік ортаның құрамына  кіретін  ингредиенттері  бойынша:  химиялық
құрамы белгісіз және химиялық  құрамы  белгілі  –  синтетикалық  орта  болып
бөлінеді. Оның ішінде химиялық  құрамы  белгісіз  қоректік  орта   қарапайым
және  күрделі   болып   бөлінеді.   Қарапайым   қоректік   ортаның   негізгі
ингридиенттері  ферментті  және   қышқылды   гидролиз   жолдарымен   алынған
белоктардың ыдырау өнімдері.
      Ферментті  гидролиз  белоктарды  ыдырататын   ферменттердің   жартылай
тазаланған түрлері – пепсин,  трипсин,  папаиндардың  көмегі  арқылы  немесе
берілген затты құрамында  осы  ферменттер  бар  шикізаттармен  мысалы,  ұйқы
безімен, ұнтақталған шошқаның асқазанымен өңдеу арқылы іске асырылады.
      Мал белоктарының ферменттерімен  өңдеу  кезінде  толық  гидролиз  іске
аспайды да, оның нәтижесінде пептондар түзіледі.  Ал  пептоны  бар  қоректік
ортада микроорганизмдер жақсы өсіп-өнеді.
      Қарапайым   қоректік   ортаның   негізінде   күрделі   қоректік   орта
дайындалады. Оған мысал  ретінде  құрамында  әртүрлі  қант  немесе  қан  бар
орталарды келтіруге болады. Табиғи қоректік  ортаға  құрамында  қанның  сары
суы бар және асцит сұйығын қосу арқылы дайындалған ортаны жатқызуға  болады.
Мысалы, кокктарды өсіру үшін  құрамында  жылқының  немесе  өгіздің  10-20  %
қандарының сары суы бар  қан  сары  суының  агары  немесе  қан  сары  суының
сорпасы – екі  концентрациялы,  8-10  %   қан  сары  суы  қосылған  ет-белок
сорпасы, пайдаланылады.
      Бұл  орталар,  құрамында  табиғи  қоректік  субстраттар  болғандықтан,
химиялық құрамы белгісіз  орталарға  жатады.  Ал,  химиялық  құрамы  белгілі
ортаны пайдалану  бактериялардың  өсіп-өнуін  бақылауға  өте  қолайлы.  Оның
құрамында су және белгілі  бір  концентрациядағы  химиялық  таза  қосылыстар
болады.  Оларды  синтетикалық  қоректік  орталар  деп  атайды.  Синтетикалық
қоректік   ортаның   басқа   қоректік   орталардан    артықшылығы    олардың
микроорганизмдердің метаболизм ерекшеліктерін анықтаудағы ролі.
      Қолдану мақсатына қарай қоректік орталар селективті –  элективті  және
дифференциалды- диагностикалық болып  бөлінеді.  Элективті  қоректік  ортаны
қолдану арқылы аралас  микроорганизмдердің  ішінен  керекті  микроорганизмді
бөліп алуға  болады.  Керексіз  микроорганизмдерге  қолайсыз  жағдай  туғызу
арқылы олардың өсіп-өнуін тежейді.


              Гистологиялық зерттеулерге арналған аппараттар.


      Гистологиялық зерттеулерге препараттарды  дайындау  үшін  қолданылатын
аппараттар: микроскоптар, микротомдар,  тіндерді  гистологиялық  өңдеу  және
препараттарды    бояу    үшін     қолданылатын     автоматты     аппараттар,
микроманипуляторлар,   термостаттар,   қыздыру   үстелдері,    морфологиялық
құрылыстарды автоматты түрде анализдейтін приборлар мен жабдықтар.
      Микротом микроскопиялық зерттеулерге жарайтын жұқа кесінділер дайындау
үшін қажет аппарат. Ол негізден, жетекші және  микроберетін  механизмдерден,
объектіні және пышағымен оны ұстап тұратын  жабдықтардан  тұрады.  Кесіндіні
алу үшін пышақ немесе объект бір бағытта қозғалуы шарт. Ал  қайта  қайтқанда
объектіні көтеретін  механизм  оны  келесі  кесіндінің  қалыңдығы  мөлшеріне
көтеріп дайындайды.
      Қолданылып жүрген микротомдарды екі типке жатқызуға болады:
        1.  Объект  оны  ұстап  тұратын  құралда  қозғалыссыз,   ал   пышақ
           қозғалмалы түрде орналастырылған. Пышақтың көлденең немесе қисық
           бағытта қозғалатын конструкциялары бар микротомдар;
        2.  Ротациондық  микротомдар.  Оларда  объект  арнайы   механизмнің
           көмегімен тік немесе көлденең бағытта қозғалыссыз  орнықтырылған
           пышақтың үстінен өтіп, әрбір кесінді сайын белгілі мөлшерге  бір
           жағына қарай ауытқып отырады.
        Парафин, целлоидиндерге құйылып дайындалған  объектілерден  кесінді
дайындау үшін радиалды,  шаналы,  ротациондық  микротомдар  қолданылады.  Ал
жануарлардың немесе өсімдіктердің мұздатылған тіндерінен  кесінді  алу  үшін
мұздатқыш микротом пайдаланылады. Онда  объектіні  арнайы  баллоннан  жұмсақ
резина түтікше арқылы микротом үстеліне берілетін сұйық көмірқышқылы  арқылы
мұздатады. Сондай-ақ микротомға жеке мұздатқыш үстел қосымша беріледі.  Онда
объектіні  мұздату  үстелге  орнатылған  жартылай  өткізгішті  элементі  бар
электр тоғы арқылы іске асырылады.
    Микротом пышағынан алынған кесіндіні мұздатылған  күйінде  сақтау  үшін
микрокриостат   пайдаланылады.   Ол   мұздатқыш   микротомға   орнықтырылған
кішкентай мұздатқыш  камера.  Ондағы  температура  0-10ºС  аралығында  сұйық
көмірқышқылы арқылы іске асырылады.
    Экспресс-биопсияда, гистохимиялық зерттеулерде (ферменттік,  антигендік
және басқа  да  тіндердің  белок  жүйелерін  зерттеу)  жап-жаңа  мұздатылған
тіндерден   кесінділер   алу   үшін   микротом-криостат   қолданылады.    Ол
температурадан қорғалған камерасы және суытқыш жүйесі бар микротом.
    Микротомның пышақтарын қайрау үшін  бірнеше  бейімделген  құралдар  мен
арнайы стақандар бар. Жиі қолданылатын 3МН-2  стақаны  5-7  минуттың  ішінде
ұзындығы  180-500  мм  микротом  пышақтарын  жылдам  және   жоғарғы   сапада
қайрайды. Пышақтың қайрау бұрышы 20-30º.
    Электрондық микроскопиялық зерттеулерге арналған  өте  жұқа  кесінділер
дайындау  үшін  ультрамикротомдар  қолданылады.  Онда  препараттарды  кесуге
дайындау   және   оны   микроскоптың   көрінетін   жазығына   шығару   толық
автоматтандырылған. Ультрамикротом УМТ-2  арқылы қалыңдығы 15-90 нм  кесінді
алуға  болады.  Ал  УМТ-5  микротомы   5-100нм   қалыңдықтағы   кесінділерді
дайындауға арналған. Жарық микроскоптары арқылы көруге  қалыңдығы  5-8  мкм-
дан 1-2 мкм-ге дейінгі кесінділер жарап жатыр.
    Тіндерді гистологиялық  өңдеу  және  кесінділерді  бояу  үшін  жартылай
автоматтар шығарылған.  Оларға  жататындар  Америкалық  «Аутотехникон»  және
Ресейлік «Гистохроматор». Мысалы, АТ-4 гистохроматорының бағдарлама  беретін
жабдығы  бар  және  импрегнация,  бояу,  бекіту,  жуу,   тығыздау,   спиртте
сусыздандыру, парафинді сорғызып және оған құю, т.б. процесстерді  автоматты
түрде іске  асырады.  Зат  жұғындысына  арналған  шынылардағы  гистологиялық
препараттарды  бояуға  арналған  арнайы  тәртіппен  бояйтын  көп  позициялық
автоматтар да бар.
    Тіндерді зерттеуде оларды ұнтақтау жиі кездесетін жағдай. Әсіресе тығыз
тіндерді (тері, бұлшық ет) ұнтақтау егер  ол  қолмен  істелетін  болса,  көп
еңбектенуді қажет етеді.  Оның  сапасы  да  -  гомогендігі,  ұсақ  дисперсті
массаның алынуы, ойдағыдай болмайды. Уақыттың  ұзаққа  созылуы  да,  әсіресе
тін ферменттерінің  белсенділігін   анықтауда,  оның  нәтижесіне  кері  әсер
етеді. Сондықтан да, қазіргі кездегі аппаратураларда қол жұмысы жоқтың  қасы
деуге  болады.  Оларға  жататын  әртүрлі  типті  гомогенизаторлар.  Ұнтақтау
әртүрлі пішінді,  әртүрлі  көлемді  (1  мл-ден  1л-ге  дейін,  одан  да  көп
көлемде) металлдан, шыныдан, пластмассадан жасалған  ыдыстарда  жүргізіледі.
Ыдыстың төменгі  бөлігінде  белгілі  бір  бұрышпен  орналастырылған,  айналу
жылдамдығы минутына 3000 – 12000 болатын пышақтар бар.  Айналу  қақпақшалары
ұнтақтаумен қатар заттарды  сұйық  бөлігімен  араластыра  отырып,  гомогенді
ұнтаққа айналдырады.  Кейбір  гомогенизаторларда  массаны  суытаттын  жабдық
қолданылады.
    Гомогенизаторлар  биология,  медицина,  ветеринария   салаларында   жиі
қолданылады:  биохимияда,   фармакологияда,   иммунологияда,   физиологияда,
экспериментті биологияда және т.б..
    Өсімдіктердің және жануарлардың тіндерін ұнтақтау үшін  өндірісте  РТ-1
және  РТ-2  ұнтақтағыштары  шығарылады.  Олар  тіндерді  жылдам  ұнтақтауға,
олардан гомогенді масса,  эмульсиялар  мен  суспензияларды  алуға  арналған,
үстелдің үстіне қойып қолдануға болатын лабораториялық аппараттар.
    Заттарды шайқау және араластыру  биохимиялық  лабораторияларда  реакция
барысында эмульсия және суспензия жасау  үшін  жиі  қолданылатын  процедура.
Олардың мақсаты бір  бағытта  болғанымен,  олар  тәжірибе  жүзінде   әртүрлі
жолдармен  іске  асырылады.  Араластрыу  ішінде  сұйығы  бар  ыдысты   қатты
жылдамдықпен қозғау. Оны қозғау жылдамдығы реакция нәтижесіне  маңызды  әсер
етеді. Мысалы, жұмыртқаны қатты шайқап  араластыру  оның  нативті  белогының
көбіктеніп, денатурациялануына апарып соғады.
    Сұйықтарды араластыру  үшін  әртүрлі  жабдықтар  қолданылады.  Үстелдің
үстіне  орналастырып  қолдануға  болатын  ММ-3   араластырғышы   бар.   Оның
негізінде орналастырылған электр қозғағышына  таға  тәрізді  тұрақты  магнит
бекітілген. Магнит  айналғанда  ішінде  араластырылатын  сұйық  бар  ыдыстың
ішіндегі  болат  желімен  (стержень)  байланысады  да,   ол   желі   сұйықты
араластырады. Желіні коррозиядан және сұйықпен реакцияласудан  сақтау  үшін,
ол полиэтиленді қабшықпен тұйық қапталған.
    Араластыру жылдамдығы магниттің айналу жылдамдығына, желінің  мөлшеріне
және  сұйықтың  тұтқырлығына  тікелей  байланысты.  Керек  болған   жағдайда
араластыруды приборда  бекітілген  электр  пешін  қосып  қыздыру  арқылы  да
жүргізуге болады.
    Магнитті араластырғыштарды  сұйықтарды  титрлеу  кезінде  де  қолдануға
болады. Ол үшін  араластырғышты  бекітетін  арнайы  тірегіш  болады.  Магнит
күшін жоймас үшін жұмыстан  кейін  электр  пешінің  үстіне  прибормен  бірге
келетін, магниттің күш сызықтарын тұйықтайтын болат шығыршықты қояды.
    Айналдырғыштың биохимиялық 93-ші моделінде үш айналдыту жылдамдығы бар:
 600, 900 және 1200 а/мин. Бұл жылдамдықтар  айналдырғышты  кішкене  көлемді
және үлкен көлемді ыдыстардағы  сұйықтарды  шайқап  араластыру  үшін  бірдей
қолдана беруге болатындығын дәлелдейді.
    Сонымен қатар универсалды араластырғыштар да бар.  Олар  лабораториялық
ыдыстардағы – колба, пробирка, бөтелкелердегі сұйықтарды  араластыру  арқылы
реакцияны жылдамдату, сұйық  компоненттерінің  механикалық  түрде  араласуы,
бактериологиялық зерттеулерде  өсірілетін  культураның  аэрациясын  жақсарту
үшін қолданылады. Аппаратта ауыстырмалы платформалар бар: колбалар үшін  үш,
пробирка мен бөтелке кассеталарын бекіту үшін бір универсалды.
    Аппаратты ұзақ уақытқа (5 тәулікке дейін үздіксіз) және қысқа мерізімге
 (5-55 минутқа дейін) автоматты түрде тоққа қосуға болады.
    Ауыстырылатын  платформалардағы  лабораториялық   ыдыстардың   көлеміне
байланысты бірден  мынандай  наборларды  орналастыруға  болады:  100  мл-ден
30, 250 мл-ден 20, 500 мл-ден 12 колбаларды; 5 л-ден 2  бөтелкені;  11-19 мм
диаметрлі  160  пробирканы.  Тербелу  саны  жәй   минутына 100-280   айналу,
амплитудасы 10-25 мм мөлшерінде реттеліп отырады.
    Қан  элементтерін  микроскоп  арқылы  зерттеу  үшін   оларды   ерітетін
сұйықтарда  меланжерде  араластыратын,  үстелдің  үстіне  қойып  пайдалануға
болатын, портативті араластырғаштар бар.  Прибордың  жұмыс  істеу  принципі:
электр магниттінің екі катушкасында ортақ болат  жүрекше  бар.  Ол  меланжер
штативі  бекітілген  рычакпен  шарнир  арқылы  байланыстырылған.  Сол  рычаг
стерженде  толқыма  қозғалысын   тудырады.   Бір   штативке   1-6   меланжер
орналастыруға болады.




                                  Химиялық реактивтер.

      Химиялық  реактивтер  дегеніміз  лабораториялық   тәжірибеде   әртүрлі
химиялық реакцияларды іске асыру үшін қолданылатын заттар.
      Малдәрігерлік    тәжірибеде    химиялық     реактивтер     клиникалық,
ветеринариялық,  санитарлық,  гигиеналық,  экспертиздік,  биохимиялық   және
басқа  да  лабораториялық  зерттеулерде   аналитикалық  және  диагностикалық
мақсатта қолданылады. Мұндай зерттеулердің барлық талаптарын  қанағаттандыру
үшін химиялық реактивтердің көп ассортиментері қажет етіледі.
      Мысалы үшін, тек ферменттерге клиникалық және биохимиялық зерттеулерді
ғана жүргізу үшін жоғарғы  тазалықтағы  субстраттар,  ферменттердің  өздері,
олардың реагенттері қажет.  Әртүрлі  өндірістерде  ветеринариялық-санитарлық
бақылаулар жүргізу үшін; санды және сапалы органикалық  және  бейорганикалық
анализдерді   анықтау   үшін;   азықтарды,   суды,   ауаны   ветеринариялық-
санитариялық  және  гигиеналық  анализдерден   өткізу   үшін   өте   жоғарғы
тазалықтағы әртүрлі химиялық реактивтер қажет етіледі.
      Химиялық реактивтер көптеген жағдайларда жеке заттар болып келгенімен,
олардың құрылыстарының күрделі болып келуі де жиі кездеседі.
      Химиялық  реактивтердің  жалпылай  қабылданған  жіктелуі  жоқ.  Оларды
аналитикалық  химиялық  реактивтер  деп  және   басқа   қасиеттеріне   қарай
жіктейді.
      Аналитикалық химиялық реактивтерді типті топтарға бөледі:
        1. Еріткіштер – қышқылдар және олардың коспалары, сілтілер, кешенді
           заттар түзетін қосылыстар, органикалық еріткіштер және т.б.;
        2. Бөлгіштер – топты немесе  арнайы  тұнба  түзушілер;  экстракция,
           кешенді заттарды түзетін химиялық реактивтер;
        3. Диагноз  қою  үшін  қолданылатын  химиялық  реактивтер  –  тұнба
           беретін немесе зерттелетін заттар мен  иондарды  бояйтын  заттар
           және  титрлік  ертінділерді  дайындауға  қолданылатын   химиялық
           реактивтер;
        4. Көмекші әсер ететін,  керекті  химиялық  реакцияларды  жүргізуге
           қолайлы   жағдай   тудыратын   химиялық   реактивтер.    Оларға:
           индикаторлар,  тотықтырғыштар,  қайтадан  қалпына  келтірушілер,
           буферлік қоспаларды дайындауға қажетті реактивтер жатады.
      Бұл химиялық  реактивтердің  бағалылығы  мен  тәжірибелік  маңыздылығы
негізінен олардың ерекшеліктері мен сезімталдықтарына  байланысты.  Химиялық
реактивтердің  сезімталдығын  анықтайтын  заттың  ең  аз   мөлшерін   немесе
концентрациясын белгілі бір  реактив  арқылы  аналитикалық  реакция  жүргізу
арқылы анықтайды. Ал басқа  заттардың  ішінен  керекті  затты  анықтау  үшін
қолданылатын химиялық реактивтер арнайы немесе спецификалық  реактивтер  деп
аталады. Таза спецификалық реактивтер өте аз. Себебі олар көп  жағдайда  тек
бір ионмен ғана емес бірнеше иондармен реакцияға түседі.
      Химиялық  реактивтерге  қойылатын  негізгі   талаптың   бірі   олардың
тазалығы. Оларда бөгде қоспалардың болу мөлшері ГОСТ-пен  немесе  Техникалық
Нұсқауме қатаң шектеледі.
      Құрамында негізгі  заттар  мен  жіберуге  болатын  қоспаның  мөлшеріне
байланысты химиялық реактивтердің жіктелуі:
    • «таза» - ХТ, онда негізгі заттың  мөлшері  99  %  -  дан  жоғары,  ал
      қоспаның мөлшері 0,001 – 0,00001 % болуы керек:
    • «анализ үшін таза» - АҮТ, негізгі заттың  мөлшері  99  %  -  дан  кем
      болмауы керек;
    • «таза» - Т, негізгі заттың мөлшері 98 % - дан кем емес;
    • «эталонды таза – ЭТ;
    • «ерекше таза» - ЕТ.
   Жіктелудің  соңғы  екі  түрі  ғылым  мен  техниканың  қазіргі  дәуірдегі
жетістіктеріне  орай   радиоэлектронника,   жартылай   өткізгізтік   өндіру,
микроэлементтерді анализдеу салаларына байланысты туындаған.
   Жоғарғы тазалықтағы заттарға тиісті маркалар тағайындалады. Онда  заттың
құрамында жіберілуге  болатын  қоспаның  мөлшері,  лимит  саны  және  барлық
қоспаның жиыны символ және сан  арқылы  беріледі.  Сонымен  қатар  тазалықты
қажет ететін және белгілі бір  салада  қолдануға  болатын  жинақты  химиялық
реактивтер    (наборлар)    бар.    Оларға     жататындар:     индикаторлар;
ультрафильтрацияға,  электрофорезге,   хромотографияға   қажетті   наборлар;
иондардың алмасуын тудыратын қара майлар; әртүрлі полимерлер және т.б.
   Зерттеу және клиникалық лабораторияларда изотоппен белгіленген  химиялық
реактивтер кеңінен қолданылады. Мысалы: С14,  Н3, Р 32  және т.б.
   Қазірде көптген өндірістерде  мал  организміндегі  биологиялық  сұйықтың
құрамын  автоматты  түрде  анықтау  үшін  химиялық   реактивтердің   жиынтық
наборлары шығарылады. Олардың ішінде автоанализаторлар да бар.
   Көптеген химиялық реактивтер тотығу,  ылғалдану,  бұзылу  салдарынан  өз
қасиеттерін өзгертуі мүмкін. Сондықтан оларды сақтауға  белгілі  бір  жағдай
жасау керек: төменгі температура, жақсы жабылатын қара шыны,  ылғал  сорғышы
бар  эксикаторлар  және  т.б.   Мысалы,   изотоппен   белгіленген   химиялық
реактивтерді төменгі  температурада  сақтайды  (-20ºС).  Оларды  қолданғанда
белгілі радиоизотоптардың әрқайсысының жартылай  бөлшектену  уақытын  есепке
алып отыру  керек.  Күшті  әсерлі,  жарылуы  қауіпті  немесе  тез  от  алғыш
химиялық реакткивтерді сақтауға ерекше жағдайлар жасау қажет.
   Химиялық реактивтерді дайындау және оларды  қолдану  әдістерін  зерттеп,
жетілдіріп отыратын арнайы ғылыми зерттеу институттары бар. ТМД елдері  үшін
ондай институт Москвада орналасқан.


           Химиялық реактивтермен жұмыс істеу техникасы.


   Лабораторияларда жұмыс істейтін қызметкерлер қолданылатын  реактивтердің
улылық деңгейін,  жарылғыштық  және  жанғыштық  қасиеттерін  жақсы  білулері
керек.
   Жиі және көп мөлшерде қолданылатын реактивтерді үлкен көлемді ыдыстарда,
банка  немесе  үлкен  бөтелкелерде,  алған  жөн.  Ал  аз   мөлшерде,   сирек
қолданылатын реактивтерді, керісінше,  кішкене  көлемді  ыдыстарда,  1-10  г
мөлшерінде алады. Қымбат және сирек  кездесетін  реактивтерді  жеке,  ерекше
жағдайда,  оларды  сақтау  және  қолдану  нұсқауларын  қатаң  сақтай  отырып
ұстайды.
   Ертінділерді, әсіресе олар қымбат және  сирек  кездесетін  реактивтерден
дайындалатын  болса,  шығынды  көп  шығармай,  тек  керекті  мөлшерде   ғана
дайындауға дағдылану керек. Көп уақыт  сақталған  реактивтер  бұзылады  және
оларды сақтайтын үлкен ыдыстар лабораторияда орын  алады.  Кейде  көп  уақыт
сақталған қатты реактивтер кесекке айналып, оларды  банкалардан  алудың  өзі
қиынға соғады. Ол  кесектерді  ұсақтау  керек  бола  қалған  жағдайда  темір
таяқшаны  қолдануға  болмайды,  фарфор   шпателін   немесе   шыны   таяқшаны
қолданады.
   Реактивті банкадан аларда оның ауыз жағында шаң-тозаң, май, парафин және
т.б. бөгде заттардың болмауын  қадағалау  керек.  Оларды  фарфор  қасығымен,
шпателімен алып,  воронка  арқылы  ауыстырған  жөн.  Ұнтақ  реактивтер  үшін
қолданылатын  воронкалар  әртүрлі  размерлі  болады.  Көбінесе  кең  басының
диаметрі 50-200 мм, аяқ жағынікі 20-38 мм, ал  биіктігі  55-150  мм  болатын
воронкалар пайдаланылады.
   Төгілген ұнтақты қайта банкаға  салуға  болмайды.  Банкада  аз  мөлшерде
реактив қалғанда оны көлемі аз ыдысқа ауыстыру керек.
   Реактиві бар барлық банкаларда этикет болуы қажет.  Ондай  белгіні  шыны
ыдыстың сыртына шыныға жазатын қарандашпен  де  жазып  қоюға  болады.  Ондай
қарандашпен жазатын шынының тұсын аздап жылтса, жазу оңай жазылады.  Этикеті
немесе белгісі жоқ ыдыстардағы реактивтерді қолдануға болмайды. Улы  заттары
бар ыдыстармен өте сақ болу керек.
   Улы  және  күшті  әсерлі  заттарды  сақтаудың,  оларды  есепке   алудың,
қолданудың арнайы бекітілген нұсқауларын  қатаң  сақтау  керек.  Лаборатория
жұмысшыларының  ішінен  жауапты  бір  адам  тағайындалады.  Ол  адам  барлық
жұмысшыларды улы заттармен қалай жұмыс істеу керектігіне үйретуі қажет.  Улы
заттардың буының да ауаны  ластайтынын  естен  шығармаған  жөн.  Улы  заттар
сақталған ыдыстарды  жеке,  арнайы  кісі  тазалап  жуады.  Оларды  сақтайтын
ыдыстар  ерекше  таза  болуы  шарт.  Өлшегенде  де  арнайы  ыдыстарға  салып
өлшейді.
   Ылғалды  бойына  сіңіретін   гигроскопиялық   заттар   жабық   ыдыстарда
сақталады,  олардың  тығынын  парафинмен  құйып  тастайды  немесе  ол   үшін
менделеевтің  сылағын,   сургучты   пайдалануға   болады.   Үлкен   ыдыстағы
реактивтермен сақтықпен айналысу керек. Себебі оларды  оңай  сындырып  алуға
болады.
   Кейбір реактивтер дәнекерленген  ампулаларда  сақталады.  Оны  ашу  үшін
егеуді пайдаланады. Ампуланың ұшынан бір сантиметр қашықтықта егеумен  сызат
түсіреді. Ол жерді сулап алғанда сызат оңай  түседі.  Сол  ұшынан  саусақпен
мақта арқылы ұстап, сызат түскен жерден сындырады.
   Ампулаларды  жұмсақ  материалмен  орап  қағаз  қорабта  сақтаған  дұрыс.
Жарықтың  әсерінен  өзгеретін  реактивтерді  сары  және  қара   түсті   шыны
ыдыстарда, қағаз қорабтарда сақтау керек. Мысалы, сутегінің фторлы  қышқылын
ертіндісін   парафиннен,   церезиннен,   эбоиттан    немесе    полиэтиленнен
дайындалған ыдыстарда сақтайды.
   Кейде шыны  ыдыстардың  ішкі  беттерін  парафинмен  қабаттайды.  Мысалы,
пергидрольді (сутегі тотығының 30 %-ды ертіндісі)  және  сілті  ертінділерін
тек осындай ыдыстарда ғана сақтаған қолайлы.
   Кейбір  реактивтер  көп  сақтағанда  бұзылады  да,  түрлерін  өзгертеді.
Мысалы,  анилин  көп  сақтағанда  бүлініп  сарғыш  түске   айналады.   Ондай
өзгерістер болатынын үнемі есте сақтау керек.
   Басқа бір реактивтер өздігінен  жанады.  Оларға  ақ  және  сары  фосфор,
пирофорлы  металлдар,  металлорганикалық  қосылыстар  жатады.  Отқа  қауіпті
реактивтердің   қатарына   эфирлер,   спирттер,   көмірсутектері,   ароматты
қосылыстар, күкіртті көміртегі, ацетон және т.б. жатады.
   Өзара реакцияласқанда жанатын немесе көп жылу бөлетін реактивтерді бірге
сақтауға болмайды. Концентратты тотықтырғыштарды қайта қалпына келтіретін  –
көмір, күкірт, крахмал, фосфорлармен бірге сақтауға болмайды.
   Өздігінен жанатын, отқа қауіпті реактивтерді арнайы ыдыстарда  сақтайды.
Бертолет тұзын, калий  марганец  қышқылын,  натрий  тотығын  және  басқа  да
тотықтырғыш  заттарды  органикалық  заттармен  араластыруға  болмайды.  Хлор
қышқылымен жұмыс істегенде өте сақ  болу  керек.  Ол  органикалық  заттармен
біріккенде жарылыс береді. Тіпті хлор қышқылының тұздары ешбір  себепсіз  де
жарылуы мүмкін. Лабораторияда мұндай заттардың көп қорының болмағаны дұрыс.


                        Сусыз ертінділер мен бояулар


       Сусыз  ертінділер  дегеніміз  спиртте,  эфирде,  бензолда  және  т.б.
органикалық заттарда ерітілетін  ертінділер.  Кәдімгі  жағдайда  органикалық
еріткіштерді органикалық сұйық және қатты  заттарды  еріту  үшін  қолданады,
мысалы, майлы заттар; органикалық емес заттарды еріту үшін сирек  қолданады:
кейбір тұздарды, сілтілерді және минералдық қышқылдарды.
      Қазірде органикалық еріткіштер аналитикалық химия тәжірибесінде  сусыз
титрлеу деп аталатын жағдайда қолданылады.
        Аналитикалық   мақсатта   қолданылатын   органикалық   еріткіштердің
ертінділерінің қасиеттерінің су  ертінділерінің  қасиеттерінен  айырмашылығы
болады.   Себебі   органикалық   емес   заттардың   ертіндідегі   қасиеттері
қолданылған еріткіштерге байланысты болады.
      Ертінділерді дайындаудағы есеп сол ертіндінің қолданылуына  байланысты
жүргізіледі.   Егер   ертінді   аналитикалық   мақсаттан   басқа    мақсатқа
дайындалатын болса, онда ерітілетін заттың  мөлшерін  судағы  ертінділердікі
сияқты процентпен, г/л-мен, молмен береді.
       Ертіндінің  қолдану  мақсатына  байланысты   химиялық   таза   немесе
техникалық еріткіштер қолданылады. Олардың химиялық таза түрлері  техникалық
түрлерін тазарту арқылы алынады.
      Лабоаторияларда қолданылатын көптеген  органикалық  еріткіштер  жанғыш
келеді. Ондай еріткіштерді көп ұстамау керек, қорының да аз болғаны дұрыс.
       Отқа  қауіпті  еріткіштердің  қатарына  жататындар:  диэтилді   эфир,
спирттер, ацетон, күкіртті көміртегі, бензол, бензин, петролейлік эфир  және
т.б. Ал хлортуындылары: төртхлорлы көміртегі, дихлорэтан, үшхлорэтилен  отқа
қауіпті емес заттардың қатарына жатады.
      Барлық органикалық  еріткіштер  организмге  қауіпті.  Сондықтан  ондай
еріткіштердің буымен дем алмауға тырысу  керек.  Олармен  сорғыштың  астында
жұмыс істеген дұрыс. Оларды  буландыру  жұмыстарын  да  сорғыш  шкафтар  бар
жерде, соның астында істеу керек.
      Органикалық еріткіштер қымбат  тұратындықтан  оларды  үнемдеп  ұстаған
жөн. Көп жағдайларда суы жоқ, құрғақ түрін қолданады.

                       Органикалық еріткіштерде еріту тәртібі.

      Органикалық еріткіштерде ерітудің суда ерітуден айырмашылығы бар:
   1. Егер затты ұшқыш еріткіштерде ерітетін болса,  онда  олардың  ұшпауына
      қарсы іс-шаралар қолдану керек;
   2.  Егер  сусыз   еріткіштерде   ерітетін   болса,   онда   оған   ауаның
      ылғылдылығының түспеуін қамтамасыз ету керек.
      Егер зат жеңіл еритін болса, онда операцияны  тығыз  жабылатын  ыдыста
жүргізуге болады. Алдымен ыдысқа затты  салады  да,  содан  кейін  еріткішті
қосады  да  шайқап  ерітеді.  Егер  зат  нашар  еритін  болса,  онда  арнайы
араластырғышы бар приборды пайдаланады.
      Мысалы: Ацетилцеллюлозаны ацетонда ерітіп көрелік. Мойны  кең  банкаға
қабық  тығын  дайындап  аламыз  да,  бірін  тура  ортасынан,  ал   екіншісін
шеткерірек кең етіп екі тесік істейміз. Орталық тесік сынап қақпақты  бекіту
үшін қажет. Ал шеткі тесікке резина тығыны бар шыны  түтік  еңгізеді.  Сынап
қақпағы  ацетонды  буландырмайды,  ал  шыны  түтік  арқылы  ерітетін   затты
еңгізеді.  Белгілі  жағдайда  сапырғыш  шыны  таяқша  орнықтырылады.   Сынап
қақпақшаның белгілі бір деңгейіне дейін сынап толтырылады.  Аппарат  жұмысқа
дайын.  Ұшпайтын  еріткіштерді  қолданғанда  сынап  қақпақша   керек   емес,
аппараттың құрылысы жеңілдейді.
      Заттың еруін жылдамдату үшін қыздыруға  болады.  Онда  міндетті  түрде
суытқыш керек. Көбінесе қыздыруды қолданбайды.
        1. Ерітетін зат пен еріткішті қосу  тәртібін  сақтау  өте  маңызды.
           Егер  ерітетін  зат  ұсақ  ұнтақ  болса,  онда  колбаға  алдымен
           еріткішті  құяды  да,  артынан  араластыра  отырып  аздап  салып
           ұнтақты ерітеді. Ал керісінше істегенде жабысқақ түйіршік  пайда
           болады да, оның еруі узаққа созылады.
        2.  Жұмыс  аяғында  алынған  ертіндіні   сүзіп,   бөгде   заттардан
           тазалайды.
        3. Егер ерітуді төменгі температурада  жүргізу  керек  болса,  онда
           колбаны мұз немесе суық су арқылы суытады. Ол үшін  ертінді  бар
           ыдысты одан кең ыдыстың ішіне бекітіп  орналастырады  да,  мұзды
           немесе суық суды кең ыдыс  пен  ертінді  бар  ыдыстың  аралығына
           толтырады. Суық суды қолданғанда оны сифон арқылы суытып отыруға
           да болады.
      Сонымен  жалпы  ертінділерді  дайындау  барысында  келесі  жағдайларды
ескеру керек:
        1.  Суда  дайындалатын   ертіндінің   барлығы   дистілденген   суда
           дайындалуы керек. Тұздардың судағы  ертінділерінің  белгілі  бір
           концентрациясын  дайындағанда  кристаллды  суды  да  есепке  алу
           қажет;
        2. Дәлдікпен дайындалатын ертінділерді дайындағанда өлшегіш колбаға
           барлық қажетті суды бірден құймау керек;
        3. Өлшегіш колбалардағы колибровка тек белгілі бір температура  мен
           сол колбаға ғана есептелген. Сондықтан сұйықтың дәл көлемін  тек
           стандартты температурада ғана алуға болады.
        4.   Ертіндіні   дәл   берілген   концентрацияда   дайындау    қиын
           болатындықтан, ертіндіні пайдаланбай тұрып, оның концентрациясын
           немесе қалыптылықтың түзетуін тағайындап алу қажет;
        5. Ертінді бар ыдыста міндетті түрде этикет болуы қажет;
        6. Барлық ертіндіні таза жуылған ыдыста дайындау керек. Дайындалған
           ертіндінің ластанбауын қадағалау қажет;
        7. Жарықтың әсерінен бүлінетін  ертінділерді  қара  шыны  ыдыстарда
           сақтау керек. Кейбір ертінділерге сары түсті ыдыстар  қолданады.
           Кей кезде шыны ыдысты қара қағазбен орап та сақтайды.  Қара  лак
           аздап болса да жарық өткізеді. Сондықтан ыдысты алдымен сыртынан
           қара қағазбен желімдеп, сол қағазды қара лакпен жапқан дұрыс;
        8. Сілтінің ертінділерін көміртегі қос  тотығының  әсерінен  сақтау
           керек. Ол үшін тығынға  хлоркальций  түтігін  орналастырып,  оны
           натрон известімен немесе басқа көміртегінің қос  тотығын  сорғыш
           қатты затпен толтырады;
        9. Сілті ертінділерінің алдымен  жоғарғы  концентрациясын  дайындап
           алады  да,  оларды  тұндырып  және   сүзгеннен   кейін   қажетті
           концентрациясына дейін сұйылтады;
       10.   Қолдың  терісіне,  киімге,  аяқ  киімге  зиянды  әсер   ететін
           ертінділермен жұмыс істегенде өте сақ болу керек;
       11.   Барлық  ертінділерді  тексеру  қажет.  Дәлдікпен  дайындалатын
           ертінділерді - титрлерін  анықтау  арқылы,  жуықтап  дайындалған
           ертінділерді – тығыздығы арқылы немесе басқа белгілі жолдармен;
       12.   Дәлдікпен   дайындалған   ертінділерден   басқа   ертінділерді
           дайындағаннан кейін міндетті түрде сүзу  керек.  Бұл  сулы  және
           сусыз ертінділерге бірдей қатысты;
       13.   Ертінділерді  органикалық  сұйықтарда  дайындағанда  тек  таза
           еріткіштер  қолданылады,  ал   керек   болған   жағдайда   сусыз
           еріткіштер қолданылады;
       14.  Шыны ыдыстардың тығындарын ауыстырмау керек.
      Осы  ережелердің  барлығын  дұрыс  орындағанда  алынған  нәтиже  дұрыс
болады, зерттеу уақыты қысқарады, химиялық  реактивтер  мен  материалдар  аз
кетеді.


                  Бояғыштар және бактериологиялық бояулар.
      Бояғыштар - әртүрлі материалдармен немесе  биологиялық  субстраттармен
қосылысқанда оларға түр беретін  заттар.  Бояғыштардың  әсерінен  ол  заттар
жарықтың көзге көрінетін сәулесін таңдамалы түрде өз бойларына сіңіреді.
      Мал дәрігерлік тәжірибеде  бояғыш  заттар  гистология  және  цитология
салаларында,  тіндер  мен  торшалардың  ұсақ  құрылыстарының  компоненттерін
бояп,  білу  үшін   кеңінен   қолданылады.   Олар   сондай-ақ,   биохимиялық
зерттеулерде  сутегі  иондарының  концентрациясын  анықтау  үшін   индикатор
ретінде де қолданылады. Бояғыштардың гистологиялық кесінділерде белгілі  бір
субстраттармен   реакцияласып,   олардың   түсін    өзгертетін    қасиеттері
гистохимияда кеңінен пайдаланылады.
      Мысалы: Құрамында белок бар  триптофанды,  гистидинді  және  тирозинді
гистохимиялық жолмен анықтау үшін кесіндіге құрамында  бисдиазоқосылысы  бар
ертіндімен әсер  етеді.  Онда  белоктың  молекуласы  диазокомпоненттегі  бос
диазотобымен қосылысып азобояғыш зат түзеді. Олардың бояуын үдете түсу  үшін
ароматты  аминмен  немесе  фенолмен   әсер   етеді.   Триптофан,   гистидин,
тирозинқосылыстары шоғырланған жерде жақсы боялғандық байқалады.
      Бояғыш заттар өндірістің әртүрлі салаларында кеңінен қолданыс табуда.
      Бояғыштардың  атаулары  олардың  түстеріне  және   басқа   да   кейбір
қасиеттеріне негізделген. Ұтымды жасалған жіктелуі жоқ.  Көбінде  техникалық
және химиялық жіктелулері қолданылады.
      Техникалық   түрі   олардың   тоқыма    өндірісінде    қолданылуларына
негізделген. Онда барлық бояғыш заттар 3 топқа бөлінген:
        1. Тоқыманы тікелей бояйтын бояғыш заттар. Тоқыманы бояғыш зат  бар
           ваннаға салып қояды;
        2. Тоқыманы оларға бояғыш  заттарды  бекітетін  металл  тұздарымен,
           танинмен өңдегеннен кейін бояйтын бояғыш заттар;
        3.  Кубты  бояғыш  заттар.  Тоқымамен  реакцияда   жүретін   тотығу
           процессінің салдарынан барып бояғыш зат сіңеді.
      Химиялық жіктелуі бойынша да бояғыш заттар 3 топқа бөлінеді:
        1. Қышқылдық  бояғыш  заттар  -  өздерінің  молекулаларында  оларға
           қышқылдық  қасиет  беретін  -SO3  H,-COOH,  сияқты  функционалды
           топтары бар бояғыш заттар;
        2. Негіздік бояғыш заттар  –  құрамында  бояғыш  заттарға  негіздік
           қасиет беретін аминді-иминді топтар бар заттар;
        3.  Бейтарапты  бояғыш   заттар   –   құрамында   ешқандай   топтар
           болмағандықтан қышқылдық немесе негіздік қасиеттері жоқ топтар.
      Осындай жіктелулері бояғыш заттардың боялатын материалдармен қатынасын
сипаттайды. Қышқылдық және  негіздік  бояғыш  заттар  боялатын  материалдағы
қарсы зарядты ионданған топтармен қатынасады, олармен тұздар  түзеді,  боялу
жақсы сіңіп, берік болады. Ал  бейтарап  бояғыш  заттар,  керісінше,  кейбір
заттармен ұқсас болып келеді де, сол заттарды бояйды.
      Органикалық   қосылыстардың   белгілі   бір   класстарына   жатуларына
байланысты бояғыш заттар бірнеше топтарға бөлінеді:
      Нитрозобояғыштар – құамында NH = O тобы бар, бірақ хинон  тотықтарының
изомері түріде болатын зат. Мысал ретінде жасыл нафтолды келтіруге болады.
      Нитробояғыштар – құрамында  хромофор  ретінде  нитротоптары  бар  және
ауксохром ретінде тотық топтары бар  заттар.  Мысал  ретінде  сары  нафтолды
келтіруге  болады.  Гистология  мен  гистохимияда  белоктардың   шоғырлануын
зерттеу үшін қолданылады.
      Азобояғыштар – бояғыш заттардың ең көп тараған  тобы,  құрамында  бір-
(моно), екі-(би) немесе бірнеше(поли) –N  =  N  топтары  бар  заттар.  Мысал
ретінде  виталды  бояу  үшін  және   рН-ты   анықтауда   индикатор   ретінде
қолданылатын қызыл метилді және майлардың гистологиялық бояғышы  Судан  ІІІ-
ті келтіруге болады.
      Нафтохинонды бояғыш заттар. Оған мысал ретінде Alcanna tinctoria-  дан
алынатын  қара-қошқыл  түсті,  индикатор  ретінде  қолданылатын   алканнинді
келтіруге болады.
      Антрахинонды бояғыш заттар – құрамында  антрохинонның  хинон  құрылысы
бар зат. Мысал ретінде тұздың қатысымен бояғанда лак түзетін  сіңіргіш  бояу
алазаринді келтіруге болады. Ол темірдің үш валентті ионы  бар  жерде  қызыл
түске, ал темірдің екі валентті ионы бар жерде сия түске бояйды.
      Хинониминді бояғыш заттар  –  хинонимин  және  хинондимин  туындылары.
Мысал  ретінде  С  витаминін  анықтау  үшін,  гистологияда  метахромды  бояу
ретінде қолданылатын индофенол бояғыш затын келтіруге болады.
      Тионин-тиазинді негізгі бояғыш заттар.  Гистологияда  метахромды  бояу
ретінде қолданылады.  Галлоцианин  –  оксазинді  әлсіз  қышқыл  бояғыш  зат,
гистологияда  нуклеин   қышқылдарын   анықтау   үшін   хром   лагы   түрінде
қолданылады; бейтарап  қызыл  –  виталды  бояу  үшін  және  рН-ты  анықтауда
индикатор ретінде қолданылатын азинді бояғыш зат.
      Екі- және үшарилметанды бояғыш заттар. Молекуласындағы  сутегінің  екі
немесе үш атомы ароматты радикал арилмен алмастырылған және  оның  біреуінің
хиноидты құрылысы бар метан туындысы. Көбірек тарағаны үшфенилметанды  түрі.
Мысал ретінде гистохимияда лейкопарофуксинкүкірт  қышқылы  ретінде  альдегид
топтарын   анықтау   үшін    қолданылатын    парарозанилин-парафуксинді    –
фенолфталеинді, метил көгін келтіруге болады.  Бұл  топқа  ксангенді  бояғыш
заттар да жатады. Оған мысал ретінде нуклеин  қышқылдарының  гистохимиясында
қолданылатын   пиронитті   және   акридинді   бояғыш    заттарға    жататын,
флуорресцентті  микроскопта  қолданылатын  –  акридин   сарғышын   келтіруге
болады.
      Полиметинді бояғыш заттар.  Құрылысында  оттегі,  азот  немесе  күкірт
атомдарымен шектелген, түйіндес екі қатардағы  байланысты  көміртегінің  тақ
санды атомдарының түйдегінен тұратын заттар.  Мысал  ретінде  қызыл  жарыққа
сезімтал  фотографияның  пластинкаларын  алу  үшін  қолданылатын   пинациано
немесе 1,1 – диэтил; 2,2 – хинокарбоцианин-иодидтерді келтіруге болады.
      Каротиноидті  бояғыш  заттар.  Оларға  жататындар:   каротин,   биксин
майларды, маргариндерді бояу үшін қолданылады.
      Аталып өткен бояғыш заттардан басқа әртүрлі салада,  әртүрлі  мақсатта
қолданылатын бояғыш заттардың класстары да бар.  Оларды  материалдарды  бояу
үшін және гистологиялық тәжірибеде  қолдануда  өз  ерекшеліктері  бар.  Оған
жататындар: азотметинді, индигоидты, оксиокетті, полициклді,  фталоцианинді,
күкіртті және т.б. бояғыш заттар.
                                       Бактериологиялық бояулар.


      Микроорганизмдерді  бояу   –   індетті   аурулардың   микробиологиялық
диагностикасында   микроорганизмдерді    табу    және    микроскоп    арқылы
микроорганизмдердің морфологиясын зерттеу үшін қолданылатын әдіс.
      Микроорганизмдерді бояу микроб компоненттерімен бояғыш заттың арасында
жүретін интрохимиялық реакцияларға жатады. Ондай бояулар екі топқа  бөлінеді
– негізді және қышқылды болып. Негізді бояуларда бояғыш катион  және  түссіз
анион болады, ал қышқылды бояуда – бояғыш анион және түссіз катион.  Негізді
бояулар   белсендірек   болып   келеді.   Оның   себебі   кәдімгі   жағдайда
бактериялардың  сыртқы  заряды  теріс  болып  келеді,  ал  олардың  ішіндегі
заттардың табиғаты қышқыл (ДНК және РНК).
      Негізді бояғыш заттардың бояйтын  бөлігі  оң  зарядты,  олар  қышқылды
бояғыш  заттарға  қарағанда  микроб  торшаларының  құрылысымен  көп   ұқсас,
қышқылды бояғыш заттар торшаларды  тек  рН-тың  төменгі  көрсеткішінде  ғана
бояйды. Қалыпты  рН  көрсеткішінде  қышқылды  бояғыш  заттар  торшаға  нашар
сіңеді және жуған кезде жуылып кетеді. Сондықтан қышқылды  бояғыш  заттармен
қалыпты   жағдайда   препараттың   фоны   боялады   да,    онда    боялмаған
микроорганизмдер жақсы көрінеді.
      Бояулардың негізді және қышқылды түрлерінен басқа бейтарап  түрі  бар.
Ол түрі негіздік және  қышқылдық  түрлерінің  қоспасы,  онда  катионның  да,
анионның да бояулық қасиеттері бар. Бұл бояу  ацидофилді  де,  базофилді  де
элементтерді бояйды. Бұған мысал ретінде Гимза бояуын келтіруге болады.  Оны
спирохеттерді де, қарапайымдарды да бояу үшін қолданады.
      Құрамындағы белоктардың амфотерлігіне байланысты торшалар бір жағдайда
қышқылдық бояғыш затпен, ал  екінші  бір  жағдайда  негіздік  бояғыш  затпен
боялуы мүмкін. Бір сөзбен айтқанда  орталықтың  рН  көрсеткішіне  байланысты
торша бірде қышқылдық, ал бірде негіздік қасиет байқатады.
      Көбірек қолданылатын бояғыш  заттардың  қатарына  жататындар:  метилен
көгі, тиопин (көк), негізгі фуксин, сафранин және эозин  (қызыл),  бис-марк-
браун   немесе   везувин   (қоңыр),    метилгрют    (жасыл),    метилвиолет,
кристаллвиолет (сия түсті). Олардың ішінде  тек эозин ғана қышқыл  бояу.  Ол
кейбір  арнайы  жағдайларда  қолданылады.  Барлық  бояулар  аморфты   немесе
кристаллды ұнтақ түрінде сатылады. Олардан бояғыш ертінділер дайындайды.
      Бояғыш ертінділерді дайындау.  Жұмыс  бояуларының   барлығының  дерлік
әуелгі материалы  спирттің  қаныққан  ертіндісі  болып  келеді.  Оны  қорда,
жақсы, тығыз жабылатын шыны ыдыста сақтайды.  Дайындау  технологиясы:  тығыз
жабылатын тығынды флаконға 10 г құрғақ бояуды салады да,  оған  100  мл  96º
спирт ректификат құйып, күнделікті араластыра отырып, бірнеше  күнге  қояды.
Осындай қаныққан  ертіндіден  микроорганизмдерді  бояуға  жарайтын  спирттің
судағы ертіндісін жасайды.
      Жиі қолданылатын ертінділердің қатарына  жататындар:  карболды  фуксин
(Циль фуксині)– 10 л фуксиннің спирттегі қаныққан ертіндісі және 909 мл 5 %-
 ды карбон қышқылының ертіндісі.
      Сұйытылған фуксин -  10 мл карболды фуксин және 90 мл дистілденген су.
      Сілтілі метилен көгі – 30 мл көктің спирттегі қаныққан ертіндісі,  100
мл дистілденген су және 1 мл 1 %-ды сілтінің ертіндісі.
      Микробиологиялық жұмыстарды орындағанда ең негізгі компонент су  болып
табылады. Лабораторияларда бейтарап реакциялы дистілденген су қолданылады.
      Суды бейтараптау үшін екі колбаға 200 мл- ден зерттелетін  суды  құяды
да, олардың әрқайсысына 1-2 тамшыдан дистілденген суда  дайындалған  1  %-ды
нейтральрот ертіндісін қосады. Егер судың рН-ы 5,4-5,5-ке  тең  болса,  онда
су қызыл-қызылша түске боялады. Енді бір колбаға  тамшылатып  1  %-ды  көмір
қышқыл сода ертіндісін оның түсі өзгергенше  қосады.  Екінші  колба  бақылау
ретінде болады. Бейтараптылықтың көрсеткіші ретінде сарғыш- (оранжевый)  түс
алынады. Егерде  ол  түс  10-30  сек.  аралығында  өзгермесе,  онда  реакция
аяқталған деп есептеледі.
      Микроорганизмдерді бояу үшін Лабораториялық жануарлар рН-ы 6,8  –  7,0
аралығындағы суды қолданған дұрыс.




                                       Лабораториялық жануарлар


    Лабораториялық  жануарлар  –  лабораториялық  жағдайда,   питомниктерде
эксперимент немесе өндірістік тәжірибе жүргізу мақсатымен арнайы  өсірілетін
жануарлардың   әртүрлі   түрлері.   Оларды   ауруларды   анықтау,    әртүрлі
физиологиялық және патологиялық  жағдайларды  кескіндеу,  аурулардан  емдеу-
сақтандыру және  химиялық  факторларды  зерттеу  мақсаттарында;  биологиялық
препараттар  –  ауруларға  қарсы  қолданылатын   сары   сулар,   вакциналар,
культуралар, тіндер және т.б. өндіру үшін қолданылады.
    Олардың қатарында әртүрлі систематикалық топтарға жататын  жануарлар  –
қарапайымдылар, құрттар,  буынаяқтылар,  инетерілілер,  амфибиялар,  құстар,
сүтқоректілер болады.
    Лабораториялық жануарларды көбінесе омыртқалылар және омыртқасыздар деп
бөледі.
                   Омыртқалыларға жататын лабораториялық жануарлар.


    Жануарларды  ғылыми  мақсатта  пайдалану  біздің  эрамызға  дейінгі   V
ғасырдан басталады. Бастапқы кезде сирек және кездейсоқ  жағдайда,  көбінесе
үй жануарлары пайдаланылды. Кейіннен жануарларды  тірі  организмнің  әртүрлі
ағзаларының құрылысын және  функцияларын  зерттеу  үшін  пайдалана  бастады.
Мысалы, ерте ғасырдағы Греция табиғат зерттеушісі Диогеннің (б.э. дейінгі  V
ғасыр)  малдың  өлексесін  сою  арқылы  жүректің   алдыңғы   қарыншақтарының
қызметтерін анықтағаны белгілі. XV  ғасырда  Аз  Жәнібек  ханның  тапсырмасы
бойынша қазақтың зерттеушісі Өтеубойдақтың  малдарды  сойып  тексеру  арқылы
жүргізген  зерттеулері  бізге  келіп  жеткен.  Кейіннен   жануарлар   арқылы
Аристотель,  К.Гален,  У.Гарвей  т.б.  анатомияны,  физиологияны  зерттеген.
Бірақта XVII ғасырда кең өріс  алған  экспериментті  биология,  XIX  ғасырға
дейін тоқырауда болып, өз жалғасын таба алмады.
    Осыдан 100 жылдай бұрын зерттеу тәжірибелері үй жануарларына және  оңай
ұстауға болатын тағы жануарларға жүргізіле бастады.  Ол  кезде  жануарлардың
түрлерін  таңдау   аз   және   кездейсоқ   жағдайларда   жүргізілді.   Тіпті
«лабораториялық жануарлар»  деген  ұғым  да  болмады.  Ондай  ұғым  тек  XIX
ғасырдың аяғында ғана  қалыптаса  бастады.  Биология  сызба,  жазба  түрінен
экспериментті түріне  айналды.  Үй  жануарларынан  басқа  тағы  жануарлардың
түрлері: егеуқұйрықтар мен тышқандар,  одан  кейін  үй  қояндары  мен  теңіз
шошқалары экспериментте кең орын ала бастады.
    Әсіресе  егеуқұйрықтар  мен  тышқандар  үй  жағдайында  көбейтуге  және
биологқа керекті бағытта қасиеттерін өзгерту үшін  өте  қолайлы  жануарларға
айналды. Олар табиғи жағдайда кез келген тамаққа  бейім,  өміршең  және  тез
өсімтал; көлемі кішкене, тағылықтан ажыратқаннан кейін бірнеше ұрпақтан  соң
қолға үйреншікті болып  шыға  келеді.  Сондықтан  оларды  ұстау  арзан  және
қолайлы. Олардың өздері жандары үшін лабораторияның «есігін  қағуға»  мәжбір
болды. Адамдарға қажетті зерттеулерді жүргізу үшін өте пайдалы.
    Ал теңіз шошқаларын лабораториялық жануарға  айналдыру  тарихы  басқаша
жағдайда  жүргізілді.  Олардың  отаны  Оңтүстік  Америкада  олар  нағыз   үй
жануарлары  ретінде  өмір  сүрді.  Олардың   физиологиялық   қасиеттері   де
егеуқұйрықтар мен тышқандарға қарағанда ерекше. Кейбір қасиеттері  адамдарға
жуық деуге де болады.  Мысалы,  олар  туберкулез,  бруцеллез  ауруларын  тез
жұқтырады; аскорбин қышқылына бейімділігі жоғары.
    Үй қояндарының  лабораториялық  істе  кеңінен  қолданылуы  олардың  көп
тарауына, шөп қоректілігіне, өсімталдығына тікелей  байланысты  болды.  Олар
мех және ет өнімдері үшін өте арзан және оңай табылатын жануарлар.
    Лабораториялық жануарлардың жаңа түрлерін  еңгізудің  өз  қиыншылықтары
бар. Оларды үйрендіру үшін, негізгі көрсеткіштерінң сипаттамасын  білу  үшін
алдын ала көптеген жұмыстар жүргізу қажет.
    Сондықтан да жоғарыда аталған лабораториялық жануарлар барлық жер  жүзі
мемлекеттерінің зерттеу жұмыстарында  негізгі  орын  алады.  Олардың  ішінде
омыртқалы   лабораториялық   жануарлардың   70   %-ы   тышқандар,   15   %-ы
егеуқұйрықтар, 9 %-ы теңіз шошқалары, 3  %-ы  құстар,  2  %-ы  үй  қояндары,
1 %-ы басқа жануарлар.
    Олардың ішінде  кеміргіштердің  ерекшеліктері   олардың  бірнеше  айлық
өмірінде  адамда бірнеше жылда болатын барлық процесстерді байқаюға  болады.
Ақ тышқандардың орташа өмір  сүруі  1,5-2;  егеуқұйрықтардікі  2-2,5;  теңіз
шошқаларынікі 6-8; үй қояндарынікі 4-9 жыл деп есептеледі.
    Жалпы  биологиялық  зерттеулерде  250-ге  дейін  жануарлардың   түрлері
пайдаланылады. Олардың ішінде лабораторияларда, питомниктерде өсірілетін  ақ
тышқандар, ақ егеуқұйрықтар,  теңіз  шошқалары,  үй  қояндары,  атжалмандар,
иттер, маймылдар т.б. бар. Басқаларын аулау арқылы әр  кезде  ұстайды:  дала
тышқандары,    құмдықтар,    саршұнақтар,    амфибиялар,    балықтар    т.б.
Лабораториялық құстардың тобы бар:  тауықтар,  көгершіндер,  бөденелер  т.б.
Ауылшаруашылық малдарынан: қойлар, шошқалар,  ірі  қара,  жылқылар,  түйелер
және т.б. пайдаланылады.
    Лабораториялық  жануарларды  пайдалану  мақсатына  байланысты   бірнеше
бағытты анықтауға болады:
 1. Ауруларды анықтау бағыты. Адамдардан немесе малдардан  алынған  зерттеу
    материалдарын лабораториялық  жануарларға  егу  арқылы  тексеру.  Мысал
    ретінде туберкулез бен бруцеллезге тексеру үшін сүтті теңіз шошқаларына
    егуді келтіруге болады.
 2. Ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналған  арнайы  бағыт.  Әртүрлі  теориялық
    зерттеулерден бастап жаңа препараттардың улылығын, фармакологиялық және
    емдік  қасиеттерін  анықтау  үшін  жүргізілетін  күнделікті  жұмыстарды
    жатқызуға болады.
 3. Онкологиялық зерттеу бағыты. Бұл бағытта  тышқандар  мен  егеуқұйрықтар
    көптеп  пайдаланылады.  Олардың   көбі   инбридті,   қасиеттері   жақсы
    зерттелген  қатарларға  жатады.  Ондай   қатарлардың   онкология   үшін
    қажеттігі  ғылымның  басқа  салаларына  қарағанда   әлдеқайда   ертерек
    анықталған.
 4. Студенттерді  оқытуға  қолдану  бағыты.  Оқу  орындарының  қаржыларының
    тапшылығы студенттерге  қажетті  тәжірибені  жүргізетін  материалдармен
    қамтамасыз  етуге  мүмкіншілік   бере   бермейтіндіктен   ол   мақсатта
    лабораториялық жануарлардың көптеген түрлері пайдаланылады.
 5.  Биопроба  бағыты.  Көптеген  дәрілер  мен  дәрілік  заттар   клиникада
    қолдануға ұсынылуы үшін  тексеруден  өтулері  керек.  Ондай  тексерулер
    лабораториялық жануарларға жүргізіледі.  Иммундық  сары  суларда  қарсы
    денелердің титрлерін, ертінділердегі белсенді  заттарды,  вакциналардың
    белсенділігін  анықтау  тағы  басқа  да   көрсеткіштер   үшін.   Мұндай
    биопробалардың көбі стандартталған,  оларды  жүргізу  фармакология  мен
    фармацептикалық ережелерде көрсетілген.
   Ғылым мен техниканың қазіргі  талаптарына  сай  қажетті  мөлшерде  сапалы
лабораториялық  жануарлармен   қамтамасыз   ету   технологиялық   проблемаға
айналуда.   Әсіресе   ондай    жануарлар    көп    мөлшерде    онкологиялық,
радиобиологиялық және фармакологиялық зерттеулерде қажет.
   Жануарлардың ешбір түрін адамның көшірмесі деп  қарауға  болмайтындықтан,
тәжірибеде лабораториялық жануарларды қолдану  арқылы  алынған  нәтижелерді,
белгілі бір мөлшерде эксперименттің жасанды түрі деп  қарау  керек.  Мысалы,
сапасын арттыру үшін «аган» препараты  қолданылған  бидай  ұнында  түзілетін
зат күшіктер мен үй қояндарына өте улы, ал теңіз шошқаларына  ондай  улылығы
жоқ. Адамдарға ондай улылығы бар ма, жоқ па белгісіз. Қалай болғанда  да  ол
препаратты ұн өндіру өнеркәсібінде қолданбайды.


            Омыртқасыздарға жататын лабораториялық жануарлар.


   Омыртқасыз жануарлардың ішінде қарапайымдылар,  құрттар,  буынаяқтылар  –
шыбын-шіркей, кенелер т.б. жиі қолданылады.
   Оларды  қолдану  мақсаты  мен   әдістері   де   әртүрлі   болып   келеді.
Қарапайымдылар  жылдам  көбейетіндіктен,  кішкентайлығынан,   лабораториялық
жағдайда ұстаудың қолайлылығынан  өте  ертеден  арзан  экспериментті  модель
ретінде қолданыс табуда. Оларды қатырып ұзақ уақыт сақтау  әдісін  қолдануға
болады. Олардың көбі жыныссыз көбейетіндіктен таза линиясын – клондарын  алу
мүмкіншілігі бар. Ондай жағдай генетикада, иммунологияда  т.б.  зерттеулерге
өте  қажет.  Оларды  экспериментте   қолданғанда   оларға   сыртқы   ортаның
биотикалық және абиотикалық жағдайларын ескеріп отыру керек.
   Лабораториялық жануарлар ретінде тоғышар амебалар  (адамдарда  кездесетін
амебиоз  ауруының  қоздырғыштары),  бос  өмір   сүретін   амебалар   кеңінен
қолданылады.
   Амебаның  ірі  түрлері  (Ameba  proteus,  Chaos,  Pelo  myxa  және  т.б.)
цитогенетикалық  зерттеулерде,  әсіресе  тұқым  қуалаушылық   өзгергіштікті,
мутацияның   пайда   болуы   мен   жиілігін   зерттеулерде    пайдаланылады.
Микрохирургиялық  тәжірибелерде  ядролық   цитоплазматикалық   гибридтер   –
гетерокариондар  алынған.  Олар  арқылы  трансплантациялық  бірікпеушілікті,
эпигенетикалық   өзгергіштік   құбылыстарын   зерттейді.    Иондаушы    және
ультракүлгін   сәлелерінің,   химиялых   мутагенездің   әсерлерін    бақылау
жүргізіледі.
   Паразит  жібшелері  –  трихомонад,  лямблий,   трипаносом,   лейшмандарды
пайдалану арқылы  әртүрлі  зерттеулер  жүргізіледі.  Оларды  қолдану  арқылы
нуклеин  қышқылдарының,  басқа   да   органеллалардың   құрамын   зерттейді;
паразиттер мен олардың иелерінің ара  қатынастарын  зерттеу  моделі  ретінде
қолданады. Адамдардың малерия ауруына қарсы вакцина  дайындауға  мүмкіншілік
туды. Кеміргіштер мен құстардың малерия ауруларының  қоздырғыштарын  зерттеу
эксперименттері жүргізілуде.
   Инфузориялардың  әр  түрлері   де   лабораториялық   жануарлар   қатарына
еңгізілуде.  Балатидиоз  ауруының  қоздырғышы  биохимиялық,   физиологиялық,
цитологиялық,  экологиялық,  радиациялық  зерттеулерде   қолданылады.   Олар
өзгергіштік пен тұқым  қуушылықты  зерттеуде  генетикалық  анализ  жүргізуде
классикалық объект. Инфузорийлардың кейбір түрлері  молекулалық  биологияның
гендік инженерия саласында қолданыс табуда.
   Паразит құрттар – гельминттерді  қолдану  арқылы  олардың  биологияларына
байланысты химиотерапевтикалық препараттардың әсерлерін  зерттейді.  Әсіресе
адамдар мен жануарларда бірдей  кездесетін  тоғышарларды  зерттеудің  маңызы
бар.  Оларды  иелерінің  организмінен  бөліп  алып,арнайы  ыдыстарда  жағдай
туғызып, өсіріп-сақтап барып зерттейді.
   Дүние  жүзінің  көптеген  лабораторияларында   лабораториялық   жануарлар
ретінде  буынаяқтылардың  түрлері  пайдаланылады.  Шыбындар,  қандала,   қан
сорғыш жәндіктер, кенелер  т.б.  түрлері  паразитологиялық  лабораторияларда
кеңінен  орын  алған.  Олардың  ішінде   қан   сорғыш   жәндіктер   көптеген
трансмиссивті індеттерді таратушылар ретінде белгілі.
   Лаборатория инсекторияларында қан сорғыш жәндіктерді  арнайы  колбаларда,
пробиркаларда,  отырғызғыштарда  ұстайды.  Аргасты  және   иксод   кенелерін
спирохеттердің,  риккетсиоздардың,  арбовирусты  индеттердің  қоздырғыштарын
ұзақ уақыт сақтау үшін пайдаланады.


      Лабораториялық жануарлардың генетикалық сипаттамалары.


   Лабораториялық жануарларды көбейткенде бақылауда ұстайтын жағдайлар:
     1. Жануардың денсаулығы;
     2. Генетикалық көрсеткіштері;
     3. Экологиялық көрсеткіштері;
     4. Морфологиялық көрсеткіштері.
       Оларды генетикалық жағынан сызықты (гомозиготты)  және  сызықты  емес
(гетерозиготты)   деп   бөледі.    Сызықты    емес    жануарлар    кездейсоқ
будандастырудың салдарынан туындайды, сондықтан  да  олар  жоғарғы  деңгейде
гетерозиготты.   Бұл   топтағы   жануарларда   инбридинг   (жақын    туыстық
будандастыру) 1 %-дан аспауы керек.
       Сызықты (линейные) жануарларда жоқ дегенде 20  ұрпағы  жақын  туыстық
будандастырылған. Ондай жануарлар  биологияда,  медицинада  экспериментальды
тәжірибеде пайдаланылады.  Биологиялық, физикалық және химиялық  факторларға
жауап  реакциялары  тексеріледі.  Сызықты  емес  жануарлардан   айырмашылығы
олардың гомозиготтығы және генетика жағынан бір туындылығы. Олардың  белгілі
бір биологиялық қасиеттері ұрпақтан ұрпаққа берілуінде.
       Жануарлардың ішінде бактерия, вирус агенттеріне, радиацияға, химиялық
қосылыстарға  жоғарғы  сезімтал  немесе  төзімді  линиялары   бар.   Сызықты
жануарлардың ішінде конгенді және мутанты линиялар бөлінген. Конгенді  линия
 - тек бір локуста ғана ерекшеленетін жануарлардың инбридті линиясы.  Оларда
бір немесе ген арқылы тығыз байланыстағы бір  топтың  тиімділігін  тексеруге
болады. Мутанты линия -  организмнің әртүрлі аномалиясын  тудыратын  гендері
бар линия.
       Қазірде  тышқандардың  700-ге  жуық,  егеуқұйрықтардың   170,   теңіз
шошқаларының 20,  атжалманның  70,  песчаноктардың  6  инбриндті,  конгенді,
мутагенді линиялары белгілі. Олардың гомозиготтығын 2  жылда  бір  рет  тері
трансплантация әдісі арқылы тексеріп  отырады.  Транспланттардың  100  %  оң
нәтиже беруі линияның гомозиготтығының дәлелі  болып  саналады.  Биохимиялық
және  цитогенетикалық  зерттеулер  тексерудің  қосымша  әдістеріне   жатады.
Линияның генетикалық стандартын қалпына келтіру үшін  гетерогенді  белгілері
бар жануарларды жояды немесе барлық  жануарларды  басқа  орталықтан  алынған
жануарлармен алмастырады.
       Сызықты жануарлар сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына өте  сезімтал,
өмір сүрулері қысқарақ болып келеді. Ұзақ уақытқа  созылатын  эксперименттер
қойғанда оны ескеру керек.
       Сонымен, генетикалық тұрғыдан алып қарағанда жануарлардың  3  классын
ажыратуға болады:
  1. Инбридті емес, гетерозиготты, гендері жағынан әртүрлі ;
  2. Инбридті, гомозиготты гендері жағынан бірыңғай;
  3. Бірінші  тұқымның  гибридтері,  гетерозиготты,  бірақ  гендері  жағынан
     бірыңғай.
   Бірінші   топтың   жануарлары   өміршең,   төзімді.   Бірақ   фенотиптік
белгілерінің өзгергіштігіне байланысты  зерттеуге  қолайсыз.  Екінші  топтың
жануарларының   төзімділігі   төмендеу    және   сыртқы   ортаның   қолайсыз
жағдайларына өте сезімтал. Ал үшінші  топтың  жануарларында  екі  топтың  да
қасиеттері бар.
   Инбридинг – ауылшаруашылық малдарының кейбір жақсы асыл тұқымды түрлерін
алуға жақсы әсер етті. Бірақ оны кеңінен қолдану  малдың  өсіміне,  өніміне,
конституциясына кері әсерін тигізеді. Малдарды қолдан  ұрықтандыру,  әсіресе
ірі қара малының ішінде, инбридингтің тарауына жол ашады.
   Қазақтардағы жеті атаға дейін қыз алып,  қыз  берісуге  тиым  салуы  осы
заңдылыққа сәйкес келеді.
   Америкада, Францияда, Японияда, Швецияда XX  ғасырдың  20-50-ші  жылдары
жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде  екі  атадан  қосылған  ағайындылардың
ұрпақтарының ішінде өлі туғандар мен ерте өмірден озғандар,  физикалық  және
психикалық дефектілермен туғандар саны 1,5 – 3,5 есе жоғары болған.


                Лабораториялық жануарларды көбейтудің негізі.


   Қажетті жануарлардың конституциясы талапқа сай, белгілі бір жаста  болуы
керек.  Тұқымды  аз  және  сапасыз  беретін  аналық  жануарлар   аласталады.
Тұқымдыққа іріктеп алынған жануар жөндеу тобына ауыстырылып, ерекше  күтімге
алынады. Олар арнайы жұрналдарға тіркеліп, карточка ашылады.
   Үй қояндары.  Еркек,  ұрғашыларын  жеке-жеке,  2-3  бастан  әр  клеткада
ұстайды. Еркектері мен ұрғашыларының ара қатынасы 1:8  –  1:10  қатынасындай
болуы  керек.  Бірінші  рет   шағылыстыру   ұрғашылары   6   айға   толғанда
жүргізіледі.  Буаздық  уақыты  28-32  күнге  созылады.  Буаз  аналығы   жеке
клеткада бір-бірден ұсталады.  1  аналықтан  1-12  көжек  алынады.  Енесінің
сүттілігіне қарай бір басқа 6-8 көжек қалтыруға  болады.  Көжектері  туғанда
соқыр, он күннен кейін ғана  жетіле  бастайды.  Оларды  20  күндей  енесінің
сүтімен асырайды да, содан кейін азық  бере  бастайды.  Анасынан  бір  айдан
кейін бөледі де, 2-3 бастан әр клеткаға  орналастырады.  Келесі  шағылыстыру
туғаннан кейін 1-1,5 айдан  кейін  жүргізіледі.  Тұқымдық  жұмыс  2-3  жылға
созылады.
   Теңіз шошқасы. Шағылыстыруға 9 айда жіберіледі, еркін түрде. Бос торшаға
алдымен еркегін орналастырады да, бір  күннен  кейін  онда   төрт  ұрғашысын
қосады.  Аналықтарының буаздығы анық білінгенге дейін оларды бірге  ұстайды.
Одан кейін аналықтарын  бір-бірден  жеке  орналатырады,  буаздығы  екі  айға
созылады, сүт бөлу уақыты бір ай. Көздері ашық 2-3 балапан  дүниеге  келеді.
Олар 2-3 күннен кейін жүгіре бастайды. Төлдерді 30 күндік жастан 4-6  бастан
жеке  торшаларға  отырғызады.  Олар  сыртқы  ортаның  қолайсыз  жағдайларына
төзімсіз келетіндіктен  өте  сақтықпен  күтіп-бағады.  Жылына  3-5  рет  төл
алынады. Тұқымдық жұмыс 2, сирек 3 жылға созылады.
   Ақ егеуқұйрықтар мен  тышқандар.  Тұқымдық  тышқандар  5-6  ұрғашысы,  1
еркегі бірге бір торшада ұсталады. Сол  жерде  шағысады,  төлдерін  өсіреді.
Егеуқұйрықтардың да еркегі мен ұрғашысы бірге, бір торшада 10-12 аналық  пен
2-3 еркегі болады. Аналығының  буаздығы  білінісімен  еркегі  басқа  торшаға
ауыстырылады. Аналықтарын  екіден  бір  торшаға  орналастырады.  Олар  сонда
туады, төлдерін өсіреді. Олардан 5-6 ұрпақ алғаннан кейін шығысқа  шығарады.
Тышқандардың буаздығы  18-25  күнге,  ал  егеуқұйрықтардікі  -  16-22  күнге
созылады. Оларды аналарынан 25-30 күнге толғанда бөледі де, 20-25 бастан  әр
торшаға орналастырады.
   Жануарларды ауық-ауық клиникалық  тексеруден  өткізіп  отырады.  Олардың
салмағын,  тік ішек арқылы дене қызуын анықтайды.  Ауруы  бар  шаруашылықтан
алынған жануарларды екі жұма карантинге ұстап барып жалпы топқа қосады.


           Лабораториялық жануарларды азықтандыру.


   Ең негізгі мақсат лабораториялық  жануарлардың  түрлеріне  қарай  оларға
берілетін азықтың мөлшері мен құнарлылығын анықтау. Олар жабайы  жануарларға
қарағанда  өздеріне  қажетті  заттарды  өздіктерінен  тауып   жей   алмайды.
Жануарлардағы бар инстинкт - өз баласын  өзі  жеу  (егеуқұйрықтар),  нәжісін
жеу - капрофагии (үй қояндары) және т.б. ондай  қажеттілікті  өтей  алмайды.
Сондықтан, жалпы ереже бойынша, әртүрлі жануар  ерекше  азықтандыру  режімін
қажет   етеді.   Олардың   жылдам   өсуі,   буаздығы,   ұрпақтарын   сүтімен
азықтандыруы,   кейде   сыртқы   ортаның   температурасының    өзгеруі    де
азықтандыруды  күшейтуді  талап  етеді.  Егерде  азықтың  құрамында  қажетті
ингредиенті жеткіліксіз болса, онда жануарла  әртүрлі  ауруларға  шалдығады.
Азықтың мөлшерінің аз болуы олардың өсіп-өнуін тежейді.  Ондай  жануарлардың
организмінің резистенттілігі төмендейді.
   Сүтқоректі лабораториялық жануарлардың  диеталық  азықтарының  құрамында
дәнді дақылдар, бұршақты өсімдіктер,  жапырақтар,  көк  шөп,  сүт  өнімдері,
майлы  өсімдіктердің  тұқымдары,   балық,   ет,   сүйек,   ашытқы,   әртүрлі
экстрактылар,  витаминдер,  минеральды  заттар  және  су  болуы  қажет.  Бұл
ингредиенттердің  өзара  сиымдылығын,  бірінің  қасиетін  бірінің   жоймауын
ескерген жөн.  Таза  емес  азық  кейбір  індетті  аурулардың  көзі  болуының
мүмкіндігін де ескеру керек. Сүт және сүт өнімдері әсіресе  тышқандарға,  ал
ет  және  ет  өнімдері   егеуқұйрықтарға   қажет.   Рационда   ет   өнімдері
жетіспегенде егеуқұйрықтардың бірін-бірі  жеуі  байқалады.  Егеуқұйрықтардың
рационындағы ет  өнімдерінің  мөлшерін  экспериментте  қолданылған,  індетті
аурулардан таза  мысық,  үй  қояндары  т.б.  сияқты  жануарлардың  еттерімен
толықтыруға да болады.
   Дәнді  дақылдардан  дайындалған  қоспасының  құрамы,  жуықтап   алғанда,
төмендегідей болғаны жөн: сұлы – 50 %, тары – 20 %, арпа – 15 %, бидай –  10
%, күнбағыс немесе кендір 5 %. Балық  майын  нанмен  немесе  дәнді  дақылдан
дайындалған азықтарға қосып береді. Сәбізді тартып берген жөн.  Борды  кесек
түрінде, ал тұзды ботқаға қосады.  Сүтті  таза  түрінде  немесе  қайнатылған
сумен сұйылтып қолданады. Витаминді, тамырлы азықтар қыста қажет.  Ал  жазда
оларды көкпен толықтырады.
   Егеуқұйрықтар үшін дайындалған жемде  70  %  сұлы,  30  %  кебек  немесе
сығынды болғаны дұрыс. Оларға етті пісіріп береді.
   Теңіз шошқаларына қызанақ шырынын немесе қышқыл капустаны балық  майының
орнына береді. Себебі балық майында  С  витамині  болмайды.  Оларға  беретін
жемнің құрамында 50 % сұлы,10 % арпа, 25 % кебек, 15 % сығынды болғаны  жөн.
Кебектіңжелінуін жақсарту үшін  оны  ыстық  сумен  буландырып  барып  берген
дұрыс.
   Ұнтақ  ингредиенттерден  ертерек  дайындап  қойып  берер  алдында  сумен
араластырып паста түрінде беретін де әдіс  бар.  Оларды  ластанбаулары  үшін
арнайы астаушаларға салып  берген  дұрыс.  Құрғақ  пасталарды  да  қолдануға
болады. Паста бактериялардың өсуіне жақсы орта және тез ашығыш.
   Тауықтар мен егеуқұйрықтарды ұнтақ немесе ұнмен де азықтандыруға болады.
Басқа жануарларға беру үшін оларды салатын ыдыстар дайындау қиынға түседі.
   Әртүрлі көлемді тығыздалған брикеттерді қолданудың келешегі бар.


                 Лабораториялық жануарларды күтіп-бағу.


   Лабораториялық  жануарлардың  көптеген  түрлерінің  (әсіресе  тышқандар)
жақсы үйренетіндіктері сонша, олар кез келген жағдайда өсіп-өне береді.
   Лабораториялық жануарларға арналған бөлмелерді  саларда  олардың  көлемі
мен пішініне және микроклиматтық жағдайға көңіл бөлу керек.
   Вивариялар мен питомниктерде  жартысы  жануарларға,  ал  қалған  жартысы
әтүрлі зерттеулер жүргізуге арналады.
   Виварий (лат. Vivarium – аңдар қорығы) –  малдәрігерлік  және  денсаулық
сақтау саласында ғылыми зерттеу мақсатында тәжірибе жұмыстарын жүргізу  үшін
қолданылатын лабораториялық жануарларды күтіп-бағып және  оларды  көбейтетін
жер.
   Лабораториялық тәжірибеде екі ұғым бар:
     1.  Виварий  –  тәжірибеге  қолданылатын  жануарларды  тиісті  жағдайда
        ұстайтын жай;
     2. Питомник – жануарларды тәжірибеге  дейін  ұстайтын  және  көбейтетін
        жай.
     Сондай-ақ  арнайы  және  жалпы  немесе  комплексті  типті  виварийлерді
ажыратады. Оларда аквариумдер, терраримдер (амфибийлер  мен  рептилийлерге),
вольерлер мен торшалар құстар үшін және  тағы  басқа  да  қолдануға  қолайлы
әртүрлі бөлмелер болады. Қыстық, жаздық, тұрақты, уақытша  бөлмелер  деп  те
бөлінеді. Міндетті түрде карантин  бөлмесі,  изолятор,  клиника,  санитарлық
жұмыс  жүргізуге  арналған,  өлген  жануарларды  соятын   және   өлекселерді
сақтайтын, басқа да өндіріске қажетті бөлмелері анықталады.
     Виварийді желдету мәселесіне ерекше көңіл бөледі. Едені  тастан  немесе
цементтен, қабырғалары кафельмен қапталуы керек.
     Виварийде төрт секция болғаны дұрыс:
       1. Сау жануарларға арналған секция;
       2. Тәжірибеге қолданылатын жануарларға арналған секция;
       3.  Азық,  төсеніш,  таза  қордағы  торшалар  және   құрал-саймандар
          сақталатын секция;
       4. Торшаларды,  кір  төсеніштерді  тазалайтын,  өлексені  аластайтын
          секция.
      Бөлмелерде екі есік болуы керек. Біреуі арқылы таза заттар еңгізіледі,
ал екіншісі арқылы қолданылған кір заттар шығарылады.


      Лабораториялық жануарларға арналған торшалар, жатқызғыштар
                                     және басқа да құрал-саймандар.


      Қазіргі кезде көлемі әртүрлі, бірнеше түрлі  материалдардан  жасалған,
конструкциялары да сан қилы торшалар баршылық.
      Жатқызғыштардың қандай түрлері болмасын:  төбеге  ілінетін,  қабырғаға
жапсырылатын, дөңгелекке  орналастырылатын  –  барлығына  қойылатын  негізгі
талап -  олардағы жатқызғыштардың (полкалардың) жылжымалы  болуы  және  оңай
ауыстырылуы.  Қазірде  кең  орын  алған  жылжымайтын  полкалы   жатқызғыштар
ертеңгі күннің талабына сай болмай қалулары әбден мүмкін.
      Торшалардың көлемі туралы әртүрлі  пікірлер  бар.  Қалай  дегенмен  де
қарапайым конструкция торшалары арзан, тазалағанға да  қолайлы;  ұзақ  уақыт
пайдалануға болады.  Оларды  жасайтын  материалдардың  ішінде  ең  қолайлысы
ағаш.  Көп   жағдайларда   пластмассалар   жиі   қолданылып   жүр.   Олардың
кемшіліктері:    тозығы  жеткен   торшалардың   шеткергі   жақтарында   шыны
талшықтары пайда болады да, олар жануарлардың терісінің қабынуын –  дерматит
ауруын тудырады; тығыз емес пластмассалар жылулықтың  әсерінен  деформацияға
ұшырайды; кейбір кеміргіштер олардың шеттерін кеміріп,  тесіп  те  жібереді.
Темірден, болаттан жасалған торшалар қымбат және тез арада өзгертіп  отыруға
қолайсыз.
      Иттерге арнайы торшалар темірден жасалады. Олардың  үлкен  (100х80х100
см) және кабиналы (2м*) түрлері болады.
      Мысықтар тар жерде өмір сүре алмайды.  Оларға  үлкен  вольерлер  керек
(350х700 см, оданда үлкен), онда 15-20 мысықтарды ұстауға болады.  Вольердің
ішінде  әрбір  мысыққа  ұйықтауға  арналған   кабина-дупло   (40х40х30   см)
ұйымдастырылады. Вольерге  үгіндіге  толтырылған  ящик,  инфрақызыл  сәулелі
лампа қойылады.
      Үй қояндарының торшаларының  көлемі  50-70х40-50  см-ден  кем  болмауы
керек.  Арнайы  жатқызғыштар  үш  этаж  етіп  орналастырылады.  Торшаны  да,
жатқызғышты да  металлдан  жасаған  жуып  тазалауға,  дезинфекция  жүргізуге
қолайлы.
      Теңіз шоқаларын үй қояндарының торшаларында ұстауға болады.
      Бір торшада 15 тышқан, 10 егеуқұйрық, 1 үй қоянын,  5  теңіз  шошқасын
және 5 қалтаауыз ұстауға болады. Олардың санын одан арттырмаған жөн.
      Бақаларға аса  терең  емес  цементтелген  бассеиндер  немесе  ванналар
қолайлы. Онда төсеніш немесе құмнан аралша істеп қойған дұрыс.
      Аквариумды ұйымдастыру үшін аквариум туралы нұсқауларға сүйену керек.
      Рептилийлерге арналған террариумдарда температура, жарық және ылғалдық
режімдерін қатаң сақтау керек.
      Ал  тағы  жануарларды  ұстаудың  жағдайларының  әртүрлілігіне   қарап,
виварий  саларда  олардың  қандай  түрлері  болатынына  арналған  бөлімдерді
ойластыру керек.
      Виварийдің  орналасатын  жеріне  дейін  күні  бұрын   жоспарлап,   оны
тұрғындарға  кедергі  жасамайтын  маңайға  орналастырған  жөн.  Егер   ондай
жекеленген алаңға орналастыруға мүмкіншілік болмаса, онда оны  үй  астындағы
жайларға емес үй үстітіндегі жайларға орналастырған дұрыс.
      Лабораториялық жануарларға жұмсақ шымтезек, шөп,  ағаш  ұнтағы,  дәнді
дақылдардың  қауыршығы  жақсы  төсеніш  бола   алады.   Олардың   азықтарына
қойылатын талаптар:
    • азықтың мөлшерден артық емес, бірақ жеткілікті болуы;
    • бүлінген, жатып қалған азықтардың болмауы;
    • құрамында витаминдердің жеткілікті мөлшерде болуы;
    • күніне 2-3 реттен кем берілмеуі, әсіресе буаз жануарларға;
    • азықты таза, дезинфекция жасалған ыдыстар арқылы беру;
    • азықтың бір түрінен екінші түріне біртіндеп көшіру;
    • құрғақ азық бергенде, жануарлар туар алдында сумен қамтамасыз ету;
    •  кеміргіштердің  торшаларына,  әсіресе  тістері   шығар   кезде   ағаш
      таяқшаларын тастау;
    •  мүмкішілігінше  ұсақ  жануарларға  араластырылған  азықтарды   брикет
      түрінде беру;
    • азықтардың сапасын ауық-ауық тексеріп отыру.
   Лабораториялық жануарларды азықтандырудың мөлшері туралы денсаулық сақтау
және ауылшаруашылық министірліктерінің  біріге  отырып  шығарған  нұсқаулары
бар.
   Виварийлер малдәрігерлік ұжымдардың қадағалауында болады. Міндетті  түрде
ауруларға қарсы сақтандыру шаралары жүргізіліп отырады.
   Микробиологиялық  виварийлердің  өз  ерекшеліктері  бар.   Онда   індетті
ауруларға бейім жануарлар көптеп ұсталады.  Кез  келген  жерден  жануарларды
алу қауіпті. Ауыра қалған жануарларды жекелеп ұстайтын жайлар  болуы  қажет.
Ауруларды   жұқтыру   үшін    экспериментке    пайдаланылатын    жануарларды
орналастыратын жайға ерекше көңіл бөлу керек. Індеттің тек виварийлердің  өз
ішінде ғана емес, одан тысқары жерлерге де тарамауына аса көп көңіл  бөледі.
Басқа жақтан әкелінген жануарларды екі жұмадай карантинге қояды.
   Виварийларда селекция жұмысы дұрыс  жолға  қойылуы  керек.  Экспериментке
дайындалған жануарлардың таза  линияларын  алуға  барлық  жағдайды  туғызған
дұрыс.
   Жануарлардың   денсаулықтарын   үнемі   қадағалап   отыру    үшін    жеке
диагностикалық-бақылау лабораториялары жұмыс істейді.


                             Лабораториялық жануарларды пайдалану.


   Лабораториялық жануарларды таңдап алуға қойылатын негізгі талаптар:
     1. Таңдап алынған жануардың зерттелетін микроорганизмге  сезімталдығы.
        Егер қоздырғыш толық  белгілі  болмаса,  онда  сол  аурумен  табиғи
        жағдайда ауыратын жануарлар алынады;
     2. Жануарды күтіп-бағу кезінде  және  онымен  эксперимент  жүргізгенде
        оның қауіпсіздігі және ыңғайлылығы;
     3. Жануарды арзан бағаға оңай табуға болатындығы;
     4. Жануардың бұдан бұрын осы мақсатта қолданылмауы;
     5. Жануардың бацилла сақтаушы болмауы.
      Эксперименттің алдында жануарларды білгілі бір бояумен белгілейді.  Ол
үшін құлағына немесе  аяғына  металлдан  жасалған  номердерді  де  қолдануға
болады. Жануарлардың денсаулығына, массасына,  жасына  және  жынысына  көңіл
аударады. Кей кезде  түсіне  де  қарауға  тура  келеді.  Кейбір  жануарларды
тәжірибе  жүргізер  алдында   әдейілеп   дайындау   керек   болады:   диета,
бейтараптаушы дәрілер, күтіп-бағуда белгілі бір режім т.б..


                       Лабораториялық жануарлардың аурулары.


      Лабораториялық жануарларды виварийларда ұстаудың ерекшеліктері олардың
ауруларды жұқтыруға бейімділігін жоғарылатады. Әсіресе тышқандар  мен  теңіз
шошқалары өте сезімтал болып келеді. Аурудан  сақтандырудың,  оларды  күтіп-
бағудың негізгі ережелерін сақтамау індетті аурулардың тарауына жол береді.
      Лабораториялық   жануарларды    микробиологиялық    статусы    бойынша
стандарттауда оларды екі топқа бөлуге болады:
         1. Конвенциональды (кәдімгі) жануарлар;
         2. Гнотобиотикалық жануарлар.
      Конвенциональды жануарлар көбейткен кезде микробиологиялық  бақылаудан
өтулері керек -  тышқандар,  егеуқұйрықтар,  қалтаауыздар,  теңіз  шошқалары
және   үй   қояндары   –    сальмонеллезге,    түберкүлезге,    листериозға,
лептоспирозға,     пастереллезге,     пневмококкозға,     дерматомикоздарға,
лимфоцитарлық  хориоменингитке;  эктопаразиттер  мен  гельминттердің  барлық
түрлеріне;  тышқандар,  егеуқұйрықтар  және  теңіз   шошқалары   қосымша   –
Streptobacillus moniliformis-ке, микоплазмозға; тышқандар –  Corinebacterium
murium-ге, А  тобының  стрептококктарына,  шешек  вирусына;  үй  қояндары  -
Treponema cuniculi-ге.
      Гнобиотикалық жануарлар – арнайы патогенді факторы  немесе  қоздырғышы
жоқ жануарлар. Олар аса маңызды эксперименттерде кеңінен қолданылады.


                                     Індетті аурулар. Вирус аурулары.


      Лабораториялық жануарлар індетті ринит, індетті  стоматит,  миксоматоз
т.б. вирусты аурулармен жиі ауырады.
      Індетті ринит – қоздырғышы парагрипп-2,  бронхосептикус  бактериялары,
стафилококктар,  пастереллалар.  Үй  қояндары  барлық   жастарында   ауырғыш
келеді. Аэрогенді жолмен ауру жануарлардан  жұғады.  Аурудың  пайда  болуына
және тарауына өкпе жел, температураның  тұрақсыздығы,  ылғалдық,  шаң-тозаң;
виварийда қауырсын, аммиактың шоғырлануы әсер етеді.
      Індетті стоматит –  қоздырғышы  вирус.  Төлдер,  әсіресе  үй  қоянының
көжектері ауырады.  Аурулардан  жұғады.  Тазалықтың  болмауы,  темреатураның
күрт төмендеуі, ылғалдылықтың жоғары болуы, тығыз ұстау т.б. әсер етеді.
      Миксоматоз – қоздырғышы вирус.  Негізгі  тасымалдаушылары  –  масалар,
шіркейлер, биттер, қандалалар, кенелер. Ауру малдардан жұғады.
      Вирустық індеттерге диагноз  қою  үшін  вирусологиялық,  серологиялық,
биологиялық әдістер қолданылады.


                       Бактериялар тудыратын аурулар.


      Бұл   аурулардың   қатарына   пастереллез,   листериоз,    түберкүлез,
псевдотүберкүлез,     колибактериоз,     сальмонеллездер,      пневмококкоз,
стафилококкоздар, плевропневмония және т.б. көптеген аурулар жатады.
      Пастереллез, геморрагиялық септицемия – қоздырғышы грамм теріс  таяқша
пастерелла. Үй қояндары, теңіз шошқалары, егеуқұйрықтар, тышқандар  ауырады;
ірі қара малдарына, шошқаларға, қойларға, қаздарға,  тауықтарға  да  жұғады.
Аурудың  жұғатын  негізгі  көздері:  ауру,  аурудан  кейінгі   бойында   әлі
қоздырғыш  бар  малдар;  лас  азықтар,  инвентарлар;  таратушылар   қатарына
жануарларды күтіп-бағушы адамдар, құстар, кеміргіштер жатады. Ауру  көбінесе
тыныс алу жүйесі арқылы жұғады, басқа жолдарының да болуы мүмкін.
      Сальмонеллез – барлық лабораториялық жануарлар, олардың ішінде әсіресе
ақ тышқандар, үй қояндары, төлдер жиі ауырады. Қоздырғышы паратифоз  тобының
микробтары – сальмонеллалар  (Salmonella  Breuslau,  Gartneri,  Suipestirper
және басқалар). Жұғу жолдары жоғарыдағыдай.
      Стафилококкоз. Қоздырғышы іріңді стафилококк.  Олар  шиқан,  сыздауық,
іріңді  жаралар,  өкпе  қабынуын,  сүйек  ауруларын,  сепсистерді  тудырады.
Организмнің жалпы улануы байқалады. Ауруды  тарататын  негізгі  көз  –  ауру
жануарлар.
      Негізгі белгілеріне қарай септикопиемияны,  қаңғырма  пиемияны,  желін
қабынуын және жалпы пиемияны ажыратады.
      Колибактериоз – қоздырғышы ішек таяқшасы.  Көбінесе  тышқандар,  теңіз
шошқалары, көжектер жиі ауырады. Негізгі  жұқтыру  көзі  –  ауру  жануарлар.
Жануарлардың әлсіреуі, азықтың құнарсыз болуы, лас су, кокцидиоз  инвазиясы,
гельминтоздар және басқа да факторлар аурудың  пайда  болуына  және  дамуына
әсер етеді.
      Пневмококкоз. Қоздырғышы – пневмококктар  (Streptococcus  pntumoniae).
Көптеген лабораториялық және басқа  да  жануарлардың,  адамдардың    іріңді-
қабыну процесстерінің себебі болып табылады.
      Псевдотүберкүлезбен үй қояндары, теңіз  шоқалары,  тышқандар  ауырады.
Аурудың тарайтын көзі қоздырғышпен ластанған азық,  төсеніш,  топырақ,  ауру
малдың нәжісі. Барлық жастағы жануарлар ауырады, Ауру  көбінесе  ас  қорыту,
сирек тыныс алу жолдары арқылы жұғады.  Аурудың  белгілерінің  ерекшеліктері
жоқ. Кей кезде өте ауыр түрде жүреді.
      Түберкүлез. Қоздырғышы – Mycobakterium tuberculosis,  M.  вovis.  Ауру
ауа-тамшысы, шаң-тозаң; кейде  ас  қорыту  жолдары  арқылы  жұғады.  Негізгі
көздері – ауру малдар, ластанған азық  пен  төсеніштер,  ауру  малдың  сүті.
Жұғуы ауыз қуысы, сирек тыныс алу жолдары  арқылы.  Әсіресе  шлабораториялық
жануарлардың төлдері жиі ауырады.
      Листериозбен  жануарлардың  көптеген  түрлері   және   адам   ауырады.
Қоздырғышы – листерия микробы. Ауру ауру жануарлардың  танау  ақпасы,  зәрі,
нәжісі, іш тастаған кеміргіштердің ұрықтары, ластанған  азық,  су,  төсеніш,
инвентарь арқылы жұғады.
      Теңіз  шошқаларының  плевропневмониясы.  Қоздырғышы   –   диплококктар
тобының  микробтары.  Көбінесе  жазғытұрым  және   күзде   байқалады.   Ауру
жануарлардан тарайды және ылғалдылық, жел өті, санитарлық  ластық,  құнарсыз
азық, бациллотасушылар аурудың тамуына себеп болады.
      Бактериялық    індеттерді    микробиологиялық     жолмен     анықтауда
бактериоскопиялық, бактериологиялық,  серологиялық,  биологиялық  және  т.б.
зерттеулер қолданылады. Олардың ішінде  қоздырғыштардың  таза  культураларын
алып, саралайтын бактериологиялық әдіс нақтылы әдіс болып саналады.


                  Саңырауқұлақтар тудыратын аурулары (микоздар).


      Олар қоздырғыштарының биологиялық ерекшеліктеріне, даму процесстеріне,
клиникалық белгілеріне қарай әртүрлі болып келеді. Негізгі топтары:
          1.  Дерматофиттер  –  тері  және  оның  туындыларының  ауруларының
             қоздырғыштары;
          2.   Кандида   түрінің   саңырауқұлақтары   –   терінің,   кілегей
             қабықтардың, сирек ішкі  ағзалардың  аурулары  –  кандидоздарды
             және кандидомикоздарды тудыратын қоздырғыштар.
          3. Криптококктар,  гистоплазмалар,  бластомицеттер,  кокцидиоидтар
             және көгерткіш саңырауқұлақтар - әртүрлі ағзалар  мен  тіндерді
             жарақаттайтын терең микоздардың қоздырғыштары.
      Лабораториялық   жануарларда   кең   тарағандары   құрғақ   теміреткі,
аспергеллез және т.б.. Ал азықтарда – сапролегниоздар (дерматикоздар).
      Құрғақ  теміреткі  лас,  жоғарғы  ылғалдылықты   жерлерде   кездеседі.
Қоздырғышы дерматофит саңырауқұлағы терінің сыртқы, шаштың  қаптарына  кіріп
жарақаттайды.  Онымен  барлық   лабораториялық   жануарлар,   ауылшаруашылық
малдары, аңдар және адамдар ауырады. Әсіресе тышқандар, үй қояндары,  барлық
жануарлардың төлдері  өте  сезімтал  болып  келеді.  Лаборатория  жануарлары
олардың екі түрлерімен – трихофития  және  микроспорья  түрлерімен  ауырады.
Трихофитияның  негізгі  тасымалдаушылары  -   дала   және   үй   тышқандары,
егеуқұйрықтар және басқа да кеміргіштер; ал микроспорийлердікі  –  мысықтар.
Ауру ауру жануарлардан, ластанған заттардан жұғады.
      Қоздырғыш барлық жерлерде кең тараған, жылдың кез  келген  мерізімінде
кездеседі.
      Аспаргиллез  (пневмомикоз).   Қоздырғышы   сыртқы   ортаның   қолайсыз
жағдайларына  төзімді  көгерткіш  саңырауқұлақ   –   аспергиллюс.   Көзі   –
қоздырғышпен ластанған азық,  төсеніш,  ауа,  қолданылатын  заттар.  Әсіресе
көгерген асхана қалдықтары, ластанған құрғақ шөп және т.б..


                       Инвазиялық аурулар.
                  Қарапайымдылар тудыратын аурулар.


      Оған жататындар: дизентерия амебасы, малерия  плазмодийі,  лейшмандар,
токсоплазмоздар және басқалары. Олардың көпшілігі сыртқы  ортада,  иелерінің
және  тасымалдаушыларының  организмдерінде   әртүрлі   пішінде   кездесетін,
өздеріне тән даму циклдері бар торша ішінің тоғышарлары.  Көп  тараған  ауру
кокцидиоз.   Оның   қоздырғышының   әртүрлі   жануарлар   организмінде    өз
ерекшеліктері бар.
      Кокцидиоз  –   қоздырғышы  бір  клеткалы  қарапайым  кокцидии-тоғышар.
Олардың тарату көздері ауру жануарлар,  тасымалдаушылар.  Әр  түрлерінің  өз
ерекшеліктері бар.  Мысалы:  үй  қояндары  олардың  10  түрлерімен  ауырады.
Олардың 9 – ы ішектердің кілегей қабықтарында, ал 1-уі бауырда өмір  сүреді.
Үй қояндарында кокцидиилерді организмде сақтау кең тараған.
      Ауру  ластанған  азықтар,  су,  топырақ,  төсеніш,  инвентарь   арқылы
беріледі. Екі түрі –  ішек  және  бауыр  түрлері  кездеседі.  Бірақ  көбінде
аралас түрін ажыратады. Үй қояндарында эпизоотия ретінде де кездеседі.


                       Гельминттер тудыратын аурулар.


      Мұндай аурулар кең тараған. Лабораториялық жануарларда пассалуроз және
цистицеркоз аурулары жиі тіркеледі.
      Пассалуроз.  Қоздырғышы  жұмыр  құрт  –  пассалура.  Жануарлардың  тоқ
ішектерінде мекендейді. Көзі - қоздырғышпен ластанған нәжіс пен  ішетін  су.
Қоздырғыштың аналықтары көтенішектің қыртыстарына жұмыртқа  салады.  Ол  жер
қатты қышиды. Көбінесе үй қояндарында кездеседі.
      Цистицеркоз (финноз). Қоздырғышы жалпақ құрт  –  цестодтың  личинкасы.
Негізгі  таратушы  иттер.  Олар  нәжісі  арқылы  тоғышардың  жұмыртқаларымен
азықты, суды ластайды.
                  Кенелер тудыратын аурулар (арахноздар).


      Олардың ішінде көбірек тарағандары – қышыма  және  құлақ  қотырларының
қоздырғыштары.
      Қышыма қотыр (саркоптоз, нотоедроз). Қотыр  кенелері  тудыратын  ауру.
Жануарларға аурулар, сайман-мүліктер арқылы  жұғады.  Теріге  еңген  кенелер
қабыну  процессін  тудырады,  қатты  қышу  пайда  болады,  жануарлар   қатты
тынышсызданады, тәбеті жоғалады, өлім-жітімге  ұшырауы  да  мүмкін.  Диагноз
клиникалық  белгілері  және  тері  қырмасын  микроскоппен   тексеру   арқылы
қойылады.
      Құлақ қотыры.  Қоздырғышы  тері  үстінде  өмір  сүретін  кене.  Барлық
лабораториялық  жануарлар,  әсіресе  үй   қояндары   жиі   ауырады.   Жұғыуы
жоғарыдағыдай. Құлақ қалқанының тұсында қышыма, экзема  пайда  болады.  Ауру
асқынғанда құлақтың дабыл жарғағы, орта құлақ, ішкі құлақтар  жарақаттанады.
Егер ми қабы жарақаттанса, онда жануарлар өліп кетуі мүмкін.


                       Жұқпалы емес аурулар.


      Лабораториялық жануарлардың жұқпалы  емес  ауруларының  себептері  өте
көп. Олар: ас қорыту, тыныс алу жүйелерінің,  көздің  аурулары;  үсіну,  күн
және жылу соққыларына ұшырау; мешел,  авитаминоздар  т.б.  болып  кездеседі.
Бұл  аурулардың   көпшілігі   жануарларды   күтіп-бағудың,   азықтандырудың,
эксплуатацияға пайдаланудың дұрыс болмауынан туындайды.
      Ас қорыту жүйесінің ауруларына: іштің және ішектердің  кебуі,  асқазан
мен ішектердің кілегей қабықтарының қабынулары жатады.
      Пододерматит. Жануарларды тор көзді едендерде ұстағанда пайда  болатын
ауру. Әсіресе артқы аяқтың төменгі жақтарының  жүндері  түседі,  ол  жерлері
қотырланып,  ойылады,  жара  пайда  болады.  Кейде  іріңді  жарадан   сепсис
құбылысы туындайды. Жануарлар өліп кетуі де мүмкін.
      Тыныс алу жүйесінің аурулары көбінесе суықтықтан пайда болады. Олардың
ішінде танау қуысының кілегей қабының қабынуы –  ринит,  бронхит,  өкпе  мен
плевраның қабынулары жиі кездеседі.
      Күн  көзінің  және  жылулық  соққылары.  Ыстық  күндері  күн   көзінде
қалғанда, организм қатты ыстықтағанда, жануарларды тығыз,  қапырық,  жоғарғы
ылғалды    жайларда   ұстағанда;   желдеткіш    болмағанда,    ұзақ    уақыт
тасымалдағанда т.б.  жағдайларда  кездеседі.  Айырмашылықтары:  күн  көзінің
соққысын орталық жүйке жүйесіне тиеді, ал дене қызуы  көтерілмейді;  жылулық
соққысында ол барлық организмге тиеді және дене қызуы көтеріледі.
      Үсіну төменгі температураның әсерінен  құлақ,  төменгі  аяқтардың  қан
тамырлары   жіңішкереді,   қан   айналу   процессі   бұзылады,   температура
реттелмейді. Ұзақ уақыт әсер еткенде организмнің жеке  бөліктері  ғана  емес
толықтай үсінуден жануар өліп кетуі мүмкін.
      Үсінудің үш сатысын  анықтайды:  жеңіл  түрі  –  ісіну,  ауырсынғандық
байқалады;  орташа  түрі  –  күлдіреуіктер  пайда  болады,  олар  жарылғанда
орнында жазылмайтын жара қалады; үшінші түрі - өлі еттену, бөліну процессі.
      Конъюнктивит – көз кілегей  қабығының  қабынуы.  Көздің  шаң-тозаңмен,
ұнтақпен,  құммен  т.б.  заттармен   ластануы;   әртүрлі   өткір   заттармен
жарақаттануы;  азықта  А  витаминінің  жеткіліксіздігі.  Жеңіл  және  іріңді
түрлері кездеседі. Көзге ақ түсіп, кератитпен асқынады.
      Мешел. Азықта Д  витамині,  кальций  мен  фосфор  тұздары  жеткіліксіз
болғанда, организмде фосфор мен кальцийдің алмасуы бұзылғанда дамитын  ауру.
Аяқ   сүйектерінің,   омыртқаның    қисаюымен;    буындардың    жуандауымен;
жануарлардың өсіп-өнуінің төмендеуімен сипатталады.
      Авитаминоздар.  Лабораториялық  жануарлар  үшін  А,   В,   С,   Д,   Е
витаминдерінің  маңызы  өте  зор.  Олардың  ішінде  үй  қояндары  мен  теңіз
шошқаларына А, В, С, Д;   ал  егеуқұйрықтар  мен  тышқандарға  А,  В,  Д,  Е
витаминдері  өте  қажет.  Үйткені  олар  С  витаминін   өз   организмдерінде
синтездейді.
      Негізгі себептері: азықта олардың аз, не болмауы; азықтарды  дайындау,
сақтау технологияларының бұзылуы, витамин антагонистерінің  болуы,  жарықтың
жеткіліксіздігі,  ультракүлгін  сәулесінің  кемшілігі,  қараңғы   жай   т.б.
факторлар.
      Лабораториялық жануарлардың ауруларының пайда болу  себептерін  талдай
келе олардың ішінде төрт басты шешуші факторларды атап өтуге болады:
   1. Әр жануарлардың организмдеріндегі генетикалық текті жетілдіру;
   2. Толық қанды азықпен қамтамасыз ету;
   3. Әр жануардың биологиялық ерекшеліктерін ескере  отырып  оларды  күтіп-
      бағудың жағдайын реттеу;
   4.  Жануарларды  тиімді  пайдалануды  үнемі  қатты  қадағалап  отыру.  Ол
      жануарлардың ветеринариялық ғылымды дамытудағы ролінің келешегін айқын
      дәлелдеп көрсете білу.
   Лабораториялық жануарларды аурулардан сақтандыру үшін:
         • санитарлық-гигиеналық ережелерді қатты сақтау, бақылауда ұстау;
         • жануарлар тұрған  жерді,  ауаны,  құрал-саймандарды,  азықтарды,
           төсеніштерді зарарсыздандырып отыру;
         • жануарларды күтіп-бағудың оптимальды жағдайын түғызу;
         • карантиндік шаруаларды дұрыс жүргізу;
         • ауру жануарларды уақытында аластап отыру керек.
      Қазірде   лабораториялық   жануарлардың   індетті   және    инвазиялық
ауруларының 100 түрлері сипатталған. Жануарлардан адамдарға  аурулар  жұқпас
үшін оларды күтіп-бағушы адамдар  жеке  басының  гигиенасын  сақтап,  жүйелі
түрде медициналық тексеруден өтіп отырулары керек.
      Лабораториялық  жануарларға  мұқтаждықты  толық  қамтамасыз  ету  үшін
көптеген мемлекеттерде жеке шаруашылықтар – лаборатория шаруашылықтары  бар.
Оларға  арнайы  кадрлар  дайындау,   қажетті   базалармен   қамтамасыз   ету
мәселелері шешілген. Міне осындай жағдайда ғана  лабораториялық  жануарларды
пайдалануды дұрыс жолға қоюға болады.


                   Тақырыбы:  Ветеринариялық   лабораторияда   жұмыс   істеу
тәртібі.
      Сабақтың  мақсаты:  ветеринариялық  лабораторияның  бөлімдерімен  және
оларда жұмыс істеу тәртібімен таныстыру.


    Ветеринариялық лаборатория (латынша Laboro – работаю, жұмыс істеймін) -
әртүрлі  объектілерді,  олардың  қасиеттерін,  құрылымын,   оларда   болатын
химиялық және биологиялық процесстерді зерттейтін мекеме.
    Негізгі құрамы:
         • республикалық, обылыстық,  қалалық,  аудандық  және  ауданаралық
           малдәрігерлік лабораториялар;
         • ғылыми-зертеу және оқу орындарының құрамдарына  кіретін  ғылыми-
           зерттеу мекемелері.
    Малдәрігерлік лабораториялардың негізгі міндеттері:
        • ауруларды жою және олардың алдын алу үшін малдәрігерлік-санитарлық
          іс-шараларды дайындау, ұйымдастыру;
        • мал азықтарын, суды, ет-сүт өнімдерін және т.б.  азықтық  заттарды
          диагностикалық зерттеулерден өткізу;
        • малдәрігерлік  мекемелерге,  жеке  мал  мамандарына  тиісті  көмек
          көрсету;
        • қажетті әдістемелік нұсқаулар дайындап шығару;
        • малдәрігерлік объектілерде радиологиялық зерттеулер жүргізу.
       Малдәрігерлік   лабораториялар   өз   міндеттерін    орындау    үшін
төмендегідей іс-шараларды іске асырады:
    •  шаруашылықтардан   келіп   түскен   материалдарды   бактериологиялық,
      биологиялық,  серологиялық,   токсикологиялық,   патолого-анатомиялық,
      гистологиялық және т.б. зерттеулерден өткізеді;
    • шаруашылықтарда және жеке меншіктерде аллергиялық  және  т.б.  қажетті
      зерттеулерді жүргізеді;
    • материал жіберген мекемелер мен жеке  адамдарға  зерттеу  нәтижелерін,
      қорытындыларын жеткізеді;
    • жеке шаруашылықтардың,  елді  мекендердің  ветеринариялық-санитариялық
      және эпизоотиялық жағдайларын зерттейді;
    • малдәрігерлік лаборатория жұмыс істейтін аймақтардағы малдәрігерлік іс-
      шаралардың тиімділігін талдап, анықтайды;
    • өзіне тиісті аймақтарда мал ауруларын жою және олардың алдын алу  үшін
      жүргізілетін ветеринариялық-санитариялық  іс-шараларды  дайындау  және
      ұйымдастыру жұмыстарын жүргізеді;
    •  малдәрігерлік  мекемелерде  және  жеке  мал  мамандарына,   сондай-ақ
      шаруашылық  және  фермерлік  қожалықтарда,  жеке  кәсіп  иелеріне  мал
      ауруларымен күресу жөнінде кеңес береді;
    •  алдыңғы  қатардағы  малдәрігерлік   мекемелердің,   шаруашылықтардың,
      фермерлердің,   жеке   кәсіпкерлердің   тәжірибелерін    және    ғылым
      жетістіктерін насихаттап, кеңінен көпшілік арасына таратып отырады.
      Ветеринариялық  лабораториялардың  құрылысы  және   штаты   жергілікті
жағдайларға және  жүргізілетін  зерттеулердің  көлеміне  байланысты  әртүрлі
болып   келеді.   Мәселен,   обылыстық    ветеринариялық    лабораторияларда
бактериологиялық,  серологиялық,  протозоологиялық,  химико-токсикологиялық,
клинико-диагностикалық, патологоанатомиялық,  радиологиялық,  мал  азықтарын
және  тамақтарды  тексеретін  бөлімдер   болады.   Кейбір   лабораторияларда
шаруашылық және  эпизоотологиялық  бөлімдер  қарастырылады.  Ал  ауданаралық
және   аудандық   лабораторияларда    міндетті    түрде    бактериологиялық,
серологиялық және химико-токсикологиялық бөлімдер болады.
      Малдәрігерлік  лабораторияны   директор   –   малдәрігері   басқарады.
Бөлімдерінде  –  меңгеруші-малдәрігері,  лаборант  және  препаратор   немесе
санитар болады. Жергілікті жағдайларға байланысты  бөлімдерде  арнайы  маман
малдәрігерлері болуы мүмкін.
      Типтік жоба  бойынша  обылыстық  ветеринариялық  лабораторияда  келесі
құрылыстар болуы керек: лабораториялық корпус, радиоактивті  суды  сақтайтын
резервуары    бар     радиологиялық     лаборатория,     виварий,     гараж,
залалсыздандыратын дәрілерді  сақтайтын  қойма  және  сарай,  өлексені  және
патологоанатомиялық материалдарды жағатын пеш. Лаборатория жарық, кең  болуы
керек. Төбесінің биіктігі 3 м, сеңкесінің кеңдігі - 2,5-3  м,  терезелерінің
көлемі - 2,2-2,4 м. Әрбір терезеде оңай және жеңіл ашылатын желдеткіш  болуы
керек. Терезелердің көлемі  жалпы  бөлменің  15-20  %  -дай  мөлшерде  болуы
қажет. Есіктерінің ені 1 м, биіктігі - 2,25  м. Едені линолеуммен,  плитамен
немесе пластикатпен жабылады. Қабырғаларын майлы  бояумен  боялады.  Бу  көп
болатын бөлмелердің қабырғаларын плитамен қаптаған  жөн.  Арнайы  зерттеулер
үшін жеке бөлмелер қарастырылады.
      Бактериологиялық  кабинет  –   көлемі   23-32   м²,   бактериологиялық
зерттеулер жүргізуге бейімделіп, арналған бөлме. Онда шынымен қоршалған,  7-
8 м²  көлемде  бокс  болады.  Кабинет  және  бокс  бактерицидті  лампалармен
қамтамасыз етіледі. Бактериологтың жұмыс  үстелі  линолеуммен,  пластикатпен
немесе шынымен қапталады.  Үстелде  барлық  қажетті  реактивтер,  приборлар,
аппараттар  және  материалдарды   дайындауға,   бояуға,   микроскоп   арқылы
тексеруге  қажетті  заттар  болады.  Бокста   сондай   үстелде   зерттелетін
материалды қоректік ортаға  себуге  және  қайталап  өсіруге  қажетті  құрал-
саймандар болады. Бактериологиялық кабинетте микроорганизмдерді  өсіру  үшін
термостат қойылады.
      Жақсы   жабдықталған   бактериологиялық   кабинеттерде   люминесцентті
микроскопқа  арналған  қараңғыланған  бокс  болады.  Сондай-ақ  араластырғыш
аппараттар, центрифугалар,  анаэробтарға  арналған  микроанаэростаттар  және
т.б. лабораториялық заттар болуы керек.
      Қабылдау  бөлмесі  –  көлемі  9-15  м²  болып   келетін,   зерттелетін
материалдар  түсетін  бөлме.  Бөлмедегі  линолеуммен,  пластикатпен   немесе
шынымен  қапталған  үстелдің   үстінде   эмальды   ванночкалар,   пинцеттер,
қайшылар,    скальпель,    залалсызданратын    сұйық    құйылған     ыдыстар
орналастырылады. Онда зерттелуге түскен  материалдар  қабылданып  реттеледі.
Жеке үстелде  ол  материалдар  тіркеліп,  материал  иесіне  тиісті  құжаттар
беріледі.
      Мал соятын бөлме – көлемі 17-25 м² болатын,  жақсы  желдетілетін  және
жарық бөлме болуы  керек.  Едені  су  өткізбейтін,  майлы  бояумен  боялған,
немесе  плитамен  қапталған  болады.  Бөлме  суық  және  ыстық   сумен,   су
ағындысымен қамтамасыз етіледі. Онда ұсақ малдарды  соятын,  инструменттерді
қоятын   үстелдер;   хаттама   жазуға   арналған   қозғалмалы   үстел   және
инструменттерді, халаттарды, перчаткалар мен реактивтерді сақтайтын  шкафтар
орналастырылады.
      Асколи кабинеті – көлемі 11-14  м²  болатын  сібір  жарасына  арналған
материалдарды  зерттейтін  бөлме.  Онда  преципитация  реакциясына   керекті
пробиркаларға арналған штативі бар үстел, пастер  және  өлшегіш  пипеткалар,
биологиялық препараттар және басқа да  қажетті  материалдар  болады.  Қанның
сары  суын  және  антигендерді  пробиркаларға  құю  үшін  Кольцовтың  немесе
Флоринскийдің аппараттары, автоклав болуы қажет.
      Серологиялық кабинет – көлемі  20  м²  болатын,  серологиялық  реакция
қоюға арналған бөлме. Онда лабораториялық үстелдер; қыздырылатын  прибиорлар
мен су  ваннасына  арналған  үстел;  лабораториялық  ыдыстарды,  биологиялық
препараттарды, реактивтер мен басқа да материалдарды қоятын шкафтар болады.
      Бактериологиялық асхана – көлемі 13-16 м²  болатын,  қоректік  орталар
дайындауға, оларды сүзіп,  құюға;  материалдарды  залалсыздандыруға  керекті
қыздырғыш  приборлар  мен  аппараттарға  арналған  үстелдер  мен  ыдыстарды,
реактивтерді, дайындалған қоректік ортаны және тағы да  басқа  материалдарды
сақтайтын шкафтар орналастырылған бөлме.
      Автоклав  бөлмесі.  Көлемі  13-15  м²  болатын,   қоректік   заттарды,
ыдыстарды,   патологиялық    материалдарды    залалсыздандыратын    автоклав
орнатылған бөлме.
      Жуу бөлмесінің көлемі 15 м²-тан кем болмауы керек.  Онда  ыдыстар  мен
инструменттер жуылып, кептіріледі. Ыдыстар мен инструменттердегі  зиянды  бу
мен  газдарды  соратын  шкаф  орналастырылған,  ыдыстарды  хром  қоспасымен,
сілтілік ертіндімен, таза сумен жууға  арналған  үстелдер  бар.  Үстелдердің
үстіңгі  жағында  тақталар  мен   ыдыстарды   кептіруге   арналған   сөрелер
орналастырылады.
      Клиникалық диагностикалық  кабинет.  Көлемі  17,7  м²  болатын  қанды,
асқазан  сөлін,  зәрді,  нәжісті  және  басқа   да   қажетті   материалдарды
клиникалық-диагностикалық  мақсатта  зерттеуге   арналған   бөлме.   Бөлмеде
қажетті зерттеулер жүргізуге арналған арнайы  үстелдер,  аппаратуралар  және
реактивтер болады.
      Гистологиялық  кабинет.  Көлемі   16,6   м²   болатын,   патологиялық-
гистологиялық зерттеулерді  жүргізуге  арналған  бөлме.  Онда  гистологиялық
кесінділер   жасауға   қажетті   барлық   аспаптар   (микротомдар,    арнайы
лаборатроиялық  үстелдер,  қажетті  ыдыстар,  бояулар,  реактивтер,  ыңғайлы
жұмыс  орны)  орналастырылады.  Сондай-ақ  залалсыздандырылып,  ұзақ   уақыт
сақтауға арналған препараттар  бар  банкілер  қойылатын  шкафтар  мен  музей
витринасы болғаны жөн.
      Химикалық-токсикологиялық кабинет.  Көлемі  30,4  м²  болатын,  сорғыш
шкафтар мен  лабораториялық  үстелдері  бар;  мал  өнімдерінен  дайындалатын
азықтарды,  суды,  топырақты  және  басқа  да   патологиялық   материалдарды
зерттеуге бейімделген бөлме.
      Азық лабораториясы. Көлемі 18,5  м²  болатын;  етті,  сүтті,  балықты,
жұмыртқаны және басқа да заттарды санитарлық-гигиеналық  зерттеуге  арналған
бөлме.
      Мал азығының  сапасын  тексеруге  арналған  кабинет.  Көлемі  14,2  м²
болатын, мал азығының құрамын (белоктарды, тұзды,  каротинді,  витаминдерді,
сүрлемнің  қышқылдығын,  азықтың  құрамындағы   қоспаларды)   және   сапасын
зерттейтін бөлме. Ол бөлме сорғыш және лабораториялық  шкафтар,  үстелдермен
қаматамасыз  етіледі.  Онда  азықтарды  минералсыздандыратын  және   жағатын
электр приборлары болуы қажет.
      Гельминттік-протозоологиялық  кабинет.   Көлемі   15,4   м²   болатын,
гельминтологиялық, арахно-энтомологиялық  және  протозоологиялық  зерттеулер
жүргізуге   арналған   бөлме.   Бөлмедегі   үстелдерге    гельминтологиялық,
гельминтолярвоскопиялық,    арахноэнтомологиялық    және    протозоологиялық
зерттеулер жүргізуге қажетті құрал-жабдықтар орналастырылады.
      Кейбір лабораторияларда биостимуляторлар  және  басқа  да  препараттар
дайындауға арналған өндірістік бөлімдер  болады.  Оның  көлемі  типтік  жоба
бойынша 31,6 м². Онда термостат бөлмесі мен бокс болуы қажет.
      Жоғарыда  келтірілген  кабинеттерден  басқа  республикалық,  обылыстық
лабораториялық корпустарда, типтік жоба бойынша,  дәрігер  эпизоотолоктарға,
реактивтерге, басқа қажетті материалдарға, ыдыстар мен приборларды  сақтауға
арналған  кабинеттер   қарастырылады.   Сондай-ақ,   фотолаборатория,   душ,
шешінетін орын болуы қажет.
      Мал  өнімдерінің,  азықтардың,  судың  және  де  басқа  материалдардың
радиоактивті   ыластықтарын   зерттеу    үшін    республикалық,    обылыстық
ветеринариялық лабораторияларда, радиоактивті бөлінген суды  сақтайтын  қоры
бар,  радиологиялық   бөлімдер   құрылады.   Бұл   бөлімдер   ветеринариялық
лабораторияның жалпы корпусынан бөлек  орналастырылады,  немесе  жеке  кірер
есігі болуы керек.
      Радиологиялық бөлім типтік жоба  бойынша  келесі  бөлмелерден  тұрады:
қабылдау бөлмесі  (6,36  м²);  препаратор  бөлмесі  (9,9  м²);  радиометрлік
аппарат бөлмесі (16,3 м²); қызметкерлер бөлмесі; қойма; желдеткіш, душ  және
санитарлық бөлме.
      Радиологиялық   бөлімді   жоспарлауда,   аппараттарды    орналастыруда
қойылатын негізгі талап қызметтегі  адамдардың  өмірінің  қауіпсіздігі  және
қоршаған ортаның ыластанбауы.
      Тәжірибеге қолданылатын жануарларды ұстау  үшін  типтік  жоба  бойынша
жеке құрылыс – виварийлар қарастырылады.  Лабораторияның  өз  ішінде  ауруды
жұқтырмас үшін және  індетті  аурулардың  таралуына  жол  бермеу  мақсатында
төмендегідей ережені сақтау қажет:
         • материалдармен  жұмыс  істегенде  ешқашан  жалаң  қолмен  оларды
           ұстауға болмайды. Ол үшін пинцет, инелер, ілгіштер және басқа да
           инструменттер пайдаланылады;
         • індетке қатысты  бөлмелердегі  барлық  заттар  залалсызданырылуы
           қажет, сұйық материалдарды резина грушы арқылы алады, пипеткалар
           мақтамен  тығындалады.  Індетпен  байланысты   барлық   жұмыстар
           бокста,   жалынды   пайдалана   отырып   жүргізіледі.    Індетті
           материалдар  салынған  пробиркалар,  колбалар,  бактериологиялық
           ыдыстар материалдың сипатына қарай белгіленіп, культураның  аты,
           номері, алынған датасы жазылады;
         • егер індетті материал қоршаған заттарға тиіскен болса,  онда  ол
           заттар  мұқият  залалсыздандырылады.  Ластанған  жерді   спиртті
           пайдалана отырып жаққан дұрыс. Ласанған заттарды,  материалдарды
           тіркеп,  бір   ыдысқа   жинайды   да,   сол   күннен   қалтырмай
           залалсыздандырады. Індетке байланысты барлық жағдайларды  арнайы
           жұрналға тіркейді;
         • бөлімде жұмыс істейтін адамдардың денесін індеттен  қорғау  үшін
           арнайы пленка, аяқ киім,  фартуктар,  комбинезондар,  қолғаптар,
           бахилдар және резина етіктер пайдаланылады. Радиоактивті  заттар
           тыныс жолдары арқылы ішке  түспеуі  үшін  арнайы  маскалар,  бір
           реттік респираторлар пайдаланылады.

    Тақырыбы:   Лаборатория   жұмысындағы   қауіпсіздік   техникасы    және
көрсетілетін алғашқы көмек.
    Мақсаты: Қауіпсіздік техникасымен және  қатерлі  жағдайда  көрсетілетін
алғашқы көмекпен таныстыру.


      Лабораториялық жұмыстарда еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздікті
сақтау. Химиялық, медициналық, ветеринариялық, бактериологиялық  және  басқа
да лабораторияларда  жұмыс  істеу  ешқашан  қауіпсіз  болған  емес.  Ертеден
қазіргі біздің уақытқа  дейін  жеткен  историялық  деректер  нешетүрлі  ауыр
қайғылы  жағдайлардың  болғанына  куә.  Техниканың  дамуы  кезеңінде   бұрын
белгілі емес қауіпті  факторлардың  пайда  болуы  қауіпсіздікті  ауырлатпаса
жеңілдетпейді. Қазіргі ғылыми бағытта электроэнергиясыз,  жоғарғы  қысымсыз,
терең вакуумсыз, жоғарғы және төменгі температурасыз, әртүрлі улы  заттарды,
қауіпті  бактерияларды,  вирустарды,   риккетсийлерді   қолдабайынша   жұмыс
жүргізу мүмкін  емес.  Олардың  көбі  жарылудың,  өрттің,  радиацияның  және
індетті таратудың негізгі себептері болуы мүмкін. Міне сондықтан да  еңбекті
қорғау жүйесін қамтамасыз ету өте қажет. Адамдар мен  малдардың  денсаулығын
сақтау және қорғау өзара тығыз байланысты бөлімдерден тұрады:
   1. еңбекті қорғаудың құқықтық және ұйымдастыру мәселелері;
   2. өндірістегі санитарлық-гигиеналық сақтық;
   3. өртке қарсы ұйымдастырылатын қауіпсіздік мәселелері;
   4. қауіпсіздік техникасы.
    Еңбекті қорғаудың құқықтық және ұйымдастыру мәселелері  еңбекті  қорғау
заңдылықтарына;  өндірістік  жарақатты  тексеру,  есептеу  және  талдау  іс-
шараларына; еңбекті қорғау туралы стандарттар  мен  нұсқауларға;  қызметтегі
адамдарды  қауіпсіз  жұмыс  істеу  әдістерін  оқыту  жүйесіне;   қауіпсіздік
тезникасын ұйымдастыру және еңбекті қорғау шараларының іске асуын  бақылауға
алу шараларына сүйенеді.
    Өндірістік   санитария   дегеніміз   адамдар   мен   малдарды    ауруға
шалдықтыратын немесе жұмысқа қабілеттілігін төмендететін  өндірістің  зиянды
факторларын қалыпты деңгейге  дейін  төмендетуге  немесе  жоюға  бағытталған
ұйымдастыру іс-шараларының және сол үшін техникалық мүмкіншіліктерді  ұтымды
пайдаланудың тиімді жүйесі.
    Еңбек гигиенасы  –  медицина  мен  ветеринария  саласындағы  сақтандыру
мәселесі. Ол – адамдар мен  малдардың  жұмысқа  қабілеттілігін  жоғарлатудың
және кәсіптік аурулардан сақтандырудың ғылыми негізі және  тәжірибе  жүзінде
іске асыру.
    Өртке  қарсы  қауіпсіздік  мәселесінде  өртті  болдырмау,  бола  қалған
жағдайда оны өршітпеу және тез арада  өшіруге  барлық  жағдайды  жасау,  өрт
кезінде адамдардың қауіпсіздігін және мал басының сақталуын  қамтамасыз  ету
туралы іс-шаралар қарастырылады.
    Қауіпсіздік техникасы  –  жұмыстағы  адамдардың  жарақаттануына  немесе
кенеттен денсаулығының нашарлауына себеп  болатын  қауіпті  факторларды  жою
үшін ұйымдастырылатын  іс-шаралар  мен  техникалық  мүмкіншіліктерді  ұтымды
пайдалану жүйесі. Ол жүйе еңбекті  қорғаудың  негізгі  саласы  бола  отырып,
келесі мәселелерді шешеді:
    •  жұмыстағы  адамдарға  еңбек  қауіпсіздігі  туралы   ережелерді   және
      нұсқауларды оқытып, үйрету;
    • мекемені және соның маңайындағы  құрылыстарды  техникалық  қауіпсіздік
      жағдайда ұстау;
    • жаңадан алынған немесе өндіріске жаңадан қосылған құрылыстарды  қорғау
      және сақтандыру техникаларымен қамтамасыз ету;
    • жұмысшыларды өндірістік қауіпті және зиянды факторлардан қорғау туралы
      ұжымдық және жеке бастық мәселелерді шешу.  Ондай  нұсқаулармен  әрбір
      жұмысшылармен, қызметкерлерді қамтамасыз ету.
   Қауіпсіздік техникасы туралы  іс-шаралар  «Еңбек  туралы  заңның»  тиісті
баптарына  негізделіп  іске  асырылады.  Қалыптылық  құжаттардың   негізінде
еңбектің қауіпсіздігін реттейтін мемлекеттік және салалық стандарт  жүйелері
жатыр.
   Әрбір мекемелерде, ұжымдарда еңбек қауіпсіздігі туралы оқулар, нұсқаулар,
аттестациялар,   жеке   кабинеттер    ұйымдастырылады.   Насихат   жүргізуде
плакаттар, радио, кинофильмдер, дәрістер және кеңестер кеңінен қолданылады.
   Өндірістік құрал-саймандардың техникалық  қауіпсіздігі  оларды  құрастыру
кезінде және олармен жұмыс істеу барысында қамтамасыз  етілуі  қажет.  Серия
бойынша шығарылатын өндірістік құрал-жабдықтар еңбек қауіпсіздігі  жөніндегі
стандарттық жүйеге сай  болуы  керек.  Жұмыс  барысында  қосымша  техникалық
қауіпсіздікті қажет етпейтін жабдықтардың маңызы өте зор.
   Техникалық қауіпсіздікті сақтау іс-шараларының ішінде ұжымдық  және  жеке
басты қорғау мәселелері негізгі роль атқарады.  Ондай  нұсқаулар  өндірістік
қауіпті және зиянды  факторларға  қарсы  сенімді  және  тиімді  болуы  шарт.
Әсіресе желдеткіш  жүйесінің,  радиациялық  қорғаныстың  тиімділігі;  электр
қондырғыларының, жұмыс  орнының  жарықтануының  талапқа  сай  болуы;  арнайы
киімнің, қорғаныс көзілдірігінің сапалылығы үнемі қадағалауда  болуы  керек.
Бұл талаптарды орындамау ешқандай ақталуға жатпайды. Тіпті  кейбір  жағдайда
қауіпсіздік туындамаса да негізгі ережені  бұзуға  болмайды.  Үйткені  ондай
дағды бара-бара әдетке  айналып  кетуі  салдарынан  кейіннен  үлкен  қатерге
апарып соғуы мүмкін. Дағдыға айналған кішкентай кемшіліктің  өзі  өндірістік
жарақатқа, кәсіптік ауруға және әртүрлі  апаттық жағдайға ұшыратуы  ықтимал.
Өндірістік ситуацияда кездесетін барлық қауіпті жағдайдың алдын  алу  мүмкін
емес. Сондықтан  әрбір  қызметкер  жұмыс  барысында  кездесетін  кез  келген
қауіпті жағдайға қарсы тұруға  дайын  болуы  керек.  Лабраторияда  істелетін
барлық жұмыстар нақтылы, ұқыпты, асығыссыз  орындалуы  шарт.  Жұмыс  орнында
тек сол кезде  ғана  қажетті  реактивтер,  приборлар,  құрал-саймандар  рет-
ретімен орналасуы керек. Жұмысқа  тек  орындалатын  жұмыстың  барлық  барысы
анықталғаннан кейін ғана кіріседі. Бактериологиялық  зерттеулер  жүргізгенде
және улы заттармен жұмыс істегенде тамақ  ішуге,  темекі  тартуға  болмайды.
Улы  заттармен  жұмыс   істегенде   резина   қолғапты,   қорғау   көзәйнегін
пайдаланады. Індетті жарақатты материалдарды  пинцет,  қысқыш,  ине,  тұзақ,
ілгіш, корнцангтар арқылы  алады.  Сұйықты  пипетка  арқылы  алғанда  резина
грушаны   пайдаланады.   Індетті   материалға   қатысты   барлық    ыдыстар,
операторлардың  қолдары,  үстелдер  залалсыздандыратын   ертіндімен   мұқият
жуылады.
   Өте қатерлі материалдармен жұмыс жеке бөлмелерде қосымша қорғау  заттарын
пайдалану арқылы жүргізіледі. Артық буды,  газды,  ұшқыш  химиялық  зататрды
уақытында шығарып отыру үшін сорғыш шкафтар болуы қажет.
   Реактивтер, химиялық заттар сақталатын ыдыстарда олардың аты, заты  толық
жазылған этикет болуы шарт. Оны түзетуге, ескісін  алмай  жаңасын  жапсыруға
тиым  салынады.  Этикетсіз   реактивтерді,   химиялық   заттарды   қолдануға
болмайды.
   Химиялық  реактивтердің,  органикалық   ертінділердің,   микробиологиялық
зерттеудің қоректік  заттарын,  радиоактивті  қалдықтарды  раковинаға  құюға
тиым салынады. Оларды арнайы бөлінген орынға жинап, белгілі  тәртіп  бойынша
жояды.
    Жұмыс істеп тұрған аппараттарды, электр  приборларын,  газ  жаққыштарды
ешуақытта  бақылаусыз   қалтыруға  болмайды.   Толық   жұмысқа   қосылмаған,
бірқалыпты жұмыс істемейтін, немесе көрсеткіштері  дұрыс  емес  аппараттарды
асығыстықта  басқа  біреуге  тапсырып  қалтырып   кетуге   болмайды.   Жұмыс
аяқталғанда,  лабораторияны  жабар   алдында,   барлық   аппаратуралар   мен
приборлардың толық жұмыстан шығарылғанын тексеру  қажет.  Сулар  мен  газдар
жабылып, электр жүйесі ажыратылуы керек.
    Жеке басты, толық бір ұжымды қауіптен қорғайтын заттар мен  нұсқауларға
ерекше көңіл аударады.
    Жеке басты қорғауға приборлар, арнайы киімдер және  радиоактивті,  улы,
бактериалды  заттардың  зиянды  әсерлеріне  қарсы  қолданылатын  препараттар
жатады. Әсер ететін заттардың ерекшеліктеріне байланысты жеке  басты  қорғау
заттары механикалық,  қызулық,  жарықтық,  дыбыстық,  химиялық,  биологиялық
болып  бөлінеді.  Олардың   ішінде   көбірек   тарағандары:   противогаздар,
респираторлар,    дыбысқа    қарсы    қолданылатын    приборлар,    қорғаныш
көзілдіріктер, арнайы киімдер,  антидоттар,  радиацияға  қарсы  қолданылатын
препараттар, жеке бастың  химиялық  заттарға  қарсы  қолданылатын  пакеттер,
қорғайтын майлар, пленкалар және т.б. Жеке  басты  механикалық  факторлардың
зиянды әсерлерінен  қорғайтын  броножилеттер,  каскалар,  шлемдер,  байлағыш
ремендер кеңінен пайдаланылады. Сонымен қатар қолдан  жасалатын  мақта-марлі
байлағышы, шаң-тозаңға  қарсы  тканьнан  жасалатын  маскалар,  қара  әйнекті
көзілдіріктер, су өткізбейтін  жамылғыштар,  синтетикалық  тәждебиктер  және
т.б. Мұндай қолдан  жасалатын  қорғау  заттарының  әсерлері  уақытша  екенін
естен шығармау керек.
    Арнайы киімдер – жеке адамның жұмыс істеуіне кедергі келтірмейтін,  оны
қауіпті және зиянды өндіріс факторларынан қорғайтын киімдер.  Оларды  арнайы
белгілі бір профессияға арналған, немесе әр  саладағы  ұқсас  профессияларға
арналған деп бөледі. Арнайы курткалар, шалбарлар, комбинезондар,  костюмдер,
халаттар,  тондар,  плащтар,  фартуктер,  жилеттер,  қолғаптар   бір-бірімен
қатарынан  және  қосымша  аяқ  киімдермен,  бас  киімдермен  және  басқа  да
қорғаныс заттарымен қатарынан қолданылады.
    Жалпы 12.04.015-76 ГОСТ-ы бойынша арнайы  киімдер  қорғау  қасиеттеріне
байланысты 16  топқа  және  36  топ  ішіндегі  бөліктерге  жіктеледі.  Әрбір
топтағы киімдерге нақтылы талаптар қойылады.
    Жоғарғы  деңгейдегі  улы  және  өте  қауіпті  заттарға  арнайы  киімдер
пленкадан немесе арнайы  заттармен  қанықтырылған  материалдардан  тігіледі.
Олар улы заттарды өз бойларына сіңірмеуі және тігістері  арқылы  улы  заттар
өтпейтіндей болулары қажет.
    Қорғау және қауіпсіздік үшін:
         •  радиоактивті  заттардан  –  денені  толық  жабатын  және  жеңіл
           залалсыздандыруға болатын мақтақағаз және лавсан материалдарынан
           істелген киімдер;
         •  органикалық  ертінділерден,  мұнай   және   оның   өнімдерінен,
           майлардан – мақтақағаз және синтетикалық  торшалармен  өңделген,
           органикалық қосылыстарға тұрақты материалдардан істелген  арнайы
           киімдер;
         •  зиянды  биологиялық  факторлардан  –   денені   толық   жабатын
           мақтақағаздан  жасалған  киімдер  және   бетті   шыбын-шіркейден
           қорғайтын торшалар қолданылады.
      Арнайы киімдерге қойылатын талаптар –  олар  қорғау,  жұмыс  істегенге
қолайлы болу, эстетикалық, гигиеналық талаптарға сай болуы.
      Мәселен,  обаға  қарсы  тігілген  костюм  арнайы  киімдердің  қатарына
жатады.  Ол  киім  тек  обадан  ғана  сақтап  қоймайды,  басқа  да   індетті
аурулардан сақтандырады. Ол пижамадан, комбинезоннан, обаға қарсы  халаттан,
бас киімнен, мақта-марлі маскасынан,  респиратордан,  противогаздан,  қорғау
көзілдірігінен, резина етіктен,  резина  қолғаптан  және  орамалдан  тұрады.
Оған қосымша резинкаланған полиэтилді фартук, жеңдік және екінші қос  қолғап
болады.
      Комбинезон бір түсті тығыз  материалдан  тігіледі.  Алдыңғы  түймелері
толық түймеленеді. Аяқ  жағы,  қолдардың  ұшы  байланады.  Қыста  оны  қалың
киімнің сыртынан киетін болғандықтан көлемі үлкен болады.
      Обаға  қарсы  тігілетін  халаттың   көлемі   үлкен,   ұзын,   етектері
айқастырылып жабылатындай, алдыңғы жағынан байлап бекітетіндей болуы  керек.
Жеңдерінде  байлайтын  бау,  бас  киімі  (капюшон),  немесе  оба   байлауышы
мойынды, иекті, ұртты, маңдайды толық жабатындай болады.
      Мақта-марлі маскасы ұзындығы 125 см, көлденеңі  50  см  марлінің  орта
тұсына ұзындығы 25 см, көлденеңі 17 см мақта салынып,  оның  қалыңдығы  1,5-
2,0  см  етіліп  жасалады.  Оның  екі  жақ  шеттерінен  мақтаға  дейін  қиық
жасалады. Масканы қағазға орап залалсыздандыруға болады. Қорғау  көзілдірігі
ретінде  жақсы  герметикалық  жағдай  туғызатын  кез   келген   көзілдірікті
қолдануға болады.
      Орындалатын жұмыстың түріне қарай қорғау костюмінің 4 негізгі  түрлері
бар:
         • бірінші түрі – толық обаға қарсы костюм. Оның  құрамында  пижама
           және комбинезон, копюшон  немесе  үлкен  байлауыш,  оба  халаты,
           мақта-марлі маскасы, резина қолғап, көзілдірік, носки, етік және
           орамал болады;
         • екінші түрі – жеңілдетілген обаға қарсы костюм.  Оның  құрамында
           тек көзілдірік қана болмайды. Басқасы жоғарыда аталғандай;
         •  үшінші  түрі  пижамадан,  халаттан  үлкен  байлауыштан,  резина
           қолғаптардан, носкилерден, галоштардан және орамалдан тұрады.;
         • төртінші  түрі  пижамадан,  халаттан,  медициналық  қалпақшадан,
           кішкене байлауыштан, носкилер мен тапочкалардан тұрады.
      Костюмдердің  індет  бар  немесе  қауіпті  жерлерде  қандай   түрлерін
қолданудың, оларды қалай киюдің арнайы нұсқаулары  болады.  Өлексені  сойған
кезде қосымша клеенкадан тігілген фартук, жеңдік  пайдаланылады.  Ал  резина
қолғаптар мен орамал  фартуктың  белдігіне  қыстырылады.  Костюмнің  бірінші
түрімен 3 сағат  (ыстық уақытта 2 сағат) жұмыс істегеннен  кейін  бір  сағат
демалу керек.
      Жұмыс аяқталғаннан кейін костюмді ақырын еппен, қатаң  түрде  нұсқауда
көрсетілген ретімен шешеді. Костюмнің әрбір бөлігін  шешкен  сайын  қолғапты
қолды  залалсыздандыратын   ертіндіге   жуып   отырады.   Етікті,   фартукты
залалсыздандыратын ертіндіге жақсы қанықтырылған тампонмен  жақсылап  сүртіп
алады.  Орамалды  залалсыздандыратын  ертіндіге,  ал  көзәйнекті   70   %-ды
спиртке батырып қояды.  Оператордың  қолдарын  70  %-ды  спиртпен  тазалалап
сүрткеннен кейін,  сабынды  сумен  мұқият  жуады.  Оператор  костюмді  толық
шешінгеннен кейін душ қабылдауы керек.  Костюмді  әрбір  қолданғаннан  кейін
қайнату,  автоклавқа  салу  арқылы,  немесе   залалсыздандыратын   ертіндіні
қолдану арқылы залалсыздандырады.
      Ветеринариялық   аппаратуралармен   жұмыс   істегендегі    қауіпсіздік
техникасы. Ветеринариялық аппаратуралармен жұмыс істегенде ол  аппаратураның
конструкциясына,   орнатылған   бөлмесіне,   қолдану   тәсіліне   байланысты
операторға әртүрлі зиянды әсерлерінің болуы мүмкін. Оған жататындар:  электр
тоғының   соғуы;   иондық,   электромагниттік,   ультракүлгін,    инфрақызыл
сәулелердің,  ультрадыбыстың,  лазер  сәулесінің  деңгейлерінің  жоғарылауы;
аппаратуралардың  үстіңгі  жағындағы  төменгі  немесе  жоғарғы  температура;
жарылыс және өрт  қауіптіліктері;  жұмыс  орнындағы  қатты  шуыл,  тербеліс;
механикалық жарақат; биологиялық және химиялық зиянды әсерлер.
      Ветеринариялық   аппаратуралармен   жұмыс    істегендегі    техникалық
қауіпсіздіктің негізі  –  аппаратураларды  жұмыс  жағдайында  ұстау,  оларды
қолдану  жөніндегі  нұсқаулар  мен  ережелерді   қатаң   сақтау.   Сондай-ақ
приборлар мен аппаратураларды пайдаланудың  жалпы  және  салалық  ережелерін
бұлжытпай орындауды қадағалау.  Осыларды  тиянақты  орындау  үшін  уақытында
нұсқау беріп отыру және электр жүйелі аппараттармен жұмыс  істеуге  тек  19-
дан жасы асқан, денсаулықтары дұрыс адамдарды ғана  жіберу  керек.  Ол  үшін
белгілі  бір  уақытта  жұмысшыларды  аттестациядан  өткізіп   отырады   және
аппараттар мен приборларды уақытында тексеруді ұйымдастырады.


             Жазым бола қалған жағдайда көрсетілетін бірінші көмек.


      Бірінші  медициналық  көмек  –  қайғылы  жағдайда,  жарақатта   немесе
кенеттен ауру пайда болғанда  адамдарға  жедел  көрсетілетін  қарапайым  іс-
шаралардың жиынтығы. Ең бірінші  кезекте  әсер  еткен  себепті  жояды,  одан
кейін қанның ағуын тоқтатады,  жасанды  дем  береді,  шина  салады  және  ол
адамды тезірек емдеу орнына жеткізуді ұйымдастырады.
      Мұндай жағдайға ұшыраған адам  мүмкіншілігінше  өзіне  өзі  көмектесуі
немесе жолдасының  көмектесуі  мүмкін.  Уақытында  және  сапалы  көрсетілген
бірінші көмек  адамды ары қарай емдеу нәтижесіне, тіпті адамның  өміріне  өз
әсерін тигізеді.
      Қан ағу  лабораториялық  жағдайда  жиі  кездеседі.  Жарақаттанған  қан
тамырларының түріне байланысты капиллярлық, веноздық,  артериалдық  қан  ағу
түрлерін ажыратады. Капиллярлық және веноздық қан  ағуда  қан  қоңыр  түсті,
тамшылап немесе  біртұтас  ағады.  Мұндай  жағдайда  жарақатты  қатты  қысым
түсіре таңып  тастау  керек.  Артериалды  қанның  түсі  қызғылт,  қан  тамыр
соғысына ұқсас  ағады.  Ондай  жағдайда  аяқтарды  буыннан  бүгіп  ременьмен
немесе винтпен қатты таңып байлап қояды, кейде жгут салады.
      Бірінші көмек көрсеткенде төмендегідей ережені сақтау керек:
         • жарақатқа сілті немесе улы зат түскен болса  оны  сабынды  сумен
           жуады да, ақ стрептоцид салып стерильді бинтпен таңып тастайды;
         • жарақатты маймен майлау немесе оған ұнтақ  себу  оның  жазылуына
           кедергі жасайды, жазылуы ұзаққа созылады;
         • жара ластанған жағдайда  оны  жарадан  тысқары  қарай  тазалауға
           болады.  Тазаланған  бөлікті  таңбас  бұрын   йод   ертіндісімен
           майлаған дұрыс;
         • йод жараның ішіне түспеуін қадағалау керек;
         • жараға қолмен тиіспеу керек, ондағы ұйыған  қанды  қолмен  алуға
           болмайды, қатты қан ағуы мүмкін;
         • жарадағы бөгде заттарды тек дәрігер ғана алуға міндетті.
      Жараны қысым түсіре таңу. Таза материалмен, марлімен немесе  стерильді
бинтпен қан ағып тұрған жараны  таңады.  Егер  стерильді  материал  болмаса,
онда тінге йодтың тұнбасын тамызған  жөн.  Содан  кейін  бинт,  мақта,  таза
орамалды пайдаланып, қатты таңып тастайды. Егер қан  аяқ  жақта  ақса,  онда
аяқты жоғары көтеріп қояды. Ауыр жағдайда, қан көп аққанда  ауруды  жатқызып
қояды.
      Капиллярдан аққан қан өздігінен тоқтауы  да  мүмкін.  Тек  қанның  ұюы
нашарлағанда қауіпті болады. Ондай  жағдайда  таңу  мен  қабат  қанның  ұюын
жылдамдататын  препаратты  қолданған  жөн.   Аяқта,   мойында,   бас   жақта
артериалық  қан  аққанда  жарақаттың  жоғарғы  жағынан   артерияны   қысады.
Мәселен, беттің төменгі жағындағы аққан қанды жақ  артериясын  қысу  арқылы,
шекеде немесе маңдайда аққан қанды шеке  артериясын  қысу  арқылы  тағы  сол
сияқты тиісті қан тамырларын қысу арқылы тоқтатады.
      Алдыңғы және төменгі аяқтардан аққан қанды уақытша тоқтату  үшін  жгут
қолданылады. Егер арнайы резинадан істелген жгут болмаса,  онда  ең  қолайлы
зат резина шланг. Жгут қойылатын жерге теріні  қыспас  үшін  тығыз  материал
немесе бірнеше  қабат  бинт  қойылады.  Жгутты  киімнің  сыртынан  да  қоюға
болады. Бірінші оралымды онша қатты қыспай, ал келесі  оралымдарды  қаттырақ
қысып  таңады.  Оралымдарды  қанның  ағуы  тоқтағанша  орайды.  Қанның  ағуы
тоқтағаннан  кейін  орауды  байлап  тастайды.  Тін  бозғылттанып,   шеткергі
артериялардың соғысы болмауы керек. Егер жгут  нашар  таңылған  болса,  онда
қанның ағуы үдей түседі.  Жгутты  1-1,5  сағаттан  артық  ұстауға  болмайды.
Міндетті түрде жгут  салынған  уақыт  белгіленеді.  Жгуттың  орнына  бинтті,
орамалды, галстукты, белдікті пайдалануға да болады.  Олардын  тұзақ  істеп,
жарақаттан 5-7 см жерге салады да оған таяқшаны кигізіп,  сол  арқылы  бұрап
қанның аққаны тоқтағанша қатайтады.
      Күйік  ыстық  немесе  балқыған  заттармен,   сондай-ақ   өте   төменгі
температурадағы заттармен де  (сұйық  немесе  қатты  көміртегі  диоксидімен,
сұйық оттегімен) және  сілтілік  заттармен  (сілтілер,  қышқылдар,  броммен)
туындауы мүмкін.
      Сақтандыру шаралары:
   1. Ыстық сұйық құйылған ыдысты екі қолмен ұстап орнынан ауыстырады. Онда
      орамал салынған бір қолы ыдыстың астында болады да,  ал  екінші  қолы
      ыдыстың  ұстауға  қолайлы  жерінен  бекітіп  ұстайды.  Көп  ыдыстарды
      тасымалдау үшін ағаштан жасалған тасымалдағышты қолдануға болады.
   2. Сілтілік ертінділерді, қышқылдарды, аммиакты құю үшін грушы бар  шыны
      сифон немесе  еңкейтуге  қолайлы  штатив  қолданылады.  Олар  болмаса
      міндетті түрде екі кісі шараны іске асыруы керек. Ыдысты екі  жағынан
      ұстайтын тұтқасы бар корзинаға орналастырады. Өздері арнайы киімдер –
      резина алжапқышты, қолғаптарды, қорғау көзілдірігін пайдаланады.
   3. Күкірт қышқылын сұйылту үшін қышқылды жіңішке ағынмен суық суға,  оны
      араластыра  отырып  қосады.  Ешуақытта   суды   концентратты   күкірт
      қышқылына құюға болмайды!
   4. Қышқылдар мен сілтілерді тек сұйытылғаннан кейін  ғана  бейтараптауға
      болады.
   5. Сілтінің бөлшектерін пинцетпен,  қысқышпен  немесе  фарфор  қасығымен
      ұстайды. Қолға резина қолғап киеді.
   6. Сілтілік ертіндіні  ауыз  арқылы  соруға  болмайды.  Ол  үшін  арнайы
      қондырғыларды немесе грушаны пайдаланады.
   7. Сүзіндіні қыздырар алдында мұқият араластыру  қажет.  Себебі  әртүрлі
      тығыздықтағы астыңғы  және  үстіңгі  тұнбалар  әртүрлі  температурада
      қайнап, ертінді шашырауы мүмкін.
   8. Бром, сутегінің қаныққан ертіндісі, фторлысутегі қышқылы  және  басқа
      да сілтілік сұйықтар бар шыны  ыдыстарды  өте  сақтықпен  ашу  керек.
      Ашқан кезде оның аузын өзіңізден қарсы жаққа қарату керек.
   Күйік жарақатының тереңдігіне қарай 4 сатысын ажыратады.  Сонымен  қатар
күйіктің көлемі де үлкен роль атқарады.
   Күйіктің І-ші сатысында күйік кезінде өте қатты, күйдіргі  ауырсынғандық
байқалады. Одан  кейін  жылдам  арада  қызарып,  терінің  ісінгендігі  пайда
болады. 2-3 күннен кейін қызарғандық пен ауырсынғандық жоғалады,  4-5  күнде
терінің беті қабыршықтанып түседі де, күйік ешқандай  із  қалдырмай  жазылып
кетеді.
   Күйіктің  ІІ-ші сатысында терінің жарақаттануы  оның  бүртікті  қабатына
дейін жетеді. Алғашқыда  өзгерістер  жоғарыдағыдай,  артынан  ішінде  мөлдір
серозды  сұйығы  бар  күлдіреуіктер  пайда  болады.   Ол   сұйық   бара-бара
ылайланады, желеге  ұқсас  зат  түзіледі.  3-4  күннен  кейін  күлдіреуіктер
жарылады. Егер жара індеттен таза болса 7-10 күннің  ішінде  эпителий  өсіп,
тыртықсыз жазылады.  Асқынған  жағдайда  жараның  жазылуы  созылады,  күйген
жерде грануляциялық тін  өседі.  Жазылғаннан  кейін  оның  орнында  көбінесе
тыртық қалады.
   Күйіктің ІІІ-ші сатысында  тері өлі еттеніп кілкілдек пайда болады.  Өлі
еттер түскеннен кейін оның орнына грануляциялық тін өседі  де  тығыз  тыртық
пайда болады. Көлемді күйікте организмнің қатты уланғаны байқалады.  Дененің
үштен бір бөлігінің күюі өмірге қауіпті.
   Күйіктің 1V-ші сатысы  өте  ауыр  жарақат.  Онда  тіндер  күлге  айналып
үгілуге дейін барады.
   Отпен күйгенде көрсетілетін бірінші көмек. Жараны індеттен  сақтау  үшін
бірінші кезекте  оның  бетін  құрғақ  асептикалық  таңғышпен  жабады.  Ондай
таңғыш болмаған жағдайда  таңатын  материалды  спиртпен  (арақпен)  ылғалдап
пайдаланады. Күйіктің І-ші сатысында күйген жерді содамен,  крахмалмен  және
т.б. қолда бар заттармен майлаған да жеткілікті.
   Химиялық заттармен  күйгенде  көрсетілетін  бірінші  көмек  жарақаттаған
химиялық заттың түріне байланысты  болады.  Қышқылдан  болған  күйікті  суық
сумен жуады  немесе  сілтілік  ертінділерді  (сабынды  су,  сода  ертіндісі)
қолдануға болады. Сілтінің әсерінен болған күйікті сумен жуады  да,  артынан
сірке  қышқылының  әлсіз  ертіндісімен  шайып,  сол  ертіндімен  ылғалданған
асептикалық байлағышпен таңып тастайды.
   Электрмен  жарақаттанғанда  бірінші   кезекте   электр   тоғының   көзін
тоқтатады.   Жергілікті   жарақатқа   құрғақ    таңғыш    пайдаланады    да,
ауырсынғандықты басатын препарат береді. Дем алысы тоқтап қалса, қолдан  дем
береді; жүректің қызметі тоқтағанда жүрекке жанама массаж жасайды.
   Барлық жағдайда да бірінші  көмек  көрсетілгеннен  кейін  ауруды  емдік-
сақтық мекемесіне жеткізеді.


   Тақырыбы: Фарфор, кварц, пластика ыдыстарын жұмысқа дайындау.
   Мақсаты: лабораториялық ыдыстардың түрлерімен таныстыру.
   Қажетті  материалдар:  әртүрлі   фарфор,   кварц,   пластика   ыдыстары,
воронкалар, колбалар, бюкстер, пробиркалар.


            Фарфордан, кварцтан, пластикадан жасалған ыдыстар
                                    және отқа төзімді ыдыстар.


      Фарфор бұйымдары шыны ыдыстарға қарағанда химиялық  реакцияларға  және
қызуға жоғарғы төзімділігімен сипатталады. Фарфордың әр түрлерінің  құрамына
20-60 % каолин, 20-40 % кварц және 20-60 % дала шпаты  кіреді.  Оларды  жағу
1200-1400ºС-да жүргізіледі. Көптеген фарфор бұйымдарын глазурьмен  қаптайды.
Фарфордан жасалған ыдыстардың кемшілігі олар ауыр,  мөлдір  емес  және  шыны
ыдыстарға қарағанда қымбатырақ.
      Стақандар (бокалдар) – сиымдылығы 50-4000 мл, құйылатын  тұмсығы  бар,
сегіз номерлі цилиндрге ұқсас ыдыс. Су және  құм  банналарында,  асбес  торы
арқылы  газ  оттығында  заттарды  еріту,  араластыру   және   қыздыру   үшін
қолданылады.
      Буландыру үшін қолданылатын тарелкалар  –  дөңгелек,  жұқа  қабырғалы,
тұмсығы бар, аласа бойлы ыдыс. Сиымдылығы  28-4600  мл  сегіз  размері  бар.
Олардың диаметрлері 3-4 - 50 см және одан да үлкен болуы мүмкін.

                                 1-ші кесте
      Буландыруға арналған фарфор тарекаларының көрсеткіштері
Номерлері    1    2    3    4    5    6    7    8Сиымдылығы, мл28,865,0140,0311,0471,0 1010,02106,04600,0Биіктігі, мм  56  72  93  120  156  202  260  366
Тарелканың ішкі беті толық, ал сыртқы беті ½ - ¼ бөлігінде глазурмен қапталады. Мұнда әртүрлі ертінділерді буландыруға болады. Буландыруды су және құм банналарында, асбес торын қолдана отырып электр плиткалары мен газ оттықтарында іске асыруға болады.
Келі түйгішімен (ступка пестигімен). Қалың қабырғалы, дөңгелек, тұмсықты ыдыс. Ішкі беті глазурсыз, кедір-бұдыр. Қатты заттарды, биологиялық тіндерді ұсақтауға және араластыруға қолданылады.
Ұстайтын шығыры мен тұмсығы бар ыдыс (кружка) – қабырғасы қалың, тұмсықты биік цилиндр. Сиымдылығы 250 мл – 2 л аралығында. Қышқылдарды, концентрациялы сілті ертінділерін құю және араластыру үшін қолданылады. Онда құм баннасында немесе асбес торшалары арқылы сұйықты 300ºС-ға дейін қыздыруға болады.
Тиглдердің биігі және аласасы болады. 5 биік және 6 аласа номерлері бар. Олар бір-бірінен номерлері және сиымдылықтары арқылы ажыратылады. Олар тұндаларды кептіру, күлге айналдыру және шанышқылау үшін қолданылады. Оны біртіндеп қыздыра отырып керекті температураға дейін жеткізеді. Тұнбаны шанышқылауды муфель пешінде температураны біртіндеп 1200ºС-ға жеткізіп барып іске асырады. Операция аяқталғанда оны ауада суытады да эксикаторға орналастырады. Суыту үшін қызған тиглді суық қысқашпен ұстауға, металл немесе керамикалық қондырғыларға қоюға болмайды. Оларды суығанша асбес торшаға қойған дұрыс. Фарфор тиглдерінде сілтімен, натрий карбонатымен, фторлы сутегі қышқылымен жұмыс істеуге болмайды. Олар фарфорды бүлдіреді. Тигелдегі зат шашырап төгілмес үшін кейде қақпақ қолданылады.
Бюхнер воронкасы. Цилиндрлік және конустық бөліктерінің арасында көп тесігі бар аралық қалқа қойылған ыдыс. Сиымдылығы 68-2720 мл аралығында төрт размері шығарылады. Олар ыстық және суық түріндегі бейтарап, қышқыл және сілті ертінділерінің тұнбаларын қағаз сүзгіштер арқылы сүзу үшін қолданылады. Сүзу үшін таза воронканы резина тығын арқылы Бунзен колбасына қосады. Көп тесікті қалқанға екі айналым,  диаметрі воронканың ішкі диаметрінен 1 мм кем, сүзгіш қағазды орналастырады. Оны аздап дистілденген сумен ылғалдау керек. Сонда сүзгі қағаз қалқанның бетіне толық жабысады да оған бөгде заттардың түсуіне жол бермейді.
Қасықтар және шпателдер. Қасықтар құрғақ заттарды өлшеу үшін алуға бейімделген. Шпатель – екі жақ басы күрекше тәрізді кеңейтілген аспап. Бір жағының күрекшесі кішілеу болып келеді және олардың үштері өткірленген. Олар сүзгілерден тұнбаны алу және заттарды өлшеуге салу үшін қолданылады.
Жоғарғы температурадағы отқа төзімді ыдыстар. 1200ºС-дан жоғарғы температурада қыздыру керек болғанда отқа төзімді материалдардан жасалған тигелдерді қолдануға болады. Оған жататындар: кварц, графит, шамот, гессен балшығы, платина, көптеген металл тотықтары, кейбір металлдардың карбидтері және басқалар.

    Кварц ыдыстары.

Алынатын материалдарына және олардың тазалығына байланысты кварц бұйымдарының екі түрін ажыратуға болады:
Беті бұдырлы немесе жадағай мөлдір емес түрі;
Шыны тәрізді мөлдір түрі.
Кварц ыдыстарының ерекшелігі олардың жоғарғы температураға төзімділігі және көптеген химиялық заттарға химиялық инерттілігі. Оларды еш қауіпсіз жалаң жалында қыздыруға, бірден суық суға салып суытуға болады. 1200ºС-ға дейін қыздырғанда пішінін өзгертпейді. Себебі кварц 1600-1700ºС температура аймағында ғана балқиды.
 Кварцтан колбалардың барлық түрлерін, пробиркаларды, стақандарды, буландыру үшін қолданылатын тарелкаларды, тигелдерді т.б. дайындауға болады.
 
  Пластикадан және басқа да материалдардан жасалатын ыдыстар.

 Полиэтилен, полипропилен, фторопласт және басқа да мөлдір және жартылай мөлдір, химиялық заттардың әсерлеріне төзімді материалдардан жасалатын ыдыстар соңғы кезде кеңінен қолданылуда. Олардан колбалар, пипеткалар, жуғыштар, пробиркалар, цилиндрлер, воронкалар, түтіктер т.б. бұйымдар дайындалады. Сондай-ақ, лабораториялық анализдерге қажетті биологиялық сұйықтардың сынақтарын алу және оларды тасымалдау үшін бір рет қолдануға болатын ыдыстар да дайындалады. Оларды көбінесе үй температурасында пайдалануға болады. Пластмассадан жасалған ыдыстар аз ылғалданады, бірақ кейбір химиялық заттарды өз бойына мықты сіңіреді.

    № 4 –ші лабораториялық сабақ

 Тақырыбы: Ыдыстарды тазалаудың химиялық әдістері.
Мақсаты: Лабораториялық ыдыстарды тазалаудың әртүрлі әдістерімен таныстырып, тәжірибе жүзінде істеуге үйрету.
Қажетті материалдар: әртүрлі лабораториялық ыдыстар, қажетті химиялық реактивтер, кристаллизаторлар, эксикаторлар және т.б.

Марганец қышқыл калий ертіндісімен жуу. Бұл ертіндінің 4-5 %-ды концентрациясы қолданылады. Ертінді өте күшті тотықтырғыш, әсіресе оны қыздырғанда және аздап күкіртқышқылын қосқанда.
 Ертіндіні кір ыдысқа құяды да, оған концентратты күкірт қышқылын қосады (3-5 мл 100 мл ертіндіге). Ертінді 50-600ºС-ға дейін қызады. Егерде ыдыстың қабырғасында қоңыр дақ пайда болса, оны 5 %-ды күкіртті қышқыл натрийдің, темір тотығының, Мордың тұзымен немесе қымыздық қышқылының ертінділерімен сүртіп кетіреді. Артынан ыдысты сумен жуып алады.
 Тұз қышқылының қоспасымен және сутегінің тотығымен жуу. Химиялық ыдыстарды жуу үшін өте қолайлы тотықтырғыш  Комаровскийдің қоспасы. Оның құрамында бірдей көлемде 6н. тұз қышқылы мен 5-6 %-ды сутегі тотығының ертінділері бар. Ертіндіні аздап қыздырғанда әсері жоғарылайды, шыныға әсері жоқ. Тұз қышқылының орнына сірке қышқылын қолдануға болады. Ертіндімен жуылған ыдысты артынан сумен жуып алады. Ал ертіндіні екінші рет қолдануға болады.
 Күкірт қышқылымен және сілті ертінділерімен жуу. Ыдыс суда ерімейтін заттармен ластанғанда егер хром қоспасы болмаса, онда концентратты күкірт қышқылымен немесе концентратты сілті ертіндісімен жууға болады. Ол үшін кір ыдыстың төрттен бір бөлігін сілтінің ертіндісімен  толтырып, 5-10 минуттай  шайқау керек.
 Күкірт қышқылы мен сілтінің концентратты ертінділерімен жұмыс істегенде өте сақтық керек, қышқылды су ағарға құймайды. Оларды күні бұрын дайындалып қойған шыны ыдыстарға құяды және қышқылдар мен сілтілерді бөлек-бөлек ыдыстарға құяды. Жұмыс аяғында жиналған сұйықтарды арнайы шұңқырға төгу керек.
 Хром қоспасымен жуу. Лабораторияларда ыдыстарды жуу үшін күшті тотықтырғыш хром қоспасы жиі қолданылады.  Хром қоспасын дайындау үшін концентратты күкірт қышқылына 5 % екіхромды қышқыл калийдің кристаллды ұнтағын қосып фарфор тарелкеде ұнтақ толық ерігенше еппен су баннасында қыздырады. Дихромат натрий ертіндісін де қолдануға болады.
 Хром қоспасын бірнеше рет қайталап пайдалануға болады. Оның кәдімгі қара-қызғылт түсі қара-жасыл түске айналғанда оны ауыстыру керек. Қоспаны тазаланатын ыдысқа құйып, бірнеше сағатқа қалдырады. Көбінесе түнгі сағаттарда. Кейде ыстық қоспа да пайдаланылады. Артынан қоспаны құйып алып, ыдысты таза сумен және дистілденген сумен бірнеше рет шаяды. Оны жуған судың лакмус қағазына реакциясы бейтарап болғанша қайталайды.
 Ластанған ыдыстарды азот тотығының ертіндісі де өте жақсы тазалайды. Оны алу үшін 1,5 мл концентратты азот қышқылын 0,5 мл эталномен араластырады.
 Сілтілік калийдің этанол ертіндісі де өте жақсы жуатын сұйық. Оны дайындау үшін 40-50 грамм қатты сілтіні фарфор стақанында 500 мл суға ерітеді. Ертінді суығаннан кейін оған шикізат ретінде  1 литр спирт қосады.
 Ферменттермен жұмыс істегеннен кейін лабораториялық ыдыстарды бірдей көлемдегі азот және күкірт қышқылдарының қоспасымен жуған қолайлы. Ыдысты артынан сумен және дистілденген сумен жуып алады.
 Пластмассадан жасалған ыдыстарды 2-5 %-ды үшнатрийфосфат ертіндісімен, гидрокарбонат натрийдің әлсіз ертіндісімен немесе хлорлы сутегі қышқылының ертінділерімен жуған дұрыс. Мұндай жағдайда концентратты қышқылдар мен сілтілерді және күшті тотықтарды қолдануға болмайды.
 Лабораториялық ыдыстарды қолмен, щеткамен немесе арнайы жуғыш машинамен жуады. Пипеткаларды сифон арқылы жуатын аппарат бар. Олар қол жұмысын жеңілдеткенімен оны толық айырбастай алмайды.

    № 5 –ші лабораториялық сабақ

 Тақырыбы: Лабораториялық ыдыстарды кептіру.
 Мақсаты: Лабораториялық ыдыстарды кептірудің әртүрлі әдістерімен таныстыру, оның маңызына көңіл аудару.
 Қажетті материалдар: әртүрлі лабораториялық ыдыстар, кептіргіш тақталар, эксикаторлар, кептіргіш шкафтар, спирт-эфир және т.б.

Лабораториялық ыдыстарды арнайы таяқшалары бар тақталарда, торларда, қысымдағы ауамен, кептіру шкафтарында 80-100ºС температурада кептіруге болады. Ал жылдам кептіру керек болса спиртпен және эфирмен немесе олардың қоспасымен жуып кептіреді. Лабораториялық өлшегіш ыдыстарды, әсіресе пипеткаларды, бюреткаларды, микродозаторларды кептіру шкафтарында кептірмейді. Сондай-ақ пластмассадан жасалған ыдыстарды 40-50ºС-дан жоғарғы температурада кептіруге болмайды.
Ыдыстарды ағаштан жасалған таяқшаларды пайдаланып кептіру әдісі өте көп тараған әдіс деуге болады. Лабораторияларда раковинаның үстіңгі жағына орналастырылған таяқшасы бар арнайы тақтай ілулі тұрады. Жуылған ыдыстарды сол таяқшаларға іліп, толық кепкенше қалдырады. Ылғалды таяқшаларға шаң, кезкейсоқ ластар жиі жұғатындықтан оларды жиі-жиі сүртіп тазалап отыру қажет. Ыдыстар таяқшалардан ластанбас үшін оларды таяқшаларға кигізер алдында майлық қағазбен орап барып ілуге болады. Ыдыстарды арнайы жасалған торшаларда кептіру өте қолайлы.
Ыдыстарды кептіруге арналған тақталар. Таяшалары бар тақталардың кемшілігі олардағы ыдыстардың таяқшалармен ластану мүмкіншілігі. Сондықтан ыдыстың тазалығы өте қажет аналитикалық лабораторияларда ыдыстарды кептіруге арналған үстелдерді пайдаланған дұрыс. Ол үстінде әртүрлі диаметрлі көп тесіктері бар кәдімгі үстел. Жуылған ыдысты тиісті диаметрдің үстіне төңкеріп орналастырады. Столдың астына ағындысы бар елеген қоюға болады.
Ауамен кептіру. Жуылған ыдысты ауаның ағынымен де кептіруге болады. Егер арнайы ауаның қысымын тудыратын аппарат болмаса, онда кәдімгі ұсталар қолданатын үрлегіш мехті, ауа ағынын тудыратын электр приборларын, резина грушаны қолдануға болады. Қысымдағы ауамен резина түтікше арқылы төңкерілген жуылатын ыдыстың түбінен бастап үрлейді. Түтікшенің 10 см-дей аяқ жағы ыдыстың сыртында қалуы керек.
Спирт-эфирмен кептіру. Ыдыстың сыртын құрғата сүртіп, алдымен ішін этил спиртімен шаяды да, артынан диэтилэфирмен жуады. Эфирдің буын суық ауамен кетіреді.
Эксикаторда кептіру. Жуылған ыдысты ерекше тазалықта ұстау керек болғанда ұсақ шыны ыдыстарды эксикаторда кептіруге болады.  Судың буын жақсы сіңіретін силикагелмен толтырылған вакуум-эксикаторларды пайдаланған жақсы. Эксикаторға суды сіңіретін қатты заттарды салады. Күкірт қышқылын салуға болмайды.
Ыстық ауамен кептіру ыдысты жылдам кептіру керек болғанда қолданылады. Кейде ыдысты электр плиткасының үстінде, оттықтың жалынымен кептіреді. Ондай жағдайда сақтық керек. Біркелкі қыздырмаған жағдайда шыны сынып кетуі мүмкін. Ыстық ауамен кептіргенде ыдысты үнемі айналдырып отырады. Өлшегіш ыдыстарды от жалынында қыздыруға болмайды.
Кептіргіш шкафта кептіру де ыдысты жылдам кептіру үшін жақсы. Ыдыстарды олардың ішіндегі су толық ағып болғаннан кейін орналастырады. Кептіру 80-100ºС-да жүргізіледі. Шкафтың тақтасына таза сорғыш қағаз салып қойған дұрыс. Ыдысты төңкеріп қойған жағдайда су буының ұшуы баяулайды, сондықтан ыдысты мүмкіншілігінше жатқызып қою керек. Кептіргіш шкафтан алынған ыдысты бірден қолданбайды, оның сууына уақыт бөледі.
Лабораторияларда жүргізілетін барлық зерттеу жұмыстары әртүрлі конструкциядағы арнайы жұмыс үстелдерінде жүргізіледі. Жұмыс кезінде операторға барлық қолайлы жағдай туғызылуы қажет. Үстел үстінде артық заттар болмауы, олардың үсті, тартпалары таза болуы, жарықтың жеткілікті болуы, барлық реактивтер мен ыдыстардың этикеттері болуы керек. Жұмыс аяқталғаннан кейін үстел таза қалпына келтіріледі.    
   № 6 –шы лабораториялық сабақ

Тақырыбы: Суды дистілдеу және ионсыздандыру.
Мақсаты: Зарарсыздандырудың негізгі әдістерімен таныстыру, оны іс жүзінде көрсету, дистиляторлардың құрылысымен және жұмыс істеу принципімен таныстыру.
Қажетті материалдар: әртүрлі стерилизаторлар, шприцтер, инелер, пышақтар, қайшылар, автоклав, ултракүлгін шамдары, пробиркалар және т.б.

Дистілденген су (Agua destillata) – ондағы ерітілген қоспалардан қайнату арқылы тазартылған су. Ондай су малдәрігерлік мақсатта еріткіш ретінде дәрілік заттардың ертінділерін дайындау үшін кеңінен қолданылады. Кейбір дәрілік заттардың ертінділерін дайындау үшін дистіденген суды залалсызданырады. Ондай суды кәдімгі ішетін судан арнайы аппараттар – аквадистилляторлар арқылы алады. Алдымен суды ашық қазанда 15-30 минут қайнату арқылы немесе арнайы химиялық заттарды қолдану арқылы ондағы ұшқыш заттарды ұшпайтын түріне айналдырады. Ол суды дистілдеу арқылы ұшпайтын қосылыстардан тазалайды. Дистілденген судың бірінші бөлігін қолданбайды. Осындай жолмен алынған дистілденген суды оған шаң-тозаң, бөгде қосылыстардың түсуінен сақтайды. Дистілденген су түссіз, иіссіз, дәмсіз, рН 5,0-6,8 болып келеді. Оны буландырғанда құрамындағы құрғақ қалдық 0,001 %-дан аспауы; құрамында нитриттер, нитраттар, хлоридтер, сульфаттар, кальций және ауыр металл тұздары болмауы керек. Жоғарғы тазалықтағы су алу үшін дистілденген суды екінші рет қайтадан дистілдейді, бидистілденген су алынады (Agua bidestillata).
Суды органикалық заттардан тазалау үшін екінші рет дистілдеудің алдында оған жуықтап 0,1 мл калий перманганат ертіндісі мен бірнеше тамшы күкірт қышқылын қосады. Осындай құрамында органикалық заттардың ізі де жоқ суды апирогенді су деп атайды. Бидистілденген суды арнайы кварцтан, қалайы, күміс немесе платинадан жасалған ыдыстарда сақтайды.
Суды тазалау үшін ион алмастыратын қара майлар жиі қолданылады. Ол үшін суды катиониттер және аниониттермен толтырылған колонкалар арқылы кезекпен өткізеді. Осындай жолмен алынған суды минералсызданған су деп атайды. Құрамында минералды заттары жоқ сулар ішуге жарамайды.
Дистілденген су алу үшін күші мен өнімділігі әртүрлі бірнеше  аппараттар қолданылады. Мысалы, Д-1 дистилляторы арқылы сағатына 4-5 л; ал Д-25 784 моделді дистиллятор арқылы сағатына 25 л су дайындауға болады. Бірақта олардың барлығының жұмыс істеу принціпі бір – су буын қайтадан суға айналдыру, конденсациялау. 
Дистилляторлардың жұмыс істеу принціпі: электр қыздырғыш элементтер арқылы су қайнатылып буға айналдырылады. Ол камераның сырты жылулықты сақтау және операторды күюден сақтандыру үшін қапталған. Түзілген бу сыртынан суық сумен қамтамасыз етілген конденсаторға түсіп суытылады. Осындай жолмен алынған су қажетті ыдысқа жиналады. Оның тазалығы тиісті аппарат арқылы экранда беріледі. Бу түзілетін камерада судың деңгейі үнемі бір қалыпта ұсталып тұрады. Ол үшін арнайы теңелткіш құралы іске қосылады. Су түспей қалған жағдайда электр қыздырғыштар автоматты түрде сөнеді. Приборды ұзақ уақыт қолданбаған жағдайда ондағы суды толық ағызу үшін ағызатын кран бар. Дистиллятор ұзақ уақыт жұмыс істеу үшін оның түтікшелеріндегі қайнатпаларды тазалап отыру керек.
Апоригенді су алу үшін қосымша жабдықталған «АА-1» аппаратын қолдануға да болады. Онда суды буландыратын камераға химиялық реагенттер қосылады. Ондағы қысымды реттеу үшін артық буды сыртқа шығаратын тесік бар. Судың деңгейін қадағалау үшін суөлшегіш шыны қондырылған. Химиялық реагенттердің дозасы цилиндр тәрізді екі шыны түтікшеден тұратын, әрқайсысы 100 мл сиымдылықты дозатор арқылы реттеліп отырады. Химиялық реагент ретінде «ХЧ» марганец қышқыл калий, алюмокалий квасцысы, фосфор қышқыл натрий препараттары қолданылады.
Дистілденген суды сақтау үшін көбінесе шыны бутыльдер қолданылады. Бірақта оны ұзақ уақыт сақтағанда шынының сілтілік реакциясы болатынын ескерген жөн.
Қазіргі кездегі ғылым мен техниканың жетістігі дистілденген судан да таза су алуды жолға қойып отыр. Өте таза су алу үшін жаңа әдістер іске асырылуда. Ол әдістер бойынша суды ионсыздандыру, адсорбциялау және микросүзгіден өткізу қатарынан қолданылғанда дистілденген судан да таза су алуға болатындығы іс жүзінде дәлелденген.
Суды ионсыздандыру үшін оны иониттермен толтырылған колонкалар арқылы өткізеді. Ондағы катиониттер оң зарядты иондарды, ал аниониттер теріс зарядты иондарды байланыстырады.
Микросүзгілерде диаметрі 0,3 мкм бөлшектерге дейін ұсталады. Сонымен қатар иониттер микроорганизмдерді де ұстауға қабілетті. Бірақ, еске алатын жағдай, иониттерді ұзақ уақыт қолданғанда микроорганизмдердің керісінше көбеюі де мүмкін. Сондықтан оларды жиі ауыстырып отыру қажет. Аппарат жүйесінде сағат механизмі бар. Ол жұмыс режімін автоматты түрде қадағалауға мүмкіндік береді.

    № 7 – ші лабораториялық сабақ

Тақырыбы: Заттарды табу, ұқсастыру және өлшеу.
Мақсаты: Микроскоптың түрлерімен таныстыру.
Қажетті құжаттар: әртүрлә микроскоптар, қажетті заттар.

Микроскоп – объектілердің немесе бөлшектердің кәдімгі көзге көрінбейтін құрылыстарының үлкейтілген кескінін алу үшін қолданылатын оптикалық прибор. Биология, ветеринария, медицина және басқа да салаларда жиі қолданылады, кең тараған.
 Екі линзадан тұратын жүйенің заттардың кескінін ұлғайтатыны XVI ғасырда Нидерланды, Солтүстік Италия  көзілдірік шеберлеріне белгілі болған. Микоскоп тәрізді приборды 1590 ж. Нидерландыда Янсеннің шығарғаны туралы деректер бар. Бастапқыда қарапайым, бір объективтен ғана тұратын микроскоп болған. Артынан күрделілендіріліп оған окуляр қосылған. 1609-1610 жж. Галилей өзінің трубасындағы объектив пен окулярдың ара қашықтығын өзгерте отырып, оны микроскоп ретінде қолданған. Содан бастап микроскоп тез тарап, жетілдіріле бастайды.
 Приборға «микроскоп» деген терминді 1625 ж. Рим академиясының мүшесі И.Фабер ұсынған.
 Микроскопты қолданумен биология саласындағы алғашқы ғылыми-зерттеу табыстары Гуктың еншісінде. Ол 1665 жылдары бірінші рет өсімдік торшасының құрылысын сипаттап жазды. 1673-1677 жж. А.Левенгук микроскопты қолдана отырып еркек жыныс торшаларын, әртүрлі қарапайымдыларды, сүйектің құрылысын тауып, олардың сүреттерін салды.
 Қазірде микробиологиялық объектілерді зерттеу үшін микроскоптың әртүрлі моделдері пайдаланылады. Олардың ішінде кең тарағандары: МБИ-1, МБИ-3, МБР-3, МВД. Барлық микроскоптардың құрылысында механикалық бөлігі мен оптикалық жүйені ажыратуға болады.
 Биологиялық микроскоп таға тәріздес, салмақты штативке бекітіледі. Негізі тіреуішпен қамтамасыз етілген, оның ішінде микромеханизмі орналастырылған. Микорскоптың тубусын қозғайтын макро- және микровинтер, объективтерге арналған револьер, тубустарды ауыстыру үшін жоғарғы жағында ұя, визуалды зерттеуге арналған бинокуляр, сүретке түсіруге арналған монокуляр қондырғылары бар. 
Микорскоптың зат қоятын үстелі ондағы препаратты қарама-қарсы бағытта қозғайтын жабдықпен қамтамасыз етілген. Айна арқылы шағылысқан жарық сәулесі конденсор арқылы жиналады. Конденсор металл қорабтағы бірнеше линзалардан тұрады. Конденсордың жарықтық күші (апертура) линзалардың санына байланысты. Байқау әдістеріне байланысты конденсордың жарық, ашық, қисық, фазды контрасты жазықтар беретін түрлері қоланылады. Айна мен конденсордың арасында конденсордың апертурасын реттейтін иристі диафрагма бар. Ондай диафрагма конденсордың линзаларының аралығында орналасуы да мүмкін.
Микроскоптың негізгі оптикалық элементі объектив. Ол зерттелетін объектінің үлкейтілген және төңкерілген кескінін береді. Объектив - бірімен бірі ортақтастырылған линзалардың жүйесі. Объективке ең жақын орналасқан линза фронтальды линза, ал қалғандары коррекциялық линазалар деп аталады. Объективтегі кескінді оптикалық жүйе – окуляр арқылы көреміз.
Микроскоптарға жарық көзі ретінде әртүрлі лампалар – қыздыру, сынап-кварц лампалары пайдаланылады. Препарат арқылы өтетін жарық көзі препараттың астынан түседі, ал шағылыстыру арқылы зерттегенде - үстінен немесе жанынан түседі. МБИ-6, МБИ-15 микроскоптарында арнайы жарықтандырғыш жүйе микроскоптың конструкциясының құрамына кіреді. Басқа жағдайларда өндірісте шығарылатын жарықтандырғыштардың әртүрлімаркалары пайдаланылады. Объективтер 6,3-100 есе, ал окулярлар - 7 -15 есе үлкейтеді. Жалпы микроскоптың үлкейту мүмкіншілігі 44-150 есе.
Биологиялық микроскоптан басқа стереоскопиялық, жанасымды, қара жазықты, фазды-жанасымды, интерференциялық, ультракүлгіндік, инфрақызылдық, поляризациялық, люминесценттік, рентгендік, көшірмелік, телевизиялық, голографикалық, салыстырмалы түрлері бар.
Қара жазықты микроскопта қара жазық арнайы конденсор арқылы немесе кәдімгі конденсордың орталық тұсын қара қағазбен жабу арқылы іске асырылады. Айырмашылығы жарық максимум, диафрагма толық ашылады және жарықтандыру реостаты іске қосылады. Зерттелетін препараттар таза белгілі бір қалыңдықтағы зат және жабылғы шыныларды пайдалану арқылы дайындалады. Зат шынысының қалыңдығы 1,2 мм-ден, ал жабылғы шынының қалыңдығы 0,17 мм-ден аспауы керек. Препарат тамшыны мыжу әдісімен дайындалады. Препарат пен конденсордың арасына иммерция майын орналастырады. Ары қарай конденсордың винттері арқылы объектіні тауып, жазықтың орта тұсына орналастырады да, тиісті үлкейткішпен зерттеуге кіріседі.
Фазалық-контрасты және аноптральды микроскоптар арқылы түссіз, мөлдір, опикалық жағынан бір-бірінен айырмашылықтары аз заттарды алдын ала өңдеусіз-ақ тексеруге болады.
Түссіз біркелкі заттарда жарық толқынының таралуы оның интенсивтігіне әсер етпейді, тек жарықтың өту жылдамдығы қоршаған ортадағы жылдамыдығынан жоғары болады. Оның аз-кем болуы препараттағы жарықтың шағылуының аз-кемдігіне тікелей байланысты. Бұл өзгерістер фазалық өзгерістер деп аталады. Биологиялық объектілерге (тірі торшалар, тіндердің кесінділері және т.б.) олардан өтетін жарықтың тек фазалық толқынының өзгеруі тән. Адамның көздері  боялған препараттар арқылы өткен, толқу амплидудасы өзгерген жарықтың ғана интенсивтігін анықтай алады, ал жарықтың фазалы өзгерістерін қабылдай алмайды. Сондықтан түссіз объектілер кәдімгі микроскоптармен зерттегенде көрінбейді. Оны көру үшін Зерниктің ұсынған арнайы конденсор жабдығын пайдаланған жөн. Онда жарық толқынының фазалық өзгерістері интенсивтік өзгерістерге айналады да объект көзге көрінеді.
Фазалық контрасты әдіспен жұмыс істегенде кәдімгі биологиялық микроскоптан басқа арнайы жабдық керек. Ол үшін конденсор мен объективті фазалық конденсормен ауыстырады да, револьвер дискісін  нольге қояды. Микроскоп үстеліне препаратты қойып, фокусын анықтап, жарықты түзейді. Мұндай әдісте Келлер әдісі бойынша анықталған оптималды жарықтық болу қажет. Лампаның қызуын реостат арқылы, микроскоп жазығындағы жарықты диафрагма арқылы реттеп отырады. Револьвер дискісінің көрсеткішін объектив көрсеткішімен дәлдестіреді. Окулярдың орнына қосымша микроскопты қосып, оның жұмысын екі сақинаны біріктіру арқылы реттейді. Ендігі кезекте қосымша микроскопты окулярмен ауыстырады да зерттеуге кіріседі.
Фазалы контрасты әдістің жетілдірілген түрі ретінде аноптральды контрасты әдіс ұсынылған. Оның фазалы-контрасты түрінен көп айырмашылығы жоқ. Ерекшелігі объективінің мүмкіншілігінің жоғары болуында және боялмаған препаратта тығыздығының оптикалық айырмашылығының минималды көрсеткішін анықтауға мүмкіндігі. Неғұрлым объектінің тығыздығы жоғары болса, солғұрлым оның кескіні жарығырақ көрінеді.
Люминесцентті микроскопты қолдану. Люминесценттік (флюоресценттік) дегеніміз кейбір заттардың оған түскен жарықтың әсерінен толқыны басқа (көбінесе ұзын) сәулені бөліп шығаруы.
Кәдімгі жарықта белгілі бір түсі бар заттар ультракүлгін сәулесімен әсер еткенде басқа түске айналады. Ультракүлгін сәулесінде көзге көрінбейтін объект флюоресцентті сәуленің әсерінен анық көрінетін болады. Ондай объект қараңғы фонда әртүрлі түспен көрінеді, сондықтан флюоресцентті микроскоппен қараңғы жерде жұмыс істеген қолайлы.
Көзге көрінетін сәуледе фрюоресценттік микроскоптың жабдығы өте жарық жарық көзінен және биологиялық микроскоптан тұрады. Микроскоптың айнасымен жарық көзінің арасына көк-сия түсті жарық фильтрі (УФС-3, ФС-1 және т.б.) орналастырылады. Сары жарық фильтрін (ЖС-3 немесе ЖС-1) микроскоптың окулярына кигізеді. Осы жарық фильтрлері арқылы препаратқа түскен көк-сия түсті жарық люминесцентті қоздырады. Бірақ бұл жарық қозған люминесцентті көруге кедергі жасайды, сондықтан сары жарық фильтрі қолданылады.

   № 8 –ші лабораториялық сабақ

Тақырыбы: Гематологиялық және гистологиялық зерттеулер.
Мақсаты: Қанды және тіндерді зерттеу әдістерімен және аппаратуралармен таныстыру.
Қажетті құжаттар: арнайы аппаратуралар, счетчиктер, Гояев камерасы, микроскоптар, микротомдар және т.б.

Қазіргі заманның гематологиясы - әр саладағы мамандарға өте қажетті, жете қалыптасқан, өздігінен жеке пән. Гематология саласы көпке дейін өзіне қажетті приборлармен қамтамасыз етілмей келді. Қазіргі кезде бұл саладағы приборлар тек ғылыми-зерттеу, арнайы гематологиялық мекемелерде ғана емес тәжірибе жүзінде де кеңінен қолданыс табуда. Ол приборлар жоғарғы дәлдікпен нәтижелі хабарлармен қамтамасыз етеді.
Гематология саласын автоматтандыру жаңа өнімді автоматты приборларды шығаруға бағытталған. Оған жататындар: гемоглобинометрлер, қан элементтерін санайтын счетчиктер, кондуктометрикалық цитометрлер, сұйылту дозаторлары, жұғындыны бояйтын автоматтар, қанның бір сынағынан бірнеше компоненттерді (гемоглобинді, эритроциттерді, лейкоциттерді) бірден анықтауға арналған аппараттар мен приборлар, автоанализаторлар, қосымша жабдықтар және ЭЕМ. Автоанализаторлардың екі типі бар: Біріншісі қанның 7-8 параметрін – гемоглобинді, эритроциттер мен лейкоциттерді, гематокрит көрсеткішін, бір эритроциттегі гемоглобиннің концентрациясын және тромбоциттерді бірден анықтайды. Бір сағатта 50-80  анализге дейін анықтауға болады. Екіншісі – лейкоциттердің түрлерін ажыратуға арналған. Сағатына 25-60 анализге дейін анықтауға болады.
Қан элементтерінің счетчиктері. Оған жататындар – есеп камерасы және автоматты счетчиктер. Есеп камерасы - қанның, зәрдің және жұлын сұйығының, сондай-ақ микроорганизмдердің элементтерін санауға арналған приборлар. Француз физиологы  Малассе 1874 жылы ұсынған прибор түбінде есепторлы шұңқыры бар қалың зат шынысы. Шұңқырдың үсті шлифті жабылғы шынымен жабылады. Камераның биіктігі жабылғы шыныны тығыз, Ньютон сақинасының білінуі арқылы қадағалап, жабу арқылы қамтамасыз етіледі. Зат шынысының негізгі құрылыс элементі үлкен және кіші квадраттар болып есептеледі. Есепторлар әртүрлі: Томдікі, Бюркердікі, Предтеченскийдікі, Тюрктікі, Нейбауэрдікі, Горяевтікі, Фукса-Розенталдікі және т.б.. Олар бір-бірінен үлкен және кіші квадраттардың әртүрлі топтастырылуымен ерекшеленеді. 
Горяев торы бар Горяев камерасы кеңінен қолданылады. Оның сиымдылығы 0,9 мкл, торының көлемі 9 мм², ол 225 үлкен квадраттардан тұрады.  Оның 100 квадраты бос, ал 25 квадратының әрқайсысы 16 кіші квадраттарға бөлінген, 100 квадраты жолақтармен бөлінген. Фукс-Розенталдың торы бар есептеу камерасының сиымдылығы 3,2 мкл, торының көлемі 16 мм², 256 үлкен квадраттардан тұрады.
Камераларды ластанудан, олардың торына шаң-тозаңның түсуінен сақтау керек. Жұмыстан кейін камера мен жабу шынысын су ағынымен жуып, таза сүткі қағазбен еппен сүртіп, қағазға орап қорабқа салып қояды.
Қазіргі кезде өндірісте жануарлар мен адамдардың қанына анализ жасау үшін автоматты анализаторлар шығарылады. Олар 1 сағатта 3000-ға дейін анализдерді жасауға мүмкіншілік береді. Еңгізілген ЭЕМ бағдарламасы бойынша цифр, кесте, гистограмма ретінде қанның цитологиялық, биохимиялық құрамдары және физиологиялық сипаттамасы туралы мағлұматтар береді.
Лабораторияларда қолданылатын автоанализаторлар: Биан және Циано (ТМД), «Контифоо» (Венгрия), ЛКБ (Швеция), «Браун-систематик» «Оптон» фирмасы (Германия), Олли-3000 жүйесі (Финляндия), «Селектив эпалейзер П» (Швейцария), SМА фирмасы «Техникон» (АҚШ, Ирландия), «Аббат фирмасы «Культе С» (Франция), «Центрифихем» «Юнион Карбайд» фирмасы (АҚШ) және басақалар.
Автоматты анализаторлардың көп каналды (12-30) жүйесі қан нұсқасының аз мөлшерін (0,5-2,5 мл) зерттеуге және бірден ондағы глюкозаның; мочевинаның; зәр қышқылының; креатининнің; билирубиннің; жалпы белоктың; аминтрансферазаның; лактатдегидрогеназаның; фосфатазаның;  К, Na, Ca, Mg  катиондарының; PO4 , Cl аниондарының сан мөлшерін анықтауға мүмкіншілік береді. 
Ферменттердің, белоктар мен олардың фракцияларының, қанттардың және қанның минералды құрамының барлық түрлерін анықтауға арналған қосымша блоктар қарастырылған.
Қан торшаларының саны мен көлемін анықтауға арналған кондуктометрикалық приборлар элетродтың арнайы тесігі арқылы өткен тоқ өткізетін ертінді құрамындағы бөлшектердің санын автоматты түрде анықтайды. Мысалы физиологиялық ертіндідегі қан торшаларының санын.
КГ-2 гематологиялық комплексіне кіретін ЦМК-1 типті  целлескоптармен немесе кондуктометрикалық цитометрлермен қан торшаларын санау және көлемін анықтау орта мен қан торшаларының тоқ өткізу айырмашылықтарын анықтау арқылы жүргізіледі. Бұл цитометрлер диаметрі 2-80 мкм, көлемі 5-2,5 х 10³ мкм ³ диапазондағы бөлшектерге анализ жүргізе алады. Бұл приборлардың жұмыс істеу принципі сұйық құрамындағы торшалар электродтың калибрленген капилляр тесігі арқылы өткен кезіндегі электр жүйесіндегі қарсылықты (импеданс) өлшеп және тіркеуге негізделген. Электрондық үлгідегі импульстың мөлшері электродтың капилляр тесігі арқылы өткен бөлшектің көлеміне байланысты болады. Арнайы электронды жабдық бөлшектің санын санауға және көлемін өлшеуге мүмкіншілік береді. Алынған нәтижелер торшалардың көлемінің үлкендігіне қарай орналасуының қисық сызығы ретінде сиямен жазылатын жабдыққа түседі.
Анализге қажетті суспензия мөлшерін сынап дозаторы (ЦМК-1) арқылы анықтайды. Кейде ауасыз сынап жүйесін арнайы насоспен (ЦМК-2) ауыстыруға болады.
Приборлар электр насосы, арнайы оптикалық жүйе, материалды өңдейтін және нәтижелерін тіркейтін қосымша жабдықтармен қамтамасыз етілуі де мүмкін.
Цитологиялық зерттеулерде негізінен гематологиялық зерттеулерде қолданылатын анализге қажетті биологиялық материалдарды бояйтын автоматтар, торшаларды санауға және ажыратуға арналған автоанализаторлар және т.б. пайдаланылады. 

   № 9 –шы лабораториялық сабақ

Тақырыбы: Коллоквиум.
Мақсаты: Студенттерді межелік бақылауға дайындау
Қажетті құжаттар: Тесті материалдары.

Лабораториялық ыдыстар дегеніміз не?
Лабораториялық ыдыстарды дайындау үшін пайдаланылатын негізгі материалдар қандай?
Шыны ыдыстарды қандай топтарға бөледі?
Жалпы қолдануға арналған ыдыстар қандай ыдыстар?
Арнай қолдануға арналған ыдыстар қандай ыдыстар?
Арнайы қолданылуға арналған ыдыстардың қандай заттарн білесіз?
Шыны тоңазытқыштардың қандай түрлерін білесіз, олар не үшін қолданылады?
Колбалардың қандай түрлерін білесіз?
Сифондар туралы не білесіз?
 Өлшегіш ыдыстардың жиі қолданылатын түрлері туралы не білесіз?
 Лабораториялық тәжірибеде қолданылатын фарфордан дайындалатын ыдыстарды аиаңыз, оларға сипаттама беріңіз.
 Жоғарғы температураға, отқа төзімді ыдыстар қандай материалдардан және қалай дайындалады?
 Кварцтан дайындалатын ыдыстардың қандай түрлерін білесіз? Олардың ерекшеліктерін айтып беріңіз.
 Пластикадан дайындалатын ыдыстар не үшін және қалай қолданылады?
 Лабораториялық ыдыстарды жұмысқа дайындау не үшін керек және қалай жүргізіледі?
 Лабораториялық ыдыстарды тазалаудың қандай физикалық әдістерін білесіз?
 Лабораториялық ыдыстарды жуу үшін қолданылатын қандай органикалық ертінділерді білесіз?
 Лабораториялық ыдыстарды жуу үшін қолданылатын басқа да қандай заттарды білесіз?
 Лабораториялық ыдыстарды тазалау үшін қолданылатын қандай химиялық әдістерді білесіз?
 Лабораториялық ыдыстарды қалай кептіреді?
 Лабораториялық ыдыстарды кептіру үшін қандай аппаратуралар мен құралдар пайдаланылады? 

Лабораториялық техника бөлімінің бақылау сұрақтары:

Лабораториялық техника дегеніміз не, не үшін қолданылады?
Лабораториялық техниканың классификациясын айтып беріңіз.
Жалпы қолданылатын лабораториялық техника қандай топтарға бөлінеді ?
Суды тазалау үшін қандай аппараттар, қандай заттар қолданылады?
Суды минералсыздандыру, ионсыздандыру, микросүзгіден өткізу дегендерді қалай түсінесіз ?
Дистілденген, бидистілденген сулар қандай сулар ?
Апирогенді су қандай су, оны алу үшін қандай аппаратура қолданылады? 
Сұйықты қыздыру процессіне қандай приборлар мен аппаратуралар қолданылады ?
Қандай газ қыздырғыштарын білесіз, олар қалай жұмыс істейді ?
 Кептіру не үшін керек, қандай аппаратуралар қолданылады ?
 Кептіру-залалсыздандыру шкафтары туралы айтып беріңіз.
 Температураны тұрақтандыру не үшін керек, қалай жүргізіледі ?
 Термостаттың қандай түрлерін білесіз ? Атап беріңіз.
 Заттарды өлшеу не үшін керек ? Таразылардың қандай түрлерін білесіз?
 Заттардың массасын дәл өлшеу үшін қандай таразылар қолданылады ?
 Аналитикалық таразылардың қандай түрлерін білесіз ?
 Арнайы таразылардың түрлерін айтып беріңіз.
 Әртүрлі өлшегіш құралына не жатады, оның ең төменгі және ең жоғарғы диапазоны қандай ?
 Таразыларды қолдану ережесінің негізгі талаптарын айтып беріңіз.
 Цетрифугалар не үшін қолданылады ?
 Лабораториялық тәжірибеде центрифугалардың қандай түрлері қолданылады ?
 Центрифугаларды пайдалану технологиясын және қауіпсіздікті сақтау ережелерін айтып беріңіз.
 Центрифуга пробиркаларының түрлері қандай және олар қандай материалдардан жасалады ?
 Микроскоп туралы не білесіз ? Қандай түрлері бар ? Қолдану ережесі.
 Фазалы-контрасты микроскоптар қандай микроскоптар?
 Аноптральды, люминесцентті микроскоптар туралы айтып беріңіз.
 «Лупа» дегеніміз не, қолдануы бойынша қандай түрлері бар ?
 Термометрлердің қандай түрлерін білесіз ? Олар не үшін қолданылады?
 Август және Ассман психрометрлері туралы айтып беріңіз. Олардың жұмыс істеу принциптері қандай?
№ 10, 11, 12 – ші лабораториялық сабақтар.

 Тақырыбы: Ертінділерді дайындау реті мен технологиясы. Ертінділердің концентрациясын анықтау.
 Мақсаты: Ертінділердің құрамы, түрлерімен және оларды дайындау технологиясымен таныстыру.
 Қажетті материалдар: әртүрлі еріткіштер, ерітілетін заттар, фиксанал, молярлы және қалыпты ертінділер және т.б.

Ертінділер туралы жалпы түсінік. Лабораторияларда көбінесе қатты заттардан ертінділер дайындалады. Әртүрлі заттар еріткіштерде әртүрлі мөлшерде ериді. Еріткіштерде ерітілетін заттар белгілі бір мөлшерде ғана ериді. Ол затты сол мөлшерден артық қанша қосқанда да ол ары қарай ерімейді. Осындай ертіндіні қаныққан ертінді деп атайды. Оның концентрациясы сол заттың ерітімділігі деп аталады. Ерітіндінің қанығуы белгілі бір жағдайға және алынған еріткіштің химиялық қасиетіне тікелей байланысты.
Көптеген жағдайларда ерітіндіні қыздыру арқылы оның ерігіштігін жоғарылатуға болады. Тек кейбір тұздар бұл ережеге бағынбайды. Олардың ерігіштігі температура көтерілген сайын төмендеуі немесе белгілі бір температураға жеткеннен кейін төмендеуі мүмкін.
Сусыз көмірқышқыл натрий әртүрлі температурада 100 мл қаныққан ерітіндіде төмендегідей мөлшерде ериді:

                                                                                                          2-ші кесте
Температура º С
  10
  20
  30
 31,9
 35,2
  40
  50
  60Көмірқышқыл натрий, г. 
 12,6
 21,4
 40,8
 46,0
 51,0
 49,7
 47,5
 46,5
Кестеден көрінгендей сусыз көмірқышқыл натрий көп мөлшерде тек 35,2ºС-де ғана ериді екен. Әрбір температурада заттың белгілі бір мөлшері ғана ериді. Температура жоғарылаған сайын ерігіштігі де жоғарылайтын қаныққан ертіндідегі затты суытқанда од заттың артық мөлшері тұнбаға түседі де, ертінді сол суытылған температурада қаныққан түрінде сақталады. Бірақта, кейбір жағдайларда ертіндіні өте жәй суытқанда ерітілген зат тұнбаға түспейді. Ондай жағдайдағы ертінді артық қаныққан ертінді деп аталады. Ол ертінді тұрақты болмайды. Ондағы тұздың тұнбаға түсуі үшін қандай-да бір кристалликтің немесе шаң-тозаңның түсуі жеткілікті.
Ертіндінің тығыздығы еріткіштің тығыздығынан басқаша болады. «Таза» ертінді еріткішке қарағанда жоғарғы температурада қайнайды. Осы қасиеті тұзды банналардың негізіне алынған. Ал ертіндінің қату температурасы, керісінше, еріткіштен төмен болады.
Майлы заттарды еріту қыйынырақ болады. Себебі оларды ұнтақтауға келмейді. Оларды аз мөлшерде және ақырындап еріткішке қосу керек.
Газдардың ерігіштігі. Барлық газ тәрізді заттар белгілі бір мөлшерде суда немесе органикалық еріткіштерде ериді. Олардың ерігіштігі сыртқы қысым мен температураға байланысты болады. Газдың парциалды қысымы неғұрлым жоғары болса, ол солғұрлым көбірек ериді. Ал судың температурасы неғұрлым жоғары болса, газдың еруі солғұрлым төмен болады. Сондықтан да судағы газды шығару үшін оны қайнатады.
Сұйықтарды өзара еріткенде олардың өзара қатынастарында үш жағдай байқалады:
Кейбір сұйықтар бір-бірінде ерімейді, оларды қосқанда бір-бірінен бөлініп тұрады. Мысал ретінде су мен майды келтіруге болады;
Сұйықтар бір-бірінде белгілі бір мөлшерде ғана ериді. Мысалы, су мен эфирді қосып шайқағаннан кейін тұндыруға қойса, олар екі қабатқа бөлінеді. Үстіңгі жағында судың эфирдегі ертіндісі, ал төменгі жағында эфирдің судағы ертіндісі анықталады. Қаныққан ертіндідегі олардың концентрациясы белгілі бір температурада белгілі бір мөлшерде болады. Мысалы, 20ºС судың 100 көлемінде эфирдің 8,11 көлемі; ал эфирдің 100 көлемінде судың 2,93 көлемі еритін көрінеді.
Сұйықтар бір-бірінде көп мөлшерде ери береді. Мысалы, су мен спирт бір-бірінде кез келген мөлшерде ери береді. Ондай қасиет көптеген қышқылдар мен суда да кездеседі.
Сұйықтарды бір-бірінде еріткенде қатты заттарды еріткендегідей немесе жылу бөлінеді, немесе жылу сіңіріледі.
Кейбір сұйықтарды бір-бірімен қосқанда қоспаның көлемі кішірейеді. Мысалы, 50 көлемді суды 50 көлемді спиртке қосқанда 100 көлемдегі қоспа алынбайды, ал ол көлем 96,3 – ке тең болады. Мұндай құбылыс – контракция құбылысы деп аталады.

           Ертінділердің классификациясы және концентрациясы.

Еріткішіне қарай ертінді сулы және сусыз ертінділер деп бөлінеді. Сусыз ертіндіге жататында органикалық еріткіштерде – спирттерде, ацетонда, эфирлерде, бензолда және т.б. ерітілген ертінділер. Көптеген тұздардың, сілтілердің және қышқылдардың ертінділері негізінен суда дайындалады.
Нақтылы концентрациялары арқылы ертінділер жуықтап алынған, дәл және эмпириялық концентрациялы ертінділер деп бөлінеді.
Қатты заттардың, сұйықтардың және газдардың еру процесстерінің айырмаылықтары бар.
   Ертінділердің концентрациясы.

Ертінділердің концентрациясы қалыпты жағдайда салмақтық және көлемдік процентпен, молмен немесе гармм-эквивалентпен белгіленеді. Сондай-ақ титр және молялдық (молон – моль/кг) бірліктер де бар.
Жуықтап алынған ертінділердің концентрациялары салмақтық (массалық) процентпен, дәл ертінділердікі – молмен, грамм-эквивалентпен немесе титрмен белгіленеді.
Концентрацияны салмақтық процентте бергенде 100 г ертіндідегі (100 мл ертіндідегі емес) еріген заттың мөлшерін көрсетеді. Мысалы, 10 %- ды ас тұзы дегеніміз 100 г ертіндіде (100 мл ертіндіде емес) 10 г ас тұзы және 90 г су бар ертінді.
Егер ертіндінің тығыздығы белгілі болса, онда салмақтық емес көлемдік процентті қолданған қолайлы. Ондай жағдайда қажетті көлемді формула арқылы анықтауға болады:
                                                   Салмақ   
   Көлем =  ------------------- ;  
                                                              Тығыздық
 Біздің мысалда көлем V = 20 : 1,203 = 16,6 мл. Мұндай көрсеткіш тек концентрациялы ертінділерде қолданылады, ал сұйытылған ертінділерде      (1 %-дан кем) кететін қателіктер өте аз болатындықтан, оны ескермеуге де болады.
 1 литр ертіндінің (1 литр еріткіштің емес) молмен берілген концентрациясы  оның молярлығы деп аталады. 1 литрінде 1 моль ерітілген зат бар ертінді бір молярлы немесе молярлы ертінді деп аталады. Қандай да бір заттың молі (грамм-молекуласы) деп оның граммен берілген молекулалық салмағын (массасын) айтады. 0,001 молді миллимоль деп атайды. Мысалы, күкірт қышқылының молі 98,08 граммға тең, сондықтан оның молярлық ертіндісі дегеніміз 1 литр ертіндіде (1 литр суда емес) 98,08 грамм күкірт қышқылы бар ертінді.
 Егер бір литр ертіндінің концентрациясы грамм-эквиалент санымен берілсе, ондай концентрация қалыпты концентрация деп аталады. Бір литр ертіндіде бір грамм-эквивалент ерітілген зат болса ол ертінді қалыпты ертінді деп аталады.
Заттың грамм-эквиваленті дегеніміз реакцияда 1,008 г ( 1 г-атом) эквивалентті сутегін ығыстырып, өзі қосылған заттың граммен алынған мөлшері. Сол зат араласатын химиялық реакцияға байланысты бір заттың грамм-эквиваленті әртүрлі болуы мүмкін.
Орнын басатын реакцияларда грамм-эквивалентті  (Е) сол заттың молекулярлық салмағын (М) қышқыл негізіне (Н) немесе ауысатын электронның санына (n) бөлу арқылы анықтайды:
                                            Е = М : Н немесе  Е = М : n;

Қалыпты ертінділердің көптеген жағдайларда анализ үшін концентрациялары жоғары болып келетіндіктен, оларды 0,5 қ., 0,1 қ. және т.б. сұйытылған түрде дайындайды.  
Титр дегеніміз бір мл ертіндідегі граммен алынған заттың мөлшері. Мысалы, 1 литр ертіндіде 5,843 г күкірт қышқылы бар болса, онда ол ертіндінің титрі: Т = 5,843 : 1000 = 0,005843 –ке тең болады. 
Молялды ертінді дегеніміз заттың бір молін бір кг еріткіште еріту арқылы дайындалған ертінді. Мысалы, ас тұзының бір молялды ертіндісін дайындау үшін ол тұздың 58,457 грамын 1 кг суда ерітеді. Мұндай жағдайда есеп мөлшері ертінді мөлшеріне емес 1 кг еріткіш мөлшеріне жүргізіледі.
Ертінділердің концентрациясын көлемдік процентпен беру бір-бірімен араластырғанда еритін сұйықтар үшін қолданылады.
Міне, біз ертінділердің концентрациясын көрсетудің тек негізгі, ең қажетті түрлерін ғана атап өттік. Ал арнайы зерттеулерде ертіндідегі заттардың мөлшерін көрсетудің басқа да бірліктерінің қолданылуы мүмкін.

   Ертінділерді дайындау техникасы.

Дәлдігі жағынан қандай ертінді дайындалмаса да тек таза еріткіш қолданылуы керек. Егерде еріткіш ретінде су қолданылатын болса, онда дистілденген, минералсызданған; ал кейбір жағдайларда екі рет дистілденген немесе арнайы тазарталған суды қолданған дұрыс.
Алдын ала дайындалатын ертіндіні дайындау үшін қолданылатын, ары қарай оны сақтайтын белгілі бір көлемдегі ыдыстарды дайындайды. Ол таза болуы керек. Егерде ертінді ыдыстың ішкі қабатымен реакцияласатын қауіп болса, онда оның ішікі қабаты церезинмен, парафинмен немесе басқа қажетті химиялық тұрақты деген затпен қапталады.
Мысалы, егер 1 литр ертінді дайындау керек болса, онда сиымдылығы 1,5 литрден артық емес ыдысты қолданған жөн. Ал 10 литр ертіндіні дайындауға сиымдылығы 12-13 литр ыдысты пайдаланған дұрыс.
Ертіндіні дайындар алдында екі ыдыс дайындау керек. Оның бірінде ертіндіні дайындайды, ал екіншісінде оны сақтайды. Кейде дайындалған ертіндіні онда түзілген тұнбадан сүзу керек болуы да мүмкін.
Еріту үшін таза зат алынады, дайындалған ертінді міндетті түрде оның құрамындағы қажетті заттарға тексеріледі. Керек болған жағдайда түзету еңгізіледі, жетіспейтін заттың мөлшері немесе су қосылады.
Дайындалған ертіндіні шаң-тозаңнан, газдан қорғау керек. Себебі оның құрамындағы кейбір заттар олармен реакцияласуы мүмкін. Мысалы, сілтілерді  көміртегінің қос тотығынан сақтау үшін оларды сақтайтын ыдысты натрий сілтісімен немесе аскаритпен толтырылған хлоркальций түтігімен жабдықтайды.
Ертіндіні дайындайтын және оларды сақтайтын ыдыстар белгілі бір тығынмен қамтамасыз етілуі тиіс.
Өте дәл және жауапты анализдерге дайындалатын ертінділерге қолданылатын шыны ыдыстардың сілтілермен реакцияласатынын еске ала отырып, кварц немесе ерекше дайындалған шыны ыдыстарды қолданады. Мысалы, борды, мыршты, алюминийді, қорғасынды және т.б. құрамында сол элементтер бар шыны ыдыстарда дайындауға болмайды.
Инертті газ азот немесе көміртегінің қос тотығы атмосферасында сақталатын ертінділерге арналған, арнайы титр жүргізуге бейімделген, ерекше бюреткалар болады. Мысалы, көміртегінің қос тотығының атмосферасында сақталатын ертіндінің ыдысының орта шеніндегі кеңейтілген бөлігіне мрамордың бөлшектерін салады да, үстіңгі шарын шыны талшықтарымен толтырады. Қабырғасындағы воронка арқылы приборға 1:2 қатынасында сұйытылған тұз қышқылының ертіндісін құяды. Егер ыдыстан тубус арқылы ондағы сұйықты ағызатын болса, онда сұйықтың үстіңгі жағында вакуум пайда болады да, тұз қышқылының ертіндісі орталық шарға ауысады. Осының салдарынан  мрамормен реакция жүреді, көміртегінің қостотығы ыдысқа түседі. Ыдыста аздаған қысым пайда болғанда тұз қышқылы төменгі шарға ауысады да, газдың бөлінуі тоқтайды.

   № 13 –ші лабораториялық сабақ

Тақырыбы: Микроскоп, микротом, ФЭК , олардың құрылыстары.
Мақсаты: Аталған аппараттардың құрылыстарымен және жұмыс істеу принциптерімен таныстыру.
Қажетті құжаттар: микроскоптар, микротомдар, ФЭК, гомогенизаторлар және т.б. аппараттар.
        Гистологиялық зерттеулерге препараттарды дайындау үшін қолданылатын аппараттар: микроскоптар, микротомдар, тіндерді гистологиялық өңдеу және препараттарды бояу үшін  қолданылатын автоматты аппараттар, микроманипуляторлар, термостаттар, қыздыру үстелдері, морфологиялық құрылыстарды автоматты түрде анализдейтін приборлар мен жабдықтар.
Микротом микроскопиялық зерттеулерге жарайтын жұқа кесінділер дайындау үшін қажет аппарат. Ол негізден, жетекші және микроберетін механизмдерден, объектіні және пышағымен оны ұстап тұратын жабдықтардан тұрады. Кесіндіні алу үшін пышақ немесе объект бір бағытта қозғалуы шарт. Ал қайта қайтқанда объектіні көтеретін механизм оны келесі кесіндінің қалыңдығы мөлшеріне көтеріп дайындайды.
Қолданылып жүрген микротомдарды екі типке жатқызуға болады:
Объект оны ұстап тұратын құралда қозғалыссыз, ал пышақ қозғалмалы түрде орналастырылған. Пышақтың көлденең немесе қисық бағытта қозғалатын конструкциялары бар микротомдар;
Ротациондық микротомдар. Оларда объект арнайы механизмнің көмегімен тік немесе көлденең бағытта қозғалыссыз орнықтырылған пышақтың үстінен өтіп, әрбір кесінді сайын белгілі мөлшерге бір жағына қарай ауытқып отырады.
Парафин, целлоидиндерге құйылып дайындалған объектілерден кесінді дайындау үшін радиалды, шаналы, ротациондық микротомдар қолданылады. Ал жануарлардың немесе өсімдіктердің мұздатылған тіндерінен кесінді алу үшін мұздатқыш микротом пайдаланылады. Онда объектіні арнайы баллоннан жұмсақ резина түтікше арқылы микротом үстеліне берілетін сұйық көмірқышқылы арқылы мұздатады. Сондай-ақ микротомға жеке мұздатқыш үстел қосымша беріледі. Онда объектіні мұздату үстелге орнатылған жартылай өткізгішті элементі бар электр тоғы арқылы іске асырылады.
Микротом пышағынан алынған кесіндіні мұздатылған күйінде сақтау үшін микрокриостат пайдаланылады. Ол мұздатқыш микротомға орнықтырылған кішкентай мұздатқыш камера. Ондағы температура 0-10ºС аралығында сұйық көмірқышқылы арқылы іске асырылады.
Экспресс-биопсияда, гистохимиялық зерттеулерде (ферменттік, антигендік және басқа да тіндердің белок жүйелерін зерттеу) жап-жаңа мұздатылған тіндерден кесінділер алу үшін микротом-криостат қолданылады. Ол температурадан қорғалған камерасы және суытқыш жүйесі бар микротом. 
Микротомның пышақтарын қайрау үшін бірнеше бейімделген құралдар мен арнайы стақандар бар. Жиі қолданылатын 3МН-2 стақаны 5-7 минуттың ішінде ұзындығы 180-500 мм микротом пышақтарын жылдам және жоғарғы сапада қайрайды. Пышақтың қайрау бұрышы 20-30º.
Электрондық микроскопиялық зерттеулерге арналған өте жұқа кесінділер дайындау үшін ультрамикротомдар қолданылады. Онда препараттарды кесуге дайындау және оны микроскоптың көрінетін жазығына шығару толық автоматтандырылған. Ультрамикротом УМТ-2  арқылы қалыңдығы 15-90 нм кесінді алуға болады. Ал УМТ-5 микротомы 5-100нм қалыңдықтағы кесінділерді дайындауға арналған. Жарық микроскоптары арқылы көруге қалыңдығы 5-8 мкм-дан 1-2 мкм-ге дейінгі кесінділер жарап жатыр.
Тіндерді гистологиялық өңдеу және кесінділерді бояу үшін жартылай автоматтар шығарылған. Оларға жататындар Америкалық «Аутотехникон» және Ресейлік «Гистохроматор». Мысалы, АТ-4 гистохроматорының бағдарлама беретін жабдығы бар және импрегнация, бояу, бекіту, жуу, тығыздау, спиртте сусыздандыру, парафинді сорғызып және оған құю, т.б. процесстерді автоматты түрде іске асырады. Зат жұғындысына арналған шынылардағы гистологиялық препараттарды бояуға арналған арнайы тәртіппен бояйтын көп позициялық автоматтар да бар.
Тіндерді зерттеуде оларды ұнтақтау жиі кездесетін жағдай. Әсіресе тығыз тіндерді (тері, бұлшық ет) ұнтақтау егер ол қолмен істелетін болса, көп еңбектенуді қажет етеді. Оның сапасы да - гомогендігі, ұсақ дисперсті массаның алынуы, ойдағыдай болмайды. Уақыттың ұзаққа созылуы да, әсіресе тін ферменттерінің белсенділігін  анықтауда, оның нәтижесіне кері әсер етеді. Сондықтан да, қазіргі кездегі аппаратураларда қол жұмысы жоқтың қасы деуге болады. Оларға жататын әртүрлі типті гомогенизаторлар. Ұнтақтау әртүрлі пішінді, әртүрлі көлемді (1 мл-ден 1л-ге дейін, одан да көп көлемде) металлдан, шыныдан, пластмассадан жасалған ыдыстарда жүргізіледі. Ыдыстың төменгі бөлігінде белгілі бір бұрышпен орналастырылған, айналу жылдамдығы минутына 3000 – 12000 болатын пышақтар бар. Айналу қақпақшалары ұнтақтаумен қатар заттарды сұйық бөлігімен араластыра отырып, гомогенді ұнтаққа айналдырады. Кейбір гомогенизаторларда массаны суытаттын жабдық қолданылады.
Гомогенизаторлар биология, медицина, ветеринария салаларында жиі қолданылады: биохимияда, фармакологияда, иммунологияда, физиологияда, экспериментті биологияда және т.б..
Өсімдіктердің және жануарлардың тіндерін ұнтақтау үшін өндірісте РТ-1 және РТ-2 ұнтақтағыштары шығарылады. Олар тіндерді жылдам ұнтақтауға, олардан гомогенді масса, эмульсиялар мен суспензияларды алуға арналған, үстелдің үстіне қойып қолдануға болатын лабораториялық аппараттар.
Заттарды шайқау және араластыру биохимиялық лабораторияларда реакция барысында эмульсия және суспензия жасау үшін жиі қолданылатын процедура. Олардың мақсаты бір бағытта болғанымен, олар тәжірибе жүзінде  әртүрлі жолдармен іске асырылады. Араластрыу ішінде сұйығы бар ыдысты қатты жылдамдықпен қозғау. Оны қозғау жылдамдығы реакция нәтижесіне маңызды әсер етеді. Мысалы, жұмыртқаны қатты шайқап араластыру оның нативті белогының көбіктеніп, денатурациялануына апарып соғады.
Сұйықтарды араластыру үшін әртүрлі жабдықтар қолданылады. Үстелдің үстіне орналастырып қолдануға болатын ММ-3 араластырғышы бар. Оның негізінде орналастырылған электр қозғағышына таға тәрізді тұрақты магнит бекітілген. Магнит айналғанда ішінде араластырылатын сұйық бар ыдыстың ішіндегі болат желімен (стержень) байланысады да, ол желі сұйықты араластырады. Желіні коррозиядан және сұйықпен реакцияласудан сақтау үшін, ол полиэтиленді қабшықпен тұйық қапталған.
Араластыру жылдамдығы магниттің айналу жылдамдығына, желінің мөлшеріне және сұйықтың тұтқырлығына тікелей байланысты. Керек болған жағдайда араластыруды приборда бекітілген электр пешін қосып қыздыру арқылы да жүргізуге болады.
Магнитті араластырғыштарды сұйықтарды титрлеу кезінде де қолдануға болады. Ол үшін араластырғышты бекітетін арнайы тірегіш болады. Магнит күшін жоймас үшін жұмыстан кейін электр пешінің үстіне прибормен бірге келетін, магниттің күш сызықтарын тұйықтайтын болат шығыршықты қояды.
Айналдырғыштың биохимиялық 93-ші моделінде үш айналдыту жылдамдығы бар:  600, 900 және 1200 а/мин. Бұл жылдамдықтар айналдырғышты кішкене көлемді және үлкен көлемді ыдыстардағы сұйықтарды шайқап араластыру үшін бірдей қолдана беруге болатындығын дәлелдейді. 
Сонымен қатар универсалды араластырғыштар да бар. Олар лабораториялық ыдыстардағы – колба, пробирка, бөтелкелердегі сұйықтарды араластыру арқылы реакцияны жылдамдату, сұйық компоненттерінің механикалық түрде араласуы, бактериологиялық зерттеулерде өсірілетін культураның аэрациясын жақсарту үшін қолданылады. Аппаратта ауыстырмалы платформалар бар: колбалар үшін үш, пробирка мен бөтелке кассеталарын бекіту үшін бір универсалды.
Аппаратты ұзақ уақытқа (5 тәулікке дейін үздіксіз) және қысқа мерізімге  (5-55 минутқа дейін) автоматты түрде тоққа қосуға болады.
Ауыстырылатын платформалардағы лабораториялық ыдыстардың көлеміне байланысты бірден мынандай наборларды орналастыруға болады: 100 мл-ден 30, 250 мл-ден 20, 500 мл-ден 12 колбаларды; 5 л-ден 2 бөтелкені; 11-19 мм диаметрлі 160 пробирканы. Тербелу саны жәй минутына 100-280 айналу, амплитудасы 10-25 мм мөлшерінде реттеліп отырады.
Қан элементтерін микроскоп арқылы зерттеу үшін оларды ерітетін сұйықтарда меланжерде араластыратын, үстелдің үстіне қойып пайдалануға болатын, портативті араластырғаштар бар.  Прибордың жұмыс істеу принципі: электр магниттінің екі катушкасында ортақ болат жүрекше бар. Ол меланжер штативі бекітілген рычакпен шарнир арқылы байланыстырылған. Сол рычаг стерженде толқыма қозғалысын тудырады. Бір штативке 1-6 меланжер орналастыруға болады.

    № 14 –ші лабораториялық сабақ

Тақырыбы: Лабораториялық жануарлар.
Мақсаты: Лабораториялық жануарлардың түрлерімен, оларды ұстау, бағу, азықтандыру, тәжірибеде пайдалану әдістерімен таныстыру.

                        Лабораториялық жануарларды азықтандыру.

Ең негізгі мақсат лабораториялық жануарлардың түрлеріне қарай оларға берілетін азықтың мөлшері мен құнарлылығын анықтау. Олар жабайы жануарларға қарағанда өздеріне қажетті заттарды өздіктерінен тауып жей алмайды. Жануарлардағы бар инстинкт - өз баласын өзі жеу (егеуқұйрықтар), нәжісін жеу - капрофагии (үй қояндары) және т.б. ондай қажеттілікті өтей алмайды. Сондықтан, жалпы ереже бойынша, әртүрлі жануар ерекше азықтандыру режімін қажет етеді. Олардың жылдам өсуі, буаздығы, ұрпақтарын сүтімен азықтандыруы, кейде сыртқы ортаның температурасының өзгеруі де азықтандыруды күшейтуді талап етеді. Егерде азықтың құрамында қажетті ингредиенті жеткіліксіз болса, онда жануарла әртүрлі ауруларға шалдығады. Азықтың мөлшерінің аз болуы олардың өсіп-өнуін тежейді. Ондай жануарлардың организмінің резистенттілігі төмендейді.
Сүтқоректі лабораториялық жануарлардың диеталық азықтарының құрамында дәнді дақылдар, бұршақты өсімдіктер, жапырақтар, көк шөп, сүт өнімдері, майлы өсімдіктердің тұқымдары, балық, ет, сүйек, ашытқы, әртүрлі экстрактылар, витаминдер, минеральды заттар және су болуы қажет. Бұл ингредиенттердің өзара сиымдылығын, бірінің қасиетін бірінің жоймауын ескерген жөн. Таза емес азық кейбір індетті аурулардың көзі болуының мүмкіндігін де ескеру керек. Сүт және сүт өнімдері әсіресе тышқандарға, ал ет және ет өнімдері егеуқұйрықтарға қажет. Рационда ет өнімдері жетіспегенде егеуқұйрықтардың бірін-бірі жеуі байқалады. Егеуқұйрықтардың рационындағы ет өнімдерінің мөлшерін экспериментте қолданылған, індетті аурулардан таза мысық, үй қояндары т.б. сияқты жануарлардың еттерімен толықтыруға да болады.
Дәнді дақылдардан дайындалған қоспасының құрамы, жуықтап алғанда, төмендегідей болғаны жөн: сұлы – 50 %, тары – 20 %, арпа – 15 %, бидай – 10 %, күнбағыс немесе кендір 5 %. Балық майын нанмен немесе дәнді дақылдан дайындалған азықтарға қосып береді. Сәбізді тартып берген жөн. Борды кесек түрінде, ал тұзды ботқаға қосады. Сүтті таза түрінде немесе қайнатылған сумен сұйылтып қолданады. Витаминді, тамырлы азықтар қыста қажет. Ал жазда оларды көкпен толықтырады.
Егеуқұйрықтар үшін дайындалған жемде 70 % сұлы, 30 % кебек немесе сығынды болғаны дұрыс. Оларға етті пісіріп береді.
Теңіз шошқаларына қызанақ шырынын немесе қышқыл капустаны балық майының орнына береді. Себебі балық майында С витамині болмайды. Оларға беретін жемнің құрамында 50 % сұлы,10 % арпа, 25 % кебек, 15 % сығынды болғаны жөн. Кебектіңжелінуін жақсарту үшін оны ыстық сумен буландырып барып берген дұрыс.
Ұнтақ ингредиенттерден ертерек дайындап қойып берер алдында сумен араластырып паста түрінде беретін де әдіс бар. Оларды ластанбаулары үшін арнайы астаушаларға салып берген дұрыс. Құрғақ пасталарды да қолдануға болады. Паста бактериялардың өсуіне жақсы орта және тез ашығыш.
Тауықтар мен егеуқұйрықтарды ұнтақ немесе ұнмен де азықтандыруға болады. Басқа жануарларға беру үшін оларды салатын ыдыстар дайындау қиынға түседі.
Әртүрлі көлемді тығыздалған брикеттерді қолданудың келешегі бар.

        Лабораториялық жануарларды күтіп-бағу.

Лабораториялық жануарлардың көптеген түрлерінің (әсіресе тышқандар) жақсы үйренетіндіктері сонша, олар кез келген жағдайда өсіп-өне береді. 
Лабораториялық жануарларға арналған бөлмелерді саларда олардың көлемі мен пішініне және микроклиматтық жағдайға көңіл бөлу керек.
Вивариялар мен питомниктерде жартысы жануарларға, ал қалған жартысы әтүрлі зерттеулер жүргізуге арналады.
Виварий (лат. Vivarium – аңдар қорығы) – малдәрігерлік және денсаулық сақтау саласында ғылыми зерттеу мақсатында тәжірибе жұмыстарын жүргізу үшін қолданылатын лабораториялық жануарларды күтіп-бағып және оларды көбейтетін жер.
Лабораториялық тәжірибеде екі ұғым бар: 
Виварий – тәжірибеге қолданылатын жануарларды тиісті жағдайда ұстайтын жай;
Питомник – жануарларды тәжірибеге дейін ұстайтын және көбейтетін жай.
Сондай-ақ арнайы және жалпы немесе комплексті типті виварийлерді ажыратады. Оларда аквариумдер, терраримдер (амфибийлер мен рептилийлерге), вольерлер мен торшалар құстар үшін және тағы басқа да қолдануға қолайлы әртүрлі бөлмелер болады. Қыстық, жаздық, тұрақты, уақытша бөлмелер деп те бөлінеді. Міндетті түрде карантин бөлмесі, изолятор, клиника, санитарлық жұмыс жүргізуге арналған, өлген жануарларды соятын және өлекселерді сақтайтын, басқа да өндіріске қажетті бөлмелері анықталады.
Виварийді желдету мәселесіне ерекше көңіл бөледі. Едені тастан немесе цементтен, қабырғалары кафельмен қапталуы керек.
Виварийде төрт секция болғаны дұрыс:
Сау жануарларға арналған секция;
Тәжірибеге қолданылатын жануарларға арналған секция;
Азық, төсеніш, таза қордағы торшалар және құрал-саймандар сақталатын секция;
Торшаларды, кір төсеніштерді тазалайтын, өлексені аластайтын секция.
Бөлмелерде екі есік болуы керек. Біреуі арқылы таза заттар еңгізіледі, ал екіншісі арқылы қолданылған кір заттар шығарылады.

Лабораториялық жануарларға арналған торшалар, жатқызғыштар
                               және басқа да құрал-саймандар.

Қазіргі кезде көлемі әртүрлі, бірнеше түрлі материалдардан жасалған, конструкциялары да сан қилы торшалар баршылық.
Жатқызғыштардың қандай түрлері болмасын: төбеге ілінетін, қабырғаға жапсырылатын, дөңгелекке орналастырылатын – барлығына қойылатын негізгі талап -  олардағы жатқызғыштардың (полкалардың) жылжымалы болуы және оңай ауыстырылуы. Қазірде кең орын алған жылжымайтын полкалы жатқызғыштар ертеңгі күннің талабына сай болмай қалулары әбден мүмкін.
Торшалардың көлемі туралы әртүрлі пікірлер бар. Қалай дегенмен де қарапайым конструкция торшалары арзан, тазалағанға да қолайлы; ұзақ уақыт пайдалануға болады. Оларды жасайтын материалдардың ішінде ең қолайлысы ағаш. Көп жағдайларда пластмассалар жиі қолданылып жүр. Олардың  кемшіліктері:   тозығы жеткен торшалардың шеткергі жақтарында шыны талшықтары пайда болады да, олар жануарлардың терісінің қабынуын – дерматит ауруын тудырады; тығыз емес пластмассалар жылулықтың әсерінен деформацияға ұшырайды; кейбір кеміргіштер олардың шеттерін кеміріп, тесіп те жібереді. Темірден, болаттан жасалған торшалар қымбат және тез арада өзгертіп отыруға қолайсыз. 
Иттерге арнайы торшалар темірден жасалады. Олардың үлкен (100х80х100 см) және кабиналы (2м*) түрлері болады.
Мысықтар тар жерде өмір сүре алмайды. Оларға үлкен вольерлер керек (350х700 см, оданда үлкен), онда 15-20 мысықтарды ұстауға болады. Вольердің ішінде әрбір мысыққа ұйықтауға арналған кабина-дупло (40х40х30 см) ұйымдастырылады. Вольерге үгіндіге толтырылған ящик, инфрақызыл сәулелі лампа қойылады. 
Үй қояндарының торшаларының көлемі 50-70х40-50 см-ден кем болмауы керек. Арнайы жатқызғыштар үш этаж етіп орналастырылады. Торшаны да, жатқызғышты да металлдан жасаған жуып тазалауға, дезинфекция жүргізуге қолайлы.
Теңіз шоқаларын үй қояндарының торшаларында ұстауға болады.
Бір торшада 15 тышқан, 10 егеуқұйрық, 1 үй қоянын, 5 теңіз шошқасын және 5 қалтаауыз ұстауға болады. Олардың санын одан арттырмаған жөн.
Бақаларға аса терең емес цементтелген бассеиндер немесе ванналар қолайлы. Онда төсеніш немесе құмнан аралша істеп қойған дұрыс.
Аквариумды ұйымдастыру үшін аквариум туралы нұсқауларға сүйену керек.
Рептилийлерге арналған террариумдарда температура, жарық және ылғалдық режімдерін қатаң сақтау керек.
Ал тағы жануарларды ұстаудың жағдайларының әртүрлілігіне қарап, виварий саларда олардың қандай түрлері болатынына арналған бөлімдерді ойластыру керек.
Виварийдің орналасатын жеріне дейін күні бұрын жоспарлап, оны тұрғындарға кедергі жасамайтын маңайға орналастырған жөн. Егер ондай жекеленген алаңға орналастыруға мүмкіншілік болмаса, онда оны үй астындағы жайларға емес үй үстітіндегі жайларға орналастырған дұрыс.
Лабораториялық жануарларға жұмсақ шымтезек, шөп, ағаш ұнтағы, дәнді дақылдардың қауыршығы жақсы төсеніш бола алады. Олардың азықтарына қойылатын талаптар:
азықтың мөлшерден артық емес, бірақ жеткілікті болуы;
бүлінген, жатып қалған азықтардың болмауы;
құрамында витаминдердің жеткілікті мөлшерде болуы;
күніне 2-3 реттен кем берілмеуі, әсіресе буаз жануарларға;
азықты таза, дезинфекция жасалған ыдыстар арқылы беру;
азықтың бір түрінен екінші түріне біртіндеп көшіру;
құрғақ азық бергенде, жануарлар туар алдында сумен қамтамасыз ету;
кеміргіштердің торшаларына, әсіресе тістері шығар кезде ағаш таяқшаларын тастау;
мүмкішілігінше ұсақ жануарларға араластырылған азықтарды брикет түрінде беру;
азықтардың сапасын ауық-ауық тексеріп отыру.
Лабораториялық жануарларды азықтандырудың мөлшері туралы денсаулық сақтау және ауылшаруашылық министірліктерінің біріге отырып шығарған нұсқаулары бар.
Виварийлер малдәрігерлік ұжымдардың қадағалауында болады. Міндетті түрде ауруларға қарсы сақтандыру шаралары жүргізіліп отырады.
Микробиологиялық виварийлердің өз ерекшеліктері бар. Онда індетті ауруларға бейім жануарлар көптеп ұсталады. Кез келген жерден жануарларды алу қауіпті. Ауыра қалған жануарларды жекелеп ұстайтын жайлар болуы қажет. Ауруларды жұқтыру үшін экспериментке пайдаланылатын жануарларды орналастыратын жайға ерекше көңіл бөлу керек. Індеттің тек виварийлердің өз ішінде ғана емес, одан тысқары жерлерге де тарамауына аса көп көңіл бөледі. Басқа жақтан әкелінген жануарларды екі жұмадай карантинге қояды.
Виварийларда селекция жұмысы дұрыс жолға қойылуы керек. Экспериментке дайындалған жануарлардың таза линияларын алуға барлық жағдайды туғызған дұрыс.
Жануарлардың денсаулықтарын үнемі қадағалап отыру үшін жеке диагностикалық-бақылау лабораториялары жұмыс істейді.

   Лабораториялық жануарларды пайдалану.

Лабораториялық жануарларды таңдап алуға қойылатын негізгі талаптар:
Таңдап алынған жануардың зерттелетін микроорганизмге сезімталдығы. Егер қоздырғыш толық белгілі болмаса, онда сол аурумен табиғи жағдайда ауыратын жануарлар алынады;
Жануарды күтіп-бағу кезінде және онымен эксперимент жүргізгенде оның қауіпсіздігі және ыңғайлылығы;
Жануарды арзан бағаға оңай табуға болатындығы;
Жануардың бұдан бұрын осы мақсатта қолданылмауы;
Жануардың бацилла сақтаушы болмауы.
Эксперименттің алдында жануарларды білгілі бір бояумен белгілейді. Ол үшін құлағына немесе аяғына металлдан жасалған номердерді де қолдануға болады. Жануарлардың денсаулығына, массасына, жасына және жынысына көңіл аударады. Кей кезде түсіне де қарауға тура келеді. Кейбір жануарларды тәжірибе жүргізер алдында әдейілеп дайындау керек болады: диета, бейтараптаушы дәрілер, күтіп-бағуда белгілі бір режім т.б..
  № 15 – ші лабораториялық сабақ

Тақырыбы: Лабораториялық жануарларды тәжірибеге пайдалану.
Мақсаты: Лабораториялық жануарларға эксперимент жасау әдістерімен таныстыру.
Қажетті материалдар: Лабораториялық жануарлар, шприц, инелер, ертінділер, бекіткіш материалдар және т.б.

               Материалдарды тірі организмге еңгізу әдістері.

Зерттейтін ауруды лабораториялық жануарға жұқтырудың нәтижесі сол аурудың қоздырғышын жіберу әдісіне байланысты. Кейде жіберу әдісі бұл мәселеде шешуші роль атқарады. Аурулардың азықпен, сумен ауыз қуысы арқылы жұғатыны белгілі. Одан басқа материалдарды егу арқылы жұқтыруға болады. Мұндай жағдайда оның дозасы, тазалығы және оларды дайындау сапасы негізгі факторлар.
Көп әдістердің ішінде терінің астына, еттің ішіне, венаға, ауыз қуысы арқылы, тыныс жолдарымен, қатты ми қабының астына, көздің алдыңғы қалтасына жіберу; ауру жануарды сау жануармен бірге ұстау әдістері жиі қолданылады.
Ұсақ малдарды бекітіп ұстау үшін әртүрлі құрал-саймандар, арнайы дайындалған жәшіктер қолданылады. Үй қоядары мен теңіз шошқаларын көмекші дәрігер столдың үстінде ұстап тұрады. Тышқандарды оператор жалғыз істегенде сол қолымен бекітіп оң қолын материал жіберу үшін бос ұстайды. Иттердің, мысықтардың ауыздарын таңып барып бекітеді. Кейбір эксперименттерде жансыздандыратын дәрілік заттарды (хлороформ, хлоралгидрат) қолдануға тура келеді.
Материалды жұқтырар алдында оны жіберетін жерін жақсылап дайындау керек. Жүнін қырқып, қырып, спиртпен тазалайды. Инструменттерді қайнату арқылы зарарсыздандырады.
Терінің астына жіберу әдісі. Жануардың терісін екі немесе үш саусақ арқылы ұстап қыртыстандырады да шприц инесі арқылы материалдың дозасын жібереді. Инені алғаннан кейін дәрі кері ағатын болса ол жерді коллодимен желімдеп қояды.
Ағзалардың немесе тіндердің үзіндісін тігу арқылы жұқтыру үшін теріні аздап тіледі де, оны сол скальпелдің кеспейтін жағымен ығыстырып қалта жасайды. Сол қалтаға материалды салып теріні қайта тігіп тастайды. Сыртынан жұққыш пластырмен желімдеп қойған дұрыс.
Терінің ішіне жіберу әдісі. 0,1-0,2 мл материалды жіңішке ине арқылы оның қиғаш кесінді жағын жоғары қаратып жайлап жібереді. Егер материал дұрыс жіберілген болса, онда сол жерде белгілі бүртік пайда болады.
Терінің үстіне жағу әдісі. Шпатель немесе шыны таяқша арқылы ертерек дайындалған жерге материалды үйкеу арқылы жағады. Ұсақ жануарларға шыны ыдыстың астында істеген жөн. Материал толық кепкенше жануар бекітулі тұруы керек.
Еттің ішіне жіберу әдісі. Еттің қалың жеріне инені еңгізеді де, оның қан тамырын жарақаттамағанына көз жеткізгеннен кейін материалдың дозасын шприц арқылы жібереді.
Венаның ішіне жіберу әдісі. Көбінесе мойын көк тамырына жібереді, ал үй қояндарына, иттерге және мысықтарға – құлақ венасына. Ине кіргізетін жерді жақсылап дайындап, зарарсыздандырып барып шприц арқылы материалдың толық дозасын жібереді. Инені алғаннан кейін ол жерді саусақпен аз уақыт басып тұрған жөн.
Егеуқұйрықтар мен тышқандарға құйрықтың жақтау венасына жібереді. Ол үшін құйрықты жылытылған (50*) суға малады немесе ыстық суға малынған тампомен сүртеді. Сонда вена ісінеді. Көмекші құйрықтың түбінен қысып ұстап тұрады. Оператор жіңішке инемен материалды жібереді. Теңіз шошқасына мойын көк тамырына немесе жүрек қуысына жібереді.
Құстарға қанаттарының астындағы венаға жібереді. Вена нашар көрінген жағдайда ол жерді қауырсындарынан тазалаған жөн.
Құрсақ қуысына жіберу әдісі. Жануарды артқы аяқтары арқылы басын төмен салбыратып ұстайды да қарынның артқы жағынан, орталық сызықтың жанынан инені тік ұстап, қатырық итеріп құрсақ қуысының қабырғасын теседі де материалды жібереді. 
Материалды құрсақ қуысына және жүрек қуысына жіберетін иненің үші доғал болғаны жөн.
Ауыз қуысы арқылы жіберу әдісі. Материалды азыққа қосып беру немесе ауызға салу және зонд арқылы асқазанға құю арқылы жібереді. Материалды асқазанға жіберерде жануарлардың түрлеріне байланысты әртүрлі көлемді ауыз кергіштерді қолданады.
Тыныс алу жолдары арқылы жіберу әдісі. Оның бірнеше түрлері бар:  материалды жабық ыдыста шашырату арқылы, кеңірдекке немесе бронхыға шприцпен жіберу арқылы, тамызғышпен мұрынға тамызу арқылы және т.б..
Ми немесе мидың қатты қабығының астына жіберу әдісі. Ол үшін желке төмпешігінің терісін кесіп, үлкен инені бұрау қозғалысымен шүйде сүйекті теседі де сол тесік арқылы шприц инесімен материалды жібереді. Жануарларды жақсылап бекітеді. Үй қояндары мен теңіз шошқаларына трепан қолданады. Операция жасалған жерді коллодиймен желімдеп қояды.
Көз арқылы жұқтыру әдісі. Материалды тамызғыш арқылы конъюктива қабына немесе көздің қалтасына тамызады.
Контакты түрде жұқтыру әдісі. Сау жануарларды бұрыннан ауруы белгілі жануарлармен белгілі бір уақытқа бірге ұстайды.

Эксперимент кезінде жануарларды күтіп-бағу және тексеру.

Эксперимент кезінде жануарларды күтіп-бағу істелетін жұмыстың, қолданылатын материалдың түріне байланысты болады. Аса қауіпті індетпен жұмыс істегенде талап ерекше қатаң болу керек. Экспериментті жүргізу жоспары жан-жақты қарастырылуы және басшы мекемелердің рұқсаты болуы шарт. Эксперимент жүргізілетін жер шаруашылық орталығынан алшақ орналасады және арнайы құрал-саймандармен қамтамасыз етіледі. Экспериментке қатысы жоқ адамдар жіберілмейді.
Жануарлар тұратын жайлардан басқа адамдар киімдерін ауыстыратын жер, душ, зарарсыздандырғыш ертінді, арнайы киімдер болады. Жұқтырушы материалдармен бірге болған заттар ол жайдан шығарылмайды, сол орнында зарарсыздандырылады. Шыбын-шіркей кірмейтін жағдай жасалады. Ағын сулар зарарсыздандырылып отырады.
Жануарларды оңай зарарсызданыдырылатын ыдыстарға, жайларға орналастырады. Азық қалдықтары сол жерде жойылып отырылады.
Әрбір торшада толық мағұлымат беретін кесте тұрады. Ондағы жазулар оңай өшірілетіндей болуы керек. Торшалар номерленеді. Жарық, жылулық және басқа да режімдер қатаң сақталады. Жануарлардың денсаулықтары қатаң қадағалауда болады. Оны үнемі бір кісінің жүргізгені дұрыс. Ол кісі барлық клиникалық тексеру нәтижелерін де жүргізеді. Жануарлардың дене қызуы күнделікті бір уақытта анықталады.
Эксперименттегі жануарлар туралы барлық керекті деректер арнайы жұрналда тіркеледі.  
Қан алу әдісі. Үй қояндарының құлақ венасынан немесе жүректен алады. Жүректен қан алу үшін инені үшінші қабырға аралығына төс сүйектің сол жақ шетінен 3 мм қашықтықтағы жерден еңгізеді. Үлкен қояндардан 25-30 мл қан алуға болады. Оның орнына терінің астына жылытылған физиологиялық ертіндіні жібереді. Қоянның қанын ұйқы артериясы арқылы толық ағызуға болады.
Теңіз шошқалары. Көбінесе жүректен алады. Доғал инені төс сүйегінің сол жақ шетінен ішке, алға қарай 1,5-2 см тереңдікке еңгізеді. Салмағы 500 г жануардан 10 мл қан алуға болады. Терінің астына екі есе мөлшерде физиологиялық ертінді жібереді. Аз мөлшерде қанды құлақ венасынан алуға болады.
Ақ егеуқұйрықтар мен тышқандар. Олардың құйрықтарынан алады. Ол үшін құйрықтарын ыстық суға малады немесе ыстық суға батырылып алынған ватамен орайды. Содан кейін құйрықтың үшін кеседі де қан ағызады. Сондай-ақ шприц арқылы жүректен немесе ортан жілік тұсындағы артериядан алады. Кейде тышқандардың артқы аяғының үлкен саусағын кесіп, ол жердегі қан тамырынан алады.
Иттер мен мысықтардан қанды құлақ, мойын, сан веналарынан алады. Жануарларды толық қансыздандырғанда олардағы қанның мөлшері салмақтарының 5-8 %-ын құрайтынын ескеру керек.

  Жануарлардың өлекселерін сою.

Өлген немесе эксперименттен кейін өлтірілген жануарларды сойып тексереді. Тірі жануарларды өлтіру үшін хлорофомдау, ауа эмболиясын тудыру(үй қояндары мен иттерге шприц арқылы ауаны құлақ венасына еңгізеді), электр тоғын қолдану (тоқ сымдарына инелерді бекітіп оның біреуін құйрық түбіне, екіншісін шүйде тұсына тері астына еңгізеді де тоқты қосады. Жануарлар біден өледі) әдістерін қолданады.
Ұсақ жануарлардың өлекселерін сояр алдында зарарсыздандыратын ертіндіге салып алады. Ондағы мақсат: тоғышарларды өлтіру және жүнін ылғалдау. Үлкендеу жануарлардың жүнін сулы тампон арқылы ылғалдауға болады. Содан кейін терісін сыпырады немесе бөлшектейді. Өлексені шірімей тұрғанда, өле салысымен сойған жөн.
Жануарларды сою үшін қаңылтырмен қапталған, сұйықтың ағуына жағдай жасалған столдар пайдаланылады. Егеуқұйрық, тышқан, теңіз шошқаларын түбінде балауызы бар шыны банкада сойған қолайлы.
Бактериялық зерттеу үшін союды зарарсыздандырылған инструменттермен жүргізеді. Қоректік орта, Пастер пипеткасы, металл шпатель, жұғынды шынысы, спиртовка, сіріңке, мақта, ступка, пестик, банка, консервация сұйығы т.б. керекті заттар алдын ала дайындалып койылады. Жануарларды сою белгілі тәртіп бойынша жүргізіледі.
Аршылған жүрек пен өкпелерден қоректік ортаға себу жасалады, шыныларға жұғын істейді, қажет болғанда пастер пипеткасына қан жинап оны дәнекерлеп тастайды. Содан кейін іш жақты сойып ондағы ағзалардан да сондай  әрекеттер істеледі. Бактериологиялық зерттеуге тіндерден кесінділер алынып, олар 30 %-ды зарарсыздандырылған глицерин ертіндісіне орналастырылады. Тексерудің аяғында басқа да ағзалардан гистологиялық т.б. зерттеулер үшін материалдар алынады.
Зерттеу нәтижелері толық хаттамаға жазылады. Зерттеуге қолданылған өлексе және оның бөлшектері пешке жағылады. Өе қауіпті індетті аурумен ауырған жануарларды сойғанда аса сақтық керек.
Тәжірибеге қолданылған барлық жануарлар ерекше жұрналға тіркеледі. Онда ол жануарлардың қалай жойылғаны, уақыты, жойған кісінің аты-жөні көрсетіледі.

Бақылау сұрақтары

Арнайы лабораториялық техникаларды қолдану арқылы биология саласында жүргізілетін зерттеулердің негізгі бағыттары қандай?
Автоклав (булы стерилизатор) дегеніміз не және не үшін қолданылады?
 Биостенд, АНКУМ-І жабдықтары не үшін қолданылады?
Ферментерлер, «New Brunswick» (көп дикалы құрал) туралы не білесіз және олар не үшін қолданылады?
Қоректік ортаға сипаттама беріңіз.
Консистенциясына байланысты қоректік орталар қандай топтарға бөлінеді?
Құрамындағы ингредиенттеріне қарай қоректік орталар қандай топтарға бөлінеді?
Қолданылуына қарай қандай қоректік оталарды білесіз?
Гистологиялық зерттеулерді жүргізу үшін қолданылатын аппаратуралар мен жабдықтардың негізгі түрлерін атап беріңіз.
 Микротом дегеніміз не, қандай түрлері бар және не үшін қолданылады?
 Гомогенизаторлар туралы не білесіз, олар не үшін қолданылады?
 Сілкілейтін және араластыратын аппараттардың негізгі типтерін атаңыз, олар не үшін қолданылады?
 Гематология туралы не білесіз?
 Гематология саласында қолданылатын приборларды атаңыз.
 Автоматты анализаторлардың негізгі өкілдерін атаңыз.
 Кондуктометрлік цитометр қандай мақсатта қолданылады?
 Физико-химиялық анализдің әдістері туралы не білесіз?
 Анализаторлар дегеніміз не?
 Абсорбциометрлер дегеніміз не, оларға қандай приборлар жатады?
 Нефелометрлер және турбидиметрлер туралы не білесіз?
 Фотометрикалық приборлардың өкілдерін атап беріңіз.
 Лазерлер туралы не білесіз, олар не үшін қолданылады?
 Фотоэлектроколориметрлердің типтерін атаңыз.
 Стабилизаторлар не үшін қолданылады?
 Жалынды фотометрлер туралы не білесіз? Олардың жұмыс істеу принципін айтып беріңіз.
 Қандай жарық сүзгіштерін білесіз?
 Спектрометрлер туралы не білесіз және олар не үшін қолданылады?
 Атомно-абсорбциондық спектрофотометрлер туралы не білесіз? Олардың жұмыс істеу принципін айтып беріңіз.
 Люминометрикалық анализаторлар (флюориметрлер) қандай мақсатта қолданылады?
 Люминесценция дегеніміз не, қандай түрлерін білесіз?
 Рефрактометрлер туралы не білесіз, олардың қандай түрлері бар және не үшін қолданылады?
 Поляриметрлер туралы не білесіз, олар не үшін қолданылады? 
 Сұйықгазды хроматографтар туралы не білесіз, олардың жұмыс істеу принципі қандай және олар не үшін қолданылады?

Бақылау сұрақтары:

Химиялық реактивтер дегеніміз не және оларды не үшін қолданады?
Химиялық реактивтер ветеринария саласында қандай мақсаттарда пайдаланылады?
Аналитикалық химиялық реактивтердің қандай типтік топтарын білесіз?
Химиялық реактивтердің барлық жіктелуін айтып беріңіз.
Химиялық реактивтерде белгіленген изотоптар не үшін пайдаланылады?
Лабораторияда жұмыс істейтін адамдар нені білулері керек?
Химиялық реактивтер қандай класс-топтарына бөлінеді?
Көбірек, аз және сирек пайдаланылатын реактивтер деген ұғымды қалай түсінесіз?
Реактивтерді үнемдеу не үшін керек және қалай іске асырылады?
 Реактивтермен жұмыс істеу және оларды пайдалану ретін айтып беріңіз?
 Лабораторияда пайдаланылатын улы, күшті әсері және басқа да химиялық заттарды сақтау, есептеу және шығындау мәселелері қалай шешіледі?
 Ертінділер дегеніміз не және ерігіштік дегенді қалай түсінесіз?
 Сұйықтардың өзара ерігіштігінің қандай қиюластығын білесіз?
 Еріткіштің ерекшелігіне және концентрациясын дәл көрсетуіне қарай қандай ертінділер болады және оларды қалай ажыратады?
 Ертінділерді концентрацияларына қарай қалай атайды?
 Молярлық және миллимоль дегеніміз не? 
 Ертінділердің қалыптылығы дегенді қалай түсінесіз?
 Заттың грамм-эквивалентіне сипаттама беріңіз.
 Ертінділердің титрі және молярлығының негізі неде?
 Жуықтап дайындалған ертінді дегеніміз қандай ертінді?
 Дәлдікпен дайындалған ертінді дегеніміз қандай ертінді және оны қалай дайындайды?
 Эмпирийлік ертінділерге түсініктеме беріңіз.
 Фиксаналдар және олардың қолданылуы.
 Титрлеудің қандай ерекшеліктерін білесіз?
 Индикаторлар дегеніміз не және олар не үшін қолданылады?
 Сусыз ертінділер дегеніміз қандай ертінділер?
 Органикалық еріткіштердің судан айырмашылығы неде?
 Ертінділерді дайындаудағы негізгі ережелерді айтып беріңіз.
 Бояғыштар дегеніміз не және лабораториялық тәжірибеде оларды не үшін пайдаланады?
 Жалпы химиялық жіктелуі бойынша бояғыш заттардың топтарын айтып беріңіз.
 Химиялық жіктелуіндегі қай топтың бояғыш заттары жақсы бояйды?
 Органикалық қосылыстардың класстарына қатысты бояғыш заттардың негізгі өкілдерін атап беріңіз.
 Нитро бояғыш заттар не үшін қолданылады?
 Азобояғыш заттар не үшін қолданылады?
 Каротиноидты бояғыш заттар не үшін қолданылады?
 Микроорганизмдерді не үшін бояйды?
 Интохимиялық реакция дегеніміз не?
 Көбірек қолданылатын бояғыш заттарды атап беріңіз.

Бақылау сұрақтары

Лабораториялық жануарлар дегеніміз не ?
Лабораториялық жануарлар не үшін қолданылады ?
Лабораториялық жануарларды қолдану мақсатына қарай айтып беріңіз.
Омыртқалы жануарлар туралы не білесіз ?
Омыртқасыз жануарлар туралы айтып беріңіз.
Омыртқасыз жануарлардың ішінде кең қолднылатын өкіліне сипаттама беріңіз.
Лабораториялық жануарлардың генетикалық негіздері туралы не білесіз?
Сызықты және сызықсыз бағытта алынатын жануарлар туралы не білесіз ?
Лабораториялық жануарлар қандай ауруларға және сыртқы ортаның қандай факторларына өте сезімтал ?
Инбридинг дегеніміз не ? Оның ролі қандай ?
 Лабораториялық жануарларды іріктеп алуда қандай принциптер бар ?
 Лабораториялық жануарлар үшін сапалы азықтандырудың маңызы.
 Капрофагия дегеніміз не және оның қандай маңызы бар ?
 Виварийлер және олардың түрлері туралы айтып беріңіз.
 Питомниктер дегеніміз, не үшін қолданылады ?
 Клиникалық бөлме туралы айтып беріңіз.
 Лабораториялық жануарларға қандай төсеніш материалдары қолданылады ?
 Лабораториялық жануарларды не үшін және қалай белгілейді ?
 Тірі организмге материалдарды жіберу әдістерін айтып беріңіз.
 Лабораториялық жануарлардан қанды қалай алады ?
 Лабораториялық жануарлардың өлекселерін сою туралы айтып беріңіз.
 Тәжірибеден кейін жануарларды қалай өлтіреді ?
  Пайдаланылған жануарлардың өлекселерін қалай зарарсызданырады және қалай жояды ?
 Қандай құжаттар жүргізу керек ?

                             Бақылау сұрақтары:

Конвенциальды және гнотобиотикалық жануарлар туралы не білесіз?
Лабораториялық жануарлардың қандай ауруларын білесіз ?
Індетті ауруларының жіктелуін айтып беріңіз.
Қандай вирусты ауруларды білесіз ?
Бактериальды ауруларды айтып беріңіз.
лабораториялық жануарлардың микоз ауруларының себептерін айтыңыз.
Тоғышарлар тудыратын аурулардың классификациясы қандай ?
Қарапайымдылар тудыратын аурулар туралы айтып беріңіз.
Құрт ауруларының себептері қандай ?
 Арахноздар туралы не білесіз ?
 Лабораториялық жануарлардың жұқпалы емес аурулары қандай ?
 Лабораториялық жануарлардың жиі ауыратын ауруларына тоқталыңыз.
 Індетті және тоғышарлар тудыратын ауруларды емдеу және алдын алу шаралары туралы не білесіз ?
 Лабораториялық жануарлардың ішінде індетті ауру туа қалғанда қолданылатын іс-шаралар қандай ?
 Суықтан, азық құнарсыздығынан пайда болатын аурулардың алдын алу шаралары қандай ?
 Генетикалық негіздегі ауруларды болдырмау шаралары қандай ? 
                
                                          Қорытынды.

Лабораториялық істің негізін меңгерудің әсіресе биологиялық мамандықтың зерттеушілері үшін маңызы өте зор. Табиғатта жүріп жатқан экологиялық өзгерістер нешетүрлі аурулардың туындауын тудырып отыр.
БҰҰ деректері бойынша тек қана соңғы 40 жылдың ішінде 72 жаңа аурулар пайда болған. Ескі індеттер өз түрлерін басқаша өзгертуде. Микробтардың өзгергіштігі сондай, олар кейде «тізгіндеуге» келмей кетеді. Мысал ретінде батысниль вирусын, Венесуэль жылқы энцефалитін, ВИЧ мутациясын, А типті пневмонияны, құс тұмауын, менингиттің жаңа түрін келтіруге болады.
Тағы бір ескеретін жағдай, қазіргі вирус қоздырғыштары малдарға, жәндіктерге, тіпті адамдарға қарағанда сыртқы ортаның өзгерістеріне өте жылдам бейімделгіш.
Міне осындай жағдайлар лабораториялық істі сапалы зерттеулер жүргізу үшін қосымша пән  ретінде оқып-үйренуді қажет етеді. Ол ауруға диагноз қою, ауру қоздырғыштарын бір-бірінен ажырату, емдеу және сақтандыру шараларын ұйымдастыру үшін қажет.
Жапон ғалымдары жаңа туған тышқандардың организміндегі метаболизмдердің ерекшеліктерін зерттей келе, олардың шу мен кіндік арқылы қоректенулері тоқтағанда және әлі ана сүтін қабылдамаған ең бірінші кезеңдегі бірнеше сағат ішінде қатты ашыққандықтан өз торшаларын жоятынын анықтаған. Бірнеше минуттан бірнеше сағатқа дейін созылатын ондай құбылыс организмді әлсіретеді, резистенттілігін төмендетеді. Мұндай құбылыс барлық сүтқоректілерде, оның ішінде адамда да жүреді. Оны аутофагия дейді.
Лабораториялық істі меңгеру, әсіресе жас ғалымдар үшін олардың дұрыс бағыт алып, дұрыс шешім қабылдауларына көп көмегінің тиері сөзсіз.
                
                       Пайдаланылған әдебиеттер:

Антонов В.И. и др. Лабораторные исследования в ветеринарии: биохимические и микологические. Справочник. М., «Агропромиздат», 1991, с. 287.
Буров А.Д. Лабораторные животные. М., изд. «Сельхоз литературы, журналов и плакатов», 1963, с. 385-414.
Воскресенский П.И. Техника лабораторных работ. М., изд. «Химия», 1967, с. 552.
Гинзбург О.Ф., Петров А.А. Лабораторные работы по органической химии. М., «Высшая школа», 1974, с. 286.
Дымко Е.Ф. и др. Руководство по биохимическим, токсикологическим и микологическим исследованиям тканей, органов, кормов, воды и др. материалов. (Для биохимических и токсикологических отделов ветеринарных лабораторий). Алматы, «Кайнар», 1980, с. 496.
Дымко Е.Ф., Кожебеков З.К. Клиническая биохимия в ветеринарии. Алматы, «Кайнар», 1986, с. 148.
Золотинцкий М.Д. Лабораторный практикум по охране труда. М., «Высшая школа», 1979, с. 215.
Ильясов Б.К. Иммунологическая реактивность организма лабораторных животных и молодняка КРС, привитых ассоционированной вакциной против болезни. Алматы. «Кайнар», 1977, с. 195.
Калугин Ю.А. Кормление кроликов. М., «Агропромиздат», 1985, с. 120.
 Кырыкбайулы С. И. и др. Лабораторное дело. Учебное пособие. Алматы. 2005, с.270.
 Орлов Ф.М. и др. Ветеринарная лабораторная практика. Т.2. М., изд. «сельхоз. Литературы, журналов и плакатов», 1963, с. 432.
 Познанин Л.П. и др. Зоология позвоночных. М., «Высшая школа», 1971, с. 152.
 Полянский Ю.И. и др. Зоология беспозвоночных. Учебник. М., «Высшая школа», 1981, с. 600.
 Судаков М.О. и др. Лабораторные исследования в ветеринарной терапии. Киев, «Колос», 1975, с.111.

 Уткин Л.Г. Кролиководство: Справочник. М., «Агропромиздат», 1987, с. 206. 
16. Кожанов К.Н т.б. Лабораториялық іс. 2008 жыл. -130 б.
Пәндер