Файл қосу

Хирургиялық операция



  ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ | |
|3 деңгейдегі СМК құжаты   |ПОӘК                  |                            |
|                          |                      |042-18-24.1.04/02-2013      |
|ПОӘК студенттерге арналған|№ 1-ші басылым        |                            |
|«Ветеринариялық           |                      |                            |
|хирургия-1» пәннің        |                      |                            |
|студентерге арналған жұмыс|                      |                            |
|оқу бағдарламасы          |                      |                            |














                        ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

                     «Ветериариялық хирургия -1» пәнінен

       «5В120100»    - «ветеринариялық медицина» мамандығына арналған


             ПӘННІҢ СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ



















                                   СЕМЕЙ,
                                    2013

                                   Алғысөз



1 ӘЗІРЛЕГЕН
Ветеринариялық  медицина  кафедрасының  доценті  міндетін  атқарушы,  м.ғ.к.
Ахметжанов О. Н. _____________________________
                             «        »                                 2013
жыл

2 ТАЛҚЫЛАДЫ
2. 1 Ветеринариялық медицина кафедрасының отырысында
Хаттама №        «     »                                 2013 жыл
Кафедра                                                          меңгерушісі
Тойкина Г.Н

2.2 Аграрлық факультеттің әдістемелік кеңесінде
Хаттама   №          «           »                               2013    жыл

Төрайым
       Тлеубаева А.В.

3 БЕКІТІЛДІ
Университеттің оқу - әдістемелік кеңесі мақұлдап басып шығаруға ұсынады
Хаттама №                   «       »                     2013 жыл
Оқу - әдістемелік кеңестің
төрайымы,                           ОӘЖ                            проректор
Искакова                                                                Г.К.



4 1-ші басылым.




















                                   МАЗМҰНЫ

      1.                           Жалпы                           ережелер
         ...................................................................
         ......... 4
       2. Пәннің мазмұны мен сабақ түріне байланысты сағаттардың
      бөлінуі
      .......................................................................
      ............................. 5
      3.     Пәнді     меңгеру     жөніндегі     әдістемелік      ұсыныстар
         .......................11
      4.                       Сабақтарды                       ұйымдастыру
         форматы..............................................12
      5.                Пәнді                оқыту                  саясаты
         ...................................................................
         ..12
      6.       Студенттердің        үлгерімін        бағалау        саясаты
         ....................................13
      7.                                                         Әдебиеттер
         ...................................................................
         ....................14







































      1. Жалпы ережелер
      1.1 Пәнді оқытушы туралы жалпы деректер
      Ветеринариялық медицина кафедрасы
      АХМЕТЖАНОВ ОРАЛҒАЗЫ НҰРАНБАСҰЛЫ, м.ғ.к,. доцент міндетін атқарушы.
      Жұмыс телефоны: 53 – 19 – 20.
      Оқу ғимараты – 6
      Сабақ өткізілетін аудиториялар: 102,104
      Пән бойынша кредит саны – 3.


      1.1 Пәннің жалпы мазмұны
      Хирургия – гректің екі сөзінен алынған. «Cheur ergon»: «хиер»  -  қол,
      «ерго» - әсер  ету.  Қазақша  ота  жасау.  Бұл  алғашында  хирургиялық
      ауруларды қолмен ота жасап емдеуге қатысты  қолданылған  тарихи  ұғым.
      Қазір хирургияның ауқымы аса кең. Хирургиялық  ауруларды  анықтау  мен
      емдеуде  сан  алуан  заманауй  құрал  жабдықтар,  техникалар,  дәрі  –
      дәрмектер,  әдіс  тәсілдер  кешені  қолданылады.   Осыған   байланысты
      медициналық және ветеринариялық хирургияның көптеген арнайы  бөлімдері
      пайда  болып  дамуда.  Оның  ең  күрделісі  қан   тамыры   хирургиясы,
      нейрохирургия, трансплантация хирургиясын атауға болады.  Студенттерге
      ветеринариялық   хирургия   3   бөлімге   бөліп    оқытылады.    Олар:
      Ветеринариялық хирургия – 1  -  оперативтік  хирургия,  Ветеринариялық
      хирургия – 2 - жалпы хирургия  және  Ветеринариялық  хирургия  –  3  -
      аймақтық хирургия. Бұл бөлімдер бір – бірімен  аса  тығыз  байланысты.
      Көптеген   операциялар   малдың   өмiрiн,   жұмысқа    қабiлеттiлiгiн,
      өнімділігін  сақтап  қалудың  бiрден  —  бiр  әдiсi  болып   саналады.
      Оперативті хирургия пәнін оқу барысында студенттер алдымен  оқытушының
      басшылығымен  зертханалық  жануарларға  операциялар   жасап   жаттығып
      үйренеді, осыдан соң  жануарларға өздігімен  операциялар жасайды.
      1.2 Оперативтiк хирургияның  мақсаты  студенттерге  операция  жасаудың
теориялық негізі мен дағдысын үйрету, хирургиялық  операциялардың   орындалу
техникаларын меңгерту.
      1.3 Оперативтiк хирургия  пәнінің  міндеттері:   Студенттерге  аурудың
түрiн,  малдың  жағдайын  ескере   отырып   малды   операцияға   дайындауды,
хирургиялық  операцияларды  жасау  әдiстері  мен  техникаларын,   операцияны
жүргiзудiң  негiзгi  қағидаларын,  оның  жеке  мүшелерде,  ұлпаларда  жасалу
техникасын үйрету.
      Студенттер меңгеруі тиіс:
    • Операция жасағанда ауырсындырмау жасауды,
    • Ұлпаларды ажырату техникасын,
    • Қанды тоқтатуды,
    • Тiгiс – таңғыш салуды,
    • Хирургиялық инфекциядан сақтау жолдарын.
      1.4 Пәннің пререквизиттері:
     •  Оперативтік  хирургия  пәнін  меңгеру  үшін   студенттер   жануарлар
       морфологиясы,    физиологиясы    мен    биохимиясы,     фармакология,
       микробиология  мен  вирусология,   жануарлар   патологиясы   пәндерін
       меңгерулері қажет.
      1.5 Пәннің постреквизиттері:
      Пән бойынша  алған  білімдерін  студенттер  одан  ары  «ветеринариялық
хирургия – 2» (жалпы хирургия) және «ветеринариялық хирургия  -3»  (аймақтық
хирургия) пәндері бойынша тереңдетеді.


       2 Пәннің мазмұны мен сабақ түріне байланысты сағаттардың
      бөлінуі
                                                                     Кесте 1
|№   |Сабақтың тақырыптары     |Сағаттар                    |Әдебиеттер     |
|    |                         |Д   |ЛЖС    |СО     |СӨЖ   |               |
|    |                         |    |       |ӨЖ     |      |               |
|    |Модуль – Оперативтік     |15  |15     |15     |45    |               |
|    |хирургия                 |    |       |       |      |               |
|    |Микромодуль-1:           |    |       |       |      |               |
|    |Хирургиялық операция     |    |       |       |      |               |
|    |элементтері              |6   |7      |7,5    |22,5  |               |
|    |                         |    |       |       |      |               |
|    |                         |    |       |       |      |               |
|    |                         |    |       |       |      |               |
|1   |Кіріспе                  |1   |       |       |      |7.1. 3-14 бет. |
|    |Оперативтік хирургияның  |    |       |       |      |7.3. 3-9 бет.  |
|    |мақсаты мен міндеттері.  |    |       |       |      |7.7. 44-46бет. |
|2   |Хирургиялық инфекцияның  |2   |.      |       |      |7.1. 50-66 бет.|
|    |алдын алу                |    |       |       |      |7.2. 8-26 бет  |
|    |                         |    |       |       |      |7.2. 202-229   |
|    |                         |    |       |       |      |бет.           |
|    |                         |    |       |       |      |7.3. 27-34 бет.|
|    |Жануарларды операция     |    |1      |       |      |7.1. 16-45; 68 |
|    |жасауға дайындау және    |    |       |       |      |бет.           |
|    |бекіту тәсілдері. Техника|    |       |       |      |7.3. 12-26 бет.|
|    |қауіпсіздігі.            |    |       |       |      |7.4 50 бет.    |
|    |Операция жасайтын орын   |    |       |1,5    |      |7.2. 12-15 бет.|
|    |(операция бөлмесі) және  |    |       |       |      |7.3. 37-39 бет.|
|    |оны дайындау             |    |       |       |      |               |
|    |Хирургтың қолы мен       |    |1      |       |      |7.1. 69-73 бет.|
|    |операция алаңын операция |    |       |       |      |7.3. 34-37 бет.|
|    |жасауға дайындау         |    |       |       |      |               |
|    |Хирургиялық құралдар,    |    |1      |       |      |7.1. 60-63;    |
|    |оларды стерильдеу Орау – |    |       |       |      |66-67; 172-180 |
|    |таңу материалдары, орау  |    |       |       |      |бет.           |
|    |таңудың түрлері мен      |    |       |       |      |7.2. 20-26 бет.|
|    |техникалары              |    |       |       |      |29-32 бет.     |
|3   |Жалпы ауырсындырмау.     |1   |       |       |      |7.1. 74-102    |
|    |Наркоз                   |    |       |       |      |бет.           |
|    |                         |    |       |       |      |7.2. 43-58 бет.|
|    |                         |    |       |       |      |7.3. 40-52 бет.|
|    |                         |    |       |       |      |7.6. 53-54 бет.|
|    |Жануарларға операция     |    |1      |       |      |7.1. 85-101    |
|    |жасағанда жалпы          |    |       |       |      |бет.           |
|    |ауырсындырмау жасау      |    |       |       |      |7.2. 43-58 бет.|
|    |техникалары              |    |       |       |      |7.3. 47-52 бет.|
|    |Наркоз бергенде          |    |       |1,5    |      |7.1. 102-104   |
|    |кездесетін асқынулар және|    |       |       |      |бет.           |
|    |оны жою жолдары          |    |       |       |      |7.3 52-54 бет. |
|    |Операция жасағанда       |    |       |       |4,5   |7.2. 45-58 бет.|
|    |нейролептик және         |    |       |       |      |               |
|    |анальгетик дәрілерді     |    |       |       |      |               |
|    |қолдану                  |    |       |       |      |               |
|    |Иттер мен мысықтарға     |    |       |       |4,5   |7.1. 98-101    |
|    |наркоз беру              |    |       |       |      |бет.           |
|    |                         |    |       |       |      |7.3. 52 бет.   |
|4   |Жергілікті ауырсындырмау |1   |       |       |      |7.1. 105-115   |
|    |                         |    |       |       |      |бет.           |
|    |                         |    |       |       |      |7.3. 54-66 бет.|
|    |                         |    |       |       |      |7.5. 42-44 бет.|
|    |Жануарларға операция     |    |1      |       |      |7.1.  105-115  |
|    |жасағанда  жергілікті    |    |       |       |      |бет.           |
|    |ауырсындырмау жасау      |    |       |       |      |7.3. 54-66 бет.|
|    |техникалары              |    |       |       |      |               |
|    |Эпидуральдық анестезия   |    |       |       |4,5   |7.1.112-115    |
|    |                         |    |       |       |      |бет.           |
|    |                         |    |       |       |      |7.3. 59-66 бет.|
|5   |Хирургиялық операция     |1   |       |       |      |7.1. 115-172   |
|    |элементтері. Десмургия   |    |       |       |      |бет.           |
|    |                         |    |       |       |      |7.3. 66-106    |
|    |                         |    |       |       |      |бет.           |
|    |Хирургиялық тігістер мен |    |1      |       |      |7.1. 133-148   |
|    |түйіндердің түрлері,     |    |       |       |      |бет.           |
|    |Операция тілігіне тігіс  |    |       |       |      |7.3. 77-88 бет.|
|    |салу техникасы.          |    |       |       |      |               |
|    |Сіңірлерге, қан          |    |       |       |4,5   |7.1.144-146    |
|    |тамырларына тігіс салу   |    |       |       |      |бет.           |
|    |техникалары              |    |       |       |      |7.3. 85-88 бет.|
|    |Эндовидиохирургия        |    |       |       |4,5   |7.14; 7.15.    |
|    |Операция кезінде болатын |    |       |1,5    |      |7.1. 125-126   |
|    |қан ағудың түрлері       |    |       |       |      |бет.           |
|    |                         |    |       |       |      |7.2. 67-75 бет.|
|    |                         |    |       |       |      |7.3. 72-73 бет.|
|    |Операция кезіндегі қан   |    |       |1,5    |      |7.1. 127-133   |
|    |ағуды тоқтату жолдары    |    |       |       |      |бет.           |
|    |                         |    |       |       |      |7.2. 76-83 бет.|
|    |                         |    |       |       |      |               |
|    |                         |    |       |       |      |7.3. 74-77 бет.|
|    |Қан және қан алмастыратын|    |       |1,5    |      |7.2. бет.      |
|    |ерітінділерді құю        |    |       |       |      |87-103 бет.    |
|    |техникасы                |    |       |       |      |7.3.100-102    |
|    |                         |    |       |       |      |бет.           |
|6   |Межелік бақылау-1        |    |1      |       |      |               |
|    |Микромодуль-2: Дене      |6   |5      |6      |13,5  |               |
|    |аймақтарына жасалатын    |    |       |       |      |               |
|    |операциялар техникалары  |    |       |       |      |               |
|7   |Бас аймағына жасалатын   |1   |       |       |      |7.1. 199-222   |
|    |операциялар              |    |       |       |      |бет.           |
|    |                         |    |       |       |      |7.2. 302-315   |
|    |                         |    |       |       |      |бет. 123-170   |
|    |                         |    |       |       |      |бет.           |
|    |Жануарлардың тістерін    |    |1      |       |      |7.1. 214-217   |
|    |тегістеу, алып тастау    |    |       |       |      |бет.           |
|    |және айналмаға операция  |    |       |       |      |294-298 бет.   |
|    |жасау  техникалары       |    |       |       |      |7.3. 146-151;  |
|    |                         |    |       |       |      |170-172  бет.  |
|    |Иттердің құлақтарын кесу |    |       |       |4,5   |7.3. 167-169   |
|    |техникалары              |    |       |       |      |бет. 7.16.     |
|    |Сиырды мүйізсіздендіру   |    |       |       |4,5   |7.1. 209-214   |
|    |техникалары              |    |       |       |      |бет.           |
|    |                         |    |       |       |      |7.3. 141-146   |
|    |                         |    |       |       |      |бет.           |
|8   |Мойын аймағына жасалатын |1   |       |       |      |7.1. 223-228   |
|    |операциялар              |    |       |       |      |бет.           |
|    |                         |    |       |       |      |7.2. 281-287   |
|    |                         |    |       |       |      |бет.           |
|    |                         |    |       |       |      |7.3. 172-183   |
|    |                         |    |       |       |      |бет.           |
|9   |Кеуде аймағына жасалатын |1   |       |       |      |7.1. 229-234   |
|    |операциялар              |    |       |       |      |бет.           |
|    |                         |    |       |       |      |7.3. 184-190   |
|    |                         |    |       |       |      |бет.           |
|    |Плевросентез (кеуде      |    |1      |       |      |7.1. 233   бет.|
|    |қуысын тесу), және       |    |       |       |      |7.3. 187-188   |
|    |қабырғаны кесіп алып     |    |       |       |      |бет.           |
|    |тастау техникалары       |    |       |       |      |               |
|10  |Құрсақ аймағына          |2   |       |       |      |7.1. 236-243   |
|    |жасалатын операциялар    |    |       |       |      |бет.           |
|    |Лапаротомия және         |    |1      |       |      |7.3. 208-214   |
|    |руменосентез  жасау      |    |       |       |      |бет.           |
|    |техникалары              |    |       |       |      |7.8. 38-40 бет.|
|    |Жарықтарға операция жасау|    |1      |       |      |7.1. 243-248   |
|    |техникасы                |    |       |       |      |бет.           |
|    |                         |    |       |       |      |7.3. 236-240   |
|    |                         |    |       |       |      |бет.           |
|    |                         |    |       |       |      |7.9. 41-42 бет |
|    |                         |    |       |       |      |7.10. 44-45    |
|    |                         |    |       |       |      |бет.           |
|    |Руменотомия              |    |       |1,5    |      |7.1. 238-243   |
|    |                         |    |       |       |      |бет.           |
|    |                         |    |       |       |      |7.3. 215-220   |
|    |                         |    |       |       |      |бет.           |
|    |Ішектерді кесіп алып     |    |       |1,5    |      |7.3. 225-233   |
|    |тастау және тігу         |    |       |       |      |бет.           |
|    |Қолдан артқы тесік жасау |    |       |1,5    |      |7.3. 236-237   |
|    |техникасы                |    |       |       |      |бет.           |
|    |Қуыққа операция жасау    |    |       |1,5    |      |7.1. 248; 233 -|
|    |техникасы                |    |       |       |      |334 бет.       |
|    |                         |    |       |       |      |7.3. 311-314   |
|    |                         |    |       |       |      |бет.           |
|    |Кесар тілігін жасау      |    |       |       |4,5   |7.3. 241-243   |
|    |техникасы                |    |       |       |      |бет.           |
|11  |Аяққа жасалатын          |1   |1      |       |      |7.1. 337-388   |
|    |операциялар              |    |       |       |      |бет.           |
|    |                         |    |       |       |      |7.3. 314-355   |
|    |                         |    |       |       |      |бет.           |
|    |Микромодуль-3:           |3   |3      |1,5    |9     |               |
|    |Жануарларды пішу         |    |       |       |      |               |
|    |техникалары              |    |       |       |      |               |
|12  |Аталықтарды пішу         |2   |       |       |      |7.1. 248-290   |
|    |                         |    |       |       |      |бет.           |
|    |                         |    |       |       |      |7.3. 246-272   |
|    |                         |    |       |       |      |бет.           |
|    |                         |    |       |       |      |7.11. 44-47    |
|    |                         |    |       |       |      |бет.           |
|    |                         |    |       |       |      |7.12. 37-38    |
|    |                         |    |       |       |      |бет.           |
|    |Аталықтарды пішу         |    |2      |       |      |7.1. 248-290   |
|    |техникалары              |    |       |       |      |бет.           |
|    |                         |    |       |       |      |7.3. 246-272   |
|    |                         |    |       |       |      |бет            |
|    |Пішуден кейінгі          |    |       |1,5    |      |7.1. 287-290   |
|    |асқынуларды емдеу        |    |       |       |      |бет.           |
|    |                         |    |       |       |      |7.2. 343-350   |
|    |                         |    |       |       |      |бет.           |
|    |                         |    |       |       |      |7.3. 273-274   |
|    |                         |    |       |       |      |бет            |
|    |Фаллопластика            |    |       |       |4,5   |7.1. 319—321   |
|    |                         |    |       |       |      |бет.           |
|    |                         |    |       |       |      |7.3. 301-302   |
|    |                         |    |       |       |      |бет.           |
|13  |Овариэктомия             |1   |       |       |      |7.1. 291-304   |
|    |                         |    |       |       |      |бет.           |
|    |                         |    |       |       |      |277-288 бет.   |
|    |Желінге операция жасау   |    |       |       |4,5   |7.3. 243-245   |
|    |техникасы                |    |       |       |      |бет.           |
|14  |Межелік бақылау          |    |1      |       |      |               |


      3 Пәнді меңгеру жөніндегі әдістемелік ұсыныстар
      Студенттер пәнді толық меңгеру үшін олар  төмендегі  талаптарды  толық
орындаулары қажет:
      Сабақ басталғанда оқытушыдан пәннің оқу  –  әдістемелік  кешенін  алып
танысу.
      Аудиториялық сабақтарды (дәріс, және лабораториялық жаттығу сабақтары)
босатпау,  дайындалып  келу   және  сабаққа  белсенді  қатысу,   СОӨЖ,   СӨЖ
уақытында орындау  және  қорғау,  сөйтіп  ең  жоғарғы  балл  жинау.  Студент
пәннің оқу -  әдістемелік  материалдарымен  интернет  жүйесі  арқылы  арнайы
сайттан таныса алады. Пән бойынша қазақ  және  орыс  тілдерінде  арнайы  оқу
құралдары  бар.  Студенттер  пәнді  меңгеру  барысында  2  межелік   бақылау
тапсырады. Межелік бақылау сұрақтары емтихан сұрақтарының  негізін  құрайды.
Оқу-әдістемелік кешен әдебиеттермен жұмыс істеуді жеңілдетеді.
      Пәнді игеру барысында студенттерге  негізгі  және  қосымша  әдебиеттер
ұсынылады.  Пән  бойынша  мемлекеттік   тілде   әдебиеттердің   тапшылығынан
студенттер  үшін  оны  таңдау  және  табу  өте  маңызды  мәселе.  Оқытушымен
ұсынылатын әдебиеттердің ішінде біреуі ең негізгі оқулық ретінде  ұсынылады.
Басқа  әдебиеттер  қосымша  оқу  құралы  ретінде  қолданылады.  Студенттерді
негізгі бағыттаушы материал –  дәріс материалдары.
      Пәнді бағдарламада  берілген  тәртіппен  игеру  өте  қолайлы.  Оқытушы
бақылау сұрақтары арқылы  студенттердің  игеру  деңгейлерін  үнемі  тексеріп
отырады.
      Студенттермен пәннің игерілу деңгейі олар алған  теорияларын  тәжірибе
жүзінде қолдана алғанда ғана толық деп есептеледі.


      4 Сабақты ұйымдастыру форматы
      Пәнді  меңгеруде  СӨОЖ  мен  СӨЖ  маңызы  зор.  Бұл  жұмыстар  бойынша
қойылатын балл мөлшері апталық, межелік және семестр бойынша  студент  жинай
алатын ең жоғарғы балл мөлшерінің 60 пайызын құрайды, яғни  СӨЖ  –  аймақтық
хирургия   мәселелері   бойынша   тақырыптар   берілген.   Студенттер    осы
тақырыптарға  берілген  әдебиеттерді  және  қосымша  әдебиеттер   іздестіріп
рефераттар жазып өткізуге және қорғауға тиіс.  Әр  рефераттың  жоспары  және
қолданылған әдебиеттердің тізімі берілуі міндетті. Көлемі  5-  10  бет.  Оны
компьютерде теруге  немесе  қолмен  рефераттарға  арналған  дәптерге  жазуға
болады. Тексеріліп бағасы қойылған реферат иесіне қайтарылмайды.
      Пән  бойынша  алған  білімдерін  тәжірибе  жүзінде   бекітулері   үшін
студенттерге  «Лада»  шаруа  қожалығында   тәжірибе   сабақтары   өткізіліп,
өндірістік тәжірибе алуға жіберіледі.


      5 Пәнді оқыту саясаты
      Пәнді оқытудың барлық сатысында студенттерге қойылатын талаптар:
        1.  Міндетті  түрде  сабаққа  қатысу.  Сабақ   барысында   тәртіпті
           бұлжытпай  орындау.  Сабаққа  кешікпеу.   Әрбір   дәріске   және
           лабораториялық жаттығу сабақтарына қатысу баллмен есептеледі, ал
           әрбір  босатылған  сабақ  минус  балл  болады.  Әрбір   себепсіз
           босатылған,  уақытылы  өтемеген  сабақ  үшін  айып  балы  алынып
           тасталады, ал себепсіз босатылған сабақты өтегеннің  өзінде  сіз
           жоғарғы деңгейде балл ала алмайсыз.  Ал себепті  сабақ  босатқан
           студенттер ережеге сай өтеген сабағы үшін тиісті балдарын алады.
        2. Сабақты себепті  түрде  босату  сізді  курсты  толық  меңгеруден
           босатпайды. Босатқан сабағыңызды  өтеу  үшін  сізге  уақыт  және
           тапсырма беріледі. Босатқан, өтелмеген сабақ үшін  сіз  ешқандай
           балл алмайсыз.
        3. Сіз уақытында ұқыпты  түрде,  уақытында  үй  тапсырмаларын,  СӨЖ
           орындауыңыз және оқу процессіне белсенді түрде қатысуыңыз қажет.
           Міндеттілік пен ұқыптылықты дағдыға  айналдырған  дұрыс.  Осының
           бәрі сізге жоғарғы  рейтинг  көрсеткіштеріне  қол  жеткізуіңізге
           мүмкіншілік береді.
        4. Сабақ кезінде сіздің ұялы телефоныңыз сөндірулі болуы шарт;
        5. Оқытушымен және өз курстастарыңмен ашық және  ақжарқын  қарым  –
           қатынасты болу керек

        6. Студенттердің үлгерімін бағалау саясаты

        «Ветеринариялық хирургия-1» пәні бойынша баллдардың бөлінуі:
                                                                     Кесте 2
|Аптал|Бақылау түрі                                         |Барлық  |Ескертпеле|
|ар   |                                                     |балл    |р         |
|     |1-7 апта аралығында дәріске қатысу және дайындалу    |30      |Сабақ     |
|     |                                                     |        |кестесі   |
|     |                                                     |        |бойынша   |
|1    |ЛЖС- ауызша сұрау, тапсырманы орындау.  Алғашқы      |0       |Сабақ     |
|     |аптада балл қойылмайды.                              |        |кестесі   |
|     |                                                     |        |бойынша   |
|2    |ЛЖС- ауызша сұрау, тапсырманы орындау -21балл        |21      |Сабақ     |
|     |                                                     |        |кестесі   |
|     |                                                     |        |бойынша   |
|3    |ЛЖС-ауызша сұрау, тапсырманы орындау -21балл;        |42      |Сабақ     |
|     |СОӨЖ- ауызша сұрау -6 балл; СӨЖ-реферат-15 балл.     |        |кестесі   |
|     |                                                     |        |бойынша   |
|4    |ЛЖС-ауызша сұрау, тапсырманы орындау -21балл;        |42      |Сабақ     |
|     |СОӨЖ- ауызша сұрау -6 балл; СӨЖ-реферат-15 балл.     |        |кестесі   |
|     |                                                     |        |бойынша   |
|5    |ЛЖС-ауызша сұрау, тапсырманы орындау -21балл;        |42      |Сабақ     |
|     |СОӨЖ- ауызша сұрау -6 балл; СӨЖ-реферат-15 балл.     |        |кестесі   |
|     |                                                     |        |бойынша   |
|6    |ЛЖС-ауызша сұрау, тапсырманы орындау -21балл;        |42      |Сабақ     |
|     |СОӨЖ- ауызша сұрау -6 балл; СӨЖ-реферат-15 балл.     |        |кестесі   |
|     |                                                     |        |бойынша   |
|7    |СОӨЖ- ауызша сұрау -6 балл; СӨЖ-реферат-15 балл;     |81      |Сабақ     |
|     |Межелік бақылау-1-жазбаша, ауызша-60 балл.           |        |кестесі   |
|     |                                                     |        |бойынша   |
|1-7 апта аралығындағы сабақтар бойынша барлық жиналған балл|300     |          |
|     |8-15 апта аралығында дәріске қатысу және дайындалу   |30      |Сабақ     |
|     |                                                     |        |кестесі   |
|     |                                                     |        |бойынша   |
|8    |ЛЖС- ауызша сұрау, тапсырманы орындау.               |0       |Сабақ     |
|     |Алғашқы аптада балл қойылмайды.                      |        |кестесі   |
|     |                                                     |        |бойынша   |
|9    |ЛЖС- ауызша сұрау, тапсырманы орындау -17 балл       |17      |Сабақ     |
|     |                                                     |        |кестесі   |
|     |                                                     |        |бойынша   |
|10   |ЛЖС-ауызша сұрау, тапсырманы орындау -17 балл;       |38      |Сабақ     |
|     |СОӨЖ- ауызша сұрау -6 балл; СӨЖ-реферат-15 балл.     |        |кестесі   |
|     |                                                     |        |бойынша   |
|11   |ЛЖС-ауызша сұрау, тапсырманы орындау -17 балл;       |38      |Сабақ     |
|     |СОӨЖ- ауызша сұрау -6 балл; СӨЖ-реферат-15 балл.     |        |кестесі   |
|     |                                                     |        |бойынша   |
|12   |ЛЖС-ауызша сұрау, тапсырманы орындау -18 балл;       |39      |Сабақ     |
|     |СОӨЖ- ауызша сұрау -6 балл; СӨЖ-реферат-15 балл.     |        |кестесі   |
|     |                                                     |        |бойынша   |
|13   |ЛЖС-ауызша сұрау, тапсырманы орындау -18 балл;       |39      |Сабақ     |
|     |СОӨЖ- ауызша сұрау -6 балл; СӨЖ-реферат-15 балл.     |        |кестесі   |
|     |                                                     |        |бойынша   |
|14   |ЛЖС-ауызша сұрау, тапсырманы орындау -18 балл;       |39      |Сабақ     |
|     |СОӨЖ- ауызша сұрау -6 балл; СӨЖ-реферат-15 балл.     |        |кестесі   |
|     |                                                     |        |бойынша   |
|15   |Межелік бақылау-2-жазбаша, ауызша-60 балл.           |60      |Сабақ     |
|     |                                                     |        |кестесі   |
|     |                                                     |        |бойынша   |
|8-15 апта аралығындағы сабақтар бойынша барлық жиналған    |300     |          |
|балл                                                       |        |          |
|1-15 апта аралығындағы сабақтар бойынша барлық жиналған    |600     |          |
|балл                                                       |        |          |




   7 Әдебиеттер
    Негізгі
   7.1. Мурәлінов  К.Л. Оперативті хирургия. (оқулық құрал) —Алматы  Каз.ҰАУ
. 2006 ж 416 б.
   7.2 Б,К. Ілиясов. Ветеринариялық хирургия  (оқулық).  Алматы.  2008.  400
бет.
   7.3 Магда  И.И. Иткин Б.З.Воронин  И.И.Оперативная  хирургия  с  основами
тапогрфический анатомии. М.Колос, 2003 г. 360 с.
    Қосымша:
    7.4. Цыредоржиев Б.Ж. Носовой зажим для фиксации крупного рогатого скота
//Ветеринария, 2004 -№ 6 – С.50
   7.5.  Порфирьев  И.А.  и  др.   Обезболивание   лидокаина   гидрохлоридом
//Ветеринария, 2003 -№ 3  -С.42-44.
   7.6.  НечаевА.Ю.   Ветеринарная   анестезиология   в   учебном   процессе
//Ветеринария,2002 -№10 –С. 53-54.
    7.7. Кашин А.С. Хирургические операции у животных //Ветеринария 2000 -№1
–С.44-46
   7.8. Кашин А.С., Медведева Л.В. Закрытие после операционных  ран  брюшной
стенки у животных //Ветеринария, 2001 -№11 –С. 38-40
     7.9.  ШиякинаТ.Н.  Грыжесечение   интравагинальных   грыж   у   поросят
//Ветеринария,2000 -№ 5 –С.41-42.
   7.10. Кашин А.С. Пупочная грыжа //Ветеринария, 2000 -№ 11 -С.44-45.
   7.11 Кашин А.С.Кастация животных //Ветеринария, 2000 -№ 5 С.44 -47.
   8.12. Кашин А.С.  Клещи копытно-кастрационные //Ветеринария,  2001  -№  6
–С. 37-38
   7.13.Стекольников  А.З.,ЛебедевА.В.,Нарусбаева  М.А.  Кастрация  жеребца-
крипторхида //Ветеринария, 2000 -№1 –С.46-47.
   7.14. Справочник ветеринарного врача. – СПб.:  «Лань», 2004.-896с.
   7.15. Материалы первого  евроазийского  ветеринарного  конгреса.  Алматы.
   2007.
   7.16.Хирургические операции у собак и кошек. - М.: ООО  «Аквариум-Принт»,
   2005. -  232с.

Пәндер