Файл қосу

Сөйлеу психологиясы



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы  МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ | |
|4 деңгейлі СМЖ құжаты             |ПОӘК                      |                      |
|                                  |                          |ПОӘК                  |
|                                  |                          |042-18-16.1.16/01-2014|
|ПОӘК                              |                          |                      |
|«Жалпы психология -3»оқытушыға    |11.09.2014ж. басылым №1   |                      |
|арналған пәннің бағдарламасы      |                          |                      |










                        ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
                             «Жалпы психология-3»
                5В050300 -  Психология  мамандығына арналған



                   ОҚЫТУШЫҒА АРНАЛҒАН ПӘННІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ



















                                    Семей


                                    2014




                                  Алғы сөз

1  ҚҰРАСТЫРЫЛДЫ
Құрастырған:                                  05.09.2014ж.
«Психология» кафедрасының доценті м.а.  А.Ж. Едігенова

2 ҚАРАЛДЫ
2.1 «Психология» кафедрасының отырысында
 05.09. 2014ж. Хаттама № 1

Кафедра меңгерушісі    ____________  Ш.Сатиева

2.2  ЭҚГҒФ  оқу-әдістемелік бюросының отырысында талқыланды
09.09.2014ж. Хаттама № 1

ОӘБ төрағасы_________ С.Тойкин


3 БЕКІТІЛДІ
3.1 Университеттің  оқу-әдістемелік  кеңесінің  отырысында  мақұлданды  және
баспаға ұсынылды
11.09.2014ж. Хаттама №1

ОӘК төрайымы_________ Г. Искакова

4  АЛҒАШ НГІЗІЛДІ 11.09.2014ж. басылым №1
































                                   Мазмұны

      1 Қолданыс аймағы
      2 Нормативтік сілтемелер
      3 Жалпы ережелер
      4 Оқу пәнінің мазмұны (модульдері)
      5 Студенттердің өздік жұмысының тақырыптары
      6 Пәннің оқу-әдістемелік картасы
      7 Оқу-әдістемелік әдебиетпен қамтамасыз ету картасы
      8 Әдебиеттер







      1 ҚОЛДАНЫС АЙМАҒЫ
              «Жалпы  психология-1»  пәнінен  оқу  -  әдістемелік   кешеннің
құрамындағы оқытушыға арналған бағдарламасы 5В050300 – Психология  мамандығы
студенттеріне   арналған.   Ол   студенттерді    курс    мазмұнымен,    оның
өзектілігімен,  курс  саясатымен,  оқу  процесі  барысындағы   студенттердің
білуге жіне істеуге тиіс білімдерін таныстырады.  Оқу  -  әдістемелік  кешен
пәнді оқудағы негізгі құрал болып табылады.


      2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
                 Осы   «Жалпы психология-3» пәнінен оқу - әдістемелік  кешен
төмендегі құжаттардағы барлық талаптар мен ұсыныстар бойынша оқу  процесінің
ұйымдастыру ретін белгілеп құрастырылған:
    - 5В050300 - Психология мамандығы бойынша ҚР МЖМБС 5.04.033-2011;
    - 5В050300 - Психология   мамандығы бойынша    типтік оқу жоспары;
    -  СТУ  042-ГУ-4-2014  университет  стандарты  «Пәннің   оқу-әдістемелік
      кешендерін құрастыру мен безендіруге қойылатын жалпы талаптар»;
    -  ДП  042-1.01-2014  Құжатталған  процедура   «Пәннің   оқу-әдістемелік
      кешендерінің құрылымы мен мазмұны».


      3 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
      3.1  Пәннің қысқаша мазмұны:
      Қазақстан Республикасында жүріп жатқан реформалау  процесі,  оның  тек
экономикалық  саласын  ғана  қамтып   қоймай,  сонымен   қатар   әлеуметтік-
гуманитарлық салада да үлкен өзгерістер  жасалуда.  Жалпы  психология  курсы
бүгінгі күннің талабына сай психолгия  мамандығы  студенттері  үшін  негізгі
базалық пән болып есептеледі. Бұл  курста  психологияның  жалпы  мәселелері,
әсіресе жеке адам проблемасы және  тұлғаның  сезімдік  аймағы  мен  қасиеті,
сапалары  жөніндегі  ғылыми-қолданбалы  ақпарат  осы  заманғы  психологиялық
теориялар негізінде беріледі.

      3.2  Пәннің мақсаты:  жалпы психология курсында  алған  білімдері  мен
зерттеу дағдылары  негізінде  студенттердің  психологиялық  ойлауын  дамыту,
тәжірибелік сабақтар процесінде психологиялық құбылыстарды  жүйелі  талдауда
ептілік пен дағдыны қалыптастыру.

      3.3  Пәнді оқу міндеттері:
       -  оқытылған  психологиялық  құбылыстардың   заңдылықтары   негізінде
психологияның әр салалары бойынша студенттерде білімді жүйелендіру;
      - әртүрлі психологиялық фактілер мен теорияларды  жүйелі-психологиялық
талдау процесінде студенттерде танымдық дағдылар мен ептіліктерді дамыту;
       -  дүние  жүзілік  және  отандық  психология   ғылымдарының   негізгі
принциптерімен, бағыттарымен және идеяларымен таныстыру.

      3.4 Оқу нәтижесінде студенттер:
      - жалпы психологияның қазіргі мәселелерін білуі керек;
      -  психологиялық  құбылыстар  мен  процестердің  негізгі  заңдылықтары
жайлы білімдерді меңгеруі керек;
      - теориялық білімді практикада адекватты қолдануді түсінуі керек;
      - психологиядағы ғылыми ұғымды аппараттарды игеруге  ептілікті  игеруі
керек;
      -  жалпы  психология  мәселелері  бойынша  материалдарды  ауызша  және
жазбаша түрде ұсыну ептілігін жинақтауы керек;
      - ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасау және іздестіру дағдыларын  меңгеруі
керек;
      - оқу-зерттеу іс-әрекетіне дағдылары болуы керек;
      - кәсіби қарым-қатынас дағдыларын жинақтауы керек.

      3.5 Курстың пререквизиті:
      - Әлеуметтану;
      - Мамандыққа кіріпе;
      - Жалпы және салыстырмалы психологияға кіріспе және т.б.
      - Жүйке жүйесінің анатомиясы мен физиологиясы;
          - Жалпы психология-2;
          - Жас ерекшелігі және әлеуметтік психология т.б.
      3.6 Курстың постреквизиті:
      - Медициналық психология;
      - Еңбек психологиясы;
      - Заң психологиясы;
      - Мамандану практикумдері және т.б.


      3.7 Жұмыс оқу жоспарынан көшірме
                                                                   Таблица 1
|Курс                                                                  |Семестр     |
|Модуль 1. Ес                                                          |2           |
|Ес туралы жалпы түсінік.                                              |            |
|Ес туралы теориялар. Ырықты және ырықсыз ес ұғынылған материалды      |            |
|ырықты есте қалдыру, оны эксперименталды зерттеу. А.Н.Леонтьев,       |            |
|П.Я.Зинченко. А.А.Смирновтың жұмыстарындағы ырықсыз есте қалдыру мен  |            |
|ырықты есте қалдырудың арақатынасы. Эббингауз заңы үйрену және ес,    |            |
|жаттығуларды уақыт бойынша бөлу. Эббингауздың ұмыту қисығы  және оның |            |
|модификациясы. П.Жаненің есте қалдыру тарихи дамуда адамдар таңдаған  |            |
|ерекше әрекет ретінде айтқан түсініктері. Ф.Бартлеттің ішкі           |            |
|концепциясындағы ішкі схемалардың рөлі. Ес және сөз Л.С.Выготскийдің  |            |
|мәдени-тарихи теориясындағы ес мәселесі. Есте қалдырудың жоғарғы      |            |
|функцияларын эксперименталды зерттеу.                                 |            |
|Есте сақтаудың психологиялық заңдылығы және негізгі факторлары        |1           |
|Еске қалдыруға, сақтауға материалдың сипаттамасының әсер етуі         |            |
|(көлемінің, біртектілік дәрежесінің, материал ұғынымдылығының рөлі).  |            |
|Ес процестері. Ес информацияларды қабылдау, сақтау, трансформациялау  |            |
|ретінде. Ес процестерін деңгейлі ұйымдастыру. Мотивациялық және       |            |
|эмоциялық реакциялар, ішкі дайындалудың рөлі. Ритмикалық,             |            |
|конфигурациялық және семантикалық топтау. Стимулды перцептивті        |            |
|ұйымдастыру: жаттау тәсілінің еске, схемалар рөліне әсері, ұмыту және |            |
|реминисценция.                                                        |            |
|Естің түрлері                                                         |1           |
|Иконикалық, эхоистік ес. Қысқа мерзімді ес. Қысқа мерзімді естің      |            |
|құрылымы мен көлемі. Ұзақ мерзімді ес. Сана және қысқа мерзімді ес.   |            |
|Модуль 2. Сөйлеу психологиясы                                         |2           |
|Сөйлеу туралы жалпы түсінік                                           |            |
|Сөйлеудің түрі және функциясы. Ауызша, жазбаша, диалогты, монологті   |            |
|сөйлеу, ішкі сөйлеу.Сөйлеудің функциялары: коммуникативті,            |            |
|сигникативті, экспрессивті, интеллектуалды. Сөйлеу туралы теориялар.  |            |
|Сөйлеуді психологиялық талдау. Психологияда сөйлеуді зерттеу          |            |
|ерекшелігі. Сөйлеу процестерінің 4 түрі: айту, тыңдау, оқу, хат.      |            |
|Сөйлеуді қабылдау теориясы: акустикалық, моторлық, синтез арқылы      |            |
|талдау және т.б.                                                      |            |
|Ұғынымды ойлау мәселесі, ойлау және сөйлеу                            |2           |
|Ойлау мен сөйлеудің генетикалық түбірі. Сөздік ойлау, ойлау мен       |            |
|сөйлеудің бірлігі ретінде. Ойлау мен сөйлеудің сәйкес келмейтінін     |            |
|бекітетін аргументтер мен фактілер, олардың арасындағы қатынастардың  |            |
|дамуы.                                                                |            |
|Модуль 3. Зейін                                                       |2           |
|Зейін ұғымын анықтау.                                                 |            |
|Зейін теориялары және олардың физиологиялық ерекшеліктері (Н.Н.Ланге, |            |
|В.В.Вундт, И.П.Павлов, А.А.Ухтомский). Зейін анықтамасының            |            |
|көпжақтылығы. Басқа психикалық процестермен, құбылыстармен салыстыруда|            |
|зейіннің өзіндік ерекшеліктері. Зейіннің психикалық статусы мен       |            |
|табиғаты жайлы пікір талас. Зейіннің физиологиялық негіздері          |            |
|(бағдарлаушы реакция, доминанта, ми қабығындағы қозу, екінші сигналды |            |
|жүйе).                                                                |            |
|Зейіннің түрлері                                                      |1           |
|Еріксіз, енжар зейін. Ізденгіш және зерттеуші іс-әрекет еріксіз зейін |            |
|ретінде. Еріксіз зейінді шарттандыратын факторлар. Ерікті, белсенді   |            |
|зейін. Ерікті зейіннің пайда болу шарттарының ерекшеліктері. Ерікті   |            |
|зейіннің психологиялық механизмдері.                                  |            |
|Зейіннің негізгі қасиеттері, оларды эксперименталды зерттеу.          |1           |
|Зейіннің көлемі. Зейін көлемінің индивидуалды ерекшеліктерден,        |            |
|құрылымынан, әрекет сипатынан тәуелділігі. Зейіннің концентрациясы,   |            |
|орнықтылығы, тербелісі. Зейін орнықтылығының материал сипатына,       |            |
|іс-әрекет түріне, жеке адамның ішкі дайындалуына тәуелділігі. Зейінді |            |
|аударушы факторлар. Зейінді аудару және бөлу.                         |            |
|Модуль 4. Эмоция психологиясы                                         |2           |
|Эмоция туралы түсінік                                                 |            |
|Эмоция психологиясының негізгі мәселелері. Эмоцияның мәні, құрылымы   |            |
|және функциялары. Эмоцияның сипаттамалары: модель, интенсивтілік,     |            |
|валенттілік, тереңдік. Эмоция психологиясының күйі. Эмоциядағы        |            |
|психикалық бейнелеу ерекшелігі.Эмоциядағы биологиялық мақсатқа        |            |
|сәйкестік. Эмоцияның танымдық процестерге қатынасы. Эмоцияның         |            |
|заттылығы. Эмоциялар және мотивациялық процестер. Эмоциялар           |            |
|іс-әрекеттің ішкі реттеушісі ретінде.                                 |            |
|Эмоциялық құбылыстардың түрлері.                                      |1           |
|Эмоцияларды жіктеудегі мүмкін болатын негіздемелер: валентілік,       |            |
|тұрақтылық, қажеттіліктердің әр түрлі деңгейлерімен байланысы,        |            |
|ұғынымдылығы және басқарылуы, күрделілігі.Аффектілер, олардың         |            |
|биологиялық мәндері.                                                  |            |
|Тәжірибелік сабақтары                                                             |
|Модуль 1. Ес                                                          |2           |
|Ес туралы теориялар                                                   |            |
|А.Н.Леонтьев, П.Я.Зинченко. А.А.Смирновтың жұмыстарындағы ырықсыз есте|            |
|қалдыру мен ырықты есте қалдырудың арақатынасы. Эббингауз заңы үйрену |            |
|және ес,  жаттығуларды уақыт бойынша бөлу. Эббингауздың ұмыту қисығы  |            |
|және оның модификациясы. П.Жаненің есте қалдыру тарихи дамуда адамдар |            |
|таңдаған ерекше әрекет ретінде айтқан түсініктері. Ф.Бартлеттің ішкі  |            |
|концепциясындағы ішкі схемалардың рөлі. Ес және сөз Л.С.Выготскийдің  |            |
|мәдени-тарихи теориясындағы ес мәселесі. Есте қалдырудың жоғарғы      |            |
|функцияларын эксперименталды зерттеу.                                 |            |
|Ес психологиясы                                                       |1           |
|Ес анықтамасы, физиологиялық механизмі. Ес информацияларды қабылдау,  |            |
|сақтау, трансформациялау ретінде. Ес процестерін деңгейлі ұйымдастыру.|            |
|Иконикалық, эхоистік ес. Қайталаудың рөлі. Қысқа мерзімді ес. Қысқа   |            |
|мерзімді естің құрылымы мен көлемі. Ұзақ мерзімді ес. Сана және қысқа |            |
|мерзімді ес.                                                          |            |
|Ес психологиясының негізгі заңдылықтары                               |            |
|Еске қалдыруға, сақтауға материалдың сипаттамасының әсер етуі         |            |
|(көлемінің, біртектілік дәрежесінің, материал ұғынымдылығының рөлі).  |2           |
|Жаттығулардың рөлі.                                                   |            |
|Мотивациялық және эмоциялық реакциялар, ішкі дайындалудың рөлі.       |            |
|Мнемикалық тапсырмаға субъектінің қатынасы. Мотивация деңгейінің      |            |
|үйренуге, еске әсері. Іс-әрекеттің үзілісінің еске әсері. Субъектінің |            |
|материалды ұйымдастыруының мәні.                                      |            |
|Ритмикалық, конфигурациялық және семантикалық топтау. Стимулды        |            |
|перцептивті ұйымдастыру: жаттау тәсілінің еске, схемалар рөліне әсері,|            |
|ұмыту және реминисценция. Уақыт аралығында естің өзгеруі.             |            |
|Естің когнитивті психологиясы                                         |1           |
|Адамның ес процесін ұйымдастырудың негізгі принциптері. Адамның есте  |            |
|сақтау процесіндегі ассоцацияның рөлі. Ассоцация түрлері және заңдары.|            |
|Мнемикалық процестерді өлшеу әдістері: жаттау,антиципация және сақтау.|            |
|Ассоционистік ықпалды сынау.                                          |            |
|Тұлғаның дамуында естің рөлі                                          |1           |
|Адам өміріндегі дағдыларды қалыптастыру рөлі. Дағдылар және ес, үйрену|            |
|заңдары. Бихевиористердің дағдыны қимылдарды қарапайым байластыру     |            |
|нәтижесі ретінде механикалық түсінулері.                              |            |
|Ес және іс-әрекет                                                     |1           |
|Есте қалдырудың пәндік мазмұнына, бағытына, құрылымына, іс-әрекет     |            |
|мотивіне байланыстырылған экспериментті зерттеулер. Естің қатысуы,    |            |
|оның мотивациялық сфераның динамикасымен, құрылысымен шарттануы.      |            |
|Модуль 2. Сөйлеу психологиясы                                         |2           |
|Сөйлеудің пайда болу теориясы                                         |            |
|Граматикалық деңгейде сөйлеудің пайда болу теориясы. Стохастикалық    |            |
|модель және оны Ч.Осгудтың модификациялауы. Н.Хомскийдің              |            |
|трансформациялық моделі. Сөйлеуді қабылдау теориясы: акустикалық,     |            |
|моторлық, синтез арқылы талдау және т.б.                              |            |
|Ойлау және сөйлеудің генетикалық түбірі                               |2           |
|Ұғынымды ойлау мәселесі, ойлау және сөйлеу                            |            |
|Сөздік ойлау, ойлау мен сөйлеудің бірлігі ретінде. Ойлау мен сөйлеудің|            |
|сәйкес келмейтінін бекітетін аргументтер мен фактілер, олардың        |            |
|арасындағы қатынастардың дамуы.                                       |            |
|Сөйлеудің түрлері және қызметтері.                                    |2           |
|Ауызша, жазбаша, диалогты, монологті сөйлеу, ішкі сөйлеу. Сөйлеудің   |            |
|функциялары: коммуникативті, сигникативті, экспрессивті,              |            |
|интеллектуалды.                                                       |            |
|Сөйлеуді психологиялық талдау                                         |1           |
|Психологияда сөйлеуді зерттеу ерекшелігі. Сөйлеу процестерінің 4 түрі:|            |
|айту, тыңдау, оқу, хат. Психолингвистиканың әдістері мен негізгі      |            |
|мәселелері, сөйлеу әрекет түсінігі.                                   |            |
|Модуль3. Зейін                                                        |2           |
|Зейін туралы жалпы түсінік                                            |            |
|Зейін теориялары және олардың физиологиялық ерекшеліктері (Н.Н.Ланге, |            |
|В.В.Вундт, И.П.Павлов, А.А.Ухтомский). Басқа психикалық процестермен, |            |
|құбылыстармен салыстыруда зейіннің өзіндік ерекшеліктері. Зейіннің    |            |
|психикалық статусы мен табиғаты жайлы пікір талас. Зейіннің           |            |
|физиологиялық негіздері (бағдарлаушы реакция, доминанта, ми           |            |
|қабығындағы қозу, екінші сигналды жүйе).                              |            |
|Зейіннің түрлері және қызметтері                                      |2           |
|Еріксіз, енжар зейін. Ізденгіш және зерттеуші іс-әрекет еріксіз зейін |            |
|ретінде. Еріксіз зейінді шарттандыратын факторлар. Зейін алдындағы    |            |
|процестер, объектіні қабылдауға ішкі ыңғайлану.                       |            |
|Ерікті, белсенді зейін. Ерікті зейіннің пайда болу шарттарының        |            |
|ерекшеліктері. Ерікті зейіннің психологиялық механизмдері. Еріктің    |            |
|зейіндегі күшею. Зейін процестерін ұйымдастырудағы құралдардың дамуы. |            |
|Ерікті зейіннің жанамаланған сипаты.                                  |            |
|Ырықтылықтан кейінгі зейін. Оның пайда болу шарты. Ырықтылықтан       |            |
|кейінгі зейіннің практикалық маңызы, педагогикалық мәні. Зейіннің     |            |
|дамуы. Зейіннің даму сатылары, оларды анықтайтын факторлар. Зейіннің  |            |
|жоғарғы формаларының дамуы.                                           |            |
|Зейіннің негізгі қасиеттері және оның эксперименталды зерттеулері     |2           |
|Зейіннің көлемі. Зейін көлемінің индивидуалды ерекшеліктерден,        |            |
|құрылымынан, әрекет сипатынан тәуелділігі.  Зейіннің концентрациясы,  |            |
|орнықтылығы, тербелісі. Зейін орнықтылығының материал сипатына,       |            |
|іс-әрекет түріне, жеке адамның ішкі дайындалуына тәуелділігі. Зейінді |            |
|аударушы факторлар.Зейінді аудару және бөлу. Зейіннің іс-әрекетті     |            |
|ұйымдастыру мен реттеудегі рөлі. Зейін әрекетті қадағалаушы ретінде   |            |
|(П.Я.Гальперин). Автоматты және саналы бақыланатын процестер.         |            |
|Іс-әрекеттегі зейіннің дамуы                                          |1           |
|Зейін барлық іс-әрекеттің маңызды шарты ретінде. Адамның әр-түрлі     |            |
|іс-әрекеттеріне қолданылатын зейіннің әр түрлі қасиеттерін бағалау    |            |
|және ескеру. Зейіннің дамуы, жас ерекшелігі факторлары. Шашыраңқылық  |            |
|пен көңілдің аударылмауын жеңу.                                       |            |
|Модуль 4. Эмоция психологиясы                                         |2           |
|Эмоцияның негізгі теориялары                                          |            |
|В.Вундтың сезімдердің үш өлшемді концепциясы. Ч.Дарвиннің эмоцияның   |            |
|көрінуі туралы түсінігі. Джемс-Ланге теориясы және оның позитивтік    |            |
|психологиядағы эмоциялар туралы түсінікиің дамуындағы рөлі. Эмоцияның |            |
|физиологиялық теориясы. И.П.Павлов эмоция туралы. Эмоция туралы       |            |
|қазіргі шет ел концепциялары. Л.С.Выготскийдің, А.Б.Запарожец,        |            |
|С.Л.Рубинштейн, А.Н. Леонтьев, П.К.Анохин, П.В.Симонов еңбектеріндегі |            |
|эмоцияны теориялық түсіндірулер мен эмпирикалық зерттеулер. Эмоцияның |            |
|таным процестеріне ықпалын эксперименттік зерттеулер. Эмоциялық күй,  |            |
|оларды эксперименталды зерттеу. Г.Сельенің стресс теориясы.           |            |
|Эмоция және тұлға                                                     |2           |
|Эмоциядағы психикалық бейнелеу ерекшелігі. Эмоциядағы биологиялық     |            |
|мақсатқа сәикестік. Эмоцияның танымдық процестерге қатынасы. Эмоцияның|            |
|заттылығы. Эмоциялар және мотивациялық процестер. Эмоциялар           |            |
|іс-әрекеттің ішкі реттеушісі ретінде. Эмоцияның мәні, құрылымы және   |            |
|функциялары. Эмоцияның функциялары әртүрлі концепциядағы эмоцияның    |            |
|функциясы туралы сұрақтардың пайда болуы. Бағалау, мотивация,         |            |
|активация, із құрастыру, қорғану, эвристикалық функциялар.            |            |
|Эмоцияның түрлері және қызметтері                                     |2           |
|Эмоцияларды жіктеудегі мүмкін болатын негіздемелер: валентілік,       |            |
|тұрақтылық, қажеттіліктердің әр түрлі деңгейлерімен байланысы,        |            |
|ұғынымдылығы және басқарылуы, күрделілігі.                            |            |
|Эмоциялық құбылыстардың түрлері                                       |2           |
|Түйсінудің эмоциялық тондары. Аффектілер, олардың биологиялық мәндері.|            |
|Аффектілердің айрықша белгілері. Ситуативті эмоция іс-әрекетті        |            |
|реттеуші, «табыс-табыссыздық» эмоциясы. Орнықты эмоциялық қатынастар  |            |
|мәселесі-сезімдер. Адамның мінез-құлқы мен физиологиялық              |            |
|функциясындағы эмоцияның көрінуі. Эмоцияның объективті көрсеткіштері, |            |
|олардың сенімділігі.                                                  |            |

      5 БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ  ТІЗІМІ
5.1 А.Н.Леонтьев, П.Я.Зинченко. А.А.Смирновтың жұмыстарындағы        ырықсыз
есте қалдыру мен ырықты есте қалдырудың арақатынасы.
5.2 Эббингауздың ұмыту қисығы  және оның  модификациясы.  Ретроактивті  және
проактивті тежелу. Ниеттерді ұмыту, ұйымдаспаған  ұмыту  және  ұмыту  әрекет
ретінде ұмыту теориялары.
5.3 П.Жаненің есте қалдыру тарихи  дамуда  адамдар  таңдаған  ерекше  әрекет
ретінде айтқан түсініктері.
5.4 Ф.Бартлеттің ішкі концепциясындағы ішкі схемалардың рөлі.
5.5 Ес және сөз Л.С.Выготскийдің мәдени-тарихи теориясындағы ес мәселесі.
5.6 Стохастикалық модель және оны Ч.Осгудтың  модификациялауы.  Н.Хомскийдің
трансформациялық моделі.
5.7 Сөйлеуді қабылдау теориясы: акустикалық, моторлық, синтез арқылы  талдау
және т.б.
5.8 Зейін теориялары және олардың  физиологиялық  ерекшеліктері  (Н.Н.Ланге,
В.В.Вундт, И.П.Павлов, А.А.Ухтомский).
5.9 Зейіннің психикалық статусы мен табиғаты  жайлы  пікір  талас.  Зейіннің
физиологиялық негіздері  (бағдарлаушы  реакция,  доминанта,  ми  қабығындағы
қозу, екінші сигналды жүйе).
5.10 В.Вундтың сезімдердің үш өлшемді концепциясы.
5.11 Ч.Дарвиннің эмоцияның көрінуі туралы түсінігі.
5.12Джемс-Ланге  теориясы  және  оның  позитивтік  психологиядағы  эмоциялар
туралы түсінікиің дамуындағы рөлі.
5.13  Л.С.Выготскийдің,  А.Б.Запарожец,   С.Л.Рубинштейн,   А.Н.   Леонтьев,
П.К.Анохин, П.В.Симонов еңбектеріндегі эмоцияны теориялық  түсіндірулер  мен
эмпирикалық зерттеулер.
5.14 Г.Сельенің стресс теориясы.
6 ПӘННІҢ  ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КАРТАСЫ
                                                                     Кесте 3

|                                       |Көрнекілік  |Өздік оқуға  |Бақылау      |
|Тақырыптар                             |тер, ТОҚ    |арналған     |формасы      |
|                                       |            |сұрақтар     |             |
|ДС                 |ТС                 |            |             |             |
|1                  |2                  |3           |4            |5            |
|Модуль 1. Ес       |Модуль 1. Ес       |Дәріс       |Оқу-материалд|Жазбаша,     |
|Ес туралы жалпы    |Ес туралы теориялар|тезисі,     |арында       |ауызша       |
|түсінік            |                   |таблица     |берілген     |             |
|Есте сақтаудың     |Ес психологиясы    |Дәріс       |Оқу-материалд|Жазбаша,     |
|психологиялық      |                   |тезисі,     |арында       |ауызша       |
|заңдылығы және     |                   |таблица     |берілген     |             |
|негізгі факторлары |                   |            |             |             |
|Естің түрлері      |Ес психологиясының |Дәріс       |Оқу-материалд|Жазбаша,     |
|                   |негізгі            |тезисі,     |арында       |ауызша       |
|                   |заңдылықтары       |таблица     |берілген     |             |
|                   |Естің когнитивті   |Дәріс тезисі|Оқу-материалд|Жазбаша,     |
|                   |психологиясы       |            |арында       |ауызша       |
|                   |                   |            |берілген     |             |
|                   |Тұлғаның дамуында  |Дәріс тезисі|Оқу-материалд|Жазбаша,     |
|                   |естің рөлі         |            |арында       |ауызша       |
|                   |                   |            |берілген     |             |
|                   |Ес және іс-әрекет  |Дәріс       |Оқу-материалд|Жазбаша,     |
|                   |                   |тезисі,     |арында       |ауызша       |
|                   |                   |таблица     |берілген     |             |
|Модуль 2. Сөйлеу   |Модуль 2. Сөйлеу   |Дәріс       |Оқу-материалд|Жазбаша,     |
|психологиясы       |психологиясы       |тезисі,     |арында       |ауызша       |
|Сөйлеу туралы жалпы|Сөйлеудің пайда    |таблица     |берілген     |             |
|түсінік            |болу теориясы      |            |             |             |
|Ойлау мен сөйлеудің|Ойлау және         |Дәріс тезисі|Оқу-материалд|Жазбаша,     |
|генетикалық түбірі |сөйлеудің          |            |арында       |ауызша       |
|                   |генетикалық түбірі |            |берілген     |             |
|Ұғынымды ойлау     |Сөйлеудің түрлері  |Дәріс тезисі|Оқу-материалд|Жазбаша,     |
|мәселесі, ойлау    |және қызметтері    |            |арында       |ауызша       |
|және сөйлеу        |                   |            |берілген     |             |
|                   |Сөйлеуді           |Дәріс тезисі|Оқу-материалд|Жазбаша,     |
|                   |психологиялық      |            |арында       |ауызша       |
|                   |талдау             |            |берілген     |             |
|Модуль 3. Зейін    |Модуль3. Зейін     |Дәріс       |Оқу-материалд|Жазбаша,     |
|Зейін ұғымын       |Зейін туралы жалпы |тезисі,     |арында       |ауызша       |
|анықтау            |түсінік            |таблица     |берілген     |             |
|Зейіннің түрлері   |Зейіннің түрлері   |Дәріс       |Оқу-материалд|Жазбаша,     |
|                   |және қызметтері    |тезисі,     |арында       |ауызша       |
|                   |                   |таблица     |берілген     |             |
|Зейіннің негізгі   |Зейіннің негізгі   |Дәріс       |Оқу-материалд|Жазбаша,     |
|қасиеттері, оларды |қасиеттері және    |тезисі,     |арында       |ауызша       |
|эксперименталды    |оның               |таблица     |берілген     |             |
|зерттеу            |эксперименталды    |            |             |             |
|                   |зерттеулері        |            |             |             |
|                   |Іс-әрекеттегі      |Дәріс тезисі|Оқу-материалд|Жазбаша,     |
|                   |зейіннің дамуы     |            |арында       |ауызша       |
|                   |                   |            |берілген     |             |
|Модуль 4. Эмоция   |Модуль 4. Эмоция   |Дәріс       |Оқу-материалд|Жазбаша,     |
|психологиясы       |психологиясы       |тезисі,     |арында       |ауызша       |
|Эмоция туралы      |Эмоцияның негізгі  |таблица     |берілген     |             |
|түсінік            |теориялары         |            |             |             |
|Эмоциялық          |Эмоция және тұлға  |Дәріс тезисі|Оқу-материалд|Жазбаша,     |
|құбылыстардың      |                   |            |арында       |ауызша       |
|түрлері            |                   |            |берілген     |             |
|                   |Эмоцияның түрлері  |Дәріс тезисі|Оқу-материалд|Жазбаша,     |
|                   |және қызметтері    |            |арында       |ауызша       |
|                   |                   |            |берілген     |             |
|                   |Эмоциялық          |Дәріс тезисі|Оқу-материалд|Жазбаша,     |
|                   |құбылыстардың      |            |арында       |ауызша       |
|                   |түрлері            |            |берілген     |             |

      7  ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ӘДЕБИЕТТЕРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ КАРТАСЫ
                                                                     Кесте 4


      |Оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар атауы  |         |Студенттер  |Қамтамасыз   |
|                                           |Саны     |саны        |ету пайызы   |
|                                           |         |            |             |
|Жарықбаев Қ.Психология:Оқулық..-Алматы     |10       |27          |40           |
|,2010.                                     |         |            |             |
|ЖарықбаевҚ.Психология : энциклопедиялық    |20       |27          |75           |
|сөздік / Қ.Жарықбаев, О.Саңғылбаев. -      |         |            |             |
|Алматы: Қазақ энциклопедия, 2011.          |         |            |             |
|Намазбаева, Ж.И. Психология (на каз.яз). - |5        |27          |20           |
|Алматы, 2005.                              |         |            |             |
|Намазбаева, Ж.Ы. Орысша-қазақша            |10       |27          |40           |
|психологиялық сөздік. - Алматы, 2005.      |         |            |             |
|С.Жакупов. Жалпы психология. – А. 2011     |10       |27          |40           |
|Сәбет Бап-Баба. Жалпы психология. - Алматы,|10       |27          |40           |
|2005.                                      |         |            |             |
|Сатиева Ш.С.Психология. -  Семей, 2007.    |7        |27          |25           |
|Немов Р.С. Учебник для студентов высших    |10       |27          |40           |
|пед. учебных заведений.Т1.(Общие основы    |         |            |             |
|психологий). - Москва, 2003.               |         |            |             |




8  ӘДЕБИЕТТЕР
8.1 Негізгі әбдебиеттер:
8.1.1 Жарықбаев Қ. Психология:Оқулық..-Алматы.,2010.
8.1.2 Жарықбаев, Қ. Жантану негiздерi. - Алматы, 2002.
8.1.3 Жакупов С. Жалпы психология. – Алматы, 2011.
8.1.4  Жарықбаев  Қ.    Психология  :энциклопедиялық  сөздік   /Қ.Жарықбаев,
О.Саңғылбаев. - Алматы: Қазақ энциклопедия, 2011.
8.1.5 Намазбаева, Ж.Ы. Орысша-қазақша психологиялық сөздік. - Алматы,2005.
8.1.6 Намазбаева, Ж.И. Психология (на каз.яз). - Алматы,2005.
8.1.7 Бап-Баба С.  Жантану  негіздері:  Жоғары  оқу  орындары  студенттеріне
арналған дәрісбаяндар жинағы .-Алматы, 2011.
8.1.8 Бап-Баба, С. Мың да бір тест жалпы психология бойынша. - Алматы,2003.
8.1.10 Сатиева Ш.С.Психология.-  Семей, 2007.
8.1.11 Немов Р.С. Учебник для студентов высших пед. учебных заведений.
Т1.(Общие основы психологий) – Москва,2003.
8.1.12 Рубинштейн С.П. Основы общей психологии. - СПб., 2005.
8.1.13 Петровский А.В., Ярошевский М. Психология.-Москва,2002.
8.1.14 Гиппенрейтер Ю.Б, Введение в общую психологию.-Москва, 2000.

8.2 Қосымша әдебиеттер:
8.2.1 Аймауытұлы Ж. Психология.-А.:Рауан, 1995.
8.2.2 Гамезо М.В., Домашенко И.Л. Атлас по психологии. – М.,1998.
8.2.3. Общая психология (Курс лекции)./Сост. Е.И.Рогов. – М., 1995.
8.2.4.Рубинштейн С.Л. Основы общей психологий. – СПБ., 1999.
8.2.5. Столяренко Л.Д. Основы психологии. - Ростов - на - Дону, 1996.
8.2.6  Тажiбаев Т. Жалпы психология. - Алматы, 1993.
Пәндер