Файл қосу

Жануарлар мен өсімдіктердің табиғи жағдайындағы өзгерткіштігі




|Орта ғасырлар дәуірінде Европада ғылымның тоқырауы (ғылымның дамуындағы           |
|метофизикалық дәуір және креоцинистік көзқарастардың үстем болуы).                |
|Лекция мәтіні :                                                                   |
|1.Эволюция (латынша – “еvolutіо”) – тарихи даму өзгеру, өрлеу деген мағынаны      |
|білдіреді, яғни органикалық дүниенің күрделі және ұзаққа созылған тарихи даму     |
|процесін айтады. Тірі организмдердің тарихи даму себептерін, қозғаушы күштерімен  |
|жалпы заңдылықтарын эволюциялық ілім түсіндіреді.                                 |
|Ертедегі Грецияда жаратылыс ғылымдарының дамуы мен көне философия тарихы бір –    |
|бірімен байланысты. Біздің эрамызға дейінгі V – II ғасырда гректің алғашқы философ|
|– матералистері, бір жағынан философ, ал, екінші жағынан олар табиғаттағы әртүрлі |
|құбылыстарды түсінгісі және түсіндіргісі келген тұңғыш жаратылыс зерттеушісі      |
|болды. Олардың көзқарастары, тозығы жеткен алғашқы қауымдық қоғам құрлысының      |
|орнына жаңа қоғамдық құрылыс – құл иелену қоғамы орнап , қоғамдық қатынастар      |
|түбегейлі өзгерген дәуірде қалыптасты.                                            |
|2.Матералистік философияның әрімен қарай дамуы эфестік ойшыл Гераклиттің ( біздің |
|эраға дейінгі IV ғасырдың аяғы, V ғасырдың басы ) ілімімен байланысты.            |
|Гераклит табиғаттағы заттар және құбылыстар өзіне қарама – қарсы көшеді деген ойды|
|дамытады.                                                                         |
|Эмпедокл тірі денелердің пайда болуы жөнінде бірсыпыра пікірлер айтады. Оның      |
|ойынша тіршілік күн жоқ кезде пайда болған. Жерге өте қатты жауын жауып, су       |
|түбіндегі ұймада алғашқы өсімдіктер пайда болған. Кейінен жануар денесінің жеке   |
|мүшелері мойынсыз бас, иықсыз қол, маңдайсыз көз пайда бола бастаған.Дененің осы  |
|мүшелері бір – бірімен жалғасатын болған.                                         |
|Көне философия өзінің дамуында, сол кездің ең даңқты энциклопедистерінің бірі     |
|Демокриттің ( шамамен біздің эрамызға дейінгі 460 – 370 жылдары ) ілшімінің де    |
|жоғары шыңына жетті. Демокрит материя құрлысының тұңғыш атомдық теориясын құрды.  |
|Ол табиғаттағы барлық зат бөлінбейтін материялық бөлшектерден – атомнан құралады  |
|деп үйретті.                                                                      |
|Грецияда Эмпедокл мен Демокрит дамытқан идеалар кейіннен Рим империясына да       |
|таралды. Рим философы және ақыны Лукреций Кар ( біздің эраға дейінгі I ғасырда “  |
|Заттың табиғаты жайында” деген поэмасында грек ойшылдарының көзқарасына ұқсас бір |
|қатар пікірлер айтады.                                                            |
|Аристотельше тіріге үш негізгі белгі тән:                                         |
|1.өсу мен көбею үшін - тамақ ;                                                    |
|2.организмді қозғалтатын – сезім;                                                 |
|3.ойлау;                                                                          |
|Бұл белгілер жанның қасиетін анықтайды. Әртүрлі организмдердің жаны да әр түрлі:  |
|1)Қоректендіруші жан (өсімдіктерде)                                               |
|2)Сезуші жан ( жануарларда)                                                       |
|3)Ақылды жан (адамда) болады. Осы жандардың әр бірі өзінше тірі дененің мақсатты  |
|дамуын қамтамасыз етеді.                                                          |
|3.Әйгілі ағылшын философы Ф.Бэкон (1561 – 1626) индукция әдісін ойлап шығарып,    |
|ғылыми зерттеулер тек тәжірибе жүзінде жүргізілуі тиіс деген ұсыныс жасады.       |
|Мысалы; 1543 жылы А.Везалий адам денесінің құрлысын зерттеп, оған сипаттама берсе |
|, 1628 жылы У.Гарвей қан айналымы жөніндегі ілімін жариялады.                     |
|Тірі табиғатты жүйелеуде аса зор еңбек сіңірген швед ғалымы Карл Линней (1707 –   |
|1778) болды. Ол түрдің табиғи жан – жақтылығын және ақиқат барлығын айтса келіп,  |
|түр құрлысы жағынан ұқсас, көбеюі кезінде өздеріне ұқсас ұрпақ беретін көптеген   |
|туыстас ағзалар жиынтығы деді.                                                    |
|1749 жылы Ж.Бюффон “Табиғи тарих” атты көп томдық еңбегінде “ бейорганикалық      |
|заттардан тірі ағзалар ( алдымен , өсімдіктер , одан кейін жануарлар мен адам)    |
|пайда болды дей отырып, түрдің өзгергіштігі жайлы ілімді қолдады. Органикалық     |
|дүниенің эвалюциясы жөніндегі дұрыс ой – пікірлер Д.Дидронның , Ч. Дарвиннің атасы|
|Эразм Дарвиннің , И.Канттың еңбектерінде жазылған.                                |
|Ресейде табиғат туралы эволюцилық идеалар XVIII ғасырдың 2 – ші жартысында        |
|қалыптаса бастады.                                                                |
|Жер қыртысының тарихы туралы еңбектерінде М.В. Ломоносов өлі табиғаттағы          |
|өзгерістердің тірі табиғаттағы өзгерстерге тікелей байланысты екенін айтса, Санкт |
|– Петербург академигі К.Ф. Вольф алғашқылардың бірі болып , ұрықтың дамуы жөнінде |
|дұрыс пікір ұсынды.                                                               |
|А.Н. Радищев табиғатты біртұтас деп тауып, ондағы даму қарапайымнан күрделі       |
|құрлысты ағзаларға жүреді деген пікірде болды. Зоолог К.Ф. Рулье түрлердің        |
|тұрақтылығы жайлы метафизикалық көзқарасты қатты сынап, ағзаларды қай – қайсысы   |
|болса да айналадағы ортаның әсерінен өзгереді, ал өз кезегінде ағзалар сыртқы     |
|ортаны өзгертеді деді.                                                            |
|Бақылау сұрақтары                                                                 |
|1.Дарвин дәуіріне дейінгі кезең?                                                  |
|2.Антик дәуір философтарының еңбектеріндегі эволюциялық идеялар.?                 |
|Орта ғасырлар дәуірінде Европада ғылымдар?                                        |
|Ж.Б. Ламарктің эволюциялық концепциясы                                            |
|Жоспары:                                                                          |
|1.Ж.Б.Ламарктің дүниеге көзқарастарының философияның негізі.                      |
|2.Табиғаттың эволюциялық жолмен даму идеясы.                                      |
|Лекция мәтіні :                                                                   |
|1.Ж.Б. Ламарк өзінің эвалюциялық теориясын “Зоология философиясы” деген еңбегінде |
|баяндады. Бұл трактат 1830 жылы айтыстан жиырма жыл бұрын жарияланған болатын.    |
|Ламарктың эвалюциялық ілімін талдауға кірісерде, ең алдымен оның философиялық және|
|жалпы биологиялық концепцияларымен танысуға тиістіміз. Көптеген басқа деистер     |
|сияқты , Ламарк та материяны және табиғатты, яғни оның қозғалыс заңдарын құдай    |
|жаратты деп түсінеді.Құдіреттің жарату ісі осымен тынады. Табиғаттың барлық       |
|келешектегі дамуы, оның өз заңдары арқылы жүзеге асырылып отырылды.               |
|Ламарк ақырғы мақсат (себеп) принципі жайындағы теология ұғымына қарсы шығып,     |
|табиғатта мақсат бар, ондағы әрекеттер санамен орындалып отырылады деп түсінуші   |
|табиғат зерттеушілері адасып жүр дейді. Ол рухты материяға қарама - қарсы қою     |
|дұрыс емес, себебі, бұл материяның функцясы деп қарайды. Материя белгілі мөлшерде |
|жаралды, бірақ ол өзгерісте болатындықтан , онда үнемі жаңа түзіліс болып         |
|отырады.                                                                          |
|Сыртқы жағдайлар органикалық және онорганикалық табиғатқа әр түрлі ықпал етеді:   |
|өлі денеге әсер етіп, оны бұзады: ал олар тірі денеге әсер етіп тіршілігін        |
|сақтайды. Өлі заттардың ұлғаюы , мысалы ; кристалдың ұлғаюы сыртынан үстеп қосылу |
|жолымен, яғни сол дененің сыртына жаңа бөліктердің қосылу жолымен жүреді,         |
|организмдегі ұлғаю, оның денесіне заттардың ену нәтижесінде болады, олзаттар тірі |
|дененің заттарына ұқсас болып, денеге қосылып соның мүшесіне айналып отырады.     |
|Анорганикалық табиғат қоректі керек етпейді, органикалық табиғатқа қоректену      |
|процесі қажет, себебі, бұл денедегі ыдырау мен жаңару санымен байланысты. Өлі зат |
|ұрықтан басталады. Ең ақырында, ешбір анорганикалық дене өлмейді, себебі онда     |
|тіршілік қабілеті жоқ, ал әрбір тірі дене сөзсіз өлуге тиіс.                      |
|“Сөйтіп өлі немесе анорганикалық денелер мен тірі денелердің үлкен айырмашылық ,  |
|терең үзіліс (hyatus) бар; екінші сөзбен осы екі түрлі денелердің бір – бірінен   |
|алшақтығы сонша , ешбір анорганикалық дене ең қарапайым деген тірі денеге         |
|жақындаса алмайды. Тіршілік және денеде оны құрап тұрғандардың бәрі , тірі        |
|денелердің , барлық тіршілігі жоқ денелердей елеулі айырмашылығы бар көрсетеді”.  |
|Егер тірі денелердің осындай ерекшеліктері болса, онда олар тіршілік жайындағы    |
|өзінше ілім – биология пәнінің обьектісі болуы тиіс.                              |
|2.Ламарк жануарлар дүнйесінің табиғи системасын дамыта отырып,К. Линней жасаған   |
|класты қосып алып, жануарларды он төрт класқа топтастырды. Ол өзінің системасында |
|ең қарапайымдар (инфузория класы) мен ең күрделі құрылыстылар (сүтқоректілер      |
|класы) арасына құрылыс дәрежелерінің біртіндеп күрделенуіне қарай басқа барлық    |
|кластарды орналастырады. Линней кезінен бері жануарлар кластарын орналастыру      |
|тәртібі айтылғандарға мүлде қарама – қарсы болатын ; яғни сүтқоректілерден        |
|басталып қарапайым құрлысты құрттпен аяқталып келеді. Ламарк егер кластарды осылай|
|(Линнейше) орналастырсақ, жануарлар систематикасына шолу жасағанда, олардың       |
|құрылысы деградациялағаны және қарапайымдалғаны байқалар еді деген пікір          |
|көрсетеді. Бұған керісінше, Ламарктың он төрт класты орналастыру бағытын алсақ,   |
|жануарлардың құрылысы баспалдақ сипатында біртіндеп күрделеніп отыратындығын –    |
|гродацияны көреміз. Мұнда он төрт клас алты сатыға орналастырлып, Ламарк ойынша   |
|бұлардың әрқайсысы келесіне органдарының негізгі системалары жөнінде нерв және қан|
|тамырлар системаларының құрылысы күрделенуі жөнінен айырмашылықтары бар, мұнда да |
|өсімдік топтарының құрылысының күрделігіне қарай орналасады ондай қатарлар        |
|(градация) жануарлар дүнйесінде де қарапйымнан басталып күрделі құрылысты денені  |
|организмдермен аяқталады. Бұл тәртіп органикалық формалардың қарапайымнан         |
|күрделіге, қарапайым құрылыстан күрделі құрылысқа қарай тарихи даму процесі жүріп |
|тұратындығын көрсетеді. Ламарктың пікірінше, орта факторлары өсімдік органдарына  |
|тікелей әсер етіп өзгертіп отырады. Ақырында, бұл бір мүшелердің пайда болуына    |
|және дамуына, басқа бір мүшелердің әлсіреуіне немесе жойылуына себеп болады. Егер |
|бір түрге жататын особьтардың біреулері жақсы қоректенетін болса және өсуіне      |
|қолайлы жағдай болса, ал екіншілеріне қорек жеткіліксіз болса, бұлардың арасында  |
|елеулі айырмашылық байқалады. Жауынсыз құрғақ көктемде шалғындық шөптер нашар     |
|өседі, әлсірейді, аласа күйінде гүлдеп , жеміс береді. Көктемгі жауында болатын   |
|кездерде сол шөптер қарқындап өсіп кетеді.                                        |
|Ламарк жануар организміне орта жағдайларының тигізетін ықпалын айта келіп, мұнда  |
|орта жағдайы өсімдіктердегідей тікелей әсер қана қоймай, жануарлардың нерв        |
|системасы арқылы жанама әсер етуі мүмкін деп қарайды. Ламарк орта мен бүкіл ішкі  |
|органдарды өз ара үйлестіру міндетін атқаратын механизм- нерв системасы екенін    |
|түсіндірмекші болады. Нақтылы материалдың тым аздығымен қорытындығын көлемділігі  |
|жөніндегі сәйкесіздік сол сияқты нервтік процестерді механикалық формада ұғыну    |
|XVIII ғасырдың табиғат зерттеушілеріне тән сипат болатын. Ламарктың ой өрісі де   |
|осындай.                                                                          |
|3.Ламарктың бірінші заңы. Өзінің даму шегіне жетпеген, қандай жануар болсада , кез|
|келген органның жиі және ұзақ пайдалануы мерзімнің ұзақтығына сәйкес сол органды  |
|біртіндеп әлдендіреді, дамытады және оны ұлғайтып күш енгізеді, ал ұдайы          |
|пайдаланбау органның қайсысын болса да біртіндеп әлсіретеді, кері кетіреді, үнемі |
|оның қабілетін төмендетіп отырады, ең аяғында жойылып кетуіне себепкер болады.    |
|Ламарктың екінші заңы. Бұрыннан тіршілік еткен орта жағдайының әсерімен табиғаттың|
|жануарлар тұқымына қосқаны не жойғанының бәрі, демек денедегі кейбір мүшені ұдайы |
|пайдалану немесе пайдаланбау салдарынан болған қасиеттің бәрі, егер иеленген      |
|өзгерістер екі жынысында да болса да не олардың өздері шыққан ата- аналарында     |
|болса ондай өзгерістер өсіп- өнуі арқылы жаңа особьтарда сақталып отырады.        |
|Бақылау сұрақтары                                                                 |
|1.Ж.Б.Ламарктің дүниеге көзқарастары?                                             |
|2.Табиғаттың эволюциялық жолмен даму идеясы?                                      |
|Лекция №3                                                                         |
|Тақырыбы: Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясының қалыптасуындағы жалпы алғы шарттар. |
|Жоспары:                                                                          |
|1.ХІХ-ғасырдың І-ші жартысында Англияда жүзеге асқан қоғамдық-экономикалық        |
|өзгерістер.                                                                       |
|2.ХІХ- ғасырдың І-ші жартысында жаратылыстану ғылымдарының даму (систематика,     |
|салыстырмалы анатомия, эмбриология).                                              |
|3.ХІХ- ғасырдың І-ші жартысында ауыл шаруашылық практикасының даму дәрежесі       |
|Лекция мәтіні :                                                                   |
|1.Канттың “ Жалпы жаратылыстық тарих және аспан теориясында” баяндалған жаңалығы, |
|табиғатты зерттейтін барлық ғалымдардың одан ары қарай қозғауының аттаныс нүктесі |
|болды. Сол кездің өзінде – ақ Жердің өзгеріп отыратын туралы ұғым мен жер бетінде |
|тіршілік ететін жануарлар мен өсімдіктер түрлерінің өзгермеуі жайындағы ілім      |
|арасында қайшылық пайда болды.                                                    |
|Екінші саңылау геология мен палентология дамуына байланысты пайда болды.          |
|Геологиялық қабаттардың жатысы және ондағы жануарлар мен өсімдіктер қалдықтары    |
|жайындағы мәліметтерді жүйеге келтіру , жер бетінің және онда тіршілік етуші      |
|жануарлар мен өсімдіктердің тарихы бар екенін мойындаттыруға тиіс болды.          |
|Метафизикалық дүние танудағы үшінші саңылау органикалық химия табыстарымен        |
|байланысты пайда болды. 1828 жылы Ф.Велер мочевинаны қолдан жасап , бірінші рет   |
|органикалық затты қолдан синтездеуді жүзеге асырды. Сөйтіп, химия заңдарының      |
|органикалық емес заттар үшін сондайлық маңызы болса, органикалық дененлер үшін    |
|сондайлық маңызы бар екені және тірі табиғат пен өлі табиғаттың арасында өте      |
|алмайтындай шыңырау жоқ екендігі дәлелденді.                                      |
|Энергияның айналуын дәлелдеу арқылы физика төртінші саңылау жасады. “ Осы уақытқа |
|дейін, табиғатқа әсер етуші сансыз тсебептердің бәрі түсініксіз әлдеқандай құпия  |
|болып келген күштер – механикалық күш, жылу сәуле шашу (жарық және сәулелік жылуы)|
|электр , магнитизм, химиялық күштің қосылу және айырлуы энергияның ерекше         |
|формалары, оның өмір сүру тәсілдері екені енді дәлелденді”.                       |
|Шын мәнінде биология ғылымында төңкеріс орнатқан Чарльз Дарвиннің эволюциялық     |
|ілімінде осы екі проблема дәлелді ғылыми түрде шешілді. Бұл ілім метафизикалық    |
|дүние көзқарасына соңғы негізгі саңылау жасап берді.                              |
|Өсімдік және мал шаруашылығы саласындағы адамның практикалық жұмыстарынажүргізген.|
|Дарвинің терең талдауы , органикалық дүниенің тарихи дамуы жайында жаңа ілім      |
|шығуына себеп болды. Сондықтанда дарвинизмнің отаны – дамыған ауыл шаруашылықты   |
|ел- Англия болғанына таңдануына болмайды.                                         |
|2.XIX ғасырдың ортасына таман тек Англияда ғана капиталистік өндіріс әдісі толық  |
|даму шегіне жетеді осыған орай капиталистік елдердің ішінен дүние жүзілік базарда |
|ең бірінші орынға ие болады. Осы кезде ауыр өндіріс әсіресе тас көмір шығару,     |
|шойын және болат қорыту жөнінен, сондай-ақ жеңіл өндіріс ойдағыдай дамыды. Англия |
|колониялы күшті державаға айналады.                                               |
|Клетка теориясының құрылуы. Эволюциялық идеяның келешек дамуына өткен ғасырдың 30-|
|жылдарындағы биология ғылымында болған екі уақиға себеп болды. Оның бірі клетка   |
|теориясының құрылуы , екіншісі – “Жануарлардың даму тарихы “ атты екі томдық      |
|тракттатың жарыққа шығуы.                                                         |
|Көптеген ғалымдардың материяның нәзік құрылымын зерттеудегі ұзақ қажырлы еңбек    |
|етулерінің нәтижесінде клетка теориясы құрылды. Дұрыс айтсақ бұл құрылымдарды     |
|зерттеу әдісі жоғарыда аталып кеткен К.Ф.Вольфтың трактатында жазылған болатын.   |
|Клетка теориясы М.Шлейден мен П. Шванның классикалық жұмыстарында өрісті          |
|дамытылды. Бұрынғылардың идеяларын үйлесімді жинақтаушы теория етіп қалыптастырған|
|осылар.                                                                           |
|Клетка ілімі органикалық дүниенің бірлігі жайындағы проблеманың шешуін жаңа арнаға|
|салады. Бір кезде Жоффруа Сент - Илердің ойдан шығарған “Құрылыс тұрғысының”      |
|бірлігі деген жорамалының орнына , барлық организмдердің клеткалы құрылысының жаңа|
|ашылған заңдылықтары баяндалды. Ал, бұл органикалық материяның даму проблемасының |
|шешілуіне себеп болады.                                                           |
|Эмбриологиядағы салыстырмалы әдіс. Сол 30-жылдары клетка теориясының қалыптасу    |
|кезеңінде биологияның жаңа бір саласы салыстырмалы эмбриология қалыптасты.        |
|К.Ф.Вольф Петербургке келген соң Россия ғылым академиясы эмбриологияның бесігі    |
|болды. Орыс эмбриологиясының тұңғыш корифейлерінің бірі К.М.Бэр оның “Жануарлардың|
|даму тарихы” атты классикалық еңбегі 1828- ден бастап 1838 жылы жарыққа шықты. Осы|
|екі томдық трактатында Бэр өзінің салыстырмалы эмбриология саласын,дағы           |
|зерттеулерінің қорытындысын берді. Бэрдің еңбектерінде терең принципі мәні бар    |
|жаңалықтар көп. Ең алдымен сүт қоректілердің жұмыртқа клеткасының ( соның бірі    |
|адамның жұмыртқасы ) ашылуы , омырқалылардың жота сымының ашылуы сондай –ақ       |
|жануарлардың жеке даму процесінде ұрық қабаттарының қалыптасуы туралы білімнің    |
|терең дамуы да Бэрдің еңбегімен байланысты.                                       |
|Бэр барлық омыртқалы жануарлардың жекен дамуындағы ортақ сипатты көрсете тұрса да,|
|ол өзі ашқан осы заңнан эволюциялық қорытынды жасаған жоқ. Бұл жөніндегі еңбек    |
|Ламарктан кейінгі, Дарвиннің бастамашысы ірі орыс биологы Москва университетінің  |
|профессоры Кари Францевич Рульенкі еді ( 1814- 1858) Рульеде эволюциялық идеяның  |
|қалыптасуы XIX ғасырдың 30-40 жылдарындағы , декабристер қозғалысын басып         |
|тастағаннан кейін , Николай реакциясының қара түнек жылдарына тән элеументтік және|
|идеялық шиеленіскен күрес дәуірге тұтасады.Осыған байланысты патша үкіметінің     |
|негізіне балта шабатын , діни догманы теріске шығаратын материалистік             |
|жаратылыстану қайта қуғынға ұшырады.                                              |
|Бұған қарамастан , орыс жаратылыс тануындағы М.В.Ломоносов негізін қалаған        |
|А.Н.Радищев орнатқан материалистік дәстүрлер алдыңғы қатардағы орыс ғалымдардың   |
|еңбектерінде орын тепті , солардың бірі К.Ф.Рулье болатын. Ғылымды сүйіп және оған|
|сене отырып Рулье жаратылыстық ғылыми білімдерді кең уағыздау талабында болды. Бұл|
|жөнінде ол А.И.Герцин, Н.Г.Чернышевский сияқты жаратылыстанудың өте көрнекті      |
|насихатшылардың қатарынан орын алды.Рулье “Жаратылыс ғылымдар хабары” атты орыстың|
|көпшілікке арналған бірінші жаратылыстық ғылыми журналын ұйымдастырып оны         |
|редакциялады. Оның қаламынан биология мен ауыл шаруашылығының әртүрлі тақырыптарда|
|көпшілікке арналған көп мақалалар шықты.                                          |
|3.Органикалық дүниенің тарихы дамуы жөніндегі пікірлерін Рулье университетінің    |
|профессор кафедрасында баяндаумен шектелген жоқ. 1845 ылдың өзінде-ақ “Жануарлар  |
|тіршілігінде сыртқы жағдайлардың әсері деген тақырыпта көпшілік алдында лекция    |
|оқыды.                                                                            |
|Рулье табиғат мәңі ондағы барлық құбылыстар өзара байланысты және біртұтас деп    |
|атады. Шексіз алуан түрлі болып көрінетін осы тұтастықтың барлық бөліктері олардың|
|араларында қажетті ішкі байланыс болғандықтан ғана өмір сүреді.Сондықтан затты    |
|табиғат құбылысын бір-бірінен айыруға болмайды, оларды өзара байланысты түрінде   |
|зерттеу керек. Сол себепті тірі денелерді олардың мекендеген өзара байланысқан    |
|сыртқы ортасынан бөліп зерттеуге болмайды. Жануарлардың қайсысы болсада, сыртқы   |
|жағдайларға тәуелді яғни ауаға ,суға, климат жағдайларына топыраққа өсімдікке және|
|басқа жануарларға ең ақырында адамға байланысты .                                 |
|Бақылау сұрақтары                                                                 |
|1.ХІХ-ғасырдың І-ші жартысында Англияда жүзеге асқан қоғамдық-экономикалық        |
|өзгерістер?                                                                       |
|2.ХІХ- ғасырдың І-ші жартысы?                                                     |
|3.ХІХ- ғасырдың І-ші жартысында ауыл шаруашылығы?                                 |
|Лекция №4                                                                         |
|Тақырыбы: Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясы                                        |
|Жоспары:                                                                          |
|1.Ч.Дарвиннің өмірбаяны және еңбектері.                                           |
|2. “Түрлердің шығу тегі” еңбегіндегі негізгі қағидалар                            |
|3.Мәдени формалардың эволюциясын дәлелдеу                                         |
|Лекция мәтіні :                                                                   |
|1.Чарльз Роберт Дарвин 1809 жылы 12 февральда Шрюсбериде дүниеге келді. Атасы     |
|Эразм Дарвин атақты ғалым, дәрігер және ақын болған адам. Оның қаламынан “Табиғат |
|храмы” атты тамаша поэма шыққан. Дарвиннің әкесі де дәрігер. Дарвин өзінің        |
|өмірбаянында әкесі менің білуімше өте ақылды, бақылаушылық қабілеті күшті және    |
|кісіге өте мейрімді адам еді деп жазады.                                          |
|1818 жылы Чарльз Шрюзберидегі мектепке барады, бұл классикалық мектеп болса да,   |
|одан мен ештеңе үйренгенім жоқ деп жазады. Ол 1826 жылы октябрьде ол Эдинбург     |
|университетінің дәрігерлік факультетіне түседі. Екі жылдан кейін әкесінің         |
|ұйғаруымен Кембридж унивеситетінің дін хадистері факультетіне ауысады. Бірақ,     |
|Дарвинді діни ілім емес жаратылыс тарихы жайындағы әр түрлі кітаптар қызықтырды.  |
|Оның жаратылыс зерттеушілік ықыласының осы кезде қалыптасуы басталады. Бұл жөнінде|
|университет профессорларынан жас ғылымға ерекше ықпал еткен ботаник Дж Генслоу мен|
|геолог А Сджевик болатын. Осылардың басшылығы мен Дарвин табиғат жағдайында       |
|геологияны зерттеп экскурсияларға шығады.                                         |
|Гумбольдтің жас күнделігін оқуы оны саяхаттарға әуестендіреді. 1831 жылы          |
|Дарвинуниверситетті бітіреді сол жылы професор Генслаудың ұсынысымен “Бигль”      |
|(“Исшіл ит”) кемесіне натуралист есебінде қабылданып жер шарын айналу саяхатына   |
|аттанады.                                                                         |
|Дарвин “Бигл” кемесімен 1831 жылы 27 декабрьде Девонпорттан сапарға шығады.       |
|Экспедицияның негізгі міндеті толық теңіз карталарын жасау үшін Оңтүстік          |
|Американың шығыс және батыс жағалауларын және соған таяу аралдарды картаға түсіру |
|болатын. Бұдан басқа “Бигль” экспедициясының алдына қойылған екінші міндет- Жер   |
|шеңберіне хронометрлік өлшеулер жасау еді. Осыған байланысты жер шарын айналып    |
|шығу саяхаты жасалды.                                                             |
|1835 жылы 5 сентябрьде “Бигль” Оңтүстік Амереканың батыс жағалауынан Галапагос    |
|архепелогына қарай жол тартады. Джемс аралында өсетін өсімдіктердің 38            |
|галапагостік түрлерімен 30 түрі тек осы аралда ғана кездеседі, сольбеморлда да    |
|осылай, ондағы 26 галапогостік өсімдіктердің 22-сі осы аралдың эндемиктері.       |
|Бірсыпыра аралдардың өзеніне тән таспақа, қуақы және тау шымшықтардың түрлері     |
|кездеседі.                                                                        |
|Галапагос аралдарынан “Бигль Австралия жағалуына жол тартып, оның оңтүстік жағын  |
|аралап шығады. 1836 жылы 1 апрельде Суматрадан 600 миль қашықтықта жатқан Үнді    |
|мұхитындағы Килинг және Кокос аралдары көкжиектен көрнеді. Осы топ аралдарға      |
|Дарвин ерекше зейін бөледі, себебі олардың барлығы дерлік маржандардан құралған   |
|және ерте кезде су астындағы рифтер түрінде болған . Дарвин осы аралдардың        |
|тіршілігін зерттейді, кеиінірек осы зерттеуінің нәтижесінде маржан аралдарының    |
|шығу тегі және дамуы жайында тұңғыш теория құрады, ондағы рифтердің барлық түрлері|
|біртіндеп жүйелі дамудан пайда болған деп қарап, оларды өзара байланыстырады.     |
|2.Сонымен мұхит аралдарының фаунасы мен флорасының ерекшеліктері осы кездегі      |
|маржандардың тіршілігіндегі ерекшеліктерді және тропиктік өсімдіктердің тұқымдары |
|мен жемістерінің таралу жолдарын зерттеу арқылы шешілді. Органикалық табиғат ұдайы|
|өзгеріп отырады, өзгерісті пайда ететін күшті факторлардың бірі организмдердің    |
|өздері деп Дарвинге қортынды жасатқан Әулие Елена аралына жүргізген зертеулері    |
|болатын. Материктен алшақ, Атлант мұхитының ортасында жатқан бұл аралдың фаунасы  |
|мен флорасы өзіне ерекше сипатта. Өсімдіктердегі бұл өзгерістер құрлық фаунасына, |
|әсіресе моллюскалар мен насиком фаунасына көп өзгеріс енгізді. .                  |
|1859 жылы 24 ноябрьде Дарвиннің ‘Табиғатты сұрыптау жолымен түрлердің шығуы немесе|
|тіршілік үшін күресте қолайлы тұқымдардың сақталып қалуы” деген әйгілі кітабы     |
|шығады. Еңбектерінің ішінде ерекше зейін аударатыны екеу. «Үй жануарлары мен      |
|мәдени өсімдіктердің өзгеруі» және «Адамның тегі және жыныстық сұрыптау» бұлар    |
|«Түрлер тегі» мен бірге тұтас ғылыми теория құрады.                               |
|3.Дарвин өсімдіктердің айқас тозаңдануында күрделі бейімділіктер бар екенін       |
|дәлелдейді. Бұл фактыны эвалюциялық теория тұрғысынан талғау айқас тозаңданудың   |
|рөлін анықтауды қажет етті. Бұл жөнінде жасалынған көптеген эксперименттердің     |
|нәтижесіне сүиеніп, Дарвин айқас тозаңданудың. биологялық пайдасы бар деген       |
|қорытындыға келеді, себебі өздігінен тозаңданумен салыстырғанда айқас тозаңданудан|
|әлді және тұрақты ұрпақтар алынады. Дарвиннің бұл зерттеуінің қорытындысы өсімдік |
|дүниесінде айқас және өздігінен тозаңданудың әсері деген арнаулы еңбегінде        |
|баяндалды.                                                                        |
|Бақылау сұрақтары                                                                 |
|1.Ч.Дарвиннің өмірбаяны және еңбектері.?                                          |
|2. “Түрлердің шығу тегі” еңбегіндегі негізгі қағидалар?                           |
|3.Мәдени формалардың эволюциясын дәлелдеу ?                                       |
|Лекция №5                                                                         |
|Тақырыбы: Дарвиннің өзгергіштік формалары, заңдылықтары және себептері жайлы      |
|көзқарастары.                                                                     |
|Жоспары:                                                                          |
|1.Айқын және айқын емес, ара қатынастық және компенсациялық өзгергіштіктер.       |
|2.Доместикация ілімі                                                              |
|3.Монофилия және полифилия принциптері                                            |
|4.Қолдан сұрыптау ілімі                                                           |
|Лекция мәтіні:                                                                    |
|1.Дарвин теориясының негізгі қағидасы – адамның мәдени түрге айналдырған          |
|өсімдіктері мен жануарларының елеулі өзгеріске ұшырады деп тану. Мұны жер шарының |
|әр жерінде шығарған сүт қоректілер мен құстардың көптеген тұқымдарымен, сондай –  |
|ақ өсімдік сорттарынан көреміз. Солтүстік Африканың шөлдерінде финис пальмасынан  |
|38 түрше шығарылған. Полинезияның бір ғана аралында нан ағашының 24 түрі және     |
|сонша банан түрлері егіледі.                                                      |
|Сүмбіл гүлдің 1200-ден астам түрін иеленген голландиялық гүл маманы Верхульем     |
|ешбір қатесіз бір ғана жуашығына қарап өсімдіктің қай сортқа жататынын ажыратады  |
|екен.                                                                             |
|Жануарлар мен өсімдіктердің өзгергіштіктері жайындағы нақтылы материалдарын талдай|
|келіп, Дарвин тіршілік жағдайларындағы өзгерістердің қандайы болса да өзгеріс     |
|туғызады, организмде мұндағы әрқилы өзгерістер әр түрлі организмдерге түрліше әсер|
|етеді деген қорытындыға келді.                                                    |
|Үй жағдайында тіршілік жағдайының өзгерістері организмге елеулі өзгерістер        |
|енгізетінін байқаймыз. Бұл өзгерістер кейде көмескі түрде болады оның қандайда бір|
|себебі бола тұрса да, бірге өздігінен болған өзгеріс сияқты көрініп, себебі       |
|белгісіз болып қалып отырады. Осыған байланысты Дарвин өзгергіштікті екі түрге    |
|бөледі айқын (топтық) өзгеріс және айқын емес(жеке өзгеріс)                       |
|Топтық өзгеруде белгілі жануар тұқымының немесе өсімдік сортының особьтары белгілі|
|бір себептің әсерімен біркелкі өзгереді. Мысалы организмнің өсуі қоректің         |
|мөлшеріне, оның түсі қоректік сапасына байланысты. Жеке өзгеріс немесе анық емес  |
|өзгеріс бір түрге жататын особьтарға тән белгілерде болады. Өзгергіштікті адам    |
|жасамайды, адам тірі организмдерді тек жаңа тіршілік жағдайларының талқысына      |
|түсіреді, сол кезде оларға табиғат әсер етіп өзгеріс туғызады. Организмнің өзгеруі|
|бұл екі фактордың өзара әрекеттесу нәтижесі болып табылады, яғни организмнің      |
|табиғаты мен табиғат жағдайларының әрекеттесу нәтижесі.                           |
|2.Дарвин жабайы жануарлардың қолға үйретілуін, жабайы өсімдіктердің қолға         |
|үйретілуін, егіле бастауын терең зерттей отырып, доместикация ілімінің негізін    |
|қалады. Жануарлар мен өсімдіктерде өзгерістер пайда болуын зерттей келіп, Дарвин  |
|организмнің әр түрлі оргондары мен оргондар систематикасында болатын өзгерістердің|
|өзара байланыстылығын көрсеткен өте маңызды бірқатар заңдылықтарды ашты. Осындай  |
|заңды өзара байланысқа жататындар:                                                |
|1.Коррелиятивтік немесе арақатынастық өзгергіштік дегеніміз –белгілі органның     |
|өзгеруімен байланысты басқа оргондардың өзгеруі. Кювье бұл коррелияциялар бастан  |
|бар, оны құдай жаратқан деп түсіндірген еді. Дарвин корреляция организмдердің     |
|тіршілік процесінде пайда болады, сол себепті бір оргондағы өзгеріс екінші оргонда|
|өзгеріс тудырады деп дәлелдеді.                                                   |
|Коррелятивтік өзгеріс оргондардың құрылысында да және олардың функцияларында да   |
|байқалады. Шалшық су құстарының көбінде ұзын мойын мен ұзын сирақ арасында        |
|корреляция бар екендігін көреміз, яғни ұзын мойынды түрлердің аяқтары да ұзын     |
|болып келеді.                                                                     |
|2.Компенсациялық өзгергіштіктің мәнісі бір оргондардың және олардың функцияларының|
|дамуы басқа бір оргондарды тежеп, олардың жетілмей қал-                           |
|уына және редукциялануына себеп болады. Бұны тепе –теңдік принцпі (копенсация) деп|
|атап, Жоффруа Сент –Илер осы заңдылық туралы жазған болатын. Компенсацияялық      |
|өзгергіштікке байланыысты екі белгілерде де кері коррелияця болады. Мысалы бір    |
|сортқа жататын копусталар әрі май жапырақты әрі көп тұқымды бола алмайды. Сиырды  |
|өте семірту мен қатар сүтті май беретіндей етуге жеткізу қиын.                    |
|3.Табиғи сұрыптау процесін зерттеу арқылы Дарвин түрлер тегінің монофилиялық      |
|теориясын құрды, оның мәнісі - өсімдіктердің немесе жануарлардың әрбір ірі тобы   |
|бір негізден таралған деп тану. Үй жануарларының тұқымдарын зерттеу, оларды қолда |
|асырай бастағаннан бері едәуір іріленгендерін және бұл өзгерістер ұзақ уақыт бойы |
|тұқым қуалай алатыындығын көрсетті.                                               |
|Тұқым қуалаушылық организмнің өзгергіштік қабілеті сияқты, барлық оргаанизмдерге  |
|тән ортақ қасиет. Бұл ата тегінің белгілері, ұрпақтан- ұрпаққа берілу және сақталу|
|қасиеті болып табылады. Тұқым қуалаушылық жынысты және вегетативтік көбеюде       |
|болады.                                                                           |
|Қазіргі үй жануарларының барлық тұқымдары және мәдени өсімдіктердің барлық        |
|сорттары адам баласының творчестволық іс-әрекеттерімен, осы мақсатта ерекше әдіс  |
|қолдан сұрыптау әдісін қолдануының нәтижесінде пайда болады.                      |
|Белгілердің дивергенциясы – қолдан сұрыптаудың нәтижесі. Қолдан сұрыптау немесе   |
|табиғи сұрыптау нәтижесінде ата-тегі ортақ организмнің белгіілерінде              |
|айырмашылықтың пайда болуы дивергенция делінеді.                                  |
|Әр бағытта жүргізілген методикалық сұрыптау белгілердің дивергенциясын            |
|тудыратындығы Дарвиннің кептерлер туралы берген мысалынан жақсы көрінеді.         |
|4.Жануарлар тұқымдарының ерекшеліктері қорек және жаттығу жағдайларымен байланысты|
|белгілі бағыттарды сұрыптау арқылы қалыптасты. Бұған тауық тұқымдарын шығару      |
|процесі дәлел болады. Тауықтың қазіргі тұқымдарының шыққан ата тегі жабайы банкив |
|тауығы.                                                                           |
|Оның мекен ететін ареалы солтүстік Индия, Молокко, Үнді-Қытай, Филиппин аралдары  |
|және Малай архипелагы. Ол ормандарда мекендейді; бұталардың астына топырақтан және|
|бұтақтардан ұя жасап, 4-13 жұмыртқа салады. Банкив тауығы ықшам денелі (500-1250г)|
|түсі өте құбылмалы ормандық құс, қолға тез үйренеді. Солтүстік Индияда осыдан     |
|5000жыл бұрын асыранды тауықтар болған.                                           |
|Селекцияның негізгі бес бағытына сәйкес қазіргі тауықтардың барлық тұқымдары мен  |
|топтарға бөлінеді; 1) таласқыш, 2) сәндік, 3) етті, 4) жұмыртқалағыш және 5) жалпы|
|пайдалы.                                                                          |
|Белгілер конвергенциясы – қолдан сұрыптаудың нәтижесі. Қолдан сұрыптаудың негізгі |
|салдары бір жағынан дивергенция болса, ал бір қатар жағдайы оған қарама - қарсы   |
|нәтижеге соқтырады, яғни белгілер конвергенциясын ( жақындасуын) пайда етеді.     |
|Конвергенция – қолдан сұрыптаудың не табиғи сұрыптаудың нәтижесінде ата-тегі әр   |
|түрлі организмдерге ұқсас белгілер пайда болуы.                                   |
|Бақылау сұрақтары                                                                 |
|1.Айқын және айқын емес, ара қатынас?                                             |
|2.Доместикация ілімі?                                                             |
|3.Монофилия және полифилия принциптері?                                           |
|Лекция №6                                                                         |
|Тақырыбы:Табиғаттағы түрлердің өзгергіштігін дәлелдеу                             |
|Жоспары:                                                                          |
|1.Табиғи түрлер эволюциясына әсер ететін негізгі факторлар.                       |
|2.Тіршілік үшін күрес және табиғи сұрыптау ілімдері.                              |
|3.Тіршілік үшін күрестің алғы шарттары және формалары                             |
|Лекция мәтіні:                                                                    |
|1.Жануарлар мен өсімдіктердің табиғи жағдайындағы өзгерткіштігі. Үй               |
|формаларындағыдай өте анық көріністі болмаса да, табиғи жағдайларда да организмдер|
|емделу өзгерткіштер бар екендігі байқалды. Тірі организімнің кез –келген          |
|ұрпағындағы әрбір особында басқа особьтарынан біраз айырмасы болады. Осы жеке     |
|айырмашылықтардың өте үлкен мәні бар себебі олар көбіне тұқым қуалауды және бұл   |
|ұрпақтардан бірте –бірте жинақталып қорғалуы да мүмкін. Бұларда Дарвин тұсында    |
|“түрше” деген неғайбыл ат беріледі.                                               |
|Тіршілік үшін күрес . Сөйтіп барлық тірі организмдерде белгілі дәрежеде жеке      |
|өзгерістер болып отырады .                                                        |
|Бірақ еш уақытта табиғатта геометриялық прогресті көбею болмайды . Шынында әр     |
|қашанда организмдер шексіз көп ұрпақ береді ал олардың тірі қанатында аз болады . |
|Бұл термиді Дарвин кең, метаформалары түрде қолданады ‘тіршілік үшін күрес’ ол    |
|дамып келе жатқан организмдердің сыртқы ортаның физикалық факторына және басқа    |
|тірі организмдерге тәуелділігі сондай –ақ особьтардың өзіне ұрпақ қалдырып отыру  |
|қабілеттілігі .Осы жағдайда шөлді жерде өсетін өсімдікттерді қуаңшылдық пен күресі|
|деп айтуымызға болар еді бұдан гөрі олар ылғалдылықа тәуелді деген дұрысырақ . Бұл|
|тәуелділікттер өте күрделі бір-бірімен тығыз байланысып шырмалып жатыр . Олар бірі|
|организмге қолайлы, сұлы дәнінің ұзыны 8-16 мм-ге дейін көлденеңі 1,4-4,0 мм      |
|қалыңдығы 1,2-3,6 мм болады қабықтары 20-30 жетеді . Бұл дәнге байланысты болады .|
|2.Дарвин бірге мекендеуші организмдердің арасындағы қарым-қатынастың күрделілігі  |
|жайында көптеген мысалдар келтіреді.Өсімдіктердің өскіндерін әр түрлі жануарлар   |
|көптеп құртып отырады. Дарвиннің есебінше 0,5м 2 көлеміндегі жерде пайда болған   |
|357 өскіннің 295-ін молюскалар мен насекомдар жойып жіберген .                    |
|Көптеген жағдайларда органикалық баспалдақтарда бір-бірінен алшақ жатқан          |
|өсімдіктермен жануарлар бір-бірімен өзара тығыз жүйелі байланысқан қарым-қатынаста|
|болады. Бұған ара тозаңдататын, қызыл жоңышқа мысал бола алады.Аралардың саны     |
|олардың ұяларын және балауызын талқандап, балын жеп кететін дала тышқандар санына |
|бірсыпыра байланысты. Ньюманның мәліметі бойынша Англияда осындай себеппен түкті  |
|аралардың 2/3 қырылып кеткен. Ал тышқандар саны өзінің кезегімен мысықтар санына  |
|байланысты өзгереді. Сөйтіп, мұнда ұзын тізбек пайда болып, сол тізбектің барлық  |
|буыны белгілі дәрежеде бір-бірімен байланыста болады. Дамып келе жатқан           |
|организмдердің қоршаған ортасымен қарым-қатынасын талдай келгенде әрбір түрге ,   |
|оның тіршілігінің әр кезеңде әсер етуші алуан түрлі кедергілердің ықпалы тиеді    |
|деген жалппы қорытынды шығады.                                                    |
|Табиғи сұрыптаудың мәнісі . Табиғи сұрыптау жайында ілім – органикалық дүниенің   |
|тарихи дамуының обьективтік заңы ретінде И Дарвин теориясының негізгі бөлімі болып|
|саналады . Қазіргі кезде биологияда Дарвинің негізгі жағдайларының дұрыстығын     |
|дәлелдеуші көп және жан- жақты материалдар қаралды Дарвин теориясында табиғи      |
|сұрыптау табиғатта жүріп жатқан процесс түсініледі бұл процесте орта жағдайларының|
|дамып келе жатқан организмдерге тигізілген әсерінің нәтижесінде өмір сүру және    |
|даму үшін пайдалы белгілерге ие болған индивидумдар сақталып қалып отырады .      |
|Бұл процесс организмдермен оны қоршап тұрған орта жағдайларының өзара қарым-      |
|қатынасының нәтижесі . Табиғи сұрыптауға қажетті материал организмдердің          |
|өзгергіштігі болып табылады .Құбылмалы сыртқы орта жағдайлары организмдерде       |
|өзгеріс тудырып отырады . Пайда болған өзгерістің кей біреулері организмге пайдалы|
|екіншілері зиянды болады . Пайдалы белгісі бар организімдердің тірі қалуы және    |
|ұрпақ қалдырып өркендеу мүмкіндігі мол болады . Бұған керісінше қандайда болса    |
|организмге зиянды өзгеріс оның тіршілігіне теріс ықпал етеді , ондай өзгерісті    |
|особьтар ең алдымен құрылып кетеді немесе өсіп өне алмайды .                      |
|Элиминация ортаның әр түрлі факторына байланысты . Табиғатта мұндай процесс       |
|болатынына бақылау факторлары дәлел болады. Осы кезде құстарда болатын элиминация |
|себептері біршама толық анықталды.                                                |
|3.Бұл жөнінде бірқатар қызғылықты мынадай бақылаулар бар: топ құсқа жыртқыштар    |
|шабуыл жасағанда , ең алдымен олардың ішінен қандай да бір кемістігі бар құстар   |
|қолға түсіп жем болады. Швециядағы бақылаулар бойынша қырғи 50 шамалы бір топ     |
|торғайлардың ішінен бір көзі соқыр торғайды соқыр жағынан келіп ұстап алған.      |
|Қолдан сұрыптау мен табиғи сұрыптау әрекетіндегі ұқсастық пен айырмашылықтар.     |
|Табиғи сұрыптаудың мәнісі қолдан сұрыптаумен салыстырғанда ғана өте айқын         |
|білінеді. Бұл екі процестегі ұқсастық олардың әрекеттерінің нәтижесінде жаңа      |
|органикалық формалар пайда болады:қолдан сұрыптау кезінде сорттар мен тұқымдар, ал|
|табиғи сұрыптауда – түрлер түзіледі.                                              |
|Бақылау сұрақтары                                                                 |
|1.Табиғи түрлер эволюциясына әсер ететін негізгі факторлар?                       |
|2.Тіршілік үшін күрес және табиғи сұрыптау ілімдері?                              |
|3.Тіршілік үшін күрестің алғы шарттары және формалары?                            |
|Лекция №7                                                                         |
|Тақырыбы: Ч.Дарвиннен кейінгі дәуірде эволюция ілімінің дамуы                     |
|Жоспары:                                                                          |
|1.Эволюциялық палеонтологияның дамуы.                                             |
|2.Экологиялық зерттеулер                                                          |
|3.Дарвин теориясын мойындамау немесе эволюция ілімінің тоқырауы                   |


Синтезделу дәуірі


Лекция мәтіні :
1.Эволюциялық палеонтологияның негізін қалаушы В.О.Ковалевский болып
саналады. Оның еңбегінің құндылығы - ол бірінші рет палеонтологияда тарихи
әдісті қолданып және оны дамытты.В.О.Ковалевский тұяқтылардың филогениясы
саласында классикалық зерттеулер жүргізіп, үштік дәуір бойы сыртқы орта
жағдайлары өзгеріп отыруына байланысты біртіндеп жаңа формалар дамып
отырғандығын және бір формалар екінші формалардың орнын басып отырғандығын
дәлелдеді. Осы зерттеулер бірсыпыра қорытынды тудырып, эволюциялық
палеонтологияның әрі қарай дамуына септігін тигізді. В.О.Ковалевский
Агассицтің және басқа Кьювені жақтаушылардың Дарвин теориясына қарсы қойған
негізгі жағдайларын жоққа шығарды. Олар қазба қалдық түрлермен қазіргі
кездегі түрлердің арасында аралық формалар жоқ деп білетін. В.О.Ковалевский
үштік дәуірдің бас кезіндегі жылқының арғы ата-тегінен бастап осы кездегі
түрлеріне дейін олардың филогениялық қатарын жасап, аралық формалар
болатындығын дәлелдеп, оның эволюциясын анықтады.
2.Эволюциялық эмбриологияның дамуы. В.О.Ковалевскийдің палеонтологияға
енгізген жануарлар филогениясын зерттеу әдісі скелеті жақсы сақталатын
түрлерге ғана қолданыла алады. Бірақ көп клеткалы организмдер мен бір
клеткалы организмдер және омыртқалылар мен омыртқасыз жануарлар арасындағы
филогениялық байланысты анықтау үшін ол әдісті қолдануға келмейді. Былай
қарағанда, бұл топтардың бір-бірінен оқшаулығы сонша, олардың араларын
жалғастырғандай аралық формалар жоқ сияқты.
Бұл мәселені шешуде көмекке эмбриология келді. Ұрықтардың ұқсастығы
жайындағы Бэрдің заңына сүйеніп, Рулье “жануарлардың жасына байланысты
күрделенуі мен жануарлардың класс бойынша күрделенуі параллельді” деген
болжам айтқан болатын. Дарвин эволюциялық процестің заңдылықтарын дәлелдеу
үшін эмбриологияның үлкен маңызы бар екендігін атады. Ол, ересек күйінде
бір-біріне ұқсамайтын жануарлардың ұрықтарының құрылысы ұқсас болуы, олар
бір ата-тектен тарағандығына дәлел деп қарады. Осы пікірді кеңінен
пайдалана отырып, В.О.Ковалевский мен И.И.Мечников өздерінің тамаша
зерттеулері арқылы эволюциялық эмбриологияның негізін құрды. Бұлар
түрлердің жеке дамуын талдау арқылы олардың табиғи системадағы дәл орнын
тауып беру мүмкіндігі бар екендігін дәлелдеп берді.
В.О.Ковалевский осы кездегі жануарлар типтерінінң көбінің (ішекқуыстылар,
буылтық құрттар, буын аяқтылар, моллюскалар, иін аяқтылар, тікен терілер
және хордалылардың) эмбриондық дамуын зерттеп, осымен көп жұмыс жасады. Ол
өзінің зерттеулерінде жануарлар системасында орны белгісіз жануар түрлеріне
ерекше зейін бөлді. Ланцетниктің эмбриогенезін зерттеу, мұның ересек
қалпында да, ұрық қалпында да омыртқалылар (нерв және қан айналым
системалары, желбезегі, хордасы) мен омыртқасыздардың (денесінің сементті
болуы, зәр шығару органдары, алғашқы ішектің дамуы) белгілерінің бар
екендігін көрсетті.
3.Эволюциялық эмбриологияның негізін салушы екінші ғалым И.И.Мечников. Оның
жұмыстары мазмұны мен нәтижесі жөнінен В.О.Ковалевскийдің жұмыстарына
жақын. И.И.Мечниковтың теориясы дарвинизм негізіне қосқан зор үлесі болды.
Ол мұнда бір клеткалы организмдер мен көп клеткалы организмдердің анық
бірлігін көрсетті. Осы уақытқа дейін көп клеткалы организмдердің тарихи
даму процесін баяндап келген теориялардың ішінде ең қонымдысы Мечниковтың
теориясы болып отыр. 
4.Эволюциялық эмбриология табыстарының нәтижесінде Ф.Мюллер мен Э.Геккель
“Биогенетикалық заң” қалыптастырды. Геккель бұл заңға мынадай тұжырым
берді: “Онтогенез филогенездің қысқаша және тез қайталануы, тұқым қуалау
(өсып-өнудің) және бейімдеушіліктің (қоректенудің) физиологиялық
функцияларымен байланысты қайталануы”.
Биогенетикалық заң жануар дүниесіндегі филогениялық байланыстарды анықтау
үшін әдіс есебінде пайдаланыла бастады. Эмбриологиядағы тарихи әдісті
дәлелдеу және оны одан әрі өңдеу қажет болды. Осы орасан күрделі жұмыс
А.Н.Северцов және оның шәкірттерінің еңбектерімен жүзеге асты.
А.Н.Северцовтың еңбегі – ол биологияда эволюциялық морфология бағытын
дамытып филэмбриогенез теориясын және эволюциялық процестің негізгі
бағыттары жайындағы ілімді дамытты.
К.А.Тимирязев ғылым мен практиканың одағы жайында 1920 жылы
(К.А.Тимирязевтің өмірінің соңғы жылында) оның “Ғылым мен демократия” атты
кітабы басылып шықты. Бұл дарвинизмнің ескі күрескерінің бостандық алған
және Отанымыздың жас ұрпақтарына арнаған ғылыми мен саяси өсиеті ретінде
жазылған еңбегі еді.
Бақылау сұрақтары
1.Эволюциялық палеонтологияның дамуы?
2.Экологиялық зерттеулер?
3.Дарвин теориясын мойындамау немесе эволюция ілімінің тоқырауы?

Синтезделу дәуірі?
Лекция №8
Тақырыбы: Органикалық эволюция объективті процесс
Жоспары:
1.Эволюцияны зерттеу әдістері
2.Тіршілік – материя қозғалысының ерекше формасы. Тіршіліктің негізгі
қасиеттері және жер бетіндегі тіршіліктің геохимиялық ролі.
Лекция мәтіні:
1.Тіршіліктің мәні жайында проблема – биологиядағы қиын проблемалардың
бірі. Бұл туралы материялистік ұғымдағы ғылымдағы идиалистік және
механистік бұрмалау шылықтармен діни соқыр сенімдер шиелініскен күресте
дамиды .
Виталистік деп аталып келген тіршілік жағдайындағы идеялистік
концепсиясының тамырлары ертедегі ғасырларда жатыр. Оның негізін салыушы
Аристотель ол тір шілік дегеніміз қоректену өсу және қартаю бұларға себеп
болатын энтелихя өзінің ішінде мақсаты бар принцип- деген болатын.Ос ыдан
кейінгі жаратылыстаныудың бүкіл тарихында Аристотельді формуланы виталистер
әр қилы уағыздап келеді.
Тіршілік түші материясыз ерекше супстанцясыз саналып ол материялы дүниеге
тәуелсіз деп қаралады. Сондықтан виталистік концепсияны бір бетке
жақтаушылар күші құдайдың құдіретімен деп саналады осыдан кейін ақыретік
өмір бар деген діни сенімге байланысты жан (ажалсыз) мәңгә деген ұғым
туады.
Табиғат жөнінде биологиядан тарихи көз қарас толық танылғаан кейінде
жаратылыс таныудан ваталистік принцип қол үзбей келеді.Ол
модернизацияланған жаңа бейне алады мысалы; Коктың психоламрксистік көз
қарасында жан деген ұғымның орнына ерекше қуат (Бателизім ) деген ұғым
берілген.
К.А.Темирязев фотоцинтезді мысал ете отырып энергия сақталыу заңын
органикалыкқ дүниегеде қолданыуға болатындығын дәлелдеп виталистердің
екінші жағдайын жоқа шығарды сөйтіп виталйзм өзінің дәлелдемелерін айырлып
мүлде қараусыз қалды.
Органикалық және онарганикалық табиғатын бірігіуі ең алдымен химиялық
анаклизатор деп белгінеді бүкіл табиғатағы химиялық элементтердің құрамы
бірдей, тек тіріге ғана тән арнаулы элементер болмайды органикалық
табиғатта элементердің бәрә бірдей жиі кездесе бермеиді. Академи к В:И.
Вернадискидің пікірінше тірі организімнің х имиялық элементердің бәрін
тіпті Li , Ba, Sr, Cu, Zn, Si, Cr, J- да табуға болады. 
Демек тіріге ғана тән элементері жок, сол сияқты өлі табиғаттағы элементері
жок.
2.Организмнің бәрі өзінің денесінің өлі табиғатқа тәуелді болады.
Автоттрофты қоректену қабілеті бар организімдер өздерінің денесіні тікелей
анорганикалық табиғат заттардың құрайды, басқалары автоттырофты формаларын
тіршілік әректін паида болған өнімдерді паидаланады.
Сөитіп ең соңында бүкіл тірі денелердің тіршілігінен қажетті элементер мен
энергияның өлі табиғаттағы заттар мен энергияны күрделі айналыуынан пайда
аланады. Организім өлгенен кеиін булардың элементтері онарганикалық ортаға
қаита оралады. 
Бірлігі бола отыра тірі материя сапасы жағынан өзгеше. Энгельс сол кездегі
мәліметтерге сүйене отырып сапалы ерекшілік – тірі денелердің химиялық
табиғаттағы (құрамы) белокты денелер өзіндік зат алмасыу тән деп
түсіндіреді.
Осыған орай Энгельс табиғат диалектикасының тіршіліктің мынадай анықтама
береді.Тіршілік дегеніміз белокты денелерге өмір сүру тәсілі ал мұндағы
маңызды кезең оларды қоршап тұрған сыртқы табиғатпен үнемі зат алмасу бұл
зат алмасу тоқталысымен тіршілік те тоқталады, бұл белоктын ыдырауына әкеп
соқтырады органикалық екі процестің ассемлияцияның және диссимлияцияның
диалектикалық бірлігі бұның біріншісінде органйкалық материя ұдаиы
синтезделіп, тірі дене жасалып отырады және сол күйдегі органикалық заттар
байланысып потенциялды энергия қоры жиналады.
3.Екінші процесс бұған диаметиралды қарама- қарсы болады. Органикалық
заттар бұзылады. Сонымен бірге жасырын жатқан потенциялды энергия босанады
ыдырау үнімдері органйзімдер сыртқа шығарлып қоршаған ортаға беріліп
отырады дицимляцияның жетік түрі оттекті тыныс мұнда ыдырау өнімдері тотықа
айналғанша- көмір қышқылы және суға айналғанша жанады. Ассимлияция
өнімдерінің патенциялды энергиясы ең сонғы колоргияға дейін шығындалады.
Шамалы қатқан қосылыстар тұзілгенде энергияның бір бөлігі организімге
пйдасыз шығындалып кетеді ол шакла жаныудан пайда болған өнімдер организіді
уландырады. Диссмлияциядан босанған энергия ассимлияция просесінде
жасалынады. Демек тірі организімде бұзылысыз түзілісіз болмайды. Оның
тіршілігі бұз ылыуына байланысты. 
Тірі дененің басқа қасиетерінің бәрі тітіркеніс,қозғлыс ,өсу,дамыу,өсіп,-
дамыу сондай-ақ тұқым қуалаушылық, өзгергіштік органикалық заттардың
алмасыуына байланысты. 
Бақылау сұрақтары
1.Эволюцияны зерттеу әдістері?
Тіршіліктің негізгі қасиеттері және жер бетіндегі тіршіліктің геохимиялық
ролі.?
Лекция №9
Тақырыбы:Тіршіліктің пайда болуы (биогенез)
Жоспары:
1.С.Миллердің, С.Фокстың, Д.Оронның т.б. зерттеу жұмыстары
2.Биохимиялық эволюцияның кезеңдері.
Өсімдіктер және жануарлар эволюциясының негізгі ерекшеліктері мен кезеңдері
Лекция мәтіні:
1.Тіршіліктің пайда болуы проблемасы биологиядағы әрқашан талас
проблемалардың бірі болып келеді. Тірі дененің анорганикалық материядан
пайда болуы жайында тікелей дәлелдемелер болмауына байланысты, мұны шешу
қиын болды және бұл тіршіліктің пайда болуы жайында биологияға идеалистік
ұғымдардың енуіне мүмкіндік береді. Идеалистер, ең алдыңғы қатардағы діни
ілімдердің өкілдері құдайдың құдіретін қуаттап тезис ұсынады. Өсімдіктерді,
жануарларды, адамды өлі инертті заттардан қазіргі біздің көріп
жүргеніміздей толық бейнелі түрінде құдай жаратты деп түсіндірді.
Насекомдар, құрттар және басқа да көп клеткалы организмдер өздігінен пайда
болады деген ұғымдарды 17 ғасырдың орта кезінде италияндық ғалым Франческо
Редидің жұмыстары жоққа шығарды. Ол етті ыдысқа салып бетін дәкемен жауып
тәжірибе жасап шыбын личинкаларының шіріген еттен дамымайтындығын дәлелдеп
береді. Тіршіліктің өздігінен пайда болуы жайындағы осы гипотезаны
идеалистік бағыттағы ғалымдар ғана емес жаратылыс зерттеуші –матералистер
де жақтады. Тіршіліктің пайда болуын Ламарк та жақтады, бірақ ол өлі заттан
тірі организмдердің пайда болуы атышулы тіршілік күшінен деп таныған жоқ,
оның себепшісі жылу, ылғал, жарық және электр сияқты табиғаттың материялы
факторлары деп таныды. Тіршіліктің жер бетінде пайда болуы жайындағы осы
кездегі теориялардың ішінен, қазіргі биохимиялық зертеулердің негізінде
Энгельстің көзқарасын қолдап дамытып отырған тыянақтырағы академик А. И.
Опариннің теориясы.
2.Бұл теория бойынша жер бетінде тіршілік шығуына жеткізген процесті
негізгі үш кезеңге жіктеуге келеді.
Бірінші кезең органикалық заттардың пайда болуы. Барлық организмдер
негізінен органикалық заттардан құралған, онсыз тіршіліктің болуы мүмкін
емес. Қазіргі кезде жер бетінде органикалық заттар фотосинтез және
хемосинтез процестерінің нәтижесінде пайда болды. Алайда органикалық
заттардың биогендік жолмен түзілуі, Жерді организмдер мекендеген кездегі
біздің дәуірімізге тән сипат. Тіршілік пайда болмай тұрғанда қарапайым
органикалық заттар басқа жолмен, таза химиялық жолмен пайда болғанына көз
жеткізу қиын емес.Бұған Күн атмосферасының және басқа жұлдыздар мен
планеталардығ атмосфераларының химиялық құрамын зерттеу нәтижелері дәлел
болды. Екінші дәуір – белоктардың түзілуі. Америка ғалымы М. Кальвин ,
Жердің жасы 4,7 миллиарт жыл шамасында, оның бастапқы жаралған кезінде өзін
қоршап тұрған атмосферада бос оттегі болған жоқ, демек ,атмосфера
тотықсыздандырғыш қалыпта болды деген ғылымда көбіне ынтымақтас бір пікірді
көрсетеді. 
Осы кезде күн сәулесінің қысқа ультракүлгін толқынды сәулесі жер бетін жете
алғандай жағдай бар еді. Қазіргі кезде тек тірі материяның ғана құрамында
кездесетін көміртегінің қосылыстары, сол кезде ультракүлгін сәулелердің
энергиясын пайдаланатын фотохимиялық реакция арқылы органикалық жолмен
түзілген болуға тиіс. Академик А. И. Опариннің теориясы бойынша алғашқы
белоктың түзілуі мына түрде түсіндірледі. Қазіргі кезде, әр түрлі
планеталардың атмосферасында және метеориттердің құрамында CH4, NH3, Н2О
және басқа қарапайым заттар бар екендігі анықталады. Ерте кездегі Жер
атмосферасындағы сондай заттардан күрделі қосылыстар пайда болады.
Таяу жылдарда (1951-1957ж.ж. американдық химик С. Миллер экспериментальды
түрде аммиактан, метаннан, су буынан және сутегінен амин қышқылдарын қолдан
синтездеп алуға болатындығын дәлелдеді.Бұл тәжірибе жасалу жағдайы біздің
планетамыз жаралғаннан кейін жер бетінде болған жағдайға ұқсас. Миллер
аталған заттарды электр разрядтарымен әсер ететін аппаратқа орналастырды.
Осы аппараттың бір бөлімінде бу айналыста (циркуляция) болады. Тәжірибенің
соңында әрекеттескен қоспадан белокта болатын глицин, аланини, аспарагин,
глутамин қышқылдары тәрізді амин қышқылдары алынды. Миллер осы тәжірибенің
нәтижесіне сүйеніп Жердің алғашқы атмосферасында электр разряды мен
ультракүлгін сәуленің әсерімен осындай амин қышқылдары синтезделген болуы
мүмкін деген қорытынды жасады. Мұнан кейінгі жылдары бірқатар ғалымдардың
жасаған тәжірибелері Миллердің қорытындысын бекітті. Ультракүлгін
сәулелерді, электр разрядтарын және әр түрлі сәулелерді қолданып, амин
қышқылдарын ғана емес, басқа да биохимиялық бағалы заттарды, соның бірі
нуклеотидтердің азоттық негіздерін қолдан синтездеуге болатындығы
дәлелденді.
Үшінші дәуір – белокты денелердің түзілуі. Опариннің теориясы бойынша
белокты денелердің түзілу жолындағы келесі қадам – коацерват тамшысының
түзілуі, яғни екі түрлі белокты ерітінділерді араластырғанда тұнба беретін
микроскоптық тамшының түзілуі. Әдетте, белоктар суда жақсы еріп, мөлдір
ерітінді түзеді. Ерітіндінің мөлдірлігі белок молекулаларының бүкіл
еріткіштің ішіне біркелкі тарап кетуіне байланысты. Ал, егер екі түрлі
белокты, мысалы желатыин мен альбуминді араластырсақ, ертінді лайланып
кетеді. Осындай лайланған ерітіндіні микроскоппен қарайтын болсақ, онда өз
алдына бөлініп суда қалқып жүрген тамшыларды көреміз.
3.Коацерват тамшылары белокты заттарды жай араластырғанда пайда
болатындығы, алғашқы мұхит суында еріп жүрген қарапайым белок заттарынан,
алғашқы мұхит суында еріп жүрген қарапайым белок заттарынан, ерте ме, кеш
пе, коацерват тамшылары пайда болатындығын көрсетеді. Ол тамшыларынан
динамикалық тұрақтылығы түрліше болды. Біреулері аз өмір сүріп, ыдырап
кетті. Екіншілері өсіп, белгілі мөлшерге жетіп бөлініп жаңа тамшылардың
бастамасы болды. Сөйтіп академик Опариннің айтуынша, одан былай өмір сүру
правосын динамикалық тұрақты формалар ғана алды.
Осыдан анорганикалық табиғатта болмаған биологиялық сипатта жаңа заңдылық –
концерватция тамшыларының табиғи сұрыптауы пайда болды. 
Бақылау сұрақтары
1.С.Миллердің, С.Фокстың, Д.Оронның т.б. зерттеу жұмыстары?
2.Биохимиялық эволюцияның кезеңдері.?2.Тіршілік – материя қозғалысының
ерекше формасы. ?
Өсімдіктер және жануарлар эволюциясының негізгі ерекшеліктері мен
кезеңдері?
Лекция №10
Тақырыбы: Микроэволюция ілімі
Жоспары:
1.Микроэволюция ұғымы. 
2.Микроэволюция ілімінің қалыптасуы, оның зерттейтін мәселелері және
әдістері эволюция ілімінің дамытудағы маңызы.
3.Тұқым қуалайтын өзгергіштік – эволюцияның элементарлы материалы
Лекция мәтіні:
1.Дарвин құрған түрлердің шығу тегі туралы теорияның негізінде мынадай
принципиалды маңызды жағдайлар жатыр:
1.Түрдің филогениялық өзгеруі әрқашан орта жағдайлардың өзгерісіне
байланысты туады.
2.Жаңа түрдің түзілуі түр ішіндегі жаңа формалардың қалыптасуынан
басталады. Дарвин бұларды түршелер деп атады.
3.Табиғи сұрыптау нәтижесінде жаңа органикалық формалар өзгерген
жағдайларға бейімделіп отырады.
4.Жаңа түрлердің пайда болуы — ұзақ тарихи процесс.
5.Филогенездің негізгі бағыты дивергенция болып табылады,алайда
конвергенциялық формалар да пайда болуы мүмкін.
6.Жануарлар мен өсімдіктердің әрбір тобы әрқашан бар негізден (шығу тегі
монофилиялы) шығады.
Дарвиннің түрлердің шығу тегі туралы теория құрғанына жүз жылдан артық
уақыт өтті. Бұл осы уақыттың ішінде органикалық дүниені танудың күшті
құралына айналды. Биологиялық пәндердің бүкіл даму жолы бұл теорияның
негізгі жағдайларының дүрыстығын дәлелдеді. Жаңа ашылған фактылар бұл
теорияны байытып және әрі қарай дамытып келеді. Бүл жөнінде дивергенция
процесінің бастапқы және ақырғы фазаларын айқындайтын жаңа зерттеулердің
ерекше маңызыбар.Қазіргі кездегі популяциялық экология микроэволюциялық
процестің мәнісін түсіндіруде көп жаңалықтар ендіріп отыр. Микроэволюция
дегеніміз -популяциялардың ішікіде жүретін және түрдін, әр түрлі дәрежедегі
түр ішіндегі топтарға бөлінуіне себеп болатын эволюциялық процесс. Басқаша
айтқанда, микроэволюция популяция дәрежесінде жүретін процесс.
2.Экологтар мен генетиктер жаңа түрлердің түзілуі микроэволюциялық
процестен басталады деген бір пікірге келіп отыр. Бұл процесс популяцияньң
ерекшелігіне және құбылмалы ортаның қасиеттеріне байланысты көптеген
себептердің әсерімен жеке по-пуляциялардың ішінде жүреді.
Түр қүрылымы оның популяцияларындағы биологиялық процестердің күрделігіне
дәлел екендігі бізге мәлім. Ықшам популяциядан бастап барлық популяциялар
күрделі тіршілікте болады. Бұл күрделілік бірсыпыра жағдайлармен:
1) популяцияның қүрылымы мен әр жылдағы, маусымдағы өзгергіштігіне, 2)
популяцияның генетикалық ерекшеліктеріне, 3) сыртқы ортаның әсеріне және 4)
сыртқы жағдайларлың өзгерісіне популяцияның реакциясына қарап анықталады. 
Популяциялар эволюцияның қозғаушы үш фактор:Тұқым қуалаушылық, өзгергіштік
және сұрыптаудың өзара әреккетін негізінде тіршілік жағдайларынан әсерімен
қалыптасады. Олардың құрылуы түрді мекенің нақты жағдайларына лайықтаудың
қалыптастыру процестері мен олардың өскелен дамуы микрэволюция құрайды.
3.Т ұ қ ы м қуалайтын өзгергіштікке организмде пайда болғаннан кейін оның
келесі ұрпақтарында сақталып отыратын және жыныстық жолмен көбейгенде
сақталып отыратын қасиеттер жатады. Өсімдіктердің немесе жануарлардың бір
түрлерінен белгілі бір орталыққа генетикалық бейімделген особьтар топтарын
бөліп алып көрсетуге болады. Өсімдіктерде сондай топтардың болатынын
бірінші байқаған Г. Турессон, ол түр ішіндегі сондай экологиялық формаларды
э к о т и п деп атауды ұсынды. Бұл автордың ұғымында, экотиптерге тән сипат
олардың әрқайсы белгілі экологиялық жағдайларда өмір сүреді және оның өзіне
тән. 
Сөйтіп, мұнда түқым қуалайтын экологиялық өзгергіштік болатыны байқалады.
Бұған Турессон сипаттаған Оңтүстік Швециядағы шатырша ястребинка мысал
болады. Өсімдіктің бұл түрі теңіздің құмды жағалауларында өседі, оның
жіңішке, бетін түк басқан жапырағы, ұзын төселмелі өркендері болады. Құзды
жағалауларда басқа формасы өседі. Бүл келте өркенді, жалпақ тегіс бетті,
түксіз жапырақты болады. Үшінші формасы Швецияның орталық аймағынан алынып
сипатталды, ол биік тік сабақты, жапырақ пішіні де өзгеше, кеш гүлдейді.
Тұқым қуалайтын езгергіштіктерден өзгеше, тұқым қуаламайтын өзгергіштіктер
модификация немесе флюктуация деп аталады. Бұл организмнің онтогенез
процесінде сыртқы орта жағдайларының әсерімен пайда болады және жынысты
жолмен көбейгенде ондай өзгерістер келесі ұрпақтарына берілмейді. Осындай
модификациялар болатындығын қарапайым тәжірибемен-ақ дәлелдеуге болады. Осы
мақсатта
өсімдіктердің вегетативтік жолмен көбею қабілеті пайдаланылады. Сондай
қабілетті өсімдік бірнешеге бөлініп, түқым қуалау қасиеттері бірдей бір топ
индивидуум алынады. Бір особьтан вегетативті жолмен алынған ұрпақтардың
бүкіл тобы клон делінеді. Бір клонның особьтарын әр түрлі орта жағдайларына
орналастырып, олар түрліше экологиялық факторлардың талқысына түсіріледі.
Калифорнияда Дж. Клаузеннің жүргізген осындай тәжірибесі ойпат жерден альп
шалғындықтарына апарылып өсірілген өсімдіктің өзгеретінін көрсетті, ал оны
тау етегіндегі алқапқа қайта апарып өсіргенде, оның бастапқы қасиеттері
қайтадан өз қалпына келді.
Жеке өзгергіштік дегеніміз — бір жұп ата-ананың ұрпағындағы немесе тұтас
бір популяциядағы жеке индивидумдарда, басқа особьтарға ұқсастығы жоқ
әрқайсының өзіне ғана тән қандай да бір белгілерінің болуы. Бір туысқан
ұрпақтағы барлық особьтарды бір-бірімен салыстырғанда немесе бір жерде
мекендеуші бір топ особьтарды бір-бірімен салыстырып қарап шыкқанда аталған
жеке өзгергіштік оңай-ақ байқалады. Мысалы, бір жерден еркек бүғы қоңыздың
бір тобын алып өзара салыстырсақ, олардың денесінің үлкендігі бірдей емес
екендігін көреміз. Басқа насекомдардың реңі өте өзгергіш келеді. Бүған сары
қоңыз мысал болады. Мүның металл тәрізді жалтырауық түсі әр особінде әр
түрлі реңді болып келеді: жасыл, сарғылт-жасыл, күрең-қызыл, кейде күңгірт-
күлгін, көк, тіпті қарасы да болады.

Қалыпты реңді ұялас қасқырлардың арасында мүлдем қара түсті қасқыр
кездеседі. Көртышқандардың арасынан боз реңді индивидуумдар кездеседі. Бір
жерде өсірілген бір сортты бидайдың пісіп жетілген масақтарын
салыстырғанда, олардың ұзындығы, ондағы дәнектерінің саны, реңі және басқа
белгілері әрқайсында әр түрлі болып шығады.
Бақылау сұрақтары
1.Микроэволюция ұғымы?
2.Микроэволюция ілімі?
3. Эволюцияның зерттейтін мәселелері?
Лекция №11
Тақырыбы: Популяция – эволюцияның элементарлы құрылым
Жоспары:
1.Популяция ұғымы және критерилері
2.Популяцияның түрлері (клональды және панмиксиялық.).
3.Популяцияның генетикалық құрылымының әртүрлілігі – эволюциялық
өзгерістердің алғы шарты
Лекция мәтіні:
1.Түр өз ареалының көлеміндегі территорияны тұтас иемденбейді, тек өзінің
тіршілігіне қолайлы белгілі участоктарды ғана жайлайды. Мысалы,
жануарлардың ағаш өсімдіктеріне байланысты түрлері өз ареалы көлеміндегі
орман участкаларын ғана, ал шалғындық түрлер шалғындық ассоциацияларын ғана
мекен етеді. Осыған байланысты түрдің особьтары өз аймағының көлемінде
бытырап тарап кетеді. Жеке территориялық топтар — популяциялар пайда
болады.
Популяция деген терминді 1903 жылы генетикаға бірінші рет В. Иогансен
енгізді. Ол мұны генетика жөнінен әртекті особьтар тобын белгілеу үшін
пайдаланды. Қейінірек бұл терминнің бастапқы мағынасы өзгертіліп,
экологияда кең пайдаланылды. Қазіргі кезде популяция — нақтылы территорияға
байланысты, бір түрдің табиғи кеңістік о с о б ь т а р ы н ы ң тобы м а ғ ы
н а с ы н д а ұғылады. Популяция әр түрлі дәрежеде болуы мүмкін. Бұған
дейін қандай да бір жанжағы шектелген ықшам территорияда, мысалы, белгілі
бір орманда мекендеуші ж е р г і л і к т і немесе ықшам популяция туралы
сөзқылдық.. Бұдан басқа, экологиялық және географиялық популяциялар болады.
Экологиялық популяция дегеніміз — экология жөнінен біркелкі жағдайлы
участоктармен байланысты жергілікті популяциялардың жиынтығы. Мысалы, бір
түрдің особьтары шыршалы ормандарда да, сондай-ақ қарағайлы ормандарда да
мекендейді. Мұнда біз екі экологиялық популяция — шыршалық және қарағайлык
популяция бар деп айта аламыз.
Географиялық популяция белгілі географиялық шектерде кездесетін
жергіліктіықшам популяциялардың жиынтығын көрсету үшін кең мағынада
қолданылады. Демек географиялық популяция экологиялық популяцияларға
бөлінеді, ал бұлардың өзі ықшам (жергілікті) популяцияларға бөлінеді.
Сөйтіп бір-біріне туынды әр түрлі дәрежедегі популяциялардың сатылары пайда
болады.
2.Панмиксиялық популяцияларда келесі ұрпақтың тұқым қууалаушылық құрылымын
ұрықтану кезінде әртүрлі гаметалардың сан алуан үйлесулері есебінен саны
ата-аналардың берілген гаметалардың түрлі типтердің жилігіне байланысты.
Мұндай популяциялардың генетикасын зерттеу жолдарының бірі ондағы жеке
гетерозиготалы өкілдердің таралу жилігін сипатын анықтау болып табылады.
Линнейден бастап алғашқы систематиктер бір түрдің ареалындағы соған қарасты
особьтардың бәрінің сыртқы және ішкі кұрылыстары ұқсас, бұл жөнінде оларда
елеусіз айырмашылықтар ғана болуы мүмкін деп санаған болатын. Қазіргі кезде
бұл жағдайды аздаған түрлерге ғана қолдануға болатындығы белгілі болып
отыр. Осындай морфологиялық белгілері жөнінен болар-болмас айырмашылығы бар
географиялық популяциялардан тұратын түрлер монотипті түр делінеді. Әдетте
мұндай түрлердің ареалы тар және оның барлық жеріндегі тіршілік жағдайы
біршама ұқсас болып келеді. Буған шегірткелердің туысына қарасты биік
таулық түрлері мысал болады, бұлардың ареалдары Орта Азияның биік тау
жоталарымен шектелген. Жануарлар мен өсімдік түрлерінің көбісі раса деп
аталатын үлкен топтарға бөлінеді, расаларға басқа түрлердегі
популяциялардан морфологиясы жөнінен жақсы ажыратылатын сол түрдің
географиялық немесе экологиялық популяцияларының топтары енеді. Расаларға
жіктелетін осындай түрлер п о л и т и п т і к түр делінеді. Политиптік
түрден бөлінетін расалар үш бейнеде болуы мумкін: 1) түр тармағы, 2) экотип
және 3) биологиялық раса.
Түр тармағы, немесе географиялық раса дегеніміз — географиялық орны оқшау
және т ұ р а қ т ы , морфологиялық белгілері жөнінен ажыратын географиялық
популяциялардыңжиынт ы ғ ы. Бұл анықтамадан әрбір түр тармағына тән нақтылы
морфологиялық белгілері және ареалы болатындығы көрінеді. Сонымен қатар бір
түрге қарасты түр тармақтарының араласқан жерлерінде әрқашан аралық
формалар кездеседі. Табиғаттағы түр тармақтары әр уақытта өз ара шағылысып,
өсімтал ұрпақ беріп отырады, демек, бұлардың араларында физиологиялық және
генетикалық окшаулық жоқ.
3.Популяциялардың биологиялық формаларын жасына, жынысына (еркек, ұрғашы,
гермафродит, партеногенездік особьтар) қарап, сондай-ақ функциялық, фазалық
және маусымдық формалар түрінде көрсетуге болады. Жануарлардың әр түрлі
топтарында биологиялық формалардың пайда болуының түрліше жолының мысалдары
жоғарыдағы түр ішіндегі қарым-қатынастарды талдауда берілген.
Популяцияда генетикалық топтардың болуы түрдің көбею сипатына байланысты.
Жыныстық жолмен көбейетін түрлердің популяциялары биотиптерге бөлінеді. Б и
о т и п дегеніміз генотипі бірдей особьтардын, тобы. Популяциядағы
биотиптер саны неғұрлым кеп болса, соғүрлым онда полиморфизм айқын
керіністі болады, себебі айқаспалы ұрықтанатын особьтардың будандары
гетерозиготты болып келеді. 
Өзін-өзі ұрықтандыратын формалардағы популяция да әр түрлі биотиптерден
құралады, бірақ мұның қүрамындағы организмдер гомозиготты болады; бұлар тек
бір түрлі гаметалар түзеді. Сондықтан өздігінен тозаңданатын өсімдіктердің
популяциясын-да таза линиялар дамиды. Бүл терминді генетикаға енгізген В.
Иогансен. Бір гомозиготты особьтан ербіген, үдайы өздігінен тозаңданатын
индивидуумдардың жиынтығы таза линия делінеді.
Бұршақ, бидай, арпа, сұлы сияқты өздігінен тозаңданатын өсімдіктерді
зерттеу, бұл түрлердің көбі таза линиялардан тұратындығын көрсетті.
Бұлардың сыртқы белгілері үқсас болуы мүм-кін, бірақ физиологиялық
қасиеттерінде (ерте пісетін, қысқа тө-зімділік, ауруға шалдықпаушылық т. с.
с.) айырмашылықтар
болады.
Бақылау сұрақтары
1.Популяция ұғымы және критерилері?
2.Популяцияның түрлері (клональды және панмиксиялық.).?
3.Популяцияның генетикалық құрылымының әртүрлілігі – эволюциялық
өзгерістердің алғы шарты?
Лекция№ 12
Тақырыбы: Популяцияның генетикалық құрылымының өзгеруі – эволюцияның
элементарлы құбылысы
Жоспары:
1.Эволюцияның элементарлы құбылысы жайлы түсінік.
2.Популяциялардағы генетикалық-анатомиялық процестер (гендердің дрейфі).
3.Популяцияның генофондын өзгертудегі олардың ролі.
Лекция мәтіні:
1.Жаңа биологияның жауапты міндетінің бірі популяциялар мен түрдің
эволюциясын саналы түрде басқарып қажетке қарай бағыттау болып
табылады.Түрлер мен популяцияның эволюциясы табиғаттың заңдылықтарына
байланысты ол жануарлар өсімдіктер, микроорганизмдер мен вирустар да адам
сана сезіміне басқарылып бағытталуы тиіс. Эволюция мен селекция өте күрделі
факторлардың жиын тығына негізделген, олардың ішінде ең бастылары: табиғи
және қолдан сұрыптау, ортаның әсеріне немесе адамның мақсатына сәйкес,
топтардың генетикалық жүйелігі, өзгереді. Мал тұқымын асылдандыру, одан
алынған өнімді арттыру үшін тек жеке өкілдердің ғана емес топтың бүкіл
тұқымының генетипінің жүйесін білу. Популяция дегеніміз-Н.В.Тимофеев
Ресовскийдің анықтауы бойынша өмір сүретін ортақ мекені бар, сол жердің
жағдайын бейімделген, туыстас жиынтықтардан оқшауланған және өзара шағылыса
алатын бір түрге енетін организдердің жиынтығын айтады. Мысалы: Колгуев
аралындағы бұғылар қиыр солтүстік материктегі бұғылардан теңізбен бөлінген.
Осының нәтижесінде Колгуев бұғыларының ерекше популяциясы пайда болды.Олар
осы түрдің қалған бұғыларымен салыстырғанда генотипі де, фенотипіде өзгеше
ірі және өмір сүруі жоғары. Популяция ретінде “Таза күйінде” өсірілетін
ауыл шаруашылық малдарынырң тұқымын келтіруге болады. Егер бір шаруашылықта
малдың екі түрлі тұқымын бір-бірінен шағылыстырмай жекк, өсірсе ондай екі
тұқымдағы малдың екі популяцияға жатады. Мал шаруашылығында жеке тобындағы
малдар, тұқым және туыстары да жатады. Оған басқа жерден әкелінбейді,
популяцияда жұп таңдау өз ішінде жүреді.Әрбір популяция өзінің белгілі
генофонымен яғни құрамын кіретін ген аллельдерінің жиынтығын сипаталады.

Популяцияның құрылымын генетикалық және статистикалық әдістер мен зерттеуді
алғаш рет 1903 жылы В.Иоганнсен қолданды. Тұқымның көлеміне қарап үрме
бұршаққа сұрыптау жасалған Иогансен олардың ұрпақтарының серілген тұқым
көлеміне қарай ауытқылырын бақылады. Атап айтқанда егер ірі тұқым себілсе,
ірі кішкене тұқым себілсе ұрпақтарының көлемі кішірейеді.
2.Табиғи мутация процесстің және сұрыптаудың нәтижесінде әр популяция өзіне
тән нәсілдік қасиеттінің хромосома құрылымымен сипатталады. Осы тұқым
қуатын бірліктерін (гендердің) популяциядағы жиынтығын А.С.Сереборский
генофонд деп атады. Малдың әрбір тұқымы басқа тұқымдардан ең басты генафонд
арқылы ерекшеленеді. Әр тұқымның өнім дәрежелері, сыртқы пішіні,
физиологиялық ерекшеліктері және анатомиялық құрылысы осы гендер
жиынтығымен анықталады. Егер тұқымның генофонында бағалы нәсілдік бастама
болмаса, немесе құнды гендер шоғыры өте аз болса, онда бұл тұқымда қажетті
бағытта жетілдіру өте қиынға соғады. Мыс: сүттілігі сыртқы пішіні және
салмағы өте жақсы ала тұқымды сиырлардың сүтті өте сүйық жоғары майлығы
сирек болады. Ал осы белгі бойынша тұқымды жақсарту үшін сүт майлығы жоғары
басқа тұқыммен шалыстыру қажет. Бұл жұмыс зоотехникті көп ойландырады,
себебі жаңа тұқым шығару үшін қажетті бастапқы материалды дұрыс алу қажет.
Популяциядағы генетикалық бейімдеушілік пен генетикалық гемостаз.
3.Популяциядағы кез келген малдың генотипіне байланыссыз шағылысатын,
популяцияларды еркін өсіп өнетін деп аталады. Мұндай популяциялар табиғатта
жиі кездеседі. Оларды мал шаруашылығында да кездестіруге де болады. Әсіресе
аталық пен аналық арнайы жұпталмай, мал тұқымын асылдандыруға көңіл
бөлінбейтін шаруашылықтар,панмикциялық популяцияда келесі ұрпақтың тұқым
қуышылық құрылымы ұрықтану кезінде әртүрлі гаметалардың сан алуан
үйлесулері есебінен пайда болатындықтан белгілі бір генотип иелерінің саны
ата-аналарынан берілген гаметалардың түрлі типтерінің жилігіне байланысты
анықталып отырады. Мұндай популяцияның генетикасын зерттеу жолдарының бірі
ондағы жеке гендер борйынша гомозиготалы және гетерозиготалы өкілдерінің
таралу жилігінің сипатын табу болып табылды.

1908 жылы Г.Харди мен В.Вайнберг бір-біріне тәуелсіз еркін өсіп өнетін
популяцияда генотиптердің таралуын көрсететін формуланы ұсынды.Оны Харди
Вайнберг формуласы деп атады.Бұл формуладан еркін өсіп өнетін популяция,
егер ондамешқандай сұрыптау жүрмесе, тепе –теңдікте болады. Яғни ұрпақтан-
ұрпаққа өзгермейді және генотиптердің белгілі бір қатынасы болады деген
қағида шығады.

Р+q=1

Популяцияларда тұқым қуатын өзгергіштік ең алдымен гетерозиготалы күйдегі
мутациялардың болуы олардың генетикалық құрылымын өзгерту жаңа ортаның
тшартына жылдам бейімделуді қамтамасыз етеді. Көбейген кезде өзін ұдайы
өндіріп отыратын әртүрлі формулалардың болып тұруы популяцияның генетикалық
полиморфизмін туғызды. Ал полиморфизмді популяцияның өмір сүруін қолдайтын
механизм. Популяцияда гетерозиготалар есебінің генотиптік және фенотиптік
айырмашылығы бар, өкілдердің белгілі бір ара –қатынаста ұрпақтан-ұрпаққа
өндіріліп отыруын отыруын теңескен полиморфизм деп атайды. Популяцияның
өзінің генетикалық құрылымын сақтап қалуын қамтамасыз ететін процесті
генетикалық гемостаз деп атайды.
Ұрпақтардың генотипі мен фенотипіне әсер ету жағынан жалпы шағылысу туыстас
шағылысуға қарама-қарсы болады.
Туыстас емес шағылысу аутбридинг деп аталады. Жануарлармен өсімдіктер
селекциясында түр аралық немесе алшақ будандастыру арқылы алынған аралық
будандар қуатылығын гетерозис деп атайды. Гетерозис және инбриндиктен
болған депрессияның негізінде жатқан себептерінің кейбіреулері анықталған
олардың бастыларына тоқталып кетейік .
1.Бірсыпыра гендердің плейтроптық әрекеті бар, яғни бірген бір мезгілде
бірнеше белгігі әсер етеді. Біріне дұрыс әсер, онда организмнің тірлігі
артады, біріне бұрыс әер етіп организмнің өмір сүру қабілетін артырады.
2. Бір қатар ғалымдар гетерозисті болса, доминанты гендердің көп саным ен
анықталады деген пікір айтады доминанты гендер белгінің дамуын күшейтеді,
ал рецессивті аллельдер оған әсер етпейді қайта ол белгілердің дамуын
нашарлатады мұндай аллельдердің доминантылығы және рецесситлігі табиғи
сұрыптаудың әрекетінен болады. Табиғи сұрыптаудың ықпалымен генотиптік орта
құрылады да белгінің дамуына жақсы әсер ететін аллельдер доминанты болады.
3.Дамуды күшейтетін кейбір доминанты гендер аддитивтік әрекет аңғартады
шағылыстыру арқылы ұрпаққа олардың шоғырлануы белгілерге қосылып әсер етіп
соның салдарынан, ұрпақтың ата-аналарының салыстырғанда күштірек даму
процессін артырады.
4. Гетерезистің дамуын асыра доминантылық көрсетуі мүмкін. 
Бақылау сұрақтары
1.Эволюцияның элементарлы құбылысы жайлы түсінік.?
2.Популяциялардағы генетика?
3.Популяцияның генофондын өзгертудегі олардың ролі?
Лекция № 13
Тақырыбы: Эволюцияның элементарлы факторлары
Жоспары:
1.Элементарлы факторлар туралы түсінік.
2.Мутация процесін эволюцияның элементарлы факторлары ретінде талдау.
3.Генетикалық камбинаторика және оның эволюциядағы ролі 
4.Популяция толқынының типтері және олардың эволюциядағы ролі
Лекция мәтіні:
1.Дарвин негізін қалаған эвлюциялық теорияның негізгі қағидалары күні
бүгінге дейін маңызын жойған жоқ, қайта жаңадан қолдау тауып
дамытылуда.Мутатциялар мен комбинациялар өзгергіштері туралы ілімді терең
талдап олардың пайда болуы механизмдері зерттелуде.Табиғи сұрыпталу әсеріне
экспериментті жолмен зерттеулер жүргізілуде. Эволюцияның жаңа факторлары
айқындала түсуде, олардың қатарына популяциялық толқындар немесе тіршілік
толқындарын жатқызуға болады.
2.Табиғи популяциялар мөлшері үнемі ауытқып тұрады: популяциядағы особьтар
саны бірде кеміп бірде артумен болады.Бұл процестер бір-біріне азды-көпті
ретпен алмастыра алады,сондықтан оларды тіршілік толқыны немесе
популяциялық толқын деп атайды. Олар бір жағдайларда жыл маусымдарына
байланысты болады. Енді бір жағдайларында толқындар едәуір ұзақ мерзімінен
соң байқалып климат жағдайларының немесе азық молшылығының ауытқуына
байланысты болып шығады. Кейде популяциялар мөлшерінің өзгеруінен ормандағы
өрт, су тасқыны, өте қатты аяз немесе қуаңшылық себепші болып табылады. 
3.Бұл толқындар популяциядағы сирек кездесетін гендер мен генотиптер
концентрациясын мүлде кездейсоқ және шұғыл өзгертеді.Толқындар бәсеңсіген
кезеңде бір қыдыру гендер мен генотиптер толық жойылып кетуі мүмкін, ол
кездесоқ және оларды биологиялық құндылығына тәуелсіз жүзеге асырады.Ал
басқалары да кездейсоқ қалып қояды сөйтіп популяцияның мөлшері жаңадан
артқан кезде өзінің концентрациясы да шұғыл көтеріледі. Мутациялық процесс
тәрізді популяциялық толқындар да кездейсоқ бағытсыз тұқым қуалайтын
материалды тірілшілік үшін күрес пен табиғи сұрыпталуға жүргізіп береді.
4.Оқшаулану да, яғни особьтардың еркін будандасуына түрлі-түрлі
кедергілердің пайда болуы эволюциялық факторларға жатады.Ол бір түрдің
саналуан популяцияларының гендік құамында маңызды айырмашылықтар пайда
болуына яғни популяциялардың үсті -үстіне оқшаулана түсуіне жеткізеді.
Қарастырылған факторлардың барлығы да эволюциялық процесті белгелі бір
жаққа бағыттай алмады. Олар популяциялардағы әртүрлі генотиптердің
концентрациясын арттырады немесе кемітеді, сөйтіп табиғи сүрыпталудың
тиімділігне әсерін тигізеді. Табиғи сұрыпталу бірден-бір бағыттаушы маңызы
бар эволюциялық фактор болып табылады, өйткені ол нақтылы жағдайларына
байланысты жүретіндіктен, түрлердің тіршілікке бейімдейді.Табиғи
сұрыпталудан жаңа популяциялар, сондай-ақ одан әрі түр тармақтары мен түлер
пайда болады.
Бақылау сұрақтары
1.Элементарлы факторлар туралы түсінік?
2.Мутация процесін эволюцияның элементарлы факторлары ретінде талдау.?

3.Генетикалық камбинаторика және оның эволюциядағы ролі ?
4.Популяция толқынының типтері және олардың эволюциядағы ролі?
Лекция №14
Тақырыбы:Табиғи сұрыптау – эволюцияның қозғаушы және бағыттаушы факторлары
Жоспары:
1.Табиғи сұрыптау ұғымы, табиғи сұрыпталудың алғы шарты - особьтардың
гетерогенділігі
2.Биогеоценоз – тіршілік үшін күрес аймағы
3.Тіршілік үшін күрестің және элиминацияның формалар
Лекция мәтіні:
1.Табиғи сұрыпталудың творчествалық ролі.Адам көзіне мүлде шалына бермейтін
организмдердің ерекшеліктері табиғи сұрыпталуға ұшырайды. Тіршілік үшін
күресте аз болса да маңызы бар кез-келген тұқым қуалайтын өзгеріс табиғи
сұрыпталуға ілігеді. Демек, табиғи сүрыпталу популяцияға түрге пайдалы
тұқым қуалайтын өзгерістерді толық сақтап жинақтап ортаға басқалардан
дажаңа жақсы жетіген және ұрпақ қалдыра алатын особьтар жасау арқылы әсер
етеді. Мұндай особьтартіршілік үшін күресте сирегірек иөледі.
Табиғи сұрыпдалу баяу әсер етеді және кез-келген жастағы особьтардың екі
жынысына да таралады.
Табиғатта табмғи сұрыпталу творчествалық роль атқарады:бағытсыз
тұқымқуалайтын өзгерістерден дәл осы жағдайларда өмір сүруге әлде
қайдажетілдірілген жаңа особьтоптарын түзе алатыны ғана сұрыпталады.
Табиғи сұрыпдалу-эволюциялвқ процестің негізін қозғаушы күші.Ол
популяциялар санын көбейтіп гендік құрамының алуан түрлілігін арттыруға
жеткізетін түрдің кең таралып орналасуы кезінде ойдағыдай өтеді.Мұпдай
жағдайларда сұрыпталу мүмкіндіктеріөрістей түседі.Табиғи сұрыпталудың
қарқындылығымен бағыты жылдың әр маусымында жыл сайын өзгеріп
отырады.Бұлособьтардың биологиясымен тіршілік жағдайларының ауытқуына
байланысты жүреді.
Қолдан сұрыптау мен табиғи сұрыпталу әсерлерін салыстыру.Тұқым қуалайтын
өзгергішті екі процеске де негіз болып,сұрыпталу,а материал жеткізіп
береді. Қолдан сұрыпталу мен табиғи сұрыпталу нәтижесінде жаңа формалар
жасалынады; Қолдан сұрыпталу кезінде-тұқымдармен сорттар,ал,
табиғисұрыпталу кезінде түрлерпайда болады.Бұлекі процестердің арасында
айтарлықтай айырмашылықтар бар.Адам қолдан сұрыпталу кезінде особьтары
байқалған белгілері бойынша іріктелгенособьтардың организм үшін тіпті
зиянды болуы мүмкін.Мәселен шошқалар мен мсүтті сиырлардың ең жақсы
тұқымдары адам қамқорлық жасмаған болса, табиғатта өмір сүрмеген де болар
еді. Табиғи сұрыпталудың кезінде айналадағы ортажағдайлары сұыптаушы фактор
болып табылады.Осыған орай табиғи сұрыпталу тек популяциялар мен түрдің
толықпайдасы үшін ғана әсер етеді.
Адамның қажітіне және бегілеген мақсатына бейімделген үй хайуанаттарының
тұқымдары мен мәдени өсімдіктердің сорттары қолдан сұрыпталу нәтижасінде
пайда болады.
Адам егіншілікпен және хайуанаттарды қолға үйретумен шұғылданғаннан бері
қолдан сұрыпталу жүгізіліп келеді. Табиғи сұрыпталу органикалық дүниенің
бүкіл тарихы барысында жерде тіршілік пайда болғаннан бері жүруде . Табиғи
сұрыпталу мен қолдан сұрыпталу бір-бірімен тығыз байланысты: жануар
тұқымдары мен өсімдіктер сортарына қолдан сұыпталудан басқа табиғи
сұрыпталу да әсер етуде. 
2. Биогеоценоз – бұл жерде бетінің белгілі бір жеріндегі біркелкі табиғат
құбылыстарының (атмосфера, тау жынысы, өсімдік, жануарлар дүниесінің және
микроорганизмдер дүниесінің топырақ және гидрологиялық жағдайларының )
жиынтығы, мұны құраушы компоненттер өзара ерекше байланысты, оларға тән
өзара зат алмасу және энергия алмасу түрі болады және бұл табиғаттың басқа
құбылыстарымен де байланысты .Бұл жиынтық үнемі қозғалыстағы, дамудағы
диалектикалық бірліктің ішкі қарама-қарсылығы түрінде болады.
3. Тіршілік үшін күрес түсінігіне Дарвин организмнің қоршаған абиотикалық
та, биотикалық та факторлармен арақатынасын кіргізеді. Организмдер
арасындағы қатынасты түрішілік және түраралық деп бөлуге болады. Дарвин
тіршілік үшін күрестің айқындылығын табиғатты бағдарлап қана қоймай,
эксперимент арқылы да көрді және дәлелдеді. Мысалы, бір тәжірибесінде ол
өсімдіктер шыдамдылығының температураға байланыстылығын көрсетті.
Бұршақтардың 390 көшетінен кейін түнгім суықтан кейін 12-сі ғана тірі
қалғанын көрді. 4 күн өткеннен кейін қайта болған түнгі суықтан кейін ол
қалған 12-нен 3-еуі ғана аман қалды. 
Табиғатта пайдалы белгісі бар организмдердің тірі қалуы және ұрпақ қалдырып
өркендеу мүмкіндігі мол болады. Бұған керісінше, қандай да болса организмге
зиянды өзгеріс, оның тіршілігіне теріс ықпал етеді, ондай өзгерісті
особьтар ең алдымен құрып кетеді (элиминация) немесе өсіп-өне алмайды. 
Элиминация ортаның әртүрлі факторларына байланысты.Табиғатта мұндай процесс
болатынына бақылау фактылары дәлел болады. 
Бақылау сұрақтары
1.Табиғи сұрыптау ұғымы, табиғи сұрыпталудың алғы шарттары?
2.Биогеоценоз – тіршілік үшін күрес аймағы?
3.Тіршілік үшін күрестің және элиминацияның формалар?
Лекция №15
Тақырыбы: Табиғи сұраптаудың сандық сипаттамасы: сұрыптаудың коэффициенті,
тиімділігі, жылдамдығы
Жоспары:
1.Сұрыптау жылдамдығының популяциядағы особьтардың генетикалық
әртүрлілігіне байланыстылығы.
2.Сұрыптаудың қысымы және векторы жайлы ұғым. 
3.Сұрыптаудың зерттеу әдістері 
Лекция мәтіні:
1. В.И.Власовтың айтуынша табиғи сұрыптау онтогенездің барлық кезеңінде
гаметадан есейген организге дейін жүреді. Популяцияның генетикасын білу
түрлі генотиптердің селекциялық бағалығын анықтауға мүмкіндік береді.
Салыстырмалы топтардың бейімділік айырмашылығы С.М.Гершиновтың ұсынысы
бойынша сұрыптау коффиценті деп аталады Мыс: рецесивті ген бойынша
гомозиготалы болатын өкілдер гендері доминтаты организмдер беретін әрбір
100 ұрпақтың орнына 99 ұрпақ береді делік.Доминтаты гендері бар
организмдердің селекциялық бағалығын 100 деп алсақ, онда рецесивті
гомозиготалығы 0,99 болады, осы шамаларының айырмашылығы сұрыптаудың
коффеценттің S көрсетеді. Айтылып отырған жағдайда S=1.00-0.99=0.01 тең
зоотехникалық және ветерникалық генетикада сұрыптаудың маңызы зиянды
мутацияларды үт майлығы жоғары басқа, тұқыммен шалыстыру керек. Бұл жұмыс
зоотехникті көп ойландырып рецесивті түрлерін құртуда өте жоғары. Талдауға
қарағанда рецесивтік мутантты геннің жилігін сұрыптау арқылы жылдам
төмендетуге болады. Мыс:метальды генің шоғырлану 0,3 тең 0,2 –ге дейін
төмендету үшін екі ұрпақтын өмірі ғана керек. Әртүрлі популяциялардың
мутациялардың таралуы миграция арқылы жүру мүмкін. Мал шаруашылығында бұл
басқа жерлерден мемлекеттерден мал әкелу әсіресе аталық малдың немесе
олардың спермаларын әкеліп пайдалану мен байланысты. Түр популяциядан
қүұралады. Егер бір популяциялардың өкілдері басқа популяйияның өкілдерімен
мүлде немесе ішінар шағылыспайтын болса, онда мұндай популция оқшаулану
процесіне душар болады. Егер оқшаулану ұрпақтар тізбегінің көп қатарында
жүрсе сұрыптау факторлары әртүрлі популяцияларда неше түрлі бағыта құызмет
етіп популяциялардың жіктеуі болады. Кейінен мұндай популяциялар жаңа
түрлердің бастамас ын бюекру мүмкін.Түр ішінде популяциялардың оқшаулануы
географиялық, экологиялық және биологиялық факторлардың әсеінен болады.
Шағылысу еркіндігін бұзатын биологиялық факторлар қатарына генетикалық және
физологиялық факторлар жатады. Оқшауланудың генетикалық факторлары көбінесе
миграцияның қалыпты өтуін бұзады.Ол өсімталдығы жоғары болатын,ұрпақ алуына
кедергі кетіреді.Оның себептері ониплойда хромосомалық қайта құрулар, ядро,
цитоплазмалық сәйкес келу болады. Бұлардың әрқайсыс өкілдердің еркін
шағылусын шектеуге және будандардың бедеу болып қалуына, гендердің еркін
комбилациялауын тежеуге, яғни өз ішінде зсімталдығы жоғары болатын ұрпақ
бере алатын формалардың генетикалық оқшауландыруына әкеліп соғады. 
2. Сұрыптудың нәтижелігіне ортаның әсері.
Табиғи және қолдан сұрыптаулар тек қан фенотиппен жүргізіледі.Малдың
генотипін тұқымға ауытқалу үшін бағалағанда зоотехник фенотиппен жұмыс
істейді. 1-ден ата-бабаларынның,2-нен ұрпақұтарының фенотипімен . Қандай
организм болмасын фенотип генотиппен организмнің дамуында оған әсер ететін
ортаның ықпалымен құрылады.Организм фенотипінің түгелдей ерекшеліктері
ортаның әсеріне ұшыра бермейді мысалы: адамның және малдың қан топтары
белгілі қызмет атқаратын белок құрылысы гемоглабин, трансферон,
серулаплазмин т.с.генмен анықталады. Бұл ерекшеліктер өмір бойы өзгерісіз
болады. Малдың түсіне , жүнінің өзгеруі қоршаған ортаның әсері шшамалы.
Түрге тән ерекшеліктерқалыпты жағдайда тек қана генотипттік бақылау мен
жүргізіледі. Дегенмен белгілердің басым көпшілігі оның ішінде мал тұқымын
асылдандыратын зоотехниктер үшін қажеттер мысалы: сүт мөлшері майлығы
тауықтың жұмыртқасы, қойдың жүн өнімдері малдың т.с.с күрделі тұқым қуу
қасиеті барлар көбіне қоршаған ортаның ықпалына бағынышты. Генотип
организмнің қоршаған ортаның әсер ережесін анықтайды осының нәтижесінде
әртүрлі генотипті малдар бір-бірімен әжептәуір аайырмашылығы болуы мүмкін
яғни модификациялық өзгергіштік пайда болады.Оның әсерінен фенотипіне қарап
малдың тұқымдық бағасын анықтау кейде қиынға соғады бірақ мұндай қиындықтар
ортаның жағдайы нәсілдік қасиеттің ықтималдығын бүркеп қарама-қарсы
келгенде ғана туады. Мысалы: сүтті тұқымнан тараған сиырларды азықтандыру
нашар болса, онда олардың өнімі жабайы тұқымдарының сиырларындай ғана
онанда төмен болады. Себебі олардың өнім дәрежесі бұл жағдайда берілген
азыққа байланысты. Егер сол сиырлардан мол азықпен жақсы күтімге қойса,
онда тұқымнан алынған сиырлар өнімді әлде қайда артық береді. Сондықтан мал
тұқымын асылдандыру үшін оған өте жақсы жағдай жасау ең басты жұмыс болып
есептеледі.
3. Сұрыптаудың зерттеу әдістері мыналар -
1.Методикалық қолдан сұрыптау ерте кезден белгілі. Ертедегі гректер мен
римдіктер жылқы, ит және басқа жануарлардың таза қанды түрлерін өсіру үшін
малды асылдандыру жұмысына үлкен мән берген.
Методикалық сұрыптау әрқашан жаңа тұқымдар мен жаңа сорттар жасайтын
творчестволық процесс болып саналады. Осы әдісті қолдана отырып,
селекционер мүсінше сияқты, алдын ала ойлаған жоспары бойынша жаңа
органикалық формалар жасап шығарады. 
2.Санасыз сұрыптау әдісі – бұл селекциялық процестің өте ертедагі түрі.
Санасыз сұрыптаудың мәнісі – адам өсімдіктердегі жаңа сорттарын немесе
жануарлардың жаңа тұқымдарын шығарам деген ойсыз-ақ өзіне пайдалыларын
сақтап, нашарларын жойып жібереді. 




Лекция №17
Тақырыбы: Адаптациялардың пайда болуы табиғи сұрыптау әсерінің нәтижесі
Жоспары:
1.Адаптация ұғымы, классификациялары.
2.Қарапайым қорғану құрылымдары және олардың эволюция процесінде пайда
болу, жақсару жолдары.
3.Күрделі адаптациялар
Лекция мәтіні:
1.Бейімделгіштің түрі.Жануарлардың сыртқы және ішкі құрылысы,
инстениктері,мінез-қылықтарыолардың тіршілік жағдайларына
бейімделгіштігімен сипатталады.Бір ғана ортадағы әр түрлі жануарлардын
түрлі-түрлі бейімділік байқалады. Көртышқан топырақты аяқтарымен,алсоқырақ
жерастыжолды басының және қуатты күрек тісінің жәрдемімен жасайды.Түлен
ескек аяқтарымен, ал дельфинқұйрық қанаттары арқылыжүзеді.
Өсімдіктер әртүрлі бейімделулерарқылы айқас тозаңданады.Желайдар мен
көгілдір қамекгүлдің көтемгі нәзік өскіндері клетка шырынындағы
концентрациясы қант ерітіндісінәтижесінде нолден төмен температураға
төзеді.Ағаштармен бұталардың тырбық,жапырақтарының ұсақ болып, тамырларының
жер бетіне жақын орналасуы, көктеммен жазда өсімдіктердің тез дамуы –осының
барлығы тундра тіршілігіне бейімделушіліктен туған әрекет.
Көбею қарқынының түрлі-түрлі болуы түрдің, оның популяцияның сақталуына
маңызды бейімделу қызметін атқарады. Ұпағы жаппай түрлерде ұрпақ өте көп
болады.Ал ұрпағының қамқорлық жасау инстинкті дамыған түрлерде ұрпақ саны
оншакөп емес.Аталығы жасаған ұяға шаншар балық бар болғаны120-150 уылдырық
салады, ұрықтанған уылдырық пен шабақтарды аталық балық күзетеді.Треска 4
милионға дейін уылдырық шашады, бірақ ұрпағын қорғамайды.
2.Организмдерде бейімдеушіліктің пайда болуы.Дарвин теориясы бойынша
күрделі және көптүрлі бейімделудің қоршаған ортадағы нақтылы жағдайларға
сай пайда болуын материалистік тұрғыдан түсіндіреді.Жасыл жапырақтарда
тіршілік ететін кейбір популяциядағы жұлдыз құрттар денесінде бүркеніш
реңнің болып, бәлкім қарастырайық.Олардың ата тегі басқа реңді болып,
бәлкім жапырақтармен қоректенбеген де болар.Олар әлде бір жағдайдаң
әсерінен жасыл жапырақтарының қоректенуге мәжбүр болады делік.Мутациялардың
үнемі туындап тұруына байланысты бұл популяциядағы бунақденелердің реңі
біркелкі болмайд, сондықтан көптеген жұлдыз құрттардың арасында жапырақтар
реңінен нашар байқалатын жасылдау ренді особьтар кездеседі.Тіршілік үшін
күресте табиғи сұрыпталудың әсерінен жасылдау реңді особьтардың ұрпақтары
басымырақ өмір сүріп тірі қалады.Бұл процесс келесі ұрпақтарда да жалғаса
береді. Уақыт өткен сайын жұлдызқұрттар денесінің реңі барған сайын
айналадағы орта түсіне үйлесе түседі.
Мимикрияның туындауын да осылай түсіндіруге болады. Дене пішіні,реңі, мінез-
қылығы тұрғысынан қорғана алатын жануарлармен ұқсастығын азда болса күшейте
түсетін тұқым қуалауға ыңғайлы особьтар пайдалы өзгеістері жоқ особьтарға
қарағанда өмір сүріп ұрпақ қалдыруға мүмкіндік алады. Тіршілік үшін күрес
пен табиғи сұрыпталу әсерінен пайдалы өзгеріс ұрпақтан-ұрпаққа
күшейіп,жетіле береді де, қорғана алатын жануарлардың ұқсастық белгілері
жинақтала түсті.
Олардың әрбір бейімделумен бүкіл комплексі тіршілік үшін күреспроцесіндегі
тұқым қуалайтын өзгергіштік пен ұрпақ қатарындағы сұрыптау негізінен
қалыптасады. Организмдердің бейімделушілігі эволюциялық қозғаушы күшінің
дәл сол тіршілік ету жағдайларындағы әрекетінің нәтижесі болып табылады.
Даврин бейімдеушіліктің туындайтын Ламартың осы мәселесі мен пішіні
ұғынуынан мүлде басқаша түсіндірілді.Организмдерінің бірімен-бірінің өзара
бейімдеущілігін де, мысалы, жұмысшы балаларыныңтұмсығы тозаңдандыратын
өсімдік гүлінің құрылысына сәйкес келуін былай түсіндіруге болады:жұмысшы
балалар көбеймейді, ал балаларының аналықтары ұпақ таратқанымен де тозаң
жинақталмайтын болғандықтан, тұмсығын «жаттықтыра» алмайды. Организмдердің
тек пайдалы тұқым қуалайтын өзгерістерініңпайда болу жолымен ғана тікелей
бейімделу теориясы сайып келгенде әуел бастан мақсатқасай келу түсінігінен
туындайды. Оның эволюциялық қозғаушы күші туралы Давриннің идеалистік
сипаты ілімі негізінде ашуға болады.
Организмдердің бейімдеушіліктердің салыстырмалығы. Организмнің құрылысы
және атқаратын қызметінің мақсатқа сәйкестігіның тек сыртқы ортамен нақтылы
жанасу арақатынасынан ғана білінеді.Организмнің тірі қалуына кез келген
бейімдеушілік тек эволюциялық қозғаушы күш әсеріне қалаптасқан жағдайларда
ғана жәрдемдесе алады. Бірақ осы жағдайлардың өзінде де ол салыстырмалы
сипатта болады. Қысқы жайма шуақ ашық күні-ақ құр қардағы көлеңкесімен
көзге түседі. Ормандағы қардан байқалатын
Орқоян қошқыл түсті ағаш діңдерінен тез байқалады.
Бақылаулар нәтижесінде жануарларда инстикті көптеген жағдайларда
салыстырмалы тұрғыда ғана мақсатқа сәйкес болатынын көрсетеді. Түн
көбелектері өлетініне қарамастан отқа қарай ұшады. Олар негігінде түнде
жақсы байқалатын ашық түсті гүлдерден шірне жинайды,сондықтан олар инстинкт
бойынша орқа үрлейді.
Дене мүшесінің арнайы бір бағытта ғана қалыптасуынан организм жойылп
кетеді. Сұрқарлығаш қанаттары ұзын аяқтары өте қысқа болғандықтан, тегіс
жерден бірден ұшып көтеріле алмайды.Олтек бір нәрсенің жиегімен ғана
трамплин тәрізді тебініп барып ұшады.
Жануарлардың жеуіне бөгет боларлықтай өсімдіктердің бейімделуі де
салыстырмалы құбылыс. Тікенекті өсімдіктерге әдетте сиырлар жоламағанымен,
жантақты түйелер, ешкілер ашыққан ірі қаралар сүйсіне жейді.
Сан алуан түрлерге жататын организмдердің ,мысалы қынадағы
балдырларменсаңырауқұлақтардың бірлесіп тіршілік етуі-селбесудің де пайдасы
салыстырмалы ғана. Кейде саңырауқұлақ жіпшесі оның балдырлармен берлескен
тіршілігін бұзады. Организмдерде қажетсіз мүшелер мен белгілер
кездеседі.Мысалы жылқының қоламса сүйегі суға еш уақытта жоламайтын тау
қазының саусақтары арасындағы жарғағы, маймыл мен адамда үшінші қабықтың
сақталып қалуы. Міне,осылар және басқада көптеген фактілер бейімдеушіліктің
абсолютты емес, салыстырмалы екенін білдіреді.
3.Адаптация үлкен екі топқа бөлінеді:
1.Қарапайым қорғаныштық адаптация - 
а)бүркеніш рең;
ә)жасурушы рең;
б)сақтандырғыш рең;
с)қорғаныш рең;
Күрделі адаптациялардың мысалына тропикалық жерлерде тіршілік ететін
шыбынжегі өсімдігін келтіруге болады. Ол шыбын-шіркейлермен қоректенеді.
Қоректену аппараты күрделі дамыған. Қорегін ұстап қалу үшін арнайы
сұйықтығын бөліп, шыбын өсімдіктің гүліне қонғанда, жабысып қалады, күлте
жапырақшалары ине тәрізді болғандықтан шайнау қызметін атқарады. 
Бақылау сұрақтары
1.Адаптация ұғымы, классификациялары.?
2.Қарапайым қорғану құрылымдары және олардың эволюция процесінде пайда
болу, жақсару жолдары.?
3.Күрделі адаптациялар?

Лекция №18


Тақырыбы:Түр – эволюция процесінің негізгі дәуірі
Жоспары:
1.Түр концепциясының даму тарихы.
2.Типологиялық түр концепциясы
3.Номиналистік концепция
4.Түр ұғымы жайлы Ч.Дарвин түсінігі
1. Линнейден бастап алғашқы систематиктер бір түрдің ареалындағы соған
қарасты особьтардың бәрінің сыртқы және ішкі кұрылыстары ұқсас, бұл жөнінде
оларда елеусіз айырмашылықтар ғана болуы мүмкін деп санаған болатын.
Қазіргі кезде бұл жағдайды аздаған түрлерге ғана қолдануға болатындығы
белгілі болып отыр. Осындай морфологиялық белгілері жөнінен болар-болмас
айырмашылығы бар географиялық популяциялардан тұратын түрлер монотипті түр
делінеді. Әдетте мұндай түрлердің ареалы тар және оның барлық жеріндегі
тіршілік жағдайы біршама ұқсас болып келеді. Буған шегірткелердің туысына
қарасты биік таулық түрлері мысал болады, бұлардың ареалдары Орта Азияның
биік тау жоталарымен шектелген. Жануарлар мен өсімдік түрлерінің көбісі
раса деп аталатын үлкен топтарға бөлінеді, расаларға басқа түрлердегі
популяциялардан морфологиясы жөнінен жақсы ажыратылатын сол түрдің
географиялық немесе экологиялық популяцияларының топтары енеді. Расаларға
жіктелетін осындай түрлер п о л и т и п т і к түр делінеді. Политиптік
түрден бөлінетін расалар үш бейнеде болуы мумкін: 1) түр тармағы, 2) экотип
және 3) биологиялық раса.
2. Түр тармағы, немесе географиялық раса дегеніміз — географиялық орны
оқшау және т ұ р а қ т ы , морфологиялық белгілері жөнінен ажыратын
географиялық популяциялардыңжиынт ы ғ ы. Бұл анықтамадан әрбір түр
тармағына тән нақтылы морфологиялық белгілері және ареалы болатындығы
көрінеді. Сонымен қатар бір түрге қарасты түр тармақтарының араласқан
жерлерінде әрқашан аралық формалар кездеседі. Табиғаттағы түр тармақтары әр
уақытта өз ара шағылысып, өсімтал ұрпақ беріп отырады, демек, бұлардың
араларында физиологиялық және генетикалық оқшаулық жоқ.
Әдетте, ареалы көлемді түрлер көптеген түр тармақтарына бөлінеді. Мысалы
Совет Одағының территориясындағы кәдімгі тиіннің жиырма екі түр тармағы
бар.Толып жатқан популяциялар ішінен әрбір түр тармақ реңіне қарай
ажыратылады, оның көптеген даналарын салыстырғанда ғана айырмашылық айқын
көрінеді.
Сонымен қатар көршілес екі түр тармақтарының араларында әрқашан аралық
белгілері бар особьтар кездеседі.
3. Түрдің ареалы тұтасып жатқанжағдайда көршілес екі түр тармағының
шекарасын дәл ажырату қиын, себебі мұнда интерградациялық аралық зона
болады. Бұл жерде бір географиялық раса екінші географиялық расаға сына
тәрізді өзгергіштік сияқты біртіндеп еніп жатады.
Басқа жағдайларда түр тармақтық ареалдар біршама дәл ажыратылады, бұл түр
ареалының табиғи бөлшектенуінен байқалады. Бұған теңбіл торғай мысал
болады. Бұл түр Соломон аралдарында мекендейді; бұл бірнеше географиялық
расалар құра отырып, әрбір расаның бір не бірнеше аралдар көлемінде
меншікті ареалы болады.Бұлардың екі формаларының ғана реңі ұқсас,
қалғандарының қораздары қауырсындарының әшекейлі түсті мәнерлерінде
айырмашылық бар. Сонымен қатар, қай түр тармағының популяциясында болса да
баска түр тармақтарына тән белгілері бар особьтар кездеседі. Сөйтіп түр
тармақтарының ареалдары бір-біріне түйісіп жатпаса да, жеке популяцияларда
географиялық расаларды біртұтас системаға байланыстырушы аралық формалар
әрқашан болып отырады.
Экотип немесе экологиялық раса — тұрақты морфологиялық және биологиялық
белгілері б а р және ареалынын, көлемінде белгілі орын тепкен экологиялық
популяциялардың жиынтығы. Осыған орай экологиялық расалар бір географиялық
орында кездесуі мүмкін, бірақ олар әр түрлі экологиялық жағ-дайларда
мекендейді. Экотиптер өсімдіктерде сипатталған. Мұның мысалдары жоғарыда
беріліп кетті 
4.Биологиялық раса, немесе иелі раса — паразиттік формалардың арасында
кездесетін, белгілі бір иелерінде мекендеуге бейімделген популяциялардың
оқшау жиынтығы. Жануарлар мен өсімдіктердің барлық паразиттік топтарында
биологиялық расалар пайда болатыны көптен мәлім. Бүлар насекомдарда жақсы
зерттелген. Мысалы, жапырақжегіде екі раса бар, мұның біреуі талдарда,
екіншісі қайыңда мекендейді. Қызылша шыбынында , алабота өсімдіктерінде
және алқа түқымдастарында мекендейтін екі расасы болатындығы дәлелденді.
Түрді жекелеп алғанда, сол түрдің ерекшеліктеріне және оның особьтары
мекендеген сыртқы ортаның алуан түрлі жағдайларына байланысты бүл схема
түрліше болып шығады. Түрді құраушы популяциялардың құрылымының өзі
күрделі; бұл, түр таралған аймак көлемінде олардың ортаны меңгеруін
қамтамасыз етеді. Осыған байланысты түрдің құрылымы да күрделене түседі.


Бақылау сұрақтары
1.Түр концепциясының даму тарихы?
2.Типологиялық түр концепциясы?
3.Номиналистік концепция?
4.Түр ұғымы жайлы Ч.Дарвин түсінігі?
Лекция №19
Тақырыбы: Түрлердің реалдығы және биологиялық маңызы
Жоспары:
1.Түр критерилері.
2.Түрдің жалпы белгілері дискреттілік саны, біртұтастығы, тұрақтылығы,
тарихилығы
3.Әртүрлі таксондардағы түрлердің құндылығы
Лекция мәтіні:
1.Табиғатта түрлер деп аталатын өзінің әр алуан құлпырған түршелерімен көз
алдыңызға түрлі көрініс береді. 
Жаңа түрлердің анықталуы, оларды сипаттау үзіліссіз жүріп жатады. Табиғатта
түрлер көптеген белгілері мен қасиеттері арқылы ажыратылады. Оны түр
критерилері деп атаймыз. Түрді анықтаудың бірнеше критерилері бар. 
1.Морфологиялық критерий. Зерттеліп отырған органикалық формаға тән
белгілерді табу мақсатымен ,оған морфологиялық-анатомиялық талдау жасалды.
Сөйтіп бұл кретерий түрдің морфологиялық оқшаулығын көрсетеді.Бұл
кретирийлердің ең ертедегі түрлердің бірі. Мұнда Д.Ж..Рей мен К.Линеийден
бастап барлық буындардағы систематиктер пайдаланып келеді. Практикалық
жұмыста бұл қарапайым және қолайлы. Ботаникадағы және зоологиядағы
анықтамалардың бәрі осының негізінде құрылды.
Морфологиялық кретерийдің қолдануын көрсететін мысал ретінде VII түсті
таблицада салынған сары шымшықтың үш түрін қарап өтейік. Бұлар Parus
туысына жататын үш түр : Үлкен сары шымшық, Қоңыр басты шөже торғай,
Айдарлы сары шымшық . Осы түрдің әрқайсының өзіне тән белгілері бар
екендігін бзайқау қиын емес. Алайда сары шымшықтың айдары бар, төбесі жолақ
реңді. Басқа екі түрінде айдары жоқ төбелері қара реңді .Анықтамада айдарлы
сары шымшық тезада, ал үлкен сары шымшық пен қоңыр бас сары шымшық
антитезада. Соңғы екеуі үлкен –кішілігіне және бауырының реңіне қарап
бірінен –бірін ажыратуға болады. Үлкен сары шымшықтың ірілеу және оның
бауырысары, ал қоңыр бас шөже торғайдың бауыры ондай сары емес. Бұл
мысалдың морфологиялық кретерий негізінде осыдан жүз жыл бұрын Линей
сипаттаған түрлер қазіргіде сол креттерий арқылы анықталатынын көреміз..
Мұнда біз сыртқы құрылысының және реңінің айырмашылықтарын пайдаланып жақын
түрлердің ажыратудың өте қарапайым морфологиялық талдау әдісін қарап
өтейік. Морфологиялық креттерий ішкі оргондардың морфологиялық және
гистологи ялық құрылысы сияқты, құрылымдық белгілерін талдау қажет
екендігін еске алуға тиістіміз.
2.Генетикалық кретерий негізінен екі жағдайда сүйкенеді. Біріншіден
түрлердің кариотиптеріндегі айқын айырмашылықтары бар яғни хромосом
жиынтығы жөнінен айырмасы бар. Екіншіден, әдетте әр түрге жататын особьтар
табиғи жағдайда шағылыспайды.
Әдетте хромосом жиынтығы митоз фазасы сатысында көрініс береді. Кариотип
жөніндегі ұғым хромосом сандарының олардың үлкен-кішілігін және пішінің
анықтау негізінде қалыптасты. Жануарлар мен өсімдіктердің әр түрінің
сомалық клеткаларындағы хромосом саны 2-ден 500-ге днйін болады.

Жануарлардың кейбір систематикасы топтарына тән хромосомалардың пішіні
болады. Мысалы көш пелі шегірткелердің хромосомаларындағы таяқша
тәрізді.Өсімдіктерді хромосомдарының пішіні онша тұрақты емес және олардың
серіктері қылбуыт болады. Жеке хромосомалардың құрылысында детальдардың да
систематикалық мәні бар.
Өсімдіктер мен жануарлардың бір туысына қарасты түрлердің сол туыс
көлеміндегі систематикалық орындары мен олардың кариотиптік
ерекшеліктерінің аралдарында белгілі корреляция болатыны көрсететін
көптеген мысалдар бар. Скерда туысының 113 түрі зерттеліп олардың қарапайым
түрлерінде храмасом саны көп болатындығы эволюциялық процесте хромосом саны
аз түрлер пайда болатындығын пішіні ұзындығы және симметриясы өзгеріп
отырады.
3.Экологиялық –географиялық кретерий -зерттеуіндегі биологиялық форманың
географиялық таралуының заңдылықтарын және оның сыртқы орта факторлармен
қарым қатынасын анықтау мақсатымен экологиялық –географиялық талдау қажет
етеді. Сөйтіп бұл кретерий түрдің экологиялық-географиялық оқшаулықтығына
дәлел болады. Әрбір түр белгілі аймақта яғни ареалдардың иемденеді. Түр осы
аймақ көлемінде биотоптардың белгілі бір түрінде мекендейді. Мұнда түр тірі
және өлі табиғаттың нақтылығы факторлармен тығыз байланысты. Осындай
тәжірбиелік гипетеза түрді дұрыс түсіну үшін көп нәрсе береді, себебі бұл
түрдің қалыптасқан және мекендейтін жайдайлрының сырын ашады.
4.Физиологиялық-биохимиялық критерийде зерттелген органикалық формалардың
өзіндік ерекше қасиеттерін анықтау үшін оған жан-жақты талдау жүргізуді
қажет етеді. Түрлердің әр алуан болуы олардың химиялық құрылымының әр түрлі
болуынан түр ерекшеліктері ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады. Себебі
гаметаларда белгілі өзіндік ерекше белоктардың синтезделу әрекеттері
кодталып қойылған . Благовиченский биосинтездің нақтылы өнімдері өсімдік
дүниесінде белгілі жүйелі түрде болатынын дәлелдеді. Әр түрдің жеке
топтарында өздеріне ғана тән жағдайда морфологиялық, органикалық қосылыстар
синтезделеді. Мысалы: алқа, лалагүл және күрделігүлділер тұқымдастарына
жататын кейбір өсімдік түрлері бір-біріне алколоидтарды түзу және жинау
қабілеті бойынша ажыратылады. Сол сияқты бұршақ тұқымдасының кейбір жақын
түрлері азотты түрлі жолдармен жинайды. 
Бір туысқа жататын түрлердің ареалдары мүлдем оқшау болуы да немесе олар
бір-біріне жанасып іргелес жатуы да тіпті тұтаста болуы мүмкін. Оқшау
ареалдары бар түрлер аллопатрикалық түрлер делінеді. Іргелес немесе тұтас
ареалдарды түрлер симпатрикалық түрлер делінеді. 
Бақылау сұрақтары
1.Түр критерилері.?
2.Түрдің жалпы белгілері дискреттілік саны, біртұтастығы, тұрақтылығы,
тарихилығы?
3.Әртүрлі таксондардағы түрлердің құндылығы?
Лекция №20


Лекция №20


Түрдің пайда болуы – микроэволюция нәтижесі


Жоспары:
1.Жаңа түрлердің қалыптасу жолдары
2.Негіздеуші принциптер
3.Түрдің пайда болуына будандасу мен полиплоидияның ролі
Лекция мәтіні:
1.Табиғатта аса алшақтап кеткен ең соңғы формалар ғана үнемі сақталып қала
бермей, ортанғы формалар да тірі қалып, ұрпақ бере алады. Ең соңғы
формалардан кейде бір форма, тіпті одан да көп формалар дамуы мүмкін. Егер
орта жағдайы өзгермесе немесе ұзақ уақыт бойы аздап қана өзгерсе, онда
түрдің ата тегімен салыстырғандағы өзгерісі айтарлықтай болмайды.
Үстіміздегі ғасырдың 30-жылдары ғалымдар популяцияға түрдің тіршілік ету
формасы ретінде назар аудару. Жаңа зерттеулер эволюция процесінің түр
ішінде жүріп, түрішілік жаңа топтамалар- популяциялар мен түр тармақтарын
түзетін ең бастапқы кезеңін айқын түсіндіріп берді. Бұл процесс
микроэволюция деп аталады. Тарихи қысқа мерзімде өтетін болғандықтан, оны
тікелей бақылап, зерттеуге болады.
2.Географиялық түр түзіліс бастапқы түр арелының кеңеюіне немесе табиғи
пайда болған кедергілерден (климаттың өзгеруі, тау, өзен) ареалдың
оқшауланған бөліктерге. Полиполидия құбылысын орыс ғалымы И. И. Герасимов
1890 жылы ашқан болатын. Ол бірсыпыра наркотикалық заттардың спирогира
балдарнына тигізетін әсерін зертейді. Хлорлгидрат, хлороформ және эфир
сияқты наркотиктермен әсер еткенде спирогира клеткасының қалыпты бөліну
процесіне өзгеріс енеді. Осыған байланысты оның клеткасы бөлінгенде одан
біреу ядросыз,екіншісі қос ядролы клетка пайда болады; мұнда ядросыз
клеткалар өліп қалады да, ал қос ядролы клеткаларда күрделі өзгерістер
жүреді. Бөліну кезде бұлардың ядролары қосылып, екі еселі хромосомды бір
ядро түзеді. Осылай хромосомдар санының еселеп көбею құбылысын Г. Винклер
полиполидия деп атауды ұсынды.
Өсімдіктерде, әсіресе гүлді өсімдіктерде полиплоидиялық түрлер жиі
кездеседі. Түрлері дұрыс қатар түзейтін өсімдік туыстары бар; мұндағы
түрлердің хромосомдар жиынтығы еселеп артып отырады. Мысалы, бидай
түрлернін ( Triticum туысы) хромосом санына сәйкес үш топқа бөлуге келеді:
бірінші тобының сомалық клеткаларында 14 хромосом, екінші тобында –28,
үшіншісінде-42 хромосом болады. Ал, жыныс клеткаларында хромосом саны екі
есе аз, соған сәйкес 7, 14, 21 болды. Бұл сандар 7-ге еселеп келеді. 7
деген сан полиполидиялық қатардың н е г і з г і саны (n) болып табылады;
бұл гаплоидтық хромосом жиынтығындағы хромосом санына сәйкес келеді. Демек,
бірінші топтағы түрлердің сомалық клеткаларында хромосомдардың екі жиынтығы
(2n) – (диплоидты), екінші топтағы түрлерде төрт жиынтық (4n)-
тетраплоидты; үшінші топ түрінде – алты жиынтық (6n)-(гексаплоидты) болады.
3.Жануарларда полиполидты түрлер тым сирек кездеседі; көбіне ондайлар қос
жынысты жануарларда (жауын құрттар) немесе партеногенездік қабілеті бар
түрлерде (біз тұмсық қоңыздарда) болады. Алайда, қалыпты жыныс процесі
болатын топтарда да, мысалы сүтқоректерде де (аламен тышқандарында)
полиполидия табылады.
Қазіргі кезде, полиполиция негізгі екі топқа жіктеледі:
1)аутополиполидия, 2) аллополиполидия.
Бақылау сұрақтары
1.Жаңа түрлердің қалыптасу жолдары?
2.Негіздеуші принциптер?
3.Түрдің пайда болуына будандасу мен полиплоидияның ролі?
Лекция № 21


Тақырыбы: Макроэволюция проблемаларыЖоспары:
1.Макроэволюция ұғымы
2.Макро- және микроэволюциялардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары. 
3.Макроэволюция және микроэволюция
Лекция мәтіні:
1.Макроэволюция. Түрлерден және туыстардың, туыстардан жаңа тұқымдастардың
және т.с с. Пайда болу процесі-макроэволюция деп аталады. Ол тарихи орасан
зор уақыт аралығында өтеді, сондықтан оны тікелей зерттеу мүмкін емес.
Макроэволюция-түрден жоғары топтарда өтетін эволюция, бұл оның түр ішінде,
түр популяцияларының ішінде өтетін микроэволюциядан айрмашылығы болып
саналад. Алайда макроэволюциялық процестер микроэволюциялық процестрерге
негізделетіндіктін, олардың арасында айтарлықтай айрмашылықтар болмайды.
Макроэволюцияда да тіршілік үшін күрес, тапбиғи сұрыпталу және соған
байланысты өліп біту процестері жүреді. Микроэволюция сияқты макроэволюция
да дивергенттік сипата болады.
Эмбриологиялық дәлелдемелер. Сендерге тірі организмдердің шығу тегінің
бірлігін дәлелдейтін омыртқалылардың дамуын зерттейтін эмбриология
организмдер арасындағы туыстық дәрежені бұлжытпай дәлелдеп беретіні
белгілі. Организмдердің жеке дамуы (онтогонез) мен олардың эволюциялық
дамуы (филогенез) арасында өзара байланыс болатынын тіпті Ч. Дарвин ерекше
атап көрсетті.Бұл байланыстарды кейінгі зертеушілер егжей-тегжейлі
зерттеді.. Ұрықтардың ұқсастығы организмдердің басым көпшілігі ұрықтанған
жұмыртқадан дамиды. Балық, кесіртке,үй қоян, адам ұрықтарын біртіндеп даму
сатыларына көз жүгіртіп көрейік. Ұрықтарының дене пішіні, құйрығының болуы,
аяақтарының біліне бастауы, жұтқыншақтың екі жағында желбезек
қатпаршақтарының болуы біріне-бірінің ғажап ұқсастығын көрсетеді. Бұл
сатыларда көбінесе ұрықтардың ішкі құрлымы ұқсас болып келеді. Бастапқы,да
бұлардың барлығында хорда, соңынан шеміршекті омыртқалардан құралған
омыртқа жотасы, бір қанайналым шеңберлі (балықтардағыдай, зоология пәнін
еске түсіріңдер) қантамыр жүйесі, құрлысы бірдей бүйрек және т.б болады. 
Ұрықтар арасындағы ұқсастық дами келе әлсірей түседі де өздеріне тән
кластардың ерекшеліктері барған сайын айқынырақ біліне бастайды. Кесіртке
үйқоян және адамның желбезек қатпаршақтары бітіседі; адам ұрығында әсіресе
ми орналасатын бас бөлігі күшті дамып бес саусақты аяқ-қол, балық ұрығында
жүзбе қанат және т.б қалыптасады. Эмбриондық даму барысында ұрыққа тиесті
класс, отрияд,туыс ең соңында түрді сипаттайтын ерекшеліктер қалыптасып,
белгілер біртінде пажырайды.
Баяндалған деректердің барлығы бүкіл хордалылар ата тегінің эволюция
барсында көптеген тармақтарға таралып, бір саладан шыққанын сөз етеді.
Биогенетикалық заң. Жоғарыда келтірілген, сондай-ақ басқада фактілерге
сүйене отырып, XIX ғасырдың екінші жартысында неміс ғалымдар Ф. Мюллер және
Э. Геккел онтогенез ара қатынасының заңын дәлелдеп берді, ол биогенетикалық
заң деп аталады. Бұл заң бойынша әрбір особь жеке дамыған (онтогенез) кезде
өз түрінің тарихи дамуын (филогенез) қайталайды немесе қысқартып айтқанда,
онтогенез дегеніміз филогенездің ықшамдалып қайталауы болып табылады.
Бірнеше мысалдар келтірейік. Омыртқалы жануарлардың барлығындада
онтогенезінде хорда өте алыс ата тегіне тән белгі қаланады. Құйрықсыз қос
мекендердің ( бақа, құрбақа) итшабақтарында құйрық дамиды. Бұл олардың
құйрықты ататектірінің қайталанған белгілері. Көптеген бунақ денелілер
личинкасының пішіні құрт тәрізді ( көбелектердің жұлдыз құрттары,
шыбындардың личинкалары және т.б.) мұны оларды құрттәрізді ататектері
құрлысына тән ерекшеліктерінің қайталануы деп қарастырған жөн.
Өсімдіктерге де биогинетикалық заң қолданылады. Мүк спорасынан бастапқыда
жіп тәрізді балдырға ұқсас тармақталған жіп дамиды. Бұл құрылық
өсімдіктерінің балдырларға туыстас екенін білдіреді.
Организмдер арасындағы туыстық байланыстарды айқындауда онтогенез бен
филогенез арасындағы терең байланысты білдіретін биогенетикалық заңның
маңызы зор болды. 
2.Палеонтологиялық дәлелдемелер. 
Палеонтология өліп біткен арганизімдердің қазба қалдықтарын зерттеп,
олардың қазіргі организімдерге ұқсастығы мен айырмашылығын анықтайды.

Палеонтологтар қазба қалдықтар бойынша организмдердің сыртқы көрінісі мен
құрылысын тіршілік еткен кезіндегідей етіп қалпына келтіріп өсімдіктер мен
жануарлар әлемі туралы біле алады және әртүрлі гиологиялық дәуірлердегі жер
қабаттарынан алынған. Қазба қалдықтарды салыстыру органикалық дүниенің
уақытқа байланысты өзгеруіне толы айғақ болады. Ең ежелгі жер қавбаттарында
тек омыртқасызджар типтерінің қалдықтары ғана кездеседі, ал едәуір
кейінректегі қабаттардан- хордалылар типтері өкілдерінің қалдықтары
табылды. Кейінрек жерде омыртқалылар пайда болды. Ең жасырақ геологиялық
қабаттарда қазіргі заманғы түрлерге ұқсас және соларға жататын жануарлар
мен өсімдіктердің қалдықтары сақталған. 
Полеонтологиялық дерхектерден әьрнтүрлі жүйелеу топтарының арасындағы бір
ізді байланыстар туралы көп материалдар алуға болады. Бір жағдайларда
өтпелі формаларды анықтауға тура келсе, екінші жағдайда- филогенгетикалық
қатарларды, яғни бірінен соңғыбірі дәйектілікпен алмасып тұратын түрлер
қатарын анықтаудың сәті түсті.
Қазбадан табылған өтпелі формалар. Солтүстік Двинаның жағасынан аңтісті
жоғалаушылар тобы табылды. Оларда жорғаралаушылардың да сүтқоректілердің де
белгілері бар. Мұндай организидерді өтпелі формаға жатқызады. Аңтісті
жорғалаушылардың бассүйек , омыртқа жотасы және аяқтары, сондақ-ақ
тістерінің иттіс, күрек тіс және азутіске бөліну сүтқоректілерге ұқсас
болып келеді.
Археоптерикстің табылу эволюциялық көзқарас тұрғысынан ерекше көңіл
аударады. Шамасы кептердей ғанга бұл хайуанатта құс белгісі болуы мен бірге
жорғалаушылардың да ерекшелігі скақталып қалған. Аяқтарының құс жіліншігіне
ұқсастығы, қауырсындарның болуы және сыртқы көріінісі құсқа тән белгі.
Құйрық омыртқаларының ұзын қатардан құралуы, бүйір қабырғасы және
тістерінің болуы-жорғалаушыларға тән белгі. Архиоптерикс төс сүегі
жоқ,қанат және көкірек бұлшықеттері нашар жетілгендіктен жжақсы ұша алмады.
Омыртқа жотасы мен қабырғалары қатты сүйек жүйесінен құралмағандықтан,
қазіргі құстардағыдай ұшқан кезде орнықты бола алмады. 
3.Филогенгездік қатарлар. Полеонтологтар кейбір тұяқты, жыртқыш
хайуанаттардың былқылдақ денелілердің және т.б. филогенездік қатарлардың
қалпына келтірудің жолын тапты. Оған жылқы эволюциясы мысал бола алады.
Оның ежелгі ата тегі алдынғы аяғы төрт, артқы аяғы үш саусақты шөп жеуге
қолайлы үсті бұдыр тістері бар, үлкендігі түлкідей болған. Ол шөп пен
бұталар арасында секіріп жүріп, ауа -райы жылы және ылғалды жерлерде
тіршілік етті.
Неогеннің соңына таман өсімдіктер құрғап, қатая бастады. Ашық далада
тіршілік еткен хайуанаттар жауынан жылдам жүгіріп құтылмаса, басқадай
қорғанудың ешқандай мүмкіндігі болған жоқ. 
Тіршілік үшін күрес пен табиғи сұрыпталу аяқтардың ұзарып, тірек бетінің
кішіреюіне –жерге жететін саусақтар санының азайып омыртқа жотасының
бекемденуіне бағыттала береді, бұл жылдам жүгіруге мүмкіндік туғызады.
Қорек сипатының өзгеруі қатпарлы тістердің түзілуіне ықпал жасады. Соның
нәтижесінде бұл жануарлардың организм құрылысы қуатты өзгеріске ұшырады.
Палеонтология шежіре салыстырмалы анатимия мен эмбриология деректерімен
толықтырыла отырып, орасан зор олқылықтарға қарамастан, жердегі тіршіліктің
дамуындағы жалпы көріністі айқын түнуге мүмкіндік береді. Жердің неғұрлым
ертеректегі қабаттарының жаңа қабаттарға өткен сайын жануарлар мен
өсімдіктер құрылымының біртіндеп арта түсуі, фауна мен флораның қазіргі
кездегіт үрлерге біртіндеп жақындай түсуге байқалады. 
Жердегі тіршілік эвалюциясы макро және микро эволюдциялық процестер
бірлігінде жүзеге асады.Эвалюциядағы жеке түрлердің рөлі солардан бастама
алған жоғары жүйелеу топтарының пайда болуында тарихи айқындала түседі.
Бақылау сұрақтары
1.Макроэволюция ұғымы?
2.Макро- және микроэволюциялардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары. ?
3.Макроэволюция және микроэволюция?
Лекция № 22


Тақырыбы: Филогенетикалық топтардың эволюциясы


Жоспары:
1.Филогенездің негізгі формалары
2.Филогенетикалық топтар эволюцияның қағидалары
3.Прогрессивті бейімделу, бейімделген ататектер пайда болу, адаптациогенез
фазаларының алмасуы, адаптивті радиация, биологиялық системалар
интеграциялануының күшеюі
Лекция мәтіні:
1.Филэмбриогенез теориясының негізгі жағдайы—эволюциялық өзгерістер
онтогенездік дамудың жолы өзгеруімен байланысты деп тану. Ересек
организмдердің белгілерінің филогениялық өзгерістері жануардың не
өсімдіктің жеке дамуының әр түрлі фазаларында — бастапқы, орта және соңғы
фазаларында болады. Осыған байланысты филогениялық өзгерістердің мынадай үш
негізгі жолы (модус) болады: 1) анаболия, 2) девиация және 3) архаллаксис. 
Анаболия — дамудың соңғы фазасында болатын филогениялық өзгеру жолы.
Морфогенездің ортаңғы фазаларында болатын өзгерістердің онтогенездік жолы
девиация делінеді. Архаллаксис органның эмбриондық дамуының ең басында
болатын өзгерістер, осыған байланысты бүкіл морфогенез барысы кенет
өзгереді.

2.Филэмбриогенездің осы үш жолы туралы ұғым беретін нақтылы мысалдарды
қарап өтейік. Анаболия, немесе дамудың соңғы сатысындағы қондырма. Анаболия
кезінде белгілі органның жеке дамуы ата-тегіндегідей жүреді. Ал, дамудың
аяқ кезінде қондырма ретінде осы оргаға өзгеріс енеді.
Сарган деп аталатын балықтың дамуы жануарлардағы анаболияны түсіндіру үшін
мысал бола алады. Сарган езіне жақын балықтардан жақ аппаратының қүрылысы
женінен ажыратылды. Оның екі жағы да ілгері карай сорайып шығып, тұмсык,
құрап тұрады , және мұның астыңғы жағы үстіңгі жағынан бір шама ұзын.
Сарганның онтогенезін зерттегенде жеке дамуының ең басында ұзындығы
10 ммэмбрионының жақтары сорайған ұзын емес, оның астыңғы жағы үстіңгі
жағынан болмашы ғана ұзындау болатындығы анықталды. Сарганға туыстас
балықтардың бәрінің жақтары, мысалы атеринканікі де осындай, олардың
ересектерінде де сол қалпын сақтайды. Ал саргандағы жағдай басқаша, оның
ұзындығы 21 мм келетін шабағының төменгі жағы сорайып өсіп, үстіңгі жағынан
әлденеше рет үзын болып кетеді. Кейінірек шабақтың ұзындығы тоғыз
сантиметрге жеткенде үстіңгі жағы ұзарып өсе бастайды, бірақ мұның өсуі,
астыңғы жағының өсуінен баяу болады. Үстіңгі және астыңғы жақтардың осындай
қалпы гемирамфустың ересек особьтарында болады. Бұл мысалдан, сарганда
атеринкаға қарағанда, жеке даму барысында өкі жаңа фаза — гемирамфус фазасы
және ересек сарган фазасы қосылатыны көрінеді. Сөйтіп, сарганның жақ
аппараты анаболия жолымен дамиды, яғни.онтогенездің аяғында қондырма пайда
болады; мұнда атеринкамсіі салыстырғанда екі қондырма болды
3.Қазіргі уақытта биологиялық системалар интеграциялануына көптеген
өзгерістер еніп жатыр. Себебі көптеген түрлер жойылып, ал басқа бір түрлер
қолдан сұрыпталу нәтижесінде пайда болып отыр. Биологиялық жүйелердің
тұрақталмауы – ол табиғи процесс. Себебі эволюция барысында оларға көптеген
өзгерістер енеді. 
Бақылау сұрақтары
1.Филогенездің негізгі формалары?
2.Филогенетикалық топтар эволюцияның қағидалары?
3.Прогрессивті бейімделу?
Лекция №23
Тақырыбы:Мүшелердің және функциялардың эволюциясы
Жоспары:
1.Организмнің біртұтастығы және оның мүшелерінің салыстырмалы
автономдылығы.
2.Мүшелердің филогенетикалық өзгерістерінің негізгі алғы шарттары.
3.Мүшелер мен функциялардың өзгеру принциптері
Лекция мәтіні:
1. А. Н. Северцовтың пікірінше анаболия жануарлардағы филэмбриогенездің
айтарлықтай таралған жолдарының бірі. А. Л. Тахтаджянның айтуынша
өсімдіктердің онтогенезінін, аяқ кезінде, әдетте, болмашы ғана өзгеріс
болады. Бұған ересек өсімдіктегі жапырақтың асимметриялығы, гүлдегі
зигоморфия, органның ұлғаюы не кішіреюі, жапырақтардың тілімденуі сияқты
белгілер, сондай-ақ жемістер меи тұқымдардың морфологиялық және анатомиялық
құрылыстарындағы бірсыпыра белгілер жатады.
Өсімдіктердегі анаболияның мысалы ретінде пальма жапырақтарының дамуына
шолу жасауымызға болады. Бұлардың жапырақтары өте үлкен, сағақты және
кынапты. Оның бүршік ішіндегі жапырақтары бүтін жиекті, кейінгі
онтогенезінде олар тілімденіп, қауырсын тілімді, не желпуіш тәрізденіп
кетеді. Желпуіш жапырақты және қауырсын жапырақты пальмалардың жапырақтары
тұтас жапырақ алақандарының тарамдалуынан пайда болмайды; оның түзілген
алақанының жеке участоктарының іріп, езіліп кетуінен не өлуінен пайда
болады. Мұның біріншісінде тірі клеткалар іріп, ыдырап кетеді (активті
оқшаулану) екіншісінде жапырақ алақанының белгілі бір бөлімдерінің
тканьдері кеуіп кетіп (пассивті оқшаулану) жапырак алақаны тілімденеді. Бұл
процестердің біріншісі ерте, бүкіл жапырақ меристема тканінен тұрған кезде
болады. Сондықтан бүл кёлесі жағдай — девиацияға жатқызылады. Екінші
процесс — жапырақтың тканінің өліп тілімденуі кеш жүреді, сондықтан бұл
анаболияға жатқызылу тиіс.
2. Аталған мысалдарды талдау, анаболия да Мюллердің — Геккельдің
биогенетикалық заңына жататынын керсетеді, сол себепті онтогенезге қарап
филогениялық процестің бағдарын білуге болады. Өсімдіктерге қарағанда
анаболия жануарларда кең таралған, сондықтан кебінесе биогенетикалык заң
жануарларға қатысты. болады.
Девиация, немесе эмбриондық дамудың орта сатысындағыөзгерістер.
Девиациядабіртүрдіңүрпақтарының онтогенезінің орта фазасындағы қандай да
бір органның эмбриондық дамуы арғы ата-тегінен бір шама басқа бағытта
болады. Осының салдарынан онтогенездін, орта кезінен бастап органның дамуы
бұрынғы эмбриондық жолдан ауытқиды. Анаболияға қарағанда едәуір айқын,
ауытқулы жаңа түзіліс болады.Сірә, бұл жағдайда биогенетикалық заң
онтогенездін, бастапқы фазасына ғана таралатын болса керек. 
Акула тәріздес балықтардағыдай плокоид қабыршақтарынан дамыған
рептилилиялардың мүйіз қабыршақтарының филогениялық дамуы девияцияға жақсы
мысал болады.
Плакоидты қабыршақ—балық қабыршақтарының ең қарапайым түрі. Мұның әрқайсысы
дөңгелек, пластинка тәрізді оның үстіңгі бетінде ұшы кейін қайрылған
тісшесі бар. Қабыршақ тістің дентиніне ұқсас, остеодентин атты сүйек
затыная түрады, оның үшындағы тісшесі ерекше қатты эмаль затымен қапталған.
Қабыршақтың іші куыс, оны борпылдақ ұлпа толтырып түрады.
Астында емізік тәрізденіп топтанған дәнекёр ткані бар эпидермистін, төменгі
тығыз қабатынан плакоидты қабыршақ түзіле бастайдң. Дәнекер тканьді
емізікше өсе келе эпидермиске еніп,кейін қарай иіліп бірте-бірте қабыршақ
тісшесінің бейнесіне келеді. Қабыршақтардьң қалыптасуына байланысты негізгі
өзгерістердің бәрі дәнекер тканьді емізікшеде журеді, оның үстіңгі бетінен
қабыршақтың бетін қаптайтын остеодентин қабаты түзіледі. Қабыршақтың
тісшесін қаптайтын эмаль, кабыршақ дамыған кезде, эпидермистің ішкі
қабатында түзілген ерекше безден пайда болады.
Б.С.Матвеевтің зерттеуі бойынша, рептилиялардың мүйіз қабыршақтарының
бастапқы даму сатысы плакоидты қабыршақтардың бастапқы даму сатысына ұқсас
келеді . Мүйіз қабыршактың калыптасуы да эпидермис қабатының тығыздалуы мен
оның астыңғы жағында дәнекер тканнің шоғырлануынан басталады. Алайда,
осыдан кейін рептилиялардың қабыршағыньң дамуы плакоидты қабыршақтың даму
жолынан кенет ауытқиды, себебі дәнекер тканьді емізікшені каптайтын
зпидермис бөліміне едәуір өзгеріс енеді. Осы эпидермистік белім мүйізденіп,
нағыз мүйіз қабыршақ түзеді. Рептилиялардың кейбір түрлерінде дәнекер
тканіндегі терінің сүйектенуі ретінде мүйіз қабыршақтардың астында бедерлі
жұқа сүйек пайда болады.
Сөйтіп, рептилиялардың қабыршағының дамуында тек эмбриондық оастапқы
сатысында ғана рекапитуляцияланады (қайталайды), одан кейін плакоидты
қабыршақтың даму жолынан ауытқып кетеді (девиация). Мүнда айта кететін
нәрсе, рептилиялар филогенезінде мүйіз өскіндердің пайда болуының
бейімдеуші маңызы болды, себебі эпидермистің мүйізденуі жануарлардың
денесін құрғап кеуіп кетуден сақтады.
Девиация өсімдіктерде кеңінен орын алады. Мысалы, түйнек және жуашықтар да
осы жолмен пайда болды. Тахтаджянша, блар ересек өркеннен пайда болған жоқ,
өркеннің эмбриондық сатысында немесе бүршіктен пайда болды. Бүршіктің ось
бөлімі (сабақшасы) күшті өсіп, жапырақ жұрнақтары дамымаса ғана түйнек
пайда болады; ал, дами бастаған жапырақ қорғаныш кабыршақтарына айналып,
ось (сабақшасы) дами алмай қалса жуашық пайда болады. Девиация жолымен сары
ағаштың жа-пырақтарының бастапқы даму фазаларында сояулар түзіледі.
Архаллаксис немесе бастапқы сатыдағы өзгерістер. Дамудың бастапқы
фазасындағы өзгерістер әрқашан кенет және күшті ауытқуда болады. Бұл сияқты
жағдайлардың бәрінде де органның филогениялық өзгерістері бүрынғы
құрылымының кайта түзілуі болып табылмайды, жаңа түзіліс болып табылады.
Архаллаксис жольшен бұрыннан бар құрылымдардың саны көбейеді, олардың орны
ауысады, мүндағы ең негізгісі, жаңа он-тогенез бейнесінде тіпті басқаша
жаңа құрылымдар пайда болады.
Сүт қоректілерде түктің дамуы жануарлардағы архаллаксиске нақтылы мысал
болады. Түк рептилиялардағы мүйіз қабыршақтың гомологы. Арғы тегін алғанда
бүлардың бәрі плакоидті қабыршақтың туындысы. Ал, егер мүйіз қабыршақ
девиация жолымен филогениялы дамыған болса, сүт қоректілердің түгі нағыз
архаллаксис жолымен пайда болды.
Тек түктің ең бастапқы даму фазасы ғана қабыршақтың бас-тапқы даму
фазаларына үқсайды. Бұл эпидермис клеткаларының шоғырлану түрінде
болады . Осымен онтогенездік процестердің үқсастығы аяқталады. Пайда болған
зпидермис клеткаларының тобы дамып келе жатқан дәнекер тканьді емізікшенің
түрткісімен сыртқа томпайып шығудың орнына терінің шын қабатына қарай
тереңдеп төмен түсіп, одан былай түк өзінше дамиды. Соның нәтижесінде
негізінен өзгеше құрылым пайда болады; мұның онтогенезінде плакоидты
қабыршақтың құрылымының филогениялық дамуы қайталанбайды. .
Архаллаксис жолымен филогениялық өзгерістер органдардың эволюциясында
кеңінен орын алады, бұл жануарларға қарағанда өсімдіктерде көп. Осы жолмен
симметриялы орналасқан қрылымдардың саны артты, мысалы жапырақ шоғындағы
(мутовка) жапырақ саны немесе андроцеядағы аталық саны артты.
Қаралып өткен филэмбриогенездің негізгі үш жолын (модустарын) салыстыра
келгенде Мюллер — Гекель заңын анаболия бейнесінде дамитын белгілерге
толығымен қолдануға болатындығы көрінді. Ал, девиацияда оны онтогенездің
бастапқы фазаларына ғана қолдануға келеді.
Архаллаксиске биогенетикалық зан мүлдем колдануға келмейді.
3. Қазіргі генетикалық ұғымдар түрғысынан А. Н. Северцовтың филэмбриогенез
теориясы жаңа негіз алды. Сірә, онтогенез процесінде пайда болған, одан
кейін филогенезге енетін органдардың змбриондық взгерістерінің сипаты,
мутациялық процесс нәтижесінде кодыға кандай өзгеріс енгеніне байланысты
болуға тиіс. Егер органның морфогенезінің басынан бастан активті белок
құрылысына мутация ықпал етсе, органнын, дамуының ауытқуы архаллаксис
жолымен жүреді. Егер морфогенездің басында не аяғында активті әрекет етуші
белок өзгеріске түссе, онда соған сәйкес девиация не анаболия пайда болады.
Неотения және оның эволюциядағы маңызы. Эволюция процесінде эмбриондық
дамудың бүрынғы жолынан жеке органдарда ғана әр түрлі ауытқу болып
қоймайды, бүкіл организмде ауытқу болады. Көбіне дамудың ақырғы фазаларын
бастапкы фазалар немесе аралық фазалар ығыстырып шығып, онтогенез уақытынан
бұрын аяқталып қалғандай болады. Осының нәтижесінде түсіп қалған ересек
фазалық міндетін оның алдындағы фазалардың біреуі атқарады. Осындай «үзіліп
калған» онтогенез неотения делінеді. Неотениялар жануарларда да,
әсімдіктерде де болады.
Жануарларда неотения нәтижесінде личинкалық, даму дәуірінің өзінде-ақ
балиғатқа толып өсіп-өну кабілет пайда болады. 
Бақылау сұрақтары
1.Организмнің біртұтастығы және оның мүшелерінің салыстырмалы
автономдылығы?
2.Мүшелердің филогенетикалық өзгерістерінің негізгі алғы шарттары.?
3.Мүшелер мен функциялардың өзгеру принциптері?
Лекция №24


Тақырыбы: Онтогенез эволюциясы


Жоспары:
1.Онтогенез эволюциясы және онтогенездегі организмнің біртұтастығы
2.Организмдердің тарихи өзгеруінде корреляцияның және координацияның маңызы

3.Онтогенездің эмбриондануы және канализациясы
Лекция мәтіні:
1. Организмдердің жеке дамуы (онтогенез) мен олардың тарихи дамуының
(филогенез) өз ара байланысы жайындағы проблема Дарвиннен бұрынғылардың да
зейінін аударған болатын. Рулье «Жануарлардың ересектенуіне байланысты
жоғары сатыға көтерілуі класс бойынша жоғары сатыға көтерілуіне
параллельді» екендігіне зейін аударды. Дарвин ұрықтан «ата тегінің көмескі
суретін» көрді. Осы пікір Мюллер — Геккельдің биогенетикалық заңында орын
алды 
2. Геккельден бастап биологтар жануарлардың белгілі бір систематикалық
топтарының филогениясын (шығу тарихын) анықтау мақсатымен биогенетикалық
заңды кеңінен пайдаланды. Бірақ эволюцияның заңдылықтарын анықтау үшін бұл
заңды қолдану нәтижесі әрқашан қанағаттанарлықтай бола берген жоқ.
Геккельдің өзі де, бірсыпыра жағдайда онтогенезде рекапитуляция
болмайтындығын, яғни аттегінің 'тарихи даму жолы қай-таланбайтындығын
мойындауға мәжбүр болған еді. Осыған байланысты Геккель бл қүбылысты
палигенез және ценогенез деп екіге ажыратады. Ол жеке дамудағы филогениялық
қайталауды палингенездер деп түсінді. Геккельше нақтылы жеке даму
жағдайларына үрықтардың не жас особьтардың бейімделуі салдарынан болатын
эмбриондық езгерістер ценогенез деп қаралады. Ценогенездер нәтижесінде
рекапитуляция бүрмаланады. Геккель ценогенезді екі түрге — гетеротопияға
және гетерохронияға бөледі. Гетеротропияда органдардың орны ауысады,
гетерохрония органдардың түзілу мерзімінің өзгеруі.
3.Кейінірек Е. Менерт гетерохрония құбылыстарын классификациялап, оны
органдардың прогрессивті және регрессивті даму процестері мен байланысты
етіп керсетпекші болды. Менертше, гетерохрония не эмбриондық даму
процестерінің тездеуі түрінде (акцелерация), немесе, керісінше оның
баяулауы түрінде (ретардация) болады. Акцелерация кезінде органның дамуы
ерте басталады, гистологиялық дифференциялану процестері тез ауысады және
органның өсуі тездейді. Ретардация орган дамуының кеш басталуы,
гистологиялық дифференциация және өсудің баяулауы түрінде болады.
Гетерохрония жайындағы осы ұғымына сүйене отырып Менерт биогенетикалық
заңды бірсыпыра шектеп қабылдап, онтогенезді филогенездің өзгерген түрдегі
қайталауы деп қарады.
Ұрпақтардың онтогенезінде ата-тегінің белгілерінің қайталау не қайталамау
себептерін ашқан академик А. Н. Северцов, мұны ол өзінің филэмбриогенез
теориясында баяндады.
Бақылау сұрақтары
1.Онтогенез эволюциясы және онтогенездегі организмнің біртұтастығы?
2.Организмдердің тарихи өзгеруінде корреляцияның және координацияның
маңызы?


Онтогенездің эмбриондануы және канализациясы


Лекция № 25


Тақырыбы: Эволюциялық прогресс


Жоспары:
1.Прогресс туралы түсінік.
2.Прогрессивті даму критерилері
3.Прогресс құбылысын классификациялау, олардың сипаттамасы, критерилері
және арақатынасы
Лекция мәтіні:
1.Биологиялық прогресс- органикалық формадан тарихи процесі өзінің мазмұны
жөнінен қайталанбайтын процесс. Бұрын өмір сүріп одан кейін жойылып кеткен
формалары одан кейін болған филогенетикалық даму процесінде қайталанбайды.
Эволюцияда ешқашан кері қозғалыс болмайды: кейде белгілі бір жайдайларда
эволюцияның өткен кезеңімен ұқсас нәтиже болуы мүмкін. Бірақ мұны анықтай
келіп қарағанда ол конвергенциялық ұқсастық болып шығады. Осылайша
эволюцияның ілгері дамуы сипаты эволюцияның қаайталанбау заңы деп аталады.
Бұл заңды қалыптастырған бельгиялық палентолог Л.Долло.
2. Алғашқы организмдер пайда болған кезден бастап органикалық дүниенің
дамуы өрлеу жолымен –төменгі жоғарғы қарай қарапайымнан күрделіге қарай
жүріп келеді,яғни прогресивтік жолмен дамуда.
Бірақ бұдан, органикалық табиғаттың дамуы тек бір бағытта тура жоғары өрлеу
жолымен ғана жүріп отырады деген мағына шықпайды. Шын мәнінде
организмдердің филогенетикалық дамуы өте күрделі және алуан түрлі болып
келеді.
Осыған байланысты процесс деген ұғым органикалық дүниеге салыстырмалы түрде
қолданылады. Энгельс айтқандай филогенезде пайда болған бейімділіктердің
кез келгені “тұтасынан алғанда прогресс те, сондай-ақ регресс те болып
саналады.Мұның негізі сол , ол органикалық дүниедегі әрбір процесс сонымен
бірге регресс болып табылады, себебі бұл бір жақты дамуды бекітіп отырады
және көптеген басқа бағыттарда дамуға мүмкіндік бермейді.
Организмдердің филогениялық дамуның бағыттары жайында желілі ілім құрған
А.Н.Северцовтың еңбектерінде органикалық дүниенің тарихы дамуындағы процесс
проблемасы әдейі талқыланған. Осы туралы Северцов өзі ашқан заңдылықтардың
жануарлардың эволюциясын мысал ете отырып көрсетті. Кейінен бір қатар
зерттеушілер осы заңдылықтарды өсімдік дүниесінде пайдаланады.
Северцовша органикалық дүнедегі процесс екі типке:
1)морфологиялық –физиологиялық процесс және. 2) биологиялық процесс.
Мұның бірінші жағдайында организмдердің тек қана құрылыстары мен
функцияларындағы процессивтік өзгерістер жатады. Екіншісіне- түрдің
өркендеуіне же ткізетін оның особьтарымен саны көбею ареалының кеңуі,
сондай-ақ түр тармақтарының және басқа түр ішінде топтардың түзілулері
сияқты өзгерістердің бәрі жатады.
Морфологиялық –физиологиялық процесс әрқашан биологиялық прогресске әкеп
соғады, себебі құрылысы мен функциялары жөнінен жетік формада қоршап тұрған
жағдайға бейімделген мүмкіншілік мол болады. Бірақ, ол биологиялық
прогресске апаратын жалғыз жол бұл ған емес.
3. Северцовтың айтуынша биологиялық прогресстің кемінде төрт ортақ бағыты
бар: 1)Араморфоз немесе морфологиялық –физиологиялық процесс
2) идиоадапциялық немесе жеке бейімділік, 
3) морфологиялық физиологиялық регресс немесе


жалпы дегенерация және 
4) Ценогенез немесе эмброндық бейімділік.
Араморфоз универсалды сипаттағы өзгерістер мұның нәтижесінде жануарлармен
өсімдіктердің құрылыстары жоғары сатыға көтеріліп одан әрі прогресті
өзгеріс тууына мүмкіншілік жасайды. Ароморфоздар жек оргондардың жетілу
жолымен ғана емес , бүкіл организімнің жетілу арқылы да жүзеге асады. Бұл
процесте функциялық және құрылымдық терең өзгеріс болып соның нәтижесінде
ортаның негізгі жағдайына сәйкес жаңа және өте көлемді жетік бейімділіктер
пайда болады: Бұл организмен ортаның арасындағы байланысты көлемдендіреді
ортаның оның одан әрі икемделуіне мүмкіндік береді.
Омыртқалардың тіршілік әрекетінің энергиясын арттырған жүрегінің
эволюциялық ароморфоз жолымен филогениялық дамуға айқын болады. Балықтардың
жүрегі екі камералы олардың венаны әуелі бөлінбейтін құлақшаға барады, одан
кейін қарыншасына өтеді, қарыншадан қолқаға одан әрі желбезек қан
тамырларына барып оттегіне байып барлық денеге тарайды. Амфибиялардың
құлақшасы екі камераға бөлінген оның оң жақ жартысы веналық сол жағы
артериялық болады. Бұлардың төменгі сатыдағы формаларында оң және сол
құлақшасы екіге толып бөлінген.Құйрықсыз амфибиялардың құлақшаларының
аралығында перде тақ бір тесік арқылы қарыншамен қатысты болады. Жүректің
құрылысы осындай болуына байланысты оның қарыншасына барған вена және
артерия қаны толық араласпайды.Қаның араласуына қарыншаның кабырғасындағы
ет перденің күрделі системасы және қарыншаның күшті жиырыуы бөгет болады.
Қарынша жиырлғанда қолқаға әуелі вена қаны енеді, одан өкпе артериясымен
өкпеге барып оттегіне байиды. Қолқаға баратын қаның екінші бөлігі – аралас
қан: бұл қолқаға доғасы арқылы вегетативтік органдарға тарайды. Ақырында
қаның үшінші бөлімі –артериялық таза қан; бұл ұйқы артериясы арқылы басқа
барады.
Сөйтіп омыртқалылардың жүрегінің зволюциялық белгі бағытта араморфоз
жолымен жүріп отырады.
Өсімдіктер филогенезінде де араморфоз жолының үлкен маңызы болады.
Тахтаджянша өткізуші система эпидермис және бұлармен корреклятивтік
байланысты бейімділіктердің пайда болуы жоғары сатыдағы өсімдіктердің
құрлықты иемденуіне болуы жоғары сатыдағы өсімдіктердің құрлықты
икемденуіне мүмкіндік береді.Ал тозаң түтігінің түзілу ұрықтану процесіне
су тамшыларына қажет етпейтін етті. Осы белгілердің бәрі нағыз араморфоз
жолымен жүреді
Идиоадаптациясы немесе жеке бейімділік. Идиоадаптацияда араморфоздағыдай
жалпы бейімделік емес, жеке бейімділік пайда болады. Мұнда құрылыс дәрежесі
жоғары көтерілмейді және зат алмасу интенсентивтілігі де артпайды, көбіне
организімнің екінші дәрежелі мүшелеріне ғана өзгеріс енеді. Алайда құрылыс
дәрежесі жөнінен ата-тегіндей бола тұрса да, организм идиоадаптация
нәтижесінде бейімделген болады.
Бақылау сұрақтары
1.Прогресс туралы түсінік.?
2.Прогрессивті даму критерилері?
3.Прогресс құбылысын классификациялау, олардың сипаттамасы, критерилері
және арақатынасы?


Лекция №26


Тақырыбы:Антропогенез


Жоспары:
1.Адамның пайда болуы жайлы түсініктің дамуы.
2.Адамның жануарлар дүниесіндегі орны.
3.Антропогенездің негізгі дәуірлері
Лекция мәтіні:
1.Адамның тегі жайындағы мәселе—материалистік дүниеге
көзкарас жөніндегі негізгі мәселелердің бірі. Осы үлкен және
күрделі проблема өзіне өте ерте заманнант бері зейін аудартып
келеді. 
Көптеген ғасырлар бойы бұл проблеманың құпия сыры бүркенішті болды. Адам
өзінің шыққан тегін біле алмағандықтан құдіретті аллатағала өз бейнесіне
мақсус етіп адамды жаратқан деп аңыз етті.
Осы аңыз әр түрлі вариацияда осы күнге дейін жетті. Ертедегі Мысырда Хнум
құдай қышты дөңгелектің үстінде балшықтың ең бірінші адамды соғып жасады
деген сенім болды.Осы сияқты аңыз ертедегі Грецияға да таралды, онда Зевс
адамды балшықтан соғып жасады, ал кемеңгер ақылгой әйел құдай — Афина оған
жан енгізді деп санады. Бұл аңыздың кейінгі варианты «Қызыл балшықтан»,
яғни саздан ең бірінші адам — адам ата жаратылды деген таурат ертегі болып
табылды. Осы ертегіде сол бірінші адамның қабырғасынан бірінші әйел Хауана
жаратылды делінген. Таурат догмасы бойынша адам ата мен хауанадан бүкіл
адамзат таралған.

Христиан шіркеуі осы догмаларды жан-тәнімен қорғап, оған сенбеушілердің
бәрін аямай жазалап келді. Бұл ертегіге сенбеген ондаған және жүздеген мың
адамдарды куғындап, түрмеге қамады, азаптады және отқа өртеді.
Бірақ жаратылыс зерттеушілер адам анатомиясымен бастапқы танысуының өзінде-
ақ адамның құрылысы мен жоғары сатыдағы омыртқалы жануарлардың, әсіресе,
маймылдардың құрылыстарында ұқсастық бар екендігіне көзі жетті.
2. Адамның тарихи дамуы жайында жаңа ұғым енгізген, бірінші жаратылыс
зерттеушісі Ж. Б. Ламарк болды. Ол адамның арғы тегі, алғашында ағашта
өрмелеп жүрген, одан жерге түсіп тік жүру әдісіне кешкен маймыл тәрізді
жануар болды деген гипотеза жасайды. Ламаркше, тік жүру — дененің тік болып
қалыптасуына және табанның өзгеруіне жеткізді. Топтанып жүру сөздің дамуына
және тіл шығуына себеп болды.
Ч. Дарвин «Түрлер тегі» деген кітабының бірінші баспасында ол бұл еңбегім
«адамның шығу тегі мен оның тарихы жөніндегі мәселеге жол ашады» деп қана
қойған болатын. Тек қана 12 жылдан кейін 1871 жылы оның осы проблемаға
арналған кітабы басылып шықты. «Адамның тегі және жыныстық сұрыптау» атты
бұл кітабындағы негізгі идея — адам кұдайдың құдіретімен жаралған жоқ, ол
жануар дүниесінің тарихи дамуының нәтижесінде пайда болды деп тану. Адамның
тегі проблемасын шешуде бұл кітаптың орасан зор маңызы болды. Бұл кітап
идеяларының көлемділігі және оны дәлелдеудегі нақтылы материалының
көптігімен таңдандырды. Бірақ ол антропогенездің басты себебін, демек адам
қалпына келудегі өзіндік ерекшелікті ашып бере алған жоқ. Бұл ерекшелік
адамның еңбектегі іс-әрекеттерінде екендігін «Маймылдың адамға айналу
процесіндегі еңбектің ролі» (1896 ж.) атты еңбегінде Ф. Энгельс көрсетіп
берді.

Барлық омыртқалы жануарлардың ішінен өзінің құрылысы жөнінде адам приматтар
отрядының өкілдеріне өте ұқсас. Қазіргі кезде бұл отрядқа адам мен
маймылдар ғана жатқызылады. Приматтар—сүт қоректілердің ең жоғарғы сатыдағы
курделі құрылысты отряды. Негізгі белгілері сәйкес болуына байланысты адам
приматтар отрядына жатқызылады. Бұл отряд екі отряд тармағына бөлінеді: 1)
жалпақ мұрынды маймылдар және 2) құшық мұрынды маймылдар.
Жалпақ мұрынды маймылдар Орталық және Оңтүстік Америкада таралған. Олардың
екі мұрын тесіктерінің арасын жалпақ перде бөліп танаулары екі жаққа қарай
делдиіп тұрады. Құйрығы ұзын, ұстау органы міндетін атқарады. Әрбір жақ
сүйегінде 18-ден тістері болады. Бұларға ермекші тәрізді маймыл, бақырауық
қара және ойнампаз маймылдар жатады.
Қушық мұрынды маймылдар Африка мен Оңтүстік Азияда мекендейді, бұлардың
қазба қалдығы Европадан табылды. Мұрын аралық пердесі жұқа. Құйрығы ұзын
болуы мумкін, бірақ ол еш уақытта ұстау қызметін атқармаған, бірсыпыра
түрлерінде құйрық жойылып кеткен. Әрбір жақ сүйегінде16-дан тістері болады.
Қушық мұрынды маймылдардың отряд тармағында төрт тұқымдас бар: мартышкалар,
гиббондар, адам тәрізді маймылдар және адамдар. Отряд тармағында ең көбі
мартышка тұқымдасы. Бұларда ұзын құйрық, ұрт қалтасы және шонданай сүйелі
болады. Бұл тұқымдасқа мартышкалар, павиандар және макаккалар жатады.
3. Белгілер жиынтығы жөнінен адамға едәуір жақын формалары шимпанзе болып
табылады.Ең алдымен көзге түсетіні — адам скелетіндегі сүйектердің бәрі
адам тәрізді маймыл скелетіндегі сүйектерге гомологті болады.Бұлшық еттерін
және ішкі органдарының қайсысын алсақ та сол сияқты ұқсастық байқалады.
Тіпті нерв системасының құрылысында да және миының кейбір бөліктерінде де
көптеген ұқсастықтар бар. Тағы бір көңіл аударатын жағдай, ми құрылысы
жөнінен жоғары сатыдағы маймылдар төменгі сатыдағы маймылға жақын емес,
адамға жақынырақ. Мысалы, адам тәрізді маймылдардың миынын маңдай бөлімі
едәуір дамыған және оның ми қыртысындағы адамның сөйлеу процесіне сәйкес
бөлімінің күрделілігі де гомологті. Осының бәрі адам тәрізді маймылдардың
төменгі сатылы маймылдардан үлкен айырмашылығы бар екенін көрсетеді. 
Бақылау сұрақтары
1.Адамның пайда болуы жайлы түсініктің дамуы?
2.Адамның жануарлар дүниесіндегі орны.?
3.Антропогенездің негізгі дәуірлері?
Лекция №27
Тақырыбы: Антропогенездің биологиялық және әлеуметтік факторлары және
олардың әсер ету ерекшеліктері
Жоспары:
1.Адамдардың пайда болған орталықтары жайлы жорамалдар.
2.Адам нәсілдері және олардың қалыптасу жолдары.
3.Әлеуметтік дарвинизмді сынау және нәсілшілдік
Лекция мәтіні :
1. Дарвин мен Энгельстің адам адам тәрізді маймылдардан шықты деген
түсініктерінің дұрыстығын толық көрсетті.Ежелгі адамдармен
неандертальдықтардың сүйектерінің қалдығы, сондай-ақ солардың іс-
әрекеттерінің іздері Ескі Дүние материктерінен табылғандығын айта
кеткеніміз дүрыс. Бұлар Афдерикадан да, Тынық мұхит аралдарынан да табылған
жоқ.

Ескі Дүниенің территориясында шамамен бүдан 100 мың жыл бұрын
кроманьондықтар да қалыптасты. Ондаған мын, жылдар өткеннен кейін осы
кездегі адамдар кең таралып, бүкіл Жер жүзіне тарап кетті.
2. Осы ұзақ мерзім ішінде кроманьондықтардын, ұрпақтары әр түрлі климаттық
жағдайларға тарап сонымен тіркескен алуан түрлі физикалық . факторлардың
әсеріне ұшырадыБұл жағдай белгілі географиялық облыстарда мекендеуші
адамдардың сыртқы бейнесіне әсерін тигізді. Соның нәтижесінде әр түрлі
континенттің әрқилы зоналарында мекендеуші адамдардың жеке топтарының
терісі мен көзінің түстері, шашының түрі мен реңі, мұрын, ерін, бет
әлпетінің және басының бейнелері, бойының үзындығы және оның пропорциясы
сияқты белгілер жиынтығы женінен бір-бірінен елеулі айырмашылықтары болды.
Осы топтардың бәрі үш үлкен нәсілге біріктіріледі: 1) негроидтық-
австралоидтық немесе зкваторлық, 2) европоидтық немесе европалық-азиялық
және 3) монголоидтық немесе азиялық-америкалық. Әрбір үлкен нәсіл езінше
кіші нәсілдерге немесе екінші нәсілдерге бөлінеді.
Негроидтық-австралоидтық нәсілдерге жататын адамдарға мынадай белгілер тән:
терісі, шашы және көзі қара түсті; шаштары бұйра немесе толқынды; мұрнының
қырлары жалпақ, еріндері қалың. Сакал және мұрты не селдір (негрлер),
немесе өте қалың (австралиялықтарда) болады. Экваторлық нәсіл кіші нәсілге
белінеді: африкалық континентте мекендеуші — негроидтар және Австралия
континентімен байланысты және Мұхиттық аралдарда мекендеуші —
австралоидтықтар.
Европоидтық нәсілге жататын адамдардың терісінің реңі әр түрлі ашық
реңділерден қоңыр реңділерге дейінгілер; шаштары жүмсақ, толқынды не түзу,
талшықты, шаш реңі тым өзгергіш ашық түстен қараға дейін; мұрыны қушық,
едәуір биік, қыр мұрынды; еріндері жұқа немесе орташа қалыңдықта, кейде қою
өскен сақал-мұрты болады. Бүл нәсіл екі кіші нәсілге бөлінеді: 1) о ң т ү с
т і к немесе үнді-жерорта.теңіздік нәсіл, бұлар қара шашты, қой көзді,
терісі қоңыр түсті (мысалы, индеецтер, тәжіктер, армяндар, гректер,
арабтар, итальяндықтар, испандықтар және 2) солтүстіктік немесе балтикалық
н ә с і л, бұлардың терісі және шаштары ашық түсті, сұр немесе көк көзді
(орыс, норвегиялықтар, немістер, ағылшындар)-
Монголоидтық нәсілге жататын адамдардың терісінің түсі сарғыштау реңді.
Шаштары қара, талшықтары әдетте түзу және қатты; сақалы мен мұрты кеш
шығады және селдір болады. Монгол топтарының көбісінің беті жалпақ, бет
сүйегі шығыңқы, үстіңгі қабақ терісінің қыртысы күшті дамыған, ол көз
қиығын толық не шала жауып түрады; әдетте қысқа мүрынды болады.
Монголоидтық нәсілге американдық (индиялық) кіші нәсіл де жатады, бүлардың
көптеген белгілері европоидтықтар типіне жақын. Мысалы, бет әлпеті және
биік қыр мұрыңдылығы жөнінен индеецтер европоидтықтарға үқсайды.
Нәсілдердің өзіндік ерекшеліктері соншалықты маңызды белгі болып
саналмайды. Әдетте ол белгілердің ерекше бейімділік мәні жоқ, сонымен қатар
нәсілдер өз ара араласып кетуімен байланысты олардың айырмашылықтары шын
мәнінде жойылған; нәсілдік топтарды араласып кетйен өте қүрамды топ деп
қарауымызға болады.
3. Нәсілдердің пайда болуы және дамуы ете күрделі тарихи процесс. Я. Я.
Рогинскийдің пікірінше, осы кездегі адамдардың қалыптасуының бас кезінде,
яғни шамамен бұдан 100 мың жыл бұрын азиялық континентте және Африка мен
Европаның соған таяу аймақтарында екі нәсілдік топ — оңтүстік-батыстық жопе
солтүстік-шығыстық топтар қалыптасты. Бұл топтардың араларын Гималай және
Гиндукуш тау тізбектері және Үндіқытай тау жотасы бөліп тұрды. Осы екі
топтың біріншісінен европоидтык және экваторлық үлкен нәсілдер шықты.
Екіншісінен монголоидтық нәсіл қалыптасты. Бұдан бірнеше кіші нәсілдер
шықты, соның бірі америкалық нәсіл. Бұл Азиядан Беринг шығанағы арқылы
Солтүстік Америкаға өтіп кеткен, содан бүкіл Жаңа Дүниеге таралған.
Капиталистік елдерде үстем таптың идеологтары нәсілдік айырмашылықтарды
ғылымға Қайшы теория құру үшін пайдаланып келеді. Олардың бұл теориясы -
нәсілшілдік деп аталады. Нәсілшілдік — әр түрлі нәсілдер биологиялық тең
бағалы емес деп қарайды. Бүл нәсілдік дискриминация саясатын — қанау және
езу, құл ету саясатын ақтау үшін айтылып отырған пікір.
Нәсілшілдікті жақтаушылар «жоғарғы» және «төменгі» нәсілдер бар деп таниды.
Оларша өзіне тән биологиялық ерекшеліктері бар «жоғарғы» нәсілдер ғана
мәдениеттін, және прогрес-тің иелері. Осы азғантай «жоғарғы» нәсілдердің
келешекте даму правосы бар. Төменгі нәсілдердің өзіне тән биологиялық
ерекшліктеріне байланысты мәдени даму қабілеті жоқ, бұлар азғындыққа
ұшыраған құлдардың нәсілдері. Нәсілшілдік фашизм идеяларымен үштасты және
ұштасуда. Екінші дүние жүзілік соғыстың алдында нағыз фашистік
мемлекеттерде — гитлерлік Германияда, Италияда және Жапонияда фашистік
көзқарастар үлкен өріс алды. Соғыс ашу үшін жұртшылықтың пікірін аударуға
дайындық жүргізілген жерлерде әрқашан нәсілшілдік өріс алады.
Нәсілдердің биологиялық тең бағалы еместігі жайындағы теориясында
нәсілшілдер өздерінше ғылыми дәлелденген деп таныған мына үш жағдайға
сүйенеді: 1) әр түрлі нәсілдер әрқилы ата тектен тараған; тек европоидтық
нәсіл ғана кроманьондықтардан шыққан, ал басқа нәсілдердің тегі
неандертальдықтармен байла-нысты; 2) әр нәсілдің бас сүйегінің ми
орналасқан бөлігінде айырмашылық бар; әр нәсілге жататын адамдардың ой-
өрісінің әр түрлі дәрежеде болуы осыған байланысты және 3) нәсілдердің даму
қабілеті бірдей дәрежеде емес.
Бұл жағдайлардың бәрі ғылыми мәліметтерді бұрмалау негізінде құрылған,
солай екендігін жоғарыда аталып кеткен фактыларға сүйене отырып, дәлелдеу
қиын емес. Сол үш жағдайды жекелеп талдап көрейік. Бірінші жағдайды айтылып
кеткен палеонтологиялық зерттеулердің материалдары жоққа шығарды.Ол
материалдар тарихи тұрғысынан қарағанда неандерталдықтар -өте ертегі
адамдарды кроманьдықтармен байланыстыратын даму кезеңі екендігін
дәлелдейді. Сондай-ақ осы кездегі адамдардың нәсілдерінің қай-қайсысында
неандертальдықтармен тікелей байланыстырғандай кроманьондықтардан басқа
аралық форма жоқ.
Осы кездегі адамның арғы ата тектері өте көлемді территорияны
мекендегендігі, онда нәсілдер қалыптасатындай ерекше оқшау орталықтар
болмағандығы жайында палеонтология көптеген материалдар жинап отыр. Бұл
нәсілдердің пайда болуы жайындағы полицентрлік теорияға қарсы дәлел болып
табылады.
Екінші жағдай да сынға төтеп бере алмайды. Адамдардың барлық нәсілдері
денесіндегі адам сипатын көрсететін негізгі белгілері жөнінен өзара
ұқсас.Бас сүйегінің миы орналасқан бөліігі жөніненде сондай.Әрине жеке
адамдардың бас сүйегінің миы орналасқан бөлігінің кеңдігі әр түрлі болуы
мүмкін,бірақ мұның адам қабілетіне ой-өрісіне әсері жоқ.Бұған мына мысалдар
дәлел болады.неандерталдықтар мен кроманьондықтардың ми көлемінің орташа
мөлшері тең болатын. Бірақ неандерталдықтардың санасы кромоньдықтардан
төмен болғанына ешкім күмәндана алмайды.Осы кездегі мәліметтер мидың
көлеміне қарай адамның қабілетін ажыратуға болмайтындығын көрсетіп отыр.
Мысалы Тургеневтің миының салмағы 2012 г, ал жер жүзіне аты әйгілі тағы бір
жазушы-Анатол Франстың миының салмағы одан екі еседей жеңіл, бар болғаны
1017 грамм-ақ.
Бақылау сұрақтары
1.Адамдардың пайда болған орталықтары жайлы жорамалдар?
2.Адам нәсілдері және олардың қалыптасу жолдары.?
3.Әлеуметтік дарвинизмді сынау және нәсілшілдік?


Лекция № 28

Тақырыбы: Биосфера эволюциясы.
Жоспары:
1.Ноосфера
2.Қазақстандағы экологиялық апаттарға ұшыраған аймақтар, олардың себептері
және биосфераның эволюциясына әсері
Лекция мәтіні :
1. 1926жылы Ленинград қаласында үш жылдан соң парижде және кеиінрек
Берлинде И.В.Вернадскийдің “ Биосфера ”деген жалпы атпен «Космостағы
биосфера», “Өмір аймағы ” атты очектері жарық көрді.
В.И Вернадскийдің “Жердің келбеті кездейсоқ құбылыстардың нәтижесі емес ол
нақты шектелген географиялық жер қабықшасы –биосфераға сәйкес келеді. Ол
жер планетасына тән белгілі бір құрылымымен сипатталады. Бұл құрылымды онда
жүретін географиялық процестердің сипатына қарай ұйымдасқан деп атау дұрыс”
–деп жазады.Өзінің өмірін соңғы жылдарын В.И Вернадский биосфераны
ұйымдастыру мен сараптауға жұмсады. Бұл зерттеулердің нәтижелері бойынша
ол” Жер биосферасының химиялық құрылысы мен оның қоршаған айналасы ”
еңбегін жазады. Бірақ ғалым аталған бұл кітабын шығарып үлгермеді. Кітап ол
өлгеннен соң 20 жылдан соң 1965жылы жарық көрді. 
“Ноосфера” терминін алғаш рет қолданғандар философтар, матиматиктер және
антрополог Эдуард Леруа және палентолог Пьер Тейяр Шарден болды. Шарден
өзінің 1916жылы жарық көрген «Адам феномені» деген еңбегінде ноосфераны
“жаңа қабат”, «ойлайтын қабат» деп анықтайды.
Вернадский бойынша ноосфера «адам санасының рөлі және ол бағыттайтын адам
еңбегі күшті, өсіп келе жатқан географиялық күшке» айналатынын биосфераның
даму сатысы болып табылады. Адам санасымен ғылыми ойдың рөлін бағалай келе
В.И Вернадский мынадай қортындылар жасайды.
1.Ғылыми шығармашылықтың дамуы адамның өзі тұратын бисфераны өзгертетін күш
болып табылады.
2. Биосфераның өзгерістері ғылыми ойдың өсуімен қатар жүретін құбылыстар
3.Биосфераның бұл өзгерістері адам еркінен тыс стихиялы түрде табиғи
процесс ретінде жүреді.
4.Тіршілік ортасы –биосфера планетасының ұйымдасқан қабықшасы болғандықтан,
оның геоологиялық тарихына да оны өзгертудің жаңа факторлары-адамзаттың
ғылыми жұмысының енуі биосфераның жаңа фазаға, жаңа күйге –ноосфераға өтуі
табиғи процесс
И.ВВернадскийдің “Ноосфера туралы туралы бірер сөз”.деген мақаласы 1944жылы
жарық көрген ең соңғы еңбегі болды.
2. Қазіргі кезде көптеген елдерде ғана емес, Қазақстанда да экологиялық
апаттар орын алып жатыр. Экологиялық апаттар биосфера эволюциясына өз
әсерін тигізуде. Атап айтқанда, олар Қызылорда облысындағы сиам егіздерінің
дүниеге келуі, Байқоңыр космодромының кері әсері нәтижесінде озон қабатының
жұқарып тесілуі (соның салдарынан күн сәулесінің ультракүлгін сәулелерінің
еркін түрде өтуі тіршілік процестерін баяулатып, соңында жойылуы), Шардара
су қоймасының жанындағы тұрғылықты халық денсаулығының күрт төмендеуі (өкпе
ауруларының көбеюі), Каспий теңізінің мұнай қалдықтарымен ластануы
салдарынан ондағы тірі организмдердің қырылуы және кейбір балық түрлерінің
жойылуы, Арал теңізі суының тарылуы нәтижесінде тұздың жел арқылы топыраққа
қонып, эрозияға ұшыратуды, сонымен қатар Семей ядролық полигонының әлі де
кері әсерінің байқалуы т.б. 
Бақылау сұрақтары
1.Ноосфера?
2.Қазақстандағы экологиялық апаттар?
3. себептері және биосфераның эволюциясына әсері?
Лекция №29

Тақырыбы: Эволюция ілімінің проблемалары және перспективалары

Жоспары:
1.Эволюция ілімі, оның адамның практикалық әрекетіндегі ролі және
биологияның басқа салаларының дамуына әсері
2.Эволюцияның бағыттылығы және шектелмегендігі.
3.Микроэволюция проблемаларын талдау қажеттілігі

Лекция мәтіні :
1. Тірі табиғат эволюцияның ғылыми концепциясын 100 ж астам жыл бұрын
ағылшын биологы Ч.Дарвин құрды . Бұл теория сол ғылымның атымен “Дарвинизм”
деп аталды. Қазіргі уақытта Дарвинизм деген сөз “эволюциялық теория” немесе
«эволюциялық ілім деген атауға ауыстырды.
Эволюциялық деген терминді латынша эволушн - “даму” 18 ғ ортасында биология
саласына Швейцар биологы Шарль Боннэ енгізді.
Алғашқы кезде бұл термин тек қана эмбрональды даму мен ғана байланысты
болды..
Эвлоюцияны материяның ерекше даму формасы деп қарастырды. Оның 3 қасиетін
атауға болады.
1.Биологиялық эволюция қайта оралмайтын процесс. 
2. Эволюция дегеніміз биологиялық пайдалы белгілерін 
өзгерту.
3. Эволюция ұрпақтар жалғасына негізделген басқаша айтқанда жаңа элементің
бұрынғы организмге үлесімді енуі.
4.Даму процесі дегеніміз- бір жағдайдан екінші жағдайға өту тек кана жаңа
қасиетіне ғана байланысты емес сонымен қатар ежелгі организмнің
ерекшеліктерімен сақтаумен сипатталады.Организмнің және түрлердің
Эволюциялық қайта құрулары оның орын басушылыққа басқаша айтамыз ата-тектен
болашақ организм тұқым қуалауға негізделген.
Эволюцияның жеке дамудан онтогенез айырмашылығы ол алдын ала жоспарланып
қоймаған бірақ сонымен қатар бұл прогрессті бағыттағы организмнің күрделену
процесі.
2. Адам баласының мүддесі және оның практикалық іс-әрекеттері биология
ғылымының барлық салаларымен тығыз байланысты екенің Дарвинизм курсы
таныстырады. Дарвинизм жұмысынан бастап биологиядан ашылдған заңдар, тірі
организмдермен тікелей байланысты шаруашгылық салаларындағы практикалық
жұмыстарға пайдаланып келеді.Қазіргі кезде өте күрделі үнемді
аппаратуралардың конструкциясын жасау үшін биолошгиялық структуралар мен
ондағы болып жатқан процестерге инженерллер көңіл бөле бастады.Осыған
байланысты ерекше–ғылым бионика шықты.Сөйтіп қазіргі биология техникада
қолданыла бастады.Осы тұрғыдан қарағанда организмдердің эволюциялық
процесте пайда болатын бейімділік қасиеттерін зерттеудің ерекше практикалық
мәні бар.
Эволюциялық теория тірі материяның тарихи дамуы.
Эволюциялық теория басқа биология пәнінен тығыз байланыста бола отырып,
өзінің проблемаларын да тұрады. Оның ең басты міндетті “Әртүрлі организмнің
шығу тегінің себепкері мен оған әсер ететін жағдайларын табу” 
Сондықтан “Эволюциялық ілім теориясын” Правдин бойынша “Органикалық
әлемінің тарихи дамуының заңдылықтарын зерттейтін ғылым-дарвинизм деп
аталады”.
Ал Веняев “:Тіршіліктің тегін, организмнің әлемінің дамуын зерттейтін
немесе организмнің эволюциялық жолдарын басқаратын ғылым - эволюциялық ілім
деп аталатын.
Органикалық дүниенің тарихи даму заңдылықтарын дәлелдеу үшін Дарвинизм
биологиялық әртүрлі салаларының және ауыл шаруашылығының, сондай-ақ
геология мен палентологияның қорланып, жиналған бай материялдарын
пайдаланады.Бұдан Дарвинизм курсы бүкіл биологиялық және ауыл шаруашылық
ғылымдары мен өзара тығыз байланысты екенің көреміз. Эволюциялық теория
өзіне қатысты пәндердің жаңа фактыларымен үнемі толықтырып отырылды.
Сонымен бірге тірі табиғаттың даму жөнінде жалпы заңдылықтардың ашылуы
әрбір жаратылыс зерттеушілердің нақтылы зертеу жұмысына тікелей көмектесіп
отырады.Үй жануарларының жаңа тұқымдарын және мәдени өсімдіктердің жаңа
сортарын жасау жөніндегі адам бьаласының практикалық жұмыстарын
тәжірбиелерін қорытып Дарвинизм, жануарлармен өсімдіктердің осы кездегі
селекциялық әдістерге сүйенетін теориялық негіздерін жасады. Бұл ауыл
шаруашылығының жаңа міндеттеріне және талаптарын сәйкес жаңа органикалық
формаларды жасау жөнінеде бұрын белгісіз болып келген жолдары табуға
мүмкіншілік береді.
3. Биологияның, сондай-ақ Дарвинизмнің де осы кездегі жаңа даму кезеңі 20
ғасырдың ортасынан басталады. Мұнда, тіршіліктің әртүрлі құбылыстарының
зерттеуде жаратылыстық тарихи ғылымдарының тұтас комплекстері ене бастайды.
Бірақ сонғы кезге дейін дерлік биологиялық проблемаларды шешуде химиялық
және физикалық әдістерді енгізу жұмысы екінші ддәрежеде келді. Алайда
биолог, химик және физиктердің талаптардың тұтастырып, өзара кіріккен
идеялар мен әдістер биологияға жарасымды пәндердің шығуына себеп болды. Бұл
биологияның жаңа саласы- молекулалық билогияның құрылуына жағдай жасап
генетика саласында үлкен табыстарға жеткізді. Генетиктермен экологтардың
бірлесіп зерттеулерді Дарвинизмдегі өте күрделі проблемалардың бірі – түр
және түрдің пайда болу жайындағы мәселені жаңаша шешімділігіне мүмкіндік
берді. Адам баласының космосқа ұшуына байланысты биологияның алдына жаңа
проблемалар қойылды, өзінше ғылыми пән- космостық биология қалыптасты.
Бақылау сұрақтары
1.Эволюция ілімі, оның адамның практикалық әрекетіндегі ролі және
биологияның басқа салаларының дамуына әсері?
2.Эволюцияның бағыттылығы және шектелмегендігі.?
3.Микроэволюция проблемаларын талдау қажеттілігі?

Лекция №30

Тақырыбы: Эволюция ілімінің маңызы

Жоспары:
1.Эволюция ілімі және қоршаған ортаны қорғау.
2.Эволюция ілімі және медицина.
3.Эволюция теориясының методологиялық негізі
Лекция мәтіні :
1. Эволюциялық теория ілімі жалпы органикалық дүниенің даму заңдылықтарын
зерттейді.
Органикаллық эволюция дегеніміз- тірі табиғаттың адаптивтік өзгергіштің
таримхи процесі. Яғни қайта оралмайтын және жалпы прогрессивті бағытта
өтетін процесс, макромолекуларлықтан жалпы биосфераға дейін жер бетіндегі
тіршіліктің эволюциясы негізгі 3 кезеңнен тұрады.
1.Тіршіліктің дамуы.
2.Организмнің нақты топтарының және биосфераның бүтіндей дамуы.
3.Адамның ерекше биоэлеументтік жүйе реттінде пайда .
2. Жаңа биологияның жауапты міндетінің бірі-популяциялармен түрлердің
эволюциясын саналы түрде басқарып қажетке қарай бағыттау болып
табылады.Түрлер мен популяциялардың эволюцияның табиғат заңдылығына
байланысты ол жаннуарлар өсімдіктер микроорганизмдер мен вирустарда адам
сана сезімімен басқарылып бағыттау тиіс. Эволюция мен селекция өте күрделі
факторлардың жиынтығына негізделген олардың, ішіндегі ең бастылары, табиғи
және қолдан сұрыптау ортаның әсерінен немесе адамның мақсатына сәйкес
топтардың генетикалық жүйелілігі өзгереді.
Бүгінгі күнге дейін анықталып сурет телген жарты, миллионға жуық осы күнгі
өмір сүретін өсімдіктер мен бір миллионға таяу жануарлар түрі бар ал әлі
ашылып суреттелмеген түрлердің саны кем дегенде 1-2 миллионан асады.
Ғалымдардың есебі бойынша бір кезде жер бетінде өмір сүріп кеткен қазір
жоқ, өсімдіктер мен жануарлардың түрлері қазіргіден 5-9 есе көп. Түрлер
эволюциялық жолмен табиғи сұрыптау арқылы саны 3 млрд жыл бойы пайда болды
деген жүз жыл бұрын айтылған пікір биологияда ашылған елеулі жаңалықтар
бірі болып табылады. Мал тұқымын асылдандыру одан алынған өнімді арттыру
үшін тек жеке өкілдердің ғана емес топтық бүкіл тұқымның геноптипінің
жүйесін білу керек. Тұқым қуу, өзгергіштік заңдылығын оларды туғызатын,
анықтайтын факторлар білудің табиғи жағдайдағы жануарлардың өсіп өнуін,
ондағы генетикалық процестерді зерттеудің эволюцияны толық біліп оны
басқаруда маңызды өте зор.
3. Орта мектептерге биология пәнің мұғалімдерін дайындау саласында
“Эволюциялық ілім” курсы ерекше орын алады. Себебі биология әрқашанда
материализм мен идеялизмнің шиелініскен күрес алаңы болған және болып
келеді. “Эволюциялық ілім” курсынан осы күрестің тарихын оқу оқушылардың
диалектикалық-материалистік дүнеи тану көзқарасының қалыптасуына
көмектеседі.
Табиғат жайында осыдан екі жүз жыл бұрын, жаратылыстану діни көзқарастардың
тұтқыныңда болып келді. Ф.Энгельстің метафизикалық дәуірі деп атаған осы
кезеңдері жаратылыс зертеушілердің ақыл-ойын өзінше бір дүниетану қөзқарасы
шырмады. Олар жер және онда тіршілік ететін тірі табиғат құдайдың құдіреті
мен жаралған, содан бері олар өзгермей келеді деген ұғымда болады.

Табиғат жайындағы одан кейінгі тарихи көзқарастар, органикалық дүниенің
дамуын матералистік ұғымға негіздеп түсіндіреттін биологияның әртүрлі
салаларының өріс алу мен байланысты болды. Дарвин теориясының негізінде
эволюциялық палентология эволюциялық эмбрология т.б. биологиялық пәндер
қалыптасып, Дарвин ілімінің дұрыстығы жайында жаңа дәлелдемелер берді.
Алайда, эволюциялық идея идиялистік концепциялармен қиян-кескі күресте
дамып отырды; биологиядағы реакцияшыл лагерьдің өкілдері Дарвинизмнің
матералистік негіздерін күйретіп биологиялық ғылымын ескі, виталистік және
метафизикалық ұғымға қайта оралту үшін талаптанды. 
Жалпы алғанда, Эволюциялық ілімнің осы қалыптасу дәуірінде органикалық
дүниенің тарихи даму процесінің бірсыпыра өте қажетті заңдылықтары ашылды.
Биологиялық көлемді зертеуле және түрлі мамандықтағы табиғат
зерттеушілердің жұмысындағы комплекстік осы кездегі жаратылыс танудың
философиялық негіздің диалектикалық матерализм болуына себепкер
болды.Бұдан, орта және жоғары оқу орындарында биология пәндерінің үлкен
тәрбиелік рөл атқаратының, онда эволюциялық ілім заңды көрнекті орын
алатының көреміз.
“Эволюциялық ілім” курсы, ғылыми –атеистік тәрбиелік биологиялық негізі-
органикалық дүниенің даму заңдылықтарын ашады.Бұл заңдар, өсімдіктердің,
жануарлардың және адамды құдай жаратты, табиғат өзгермейді деген таураттағы
барлық негізде діни жорамалдарды жоққа шығарады.
Бақылау сұрақтары
1.Эволюция ілімі және қоршаған ортаны қорғау?
2.Эволюция ілімі және медицина?
3.Эволюция теориясының методологиялық негізі?
Қолданылатын әдебиеттер тізімі.
Негізгі:
1.Ч. Дарвин. “ Происхождение видов ” Сбор. Соч М – Л . Изд. АН СССР, 1939 т
3
2.Ч. Дарвин. “ Изменение домашных животных и культурных растений ” Сбор.
Соч. М-Л.1961
3.И. Шмальгаузен. “ Проблемы дарвинизма ”. Л. наука –1969
4.А.С Северцов. “ Введение в теорию эволюции ”. М. Изд. МГУ. 1981
5.Ч.Дарвин. “ Происхождение человека и полевой отбор ”. Соч. Т.S.М.Л. –1959
6.Э. Майр и др.” Эволюция”. Изд. Мир. Мир. Москва- 1981
7.В. Грант. “ Эволюция организмов “. Изд. Мир. -1980 
Қосымша:
8.М.М Беляев. “Окраска животных и естественных отбор ”. М. –1974
9..К.М Зовадский “ Вид и видообразование ”. Л- 1969
10М.М Камишлов “ Эволюция биосферы ”. М.-1976
11.Я.Я. Рогинский “ Проблемы антропогенеза ”. М-1977
12.Ф.Н.Правдин „Дарвинизм” Алматы „Мектеп” 1973.
«Эволюциялық биология» пәнінен бақылау сұрақтары

1.Эволюция ілімі пәнінің мақсаты мен міндеті
2.Табиғаттың тарихы, дамуының жалпы заңдылықтары және қорғаушы күштері
жайлы ілімі
3.Материя эволюциясының негізігі дәуірлері
4.Органикалық эволюцияның негізгі ерекшеліктері
5.Эволюция құбылысын зерттеу принциптері мен әдістері
6.Ж.Б. Ламарктіің эволюцияялық концепциясы
7.Табиғаттың эволюциялық жолмен даму идеясы
8.Эволюция себептерін баяндау: градация принципі, сыртқы орта факторларының
әсері, тікелей, бірден бейімделу заңдары
9.Ламарктың эволюциялық концепциясын талдау
10.Ч. Дарвиннің эволюциялық теориясының қалыптасуындағы жалпы алғы шарттар

11.Ч. Дарвиннің ғылыми зерттеу жұмыстары
12.Ч. Дарвиннің эволюциялық теориясы
13.Ч. Дарвиннің өмірбаяны және еңбектері
14.« Түрлердің тегі » еңбегінде негізгі қағидалар
15.Мәдени формалардың эволюциясын дәлелдеу
16.Ч. Дарвиннің өзгергіштік формалары заңдылықтары және себептері жайлы
көзқарасы
17.Айқын және айқын емес арақатнастық және компенсациялық өзгергіштіктер
18.Органикалық эволюция объективті процесс
19.Эволюцияны зерттеу әдістері
20.Тіршілік материя қозғалысының ерекше формасы
21.Тіршіліктің мәні жайлы ұғымның дамуы
22.Тіршіліктің негізгі қасиеттері
жер бетіндегі тіршіліктің геохимиялық роль
23.Тіршілік жағдайларының өзгеруіне әсер ететін геологиялық, космостық және
биотикалық факторлар
24.Эволюциялық өзгеріс- жер бетіндегі тіршіліктің қажетті шарты
25.Тіршіліктің негізгі құрылым деңгейлері: молекулалық, клеткалық,
организм, популяция түр, биогеоценоздық, тіршіліктің құрылым деңгейлерінің
арасындағы байланыстық және арақатнастық
26.Геохронология жайлы қысқаша мағлұмат 
27.Микроэволюция ілімі
Микроэволюция ілімінің қалыптасуы, оның зерттейтін мәселелері және әдістері
28.Эволюция ілімін қамтудағы маңызы
29.Тұқым қуалайтын өзгергіштік тірі организмге тән жалпы ерекшеліктері
30.Популяция – эволюцияның элементарлы құрылымы
31.Популяция ұғымы
32.Популяцияның критерилері
33.Популяцияның түрлері
34.Популяцияның генетикалық құрылымының әртүрлілігі – эволюциялық
өгерістердің алғы шарты
35. Популяциялар генофондардың интеграциялығы
36.Популяцияның экологиялық және морфологиялық – физиологиялық
ерекшеліктері
37.Эволюцияныың элементарлы формалары
38.Мутация процесін эволюцияның элементарлы факторлары ретінде талдау
39.Генетикалық комбинаторика және оның эволюциядағы ролі
40.Оқшаулану популяциялардың арасындағы генетикалық айырмашылықтарды
күшейтетін фактор
41.Оқшаулану популяциялардың арасындағы генетикалық айырмашылықтарды
азайтатын фактор
42.Оқшаулану типтері, олардың сипаттамасы және маңызы
43.Эволюцияның статистикалық факторлары ретінде мутация процесінің
популяциясы толқынының және оқшауланудың өзара әрекеттесуі
44.Табиғи сұрыпталу – эволюцияның қозғаушы және бағыттаушы факторлары
45.Табиғи сұрыпталудың алғы шарттары
46.Тіршілік үшін күрес ұғымы. Тіршіліктің күрестің және элиминациялық
формалары
47.Тіршілік үшін күрес табиғи сұрыпталудың сандық сипаттамасы: сұрыптанудың
коэффициенті, тиімділігі, жылдамдығы
48.Сұрыпталудың жылдамдылығының популяциядағы особтардың генетикалық
әртүрлілігіне байланыстылығы, сұрыптанудың механизмі, объектісі және әсер
ету сферасы

49.Сұрыптанудың зерттеу әдістері
50.Табиғи сұрыпталудың негізгі формалары: тұрақтандырушы, қозғаушы және
диэруптивті жыныстық сұрыптану, жеке толық сұрыпталу
51.Адаптациялардың пайда болуы табиғи сұрыптану әсерінің нәтижесі
52.Адаптация ұғымы. Қарапайым адаптациялар.
53.Қарапайым қорғану құрылымдары және олардың эволюция процесінде пайда
болу, жақсару жолдары
54.Күрделі адаптациялар 
55.Күрделі мүшелердің құрылысы
56..Насеком қоректі өсімдіктер және өсімдіктердің қозғалысы
57.Адаптацияның салыстырмалы сипаты
58.Адаптациялардың классификациясы
59.Түрдің пайда болуында буындар мен полиплодияның ролі
60.Адамды, партеногенетикалық және өздігінен ұрықтанатын формаларды жаңа
түрлердің пайда болуы
61.Эволюциялық ілімнің табиғи ресурстарын қорғау және тиімді пайдалану
проблемасын шешудегі маңызы
62.Макроэволюция проблемалары
63.Макроэволюция ұғымы
64.Макро және микро эволюциялардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары
65.Макро эволюция және микроэволюция процестерінің арақатнастары
66.Филогенездің негізгі формалары
67.Филетикалық эволюция дивергенция, конвергенция және паралельдік мүшелер
мен функцияның өзгеру принциптері: негізгі санының өзгеруі, адаптация
алмасуы
68.Мүшелердің функцияларының эволюциялану қарқындылығы
9.Онтогенез эволюциясы
70.Онтогенез эволюциясы жайлы жалпы түсінік
71.Онтогенезде организмнің біртұтастығы
72.Организмнің тарихи өзгеруінде корреляцияның және координацияның маңызы
73.Онтогенездің эмбриондануы
74.Автономдану – онтогенез эволюциясының негізгі бағыты
75.Неотения және фитализация, онтогенездің канализациясы
76.Эволюциялық процесс
77.Прогресс туралы түсінік
78.Шексіз прогресс- тіршілік дамуының магистральды жолы
79.Антропогенездің негізгі дәуірлері
80.Қазіргі заман адамның эволюциялану ерекшеліктері, эволюция ілімінің
проблемалары және переспективалары
81.Эволюция ілімі- дамудағы ғылым , оның адамның практикалық әрекетіндегі
ролі және биологияның басқа саналарының дамуына әсері
82.Неодарвиндік эволюция, эволюцияның бағыттылығы және шектемелігі,
макроэволюциядағы моно және полифияның арақатнасы торлы эволюция, тұқым
қуалайтын өзгергіштік ролі және т.б
83.Микрэволюция проблемаларын талдау қажеттілігі
84.Эволюцияны модельдеу проблемасы, макроэволюция проблемалары, биоценоздар
эволюциясы, 85.Эволюция факторының арақатынасы және т.б
86.Эволюция ілімі және адамды түр ретінде қорғау
87.Эволюция теориясының метадологиялық негізі
88.Эволюция ілімі және медицина

89.Қазіргі экологиялық апаттардың эволюцияға әсері
90.Эволюция саласындағы зерттеу жұмыстарының көкейкестілігі 
91.Организмдердің тарихи өзгеруінде корреляцияның және координацияның
маңызы Онтогенездің эмбриондануы және канализациясы 
92.Адамдардың пайда болған орталықтарыжайлы жорамалдар. 
93. Әлеуметтік дарвинизмді сынау және нәсілшілдік
94. Биосфера эволюциясы.
95. Қазақстандағы экологиялық апаттарға ұшыраған аймақтар, олардың
себептері және биосфераның эволюциясына әсері
96. Эволюцияның бағыттылығы және шектелмегендігі.
97. Эволюция ілімі, оның адамның практикалық әрекетіндегі ролі және
биологияның басқа салаларының дамуына әсері
98. Прогресс құбылысын классификациялау, олардың сипаттамасы, критерилері
және арақатынасы.
99. Антропогенездің биологиялық және әлеуметтік факторлары және олардың
әсер ету ерекшеліктері
100. Эволюция ілімі және медицина.

















Пәндер