Файл қосу

Мемлекет және құқық теориясы



           ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
         СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК  УНИВЕРСИТЕТІ
                           ЮРИСПРУДЕНЦИЯ КАФЕДРАСЫ




                                Н.С. ГАЗИЗОВА




                        МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫ
                           ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН























                                Семей -2013ж.




Құрастырушы:   Н.С. Газизова

"Философия, құқық және экономика негіздері" кафедрасының мәжілісінде
бекітілді
Хаттама №           «___» __________20 __ж.

Кафедра меңгерушісі:                                              Н.С.
Газизова

Тарих- филология  факультетінің оқу- әдістемелік кеңесінде талқыланды.

 Хаттама №         «___»__________20__ ж.




Тарих- филология  факультетінің  ғылыми  кеңесінде  бекітілді

Тарих-филология факультетінің деканы                       А.М.Мамырбеков
«____»____________ 20__ж.































                                   МАЗМҰНЫ

   1. Мемлекет және құқық  теориясы  пәні бойынша глосарийлер
   2. Қысқаша дәрістер курсы

   3. Семинар сабақтарды өткізуге арналған
      әдістемелік нұсқау

   4. Мемлекет және құқық  теориясы пәні бойынша емтихан сұрақтары



































           МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫ ПӘНІ БОЙЫНША ГЛОССАРИЙЛЕР

Мемлекет  және  құқық   теориясының   пәні   –   адам   қоғамының   өмірдегі
құбылыстардың,  мемлекет  пен  құқықтың  өмірге   келу,   даму   объективтік
заңдылықтары мен олардың мәні – маңызы, құрылымы және мақсаты.
Мемлекет - белгілі аумақ көлеміндегі саяси биліктің ұйымы, мүдделердің  іске
асырылуына тікелей ат салысады.
Мемлекеттік   аппарат   -   мемлекеттің   алдыңдағы   негізгі   мақсаттарды,
қызметтерді іске асыруға қажетті мемлекет органдарының жүйесі.
Мемлекет нысаны - саяси биліктің ұйымдастырлуы  жолы  ,мемлекеттік  нысанды,
мемлекеттік     басқаруды,     мемлекеттік     құрлымды     қамтиды     және
мемлекеттік–құқықтық тәртіп.
Монархия  -  мемлекеттік  басқару  жүйесінің  нысаны,  онда  жоғарғы   билік
сайланбайды және тағайындалмайды, мұрагерлік жолмен  жүзеге асады.
Республика -  жоғары  мемлекеттік  билік  белгілі  бір  мерзімге  сайланатын
сайланбалы  органға  тиесілі   басқару   нысаны.
Мораль - адамдардың тәртібін, жақсылық, әділдік, адалдық  жағынан  реттейтін
нормалар  мен принциптері.
Мемлекеттік билік - мемлекеттік  құқықтық  құралдар,  әдістер  мен  тәсілдер
жүйесі;
Мемлекеттік  орган  -  белгіленген  тәртіппен  құралған   азаматтар   ұжымы,
біріңғай мемлекеттің аппараты..
Мемлекеттік  аппарат-мемлекеттік  міндеттерді   шешу   мемлекет   функциясын
орындау мақсатында мемлекеттік  билікті  жүзеге  асыру  үшін  өкілеттіліктер
жүктелген құзыретті органдар мен мекемелер жүйесі жүргізеді;
Құқық  -  жалпыға  міндетті,  формальды  түрде  анықталған  заң   нормалары,
қоғамдық,   таптық   ерікті   көрсетеді   қоғамдық   қатынастарды   реттеуге
бағытталған мемлекет пен белгіленеді және қамтамасыз етіледі.
Құқық нормасы -  жалпыға  міндетті,  нақты  қоғамдық  қатынастарды  реттеуге
бағытталған мемлекетпен  қамтамасыз  етілетін  формалды  белгіленген  тәртіп
жолы.
Реттеуші норма – бұл субьектінің  субьективтік  құқықтары  мен  міндеттерін,
олардың пайда болу және әрекет ету жағдайларын анықтайтын норма.
Құқық қорғаушы  норма  –  бұл  субьектіге  мемлекеттік  мәжбүрлеу  шараларын
қолданудың  жағдайларын,  осы  шаралардың  сипаты  мен  мазмұнын  анықтайтын
норма.
Құқық беруші норма – бұл субьектіге белгілі бір әрекеттерді  жүзеге  асыруға
байланысты құқықтарды беретін норма.
Тыйым салушы норма – бұл субьектіге белгілі  бір  әрекеттерді  жасаудан  бас
тартуды міндеттейтін норма.
Міндеттеуші норма – бұл субьектіге белгілі бір мазмұндағы әрекеттерді  жасау
міндетін жүктейтін норма.
Императивтік норма – бұл қатаң ережелер түрінде көрініс табатын  және  құқық
субьектілерінің қалауларынан тәуелсіз түрде әрекет ететін норма.
Диспозитивтік норма – бұл өзіндік қалау бостандығын білдіретін норма.
Гипотеза – құқықтар мен міндеттердің пайда болу жағдайын көрсету.
Диспозиция – құқықтар мен міндеттердің өзін көрсету.
Санкция – норманы бұзудан туындайтын қолайсыз салдарды көрсету.
Құқық саласы - белгілі  қоғамдық  қатынастардың  аясын  реттейтін,  тәртіпке
келтіретін заңды нормалардың жиынтығы.
Құқықтық нысан-  лауазымды  орынға  нақты  бір  тұлғаны   тағайындау  немесе
мәжбүр ететін ықпалды шараларды жүзеге асыру, әкімшілік жаза қолдану.
Адам  құқығы  -  құқықтың  маңызды  принциптерінің  бірі,  адамның   жоғарғы
бағаланатындығын  мойындау  көрсетіледі,  оның  құқығын  бостандығын,  заңды
мүдделерін бекітіп, жеке адамның қадір–қасиетін бағалап  адамдар  арасындағы
шын мәніндегі адамдық қатынастардың жан-жақты еркін дамуына қолдау көрсету.
Азаматтық – адам мемлекет арасындағы тұрақты қатынас, оны  бір-біріне  тығыз
байланысты  құқықтарынан  міндеттерінен  және  жауапкершіліктеріне  байқауға
болады
Азаматтық  қоғам  –  адамгершілік,  діни,  ұлттық,  әлеуметтік–экономикалық,
отбасы қатынастарының және институттарының  жиынтығы,  сол  арқылы  тұлғалар
мен олардың мүдделері қанағаттандырылады.
Атқарушы билік - қабылданған заңдарды іске  асыратын  және  жедел-шаруашылық
қызметтерді орындайтын, тағайындалатын не болмаса  сайланған  атқарушы–иелік
етуші билік органдары.
Әкімшілік – атқарушы-әкімші мемлекеттк  органдар  жүйесі,  барлық  елдің  не
болмаса белгілі аймақ көлемінде заңдардың орындалуын іске асыратын орган.
Әлеуметтік нормалар –  қоғамдық қатынастарды реттеуге пайдаланылатын  тәртіп
жолы
Референдум - бүкіл халықтың  дауыс беруі (референдум)  ең  жоғарғы  заңдылық
күші бар, аса маңызды мемлекеттік және қоғамдық өмірдің мәселелері  бойынша,
азаматтардың тікелей басқару шешімін қабылдануы.
Вето – парламент қабылдаған  заң  жобасына  мемлекет  басшысының  қол  қоюға
қарсылығы.
Декларация  -  құқықтық  құжат  ,  ұсынушы  күші  бар  негізгі  принциптерді
жариялау.
Демократиялық режим -  мемлектік  билікті  іске  асырудағы  халықтың  жаппай
қатынасуымен тікелей және өкілеттік демократия, азшылықтың мүддесін  есептей
отырып көпшілік шешімді қабылдау.
Заң - ерекше жағдайда, заң шығару органдарының  билігімен  не  референдуммен
қабылданған, халықтың еркін көрсететін  аса  маңызды  қоғамдық  қатынастарды
реттейтін, жоғарғы заңдылық күші бар нормативті акт.
Заңдар - мемлекттің белгілі-тарихи кезеңіңдегі  ,әрекет  жасайтын  заңдардың
және соған негізделген қосымша заң актілерінің жүйесі
Заңдылық  –  қоғамның  және  мемлекеттің  құқық  нормаларын  іске  асырудағы
барлық  адамдардың,  ұйымдардың,  дәл  және   бұлтарықсыз   оындауға   қажет
талаптарының жиынтығы.
Заңды мүдде - обьективті кқұқықта көрсетілген, не оның жалпы  мәнінен  пайда
болатын,  белгілі  деңгейде  кепілдігі  бар  заңды  рұқсат,  ол  субьектінің
белгілі әлеуметтік  иглікпен  пайдалануға  ұмытылғанынан  көрінеді,  сонымен
қатар, оны қорғайтын мемлекеттің құзіретті органдарына,  қоғамдық  ұйымдарға
жүгінуи мүкіндігі.
Заңды тұлға - меншігінде мүлкі бар ,сол мүліктерін  басқару  процесінде,  өз
атынан  мүліктік  емес  міндеттерге  ие  болып,  міндеттері  бойынша   жауап
беретін, сотта талапкер және жауапкер бола алатын заңмен тіркелген  ұйымдар,
тұлғалар, қоғамдық бірлестіктер.
Кодекс- бір жүйеге келтірілген , заңды және логикалық тұтас ,  ішкі  жағынан
келсімді тікелей әрекеттегі заңды акт, қоғамдық  қатынастардың  белгілі  бір
бөлігін реттейді.
Конституция - мемлекеттің және тұтасымен қоғамның негізгі  заңы  ,  оның  ең
жоғарғы заңдылық күші бар, қоғамдық  және  мемлекеттік  негізгі  құрлымдарды
басқару нысанын, жеке адамдар мен мемлекеттің  арасындағы  қарым–қатынасының
принциптерін бекітеді.
Конфедерация  -  мемлекеттердің   уақытша   одағы,   олар   саяси,   әскери,
экономикалық және басқа да мақсаттар үшін бірігеді.
Кінә - заң бұзушының өзі жасаған әрекетіне  психикалық  қатынасының  жағдайы
(қасақана және абайсыздық)
Қоғам  –  тарихи  қалыптасқан  адамдардың  өмір  ортасы   ,бірігіп  жасайтын
қызметтерінің жиынтығы.
Нормативтік  келсім  -  құқықтық–шығармашылық   субьектілерінің   арасындағы
келсім, оның нәтижесінде жаңадан құқық нормасы пайда болады.
Нормативтік акт - құқықтық  акт,  мемлекеттің  шығармашылық  субьектілерімен
қабылданады,  ерекше  ресми  жазба  нысаны   бар   және   белгілі   қоғамдық
қатынастарды реттеуге бағытталған.
Саяси режим  -  тәсілдердің  ,амалдардың,  құралдардың  жүйесінің  негізінде
саяси билік жүргізіледі және сол қоғамның саяси жүйесі сипатталады.
Тәртіп  -   қоғамдағы   қалыптасқан   әлеуметтік   нормалардың   талаптарына
субьектілердің тәртіптерінің сай болуы.
 Мүліктің шарттық режимі –  ерлі- зайыптылардың  және  олардың  осы  некеден
туған баларының неке шартымен белгіленген меншігінің режимі.
Мемлекеттік басқару -  негізгі   заңда  баянды  етілген  міндеттерді  жүзеге
асыруға бағытталған мемлекеттік басқару органдарының атқарушылық қызметі;
Басқару - адамдар ұжымының біріккен қызметіне жетекшілік ету, оны  бағыттап,
ұйымдастыру;
Басшылар - кадрларды таңдап талғауда байқалатын заңдық биліктік  өкілеттікке
ие қызметкерлер.
 Субьекті - мемлекеттік биліктік құқыққа ие мемлекеттік  басқару  органдары,
лауазымды тұлғалар, қоғамдық ұйымдар және азаматтар.
Парламент - Қазақстан Республикасының заң шығару  қызметiн  жүзеге  асыратын
Республиканың ең жоғары өкiлдi органы.
Заң шығарушы – Парламент, ал жергілікті жерлерде-аумақтық өкілді органдар.
Сот билігі- Жоғарғы Сот және төменгі буын соттары.
Құқық қабілеттілік- адамның туғаннан  бастап,  өмірінің  соңына  дейін  күші
болатын субьективтік құқықтарының кепілдігі.
Әрекет  қабілеттілік-  құқықтық  қатынастар  аясындағы  құқықтарды   нақтылы
жүзеге асыру және өзіндік міндеттерді  орындау  әрбір  жеке  жағдайда  заңда
көрсетілген жасқа толған кезеңде пайда болады.
Басқару әдісі- заңдық-биліктік  өкілеттігі  бар  органдардың  бағыныштыларға
және  басқа  адамдарға  ықпал  етуімен  іске  асатын   мемлекеттік   басқару
органдарының міндеттерінің жүзеге асуының әдіс-тәсілдері;
Әкімшілік құқық-  билік  пен  бағыну  негізінде  құрылған  және  ұйымдастыру
жұмысын қамтамасыз ететін мемлекеттік  басқару  органдарының  атқару-өкімдік
қызметі  аясындағы  қоғамдық  қатынастарды  реттейтін  құқықтық  нормалардың
жиынтығы.
Мемлекеттік   қызмет-   азаматтардың   мелкеттік   органдар   мен    олардың
аппарттарында конституциялық  негізде  жүзеге  асырылатын  және  мемлекеттік
басқаруды жүзеге асыруға, мемлекеттің өзге де  міндеттері  мен  функцияларын
іске асыруға бағытталған кәсіби қызметі;
Мемлекеттік лауазым- мемлекеттік органның  нормативтік  құқықтық  актілермен
белгіленген  лауазымдық  өкілеттік  пен   лауазымдық   міндеттердің   ауқымы
жүктлген құрылымдық бірлігі;
Лауазымды адам-  ұдайы,  уақытша  немесе  арнайы  өкілеттік  бойынша  өкімет
өкілінің   міндеттерін   жүйеге   асыратын   не    мемлекеттік    органдарда
ұйымдастырушылық-өкім  берушілік  немесе  әкімшілік-шаруашылық   қызметтерді
орындайтын адам;
Лауазымдық  өкілеттілік-  заңдарда   белгіленген   құқықтары   мен   негізгі
міндеттері  бар  мемлекеттік  қызметшілер  өз   қызметін   жүзеге   асыратын
мемлекеттік органдардың  алдында  тұрған  мақсаттар  мен  міндеттерге  жауап
беретінін, нақты мемлекеттік лауазыммен көзделген өкілеттік.
Мемлекеттік әкімшілік қызметші- мемлекеттік  саяси  қызметшілердің  құрамына
кірмейтін,   мемлекеттік   органда   тұрақты   кәсіби   негізде   лауазымдық
өкілеттікті жүзеге асыратын мемлекеттік қызметші;
Мемлекеттік  әкімшілік  қызмет  санаты-  мемлекеттік  әкімшілік  қызметшілер
атқаратын, лауазымдық өкілеттіктің көлемі мен сипатын  көрсететін  әкімшілік
лауазымдар жиынтығының саралаушылық сипаттамасы;
Мемлекеттік саяси қызметші-  тағайындалуы,  босатылуы  және  қызметі  саяси-
айқындаушы сипатта болатын және саяси мақсаттар мен міндеттерді  іске  асыру
үшін жауап беретін мемлекеттік қызметші.
Біліктілік  талаптары-  мемлекеттік  әкімшілік  қызметті  атқаруға   үміткер
азаматтарға оның  кәсіби  даярлығының  деңгейі,  құзіреттілігін  және  нақты
әкімшілік қызметке сәйкес келуін анықтау мақсатында қойылатын талаптар;
мемлекеттік   әкімшілік   қызметшілерді   аттестациялау,    жұмыс    уақыты,
мемлекеттік қызмет өткеру.








































      МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫ  ПӘНІ БОЙЫНША ҚЫСҚАША ДӘРІСТЕР КУРСЫ
1-ДӘРІС
             МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫНЫҢ ПӘНІ ЖӘНЕ ТҮСІНІГІ
Мақсаты:  Мемлекет  және құқық теориясы пәнінің құқықтық білімнің  бастамасы
екендігін студенттерге түсіндіре отырып, оның әдістері, жүйесі туралы  толық
мағлұмат  беру.
Жоспар:
1. Мемлекет және құқық теориясының пәні, оның мазмұны.
2. Мемлекет және құқық теориясының әдісі, оның мазмұны.
3. Қоғамдық және заң ғылымдарының жүйесінде жалпы теорияның алатын орны.


1.Мемлекет және құқық теориясының пәні, оның мазмұны
    Әр ғылымының өз саласында  обьективті  ақиқатқа  жетуге,  заңдылықтарды
бейнелеуге  және  алдын  ала  болжауға  арналған,  жүйелі   түрде   құрылған
мәселелері болады. Сол мәселелер ғылыми  тұрғыдан  зерттеліп,  тұжырымдалып,
ғылымның пәніне – предметіне  айналады.  Мемлекет  және  құқық   теориясы  –
қоғамдағы саяси – экономикалық,  мәдени-  әлеуметтік  құбылыстарды  зерттеп,
қоғамдық өмірдегі қарым- қатынастарды реттеу,  басқару  әдіс  –  тәсілдерін,
объективтік заңдылықтарын анықтап отыратын ғылым. Жалпы  теория  мемлекетпен
құқықтың өмірге келу, даму  зыңдылықтарын,  мақсатын,  мазмұнын,  құрылысын,
нысанын, қағидаларын, белгі- нышандарын, фунцияларын зерттейді.
    Жалпы теорияның пәні қоғам мен мемлекеттің арсындағы сан қырлы, күрделі
қарым- қатынастарды, қоғамның саяси жүйесіндегі  мемлекеттің  алатын  орнын,
маңызын, азаматтық қоғам мен мемлекеттің өзара байланысын,  адамдардың  сана
– сезімін, оның қоғамдағы маңызын, мемлекеттің болашағын, құқықтық  мемлекет
қалыптастыру бағыттарын зерттеп, қорытынды тұжырымдар жасап отырады.
    Мемлекет пен құқықты бір -  бірінен айыруға болмайды. Олар  объективтік
тұрғыдан тығыз байланыста бірлесіп дамитын ғылым.  Бірақ  олар  бір  ғылымға
жатқанымен, әрқайсысының  нақты бағыттары болады. Мемлекет  қоғамның  саяси-
экономикалық құрылысымен шұғылданады, құқық –  нормативтік  актілер  жүйесін
қалыптастырады.
    Осы бірлестік пен дербестік олардың мазмұнын, мақсатын, қызметінің әдіс
– тәсілдерін,  функцияларын  жан  –  жақты  зерттеуге,  жаңартуға,  дамытуға
мүмкіншіліктер береді. Мемлекет пен құқықты тереңірек зерттеп білуге  жағдай
туады.
    Заң ғылымы өткен  дәуірде  (алғашқы  қоғамда,  құл  иелену,  феодалдық,
буржуазиялық  формацияларда),  қазіргі  кезеңде,  болашақта  мемлекет   және
құқықтың қоғамды басқарудағы объективтік  және  субъективтік  заңдылықтарын,
әдіс –тәсілдерін зерттейді. Осы үш дәуірде  болған  және  болашақ  қоғамның,
мемлекет   пен   құқықтың   өздерінің   даму   процессінде   болған    жақсы
тәджірибелерді жинақтап, қорытынды тұжырымдар жасалып отырады.
    Мемлекет  және  құқық  теориясының  пәні  –  адам  қоғамының   өмірдегі
құбылыстардың,  мемлекет  пен  құқықтың  өмірге   келу,   даму   объективтік
заңдылықтары мен олардың мәні – маңызы, құрылымы және мақсаты.
Бұл түсіндірме үш тараудан тұрады:
             - қоғамының қалыптасу,  мемлекет  және  құқықтың  өмірге  келу
               заңдылықтары;
             - қоғамның, мемлекеттің, құқықтың даму заңдылықтары;
             - қоғамның, мемлекеттің,  құқықтың  тарихы  маңызы,  құрылымы,
               мақсаты.
    Мемлекет және құқық теориясы іргелі  де  терең  ғылым  ретінде  бірнеше
фунциялар атқарады:
    Онтологиялық фунция – (грек... шын білім) адам қоғамының тұрмысын, оның
қағидаларын, құрылымын,  даму  заңдалақтарын  зерттеу.  Бұл  зерттеу  арқылы
мемлекет пен құқықытың  өмірге келуін, дамуын, болашағын білуге  мүмкіншілік
қалыпстасады.
    Гносеологиялық фунция – (грек... білім, теория) таңым  теориясы  арқылы
мемелкет және құқықтың құрылымын, маңызын, мақсатын білуге болады.
    Эвлистикалық функция – (грек... табу) заң  ғылымының  барлық  саласында
зерттеудің  әдіс  –  тәсілдерін  жетілдіріп,  қоғамдағы  құбылыстардың  даму
процессінің жаңа заңдылықтарын табу, ашу.
    Әдістемелік  функция  –  мемлекет  және  құқық  теориясы   заң   ғылымы
салаларының талаптарына сәйкес жалпы  әдістемелік  ғылыми  тұжырымда  жасап,
ғылымының жақсы дамуына жағдай жасау.
    Саяси функция – қоғамның алдында тұрған мақсатты, саясатты жалпы теория
тұрғысынан орындау бағыттарын, жолдарын белгілеу. Мемлекеттің ішкі –  сыртқы
саясатының ғылыми тұрғыдан орындалуын қамтамасыз ету.
    Идеологиялық функция  –  жалпы  теория  қоғамдары  әртүрлі  көзқарасты,
саясатты,  идеяларды  біріктіріп,   ғылыми   тұрақты   жүйе   қалыптастырып,
адамдардың сана – сезімін, құқықтық мәдениетінің сапасын жақсарту.
    Тәжірибелік – ұйымдық  функция  –  тәжірибелерге  сүйене  отырып  жалпы
теория қоғамдағы заңдылықты,  тәртіпті  сапалы  іске  асыру  үшін  ұсыныстар
жасап отыруы қажет.
    Болжау функциясы –жалпы қоғамдағы саяси – құқықытық құбылыстармен  ғана
шектелмей  сол  құбылыстардың  болашақ  бағытын  зерттеп,  ғылыми   қортынды
тұжырымдар жасап,  оны  құқықтық  реттеп,  басқару  бағдарламасын  дауындауы
қажет.
    Құқық және мемлекет теориясының фунциялары бір бірімен тығыз байланыста
дамиды. Олардың қызметін біріктіріп зерттегенде  жалпы  теорияның  қоғамдағы
маңызы жақсы көрінеді. Жалпы  теория  өз  фунцияларын  заң  ғылымының  басқа
салаларымен бірлесіп атқарады. Сонда ғана нәтиже болады.
    Мемлекет және құқық теориясяның белгі – нышандары. Мемлекет және  құқық
теориясы адам қоғамының бір саласын жан  –жақты  зерттеп,  оның  объективтік
даму заңдылықтарын, өзара байланысын  анықтап,  оларды  қолданудың  жолдарын
көрсетіп отырады. Сондықтан жалпы теория қоғамдық ғылымының бір саласы.
    Жалпы  теория  қоғамджық  ғылымсдардың  ішіндегі  тек   мемлекеттік   –
құқықытық  құбылыстарды  зерттейтін  саласы.  Сондықтан  жалпы  теория   заң
ғылымының бір саласы.
    Жалпы теория  заң  ғылымдарының  барлық  салаларының  объективтік  даму
заңдылықтарын зерттеп, оларды қалай қолдану жолдарын көрстеіп  отырады  және
ғылымының салаларынын бірлесіп, дербестік даму бағыттарын  анықтап  отырады.
Сондықтан мемлекет және құқық  теориясы  заң  ғылымының  ішіндегі  ең  терең
түйінді ғылым, (фундаментальды ғылым).
    Мемлекет және  құқық  теориясы  заң  ғылымының  салаларына  бағыттаушы,
ұйымдастырушы,  әдістемелік  ғылым.  Мемлекет  және   құқық   теориясы   заң
ғылымының садаларына тиісті әдістемелік жасап,  оны  ғылыми  тұрғыдан  қалай
қолдану әдіс – тәсілдерін анықтап отырады.
    Жоғары мектепте студенттер көптеген пәндерді оқудан бұрын,  ең  алдымен
«Заң  ғылымы  дегеніміз  не?»  «Мемлекет  және  құқық  теориясы  деген  не?»
Міне,осы сұрақтарға  олар  жауап  алуы  қажет.  Толық  жауапты  студенттерге
мемлекет және құқық теория пәні береді. Бұл пәнді студенттер бірінші  курста
оқып, мемлекет  және  құқық  туралы  білім  алып,  олардың  қоғамды  реттеп,
басқарудағы  рөлін,  маңызын  жақсы  түсініп  шығады.  Сөйтіп,  студеттердің
жоғары  курстарда  заң  ғылымының  салалық  пәндерін  оқып,  жақсы  түсінуге
мүмкіншілік жасалады.
    Қоғамдағы ғылымдардың, соның ішінде заң ғылымының, даму процесінде  сан
қырлы қиындықтар кездесіп жатады. Оның себептері: қоғамның  объективті  даму
заңдылықтарының, мүлде –  мақсаттарының  күрделенуі.  Әсіресе,  бұл  процесс
қоғамның  дағдарысқа  ұшырау  кезінде  немесе  өтпелі  дәуірде   өте   қатты
шиеленіске кездеседі.  Бұл  кезде  қоғамдық  ғылымдарға,  соның  ішінде  заң
ғылымына, талап  күшейеді.  Заң  ғылымының,  мемлекет  пен  құқықтың  алдына
қойылатын      талап-қоғамды      реттеп,басқаруды      күрт      жақсартып,
қиыншылықтан,дағдарыстан тезірек  алып  шығу  және  қылмысқа  қарсы  күресті
батыл, табанды жүргізу.
    Қоғамдағы іргелі-фундаментальді ғылымдар өмірдін  сұранысына,  талабына
жауапты тез, үстірт бере алмайды. Шын, сапалы ғылым бір  күндік,  бір  айлық
немесе бір жылдық іс емес.  Ол  көп  жылдық  ғылыми  зерттеуден  өтетін  іс-
әрекет, оны өмірлік-тәжірибелік  сынықтан  өткізу  қажет.  Осы  процестерден
кейін ғылыми қорытынды басқаруды жақсарту мәселесіне  заңды  түрде  кірісуге
болады.
    Қазіргі  кезеңде  нарықты  экономика  реформасы,  қоғамның   әлеуметтік
саласындағы жаңа келеңсіз жағдайлар  ғылымның  әлеуметтік  саласындағы  жаңа
келеңсіз жағдайлар ғылымның алдына  бұрын  болмаған  қиындықтарды,  келеңсіз
жағдайлар ғылымның алдына  бұрын  болмаған  қиындықтарды,  келеңсіз  істерді
үйып-төкті. Осы қиын жағдайдан ғылыми тұрғыдан шығу жолын, бағытын  тез,  аз
уақыт ішінде көрсетуге болмайды. Және бұл қиндық, дағдарыс  қағамның  бір-ақ
саласын зерттеумен шұғылданады.  Сондықтан  қазіргі  дағдарыстан  шығу  үшін
қоғамдық ғылымның  барлық  саласы  бірігіп  ғылыми  зерттеу  жүргізу  қажет.
Мұндай зерттеу елімізде жүргізіліп жатыр, екі-үш жылда қорытынды  тұжырымдар
болуғп тиіс.
    Жалпы теория мемлекеттік –  құқықтық  проблемалармен  бірге  дүниетаным
мәселерін де зерттеп қоғамның әлеуметтік  жағдайын  қосып,  ғылыми  тұрғыдан
қорытынды тұжырымдар жасап, құқықтық нормалар арқылы қоғамдық, топтық,  жеке
тұлғалық мүдде-мақсаттарды іске асыруға, сапалы орындауға мүмкіншілік  жасап
отырады. Құқық  және  мемлекет  теориясының  ғылыми  даму  бағыттары:  Жалпы
ерекшелік заңдылықтарды зерттеу; негізгі күрделі  мәселерді  зерттеу;  жалпы
теорияны дамыту; жалпы теорияның салаларын, жүйелерін біріктіріп зерттеу.
    1). Мемлекет және құқық теориясы (жалпы теория) заң ғылымының өзіне тән
ерекшеліктерін,  олардың  объективтік  даму  заңдылықтарын  зерттейді.   Бұл
заңдылықтарды қоғамның экономикалық, әлеуметтік объективтік даму  заңдарымен
араластыруға  болмайды.  Мысалы,  қоғамның  саласының  сапасы  сол  қоғамның
материалдық  тұрмыс  жағдайына  байланысты  –  бұл   тарихи   материализмнің
объективтік даму  заңы.  Қоғамдағы  өндірістік  қатынастың  өндіргіш  күштің
деңгейіне сәйкес болу заңы экономикалық теорияның пәніне жатады.
    Мемлекет және құқықтың зерттеу  мәселелері  заң  ғылымының  объективтік
даму  заңдары,  олардың  өздеріне  тән  ерекшіліктері  және  бұл   заңдардың
қоғамның объективтік даму заңдарымен байланысы.
    2). Заң ғылымының негізгі  күрделі  зерттеу  мәселелері:  мемлекет  пен
құқықтың  сапалы  дұрыс  дамуы,  олардың  салалық   құқықтарымен,   құқықтық
санамен, құқықтық мәдениетпен арақатынасы т.б.
    3). Мемлекет және құқық теорясы  жан-жақты  дұрыс,  сапалы  салаларының
атқаратын қызметтеріне зор әсер етеді. Жалпы теория  заң  ғылымының  жетекші
саласы, әдістемелік жұмыстарды ұйымдастурушы, бағыттаушы күш деуге болады.
    4). Мемлекет және құқық, олардың  салалары  бірлікте  және  дербестікте
дамып  зерттеледі.  Олардың  бірлестігі:  өмірге  бірге  келуі   және   оның
себептері де бірдей; мемлекет пен қуқықтың даму  процесі,  өзгеруі,  жаңаруы
да бір-біріне ұқсас; атқаратын қызметтері бірдей – қоғамды реттеп, басқару.
    Қорыта  айтсақ,  құқық  және  мемлекет   теориясының   ғылыми   зерттеу
мәселелері:
             - мемлекет  және  құқықтың  өмірге  келу,  даму  және  қоғамды
               реттеп, басқаруының объективтік даму заңдылықтары;
             - мемлекет және құқықтың мазмұны, түрлері, нысаны, фукциялары,
               құрылымы, механизмы және құқықтық жүйе;
             - заң ғылымдағы мемлекеттік – құқықтық түсініктер.
2.Мемлекет және  құқық  теориясының  әдісі,  оның  мазмұны.   Методология  –
дүниені  философиялық  тұрғыдан  түсіндіретің  ілім.  Ғылыми  методологияның
негізі – материализм мен диалектика. Ғылымның методологиясы  –  оның  ғылыми
зерттеу әдіс – тәсілдері. Жалпы ғылым дегеніміз екі  мәселені  қамтиды,  екі
бағытты біріктіреді – теория және методика. Теория -  ғылым нені  зерттейді?
– деген сұраққа жауап береді. Методика -   ғылым  қандай  тәсілмен,  амалмен
зерттеу жүргізеді? – деген сұраққа жауап береді. Теория мен методика  өмірде
тығыз  байланыста  дамиды.  Бұл  объективтік  байланыс   ғылымның   мыңдаған
саласындағы тәжірибеде дәлелденген.
    Қоғамның мазмұнын, объективтік даму процесін  ғылыми  зерттеуде  теория
мен методиканың маңызы өте зор. Онсыз ғылымда дұрыс  зерттеу,  дұрыс  ғылыми
қортынды жасау мүмкін емес. Методологияның екі  түрі  болады:  жалпы  ғылыми
әдіс – тәсіл және жекелік ғылыми әдіс – тәсіл. Жалпы ғылыми әдіс  –  тәсілді
– ғылымды зерттеудің методологиялық негізі  деп  атайды.  Қазіргі  замандағы
ғылыми   зерттеулер   философияның   діни,   позитивизм,   экзистеционализм,
утилитаризм т.б. бағыттарына сүйене отырып жүргізіледі.
    Материализм – философияның бір  бағыты.  Ол  материя,  табиғат,  болмыс
алғашқы, ал  сана,  рух,  ой  материяның  қасиеті  болғандықтан  туынды  деп
санайтын, идеализмге түбірінен қарама –  қарсы  ғылыми  философиялық  бағыт.
Материализм адам санасын, ойын   сыртқы  дүниенің  бейнесі  деп  қарастырып,
дүниені, табиғатты, қоғамды танып білуге болатының  дәлелдейді.  Материализм
ғылыммен практиканың жетістіктеріне сүйене дамиды және  білімдердің  өсуіне,
ғылыми  методтардың  жетілуіне,   адамзат   практикасының,   қоғам   өндіріс
күштерінің артуына ықпалын тигізеді.
    Диалектика  –  табиғаттың,  қоғамның  және  адам   ойының   дамуы   мен
қозғалысының жалпы  заңдары  жайындағы  ғылым,  дүниені  танудың  әдісі  мен
теориясы.  Диалектика   объективті   реалдылықтың   күрделі   заңдылықтарын,
қажеттігін  қарама  –  қайшылыққа  толы  табиғат  зерттейді.   Диалектиканың
негізгі  заңдары:  қарама  –  қарсылықтардың   бірлігі   мен   күресі;   сан
өзгерістерінің сапа өзгерістеріне ауысуы; терістеуді терістеу заңы.
    Диалектиканың заңдары табиғаттың, қоғамның объективтік дамуының  қайнар
көзін, ішкі қозғалысын және бағытын  көрсетеді.  Диалектикалық  категориялар
(анализ  мен  синтез,  мазмұн  мен  форма,  құбылыс  пен  пән,  шындық   пен
мүмкіншілік т.б.) танымның дәйектілігін, заңдылығын бейнелейді.
    Материалистік   диалектика    методологиясының    негіздеріне    сәйкес
мемлекеттік – құқықтық құбылыстар қоғамның өмірімен бірге зерттеулуге  тиіс.
Сондықтан қоғам,  мемлекет,  құқық  –  осылардың  арасындағы  қатынастарының
түрлерін білу қажет. Қоғамның мемлекет – құқықпен үш  түрлі  байланысы  бар:
қоғамның  базисі  мен  қондырмасы  арқылы,  қоғаммен  мемлекет  –   құқықтың
байланысы, қоғамның мүдде – мақсатының құқық – мемлекетпен байланысы.
    1).  Қоғамның  экономикалық  базисі  өзінің  қондырмасымен   байланыста
дамиды. Қондырманың бір саласы құқық пен мемлекет. Қондырма –  базис  арқылы
қоғам, құқық және мемелекетпен  тығыз  байланыста  болады.  Қоғамды  реттеп,
басқаратын құқық пен мемлекет.
    2). Құқық пен мемелекет қондырманың бір күрделі саласы,  олар  қоғамның
барлық саласымен үздіксіз  байланыста  болады  және  құқық  пен  мемлекеттің
қызметі қоғамдағы адамдардың сана сезімімен де байланыста  дамиды.  Бұл  екі
жақта объективтік процесс.
    3). Мемлекет пен құқық қоғамның жалпы  халықтық  және  таптық  мүдде  –
мақсаттарын  реттеп,  басқарып  іске  асырып  отырады.  Бұл  да  екі   жақты
объективтік процесс.
    Сонымен, материалистік және диалектикалық методқа сәйкес  мемлекет  пен
құқық қоғамының экономикалық, саяси, рухани жағдайларымен тығыз  байланыста,
үздіксіз қозғалыста, дамудағы объективті  шындық  құбылыстар.  Мемлекет  пен
құқықтың өздерінің даму заңдары болады. Бұл  заңдылықтарды  ғылыми  тұрғыдан
зерттеп білуге болады. Мемлекеттік – құқықтық құбылыстарды зерттеудің  жалпы
методологиялық алдын ала шарттары:
             - құқық пен  мемлекет  объективті  шындық  құбылыстар  ретінде
               ғылыми анализ жасаудың объектісі бола алатыны;
             - мемлекет пен құқықтың  үздіксіз  қозғалыста,  өзгеруде  және
               тарихи даму процесте болатынын ескеру;
             - мемлекет пен құқықты зерттеу процесінде қоғамның салаларында
               сан қырлы болып жататын байланыстарды,  қатынастарды  ескеру
               қажет. Кейбір жағдайда сол байланыс қатынастар  заң  ғылымын
               дамытудың негізгі бағытына айналуы да мүмкін;
             - құқықтық – мемлекеттік құбылыстарды зерттеуде міндетті түрде
               заңды  тәжірибелермен,  өмірдің  талаптарын  ескере   отырып
               жүргізген  нәтижелі  болады.  өйткені  теорияның   дұрыстығы
               тәжірибе арқылы анықталады. Бұл  тұрғыдан  зерттеу  әділетті
               болуы қажет.
    Жалпы ғылыми зерттеудің әдіс - тәсілдерінің ең күрделісі  материалистік
диалектика. Ол қазіргі ғылыми танымның теориясы мен әдісі. Танымның  мақсаты
– зерттеліп отырған заттың, мәселенің терең мәнін, қайшылықтар жүйесін  ашу.
Таным – объективті  шындықтың  адам  санасындағы  белсенді  және  қайшылықты
бейнеленуі. Бұл процесте логканың  атқаратын  рөлі  зор.  Логиканың  негізгі
мақсаты мен  зерттеу  пәні  танымның  ақиқаттылығы,  танымдық  тәсілдер  мен
әдістердің дұрыс жүйесін қалыптастыру.
    Заң ғылымының  зерттеу  процесінде  анализ  және  синтез  тәсілдері  де
қолданылады.
             -  теориялық  және  тәжірибелік  зерттеу  процесінде   күрделі
               объектілерді  талдау,  құрамды  бөліктерді  жіктеп  ажырату.
               Синтез –  сол  талданған  бөліктерді  жинақтап  қосу  арқылы
               белгілі  бір  объектіні,  затты  құрастыру.  Мысалы:   жалпы
               теорияда мемлекеттік органдарды, оның функцияларын, құқықтық
               нормаларды, қатынастың субъектілерін жүйе – жүйеге,  сала  –
               салаға  топтастырып  зерттеу,  немесеғ   оларды   біріктіріп
               зерттеу жүргізу.
    Нақтылы  ғылымдардың  теориялық  және  методологиялық   негіздері   тек
философиямен  ғана  емес,  олардың  өздері  арқылы  да  зерттелуде.  Мысалы,
мемлекет  және  құқық  теориясы  зеттеудің  жалпы   әдістерімен   азаматтық,
мемлекеттік, әкімшілік, қылмыстық т.б. құқықтарды жабдықтандырады.
    Ал, жалпы құқық және мемлекет теориясы философияға сүйене  отырып,  заң
ғылымының  барлық  табыстарын  пайдаланады.  Оның  барлық  саласында  бірдей
қатысты методологиялық мәселелерді зертейді.  Осы  типтес  қарым  –  қатынас
басқа ғылымдарда да бар.
    Жекелік  ғылыми  зерттеу  әдіс   –   тәсілдерінің   түрлері:   жүйелік,
функционалдық, статистикалық, социологиялық, үлгілік, салыстыру –  теңестіру
т.б.
    Жүйелік тәсіл – қоғамдағы мемлекеттік – құқықтық  құбылыстарды  жүйеге,
салаға топтастырып зерттеу.
    Функционалдық  тәсіл  –  қоғамдағы   заңды   құбылыстардың   әлеуметтік
бағытына,  маңызына,  қызметіне  қарай  жіктеп  зерттеу  жүргізу.  Бұл  әдіс
мемлекеттің аппаратын, функциясын,  құқықтық  құрылымын,  жүйесін,  құқықтық
сананы, жауапкершіліктің түрлерін т.б. құбылыстарды зерттеуде пайдаланады.
    Статистикалық әдіс –заңды құбылыстардың санды деректеріне,  фактілеріне
сүйене  отырып  зерттеу   жүргізу.оның   кезеңдері:   бақылау,   деректерді,
фактілерді жинақтау, жиналған материалдарға анализ жасау.
    Үлгілік әдіс –  болған  құбылыстың  үлгісін  жасап,  сол  арқылы  істің
мазмұның, көлемін жобалап барып зерттеу жүргізу.
    Социологиялық  тәсіл -  жүелік, функционалдық,  статистикалық,  үлгілік
тәсілдер арқылы жүргізілген зерттеулердің қорытынды  нәтижелерін  біріктіріп
зерттеуді жалғастыру.
    Салыстырмалы теңтестірмелі әдіс  –  бірнеше  мемлекеттерді,  құқықтарды
салыстырмалы зерттеу және олардың тарихи  даму  процесстерінде  теңестірмелі
әдіспен зерттеу жүргізу.
    Математикалық әдіс – ЭВМ, компютер, автоматика, телемеханиканы қолданып
зерттеулер жүргізу. Осы аталып өткен зерттеулердің әдіс – тәсілдерін  барлық
қоғамдық ғылымдар пайдаланады. Бұл  әдістерді  жеке  сирек  қолданады.  Олар
көбінесе біріктіріліп, зерттеу барысында бірін – бірі толықтырылып  отырады.
Мемлекет және құқық теориясының оқулығы студенттерді заң  ғылымының  күрделі
салаларымен,  мемлекеттік  –  құқықтық   құрылымымен,  функцияларымен   т.б.
таныстырады.  Ол  оқулықтың  алдында  екі  міндет  түр:  біріншісі   –   заң
ғылымының, заң мамандығының негізін қалыптастыру,  сол  арқылы  салалық  заң
пәндерін жақсы  оқып-  білуге  мүмкіншілік  жасау;  екіншісі  –  жоғары  заң
мектебін бітіріп, жақсы маман болуды қамтамасыз ету.
3.Қоғамдық және заң ғылымдарының  жүйесінде  жалпы  теорияның  алатын  орны.
Әлемнің материалдық және рухани тұтастығы  мен  бірлестігі  дүние  жүзіндегі
берлық ғылымның өзара байланысын  дәлелдейді.  Әсіресе  бұл  өзара  байланыс
қоғамдық  ғылымдар  арасында  жақсы  қалыптасқан.  Бұл   ғылымдар   қоғамды,
адамды,олардың арақатынасын, сана – сезімін  зерттейді.  Зерттеудің  негізгі
мақсаты – адамның бостандығы, құқығы, қадір – қасиеті, ар – намысы.
    Қоғамдық өмірдің ең өзекті мәселесі – мемлекет пен  құқықтың  маңызы  –
олардың алатын орны. Бұл проблемаларды  жалпы  теория  қоғамдық  ғылымдардың
басқа  түрлерімен  (философия,  экономика,  социология,  палетология   т.б.)
бірігіп зерттеп отырады.
    Философия – адамзаттың  дүниедегі  алып  отырған  орны  анықтап,  соның
негізінде  адамның  дүниеге  деген   танымдық,   құндылық,   этикалық   және
эстетикалық қатынастарын зерттейді.  Философия  дүниеге  теориялық  тұрғыдан
көз  жіберіп,  ерекше  логикалық,  танымдық  критериилерге  сүйене   отырып,
адамның дүниеге деген көзқарасын тұжырымдайды.
    Экономикалық  ғылым  –  қоғамның   экономикалық   базисін,   өндірістік
қатынастарды, өндіруші күштерді меншіктің түрлерін  зерттеп,  олардың  қоғам
дамуындағы маңызын жан – жақты анықтап отырады.
    Тарих -  адамзат қоғамның өткен дәуірлерін барлық қырынан жан  –  жақты
зерттеп, көптеген тәжірибе жинақтады,  соның  ішінде  мелекет  пен  құқықтың
пайда болуы, дамуы, қоғамды басқару заңдылықтары.
    Социология – қоғамның әлеуметтік жағдайының дамуы, оны басқару  әдіс  –
тәсілдерін, адамдардың әлеуметтік тәртібін қатынастарын зерттейді.
    Барлық қоғамдық ғылымдар өз  тұрғысынан  адамзаттың  тарихын  зерттеуге
үлес қосқан.  Бұл  ғылымдардың  жүйесінде  мемлекет  пен  құқық  теориясының
алатын орны өте жоғары. Заң ғылымы  мемлекет пен құқықты жете танитын  ғылым
болып ХІХ – ғасырдың ортасында. Ол төрт топқа бөлінеді:
    1). Жалпы теория – мемлекет пен  құқықтық  қоғамды  реттеп,  басқаруын,
мазмұның, қағидаларын, белгі нышандарын, функцияларын, зерттейді.
    2). Мемлекет пен құқықтың, құқық пен  саясаттың  тарихи  даму  процесін
зерттеу пәндері. Шет мемлекеттерінің тарихы.
    3).   Салалық   заң   ғылымдары:   азаматтық,   қылмыстық,   әкімшілік,
конститутциялық, қаржы, отбасы т.б. құқықтар.
    4). Арнаулы заң ғылымдары: криминалистика, соттық медицина,  психиатрия
т.б.
    Мемлекет  және  құқық   теориясы   заң   ғылымының   барлық   саласының
объективтілік даму заңдылықтарын, бір бірімен байланысын зерттеп,  жалпыламы
тұжырымдар жасап  отырады.  Бұл  тұжырымдарды  салалық  ғылымдар  пайдаланып
отырады. Ал  жалпы  теория  салалық  ғылымдардың  жетістіктерін  пайдаланып,
жалпы заң ғылымының негізін дамытып отырады.
    Сонымен, жалпы теория барлық  заң  ғылымының  салаларын  біріктірушісі,
негізін  құраушы,  дамытушы  жетекші  ғылымға  айналып  отыр.  Адам   қоғамы
диалектикалық даму процесінде болғандықтан  ғылымның  міндеттеріде  өзгеріп,
толықтырылып жаңарып отырады.
    Қазіргі заманда еліміз нарықты  экономикаға  көшіп  жатқанда  Қазақстан
мемлекеті заң ғылымының бағыты да, функциясы  да күрт өзгерді.  Жаңа  өмірге
сай  ғылым  өзінің  жұмысын   қарқынды   түрде   жүргізіп,   жаңа   қоғамның
тілектеріне, мүдделеріне  сәйкес  ғылыми  зерттеулер,  қорытындылар  жасауға
тиіс. Адам қоғамының тарихын, даму процесін, мазмұнын, болашағын  зерттейтін
пәндерді қоғамдық ғылым деп атайды. Олар қоғамды жан – жақты ғылыми  зерттеу
тұрғысынан  зор  үлес  қосады.  Бұлардың  ішінде  мемлекет   және   құқықтық
теориясна  кеңірек  көңіл  бөлетін  философия,  саяси  экономия  мен  тарих.
Қоғамдық  ғылымдар  кейбір  күрделі  мәселелерді  бірлесіп  зерттейді,  олар
қоғамның жалпы объективтік даму  заңдылықтарын,  бір  –  бірімен  байланысын
қоғамдағы саяси – экономикалық, мәдени - әлеуметтік, мемлекеттік –  құқықтық
құбылыстарды ғылыми тұрғыдан  зерттеп,  дамытып  отырады.  Бұл  мәселелерді,
құүбылыстарды ғылым қоғамының өткен  дәуірінде,  қазіргі  кезеңде  болашақта
қалай дауға тиісті. Міне үш дәуірде қоғамның  диалектикалық  даму  процесін,
сан қырлы өзгеріс құбылыстарын  зерттеп  қортынды  ғылыми  тұжырымдар  жасап
отырады. Қоғамның  болашағын  ғылыми  тұрғыдан  болжап  қорытынды  ұсыныстар
беріп  отырады.  Бұл  процесте  қоғамдық  ғылымдар  табиғи  нақты   ғылымдар
бірлесіп зерттеулер  жүргізеді.  Өйткені  әлемнің  материалдық  және  рухани
тұтастығы мен бірлестігін ескере  отырып,  дүниежүзіндегі  барлдық  ғылымдар
бірлеспейінше, ғылыми – техникалық өрлеу болашақ емес.
    Кооперациясыз материалдық, қаржылық, табиғи ресурстарды үнемді,  тиімді
пайдалануға  және  оның   өнімді   технологиялық   процесін   қалыптастыруға
мүмкіншілік  болмайды.  Ғылымның  бірлестігі  олардың  дербестігіне   нұқсан
келтірмейді. әр ғылым табиғаттың және қоғамның объективтік даму процесін  өз
тұрғысынан зерреп, ғылыми тұжырымдар жасап  отырады.  Мысалы,  мемлекет  пен
құқық қоғамдағы барлық қарым – қатынастарды  реттеп,  басқарып,  заңдылықты,
тәртіпті   жақсартып,   демократияны   дамытып,   қоғамның   сапалы    саяси
экономикалық, мәдени - әлеуметтік дамуын қамтамасыз етеді.
    Қоғамдық ғылымдардың, оның ішінде заң ғылымының адамзаттың  бірлестігін
дағдарысқа  ұшыратпай,  прогресстік  жолмен  дамытуда  үлес  мол  және  баға
жетпейтің маңызды күш деуге болады.
    Жалпы теория өзінің ғылыми зерттеуінде бір  өлкенің,  бір  мемлекеттің,
бір елдің шеңберімен  шектелмейді.  Ол  өз  жұмысында  көптеген  елдің,  көп
мемлекеттердің  тәжірибесін  қамтып,  байланыстырып  зерттеу  арқылы  ғылыми
қорытынды  жасайды.  Жалпы  теорияның  бұл  қорытындалары  дүниежүзілік  заң
ғылымының жетістіктерімен, жаңалықтарымен сәйкес, қалыптасып отыруы керек.
    Сонымен,  жалпы  теория  барлық  заң  ғылымдарының   негізін   құрайшы,
дамытушы,  нұсқаушы,   біріктіруші   жетекші   ғылым.   Жалпы   теория   заң
ғылымдарының  жалпы,  арнаулы,  көрсетіп  отыратын  ғылым.  Осы  көрсетілген
бірлік болмаса, бағыттар анықталмаса,  зерттеуге  нышан  келтіріп,  ғылымның
дамуына  кемшіліктер  пайда  болады.  Осы  кемшіліктерді   болдырмау   жалпы
теорияның бірден – бір міндеті.
    Адам  қоғамы  диалектикалық  даму  процесінде   болғандықтан   қоғамдық
ғылымдардың  міндеттеріде  өзгеріп,  толықтырылап,  анықталып  отырады.  Бұл
жұмыс заң ғылымында  жалпы теорияның міндеті.
    Қазіргі заманда еліміз нарықты эклномикаға  көшіп  жатқанда,  егеменді,
тәуелсіз Қазақстан  Республикасы  өмірге  келгенде  жалпы  теорияның  ғылыми
мазмұны, функциясы күрт  өзгерді.  Жаңа  өмірге  сай  ғылым  өзінің  жұмысын
қарқынды түрде  жүргізіп,  жаңа  қоғамның  тілектеріне,  мүдделеріне  сәйкес
ғылыми зерттеулер, қортындылар жасауға тиіс.
    Ғылымды бір идеологияның шеңберінде жүргізудің зияны.  Қоғамның  барлық
саласының  мазмұның  тұсініп  –  білу  үшін  ғылымға  бостандық  керек.  Оны
саясатпен, идеологиямен бұғаулауға болмайды. Ғылым еркін болған  жерде  ғана
дұрыс, қарқынды дамып, жақсы нәтиже береді. Ғылымның даму  процесінде  толып
жатқан нышандар да кездеседі:  саяси,  идеологиялық,  мемлекеттік,  құқықтық
шектеу,  қаржы  жетпеу,  материалдық  базасы  нашар   болу.   Мамандықтардың
жетіспеуі т.б.
Ғылымға зор зиян келтіретің кедергілер:
    - зерттеуді бір саясаттың, бір идеологияның шеңберінде жүргізу;
    - таптық, партиялық тұрғыдан жүргізу;
    - кеңестікке шеңбер қою (шетелмен қатынасқа, ғылыми алмасуға,  зерттеуге
      тыйым салу).
Бұл кедергілердің себептері:
    - халықты тапқа, мемлекеттерді топқа, блокқа бөлу;
    - дүниежүзілік, жалпы халықтық проблемаларды ескермеу;
    - демократияның, бостандықтың шектелуі;
             - ғылымда екі жүйеге бөлу.
Бұл саясаттың  зияны:
             - қоғамдағы толып  жатқан  ғылым  бағыттары  сапалы,  нәтижелі
               дамымады. Қаржының басым үлесі себепсіз  қорғанысқа  бөлініп
               отырады;
             - ғылыми – техникалық прогресс біздің елде нашар дамыды;
             -  ғылыми –  техниканың  жетістіктері  көп  жылдар  тәжірибеде
               қолданылмай мемлекеттің шығының өсірді.
Осының бәрі бірігіп, елімізді  саяси,  экономикалық,  әлеуметтік  дағдарысқа
ұшыратты.
    Кеңестер Одағы ыдырап, тәуелсіз  мемлекетттердің  достастығы  (  ТМД  )
құрылып, Қазақстан тәуелсіз Республикаға қолы жетіп,  өзінің  Конституциясын
қабылдады.Өткен тәуелсіздіктің сегіз  жылдығы  республика  тарихында  ерекше
кезеңге айналды.
    Біз  мемлекеттік  тәуелсіздігіміздің  сегіз  жылын  және   экономикалық
дербестігіміздің бес жылын атап өттік. Дағдарыстан шығу бағытында осы  уақыт
ішінде  экономикалық,  саяси  және  қоғамдық  өмірдің   барлық   салаларында
белгіленген  түбегейлі  реформалар  жолымен   ұдайы   ілгерілей   түскеніміз
байқалады.
    1998 жыл біздің республика  үшін  соңғы  жеті  жыл  ішінде  Қазақстанда
өндірістің құлдырауын тоқтатудың сәті түскен тұңғыш жыл болды.  Оның  үстіне
өткен (1998) жылы өнеркәсіп өнімін шығару жарты процентке ұлғайды,  ал  ауыл
өндірісі жеті процентке өсті.
    Көптеген басқа елдерге қарағанда бұл жылдардың Қазақстан үшін азаматтық
тыныштық, ұлтаралық тұрақтылық және рухани келісім уақыты болды
    Қазақстан  Республикасының  қазіргі  Конституциясының  кіріспе   бөлімі
ақиқатпен  толық  үйлесім  таба  үндесіп  тұр:  «Біз  ортақ  тарихи   тағдыр
біріктірген  Қазақстан  халқы,  байырғы  қазақ  жерінде  мемлекеттілік  құра
отырып,  өзіміздің  егемендік  құқығымызды  негізге  ала  отырып,  Қазақстан
демократиялық мемлекетін құрамыз!»
    Республика қызметінің  түбегейлі  принциптері:  қоғамдық,  татулық  пен
саяси тұрақтылық;  бүкіл  халықтың  игілігін  көздейтін  экономикалық  даму;
қазақстандық  патриотизм;  мемлекет   өмірінің   аса   маңызды   мәселелерін
демократиялық  әдістермен,  оның  ішінде  републикалық  референдімда  немесе
Парламентте дауыс беру арқылы шешу.
    «Қазақстан Республикасы өзінің егемендігін, тәуелсіздігін қалыптастырып
дүниежүзілік қауымдастықты дамытуға, нығайтуға өз үлесін  қосуда.  Қазақстан
мемлекеті  халық  аралық  құқықтың  принциптері  мен  нормаларын   құрметтей
отырып, мемлекеттер арсында ынтымақтастық пен тату көршілік  қарым  –қатынас
жасау. Олардың теңдігі мен  бір – бірінің  ішкі  істеріне  араласпау,  халық
аралық дауларды бейбіт жолмен шешу саясатын жүргізеді, қарулы күшті  бірінші
болып қолданудан бас тартады», - деп Конституцияда көрсетілген.
Талқылау сұрақтары:
   1. Мемлекет және құқық теориясы пәніне жалпы сипаттама беріңіз.
   2. Мемлекет және құқық теориясы пән ретінде қай кезде дами бастады?
   3. Мемлекет және құқық теориясының атқаратын қызметтеріне тоқталыңыз?
   4. Мем лекет және құқық теориясының әдістері қандай?
Ұсынылған әдебиеттер:
   1. Ибраева  А.С.,  Ибраев  Н.С.  Теория  государства  и  права:  Учебное
      пособие.-Алматы, Жеты Жарғы, 2003.
   2. 11\-",';''
   3. Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық. Авторлар алқасы: Жоламанов  Ж.,
      Таукелов А.Н., Мұхтарова А.К., Алматы, 1998.
   4. Сапарғалиев Ғ. Ибраева А. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы,  Жеті
      Жарғы,1998.
2-ДӘРІС
МЕМЛЕКЕТ ҰҒЫМЫ, ОНЫҢ МӘНІ
Мақсаты:  Студенттерге мемлекет туралы, оның билік саласындағы  ерекше  ролі
туралы түсінік беру. Мемлекеттің негізгі  белгілері  арқылы   мәнін  анықтап
беру.
Жоспар:
   1. Мемлекеттiн түсінігі және белгiлерi.
   2. Мeмлекеттiк бuлiк әлеуметтiк бuлiктiң  ерекше  түpi  ретiиде.
   3. Мемлекеттiң мәні.

1. Мемлекеттiң  түciнiгi және белгiлерi.   Мемлекет  -  бұл  арнайы  баскару
және мәжбүрлеу аппараты бар, қоғамның өкiлi бола тұра  оны  6аскаратын  және
оның дамуын камтамасыз eтетін бұқаралық  билiктiң  саяси-аумактық   егемендi
  ұйымы.  Мемлекеттi  рулык   құрылымдағы   әлеуметтiк  билiктен  ажырататын
төмендегiдей белгiлерi болады:
   1. Бұқаралык 6илiктiң болуы. Мiндеттi  түрде  мемлекеттiң   басқару  және
      мәжбүрлеу аппараты   болуы   тиiс,  себебi,   бұқаралық  билік  -  бұл
      шенеунiктер, әскep, полиция, түрме  мен  басқа да мекемелер.
   2.  Аумақтык  бөлiнiс.   Мемлекет  өз  аумағында   өмip   сүрушi   барлық
      адамдарды өз билiгiмен  және  қорғау арқылы  бiрiктiредi.
   3. Салыктар жүйесi. Олар мемлекеттiк аппараттың  өмip  cүрyiн  қамтамасыз
      ету ушiн кажет.
   4. Егемендiк. Бұл мемлекетке тән өз аумағындағы  үстемдiк пен халыкаралык
       қатынастардағы  тәуелсiздiк.
   5. Құқықтың болуы. Мемлекет  құқыксыз  өмip  сүре  алмайды, себебі  құқық
      мемлекеттiк билiктi заңдастырады.
2. Мемлекеттiк билiк әлеуметтiк билiктiң ерекше түpi  ретінде.  Мемлекеттiк
билiкке сипаттама берместен бұрын әлеуметтік  билiкке  аныктама  берiп  алу
кажет. Әлеуметтiк билiк- бұл адамдардың  кез-келген бiрiгуiне тән  устемдiк
пен  багынушылык   қатынастары.  Бұл  кезде  бip    тұлғалардын   -   билiк
құрушылардың  еркі  мен  әрекеттерi  баска  тұлғалардын - бағынушылардың  –
epкі  мен  әрекеттерiне  үстемдiк   құpaды.  Әлеуметтiк  билiк   кез-келген
ұйымдacқaн, белгiлi бip дәрежеде тұрақты адамдар тобына  -  руға,  тайпаға,
отбасына, қоғамдык ұйымға, партияға, мемлекетке, қоғамғa және т.б. тән.
Мемлекеттiк билiк  әлеуметтiк билiктiң  ерекше  бiр  түpi  ретiнде  көрініс
табады.  Бұл  мемлекеттiк  мәжбүрлеуге  сүйенген,  субъектілер   арасындағы
үстемдiк  және бағынушылык сипаттағы бұқаралық-саяси қатынас.
Мемлекеттiк билiктiң ерекшелiктерi:
   1. Бұқаралық билiк. Ол бүкiл қоғамның, халықтың  атынан қызмет етедi және
      өз  қызметiнде  бұқаралық, негiзге – казына мүлкіне,  өз  кipicтеріне,
      салықтарға ие.
   2. Аппараттық билік. Ол аппаратка. мемлекетгiк органдар жүйесіне сүйенедi
      және олара арқылы жузеге асырылады.
   3. Заң  қолдайтын билік. Сол себептi. ол  аппарат  пен  заң  нормаларының
      көмегімен елдегi барлык халық үшiн мiндеттi  сипатты иеленеді.
   4. Егемендi билiк- ол кез-келген билiктен дербес  және  тәуелсiз.
   5. Заңдастырылған билiк. Яғни, ал заңды  негiздi  және   қоғамдык  тануды
      иеленген.
Мемлекетте енбек бөлiнiсi болған жағдайда  ғана, яғни, ерекше қызмет  түpiнe
негiзделген дербес  билiк  түрлерi  қалыпасқан  жағдайда  ғана,  мемлекеттiк
билiктiн тиiмдiлiгi артады.  Мұндай  билiктiң  үш  тypi  бар:  заң  шығарушы
билiк, атқарушы билiк  және сот билiгi.
3.  Мемлекеттiң  мәнi.   Мемлекеттiң   мәнін  түсіну   мемлекетжәне   құқық
теориясының  негiзгi мiндеттерiнiң  бiрi болып табылады. Мемлекеттiң мәні -
бұл онын-  мазмұнын, мақсаттарын, қызмет eтуін  анықтайтын  басты  қасиетi.
Мемлекеттiң мәнін  бұл   түсініктің  кен  және  тар  мағынасында  анықтауға
болады.
         Кең   мағынада  мемлекеттiң    әлеуметтiк   мәнін   билiктiк-саяси
ұйымдасқан қоғам,  құқықтық заңдарға бағынған көптеген  адамдар  бiрлестiгi
ретiнде  анықтауға  болады.   Мұндай   бiрлестiктердiн   тұтастығы   сәйкес
мемлекеттiк-құқықтық  институттар мен қатынастарда көрінic тапқан бұқаралык-
билiктiк құрылымдар негiзiнде калыптасады.
Тар  мағынада  мемлекеттiң   әлеуметтiк  табиғатын   қоғамнан  бөлектенген,
жекелеген  таптар мен   әлеуметтiк  топтардың  да,  қоғамның   да  мүддесiн
бiлдiрушi  әpi қорғаушы  басқару  аппараты,  бұқаралык  билiктiң  әр  түрлi
мекемелерiнiң  жүйесi ретiнде анықтайды.
              Жоғарыда   аталғандардың    негiзiнде,   мемлекеттiн     мәнін
қарастыруда екі аспектiнi ескерудiң маңызы зор:
            1) формальды - кез-келген  мемлекеттiң  саяси  билiктiң,   ұйымы
екендігі;
             2)  мазмұнды  -  осы   ұйымның    кімнің   мүдделерiне   кызмет
ететiндiгi.
             Мемлекеттiң   мәнiн  aнықтayдa  келесi  бағыттарды  атап  өтуге
болады:
    • таптық, бұған сәйкес мемлекеттi экономикалық, үстемдiк  құрушы  топтың
       саяси билiгiнiң ұйымы ретiнде анықтауға болады;
    •  жалпы   әлеуметтiк,  бұған   сәйкес  мемлекеттi  әртүрлi  таптар  мен
      әлеуметтiк топтардың мүдделерiн  ескеру үшiн  жағдай   жасайтын  саяси
      билiктiң ұйымы ретiнде анықтауға болады.

Сонымен, мемлекеттiн  мәнi  саяси  билiк  аппаратынын   көмегімен  қоғамның
тұтастығы және қалыпты қызмет eтуін  қамтамасыз етуден көрiнедi.
Талқылау сұрақтары:
     1. Мемлекеттің мәнін түсіндіріп беріңіз?
     2. Мемлекет  туралы анықтамаға  талдау жасаңыз.
     3. Мемлекеттің негізгі белгілерін атап беріңіз?
     4. Мемлекеттің қосымша белгілерін атаңыз.
     5. Мемлекеттік биліктің ерекшелігін  анықтап беріңіз.

Ұсынылған әдебиеттер:
   1. Ибраева А.С., Ибраев Н.С. Теория государства и права: Учебное пособие.-
      Алматы, Жеты Жарғы, 2003.
   2.  Сапаргалиев  Г.С.  Становление  конституционного   строя   Республики
      Казахстан. – Алматы, 1997.
   3. 11\-",';''
   4. Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық. Авторлар алқасы:  Жоламанов  Ж.,
      Таукелов А.Н., Мұхтарова А.К., Алматы, 1998.
   5. Сапарғалиев Ғ. Ибраева А. Мемлекет және құқық теориясы.  Алматы,  Жеті
      Жарғы,1998.
   6. Ашитов З.О.,Ашитов Б.З. Егемен Қазақстанның құқы. Оқу құралы.  Алматы:
      Жеті жарғы, 2000. – 266 б.
   7. Ашитов З.О.,Ашитов Б.З. Қазақстан   Республикасының  құқық  негіздері.
      Алматы: Жеті жарғы, 2000. - 256 б.
   8. Баққұлов С. Құқық негіздері. Оқулық. Алматы :2004.  – 248 б.
   9. Баянов Е. Мемлекет және құқық негіздері. Оқулық. Алматы:  Жеті  жарғы,
      2001. – 624 б.

3-ДӘРІС
МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІК
Мақсаты. Жалпы қоғам  жүйесіндегі  ең  күрделі  қызметтің  бірі  саяси  жүйе
атқаратын  болса  екіншісін  мемлекет  деген  үлкен  аппарат  атқарады   осы
мемлекеттің алатын орны мен ролін ашу және билік жүйесін анықтау.
Жоспар:
   1. Мемлекеттік биліктің  ұғымы және Қазақстан Республикасында
          оны ұйымдастырудың қағидаттары.
   2. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік органдарының
      жүйесі.
   3. Қазақстан Республикасының Президенті.
   4. Қазақстан Республикасының Парламенті.

1.  Мемлекеттік  биліктің   ұғымы  және   Қазақстан   Республикасында    оны
ұйымдастырудың қағидаттары. Мемлекеттік  билік  –  бұл  мемлекеттік-құқықтық
құралдар, әдістер мен  тәсілдер  жүйесі.  Осылардың  көмегімен  билік  етуші
субьектілердің   ерік-жігері   іске   асырылады   немесе   қоғам    өмірінің
экономикалық, әлеуметтік және рухани  салаларын  басқару  жүзеге  асырылады.
Билік мемлекеттік буындар жүйесі арқылы көрінеді. Мемлекет органы  дегеніміз
– белгіленген тәртіппен құрылған азаматтар ұжымы,  ол  біріңғай  мемлекеттік
аппараттың бөлігі болып табылады. Оған  мынадай  белгілер  тән:  бірінішден,
орган мемлекет орнатқан тәртіпте құрылады; екіншіден,  органға  мемлекет  өз
міндеттері мен қызметін жүзеге асыруы үшін уәкілеттік береді; бұл орайда  ол
жекелеген қызметті де, қызметтер жиынтығын да  орындауы  мүмкін;  үшіншіден,
органға  мемлекеттік  билік  берілген.  Ол   басқа   мемлекеттік   органдар,
лауазымды адамдар, азаматтар орындауға тиісті міндетті актілер шығара  алады
және өздері шығарған актілердің орындалуын қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары  мемлекеттік  қызметті  іске
асыру нысаны бойынша - өкілді,  атқарушы,  сот,  прокуратура  және  өзге  де
бақылаушы-қадағалаушы  органдарға  бөлінеді.  Бұл  органдар  заң   швғарушы,
атқарушы және сот билігіне бөлу қағидатына негіздлген;  дәрежесіне  қарай  –
орталық және жергілікті болып  жіктеледі,  өкілеттіктің  мерзімі  бойынша  –
тұрақты және уақытша;  құзыретін  жүзеге  асыру  тәртібі  бойынша  –  алқалы
(Парламент)  және  дара  (Президент)  басшылы;  қызметінің  құқылық   нысаны
бойынша – құқық шығарушы, құқық қолданушы және құқық  қорғаушы;  құзіретінің
сипатына қарай – жалпы (Үкімет) және арнаулы(министрліктер)  органдар  болып
бөлінеді.  Билікті  бөлу  қағидаты  Конституцияның   Президент   (ІІІбөлім),
Парламент(ІVбөлім), Үкімет(Vбөлім),  және  соттар  (VІ  бөлім)  мәртебелерін
белгілейтін нормаларда іске асырылып нақтыланған. Бұл қағидаттардың  мазмұны
олардың  өзара  іс-қимыл  жасау  қағидаттарына   сәйкес   жүзеге   асырылуын
білдіреді.
2.  Қазақстан  Республикасындағы  мемлекеттік  билік  органдарының   жүйесі.
Жоғары аталған өлшемдер негізінде  мемлекеттік  билік  органдарының  мынадай
төрт негізгі  түрі  ерекшеленеді:  Қазақстан  Республикасының  Үкіметі  және
Қазақстан Республикасы соттарының жүйесі.  Осы  органдардың  бәрі  жинақтала
келе Қазақстан Республикасындағы  мемлекеттік  билік  органдарының  біріңғай
жүйесін құрайды.
Қазақстан Республикасының Президенті – мемлекет басшысы, мемлекеттің  сыртқы
және  ішкі  саясатының  негізгі  бағыттарын  айқындайтын,  ел  ішінде   және
халықаралық қатынастарда  Қазақстанның  атынан  өкілдік  ететін  ең  жоғарғы
лауазымды тұлға. Республиканың Президенті  –  халық  пен  мемлекеттік  билік
бірлігін, Конституцияның мызғымастығының, адам  және  азамат  құқықтары  мен
бостандықтарының нышаны әрі кепілі.
Қазақстан Республикасының Парламенті – Қазақстан Республикасының заң  шығару
қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғарғы өкілді  органы.  Парламент
тұрақты негізде жұмыс істейтін  екі  Палатадан  –  Сенттан  және  Мәжілістен
тұрады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі – атқарушы биліктің маңызды тармағы  болып
табылады, атқарушы органдардың  жүйесін  басқарады  және  олардың  қызметіне
басшылық жасайды. Оны Қазақстан Республикасының Президенті құрады.
Сот  билігін  –  сотта  іс  жүргізудің  азаматтық,  қылмыстық  және   заңмен
белгіленген өзге де нысандары арқылы тек сот  қана  жүзеге  асырады.  Заңмен
құрылған Республиканың Жоғарғы соты және  Республиканың  жергілікті  соттары
Республиканың соттары болып табылады. Қандай да  бір  атаумен  арнаулы  және
төтенше соттар құруға жол берілмейді.
Судьялар сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және тек Конституция  мен
Заңға бағынады. Сот төрелігін іске асыру жөніндегі соттың  қызметіне  қандай
да болсын араласуға жол берілмейді.
3. Қазақстан Республикасының Президентi - мемлекеттiң  басшысы,  мемлекеттiң
iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттарын айқындайтын, ел  iшiнде  және
халықаралық  қатынастарда  Қазақстанның  атынан  өкiлдiк  ететiн  ең  жоғары
лауазымды тұлға. Республиканың Президентi  -  халық  пен  мемлекеттiк  билiк
бiрлiгiнiң, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат  құқықтары  мен
бостандықтарының  нышаны  әрi  кепiлi.  Республика  Президентi   мемлекеттiк
билiктiң барлық тармағының келiсiп жұмыс iстеуiн  және  өкiмет  органдарының
халық алдындағы жауапкершiлiгiн қамтамасыз етедi. Қазақстан  Республикасының
Президентiн конституциялық  заңға  сәйкес  жалпыға  бiрдей,  тең  және  төте
сайлау құқығы негiзiнде Республиканың кәмелетке  толған  азаматтары  жасырын
дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге  сайлайды.  Республика  Президентi  болып
тумысынан  Республика  азаматы   болып   табылатын   қырық   жасқа   толған,
мемлекеттiк тiлдi еркiн меңгерген әрi Қазақстанда  соңғы  он  бес  жыл  бойы
тұратын Республика азаматы сайлана алады. Республика  Президентiнiң  кезектi
сайлауы  желтоқсанның  бiрiншi  жексенбiсiнде  өткiзiледi  және  ол  мерзiмi
жағынан Республика Парламентiнiң жаңа құрамын сайлаумен  тұспа-тұс  келмеуге
тиiс.  Дауыс  беруге  қатысқан  сайлаушылардың  елу  процентiнен   астамының
дауысын алған кандидат сайланды деп есептеледi. Егер  кандидаттардың  бiрде-
бiрi көрсетiлген дауыс санын ала алмаса,  қайтадан  дауысқа  салынады,  оған
көп дауыс алған екi кандидат қатысады. Дауыс беруге қатысқан  сайлаушылардың
ең  көп  дауысын  алған  кандидат   сайланды   деп   есептеледi.   Қазақстан
Республикасының  Президентi  Қазақстан  халқына  ант  берген  сәттен  бастап
қызметiне кiрiседi. Республика Президентiнiң  өкiлеттiгi  жаңадан  сайланған
Республика Президентi қызметiне кiрiскен кезден бастап, сондай-ақ  Президент
қызметiнен мерзiмiнен  бұрын  босатылған  немесе  кетiрiлген  не  ол  қайтыс
болған жағдайда тоқтатылады.  Қазақстанның  Тұңғыш  Президентінің  мәртебесі
мен  өкілеттігі  Республика  Конституциясымен  және  конституциялық   заңмен
айқындалады. Қазақстан Республикасының Президентi  науқастануына  байланысты
өзiнiң  мiндеттерiн  жүзеге   асыруға   қабiлетсiздiгi   дендеген   жағдайда
қызметiнен  мерзiмiнен  бұрын  босатылуы  мүмкiн.   Республика   Президентiн
қызметiнен  кетiру  туралы  мәселе  ол   Республика   Парламентiнiң   немесе
Парламент Мәжілісінің өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын  тоқтату  жөнiнде  мәселе
қарап  жатқан  кезде  қозғалмайды.  Қазақстан   Республикасының   Президентi
қызметiнен мерзiмiнен бұрын  босаған  немесе  кетiрiлген,  сондай-ақ  қайтыс
болған  жағдайда  Республика  Президентiнiң   өкiлеттiгi   қалған   мерзiмге
Парламент Сенатының Төрағасына көшедi;  Сенат  Төрағасының  өзiне  Президент
өкiлеттiгiн  қабылдауы  мүмкiн  болмаған  ретте  ол  Парламент   Мәжiлiсiнiң
Төрағасына  көшедi;  Мәжiлiс   Төрағасының   өзiне   Президент   өкiлеттiгiн
қабылдауы мүмкiн болмаған ретте ол Республиканың Премьер-Министрiне  көшедi.

4.   Қазақстан   Республикасының   Парламенті.   Парламент    -    Қазақстан
Республикасының заң шығару қызметiн жүзеге асыратын Республиканың ең  жоғары
өкiлдi органы. Парламенттiң өкiлеттiгi оның бiрiншi сессиясы ашылған  сәттен
басталып, жаңадан сайланған Парламенттiң бiрiншi сессиясы  жұмысқа  кiрiскен
кезден аяқталады. Парламенттiң  өкiлеттiгi  Конституцияда  көзделген  реттер
мен тәртiп бойынша мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн.
Парламенттiң  ұйымдастырылуы  мен  қызметi,  оның  депутаттарының   құқықтық
жағдайы конституциялық заңмен белгiленедi.
Парламент тұрақты  негiзде  жұмыс  iстейтiн  екi  Палатадан:  Сенаттан  және
Мәжiлiстен тұрады.  Сенат  конституциялық  заңда  белгіленген  тәртіппен  әр
облыстан, республикалық маңызы бар қаладан  және  Қазақстан  Республикасының
астанасынан екі  адамнан  өкілдік  ететін  депутаттардан  құралады.  Сенатта
қоғамның  ұлттық-мәдени  және  өзге  де  елеулі   мүдделерінің   білдірілуін
қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріліп, Сенаттың он бес  депутатын  Республика
Президенті тағайындайды. Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген  тәртіппен
сайланатын жүз жеті депутаттан тұрады. Парламент депутаты бiр  мезгiлде  екi
Палатаға бiрдей мүше бола алмайды. Сенат депутаттарының өкiлеттiк мерзiмi  -
алты жыл, Мәжiлiс депутаттарының өкiлеттiк мерзiмi  -  бес  жыл.  Мәжілістің
тоқсан сегіз депутатын сайлау жалпыға бірдей, тең және  төте  сайлау  құқығы
негізінде жасырын дауыс  беру  арқылы  жүзеге  асырылады.  Мәжілістің  тоғыз
депутатын  Қазақстан  халқы  Ассамблеясы  сайлайды.  Мәжіліс  депутаттарының
кезекті сайлауы Парламенттің  жұмыс  істеп  тұрған  сайланымы  өкілеттігінің
мерзімі аяқталардан кемінде екі ай бұрын өткізіледі.
Сенат депутаттары жанама сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру  жолымен
сайланады. Сайланған Сенат депутаттарының жартысы әрбiр үш жыл  сайын  қайта
сайланып отырады. Бұл орайда  олардың  кезектi  сайлауы  бұлардың  өкiлеттiк
мерзiмi аяқталғанға дейiнгi екi айдан  кешiктiрiлмей  өткізiледi.  Парламент
немесе Парламент  Мәжілісі  депутаттарының  кезектен  тыс  сайлауы  тиісінше
Парламент  немесе  Парламент   Мәжілісінің   өкілеттігі   мерзімінен   бұрын
тоқтатылған   күннен   бастап   екі   ай   ішінде   өткізіледі.    Қазақстан
Республикасының азаматтығында тұратын және оның  аумағында  соңғы  он  жылда
тұрақты тұрып  жатқан  адам  Парламент  депутаты  бола  алады.  Жасы  отызға
толған,  жоғары  білімі  және  кемінде  бес  жыл  жұмыс  стажы  бар,  тиісті
облыстың,  республикалық  маңызы  бар  қаланың  не  Республика   астанасының
аумағында кемінде үш жыл тұрақты  тұрып  жатқан  адам  Сенат  депутаты  бола
алады. Жасы жиырма беске толған адам Мәжіліс депутаты бола алады.  Парламент
депутатын оның өкiлеттiк мерзiмi iшiнде тұтқынға алуға, күштеп әкелуге,  сот
тәртiбiмен  белгiленетiн  әкiмшiлiк  жазалау  шараларын  қолдануға,   қылмыс
үстiнде ұсталған немесе ауыр  қылмыс  жасаған  реттердi  қоспағанда,  тиiстi
Палатаның  келiсiмiнсiз  қылмыстық  жауапқа  тартуға   болмайды.   Парламент
депутатының өкілеттігі  орнынан  түскен,  ол  қайтыс  болған,  соттың  заңды
күшіне енген шешімі бойынша депутат іс-әрекетке  қабілетсіз,  қайтыс  болған
немесе  хабарсыз  кеткен  деп  танылған  жағдайларда  және  Конституция  мен
конституциялық заңда көзделген өзге де  жағдайларда  тоқтатылады.  Парламент
депутаты: ол Қазақстаннан тысқары жерге тұрақты тұруға кеткен; оған  қатысты
соттың  айыптау  үкімі  заңды  күшіне   енген;   Қазақстан   Республикасының
азаматтығын жоғалтқан кезде өз  мандатынан  айырылады.  Парламент  Сенатының
тағайындалған  депутаттарының  өкілеттігі  Республика  Президентінің  шешімі
бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.
Палаталардың  бірлескен   отырысында   Парламент:   Қазақстан   Республикасы
Президентінің ұсынысы  бойынша  Конституцияға  өзгерістер  мен  толықтырулар
енгізеді;Үкімет пен Республикалық  бюджеттің  атқарылуын  бақылау  жөніндегі
есеп  комитетінің  республикалық  бюджеттің   атқарылуы   туралы   есептерін
бекітеді.  Үкіметтің  республикалық  бюджеттің   атқарылуы   туралы   есебін
Парламенттің  бекітпеуі  Парламенттің   Үкіметке   сенімсіздік   білдіргенін
көрсетеді; Президентке оның бастамасы бойынша әр  Палата  депутаттары  жалпы
санының үштен екісінің даусымен бір  жылдан  аспайтын  мерзімге  заң  шығару
өкілеттігін беруге хақылы; соғыс және бітім мәселелерін  шешеді;  Республика
Президентінің  ұсынысы  бойынша   бейбітшілік   пен   қауіпсіздікті   сақтау
жөніндегі халықаралық  міндеттемелерді  орындау  үшін  Республиканың  Қарулы
Күштерін  пайдалану  туралы  шешім   қабылдайды;   Конституциялық   Кеңестің
Республикадағы  конституциялық  заңдылықтың  жай-күйі  туралы  жыл   сайынғы
жолдауын  тыңдайды;палаталардың  бірлескен  комиссияларын  құрады,   олардың
төрағаларын сайлайды және қызметтен босатады, комиссиялардың қызметі  туралы
есептерді тыңдайды; Парламентке Конституция жүктеген өзге де  өкілеттіктерді
жүзеге асырады. Парламент палаталардың бөлек отырысында мәселелерді әуелі  -
Мәжілісте, ал содан кейін Сенатта өз кезегімен қарау  арқылы  конституциялық
заңдар мен заңдар қабылдайды, оның ішінде: республикалық бюджетті  бекітеді,
оған  өзгерістер  мен   толықтырулар   енгізеді;мемлекеттік   салықтар   мен
алымдарды белгілейді және  оларды  алып  тастайды;  Қазақстанның  әкімшілік-
аумақтық  құрылысы  мәселелерін  шешу   тәртібін   белгілейді;   мемлекеттік
наградаларды тағайындайды,  Республиканың  құрметті,  әскери  және  өзге  де
атақтарын,  сыныптық   шендерін,   дипломатиялық   дәрежелерін   белгілейді,
Республиканың мемлекеттік  рәміздерін  айқындайды.Республиканың  халықаралық
шарттарын ратификациялайды және олардың күшін жояды. Егер Мәжіліс пен  Сенат
әр Палата депутаттарының жалпы санының үштен  екі  көпшілік  даусымен  бұрын
қабылданған шешімді растайтын болса,  Президент  бір  ай  ішінде  заңға  қол
қояды. Егер Президенттің қарсылығын ең болмаса палаталардың бірі  еңсермесе,
заң  қабылданбайды  немесе  Президент  ұсынған  редакцияда  қабылданды   деп
есептеледі.   Парламент   қабылдаған   конституциялық   заңдарға    Мемлекет
басшысының қарсылығы осы тармақшада көзделген тәртіппен қаралады. Бұл  ретте
Парламент  Президенттің  конституциялық  заңдарға   қарсылығын   әр   Палата
депутаттарының жалпы санының кемінде төрттен үшінің даусымен еңсереді.
Сенаттың   ерекше   қарауына   мыналар   жатады:   Қазақстан    Республикасы
Президентiнiң  ұсынуымен  Республиканың  Жоғарғы  Сотының   Төрағасын   және
Жоғарғы Сотының судьяларын сайлау мен  қызметтен  босату,  олардың  анттарын
қабылдау; Республика Президентінің  Республика  Ұлттық  Банкінің  Төрағасын,
Бас прокурорын және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің  Төрағасын  тағайындауына
келісім беру; Республиканың Бас Прокурорын,  Жоғарғы  Сотының  Төрағасы  мен
судьяларын оларға ешкiмнiң тиiспеуi жөнiндегi  құқығынан  айыру;  Мәжілістің
өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты, ол уақытша  болмаған
кезеңде Республика Парламентінің конституциялық заңдар мен  заңдар  қабылдау
жөніндегі функцияларын орындау; Конституциямен Парламент Сенатына  жүктелген
өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Мәжілістің  ерекше   қарауына   мыналар   жатады:   Парламентке   енгізілген
конституциялық заңдар мен заңдардың  жобаларын  қарауға  қабылдау  және  осы
жобаларды  қарау;Палата  депутаттарының  жалпы  санының  көпшілік   даусымен
Республика Президентіне Республика  Премьер-Министрін  тағайындауға  келісім
беру;Республика  Президентінің  кезекті   сайлауын   хабарлау;Конституциямен
Парламент Мәжілісіне жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.  Мәжіліс
депутаттарының  жалпы  санының  көпшілік  даусымен,  Мәжіліс  депутаттарының
жалпы санының кемінде бестен  бірінің  бастамасы  бойынша  Мәжіліс  Үкіметке
сенімсіздік  білдіруге  хақылы.  Мәжiлiс  Төрағасы:  Парламент   сессияларын
ашады;
Палаталардың кезектi бiрлескен отырыстарын  шақырады,  Палаталардың  кезектi
және кезектен  тыс  бiрлескен  отырыстарына  төрағалық  етедi.  Палаталардың
төрағалары өз құзыретiндегi мәселелер бойынша  өкiмдер  шығарады.  Парламент
сессиясы  оның  Палаталарының  бiрлескен  және  бөлек   отырыстары   түрiнде
өткiзiледi.

Талқылау сұрақтары:
   1. Мемлекеттік билік ұғымына сипаттама беріңіз?
   2. ҚР мемлекеттік билік органдарын атаңыз?
   3. Биліктің бөліну принипін дегеніміз не?
   4.  ҚР  Конституциясы  бойынша   ҚР   Президенті   және   ҚР   Парламенті
      құзіреттілігін атаңыз?

Ұсынылған әдебиеттер:
1. Сапарғалиев Ғ. Қазақстан  Республикасының конституциялық құқығы.  Алматы:
   Жеті жарғы, 2003. – 480б.
2. Мемлекет және құқық теориясы.  Оқулық.  Авторлар  алқасы:  Жоламанов  Ж.,
   Таукелов А.Н., Мұхтарова А.К., Алматы, 1998.
3. Сапарғалиев Ғ. Ибраева А. Мемлекет  және  құқық  теориясы.  Алматы,  Жеті
   Жарғы,1998.
4. Венгеров А.Б. Теория государства и права. М.: 1998.
5. Канаров С.А. Общая теория государства и права. М.: 1997.

4-ДӘРІС
 МЕМЛЕКЕТ ТҰРПАТЫ (НЫСАНЫ)
Мақсаты:  Мемлекеттің құрылысы, басқаруы, саяси режим   туралы  студенттерге
толық мағлұмат беру.
Жоспар:
   1. Мемлекет нысанының түсінігі.Басқару нысаны.
   2. Мемлекеттік құрылым нысаны.
   3. Саяси  режим.

1.  Мемлекет нысанының түсінігі. Мемлекет нысаны  -  бұл  қоғамның  басқару,
мемлекеттік  кұрылым  және  саяси  режим  нысандарынан  құралған  кұрылымдық
ұйымдастырылуы. Басқару нысаны  -  бұл  мемлекеттік  биліктің  жоғары  орган
дарының өкілеттіктерінің өзара қатынасы, олардың құрамы мен құрылу  тәртібі.
Басқару нысаны жоғары  билікті  жалғыз  адамнын  немесе  сайланбалы  алқалық
органның жүзеге асыруына байланысты ерекшеленеді. Осыған сәйкес,  баскарудың
негізгі түрлері болып монархия мен республика  болып табылады.
      Монархия - бұл жоғары мемлекеттік биліктің бір тұлғада ғана, монархта,
болуымен сипатталатын баскару  нысаны.  Монарх  билікті  мұрагерлік  бойынша
өмір бойы  иеленеді.
Егер монарх мемлекеттік биліктің жалғыз органы болып табылса,  бұл  монархия
шектелмеген деп аталады, ал жоғарғы билік  монарх  пен  баска  бір  органның
арасында  бөлінсе,   бұл   монархия   шектелген   деп   аталады.   Шектелген
монархиялар, өз кезегіңде, өкілдік  (дуалистік)  және  парламентарлық  болып
екіге бөлінеді. Өкілдік монархияда монарх атқарушылык билікті  жүзеге  асыра
алады. ол үкіметті құру,  министрлерді  тағайындау,  вето  және  парламентті
тарату  құкықтарын  иеленеді.  Ал  парламен  тарлық   монархияда   монархтың
құқыктык  жағдайы  әлдеқайда  шек   телген   болады.   монарх   тағайындаған
министрлер парламенттің сенімсіздік  вотумына  тәуелді  болады  және  монарх
заңда көзделген жекелеген жағдайларда ғана парламентті тарата алады.
      Республика - жоғары мемлекеттік билік белгілі бір мерзімге  сайланатын
 сайланбалы  органға  тиесілі   басқару   нысаны.   Халықтың  қай  бөлігінің
мемлекеттік биліктің жоғары органдарын сайлауға катыса алатынына  байланысты
республика аристократиялық және демократиялық болып екіге бөлінеді.
Демократиялық мемлекеттер, өз кезегінде, төмендегідей  түр  лерге  бөлінеді:
1) парламентгік, бұл  мемлекетте  саяси  өмірдегі  ,  шешуші  рөл  парламент
сайлаган  үкіметке  тиесілі  болады;  2)  пре  зиденттік,   бұл   мемлекетте
сайланған ел басшысы үкіметтің де басшысы болып табылады,  сол  себепті,  ол
үкімет мүшелерін тағайындайды және оларды кызметінен  босатады;  3)  аралас,
бұл мемлекетте үкіметті президент пен парламент бірлесе отырып құрайды.
2.Мемлекеттік құрылым нысаны -  бұл  мемлекеттің  аумақтық  құрылымы.   онын
құрамдас  бөліктерінің  және осы   бөліктердің әрбірінің мемлекетпен  қарым-
катынасының сипаты.  Барлық  мем  лекеттер  өздерінің  мемлекеттік  құрылымы
бойынша жай және күрделі болып екіге бөлінеді.
Жай немесе біртұтас мемлекет - бұл өз  ішінде  бөлінбейтін  тұтас  мемлекет,
оның өз  ішінде  дербес  мемлекеттік  құрылымдар  болмайды.  Бұл  мемлекетке
жоғары органдардың біртұтас  жүйесі,  заңнаманын  ортақ  жүйесі,  ортақ  сот
жүйесі,  ортақ  азаматтығы  мен  салықтардың  бір  каналды  жүйесі   болады.

      Күрделі мемлекет - бұл белгілі бір дәрежедегі дербестікке ие жекелеген
мемлекеттік құрылымдардан құралған мемлекет. Күрделі
 мемлекеттерге империялар,федерациялар,  конфедерациялар,  достастықтар  мен
одактастықтар   жатады.   Империялар   күштеу   арқылы   құрылатын   күрделі
мемлекеттер,  бұларда  кұрамдас  бөліктердің  жоғары  билікке   бағыныстылық
деңгейі әр түрлі болған. Империялардың басты ерекшелігі -  олардың  кұрамдас
бөліктерінін ешқашан ортак мемлекеттік құкықтық мәр тебесі болмаған.
      Конфедерация империяға Карағанда ерікті негізде  құрылады.  Бұл  нақты
бір  тарихи  кезең  шегінде  белгілі  бір  мақсаттарға  жету  үшін  құрылған
мемлекеттердің уақытша одағы. Конфедерацияны кұ.раған  егеменді  мемлекеттер
халықаралык құқықтык қатынастар субъектісі  болып  кала  береді,  оларда  өз
азаматтығы, билік, басқару және сот әділдігі органдарының жүйесі болады.
      Федерация - бұл күрделі, одактас мемлекет, оның бөліктері  мемлекеттік
кұрылымдар  болып  табылады  және  және  белгілі  бір  дәрежеде  мемлекеттік
егемендікке  ие  болады;  федерацияда  жоғар  ғы  федералдык  органдар   мен
федералдық заңнамамен катар федерация субъектілерінің жоғарғы органдары  мен
заңнамасы да болады;  федерацияда  салықтың  екі  каналды  жүйесі  пайдаланы
лады, оның белгілерінің бірі  болып  қос  азаматтық  табылады.  Федерациялар
аумақтық немесе ұлттық-мемлекеттік кағида бойынша құрылуы мүмкін.
      Достастық  -  бұл  ортақ  белгілермен.  Біртектіліктің   белгілі   бір
деңгейімен сипатталатын мемлекеттердің ұйымдастырушылық  бірлестігі.  Оларды
біріктіретін  белгілер  экономикаға,  құқыкқа,  тілге,   мәдениетке,   дінге
қатысты болуы  мүмкін.  Достастықтың  мүшелері  -  бұл  толығымен  тәуелсіз,
егеменді мемлекеттер, халық аралык катынастардың субъектілері.
Одақтастык  -  бұл  қоғамды  мемлекеттік  ұйымдастырудағы  ауыспалы   нысан.
Одактастықтын  негізінде  көп  жағдайда  мемлекет-аралық  шарт  болады.   Ол
одактастыққа  кіретін  мемлекеттердің  интеграциялык  байланыстарын  күшейте
түседі және оларды конфедеративтік бірлестікке карай итермелейді.
3.Саяси режим -  бұл  мемлекеттік  билікті  жүзеге  асыруға  жәр  демдесетін
тәсілдер  мен  әдістер.  Мемлекеттік  биліктегі  тәсілдер   мен   әдістердің
жиынтығына карай екі түрлі режимді бөліп  атауға  болады,демократиялык  және
антидемократиялық режимдер.
Демократиялық режимнің белгілері:
    - халық  мемлекеттік  билікті  жүзеге  асыруға  тікелей  (азамат  тардын
      референдумға қатысуы) және  өкілдік  (халықтың  билікті  өзі  сайлаған
      өкілдік органдар аркылы жүзеге асыруы) демократия арқылы қатысады;
    - шешімді көпшілік азшылықтың мүдделерін ескере отырып қабылдайды;
    -   мемлекеттік   биліктін   орталык   және   жергілікті    органдарының
      сайланбалылығы және ауыспалылығы. олардың  сайлаушыларға  есеп  беруі,
      жариялылық;
    - сендіру, келісу, келісімге келу әдістері жиі қолданылады;
    - қоғамдык өмірдің барлык салаларындағы занның үстемдігі;
    - адам мен азаматтың кұқыктары мен бостандыктары жария ланады  және  шын
      мәнінде қамтамасыз етіледі:
    - саяси плюрализм, соның ішінде көп партиялылық;
    - биліктің тармақтарға  бөлінуі  және  т.б.  Антидемократиялық  режимнің
      бірнеше түрі болады: тирания,
    -  деспотизм,   фашизм,   тоталитарлық   және   авторитарлык   режимдер.
      Антидемократиялық режимге мына белгілер тән:
1) бір саяси партияның үстемдігі;
2) бір ресми идеологияның болуы:
3) бір меншік турінің болуы.
4) саяси құкықтар мен бостандыктарды жоққа шығару;
5) қоғамның сословиелік, касталык және т.б. белгілер бойынша бөлінуі;
6) халыктың төмен экономикалык деңгейі,
7) мәжбүрлеу мен жазалау шараларының үстемдігі;
8) сыртқы саясаттағы агрессиялык сипаттағы әрекеттер және т.б.
Талқылау сұрақтары:
     1. Мемлекеттің нысанын атаңыз?
     2. Мемлекеттің құрылым нысаны не?
     3. Мемлекеттің басқару нысанына сипаттама беріңіз?
     4. Саяси режим ұғымын түсіндіріңіз.
Ұсынылған әдебиеттер:
   1. Ибраева А.С., Ибраев Н.С. Теория государства и права: Учебное пособие.-
      Алматы, Жеты Жарғы, 2003.
   2. 11\-",';''
   3. Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық. Авторлар алқасы:  Жоламанов  Ж.,
      Таукелов А.Н., Мұхтарова А.К., Алматы, 1998.
   4. Сапарғалиев Ғ. Ибраева А. Мемлекет және құқық теориясы.  Алматы,  Жеті
      Жарғы,1998.


5-ДӘРІС
МЕМЛЕКЕТТІК АППАРАТ (МЕХАНИЗМ)
Мақсаты:  Мемлекеттік аппарат және мемлекеттің механизмі ұғымдарын
түсіндіру. Қазақстан Республикасының  мемлекеттік аппараты туралы  мағлұмат
беру.
Жоспар:
  1.Мемлекеттік аппараттың түсінігі мен мазмұны
 2.Мемлекеттік органдардың түрлері және қызметі
1.Мемлекеттік аппараттың түсінігі мен мазмұны.  Мемлекеттік  аппарат-қоғамды
басқару үшін арнаулы құрылған мемлекет органдарының  біртұтас  жүйесі,  оның
нышандары: мемлекет қоғамды басқаратын және тек қана қызметпен  шұғылданатын
адамдардан тұрады;  мемлекеттік  аппарат  мекеме  мен  органдардың  байланыс
жүйесі; мемлекет органдарының  қызметі  ұйымдастырушылық,  материалдық  және
әкімшілік   кепілділіктерімен   қамсыздандырылады;    мемлекеттік    аппарат
азаматтардың заңды мүдделер мен құқықтарын қорғау үшін  құрылады.  Қазақстан
Ресупбликасы «Мемлекеттік қызмет туралы» заңның екінші  бабында  мемлекеттік
қызмет-азаматтырдың   мемлекеттік   органдар   мен    олардың    аппаратында
конституциялық негізде жүзеге асырылатын және мемлекеттік басқарудың  жүзеге
асыруға, мемлекеттің  өзге  де  міндеттері  мен  функцияларын  іске  асыруға
бағытталған кәсіби қызмет.
      Мемлекеттік аппараттың ерекше ішкі құрылысы  бар:  олардың  арасындағы
қатынастар бір жүзеге біріктіріледі. Бұл  жүйенің негізін  экономика,  саяси
қарым-қатынастар, сана-сезім құрады. Осы жүйеде әрбір органның өзінің  орны,
бір-бірімен қарым-қатынастары, қызметінің негізгі  принциптері  көрсетіледі.
Дамудың әрбір кезінде мемлекеттік органдардың орындайтын  қызмет  бабы  және
істері өзгеріп отырады. Шығыс мемлекеттерде бүкіл  аппаратты  бір  орталыққа
бағындыратын-патшаның  билігі  орнаған  Парламенттік  республикада   негізгі
функциялары  парламенттің  қолында  болады.   Мемлекеттік  аппарат  дамуының
объективтік    бағыттары    байқалады:    бюрократизация,    дифференциация,
профессионализмнің өсуі. Мемлекеттің  әрбір  типіне  мемлекеттік  аппараттың
ерекше  нышандары сәкес келеді.  Мемлекеттік  қызмет-конституциялық  негізде
баянды етілетін азаматтардың мемлекеттік  органдар  мен  оның  аппаратындағы
мемлекеттік  басқаруды,  басқа  да  мемлекеттік  міндеттер  мен  қызметтерді
атқаруды жүзеге асыратын кәсіптік қызметі.
      Қазіргі   мемлекеттік   аппараттың   қызметі   мынадай   принциптермен
реттеледі: мемлекет аппаратының ішкі құрылысы  жәене  құзыретінің  нәтижелі.
Тиімді болуы.
      Ол  үшін  оның   қызметі   демократиялық,   Конституциялық,   заңдылық
принциптерге   сәйкес   болуға   тиіс.   Мемлекеттің   лауазымды   адамдары,
қызметкерлері  нормаларды   жоғары   этикалық   дәрежеде   орындауы   қажет.
Мемлекеттік аппарат халықтың мүддесін қорғап, соны  іске  асыруға  міндетті.
Халықтың  мемлекетті  басқару  процесіне  қатысудың  демократиялық  жолдары,
олардың сайлауға қатысуы, халықтың өкілдері  мемлекеттік  аппаратты  құрады,
азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына мемлекет кепілдік  береді.  Халық
мемлекеттік аппараттың қызметіне көмек беру үшін қоғамдық ұйымдарды  құрады.
Олар   мемлекеттік   аппаратпен   байланысатын   саяси    жүйені    құрайды.
Конституцияның 33 бабында «Азаматтардың  тікелей  және  өз  өкілдері  арқылы
мемлекеттің өкілдік,  атқарушы  және  сот  органдарының  құрылуы  мен  жұмыс
істеуі жөніндегі әрекетін жүзеге асыру мүмкіндігі.
      Мемлекеттік қызметтің принциптері: заңдылық;  мемлекеттік биліктің заң
шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлінуіне  қарамастан,  мемлекеттік
қызмет жүйесінің біртұтастығы: азаматтардың құқықтарының, бостандықтары  мен
заңды мүдделерінің мемлекет мүдделері алдында басымдығы, мемлекет  қызметіне
кіруге,  қатысуға  еріктілігі;   өз   өкілеттері   шегінде   жоғары   тұрған
мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар  қабылдаған  шешімдердің  төменгі
мемлекеттік   органдар   қызметшілерінің   орындауы    үшін    міндеттілігі;
мемлекеттік қызметкерлердің кәсіпқойлығы мен жоғары біліктілігі.
      Биліктің  бөліну  принциптері.   Қазақстанның   біртұтас   мемлекеттік
билігінің тармақтарға  бөліну  принципі  Конституцияда  белгіленген  негізгі
принциптердің біреуі ғана емес,  ең  күрделісі.  Республикадағы  мемлекеттік
билік біртұтас, өйткені бірден-бір бастауы-Қазақстан халқы және  мемлекеттің
егемендігі  бөлінбейді.  Бұл  билік  өзінің  бөліну  принципіне  сәйкес  заң
шығарушы, атқарушы  және  сот  жүйесіне  бөлінеді  және  биліктер  бір-бірін
шектейді.
      Мемлекет аппараты өз  қызметін  ашық  және  жариялық  істеуге  тиісті.
Мемлекеттік   органдардың   қызметтерінің   кәсіпшілігі,   тәжірибесі   және
хабардардығы  өте  жоғары  болуға   тиісті.   Мемлекеттік   аппарат   өзінің
қызметінде бар заңдардың талабын мүлтіксіз орындауға тиісті.
      Мемлекет аппаратының ішкі  құрылысы-ақатаң  тәртіпті,  субординацияны,
олардың  бір-бірімен  байланысын  жақсарту.  Мемлекеттік  аппарат   біртұтас
күрделі жүйе, ол бірнеше салаларға бөлінеді: заң  шығару,  атқару  және  сот
жүйелері;  құқықты  қорғау  және  қарулы  күштер  жүйесі.  Бұл  мекемелердің
алдында  тұрған  мақсаттары,  ішкі   құрылыстары,   құзыреті,   қолданылатын
әдістері мен принциптері.  Оларды  біріктіріп,  қызметтерін  жақсы  атқаруға
жағдай қалыптасады.
      Сонымен мемлекеттік аппарат-алдында тұрған  ерекше  мақсаты  бар  және
соны  орындау  үшін  құзыреті  бар   мемлекеттік   аппараттың   бір   буыны.
Мемлекеттік   аппараттың   құрылуы   мен   қызметі,   негізгі   өкілеттілігі
Конституцияда және конституциялық актілерде  көрсетіледі.  Әрбір  мемлекетік
аппарат өз қызметін мемлекеттік, материалдық, ұйымдық  және  зорлау  күшімен
қорғайды.  Мемлекеттік  аппарат  мемлекеттің  атынан  функцияларын  атқарды,
әрқайсысының  алдында  тұрған  мақсаттары  заңда  анық  белгіленген.   Басқа
мемлекеттік  органдарымен  қалай  қатынасатыны,  ішкі   құрылысы,   құзыреті
белгіленген. Мемлекеттік аппараттың негізгі нышаны оның мемлекеттік  билігі.
Бұл мемлекеттік билікті  былай  түсінуге  болады:  олар  мемлекеттің  атынан
барлық  субъектілерге  міндетті  нормативтік  актілерді   шығарады,   немесе
құқықтық, нормалардың орындалуын тексереді, ал кейбір кезде  жазаға  тартуға
құқығы  бар.  Мемлекеттік  заңдарға  сәйкес   мемлекеттің   міндеттері   мен
функцияларын іске асыру мақсатында  мемлекеттік аппарат  өкілеттікті  жүзеге
асыратын толып жатқан қызметтер атқарады.
        Мемлекеттік  аппараттың  қызметкерлерінің  негізгі   міндеттері   ҚР
Конституциясы мен  заңдарын, азаматтар  мен  заңды  тұлғалардың  құқықтарын,
бостандықтары  мен  заңды  мүдделерін  қорғауды  қамтамасыз  ету,   заңдарда
белгіленген  тәптіп  пен  азаматтардың  өтініштерін  қарауға,  олар  жөнінде
қажетті шаралар қолдануға; өздеріне берілген  құқықтар  шегінде  және  заңды
міндеттерге  сәйкес  өкілеттерді  жүзеге  асыруға;  мемлекеттік  және  еңбек
тәртібін сақтауға; өздерінен жоғары басшылардың  бұйрықтары  мен  өкімдерін,
шығарылған шешімдері мен  нұсқаларын  орындауға;  өз  өкілеттігінің  шегінде
мәселелерді қарауға және  солар  бойынша  шешімдер  қабылдауға,  белгіленген
тәртіппен  лауазымдық  міндеттерін   атқару   үшін   қажетті   ақпарат   пен
материалдарды алуға құқықтары бар.
2.  Мемлекеттік  органдардың  түрлері  және   қызметі.Мемлекеттік   органдар
бірнеше топқа бөлінеді,  сондай-ақ  атқарылатын  қызметтеріне  сәйкес  жүйе-
жүйеге, сала-салаға жіктеледі. Мемлекеттік органдар өкілеттігінің  шеңберіне
қарай үш топқа бөлінеді:
   1) Мемлекеттік билік органдары: Парламент, Президен және Мәслихаттар;  2)
      Мемлекеттік атқару  органдары:  үкімет,  министрліктер,  ведомстволар,
      жергілікті басқару органдары, әкімдер. Мемлекеттік органдарының құрылу
      тәртібі мен алдына қойылған мақсаттары. Мемлекеттік органдар үш  топқа
      бөлінеді: өкілетті органдар, атқару органдары және  сот  немесе  құқық
      қорғау органдары.
      Республика Президенті мемлекеттік аппаратта   еркеше  орын  алады,  ол
үшін биліктің біріне де жатпайды. Ол  мемлекет билігінің  барлық  тармағының
келісіп   жұмыс   істеуін   және   өкімет   органдарының   халық   алдындағы
жауапкершілігін    қамтамасыз    етеді.    Президент-мемлекеттің    басшысы,
мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын  айқындайтын,  ел
ішінде және халықаралық  қатынастарда  Қазақстанның  атынан  өкілдік  ететін
жоғарғы лауазымды тұлға. Президент халық пен имемлекеттік билік  бірлігінің,
Конституцияның    имызғымастығының   адам   және   азамат   құқықтары    мен
бостандықтарының нышаны, әрі кепілі.
      Өкілетті  органдар.  Жоғарғы  өкілетті  органдарды   халық   сайлайды.
Парламент-заң шығару функциясын жүзеге  асыратын  Республиканың  ең  жоғарғы
өкілді органы. Оның өкілетті мерзімі-төрт жыл.   Парламент  тұрақты  негізде
жұмыс  істейтін  екі  палатадан:  Сенат  және   Мәжілістен   тұрады.   Сенат
облыстардан, республикалық маңызы бар қаладан және астанасынан  екі  адамнан
тиісінше  барлық  өкілдік  органдары   депутаттарының  бірлескен  отырысында
сайланатын  депутаттардан  тұрады.  7  депутатты   Президент   тағайындайды.
Мәжіліс Республиканың әкімшілік-аумақтық бөлінісі ескеріле отырып  құрылатын
және сайлаушылар саны шамамен тең бір  мандатты  аумақтық  сайлау  округтері
бойынша  сайланатын  67  депутаттардан  тұрады.  Негізінде  заң  шығару  тек
Парламенттің құзыреті, бірақ  кейде  басқа  жоғарғы  органдар  осы   жұмысқа
кіріседі. Парламент кейбір заңдарды  қабылдау  құқығын  Президентке  береді,
оны делегаттылық заңдылық деп атайды.   Қазақстан  тарихында  екі  палаталық
парламент  1995  жылғы  Конституциясында  жарияланған.    Бұл   Парламенттің
қабылданған заңдарының, сапасын көтеруге, парламентті бірнеше  тұрақты  және
орнықты органға айналдыру үшін қолданған шара.  Қазақстанның  сайлау  жүйесі
мажоритарлық типке  жатады,  сайлауға  көп  саяси  партиялар  қатысады.  Бұл
палатаға   сайланған   депутаттар   25   жасқа   толуы   керек.    Қазақстан
Парламентінің ерекшелігін жоғарғы палатасының құрылуы және оның қызмет  бабы
көрсетеді. Депутаттардың бір жартысы  екі  жылға,  ал  екінші  жартысы  төрт
жылға сайланады. Сенатқа 30 жасқа толған адамдар  депутат  болып  сайланады.
Парламент-негізгі  заң   шығарушы   орган.   Парламенттің    сессиясы   оның
палаталарының  бірлескен   және   бөлек   отырыстары   түрінде   өткізіледі.
Парламенттің    үйлестіруші    органдары-бюро,    жұмыс    органдары-тұрақты
комитеттері, бірлескен комиссиялары болып табылады.
      Парламенттің әр палатасының бөлек  отырысында  шешетін  құзыреті  бар.
Сенат тағайындау мәселелерінің көбіне  өзі  қатынастын  болса,  Мәжілім  заң
қозғау  және  қаржы  мәселелерді  шешеді.  Парламент   қабылдаған   заңдарға
Президент қолын қояды,  заңды осыдан кейін жариялайды.  Заң  шығару  жұмысын
Президенттің өзі де атқара алады. Бұл екі жағдайда бола алады:  Парламенттің
екі палатасының депутаттары  уақытша  заң  шығару  билігін  Президентке  2/3
дауыспен  рұқсат  берсе,  Президент  заң   жобалардың   қарау   басымдылығын
белгілейді, Парламент осы жобаны енгізілген күннен бастап бір  айдың  ішінде
қарауы тиіс. Заң шығару жұмысын тікелей халықтың өзі де  атқара  алады,  бұл
жағдай референдум деп аталады. Қазақстанның 1995 жылғы Конституциясы  осылай
алынды.
      Атқару билігі өкілеттің қолында жиналған. Президенттік республикаларда
өкімет  саяси  және  ұйымдық  тұрғыдан  президент  қамтитын  атқарушы  билік
тармағына жатады.  Парламенттің қатысуымен Президент басқарады, әрі  құрады,
оның  дербес  құзыреті  алқалы  шешуші  органы.  Қазақстан   Республикасының
үкіметі-атқарушы  билікті  жүзеге  асыратын,  атқарушы  органдардың  жүйесін
басқаратын және олардың қызметіне басшылық ететін  мемлекеттік  орган.  Оның
заңдық  ауқымы  тұрғысынан-Конституцияда  және  қолданылып  жүрген  заңдарда
белгіленген. Бұл  Қазақстан  Республикасының  Президентінің  1995   жылы  18
желтоқсандағы  конституциялық   күші  барЖарлығымен  бекітілген.   Президент
Үкімет  мүшелерін  тағайындағанда  Конституцияның  64  бабының  1-   тармағы
бойынша Парламенттің келісім алуға тиіс.  Ал үкіметті құру  процедурасы  өте
күрделі және бірнеше кезеңнен тұрады. Сонымен, Үкімет атқару билікті  жүзеге
асырады  және  бүкіл  атқарушы  органдардың   жүйесіне   басшылық   жасайды.
Қазақстан  Республикасының  Үкіметін  Премьер-министр,  оның  орынбасарлары,
Республика  министрлері,  мемлекеттік  комитеттерінің  төрағалары   құрайды.
Үкімет нормативтік қаулылар қабылдайды және  нұсқаулар береді.
      Орталық  салалық  атқару   билік   министрліктердің,   ведомстволардың
мемлекеттік комиссия және  комитеттердің қолына берілген.  Олар  қарауындағы
мемлекеттік басқару салаларындағы істің жайы үшін жауап береді.  1997  жылғы
наурыздың   4-дегі   Президенттің   Жарлығымен   Үкіметтің   жаңа   құрылымы
белгіленген:  Премьер-министр,  оның   орынбасарлары,   Үкімет   аппаратының
басшысы, 14 министрлік және 11 мемлекеттік комитет.   Олар  өзінің  құзыреті
бойынша бұйрық және инструкция қабылдайды. Үкімет   өзінің  бүкіл  қызметіне
Конституцияда және  Республика  Президентінің  алдында  жауапты.  Министрлік
тиісті  мемлекеттік  басқару  саласына   басшылықты,   сондай-ақ   заңдармен
көзделген шекті-салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын  Республика   орталық
атқарушы органы болып табылады.
      Мемлекеттік   комитет    тиісті   мемлекеттік   басқару    салаларында
мемлекеттік  саясатты  жүргізетін  және  осы  мақсатта  заңдарға  салааралық
үйлестіруді  жүзеге   асыратын    Республика   комитеті,   Бас   басқармасы,
комиссиясы, агенттігі және Үкімет құрамына кірмейтін өзге де   республикалық
мемлекеттік басқару органы. Үкімет құрамында орталық  атқарушы  орган  болып
табылады.  Министрліктің,  мемлекеттік  комитеттің  жанындағы   департамент,
агенттік,  сондай-ақ  Республика  министрлігінің,  мемлекеттік   комитетінің
жанындағы өзге де  мемлекеттік басқару органы болады.
      Сот билігі. Конституцияның 75-бабына сәйкес Қазақстан  Республикасында
сот қана жүзеге асырады. Сот билігі азаматтардың  құқықтарын,  бостандықтары
мен заңды  мүдделерін қорғайды. Сот ісін жүргізу азаматтық,  қылмыстық  және
заңмен белгіленген өзге де  нысандары  арқылы  жүзеге  асырылады.  Қазақстан
Республикасында сот жүйесін Республиканың Жоғарғы  соты   мен  Республиканың
жергілікті соттары құрайды. Республика  аумағында  ҚР  әскери  (армиялардың,
құрамалардың, гарнизондардың) әскери соттары болады.
      Жоғарғы  Соттың  құрамын  пленум,   төралқа,   азаматтық   шаруашылық,
қылмыстық, әскери алқалары құрайды. Қандай бір атаумен арнаулы және  төтенше
соттарын құруға жол берілмейді. Соттар тиесілі  ешкімнің  еркіне  қарамастан
ҚР Конституциясы мен заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. Бір құқық  бұзушылық
үшін  ешкімді  де  қайтадан  қылмыстық  немесе  әкімшілік  жауапқа   тартуға
болмайды.  Сотқа  әркім  өз   сөзін   тыңдатуға   құқылы.    Жауапкершілікті
белгілейтін және күшейтетін, азаматтарға жаңа міндеттмелер жүктейтін  немесе
олардың жағдайын нашарлататын заңдардың кері күші болмайды.
      Сот органдары, сот қызметкерлері әділет министрлігіне бағынбайды. Жаңа
реформа бойынша мемлекеттік административтік комитетке бағынады.
      Жаңа Конституция бойынша сот қызметкерлері жаңа әдіспен тағайындалатын
болды. Жоғарғы соттарды тағайындау үшін  Президенттің  жанында  Жоғарғы  сот
Кеңесі құрылды. Оның қызметін Президент өзі  басқарады.  Бұл  орган  Жоғарғы
Соттың төрағасын,  судьяларды,  облыстық  соттардың  төрағаларына  лауазымды
кандидаттарды іріктейтін және ұсынатын  өкілетті  орган.  Ал  басқа  төменгі
соттарға   тағайындалатын   қызметкерлердің   әділет   министрі   басқаратын
әділеттік алқасы кадр мәселелерін шешеді.
      Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  аппаратында   ерекше   орынды
Конституциялық Кеңес алады. Бұрынғы Конституция  бойынша  ол  Конституциялық
Сот деп аталып, басқа құзыреттерге ие болатын. Бұл  Кеңестің  ішкі  құрылысы
мен тағайындалу процесі өте қызық.  Төрағасын  және  екі  мүшесін  Қазақстан
Республикасының  Президентінің  1995  жылғы  25   желтоқсандағы   «Қазақстан
Республикасының  Конституциялық  Кеңесі  туралы»  заң  күші  бар  Жарлығында
айтылған болатын.
      Құқық қорғау органдары. Прокуратура ҚР Конституциясының  83-бабы.  Бұл
орган  мемлекеттің  атынан  Республиканың  аумағында  заңдардың,   Қазақстан
Республикасының  Президентінің   жарлықтарының  және  өзге  де  нормативтік-
құқықтық актілердің дәлме-діл  әрі  біріңғай  қолданылуын,  жедел  іхдестіру
қызметінің,  анықтама  мен  тергеудің,  әкімшілік  және  атқарушылық   істер
жүргізудің заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады.
        Прокуратура   органдарының  жүйесін  Республиканың   Бас   Прокуроры
басқарады,   ол   өзіне   бағынышты    орталық    аппарат    пен    облыстық
прокуратуралардан, республикалық  мәні  бар  қалалар  прокуратурасынан  және
Республика астанасының прокуратурасын, облыстық аудандық, қалалық әрі  соған
теңестірілген  әскери  және  өзге  де   мамандандырылған   прокуратуралардан
тұрады.
      Мамлекеттік  органдар  мен  ұйымдардың  шығарған  актілері   Қазақстан
Республикасының  Конституциясынағ   заңдарына   Президенттің   жарлықтарына,
Министрлер Кабинетінің қаулыларына сәйкес болуын қадағалайды және  лауазымды
адамдар мен азаматтардың дәлме-діл және бірдей орындауын қадағалайды.  Бұдан
басқа прокурорлық қадағалау  анықтама  және  алдын-ала  тергеу  органдарының
заңдарды орындауында прокурорлық қадағалау өттізеді.  Соттарда  іс  қаралған
кезде заңдардың орындалуын прокурорлық қадағалау  өткізіледі.  Ұсталғандарды
отырғызатын жерлерде  заңның  сақталуын  қадағалау  прокурорлық  құзыреттінң
тағы бір түрі.
      1995  жылы  Конституция  ауқымды  және   Қазақстан   Республикасындағы
құқықтық  реформаның  мемлекеттік  бағдарламасын  жүзеге  асыру   мақсатында
құқықтық реттеудің жетілдіру  мен  жедел  іздестіру  қызметтерін  реформалау
жүргізіледі.  Қазақстан  Республикасында  жедел  іздестіру  қызметін  жүзеге
асырушы  органдар-ішкі  істер  органдары;  ұлттық   қауіпсіздік   органдары;
Қорғаныс министрлігінің әскери  барлау органы;  Қаржы  министрлігінің  салық
қызметінің органы және Қазақстан Республикасы Президентінің  Күзет  комитеті
болып  табылады.  25  желтоқсан  1995  жылғы  Президенттің  Жарлығымен   бұл
органдардың қатарын Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  кеден  комитеті
толықтырды.
      Азаматтырдың құқықтарын қорғау органдарын  Ішкі  істер  Органдары  мен
Республиканың   қауіпсіздік    органдары   кіреді.   Олардың   да   құқықтық
жағдайларын Президенттің Жарлығымен бекітілген 1995 жылдың 21  желтоқсанында
алынған  актілер  бекітеді.  Ұлттық  қаіпсіздік  Комитетінің-қарауына   жеке
адамдардың қоғам және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз  ету  саласындағы
мемлекеттік  саясатты  зерделеу   мен    жүзеге   асыруға   қатысу,   ұлттық
қауіпсіздік органдарының қарауына  жататын  қылмыстарды  анықтау,  тыю,  ашу
және тергеу істері жатады.
      Қазақстан Республикасының егемендігі мен аумақтық тұтастығын  қорғауды
оның Қарулы күштері жүзеге асырады. Мемлекеттік  және  қоғамдық  қауіпсіздік
пен құқық тәртібін қорғау ішкі істер, ұлттық  қауіпсіздік  органдарына  және
республикалық  ұланға  жектеледі.  Олардың  мәртебесі  және  қызметі  заңмен
белгіленеді.
      Сонымен, мемлекеттік аппарат өкілетті, атқару  және  сот  биліктерінің
органдарына бөлінеді. Екіншіден, мемлекеттік органдар төменгі  және  жоғарғы
органдарына бөлінеді. Үшіншіден, мемлекеттік органдар жоғарғы, орталық  және
жергілікті органдарға бөлінеді.
Талқылау сұрақтары:
   1. Мемлекеттік аппарат ұғымына сипаттама беріңіз?
   2. Мемлекеттік аппараттың ерекше ішкі құрылысы дегенді қалай түсінесіз.
   3. Мемлекеттік аппараттың қызметі қандай принциптермен реттеледі?
   4.  Мемлекеттік  органдардың  түрлеріне  тоқталыңыз,  олардың  атқаратын
      қызметтері қандай?
Ұсынылған әдебиеттер:
   1. Ибраева А.С., Ибраев Н.С. Теория государства и права: Учебное пособие.-
      Алматы, Жеты Жарғы, 2003.
   2. 11\-",';''
   3. Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық. Авторлар алқасы:  Жоламанов  Ж.,
      Таукелов А.Н., Мұхтарова А.К., Алматы, 1998.
   4. Сапарғалиев Ғ. Ибраева А. Мемлекет және құқық теориясы.  Алматы,  Жеті
      Жарғы,1998.

6-ДӘРІС
МЕМЛЕКЕТТІҢ ТИПОЛОГИЯСЫ
Мақсаты:  Мемлекеттің типологиясы, оны жіктеудің  әдіс  –  тәсілдері  туралы
мағлұмат беру.
Жоспар:
   1. Мемлекет типологиясының түсінігі, оны жіктеудің әдіс – тәсілдері.
   2. Мемлекетті жіктеудің тарихи хронологиялық түрлері.
1.Мемлекет  типологиясының  түсінігі,  оны  жіктеудің  әдіс   –   тәсілдері.
Мемлекеттерді жіктеу процестері олардың  тарихи  дамуын  дұрыс  түсіну  үшін
қажет. Типология – қоғамның тарихи дамуының негізгі мазмұны  мен  нышандарын
түсіну үшін қолданылатын әдістер мен  тәсілдер.  Мемлекеғттің  даму  процесі
бүкіл дүние  жүзі  дамуының  бір  бөлімі.  Оны  анықтап  түсінгеніміз  бүкіл
тарихты жақсы білгеніміз. Мемлекеттің дамуы үздіксіз объективтік процесс.
      Бұл даму процессі мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, мәдени,  саяси
мазмұнымен және алдында тұрған мақсаттарымен байланысты. Мемлекеттің  тарихи
типін  белгілейтін  экономикалық  жағдай,  жеке  меншіктің   түрі,   сонымен
байланысты қоғамның дифференциациялау процестері жатады.  Ал  тарихи  типтің
дамуы,  мемлекет  қай   топтардың   мүддесін   қорғайды,   халықтың   қандай
демократиялық құқықтары  мен  бостандықтарын  қорғайды,  басқару  процесінде
қандай демократиялық әдістер мен тәсілдер қолданылатынын көрсетуге тиіс.
      Мемлекет пен құқықтың  тарихи  типі  қоғамның,  экономиканың  дамуымен
байланысты болса да, мемлекеттің  ерекше  даму  заңдары  бар.   Мысалы:  Рим
құқығы туралы айтатын болсақ, Корпус  Юрис Цивилис деген ірі  кодификациялық
заң қабылданған кезде мемлекет ыдырап басқа халықпен  жауланып,  экономикасы
терең дағдарысқа ұшыраған еді. Батыс  Рим  империясын  франктер  басып  алып
өздерінің  Франк  империясын  құрған  кезде,  Византия  императоры  Юстиниан
жүйелеу жұмыстарын басқарып, айтқан құқықтық кодекстің жазуын басқарды.  Бұл
кезеңде экономиканың, мемлекеттің және құқықтың дамуы бір  –  біріне  сәйкес
болған жоқ. Құқықтың дамуы мемлекеттен көп жоғары болды.
      Мемлекетті типтерге  бөлудің  марксистік  әдісі.   Бұл  пікір  қоғамды
зерттеуде  таптық  мәселесімен  байланысты.  К.Маркс,  Ф.Энгельс,  В.И.Ленин
мемлекет  пен  үстем  таптың  мүддесін  қорғайтын  құрал  деп   түсіндіреді.
Марксистік тұрғыдан қарағанда тарихтағы  мемлекеттер  төрт  түрге  бөлінеді:
құлиеленушілік,  феодалдық,  бужуазиялық   және   социалистік   мемлекеттер.
Бірінші рулық қоғамда мемлекет әлі болған жоқ, ал соңғы коммунистік  қоғамда
мемлекеттің орнына коммунистік өзін-өзі  басқару  жүйесі  келуге  тиіс.  Бір
тарихи типтен екіншісіне революция арқылы өтеді.
      Мемлекеттің негізгі мақсаты – бір таптың диктатурасын  орнату.  Таптық
мінездеме   экономикалық,   әлеуметтік   жағдаймен   байланысты.    Марксизм
мемлекетті – бір таптың екінші тапты  қанау  аппараты  деп  анықтады.  Типті
осылай бөлудің прогрессивтік те, негативтік  те  жақтары  бар.  Бір  жағынан
таптың құрылуымен байланысты анық көрінеді, топтар  және  таптар  құрылмаған
қоғамдарда мемлекет болмайды.  Негізінде  мемлекет  алдындағы  мақсат  екіге
бөлінеді: бір жағынан  бүкіл  қоғамның  мүдделерін  қорғап,  жалпы  қоғамдық
мәселелерді шешу, ал екінші жағынан  –  таптардың  арасындағы  қайшылықтарды
бәсеңдету. Қоғамда таптар анық құралмаған кезде мемлекет де  мемлекет  пайда
болған   жағдайлар   кездеседі.   Мысалы,   шығыс   мемлекеттері    марксизм
құлиеленушілік  мемлекеттерге  жатқызады,  ал  негізінде  бұл  мемлекеттерде
құлиеленушілік  қарым-қатынастар  әлі  қалыптасқан  жоқ  еді.   Мемлекеттері
туғызған  басқа  жағдай   –   географиялық   жағдайлармен   қоғамның   жалпы
экономикалық функциялары мен қызметтері (мысалы, Египет мемлекетінде  –  Ніл
өзенімен   байланысты   жер   суару    жұмыстары).    Сонымен,    марксистік
типологиясының негізін  қалыптастыратын  қоғамның  экономикалық  базисі  мен
таптық  құрылысы.  Марксизм  мемлекеттің  тарихи  типтерін   қоғамның   даму
құрылысымен және  экономикалық  формация  деген  түсінікпен  байланыстырады.
Экономикалық формация базис  (бұл  қоғамның  белгілі  бір  даму  дәуіріндегі
экономикалық құрылыс) пен  қондырмадан  (әрбір  базистің  өзінің  қондырмасы
болады) тұрады. Базисті өндірістің тәсілі белгілейді. Өндіріс  –  өндірістік
қатынастар  мен  өндіруші  күштерден   тұрады.   Осы   формацияға   марксизм
құлиеленушілік,  феодалдық,  буржуазиялық  және  социалистік   мемлекеттерді
сәйкес келтіреді. Мемлекеттің  тарихи  типтері  осы  экономикалық-  қоғамдық
формацияиен  тығыз  байланыста  дамуға  тиісті.  Бұлардан  басқа  марксизмге
өтпелі дәуірдің мемлекеті  деген  ұғым  бар.  Бұл  типтерге  рулық  қоғамнан
құлиеленушілік  қоғам  арасындағы,  құлиеленушілік  және   феодалдық   қоғам
арасындағы, феодалдық  және  буржуазиялық  типтің  арасындағы,  буржуазиялық
және социалистік типтердің арасындағы  өтпелі  мемлекеттер  жатады.  Қазіргі
дәуірді алатын  болсақ,  бірнеше  континенттердің  мемлекеттері  осы  өтпелі
мемлекеттің  типіне  жатады.  Латын  Америкасының,  Азияның,  Африканың   ХХ
ғасырда тәуелсіздігін алған  мемлекеттер  осы  өтпелі  тарихи  типке  кірді.
Олардың тарихи типтері социалистік те емес, буржуазиялық та емес,  олар  тек
қана   социалистік   мемлекеттерде   социалистік   жүйе   ыдырап,   нарықтық
экономикалық елдерге айналып,  демократиялық  қоғам  құру  саясатына  көшті.
Кейбір мемлекеттер социалистік жолынан тайған жоқ  (Куба,  Солтүстік  Корея,
Қытай, Вьетнам).
      Мемлекеттерді цивилизациялық, өркениеттік критериймен  де  болу  қазір
жиі   кездеседі.   Цивилизациялық   әдістің   және    формациялық    бөлудің
айырмашылықтары көп. Формациялық критерий көбіне  қоғамның  таптық  құрылысы
мен  өндірістік  тәсіліне  көңіл  аударады.  Бұл   типологияны   сыңар   жақ
түсіндірілуі.  Мемлекеттердің  ерекшеліктерін  білу  үшін  қоғамның   барлық
салаларының  жағдайларына  ықылас  салу  қажет.   Мемлекеттің   экономикалық
базисін зерттеген де оған қоса қоғамның  мәдени,  рухани  деңгейін  зерттеп,
орнын  көрсету  қажет  және  қанаушы  таптан  басқа  қоғамды  құрған  барлық
топтарды зерттеп орындарын, рөлін, маңызын түсінген дұрыс. Қоғамның  әдет  –
ғұрыптарын, әр топтың саналары мен құқықтарының  деңгейін  білу  өте  қажет.
Ал,  зерттеудің  ең  маңызды  мақсаты  –  жеке   адамның,   бостандығы   мен
құқықтарын, әлеуметтік жағдайын және  еңбегін  қарым  –  қатынастарын  жақсы
білу – мемлекетке мінездеме  беруүшін  өте  керек  нәрселер.  Қоғам  бірнеше
топтарға бөлінетін  болса  да,  мемлекеттің  алдында  тұрған  мақсат  –  сол
топтардың  арасындағы  қайшылықтарды  бәсеңдетіп  бүкіл  халықтың   мүддесін
қорғау. Осы әдісті бізде  цивилизациялық  әдіс  деп  атайды.  Цивилизациялық
әдіс мемлекет өзінің елінде тұратын адамдар  үшін  қандай  жақсылық  істеді,
экономикалық, саяси, әлеуметтік, өнегелі қоғамның  дамуы  үшін  қандай  шара
қолданды деген сұрақтарға жауап береді.
      Сонымен, цивилизациялық пікір бойынша мемлекеттің тарихи  типі  өзгеру
үшін экономикалық базисқа қосымша қоғамның мәдени және рухани сана –  сезімі
жоғары деңгейде болуы қажет.
2.Мемлекетті   жіктеудің   тарихи   хронологиялық    түрлері.    Мемлекеттік
типологияның хронологиялық түрі. Бұл әдістің бірнеше  түрлері  бар.  Мысалы,
иллюстрациямен  істелген  дүниежүзілік  тарих  кітабында  ағылшын  тарихшысы
Малгерет Олифант бүкіл тарихты былай  бөледі:  Ежелгі  цивилизациялар,  орта
ғасырлар, ғылыми жаңалық ашу кезеңдері,  өзгеріс  және  дағдарыс  кезеңдері,
одан кейін XIX ғасыр және қазіргі дәуір.  Сонымен,  мемлекеттің  дамуын  бұл
тарихшы сегіз кезеңге бөледі. Ал, кейбір шет елдердің ғалымдары  мемлекеттің
дамуын келесі кезеңдерге бөлетіні  жақсы  мәлім:  1)  Ежелгі  мемлекеттердің
тарихы, бұл кезең екіге бөлінеді: Шығыс мемлекеттердің тарихы оған –  біздің
дәуірге дейін төртінші мың жылдығына пайда болған  мемлекеттер  жатады.  Бұл
кезеңнің мемлекеттері шығыс деспотияға  жатады.  Бұдан  кейін  көне  дәуірге
антикалық мемлекеттер кезеңі басталды,  бұл  кезең  т.ә.  476  жылына  дейін
созылды. 2)  476  жылдан  боасталған  кезең  орта  ғасырларға  жатады,  араб
халифатының көлеңкесінде пайда болған ислам  мемлекетерінің  тарихы.  Европа
мемлекеттерінің бұл  кезең  феодалдық   мемлекеттердің  тарихы,  ол  ағылшын
буржуазиялық революциясына дейін жалғасады.  3)  Келесі  кезең  XX  ғасырдың
басына дейін жаңа ғасырларға жатады. 4) Ал қазіргі XX  ғасыр  қазіргі  дәуір
деп аталады.
      Хронологиялық бөлудің басқа да  түрлері  бар:  ежелгі  ғасырлар,  орта
ғасырлар, жаңа ғасырлар және қазіргі дәуір. Бұл  хронологиялық  бөлудің  көп
пргрессивті жақтары бар. Мемлекет қай таптың мүддесін қорғайды  немесе  оның
экономикалық  жағдайының  ерекешеліктері  барма   деген   сұрақтарға   жауап
бергеннен басқа, осы дәуірдің жалпы ерекшеліктері бар екенін анықтайды.
      Шығыс мемлекеттері. Оған біздің дәіурге дейінгі 4 мыңжылдықтың соңында
Египет мемлекеті, одан кейін 3 мыңжылдықта – Шумер, Ассирия мемлекеттері,  2
мыңжылдықта үндістан, Қытай, Хеттердің патшалығы пайда болғаны белгілі.  Бұл
мелекеттерді  құл  иеленушілік  мемлекеттерге  жатқызады,   бірақ   бұлардың
құлиеленуші мемлекеттерден айырмашылығы өте көп. Олар шығыс  деспотия  деген
ерекше  мемлекеттік  типті  құрады.  Бұл  мемлекеттерді  біріктіретін  жалпы
негізгі нышандары бар: экономикасында рулық қоғамның  қалдықтары  өте  көпке
дейін  сақталғаны  белгілі.  Сондықтан,   жеке   меншікпен   қоғамдық   және
мемлекеттік   меншігі   қалыптасты.    Экономикалық    жағдайға    климаттың
ерекшеліктері өзінің әсерін  тигізді.  Қоғамның  мүддесін  қорғау  үшін  жер
суару және басқа  да  қоғамдық  жұмыстар  жүргізілді.  Осы  мемлекеттер  ұлы
өзендердің Хуанхе, Тигр, Ефрат, Ніл жағасында орналасты. Бұл елдердің  саяси
жағдайларын дұрыс түсіну  үшін  осы  ерекешеліктерді  ескеру  қажет.  Құлдық
институтының ерекшеліктері  болатын.  Құлдар  көбіне  мемлекеттің,  қауымның
және аздап әрбір жанұяның жеке меншігінде болған. Жердің жеке меншігі  күшті
дамыған жоқ. Шығыс мемлекеттерде көбіне монархия  түрінде  дамыды.  Құқықтың
жазулы түрлері пайда бола  бастады,мысалы  Ману,  Хаммұрапи  заңдары.  Шығыс
мемлекеттері тарихтағы бірінші мемлекеттердің типін  құрады.  Келесі  тарихи
типтерге Греция және  Рим,  солармен  қатар  дамыған  антикалық  мемлекеттер
жатады.  Бұл   мемлекеттер   ерекшеліктері:   құлиеленуші   өндірісі   шығыс
мемлекеттерден  көп  жоғары,  рулық  қоғамның  қалдықтары  сирек  кездеседі,
құлдардың  еңбегін  қанап  пайдалану  экономиканың  негізін  құрады.   Қоғам
негізінде  құлиеленушілерге   және   құлдарға   бөлінеді.   Байлардың   жеке
меншігінде құлдар, жер  және  басқа  өндіріс  құралдары  болатын.  Құлдардық
құқықтық жағдайлары ашық айтылатын, олар сөйлей алатын  құралдарға  жататын.
Құлдардың ешқандай құқықтары жоқ ,  ол  өзінің  мырзасының  жылжымалы  заты.
Қоғамның негізгі байлықтарын осы  топ  жарыққа  шығаратын,  олардың  еңбегін
өндірісте, ауыл шаруашылығында, құрлыста,  жалпы  жұмыстарда,спортта,  басқа
да жерлерде пайдаланатын. Сонымен,  антикалық  мемлекеттерде  құлиеленушілер
мен  құлдар  екі  негізгі  таптарды  құрды.  Ал   олардан   басқа   топтарға
саудагерлер,  қолөнершілер,  шаруалар  жатты.   Құлиеленуші   мемлекеттердің
негізгі  мақсаттары  –  құлдарды,  басқа  топтарды  езгіге  салып,   олардың
еңбектерін пайдалану. Оның осындай  негізін  мемлекеттің  ішкі  және  сыртқы
функциялары дәлелдейді: мемлекеттің ішкі  функциясына  құлдарды  және  басқа
кедей топтарды қанау және сол үшін тиісті  жағдай  туғызу.  Мемлекеттің  өзі
жерлердің, құлдардың,  кен  шығаратын  жерлердің,  басқа  байлықтардың  иесі
болатын. Сондықтан, ол жеке меншікті қорғау қызметіне қатты  көңіл  бөлетін.
Құлдардың көтерілісі қатаң соққымен басылатын, тарихта бұндай жағдайлар  өте
жиі болады. Антикалық мемлекттердің сыртқы функциялары да соғыс  –  күреспен
байланысты. Осы сыртқы және ішкі функцияларын жүзеге асыру үшін  мемлекеттің
аппараты ыңғайлы еді, оның  демократиялық  формалары  да  кездесетін.   Көне
дәуірдегі антикалық мемлекетер республика және монархияға бөлінеді.  Греция,
Рим, Спарта республика  және  монархия  болған.  Республика  аристократиялық
және демократиялық  түрінде болатын,  ал  монархияның  тек  шексіз  монархия
болғаны анық белгілі.
      Құлиеленушілік антикалық мемлекеттердің арасындағы ең ірі  және  сонғы
мемлекет – Рим мемлекеті. Оның патшалық, республика және  империя  кезеңдері
болды. Рим мемлекетінде жақсы  белгілі  құқық  жүйесі  құрылды.  Рим  құқығы
бүкіл дүние жүзіне әсер етті.
      Орта ғасырлардың мемлекеттері. Феодалдық мемлекеттердің құрылуының екі
жолы бар: біреулері  құлиеленушілік  мемлекеттердің  дамуынан  пайда  болды,
екіншілері рулық қоғамнан пайда болды.  Оларды  да  екіге  бөлуге  болады  –
Азия, Африканың және Европаның  мемлекеттері.  Орта  ғасырлардың  дамуы  476
жылдан басталды, бұл Рим империясының құлаған жылы. Рим империясының  орнына
Франк мемлекеті пайда болды. 628 жылы мұсылмандар мемлекетінің пайда  болған
дәуірі. Европадағы феодалдық мемлекеттерінің дамуының үш кезеңдері  белгілі:
ерте – феодалдық монархия, сословиелік  –  монархия  және  шексіз  монархия.
Феодалдық мемлекеттердің негізгі нышаны – жерге жеке  меншіктің  қалыптасуы.
Феод – деген сөз – толық жеке меншіктегі жер. Феодалдық жеке меншіктің  тағы
екі  түрі  бар:  аллод  және  бенефиций  (аллоди  –  жерге  жеке   меншіктің
мұрагерлік жолмен көшуі; бенефициде  –  мұрагерлік  жерге  құқық  жоқ).  Бұл
иерархиалық әрбір топ өзінің жеке орнын алады, сол  орны  құқықтық  жағдайды
белгілейді және жер иеленушілігімен байланысты.
      Феодалдық иерархиялық  құқық.  Феодалдар  біренше  топтарға  бөлінеді:
мысалы,  Франция  граф,  герцог,  рыцарь,  шіркеу  қызметкерлері,  шаруалар,
құлдар. Феодлдың рентаның үш түрі болды:  ақшалай,  барщина  және  натуралық
рента. Феодалдық  мемлекеттің ішкі функциялары: жеке меншікті қорғау,  салық
жинау,  шаруалардың  көтерілістерін  басу.  Сыртқы   функциалары   –   басқа
халықтарды тонау, өз мемлекетін  қорғау  және  көрші  мемлекеттермен  қарым-
қатынастарды құру. Феодалдық мемлекет  өзінің  билігін  шіркеудің  әскерімен
күшейтті.  Феодалдық  қоғам  шіркеудің  күшіне,   баюына   жағдай   туғызды.
Шіркеудің көп жерлері,шаруалары және басқа да  байлықтары  болды.  Шіркеудің
билігін дәлелдеу үшін әр  түрлі  теорияларды  шығарды.  Мұсылман,  Христиан,
Католик,  Буддистік   мешіт-шіркеулердің   арасында   бірталай   айырмашылық
болғанымен,  қоғадағы  құқықтық  жағдайлары  бір-біріне   ұқсас.   Шіркеудің
күшейген  де  әлсірегенде  кездері  болды.  Феодалдық   мемлекеттер   көбіне
ыдыраған, ұқсас мемлекеттер болатын. Бірақ  кейбір  кезде  олардың  күшейіп,
ірі, мықты мемлекет құрған  кездері  де  болды.  Мысалы,  Омейядтардың  араб
халифаты,  Францияның  шексіз  монархиясы.  Бұл  кезеңде  Құран,  ұлы  Еркін
Хартия, Каролина, Алтын Булла деген белгілі феодалдық актілер қабылданды.
      Феодалдық мемлекеттердің дамуы буржуазиялық революцияға дейін созылды.
1640 жылдан бастап келесі кезең жаңа дәуір басталды. Капитализм  өзінің  300
жыл тарихында үш кезеңнен өтті. Бірінші кезең – либералдық  капитализм  XVII
ғасырдың ортасынан XIX ғасырдың аяғына дейін.  Екінші  кезең  –  империализм
дәуірі XIX ғасырдың аяғынан XX  ғасырдың  ортасына  дейін.  Үшінші  кезең  –
әлеуметтік капитализм XX ғасырдың ортасынан 2004 жылға  дейін.  Бұл  кезеңде
ғылыми-техникалық  пргрестің,   демократияның   жақсы   дамуы.   Экономикада
мемлекеттің макробақылаудың орнауы. Қазіргі  заман  бейбітшілікті,  халықтар
достығын,  демократияны  дамыту.  Капиталистік  мемлекеттің   негізін   жеке
меншіктің көп түрлері құрайды, жеке меншік құқығы ең қасиетті  және  жоғарғы
құқық болып жарияланды. Заңның  алдында  бәрі  тең.  Бұл  кезде  мемлекеттің
маңызды  прогрессивтік  принциптері  нығайтылды:  биліктің  бөлінуі,  заңның
жоғарлығы, құқықтың алдында бәрі тең, азаматтардың  саяси,  әлеуметтік  және
жеке құқықтары мен  бостандығы,  заңдылық,  соттың  тәуелсіздігі  және  т.б.
Құқықтық мемлекеттің түсінігі анықталып,  көп  конституциялар  осы  терминді
қолданатын болды.
      Әрбір  құқықтық  саланың  өзінің  прогресивті  жерлері  бар.   Мысалы,
қылмыстық  сала  мынандай  негізгі  принциптерге  кепілдік   береді:   заңда
жазылмаған іс қылмыс емес, бір қылмысқа бір жаза, жазаның ауырлығы  қылмысқа
сәйкес болуға тиіс,  адамды  қинайтын  жазалар  қолданбауы  тиіс.  Азаматтық
құқықтық  салада  шарттардың  және  өнер  кәсіптік   бостандықтары,   некені
мемлекеттің тіркеуі, некеде екі жақтың теңдігі.
      Мелекеттердің көпшілігінде конституция қабылданып –  қоғамның  негізгі
қарым-қатынастарын  реттеп,  азаматтардың  құқықтары   мен   бостандықтарына
кепілдік береді.  Заңдар  жазбаша  түрде  қабылданатын  болды.  Буржуазиялық
құқықтық актілердің арасында  ерекеше  орын  алатын  Францияның  1789  жылғы
Азаматтық және  адамның  құқығы  туралы  деклорациясы,  АҚШ-тың  1776  жылғы
Тәуелсіз  деклорациясы,   Ангияның   Хабеас   корпус   актісі,   Наполионның
басқаруымен  алынған  кодекстер  және  басқа  құжаттар  прогресивтік  дамуға
ықпалын тигізді.
      1917 жылдан бастап Кеңестер Одағы Европаның және  Азияның  бір  елінде
социолистік  мемлекеттер  өмірге  келді.  Солтүстік  Корея,  Вьетнам,   Куба
мемлекеттері қазір де  өздерінің  социолистік  бағытынөзгерткен  жоқ.  Қытай
мемлекеті ерекеше Қытайлық социолизм қоғамын құрды  деп  жариялағаны  мәлім.
Бірақ социолистік мемлекеттердің қайшылығының саяси жүйесі,  құрған  режимі,
қолданған әдісі, халыққа қарсы  жүргізген  саясаты,  азаматтардың  құқықтары
мен  бостандықтары  шектелуі,  елде   әкімшілік-әміршілік   басқару   жүйесі
қалыптасып,  партияның  диктатурасы  орнады.   Сөйтіп,   социолизмнің   ізгі
мақсаттары қанға боялды.  Казармалық  социолизмнің  елге,  халыққа  жасалған
озбырлығы бұл күні баршаға мәлім.
      Партия билігіне технократтар келді. Билік жүйесі  олигархияға  ұласты,
талантты, ойшыл зиялылар қуғынға ұшырады. Қолында билігі  бар  үстем  таптың
қалыптасуы сияқты құбылыстар халықпен  байланысын  әлсіретті.  Экономикадағы
қолдан жасалған шарықтау мен  саяси-рухани  өмірдегі  тоқырау  қайшылықтары,
Қазақстандағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы Кеңес Одағының  құлауына  негізгі
себеп болды.
      Тарихи шындыққа жүгінейік. Марксизмнің социалистік қоғам туралы  ілімі
–  XIX  ғасырдың  ұлы  жетістігі.  Марксизмнің  экономикалық  ілімін   бүкіл
өркениетті халықтар мойындады. Социолизмнің Ресейдегі  сәтсіздігі  Сталинның
марксизм  ілімін  тұтасымен  жоққа  шығарып  елімізде  «Сталинизм»  саясатын
орнату  еді.  Әлемдік  капитализм  социолизм  ісінен  көп  нәрсені  үйренді:
жұмысшы тобының революциялық жігерін эволюциялық даму арнасына  түсіру  үшін
әлеуметтік проблемаларды шешудің социолистік әдістерін қолдады.
      Ендеше, XX ғасыр  тарихын  жазу  барысында  объективті  түрде  көрсету
керек.  Коммунистік  идеал  –  құбыжық  емес,  ол  кеше  ғана   миллиондаған
адамдардың арманы ғана емес, өмірі болған  тарихи  құбылыс.  Біздің  бүгінгі
тәуелсіз қоғамымыз сол социолизмнің ішінен шыққанын  ұмытуға  болмайды.  Тек
әділдікке жүгініп,  отан  тарихын  жайлаған  аңыз-мифтерден  ақиқатты  айту,
шындыққа жету  интелектуалды  азаматтардың  қарызымен  парызы  болса  керек.
Сонда ғана болашақ ұрпақтың тарихи  санасына  көлеңке  түспейді,  ана  сүтін
емген, ата тарихынан сусындаған ұрпақ қанаттанады.
Талқылау сұрақтары:
   1. Мемлекеттің типологиясы деген ұғымды түсіндіріп беріңіз.
   2. Мемлекетті типтерге бөлудің марксистік әдісі қандай?
   3. Мемлекеттерді цивилизациялық және өркениеттік  деп  бөлудің  мағынасы
      неде?
   4. Мемдлекетті жіктеудің тарихи хронологиялық түрлеріне тоқталыңыз?
Ұсынылған әдебиеттер:
   1.   Парламент   и   законодательная   власть   Казахстана:   Монография.
      /Отв.редактор А.А.Таранов/.- Алматы, Жеті Жарғы, 1996.
   2.  Проблема  человека  и   политическое   реформирование   (юридические,
      этические,  социально  –  психологические   аспекты).-   М.:   Интитут
      государства и права Российской Академии наук, 1997.
   3. Ибраева А.С., Ибраев Н.С. Теория государства и права: Учебное пособие.-
      Алматы, Жеты Жарғы, 2003.
   4. 11\-",';''
   5. Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық. Авторлар алқасы:  Жоламанов  Ж.,
      Таукелов А.Н., Мұхтарова А.К., Алматы, 1998.
   6. Сапарғалиев Ғ. Ибраева А. Мемлекет және құқық теориясы.  Алматы,  Жеті
      Жарғы,1998.


7-ДӘРІС
АЗАМАТТЫҚ  ҚОҒАМ  ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ  МЕМЛЕКЕТ
Мақсаты:  Азаматтық қоғам және құқықтық  мемлекеттің анықтамасы,
ерекшеліктері және негізгі белгілері  туралы  мағлұмат беру.
Жоспар:
   1. Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет туралы теориялар.
   2. Құқықтық мемлекеттің түсінігі мен мазмұны.

1.Азаматтық қоғам және құқық пен мемлекет туралы теориялар. Азаматтық  қоғам
және құқықтық мемлекет туралы толып жатқан ой-пікірлер, әр  түрлі  теориялар
бар.  Бұл  ой-пікірлердің,  теориялардың  көп  болатын  себебтері  қоғамдағы
барлық  таптардың,  ұлттардың  мүдде-мақсатына  қатысты  болуы.  Тағыда  бұл
мәселе әр түрлі идеологиямен, саяси партиялармен байланысты болуы.
      Бұл  жерде  ескерте  кететін  бір  мәселе,  Кеңес  дәуірінде  елімізде
марксистік мемлекеттік теория тұрғысынан зерттеп, түсініп келдік.  Ол  кезде
қоғам мен мемлекетті таптық тұрғыдан  зерттеуге  тырыстық,  басқа  теорияны,
басқа бағытты сырып тастап отырдық.  Қазір  ол  теорияға  көзқарас  түзелді,
дұрысталды. Тарихи теориялардың бәрінде аздап болса  да  шындық  және  нақты
тарихи дәләлдер болады. Сондықтан, ол теорияларды  білу,  дұрыс  жағын  алу,
пайдалану өте қажет. Сол деректерді  ескере  отырып  жүргізілген  зерттеудің
ғылымға, қоғамға пайдасы мол.
      Тағы бір ескеретін мәселе «азаматтық  қоғам»  деген  алғашқы  қауымдық
қоғамда да, құлиелену формациясында да, феодалдық формацияда да болған  жоқ.
Себебі ол қоғамда да «азаматтық»  деген  ұғым  болған  емес.  Бұл  ұғым  тек
буржуазиялық қоғамда  өмірге  келді.сондықтан,  біз  теорияны  тек  құқықтық
мемлекет туралы қарастырамыз.
      Құқықтық мемлекеттік парасаттылықтың,  әділеттіліктің  шынайы  белгісі
ғана емес, сонымен бірге адамның  бостандығын,  қадір-қасиетін,  ар-намысын,
теңдігін  қорғайтын,  демократияны  қалыптастыратын  күш.   Міне,   қоғамның
алдында тұрған  осы  мүдде-мақсатты  орындау  мемлекеттің  міндеті,  ал  осы
бағытта қалыптасқан  құқытық  нормаларды  орындау,  сол  арқылы  заңдылықты,
құқытық тәртіпті  қатаң  сақтауға  үлес  қосу  адамдардың  міндеті.  Құқытық
мемлекет екі жақты жауапты объективтік процесс.
      Құқықтық мемлекетті қалыптастыру, дамыту адам қоғамының көне  заманнан
бергі негізгі мақсаты болды.  Көне  дәуірдің  ойшылдары:  Сократ,  Демокрит,
Платон,  Аристотель,  Цицерон  құқық   пен   мемлекеттің   өзара   қатынасын
инабаттылық, парасаттылық, әділеттілік жолмен дамуын армандады.  Аристотель:
«Заң үстемдігі болмаса  демократия  жоқ»,  -  деді.   Феодалдық  дәіурде  Н:
Макиавелли, Ж: Боден т.б. саяси  қайраткерлер  құқықтық  мемлекеттік  орнату
төңірігінде көп қиялданып, біраз пікірлер айтқан.
      Құқытық мемлекет орнату көнцепциясына пікір айтып өте зор үлес  қосқан
атақты ғалымдар: Г. Гроцкий, Б. Спиноза, Д. Локк, Ш. Монтекье, Д. Дидро,  П.
Гольбах, Т. Джефферсон,  Вольтер,  Гельвеций,  Кан,  т.б.  Гроцкий  –  қоғам
тарихында қалыптасқан құқықты екіге бөлді: табиғи құқық  –  адамды  қоршаған
ортаның  әсерінен  және   жеке   адамның   өзінің   ақыл,   парасаттылығынан
қалыптасатын  құқықтар;  екіншісі  –  мемлекеттің   қабылдаған   нормативтік
актілер арқылы ешкімге зиян келтірмей орындауға тиіс.  Мемлекет  –  қоғамдық
жалпы халықтық шарт арқылы өмірге келді деп түсіндірді.Монтескье –  мемлекет
адамдардың саяси және азаматтық бостандығын, теңдігін қатаң орындауы  керек.
Сонда ғана құқықтық мемлекет болады. Локк  –  маркс  құқықтың  мазмұнын  өте
дұрыс,  ашық  түсіндірді.  Мемлекет  адамдардың   құқықтарын   қорғау   үшін
қалыптасты.   Құқытық   мемлекеттің   негізгі   мазмұны   халықтың    табиғи
бостандығын, теңдігін  қорғау.  Кант  –  құқықтық  мемлекеттің  философиялық
негізін ғылыми тұрғыдан зерттеді. Мемлекеттің жұмыстың өзекті мәселесі  жеке
адамның қадір-қасиетін, ар-намысын, бостандығын,  теңдігін  қорғау,  адамның
қоғамда  үстемдігін  қалыпьастыру  деп   түсіндірді.   Гегель   –   қоғамдық
ғылымдардың  негізгі  бағыттарының  бірі  –  құқытық   философия.   Мемлекет
дегеніміз жан-жақты дамыған құқық  деп  түсіндірді.  Азаматтық  қоғам  құқық
арқылы адамдардың  мүдде-мақсатын  қорғайды.  Мемлекет  құқық  пен  моралдың
бірлестігін дамытып халықтың әлеуметтік жағдайын жан-жақты  жақсарту.  Маркс
– құқық пен мемлекетті қоғамның  таптық  құрлысына  сәйкес  қараған.  Таптар
жойылса  құқық  пен  мелекет  те  жойылады.  Бұл  процесс  қоғамда  құқықтық
мемлекет  қалыптасып,  бостандық  орнаумен  аяқталуға  тиіс.   Бостандық   –
Маркстің ұғымында,  қоғамдағы  мемлекеттің  үстемдігін  жойып,  оны  қоғамға
бағындырып, халықтың  мүдде-мақсатын  орындайтын  органға  айналдыру.  Сонда
ғана құқытық мемлекет қалыптасады. Қазіргі заманда құқықтық мемлекет  туралы
пікір жан-жақты дамып, дүние жүзінің ғалымдары бір  тұжырымға  келіп,  ортақ
ғылыми көзқарас қалыптасты деуге толық  болады.  Сонымен,  құықтық  мемлекет
туралы теорияны қорта келіп, оның негізгі  мазмұны  –  халықтың,  адамдардың
егемендігі,  олардың  табиғи  бостандығы  мен   құқықтары.   Ол   мемлекетті
қалыптастырудың негізгі күші – адам, қалың бұқара. Сондықтан,  мемлекет  пен
құқық  демократияны  дамытып,  халықты  қоғамның  барлық  саласын  басқаруға
қатыстыру қажет.
      Азаматтық қоғам ғылыми тұрғыдан өте аз зерттелген, ол  туралы  қомақты
бірде  ғылыми  еңбек  жоқ.  Оның  себебі  ғалымдар   азаматтық   қоғам   мен
мемлекеттің мазмұны ұқсас деп түсініп келді. Расында ұқсастық бар, бірақ  та
айырмашылық басым. Адам қоғамының  қалыптасқанына  1,5  млн.  жыл  өтті,  ал
мемлекеттің өмірге келгеніне 6 мың жыл ғана болды. Мемлек қоғамның  санқырлы
көрнісінің бір ғана  нысаны.  Қоғам  туралы  ой-пікірлері  көне  дәуірде  де
болды, ал «азаматтық  қоғам»  толық  мағынада  бұл  ұғым  өмірге  тек  XVIII
ғасырда келді. Басында азаматтық қоғам деп  меншік,  отбасы,  рынок,  мораль
салаларындағы қатынастарды түсініп келді. Мемлекет  бұл  қатынастарға  толық
бостандық берді. Гегельдің ойынша азаматтық қоғам  жеке  меншіктің,  діннің,
отбасының, моралдық т.б. талаптарын іске асырудың жүйесі. Азаматтық  қоғамда
әа адам  өз  мүддесін  көздейді,  басқарады,  көздейді.  Басқаларсыз  ол  өз
мүддесін іске асыра алмайды, - деген Гегель. К. Маркстің пікірі – бір  саяси
жүйені алып мазмұнына қарасаң, ол  азаматтық  қоғамның  санқырлы  көршісінің
бір нысаны болып шығады. Біз өткен ғасырдағыірі  ғалымдардың  пікірін  әдейі
келтіріп отырған себебіміз азаматтық  қоғам  мәселесі  сол  кездегі  өмірдің
объективтік  даму  процесінің  алдына  қойған  талабы  дегіміз  келеді.  Сол
себепті Гегель мен Маркс тағы басқа ғалымдар азамттық қоғамды біраз  зерттеп
құнды теориялық ғылыми мұра қалдырып кетті. Енді  осы  құнды  ғылыми  мұраға
сүйене отырып, қазіргі заманның талабына  сәйкес  азаматтық  қоғамды  ғылыми
тұрғыдан зерттеуді жалғастыру керек. Біздің пікіріміз –  азаматтық  қоғамның
мазмұнының санқырлы көрнісі төмендегідей болуға тиіс:
    - Экономикалық бостандық, әр түрлік меншік, нарықты қатынас;
    - Адамдардың табиғи бостандығы мен құқықтарын қалыптастырып, қорғау;
    - Заңды, демократиялық билік; ақпаратқа бостандық беру;
    - Заңның, соттың алдында адамдардың теңдігі болуы;
    - Таптық, ұлттық бірлік, достық, келісім болу;
    - Адамдардың әлеуметтік жағдайын, денсаулығын, мәдени,  рухани  білімін,
      санасын көтеру, жақсарту.
      Азаматтық қоғамның құрлымы – қоғамды өзінің табиғи  мүдде-мақсаттарына
сәйкес құрушы,  реттеп-басқарушы  –  адам.  Адам  қоғам  құрлымының  негізгі
элементі –  діңгегі.  Адамдардың  бірлестіктері,  ұйымдары,  одақтар,  еңбек
ұжымдары, саяси паптиялар, мемлекет, олардың  ара  қатынастары  –  азаматтық
қоғамының элементтері. Қазіргі Қазақстанның  азаматтық  қоғамын  бес  жүйеге
бөлуге  бөлады:  әлеуметтік,  саяси,  экономикалық,   рухани   мәдени   және
ақпараттық жүйелер:  Әлеуметтік  жүйе  –  объективтік  тұрғыдан  қалыптасқан
адамдардың бірлестіктері, ұйымдары, одақтары т.б., олардың  өзара  байланысы
бұл жүйеге азаматтық қоғамның  ең  негізгі  ұйымдастырушы  жүйесі  үш  топқа
бөлінеді: бірінші тобы –  қоғамның  үзіліссіз  өмір  сүру  негізін  жасаушы,
дамытушы топ: отбасы, бала тәрбиелеу, табиғи өмірді жалғастыру; екінші  тобы
– адамдардың өзара, бір-бірімен байланысы, қатынасы; үшінші тобы –  қоғамдық
ұйымдардың, таптардың, топтардың, ұлттардың  ара  қатынастары.  Экономикалық
жүйе – қоғамдағы меншіктің түрлері, өндіруші күш пен өндірістік  қатынастар,
материалдық  кірісті  әділ   бөлуді   қалыптастыру.   Бұл   жүйенің   құрлым
элементтері: жеке,  муниципалды,  акционерлік,  кооперативтік,  мемлекеттік,
фермерлік меншіктер мен шаруашылықтар және қоғамдық кірісті,  байлықты  әділ
бөлу. Саяси жүйе – мемлекет, саяси партиялар,қоғамдың ұйымдар,  бірлестіктер
және жеке адамдар, депутаттар, т.б., олардың ара  қатынастары.  Оның  ішінде
ең күрделісі мемлекеттік билікті іске  асырудағы  қатынастар.  Қатынастардың
даму  процесінде  субъекетілеге  бостандық   берілуге   тиіс.   Күштеу   тек
заңдылықты, тәртіпті бұзса ғана қолдану қажет. Рухани-мәдени  жүйесі  –  осы
бағыттағы  мемлекеттік,  қоғамдық  органдар   мен   ұйымдар,   олардың   ара
қатынастары. Бұл жүйенің негізгі бағыттары: білім,  ғылым,  мәдинет,  рухану
сана-сезім, дін, адамдардың денсаулығы. Ақпараттық  жүйе  –  осы  ақпараттық
бағыттағы  барлық  ұйымдар,  бірлестіктер,   мемлекеттік   органдар,   саяси
партиялар,  олардың  жұмыстары  мен  ара  қатынастары.   Бұл   бағытта   іс-
әрекеттерге толық бостандық берілу қажет. Осы көтерілген азаматтық  қоғамның
жүйелерінің жақсы, саналы дамуына зор  маңызды  үлес  қосатын  мемлекет  пен
құқық, қоғамдық ұйымдар мен партиялар және  қоғамдағы  демократияның  жоғары
дәрежеде болуы. Азаматтық қоғамның белгі-нысандары:
    -  Адамдардың  экономикалық,  әлеуметтік,  саяси  бостаннндығғғы   меннн
      құқықтарының қамтамасыз етілуі;
    -  Қоғамда  бостандықтың,  жариялылықтың  болуы,   ақпараттың   жұмысына
      азаматтардың қатысуы, ішкі-сыртқы байланыстарға қатысуға, жүріп-тұруға
      толық құқықтарының болуы;
    -  Азаматтардың  қоғамдық  ұйымдар,  бірлестіктер   құрып,   өз   мүдде-
      мақсаттарын  орындауға,  іске  асыруға  және   шет   елдердің   сондай
      ұйымдарымен байланыс жасауға құқықтарының болуы;
    - Жергілікті өзін-өзі басқаруға толық  бостандық  болуы,  оның  жұмысына
      мемлекеттің араласпауы, қажет болса тиісті көмегін көрсету; жергілікті
      өзін-өзі  басқаратын  мекеме  жергілікті  мемлекеттік  органмен  тығыз
      байланыста жұмыс жасауы;
    - Азаматтық қоғам – толық бостандық, демократия қалыптасқан қоғам  болуы
      қажет, ол болашақ құқытық  мемлекеттің  талаптарын  іске  асырып,  сол
      мемлекеттің объективтітұрғыдан негізі болуға тиіс.
      Сонымен, азаматтық қоғам және құқықтық  мемлекет  екеуі  қатар  дамып,
өрескел қайшылықтарды  бірлесіп  реттеп,  қоғамның  бейбітшілік,  прогрестік
жолмен   дамуына   толық   мүмкіншіліктер   жасаулары    қажет.    Қазақстан
Республикасының   Конституцисында   бұл    мәселенің    негізгі    бағыттары
көрсетілген.  Оның  бірінші  бабында  азаматтық  қоғамның   және   құқықтың,
мемлекеттің  ең  негізгі  қағидалары  былай   деп   жариялаған:   «Қазақстан
Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік  мемлекет
ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы  –  адам  және  адамның  өмірі,
құқықтары мен бостандықтары».
2.Құқықтық  мемлекеттің  түсінігі  мен  мазмұны.Қазіргі   заманда   құқықтық
мемлекетті құру қалыптастыру мәселесі ғаламдық проблемаға  айналды.  Өйткені
адам қоғамының даму тарихында ешқашан,  еш  елде  құқықтық  мемлекет  болған
емес. Қазіргі кезде де жоқ. Болашақта да барлық елдерде  бір  мазмұнды,  бір
нысанды құқықтық мемлекет болуы мүмкін емес. Себебі  әр  елдің  экономикасы,
мәдинеті, әлеуметтік жағдайы, рухани санасы, саясаты бір деңгейде  болмайды.
Бұған қоса олардың географиялық, ұлттық ерекшеліктері болады.
 Сондықтан, болашақта құқықтық мемлекет бірнеше дамыған елдерде  қалыптасуы
мүмкін. Бірақ ол мемлекеттердің мазмұнында,  әсіресе  нысанында  объективтік
ерекшеліктері болады.
 Құқықтық мемлекеттің мазмұнының негізгі талаптары:
   1) Құқықтық мемлекет азаматтық  қоҚұқықтық  мемлекет  азаматтық  қоғамның
      объективтік даму процесіне сәйкес ескеріп, жаңарып жататын  көп  қырлы
      құбылыс. Бұл мемлекетте адамның толық егемендігі болуы қажет,  олардың
      мемлекеттің билік жүргізетін органдарын құруға қатысуы заңды бекітілуі
      керек.
   2) Құқықық мемлекеттің экономикалық негізі – өндіргіш күш пен  өндірістік
      қатынас  және  көп  меншіктік  шаруашылық   арқылы   дамуы.   Құқықтық
      мемлекетте  меншіктің  басым  көпшілігі  –  өндіруші  мен  тұтынушылық
      билігінде болуы қажет. Бұл билік шаруашылықтың  жақсы,  сапалы  дамуын
      қамтамасыз ету үшін олраға толық бостандық  беруі  керек.  Сонда  ғана
      қоғамның әлеуметтік, экономикалық жағдайын көтеруге, нығайтуға болады.
   3) Құқықтық мемлекетің әлеуметтік негізі – өзін-өзі басқаратын  азаматтық
      қоғамда адамдардың  бостандығын,  теңдігін  қамтамасыз  етіп,  олардың
      жақсы еңбектенуіне, дұрыс жұмыс жасауына  мүмкіншілік  беру.  Қоғамның
      әлеуметтік жағдайын жақсартуы құқықтық, мемлекеттің  нығаюы.  Бұл  екі
      процесс бір-бірімен тығыз байланысты. Құқықтық мемлекет сонымен  бірге
      әлеуметтік мемлекет.
   4)  Құқықтық  мемлекттің  моралдық  негізі   –   гуманизм,   әділеттілік,
      бостандық, теңдік, адамдардың қадір-қасиетінің, ар намысының  деңгейі.
      Осы  жоғары  дәрежедегі  принциптер  болса  құықтық  мемлект   болады.
      Өйткені,  мұндай  қоғамда  адамдардың  рухан  сана-сезімі  де   жоғары
      дәрежеде болады.
   5) Құқықтық мемлекттің саяси  негізі  –  халықтың,  ұлттық  тәуелсіздігін
      қалыптастырып   қоғамдық   билікті   жан-жақты   дамытып,   адамдардың
      бостандығын, теңдігін қорғап, әділеттілік, демократияны орнату, қарым-
      қатынастарды реттеп-басқару.
 Міне, қоғамның осы негіздеріне сүйене отырып, құқықтық  мемлекет  орнатуға
мүмкіншілік қалыптасады.
 Құқықтық мемлекеттің негізгі белгілері:
    - Мемлекеттік билікті үш түрге бөлу, олардың ара қатынасын қатаң сақтау;
      азаматтық қоғамның қалыптасуы;
    - Қоғамда жоғары дәрежеде  құқықтық  мәдинеттің  қалыптасуы,  адамдардың
      рухани сана-сезімінің жақсы дамуы;
    -    Мемлекеттік    аппараттың,    лауазымды    тұлғалардың,    қоғамдық
      ұйымдардың,  жеке  адамдардың,  өмірдегі  қарым-қатынастардағы   өзара
      жауаптылығы;
    - Қоғамның экономикалық, әлеуметтік  бағытында  әділеттілікті,  теңдікті
      қамтамасыз ету үшін антимонополилық органның қызметін қатаң бақылау;
    - Қоғамның  ішкі  құқықтық  нормалары  мен  халықаралық  құқықтың  өзара
      қатынасын бақылап, жақсартып отыру;
    - Қоғамда заңның үстемділігін орнату,  азаматтық  қоғамды  қалыптастыру.
      Адамдар «заңның құлы» болмайынша құқықтық  тәртіп  те,  демократия  да
      жақсы дамуға тиіс емес.  Бұл  туралы  өмір  тәжірибесінен  қалыптасқан
      мынадай өсиет сөз бар:
 Заң – мемлекеттің ақылы.
 Сот – мемлекеттің жүрегі.
 Мәдинет – мемлекеттің тәртібі.
 Міне, осы үш қағидалы өсиет өзара бірігіп қалыптасып және мемлекттің  ішкі
заңдары көпшілік таныған халықаралық   құқықтық  нормалар  мен  принциптерге
сәйкес келсе елімізде мемлекет орнайды.
      Адам қоғамның барлық дәуірінде құқықтық мемлекет құру мәселесі толасып
көрген емес. Әсіресе, елді  басқаруда  абсолютизм,  деспотизм,  тоталитаризм
орнаған кезде құқықтық мемлекет орнату – деген дауыс, талап күшейіп  отырды.
Бұл тұрғыдан өте күшті  концепция  феодализмге  қарсы,  буржуазияның  күресі
кезінде  қалыптасты.  Күрестің  саяси   ұрандары:   «Бостандық!»   «Теңдік!»
«Әділеттілік!» халыққа едәуір жақсылықтар әкелді.
Бірақ көп  елде  реакцияшыл  буржуазияның  кертартпа  саясаты  демократиялық
реформаны толық аяқтауға мүмкіншілік бермеді.
 Ірі буржуазия саяси билікке қол жеткеннен кейін құқықтық  мемлекет  орнату
бағытынан алшақтай бастады. Бұл  елдерде  буржуазияның  үстемдігін  қоғайтын
мемлекет пенқұқық орнап көп уақыт өмір сүрді.
 XX ғасырда қоғамды басқару тәжірибесін шынықтырып капиталистік елдер  жаңа
экономикалық  саясатқа  көшіп,  халықтың  әлеуметтік   жағдайын   жақсартып,
бостандықтың  шеңберін  кеңейтіп,  демократиялық  мемлекетті  дамытуда.  Бұл
саясаттың мазмұны:
   1)  Қазіргі  заманда  халықтың  рухани  сана-сезімі  қоғамдық  басқаруға,
      қоғамдық меншік орнатуға жетілген жоқ. Сондықтан,  меншіктің  түрлерін
      шектемей  нарықтық  экономикаға  толық  бостандық  беру.   Осы   жерде
      «Өзімдікі дегенде өгіздей күшім бар...» деген мақал дұрыс келеді.
   2) Нарықтық экономика  арқылы  халықты  еңбекке  деген  ынтасын  көтеріп,
      шаруашылықтың, өндірістің барлық саласында  бизнесмендердің  бәсекесін
      дамыту.
   3) Халыққа өздерінің әлеуметтік экономикалық мүдде-мақсатынорындаудағы іс-
      әрекетіне толық бостандық беріп, мемлекет тек  көмек  көрсетуге  тиіс.
      Меамлекет нарықтық экономика  туралы  заңды,  құжаттарды  дер  кезінде
      қабылдап, олардың орындалуын қатаң түрде бақылап отыруы керек. Әсіресе
      жеке  меншікті  қорғауды,  адамдардың  бостандығын  сақтауды   бірінші
      бағытқа алу керек.
    Осы жаңа экономикалық  саясат  капиталистік  елдердің  соңғы  40-50  жыл
ішінде  экономикасын  дамытып,  халықтың   әлеуметтік   жағдайын   жақсартып
демократиялық қоғам құруына мүмкіншілік беріп отыр.
 Қазіргі заманда  дүние  жүзінің  барлық  мемлекеттері  капитализмнің  жаңа
экономикалық саясатын қабылдап нарықтық  экономиканы  дамытып  жатыр.  Кеңес
Одағы ыдырағанна кейін бұрынғы  советтік  республикалар  да  осы  жолға  бет
бұрып отыр.
      Әлемдік стандарт жолына Қазақстан да бет бұрып,  нарықтық  экономиканы
дамытуға кірісті. Кеңестік жүйенің жақсылығы да аз болған  жоқ:  20-60  ж.ж.
экономиканың , мәдинеттің, қорғаныстың  жетістіктері  дүние  жүзіне  белгілі
болды. Бірақ Кеңес Одағының жетістіктерінен гөрі кемшілігтері  басым  болды.
Сондықтпан Одақ ыдырады. Енді капиталистік елдердің XX ғ.  30-50  жылдардағы
либералдық-демократияға бет  бұрып,  дамуының  себептеріне  қысқаша  түсінік
берейік. Бірінші себебі – капиталистік елдер 1929-1938 жылдары  дүниежүзілік
экономикалық   дағдарыстан   Кеңес   Одағының   бір   орталықтан   жоспарлау
тәжірибесінің жақсы жағын пайдаланып, өздерінің экономикасын  жақсы  дамуына
мүмкіншілік  жасады.  Жеке  меншіктегі  шаруашылықтарға  мемлекет  тиіспеді.
Капиталистік мемлекеттер мемлекеттік  меншіктегі  өндірісте  ғана  жоғарыдан
төмен қарай жоспарлап  отыр.  Міне,  осы  тәсілді  капиталистік  мемлекеттер
үздіксіз пайдаланып келеді. Жеке меншіктегі өндіріс  төменнен  жоғары  қарай
жоспарланып жақсы дамуда.  Екінші  себебі  –  ресейде,  қытайда  тағы  басқа
Европа, Азия елдерінде социалистік мемлекеттер орнап, қалың бұқараның мүдде-
мақсатын орындаймыз – қорғаймыз деген желдірме «ұрандарынан»  ірі  буржуазия
сескеніп халықтың, саяси-әлеуметтік жағдайына  көңіл  бөлуге  мәжбүр  болды.
Бұл  саясатты  дұрыс,  жақсы  дамытуға  ғылыми-техникалық  революция  жағдай
жасады.
    Құқықтық мемлекет орнатудың негізгі бағыттары:
    -  Мемлекет  билік  үш  саласының  жұмысын  жақсарту,  әсіресе   заңның,
      нормативтік актілердің сапасын көтеру;
    - Ол нормалардың дұрыс пайдалануын, орындалуын қамтамасыз ету,  халықтың
      рухани сана-сезімін, мәдинетін жақсартып, көтеру;
    -  Қоғамдағы  қатынастарды  дұрыс,  жақсы   реттеу-басқару   бағытындағы
      мемлекеттік, қоғамдық ұйымдардың жұмысын жақсарту;
    - Бостандықты, теңдікті, әділеттілікті, демократияны дамыту;
    - Заңдылықты, құқықтық тәртіптіқатаң сақтау.
    Қазақстан  Республикасының  Конституцисы   бойынша   құқықтық   мемлекет
қалыптастырудың   негізгі   баұыттары   демократиялық,   зайырлы,   құқытық,
әлеуметтік мемлекет құру.
      Демократиялық  мемлекет  –  Қазақстан  алдымен  Конституция  қабылдап,
тікелей басшысын және Парламентті  үкіметті  тез  арада  құрып  алды.  Кейін
сайлауын мерзімді уақытта жүргізіп отырды. Республиканың  жоғарғы  органдары
арқылы көпшілік қазақстандықтардың  еркін  шынайы  анықтауға  және  мүддесін
барынша жүйелі қорғауға  қажетті  мүмкіндіктерберді.  Демократиялық  мелекет
әлеуметтік  және  ұлттық  нысандарына  қарамастан,  азшылық  пен   жекелеген
азаматтардың мүддесін білдіруіне мүмкіндіктер  берді,  мемлекеттік  қызметке
араласып, азда  болса  қатысуға  құқықтар  берілді.  Демократиялық  мемлекет
қызметінің түбегнйлі принциптерінің  бірі  –  «Қоғамдық  татулық  пен  саяси
тұрақтылық».
      Зайырлы  мемлекет   –   Қазақстан   Республикасында   діни   мекемелер
мемлекеттен  бөлінгенін  білдіреді  және   бұл   Қазақстандағы   ислам   мен
правослаиелік тағы басқа нанымдақ  ағымдарға  бідей  қатысты.  Діни  негізде
папртия құруға жол берілмейді. Наным немесе атеизм мәселесі – әркімнің  жеке
басының шаруасы.  Елдегі  дін  ұстау  бостандығы  мен  діни  бірлестіктердің
жұмысы жөніндегі заңдылықтарды мемлект белгілеп, бақылайды.
      Құқықтық  мемлекет  –  Қазақстанның  барлық  огандары  мен   лауазымды
адамдарының қызметі құқықтық нормларына байланысты,  соған  бағыеышты,  және
соған сәйкес іс-әрекет  жасайды.  Құқықтың  негізгі  принциптері:  азаматтар
үшін  –  «заңға  тыйм  салынбағанның  бәріне  рұқсат  етіледі»,  мемлекеттік
органдар мен лауазым иелері үшін – «Заңда нақты не  көрсетілсе,  соған  ғана
рұқсат». Барлық заң жүйесін жақсартып, әділеттілікті жоғары дәрежеге  көтеру
және азамат құқығы мен  бостандығын  халаықаралық  өлшем  деңгейіне  жеткізу
Қазақстан  мемлекетінің  негізгі  міндеті.  Құқықтық  мемлекетте   Заң   бір
әлеуметтік топтың емес, халықтың шынайы еркін білдіреді.  Мұндай  мемлекетте
заңның рухы үстемдік етеді. Барша адамдар,  ең  жоғарғы  дәрежедегі  лауазым
иелеріне  қатардағы  ағаматтарға  дейін  заңдардың  бүкіл  халықтың  мддесі,
игілігі  үшін  жасалып,  қолданылатын,  заңдар  адамдарға   қажет   қоғамдық
тәртіпті орнататын, адамдарға отбасын құрып, өсіп-өнуге, өзі  қалаған  жұмыс
пен  шұғылдануға,  өздерін  еркін  сезінуге,  қоғам  ісіне  қатысуға  жағдай
туғызуы керек екенін түсінуі қажет.
Талқылау сұрақтары:
   1. Азаматтық қоғам дегеніміз не?
   2. Құқықтық мемлекеттің негізгі белгілерін атаңыз?
   3. Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің арақатынасы қандай?
Ұсынылған әдебиеттер:
   1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, 2008ж.
   2. Нормативтік құқықтық актілер туралы  Қазақстан  Республикасының  Заңы.
      1998, 28 наурыз.
   3. Қазақстан Республикасы   Коституциясына  берілген  түсіндірме  сздігі,
      Алматы, 1996.
   4. Адам құқықтары туралы  Халықаралық билль. Алматы, 1998.
   5. Жергілікті өзін - өзі басқару. Құрастырған Дос Көшім. Алматы, 2000.
   6. Бюргенталь Т. Халықаралық адам құқықтары. Алматы, Ғылым,  1999.Соколов
      А.Н. Правовое государство. Идея, теория, практика. – Курск, 1994.
   7. Булгакова Д.А. Теория государства  и  пправа  (учебно  –  методическое
      пособие), Алматы, Данекер, 2001.


8-ДӘРІС
ҚҰҚЫҚ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘНІ
Мақсаты:   Студенттерге   қоғамдық  қатынастарды  реттеуде  құқықтың  алатын
ролін ашып түсіндіру.  Құқықтың  тар  және  кең  мағынасымен  таныстыру.  Өз
құқықтарын  жүзеге асыра білуге үйрету.
Жоспар:
  1.Құқықтың түсінігі және белгілері.
  2.Құқықтың мақсаmы.
  3.Құқықтың құндылығы.
  4. Құқықтың мәні.
  5. Құқықтың объективтік және субъективтік мағынадағы түсінігі. Табиғи
  құқық. Бұқаралық және жеке құқық.
  6. Құқық қоғамдық қатынастарды мемлекеттік реттеуші ретінде.
  1. Құқықтың түсінігі және белгілері. Құқық -  бұл  қоғамдық  қатынастарды
реттеуге бағытталған, мемлекетпен орнықтырылатын және  қамтамасыз  етiлетiн,
жалпыға міндетті, формальды анықталған заң нормаларының жүйесі.
      Құқықтың белгілері:
      1) еріктiлiк сипаты;
      2) жалпыға міндеттілiгi;
  3) нормативтілiгi;
  4) мемлекетпен байланысы;
  5) формальды анықталғандығы;
  6) жүйелілiгi.
2.  Құқықтың  мақсаты.   Құқықтың   қоғамдық  жоғары   мақсаты    қоғамдагы
бостандықты нормативтік  тәртіпте  қамтамасыз  етуінен  және  кепілдеуiнен,
әдiлеттiлiктi қалыптастыруынан қоғамдық өмірден қателіктер мен  өз  бетiмен
кетушіліктерді жоя отырып, қоғамдағы экономикалық  және рухани факторлардың
 әрекет етуіне  мейлiнше жағдай жасауынан көрініс табады.
3. Құқықтың құндылығы –  бұл  құқықтың  азаматтардың  және  жалпы  қоғамның
әлеуметтiк  әдiлеттi қажеттіктeрi мен мүдделерiн қамтамасыз ету құралы  мен
мақсаты peтlндe  қызмет ете алу қабiлетi. Құқықтьң  әлеуметтiк құндылығының
 төмендегiдей негiзгi  көріністерін  атап етуге болады:
  1)  Құқық   адамдардың   әрекеттерiне  ұйымдастырушылықты,   тұрақтылықты
үйлесiмдiлiктi дарыта отырып, олардың  бақылалануын  қамтамасыз  етедi,  Осы
арқылы  ол  қоғамдық  қатынастapғa  реттеушiлiк  элементiн  енгiзе   отырып,
оларды өркениетгi  құбылысқа айналдырады;
  2) құқық тұлғалардың ерекше мүдделерiн yйлестіpy  арқылы  олардың  жүрiс-
тұрысы мен қызметiне әcepiн тигiзедi, яғни, құқық   жеке  мүдделердi  басып-
жаншымайды, керiсiнше, оны қоғaмдық мүддемен үйлестiредi;
  3) құқық тұлғаның қоғамдаrы бостандығын  көpceтуші және  анықтаушы  болып
табылады және осы бостандықтың шегін, шамасын анықтайды;
  4)  құқық  әдiлеттiлiк  идеясын  көрсету  қабiлетiне  ие,   яғни,   құқық
материалдық   игiлiктердiң  дұpыc   және  әдiлеттi   бөлiнуiнiң   талаптарын
орнықтырады, барлық  азаматтардың заң алдындағы тендiгiн бекiтедi;
  5)  құқық   қоғамдық   дамудың  тарихи  кезектiлiгiне   сәйкес   коғамның
  жаңаруының  қайнар  көзi   болып   табылады,  әcipece,   оның   құндылығы
  тоталитарлық  режимдердiң  құлауы  мен  жаңа   нарықтық    механизмдердiң
  бекiтiлуi жағдайларында өсе түседi;
       6)  құқықтық   тәсiлдер   халықаралық   және    ұлтаралык   сипаттағы
мәселелердi шешудiң  негiзi және  жалғыз  құралы болып табылады.

4.Құқықтың мәні  өркениеттілік  жағдайында қоғамдық қатынастарды  реттеуден,
     нормативтік         негізде  қоғамның  тұрақты  ұйымдастырылуына   жете
отырып, демократияның  экономикалық  бостандықтың, тұлға бостандығын  жүзеге
асырылуынан көрінеді.
       Құқықтың     мәнін   қарастыруда  екі  аспектіні  ескерудің    маңызы
зор: 1) формальдық -  кез  –  келген   құқықтың  ең   алдымен       реттеуші
екендігі;  2)  мазмұндық  –  осы  реттеушінің  кімнің   мүдделеріне   қызмет
ететіндігі.
      Құқықтың мәнін түсінуде келесі тәсілдерді бөліп атауға болады:
    - Таптық, мұның шегінде құқық экономикалық үстемдік құрушы таптың  заңда
      көрініс тапқан мемлекеттің еркін білдіретін,  мемлекетпен  кепілденген
      заң нормаларының жүйесі ретінде анықталады;
    - Жалпыәлеуметтік, мұның  шегінде  құқық  қоғамдағы  әртүрлі  таптардың,
      леуметтік   топтардың   арасындағы   келісімнің    көрінісі    ретінде
      қарастырылады.
5.  Құқықтың  объективтік  және  субъективтік  мағынадағы  түсінігі.  Табиғи
құқық.  Бұқаралық  және  жеке  құқық.   Объективтік  құқық  –  бұл  қоғамдық
қатынастарды   реттеуге   бағытталған,   мемлекетпен   орнықтырылатын   және
қамтамасыз   етілетін,   жалпыға   міндетті,   формальды   анықталған    заң
нормаларының жүйесі. .  Объективтік  құқық  –  бұл  нақты  бір  мемлекеттегі
белгілі  бір  кезеңдегі  заңнама,  заң  әдеттері,  заңды  прецеденттер  және
нормативті шарттар. Оның объективтілігі жеке  тұлғаның  еркі  мен  санасынан
тәуелсіз болып, оның тиесілі болмауынан көрініс табады.
Субъективтік  құқық  –  бұл  тұлғаның   жеке   мүдделерін   қанағаттандыруға
бағытталған, заңды мүмкін жүріс –  тұрыстың  шамасы.  Субъективтік  құқықтар
ретінде адамның нақты құқықтарын (еңбек  етуге,  білім  алуға  т.б.)  атауға
болады,   олардың   субъективтілігі   тұлғамен    байланыстылығынан,    оған
тиесілігінен және оның сапасы мен еркінен тәуелділігінен көрінеді.
      Заңды мағынадағы  құқықпен  (объективтік  және  субъектитік  құқықтар)
өатар табиғи  құқық  та  болады,  ол  өмір  сүруге,  бостандыққа  және  т.б.
құқықтарды қамтиды. Табиғи құқықтың  қатарына  жататын  құқықтар  бір  жерде
бекітілген –  бекітілмегеніне қарамастан өмір сүреді,  олар  өмірдің  өзінен
тікелей туындайды.
      Табиғи құқыққа  қарағанда  заңды  мағынадағы  құқық  позитивтік  құқық
ретінде көрініс табады, яғни  олар  заңдар  мен  басқа  да  қайнар  көздерде
бекітілген.
      Позитивтік құқықтың негізгі сипаттары:
а) оны адамдар немесе қоғамдық құрылымдар, заң  шығарушылар,  соттар,  құқық
субъектілері қалыптастырады, яғни, олардың шығармашылығын,  мақсатты  ерікті
қызметінің нәтижесі болып табылады;
б) ол заңдар немесе басқа да қайнар  көздер  түрінде,  яғни,  жәй  ой,  идея
түрінде ғана емес, нақты сыртқы көрінісі бар ақиқат ретінде өмір сүреді.
      Құқықтың пайда болу кезінен бері және оның дамуы  барысында  оның  бір
мезетте әрі қарама –  қайшы,  әрі  өзара  байланысқан  екі  жағы  анықталды.
Бірінші жағы –  бұқаралық – құқықтық жағы, екінші жағы –  жеке  –   құқықтық
жағы.
      Бұқаралық құқық  –  бұл  мемлекеттік  істер  саласы,  яғни  билік  пен
бағыныстылық  қатынастарына    негізделген   мемлекеттің   бұқаралық   билік
ретіндегі және барлық бұқаралық институттардың құрылымы мен қызметі.
      Жеке құқық – бұл жеке істер  саласы,  яғни  дербестік,  субъектілердің
заңды теңдігі бастамаларына негізделген еркін тұлға, институттар мәртебесі.
6.Құқық  қоғамдық  қатынастарды  мемлекеттік  реттеуші  ретінде.    Құқықтың
түсінігіне кірген аса  маңызды  белгілерінің  бірі  болып  оның  мемлекетпен
тығыз байланысы табылады. Бұл белгі мыналардан көрініс табады:
    - мемлекет құқықты ресми түрде орнықтырып, оның  орындалуын  мемлекеттік
      мәжбүрлеу арқылы қамтамасыз етеді;
    - құқық мемлекеттік еріктің нормативтік  көрінісі  бола  тұра,  қоғамдық
      қатынастарды таптық, жалпы әлеуметтік және басқа да мүдделерге  сәйкес
      реттейді.
    -  құқық  жалпыға  міндетті  сипатқа  ие,  бұл  оның  ерекше  әлеуметтік
      реттеуші,  заңды  және  заңсыз  ірекеттерді  өлшеуші  ретінде  көрініс
      табуына мүмкіндік береді;
    - басқа әлеметтік нормаларға  қарағанда  құқықтың   реттеушілік  рөлінің
      ерекшелігі  оның  нормаларының  өкілдік   –   міндеттеуші   мазмұнымен
      байланысты.
Талқылау сұрақтары:
   1.Құқықтың кең және тар мағынасы қандай?
     2.Қоғамдық қатынастарды реттеуде  құқықтың алатын рөлі қандай?
     3.Заңды немесе заңсыз деген ұғымдарды қалай түсінесіз?
     4.Объективті және субъективті құқықтардың арақатынасы қандай?
Ұсынылған әдебиеттер:
   1. 11\-",';''
   2. Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық. Авторлар алқасы:  Жоламанов  Ж.,
      Таукелов А.Н., Мұхтарова А.К., Алматы, 1998.
   3. Сапарғалиев Ғ. Ибраева А. Мемлекет және құқық теориясы.  Алматы,  Жеті
      Жарғы,1998.
   4. Ибраева А.С., Ибраев Н.С. Теория государства и права: Учебное пособие.-
      Алматы, Жеты Жарғы, 2003.


9-ДӘРІС
ҚҰҚЫҚ НОРМАСЫ
Мақсаты:  Құқық нормасының әлеуметтік нормалар жүйесіндегі алатын орнын
ашып түсіндіру.
Жоспар:
      1.Құқық нормаларының түсінігі және белгілері.
      2.Құқық нормаларының түрлері.
      3.Құқық нормаларының құрылымы.
      4.Құқық нормасы мен нормативтік акт бабының арақатынасы.
1. Құқық нормаларының түсінігі және белгілері. Құқық нормасы – бұл  мемлекет
таныған және қамтамасыз ететін жалпыға міндетті, формальды анықталған жүріс-
тұрыс  ережесі.  Құқық  нормасынан   қоғамдық   қатынастар   қатысушыларының
құқытары мен міндеттері туындайды  және  осы  ереже  аталған  субьектілердің
әрекеттерін реттеуге бағытталған.
Заң нормасы – құқықтың алғашқы буыны, оның жүйесінің элементі. Сол  себепті,
бұл  нормаға  ерекше   әлеуметтік   құбылыс   ретіндегі   құқықтың   негізгі
белгілерінің тән болуы заңды да. Алайда, бұл «құқық»  және  «құқық  нормасы»
түсініктерінің бір екенін  білдірмейді.  Олар  бір-бірімен  бүтін  мен  оның
бөлігі ретінде байланысқа түседі.
   Құқық нормасының белгілері:
1)жалпыға міндеттілігі – ол адамдардың  мүмкін  және  міндетті  әрекеттеріне
қатысты мемлекеттің биліктік ережелерін білдіреді;
2)формальды анықталғандығы –  ол  жазбаша  түрде  ресми  құжаттарда  көрініс
табады;
3)мемлекетпен  байланысы  –  оны  мемлекеттік  органдар   орнықтырады   және
мемлкеттік әсер ету шараларымен қамтамасыз етіледі;
4)ұсынушылық-міндеттемелік сипат –  ол  бір  субьектілерге  құқықтар  берсе,
келесі субьектілерге міндеттемелер жүктейді, себебі, құқықты  міндетсіз,  ал
міндетті құқықсыз жүзеге асыруы мүмкін емес.
2. Құқық нормаларының түрлері. Заң нормаларының түрлері:
1)реттеуші және құқық қорғаушы;
2)құқық беруші, тыйым салушы және міндеттеуші;
3)императивтік және диспозитивтік.
Реттеуші норма – бұл субьектінің  субьективтік  құқықтары  мен  міндеттерін,
олардың пайда болу және әрекет ету жағдайларын анықтайтын норма.
Құқық қорғаушы  норма  –  бұл  субьектіге  мемлекеттік  мәжбүрлеу  шараларын
қолданудың  жағдайларын,  осы  шаралардың  сипаты  мен  мазмұнын  анықтайтын
норма.
Құқық беруші норма – бұл субьектіге белгілі бір әрекеттерді  жүзеге  асыруға
байланысты құқықтарды беретін норма.
Тыйым салушы норма – бұл субьектіге белгілі  бір  әрекеттерді  жасаудан  бас
тартуды міндеттейтін норма.
Міндеттеуші норма – бұл субьектіге белгілі бір мазмұндағы әрекеттерді  жасау
міндетін жүктейтін норма.
Императивтік норма – бұл қатаң ережелер түрінде көрініс табатын  және  құқық
субьектілерінің қалауларынан тәуелсіз түрде әрекет ететін норма.
Диспозитивтік норма – бұл өзіндік қалау бостандығын білдіретін норма.
3.Құқық нормаларының құрылымы.  Құқықтық  норманың  құрылымы  үш  элементтен
құралады: гипотеза, диспозиция және санкция.
Гипотеза – бұл құқықтар мен міндеттердің пайда болу жағдайын көрсету.
Диспозиция – бұл құқықтар мен міндеттердің өзін көрсету.
Санкция – бұл норманы бұзудан туындайтын қолайсыз салдарды көрсету.
Бұл үлгінің сөздік кестесі мынадай «егер ... , онда  ...  ,  бұлай  болмаған
жағдайда ...». мысалы, займ шарты  жазбаша  нысанда  жүзеге  асырылуы  тиіс.
Логикалық түрде бұл норманы былай құруға болады: егер займ шарты  бекітілген
болса, онда ол жазбаша түрде жасалуы тиіс, бұлай болмаған жағдайда,  шарттың
күші болмайды.
4.Құқық нормасы мен нормативтік акт бабының арақатынасы. Құқық  нормасы  мен
нормативтік акт бабы бір ұғымдар емес, көп жағдайларда олар  сәйкес  келмеуі
де мүмкін. Құқық нормасы – бұл гипотезадан,  диспозициядан  және  санкциядан
құралған жүріс-тұрыс ережесі, ал заңшығармашылық  актісінің  бабы-бұл  құқық
нормасының жүзеге асырылу құралы,  мемлкеттің  ерік  білдіру  нысаны.  Құқық
нормасы  нормативтік  акті  бабының  мазмұны  болыа  табылса,  бап  құқықтық
норманың нысаны болып табылады. Олардың арасындағы байланыс әртүрлі  сипатқа
ие. Жүріс-тұрыс ережесін бекіте отырып, заңнама құқық  нормасының  логикалық
құрылымының үш элементін де нормативтік актінің бір бабына  енгізуі  мүмкін,
бір бапқа бірнеше құқық  нормасын  енгізуі  мүмкін,  кейбір  жағдайда  құқық
нормасы элеметтерін  әр  түрлі  нормативтік  актілердің  бірнеше  баптарында
немесе бір нормативтік актінің бірнеше баптарында көрсетуі мүмкін.
Көрсету  тәсілдері  бойынша  құқық  нормасы  мен  нормативтік  акт   бабының
арақатынасының үш түрі болады:
А)тікелей тәсіл – құқық  нормасы  нормативтік  акт  бабының  өзінде  тікелей
көрсетіледі;
Ә)сілтемелі тәсіл – нормативтік акт бабы  норманы  толығымен  ашпастан,  осы
актінің басқа бабына сілтеме жасайды;
Б)бланкеттік тәсіл – нормативтік акт бабы нақты бір бапқа емес, белгілі  бір
нормативтік акті түріне сілтеме жасайды.
Талқылау сұрақтары:
   1. Құқық нормасы дегеніміз не?
   2. Құқықтық норманың құндылығы неде?
   3. Құқықтық норманың негізгі сипаттарына тоқталыңыз.
   4. Құқықтық норманың құрылымы неден тұрады?
Ұсынылған әдебиеттер:
   1. Сапарғалиев Ғ. Ибраева А. Мемлекет және құқық теориясы.  Алматы,  Жеті
      Жарғы,1998.
   2. Ибраева А.С., Ибраев Н.С. Теория государства и права: Учебное пособие.-
      Алматы, Жеты Жарғы, 2003.
   3. Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық. Авторлар алқасы:  Жоламанов  Ж.,
      Таукелов А.Н., Мұхтарова А.К., Алматы, 1998.


   4. 11\-",';''
10 -ДӘРІС
ҚҰҚЫҚ  ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
Мақсаты:    Құқық   шығармашылығының    түсінігі    мен    мазмұны,    құқық
шығармашылықтың негізгі қағадалары туралы толық мағлұмат беру.
Жоспар:
   1. Құқық шығармашылығының түсінігі және түрлері.
   2. Құқық шығармашылықтың қағидалары
   3. Құқық шығармашылық процесстің кезеңдері.
1.  Құқық шығармашылықтың түсінігі және түрлері. Құқық  шығармашылық  -  бұл
құзіретті  органдардың  заң  нормаларын  қабылдауға,  өзгертуге  және  жоюға
байланысты арнайы қызметі  Құқык  шығармашылык  мыналармен  сипатталады:  ол
белсенді, мемлекеттік, шығармашылық қызметті  білдіреді,  -    оның  негізгі
өнімі - нормативтік актілерден көрініс тапкан заң нормалары:-   бұл  қоғамды
баскарудың маңызды  құралы:  мұнда  оның  даму)  бағдараламасы  қалыптасады,
маңызды жүріс-тұрыс ережелері қа былданады;-  құқық шығармашылықтың  деңгейі
мен мәдениеті, қабылдаған  нормативтік  актілердің  сапасы  -  бұл  қоғамның
өркениеттілігі  мен  демократиялылығының  көрсеткіші.Субъектілерінің  түріне
карай құқық шығармашылық келесі түрлерге бөлінеді:
1)  халықтың мемлекеттік және қоғамдық өмірдің маңызды  мә-селелері  бойынша
жалпы халықтық дауыс беруін - референдум -жүргізу  кезіндегі  тікелей  құқык
шығармашылыгы;
2)  өкілетті мемлекеттік органдардың тікелей кұқық орнықтырушы қызметі;
3)  әдет түрінде қалыптасқан немесе мемлекеттік емес ұйымдар қабылдаған
нормаларды мемлекеттің санкциялауы.
2.  Құкық шығармашылықтың қағидалары. Кұкық  шығармашылыкқа  мына  қағидалар
тән:1)  ғылымилық - нормативтік актілерді  дайындау  процесінде  әлеуметтік-
экономикалық.  саяси  және  баска  да  жағдайларды,     қоғамнын,   дамуының
объективтік қажеттіктерін және т.б. зерттеудің маңызы зор; 2)   кәсібилік  -
мұндай қызметпен құзіретті  тұлғалар  -  заңгерлер,  экономистер  және  т.б.
айналысуы тиіс; 3)   заңдылык - бұл  қызмет  Конституцияның  және  басқа  да
заңдардың негізінде және шеңберінде жүзеге асырылуы тиіс; 4)   демократиялық
- азаматтардың  бұл  процеске  қатысу  дәре  жесін.  қоғамдағы  процедуралық
нормалар мен институттардың даму  деңгейін  сипаттайды;  5)    жариялылық  -
кұқық шығармашылық процестің көпшілік қауым үшін ашықтығын білдіреді.
3. Құқық шығармашылық процестің кезеңдері. Құқык шығармашылык процессі
бірнеше кезендер арқылы жүзеге асырылады:
1.  Заң шығару ынтасы -  құқықшығарушы  органға  нормативтік  актіні  шығару
туралы ұсыныс немесе актінің дайын жобасы ұсынылады. Заң шығару құқығына  ие
субъектілер шеңбері заңнамада катаң түрде анықталған.
2.  Заң жобасын талқылау - бұл кезең құжатты кажетты сапаға жеткізу, қарама-
кайшылыктарды, ол қылыктарды, түсініксіз мәсе лелерді  және  т.б.  жою  үшін
қажет. Ерекше маңызды заң жобалары жалпы халықтық талқылауға ұсынылады.
3.  Заңды қабылдау.
4.  Қабылданған актінің мазмұнын көпшілікке жеткізу. яғни, заңды жариялау.
Талқылау сұрақтары:
   1. Құқық шығармашылық ұғымына сипаттама беріңіз?
   2. Құқық шығармашылықтың негізгі қағидаларын атаңыз?
   3. Нормаьтвті актілердің заңды күшінің уақыты, кеңістігі  және  адамдарды
      қамтуы дегенді қалай түсінесіз?
Ұсынылған әдебиеттер:
   1. Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық. Авторлар алқасы:  Жоламанов  Ж.,
      Таукелов А.Н., Мұхтарова А.К., Алматы, 1998.
   2. Баймаханов М.Т. Проблемы воплощения принципов правового государства  в
      Конституции Республики Казахстан.// Государство и право, 1992, №8.
   3. Сапарғалиев Ғ. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, 1998.
   4. Ашитов З.О. т.б. Егеменді Қазақстанның құқығы. Алматы, 1997.
   5. Сапарғалиев Ғ. Заң терминдерінің түсіндірме сөздігі. Алматы, 1995.

11-ДӘРІС
ҚҰҚЫҚТЫҚ  ҚАТЫНАСТАР
Мақсаты:  Құқықтық  қатынастар  ұғымы,  заңи  айғақтар  туралы  студенттерге
мағлұмат беру.
Жоспар:
   1. Құқықтық қатынастар түсінігі мен мазмұны.
   2. Құқықтық қатынастардың құрамды бөлшектері.


   Құқықтық қатынастар түсінігі мен мазмұны.Құқықтық қатынастар дегеніміз  -
бұл  адамдардың  құқықтармен   және   міндеттермен   өзара   байланыстылығы.
Азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушылардың  субъективтік  құқықтары  мен
субъективтік міндеттері оның мазмұнын құрайды. Субъективтік кұқық  дегеніміз
құқық берілген адамның байқалатын  мінез-құлқының  занды  жолмен  қамтамасыз
етілген шарасы. Ол құқық берілген адамның  белгілі  дәрежеде  өзінің  әрекет
ету (өзінің дұрыс әрекет ету құқығы) мүмкіндігінен немесе  міндетгі  адамнан
белгілі бір әрекеттер жасауды (бөгде әрекеттер құқығы —  талап  ету  құқығы)
талап ету мүмкіңдігінен  көрінеді.  Мәселен,  автордың  шығармасын  жариялау
құқығы, оған қол сұғылмау  құқығы  оның  өз  әрекеттерімен  жүзеге  асырылуы
мүмкін.  Керісінше,  жалға  берушінің  өз   мүлкін   жалға   беру   шартында
көрсетілген мерзім өткен соң  қайтару  жөніндегі  құқығын  міндетті  адамның
тиісті әрекеттер жасауынсыз жүзеге асыру мүмкін емес.
   Құқықтық  қатынастардың  мазмұнын   құрайтын   элементтер   -субъекгивтік
құқықтар өзіндік және  берілетін  субъективтік  құқықтарға  бөлінуі  мүмкін.
Субъективтік міндет дегеніміз — міндетті  адамның  байқалуға  тиісті  мінез-
құлқының  заңды  жолмен  қамтамасыз   етілген   шарасы.   Азаматтық-құқықтық
қатынастардың   мазмұнын   құрайтын   субъективтік   құқықтар    мен    оның
қатысушыларының  міндеттері  өзара  тығыз  байланысты,  әрбір   субъективтік
құқықтың тиісті міндеті  бар  және  керісінше.  Құқықтық  қатынастардың  бір
тарабындағы субъективтік қүқықтың міндетті адамнан белгілі  бір  әрекеттерді
жасауды талап етуіне келесі тараптың осындай әрекеттер  жасауға  бағытталған
субъективтік міндеті сай келеді. Демек, құқық берілген адамның  белгілі  бір
әрекеттер  жасау  жөніндегі  субъективтік  құқығына  құқықтық  қатынастардың
келесі қатысушысының бұл құқықты жүзеге асыруға кедергі жасамау, оны  бұзбау
міндеті  сәйкес  келеді.Құқықтық  қатынастарды  және  тиісінше  субъективтік
азаматтық  құқықтарды  бөлу  (жіктеу)  түрлі  негіздерге   сәйкес   жүргізі-
летіндікген, әрбір өкілетгіктің әдетте бірнеше  белгілері  болады.  Мәселен,
көркем туынды жасаушының оның авторы болу құқығы осымен  бір  мезгілде  оның
өзіндік, мүліктік емес,  абсолюттік  құқығы  болып  табылады.  Осы  автордың
баспадан қаламақы алу құқығы бір мезгілде берілетін, мүліктік,  салыстырмалы
құқық болып табылады.
   Құқықтық қатынастарға қатысушылардың субъективтік құқығы  кейде  көптеген
әрекеттерді жасау мүмкіндігін немесе  міндетті  адамнан  көптеген  әрекеттер
жасауды талап ету мүмкіндігін қамтиды. Мұндай  жағдайда  субъективтік  құқық
күрделі  болуы  мүмкін,  оның  мазмұнын  қарапайым  құрамдас  элементтер   —
жекелеген  өкілеттіктер   құрайды.   Бірақ   құқықтық   қатынастың   шегінде
өкілеттіктер біртекті немесе әртекті болуы мүмкін. Мәселен, мүліктік  жалдау
шартында жалдаушының құқығы жалға алынатын  мүлікті  иелену  және  пайдалану
мүмкіндігін  қамтиды  (заттық,  абсолюттік  өкілеттіктер),  сондай-ақ  жалға
берушіден күрделі жөндеуді  дер  кезіңде  жүргізуді  талап  ету  мүмкіндігін
қамтиды (міндеттемелік, салыстырмалы  өкілеттік).  Заң  тұрғысынан  алғанда,
әртекті өкілеттіктерді қамтитын мұндай күрделі құқықтарды  кешенді  құқықтар
деп атауға болады.
2.Құқықтық   қатынастардың  құрамды  бөлшектері.  Құқық   қатынастарын   сөз
еткенде, оны талдағанда біз алдымен құрамдас элементтерін  айқындап  алуымыз
кажет. Әрбір  құқық  катынастарында  қатынастың  субьектілері  деп  аталатын
қатысушылары  болады,  Азаматтық  құқық  қатынастарының  субъектілері:  жеке
тұлға, занды тұлғалар,  әкімшілік-аумақтық  бөліністер,  сондай-ақ  мемлекет
болып табылады.
Құқық, катынастарына қатысушылардың арасында белгілі бір  байланыс  орнайды,
сол себепті бұлардың арасында қатынастарының мазмұнын құрайтын  белгілі  бір
кұқықтар мен міндеттер пайда болады.
Сол  қатынаста  кұқықтар  мен  міндеттер  не  нәрсеге  (мүліктік  және  жеке
мүліктік емес игіліктер) бағытталған болса, сол  нәрсе  оның  обьектісі  деп
аталады. Сөйтіп, кұкық қатынастарына  төмендегідей  элементтер  тән  болады:
субъектілер (қатысушылар), мазмұны (құқықтар мен міндеттер) және  объектілер
(құқықтар  мен  міндеттердің  қатысы  бар  мүліктік   және   мүліктік   емес
игіліктер). Осыған орай кұқықтын жалпы теориясының  бір  мәселесіне  тоқтала
кеткеннің  еш  артықтығы   жоқ.   Әдетте"құкық"   сөзі   бір-бірімен   тығыз
байланысты, бірақ  шын  мәнінде  мүлдем  бөлек  екі  мағына  білдіретіндігін
айтпасқа болмайды.
Оның біріншісін "Азаматтык кұқық" "құқық нормалары" дегенге қолданамыз.  Бұл
сөз тіркесіндегі "құқық" дегеніміз мемлекетте қалыптаскан құкықтық  рәсімдер
жүйесі, жиынтығы. Қажет  болған  жағдайда  онын,  жүзеге  асырылуы  мемлекет
күшіне сүйенеді. Осы мағынасында қолданатын "құқықтың
объективті мағынасындағы құқық" деп немесе "объективті құқық" деп атайды.
   Біз күнделікті өмірде "Менің меншік  кұқығым  бар",  "Сіз  бұлай  істеуге
кұқығыңыз жоқ", "Оньщ зейнетақы  алуға  құқығы  бар"  тәрізді  сөздерді  жиі
айтамыз, ал бұл орайда кездесетін "құқық" сөзі заң дегенді  емес,  тұлғаның,
накты адамның белгілі бір мүддесін ғана білдіреді. Бұл  жағдайларда  "кұқық"
туралы  субъективтік   мағынасында   немесе   басқаша   айтканда,   құқықтық
нормалардың  құкық   тұлғаларына   берген   қүқықтық   мүмкін-діктер   болып
есептеледі.  Құкық  катынастарының  элементі   ретінде   айтқанымызда,   біз
субъективтік құкык туралы  да  айтамыз.  Бұл  "құқық"  деген  сезге  беретін
екінші мағына.
   Әрбір  құқық  қатынасында  катысушының   бірінің   субъективті   құқығына
екіншісінің заңдық міндеттілігі сәйкестен-діріледі, ягаи біреуінің  екіншісі
алдындағы міндеттілік аясы айқындалады. Мысалы, үйді сатып алу-сату  шартына
сәйкес сатушы мен сатып алушы  арасында  екі  бірдей  құқық  катынасы  пайда
болады. Оның біріншісінде сатып алушы  үйді  алуға  құқылы  да,  сатушы  оны
беруге міндетті.
   Зани айғақтар түсінігі. Азаматтық  құкық  нормалары  өздігінен  азаматтық
құқық қатынастарын тудырмайды. Қандай  да  болсын  нақтылы  азаматтық  құқық
қатынастары  белгілі  бір  жағдай  болғанда   ғана   пайда   болады.   Мұның
мазмұнынының  өзгеруі  немесе  оның  қысқартылуы  да  белгілі  бір  жағдайға
байланысты. Осындай құқық қатынастарының  пайда  болуына,  өзгеруіне  немесе
оның  қысқартылуына  себепкер  болатын  жағдайларды  зандылық  фактілер  деп
атайды. Мысалы, ба-ланьщ тууы,  мәміленің  бүлінуі  т.т.  зандылык  фактілер
болып табылады. Азаматтық кодексте  сату-сатып  алу,  жалдау,  мұра  қалдыру
және  тағысын  тағылардың   кезінде   пайда   болатын   құқық   қатынастарын
тәртіптейтін баптардың болуы сол жеке түлғалардың арасында немесе  сондай-ақ
занды тұлғалардын, арасында нақ-тылы  құқық  қатынастарын  ездігінен  тудыра
алмайды. Белгілі бір азамат пен дүкен араларында сату-сатып алу  туралы  АК-
тің баптарында керсетілген катынастар пайда болу  үшін  сол  азамат  дүкенге
барып бір нәрсе сатып алуы керек, яғни дүкен-мен сату-сатып  алу  мәмілесіне
кірісуі керек.
   Заңдылық оқигалар. Кейбір  зандылық  фактілер  осы  фактілер  нәтижесінде
туатын  қүқык   катынастарына   қатысушы   түлғалар-дьщ   өздерінің   қалауы
жәнениетінен тыс пайда болады. Мүндай завдылық фактілерді оқига деп  атайды.
Адамның өлуі, белгілі бір мерзімнің өтіп кетуі фактілері  -  осылардың  бәрі
де оқиғалардың кдтарына жатады.
   Заңдылық әрекеттер. Завдылық салдар, яғни белгілі бір кұкық  катынастарын
тудыратын түлғалардың әрекеттері де зандылық факті болып  табылады.  Мысалы,
мәміле жасасу, ерлі-зайыптылардың айрылысуы, біреуге әдейілеп  зиян  келтіру
заң әрекетгері болып табылады. Алайда, қүқық тәртіптері тұлғалардын,  жүріс-
түрыстарының бәріне  бірдей  заң  әрекеттері  деп  маңыз  бермейді;  біздін,
әрекетгеріміздіңкөбі кұкық үшін бейтарап әрекеттер, бүл әре-кеттер  зандылық
қатынастарды  тудырмайды  да,  өзгертпейді  де.  Кісі  біреумен  әңгімелесіп
отырғанда,  кітап  оқып  отырғанда,  жазатын  мақаласын  ойланып  отырғанда,
кәдуілгі жағдайдағы оның қызметтері  қүқық  шеңберінен  тыс  жатады.  Занда,
зандылық салдары  бар  деп  табылатын  әрекеттердін  мазмүны  бірнеше  түрде
кездеседі және белгілі белсенді бір түрінде — істелген  іс  немесе  айтылған
сөз түрінде, сондай-ақ әрекеттен бой тартқан (өзін-өзі үстап  қалған)  түрде
- әрекетсіздік түрінде, үн қатпай калғандык түрінде кездеседі.
   Заңды және  заңсыз  әрекеттер  (құқыққа  сыйымды  және  қүқықка  сыйымсыз
әрекеттер). Көп жағдайларда кұкыктар мен міндеттер кұқық  тәртібінде  рұқсат
етілген  әрекеттердің  нәти-жесінде  пайда  болып  өзгеріп  немесе  қысқарып
отырады. Заң-мен  тыйым  салынбаған  әрекеттер  занды  әрекеттер  болып  та-
былады. Белгілі  бір  құқықтық  нәтижелер  тудыру  ниетімен  істелген,  ерік
берілген, занды әрекеттерге мысал бола алатын, -басқаша айтканда,  азаматтар
мен заңды  тұлғалардың  азамат-тық  құкықтары  мен  міндеттерін  белгілеуге,
өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған  әрекеттері  мәмілелер  деп  танылады
(АК-тің 4-ші тарауы). Мәмілелермен қатар, тікелей құқық  және  міндет  тусын
деген ниетпен істелмеген, бірак кұқық қатынастарының паі-іда болуына  немесе
оньщ қысқаруына негіз болып табылатын сан  түрлі  әрекеттер  болады.  Мұндай
әрекеттерге мысал болатындар: некелесу,  әдеби  шығарма  жазу,  өнер  табыс,
т.с.с. Кейбір әрекеттер құқық тәртібінде  тыйым  салынғандықтан  ғана,  яғни
заңсыз  болғандықтан  құқық  қатынастарын  тудырады.  Мәселен,  АК-тің  917-
бабындабылайделінген: басқа біреудің жеке басына  не  мүлкіне  немесе  занды
тұлғаға зиян келті-руші сол  зиянды  толық  өтеуге  міндетті.  Зиян  келтіру
(деликт) болыптабылатын  болғандықтан,  яғни  зиян  келтірушіні  азамат-тык,
жауапқа тарту салдарын тудыратын заңсыз  әрекет  болған-дықтан  зиянды  етеу
міндеті зиян келтірушінің еркінен тыс ретте болады.
Талқылау сұрақтары:
   1. Құқықтық қатынастар дегеніміз қандай қатынастар?
   2. Құқықтық  қатынастардың  қоғамдық  қатынастардың  ішінде  алатын  ролі
      қандай?
   3. Құқықтық қатынастардың пайда болу, өзгеру, тоқтатылуна  негіз  болатын
      жағдайларды атаңыз?
Ұсынылған әдебиеттер:
   1. Ибраева А.С., Ибраев Н.С. Теория государства и права: Учебное пособие.-
      Алматы, Жеты Жарғы, 2003.
   2. 11\-",';''
   3. Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық. Авторлар алқасы:  Жоламанов  Ж.,
      Таукелов А.Н., Мұхтарова А.К., Алматы, 1998.
   4. Сапарғалиев Ғ. Ибраева А. Мемлекет және құқық теориясы.  Алматы,  Жеті
      Жарғы,1998.


12-ДӘРІС
ҚҰҚЫҚТЫ  ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ. ҚҰҚЫҚТЫ ТҮСІНДІРУ.
Мақсаты:  Құқықты жүзеге асырудың негізгі жолдары мен  нормативті  –құқықтық
актілерге  түсінік беру.
Жоспар:
1. Кұқықты жүзеге асырудың түсінігі және нысандары.
2. Құқық нормаларын қолданудың түсінігі, белгілері және кезеңдері.
3. Заңды коллизиялар.
4. Құқықтағы ол қылықтар.
5. Құқықтық нормаларды қолдану актілері.
6. Құқықты түсіндіру ұғымы, тәсілдері.
 1.  Құқықты жүзеге асырудын түсінігі  және  нысандары.  Құқықтык  нормалар
адамдардың  санасы  мен  еркіне  мақсатты  түрде  әсер  ете  отырып,  оларды
заңнамаға сәйкес жүріп-тұруға итерме-леу үшін қажет. Қоғамдык  қатынастардың
катысушыларының жүріс-тұрыстары арқылы кез-келген  заңшығарушы  қалайтын  нә
тижелерге жетуге болады.
      Құқықтык нормаларды жүзеге  асыру  -  құқыктық  нормалардың  ережелері
көрініс тапқан адамдардың жүріс-тұрысы, олардың  құ  қықтарды  жүзеге  асыру
мен  заңды   міндеттерді   орындаумен   байла-нысты   тәжірибелік   қызметі.
Субъектілердің әрекеттерінің сипатына қарай  құқықты  жүзеге  асырудың  төрт
нысанын бөліп қарасты-рады.
1)  сақтау - қолданыстағы кұкықпен тыйым салынған әрекет-терден бас тарту;
2) орындау - оң мазмұнды заңды міндеттерді  орындауға  байла-нысты  белсенді
әрекеттерді жүзеге асыру;
3)  пайдалану  -  олар  арқылы  тұлғаның  өз  мүддесін  қанағат-тандырылатын
субъективтік құқықтарды жүзеге асыру;
4)   қолдану - күзіретті органдардын нақты бір заңды істі шешуге  байланысты
биліктік қызметі. нәтижесінде сәкес жеке акт кабылданады.
2. Құқық нормаларын қолданудың түсінігі, белгілері және  кезеңдері.  Құқыкты
қолдану - бұл кұқықты  жүзеге  асырудын  ерекше  нысаны.  Ол  субъектілердің
билік органдарынын көмегінсіз өз  кұқықтары  мен  міндеттерін  жүзеге  асыра
алмауы жағдайында қажет. Қолдану мына белгілермен сипатталады:
-  құқықты тек осыған өкілетті құзіретті органдар ғана кол данады;
- биліктік сипатқа ие;
 - іс жүргізушілік нысанда жүзеге асырылады,
-  сәйкес жеке, биліктік (құқық колданушы) актіні колданумен байланысты   үш
кезеңнен құралады:
1) істің іс жүзіндегі негізін анықтау;  бұл  кезде  іс  бойынша  объективтік
шындық  анықталып,  барлық  занды  маңызы  бар  ақпараттарды  жинау   жүзеге
асырылады;
2)  істің занды негізін анықтау; бұл  кезде  құқық  колданушы  осы  коғамдық
қатынасты реттейтін құкықтын саласын, институты» және нормасын таңдайды.
3) істі  шешу;  б.ұл  кезде  кұкық  нормасының  негізінде  ресми  мағынадағы
биліктік сипаттағы  жеке  акт  қабылданады.  Шешім  қабылдау  қорытынды  әрі
негізгі кезең  болып  табылады.  Бұдан  кейін  шешім  орындалуы  және  нақты
қоғамдық қатынас іс жүзінде реттелуі тиіс.
3.Заңды карама-қайшылықтар.  Екінші  кезеңде.  яғни,  нақты  құкык  нормасын
таңдауда, нормалардың карама-қайшылығы және  құқықтағы  ол  қылықтар  сияқты
құбылыстарды кездестіруге болады.
Заңды қарама-кайшылықтар - бұл бір қоғамдық қатынастарды  реттеуші  құқықтық
актілер    арасындағы    қарама-кайшылықтар.    Олар     құқықтық     жүйеге
келіспеушіліктерді,  кемшіліктерді  әкеледі,  кұкық  қолдану   тәжірибесінде
ыңғайсыздықтар туғызады. заңнаманы қолдануды қиындатады.
Қарама-кайшылықтардың түрлері:
1)Конституция   мен   басқа   барлық   актілер   арасындағы:   басым   дылық
Конституцияға беріледі;
2)  заңдар  мен  заңға  сәйкес  актілер  арасындағы:  заңдарга  ба  сымдылық
беріледі;
3)  бір органның  актілері  арасындағы:  уақыты  бойынша  кейін  қабылданған
актіге басымдылық беріледі;
4) әр түрлі органдар қабылдаған актілер арасындағы: жоғары  тұрған  органның
актісіне басымдылык беріледі.
4.Құқықтағы  олқылықтар   -   бұл   колданыстағы   заңнамада   қажетті   заң
нормаларының  толығымен  немесе  жартылай  болмауы.  Олқылыкты  жаңа   құкық
нормасын кабылдау  арқылы  құқық  шығармашылык  процесінің  көмегімен  жоюға
болады.
Ол қылыктарды құқык қолдану процессі арқылы жетуте болады себебі, бұл  кезде
ешбір жаңа нормалар қабылданбайды: не  құқық  ұқсастығы,  не  заң  ұқсастығы
қолданылады.
      Заң ұқсастығы - бұл нақты бір заңды  істі  осыған  ұқсас  істі  шешуге
бағытталған құкықтық норманың негізінде шешу.
Құқык ұқсастығы - бұл нақты заңды істі құкыктың жалпы  қағидалары  мен  мәні
негізінде шешу. Құкықтағы ол кылықтарды жеңудің бұл әдісі ұқсас істі  шешуге
байланысты осы құқық саласында, ұксас  құқык  саласында  да  накты  нормалар
болмаған жағдайда ғана колданылады.
5.  Құқыктық нормаларды қолдану  актілері.  Құқықты  қолдану  актісі  -  бұл
нақты бір заңды  істі  шешу  нәтижесінде  кұзіретті  орган  шығаратын,  жеке
биліктік ережеден құралған құкықтык акт. Оның мынадай ерекшеліктері болады:
- құзіретті орган шығарады;
- мемлекеттік-биліктік сипатқа ие;
-нормативтік  емес,  жеке  сипатқа   ие.   себебі,   нақты   субъект   лерге
бағытталған:-  заңмен  анықталған  өзше  тән  нысанға  ие.   Құқық   қолдану
актілерін   келесі   негіздер бойынша түрлерге бөлуге болады:
1)  нысаны бойынша - жарлықтар, үкімдер,  шешімдер,  б.ұйрықтар  және  т.б.;

2)   оларды   кабылдайтын   субъектілерге   байланысты-мемлекет   тік   және
мемлекеттік емес органдардың (мысалы муниципалды органдардың) актілері;
3)құқықтың функциялары бойынша  -  реттеуші  (мысалы,  қызметтік  бұйрықтар)
және қорғаушы (мысалы, қылмыстық істі козғау туралы қаулы);
4)  заңды табиғаты бойынша - негізгі және  көмекші;  негізгі  актілер  заңды
істің соңғы шешімін көрсетеді (мысалы, үкім),  ал  көмекші  актілер  негізгі
актілерді шығаруға жәрдемдеседі (мысалы,  тұлғаны  айыпкер  ретінде  жауапқа
тарту туралы қаулы).
5) құқыктық реттеу пәні  бойынша  -  қылмыстық-құқыктық,  азаматтық-кұкыктық
және т.б. актілер;
 6) сипаты бойынша - материалдық және іс- жүргізушілік.
 1.  Құқықты  түсіндірудің  түсінігі  Құқық  нормаларын  түсіндіру  –   бұл
 мемлекеттің,  лауазымды  тұлғалардың,   қоғамдық   ұйымдардың,   жекелеген
 азаматтардың  құқық  нормаларының  мазмұнын  түсіндіруге,  оларда  көрініс
 тапқан билік басында тұрған әлеуметтік күштердің еркін  ашуға  бағытталған
 қызметі. Түсіндіру процесінде  нормативтік  ереженің  мәні,  оның  негізгі
 мақсаты мен әлеуметтік бағыттылығы, түсіндіріліп  отырған  актінің  мүмкін
 салдары, оның құқықтық реттеу жүйесіндегі орны және т.б. анықталады.
      Түсіндірудің мақсаты – заңшығарушының не айтқысы келгенін  емес,  оның
қалыптастырған ережесінің мәнін анықтау.  Түсіндіру  қолданыстағы  заңнамаға
өзгертулер мен толықтырулар енгізьейді және енгізе алмайды  жа,  ол  заңдағы
ережелерді түсіндіруге және нақтылауға  бағытталған.  Түсіндіру  екі  жақтан
құралады:
 - норманың мәні мен оны түсіндіруді түсіну (өзі үшін);
 - норманың мазмұнын түсіндіру (өзгелер үшін).
2.  Түсіндіру  тәсілдері  –  бұл  құқықтық  нормалардың  мазмұнын  анықтауға
бағытталған  тәсілдер  мен  бағыттардың  жиынтығы.  Түсіндіру   тәсілдерінің
мынадай түрлері бар:
     1)  грамматикалық  –  тіл   құралдарының,   грамматика   ережелерінің,
        орфографияның және т.б. көмегімен түсіндіру;
     2)  логикалық  –  логика  заңдарының   және   ережелерінің   көмегімен
        түсіндіру;
     3) жүйелік – заң  нормасының  басқа  нормалармен  жүйелік  байланысын,
        нақты жүріс – тұрыстың құқық  жүйесіндігі  орны  мен  рөлін  талдау
        арқылы түсіндіру;
     4) тарихи – саяси – құқықтық  номаны  қабылдаудың  нақты  тарихи  және
        саяси жағдайларының көмегімен түсіндіру;
     5) телеологиялық (мақсатты) – нормативтік актіні қабылдау  мақсаттарын
        анықтаудың көмегімен талқылау;
     6) арнайы – заңды – заңнамадақолданылатын заң  терминдерінің  мазмұнын
        ашу арқылы түсіндіру.
3.  Субъектілер  бойынша  түсіндіру   түрлері.   Субъектілеріне   байланысты
түсіндірудің мынадай түрлері болады:
               -  ресми;  мұндай  түсіндіруді  өкілетті  субъектілер   ғана
                 береді, олар  арнайы  актіде  көрініс  табады  және  заңды
                 салдарды туындатады;
               - бейресми; мұндай түсіндірудің заңды міндетті мәні болмайды
                 және биліктік күші жоқ.
Ресми түсіндірудің нормативтік  (тұлғалар  мен  жағдайлардың  кең  шеңберіне
таралады) және казуалды (тек нақты бір жағдай үшін міндетті болып  табылады)
болып екіге бөлінеді. Номативтік  түсіндіру,  өз  кезегінде  ,  аутентикалық
(нормативтік актіні қабылдаған органмен  беріледі)  және  легалды  (өкілетті
субъектілер береді) болып екіге бөлінеді.
4.  Көлемі  бойынша   түсіндіру   түрлері.   Түсіндірудің   нәтижелері   заң
нормаларының шын мәніндегі мазмұны мен  мәтінінің   арақатынасына  қарай  әр
түрлі болуы мүмкін. Осындай арақатынастың негізінде  түсіндірудің  үш  түрін
бөліп қарастырады (көлемі бойынша түсіндіру):
        1) дәлме – дәл түсіндіру – құқық номасының шын  мәніндегі  көрінісі
           сәйкес келген жағдайда мүмкін;
        2) шектелген түсіндіру –  құқық  нормасыныңшын  мәніндегі  мағынасы
           оның мәтіндік көрінісінен тар болған жағдайда қолданылады;
        3) кеңейтілген түсіндіру – құқық номасының шын  мәніндегі  мағынасы
           оның мәтіндік көрінісінен  кең болған жағдайда қолданылады.
Құқықты түсіндіру актілері. Құқықты түсіндіру актісі – бұл  заң  номаларының
мағынасын түсіндіруге бағытталған құқықтық акт.
Құқықты түсіндіру актілерінің ерекшеліктері:
заң нормаларының мағынасын түсіндіруге бағытталған;
номативтік емес, нақтылаушы ережелерден құралған;
дербес сипатқа ие емес және өзі түсіндіріп отырған нормалармен бірге  әрекет
етеді;
құқықтың қайнар өзі болып табылмайды.
Құқықты түсіндіру актілерінің төмендегідей түрлері болады:
     1) ресми түсіндірудің түрлеріне қарай олар  нормативтік  (аутентикалық
        және легалды) және казуалды түсіндіру актілері болып бөлінеді;
     2) түсіндіруді жүзеге  асырып  отырған  органдарға  қарай  мемлекеттік
        билік  органдарының,   басқару   органдарының,   сот,   прокуратура
        органдарының түсіндіру актілері;
     3) құқықтық реттеу пәніне қарай – қылмыстық, азаматтық, әкімшілік және
        т.б. құқықты түсіндіру актілері;
     4) сипатына қарай –  материалдық  және  іс  –  жүргізушілік  түсіндіру
        актілері;
     5) нысанасына қарай – жарлықтар, қаулылар, бұйрықтар,  нұсқаулар  және
        т.б.
Талқылау сұрақтары:
   1. Құқықтық нормаларды іске асырудың ерекшеліктері қандай?
   2. Құқықтық нормаларды қолдану  кезеңдерін атаңыз?
   3. Нормативті – құқықтық актілерге түсінік беру тәсңлдері қандай?
Ұсынылған әдебиеттер:
   1. Ибраева А.С., Ибраев Н.С. Теория государства и права: Учебное пособие.-
      Алматы, Жеты Жарғы, 2003.
   2. 11\-",';''
   3. Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық. Авторлар алқасы:  Жоламанов  Ж.,
      Таукелов А.Н., Мұхтарова А.К., Алматы, 1998.
   4. Сапарғалиев Ғ. Ибраева А. Мемлекет және құқық теориясы.  Алматы,  Жеті
      Жарғы,1998.


13-ДӘРІС
ҚОҒАМДЫҚ  ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ САНА
Мақсаты:  Қоғамдық және құқықтық сана  мазмұнын  ашып  көрсету  және
құқықтық сананы жақсарту бағыттарына тоқталу.
Жоспар:
   1. Қоғамдық және құқықтық сананың түсінігі мен мазмұны.
   2. Құқықтық қатынас құрамының бөлшектері.
1.Қоғамдық және құқықтық сананың түсінігі мен  мазмұны.  Сана  –  объективті
шындықты идеялды түрде бейнелеудің адамға ғана тән ең жоғарғы  нысаны.  Сана
адамның өз болмысы  мен  объективті  дүниенің  мән-жайын,  мазмұнын,  ұғымын
білуінде  белсенді  қызмет  атқаратын  психикалық   процестердің   (түйсіну,
сезіну,  қабылдау,  ойлау  т.б.)  заңды  нәтижесі  болып  табылады.  Сана  –
шындықты бейнелеудің механизмі  мен  нысандарын  тарихи  дамудың  сатыларына
сәйкес  айқындайтын  философия,  социология  мен  психологияның  және  жалпы
танымның ең басты категорияларының бірі. Сана  негізінен  жеке  адам  санасы
және  қоғамдық  сана  болып  екіге  бөлінеді.  Сана  –  адамдардың  қоғамдық
өндірістік іс әрекетімен еңбек процесінде  пайда  болып,  тілдің  шығуы  мен
тығыз байланыста қалыптасады. Қай  дәуірде  болмасын  адам  туғаннан  бастап
алдыңғы ұрпақ жасап кеткен заттық дүниеге тап  болады  да,  тек  сол  заттық
дүниені белгі мақсатта пайдаланып  үйренгенде  ғана  ол  саналы  адам  болып
қалыптасады.
   Адам  тарихи  қалыптасқан  іс-әрекеттер,  дағды  мен  тәсілдерді  игеріп,
әсіресе  тілді  үйрену  нәтижесінде  айналадағы  заттар  мен   құбылыстардың
объективті  заңдылықтары  мен  қасиеттерін  танып  біледі.  Адам  айналадағы
дүниеге, өзін қарама-қарсы қойып, белгі мақсатта іс-әрекетпен  шұғылданғанда
сол объективті шындық туралы өзінің білетін түсінігі мен біліміне  сүйенеді.
Бүкіл адамзат тарихының  барысында  қалыптасып  жинақталған  рухани  қазына,
мәдинет,  мораль,  дін,  қоғамдық  психолгия,  өнер,  құрал-жабдық   адамның
творчествасынан туып, оның қолымен жасалған  бүкіл  заттық  дүние  түгелімен
адамзаттың қоғамдық санасы болып табылады. Сана тарихи тәжірбені, білім  мен
ойлау тәсілдерін бойына  сіңіріп,  шындықты,  рухани  идеалды  игеріп,  алда
тұрған мақсат, міндеттерді белгілеп адамзат қоғамының бүкіл практикалық  іс-
әрекетін бағыттайды. Адамдар өзінің  творчествалық  ойларын  жүзеге  асырып,
табиғатты, қоғамды дамытумен біргеөздерін жетілдіреді.
       Қоғамдық  сана  –  объективті  дүние  мен  қоғамдық  болмыстың  адам
санасында бейнеленуі. Қағамдық  сана  адамның  тәжірибелік  іс-әрекеттерінен
байқалады. Сана қоғамның рухани мәдинетінің құрамды бөлігі  болып  табылады.
Қоғамдық сананың түрлері:  саясат,  құқық,  философия,  мораль,  өнер,  дін,
қоғамдық болмысты бейнелей  отырып,  оған  белсенді  ықпал  етеді.  Қоғамдық
сананың түрлерінің әрқайсысының өз  объектісі  мен  бйнелеу  тәсілі  болуына
қарамастан, болмыс пен адам санасына өзіндік әсерін  тигізеді.  Идеологияның
саяси  құқықтық  нысандары  қоғамның  экономикалық  қатынасын   саяси   және
құқықтық тілде, ал өнер – көркемдік образдармен, мораль – адамдардың  мінез-
құлқының белгілі қағидалары мен ережелері түрінде бейнелейді.
      Қоғамдық сананың түрлері қоғамның экономикалық базисымен байланыс жасу
сипатына қарай әртүрлі болады. Мысалы, идеологияның саяси  құқықтық  түрлері
басқа  нысандарына  қарағанда  экономикалық  базиске  жақын  тұрады.   Бұлар
қоғамның  өндірістік,  шаруашылық  қатынастарын  тура,   тікелей   бейнелеп,
олардың төте ықпал жасауымен қалыптасады. Қоғамдық  сананың  түрлері  тарихи
өзгерістерге түсіп, белгілі тарихи кезеңде  осы  нысандардың  бірі  қоғамның
рухани өмірінде үстем болып,  қалғандарын  өзіне  бағынышты  етеді.  Мысалы,
феодализмдәуірінде дін үстемдік етті, капиталистік қоғамда құқық пен  саясат
билік алып, философия, өнер, мораль мен діннің дамуына зор ықпалын тигізді.
      Құқықтық сана –  қоғамдық  сананың  бір  түрі.  Саяси  және  моральдық
санамен  тығыз  байланысты.  Мазмұны  жағынан  тиісті  мемлекетте   қолданып
отырған құқықтық нормалар, заңдылық пен құқықтық тәртібі,  қылмыс  және  оны
жазалау, қоғам мүшелерінің құқықтары мен көзқарастары  датады.  Антагонистік
қоғамда таптардың өзіне тән құқықтық санасы болады. Оның мазмұны  әр  таптың
қоғамның экономикалық, саяси, мәдени өмірінде алатын орнына байланысты.
    Құқықтық нормаларды жүзеге асыру – қоғамға  пайдалы  іс-әрекет  құқықтық
нормаларының талабын орындау, заң  белгіленген  мүмкіндікті  пайдалану  үшін
азамат белгілі бағытта әрекет жасап, белсенділігін көрсетуі  қажет.  Құықтық
белсенділіктің, екінші жағы адамның сана сезіміне байланысты. Құқықтыұ сана-
сезім белгілері мыналар:
    - Құқықты белгілеу.
    - Құқықты түсіну.
    - Құқыты құрметтеу.
    - Құқықтың дұрыстығына және әділетілігіне сену.
    - Құқықты сақтауға дағдылану.
    - Құқықтың талаптарын бұлжытпай орындау.
      Құқықтық сана – Қазақстан Республикасы азаматтарының жүзеге  асырылып
жүрген заңдарға, оларды қолдануға азаматтардың құқытары мен  бостандықтарына
және қалауына, құқыққа басқа да құқытық құбылыстарға құқықтық  сезімдерінің,
әсерлігінің, көзқарастарының, пікірлерінің, бағаларының жүйесі.
      Құқықтық сана қоғамның құқытық өмірін жандандыру және  дамытуға  үлкен
үлес қосады.
   1. Құқықтық сана – құқық нормаларын қалыптастырудың қажетті  шарты.  Олай
      дейтін  себебіміз,  құқықтық  нормалар  заң  шығару  органының  саналы
      түрдегі ерікті қызметі арқылы өмірге келеді.  Адамдардың  белгілі  бір
      мүдделері мен қажеттіліктері заң нормаларына бейнеленбестен бұрын,  ол
      нормаларды құрушы лауазымды тұлғалардың ой-санасынан өтеді.  Сондықтан
      да, құқық нормаларының  сапасы  олардың  қоғамдық  даму  қажеттілігіне
      сәйкес келеді, ол нормаларды құратын органның құқық  көзқарасы,  құқық
      санасының деңгейімен тығыз байланыста болады.
   2. Құқықтық сана құқық нормаларының нақты және толығымен іске асырылуының
      ең басты шарты. Құқытық  нормаларының  талаптары  тікелей  азаматтарға
      қойылады. Бұл талаптарда  олардың  саналы  түрдегі  ерікті  әрекеттері
      арқылы орындалады.  Яғни  неғұрлым  құқықтық  сананың  деңгейі  жоғары
      болса, соғұрлым құқық нормаларының ережелері нақтырақ орындалады.
    Қоғамдық мәдинет саласында құқық мәдинетінің жетістіктерін ғана басқарып
реттеп отырады. Мәдинет өзінің даму  процесінде  қоғамның  рухани  байлығын,
халықтың  сана-сезімін  дамытып,  жоғары  дәрежеге   көтереді.   Құқыта   өз
кезегінде мәдинетті қорғап, реттеп отырады. Осыдан  келіп  құқықтық  мәдинет
қалыптасады. Ол өзара байланысты элементтер арқылы көрніс табады.
    -  Қоғамдағы  құқықтық  сананың  жағдайы,  құқықты  түсінудің   деңгейі,
      заңдылықтың талаптарын орындау қажеттілігін түсіну;
    - Заңдылықты сақтау;
    - Заң шығарудың ерекшелігі, оның мазмұны мен нысанына көңіл бөлу;
  - Сот, прокуратура басқа да заң органдарының жұмыс атқару сипаты.
      Сонымен сана – объективті шындықты идеалды түрде  бейнелеудің  адамға
тән ең жоғарғы нысаны. Сана адамның өз болмысы мен объективті дүниенің  мән-
жайын,  мазмұнын,  ұғымын  білуінде  белсенді   қызмет   атқаратынпсихикалық
процестердің заңды нәтижесі болып табылады. Сана негізінен жеке адам  санасы
және қоғамдық сана болып екіге  бөлінеді.
      Сана  адамдардың  өзара  іс-әрекеттерінің  нәтижесінде  өмірге  келіп,
дамып, ескіріп, жаңарып жатады. Бұл объективтік өте  күрделі  процесс,  сан-
алуан   бағытқа,   жүйеге   бөлініп   қоғамның   сана-сезімін    топтастырып
қалыптастырады.   Оның  негізгі   нысандары:   саяси,   моральдық,   Ұлттық,
эстетикалық, діни,  құқытық  т.б.  сана-сезімдер.  Бұлар  бір-бірімен  тығыз
байланыста дамып отырады.
      Мемлекет және құқық теориясы қоғамдағы  сана-сезімнің  объективтікдаму
прцесіне  сәйкес  құқық  саналығының  маңызын  дамытып,  нығайтып   отырады.
Құқықтық сана-сезімнің мазмұны  төрт  жүйедегі  қарым-қатынастарды  қамтиды:
қоғамдағы нормативтік актілердің даму, жаңару, орындалу,  қорғалу  процесін,
оған халықтық сана-сезімнің әсерін, көзқарасын, іс-әрекетін біріктіреді.
      Құқықтық  сана-сезімнің  негізгі  функциялары:  бірінші   –   халықтың
құқықтық  білімін  арттыру;  екінші  –  сана-сезімді   дұрыс   дамыту   үшін
тәжірибелік жұмысты жақсарту;  үшінші  –  қоғамдағы  қатынастарды  реттеуді,
басқаруды жақсарту үшін адамдардың сана-сезімін көтеру. Құқықтық  сана-сезім
нормативтік  актілердің  негізгі,қоғамдағы  қатынастарды   дұрыс   реттеуші,
басқарушы күш. Ол құқықтық  нормалардың  дұрыс  дамуына,  дұрыс  орындалуына
және оның болашағын дұрыс болжауға өте зор әсер етеді.
 Құқықтық сана-сезім ерекшеліктері:
 Құқықтық сана-сезім қоҚұқықтық сана-сезім ерекшеліктері:
    -  Құқықтық   сана-сезім   қоғамдағы   тек   нормативтік   актілер   мен
      құбылыстарды, қатынастарды бейнелейді. Ол жаңа  нормалардың  қабылдану
      және  олардың  процесін  қамтиды.  Саяси,   моральдық,   ұлттық   т.б.
      көзқарастар құқықтық  сана-сезімге  әсер  етіп,  құқықтық  нормалардың
      дұрыс дамуына, орындалуына ықпал етеді;
    - Қоғамның даму  процесін,  құбылыстарын  сана-сезім  құқықтық  тұрғыдан
      сезініп, сол позициядан қортынды тұжырымдар жасап, баға береді. Мысал:
      құқытық қатынас, құқықтық жауапкершілік, құқықтыұ тәртіп т.б.
    Сонымен, қоғамдағы  құқықты  дамыту  үшін,  заңдылықты,  тәртіпті  қатаң
сақтау үшін құқықтық сана-сезімнің маңызы өте зор.  Бұл  сана-сезімді  қоғам
көлемінде дамыту  керек,  әсіресе  заңгерлердің,  органда  қызмет  атқаратын
азаматтардың білімі, тәжірибесін, сана-сезімін көтеруді қажет  етеді.  Сонда
ғана қоғамда заңдылық, құқықтық тәртіп болады.
    Халықтық,  әсіресе  заңгерлердің  белсенділігі  үш  түрлі,  үш  деңгейде
болады:  біріншісі  –  құқықтың  субъектілері   өзара  қатынасты  тек  дұрыс
басқарып,  жаңалыққа  ұмтылмау  –  сылбыр,   енжар   деңгейі;   екіншісі   –
эвристикалық деңгей – құқықтық субъектілерінің жаңалыққа талпынып,  мәселені
шешудің жаңа жолдарын табу; үшіншісі –  интелектуалдық  деңгей  –  жаңалықты
ашуда   үзілістің   болмауы,   жоғары   дәрежеде   белсенділікті    көрсету.
Белсенділіктің сонғы екі түрі құқытық сана-сезімнің  дамуына  өте  зор  әсер
етеді.
    Құқытық сананың мазмұны әр таптың, қоғамның экономикалық, саяси, мәдени,
өмірінде алатын орнына байланысты. Құқытық сана халықтың саяси және  құқытың
жауапкершілігін  артырады,  өздерінің  заңдарда   көрсетілген   құқығы   мен
міндеттерін адал  орындам  отыруына,  мемлекет  және  еңбек  тәртібін  қатаң
сақтауға зор үлес қосады.
    Қоғамдық  сана-сезімнің  басқа  нысандарына   қарағанда   құқықтық   сан
адамдардың ой-өрісіне, рухани ойлану прцесіне өте  зор  әсер  етеді.  Себебі
құқықтық  қатынаста  адамдар  номативтік  актілерді  бұлжытпай   орындаулары
керек, екі жақты құқықық пен міндет  бар,  дұрыс  орындалмаса  жауапкершілік
бар. Сондықтан, құқытық қатынастардың  субъектілеріне  түсетін  ауыртпашылық
айтарлықтай мол.
    Құқытық сана-сезім өзінің құрлымы жағынан екі түрге  бөлінеді:  құқықтық
идеология және құқықтық психология.
    Құқықтық идеология  дегеніміз  –  қоғамдағы  құбылыстарды,  қатынастарды
құқық  тұрғысынан  ғылыми  жүиеге  келтіру.  Құқық  жөніндегі  пікірлер  мен
көзқарастар белгілі бір жүйеге түсіріліп, ғылыми негізде  дәлелденген  күйде
болады. Бұл идеологияны қалыптастыруға заңгерлер, саясатшылар,  экономистер,
философтар,  тарихшылар  т.б.  мамандар   қатынасады.   Құқықтық   идеология
қоғамдағы әр бағыттағы, әр саладағы мақсаттарды біріктіріп, дамытады.
    Құқықтық психология дегеніміз – қоғамның  құқықтық  сезімін,  ақыл-ойын,
әдет-ғұрып, дәстүрін біріктіру. Жеке адамдардың, қоғам  мүшелерінің  әртүрлі
топтарының  санасында  –  заңдарға  олардың  қолдануына   байланысты   туған
әсерлер, көңіл-күй және сезімдер жатады. Қоғамдық  көлемде  осы  мәселелерді
біріктіріп дамытып , халықтың сана-сезімін  көтеріп,  демократияны  нығайту,
құқықтық мемлекет қалыптастыру.
    Құқытық сана-сезімнің жүйелері мен түрлері:
 1) Қатынастың  субъектілеріне  қарай  құқықтық  сана-сезім  үшке  бөлінеді:
жекелік,  топтық,  қоғамдық  сана-сезім.   Бұл   үшеуі   бір-бірімен   тығыз
байланысты. Сонымен бірге олардың өз  дербестігі  болады.  Әр  жеке  адамның
сана-сезімі әр деңгейде болады: өте жақсы дәрежеде болса,  онда  бұл  топтан
жақсылықты күтуге болады. Топтың көпшілігінің, керсінше,  сана-сезімі  нашар
болса ол топтан жақсылық, күтуге болмайды. Осы әдіс- тәсілмен қоғамның сана-
сезіменің  дәрежесін,  деңгейін  білуге  болады.  Сол  арқылы  қоғамның  қай
саласында, адамдардың қандай тобына жұмыс жасау  бағытын  анықтауға  болады.
Осындай қоғамның сана-сезімін реттеп – басқарып  отыруға  болады.  Мазмұнның
тереңдігіне қарай  құқықтық  сана-сезім  тағыда  үшке  бөлінеді:  күнделікті
құқық  саналығы,  кәсіпқойлық  құқық  саналығы,  теориялық  құқық  саналығы.
Адамдардың күнделікті құқықтық сана  сезімі  олардың  рухани,  парасаттылық,
өмір тәжірибесі арқылы қалыптасады.
 Кәсіпқойлық,  құқық  саналығы  қоғамның  әр   саласында   жұмыс   істейтін
заңгерлердің тәжірибесі арқылы  қалыптасады.  Олардың  құқықтық  білімі  де,
тәжірибесіде мол  болғандықтан  сана-сезімдерікөпшілігінің  жоғары  дәрежеде
болады. Сондықтан, құқықтық нормалар  дұрыс  орындалып,  заңдылық,  құқықтық
тәртіп жақсы дамиды.
      Теориялық құқық саналығы қоғамдағы заң ғылымының жан-жақты жақсы  даму
арқылы  қалыптасады.  Жақсы  дамыған  заң  ғылымы   қоғамның   сана-сезімнің
дәрежесін, деңгейін көтереді, сол арқылы құқықтың  жақсы  дамуына  зор  әсер
етеді.
      Құқытық сана-сезімнің бұл жүйелері мен  түрлерінің  қоғамда  атқаратын
жұмыстары өте зор. Олар бәрі брігі құқықтық нормаларды өмірге  әкеледі,  оны
дамытады,  олардың  дұрыс  орындалуына  жан-жақты  үлес  қосады.   Қоғамдағы
құқықтық саналықтың деңгейі неғұрлым  жоғары  болса  соғұрлым  заңдылық  та,
құқықтық тәртіп те жақсы дамиды.
    Құқықтық  сананың   субъектілері,әлеуметтік   тұрғыдан   бірнеше   түрге
бөлінеді:
    - Жеке адамның құқықтық санасы есін білгенен қалыптаса бастайды;
    -  Ұжымдық  құқықтық  сана.  Әр   ұжымның   қызметінің   ерекшеліктеріне
      байланысты ұжымдық құқықтық сана-сезім қалыптасады;
    - Қоғамдық құқықтық сана. Адамдар жасына, жынысына,  ұлтына,  әлеуметтік
      жағдайына байланысты сан  алуан  бірлестіктерге  бөлінеді.  Әр  топтың
      ерекшеліктеріне байланысты құқықтық ой-санасы, көз-қарасы қалыптасады.
  - Халықтың құқықтық санасы. Қазақстан халқы мемлекеттік  биліктің  бірден-
    бір бастауы, қайнар бұлағы. Демек, халықтың да  құқыққа  өз  көз-қарасы,
    сана-сезімі бар.
 Құқықтық сананың  тарихи  даму  кезеңдері  мен  типологиясы  жобамен  төрт
дәуірге бөлуге болады: көне дәуір, орта ғасырлар, жаңа  кезең  және  қазіргі
заман.
 Көне дәуірде ешқандай құқықтық сана деген жеке заңды ұғым болған жоқ. Орта
ғасырларда  да  құқықтық  сана  толық  қалыптасқан  жоқ,  аздап  бұл  туралы
пікірлер, зерттеулер болды.
 XVI-XVIII ғасырларда көптеген пікірлер, ғылыми  зерттеулер  өмірге  келді.
Қоғамдық ғылымдардың  алдына  көп  талаптар  қойылды:  демократияны  дамыту,
абсолюттік монархияны  жою,  мемлекеттік  билікті  бөлу,  адамдардың  табиғи
бостандықтарын, құқықтарын шектеуге жол бермеу т.б.
 Қазіргі заманда құқықтық сана өмірде де, ғылымда  да  жан-жақты  зерттеліп
қоғамның, мемлекеттік дамуына зор үлес қосуда: мемлекеттік  аппарат  күрделі
дамуда, заң шығармашылық процесс сапалы жұмыс жасап, қоғамдағы барлық қарым-
қатынастарды реттеп басқаруда.
 Сонымен,  құқықтық  сана  –  қоғамдағы  құқытық  құбылыстарға   адамдардың
сезімдерінің,  әсерлерінің,   көзқарастарының,   пікірлерінің,   бағаларының
жүйесі;  ол  заң  шығарудың,  нормативтік  актілердің  дұрыс   орындалуының,
құқықтың сапалы дамуының негізгі шешуші механимі деуге болады.
2.Қазақстанда  құқықтық  сананы  жақсарту  бағыттары.Қоғамдағы,   мемлекетті
дамытуда, оның құқығын нығайтуда қуатты құралдарының бірі – еңбекші  бұқара.
Сондықтан заң жобаларын талқылауға, құқықтық нормалардың  дұрыс  қолдануына,
мүлтіксіз орындалуын  бақылауға  олар  белсенді  қатысады.  Құқықтық  сананы
заңды мінез-құлқы деп те атайды. Бұл құқық нормаларының нұсқауларына  сәйкес
келетін жеке тұлғаның сана-сезімі. Осы  сана-сезім  арқылы  заң  роындалады,
жүзеге  асырылады.  Егер  адамдардың   мінез-құлықтары   құқы   нормаларының
талаптарына сәйкелсе, онда құқықтық тәртіп нығаяды.
      Құқытық  сана-сезім  арқылы  қоғам  басқарылады,  оны  өмірі   қалыпты
жағдайда  жүргізіледі,  азаматтардың  құықтары  мен   бостандықтары   жүзеге
асырылады. Мұны азаматтардың көбі түсінеді,сондықтан құқықтық  қатынастардың
басым көпшілігі заңды  міне-құліқ  негізінде  құрылады.  Азаматтар  құқықтың
талабын белсенділікпен немесе  енжарлықпен  орындайды.  Соған  сәйкес  сана-
сезім екіге бөлінеді: белсенді заңды мінез-құлық  және  бәсең  заңды  мінез-
құлық.
      Белсенбі заңды мінез-құлық – лауазымды  тұлғалардың,  азаматтардың  өз
бастамасы мен белгілі мақсатқа  бейімделген  заңды  әрекеттері.  Бұл  мінез-
құлықтың  түрлері  сан  алуан,  ол  –  субъектілердің  өз  міндеттерін  адал
ниетпен,  сапалы   атқарып,   азаматтардың   өздеріне   жүктелгенміндеттерін
қалтқысыз саналы  түрде  орындауы,  сонымен  қатар  құқытарын  жүзеге  асыра
отырып мемлекеттің, қоғамдық ұйымдардың жұмыстарына белсене  қатысып  әлінше
көмектесу, заңдардың жобаларын талқылауда бет көрсетіп,  өз  пікірін  ротаға
салу – міне, құқықтық белсенділікке осындай әрекеттер жатады.
      Енжар заңды сана-сеземнің көрнісі де сан алуан. Азамат өзіне жүктелген
міндеттерді  салақтықпен  орындайды,  норматитік  актілерді  жүзеге  асыруға
енжарлықпен, немқұрайлықпен  қарайды.  Мұндай  мінез-құлық  екі  тарапта  да
ұтылыста болады. Мысалы, шартты қатынаста  субъектілердің  екеуі  де  немесе
біреуі  міндеттерін  дұрыс  орындамаса  екі  жағыда  ұтылыста  болады,  зиян
шегеді. Мұндай енжар мінез-құлық басым болса, мемлекетке де зиян келеді.
      Қоғамның эконмикалық, әлеуметтік, мәдинеттік дамуы жақсы деңгейі болса
адамдардың сана-сезімі  де  сол  дәрежеде  болады.  Осыған  сәйкес  қоғамның
құқығы да жақсы дамып, қатынастарды  жақсы  реттеп  басқарып  отырады.Егерде
қоғамның  экономикалық,  әлеуметтік  дамуы  дағдарысқа  ұшыраса  онда  сана-
сезімнің сапасы төмендеп, құқықтық нигилизм, немқұрайлық етек жая  бастайды.
Қылмыстың  саны  күрт  өседі,  қоғамдағы   заңдылық   пен   құқытық   тәртіп
нашарлайды. Оның себептері:
   1) Азаматтардың көпшілігінде демократиялық мәдинеттің жоқтығы.
   2) Қоғамда әкімшілік-әміршілік жүйенің ұзақ уақыт өмір сүруі.
   3) Ескі мемлекеттің ыдырауы, жаңа жүйенің толық қалыптаса қоймауы.
   4) Қоғамның экономикалық-әлеуметтік деңгейінің нашарлауы.
    Қазігі өтпелі кезеңде қазақстан  републикасының  алдында  тұрған  мүдде-
мақсаттары өте  көп.  Солардың  бірі  –  халқымыздың  құқықтық  сауаттылығын
көтеру, оның негізгі бағыттары:
    - Елімізде құқықтық  тәрбие  жұмысын  жақсарту.  Бұл  іске  қоғам  болып
      кірісу;
    - Тәрбие жұмысын барлық бағытта жандандыруға  көңіл  бөлу;  инабаттылық,
      парасаттылық,  патриоттық,   тәртіпшілік,   еңбекшілдік,   діни   т.б.
      бағыттарда.
    - Халықтың рухани сана-сезімін, білімін жақсарту;
    - Мемлекеттің заң шығару, құқықтық нормаларды орындау жұмысын жақсарту;
    - Мемлекет аппаратындағы қызметкерлердің мамандық сапасынкөтеру;
    - Заңдылыққа, құқықтық тәртіпке қатаң бақылау жүргізу.
    Осы көрсетілген бағыттар арқылы құқытық тәрбиені жақсарту тек аппараттың
ғана  жұмысы  емес.  Бұл  күрделі  және   өзекті   іске   қоғамдағы   барлық
бірлестіктер, одақтар, ұжымдар, саяси ағымдар  мен  ұйымдар  белсенді  түрде
қатысулары керек.
    Құқықтық  тәрбиені  жақсарту  үшін  қоғамның  экономикалық,   әлеуметтік
жағдайын, жақсарту, демократияны, бостандықты, теңдікті дамыту керек,  сонда
ғана іс нәтижелі боладын.
    Сонымен, құқытық  сананың  сапасын  жақсартып,  қоғамдағы  оның  маңызын
көтеруге зор үлес қосатын құқытық  психология  мен  құқытық  идеология.  Бұл
психология мен  идеологияны  теңестірсек  идеология  басым  болады.  Өйткені
психология  адамдардың  санасында  заңдарға  олардың  қолдануына  байланысты
туған  тек  әсерлерін.   Көңіл-күйін,   сезімдерін   ғана   көрсетеді.   Ал,
идеологияның қоғамға әсерінің шеңбері  де,  кеңістігі  де  өте  кең,маңызыда
анағұрлым жоғары.  Идеология  құқық  жөніндегі  пікірлер  мен  көзқарастарды
белгілі бір жүйеге келтіріп, ғылыми негізде дәлелдеп қызмет атқарады.
    Мұндай тұрақты  қалыптасқан  демокртиялық,  мәдени  әлеуметтік  құқықтық
идеология әр мемлекетте өте қажет. Онсыз қоғам сапалы, жақсы  дами  алмайды.
Оны біздің еліміздің  10  жыл  тәуелсіз  дамыған  тарихымыз  дәлелдеп  отыр.
Кеңестік дәуірде  60  жыл  үстемдік  жасаған  коммунистік  салт  идеологияға
нигилистік көзқарасты қалыптастырып, еліміз көптеген  қиыншылықты,  қолайсыз
жағдайларды  бастан  кешіріп  отыр.  «Тәуелсіздікке  қол  жетті,   Ата   Заң
қабылдадық, дүниежүзілік  ұйымдарға  тең  құқылы  мүше  болдық»  дегелі  7-8
жылдан асса да, нені ардақтап, нені мансұқтауды білмейтін  пұшаймандық  тағы
бар. Мұның аты – ұлттық немесе мемлекеттік идеологияның  жоқтығы.  Идеология
дегеніміз – мемлекеттің жүрегі. Жүрегінде өзіне тән  қасиет  жоқ  адамдардың
дара тұлға еместігі кімге құпия? Өзіндік идеологиялық бағыт-бағдары,  ұлттық
білімі жоқ мемлекет ше? Ол кімге  қажет?  Әрине,  бізге  қажеті  жоқ.  Бірақ
сырттағы біреулерге ол ұнайды. Өйткені мұндай мемлекетті  бостандықта  ұстау
оңай.
    Тәуелсіз жас мемлекеттің іргесін  нықтауға  байланысты  тұжырымның  бірі
ілімдік жағынан қортылуы тиіс. Ондай  ұлттық  идеологияның  негіздері  бізде
жоқ емес. Тек оны нақтылай, дәлелдей  түсу  керек.  Ғылым  дәрежесіне  қарай
бейімдеу қажет. Құқықтық қоғамы бар  мемлекет  құрамыз,  оған  керегі  жалпы
азаматтық идея деп тұрсақ та, Қазақстанның өзіне  лайық  идеологиясы  болуын
ешкім жоққа шығармас.
    Қорыта айтсақ, құқықтық идеологияны  жаңғырту,озық  өркениет  жетістігін
қабылдау,  мәдинет  пен  өркениетті  ұштастыру,  ұлттық   тұлға   тәрбиелеу,
мемлекетімзде  қаржы-қаражат,  заң,  өндіріс,  өндіргіш  күш,  білім   беру,
денсаулық сақтау  мен  бұқаралық  ақпараттың  үйлесімін  тауып  үндестіретін
құрал – мемлекеттік, ұлттық, құқықтық идеяны қалыптастыру.
 Бұл  жерде  ескеретін  мәселе  Кеңестік  дәуірде  заң   ғылымын   марксизм
теориясына  сәйкес  түсініп,   ғылыми   зерттеулерді,   құқытық   мамандарды
дайындауды  осы  бағытта  жүргізіп  келдік.   Дүниежүзілік   заң   ғылымымен
байланысымыз жоқтың қасы болды. Олардың  мемлекет  және  құқық   теориясының
жаңалықтары  мен  жетістіктерін  біз  қолданбадық,  пайдаланбадық.   Сөйтіп,
Кеңестік заң ғылымы біржақты дамып, көп кемшіліктерге әкеп соқты.
      Қазіргі кезде ТМД елдерінде заң ғылымы  бір  идеологияның   құрсауында
болудан бостандық алып , дүниежүзілік ғылыммен қауышып, мемлекет  және  құқы
теориясын  жан-жақты  дамытуға  мүкіншілік  қалыптасып,  бұрынғы  жіберілген
қателіктерді, кемшіліктерді түзетуде.
 XXI ғасырда қоғамның объективтік даму заңдылықтарын ғылыми  тұрғыдан  жан-
жақты зерттеп, қортында тұжырымдар жасауы қажет. Оны  дүниежүзіндегі  барлық
елдердің ғалымдарымен бірігіп жасау. Сонда ғана нәтиже болады.
    Қазақстанда құқық жүйесінің болашақта даму бағыттары:
   1. Құқытық идеологияны қалыптастыруға қоғамдағы барлық саяси,  әлеуметтік
      күштер, ұйымдар бәрі бірігіп, үлес қосуы қажет. Әрбір  одақ  әр  жаққа
      тартса  қоғамда  тұрақты  бірлік  те,  сапалық  құқытық  идеология  да
      болмайды. Мұндай қоғамның болашағы жоқ деуге болады.
   2. Құқытық идеологияны қалыптастыру жұмысы жариялы,  ашық,  демократиялық
      түрде жүргізіліп, барлық халықты, олардың құрған ұйымдарын қатыстыруға
      толық мүмкіншілік беру қажет.
   3.  Құқытық  идеологияны  қалыптастыру  процесінде  халықтың   көпшілігін
      мүддесін  іс  жүзінде  асырамыз  деп,  азшылықтың,   жеке   адамдардың
      мақсатына нұқсан келтірмеуі қажет. Өйткені демократиялық қоғамда  жеке
      адамдардың бостандығы мен құықтарына шектеу жасауға қатаң  тыйым  салу
      қажет.
   4. құқықтық идеологияның алдындағы санқырлы мүдде-мақсаттың ең күрделісі,
      ең   маңыздысы:   қоғамның   саяси-экономикалық   және    Қазақстанның
      тәуелсіздігін, қорғанысын күшейту.  Міне,  осы  мәселелерге  мемлекет,
      халық, барлық ұйымдар, бірлестіктер, ұжымдар, саяси партиялар  бірігіп
      іс-әрекет  жасаулары  өте  қажет.  Мемлекетіміздің  тәуелсіздігі   мен
      егемендігі күшеймей, басқа жақсылықтарды күту, болады ғой деп  сену  –
      жай қиял.
 Сонымен,  құқықтық  сана   халықтың,   адамдардың   саяси   және   құқытық
жауапкершілігін арттырады,  өздерінің  заңдарда  көрсетілген  құқықтары  мен
міндеттерін адал орындап отыруына, мемлекеттік  және  еңбек  тәртібін  қатаң
сақтауға зор үлес қосады.
Талқылау сұрақтары:
   1. Қоғамдық сана дегенді қалай түсінесіз?
   2. Құқықтық сана анықтамасын беріңіз?
   3. Құқықтық идеология дегеніміз не?
   4. Құқықтық психология дегеніміз не?
   5. Құқықтық  сананы жақсартудың қандай  бағыттарын атай аласыз?
Ұсынылған әдебиеттер:
   1. Ибраева А.С., Ибраев Н.С. Теория государства и права: Учебное пособие.-
      Алматы, Жеты Жарғы, 2003.
   2. 11\-",';''
   3. Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық. Авторлар алқасы:  Жоламанов  Ж.,
      Таукелов А.Н., Мұхтарова А.К., Алматы, 1998.
   4. Сапарғалиев Ғ. Ибраева А. Мемлекет және құқық теориясы.  Алматы,  Жеті
      Жарғы,1998.




14-ДӘРІС
ҚҰҚЫҚ  БҰЗУШЫЛЫҚ  ЖӘНЕ  ЗАҢДЫ  ЖАУАПКЕРШІЛІК
Мақсаты:  Құқық  бұзушылық   және заңды жауапкершілік   ұғымы  туралы  толық
мағлұмат беру.
Жоспар:
   1. Құқық бұзушылықтың себептері, мазмұны және түрлері.
   2. Заңды жауапкершіліктің түсінігі және оның түрлері.

1.Құқық бұзушылықтың себептері, мазмұны  және  түрлері.  Құқық  бұзушылықтың
тарихы тамырын тереңінен тартады. Саяси-құқықтық  ілімдер  тарихының  ғылыми
жетістіктерімен  нәтижелеріне  мұқият  зер  салып  қарасақ  құқық  бұзушылық
мемлекетпен құқық пайда болған сәттен  бірге  қалыптасқан.  Себебі  құқықтың
пайда болуымен  оның  нормаларын  бұзу,  тыйым  салынған  әрекеттерді  жасау
сияқты құқық бұзушылықтар да пайда болады. Міне, сол кезеңнен  бастап  құқық
бұзушылық қоғамның ажырамас серігі ретінде осы  күнге  дейін  жойылған  жоқ.
Сондықтан құқық бұзушылықты жан-жақты зерттеу, оның  алдын  орау,  болдырмау
сияқты мәселелер адамзаттың алдында тұрған  ең  күрделі  мәселелердің  бірі.
Мемлекеттің, қоғамның толыққанды дәрежеде өмір сүруі,  қалыптасқан  қоғамдық
қатынастардың  тұрақтылығы   және   адамдардың   көңіл-күйімен   отбасындағы
тыныштықтардың  бәрі  құқық  бұзушылықтың  деңгейімен,   онымен   күресудегі
нәтижеге  байланысты.  Құқық  бұзушылықпен  күресуде  нақтылы   нәтиже   жоқ
мемлекетте  халықтың  билікке  деген  сенімсіздігін  арттырады,  наразылығын
тудырады. Сонда жалпы құқық бұзушылық дегеніміз  не?  Заң  әдебиетінде  оның
анықтамасы тұрақты түрде қалыптасқан,  барлық  оқулықтар  мен  монографиялық
зерттеулерде бір мағанада беріледі. Атап айтсақ  құқық  бұзушылық  дегеніміз
құқыққа қарсы бағытталған кінәлі және өзінің сипатымен қоғамға  зиянды  және
қауіпті зардаптар туғызатын, арнайы жасқа толған субъектінің әрекеті  немесе
әрекетсіздігі:  Байқап  қарасақ  құқық  бұзушылық  негізінде  төрт  сипаттан
қалыптасады:
        1. Әрекет, немесе әрекетсіздік.
        2. Құқыққа қарсылық.
        3. Субъектінің арнайы жасқа толуы.
        4. Кінә.
      Бұл төрт элементтің  біреуі  жоқ  болса,  жеке  адам  құқық  бұзушылық
жасаған болып саналмайды.
      Құқық бұзушылық екі түрге бөлінеді:
      Теріс қылық.
      Қылмыс.
      Теріс  қылық  дегеніміз  құқыққа  қарсы  бағытталған,  қоғамға  зиянды
зардаптар туғызатын әрекет  немесе  әрекетсіздік.  Теріс  қылықтар  қоғамдық
қатынастарға зияндылық әсерін тигізеді, бірақ өте қауіпті болып  саналмайды.
Теріс кылықтар мынандай түрлерге бөлінеді:
      1. Тәртіптік теріс қылықтар мекемелер  мен  кәсіпорындарда,  басқа  да
заңды тұлғалармен еңбек құқықтық қатынастарда  тұрған  субъектілердің  еңбек
кодексінің немесе ішкі  ереже  талаптарын  орындамау  немесе  бұзу.  Мысалы,
жұмысқа, қызметке үнемі кешігіп келу,  жұмыс  уақыты  кезінде  қыдырымпаздық
және т.б. әрекеттер жасау. Тәртіптік теріс қылықтар жасаған субъектке  жұмыс
орнының әкімшілігі тарапынан ескерту, сөгіс, қатаң  сөгіс,  жұмыстан  босату
сияқты шаралар қолданылады.
      2. Азаматтық құқықтық  теріс  қылықтар  жеке  және  заңды  тұлғалардың
жасалған келісімшарт негізінен туындайтын,  міндеттемелерді  орындамау  және
адам өмірі, денсаулығы және мүлкіне зиян  келтіру  барысындағы  әрекеттердің
жиынтығы. Мысалы, жүргізушінің адамды қағып кетуінен  денсаулығына  тигізген
зияны, бір субъектінің жасалған шартты орындамауы және т.б. теріс қылықтар.
      3.   Әкімшілік-құқықтық   теріс   қылықтардың   (құқық   бұзушылықтың)
анықтамасы  Қазақстан  Республикасы   Әкімшілік   құқық   бұзушылық   туралы
кодексінің 28-бабында мына  мағынада  берілген:  «Жеке  адамның  осы  Кодекс
бойынша әкімшілік  жауаптылық  көзделген  құқыққа  қарсы,  кінәлі  (қасақана
немесе  абайсызда  жасалған)  іс-әрекеті  не  әрекетсіздігі   немесе   заңды
тұлғаның  құқыққа  қарсы  іс-әрекеті  не   әрекетсіздігі   әкімшілік   құқық
бұзушылық  деп  танылады».  Әкімшілік  теріс  қылықтар  тек  ғана   кодексте
белгіленген.
      Құқық бұзушылықтың екінші түріне қылмыс жатады.  Қылмыстың  анықтамасы
Қазақстан  Республикасының  қылмыстық  кодексінің  9-бабында  мына  мағынада
берілген: «Осы Кодексте жазалау қатерімен  тыйым  салынған  айыпты  қоғамдық
қауіпті әрекет (іс-әрекет немесе әрекетсіздік) қылмыс деп танылады».
      [pic]


      Мемлекет және құқық  теориясында  қүқық  бұзушылықтың  ұғымымен  қатар
құқықтық бұзушылықтың құрамы деген ұғым  бар.  Құқық  бұзушылық  жалпы  ұғым
ретінде танылса құқық бұзушылықтың құрамы дара ұғым ретінде қабылданады.
      Құқық бұзушылықтың құрамы дегеніміз  нақтылы  құқық  бұзушылықты  және
оның  қоғамғы  зияндылығы  мен   қауіптілігін   заңмен   айқындаған   арнайы
нышандардың жиынтығы.
      Құқық бұзушылық төрт элементтен,  нышаннан  тұрады:  Объект,  субъект,
құқық бұзушылықтың объективтік жағы, құқық бұзушылықтың субъективтік жағы.
      Объект деп құқық бұзушылық қол сұққан қоғамдық қатынастардың  жиынтығы
және соның  нәтижесінде  зиянды  зардаптардың  пайда  болуын  айтады.  Жалпы
қоғамдық қатынастар кең, ауқымды және қоғамның барлық  салаларына  қатынасты
болған соң көптеген мүдделерді қамтиды. Мүдде  бар  жерде  қатынастар  пайда
болады. Сондықтан құқықтық бұзушылық  мүдделерге  қол  сұғады,  қауіп-қатер,
зиянды зардаптар тудырады.
      Объект  қоғамдық  қатынастардың  жиынтығы  ретінде  дамудың,   адамзат
өркениетін қалыптастырған құндылықтар мен мүдделерден қалыптасады.
      Құқық бұзушылықтың объектісі үш түрге бөлінеді: жалпы  объект,  топтық
объект және тікелей объект.
      Жалпы  объект  -  социум  өмір  сүретін,  тіршілік   ететін   қоғамдық
қатынастардың барлық жиынтығы. Оған  адам  мен  азаматтардың  құқықтары  мен
бостандықтары, мүдделері, халық денсаулығы,  санитарлық  -  эпидемиологиялық
салауаттығы, қоршаған орта, қоғамдық имандылық, меншік, қоғамдық тәртіп  пен
қауіпсіздік,  мемлекеттік  билікті  жүзеге  асырудың  белгіленген   тәртібі,
ұйымдардың заңмен  қорғалатын  құқықтары  мен  мүдделері  жатады  (Қазақстан
Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі, 7-бап).
      Топтық объект - біртекті,  біркелкі,  бір-бірімен  тығыз  байланыстағы
қоғамдық қатынастардың топтасқан жиынтығы. Топтық объект  құкық  бұзушылықты
қоғамға кауіптілігіне  және  қол  сұғылған  қатынастарына  қарай  жинақтауға
мүмкіндіктер  туғызады.  Мысалы,  қылмыстық  және  әкімшілік   кодекстерінің
ерекше бөлімдері жасалған қылмыс пен  әкімшілік  теріс  қылмыстардың  топтық
объектілеріне байланысты жүйеленген.
      Тікелей объект — нақтылы құқық бұзушылық қол сұққан,  бұзған  қоғамдық
қатынастардағы  жеке,  дара  мүдделер.  Мысалы,  кісі  өлтіргенде   өлтірген
адамның өмірі  тікелей  объект  болып  саналады.  Кейбір  жағдайларда  құқық
бұзушылық  жасалғанда  заттарға  әсер  етіледі.  Мысалы,  ұрлық   жасалғанда
меншікке қол сұғылады, меншік иесінің иемделу,  пайдалану,  билеу  құқындағы
заттар басқа адамның пайдалануына өтеді. Бұл жерде қылмыскер ұрлаған  мүлік,
зат объект  емес,  қылмыстың  заты  болып  саналады.  Объект  әрқашан  құқық
бұзушылықтан зардап шегеді, ал қылмыстың заты (сақина, киім,  тауарлар)  баз
қалпында  қалуы  мүмкін.  Құқық  бұзушылықтың  заты  объектінің  материалдық
көрінісі болып табылады. Құқық  бұзушылыққа  барған  субъект  заң  қорғайтын
арнайы қоғамдық қатынастарды бұзады, қол сұғады.
      Жасалған  кейбір  қылмыстарда  қылмыстың  заттары  мүлдем  жоққа  тән.
Мысалы, әйелді зорлау, бұзақылық және т.б. қылмыстар.
      Құқық бұзушылықтың субъекті деп  жауапқа  тартуға  қабілеттілігі  бар,
құқық бұзушылық жасаған сәтте заң белгіленген  арнайы  жасқа  толған  адамды
айтады. Құқық бұзушылықтың субъектілері болып заңды  тұлғалар  да  табылады.
Мысалы,  газет  жеке  адамның,  ар-намысын  қорлайтын  мақала  басқаны  үшін
жауапқа тартылады (айып салынады, жабылады).
      Субъект жалпы және арнайы болып  екі  түрге  бөлінеді.  Жалпы  субъект
барлық  адамдардың  жасаған  құқық  бұзушылықтары  үшін  жауапқа   тартылуы.
Мысалы, кісі өлтірудің субъектісі жалпы  субъектке  жатады.  Адамды  кім  де
болса өлтіре алады: жас, кәрі, әйел. Бұл жерде  мамандық,  жыныс,  жас  әсер
етпейді.Арнайы субъект заң белгілеген ереже бойынша құқық бұзушылық  жасаған
адам арнайы, қосымша нышандарға ие болуы тиіс. Мысалы,  әскери  қылмыстардың
субъектісі болып  әскери  қызметкерлер  ғана  саналады,  мемлекеттік  қызмет
мүдделеріне  қарсы  қылмыстарда  арнайы  субъект  болып  лауазымды  тұлғалар
болады.
      Құқық бұзушылықтың субъектісі болу үшін, яғни,  жасаған  теріс  қылығы
және қылмысы үшін құқықтық жауапқа тартылуға арнайы шарттар қажет.
      1. Субъект заң белгілеген жасқа толуы  тиіс.  Ол  16  жас,  ал  кейбір
қылмыстар (ұрлық, кісі өлтіру, адамды  ұрлау,  тонау,  адамды  кепілге  алу,
зорлау және т.б.) үшін 14 жас болып белгіленген.
      2. Құқық бұзушылық жасаған  сәтте  субъектінің  өзінің  құқыққа  қарсы
бағытталған әрекеттеріне жауап береді. Егер  адам  құқық  бұзушылық  жасаған
уақытта есі дұрыс емес,  немесе  психикалық  ауыру  (шизофрения,  эпилепсия,
Дауна ауруы,  мый  сифилисі  прогрессивті  паралич,  эпидемиялық  энцефалит,
маникалды-депрессиялық психоз) жағдайында болса  адам  жауапқа  тартылмайды,
оған мәжбүрлі түрде медициналық емдеу қолданылады.
      Құқық  бұзушылықтың  объективтік  жағы  деп  оның  жасалуының   сыртқы
көрінісін,  субъектінің  қоршаған  орта  мен  заттарға  әр  түрлі   мағанада
жасалған әрекеттерінің нышандарын айтады.
      Құқық бұзушылықтың объективтік жағы құқық бұзушылық  жасалғанда  айқын
көрініс  беретін  әрекет  немесе   әрекетсіздік.   Тек   объективтік   жағын
айқындағаннан кейін ғана адамның қандай құқық бұзушылық жасағанын дәлме  дәл
байқауға болады. Мысалы, ұрлықтың  объективтік  жағы  адамдардың  мүліктерін
жасырын  түрде  ұрлау  болса,  әйел  зорлауда  күш  қолданып,   немесе   оны
қолданбақшы болып корқытып, не  жәбірленушінің  дәрменсіз  күйін  пайдаланып
жыныстық қатынас жасау, тонауда — бөтен  мүлікті  ашық  ұрлау,  қарақшылықта
бөтен мүлікті ұрлау мақсатында шабуыл жасауға  ұшыраған  адамның  өмірі  мен
денсаулығына қауіпті күш көрсетумен немесе тікелей  осындай  күш  қолданамын
деп қорқытумен ұштасқан шабуыл жасау болып табылады. Заң  құқық  бұзушылыққа
сипаттама бергенде объективтік жағы арқылы оның нышандарын белгілейді.
      Құқық  бұзушылықтың  объективтік  жағы   іс-әрекет   (әрекет,   немесе
әрекетсіздік), себепті байланыс және зиянды зардапты қамтиды.
      Іс-әрекет (әрекет, немесе әрекетсіздік) арқылы барлық құқық  бұзушылық
жасалады. Әрекет  —  адамның  заң,  құқық  нормалары  тыйым  салған  қоғамға
қауіпті және зиянды істерді істеу немесе істелуіне жол беру. Әрекет  әрқашан
адамнан белсенділікті талап  етеді,  оның  мінез-құлқынан  өзінің  көрінісін
табады. Әрекет күш қолдану және күш  қолданбау  болып  екі  түрге  бөлінеді.
Мысалы, адамды өлтіру үшін  оны  күш  қолдану  арқылы  көрсеткен  қарсылығын
әлсіретеді, ал, алаяқтық жасаған адам мүлікті алдау  немесе  сенімге  қиянат
жасау арқылы күш қолданбай алады.
      Әрекетсіздік — жасауға тиісті әрекетті жасаудан  бас  тартып,  қоғамға
қауіпті мінез құлық таныту.  Мысалы,  анасы  жаңа  туған  сәбиін  емізбейді,
науқасқа дәрігердің көмек  көрсетпеуі,  әскери  қызметкердің  қызмет  орнына
себепсіз келмеуі.
      Зиянды   зардап   –   жасаған   іс-әрекеттің   нәтижесінде    қоғамдық
қатынастарға, мүдделерге нұқсан, зиян келтіру.  Құқық  бұзушылықтың  қоғамға
қауіптілігі және зияндылығы  сонда,  ол  қоғамның  тыныс-тіршілігінің,  өмір
сүру жағдайының қалыптасқан тыныштығының  ырқын  бұзады,  соның  нәтижесінде
зиянды зардап пайда болады. Көптеген  құқықтық  нормаларында  зиянды  зардап
нақтылы мағынада көрсетіледі.  Мысалы,  «адам  денсаулығына  зиян  келтіру»,
«ауыр зардаптар», «адамдардың өлуі» және  т.б.  Бұл  материалдық  зардаптар.
Сонымен  қатар  зиянды   зардапқа   формалды   зардаптар   жатады.   Мысалы,
бандитизмнің қылмыстық құрамы. Бұл құрам  бойынша  адамдарды  жауапқа  тарту
үшін  формалды  түрде  объективтік  жағынан  «азаматтарға  немесе  ұйымдарға
шабуыл жасау мақсатында тұрақты қарулы топ (банда) құру, сол сияқты  осындай
топты (банданы) басқару» әрекеті болса жеткілікті. «Құру», «басқарудың»  өзі
қоғамға қауіпті болып саналады.
      Себепті байланыс – жасалған іс-әрекетпен зиянды  зардаптың  арасындағы
байланыс.  Құқық  бұзушылық  істеген  адамның  тікелей   әрекетінен   зиянды
зардаптың болуы. Себепті байланыс  деген  бір  құбылыстың  екінші  құбылысты
тудыруы, себеп салдарды қалыптастырады. Себепсіз салдар болмайды.  Сондықтан
себепті байланыс жоқ болса, жауаптылық та  болмайды.  Мысалы,  шофер  қалада
машина айдап келе жатып, аялдамада тұрған  автобустың  алдынан  атып  шыққан
адамда басып өлтіреді. Тергеу барсында  шофердің  ішімдік  ішпегендігі  және
рұқсат етілген 40 жылдамдығымен келе  жатқандығы  анықталады.  Экспертизаның
қорытындысы бойынша  жүргізуші  барлық  жол  жүру  ережесін  сақтаған.  Адам
өзінің  әрекетінің  нәтижесінде  өлімге  ұшыраған.  Бұл  жерде  жүргізушінің
әрекеті мен адам өлімінің арасында себепті байланыс жоқ. Сондықтан  ол  кісі
өлімі үшін жауапқа тартылмайды.
      Шетел  криминологиялық  әдебиеттерінде  «Conditio  sine  gua  nоn»   —
«эквиваленттік теория» деп аталатын  тұжырымдама  бар.  Бұл  теория  бойынша
істің, оқиғаның барлық себептері тең  мағынада  пайдаланылады,  ал  «қажетті
жағдай» нышаны жауапқа тартудың объективтік негізі болады. Мысалы, егер  бір
адам бір адамға пышақ салып өлтірген болса,  адам  өлімінің  себебіне  пышақ
салған адам,  кезінде  пышақты  жоғалтқан  адам  және  оны  жасаған  адамдар
жатады. Теория бойынша әр адамның әрекеті өлімге себеп  болып  тұрған  болып
бағаланады. Тәжірибеде қолдануда аталмыш теория қылмыстық  жауапқа  тартудың
шеңберін кеңейте түседі,  репрессиялық  сипатқа  ұласады.  Тек  іс-әрекетпен
зиянды  зардаптың  арасында  тікелей  себепті   байланыс   болған   жағдайда
жауапкершілік туындайды.
      Құқық бұзушылықтың  субъективтік  жағы  деп  субъектінің  жасаған  іс-
әрекетіне деген психикалық  қатынасын  айтады.  Субъективтік  жақ  негізінде
кінә, себеп  және  мақсат  сияқты  ұғымдарды  қамтиды.  Бұл  нышандар  құқық
бұзушылық  жасаған  субъектілердің  ішкі,   сезімін,   оның   психикасындағы
процестерді  кеңінен  қамтиды.  Олардың  бәрін  толық  анықтау  арқылы  адам
жасаған құқық бұзушылықтың қоғамға  қауіптілігі  мен  зияндығы  айқындалады,
жаза мөлшеріне әсер етеді.
      Кінә деп субъектінің  істеген  құқық  бұзушылыгына  және  оның  зиянды
зардаптарына қасақана,  немесе  абайсыз  формасындағы  психикалық  қатынасын
айтады. Кінә екі мағана, кезеңімен қамтылады.
      Біріншісі, интеллектуалдық (зияткерлік)  кезең  кінәлінің  іс-әрекетін
қоғамға қауіпті екенін, оның қоғамға  қауіпті,  немесе  зиянды  келтіретінін
ұғынуы, немесе сондай зардаптардың болуын көре білуі.
      Екіншісі,  ерік  кезеңі  кінәлінің  қоғамдық  қауіпті  немесе   зиянды
зардаптың болуын біледі, немесе оған парықсыздықпен, немесе менмендікпен,  я
болмаса немқұрайлықпен қарауы.
      Кінә қасақана және абайсыз болып  екіге  бөлінеді.  Қасақана  жасалған
құқық  бұзушылық  деп  субъектінің  өзінің  іс-әрекетінің  (әрекет,   немесе
әрекетсіздік)  қоғамға  қауіпті,  зиянды  екенін  біле  тұра,  оның   зиянды
зардаптары  болатынын  біле  тұра  және  сол  зардаптардың  туындауын  тілеп
істесе, немесе оған саналы түрде жол берсе, не оларға  немқұрайлы  қарағанын
айтады.
      Қасақаналық тікелей және  жанама  атты  екі  түрге  бөлінеді.  Тікелей
ниетте субъект өзінің іс-әрекетінің қоғамға қауіпті  екенін,  зиянды  екенін
біле тұра, оның зиянды зардаптары болатынын біле тұра және сол  зардаптардың
туындауын тілеп істейді. Мысалы, адам басқа адамның басын  балтамен  ұрғанда
оның әрекеті қауіпті екенін біле тұра, сол соққыдан адам өлімінің  болатынын
сезініп және өлуін тілеп істейді.
      Жанама  (эвентуалдық)  ниетте  субъект  өзінің  іс-әрекетінің  қоғамға
қауіпті зиянды екенін білсе де, бірақ зардаптың  болуын  тілемесе  де,  оған
саналы түрде жол береді, немесе немқұрайлы қарайды.  Мысалы,  дәрігер  4  ай
болған жүкті әйелге  заңсыз  аборт  жасайды.  Соның  нәтижесінде  әйел  қаза
табады. Бұл жерде дәрігер  өзінің  заңсыз  әрекетінің  қауіпті  екенін  біле
тұра, оның өлуі  мүмкін  екенін  болжай  тұра  сол  әрекетке  барады,  бірақ
әйелдің өлімін тілемейді, саналы түрде жол береді.
      Теорияда ниеттің қалыптасу уақытына  байланысты  күні  бұрын  ойланған
ниет және кенеттен пайда болған ниет болып бөлінеді.
      Күні  бұрын  ойланған  ниет  құқық  бұзушылық  жасағанға  дейін   адам
санасында пайда болған ниет. Мысалы, субъект адамды өлтіру үшін  күні  бұрын
өлтірудің амалын ойлайды,  жоспарын  құрады,  сәті  түскен  кезде  өлтіреді.
Теорияда бұл ниет өте қауіпті болып танылады.
      Кенеттен пайда болған ниет арқылы жасаған  құқық  бұзушылықта  субъект
өзінің құқық бұзушылыққа бару ниетін аяқ астынан іс жүзіне асырады.  Мысалы,
сатушының алдында жатқан ақшаны көріп, ала қашады.
      Сонымен қатар теорияда ниет айқын және айқын емес болып бөлінеді.
      Айқын ниеттегі субъект өзінің іс-әрекетінің  қоғамға  қауіпті,  зиянды
екенін біле тұрып, нақтылы зардаптың  болуына  өзінің  әрекетін  бағыттайды.
Мысалы, пәтерден  ұрлық  жасағанда  қылмыскер  меншік  иесінің  мүлкіне  қол
сұғатынын жақсы біледі.
      Айқын емес ниеті бар субъект қоғамға  қауіпті  зардаптардың  болатынын
біле тұрса  да,  өзінің  ойында  қандай  нәтиже  болатынын  көзіне  елестете
алмайды. Мысалы, екі құрылысшы ерегесіп қалып,  біреуі  төменде  кетіп  бара
жатқанға кірпіш тастайды. Бұл әрекеттен  кірпіш  тастаған  субъект  оның  не
басына зақым келетінін, немесе өлетінін білген, ниеті айқын емес.
      Кінәнің екінші түрі - абайсыздық. Қазақстан Республикасының  қылмыстық
кодексі абайсыздықтың екі  түрін  көрсетеді.  Атап  айтқанда  21-бапта:  «1.
Менмендікпен немесе  немқұрайдылықпен  жасалған  әрекет  абайсызда  жасалған
қылмыс деп танылады. Егер адам өз іс-әрекетінің  (әрекетсіздігінің)  қоғамға
қауіп  туғызуы  мүмкін  екенін  алдын  ала  білсе,  бірақ  бұл   зардаптарды
жеткілікті негіздерсіз жеңілтектікпен болғызбау мүмкіндігіне  сенсе,  қылмыс
менмендікпен жасалған қылмыс деп танылады. Егер адам қажетті  ұқыптылық  пен
сақтық болғанда ол зардаптарды болжап білуге тиіс және  болжап  біле  алатын
бола   тұра   өз   іс-әрекетінің   (әрекетсіздігінің)    қоғамдық    қауіпті
зардаптарының болуы мүмкін екенін болжап  білмесе,  қылмыс  немқұрайдылықпен
жасалған қылмыс  деп  танылады».  Менмендікпен  жасалған  әрекетке  мынандай
мысал келтіруге болады. Жүргізуші автомобильді айдап келе жатып  жылдамдығын
арттыра  түседі.  Абайсызда   көшені   жүгіріп   өтіп   келе   жатқан   адам
автомобильдің  астына  түсіп,  қаза  табады.  Бұл  жерде  жүргізуші   өзінің
әрекетінің қоғамға қауіпті екенін біле тұра жеңіл оймен, зардап  болмас  деп
ойлайды. Себебі ол  өзінің  тәжірибесіне,  автомобильді  жақсы  меңгергеніне
сенеді. Немқұрайлыққа мысал. Учаскелік инспектор тапаншасын тазалап  отырып,
стволдың ішінде  оқ  барын  байқамай,  абайсызда  шапаны  басып  қалады,  оқ
жанында отырған әйеліне тиіп, қайтыс болады. Болжап білуі  тиіс  еді,  бірақ
біле   алмайды.   Жасалынған   құқық   бұзушылық   міндетті   түрде    заңды
жауапкершілікті тудырады. Істеген қылмыс үшін қылмыстық жауапқа  тартылмаған
қоғамда, әділсот ісінің салтанат  құруы,  заңдылықтың  орнауы  мүмкін  емес.
Сондықтан заңды жауапкершіліктің қоғамда  атқаратын  рөлі  ерекше.  Халықтың
әлеуметтік психологиясы құқық бұзушылық жасап, қоғамға,  мемлекет  мүддесіне
зиянды зардаптар келтірген адамның  пара  беріп,  айла-амалдар  тауып  заңды
жауапкершіліктен құтылып кетуі коррупцияның нағыз шыңы  деп  қабылдайды  com
билігіне  сенімсіздігін  қалыптастырады.  Ал,  соттарда  нағыз   әділеттілік
орнамауынша құқықтық мемлекет құру идеясы бос сөз болып қала бермек.
2.Заңды жауапкершіліктің түсінігі және оның түрлері. Заңды  жауапкершіліктің
негізі - құқық бұзушылықтың  жасалуы  және  адамның  іс-әрекеттерінің  құқық
бұзушылық құрамымен қамтылуы. Егер жасалаған  іс-әрекет  құқық  бұзушылықтың
құрамында  қарастырылмаса,  бекітілмесе  ешқандай  заңды  жауапкершілік   те
болмайды. Занда жауапкершілік  жеке  адамның  қоғам  алдындағы  міндеттерін,
жауапкершілігін сезінуі, құқыққа қарсы жасаған іс-әрекеті, оның  қауіптілігі
мен зияндығы үшін қолданылатын жазаны мойнымен көтеруі.
      Заңды жауапкершілік мемлекетпен құқық бұзушылыққа барған жеке  адамның
арасында пайда болған құқықтық  қатынастардың  нәтижесінде  құқық  бұзушылық
жасаған  субъект  өзінің  жасаған  қауіпті,  зиянды  әрекеті   үшін   арнайы
қолданылған жазаға төзуін айтады.
      Заңды жауапкершілікті теориялық мағанада зерттеп  қарағанда  оның  екі
түрі айқындалады:
      Позитивтік заңды жауапкершілік — барлық құқық субъектілерінің заң және
басқа  нормативтік  құқықтық  кесімдер  тыйым  салған  талаптарын  бұлжытпай
орындау,  құқыққа  сай  мінез-құлықты  қалыптастыру.  Мұндай   жауапкершілік
негізінде болашақта қалыптасатын мінез-құлыққа тікелей қатысы бар.
      Ретроспективті заңды жауапкершілік - құқық бұзушылық жасаған субъектке
мемлекет тарапынан күш қолдануы және құқық бұзушының ондай  әрекетке  төзуі.
Мысалы, субъект жасаған ұрлығы үшін міндетті түрде жазаға тартылып,  сазайын
тартуы тиіс. Қызыл  бағдаршамға  өтіп  кеткен  жүргізушіге  белгіленген  заң
мөлшерінде айып салынуы тиіс және т.б.
      Заңды жауапкершілік  өзінің  функцияларына  байланысты  компенсациялық
және жазалаушылық болып бөлінеді.
      Компенсациялық  заңды  жауапкершілік  деп  субъектінің  құқыққа  қарсы
жасалған әрекетінің нәтижесінде келтірілген зиянды өтеуі.  Мысалы,  авторлық
құқықты  пайдалану,  плагиат  арқылы  субъектінің  зияткерлік  құқығына  қол
сұққаны үшін зиянды зардаптарды сот шешімі арқылы өтейді.
      Жазалаушылық заңды жауапкершілік жариялылық құқыктық  тәртіпті  қорғау
үшін құқық бұзушыны жазалаудың жолы.  Мысалы,  пара  алған  лауазымды  тұлға
жазалаушылық заңды жауапкершілікке тартылады.
      Құқық   салалары   бойынша   конституциялық,   қылмыстық,   әкімшілік,
азаматтық, тәртіптілік, материалдық болып бөлінеді.
      Конституциялық заңды жауапкершілік  Қазақстан  Республикасының  барлық
азаматтарының, лауазымды тұлғалардың, мемлекет қызметкерлерінің,  Үкіметтің,
Президенттің ата заң алдындағы жауаптылығы. Мұндай  талаптар  Конституцияның
34-бабынан туындайды және онда конституциялық  жауапкершілік  мына  мағанада
берілген: «Әркім  Қазақстан  Республикасының  Конституциясын  және  заңдарын
сақтауға, басқа  адамдардың  құқықтарын,  бостандықтарын,  абыройы  мен  ар-
намысын құрметтеуге міндетті».
      Қылмыстық құқықтық жауапкершілік субъекттердің жасаған қылмыстары үшін
тек ғана  сот  органдары,  қылмыстық  кодексте  белгіленген  қылмыстар  үшін
қолданылады. Бұл  жауапкершілік  басқа  құқықтық  жауапкершілікке  қарағанда
қатаң жаза қолданумен айшықталады.
      Әкімшілік-құқықтық  жауапкершілік  —  атқарушы-орындаушы   органдардың
басқару  жүргізу  барысында  әкімшілік  теріс  қылықтар  үшін   қолданылатын
жауапкершіліктің жиынтығы.
      Әкімшілік-құқықтық жауапкершілік Қазақстан  Республикасының  әкімшілік
құқық бұзушылық туралы кодексінде бекітілген.
      Азаматтық-құқықтық жауапкершілік - жеке тұлға  мен  заңды  тұлғалардың
шарт,  келісім,  мәмле  арқылы  өздеріне  жүктелген   құқықтық   міндеттерін
орындамауынан және адам өмірі мен денсаулығына  зиян  келтіруден  туындайтын
жауапкершілік.
      Тәртіптілік-құқықтық  жауапкершілік  -  заңды  тұлғалардың  әкімшілігі
тарапынан еңбек тәртібін бұзған  адамдарға  қолданылатын  тәртіптік  жазаның
қолданылуы. Мысалы, өз міндеттерін орындай  алмағаны  үшін  ескерту,  сөгіс,
қатаң сөгіс, жұмыстан босату.
      Материалдық  жауапкершілік  жұмысшының,  қызметкердің  жұмыс  істейтін
орнында  өзінің  кінәлі  әрекетінің  нәтижесінде  келтірген  зиянын   өтеуі.
Мысалы, мүлікті қиратуы.
      Заңды  жауапкершілік  заң  негізінде  болғандықтан  оның   өзіне   тән
қағидалары болады. Сол қағидалар  нақтылы  сақталған  жағдайда  жауаптылыққа
тарту әділетті болады. Теорияда заңды жауапкершіліктің  мынандай  қағидалары
бар:
      Жауапкершіліктің мақсатқа сай болуы.  Бұл  қағиданың  мазмұны  бойынша
жауапқа  тартылған  субъекттің   мінез-құлқы   жан-жақты   танылып,   барлық
субъективтік объективтік жағдайларды ескеріп, жаза қолданылуы тиіс.  Мысалы,
судья сотталушыны жауапқа тартып, жаза қолданғанда жазаны жеңілдететін  және
ауырлататын мән-жайларды ескеріп (53,54-баптар) мақсатқа сай келетін  жазаны
тағайындауы тиіс.
      Барлық адамдардың заң алдындағы теңдігі. Жауапқа тарту, құқық қолдану,
жаза тағайындау барысында ешбір адамға артықшылық беруге болмайды.  Тек  заң
негізінде,  тең  құқылықты  қатаң  сақтау  арқылы  жауапкершілік  іс  жүзіне
асырылады.
      Әділеттілік. Қабылданған бұйрық,  шешім,  үкім  әділетті  болуы  тиіс.
Сонда  ғана  заңды  жауапкершілік  тиімді  нәтиже  береді,  қоғамдық  санада
әділеттілік ұғымы  салтанат  құрады.  Әділеттілік  субъективтік  факторларды
объективтік талаптардың аяғына жығу, оған тәуелді ету.
      Заңдылық.  Заңды  жауапкершілікке  тарту   тек   заңдылық   қағидалары
негізінде іс жүзіне асулары тиіс.  Заңды  бұрмалау  арқылы  жауапқа  тартып,
жаза қолдану  мемлекеттік  органдардың  халық  алдындағы  беделін  түсіреді,
бассыздық, адам құқықтарын аяққа таптауға тікелей жол ашады.
Заңды жауапкершілікке тек ғана кінәлі субъекттің тартылуы.  Құқық  талаптары
бекіткен және тек ғана  кінәлі  субъект  заңды  жолдармен  алынған  дәлелдер
негізінде жауапқа тартылуы тиіс.
Заңды жауапкершіліктен босатудың мән-жайлары
      Қазақстан  Республикасының   құқықтық   жүйесі   субъектілерді   заңды
жауапкершіліктен  босатудың  мән-жайларын  да  қарастырған.  Атап   айтқанда
көптеген  құқық  салаларының  нормалары   осы   мәселені   бекіткен.   Заңды
жауапкершіліктен босатудың мән-жайлары мынандай әрекеттерге қатысты:
      1. Қажетті қорғану. Құқық бұзушылықпен күресу мемлекеттік  органдардың
ғана емес, сонымен қатар әрбір азаматтың моральдық  борышы  болып  табылады.
Азаматтардың  құқықтарын,  бостандықтарын,  меншік  құқықтарын,  мемлекеттік
мүдделерді қылмыстық, әкімшілік құқық бұзушылықтан  қорғау,  олармен  күресу
барысында  кейбір  адамдар  мемлекеттік,  қоғамдық  және   жеке   адамдардың
мүдделеріне  зиян  келтіруі  әбден   мүмкін.   Қажетті   қорғану   Қазақстан
Республикасының  Конституциясының  13-бабында:   «Әркім   құқық   субъектісі
ретінде танылуға құқы бар және өзінің құқықтары мен бостандықтарын,  қажетті
қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен  қорғануға
хақылы» - деп атап көрсетілген.
      Қажетті  қорғану  қылмыстық  және  әкімшілік  құқық  бұзушылық  туралы
кодекстерде арнайы, нормамен берілген. Қазақстан  Республикасының  Қылмыстық
кодексінің  32-бабы  қажетті  қорғануды  мына  мағанада  бекіткен:  «Қажетті
қорғану жағдайында қол сұғушы адамға зиян келтіру, яғни қорғанушының  немесе
өзге бір адамның жеке басын,  тұрған  үйін,  меншігін,  жер  учаскесін  және
басқа  да  құқықтарын,  қоғамның  немесе   мемлекеттің   заңмен   қорғалатын
мүдделерін қоғамдық қауіпті  қол  сұғушылықтан  қол  сұғушыға  зиян  келтіру
жолмен шегінен асып  кетушілікке  жол  берілмеген  болса,  ол  қылмыс  болып
табылмайды».
      Аса қажеттілік — жағдайында жасалған әрекеттер де қылмыс, немесе басқа
әкімшілік құқық бұзушылығына жатпайды.  «Аса  қажеттілік  жағдайында,  яғни,
осы адамның немесе өзге де адамдардың өміріне, денсаулығына,  құқықтары  мен
заңды мүдделеріне, қоғамның немесе  мемлекеттің  мүдделеріне  тікелей  қатер
төндіретін қауіпті  жою  үшін,  осы  Кодекспен  қорғалатын  мүдделерге  зиян
келтіру, егер бұл қауіпті өзге  құралдармен  жою  мүмкін  болмаса  және  бұл
орайда  аса  қажеттілік  шегінен  асуға  жол  берілмесе,   әкімшілік   құқық
бұзушылық болып  табылмайды».  (Қазақстан  Республикасының  Әкімшілік  құқық
бұзушылық туралы кодекстің 40-бабы).
      Мұндай норма Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 34-бабында
да  бекітілген.  «Осы  Кодекспен  қорғалатын  мүдделерге  аса  қажет  болған
жағдайда зиян келтіру, яғни белгілі  бір  адамның  немесе  өзге  де  адамның
өміріне, денсаулығына, құқықтары  мен  заңды  мүдделеріне,  қоғамның  немесе
мемлекеттің мүдделеріне тікелей қатер төндіретін  қауіпті  басқа  амалдармен
жою мүмкін болмаса және бұл орайда аса қажеттілік шегінен шығып  кетушілікке
жол берілмесе, қылмыс болып  табылмайды».  Мысалы,  бағасы  400  мың  доллар
тұратын асыл тұқымды  бұқа  кенеттен  сауыншы  әйелді  сүзуге  ұмтылды.  Бұл
жағдайды көрген бақташы  әйелдің  өмірін  сақтап  қалу  үшін  бұқаның  бетін
қайтару мақсатында оны айырмен шаншып өлтірді. Бұл  жерде  бұқа  қанша  асыл
тұқым, қымбат болғанмен адам өмірі одан да қымбат болып табылады.
      Қол сұғушылық жасаған адамды  ұстау  кезінде  зиян  келтіру  —  қылмыс
жасаған адамға  оны  мемлекеттік  органдарға  жеткізу  және  оның  жаңа  қол
сұғушылық жасау мүмкіндігін  тыю  үшін  ұстау  кезінде  зиян  келтіру,  егер
мұндай адамды өзге амалдармен ұстау мүмкін болмаса және бұл орайда осы  үшін
қажетті шаралар  шегінен  шығуға  жол  берілмесе,  қылмыс  болып  табылмайды
(Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 33-бабы). Қылмыскерді  ұстау
кезінде тек ғана оның өзіне ғана зиян келтіріледі.
      Орынды тәуекел ету Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің  35-
бабында  жауапкершіліктен  босатудың  негізі  деп  танылған.  Атап  айтқанда
қоғамдық пайдалы мақсатқа қол жеткізу үшін  орынды  тәуекел  еткен  ретте...
Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтіру қылмыс болып табылмайды.
      Егер   аталған   мақсатқа    тәуекелмен    байланыссыз    іс-әрекетпен
(әрекетсіздікпен) қол жеткізілмейтін болса және тәуекелге  жол  берген  адам
..қорғалатын мүдделерге зиян келтіруін  болғызбау  үшін  жеткілікті  шаралар
қолданса, тәуекел орынды деп танылады.
      Егер тәуекел ету адамдардың өміріне немесе денсаулығына көрінеу  қатер
төндіруге, экологиялық апатқа,  қоғамдық  күйзеліске  немесе  өзге  де  ауыр
зардаптарға ұштасатын болса, тәуекел ету орынды деп танылмайды.
      Күштеу  немесе  психикалық  мәжбүрлеу  -  егер   күштеп   мәжбүрлеудің
салдарынан  адам  өзінің  іс-әрекетіне  (әрекетсіздігіне)  ие  бола  алмаса,
күштеп мәжбүрлеудің нәтижесінде ...  Кодекспен  қорғалатын  мүдделерге  зиян
келтіру  қылмыс  болып  табылмайды  (Қазақстан   Республикасының   Қылмыстық
Кодексі, 36-бап).
      Бұйрықты немесе өкімді орындамауда өзі үшін міндетті  бұйрықты  немесе
өкімді орындау жөнінде іс-әрекет  жасаған  адамның...  Кодекспен  қорғалатын
мүдделерге зиян келтіруі қылмыс болып табылмайды. Мұндай  зиян  келтірілгені
үшін заңсыз бұйрық немесе  өкім  берген  адам  қылмыстық  жауапқа  тартылады
(Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 37-бабы).
Талқылау сұрақтары:
   1. Құқық бұзушылықтың себептерін атаңыз?
   2. Құқық бұзушылықтың түрлері қандай?
   3. Заңды жауапкершіліктерді атаңыз?
Ұсынылған әдебиеттер:
   1.  Табанов  С.А.  Совершенствование  законодательств:  теория   и   опыт
      Республики Казахстан.-Алматы:1999.
   2. Теория права и государства. Под. Ред. В.В. Лазарева. – М.: 1997,
   3. Чиркин В.Е. Государствоведение: Учебник.- М.: 1999.
   4. Спиридонов Л.И. Теория государства и права. Учебник.-М.:Проспект,2000.-
      304с.
   5. Черданцев А.Ф. Теория государства и права: Учебник.- М.: 2000.
   6. Дулаьбеков Н., Амандықов С., Турлаев А. Мемлекет және құқық негіздері:
      2001.-244б.
   7. Баянов  Е.  Мемлекет  және  құқық   негіздері.-Оқулық.-  Алматы,  Жеті
      Жарғы,2001.-624б.

   МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫ  ПӘНІ БОЙЫНША СЕМИНАР САБАҚТАРЫН ӨТКІЗУГЕ
                                  АРНАЛҒАН
                              ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

       «Мемлекет  және  құқық  теориясы»  пәні   бойынша  семинар  сабақтары
құқықтық  білімді  нығайтудың   негізгі   жолы   болып   табылады.   Семинар
сабағында студент тақырып  бойынша  берілген  сұрақтарға  жауап  тауып  қана
қоймай оны қорытып  дұрыс жеткізе білуі  қажет.  Семинар  сабағында  студент
өзінің  дәріс  сабағында   алған   білім  деңгейін  тереңдетуге,  талқыланып
отырған тақырыпқа  қатысты  өзінің  көзқарасын  білдіруге  мүмкіндік  алады.
Семинар сабағына дайындалу барысында  жаңа термин сөздерге  мән  беріп,  оны
есте сақтауға тырысу керек.
      Студент  семинар сабағына  дайындалуға ұсынылған әдебиеттерді   мұқият
саралауы  керек  және  ол  ұсынылған  әдебиеттермен  шектеліп  қана  қоймай,
сонымен бірге  өз  тарапынан  ізденіп   баспа  материалдарын  да  қарастыруы
қажет.
      Құқықтық білім  адам  өмірінің  барлық  кезеңдеріне  қажет,  сондықтан
аталмыш пәнге деген  қызығушылықтың  болуы  студенттің  құқықтық  мәдениетін
арттыруға септігін  тигізеді.  Семинар  сабағының  басты  кеңесшісі  ол  пән
оқытушысы. Сол себепті түсініксіз сұрақтарға оқытушыдан кеңес  алып  отырған
жөн.  Семинар  сабағында  тақырыпқа  қатысты  мәселе  көтеріліп,  әр   түрлі
әдістердің   қолдануымен   шешіледі.  Әдістер:   ахуалдық    есептер   шешу,
баяндау, пікір  таластыру,  ойын  және  т.б.  Есептер  дегеніміз  күнделікті
өмірімізде  туындап жатқан құқықтық  мән  –  жайлар,  мәне  соларға  жауапты
іздеу барысында студент  қажетті  нормативті  құжатты дұрыс  тауып,  талдауы
керек.  Жауапты  баяндау  барысында  арнайы  деректерге  сүйене  отырып,  өз
сөздеріне дәлелдемелер келтіріп отыруы керек. Жауап беру барысында   баяндап
тұрған мәселеге тұжырым жасай алуы қажет.

      №1 СЕМИНАР.    МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫНЫҢ ПӘНІ ЖӘНЕ ТҮСІНІГІ
Сабақтың мақсаты:  Студенттердің  мемлекет және құқық теориясы  пәні  туралы
айта отырып, құқықтық білім саласында аталмыш пәннің алатын  ролін   өзіндік
көзқарастарымен жеткізе білуін қамтамасыз ету.
Жоспар:
 1. Мемлекет және құқық теориясы туралы түсінік.
 2. Мемлекет және құқықтың пайда болуы, дамуы және қызмет  атқаруының  жалпы
    заңдылықтары – теорияның пәні ретінде қарастырылуы.
 3. Мемлекет және құқық теориясының пайда болуы және дамуы.
 4. Мемлекет және құқық теориясының функциялары. Қазіргі замандағы  саяси  –
    құқықтық теориялардың жалпы сипаттамасы.
Әдістемелік  нұсқау:  Мемлекет  және  құқықтың  өзара  байланыстылығына  мән
беріңіз.Мемлекет   және   құқық   теориясының   бірыңғай    ғылым    ретінде
қарастырылуының негізіне көңіл аударыңыз. Мемлекет  және  құқық  теориясының
құқықтанушы  мамандардың өмірінде алатын орнын анықтауға  тырысыңыз,  пәннің
құқықтық пәндерге апаратын көпір екендігін дәлелденіз.
Әдебиеттер:
 1. Ибраева А.С., Ибраев Н.С. Теория государства и права: Учебное пособие.-
    Алматы, Жеты Жарғы, 2003.
 2.  Сапаргалиев  Г.С.  Становление   конституционного   строя   Республики
    Казахстан. – Алматы, 1997.
 3. 11\-",';''
 4. Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық. Авторлар  алқасы:  Жоламанов  Ж.,
    Таукелов А.Н., Мұхтарова А.К., Алматы, 1998.
 5. Сапарғалиев Ғ. Ибраева А. Мемлекет және құқық  теориясы.  Алматы,  Жеті
    Жарғы,1998.
 6. Ашитов З.О.,Ашитов Б.З. Егемен Қазақстанның құқы. Оқу  құралы.  Алматы:
    Жеті жарғы, 2000. – 266 б.
 7. Ашитов З.О.,Ашитов Б.З.  Қазақстан   Республикасының  құқық  негіздері.
    Алматы: Жеті жарғы, 2000. - 256 б.
 8. Баққұлов С. Құқық негіздері. Оқулық. Алматы :2004.  – 248 б.
 9. Баянов Е. Мемлекет және құқық негіздері. Оқулық.  Алматы:  Жеті  жарғы,
    2001. – 624 б.
№2 СЕМИНАР.    МЕМЛЕКЕТ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ МӘНІ
Сабақтың мақсаты:  Студенттердің  мемлекеттің ұғымын айта отырып, оның  шығу
теорияларын өзіндік көзқарастарымен жеткізе білуін қамтамасыз ету.
Жоспар:
   1. Мемлекеттің пайда болуының қысқаша тарихы.
   2. Мемлекеттің кең және тар мағынасы.
   3. Мемлекеттің пайда болу теориялары.
   4. Мемлекеттің нысаны.
   5. Мемлекеттің қызметі.
Әдістемелік  нұсқау:Алғашқы  қауымдық  құрылыстың  жалпы   сипаты,   басқару
органдары және тәртіпті сақтау құралдары.
      Мемлекеттің пайда болуы туралы  әр түрлі теориялар. Мемлекеттің  пайда
болуының әр түрлі жолдары (шығыс, азиялық, батыс, европалық) .
      Мемлекет ұғымдарының сан  алуандылығы.  Мемлекет  пен  құқықтың  пайда
болуының  жалпы  заңдылықтары  мен  түрлері.  Мемлекет  және  құқықтың  алғы
шарттары. Мемлекет және құқықтың белгілері.
      Мемлекет мәні. Мемлекет және оның мәнін  айқындайтын  қозғаушы  күштер
(факторлар); әлеуметтік, экономикалық, идеологиялық, мәдени,  ізгілік,  діни
т.б. Мемлекет ұғымының және мәнінің эволюциясы (өзгеруі).
Әдебиеттер:
10. Ибраева А.С., Ибраев Н.С. Теория государства и права: Учебное пособие.-
    Алматы, Жеты Жарғы, 2003.
11.  Сапаргалиев  Г.С.  Становление   конституционного   строя   Республики
    Казахстан. – Алматы, 1997.
12. 11\-",';''
13. Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық. Авторлар  алқасы:  Жоламанов  Ж.,
    Таукелов А.Н., Мұхтарова А.К., Алматы, 1998.
14. Сапарғалиев Ғ. Ибраева А. Мемлекет және құқық  теориясы.  Алматы,  Жеті
    Жарғы,1998.
15. Ашитов З.О.,Ашитов Б.З. Егемен Қазақстанның құқы. Оқу  құралы.  Алматы:
    Жеті жарғы, 2000. – 266 б.
16. Ашитов З.О.,Ашитов Б.З.  Қазақстан   Республикасының  құқық  негіздері.
    Алматы: Жеті жарғы, 2000. - 256 б.
17. Баққұлов С. Құқық негіздері. Оқулық. Алматы :2004.  – 248 б.
18. Баянов Е. Мемлекет және құқық негіздері. Оқулық.  Алматы:  Жеті  жарғы,
    2001. – 624 б.
№3 СЕМИНАР.  МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІК
Сабақтың  мақсаты:   Мемлекеттік  билік  жүйесіне   талдау   жасай   отырып,
студенттердің  мемлекеттік билік ұғымын, түрлерін   жете  меңгеруіне  жағдай
жасау.
Жоспар:
   1. Мемлекеттік билік анықтамасы.
   2. Мемлекеттік биліктің түрлері.
   3. Мемлекеттік билікті жүзеге асырудың тәсілдері мен түрлері.

     Әдістемелік нұсқау: Мемлекеттік билік -  әлеуметтік   биліктің  ерекше
     түрі, оның егемендік сипаттары. Мемлекеттік билік  және  саяси  билік.
     Биліктік қатынастар – қоғамдық қатынастардың  айрықша  түрі.  Биліктік
     қатынастардың  мазмұны,  объектілері  мен  субъектілері.   Мемлекеттік
     билікті жүзеге асырудың тәсілдері мен түрлері.   «Зорлық»,   «күштеу»,
     «басып - жаншу», «мәжбүрлеу», «көндіру»,  «сендіру»,  «басшылық  ету»,
     «басқару», «үстемдік ету», «бағындыру» санаттарының арақатынастары.

      Мемлекеттің қызметтері:  ұғымы. Мемлекеттің қызметтерін саралау,  оның
негіздері.  Мемлекеттің  ішкі  және  сыртқы   қызметтері.   Қоғам   өмірінің
экономикалық саяси, әлеуметтік,  рухани  салаларында  мемлекеттің  атқаратын
қызметтері.   Мемлекет    қызметтерінің    байланыстылықтары    мен    өзара
ықпалдасулары.
       Мемлекеттің  қызметтері   және   мемлекеттік   аппарат.   Мемлекеттің
қызметтері және  мемлекеттің  мәні.  Мемлдекеттің  қызметтері  және  олардың
салыстырмалы дербестігі. Мемлекеттің  қызметтері  және  мемлекет  пен  қоғам
дамуының  тарихи  өзіне   ғана   тән   өзгешеліктері.   Мемлекеттің   іс   -
әрекеттерінің  шегі. Қоғамның саяси жүйесі туралы ұғым және  оның  құрылымы.
Саяси жүйедігі мемлекеттің алатын  орны.  Мемлекеттің  саяси  және  қоғамдық
қозғалыстардың, партиялардың, діни  ұйымдар  басқа  да  саяси  құрылымдардың
өзара әректтесуі мен ықпалдасулары.
Әдебиеттер:
   1.  Сапарғалиев  Ғ.  Қазақстан   Республикасының  конституциялық  құқығы.
      Алматы: Жеті жарғы, 2003. – 480б.
   2. Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық. Авторлар алқасы:  Жоламанов  Ж.,
      Таукелов А.Н., Мұхтарова А.К., Алматы, 1998.
   3. Сапарғалиев Ғ. Ибраева А. Мемлекет және құқық теориясы.  Алматы,  Жеті
      Жарғы,1998.
   4. Венгеров А.Б. Теория государства и права. М.: 1998.
   5. Канаров С.А. Общая теория государства и права. М.: 1997.
№4  СЕМИНАР
МЕМЛЕКЕТ ТҰРПАТЫ (НЫСАНЫ)
Сабақтың  мақсаты:   Мемлекеттік  нысанының  түрлерін,  ерекшеліктерін  ашып
көрсету. Студенттердің мемлекеттің нысанын  кесте  арқылы  түсіндіре  алуына
мүмкіндік жасау.
Жоспар:
 1. Мемлекет тұрпатының мәні мен түсінігі.
 2. Басқару тұрпаты және мемлекеттің құрылымдық тұрпаты.
 3.  Монархия,  республика  және  олардың  түрлері.   Унитарлық   (біртұтас)
    мемлекет.  Федерация:  оның  әдеттегі  және  айрықша,  өзіне  ғана   тән
    белгілері (нышандары).
 4. Мемлекеттік құрылымдардың дәстүрден тыс тұрпаттары (конфедерация,  одақ,
    достастық).

     Әдістемелік нұсқау:  Мемлекет  және  оның  тұрпаттарының  өзгеруіндегі
     сабақтастықты ашып көрсету қажет. Осы заманғы мемлекеттерді саралаудың
     теориялық жолдарын көрсетіңіз.

      Мемлекеттің  құрылысы, басқару нысандарын  және  сасяи  режимді  кесте
түрінде  түсіндіріңіз. ҚР құрылысының унитарлы екенін дәлелдеңіз.
Әдебиеттер:
 1. Сапарғалиев Ғ. Қазақстан  Республикасының конституциялық құқығы. Алматы:
    Жеті жарғы, Мемлекет және оның тұрпаттарының өзгеруіндегі   сабақтастық.
    Осы заманғы мемлекеттерді саралаудың теориялық жолдары. 2003. – 480б.
 2. Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық.  Авторлар  алқасы:  Жоламанов  Ж.,
    Таукелов А.Н., Мұхтарова А.К., Алматы, 1998.
 3. Сапарғалиев Ғ. Ибраева А. Мемлекет және  құқық  теориясы.  Алматы,  Жеті
    Жарғы,1998.
 4. Венгеров А.Б. Теория государства и права. М.: 1998.
 5. Канаров С.А. Общая теория государства и права. М.: 1997.
№5 СЕМИНАР
МЕМЛЕКЕТТІК  АППАРАТ (МЕХАНИЗМ)
Сабақтың  мақсаты:   Мемлекеттік   аппарат  ұғымына  талдау  жасай   отырып,
студенттердің  мемлекеттік аппарат ұғымын, түрлерін  жете меңгеруіне  жағдай
жасау.  Мемлекеттік  аппарат  және  мемлекеттік  механизм  ұғымдарының   ара
қатынасын түсінуге мүмкіндік жасау.
Жоспар:
 1. Мемлекеттік аппарат ұғымы.
 2. Мемлекеттік аппараттың құрылымы.
 3. Мемлекеттік орган ұғымы. Мемлекеттік органдардың саралануы.
 4. Мемлекеттік органдар жүйесі және биліктің бөлінісі.

     Әдістемелік нұсқау:

       Мемлекеттің  қызметтері   және   мемлекеттік   аппарат.   Мемлекеттің
қызметтері және  мемлекеттің  мәні.  Мемлдекеттің  қызметтері  және  олардың
салыстырмалы дербестігі. Мемлекеттің  қызметтері  және  мемлекет  пен  қоғам
дамуының  тарихи  өзіне   ғана   тән   өзгешеліктері.   Мемлекеттің   іс   -
әрекеттерінің  шегі. Қоғамның саяси жүйесі туралы ұғым және  оның  құрылымы.
Саяси жүйедігі мемлекеттің алатын  орны.  Мемлекеттің  саяси  және  қоғамдық
қозғалыстардың, партиялардың, діни  ұйымдар  басқа  да  саяси  құрылымдардың
өзара әректтесуі мен ықпалдасулары.
Әдебиеттер:
   1.  Сапарғалиев  Ғ.  Қазақстан   Республикасының  конституциялық  құқығы.
      Алматы: Жеті жарғы, 2003. – 480б.
   2. Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық. Авторлар алқасы:  Жоламанов  Ж.,
      Таукелов А.Н., Мұхтарова А.К., Алматы, 1998.
   3. Сапарғалиев Ғ. Ибраева А. Мемлекет және құқық теориясы.  Алматы,  Жеті
      Жарғы,1998.
   4. Венгеров А.Б. Теория государства и права. М.: 1998.
   5. Канаров С.А. Общая теория государства и права. М.: 1997.
№6  СЕМИНАР
МЕМЛЕКЕТТІҢ ТИПОЛОГИЯСЫ
Сабақтың мақсаты:  Мемлекеттің  типтерге бөліну принциптері  туралы  алынған
білімді ары қарай бекіту.
Жоспар:
 1. Мемлекеттің типологиясы: ұғымы.
 2. Мемлекеттің типологиясын саралау, оның негіздері.
 3. Қоғамның саяси жүйесі туралы ұғым және оның құрылымы.

     Әдістемелік нұсқау: Мемлекет қызметтерінің байланыстылықтары мен өзара
     ықпалдасулары.  Мемлекеттік   өркениет    ұғымы.   Өркениет    бойынша
     мемлекетті  типтерге  бөлу:  артта  қалған,  дамушы,  дамыған   т.с.с.
     Мемлекетті қоғамдық формация арқылы типтерге бөлу: құлдық,  феодалдық,
     каиталистік, социалистік т.б.

Әдебиеттер:
 1. Сапарғалиев Ғ. Қазақстан  Республикасының конституциялық құқығы. Алматы:
    Жеті жарғы, 2003. – 480б.
 2. Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық.  Авторлар  алқасы:  Жоламанов  Ж.,
    Таукелов А.Н., Мұхтарова А.К., Алматы, 1998.
 3. Сапарғалиев Ғ. Ибраева А. Мемлекет және  құқық  теориясы.  Алматы,  Жеті
    Жарғы,1998.
 4. Венгеров А.Б. Теория государства и права. М.: 1998.
 5. Канаров С.А. Общая теория государства и права. М.: 1997.
№7 СЕМИНАР
АЗАМАТТЫҚ  ҚОҒАМ  ЖӘНЕ  ҚҰҚЫҚТЫҚ  МЕМЛЕКЕТ
Сабақтың мақсаты: Студенттерге алған білімдері  негізінде  азаматтық   қоғам
және құқықтық мемлекеттің ара қатынасын ажырата алуға мүмкіндік жасау.
Жоспар:
 1.  Азаматтық  қоғам  және  құқықтық  мемлекет  түсінігі   және   белгілері
    (нышандары), негізгі принциптері.
 2. Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекеттің негізгі белгілері.
 3. Билікті бөлудің  тәртібі,  тепе  –  теңдік   және  тежемелік  жүйенің  –
    құқықтық мемлекеттің негізгі белгілері ретінде қарастырылуы.
 4.  Қазақстан  Республикасын  құқықтық  мемлекет  ретінде   қалыптастырудың
    теориясы және практикасы.
 Әдістемелік нұсқау: Азаматтық қоғам және құқықтық  мемлекет  туралы  ой  –
 пікірдің шығуы, дамуы және  олардың  авторларына  мән  беріңіз.  Азаматтық
 қоғам және құқықтық мемлекеттің белгілерін салыстырыңыз.
 Әдебиеттер:
 1. Сапарғалиев Ғ. Қазақстан  Республикасының конституциялық құқығы. Алматы:
    Жеті жарғы, 2003. – 480б.
 2. Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық.  Авторлар  алқасы:  Жоламанов  Ж.,
    Таукелов А.Н., Мұхтарова А.К., Алматы, 1998.
 3. Сапарғалиев Ғ. Ибраева А. Мемлекет және  құқық  теориясы.  Алматы,  Жеті
    Жарғы,1998.
 4. Венгеров А.Б. Теория государства и права. М.: 1998.
 5. Канаров С.А. Общая теория государства и права. М.: 1997.
№8  СЕМИНАР.     ҚҰҚЫҚ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘНІ
Сабақтың мақсаты:   Студенттердің   құқық  ұғымын  айта  отырып,  оның  шығу
теорияларын,  белгілерін,  қызметтерін   өзіндік   көзқарастарымен   жеткізе
білуін қамтамасыз ету.
Жоспар:
   1. Құқықтың пайда болуының қысқаша тарихы.
   2. Құқықтың  қаңдылық анықтамасы.
   3. Құқықтың мәні.
   4. Құқықтың әртүрлілігі.
   5. Құқықтың  типтері.
   6. Әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқықтың алатын рөлі.
Әдістемелік нұсқау: Құқыққа анықтама берудің  проблемалары.  Құқықтың  жалпы
әлеуметтік және заңдық  мағынасы.  Құқықтың  объективтік  және  субъективтік
сипаты.
    Құқық мәнінің сипаттамасы. Құқықтың  нормативтілігі,  жүйелілігі,  жария
түрдегі  айқындылығы.  Құқықтың  табиғи  жаратылысы  мен  мәнін  айқындайтын
әлеуметтік  –  экономикалық,  саяси,  идеологиялық,  өнегелік   (моральдық),
ізгіліктік, рухани, діни қозғаушы кұштер.
     Құқық – қоғамдық дамудың қозғаушы  күші.  Құқықтың  мәнін  түсіндіретін
сипаттар. Объективтік құқық және субъективтік  құқық.  Құқықты  түсіндірудің
қазіргі кездегі ғылыми тәсілдері. Құқық – нормалар жиынтығы  ретінде;  құқық
– құқықтық қатынас ретінде; құқық – құқықтық  сана  ретінде.  Құқық  идеясы.
Құқық аясы (шеңбері).
  Құқық анықамасы.  Құқық  туралы  марксистік,  психологиялық,  нормативтік,
табиғи – құқықтық, әлеуметтік, синергетикалық негізгі көзқарастар.
   Құқық типтері: ұғымы. Құқық сипаттамасының формациялық  және  өркениеттік
типтік белгілері.
Қоғамның  нормативтік   жүйесі.   Әлеуметтік   және   техникалық   нормалар.
Әлеуметтік нормалар туралы ұғым және  оларды  саралау.  Қоғамның  әлеуметтік
нормалары жүесінде құқықтық нормалардың алатын орны. Құқық және ізгілік  пен
өнегенің (моральдың) нормативтік жаратылысының табиғаты. Құқық пен  ізгілік,
өнеге (мораль) нормаларының жалпы және ерекше  сипаттары.Ққық  пен  ізгілік,
өнегенің өзара әрекеттесулері.  Құқық  пен  ізгілік,  өнегедегі  тиым  салу,
бостандық , теңдік, әділдік  идеяларының  көрініс  табуы.  Құқық  нормаларын
ізгіліктендірудің (гуманизациялаудың)  келелі мәселелері.
Әдебиеттер:
   1. Сапарғалиев Ғ. Ибраева А. Мемлекет және құқық теориясы.  Алматы,  Жеті
      Жарғы,1998.
   2. Ашитов З.О.,Ашитов Б.З. Егемен Қазақстанның құқы. Оқу құралы.  Алматы:
      Жеті жарғы, 2000. – 266 б.
   3. Ашитов З.О.,Ашитов Б.З. Қазақстан   Республикасының  құқық  негіздері.
      Алматы: Жеті жарғы, 2000. - 256 б.
   4. Баққұлов С. Құқық негіздері. Оқулық. Алматы :2004.  – 248 б.
   5. Баянов Е. Мемлекет және құқық негіздері. Оқулық. Алматы:  Жеті  жарғы,
      2001. – 624 б.
№9 СЕМИНАР
ҚҰҚЫҚ  НОРМАСЫ
Сабақтың   мақсаты:   Студенттерге   алған   білімдері   негізінде     құқық
нормаларының жіктеуге және  құқық  нормаларын   талқылай   алуға   мүмкіндік
жасау.
Жоспар:
 1. Құқықтың нормативтік сипаты.
 2. Құқық нормасы туралы ұғым.
 3. Құқық нормаларын саралау.
 4. Құқық нормаларын саралаудың қажеттілігі, оның  практикалық  және  ғылыми
    маңыздылығы..
Әдістемелік нұсқау: Құқық нормасының логикалық  құрылымы.  Құқық  нормасының
құрамдық   бөлшектерінің   байланыстықтарына   мән   берілу   керек.   Құқық
нормаларының талқылауына көңіл бөліңіз.
 Әдебиеттер:
 1. Сапарғалиев Ғ. Қазақстан  Республикасының конституциялық құқығы. Алматы:
    Жеті жарғы, 2003. – 480б.
 2. Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық.  Авторлар  алқасы:  Жоламанов  Ж.,
    Таукелов А.Н., Мұхтарова А.К., Алматы, 1998.
 3. Сапарғалиев Ғ. Ибраева А. Мемлекет және  құқық  теориясы.  Алматы,  Жеті
    Жарғы,1998.
 4. Венгеров А.Б. Теория государства и права. М.: 1998.
 5. Канаров С.А. Общая теория государства и права. М.: 1997.
№10 СЕМИНАР
ҚҰҚЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
Сабақтың  мақсаты:   Студенттерге   игерген   білімдері   негізінде    құқық
шығармашылығының сатыларын меңгеруді үйрету.
Жоспар:
 1. Құқық шығармашылығы туралы ұғым.
 2. Құқық шығармашылығының субъектілері.
 3. Құқық шығармашылығының нысандары.
 4. Құқық шығармашылығы сатылары.
 5. Заң шығармашылығы жорлдары (заң жасаудың жөн – жобасы мен жолы) туралы
    ұғым және оның принциптері.
Әдістемелік  нұсқау:  Құқық  шығармашылығы  және  құқықтың  жасалу  процессі
туралы мәселелерге ерекше көңіл бөлу қажет. Заңи бастама. Заңның  қабылдану,
өзгеру, толықтырылу тәртіптеріне мән беріңіз.
Әдебиеттер:
 1. Сапарғалиев Ғ. Қазақстан  Республикасының конституциялық құқығы. Алматы:
    Жеті жарғы, 2003. – 480б.
 2. Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық.  Авторлар  алқасы:  Жоламанов  Ж.,
    Таукелов А.Н., Мұхтарова А.К., Алматы, 1998.
 3. Сапарғалиев Ғ. Ибраева А. Мемлекет және  құқық  теориясы.  Алматы,  Жеті
    Жарғы,1998.
 4. Венгеров А.Б. Теория государства и права. М.: 1998.
 5. Канаров С.А. Общая теория государства и права. М.: 1997.
№11 СЕМИНАР
ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР
Сабақтың мақсаты: Студенттердің құқықтық қатынастарға түсе  алуға,  қоғамдық
қатынастардың құқықтық реттелуін білуді  үйрету.
Жоспар:
 1. Құқықтық қатынастар ұғымы.
 2. Құқықтық қатынастар және құқық нормасы.
 3. Құқықтық қатынастар құрамы.
 4. Құқықсубъектілік ұғымы.
 5. Құқықтық қатынастардың мазмұны.
 6. Заңи  айғақтар және нақтыланған құрам.
Әдістемелік нұсқау: Құқықтық  қатынастарды  саралау  негіздеріне  мән  беру.
Субъективтік құқық және мүдде.  Құқықсубъектілік  ұғымын  терең  талдап,  ол
ұғымның  құқық субъектісінен айырмашылығын біліңіз.  Құқықтық  қатынастардың
пайда болу, өзгеру, тоқтатылу негіздерін  меңгеріңіз. Әдебиеттер:
 1. Сапарғалиев Ғ. Қазақстан  Республикасының конституциялық құқығы. Алматы:
    Жеті жарғы, 2003. – 480б.
 2. Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық.  Авторлар  алқасы:  Жоламанов  Ж.,
    Таукелов А.Н., Мұхтарова А.К., Алматы, 1998.
 3. Сапарғалиев Ғ. Ибраева А. Мемлекет және  құқық  теориясы.  Алматы,  Жеті
    Жарғы,1998.
 4. Венгеров А.Б. Теория государства и права. М.: 1998.
 5. Канаров С.А. Общая теория государства и права. М.: 1997.
№12 СЕМИНАР
ҚҰҚЫҚТЫ  ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ. ҚҰҚЫҚТЫ ТҮСІНДІРУ.
Сабақтың мақсаты: Студенттерге алған  білімдері  негізінде   құқықты  жүзеге
асыру  мен  түсіндірудегі  заңдылық  тәртіптерді  меңгерулеріне    мүмкіндік
жасау.
Жоспар:
 1. Құқықты жүзеге асыру ұғымы.
 2. Құқықты жүзеге асырудың нысандары.
 3. Құқықты қолдану – құқықты жүзеге асырудың ерекше нысаны. Құқықты қолдану
    субъектілері және оларға қойылатын талаптар.
 4. Құқық қолданудағы қызмет әрекеттерінің түрлері.
 5. Құқықты түсіндіру ұғымы және оның мақсаты.
 6. Құқық нормаларын пайымдау және түсіндірмелеу.
 7.  Құқықты түсіндірмелейтін субъектілер.
 8. Құқықты түсіндірудің тәсілдері.
Әдістемелік нұсқау: Құқықты жүзеге  асыру  –  процесс  және  нәтиже  ретінде
дәлелдеу.  Құқық   қолдану   актілерінің   орындалу   барысында   кездесетін
жағдайларды ескеру қажет.  Құқықты түсіндіру актілері,  олардың  нормативтік
құқықтық  актілер  мен  құқық  қолдану  актілерінен  айырмашылықтарына   мән
беріңіз.
Әдебиеттер:
 1. Сапарғалиев Ғ. Қазақстан  Республикасының конституциялық құқығы. Алматы:
    Жеті жарғы, 2003. – 480б.
 2. Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық.  Авторлар  алқасы:  Жоламанов  Ж.,
    Таукелов А.Н., Мұхтарова А.К., Алматы, 1998.
 3. Сапарғалиев Ғ. Ибраева А. Мемлекет және  құқық  теориясы.  Алматы,  Жеті
    Жарғы,1998.
 4. Венгеров А.Б. Теория государства и права. М.: 1998.
 5. Канаров С.А. Общая теория государства и права. М.: 1997.
№13 СЕМИНАР
ҚҰҚЫҚТЫҚ САНА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ
Сабақтың  мақсаты:   Студенттерге   алған   білімдері   негізінде   құқықтық
мәдениетті қалыптастырып, дамыта алуға үйрету.
Жоспар:
 1. Құқықтық сана ұғымы.
 2. Қоғамның құқықтық санасы. Дербес адамның және топтамалық құқықтық сана.
    Кәсіби құқықтық сана. Құқықтық сана және ұлттыққ менталитет.
 3. Құқықты жүзеге асыруда және құқық шығармашылығында құқықтық сананың
    алатын орны және атқаратын рөлі.
 4. Құқықтық мәдениет түсінігі.
 5. Құқықтық тәрбие. Құқықтық нигилизм түсінігі.
Әдістемелік нұсқау: Құқықтық санадағы сабақтастыққа көңіл бөліңіз.  Құқықтық
нигилизм  мен  құқықтық  көпірмешілікті  болдырмау,  оны  жеңудің   жолдарын
қарастырыңыз. Дәріс сұрақтары мен тапсырмаларын қолданыңыз.
Әдебиеттер:
 1. Сапарғалиев Ғ. Қазақстан  Республикасының конституциялық құқығы. Алматы:
    Жеті жарғы, 2003. – 480б.
 2. Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық.  Авторлар  алқасы:  Жоламанов  Ж.,
    Таукелов А.Н., Мұхтарова А.К., Алматы, 1998.
 3. Сапарғалиев Ғ. Ибраева А. Мемлекет және  құқық  теориясы.  Алматы,  Жеті
    Жарғы,1998.
 4. Венгеров А.Б. Теория государства и права. М.: 1998.
 5. Канаров С.А. Общая теория государства и права. М.: 1997.
№14 СЕМИНАР
ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ЖАУАПКЕРШІЛІК
Сабақтың мақсаты: Студенттерге алған білімдері негізінде құқық  бұзушылықтың
 себептерін  анықтап,  оны  болдырмаудың  алдын  алу  жолдарын   қарастыруға
талпындыру.
Жоспар:
 1. Құқықтық мінез – құлық. Құқыққа сай жүріс – тұрыс ұғымы және оның
    жаратылысы.
 2. Құқыққа сай жүріс – тұрыстың түрлері.
 3. Құқық бұзушылық ұғымы және оның белгілері.
 4. Құқық бұзушылықтың құрамы, түрлері.
 5. Заң алдындағы жауаптылық ұғымы және оның белгі нышандары. Заң алдындағы
    жауаптылық қағидалары.
 6. Кінәсіздік болжамы (презумпциясы). Заң алдындағы жауаптылық түрлері.
Әдістемелік  нұсқау:  Заңдылықты  қамтамасыз   етудегі   және   азаматтардың
құқықтары  мен  бостандықтарын  қорғаудағы   заң   алдындағы   жауаптылықтың
маңызына мән берілу керек.
Әдебиеттер:
 1. Сапарғалиев Ғ. Қазақстан  Республикасының конституциялық құқығы. Алматы:
    Жеті жарғы, 2003. – 480б.
 2. Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық.  Авторлар  алқасы:  Жоламанов  Ж.,
    Таукелов А.Н., Мұхтарова А.К., Алматы, 1998.
 3. Сапарғалиев Ғ. Ибраева А. Мемлекет және  құқық  теориясы.  Алматы,  Жеті
    Жарғы,1998.
 4. Венгеров А.Б. Теория государства и права. М.: 1998.
 5. Канаров С.А. Общая теория государства и права. М.: 1997.




      |Құқық нормасы - бұл мемлекетпен танылатын және қамтамасыз етілетін, жалпыға    |
|міндетті, формальды анықталған жүріс-тұрыс ережелері, олардан қоғамдық         |
|қатынастарға қатысушылардың құқықтары мен міндеттері туындайды.                |




|Құқық нормасына тән белгілер:                                             |
|мемлекетпен белгіленеді немесе санкцияланады;                             |
|субъектінің мүмкін болатын және рұқсат етілген тәртібінің жалпыга міндетті|
|шектерін айқындайды;                                                      |
|ұсынушы міндеттеуші сипатқа ие:                                           |
|қажетті жағдайларда                                                       |
|олардың жүзеге асырылуы мәжбүрлі мемлекеттік шаралармен қамтамасыз        |
|етіледі:                                                                  |
|-типтік қоғамдық қатынастардың мемлекеттік реттеушісі болып табылады.     |




      |                                     Құқық нормасының құрылымы            |




      |Гипотеза  |
|(болжау)  |
|Санкция  |
|(өтем)   |




      |бұл норма бұзылған    |
|жағдайда қолданылатын |
|мемлекеттік , әсер ету|
|шараларын белгілейтін |
|норманың бір бөлігі   |

|Бұл тиісті норманың |
|қандан жағдайларда  |
|әрекет ететіндігін  |
|көрсететін норманың |
|бір бөлігі,         |
|субъектілер аясын,  |
|олардың құқықтары   |
|мен міндеттерін     |
|анықтайды.          |
|бұл құқықтар мен   |
|міндеттерді        |
|қалыптастыратын    |
|норманың бір       |
|бөлігі.            |
|жүріс-тұрыс, тәртіп|
|ережесі            |













|                                                         |
|Құқық нормаларын жүзеге асыру – олардың ережелерінің     |
|адамдардың нақты жүріс – тұрысында көрініс табуы.        |
|                                                         |







      |Жүзеге асыру   |























































                        МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫ

                      КУРСЫ БОЙЫНША  ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫ



1. Мемлекет және  құқық  териясы  пәні.  Мемлекет  және  құқық  теориясының
   қоғамдық ғылымдар жүйесіндегі алатын орны.
2. Мемлекет және құқық териясының жалпы және жеке-ғылыми әдістері.
3. Мемлекет пен құқықтық  пайда  болуының  теологиялық  және  патриархалдық
   теориялары.
4. Мемлекет пен  құқықтық  пайда  болуының  келісім-шарт  теориясы.  Күштеу
   теориясы.
5. Мемлекет пен құқықтық пайда болу себептері және жалпы заңдылықтары.
6. Әр түрлі халықтардағы мемлекеттің  пайда  болу  жолдары  (Шығыстың  және
   батыстың).
7.  Мемелекеттің  мәні.  Мемлекеттің   таптық  және  жалпы  халықтық  мәні.
   Мемлекеттің мәні туралы қазіргі кездегі ғылымы көзқарастар.
8. Мемлекет ұғымы. Мемлекеттің әр түрлі анықтамалары.
9.  Мемлекеттің  белгілері.  Мемлекеттің   негізгі   белгілерінің   қазіргі
   трактовкасы.
10. Мемлекеттің функциясы ұғымы. Мемлекеттің  негізгі  функциясының  мазмұны
   (экономикалық, экологиялық, әлеуметтік, құқық қорғаушылық).
11. Мемлекет функциясының жіктелуі.  Мемлекет  функциясыңың  жүзеге  асырылу
   нысандары.
12.  Мемлекеттің нысаны мен мәнінің арақатынасы.
13.  Басқару нысандары, оның түрлері және жалпы сипаттамасы.
14. Мемлекеттік құрылыс нысаны, оның түрлері және жалпы сипаттамасы.
15.  Саяси режим, оның түрлері және жалпы  сипаттамасы.
16. Мемлекеттің механизмі. Мемлекет механизмнің әрекет ету принциптері.
17. Мемлекетік органдар және олардың жіктелуі. Заң шығарушы,  атқарушы,  сот
   органдары.
18. Қоғамның саяси жүйесі: ұғымы, құрылысы.
19. Мемлекет – қоғамның саяси жүйесінде.
20. Құқықтық мемлекеттің пайда болу және даму идеялары.
21. Құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның ұғымы және белгілері.
22. Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекетті орнату мәселелері.
23. Құқықтық мемлекет және тоталитарлық (этатистік) мемлекет.
24. ҚР  мемлекеттілігі нысанының ерекшеліктері. ҚР  –  зайырлы,  әлеуметтік,
   құқықтың, демократиялық мемлекет.
25. ҚР – ң егемендігін анықтайтын негізгі актілер.
26. Мемлекеттік биліктің бөліну  теориясы.  Теңгермелік  және  тепе-  теңдік
   жүйесі
27.  Құқықтық  мемлекет  принциптері   және   оның   ҚР-ң   Конституциясында
   рәсімделуі.
28. Құқықты ұғынудың табиғи – құқықтық жолы және оның құқықтық  практикадағы
   маңызы.
29. Құқықты ұғынудың нормативті жолы.
30. Құқықты ұғынудың әлеуметтік жолы.
31. Құқық функциясы.Құқық принциптері.  Құқық  принциптерінің  құқықтық  іс-
   тәжірибедегі маңызы.
32. Құқық ұғымы. Құқықтың белгілері мен мәні. Құқық анықтамасы.
33. Құқық және заң: ұқсастығы мен айырмашылығы.
34. Құқық – қоғамның әлеуметтік нормалар жүйесінде.
35. Құқық нормасы: ұғымы, белгілері және түрлері.
36. Құқықтың қайнар көздері: ұғымы, түрлері.
37. Нормативті – құқықтық  акт және оның әр түрлілігі.
38. Нормативті – құқықтық актілердің тұлғаға байланысты уақыт  бойынша  және
   кеңістікте әрекет етуі.
39. Заң және оның жоғары құқықтық күші. Заңдардың түрлері.
40. Көпшілік және жеке құқық.
41. Құқықты жүзеге асыру және оның түрлері.
42. Құқықты қолданудың  сатылары  және  оның  түрлері.  Құқықты  қолданудағы
   қойылатын талаптар. Құқық қолдану актілері және олардың түрлері.
43. Құқық нормасы және құқықтық қатынастар. Олрадың өзара  байланыстылығы.
44. Заңдылық айғақтар және олардың жіктелуі.
45. Субьективті және обьективті құқықтар.
46.  Құқықтағы  кемшіліктер  және  оларды   болдырмаудың   амалдары.   Құқық
   аналогиясы және заң аналогиясы.
47. Құқық нормасын талқылау: ұғымы, маңызы, амалдары.
48. Құқық нормасын талқылаудың түрлері.Құқықты талқылау актілері.
49. Құқықтық сана: ұғымы, құрылысы, түрлері.
50. Құқықтық мәдентет: ұғымы және жалпы сипаттамасы.
51. Құқықтық нигилизм: ұғымы, бейнелену нысаны.
52. Құқық  пен  құқықтық  сананың  өзара  байланысы.  Құқық  шығармашылықта,
   құқықты қолдану мен талқылауда құқықтық сананың ролі.
53. Құқықтық тәрбие және оның құқықтық мәдениетті дамытудағы  ролі.  ҚР-дағы
   құқықтық тәрбие.
54.  Заңдылық  және  құқықтық  тәртіп.Олардың  арақатынасы.   Заңдылық   пен
   құқықтық тәртіптің қоғамдағы ролі.
55. Құқықтық тәртіп: ұғымы, түрлері.
56. Құқық бұзушылықтық ұғымы мен негізгі белгілері.
57. Құқық бұзушылықтың заңдылық құрамы, оның құрылымдық элементтері.
58.  Құқық  бұзушылық  түрлері.  Құқық  бұзушылықтың  себептері   және   оны
   болдармаудың жолдары.
59. Заңдылық жауапкершілік:ұғымы, белгілері мен принциптері.
60. Заңдылық жауапкершіліктің түрлері.
61. Құқық жүйесі, ұғымы. Романо-германдық құқықтық жүйе.
62. Англо-саксондық құқықтық жүйе.
63.  ҚР   Конституциясы   бойынша   адам   мен   азаматтың   құқықтары   мен
   бостандықтары. ҚР құқық пен бостандықтар кепілі.
64. ҚР азаматтарның конституциялық міндеттері.
65. Мемлекет, саясат, құқық және экономика.
66. Құқық және тұлға.  Тұлғаның  құқықтық  мәртебесі.  Адам  және  азаматтық
   құқықтары мен бостандықтарын қаматамасыз етудегі мемлекеттің ролі.
67.    Мемлекет,    құқық    және     адамзаттың     көкейтесті     ғаламдар
   мәселелері.(экология, халықтың қоныстануы, халықаралық қатынас).
68. Құқық шығармашылық: ұғымы,  принциптері  және  түрлері.Құқықшығармашылық
   және құқықтың қалыптасуы.
69. Заңи шығармашылық: ұғымы мен сатылары.
70. Заңдылық техника: ұғымы, маңызы және оның негізгі ережелері.
71. Заңдылық жүйелеу: ұғымы және оның заңдылық іс-тәжірибедегі маңызы.
72. Заңдылық жүйелеудің түрлері. Инкорпорация және консолидация.
73. Кодификация – заңдылық жүйелеудің бір түрі. ҚР- ғы    кодификацияның
дамуы.
74. Құқық жүйесі мен заңдылық жүйенің ара қатынасы және өз-ара әрекеті.
75. ҚР құқық қорғау органдары.
76. Тұлғаның еркін даму кепілі.
77.   Заңдылық   жауапкершілікті   жоққа   шығару   жағдайлары.   Кінәсіздік
   презумпциясы.
78. Құқықтық реттеу механизмі.
79. Демократия нысандары. Референдум, халықтық талқылау.
80. Құқықтағы құқық терушілік. Құқық рецепциясы.
81. Құқық нормасын ресми емес талқылау.
82.   Құқық   субьектілері   және   оның   түрлері.   Құқық   қатынастарының
   субьектілері. Құқықсубьектілік.
83. Құқық, мораль және адамгершіліктің өз-ара әрекет ету нысандары.
84. Құқықтық мәдениет    пен құқықтық сананың ара қатынасы.
85. Қоғамда заңдылықты қамтамасыз ету кепілі. ҚР-да  заңдылық  пен  құқықтық
   тіртіпті нығайту мәселелері.
86. Құқық нормасын  көлемі бойынша талқылау.
87. Құқық нормасын ресми талқылау.
88. ҚР халықаралық құқық субьектілігі.
89. Құқық нормасының логикалық құрылысы.
90.Мемлекеттің дінге және діни  ұйымдардың әрекеттеріне қатынасы.






-----------------------
                                   Қолдану



-бұл нақты заңды істі шешуге жөніндегі құзіретті органның биліктік
қызметі,соның нәтижесінде тиісті жеке акт шығарылады.



                                  Пайдалану



-бұл субьективтік құқықтарды жүзеге асыру,соның көмегімен тұлға өзінің жеке
мүдесін қанағаттандырады



                                   Орындау



-бұл заңдық міндеттерді орындау бойынша белсенді іс-әрекеттер жасау



                                   Сақтау



-бұл әрекет етуші құқықпен тыйым салынған іс-әрекеттен тартыну



-мемлекеттік органдармен,өздерінең тыс әдет – ғұрып түрінде қалыптасқан
немесе мемлекеттік емес ұйымдармен жасап шығарылған нормаларды санкциялау





-уәкілетті мемлекеттік органдардың тікелей құқық белгілеуші қызметі



-референдумды өткізу процесіндегі халықтық тікелей құқықшығармашылығы



      Субьектілеріне байланысты құқықшығармашылық төмендегідей бөлінеді



Құқықшығармашылық – бұл құзіретті органдардың заңдық нормаларды
қабылдау,өзгерту және жою жөніндегі арнайы қызметі





Пәндер