Файл қосу

Басқару жүйелерінін




|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БIЛIМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛIГI                    |
|СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРIМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТIК УНИВЕРСИТЕТI                 |
|3-деңгейлi СМЖ құжаты          |ОӘК               |                        |
|                               |                  |ПОӘК                    |
|                               |                  |042-18-11.1.42/02-2014  |
|ПОӘК                           | №1 баспа         |                        |
|«Басқару жүйелеріндегі         |29.08.2014 ж.     |                        |
|микропроцессорлық кешен»       |                  |                        |
|пәнінің студенттерге арналған  |                  |                        |
|пән бағдарламасы               |                  |                        |









               «БАСҚАРУ ЖҮЙЕЛЕРІНДЕГІ МИКРОПРОЦЕССОРЛЫҚ КЕШЕН»


                       ПӘНІНІҢ ОҚУ -ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ



                   5В070200 – Автоматтандыру және басқару


                               мамандығы үшiн


                            СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН

                              ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ













                                    Семей
                                    2014
                                  Алғы сөз
1. Құрастырған
      Құрастырушы________ Е.А.Оспанов,    «Автоматика  және  электротехника»
кафедрасының аға оқытушы,магистр.
«__29___» __________08_________ 2014 ж.

2. Талқыланды
2.1. Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің
«Автоматика және электротехника» кафедрасы отырысында қарастырылды.
      Хаттама № 1  « 29 »  тамыз   2014 ж.
      Кафедра меңгерушісі __________  А.Д.Золотов

2.2. Факультеттің оқу-әдістемелік бюросы отырысында қарастырылды.
      Хаттама № 1  « 09 »    қыркүйек   2014 ж.
      Төрайымы __________ Р.С.Бекбаева

3. бекітілді
      Университеттің Оқу-әдістемелік  кеңесі отырысында баспаға жіберуге
ұсынылды және  мақұлданды.
      Хаттама №  1  « 11 »  қыркүйек  2014 ж.
      ОӘК төрайымы___________  Г.К.Искакова

4. АЛҒАШ  РЕТ  ЕНГІЗІЛІП ОТЫР

















                                   Мазмұны



|1   |Жалпы жағдайлар                                                   |4   |
|2   |Пәннің мазмұны және сабақ түрлері бойынша сағаттардың бөлінуі     |5   |
|3   |Пәнді меңгеруге арналған әдістемелік нұсқаулар                    |6   |
|4   |Курс форматы                                                      |7   |
|5   |Курс саясаты                                                      |7   |
|6   |Баға қою саясаты                                                  |8   |
|7   |Әдебиеттер                                                        |9   |































    1 ЖАЛПЫ ЖАҒДАЙЛАР


    1.1 Оқытушы және пән жөнінде жалпы мәліметтер
    Оспанов Ербол Амангазович, техника ғылымдарының магистрі
    Кафедра – Автоматика және электротехника;
    Ақпарат – тел: 35-84-38,  № 1 оқу ғимараты, кабинет № 701;
    Сабақ өткiзу орны – аудитория №  709
    Берілген пәннің  кредиттер саны – 3;

    1.2 Пәннің қысқаша мазмұны:
    «Басқару  жүйелеріндегі  микропроцессорлық  кешен»  курсы  5В070200   —
«Автоматтандыру және басқару»   мамандығы  студенттері  үшін  элективті  пән
болып табылады және негізгі пән ретінде оқу жоспарынан тұрады.
    Пән курсы келесі  сұрақтарды  менгеруге  арналған:  микроконттроллермен
басқару  жүйесінің  құрылымы,өндірістік  контроллер  архитектурасы,  басқару
және мәліметтерді жинау  жүйесінің  таралуы,автоматтандыру  және  басқарудың
көпдеңгейлі  жүйесі,  өндірістік  котроллерді   программалау   тілдері   мен
құралдары.
      1.3 Пәнді оқу мақсаты:
    «Басқару  жүйелеріндегі  микропроцессорлық  кешен»   пәнін   меңгерудің
негізгі мақсаты микроконтроллер және микропроцессорлық  техника  негізіндегі
техникалық құралдарды және  олардың  басқарушы  жүйелерде  қолданылуы,оларды
монтаждаудың,  жөндеу   және   эксплуатациялаудың     негізгі   принциптерін
студенттермен меңгеру.
      1.4 Пәнді оқудың негізгі міндеттері:
    Пәнді  менгерудің  негізгі   мақсаты   болып   микропроцессорлық   және
микроконтроллерлік  басқару  жүйелері  анализінің    әдістемесін,    басқару
жүйелерінің иерархиялық құрылу принциптерін, басқару  жүйелерінің  әр  түрлі
деңгейінде интелектуалды басқарушы құрылғылар функциясын анықтау  әдістерін,
заманауи  интелектуалды  басқару  құрылғыларының  номенклатурасын,   олардың
сипаттамалары мен параметрлерін, сонымен қатар басқарудың  микропроцессорлық
құрылғыларын программалаудың негізгі принциптерін меңгеру табылады.
      3.4 Оқу нәтижелері:
    Пәнді меңгеру нәтижесінде студент білуі керек:
    -   басқарудың   таратылған   және   негізделген   жүйелерінің   құрылу
принциперін;  өндірістік  контроллердің  құрылу   принциптерін;   өндірістік
контроллерді программалау құралдары мен тілдерін білу;
    - микропроцессорлық басқару жүйелерін жетілдірудің дағдыларын меңгеру;
    - интелектуалды  ирерхиялық басқару жүйесі үшін басқарушы  құрылғыларды
таңдау әдісін меңгеру;
    -  иерахиялық  басқару  жүйесінің  барлық   деігейі   үшін   басқарудың
техникалық  құралдарын  таңдай  білу;  заманауи  жетілдіру  құралдарын  және
программалау  тілдерін  қолданып,өндірістік  контроллер  үшін   программалық
қамсыздандыруды жетілдіру;
    - микроконтроллерлі  басқару  жүйесін  және  микроконтроллерлі  басқару
құрылғылары жұмысының логикасын түсіне білу;
    -   әр   түрлі    фирмалардың    микроконтроллерлерінің    программалық
қамсыздандырумен  және  өндірістік  контроллердің   программалау   ортасымен
жұмыс істеу дағдысы    болу керек;
    - виртуалды және нақты басқарушы құрылғылармен жұмыс істеу дағдысы болу
керек.

      3.5 Курстың пререквизиттері:
     -  жоқ

      3.6 Курстың постреквизиттері:

    -  Дипломдық жобаны орындау


      2 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША САҒАТТАРДЫҢ БӨЛІНУІ


                                                                     Кесте 1
|№  |Название темы               |Часы                         |Литература |
|п/п|                            |                             |           |
|   |                            |ЛК  |ЛБ  |СПЗ  |СРСП   |СРС  |           |
|1  |2                           |3   |4   |5    |6      |7    |8          |
|1  |Күрделі басқару жүйелері    |1   |    |     |1      |3    |7.1.1-7.1.6|
|   |туралы жалпы түсінік        |    |    |     |       |     |7.2.1-7.2.8|
|2  |Басқару жүйелерінін         |1   |    |1    |1      |5    |7.1.1-7.1.6|
|   |Микроконтроллер арқылы      |    |    |     |       |     |7.2.1-7.2.8|
|   |басқару құрылғылары         |    |    |     |       |     |           |
|3  |БЖ-нің әр түрлі деңгейіндегі|1   |    |     |2      |5    |7.1.1-7.1.6|
|   |микроконтроллерлық басқару  |    |    |     |       |     |7.2.1-7.2.8|
|   |қондырғыларының функциялары.|    |    |     |       |     |           |
|4  |Программалық өндірістік     |1   |2   |1    |1      |4    |7.1.1-7.1.6|
|   |контроллерді жалпы          |    |    |     |       |     |7.2.1-7.2.8|
|   |ұйымдастыру (ПЛК).          |    |    |     |       |     |           |
|5  |ПЛК орталық процессорының   |1   |    |2    |1      |5    |7.1.1-7.1.6|
|   |жұмысы. Цикл түсінігі.ПЛК   |    |    |     |       |     |7.2.1-7.2.8|
|   |жадысын ұйымдастыру.        |    |    |     |       |     |           |
|6  |ПЛК перифериялық            |1   |3   |     |1      |5    |7.1.1-7.1.6|
|   |құрылғылары. Кірістері және |    |    |     |       |     |7.2.1-7.2.8|
|   |шығыстары.                  |    |    |     |       |     |           |
|7  |ПЛК-ның желілік             |1   |    |     |1      |5    |7.1.1-7.1.6|
|   |интерфейстері.              |    |    |     |       |     |7.2.1-7.2.8|
|8  |Мәліметтерді енгізу         |1   |    |2    |3      |5    |7.1.1-7.1.6|
|   |стандарты. Мәліметтерді беру|    |    |     |       |     |7.2.1-7.2.8|
|   |желілері туралы негізгі     |    |    |     |       |     |           |
|   |мәліметтер. ПЛК –да жүзеге  |    |    |     |       |     |           |
|   |асатын желілік протоколдар  |    |    |     |       |     |           |
|9  |ISO OSI модельдері және әп  |1   |    |     |2      |5    |7.1.1-7.1.6|
|   |түрлі деңгейдегі желілік    |    |    |     |       |     |7.2.1-7.2.8|
|   |протоколдар.Басқару         |    |    |     |       |     |           |
|   |жүйесінің иерархиясындағы   |    |    |     |       |     |           |
|   |желілік протоколдар орны.   |    |    |     |       |     |           |
|10 |Өндірістік желілердің       |1   |    |     |1      |3    |7.1.1-7.1.6|
|   |қауіпсіздігі және қорғау.   |    |    |     |       |     |7.2.1-7.2.8|
|   |Талшықты-оптикалық байланыс |    |    |     |       |     |           |
|   |линиялары.                  |    |    |     |       |     |           |
|11 |Диспетчерлік жүйедегі ПЛК   |1   |2   |1    |2      |4    |7.1.1-7.1.6|
|   |интерфейстері. ПЛК –мен     |    |    |     |       |     |7.2.1-7.2.8|
|   |мәліметтерді ауысу. ПЛК     |    |    |     |       |     |           |
|   |жұмысын басқару. ПЛК        |    |    |     |       |     |           |
|   |SCADA-жүйесінде.            |    |    |     |       |     |           |
|12 |Басқарудың қарапайым        |1   |2   |2    |1      |3,5  |7.1.1-7.1.6|
|   |құралдары  және             |    |    |     |       |     |7.2.1-7.2.8|
|   |индикаторлар. Сандық        |    |    |     |       |     |           |
|   |кірістер және шығыстар.     |    |    |     |       |     |           |
|   |Ескертуші және авариялық    |    |    |     |       |     |           |
|   |дабылдар. Графикалық        |    |    |     |       |     |           |
|   |панельдер.                  |    |    |     |       |     |           |
|13 |ПЛК программалау тілдері.   |1   |3   |2    |1,5    |5    |7.1.1-7.1.6|
|   |МЭК программалау құралдары. |    |    |     |       |     |7.2.1-7.2.8|
|14 | ISAGraf кешенідері.        |1   |3   |2    |2      |5    |7.1.1-7.1.6|
|   |WPLSoft кешендері           |    |    |     |       |     |7.2.1-7.2.8|
|15 |SFC диаграммалары. IL       |1   |    |2    |2      |5    |7.1.1-7.1.6|
|   |инструкция тізімдері. ST    |    |    |     |       |     |7.2.1-7.2.8|
|   |құрылымдық мәтіні. LD       |    |    |     |       |     |           |
|   |релелік диаграммалары. FBD  |    |    |     |       |     |           |
|   |функционалды блоктары.      |    |    |     |       |     |           |


      3 ПӘНДI МЕҢГЕРУГЕ АРНАЛҒАН ӘДIСТЕМЕЛIК НҰСҚАУЛАР


    «Басқару  жүйесіндегі  микропрцессорлық  кешендер»  курсын   көрсетiлген
бағдарлама  бойынша  меңгеру  қажет.  Негiзгi  ұғымдар  мен   анықтамаларды,
программаларды меңгеру қажет.

    Студенттiң өздiк жұмысы  пәннiң  аудиториялық  сабақтарын   толықтыратын
маңызды және жауапты бөлiмi. Өздiк жұмысқа  жекелеген   теориялық  бөлiмдер,
жеке бағдарламалар құру т.б. жатады.  СӨЖ-н  бақылау  ауызша   және  жазбаша
бақылау,  коллоквиумдар,  тестілік  тапсырмалар,  лабораториялық   жұмыстар,
рефератттар түрiнде алынады.

    Реферат  титулды  парақтан,  мазмұннан,  кiрiспеден,  негiзгi  бөлiктен,
қортындыдан, қолданылған әдебиеттер тiзiмiнен тұрады.

    Өздiк жұмыстар  мен  рефераттарды  толтыру  универститеттiң  стандартына
сәйкес келуi тиiс. Аралық бақылауда  өтiлген тақырыптар бойынша ауызша  және
жазбаша бақылау жұмыстары, тестiк сұрақтар берiледi.





      4  Курс форматы


      Курсты оқу үшін келесі талаптар қойылады:
         – дәріске, СТС және СОӨЖ міндетті  түрде  қатысу.  Егер  қандай  да
           себептермен студент сабақты  босатқан  болса,  сол  күні  сабақта
           өтілген материалға өзі жауапты болады.
         – Сабақ үстінде ұялы телефонды өшіріп қою қажет.
         – Сабақты жүйелі түрде бұзып, тәртіп  бұзған  студент  аудиториядан
           шығарылады, немесе барлық  курс  үшін  "қанағаттанарлықсыз"  баға
           қойылады.
         – СТС және үй тапсырмаларын орындау міндетті
         – Бақылау  жұмыстары  міндетті  түрде  орындалып,  аталған  уақытта
           тапсырылуы қажет. Кешіктіріліп өткізілген жұмыс  автоматты  түрде
           төмен бағамен бағаланады.
         –  Көшіру  орын  алғанда  студент  аудиториядан  шығарылады  немесе
           "қанағатанарлықсыз" баға қойылады.
      Межелік бақылауға сабаққа қатысуы, ағымдағы және үй жұмыстары, тақта
алдында жауап беруі, орынында жауап беруі және бақылау жұмыстарын уақытында
тапсыруы кіреді.
      Қортынды бақылау барлық бақылауды қамтиды: Емтихан бағасы межелік
бақылау (40%) және аралық аттестация қортындысын (емтихан – 60%) қамтиды да
 100% құрайды.
        ОБСӨЖ тақырыптары бойынша бақылау жұмыстары орындалады.




5 КУРС САЯСАТЫ


      Оқытушы берген барлық тапсырмаларды студент айтылған уақытта  орындауы
тиіс. Өз уақытында орындалмаған тапсрымаларға төмен ұпай қойылады.
      Межелік  аттестациялау  қортындылары  студенттің  сабаққа   қатысуына,
практикалық  және  өздік  жұмыстарды  тапсыру  нәтижелеріне,  сонымен  қатар
межелік бақылау  бағаларына  байланысты шығарылады. Сабақ  уақытында  тәртіп
бұзған студент аудиториядан шығару арқылы  жазаланады  немесе  курс  бойынша
«қанағаттандырарлықсыз» баға қойылады.
      Көшіру және плагиат: Кез-келген түрдегі көшіру немесе  плагиат  (дайын
тапсырмаларды қолдану, көшіру  және  студенттерден  не  болмаса  ИНТЕРНЕТТЕН
көшіріп алу) аттестацияны  төмендетумен  және  «қанағаттандырарлықсыз»  баға
қоюмен аяқталады.
      Қорытынды емтихан барлық  өткен  материалдарды  қамтып,  ауызша  түрде
өткізіледі. Емтихан кезінде көшіруге қатаң тиым салынады.


      6 Баға қою саясаты


      Әрбір студент пән бойынша жеткілікті рейтинг алуы  үшін  белгілі  балл
санын жинауы тиіс. Баллдардың максималды саны:
1-рейтинг нәтижесі бойынша 1-7 апталарда – 300 балл,
2-рейтинг нәтижесі бойынша  8-15 апталарда – 300 балл.
      Курстық жұмыс жеке бағаланады.Пән бойынша баллдардың бөлінуі төменде 2-
кестеде берілген. Бақылау мерзімдері 7-аптаның соңы  және  15-аптаның  соңы.
Уақытында  өткізілмеген  тапсырма  мен  тестілік   тапсырмаларды   15-аптада
тапсыруға болады, бірақ егер студент себепсіз уақытында  орындамаса,  оларға
айыппұл салынып, баллдың 60% ғана қойылады.

                                                                     Кесте 2
|Апта  |Бақылау түрі                         |Ұпайлардың барлығы |Ескерту    |
|      |1-аптадан 7-аптаға дейінгі           |30                 |           |
|      |аудиториялық сабақтарға қатысуы      |                   |           |
|1     |Дәріс                                |                   |           |
|2     |Дәріс                                |                   |           |
|3     |Дәріс/Прак/Зерт.                     |15 15              |           |
|4     |Дәріс/Прак/Зерт./СӨЖ                 |10 10 40           |           |
|5     |Дәріс/Прак/Зерт.                     |10 10              |           |
|6     |Дәріс/Прак/Зерт./СӨЖ                 |15 15 40           |           |
|7     |Дәріс/Прак/Зерт./МежБақ.             |  -   -   90       |           |
|1-аптадан 7-аптаға дейінгі оқу             |300                |           |
|нәтижелерінің ұпайлар саны:                |                   |           |
|      |8-аптадан 15-аптаға дейінгі          |30                 |           |
|      |аудиториялық сабақтарға қатысуы      |                   |           |
|8     |Дәріс                                |                   |           |
|9     |Дәріс/Прак/Зерт.                     |10 10              |           |
|10    |Дәріс/Прак/Зерт. /СӨЖ                |10 10 40           |           |
|11    |Дәріс/Прак/Зерт.                     |10 10              |           |
|12    |Дәріс/Прак/Зерт. /СӨЖ                |10 10 40           |           |
|13    |Дәріс/ Прак/Зерт./                   |  -   -   -        |           |
|14    |Дәріс/ Прак/Зерт./                   | 10 10             |           |
|15    |Дәріс/ МежБақ.                       | 90                |           |
|8-аптадан 15-аптаға дейінгі оқу            |300                |           |
|нәтижелерінің ұпайлар саны:                |                   |           |
|Емтихандық ұпайлар саны                    |400                |           |
|Академиялық мерзім бойынша ұпайлар саны    |1000               |           |


7.1 Негізгі әдебиеттер:
   1.      Меркулов  А.В.  Микропроцессорная  система  управления  на  базе
интерфейсов персонального компьютера: Учеб.  пособие.  –  Хабаровск:  Изд-во
ДВГУПС, 2004. – 70 с.: ил.
   2. Смирнов В.А. Схемотехника  микропроцессорных  систем:  Текст  лекций.
—Челябинск: Изд-во ЮУрГУ, 2003. — 110 с.
   3. Денисенко В.В. Компьютерное управление  технологическим    процессом,
экспериментом, оборудованием. - М.: Горячая линия-Телеком, 2009. - 608 с.
   4.      Петров И. В. Программируемые контроллеры:  Стандартные  языки  и
приемы прикладного проектирования / под ред.  В. П. Дьяконова. -  М:  СОЛОН-
Пресс, 2004, 266 с.
   5.      Н.Б. Сбродов. Основы программирования контроллера ОВЕН ПЛК100 на
языке LD. Методические указания к выполнению лабораторной работы. –  Курган,
2012. 25 с.
   6.  Программно  –   технические   комплексы   микропроцессорных   систем
автоматизации и управления. Учебное пособие.  -  Издательско-полиграфический
центр СПбГЭТУ. 1999. 64 с.

7.2.Қосымша:
   1. Аппаратные и программные средства систем управления. Промышленные
сети и контроллеры: Учебное пособие/В.В. Кангин, В.Н. Козлов. –М.: БИНОМ.
Лаборатория знаний, 2010. 418 с.
   2. Минаев И.Г., Самойленко В.В. Программируемые логические контроллеры.
Практическое руководство для начинающего инженера. Учеб. пособие. -
Ставрополь: АГРУС, 2009. - 100 с.
   3. Белов А.В. Самоучитель разработчика устройств на микроконтроллерах
AVR. – СПб.: - наука и техника, 2008. – 544 с.
   4. А.Г. Лютов, Ю.А. Никитин. Исследование функциональных элементов
микропроцессорных систем управления технологическими процессами:
Методические указания к лабораторным работам по курсу «Технические средства
автоматизации» / Уфимск. гос. авиац. техн. ун-т; Сост. А.Г. Лютов, Ю.А.
Никитин. – Уфа, 2002. – 26 с.
   5. В.Я. Югай. Программа и контрольные задания по курсу
«Микропроцессорные устройства систем управления». Часть 2 – Таганрог: Изд-
во ТРТУ, 2006. – 43 c.
   6.  Ю.И.  Иванов,  В.Я.  Югай.   Микропроцессорные   устройства   систем
управления: Методическое руководство к лабораторным работам.–Таганрог:  Изд-
во ТРТУ, 2004.– 49 c.
   7. Инструкция по сопряжению контроллеров Delta DVP со  SCADA  системами.
Электронный ресурс:
http://www.delta.com.tw/product/em/download/download_main.asp?act=3&pid=3&ci
d=1&tpid=1.

   8. А. Т. Купарова. Микропроцессорные системы и комплексы. Учебно-
методичесий комплекс дисциплины. - Алматы: КазНТУ им К.И. Сатпаева, 2011.
С.82.




Пәндер