Файл қосу
Тақырыбы Кәсіби қазақ тілінің негіздері
|МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ | |РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН | |ГОСУДАРСТВЕННЫЙ УНИВЕРСИТЕТ | |имени ШАКАРИМА г. СЕМЕЙ | |Документ СМК 3 уровня |УМКД | | | | |УМКД | | | |042-18-10.1.35/03-2014 | |УМКД | | | |Учебно-методические |Редакция № 1 | | |материалы по дисциплине |от 11.09.2014 г. | | |«Профессиональный казахский | | | |язык» | | | УЧЕБНО-МЕТОДИЧЕСКИЙ КОМПЛЕКС ДИСЦИПЛИНЫ «Профессиональный казахский язык» для специальности 5В072000 – «Химическая технология неорганических веществ» УЧЕБНО-МЕТОДИЧЕСКИЕ МАТЕРИАЛЫ Семей 2014 Содержание |1 |Глоссарий |3 | |2 |Практические занятия |4 | |3 |Самостоятельная работа обучающегося |51 | 1 ГЛОССАРИЙ Аннотация – вторичный текст, имеющий целью дать представление о характере оригинала, содержащий указание адресата. Библиография – список источников по определенной теме, оформленный в соответствующем порядке. Вторичный текст – текст, созданный на основе оригинального текста. Доклад – устное выступление на определенную научную тему. Жанр языка (речи) - Стили речи реализуются в определённых формах, или типах текстов, называемых. Научная статья – письменный текст, раскрывающий одну из научных проблем, заявленную в теме. Научный стиль – функциональная разновидность языка, обслуживающая научную сферу жизни общества. Презентация – акция с представлением презентационного материала. Реферат – вторичный текст, передающий основное содержание оригинала. Стиль языка (речи) - Системы языковых элементов внутри литературного языка, разграниченные условиями и задачами общения Тезис – основное положение текста, требующее доказательства, аргументации. Текст – группа предложений, связанных по смыслу и грамматически. 2 Практические занятия МИКРОМОДУЛЬ 1 «Кәсіби қазақ тілінің негіздері» Практикалық сабақ № 1 Тақырыбы Кәсіби тілдің негізгі ұғымдары. Кәсіби мәтін № 1 Сабақтың мақсаты: теориялық шолу жасау, практикалық бекіту. Сабақтың мазмұны. Тіл және оның мақсат-міндеттері. Тіл, әдеби тіл, сөйлеу, кәсіби терминдер, мамандық тілі, мәтін, әдеби тіл нормасы, стиль. Кәсіби мәтінмен жұмыс. Әдістемелік нұсқаулар: Казахский язык - национальный язык казахского народа, коренного населения Республики Казахстан, а также проживающего за ее пределами (Россия, Узбекистан, Китай, Монголия и др.). Является государственным языком Республики Казахстан. Входит в кыпчакскую группу (северо-восточный ареал) тюркских языков (татарский, башкирский, карачаево-балкарский, кумыкский, караимский, крымско-татарский каракалпакский, ногайский) и наиболее близок к ногайскому и каракалпакскому языкам. Как известно, кыпчакский ареал охватывает собственно Казахстан, часть Восточной Европы - Северный Крым, низовья Волги, Северный кавказ, часть Хорезма, Каракалпакию, и часть Узбекистана. Казахская письменность претерпела ряд изменений, так, до 1929 года в ее основе лежала арабская графика, с 1929 года по 1940 год латинская графика, а с 1940 года по настоящее время - русская графика (кириллица). В казахском языке ударение большей частью падает на последний слог. Cогласные звуки в слогах с твердыми гласными произносятся твердо (кал[ъ]); с мягкими гласными произносятся мягко: (кел[ь]). При обозначении принадлежности предмета употребляются не только притяжательные местоимения, но и особые притяжательные окончания. Еще одна особенность казахского языка состоит в отсутствии предлогов. Значение русских предлогов большей частью передается посредством послеслогов, а также в форме косвенных падежей. Если перед существительным стоит числительное, то окончание множественного числа в существительном не употребляется. Числительные и прилагательные в функции определения перед существительными не изменяются ни в числе, ни в падеже. Категория рода в казахском языке отсутствует. Поэтому одно и то же прилагательное, местоимение, или порядковое числительное, в зависимости от смысла предложения, может переводиться на русский язык в мужском, женском или среднем роде. Именные части речи, в отличие от русского языка, изменяются по лицам. Употребление личных местоимений (мен, сен, сіз, ол) перед спрягаемыми частями речи не обязательно, поскольку в личных аффиксах содержится указание на соответствующее лицо. В казахском языке в отличие от русского вопрос кім? (кто?) ставится к существительным, обозначающим человека, а ко всем остальным существительным, в том числе и к одушевленным ставится вопрос не? (что?). Имя прилагательное, субстантивируясь, спрягается по лицам, принимает аффиксы принадлежности и склоняется. Причастие, стоя перед определяемым существительным, не изменяется ни по падежам, ни по числам в отличие от русского языка, где причастие согласуется с определяемым словом в роде, числе, падеже. Имена числительные (количественные, порядковые), употребляясь в предложении в функции определения, не изменяются в числе и в падеже. Казахский алфавит Казахский кириллический алфавит - алфавит, используемый в Казахстане и Монголии. Этот алфавит, разработанный С. А. Аманжоловым и принятый в 1940 году, содержит 42 буквы: 33 буквы русского алфавита и 9 специфических букв казахского языка. Вначале казахские буквы размещались после букв русского алфавита, затем были перенесены на места после русских букв, сходных по звучанию. Лексика туралы жалпы түсінік. Лексика - тілдегі барлық сөздердің жиынтығы деген мағынада қолданылады. Бұл термин қазақ тілінде сөздік құрам деген атаумен аталады. Тілдің лексикасын, немесе сөздің құрамын зерттейтін ғылым лексикология деп аталады. Лексикология гректің лексис және логос деген екі сөзінің бірігуінен жасалған. Бүл сөздердің грек тіліндегі мағынасы - сөз туралы ілім деген ұғымды береді. Басқа тілдер секілді, қазақ тіл ғылымында да лексика деген термин өте кең ұғымды қатиды. Белгілі бір мақсатқа байланысты қолданылатын сөздердің жиынтығы лексика деп атала береді. Мысалы, ауызекі сөйлеу лексикасы, кітаби лексика, ғылыми лексика, өндірістік-техникалық лексика, ресми іс-қағаздары лексикасы, диалектілік лексика, кәсіби сөздер лексикасы, терминологиялық лексика, көнерген сөздер лексикасы т.б. Сонымен, лексикология дегеніміз - тілдің лексикасын, дәлірек айтқанда, тілдегі сөздердің сан алуан мағыналарын, сөз байлығының құралу, толығу, даму жолдарын, сөздердің қолданылу ерекшеліктерін зерттейтін сала. Лексикологияның ен басты зерттеу объектісі - сөз. Сөзді грамматиканың негізгі салалары - морфология мен синтаксис те қарастырып зерттейді. Бірақ, лексиклогия мен грамматиканың әрқайсысы сөзді әр басқа түрғыдан қарастырады. Тілдегі әрбір сөзде белгілі мағына бар. Мағынасыз сөз болмайды. Сөздің мағыналық жағы семасиологияда қаралады. Семасиология лексиканың сөз мағыналарын және ол мағыналардың өзгеруінің себептерін зерттейтін арнаулы бір саласы болып табылады. Лексикология сөзді тілдің сөздік құрамының өлшемі - лексикалық тұлға ретінде қарастырады. Осымен байланысты лексикологияда мағынасы жағынан дара сөздермен барабар келетін тұрақты, фразологиялық сөз тіркестері де қарастырылады. Сөз дегеніміз - басқаға тәуелсіз, жеке қолдануға болатын, жеке тұрып- ақ белгілі бір мағынаны я ұғымды білдіретін тілдің бір бүтін мағыналы бөлшегі. Сөздердің атқаратын ең негізгі функциясы — атауыштық қызметі. Сөз арқылы адам белгілі бір затты, құбылысты, оқиғаны яемесе солардың сындық, сандық силатын, іс-әрекетін атайды. Бірақ атауыш сөздер өздері атау болған заттың, құбылыстың ішкі сырын, мәнін ашып бере алмайды, ол екеуінің арасында ешқандай табиғи байланыс болмайды. Бақылау сұрақтары: 1. Тіл және оның мақсат-міндеттері. 2. Тіл, түрлерінің салыстырмалы сипаттамасы. Қолданылған әдебиет: 1 Оразбаева Ф., т.б. Кәсіби қазақ тілі. (Дәрігер мамандарына арналған оқу құралы.). - Алматы, 2007. 2 Мұхамадиева Н.Қ. Іскерлік қазақ тілі. - Астана, 2007. 3 Зейнулина А. Ф., Балпанов Н.М. Іскери- кәсіби қазақ тілі.- Павлодар, 2007. 4 Зейнуллина А.Ф., Жұмабаева З.Е., Шаһарман А.П., Пазыл Ә.Қ. Іскери-кәсіби қазақ тілі: практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау. - Павлодар, 2009. 5 Қазақша-орысша сөздік /50 мыңға жуық сөз / – Алматы: Дайк – Пресс, 2002. Практикалық сабақ № 2 Тақырыбы Кәсіби қазақ тілінің негіздері. Кәсіби мәтін № 2 Сабақтың мақсаты: теориялық шолу жасау, практикалық бекіту. Сабақтың мазмұны. Тіл теориясындағы тілдік жүйе. Тіл теориясының салалары және олардың дамуы. Қазіргі қазақ тілінің ерекшеліктері және қалыптасуы. Кәсіби мәтінмен жұмыс. Бақылау сұрақтары: 1. Тіл теориясы. 2. Қазіргі қазақ тілінің ерекшеліктері және қалыптасуы. Қолданылған әдебиет: 1 Оразбаева Ф., т.б. Кәсіби қазақ тілі. (Дәрігер мамандарына арналған оқу құралы.). - Алматы, 2007. 2 Мұхамадиева Н.Қ. Іскерлік қазақ тілі. - Астана, 2007. 3 Зейнулина А. Ф., Балпанов Н.М. Іскери- кәсіби қазақ тілі.- Павлодар, 2007. 4 Зейнуллина А.Ф., Жұмабаева З.Е., Шаһарман А.П., Пазыл Ә.Қ. Іскери-кәсіби қазақ тілі: практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау. - Павлодар, 2009. 5 Қазақша-орысша сөздік /50 мыңға жуық сөз / – Алматы: Дайк – Пресс, 2002. Практикалық сабақ № 3 Тақырыбы Семасиология туралы түсінік. Кәсіби мәтін № 3 Сабақтың мақсаты: теориялық шолу жасау, практикалық бекіту. Сабақтың мазмұны. Семасиология және оның ерекшеліктері. Сөз мағынасы. Сөз мағынасының кенеюі мен таралуы. Кәсіби мәтінмен жұмыс. Әдістемелік нұсқаулар: Семасиология (гр. semasia - мағына, гр. logos сөз - ілім) - заттар мен құбылыстарды, түсініктерді атап білдіретін сөздер мен сөз тіркестерінің лексикалық мағынасын зерттейтін ғылым саласы. Семасиология - лексикологияның аса манызды бөлімдерінін бірі. Семасиология ғылымындағы негізгі ұғым семантика. Семантика (көне грекше: σημαντικός - танбалаушы, білдіруші) - тіл және тіл бірліктері (сөз, грамматикалық тұлға, сөз тіркесі, сөйлем) арқылы білдірілетін хабарды, заттар мен құбылыстардың мән-мазмұның зерттейтін тіл білімінің саласы, семиотиканың негізгі бөлімдерінің бірі. Семантика сөз мағынасын, сөз құрамындағы элементтердің өзара мағыналық қарым-қатынасын, сөз мағынасы түрлерінің даму зандылықтарын зерттейді. Тілдік талдау арқылы сөз құрамындағы морфемалар (түбір, аффикстер) мен синтагмалық тіркестердің Семантика сын анықтауға болады. Аффикстер білдіретін грамматикалық мағыналар екі түрге бөлінеді: • Заттық мағыналарды жинақтап, жалпы категорияларды жасайтын категориалдық мағына Категориалдық мағына "субъект - предикат", "субъект - объект", "жанды - жансыз", "белгілі - белгісіз", "іс-әрекет-жағдай" т.б. білдіретін синтаксиспен байланысты. Категориалдық мағынаның реляциялық мағынадан ерекшелігі өзара жұптық қарама-қарсы жүйеден тұратындығында. • Сөйлем құрамындағы сөздерді өзара байланыстыратын ішкі тілдік реляциялық мағына. Реляциялық мағына ұлттык тарихи ерекшелігі бар нақты тілдің морфологиясымен тығыз байланысты. Оған қиысу, менгеру, септік жүйесі т. б. жатады. Семантика тіл білімінің бір тарауы ретінде әр түрде сипатталады. 1. Парадигматикалық сипатта, оған тіл жүйесінде топтасқан оппозициялық сөздер тобы: синонимдер, антонимдер, гипонимдер, паронимдер, сөздік уя сияқты лексика-семантикалық топтар және сөздердің өpic деп аталатын жалпы тобы жатады. 2. Синтагматикалық сипатта, оған сөйлеу кезіндегі сөздердің бір-біріне қатынасына қарай орналасуын білдіретін тобы (тіркесімділік) жатады. Бұл қатынастардың негізінде дистрибуция (дистрибутивтік талдау) жатыр. Семантика ғылым ретінде 19 ғасырдың 2-жартысынан бері В. фон Гумбольдт идеясының негізінде X. Штейнталь, А. А. Потебня, В. Вундттың күрделі еңбектері жарық көрген сондами бастады. Бұл еңбектерде Семантиканың психологиялық және эволюциялық деп аталатын бірінші кезені айқындалған. Ол кезеннің басты ерекшелігі - онда мәдениетке кен эволюциялық көзқарас пайда болды және тіл Семантикасы халық психологиясына жақындастырылып қаралды. Семантиканың салыстырмалы-тарихи деп аталатын 2-кезеніңде ол "семасиология" деген атпен тіл білімінің жеке саласы ретінде бөлініп шықты. Бұл кезенде нақты тарихи салыстырмалы зерттеу принциптері негізінде Семантиканың тарихи зандылықтары қалыптаса бастады, салыстырмалы-тарихи көзқарас этимологиялық зерттеулерде айқын көрінді. (Э. Бенвенист, В. И. Абаев, Э. В. Севортянт. Семантиканың 3-кезені 20 ғасырдың 20 жылдарынан басталады. Оған тән сипат - Семантиканың логика мен философияға жақындасып, синтаксиске бағыт алуы. Сол себепті бұл кезенді синтаксистік-семантикалық немесе логикалық-семантикалық кезен деп атауға болады. Оған тән негізгі теориялык тұжырымдар: 1. Шындық өмір заттардың жиынтығынан емес, онда болатын окиғалар мен фактілердің жиынтығынан тұрады деп қарау. Соған байланысты Семантиканың негізгі бөлігі заттардың атын білдіретін сөз емес, фактілер туралы айтылатын сейлем болып табылады деп қарау; 2. Тілдегі кейбір сөздер тілден тыс болмыспен тікелей байланысты, олар заттарды білдіретін терминдер арқылы анықталады деп қарау; 3. Баска мағыналарға негіз болатын бастапқы мағынаны сипаттау Семантиканың басты міндеті деп есептеу. Бұл сияқты пікірлер тілге жалпы методологиялық көзқарастан туган. 20 ғасырдың 70 жылдарынан бастап Кеңес тіл білімінде дистрибуциялық талдау сынға ұшырап, Семантикалық құбылыстар жан-жақты зерттеле бастады. Сөздің болмыстағы және тілден тыс байланыстары зерттеліп, Семантиканың шындық өмірдегі көріністерін ашуға мән берілді. Мұның өзінде негізгі бағыт абстракты немесе жекелеген сөйлемдерді емес, тілдің прагматикасын ескере отырып, сөйлеу кезіндегі, диалогтегі, мәтіндегі нақты сейлемді талдауға арналды. Тапсырма: мәтінді аудару, терминдік сөздік құру Соляная кислота – это водный раствор хлористого водорода. Соляная кислота – жидкость бесцветная или желтоватого цвета из-за наличия примесей, главным образом солей железа. В промышленности используют соляную кислоту, содержащую от 27,5 до 37% . Соляная кислота применяется для получения хлоридов цинка, бария, магния и т.д., для травления металлов, для очистки паровых котлов от накипи, в производстве сахара, желатина, клея, а также при дублении и окраске кожи и т.д. Производство соляной кислоты состоит из двух основных стадий: получение хлористого водорода и абсорбция хлористого водорода водой. В зависимости от метода получения хлористого водорода различают следующие способы производства соляной кислоты: 1) сульфатный., 2) синтез из хлора и водорода., 3)из отходящих газов, в которых содержится хлористый водород, получаемый как побочный продукт. Сульфатный способ заключается в воздействии 92 – 98% - ной серной кислоты на поваренную соль при 500 – 5500С. 2NaCl + H2SO4 = Na2SO4 + 2HCl – 68,25 кДж (1); Реакция необратима, эндотермическая. Процесс проводят в муфельных печах, обогреваемых топочными газами, имеющими температуру 950 – 11000С. Кислота получается с концентрацией не выше 27 – 31 %. Синтез хлористого водорода из хлора и водорода в настоящее время является основным: H2 + Cl2 ↔ 2HCl + 184,23 кДж (2); Сжигание водорода в хлоре проводят в печах при температуре 24000С при избытке водорода 5 – 10%. Во многих производствах хлористый водород образуется как побочный продукт. Особенно в больших количествах он получается при хлорировании органических соединений, например, в производстве хлорбензола: C6H6 + Cl2 = C6H5Cl + HCl (3); Вторая стадия получения соляной кислоты – абсорбция хлористого водорода водой – сопровождается образованием гидратов и идет с выделением тепла. Абсорбцию осуществляют двумя способами – с отводом тепла и без отвода тепла (адиабатическая абсорбция). Бақылау сұрақтары: 1. Семасиология түсінігі, пәні, мазмұны. 2. Сөз мағынасы. Сөз мағынасының кенеюі мен таралуы. Қолданылған әдебиет: 1 Оразбаева Ф., т.б. Кәсіби қазақ тілі. (Дәрігер мамандарына арналған оқу құралы.). - Алматы, 2007. 2 Мұхамадиева Н.Қ. Іскерлік қазақ тілі. - Астана, 2007. 3 Зейнулина А. Ф., Балпанов Н.М. Іскери- кәсіби қазақ тілі.- Павлодар, 2007. 4 Зейнуллина А.Ф., Жұмабаева З.Е., Шаһарман А.П., Пазыл Ә.Қ. Іскери-кәсіби қазақ тілі: практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау. - Павлодар, 2009. 5 Қазақша-орысша сөздік /50 мыңға жуық сөз / – Алматы: Дайк – Пресс, 2002. Практикалық сабақ № 4 Тақырыбы Кәсіби тілдің стиль нормалары. Кәсіби мәтін №4 Сабақтың мақсаты: теориялық шолу жасау, практикалық бекіту. Сабақтың мазмұны. Кәсіби сөздер туралы түсінік. Кәсіби қазақ тілінің мамандықты дамытудағы алатын рөлі. Кәсіби мәтінмен жұмыс. Әдістемелік нұсқаулар: Стиль нормалары туралы түсінік Стиль нормалары тілдің әр саладағы атқаратын қызметі мен қолданыс аясына қарай: ресми құжаттар және іс-қағаздары стилі: публицистикалық стиль, көркем әдебиет стилі, ғылыми стилі болып бөлінеді. Қолдану аясы – қоғамның әр түрлі саласында. Ресми құжаттар және іс-қағаздары стилі. Іс қағаздарының түрлері көбінесе белгілі бір жағдайда байланысты нақты бір тұлғаның атынан жазылатындықтан, ол сөздер сөйлемнің баяндауышы болып, жіктік форманың бірінші жақ, жекеше түрінің жалғауын қабылдайды. Ресми құжаттардың тілі мен іс қағаздарының тілі ресми іс қағаздары стилі болып табылады. Ғылыми стиль туралы түсінік. Ғылыми стильге ғылымының әр саласына қатысты жазылған ғылыми еңбектері кіреді. Логикалық жүйелі ой қорытындысы – ғылыми стиль мәтіндерінің басты ерекшелігі. Ғылыми стиль түрлері: таза ғылыми шағын стиль, ғылыми-оқулық шағын стиль, ғылыми көпшілік шаығын стиль. Ғылыми стильдің мазмұндық белгілері: нақтылық, объективтілік, қисыңдылық. Терминдер – ғылыми мен техниканың, өнер мен саясаттың белгілі бір саласында қолданылатын нақты бір ұғымның атауын білдіретін сөз немесе сөз тіркесі. Терминдер салалық, сала аралық және жалпы ғылыми болып қарастырылады. Ғылыми стильдің басты лексикалық ерекшелігі – терминдер. Публицистикалық стиль. Публицистикалық стильге радио-теледидарлар, газет-журналдар тілі жатады. Публицистикалық стильге қоғамдық саяси мәселе қарастырылады. Публицистикалық стильдің ауызша түрі – шешендік сөз. Көркем әдебиет стилі. Көркем әдебиет стилінің белгілері: жазушы әр сөзді саралып, стильдік мақсатта қолданылады. Көркемдік-бейнелегіш құралдар аса мол қолданылады. Тілдің лексикалық қабаттарының барлық түрі қолданылады. Көркем әдебиет стилінде функционалдық стилінің барлық түрлерінің де элементтері кездеседі. Стильдік ұстамына қарай сөздер бірнеше топқа жіктеледі: - кәсіби лексика; - ресми лексика; - кітаби лексика; - сөз сөйлеу лексикасы; - жалпылама лексика; - архаизмдер мен тарихизмдер; - неологизмдер; - бейнелігіш сөздер; Кәсіби сөздер – белгілі бір шаруашылыққа, кәсіпке байланысты қолданылатын, жалпы халыққа бірдей түсінікті бола бермейтін, қолданылу өрісі шектеулі сөздер. Қазақ тілі кәсіби сөздерге бай. Кәсіби сөздер таралу шегіне қарай ірі кәсіпке байланысты сөздер және шағын кәсіпке байланысты сөздер деп екі салаға бөлінеді: o Ірі кәсіпке байланысты кәсіби сөздер: мал шарушалығы (түйе атаулары: жампоз, кезөркеш, кердері, күрт, қаратұяқ, аңырайма); астық шарушалығы (сүт бидай, бал бидай, қодыран, жауша, бақал; тары атаулары: байдербіс, алағарын, шая, шаршау тары); балық шарушалығы (балық атаулары ақауыз, таутан, табан, бекіре; ау аттары: морда, тоспай, итерқұл, аламан); бау-бақша (қауыншек, оман арық, желке суы, пісте); мақта шарушалығы (қоза, көсек, құлақ, шит), тағы басқасалаларға қатысты болады. o Шағын кәсіпшілікке байланысты кәсіби сөздер: ұсталық (тарақ балта – жүзі кедір-бұдыр балта, керме ара – жүзінің ортасында тірегіші бар ара, шербек – үлкен ара, аталғы – ойық жүзді шот, тышуыр – бұрап тесетін құрал, пәрбі – шойын тескіш, аттіс – темір қысатын құрал, ыңғуыр – ағаш оятын құрал; етікшілік (созан – ине сияқты құрал, ұштық – созанға өткізілген қысқа жіп, пардоз келтек – етіктің тігісін жатқызатын таяқша); балташылық, өрімшілік, тоқымашылық, зергерлік, тағы басқакәсіп түрлеріне байланысты болады. Кәсіби сөздердің диалектілерден басты айырмашылығы – оның әдеби тілде баламасы болмайды. Сондықтан да кейбір кәсіби сөздер әдеби тілімізді байытып, жалпы халықтық қолданысқа еніп кетеді. Мысалы, мәйек, қоза, терім, мұрап, бағбан, дақыл, беде, танап, көшет, атыз, тағы басқа. Белгілі бір кәсіппен, шаруашылық саласымен шұғылданатын адамдар арасында қолданылатын, көпшілікке бірдей түсінікті бола бермейтін сөздер кәсіби сөздер деп аталады. Кәсіби сөздер екі салаға бөлінеді: 1.Қолөнершілікке байланысты кәсіби сөздер: пышқы – араның түрі, шербек – үлкен ара, ыңғыру – ағаш оятын құрал, тышуыр – бұрап тесетін құрал, пәрбі – шойын тескіш, атауыз – шеге суырғыш, біз – аяқ киім тігетін құрал, тарамыс – аяқ киім тігетін жіп, ұршық – малдың жүнінен жіп иіретін құрал, көрік, төс, қысқаш – ұста құралдары, т.б. 2.Ауыл шаруашылығына байланысты кәсіби сөздер: 1) мақта шаруашылығында қолданылатын сөздер: пая – мақтаның сабағы, шиіт – мақтаның тұқымы, терімші – мақта теруші; 2) жүгері шаруашылығында қолданылатын сөздер: дүмбі, пәшік, сота; т.б. 3) бау-бақша шаруашылығында қолданылатын сөздер: әңгелек, жәмше,торлама; 4) қызылша шаруашылығында қолданылатын сөздер: қылша, өркен, түбіртек, жом; 5) мал шаруашылығында қолданылатын сөздер: жүген, құрық, шылбыр, тізгін, қамшы, бишік, ер-тұрман, терлік, тоқым, доға, қамыт, т.б. Термин сөздер – ғылым мен техника, өндіріс саласында қолданылатын арнаулы заттар мен ұғымдардың атауы болатын сөздер. Қазақ тіліндегі термин сөздер екі түрлі жолмен жасалған. 1. Баламасы бар термин сөздер: 1) жергілікті және көне сөздерден жасалған термин сөздер: универсал – әмбебап, устав – жарғы, рынок – нарық, комплекс – кешен, администратор – әкім, т.б. 2) тілімізде бар сөздерді біріктіру арқылы жасалған термин сөздер: семья – отбасы, музей – мұражай, герб – елтаңба, гимн – әнұран, паспорт – төлқұжатт.б. 2. Қазақша баламасы жоқ интернационалдық термин сөздер: коэффицент, синус, куб, азон, аммиак, карта, материк, глобус, синтаксис, диалект, антоним, дисфемизм т.б. Мақал-мәтелдер 1. Адамның табиғатсыз күні жоқ, Оны айтуға табиғаттың тілі жоқ. 2. Жер – қазына, Су – алтын, Мал – байлық. 3. Су-тіршілік көзі. 4. Судың да сұрауы бар. 5. Ғылым-теңіз, білім- қайық. 6. Ғылыммен жақын болсаң, қолың жетер. 7. Кітап-ғылым, тілсіз мұғалім. 8. Көп сөз- көмір, аз сөз-алтын. Әдебиеттер 1. Н.Оралбаева, Ә.Аблақов. Қазақ тілі. –Алматы, 1989. 2. Ф.Ш. Оразбаева. Тілдік қатынас. – Алматы: Сөздік, 2005. 3. Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың бағдарламасы. Практикалық сабақ № 5 Тақырыбы Терминдік сөздер. Кәсіби мәтін №5 Сабақтың мазмұны. Терминдік сөздер туралы ұғым. Мамандық саласындағы терминдер мен ұғымдар. Кәсіби мәтінмен жұмыс. Әдістемелік нұсқаулар: Термин сөздерге мына төмендегідей үш түрлі шарт қойылады. а) Термин болу үшін сөздің мағынасы біреу-ақ болу қажет. ә) Термин сөздердін қосымша, ауыс мағыналары болмау керек. б) Термин сөздер нақты заттардың атауы емес, ғылымның тар аясындағы дерексіз үғымдардың атауы болуы шарт. Терминдік жүйесі жасалмаған, терминдік ұғымдары қалыптаспаған тілді әлі де әдеби тіл дәрежесіне көтерілген тіл деп айтуға болмайды. Терминдер әрбір ғылым саласында молынан кездеседі. Практикалық сабақ № 6 Тақырыбы Кәсіби сала мамандары тілдерінің қатынасымдық қызметі. Кәсіби мәтін №6 Сабақтың мазмұны. Дұрыс сөйлеу қағидасы: нормаландыру (сөз дәлдігі, тіл тазалығы, сөз әсерлігі, сөз байлығы, сөз талғамы, сөз әдебі және кодка жіктелуі). Сөз дәлдігі және оның қағидалары. Сөз талғамы. Тілдің басқа салалармен байланыстарындағы ауытқушылықтары мен сәйкестіктері. Сөзді дұрыс айту нормалары. Кәсіби мәтінмен жұмыс. Әдістемелік нұсқаулар: Қазіргі таңда ең басты мәселелердің бірегейі қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін көтеру, барлық қаракөз бауырларымыздың өз ана тілінде сөйлеуіне қол жеткізу. Тек тіл үйренуде ұмыт болып бара жатқан шаруа бала бақша, үй, мектеп, жоғары оқу орындарында ұл-қыздарымызды тілдік қоры бай қазақ тілінде сөйлеу мәдениетіне үйрету. Содан, үйде де, көшеде де, қоғамдық орындарда да бірқатар жастарымыздың бір-бірімен қарым-қатынас жасағанында, әңгімелескенінде қалай болса солай сөйлейтіні, қазақ тілінің қадір-қасиетін түсінбейтіні байқалады. Олай болса, біздің бүгінгі әңгімеміз тіл, сөйлеу мәдениеті, ауызша, жазбаша сөйлеу хақында. Сөйлеу, тілдік амалдар, тіл мәдениеті Адамның тіл амалдарын пайдалану арқылы пікірін, ойын білдіруін – сөйлеу деп атайды. Сөйлеуге адамның анатомиялық мүшелері қатысады, алайда ол адамның психикалық қабілетіне, қоғамдық тәжірибесіне тығыз байланысты. Сөйлеу үшін жасалған тілдік амалдар ұзақ уақыт бойы адамдардың пікір алысу тәжірибесі негізінде қалыптасты. Тілдік амалдар – сөз тудыру, сөйлем құрау ережелері. Олар – көпшілікке ортақ, объективті категориялар. Соның нәтижесінде тіл – жұрттың бәріне бірдей түсінікті қатынас құралы. Сөйлеудің әр коммуникативтік жағдайына сәйкес ыңғайланған стилі болады. Тіл мәдениеті – тіл білімінің әдеби тілінің нормасы мен оның дамуын, сөйлеу тілімен қарым-қатынасын зерттейді. Тіл мәдениетінің тілдің басқа салаларынан айырмашылығы оның күнделікті өмірде тілдің қолдану, жазу, сөйлеу мәдениетімен жақсы қарым-қатынаста болуы. Тіл мәдениеті қамтитын тілдік норманың 3 түрі: 1. Тілдік норма (лексика, сөз жасамдық, грамматика, дыбысталу нормасы). 2. Этика – сөз нормалары (сөйлеу этикасының ережелері). 3. Коммуникативті норма (сөйлеу қарым-қатынасының тиімділік қағидалары). Сөйлеу мәдениеті орфоэпикалық нормаға негізделген. Ойдың және сөйлеудің дамуы Әркім өзінің басындағы ойларын басқаға айтып, түсіндіру үшін оған лайықты сөз таба білуге тиісті. Егерде ондай сөз таба алмаса, ол ой иесіне де шала, түсініксіз болып қалады. Яғни, ойдың дамуы сөйлеудің дамуымен өте тығыз байланысты. Адам өзінің сөйлеу мәдениетін жетілдірмейінше, жоғары ақыл мәдениетіне жете алмайды. Сыртқы сөйлеу ауызша, жазбаша болып бөлінеді. Бұлардан басқа ауызша сөйлеудің мынандай екі түрі бар: 1. Диалогтық сөйлеу. 2. Монологтық сөйлеу. Диалогтық сөйлеу – екі немесе бірнеше адамның тілдесуі. Монологтық сөйлеу – бір адамның сөйлеуі, әңгіме, баяндама, лекция және басқа да түрлері кездеседі. Мұнда сөйлеуші бір адам, тыңдаушы – көп халық. Осылайша сыртқы сөйлесу: ауызша диалогтық сөйлеу, ауызша монологтық сөйлеу, жазбаша сөйлеу болып бөлінеді. Адамның айтқан қандай сөзі де белгілі бір мазмұнды білдіреді және сөйлеушінің, жазушының осы мазмұнға қатынасын көрсетеді. Мұнан туатын қорытынды: сөйлеу ойды білдіріп, іштегі сезімді сыртқа шығарады. Сөйлеудің бұл сипаты – оның мәнерлілігі. Өзара тілдескенде, лекция, баяндама жасағанда мәнерсіз сөйлеу – ол қаншама мазмұнды ойға толы болса да, әсерсіз, жансыз болып шығады. Ауызша сөйлеудің эмоциялық реңкі интонациямен, мимикамен, ишаралармен білдіріледі. Жазбаша сөйлеуде мұндай мүмкіндіктер жоқ. Сол себепті қағазға жазушы адам өз сөздерін барынша қиыстырып, оларды өз орнына тауып қойып, ойын мәнерлі түрде жеткізе алады. Иә, сөйлей білу - өз ойыңды кемстіріп тұрып айтып бере білу, оның мазмұнын ғана баяндап қоймай, нәзік сырларын сол қалпында жеткізіп, тыңдаушының етжүрегін елжірете білу. Дұрыс сөйлей білген адам өз ойын, айтқанын тыңдаушыға толық түсіндіре біледі. Адамдар оны ауызша диалогтық, ауызша монологтық және жазбаша сөйлеуде әртүрлі жолдармен жүзеге асыра алады. Бұл сөйлеу түрлерінің арасында психологиялық айырмалар да баршылық. Мысалы, ірі жазушылардың көбісі ауызша сөйлеуге шебер болмаса, керісінше, бірқатар шешен адамдар өз ойын жазып жеткізуге шорқақ. Психолог – ғалым Б.М.Теплов өзінің «Психология» кітабында (Алматы, Қазмемоқупедбас, 1953 жыл) диалогтық, жазбаша сөйлеу туралы былай дейді: «Диалогтық сөйлеуді кейде қосталған сөйлеу деп атайды. Мұның мәнісі: әңгімеге қатынасқан адам сөйлеушіге сұрақ қою, жауап қайтару, қарсы пікір айту арқылы қостап отырады, егер бұл текті қостау тоқталса, сөйлеу мен монологқа айналады, немесе адам сөйлеуді тоқтатады... Жазбаша сөйлеуді қосталмаған сөйлеу деп атауға болады. Қосталған сөз қосталмаған сөйлеуден жеңіл болады. Онай болатын себебі – сөйлеушілер бір жай-күйді әңгімелеп отырғандықтан, қабылдап отырғаны бір нәрсе болғандықтан, бірін-бірі оңай ұғынысады; кейде сөзді айтып аяқтап болмай-ақ, не екенін түсіне қояды... Мұндай сөйлеу көп жағдайда ым-ишарамен толықтырылады. Қорыта айтқанда, диалог сөздің құрылысына және өрістетіп айтылу жақтарына онша көп талап қойылмайды. Ал жазба сөйлеу басқаша құрылады; онда барлығы ақырына дейін толық баяндалуы керек. Жазба сөйлеу барынша кең және байланысты түрде құрылуы қажет». Сөйлеу мәдениетіндегі шешендік өнер Ел алдында шебер, шешен сөйлеу көп еңбектену, оқып, үйренуді талап етеді. Шешен адамдарда негізінен, сөз көркемдігі ой тасқынынан табиғи түрде туындап жатады. Көркемдік талғам мен шешендік тәсілдерді дұрыс пайдалана білген адам ғана эстетикалық әсер ету күшіне ие бола алады. Сонда шешендік өнерге көп сөйлеп, оны сынатып үйренуге болады ма, әлде оған жазып дайындалған дұрыс па? бұл орайда әйгілі шешен, данагөй Цицерон былай дейді: «Қалам – көркем сөздің ең жақсы жаттықтырушысы. Басқалардан үйренуде ең өнеге тұтарлығына теңесуге ұмтылу керек. Өзің үлгі еткен шешеннің жақсысының бәрін алуға тырыс. Оңайын, көзге түсіп тұрғанын ғана емес, ең маңыздысы – шынайы шеберлігіне жету. Ол еліктеу болып кетпеуі керек. Мықтыға қанша ұқсап тұрсаң да, көшірме түпнұсқадан ылғи да көш төмен болады. Халық алдында сөйлеу үшін сөзіңнің өзіндік «бейнесі», өз мәнері болғаны абзал. ... Егер өнердің басқа саласындағы аты мәлім шебер бір ісін кездейсоқ дағды-дағысынан нашар орындап қалған болса, оны ол өзі әдейі жасады ма, не денсаулығына байланысты сөйтіп қалды, дей салады... Ал, егер шешеннен сондай бір осалдық тапсыншы, оны тек ақымақтық деп санайды, ал ақымаққа кешірім болмайды. Өйткені адам көңіл-күйге немесе іші ауырғанға байланысты ақымақ болмайды». Сөзді тыңдай білмеу Кейбір адамдардың ерсі мінездері бар: басқаның сөзіне құлақ қоймайтын, өзіне айтылған сөзді аяғына дейін тыңдай білмейтін, өзгелердің сөзіне ретсіз араласып, әңгіменің шырқын бұзатын. Содан сөйлеп отырған адам кейде қақалып – шашалып, тұтығып та қалады. Әрбір адам өз басындағы осы кемшіліктер мен күресе білсе, біздің сөйлеу мәдениетіміз де одан әрі дами түсер еді. Және де кейбір адамдар диалогтық сөйлеудің талаптарын орындай бермейді. Содан көп сөйлеп, бір сөзді сан мәрте қайталап, тыңдаушысын жалықтырып та алады. Олардың ішінде өзіне қойылған сұрауларға, қарсы пікірлерге жауап бермей, өз ойын тәптіштеп айта беретіндері де кездеседі. Бұл да сөйлеу мәдениетіндегі әдепсіздік. Қаратпа сөз хақында Ағылшын тілінде қазір «сен» деп сөйлесу іс жүзінде жоқ. Оларда мұндай есімдіктің өзі де ұмытылған. Ол ХҮІ ғасырдың өзінде қолданыстан қала бастап, ХҮІІІ ғасырдың басында оны сыпайы «сіз» деген есімдік алмастырған- ды. Тіл мамандарының түсіндіруінше, көне замандағы «сен» сөзі тек шіркеу тілінде, көтеріңкі, лепті поэзияда ғана сақталған көрінеді. Сол себепті, оны «Уа, сен!» деп аударған дұрыс дейді. Кейінгі кезде орыс тіліндегі «товарищ» деген қаратпа сөз де ерсі естіліп, қоғамдық орындарда «мужчина», «женщина» деген қаратпа сөздер күштеп орныға бастады. Алайда оны қазақ тіліне аударып: «Еркек!», «Әйел!» деп айқайлар болсақ, ол өте ұятты. Сол себепті сөз мәдениетін түсінетін біздің бауырларымыз қоғамдық орындарда: «Апай», «Ағай», «Қарындас», «Інім» деген қаратпа сөздерді қолданып, ол транспортта, сауда орындарында, театрда өзара қарым-қатынас тіліне сіңісіп кетті. Шіркін, сөз қадірін түсініп, сөйлеу мәдениетін сақтай білсе, біздің қазақ тілінің мазмұны өте бай, сөздері өте сұлу, мейірім, имандылыққа толы ғой. Тіл туралы халық даналығы * Жақсы байқап сөйлер, жаман шайқап сөйлер. * Бір жылы сөз бітірер, мың көңілдің жарасын. * Сөз қадірін білмеген, өз қадірін білмейді. * Сәлемі жараспағанның, сөзі де жараспайды. * Сөйлей білмеген кісіден үре білген ит артық. * Сөйлей білмес жаманның, Сөзі өтпес бір пышақ. Сөз білетін адамның, Әр сөзіне бір тұсақ. Ұлылардан ұлағат Ой көрігінен сомдалып шыққан сөздің шынайысы да, жалғаны да болады. Әл-Фараби. ...Әр сөздің айтылуына қарай мың мағынасы бар. А.П.Чехов. Тіл – ішкі сырды сыртқа шығаратын құрал. Ж.Аймауытов. Ойың дұрыс болса, сөзің дұрыс, олай болса, ісіңнің иесі де дұрыс. Д.И.Писарев. * Құнды сөз – құнарлы ойдан туады. * Сөз көмескілігі – ой, пікір көмескілігінің айнымас белгісі. Л.Н.Толстой. Сөйлеу мәдениеті өспейінше, жоғары ақыл мәдениетіне жетуге болмайды. Б.М.Теплов. Тіл қаруы – сөз, сөз қаруы-ой. Ақылды ой, алғыр сөз адамның ең жоғарғы қасиеті. Ғ.Мұстафин. Тіріні көрге салар да – сөз, Өліні тірілте алар да – сөз. Әлішер Науай. Адамдармен сөйлесуде мән беру керекті болған қағидалар: 1. Ойланбай сөйлеме! 2. Тақырыпты жақсы біл! 3. Сабырлы бол! 4. Әділ бол! 5. Мақтанба! 6. Асырып айтпа! 7. Ашуыңа ие бол! 8. Сұрақтарға жауап бер! 9. Орынсыз қалжыңдама! 10. Басқаларды жамандама! 11. Қандай болсаң солай көрін! 12. Бет-әлпетіңе, көрінісіңе ие бол! 13. Жаман сөздерді қолданба! 14. Адамдардың бетін қайтарма! 15. Керексіз сынға алудан ұзақ бол! 16. Дертіңді айтып жылай берме! 17. Сөйлесіп жатқан адамды тыңдай біл! 18. Телефонда алдымен өзіңді таныстыр! 19. Екі мағыналы сөздерден ұзақ бол! 20. Айтқан насихаттарыңды өзің де орында! 21. Жаман хабарларды жеңіл сөзбен жеткізуге тырыс! 22. Қай кезде сөзді доғару керектігін біл! 23. Әркімнің ісіне мұрныңды сұға берме! 24. Біреу сөйлеп жатқанда сөзін бөлме! 25. Телефонда сөйлескенде бірнәрсе жеп тұрма! 26. Жазған нәрсеңді ең болмағанда бір рет оқы! 27. Сенен ақыл сұрамайынша кеңес берме! 28. Тыңдаушылар түсінетін сөздерді таңда! 29. Қарсыңдағы адамның реакциясына мән бер! 30. Айтқандарың дұрыс болмай шығуын да есепке ал! 31. Арада сөзге араласып тыңдап отырғаныңды білдір! 32. Саған сөйлеп жатқанда басқа іспен айналыспа! 33. Біреу сөйлеп жатқанда басқалармен сыбырласып отырма! 34. Өз пікіріңді қинап қабылдатпа! Практикалық сабақ № 7 Тақырыбы Мамандықтың кәсіби қазақ тілінде сөйлеу мәдениеті мен этикеті. Кәсіби мәтін № 7 Сабақтың мазмұны. Сөйлеу әдебі: толеранттылық, айқын сөйлеу ұстанымы, әдептілік ұстанымы, алдын-алушылық. Тілдесу мен әдептіліктің алмасуы. Қоғамдық орындарында тіл әдебін сақтаудың жолдары, тәртібі, этикеті. Кәсіби мәтінмен жұмыс. Әдістемелік нұсқаулар: Тапсырма: Мақаланы оқу және талдау, мысалдар келтіру Сөйлеу мәдениеті және шешендік өнер Ныязбекова К.С., п.ғ.к., Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің доценті Аңдатпа: Бұл ғылыми мақалада бүгінгі заман жастарын тілдік қоры бай, қазақ тілінде сөйлеу мәдениетіне үйрету, парасат пайымы, сөйлеу, тілдік амалдар, тіл мәдениеті, ойдың және сөйлеудің дамуы, сөйлеу мәдениетіндегі шешендік өнер, қаратпа сөз хақында, тіл туралы халық даналығы, сөз мәдениетінің орны, мәдениет мәйегі туралы баяндалады. Тірек сөздер: сөз мәдениеті, қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін көтеру, тілдік амалдар, тіл мәдениеті, пікірлесудегі мәдениет тірегі Шешендік дегеніміз не? Ойшылдарға сүйене айтсақ, шешендік – кісі көркі, ақылмен билеу өнері. Дидарласушымыздың жүрегі мен ақыл-ойын баурап алуға, оны не нәрсеге болса да сендіруге, иландыруға септесетін бізге берілген сый. Кез келген нақтылы зат туралы шебер сөйлеу өнері және сонысымен өзгелерді өз ойына ойыстыра білу. Біліктілік пен білімнен, қуатты түйсік пен терең сезімнен, санадағы саңлақтық пен ұшқыр қиялдан, тер төгу мен ой тербелісінен туындай келе, білгірліктен кейін тұрады. Сөз бен ойға негізделеді. Биік дүниетаныммен, ғылым-білімді терең меңгерумен, халықтың тұрмыс-тіршілігін, жөн-жосықтарын жүйрік танумен, жалпы айтқанда, адамзаттың рухани мәдениетінен мол хабардар болуымен, ой өрісінің кеңдігімен тамырлас. Демек, жас тұлғаға қажетті шешендік дегеніміз – тыңдаушылардың жан-сезім әлемін сөзінің әдемілігімен, образдардың жарқындылығымен, нақыл, ғибрат сөздердің ұшқырлығымен толқытатын, баурайтын өнер, өзгеше қабілет-қарым, тума қасиет, сондай-ақ өскен ортаның, үлгілі жандардың, ұлағатты туындылардың тағылым-тәрбиесі, өз дүниетанымының нәтижесі. Ел алдында шебер, шешен сөйлеу көп еңбектену, оқып, үйренуді талап етеді. Шешен адамдарда негізінен, сөз көркемдігі ой тасқынынан табиғи түрде туындап жатады. Көркемдік талғам мен шешендік тәсілдерді дұрыс пайдалана білген адам ғана эстетикалық әсер ету күшіне ие бола алады. Сонда шешендік өнерге көп сөйлеп, оны сынатып үйренуге болады ма, әлде оған жазып дайындалған дұрыс па? бұл орайда әйгілі шешен, данагөй Цицерон былай дейді: «Қалам – көркем сөздің ең жақсы жаттықтырушысы. Басқалардан үйренуде ең өнеге тұтарлығына теңесуге ұмтылу керек. Өзің үлгі еткен шешеннің жақсысының бәрін алуға тырыс. Оңайын, көзге түсіп тұрғанын ғана емес, ең маңыздысы – шынайы шеберлігіне жету. Ол еліктеу болып кетпеуі керек. Мықтыға қанша ұқсап тұрсаң да, көшірме түпнұсқадан ылғи да көш төмен болады. Халық алдында сөйлеу үшін сөзіңнің өзіндік «бейнесі», өз мәнері болғаны абзал. ... Егер өнердің басқа саласындағы аты мәлім шебер бір ісін кездейсоқ дағдыдағысынан нашар орындап қалған болса, оны ол өзі әдейі жасады ма, не денсаулығына байланысты сөйтіп қалды, дей салады... Ал, егер шешеннен сондай бір осалдық тапсыншы, оны тек ақымақтық деп санайды, ал ақымаққа кешірім болмайды. Өйткені адам көңіл-күйге немесе іші ауырғанға байланысты ақымақ болмайды». Қазіргі таңда ең басты мәселелердің бірегейі – қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін көтеру, барлық қаракөз бауырларымыздың өз ана тілінде сөйлеуіне қол жеткізу. Тек тіл үйренуде ұмыт болып бара жатқан шаруа бала бақша, үй, мектеп, жоғары оқу орындарында ұл-қыздарымызды тілдік қоры бай қазақ тілінде сөйлеу мәдениетіне үйрету. Содан, үйде де, көшеде де, қоғамдық орындарда да бірқатар жастарымыздың бір-бірімен қарым-қатынас жасағанында, әңгімелескенінде қалай болса солай сөйлейтіні, қазақ тілінің қадір-қасиетін түсінбейтіні байқалады. Олай болса, шешендік өнер, сөйлеу мәдениеті, ауызша, жазбаша сөйлеу – әдептіліктің биік шыңы. Өмір, тіршілік адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауын қажет етеді. Олардың түсінісудегі негізгі құралы – тіл. Әр адам дұрыс сөйлей білуі, сөйлесу мәдениетін меңгеріп, оны өз бойында қалыптастыра білуі тиіс. Қарым-қатынас адамдардың отбасымен, өскен, араласқан ортасымен, елімен, жерімен, дәстүрі, мәдениет қазынасымен етене әрі жанды байланысы. Қарым-қатынаста адамдардың жан дүниесі, өмір тіршілігіндегі бейнесі көрінеді. Әдеп – сөйлесудегі, пікірлесудегі мәдениет тірегі. Мәдениет – адамдардың рухани және материалдық, білімдарлық пен сезімталдық қасиеттер аңғарылатын белгілерінің жиынтығы. Мәдениеттің туы – тіл, ол адамзаттың мұратымен астасып, сол ұлтпен бірге пайда болып, дамып отырады. Өз тарихын, ұлттық дәстүрін, туған жерін, тілін қадірлей білген адам ғана мәдениетті болады. Сөз мәдениеті – сөзді орынды қолданып, қиюластырып, үндестіріп айта білу, емле мен тыныс белгілері ережелерін дұрыс сақтау, тілдің ғасырлар бойы сақталып келген көркемдігі мен тарихын, әсемдігін сақтай білу. Сөйлеу, тілдік амалдар, тіл мәдениеті туралы сөз етсек, адамның тіл амалдарын пайдалану арқылы пікірін, ойын білдіруін – сөйлеу деп атайды. Сөйлеуге адамның анатомиялық мүшелері қатысады, алайда ол адамның психикалық қабілетіне, қоғамдық тәжірибесіне тығыз байланысты. Сөйлеу үшін жасалған тілдік амалдар ұзақ уақыт бойы адамдардың пікір алысу тәжірибесі негізінде қалыптасты. Тілдік амалдар – сөз тудыру, сөйлем құрау ережелері. Олар – көпшілікке ортақ, объективті категориялар. Соның нәтижесінде тіл – жұрттың бәріне бірдей түсінікті қатынас құралы. Сөйлеудің әр коммуникативтік жағдайына сәйкес ыңғайланған стилі болады. Тіл мәдениеті – тіл білімінің әдеби тілінің нормасы мен оның дамуын, сөйлеу тілімен қарым- қатынасын зерттейді. Тіл мәдениетінің тілдің басқа салаларынан айырмашылығы оның күнделікті өмірде тілдің қолдану, жазу, сөйлеу мәдениетімен жақсы қарым-қатынаста болуы. Тіл мәдениеті қамтитын тілдік норманың 3 түрі: 1. Тілдік норма (лексика, сөз жасамдық, грамматика, дыбысталу нормасы). 2. Этика – сөз нормалары (сөйлеу этикасының ережелері). 3. Коммуникативті норма (сөйлеу қарым-қатынасының тиімділік қағидалары). Сөйлеу мәдениеті орфоэпикалық нормаға негізделген. Күнделікті қарым-қатынаста сөйлеу мәдениетінің негізгі қағидалары – сөйлеу әдебі, тыңдай білу әдебі, мәдениет мәйегі ескерілуі тиіс. Сөйлеу әдебі. Сөйлегенде мынадай нәрселер ескерілуі тиіс: 1. Орфоэпия заңдылықтарын сақтап, сөзді орынды қолдану. 2. Қолды сермеуге, қатты күлуге, мәнсіз майысуға, аса қатты сөйлеуге немесе міңгірлеуге болмайды. 3. Өзің туралы айта беру, барлық сөзді өзіңнен бастау – әдепсіздік, білмейтін нәрсе туралы айтудың қажеті жоқ. 4. Қатты сөйлеп тұрған адамға қатты жауап берудің қажеті жоқ, байыппен сөйлеу керек. Тыңдай білу әдебі. Тыңдай білуде мыналарды басты назарда ұстау керек: Кісімен сөйлескенде оның жүзіне сыпайылықпен назар сап, айтайын деген ойын сабырмен тыңдап, асықпай, сөзінің аяғын күткен дұрыс. Сөйлесіп тұрғанда мән бермеу, теріс айналу, сағатқа қарау, шыдамсыздану әдепсіздікке жатады. Өзгелердің сөзіне рұқсатсыз араласпау керек. Қажет болғанда, “ғапу етіңіз, сөзіңізді бөлемін” деп барып, айту керек. Келіспейтін жағдайда шыдамдылықпен тыңдап, пікіріңді орнықты, дәлелмен сабырлы жеткізе білу керек. Тыңдау екі түрлі болады: 1. Үндемей, сөйлеушінің сөзін бөлмей тыңдау. 2. Сөзге араласып, өзара ой алмасып отырып тыңдау. Сөйлеуші адамның мінез- құлқы, жасы, жынысы, әлеуметтік жағдайы ескерілуі тиіс. Мәдениет мәйегі. Адамның жан дүниесін тануға деген құлшыныс, ой-сезіміне деген құлықтылық, жүрек түкпіріндегі мұң-сырына ортақтасауға деген бейімділік, қарттықты құрметтейтін, жастықты үкілейтін, қайрымдылықты қастерлейтін игі дәстүр, балаға мейірім, атаға қамқорлық, ағаға ізет, ініге ілтипатты кие тұту – рухани өміршеңдік, әдептіліктің, мәдениеттің басты көрінісі. Жан баласын жатсынбайтын, өзгелерге түсініспен қарайтын, болмысынан турашыл, адал, жомарт, батыр, қайсар, өжет, өр қасиеті – қазақ мәдениетінің мәйегі. Тіл табыса білу – өнер. Ауызекі сөйлеу және тыңдау мәдениеті. Сөз мәдениеті ауызекі тіл мәдениеті және жазба тіл мәдениеті болып бөлінеді. Ойдың және сөйлеудің дамуы. Әркім өзінің басындағы ойларын басқаға айтып, түсіндіру үшін оған лайықты сөз таба білуге тиісті. Егерде ондай сөз таба алмаса, ол ой иесіне де шала, түсініксіз болып қалады. Яғни, ойдың дамуы сөйлеудің дамуымен өте тығыз байланысты. Адам көп мәдениетті болу үшін үнемі сөйлеу мәдениетін жетілдіріп отырауы керек. Сыртқы сөйлеу ауызша, жазбаша болып бөлінеді. Бұлардан басқа ауызша сөйлеудің мынандай екі түрі бар: 1. Диалогтық сөйлеу. 2. Монологтық сөйлеу. Диалогтық сөйлеу – екі немесе бірнеше адамның тілдесуі. Монологтық сөйлеу – бір адамның сөйлеуі, әңгіме, баяндама, лекция және басқа да түрлері кездеседі. Мұнда сөйлеуші бір адам, тыңдаушы – көп халық. Осылайша сыртқы сөйлесу: ауызша диалогтық сөйлеу, ауызша монологтық сөйлеу, жазбаша сөйлеу болып бөлінеді. Адамның айтқан қандай сөзі де белгілі бір мазмұнды білдіреді және сөйлеушінің, жазушының осы мазмұнға қатынасын көрсетеді. Мұнан туатын қорытынды: сөйлеу ойды білдіріп, іштегі сезімді сыртқа шығарады. Сөйлеудің бұл сипаты – оның мәнерлілігі. Өзара тілдескенде, лекция, баяндама жасағанда мәнерсіз сөйлеу – ол қаншама мазмұнды ойға толы болса да, әсерсіз, жансыз болып шығады. Ауызша сөйлеудің эмоциялық реңкі интонациямен, мимикамен, ишаралармен білдіріледі. Жазбаша сөйлеуде мұндай мүмкіндіктер жоқ. Сол себепті қағазға жазушы адам өз сөздерін барынша қиыстырып, оларды өз орнына тауып қойып, ойын мәнерлі түрде жеткізе алады. Иә, сөйлей білу – өз ойыңды кемстіріп тұрып айтып бере білу, оның мазмұнын ғана баяндап қоймай, нәзік сырларын сол қалпында жеткізіп, тыңдаушының етжүрегін елжірете білу. Дұрыс сөйлей білген адам өз ойын, айтқанын тыңдаушыға толық түсіндіре біледі. Адамдар оны ауызша диалогтық, ауызша монологтық және жазбаша сөйлеуде әртүрлі жолдармен жүзеге асыра алады. Бұл сөйлеу түрлерінің арасында психологиялық айырмалар да баршылық.Әлеуметтік тұрмыстық қарым- қатынастағы сөз әдебінде әр түрлі жағдаяттық тақырыптарға әнгімелескенде «сіз» және «сен» концептілерінде қаратпа, қыстырма сөздерде сөйлеу этикеті мен ерекшеліктерін айқын аңғаруға болады. Ағылшын тілінде қазір «сен» деп сөйлесу іс жүзінде жоқ. Оларда мұндай есімдіктің өзі де ұмытылған. Ол ХVІ ғасырдың өзінде қолданыстан қала бастап, ХVІІІ ғасырдың басында оны сыпайы «сіз» деген есімдік алмастырған-ды. Тіл мамандарының түсіндіруінше, көне замандағы «сен» сөзі тек шіркеу тілінде, көтеріңкі, лепті поэзияда ғана сақталған көрінеді. Сол себепті, оны «Уа, сен!» деп аударған дұрыс дейді. Кейінгі кезде орыс тіліндегі «товарищ» деген қаратпа сөз де ерсі естіліп, қоғамдық орындарда «мужчина», «женщина» деген қаратпа сөздер күштеп орныға бастады. Алайда оны қазақ тіліне аударып: «Еркек!», «Әйел!» деп айқайлар болсақ, ол өте ұятты. Сол себепті сөз мәдениетін түсінетін біздің бауырларымыз қоғамдық орындарда: «Апай», «Ағай», «Қарындас», «Інім» деген қаратпа сөздерді қолданып, ол транспортта, сауда орындарында, театрда өзара қарым-қатынас тіліне сіңісіп кетті. Шіркін, сөз қадірін түсініп, сөйлеу мәдениетін сақтай білсе, біздің қазақ тілінің мазмұны өте бай, сөздері өте сұлу, мейірім, имандылыққа толы ғой. Мысалы, ірі жазушылардың көбісі ауызша сөйлеуге шебер болмаса, керісінше, бірқатар шешен адамдар өз ойын жазып жеткізуге шорқақ. Психолог-ғалым Б.М.Теплов өзінің «Психология» кітабында (Алматы, Қазмемоқупедбас, 1953 жыл) диалогтық, жазбаша сөйлеу туралы былай дейді: «Диалогтық сөйлеуді кейде қосталған сөйлеу деп атайды. Мұның мәнісі: әңгімеге қатынасқан адам сөйлеушіге сұрақ қою, жауап қайтару, қарсы пікір айту арқылы қостап отырады, егер бұл текті қостау тоқталса, сөйлеу мен монологқа айналады, немесе адам сөйлеуді тоқтатады... Жазбаша сөйлеуді қосталмаған сөйлеу деп атауға болады. Қосталған сөз қосталмаған сөйлеуден жеңіл болады. Оңай болатын себебі – сөйлеушілер бір жай-күйді әңгімелеп отырғандықтан, қабылдап отырғаны бір нәрсе болғандықтан, бірін-бірі оңай ұғынысады; кейде сөзді айтып аяқтап болмай-ақ, не екенін түсіне қояды... Мұндай сөйлеу көп жағдайда ым-ишарамен толықтырылады. Диалог сөздің құрылысына және өрістетіп айтылу жақтарына онша көп талап қойылмайды. Ал жазба сөйлеу басқаша құрылады; онда барлығы ақырына дейін толық баяндалуы керек. Жазба сөйлеу барынша кең және байланысты түрде құрылуы қажет». Тіл туралы халық даналығы : · Жақсы байқап сөйлер, жаман шайқап сөйлер. · Бір жылы сөз бітірер, мың көңілдің жарасын. · Сөз қадірін білмеген, өз қадірін білмейді. · Сәлемі жараспағанның, сөзі де жараспайды. · Сөйлей білмеген кісіден үре білген ит артық. · Сөйлей білмес жаманның – cөзі өтпес бір пышақ. Сөз білетін адамның – әр сөзіне бір тұсақ. Жоғарыдағы ұлылардан қалған, кейінгі ұрпағына қалдырған ізгі мұраттарымен, данышпандық, шешендік ойларынан, тілдік ұстанымдарынан, қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылардың айтқан тіл даналығы туралы, парасат пайымдарынан ақылды ой, алғыр сөз – адамның ең жоғарғы қасиеті екенін, қастерлі тіл мәдениеті-сөз мәдениеті екенін ұғынамыз. Қорыта айтқанда, қазақтың ұлы ханы, өз заманының данышпан дипломаты Абылай ханның қазақ мәмілегер-дипломаттарын қалмақ еліне аттандырар кезде сөйлеген сөзі: “Үлкендеріңді кішілерің сыйлаңдар, көп арасында мына Қазыбек сияқты кішінің де сөзін тыңдандар. Өздеріңді жат елдің алдында жақсы елдің баласындай ұстаңдар. Мұндайда қол бастайтын батыр болу да қымбат, жол бастайтын көсем болу да қымбат, бәрінен де ел тағдырын шешетін шешен болу қымбат. Елдестірмек елшіден, жауластырмақ жаушыдан. Елдесе алмай жауласып кетсек, сендердің олақтықтарыңнан болғаны. Ауыздан шыққан сөз атылған оқпен бірдей, қайтып ала алмайсыңдар. Сөз сөйлегенде ойлап сөйлеу керек”, – дегендей, шешендік өнер-тіл өнері мен сөйлеу мәдениетінің ең жоғарғы сатысы. Сөйлеу мәдениеті өспейінше, жоғары ақыл мәдениетіне жетуге болмайтындығы сөзсіз. Олай болса, ұлы Абай: Өткірдің жүзі, кестенің бізі өрнегін сендей сала алмас, – деп таңырқап, тағзым еткен тіл – мемлекеттік тіл, ана тіліміз, қазақ тілінің қадірін ұғынып, мәртебесін көтеріп, қастерлей білейік! Қолданылған әдебиеттер: 1. Сыздық Р. Тіл мәдениеті және оның проблемалары. // Р.Сыздық // Тілдік норма және оның қалыптануы. – Астана: Елорда, 2001. – 230 б. 2. Кунапьянова А.Д., Аубакирова Л.Р. Тіл мәдениетінің өлшемдері және оған қойылатын талаптар.// «С. Аманжолов оқулары – 2004»: Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. – Өскемен: С.Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасы, 2004. – 464 б. 3. Аубакирова Л.Р., Кунапьянова А.Д. Оқушылардың тіл мәдениетін қалыптастырудағы отбасының орны. / Л.Р. С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың жас ғалымдары конференциясының баяндамалары. –Өскемен: С.Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасы, 2004. – 392 б. 4. Қазақ ұлттық энциклопедиясы. Р.Әміров. Қазақ ауызекі тілінің синтаксистік ерекшеліктері. А., 1972. 5. М.Серғалиев, Ш.Нұрғожина. Қазақ сөйлеу тілінің экспрессивті- эмоциональды лексикасы. А., 1995. МИКРОМОДУЛЬ 2 «Кәсіби тілдің мазмұны, құрамы, ролі» Практикалық сабақ № 8 Тақырыбы Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтудегі кәсіби қазақ тілінің рөлі. Кәсіби мәтін № 8 Сабақтың мазмұны. Кәсіби тілдің құзыреті және қолданым жиілігі. Мемлекеттік тілде қарым-қатынас және оның категориялары. Қарым-қатынас жасаудың түрлері. Қатынасымдағы тілдің құзыреті мен коммуникативтік қызметі. Кәсіби мәтінмен жұмыс. Әдістемелік нұсқаулар: Тіл қарым қатынас құралы Ел тәуелсіздігін тіл тәуелсіздігімен астастыра қарап, туған тілдің тұғырын биіктету қамы қолға алынғалы да біраз уақыт болып қалды. «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатының тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы Заң» сияқты стратегиялық маңызы бар құжаттардың дүниеге келуі осы бағытта жасалған оң қадамдар. Тіл қарым-қатынас құралы. Адамның ой-өрісін, мәдени дәрежесін, ақыл- парасатын, рухани байлығын көрсететін айна. Тіл мәдениетінің өзектілігі әрқашан ескеріліп, қай халық болса да бұл мәселені айналып өткен емес. «Өнер алды - қызыл тіл» деп қазақ халқы да сөйлеу шеберлігіне үлкен мән берген. Қазіргі таңда тіл мәдениетінің көкейтестілігі арта түсті. Қазақстан Республикасы Президентінің «Тілдерді қолдану мен дамыту бағдарламасында»: «Тілді дамыту - Қазақстан Республикасы мемлекеті саясатының аса өзекті бағыттарының бірі» , сондай-ақ «Мемлекеттік тілді оқытудың саны мен сапасына көңіл бөлу керек» делінген. Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Қазақстанның болашағы қазақ тілінде» - деп тұжырымдайды. Ал қазақ халқының тіл келешегі мектеп оқушыларында. Көптеген ғылыми- педагогикалық әдебиеттерді, мерзімді баспасөз ақпараттарын талдап- зерттей келе, бүгінгі күнгі оқушылардың сөз саптауы көңіл аударарлық көпшілігінің тіл мәдениеті төменгі деңгейде деген қорытынды жасауға болады. Олар өз ойларын дұрыс, түсінікті етіп жеткізе алмайды, басы артық бос сөздерді көп қолданып, ойын шашыратып жібереді. Кейбірі орысша сөздерді қосып, араластыра сөйлесе, бірі жаргонмен диалектілермен сөйлегенді сән көреді. Бұл мәселе туралы көптеп айтылып та, жазылып та жатыр. Мысалы педагогика ғылымының докторы И. Нұғыманов пен 3. Қашқынбаева: «Оқушының жеке тұлға болып дамуы мен алған білімін іске асыруда сөйлеу тілін, әрекетін, сөйлеу мәдениетін, әдебін қалыптастыру педагогиканың қазіргі кездегі көкейтесті мәселелерінің бірі болып табылады» - дейді. Бүгінгі таңда қазақ мектептерінің өзекті мәселелерінің бірі – оқушылардың тіл мәдениетін көтеру, сауатты жаза алатын, өз ойын айқын жеткізе алатын азамат тәрбиелеу. Қазіргі заманымызда қойылған басты талаптардың бірі - өмірден өз орнын таңдай алатын, өзара қарым-қатынаста өзін еркін ұстап, кез-келген ортаға тез бейімделетін, белгілі бір ғылым саласынан білімі мен білігін көрсете алатын, өз ойы мен пікірін айта білетін мәдениетті жеке тұлға қалыптастырып, тәрбиелеу. Оқушының жеке тұлға болып дамуы мен алған білімін іске асыруда сөйлеу тілін, әрекетін, тіл мәдениетін, әдебін қалыптастыру педагогиканың қазірдегі өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Жұмыстың негізгі мақсаты – оқушыларды қазақ тілі сабағында тіл мәдениетіне тәрбиелеудің теориялық-практикалық мәнін зерттеу. Осыдан келіп, жұмыстың негізгі міндеттері туындайды: - тіл мәдениеті ұғымына ғылыми түсінік беру; - оқушы жастардың тіл мәдениетінің төмен болуының себептерін саралау; - тіл мәдениетінің жоғары болуына қойылатын талаптарды айқындау; - тіл мәдениетінің даму сатысы қандай өлшемдер арқылы анықталатындығын көрсету; - тіл мәдениетін қалыптастыру жұмысының негізгі бағыттарын анықтау; - оқушыларды тіл мәдениетіне тәрбиелеудегі дидактикалық, әдістемелік ұстанымдарды негіздеу; - мектептің орта буынында тіл мәдениетін оқытуды саралу; - жоғары буын оқушыларын тіл мәдениетіне оқытуды тұжырымдау. Курс жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан және әдебиеттер тізімінен тұрады. Негізгі бөлім екі тараудан құралған. 1. ТІЛ МӘДЕНИЕТІНІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 1.1 Тіл мәдениеті туралы ғалымдар көзқарасы Дүние жүзі тарихына үңілсек, көптеген халықтар Академияларындағы ғылым атаулы тілді зерттеуден бастаған. Тілдің тіл саясатының биік ұғымы, барлық мәні оның қолдануында. Тіл мәдениетінің деңгейі, оның зерттелуі әрі қоғамдық қызметі арқылы көрінеді. Тіл - қоғам өмірінің объективті құбылысы, ол бүкіл халық үшін бірдей және адамдар білген құбылыстардың алуан түрін түгел қамтиды. «Тіл - қоғамдық құбылыс» деген тезисті ұсынбағанмен, тілдің қоғам өмірімен байланыстылығы, қоғамдағы орны, ролі деген мәселелермен ХІХ В.Гумбольдт еңбектері кейініректе туған лннгвистикалық мектептердің тілдің әлеуметтік сипатына ерекше мән берулеріне түрткі болды. Бұл мәселеге Н.Я.Марр да ерекше мән берді. Жалпы тілді халықтың жан дүниесімен, ой-санасымен, тарихы мен мәдениетімен тығыз байланыста қарау В.Фон Гумбольдт, И.Гердер, Г.Пауль, В.Вундт, Г.Штейнталь, Э.Сепир, Б.Уорф, А.Потебня т.б. ғалымдардың есімдерімен байланыстырылады. Қазақ зиялылары: А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Балақаев, К.Аханов, Т.Қордабаев, Ы.Маманов, Н.Уәлиев, Р.Сыздықова, А.Жапбаров, Ә.Болғанбаев, С.Исаев, А.Ысқақов, Р.Әміров, Қ.Жұбанов т.б. ғалымдардың еңбектерінде «тіл» ұғымының сан қырлы жағына тоқталады. Тіл табиғатының қыр-сырына терең жан- жақты үңілу – ғалым А.Байтұрсынұлынан бастау алып, Қ.Жұбанов зерттеулерімен өз жалғасын тапқан. Ал, «Мәдениет» деген түсінікке тоқталатын болсақ, мәдениет - деген ұғымға беті-қолын жуғаннан бастап, адамзат ақыл-ойының қазіргі жеткен ең соңғы биігіне дейінгі барлық ұғым енеді, - деп М.И.Калинин атап көрсетеді. Мәдениет, оқу-ағарту, ғылым, өнер т.б. рухани өмір табыстарының жиынтығы, - дейді тілші-ғалым М.Балақаев өзінің «Қазақ тілінің мәдениеті» атты еңбегінде. Мәдениет туралы түсінікке де әр ғалым әр түрлі анықтама береді. Қарап отырсақ, мәдениеттің өзі екіге бөлінеді екен. Материалдық және рухани мәдениет. Соның ішінде тіл мәдениеті рухани мәдениетке жатады. Ендігі жерде тіл мәдениеті сөз болмақ. Тіл мәдениеті оқушылардың тілін ұстарту міндетін жүзеге асырудың амал- тәсілдерін көрсетеді. Тіл мәдениетіне тән нормалар оқушылардың таза, нақты, лайықты әдеби тілмен сөйлеуге, диалект сөздер мен дөрекі сөздерді қолданбауға, сөйлеген сөздері жатық, әсерлі, түсінікті болуын қадағалайды. Сонымен қатар, олардың мәнерлеп оқуын, сондай-ақ өз ойларын логикалық тұрғыдан байланыстыра, жүйелі жазу дағдыларын қальштастыруға тиіс. Осы мәселені зерттеу тақырыбы ретінде ала отырып, алдымен тіл мәдениеті дегеніміз не деген сұраққа жауап іздедік. М.Балақаевтың жоғарыдағы мәдениет туралы айтқан анықтамасын ары қарай тіл мәдениетімен жалғастырсақ ол өз ойын былайша көрсетеді: «Тіл мәдениеті дегеніміз - тілдік тәсілдердің ширау, жетілу дәрежесі. Сонымен қатар, ол тіл жұмсаудағы ізеттілік, сауаттылық қана емес, тілдік тәсілдерді, фонетикалық, орфографиялық, орфоэпиялық, морфологиялық, синтаксистік, стильдік құбылыстарды ұқыпты, дұрыс қолдану дағдысы». «Тіл мәдениеті дегеніміз - сөйлеудегі, жазудағы сыпайылық, ізеттілік қана емес, сонымен қатар айқын ойлылық, сөзді дәл айыру шеберлігі, сөйлеу өнеріне шыныққандық», - деп анықтама береді Н.Уәлиев өзінің «Сөз мәдениеті» атты еңбегінде. Ал тілші-ғалым Р. Сыздықова: «Тіл мәдениеті дегеніміз - сөздерді дұрыс орнымен қолдану (лексикалық), дұрыс құрастыру (синтаксистік), дұрыс қиюластыру (морфологиялық), дұрыс дыбыстау (орфоэпиялық), сауатты жазу (орфографиялық), тілді әсерлі етіп жұмсау(лингвостилистикалық) нормаларын ұстану, орнықтыру, жетілдіру», - дейді. «Тіл мәдениеті» негізінен «Сөз мәдениеті», «Сөзді орынды қолдану» деген ұғымды білдіреді. Өйткені, тіл мәдениетінің негізгі зерттейтін объектісі - сөз, сөздің дұрыс айтылуы, дұрыс жазылуы, дұрыс қолданылуы, сол арқылы ойдың айқын, әсерлі жетуі, екі ұштылықтың, күңгірттіктің болмауы. Соған орай тіл мәдениеті ғылымын үлкен екі салаға: ауызша сөйлеу мәдениеті, сөз қолдану мәдениеті деп бөлуге болады. Сондықтан сөйлеу мәдениетіне байланысты өтілетін практикалық сабақтарда ауызша сөйлеу тілінің ерекшеліктеріне көп көңіл бөлініп, қателерді тіл фактілері негізінде талдап, сырын ашып көрсетудің пайдасы зор. Тіл байлығы - сөз байлығы. Ал сөз байлығы әр адамның лексикасындағы қолданылатын сөздердің санымен байланысты болғанымен, негізгі байлық – ой байлығы, сол сөздерді қиюластырып, әсем де әсерлі ой мұнарасын қалай білуде. Себебі сөзді көп біліп, бірақ оны орынды, ойлы, образды жұмсай алмасаң, одан не пайда? Ал сөзге көп мағына сыйғызып, әр сөздің парын, мән- мазмұнын, стильдік бояуын дөп басып беру ойлау қабілетімен, оның шығармашылық сипатымен ұштасып жатады. Ал ой байлығына жету үшін тіл дамуының кешегісі мен бүгінгісін, лексикалық қабаттын баю, толығу жолдарын, тілде пайда болған жаңа құбылыстардың өміршеңдігін, бір сөзбен айтқанда, тілдің ішкі, сыртқы мүмкіншілігін жақсы меңгеріп, оған қамқорлықпен, жанашыр көзбен қадағалап отыру керек. Сөз қолдану мәдениетін арттыратын негізгі шаралардың бірі - тіл тазалығы. Тіл тазалығы дегенде, ойымыздың, сөзіміздің бөтен, бөгде элементтермен шұбарланбауын талап етеміз. Әрине, бөтен тілден сөз алмай, таза ана тілі материалының негізінде ғана өмір сүретін әдеби тіл деген болмайды. Көркем шығарманы, сондай-ақ, әдеби нормадан ешбір ауытқымай, бөтен тілдік элементтерді қоспай, сірестіріп, «таза әдеби» тілде де жаза беруге болмайды. Өйткені, көркемсөз шеберлері оқырмаңдарына өмірдің өзі көтерген саласын жан-жақты көрсету, олардың дүниетанымын, эстетикалық талғамын арттыру мақсатын көздейді. Қандай адам болмасын, ой-өрісінің, білімінің, мәдениеті мен рухани дүниесінің қаншалықты екені оның жазған жазуынан, сөйлеген сөзінен де байқалды. «Кісіге қарап сөз алма, сөзіне қарап кісіні ал», - деп ұлы Абай тегін айтпаған. Ана тілінің мол байлығын игерген, құдіретіне түсінген, күшіне тағзым етіп, бас иген адам өзіне де, өзгеге де талап қоя алады, сөзді қалай болса солай қолдануға жол бермейді. Сөз мәдениеті мен өз мәдениетін қатар ұстап, екеуін бірге әлпештеп, қамқор болса, ана тіліне деген сүйіспеншілігі арта түсері даусыз. Практикалық сабақ № 9 Тақырыбы Кәсіби тілдің мазмұны, құрамы. Кәсіби мәтін № 9 Сабақтың мазмұны. Ғылыми тілдің сипаты. Іскери кәсіби тілдің әдебі. Кәсіби мәтінмен жұмыс. Әдістемелік нұсқаулар: Қазіргі таңда қазақ тілін оқытудың негізгі мақсаттарының бірі – мемлекеттік тілді сауатты, кәсіби деңгейде оқыту. Ауызекі сөйлеу барысында студенттерді кәсіби лексикамен таныстырып, сөздік қорын одан әрі қарай толықтыру - міндетіміздің бірі болып табылады. Студенттерді тек қана күнделікті қолданылатын лексикамен шектелмей, оқып жатқан мамандығына сай сөйлеуі тиіс. Яғни, кәсіби маман дайындау, оқу үрдісін жетілдірудің негізгі ұстанымдарының бірі болып, студенттерге қазақ тілін оқытудың жаңа түрлері мен әдістерін іздеу қажеттігін туындатады. Өзім гуманитарлық-әлеуметтік, заң, ақпараттық технологиялар факультеттерінде көп жылдар бойы еңбек етіп, әр мамандыққа байланысты кәсіби лексикасын құрастырудамын. Материалдарды ұсынар алдында мамандыққа сай ең алдымен біраз әдебиет, мәліметтер алып, олардың ішінде жиі қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерін жүйелеп, тапсырмалар немесе мәтіндер құрастырамын. Жинақталған лексиканы кезеңдерге бөліп, бірте-бірте сөздік қорын молайтып, қойылған мақсаттарға жетудемін. Кәсіби лексикаға байланысты сөздік қоры жақсы дамыса, мәтіндерді де ұсынуға болады. Мәтіндер қарапайымнан күрделіге қарай ауысу заңдылықтарына негізделеді. Кәсіби лексиканы оқыту барысында төмендегі бағыттарға ерекше назар аударуымыз керек: - лексикалық материалды жүйелі түрде беру; - грамматикалық, лексикалық ерекшеліктерін ескерту; - мамандыққа қатысты құжаттар стилін ескеру; - берілген материал нақты, сауатты болу. Жоғарыда айтылып кеткен бағыттарға сүйене отырып, кәсіби мамандыққа байланысты материалдарды үнемі түрлендіруге де болады. Кәсіби лексиканы жақсы меңгеру үшін түрлі жаттығулар, тапсырмалар, аудару жұмыстары жүргізіледі. Тапсырма: сөйлемдердің мысалдарын келтір және қазақ тіліне аударыңыз. Тапсырма: мәтінді оқып, өз ойыңызбен айтып шығыңыз. Серный колчедан представляет собой сульфид железа с примесью соединений меди, цинка, свинца, мышьяка, селена и др. Обжиг серного колчедана является одной из технологических стадий производства серной кислоты, целлюлозы и др. При обжиге серный колчедан реагирует с кислородом воздуха по суммарному уравнению: 4FeS2 + 11O2 = 2Fe2O3 + 8SO2 + 3415 кДж (1); Реакция протекает с выделением тепла и является практически необратимой. Реакция (1) состоит из ряда последовательных и параллельных реакций. В начале при температуре около 5000 С и выше происходит разложение FeS2 с выделением FeS и парообразной серы: 2FeS2 = 2FeS + S2 - 103,9 кДж (2); Выделившаяся сера сгорает с образованием двуокиси серы: S + O2 = SO + 362,4 кДж (3); Односернистое железо FeS сгорает с образованием двуокиси серы и последовательным образованием FeO, Fe3O4 и затем Fe2O3. Суммарное уравнение сгорания FeS имеет вид: 4FeS + 7O2 = 2 Fe2O3 + 4SO2 + Q (4); Небольшая часть двуокиси серы окисляется до ангидрида SO3. В промышленности для обжига серного колчедана применяют печи трех типов: полочные с мешалкой, пылевидного обжига и кипящего слоя. В промышленных условиях газ, получаемый при обжиге серного колчедана, в зависимости от вида сырья, типа печи и условий проведения процесса содержит: SO2 – 7 – 14%, O2 – 2 – 11%, SO3 £ 0,5%, остальное азот и пары воды. Образующийся при сгорании серного колчедана твердый остаток, называемый огарком, состоит в основном из окиси железа Fe2O3 с примесью Fe3O4, невыгоревшего FeS2 и т.д. Обжиг серного колчедана является типичным гетерогенным некаталитическим процессом в системе газ – твердое тело, скорость которого зависит от температуры, скорости потока газа, концентрации кислорода в газе и серы в колчедане, размера частиц колчедана, степени его перемешивания и др. Процесс может протекать в кинетическом, диффузионном или диффузионно- кинетическом режиме. Тапсырма: берілген сұхбаттың үлгісі бойынша бір-біріңізбен әңгімелесіп көріңіз. Жоғарыда берілген тапсырмаларды орындау арқылы студенттер кәсіби сөздердің дұрыс айту, оларды дұрыс жазу дағдысы қалыптасады. Студенттер өз ойларын жеткізуде қарапайым сөздерді қолданбай, кәсіби тілде сөйлеуге тырысады. Бүгін мемлекеттік тілді жетік меңгерген, қазіргі заманға сай білімді де, сауатты да мамандарды дайындауымыз керек. Әдебиеттер 1. М.Сағындыкова «Кәсіби бағдар негізінде оқытуда мәтін таңдау ерекшеліктері». «Қазақ тілі: әдістеме», № 5(13), 2007 ж. 2. К.Жақсылыкова. «Жоғары оқу орындары студенттеріне қазақ тілін кәсіби мәтіндер арқылы меңгерту жолдары». 3. «Қазақ тілі: әдістеме», № 9-10, 2010 ж. 4. Қ.Рақымжанов. «Практикалық қазақ тілі. Салық қызметкерлеріне арналған оқу құралы». Павлодар, 2008 ж. 5. Ф.Сарманова «Студенттердің сөздік қорын молайту үшін берілген материалдар». ҚМУ, 2010 ж. Практикалық сабақ № 10 Тақырыбы Этномәдени айшықтары. Кәсіби мәтін №10 Сабақтың мазмұны. Этномәдени айшықтары. Кәсіби мамандардың тілі мен сөйлеу мәдениеті. Кәсіби мәтінмен жұмыс. Әдістемелік нұсқаулар: Тіл мәдениеті – әдеби тілдің нормасы мен оның дамуын, сөйлеу тілімен қарым-қатынасын зерттейтін тіл білімінің саласы. Тіл мәдениетінің тіл білімінің басқа салаларынан айырмашылығы – оның күнделікті өмірде тілді қолдану, жазу, сөйлеу мәдениетімен тығыз байланыста болатындығында. Тіл мәдениеті дегеніміз – коммуникативтік қарым-қатынас кезінде тілдік тәсілдерді дұрыс ұйымдастырып, белгілі бір тәртіппен жүйелі қолдану. Тіл мәдениеті тілдік норманың 3 түрін қамтиды: 1. тілдік норма (лексикалық, сөзжасамдық, грамматикалық, дыбысталу нормасы); 2. этика – сөз нормалары (сөйлеу этикасының ережелері); 3. коммуникативті норма (сөйлеу қарым-қатынасының тиімділік қағидалары). Сөйлеу мәдениеті орфоэпиялық нормаға негізделеді. Орфоэпиялық норма – сөздерді дұрыс айту, лексикалық норма – сөздерді іріктеп, сұрыптап, талғаммен қолдану болса, грамматикалық норма сөйлеу мәдениетінде біршама тұрақталып, қалыптасқан норма саналады. Сөйлеу мәдениетінде ойдың дәлдігі, сөздің анықтығы, тазалығы, көңіл күйге әсер ететін шынайылығы (ол қарапайым сөзден немесе бейнелі образды сөздерден құралуына қарамастан), көркемдігі маңызды рөл атқарады. Сөз мәдениетін қалыптастыруға қажетті лингвистикалық орталықтар қатарына лингвистикалық болжау орталығы жатады. Лингвистикалық алдын ала болжау орталығы дәстүрлі тіл жүйесінің сапалық және сандық бағыттарын кешенді түрде зерттеу міндеттерін, сөз, сөйлеу қызметінің дәстүрін қалыптастыру мәселесін қарастырады. Сөз мәдениетіне қатысты лингвистикалық экология тіл және сөз мәдениетінің экологиясы деп аталады. Сөз мәдениетінің экологиясына тілдік ситуация, тілдік сана, тілдік орта, тілдік ортаның тазалығы, сөз қызметіндегі стилистикалық қатынастардың бұзылуы, сөйлеу этикасы мәселелері, сөз мәдениеті және мониторинг, т.б. мәселелер жатады. Тіл мәдениетіне тілдің құрылымдық жүйесіндегі орфоэпикалық, пунктуациялық, лексикалық-грамматикалық, синтаксистік нормалар қамтылып, олардың коммуникативтік эстетикалық қызметі толық айқындалған жағдайда стилистикалық норма жүзеге асады. Стилистикалық норма сөйлеушінің тілдік сөйлеу тәртібін қалыптастырады. Сөз мәдениеті көркем сөйлеуде, ғылыми- көпшілік немесе ресми ортада, тіпті ауызекі сөйлеу стилінде тілдің барлық салаларымен тамырлас келеді. Сөйлеу мәдениеті топ алдында мәдениетті сөйлеу, оның алғышарттарын, әдіс-тәсілін танып білу, озық үлгілерін меңгерудің жолдарын, нақты қасиеттерін ұғыну сияқты мәселелермен тығыз байланысты. Қазіргі уақыт талабына сай әлемдік тіл білімінде Тіл мәдениеті «сөйлеудің тиімділік теориясы» деп аталып, әсер ету мен әрекеттестік бағытында зерттелуде. Қазақ тілінің сөз мәдениетін көтеру – ұлттық мүдде талаптарының бірі. Қазақ Тіл мәдениетінің үлкен бір саласы – сөйлеу мәдениеті, оны жоғары деңгейге көтерудің басты заңдылығы – дұрыс айту нормасы. Жазу және сөйлеу мәдениетінің қазақ әдеби тілін қалыптастырудағы орны және оның орфографиялық ережелерді жүйелеу мәселелерімен байланысы қазақ тіл білімінде жан-жақты зерттеліп келеді. Сөйлеу мәдениетін ұлттық мүдде ретінде тану; сөз мәдениетіне әлеуметтік көзқарасты қалыптастыру, сөз мәдениетін әлеуметтік ғылымдар мен ұлттық мәдениеттің ең басты тірегі ретінде бағалау, сөз мәдениетін ұлт мәдениетімен қатар насихаттау, лингвистикалық болжау орталықтарын ашу, сөз мәдениетіне қарама-қарсы құбылыс - лингвистикалық экологияны жеке сала ретінде қарастыру, «әсем жеткізу» ұстанымдары негізінде сөз мәдениетін жетілдіру, т.б. мәселелерді дұрыс жолға қою негізінде Тіл мәдениеті дамиды. Практикалық сабақ № 11 Тақырыбы Кәсіби сала тақырыбындағы қанатты сөздердің кәсіби тілдегі мәні мен рөлі. Кәсіби мәтін № 11 Сабақтың мазмұны. Кәсіби сала мамандығы бойынша қанатты сөздер, фразеологиялық тіркестер, мақал-мәтелдердің қазақша-орысша баламалары. Кәсіби сала тақырыбындағы қанатты сөздердің кәсіби тілдегі мәні мен рөлі. Кәсіби сала мамандарына көмекші құралдар: орысша-қазақша және қазақша- орысша сөздіктері, фразеологиялық тіркестердің қазақша-орысша, орысша- қазақша сөздіктері. Мақал-мәтелдерді кәсіби тілде қолдану. Кәсіби мәтінмен жұмыс. Әдістемелік нұсқаулар: Оқу,білім туралы. Оқу инемен құдық қазғандай. Білекті бірді жығар, Білімді мынды жығар. Жақсының аты өлмейді, Ғалымның хаты өлмейді, Ұстаздың заты өлмейді. Оқи берсең , көзің ашылады, Отыра берсең , ұйқы басынады. Ақылды өтірік шаршатады. Ақылды мақтанса,істі тындырар, Ақылсыз мақтанса,аяғын сындырар. Ақыл азбайды, Білім тозбайды. Оқусыз білім жоқ, Білімсіз күнің жоқ. Тіліңмен жүгірме, Біліммен жүгір. Талаптанған мұратына жетер, Талапсыздың күні өкінішпен өтер. Шебердің қолы –ортақ, Шешеннің тілі-ортақ. Практикалық сабақ № 12 Тақырыбы Кәсіби мәтін – тілдік бірлік. Кәсіби мәтін № 12 Сабақтың мазмұны. Кәсіби тілдегі мәтін және оның ерекшеліктері. Мәтінмен жұмыс жүргізудің түрлері. Аударма. Кәсіби мәтінмен жұмыс. Әдістемелік нұсқаулар: Ақпараттық технологиялар барынша дамыған бүгінгі таңда ақпаратпен жұмыс істеудің маңызы өте зор. Әсіресе ол кәсіби қызметтің ажырамас бөлшегіне айналған. Шетсіз-шексіз ақпараттар толқынында адасып кетпей, дұрыс бағытта алға жылжу үшін бүгінгі маманға ақпараттық мәдениет қажет. Жоғары деңгейлі ақпараттық мәдениеті бар, өз саласындағы құжаттар ағынының ерекшеліктерін жақсы білетін маман ақпараттың әртүрлі көздерімен жұмыс істей алады, ақпарат алмасу арқылы оны жүйелеп, түсіндіре алады. Сөйтіп, мемлекеттік тілді жақсы меңгеріп, білікті маман иесі болып шығады. ЖОО- ларда кәсіби-бағдарлы қазақ тілін оқытуды студенттерге әлеуметтік және кәсіби маңызды ақпаратты жеткізудің, өзінің болашақ кәсіби қызметінде қазақ тіліндегі деректерді қолдану дағдысын қалыптастырудың құралы ретінде қарастырған жөн. Осылайша студенттердің, яғни болашақ мамандардың үздіксіз білім алуын қамтамасыз ету керек. Бұл міндеттер кәсіби-бағдарлы қазақ тілін оқыту арқылы жүзеге аспақ. Қазақ тілін кәсіби-бағдарлы бағытта оқыту студенттердің нақты кәсіби, іскери, ғылыми салалар мен жағдаяттарда кәсіби ойлау ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттік тілде қарым-қатынас жасай білу қабілетін дамытуды көздейді. Яғни, студент өзінің болашақ мамандығы ерекшеліктерін басшылыққа ала отырып, мемлекеттік тілді меңгереді. Болашақ мамандық тілін меңгеруде бүгінде кәсіби мәтіндерді оқуға ерекше көңіл бөлініп жүр. Оқылым әрекеті арқылы студент болашақта өзінің кәсіби білімін толықтырып, жетілдіріп отырады, сөйтіп, тілдік қиыншылықтарға, ақпараттық мәдениеттің жетіспеушілігіне ұрынбайды. Кәсіби-бағдарлы оқытудың негізгі міндеттерінің бірі – студенттің коммуникативтік дағдысын дамыту, яғни қарым-қатынас жасау шеберлігін қалыптастыру. Әсіресе ауызша қатынас жасауға көбірек көңіл бөлінетіні белгілі. Кәсіби-бағдарлы бағытта қазақ тілінде сөйлеу әрекетін қолдану арқылы болашақ маманның тілін дамытып, ой-өрісін кеңейтеміз. Ал бұл әрекетті, ең алдымен, жазбаша мәтіндер арқылы жүзеге асыруға болады. Мәтіндер – бұл кез келген тілді үйретудің негізі десек, қателеспейміз. Әсіресе сөйлеу дағдысын қалыптастыруда мәтіндердің рөлі ерекше. Осы орайда зерттеушілердің көпшілігі мәтіндердің коммуникативтік маңызына баса назар аударады. Мәселен, Ф.В.Чичерина: «С учетом параметров коммуникативной ситуации (адресант, адресат, сообщение/текст, сопутствующие обстоятельства) текст детерминируется как коммуникативно-самостоятельная единица, обладающая определенными коммуникативными свойствами», – десе [3], Б. М. Джандар: «Являясь целостным и законченным по содержанию и по форме речевым произведением, текст представляет определенную тему и акт общения, содержит изучаемый лексико-грамматический материал, служит образцом речевой коммуникации носителей языка и, как известно, конечная цель обучения иностранному языку – творческое владение речью и способность творчески подходить к восприятию текста на иностранном языке» деген ойын алға тартады [1]. Әрине, біз де бұл пікірлерге қосыла отырып, мәтінмен тиімді жұмыс істеу үшін өте үлкен дайындықтың қажет екендігін баса айтқымыз келеді. Бұл жұмыс жүйелі түрде іске асуы керек, оқытушы тарапынан үздік әдістеме және үлкен шеберлік талап етіледі. Студенттің ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыру үшін ұсынылатын мәтіндер белгілі бір талаптарға жауап беруі тиіс: біріншіден, үйренушілердің талап-тілектері мен қызығушылықтарын қанағаттандыра білуі керек, яғни мәтінде жаңа да қызықты мәліметтер болғаны жөн; екіншіден, үйренушілердің болашақ мамандығы мен кәсіби қызығушылықтары ескерілуі тиіс (кәсіби бағыттылық олардың пәнге деген қызығушылығын арттырады); үшіншіден, мәтін мазмұны ұсынылған тақырыпқа сай және нақты коммуникативті міндетті шешуге бағытталған болуы керек; төртіншіден, кәсіби-бағдарлы қазақ тілін үйретуде оның социомәдени аспектісіне ерекше мән беру керек, яғни студенттерге лингвоелтанымдық және елтанымдық (қазақ елінің тарихи және мәдени даму кезеңдері, сөйлеу әдебі, тұрмысы мен дәстүрі, ұлттық мінез ерекшеліктері) білімді барынша дарыта білуіміз керек; Сонымен, мәтін таңдауда студенттердің коммуникативтік және когнитивтік қажеттіліктерін барынша ескеру керек. Мәтіннің көлемі мен деңгейі студенттердің қазақ тілін білу, сөйлеу деңгейіне сай болғаны жөн. Оның мазмұны студенттердің кәсіби қызығушылықтарын қанағаттандыра білуі керек, онда болашақ кәсіби қызметтің барлық салалары, кәсіби жағдаяттар көрініс тапқаны жөн. Мәтінді оқу барысында әртүрлі сөйлеу жағдаяттарын тудыруға болады. Мәтінмен жұмыс істеудің дәстүрлі әдістемесіне көз жүгіртсек, мынадай жаттығуларды көбірек кездестіреміз: мәтінді оқу, оны аудару, мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру, мәтін бойынша жоспар құрастыру, мәтін мазмұнын айту. Әрине бұл жаттығулардың тілдік тұрғыдан алғанда маңызы өте зор екендігін біз жоққа шығара алмаймыз, алайда сөйлеу әрекетін тудыруда олардың тиімділігінің аз екендігін мойындауымыз керек. Нәтижесінде үйренушілер үшін әртүрлі жағдаяттарда қазақ тілінде сөйлеу қажеттілігі туындағанда олар сөйлеу барысында қиындықтарға ұрынады, айтуға сөз таба алмай, әңгімелесуден де бас тартуы мүмкін. Сондықтан да мәтінмен жұмыс істеу арқылы тиімді нәтижеге жету үшін студенттің сөйлеу дағдысы мен шеберлігін қалыптастыруға бағытталған арнайы жаттығулар жүйесі қажет. Әдетте зерттеушілер мәтінмен жұмыс істеудің үш кезеңін ұсынады. Осы орайда Куимова М.В. төрт кезеңді ұсынады. Оның ең біріншісі оқылымның түріне нұсқау түрінде келеді [2]. Кез келген мәтінді оқыту мәтінге дейінгі жаттығулармен басталады. Бұл жаттығулар мәтінді қабылдауға қажетті лингвистикалық және жағдаяттық атмосфера тудырады. Олар мәтінді оқу барысында тілдік қиындықтарды жеңу үшін, мәтінде көтерілген проблеманы анықтай білуге бағытталған. Міне, олардың бірнешеуі: а) мына кілт сөздер мен сөз тіркестерін оқып, мәтіннің тақырыбын анықтаңыз. ә) берілген сөйлемдерді логикалық бірізділікпен орналастырыңыз; б) мына үзіндіні оқып, қарамен белгіленген сөздердің мағынасын анықтаңыз; в) мәтінді үш бөлікке бөліңіз (кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды). Мәтінді оқу кезінде орындалатын жаттығулар мәтінді мағыналық бөліктерге бөліп, жекелеген фактілерді, олардың арасындағы мағыналық байланысты анықтауға бағытталған. а) бірінші параграфты оқыңыз, негізгі ақпаратты жеткізетін сөйлемді табыңыз; ә) ... сипаттайтын сөйлемдерді таңдаңыз; б) ... туралы айтылатын параграфты көрсетіңіз; в) ... туралы айтатын негізгі (кілт сөздер) фактілерді табыңыз; г) ... сипаттайтын /жоққа шығаратын/ мақұлдайтын фактілерді табыңыз; д) ... туралы келесі идеяны түсіндіріңіз; е) мәтінде көтерілген проблеманы анықтаңыз. Мәтіннен кейінгі жаттығулар оқылған мәтіннің негізгі мазмұнын түсінуді қамтамасыз етуге, оқылған нәрсеге сыни көзқарас таныта білу шеберлігін дамытуға бағытталған. Оларға мынадай тапсырмалар жатады: а) мына сұрақтарға жауап беріңіз; ә) бұл мәтіндегі таң қалдырған/жаңа/маңызды адам есімі туралы ақпарат беріңіз; б) мәтінге берілген суретке түсініктеме беріңіз; в) мына мәлімдемелерді толықтырыңыз; г) мәтіннің негізгі идеясымен байланысты проблемаларды атаңыз. Сонымен, кәсіби-бағдарлы оқытуда мәтіндерді негізге алған жөн. Студенттің кәсіби бағытта сөйлеу тілін қалыптастыру, әртүрлі кәсіби, іскери жағдаяттарда әңгіме жүргізуге, өзіндік ой-пікір танытуға дағдыландыру үшін мәтіндермен жұмыс істеудің маңызы өте зор. Әрине, ең алдымен, мәтіннің мазмұны кәсіби бағытқа сай келуі керек. Сондай-ақ мәтінді коммуникативті мақсатта меңгертудің арнайы үздік әдістемесі болғаны абзал. Жоғарыда қарастырылған жаттығулар жүйесі осындай әдістеменің бір нұсқасы ғана. Бұл жүйе студентке болашақ мамандығы бойынша ақпарат алмасуға, қазақ тілінде еркін қарым-қатынас жасай білуге, кәсіби тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға септігін тигізеді. Әдебиеттер 1. Джандар Б. М. Текст как основа для формирования устной связной речи // Вестник Адыгейского государственного университета. Серия 3: Педагогика и психология. 2012. №1. URL: http://cyberleninka.ru/article/n/tekst-kak- osnova-dlya-formirovaniya-ustnoy-svyaznoy-rechi. 2. Куимова М. В. Иноязычный письменный текст как основа обучения устной профессионально-ориентированной речи студентов нелингвистических специальностей [Текст] / М. В. Куимова, Н. А. Кобзева // Молодой ученый. - 2011. - №3. Т.2. - С. 19-21. 3. Чичерина Ю. В. Текст как основа коммуникативной деятельности на иностранном языке // Известия РГПУ им. А.И. Герцена. 2009. №112. URL: http://cyberleninka.ru/article/n/tekst-kak-osnova-kommunikativnoy- deyatelnosti-na-inostrannom-yazyke. Практикалық сабақ № 13 Тақырыбы Кәсіби тілдегі ұлттық реалия мәселелері. Кәсіби мәтін № 13 Сабақтың мазмұны. Аударуға жатпайтын сөздер, мағыналары контекстік ұғымда қолданылатын сөздер мен сөз тіркестері. Кәсіби мәтінмен жұмыс. Әдістемелік нұсқаулар: Аударма теориясы және практикасы саласында жұмыс істеген С. И. Влахов және С. П. Флориндердің пікірінше, реалия сөздердің аудармасы екі рет шартты: қағида бойынша реалия сөздер аударылмайды (сөздік тәртіп бойынша) және қағида бойынша ол аудару тәсілімен(контекстте) жеткізіледі. И. Левый реалия сөздерді «аудармашының азабы» деп атаған. Осыған қарамастан А. В. Федоров «басқа тілге аударылмайтын сөз жоқ, яғни, берілген тілдің көп таралған сөз тіркестерімен сипатталмайтыны жоқ» деген пікір айтады. Аудару кезінде реалия сөздерді жеткізуде негізгі екі қиыншылық кездесетіні туралы айта кету қажет: аудару тілінде сәйкес сөздің (эквиваленттің) болмауы, бұл осы тілде сөйлейтін адамдарда осы реалиямен белгіленген объектінің болмауына байланысты; реалияның заттық мағынасын (семантикасын) жеткізгенде оның нақышын (коннотациясын), ұлттық-тарихи ерекшелігін де жеткізу қажет. Көп уақыт бойы реалия сөздерді аудару кезінде ұлттық және тарихи өзгешелігін жеткізу маңызды мәселелердің бірі болып келді. Кейбір лингвист ғалымдар өз ғылыми зерттеулерінде «реалия» терминін емес, «эквивалентсіз лексика» терминін қолдайды. Алайда «реалия» ұғымын «термин» ұғымынан бөліп қарастыру керек. Реалия сөздер көркем әдебиетте өте жиі кездеседі. Олар белгілі бір халықтың мәдениетімен байланысты. Осы халықтың тілі үшін жалпы қолданбалы, ал басқа тілдер үшін жат. Қандай да болса ұлттық бояусыз, ғылым саласына жататын терминдер жасанды түрде пайда болады. Олар тек қана затты не құбылысты атау үшін қолданылады. Енді «реалия» терминінің әр алуан анықтамаларын қарастырайық: 1) реалия – бұл ұғым, практикалық түрде басқа тілде сөйлейтін адамдардың өмірінде болмайтын ұғым; 2) сыртқы лингвистикамен және аударматанумен зерттелінетін әр түрлі факторлар және олардың тілде бейнеленуі, сондай-ақ берілген елдің мемлекеттік құрылымы, халықтың тарихы, мәдениеті, тілі, берілген тіл меңгерушілерінің байланыстары және т.б.; 3) сөздің номинативті мәні үшін негіз болып табылатын материалдық мәдениеттің заттары; 4) өмірдің және тұрмыстың ұлттық ерекшеліктерін белгілейтін сөздер. Аудармашылармен, аударма теоретиктерімен және лингвисттермен қолданылып жатқан терминологияда айқындық болмағандықтан, аударматанудағы реалия және әдебиет тану ғылымындағы, лингвистикадағы реалия арасындағы шекаралар өте тұрақсыз. «Реалия» сөзі – латын (realis, -e, көпше түрі realia- «зат, нәрсе») сын есімінің көпше түрінен шыққан. Сәйкес лексикалық категориялар ықпалының әсерінен (орыс және болгар тілдерінде) зат есімге айналды. Онымен (негізінен филология мәтіндерінде) материалды түрде болып тұрған немесе болған, көптеген жағдайларда мағынасы жағынан «өмір» ұғымымен затты, нәрсені байланыстырады; мысалы, «европалық (қоғамдық) өмірдің реалиялары». Сөздік анықтамаларына сәйкес – бұл «материалдық мәдениеттің кез келген заты», «классикалық грамматикада бұл осы тілде бейнелеу көзқарас тарапынан осы елдегі мемлекеттік құрылым, осы халықтың тарихы, мәдениеті, осы ана тілін білетін адамдардың қатынастары және т.б. әр түрлі факторлар», «сөздің атаулы мағынасы үшін негіз болған материалды мәдениеттің заттары». А. В. Федоров реалияны түпнұсқаның сөзі ретінде анықтайды. «Ол тек қана аймақтық құбылысты білдіретін, басқа халықтың тұрмысында және түсінігінде болмайтын нәрсе». Реалия – зат, елтану ғылымының шекараларында да кең мағынаны білдіреді. Кейбір кездерде ол тілдік емес ақиқаттылықтың ралия-сөз шекараларына сыймайды; реалия – берілген тілдің лексикасының элементі ретінде бір белгіні білдіреді. Осы мәселені нақтылау үшін В. Д. Андреев, В. Г. Гак, Б. И. Репин осы ұғымды дәлдеуге тырысады. Сонда «реалия» терминімен бірге «реалия-сөз» терминін қолданады. Реалия сөздерге эквивалентсіз лексиканы да жатқызуға болады. Эквивалентсіз лексика: 1) Басқа тілдің лексикалық бірліктері арасында толық немесе жартылай эквиваленттері жоқ лексикалық бірліктер (сөздер және тұрақты тіркестер). Өте жиі эквивалентсіз лексикаға: реалия сөздер, уақытша эквиваленті жоқ терминдер, кездейсоқ эквивалентсіз сөздер жатқызылады. 2) Аймақтық құбылыстарды және ұғымдарды білдіретін берілген мәтіннің реалия сөздері, аударма тілінде сәйкестілігі жоқ сөздер. «Реалия» ретінде, қателікпен қолданылатын тағы бір ұғым — «лакуна». Номинативті бірліктердің номинативті-мәдени ерекшелігі тек қана эквивалентсіз лексика ретінде байқалмайды. Сонымен қатар, осы тілде басқа тілдегі сөздердің, ұғымдардың болмауы. Яғни, лакуналар – тілдің семантикалық картасындағы ақ дақтар. Жоғарыда айтылған барлық анықтамалар аудару практикасына жатады да, аударма тілінде басқа тілде реалия болатын сөздерге тұрақты элементтердің болмау фактісін белгілейді. Алайда, мәдени, ғылыми-техникалық, саяси дамудың қарқынына байланысты белгілі бір кезеңде осы реалия сөздер және оларды белгілейтін сөздер аударма тілінде болмауы мүмкін. Ал басқа жағынан, реалия белгілі бір тарихи кезеңмен шектеулі болуы мүмкін. Сонда, реалия сөздер тілде толықтауыш қызметін атқарады. Олар тек қана ерекше заттарды, құбылыстарды білдірмей, сонымен қатар олар белгілі бір тарихи кезеңімен ара қатынасын белгілейді. Мысалы: das Femegericht (жасырынды соттау XIV – XV ғасырлар). Ал тілдік формасы жағынан, негізінен, реалия сөздер зат есімдер (неміс тілінде өте жиі құрмалас зат есімдер), кейбір кездерде сөз тіркестері, аббревиатуралар, сын есімдер, етістіктер және зат есімдердің — реалия сөздердің туындылары. Реалия сөздер сипаттайтын факторларына сәйкес келесі топтарға бөлінеді: 1) заттық (географиялық, тұрмыс, киім, ақша, өлшеу бірлігі, сәулеттік, атақ және лауазым, партиялар, саяси-әлеуметтік қозғалыстар, әскери, әкімшілік-территориялық бірліктер, фольклор, ойыншықтар, ойындар, билер, жанрлар, мәдени реалия сөздер); 2) жергілікті (ұлтқа және тілге байланысты); 3) уақыттық (осы заманғы және көне реалия сөздер); 4) аудармашылық. Енді әрбір топқа жеке-жеке тоқталайық: Заттық топтау Бұл топқа белгілі бір халықтың өмірінің тұрмыстық жақтары кіреді. Бұл топқа келесі реалия сөздер жатады: а) географиялық реалия сөздер (топонимдер): дала, тундра, каньон, фиорд; die Hallig pl., Halligen – Солтүстік теңізіндегі тіршілік етілетін аралдардың тобы; das Watt – мұхиттан келетін тасуымен басалынатын, Солтүстік теңізіндегі таяздық, жағалау сызығы; der Warf, die Wurfte – халлигахтан жасалынған үйлер тұратын төбешіктер; ә) болмыс реалия сөздер: тамақ: квас, щи, галушки, бауырсақ, қымыз, көже, бифстроган; der Hackepeter – татымдылықтар қосылған, бөліктерге кесілінген, шикі түрінде желінетін ет; der Eintopf – бірінші немесе екінші тағам ретінде қолданылатын, көкөністерден, еттен жасалынған қою сорпа; der Heurige – биылғы жылғы жаңа шарап; die Wettwurst – майлы емес еттен жасалынған сүрленген шұжық; die Praline – ішіне бірдеме салынған шоколадты кәмпит; der Pumpernickel – тұрпайы тыртылған қара бидайдың ұнынан жасалынған, тәтті дәмі бар, қыртысы жоқ қара бидай наны; das Pökelrippchen – тұзды сүрленілген кішкентай қабырғалар; die Stelze — шошқаның сан еті; б) киім: кимоно, пима, сәукеле, мәсі; der Kittel – китель; der Schillerkragen – ақ үлкен ашық жаға; die Uniform – униформа; der Tirolhut – қауырсыны бар тирольдік қалпақ; der Knickerbocker – шалбар – гольф; в) ақша, өлшем бірліктері: ақша: рубль, доллар, марка, теңге; der Groschen – ескі неміс күмістен жасалынған тиын; der Kreuzer – ұсақ тиын, айналымда ХІХ ғасырдың соңына дейін қолданылды; der Gulden – алтын, содан кейін күміс Герман тиыны; der Taler – ескі неміс алтын және күміс тиыны; die Mark – 100 пфенингке тең. Ұзындық және аудан өлшейтін бірліктер: метр, километр, сажын, шақырым; die Lachter – шамамен 2 метрге тең; der Morgen – жер өлшемі, 0,25 – 1,22 гектарға тең; das Joch – ескі аудан өлшейтін өлшем бірлігі, 0,25 – 0,58 гектарға тең; der Zoll – 1/12 футқа тең. Көлем өлшемі: das Ahm – сұйықты өлшейтін ескі өлшем бірлігі, 130 – 160 литрге тең; der Eimer – сұйықты өлшейтін ескі өлшем бірлігі, 29,0 – 68,7 литрге тең; das Fass – сұйықтың көлемін өлшейтін ескі өлшем бірлігі – Баварияда (сыра) 17,1 литрге, Лейпцигте (сыра) 3,6 литрге, Австрияда (шарап) 5,8 литрге тең; der Schoppen – шараптың, сыраның 0,5 литріне тең. Сусымалы өнімнің өлшем бірліктері: das Maß – ескі өлшем бірлігі (кейбір кездерде сұйық заттардың да) 0,33 – 1,98 литрге және жарты сапты аяққа тең; der Scheffel – дәннің ескі өлшем бірлігі, әр түрлі аймақтарда 23 – 233 литрге тең; das Lot – салмақтың ескі өлшем бірлігі, 12,79 – 17,5 грамға тең; die Mandel – ескі өлшем бірлігі, 15 данаға тең; das Schock – 4 мандельге тең, яғни, 32 данаға; das Pfund – 500 грамға тең; der Zentner – 50 килограмға тең; der Doppelzentner – 100 килограмға тең; г) сәулет реалиялары: das Fachwerk, das Fachwerkhaus, der Fachwerkbau – құрылыс элементтердің жүйесінен тұратын, саз балшықпен, кірпішпен, таспен толтырылған орта ғасырлық архетиктурадағы көп қабатты үйдің негізгі қаңқасы; der Giebel – тар, жоғары қарай өте қатты ұшталған фронтон; das Giebelhaus – қатты ұшталған үйдің төбесі; der Dachreiter – атша төбесінде орналасқан мұнара; das Reichenhaus – секциялардан тұратын, өз кіру есігі және нөмірі бар үй; ғ) лауазымдар, дәрежелер: царь, король, шах, хан, би; der Herzog – ежелгі Герман халықтарда тайпаның бастығы, орта ғасырларда – үлкен феодал, орта ғасырлардың соңынан бастап – ақ сүйектердің жоғары атақтарының бірі; der Keiser – Герман императоры; der Junker – ақ сүйектерден шыққан көп жері бар үлкен диқан; der Geheimrat – жасырынды кеңесші; der Justizrat – заң кеңесшісі; д) партиялар, саяси-қоғамдық қозғалыстар: коммунистік партия, тори, виги, демократиялық партия; die Sozialdemokratische Partei – саяси- демократиялық партия; die Christisch-Demokratische Union – христиан- демократиялық Одақ; е) әскери реалиялар: орда, жүздік, Қызыл Армия; die Reichswehr – Герман қарулы күштердің аты (1919 – 1935 жылдары); die Bundeswehr – Германияның қарулы күштері; die Wehrmacht – фашистік Германияның қарулы күштері; ж) әкімшілік-аумақтық бірліктер: губерния, облыс, штат; die Gemeinde – астыңғы әкімшілік-аумақтық бірлік, қауым; das Land — жер; der Bezirk – округ; die Marktgenosschaft – ауылдық қауым; з) фольклор реалиялары, ойыншықтар, ойындар, билер, жанрлар, мәдени және мәдени-тарихи реалия сөздер: Соловей-Разбойник, серый волк, Ванька- встанька, Мальчик-спальчик, Алдаркөсе, матрешка, асық, қыз қуу, барыня, батырлар жыры; der Troll – гном, герман мифологиясында тау рух; der Hampelmann – қолдары, аяқтары жіп арқылы қозғалатын адам тәрізді ойыншық; der Gartenzwerg – бақшаны әдемілейтін боялған гном фигурасы; die Schultüte – бірінші сыныпқа бара жатқан балаларға бірінші оқу күні ата-аналары беретін, тәтті кәмпиттер салынған конус тәрізді түрлі түсті қағаз қапшығы; die Lorelei – неміс халық аңыздарындағы су перісі; das Nibelungenlied – Нибелунгтер туралы хикая. Жергілікті топтау «Жергілікті» топтау шартты болып табылады, өйткені реалия сөздер қандай да бір бөлімге жергілікті нышан бойынша жатқызылмай, бір-бірімен шартты қатынаста және тығыз байланысты белгілер бойынша жатқызылған: 1) реалия белгілейтін объектінің – оның референтінің ұлттық қатыстылығы; 2) аудармаға қатысқан тілдер. Аударма ерекшелігін негізге ала отырып – «екі тілдің жазықтықтағы қатынас құралы» және «қабылдау – қайта құру» сияқты аудару үдерісінің логикалық жүйелілігі – реалия сөздерді бұл сияқты бөлуге жергілікті нышан бойынша жатқызылмай, экстралингвистикалық, яғни, тілдік қағида (принцип) бойынша жатқызылып тұр. Ол реалия сөздерді бір және екі тіл жазықтығында қарастыруға мүмкіндік береді. Бір тіл жазықтығында өзіндік және жат реалия сөздерді қарастыруға болады. Ал олар ұлттық (мемлекеттің барлық тұрғындарына, бүкіл халыққа белгілі), жергілікті (бір диалектіге жататын), микро жергілікті (белгілі бір аймаққа жататын) болып бөлінеді. Екі тіл жазықтығында реалия сөздер ішкі және сыртқы реалия сөздер болып екіге бөлінеді. Сыртқы реалиялар екі тіл үшін де жат (мысалы: самурай – қазақ және орыс тілдері үшін жат, жапон тілін есептемегенде) болады. Ішкі реалия сөздер екі тілдің біреуіне жатады, яғни, басқа тіл үшін бөтен, жат болып келеді (мысалы: фиорд – орыс және украин тілдері үшін сыртқы реалия болады да, орыс және норвегия тілдеріне, немесе болгар және норвег тілдерінеол сөз ішкі болады). Бірнеше тілдерді қарастыра отырып, аймақтық (мысалы: «евро» — осы валютаны ұлттық ретінде қабылдаған мемлекеттер үшін) және интернационалды, көптеген тілдердің лексикасында, олардың сөздіктеріне кірген, бірақ бастапқы мағынасын сақтаған реалия сөздерге бөлінеді (мысалы: ранчо, текила). Сонымен, жалпы реалия сөздерді ұлтқа тиісті бірлік ретінде қарастыруға болады. Ал екі тіл жазықтығында – берілген және аударма тілдері үшін реалия сөздерді берілген үшін ішкі, ал аударма тілі үшін сыртқы болады. Сонымен, жергілікті топтау, біріншіден, аудару теориясы және практикасы үшін өте маңызды. Уақыттық топтау Уақыттық белгісіне қарай жалпы реалия сөздерді шартты түрде қазіргі кездегі реалия сөздер және тарихи реалия сөздер деп екі топқа бөлуге болады. Осындай топтау нақты болу үшін уақыт факторымен белгіленген келесі мәселелерді қарастыруға болады: 1) реалия сөздердің затқа және уақытқа байланысы, 2) реалия сөздердің орынға және уақытқа байланысы, 3) жат реалиялардың тілге енуі, 4) реалия сөздердің көркем әдебиет арқылы тілге енуі, 5) реалия сөздердің таныс/бейтаныс болуы. Реалия сөздердің затқа және уақытқа байланысы Реалия сөздер уақыт өтуіне байланысты терминдерге және керісінше, терминдер реалия сөздерге айналады. Кейбір терминдер, қандай да бір себептерге байланысты, әдетте референттің өзгеруіне байланысты ақырындап тарихқа еніп, тарихи реалияларға айналады. Ал кей кездері қарама-қарсы үдеріс те референтпен байланысты: жаңадан құрылған құрал үшін, заттың кейбір бөлігі үшін ескі, жылдармен қолданылған реалия сөздерді қолданады. Ескі сөз жаңа өмірді термин ретінде бастайды. Мысалы: шлем, бригадир, легион сөздері. Реалия сөздердің орынға және уақытқа байланысы Тарихи реалиялар өзінің тарихи көзінен өте сирек қол үзеді. Ондай жағдай, мысалы, реалия өте көне заманға қатысы бар болса ғана болуы мүмкін. Мысалы: тога, амфора, губерния, дума, дьяк және т.б.Көптеген сондай реалиялар уақыт өтуімен басқа мағынасына ие болып, фразеологияға ауысады. Реалияның орынға және уақытқа байланысты мағынасының өзгеруі өте маңызды ерекшелік. Осы ерекшелікті білмеу аудармашының ақиқаттылықты қабылдауын бұрмалап, аяғында сипатталатын шындық оқырмандардың көздерінде де бұрмаланады. Жат реалия сөздердің тілге енуі Белгілі бір тіл лексикасының жат реалиялармен толығуы жүйелі және бір қалыпты түрде өтеді. Бірақ кей кездері мемлекет өмірінің саяси-тарихи, қоғамдық қақтығыстарымен, әдебиетте жаңа ағыстардың пайда болуымен және адамдардың талғамдарының өзгеруімен байланысты реалия сөздер де еніп отырады. Осыған байланысты аудару кезінде осы сөздерге баса назар аудару керек. Аудармада үлкен қиыншылықты реалия сөздер туғызады. Өйткені аудармашыларда олардың нақты аудармасы бола болмайды. Сонда, олар реалия сөздерді қалай, қандай тәсілмен аудару қажет екенін ойлауға мәжбүр болады. Жоғарыда айтылғандай реалия сөздер эквивалентсіз лексика тобына жатады. Яғни, аудару тілінде, басқа халықтың сөздігінде реалия сөздердің дәл аудармасы жоқ. Алайда, қатынас деңгейінде реалия сөздерді аудару үшін тілдік тәсілдер бар. Эквивалентсіз лексика қатыстық және кейбір кездерде уақытты сипаттамаға сай. Реалия сөздерді жеткізу негізінен аудармашының фондық біліміне байланысты. Бұл жалпы адамзаттық мәдени-тарихи (кең мағынада) және белгілі бір ұлттық-тілдік қоғамның ұлттық мәдениеттің бөлігін құрайды. Ал олай болса, осындай білімге шет тілдерді оқып жүрген аудармашылар да сай болу қажет (аударматануда осындай білімді фондық мәлімет, фондық білім деп атайды). «Фон» терминінің мағынасы: басқа елдің, халықтың өмірі, мәдениеті туралы білім. С. И. Влахов және С. П. Флоринге сәйкес, біз зерттеу жұмысымызда реалия сөздер деп белгілі бір ұлтқа немесе белгілі бір елге ғана тән, олардың тұрмысынан, қоғамдық өмірінен, мәдениетінен хабар беретін сөздерді ұғамыз. Көптеген аудару теориясы және практикасы көздерінің мәліметтерін жүйелеген кезде біз реалия сөздерді аударудың келесі негізгі тәсілдерін анықтадық. Олар: транслитерация, транскрипця, калькалау, тілде бар болған элементтердің арқасында жаңа сөздерді тудыру, ұқсас аударма, контекстің ішінде дәлденетін грамматикалық ауыстыру. Енді осы тәсілдерге жеке-жеке тоқталайық: Транслитерация, транскрипция Транслитерацияда аударылатын тіл құралдарымен бастапқы тіл сөзінің графикалық формасы, ал транскрипцияда оның дыбыстық формасы беріледі. Бұл тәсілдер шет тілдік жалқы есімдерді, географиялық атауларды, әртүрлі компаниялар, фирмалар, пароходтар, газет, журналдар және т.б. атауларын бергенде қолданылады. Қазіргі кезде көркем әдебиетті аударғанда транслитерация мен транскрипция тәсілі бұрынғыға қарағанда анағұрлым сирек қолданылады. Оның негізі бар – шетел лексикалық бірлігінің оқырманға мұндай сөздерді түсіндірмейінше түсініксіз болып қалады. Толық транслитерация: (орыс тілінен қазақ тіліне) король – король, вассал – вассал, камердинер – камердинер; (ағылшын тілінен орыс тіліне) boss – босс, (неміс тілінен қазақ тіліне) Herzog герцог, Kanzler – канцлер, Skat – скат, Oktoberfest – октоберфест. Аудару тілінің сөз жасау және морфология ережелеріне сәйкес, шет түбірінің жұрнақтары немесе жалғаулары арқылы транслитерация жасалады: Nazi – нацист, Gestapomann – гестапашы, Marke – марка, Kegeln – кегли, Uniform – униформа т.с.с. Реалияларды аудару кезінде транслитерация өте шектеулі қолданылады. Ол туралы негізінен қоғамдық-саяси ұғымдарды немесе жалқы есімдерді аударғанда ғана айтуға болады. Кейбір кездерде транслитерация және транскрипция тәсілдерінің ұқсастығына байланысты оларды ажырату қиыншылық тудырады. Транскрипция – бұл аударма мәтінге аудару тілінің графикалық амалдары арқылы енетін реалия сөздер. Ол фонетика жағынан максималды түрде түпнұсқада берілген фонетикаға жақын болады: Würstchen – вюрстхен, Ländler – лендлер, Fähnrich – фенрих, Wehrmacht – вермахт т.с.с. Транскрипция көбінесе кең таралған публицистикада және көркем шығармаларда мәтіннің сипаттамасына қарай қолданылады. Автордың сөзінде және толық сипаттаумен берілген мәтінде транскрипция ең жақсы шешім болып табылады. Өйткені сондай мәтіндерде реалия сөздерді кеңірек ашу мүмкіндігі туады. Көбінесе транскрипция таныс реалия сөздер үшін: интернационалдық, аймақтық, өз реалиялары үшін қолданылады. Бірақ та, басқа тілде сәйкестігі бар реалия сөздер кейбір кездерде дәстүрлі түрде транскрипциямен беріледі (мысалы: «станица» неміс тіліне «Staniza» ретінде аударылады). Транскрипцияның аудару тәсілі ретінде негізгі құндылықтардың бірі максималды түрдегі ықшамдық. Осыған қарамастан басқа бір аудару тәсілі сияқты транскрипцияны байқап қолдану қажет. Кейде ұлттық нақышты жеткізгенде реалияның мағынасы екінші орынға жылжиды да, аударманың коммуникативті мәселесі жүзеге асырылмай қалады. Транскрипцияланған сөздердің көп болуы мәтіннің реалиямен асып толуына әкеледі. Ал ол оқырманды түпнұсқамен жақындатпай, керісінше қашықтатады. Кейбір кездерде транскрипцияны басқа талдау амалдармен бірге қарыстыру қажет. Әсіресе, бұл «аудармашының құрмалас достарына» (реалия сөздерге) байланысты. Мысалы, неміс сөзін «Pfund» (500 гр.) қазақ тіліне «фунт» (409,5 г) сөзімен аударғанда, сілтемеде осы айырмашылықты жазып белгілеу керек. Транскрипция туралы айтқанда, тіл аралық омонимияны да ұмытпау қажет. Омонимия – бұл фонетика жағынан реалия сөздердің аудармасына жақын сөздер. Транскрипция және транслитерация формальді, аудармалық қателерді болғызбайтын реалия сөздерді аудару амалдары. Алайда, осы амалдарды қолданған кезде аударма мәтініне жаңа сөздер енгізіледі де, оқырман үшін ол белгісіз және белгілі бір денотатпен ара қатынасын белгілемейді немесе зат әлде құбылыс туралы шамалаған түсінік береді. Ал егер де мәтін мазмұны реалияның мәнін ашпаса, онда аударма үшін қосымша амал ретінде сілтемені қолдану қажет. Сондықтан осы тәсілдерді қолданған кезде фондық мәліметке ие болу қажет. Жаңа сөздің /сөз тіркесінің пайда болуы Неологизмнің енгізілуі – реалияның мазмұнынын және ұлттық нақышын сақтау үшін (транскрипциядан кейін) қолданылатын тәсілдердің бірі. Алайда жаңа сөздің (сөз тіркесінің) пайда болуы кейде түпнұсқадағы ұлттық бояуы қалың сөздерді аударма тілге жеткізудің өнімді тәсілі емес. Дегенмен де кей реалия сөздердің баламасын жасауға тура келеді. Мысалы: самолет – ұшақ, вертолет – тік ұшақ, пенсионер – зейнеткер т.с.с. Осындай жаңа сөздер калькалар және жартылай калькалар болуы мүмкін. Калька – бұл бір сөздің немесе сөз тіркесінің бөліктерінің морфемаларын аударма тіліндегі олардың эквиваленттерімен ауыстыру арқылы шетел реалия сөздерін беру. Бұл тәсілдің де жоғарыда айтылып кеткендей кемшілігі бар. Мысалы: Museeninsel – Мұражайлар аралы, Sandmännchen – құм адам. Көптеген жағдайларда калькаларды түсіндіру қажет. Мысалы: Sandmännchen – құм адам мағынасын ашпайды. Сондықтан «құм адам» — бұл ертегідегі кейіпкер. Ол балалардың көздеріне құм шашады да, балалар ұйықтап қалады. Жартылай калька – бұл ауысып алынған сөздер және сөйлемшелер. Олар жартылай бастапқы тілінен, жартылай аударма тілінің элементтерін алады. Мысалы, сондай қазақ тіліндегі жартылай калька неміс тілінің реалиясы «үшінші рейх» — «Das Dritte Reich» сөйлемшеге аналог болып тұр. Меңгеру – бастапқы тіліндегі бар материал негізінде аудару тілі үшін сөзге ана тіліндегі сөздің кейіпін беру. Семантикалық неологизмдер деп біз жеткізіліп жатқан реалияның мазмұнын, мағынасын түсінуге мүмкіндік беретін жаңа сөздердің немесе сөйлемшелердің жасалуын айтамыз. Алайда, реалия сөздерді неологизмдермен аудару тәсілі өте сирек қолданылатынын айта кетуіміз керек. Себебі, тіл иесі – халық. Ұқсас аударма Осы аударма тәсілі өте жиі қолданылады. Мысалы, көп таралған тәсіл функционалды эквивалентті таңдау. Бұл тәсіл бойынша аударма оқырманда түпнұсқа оқырманыңда туатын ассоциацияларыға сәйкес ассоциациялар туғызады. Контекстуалды аударма Бұл тәсіл өз қағидасы бойынша ұқсас аударма тәсіліне ұқсайды, бірақ сөздік аудармаға қайшы. Өйткені осы тәсілдермен аударылып жатқан сөздің мағынасы сөздікте берілген оның эквивалентінің мағынасынан тыс болуы мүмкін. Сонда аудармашы негізінен контекстке бейімделеді. Бұл тәсілдің мәні – сөздікте берілген сөзді контекстке, логикалық жағынан байланысты сөзбен алмастыру. Реалияны алмастыру Кейбір ғалымдар (мысалы, Влахов және Флорин) бастапқы мәтінде берілген реалияны аударма тіліндегі реалиямен алмастырып, «реалияны алмастыру» тәсілін қолдануды ұсынады. Алайда, осындай алмастыру реалияны бүкіл мәтіннен оқшаулайды. Осындай жағдайда шартты аударылып жатқан немесе аудармашымен ұсынылған сөздің ұлттық нақышы жоғалады. Басқа реалия сөздерді қолданған кезде ұлттық нақыш өзгеріліп, оқырмандар өз назарларын автордың ойынша маңызды емес және ешқандай маңызы жоқ ұсақ бөлшектерге аударады. Сипаттамалы аударма Сипаттамалы аударма қолданылған кезде реалияның мазмұны ашылады. Егер аудармашыда басқа елдің заты немесе құбылысы туралы мәліметі, білімі жеткілікті болса, егер де ол осы реалия нені белгілейтінін білетін болса, онда сипаттамалы аударма дұрыс болады. Реалиая сөздерді аударудың барлық тәсілдерін келесі схемамен белгілеуге болады: 1) транслитерация, транскрипция; 2) калькалау, жартылай калькалау, семантикалық неологизм; 3) ұқсас аударма; 4) контекстуалды аударма. Сонымен, реалияны аударғанда белгілі бір тәсілді таңдау үшін, аудармашы оның алдында тұрған мақсатты нақты анықтау керек: тіл бірлігінің ұлттық нақышын сақтап, семантикаға кемістік келтіру немесе реалияның мағынасын жеткізіп, ұлттық колоритті жоғалту. Көркем шығарманы аударған кезде тағы бір тәсіл қолданылады – бұл түпнұсқа тіліндегі берілген мәтіннің реалия сөздеріне қоғамдық-мәдени түсінік беру. Газет-журнал мақалаларын аударғанда да қоғамдық-мәдени түсініктемелерді қолдануға болады. С.Г. Тер-Минасова пікірінше, реалиялары бар түпнұсқа мәтіннің аудармада барабарлы қабылдауы мүмкін. Бұл үшін аударма тілінде «қоғамдық- мәдени түсініктемелер берілуі керек. Алайда аударма амалдары осы тілде сөйлейтін адамдар үшін түсінікті болу қажет. Қоғамдық-мәдени түсініктеме Көркем мәтіндерді және оларды түсіну, түсініктемесіз түсіну оңай емес. Бірақ та, қазіргі әдебиет те кейбір кездерде түсініктемелерді беруді қажет етеді. Ал шетел оқырмандары үшін ол тіпті қажет. Ертектер де сондай түсініктермен қамтамасыз етілген болу керек. Ертектер тілі мәдени, ұлттық, тарихи жағынан белгіленген лексикалық бірліктермен толықтырылып жатады. Бұл өмірдің және мәдениеттің өзгергенімен өте байланысты. Яғни, мәдениетаралық қатынас немесе олардың арасындағы дау өз және жат мәдениеттер аралығында ғана емес, сонымен қатар өзге мәдениеттің ішінде де болуы мүмкін. Бұл қоғам өміріндегі өзгерістер жаңа деңгейге көтеріліп, келесі ұрпақ өзінің арғы аталарының дүние тану жөніндегі түсініктерін ұқпауымен, білмеуімен байланысты. Басқа мәдениеттің өкілдері үшін арнаулы қоғамдық-мәдени түсініктемелер өз мәдениетіндегі және тілдегі өзгерістерді айна ретінде белгілейді. Шетел оқырмандарына (аударма тілде сөйлейтін адамдар үшін) арнаулы қоғамдық- мәдени түсініктемелер мәдениеттер арасындағы түсініксіздікті көрсетіп, оны реттейді. Сонда да бұл тек қана өз және шет мәдениеттер арасындағы түсініксіздік емес, сонымен қатар бір халықтың әдеби шығармаларында тіркелген өткен заманның және қазіргі заман мәдениеті арасындағы түсініксіздік. Қоғамдық-мәдени түсініктеме біздің мәдениетімізді оқып жүрген шетел оқырмандары үшін де, өз оқырмандарымыз үшін де өте қажет. Қоғамдық-мәдени түсініктеменің ішіне мыналар кіреді: 1) историзмдер – қарым-қатынас кезінде адамдармен қолданылмайтын заттарды немесе құбылыстарды білдіретін сөздер, және халық өмірінде, тілде қолданыстан шыққан реалия сөздер; 2) архаизмдер – қолданыстан шыққан көне сөздер; 3) қазіргі қазақ тілінде өз мағынасын өзгерткен сөздер; 4) шет және қазіргі қазақ оқырманымен реалия сөздерге, аллюзияларға қажет етілетін қоғамдық-мәдени түсініктемелер. Сонымен, осындай түсініктемелер автор және басты кейіпкерлер сияқты бір мәдени топқа жататын адамдар үшін қажет. Өйткені қазіргі оқырманның фондық білімдері өзгерді. Осындай түсініктемелер көне сөзді қазіргі тілге тек қана аудармай, сонымен қатарар автордың ойын толығырақ ашуға мүмкіндік жасайды. Яғни, қорыта келгенде аударма – бұл тіларалық қатынас үшін пайдаланылатын жалғыз ғана тәсіл. Оның негізі мақсаты - әр түрлі тілдерде сөйлейтін кісілердің қатынасын максималды түрде бір тіл ширегінде сөйлейтіндей ету. Гете айтқандай, «Аудармада аударылмайтынға жету қажет. Сонда ғана басқа халықты, жат мәдениетті білуге болады». Гетенің сөздерін реалия анықтамасына жатқызуға болады. Өйткені реалия тек қана аймақтық құбылыстарды және ұғымдарды білдіретін берілген, басқа халықтың тұрмысында, тілінде жоқ сөздер. Алайда, аудармашылар реалия сөздерді аударған кезде оларға эквиваленттерді немесе аударма тәсілдерін қолдануға тырысады. Аударма мәселелері бірнеше кезеңдерден тұрады. Көптеген аудармашылар «реалия» сөзінің мағынасы туралы әлі күнге дейін таласуд; реалия сөздер топтамасы туралы көптеген қарама-қарсы пікірлер бар (негізінен қарастырылып жатқан сөздерді қандай қасиеттеріне байланысты топтарға бөлу қажет). Алайда тағы бір талас реалия сөздерді аударған кезде қандай тәсілдерді қолдану қажет деген мәселе төңірегінде туады. Сонымен, реалия сөздерді аударған кезде қандай тәсілді таңдауы қажет деген сұрақ аудармашы алдында тұрған сұрақтардың бірі және ол аудару мақсаттарына байланысты болады. Дұрыс аударма жасау үшін аудармашы фондық білім мен мәліметтермен қамтамасыз етілген болу керек. Реалия сөздерді жеткізу үшін, мәтіннің жанрына қарап, талдап, ойлану қажет. Егер де бұл ертек болса, онда ұлттық ерекшеліктеріне қарау қажет, егер бұл этнографиялық очерк немесе басқа елдерге, аудандарға саяхат туралы әңгімелер болса, онда реалия сөздер максималды түрде жеткізілуі керек. Практикалық сабақ № 14 Тақырыбы Жаттығулар орындау. Кәсіби мәтін № 14 Сабақтың мазмұны. Тілдік практикаға арналған жаттығулар, семинар- тренингілер, зертханалық жұмыс,семестрлік жұмыс. Кәсіби мәтінмен жұмыс. Әдістемелік нұсқаулар: Ресми хаттар. Ресми хаттар белгілі бір ортаның атқаратын жұмыстарына байланысты мәселелер жазбаша карастырылады. Олар ресми түрде мекеменің атынан жазылады және қызметтен тыс мәселені қозғамайды. Қызметтік жеке хатттар. Бүл хаттардың ерекшелігі айтылатын мәселе орісінің кеңдігі жоне қызметтен тыс моселелерге де арналатындығы. Дегенмен де қызметтен тыс мөселелер, адамның өз қызметімен, үйымның атқаратын қьтзметімен шеше алатын моселелер орісімен тікелей байланыста болады. Бүл хаттар жеке түлға атынан жазылады. Үсыныс хаттар. Бүл хаттар бір мақсатта ғана жазылады: қызметқерді белгілі бір орынға , қызметке үсыну жөнінде басшыга үсыныс жасау. Аталған қызметкердің сол орынға лайық екендігіне қепілдеме беру. Хат ресми, өзіне тән қүрылымы сақталып жазылады. Бүл хатқа үсыныс жасаған тұлға ғана қол қояды. Сұраныс хаттары. Бүл хаттар да бір ғана мақсатпен жазылады: мекемеден кереқті ақпаратты немесе белгілі бір кұжатты жіберуін сүрау. Сұраныс хатқа мекеменің жауапты адамы қол қояды. Шағым хаттар. Белгілі бір мекеменің немесе мекеме қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекетін көрсету, соған орай шара қолдануды сүрау мақсатында жазылады. Хат мазмүнының неғізгі қүндылығы онда көрсетілетін фактілерге байланысты. Шағым хатқа шағым беруші адам, кейде хат мазмүнына байланысты мекеменің жауапты қызметкері де қол қояды. Циркуляр хат. Ведомстволық жағынан бағынышты барлық мекемелерғе бір мезгілде жөнелтілетін хат. Олар негізінен тапсырма беру сипатында болады. Жолдама хаттар. Қүжатпен бірге жіберілетін қосымшаньтң немесе қосымшадардың құрамы, мазмүны, көлемі, саны жайлы мәліметтер көрсету үшін жазылады. Бүл хаттар өрсетілген ақпараттың долдігімен ерекшеленеді. Жолдама хатқа мекеме басшысы қол қояды. Хатты жазып отрығнада онда келтірілетін фактілер мен айтылатын мәселенің маңыз, мазмүнына ғана емес, өзіңіздің оны қалай беріп, жеткізіп отырғандығьщызға да назар аударыңыз. Әрбір хатты жазғанда қалыптасқан стильдік нормадан ауытқьшаған жөн. Үлгі Жолдама хат Казақ мемлекеттік Ғылыми-техникалық ақпарат ғылыми-зерттеу институтының директорына Абай атындагы Алматы мемлекеттік упиверситетіндегі филология гылымдарының докторы гылыми дәрежесін алу ушін диссертация қоргаитын ДР 14.05.04 диссертациялық кеңес 10.02.02 — қазақ тілі мамандыгы бойынша Оспанова Өміргул Ақанқызының "Қазақ тіліндегі көсемшеніц магынасы мен қызметінің дамуы" атты кандидаттық диссертация жумысыны және авторефератыныц 2 данасын мемлекеттік тіркеу мен микрофильмнен өткізу ушін жіберіп отыр. Диссертацияның қоргалган куні 11 наурыз 1999 жыл. Диссертация кеңес төрайымы, филология гылымының докторы, профессор З.Қ. Ахметова Үлгі: Қызметтік хат Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті. 480100, Алматы қаласы, Достық даңғылы, 13. тел. 91-33-77 Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясы А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының директоры К.Ш.Құсайынов мырзаға Абай атындагы Алматы мемлекеттік университетінің филология гылымдарының докторы гылыми дәрежесін алу ушін диссертация қореайтын кеңес шешімімен (хаттама №11, 10-шы ақпан 1998 жыл) Сіз басшылық жасап отырган А.Байтурсынов атындагы Тіл білімі институты мына диссертацияга жетекші уйым болып бекітілді: Бейсембекова Жулдыз Сардырбекқызының "Қазіргі қазақ тіліндегі буйрық райдың парадигмасы мен магыналық қурамы" атты кандидаттық диссертациясы, 10.02.02. — қазақ тілі мамандыгы бойынша. Осыган орай аталган диссертацияны Сізге жіберіп отырмыз, оның қоргаллы 18 наурыз 1998 ж. белгіленді. Оган мына мерзімге дейін пікір беруіңізді өтінеміз: 16 наурыз 1998ж. Жетекші уйым басшысының қолы елтаңбалы мәрмен бекітілуге тиіс. Пікірде кеңейтілген турде мынадай тустарга жауап беруіңізді сураймыз: 1. Зерттеу тақырыбының өзектілігі және оның жалпы гылымдармен және жалпы мемлекеттік багдарламамен байланысы. 2. Диссертацияныц 'Тылыми дәрежелер мен еылыми атақтар беру туралы Ереженің " ушінші бәлімі қоятын талаптарга сәйкестігі. Диссертациялық кеңестің ғылыми хатшысы, филология гылымының кандидаты, доцент ^^_^__^ Мусатаева М.Ш. Қолы Постскриптум. Постскриптум - латын тілінен аударғанда "хаттың аяқ жағына, қол қойылғаннан кейін "р.з." таңбаларын койып түрып, одан кейін жазылатын сөздер немесе мотін" деген мағына береді. Постскриптум қызметтік хаттарда мынадай екі жағдайда ғана жазылады. 1. Адресатқа міндетті түрде жеткізілуі тиіс мәлімет хаттың негізгі мазмұнында айтылмай қалса, хат дайындалып қол қойылып койса, қойылған қолдан кейін "р.з." белгісі қойылып, қосымша айтылатын мәлімет жазылады. Бұдан кейін қайтадан қол койылады. 2. Хат мазмұнында айтылған ақпарат, мәлім.ет өзгерген жағдайда да қойылған қолдан кейін "р.з." белғісі қойылып жаңа ақпарат жазылады. Ол да қайтадан қойылған қолмен расталады. Хатты жедел жіберу қажет болған жағдайда Постскриптум қолмен жазылады. Қол қойылып, датасы көрсетіледі. "р.8. 4- квартал бойынша жасалеап есепті жаңа гана қабылдап алдым. 1999 жыягы желтоқсанның 31-і саг. 17.30" (сиғнатура, факсимиле) "р.з." Шүғыл жолсапарға шығуға ткра келіп түр. Сондықтан 2 аптаға дейін сізбен кездесе алмаймын. Кездесу уақытын қосымша хабарлаймын. 22.04.98. Құрметті (сишатура, факсимиле) Кейбір күрделі, күтуге келмейтін, тығыз жағдайларда постскриптум қайталап та жазылады. Онда "Р.р.з." постскрилтум белгісі қойылады. Оның жазылу реті де дәл жоғарыда айтылғандай. Қолданылған мәліметтің дәлдігі туралы. Іс қағаздарында қолданылып отырған ақпарат, мәліметтің барлығы мүқият тексерілуі керек. Іс қағаздарында ақиқаттығы күмән тудыратын мәлімет қолданылмағын жөн, қүжаттардағы шындыққа жанаспайтын қате мәлімет қай кезде жіберіледі: - дайындалған қүжаттың мазмүны мен сапасына немқүрайды бақылау жасалғанда; қүжатты дайындаушыньщ білім мен тәжірибе деңғейі төмен болғанда; жүктелген тапсырма олардың біліктілігімен сәйкес келмеген жағдайда; - құжатты дайындаушы өз ісіне немқүрайды, салақ қараған жағдайда; - құжатты дайындау барысында дүрыс мәлімет қолданбаған жағдайда; - қүжаттарды дайындау барысында бағдарламалық-техникалық қүралдарды дүрыс пайдаланбаған жағдайда; - қүжаттарды дайындау технологиясы бүзылған жағдайда. Құжат дайындаған жағдайда іскерлік, қатынас жасап отырған мекеменің аты, реквизиттері, мекеме басшысының аты- жөні, лауазымы анық, сауатты жазылуы керек. Қүжаттағы сандық мөліметтер, уақыт көрсеткіштері, цифрлар қайта бір тексеріліп барып жіберілуі керек. Егер құжатта қосымша (приложение) болатын болса ол жолдама хатта көрсетілуі керек, я болмаса қүжаттың соңында ескерілуі тиіс. Мысалы, Көлемі 5 беттен тұратын қосымша бөлек дайындалған немесе бүл құжаттан бөлек, 10 беттік қосымшаны коса жіберіп отырмыз т.с.с, Құжаттағы бүкіл ақпарат мұқият текесерілуі керек. Қүжаттағы ақпартты тексеруді бірнеше түрде жүргізуге болады. Олар мыналар: 1. Техникалық. Мүнда қате жазылған сөздер, дүрыс қойылмаған тыныс белгілері, дүрыс түспеген әріптер т.б. басты назарда үсталады. 2. Заңдық. Мүнда қүжат мазмүнының қазіргі күші бар заңдарға және қүқық нормаларына сәйкестігі тексеріледі. 3. Қаржы-экономикалық. Мүнда қүжатта шығарылған қаржы- экономикалы шешімдердің үйлесімділік, тиімділік дәрежесіне баға беріледі. 4. Статистикалық. Мүнда қүжаттағы статистикалық мәліметтердің актуалъдылығы мен ақиқаттығы, дәлдігі тексеріледі. 5.Конфиденциалдық. Мүнда күжат мазмүнында жариялылығы шектеулі мағлүматтың немесе мемлекеттік қүпия болып саналатын я қызметтік, коммерциялық қүпия болып табылатын мәліметтің жіберІлмеу жағы тексеріледі. 6. Ақпараттық. Мүнда құжатты алушының мекен-жайы, реквизиттері сияқты мәліметтердің дүрыстығы тексеріледі. Қүжаттағы мәліметтердің дәлдігі, оның мерзімінде дүрыс жасалу жауапкершілігі қүжат дайындаушы адамға жүктеледі. Егер қүжат дайындаушы адам бірнешеу болса жауапты орьгадаушы белгіленеді. Құжатты дүрыс дайындап, уақытылы жіберу секретариат қызметкеріне я іс жүргізушіге жүктеледі. ЖЕДЕЛХАТ Жеделхат – телеграф (телетайп) арқылы жолданатын, шұғыл мәселелер туралы хабарламалық сипаттағы құжат. Жеделхаттың артықшылықтары: - мекеменің кез келген қызметкерінің жіберуіне мүмкіндік болады; - формальды түзетулердің (виза қою, келісу, корректуралау, редакциялау) қажеттігі жоқ; - жеделхат қолмен жазылғанына қарамастан жіберуші мен алушы туралы мәлімет нақты қамтылады; - қажет жағдайда жеделхат мәтіні расталады; - жеделхаттар тез жеткізіледі; - жеделхат басқа байланыс түрлерінен (интернет, факс) арзан, сенімді. Жеделхатты жазу талаптары : - мәтін қысқа (ең ұзағы 300 сөз), анық, түсінікті болуы тиіс; - мәтінде кіріспе сөз, шылау сөздер қолданылмайды; - кейбір сөздерді қысқартуға болады; - цифрлар жазбаша беріледі (мысалы: 10137-бір нөл бір үш, жеті); - жеделхат құрылымы (алушы адресі, мәтін, жіберуші адресі) қатаң сақталады; - жеделхат мәтіні қатесіз, түзетусіз болуы тиіс. Жеделхат 2-ге бөлінеді: ішкі (мемлекет ішіндегі) және халықаралық (шетелдерге жіберілетін). Ішкі жеделхат түрлері: өкіметтік, жедел, жай. Жеделхаттың реквизиттері: 1. Сызықтың жоғары жағына жазылып, ақша төленетін формулярдағы бөлігінде: - түрі, категориясы; - номері, датасы, жіберілген уақыты; - алушының аты, адресі, мәтіні, қолы. 2. Сызықтың сыртына жазылып, ақша төленбейтін бөлігінде: - жеделхатқа қол қоюшы адамның қызметі; - датасы; - автордың мекен-жайы. Жеделхаттардың рәсімделуі: - мекемеде арнайы журналға тіркеледі (тігіледі не желімделеді). Қасына алушының танысқаны жөнінде белгі, қол қойылады, резолюция жазылады. - Жолданғанда жіберушінің қолы қойылады, көшірмесі сақталады. Ескерту: Егер жеделхат телефон арқылы жіберілсе, оны кім қабылдағанын, жұмыс телефонын, қызметін жазып алыңыз. Практикалық сабақ № 15 Тақырыбы Қорытынды сабақ. Кәсіби лексиканы жинақтау Сабақтың мазмұны. Тілдік практикаға арналған жаттығулар, семинар- тренингілер, зертханалық жұмыс, семестрлік жұмыс. Кәсіби мәтіндермен жұмыс. Әдістемелік нұсқаулар: Белгілі бір кәсіппен, шаруашылық саласымен шұғылданатын адамдар арасында қолданылатын, көпшілікке бірдей түсінікті бола бермейтін сөздер кәсіби сөздер деп аталады. Кәсіби сөздер екі салаға бөлінеді: 1. Қолөнершілікке байланысты кәсіби сөздер: пышқы – араның түрі, шербек – үлкен ара, ыңғыру – ағаш оятын құрал, тышуыр – бұрап тесетін құрал, пәрбі – шойын тескіш, атауыз – шеге суырғыш, біз – аяқ киім тігетін құрал, тарамыс – аяқ киім тігетін жіп, ұршық – малдың жүнінен жіп иіретін құрал, көрік, төс, қысқаш – ұста құралдары, т.б. 2. Ауыл шаруашылығына байланысты кәсіби сөздер: 1) мақта шаруашылығында қолданылатын сөздер: пая – мақтаның сабағы, шиіт – мақтаның тұқымы, терімші – мақта теруші; 2) жүгері шаруашылығында қолданылатын сөздер: дүмбі, пәшік, сота; т.б. 3) бау-бақша шаруашылығында қолданылатын сөздер: әңгелек, жәмше, торлама; 4) қызылша шаруашылығында қолданылатын сөздер: қылша, өркен, түбіртек, жом; 5) мал шаруашылығында қолданылатын сөздер: жүген, құрық, шылбыр, тізгін, қамшы, бишік, ер-тұрман, терлік, тоқым, доға, қамыт, т.б. Термин сөздер – ғылым мен техника, өндіріс саласында қолданылатын арнаулы заттар мен ұғымдардың атауы болатын сөздер. Қазақ тіліндегі термин сөздер екі түрлі жолмен жасалған. 1. Баламасы бар термин сөздер: 1) жергілікті және көне сөздерден жасалған термин сөздер: универсал – әмбебап, устав – жарғы, рынок – нарық, комплекс – кешен, администратор – әкім, т.б. 2) тілімізде бар сөздерді біріктіру арқылы жасалған термин сөздер: семья – отбасы, музей – мұражай, герб – елтаңба, гимн – әнұран, паспорт – төлқұжат т.б. 2. Қазақша баламасы жоқ интернационалдық термин сөздер: коэффицент, синус, куб, азон, аммиак, карта, материк, глобус, синтаксис, диалект, антоним, дисфемизм т.б. 3 ПЕРЕЧЕНЬ ТЕМ ДЛЯ САМОСТОЯТЕЛЬНОЙ РАБОТЫ ОБУЧАЮЩЕГОСЯ 3.1 Аударма: түсінігі, түрлері, талаптар, әдістері, ерекше жағдайлары, маңызы. Кәсіби мәтіндер. 3.2 Аудармада мәтін атауының ерекшелігі. Оқу техникасының аударма жасауда маңызы. Мәтінді толық және дұрыс түсіну. Аудармашының сөздікпен жұмыс істей білуі. Аударма жасауда қазақ тілі ерекшеліктерін білу. Технологиялық мамандық студентінің аударма негіздері туралы білімінің маңызы. Кәсіби салаға байланысты мақал-мәтелдер. 3.3 Тілдік практикаға арналған жаттығулар, тренингтер. 1 нұсқа 1. Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алған уақытын көрсетіңіз. 1992ж. 1988ж. 1990ж. 1991ж. 1989ж. 2. Сөйлемді аяқтаңыз: 22 қыркүек – Қазақстан халықтарының ... . Білім күні Жаңа жыл Жеңіс күні Тілдері күні Тәуелсіз күні 3. Мақалды табыңыз? Ғылым-теңіз, білім-қайық Ғылым адамды биіктетеді Ғылым шыңдайды Ғалым ғылыммен айналысты Ол-әйгілі, білімді ғалым 4. Білім кілті-тіл. Мәтелдің дұрыс аудармасын көрсетіңіз? Знание-ключ к языку Язык и знание-сила Знание-сила Люби и береги свой язык Язык-ключ к знаниям 5. Дұрыс құрастырылған сөйлемді табыңыз? Сыныптан мұғалім жаңа ғана шығып кетті Сыныптан шығып кетті мұғалім жаңа ғана Мұғалім шығып кетті жаңа ғана сыныптан Мұғалім сыныптан жаңа ғана шығып кетті Сыныптан мұғалім шығып кетті жаңа ғана 6. Сөйлемнің түрін анықтаңыз: Хлорлы сутек ерітіндісінің қызыл түсі ненің белгісі? Сұраулы Жалаң Жақсыз Хабарлы Толымсыз 7. Үнді дауыссыздан басталатын сөзді көрсетіңіз? Әрекеттесу Заттар Намыс Молекула Химиялық 8. Буынға қате бөлінген сөзді табыңыз? И-нер-тті Кү-кірт Су-тек От-тек Э-ле-мент 9. Химиялық заттардың қасиеттерін зерттеумен айналысатын адамды белгілеңіз? Аналитик Зерттеуші Технолог Химик Оқытушы 10. Химия тақырыбына сәйкес сөзді табыңыз? Жеміс Периодтты жүйе Бұтақ Сабақ Мектеп Сәбіз 11. Химиялық процеске тән белгісін атаңыз? Ерітінді Масса Жылдамдық Эквивалент Коэффициент 12. «1869-шы» сөзінің дұрыс аудармасын көрсетіңіз? Бір мың сегіз жүз алпыс тоғызыншы Бір мың сегіз жүз алпыс тоғыз Бір мыңыншы сегіз жүз алпыс тоғызыншы Бір мың тоғыз жүз сексен тоғыз Бір мың сегіз жүз алпыс тоғыз дай 13. Зертханалық сабақ кезекшісінің атқаратын қызметін анықтаңыз? Студенттерді оқытады Сабақта жауап береді Тақта сүртеді Гүл суарады Тамақ ішеді 14. Жайылма сөйлемді табыңыз? Дмитрий Менделеев-химик-ғалым. Су-әмбебап еріткіш. Оттек-химиялық элемент. Ол-шындық Периодтты жүйені 1869 жылы орыс ғалымы Дмитрий Менделеев құрды. 15. Тек ашық буынды сөзді анықтаңыз? Қышқыл Қою Жылтыр Тұнба Сулы 16. Көп нүктенің орнына сәйкес келетін сын есімді қойыңыз. Азот иіссіз, түссіз, дәмсіз, ауадан...газ. Жұмсақ Ауыр Жеңіл Арзан Белгісіз 17. Қазақстанның қай жерінде металлургия кәсіпорындарының орналасқанын белгілеңіз: Солтүстік батыс Оңтүстік Батыс Шығыс Солтүстік 18. Синонимдер қатарын табыңыз? Аймақ, қорық, белес Күшті, ескі, қысқа Көркем, әдемі, әсем Ашық, кең, жаңа Биік, аласа, ұзын 19. Жіңішке буынды сөздер қатарын көрсетіңіз? сынып, парта дәптер, қалам мереке, білім қыркүйек, қоңырау кітап, оқушы 20. Қ - әріпі жазылатын сөзді көрсетіңіз? ө...іл үзді...сіз уа...ыт ше...ара іс...ер 2 нұсқа 1. Жұп болып келмейтін ұяң, қатаң дауыссыздарды табыңыз. З-Х Т-Д Қ-Ғ В-Ф П-Б 2. Дауыссыздан басталып, дауыссызға аяқталған сөзді көрсетіңіз. Ғылым Ғалым Реакция Элемент Күкірт 3. Буынға бөлінбейтін сөзді табыңыз. Сабақ Кәсіби Тіл Масса Көлем 4. Керекті зат есімді табыңыз. Мен өндіріс практикасы бойынша ... жаздым. Сабақ Есеп Кітап Дәптерде Қаламның 5. Бейорганикалық химия тақырыбына сәйкес сөзді табыңыз? Заттар Атомдық масса Тотығу-тотықсыздану реакциясы Гидролиз Бейтараптау 6. Химиялық реакция нәтижесунде түзілетін заттарды көрсетіңіз? Өнімдер Шикі зат Қалдықтар Жылу Ағынды сулар 7. Химиялық өндіріске қатысты сөздерді табыңыз. кең, таза, суретші сынып, қабат, жарық құралдар, қалдықтар, ауа шебер, тігінші, қоғам көше, даңғыл, шағын аудан 8. Керек жалғауды таңдаңыз: Сен... қызмет орының. де мен ім ің ың 9. Септік жалғауы жуан буынды сөз тіркесін көрсетіңіз? Орманды дала Табиғатты қорғау Газет шығару Сурет салу Жануарлар мен құстар 10. Химиялық заттың дәмін білдіретін сөзді атаңыз? Алыс Ақылды Үлкен Қара Тәтті 11. Сөйлемде септік жалғаулы сөзді табыңыз: Қарағанды жерінде темір, көмір көп. Қарағанды Жерінде Темір Көмір Көп 12. Сын есім нені білдіретінін көрсетіңіз? Заттың атын Заттың іс-қимылының мекенін Заттың іс-қимылының мезгілін Заттың қимылын Заттың түр-түсін 13. Күрделі сын есімді табыңыз? Көк Сары ала Ауыр Жасыл Тұнба 14. Химиялық тақырыбында «Күрделі ...» сөзімен тіркесетін сын есімді табыңыз? Құрам Құжат Ағаш Қалам Жұмыс 15. Сан есімді сөз тіркесін табыңыз? Күміс элементі Алтын сағат Металл күрек Екі зат Қарапайым реакция 16. Реттік сан есім нені білдіретінін көрсетіңіз? Заттың санын бөлшектеп көрсетеді Заттың реттік санын білдіреді Заттың санын топтап көрсетеді Заттың дәл нақты санын білдіреді Заттың санын жинақтап көрсетеді 17. Қазақстанның жер көлемін анықтаңыз? 1600 мың шаршы шақырым 2700 мың шаршы шақырым 3700 мың шаршы шақырым 1500 мың шаршы шақырым 1700 мың шаршы шақырым 18. «Тілден артық қазына жоқ , Тілден артық қасиет жоқ» сөздерінің авторын табыңыз. А.Жұбанов Н.Назарбаев Б.Момышұлы С.Торайғыров Ә.Тәжібаев 19. «Человека прославляет труд» мақалының қазақша баламасын табыңыз. Еңбек етсең емерсің Ердің атын еңбек шығарады Не ексең, соны орарсың. Еңбек етсең ерінбей, тояды қарының тіленбей Көз қорқақ , қол батыр 20. Синоним сөздерді табыңыз. Мұғалім, ұстаз, оқытушы Әдемі, сұлу, алтын Тақта, орындық , бүгін. Қараша, қабат, үй Сынып, оқу бөлмесі, бірінші.
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz