Файл қосу

Тәрбие әдістерінің жіктелуі









         «Физика», «Математика», «Информатика» мамандығына  арналған
                           «Педагогикасы» пәнінің
                          ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК  КЕШЕНІ

                         ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР




















                                 СЕМЕЙ-2013




                                   Мазмұны


1
Глоссарий...................................................................
.......................................
2
Дәрістер....................................................................
.........................................
3                                                                Тәжірбиелік
сабақтар....................................................................
................
4            Курстық            жұмыстар            мен            дипломдық
жоба...............................................
5                            Студенттердің                             өздік
жұмысы......................................................................
..





































1 ГЛОССАРИЙ
      АБСТРАКТЫЛЫ  ЖӘНЕ  НАҚТЫЛЫ  (абстрактное  и   конкретное)-философиялық
ұғымдар. Педогогикалық ғылымында кеңіне пайдаланылады. Нақтылы ұғымы  заттың
дамыған бір тұтастығын, мазмұнды жақтары мен  байланыстарын,  сонымен  қатар
барлық   қажеттерінің   бірлігін   анық   бейнелейтін   ауқымды   білімдерді
белгілейді.
    Абстракталы ұғымы нақтылының даму сәтін,  бағытын,  кезеңін  белгілейді.
Ол нақтылының  дамымаған,  қанат  жаймаған,  біржақты  елестетілуі.  Ойлауда
нақтылы  сұрыптаудың  барысы,  нәтижесі  ретінде  көрінеді.  Шындығында   ол
–танымның басы,осының салдарынан,  нақты  пайымдау  мен  елестетудің  негізі
болып табылады.  Ал  абстрактылыққа  келетін  болсақ,  ол-  танымның  ойдағы
нақтылыға  қарай  қозғалу  сәті.  Осы  қозғалыс  барысында  обьектінің  жеке
қасиеттері  мен  жақтарын  белгілейтін  бір  жақты  білім   нақтыланады.Яғни
обьектінің   анықтамалары,    қасиеттерімен    жақтары    жөніндегі    білім
абстрактылыны сұрыптау жолымен  байытылады,  айқындала  түседі.Бұл  сұрыптау
обьектінің  түрлі  жақтарының   шынайы   байланысын   олардың   біртұтастығы
негізінде көрсететін ғылыми  абстрактылауларды  бір  жүйеге  келтіру  тәсілі
болып табылады. Бұл-абстракталыдан нақтылыға өрлеу әдісі.
       Адамның  өзіндігі  (индивидуальность)-адам   тұлғасының   қайталанбас
ерекшелігі,  оның  бүкіл  адамзаттық  құндылықтарды  өндіру  және  жетілдіру
қабілеті  дамуының  жоғарғы  саласы.  Тіршілік  иесі  ретінде   адам   басқа
адамдармен  қарым-қатынас  барысында  жалпы  адамзаттық  мәдениет  мұраларын
жасау турлерін, тәсілдерін және құралдарын игере отырып қана өмір сүреді.
       Адамға  өзіндік  тұрғыдан  қарау(индивидуальный  подход)-оқыту   және
тәрбиелеу барысында  оқушыларды  өздеріне  тән  ерекшеліктерін  есепке  алу.
Мысалы олардың білім деңгейін,саяси дайындығын,мұраттарын, өмір  тәжірибесін
т.с.с. есепке алу.
      Оқытудың жаппай, топтық  жеке  түрлерін  ұштастырып  отыруды  қалайтын
дидактикалық талапқа сәйкес әрбір нақты жағдайдан  оқудың   жекелік  сипатқа
ие болудың тиімді деңгейін табу керек.  Оқушыға  өзіндігі  тұрғысынан  қарау
сабақта және оқуды ұйымдастырудың басқа  да  түрлерінде  жүзеге  асады.  Бұл
мұғалімнің   оқушылардың   оқу   іс-әрекетін,   қоғамдық    және    еңбектік
белсенділіктерін, оқуға  қатынастарын,жұмыс  қабілеттерін  тағы.с.с  байқау,
талдау, әдістерімен зерттеу нәтижелеріне сүйенеді.
Оқушыға өзіндігі тұрғысынан қарау оған берілетін оқу тапсырмаларының  көлемі
мен күрделігін жіктеуден , ол  тапсырмаларды  орындауда  оған  берілетін  өз
бетіндік әрекеттің деңгейлігінен,  бірде  мадақтау,  бірді  талапты  күшейту
және басқа да оқу себептерінің сипатынан көрінеді.
      Адам тұласының бағыттылығы(направленность  личности)  белгілі  қоғамға
оның  мұрат-мақсаттарына  орынды   немесе   теріс   қатынастары   тұрғысынан
қарағандағы   жеке   адамның   ең   елеулі,шешуші   сипаттамаларының   бірі.
Жинақталған  түрінде  адам   тұлғасының   бағыттылығы-өз   халқының,   бүкіл
адамзаттың асыл мұратына ұмтылуы, оған жету жолындағы күресі
       Мектеп  жағдайындағы   оқушы   тұлғасының   бағыттылығы   аға   ұрпақ
тәжірибеіндегі жинақталған  білім,білік  ,  дағдылармен  қаруланып  қоғамның
адал азаматы болуға ұмтылуы, еңбек ету болып табылады.
       Азаматтық(гражданственность)-адам  тұлғасының   жетекші   сапаларының
бірі.  Іс-әрекет,  қарым  қатынас  және   қарым-қатынас   тәрбие   жүйесімен
қалыптасады. Азаматтықтың мәні адамдық міндеттерін және борыштарын  санаулы,
белсенді атқару құқын орынды  пайдалану,  қоғам  белгілеген  ережелерді  дәл
орындау болып табылады.
      Қоғам  азаматына  лайықты  азаматтық  сананың  құлықтық  пен  құлықтық
ережелерін игеру, сезімдері мен тәртібін дамыту  барысында  қалыптасады.  Ол
–мектеп,  жанұя,  еңбек  ұжымдары  т.б.   Әлеуметтік   тәрбие   институттары
жұмысының     нәтижесі.     Азаматтық     адам     тұлғасының     патриоттық
интернационалистік, еңбекке қоғамдық тұрғыдан қарау қасиеті болып табылады.
      Ақыл(ум)-ойлаудың  таным  қабілеті  дамуының  жоғары   басқышы,   жаңа
білімінің шығармалығы,  адамның  жүріс-тұрғысында  және  бүкіл  өмірлік  іс-
әрекетде орындылықтың  болуы.  «ақыл»  атауы  ойлау  қабілетінің  синониміне
ретінде жиі қолданылады.Ақылдың болуы, ақылды болу  қарқынды  және  нәтижесі
ақыл-ой  іс-әрекетіне  қабілеттің  болуы  деген  сөз.Бұл  қабілеттің   басты
негіздерінің  бірі  өзара  тығыз   байланысты   білімдерді   меңгеру   болып
танылады.Ақылдылық-әрбір  және  бөлінген  біртұтастығы  көре  білу.Ақыл  оқу
барысында шешімі табылуға тиісті мәселе көтере отырып  іс-әрекетке  қатынасу
күйін туғызу, оқу материалының мазмұнын әңгіме арқылы ашу барысында дамиды.
      Ақыл-ой тұжырымы (умозаключение)-бір немесе бірнеше пікірлерден  жаңа,
туынды пікірді алудың логикалық  тәсілін  көрсететін  ойлаудың  түрі.Ақыл-ой
түйіні  алғы  шарттан  (бастапқы  пікірден),  қорытындыдан   (алғы   шарттан
тұжырымға  көшуден)  тұруды.Білімдердің  ғылымда  және   тәжірибеде   дамуы,
құбылыстардың мәні болып танылуы,  олардың  заңдылықты  ара  байланыстарының
айқындалуы ақыл-ой тұжырымы нақты құбылыстарға  баға  беру,  теориялық  және
тәжірибелік  мәнді  ерекшеліктерді   дәлелдеу   барысындағы   ой-пікірлердің
негізін  құрайды.Қорытынды  ережелердің  ұстау  алғышарттың   ақиқатылығымен
бірлескен ой-пікірдің логикалық дұрыстығын,  ақыл-ой  тұжырымы  дәлелділігін
және сендірімділігін қамтамасыз етеді.
      Қорытынды танымдық бағытына қарай ақыл-ой тұжырымын  дукция,  индукция
және ұқсастық деп үш түрге бөледі:Дидуктивтікке қорытындының жалпы  білімнен
жекеге қарай  жүруінен  ақыл-ой  тұжырымының  шығаруылуын  яғни  соллогизмді
айтады.Индуктивтікке  қорытынды  жекеден  жалпыға  қарай  жүруінен   ақыл-ой
тұжырымын  шығарылуын,  яғни  оқиғаларымен  құбылыстарды  талдау   негізінде
қорытынды сенімдік тәжірибе немесе  теориялық  жинақтау  негізінде  құрылуын
айтады. Ұқсастық дегеніміз- ақыл-ой  тұжырымының  екі  дербес  құбылыстардың
салыстырылуы арқылы ортақ және басқа белгілерінің дөнінде қорытынды  шығару,
яғни жекеден қарай журу. Ұқсастық ғылым  мен  техникада  модельдеу  әдісінің
негізі болып табылады. Мұның көмегімен ұйлес  етін  тарихи  оқиғалалар,  бір
–біріне жақын әлеуметтік барыстар  қатарластырып  қаралатын  мұғалім.  Оқыту
барысында ұқсастықты пайдалана отырып күрделі және түсінуге  қиын   барыстар
мен құбылыстар жөнінде білім алуды жеңілдетеді.
      Ақыл-ой тәрбиесі (умствинное воспитание)-тәрбиенің  басқа  салаларымен
үздіксіз  байланысты   ойлаудың   шығармалық   қабілеттерін   мақсатқа   сай
дамыту.Ойдың  жұмысы  адам  өмірінің  шарттары  мен  жағдайларында   болатын
обьективтік қарама-қайшылықтарды шешуге әрдайым БАҒЫТТАЛЫП  ОТЫРАДЫ.Оқушының
оқу материалын игеру оның ойының өз  бетімен  қарқынды  әрекеті  болуын,  ең
алдымен осы материал  қамтитын  келелі  мәселелерді  шешудің  тәсілдері  мен
құралдары  іздеуін  қажет   етеді.Нақты  мазмұндағы  іс-әрекет   бағытталған
заттағы  қарама-қайшылықты  табу  және  көру,  оларды   тәжірибеде   шешудің
құралдарын  және   мақсатын   табу   мен   анықтау   ақыл-ойдың   ең   басты
қабілеті.Бірақ бұл қабілет өзінен өзі  пайда болмайды.  Мұғалім  оқушылардың
іс-әрекеті бағытталған заттарды өз бетімен саналы түрде ұғынуды  қажетсінуін
дамыту,  ақыл-ой  әркекеттерінің  тұлғалық   сылтауларын   және   дағдыларын
қалыптастыруы керек. Келесі мәселені  мағыналы  ұғыну,  қарама-қайшылықтарды
шешу адамды, сөз жоқ, басқа адамдардың мүдделерімен, олардың  көз-қарастары,
құлықтары және талғамдық мұраттарымен байланыстырады. Сондықтан  да  ақыл-ой
тәрбиесі тәрбиенің басқа салаларымен біртұтас жүреді.
      Алдын-ала сезіну(интуиция)  –адамның  дәлелдеудің  көмегінсіз  тікелей
ақыл-ойға салып ақиқаттыққа  жету  қабілеті.  Шындықты  алдын-ала  сезінуден
бұрын игерілген тәжірибенің және алдыңғы болған ақыл-ой  жұмысының  нәтижесі
болуы  мүмкін.  Бұл  тәжірибенің  шешілетін   міндетпен   байланысты.Белгілі
кезеңге  жеке  адаммен  ұғынылмайды.Шындықты  алдынала  сезіну   жинақталған
тәжірибе оның өзекті ізденіс іс-әрекетімен байла нысқан ғана  пайда  болады.
Шындықты  алдын-ала  сезіну  арқылы  табылған  жауап  лоикалық  дәлелдемемен
бекітілуі қажет.
      Атеизім-дінге сенуді болдырмауға тырысатын ғылыми көзқарастар  жүйесі.
Ғылыми атеизім философиялық  пәндер  қатарына  жатады,  діни  көріністерінің
негіздері мен себептерін зерттейді.
      Атеистік тәрбие  (атеическое  воспитание)-оқушыларды  дүниеге  ғылымыи
материалистік көзқарастарды,  атеистік  сенімдерді  бекітуге  мақсатты  және
жүйелі әсер ету. Мектеп  тәрбиесінда  атеистік  сенімдерді  бекітуге  тәрбие
берудің көптеген түрлерімен әдістері  қалыптасқан.  Олардың  ішінде  балалар
мен жас өспірімдерді жанұяда және мектепте тәрбиелеу, ғылыми атеистік  үгіт,
көпшілікке хабар тарататын құралдарды пайдалану, жаңа салт-дәстүрлерді,әдет-
ғүрыптарды өндіру, дінге  сенушілер  мен  сеніміне  зәбір  көрсетпей,  үлкен
әдептілікпен жүргізілуі керек.
      Атлас-жалпы   бағдарламалармен   біріктірілген   географиялық,   саяси
экономикалық, тарихи және басқа да оқу  қатарларының  жиынтығы.  Жеке  жұмыс
жасауға арналған құрал.
      Ашық сабақ(открытие занятие)-мұғалімнің жұмыс тәжірибесін зерттеу және
тарату  түрі.  Ашық  сабақты  өз  ісінің   шеберлік   деңгейіне   көтерілген
мұғалімдер,тәрбиешілер  өткізеді.  Оған  жас  мамандар,   пәндік   бірлестік
мүшелері және басқа да іске қатысты бір адамдар шақырылады. Ашық сабақ  ұжым
болып  талқыланумен  аяқталады.  Мұғалім  мен  оқушылардың   бірлескен   іс-
әрекетімен жарамды және жарамсыз жақтары айқандалады.
      Әдіс(метод)-білім беру  тәрбилеу  және  дамыту  барысында  белгіленген
мақсатқа  жетуді  қамтамассыз  етуге,  ғылыми   зерттеуді   жүзеге   асыруға
көмектесетін тәсіл, алға  қойылған  міндеттерді  шешу  үшін  ұйымдастырылған
адамдардың, ұжымдардың іс-әрекетінің бір жолы.
      Біз диалектикалық материялистік дүние тану әдісін башылықа  аламыз  ол
табиғат  қоғам  ойлау   дамуының   жалпы   заңдарын   қамтиды.Бұл   жағдайда
материалистік диалектикалық басқа ғылымдардың философиалық  негізгі  негізгі
тұрғысынан көрінеді
       Әдіскер (методист) жеке пәндерді оқыту саласының  тәсілі  жақсы  және
білікті қолдана алатын,  соның  негізінде  оқушыларды  оқыту  мен  тәрбиелеу
міндеттерін орынды пайдалану. Кез келгекн мұғалім әдіскер  болуға  тырысады.
Ол үшін жан жақты әдіскер болу керек
      Әдістемелік  кеңес  (методическиисовет)  мұғалімдердің   іс   әрекетін
басқарудың қоғамдық орталығы.  әдістемелік  кеңес  бірлестігі  оқу  пәндері,
тәрбие жұмыс, бастауыш оқыту мәселелері  төңірегінде  құрылады.  Әдістемелік
кеңес міндеттерін оқу тәрбие барысын орынды жүзеге асыру жолдарын  жетілдіру
және    тиімділігін    арттыру     мәселелерін     қарау     кіреді.Семинар,
курстар,теорялық,  ғылыми   тәжірбелік   және   әдістемелік   конференциалар
откізіледі. Жеке  жүмыстарға  байланысты  әдістемелік  нұсқаулар,  тәжірбені
зерттеу, жинақтау, тарату жасайды. Мұғалімдер  мамандыққа  даярлық  денгейін
көтерумен айланысады.
      Әдістемелік құрал (методические пособие)  белгілі  бір  пәнді  оқытуды
ұйымдастыруды  мұғалімге  көмек  көрсететін  нұсқаулар  және  ақыл  кеңестер
жиынтығы.Мұны тәжірбелі ғалымдар,мұғалімдер құрайды.
      Әлеуметтік экология (социяльная экология) қоғам  мен  адамды  қоршаған
табиғи ортаны өзара  қатынасын  заңдылықтарын  зерттейтін  білімнің  саласы.
Экология атауының дәл  мағынасы  (өмір  сүру  орны  жөніндегі  ілім  дегенді
білдіреді. Жас ұрпаққа өмір сүру орны жөніндегі  ілімнен білім  тәрбие  беру
ең басты мәселе себебі қоршаған орта материалды және  рухани  құндылықтардың
қайнар көзі болып табылады.
      Әлеуметтік құбылыс(социальное  явление)-қоғамдық  өмірдің  ішкі  мәнін
ашатын  нақты  сыртқы  көрінісі  ретіндегі  деректер,   оқиғалар   ,барыстар
жиынтығы.  Әлеуметтік   шындықтың   теориясын,оның   зерттейтін   заңдарымен
заңдылықтарын ұғынып алу танысу субьектінің  құбылыстар  мәніне  енуі  болып
табылады. Бұл өзара тығыз байланысты құбылыстар мәніне енуі болып  табылады,
нақты  оқиғаларды  ,  деректерді,  барыстарды  талдау  арқылы  жүзеге  асып,
нәтижесінде адам қоғамдық дамудың  жалпы  заңдылықтары  жөнінде  қорытындағы
келеді және  оларды тәжірбелік іс-әрекетіне басшылыққа алу  мүмкіндігіне  ие
болады.
      Әңғімелесу(собеседование)-мектепте   оқыту   барысын    ұйымдастырудың
құрамды  бөлігі,белгілі  бір  тақырыпты  игеру   мақсатына   жетудің   жолы.
Әңгімелесу  мақсаты  оқушылардың  әдебиеттерімен   өз  беттерімен  жұмысында
қиындық тудыратын келелі мәселелерді терең зеттеу үшін мұғалім  басшылығымен
ұжым  болып  талқылау.  Әңгімелесу  арқылы  ұжым  болып   талқылап   оқытуды
ұйымдастырудың  басқа  турлерінде  оқушылардың  алған  білімін   жинақтауға,
айқындай тусуге,бекітуге көмектеседі.
      Әңгімелесу  барысында  оқушылардың  білімін  тексеруге   үлкен   көңіл
бөлінеді, бірақ оның бұл бақылау қызметі білім  беру  мен  оқыту  қызметінен
басым туспеуі қажет. Мұғалімнің міндеті ұждымдық  талқылау  арқасында  әрбір
оқушының  оқу  материалын  игеуіне  қол  жеткізу  болып  табылады.   Білімді
тексеру  осы  мақсатқа   бағындырылады.   Жақсы   ұйымастырылған   әгімелесу
тақырыптық күрделі сұрақтарды түсінуіне ғана емес оқу  ісінде  бақылау  және
өзіндік өзі бақылаудың  да  құралы  бола  алады.  Сөйлеген  оқушылардың  сөз
сапасынан, олардың талқылау барысындағы  белсенділіктерінен  кімнің  өтілген
материалды қалай  игергенін,  қандай  әдебиеттерді  оқығанын  біліп,  осыған
байланысты әр оқушының  іс-әрекетіне  қандай  тузетулер  енгізуді  анықтауға
болады.
      Әсемдіктану(эстетика)-табиғатта, қоғамда, адам іс-әрекетінде,  әсіресе
өнерде  заттардың  және  құбылыстардың  мәні   мен   дамуының   заңдылықтары
жөніндегі философиялық ғылым. Ақиқатты адамның тануы құбылыстар  сырына  тек
ақыл арқылы ену емес. Ақиқат адамдарға түйсік  арқылы  беріледі,  көңіл  күй
сезімінен біртұтас қабылданады.  Біздің  танымымыз  ақиқатты  сезімдік  ұғым
бейнелі көңіл-күй сезімі арқыла қарқынды турлендіруші барысы болып  табылады
.  Әлемнің  барлық  құбылыстары  мазмұны  мен  түрдің  белгілер  қатынасының
түйінді өмір суреді. Заттың немесе құбылыстың жетілгендігі, идеялық  мазмұны
мен түрінің үндестік бірлігінің сәйкестігі адамға әсемдіктің  ляззатын  алып
келеді.
      Әсемдік  тануға  тәрбиелеу(эстетическое  воспитание)-оқушының  бойында
өнерге және шындыққа әсемдік көзқарас тұрғысында  идеялық  көтеріңкі  көңіл-
күй сезінерлік  қатынасты  қалыптастыру  барысы.  Мақсаты  оқушы  тұлғасының
әсемдікті   тануының,білім   алуын   дамыту,рухани   құндылықтарға    көркем
шығармашылық іс-әрекеттерге қатынастыру.
      Тарбиенің бұл саласын жүзеге  асыруға  табиғат,еңбек,тұрмыс,  қоршаған
орта қоғамдық және тұлға аралық қатынастар зор роль атқарады.
      Бұл тәрбиенің басқа салаларымен тығыз байланысты жүзеге асады .
      Әскери   партриоттық   тәрбие(военное   патриотическое    воспитание)-
адамгершілікті адам  тәрбиелеудің  құрамды  бөлігі.  Қажет  болған  жағдайда
қолға қару алып өз Отанан  қорғауға  жастар  бойында  адамгершілікті  саясы,
психологиялық куш жігерлік, әскери  мамандық  салаларды  қалыптастыру  болып
табылады. Бұл тәрбиеды өз халқының Отанының тарихи  тәрбиесі,  аға  ұрпақтың
жауынгерлік дәстурлері үлкен орын алады.Әскери потриоттық  тәрбие  саласында
жас   ұрпақтың   бойында   сенім,халқын,Отанын    сүю,    патриоттық    және
интернационалдық сезім, аға ұрпақтың жауынгерлік дәстүрлерін жалғастыру  мен
дамыту және басқа сапалық қасиеттер қалыптсады,  әскери  патриотттық  тәрбие
мектеп, жанұя,қоғамдағы  басқа  де  әлеуметтік  тәрбие  институттары  арқылы
жүзеге асады.
      Жүзеге   асырудың   негізгі   жолдары:арнайы   пән   оқу    барысында,
әскер,спорттық,әскери  техникалық  ойындар,  белгілеген   ереже   талаптарын
орындау тарихи орындарға жорықтар ,іздену және мұражай жұмыстары
      Байымдау, ұғынып ойлау(суждение)-заттардың және  олардың  белгілерінің
арасындағы байланыстарды бекітуді  және  жоққа  шығаруды,  ақиқаттық  немесе
жалғандық түрінде ие болуды  бейнелейтін  ойлаудың  турі.  Құрылымы  жағынан
ұғынып ойлау немесе байымдау 3 сатыдан тұрады:
        1. Субьект(әрекет иесі) –белгілі зат жөніндегі ой ;
        2. Предикат(р)-заттың жаңа белгісі жөніндегі ой ;
        3. Байланыстар зат пен белгілердің өзара байланысының бар,  не  жоқ
           екендігін көрсету;
      Танымдық қызметі жағынанан пайымдау немесе ұғынып ойлау  жаңа  хабарды
берудің логикалық құралы. Мұның грамматикалық түрі сөйлем.
      Байқау(наблюдение)-іс-әрекеттің   міндетінен   шығатын    алдын    алы
белгіленген  мақсатқа  бағыты  қабылдау.  Тарихи  турғыдан  қарасақ   байқау
еңбектің құрамдыбөлігі ретінде дамыды . Әлеуметтік шындықтың  және  еңбектің
іс-әрекеттің күрделенуіне  байланысты  байқау  өзалдына  салыстармалы  барыс
ретінде болініп шықты. Ғылыми байқауда қойылатын талаптар  ойластырудың  бір
мәнділігі,  обьективтілігі  ,  яғни   байқауда   бақылау   арқылы   қайталау
мүмкіндігі немесі зерттеудің  одан  да  қуаттырақ  басқа  әдістерін  әсіресе
эксперименттік  пайдалану  байқау  нәтижелерін  талқылауға   көбірек   көңіл
бөлінуі қажет.
      Байқау іштей және сырттай жүргізіледі. Байқау натижелерін мұғалім  оқу
материалын мазмұнды және қол жетерлік өтіп баяндау  үшін  пайдаланады.  Оған
қоса  мұғалім  оқушыларды   байқауға,қоршаған   шындықты   және   әлеуметтік
құрылыстарды  жүйелі,  орынды  қабылдауға  жетелейді,  байқау   қорытындысын
пайдалануға үйретеді
      Барыстарға     қойылатын     жетекші      талап(принцип)-іс-әрекеттегі
негізгі,іргелі ой,жүріс-тұрыс ережесі.  Ол  жетекші  ұғым  ретінде  қаралып,
әйтеуір бір қағиданы қарастырып отырған  құбылыста  жинақтау  және  таратуды
көрсетеді
      Баяндама(доклад)-нақты    тақырыптың    мазмұнын    кеңейтіп     айтып
беру,оқушылардың өз бетімен жұмысының түрі ретінде  көрінетін  әдіс.  Мектеп
жағдайында   сабақта   сыныптан   тыс   жұмыстарда   пайдаланады.   Оқылатын
материалдың негізгі мазмұнына сай көкейкесті теориялық мәселелерге арналды.
      Баяндаманы пайдалану оқушылардан таңдап алынған тақырыпты терең талдау
жасауды әдебиеттерді білікті пайдалануды  материалды  жүйеге  келтірді  және
жинақтауды өмір тәжірбесіне сүйенуді талап етеді
      Баяндаманың  натижесінде  нақты  жоспар  жасаудың  негізгі  сұрақтарды
шешімі  табылуға  тиісті  мәселе  ретінде  отырып  мазмұнын  айтып   берудің
көтерілген  хағидаларды  сендірімді  негіздеудің  дұрыс  дәл  жинақтау  және
қорытындылаудың ықпалы зор болады.  Жоспар  жасауға  ,  әдебиеттерді  таңдап
алуға мұғалім көмектеседі. Баяндамадағы ой желісін  оған  сәйкес  әдебиеттер
алдын ала таныстырылған  болса  баяндаманың  талқылау  оқушылардың  танымдық
мүддесін кеңейтеді және тереңдетеді, өз  беттерімен  көкейкесті  мәселелерді
іздеп табу мен зеттеудің берік дағдыларын қалыптастырады
      Бедел(авторитет)-жеке   адамның,әлеуметтік    институттың    идеяларны
жуйесінің  нақты  сапаларының,сіңірген  еңбегіні   күшіне   қарай   көпшілік
мойындаған мағына,ықпал.
      Тәрбие мен оқытуда бедел  оқушылардың  жасампаз  құлшыныс  жігері  мен
бетіндегінің      дамытады,тұлғаның      іс-әрекетінің       мақсаттылығының
жауыапкершілігінің және тәртіптілігінің шарты болады.
      Бейімделу(адаптация)-тіршілік  ету  жағдайына  адамның   өз   тұлғасын
қолайлау  әрекеті.Тарбиелену   және   оку   барысында   байланыста   қоғамда
белгіленген  ережелерге  оқушылардың   өз   тәртібін   сәйкестендіру   болып
табылады.
      Бейімділік(склонность)-белгілі бір іс  әрекетпен  айналысуға  оқушының
бағыттылығы.Оқушының таңдамалы белсенділігімен,  оның  өз  еңбегіне  дұғалық
берілгенділігімен сипатталады,толық еңбек, оқу, кез келген шығармашылық  іс-
әрекетінің маңызды шарты ретінде қаралыады.Іс әрекетке сәйкес  қабілеттердің
дамуына тәуелді.Бейімділік қандай іс-әрекет пен айналысуына ,  оның  қарқыны
мен шеңберіне қарай айқандалады. Мұғалімнің,тәрбиешінің міндеті  оқушыға  өз
бейімділігін көріп, анықтауына көмектесу және олардың дамуына  жағдай  жасау
болып табылады .
      Библиография-басылымдарды   оқырмандардың    саяси,ғылыми    тәрбиелік
мақсатта тиімді  пайдалануы  үшін  хабар  беруді  қамтамассыз  ету  жолдарын
зерттейді Библиография  әдебиеттердің  басылып  шығу  мерзіміне  ,  аймақтық
белгісіне мемлекет, өлкелік  жергілікті  т.с.с.  тақырыптық  ауқымына  қарай
болінеді
      Болжам(гипотеза)-құбылыстардың   өмір   сүру   себептерінің   шындығын
қасиеттерін  түсіндіру  мақсатында   алға   қойған   негізделген   жорамалды
көрсететін ғылым түрі.Болжам деп  кез  келген  ойдан  туған  жорамал  немесе
қиялды айтуға болмайды.Обьектіге байланысты болжам жалпы және  дербес  болып
бөлінеді.Ғылымда  іске  басшылық  болжамы  маңызды   орын   алады.Зерттеудің
бастапқы кезінде алға қойылатын бақылау нәтижелерін  тұңғыш  жүеге  келтіру,
бірақ  оларды  түпкілікті  түсіндіру  қамтамассыз  етпейтін  шартты   долбар
болады.Болжам  арқылы  дамытудың  2  кезеңі   бар:   олар   болжамды   құру,
тексеру.Болжамды құру алғашқы белгіленгендерді табу  және  сұрыптау.Болжамды
тексеру одан туындайтын нәтижелерді және оларды  нәрселердің  нақты  күйімен
салыстыруды жалпыдан жеке қарай жүретін ой туындалын жүзеге асыру.
      Білік (умение) -әйтеуір бір ережеге және оны  нақты  міндеттерді  шешу
барысында  лайықты  пайдалануға   негізделген   жаңа   әрекетті   меңгерудің
нәтижесі.Білікті  әрекеттің  орынды  тәсілдерін  таңдай  білуден,  тек  қана
таңдай білуден емес оларды тәжірибеге қолдану.
      Біліктің және дамуның ең тиімділігін қамтамамсыз жалпы шарттар:
      -тұжырымдалған ережені тусіну:
      -орындалатын қажет әрекет бейнесін қалыптастыру:
      -жаңа міндеттерді шешу барысында әрекетті оындаудың нәтижілігі жөнінде
хабар алып отыру:
      Білім(знание)адам ойында шындықты дұрыс бейнелеуі қоғамдық  тәжірибеде
тексерілген   таным   барысының   нәтижесі.   Білім   адамдардың   қоғамдағы
материалдык және рухани іс әрекеті нәтижесі ретінде пайда болады кез  келген
шындықты бейнелеу білім  болмайды(жануарларға  байланысты  қарайтын  болсақ)
адам  өзін өмірдегі ісінен  ,  оның  обьективті  жағдайлары  мен  заттарынан
бөліп  қарайды.  Адамдар  болмысының   тәсілдерінің   өзі   олардың   әлемге
қатынастарының тәсілдерінің мақсатқа сәйкес және тек басқа адамдармен қарым-
 қатынасымен жүзеге асатын  нақты  іс.  Сондықтан  да  әрбір  жеке  адам  өз
әрекеттері мен  заттарына  сырттай  қатынасатын  сияқты.  Әрбір  құбылысының
өзіндік қасиеттері мен сапалары бар шын әлем  оған  сыртқы  обьективті  өмір
ретінде  көрінеді.  Адамның  обьективті  әлем  заттары  мен   құбылыстарының
обьективті мүмкіндіктері жөніндегі ойы оның білімдерінің алғашқы  түрі.  Тек
білімдер  ғана  іс  мақсатын  көруге  береді.  Бұл  жерде  адамның  шындыққа
қатынасы аралыққа айналды. Осы қатынас  яғни  адамдардың  шын  өмір  барысын
олардың болмысын саналы қабылданған  болмысқа  айналдырады.  Сана  дегеніміз
адамның әлемге қатынасының өзі осы әлемнің шын  қабылеті  қандай  және  оған
өзінің заттары мен күштері арқылы әсер  еткенде  не  болатынын  біле  отырып
қатынас жасау.
      Білім   беру(образование)-жүйеге   келтірілген   білім   ,білік   және
дағдыларды  игеру  барысы  және  нәтижесі  ,  оқушы  өмірге   және   еңбекке
дайындаудың қажетті шарты , білім берудің  негізгі  жолы  мектепте  оқыту  б
ілім  берудің  мектепке  дейінгі  бастауыш,  ора,  жоғары  тағы  сол  сияқты
сатылары бар.
      Білім беру әдістемесі(методика  образование)-ғылыминегізделген  оқудың
әдістері, ережелері, тәсілдері,, жүйесі осының  арқасында  оқушының  дуниеге
көз карасын қарастырып алған білімдерін  тәжірбие  жүйесі  осының  арқасында
оқушыеның дүниеге көзқарасын қалыптастырып алған  білімдерін  тәжірбиеде  өз
бетімен қолдану дағдыларымен қаруландыру
      Білім  беру  әдістемесі  таным  теориясына  суйенеді.   Педагогика   ,
психология, логика  және  т.б  бірқатар  ғылымдар  жетістіктерін  басшылыққы
алады. Білім беруде оқытуға  қойылатын  талаптарды  шығармашылықпен  қолдану
үлкен  пайда  келтіреді.Психология  ғылымындағы  оқушы  зейіні  ,   иесі   ,
қабылдауы, қызығуы  мәселелерін  оқыту  барысында  есепкеалу  қажет.  Логика
мұғалімді   ойлау  заңдарын  білу  мен,  сендіру  әдістерімен,  алға  қойған
қағидаларды ғылыми дәлелдеу тәсілдері  мен қаруландыру .
      Оқыту  барысының  кезеңдерінде  сәйкес  әдістемедемұғалімнің   сабаққа
дайындалу ,  жаңа  материалдарды  баяндау  ,оқушылардың  әдебиеттер  мен  өз
бетімен жүұмыс істеуі олардың оқу  және  тәжірбелік  тапсырмаларды  орындауы
қорытындылау білінін тексеружәне бюағалау тәсілдері қарастырылады.
      Білімді  бекіту(закрепление  знание)-оқытудың  барлық  кезеңдерінде  ж
үзеге  асатын  білімді  игеру  беріктігінің  міндеттерін  шешуге   мумкіндік
беретін барыс.Әдетте білімдерді бекітуге арнайы уақыт  бөлінеді  .  Оқылатын
материалды тусіндіру барсында оның негізгі  мазмұнын  қайталау  үшін  әңгіме
ұйымдастырылады . Білімді  бекітудің  ең  тиімді  тәсілі  оларды  тәжірбиеде
қолдану  болып  табылады.   Білімді   бекіту   оқытатын   жаңа   материалмен
байланыстар  негізінде  бұрынғы  білімдерді  тереңдетуді,  білім  ,   білік,
дағдыларды жетілдіруді талап етеді . Білімді бекітудің  үйреншікті  әдістері
мен түрлері бұрын оқылған  материалдар  б/ша  әңгіме,  жинақтау  сипатындағы
сабақтар, шолулар, кітаппен  жұмыс,  тәжрибелі  тапсырмалар  болып  табылады
.Ұмытудың алдын алу білімдерді бекіту  мақсатында  оқу  жұмысының  барысында
тексеру және  қайталау  жұмыстары  жүргізіледі.  Бұл  оқу  материалы  жуйеге
келтіруді  ,жинақтауды,  толықтыруды  және  білім  мен  біліктің  беріктігін
қамтамассыз етеді.  Осы  жұмысты  жүргізуге  мұғалім  болашақ  оқу  жұмысына
қажетті  білім  қырларына  басназар  аудара  ды.Әдістемелік  тұрғыдан  дұрыс
ұйымдастырылған білімді бекіту жұмыстары түрлі анықтама  әдебиеттерді  жұмыс
орындауда ,   бақылау  орындауда  тиімді  пайдалануға  оқушылардың  танымдық
қызығуын , өз беттерімен білім алу қабілеттерін дамытуға бейімдейді.
      Білімді ұғып алу(усваение  знание)-білім  ,  білік  дағдылады  игеруге
бағытталған  іс-әрекет.  Зерттелетін  құбылыстарды  деректерді,  барысмтарды
талдау  және  мсұрыптау  нәтижесінде  ғылыми  ұғымдардың  негізін   қалайтын
жинақтау  қалыпта  сады.  Білімдерді  ұғып   алудағы   жинақтаулар   сипатын
оқушылардың жеке ерекшеліктерімен және  қабілеттерімен  анықталады.  Мұғалім
бул   ерекшелктерді   еске   ала   отырып   оқушыларды   талдау,   сұрыптау,
жинақтаужалпылау,  сияқты  ақыл  адамдарын  үйретеді  мысалы,  жалпы  ұғымда
шығару үшін жеткілікті деректер мен құбылыстарды талдай  отырып  бекітеді  .
Оқыту барысында тек дайын білімдерді беру ғана емес , оқушыларға  оларды  өз
бетімен  алу  білігін  үйрету,  оның  тиімді   тәсілдері   мен   әрекекттеін
қалыптастыру маңызды нәрсе болып табылыады.
      Білімді тексеру(проверка  знании)-оқыту  барысының  құрамды  бөлігі  .
Мұның  мақсаты  -оқушылардың  алған  білімдерінің  және  оларға  негізделген
дағдыларының толықтығын , тереңдігін  жүйелігін,  осы  білімдерді  өздерінің
танымдық және тәжірбиелік істерінде  қай  шамада  пайдалана  алатын  анықтау
болып табылады . Білімді тексеру мұғалім  дер  кезіндегі   білімдегі  кеткен
кемшілікті көре білу, оны жоюға қол жету, оқушылардың өз бетімен  білім  алу
мүмкіндігіне жеткізеді. Осымен қатар  оқушылардың  оқуға  қатынасын  олардың
мұддесін жеке ерекшеліктерін анықтауға осыны есепке ала отырып ұжымдық  және
жеке орқу жұмысының лайықты әдістерін  пайдаланып  оқу  барысын  жетілдіруге
жол ашады .
      Білімді тексергенде оның ауқымы мен сапасы ,оқылған материалды  түсіну
мен  игеру  негізгі  ойлау  адамдарын  меңгеру  дәрежесі   ,   әрекеттерінің
бірізділігі сенімділігі, өз бетінділігі   түрлі  жағдайларда  тәжірибеде  ол
білімдерде пайдалану білігі есепке алыну қажет. Білімді  тексергенде  жүйелі
мағыналы  ,  оқушылардың  таным  істерінің  қарқынын   күшейтуге   көмектесу
талаптары орындалуы керек.
      Білім беру және оқыту теориясы(теория образование и обучение дидактика
)-педагогика  ғылымының  саласы.  Білім  беру  және   оқыту   теориясы   жас
кезеңдерінің барлық сатыларына сәйкес оқытудың заңдылықтарын оған  қойылатын
талаптарды , білім беру  міндеттерін  мазмұнын  ,  оқыту  мен  оқу  түрлерін
әдістерін оқу барыснда ынталандыру мен бақылауды анықтайды. Білім беру  және
оқыту теориясының методологиялық негізі таным теориясы, оқушы тұлғасын  жан-
жақты және үйлесімді қалыптастыру туралы ілім болып  табылады.  .Бұл  теория
білім беру және  оқытуда  арнайы  ұйымдастырылатын  іс  деп  қарайды.  Оқыту
барысында оқушылардың білім ,  білік  ,  дағдыларды  меңгеруде  мұғалім  мен
олардың өз бетіндік іс бірлігі айқындалады .
      Білім беру және оқыту теориясы адамның ісін  санасын  ,қарым-қатынасын
зерттейтін  философия.Бұл  теориның  мақсаты  оқытудың  заңдылықтарын  қоғам
қажеттігіне сай оқытудың мақсаттары мен міндеттері, әдістері,  түрлері  және
нәтижелері байланысын ашу. Заңды байланыстардың көптеген  түрлерін  жинақтай
отырып  бұл  теорис  оқытуға  қойылатын   талаптарды   қалыптастырады.   Бұл
талаптарды орындай отырып мұғалім  оқу  барысын  қолайлы  етіп  құра  алады.
Соңғы жылдары білім беру және оқыту  теориясы  оқу  жүктемесін  тиімді  және
ұтымды ету тұрғысынан оқытудың әрбір нақты  жағдайын  сапалы  және  мақсатты
ұйымдастыруға мүмкіндік беретін оқыту барысын қолайлы  ету  теориясын  жасап
шығарады. Қоғамдық қажеттілікті  есепке  ала  отырып  әрбір  тарихи  кезеңге
білім беру және оқыту теориясын ,оқыту  міндеттерін,  білім  беру   мазмұнын
таңдап алу белгілерін , оқу жоспарларын , бағдарламаларын,  оқулықтарды  оқу
құралдарын, дидактикалық материалдарды жасаудың негізін ашып  береді.  Білім
беру және оқыту теориясы оқыту әдістерін  зерттейді,  оларды  түрлі  негізде
топтайды,  тәжірбиелік  эксперименттік  және  педагогикалық  озат   тәжірбие
негізінде жаңа әдістер  мен  әдістемелік  жүйелерді  жасайды.  Бұған  шешімі
табылуға тиісті мәселе көтере  отырып , оқушылардың танымдық іс жасау  күйін
туғызу , ізденіс , әдістерінің пайда болуы  дәлел.  Білім  беру  және  оқыту
театры   оқытуды   ұйымдастыру   түрлері   мен    құралдарын    қарастырады.
Ғғылым(наука)-мақсаты  мен  қызметі  адамның  өзі  және  оны  қоршаған  әлем
жөніндегі білімдерді жасап шығару болып  табылатын  адамзаттың  іс  шеңбері,
қоғамдық санның бір түрі. Ғылым деген атау мен  табиғат  қоғам  құбылыстарын
түсінуге және олардың дамуын алдын  ала  болжауға  мүмкіндік  беретін  бірте
кеңейіп келе жатқан теориялық білім жүйесін белгілейді. Қазіргі кезде  ғылым
тікелей өндіргіш күшке айналып отыр.
      Ғылыми   абстрактілеу(научная   абстракция)-заттардың    белглі    бір
қасиеттерін немесе қатынастарын ойша бөлуді өз бетімен қарастыруды  қамтитын
танымның бір жағы, түрі . Мұның  мақсаты  мүғалімдердің  теориялық  деңгейін
білімдігін әдістемелік дайындығын көтеру,  педагогика  ғылыми  жетістіктерін
насихаттау, озат тәрбиені жинақтау, оқушылармен жұмысты тиімді  әдістер  мен
жұмыс түрлерін қолайлы пайдалануды өндіру.
      Ғылыми тәжірибелік  конференция-оқыту  және  тәжірибелеу  жұмыстарының
өзекті  мәселелерінің  тәжірибесін  ұжым   болып   зерттеу   және   талқылау
түрі.Мұның мақсаты- теорияны басшылыққа ала отырып нақты тәрбие  мекемесінің
тәжірибесіндегі белгіленген мәселенің шешілу барысын жан- жақты талдау.
      Ғылыми   педогогикалық   хабар(научно   педогогическая    информация)-
пеодогогика ғылымы пайдаланылатын арнайы басылымдар,  техникалық  құрылымдар
және  басқалар  арқылы  таратылатын  оқу   және   тәрбиелеу   теориясы   мен
тәжірибенің барлық салаларының дамуы жайындағы мағлұматтар жүйесі.
      Дағды (навык)-еңбек және басқа да іс-әрекет  құралдарымен  белгіленген
дәлдікпен және шапшандықпен оқу немесе ойын міндеттерін орындауда оқыту  мен
қайталау нәтижесіндегі  білік  негізінде  жақсы  қалыптасқан  әрекет.  Оқыту
барысында , еңбек дағдыларын қалыптастыруда тек қозғалыс емес, мақсатқа  сай
және орынды әрекеттер танымдық іс дағдыларына  ерекше  зейін  аудару  қажет.
Оқыту дағдыларына оқушылардың кітаппен және басқа түрлі  басылымдар  мен  өз
бетімен жұмыс істеу, ауызша баяндағанның және  оқығанның  мағынасын  ажырата
білу, конспекті  жазу  және  баяндау  жоспарын  құру  көпшілік  алдында  сөз
сөйлеуі жатады.
      Даму(развития)-өзіне тән  ерекшелігі  бар  сапалық  қозғалыстың  түрі.
Құбылыстардың пайда болуы мен жойылып кету дамуға  байланысты.  Кез-  келген
даму уақытпен байланысты болады. Дамудың бағытын тек уақыт анықтайды .
      Дәлелдеу(доказательства)-әйтеуір  бір  қағиданың  ақиқаттығын   осымен
байланысты бар басқа ақиқаттар  және  пайымдаулар  көмегімен  тауып  алудағы
логикалық амал. Дәлелді  пікір  ғылыми  ойлау  өрнегінің  ажырамас  белгісі,
ғылыми сенімдерді қалыптастыру кезеңі. Сондықтан ұстаздық  жұмыста  дәлелдеу
тактикасы мен методологиясы маңызды орын алады .
      Дәлелдеу амалы  құрылымы негізінен 3 буыннан тұрады. Негіздеуді  қажет
ететін қағида ой желісі ,  бұрын  анықталған  ақиқат  пікірлер  дәлелдер  ой
желісі мен дәәлелдердің логикалық байланысы көзін  жеткізу.  Дәлелдеудің  әр
буынына ой желісі айқын және анықталған болуы, дәлелдеу  барысында  өзгермеу
керек. Ой желісін қалыптастыруда пайаланылатын атаулар  мағынасы  оқушыларға
қол жетерлік болуы керек , олай болмаса олар  хабарламаның  негізгі  идеясын
түсіндіре  алмайды.  Жәңа  атаулар  оқушыларға  сәйкес   түсініктер   арқылы
ұсындырылады.
      Күрделі ой жүйесі әдетте бір қатар бөліктерге бөлінеді, олар әрқайсысы
өз бетінше талқылау обьектісіне айналды. Осының  барысында  оларға  берілген
бағалауда  алшақтық  пайда  болса,  берілген  ой  желісіндегі   қарама-қайшы
пікірлер бөлігіне айналды, ой желісі оқушылар алдында сөйлеуден  дәлелдеудің
негізі болады, сондықтан дәлелдердің  ақиқаттығын  қарама-қайшылықсыздығы  ,
негіздеушісі ой желісінен бөлектігі, пікір айтуға  қолданылатын  түрлі  ақыл
қорытындылары (дедукция, индукция,  салыстыру)  дәлелділікті  көрсету  болып
табылады.  Қорытынды  сәйкес   ақыл   тұжырымында   ереже   ретінде   сақтау
дәлелдеудің логикалық дұрыстығын қамтамассыз етеді.  Дәлелдеу  тәсіліне  сай
тура және жанама түрде болады. Тура дәлел қандай  да  бір  болмысын  қосымша
құрылымдарсыз ой желісін шығаруға мүмкіндік беретін етіп  дәлелді  негіздеу.
Жанама дәлел ой желісіне  қарама-қарсы  пікірдің  жалған  екендігін  көрсете
отырып оны негіздеу.
      Дәстүрлер(традиция)-ұзақ  уақыт  бойына  қоғамда  адамдар   арасындағы
қатынасқа  сақталып  ұрпақтан-ұрпаққа  берілетін   әлеумттік   және   мәдени
мұралардың құрамды бөлігі.
Ұлы педагогтардың еңбектері жайында қысқаша мәлімет:
      Джон Локк- "Тәрбие жөніндегі ойлар" және " Ақылды тәрбиелеу туралы"
деген еңбектерінде тәрбиенің  психологиялық  негіздеріне  және  адамгершілік
қалыптастыру мәселесіне мән берді.
      Жан - Жак Руссо - француз жазушысы, ағартушы-философы  және  педагогы.
Ол баланы табиғаттан дарынды деп таныды.
      Иоганн Генрих Песталоции -педагогикада алғашқылардың бірі болып тәрбие
мекемелерінде   теориялық   қызмет   пен   тәрбие   іс-әрекеті    бірлігінің
маңыздылығын көре білді.
      Иоганн Гербарт - оқыту мен тәрбиенің психологиялық негіздерін  жобалап
берді, баладағы адамгершілік қасиетті  қалыптастыру  үшін  оның  саналылығын
көтеріп, онымен сыйластық қатынас жасау қажеттігін жариялады.
      Адольф Дистерверг - неміс  педагогы.  өзінің  педагогикалық  теориясын
прогрестік демократиялық бағытта дамытқандардың бірі.
      В.А.   Сухомлинский   -   "Жастарды    адамгершілікке"    тәрбиелеудің
проблемаларын зерттеді.


















































   3    ДӘРІС ТАҚЫРЫПТАРЫ ЖӘНЕ ОНЫ ЖАЗУҒА ӘДІСТЕМЕЛІК

             НҰСҚАУ

Дәрісті тыңдап жазуға әдістемелік нұсқау.
Мақсаты:студенттерді курс бойынша  тиісті  теориялық  білімдерін  қамтамасыз
ету.
Міндеттері:
 - Әр тақырыпты меңгерту барысында жүйелі білім беру;
 - Әр тақырып бойынша негізгі ұғымдармен таныстыру және меңгерту;
 - Пәнге қызығушылығын арттыру және өздігінен жұмыс істей білуге үйрету.
Дәріс -жоғары оқу орындарындағы оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы.
Ол студенттерге олар үшін жаңа ақпараттарды беруге тиімді.
Дәріс студенттерге пәнге  деген  қызығушылығын  арттырады,  алынған  білімді
практикалық міндеттерді шешуде қолдануға көмектеседі.
Дәріс - студенттерге өздігінен терең білім алуға ізденіс туғызады.
Дәріс сабағын тыңдау және жазуға даярлық
 - Сабаққа кешікпеңіз;
 - Дәріс дәптеріңізді және қаламыңызды ұмытпаңыз.
 - Дәріс барысында мәтінді қалмай жазып отыруға талпыныңыз.

   3.1 ДӘРІС ТАҚЫРЫПТАРЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ.

      Модуль 1   Педагогиканың теориялық-әдіснамалық негіздері

      Тақырып 1 Педагогиканың әдіснамалық негіздері (2 сағат)

    Мақсаты: педагогика ғылым туралы, мұғалімнің теориялық және праткикалық
іс-әрекетін ұйымдастыруда дәіснаманың ролі туралы ұғамды қалыптастыру.
    Міндеттері:
    а) педагогика және оның категориялық аппараты туралы ұғым беру;
    б) педагогикалық пәндердің мазмұнын ашып көрсету;
    в) педагогиканың басқа ғылымдармен байланысын көрсету;
    г) педагогиканың және педагогикалық пәндердің  әдіснамалық  мәнін  ашып
көрсету.
     Педагогика тәрбие  туралы  ғылым.  Педагогика  өзінің  атауын  гректің
«paidagogas»  баланы жетектеуші  сөзінен  алған.  Ең  алғашқысында  бұл  сөз
қожасвның баласын мектепке  жетектеп  апарушы  дегенді  білдірсе,  кейін  ол
тәрбие  туралы  ғылымның  аты  ретінде  қалды.  Тәрбие  –  қоғамның  кейінгі
ұрпақтарда өзін қайта көрсетумен байланысты атқаратын негізгі  қызметтерінің
бірі.  Әрбір  келешек  ұрпақтың  қоғамдағы  орнын  табуы  ең  алдымен  өткен
ұрпақтардың  жинаған  әлеуметтік  тәжірибесін  меңгеру  деген  сөз.  Адамзат
есейген  сайын, мазмұны  жағынан  әлеуметтік  тәжірибеде  күрделене  түседі.
Сондықтан   уақыт  өткен  сайын  еңбектің  қоғамдық   бөлінісінде   қоғамның
«тәрбиенің» қызметін жүзеге асырумен  байланысты  кәсіби  іс-әрекет  бөлініп
шықты. Өсіп келе жатқан  балалардың  әлеуметтік  тәжірибені  игеруі  үшін  –
делдал – ұстаз, мұғалім керек. педагогика  басқа  ғылымдар  сияқты,  белгілі
бір ақиқат саласындағы білімдерді жүйеге келтіреді. Қандайда болса  ғылымның
дамуы  ұғымдар  жүйесі  арқылы  ғылыми  білімнің  тұрақтануымен  байланысты.
Ғылымның негізгі ұғымдары категориялар  деп  аталады.  Педагогикада  негізгі
ұғымдар «категориялар) жүйесі жүзжылдық  бойында  қалыптасты.  Ол  кездейсоқ
емес,  өйткені  алдымен   педагогикалық   білімдер   философия   төңірегінде
жинақталған,  педагогика   философиядан   бөлінуі   педагогикалық   ғылымның
объектісінің (насынасынысң) анықталуымен байланысты.
    Категориялар  мазмұндарында   объективті   шындықтың   маңызы   жақтары
бейнеленуі, яғни уақыт анықталған категорилар құрамы, ос ығылым  зерттейтін,
объектвиті шындықтың толық бағалы сипаттамасын жасауға  мүмкіншілік  береді.
Бірақта  бұл  үшін  зерттеліп  отырған  шындықтың  шекарасын   білу   керек.
ғылымдарды олардың нысанасы мен пәні бойынша ажыратау,а  болады.  Ғылымдарды
олардың ақиқатының нақтылы сол ғылым  зерттеуге  латын  саласы.  Пән  –  бұл
нақтылы ақиқаттың  мәнін  құрайтын  негізі.  Педагогика  қоғамның  тәрбиелік
қызметін жүзеге асырумен байланысты ғылым.  Демек,  педагогикалық  іс-әрекет
іске  асырылатын  объективтік  шындықтың  жақтары,  педагогиканың   насынасы
болады.
    Ал  педагогика  пәні  –  индивидтің    өткен   ұрпақтардың   әлеуметтік
тәжірибесін меңгертетін оқу  және  оқудан  тысуақыттың   бірлігіндегі  тұтас
педагогикалық  процесс  болып  табылады.  Ұстаздар  әлеуметтік   тәжірибенің
мазмұны мен оқушылар арасындағы келістіруші делдал болып табылады,  тұлғаның
қалыптасуы олардың белсенді қайта өзгерткіш әрекетіне байланысты.
    Сонымен қатар, педагогикада жалпы ғылыми басқада адам  туралы  ғылымдар
,ұғымдар пайдаланады.
    - тұлға, іс-әрекет, даму, қалыптасу, педагогикалық болмысқа қатысты іс-
әрекет  мағналы болады, егерде ол табысты болса, өйткені осы жағдайда  тұлға
өзін-өзі ұйымдастыра алатын жүйе ретінде өмір  сүре  алады.  Яғни  іс-әрекет
табыстылығы,   қазіргі   кезеңдегі   білім   берудің   тұлғаға   бағытталған
парадигмасы тұрғысынан, педагогикалық негізгі категориялар құрамына  кіретін
ұғымға жатады.
    Педагогиканың негізгі ұғымдары (категориялары) өзара тығыз байланысты –
мазмұнды түрде бір-бірін өзара  толықтырады,  әртүрлі  жақтарын  бейнелейді.
Толық бағалы теориялық білім дәл негізгі ұғымдар рақылы бекітіледі.
    Педагогикалық ғылымдар және олардың мазмұны. ХІХ ғасырға  дейін  ғылыми
ізденістердің    пәндік    саласын    анықтауға    байланысты    ғылымдардың
бөлінуі(даралануы) белсенді жүрып жатты. Сонымен  бірге  білімдер  аумағының
өсуі жеке пәндерінің бөлінуіне   алып  келеді,  яғни  пәннің  өзінің  ішінде
бөлініп даралануы  басталды.  Педагогика  да  бірте  –  бірте  жалпы  пәнмен
байланысты бола отыра, мақсатары,  жаса  ерекшеліктері,  оқу-тәрбиелеу,  оқу
орындарындағы типтері бойынша ерекшелегі бар салалар айқындала түсті.




    |Уақыт  |        |       |        |         |                             |
|        |        |        |       |        |Іс-әрекет табыстылығы, ХХI ғ.|
|        |        |        |       |        |А. Рысбаева                  |
|        |        |       |        |әлеуметтендіру  ХХ ғ.         |       |
|        |        |       |        |С.Т. Шацкий, П.П. Блонский    |       |
|        |        |       |Педагогикалық процесс       |          |       |
|        |        |       |ХIХ ғ.  П.Ф. Каптерев       |          |       |
|        |        |Тәрбие,                    |        |          |       |
|        |        |ХVIII ғ. Р. Оуэн           |        |          |       |
|        | ХVIII-XIX ғ. білім беру   |   |            |          |       |
|        |Д. Локк, И.Г. Песталоции   |   |            |          |       |
|оқыту,                     |        |        |        |        |        |
|ХVII  Я.А. Коменский       |        |        |        |        |Түсінік |


    1.1-сурет  «Тәрбие», «білім беру»,  «педагогикалық  процесс»,  «оқыту»,
«әлеуметтендіру»,  «іс-әрекет  табыстылығы»   ұғымдарын,   «категорияларын»)
педагогикалық құбылыстарды танып білуде қолданылуы


    Педагогика  ғылымдарының  жүйесіне,  жалпы  педагогика,  жас  ерекшелік
педагогикасы, мектепке дейінге  педагогика,  кәсіби  педагогика,  педагогика
мен білім  берудің  тарихы,  салалық  педагогика,  корекциялық  педагогиика,
салыстырмалы педагогика, жеке пәндер әдістемесі және  т.б.  жатады.  Кейінгі
кезде педагогикалық білімнің дербес салалары ретінде  әлеуметтік  педагогика
және т.б. бөліне бастады.
    Жалпы  педагогика  педагогиклық  процесс  пен  білім  берудің   негізгі
заңдылықтарын зерттейді.
    Педагогика адам  туралы  ғылымдар  жүйесінде.  Педагогика  білім  беру,
педагогикалық шындық туралы ғылым ретінде педагогикалық процестің дамуы  мен
қызмет етуінің  заңдылықтарын  зерттейді,  теориялық  білімдерді  жинақтайды
және жүйеге келтіреді, педагогоикалық  шындық  тәжірибесін  зерттейді,  яғни
практика  үшін  педагогикалық  шындықты  қайта  құру  үшін  негіз   жасайды.
Сондықтан осы саладағы ғылыми зерттеулер  практикалық   бағытталған  сипатта
болады.  Міне   осыдан   педагогиканың   гуманитарлық   білімдер   жүйесімен
байланысы басталады.  Педагогика адам  туралы  ғылымдар  жүйесіне  кіргеніне
қарамастан,  ол  педагогикалық  мақсаттылық   және   тұлғаның   қалыптасуына
педагогикалық басшылықты зерттейтін бірден бір  ғылыми пән.
    Педагогикалық ой алғашында жалпы философиялық білімдер жүйесінлде, діни
ілімдерде, саясатануда, заңда, әдебиетте дамиды. Педагогиканың дербес  ғылым
ретінде бөлініп шығуы (дифференциалдануы) белгілі бір уақыт  кезеңінде  ішкі
ғылыми  дифференциалдануға,педагогика  ғылымдары  жүйесінің  түзелуіне  алып
келді. Бірақ ХІХ- ХХ  ғасырлардағы  зерттеулер  педагогиканың  ғылым  аралық
байланыстарының  жоғарыда  мәні  болғанын   көрсетеді.   Қазіргі   замандағы
педагогика психологиямен  тығыз  байланысты.  Психология  адам  психикасының
дамуының заңдарын, ал педагогика  –  тұлғаның  дамуын  басқаруды  зерттейді.
Ойлаудың,  іс-әрекетті  мақсаттылықпен  өзгерту  психологиялық   білімдерсіз
мүмкін  емес.  Мұндай  білімдерсіз  тұлғаның  оқығанын  және   тәрбиелілігін
бағалуға мүмкін  болмайды.  Сондықтан  педагогикада  психологиялық  білімдер
ғана емес сонымен бірге педагогиклық міндеттерді шешу үшін  тұлғаны  зерттеу
әдістері  (рейтинг,  психометрия,  жұптық  слыстыру  және   тағы   басқалар)
пайдаланылады.
    Педагогика ол ағзаның материалды-энергиялық түрлілігін ашып  көрсететін
физиологияға,  соның   ішінде   жоғарғы   нерв   қызметінің   заңдылықатырна
(И.П.Павлов, П.К.Анохин) сүйенеді. Мұндай білімдерді  меңгеру  танымдық  іс-
әрекет  және  тұлғаның  әлеуметтену  процестері  табиғатын  терең   түсінуге
мүмкіндік береді.
    Педагогиканың социологиямен жан-жақты байланысының өте  маңыздылығы  ол
қоғам туралы біртұтас жүйе ретіндегі және оның  бөліктерінен  тұратын  ғылым
болып табылады. Міне осыдан, педагогикның социологияның білім  социологиясы,
студенттер социаологиясы және т.б.  тарауларына  деген  қызығушылығы  туған,
себебі тек қана  социологиялық  зерттеулер  арқасында  педагогтар,  ұстаздар
және қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, демографиялық және  мәдени
ортаның жағдайы туралы біле алады.
    Педагогикалық  зерттеулердің  әдіснамасы.   «Әдіснама»   грек   тілінен
аударғанда  «әдіс  туралы  ғылым»  деген  мағынаны  береді.  «Метод»  «әдіс»
термині тікелей  нақты  бір  нәрсеге  деген  жол  ретінде  анықталады,  яғни
методология  мағынасы  жағынан  бір  нәрсені  тану  туралы   ғылым   болады.
Сондықтан әдіснама – зерттеу процесі туралы ілім ретінде  де  түсіндіріледі.
Бұл ілім жалпы әдіснама, ғылыми  ұғымның,  теориялық  нгізі,  ретінде  дамуы
мүмкін.  Сонда  бұл  нақтылы   философиялық   жүйемен   байланысты.   Ғылыми
әдіснаманы жетілдірудің бастамасын және негізін Гегель салды, ол өз  назарын
бірінші  болып  философиялық  әдістің  ерекшелік  сипатына,   оның   нақтылы
ғылымдар    әдістерінен    айырмашылығына    және     әдіснаманың    олармен
үйлесімсіздігі назар аударды.  Гегель  әдіс  дегеніміз  мазмұның  қозғалысы,
құбылыстың мәнін ашып көрсету  және  оның  мазмұнынан  тыс  жасалмайтындығын
баса көрсетті.
    Материалистік диалектика объективті шындықты  тану  әдістері  негізінде
табтғат, қоғам және адам ойлауының заңдары  жатқанын  негізге  алады.  Таным
әдісі табиғат пен қоғамның объективті заңдарын көрсеткнеде ғана ғылыми  бола
алады.  Сондықтан  ғылыми  танымның  принциптері,  оның  категориялары   мен
ұғымдары адамның ақылымен жасалған кездейсоқ ережелерінің қосныдысыемес,  ол
табиғат, адам және қоғам заңдылықтарының бейнесі болып табылады.
    Педагогикадағы жалпы  теориялық  зертетулерге  педагогикалық  процестің
мәнін,  заңдылықтарын,   биологиялық   пен   әлеуметтіктің   ра   қатынасын;
педагогикалық процесте тұлғаны қалыптастыру; тұлға және ұжым;  ұжым  тұлғаны
қалыптастырудың   әлеуметтік   ортасы   ретінде;   педагогиклық    процестің
принциптері, оны ұйымдастырудың формалары мен әдістері және т.б. жатады.
    Әрине, қазіргі  педагогиканың кең көлемдегі  сұрақтары  пәнаралық  және
ғылым  аралық   байланыстарын   дифференциаландыру   мен   интеграцияландыру
негізінде  педагог  –  зертетушілер  мен  праткиктардың   зерттеу   процесін
ұйымдастырудағы  дайындығына байланысты тиімді жасалуы  мүмкін.
    Қандай да салада болмасын ғылыми таным,  таным  субъектісі  (зерттеуші)
зерттеу процесінің барлық элементтерін білуін талап етеді:
     - тақырыпты үйлестірудегі және оның көкейкестілігін дәлелдей білуді;
     -  ғылымдағы  тақырыптың   зерттелу   жағдайын   дәне   пайда   болған
       қайшылықатрын анықтай білуді;
     - зерттеу  мәселесін  үйлестіре  білуді  (яғни  жауапты  талап  ететін
       сұрақты);
     - мақсат (қандай нәтиже алуға болатындығын) нысана және зерттеу  пәнін
       анықтай алуды:
    Ғлыми зерттеуге  тән  нәрсе,  сол  мәселеде  үйлестірілген  сұрақ  және
болжамды белгілін бір жобаланған жауап ретінде бейнеленеді.
      Осыдан  зерттеудің  міндеттері  шығады:  зерттеу  пәнінің   теориясын
негіздеу (теориялық сипаттама)  және  зерттеудің  теориялық  моделін  жасау,
эмпирикалық тәжірибені меңгеруді анықтаушы эксперимент  және   пелагогикалық
шындықты қайта құруды қамтамасыз ету қлыптастырушы эксперимент.
    Қойылған міндеттерді  шешу  зерттеушінің  соған  сай  ғылыми  әдістерді
қолдауын талап етеді. Теориялық және теориялық қолданбалы  міндеттерді  шешу
үшін – теориялық деңгейдегі әдістер  (теориялық  және  салыстырмалы  талдау,
нақтыдан абстрактылық және абстралылықтан   нақтылыққа  көтерілу,  моделдеу,
ойша  эксперимент)  қолданылады.  Теориялық   қолданбалы   және   қолданбалы
сипаттағы   міндеттерді   шешу   үшін:   бақылау,   әңгімелесеу,   анкеталық
педагогикалық құжаттарды оқып танысу, эксперимент қолданылады.
    Ғылыми зерттеулердің басты белгісі қолдантын терминдердің  біртектілігі
(бір мағыналылығы) болып  табылады,  себебі  басынан  бастап,  басты  ұғымға
қандай мағына мән берілетіндігі, не туралы екендгі айқын болуы керек.
    Бір  терминді  (сөзді)  бірнеше  мағынада  қолдануға  болмайды.   Бұның
маңыздылығы  сонда,   зерттеу   пәнінің   ұғымдық   сиапттамасы   зерттейтін
құбылыстың мәнін мазмұнды ашып көрсетудің оның  теориялық  моделін  жасаудың
кепілі болады.
    Соңғысы арқылы зерттеу  құбылытарының нақытлы педагогикалық  шындықтағы
жағдайын  және  практикалық   іс-әректетер   үшін   берілетін   нұсқаулардың
тиімділігі бағаланады, олар праткика үшін  қажетті  әдістемелік  материалдар
мен нұсқаулар пакеті ретінде  болашақ  педагогикалық  іс-әректетер  жобасыда
қаланады.

      Тақырып  2  Теория  мен  тәжірибенің  дамуындағы  ғылыми-педагогикалық
зерттеу әдістері (1 сағат)

      Мақсаты: болмысты ғылыми тану тәсілдері туралы түсінікті ?алыптастыру,
ғылыми-педагогикалық ойлауды дамыту.
      Міндеттері:
      а) «Ғылыми зерттеу әдісі» ұғымының мәнін ашу.
      ә) Болмысты ғылыми таңудың әр түрлі әдістерін көрсету.
      б) Зерттеудің эксперименталды-эмпирикалық  және  теориялық  деңгейлері
әдістерінің мәні мен мазмұнын ашу.
      в)  Ғылыми  зерттеу  әдістерінің   таным   объектісінің   ерекшелігіне
тәуелділігін сипаттау.

      Жоспар:

      1. Әдіснама ғылыми таным әдістері туралы философиялық ілім ретінде.
      2. Эксперименталды-эмпирикалық деңгей әдістері.
      3. Теориялық деңгей әдістері.
      Әдіснама ғылыми  таным  әдістері  туралы  философиялық  ілім  ретінде.
Әдіснама, әдіс пен  теория  әрқашан  бір-бірімен  тығыз  байланысты.  Теория
педагогикалық құбылыстардың кез-келген  әдіснаманың  негізі  болып  табылады
және сол әдістеменің көмегімен табылған фактілер арқасында кеңейеді.  Теория
– таным процесінің нәтижесі, ал әдіснама болса  осы  танымға  жету  мен  оны
құру тәсілі  болып  табылады.  Бұл  –  теориялық  және  практикалық  ғылыми-
танымдық  іс-әрекетті  ұйымдастыру  мен  құрастырудың  негізі  мен  тәсілдер
жүйесі, бұл – осы жүйені тану жолы. Таным теориясы  тұтас  таным  іс-әрекеті
процесін және ең алдымен оның мазмұндық негізін зерттейді.  Әдіснама  шынайы
және практикалық түрде тиімді білімге жетудің  әдістері  мен  жолдарына  көп
көңіл бөледі, осы білімді дамытудың тәсілдерін іздестіреді.
      Кез-келген әдіснамалық мәселелерді  шешу  белгілі  бір  гносеологиялық
принциптер негізінде құралған бастапқы әдіснамалық тұжырымда  жүзеге  асады.
Адамның танымдық  іс-әрекетінің  жалпы  заңдылықтарын,  оның  даму  заңдарын
қалыптастыру   философия   ғылымының   мәселесі.    Білімді    философиялық,
аксиологиялық  түсіну  философияға  тән  және   ол   ғылыми   білім   туралы
түсініктердің  қалыптасуына  шешуші   ықпал   етеді.   Алайда   зерттеушінің
әдіснамалық тұжырымына жалғыз философия мен  оның  гносеологиялық  негіздері
ғана әсер етпейді. Зерттеушінің әдіснамалық  тұжырымдама,  көбінесе,  ғылыми
білімді құру мен дамыту теориясы болып табылады, өйткені  ол  психологиялық-
педагогикалық ғылымға және оның тарихына  бағытталады.  Осыған  орай,  әрбір
әдіснамалық тұжырымдама  психологиялық-  педагогикалық  теориялар  негізінде
құрылып, соларға сүйенеді, өйткені олар осы тұжырымға  жақын  және  оның  ең
басты құрылымдары болып табылады.
      Әдіснамалық   тұжырымдар   ғылымның   философиялық    негіздері    мен
педагогикалық  ғылымның  зерттелетін  саласының  жетістіктеріне   байланысты
ажыратылады. Зерттеушінің әдіснамалық тұжырымының қалыптасуына  бұған  дейін
қалыптасқан және басқа да психолгиялық-педагогикалық тұжырымдар әсер  етеді.
Жаңа әдіснамалық тұжырым оған дейінгі пайда болған әдістемелік  концепциялар
желісінде пайда  болып,  дамиды,  ол  нені  іздеу  керек  және  қалай  іздеу
керектігін дәл анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен  қоса,  олар  зерттеушіні
тежеп, оның еркін ойлауына кедергі жасауы да мүмкін.
      Зерттеушіге, кейде, ғылымдағы көпшілік  қабылдаған,  тұрақты  ережелер
туралы, әдістемелік көзқарастар, ғылыми мектептер бағыттары  туралы  ұмытып,
олардан бас  тартып,  оларды  дәлелді  түрде  жоққа  шығарудың  пайдасы  көп
болады. Сондай-ақ, әр түрлі тұжырымдарға, олардан шығатын  мәселелерге  және
оларды шешудің ерекше тәсілдеріне сын көзбен қараудың да пайдасы  зор.  Іске
осылайша қарау теориялық материалға деген өзіндік қатынасты  қалыптастыруға,
белгілі  бір  тұжырымдарға  сүйеніп,  бір  жағынан   философиялық   ережелер
ықпалындағы, ал екінші жағынан  ғылыми-педагогикалық  танымның  белгілі  бір
саласына бағытталған кейбір тұжырымдарды сынауға көмектеседі.
       Зерттеу  жұмыстарына  жаңадан  араласқан  зерттеушіге  ғылыми  талдау
жүргізіп, ғылымдағы  тұрақты  философиялық  және  теориялық  тұжырымдар  мен
қортындыларға сүйенудің пайдасы мол.  Бұл  зерттеліп  жатқан  саладағы  жаңа
жүйелік тұтастық білімдерін алуға көмектеседі. Эмпирикалық деңгейдегі  білім
қайта  құрылып,  теориялық  білім  мен  нақты   шындықтың   өзара   қатынасы
саласындағы теориялық қортындылар мен нақтыландырулардың  негізін  құрастыру
қажет. «Теориялық білім» дегеніміз сөздің, жалпы  мағынасында,  белгілі  бір
педагогикалық құбылысты талқылауға, қолдануға және  түсіндіруге  бағытталған
ғылыми көзқарастар,  түсініктер,  идеялар  жиынтығы.  Ал,  тар  және  арнайы
мағынасында, ол  дегеніміз  педагогикалық  іс-әрекеттің  зерттелініп  жатқан
саласының заңдылықтары мен байланыстары туралы тұтас түсінік беретін  ғылыми
білімді ұйымдастыру формасы. Бұл тұтас білім  жүйесіндегі  ішкі  шектеу,  ол
бір элементтердің басқа  элементтерге  тәуелділігін  сипаттайды,  ал  теория
мазмұны пікірлер мен түсініктер жиынтығынан  тұрады.  Теория  көбінесе  жеке
тұлғаны  тәрбиелеу,  оқыту  мен  қалыптастырудың   қалыптасқан   тәжірибесін
шығармашылықпен  қайта  құрумен  байланысты.  Осылайша,   ол   педагогикалық
тәжірибені қортындылап, жеке тұлғаның  болашақта  қалыптасуы  мен   дамуының
жоспарын анықтайды.
      Теория өзара байланысты білімдер жиынтығы ғана емес, сонымен қатар, ол
– осы  білімдердің  белгілі  бір  зерттеу  бағдарламасы  түрінде  құралуының
механизмі. Теория шынайы өмірде жоқ, бірақ теориялық-әдіснамалық  білімдерге
сүйеніп жүзеге асыруға болатын нәрсені құрастыруға көмектеседі. Осының  бәрі
ғылыми білімдердің жалпы жүйесі ретінде педагогикалық  теорияның  тұтастығын
құрайды.
        Теориялық білім зерттеушіге оның не нәрсені біле алатынын  көрсетсе,
практикалық  білім  оның  не  істеу   керектігіне   бағыттайды.   Кез-келген
теорияның  ақиқаттылығының  белгісі  –   болмыстың   практикалық   өзгерісі.
Практика теориялық түсінікке қарағанда әлдеқайда кең және  күрделі.  Алайда,
басқа жағынан қарағанда,  теориялы?  болжамдар,  мысалы,  Д.И.  Менделеевтің
химикясы практикаға белгісіз жаңа химиялық элементтердің  ашылуын  болжаған.
Осылайша Нептун ғаламшарының ашылуы  да  бірінші  теория  жүзінде  болжанып,
практика жүзінде заманға сай телескоптар пайда болған кезде  ғана  оны  көре
алған. Іс жүзінде таза теория болмайды,  өйткені  ол  әрқашан  зерттелінетін
пәннің  әдістемесімен  өзара  тығыз  байланыста  болады  және  зерттеу   іс-
әрекетінің бағытын анықтайтын бастапқы нүкте болып табылады.
      Қазіргі замандағы ғылымның әдіснамасы білімнің жеке бір саласы ретінде
дамып келе жатыр, оған нақты-ғылыми деңгейде өкізілген зерттеулер  сүйенеді.

      Әдіснама дегеніміз әдістер туралы  ілім,  оларды  зертттеушінің  ойлау
сипатын,  оның  танымдық  процесінің  дамуының   жолын   анықтаушы   ретінде
қарастыру қажет. Таным процесіндегі әдіске  антикалық  философияда-ақ  үлкен
мән  берген,  онда  алғаш  рет  зерттеу  нәтижесі  мен  ғылыми  таным  әдісі
арасындағы  өзара  қатынас  айқындалған  болатын.  Қазіргі   уақытта   таным
әдістері, олардың қалыптасуы мен даму процесі зерттеу  объектісін  тану  мен
өлшеудің анық  ғылыми  нәтиже  бере  алатын  нақты  әдістерін  талап  ететін
деңгейге   жақындап   келеді.   Сондықтан    ғылыми-педагогикалық    зерттеу
әдістерінің  дамуы  мен   жетілдіру  процесі  тұтас  педагогикалық  ғылымның
дамуының ең басты құрамды бөлігі болып табылады.
      Ғылыми  зерттеудегі  әр  түрлі  әдістердің  өзара  байланысы  мәселесі
көкейкесті мәселеге айналып отыр.  Бұл  мәселе  аспектілерінің  бірі  ғылыми
танымдағы  философиялық  әдістердің   орны   туралы   мәселе   болып   отыр.
Зерттеушінің теориялы? ойлауының негізінде  материалистік  диалектика  әдісі
жатыр,  ол  ізденушіні  ғылыми  фактілерді   жинастыру   мен   түсіндірудегі
субъективті  көзқарастан,  олардың  біржа?тылығынан   босатып,   зерттеушіні
зерттеу мәселесіне тарихи анализ жасауға ,  оның  дамуының  тенденциясы  мен
заңдылықтарын  табуға,  таным  мен  болмысты  қарама-қайшылықтарды   шешудің
тәслдерін ашуға шақырады. Бұл объективті  заңдылықтармен  анықталатын  білім
мен ақиқаттың әр түрлі формаларының  өзара  байланысын  анықтауға,  қоғамдық
және жаратылыстану ғылымдарының ілгері дамуына икемделген ойлаудың басқа  да
диалектикалық әдістерін тереңірек түсінуге көмектеседі.
      Тарихи материализм әдісі барлық қоғамдық ғылымдар үшін жарамды және ол
әлеуметтік, педагогикалық және басқа да  заңдылықтар  мен  олардың  дамуының
ерекшеліктерін танудың негізі болып табылады. Ғылыми танымның  осы  әдістері
шешуші мәнге ие, зерттеудің бағыты мен  оның  тағдырын  анықтайды,  ал  оның
таным  объектісін  зерттеудегі  принциптік  ыңғайы  зерттеу  нәтижелері  мен
олардың  әдістемелік  құндылықтары  бағасының  дүниетанымдық   көрсеткіштері
болып табылады.
      Таным процесінде белгілі бір, нақты  ғылымдарды  (физика,  математика,
химия,  тіл  білімі)  зерттеудің  жекелеген,  арнайы  әдістері  бар.   Нақты
ғылымдардың әдістерімен қатар жалпы ғылыми сипаттағы әдістер  де  кездеседі,
олар барлық дерлік ғылымдарда  қолданылады:  байқап-бақылау,  теңеу,  талдау
және  жинақтау,  дәріптеушілік,  өлшеу,  эксперимент,  абстрактіден  нақтыға
қарай өрлеу, индукция  мен  дедукция;  бұлардың  әрқайсысы  жеке  ғылымдарда
нақтылана түседі. Сонымен қатар, ғылыми әдістер ғылыми танымның  эмпирикалық
және теориялық әдістері болып екіге бөлінеді.
      Сонымен, зерттеу әдісі дегеніміз күрделі танымдық әдістемелер, ал олар
болса зерттеудің таным операцияларының іске  асуының  белгілі  бір  тәртібін
белгілейтін  әр түрлі әдіс-тәсілдерінің жиынтығынан тұрады.
      Зерттеу әдістері педагогикалық ғылым  дамуының  басты  құрамды  бөлігі
болып табылады. Педагогикалық ғылым мен тұтас педагогикалық  білімнің  дамуы
педагогикалық  зерттеу  әдістерінің  даму   деңгейіне   байланысты.   Ғылыми
нәтижелердің анықтығы алғашқы ақпаратарды  алудың  жолдары  мен  тәсілдеріне
және зерттеу әдістерінің сенімділігіне байланысты. Кез-келген  педагогикалық
зерттеу белгілі ғылыми білімдерді дәлелдеу емес, ол – жаңа  білімдерді  табу
процесі. Ол адамның зерттеу  объектісі,  заттары  мен  құбылыстарының  мәнін
ашуға бағытталған жан-жақты танымдық іс-әрекетінің бір түрі.
      Эксперименталды-эмпирикалық деңгей әдістері.  Педагогикада  зерттеудің
үш  деңгейі  бар:  эмпирикалық,  теориялық,  әдіснамалық.   Эксперименталды-
эмпирикалық  деңгей  әдістерінің  тұтас  бір  тобы  бар  (гр.   Empeiria   –
тәжірибе).
      1. Бақылау– заттар мен құбылыстарды  мақсатты  зерттеу,  мағлұматтарды
іріктеп жинау, көзбен көргенді сезім мөшелерімен қабылдау  және  санада  бұл
ақпаратқа талдау жасау; зерттеу объектісінің сыртқы жақтары, қасиеттері  мен
белгілері  туралы  мәлімет  алу.  Бақылау,  ең  алдымен,  бақылаушының  өзі,
зерттеу объектісі, бақылау шарттары, сондай-ақ  құралдары  –  видеоаспаптар,
аспап-құралдар мен өлшеу құрал-саймандары жатады.
      Бақылаушының  бастапқы  ұстанымы  нені  бақылау  керек   және   қандай
құбылыстарға көңіл бөлу керектігін анықтайды. Түйсік, сезім арқылы  қабылдау
мен түсініктерден басқа бақылап-зерттеуде  зерттеушінің  ұтымды  жақтары  да
қатысады. Мысалы, геолог-зерттеуші мен тәжірибесі жоқ адам бір  тасқа  қарап
тұрып, оны әр түрлі қабылдайды: біреуі  құнды минерал деп  қараса,  екіншісі
оған жай  тас деп қарайды. Бұны мынандай әйгілі нақылмен түйіндеуге  болады:
ғалым адам көзімен  көреді,  басымен  түсіндіреді:  Зерттеу  барысында  бақу
түрлерінің әр алуан жіктемесін ажырата алады:
      - тікелей бақылау, зерттеуші-  мұғалім  оқу-тәрбие  жұмысының  тікелей
басшысы; сонымен қатар ол тікелей куәгер  бола  тұраып  бейтарап  адам  және
зерттеу мүшесі ретінде зерттеушілер  тобына  кірген  кезде  тікелей  бақылау
жүзеге  асырылады.  Мұғалімнің  рөліне  байланысты  эмпирикалық   фактілерді
жинақтаудың техникасы мен әдісі таңдалып алынады;
      - жанама бақылау, ол тікелей бақылауы толықтырады  және   зерттеушімен
бірге, оның  бағдарламасы  бойынша  жұмыс  істейтін  өкілдер  ар?ылы  жүзеге
асады. Зерттеуші біреу  туралы  немесе  бір  нәрсе  туралы  жанама  деректер
алады;
      - жасырын немесе елеусіз бақылау тұйық  теледидар  желісі  және  сынып
бөлмелерінде телекамералары бар  мектептерде  жүргізіледі.  Сабақты  жасырын
бақылап-зерттеу  оқушылардың  танымдық  іс-әрекетінің  және  мұғаліммен  ара
қатынасы туралы шынайы мәлімет  алуға  мүмкіндік  береді.  Жасырын  бақылап-
зерттеу  зерттеушіге  құнды  мәліметтер  береді,  оқушылар  өздерін  бақылап
отырғанын көрсе өздерін басқаша ұстайды.
      -  үздіксіз  бақылау  оқыту  процесін,  екі-үш   оқушының   сабақтағы,
ойындағы, сыныптан тыс, мектептен тыс мінез-құлқын зерттеуге  қолданылады;
      - дискретті (үзік-үзік) бақылау объектіні ұзақ уақыт бақылайтын  кезде
қолданылады. Бақылап-зерттеу ұзақ уақытқа созылуы мүмкін – жарты жыл  немесе
бір  жыл.  Бақылап-зерттеу  белгілі  бір  уақытта  үзіліп,  кейін   қайтадан
жалғастырылады;
-  монографиялық  бақылау  біреуді   немесе  бір  нәрсені  бақылау   кезінде
қолданылады;
         - шағын мамандандырылған бақылау жалпы тұтастықтан  бақылап-зерттеу
   мақсатына сай бір құбылысты немесе деректі бақылау кезінде қолданылады;
- ізденіс бақылау көп деректер арасынан зерттеуші өзіне керек  деректер  мен
құбылыстарды  іздеген  кезде  қолданылады.  Мұндай  бақылау  көп  уақыт  пен
зерттеушіде тиянақты талдау  жұмысын талап етеді.
      Педагогикалық құбылыстар мен деректердің сандық  және  сапалық  сипаты
мен  өлшемінің  тәртібі  бақылаудың  негізін  құрайды.   Өлшем   –   зерттеу
объектісін сипаттайтын белгілі бір өлшем шамасының  бірлік  ретіндегі  басқа
біртекті шамаға қатынасын анықтау  процесі.  Сандық  бақылап-зерттеулер  мен
өлшемдер оларды  математикалық  өңдеуге  жол  ашып,  теориялық  болжамдардың
эксперименталды тексеруін тиімдірек жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
      2.  Педагогикалық  эксперимент   танымның   эмпирикалық   дейгейіндегі
зерттеудің  негізгі  әдісі  болып  табылады,  ол  құбылыстарды  олардың  өту
барысының   нақты   белгіленген   жағдайларында    зерттеуге    бағытталған.
Эксперимент жағдайларында құбылыстың  табиғи  жағдайларда  бақылап-зерттеуге
болмайтын белгілерін ашуға болады. Эксперимент  зерттеу  құбылыстарын  басқа
шарттар  мен  жағдайлардан  бөліп  алып,  құбылыстар  мен  деректерді  «таза
күйінде»  зерттеуге  мүмкіндік   береді.   Эксперимент   ғылыми   зерттеудің
теориялық ж?не эмпирикалық деңгейлері арасындағы байланыстырушы  буын  болып
табылады. Оның мақсаты ғылыми теория немесе  болжамды  растау  немесе  жоққа
шығару, сондай-ақ эмпирикалы? заңдылықтарды шығару және нақты білімге  жету.
Эксперименттің тағы бір мақсаты білімнің көлемін ұлғайту, оқушыларды  оқыту,
тәрбиелеу тұлғасын дамыту тәжірибесін жаңарту.
      Эксперимент пен практикалық іс-әрекеттің  басқа  формалары  арасындағы
шектеулер шамалы, сондықтан эксперимент таным әдісі де, оқу-тәрбие  процесін
оңтайландыру әдісі де бола алады.
      Педагогикада  эксперименттің  бірнеше  түрі  бар:  табиғи,  оқыту  мен
тәрбиенің   күнделікті   жағдайларында   жүзеге    асады;    лабораториялық,
о?ушылардың белгілі  бір  топтарын  бөлу  арқылы  жүзеге  асады.  Сондай-ақ,
эксперименттің анықтаушы түрі бар, ол зерттеу  объектісінің  бастапқы  күйін
белгілеп,  көрсетеді;  қалыптастырушы  –  зерттеу  объектісін  қайта  құруға
бағытталған. Эксперимент жаңа зерттеу материалына танып білуді болжайды.  Ол
теориялық болжамдарды  тәжірибелі  тексеру,бұл  болжамдарды  растауы  немесе
жоққа шығаруы мүмкін. Педагогикалық эксперименттің  ерекшелігі  –  зерттеуші
оқушылармен жұмыс істейді сондықтан  оның,  әсіресе  оқытуда,  теріс  нәтиже
алуына құқығы жоқ, өйткені зерттеушінің құрастырған  сәтсіз  бағдарламасынан
оқушылар жапа шегуі мүмкін.
      Эксперименталды жұмыстың  жоспары,  мақсаты  болуы,  эксперимент  түрі
таңдалып, оның мүмкін нәтижелері де ойластырылуы қажет. Зерттеу  құбылыстары
мен оның қасиеттеріне ықпал ететін  факторларды,  сондай-ақ  эксперименталды
жұмыс  кезінде  бақылануы  тиіс  объектілерді  бөліп  алған   жөн.   Қазіргі
экспериментті  жүргізу  бақылаудың  техникалық  құралдарынсыз   және   өлшеу
саймандарынсыз өткізу мүмкін  емес  және  де  олар  практикада  тексерілген,
теориялық  тұрғыдан  дәлелденген,  зерттеу  мәселесін  дұрыс   шеше   алатын
болулары қажет.
      3. Сұрақ-жауап әдістері. Олардың ерекшелігі педагогикалық жағдайлардың
элементтерінің объективті қасиеттері емес, қоса өзара әрекеттесуші  «субъект
–  субъект»  жүйесінің  қасиеттері  танылып,  есепке  алынады.   Эмпирикалық
зерттеу  әдістемелерін  құрастыру  кезінде  субъектінің   өз   іс-әрекетінің
жағдайын оның сол іс-әрекет туралы түсінігі  ретінде  қабылдайтынына  сүйену
керек. Бұл ретте «түсінік» терминінің мағынасы «білім»  терминіне  қарағанда
кеңірек. «Түсінік»  ұғымында  субъектінің  танымдық  педагогикалық  жағдайды
қабылдау  ерекшілігі  дұрысырақ  беріліп,  нақты-сезімдік  пен  абстрактілі-
түсініктемелік бейненің бірлігі жақсырақ белгіленеді.  Сұрақ-жауап  әдісінің
мақсаты  субъект-субъект  жүйесінің-   жекелігі   және   тұлғалығы   жоғалып
кетпесін, өйткені олар жоқ болса жалпы абстрактіге айналуы мүмкін.
      Сұрақ-жауап әдісінің мынандай түрлері бар:
      а) Әңгіме. Бұл ұйымдастырылуы мен мазмұны жағынан еркін  диалог,  онда
әңгімелесушілер арасында бейресми және еркін қатынастар орын  алады.  Әңгіме
алдын-ала дайындалуы мүмкін, зерттеуші  оның  жоспарын  құрып,  өзіне  қажет
мәселелерді бөліп алады, әңгімені  тіркейтін  құралдарды  дайындайды  (бейне
таспа, аудио таспа, стенография).  Зерттеушінің  кәсіби  білімі  және  үлкен
әдепті сезімі болуы қажет, сол арқылы  ғана  ол  әңгімелесушіні  ашық  сөзге
тарта алады.
      Әңгіме әңгімелесушілердің әр түрлі шеңберлерінде  жүргізіледі  (мектеп
директоры, оның орынбасарлары, ата-аналар, оқушылар, білім берудің әр  түрлі
деңгейдегі басшылары). Білім беру саласының жағдайы мен ондағы  өзгерістерге
олардың кәсіби баға беруі басқа әдістер арқылы алынған ақпараттарға  маңызды
қосымша болып табылады. Алдын-ала дайындалған  әңгімелерден  басқа  экспромт
әңгіме-сұ?баттарды жүргізуге болады.
      ә) Сұқбат –  әңгіменің  бір  түрі.  Әңгіменің  бұл  түрі  зерттеушінің
объектісінің  өзінің  іс-әрекеті  туралы   түсінігін   баяндау   динамикасын
белгілеуге көмектеседі.  Сұрақ-жауаптың бұндай түрінде  зерттеушінің  сұрақ-
жауап  мәтінінде  белгіленген  іс-әрекет  туралы  жорамал  түсінігі  зерттеу
ақпаратына аз ғана әсер етеді. Зерттеушінің міндеті  зерттеушінің  әңгімесін
қолдауда.   Сұқбат   зерттеушінің   жоғары   кәсібилігін   және   жеткілікті
тәжірибесін қажет етеді.  Сұқбаттың  мақсаты  –  зерттеушінің  педагогикалық
жағдаяттарға деген көзқарасын қайта  құруда,  сұхбаттасушылардың  міндеттері
мен  мәселелері  арқылы  ішкі  және  сыртқы  байланыстарының  ерекшеліктерін
зерттеушінің  түсінуінде.   Зерттеуші   күрделі   кәсіби-педагогикалық   іс-
әрекеттің жалпы заңдылықтарын түсіну сұрақ-жауап субъектісінің терең  қарым-
қатынас жасай отырып, оның жекелік-мотивтік, когнитивтік және  операционалды
компоненттерін түсіну жағдайында ғана мүмкін екенін ескеруі қажет.  Көптеген
мамандарға  сұрақ-жауап  жүргізу  барысында  тенденциялар   мен   құбылыстар
дамуының заңдылықтарын қортындылап түсіну мен анықтау мүмкіндігі  туындайды.

      Хаттамаларда  тіркелген  мәліметтерге  сапалық  және  сандық  тұрғыдан
талдау жасау қажет. Сұқбат нәтижелерінің талдауы  мен  олардың  түсіндірмесі
зерттеудің нақты міндеттеріне байланысты әр түрлі жүргізілуі мүмкін.
      б) Сауалнама жүргізу. Бұл  арнайы  іріктелген  танымдық  сұрақтар  мен
олардың мүмкін деген жауаптарының варианттарының қатал  логикалық  құрылысы,
сауалнама құрастырушы ұсынған алдын-ала  белгіленген  бірнеше  мүмкін  деген
жауаптары  бар  жабық  сұрақтардан  тұрады.  Егер   анкетадағы   сұрақтардың
жауаптары болмаса, онда ол  ашық  сұрақтар  деп  аталады.  Жабық  сұрақтарға
қарағанда ашық сұрақтарға статистикалық өңдеу жасау қиынырақ.
      Сауалнама жүргізу  әдісі көбінесе адамдардың  бір-біріне,  оқиғаларға,
іс-әрекет түрлеріне, пікірлерді зерттеген және т.б. қатынасын айқындау  үшін
қолданылады.
      4. Мұғалімдердің, жаңашыл-педагогтардың тәжірибесін зерттеу өсіп  келе
жатқан  ұрпақты  оқыту  ж?не  тәрбиелеумен  байланысты.  Тәжірибе  дегеніміз
педагогтің  ұзақ  жылдар  бойындағы  практикалық   педагогикалық   іс-әрекет
нәтижесінде  меңгерген  шеберлігі,   ол   практик-мұғалімнің   тәжірибелігі.
«Тәжірибе» және  «практика»  ұғымдарының  ұқсас   еместігі  айқын.  Практика
ұғымының мәні тереңірек, өйткені онда мұғалімнің оқу-тәрбие  жұмысының  озат
тәжірибесімен қатар, мазмұны тар  тіпті  теріс  тәжірибесі  жиналуы  мүмкін.
Басқа адамның педагогикалық  тәжірибесін  толық  зерттеу  оңай  шаруа  емес.
Мұғалімнің   баяндамалары,   ғылыми   мақалалары,   әдістемелік   жұмыстары,
көрнекілік құралдары,  компьютердегі  педагогикалық  тәжірибе  мағлұматтарын
зерттеу, сабақтарға, педагогикалық оқуларға, сыныптан тыс шараларға  қатысу,
сынып жетекшісімен, ата-анамен әңгіме және т.б  ізденушінің  танып  білуінің
қайнар  көзі  бола  алады.  Мұғалімдердің  озат  педагогикалық   тәжірибесін
меңгеру қажет және керек тиіс, бірақ оны оқушылармен жұмыс  кезінде  орынсыз
қолдануға ендіруге болмайды. Оған тек мектептегі оқу-тәрбие  жұмысын  жүзеге
асыратын зерттеушінің жеке  дара  қасиеттерін  есепке  ала  отырып  сүйенуге
болады.
      5.  Эмпирикалық  әдіс   ретіндегі   дәрігерлік-пелагогикалық   тексеру
медикалық- педагогикалық кестені кешенді жаппай дайындаумен жиі  байланысты.
Ол кестелер оқушыларға қатысты жеке  дара  қолданылады,  оқушылар  әр  түрлі
ғылыми мамандар  тексеруінен  өтеді.  Тексеру  барысында  оқушылардың  өмір-
баяны, психологиялық-педагогикалық  мінездемелері,  олардың  үлгерімі,  жеке
тұлғалық дамуының генезисі, ауырған ауруларының сипаты, олардың  туа  біткен
кемшіліктері, балалардың, олардың ата-аналарының денсаулығы,  таным  процесі
барысының ерекшеліктері (ақыл-есі, ойлауы, қиялы) зерттеледі.
      Зерттеушінің кесте мәліметтері мен  балаларды  тексеруінің  мазмұндық-
мағыналық талдауы негізінде оқушылардың  оқу  іс-әрекетін  орындауының  және
оқу-тәрбие   процесіне   бейімделуінің   даралық    ерекше    әдіс-тәсілдері
айқындалады. Медикалық-педагогикалық тексеру кестелеріне талдау  оқушылардың
ішкі даралық және аралық даралық айырмашылықтарын айқындауын  ескере  отырып
жүргізуі  қажет.  Оларға  қорытынды  жасай  отырып,  нақты  бір   оқушыларды
оқытудың, тәрбиелеу мен дамытудың жолдары мен тәсілдерін ойластыруға  көшуге
болады.  Медициналық-педагогикалық  кестедегі  белгілі   бір   концептуалды-
әдістемелік үлгі бойынша педагогика мен психология  жетістіктеріне  сүйеніп,
жеке тұлғаның әлеуметтену мәселесінің жеке дара және ұжымдық шешімін  табуға
болады.  Бұл  оқушылардың  ресми  және  бейресми  қарым-қатынасы   кезіндегі
конструктивті   және   іс   жүзінде   пайдалы   іс-әрекетін   ұйымдастырудың
интеллектуалды-танымдық және коммуникативті-жекелік  аспектілерін  тереңірек
түсінуге мүмкіндік  береді.   Зерттеушінің  міндеті  талдаудың  сандық  және
сапалық талдау әдістемелерін құрастыру.
      6.  Оқушылардың  жазбаша,  графикалық  және  шығармашылық   жұмыстарын
зерттеу  ізденушіге  оқушылардың  интеллектуалды-даралық  ерекшеліктері  мен
қабілеттері туралы түсінік беретін әдістің бір түрі.
      7. Педагогикалық  құжаттарды  зерттеу  білім  беру  жүйесі  қызметінің
негізгі  бағыттарының  жағдайы  мен  даму  тенденцияларын   көрсетеді.   Оқу
жоспарлары,    бағдарламалары,    оқулықтар,    оқу-әдістемелік    құралдар,
мұғалімдердің  сабақ   жоспарлары,   жалпы   білім   беретін   мектептердің,
лицейлердің, колледждердің оқу-тәрбие бағдарламалары мен  жоспарлары,  сынып
журналдары, мұғалімдердің есеп берулері,  оқушыларды  оқыту,  тәрбиелеу  мен
дамытудың мазмұндық компоненттері тіркелетін барлық құжаттар  зерттеудің  ең
маңызды қайнар көзі  болып табылады. Мектеп  іс-әрекетінің  нәтижесіне  баға
беру үшін тестердің,  емтихандардың,  бақылау  жұмыстарының,  шығармалардың,
эсселердің, жобалардың, суреттердің және т.б.ерекшелігін  зерттеудің  маңызы
зор.  Бұл  зерттеушіге  мектептің  іс  жүзіндегі  іс-әрекетінің  шынайылығын
анықтауға, себеп-салдарлық  байланыстарды,  оқушы  жеке  тұлғасының  дамуына
әсер ететін факторларды айқындауға мүмкіндік береді.
      Осылар және зерттеудің бірнеше басқа да әдістері  алғашқы  эмпирикалық
ақпаратты  алуға  бағытталған.  Аланған  ақпаратқа   педагогикалық   ұйымдар
жүйесінде және зертеудіңконцептуалды құрылымының  әдіснамалық  ерекшеліктері
жүйесінде түсінік берілуі және талдау жасалуы керек.
       Зерттеу – белгілі  бір  мәселені  ойлау,  концептуалды-тұлғалық  және
практикалық процесі. Алайда бұл мәселені тек  эмпирикалық  деңгей  әдістерін
қолдана отырып шешу мүмкін емес. Зерттеуші нақты ғылыми деректерден  олардың
теориялық қортындыларына көшуі қажет. Сонда  ғана  оларды  зерттеудің  негіз
деп  санап,  зерттеу  мәселесінің  теориясын  құрастырудағы  дәлел   ретінде
педагогикалық ғылымға енгізуге болады.
      Теориялық деңгей әдістері. Ғылыми танымның екінші деңгейі –  теориялық
деңгей. Ол зерттеушіге зерттеу  әдістері  мен  ғылыми  нәтижелер  арасындағы
себеп-салдарлық тәуелділікті айқындауға, эмпирикалық  деректерден  теориялық
қортындыларға  көшу  барысындағы   педагогикалық   заңдылықтарды   анықтауға
көмектеседі. Теориялық деңгей әдістері:
      1.  Әдебиет  көздерін  оқып  білу  зерттеу  зерттеудің  құрамдас  және
бөлінбейтін  бөлігі  болып  табылады.  Бұл  кез-келген  ғылыми  іс-әрекеттің
алғашқы  кезеңі.  Зерттеуші  ғылымның  осы  саласында  оған   дейін   қандай
мәселелер  зерттелгенін  анықтау  үшін,  зерттеу  мәселесінің  бұрыңғы   мен
қазіргі жай-күйін және  оған  қатысы  бар  барлық  мәселелерді  түсіну  үшін
таңдап алған тақырыбы бойынша әдебиеттермен танысуы қажет.
      Зерттеу мәселесі бойынша  әдебиеттерді  білу  зерттеуші  мәдениетінің,
оның ғылыми адалдығы мен  зерттеу  нәтижелерінің  құндылығының  шарты  болып
табылады. Ғылымның зерттеліп отырған  саласының  жай-күйі  мен  дамуын  тану
үшін  зерттеуші  әр  түрлі  педагогикалық  бағыттар,   көзқарастар,   ғылыми
мектептер,  отандық  және  шетелдік  баспалардың  арасынан   өзіне   керекті
әдебиетті  таңдап  алып,  көптеген  авторларға   ортақ   және   білім   беру
процесіндегі заманға сай тенденцияларды анықтайтын жалпыны табуы қажет.
      Әдебиеттерді зерттеу кезінде оларға талдау  жасау,  оларды  салыстыру,
теңестіру,  жалпыға  ортақ  ғылыми   әдістерді   анықтау   сияқты   жұмыстар
жүргізіледі,  ол  қоршаған  болмысты  тануда  үлкен  рөл  атқарады.  Әдебиет
көздерін зерттеу әдісі ғылыми танымның белгілі  бір  кезеңіндегі  зерттеудің
нақты  мақсаттар  мен  міндеттерімен   анықталады.   Бұл   әдістің   қажетті
әдебиеттерді іздеу, әдебиет материалдарына алдын-ала талдау жасау,  оқу  мен
жазып алу техникасын ескеру, тақырыптық белгілері бойынша  жеке  картотеканы
құру, әдебиеттерді бір жүйеге келтіріп қолдану, әдебиеттерді зерттеу  сияқты
сатылары бар.
      2. Талдау мен жинақтау. Талдау келесі түрлерге  бөлінеді;  эмпирикалық
материалды  механикалық  бөлу;  тұтастың  құрамындағы  элементтердің   өзара
қатынасы  формаларын  анықтау;  білім  құрылымын   ашып   көрсету,   зерттеу
объектісінің сипаты мен динамикасын айқындау және т.б..  Талдау  элементарлы
сипатта  болуы  мүмкін,  бұндай  талдауда  элементтердің  бір  біріне   және
тұтастай  бастапқы  жүйеге  қатынасы  айқындалмайды.  Сондай-ақ  ол  қисынды
сипатта болуы мүмкін, мұндай  талдауда  элементтердің  бір  біріне  қатынасы
көрініс  табады.  Талдау  барысында   зерттеу   нәтижелерін   бағдарламалар,
кестелер, жоспарлар, жүйелер түрінде  жинақтауға  болады,  бұл  ретте  жоққа
шығару ережесі қолданылады, яғни күрделі пікір  болған  жерде  оның  құрамды
сөйлемдері де болуы керек. Конъюнкция (лат. сonjunction  –  одақ,  байланыс)
ережесін де қолдануға болады, бұл ереже  бойынша  екі  немесе  одан  да  көп
пікірлерді бір күрделі сөйлемге  біріктіруге  болады.  Талдау  мен  жинақтау
диалектикалық түрде бір бірімен өзара байланысты, «талдау» термині  көбінесе
зерттеу процесін тұтастай зерттеу  кезінде  қолданылады.  Сондай-ақ  белгілі
бір нәтижелері бар  жүйеге  кірерде  және  одан  шығарда  деректерге  талдау
жасап, салыстыруға болады.
      3.  Абстракциялаудың (дерексіздендіру) екі  түрі  бар:  талдап  қорыту
және  жекелеп  бөлу.  Талдап  қорыту  –   көптеген   бірыңғай   заттар   мен
құбылыстардың жалпы, бірдей белгілерін анықтау. Жекелеп  бөлу  –  бір  затты
немесе құбылысты зерттеп,  талдау  үшін  зерттеушіге  қажетті  бір  қасиетін
немесе сапасын бөліп алу процесі.
      Дәріптеушілік –  (идеолизациялау)  дерексіздендірудің  бір  түрі,  оны
ғылыми  танымның  жеке  тәсілі  ретінде  қарастыруға  болады.  Дәріптеушілік
процесі барысында зерттеуші ой жүзінде заттың  барлық  шынайы  қасиеттерінен
бас тартып, оның мазмұнына іс жүзінде мүмкін емес  жаңа  түсінік  пен  белгі
береді.  Дәріптелген   объектінің    зерттеушіге   теория   жүзінде   шынайы
объектілерді, әсіресе материалдық объектілерді зерттеу мен  санада  сақтауда
тигізер пайдасы мол.
      4. Тұжырым жасаудың индуктивті және дедуктивті әдістері;  бұл  әдістің
көмегімен эмпирикалық деректер қортындыланып,  жекеден  жалпыға  қарай  және
керісінше жалпыдан жекеге қарай қисынды салдарлар айқындалады.
      5. Ұқсастыру әдісі заттар мен құбылыстардың жалпылығын  айқындау  үшін
қолданылады.
      6. Теория жүзінде мүмкін жағдайдың, құбылыстың немесе  заттың  моделін
жасау әдісі. Модельдеу  –  зерттеу  объектісі  өзімен  ұқсастық  қатынастағы
басқа бір объектімен алмастырылатын зерттеу әдісі. Бірінші  объект  түпнұсқа
болады да екінші объект оның  моделі  болады.  Зерттеуші  модельді  зерттеп,
алған нәтижелерін ұқсастық және үйлестік заңы бойынша  түпнұсқаға  көшіреді.
Модель және модельдеу әдісі  түпнұсқаны  зерттеу  қиын  немесе  мүмкін  емес
болғанда  немесе  түпнұсқаны  зерттеу  үлкен  қаражат  шығынын  талап  еткен
жағдайда қолданылады. Модель мен  түпнұсқа  арасында  белгілі  бір  ұқсастық
болу керек. Мұндай ұқсастық  зерттеушінің  модельді  зерттеу  кезінде  алған
ақпараттарын  түпнұсқаға  көшіруге  мүмкіндік   береді,   ал   көшіру   үшін
ұқсастықтың, талдау мен жинақтау әр түрлі формалары  қолданылады.  Модельдің
физикалық  табиғаты  түпнұсқаның  физикалық  табиғаты  сияқты   болу   керек
(түпнұсқаның толық көшірмесі болған модель, модель бола алмайды).  Модельдің
түпнұсқадан айырмашылығы оны зерттеу оңай, алайда оның бойында модельге  де,
түпнұсқаға да тән  негізгі  сипаттары  мен  өлшемдері  болуы  қажет.  Модель
ұқсастық ретінде түпнұсқа,  оны  жетілдіру,  қайта  құру  және  оны  басқару
туралы білімді зерттеу, сақтау және кеңейту үшін қолданылады.
      Модельдеу  логикалық,  физикалық,  математикалық,   заттық,   белгілік
болады. Модельдің түрін  таңдау  таным  зерттеу  объектісінің  күрделілігіне
байланысты.
      7. Болжау әдісі зерттеушінің  қатысуынсыз  педагогикалық  жүйе  немесе
білім  беру  жүйесінің  қозғалысын   көрсету   үшін   қолданылады.   Зерттеу
нәтижесінде  алынған  нақты   ғылыми   деректерді   сандық   көрсеткіштерге,
кестелерге,   графиктерге,   сызбаларға,    диаграммаларға,    формулаларға,
ұғымдарға мен заңдарға айналдыру зерттеушінің ойлау  абстракциясының  жоғары
деңгейі мен дәрежесі қажет. Осының бәріне  бүгінде  болашақтағы  білім  беру
жүйесінің  даму  заңдылы?тары  мен  тенденцияларын  түсіну  үшін   теориялық
жағынан терең ойланудағы талпындыруды.
      8.  Математикалық және статистикалық әдістер педагогикалық  құбылыстар
мен олардың сапалық  өзгерістері  арасындағы  сандық  тәуелділікті  айқындау
үшін қолданылады. Бұл әдіс зерттеу жиынтығын өңдеу үшін, байланыс пен  ықпал
ету көрсеткіштерін есепке алу үшін, өз ара тәуелділікті  айқындау  үшін,  әр
түрлілік көрсеткіштерін бөлу деңгейін  анықтау  үшін,  орташа  арифметикалық
қате мен оның мөлшерін айқындап, осы мөлшерді  бөлу  дәрежесін  (дисперсия),
орташа квадраттық ауытқуларды, әр  түрлілік  коэффициенттерін  есептеу  үшін
қолданылады.
      Тіркеу әдісі педагогикалық зерттеулер ішіндегі кең  тараған  әдіс,  ол
зерттеушінің объектісінің белгілі бір  қасиеттерін  айқындап,  есептеу  үшін
қолданылады. Тіркеу әдетте белгілі бір белгісі  бар  не  жоқ  бір  құбылысты
өлшеу үшін қолданылады. Бұл белгісі бар  объектіні  анықтап  алып,  оны  бұл
белгісі жоқ басқа  бір  объектіден  ажырата  алу  қажет.  Сондай-ақ,  шартты
критерилер қажет, мысалы қандай  оқушыны  тәртіпті,  ал  қандайын  тәртіпсіз
деп, өзімшіл немесе көпшіл деп, үлгерімі жа?сы  немесе  үлгерімі  нашар  деп
айтуға болады.
                Ранжерлеу  әдісі  деректердің,  құбылыстардың,   сапалардың,
белгілердің өсуі немесе төмендеуін анықтау үшін  қолданылады.  Өлшеудің  бұл
әдісі ретке келтіру әрекетіне негізделген, яғни  зерттеу  объетілері  немесе
құбылыстары  нақтыланған бір белгісінің мөлшерінің ұлғаюы  немесе  төмендеуі
тәртібі бойынша орналастырылады. Сандық (интегративті)  тізім  әдісі  сандық
көрсеткіштерге сапалық талдау  жасауға  мүмкіндік  береді.  Орташа  мөлшерді
анықтау  әдісі  орташа  сандық  көрсеткіштерге,  бағаларға   талдау   жасап,
нәтижелері  мен  оларды  дәрежесі  бойынша  орналастыру,  өзара   үйлесімдік
коэффициенттерді есептеу үшін ?олданылады,  бұл  зерттеушінің  математикалық
статистика және мүмкіндік теориясы саласында арнайы дайындығын талап етеді.
      Теориялық деңгей әдістерінің  бұл  тобы  эмпирикалық  деректерге  және
олардың  теорияны  құрастыруға  ықпал  етуіне  терең  талдау  жасап,  ондағы
заңдылықтарды  ашуға,  сыртқы  факторлар  және   олардың   ішкі   мазмұнының
фаторларын түсіндіруге бағытталған.  Егерде  эмпирикалық  әдістер  объектіні
философиялық  категория  ретінде   «құбылыс»   деңгейінде   зерттесе,   онда
теориялық әдістер «мәні» деңгейінде зерттейді. Болжауды бұл ретте  екі  әдіс
те объектіні таңудың ғылыми  сатысы  болып  табылады,  онда  құбылыс  мәннің
көрініс формасы, ал мән тек құбылыста ғана көрініс табады. Олар бір  бірімен
өзара байланысты, бірақ  бір-біріне  ұқсас  емес.  Құбылыс  мәнге  қарағанда
қозғалмалы болып келеді. Зерттеу объектісінің  мәнін  теориялық  түрде  тану
оның  даму  заңдылықтарын  ашуға  көмектеседі.  Зерттеудің  теориялық   және
эмпирикалық  әдістері  ғылыми   таным   деңгейлері   ретінде   бір   бірімен
дилектикалық  өзара  байланысты  және  бір  бірінсіз  өмір  сүре  алмай  әрі
дамымайды.
      Ғылыми  танымның  үшінші  деңгейі  ең  жоғары  деңгей  –   әдіснамалық
деңгей.Танымның  теориялық  және  эмпирикалық  деңгейлері  негізінде  өзгеше
ғылыми ұстанымдар қалыптасады  және  ғылыми  педагогикалық  зерттеудің  жаңа
әдістері  айқындалады;  таным  іс-әркетінің  іргелі   әдіснамалық   теориясы
құрылады.


Өзiн өзi бақылауға арналған сұрақтар
     1) Ғылыми зерттеу әдісі дегеніміз не?
     2)  Ғылыми  зерттеу  әдісінің  әдіснама   мен   гносеологиямен   өзара
        байланысын көрсетіңіз.
     3) Зерттеудің  эмпирикалық әдістер тобының мазмұнын ашыңыз.
     4) Зерттеудің теориялық  әдістер тобының мазмұнын ашыңыз.
     5)  Зерттеудің  эксперименталды-эмпирикалық  және   теориялық   деңгей
        әдістері тобының өзара байланысын көрсетіңіз.

Әдебиеттер.
   1. Введение в научное исследование по педагогике М., 1988.
   2. Монахов Н.И. Изучение эффективности воспитания: теория  и  методика  –
      М.: Педагогика, 1981.
   3. Педагогическая диагностика (Под ред. А.  И.  Кочетова  –  Минск:  Нар.
      асвета,
   4. 1987).
   5. Радугина А.А. Психология и педагогика. М.: Издательство Центр. 1999.
   6. Скалова Я. Методология и методы педагогических исследований. М., 1989.
   7. Скаткин М.Н. Методология и методика педагогических исследований  -  М.
      1986.
   8. Успенский В.Б., Чернявская А.Г.  Введение  в  психолого-педагогическую
      деятельность. М.:Издательство Владос – Пресс. 2003.

   Тақырып 3 Жеке  тұлғаны қалыптастырушы  факторлар  –  тұқым  қуалаушылық,
орта және іс-әрекет (1сағат)

      Мақсаты:  жеке  тұлға,  оның  даму  факторлары  туралы  бiлiм  жүйесiн
қалыптастыру.
      Мiндеттерi:
      а) жеке тұлғаның дамуы, тәрбиесi және қалыптасуының өзара байланысының
негiзгi ұғымдарын ашу.
      ә) жеке  тұлғаның  қалыптасуының  философиялық-әдіснамалық  негiздерiн
сипаттау.
      б)   жеке тұлғаның дамуына әсер ететiн факторларды анықтау.
      в) субъектiнiң іс-әрекетi рөлiн жеке тұлғаның дамуы мен  қалыптасуының
жетекшi факторы ретiнде негiздеу.
      Жоспар
        1. Жеке тұлға туралы түсiнiк.
        2. Жеке тұлғаның қалыптасуының философиялық- әдіснамалық негiздерi.
        3. Тәрбие – жеке тұлғаны қалыптастырудың ең маңызды факторы.
        4. Субъектiнiң іс-әрекетi – жеке тұлғаның дамуының факторы.
      Жеке тұлға туралы түсiнiк. Тәрбиенiң негiзгi мақсаты – қалыптасып келе
жатқан  жеке  тұлғаның  әлеуметтiк  тәжiрибенi  меңгеруi,  оның  жан   жақты
үйлесiмдi  дамуы.  Жеке  тұлғаның  дамуы  мен  қалыптасуы  мәселесiнiң   көп
ғасырлық тарихы бар. Ол көп аспектiлi және әр  түрлi  ғылымдардың  тоғысында
қарастырылады. Ертедегi грек ғалымдары жеке тұлғаның  дамуына   табиғи  тума
қабілет,  қоршаған  орта  да   әсер  етедi  деп  есептеген.  Жеке   тұлғаның
қалыптасуының факторлары  туралы  идеялар  келесi  дәуiрлердiң  прогрессивтi
философиялық  және  психологиялық-педагогикалық  пiкiрлерiнде  өз   жалғасын
тапқан   (Э.Роттердамский,   Я.А    Коменский,    К.А.Гельвеций,    Д.Дидро,
А.Дистервег,  К.Д.Ушинский,  К.Маркс,   Ф.Энгельс,   З.Фрейд,   Д.Дьюи,   Э.
Торндайк, Н. К. Крупская, П. П. Блонский, А. С. Макаренко, Л. С.  Выготский,
Э. И. Моносзон. Л. И. Божович, С. Л. Рубинштейн, В. В. Давыдов т.б.)
      Адам – өзiне тән биологиялық құрылысы  бар  тiршiлiк  иесi,  сондықтан
табиғат заңдары оның дамуына да әсер етедi. Қоршаған ортаға  бейiмделiп,  өз
тiршiлiгi үшiн  дайын  заттарды  пайдаланатын  жануарларға  қарағанда,  адам
өзiне керектiнi өз қолымен жасайды. Адам табиғатының өзгеруi  адам  өмiрiнiң
әлеуметтiк жағдайларының әсерiнен болады, адамның тектiлiгi тек  биологиялық
жағынан ғана емес, сонымен қатар тарихи дамуы нәтижесiнде де  пайда  болады.
“Әлеуметтiк мұрагерлiк” адамның қоғамдық  тәжiрибеге  ие  болуы  нәтижесiнде
орын алады. Сонымен, адамның жалпы  дамуында  өзара  байланысты  биологиялық
және  әлеуметтiк  бағыттар  әсер  ететіндігі  байқалады.  Адам   биологиялық
тiршiлiк иесi болып туады, алайда өз  дамуы  барысында  ғана  ол  әлеуметтiк
тiршiлiк иесiне айналады.
      Психологияда “жеке тұлға” деген ұғымның әр түрлi  түсiндiрмелерi  бар,
бiрақ олардың көбiсi мына түсiнiкке келiп  тiреледi:  жеке  тұлға  дегенiмiз
әлеуметтiк қатынастар мен саналы іс-әрекеттiң субъектiсi ретiндегi  индивид.
Жеке тұлғаның ең басты белгiсi – оның әлеуметтiк  мәнiнiң  болуы  және  оның
әлеуметтiк функцияларды (қызметтердi) (болмысқа, адамдарға, өзiне,  еңбекке,
жалпы  қоғамға  қатысты)  атқаруы.  Жеке  тұлға,  сондай-ақ,   психологиялық
дамудың белгiлi бiр деңгейiне ие  (темперамент,  мiнез-құлық,  қабiлеттiлiк,
ақыл-ой дамуының деңгейi, қажеттiлiктер, мақсат-мүдделер).
      Жеке тұлға – бұл  интегративтi  жүйе,  әлдебiр  ыдырамайтын  тұтастық.
Алайда,  жеке  тұлғаны  зерттеумен  айналысатын  ғалымдар  бұл   тұтастықтың
“өзегi” бар деп мойындайды, олар оны “Мен – жүйе” немесе жай ғана “Мен”  деп
белгiлейдi. Жоғарыда келтiрiлген жеке тұлға туралы  түсiнiк  жалпылама  ұғым
болып табылады.














      Жеке тұлғаның ең маңызды белгiлерi – оның саналылығы,  жауапкершiлiгi,
бостандығы,  қадiр-қасиетi,  даралығы.  Жеке   тұлғаның   маңыздылығы   оның
қасиеттерi  мен  іс-әрекеттерiнде   қоғамдық  прогрестiң   тенденцияларының,
әлеуметтiк белгiлер мен қасиеттердiң айқын  және   өзіне  тән  ерекшелігінің
көрiнiс табуы, оның іс-әрекетiндегi шығармашылық қасиетiнiң  деңгейi  арқылы
анықталады.  Бұл  орайда  “адам”,  “жеке  тұлға”  деген  ұғымдардың   қатары
“даралық” деген ұғыммен толықтырылуы қажет.
      Даралық бiр адамның басқа бiр адамнан, бiр тұлғаның басқа бiр тұлғадан
айырмашылығын, оның ешкiмге ұқсамайтынын, өзiне тән  ерекшелiгi  бар  екенiн
сипаттайды. Даралық,  әдетте,  адамның  мiнезi  мен  темпераментiнiң  ерекше
белгiлерi  (мысалы,  салмақты-жiгерлi  және  мақсатты  адам),   шығармашылық
қызмет-әрекетi  мен   қабiлеттiлiгiнiң   өзгешелiгi   арқылы   ерекшеленедi.
Осылайша,  мұғалiмнiң  даралығы  оның  терең   бiлiмдарлығы,   педагогикалық
көзқарастарының ауқымдылығы,  балаларға  деген  ерекше  қатынасы,  жұмыстағы
шығармашылық ниетi, т.б. арқылы көрiнедi. “Даралық” ұғымы бiр  адамды  басқа
бiр адамнан, бiр  тұлғаны  басқа  бiр  тұлғадан  ажыратып,  оған  өзiне  тән
сұлулық пен қайталанбас қасиет беретiн ерекшеліктерден тұрады.
      Адам қасиетiн түсiндiретiн тағы бiр ұғым – “индивид”.  Бұл  сөз  латын
тiлiнен алынған және оның қазақша баламасы –  “жекелiк”.  Ұғым  ретiнде  бұл
сөз адамзат тұқымының еш қасиеттерi ескерiлмеген бiр өкiлiн  бiлдiредi.  Бұл
орайда әрбiр адам индивид болып табылады.  “Жеке  тұлға”  ұғымы  мен  онымен
байланысты бiр тектес ғылыми категориялардың мәнi осында.
      Адамның жеке қасиеттерi өмiр жолында  дамып,  қалыптасқандықтан   жеке
тұлғаның “дамуы” мен “қалыптасуы”  ұғымдарының  мәнiн  ашу  педагогика  үшiн
маңызды мәселе болып табылады.
      Даму табиғатқа, қоғамға және әрбiр жеке тұлғаға тән жалпы қасиет болып
табылады. Даму дегенiмiз – төменнен жоғарыға, қарапайымнан  күрделiге  қарай
қозғалыс; сатылай эволюциялық  ауысу  немесе  революциялық  секiрiс  түрiнде
жүзеге асатын жоғары  сапалы  күйге  қарай  спиральды  өрлеу  процесi.  Даму
барысында барлық философиялық заңдар жүзеге  асады:  өзгеру,  санның  сапаға
ауысуы, бiр сапаның басқа  бiр  сапаға  ауысуы  (бұлардың  кейбіреуі,терiске
шығарылуы  мүмкін).Жеке  тұлғаның  қозғалыс  күшіне,  яғни   қарама-қайшылық
күресінің арқасында бұл қозғалыста өзгеріс жүріп жатыр.
      Жеке  тұлғаның  дамуы  дегенiмiз,  ең  алдымен,  оның  қасиеттерi  мен
сапасындағы сандық өзгерiстер  процесi.  Адам  дүниеге  келгеннен  соң  дене
жағынан үлкейедi, яғни оның кейбiр дене  мүшелерi  мен  нерв  жүйесi  өседi.
Оның тiлi шығып, сөздiк қоры  молаяды.  Бала  көптеген  әлеуметтiк-тұрмыстық
және моральдық бiлiктерге, еңбек дағдылары мен әдеттерге ие болады.  Алайда,
адамның жеке тұлға ретiнде  дамуындағы  ең  бастысы  –  оның  бойында  болып
жатқан сапалық  өзгерiстер  (танымдық,  сезiм,  моральдық-жiгерлiлік  т.б.).
Мiнез-құлықтың реактивтi формалары белсендi түрде қалыптасып келе жатқан іс-
әрекеттiлiкке  айналады,   дербестiк   пен   өз   мiнез-құлқын   билей   алу
қабiлеттiлiгi артады. Осы  және  басқа  да  өзгерiстер  адамның  жеке  тұлға
ретiнде даму процесiн сипаттайды.
      Сондықтан,   даму   дегенiмiздi   адамның    анатомиялық-физиологиялық
жетiлуiндегi,  оның  жүйке  жүйесi  мен  психикасының  дамуындағы,  содай-ақ
танымдық  және  шығармашылық  іс-әрекетiндегi    дүниетанымы,   өнегелiлiгi,
қоғамдық-саяси көзқарастары мен  сенiмдерiнiң  кеңеюiндегi              орын
алатын сандық және сапалық өзгерiстердiң өзара тығыз байланысты процесi  деп
түсiнген  дұрыс.  Адамның  дамуына  iшкi  және  сыртқы,  меңгерiлетiн   және
меңгерiлмейтiн факторлар әсер етедi, олардың арасында  мақсатты  тәрбие  мен
бiлiм беру  жетекші рөл атқарады.
      Педагогика мен психологияда жеке  тұлғаның  “қалыптасуы”  терминi  жиi
қолданылады. Бұл жеке тұлғаның дамуының нәтижесi  дегендi  және  оның  пайда
болып, тұтастыққа,  бiр  қалыпты  қасиеттерге  және  сапаларға  ие  болғанын
бiлдiредi. Қалыптастыру (қалыптасу) дегенiмiз – бiр  нәрсеге  пiшiн  (форма)
мен тұрақтылық беру; толықтық пен  нақты  бiр  түр  беру.  Бұл  арада  тұқым
қуалаушылықтың мәнi өте зор – баланың  ата-анасынан  немесе  ата-бабаларынан
қалған  биологиялық  ерекшелiктердiң   жиынтығы.   Тұқым   қуалаушылық   жер
бетiндегi тiршiлiктiң тарихы және белгiлi бiр түрдiң (бiздiң жағдайымызда  –
адамның) өмiрiнiң тарихын анықтайды. Адамның тұқым қуалаушылығын  екi  түрге
бөлуге болады: жалпы адамзаттық (тiк жүру  бейiмдiлiгi,  сана,  ақыл,  сезiм
мүшелерi дамуының бейiмдiлiгi,  шартсыз  рефлекстер,  нәсiлдiк  және  ұлттық
белгiлер) және  даралық  (жүйке  жүйесiнiң  түрi,  анатомиялық-физиологиялық
(нышан) тума қабілеттер).
      Ағзаның тектiлiк негiзi немесе генотипi төмендегi  суреттегідей  болып
бөлінеді (сурет 1). Жеке  тұлғаның  қалыптасуына,  сонымен  қатар,  қоршаған
орта:   адам   және   қоғам   өмiрiндегi   әлеуметтiк-экономикалық,   тарихи
қалыптасқан жағдайлар әсер етеді.  Қоршаған  орта  макро  және  микро  болып
бөлiнедi.  Макро-орта   бұл   –   адамға   қажетті   әлеуметтiк-экономикалық
ықпалдардың  мол  жиынтығы  (өндiргiш  күштер  мен   өндiрiстiк   қатынастар
деңгейi, өмiрдiң  қаржы  жағдайлары,  мәдениеттiң  даму  деңгейi,  бұқаралық
ақпараттар құралдары). Микро-орта  бұл  –  баланың  ең  жақын  қарым-қатынас
ортасы, ол – адамды әрдайым қоршайтын және оның дамуына  әсер  ететiн  өзара
байланысты заттар, құбылыстар мен адамдар әлемi.  Жеке  тұлғаның  дамуы  мен
қалыптасуына,  белгiлi  бiр  мөлшерде,  табиғи  немесе   географиялық   орта
(климат), табиғат жағдайлары әсер етедi. (Кесте 1).
























       Кесте 3. 1 Орта компоненттері және олардың бала дамуына әсері




      |№   |Орта компоненттері                |Олардың бала дамуына әсері.       |
|1.  |Табиғи және географиялық орта     |Бала организмінің мүмкін болатын  |
|    |(климат, табиғат жағдайлары)      |күштерін оятады.                  |
|2.  |Әлеуметтік орта (макро-орта)      |Адамға талап қояды, мінез-құлық   |
|    |а) өндіріс күштерінің деңгейі;    |үлгісін береді, санаға әсер етеді,|
|    |б)  өндіріс қарым-қатынастарының  |белгілі көзұарас енгізеді. Даму   |
|    |деңгейі;                          |жағдайын қамтамасыз етеді.        |
|    |в)  өмір сүрудің материалдық      |                                  |
|    |жағдайы;                          |                                  |
|    |г)  мәдени даму дәрежесі;         |                                  |
|    |д)  көпшілік ақпарат құралдары;   |                                  |
|    |е)  техникалық құралдар.          |                                  |
|3.  |Микро –орта (үй-іші ортасы, баланы|Талап-тілектерді анықтайды,       |
|    |қоршаған жақындарының ортасы,     |құндылықтырды қалыптастырады,     |
|    |аула, көше әсерлері.              |қарым-қатынас негізін қалайды.    |




      Жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететiн факторлардың арасында тәрбие ең
маңызды орын алады. Кең мағынада тәрбиенi белгiлi бiр  әлеуметтiк  қызметтер
атқаратын  қоғамдық  құбылыс  ретiнде  қарастыру  қажет  (ұрпақтан   ұрпаққа
берiлетiн әлеуметтiк тәжiрибе, жалпы адамзаттық мәдениет,  т.б.),  ал  шағын
педагогикалық мағынада тәрбие дегенiмiз – өсiп  келе  жатқан  ұрпаққа  жалпы
адамзаттық  құндылықтарды  игерту үшiн мұғалiм  мен оқушылар,   балалар  мен
ата-аналар  арасындағы   бiрлескен  іс-әрекеттердiң  педагогикалық  процесiн
ұйымдастыру.
























































Сурет 3. 2  Жеке  түлғаның  тұқым қуалаушылық   негіздері

      Жеке  тұлғаның   қалыптасуының   философиялық-әдіснамалық   негiздерi.
Ғылымда  бұрыңғы  заманнан  берi  келе  жатқан  жеке  тұлғаның   дамуы   мен
қалыптасуының биологиялық және әлеуметтiк факторларының ара қатынасы  туралы
пiкiрталас  бiтер  емес.  Осы  бiр  көпғасырлық  айтыс  нәтижесiнде  әртүрлi
көзқарастар  пайда  болды.  Осы  көзқарастардың  бiрiн  жақтаушылар  адамның
дамуын, негiзiнен, табиғи ерекшелiктер анықтайды деп санайды.  Ал  тәрбиенiң
маңызы аз  деп  есептелiнедi.  Жеке  тұлғаның  дамуын  түсiндiретiн  осындай
(биологизаторлық) бағыт ерте заманнан бастау алады.  Сонау  Платон  (427-347
ж.ж.  б.з.б.)  мен  Аристотель  (384-322  ж.ж.  б.з.б.)   өз   кездерiнде-ақ
адамдардың қоғамдық мiндеттерiн  олардың  табиғаты  анықтайды  деп  санаған.
Аристотельдiң пiкiрiнше, туылған сәтiнен  бастап-ақ  кейбiр  адамдар  бағыну
үшiн, ал кейбiреулерi билiк ету үшiн жаралған.
      XVI ғасырда пайда болған преформизм (латынша –  қайта  құру,  өзгерту)
деген  философиялық  ағым  төмендегiдей  ойды  ұстанған:  адамның   ұрығында
болашақ жеке тұлғаның барлық қасиеттерi бар,  ал  даму  олардың  тек  сандық
жағынан  артуын  ғана  бiлдiредi.  Бұл  орайда  әлеуметтiк   факторлар   мен
тәрбиенiң маңызы жоққа шығарылған.
      Бихевиоризм бағыты да жеке тұлғаның дамуының  биологиялық  бастауларын
жақтайды. Осы бағыттың негiзiн салушы американдық психолог және  педагог  Э.
Торндайктiң (1874-1949 ж.ж.) пiкiрiнше,  жеке  тұлғаның  барлық  қасиеттерiн
(соның iшiнде сана-сезiмiн, қабiлеттiлiгiн) тек тектiлiк, тұқым  қуалаушылық
қана анықтайды. Оның ойынша, ақыл-ой қабiлетi балаға “көздерi, тiстерi  және
саусақтары”  сияқты  дүниеге  келгенiнен-ақ  берiледi.  Ол  адамды  ұрпақтан
ұрпаққа сол қалпында берiлетiн және  жеке  тұлғаның  барлық  қасиеттерi  мен
келешегiн толығымен анықтайтын “гендердiң жинағы немесе батареясы” ғана  деп
санаған. Жеке тұлғаның дамуын биологизаторлық жағынан  түсiндiру  прагматизм
бағытына  да  тән.  Прагматизм  грекше  –  прагма  дегенiмiз  –   iс-әрекет,
тәжiрибе. Бұл бағыттың негiзiн салушы – Джон Дьюи (1859-1952 ж.ж.).
      Ендiгi бiр көзқарастың негiзiн классикалық түрде ағылшын философы Джон
Локк (1632-1704 ж.ж.) салып, француз материалистерi оны ары қарай  дамытқан.
Бұл  бағыт  бойынша  адам  өмiрiнiң  жағдайлары  мен  тәрбие  жеке  тұлғаның
қалыптасуының  шешуші  факторы  деп  есептелген.  Д.  Локктiң  белгiлi   бiр
пайымдауы бойынша баланың жаны дүниеге келген  сәтiнде  таза  тақтаға  ұқсас
(tabula rasa) болып келедi және тек оның өмiр  жағдайлары  мен  тәрбие  ғана
жеке тұлғаның  белгiлi  бiр  қасиеттерiнiң  пайда  болуына  себепшi  болады.
Осыдан кейiн бұл көзқарас социологизаторлық бағыт болып қалыптасты, ал  оның
өкiлдерi  жеке  тұлғаның  қалыптасуына  әлеуметтiк  ортаның  әсерiн  бiрiншi
орынға қойып, оның дамуының iшкi заңдылықтарын жоққа шығарады. Олар  адамның
рөлін төмендетеді.
      Жеке тұлғаның дамуындағы тұқым қуалаушылық пен ортаның ықпалын бiрiншi
орынға қойып, тәрбиенiң күшiн жоққа шығаратын  бұл  теориялар  XIX  ғасырдың
аяғында  психологиялық-педагогикалық  зерттеулердегi  ерекше  бiр   бағыттың
пайда болуына себепшi болды, бұл бағыт  “педология”,  яғни  тура  аударғанда
“балалар туралы ғылым”, “балатану” деген  атқа  ие  болды.  Қазiргi  уақытта
ғалымдардың  көбiсi  педологияны  индивидтiң  сәби,  жас   өспiрiм,   жастық
шағындағы дамуының жалпы  заңдылықтары  туралы  ғылым  ретiнде  қарастырады.
Социалистiк  құрылыс  жағдайларында  бiздiң  елiмiзде   педология   өкiлдерi
баланың дамуының  биогенетикалық  заңын  белсендi  түрде  насихаттаған  және
соған сүйене отырып балалардың әлеуметтiк теңсiздiгiн түсiндiруге  тырысқан.
Осы мақсатта оқушылардың ақыл-ойының дамуын зерттейтiн  кең  көлемдегi  жүйе
құрылған болатын. 1936 жылы ОК БК(б)П  “сол  заманғы  педологияның  теориясы
мен практикасын” “жалған  ғылыми  антимарксистiк  ережелерге”  сүйенген  деп
айыптаған. Бұндай ережелерге, ең алдымен,  сол  заманғы  педологияның  басты
заңы –  балалардың  тағдырының  биологиялық  және  әлеуметтiк  факторлармен,
тұқымқуалаушылықтың  бiр тұрақты ортаның ықпалының  фаталистiк  түрде  алдын
ала анықталып қойылу заңы жатады.
      Сол уақыттарда балалардың  психологиялық  дамуын  зерттеуде  сауалнама
және тест жүргiзу сияқты ?дістер ерекше  сенiмсiздiк  туғызған.  Шынында  да
тәжiрибесiз практик-педологтар қолданған  бұл  ?дістер  сол  уақыттарда  көп
зиян келтiрген. Алайда  педологияны  ғылым  ретiнде  түбегейлi  шектеу  қате
болған едi. Педология баланы  барлық  жағынан  және  жанама  зерттейдi,  бұл
туралы өз кезiнде К. Д. Ушинский: “Егер  педагогика  адамды  барлық  жағынан
тәрбиелегiсi келсе, онда оның адамды  барлық  жағынан  тануы  да  керек”,  –
деген болатын.
      Жеке тұлғаның даму факторлары туралы философиялық және  психологиялық-
педагогикалық ойдың тарихы материалистiк iлiмде және оның  бiр  бағытында  –
материалистiк диалектикада өз жалғасын тапқан. Бұл  бағыттың  өкiлдерi  жеке
тұлғаның  қалыптасуына  әсер  ететiн  факторларды  тереңiрек  зерттеп   қана
қоймай, сонымен қатар ол факторлардың  өзара  байланысымен  олардың  адамның
даму процесiне ықпал ету  тетіктерін  де  ашып  көрсеттi.  Қоғамның  тарихын
талдай отырып, олар адамдардың шығармашылық-қайта  құру  әрекетi  өндiрiстiң
дамуы мен көркеюiне, әлеуметтiк қатынастардың қалыптасуына, ғылыми  бiлiмнiң
молаюына, рухани өмiр мен өнегелiлiк-эстетикалық мәдениеттiң баюына  себепшi
болды деп көрсеттi.
      Осылайша қоғамдық игiлiкке ие  болып  және  оны  дамыта  отырып,  адам
әлеуметтiк тiршiлiк иесi ретiнде, жеке тұлға ретiнде қалыптасады.
      Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына сыртқы,  қоршаған орта  ықпалының
мәнi зор екендiгiне сене отырып, философ-материалистер  адамның  биологиялық
табиғатын жоққа шығармады. Олардың  ойынша,  адам  тiкелей  табиғи  тiршiлiк
иесi, сондықтан ол бойына бiткен  нышандар  ретiнде  көрiнiс  тапқан  табиғи
күштерге ие деп сендi. Алайда ол нышандар оның бойында тек лайықты орта  мен
мақсатты тәрбие бар кезде ғана дами алады.
      Сонымен қатар, адамды әлеуметтiк тiршiлiк иесi деп  қарастыра  отырып,
философ-материалистер  тұқымқуалаушылық  бағдарламасымен  еш  байланысы  жоқ
индивидтiң  “әлеуметтiк  тұқымқуалаушылығы”  туралы  ойды   ұстанады.   Егер
биологиялық  нышандар  адамға  да,  жануарларға  да  тән  болса,  әлеуметтiк
тұқымқуалаушылық тек адамға ғана тән.
      Материалистiк  философия   орта  мен  биологиялық  нышандар  қатарында
тәрбиеге ерекше орын бөледi, тәрбие – жеке тұлғаның дамуы мен  қалыптасуының
үшiншi  факторы.  Бұндағы  айта  кететiн  жағдайдың  бiрi  –   материалистiк
түсiнiкте жеке тұлға  тек  объект  ретiнде  ғана  емес,  сонымен  қатар,  ең
бастысы, тәрбиенiң субъектiсi ретiнде, өзiндiк қайта құру  қызмет-әрекетiнiң
субъектiсi ретiнде қарастырылады.
      Тәрбие – жеке тұлғаның қалыптасуының  шешуші  факторы  ретiнде.  Тұқым
қуалаушылық,  орта  және  тәрбие   жеке  тұлғаның  дамуы  мен  қалыптасуының
негiзгi объективтi факторлары болып табылады. Бұл орайда  тұқымқуалаушылыққа
(биологиялық факторға) жалпы адамзаттықпен  қатар  тұлғалық  гендік  қордыда
қамтиды.  Іс-әрекеттiң  кез-келген  түрiне  деген  анатомиялық-физиологиялық
нышандар жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуында ерекше рөл  атқарады.(мысалы,
есту мүшелерiнiң құрылысы, ойлау  қабiлетiндегi  ерекшелiктер,  т.б.).  Олар
баланың қабiлеттiлiгi, дарындылығы және дарыны дамуының  алғышарттары  болып
табылады. Кейбiр жағдайларда  бұл  нышандар  өте  ерте  (сәби  кезiнде  және
мектепке дейiнгi жасында), кейбiр жағдайларда кешiрек,  ал  ендi  бiрде,  ер
жеткен кезде ғана көрiнiс бере бастайды.
      Биологиялық нышандар мен қасиеттердiң дамуы адамның функционалды пісіп
жетiлуі мен қалыптасу  процесiн  сипаттайды,  содан  кейiн  оның  сүйектерi,
бұлшық еттерi, сонымен қатар iшкi  мүшелерi  мен  жүйелерi  дамиды.  Адамның
биологиялық пісіп жетiлуі мен өзгеру процесi оның дамуы мен  мiнез-құлығының
жас   кезеңдерiнде  көрініс  табады.  Адамға  табиғи   берілген   белгілерді
дамытуда  ең  маңыздысы,  жанұяда  болсын,  қоғамдық  тәрбиелiк-бiлiм   беру
орындарында болсын,  оларға  дер  кезiнде  сауатты  диагностика  беру  болып
табылады. Қазiргi уақытта баланың  іс-әрекеттiң  қандай  түрiне  бейiмдiлiгi
бар екенiн анықтайтын алуан түрлi әдiстер бар. Олардың iшiнде тест  әдiстерi
кеңiнен қолданылады.
      Тәрбие мен бiлiм беруде адамның табиғи қасиеттерiн ескеру қажет,  оның
нышандары мен қабiлеттiлiгiн анықтай  отырып,  олардың  ары  қарай  дамуының
амал-тәсiлдерiн, формалары мен әдiстерiн айқындау  керек.  Қызметтiң  қандай
да бiр түрiне деген анатомиялық-физиологиялық нышандарының одан ары  жемiстi
дамуы үшiн  баланың  оған  деген  ықыласын  арттырып,  оны  сол  іс-әрекетке
араластыра отырып, сол салада тәжiрибе жинастыруға жағдай жасау қажет.
      “Жеке тұлға” деген ұғымда адамның қоғамдық  мәнi  ашылады.  К.Маркстiң
айтуынша, адамның мәні жеке индивидке тән абстрактiлiк емес,  өз  болмысында
ол барлық қоғамдық қатынастар  жиынтығы.  Сондықтан  ортаның  жеке  тұлғаның
дамуына әсерi туралы сөз болғанда,  ең  алдымен,  кең  мағынада  қолданылған
әлеуметтiк орта деп түсiну керек, өйткенi адамның жеке  тұлғалық  қасиеттерi
әртүрлi орталық қатынастар әсерiнен, яғни, адамдармен  және  түрлi  қоғамдық
институттармен өзара-қатынасы арқасында қалыптасады.
      Қоршаған ортаның адамның дамуына әсерiн қарастыра отырып, философиялық
және педагогикалық ағымдардың  көбiсi  адамның  жеке  тұлға  боп  қалыптасуы
үшiн, сөйлеу, ойлау, тiк жүру секiлдi адамға ғана тән  нышандар  дамуы  үшiн
адами қоғам, әлеуметтiк орта қажет дейдi. Сәби  жасынан  жануарлар  ортасына
тап болған балалар туралы оқиғалар олардың  бойында  осы  адами  нышандардың
дамымағаны  дәлел   бола   алады,   ол   қасиеттердiң   қалыптасуына   деген
қабiлеттерiнiң табандалып қалғаны соншалықты, олар адамдармен  қарым-қатынас
жасаудың ең қарапайым формаларын үлкен қиыншылықпен  үйренiп,  заманына  сай
адамның тұрмыс қалпын қабылдай алмады.
      “Әлеуметтiк  орта”  деген  ұғым,  кең  мағынасында,  қоғамдық  өмiрдiң
материалдық жағдайлары, әлеуметтiк  және  мемлекеттiк  құрылыс,  өндiрiстiк,
қоғамдық қатынастар жүйесi және олар анықтап отырған әлуметтiк  жүйе  сипаты
мен қоғамда пайда болған әртүрлi мекемелер  қызметiн  қамтиды.  Шынында  да,
жеке тұлғаның әлеуметтiк бейнесi, белгiлi бiр мөлшерде, оның қай  мемлекетке
жататыны арқылы көрiнедi, адам дүниеге келгеннен соң қандай да бiр  қоғамның
азаматы  болады.  Адамның  дамуына  барынша  әсер  ететiн  әлеуметтiк  орта,
әсiресе қазiргi уақытта, ең алдымен, экономикадағы өзгерiстер,  идеологияның
өзгеруi, қала мен ауылдағы өмiр  жағдайлары,  миграциялық  процестер  (яғни,
адамдардың белгiлi бiр мемлекет территориясы  аясында  көшiп-қонуы,  сонымен
қатар,  одан  көшiп  кетуi),  демографиялық  процестер,  сәбилердiң  дүниеге
келуiндегi, өмiр ұзақтығындағы  өзгерiстер,  т.с.с.  жатады.  Жеке  тұлғаның
қалыптасуында географиялық орта белгілі  рөл  атқарады.  Баланың   айналасы-
үйдегі ортаға көп көңіл бөлінеді.
      Қоғамдық мекемелердегі оқу-тәрбие процесін ұйымдастырғанда  мұғалiмдер
мен тәрбиешiлер балаға кең әлеуметтiк ортамен қатар, мектептен тыс ең  жақын
айналасының  әсерiн  ескерулерi  тиiс,   өйткенi   кейде   аулада,   көшеде,
оқушыларға,  әсiресе  жасөспiрiмдерге  белгiлi  бiр  мөлшерде  әсер   ететiн
жағымсыз (қоғамға қарсы) топтар пайда болуы мүмкiн. Бұл  орайда,  оқушыларды
жақын айналасының қоғамдық-экономикалық өмiрiнiң әртүрлi  саласына  белсендi
әлеуметтiк іс-әрекетке араластыру  қажеттiлiгi  туындайтынын  ескеру  керек.
Тұқымқуалаушылықпен,  ортамен  қатар  тәрбие  үшiншi  шешушi  фактор   болып
табылады,  тәрбие  –  педагогтардың   басшылығымен   әлеуметтiк   тәжiрибенi
меңгерудегi баланың саналы мақсатты басқарылатын іс-әрекетi.  Тәрбиенiң  зор
күшiн көптеген өткен кезеңнің прогрессивтi педагогтары  мойындаған.  Мысалы,
ұлы славян педагогы Ян Амос Коменский табиғат адамға дүниеге келген  сәтiнде
бiлiм игеруге мүмкіндік  бередi, бiрақ бұл тек тәрбие  мен  бiлiм  арқасында
ғана дами алады деп оқытқан. Белгiлi педагог А. С.  Макаренко  педагогикалық
теория мен тәжiрибеде  “қиын”,  тiптi  “т?рбиесі  ?иын”  балалармен  жұмыста
тәрбиенiң игiлiктi күшiн дәлелдеген болатын.
      Тәрбие –  бұл  тұлғаның  қалыптасуына  мақсатты  бағытталған  процесс,
сонымен қатар  тәрбие  туа  біткен  нышандарды  түзетеді  және  микро-ортаны
өзгертеді.. Барлық балалар  тәрбиелiк-бiлiм  беру  мекемелерiнен  өтедi,  ол
мекемелер педагогикалық процестi сауатты құрастырып,  оқушылардың  жан-жақты
іс-әрекетiн  нәтижелі  ұйымдастырады,  өйткенi  ол  жеке  тұлғаның  дамуының
шешушi шарты болып табылады.
      Тәрбие жеке тұлғаның тәрбиелiлiгi нәтижесiнiң белгiлi  бiр  эталонының
болуын талап етедi. Тәрбие мен оқыту адамның қоғамдық қажеттi бiлiм,  бiлiк,
дағдылардың  белгiлi  бiр  жиынтығымен  қарулануын,  оның  қоғам  өмiрi  мен
еңбегiне дайындығын,  осы  қоғамдағы  нормалар  мен  мiнез-құлық  ережелерiн
сақтауын, адамдармен қарым-қатынасын,  оның  әлеуметтiк  институттармен  ара
қатынасын  алдын-ала  болжайды  Тек  тәрбие  ғана  жеке  тұлғаның   дамуының
әлеуметтiк бағдарламасын жүзеге асыратын, оның нышандары мен  қабiлеттiлiгiн
жетiлдiретiн шешушi құрал.
      Тәрбиенiң оның мақсаттылығынан басқа ерекше өзгешелiктерiнiң бiрi оның
осы  бiр  әлеуметтiк  қызметтi  орындау  үшiн  қоғамның  арнайы   дайындаған
адамдары арқылы жүзеге асырылуы. Педагогиканың ұлы классигi К.  Д.  Ушинский
жеке тұлғаның қалыптасуындағы тәрбиешiнiң ерекше орны  туралы  былай  деген:
“Тәрбиешi  тұлғасының   жас   жанға   әсерi   оқулықтармен   де,   моральдық
нұсқаулармен де, жазалау мен мадақтау  жүйесiмен  де  алмастыруға  болмайтын
тәрбиелiк күштi құрайды”.
      Осылайша жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының жемiстi болуының  шарты
тарихи анықталған және әрдайым өзгерiп отыратын үш фактор: тума  қасиеттері,
 орта және тәрбие болып табылады.
      Жеке тұлғаның қалыптасуында тәрбиеге шешушi  мән  бере  отырып,  өзара
күрделi байланыста болып отырған мақсатты тәрбие мен  баланың  дамуының  ара
қатынасының мәнiн дұрыс түсiне бiлу керек.
      Психологиялық-педагогикалық теорияда бұл  мәселеге  қатысты  әр  түрлi
көзқарастар бар. Олардың бiрi баланың дамуы, тәрбие мен  оқытудың  тәуелсiз,
яғни   тез   түрде   жүзеге   асады    дейдi    (Э.Мейман.    А.Ф.Лазурский,
Ж.Пиаже). Бұл орайда тәрбие мен оқыту дамуға бейiмделедi, “баланың  дамуының
соңында бірге жүредi” (Л.С.Выготский). Келесi бiр көзқарас бойынша даму  іс-
әрекеттiң тарихи қалыптасқан формаларын  меңгеруi  арқылы  жүзеге  асырылады
(яғни, оқыту мен тәрбие көмегiмен), бұл  орайда  оқыту  мен  тәрбие  баланың
дамуының қол жеткiзген деңгейiнде ғана тоқтап қоймай, сонымен  қатар  алдағы
міндетін шешу (К.Д.Ушинский,  П.П.Блонский,  Л.С.Выготский).   Л.С.Выготский
оқыту мен  дамудың  ара  қатынасын  зерттей  отырып,  оқытуды  ұйымдастыруда
баланың “дамудың ең жақын аймағына” сүйену керектiгiн айтқан. Ол  былай  деп
жазған:  “Дамудың  алдында  болған  оқыту  ғана   жақсы   болып   табылады”.
Сондықтан, тәрбиенiң ең маңызды құралы – табиғи  нышандар  жиынтығын  мұқият
айқындау, сол арқылы оларға және қоршаған орта жағдайларына  сүйене  отырып,
баланың соған сай іс-әрекетін арнайы ұйымдастыру.
      “Бала   дамуының   ең   жақын   аймағы”   туралы   сөз   ете   отырып,
     Л.С.Выготский  оқушының  тапсырманы  өздігінен  орындауға   әзiрлiгiнiң
дәрежесiн айтқан болатын. Осылайша ол  бұл  әзiрлiктi  екi  деңгейге  бөлген
болатын: оқушы тапсырманы мұғалiмнiң көмегiнсiз орындайды (ол осы  кезеңдегi
өз дамуының деңгейiне  жеттi),  ары  қарай  оған  мұғалiмнiң  көмегiн  қажет
ететiн қиынырақ тапсырма беру керек,  яғни  жаңа  танымдық  мәселе  қойылады
(қиындық, қарама-қайшылық), бұл оқушының ақыл-ойының дамуын ынталандырады.
      Субъектiнiң  іс-әрекетi  –  жеке  тұлғаның  дамуы  мен   қалыптасуының
факторы. Жеке тұлғаның дамуының маңызды факторларын  сөз  еткенде  және  бұл
процесте тәрбиенiң  орны   ерекше  екенiн  баса  айтқанда,  адамды   ортаның
әсерімен тәрбие ықпалының пассивтi объектiсi деп қарастыруға  болмайды.  Кей
кездерде қолданылатын  педагогиканың  “баласыздық”  деген  сөздiң  астарында
тәрбие туралы кейбiр еңбектерде балаға сыртқы  педагогикалық  әсерлердiң  әр
түрлi формалары мен әдістері туралы айтылып, осы әсерлердiң арқасында  пайда
болатын баланың iшкi дүниесі ескерiлмей келетiнi туралы мағына  жатыр.  Жеке
тұлға өзiнiң қалыптасу  барысында  өзiндiк  дамуының  объектiсi  ғана  емес,
сонымен қатар субъектiсi де екенiн ескеру керек.
      Сана  мен  іс-әрекеттiң   тұтастығы   материалистiк   диалектика   мен
психологияның  ең  маңызды  заңдылығы  болып  есептелiнедi.  К.  Маркс  адам
жағдайдың пассивтi жемiс емес, ол қоршаған ортасын,  жағдайларды  және  өзiн
белсендi   түрде   өзгерте   алады   деп   жазған   болатын.   Демократиялық
педагогиканың классиктерi де (И. Г.  Песталоцци,  Я.  А.  Коменский,  К.  Д.
Ушинский, Ы. Алтынсарин, т.б.) жеке  тұлғаның  өзiнiң  белсендiлiгiне,  оның
шығармашылық-қайта құру іс-әрекетiне үлкен мән берген.
      Белсендiлiк  адамның  табиғи  қасиеттерiнiң   бiрi   болып   табылады.
Психологияда белсендiлiктi іс-әрекет деп атайды. Жеке тұлғаның  белсендiлiгi
оның қажеттiлiктерiнен туады (материалдық және рухани, жеке немесе  қоғамдық
қажеттiлiктер).  Адамның  белсенділігінің  жануарлардан  айырмашылығы   оның
қажеттiлiктерi   сәби   жасынан    бастап-ақ    қоғамдық    қажеттiлiктермен
реттелiнедi. Адамның  белсендiлiгi  (немесе  оның  іс-әрекетi)  оның  себеп-
салдарымен, мақсат  пен  мiндеттерiн  дұрыс  қоя  білуімен,  оларды  орындау
құралдарын  дұрыс таңдай алуымен байланысты.
      Белсендiлiктiң өзiне және жеке тұлғаның қоршаған  орта  мен  тәрбиелiк
(сыртқы)  әсерлерге  қатысты  iшкi  ұстанымдарына  байланысты  ол  әр  түрлi
бағыттарда қалыптасуы мүмкiн. Егер оқушының осы  әсерлерге  деген  көзқарасы
терiс  болса,  ол  тәрбиешiсi  қалағанынан  қайшы  бағытта  дамиды.  Мысалы,
мұғалiм оқушылардың бiлiмiн  тексеру  кезiнде  оқушының  бағасын  төмендетiп
қойса да, оқушы оған ренжiп қалады.  Мұндай  жағдайда  мұғалiмнiң  үлгерiмдi
жақсартуға шақырған әрбiр сөзi оқушыда  жасырын,  кейде  тiптен  ашық  қарсы
әрекет тудырады.  Тәрбиешi,  оның  педагогикалық  әсерi  iшкi  өрiсте,  яғни
тәрбиеленушiнiң санасы мен сезiмiне оң әсерiн тигiзбесе, барлық  жағдайларда
әрдайым осылай болып отырады.
      Осының нәтижесiнде, жеке  тұлғаның  дамуы  мен  қалыптасуында  көрiнiс
табатын барлық әсерлер мен ықпалдар екi  топқа  –  iшкi  және  сыртқы  болып
бөлiнетiн болды.  Ортаның әсерi мен тәрбие  жеке  тұлғаның  дамуының  сыртқы
факторларына жатады.  Табиғи  әсерлер  –  бейiмдiлiк  пен  әуестiк,  сонымен
қатар, адамның сезiмдерi мен күйзелiстерi, оның сыртқы әсерлердiң  ықпалымен
пайда болатын сылтаулары  мен  қажеттiлiктерi  –  барлығы  iшкi  факторларға
жатады.  Жеке  тұлғаның  дамуы  мен  қалыптасуы  осы  екi  фактордың   өзара
байланысының нәтижесi болып табылады.
      Егер тәрбие жеке тұлғаның өз өзiмен  жұмысы  кезiндегi  белсендiлiгiне
деген iштей ықпалына әсер ететiн болса, онда  оның  жеке  тұлғаның  дамуында
шешушi рөл атқара алатыны түсiнiктi. Осы бейiмдiлiк  пен  өсiп  келе  жатқан
адамның жеке тұлға ретiнде жетiлуiне деген өзiндiк ынтасы ғана түбiнде  оның
дамығанын анықтайды. Осылайша бұл шын мәнiсiнде, өзiн-өзi  дамыту,  өзiн-өзi
тәрбиелеу сипатына ие болады. Л.Н.Толстойдың адамның дамуын жемiстi  ағаштың
өсуiмен салыстыруы тегiн емес. Өйткенi, сөздiң тура  мағынасында  оны  ешкiм
өсiрмейдi,  ол  өздiгiнен  өседi.  Адам  тек   қана   топырағын   қопсытады,
тыңайтқыштар себедi, артық бұтақтарын  кеседi,  яғни  оның  өзiндiк  дамуына
мүмкiндiк беретiн қажеттi  сыртқы  жағдайларын  жасайды,  ынталандырады.  Ал
өзiндiк даму өзiнiң iшкi заңдары бойынша жүредi.
      Жеке тұлғаның өзiндiк дамуына қоршаған орта мен тәрбие секiлдi  сыртқы
факторлар әсер етсе де, бұл факторлар оның iшкi дүниесiне  оң  әсер  еткенде
ғана  және  оның  өз   өзiмен   жұмысы   кезiндегi   өзiндiк   белсендiлiгiн
ынталандырған жағдайда ғана жеке тұлғаны дамытып,  қалыптастыра  алады.  Осы
бiр аса күрделi процесс  тәрбиенiң  персонификациясы  (лат.  –  жеке  тұлға)
деген атауға ие болды. Тәрбиенiң  персонификациясы  дегенiмiз  –  ақпараттық
мазмұндағы, адамның тұтас модусын (модус –  қажеттiлiктер,  мақсат-мүдделер,
наным-сенiмдер,  бағалау  критерийлерi,  ынта-ықыластар)  құрайтын  саналық-
психологиялық және идеологиялық процестердiң,  қасиеттер  мен  қатынастардың
әр   алуан   түрлерi   бар   жеке   тұлғалық   факторлардың    мiнез-құлығын
әлеуметтендiрiп, реттейтiн өзара әрекет күрделi  де  қарама-қайшылыққа  толы
болады. Персонификация әлеуметтенудiң  антиподы  ретiнде  оған  қарама-қайшы
емес,  ол  әлеуметтенудiң  бар  болуының  iшкi  механизмi  болып   табылады.
Осылайша, жеке тұлғаны  әлеуметтендiретiн  сыртқы  факторлар,  соның  iшiнде
тәрбие де, жеке тұлғаның өз өзiмен жұмысы кезiндегi өзiндiк  белсендiлiгiнiң
iшкi механизмдерiмен, яғни  оның  қажеттiлiктерiмен,  сенiмдерiмен,  мақсат-
мүдделерiмен  өзара  тығыз  байланыста  болғанда   ғана   оның   дамуы   мен
қалыптасуына әсер етедi.
      Баланың,  оқушының  белсендiлiгi  іс-әрекеттiң  әр  алуан   түрлерiнде
көрiнетiнi психологияда дәлелденген.  Өмiр  барысында  қарым-қатынас,  таным
белсендiлiктерi, өзiн-өзi жетiлдiру мен қоршаған өмiрдi түрлендiру,  өзгерту
белсендiлiктерi  дамиды.  Кiшкентай  баланың  өзi  де  пассивтi  емес  түрде
өмiрдiң   жағдайларына   бағынады.   Ол   өзiнiң   талаптарын   орындатқанда
(үлкендерге)  белсендi,  ол  қоршаған  адамдарға  қатысты   өз   түзетулерiн
енгiзедi. Ол адамдарға деген (ұнату, ұнатпау) және  заттарға  деген  (керек,
керек емес, жақсы көретiн, жақсы көрмейтiн) өзiндiк жеке тұлғалық  қатынасын
көрсетедi. Бұл  қатынастар  оның  іс-әрекетiнде  жеке  тұлғаның  өзгешелiгiн
жасай отырып пайда болады.
      Қарым-қатынас – генетикалық  түрде  баланың  белсендiлiгiнiң  ең  ерте
белгісі. Адамның әлеуметтiк тiршiлiк иесi ретiндегi ерекшелiктерi осы қарым-
қатынаста көрiнедi. Онда адамдарға деген  қатынастың  көптеген  алуан  түрлi
реңктерi бар: ата-анаға, мұғалiмдерге, таныстарына,  таныс  емес  адамдарға,
құрдастарына, өзiнен кiшкентайларға, достарына. Бала өзiне дос таңдайды,  ол
адамдардың белгiлi  бiр  шеңберiмен  қарым-қатынас  iздейдi,  ол  басқаларға
ықпал етедi. Ұжымда ол кейде ұйымдастырушы, кейде орындаушы  болады.  Қарым-
қатынас белсендiлiгi жеке тұлғаның  ең  маңызды  жақтарының  дамуына  жағдай
жасайды, олар – адамгершiлiк, қайырымдылық, қамқорлық, өз өзi үшiн,  адамдар
алдындағы өз iстерi үшiн жауапкершiлiк.
      Баланың дамуы барысында жеке тұлғаның танымдық  белсендiлiгiнiң  өрiсi
кеңейiп, тереңдей түседi. Кейбiр  заттардың  қасиеттерiн  тану  үшiн  оларды
қолына ұстап көргеннен кейiн бала “Бұл не? Бұл кiм?  Қалай  аталады?”  деген
сияқты сұрақтар сұрай бастайды. Бұл сұрақтардың  жауабы  балаға  заттар  мен
құбылыстардың жалпы мәнiн  ашып  бередi.  Мектептегi  жүйелi  оқыту  баланың
таным  белсендiлiгiнiң  қалыптасуы  мен   тереңдеуiне   мүмкiндiк   жасайды,
сыныптан сыныпқа  көшкен  сайын  оқушы  өз  бетiнше  бiлiм  игеруге,  оларды
практикалық  іс-әрекетте  еркiн  пайдалану  қабiлетiне  ие   болады.   Оқыту
барысында бiртiндеп оқушының  ойлау  қызметiнiң  әдiс-амалдары  қалыптасады.
Орта  және  жоғары  сынып   оқушыларының   танымдық   белсендiлiгi   зерттеу
жұмыстарында,  тәжiрибелiк  ұйымдастыруларда,  iскерлiк   қызметте   көрiнiс
табады.
      Адамның белсендiлiгi қоршаған өмiрге ықпал етедi, болмысты қайта  құру
мен өзгертуге  бағытталады.   Әлеуметтiк  белсендiлiк  дегенiмiз  осы.  Жеке
тұлғаның  белгiсiне  айналып,  бұл  белсендiлiк  қоғамдық   өмiрдiң   барлық
саласындағы ғылыми жаңалық, өнертапқыш, жаңашылдықтың бастауы  мен  қозғаушы
күшiне айналады.
      Жеке тұлғаның белсендiлiгiнiң аталмыш бағыттары оқушының әр алуан  іс-
әрекеттерiнде  көрiнiс   табады:   оқу-танымдық,   еңбек,   қоғамдық-пайдалы
жұмыстар,  ойын,  эстетикалық,  спорттық-сауықтыру.   Оқушының   іс-әрекетiн
парасатты, педагогикалық дәл және дұрыс  ұйымдастыру   оның  белсендiлiгiнiң
барлық бағытта  дамуының  бастауы  болып  табылады.  Әрбiр  баланы  белсендi
қайраткер орнына қойып, оны баланың  барлық  күшiн  белсендi  жұмсауға,  іс-
әрекеттегi баланың жеке тұлғаға сай  өзгешелiгiн  зерттеуге,  жеке  тұлғаның
потенциалды  мүмкiндiктерiнiң   ашылуына   барынша   көмектесуге   мүмкiндiк
туғызатын іс-әрекеттi ұйымдастырудың әдiс-тәсiлдерiмен қаруландыру –  осының
бәрi  баланың  дамуының  нәтижелiлiгiн  қамтамасыз  ететiн  тәрбиенiң  басты
қызметі.
      Сондықтан жеке тұлғаның белсендiлiгiн жан-жақты  қалыптастыра  отырып,
тәрбиешi сол баланы өзiне  одақтас  етiп  алады.  Оқушының  қажеттiлiктерiне
негiзделген тәрбие мен өзiндiк тәрбие процестерi – ең жағымсыз деген  сыртқы
жағдайларды жеңе алатын күш.
      Жеке тұлғаның дамуы үшiн баланың қарқынды іс-әрекетi қажет. Алайда кез-
келген іс-әрекет баланың қабiлетiн, дарынын, мiнез-құлық  белгiлерiн,  бiлiк
пен дағдыларын дамыта алмайды. Мысалы, мыңдаған балалар күнi бойы  музыкалы?
гаммаларды ойнайды, бiрақ музыкант  бола  алмайды.  Баланың  қабiлетiн  оята
алмайтын репетиторлық жұмыстар  қаншама.  Немесе  тағы  бiр  мысал,  төменгi
сыныптарда балалардың көбiсi едәуiр ынталы, бiрақ  жоғары  сыныптарда  ондай
балалардың саны аз.
      Қабiлеттiлiктiң  дамуы  үшiн  өз  барысында  баланың  бойында  жағымды
сезiмдер туғызатын іс-әрекет қажет (В. Е. Чудновский,  В.  С.  Юркевич).  Ал
мұндай көңiл-күйге түсу (немесе басқа  да)  жұмыстан  пайда  болған  сүйсiну
сезiмiмен сипатталатын танымдық қажеттiлiктермен  байланысты.  Дарынды  бала
белгiлi бiр жұмыспен мiндет  үшiн  емес,  баға  үшiн  емес,  жарыста  немесе
олимпиадада жеңу үшiн емес, сол жұмыспен  айналысқысы  келетiн  болғандықтан
жетістікке  ұмтылады,  яғни  ол  балада   жағымды   сезiмдермен   байланысты
қажеттiлiк бар. Осыған байланысты  әдебиеттерде  өте  сирек  айтылып  жүрген
жеке тұлғаның дамуының тағы бiр бастауы өзiне көңiл аудартады.  Бұл  –  жеке
тұлғаның   мәдени    ұстанымдарынан    бастау    алатын    өз-өзiне    деген
қалыптастырушылық, жасампаздық ықпал-әсерi. М.  Князеваның  ойынша,  адамның
өзiн өзi дамыту күштерi жеке тұлғаның дамуының ең маңыздысы болып  табылады.
Оның  пiкiрiнше  өткен  ұлы  адамдардың  өмірбаяны,  күнделiктерi,   естелiк
жазулары, сырлары,  хаттары  өзiн  өзi  қалыптастыру,  өз  өзiне  талап  қою
жұмысында аса зор күш жұмсағандарының дәлелi бола  алады,  ал  ол  қасиеттер
олардың кәсiби  еңбектерiнiң  бастауы  болып,  өмiр  жолында  әрдайым  серiк
болған:”...   адам   тек   қоршаған   дүниенi,   табиғатты,   қоғамды   ғана
қалыптастырып,  түрлендiрмейдi.   Адамзаттың   бүтiн   тарихы   –   өзiн-өзi
қалыптастыру мен қайта құру».
      Сонымен, жеке тұлғаның дамуы, тәрбиесi, қалыптасуының өзара  байланысы
мәселесiнiң көп ғасырлық тарихы бар. Ғылымда жеке тұлғаның мәнi, оның  дамуы
мен қалыптасуына әсер ететiн факторларды түсiндiретiн әр  түрлi  көзқарастар
кездеседi.  Ғалымдардың  жеке  тұлғаның  қалыптасуында  биологиялық   (тұқым
қуалаушылық) және әлеуметтiк факторлардың ( орта, тәрбие), сонымен қатар іс-
әрекет  пен  қарым-қатынастың  орны  ерекше   деген   қорытындысы   еш   дау
туғызбайды. Сонымен жеке тұлғаның дамуны және  қалыптастыруына  әсер  ететін
факторлар төмендегідей болып келер. (сурет 2)



































Сурет 3.3  Тұлғаның дамуына және қалыптасуына әсер ететін факторлар

      Қазiргi ғылыми  көзқарас  бойынша  баланың  жеке  тұлғалығы  тәрбиенiң
объектiсi ретiнде де, субъектiсi ретiнде де қарастырылады. Оның объект  болу
себебi оның қалыптасуы сыртқы  ықпал-әсерлерге,  әсiресе,  тәрбие   мақсатты
әсерлерге тәуелдi.  Субъект  болу  себебi  жеке  тұлғаның  белсендiлiгiнсiз,
сыртқы ықпал-әсерлерге деген белсендi ы?палынсыз даму ілгері жүрмейді;  тағы
бiр себебi: адамның дамуы өзiн- өзi  дамыту процесiнде  ғана  жүзеге  асады,
сондай-ақ жеке тұлғаның дамуында өзiн-өзi тәрбиелеудiң де алар  орны  ерекше
(сол  субъект  қалағанындай  жеке  тұлғаға  тән  белгiлi   бiр   қасиеттерiн
қалыптастыру мақсатында өз бетiнше жұмыс).
      Қазiргi заманғы зерттеулер дарындылық тұқым қуалау  арқылы  берілмейді
дейдi.  Н.  И.  Дубининнiң  айтуы  бойынша,  дарындылық  болу  үшiн   “жөндi
универсалды генетикалық бағдарлама”  керек:  ал  оның  аса  мол  потенциалын
жүзеге асыру үшiн,  әсiресе  жеке  тұлғаның  дамуының  өте  ерте  кезеңiнде,
қолайлы жағдайлардың болуы.
Бала өмiрiнiң алғашқы үш-бес  жылын  ғалымдар  “Ұлы  бастаулар  уақыты”  деп
атайды. Адам психикасының сырттай көрiнiстерiнiң қасиеттерi  өмiр  барысында
қалыптасады,  сондықтан  оларды  ата-ана,  педагогтар   және   баланың   өзi
қадағалап, реттей алады.

Өзiн өзi бақылауға арналған сұрақтар;
             1)   “Жеке   тұлға”   деген   ұғымды   және   оның   құрылымдық
                компоненттерiнiң мағынасын ашыңыз.
             2) Жеке тұлғаның  қалыптасуымен  байланысты  негiзгi  ұғымдарды
                сипаттаңыз.
             3) Жеке тұлғаның дамуы  мен  қалыптасуының  негiзгi  теориялық-
                ?діснамалық амал-тәсiлдерiнiң сипаттамасын берiңiз.
             4) Жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететiн  негiзгi  факторларды
                атаңыз.
             5) Тәрбие мен дамудың өзара байланысты екенiн дәлелдеңiз.
             6) Субъектiнiң іс-әрекетi  жеке  тұлғаның  қалыптасуының  басты
                факторы екенiн дәлелдеңiз.

      Әдебиеттер
     1.  Бейсенбаева  А.А.  Теория   и   практика   гуманизации   школьного
        образования. Алматы: Гылым, 1998.
     2. Божович Л.И. Личность и ее формирование  в  детском  возрасте.  М.,
        1968.
     3. Измайлов А.З. Народная педагогика: педагогические воззрения народов
        Азии и Казахстана. М., 1991.
     4. Керимов Л.К. Педагогические основы индивидуализации  перевоспитания
        трудных подростков. Алматы. 1994.
     5. Кон И.С. Психология подростка. М., 1981.
     6. Кон И.С. Психология ранней юности. М., 1989.
     7. Костюк Г.С. Движущие силы развития  и  воспитания.  Хрестоматия  по
        педагогике /Под ред. З.И.Равкина. М., 1976.
     8. Петровский В.А. Личность – феномен субъективности. Ростов на  Дону.
        1993.
     9. Рысбаева А.К. Успешность деятельности как категория  педагогики.  –
        Алматы: КНПУ им. Абая, 2003.
    10. Узакбаева С.А., Кожахметова К.Ж. Использование материалов казахской
        этнопедагогики при изучении педагогических дисциплин. Алматы. 1996
    11. Фридман Л.М., Пушкина Т.А. Изучение личности учащихся и ученических
        коллективов. М., 1988.

    Тақырып 4 Оқушылардың  жас және дербес ерекшеліктеріне психологиялық-
педагогикалық сипаттама (1 сағат)




    Мақсаты:  мектеп оқушыларының жас мөлшеріне қарай және жеке басына  тән
ерекшеліктер туралы түсінік қлыптастыру және осы  ерекшеліктерді  оқу-тәрбие
процесінде ескеру.
    Міндеттері:
    а) мектеп оқушыларының жас мөлшерінің кезеңдеріне сипаттама беру;
    ә) мектеп оқушысының    жеке тұлғасының өзіндік ерекшеліктерін ашу;
    б)   педагогикалық   процесте   мектеп   оқушысының   жас    мөлшерінің
психологиясын есепке алу.
      Ұлы  орыс  педагогы  К.Д.Ушинский,  «Егер  педагогика  адамды  барлық
жағынан тәрбиелегісі келсе, онда оның адамды абрлық жағынан тауны да  керек»
-  деген  болатын.  Осындай  ережеге  байланысты,  жұмыс  барысында  педагог
балалардың психологиялық, физиологиялық  және  жас  ерекшеліктерін  міндетті
түрде білу керек.
    Барлығына мәлім, балалардың жас ерекшеліктерін  есепке  алу  және  бала
тұлғасына  арнайы  қтынас,  тәрбие  мен  оқытудың  басты  принциптері  болып
табылады. Сондықтан мектептің  педагогикалық  ұжымы,  оқу-тәрбие  процесінде
оқушылардың жас және дербес ерекшеліктерін есепке алу маңызды.
    Мектеп жасындағы балалар бастауыш, орта (жеткіншек) және жоғары  буынға
бөлінеді. Жеткіншек кезең кіші және жоғары деп бөлінеді.


    Кесте 4.1 Оқушылардың дамуының жас кезеңдері


    |Кезеңдер               |Жылдар                 |Сыныптар               |
|І. Бастауыш оқушылар   |6- 10                  |I – IV                 |
|ІІ. Орта (жеткіншек)   |11-14-15               |V- IX                  |
|ІІІ. Жоғары            |15-18                  |X – XII                |





















    Бастауыш сынып жасындағылардың ерекшеліктері мен дамуы.
    Адамның белгілі  сипаты  мен  сапасын  қалыптастырудағы  тәрбиешілердің
мақсат тәрбиесі белгілі бір жас мөлшеріндегі топқа  бағыталған,  осы  арқылы
сол топта тәрбиенің мүмкінідктері мен міндеттері, әдістемелері  қолданылады.
Адам  өмірінің  мектепке  дейінгі  кезінде,  есейген   шақ   кезеңдеріндегі,
жасөспірім  шақта,  әлеуметтік  ортада,  мектепте   қлыптасқан   мінез-құлқы
ерекшеленеді.
    Жас мөлшерінің психологиясы курсында  оқылатын  жоғарыда  айтылған  жас
мөлшерлік   топтардың   әрқайсысының   сипаттамасын   бұл   тұста   нақтылап
қарастырмай-ақ, педагогтың әрбір жас мөлшері тлбымен  жүргізетін  оқу-тәрбие
жұмысында ескерілуі тиісті кейбір тірбие ерекшеліктеріне тоқталамыз.
    Жастарды өмірге және ұжымдық еңбекке тәрбиелеудің,  әрбір  жас  адамның
жеке   тұлғасының    өмірлік    бағыт-бағдарын    анықтайтын    дүниетанымын
қалыптастырудың  қоғам   алдындағы  зор   міндеттері   мектепке   жүктелген.
Тәрбие, шын мәнінде, жек етұлғаның дамуы мен жалпы қоғамның  негізгі  мақсты
болып табылады және ол қоғамның әрбір  мүшесінің  жан-жақты  дамуына  жағдай
жаасуға бағытталған.
    Белгілі бір жастағы балалардың жас мөлшері дегенде олардың  көпшілігіне
тін ерекшеліктер мен сипаттардыф айтамыз.  Бұл  еркшеліктерді  педагогикалық
процесте ескеру қажет  және  осған  сәйкес   оқыту,  тәрбие  берудің  тиісті
түрін, әдістемесін және тәсілін пайдалану керек.
    Бастауыш сынып жасындағы баланың салмағы бір жылда 2-2,7  кг  өседі.  6
жастан 12 жасқа дейінгі аралықта бала денесінің салмағы екі  есе  артып,  18
килограмнан 36 килограмға дейін ртады.  Осы  жаста  бала  миының  көлемі  де
ұлғаяды, яғни, ол 5 жаста үлкен адам миының  90 пайызындай болса,  10  жаста
95 пйызына тең болады.
    Жүйке жүйесінің жетілу де жалғасады.  Жүйке  жасушалары  арасында  жаңа
абйланыстар түзіліп, мидың  жарты  шарында  икемділік  күшейеді.  7-8  жаста
жарты шарды жалғап  тұрған нерв талшықтары жетіле түседі және олардың  өзара
қарым-қатынасының  арта  түсуін  қамтамасыз  етеді.  Жүйке  жүйесіндегі  бұл
өзгешеліктер   баланың  ақыл-ойы  дамуының  келесі   кезеңінің   ірге   тасы
қалануына негіз болады.
    Бала мектеп табалдырығын  аттағаннан  кейін,  оның  әлеуметтік  жағдайы
өзгереді, бірақ  ішкі  әлемі,  психологиясы  әлі  мектепке  дейінгі  қалыпта
болады. Баланың ең негізгі іс-әрекеті әлі де ойын, сурет салу,  ойыншықтарды
құрастыру болып қала береді. Оқу  іс-әрекеті  әлі  де  дамуды  қажет  ететін
деңгейде болады. Оқу іс-әрекетнідегі, тәртіп сақтаудағы қажетті  іс-әрекетке
еріктілік беру алғашқы кездерде ғана мүмкін болады, бұл кезде  балаға  жақын
арада  істелінуі  тиіс  мақсатар  және  оның   күшс   алуын   қажет   ететін
тапсырмалардың мөлшерінің аздығы түсінікті болады. Оқу  іс-әрекетіне  ерікті
түрде назар аударту ол балаға  жеңіл тиеді.
    Мектеп оқушыларында болатын ерекше  белсенді\ліктің  себебі  әлі  күнге
дейін толық анықталған жоқ, бірақ көптеген  жағдайларда  байланысты  белгілі
бір пайымдаулар айтылып жүр.  Мысалы,  сарапшылар  мұндай  жағдайды  орталық
нерв жүйесінің генетикалық әсерімен түсіндіреді. Көптеген зерттеушілер  оның
себептерін  күнделікті  ішіп  жүрген  тағамынан,   баланың   өзінің    ерік-
жігерінен, оның өрескел қылықтарына қолдау көрсетушіліктен іздейді.  Бүгінгі
таңда мұндай келеңсіз жайттардың алдын алу мен емедудің  түрлі  әдістемелері
қолданылып жүр. Кейбір  дәрі-дәрмектер  бесленді  балаларды  тыныштандырады.
Сондай-ақ кең таралған әдістің бірі –  тағамның  құрамынан  қантты,  жасанды
дәмдеуіштер мен тағамға қосылатын затарды алып атстау арқылы диета  қолдану.
Баланың мінез-құлқына ата-ана мен мұғалімдер тарапынан  үнемі  және  табанды
бақылаудың жасалуы және срытқы әсерді, мысалы,  қоғамдық  орындарда  көңілді
тыныштандыратын көгілдір жарықтың түсірілуі жақсы нәтиже береді.
    Бастауыш мектеп жасындағы бала үшін  ең  маңыздысы  –  педагог.  Балаға
қарап жылы жүзбен жымиюдың аса маңызды әсері туралы И.М.Юсупов былай  дейді:
«Педагогикалық қарым-қатынаста  балаға  қарап  жымию  баламен  диалогтың  ең
қажетті құралы болып табылады. Сөйлесетін адамың неғұрлым  кішкентай  болса,
ол өзінің іс-әрекетіне үлкнедердің  соғұрлым  үнсізде  жылы  жымиысына  баға
беруін қажетсінеді. Тек қана оқу процесінде емес, жай қарым-қатынастарда  да
бастауыш  сынып  жасындағы  баалар  мен   жасөспірімдерді   жылы   жымиыспен
ынталандырудың маңызы зор. Сондықтан да  педагогтың  вербальды  емес  қарым-
қатынаста өз бет әлпетінің жылығымен әсер етуге сараңдығы бала  мен  педагог
арасындағы, онсыз да үлкен жас айырмашылығын оданс айын қашықтатпайық».
    Үлкендердің баламен әр түрлі қарым-қатынасы және олардың балаға беретін
бағасының сипататмасы оның бойындағы өзіне баға бере алу қасиетін  дамытады.
Бір  жағдайда  оның  өзінің  ақылды  еендігіне  сенімі  артса,  басқа    бір
жағдайларда  өзінің  көріксіз  немесе  қателігін   мойындайды.   Үлкендердің
тікелей әсер етуімен баланың бойында пайда болатын осныдай  өзіне  өзі  баға
берушілігінен оның басқа адамдарға да баға беруінің негізі қаланады.



      Модуль 2 Тұтас педагогикалық процестің теориясы мен практикасы.

Тақырып 5 Тұтас педагогикалық процесс педагогиканың пәні  және  мұғалім  іс-
әрекетінің объектісі (1сағат)

    Мақсаты: Тұтас педагогикалық процестің ерекшеліктерін анықтау.
    Міндеттері:
    а) «Объект»  және «пән» деген ұғымдардың мәнін ашу
    б)    педагогикалық    процесс-педагогикалық    теорияның     объектісі
болатындығын көрсету.
    в) Тұлғаның тұтас педагогикалық процесте дамуына сипаттама беру.
      Педагогикалық   процесс  мұғалім  іс-  әрекетінің  объектісі.  Адамның
қандай да болмасын іс-әрекетінің заттық саласы  қалайда  білімдер  жүйесінде
көрінеді.   Сондықтан   синтетикалық   спатының   біртұтастық    объектілері
жасалмайынша субъектінің  іс-әрекетінің  сәтті  болуы  мүмкін  емес.  Санның
тұтастық объектілері белгілі бір шындық  саласындағы  білімдерді  меңгерудің
нәтижесінде  пайда  болған  объектілері,  субъектінің  іс-әрекетінің  сыртқы
талаптарды орындау тәсілдері мен адамның  субъекті  тұлғалық  құндылықтарына
бағыт табу болып табылады.
      Педагогикалық іс-әрекетте еңбек субъектісі мұғалім болады.  Мұғалімнің
еңбек құралдарының өзіндік сипаттары –  ол  оның  білімі,  білігі,  тұлғалық
қасиеттері. Осыған байланысты, білім «сананың біртұтастық  объектісі»  болып
есептелуі керек, мұғалімнің іс-әрекеті, оның  білім  және тәжірибесі  кәсіби
шеберліктің деңгейіне тікелей қатысты екендігі анық.
      Қажетті тәжірибені  жинақтауға  әкелетін  іс-әрекет  мұғалім  тұлғасын
қалыптастырудың шарты болады, ал ол  «оқу-әдістемелік»  құралдарының  өзінде
орныққан.  Бірақ  бұл  іс-әрекет  тиімді  болуы  мүмкін  емес,  егер   еңбек
объектісі толық айқын болмаса,  еңбек  субъектісінің  зейіні  теріс  түсініп
объектіге аударылса, бұндай жағдайда еңбек субъектісінің әрекеті  объективті
өмір сүретін кәсіби іс-әрекеттің объектісіне сәйәкес болмайды.
      Қазіргі кезеңдегі тұтас педагогикалық процестің  мәні  туралы  түсінік
ғалымдардың бірнеше  ұрпақтарының  күш  салуларының  арқасында  жинақталады,
өйткені педагогикадық құбылыстар  компонентетрінің, қасиеттері,  заңдылықтар
туралы дербес білімдері бірте-бірте жинақталады. Бірақ, бөлік  туралы  білім
әлі  біртұтас  туралы  білім  емес.  «Педагогикалық  процесс»  деген  сөздік
(термин) ғылыми айналымға ХІХ  ғасырдың  екінші   жартысында  (П.Ф.Каптерев)
енгізілгенімен, ұғымның мазмұндық сипаттамасын тек қана тұлға теориясы,  іс-
әрекет теориясының  дамуы  арқылы  құбылыстарды  зерттеуде  жүйелілік  тәсіл
қолдануды қалыптастыру арқасында мүмкін болды.
      Педагогикалық процестің белгілері, спалары мен қасиеттері.
      Тұлғаны қалыптастыру ұзақ процесс, ол қарама-қайшылықтарды шешумен бұл
іс-әректетегі  ересектердің  мәдениеттердің   заттық   өзгерілген   формасын
субъектінің  әрекеттік  қабілеттеріне  өзгерту  мен  көзқарас   формасындағы
адамзаттың  әрекет  күштері  мен  қабілеттерінің  заттық  формаға  ауысуының
бірлігі. Демек, егер педагогикалық процестің  түпкі  мақсаты  адамның  тұлға
ретінде қалыптасуы болса, онда  педагогиклық  процестің  элементар  бірлігі,
оның «кереге көзі» бастапқы абстракция болып «қалыптасудың қас  қағым  сәті»
болуы керек.
      Бұл процестің ең кіші бірлігі, одан әрі оны тану  сапалық  қасиеттерін
жоғалтпай мүмкін болмайды.
      Тұлғаның қалыптасуы даму барысында негізгі қайшылықтарды жеңуде жүзеге
асады. Бірақ бұл үшін, бөліну болған жөн- ересектер  қызметін  алады,  яғни.
әлеуметтік  тәжірибеде  алынған  іс-әрекет  тәсілдерін  айқындаушы.  Сонымен
бірге қозғалыс формаларындағы адамзаттың әрекет күштері  мен  қабілеттерінің
заттық  формаға  ауысуы  жүзеге  сасады.  Тұлғаның   іс-әрекет   субъектісне
алмасуы, оқушының даму процесінде қалай болатындығы көрінеді.
      Барлық мәдени байлықтарды және  іс-әректтер  түрлерін  меңгеру  пәндік
оқыту  арқылы  жүргізген  тиімді.  Бұнымен  тағы  бер  жүйенің  пайда  болуы
байланысты, оған мұғалім «сынып ұстаздары» элементі  ретінде  кіреді.  Сынып
ұстаздарының балалардың бастапқы ұжымы мен өзара әрекетері  барыснда  жоғары
деңгейдегі жүйе  «сынып оқушылары» пайда болады.


Сурет 4.2 Педагогикалық процестегі басқару қатынастарының қабаттары


Мектеп педкеңесі

Директор
                                 Мектеп ата-аналар

                                           комитеті
Класс жетекшілердің
бірлестігі                                                     IV

 Класстан тыс жұмысты                                     IV
ұйымдастырушы

          III

                     II       оқушы          Отбасы




Класс жетекші

Әдістемелік  бірлестіктер
Оқу бөлімінің меңгерушісі
      Жеке индивидке қатысты жоғары  деңгейлі  жүйе  ретінде  қарастырылатын
оқушы ұжымында, оқушының  тікелей  жұмысы  қажетті.  Мұғалім  жеке  оқушының
педагогикалық процестің басқа да кіші жүйелерімен байланыстырушы орта  буыны
болып табылады (4 суретті қараңыз).


Сурет 4.3  Педагогикалық үрдісте кіші жүйелердің байланысы.
































Тақырып 6  Тұтас педагогикалық процестің заңдары (1 сағат)

    Мақсаты: Болашақ мұғалімдердің  ғылым  мен  тәжірибеде  заңдардың  рөлі
туралы ұғымын дамыту.
    Міндеттері:
    а) Заңдардың ашылуына тәжірибенің ықпал етуін көрсету;
    ә) Ғылымның заңдарының объективтік сипатын ашып көрсету;
    б) Педагогикалық процесс заңдарының мазмұнын негіздеу.
    Заңдар педагогикалық теорияның даму деңгейінің бейнесі. Әр бір ғылымның
ең маңызды міндеттерінің бірі  ақиқат  шындықата  әрекет  ететін  объективті
заңдарды танып білуі болып есептеледі.
    Бір заттық саланың теориясын құруға және әрине, тәжірибелік міндеттерді
тиімді түрде шешуге тек заңдарды танып білу ғана мүмкіншілік береді.
    Ғылыми білім құбылыстарды жазып баяндау ретінде қалыптасқаны, сонан соң
тәжірибе  негізінде  эмпирикалық  теориялардың   қалыптасқанын   және   жеке
заңдардың ашылғанын ғылыми ізденістер терихында қарап көруге болады.
    Тек  осы  заттық  саланың  ерекше  заңдары  ашылғаннан  кейін   қазіргі
кезеңдегі ғылыми білім теориясы дамытады.
    ХХ ғасырдың 60 жылдарынан бастап педагогика  оқулықтарында  заңдар  мен
заңдылықтар жайында пераграфтар орын тапты. Бірақ, олардың біреуінде де  бұл
не екенін түсінік  берілмеген.  Ұғымдар  өз  бетінше  қалыптасқан,  неліктен
автор осыны заң әлде заңдылық деп санайтыны түсініксіз. Одан  басқасы,  нені
заңдарғаа, ал  нені  заңдылықтарға  жатқызуға  болады  екені  ажыратылмаған.
Осының барлығы  тек  педагогикалық  заңдар  мәселесінің  теориялық  тұрғыдан
зерттелмегенін ғана дәлелдейді. Белгілі дәрежеде бұл филисофитардың  зерттеп
дайындаған заңдар мен заңдылықтар туралы түсініктерін  есепке  алмағандықпен
байланысты /4,5,6,7/.
    Екі мың жылдық өткен соң Д.Бруно  "табиғат  заңы"  ұғымын  алғашқы  рет
пайдаланаады. Бірақта ұғымның кең қолдануы Декартқа  жатады,  ол  заңға  екі
атрибут - мәңгілік және тұрақтылық пән деп санады. Яғни,  егерде  объективті
шындықтың бұл саласы орынды болса, оның заңдары мәңгі және тұрақты,  адамдар
ерігіне тәуелді емес - объективті. Мысалға бет  бұрайық:  материя  бар  және
материя мен энергияның сақталу заңы бар. Жер үстінде өмір, және  ассимиляция
және диссимиляция заңы бар. Ғаламда денелер бар  және  әлемдік  салмақ  заңы
бар.
    Жаңа дәуірде  "заң"  ұғымын  жете  зерттеуімен  әр  түрлі  философиялық
жүйелердің өкілдері  шұғылданады.  Ф.Энгельс  өзінің  "Диалектика  проироды"
деген  еңбегінде  адамдар,  заңдардың  әрекетін   өздерінің   бақылауларында
әлдеқашаннан белгіледі және соңы тәжірибені жетілдіруде қолданды  деп  айтып
өтті /8/. Сондықтанда ғылыми заңдар  бірден  ашылмайды,  ал  ашылғандар  сол
заттық саладағы  жаңа  білімдерге  байланысты  анықтала  береді.  Жеткілікті
көрнектілік мысал - химияда Д.И.Менделеевтің периоды заңының анықталуы.
    Әлеуметтік жүйелер өзін-өзі ұйымдастыруға қабілеттің тек  бір  жағдайда
болады. Егерде әр бір индивид, осы жүйеге қатысушы  үйлесімді  дамуына  және
өзін іс жүзінде көрсетуге  қажетті  және  жеткілікті  шарттарына  ие  болса.
Демек, педагогикалық процеске маңыздысы  -  индивидтің  қалыптаса  басталуы,
олардың жеке даралығының және әлеуметтік пісіп-жетілуінің қалыптасуы.
    Педагогика тәрбие туралы ғылым ретінде дамиды, сол  қоғамдық  қызметіне
сай биологиялық мұра болмайды, өткен ұрпақтың  әлеуметтік  тәжерибесін  өсіп
келе жатқан мұрагерлердің менгеруіне байланысты. Демек, тәрбиенің мәні  және
оның мақсаты  индивидтің,  адамның  барлық  қоғамдық  қатынастардың  бірлігі
ретінде қалыптасуы болады. Әлеуметтік тәжірибені меңгеру  процесі  барысында
қалыптасқан қоғамдық болмыстың барлық жақтарымен қатынастары.
    Ұстаздың табысты кәсіби іс-әрекеті танып  білген  педагогика  заңдарына
сәйкес іс-әрекет.  Қазіргі  кезде  кәсіби  іс-әрекет  табысты  нәтижелерінен
бағаланады. Ал бұл білім беру саласында әсіресе маңызды, өйткені  бұл  жерде
табысты нәтиже - ол орын тапқан тұлға. Егерде білім беру  саласында  табысты
нәтижелер болса, сонда қоғам өмірінің  барлық  басқа  салалары,  кәсіби  іс-
әрекеті түрлерінің әр түрлілігі жағымды өзгерістерге мүмкіншілік табады.
    ХХ ғасырда бірте-бірте үдейе  түскен,  білім  берудің  дағдарысы,  60шы
жылдарда анық білінді.  Ф.Кумбс  /1/  осы  дағдарысқа  толық  жүйелі  талдау
жасады. Бірақ әр түрлі елдерде жасаған реформалау әрекеттері  шындығында  ең
бастысын қозғамаған: білім алу  процесі  және  нәтижесі  ретінде  анықталған
білім берудің парадигмасы бұрынғыдай болып қала берді.  Сондықтан  кездейсоқ
емесв 90шы  жылдарда  ЮНЕСКО-ның  бас  конференциясының  ХХ  сессиясы  болып
өткенде бүкіл дүниеде білім беру  рөлінің  қазіргі  кезеңдегі  тұжырымдамасы
қабылданды, оған білім берудің жаңа парадигмасы сай келеді: білім  беру  деп
әлеуметтік пісіп-жетілумен жеке даралық өсуге жеткен  тұлғаның  қабілеттерін
және міне-құлқын толық жетілдіру процессін және нәтижесін түсіне керек.
    Білім беруде алғашқы рет тұлғаның мүдделері бірінші орынға қойылды. Осы
түсінікте  болмыстың  ең  маңызды,  материалисттік   диалекктикада   ашылған
өзгешелікті бейнелеген - ол заттандыру мен затсыздандыру. Білім беру  жүйеде
ұстаз ғылыми білімді жинаған әдіс-тәсілдерді  айқындайды  деген  сөз.  Оқыту
процесі барысында оқушылар бұл әдістерді игеру арқылы  меңгеріп  жатқан  оқу
пәнін игерді. Дәл осылай /іс-әрекет  әдістерін  меңгеріп  алу/  болғандықтан
оқушылардың тұлғасының өзгерілуі болады /заттандыру/. Шындығында дәл  осымен
жеке адам  тұрғысына  бағытталған  білім  берудің  қажеттілігі  белгіленеді.
Яғни,  оқушы  нені  істей  алады,  оқыту  процесі  барысна  қанждай   болады
екенндігіне  ерекше  назар  аудару.  Тек  сонда  ғана  оқушылар  адамзаттың,
/этностың, аймақтың, жанұяның, мамандықтың /мәдениет меңгеруі  және  олардың
қоғамдық кәсіби іс-әрекетте дамуы туралы айтуға болады.  Яғни  педагогикалық
заңдар білім берудің сапасының мәнін түсінуде перспектива ашады-ол  социумде
өзін іс-жүзінде  көрсете  алуға  дайын  оқушылардың  тұлғасын  жасау.  Бірақ
біртұтас педагогикалық процестің теориясымен  оның  заңдарын  меңгермейінше,
ұстаз ең бастыға қатыссыз жеке бөліктерге шоғырлануы  мүмкін.  Педагогикалық
заңдарды  білу  ұстазға  практикалық  жұмысты  нақты  мақсатқа  яғни,  түпкі
нәтижеге анық бағыттарды белгілеп құруға мүмкіншілік береді.



















































Сурет 6. 1  Педагогтар мен оқушылардың практикалық іс- әрекетінің  теориялық
негізі
       Тақырып 7  Педагогикалық процестің заңдылықтары (1 сағат)

      Мақсаты:   Тұтас   педагогикалық    процестің    космпоненттері    мен
заңдылықтарының  арасындағы  оның  ішкі  құрылымын  көрсететін  байланыстары
туралы түсінікті қалыптастыру.
    Міндеттер:
А) «Заңдылық» ұғымының мәнін анықтау;
Б)  Педагогикалық  процестің   бөліктері   арасындағы   тұрақты   байланыста
заңдылықтардың бейнесін ашып көрсету;
В) Заңдылықтардың нақтылы көрінуінде принциптердің маңызын көрсету.
    Жоспар
   1. Педагогикалық процестің заңдылықтары.
   2. Педагогикалық процестің бөліктері мен құрылымы.
   3. Педагогикалық процестегі тұлға аралық қатынастар.
    Педагогикалық процестің заңдылықтары
    Педагогика  ғылымы  өзінің  пәнін  зерттей  отырып,  оқыту  –  тәрбиелеу
процесінің теориясын жасайды. Теориялық білімге  ұғым  (категория),  заңдар,
заңдылықтар жатады, оларды зерттеу теорияны жасауға және оқыту  –  тәрбиелеу
жұмысын, педагогикалық процесті ұйымдастыру әдістеріне бағыт береді.
    Ұғымдардың көмегімен педагогикалық шындыққа,  сонымен  бірге  мұғалімнің
іс-әрекетінің объектісі  –  біртұтас  педагогикалық  процеске  де  сипаттама
беруге болады. Педагогикалық процестің заңдарын білу мұғалімнің  іс-әрекетін
ұйымдастыруға  жол   табуға   әсер   етеді.   Заңдылықтар   мен   принциптер
педагогикалық процестің қызметін және оны нақтылы  жағдайға  сәйкес  құрауды
болжауға мүмкіндік береді.
     Мұғалімді  дайындау  сапасы  тұтас  педагогикалық   процестің   әртүрлі
жақтары, қасиеттері мен сапалары  туралы  теориялық  білімдер  жайында  және
міндеттерге қатысы бар аумағы кең кәсіби міндеттерді қолдануға  дайындығынан
көрінеді. Қандай  да  болмасын  қиыншылықтарды,  кәсіби  міндеттерді  шешуде
маман   еңбек   процесіндегі   әртүрлі   элементтер,   бөліктер   арасындағы
байланыстылықты анықтай отырып, оның жалпы құрылымын көре алады  деген  сөз.
Мұғалім үшін  бұның  маңыздылығы  тұтас  педагогикалық  процестің  жүйелі  –
құрылымдық  сипаттау,  алда  болатын  іс-әрекеттің  ойша  моделін   жасауға,
нақтылы жағдайды ескере  отырып,  «ұстаздар-оқушылар»  жүйесінің  жағдайының
дамуын болжауға мүмкіндік беретіндігімен анықталады.
    Әлеуметтік жүйенің қандайы да сияқты педагогикалық процесс ашық  болады,
яғни  ортаның  ықпалын  сезеді,  бірақ   ішкі   белсенділік   пен   өзін-өзі
реттеушілігімен көзге  түседі.  Осыған  байланысты  әлеуметтік  жүйенің  бір
түрлілігі сияқты  педагогикалық  процесте  солардың  тегіндегідей  белгілері
болады (Абрамова Н.Т., Афанасьев В.П., Блауберг И.В., Садовский  В.Н.,  және
т.б.):
    - қоғамның  ұсынуымен  жүйе  жалпы  мақсатқа  ие,  оның  қызмет  атқаруы
      мақсатқа сәйкестік сипатты білдіреді;
    -   жүйе   өзара   байланыстағы   және   өзара   тәуелді   элементтерден
      (компоненттерден) тұрады;
    - жүйе тиым салушылық әкелетін ортада өмір сүреді;
    - жүйенің белгілі бір қоры бар, ол оның қызмет істелуі мен  тұрақтылығын
      қамтамасыз етеді;
    -  жүйенің  ішкі  құрылымы  оның  деңгейінің  иерархиясы  және   ортамен
      байланысын көрсетеді;
    - жүйеге тән ішкі қайшылықтар есебінен жүйе дамуға қабілетті;
    - жүйе басқару орталығы арқылы басқарылады (сурет 2)
[pic]
Сурет 7.1  Педагогикалық процесс блоктарының өзара байланысы

Көрсетілген белгілер не себепті әрбір  жеке  бөлініп  алынған  педагогикалық
деректі тек қана сипаттауға болатындығын, бірақ  егер  басқалардың  арасында
оның орнын анықтауға және «ұстаздар – оқушылар» жүйесінде жеке  бөліктерінің
өзара әрекеттері туралы анық түсінік болмаса қандай  шешім  қабылдауға  қиын
болатындығын түсінуге көмектеседі.
    Педагогикалық  процестің  ерекшеліктері  оның  құрамындағы  бөліктерінің
ішкі байланыстарында бейнеленеді. Процесс (латынның  processus  –  қозғалыс)
алға басу 1) жағдай; 2) белгілі бір нәтижеге жетудегі бір ізді  әрекеттердің
бірлігін білдіреді. Көрсетілген «процесс» деген ұғымның мағынасы  «ұстаздар-
оқушылар» жүйесіндегі түпкі мақсатқа бір ізді  әрекеттер  бірліктері  арқылы
жету ұстаздан қандай нақтылы жағдайды өзгерту және осыған сәйкес қандай  іс-
әрекет  істеу  керектігін  білуді  талап  етеді.  Бұл  сұрақтарға  жауап  өз
тарапынан   сол   байланыстармен   оның   болатын,   өз    арасындағы    бар
байланыстарымен  және  мұғалімнің  педагогикалық  процестің  бөліктері   мен
құрылымын білуге тікелей байланысты болатын заңдылықтарымен байланысты.
    Педагогикалық процестің компоненттері мен құрылымы.
Педагогикалық процестің жеке  дара  бөліктері  (компоненттері)  туралы  оның
теориясын жасаудан біраз бұрын практикада жеткілікті дәрежеде жақсы  белгілі
болған.  Олардың  бір  бөліктері  (мақсат,   міндеттері,   мазмұны)   өзгеру
барысындағы қоғамдық өмірге мектептің  әлеуметтік  тапсырма  ерекшеліктеріне
байланысты  қайта-қайта  жаңадан  қаралып  жетілдіре   түседі.   Көрсетілген
мәселені  В.Е.Гмурман,   В.С.Ильин,   Б.Т.Лихачев   және   т.б.   зерттеген.
Г.К.Костюк  ұстаздар  мен  оқушыларды  педагогикалық  процестің  бөліктеріне
жатқызады.   М.А.Даниловтың   көрсетуінше   педагогикалық   процестің   ішкі
серпілісі оның негізгі, басты өзегі тәрбиенің мақсаты болады.
    Жорамалдау бойынша, қандайда болмасын мақсатқа белгілі бір мазмұнды  іс-
әрекеттер міндеттерін шешу арқылы  жетуге  болады.  Сондықтан  педагогикалық
процестің (әлеуметтік)  бөліктеріне  ұстаздарды  және  оқушыларды  жатқызған
жөн. Бұл педагогикалық процестің  адамзаттық  факторы  болады.  Олардың  іс-
әрекеттерінің бөліктерін (мақсат, міндеттер, мазмұны, құрал, форма,  әдістер
мен тәсілдер, нақтылы  тапсырманың  түрі),  маңыздылығы  олардың  оқушыларды
оқытудың  мәнінің  құрамына  кіруінде.  Сондықтан  да  процестің   бөліктері
«ұстаздар мен оқушылар» жүйесін құрайтын адамдар және олардың  іс-әрекетінің
бөліктері болды.
    Педагогикалық процестің мәнін тереңдеу және жан-жақты  түсіну  үшін  тек
бөлімдер құрамын ғана емес, сонымен бірге олардың  әрбірінің  ерекшеліктерін
білу  керек.  Педагогикалық  процесс  бөліктерінің   ерекшеліктерін   түсіну
нақтылы  оқу  орнындағы  педагогикалық  процесіндегі   солардың   арасындағы
объективті  өмірсуретін  ішкі  байланыстарын  анықтауға  мүмкіндік   береді.
Бөліктердің ерекшеліктерін қарастырайық.
    Отандық  педагогикада  тәрбиенің  мақсаты  жан-жақты  тұлға  дамуындағы,
гумандық бірізділік идеясы тұрғысынан  анықталады.  Бұл  мақсаттың  сөз  жоқ
өзінің  құндылығы  бар,  оның  тәрбие  мақсатының  қоғамдық  талабынан  өсіп
түсінуде (Р.Г.Гурова) философтар мақсатты идеал  (идеал  –  мақсат)  ретінде
қарастырады.
    Алайда мақсат – идеал немесе іс-әрекеттің нәтижесінің  өте  оңды  тамаша
моделі аралық мақсаттарға жету арқылы қол  жетеді,  оларды  мақсат-міндеттер
деп анықтауға болады. Басқаша айтқанда, педагогикалық  процеске  сай  мақсат
идеалға жету осы нақтылы бөлікке шешуге көздейтін  кейбір  шартты  сатыларға
бөлумен байланысты.
    Егер идеал – мақсатқа жету  ақыл-ой,  адамгершілік,  еңбек,  эстетикалық
және дене тәрбиесін  (біртұтас  педагогикалық  процесс)  міндеттерін  бірден
және  комплексті  түрде  шешумен  байланысты   болса,   онда   педагогикалық
процестің жеке алынған бөліктерінің мақсат-міндеттері әрине  аумағы  жағынан
көп кіші және мазмұны жағынан нақтылы (мысалы сабақ үшін) болады.
    Кейбір мақсат-идеал мен  мақсат-міндеттер  арасындағы  айырмашылықтарына
қарамастан міндеттер қойылған мақсат бағытында жасалған ерекше қадам  болады
және белгіленген нәтиже алу үшін  не  істеу  керек  деген  сұрақтарға  жауап
береді.  Ұстаз  үшін  оқушылармен  бірге  тек  қандай  нәтижелерге  жетудегі
қозғалыс қайтып  ұйымдастыру  ғана  емес,  сонымен  бірге  алда  істелінетін
жұмыстың (не істеу  керек)  міндеттерін  мұқият  үйлестіру  арқылы  қойылған
мақсатқа саналы қозғалысын қамтамасыз ету өте маңызды. Тағыда,  оны  субъект
– субъектілік қатынастар педагогикалық процестің  екі  жақтылы  болғандықтан
оқушылармен бірге жасау керек.
    Педагогикалық процестің  мақсаты  мен  міндеттері  таңдап  алынатын  іс-
әрекеттің мазмұнын анықтайды. Қазіргі кезеңдегі жалпы  мәдениеттің  теориясы
(Кизимов В.В., Маркарян Э.С.  және  т.б.)  іс-әрекеттің  мазмұны  әлеуметтік
тәжірибені меңгеруге адамзаттың  жинақталған  барлық  мәдениеттер  байлығына
айтылған оқуға (В.И.Ленин) бағытталуы керектігіне сендіреді.  Маркарян  Э.С.
өте айқын түрде қоғамдық  мәдениет  (адамзат  жинақтаған  мәдениет)  адамзат
коллективтерінің  ұйымшылдығына  әкелетін  адамдар  әрекетін  біріктіру  мен
ұйымдастыру  үшін  аса  маңызы  бар  болатындығын  дәлелдеді.   Әрбір   адам
материалдық,  рухани   және   әлеуметтік   реттелуші   немесе   адамгершілік
мәдениеттерді меңгеруі керек.
     Әрбір  көрсетілген   қабаттар   өз   ерекшеліктерімен   көзге   түседі.
Материалдық  ол  мәдениет  адамзат  жасаған  заттар   жиынтығы   материалдық
құндылықтар  (машиналар,   саймандар,   техника   әртүрлі   міндеттері   бар
объектілер). Бұл  мәдениет  қабатымен  мұра  болмайтын  біліктер  байланысты
адамның бар материалдық құндылықтарды жаңа тәжірибеге енгізуге  және  жаңаны
жасауға,  мүмкіншілігіне  себеп  болады.  Рухани   мәдениетті,   кейде   оны
интеллектуалды дейді, адамдардың айналада қоршаған  табиғат  пен  әлеуметтік
ортада, ғылымда,  өнерде  белгіленген  белгілі  бір  қабылдау  мен  бейнелеп
көрсету дейгейін айтады. Әлеуметтік нормативті мәдениет адамдардың  қоғамдық
өмірлерін ұйымдастыру  мен  (экономикалық,  құқықтық,  саяси  этикалық  және
т.б.) байланысты және ол әдетте мұра  болмайтын  жүріс-тұрыстарының  әртүрлі
формаларында материаланады. Мәдениеттің әрбір қабаты адамзат белгілі бір іс-
әрекетте «орындаған».
     Жалпы  адамзат  мәдениетінің  әрбір  қабатының  ерекшелігі  ең  алдымен
тұлғаның жан-жақты дамуы дәл адамзат мәдениетінің барлық байлығын  меңгеруді
талап  етуін  көрсетеді.  Екіншіден  мәдениет  қабатының  әрбіреуі,   адамды
дайындаудың бір жолын көрсетеді. Үшіншіден әрбір мәдени  мұраның  мазмұнының
ерекшеліктері,  тұлғаның  жан-жақты  дамуы  үшін  қолдануға  болатын,   яғни
индивидке  мәдениет  мазмұнын  меңгеруге  көмектесетін  іс-әрекет  түрлерін,
құралдарды анықтау қажеттігіне бағыттайды.
    Тұлғаның қалыптасуы адам тегінің (тек қана адамға тән)  құралдарын,  іс-
әрекеттерін меңгермейінше мүмкін емес. Әлеуметтік тәжірибенің заттың  өзінің
жеке  дара  элементін  адамзат  іс-әрекетіне  ауысуы,  яғни  адам  өндірісте
қалыптасқан іс-әрекетті айқындау (затсыздандыру). Ұстаз бұл тәжірибе  қандай
іс-әрекет тәсілдері арқылы жасалғанын  анықтайды.  Ал  индивидтің  іс-әрекет
тәсілдерін меңгеру сол индивид тұлғасының  өзгеруіне  әкеледі  (заттандыру).
Іс-әрекет педагогикалық міндеттерді шешу көзқарасы жағынан ықпал ету  құралы
болады. Туған кезінен бастап даму үстіндегі индивидтің өміріне  мынадай  іс-
әрекеттердің түрлері жүйелі кіреді: қарым-қатынас, ойын,  еңбек  (тұрмыстық,
ақыл-ой, дене, өндірістік), өнер және табиғатты қорғау.
    Сонымен, педагогикалық процестегі оқушылардың  іс-әрекеттерін  қарастыра
отырып,   педагогикалық   мақсатты   ұйымдастырылған    іс-әрекет    олардың
творчестволық  белсенділігін  қалыптастыру  жағдайы  болатындығына   көзіміз
жетті. Әдеттегі іс-әрекеттер түрлері (қарым-қатынас,  ойын,  еңбек)  ортаның
белгілі  бір  жақтарына  бағытталған.  Сондықтан  педагогикалық  ықпал   ету
қалыптасу барысындағы тұлғаның ортамен (тек әлеуметтік  қана  емес,  сонымен
қатар  табиғаттық,  материалдық,   рухани)   алдын-ала   қойылған   мақсатқа
байланысты өзара әрекетін реттеу. Тұлға іс-әрекет барысында қалыптасады, іс-
әрекет қандай болса тұлға да сондай екені  белгілі.  Әртүрлі  жас  ерекшелік
кезеңдерінде бірғана іс-әрекет түрлері маңызды болып қалмайды,  іс-әрекеттің
өзі барлық адамның саналы өмір кезеңдерінде маңызды.
    Жоғары айтылғандардан мынадай қорытынды жасауға болады:
    - қандай да болмасын біршама  аяқталған  салыстырмалы  мектеп  жұмысының
      формасы болатын уақыт жағынан шектелген педагогикалық процесте (сабақ,
      экскурсия,  мектеп  кештері  және  т.б.)  жұмыс  міндеттерінен  туатын
      педагогикалық ықпал етудің әртүрлі құралдарының қарым-қатынас,  еңбек,
      ойын тәсілдері және т.б. объективтік алғы шарттарын көруге болады;
    - кешенді түрде  педагогикалық  ықпал  ету  құралын  қолдану  мақсатымен
      міндеттерді мұқият үйлестіруді, жұмыстың барлық ауыртпалығының ортасын
      негіздеуді, демек жетекші, негізгі, өзекті іс-әрекетті анықтауды талап
      етеді.
     Бірақ  мұғалім  барлық   оқушыларды   іс-әрекеттерге   қосудың   барлық
мүмкіншіліктерін  қолдануға  қызықпауы  мүмкін  емес.   Сонымен   бірге   ол
оқушылардың нақтылы өзара әрекеттерін қамтамасыз етуі керек.  Демек,  барлық
бұрын   педагогикалық   процестегі   нақтылы    жұмыстың    формасы,    оған
қатысушылардың өзара  әрекеттерін  ұйымдастырудың  ерекшеліктерін  көрсетеді
деген қорытынды  жасауға  негіз  болады.  Бірақ  қалай  болса  солай  еркін,
формалды  немқұрайлы  таңдау  жайлы  егер  бұрынғы  бөлшектермен  байланысты
болмаса  (мақсат,  міндеттер,  мазмұны  және  іс-әрекеттер  түрлері)  әдетте
айыпталмайды.
    Біршама консервативтік болғанмен, яғни уақыт өткен  сайын  аз  өзгеретін
таңдап алынған жұмыс формасы қойылған міндеттерді шешуге белгілі  бір  әдіс,
тәсілдерді  қолдануды  талап  етеді.  Нақтылы  педагогикалық  процесте   бұл
әрқашанда  нақтылы  тапсырмаларды   (жүктелген,   міндет,   іс)   орындаумен
байланысты. Ұстаз  үшін  «еңбегін  затын»  талдау  (ол  үшін  оқу  еңбегінің
мазмұны болады) оқылатын материалды меңгеру үшін  оқушылардың  танымдық  іс-
әрекет тәсілдері ерекшеліктерін айқындауға қажет. Оқушылар  үшін  таным  іс-
әрекетінің «еңбек құралдары» (әдістер мен тәсілдер) олардың оқи  алуы  үшін,
енді үйренуге керекті заттар.  Сонда  олардың  педагогикалық  процестің  оқу
және оқудан тыс аймақтарына белсенді қатысу мүмкіншілігі шындыққа  айналады.
Сондықтан,  егер  формада  (өзара  әрекеті  ұйымдастыруда)  ынтымақтастықтың
объектитвті алғы шарты  ішінде  болса,  онда  олар  балаларды  іс-әрекетінің
әдістері мен тәсілдерін  меңгеру  арқылы  белгілі  бір  жеке  алынған  әрбір
оқушыға немесе  топқа  арналған  тапсырмаларды  орындауда  жүзеге  асырылады
(Котов В.В., Лийметс Х.И., Дежникова Н.С., Первин И.Б., Хан Н.Н.).
    Педагогикалық процесс  компоненттерінің  ерекшеліктерін  талдау  олардың
арасында  ішкі  бірліктері  мен  өзара   байланыстылығының   бар   екендігін
көрсетеді,  оны  ескерілмейінше  педагогикалық  процестің   жүйе   ретіндегі
құрылымы туралы мәселені шешу мүмкін емес.  Бұл  әрине  бөліктер  арасындағы
байланыстар анықтаумен бірге, белгілі бір нәтижеге әкелетін,  яғни  процеске
тән заңдылықтарды нақтылы жағдайларды да анықтауды шамалайды.  Педагогикалық
процестің заңдылықтары  қандай  да  болмасын  мұғалімнің  жұмысындағы  ұқсас
жағдайларда    байқалатын    себеп-салдар    детерминдікпен,     жалпылықпен
сипатталады. Заңдылықтар объективті осы процеске  қатысушылардан  –  олардың
ұнамды көңіл-күйінің тілектерінен тәуелсіз.
    Педагогикалық процестің заңдылықтарының бір бөлігін  эмпирикалық  жолмен
басқалары теориялық жолмен анықталса, өзгелері  теориялық  экспериментальдық
жұмыстарды орындау барысында анықталды. Егер заңдылықтардың мәні  жеткілікті
дәрежеде терең зерттелген болса онда ол 3 себептен ұтымды болды.  Анықталған
заңдылықтар негізінде  процестің  өзінің  белгілі  бір  құрылым  бөліктердің
өзара әрекетін, өзара әсерін анықтауға  болады.  Осының  негізінде  жасалған
педагогикалық процестің идеалдық,  теориялық  моделі  ғылыми  зерттеуде  сол
процестің өзінің және сонымен  бірге  мектеп  ісінің  практикасын  жетілдіре
түсудің  мүмкіншілігін  кеңейте  түседі.  Ең  ақырында  қандай  да  болмасын
процестің  заңдылықтарын  тану  оны  басқару   мен   мұғалім   іс-әрекетінің
нәтижесін болжауға әкелетін ғылыми талдаудың мүмкіншілігін кеңейтеді.
     Педагогикалық  ғылымда   хх   ғасырдың   20-шы   жылдарында   тәрбиенің
заңдылықтары, зерттеле бастады (Гончаров Н.К., Калашников А.Г.,  Трахтенберг
О.В.).  Біршама  кейін  педагогикалық  процестің  оқудан   тыс   уақытындағы
(болдырев  Н.И.,  Щукина   Г.И.,   Петухов   Н.Н.)   және   оқу   процесінің
(Загвязинский  В.И.)  заңдылықтары  зерттеледі.  ХХ   ғасырдыің   соңғы   он
жылдығында пайда болған  жұмыстарда  толық  шолу  жасалынбағанымен  біртұтас
педагогикалық   процестің   заңдылықтарына   шолу   жасалған   (И.А.Данилов,
Ю.К.Бабанский, Б.Т.Лихачев, В.А.Сластенин).
      Педагогикалық   процестің   заңдылықтары   «ұстаздар-оқушылар»    жүйе
байланысының  бейнесі:  жүйенің  өзінің   ішіндегі   кейбір   жеке   қосымша
жүйелердің  және  сыртқы  басқа  одан  жоғары  сатыдағы  жүйелер  байланысты
(мектепті  қоршаған  әлеуметтік  орта,  қоғам).  Көрсетілген  сбеп   бойынша
педагогикалық процестің  қызмет  істеуінің  ерекшелігін  (жағдай,  байланыс,
қатынас  көрсететін  процестің  қасиеті  мен  оның   сапасын),   бейнелейтін
заңдылықтар анықталады.
     Сондықтан  да  педагогикалық  процестің  негізгі  мынадай  заңдылықтары
болады:
    - оқу орнының педагогикалық  процесі  қоғамның  әлеуметтік  экономикалық
      қажеттілігіне сай болады;
    -  педагогикалық  процестің  мақсатқа  бағыттылығы   қоғамның   мақсатын
      көрсетеді, ол әлеуметтік тапсырыс ретінде, білім беру  заңдары  арқылы
      талап етіледі;
    - педагогикалық процесс екі жақты процесс, ол ұстаздар мен  оқушылардың,
      тәрбиешілер  мен  тәрбиеленушілердің  өзара   әрекетімен   байланысты,
      міндетті түрдегі екі жақты іс-әрекет;
    - оқушылардың творчестволық белсенділігі мұғалімнің мұқият ойластырылған
      және ұйымдастырылған іс-әрекетінің нәтижесі;
    -  педагогикалық  процестің  қызметі  онық  жасалуы  мен  ұйымдастырылуы
      оқушылар коллективі, сонымен қатар жеке оқушылардың жас  ерекшеліктері
      мен даму деңгейлеріне сай келуіне байланысты;
    -  педагогикалық  процесс  бөліктерінің  мағынасы  маңыздылығы  әртүрлі,
      олардың бір бірінен бағыныштылығы (иерархия) мен бір-біріне әсері бар;
    -  педагогикалық  процесс  бір  қас-қағым  сәттік  емес,  ұзақ  мерзімге
      бағытталған;
    - педагогикалық процестің ішіндегі қосымша жүйелердің ортасы  мен  өзара
      қиылысқан бағыттарының  әсері  көптеген  факторларды  тудырады,  соның
      ықпалы негізінде ең ақырғы нәтиже қалыптасады.
    Заңдылықтар педагогикалық  процестің  ішікі  және  сыртқы  байланыстарын
көрсетеді, олар өз  арасында  жеткілікті  дәрежедегі  күрделі  байланыстарын
құрайды. Сондықтан,  егер  ұстаз  нақтылы  педагогикалық  процестің  негізгі
жағдайда заңдар мен заңдылықтарды ескермей  ұйымдастырса,  бұл  ең  ақырында
оқу-тәрбие жұмысының сапасының төмендеуіне әкеледі.
      Барлық    педагогикалық    процестің    заңдар    мен    заңдылықтарын
айқындалғандарын  ескере  отырып,  баланың  тұлға  ретінде  дамуының  тиімді
жағдайын нақтылы әлеуметтік-экономикалық жағдайларда өзіндік дамыту және  өз
орнын таба алу қабілетін қамтамасыз еткізетін  мұғалімнің  басшылыққа  алуға
тиісті принциптерінде тұжырымдарға мүмкін болды.
    Принциптер мұғалімнің іс-әрекетін ұйымдастыруға қойған негізгі  талаптар
болып  есептелінеді,  олар  тұрақты  нысаналар  болып   және   педагогикалық
процестің  қызмет  істеуінде   творчестволық   түрде   көрінеді.   Негізінен
принциптерде педагогикалық процестің заңдары мен заңдылықтары жүзеге  асады.
Бұл мұғалімнің теориядан практикалық әрекетке көшуі болады:
  -  педагогикалық процестің ізеттілігі, тұлғалық нысандық бағыттылығы;
 - іс-әрекеттің сана мен мінез-құлық бірлігін қалыптастыруға бағыттылығы;
 -  педагогикалық  процестегі  іс-әрекеттерді  оқушылар  тұлғасын  дамытудың
   көкейкесті қажеттілігін ескере отырып ұйымдастыру;
 -  педагогикалық  талап  қоюшылықты  оқушының  көзқарасын  оны   адамдарға,
   құбылыстарға, процестерге қарым-қатынасын сыйлаумен ұйымдастыру;
 - педагогикалық басшылықты  оқушылардың  инициативасымен,  қайраткерлігімен
   ұластыру;
 - оқушылардың іс-әрекеттерде тиімді нәтижелерге жетуге көмектесу;
 - ұстаздардың, оқушылар  ұжымының  және  отбасыларының  оқушыларғңа  қоятын
   талаптарының үйлесімділігі;
 - әрбір бала үшін тиімді психологиялық  ахуалдың  әлеуметтік  қауіпсіздігін
   қамтамасыз ету;
 - оқушы тұлғасы мен ұжымының дамуындағы жаңа құрылымды үздіксіз бақылау.
    Заңдар, заңдылықтар және педагогикалық процесті ұйымдастыру  принциптері
өзара байланысты болуы мүмкін. Бұл  өзара  байланыстылық  процестің  мәнінен
оған қатысушылардың практикалық  әрекеттерінен  көрінеді,  ал  педагогикалық
процестегі мұғалімдер  мен  оқушылардың  іс-әрекеттерін  ұйымдастыру  моделі
ретінде ұсынылуы мүмкін (2 суретті қараңыз).
[pic]
Сурет 7. 2  Педагогикалық процестегі компоненттердің өзара кестесі

    Суретте тілдің екі бағыты көрсетілген. Сағат  тілі  бойынша  оқушылардың
іс-әрекетінің ұйымдастырылуы көрсетілген,  керісінше  бағытта  педагогикалық
процесте жаңылысқан жерін тауып алу үшін қозғалыс.
     Педагогикалық  процестегі  тұлға   аралық   қатынастар.   Педагогикалық
процестің теориялық моделін жасау қалайша оның мәнінде тәрбиенің  нәтижесіне
қол жететіндігін анықтауға мүмкіндік береді. Әдеттегі  қалыптасқан  көзқарас
бойынша,  әсіресе  жалпы  практикада  мұғалімнің  екі  тәуелсіз  оқыту  және
тәрбиелеу іс-әрекеттер саласы бар деп есептелінеді. Осыған сай  мұғалім  екі
рөл  атқарады:  пән  мұғалімі  және  сынып  жетекшісі.  Оқытудың   тәрбиелік
мүмкіншілігін жоспарда  қарастыру  әрекетін  көбінесе  оқылатын  материалдар
мазмұнымен  байланыстырады  немесе  оқушыларды  қайсарлықты,  мақсаттылықты,
жауапкершілікті және т.б. қалыптастыруға ықпалын тигізеді.
    Сөзсіз оқу пәндердің  мазмұндарының  өзінде  белгілі  бір  тәрбие  күшті
әсері  салынған.  Бұл  екі  мәселемен  байланысты:  біріншіден  меңгерілетін
пәннің мазмұны  қаншалықты  қоғамның  даму  деңгейіне,  оның  мүддесіне  сай
келетіндігіне; екіншіден бұл  мазмұнның  оқушыларды  қаншалықты  табмғаттың,
қоғамның және адам ойлауының, дамуының объективтік заңдылықтарын  түсінуімен
қаруландырады, яғни көзқарастарының қалыптасуына ықпал етуімен байланысты.
      Кезінде   А.С.   Макаренко,   тұлға    кемшілігін    оның    қоғамдағы
қатынастарындағы кемшіліктерімен байланысты деген болатын. Демек,  процестің
негізгі   тәрбиелік   тетіктерін   оқушылардың    қалыптасқан    қатынастары
кеңестерінен іздестірген жөн (3 сурет).













ІІІ


Сурет  7.3   Педагогикалық  процесте   оқушының   қарым-қатынас   (тәрбиелік
тетіктері) жүйесі

І – ата-ана мен балалардың арақатынасы
ІІ – мұғалім мен оқушылардың арақатынасы
ІІІ – сыныптас және құрбы-құрдастар арақатынасы

    Жалпы білім беретін мектептің педагогикалық процесінде  оқушы  үшін  екі
негізгі қатынастың маңызы бар. Ол мұғалімдер мен оқушылар  арасындағы  өзара
қатынастар және оқушылардың бір-бірімен өзара  қарым-қатынастары.  Сондақтан
да жалпы білім беретін мектептің педагогикалық  процесіне  сәйкес  екі  бір-
бірін өзара толықтыратын және өзара әрекетте болатын  тәрбиелеуші  тетіктері
туралы айтуға болады.
    Бірінші сыныптың өзінде бала үшін оның  мектеп  мұғалімдерімен,  әсіресе
өз мұғалімімен қатынасы тартымды және маңызды болады.  Бастауыш  мектептерде
мұғалімнің оқушыларға қатынасының маңыздылығының арта түсуі кездейсоқ  емес:
себебі кішкентай оқушы өмірінде мұғалімнің маңызы зор,  оның  тәжірибесінің,
даналығының   маңызы    зор,    оның    жетістіктері    қандай    мұғаліммен
кездескендігінен  қатты  байланысты  оқушыларды  бірте-бірте  өзінің   білім
көлемі,  тәжірибесі  жинақталады,   тұрақты   қатынас   өрісі   қалыптасады,
мұғаліммен қатынасының  маңыздылығы  төмендейді.  Бірақ  жоғары  сыныптардың
өзінде де толық жойылмайды.
     Бірақ  зерттеулердің  (А.С.Макаренко,  Т.Е.Конникова,  Л.И.   Новикова,
М.Н.Шульц  және  т.б.)  мұғалімнің  оқушылармен  іскерлік  ынтымақтастығында
балаларға еркіндік беруімен іс-әрекет тәсілдерін  оқу  барысында  тактикалық
көмек көрсету арасында тепе-теңдіктің керегі анықталады. Балалар  мұғалімнің
біліміне, тәжірибесіне  сенеді,  алдымен  ақылдасуға  келеді,  себебі  қадір
құрмет және шебер тактикалық көмегі болатындығына сенімді. Міне бұл  мұғалім
мен оқушылардың өзара қатынастарының тәрбиелік  әсерінің  ықпалының  негізгі
мәнін құрайды, одан  оқушының  мектепке  сол  мұғалім  беретін  пәнге,  оның
өнегесі, тәрбиеге көзқарастарға,  сенімдеріне,  өмір  принциптеріне  қалайша
қарайтындығы байланысты болады.
    Екінші мектеп педагогикалық процестің тәрбиелеуші  тетіктің  маңыздылығы
да кем емес. Бұл оқушылар арасындағы  өзара  қарым-қатынастары  Н.К.Крупская
өзінің мақалаларында бірнеше рет балалар ұжымындағы қатынастардың  тәрбиелік
рөлі туралы  ойды  айтқан  болатын.  Ал  А.С.Макаренко  нақтырақ  болды  ол:
«Ұстаздың жұмысы бастапқы ұжымға тым жақын жүруі керек. Оның жұмысының  мәні
ұжымның жеке тұлғаларға талабын тудыруға бағытталған болуы керек» дейді.
    Тәрбиеші ұжымдағы  тәрбиеленушілердің  арасындағы  нақтылы  қатынастарды
ескеруі керек. Бұл қатынастардың өзінде, тіпті олар  біздің  еркімізден  тыс
қалыптасқанда олардың көпшілігі тәрбие бағытында қолдануы мүмкін.
    Бұл процестің тиімділігі балалардың ұжымындағы іс-әрекеттерінің  мазмұны
мен құрылымының одан әрі дамытуымен, арнайы ұйымдастырылған ерекше  бір  іс-
әрекет  ретіндегі  олардың  коллективтік  қатынастары  оқушыларды  бір-бірін
тұлғаліқ қабылдау мәдениетін мақсатты тәрбиелеу, оқушылардың  өзін-өзі  тану
процесі барысында оларға жеке дара  көмек  көрсету,  ұжымда  өзіндік  жүріс-
тұрысын өзі реттеу және әлеуметтік тиімді өз орнын табумен байланысты.
    Оқушылардың  өзара  әрекеттерімен  байланысты  тәрбиелеуші  механизмінің
мәні  сол  бұл  тетік,  бірінші  көрсетілген  тетік  сияқты,  тек  іс-әрекет
болғанда ғана пайда болатынында және қызмет атқаруында.  Сонымен  қатар  іс-
әрекет  ұжымдық  және  мұқият  ұйымдастырылуы  керек,  сонда  ғана  іскерлік
ынтымақтастық пен жауапкершілік қатынастарды қалыптастыру  үшін  алғы  шарты
жасалынады.
    Сонымен, бірінші және  екінші  тәрбиелеуші  тетіктері  арасындағы  жалпы
ұқсастық (іс-әрекет пен оның ерекшеліктері) өте  маңызды  қорытынды  жасауға
мүмкіндік  береді.  Егер  негізгі  тәрбие  сайманы  болып   балалар   ұжымын
қалыптастыру  үшін  ұстаз  әртүрлі  іс-әрекеттер  арқылы  балалардың  айнала
қоршаған ортамен белсенді өзара әрекетін ұйымдастыра алса онда оған  ұжымдық
іс-әрекетті ұйымдастыру барысында балалардың өз арасындағы қатынасты  кәсіби
сауатты қолдануы керек.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
   1.  «Заңдылық»,  «принцип»  деген  ұғымдардың  мазмұнын  анықтаңыз.   Бұл
      ұғымдарды  «тәрбие»,  «педагогикалық  процесс»  деген  ұғымдармен   не
      байланыстырады?
   2. Неге мұғалім педагогикалық  процесті  ұйымдастырудың  задылықтары  мен
      принциптерін білуі керек?
   3. Нақтылы жағдаяттар негізінде педагогикалық  процестің  заңдылықтарының
      рөлін көрсетіңіз.
   4. Ұстаздар  мен  оқушылардың  іс-әрекетін  педагогикалық  процестің  қай
      бөліктері көрсетеді?
   5. Әлеуметтік тәжірибенің мазмұны неден тұрады?
   6. Адамзаттың әлеуметтік нормативтік мәдениеті қалай меңгеріледі?
   7. Педагогикалық процестің тәрбиелеуші тетіктеріне сипаттама беріңіз.

Әдебиеттер
   1. Вопросы обучения и воспитания / сост. Э.Г.Костяшкин. М., 1972
   2. Ленин В.И. Философские тетради ПСС, т.29.
   3. Макаренко А.С. Проблемы школьного советского воспитания. Собр. Соч.  В
      7 т. Т.5. М., 1958.
   4. Проблемы методологии педагогики, методологического исследования /  Под
      ред. М.А.Данилова и Н.И. Болдырева, М., 1971.
   5. Хмель Н.Д. Теоретические основы профессиональной подготовки учителя. –
      Алматы: Ғалым, 1988.

Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар

   1. Тақырыптың негізгі ұғымдары дамуының мазмұндың хронологиялық  кестесін
      жасаңыз.
   2. Біртұтас педагогикалық процестің  заңдылықтарына  жағдаяттарды  таңдап
      алыңыз.
   3. Өзін талдау схемасын мұғалімінің  педагогикалық  процесті  ұйымдастыру
      принциптерін басшылыққа алып жасаңыз.
   4.  Оқушылардың  сыныптары  мен  өзіне  қатынасын  бағалау  үшін  керекті
      тапсырмаларды құрастырыңыз.
   5.  Сыныпта  социометриялық  зерттеу  жүргізу  үшін   сауалнама,   талдау
      дайындаңыз.
   6.  Социограмма  негізінде  сыныптағы  тәрбиелеуші  тетіктердің  әсерінің
      педагогикалық міндеттерін үйлестіріңіз.







      Тақырып 8 Тәрбие мақсатының әлеуметтік негіздері (1 сағат)

Максаты: тәрбиенiң әдiснамалық негізін айқындау.
Міндеттерi:
а) Педагогика  теориясы мен тарихындағы  ой-пiкiрлердегi  тәрбие  максатының
дамуын ашып көрсету.
ә)Тәрбие максатының мәнiн ашу.
б)  Жан-жакты‚үйлесiмдi   тәрбиенің   максат,   мiндет,   мазмұнының   өзара
байланысын ашу, тәрбиемен әлеуметтендiру процесiн үйлестiру.
Жоспар:
1.Педагогика тарихындағы ой-пiкiрлердегi тәрбие мақсатының мәселесi.
2.Тәрбие мақсаты туралы түсінік.
3.Тәрбие және жеке тұлғаны әлеуметтендіру
Мәдениеттану, педагогика тарихы.
Педагогиа тарихындағы ой - пiкiрлердегi тәрбие максатының  мәселесi.  Тәрбие
мақсаты төңiрегiндегі пiкiрталас ежелі дәуiрдің өзiнде-ақ басталған.  Ежелгi
ойшылдар  тәрбиенiң  мақсаты  iзгi,  рақымшыл  азаматтарды   тәрбиелеу   деп
түсiндi. Ал, «рақым  туралы  пiкiрде  олардың  ойлары  бiр  жерден  шыкпады.
Сократтьң түсiнiгiнше, тәрбиенiң мақсаты- заттардың табиғатын зерттеу  емес,
өз-өзiңдi тану, аса құлықтылықты жетiлдiру. Сократтың шәкiртi  Платон  ақыл-
ой,  ерiк  және  сезімді  тәрбиелеуге  көп  ықылас  бiлдiрдi.  Ол   тәрбиенi
өкiметтiң өзi ұйымдастыру керек, үстемдiк  етуші  топтар  —  философтар  мен
жауынгерлердiң  талап-тiлегiне  сай  жұмыс  iстеу  деп  түсiндi.   Платонның
шәкiртi Аристотель, тәрбиенiң максаты жан рақымы  акыл-ес  псн  ерiк-жiгердi
дамыту деп білдi.
Я.А. Коменский тәрбиенің  кушiне  сендi,  оның  ойынша  тәрбие  үш  мақсатқа
жетуге  бағытталуы  кажет:  өзіңдi  және  қоршағак  ортаны   тану   (ақыл-ой
тәрбиесi) және құдайға сиыну (дiни тәрбие).  Дж.  Локтың  ойынша,  тәрбиенiн
негiзгi максаты джентельмендi өз iстерiн акылмен  және  байыппен  жүргізетiн
адамды  қалыптастыру.  Ж.Ж.  Руссо  қоғамдык  құндылықтарды   қалыптастыруға
тәрбие максаттарының бағыт-ұстанымынан айныған емес.
И.Г.  Пестолоццидың   тәрбие   мақсаты,   адамның   табиғи   күш-қуаты   мен
қабiлеттiлiгiн дамытуға негiзделудi, сонымен қатар, бұл даму жан-жақты  және
үйлесiмдi  болуының  биігінен  көрінуі.  кажеттiлiгiне  тоқталса,   ал   ИФ.
Гербарттың  ойынша,   тәрбие   мақсаты,   рахымды   адамды   калыптастыруға,
қалыптаскан  карым-катынастарға  бейiмделе  алатын,  қоғамдағы   белгiленген
тәртiптi  сыйлайтын,  оған  бой  ұсынатын  адамдар  деген  түйiнге   келедi.
Тәрбиенiң  ең   жоғарғы   максатын   А.Дистервег   «акиқат,   сұлулык   және
мейiрiмдiлiкке өз  ынтасымен  қызмет»  ету  деп  анықтаған.Ресейде,  социал-
демократтар тәрбие мақсаттары туралы өз көзқарастарын әлемге ұсынды. ХIХ  г.
40-жылдарында В.Г. Белинский  крепостнойлық   право  мен  патшалык  саясатка
карсы күрескердi тәрбиелеу деп жазды. АМ. Герцен тәрбие мақсаты -  коғамдағы
«әдiлетсiздiкпен күресетiн еркiн ойлы, адамгершілiгi  мол,  қайраткер,  жан-
жақты дамығал тұлғалны дайындау деп санады.Бiз ақыл-ойдың  дамуына  таныммен
қатар адамгершiлiк тәрбиенiң  міндетi  анағұрлым  маңызды-  деп,К.Д.Ушинский
жазды.
Сол  себептi,  бүгiнгi  тәрбиенiң  максатын   әлеуметтендiру   мәселелерiмен
бiрлiкте қарастыру  өзектi  мәселелердiң  бiрi  екенiне  ерекше  мән  берген
орынды.
Тәрбие максаты туралы түсiнiк. Тербие максаты  —  ол  педагогикалық  процесс
пен қоғамнаң қажеттiлiгiне қарай өзгерiп отырады.  Тәрбие  максаты  қоғамның
әлеуметтiк сұранысына қарай және  оның  табысты  орындалуы  ұстаздың  кәсiби
дайындығына байланысты келедi.  Ұстаздың  қызметi  мақсаттылығынан  басталса
оқушылар  оку  iс-әрекетiнің  мақсатын  нақты   ұгына   отырып,   тапсырманы
орындауын бастайды

     Тәрбие мақсаты — бұл  қоғамның  бетбұрысына,  кандай  мұраттарына  қол
жеткiзуiне  бағытталған.  Тәрбие  мақсаты  —   педагогиканың   ең    маңызды
мәселесi. Мақсат-тәрбиенің жалпы  мақсаттылығынан, тәрбие жүйесiнiң  сипатын
айқындаушы ретiлде көрiнедi. Мақсат пен мiндет  бүтiн  және  бөлшек  ретiнде
ара қатынаста  болады,  жүйесi  мен  оның  компоненттерiне  тәуелдi.  Қорыта
айтқанда, тәрбиенiң мақсаты нақты тәрбие мiндеттерiнiң жүйесi.
Тәрбие мақсатын анықтауда маңызды себептердiң қатарына жататындар,  мақсатты
құрастыру,  оны  белгiлi  заңдылыққа  негiздеудi  есепке  алу.  Ол   саясат,
мемлекет идеологиясы сияқты факторлармен бiрге, тәрбие  мақсатын  айқындауда
қоғам өзiнiң қажеттi талабы мен мүддесiнің  маңыздылығьн  ұдайы  есепке  алу
жұмыстың дұрыс жүруiне кепiлдiк бередi.  Тәрбие  мақсаты  қоғамда  жастардың
белгiлi  бiр   функцияларын   жүзеге   асыру   процесiнде   олардың   уәждiк
қажеттiлiгiнен туады. Қоғам қажеттiлiгi  өндiрiс  тәсiлi  мен  өндiрiс  күшi
және өндiрiс түрi қатынасының даму деңгейiмен анықталады.  Сондықтан  тәрбие
мақсатыньң нәтижесi әрқашан қоғам дамуының жетiстiк деңгейiн бейнелейдi,  ал
өндiрiс  тәсiлiн  өзгертумен  анықталып  отырады.  Ойымызды  нактылау  үшiн,
тәрбие мақсатының қоғамдык-экономикалық  қатынас  түрiне  байланысты  екенiн
атап өтемiз.

    Тәрбие және жеке тұлғаны әлеуметтендiру.  Әлеуметтік  ұғым  психология,
философия    және    педагогикалық    еңбектерде    кеңiнен     қолданылады.
«Әлеуметтендiру»  ұғымы  адамды  әлеуметтiк  қарым-қатынастар  жүйесiнде  әр
түрлi  әлеуметтiк  бiрлiктердiң  (топтар,   институт,   ұйымдар)   түрлерiне
интеграциялау, одақтық қауымдастыру.
Әлеуметтендiру — мәдени  элементтердi  түсiндiру,  әлеуметтiк  мұраттар  мен
құндылықты игеру негiзiнде жеке тұлға  қасиеттерiн  қалыптастыру.  Сөз  жоқ,
әлсуметтендiру жүйесiнің  мазмұны  қоғам  талабымен  айқындалатындығы,  яғни
оның мүшелерi қоғамның маңызды салаларын бiлу, өндiрiстiк  қызметке  қатысу,
берiк үйелмен, заңды басшылыка алатын азамат болуы қажет. Адамдардың  мiнез-
құлкы әлеуметтендiрудiң объектiсi ретiнде қалады. Бiрақ, адам бұл  процестiң
объектiсi ғана емес, субъектiсi болған жағдайда ғана әлеуметтенедi.
Әлеуметтендiру қоғам талаптарын   жеке тұлғаның  қалыптасу кезеңінде  бiрте-
бiрте  игеруi,  сана  мен  тәртiпттiң  маңызды  әлеуметтiк  мiнездерi,  оның
қоғаммен қарым-қатынасын реттейдi.

    Ғылымға адамды «әлеуметтендiру» терминi саяси экономикадан келдi,  оның
ең алғашкы мағынсын жердi, өндiрiс  құралдарын  <қоғамдастырудан>  басталды.
әлеуметгендiрудiң адамға тәуелдендiрген  автор  американдық  әлеуметтанушысы
Ф.Г.Гиддингс, (1887 ж.)  өзiнiң  «Әлеуметтендiру  теориясы»  кiтабында,  бұл
ұғымды қазiргi ұғымға жақндастыра қарап: адамның әлеумсттiк  табиғи  мінезiн
дамыту немесе индивидтiң мiнезiн, жалпы адамды әлеуметтiк өмiрге дайындау.
Тұлғаның  әлеуметтiк  даму  барысында  қоғамда  адам  өзiн   тұлға   ретiнде
сезiнедi.  Бұл  тәрбие,  бiлiм  және  өзiн-өзi  тәрбиелеу  жағдайында,  адам
өздiгiнен  алдына  мақсаттар  белгiлеп,  оған  жетуде  өзінің  бедел-сезiмiн
түсiнедi, қоғамдағы өз орнына сенiмдi.





























   Сурет 8.1  Тәрбиенің мақсатының әлеуметтік негіздері
Өзiне-өзi бақылауға арналған сұрақтар:

   1.Тәрбие мақсатының мәнiн ашыңыз.
   2. Тәрбие мақсатының әдiснамалық қалыптасу негiзiне сипаттама беріңіз.
   3. Тәрбие, «тәрбие мақсаты», «персонализация»түсініктерді айқындау.

   Әдебиеттер:

   1.Васклькова Ю.В., Васклькова ТА. Социальная всдаготика: Курс лекций. М.,
   1999.
   2. Мудрик А.В. Социальная псдагогкка. М., 1999.
   3. Муканова  Б.И.  Педагогическое  руководство  формированием  социальной
   активности подросткон. Алма-Ата, 1990, 69 с.
   4. Ушинский К.Д.  Человек  как  предмет  воспитания  опыт  педагогической
   антропологии. Пед. соч. В.2 т.т. Т.1. М.,
   1974, с 84.
   5. Хмель Н.д. Теоретические основы профессиопальной  подготовки  учителя.
   Алматы, 1998, с 27.
   6. Фромм З. Иметь или быть. (пер.с англ. — М. Прогресс, 1989, с 29



   Өзiндiк жұмысқа  арналған тапсырмалар :
   1. Жалпы және  жеке тәрбие мақсатының  өзара байланыс схсмасын құрастыру.

   2. Сынып ұжьмының сипаттамасы бойыншаа тәрбие  мақсатаына   ықпал  ететiн
   негізгi факторларды атаңыз.

       3.Тұлғаны әлеуметтендіру әр түрлі екі  позициядағы  тәрбие  мақсатына
мысал келтіріңіз.


         Тақырып 9    Тәрбиенің мазмұны (1сағат)

    Мақсаты: Қазіргі заманғы мектепте тәрбиенің негізгі түрлері және
олардың өзгешеліктері жайлы түсініктерін қалыптастыру.

    Міндеттері:

    а) «Тәрбие мазмұны» ұғымының мәнін ашу. Тәрбие мақсатының,
міндеттерінің және мазмұнының диалектикалық өзара байланыстары мен
қатынастарын ашу.

    ә) Тұлғаның үйлесімді дамуы туралы түсінік беру.

    б) Тәрбие түрлерінің топтасуымен таныстыру.

    в) Тұлғаның қалыптасуындағы өзін-өзі тәрбиелеудің ролін ашу және оның
негізгі тәсілдерін сипаттау.







    Жоспар:

    1.Тәрбие мазмұнының мәні. Тәрбие мақсатының, міндеттерінің және
мазмұнының диалектикалық өзара байланыстары мен қатынастары.

    2.Тұлғаның жан-жақтылығы оның адамзат мәдениетін меңгеруіне байланысты
дамуының мазмұнды сипаты ретінде

    3.Тәрбиенің  түрлері және олардың өзгешеліктерінің сипаттамасы.

    4.Өзін-өзі тәрбиелеу туралы, оның тәсілдері туралы түсінік.

    Тәрбие мазмұнының мәні. Тәрбие мақсатының, міндеттерінің және
мазмұнының диалектикалық өзара байланыстары мен қатынастары. Педагогика
теориясы мен тәжірибесінде тәрбие мазмұны ең маңызды және көкейкесті
ұғымдардың бірі. Қазіргі тәрбие мазмұны ғасырлар бойы қалыптасып, белгілі
бір тарихи кезеңде қоғамдық сананың даму ерекшеліктеріне идеяалық және
құндылық ұстанымдарға байланысты жетіліп отырды.

    Ұрпақтардың табиғи түрде алмасуы қай кезде болмасын маңызды қоғамдық
міндет болып табылатын алдыңғы ұрпақтардан келесі ұрпақтарға әлеуметтік
тәжірибені жинақтап жеткізетін тәрбие процесі орындалатын білім беру
жүйесіне қоғамның аса көп көңіл аударуын талап етіп отырған.

    Тәрбие мазмұнын жаңаша қарастыру, оны іске асырудағы тұлғалық бағдарлық
және іс-әрекеттік тәсілдер ғалымдар мен педагогтарды жеке тұлғаны
қалыптастыру міндеттерін шешудің тиімді құралдарын тұтас педагогикалық
процесс тұрғысынан іздестіруге ынталандырады.

    Тәрбие мақсаттарын тереңінен білу педагогтарда негізінен қандай адамды
қалыптастыруы қажет екені туралы, өздерінің іс-әрекеттеріне не нәрсе
саналылық, айқын бағыт, қисындылық беретіні туралы көзқарас тудырады.

    Сонымен қатар тәрбие мақсаттарының одан ары айқындалуы оның
міндеттерінің қалыптасуына ықпал етеді. Тәрбиенің мақсаттары мен міндеттері
тәрбиелік жұмыстардың мазмұнын анықтауға тікелей қатысты.

      Тәрбие мазмұны – әр тұлғаның өмірдегі өз орнын өзі белгілеуіне
қамтамасыз етуге, оның өзін-өзі жүзеге асыруы үшін жағдайлар жасауға
бағытталған, қоғамның экономикалық және әлеуметтік даму көрсеткіштерінің
бірі. Сонымен бірге,  тұлғаны ұлттық және әлемдік мәдениетке тәрбиелеу, өз
қоғамына тығыз байланысты, және сол қоғамды жетілдіруге ұмтылған адам және
азамат қалыптастыру қамтамасыз етіледі.

      Әлеуметтік тәжірибені меңгеру адамдардың, халықтардың қандай болса да
нәсілдік, ұлттық, тайпалық, діни және әлеуметтік топқа жататындарына
қарамастан, өзара түсінушіліктерін, ынтымақтастықтарын нығайтуылары тиіс,
сонымен қатар, әр-түрлі дүниетанымдық көзқарастар ерекшеліктерін ескерулері
қажет.

      Тұтас педагогикалық процесс теориясында педагогикалық  процесс мәнінің
қазіргі қоғамдағы тәрбие мақсаты – қоғамның шығармашылық іс-әрекетін
белсенді қатыса алатын үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастырумен толық
сәйкес келуіне көп көңіл аударылады. Сондықтан  да педагогикалық процесстің
негізгі тәрбиелік механизмдері оқушыларға қатысты барлық іс-әрекеттер
түрлері қалыптасатын қатынастар жазықтығында орналасқан.

      Жеке тұлға тек өз іс-әрекеті арқылы ғана дамитыны бәрімізге белгілі.
«Іс-әрекет тек қана менікі, менің жүрегімде тууы тиіс» - деп кезінде
К.Д.Ушинский түсінікті де, әсерлі анықтама берген. Сондықтан да педагогтар
тәрбие процессін ұйымдастыру барысында балалар әрекеттерінің ішкі
мотивтеріне сүйене отырып, тәрбиеленушілердің кез келген әрекеттер түрін
мазмұнды етіп толықтырулары қажет.

      Тәрбие мазмұнының мәселесі тәрбие бағдарламаларымен тығыз байланысты.
Нақты бір білім беру мекемесіндегі тәрбие мазмұны мекеменің өз бетінше
жасап, қабылдап іске асыратын білім беру бағдарламаларымен анықталады.
Тәрбие бағдарламалары тәрбиенің негізгі  мақсаттары мен міндеттер шеңберін
анықтап, тәрбие мазмұнының сипаттамаларын, ерекшеліктерін, негізгі
бағыттарын ашып көрсетеді.

      Қазіргі қоғам жастарын тәрбиелеудің стратегиялық бағыты ретінде
делдалдық қасиетке ие, жалпы адамзаттық құндылықтарды игере алатын, ұлттық
санасы дамыған, көп мәдени  тұлғаны қалыптастыру болып саналады.




        Әдебиеттер

      1.     Бейсенбаева  А.А.  Теория  и  практика  гуманизации   школьного
образования. Алматы.,1998.Корчак Я. Воспитание личности:  Кн.  Для   учителя
М. : 1992. – 287 с.  стр 51.
      2.    Гершунский Б.С. Философия образования для XXI века. – М. 1985.
      3.  Жампеисова   К.К.   Формирование   основ   политической   культуры
старшеклассников в целостном педагогическом процессе школы.  Алматы., 1993.
      4. Педагогика. Уч.пособие для студентов пед.вузов и пед.колледжей /под
ред. П.И. Пидкасистого. – М.: 2004. – 608 с.Хмель Н.Д. Теоретические  основы
профессиональной подготовки учителя. – Алматы: 1998. – 320 с.
      5. Психология и педагогика. /Под ред.  С.А. Хмелевской. 2002. – 176 с.

      6. Станкин М.И. Психология общения: курс лекций. – М.: 200. –304 с.

   Тақырып 10  Тұтас  педагогикалық  процесте  жеке  тұлғаның   дүниетанымын
қалыптастыру (1 сағат)

      Мақсаты: дүниетаным қалыптасуының теориялық-әдіснамалы?    негiздерiн,
оның индивидтiң қызмет-әрекетiндегi орнын айқындау.
      Мiндеттерi:
      а) “дүниетаным” ұғымының мәнiн анықтау;
      ә)  жеке   тұлғаның   дүниетанымы   қалыптасуының   әдіснамалы?   және
психологиялық негiздерiн айқындау;
      б)   оқушы   тұлғасының    дүниетанымдық    көзқарасын    қалыптастыру
заңдылықтарын   ашу.

   Жоспары:

   1. Дүниетанымның мәнi және оның түрлері, типтері,  қызметтері.
   2. Дүниетанымның  құрылымы.
   3. Жеке тұлғаның  дүниетанымының  қалыптасу процесін заңдылықтары.
   4. Дүниетанымның қалыптасу жолдары мен құралдары.
      Дүниетанымның мәнi және оның түрлері, типтері, қызметтері
      Дүниетаным – бұл ақиқатты дүниеге және ондағы адамның алар орнына, оны
қоршаған  болмысына  және  өз-өзiне  қатынасына  деген  көзқарастар  жүйесi,
сонымен  қатар,  адамдардың  осы  көзқарастар  арқылы  қалыптасқан   негiзгi
өмiрлiк ұстанымдары, наным-сенiмдерi,  мақсат-мұраттары,  таным  мен  қызмет
принциптерi,  құндылық  бағыттары.  Дүниетаным  қоғамдық  және   жеке   адам
санасының ұйтқысы болып  табылады.  Дүниетанымды  қалыптастыру  –  тек  жеке
тұлғаның ғана емес, сонымен қатар белгiлi бiр  әлеуметтiк  топтың,  қоғамдық
таптың жетiлуiнiң елеулi көрсеткiшi.
      Болашақтағы  болмыс шынайылығының тәсілдерін аңғара отырып, дүниетаным
   өзіне    өмірлік   қағидаларды   енгізеді,    адамдардың    іс-әрекетінің
сипаттамасымен байланыстырады.
      Дүниетаным  қоғамдық сананың жалпы және жоғарғы түрі  болып  табылады.
Ол өз түрлеріне  тән  бірнеше элементтерден қалыптасады  (философия,  ғылым,
эстетика,   мораль, т.б.)  Осылардың  ішінде  философиялық,  ғылыми,  саяси,
адамгершілік және эстетикалық көзқарастар үлкен рөл атқарады.
      Философиялық  көзқарастар  мен  сенімдер  бүкіл  дүниетаным  жүйесінің
негізін  құрайды.   Философияның  өзі  таным  қызметтерінің    ұтымды-ұғымды
мәнерін  және  дүниетаным  бағдарын  негіздейді:   ол  ғылыми  деректер  мен
тәжірибе  жиынтығын  теориялық  тұрғыда  ұғындырады  және   шындық  бейнесін
объективті және тарихи тұрғыда айқындауға ұмтылады.
      Ғылыми  білім  дүниетаным  жүйесіне  ене   отырып,   адамды   қоршаған
әлеуметтік және  табиғи  орта  шындығына    бағыттау  мақсатында,  сондай-ақ
шындыққа қатысты тиімділікке, адасулар мен  ескілік  көзқарастардан  арылуға
қызмет етеді.
      Адамгершілік қағидалар мен өлшемдер адамдардың мінез-құлқы  мен  өзара
қарым-қатынасын реттеуге  және  эстетикалық  көзқарастармен  бірге  қоршаған
ортаға  қарым-қатынасын  анықтауға,  іс-әрекет  түрлеріне,  мақсаттары   мен
нәтижелеріне   қызмет етеді.
      Білімнің, тәжірибенің және көңіл-күй бағамын жалпылай отырып,  адамның
қоғамдық    тұрмыс-тіршілік     ерекшеліктерін     бейнелейді,      тұлғаның
дүниетанымдылығы мен тарихи  айқын жүйенің бүкіл өмірлік және  іс-әрекетінің
бағытын анықтайды.
      Егер  дүниетаным  ақиқат  дүние  дамуының   объективті  тенденциясының
дамуын   бейнелесе,  адам  ойлауының  және  қоғамның,   табиғаттың  заңдарын
ғылыми тұрғыда тануға негізделсе, онда ол барлық адамзаттың  қызығушылығының
және  ақиқатты өзгертудің күшті  құралы  болып табылады.
      Дүниетаным когнетивтік танымдық көзқарас тұрғысынан  сипатталса,  онда
ол   объективті дүниені  соншалықты  дұрыс және терең бейнелейді,   ол   шын
және жалған, ғылыми және діни, материалистік  және  идеалистік  түрде  болуы
мүмкін.
      Ғылыми  дүниетаным   объективті   нақты    болып   табылады   (шынайы,
материалистік).  Ғылыми  дүниетаным  дүниенің   ғылыми   бейнесіне,   ғылыми
талдаулар негізінде жасалған қорытындылар мен  негіздеулерге  және    табиғи
және қоғамдық құбылыстардың  дамуын  сипаттайтын,  себеп-салдарын  теориялық
ұғынуларына   сүйенеді.  Ғылыми дүниетаным алдын ала көрудің, сол және  одан
басқа  да  құбылыстардың,  процестердің  дамуын  және  оларды  саналы  түрде
басқаруға мүмкіндік береді.
      Барлық берілген ғылымдарға дұрыс түсініктемені тек қана  диалектикалық
және тарихи материализм береді, яғни адамды танымды дұрыс танып білумен  мен
әлеуметтік өмірдің және табиғи құбылыстардың өзгерістерімен  қаруландырады.
        Ғылыми  дүниетаным  негіздеріне  сыртқы  қоршаған   ақиқат   дүниеге
бағдарлауы,   қоғамдық   қатынастар   жүйесіндегі   өзінің   өмір   сүруінің
маңыздылығын  түсінуі,  өз  өмірін   саналы   түрде   құруға   деген   терең
әлеуметтік қажеттіліктері  жатады.
      Оқушылардың ғылыми дүниетанымы ғылыми-философиялық білімдерді, қазіргі
ғылыми жаңалықтарды, сонымен бірге шынайы дүние танымдарының  жалпы  әдістер
жүйесін, шынайы дүниені түсіндіру  деректерін,  әдіснаманы   бір  ізділікпен
меңгеру нәтижесінде  қалыптасады.
      Қоғамның,  ойлаудың,   табиғаттың   даму   заңдылықтары   және   мәнін
түсіндіруші  дүниетаным  идеяларының  жиынтығы  оқушылардың   дүниетанымында
көзқарас,  сенім,  ұсыныс,  болжам,  аксиома,  жетекші  идеялар,  әр   түрлі
жаратылыс және қоғамдық процестерді, құбылыстарды түсіндіре  отырып,  ғылыми
негізін  құраушы   сол  және  басқа  ғылымның     нақты   ұғымдары   ретінде
бейнеленеді.
      Ғылыми  дүниетаным  негізіне  дүниені  түсіну,  дүние  туралы  белгілі
ғылымдардың  жиынтығы  жатады.   Дүниетаным   тек   қана   білімді   меңгеру
процесінде ғана емес, сонымен бірге  ғылыми  емес,  қарапайым  көзқарастарды
жеңу  нәтижесінде  қалыптасады.   Ол  қоғамның  жаңаруына,   қоғамдық   және
жаратылыстану ғылымдары дамуына сәйкес жетілу үстінде.  Өмірді  жақсартудағы
жаңа ғылыми   деректер,  қоғамдық  және  жаратылыстану  ғылымындағы  ашулар,
жаңа қоғамдық тәжірибелер толықтырылуда, нақтылануда,  бұрыннан  қалыптасқан
көзқарастар және ойлау стеротиптері өзгеруде.
      Аксиологиялық  (құндылық) көзқарас тұрғысынан оқушылардың  дүниетанымы
оның іс-әрекетіне байланысты сипатталады; ол  оптимист    немесе  пессимист,
белсенді шығармашыл немесе баяу мазмұнды болуы мүмкін.
      Оқушылардың дүниетанымын психологиялық тұрғыдан   сыртқы дүниенің оның
санасында  бейнеленуінің  жалпы  жүйесі  ретінде  емес,   меңгерген   ғылыми
түсініктер, өлшем, баға жүйесі ретінде, сонымен бірге  психикалық  іс-әрекет
– өзінің  тәрбиесінде  және  дүниеге  деген  өзінің  қатынасын  реттеу  үшін
дүниетанымдық мақсатта, бұл бейнелерді пайдалануға бағытталған  –  іс-әрекет
пен қабылдаудың таным операциясы жүйесі  ретінде қарастыру қажет.
      Г.Е.Занесскийдің пікірінше  «Бұл  психикалық  іс-әрекет   ерекше.  Бұл
әлеуметтік  бағдарлау  процесінде   «Мен  –  бейнені»  іске  асырушы  қызмет
атқарады.  Басқа әр түрлі  заттармен  салыстырғанда  инвариант  бола  отырып
«дүниетанымдық»   іс-әрекет,  мақсаты,    мотвациясына    және   операциялық
механизмінің  құрамы бойынша өзіне тән ерекшелігі  болады.  Оны  іске  асыру
әлеуметтік бағдарлаудағы  жеке  әдісті  қалыптастыру  болып  табылады,  яғни
қоғамдық  тәжірибенің  ғылыми  білімдер  жүйесіне  белгіленген   және   жеке
тұлғаның әлеуметтік талаптар мен  күтілулеріне,  тәрбиесіне  мақсатты  түрде
бағытталуына сәйкестігін   қамтамасыз етеді.
      «Дүниетанымдық  іс-әрекеттің»  қызығушылығы    жеке  тұлғаның   саналы
түрде өмірге, дүниеге деген   өзінің  қатынасын  құру  қажеттілік  талаптары
және оның эмпирикалық немесе эмоциональдық  негіздегі   ғана  емес  тәртібі,
бірақ  ғылыми дүниетаным мазмұнына  сүйенуі  болып табылады.
      Әлеуметтік бағдарлаудың  әдісі танымдық әрекеттердің жалпылау жиынтығы
деп түсіну қажет, нақты қоғамдық оқиғаларға, құбылыстарға қалай қарау  керек
екені жайлы мәселердің  шешімін қалай орындау  жолдары?    Егер  ол  пайдалы
болса, оны мәнді деп   ойлауға бола ма және егер «иә»   десеңіз  оны  қандай
мақсатта,  қалай пайдалану керек және  егер  ол  зиянды  болса  қалай  жоюға
болады?
         Дүниетанымның  негізгі  қызметтері:  ақпаратты-бейнелі,   бағдарлы-
реттеуші және бағалау болып  табылады (И.Ф.Харламов)
      Дүниетанымның   ақпаратты-бейнелі   қызметтері     қоршаған   ортадағы
оқиғалар мен  құбылыстарды  қабылдау  тәсіліне   және  оның  адам  санасында
бейнеленуіне байланысты. Дүниетаным   призма  рөлін  атқарады,  яғни  барлық
сыртқы әсерлер сыну арқылы өтеді.
      Дүниетанымның  бағдарлы-реттеуші  қызметі  адамның   тәртібі  мен  іс-
әрекеті арқылы оның санасымен, көзқарасын және сенімін анықтауға  байланысты
болып келеді. Егер адамда сол және  одан  басқа  да  дүниетаным  қалыптасса,
онда ол адамда тұрақты көзқарас пен сенім жинақталады, яғни ол олардың   іс-
әрекеттері мен қылықтарын анықтайды.
       Дүниетанымның бағалау қызметі   адамды  қоршаған  орта  құбылыстарын,
оның  өз  көзқарастары  мен  сенімдерін  бағалаудан  шығады  немесе  басқаша
айтқанда өз дүниетанымы болады.
    Дүниетанымның құрылымы.   Тұтас-психикалық білім  ретiнде  дүниетаным  –
күрделi де көп аспектiлi құрылым. Оның өзегі –  теоретикалық  ойлау,  жоғары
интеллектуалды сезiмдердi бiлдiру,  саналы  мақсатты  ерiк-жiгердiң  дамыған
қабiлеттiлiгiмен үйлесімді көзқарастар мен сенiмдер. Көзқарастар  –  адамның
қол  жеткізген  идеялары,  бiлiмдері,  теориялық  тұжырымдар  мен  болжамдар
ретiнде  қабылдаулары.  Олар  табиғат  пен  қоғам  құбылыстарын  түсiндiрiп,
адамны? мiнез-құлық,  іс-әрекет  пен  қатынастардың  бағыт-бағдары  қызметiн
атқарады.
      И.Ф.Харламов айтқандай әр адамның дүниетанымдық  көзқарастары    ұзақ,
күрделі интеллектуальдық іс-әрекет нәтижесінде қалыптасады.  Ал  көзқарастар
болса өз кезегінде оның рухани  мәдениетiнiң,  оның  “Мен”  деген  сезiмiнiң
мәнiсiн ашып, оның өмiрлiк  ұстанымдарының,  ар-ожданының  негiзiн  құрайды.
Сенiм – көзқарастардың  сапа  жағынан  мейлiнше  жоғары  күйi.  Сенiм  бiлiм
сияқты объективтi  дүниенің субъективтi көрiнiсi,  адамдардың  үжымды   жеке
тәжiрибесiн  меңгергенiнiң  нәтижесi.  Сенiм  әлде  бiр   “бiлетiн”   немесе
“түсiнетiн” емес, ол – жеке тұлғаның iшкi ұстанымдарына айналған бiлiм.
      Қазіргі уақытта сенім дүниетанымның  өзегі  “бастапқы”,  “элементарлық
кереге көзі” болып табылады     деген   ережені  терең негіздеу деп  санауға
болады.
      Сенім дүнетанымның ұйтқысы  дегенді  әлеуметтік    және  педагогикалық
маңызы  жағынан бағалау қиын. Олардың адамның өмір жолын анықтаудағы, мінез-
құлқын қалыптастырудағы рөлі әрбір педагогқа, әрбір оқушыға түсінікті  болуы
керек.  Тек   меңгерілген білім  ғана  емес,  ал  сол  сенімнің  өзі  адамды
белсендіретін шынайы күш, оны  жетілдіретін  анық  қылықтар,  қол  жеткізген
білімі және солар үшін күресу болып табылады (Волков К.Н.).
      Сол білім мен ойлар  сенімге айналады, ол  адамның  өзін  және  әлемді
қайта өзгертетін  материалдық күшке еніп,  әлем мен   адамның  өзін  құрады.

      Егер білім дүниетаным жүйесінің  басым мазмұндық  компоненттері  болып
саналса, онда сенім білімге  және  шынайы  ақиқатқа  деген    эмоциональдық-
психологиялық қарым-қатынас және адамгершілік маңыздылыққа ие болады.
      Дүниетанымның маңызды  рөлі   психологиялық,  әлеуметтік-психологиялық
және эмоциональдық кездері болып табылады және олар адамның мінез-құлқы  мен
көңіл күйін анықтайды, соңында іс-әрекетке дайындайды.    Тек  сенім   білім
арқылы өсетін    жеке  тұлға белсенділігінің  негізгі көзі  болып  табылады.

      Реттеуші қызмет  атқара  отырып  сенiм  жеке  тұлғаның  тұтас  рухани,
құндылық  бағыттарын,  мақсат-мүдделерiн,  тiлек-қажеттілігін,   сезiм   мен
қылықтарын   анықтайды.   Олар   қоғамдық   мақсат-мүдделердiң    объективтi
талаптарынан,  адамның   танып   бiлген   қажеттiлiгiне   сәйкес   әрекеттен
туындайды. Сенiм   жеке  тұлғаның  қазiргi  уақытта  іс-әрекетiн  басшылыққа
алып, оның болашақ өмiр жолын анықтайды. Сенiм – жеке тұлғаның  өз  құндылық
бағыттары мен көзқарастарына сәйкес қызмет-әрекет етуге итермелейтiн  саналы
қажеттiлiгi. Адамның сенiм  жүйесi  –  оның  дүниетаным  көрiнiсi.  Сезiм  –
сенiмнiң үйлесімді қасиетi. Сенiмдi өмiрде басшылыққа алу таным қуанышы  мен
ақиқат шындығының,  сұлулыққа  эстетикалық  сүйсiну  мен  оған  берiлгендiк,
әлеуметтiк  оптимизм  мен  мақсаттылық  сияқты   интеллектуалды  сезiмдермен
байланысты.
      Қажымас ерiк-жiгер – дүниетанымның маңызды элементi. Сенiм адамды  iс-
әрекетке итермелейдi. Ғылыми  дүниетаным  теориялық  санамен  шектелiп  қана
қоймай, тәжірибеде сана мен  жiгердi  iс-әрекетпен  бiрiктіредi.  Дүниетаным
элементi ретiнде теориялық ойлау дегенiмiз – адамның  бiлiмдердi,  болмыстың
құбылыстарын  шығармашылық  түрде   түсiнiп-ұғыну,   дүниетанымды   мейлiнше
жетiлдiру, ерiк-жiгердi сенiмдi iске асыруға бағыттаудың қабiлеттi.
       Сенім мен идеал адамның  өмiрлiк мақсаттары ретiнде дүниетанымның  ең
маңызды құрамды бөлiгi болып табылады. Сананың  мазмұны  сенiм  сипатына  ие
болған жағдайда дүниетанымға айналады.
      Осыған   байланысты   тұлғаның   дүниетаным   феномені   –    тұлғаның
интеллектуальды  және   эмоциональды-   ерік   сипатын   өзіне   жинақтаған,
әлеуметтік мәдениеттің сол бөлігіне  назар  аударған,    іс-әрекеттің  жалпы
бейнесін жоғары деңгейде   ерекшелеген іс-әрекетке дайындық.
      Барлық жоғарыда айтылғандарды төмендегі 1-суреттен байқауға болады:
      [pic]


        Сурет 10. 1 Дүниетанымның жалпылау құрылымы


         Л.И.Божович  ұсынысы   бойынша    жеке   тұлғаның   дүниетанымы   –
салыстырмалы түрде кеш келетін құбылыс, ол жеткіншек  шақта  пайда  болатын,
жалпы тәрбиелік бағыттылық,  дүниетаным  мен  дүниені  сезіну  жүйесі  болып
табылады.
        Жеке тұлғаның  ғылыми  дүниетанымының   қалыптасуының  заңдылықтары.
Оқушылардың ғылыми дүниетанымы тұтас  педагогикалық  процесте   қалыптасады.
Дәл осы  жерде  ғылыми  білімдерді  меңгеру  жүйесі  мен  оларды  тәжірибеде
пайдалану,  бұрынғы кездегі мәдени мұралармен,  қазіргі  ғылым  негіздерімен
оқушыларды  қаруландыру  құралы  болса,   дүниетанымдық   білімдерді   терең
сенімге  айналдыру  оқушылардың  іс-әрекет  және  мінез-құлық  принциптеріне
айналады,  қоғамдық  бағыттарын  анықтайды,  іс-әрекетке   дайындығын   және
өмірлік ұстанымын қалыптастырады.
[pic]
      Сурет 10.2  Оқушылардың ғылыми дүниетанымды калыптастыру процесі.


      Маңызды педагогикалық мәселелердің бірі болып оқушылардың дүниетанымын
 қалыптастыруға байланысты оқушылардың  сенімдері мен  өзіндік  көзқарасының
   заңдылықтарын  ашу.
       Ғалымдардың  көзқарасы  бойынша  табиғат  және  қоғам  туралы  ғылыми
білімдерді меңгеру –  ғылыми  дүниетанымды  қалыптастыру  негізінің  маңызды
шарты болып табылады.
      Бірақта    табиғат пен қоғам  дамуының  заңдылығын  білу  жеткіліксіз.
Саналы көзқарас, сенім  ойдың  болмауы  адамда  формальды  түрде  деректерді
меңгеруге және дүниетанымдық сипатты жалпылауға  әкеп  соғады.     Тек  қана
білімді  «аудару»  және  өзіндік  сезінген   тәжірибесін,   әр   түрлі   іс-
әрекеттерден қамтылған тұрақты  көзқарастарын,   негізіне  тұлғаның  идеялық
мақсаты жататын сендіру және идеалынан тұрады. Олардан   адам  мінез-құлқына
бағыттайтын дүниетаным пайда болады.
      Білімді аудару  тұрақты сендіру,  мінез-құлық  мотивтері,  принциптері
болатын,  тұлғаның дүниетанымын қалыптастырудың шарты болып табылады.
       Педагогтар мен психологтардың зерттеулері бойынша  білім  о?ушыларды?
іс-әрекетiнiң басты нәтижесi, оларды? бойында теориялық  сана  мен  ойлаудың
қалыптасуы болып табылады. Оқу іс-әрекетiнiң  психологиялық  мазмұны  –  iс-
әрекеттiң жалпы тәсiлдерiн, бiлiмдердi меңгеру.
      И.Я. Лернер танымдық тапсырмалардың рөлін зерттей  келе,  оқушылдардың
өздігінен жетістіктерге  жету  жолындағы  бағдары  және  білімді  пайдалануы
сезінуге жол  ашады,  яғни  бiлiмдер  сенiмге  айналу  үшiн,  жеке  тұлғаның
қажеттiлiктерiнен, әлеуметтiк үмiт  пен  құндылық  бағыттарынан  биiк  болып
тұрған көзқарастарының жалпы  жүйесiне  және  оның  сезiмiне  айналуы  қажет
дейді  (түсінік,  баға,  өлшем).  Оқушылардың  жағымды  эмоционалдық   күйi,
олардың жеке тәжiрибесiне, әлеуметтiк-психологиялық жағдайына сүйенеді.
      Бірақта   танымдық   тапсырмалардың   рөлі   ғылыми    сенімділіктерді
қалыптастыру жолында да өз  маңызын  жоймайды.  Танымдық  тапсырмаларды  бір
мезетте қалыптастыру диагностикасы мен сенімнің тәсілі болып қызмет етеді.
      Психология-педагогикалық әдебиеттерге талдау  жасай  келе,    тұлғаның
дүниетаным  ұйытқысын  құру,  ғылыми  сенімді  қалыптастыру   құбылыстарының
мәселесін мынындай етіп бөлуге мәжбүр етеді:
            – объективті мазмұны, маңызды қасиеті бар сыртқы  дүние  туралы
              дүниетаным білімі болуы және оны  меңгеру;
            – олардың мағынасы мен құндылығын түсіну;
            –  олардың  талаптарынан   шығатын   міндеттерге,   шынайылыққа
              сенімділік;
            – индивидтің қажеттілігі мен қызығушылығын есепке  ала  отырып,
              меңгерілген білімді  негіздеу;
            – құбылыстар мен  әлеуметтік  фактілерді  бағалау  және  ғылыми
              талдаудың  тәсілдерін  меңгеру,  білім  берудің  біліктілігін
              жаңғырту,   адамдардың   іс-әрекетін,   өмір    құбылыстарын,
              әлеуметтік,  саяси,  экономикалық  және  басқа   да   құбылыс
              фактілерін талдау және бағалау;
            – өмірде осы білімдер арқылы  басшылық жасай білу ұмтылу;
            –  белсенді  іс-әрекетке  субъект   ретінде   дайындық   (шешім
              қабылдау, іс-әрекет жоспарын жасау  және  негіздеу,  бағалау,
              қабылданған шешімнің дұрыстығын дәлеледеу).
      Білімді сенімге  айналдыру  және  дүниетанымды  қалыптастыру  тұлғаның
жалпы бағытта  қалыптасуымен  яғни   іс-әрекет  қарым-қатынасының  жүйесімен
тікелей  байланысты.  Психологиялық-педагогикалық  зерттеулер   көрсеткендей
баланың жеке тұлғасы оның жүйеде алатын  орнымен,  жеткілікті  адами  қарым-
қатынаспен, соның  ішінде  өмірде  қойылатын  талаптардың  дәл  сол  кездегі
психологиялық ерекшеліктерімен байланысты болады.
      Дәл осы сәйкестіктен баланың қажеттілігі мен тілегі, мақсаты, ұмтылысы
туындайды және сол  арқылы  жаңа  психологиялық  сапаларының  қозғалыс  күші
дамиды.  Өмірдің   шарты  оқушы   жеке   тұлғасының    қалыптасуын   тікелей
анықтамайды,   ал   оның   тәуелділігі   сонда,   өзара   қатынасымыз    бен
әрекеттерімізде осы шарттармен оқушының өзі болады.
         Оқушының  дүниетанымын  қалыптастыру    мiнез-құлқының  ең  маңызды
қозғаушысы болып табылады, оның іс-әрекетiнiң себеп-салдарын анықтайды
      Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру іс-әрекеті жетістігінің  маңызды
шарты   тәжірибелік іс-әрекеттер мен сенімдер, білім  бірлігімен  қамтамасыз
етілген педагогикалық процесс болып табылады. Бұған тек  қана  педагогикалық
процесте «логикалық тізбені» ойластырғанда және іске асырғанда  ғана  жетуге
болады. Ол жүйелер: танымдық көзқарасы бар білім  жүйесі,  зерттеліп  жатқан
фактілерге, құбылыстарға тұлғалық  қарым-қатынас,  тәжірибеде  ойластырылған
және алынған жеке іс-әрекеттік жоспардағы білім.
      Адамдардың көзқарастары мен сенімдері әрқашан уақытта жеке  тәжірибеде
ойластырылған. Тәжірибе негізіне сүйене  отырып,  олар  жеке  тұлғаның  діни
әлемін, оның қажеттілігін, сезімін, мінез-құлық мотивін анықтайды,   сонымен
қатар  тек қана оқушылардың танымына, сезіміне,  еркіне  әсер  етеді,  бірақ
мінез-құлық  және  іс-әрекет  тәжірибесінде  оған   белгіленген  әлеуметтік-
мәнділігін анықтауды және жинақтауды ұйымдастырады.
        Г.Н.Филонов  бойынша  тұлғалық  іс-әрекеттік  тұрғыдан   оқушылардың
дүниетанымын қалыптастыруды төмендегідей  қарастырады:
       –       шынайы дүниені  жеке  тұлғаның  рухани-тәжірибелік  тұрғыдан
              меңгеру негізіндегі  іс-әрекетін  мойындауы  және  оның  адам
              санасындағы адекватты бейнеленуі;
      –  тұтастықтықтың  жеке тұлғаның интеллектуальдық эмоциональды-еріктік
              және іс-әрекет тәжірибе саласына әсерін іске асыру;
            – жеке  тұлғаның  дүниетанымын  қалыптастыру  жүйесінде  тәрбие
              процесін дараландыру,  еңбек  және  оқытуда  жеке  тұлға  мен
              ұжымның өзара әсерінің органикалық біртұтастығы;
      Оқытудың   өмірмен,   еңбекпен,    тәжірибемен    тығыз    байланысына
негізделген іс-әрекет тәжірибе факторының белсенді  қызметі   –  оқушылардың
дүниетанымын қалыптастырудың  міндетті  шарты.
      Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру процесінде мысалы, оқушының ішкі
позициясындағы  бұрын   қалыптасқан  және   қалыптасып   отырған   әрекеттің
арасында,   оған  деген  мұғалімнің  қойып  отырған  талабымен    және   оны
орындаудағы дайындық деңгейі арасында   қарама-қайшылықтар туындауы  мүмкін.
 Өз уақытында пайда  болған  қарама-қайшылықтың    көзін  және  сипатын  ашу
керек,  тәрбие процесінде оны   жеңу жолдарын  анықтау  –  мұғалімнің  басты
міндеті.
      Дүниетанымды  қалыптастырудың  жолдары  мен  құралдары.  Дүниетанымның
қалыптасуы  педагогикалық  процесс  ретiнде,  объективтi  түрде  ?діснамалы?
идеялардың реттелген жиынтығын оқушылар игiлiгiне айналдыруды  талап  етедi.
Оқушылар материалистiк  диалектиканың  мынадай  заңдары  мен  категорияларын
игерулерi  қажет:  дүниенiң  материалдығы  мен   танымдылығы;   қозғалыс   –
материяның өмiр сүру формасы ретiнде;  материяның  бiрiншi,  сананың  екiншi
болуы;  қарама-қайшылықтардың  бiрлiгi  мен  күресi;  себептi   байланыс   –
болмыстың  жалпы  заңы;  сандық  өзгерiстердiң  мөлшерден  шығып  кетуi  мен
олардың сапалық өзгерiстерге айналуы; дамудың  үздіксіздігі  мен  үздіктігі;
себеп пен салдар  диалектикасы;  құбылыс  –  мәндiлiктiң  көрiнiсi  ретiнде;
мүмкiндiк пен шындық; практика – таным негiзi, ақиқат өлшемі.
      Дүниетаным қалыптасуының бiртұтас процесi бiлiм берудегi  сабақтастық,
оқу пәндерi арасындағы өзара  байланыс арқылы жүзеге асады. Оқыту –  оқытушы
мен оқушының бiрлескен іс-әрекетiмен  сипатталады,  іс-әрекеттiң  мақсаты  –
оқушыларды дамыту, олардың бойында бiлiм, бiлiк, дағдыларды, яғни нақты  бiр
іс-әрекеттiң жалпы бағыттық негiзiн қалыптастыру.
      Кез келген аналитикалық-жүйелiк іс-әрекеттiң  нәтижесiнде  (түсiнiкте,
идеалдарда, теорияларда) бiлiм де,  іс-әрекет  әдiс-тәсiлдерi  де  бар.  Бұл
танымның әр түрлi жақтары, бiрақ бұл процесте ең басты орында бiлiм  тұрады.
Осының барлығы оқушы бойында бiлiм мен бiлiкке қоса  ойлау  мен  әрекет  ете
алуды дамытуды  талап  етедi.  Ғылыми  бiлiм  құрылымында  екi  деңгей  бар:
эмпирикалық және теориялық. Олар объективтi  болмысты  көлемiрек,  тереңiрек
және  толығырақ  суреттеуi   бойынша   ажыратылады.   Дүниетаным   жекелеген
бiлiмдерден емес, заманның  талабына  сай  бiлiмдердiң  құрылымын  қамтитын,
әдіснамалық идеялар, теориялар  мен  принциптер  негiзiнде  ұйымдастырылатын
жүйе. Оқушылардың  меңгерген  бiлiмдер  жүйесi  әрдайым  қозғалыста  болады,
басқа жүйелермен  қатынасқа  түсiп,  оларды  пайдалану  мiндеттерiне  сәйкес
жалғасады.
        Оқыту  –  оқушылардың  ғылыми  бiлiмдердi,  бiлiк   пен   дағдыларды
меңгерудегi, шығармашылық қабiлеттiлiгiнiң,  дүниетанымы  мен  адамгершілік-
эстетикалық көзқарастарының  дамуындағы  белсендi  оқу-танымдық  іс-әрекетiн
ұйымдастыру  мен  ынталандырудың  мақсатты  педагогикалық  процесi.   Оқыту,
адамның iс-әрекетiн белгiлi бiр бiлiмдердi, бiлiк пен дағдыларды  меңгерудiң
саналы  мақсаты  билеген   кезде   қызмет-әрекет   ретiнде   жүзеге   асады.
“Түсiнiктердi,  ұғымдарды,  заңдарды  оқушылардың  басына   жаттанды   түрде
сiңiруге болмайды. Оларды оқушының өзi, мұғалiмнiң  басшылығымен,  көмегiмен
қалыптастыруы қажет. Білім түсiнiктердiң пайда болуы, заңдарды  жете  түсiну
– оқушының ойлау мен іс-әрекетiнiң белсендi процесi” (М. Н. Скаткин).
      Оқу оқушылардың іс-әрекетiнiң басты нәтижесi олардың бойында теориялық
сана   мен   ойлаудың   қалыптасуы   болып   табылады.   Оқу   іс-әрекетiнiң
психологиялық мазмұны  iс-әрекеттiң  жалпы  тәсiлдерiн,  бiлiмдердi  меңгеру
болып табылады.
      Бiлiмдер  сенiмге  айналу  үшiн,  жеке   тұлғаның   қажеттiлiктерiнен,
әлеуметтiк үмiт пен құндылық бағыттарынан биiк болып тұрған  көзқарастарының
жалпы  жүйесiне  және  оның  сезiмiне  айналуы  қажет.  Оқушылардың  жағымды
эмоционалдық  күйi,  олардың  жеке  тәжiрибесiне,   әлеуметтiк-психологиялық
жағдайына сүйенеді.
      Оқу мен еңбек, қоғамдық  іс-әрекет  оқушыларды  әлеуметтiк,  жан-жақты
ақпаратпен, саяси қарым-қатынас  тәжiрибесiмен  қаруландырады.  Ол  оқушының
iшкi  жан-дүниесiне,  жеке  тұлғаның   белсендi   жасампаздық   қажеттiлiгiн
дамытады.


      Өзiн-өзi бақылауға арналған сұрақтар
     1) “Дүниетаным” ұғымының мазмұны қандай?.
     2) Дүниетаным құрылымы қандай?
     3) Оқушының  жеке  тұлғалық  дүниетанымының  қалыптасу  ерекшелiктерiн
        сипаттаңыз.
     4) Дүниетаным құрылымындағы сенiмнің орнын анықтаңыз.
     5) Дүниетанымның қалыптасуының негiзгi заңдылықтарын сипаттаңыз.
     6) Оқыту процесiндегi дүниетаным мен оқушылардың  іс-әрекетi  арасында
        қандай байланыс бар?
     7) Адамның сенiмi мен оның өмiр салты арасында қандай байланыс бар?

    Әдебиеттер
    1.     Актуальные     проблемы     нравственного      воспитания     .-
       Новосибирск:Наука,1987 -243с.
    2.  Божович  Л.И.  Личность  и  ее  формирование  в  детском   возрасте
       (Психологическое исследование). М., «Просвещение», 1968.
    3. Выготский Л.С. Развитие высших психических функций. М., 1960.
    4. Залеский Г.Е.Психологические  вопросы  формирования  убеждений.-Изд-
       во  Московского государственного университета – 1982-116с.
    5. Философский  словарь /Под. Ред. И.Т.Фролова – 5-е изд.-М.: Полит.
    6. Формирование  личности: проблемы  комплексного  подхода  в  процессе
       воспитания  школьника  /Под   ред.Г.Н.Филонова.-М.:Педагогика,1983.-
       256с.
    7. Харламов И.Ф. Педагогика:Учебное пособие.-3-е  издание,  перераб.  и
       доп.-М:Юрист,1997.-512с.

     Тақырып  11  Тұтас  педагогикалық  процестегі   тәрбиенің    құралдары,
формалары мен әдістер жүйесі (1сағат)


      Мақсаты: педагогикалық процестің қозғаушы күші ретінде тәрбиенің
құралдары, формалары мен әдістері жүйесінің мәнін ашу.


      Міндеттері:

     а) тәрбиенің құралдары,  формалары  мен  әдістері,  түсініктері  туралы
жалпы сипаттама беру;
ә) тәрбиенің құралдары формалары мен әдістерін оқу және оқудан  тыс  уақытта
пайдаланудың ерекшелігін негіздеу;
      б)  тәрбие әдістерін жіктеудің түрлеу негіздерін сипаттау;
в)  тәрбие әдістерінің негізгі топтарының мәнін ашу.
г) тұтас педагогикалық процесте тәрбиенің формалары  мен  әдістерінің  өзара
байланысын көрсету.
      Жоспар:
      1. Тәрбиенің құралдары, формалары мен әдістері туралы түсінік.
      2. Тәрбие әдістерінің жіктелуі.
      3. Сананы қалыптастыру әдістері.
            4.Іс-әрекетті   ұйымдастыру    мен    мінез-құлық    тәжірибесін
қалыптастырудың әдістері.
      5. Ынталандыру әдістері.
      Тәрбиенің құралдары, формалары мен әдістері туралы түсінік. Мектеп пен
жанұяның педагогикалық процесінде  оқушылардың  жеке  тұлғасын  қалыптастыру
жүзеге асады. Педагогикалық процесті сауатты ұйымдастыру үшін  мұғалім  оның
теориялық негіздерін  түсініп,   оның  мақсаттарын,  міндеттерін,  мазмұнын,
құралдары,  формалары  және  әдістерін,  тәсілдерін  ажырата  білуі   керек.
Құралдары формалар мен әдістер  педагогикалық  процеске  қатысушылардың  іс-
әрекетінің  қозғаушы  күші  болып  табылады,    соның     арқасында     жеке
тұлғаның   қалыптасуы   жүзеге  асады (Н. Д. Хмель).
      Материалистік диалектика адам табиғатын биологиялық пен  әлеуметтіктің
(тұқымқалаушылық  мүмкіндіктер   мен   әлеуметтік   ортаның)   бірлігі   деп
түсіндіреді. Адам, басқа да тіршілік  иесі  сияқты,  табиғат  және  қоғаммен
өзара  әрекеттестікте   болады,   оларды   өзінше   қабылдайды,   яғни   осы
әрекеттестіктің белсенді қатысушысы.
      Қоршаған дүниені өзгерте отырып, адам өзін де  өзгертеді  (К.  Маркс).
Бұл ретте әр түрлі іс-әрекеттің орны ерекше. Адамның  психикасы  мен  санасы
қоршаған ортамен әрекеттестігі арқасында және нақты бір іс-әрекет  барысында
дамиды. Бұл ретте индивидумның іс-әрекеті жеке дара емес,  басқа  адамдардың
(ата-ана, мұғалімдер, оқушылар т.б.) іс-әрекетімен  тығыз байланыста  жүзеге
асады. Сондықтан  жалпы  адамзаттық  мәдениетті  игеру  үшін  бала  қоршаған
ортамен басқа адамдар арқылы әрекеттестікте болуы керек, яғни олармен қарым-
қатынас жасауы қажет. Осылайша, іс-әрекет пен  қарым-қатынас  жеке  тұлғаның
қалыптасуының ең маңызды шарты болып табылады.  Педагогикалық  ықпал  етудің
амалдары да осылар.
      Педагогикалық ықпал ету тәсілдері  дегеніміз  жеке  тұлғаның  қоршаған
ортамен  мақсатты  әрекеттестігін  ұйымдастыруға  жағдай  жасау.   Сондықтан
педагогикалық құралға жеке тұлғаның әрекеттестік  жасайтын  ортасы  (табиғи,
әлеуметтік, материалдызқ, рухани) және осы әрекеттестікті ұйымдастыратын іс-
әрекеттің түрлері (қарым-қатынас, таным, ойын, еңбек, т.б.) жатады.
      Педагогикалық құралға  қатысушылардың  іс-әрекеті  мен  қарым-қатынасы
педагогикалық  ықпал  ету  арқылы  жүзеге   асады.   Оқу-тәрбие   процесінің
субъектілері-әрекеттестігінің формалары мен әдіс-тәсілдер  арқылы  шешілетін
белгілі  бір  мақсаттары  мен  міндеттері,  тиісті  мазмұны  бар,  логикалық
тұрғыдан аяқталған, белгілі бір уақыт аралығындағы педагогикалық процесс.
      Ұйымдастыру  формалары  тұтас  педагогикалық  процеске  қатысушылардың
қарым-қатынасы  мен  әрекеттестігінің  тәсілі  ретінде   де   қарастырылады.
Педагогикалық процестің ұйымдастыру формаларын былай жіктеуге болады:
      - қатысушылар құрамы (жеке даралық,  шағын  топтық,  топтық,  ұжымдық,
жаппай);
      - тұтас педагогикалық  процестің  оқу  жұмысында  қолданылуы  (сабақ,
        семинар, факультатив, экскурсия);
      - таным іс-әрекетінің сыныпта және сыныптан тыс  уақыттағы  байланысы
        (бірлесіп жасайтын жұмыс, аз топпен  жұмыс,  білімді  тексеру,  оқу
        жағдайындағы кездесу т.б.)
      - оқушылардың сыныптан тыс іс-әрекеті кезіндегі  өзара  әрекеттестігі
        (ертеңгілік, пәндік кеш, конференция, олимпиада т.б.).
Тұтас педагогикалық процесті ұйымдастыру формалары әдістер  мен  әдістемелік
тәсілдер арқылы жүзеге  асады.  Тәрбие  әдістері  дегеніміз  тәрбие  мақсат-
міндеттерін шешуге бағытталған тәрбиеші мен оқушының  өзара  байланысты  іс-
әрекеті.  Педагогикалық  процеске   қатысушылардың   тәсілдері   мен   нақты
әрекеттері, оқушылардың белсенді іс-әрекетінің  ынталануы  тәрбие  мақсатына
бағытталуы керек. Тәсіл деген  де  ұғым  бар.  Әдістемелік  тәсіл  дегеніміз
әдістің жеке көрінісі. Әдіске қарағанда ол бағыныңқы сипатта болады.
Формалар, әдістер, тәсілдер сияқты  ұғымдар  шынайы  педагогикалық  процесте
өзара  тығыз  байланыста  болады.  Біріншіден,   олар   бір-біріне   тәуелді
(формалар мен әдістер, әдістемелік тәсілдер құралдар арқылы  жүзеге  асады);
екіншіден, күнделікті тәжірибеде олардың арасында  белгілі  бір  айырмашылық
жоқ. Тәрбие әдістері мен тәсілдері әрқашан  бірін-бірі  алмастырып  отырады:
кей жағдайларда әдіс тәсілге айналады.
Педагогикалық  процестің  қозғаушы  механизімінің  негізгі  компоненттерінің
өзара байланысы кесте түрінде  1 суретте.


[pic]
Сурет    11.1     Педагогикалық     процесте     тәрбиенің,     формаларының
               құралдарының,   әдістерінің,   түрлерінің   өзара   байланысы
(қозғаушы механизмді жүзеге асыру).

      Педагогикалық процестің қозғаушы тетігі сияқты құрал, форма әдістердің
оқу  кезінде  және  оқудан  тыс   кезде   қолдану   аясына   қарай   өзіндік
ерекшеліктері  бар.  Оқу  процесінде  негізгі  әрекеттің  түрі  таным  болып
табылады. Бірақ іс-әрекеттің басқа түрлері (ойын, қарым-қатынас, еңбек  т.б.
) оқу кезінде қолданылмасада керісінше әр түрлі іс-әрекет  түрлері  оқушының
тұлғалық интелектісіне ғана әсер етіп қоймайды.  Оқу-  танымдық  іс-әрекетті
ұйымдастырудың   әдістері   мен   формалары   ойын   элементтерімен,    өнер
құралдарымен,  қарым-қатынаспен  сабақтасып  жатады.  Оқушы  мен  мұғалімнің
қарым-қатынасы    ғана    емес,оқушының     бір-бірімен     өзара     қарым-
қатынасыпедагогикалық технология,  ұжымдық  танымдық  іс-әрекет  мысал  бола
алады.
      Оқу  әдістері  оқыту  процесінің  негізі  болып  табылады  (мұғалімнің
баяндамасы, оқулықпен жұмыс, әр түрлі әңгіме-сұқбаттар,  жаттығулар),  бірақ
олармен қоса мадақтау, көңіл-күй  жағдайларын  тудыру,  сендіру,  талап  қою
және ұялту сияқты ынталандыру әдістері де қолданылады.
      Сабақ  –  оқуды  ұйымдастырудың  басты   формасы.   Соңғы   жылдардағы
педагогикалық технологиялардың дамуы оқыту формаларын айтарлықтай  байытуда:
конференциялар, ғылыми айтыстар, оқуға байланысты кездесулер,  пікірталастар
кеңінен қолданылуда.
      Оқушылардың сыныптан тыс іс-әрекетін ұйымдастыруда оқыту мен тәрбиенің
барлық амалдары, формалары мен әдістері қолданылуда. Алайда, бұл  ретте  іс-
әрекеттің  барлық  түрлері   кеңінен   қолданылады:   танымдық   (үйірмелер,
факультативтер, оқушылардың ғылыми қоғамдастықтары), еңбек (өз өзіне  қызмет
ету, еңбек десанттары, әр түрлі мектеп бизнесі), ойын  (танымдық,  спорттық,
іскерлік), эстетикалық  (студиялар,  мектеп  театрлары,  фестивальдар).  Іс-
әрекеттің  барлық  түрлері  қарым-қатынас  арқылы  жүзеге  асады.  Бұл   іс-
әрекеттер барысында мұғалім оқушылардың санасы,  сезімі  мен  ерік-жігерінің
қалыптасуына, олардың мінез-құлқы мен тіршілік әрекетін  ұйымдастыруға  әсер
ететін тәрбие әдістерін қолданады.
      Тәрбие әдістері, әсіресе ынталандыру әдістері, сыныптан  тыс  жұмыспен
қоса оқу-танымдық  іс-әрекетті  ұйымдастыруда  да  кеңінен  қолданылады  (әр
түрлі мадақтаулар, жарыстар). Олар оқушылардың танымдық тілек-қалаулары  мен
қажеттіліктерінің дамуына әсер  етеді.  Оқыту  әдістері  ақпаратты  игеруге,
жалпы оқу және арнайы сипаттағы білік пен дағдыларды  (оқу  пәндері  бойынша
біліктерді) қалыптастыруға бағытталған.
      Оқыту мен тәрбие әдістері, өзінің арнайы қызметтері бола  тұра  (оқыту
міндеттері,  тәрбие  міндеттері),  тұтас  педагогикалық  процесте   бірлікте
қолданылады.
      Тәрбие әдістерінің жіктелуі. Педагогикалық әдебиеттер  мен  тәжірибеде
тәрбие әдістерінің көптеген  түрлерінің  сипаттамасын  кездестіруге  болады.
Тәжірибеде мақсат пен нақты  жағдайларға  сай  әдістерді  таңдап  алу  қиын.
Сондықтан оларды тәртіпке келтіру, яғни жіктеу қажет.
      Жіктеу – арнайы  белгілері арқылы құрастырылған жүйе. Әдістерді жіктеу
олардың  жалпы  және  өзіне  тән,  маңызды  мен  кездейсоқ,  теориялық   пен
тәжірибелік жақтарын анықтауға көмектесіп,  оларды  дұрыс  таңдап,  нәтижелі
қолдануға әсер етеді.
      Жіктеуге сүйене отырып, мұғалім әдістер жүйесін түсініп  қана  қоймай,
әр  түрлі  әдістер  мен   олардың   түрлерінің   қызметі   мен   өзіне   тән
ерекшеліктерін де жете түсінеді.
      Көптеген зерттеушілер әдістерді жіктеуде мына қағидаларға сүйенеді:
      - жеке тұлға іс-әрекет нәтижесінде дамып, қалыптасады;
      - оқушыларды тәрбиелеу процесі - өте күрделі іс-әрекет, оның  негізі–
        өз санасы, сезімдері, дүниеге, адамдарға, өз өзіне деген  қатынасы,
        күрделі ішкі дүниесі (мотивтері, тілек-талаптары,  ынтасы),  өзінің
        ұйымдасқан және ұйымдаспаған тәжірибесі бар өсіп келе жатқан адам;
      - жеке тұлғаның қалыптасып келе жатқан  қасиеттері  құрылысы  жағынан
        күрделі.
      Адамгершілік, эстетикалық және басқа  қасиеттер  сезімдерден,  санадан
(түсінік), сенімдерден, әдеттерден тұрады.
      Осы  қағидалар  бойынша  кей  әдістер,   көп   жағдайда,   мотивтерге,
мақсаттарға,  қатынастарға,  мағұлматтарға,  түсініктерге,  пікірлерге  әсер
етеді,  ал  енді   кейбіреулері   мінез-құлықтың   қандай   да   бір   түрін
қалыптастыратын әдеттерге ықпал етеді, ал басқалары балалардың  мінез-құлқын
реттейді.  Қазіргі  уақытта  тәрбие  әдістері   мінез-құлыққа   негізделген,
мотивтік-мақсатты мазмұнды, процессуалдық жақтарын біріктіретін  бағыттылық-
интегративтік сипаттамасы негізінде  жіктеу  объективті  және  ең  ыңғайлысы
болып есептеледі (Т.И. Щукина). Осы сипаттамаға сәйкес  тәрбие  әдістері  үш
топқа бөлінеді:
      -жеке тұлғаның санасын қалыптастыру әдістері;
      -іс-әрекетті  ұйымдастыру   мен   қоғамдық   мінез-құлық   тәжірибесін
қалыптастыру әдістері;
      -мінез-құлық пен іс-әрекетті ынталандыру әдістері.
      Жеке тұлғаның санасын  қалыптастыру  әдістеріне:  түсіндіру,  баяндау,
сендіру, насихат, әңгіме, лекция, этикалық әңгіме нұсқау беру, пікір  сайыс,
баяндама, дебат, үлгі жатады.
      Іс-әрекетті   ұйымдастыру   мен   қоғамдық   мінез-құлық   тәжірибесін
қалыптастыру әдістеріне: жаттығу, әдеттену,  педагогикалық  талап,  қоғамдық
пікір, тапсырма, тәрбиелік ситуация (сюжеттік рольдік, іскерлік) ойындар.
      Мінез-құлық пен іс-әрекетті  ынталандыру  әдістеріне:жарыс,  мадақтау,
жазалау жатады.
      Сананы қалыптастыру  әдістері.  Бала  тәрбиелеу  оның  дүниеге  келген
сәтінен басталады. Бірақ әлеуметтік тәжірибені саналы түрде меңгеру  кешірек
қалыптасады. Дұрыс ұйымдастырылған тәрбие тәрбиеленушінің  тәрбие  барысында
қалыптасуға тиіс мінез-құлық ережелерін игеруіне ықпал етеді.  Бала  белгілі
бір қасиеттің мәнін  түсінбейінше,  оны  баланың  бойында  тәрбиелеу  мүмкін
емес.  Жеке  тұлғаның  қасиеттерінің   мәнін   түсіне   келе   баланың   жас
ерекшеліктеріне қарай өзіндік көзқарастары, түсініктері,  сенімдері,  мұрат-
мақсаттары қалыптасады. Бұл міндеттерді шешу  үшін  «Жеке  тұлғаның  санасын
қалыптастыру әдістері» деген әдістер қолданылады.
      Бұл топтағы әдістердің сезімдерді, көңіл-күй эмоциясын  қалыптастыруда
маңызы зор. Егер оқушылар педагогикалық әсерге жауап бермесе, жеке  тұлғалық
қасиеттерді қалыптастыру жүзеге аспайды. Оқушылардың  тәрбие  мазмұнына  сай
іс-әрекетке белсенді түрде араласу қажеттілігі  болған  жағдайда  ғана  алға
қойылған мақсат орындалады. Осылайша,  жеке  тұлғаның  санасын  қалыптастыру
әдістері  оқушыларды  алған  білімдерін   күнделікті   тәжірибеде   белсенді
қолдануға, яғни мінез-құлық әдеттерін қалыптастыруға дайындайды.
      Белгілі бір әдеттерді қолданудың қажеттілігін түсіну тәрбие процесінде
әр түрлі әдістерді қолдану арқылы жүзеге асырылады. Ескі  мектепте,  мысалы,
бұл үшін ғибратты әңгімелер, нақылдар, мысалдармен қоса  оқушыларға  қажетті
білімді  жеткізудің  басқа  да  жанама   және   көркем   тәсілдері   кеңінен
қолданылған қорытындыны оқушылардың өздері  жасауы  тиіс.  Қазіргі  мектепте
ықпал  етудің  дәстүрлі  тәсілдері  (талап   қою,   насихат,   нұсқау)   жиі
қолдануда.Бұндай әдістердің нәтижесі өте төмен. Тәжірибесі  мол  тәрбиешілер
өз   жұмыстарында   ұмыт    болған    адамгершілік-имандылыққа,    Крыловтың
мысалдарына, Абайдың қара сөздеріне, халық педагогикасының  амал-тәсілдеріне
көптеп   сүйенуде.   Этикалық    тақырыптағы    әңгімелер,    түсіндірмелер,
түсініктемелер,   лекциялар,   этикалық   әңгіме-сұхбаттар,   ақыл-кеңестер,
иландыру, сендіру  мысалдар кеңінен қолданыс табуда.
      Осы топтағы әдістердің әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері мен  қолдану
аясы бар. Сырттай оңай  болып  көрінгенімен,  олардың  әрқайсысы  мұғалімнің
жоғары білімін талап етеді. Олар жүйелі түрде, бір-бірімен тығыз  байланыста
қолданылады. Сөз бен сезім  арқылы  әсер  ету  әдістерінің  ең  күрделілерін
қарастырайық.
      Этикалық тақырыптағы әңгіме көбінесе,  төменгі  және  орта  сыныптарда
қолданылады. Бұл дегеніміз адамгершілік мазмұны бар деректер мен  оқиғаларды
әсерлі  де  қызықты  етіп  айту.  Жақсы  әңгіме  оқушыларға   мінез-құлықтың
адамгершілік нормаларын түсінуге көмектеседі, сезімге әсер етіп,  әңгімедегі
оқиғаларға деген оқушылардың оң не теріс қатынасын қалыптастырады.
      Этикалық тақырыптағы әңгіменің нәтижелі болуы мынаған байланысты:
      -  әңгіме  мазмұнының  оқушылардың  жас  ерекшеліктері   мен   олардың
әлеуметтік тәжірибесіне сәйкес болуы;
      - әңгіменің қызықты, әсерлі, түсінікті болуы,  онда  адамгершілік  ой-
пікірлермен қоса мысалдардың, жағдайлардың болуы;
      - әңгімені  оқу  барысында  әңгіме-сұхбаттың  жүргізілуі;  оқушылардың
әңгімені талдауға атсалысып, өздерінің  ой-пікірлерін  білдіре  алулары  өте
маңызды;
      - әңгімеге қоса  суреттерді  қолдану  (бейнелеу  өнерінің  туындылары,
фотографиялар); әңгімені дұрыс қабылдауда музыканың орны ерекше;
      - мазмұндама тілінің әдеби сауатты болуы.
      Этикалық әңгімені қабылдауда бөлме  ішінің  жабдықталуының  да  маңызы
бар. Жоспарланған әңгімелер жайлы  бөлмелерде,  оқушылар  ешқайда  асықпаған
еркін жағдайда жүргізіледі. Этикалық әңгімеден кейін  оқушылар  мазмұны  мен
көңіл-күйі жағынан өзгеше бір іске (мысалы, спортты? жарыс)  кірісіп  кетсе,
әңгіменің тәрбиелік мәні төмендейді.
      Күнделікті тәжірибеде тәрбиелік процесте түсініктеме жиі  қолданылады.
Бұл  оқушыларға  сезім  мен  сөз  арқылы  әсер  ету  әдісі.   Түсініктеменің
әңгімеден өзгеше маңызды белгісі – оқушыларға немесе жеке тұлғаға қандай  да
бір жағымсыз жағдайлар бойынша әсер ету.  Түсініктеменің  әдіс-тәсілдері  әр
түрлі:  төменгі  сыныптарда  «Былай   істеу   керек»   деген   сияқты   тура
пайымдаулар, жасөспірімдермен жұмыс кезінде  терең  мотивация,  белгілі  бір
адамгершілік ұғымдарының қоғамдық мәніне түсініктеме беру қажет.
      Түсініктемені  оқушыларға   мінез-құлықтың   адамгершілік   нормаларын
түсіндірудің  қажеттілігі  туындаған  жағдайда  ғана  қолдану  керек.  Бірақ
мектептегі, көпшілік орындардағы қоқыс  тастауға,  түкіруге,  партаға  сурет
салуға, дөрекілік  жасауға  болмайды  деген  сияқты  күнделікті  мінез-құлық
нормалары туралы сөз болғанда түсініктемені  қолданудың  қажеті  жоқ.  Мұнда
үзілді-кесілді талап ету қажет. Түсініктеме қандай да бір жаңа  адамгершілік
қасиетті,  оқушылардың  белгілі   бір   әрекетке   деген   дұрыс   қатынасын
қалыптастыру үшін қолданылады. Түсініктеме көбінесе  сендіруге  негізделеді.
Сендіру оқушының психикасына астыртын  әсер  етіп,  іс-әрекеттің  мақсаттары
мен мотивтерін қалыптастырады. Ол  ақыл-кеңес,  есіне  түсіру,  тілек-ұсыныс
түрінде қолданылады.
      Тәрбие тәжірибесінде түсініктеме мен  сендірумен  қоса  кейде  насихат
сияқты әдіс қолданылады.  Оқушының  бойындағы  жағымды  қасиеттерге  сүйену:
абырой, ар-намысы мен ұяты сияқты насихатты дұрыс қолданудың алғы  шарттарын
қалыптастырады. Бұл әдістің педагогикалық нәтижелілігі мұғалімнің  беделіне,
оның жеке тұлғалық  қасиеттеріне байланысты.
      Сананы  қалыптастырудың  аталған   әдістерін   (әңгіме,   түсініктеме,
сендіру,  насихат)  ретсіз  қолданғанда  ол   үгіттеуге   айналады.   Мұндай
жағдайларда олар  оқушы  бойында  қарсы  әрекет,  мұғалімнің  тілегіне  кері
әрекет ету ниетін оятады.
      Этикалық әңгіме-сұхбат дегеніміз адамгершілік  мәселелерді  мұғалімдер
мен оқушылардың бірігіп жүйелі де бір ізді талқылау  түрі.  Әңгіме-сұхбаттың
жай әңгіме  мен  нұсқаудан  айырмашылығы  онда  мұғалім  оқушыларды  өз  ой-
пікірлерін,  көзқарастарын,  бағаларын  білдіруге  шақырады.   Әңгіме-сұхбат
теңдік  пен  ынтымақтастық  негізінде  құрылады.  Этикалық  әңгіме-сұхбаттың
мақсаты  –  адамгершілік  түсініктерді   тереңдету   мен   бекіту,   білімді
қортындылау, адамгершілік көзқарастар мен сенімдер жүйесін қалыптастыру.  5-
8 сынып оқушылар тәрбиесінде  әңгіме-сұхбаттың  алар  орны  ерекше,  өйткені
баланың  өзіндік  ой-пікірлері,  көзқарастары  мен   сенімдері   осы   жаста
қалыптасады.
      Этикалық әңгіме-сұхбатқа оқушылардың белсенді қатыса  алуы  үшін  оның
жоспары мен негізгі мәселелері оқушыларға  алдын-ала  беріледі.  Баяндамалар
алдын-ала дайындалады.  Әңгіме-сұхбат  кезінде  оқушылар  жағдайлар  бойынша
қойылымдар ойнайды. Алдын-ала әдебиеттер тізімі беріледі,  оқушылар  өмірден
немесе әдебиеттерден деректер мен мысалдар  жинастырады.  Жүргізуші  (әдетте
сынып  жетекшісі)  баяндама  жасап,   әңгіме-сұхбатқа   қатысушылар   алдына
мәселелер  қояды,  олардың  белсенділігін  оятады,  әр  түрлі  көзқарастарды
тыңдап,  оқушыларға  баяндамаларға  баға  беруді   ұсынады,   айтылған   ой-
пікірлерлі толықтырып, түзеп,  қортындылайды,  әңгіме-сұхбаттың  қортындысын
шығарады.  Әңгіме-сұхбаттың  сол  әңгіме  кезінде  талқыланған   мінез-құлық
ережелерін жүзеге асыра алатын  шынайы  пайдалы  іспен  аяқталуы  оң  нәтиже
береді.
      Этикалық әңгіме-сұхбаттың нәтижелі болуының шарттары:
      - әңгіме-сұхбаттың  мәселелік  сипатта  болуы,  яғни  көзқарастар  мен
пікірлер таласы;
      - әңгіме-сұхбат тақырыбының күкейкесті, оқушылар тілек-талаптарына сай
болуы;
      -   әңгіме-сұхбат   мазмұнының   оқушылардың   тәжірибесі   мен    жас
ерекшеліктеріне сай болуы;
      - әңгіме-сұхбаттың оқушыларды өз ойын жеткізуге,  басқалардың  пікірін
сыйлауға, шыдамдылықпен әрі дәйекті түрде  дұрыс  көзқарасты  қалыптастыруға
үйретуі;
      -  әңгіме-сұхбат  лекцияға  айналмауы  керек  (мұғалім  ғана   сөйлеп,
оқушылар тыңдап отырады);
            - әңгіме-сұхбаттың жағымды әрі  жайлы  ортада  жүргізілуі;  оған
әңгіме-сұхбат  жүргізілетін  бөлменің  іші,  дауыстың   сенімділік   ырғағы,
оқушылар  жауабын  ден  қойып  тыңдау,   дұрыс  жауаптарды   мақтап,   дұрыс
еместерін сыпайы түрде түзету, орынды айтылған әзіл-сықақ,  мазмұнның  дұрыс
таңдалып алуы жағдай жасайды.
            Осындай алдын-ала дайындалған (жоспарлық, бағдарламалық) әңгіме-
сұхбаттардан  басқа  ұжымдағы   пайда   болған   қиыншылықтарға   байланысты
жоспардан тыс, ауық-ауық әңгіме-сұхбаттар да  жүргізіледі.  Әңгіме-сұхбаттың
ерекше бір түрі – әңгіме-экспромт, ол  аяқ  асты  пайда  болған  жағдайларға
байланысты  жүргізіледі.  Жеке  дара  этикалық  әңгіме-сұхбаттар   (көбінесе
тәрбиесі төмен оқушымен)  жоғары  білімділікті  талап  етеді.  Жолдастарының
алдында  мұндай  әңгіме-сұхбат  өте  қықа  болуы  қажет,  оқушының   абыройы
тапталмау керек. Мұндай әңгіме-сұхбатты  сырласу  ретінде  жүргізу  нәтижелі
болады. Егер оқушы өз кінәсін түсінсе, әңгіме-сұхбаттың қажеті де жоқ.  А.С.
Макаренко мұндай амалды кейінге қалдырылған әңгіме-сұхбат деп атаған.
      Пікірсайыс–сананы,  сенімді,  мақсат-мұраттарды,  құндылық  бағыттарды
қалыптастырудың күрделі әдісі. Пікірсайыс дегеніміз  оқушыларды  толғандырып
жүрген тақырыптар бойынша әр түрлі  пікірлерді  қалыптастыратын  пікірталас.
Пікірсайыс орта және жоғарғы сыныптарда адамгершілік,  саяси,  экономикалық,
экологиялық, эстетикалық тақырыптарда жүргізіледі.
      Пікірсайыстың тақырыбы тыңдалып алынғаннан кейін,  өзіндік  пайымдауды
қажет  ететін  5-6  сұрақ  белгіленеді.  Пікірсайысқа    қатысушыларды   осы
сұрақтармен тыныстырып  (сыныпта  немесе  мектеп  қабырғасына  іліп  қойып),
әдебиеттер ұсынылады. Пікірсайыстағы  баяндама еркін әрі қызу  болуы  қажет.
Пікірсайыс жүргізушісі  қызметін,  әдетте  мұғалім  атқарады,  бірақ  ерекше
дайындығы бар оқушылар да жүргізуші бола алады. Пікірсайыс  кезінде  мұғалім
оқушылардың айтысын бағыттап, олардың  ойларын  тәртіпке  келтіріп,  дәлелге
сүйенуге үйретеді. Мұғалім оқушылардың  пікірін  зер  салып  тыңдауы  керек.
Пікірсайысты жекелеп өткізгеннен гөрі, оқушылармен  бірігіп  оқу  жылы  бойы
өткізілетін айтыстар тізімін жасап алған дұрыс.
      Соңғы жылдары  мектептерде  айтыстың,  ізденістің,  мәселелерге  жауап
берудің  пікірталас   сияқты   формасы   кеңінен   қолданылуды.   Пікірсайыс
ерекшелігі  пікірталастарға  оқушылар  топтары  қатысады.  Олар    алдын-ала
баяндамалар дайындайды, онда өмірлік маңызы бар мәселені шешудің  ең  тиімді
деген жобасы оқушының тілегі бойынша жазылады. Пікірталастардың  жүргізушісі
және командаларды бағалайтын қазылар алқасы сайланады. Пікірталастардың  бір
түрі  «Болашақтың  қаласы»   телекөрермендерге   кеңінен   танымал.   Мұндай
пікірталас ойын ретінде жүргізіледі (үкімет, спикер).
      Үлгіге негізделген әдіс. Үлгі балалардың, жасөспірімдердің,  жастардың
қандай да бір үлгілерге еліктеуіне негізделген.  Бұл  –  санасыз  еліктеуден
саналы еліктеуге, бейнені көшіруден  өзіндік  бағытын  қалыптастыруға,  ойын
ретінде  еліктеуден  өмірде  шынайы  еліктеуге,  сырттай  еліктеуден   іштей
еліктеуге ұмтылу. Тәрбие процесінде қолданылатын үлгілер өте  көп  (ата-ана,
үлкендер,  жолдастары,  әдеби  шығармалардың,   кино   мен   спектакльдердің
қа?армандары). Беделді, білімді,  оқушылармен  қарым-қатынасы  демократиялық
негізде құралған мұғалім де  оқушыларға  үлгі  бола  алады.  Үлгі  тәрбиенің
барлық әдістерінде (түсініктеме, әңгіме-сұхбат, пікірсайыс) қолданылады.
      Іс-әрекетті ұйымдастыру мен  мінез-құлық  тәжірибесін  қалыптастырудың
әдістері. Әдет, мінез-құлықтың  белгілі  бір  түрі  –  оқушылар  тәрбиесінің
нәтижесі. Жеке  тұлғаның  тәрбиелілігі  оның  түсініктері  мен  сенімдерінен
басқа нақты істері мен әрекеттері  арқылы  көрінеді.  Сондықтан  іс-әрекетті
ұйымдастыру мен  қоғамдық  мінез-құлық  тәжірибесін  қалыптастыру  тәрбиелік
процестің өзегі болып есептелінеді.
      А.С.  Макаренко  айтқандай,  тәрбиешінің  іс-әрекеті   дегеніміз,   ең
алдымен, ұйымдастырушылық іс-әрекет. Әдістердің  осы  тобы  арқылы  оқушылар
өмірін  мінез-құлық,  қатынастар,  қарым-қатынастар  тәжірибесін   біртіндеп
жинала бастайтындай етіп ұйымдастыруға болады. Бұл іс-әрекет арқылы  әдеттер
қалыптасып,  жағымды  мотивтер   дамиды.   Оқушылардың   тіршілік   әрекетін
ұйымдастыру пайдалы істер арқылы жүзеге асады, ол істер  барысында  оқушылар
басқа адамдармен (мұғалімдермен, өзінің құрдастарымен)  жан-жақты  қатынасқа
түседі. Басқа адамдармен ұжымдық қатынас барысында пайда  болатын  жағдайлар
белгілі бір әрекетке, мінез-құлықтың белгілі бір  бағытын  таңдауға  әкеліп,
тұрақты әдеттерді қалыптастырады.
      Бұл топтың басты әдістерінің бірі – жаттығу, жаттығудың  мәні  белгілі
бір әрекетті автоматты түрге айналғанға  дейін  қайта-қайта  орындау,  соның
нәтижесінде оқушының жеке тұлғалық қасиетінің  өзегі  болатын  дағдылар  мен
әдеттер қалыптасалды. Адамның әдеттері  адам  өмірінде  ерекше  орын  алады.
К.Д. Ушинский айтқандай, адамның әдеттерді қалыптастыруға қабілеті  болмаса,
өз дамуында ілгері жылжи алмайды.
      Тәрбие процесіндегі жаттығулар оқудағы сияқты жаттанды болмауы  керек,
олар саналы түрде орындалуы қажет. Сондықтан жаттығу әдісін түсініктеме  мен
сендіру әдістерімен бірге қолдану  қажет.  Жаттығудың  нәтижелі  болуы  оның
мақсаттылығы  мен   жүйелілігіне,   түсінікті   болуына,   мотивациясы   мен
ынталандыруына, бақылау мен  түзетуге,  оны  жүргізудің  орны  мен  уақытына
байланысты.  Жаттығу  кезінде  оқушылардың  жеке  ерекшеліктері   ескеріліп,
жаттығулардың жеке дара, топты? және ұжымдық  формаларын  үйлесімді  қолдану
қажет.
      Оқушы өмірдегі теріс жағдайларда тұрақты қасиет таныта алса, жаттығлар
оң нәтиже берді деген сөз. Тұрақты әдеттерді қалыптастыру үшін  жаттығуларды
ертерек, баланың дүниеге келген сәтінен бастау қажет.
      Жаттығуларды орындау барысында талап ету әдісі қолданылады.  Бұл  әдіс
оқушының  белгілі  бір  іс-әрекетіне  дем  беріп  немесе   тежеп,   тұлғалық
қасиеттерді қалыптастырады.  Талап  түріне  қарай  тура  және  жанама  болып
бөлінеді. Тура  талап  етуге  бұйрық  ету,  анықтық,  нақтылық  тән  (балаға
түсінікті талаптар). Оқушыларға қойылған талаптар шешімді болуы қажет,  онда
мұғалімнің оқушының  ісі  мен  тәртібіне  деген  қатынасы  білінеді.  Жанама
талаптар ақыл-кеңес, өтініш, мақұлдау сияқты түрлері арқылы беріледі.
      Жаттығулар мен  талаптар  ойын  формасында  жиі  қолданылады  (рөлдік,
сюжеттік ойындар). Жаттығу мен  талап  етуді  қолданудың  басты  шарты  оның
шамасын білу, яғни белгілі бір уақыт  аралығында  баланың  жас  ерекшелігіне
қарай екі не үш талап қойылады.
      Жаттығу түрлерінің бірі – үйрету, дағдыландыру әдісі.  Бұл  интенсивті
орындалатын  жаттығулар.  Белгілі  бір  әдетті  тез  және  жоғары   деңгейде
қалыптастыру үшін үйретуді қолданады. Бұл  әдісті  көбінесе  балабақшаларда,
бастауыш сыныптарда балаларға мінез-құлық ережелерін үйрету үшін  қолданады.

      Жаттығу әдісі  тапсырма  беру  әдісінің  негізін  құрайды.  Мектептегі
тапсырмалар әр түрлі болады:  сырқат  жолдасының  көңілін  сұрау,  кішкентай
балаларға  ойыншықтар  жасау  т.б.  Мектепте  оқу  сипатындағы   тапсырмалар
кеңінен  қолданылады:  кеңесшінің,  мұғалім  көмекшісінің  жұмысын   атқару.
Тапсырманың орындалуын тапсырма  берген  адам  (мұғалім,  сынып  белсендісі)
бақылайды. Тапсырманың орындалу сапасы  жөнінде  көпшілік  пікірге  сүйенген
дұрыс.
      Жаттығу мен үйретудің бір түрі –  тәрбиелік  жағдайлар  әдісі.  Тәрбие
жүйесі  педагогикалық  жағдайлардан  тұрады,  ал  олар  нәтижелі  болу  үшін
мұғалім арнайы жағдайлар құрастырады. Бұл ретте жағдай  шындыққа  сай  болуы
қажет. Жағдайдың кез келген түрінде оқушы шешім қабылдай алуы керек.  Мұндай
жағдайлар жорықтар, экскурсиялар мен ойындар кезінде құрастырылады.
      Іс-әрекетті, мінез-құлықтың оң тәжірибесін ұйымдастыру әдістерінің бұл
тобы  тәрбиенің  басқа  да   амал-тәсілдерімен,   түрлері   мен   әдістеріне
байланысты.
        Ынталандыру әдістері.  Мадақтау  мен  жазалау  –  басты  ынталандыру
әдістері.
      Мадақтауды оқушылардың  жағымды  әрекеттерін  қолдау  үшін  қолданады.
Оқушының басқалар елеп мадақтаған жетістіктері қанағаттану,  қуаныш  сезімін
оятып, оның іс-әрекетіне дем береді. Мадақтаудың  көп  түрі  бар:  мақұлдау,
мақтау,  алғыс,  құрметке  бөлеу,   грамотамен,   сыйлықтармен   марапаттау.
Мадақтау әдісін белгілі бір мөлшерде қолдану  керек.  Орынсыз  және  шамадан
тыс мадақтаудың тәрбиеге  тигізер  пайдасынан  гөрі  зияны  көп.  Мадақтауды
қолдану талаптары:
      - жетістіктермен қоса мінез-құлықтың мотивтерін де ескеру;
      - мадақтау оқушыны басқа оқушыларға қарсы қоймау  керек;  белгілі  бір
жетістіктерге жеткен  оқушылармен  қоса,  берілген  тапсырмаларды  орындауда
еңбекқорлық пен жауапкершілік танытқан оқушыларды да мадақтау;
      - оқушылардың  жеке  ерекшеліктері  мен  олардың  ұжымдағы  мәртебесін
ескеру, мадақтау жиі болмауы қажет;
      - ұжымның пікірін ескеру;
      - мадақтау әділ болуы қажет.
   Жарыстар ынталандыру  әдістерінің  қатарына  жатады.  Бұл  әдіс  оқушының
бәсекелестікке, алда болуға деген  табиғи  қсында,  өзара  жарысып  қоғамдық
мінез-құлық   тәжірибесін   игеріп,   адамгершілік   қасиеттерді   дамытады.
Жарыстарды ұйымдастыру – оқушылар психологиясын білуді талап ететін  күрделі
іс. Жарыстың мақсаттары мен  міндеттерін  алдын-ала  анықтап,  бағдарламасын
құрастырып,  оның  нәтижелерін  бағалаудың   шарттары   мен   көрсеткіштерін
қалыптастыру қажет. Жарыстың мазмұны айтарлықтай қиын болып  келеді.  Мектеп
тәжірибесінде  көбінесе  жарыстар  оқу  іс-әрекетінің   нәтижелері   бойынша
жүргізіледі.  Сондықтан  оқушылардың  үй  жұмысын  жүйелі  орындауын,  ынта-
ықыласын, сабақтағы ескертулердің аздығын, дәптерлердің тазалығын  көрсеткіш
ретінде   алған   орынды.   Жарыстардың   бағдарламаларын,   шарттары    мен
көрсеткіштерін жасауға, оның нәтижелерін бағалауға оқушыларды  да  қатыстыру
қажет. Жарыстағы тартыстың адал әрі ашық болуын қадағалау қажет.
      Тәрбие әдістерінің ең көнелерінің ішіндегі жазалау –  кеңінен  танымал
әрі өте қиын әдіс. Қазіргі педагогика мен тәжірибеде  оқушыларды  жазалаудың
мақсаттылығы туралы: жазалаусыз тәрбиеден бастап  олардың  күрделі  түрлерін
қолдануға дейін әр түрлі  қарама-қайшы  пікірлер  бар.  Қазіргі  мектептерде
мұғалім   мен   оқушылар   арасындағы   қатынастың    демократиялануы    мен
адамгершілікке негізделуі кезінде жазалауды  қолдану  мәселесі  шиеленісуде.
Жазалау дегеніміз педагогикалық ықпал ету әдісі,  ол  жағымсыз  әрекеттердің
алдын алып, оларды  тежеуі  қажет,  өзінің,  жолдастары  мен  басқа  адамдар
алдындағы кінәсін түсінуге шақыруы тиіс.
      Мектеп  тәжірибесінде  жазалаудың  ескерту,  ұялту,  жиналысқа   салу,
белгілі бір жеңілдіктерінен айыру сияқты  түрлері  қолданылады,  ал  төтенше
жағдайларда   сабаққа   қатыстырмау   немесе    тіпті    мектептен    шығару
(педагогикалық және оқушылар кеңесі бойынша) сияқты түрлері де  қолданылады.
Жазалаудың қатаңдығы оқушының кінәсіна  байланысты  болу  керек.  Мұғалімнің
қолданған  жазасы  дәйекті  болып,  ешбір   ыза-кексіз   немесе   қудалаусыз
қолданылуы қажет. Ұжым атынан  ұсынылған  жазалаудың  ықпалы  артық  болады.
Жазалауда оқушының жеке психологиялық ерекшеліктерін ескеру қажет.
      Оқушылар  арасындағы  келіспеушілік  жағдайлар  жазалауды   қолданудың
негізі бола алады. Мұндай жағдайларда кімдікі дұрыс,  кімдікі  бұрыс  екенін
анықтап  алу  қажет.  В.А.  Сухомлинский   айтқандай,   оқу-тәрбие   жүйесін
педагогикалық жағынан сауатты құрастырса, жазалауды  қолданудың  қажеттілігі
болмайды.
      Тәрбиенің түрлері мен әдістері өте көп, бірақ  оларды  тиімді  қолдана
білу қажет.
      Педагогикалық тәсілдерді таңдау шарттары:
      -  қазіргі тәрбиенің мақсаты мен міндеттеріне сай болу;
      - оқушылардың  жас  және  жеке  дара  ерекшеліктерін  ескеру,  жекелік
бағыттылық;
      - оқушылардың тәрбиелілік деңгейі;
      - тәрбиенің жағдайлары мен шарттары;
      - оқушылар ұжымының қалыптасу деңгейі;
      - тәрбиелік ықпал етудің түрлері мен әдістерінің өзара байланысы  мен
        жүйесі;
   Тәрбиенің  түрлері  мен   әдістерін   қолданудың   арнайы   педагогикалық
ұсыныстары жоқ. Педагогикалық процестегі әр түрлі жағдайларды  шешудің  тура
ережелері  жоқ,  өйткені  әрбір  оқушының,  әрбір  ұжымның  өзіне  ғана  тән
ерекшелігі  бар.  «Ешқандай   педагогикалық   амал-тәсілді,   тіптен   жалпы
қабылданған деп есептелінетін сендіру,  түсіндіру,  әңгіме-сұхбат,  көпшілік
ықпалын толығымен пайдалы деп айтуға болмайды.  Ең  жақсы  деген  амал-тәсіл
кей жағдайларда міндетті түрде ең нашар болып шығады» (А.С. Макаренко).


  Өзiн өзi бақылауға арналған сұрақтар
      1) Тәрбиенің тәсілдері, түрлері мен әдістерінің  тұтас  педагогикалық
         процесте алар орны қандай?  Оларды  неге  педагогикалық  процестің
         қозғаушы күші деп атайды?
      2) Іс-әрекеттің түрлері (таным, қарым-қатынас, ойын, еңбек) тәрбиелік
         ықпал етудің амалдары екенін дәлелдеңіз.
      3) «Педагогикалық ықпал ету тәсілдері», «түрлері», «тәрбие  әдістері»
         ұғымдарының анықтамасын берңііз.
      4) Педагогикада тәрбие әдістерінің қандай  топтары  бар?  Осы  топтар
         құрамындағы тәрбиенің нақты тәсілдерін атаңыз.
      5)  Оқушылардың  санасы  мен  мінез-құлқын   қалыптастыру   әдістерін
         сипаттаңыз.
      6)   Оқушылардың   іс-әрекетін   ұйымдастыру   мен   оң   тәжірибесін
         қалыптастыру әдістерін түсіндіріңіз.
      7) Оқушылардың мінез-құлқын ынталандыру әдістерін жіктеңіз.
      8) Этикалық әңгіме-сұхбат әдісінің мәнін ашыңыз.
      9)  Мадақтау  мен  жазалау  әдістерін  қолданудың  негізгі  шарттарын
         атаңыз.


Тақырып  12   Мұғалім  мен   балалар   ұжымының   педагогикалық   процестегі
ынтымақтастығы (1 сағат)

Мақсат:  педагогикалық  процестегi  мұғалiм  мен  балалар   ұжымының   өзара
ықпалдастығының ғылыми негiздерiне сипаттама беру.
Мiндеттер:
а)  Әлеуметтiк  ортаның  компонентi  ретiнде  балалар   ұжымының   феноменiң
негiздеу.
е) Педагогикалык процестегi  оқушылар  ұжымын  дамытудың  мәнiн,  кезеңдерiн
және заңдарын анықтау.
б)  Тұтас  педагогикалық  процестегi  балалар  ұжымының   жағдайы   зерделеу
әдiстемесiн ашып-көрсету.

Жоспар
1. Балалар ұжымы және оның даму кезеңдерi.
2.  Балалар  ұжымымен  жұмыстар  жүргiзудегi   мұғалiмнiн   кәсiби   маңызды
қасиеттерi.
З. Балалар ұжымының жағдайын диагностикалау әдiстемесi.
Жеке  тұлға  жене   ұжым   мәселелерiмен   философтар,   әлеуметтанушыладар,
әлеуметгiк  психологтар,  педагогтар  айналысуда.  Бұл   аталған   мәселенiң
педагогикалық   ғылым   мен   практиканың   шеңберiнен    әлдекашан    шығып
кеткендiгiнiн дәлелi. Ұжымның педагогикалық теориясын дамытуга ПЛ.  Блонсюй,
Л.С. Выготсай, Н.К. Крулская, П.Н. Лепешинский, ВИ.  Сорока-Росинский,  С.Т.
Шадкий және т.б. өз үлестерiн қосты.
Ұжымдағы жеке тұлға теориясын құрудың  негiзi  А.С.  Макаренко  еңбектерiнде
жатыр. Ол ұжымда жеке тұлғаны  тәрбиелеудiң  басты  нәтижесi  оның  қоғамдық
бағыттылығы деп есептейдi. А.С. Макаренко  ұжымның  басты  белгiлерiн  нақты
тұжырымдап бердi:  ұжым  —  басқа  ұжыммен  органикалық  байланыста  болатын
қоғамның бір бөлiгi; қоғамдық маңызы бар мақсаттың болуы;  ұжым  мүшелерiнiң
қызметiн ұйымдастыру; ұжым мүшелерi арасындағы өзара жауапкершiлiктi  қарым-
қатынас орнату; өзiн-өзi басқару органдарының болуы.
       Мектептің балалар ұжымы бастапқы ұжымдардан (сыныптардан) тұрады; осы
алғашқы ұжымда-ақ балалар  жалпы  мақсатын  жүзеге  асыруға  бірігіп  қатыса
отырып бір-бірімен жақын араласа бастайды. Онда балалардың  мүмкіндіктеріне,
қызығушылақтарына, қабілеттеріне, құрбыларына деген  қарым-қатынасына  қарай
әрқайсысының белсенділендіруге  жағдай  жасалады.  Сонымен  бірге  бұл  ұжым
өзінің тар мағынадағы мүдделерімен ғана шектеліп қалмай болашақ  жоспарларын
күрделендіріп, мүдделерін кеңейтуі  тиіс.  Бұл  тек  осы  алғашқы  ұжымдарды
қоғаммен  байланыстыратындай  ұжымаралық  байланыс   жасау   арқылы   жүзеге
асырылуы мүмкін.
       Ұжым проблемасын зерттеушілер қазір  оны  зерделеудің  әртүрлі  әдіс-
тәсілдерін жасауда. Л.И.Новикова әрбір  баланың  тұлғалық  қасиеттерін  жан-
жақты  дамыту  құралы  ретінде  балалар  ұжымын  басқарудың  барынша  тиімді
жолдарын  зерттеуде.  Т.Е.Конникаова  ұсынған  ғылыми  бағыт  ұжымның  басты
қызметін   оқушының   адамгершілік   дамуымен   байланыстырады.   Р.С.Немов,
А.Г.Кирпичник өз жұмыстарында балалар  ұжымының  қызметін  жүйелі  бағалауға
үлкен мән береді.
       Қазіргі қоғам жағдайында балалар ұжымы жеке тұлғаны әлеуметтендірудің
маңызды факторы. Оқушы үшін ұжым  қоғамның  моделі,  әлеуметтік  орта,  оның
өмір әрекетінде,  пікірлесуде  жеке  тұлғаның  қарым-қатынасында  тәжірибесі
кеңейіп әлеуметтік  рөлдерді  меңгереді,  орнықты,  жеке  тұлғаның  өзін-өзі
басқаруды,  өзін-өзі  іске  асыруы,  оны  қорғаумен  сүйемелдеу   қамтамасыз
етіледі.
      Оқушылар ұжымы деп меқсатты, әлеуметтік маңызды іс-әрекет  негізіндегі
оқушылар бірлестігін ұйымдастыру формасын түсінуге болады.
       Оқушылардың іс-әрекеті  оқу  және  оқудан  тыс  уақыттағы  іс-әрекет.
Балалар ұжымының үлкендер ұжымына қарағандағы ерекшеліктері:
       -қоғамдық құндылық пен жеке тұлғаның  маңызды  мақсатына  бағытталған
бірлескен іс-әрекеті;
       -ұжым мүшелерінің еркін қарым-қатынас жасауы;
       -ұжым мүшелерінің бір-бірімен өзара жауапкершілігі және тәуелділігі;
       -өзін-өзі сайлау органдарының болуы.
       Зерттеушілер балалар ұжымдарының басқада  ерекшеліктеріне  тоқталған,
олардың қатарында тапсырмаларды және рөлдерді  бөлудегі  тең  құқықтық,  өзі
басқару   органдарының   болуы,   ұйымшылдық,   адамгершілік   психологиялық
ықыластық, тәртіп т.б.
       Балалар  ұжымы-өте  сезімтал   аспап,   ол   тек   педагог   тұлғасын
басшылығымен ғана дамиды (В.А.Сухомлинский) Сондықтан мұғалім ұжымының  даму
заңдылықтарын, оның даму сатыларын, оқушылардың жеке  мүмкіншіліктерін  және
ұжымды орнықты сезінуін білуі қажет.
       А.С.Макаренко балалар ұжымының  технологиясының  негізгі  қағидаларын
«Ұстаздық дастанда» келтірген. Оның пікірінше  ұжымдағы  мүшелерінің  ілгері
жылжуы  еркін  адамдар  ұжымының  болмыс  формасы.  Ұжым   қоғамның   бөлігі
болғандықтан ілгері жылжығанда  ғана  дамиды.  Қозғалыссыз  ұжым  әлеуметтік
тұрғыдан   дағдарысқа   ұшырайды.   Ұжым   дамуының    негізгі    заңдылығы-
перспективалық бағыттарының болуы оның мәні ұжымының дамуы  тек  перспектива
(мақсат,  іс)  болса  және  жаңа  перспективалар  байқалғанда  ғана  мүмкін.
Балалардың алдында перспективалар тек  педагогпен  ғана  қатынаспайды,  олар
өздері  қызықты,   әлеуметтік   маңызды   істерді   іздейді.   А.С.Макаренко
перспективалық бағыттарды үш топқа бөледі: жақын, орта, алыс перспектива.
       Перспективаларды-ертеңгі  қуанышты  субъективті  жүзеге  асыру   күш-
жігерді талап етеді, сонымен қатар мақсатқа жету қуанышына бөліп,  ұжым  мен
оның мүшелерінің қанағат сезімін тудырады. Ұжымның іс-әрекеті арқылы  бірте-
бірте дәстүр қалыптасады. Олар ұжымда  қалыптасқан,  оның  стилін,  құндылық
бағыты, мақсаттылығы көрсететін салт-сана,  тәртіп,  мінез-құлық  ережелері.
Бірлескен іс-әрекеті барысында ұжым мүшелерінің мұғалім,  ұжым,  белсенділер
сықпаныда тікелей емес, жанама  түрде,  оның  оқушыға  жүйелі  әсері  тәрбие
механизмі арқылы болуы мүмкін. Балалар ұжымында  тәрбие  міндеттерін  шешуде
қатынастар  жүйесін  басқару  ұжымының  дамуының   келесі   заңы-параллельді
ықпалдар заңы.
       Балалар  ұжымымен  жұмыстар  жүргізудегі  мұғалімнің  кәсіби  маңызды
қасиеттері. Балалар ұжымымен жұмыс сітеу үшін мұғалімнің белгілі бір  кәсіби
қасиеттері  қажет.  Кәсіби  маңызды  қасиеттер  мәнін   анықтауға   бірқатар
ғалымдар (А.Сатынская, В.А.Сластенин, Г.Сманова, К.Успанов және т.б.)  көңіл
бөлді. Тұтас педагогикалық процесс теориясының негізгі  заңдарын  басшылыққа
ала отырып (Н.Д.Хмель),  педагогикалық  процестің  іске  асыруын  қамтамасыз
ететін тұлғаның салыстырмалы орнықты  сапалары  мен  ерекшеліктер  жиынтығын
қамтамасыз ететін тұлғаның салыстырмалы орнықты  сапалары  мен  ерекшеліктер
жиынтығын педагогтың кәсіби маңызды қасиеті  деп  санауға  болады.  Сонымен,
тұтас педагогикалық процестің нәтижелері  «педагогтар-оқушылар»  жүйесіндегі
өзара қатынастың, ықпалдастықтың деңгейіне байланысты. «Оқушы»  жүйесі  үшін
педагог тұлғасы қоршаған болмысты пәндендіру арасындағы делдал,  ал  мұғалім
оқушы мен  материалдық  және  рухани  құндылықтар  арасындағы  делдәл  болып
табылады.   «Оқушылар»   жүйесінде    қарым-қатынас    «педагогтар-оқушылар»
жүйесінде бар қарым-қатынас салдары ретінде жасалады. Бұл болашақ  мұғалімді
даярлауда мектептік педагогикалық процестің қызметін жандандыруға  мүмкіндік
беретін кәсіби  маңызы  бар  сапаларды  қалыптастырудың  неге  қажет  екенін
көрсетеді.
       Жоғарыда баяндалғандардың балалар ұжымымен тиімді  жұмыстар  істеудің
тиімділігінің шарттарының  бірі  ретінде  қарастырылатын  ұжымшылдық  сияқты
мұғалімнің жеке қасиеттерін қалыптастыруға қатысты.
       Тұтас педагогикалық процесс  және  балалар  ұжымы  теориялық  негізгі
қағидаларына  (Н.К.Крупская,  Т.Е.Конникова,   А.С.Макаренко,   Л.Н.Новиков,
В.А.Сухомлинский) сүйене отырып, мұғалімге, сынып жетекшісіне  оқушы  ұжымын
қалыптастыру бойынша тиімді  жұмыстар  ұйымдастыру  үшін  білім,  біліктерді
меңгерулері қажет:
       1.Мұғалім іс-әрекетінің  заңдылықтарының,  қозғаушы  күштерінің  және
тәрбиелеу механизмдерінің объектісі  ретінде  педагогикалық  процестің  мәні
мен құрылымы туралы теориялық білімдер.
       2.Оқушы  ұжымын  қалыптастыру  теориясы  мен  тәжірибесі  және   оның
негіздері мен даму заңдылықтары жөнінде біртұтас түсініктің болуы.
       3.Оқушы ұжымының қалыптасу жағдайы мен деңгейін  диагностикалай  алу,
біртұтас  педагогикалық  процестің  негізгі  көрсеткіштеріне   диагностиканы
негіздей алу, ұжым дамуын болжау үшін диагностикалық мәліметтерді  пайдалана
алу.
       4.Педагогикалық ықпалдастырудың негізгі құралдарын білу  және  оларды
балалар ұжымын қалыптастыру процесінде қолдана алу.
       5.Әрбір оқушының қызығушылығы мен қабілетіне  сәйкес  жалпы  мақсатқа
(сабақта және сабақтан тыс  уақытта  оқушылардың  ықпалдасу  жүйесі)  жетуге
бағытталған оқудағы және оқудан тыс іс-әрекеттерін ұйымдастыра алу
       6.Алғашқы (сыныптық) ұжымды өзін-өзі басқаруды ұштастыра алу.
       7.Алғашқы ұжымды мектепте және мектептен тыс  басқа  ұжым  түрлерімен
өзара байланыс жасауының рөлін түсіну.
       Балалар  ұжымының  жағдайын  диагностикалау  әдістемесі.   Мұғалімнің
диагностикалық бағдарламасының бір нұсқасында  «оқушылармен  ынтымақтастықта
бола алу  қабілеті»  критерийі-қазіргі  мектеп  мұғалімдерінің  зерттеу  іс-
әрекеттерінің ең жоғары деңгейі және  ол  өзара  ықпалдастыққа  ұмтылдыратын
жаңа тәсілдерді үнемі іздендіру,  оларды  қарым-қатынас  жасауда  қолданудың
мүмкіндіктерін байқай алу,  басқа  адамдардың  көзқарастарын  түсіне  білуге
тәрбиелеу аз уақыт аралығында және мұғалім  мен  оқушының  ақыл-ойын,  ерік-
жігерін пайдалана отырып эмоционалдық күш  салумен  оқыту  мен  тәрбиелеудің
әдістерін үйлестіруді негіздей отырып қолдана алу (В.И.Зверева)
       Педагогтардың  балалар   ұжымымен   кәсіби   ұйымдастырылған   жұмысы
барысында  әлеуметтік  (қоғамдық)  белсенділік  ретінде   күрделі   тұлғалық
қасиеттер  қалыптасады.  Қазіргі  кезеңде  бұл  қасиет  ерекше  маңыздылығын
оқушылардың санасына  сіңіруін,  олардың  оған  жауапкершілік,  белсенділік,
ізденімпаздық таныта отырып қатысуға дайындалуын, ұмтылуын қамтиды.
       Қазіргі оқушылардың қоғамдық пайдалы жұмыстарға қатысуға оң  көзқарас
танытпайтындар да аз емес. Оның негізгі себебі ұйымдастырылатын  жұмыстардың
бірыңғайлығы,  ондағы  формальдылық,  жұмыстың  пайдасыздығынан   айқындығы,
педагогтың өзінің қызығушылық танытпауы  болып  табылады.  Соған  байланысты
оқушы  белсенділігі  мектепте  ұйымдастырылатын  жұмыстардың   тиімділігіне,
сұранысқа ие болуына, мұғалім позициясына, жеке қатынасына, жұмысты  сауатты
ұйымдастыра алу біліктеріне тікелей байланысты.
       Қоғамдық тапсырмалар мұғалім тарапынан емес  белсенді  топ  мүшелері,
сынып ұжымы тарапынан берілуі тиіс. Тапсырмалар сабақта  және  сабақтан  тыс
орындалатын  жұмыстарға   байланысты   берілуі   қажет;   мүмкіндігінше   ол
жұмыстарды оқушылардың өздері таңдағандары орынды. Орындалған  тапсырма  мен
оның орындалу сапасы жөнінде ұжым салдында есеп берілуі қажет.
       Сынып жетекшісі үнемі оқушы  ұжымымен  атқарылған  жұмыстарды  тіркеп
отыруы тиіс: ұжым, белсенді топ  мүшелерінің  тізім,  әрбір  ұжым  мүшесінің
сабақта және сабақтан тыс (қоғамдық) орындаған  жұмыстарының  тізімі  (мұнда
орындалған жұмыс жөнінде қашан есеп берілуі керектігі көрсетіледі),  жылдық,
жартыжылдық, тоқсандық, жоспар жасалады,  әрбір  оқушыға  мінездеме  жазады.
Оқушылардың   жетістіктерін    үнемі    айта    отырып,    оқушы    тұлғасын
қалыптастырудағы проблемаларға басты назар аудара отырып олармен жеке  жұмыс
жүргізудің маңызы өте зор.
       Жинақталған және талданған  материалдарын  сынып  жетекшісі  «балалар
ұжымының қалыптасу жағдайының  графигі»  түрінде  беруіне  болады.  Оқушылар
ұжымының  жағдайы:  оқушылар,  балалардың   өзара   пікірлесуі,   формальды,
формальды емес лидерлерінің болуы.  Бұл  графикті  талдау  қажетті  дейгейге
жету үшін қандай көрсеткіштерді  түзету  керектігі  жөнінде  бірден  мәлімет
алуға мүмкіндік жасайды. Осы жұмыстардың  барлығы  оқушылар  мен  ата-аналар
арасында талқылануы тиіс.
       Оқушы  ұжымының  жағдайын  диагностикалау  және   оқушылармен,   ата-
аналармен  талқылау  процесінде  этикалық  талаптардың   орындалуы   бойынша
атқарылатын жүйелі жұмыс жүргізуде сынып  жетекшісі  осы  ұжымның  қалыптасу
деңгейін көтеруге бағытталған  жұмыс  жүргізу  бағдарламасын  дайындау  үшін
материалдар жинақтайды.


       Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
       1.Оқушылар ұжымы дегеніміз не, оның негізгі белгілері қандай?
       2.Неге  балалар  ұжымы-мектептегі  педагогикалық  процестің   маңызды
компоненті болып табылады?
       3.Оқушылар ұжымының негізгі даму кезеңдеріне сипаттама беріңіздер.
       4.Оқушылар ұжымының дамуының негізгі заңдарын тұжырымдаңыздар.
       5.Оқушы ұжымының қалыптасуының әртүрлі  кезеңіндегі  оқушылардың  іс-
әрекеттері мен қарым-қатынастарының өзара байланысын көрсетіңіз.
       6.Сіз «ұжымда тұлғаны тәрбиелеу» және «баламен  жеке  жұмыс  жүргізу»
принциптерінің бірлігін қалай түсінесіз?


Тақырып 13  Сыныптың тәрбие жүйесін басқарудағы сынып  жетекшісінің  қызметі
(1 сағат)

      Мақсаты:  сынып  жетекшісімен  құрылған  сыныптағы  тәрбиелік  жүйенің
мәнін меңгеру.
      Мiндеттерi:
      а) Жалпы бiлiм беретiн мектептiң оқу сыныбындағы тәрбиелiк жүйенi
анықтау.

      ә) Сынып жетекшiсiнiң негiзгi мiндеттерiн айқындау.

      б) Сынып жетекшiсiнiң ең маңызды қызметтерiн анықтау.

      в) Оқушылардың сыныптағы іс-әрекетiн ұйымдастырудың ерек-шелiктерiн
ашу.

      Жоспар

     1. Тәрбиелілік жүйе және сынып жетекшiсiнiң мiндеттерi.
     2.  Сынып   жетекшiсiнiң   жұмысындағы   оқушылардың   жеке   тұлғасын
        қалыптастыру.
     3. Сынып жетекшiсiнiң қызметтерi.
     4. Оқушылардың сыныптағы іс-әрекетiн ұйымдастыру.
      Тәрбиелілік жүйе және сынып жетекшiсiнiң мiндеттерi.  Педагогика
ғылымы негізіндегі зерттеулер мен озат тәжірибелерді қорытындылай келгенде,
оқушылар ұжымындағы тәрбие жүйесінің құрылыуы тәрбие процесінің тиімділігін
неғұрлым жоғарлататындығын айқындайды.

      Адамзат тарихында әлемдік өркениеттің әрбір кезеңдерінде қаланған
әртүрлі білім беру жүйесі белгілі болды. Олардың әрқайсысы, қоғамға тән
сипаттағы, қазіргі білім жүйесі атқаруға тиісті талаптарды, әлеуметтік,
саяси, экономикалық қатынастарды бейнеледі. Олардың ішіндегі әлдеқайда
белгілері болып табылатындары:

      - спартандық тәрбие жүйесі;
      - афиндық тәрбие жүйесі;
      - діни тәрбие жүйесі;
      - джентельменді қалыптастыру жүйесі (батыс-европалық жүйе);
      - адамды ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу  жүйесі  (А.С.Макаренконың
        жүйесі);
      XX ғасырдың екінші жартысындағы кеңес мектебіндегі тәрбие жүйесі
ұжымдық шығармашылық жұмыстың, қоғамдық пайдалы және өндірістік еңбек,
әртүрлі ұйымдастырылған жұмыс формаларын ендіру (әртүрлі орталықтар, мектеп
театрлары және т.б.).Ұлттық дәстүрлер, сонымен қатар, оқу процесін қайта
құрудың негізінде қаланды. Тарихи қалыптасқан тәрбие жүйесіне талдау жасау,
кез-келген тәрбие жүйесінің негізгі құрамды бөліктеріне тәрбие
мақсаттарының бөлімдері жататынын, тәрбие ұжымы тәрбие жүйесінің ядросы
(жасушасы) екендігін, ұжымшылыдық қарым-қатынаспен айнала қоршаған жүйеге
аялы көзқарасты көрсетеді. Кейбір зерттеушілер, осы ережелерді  нақтылай
келіп, кез-келген тәрбие жүйесінің негізіне барлық ұжым болып қабылданған
тәрбиенің мақсатын, ұжымдық танымдық іс-әрекетті, тәрбиелеушілік
қатынастарды, балалардың өзін-өзі басқаруын, ұлттық дәстүрлерге сүйенуді,
әр жастағы ұжымдарды құру мен ұжымдық шығармашылық жұмыстың әдістерін
пайдалануды жатқызады.

      Тәрбие жүйесін құру біршене кезеңдерді болжайды:

      - жүйенің қалыптасуы;
      - ұжымдық іс-әрекеттің мазмұны мен жүйесінің құрылымын жасау;
      - жүйені лайықты тәртіпке безендіру, дәстүрлерді жарыққа шығару  және
        жаңалықтарды ендіру;
      Тәрбие  жүйесінің кез-келген деңгейін жарыққа шығарудағы алдыңғы
кезектегі проблема тәрбиенің мақсатын анықтау болып табылады, өйткені білім
беру саласындағы қызметкеркерлердың іс-әрекеті қоғамның басқа да саласында
жұмыс істейтіндер сияқты оның мақсаттарымен, міндеттерімен айқындалады.
Сынып жетекшісінің мақсаты мен міндеттері мектептің тәрбиелілік
мақсаттарынан шығады, өйткені сыныптағы тәрбие жұмысы мектептің тәрбие
жүйесінің бір бөлігі болып табылады.

      Алайда, тәрбиенің мақсатын анықтау барысында бедгілі қиындықтар бар:
тәрбиенің қоғамдық мақсаты, белгіленген жан-жақты қалыптасу, үйлесімді
дамыған жеке тұлға, қол жетпейтіндей шынайы, сол үшін де идеальды.

      Қазiргi заманғы iзденiстер бойынша тәрбиенiң мақсатын анықтау
мәдениеттану арнасында жүргiзiлуде. Бұл мәселе бойынша осы күнге дейiн еш
нәрсе анық болмаса да, бұл әдiстеме бiршама нәтижелi, өйткенi ол ұлттық
және дүниежүзiлiк мәдениеттегi тарихи қалыптасқан рухани құндылықтарға
сүйенеді. Тәрбиенiң мақсатын тек өз халқының ұлттық мәдениетiнiң негiзiнде
ғана емес, жалпы адамзаттық және адамгершілік ұлттық құндылықтарды игеру
арқылы ғана анықтау мүмкiн.

      Мұғалiмдер ұжымында орта? мақсат болған жағдайда ғана, әрқайсысы оған
жету үшiн іс-әрекетке белсендi кiрiскен кезде ғана үлкен нәтижеге жету
мүмкiндiгi бар. Бұған мысал ретiнде Алматы қаласындағы № 16 кәсiби-
техникалық лицейде қалыптасқан тәрбиелiк жүйенi алуға болады, онда лицей
директоры Шакирова Т. М. басшылығымен оқушылардың жеке тұлғасының
қалыптасуы ұлттық мәдениет тәсiлдерiмен жүзеге асқан. Бұнда төмендегi
келтiрiлiп отырған тәрбиелiк жүйенiң құрылымдық үлгiсi iске асырылған .

      Ұлттық мәдениет құралдары арқылы жеке тұлғаны қалыптастыру жүйесі:

      1. Лицейдi ұлттық мәдениет элементтерiмен безендiру.

      2. Тiлдердi меңгеру.

      3. Ұлттық мәдениеттi мәдениеттану сипатындағы оқу пәндерi арқылы
меңгеру.

      4. Ұлттық мәдениеттi базистiк оқу бағдарламасындағы басқа да пәндерде
меңгеру.

     5. Ұлттық мәдениетке арналған арнайы курстар, факультативтер.
     6.  Ұлттық  мәдениеттi  меңгеруге  арналған  оқушылардың  зерттеу  іс-
        әрекетi.
     7. Ұлттық мәдениеттi меңгерудi мақсат еткен үйiрмелер  мен  клубтардың
        жұмысы.
     8. Ұлттық мәдениеттi меңгеруге арналған сыныптан тыс іс-әрекет  (сынып
        сағаттары, жарыстар, мерекелер, т.б.).
     9. Ұлттық мәдениетпен байланысты лицей дәстүрлерi.
      Басқа да тәрбие жүйесіні? нәтижесi бұдан кем емес. Мысалы, Алматы
қаласындағы № 132 мектеп-гимназиясының педагогикалық ұжымы оқушылардың
интеллектуалды потенциалының дамуын бiрiншi орынға қояды. Әрине, бұл
бағытта әртүрлi iзденiстер болуы мүмкiн, алайда, кез келген жағдайда мектеп
ұжымының алдында мақсаты бар.

      Мектеп өз түлектерінің мәдени негiзiнiң қалыптасуына ықпал етедi, ол
дегенiмiз – мектеп бiтiрушiнiң бiлiм мазмұнын, жеке тұлғаның өзiн өзi ары
қарай дамыту факторы. Қойылған мақсат тәрбиелiк мiндеттер арқылы жүзеге
асады. Оларды анықтаудың әртүрлi әдiстемелерi бар. Мысалы, Н. Е. Щуркова
келелi тәрбиелiк мiндеттердi ұсынады:

      а) тәрбиелеу және дамыту іс-әрекеттерiн ұйымдастыру;

      ә) ұжымды ұйымдастыру мен дамыту;

      б) оқушы жеке тұлғасының қалыптасуына көмектесу, оның iшкi
мүмкіншілігі, бейiмдiлiгi, мақсат-мүдделерi мен қабiлеттерiнiң көрiнуi мен
баюы үшiн жағдай жасау.

      Сынып жетекшiлерiнiң іс-әрекетiне жасалған әлеуметтiк талдау
нәтижесiнде оның мiндеттерiн төрт топқа бөледi.

      Бiрiншi топ – әлеуметтiк мiндеттер (балаға көмек, оны әлеуметтiк
қатынастар жүйесiне енгiзу, жеке тұлғаның дамуы мен оның даралығының
қалыптасуына тиiмдi жағдай жасауда жанұямен және тәрбие институттарымен
әрекеттестiк).

       Екiншi топ – диагностикалық мiндеттер (сыныппен жұмысты дұрыс
ұйымдастыру үшiн оқушының жеке тұлғасы мен ұжымның даму диагностикасы).

      Үшiншi топ – адамгершілік мiндеттер (баланың бойында ?айрымдылы?
критерилерiн қалыптастыру, баланы адамгершілікке бейімдеу жағдайына қою).

      Төртiншi топ – даралық-тәжiрибелiк сипаттағы мiндеттер (оқушылармен
жұмыстың нәтижелi педагогикалық тәсiлдерiн таңдау, өз жұмысын жоспарлау, іс-
әрекеттi бақылау мен түзету, рефлексия педагогикасы).

      Педагогтардың, зерттеушiлер мен мұғалімдердің оқушылар ұжымындағы
тәрбие жүйесiн ұйымдастыру үшін маңызды мiндеттердi бөлiп ?арау.Өйткенi
оқушы өмiрiнiң барлық жақтарын сынып жетекшiсi мен мектептің тәрбие жұмысы
ықпалымен ая?талмайды.

      Ең маңызды мiндеттер:

      1. Денсаулық пен салауатты өмiр салтына тәрбиелеу;

      2. Баладағы адамгершілік  құндылықтарын қалыптастыру;

      3.Оқушыда адамгершііліікк міінез-құлықты қалыптастыру;

      4. Баланың бойына бiткен қабiлетiлiгi мен мақсат-мүдделерiн жаңаша
дамыту;

      Е.НСтепанованын ойыншаа  сыныптыың тәрбиелік  жүйесі-бұл  сыныптағы
әрбір  мүшені тәрбиелеп және олардың өмір  сүруші ұымдастыру тәссілі бұл
біртұтас өзара  әсерететін компонент ,ұжымда және тұлғаның дамуын
қамтамасыу етеді - дейді . Осыған байланысты компоненттер  туімі;

      1.Жеке топтың  компонент  тәрбиелік жүие қурумы  балалармен ересектер
тобы.

      2 Құндылық-бағдарлы компонент  (тәрбиенің максаат міндеті  бірлікте,
сыныптың  болашағы,тәрбие жүйесін  құрудың  көғыдасы).

      3. Қызметтік-әрекет компоненті (жүйе құрушы тур,форма  бірлескен іс-
әрекетті уйымдастыру  әдісі, тәрбие жүйесінің негізгі қызметі, өзін-өзі
басқару).

      4.Уақытша-кеңістік компоненті ( тәрбиелік орта, тәрбие жүйесінің
қалыптасу кезені т.б  ).

      5.Диагностикалық –талдау компоненті (тәрбиелік орта,тәрбие жүйесінің
тиімді өлшемі, ұжымды таным білудің әдіс тәсілдері,талдаудың формасы мен
тәсілдері, алынған нәтижені бағалау).

      Сынып жетекшісінің жұмысындағы ең қиын нәрсе сол оқушыларды
адамгершілік жағынан қалыптастыру болып табылады.

      Сынып жетекшiсiнiң жұмысындағы оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастыру.
Сонымен, оқушылардың адамгершілігі тәрбиенiң ең маңызды мiндетi болып
табылады. Адамгершілік адамның iс-әрекетi мен қылықтарынан көрiнетiн
қоршаған ортаға деген қатынасын білдіреді. Қатынас дегенiмiз субъектiнiң
қоршаған ортамен қалауы бойынша анықталатын байланысы. Сондықтан оқушының
қандай құндылықтарды таңдап алуы сынып жетекшiсi мен пән мұғалiмдеріне
тәуелді.

      Зерттеушiлер қатынастар жүйесiне әртүрлi компонентердi кiргiзедi.
Әрбiр қатынас белгiлi бiр бiлiмдердi игеру дегендi бiлдiредi, алайда
бұндағы ең бастысы бұл бiлiмдердi өнегелiлiк түрде түсiну, сезiну болып
табылады. Н.Е. Щуркова., А.П. Сейтешев жеке тұлғаның қасиеттерiн құндылық
қатынастардың қалыптасу нәтижесi деп түсiндiредi. Осылайша, басқа адамға
деген құндылық қатынастың нәтижесi – гуманизм, өз өзiне – қадiр-қасиет,
еңбекке – еңбексүйгiштiк, еңбекқорлық болып табылады.

      Жеке тұлғаның ең басты қасиеттерiн осылайша бөлу өте маңызды, өйткенi,
қоршаған ортаға, адамға, материалдық және рухани дүниеге деген қатынастың
қалыптасуы барысында адамгершілікті? барлық жа?тарын ?амту мүмкiн емес.

      Тәрбие нәтижелерi туралы сөз етер болсақ, жеке тұлғаның басты
қасиеттерiнiң қалыптасуы туралы айтуға болады:

      1. Басқа адамға деген қатынас – гуманизм;

      2. Өз өзiне деген қатынас – қадiр-қасиет;

      3. Еңбекке деген қатынас – еңбексүйгiштiк, еңбекқорлық;

      4. Ұжымға деген қатынас – ұжымшылдық;

      5. Отанға деген қатынас – отансүйгiштiк, патриотизм;

      6. Табиғатқа қатынас – табиғатқа қамқорлық;

      7. Көркемдiкке қатынас – көркемдiктi эмоционалды-эстетикалық түрде
қабылдау қабiлетi;

      Жеке тұлғаның осы бiр қасиеттерiн қалыптастыру – қоршаған орта туралы
бiлiмдердi өнегелiлiк түрде түсiнiп-сезiну. Сондықтан, оқушылардың қоршаған
орта туралы бiлiмдер жинағын адамгершілікпен сезiнуi тәрбие жұмысыны? басты
мақсаты.

      Оқу материалының, әрбiр сабақтың өзiндiк тәрбиелiк маңызы бар екенi
белгiлi. Олардың әрқайсысы оқушылардың қоршаған ортаға деген, құндылық
қатынасын қалыптастыруда басқа адамның жеке тұлғаға құрметінен бастап,
болмысты эмоционалды-эстетикалық қабылдауға дейiнгi, құндылық сапаларын
т?рбиелейді. ҚР-мектептерінде білім беру мазмұны үнемі жаңарып отырады.

      Мұғалімнің алдында тұрған өзекті мәселе оны адамгершілік тұрғысынан
түйсіну. Оқу пәндеріндегі тәрбиелік мүмкіндіктерді мұғалім білуге тиісті.
Бұл жөнінде негізгі пәндер гуманитарлық циклде болып келеді. Дегенмен сабақ
үстінде ғана тәрбиелеумен шектелмеу керек. Егерде кей мұғалімдердің
тәрбиелік міндетті қажетті деңгейде орындай алмауын ескерсек онда
жауапкершілік сынып жетекшісіне жүктеледі. Пән мұғалімдерінің тәрбие
жұмысының сынып жетекшісіне басшылығына тәуелді сондықтан да мұғалімдер
сыныптағы тәрбие жүйесіне қалыптастыруда белсенділік танытады.

      Мектептiң тәрбие мiндеттерiне сүйене отырып, өз сыныбындағы
оқушылардың ерекшелiктерi мен тәрбиелiлiк деңгейлерiн ескере отырып, осы
мәселенi шешуге пән мұғалiмдерi, оқушыларды, ата-ананы, демеушiлердi т.б.
тарта отырып, тәрбие жұмысын ұйымдастырады.

      Әр адамның рухани өмірі ізгілігі өзіне ғана тән. Кей бала эстетикалық
құндылықты қаласа, кей бала табиғатты таңдайды. Сыныптағы ұжымдық тұлғалық
сана тәрбие процесі жағдайына тәуелді. Диагностикалық әдіс-тәсіл оқушының
тұлғалық адамгершілік қалыптасу деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

      Сынып жетекшiсiнiң жұмысында сыныптан тыс тәрбие көрiнiс табады. Сынып
жетекшiсi қызметi Қазақстанда, барлық Совет Үкiметiндегi секiлдi, 1934 ж.
енгiзiледi. Қазiргi уақытта оқушы жеке тұлғасын қалыптастыру, оның
қабiлеттiлiгiн дамыту бiрiншi орында. Бұл ретте, сынып жетекшiсi – пән
мұғалiмдері мен ата-ананың әрбiр оқушыға ықпалын үйлестiретiн тәрбиені
ұйымдастырушысы.

      Оқушыларды адамгершілік құндылықты сезінуге үйретуде және сапалы
білімді меңгеруге іс-әрекетті ұйымдастырудың мәні зор.

      Сынып жетекшiсiнiң қызметтерi. Сынып жетекшiсiнiң жұмысы мектеп
Уставымен белгіленеді. Алайда бұл тiзiм оның іс-әрекетiнiң барлық жақтарын
қамти алмайды. Оның іс-әрекетiнің әртүрлi жақтары көптеген зерттеулерде
қарастырылған (әдіс ж?не әдіснамаларда).

      Дәстүрлi емес әдiстемелерде сынып жетекшiсiнiң негiзгi қызметтерi:

      а) Баланың денсаулығына қамқорлық;

      ә) Баланың адамгершілігін қалыптастыруға қамқорлық;

      б) Баланың қабiлетiн дамытуға қамқорлық;

     1. Сынып жетекшісінің қызметіне жатады (Н.Е. Щуркова):
          - мектептегі сынып өміріне қамқорлық;

      - әрбiр оқушыны қажеттi оқулықтармен және ?дістемелiк құралдармен
қамтамасыз ету;

      - баланың көзiнiң көруi, құлағының естуi, оның бойын ескерiп,
әрбiреуiнiң қабiлетi мен белсендiлiгiне қарай сыныпқа орналастыру;

      - сыртқы киiм мен аяқ киiм қоятын орынның болуы;

      - мектептiң ертеңгiлiк тамағының тәртiбi мен асхананың тазалық
ережесiн қамтамасыз ету;

      - оқушы үстi-басын ретке келтiре алатын дәретхана бөлмелерiнiң
орналасуы мен оларды пайдалану мәдениетiн ескерту;

      - сынып  бөлмесiнiң  iшкi  көрiнiсiн,  бөлменiң  жарықтығы,  бөлменiң
        көркем-әдемiлiгiн сақтайтын кезекшiлер қою;
      - әрбiр мұғалім мен баланың киiмi мен аяқ  киiмiн  гигиена,  эстетика
        тұрғысынан  деген талап қою;
      - әрбiр оқушының сабақ кестесi мен  сынып  бөлмелерiнiң  орналасуынан
        хабардар ету;
      - оқушының барлық сынып бөлмелерiнiң неге арналғанын оларды пайдалану
        ережелерiнен  (директор  кабинетiнен  бастап,  ойын   бөлмесi   мен
        медициналық бөлмеге дейiн) түсінік беру;
      - оқушының қоршаған  заттармен  жоғары  мәдени  деңгейде,  тазалықты,
        әдемiлiк пен тәртiптi сақтай отырып пайдалана білуін үйрету.
     2. Топтың пәндiк іс-әрекетiн ұйымдастыру:
      - балаға дүниенiң көпжақтылығы мен күрделiлiгi, қарама-қайшылықтарын,
        танымдық  іс-әрекетін ашу;
      -  баланы  дүниедегi  адам  өмiрiне  ?ажетті  құралдары,  материалдық
        құндылықтарға жататын еңбектiң іс-әрекеті;
      -  баланың  күш-жiгерiн,  өзiнiң  денесiне,  денсаулығына,  ағзасының
        сұлулығы мен күшiне, адаманың өз денесiн билей алатын спорттық  іс-
        әрекет;
      - балаға дүниенi көркем образдар  арқылы  тануға,   көркемдiк  заттар
        тудыра отырып, дүниенi көркейтуге мүмкiндiк беретiн іс-әрекет.
      3. Өмiрдi түсiнiп, сезiнудiң рухани іс-әрекетiн ұйымдастыру, ол
дегенiмiз

       – оқушылардың рефлексиясы, өмiр құндылықтарын түсiнiп, сезiнудегi
өзiндiк талдауға және өзiнiң iшкi дүниесiн дамытуға жәрдем беру.

      4. Тәрбие нәтижелерiнiң диагностикасы негiзiнде жеке тұлғалық дамудың
сипаттамасы. Сынып жетекшiсiнiң диагностикалық іс-әрекетi тәрбиелiк жүйенi
құрудың негiзi болып табылады. Жеке тұлғаның қалыптасуы ерекше қасиеттерiн
анықтауға мүмкiндiк бередi.

      Жоғарыда аталған қызметті жүзеге асыруда сынып жетекшісі жүйе түзуші
факторды анықтап алу қажет. Ол белгілі жұмыстың формасы, белгілі іс-
әрекеттің түрі т.б. бірақ баланың қоршаған ортаға қатынасын қалыптастыру
моделін жасағанда ескеретін нәрсе мыс: жүйе түзуші фактор оқушылардың
әрекеті театорға бару арқылы тәжірибесін құндылық қатынас қалыптастыру. Ол
үшін сынып жетекшісі жұмыстың осындай формасы негізінде тәрбие жүйесінің
моделін жасауы қажет.




      [pic]











      Сурет 13.1  Театрланған іс-әрекет негізіндегі (сынып театры) сыныптағы
тәрбие жүйесін модельдеудің үлгі құрылымы




      Оқушылардың сыныптағы іс-әрекетiн ұйымдастыру. Сынып жетекшiсi мына
бiр тұжырым ережелердi ұғынып, түсiнген жағдайда ғана тәрбие мiндеттерiнің
шешiмi нәтижелi болма?:

      1. Тәрбиенің жеке тұлғаға бағыттауы.

      2. Тәрбие жүйелiк сипатта болу.

     3.  Тәрбие  іс-әрекетiнің  мақсаттарының  бiрлiгi,  оқушылармен  жұмыс
        iстейтiн мұғалiмдердiң өзара әрекеттестiгi тәрбие жүйесінiң кепiлi.
     4. Тәрбие  процесі  жеке  тұлға  теориясы  мен  іс-әрекет  теориясына,
        құндылықтар теориясы мен басқару теориясына сүйенуi ?ажет.
       Жеке тұлға теориясы арқылы мұғалiм оқушының тек тәрбие объектiсi ғана
емес, сонымен қатар ол іс-әрекеттiң субъектiсi екенiн түсiнедi. Ол сынып
жетекшiсiне оқу-тәрбие жұмысын, оқушы жеке тұлғасының қалыптасу,
оқушылардың іс-әрекеті бiрнеше кезеңдерден тұрады: мотивті? қалыптасуы –
оларды адамгершілік түсiнiктерді ұғынуға жағдай жасау; мiнез-құлық пен iс-
әрекет нормаларының қалыптасуы – өз iс-әрекетiне қанағаттану. Демек, оқушы
жеке тұлғасының қалыптасу технологиясы мотив, танымдық, мiнез-құлық,
эмоционалдық сезім компоненттерiнен тұрады.

      Осылайша, мотивті қалыптастырып, бiлiм берiп, iс-әрекеттi ұйымдастыру.
Жағымды эмоциялар баланың қоршаған болмысқа деген сенімін арттырады.

      Сынып жетекшiсiнiң іс-әрекетiнде басқару теориясының да маңызы бар.
Педагогтiң негiзгi жұмысы – оқушылардың іс-әрекетiн ұйымдастыру, ал
ұйымдастыру басқару теориясының құрамды бөлiгi болып табылады. Оның
заңдылықтарын бiлу педагогтар мен оқушылар арасындағы қатынасты, сыныптағы
тәрбие жүйесін басқаруға мүмкiндiк бередi.

      Тәрбие жүйесінiң қызметiндегi маңыздысы оқушылардың іс-әрекетiнiң
түрлерін тиiмдi таңдау (тәрбиелiк шаралар) және оларды өткiзу. Адамды
қалыптастыратын негiзгi іс-әрекеттер: танымдық іс-әрекет, материалдық
еңбек, қоғамдық-пайдалы жұмыс, бағалау-бағыттау әрекетi, ойын іс-әрекетi,
қарым-қатынас, спорттық-сауықтыру, көркемдiк-шығармашылық іс-әрекет.

      Басқару теориясы тәрбиелiк шараларды дайындаудың нәтижелi әдiсiн
анықтауға мүмкiндiк бередi, олар:

            1)  тәрбиелiк  шаралардың  нақты  бiр  формасын  таңдау   (сынып
               сағаттары, КВН, демалыс кешi, т.б.);
            2) шаралардың мақсаттары мен мiндеттерiн анықтау;
            3) шараларды өткiзуге ынталы топ пен оқушыларды таңдау;
            4) ынталы топпен бiрiгiп тәрбие жұмыстарын жоспарлау;
            5) жұмысты ұйымдастыру мiндеттерiн ынталы топ  мүшелерiне  бөлiп
               беру;
            6) мерекеге дайындық;
            7) сынып жетекшiсiнiң  тәрбие  шараларын  дайындауда  оқушыларға
               ақыл-кеңес беруi;
            8) ынталы топпен бiрiгiп шараларға дайындықты тексеру;
            9) тәрбиелiк шараларды өткiзу;
           10)  оқушылармен  (ынталы  топ,  сыныптың  мөшелерімен)   бiрiгiп
               өткiзiлген шараларға талдау жасау;
           11) оқушылармен бiрiгiп алдағы жұмысты жоспарлау.
      Тәжiрибе көрсеткендей, осы ұсынысты қолдана отырып, сыныпта осындай
тәрбие жұмыстарын өткiзуге болады.

      Сынып жетекшiсiнiң жұмысында сыныппен немесе жеке бiр оқушымен
этикалық әңгiме өткiзу ерекше орын алады. Өсiп келе жатқан адамның
қиындықтарын адамгершілікпен түсiндiру, ересек адам тарапынан көрсетiлген
өз мезгiлiндегi моральдық қолдау, оқушы жеке тұлғасының қалыптасуына көп
әсер етуi мүмкiн. Өкiнiшке орай, көбiнесе, этикалық әңгiмелер үгiт-
насихатпен алмастырылады. Мұғалiмдер В.А. Сухомлинскийдiң мұғалiмнiң
сөзiне, оның оқушымен әңгiмесiне зор мән берген пiкiрiне қосылады. Ал, бiр
жағынан, оның педагогикалық іс-әрекеттiң осы бiр саласындағы даналық
ақылдарын пайдаланбайды. Бұл мұғалiмнiң мәдени танымдық және дайындығының
болмауынан шығар.

      Қазiргi уақытта мектеп бағдарламасына өзiн өзi рухани дамыту курсын
енгiзу ойластырылып жатыр. Бұл оқушыға адамгершілік тәрбие беру мәселесiн
бiршама шешуге мүмкiндiк бередi, бiрақ ол сынып жетекшiсiнiң жоспарлы
тәрбие жұмысын алмастыра алмайды.



      Өзiн өзi бақылауға арналған сұрақтар

            1) Сынып  жетекшiсiнің  тәрбие  жүйесiнiң  негiзгi  компонентерi
               қандай?
            2) Сынып жетекшiсiнiң басты қызметтерiн атаңыз.
            3) Жалпы бiлiм беретiн  мектептегi  сынып  жетекшiсiнiң  негiзгi
               мiндеттерi қандай?
            4) Сыныпта оқушылардың іс-әрекетiн ұйымдастырудың ерекшелiктерiн
               атаңыз.
            5) Сыныптағы оқушы жеке тұлғасын  қалыптастырудың  ерекшелiктерi
               қандай?
            6) Тәрбие мақсаты дегендi қалай түсiнесiз?
            7) “Адамның еңбекке қатынасы” дегендi қалай түсiнесiз?


        Тақырып 14  Жанұядағы  педагогикалық  процесс  және  оның  мектеппен
өзара байланысы (1 сағат)

      Мақсаты: жанұя тәрбиесiнiң тұтас педагогикалық процесс  ретiнде  мәнiн
ашу.
      Мiндеттер:
      а) Қазiргi қоғамдық даму кезеңiндегi жанұя тәрбиесiнiң  ерекшелiктерiн
ашу.
      ә) Жанұяның тәрбиесін ұйымдастырудың теориялық негiзi.
      б) Жанұяның педагогикалық негiзгi сипаттамасы мен тәрбие әдiстерi.
      в) Мектеп пен жанұя қарым-қатынасының түрлері.

      Жоспар

     1. Жанұя – тәрбие факторы.
     2. Жанұя тәрбиесiнiң құқықтық негізі.
     3.   Жанұяның   педагогикалық   процесін    ұйымдастырудың   теориялық
        негiздерi.
     4. Жанұядағы педагогикалық процесінің негізгі сипаттамалары.
     5. Мектеп пен жанұяның әрекеттестiк формалары.
      Жанұя – тәрбие факторы. Жанұя, барлық уақытта  да,  өсiп  келе  жатқан
ұрпақтың  тәрбиесi  мәселелерiн  шешуде  үлкен  мүмкiндiктерге  ие   болған.
Қазiргi заманғы жанұяның өсiп  келе  жатқан  ұрпақтың  тәрбиесi  мәселелерiн
шешудегi  ерекшелiгi  –  ата-ананың  бiлiм  және  жалпы  мәдени   деңгейiнiң
жоғарлауы.
      Балалардың жанұядағы тәрбиесi  оның  белгiлi  бiр  тұрақты  әлеуметтiк
институт  ретiнде   анықталады,   ол   жанұя   мүшелерi   арасындағы   өзара
қатынастардың  қалыптасуы  мен   дамуына   септiгiн   тигiзетiн   адамдардың
жақындығы, туыстық  қатынастар,  өзара  үйелмендік,  тұрмыстық  өмір.  Жанұя
тәрбиесiнiң артықшылығы да осы қатынастарда, оны тәрбиені? ешқандай да  түрi
алмастыра алмайды. Жанұя тәрбиесі адам өміріне қажетті  негізгі  қызметтерді
атқарыды:
     1. Репродуктивті – баланың туылуы.
     2.  Тәрбиелілік  –  жанұяның  әрбір   мүшесінің   жеке   тұлға   болып
        қалыптасуына, тәрбиелік жағдай жасауы.
     3. Тұрмыстық-экономикалық  - жалпы тұрмысты, бюджетті басқару.
     4. Коммуникативті – жанұялық  қатынасты,  басқа  адамдармен  қатынасты
        ұйымдастыру.
     5. Рекреативті – іс-әрекет ұйымдастыру (1 сурет).





[pic]

      Сурет 14.1  Жанұяның негізгі қызметтері


      Жанұя – болашақ азаматтың  әлеуметтену  жолындағы  алғашқы  қадамдарын
жасайтын бастапқы адым. Ол балаға моралдық қалпы туралы  алғашқы  түсiнiктер
бередi, оны еңбекке баулып, өз-өзiне қызмет ету  дағдыларын  қалыптастырады.
Ата-ананың  iс-әрекетi  мен  мiнез-құлқы,  өмiр  сүру  салты  арқылы  балаға
дүниетанымдық, адамгершілік, әлеуметтiк-саяси құндылықтар берiледi.
      Жанұя  тәрбиесiнiң  қоғамдық  және  мемлекеттiк   тәрбиеге   қарағанда
артықшылығы басым. Алайда, қазiргi қоғамдық өмiрде болып жатқан  әлеуметтiк,
экономикалық және демографиялық өзгерiстер жанұяға белгiлi бiр  қиыншылықтар
туғызады.
      Нарық   қатынастарының   дамуы   нәтижесiнде    жанұяда    айтарлықтай
адамгершілік  тұр?ыдан  ересектердiң  де,  балалардың   да   жаңа   құндылық
бағыттарын қалыптастырып, жанұя өмiрiне елеулi  ?згерістер  ?келді.  Ата-ана
мен мұғалiмдердiң  мiндетi  –  қоғамдық  қатынастардың  жаңа  жүйесi  ұсынып
отырған  әлеуметтiк  мүмкіншілікті  дұрыс  пайдалану.   Мектеп   пен   жанұя
балаларды  тауар  мен  ақша  қатынастарының  мәдениетiне  үйрету  жұмыстарын
ойластыру қажет, сондай-ақ алып-сату пайда табу немесе пайдақорлық емес,  ол
жалпы игiлiк үшiн және өз қажеттiлiктерiн қанағаттандыру үшiн  құқықтық  екi
жақты  қызмет  көрсету  екенiн   түсiндiру.   Ата-ананың   маңызды   мiндетi
балаларымен бiрiккен  коммерциялық  қызмет-әрекетке  қатысып,  оны  бақылау,
оларды  баланың  адалдығын,  адамгершiлiгiн,  ұқыптылығын  дамытатын  қызмет
көрсетудiң әртүрiн орындау?а үйрету. Нарық жанұя мүшелерiнiң  алатын  орнына
жанама әсер етедi,  оларды?  өмiрiне  жаңа  әлеуметтiк  бағдарлар  енгiзедi.
Қоғамдық  және  мемлекеттiк  тәрбие  беделiнiң  төмендеуi   жанұя   өмiрiнiң
тәрбиесіне “өзiнше” қиындық әкелді.
      Өркениеттi қоғам дамыған сайын жанұядағы бала саны азайып  келедi.  Аз
балалы жанұяда, негiзiнен бiр баласы бар жанұяда,  iшкi  жанұялық  тәрбиенiң
ең басты жағдайы жоқ, ол –  балалар  қарым-қатынасы.  Бiр  баланың  тәрбиесi
қосымша педагогикалық күш салуды  талап  етедi.  Жалғыз  балаға  деген  ата-
ананың, әжесi мен атасының артық көңiл  бөлуi  оны  белсендiлiгiнен  айырып,
оның эгоистiк жақтарыны? басым болуып қалыптастырады.
      Толық емес  жанұяларда,  ата-анасының  бiреуi  жоқ  болған  жанұяларда
тәрбиелiк    мәселелердi    шешуде     кейбiр     адамгершілік-психологиялық
ыңғайсыздықтар болуы мүмкiн. Мұндай жанұялардың көбiнде ана  мен  бала  ғана
болады.
      Жанұя тәрбиесiнiң проблемасы – ананың жанұя тұрмысынан қолы  босамауы.
Ананың уақыты жетпеуi  көбiнесе  насихат,  жазғыру,  ұрсу  сияқты  тәрбиелiк
ықпалдың нәтижесiз әдiстерiн пайдалануға мәжбүр етеді.
      Микроклиматы  жағымсыз,  жанұя  өмiрi  ұрыс-керiске,  ата-ананың  бiр-
бiрiне, балаларына деген шағымдарына,  айқай-шуға,  қорлық  сөздер  мен  iс-
әрекеттерге толы жанұяларда өте маңызды тәрбие проблемалары туындайды.
      Ата-ана  құқығынан  айрылғалы  тұрған   ата-аналар   әлеуметтiк   және
педагогикалық   проблемалар   тудырады.    Мемлекет    олардың    ата-аналық
құқықтарынан айырғанда балалардың мақсат-мүддесiн басшылыққа  алады.  Алайда
бұл ретте олардың өмiрi өз мәнiн барынша жоғалтады, өйткенi  өмiр  сүру  мен
дамудың маңыздылығы кемиді.
      Елдегi түбегейлi әлеуметтiк-экономикалық  өзгерiстерге,  жекеменшiктiң
пайда болуына, жеке адамның баю мүмкiндiгiнiң тууына байланысты  материалдық
жағынан ауқатты  жанұялар  пайда  бола  бастады.  Мұндай  жанұяларда  тәрбие
белгiлi бiр проблемаға кездеседі.  Көбiнесе бұндай  жанұядағы  бала  балалық
ұжымдардан  алшақ  болады,  оның  ерекшелік  сезiмi   қалыптасып,   қоршаған
адамдарға деген жөнсiз наразылы? эгоизмі тууы мүмкiн.
      Жанұяның жоғары материалдық ауқаттылығы (материалдық жағдайының  төмен
болуы да) жанұя жұмысын ұйымдастыруда ?ола?сыз  жағдайлар  туғызады.  Мектеп
жанұя  әдiстемелерiн  нақтылап,  оның  кемшіліктерін  түзете   отырып,   бұл
проблемаларды жеңуге тырысу керек.
      Осылайша, демократиялық қоғамда ата-ананың бала тәрбиесiндегi  қызметi
толығымен қалпына келетiнiн есте ұстауымыз керек.  Алайда,  қазiргi  заманғы
әлеуметтiк-экономикалық  жағдайлар  бала  тәрбиесiнде  қиыншылықтар  туғызып
отыр. Ата-ана жанұя тәрбиесiнiң  маңыздылығы  баланың  құндылық  бағыттарын,
оның моралдық қасиеттерiн қалыптастырулары қажет.
      Жанұя  тәрбиесiнiң  құқықтық  негізі.  Жанұя  тәрбиесiнiң,  ата-ананың
әлеуметтiк-жауапкершiлiк қызмет-әрекетi ретiнде басты құқықтық  негiзi  бар.
1989 жылдың 20 қарашасында  БҰҰ  Бас  Ассамблеясы  қабылдаған  “Бала  құқығы
туралы конвенция”  маңызды  негiзгi  құжат  болып  табылады.  “Балаға,  дене
жағынан және ақыл-ойының жетiлмегендiгiнен,  арнайы  қорғау  мен  қамқорлық,
соның iшiнде, туылғанға дейiнгi  және  туылғаннан  кейiнгi  тиiстi  құқықтық
қорғау керек”, - деп жазылған Конвенцияда.
      Баланың өмiр сүру, тiршiлiк ету және салауатты даму  құқығын  жариялай
отырып,  Конвенция  баланың  жеке  тұлғалық  дамуында  өзiнiң   дербестiгiн,
даралығын сақтау құқығына ерекше көңiл бөледi. Сондай-ақ  баланың  ата-анаға
деген құқығы да ескерiледi. Ата-ана “баланың  мақсат-мүддесi  үшiн  қажетін”
орындама?ан жағдайда ғана өз құқықтарынан айырылады.
      Осы Конвенцияға қол қойған мемлекеттер мына мiндеттердi орындауы тиiс:
ақысыз және бәрiне мiндеттi бастауыш бiлiм беруді енгiзу, орта  және  кәсiби
бiлiм алуға жағдай жасау,  жоғары  бiлiм  алуға  жол  ашу.  Конвенцияның  28
тарауында  “мектептегi   тәртiп   баланың   адами   қадiр-қасиетiне   құрмет
көрсететiн әдiстер арқылы жүргiзiлуi тиiс” деп, ерекше аталып кеткен.
      Конвенция,  сондай-ақ  БҰҰ  Бас   Ассамблеясының    1959   жылдың   20
қарашасында қабылдаған “Бала  құқығының  декларациясы”;  “Адам  құқықтарының
жалпы  декларациясы”  және  басқа  да  көптеген  халықаралық   құжаттар   ҚР
Конституциясының iшкi жанұялық қатынастарды,  баланың  жанұя  мен  қоғамдағы
тәрбиесi және ағартушылығы мәселелерiн қамтитын тарауларына негiз болды.  ҚР
Конституциясының 27 тарауында былай делiнген:
      1. Неке мен жанұя, аналық, әкелiк және балалық мемлекет  қамқорлығының
аясында.
      2. Балаларды қорғау мен тәрбиелеу  –  ата-ананың  табиғи  құқығы  және
мiндетi.
      3. Кәмелетке толған және еңбекке жарамды балалар еңбекке жарамсыз ата-
аналарына қамқорлық жасауы тиiс.
      ҚР Консититуциясында бекiтiлген жанұя тәрбиесiнiң құқықтық принциптерi
“Неке және жанұя туралы” заңда (17. 12. 1998 ж.) нақтыланған.  Онда  қазiргi
заманғы  жанұя  құқығының  бiр  некелiк,  некеге  тұрудың   бостандығы   мен
еркiндiгi, ажырасу еркiндiгi,  ерлi-зайыптылардың  жанұя  қатынасындағы  тең
құқығы сияқты негiзгi принциптерi жазылған. Бұл құқықтар  жанұя  өмiрiндегi,
жанұя ұжымындағы өзара байланыстың терең демократия?а жол ашады. 52  тарауда
баланың жанұялық тәрбиесi, оның  құқығын  және  мақсат-мүдделерiн  қорғаудың
баптары келтірілген: “Баланың өз  ата-анасы  тарапынан  тәрбиеленуiне,  оның
тiлек-қалауларының  орындалуына,  жан-жақты  дамуына,  оның   адами   қадiр-
қасиетiнiң сыйлануына құқығы бар”.  Бала  ата-ана  билiгiне  тәуелдi  объект
ретiнде емес, өзiндiк құқық субъектiсi ретiнде қарастырылады.
      Қазақстан Республикасының “Бiлiм беру туралы” заңында  (07.  06.  1999
ж.) елдегi  бiлiм  беру-тәрбиелiк  процестi  мемлекеттiк-құқықтық  реттеудiң
мәселелерiне айрықша көңiл бөлiнген. Бұл құжаттың  нақты  жасалған  құқықтық
негiзi  бар,  ол  ата-аналарға  және  балаларға,  олардың  қазiргi  заманны?
талабына сай зиялы бiлiм алуларына,  құқықтық  кепiл  бередi.  Ата-ана  және
басқа құқық өкiлдерi балаларға өмiр сүру мен бiлiм алу үшiн  салауатты  және
қауiпсiз жағдайлар жасау керек, бала жеке тұлғасының  интеллектуалды,  дене-
күш және адамгершілік қасиеттерiнiң дамуын қамтамасыз етулерi  керек.  Жалпы
алғанда, Қазақстан Республикасында елдегi бiлiм беру-тәрбие процесiн  жүзеге
асыратын дамыған, қызмет етiп тұрған құқықтық негiз  бар,  жанұяның  дамуына
кепiл беретiн және жанұя өмiрiнiң, жанұя ұжымындағы өзара байданыстың  терең
демократиялы қамтамасыз ететiн құқықтық нормалардың жүйесi жетiлген.
      Жанұяның  педагогикалық процесін ұйымдастырудың  теориялық  негiздерi.
Жанұя тәрбиесi туралы алғашқы педагогикалық  түсiнiктер  мен  идеялар  халық
педагогикасында пайда болған. Педагогикалық ғылымның дамуы  барысында  жанұя
тәрбиесiнiң мәселелерi нақты ғылыми-теориялық және ?дістемелiк  мазмұнға  ие
бола бастады. К.Д. Ушинский,  Л.Н.  Толстой,  П.Ф.  Лесгафт   және  басқалар
балалар   тәрбиесiн   ұйымдастыруда    олардың    даралық    ерекшелiктерiн,
бейiмдiлiктерiн,  дене-күш   және   психологиялық   даму   деңгейiн   ескеру
керектiгiне  ерекше  көңiл  бөлген.  Н.К.  Крупская,  А.С.  Макаренко,  В.А.
Сухомлинский   бала   тәрбиесiнің   теориясын   атап   көрсеткен.    Қазiргi
зерттеушiлердiң еңбектерiнде баланың жанұядағы  қарым-қатынасындағы  қызмет-
әрекетiн ұйымдастыру, салауатты өмiр  салтын  құру,  мектеп  пен  жанұя  ара
қатынасы т.б. мәселелерi қамтылған.
      Жанұяның тәрбие өмір салты, оның барлық  құрылымдық  элементтерi  бiр-
бiрiмен  тығыз  байланысты,  өйткенi  олардың  мақсат-мiндеттерi  ортақ  іс-
әрекеттерiнiң жалпы тәсiлдерi,  әдiстерi  және  бағыттылығы  бар.  Жанұядағы
тәрбиенің субъектiлерi  –  ата-ана  мен  бала,  әлеуметтiк  мақсат,  мiндет,
педагогикалық тәсiлдер, әдiстер. Осы элементтердi бiрiктiретiн негiз  –  іс-
әрекет.
      Ұйымдастырылған мақсатты жүзеге асыруда іс-әрекет болмаса,  тәрбие  де
болмайды.   Жанұядағы   тәрбиенің   маңыздылығы   ата-ананың   басшылығымен,
бақылауымен  әртүрлi  іс-әрекетке  (оқу,  еңбек,  ойын,  эстетикалық,  т.б.)
балаларды араластыру.
      Баланың жанұяда  орындайтын  тапсырмалары  оларды  орындауға  қатысуы.
Баланың  жанұядағы  орындайтын  тапсырмалары  оның   деңгейi   педагогикалық
процестiң бiрлiгi. Бұл деңгей арқылы ата-ананың ұйымдастыру және  бағыттаушы
ролiн;  ата-ана  мен  бала  арасындағы  өзара   қатынастың   сипатын;   бала
тәрбиесiне әсер ететiн жанұяның мақсатты  адамгершілік  бағыттарын;  баланың
жанұядағы  араласатын  іс-әрекетінің  алуан  түрлiлiгiн;  ата-ананың  тәрбие
құралдарын,  әдiстерiн,  тәсiлдерiн  пайдалана  алу  қабiлеттерiн;   баланың
белсендiлiгiнiң дәрежесiн көруге болады (2 суретті қараңыз).
      Ата-ананың   тәрбие   жұмысының   сапасын   оқушының   күн    тәртiбiн
ұйымдастыруынан көруге болады, онда жанұя тәрбиесiнiң маңызды  ерекшелiктерi
көрiнiс табады, жанұяның әдет-ғұрыптарының бiр бөлiгi  болып  табылады.  Күн
тәртiбi баланың уақыт аралығындағы іс әрекетiнен  тұрады:  дене  және  еңбек
қызметi, ой белсендiлiгi, бос уақыт, дер кезiнде тамақтану,  гигиена,  ұйқы.
Олардың ара қатынасы баланың жасына, оның






















 [pic]

Сурет 14. 2   Баланың белсендiлiгiнiң дәрежесiн көруге болады



жеке   тұлғасының   психикалық   ерекшелiктерiне   және    тiлек-қалауларына
байланысты өзгерiп отырады. Баланың бос уақыты оның күн  тәртiбiнiң  құрамды
бөлiгi болып табылады. Оқушының бос уақытын пайдалануы,  оның  іс-әрекетiнiң
түрлерi жанұяның тәрбие мүмкiндiктерiнiң айқын көрсеткiшi.
      Жанұяның бос уақыттағы бiрлескен іс-әрекетiнiң оқушы үшiн  маңызы  өте
зор.  Жанұя  мүшелерінің  өзара  әрекеттестiгi  ретiнде,   түсiнiсу,   сезiм
әсерлерi  негiзiндегi  бiр-бiрiне  ықпал  етуi.  Қарым-қатынас  кезiнде  іс-
әрекетпен, тәжiрибемен, сезiм әсерлерi ?атар  жүреді.  Ата-ана  мен  баланың
ара   қатынасы   жанұя   өмiрiнiң   айқын   көрiнiсi,   оның   микроклиматын
қалыптастырып, жанұяны? даму мүмкiндiктерi.  Педагогикалық  мәдениетi  төмен
жанұяларда бос уақыттың педагогикалық мәнi болмайды,  ол  тек  көңiл  көтеру
мақсатында ғана  пайдаланылады.  Педагогикалық  процестiң  қызметiндегi  іс-
әрекеттiң маңыздылығын, оның жеке  тұлғаның  өмiрлiк  болаша?ын  анықтаудағы
мақсаттылық сипатын көрсете отырып, оның нәтижелiлiгi  оқушының  белсендiлiк
дәрежесi.
      Ата-ана арасындағы, ата-ана мен бала арасындағы, балалардың арасындағы
өзара  қатынас  педагогикалық   процестiң   тәрбиелiк   механизмдерi   болып
табылады. Олар жеке тұлғалық мән берiп, көзқарастардың  дамуына,  балалардың
мiнез-құлығына, олардың  адамдарға  деген  қатысына  әсер  етедi.  Жанұядағы
өзара қатынас сипаты әдет-ғұрыптармен, ата-ананың өзiнiң бұрыңғы  жанұясынан
алған    тәрбие-нұсқауларымен,    темперамент    ерекшелiктерiмен,     ерлi-
зайыптылардың   эмоционалдық   деңгейiмен,   олардың    адамгершілік    және
педагогикалық мәдениетiмен анықталады. Осының бәрi ата-ананың  балаға  деген
қатынасында орын алады.
   Жанұяның педагогикалық процесінің негiзгi сипаттамалары.  Жанұядағы  бала
тәрбиесiнiң  жетiлуi  әлеуметтiк-педагогикалық  және  материалдық  сипаттағы
көптеген жағдайларға байланысты. Олардың бiрi –  оқушы  тәрбиесiндегi  жанұя
мен  мектептiң  ынтымақтастық  қарым-қатынасы.  Бұл  ара  қатынас   жанұяның
педагогикалық процесiнiң күйi туралы ақпарат болған  жағдайда  ғана  жемiстi
бола алады. Жанұяның педагогикалық процесi  күйiнiң  диагностикалау  жүйесiн
кесте түрiнде көруге болады (кесте 1).


      Кесте 14.2  Жанұяның педагогикалық процесінің жағдайын  диагностикалау
жүйесі.



      |Негiзгi        |Көрсеткiштер                    |Диагностикалық         |
|Көрсеткіштер   |                                |әдiстер                |
|Жанұяның жалпы |Жанұя құрылымы.                 |Жеке iс құжаттарын     |
|сипаттамасы    |Ауқаттылығы, тұрмыстық жағдайы  |зерттеу.               |
|               |3. Ата-ана туралы мәлiметтер    |Жанұяға бару (бақылау, |
|               |(бiлiм деңгейi, кәсiбi,         |әңгiме- жүргiзу).      |
|               |әлеуметтiк-мәдени құндылық      |Құжаттарды             |
|               |бағыттары, мақсат-мүдделерi)    |зерттеу,сауалнам.      |
|Өнегелiлiк-    |1. Өнегелiлiк мақсат-нұсқаулары |Сауалнама.             |
|психологиялық  |2. Жанұядағы өзара қатынас стилi|Әңгiме. Оқушылардың    |
|ауасы          |3. Ата-ананың баланың ?мір      |шығармалары. Тестер.   |
|               |әрекетiннiң мазмұнына көңiл     |“Мен және менiң жанұям”|
|               |бөлуi                           |суретi. Ранглеу        |
|Ата-ананың     |1. Ата-ананың тәрбиенiң         |                       |
|педагогикалық  |мақсатын, мiндеттерiн түсiнуi   |Сауалнама.             |
|мәдениетi      |2. Тәрбиенiң құралдарын,        |Әңгiме. Бақылау.       |
|               |фор-маларын, әдiстерiн,         |                       |
|               |тәсiлдерiн бiлу                 |                       |
|Оқушының       |1. Жанұя өмiрiне белсендi       |                       |
|сипаттамасы    |араласу                         |Бақылау.               |
|               |2. Адамгершілік,                |Педагогикалық          |
|               |интеллектуал-дық, өмiрлiк       |жағдайлар.             |
|               |мақсаттар                       |                       |
|               |3. Іс-әрекеттiң мақсаты,        |                       |
|               |себеп-салдарлары                |                       |
|               |4. Іс-әрекет түрлерiнiң алуан   |                       |
|               |түрлiлiгi                       |                       |
|               |5. Іс-әрекеттiң бiлiгi мен      |                       |
|               |әдiс-тәсiлдерiн игеру           |                       |

      Педагогикалық процестiң сипаттамалары жанұяның тәрбие мүмкiндiктерiнде
жатыр.  Оларға  байланысты  жанұядағы  педагогикалық   процестiң   тәрбиелiк
мүмкiндiктерiнiң деңгейiн айқындауға болады (жоғары, орташа,  төмен)  (кесте
2 қараңыз).

|№  |                                  |Деңгейлер                      |
|   |Көрсеткiштер                      |                               |
|   |                                  |Жоғары    |Орташа    |Төмен     |
|   |Ата-ананың мақсат-мүдделерi,      |          |          |          |
|1  |әлеуметтiк-құндылық бағыттары.    |+         |+         |-         |
|   |Ата-ананың баланың өмір әрекетiне |          |          |          |
|2  |қатынасы.                         |+         |+         |-         |
|   |Ата-ананың адамгершілік           |          |          |          |
|3  |мақсат-бағыттары.                 |+         |+         |-         |
|   |Жанұядағы өзара қатынас мәдениетi.|          |          |          |
|4  |                                  |+         |-         |-         |
|   |Ата-ананың тәрбиенiң мақсат-тары  |          |          |          |
|5  |мен мiндеттерiн түсiнуi.          |+         |+         |-         |
|   |Тәрбиенiң амалдарын, әдiстерiн,   |          |          |          |
|6  |тәсiлдерiн педагогикалық сауат-ты |+         |-         |-         |
|   |пайдалану.                        |          |          |          |
|7  |Ата-ананың баланың қызмет-әрекетiн|          |          |          |
|   |ұйымдастырудағы бiлiк пен         |+         |-         |-         |
|8  |дағдаларының болуы.               |          |          |          |
|8. |Оқушының жанұя өмiрiне араласуы.  |          |          |          |
|9  |                                  |+         |-         |-         |
|9. |Баланың іс-әрекетiнiң мақ-саты мен|          |          |          |
|10 |себеп-салдарының адамгер-шілік    |+         |-         |-         |
|   |негiздерi.                        |          |          |          |
|10.|Оқушының іс-әрекетiнiң алуан      |          |          |          |
|11 |түрлiлiгi.                        |+         |-         |-         |
|11.|Оқушының іс-әрекеттiң бiлiктерi   |          |          |          |
|12 |мен тәсiлдерiн игеруi.            |+         |-         |-         |


      Жоғары деңгей – барлық негiзгi көрсеткiштер толығымен  көрiнiс  тапқан
жанұялар. Ата-ананың әлеуметтiк жауапкершiлiгi мен  педагогикалық  мәдениетi
дамыған,  олардың  педагогикалық  ынта-ықыластары  бар.  Балалар   белсендi,
дамыған, ұйымдасқан, алдында белгiлi бiр мақсаттары  бар.  Жанұяда  оқушының
күн тәртiбi сақталады, оның өмiрi әртүрлi іс-әрекетке  толы.  Жанұядағы  ара
қатынас  демократиялық  тұрғыда   негiзделген.   Бұндай   жанұяларда   өзара
түсiнiстiк және қамқорлық рухы басым; балалардың әкесi мен анасының  қызметi
жайлы хабары бар, олардың қиншылықтары мен жетiстiктерiн де бiледi;  баланың
мектептегi жағдайы да жанұяда еркiн талқыланады; ата-ана баланы  жүйелi  оқу
іс-әрекетiне  үйретедi,  күн  тәртiбiн  дұрыс  құруға   көмектеседi,   оқуда
қиыншылықтар туған кезде көмек көрсетедi; әкесi мен анасы  баланың  сабақтан
тыс уа?ытына көңiл бөледi; баланың бос уақытын ұйымдастыруына қатысып,  оған
мақсаттылық  пен  тиімділік  элементтерiн   енгiзедi.   Жанұяларда   бiрiгiп
iстелiнген  еңбек,  табиғатқа  саяхат,  спорттық  шаралар,   кiтап   оқу   –
күнделiктi  және  жиi  болып  тұратын  құбылыстар.  Ата-ана   баланы   дұрыс
педагогикалық мәдениетке ба?ыттап оқыту мен тәрбиелеу мәселесiне әлеуметтiк-
жауапкершiлiгін түсінеді. Ата-аналар  жанұя  айтарлықтай  түзетулердi  керек
етпейдi. Олар оның  мәнiн  және  өздерiнiң  баланың  өмірін  ұйымдастырудағы
алатын орнын түсiнедi.
      Орташа  деңгейде  жанұяның  педагогикалық  процесi,   жалпы   алғанда,
қанағаттанарлық күйде, алайда  кейбiр  элементтерi,  белгiлi  бiр  мөлшерде,
түзетудi ?ажет етедi. Ата-ана бала тәрбиесiне  жауапкершiлiкпен  қараса  да,
олардың педагогикалық  мәдениетi  жеткiлiксiз:  олар  көбiнесе  тәрбиеде  аз
әдiстерiн қолданады (насихат әңгiмелер, т.б.), үй тапсырмасын тексеру  анда-
санда ғана жүргiзiледi.  Балалар  белсендi,  бiрақ  жеткiлiктi  ұйымдаспаған
және  мақсаттары  анық   емес.   Жанұядағы   өзара   қатынас   демократиялық
принциптерге  негiзделген,   алайда   авторитарлық   бедел   қалады.   Жанұя
сипатындағы ортақ  нәрсе  –  педагогикалық  процестi  ұйымдастыруда  әртүрлi
қиыншылықтардың болуы.
      Ата-ана баланы? оқу  іс-әрекетiне  көңiл  бөлгенiмен,  олардың  тиiстi
педагогикалық мәдениетi  жоқ.  Оқудың  маңыздылығын  мойындай  отырып,  олар
баланы күштеу және қатал бақылау арқылы оқуға мәжбүрлеуге тырысады.  Баланың
оқуға деген қызығушылығын дамыту, балаға көмек көрсету ата-ана үшiн  қиындық
туғызады. Олар, сондай-ақ, баланың сабақтан  тыс  іс-әрекетiн  ұйымдастыруды
да қиыналады. Бос уақытты бiрге өткiзу кездейсоқ болады. Онда жүйелiлiк  пен
педагогикалық   бағыттылық   жоқ.   Авторитарлық,   оқушыға   ықпал   етудiң
педагогикалық негiзi  жоқ  тәсiлдерiн  қолдану,  әкесi  мен  анасы  арасында
бөлiсу жанұяда орын алады.
      Төмен деңгей жанұяның іс-әрекетiнде ала ауыздықпен,  ата-ананың  нашар
педагогикалық  мәдениетi,   бала   тәрбиесiне   деген   жауапкершiлiксiздік,
педагогикалық сауатсыздығымен сипатталады. Балалардың үлгерiмi  т?мен,  олар
үшiн  жанұялық  өмiрдiң  қызығы  жоқ,  балалардың  әуестiктерi  кездейсоқтық
сипатқа ие, жасөспiрiмдер ортасының оларға кері әсерi өте үлкен.  Ата-аналар
өз  мiндеттерiн  тек  қана  оқушыны  қаржы  жағынан  қамтамасыз   ету   және
бақылаудың жалпы қызметтерiн атқару  деп  түсiнедi.  Олар  мектеппен  жүйелi
түрде байланыс жасамайды, педагогтар кеңесiн  ескермейді. Оқушының  оқудағы,
тәртiбiндегi ақауларды  мұғалiмдердiң  жаман  жұмыс  iстеуiмен  түсiндiредi.
Мұндай ата-аналардың тиiстi педагогикалық мәдениетi жоқ  және,  ең  бастысы,
педагогикалық шаралар?а қатысуға ынтасы жоқ.
      Жанұяның тәрбие жүмысын зерттеудi ұйымдастыру өте маңызды.  Ол  мектеп
құжаттарын  (оқушылар  сипаттамасы,  сынып  журналы,  медициналық  карталар)
зерттеу  мен  талдаудан  басталады.  Бұл  әдiстi   қолданғанда   алдын   ала
жоспарланған мәселелер бойынша материалдар жинау.
      Жанұя жайлы алғашқы мәлiметтердi  “Менiң  жанұям”,  “Бiздiң  жанұядағы
демалыс күнi”, “Менiң үйдегi мiндеттерiм”,  “Оқушының  жанұядағы  бiр  күнi”
атты шығармаларды жаздыру арқылы  алуға  болады.  Оқушыларға  сұрақтар  беру
солардың төңiрегiнде ақпарат алу. Шығармалар арқылы ата-аналардың  азаматтық
к?з?арасы,  жанұяның  рухани  ?мірі,  оның   мүшелерiнiң   өзара   қатынасы,
балаларға деген қатынасы туралы бiлуге болады.
      Шығармадағы   жанұя   туралы   мәлiметтердi   ата-анадан   (ата-аналар
жиналысында   өткiзiлген)   сұрақ-жауап   арқылы   алынған    материалдармен
салыстырып, қайта тексеру керек. Бұл екi әдiстi (шығарма мен  сұрақ-жауапты)
оқушылар мен ата-анадан объективтi  ақпарат  алу  үшiн  бiр  уақытта  өткiзу
керек. Жетiстiктер  мен  кемшiлiктердiң  себептерi  айқындалып,  мектеп  пен
жанұяның бiрлескен қызмет-әрекетiнiң болжамы анықталады.
      Жанұя – iштей тұрақты, тұйық ұжым. Сондықтан оны зерттеуде белгiлi бiр
қиыншылықтар  негізделеді.  Жанұяның  сипаттамасы  туралы   мәлiметтер   алу
мақсатында жанұяға барған уақыттағы бақылаулар мен әңгiме  жүргiзу  әдiстерi
қолданылады. Әңгiме кезiнде  мақсатты  түрде  белгiлi  бiр  жоспарды  ұстану
керек. Ата-анамен әңгiме өнерi мұғалiмнен өте жақсы дайындықты талап  етедi.
Педагогтiң өте маңызды қасиетi – бақылағышты?ы. Әңгiмелесiп отырған  адамның
бет әлпетiнен, қойылған сұрақтарға қатынасынан оның психологиялық  жай-күйiн
бiлуге болады.
      Жанұя  мүшелерiнiң  ара  қатынасы   мәселелерiн   анықтаудың   аталған
әдiстерден басқа тағы бiр жолы “Менiң жанұямның  суретi”  әдісін  сәби  және
жасөспiрiм жаста өткiзу тиiмдi. Оқушыларға “Өз жанұяңның суретiн  сал”,  “Өз
арманыңдағы жанұяның суретiн сал” деген тапсырмалар  берiледi.  Бұл  әдiстiң
артықшылығы сонда – балалар өз суреттерiнде жанұя мүшелерiнiң  ара  қатынасы
туралы ақпаратты өз  бетiнше,  өз  қалауымен  бейнелей  алады.  Алайда  оның
объективтiлiгi күмән келтiруi мүмкiн, оған бiрнеше себеп бар:  көзбен  көру-
моторлық  сипаттың  жетiспеуi  (бала  адамдардың   суретiн   сала   алмайды,
сондықтан өз жанұясын салудан бас тартады), кейде  бала  өзiнiң  қалауларын,
тiлектерiн шындық, ақиқат  ретiнде  беруге  тырысады  (жанұяда  жоқ  мүшенiң
суретiн салады – оның ата-анасы ажырасқан). Сондықтан “Жанұя суретi”  арқылы
алынған ақпаратты басқа да әдiстермен толықтыру қажет.
      Осы ұсынылып  отырған  жанұяның  диагностикасының  әдiстерi  мұғалiмге
объективтi ақпарат алуға және бөлек алынған немесе тұтас сынып  жанұяларының
ұжымы  ретiндегi  жанұяның  тәрбиелiк   сипатын   қарастыруға,   оқушылардың
жанұяларымен жұмысында әдетте кездесетiн мәселелердi  табуға,   ата-аналарға
бала  тәрбиесiн  жетiлдiрудiң  белгiлi  бiр  жақтарын  түзетуге  көмектесуге
мүмкiндiк бередi.
          Мектеп  пен  жанұяның  әрекеттестiк  формалары.   Қазiргi  уақытта
мектеп пен жанұя ынтымақтастық әрекетiнiң келесi бағыттары айқындалған: ата-
аналармен ұйымдастырушылық-педагогикалық жұмыс; ата-аналардың  педагогикалық
сауаттылығын  дамыту;  ата-аналармен  баланы?  оқу  үлгерiмi  мен  тәрбиесiн
жақсарту үшiн жүйелi жеке дара жұмыстарын жүргiзу.
      Ата-аналармен ұйымдастырушылық-педагогикалық жұмыс ата-аналар комитетi
(жалпы  мектептiк,  сыныптық),   ата-аналар  жиналысы  және  конференциялары
сияқты формалар арқылы жүзеге асады.  Ата-аналар  комитетi  –  ең  белсендi,
ықыласты деген ата-аналардан тұратын  қоғамдық  орган,  ол  жалпы  мектептiк
(жалпы  мектептiк  ата-аналар   комитетi)   немесе   сыныптық   жиналыстарда
(сыныптық ата-аналар комитетi) сайланады.  Ол  5-6  адамнан  (өзара  негiзгi
мiндеттердi бөлiп алатын председательден және 4-5 мүшесiнен)  тұрады.  Керек
болған жағдайда ата-аналар комитетiнiң жанында кеңестер, комиссияның  ынталы
топтары құрылуы мүмкiн.
      Дұрыс  және  тұрақты  қызмет  ететiн  ата-аналар  комитетi   –   сынып
жетекшiсiнiң оң қолы. Сыныптың барлық күнделiктi  жұмысы  (ұйымдастырушылық,
орындаушылық,  бастамалық,  тәрбиелiк,  бақылаушылық,  үгiттеушiлiк)   сынып
жетекшiсiнiң  шебер  әрi  бағыттаушылық  ықпалымен  ата-аналар   комитетiнiң
көмегiмен  жүзеге   асырылады.   Ата-аналар   комитетiнiң   мүшелерi   сынып
жетекшiсiне  мектеп  пен   оқушылардың   жанұялары   арасындағы   байланысты
орнатуға,   сыныптан   тыс   тәрбие   жұмыстарын   (мерекелердi,   кештердi,
саяхаттарды,   театрға   саяхатты,   т.б.)   өткiзуге   көмектеседi.    Олар
педагогикалық жағынан кемшiлiгi бар балалардың ата-аналарымен  арнайы  жұмыс
жүргiзе алады.
      Ата-аналар комитетi жұмысының жемiстi болу шарттары – оның мүшелерiнiң
ата-аналар  ұжымының  алдында  есеп  беруi,  оның  іс-әрекетiне   дем   беру
(алғыстар,  грамоталар,  жұмыс  тәжiрибесiн  талдап   қорыту   және   арнайы
бюллетендер  шығару  арқылы),  сынып  жетекшiсiмен  үздiксiз   ынтымақтастық
әрекет.
      Мектептiң    жанұялармен    ұйымдастырушылық-педагогикалық    жұмыстар
жүйесiнде мектеп кеңестерiнiң  қызмет-әрекетi  ерекше  орын  алады,  олардың
қызметтерi сан түрлi болып келедi. Олар ата-аналардың  мектеппен  байланысын
нығайтуға, олардың  педагогикалық  сауаттылығын  ұйымдастыруға  ықпал  етiп,
кейбiр  жанұяларға  т?рбиеден  көмек  көрсетедi  (көп  балалы   отбасыларға,
жағдайы нашар жанұяларға).
      Кей мектептерде құрамына  жергiлiктi  әкiмшiлiк  өкiлдерi,  кәсiпорын,
фирма,  мәдени-ағартушылық  ұйымдар,  мәдени  ұлттық  орталықтар   басшылары
кiретiн  қамқорлық  кеңестерi  қызмет  етедi.  Қамқорлық  кеңестер  мектепке
жөндеу және жабдықтау жұмыстарында, компьютерлеуде, тiлек-қалаулары  бойынша
клубтарды ұйымдастыруға, кәсiби  бағыттарында,  еңбекке  орналасуда,  мектеп
бiтiрушiлердiң одан әрi бiлiмiн жалғастыруда демеушiлiк көмек көрсетедi.
      Мектеп пен жанұялардың ынтымақтастық  әрекеттерiнiң  ұйымдастырушылық-
педагогикалық   формаларына,   сондай-ақ,   ата-аналар    жиналыстары    мен
конференциялары жатады. Олар жалпы мектеп бойынша да, жеке сыныптар  бойынша
да өткiзiледi. Жалпы мектептiк ата-аналар жиналысы  немесе  конференцияларда
жанұя мен мектептiң оқыту-тәрбие жұмыстарын жетiлдiрудiң  өзектi  мәселелерi
талқыланады.  Мектептегі  ата-аналар  жиналысы,  әдетте,  жылына   2-3   рет
өткiзiледi.
      Жанұямен ұйымдастырушылық-педагогикалық жұмыстың  ең  тiкелей  формасы
жеке сынып оқушылары ата-аналарының жиналыстары. Мұндай  жиналыстарда  сынып
жетекшiлерi оқушылардың үлгерiмi мен  тәртiбiнiң  сынып  өмiрi  жайлы,  ұжым
мiндеттерi туралы, т.б.  ақпарат  бередi.  Жиналыстар  жанұя  мен  мектептiң
тәрбие жұмысында ортақ мақсаттарды анықтау үшiн  өте  маңызды.  Жиналыстарды
оқушылармен  бiрiгiп  өткiзген  тиiмдi.  Ата-аналар  жиналысы  әртүлi  болуы
мүмкiн:  тақырыптық,  жиналыс-практикумдар,  қорытынды,  тоқсандық,  жылдық,
топтық, әңгiмелесу-жиналыстар, т.б. Жылына бiр рет  болса  да  сынып  немесе
мектеп  деңгейiнде  диагностикалық  негiзде  ата-аналар  жиналысын   (немесе
конференцияларды)  өткiзiп  тұру   керек,   яғни   бұл   процестiң   жетекшi
(өзгермелi) сипаттары арқылы мектептегi және жанұядағы шынайы жайды  анықтау
үшiн керек.
      Жанұяға бала  тәрбиесiнде  көмек  көрсетудiң  ықпалды  тәсiлi  –  ата-
аналардың педагогикалық сауатын дамытуды ұйымдастыру.  Мектеп  ата-аналардың
педагогикалық сауатын дамытуды ата-аналар жиналысын, консультациялар, сұрақ-
жауап кештерiн, әкелер конференцияларын, т.б.  өткiзу  арқылы  ұйымдастыруға
тырысады.  Бұл  орайда,  әрбiр   мектеп   өз   жағдайына,   “жанұя   суретi”
ерекшелiктерiне, оқушылар тәрбиелiлiгiне сәйкес ата-аналардың  педагогикалық
сауатын дамытудың нақты  жүйесiн  жасайды.  Көбiнесе  оқушылар  ата-анасымен
бала тәрбиесiн жақсартудағы педагогикалық консультациялар  және  практикалық
кеңестер сипатындағы жеке дара жұмыс жиi қолданылады.
      Ата-аналарға жанұя  тәрбиесiн  жақсарту  мақсатында  жеке  дара  көмек
көрсетiп, ықпал жасай отырып, мұғалiм педагогикалық әдептiлiк сақтау  керек.
Мұғалiмдердiң  ата-аналарға   оқушылардың   мектептегi   “жаман”   тәртiбiне
шағымдануы әрқашанда терiс  бағаға  ие  болады.  Мұндай  шағымданулардың  еш
нәтижесi болмайды, керiсiнше олардың тигiзер зияны өте зор.  А.С.  Макаренко
мұғалiмдердi   ата-аналарды   мектепке   шақыртудан,    балалар    тәртiбiне
шағымданудан сақтандырған: “Кей ата-ана мұндай әңгiмеден кейiн қолына  қамшы
алады, ал  кейбiреуi  болса  еш  нәрсе  iстемейдi  де,  нәтижесiнде  барлығы
бұрыңғы қалпында қалады”, – дейдi А.С. Макаренко.
      Ата-аналар  оқушылардың  оқу  еңбегiнiң  әртүрлi  шараларын   өткiзуге
қатыстырылады (пәндiк тақырыптық кештер, танымдық-ойын-сауық
ойындар,  үйiрмелiк  сабақтар,  т.б.).  Көптеген  мектептерде   “Ашық   есiк
күндерi”  дәстүрге  айналған,  бұл  күнi  ата-аналар   сабақтарға   қатысып,
сабақтағы өз балаларын бақылауға,  олардың  белсендiлiк  деңгейiн  және  оқу
материалын игеру тереңдiгiн бағалауға мүмкiндiк  берiледi.  Олар  бұл  күнi:
пәннiң ерекшелiгiн ескере отырып үй жұмысын қалай орындау керек,  оқушы  пән
бойынша оқу жұмысының  қандай  тәсiлдерiн  игеру  тиiс,  осы  пәндi  игеруде
қандай қиыншылықтар туындайды және оқушыға оларды жеңу үшiн қалай  көмектесу
керек, т.б. өзектi мәселелердi шешуде бiлiктi көмек ала алады.  Ата-аналарға
жанұя тәрбиесiнiң тәжiрибесiмен алмасудың әртүрлi формалары ұсынылады.
      Жанұяны  мектеп  жұмысына  тартудың  нәтижелi  формасының  бiрi  “кiшi
педагогикалық  кеңестер”,   ата-аналардың   белсендi   мүшелерiмен   бiрiгiп
мұғалiмдердiң нақты бiр сыныптың оқыту-тәрбие процесiнiң әртүрлi  мәселелерi
бойынша ерекше кеңестер өткiзуi (3 суретті қараңыз).


















































      Сурет 14.3  Жанұя мен мектептің педагогикалық процестерінің өзара  іс-
әрекеттесу формалары


        Осылайша, мектеп пен жанұяның сынып жетекшiсi арқылы реттелетiн
педагогикалық процестерiнiң ара қатынасы мұғалiм қызметiнiң диагностикасы
негiзiнде қойылған мiндеттерiмен анықталады. Сынып жетекшiсi қалыптастырған
мақсат пен мiндеттер оның оқушылар мен олардың жанұяларымен ?рі қарай
жұмысының бағыттарын да анықтайды.











Өзiн өзi бақылауға арналған сұрақтар

          1) Жанұяның педагогикалық процесiнiң құрылымын  ашыңыз.  “Жанұяның
педагогикалық процесiнiң компоненттерi және олардың ара  қатынасы”  сызбасын
жасаңыз.
            1)  Педагогикалық  процестiң  заңдылықтары  мен  принциптерiнiң
               жанұядағы  бала  тәрбиесiнiң   нәтижелiлiгiне   ықпал-әсерiн
               көрсетiңiз.
            2) Жанұяның педагогикалық процесi дамуының қозғаушы күшi неде?
            3) Жанұяның педагогикалық процесiнiң дұрыс  ұйымдасқаны  туралы
               қандай көрсеткiштер арқылы бiлуге болады?
            4)  Жанұяның  педагогикалық   процесiнiң   негiзгi   сипаттарын
               (өзгермелi) зерттеу  үшiн  диагностикалық  әдiстер  жиынтығы
               керек екенiн дәлелдеңiз.
            5) Әңгiме әдiсiн қолданғанда қандай талаптарды орындау керек?
            6) Сынып жетекшiсiне тәрбиелiк жұмыс жоспарын  құруда  жанұяның
               педагогикалық процесiнiң қандай көрсеткiштерiн ескеру керек?
            7)  Мектеп  пен  жанұяның  ынтымақтастық   әрекетiнiң   негiзгi
               формаларын атаңыз.

Әдебиеттер
        1. Азаров Ю.П. Семейная педагогика: Педагогика   Любви  и  Свободы.
           М.,1993.
        2. Арнаутова Е.П., Иванова В.М. Общение с родителями.- М., 1993.
        3. Байдельдинова Г.К. Методика изучения семьи. Алма-Ата, 1983.
        4. Байдельдинова Г.К. Школа и семья формируют  человека.  Алма-Ата,
           1984.
        5. Куликова Т.А. Семейная педагогика  и  домашнее  воспитание.  М.,
           1999.
        6. Макаренко А.С. Книга для родителей. М.,1983.
        7. Международная Конвенция ООН о правах ребенка. М., 1989.
        8. Прихожан Л.М., Толстых Н.Н. Дети без семьи  М., 1990.
        9. Семья глазами психолога. М., 1995.
       10. Семейный кодекс Республики Казахстан. Алматы, 2000
       11. Сухомлинский В.А. Родительская педагогика. Соч. в 3-х  томах  Т.
           3. М., 1981.
       12. Хмель Н.Д., Байдельдинова Г.К., Жукенова К.А., Илларионова Л.П.,
           Тригубова Н.Н. Влияние единства содержания и формы  работы    на
           профессиональную подготовку учителя (аспект:  работа  учителя  с
           семьями школьников). Методическое  пособие.  Алматы,   1995.










Тақырып 15  Тұтас педагогикалық процестегі оқыту-жеке
       тұлғаны қалыптастыру құралы (1 сағат)

Мақсаты:
Тұтас педагогикалық процестi оқыту  процесiн  жеке  тұлғаны  қалыптастырудың
құралы ретiнде негiздеу.
Міндеттерi:
а) тұтас педагогикалық  процестiң  құрамдас  бөлiгi  ретiнде  оқытудың  және
“дидактика”, “оқыту процесi”,  “оқытудың  қызметi”,  “оқытудың  бөлшектерi”,
“оқыту  процесiнiң  қозғаушы  куштерi”  “оқытудың  зандылықтары”,  “оқытудың
ұстанымдары” ұғымдарының мәнiн сипаттау;
ә) тұтас педагогикалық процесс құрылымында оқытудың  мақсатын,  мiндеттерiн,
қызметтерiн ашып көрсету;
б)  дидактиканы  педагогика  ғылымында  бiлiм  беру  мен  оқытудың  теориясы
ретiнде негiздеу.
Жоспар:
1. Оқытудың  мәнi,  мақсаты,  мiндеттерi,  қызметi,  заңдылықтары,  қозғаушы
күштерi мен ұстанымдары.
2.Оқытудың әдiснамалық негiзi.
З.Оқытудың психологиялық негiзi.
4.Дидактика оқытудың және бiлiм берудiң теориясы.
5.Оқыту үрдiсiнің моделi.
Оқытудың  мәні,  мақсаты,  мiндеттерi,  қызметтерi,  заңдылықтары,  қозғаушы
күштерi мен ұстанымдары
Оқыту үрдiсi — оқушыға бiлiм, тәрбие берудiң және оны  дамытудың  мақсаттары
шешiлетiн  мақсатты  бағытталған,  бiрiздi  өзгерiп  отыратын  мұғалiм   мен
оқушылардың өзара әрекеттестiгi.
Оқыту –  кәзiргi  заманның  талаптарын  ескере  отырып,  оқушылар  тұлғасын,
бiлiм, iскерлiк және дағдыларды меңгерте отырып, мақсатты  қалыптастыру  мен
дамыту процесi. Оқыту - қоғамдық  құбылыс  түрiндегi  ересектердiң  мақсатты
бағдарланған  жүйелi   ұйымдастырылған   қоғамдық   қатынастар   тәжiрибесi,
қоғамдық  сананың  даму  нәтижесi,  еңбек  өндiрiсiнiң  мәдениетi,  қоршаған
ортаны қорғау мен оны белсендi қайта өзгерту туралы,бiлiмдердi аға  ұрпактың
өскелең ұрпаққа үйретiп, оны олардың меңгеруi.  Оқыту  ұрпақ  сабактастығын,
қоғамның  толық  құндылықты  қызмет  атқаруын  және  тұлғаның  соған  сәйкес
дамуына мүмкiндiк жасайды.  Оның  қоғамдағы  объективтi  міндеттерiнiң  мәнi
осында.  Оқыту  процесiндегi  негiзгi  мазмұнды   игеру   тетiгi   -   өзара
әрекеттестiктiң арнайы формасындағы  мақсатты  ұйымдастырылған  балалар  меп
ересектердiң бiрлескен iс-әрекетi, олардың мазмұнды танымдық әңгiмелерi
Түрлi деңгейлерде iске асырыла отырып, оқыту процесi  циклдiк  сипататка  ие
болды. Оқыту процесiнiң циклдерi дамуының ең  негiзгi  көрсеткiштерi,  басты
екi  мақсатка  негiзделiп  топталған,  педагогикалық  еңбектердiң  ең  жақын
дидактикалык мақсаттары:
- бiлiм беру — бұл мақсат оқушылардың танымдық iс-әрекетi тәсiлiн  меңгерiп,
олар арқылы ғылым негiздерiн игерулерiн, белгiлi бiр  бiлiмдердiң,  дағдылар
мен  iскерлiктi  үйренулерiн,  өздерiнiң  рухани,   физикалык   жене   еңбек
қабiлеттерiн жетiлдiрулерiн, еңбск және кәсiби дағдыларды игеруiн  көздейдi:

- тәрбиелеу - әрбiр оқушының  ғылыми  көзқарасын,  адамгершiлiгiн,  белсендi
шығармашылығын және әлеуметтi кемелденген жоғары адамгершiлiктегi  үйлесiмдi
дамыған тұлғасын дамытуды мақсат етедi.
Оқытудың мақсаты — дамытудың қоғамдық — тарих тәжiрибесiнiң жан —  жақтарын:
бiлiмдер мен iскерлiктерi, ғылыми, мораль, еңбек, әдебиет, өнер, жалпы  және
дене тәбиесiн меңгеруге бағытталған  мұғалiмнiң  педагогикалық  әрекетi  мен
окушының  оқутанымдық  өзара  бiрлескен  әрекетiнен  ойша  күтiлетiн   түпкi
нәтиже. Жалпы  мақсатта  қоғам  ғылымының,  техникалық,  сондай-ақ  өндiргiш
күштер мен өндiрiстiк қатынастардың дамуына сәйкес кетедi.
Оқыту педагогика ғылымының категориясы ретiнде және
оқыту процесi немесе дидактикалық процесс бiрдей мағынадағы
ұғымдар емес. Процесс оқыту жағдайларының толық
педегогикалық құбылыс ретiнде педагогигкалық iс-әректтің
үзіндісі, актiсi ретiнде ауысып отыруы. Іс-әрекет ретiнде оқыту
ұғымымен iс-әрекеттердiң шеңберiн, мiндетiн бiлдiретiн “қызмет”
ұғымы тығыз байланысты. Оқытудың қызметi оқыту процесiнiң
мәнін сипаттайдыОкытудың әлеуметтiк, педагогикалык психологиялык  мәнi  оның
қызметтерiнен  бiршама  анык   айқындалады.   Солардың   iшiндегi,   бiрiншi
кезектегi  бiршама  мәндiсi  —  оқушыларда  білiмдiлердi,  дағдыларды   және
шығармашылык iс—әрекет тәжiрибесiнiң iскерлiгiн  қалыптастыруы  (бiлiм  беру
қызметi). Оқытудың екiншi қызметi —  оқушылардың  дүниетанымын  қалыптастыру
(тәрбиелеу қызметi). Ол балалар мен ересектерде  объективтi  турде  қоршаған
орта жөнiнде ой толғауға мүмкiндiк  жасайтын  бiлiмдерiнiң  толығуына  қарай
бiртiндеп қалыптасады. Алдыңғы екi қызметiмен тiкелей байланыстағы  түлғасын
және оның өз бетiнше ойлауын дамыту қызметi атқарылады (дамыту  қызметi).
Адамның  дамуы  —  бұл  оның  денесiнің  физиологиялық  және   психологиялық
сипаттамаларының олардың  iшiндегi  ең  бiрiнші  ақыл-ойының  сапалы  дамуын
бiлдiредi. Сонымен қатар, оқытудың кәсіби бағдарлау қызметiнiң де мәнi  зор.

Үздiксiз бiлiм беруде  дайындау  қызметi,  адамды  өндiрiске  және  қоғамдық
қарым-қатынастарға белсендi араласуға  бағыттайды,  практикалык  іс-әрекетке
дайындайды, өзiнің политехникалық, кәсiби, жалпы  бiлiмi,  толық  дайындығын
үнемi жетiлдiрiп отыруға  бағыттайды.  Креативтiлiк  қызметi  тұлғаның  жан-
жақтылығын үздiксiз дамытуды көздейдi. Өзiттiң мәнi жағынан оқыту процесi  —
түрлi реттегi және деңгейдегi заңдар  мен  заңдылықтар  арнайы  айқындалатын
заңдылықты түрде дамитын процесс.  Заңдылықтар  объективтi,  мәндi  қажеттi,
жалпы, тұрақты  және  белгiлi  бiр  жағдайларда  қайталанып  отыратын  өзара
байланыстарды  бейнелейдi.   Феномен   мәнiнiң   қатаң   түрде   айкындалған
ерекшелiктер—заңдарды құрайды.


 Оқыту процесiнiң заңдылықтары:
       1.      Оқушының бiлiмге деген ынтасына оқытушы әсерiнiң сәйкестiгi;
       Бұл заңдылық баланың қоршаған дүниенi тануға  деген  ықыласын  жүзеге
асыруға жағдай жасайды,  мұғалiмнiң  балаға  өмiрде  қажет  болатын,  оларды
қызықтыратын бiлiмдi берудегi белсендi ықыласын қажет етедi.
2. Оқушылардың жеке және ұжымдық iс-әрекеттерiне оқытушының әсерiнiң  сәйкес
болу заңдылығы.
      Бұл заңдылық мұғалiмнiң,  оқыту  процесiнде  баланың  айналысатын  iс-
әрекеттерiң әрбiр түрiнiң оның қандай қасиетiн талап етiп,сонымен бiрге  оны
дамытып отыратынын түсiнуiне мүмкіндік жасайды.
          Жалпы заңдылықтар:
   - оқыту талаптарына сәйкес оқыту процесін сәйкестендіру;
   - ол білім беру,тәрбие және дамыту процестерімен байланысы;
   - оқыту процесі оқушыны нақты  оқу  мүмкіндігін  және  сыртқы  жағдайына
     тәуелді;






























































Сурет 15. 1 Оқу үрдіснің қозғаушы күштері

   - білім беру мен оқу процесі заңды түрде өзара байланысты,
   - оқытудан мазмұны ғылымен даму логикасы және деңгейіне,қоғамның талабын
     көрсететін мінднттеріне тәуелді,
   - оқытудың әдістері  мен  құралдары  және  оқуды  ынталандыру,  оқу  іс-
     әрекетінің бақылау  және  өзіндік  бақылауды  ұйымдастыру  білім  беру
     мазмұнына және міндеттеріне тәуелді,
   - оқытуды  ұйымдастыру  формалары  оқытудың  міндетіне,  мазмұнына  және
     әдісіне тәуелді,
   - үйлесімді  жағдайға  сәйкес  оқу  процесін  барлап  заңдылықтарын  мен
     компоненттерін өзара байланысын оқытуды берік, саналы және іс-әрекетті
     нәтижелі қамтамасыз етеді
   - Оқытудың барлығына  тән  заңдылықтар  қандай-да  бір  түрінде   болмыс
     көрінес беруі сөзсіз:
   -  Оқу  процесі  оқытушымен  оқушының   мақсатына   сәйкес   болады,егер
     мұғалімнің іс-әрекеті оқылатын  материалды  меңгерту  тәсіліне  сәйкес
     келсе.
   - Жеке адамды мақсатқа сәйкес оқыту бұл іс-әрекетке тікелей қалыптасуына
     байланысты.
   - Оқыту мақсаты, оның мазмұны және әдістері арасында  тұрақты тәуелділік
     бар; яғни мақсаты,  оның  мазмұнын  ,  әдісін  анықтайды,  ал  соңғысы
     мақсатқа жетудің шарты болып табылады.
    Заңдылықтар оқушы мен оқытушыны іс-әрекетінің сипатына, оның  қолданатын
   құралдарына, оқыту әдістері  және  оқу  материалының  мазмұнына  тәуелді.
   Оның көрініс табуы мұғалімнің оқыту мақсатына  толықтығын  сезінеме  және
   мақсаты жауап беретін әдістері мен құралдарын қолдануына тәуелді.
      Жалпы  ретті қарама-қайшылықтар пайда болады:
   - қоғамдық –тарихи білімдері көлемі  мен оқушының оны меңгерген   көлемі
     арасында;
   -  оқушының  жеке  танымдық  іс-әрекеті  және  қоғамдық  –тарихи  танымы
     арасында;
   - оқушының қол жететін даму деңгейімен оқыту барысында  алға  жетелейтін
     оқу міндетері арасында;
   - жеке ретті қарама-қайшылықтар пайда болады;
   - бұрынғы білім деңгейі мен оны “жататын” жаңа білім арасында;
   - білім мен оны біліктілікпен қолдану арасында;
   - оқуға және оқытуға оқушыларды қол жеткен және қажетті қатынас  деңгейі
     арасында;
   - күрделі танымдық міндеттер мен соларды шешу үшін бұрынғы  кемшіліктері
     әдістері арасында.



















































Сурет 15. 2  Оқыту теориясында қолданылатын ұғымдар



      Оқу үрдiсi құрылымының моделi Оқыту үрдiсiн тұтас жүйе ретiнде мынадай
үлгiмен көрсетуге болады оқыту  үрдiсiнiң  жүйе  ретiндегi  жүйе-құрастырушы
ұғымдары  мыналар:  оқытудың  мақсаты,  мұғалiмнiң  әрекетi  (оқыту),  оқушы
әрекетi (оқу,  бiлiм  алу)  және  нәтиже.  Осы  үрдiстiң  озгермелi  түрдегi
құрамдас бөлiктерi оқыту құралдары болып  табылады.  Оған  оқу  материалының
мазмұны,  оқыту   әдiстерi,   оқытудың   материалдық   құралдары   (көрнекi,
техникалық, оқулыктар, оқу құралдары және  басқалар),  оқытудың  ұйымдастыру
формалары  кiредi.  Оку  құралдарының  байланысы  мен  өзара   бағыныштылығы
оқытудың мақсаты  мен  оның  түпкi  нәтижелерiмен  тiкелей  байланыста.  Осы
барлық бөлiктердiң кызмет етушi бiрлiктерiн нығыздайтын  бағытын  оқыту  мен
бiлiм алу.

Өзiндiк тексеруге арналған сұрақтар

  1. Оқыту принципi дегенiмiз не?

  2. Оқыту процесiн түсiндiр.

  3. Дидактика дегенiмiз не?

  4. “Заңдылық”ұғымы ненi бiлдiредi?

  5. Оқыту процесiне қандай белгiлер тән?

  6. Таным мен оқыту процестерi өзара қалай байланысады?

  7. Оқытудың заңдылықтары мен принциптерi кандай қарым-қатынаста болады?

  8. Оқыту мен дамуды өзара байланысы қандай?



  9. Оқытудың мәнi мен принциптерiнiң өзара байланысы қандай?

 10. Оқытудың негiзгi қызметтерiнiң мәнiн ашыңдар.



 11. Әдебиеттер

   1. Баранов С.Г. Сущность процесса обучения. М., 1981

   2. Выготский Л.С. Сбор. соч. Т.6. М., 1984.

   3. Дидактика 1/Российская педагогическая энциклопедия. Т. 1.
      М., 1999.

   4. Каптерев П.Ф. Избранные педагогические соч. М., 1982.

   5. Коменский ЯЛ Избранные педагогические соч. В 2-х т. М.,
      1982.

   6. Крысько В.Г. Психология и педагогика в схемах и таблицах.
      Мн., М., 2000.

   7. Оконь В. Введение в общую дидактику. М., 1990.

   8. Садыков ТС., Абылкасьпюва А.Е. Дццакгическйе основы обучения в  высшей
      школе. А., 2000.

   9. Теоретические основы содержания общего  среднего  образования.  /  Под
      ред. В.В.Краевского и И.Я.Лернера. М., 1983.

  10.  Ушинский К.Д. Избранные педагогические соч. В 2-х т. М., 1982.



        Тақырып 16  Қазіргі мектептегі білім берудің мазмұны (1 сағат)

      Мақсаты: білім беру мазмұнымен байланысты студенттерді теориялық білім
жүйесін  тәжірибелік  тұрғыда қалыптастыруға бейімдеу.
      Міндеттері:
а) Білім беру мазмұны ұғымның мәнін ашып көрсету.
б) Білім беру мазмұнының компоненттерін негіздеу.
в) Білім беру мазмұны қандай құжаттармен айқындалатынына сипаттама.

   Жоспары:


1. Білім беру мазмұнын ұғым тұрғысында айқындау.
2. Білім беру мазмұнын қалыптастырудың принциптері.
3. Білім беру мазмұны компоненттеріне сипаттама.
4. Казіргі кездегі жалпы орта  білім  беретін  мектеп  мазмұнын  айқындайтын
нормативтік құжаттар.
      Білім  беру  мазмұнын  ұғым  тұрғысында  айқындау  Педагогикада  білім
негіздерінен бастау алған білім беру мазмұны  күрделі  көп  аспектілі  ұғым.
Білім берудің жалпы анықтамасы – тұлғаның өмір  жолында  өзін-өзі  дамытуға,
мүмкіншілігін жете білуге бағытталған кең таңдау процессі (А.Г. Асмолов).
      Демек білім беру адамның дүниені тану  процессін  қалыптастыру  арқылы
жүйелі біліммен іс-әрекет тәсілдерін  игеру,  дағды,  іскерлік,  сезім  және
ақылын дамыту жеке тұлғаны қалыптастыру нәтижесі.
      Білімді адам  деп  –  қабілеті  өте  жоғары  дамыған  көп  жағдайларды
түсінетін кей кезде оқығанын қолдана  білетін  білімді  дұрыс  ойлай  алатын
жоғарғы қасиетті адам.  Көріп  отырғанымыздай  білім  беру  ұғымы  тек  қана
оқытудың нәтижесі білім, іскерлік және дағды ғана  емес,  сын  көзбен  қарап
ойлай  білетін  айналадағы  құбылыстарды  адамгершілік  тұрғысынан   бағалай
білетін адамның өзіне деген қарым-қатынас іс-әрекетін шексіз өрістету.
      Бұған  адамды  іс-әрекеттің  маңызды  түріне  кірістіру  жолымен   қол
жеткізуге болады. Осыдан барып білім беру  ұғымының  астары  ұйымдастырылған
нормаланған процесс (және оның нәтижесі). Өткен  ұрпақтың  әлеуметтік  мәнді
тәжірибесін  келесі  ұрпаққа   үнемі   беріп   отыру   және   жеке   тұлғаны
әлеуметтендіру    және    генетикалық    бағдарламаға    сәйкес     тұлғаның
қалыптасуы.Сонымен білім беру  мазмұны  жеке  тұлғаны  дамыту  және  базалық
мәдениетін   қалыптастыруда   негізгі   құрал   болып   табылады.   Дәстүрлі
педагогикада  көбінесе  мектептің  білім  беру  қызметін   бағдарлы   жүзеге
асырумен білім беру  мазмұнын  анықтау,   білім  беруді  жүйелеу,  іскерлік,
дағды, көзін  жеткізу.


























































Сурет 16. 1   Білім беру мазмұнын қалыптастырудың логикалық-құрылымы












|            |              |                |                |            |
|қоғам       |бейнесінің    |тұлғаның,       |табиғат, қоғам, |ҚР-ның      |
|адам        |тұтастығы     |қо-ғамның       |техника туралы  |жалпыға     |
|табиғат     |ғылымдар      |мәдени-етпен    |білімдер;       |бірдей      |
|техника     |негізінің     |ғылым-ның білім |іс-әрекет       |міндетті    |
|ғылым       |білім беру    |беру мазмұнының |тәжірибені      |орта білім  |
|өндіріс     |мазмұнының    |принциптеріне   |жүзеге асырудағы|берудің     |
|орындары    |ғылыми және   |қоятын          |ойлау қабілеті; |мемлекет-тік|
|(рухани     |тәжірибелік   |талабы-мен      |шығармашылық    |стан-дарты; |
|материал-дық|мәні;         |сәйкестілігі    |тәжірибе өзіңе  |базистік оқу|
|) мәдениет  |пәнді оқытуға |оқытудың        |және басқа      |жоспары     |
|            |берілген      |маз-мұнды       |адамдарға       |(инвари-антт|
|            |уақытпен      |процес-суалдық  |қарым-қатынас   |ық,         |
|            |сәйкестігі    |бірлікте болу   |жасауда оқитын  |вариатив-тік|
|            |білім беру    |принципі        |объектінің      |,           |
|            |мазмұнын      |білім беру      |нақтылығының    |құзыр-лық); |
|            |құруда        |маз-мұнының     |бағдарлы        |оқу         |
|            |дүниежүзілік  |әр-түрлі        |эмоционалдық    |бағдарла-мас|
|            |тәжірибені    |деңгейде        |құндылық        |ы, оқу      |
|            |ескеру        |қалыптасуының   |тәжірибесі.     |құралы және |
|            |мектептің     |құрылымдық      |                |оқулықтар   |
|            |оқу-әдістемелі|бірлікегі       |                |            |
|            |к базасының   |принципі        |                |            |
|            |материалдық   |білім беру      |                |            |
|            |жағдайының    |маз-мұнының     |                |            |
|            |сәйкестілігі  |гумандық        |                |            |
|            |              |принципі        |                |            |
|            |              |білім беру      |                |            |
|            |              |мазмұнының      |                |            |
|            |              |фундаментал-дық |                |            |
|            |              |принципі        |                |            |

      Сондай-ақ танымдық күшін дамыту және тәжірибеге  дайындау,  оқу-тәрбие
жұмысының нәтижесінің жеткен жетістігі.  Бұл  бағдарлы  білім  беру  тұрғысы
мазмұнның  мәнін  анықтайды.  Мұндай  жағдайда  білім  –  тарихи  тәжірибені
іздестіру процесінде жинақталған адамзаттың рухани байлығының көрінісі  жеке
тұлғаны әлеуметтендіруге мүмкіншілік туғызу адамның социуиға енуі.
      Ғалымдардың айтуынша білім бағдарлы тұрғысы білім  беру  мазмұны  үшін
құнды  болып  табылады.  Бағдарлы  білім  беру  мазмұны   тәртіп   белгілеу,
идеологияландыру білімнің ғылыми ядросын академизмдеуге алып  келеді.  Білім
берудің мазмұны мен мәнін ашуда соңғы он жылдықта білім  беруді  ізгілендіру
идеясын жүзеге асыру  барысында  тұлғалық  бағдар  бірінші  орынға  қойылды.
Білім мазмұны туралы И.Я. Лернер, М.Н. Скаткин, В.С. Леднева, Б.М.  Бим-Бад,
А.В. Петровский еңбектерінде баяндалған. Жеке тұлғаның жан-жақты  дамуы  мен
қалыптасуын И.Я. Лернер мен М.Н. Скаткин білім мазмұнының  теориялы  тұрғыда
білім, іскерлік, дағды жүйесін түсіндіруде шығармашылық іс-әрекетпен  ерікті
сезім  тәжірибесін  меңгеруді  және   қоғамның   мәдени-рухани   материалдық
байлығын дамытып және оны сақтауды ұсынды. Бірқатар елдің педагогтары  (АҚШ,
Англия, Франция т.б.) жеке тұлғаға «жалпыадамзаттық тәрбие»  беруде,  табиғи
құбылыстарды және қоғам  өміріндегі  жағдайларды  олардың  өзара  байланысын
түсіндіруде  оқушылардың  жұмысын  ұйымдастыруда  оқу  пәндерін  кіріктіруді
негізге алып отыр.
      Бұл кіріктіру идеясы басқа әртүрлі  елдерде  жүзеге  асырылған.  Совет
мектебі ұзақ  уақыт  бойына  оқушылардың   жалпы  білім  беретін  дайындығын
көтеру міндетін шешуде оң жетістіктерге жеткен.
      Ғылым мен техниканың мәдениеттің даму деңгейіне сәйкес білім  мазмұнын
анықтауда жастарға жалпыға бірдей орта білім беруге  көшуді  камтамасыз  ету
оқу жоспарын, оқу бағдарламасын және оқулықтардың жетілдіруі жүргізіледі.
      Білім беру мазмұнында жаңаруы мектептің күрделі міндетімен байланысты,
негізгі кемшілігі сол білім  мазмұнының  жиі  өзгеруі  эмпирикалық  деңгейде
қайта құру  теориялық  негізсіз,  ешбір  болжаусыз  жүзеге  асылуы.  Жалпыға
бірдей орта білім беру  мазмұны  қазіргі  теориялық  тұжырымдама  тұрғысынан
қоғам талабы, адам нені білу  керек,  қандай  сапалық  қасиеттерді  меңгеруі
тиіс  екендігі  айтылған.  Нақты  тарихи,   қоғамдық-экономикалық   жағдайда
жасөспірімдерді дайындауға қойылатын әлеуметтік талап анықталады.
      Қазіргі жағдайда қоғамның әлеуметтік тапсырысы, оның  жалпылама  түрде
халықтың көпшілігі  ғылым  жетістіктерімен,  мәдени  құндылықтармен,  сапалы
жоғары білімді адамдардың ақыл-ой дене еңбегі жағынан қоғам өміріне  белсене
араласатын жеке тұлғаны жан-жақты қалыптастыру. Білім  беру  мазмұнын  оқыту
арқылы игерілген  тәжірибені  әріқарай  дамытып  әлеуметтік  мәдени  мазмұны
ересек ұрпақтың тәжірибесін  келесі  ұрпаққа  беруді  қамтамасыз  ету.  Ю.К.
Бабанский ғылым мазмұны негіздерін совет педагогикасында төмендегі  өлшемдер
бойынша таңдады:
       1) Ғылым туралы толық мағлұмат беру  үшін  білім  мазмұнының  негізгі
          теориялары, заңдары және ұғымдарын тұтас түсіндіру, өлшемі
       2) Білім беру мазмұны материалының  жоғары  ғылыми  және  тәжірибелік
          мәнін   мектептегі   оқылатын,   өздігінен    білімін    көтеретін
          материалдарды әрбір пәнге және оқу пәндер жүйесін енгізу.
       3) Білім  мазмұнының  күрделігі  оқушылардың  жас  ерекшелігімен  оқу
          мүмкіншілігіне сай болуын қарастыру өлшемі.
       4) Әрбір пәнді оқытуға берілген мерзімі  білім  мазмұнының  көлемімен
          сәйкес болуы.
       5) Жалпыға  бірдей  орта  білім  беру  мазмұнын  құруда  дүниежүзілік
          тәжірибені ескеру.
       6)  Қазіргі  кездегі  мектептің  оқу-әдістемелік   және   материалдық
          базасымен білім мазмұнының сәйкес болуы.
      Білім беру мазмұнын қалыптастырудың принциптері.
      Білім берудің мазмұнының  теориялық  негізі  XVIII  ғ.  соңы    XIX  –
басында қалыптасқан. Олар материалдық және формалдық деп аталған.
      Біріншісін дидактикалық материализм немесе энциклопедизм теориясы  деп
атаған.    Оны    жақтаушылар  оқыттудың     мақсаты    ғылымның     әртүрлі
санасынан кең көлемде оқушыларға білім  беру  деп  есептелген.  Бұл  пікірді
XVII  ғ.  Я.А.Коменский  өзінің  көп  жылдық   өмірін   арнаған   оқулығында
оқушыларға кажетті білімді енгізуді көздеген.
      XIX ғасырдың белгілі педагогтары білім берудің мазмұнын қалыптастыруда
материалдық  теорияны  жақтады.  Бұл  тұжырыдама   бүгінгі   күнде   де   өз
жақтастарын тапты. Кейбір  ақпаратқа  толы  оқулықтар  мен  бағдарламалардың
мазмұнына  талдау  жасағанда  оқушылардың  меңгеруі  өте  қиын   болатындығы
айғақталды.  Білім   беру   мазмұны   формальдық   теория   бойынша   немесе
дидактикалық формализм, оқытудың құралы,  оқушылардың  танымдық  қызығушылық
және даму  қабілеті  ретінде  қарастырды.  Сондықтан  оқу  құралын  таңдауды
негізгі өлшемі классикалық тілдер мен математикада оқу  пәнінің  дамытушылық
құндылығы болып  есептеледі.  Дидактикалық  формализмнің  теориялық  негізін
игерілген іс-әрекет, білім және іскерлік құрайды.
      Дидактикалық формализмді жақтаушылар  ерте  заманнан  белгілі,  мысалы
Гераклиттің ойынша «білімі көптік ақылды  емес»  Цицеронда  осындай  пікірде
болған.  Жаңа  кезеңде  дидактикалық  формализм  пайда  болды,  оның  негізі
И.Канттың философиясында және гуманизмге қарсы  тұрған  Песталоцциде  жатыр.
Оның пікірі бойынша  оқытудың  негізгі  мақсаты  «оқушылардың  дұрыс  ойлауы
немесе формальді түрде білім беруді күшейту». Германияда бұл теорияға  жақын
болған А.Дистервег,ол өзінің «Неміс ұстаздарына басшылық» - деген  еңбегінде
(1850  ж.)  өз  көзқарасын  білдіреді.  Формальдық  теорияны  жақтаушылардың
еңбегі білім беру  мазмұны  окушылардың  танымдық  кабілетінің  дамуына,  ес
ойлау тағы басқалар қабілеттеріне көңіл бөлуі. Бұл теорияның әлсіздігі   оқу
бағдарламаларында тіл, математика  пәндері  көрініс  тапқан.  Осыған  сәйкес
(құбылыстар мен заттардың көріну  процесстері)  оқушының  ойлау  қабілетінің
дамуына,  қалыптасуына,  білімді  игеруіне  әсер  етеді.   Бұл   екі   жақты
диалектикалық тәуелділік  энциклопедизмді  жақтаушыларға  түсініксіз  болды.
Оқытуды анықтау оның мазмұны арқылы  формализмді  жақтаушылар  арқылы  емес,
оқытудың   мәнін   субъективті   процессуальды   жағынан   жоғары   бағалауы
жеткіліксіз еді. Екі теория да К.Д.Ушинскийдің  ғылыми  сынына  ұшырады.  Ол
кісінің айтуынша «парасаттылық  нағыз  білімнің  арқасында  ғана  дамиды»  -
сондай-ақ мектеп адамды біліммен   қаруландырып,    сол    байлықты    қалай
колдануды үйретеді      дейді.     Орыс     педагогикасында  К.Д.Ушинскийден
бері    карай материалдық және формальдық тұрғыдан  идеямен  қамтамасыз  ету
бірлігі білім беру мазмұнын таңдауда қарастырылған.
      Қоғам   және   тұлғаның   қызығушылығын   айқындайтын    білім    беру
мазмұнының бастапқы анықтаушы оның мақсаты болып табылады.  Қазіргі  заманда
білім берудің мақсаты – қоғамдағы әлеуметтік құндылық  іс-  әрекетті  жүзеге
асыруда  тұлғаға қажетті  қасиеттерді дамыту. Оқытуға   мұндай   максат  қою
тұлғаның іскерлік, білім  дағдысы  жағынан  жан-жақты  жетілген,  толыққанды
ақыл ойы, дене бітімі ерік жігері күшті  болуын  қамтамасыз  етеді.  Өмірдің
мәдени жағын игеруге білім іскерлік дағды  өте  қажет.  Сондықтан  да  білім
ордаларында өнер мен ғылымның негізін оқыту  өз  мүддесі  үшін  емес,  нағыз
әдемілікті танып білуге үйрететін құрал. Адам –  қоршаған  ортамен  бірлікте
тұлға  болып  калыптасатын  динамикалық  жүйе.  Тұлғаның   күштілігі   уақыт
өзгеруіне байланысты  және  субъектінің  қасиеті  адамның  (онтогенетикалық)
организмінің дамуына сәйкес. Ол  іс-әрекет  жүйесінде  жүзеге  асады.  Басқа
сөзбен айтқанда субъектінің дамуы  іс-әрекеттің  жемісі.  Іс-әрекет  түрлері
(еңбек, ойын, қоғамдық) тұлғаның  дұрыс  дамып  жетілуі  үшін  жағдай  жасау
туралы сөз болып отыр.
      Осыдан барып білім берудің  мазмұнын  анықтайтын  тұлғаның  іс-әрекеті
болып  табылады.   В.С.Ледневтың   тәжірибесінде   оқушылардың   іс-әрекетін
ұйымдастыру арқылы  мазмұнын  анықтауға  болады  дейді.  В.В.Краевскийдің  –
педагогикалық теориясында жалпы білім беру  мазмұнын  қалыптастыру  принципі
қарастырылған.  Ол  принцип  білім  берудің  барлық  элементтерімен   барлық
деңгейлерінде  қоғамның  ғылым,  мәдениет  және  тұлғаның  дамуымен   сәйкес
келеді. Ол – тұлғаның өсуі үшін және мәдениетті  өмір  сүруі  ушін  дәстурлі
білім,    іскерлік,    дағды    қоғамның    әлеуметтік    дамуы     деңгейін
көрсететін білім беру мазмұнына ендіру қажет дейді.
      Оқытудың процессуалдық және мазмұндық  бірлігі  принципі  жалпы  білім
беру мазмұнын тандағанда бір жақты пәндік – ғылыми  бағдарлы  болып  келеді.
Ол білімнің мазмұнынсыз нақты оқу  процессті  жүзеге  асыра  алмайды.  Жалпы
білім беру мазмұнын құрастырғанда қажетті  принциппен  технологияны  енгізуі
қажет. Білім беру мазмұнының  құрылымдық  бірліктегі  принципі  әр  деңгейде
окушы  тұлғасы  мен  педагогикалық  іс-әрекетті  оқу  материалы,  оқу  пәнін
теориялық жағынан бірлікте қарастырады. Соңғы жылдары  білім  беру  мазмұнын
таңдағанда гуманитарландыру  және  негіздеу  бағдарлы  –  білімнен  тұлғалық
бағдарлы білімге  көшу  тенденциясы  байқалды.  Жалпы  білім  беру  мазмұнын
гуманитарландыру   принципі   жалпы   адамзаттың   мәдениетті,   оқушылардың
тәжірибелік    және     шығармашылық    жағынан  меңгеруге  жағдай  жасаумен
байланысты. Бұл принцип оқушылардың көз-қарасын  қалыптастыруға  дайындаумен
байланысты. Қазіргі кездегі қоғамның даму   жағдайы,    сондай-ақ   тұлғаның
мәдени    гуманитарлық   компоненті:  өмірлік  мәдени  өзін-өзі    анықтауы;
еңбек  мәдениеті   және  экономикалық   мәдениеті;   саяси   және   құқықтық
мәдениеті;  интеллектуалдық,  адамгершілік,  экологиялық,  өнер  және   дене
мәдениеті,  отбасымен   мәдени   қарым-қатынас   жағдайы   сияқты   көптеген
аспектілерден тұрады. Мазмұнын терең  негіздеу  арқылы  жалпы  білім  беруді
дегуманизациялауды жеңу принципі болып табылады.
      Пәнаралық байланыста, сабақтастығын  гуманитарлық  және  жаратылыстану
білімдерін кіріктіруді қалыптастыруды талап етеді. Бұлай оқыту білім  алудың
тәсілі ғана емес, іскерлік дағдыны қалыптастыру,  оқушыларды  жаңа  біліммен
қаруландыру, әдістерімен өздігінен іскерлік дағдыны меңгерудің кұралы  болып
табылады.
      Жалпы білім беру мазмұнының беріктілігі оның жүйелі түрде оқу процесін
гуманитарландыру, оқушыларды шығармашылыкпен оқу ақпарат құралдарын  шамадан
тыс емес мүмкіндігіне қарай алуға жағдай туғызады.
      Жалпы білім беру мазмұнның компоненті  тұлғаның  базалық  мәдениетімен
байланысты. Білімсіз  іскерлік  мүмкін  емес,  шығармашылық  әрекет  белгілі
білімнің іскерліктің тәрбиелеліктің негізінде калыптасады.
      Білім  мазмұнының  компоненттеріне  сипаттама.  Қазіргі  демократиялық
қоғамда еркін, шығармашылықпен ойлай білетін адамды  қалыптастыру  міндетіне
сәйкес қазіргі білім беру мазмұнында тұжырымдаманың кеңінен танымал үш  түрі
бар. Сол білім  мазмұнының  тұжырымдамасының  бірінде  ғылымдардың  негізіне
педагогикалық   бейімделуіне   мектепте   оқыта   отырып    жеке    тұлғаның
шығармашылыққа  деген  қабілеттілігі  еркін  таңдауды  іске  асыра   білуге,
адамдарға деген әділ қарым-қатынас сияқты жеке тұлғаның қасиеттері.  Қазіргі
демократиялық қоғамда адамның өз еркімен толық өмір сүруіне  емес  бұл  әдіс
оқушыларды ғылыммен және  өндіріспен  араластыруға  бағытталған.  Бұл  жерде
адам өндірістік фактор ретінде қарастырылады.
      Білім беру  мазмұнының  келесі  тұжырымдамасында  оқушылар  меңгеретін
білім, дағды, іскерлік бірлікте қарастырылады.
      Оқыту  барысында  оқушылар  міңдетті  түрде  білім  мазмұнының  астары
ретінде ғылыми  білімдер  жүйесін  тәжірибелік  іс-әрекет  дағдыны,  сонымен
бірге дүниетанымдық және адамгершілік, эстетикалық идеяларды  түсінуі  қажет
(И.Ф.Харламов). Бұл анықтама адамзаттық мәдениеттің барлық құрамын  талдауға
негізделмеген және білім мен дағдының негізі сипатын  аша  алмайды.  Негізгі
біліммен  ғылымды  меңгеру  адамға  қалыптасқан   қоғам   кұрылысының   ішкі
жағдайына сәйкес, қызмет жасауға мүмкіндік береді. Адамнан  білуді  және  не
істеу керек екенін талап ету жеткілікті. Бұл жағдайда білім беру  мазмұнының
талаптарына сәйкес;  жеткіншек  ұрпақққа  ана  тілінде  (математика,  физика
т.б.) оқу пәндеріндегі білімді және  дағдыны  жеткілікті  жеткізілуі  қажет.
Қазіргі даму жағдайында Қазақстаңдағы жалпы білім беру  мектептерінде  мұның
барлығы жеткіліксіз.
      Қоғам  өмірінің  кеибір  салаларына   байланысты   мәселелерін   шешу,
оқушылардан білім мазмұнын меңгеру, ерік-жігері, қаншалықты дамығандығын  өз
ісіне жауапкершілігін, Отанға, қоғамға өзінің тағдырына көзқарасы,  қоршаған
ортаны қорғау,  қатыгездікке,  өтірікке  төзбеу,  техникалық  және  қоғамдық
прогрестің дамуына дұрыс  көзқарасты  талап  етеді.  Тәрбиеленушілердің  осы
қасиеттерін дамыту, құндылық мәні  бар  сұраныстарды  қалыптастыру  қоғамдық
өмірдегі маңызды фактордың бірі  өздігінен  білімін  көтеруді  қажет  етеді.
Білім   беру   мазмұнының   тұжырымдамасындағы   мақсат-гумаңдық    ойлауға,
әлеуметтік  тәжірибенің   барлық   құрылымдық   бөліктерінде   педагогикалық
бейімделуіне сәйкес келеді. Одан  басқа  білім  мен  тәжірибені  іске  асыру
барысында  бұл  тұжырымдама  шығармашылық  іс-әрекеттік    және     құндылық
эмоционалдық    қатынас  тәжірибесін   енгізеді.     Әрбір    осы    аталған
әлеуметтік тәжірибелер  білім  беру мазмұнының өзіндік түрі:
1. Табиғат, қоғам, техника туралы білім, ойлау және оны  іске  асыру  .  Осы
білімдерді меңгере  отырып  оқушы  дүниенің  шынайы  бейнесін  қалыптастыру,
танымдық  және  тәжірибелік  іс-әрекетінде   дұрыс   әдіснамалық   тұрғыдаан
қамтамасыз етеді.
2. Белгілі іс-әрекет тәсілдерінің ішінде  тұлғаның  дағды,  іскерлік  ілімді
игеруі    бұл   тәжірибені   кеңейте   түсері   анық.   Жалпы   практикалық-
интеллектуальдық дағды; іскерлік   осы  тәжірибенің  мазмұнын  құрады.  Өсіп
келе  жатқан  жастар  істерді  меңгеру  нәтижесіңде  халықтардың  әлеуметтік
мәдениетін сақтауға қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
3. Шығармашылық ізденушілік әрекет қоғамда пайда болған  жаңа  проблемаларды
шешуде іске асады.  Бұрыннан  белгілі  іс-әрекеттерді  қалыптастырудың  жаңа
әдістері  алған  білімін-іскерлігін  қазіргі  жағдайда   іс-әрекеттің   жаңа
тәсілдерін өздігінен іске асыруды талап етеді.  Бұл  тәжірибе  жас  ұрпақтың
қабілетінің  дамуын  және  ары  қарай  мәдениетінің  дамуына  да  өз  әсерін
тигізеді.
4. Әрбір адамның қалыптасуының көрсеткіші ретінде белсенділігі және  өзіндік
дамуы  кішкентай  бала  кезінен  шығармашылықпен   жұмыс   істеу   барысында
қалыптасады, бірақ білім беру  мазмұнында  оны  бағдарламаға  енгізу  қажет.
Объектіге адамның іс-әрекетіне оның айналадағы қоршаған дүниеге деген  басқа
адамдардың талаптарына, тұлғаның белгілі бір объектіге  байланысты  сезімдік
қабылдауына сәйкес құндылық қатынас тәжірибесі.
     Қоршаған дүниеге катынас  нормасы  өзі-өзіне  көзқарасы,  сенімі  оған
жағымды көзқарасты білдіреді. Бұл адам мінезіндегі қатынас жеке  іс-әрекетте
көрінеді. Оқушыға бұл тәжірибелерді игеру әлеуметтік  тәжірибеде  оның  жеке
басының тәжірибесінен жеке  оқушылардың  бірлескен  іс-әрекетінен  көрінеді.
Барлық білім мазмұнының  аталған  компоненттері  бірімен-бірі  тығыз  шартты
байланысты. Білімсіз іскерлік мүмкін емес. Шығармашылық іс-әрекет білім  мен
іскерлікті  тәжірибесінен  көрінеді.  Қарым-қатынас   білімділік   іс-әрекет
тәжірибесінен көрінеді. Әлеуметтік  тәжірибеде  оқу  мазмұнын  игеруде  адам
қоғамда өздігімен істей білетін және оны өзгерте де  алатын  дәрежеде  болу.
Сондықтан да мектептегі алған білімін өмірде қолдануы, жалпы  білім  мазмұны
бір жағынан оқу-танымдық іс-әрекет жағдайында,  екінші  жағынан  іс-әрекетті
игерудің құралы болып  табылады.  Адамды  оқытуда  тұлғаның  қажеттіліктерін
өтеу  оқу  мазмұны  болып   табылады.   Мектептегі   білім   беру   мазмұнын
қалыптастырудың  негізгі  көзі  мәдениет  пен  әлеуметтік   тәжірибе   болып
табылады. Мектепте  білім  беру  мазмұнын  қалыптастырудың  жолы  әлеуметтік
тәжірибені ұйымдастыру, өнер-мәдениетпен, таныстыру.
     Адам іс-әрекетінің түрлері қоғамдық сана  формалары,  қоғамдық  қатынас
тәжірибелері, рухани құндылығы, материалдық жағдайы оқу барысыда  танымдық,
коммуникативтік, бағдарлы-құңдылық, көркемдік іс-әрекет. Білім мазмұны  оқу
материалдарын жинақтау, нақты тарихи, психологиялық-педагогикалық  өндеуден
өтеді. Білім ол мектеп бітірушінің өмірге белсенді  араласуын,  құндылықтар
мен қажеттіліктер тұрғысынан және  тұлғаның  санасымен  және  психологиялық
қасиеттерінің  даму  міндетін  шешуге   сүйенеді.   Білім   беру   мазмұнын
қалыптастыру барысында баланың жеке  басының  дамуы,  қызығушылығы,  дарыны
ескеріледі. Оқушылардың қызығушылығын арттыратын (міндетті пәндерден басқа)
өз қалауы бойынша оқу  пәндерінің  жалпы  білім  беру  мазмұнының  мақсатын
белгілеу. Мектептегі  білім  беру  мазмұнына  әсер  ететін  фактор  ретінде
қоғамдағы жалпы білім беретін мектептің алдындағы  мақсаты,  өзінің  тарихи
даму жолындағы оқу процесінің, окушылардың орта және барынша  мүмкіндіктері
және жеке тұлғаның білім алудағы  талап  тілегі.  Оқыту  процесінің  өзінде
қоғамның жеке бастың талап тілегі  мен  қызығушылығына  сәйкес  өндірістің,
ғылым мен техниканың дамуы уақыт өзгеруіне  байланысты  білімнің  мазмұныда
өзгереді.
Казіргі  кездегі  жалпы  орта  білім  беретін  мектеп  мазмұнын  айқындайтын
нормативтік құжаттар.
      Білім стандарты негізгі  нормативтік  құжат  болып  есептеледі.  Білім
стандарты саяси-әлеуметтік және мәдени  мәнді  білім  кеңістігінің  бірлігін
қамтамасыз ететін республикада жалпы білім беретін  мектептердің  әрі  қарай
дамуына қолайлы жағдай туғызады.  Қоғамдағы  жеке  тұлғаның  қажетін  өтеуге
бағытталған,  білім  берудің  мемлекеттік  нормасы  білім  стандарты  сапалы
білімділік  жүйесі  арқылы  түсіндіріледі.  Білім  стандартының   объективті
негізі  оның  мазмұны  оқу  жүктемесінің  көлемі  және  оқушыларды  дайындау
деңгейінің көлемі болып табылады.
      Әрбір объектіде белгіленген негізгі білімге қойылатын талап және норма
білім сапасын  анықтайтын  эталон  спеттес  негізінен  білім  стандарты  оқу
процесіне қатысты  іс-әрекетті  ұйымдастыруды  реттейтін  жалпы  орта  білім
сапасынынң белгіленген нормаға сәкес оған қойылатын талапқа  сай  бағытталуы
тиіс.
      Жалы орта білім беру стандартына қойылатын талаптар:
      - Қажеттілігіне  мүмкіндігіне  сәйкес  қызығушы   жақтың  әлеуметтік-
        мәдени жағдайын ескеру;
      - Соңғы нәтиженің нормаға сәйкес бағдарлы болуы;
      - Білім саласы бойынша стандарттың құзырлық келісімін сақтау;
      - Мектептің әрбір сатысында  тұлғаның  даму  міндетін  ескере  отырып
        білім мазмұнының толықтығын қалыптастыруды қамтамасыз ету;
      - Білім мазмұнының бірлігін тиімді формада жазып көрсету;
      - Оқушылардың қабілеті, қызығушылығы мен  бейімділігн  ескере  отырып
        мектептің, аймақтың, мемлекеттің жетіп  көзқарасымен  сәйкестендіре
        көрсету;
      - Оқушылардың оқу жүктемесін шамадан тыс асып кетпеуін қарастыру;
      - Тексеру кезінде технолгиялық жағынан дайын болу.
      Біздің Республика тәуелсіз тұтас бірліктегі  мемлекет,  республикадағы
мектептер әртүрлі тілде оқыту мен қатар жалпы  білім  ьеру  саясатын  сақтай
отрып мемелекеттің қызығушылығы  негізінде  дамуы  тиіс.  Осыған  байланысты
білім беру мазмұны барлық  мектепке  бірдей  міндетті  түрде  қарастырылады.
Міндетті  оқылатын  пәндер  мазмұнында  республиканың  кейбір   аймақтарының
экономикалық және мәдени-тарихи жағдайы көрініс табады.
      Кейбір  арнайы  курстарда  «Туған  өлкенің  мәдениеті   мен   тарихы»,
«Регионның экономикасы және экологиясы»  т.б.  жоғарыда  айтылған  регионның
ерекшеліктері білім мазмұнында  ескеріледі.  Оқу  жоспарындағы  жалпы  білім
мазмұнында көрініс табады. Базистік  оқу  жоспары  білімнің  сатылық  жүйелі
принципіне негізделіп құраған.
      Базистік оқу жоспарында қарастырылған мәселелер:
      - Негізгі мектепте білімін логикалық жағынан тамамдағаннан  кейін  өз
        қалауы бойынша оқуды профильдік мектпте, гимназияда, әртүрлі  орта,
        арнайы лицейлерде т.б. оқу орындарында жалғастыру;
      - Мектепті  гуманитарландыруға  байланысты  міндетті  оқу  жүктемесін
        қысқарту;
      - Бір сағаттық эффектісі шамалы курстарды азайту;
      - Республикада тіл туралы заңға байланысты оқытуды мемлекеттік (қазақ
        тілі) және басқа тілдерді мектпетің барлық түрінде оқыту;
      -  Жеке  тұлғаның  қажеттілігіне  байланысты   қоғамда   үш   бағытта
        ұйымдастырылған:  ғылыми,  жаратылыстану,  гуманитарлық-эстетикалық
        және   кәсібі-техникалық   профильді-дифференциацияланған   оқытуды
        енгізу
      -  Білім  беру  мазмұнында   көрсетілгендей   жалпы   білім   беретін
        мектептердің барлық типтері мен түрлерінде міндетті түрде оқыту.
      Базистік оқу жоспарының жобасы бойынша:
       - барлық пәндердің мазмұнына халық педагогикасындағы ұлттық мәдениет
         компоненттерін енгізу;
       - білім беруді гуманитарландыру;
       - білім беруде математика-жаратылыстану бойынша жалпы мәдени бағытты
         күшейту;
       - әр пәнді оқыту әдісінің жүйесі жаңарып отыруы тиіс;
       - оқу-әдістемелік комплексті әрбір курс бойынша құру.
      Базистік  оқу  жоспары  екі  бөлімнен  тұрады  –   инварианттық   және
вариативтік. Инварианттық  оқу  жүктемесінде  білім  беру  мазмұны  міндетті
түрде барлық оқушылар үшін қордаланып берілген.  Блоктық  пәндер  жинтығында
білім  берудің  негізгі   компоненттері   (ақыл-ой,   адамгершілік,   еңбек,
коммуникативтік,  эстетикалық  дене)  оқу  жоспарына  сәйкес  білім  берудің
инварианттық мазмұнында блок түрінде  беріледі,  математика,  жаратылыстану,
қоғамтану, өнер, дене және еңбекке даярлау.
      Вариативтік оқу жүктемесінде мазмұнын  ата-аналардың  және  балалардың
мүмкіндіктерімен күшіне сай қажетін ескере отырып  мектеп  қарастырады.  Оқу
жүктемесінің ішкі  құрылысы  баланың  жасына  тәуелді.  Бастауыш  сыныптарда
вариативтік бөлігі әр сыныпта екі-үш сағаттан қосымша сабақ  жүргізу  арқылы
оқу  уақытымен  жүзеге  асады.  Оларды  өз  таңдауы  бойынша  әр  сабақтарды
негізінен жалпы-мәдени іскерлік қалыптастыруға  бағыттап  қолдануға  болады.
Вариативтік бөлімінің екінші сатысы әр сыныпта бес  сағаттан  факультативтен
тұрады. Таңдау бойынша мектепте вариативтік бөлімнің үшінші сатысы  көпқырлы
пәндер мен сәндік курстардан тұрады. Инварианттық  және  вариативтік  бөлігі
оқытудың әртүрлі бірдей емес.
      Бастауш сыныпта инварианттық бөлігі 89% құраса барлық оқу жүктемесінің
11% вариативтік бөлігі құрайды.
      Инварианттық және вариативтік бөлігі I-II сатыда 85% және  15%,  44,8%
және 55,2%. Жалпы білім  беретін  мектептердің  сатылық  ерекшелігі  базалық
куспен анықталады, оқу жүктемесінің вариативтік және  инварианттық  қатынасы
және мазмұндық құрылымы вариативтік бөлігін  құрайды.  Осы  ерекшеліктер  үш
базистік оқу жоспарды мемлекеттік базистік  жалпы  орта  білім  беретін  оқу
жоспарын жеке қарастырады. Мектепті  бітіргеннен  кейін  өз  қызығушылығымен
таңдауы бойынша оқуды (профильды) көпқырлы мектептің  бірінде  жалғастырады.
Көпқырлы   мектеп   ғылыми-жаратылыстану   (лицей   бағдарламасы    бойынша)
гуманитарлық-эстетикалық  (гимназия  бағдарламасы)  және   кәсіби-техникалық
багытта ұйымдастырылуы мүмкін. Көпқырлы мектептің мақсаты оқушыларға  жағдай
жасау, кейбір пәндерге оқушылардың қызығушылығын  және  қабілетін  арттыруға
кей пәндерге терең теориялық  және  тәжірибелік  білім  беруге  бағытталған.
Үшінші жалпы мектепті бітіру сатысы. Білім берудің  алты  компоненты  бірдей
жалпы білім беретін мектепті бітіру дайындығына бағытталған. Бұрын  міндетті
емес болып есептеліп келген  (Өнер)  блогы  құрайды.  Бұл  блок  «Өнертануға
кіріспе» деп аталады.
      Алтаншы білім беру блогына  дәстүрлі  денешынықтыру,  еңбек,  бастауыш
әскери дайындық курсы кіреді. Осыған байланысты әр  блоктың  ішкі  құрылысын
ашып көрсету қажет. әрбір блок уақыттың өте аз мөлшерін қажет  етеді.  Білім
берудің вариативтік бөлішінің жоғарғы сатысы көпқырлы пәндерден,  қолданбалы
курс және әркімнің өз таңдауы бойынша курсатрдан тұрады.  Көпқырлы  пәндерге
негізгі  оқу  пәні  жатады,  қолданбалы  курсы  негізгі  пәндерден   білімді
тереңдетуге  және  тәжірибеге  дайындайды.  Таңдаған   курсы   бойынша   тек
факультатив қана емес, басқа да  көпқырлы  пәндердің  нақты  саласы  бойынша
басқа бағытта да қызығушылығына сәйкес білім беріледі. Жалпы  білім  беретін
оқу орындары нақты оқу жоспарын әзірлеуде, сондай-ақ  базистік  оқу  жоспары
нормативтік комплексті анықтайды.
      - оқу мерзімін жалғастыру (жалпы және жеке әр саты бойынша);
      - республикалық және мектеп компоненты мен білім  стандартының  өзара
        қатынасы;
      - жалпы орта білім берудегі вариативтік және  инварианттық  бөлігінің
        дара қатынасы;
      - базалық мектептер үшін міндетті  факультатив  сабақтарының  апталық
        жүктемесі;
      - оқушылардың апталық жүктемесі;
      - жалпы сағат саны, мемлекеттік қаржыландыру.
      Оқу жоспары – Қазақстан Республикасының  Білім  министрлігі  бекітетін
құжат, онда оқу пәндерінің құрамы саны оқу орнында оқылатын пәндерді  жүйелі
ретімен әр сыныптағы сағат санын көрсетеді.  Қазіргі  кезде  оқу  жоспарында
оқылатын  пәндер  үш  топқа  бөлінеді.  Міндетті  түрде  оқылатын   (базалық
компонент) оқушылардың таңдауы бойынша  (дифференциациялық  компонент)  және
мектептің кеңес беруі бойынша  оқылатын  пәндер,  (мектеп  және  регионалдық
компонент). Оқу бағдарламасын жасау тарихында екі принцип  қалыптасты.  Бірі
–  концентрлік,  екіншісі  –  линейный.  Біріншісінде  бағдарлама  анағұрлым
күрделі. Мысалы, бастауыш сыныпта судың үш  жағдайын  (сұйық,  газ  тәрізді,
қатты) түрін оқытса, ал  7  мен  9  –  сыныпта  судың  қайнауын  молекула  –
кинетикалық қозғалыс түрінде  түсіндіреді.  Екінші  прицип  бойынша  уақытты
үнемді пайдалану, қайталау өткеннің жалғасын логикалық оқыту т.б.
      Нақты оқу бағдарламасындағы материалдық мазмұны  әрбір  оқу  пәндердің
бойынша және барлық оқытылатын  тақырыптары  оқулықтармен  оқу  құралдарында
берілген.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
 1) Білім беру мазмұнының мәні неде?
 2) Білім беру мазмұнына тарихи сипаттама беру.
 3) Білім беру мазмұнының негізгі териясын қалыптастыруды атаңыз және  оған
    сипаттама беру.
 4) Білім беру мазмұнының атқаратын қызметі.
 5) Жалпы білім беру мазмұнының принциптерін таңдауға сипаттама беріңіз.
 6) Білім беру  мазмұнын  қалыптастыруда  пәнаралық  байланыстың  ролі  мен
    қызметі.


       Әдебиеттер

 1. Бейсембаева А.А. Теория и практика гуманизации школьного образования. –
    Алматы, 1998.
 2. Джадрина М.Ж. Дидактические аспекты дифференциации содержания школьного
    образования. – Алматы, 2000.
 3. Дидактика средней школы. (Под ред. М.Н. Скаткина. – М, 1982.
 4.   Жампеисова   В.В.   Формирование   основ   педагогической    культуры
    старшеклассников. Дисс. ... д-ра пед. наук. – Алматы, 1996.
 5. Педагогика: Большая современная энциклопедия (сост. Е.С. Ропацевич).  –
    М.: «Современное слово», 2005.
 6.  Педагогика:  учебное  пособие  для  студентов  педагогических  учебных
    заведений / В.А. Сластенин, И.Ф. Исаев, А.И. Мищенко,  Е.Н.  Шиянов.  –
    М.: Школа-пресс, 1997.
 7. Леднев В.С. Содержание образования. – М., 1989.
 8. Сериков В.В. Образование и личность. Теория и  практика  проектирования
    педагогических систем. – М., 1999.
 9. Скаткин М.Н. Проблемы современной дидактики. – М., 1984.
10. Теоретические основы содержания общего среднего образования  /под  ред.
    В.В. Кравского, И.Я. Лернер. – М., 1983.

     Тақырып 17   Оқытуды ұйымдастырудың түрлері (1 сағат)


    Мақсаты:  Оқытуды ұйымдастырудың түрлері  сабақ туралы түсінік,  негізгі
міндеттері,талаптары және шарттары.
Міндеті:
а) Сабақтың даму тарихын педагогикалық ғылыми еңбектер арқылы ашу.
ә) Оқыту үрдісін ұйымдастырудың түрлері жайлы түсінік беру.
б) Әр түрлі типті сабаққа мінездеме бере отырып, оның  негізгі  кезеңдерінің
маңызын ашу.
в)  Сабақта  оқушылардың  іс-әрекетін  ұйымдастыруда   мұғалімнің   дайындық
жағдайының негізгі міндеттерімен таныстыру.
Жоспар:
1. Оқытуды ұйымдастырудың түрлері жайлы түсінік.
2. Сабақта оқушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастыру.
3.  Мұғалімнің дайындығы.
     Оқытуды ұйымдастырудың түрлері жайлы түсінік.  Оқытуды  жүзеге  асыруда
білім мен оқытуды ұйымдастыруда  оны  модернизациялау  көзделеді.  «Түрлері»
деген  ұғым  латын  тілінен  аударғанда  «forma»   сырқы   көрініс   дегенді
білдіреді,  сыртқы  сызық-белгілі   орныққан   тәртіп.   Философия   пәнінде
«түрлері»  ішкі  мазмұнды  ұйымдастыру  деген   ұғыммен   анықталады.   Яғни
«түрлері»  ішкі  байланысты  білдіреді  және  ұйымдастыру  тәсілдері,  өзара
құбылыс, сыртқы жағдайлармен де сабақтастықта.  Былайша  айтқанда,  оқытудың
түрі-оқу материалын  меңгерудегі  оқушылардың  өзара  әрекеті.  Оқыту  түрі:
әдіспен, амалдарға, құралдарға оқушылардың  іс-әрекетіне  тәуелді  болады  .
Педагогтік  іс-әрекет  бір-бірімен,  өзара  байланысты   ықпалдастық,   әсер
етушілік, белгілі бір тапсырманы орындау  кезіндегі  оқушылармен  мұғалімнің
қарым-қатынасыі ( Чередов И.М.). Оқытудың  түрі  оқыту  үрдісінің  құрылымы-
мұғалім қызметі: белгілі бір оқу материалын игеру барысындағы  оқушының  оқу
іс-әрекетін  басқару  және  оқу  тәсілдерін  меңгерумен  сабақтас.  Сабақтың
сыртқы көрінісі оқу материалының ішкі  бөліктерінің  басын  біріктіріп  және
дидактикалық категория ретінде оқу  үрдісін  ұйымдастырудың  сыртқы  пішінін
белгілейді, мұның өзі оқушылардың  білім  сапасының  көрсеткіші  мен  өтетін
уақыты  және  орны,  оның  жүзеге  асырылу  тәртібі  секілді    жағдайлармен
байланысты.
       Педагогика  тарихында   ұлы   педагогтардың  тұжырымдары  және  оқуды
ұйымдастырудың әртүрлі  тәсілдері  белгілі.  Оның  дамып,  жетілуі  қоғамның
қажеттілігі   мен   сұранысының   талап-    мүддесіне    қатысты.    Оқытуды
ұйымдастырудың  түрлері  негізінен  былай  жіктеледі:.  Оқушының  саны   мен
құрамы,жұмыс орны, оқу  жұмысының   ұзақтығы.  Осыған  қарап  оқытудың  түрі
былайша бөлінеді:
       • жеке ( бір ғана оқушымен жұмыс істейді);
       • жеке –жұптық (оқушы-  оқушы,  мұғалімнің  оқушымен  қарым-қатынасы,
         қазіргі жағдайда  оқушымен  қарым-қатынасы  жеке  оқушының  әзірлік
         үрдісіндегі қызметі мен айқындалады );
       •  жеке-топтық  топ  мектепте  жұмыс  істейді,  бірақ  бір   мектепте
         оқытылатын  оқушылардың  жасы  әр  шаманы   құрайтын   топ   болады
         ((оқытудың бұл түрі орта ғасыр мектептерінде қолданылған).
       •  Өзара  бірлесіп  оқыту,  (аталған  оқыту  жүйесі  Англияда   пайда
         болған,атауы-беланкастер жүйесі);
       • Саралап оқыту,  оқытудың  бұл  түрі  оқушылардың  қабілетіне  қарай
         өтіледі (мангейм жүйесі);
       • Бригадалық оқыту,тапсырманы бригада алады: бір  сыныпта  5-6  оқушы
         ұйымдасады, есеп беруші-бригадир оқытудың бұл түрі ХХ ғасырдың  20-
         жылдарына тән);
       • Американдық «Винетка-жоспар», «Трампа-жоспар» және т.б.
       • Оқытудың микротоптық жүйесі (фронтальді, ұжымдық жұмыс және т.б.).
Оқыту  түрлерінің  сыныптық-сабақ  жүйесі  ХҮII  ғасырда  туысқан   тәуелсіз
мемлекеттердің  Богемия, Украина, Белоруссия елдерінің мектептерінде ең  көп
тараған және үш жүзжылдық уақыт бойы әлі дамып келе жатыр. Сынып  дегеніміз-
жас ерекшелігіне қарай тұрақты, бірге оқитын оқушылардың құрамы, бұл  жүйеде
оқушылар  мұғалімінің  тапсырмасын  сабақ  барысында  және   үйге   берілген
тапсырманы  орындайды.  Оқытудың  бұл  жүйесінің  теориялық  тағылымын  ХҮІІ
ғасырда-атақты чех  педагогы  Ян  Амос  Коменский  жасаған.  Басқа  оқытудың
түрлерімен салыстырғанда, сыныпты-сабақ жүйесінің көптеген  ұтымды  тұстарын
атап өтуге болады; сабақ құрылымын  тиімді  етіп  құру,  барлық  оқу  тәрбие
үрдісін тәртіптеуді қамтамасыз ету,  оны  қарапайым  дәрежеде  басқару,  оқу
мәселесін  талқылағанда,  оқушылардың   бір-бірімен   қарым-қатынасқа   түсу
мүмкіндігін пайдалану, белгілі міндеттерді шешу  барысында  ұжымдық  ізденіс
жасау, уақыт үнемдеу, сабақ үстінде әр  оқушының  рухани  санасын  арттыруға
құлшынысының бәсекеге түсуі, жүйелілікті  және  кезеңдік  реттілікті  жүзеге
асырып,  оның  одан  әрі  дамуына,  білімсіздіктен    білімділікке   жетіліп
отыруына ұмтылу. Бұл оқытудың түрінде де  кемшіліктер  кездеседі:  сыныптық-
сабақ жүйесі үлгірімі орташа деңгейдегі  оқушыға  бағытталған,  сөйтіп,  бір
жағынан  үлгерімі  нашар  деңгейдегі  оқушының  қабілеті  жетпейтін  күрделі
тапсырмалар келсе, екінші жағынан өте талапты оқушылар үшін ыңғайланған  оқу
объектісі болмайды, әр оқушының  жеке  қабілеті  ескерілмейді,  нәтижесінде,
мұғалім  осы  үш  түрлі  деңгейге  жекелеген  жұмысты   ұйымдастыру   амалын
қарастыруы көзделеді және оқытудың әдістері мен қарқын мөлшерін дәл  межелей
алу шеберлігі болуы талап етіледі.
    Бәрін есептей келгенде, әрине сыныптық- сабақ жүйесі тұрақталып,  жаппай
озық іс-тәжірибелер жинақталады деуге дәлеліміз бар.  Жастары  бір  шамадағы
сынып оқушыларын  бірге  оқуының  тағы  бір  жағымды  тұсы-  ол  оқушылардың
ұйымдасқан анықтықты және үзіліссіз оқу жұмысын, сонымен қатар міндетті  оқу
мен сабақтан тыс жұмысты қамтамасыз етеді.
    Сыныптық -  сабақ  жүйесі  өзіне  көптеген  оқу  үрдісін  ұйымдастырудың
бірқатар  кешендерін  қосып   алады.   Оған   жататындар:   экскурсия,   оқу
шеберханасындағы  сабақтар,  тәжірибелер,  еңбек   жіне   өндіріс   түрлері,
сыныптан тыс жұмыстардың түрлері (пән  үйірмелері,  студия,  ғылыми  қоғамы,
олимпиада, байқаулар, конференциялар).
     Оқытудың осы түрі ауқымында  жұмыстың  ұжымдық,  топтық,  жеке  даралап
және саралап оқыту  немесе  қарапайым  мазмұндағы  түрлері  ұйымдастырылады.
Сыныптағы барлық оқушыларға  бір  тектес  тапсырмалар  берілгенде  (жазбаша,
зертханалық және тәжірибешілік немесе практикалық  сабақтар),  онда  саралап
оқыту жұмысы жүргізілмейді, ал сыныпта топтар әртүрлі тапсырмалар  орындаса,
бір мәселені шешсе, бірге  отырып  барлығы  тақырыпты  меңгереді,  міне  сол
арқылы жұмысты әрі ұжымдық фронтальды, топтық түрлері іске асады.
      Жоғарыда   жіктелген   оқытуды   ұйымдастырудың   түрлеріне    жататын
ерекшеліктің бірі – кез келген оқушының  оқу  еңбегіне  үйретеді:  тыңдауға,
ұжымдық   іс-әрекетте   берілген   сұрақты   талқылауға,   өзінің    жұмысын
ұйымдастыруға, өзінің пікірін айтуға, басқаны тыңдауға, олардың  жасаған  ой
тұжырымы   мен   дәлелдемелерімен   келісетінін,   немесе   оған   өздерінің
дәйектемелерін  дәлелдеп  қарсы  тұжырым   құруға,   басқаның   ой   түйінін
толықтыруға, конспект жазуға, баяндама мәтіндерін  жинақтауға,  библиография
құрастыруға,  білім  көздерімен  жұмыс  істеуге,  өзінің   оқу   іс-әрекетін
ұйымдастыруға, берілген уақытта  жұмысын  аяқтай  білуге  және  т.б.  топтық
жұмыста  оқушылар  көш  басылық  қызметкерлік,   бағынбаушылық   іс-әрекетті
ұйымдастыру  элементтерін  меңгереді,  үлкендер    ортасымен,   жалпы   өзін
қоршаған    ортамен    қарым-қатынас    тәжірибесін    қалыптастырады-табиғи
іскерлікке, өндірістік және әлеуметтік қарым-қатынасқа, өмірге  бейімделеді.
Оқытуды ұйымдастырудың түрінде  оқушылардың  тәрбиесі  үлкен  рөл  атқарады,
мұндай іс-әрекетте тұлғаның өзін-өзі басқару жағы басымдылыққа ие болады.
        Сыныптық –сабақ жүйесін оқытуды ұйымдастырудың ең қайнар көзі  болып
табылады. Оқытудың бұл  түрі  жас  мөлшері  біркелкі  топтан  құрылған  және
оқытудың бірдей бағдарламасы құрылған және тұрақты құрамы бар,  сабақ  үнемі
оқу кестесімен өтілетін және оқытудың бірдей бағдарламасы құрылған  жағдайда
іс-тәжірибеде  қолданылады.  Сондықтан  ол   оқу-тәрбие   үрдісінің   барлық
компоненттерін қамтиды:  мақсат,  мазмұн  құрал,  әдістер,  ұйымдастыру  мен
басқару қызметі, оның дидактикалық элементтері. Сабақтың  мңызы  мен  берілу
мәні  сабақ  үрдісінде  біртұтастық  динамикалық   жүйеге   саяды,   сөйтіп,
ұжымдықтан- жеке,  яғни  мұғалімнің  оқушыға,  нәтижесінде,  оқушының  білім
меңгеруі  оның  икемі  мен  қабілетіне  сәйкестеніп,  өзіндік  іс-әрекетінде
тәжірибеде сұрыпталып, бір жағынан қарым-қатынас  мәдениеті  дамыса;  екінші
жағынан, оқушылардың қабілеттілігі  шыңдалады.  Нәтижесінде,  сабақ  түрлері
сапасында  оқыту  үрдісін  алға  жылжытады,  ал   екінші   жағынан   оқытуды
ұйымдастыру түрі ретінде рөл  атқарады,  мұғалімнің  сабақты  ұйымдастырудың
негізгі талаптарын  айқындайды,  мұның  бәрі  дерлік  оқытудың  заңдары  мен
прицинциптерін тұйындайды. Сабақ – педагогтік шығармашылықта  құрылады  және
сондықтан да ол  біртұтастық  жүйемен  оқшаулануға  тиіс.  Кіші  бөліктердің
өзара іштей байланысы бірігіп, оқушылар мен мұғалімнің  іс-әрекеті  дамуының
бір тектес логикаға бейімделуіне бағыт жасайды.
      Сабақтың талабын орындау  мен   оны  түсінуге  байланысты,  мұның  өзі
әлеуметтік   сұранымға   қатысты   анықталып,   оқушылардың   жеке   басының
қажетсінуіне  орай  құрылады,  оқыту  мақсаты,   міндеттері,   заңдары   мен
принциптері басшылыққа алынып, жоғарыдағы іс-әрекеттің мазмұнын  айқындайды.
Жалпы талаптардың ішінде, бүгінгі  сабаққа  сәйкес  келетін,  болып  қарауға
олатын жіктеме төмендегідей: (И.П.Подласый)
       - ғылым жетістіктерінің жаңа түрін  озық  іс  тәжірибені,  оқу-тәрбие
         үрдісінің негізгі заңдарына құрылған сабақты;
       - сабақты өту үрдісінде, барлық дидактикалық принциптер мен ережелер;
       -  оқушылардың  санасын  қалыптастыруға   әсер   етерлік,   пәнаралық
         байланысты;
       - бұрынғы білімнің байланыстыруға, оны меңгеруде икем-қабілетін  және
         оқушылардың білім сапасын арттыру  барысындағы  тіректік  ұғымдарға
         сілтеме жасау;
       - тұлғаны жан-жақты дамытудың белсенді және түрінің қажеттілігі;
       - педагог оқу-құралдарын ұтымды қолдануы;
       -  алған  білімнің,   өндірістік   қызметпен,   оқушының   жеке   іс-
         тәжірибесімен байланысты жүзеге асыруы;
       - білімнің, икемнің, қабілетін тәжірибеде қалыптастыру, оны  ойлау  –
         амалы мен іс-әрекетке тиімді қолдануы;
       - сабақты диагностикалау, жоспарлау, жобалау және болжау алуы.
Әрбір  сабақ  тұтас  педагогтың   процестің    функциясын   жүзеге   асыруға
бағытталған: оқыту, дамыту, тәрбиелеу. Соның нәтижесінде сабақ  көпжоспарлы,
құрылымы әр түрлі болып келуі мүмкін. Сабақ құрылымының  ерекше көп  тараған
түрі болып келуі мүмкін. Сабақ құрылымының ерекше көп  тараған  түрі  барлық
дидактикалық міндеттерді шешуге: білімді енгізу, жаңа  материалды  зерделеу,
өткен  материалды  бекіту,  бақылау,  оқушылардың  білімін   бағалау,   үйге
тапсырма берумен байланысты.
      Көріп отырғанымыздай, сабақтың құрылымы кездейсоқ болмайды,  ол  оқыту
үрдісінің заңдылықтарын жүзеге  асырады,  жаңа  сабақты  меңгерту  логикасын
ішкі психологиялық құбылыс ретінде,  оқушының  өзіндік  ойлау  іс-әрекетінің
заңын,жеке таным қабілеті сапасында  алып,  мұғалім  қызметінің  түрін  және
оқушыны педагогтік үрдістің субъектісі  ретінде  алады.  Сабақ  элементтері,
ішінара бөліктердің  өзара біртұтастығында  аталған  заңдар   жүзеге  асады,
өзектілігі анықталып,  оқушылардың   жаңа  ұғымдық  түсініктер  қалыптасады,
сөйтіп, іс-әрекет тәсілдерін  меңгеріп оны  тәжірибеде  қолдануға  төселеді.
Педагогикалық жүйеде бұлар оқытудың  кезеңдері сияқты, негізгісі,  өзгертуге
болмайтын,  әр  сабақта  дидактикалық   бірліктегі   міндеттерді   жинақтап,
сабақтың дидактикалық құрылымының компоненті  сапасында  келеді.  Міне,  осы
компоненттер  сабаққа  қажетті  шарттар  мен   бағдарламалық   материалдарды
меңгеруге жеткілікті біліктілік  пен  икем,  қабілеттерді  және  оқушылардың
ойлау  әрекетінің  белсенділігін  өздігінен  қалыптастыру,  олардың   өмірге
бейімделуге  және  интеллектуалдық  қабілетін  дамыту  -  оқушыларды  өмірге
бейімделуге және еңбек етуге жаттықтыруға  тиісті қадам.
        Сабақта оқушылардың оқу қызметін ұйымдастыру. Сабақта  оқушының  оқу
қызметін ұйымдастыру бұл оқушы мен  мұғалімнің  сырттай  үйлесімді  қызметі,
оның өзі белгілі бір пен  тәртіп  талабынан  құрылады.  Мынандай  бағыттарға
бөлінеді: фронтальды - мұғалімнің  барлық  оқушылардың   жеке  және  өзіндік
жұмысын басқаруы,  жеке- өзіндік
Жұмыс әр оқушының  топтық  және  жұптық  қызметі.  Мұғалімнің  оқу  қызметін
фронтальді  ұйымдастыруы барлық оқушылардың  іс-әрекетінің  бірлікте  болуын
басқару, яғни барлық оқушылар  бірдей  тапсырманы  орындайды,  жұмыс  бәріне
ортақ, барлық сынып талқылайды, нәтижені салыстырады, жинақтайды. Бұл  тәсіл
оқушылар  мен   ұстаз   арасындағы   сенімді   нығайтып,   ұжымдық   сезімді
тәрбиелейді,  пікірлерді  талқылауы  ширайды,  басқаның  ойын,  өзінің   ой-
түйіндерімен салыстырады, қателерін табуға  жаттығады.  Мұғалімге  қойылатын
басты талап оқушылардың ішінен ең тиімді ой-тұжырымды дәл  таба  білуі,  оны
алдын ала болжауы, оқу  ситуациясын  туғызуы,  сабақтың  міндеттеріне  жауап
іздеуі; барлық  айтқысы келген ынталы оқушыны ықыласпен таңдауы, оны  мәдени
тұрғыда қолдауы,  мұнымен  бірге  қажетті  сәттерде  түзетулер  енгізуі,  әр
оқушының мүмкіндігіне жол ашу.
         Фронтальды  оқытуды  ұйымдастыру   проблемалық,   ақпараттық   және
түсіндірмелі иллюстративті мазмұнда  және  репродуктивті  және  шығармашылық
тапсырмалармен келуі мүмкін. Мұнда шығармашылық  негізге  құрылған  тапсырма
бірнеше шағын тапсырмаларға бөлінеді, жұмыстың бұл түрі  барлық  оқушылардың
белсенділікпен іс-әрекетте болуына  жағдай  туғызады.  Бірақ,  сабақтың  бұл
түрінде  көптеген  кемшіліктер  бар,  жұмыс  барысында  оқушылар  әр   түрлі
деңгейде  өз мүмкіндігіне қарай білімін арттыра алмайды, бәрінің білімі  бір
мөлшерде оқшауланбайды, әсіресе, нашар үлгеретін оқушыға  мұғалімнің  көмегі
үнемі қажет болса, ал қабілеті өте жоғары оқушыда уақыт артық қалады.
       Сол себепті сабақтың тиімділігін арттыру үшін сабақтан басқа  түрлері
де пайдалану керек.
      Жеке жұмысты ұйымдастыру  сабағында  әр  оқушының  өзіндік  іс-әрекеті
ескеріліп, оған арнаулы әзірліктер  жасалып,  оқу  мүмкіндіктері  алдын  ала
есепке  алынады:  әдебиеттермен,   анықтамалармен,   энциклопедиямен   жұмыс
міндетін шешу, шығарма әзірлеу, реферат жазу.
      Жеке жұмысты ұйымдастыру  барысында  екі  түрлі  тапсырма  орындалады:
жеке және жекелендіру. Біріншісінің  ерекшелігі  ол:  оқушы  алдымен  барлық
сыныпқа  берілген  тапсырманы  орындайды,  басқа  оқушымен   қарым-қатынасқа
түспейді, бірақ жұмыс қарқынын бәріне  бірдей.  Екіншісінің  ерекшелігі,  ол
оқушы  арнаулы  тапсырманы  орындауда  өзінің   танымдық   оқу   іс-әрекетін
мөлшерлейді, атап айтсақ, әр  оқушы  өзінің  оқу  қызметінің  режиміне  орай
жұмыс  қарқынын  белгілейді.  Жеке  жұмысты  сабақтың  барлық   кезеңдерінде
жүргізу тиімді және оны бекітіп отыру көзделеді, мұның  өзі  оқушының  бұрын
меңгерген білімдерін, қабілетін, дағдысын жетілдіріп  отыруына  ықпалы  зор,
сол секілді бақылау үшін зерттеу әдісін меңгеруге жол  ашады.  Сабақтың  бұл
түрі оқушылардың өзіндік іс-әрекетін тәрбиелейді,  жинақылыққа,  ұшқырлыққа,
өзінің мақсатын айқындауға  таба  білуге   бағыттайды,  бірақ   бұл  сабақта
оқушылардың  қарым-қатынасы   шектеулі,   оны   ұжымдық   жұмыстың   түрімен
толықтыруға, топтық  жұмыс ұйымдастыруға болады.
       Топтық жұмысты оқушылардың  оқу еңбегін ұйымдастыру негізінде  құруға
мыналар жатады:
    ▪ оқу міндетін анықтау үшін сынап екі топқа бөлінеді;
    ▪ әр топ тапсырма орындайды (не бірдей, не саралап,  даралап  берілген),
      ол топ ішінен бөлініп шыққан топбасымен немесе мұғалімнің  басқаруымен
      өтеді;
    ▪ топтың енгізген жаңалығына орай тапсырмалар іріктеледі;
    ▪  топтың  құрамы  сабақтың  мазмұнына   қарай   өзгереді;   ең   жоғары
      деңгейдегі оқушының мүмкіндігін ескеру қарастырылады;
    ▪  топтың  және  құрамның  әр   түрлі   деңгейлікке   орай   оқушылардың
      қауымдастық құрамы сұрыпталады және  мұның өзң оқушыларға байланысты.
   Сабақтың топтық  жұмыс  түрінде  оқушы  саны  көбейеді  және  жеке  жұмыс
барысында оқушыға не  топ  басшысының,  не  мұғалімнің  көмегі  қажет  болып
отырады (фронтальды және жеке жұмыс кезінде мұғалімнің оқушыға  көмек  беруі
қиындай түседі, сондықтан олар жеке  жұмысқа  көшкенге  дейін  кезек  күтуге
мәжбүр).
      Топтық жұмыс практикалық жұмыстарды,  зертханалық  және  жаратылыстану
ғылыми  тақырыптардағы  практикалық   жұмыстарды,  сондай-ақ  шет   тілдерді
меңгеруде,ауыз екі сөйлеуде тілді дамыту  бағытында  және  еңбек  сабақтарын
өткізгенде өте тиімді.  Жұмыстың  бұл  түрінде  ұжымдық  талқылау  қолданыла
отырып, өзара кеңес беріп, өлшемдік  параметрлері  күрделеніп,  өздік  жұмыс
тиімділігі жағынан бұрынғыға қарағанда жақсара түседі.
       Әрбір қарастырылған оқыту қызметін  ұйымдастыру  түрлері  оқушылардың
сабақ барысындағы өзіне  тән  оқу-тәрбиелік  міндеттерді  жетілдіре  түседі.
Олар өзара, бірін-бірі толықтырып, дұрыс құрылған сабақтың  жақсы  нәтижесін
көрсетеді.
      Мұғалімнің  сабаққа  дайындығы.  Мұғалімнің  сабаққа  дайындығы  өзара
байланысты екі кезеңнен тұрады: сабақтарды тақырып  бойынша  жоспарлау  және
осы жоспарлауды әрбір  сабаққа  сәйкес  нақтыландыру,  әрбір  жеке  сабақтың
жоспарын терең ойластыру мен  құрастыру.
     Тақырыптық  жоспарлау оқу бағдарламасының белгілі бір  тақырыбы  немесе
тарауы бойынша  өтілетін сабақтар мен сабақтан тыс  оқу  жүйесіндегі  оқыту-
тәрбиелік үрдісі білім  беру,  дамыту  және  тәрбие  беру  қызметтерін  іске
асыруының  қолайлы  жолдарын  анықтау  үшін  қажет.  Бұл   жүйеге,   негізгі
дидактикалық  мақсатына  байланысты,  сабақтың   әр   алуан   тұрпаты   және
түрлерімен қоса оқушылардың сыныптан тыс және оқудан тыс жұмыстарының  басқа
түрлері  де  кіреді.  Тақырыптық   жоспарлаудың  ойдағыдай  іске   асырылуы,
көбінесе  мұғалімнің  оқушылар  нені  білулері  керек,  т.б.  деген   сияқты
мәселелерді  қаншалықты  терең  ойластырғанына  байланысты   болып   келеді.
Сондықтан мұғалім тақырыптық  жосапрлауды пәннің оқу бағдарламасымен,  білім
беру стандарттымен мұқият танысудан, пәнді  оқыту  кезіндегі  және  берілген
тақырып  бойынша  дидактикалық   міндеттерді  шешудегі   негізгі   тәрбиелік
мақсаттарды және оқушыларды дамыту мақсаттарын анықтаудан бастауы қажет.
     Бір сабақты жоспарлау -мұғалімнің тиянақты бір сабаққа дайындығы,  яғни
сабақты  жоспарлау,  тақырыптық  жоспарлауды  әрбір  жеке   сабаққа   сәйкес
нақтыландыру,  сабақтың  негізгі  мазмұны  мен  бағыты  анықталғаннан  кейін
сабақтың жоспары мен қысқаша мазмұнын терең ойластыру мен  құрастыру.  Сабақ
жоспары  мұғалімнің  жұмыс   тәжірибесіне,   білімдарлығына,   педагогикалық
шеберлігінің  деңгейіне  қарамастан,  әрбір  мұғалім  үшін  қажет.  Сабақтың
жоспары,  тақырыптық  жоспар,  бағдарлама  мазмұны   негізінде,   мұғалімнің
оқушыларды және олардың дайындық деңгейін білуінің негізінде  құрастырылады.
Сабақты жоспарлауда және оны өткізу  технологияларын  дайындауда  екі  өзара
байланысты  бөліктер  бар:  сабақ  мақсатын,  оның   әрбір   қадамын   терең
ойластыру; арнайы дәптерге сабақ жоспарын белгілі бір түрде жазып алу.
     Сабақтың мақсаты бағдарлама материалының мазмұны  негізінде,  мектептің
материалдық базасының және оқушылардың  белгілі  бір  оқу  жағдайына  сәйкес
ұйымдастыруға  болатын  оқу   материалымен   жұмысының   мазмұны   негізінде
анықталады. Сабаққа дайындалудың бұл бөлімінде мұғалім болашақ сабақтың  өту
барысын болжайды, оны  ой-санасынан  өткізіп,  өзінің  оқушылармен  бірлесіп
жасайтын іс-әрекеттерінің  өзіндік  бір  сценарийін  дайындайды.Өзінің  және
оқушылардың  сабақтағы  әрекеттерінің  негізгі  мазмұны   мен   бағыттылығын
анықтағаннан кейін  барып  мұғалім  оқушылар  меңгеруге  тиісті  қажет  және
жеткілікті  материалды  таңдайды,  сабақта  талданатын   жаңа   түсініктерді
енгізудің   жүйелілігін   анықтайды.   Мұғалім   оқушылардың   белсенділігін
арттыратын қызықты материалды таңдайды, оған оқушылардың  назарын  жалпылама
сұрақтар, есептер  арқылы  аударатын,  сабақтың  құрылысын  алдағы  жұмыстың
көлеміне қарай алдын ала анықтайды.
    Сонымен мұғалімнің сабаққа дайындығы  дегеніміз-  тек  оқу  материалының
тиянақты талдауы, оны оқып білу кезеңдеріне  сәйкес  құрастыруы  ғана  емес,
сонымен қатар оқушылардың осы материалмен жұмысы кезінде пайда болуы  мүмкін
сұрақтары, ауаптары, пайымдаулары -  оны  қабылдауы,  түсінуі,  т.б.Сабақтың
осындай  алдын  ала  талдасмасы  неғұрлым  тиянақты  жасалса,  сабақ  өткізу
барысында кездейсоқ жағдайларға тап болу мүмкіндігі  біртұтас  педагогикалық
процесте солғұрлым аз болады.
     Осындай  мұқият  талдаудан  кейін  және  сабақтың  құрылысын   тиянақты
ойластырғаннан   кейін   мұғалім   сабақтың   жоспарын   жасайды.   Сабақтың
конспектісі, әсіресе жас мұғалімдер үшін,  толық  және  жан-жақты  жасалады.
Мұндай конспект мұғалімге тек бір сыныптағы ғана емес, сонымен бірге  барлық
қосарқы сыныптардағы жұмысы кезінде де қажет болады.
     Алайда, сабақтың ойдағыдай өтуі тек мұғалімнің мұқият дайындығына  ғана
емес, сонымен қатар оның  оқушыларды  алдағы  сабақтағы  жұмысқа  әзірлеуіне
және  оқушылардың  өздерінің   сабаққа   деген   психологиялық   дайындығына
байланысты. Ол үшін оқушыларды келер сабақтағы жұмыс жоспарымен  таныстырып,
оларды  оқулықтың  немесе   әдеби   шығарманың   жекелеген   тараулары   мен
тақырыптарымен алдын ала таныстыруға  бағыттап,  жаңа  материалды  меңгеруге
септігін тигізетін бақылау мен күрделі емес сынақтар өткізу қажет.
     Сабақтың жоспарында сабақтың тақырыбы, сабақ өткізілетін сынып  бөлмесі
және дидактикалық міндеттері нақтыланған сабақтың мақсаты, сабақта  өтілетін
материалдың қысқаша мазмұны,  оның  міндеттері  көрініс  табады.  Сондай-ақ,
сабаққа қатысатын оқушылардың өзара қатынасын ұйымдастыру, оқушылардың  оқу-
танымдық  қызметін  дамытатын   тапсырмалар,   білім   беру   әдістері   мен
дидактикалық әдіс-тәсілдері анықталады.  Тапсырмалар  арқылы  алға  қойылған
міндеттерге қарай, ал ол міндеттерді орындау барысында бұған  дейінгі  алған
білімдері  толықтырылады,  жаңа  ғылыми  түсініктер  және  білім   жолындағы
кездесетін әр түрлі  жағдайларда  қолданыла  алатын  әрекеттердің  тәсілдері
қалыптасады, оқушылардың оқу әрекетін бақылау мен түзету жүзеге асады,  олар
білімсіздіктен білімге, епсіздіктен біліктілікке қарай қадам жасайды.
      Сабақтың сапасы мен нәтижелі өтуі, көбінесе,  мұғалімнің  өзінің  және
басқалардың жетістіктері мен қателерін дұрыс талдай  алуына  байланысты.  Өз
жұмысына талдауды сабақ  өткізе  салысымен  және  келесі  сабақтың  алдында,
яғни сабақтың конспектісінің негізі  дайын  болған  кезде  жүргізуі  тиімді.
Бұндай жағдайда мұғалім өткен сабақтың нәтижелеріне  сүйене  отырып,  келесі
сабаққа дайындығы кезінде осының барлығы  ескерілуін  ойластырады.  Өзін-өзі
бағалау  өткен  сабақтың  талдауына  негізделеді,  яғни   мұғалім    жасаған
жоспарын тағы  қайтара  талдап,  сәтсіздіктерінің  себебін  табуға  тырысып,
дидактикалық тұрғыдан ұтымды тұстарын қайталауға тырысады.
       Осылайша, қазіргі уақытта да сабақ оқушылардың мектепте  білім  алуын
ұйымдастыру түрінің ең негізгісі болып қала  береді.  Сабақтың  нәтижелілігі
мұғалімнің   дайындық   деңгейіне,   оқушылардың    оқу-танымдық    әрекетін
ұйымдастыра  алуына  және  ол  оқу  әрекетінің   нәтижесін   болжай   алуына
байланысты.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
   1. Оқу жұмысының түрлері қандай белгілермен  сипатталады?  «Білім  беруді
      ұйымдастыру түрлері» деген ұғымға анықтама беріңіз.
   2. Мектеп дамуының тарихында білім беруді ұйымдастырудың  қандай  негізгі
      түрлері қалыптасты?
   3.  Білім   беруді   ұйымдастырудың   сыныптық-сабақтық   жүйесі   қандай
      ерекшеліктермен сипатталады?
   4. Сабаққа қойылатын қазіргі талаптар қандай?
   5. Сабаққа қойылатын дидактикалық талаптардың  мәні неде?
   6.   Сабақ   үстінде   педагогикалық    үрдістің    қандай    білімділік-
      тәрбиелік,дамытушылық  және білім беру қызметтері жүзеге асады?
   7. Сабақтың негізгі түрлерін, сондай-ақ оқытудың  басқа  да  түрлері  мен
      олардың құрылысын суреттеп беріңіз.
   8. Білім, білік, дағдыны бақылау мен түзету сабағының құрылысын жасаңыз.
   9. Аралас сабақтардың мәні мен құрылымына анықтама беріңіз.
  10. Сабақты өткізу барысында оқушыларды дамыту  мен  тәрбиелеу  жұмыстарын
      жүзеге асыру қаншалықты қажет?
  11.  Қазіргі  уақытта  мектептерде   сабақтардың   қандай   жаңа   түрлері
      қолданылады?
  12. Мұғалімнің сабаққа дайындығының негізгі жұмыстарын анықтаңыз.
  13. Оқытуды ұйымдастырудың қосымша түрлерін атаңыз.
  14. Оқушылардың үлгерімін бақылауының түрлерін атаңыз.
  15. Білімді тексеру, дидактикалық  тест,  білімді  бағалау,  үлгермеушілік
      деген сияқты түсініктерге анықтама беріңіз.
  16. Оқудағы сәтсіздіктердің себебін түсіндіріңіз және оларды  болдырмаудың
      әдіс-тәсілдерін сипаттаңыз.

      Әдебиеттер:

1. Давыдов В.В.  Теория развивающего обучения.  М., 1996.
      2. Кириллова Г.Д.  Теория и практика  урока  в  условиях  развивающего
обучения. М., 1980.
3. Лемберг Р.Г.  Дидактические очерки.  М., 1964.
4. Махмутов М.И.  Современный урок.  М., 1985.
5. Онищук В.И.  Урок в современной школе.  М., 2-ое издание, 1985.
6. Подласый И.П.  Как подготовить эффективный урок.  Киев, 1987.
7. Скаткин М.Н.  Проблемы современной дидактики.  М., 1984.
      8. Хмель Н.Д.  Педагогический  процесс  в  общеобразовательной  школе.
Алматы, 1999.
 9. Чередов И.М.  Формы учебной работы в средней школе.  М., 1988
     10. Яковлев Н.М.,  Сохор А.М. Методика и техника урока  в  школе.   М.,
1985.


     Тақырып 18  Сабақ – педагогикалық  процесте  оқытудың  негізгі  формасы
(1сағат)

      Мақсаты:   оқытудың   негізгі   формасы   сабақ   болғандықтан,   оның
ерекшеліктерін көрсету.
      Міндеті:
      а) «оқытудың формасы», «сабақ – оқытудың негізгі  формасы»,  «сабақтың
құрылымы» туралы түсінік беру;
      ә) оқыту формасы педагогикалық процестің компоненті рөлін көрсету;
      б) сабақтың дидактикалық міндеті, типі, құрылымына мінездеме;
      г) сабаққа қойылатын талаптар;
      д) сабақта өздігінен талдау және алгоритмдік талдауды негіздеу.
      Жоспар:
   1. Сабақтың оқыту формасының жетекші рөлі.
   2. Сабақтың дидактикалық міндеті, типі, құрылымы.
   3. Сабақта  оқушылардың  қарым-қатынасы  мен  іс-әрекетіне  педагогикалық
      басшылық.
   4. Сабақ құрылымында дидактикалық және психологиялық байланыс.
   5. Қазіргі сабаққа қойылатын негізгі талаптар.
   6. Сабаққа талдау педагогикалық процестің компоненті ретінде.
   Оқытудың  формасы  –   педагогикалық   процестің   бір   компоненті,   ол
технологиялық  блоктың  педагогикалық  қарым-қатынастың   тәсілі,   формасы,
әдісі, жолдары, оқушыларға тапсырма, құрамына кіреді. Бұл,  мұғалім  аталған
компонентті қолданғанда,  педагогикалық  процестің  заңы  мен  заңдылықтарын
түсініп, оқыту формасы оның бөлігі екенін сақтау. Оқыту формасының  түрлері:
сабақ, практикалық және лабораториялық сабақтар,  оқу  экскурсиясы,  лекция,
семинар, өндірістік практика, үй тапсырмасы және т.б.
   Оқыту формасына мінездеме:
    - ұжымдық және дара оқытуды бірлестікте жүргізу;
    - оқушылардың өздік жұмыстарының дәрежесі;
    - педагогикалық басшылықтың тәсілдері.
   Қазіргі мектепте  оқытудың  жетекші  формасы  сабақ  (оның  типтері  және
әртүрлігі). Қазір дәстүрлі сабақпен қатар, дәстүрлі  емес  түрлері:  диалог-
сабақ,  диспут  сабақ,  сабақ  –  конференция,  сабақ-саяхат,  интегративтік
сабақ,   оқушылардың   танымдық   белсенділік    дәрежесінің    жоғарлығымен
ерекшеленеді.   Сабақ-педагогикалық   (оқу-тәрбие)    логикалық    жүйелеген
құрылымдық бөлігі, сыныпта әр оқушының ерекшелігін  ескере  отырып,  олардың
мақсатты түрде ғылым негіздерін меңгеріп,  оқушының  тәрбиесі  мен  танымдық
қабілетін дамыту, яғни сабаққа  педагогикалық  процестің  барлық  құрылымдық
компоненті мақсат,  міндет,  мазмұны,  тәсілі,  әдісі,  жолдары,  оқушыларға
тапсырма қатысады (Н.Д. Хмель 6,7).  Бұл  жағдайды  тақырыпты  және  сабақты
жоспарлағанда,  күнделікті  сабақты  басқару,  оның  барысы  мен  нәтижесіне
анализ жасау. Егер сабақтың эволюциясы оқыту формасының  пайда  болуына  көз
жіберсек, онда мыналарға сенеміз, өзгерістер мен жетістіктер мақсатты  түрде
оқушылар  ұжымының   оқу  материалын  саналы  меңгеру,  шығармашылықпен  оны
пайдалану.  Шындығында,  оқушылардың  іс-әрекеті   мұғалімнің   басшылығымен
өткендіктен,  мұғалім  іс-әрекетінің  объектісін  түсініп,  қазіргі  уақытта
педагогикалық процесте мұғалім мен оқушы іс-әрекеттің субъектісі болады.
      Үздік  мұғалімдердің  жетістігінің  себептері  мұғалімнің  оқушылардың
белсенді,  мақсатты,  технологиялық  білгір,  сабақта  шығарашылықпен   және
сабақтан тыс уақытта оқу тапсырмасын орындауға  жағдай  жасаған.  Дәл  қазір
ақыл-ойдың көптеген  белсенді  формасы  мен  оқушының  практикалық  оқу  іс-
әрекеті   дидактика   теориясында   шығармашылық   белсендіктің   динамикасы
қалыптасты. (Скаткин М.Н.)



Бұған дәлел, сабақ оқытудың негізгі формасы:
    - сабақ аяқталған, оқу процесінде  уақыты  белгіленген,  оның  барысында
      мақсатқа жетуде нақты міндеттер шешіледі;
    - сабақ – сабақ кестесі бойынша, оқу материалының  көлемі  ықшамды  және
      уақыт аралығында өткізіледі;
    - оқушылардың сабаққа қатысуы міндетті, сондықтан олардың білім,  дағды,
      білік,  оқу  материалын  меңгеруге  логикалық  ойларын  қалыптастыруға
      жағдай жасалған;
    - сабақта оқушылар әртүрлі жеке дара, фронтальды, ұжымдық  танымдық  іс-
      әрекеттке,  оқу-тәрбиенің  комплексті  міндеттерін  шеше  отырып  жеке
      тұлғаны дамыту;
    - мұғалім мен оқушының қарым-қатынасы сонымен қатар,  оқушылардың  өзара
      араласуы іс-әрекетті  ұйымдастыруда оқушылар ұжымын қалыптастырады;
    - сабақтағы қарым-қатынаста  оқудағы  қарама-қайшылықтар  шешіліп,  жеке
      тұлғаның белсенділігі, оқуға  деген  қызығушылығы  және  т.б.  жағымды
      қасиеттері тәрбиеленеді.
   Сабақтың типтері, құрылымы. әрбір сабақ белгілі объективті  элементтерден
құрылады,  біржағынан   сан   алуан   түрлігімен,   екінші   жағынан   уақыт
аралығындағы  өзара   қарым-қатынаспен   ерекшеленеді.   Осыған   байланысты
сабақтың типологиясы (типтері) сан алуан.
      Егер сабақтың элементтерін оның бөлігі  ретінде  қарастырсақ,  олардың
жеке және тұтас, оны әрі қарай бөлінбейтінін ескерсек, онда  тәжірибеде  жиі
кездесетін элементтерді (немесе дидактикалық міндеттер):
   1. Жаңа білімді игерту.
   2. Өткен материалды бекіту (оқыту, дамыту, бақылау функциялары).
   3. Оқушылардың білімін бақылау, бағалау.
   4. Үйде орындайтын оқу жұмысына түсініктеме.
   5. Білімді қорыту және жүйелендіру.
   Бұл бес дидактикалық міндет әртүрлі байланыс және сабақта  қарым-қатынас,
ол сабақтың дидактикалық құрылымы мен типологиясының негізі.
      Сабақтың құрылымы деп  -сабақтың  әртүрлі   варианттар  элементтерінің
өзара байланысы, оқыту  процесінде  қолдануы,  оның  мақсатты  пәрменділігін
қамтамасыз етеді. (Ю.Б.Зотов 1, 19).
       Сонымен  педагогтар  мен  оқушылардың   қарым-қатынасын   ұйымдастыру
негізінде варианттардың тиімді сұрыпталу  жиынтығы  сабақтың  элементтерінің
бірлесіп әрекет етуі, белгіленген мақсатқа жеткізеді.  Педагогтың  шеберлігі
дидактикалық міндеттер мен сабақта педагагогикалық  процеске  қатысушылардың
ұйымдастырушылық байланыс әрекетінде шешіледі.
      Сабақтың типтері. Олардың түрлері  сан  алуан,  сондықтан  оны  жіктеу
қиын.  Қазіргі  дидактикада  кездейсоқ  емес,   сабақты   жіктеуге   әртүрлі
көзқарастар орын алған, дегенмен ортақ нышанды  айқындамақшы.  Варианттардың
түрі:
    - дидактикалық мақсат (И.Т. Огородников);
    - дидактикалық міндет (Н.М. Яковлев);
    - оқыту әдісі (И.Н. Борисов);
    - сабақты өткізудің мазмұны мен жолдары (М.И. Махмутов) және т.б.
   М.И. Махмутовтың жіктеуі бойынша сабақтың типтері:
1. Аралас сабақ – практикада алуан  түрлі  элементтері  және  өзара  әрекеті
арқылы кең тараған. Тек солай,  үй жұмысын (сабақтың басында  немесе  кейін)
оқушы-консультанттардың  тексеруі   мұғалімнің   осы   деректерге    сүйеніп
оқушылардың жіберген кемшіліктерін  бақылау  мақсатында  қолданады.  Әртүрлі
жағдаяттық жағдайда оқу материалын игеру  сапасын  бекіту,  тексеру,  мұндай
қатынас сабақтың тиімділігін арттырады.
2.  Сабақта  жаңа  білімді  игеру.  Ілгеріде  меңгерілген  білімге  сүйеніп,
оқушыларды белсенді қатыстырып, жеке дара, бірлесіп, топ  арқылы  тапсырманы
жедел орындау. Үнемі  оқушылардың  фронтальды  жеке,  ұжымдық  танымдық  іс-
әрекетін бірлікте қарау. Мұғалім әртүрлі әдістермен жұмыс  істейді:  лекция,
түсіндіру, эвристикалық әңгіме, бірлесіп,  топта  белгілі  тапсырма  бойынша
экспериментті қою, жүргізу.
3. Сабақты бекіту және білімді  жүйелеу,  білік  пен  дағдыны  қалыптастыру.
Сабақтың мұндай типін жоспарлағанда алдымен қайталау  және  білімді  жүйелеу
және тексеру.
4. Оқушылардың сабақта білімін тексеру және  бағалау.  Бұл  аралас  сабақтың
белгісі: өздігінен жұмыс істеу  сабағы,  бақылау  жұмысы,  практикум,  сынақ
сабағы, тест арқылы тексеру, оқушылар  алған  білімдері  негізінде,  білімін
қорытындылайды, бекітеді, дағды,  біліктерін  өзгермелі  жағдаятта  дамытады
(мысалы, диффренциалды тапсырманы орындау).
      Сабақта оқушылардың іс-әрекетіне және өзара  араласуына  педагогикалық
басшылық. Сабақтың құрылымы оқушылардың оқу  жұмысында  орындалады.  Қазіргі
ғылыми  әдебиеттер  мен  педагогикалық  практикада  оқытудың  үш   формасына
тоқталады – фронтальды, жеке, топтық.
      Фронтальды жұмыс –  бүкіл  сынып  мұғалімнің  басшылығымен  іс-қимылы.
Мұғалім оқушылардың көршілігін жұмысқа тартып, олардың таным  мүмкіншілігін,
қабілет,   дәрежесін   ескеру   қажет.   Сондықтан    сабаққа    дайындалып,
жоспарлағанда әртүрлі оқу жағдаятын, сабақтың дидактикалық  міндетін  шешуге
бағыттау  (тапсырманы  іріктеу,  сыныптын  қайта  информациялық  хабар  алу,
кездескен қиындыққа көмектесу, дидактикалық ойындар өткізу т.б.) Ең  бастысы
оқушыларды  өздігінен  қорытынды  жасауға  талаптандыру  (егер  мұғалім  өзі
жасағанда).
      Жеке - әр оқушының өздігінен жұмысын белгілеу, олардың дара  дайындығы
мен  мүмкіншілігіне  қарай.  Жек   жұмысқа   үлкен   мүмкіншілік   тудыратын
бағдарламамен оқыту, дидактикалық міндеттерді шешуге, сабақтың әр  кезеңінде
жеке  жұмыстар  жүргізу  қажет.  Жеке   жұмыстарды   ұйымдастыруда   мұғалім
тарапынан, оқушы – консультант көмектеседі.
      Топтық жұмыста оқушылар 4-6 адамнан жеке  бірлесіп  (динамикалық  және
аралас құрылыммен) істейді.  Топ  сабақта  алынған  тапсырма  немесе  жоспар
бойынша істейді.Топтық жұмыс мұғалім  мен  оқушылар  үшін  күрделі,  олардың
күні  бұрын  психологиялық,  дидактикалық  және  технологиялық   дайындығын,
алгоритмдік білімді қажетсінеді (5).
      Мұнымен қатар авторлар (М.Д. Виноградов, М.А.  Данилов,  И.Б.  Первин,
Ю.Б. Зотов, В.В. Котов, Н.Н. Хан, Г.К. Селевко, В.К. Дъяченко  т.б.)  топтық
жұмыспен фронтальды және жеке жұмыстың ең бастысы білім  беру  мен  оқытудың
мүмкіндігін  тудыру.  Бұл  оқушылардың   іс-әрекетінде   оларды   объектіден
субъектіге айналдыру. Мұғалімнің көңіл  аударатын  жері:  оқушылары  түсініп
белгілі  бір  шеңберде   жеке   іс-әрекет,   оқу   ықпалдастығында   (оқушы-
консультант,  оқушы-лаборант,  оқушы  –  ассистент  т.б.   іскерлік   дағды,
пікірлесуге,  жолдасына   көмектесу,   оның   жұмысын   бағалау,   дискуссия
ұйымдастырып қатысу.
       Сабақтың  дидактикалық  және  психологиялық  құрылымының   арақатысы.
Сабақтың қиындығы, оның  көп  мәселелігі  оқушылардың  танымдық  іс-әрекетін
жоғарлатуға әсер етеді. Педагогтар бүгінгі күні ғылыми-практикалық  тұрғыдан
негізгі екі мәселені шешуде:
   1.  Тұтас  педагогикалық  процестің  теориясы  мен  практикасында  сабақ
      құрылымын ұйымдастыруды жетілдіру.
   2. Сабақта ұжымдық  жұмыста  әрбір  оқушыға  оптимальды  жағдай  туғызу,
      дәстүрлі  оқыту  мен  сабақта  фронтальды   және   жеке   тәсілдермен
      оқушылардың танымдық іс-әрекетін жетілдіру.
   Қарама-қайшылықты оқушылардың жеке тапсырмасын максимальды түрде: сыныпты
топтарға бөліп оқу үлгеріміне қарай оқыту. Бірақ бұл  объективті  себептерге
байланысты тиімді болмады.
      Сабақтың құрылымын жетілдіру екі бағытта дамыды:
    - ең қажеттісі, сабақтың өзіне тән элементтері болуы;
    -  дегенменде  сабақтың  тұрақты  құрылымынан  бас  тартып,   мұғалімнің
      тәжірибе-интуициясына  жол  ашу.  Әрине  мұның  қиындығы  бір  бағытты
      ұстанудың өзіндік қарама-қайшылығы кездеседі.
   Сабақтың құрылымы объективті болжау, оның болашақ  жолдарын  терең  түрде
зерттеген Р.Г. Лемберг. Сабақтың  құрылымында  дидактика  мен  психологияның
байланысы, оқушылардың  жұмыс  қабілетін  ескеру.  Көптеген  сабаққа  талдау
жасау мынадай қорытындыға әкелді.
1.   Оқушылардың   жұмыс   қабілеті   ескерілмей,   балалар   шаршап,   нерв
клеткаларының жұмыс қабілеті шамадан тыс болуы.
2.   Мұғалім  аталған  жағдайларды  ескеріп,  сабақтың   құрылымында,   оның
барысында дидактика мен психологияның үйлесімдігін қадағалау қажет.
3. Бұл оқу материалын дұрыс бөліп және сабақта қарым-қатынасты  ұйымдастырып
оқушылардың  жұмыс  қабілетін  біркелкі  реттеп  отыру  (оқушылардың   жұмыс
қабілеті  10-35  минут).  Мұнымен  қатар,  әртүрлі   дидактикалық   ойындар,
сабақтың басы мен  аяқ  кезінде  оқу  іс-әрекетінің  белсенді  түрін  (жұмыс
қабілет зонасына) пайдалану. Мүмкін, әр сабақта  бес  дидактикалық  міндетті
орындау дұрыс болмас,  оның  есебіне  рациональды  түрде  жетекшісіне  бөліп
қарау. Оның есебіне сабақтың  тақырыбы,   бөлімдерінде,  бүкіл  дидактикалық
міндеттерді қолдана білу. Бұл қиын   болғанмен,  мұғалім  тақырыптық  жоспар
жасағанда соның негізінде жеке сабаққа  жоспар  жасайды.  Тақырыптық  жоспар
мұғалімнен  білім,  білік,  дағдыны  талап   етеді,   сондықтан   тәжірибелі
мұғалімдерге әдістемелік бірлестікте тапсыру керек.  Тақырыптық  жоспарларды
жасауда  көптеген  ұсыныс   схемалар   кездеседі,   оның   ішінде   (мысалы,
М.И.Махмутовтың схемасы (тәжірибелі – шебер  мұғалімдер  әрқашанда  жоспарға
өзінше қарап, қосымша енгізе алады. Тақырыптық жоспар әрқашанда:
-  сабақтың мақсаты мен міндеті;
- сабақтың құрылымы мен мазмұнында  іс-әрекет  көрсетілуі  (оқушылардың  іс-
әрекетіне басшылық);
- сабақта оқушылардың іс-қимылының жүйесі, кезеңдері;
- технологияны кері алу үшін талдау жасау.
      Тақырыптық жоспардың үлгі құрылымы:
   1. Сабақтың құрылымы.
   2. Сабақтың мақсаты.
   3. Негізгі дидактикалық міндеттер.
   4. Қосымша дидактикалық міндеттер.
   5. Мұғалімнің әдістемелік жұмысы.
   6. Оқушылармен жүргізетін әдістемелік жұмыстар.
   7. Мұғалімге арналған әдебиеттер.
   8. Оқушыларға арналған әдебиеттер.
   9. Қайталау.
  10. Оқушылармен  кері  байланыс  жасаудың  формасы  және  олардың  жұмысын
      бағалау.
  11. Сабақты жабдықтау, дидактикалық материалдар.
  12. Ескертпе.
   Сабақта оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудың астарында күрделі
талап – мұғалімнің шығармашылығы оны ғылыми негізге бағыттау:
   1. Сабақтың тұтас педагогикалық процестің логикалық құрылымына кіруі;
   2. Сабақта оқыту процесінің оқулық, тәжірибелік,  дамытушылық  функциясын
      жүзеге асыру.
   3.  Сабақта  оқыту  процесінің  комплексті   принциптерін   (мақсаттылық,
      жүйелілік, ғылымилық, теория  мен  практиканың  бірлестігі,  еркіндік,
      педагогикалық процеске қатысушылардың қарым-қатынасы т.б.)
   4. Әр сабақтың өткен және кейінгі  сабақтардың  тақырыбы,  бөлімдері  мен
      логикалық байланысы.
   5. Сабақтың кезеңдерінің логикалық байланысы.
   6. Сабақтың құрылымының дидактикалық және психологиялық үйлесімділігі.
   7. Күн талабына сай мұғалім мен  оқушының  қарым-қатынасын  ұйымдастыруда
      комплексті әдістер мен тәсілдерді іріктеу.
   8. Оқу  материалын  игеруде  оқушылардың  ынтымақтастығын  ұйымдастыруда,
      сабақта шығармашылық жұмыс істету.
   9. Сабақта оқыту технологиясының, дәстүрлі және жаңа түрлерін үйлестіру.
  10. Сабақта  оқушы  мен  мұғалімнің  іс-әрекетінің  тәсілі  оның  мақсаты,
      міндеті, мазмұнына үйлесімді болуы.
  11. Сабақта мұғалімнің  оқу  материалын  игеруде  информацияның  негізінде
      коррекциялық жұмыстар жүргізуі.
  12. Мұғалім мен  оқушының  еңбегін  педагогикалық  еңбекті  ұйымдастырудың
      ғылыми талаптарына сәйкес болуы.
   Сабақтың өздігінен және  алгоритмдік  анализі.  Мұғалімнің  іс-әрекетінің
табыстылығы,  оның  өзінің  жұмысына  анализ   жасай   білуі   және   мектеп
администрациясы мен әдістемелік бірлестік басшыларының пікірлері.
      Логикалық анықтама сөздікте  (Н.И.  Кондаков  1975)  мынадай  анықтама
берілген: «Талдау бен жинақтау қосылып ой процесінің немесе  нақты  бүтіннің
ыдырауы және ол бөліктердің  қайта  бұрынғы  қалпына  келуі.  Сабақтағы  іс-
әрекетті ойша  талдау  жасаған  бүтін  (сабақ)  оның  бөлімдері  (элементтік
құрылымына  және  бөлімдерінің  қайта  қалпына  оралуы  (сабақтың  мақсатына
жету). Бұл жағдайда сабаққа логикалық талдау (өзін-өзі тексеру) –  осы  әдіс
арқылы сабақта  жаңа  білім  алу  және  оның  нәтижесі  сабақтың  кемшілігін
болдырмау. Мұғалім сабақты  талдаудың  теориялық  негізін  меңгерумен  қатар
тұтас педагогикалық процестің  теориясын  білу  қажет.  Мұғалім  өзінің  іс-
әрекетінің объектісі ретінде педагогикалық процесс,  ал  педагогқа  оқушылар
іс-әрекеттің субъектісі. Тұтас педагогикалық процестің  кәсіби-педагогикалық
жағы Н.Д.Хмель зерттеген, бұған автордың анықтамасы: «Педагогикалық  процесс
– балалардың мақсатты бағыттағы қарым-қатынасы  мәдениетін  игеріп  қоғамдық
өмірге белсенді араласу, педагогтың басшылығымен». Бұл анықтамадан,  мұғалім
мен оқушының «педагог-оқушы», жүйесіндегі іс-әрекеттің субъектісі,  сабақтың
барысында  қарым-қатынас  орнатады.  Мұндай  қарым-қатынас  мақсат  пен  іс-
әрекеттің міндетін түсініп, ойын, еңбек, пікірлесу, оқудың  жеке,  бірлесіп,
топтық іс-әрекетке қатысып (оқу формасы), оның тәсілін (әдісі мен жолын).
   Жоғарыда келтірілгендерге қарасақ, негізгі  түсініктер:  мақсат,  міндет,
мазмұны, формасы, әдісі,  тәсілі  т.б.  педагогикалық  процестің  құрылымдық
компоненттері.   Бұл   тұста   педагогикалық   процестің   қарым-қатынастағы
субъектісі (мұғалім мен оқушы)  оның  құрылымдық  компонентін  негізге  алып
сабаққа анализ жасау. Келтіріген ережелер мектеп басшыларының  іс-әрекетінің
алгоритм мұғалімнің өзін-өзі тексеруі.  Педагогикалық  процестің  құрылымдық
компоненті логикасы:
    - сабақтың мақсаты мұғалімнің тақырыбына үйлесімділігі;
    - сабақтың міндеті, оның тақырыбы мен мақсатына үйлесімділігі;
    - сабақтың мазмұны тақырыпты өткенде оның  міндеттерін  шешіп  мақсатына
      жету;
    - оқушы  сабақтың  барысында  оқу  іс-әрекетінің  субъектісі  болу  үшін
      педагогикалық арақатынастың тәсілі мен формасы сай болуы қажет;
    - қарым-қатынаста іс-әрекеттің тәсілі (әдіс)  сабақтың  міндетін  жүзеге
      асыру;
    - сабақтың мазмұны, әдісі оқудың жұмыс міндетін толық шешу;
    - сабақтың ұтымды нәтижесі (жалпы оқушылар санына қарағанда «4» пен «5»-
      ке оқитын оқушылар  сыныпта басым болу);
    - қорытынды және ұсыныстар.
   Оқу жұмысындағы талдау (өзін тексеру) т.б. формасында алгоритмі мыналар:
    - талдау тұтас педагогикалқы процестің теорясы басшылыққа алынған;
    - тұтас педагогикалық процестің  құрылымдық  компоненті  сабаққа  талдау
      жасаудың негізі;
    -  бұған  дәлел  талдаудаң  компоненті  жаңа  логикасы,  компоненттердің
      құрылымы талдау  мен жинақтауды біріктіреді.
   Сонымен, сабақ педагогикалық процестің құрылымдық  компоненті  болу  үшін
мұғалім педагогикалық процеспен сабақты жақсы білу керек. Сабаққа  қойылатын
талаптар,  типін,   мақсатын,   міндетін   айқындау,   материалды   іріктеу,
оқушылардың іс-әрекетін  ұйымдастыру  мұғаліммен  қатар  оқушының  да  жұмыс
тиімділігін арттырады.


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
    1. «Оқыту формасы», педагогикалық процестің компоненттерімен байланысы.
    2. Оқытудың формасы сабаққа анықтама.
    3. Неліктен оқытудың формасы сабақ болмақ?
    4. Сабақтың қандай типтері кең қолданылады?
    5. Сабақтың дидактикалық міндеттері.
    6. Сабақта оқушылардың қарым-қатынасына  педагогикалық  басшылық  қалай
       байқалады?
    7. Сабақтың дидактикалық және психологиялық құрылымының үйлесімділігі.
    8. Қазіргі сабаққа қойылатын негізгі талаптар.
    9. Сабаққа талдау жасау  педагогикалық  процестің  басқа  анализдерінен
       ерекшелігі.


   Әдебиеттер
 1. Зотов Ю.Б. Организация современного урока. Москва, 1984.
2. Лемберг Р.Г. Дидактические очерки. Казучпедгиз, 1960, Алма-Аты.
3. Махмутов М.И. Современный урок. М., 1981
4. Селевко Г.К. Альтернативные  педагогические  технологии.М.,2005.
5. Хан Н.Н Сотрудничество  в педагогическом процессе школы.Алматы,1997.
6. Хмель Н.Д. Педагогический  процесс  в  общеобразовательной  школе.  Алма-
Аты, 1990
7.Хмель н.Д. Теоретические  основы  профессиональной   подготовки   учителя.
Алматы, 1998
8. Цырлина Т.В. На пути  к  совершенству.  Антология   интересных   школ   и
педагогических находок XX века. М.: Сентябрь,1997
9. Чередов И.М. Система  форм  организации  обучения  в  общеобразовательной
школе. М.,1997.





          Тақырып 19  Қазіргі мектептегі оқыту әдістері (1 сағат)

      Мақсаты:  Мұғалімнің іс-әрекетіндегі білім беру тәсілін  меңгеру  және
оқыту үрдісіндегі оқушылардың білім, білік дағдыларын меңгерте отырып,  оқу-
танымдық жұмыстарын ұйымдастыру.
      Міндеттері:
      а)  оқыту әдісінің құрылымы мен мәнін ашу;
      ә)  оқыту әдісінің салыстырмалы түрде тиімділігін көрсету;
      б)  оқыту әдістерін  таңдауды анықтайтын факторларға сипаттама беру.
      Жоспар:
     1. Оқыту әдісінің мәні, әдістері мен тәсілдерінің арақатынасы.
     2. Оқыту әдістерінің үйлесімділігі және олардың оқушылар іс-әрекетінің
        тиімділігіне әсері.
     3. Оқыту әдістерін таңдау.
      Оқыту әдісінің  мәні, әдіс және тәсілддерінің арақатынасы. Қалай оқыту
      керек?  дейтін дәстүрлі дидактикалық сұрақ заңды түрде  оқыту әдісінің
      категориясын шығарады. Әдіс – жоспарланған мақсат пен соңғы  нәтиженің
      арасын байланыстыратын  оқу  процесінің  өзегі  болып  табылады.  Оның
      жүйедегі айқындаушы рөлін «мақсат – мазмұн – форма  –  оқыту  әдісінің
      құралдары»  көрсетеді.
      Әдіс (гректің metodos) деген сөзінен алынған, табиғат  құбылысын  және
әлеуметтік өмірдің жағдайын зерттеу немесе таным  жолы,   құбылыстарды  оқып
білу жолдарын, әдіснамалық теория  танымы  мен  шындықты  зерттейтін  тәсіл.
Философия әдісті белгілі түрде іс-әрекетті ретке келтіретін,  мақсатқа  жету
тәсілі  ретінде  қарастырады.   Тұтастай  алғанда,   әдіс-практикалық   және
теориялық әрекеттерді шындығында  меңгеруге  бағытталған  нақты  міндеттерді
шешудегі операциялардың, бірдей тәсілдердің жиынтығы.
      Педагогтар оқыту әдісі  туралы  түсінікті  әр  түрлі  етіп  дәлелдеді.
Біреулері  оны  «танымды  басқаға  беру   әдісі»   (Д.И.Тихомиров)    немесе
мұғалімнің  іс-әрекеті  мен  әдіс-тәсілі  (Н.В.Ельницкий)  деп   қарастырса,
С.А.Ананьев оқыту әдісін «білім беру тәсілдерінің  үйлестіру  жиынтығы»  деп
көрсетеді.
      Оқу-танымдық іс-әрекетіне сәйкес оқыту әдісі  құбылыстың  мәнін  танып
білудегі  әдіс-тәсілі  ретінде  қарастырады.   Осы  түсініктегі   әр   түрлі
дефиницияларды негізге ала отырып, мынадай тоқтамға келеміз: оқыту  әдісі  –
бұл оқушы мен оқытушы арасындағы жүйелі, өзара  байланысқан  білім  мазмұнын
меңгеруге арналған іс-әрекет жүйесі.
      Оқыту әдістері –  тарихи  категория,  олар  білім   беру  мазмұны  мен
мақсатының ауысуына байланысты өзгереді.  Америкалық  педагог  К.Керр  оқыту
әдіс сапасындағы төрт «төңкерісті» бөліп көрсетеді (1972). Біріншісі –  үлгі
болып  табылады  мұғалім  –  ата-аналар  кәсіби  мұғалімдерге  орын   берді,
екіншісі  –  ауызша  сөздерді  жазбашаға  ауыстырды,  үшіншісі  оқуға  баспа
сөздерін  кіргізді, төртіншісі – осы  кезде  болып  жатқан    автоматтандыру
мен компьютерлендіру оқыту процесіне енгізуді болжады.
      Оқыту әдісінің маңызды белгісі – дидактикалық мүмкіндіктер.  Егер  осы
тәсілмен жоқ дегенде бір дидактикалық мәселені  шешетін  болсақ,  мұның  өзі
оқыту әдістемесі. Егер іс-әрекет  әдісі  қосымша  болатын  болса,  онда  біз
тәсілмен жұмыс істейміз. Оқыту тәсілі – әдіс элементі, оның  құрама  бөлігі,
әдістің көлемі  бойынша  кішігірім,  құрылымы  бойынша  жай  болатын  болса,
онда әдісті   және әдіс модификациясын орындау жолындағы өзгеше қадам  болып
табылады.  Әдіс  пен  тәсіл  арасында  өзара  ауыспалық  байқалады.  Беріліп
отырған пәннің мазмұнына қарай әдіс тәсілге, тәсіл  әдіске  айналуы  мүмкін.
Сөйтіп, барлық  графикалық  бейнелер  пәндері  үшін–  тәсіл  болып  табылады
(қосымша әрекеттер).
      Әдіс пен тәсілдің байланысын кітаппен жұмыс кезінде  байқауға  болады.
Ол мына суретте көрініс тапқан








                                       Жазба жұмыстар


                                     Мазмұндап айту


                                       Терминдермен
                                                 жұмыс


                                      Күрделі жоспар құру

                                      Жоспар құруға
                                               дайындық


                                     Бөлім атаулары




                                 Логикалық бөлімдерге
                                                    бөлу


                                   Негізгі ойды бөлу

                                        Түсініп оқу


                          Оқу техникасы






      Сурет 19.1 Кітаппен жұмыс істеу тәсілі.


      Қазіргі дидактиканың ең  бір  көкейтесті  проблемасы  –  оқыту  әдісін
классификациялау болып отыр. Әдіс  классификациясы  –  нақты  бір   белгілер
бойынша  ретке  келтірілген  жүйе.  Көптеген  авторлар  оқыту  әдістемесінің
негізіне түрлі белгілерді келтіргендіктен,  классификацияның  алуан  түрлері
бар. Дәл қазіргі кезеңде  бұл сұрақ төңірегінде нақты тоқтам жоқ.  Дидактика
тарихы ең алғашқы классификацияны 1920 ж. оқыту  әдісінің  екі  категориясын
бөліп көрсеткен Б.В.Всехсвятский атымен байланыстырады.Ол бірінші  категория
дайын білімді беру,  екіншісі  –  зерттеу  әдісі  екендігін  ашып  көрсетті.
Зерттеу әдісінің атқарар жүгі алғашқы категорияға қарағанда  ауырлау  болды.
Оқытудың зерттеу әдісі білімді шығармашылық  тұрғыдан  қабылдауды  және  оны
қолдануға  педагогикалық  классификацияның  жоғарғы  деңгейін  талап  етеді.
Бүгінде  оқыту  процесі  көптеген  классификациялармен  толықтырылды,  оқыту
әдісі – уақыт өткен  сайын  өзгеріп  отыратын  және  негізгі  үш  белгісімен
(оқыту  мақсатын  білдіреді,  меңгеру  тәсілі,  оқыту  субъектісінің   өзара
байланысы)  сипатталатын  тарихи  категория  екендігін   дәлелдеді.  Қазіргі
кезде  мына ғалымдардың классификациялары  кеңінен  қолданылуда:   Бабанский
Ю.К., Верзилин  Н.М.,  Перовский  Е.И.,  Голант  Е.Я.,  Лордкипанидзе  Д.О.,
Махмутов М.И., Лернер И.Я., Скаткин М.Н. т.б
      Оқыту  әдісінің  классификациясына  айтылған  әр   түрлі   көзқарастар
«әдістер  теориясының  дағдарысын»  білдірмейді,  керісінше  олардың  әдісті
обьективті,  айқын  көптүрлілігін,ол  туралы  білімінің   интеграциясы   мен
дифференциясын табиғи процессін білдіреді.
      Сонымен қатар оқыту әдісі  классификацияларының  басымдылығымен  қатар
кемшілігі де бар және бір  әдіс  белсенді,  бір  әдіс  белсенді  емес  деген
тұжырым қате болар еді. Оқыту  әдісінің  өздігінен  аса  бейтарап  екендігін
түсіну қажет. Ол барлығы мұғалімнің  мектептегі  оқу  –танымдық  іс-әрекетке
қаншалықты дайын екендігіне байланысты болады.  Көбінесе  әдістер  саласында
педагогтардың жеке басының шеберлігі үлкен рөл атқарады. Сондықтан да  оқыту
әдісі педагогикалық өнердің биік шыңы болып келді және ары  қарай  да  солай
болып қала бермек. Мектептің оқу-танымдық іс-әрекетінде  оқыту  әдісі  түрлі
когнитивті  функция  ролін  атқарады,  олар:  оқу  материалын  меңгеру,  оны
бекіту, білім-білік дағдыларын жетілдіру, олардың тұлғалық қасиетін  дамыту,
әлеуметтік-кәсіби іс-әрекетке дайындау.
    Оқыту әдістерінің үйлесімділігі  және  олардың  оқушылар  іс-әрекетінің
тиімділігіне әсері.
    Оқыту  әдістері,  оқушылардың  танымдық  және  практикалық   іс-әрекеті
ұйымдастыратын, оқыту мақсатына сәйкес білім мазмұнын  меңгеруді  қамтамасыз
ететін  мұғалімнің  мақсатқа  бағытталған   әдістерінің   жүйесін   құрайды.
Мақсатқа сәйкес, оларды пайдаланатын нақты  технологиялар  арқылы  әр  түрлі
әдістерді жүзеге асыру арқылы көруге болады.
     Сөздік әдістер.
     Баяндау. Мақсатына  байланысты  бiрнеше  әңгiме  түрлерi бар:  баяндап
айту,  әңгiмелеп баяндау,  әңгiмелеп-  бекiту.  Бiрiншi  –  жаңа  материалды
игеруге оқушыны  дайындау, екiншi – берiлген  мазмұнды   баяндау,  үшiншi  –
оқытуды  аяқтау  бөлiмi.
    Берiлген әдiстiң  тиімділігі  мұғалiмнiң   әңгiмелеп   беру   бiлiгiне,
педагогтың   сөз байлығына және  мазмұндап баяндауына,    оқушылардың   даму
деңгейіне және оның  жеткiлiктi  ұғынуына байланысты болады.
    Демек, оқушыларға бiлiм беруде олардың қабiлетiн ескеру  керек.  Әңгiме
әдiсi өз ойын  жеткiзуде  логиканы  сақтауға,  жаңылмай  сөйлеуге,   сауатты
сөйлеуге үйретедi.
    Баяндау қысқа (10 мин), эмоционалды  тұрғыда  болуы  керек.  Баяндаудың
тиiмдiлiгi басқа да оқыту әдiсi– иллюстрация   (бастауыш   сыныпта),  талдау
(жоғары сыныптарда) сонымен  қатар  мұғалiмнiң  адамдар   туралы  уақыт  пен
кеңiстiкке  байланысты  таңдап  алған деректер жайында   болуы керек.
    Әңгiменің дамытушылығы.  Сонда  яғни,  елестету,  ес,  ойлау,  қиялдау,
эмоциональды  қобалжу  сияқты  психалық   процесстерді   белсенділік   күйге
әкеледі.   Оқушылардың    тұрақты    зейіні,    білімділер,    қызығушылығын
қалыптастыру, тәрбиелік нәтижесі болып табылады.
    Лекция.  Лекцияның  ауызша  әдiстен   айырмашылығы   оқу   материалының
логикалық мазмұндалуы,  ақпарат   ағымының   көптiгi,   берiлетiн   бiлiмнiң
жүйелiк ерекшелiгiмен  айқындалады.
    Мектепте  өтiлетiн  лекция:  күрделi  жүйенi,  құбылысты,    объектiнi,
құбылыстардың өзара байланысын себеп-салдарды айқындау  арқылы  жүргiзiледi.
Лекция жоғарғы  сыныптарда өтiледi,  өйткенi олардың   лекциядағы  теориялық
материалдарды  қабылдау  және   ойлау    қабiлеттерi   жеткiлiктi   денгейде
қалыптасқан, лекция  бiр  немесе  бiрiктiрiлген   сабақтарда   жүргiзiледi..
Лекциялық әдiс  түсiндiру мен  әңгiмеден  басталып  күрделене түседi.
    Лекцияны оқыту аспектісі оқушылардың көркемді оқу  материалдарын  тұтас
қабылдап меңгеруі және аяқталғандығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
    Лекцяны   дамытушылық   тиімділігі   оқушылардың    логикалық    ойлау,
диолектикалы  ойлау  тәсілдерін,мұғалім  ойының  нақтыда  абстрактілі  ойлау
ағымынына білу болып табылады.
    Лекцияның тәрбиелік мәні тұрақты еркін зейінін,  конспектілеу  дағдысын
қалыптастыру болып табылады.
    Кiтаппен жұмыс. Мектепте кiтаппен жұмыс iстеу  –  өзіндік  білім  алуды
негiзгi  әдiстерінің  бiрi. Бұл әдiстiң  мәндiлiгi  оқушының  оқу  ақпаратын
өз  ыңғайына,   жағдайына   қарай  қайталап  қарап,  танымын  өз   шешiмiмен
шектелуінде.
    Оқулық кiтаптар  оқу  iс-әрекетiн  атқарады:  бiлiм  алу,  дамытушылық,
тәрбие, ойлау, коррекциялық – бақылау т.б.
    Кiтаппен  өзіндiк жұмыста оқып шығу,  жеке  тараулармен  танысу,   жеке
сұрақтарға жауап iздеу, кiтапты  немесе   мәтіндерді  рефераттау,   мысалдар
мен есептердi шешу, бақылау тесттерiн орындап,  материалдарды  есте  қалдыру
мақсатында жаттау жұмыстарын орындау жатады.
    Әдiстiң  сапасы   еркiн,   жылдам   оқып,    ойдан   өткiзiп,   түсiну,
қарастырылатын  мәселелеріге әдебиеттер таңдай бiлуінде.
    Берiлген бiлiктердiң  бәрi  оқушының  мектепке  келген  күнiнен  бастап
бiлiм алу мақсатын бiртiндеп қалыптастырады.
    Бағдарламадағы оқу кiтаптары  сапасымен  ерекшеленедi.  Оқушылар  жұмыс
жүргiзу барысында берiлген тапсырманы орындауға  керектi  ықпалды  iс-әрекет
қарастырып, дұрыс  орындалғандығы туралы мағлұмат алады.
    Жаңа оқу кiтаптары   қорытынды  кестелерді,  диаграммада,  графиктерде,
көрнектi модельдерде, классификацияларда, коммуникативтi түрде   жинақталған
  материалдарда   берiлген.   Демек   мұғалiмдерге   берiлген   ақпараттарды
талдауға көңiл бөлiп, оқушылардың бiлiм бiлiгiн қалыптастыру керек.
    Кiтаппен оқу жұмысын  жасауда   оқушылардың  өзiндiк   бақылау  бiлiгiн
қалыптастыруға көп көңіл бөлген жөн.  Оқушы  кiтаптағы  мәтінді   қанша  рет
оқып шыққанын  санамау керек,  оның  оқығанын  мазмұндап,  толық  түсiндiрiп
бере бiлу бiлiктілiгiн меңгергенін бақылауы керек. Бұл үшін  уақыттың  көбін
берілген материалдарды оқуға емес, оны есте  жақсы  сақтап,  белсенді  түрде
қайталап айтып бере алатын әдетті қалыптастырғаны жөн.
    Әңгiме. Әңгiме мәнi  бағытты   мақсатта   және  бiлiктiлiкте   қойылған
сұрақтар  арқылы оқушылардың алған   бiлiмдерiн   естерiне   түсiрiп,   жаңа
бiлiмдi  игертiлуiн,  өздiгiнен   ойластырып  және   қорытындылау   жолдарын
жандандырады. Әңгiме  кезiнде   оқушының  ойы   мұғалiмнiң   ойын   қайталау
болып отырады, нәтижесiнде  оқушы  адымдап   жаңа  бiлiмдi  игередi.  Әңгiме
ойлауды  белсендiредi,  бiлiмдi, бiлiктi  игертудiң  диагностикалық   құралы
  болып,   оқушылардың   танымдық  қабiлетiн  дамытуға   бағыттайды,   таным
процесiн  оперативтi  басқаруға   жағдай   туғызады.  Әңгiме  сонымен  қатар
тәрбие  мiндеттерiн де   шешедi.   Әңгiме  баяндамамен,  лекциямен,  бiлiмдi
жүйелi  қалыптастыратын   басқа  да   әдiстермен   қатар   қолданылу  керек.
Әңгiменің  оқушыларға    керектi   бiлiмi   мен    дағдысын,    жаттығуларды
өткiзуге,  оларды  қалыптастыруға мүмкiндiк бере   алмайтындығын    ескерген
жөн.
    Мақсатына қарай әңгiменi  бірнеше түрге бөлуге болады:  кiрiспе  әңгiме
немесе  ұйымдастыру;  жаңа  бiлiм  беру  (сократтық,   эвристикалық   т.б.);
синтездеушi немесе  бекiту;  коррекциялық-  бақылау.
    Кiрiспе  әңгiме  оқыту  жұмысының басында  өтiледi, мақсаты  оқушыларға
 берiлетiн жұмыстың  мәнi мен  оның  өтiлуiн  дұрыс  түсiндiргенiн  анықтау.

    Кiрiспе әңгiме саяхат,  лабораториялық және  практикалық  сабақ алдында
  өтiледi.  Жаңа  материалды   оқушыға  игертуде   кiрiспе  әңгiменiң   мәнi
ерекше.
    Жаңа  бiлiм  игертуде  катехизикалық   (сұрақ-жауап,    қарсы   шықпау,
жауаптарды есте сақтау),  Сократтық  (ыңғайлы,   оқушының   ыңғайына  қарай,
қысқа  тұжырымды  пiкiр   бiлдiру),  эвристикалық  (оқушыға  талап   жүктеп,
мұғалiмнiң   берген   сұрағына  нақты  жауап  алу)  әңгімелер   қолданылады.
Бүгiнде мектептерде  эвристикалық  әңгiме көбірек орын алуда. Жаңалық  ашуда
оқушылардың  ойлау  қабiлетiн  жандандыратын   дүние  –  мұғалiмнiң  бiлiктi
сұрақ қоя бiлуiнде.   Сократтық  әңгіменің  шебері  философ  Сократ  болған.
Ол еш уақытта дайын жауап бермеген.  Сократтың мақсаты  білімнің  өзі  емес,
адамдардың білім  алуға  деген  ықыласын  ояту,  білімге  ынтықтыру  болған.
Сократтың  әңгімесі – әңгімелесушіге  сұрақтар  қою  арқылы  білгендері  мен
білмегендерінің шекарасын ажырата білу, сол  арқылы  ақылды,  керемет,  ойлы
әлем ашуға жетелейтін  ауызша  диалог  әдісі.   Сондықтан  да   эвристикалық
әңгiмеде  оқушылар өздiгiнше ойлап, өз танымы бойынша  бiлiмдi  игеретіндігі
байқалады.
    Герменевтикалық әңгіме – түсіндіру,  ынтықтыру  өнері.  Герменевтика  –
негізгі мәселесі философияға бағытталған,  түсінік  мәселесі.  Бұл  әңгімеде
оқушылар өздіктерінен оқу құралдарын, кітаптарды, картинкаларды,  моделдерді
қолдана алады. Герменевтикалық әңгіме әдісіне түсіндіріп оқу жатады.
    Синтездеуші немесе бекітуші әңгiме оқушылардың  бiлiмiн   жүйелеп  және
қорытындылауда қолданылады.
    Коррекциялық  бақылау-әңгiме  диагностикалық  мақсатта  және   оқушының
бiлiмiн  жетiлдiрiп, нақтылап, дамытуда  пайдаланады.
    Әңгiме барысында, барлық оқушылардың белсендiлікпен   қатысып,  сұрақты
зер  салып   тыңдауы,  сұраққа  дұрыс   жауап   iздеуі,  өзiнiң   достарының
жауаптарын талдауы,  өзiнiң көзқарасын   айта   бiлуi   қадағаланады.  Дұрыс
жауаптарды  мадақтау,  қатенi  түзеу,  толық  емес  жауаптарды    толықтыру,
оқытушылардың  жiберген   қатесiн   өздерi  табуына,     бiр-бiрiне    сұрақ
қоюына жол сілтенеді.  Әңгіменің  танымдық  нәтижесі  оқушылардың  білімінің
мықты  меңгерілуімен,  өміршеңдігімен  айқындалады.  Әңгіменің   дамытушылық
тиімділігі ақыл-ойды үйлестіріп, тез және анық ойлай білуді  қалыптастыруда,
талдай  және  қорытындылай  білуде,  сұрақтарды  дәл  қойып,  қысқаша  ойлай
алуында жатыр. Әңгіменің  тәрбиелік  мақсаты   оқушының  өз  бетімен  әрекет
жасай  білу  қасиетін  оятады,  өз-өзіне  сенімділік   қасиетін   жинақтауға
көмектеседі, қарым-қатынас жасай білу мүмкіндігін қалыптастырады.
    Көрнекілік әдістер.
    Бақылау оқыту әдісі ретінде сезімдік танымының белсенді  формасы  болып
табылады. Бұл әдісті қолдану жан-жақты дайындықты  қажет  етеді;  бақылаудың
сызба – нұсқасын өңдеу; оқушыларды бақылау  нәтижелерін  өңдей  білуге  және
оны тікелей білу тәсілдеріне  үйрету.  Бұл  әдістің  олардың  өзіндік  жұмыс
істей білу дағдыларына көмектеседі,  танымдық,  ұйымдастырушылық,  тәрбиелік
мәні зор.
      Демонстрация.  Оқушылардың   сезiмiне   көрнекiлiктi    құбылыстарды,
процесстердi, объектiлердi елестетіп, олардың сапасына әсер етедi.  Берiлген
 әдiс пен  игерiлетiн   құбылыстың   динамикасын  ашып  көрсетуде,  заттарды
сыртқы   пiшiнiмен  таныстырғанда  кеңiнен  қолданылады   және   бiр   түрлi
заттардың  iшкi құрылысы  немесе орналасқан әсерiн қарастырады.
    Берiлген әдiс оқушылардың заттар, құбылыстар мен процестердiң,  керектi
өлшемдерін жасап, өзара  байланысын,   танымдық  белсендiлігін  iске  асырып
заттардың  құбылысы мен  мәнiн, сапасын анықтайды.
    Нақты  жағдайда  заттарды,  құбылыстарды  түсiндiруде   демонстрациялау
дидактикалық  тұрғыдан құнды  болып табылады. Егер де  бұндай   демонстрация
өткiзуге мүмкiндiк болмаса, онда табиғи  заттарды  көлемдi  моделдеу  арқылы
танып  бiлу негiзгi роль атқарады. Олар  заттардың  құрылысын  көру  арқылы,
двигательдiң iшкi күйi,  геометриялық  фигуралардың   өлшемдерi,  жергiлiктi
жердiң   рельефi  т.б.  игеруге  көмектеседi.    Көптеген   жаңа   модельдер
заттардың  технолгиялық  және   техникалық  ерекшелiгiн   анықтап   түсiнудi
қамтамасыз етедi.
    Демонстрация әдiс  сапасын  көтеруге,  объектiнi   дұрыс  таңдап  алып,
демонстрацияланатын заттың, құбылыстың  мәндi жақтарына оқушылардың  көңiлiн
аударуға, сонымен қатар   түрлi  әдiстердi  педагогтың  бiлiктiлiгiне  қарай
пайдалана бiлу үшін қолданылады.
      Бейне  әдістері.  Демонстрация  әдiсi   иллюстрация  әдiсiмен   тығыз
байланысты;  заттарды  көрсетiп  және   қабылдау,   плакаттардың   көмегiмен
символдар түрiнде, олардың  процестегi    құбылыстарын,  карта,  портреттер,
фотографиялар, суретттер, схемалар,  репродукциялар,  жалпы  модельдер  және
т.б.   кеңiнен  қолданады.  Көрнекiлiк  iс-тәжiрибеде  кеңейiп,  небiр  жаңа
құралдарды  өмiрге  келтiрiп  жатыр.  Түрлi  бояулы   пластикалық  қапталған
тарихтан карталар, альбомдар, атластар т.б.
    Жалпы модельдер  арқылы  құбылыстар мен  процестердiң  динамикалық және
статистикалық  ақ  түстi  және  түрлi-түстi  мәнiн  ашып   көрсетедi.   Олар
анықтамаларды    түсiндiру   процесiн   жеңiлдетедi.   Географиялық   карта,
диаграмма,  графиктер, таблицалар бiлiмдi тез сапалы игеруге  көмектеседi.
    Иллюстрация әдiсiн қолдана отырып, оның көрсетiлу әдiсiне көп мән  беру
керек.  Көрнектi   құралдың   дидактикалық    ерекшелiгiн,   оның   танымдық
процестегi ролi мен орнын ойластырып  алу керек.  Мұғалiмнiң  алдына  қойған
мәселесi  –  иллюстрациялық   материалдың  оптималды  көлемiн  анықтап  алу.
Иллюстрация   алдын-ала  дайындалады.  Берiлетiн  фотография,  диаграммалар,
таблицалар мақсатты түрде қолданылады.   Қазiргi  мектептерде  иллюстрацияны
пайдалану үшiн  экранды  техникалық құралдар кеңiнен  қолданылуда.
      Бейне әдiс бiлiмдi  игертiп қана қоймайы, оны  бақылауда,   бекiтуде,
қайталауда, қортындылауда,  жүйелеуде  және  барлық   дидактикалық  қызметтi
кеңiнен атқарады.
    Берiлген  әдiс  акпаратты    көрнектiлiкте    қабылдауға   негiзделген,
индуктивтi түрде, жеке  дедуктивтiк жолдармен  бiлiмдi  игеру,   оқушылардың
түрлi деңгейдегi танымдылық және өздiк жұмыс  жүргiзу   белсендiлiгi,  таным
процесiн басқарудың түрлi тәсiлiн қолдануды қарастырады.
    Мына  әдiстен гөрi кешендi  дидактикалық  технологиясы  берiлген. Оқыту
процесiнде  әдiстi  пайдалану,  оқушыларға  толық  оқытылатын  құбылыстардың
көрнекiлiк  ролiн   көрсету,    сұраныстарын   қанағаттандыру,   оқушылардың
қызығушылығы мен  қажетiн,  мұғалiмдердiң  еңбегiн  жеңiлдету,босаған  уақыт
бiлiмдi бақылайтын және коррекциялайтын,  дәптер  тексерудi т.б.  қамтамасыз
етедi. Сонымен қатар  керi  байланыс   жұмысын;   толық  және  жүйелі  түрде
бақылауды ұйымдастыру,  үлгерiмдi объективтi есепке алуды ұйымдастырады.
    Бейне әдiс  дидактикалық және тәрбие  мiндеттерiн  шешедi. Бұл әдiс:
    -жаңа  бiлiм  беруде,  күрделi  бағытталатын   өте   баяу   процестердi
(өсiмдiктi  өсiру,   сұйық  заттың   диффузиясы,  заттың  кристалдануы,  тау
жыныстарының қыртысын), яғни құбылыстардың мәлiметiн ашып көрсете  алмаудағы
 жылдам  процестердi бақылау,
    -күрделi машина мен   механизмдердiң   ықпалын   динамикалық  принципте
түсiндiру;
    -түрлi iс- әрекет түрлерiн алгоритимде  орындалуын оқыту;
    -шет тiл сабақтарында арнайы орта құру;
    -тарих,  этика,  қоғамтану,  әдебиет  сабақтарында   өмiр   мен   бiлiм
байланысын бекiту,  сабақтарда бейне құжатты қолдану;
    -тест өткiзудi ұйымдастыру;
    -алдын - ала жұмыстар, жаттығулар, модельдеу,  қажеттi өлшемдi жасау;
    -жаттықтыру  және зерттеу жұмыстарын өткiзуге жағдай туғызу;
    -сыныптағы әр оқушының үлгерiмiн, бiлiм берудiң  дифференциялық   жағын
ұйымдастыруды компютерлiк есепке алу;
    -оқыту процесiн рационалазациялау, педагогикалық басқару сапасын көтеру
 жолдарында ғылыми  ақпаратты  игеру  және  оны  оптималды  жеткiзу  көлемiн
қамтамасыз етеді.
    Берiлген әдiстiң сапасы видео   мен  техникалық  құралдарды  қолданумен
тiкелей байланысты. Видео оқыту әдiсiн ұйымдастыруға қатаң  талаптар  қояды,
олар нақтылығымен, қарастырылып   таңдалуымен,  мақсаттығымен  ерекшеленедi.
Мұғалiм  оқытылатын  мәселе   төңiрегiнде   оқушыларды   кiрiстiре   алудағы
біліктілігін,  олардың  iс-әрекетiн  бағыттай  отырып,  жалпы   қорытындылар
жасап, өзiндiк жұмыс процесiнде жеке дара көмек көрсету керек.


    Машықтық әдістер.
     Жаттығу. Жаттығу–ол оқыту әдiсi, жоспарда ұйымдастырылған бiрнеше  рет
қайталанатын iс-әрекет, бiлiк пен дағдыны  игеруде  және   олардың   сапасын
көтеру  мақсатында орындалады.
    Кәдімгі  жағдайда  жаттығулар  түсіндірілген,  арнайы,   еркiн    болып
бөлiнедi.
    Арнайы  жаттығулар  –  бiрнеше  рет  қайталанатын,  оқыту  және   еңбек
бiлiктерi мен дағдыларын қалыптастыруға  бағытталған жаттығу.  Егер  арнаулы
жаттығуларды бұрын-соңды қолдануға ендiрсе, онда олар  еркiн жаттығулар  деп
аталады.
Еркiн жаттығулар ертеде қалыптастырылған дағдыларды  қайталау  мен  бекiтуде
қолданылады. Еркiн  жаттығусыз  дағды  ұмытылады.  Түсіндірілген  жаттығулар
оқытуды  белсендендiруге,  оқу  тапсырмаларын  орындауға  бағытталған.   Бұл
жаттығулардың  мәндiлiгi  мұғалiм  мен  оқушылардың  орындалатын  iс-әрекеті
негiзiнде материалдар жақсы қабылданады.
      Ауызша жаттығулар тiл  мәдениетiн  дамытуда  және  логикалық  ойлауда,
оқушылардың танымдық жағдайларында кеңiнен  қолданылады.  Ауызша  жаттығулар
оқу мәдениетi  техникасын  игеруде,  ауызша  санауда,  әңгiмелеуде,  бiлiмдi
логикалық түрде  мазмұндауда,  тiл,  әсiресе  шет  тiлдерiн  игертуде  үлкен
роль  атқарады.  Ауызша   жаттығу   оқушылардың   даму   деңгейi   мен   жас
ерекшелiктерiне   байланысты   күрделенiп    отырады.    Жазба    жаттығулар
(стилистикалық,   грамматикалық,    орфографиялық    диктант,    мазмұндама,
конспектi, есеп шығару, iс-тәжiрибенi жазу т.б.) бiлiк пен дағдыны  дамытуда
қолданылады. Жазба жаттығулар графикалық жаттығулар мен математика,  физика,
сызу, география,  сурет,  сонымен  қатар  өнеркәсiптiк  бiлiм  беруде  қатар
жүредi.
Лабораториялық – практикалық жаттығулар еңбек құралдарын игеру  дағдыларына,
лабораториялық (приборлар,  өлшеу  аппаратурасы),  конструкторлық-техникалық
бiлiгiн дамытуға бағытталған. Өндiрiстiк-еңбек жаттығулары, ол оқыту  немесе
өндiрiстiк ерекшелiктегi жүйеде арнайы дайындалған  еңбек  iс-әрекетi.  Олар
жәй және күрделi болып бөлiнедi. Жәй жаттығулар олар жеке  еңбек  тәсiлдерiн
орындау, ал күрделi жаттығуда өндiрiстiк iстерiн  немесе  олардың  бөлiктерi
(станокты қосу, деталдарды) жасауда қолданылады.
   Лабораториялық  әдiс.  Жұмыс  жасауда  бiлiк   және   дағдыны   игертуде,
практикалық бiлiгiн қалыптастыруға  жағдай  жасайды.  Бұл  әдіс  өлшеу  және
есептеу,  нәтижесiн  салыстырып  және  шығару,  зерттеу  жұмыстарының   жаңа
жолдарын iздеу және белгiлi жолдармен тексеру үшін өте қолайлы.
      Лабораториялық әдіс көрнекілік және басқа  да  машықтық  (практикалық)
әдіс   қосындыларымен   жүзеге   асырылады.   Сондықтан   да   жаттығу   мен
дмонстрацияға  қандай  талаптар  қойылса,  оған  да  дәл   сондай   талаптар
қойылады.
Проблемалы лабораториялық (зерттеу) әдiс.  Зерттеушілік болжамды  іздестіру,
оны  дәлелдеу  жолдарын  көрсету,   керекті   материалдар   мен   құралдарды
оқушылардың  өздерінің  таңдай   білуіне   жол   көрсетуімен   ерекшеленеді.
Лабораториялық әдіс күрделі, ол сондай-ақ арнайы,  қымбат  құрал-жабдықтарды
және мұғалім мен оқушының тыңғылықты дайындығын талап етеді.
Оқу-лабораториялық зксперимент оқу лабораториясында  бұрын  ғылымда  белгілі
болған нақты процестер мен шешімдерді мұғалім мен оқушының  өзара  бірлескен
әрекеті арқылы еске түсіруі болып табылады. Осы арқылы алынған білімді  есте
жақсы бекіту, табиғатта және өндірісте болып жатқан  білім-білік  дағдылары,
осы білім-білік  дағдыларына  байланысты  олардың  нәтижесі  мен  қалыптасуы
жүзеге асырылады. Лабораториялық  жұмыстың  оқыту-дамытушылық  тиімділігі  –
оқушылардың  өздерінің  шығармашылық  күштерін  белсенді   түрде   жұмылдыра
көрсетуінен  байқалады.  Әдістің  тәрбиелік   маңызы   оқушылардың   өзіндік
танымдық белсенділігін табуында жатыр.
 Машықтық әдіс.
Машықтық жұмыстар бес  кезеңге  бөлiнедi.  Бұнда  оқушылардың  танымдық  iс-
әрекетi тәжiрибе сабақтарында тексерiледi.
а) мұғалiмнiң түсiндiруi, жұмысты теориялы кезеңдермен үйрету;
ә) көрсету (инструктаж);
б) жұмысты жасап көру (екi-үш оқушының жұмыс  жасауы,  егер  қате  жiберiлсе
қалған оқушылар бақылау жасап, мұғалiммен бiрге қатесiн түзеуi);
в) жұмысты әркiмнiң өзi орындауы;
г) бақылау, оқушылардың  жұмысы  тексерiлiп,  бағаланады.  Орындалу   сапасы
ескертiледi, уақытты, материалдарды  үнемдеуi,  жұмысты  дұрыс  және  жылдам
жасауы (Е.Я. Голант) бақыланады.
 Машықтық әдiс басқаларға қарағанда оқушыларды  тапсырманы  жауапкершiлiкпен
орындауға  үйретеді,  олардың   бойында   үнемді,   шаруаға   бейiм   сияқты
қасиеттерді  қалыптастыруға    бағытталады.   Оқушылардың   еңбекке    деген
ықыласын,  жан-жақты   дағдыларын   қалыптастырады.   Орындалатын   жұмыстың
мақсатын, мiндеттерiн талдау және оның шешiмiн табу, жұмыстың  жоспары  және
кестесiн құру, материалдар мен инструменттердi  дайындау,  жұмыстың  сапасын
бақылау, қорытындыны талдау кіреді.
Өзіндік оқу жұмыстары.   Өздік оқу жұмысы – бұл  оқушының  бүкіл  құрылымдық
компоненттерінде,  яғни мәселе қоюдан бастап, бақылау  жасауға  дейін  өзін-
өзі басқару  және түзету орнатуға дейінгі белгілі бір  дәрежедегі  дербестік
болып табылады. Өздік жұмысты ұйымдастыруға нұсқау:
–  оқушының берілген есептің  айқындылығы  мен  маңыздылығын  түсіну  арқылы
тапсырмаға даган қызығушылығы болуы керек;
–  мұғалімнің алдын-ала өздік жұмысқа керек материалды дайындап алуы;
–  тапсырманың қиындығы, оны бүкіл оқушылардың шешу мүмкіндігіне  байланысты
болуы;
– жеке топтардың дайындығы мен табыстылығана  байланысты  дифференциалданған
материал берген дұрыс;
–  жұмыс тексерілген, қателері түзетілген, нәтижесі бағаланған болуы шарт.
Өздік жұмыстың оқыту нәтижесі   баланың  материалды  жинауынан,   оның  жеке
ойлай білу  тәжірибесінен,  бағалауынан  байқалады.  Дамытушылық  тиімділігі
шектен тыс белсенділік пен психикалық күшті қайтаруымен қамтамасыз  етіледі.
Адамгершілік,   шыдамдылық,   жауапкершілік   сияқты     ізгілік    тәрбиесі
қалыптасады.
Танымдық ойындар. Танымдық   (дидактикалық)  ойындар  –  оқушылардың  өздерi
шешiмiн табатын, модельдейтiн, арнайы ситуациялар құратын  ойындар.  Негiзгi
мәнi – танымдық қызметтi  стимуляциялау.   Оқушылар  ойынға  белсендi  түрде
қатысады.  Ойындарға  тоқталатын   болсақ:   математикалық,   лингвистикалық
ойындар,   саяхат-ойыны,    электронды   викторина    түрiнде,    тақырыптық
жинақтармен ойындар, “Конструктор”, “Шеберлер”, “Жас маман” т.б.
Кейiнгi  кезде   стимуляцияланатын   ойындарға   түрлi   әдiстердi,   идеяны
күрделендiрулер  енгізілді.  Осындай  күрделенген  ойындар  арқылы  оқушылар
мәселенi жан-жақты талқылауға   барынша  атсалысады   Бұл  ойындар  іскерлік
ойындар деп аталып жүр. Мұндай ойындарға  рөлдік  ойындар  жатады.  Нарықтық
кезеңге байланысты  сабақта  «Банк»,  «Парламент»,  «Пресс-конференция»  деп
аталатын ойындар белсенді рөл атқаруда. Бұл ойындарды  материалдарды  бекіту
кезінде пайдалануға болады.
Ситуациялық әдіс – нақты жағдайдағы алынған мақсатты  шешу  жолында  белгілі
басқа әдістердің ешқайсысы тез және тиімді  шешу  мүмкіндігін  бере  алмаған
кезде  қолданылатын  аралас  әдістердің  жиынтығы.  Сондықтан  да  бұл  әдіс
шығармашылық,  қалыптан  тыс  деп  аталады.  Сондай-ақ  бұл  әдісті   барлық
педагогтар бірдей мойындай бермейді. Берілген  әдісті  таңдау  және  қолдану
кезінде  басты  рөлді  ситуация  (жағдай)  атқарады.  Бұл  әдіс  белгіленген
мақсатқа жету үшін  жағдайдан   тыс  шешімдерді  қабылдауға.  дәстүрден  тыс
жолдарды пайдалануға мүмкіндік береді. Педагог  бұл  шешімдерден  туындайтын
ойластырылған себеп-салдарды  алдын-ала  көре  білуі  қажет.  Берілген  әдіс
педагогтың  өзіндік  шығармасы,   шығармашылық   қолтаңбасы,   педагогикалық
үрдіске сүйенген өзіндік көзқарасы мен түсінігі болып табылады.
Инсцензация әдiсiн  түрлi  формада,  мысалы,  алдынала  дайындалған  диалог,
нақты  тақырыпқа   арналған   дискуссия,   театрланған   көрiнiс   формасына
пайдалануға болады.
Генерациялау әдісінде  (“идея әдiсi”) ми  қызметi  арқылы  (мозговая  атака)
қатысушылар қиын мәселеге көңiл аударып,  өздерiнiң  идеяларын  айтып,  оның
шешiлу жолын қарастырады. Мұны  америкалық  психолог  А.Осборн  ұсынған  Бұл
әдісте  (мозговая атака)  5-6  адамнан  құрылған  топ  әрекет  жасайды.  Бұл
топтағылар емін-еркін, ештеңеден, ешкімнен қысылып-қымтырылмайтын, сын  және
өзара сынды қабылдай білетін, ең бір күтпеген ойдың өзі бақылауға  алынатын,
топтық зксперт жүргізетін адамдар болуы керек. Әрбір қатысушының  өзіне  тән
көшбасшылық, жаңашылдық, кертартпалық, суретшілдік сияқты  айқын,  анықтағыш
міндеті болады. Бұл әдіс  тек  қана  идеяны  бірлесіп  талқылау  мәдениетіне
үйретпейді, ол сондай-ақ адамның  шығармашылық  потенциалын  ашуға  жәрдемін
тигізіп, ойлау үлгісі мен стереотипін жеңуге үйретеді.
Топтық генерация идеясы әдісінің қолданылуына  1950 жылдардың соңы мен  1960
ж.  басында   америкалық   психолог   У.Гордонның   талқылауымен   ұсынылған
қатысушының  ауыспалы   (метафоралы)   сезімді-бейнелі   ойлауына   тұтастай
бағытталған  ұжымдық-шығармашылық  іс-әрекет  пен  оқу  зерттеушілік   әдісі
синектика негіз  болды.  Синектика  жұмысын  ұйымдастыруға  келесі  кезеңдер
кіреді: 1) Мәселенің  алғашқы  қойылымы.  2)   Мәселеге  анализ  жасау  және
қажетті хабарларды хабарлау. 3)  Мәселені  шешу  мүмкіндігін  түсіндіру.  4)
Әрбір  оқушының  өз  түсінігінде  мәселені  қалыптастыру.  5)    Қалыптасқан
мәселелердің  ішіндегі  біреуін  бірлесе   отырып   талдау.    6)    Бейнелі
ұқсастықтың  қозғалысы  –  синектика  үшін  шешуші  кезең.   7)   «Қиыстыру»
мәселеге  талап  қоюда  белгілі  топтың  дайын  шешімі.    Бірлескен   жұмыс
кезіндегі эксперттің рөлін  мұғалім  не  дайындалған  оқушы  орындайды  және
олардан психо-педагогтік қайтарым талап етіледі.
     Дискуссиялық оқыту. Бұл әдiс батыс  елдерiнiң оқу  орындарында  кейбiр
мiндеттердi шешуде басқа әдiстерге қарағанда жақсы нәтижесiн көрсеткен.
    Әдiстiң мәнi нақты мәселенi  шешуде  көзқарастар  мен   пiкiр  алмасуда
тиiмдi.  Дискуссия  көмегiмен  оқушылар  жаңа   бiлiмдi  игерiп,   өздерiнiң
пiкiрiн  бекiтiп,   көз  қарасын   дәлелдеп   шығуға    көмектеседi.   Оқыту
дискуссиясының   негiзгi   атқаратын    қызметi    танымдық    қызығушылықты
арттырады; қосымша қызметi  оқыту,  дамыту,   тәрбиелеу  және   коррекциялы-
бақылау. Оқушылардың  алдын ала немесе  нақты   мазмұнда   және   формаларды
дайындығынан бұрын,  лекцияның  сапалығы  басты  роль  атқарады.  Басталатын
дискуссияның   тақырыбына   байланысты  бiлiм   жинау  мазмұнды   дайындықты
қажет етедi.  Бiлiмдi  баяндау  жолдарын  анықтауға  бағытталады.
    Бiлiмсiз өтiлген  дискуссия  мәнсiз,  мазмұнсыз  және   нақты   болмай,
қарама-  қайшылықты   және   шашыраңқы.  Сондықтан   алдымен   оппоненттердi
сендiру  керек.  Мұғалiм  оқушылардың  ойын  дұрыс   тұжырымдап,    сұрақтар
келтiрiп, дәлелдер жасай бiлу бiлiгiн дамытуды қамтамасыз етеді.
    Дискуссия тек   қана   гуманитарлық   пәндердi   тарихты,   қоғамтануды
этика, эстетиканы, өнердi, психологияны,  педогогиканы  игеруде  ғана  емес,
сонымен  қатар   берiлген   әдiс  физика,  химия,  биология  тағы  басқа  да
пәндердi игеруде  де  нәтижесiн   көрсетедi.   Дискуссия   оқушыға   танымал
материалдардың   мазмұнын   толықтырып,   оны   тиянақтап   және    бекiтуге
көмектеседi. Мұғалiм бiлiмнiң   жүйесi  терең   ақпарат  алуда,  оқушылардың
ойлау  қабiлетiне әсер етiп,  әрi қарай дамытуына бағыт бередi.
    Дискуссия элементтерi мектепте екiншi бағытта практикаланып, әдiс толық
мағынада   жоғары  мектептерде   пайдаланып   келедi.  Оқушылар    дискуссия
арқылы өнермен танысады.
Оқытудың бақылау және өзіндік бақылау әдісі.
Оқыту үрдісінің құрылымында оның бағалаушы-шешуші компонентінің маңызы  зор.
Жыл бойы оқушылардың оқу үлгерімін  тексеру  мен  бағалау  оқытудың  белгілі
кезеңдеріне тығыз байланысты.
Бұл топқа бақылаудың ауызша   әдістері  –  дербес,  фронтальді,  тығыздалған
сауалнамалар   жатады.   Соңғысы   дара   жұмыстардың   қателіктерін   жоюға
негізделген. 15-20 минут аралығында  кішкен топтың оқушылары  тақтаға  қысқа
жазулар жазумен, карточкамен  жұмыс  істеумен  айналысса,   кейбір  оқушылар
жауап алушы мұғалімнің орнында болуы мүмкін.  Нәтижесінде  сыныптың  жартысы
бағаланса, келесі жолы екінші  жартысы  бағаланады.  Ал  мұғалім  бүкіл  осы
жұмыстарды  үйлестіріп  тұрады.  Бақылаудың  жазбаша  әдістеріне  әр   түрлі
өзіндік қорытынды жұмыстар: диктант, мазмұндама, шығарма, реферат,  баяндама
т.б. жатады.
    Оқытушы сабақ ерекшелігіне байланысты көптеген кестелер мен  сызбаларды
оқу  материалын  түсіндіру  барысында  қолданса,  мұны  білімді   тексерудің
графикалық әдісі деуге болады. Бақылау  кезінде  оқушыларға  кесте  толтыру,
сызба және сызу  немесе  өтілген  тақырып  бойынша  графикалық  жұмыс  жасау
ұсынылады.
Бағдарламалы  оқыту   әдiсi.    Бағдарламалап   оқыту     машинасыз   немесе
машиналық   тәсiлде   ұйымдастырылады.   Алғашқы   тәсiлде   оқу   материалы
программаланған  оқулық  кiтаптарында  берiледi,  екiншiде  дисплей  экранға
шығарылады. Оқу материалдарын  бағдарламалап оқытудың  үш  жүйесi  бар;  бiр
бағытты   материал  кiшкене  бөлшектерге  бөлiнедi   (доза),   содан   кейiн
бiртiндеп  игертуге  бағытталады.  Оқушылар  қателескен  немесе  жауап  бере
алмаған  жағдайда  тармақталған   бағдарламаларға   қосымша   түсiнiктемелер
берiледi. Аралас бағдарлама тармақталған комбинацияда құрылған.
 Бағдарламалап оқытуда тапсырмалар мен  жаттығулардың  орындалуы   әр  түрлі
ерекшелiкте  берiлген.  Бұндай   тапсырмалар   оқыту    материалдарының   әр
порциясын игергеннен кейiн берiледi. Үш  мақсатта  тренажды  берген  бiлiмдi
қабылдау және бақылау жаттығулар  мен  тапсырмалардың  ұйымдастырылу  тәсiлi
машинамен  және  машинасыз  орындалады.  Машиналы  тәсiлде  жаттығулар   мен
бақылау  тапсырмалары  дисплей  экранында  орындалады.  Оқушылар   өздерiнiң
жауаптарының дұрыстығын бiрден көредi.  Сондықтан  да   бағдарламалап  оқыту
тиiмдi.
Ең кең тараған бақылауды ұйымдастыру  әдiсi.   Бағдарламалап  оқытуда  ұқсас
жауаптардан  дұрыс жауапты табу  ұсынылады.  Қазiргi  компьютерлер  құрылған
жауаптарды өздiгiнен талдап, ұсыныс түрiнде, сөз,  формула,  түрлi  бiрлiкте
ендiре алады.
      Бiлiмдi берудi бақылау.
      а) Фронтальды және жеке дара жолдармен  сұрақ  қойып  ауызша  бақылау,
дұрыс жауап мұғалiммен бiрге  анықталады.
    б) Жазбаша бақылау аз уақыт немесе  көп уақыт аралығында орындалып,
сонымен  қатар кең диагностикалық анықтамасымен ерекшеленедi.

    в) Лабораториялық бақылау сабақ  барысында пайдаланатын  оқушылардың
құралдармен жұмыс жасай бiлу. Бұл iс- тәжірбиелер өткiзуде,
эксперименталды  жұмыстың  шешiмiн шығаруда, биологиялық-географиялық және
жазба жұмыстарда өтiледi.

    г) Машиналы бақылау. Барлық оқыту пәндерiн кезеңдер бойынша  игеру
барысында,  бағдарлама жасалынып электронды-есептеу  машинасы қолданады.

    д) Текстiк бақылау  машинамен немесе машинасыз өтiледi.

    е) Өздiк бақылау-жiберiлген  қателердi өз бетiмен тауып алу, дұрыс
еместiгiн, оны жою тәсiлдерiн iздестiру бiрлiгiн қалыптастырады.

    Оқыту  әдiсiн  таңдау. Әдiстер өте  көптүрлi  және  шексiз болып
келедi. Осыдан   келiп  оқушылардың  оқу-танымдық  белсендiлiгiн
қалыптастыруда  әдiстi  таңдап  алу  күрделi,   индикативты  қолданылуда
байқалады.  Мұғалiм оқыту  әдiсiн  таңдап алуда  басшылықты оқушылардың
өздiгiнен бiлiмдi игеру мен оқу практикалық даярлығын  қалыптастыруға
бағыттаса, оқушы жеке тұлғалық ерекшелiгiн ашық  шығармашылығын дамытатын
потенциальды  оқу-танымдық ерекше қасиетiн, зерттеушiлiк iзденімпаз iс-
әрекетке  бағыттайтын, ғылымды берудiң  спецификалық таным әдiстерiн
таныстыру, жеке дара психологиялық даму ерекшелiгiн,  оның табиғи және
әлеуметтiк өндiрiстiк ортасын, мектепке арналған  оқыту құралдармен
жабдықтаудың, кәсiби даярлық деңгейiн, өмiрлiк  iс-тәжiрибесi мен
мұғалiмнiң   шығармашылықтық ерекшелiгiн, оның әдiстемелiк  және
педагогикалық шеберлiгiн алу керек.

    Мұғалiмнiң таңдап алған әдiстерi,  жұмысындағы дидактикалық шеберлiгi
оқу танымдық стилiмен ерекшеленедi, стандартты емес оқушыны жеке тұлға
ретiнде қалыптастырудан жеке дара және  инновациялық-шығармашылық
танымдылығын, қоғамдағы жаңаша белсендi өзгерiстерге гуманистiк және
демократиялық көзқарасын жетiлдiретiндiгiн байқатады. Мұғалiмнiң оқыту
әдiстерi басқа да дидактикалық қызығушылығы,  оларға оқыту  формасы мен
принциптерге  оқушының бiлiм алуға деген қызығушылығы, оқу тақырыбының
көлемiнiң күрделiлігiне, техникалық оқу құралдары мен жабдықтануы, сынып
оқушыларының саны мен олардың дене тәрбиесi, психикалық және интелектуалды
денсаулығының деңгейi, оқу сабақтарының құрылымы, өзара қарым -қатынас
ерекшелiгi,  мұғалiмнiң әлеуметтiк-кәсiби жеке басының даярлығы,  сонымен
қатар басқа да  өлшемдер, көрсеткiштер,   талаптармен қоса жаңаша
технология, оқу танымдылық iс-әрекетте  қызмет ету және оқушының жеке
тұлғасының  шығармашылықта дамуына байланысты.






    Өзiн-өзi бақылауға арналған сұрақтар


    1.Қазіргі дидактика «оқыту әдісіне» қандай анықтама береді.
    2.Оқыту тәсілдері деген не?.
    3.Оқыту әдiснiң  негізделген классификациясын көрсет?
    4.Әрбір оқыту әдiсі қандай белгілермен сипатталады?.
    5.Оқыту әдісінің тарихи сипаты неге  негізделеді?
    6.Барлық оқыту әдістері қандай жалпы функциялар атқарады?
    7.Мұғалім мен оқушының оқу-танымдық іс-әрекетінде оқыту әдісін қолданды
механизмін айтыңыз?
    8.Оқу  танымдық  іс-әрекетті  қызықтыру  мен   ынталандырудан   әдістің
ерекшелігі неде?
    9.Оқу-танымдық іс-әрекетін тиімділігін арттырудағы бақылау мен өзін-өзі
бақылауға сипаттама бер?
    10.Мұғалім тиімді оқыту әдісін таңдауды қалай іске асырылады?

Пайдаланылған әдебиеттер

1.  Дидактика   средней  школы  /Под.ред.  М.М.   Данилова.,   М.Н.Скаткина,
   М.1975.Гл.5
2. Лернер И.Я. Дидактические основы методов обучения. М., 1976
3. Махмутов М.И Проблемное обучение. М., 1975
4. Паламарчук В,Ф Школа учить мыслить. М., 1986
5. Пуйман С.А. Педагогика. Основные положения курса. Мн., 2002
6. Сорокин Н.А. Дидактика, 1974 Гл.6
7. Талызина Н.Ф. Управление процессом усвоения знаний. М.,1975

          Тақырып 20 Оқушылардың ұжымдық  танымдық  іс-әрекетін  ұйымдастыру
(1сағат)

       Мақсаты:   жеке   тұлғаны   дамыту   үшін   педагогикалық   процеске
қатысушыларды  өзара  әрекеттестірудің  маңызды  құралы   ретінде   ұжымдық-
танымдық іс-әректерді ұйымдастырудың қажеттілігін негздеу.
    Міндеттері :
    а) жеке тұлғаның дамуындағы қарама-қайшылықтардың және  оларды  шешетін
механизмдердің рөлін қорғаушы күш ретінде көрсету.
    ә) ұжымдық - танымдық іс-әрекеттің мәнін ашу.
    б)  ұжымдық-танымдық  іс-әрекеттердің  элементтеріне  жұмыстың  негізгі
түрлеріне сипаттама беру.
    Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер жөнінде  түсінік.  Диалектиканың  қарама-
қайшылықтардың бірлігі мен күресі деп  аталатын  заңына  сәйкес  кез  келген
нәрсені, құбылыс, процесс қарама-қарсы, бірін-бірі  жоққа  шығару  және  бір
мезгілді өзара шарттастық қарым-қатынаста болатын  жақтардың  бірлігі  болып
табылады. Белгілі бір құбылысты, нәрсені  дамыту  процесінде  соңында  күрес
арқылы  шешілетін  қарама-қайшылықтардың  күшеюіне  әкеп   соғатын   қарама-
қарсылықтардың арасында  сәйкессіз  элементтер  пайда  болады.  Олай  болса,
дамытудың қозғаушы күші де, қозғалыс көзі де қарама-қайшылық.
    Оқушылардың танымдық іс-әрекеті адамдық танымның әртүрлігі  және  оқыту
процесінің қарама-қайшылықтарымен байланыста  болатын  өзінің  жеке  қарама-
қайшылықтарымен сипатталады. Тәжірибелі мұғалімдер  оқу  процесінде  қарама-
қайшылықтарды таза интуитивті түрде туғызады. Олар бұл  қарама-қайшылықтарды
оқушыларға  білімді  меңгеру  барысындағы  қиыншылық   ретінде   қабылдайды.
Белгілі дидакт М.А.Данилов оқу процесінде  объективті  түрде  пайда  болатын
және оның басты қозғаушы  күші  болып  табылатын  жетекші  қарама-қайшылықты
алғашқылардың бірі болып анықтайды. Бұл оқыту барысында алға  қойылатын  оқу
практикалық міндеттері мен білім, білім  және  ақыл-ой  дамуының  деңгейінің
арасындағы қарама-қайшылық. Сонымен бірге, ол  қарама-қайшылықтың,  қозғаушы
күштің қалыптасуының шешуші  шарты  болып  оқушының  өзінің  санасында  ішкі
сипатқа ие болатын және оған қиыншылық ретінде танылатын  қарама-қайшылықтың
қалыптасуы болып табылады.
    Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер жөнінде  түсінік.  Диалектиканың  қарама-
қайшылықтардың бірлігі мен күресі деп  аталатын  заңына  сәйкес  кез  келген
нәрсені, құбылыс, процесс қарама-қарсы, бірін-бірі  жоққа  шығару  және  бір
мезгілді өзара шарттастық қарым-қатынаста болатын  жақтардың  бірлігі  болып
табылады. Белгілі бір құбылысты, нәрсені  дамыту  процесінде  соңында  күрес
арқылы   шешілетін  қарама-қайшылықтардың  күшеюіне  әкеп  соғатын   қарама-
қарсылықтардың  арасында  сәйкес  элементтер  пайда  болады.   олай   болса,
дамытудың қозғаушы күші де, қозғалыс көзі де қарама-қайшылық.
    Ұжымдық танымдық іс-әрекеттің тәрбиелік мүмкіндігі. Оқушылардың ұжымдық
танымдық іс-әрекетерінің оқушыладың  тұлғалыққасиететріндамытуға  жетелейтін
оқу  процесінің  қарама-қайшылықтарын  шешу  үшін  мүмкіндікетрі  мол.   Бұл
жөнінде Т.Е.Конникованың  және  оның  шәкірттерінің  мектептерде  жүргіілген
зерттеу жұмыстарының нәтижелерінде көрініс тапқан.
    Ұжымдық танымдық  іс-әрекетер  белгілі  бір  дәрежеде  оқуматериалдарын
меңгеруі,   оқу   барсындағы   "осал   жерлер"   жөнінде    оқушыдан    кері
ақпараттардыжедел  алу  сияқты  өзекті  дидактикалық  проблемаларды   шешуге
мүмкіндікжасайды; оқушының тұлғалық  қасиеттерін  өз  мәнінде  дасмыту  үшін
маңызды шартболып табылатын қарым-қатынастың жетіспеушілігін азайтады.
    Ұжымдық танымдық  іс-әрекетер  оқытудың  тәрбиелеу  жағына  тиімділігін
арттырады, тұлға аралық қатынастарды қалыптастыруға  оң  әсер  етеді,  ынпта
қолайлы жағдай орнатуға және ұжымдық психологияныңқалыптасуына  көмектеседі.
Оқушыларда  ұжымдық  жұмыстар  барысында  жолдастық,  достық  және   ұжымдық
сезімдер  қалыптасады.Сабақтарда  ұжыммен  орындалатын  жұмыстарды   жүргізу
адамгершілікті оңды қатынастар бойынша тәжірибе жинақтауға мүмкіндік  жасап,
қоғамдық   бағытылық   пен    шығармашылық    даралаудыңбірлігінде    оларды
қалыптастыруға мүмкіндік жасайды.
    Оқушылардың ұжымдық танымдық іс-әрекетерінің  мүмкіндікері олардың жеке
ғана  емес  ұжымдықжетістіктеерге  жетуге  ұмтылу  тұрғысында  ұжымдық   оқу
еңбегінің біліктерін меңгертуде,жаңа құлықтық  позицияны  құруда  байқалады,
оқудың құлықтықмағынасын тереңдетеді, оқуға  дегенжауапкершілікті  қатынасты
қалыптастырады.   Бұл   оқушылардың   ұжымдық    танымдық    іс-әрекетерінің
мүмкіндіктерінің  ауқымының  кеңдігін   көрсетеді.   Сабақ   барысында   оқу
жұсмыстарын осылайша ұйымдастыру оқушыларды бір-бірімен  араласуына,  жағдай
жасайды, оқушылардың оқу еңбектерінің өнімділігін  арттырады,  ұжымның  және
ондағы әрбір оқушының субъекті позициясының қалыптасуына көмектеседі.
    Оқу     белсенділерінің     жұмысы.      Ұжымдық      танымдық      іс-
әрекетсабақтажәнесабақтан тыс уақытта қолданылатын жұмыс   түлерінің  жүйесі
болуы  мүмкін.  Ұжымдық  оқу  әрекетінің   тұлғаға   сол   тұлғаның   өзінің
белсенділігіне қарай әсер  етуі  мүмкін,  яғни  ұжымдық  танымдық  іс-әрекет
оқушының  белсенілігінталап  етеді.  Оқушылардыңбасым   көпшілігібелсенділік
танытуы  үшін  танымдық  іс-әрекет  барысында  қалыптасатын   белсенді   оқу
әрекеттеріне сүйену қажет.
    Мектепте   оқу   белсенді   топтарының   мүшелерінің   санының    артуы
кабинеттердің жұмыстарын қайта қарауды талап етеді.  Оқу  кабинеттері  нақты
пән бойынша сабақта  және  сабақтан  тыс  уақытта  жүргізілетін  жұмыстардың
орталығы болуы керек. Бұл орталықтың иесі  оқушалардың  өзі.  Бұлоқубелсенді
тобының мүшесіне, оның ішінде ассистентке аза ғана уақыттың  ішінде  сабаққа
қажетті материалдарды дайындауына мүмкіндік жасайды.
    Оқу белсенді тобының мүелерінің ішінде  оқушылардың  ішінен  таңдалатын
ассистент,  кеңесші,  лаборант,   кітапханашы,   безендіруші,   шаруашылықты
жүргізуші маңызды рөл атқарады. Олардың әрқайсысысынң атқаратын  белглі  бір
қызметі бар.
    Атап  айтқанда,  мұндай  жұмысты  жүргізу  үшін  компьютерлік  құралды,
оқушылардыңпотенциалын белсенді пайдалану қажет.  Оқушылардың  біріккен  оқу
іс-әрекетін ұйымдастыруда ассистентер мен кеңесшілер маңызды рөл атқарады.


         Тақырып 21  Оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендіру (1сағат)

      Мақсаты:  білім  жүйесіндегі  оқушылардың  танымдық  белсенділігі  мен
іскерлік әрекетін айқындау.




      Міндеті:
       а) «Оқыту процесіндегі оқушылардың танымдық белсенділігі»,  «іскерлік
әрекеті» ұғымдарының мәнін ашу;
      ә) оқушыларды мектептегі танымдық әрекетке апаратын әртүрлі тәсілдерге
шолу;
      б) педагогтар тәжірибесіндегі оқытудың жаңа идеяларын сипаттау.
      Жоспар:
   1. Танымдық белсенділіктің мәні.
   2. Оқушылардың оқу-танымдық әрекетіндегі белсендірудің құралдары.
   3.   Педагогтардың   оқушылардың    танымдық    іс-әрекетін    белсендіру
      тәжірибесінен.


      Танымдық белсенділіктің мәні. ХХ  ғасырдың  70-80  жылдарында  оқушыны
оқытудың  белсенді  субъектісіне  айналдырудағы  оқу  процесін  белсендіруге
бағытталған және оны балаға  қайта  бағдарлаған  дидактикалық  зерттеулердің
көлемі айрықша өсті.  Оқыту  процесіндегі  радикалды  өзгерістерді  қоғамдық
және педагогикалық  сананың  қалыптасуына  бағыттаған  Ж.Пиаже  (Швейцария),
Б.Блюм,  Д.Ж.Бруннер,  Ж.Ганье,  С.Эриксонның  (АҚШ)  т.б.  еңбектері   куә.
Ж.Пиаженің айтуынша, мектептер «жаңаша ойлайтын қабілетті  адамдар  дайындау
керек; тек өткен ұрпақтың істегенін ғана қайталамай, шығармашыл  және  ойлап
тапқыш  адамды  әзірлеу  керек».  Белсенділік  –   (қарқындылық,   беріктік,
төзімділік) білім  алушының  іс-әрекет  пәнімен  тікелей  араласу  дәрежесін
анықтайды. Оқушылардың белсенділігін басқару дәстүрлі түрде  белсендіру  деп
аталады. Белсендіру – бұл оқытушының белгілі мақсатқа  бағытталған  әрекеті,
мазмұнды,   көлемді   оқу   қолданылатын   және   қызығушылығын   тудыратын,
белсенділігін,   шығармашылығын     арттыратын,    білімді       меңгерудегі
оқушының     өзіндік  үйренуі,  дағды  мен  шеберліктің  қалыптасуы,  оларды
тәжірибеде қолдану әрекеті.
        Бұл ой еңбегінің тоқтап қалуын және құлдырауын, енжар  және  көшірме
әрекеттен  құтылу  үшін,  жігерлі,  мақсатты   оқуға   бағытталған   тұрақты
күнделікті ағымдағы процесс.
      Белсенділіктің   негізгі   мақсаты   –    оқушылардың    белсенділігін
қалыптастыру, оқу-тәрбиенің сапасын көтеру.
      Қазіргі кезде танымдық белсенділіктің мәнін екі тұрғыда белігілі болып
отыр. Кейбір зерттеушілер танымдық белсенділікті іс-әрекет ретінде  қарайды,
ал кейбіреулері – сапа, тұлғалық білім деп ұғады. Бұл мәселені  нақтылағанда
«танымдық  іс-әрекет»  және  «танымдық   белсенділік»   ұғымдарын   ажыратып
жіктеудің теориялық қана емес, тәжірибелік те мақсаты зор. Егер  белсенділік
пен іс-әрекетті ұқсас құбылыс пен ұғым  ретінде  қарастыратын  болсақ,  онда
бұндай жағдайда мәселе өзінен-өзі шешіледі, яғни, оқушылардың кез-келген іс-
әрекеті белсенді іс-әрекет болып табылады, бірақ бұл олай емес.
      Оқушылардың  оқу  белсенділігінің  мәселесі  –   терең   педагогикалық
зерттеулердің пәні. Бұны  зерттеуге  М.А.Данилов,  Р.Г.Лемберг,  И.Я.Лернер,
М.И.Махмутов,    М.Н.Скаткин,    И.Ф.Харламов,    Т.И.Шамова,    Г.И.Щукина,
А.Х.Аренова және т.б. үлестерін қосты.
      Оқу  белсенділігінің  әдіснамалық  негізі  –  таным   теориясы   болып
табылады.  Танымның  мақсаты  –  жеке   тұлғаның   санасындағы   объективтік
шындықтың бейнеленуі болып табылады. Тәжірибелік және рухани  әрекетте  жеке
тұлға өзін қоршаған әлемге әсерін  тигізе  отырып,  өзінің  қажеттілігі  мен
мақсаттарына сәйкестендіріп оны өзгертеді және таниды. Бұл таным  процесінің
ең жалпы үлгісі. Алайда,  белсенді  танымның  ерекшелігін  түсіну  үшін,  ең
алдымен  таным  процесінің  ағымдық  сипаты  мен   субъектінің   бір-бірінен
ерекшеленген толық бейнесін, таным субъектінің санасындағы  шынайы  дүниенің
бейнеленуінің (репродуктивті және продуктивті) екі деңгейін белгілеу  қажет.
Таным  объектісі  (оқу  материалы)  репродуктивті  деңгейде  сырттай   қалай
берілсе, онда сол күйінде  қабылданады.  Кейбір  зерттеушілер  репродукцияны
бір енжар нәрсе  сияқты  қарайды,  әрине  ол  шындыққа  ұласпайды.  Оқушының
білімді және әдістерді меңгерудегі  мақсатты  бағытталған  еске  түсіру  іс-
әрекеті  оқушылар  жағынан  әр  уақытта  белсенді  болып  келеді,  тек   бұл
белсенділіктің деңгейі әртүрлі болады (мысалы, оқушының шынайы оқу  қабілеті
жоғары болғанымен,  оның  төмен  көрсеткіш  көрсетуі).  Сонымен  бірге  еске
түсіру –  жаңарту  әрекетінің  басқа   элементтерінің  сипаты  болуы  мүмкін
(Т.И.Шамова). Дидактикалық тұрғыдан  еске  түсіру  әрекеті  бұрынғы  өтілген
материалдың бірнеше рет қайталануынан, әртүрлі  жаттығулар  мен  тапсырмалар
орындау арқылы  іске  асады.  Танымдықтың  жоғары  деңгейі  –  бұл  нәтижелі
белсенді  танымдық.  Бұған  тән  ең  алдымен  субъектінің  (оқушының)  таным
объектісіне  (оқу  материалына)  деген  жаңаша  қарым-қатынасы.  Бұл  әрекет
барысында ықпал жасау объектісі ғана емес, сонымен  бірге  оқытудың  мақсаты
үшін оқушы –  субъектінің  ықпал  жасауы  өте  маңызды.  Белсенді   танымдық
кезінде оқушы оқып-үйреніп  жатқан  материалдың  мазмұнына  тың  мәселелерді
көтеріп, жаңа
сұрақтар қояды,  оны  шешуде  жаңа  әдіс-амалдарды  іздейді.  Таным  процесі
оқушылардың құбылыстар туралы терең білуі ғана  емес,  меңгерілген  білімнің
және таным процесінің өзіне деген тұлғалық қатынасын қалыптастыру  және  оны
ерекше ұғынуы. Сонымен қатар, белсенді танымдық әрекетте,  білімді,  дағдыны
және іскерлікті меңгеріп қана қоймай, таным нәтижесінне және процеске  деген
әсерлі – бағалау қатынасын орнату. Оны мына үлгіден  көруге  болады.Сурет  –
1.
      Танымдық  белсенділік  танымдық  әрекетпен   үйлеспейді.   Оны   таным
процесінің қатынасын білдіретін,  субъектінің  тұлғалық  білімі,  психикалық
жағдайы ретінде қарастыру қажет. Танымдық белсенділік жеке тұлғаның  қасиеті
ретінде  іс-әрекет  барысында  көрінеде  және  қалыптасады.  Бұл  ұғымдардың
арасындағы қарым-қатынасты бірен-сараң сәйкес  келу  қарым-қатынасы  ретінде
анықтауға  болады.  Танымдық  белсенділік  оқытудың  ағымдық  сипатын   және
қарқындылығын  қаматасыз  етеді.  Бұл  танымдық  іс-әрекетте  көрінеді  және
қалыптасады,  бірақ  бұл  құбылыстар   (ұғымдар)   ұқсастығын   білдірмейді.
Танымдық  белсенділіктің  құрылымында  жеке  тұлғаның  сапасы   төмендегідей
компоненттермен ерекшеленеді: оқу тапсырмаларын орындауға дайындық;  өзіндік
іс-әрекетке ұмтылуы; тапсырма орындаудағы  саналылық;  оқытудың  жүйелілігі,
өзінің тұлғалық деңгейін көтеруге ұмтылысы және  т.б.  Белсенділікпен  қатар
оқушылардың оқуға деген қызығушылығының тағы бір маңызды қыры ашылады,  яғни
олардың мұғалімдер мен үлкендердің көмегінсіз объектіні,  құралды  анықтауға
байланысты іс-әрекетті жүзеге  асырудағы  дербестігі.  Танымдық  белсенділік
пен  оқушылардың  дербестігі  бір-бірінен  ажыратқысыз:  неғұрлым   белсенді
оқушылар, соғұрлым дербес;  оқушылардың  жеткіліксіз  дербестігі  басқаларға
тәуелді етеді және дербестіктен айырады.
      Оқушылардың  оқу-танымдық  іс-әрекетін  белсендірудің  тәсілдері   мен
құралдары.
      Оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендіруде  оқытудың  әдістері  мен
құралдарын іздестіру проблемасы терең ғасырларға кетеді. Мәселен,   жастарды
тәрбиелеуде ежелгі грек философы Сократ эвристикалық  әңгімені  пайдаланған.
XVII-XIX  ғасырдың  педагогтары  Я.А.Коменский,  И.Г.Песталоцци,  Ж.Ж.Руссо,
А.Дистерверг,  К.Д.Ушинский  және  т.б.   оқытушының   негізгі   міндеті   –
оқушыларды өз бетінше ойлау, зерттеу  ізденістеріне  бейімдеу  деп  санаған.
Олар дамыта оқыту дидактикасының алғашқы негізін салды.  А.Дистерверг  былай
деп жазған «нашар мұғалім шындықты өзі айтады, ал жақсы мұғалім  оны  табуға
үйретеді».
      Қазақтың ағартушылары Абай Құнанбаев, Ы.Алтынсарин қоғам қайраткерлері
және педагогтар А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов  өздерінің  еңбектері
мен тәжірибелік  іс-әрекеттерінде  оқушыларды  шығармашылықты  дамытуға,  өз
бетінше  ойлай  білуге  шақырған.Кеңес  дидактары  мен  психолгтары:    Л.С.
Выготский, Б.Г.  Есипов, Л.В. Занков, В.В. Давыдов,    Р.Г.  Лемберг,   И.Я.
Лернер,     М.Н.  Скаткин   және       т.б.  дамыта  оқыту  мен  оқушылардың
танымдық  әрекетін  белсендірудің  теориясы  мен  тәжірибесіне  үлкен,   зор
үлестерін қосты.
      Қазіргі кезде оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендірудің әр  түрлі
амал-тәсілдері өңделді.  Солардың ішіндегі  ең маңыздыларына тоқталамыз.
1. Іс-әрекеттік тәсіл - оқушыларды  танымдық  әрекеттің  субъектісі  ретінде
қарастыруды көздейді.Іс-әрекеттік амал-тәсілдері  негізіне  әрекет  теориясы
жатады. Оның   басты    постулаты    былай айтылады. Белсенді  танымдық  іс-
әрекеттің  нәтижесі:  білімділік,  танымдық  іс-әрекет  тәсілдерін  меңгеру,
танымдық іс-әрекеттің мақсатын қоя білу, мазмұн мен  жұмыс  істеуге  қажетті
тәсілдерді таңдай білу, өзін-өзі бағалай білуі.











































э
























Сурет   21.1   Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастырудың үлгісі


Қытай даналығында былай делінген: «Маған айт – мен ұмытпаймын; маған  көрсет
– мен есімде сақтаймын; маған өзіме жасауға бер  –  мен  үйренемін»).  Оқыту
процесін  ұйымдастырушы  мұғалім  үшін  іс-  әрекеттің  құрылымын  білу  өте
маңызды. Оның негізгі компоненті: мотивтері, мақсаты,  міндеттері,  мазмұны,
құралдары,  түрлері,  әдістері  және  амалдар   нәтижесі.   Бұл   дегеніміз-
мұғалімнің  көптеген құралдар арқылы  оқушының  әсерлі  –қызығушылығына,  ой
еңбегіне, тұлғалық-тәжірибелік шамасына әсер  ету  қажет.  Таным  әрекетінің
барлық осы компоненттерін тек қана   мұғалім  емес,   оқушылар  да  меңгеруі
тиіс.
      Педагогтарға іс- әрекеттің міндетті түрде негізгі түрлерін білу қажет,
сонымен  бірге  оқушыларда:   оқыту-танымдық,   әлеуметтік,   еңбек,   ойын,
эстетикалық, спорттық-сауықтыру.Бұл іс-әрекеттің  барлық   түрлері  оқушылар
мен мұғалімдердің бір-бірімен қарым-қатынасы   арқылы  жүзеге  асырылады.Осы
іс-әрекеттің барлық түрлерін бір-бірімен байланыстыру өте маңызды.
      2)  Гумандық  психология  мен  педагогиканың  идеяларындағы  тұлғалық-
бағдарлық тәсіл төмендегі ережелерді тірек етеді.( К.Роджерс):
      - Индивид үнемі өзгермелі қоғамның  ортасында  өмір  сүреді.  Ол  үшін
      қоршаған дүниені қабылдаудың өзіндік әлемі өте  маңызды;  бұл  өзіндік
      әлемді сырттан ешкім әлі танып білген емес.
      -  Адам  өзін-өзі   танып   білуге   және   өзін-өзі    іске   асыруға
      ұмтылады;адамның   өзін-өзі   жетілдіруге   деген   ішкі   қажеттілігі
      болады.Жеке тұлғаның дамуы  үшін   бірін-бірі  түсінуі  өте  қажет,бұл
      қарым-қатынас барысында жүзеге асады.
      -  Өзін-өзі  жетілдіру,  дамыту  ортамен  ортадағы  басқа   адамдармен
      араласудың нәтижесінде іске асады.Адам үшін,  адамның  өзін-өзі  тануы
      үшін  сырттай  баға  беру  өте  маңызды,   бұл   тура   және   жасырын
      байланыстардың нәтижесінде іске асады.
         Тұлғалық-бағдарлық оқыту жағдайында  мұғалім  оқушылардың  танымдық
өзіндік  әрекетін негізгі ұйымдастырушысы. Қазіргі кезде  тұлғалық-бағдарлық
оқыту нұсқалық бағдарламалармен, дифференциялды әдістер  мен,  шығармашылық,
үй тапсырмаларымен оқушылардың оқудан тыс  іс-әрекетін  ұйымдастыру  түрлері
арқылы   жүзеге   асырылады.Солардың   ішінде    ынтымақтастық    педагогика
әдістерінің келешегі зор.
     3).  Оқыту  процесіндегі  зерттеушілік  тәсіл  –  алдыңғыларымен  тығыз
байланысты. Дәл соны жүзеге  асыру  оқушылардың  нәтижелі  өзіндік  танымдық
әрекетімен қамтамасыз етіледі,ойлау қабілетін дамытады,өзіндік  білім  алуға
дайындайды. Оқушыларды зерттеушілік  ізденіс жұмыстарына тарту үшін  әртүрлі
эвристикалық әдістер қолданылады  (эврика  –  ізденіс):  ізденістік  әңгіме,
ереже, формула, ұғым, дәстүрлі емес есептерді  шешу,  өз  бетінше  қорытынды
жасау    (мұғалімнің    басшылығымен),    зертханалық    және     сарамандық
жұмыстар,бақылаулар және тәжірибелер.  Мектеп  тәжірибесінде  сонымен  бірге
оқу жұмысының жеке, ұжымдық, топтық түрлері тәжірибеге  ендірілген  (мысалы,
«миға шабуыл» әдісі, жоба әдісі және т.б.).
      Проблемалық  оқыту  –  зерттеушілік-ізденіс  –  танымдық  іс-әрекеттің
маңызды құралы. Проблемалап оқытудың негізгі  көзін  Сократтың  эвристикалық
әңгімелерінен  көруге  болады,   яғни   әңгіменің   қисынды   құрылуы   және
сұрақтардың  көмегі  арқылы  өзінің   шәкірттерін   қарама-қайшылыққа   және
біртіндеп қажетті қорытындыға  алып  келген.  Ойлаудың  эвристикалық  тәсілі
бойынша  (Ю.Н.Кулюткин);  оқыту  мен  ойлауда  проблемалық   жағдай   туғызу
(А.М.Малюткин); проблемалап оқыту И.Я.Лернер,  М.И.Махмутов,  В.Н.Максимова,
В.Оконь т.б. ізденістік-зерттеушілік  міндеттерді,  стандарттық  міндеттерді
шешудегі  оқушылардың  танымдық  әрекеті  бұрынғы  жүріп  өткен   жолдардан,
үлгіден басқаша екендігін  педагогтар  мен  психологтардың  қазіргі  заманғы
зерттеулері нақты дәлелдеп  отыр.  Ізденістік  іс-әрекет  бірқатар  жағдайда
қарқынды,  қызу  жүреді,  онда  эмоционалдық   процесстер   бірқатар   айқын
көрінеді, шарықтау шегі  кейде  шешімді,  таңдауды  іздеуге  және  шамалауға
әкеліп соғады  (О.К.Тихомиров).  Проблемалап  оқытудың  негізгі  мәні  оқыту
процесінде  ерекше  жағдайат  туғызу,  яғни   оқушы   қатынаспай   қалмайды,
мұғалімнің көрсеткен бағытына сүйеніп қана қалмайды.  Проблемалық  жағдаятта
оқушының меңгерген білімі мен  алдыңғы  шешілетін  міндетінің  оның  білетін
шешімдері мен оны  шешу  міндеттері  арасында  қарама-қайшылық  айқындалады.
Проблемалап оқытудың  алгоритмі   мәселені  қоюдан  және  саналы  түсінуден,
болжамды тудырудан,  оларды  білізді  тексеруден,  сонымен  қатар  мәселенің
шешілуінің дұрысытығын тексеруден тұрады. Бұған пікірталастар,  эвристикалық
әңгімелер, проблемалық баяндау және т.б. қолданылады.
       4)  Алгоритмдеп  оқыту  тәсілі  негізіне  белгілі   бір   міндеттерді
орындауға қатаң нұсқаулар қажет. Егер, оқушы типтік есептерді шешудің қайта-
қайта жаңа жолдарын іздеуде әр кезде қателер мен сынақтың ұйымсыз  жолдармен
жүргенде оқыту процесі өте шаршататын тіптен ауыр болар еді. Оқушы  бұрыннан
белгілі математикалық амалдардың толық  сандарын,  бөлшектерін  пайдаланады;
алдын ала жазылған сөйлемдерді талдауда  тілді  меңгереді.  Алгоритмдер  мен
ұйғарымдардың жүйесіздігінен адам өзінің іс-әрекетінде қарапайым  автоматтар
мен техникалық құралдарды  да  пайдалана  алмайды  (компас,  телефон  т.б.).
Оқыту әрекетінің алгоритмдері  оларды ұйымдастыруға    мүмкіндік    жасайды,
 жеңіл,   жылдам   орындауды   жүзеге
асырады, сондықтан танымдық іс-әрекет субъективті анық  объективті  нәтижелі
болады. Алгоритмдеу программалап оқытумен тығыз байланысты, оның мәні  нақты
хабарламаның таңдауынан тұрады, ал оқушыға аз  мөлшерде  беріліп  отырылады.
Қадам  қозғалысы  сайын  есептің   шешімінің   түсінікті,   түсініксіздігін,
меңгерілген, меңгерілмегенін, шешілген, шешілмегенін бірден  көруге  болады.
Алайда  бағдараламап  оқытудың  талассыз  ерекшеліктеріне   қарамастан   бұл
тәсілді жалғыз және әмбебеп деп қабылдауға  болмайды.  Егер,  бала  тұрақты,
бағытсыз  сабақтан  сабаққа  бағдарламаланған  оқулықтың  мәтінінің  соңынан
ілессе, немесе оқыту  машинасымен  жұмыс  жасаса,  онда  бағдараламап  оқыту
жағдайында оқушының ынтасы төмендейді.
      5) Оқытуды компьютерлеу.  Компьютер  дегеніміз  –  маманның  еңбегінің
нәтижесін сапалы өзгертіп  отыратын  құрал.  Адамның  танымдылығының  құралы
ретінде   ЭВМ-ның   қолданылуы,   білімді    пайдалану    мен    жинақтаудың
мүмкіндіктерін кеңейтеді, ойлау әрекетінің жаңа формаларын  дамытуға  жағдай
жасайды, оқыту процесін қарқындандырады.
      Бірінші сатыда компьютер  оқу  әрекетінің  пәні  болып  табылады,  оны
меңгере отырып, оқушылар осы машинаның жұмысы  туралы  білім  алады,  дағды-
білігіне үйренеді, оператор жұмысының дағдыларын  меңгереді.  Екінші  сатыда
компьютер оқу  есептерін  шығарудың  құралына  айналады.  Компьютер  оқытуда
пайдаланатын қосымша техникалық құрылым ғана емес, сонымен бірге  ол  тиісті
жоспарлауды қамтамасыз етеді. Бұл жерде  мәселенің  бір  жағын  –  құрастыру
және ЭВМ-ді қосуды көптеген қиыншылықтарды жеңе отырып – инженер  орындайды,
ал екіншісін – педагог; себебі ол есептеу  машинасының    жұмысына   қонымды
негізделген дидактикаға сәйкестендіріп
адам әрекетін реттейді. Оқытуды жалпы  компьютерлеу  үшін  алгоритмді  ойлау
қасиеттерін меңгеру керек.
      Компьютердің келесі бір  қиындығы  оның  құрамы  дидактикалық  жүйеден
басқалармен қатар тұрғандығында (мақсаттары, мазмұны,  әдістері,  оқушы  мен
мұғалімнің әрекет тәсілдері).  Бұлар  өзара  тығыз  байланыста,  біреуіндегі
артынан екіншісі жетектейді. Сол себепті мектеп  сыныптары  мен  жоғары  оқу
орындарындағы есептеу  машиналарының  орнығуы  компьютерлеудің  соңын  емес,
басталуын, яғни  оқыту  технологиясының  жүйелілігін  көрсетеді.  Гигиеналық
нормаларды  сақтамаудан  компьютермен   жұмыс   істеу   барысында   оқушының
денсаулығына үлкен зардабын тигізетінін де  естен  шығармау  керек.  Сонымен
бірге  компьютермен  жұмыс  оқушы  мен  мұғалімнің  қарым-қатынасының  орнын
толықтыра алмайды.
      6) Қазіргі мектепте  дифференциалдап  оқыту  кең  көлемде  қолданылады
(И.Э.Унт, Е.А.Рабуньский т.б.). Бұл жерде маңызды тәсілдің аясы  оқушылардың
әртүрлі білімнің дамуының көкейкесті деңгейіне сүйену, сонымен бірге  «жақын
арадағы  дамудың  зонасын»  біртіндеп  әрқайсысын  жетілген   білімнің  жаңа
тәсілдерін меңгеріп алу. Бұл тәсілдің қиыншылығы  –  білім    бағдарламасын,
дағды  мен   білікті, пәндік жүйеде әрқайсысы меңгеру
керек. Бұл меңгерудің деңгейі әртүрлі дәрежедегі оқушылар үшін  жоғары  болу
керек (әлді, әлсіз, орташа). Бұл тәсіл  есту,  көру,  сөйлеу  және  қабылдау
кемістігі жоқ  әрбір  оқушының  барлық  нақты  танымдық  әрекеттінің  жоғары
деңгейдегі мүмкіндіктерін меңгерудің негізін  қалауы.  Қазіргі  мектептерде,
оқушылардың   әртүрлі    дәрежесіне    бағытталған    оқыту    тапсырмаларын
дифференциалдап  оқыту  жағдайында  не  мұғалім  бере  алады,   не   болмаса
оқушылардың өздері таңдауға болады.  Кейбір  қиындық  тудыратын  жағдайларда
мұғалімдер үшін маңызды мүмкіндік  оқушы  талабының  деңгейін  анықтау  ғана
емес, оны алдыңғы  қателіктерден  сақтандыру,  оқушының  мүмкіндігіне  қарай
есептерді шешуді  ұсыну  болып  табылады.  Бірақ  та  дифференциалдап  оқыту
(универсалды)    әмбебап  тәсіл  бола  алмайды,  себебі  оқыту  процесіндегі
оқытудың басқа да маңызды қорларының оқушылардың дамуында  бағалы  да  мәнді
екені белгілі. Сонымен оқушылармен  жүргізілетін  барлық  дәрежедегі  жаппай
жұмыс  олардың  жеке  мүмкіндіктерінің  қаншалықты  екенін   көрсете  алатын
маңызды құрал  болып  табылады.  Бұл  жерде  оқушыға  басқалардың  еңбегінің
нәтижесін көрсететін және жеке қабілеті мен білімінің  құндылығын  танытатын
кері байланыс та іс жүзіне асырылады.
      7) Ұжымдық танымдық әрекет негізіндегі  тәсіл.  Белгілі  жарық  көрген
педагогикалық  әдебиеттерде  қарым-қатынас   проблемасы,   оқыту   процесіне
қатынасушылардың    өзара    байланысы     қарастырылды     (М.Д.Виноградов,
Н.С.Дежников,   И.Б.Первин,   Х.И.Лийметс,   Г.Кусайнов,   Н.Н.Хан    т.б.).
Оқушылардың ұжымдық танымдық әрекеті – бұл оқушылардың біріккен  іс-әрекеті,
оқушылар ортақ тапсырма  орындауда  өз  істерін  үйлестіріп,  жұмысты  өзара
бөліп, әркімнің  міндетін  мұғалім  ұйымдастырып  беретін,  яғни    іскерлік
тәуелділік   жағдай   пайда   болады, білімді   меңгеруде  өзара
қарым-қатынас ұйымдастырылады, аса бағалы тәжірибе алмасу жүреді  (Н.Н.Хан).

        Ұжымның  танымдық  әрекеті  сабақта  да  сабақтан  тыс  уақытта   да
педагогикалық   процессте   жүріп   отырады.   Ұжымдық   танымдық   әрекетті
ұйымдастыру мұғалімнен  тек  тоериялық  және  әдістемелік  дайындықты  қажет
етпейді, сонымен бірге сынып белсенділерімен маңызды жұмыс  жүргізуді  талап
етеді (ассистенттер, консультанттар, кітапханашылар т.б.).  Сонымен  қазіргі
дидактиканың ұсынып  отырған  әртүрлі  ізденіс  тәсілдері  оқыту  процесінің
қайнар  көзін   ашуда   қазіргі   уақыттағы   міндеттерді   шешуде,   барлық
мүмкіндіктері бар тәсілдердің  ақиқатына  әлі  де  болса  толық  жауап  бере
алмайды.
      Танымдық қызығушылықтың қалыптасуы. Қызығушылық  (латынша  interest  –
мәні  бар,  маңызды)  –  адам  ерекше   сезінетін  қимылдың  нақты   себебі.
Қызығушылықты субъектінің өз әрекетіне оң  бағалық  қатынасы  деп  анықтауға
болады. Оқуға, білуге деген қызығушылық танымдық  белсенділіктің  қозғаушысы
екені белгілі. Л.С.Выготский: «Ең алдымен баланы бір  әрекетке  тарту  үшін,
сен оны қызықтыр, оның бұл әрекетке дайын екенін   білу    үшін    қамқорлық
   жаса, осыны  іске  асыру  үшін  барлық  күшін  салатынын  және  бала  өзі
қимылдайтынын, ал оқытушы болса тек сол әрекетті басқарып,  бағыттап  отыруы
керек» , - деген.
      Оқушылардың  танымдық  қызығушылығы  олардың  білімінің  деңгейі   мен
сапасына, ойлау іс-әрекеті мен  әдіс-тәсілдерінің  қалыптасуына  байланысты.
Оқушылардың қызығушылығы олардың мұғалімге деген қатынасына  да  байланысты.
Жақсы көрген және сыйлайтын  мұғалімдерінің  пәнін  оқушылар  қызығушылықпен
оқиды. Танымдық қызығушылық балалық әуесқойлықтан басталады, алайда  ол  тез
арада жарқ етеді де, солайша  кенеттен  сөніп  қалады.  Терең  білім  беруді
бұндай әуесқойлық негізінде ұйымдастыруға болмайды. Баланың  әуестігін  ояту
үшін  тартымды  бастау,  әсерлі  сюжет,  оқиғаның  күтпеген  арнаға   түсуі,
мәселелік жағдай сияқты тәсілдер қолдану ұсынылады.
      Танымдық іс-әрекетке деген қызығушылықты  оятуда  келесі  қызметтердің
маңызы зор: оқудағы жетістікті қамтамасыз ету;  оқушылардың  артта  қалуының
алдын  алу;   «қауіп-қатер   балаларының»   диагностикасы;   үлгермеушілікті
болдырмау; оқу материалының мазмұны  (тарихи  сапарлар,  өмір  тәжірибесінен
мысалдар,  мемлекет  стандарт  шегінен  асу  т.б.);  білім  берудің  әртүрлі
формалары  мен  әдістері,  жаңа   педагогикалық   технологияларды   қолдану;
мұғалімнің оқушыларға қатынасы; балалар ұжымының  қоғамдық  пікірі;  ақыл-ой
қабілеттілігі мен жалпы оқу бірліктерін дамыту.
      Олардың кейбіруін нақтырақ қарастырайық.
      а) Оқудағы жетістікті қамтамасыз ету. Жетістік – адамның белсенді  іс-
әрекетінің  ең маңызды қозғаушы күші. Бұл психологиялық феномен балалық
және жасөспірім шақта –  басқа  себеп-сылтаулар  мен  ынталандырушылары  әлі
тұрақсыз немесе әлсіз болғанда көрініс деңгейін табады. Үлгерімі  нашар,  өз
қатарынан артта қалған баланың оқуға деген қызығушылығы тез  жойылады,  оның
сабақтағы танымдық белсенділігі нөлге дейін төмендеп кетеді.
      ә)  Оқушылардың  артта  қалуының   алдын   алу,   қиыншылықтарға   тап
болғандардың  бәріне   көрсетілетін   әртүрлі   көмек   –   оқу   процесінің
нәтижелілігін  арттырудың  айқын  бағыты.  Қазіргі  мектеп  үлгерімі   нашар
оқушыларға  көмектесуде   жеке-жеке   шараларды   қолданудан   гөрі   барлық
оқушылардың оқудағы, танымдық белсенділігінің шарты ретіндегі  жетістіктерін
қамтамасыз ететін тұтастай бір жүйе қалыптастырады.
      б)  «Тәуекелшіл-балалар»(детей  риска)  диагностикасы   және   олардың
оқудағы қиыншылықтарын болдырмау. Ұзақ уақыт  бойы  оқу  процесі  балалардың
екі категориясының есебінде құралып келген,  бірінші  категория  –  «қалыпты
балалар» категориясы, яғни баланың дамуы өз  жасына  сәйкес;  және  аномалды
балалар – дене және психологиялық дамуында  айқын  ауытқулары  бар  балалар.
Соңғы  он  жылдардағы  ғылыми  зерттеулер  балалардың  осы  екі  категориясы
арасында аралық  буын  бар  екенін  дәлелдеді,  осы  аралық  буынға  оқудағы
қиыншылықтары және мінез-құлқындағы ауытқулары бар  балалар  жатады,  оларды
көбінесе   «тәуекелшіл  балалар»  деп  атайды.  Олардың  бойында  дене  және
психологиялық дамуында көзге көрінетін  аномалиялары  жоқ.  Алайда  жағымсыз
жанұялық және әлеуметтік жағдайлар салдарынан бұл балалардың, мектеп  жасына
жеткен кезде, мектепте жақсы  оқу  үшін  қажетті  қасиеттері  мен  дағдылары
байқалмайдаы. Денсаулығыныі әлсіздігі, жұмыс  қабілетінің  төмен  болуы,  өз
құрдастарынан психикалық дамуы  жағынан  артта  қалуы  қауіп-қатер  факторы,
үлгермеушілік,   мектепке   үйрене   алмаушылық,   тәртібінің   нашарлығының
себептері болып табылады. Дүниежүзілік денсаулық  сақтау  ұйымының  мәліметі
бойынша «тәуекелшіл балалар»  бастауыш  мектеп  оқушыларының  20%-ке  жуығын
құрайды.
      «Тәуекелшіл балалармен» жұмыс кезінде баланың  даралық  ерекшеліктерін
ескеретін әртүрлі әдістер қолданылады. Осы әдіс  негізінде  бірнеше  негізгі
принциптер жатыр: баланың дамуындағы мықты деген жақтарына сүйену;  мақсатты
 және оқушының оны орындай алуын нақты анықтау;  үздіксіз  кері  байланыспен
қаматасыз ету; баланың жеткен нәтижелерін ғана емес, сондай-ақ  оның  оларға
жетуге  деген  талпынысы  мен  ықыласына   әрдайым   оң   баға   беру.   Осы
принциптердің  жиынтығы  оқушыға  жетістік  ахуалын  және  толғаныс  сезімін
кешуді  қамтамасыз  ету  керек,  ал  ол  себеп-сылтау  өрісін  жоқ   қылатын
жетіссіздікке бой ұру  қаупі  бар  баланың  танымдық  белсенділігінің  басты
шарты болып табылады.
      в) «Жасырын үлгермеушілікті» жеңу. Танымдық  белсенділік  тек  сабақта
артта қалған оқушыларда ғана төмендейді. Ол дарынды балаларда  да  төмендеуі
мүмкін,  егер  мұғалімнің  сабақ  беру  деңгейі  олардың  қабілеттілігі  мен
қажеттіліктерінен  төмен  болса,  мұндай  жағдай   «жасырын   үлгермеушілік»
феномені    пайда   болады, яғни    қабілетті    баланың    оқу
нәтижелері оның мүмкіндіктерімен сәйкес келмейді.
      Көптеген зерттеулер дарындылық ұғымын кеңейтеді, оның «ақыл-ой  күші»,
«ой өрісінің жоғары көрсеткіші» сияқты  бірыңғай  түсіндірмесінен  әлдеқайда
алшақтатып жібереді. Дарындылық  қызығұшылық  тұрақтылығы,  мақсаттылық,  өз
күшіне  деген   сенім   сияқты   даралықтың,   жеке   тұлғалықтың   көптеген
сипаттамаларынан  тұрады.  Соңғы  он  жылда  әртүрлі  әдістердің   көмегімен
дарынды  балаларды  іздеу  өрісі  едәуір  кеңейді.  Жекеменшік  және  арнайы
мектептермен қоса жалпы білім беретін мектептердегі дарынды  балаларды  табу
мен оқытудың  жүйесі  қарқынды  қалыптасып  келе  жатыр.  Оның  қалыптасуына
үкімет заңдары, жарлықтары, мемлекеттің қаржылай көмегі де  жағдай  жасайды.
Мысалы,  1998  жылдан  бастап  Қазақстанда  «Дарын»  Республикалық   ғылыми-
тәжірибелік Орталығы қызмет жасап  жатыр,  бұл  Орталық  дарынды  балалармен
жұмыс жйүесін қарастырады.
      г) Профильдік оқыту,  көбінесе,  профильдік  саралау  негізінде  білім
берудің жоғары сатысында жүргізіледі.  Профильдік  оқыту  келесі  формаларда
жүзеге асырылуы мүмкін: кәсіптік білім беру мекемелері, сыныптары, топтары.
      Профильдік  оқыту  (жаратылыс  ғылымдары,   гуманитарлық-филологиялық,
әлеуметтік-экономикалық, физика-математикалық,  көркемдік-эстетикалық  т.б.)
оқушылардың    қызығушылығы  мен  қабілеттілігін,  сондай-ақ,   білім   беру
мекемесінің педагогикалық ұжымының  мүмкіндіктерін,  жергілікті  білім  беру
жүйесінің  құрылымын  және  әлеуметтік  ортаның  ерекшеліктерін  есепке  ала
отырып  жүргізіледі.  Мектептің  жоғары  сатысының  кәсіптік  сипаты   білім
берудің мемлекеттік  стандартының  негізінде  лайықты  бағдарламалар,  соның
ішінде авторлық бағдарламалармен жүзеге асырылады.
      Педагогтар тәжірибесіндегі оқу іс-әрекетін белсендіру. Оқытуды қазіргі
заман тұрғысынан талдайтын  болсақ,  олардың  бәрін,  қазіргі  қоғамның  аса
маңызды қажеттіліктеріне жауап беретін, өсіп келе жатқан адамның  дамуы  мен
тәрбиесі идеясы біріктіріп тұрғанын анықтау қиын емес. Олардың бәрі  оқушыны
танымдық іс-әрекеттің және өзіндік дамудың субъектісі  ретінде  қалыптастыра
алады. Өзінің себеп-сылтауларымен,  ынтасымен,  қажеттіліктері  мен  мақсат-
мүдделерімен,  жан-жақты   негізді   білімдарлыққа   деген   талпынысы   мен
мүмкіндіктерімен қалыптасып келе  жатқан  жеке  тұлға  қазіргі  дидактиканың
орталығына айналады. Оқудың мақсаты – адамның білім қазынасын  көбейту  ғана
емес, тіптен адам өзінің аман-есен өмір сүруі үшін сол білімдерді  пайдалана
алады. Баланы өз заманына сай, айтарлықтай шығармашылық потенциалы бар  жеке
тұлғаны қалыптастыру үшін оқыту керек, ондай жеке тұлға үшін  ғылым,  білім,
эрудиция қоғамдық құндылықтарды жасау арқылы қоршаған болмысты  түрлендіріп,
өмір  мен  басқа  ортаны  жақсартудың  құралы  болып  табылады.  Ақиқат  пен
жақсылыққа деген ынтасын ояту,оқушыны – біздің  шәкіртімізді  ақиқатқа  жету
тәсілдерімен, құнды бірліктерімен қаруландыру, іс-әрекеті  мен  көзқарастары
арқылы дүние  мен  адамдарға  деген  өзінің  өнегелілік  қатынасын  білдіру,
сондай-ақ  –  оқушыға    білім   беру,  дамыту  және  тәрбиелеу  бір  арнаға
бағытталып жатқан қазіргі заманғы оқыту процесінің  мәні,  міне  осында.  Ең
бастысы,  қазіргі  қоғамға  өз   пікіріне  берік,  жаңа  қоғамдық  қатынасты
дамытушы  керек.  Идеялық-адамгершілік  қоғамдық  бағыттылық  оның   ниетін,
ынтасын, өмірлік жоспарын белгілеуі керек.  Оқытудың  әлеуметтік  мақсаттары
ағартушылық, дамытушылық және тәрбие іс-әрекеті арқылы жүзеге асады.
      Жоғарыда  аталып  өткеннің  бәрі  шебер  мұғалімдердің   тәжірибесінде
көрініс  тапқан  (Ш.А.Амонашвили,  С.Н.Лысенкова,  И.П.Волков,  В.Ф.Шаталов,
К.Бітібаева, К.Нұрғалиев, Р.Б.Нұртазина, А.Ысқақова т.б.).  Олардың  жаңашыл
ізденістері Кеңес Үкіметі кезінде-ақ басталған. Қазіргі  уақытта  мұғалімнің
таңдау мүмкіндігі бар кезде педагогтар шығармашылығы кең өріс алуда.  Бірақ,
өткен жылдардың педагогтарының иедялары мен технологиялары әлі де  өз  күшін
жойған жоқ.
      Әрбір педагогтің тәжірибесі бірегей болса да, олардың  ортақ  идеялары
да бар, олар:
    - балаларға деген ізгілікті тұлғалық қатынас, әрбір оқушыны  жеке  тұлға
      деп санау;
    -  оқушының  ішкі   жан   дүниесін,   оның   мақсат-мүддесін,   ынтасын,
      қабілеттілігін, жанұя өмірінің жағдайларын тани білу;
    - оқушылармен қарым-қатынасты  дұрыс  құра  білу,  оларды  оқу-тәрбиелеу
      процесінің әріптесі қылу, баланың тілегі мен ынта-ықыласын есепке  ала
      отырып танымдық іс-әрекетке араластыру;
    -  оқушыларға  қиынырақ  мақсаттар  қоя  білу   және   оқушылардың   сол
      мақсаттарға жете алу сенімін нығайту;
    - балалар ұжымына сүйену: сабақ – ұжымдық еңбек, мұғалім мен  балалардың
      ұжымдық шығармашылығы;
    - оқушыларға мүмкін болған кезде,  тапсырмаларды  еркін  таңдау  құқығын
      бере білу;
    -  бағдарламалық  материалды  ірі  блоктарға   біріктіру   және   тірек-
      сүйеніштерді пайдалану (тірек ишаралар, сызбалар, кестелер т.б.);
    - оқушылардың ұжымдық және даралық өзін-өзі талдай білуге қатыстыру;
    - оқушылары ұжымдық, қоғамдық шығармашылыққа үйрету.
      Педагогтардың осы идеяларын ынтымақтастық педагогикасында  біріктіруге
болады. Алайда,  ынтымақтастық  идеясы  жай  сөз  ретінде  қалмас  үшін  оны
әдістемемен бекіту қажет. Балалармен ынтымақтастықты жаңа  тоқсаннан  бастап
жариялауға  немесе  енгізуге  болмайды,  оған  жылдар   бойы   жету   керек.
Ынтымақтастық педагогикасы балалармен  қарым-қатынас  кезінде  оларға  деген
қатынастың өзгеруінен пайда болады.
      Педагогтар мен шебер ұстаздар тәжірибесінде оқытудың негізгі формасы –
сабаққа ерекше көңіл  бөлінеді.  Ол  айтарлықтай  өзгерген  және  мектептегі
балалардың   дербестігін,   шығармашылық   белсенділігін   дамытуға    деген
бағыттылығына негізделген жаңа формалармен толықтырылған.  Сабақты    сақтай
 отырып, қазіргі   мектеп оған жаңа  бағыт  береді,  оны  басқа  формалармен
толықтырады, ол формаларда оқушы білімінің өз  бетінше,  дербес  «табыскері»
ретінде көрінеді.
      Оқушылардың  белсенділігін  арттырудың  жаңа  формаларын   шеберлікпен
пайдалана  отырып,  ұстаздардың  белсендіру   әсерін   жүзеге   асырады,онда
оқушылар: өз пікірінде тұра алуы; пікірталастар мен  талқылауларға  қатысуы;
өз жолдастарына және мұғаліміне сұрақ қоя  білуі;  жолдастарының  жауаптарын
түзету; жолдастарының жауаптары мен жазба  жұмыстарын  бағалай  білу;  артта
қалған оқушыларды оқытуы;  үлгерімі  нашар  оқушыларға  түсініксіз  жерлерді
түсіндіуі;  өз  бетінше  шамасы  келетін  тапсырмаларды  таңдауы;   танымдық
міндетті (мәселені) шешудің бірнеше түрін  табуы;  өзін  өзі  тексеру  үшін,
өзіндік  танымдық  және  тәжірибелік  әрекеттерін  талдау  үшін  ойластыруы;
танымдық міндеттердің шешімін өзіне  белгілі  тәсілдерін  жинақтап  қолдануы
жүзеге асырылады.
      Жаңашыл педагогтар мен шебер  ұстаздар  тәжірибесінде  оқыту  әдістері
өзгеріп отырады. Ұзақ уақыт бойында мектеп, оқыту процесінің  елеулі  бөлігі
болып  табылатын  әдістерің  алуан  түрін  жинақтаған.  Алайда  олардың  ара
қатынасы, артықышылғы, нақты толысуы мектептің мақсаттық  бағыттарына  қарай
өзгеріп, артықшылығы, нақты толысуы мектептің  мақсаттық  бағыттарына  қарай
  өзгеріп    отырады.  Балалардың      танымдық      және       шығармашылық
белсенділігін дамытудың міндеттерін бірінші орынға  кою  дәстүрлі  әдістерге
елеулі өзгерістер енгізіп, жаңаларының пайда болуына жағдай жасайды.
      Ауызша баяндау әдістері мектепте, бұрыннан-ақ, басты орын алып келеді.
Мұғалім сөзі, оқулықтар – оқыту процесінің бұрыннан келе  жатқан  құралдары.
Алайда,  соңғы  он  жылда  олар  проблемалық  сипатқа   ие   болып   келеді.
Проблемалық әдіс ақырындап оқулықтар мазмұнын  өзгертіп  келеді.  Фактілерді
эпикалық түрде баян етудің  орнына  оқу  материалы  көкейкесті  ғылыми  және
әлеуметтік мәселелер  төңірегінде  топтастырылады,  оларды  шешудің  әртүрлі
теориялық  әдістері  ұсыныплып,  оқушылар  үшін  проблемалық  міндеттер  мен
сұрақтар тұжырымдалады. Оқулықтар құрылымындағы, мұғалімнің  оқу  материалын
түсіндіруіндегі жүйелі проблема қою әдісі оқыту процесінде басты  орынға  ие
болып келеді.
      Проблемалық әдіс дәстүрлі көрнекілік  және  техникалық  құралдарда  да
қолданылады. Теле және бейнежазулар, кино  және  диафильмдер  жағдайлар  мен
құбылыстардың жай ғана  бейнеленуі  емес.  Олар  оқушылардың  жануарлар  мен
өсімдік  әлемінің  динамикасын,  физикалық  құбылыстардың  пайда  болуы  мен
барысын көріп, басқа елдердегі халықтардың өмірімен  таныса  алатындай  етіп
жасалған.  Фильмдердегі  текстер,  проблемалық  және  пікірталас   сұрақтары
оқушылардың көңілін қарама-қайшылыққа,  қоғамдық  және  табиғи  феномендерді
ғалымдардың әртүрліталқылауларына аударады.
      Оқу  процесінің  жаңаруы  мектеп  лабораторияларындағы  оқушылар   іс-
әрекетінің орнымен  мазмұнының  өзгеруімен  байланысты.  40-шы  Дүниежүзілік
конференция  1980  жылдары-ақ  өзінің  ұсыныстарында  «оқушылардың    ғылыми
зерттеулер    мен  технологиялық  даму  процестеріне  қатысу   белсенділігін
арттыратын лабораториялық сабақтарға арналған  уақыт  екі  есе  көбейтілген,
лабораториялық тапсырмалардың мазмұны эвристикалық сипатқа ие болуда.  Қатал
ережеге негізделген тапсырмалар, көбінесе, оқушыдан  шығармашылық  әдіс  пен
өзіндік ойлауды керек ететін ізденіс міндеттерімен алмастырылады.
      Оқушылардың өздік жұмысының, оқыту  тәсілі  ретінде,  өздігінен  білім
алуға,  жұмысты  жоспарлаудың   маңызды   дағдыларын   қалыптастыруға,   оны
ұйымдастыру мен өзін өзі бақылауға, ақпаратты талдау мен  сараптауға,  жалпы
қорытынды жасауға, жұмысқа тиісті түзетулер енгізуге дайындығы  үшін  маңызы
өте зор. Өзіндік жұмыстың дәстүрлі түрі – үй жұмысы,  оны  оқушы  мұғалімнің
көмегінсіз жасайды. Кейде  тапсырма  ерекше  материал  жинастырумен,  сұрақ-
жауап, бақылау жүргізумен байланысты  болып  келеді.  Мұндай  өздік  жұмысты
проект – жоба дейді. Оқушылар тобы немесе жеке оқушы  жобаның  тақырыбы  мен
міндеттерін анықтап, тек мектеп қабырғасында ғана емес, сондай-ақ  мектептен
тыс та жұмыс істей алады (мұрағаттарда, мұражайларда,  қалалық  кітапханада,
мекемелерде т.б.). Жоба әдісі оқушыны оқу субъектісі етіп қана қоймай,  оның
қазіргі ақпараттар заманындағы өте маңызды  әртүрлі  бағыттан  келіп  түскен
ақпаратты жинастыру мен талдау дағдыларын қалыптастырады.
      Танымдық және шығрмашылық белсенділікті арттыру  міндеті  дидактикалық
рөлдік  ойындардың  пайда   болуына   себеп   болды.   Эмоционалдық   өріске
бағытталған олар оқушылардың танымдық  ынта-ықыласына,  қиялына  дем  беріп,
оқу  процесінде  аз  қамтылатын  жеке  тұлғалық   компоненттердің   қызметін
арттырады.  Бүгінде  батыс  елдердің  коммерциялық  фирмалары   әр   жастағы
оқушыларға арналған көптеген дидактикалық ойындар  шығарады.  Оларды  барлық
пән  мұғалімдері  қолданады,  әсіресе  тарих,  қоғамтану,  биология  пәндері
бойынша. Суреттермен, портреттермен,  сызбалармен,  текстермен  жұмыс  істей
отырып, оқушылар тарихи оқиғада,  қазіргі  әлеуметтік  құбылыста,  мектептің
аса  маңызды  мәселесін  шешуде  «жеңіліске  ұшырап  қалуы»  мүмкін.  Рөлдік
ойындар мен драматизация ынта-ықыласты  оятатын  мықты  педагогикалық  тәсіл
ретінде  қарастырылады.  Ол  мұғалім  оқушыларға  мәселені   шешу,   қарама-
қайшылықтан  шығу  жолын  табу  міндетін  қойған   кезде   ерекше   нәтижелі
аяқталады.
      Соңғы жылдары мектептерге жаңа техникалық құралдар кеңінен енгізілуде.
Микроэлектроникаға негізделген бір беткей жаңа  ақпарат  тасушылардың  пайда
болуымен байланысты  ақпарат  революциясы  соңғы  он  жыл  ішінде  мектептің
дәстүрін айтарлықтай өзгертті. Болашақ білім беру көбінесе теледидар,  аудио
және бейне аппаратура, микрокомпьютер сияқты  техникалық  құралдары  қазіргі
заманғы ақпарат құралдарын ары қарай пайдаланумен байланысты.
      Алайда қандай да керемет техника болмасын, ол мектептегі мұғалім орнын
  баса   алмайды, бұл  жағдай  ең  басты,  ең  маңызды  болып  қала  береді.
Оқушылардың танымдық белсенділігі, ең бірінші, сыныптағы мұғалімнің  орнына,
оның әрбір оқушының жақсы оқу қабілеттілігіне  деген  сеніміне,  оқушылардың
жетістіктерін  әрдайым  демеп  отыруына  байланысты.  Нағыз  мұғалімге  мына
қасиеттер тән: балаға деген сый мен сүйіспеншілік, оның мүмкіндігіне  сенім,
оқушының өрлеу, жетістік, өз күшіне  сену  сияқты  сезімдері  пайда  болатын
жағдайлар  жасау.   Микроэлектрлік   техникамен   органикалық   байланыстағы
адамгершілігі мол мұғалім оқу процесі мен мектептің бүкіл  кейпін  түбегейлі
өзгерте алады. Мұндай жағдайдағы оқу  бала  үшін  қиын  емес,  жаңаны  тану,
зерттелмегенді өз бетінше ашу, танымдық  іс-әрекетінің  жетістіктеріне  жету
қуанышына айналады.
      Осылайша, кешенді тұрғыда келу ғана  оқушылардың танымдық  іс-әрекетін
белсендірудің практикалық шешімі туралы айтуға мүмкіндік береді.








      Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
      1)  Қазіргі  заман   мектебіндегі   оқушының   танымдық   іс-әрекетін
         белсендірудің маңыздылығын дәлелдеңіз.
      2) «Оқушылардың танымдық  белсенділігі»,  «оқушылардың  танымдық  іс-
         әрекетін белсендіру» ұғымдарының мәнін,  олардың  өзара  байланысы
         мен өзгешелігін ажыратыңыз.
      3)  Оқушының  танымдық  белсенділігінің   құрылымдық   компоненттерін
         атаңыз.
      4) Оқушылардың танымдық  белсенділігінде  оқу  мотивациясының  қандай
         маңызы бар? Оқу мотивациясы ретінде не болуы мүмкін?
      5) Оқушылардың танымдық белсенділігі жалпы оқу және арнайы біліктерді
         меңгерумен  байланысты  екенін  дәлелдеңіз.   Басты,   жалпы   оқу
         біліктерін атаңыз.
      6) Оқыту процесіндегі субъект-субъектілік қатынас дегеніміз не? Оқыту
         процесіндегі іс-әрекеттің субъектісі кім?
      7) Оқушылардың репродуктивтік және продуктивтік танымдық  іс-әрекетін
         қалай түсінесіз? Өз мамандығыңыздың  пәні  бойынша  репродуктивтік
         және продуктивтік сипаттағы тапсырмалардан мысал келтіріңіз.
      8)  Оқыту  процесіндегі  оқушылардың  танымдық  белсенділігін  қандай
         белгілер арқылы білуге болады?  Оларды  қандай  әдістер  көмегімен
         өлшеуге болады?
      9)  Оқушылардың  танымдық   іс-әрекетін   белсендірудің   тәсілдерін,
         формаларын, әдістерін сипаттаңыз. Өз мамандығыңыздыз пәні  бойынша
         мысалдар келтіріңіз.
     10) Оқушылардың танымдық іс-әрекетін жетілдірудің қазіргі дидактикалық
         әдістерін атаңыз.

      Әдебиеттер:
1. Аристова Л.П. Активность учения школьника. М., 1988
2. А.Е.Әбілқасымова  Студенттердің  танымдық  ізденімпаздығын  қалыптастыру.
Алматы, «Білім», 1994
3. Бабанский Ю.К. Оптимизация процесса обучения. М., 1980
4. Горшкова В.В. Активность личности школьника в совместной  деятельности  с
учителем. Пособие по спецкурсу. Хабаровск, 1989
5.  Коллективная   учебно-познавательная   деятельность   школьников.   /Под
редакцией И.В.Первина. М., 1985
6. Ж.Б.  Қоянбаев,  Р.М.Қоянбаев  Педагогика.  Университеттер  студенттеріне
арналған оқу құралы. Астана, 1998
7. Педагогический поиск. М., 1987
8.  Пидкасистый И.П., Порожков М.Я. Искусство преподавания. М., 1999
9. Скаткин М.Н. Активация познавательной деятельности учащегося в  обучении.
М., 1965
10. Хан Н.Н. Сотрудничество в педагогическом процессе школы. Алматы, 1997
11. Харламов И.Ф. Как активизировать учение школьников. Минкс, 1975
12. Шамова Г.И. Активизация учения школьников. М., 1982
13. Щукина Г.И. Активизация  познавательной  деятельности  учащихся  учебном
процессе. М., 1979
14. Щукина Г.И. Роль деятельности в учебном процессе. М., 1986

        Тақырып 22 Оқу-тәрбие жұмысының нәтижесiн  есепке  алу  мен  бағалау
(1сағат)


      Мақсаты: оқу-тәрбие жұмысының  нәтижесiн  есепке  алу  мен  бағалаудың
негiзгi әдiстерiнiң сипатымен танысу.
      Мiндеттерi:
      а) Оқу-тәрбие жұмысының нәтижелерiн бағалау ұғымын құру.
      ә) Мектеп iшiлік бақылау туралы ұғым беру.
      б) Оқу-тәрбие жұмысының  нәтижелерiн  бағалаудың  әдiстерiн  пайдалану
бiлiгiн қалыптастыру.

Жоспар

     1. Бақылау мен есепке алудың мәнi. Мектеп iшiлік бақылау.
     2.  Оқушылардың  бiлiм,  бiлiк  және  дағдыларын  тексерудiң   негiзгi
        әдiстерi.
     3.  Тәрбие жұмысының нәтижесiн бағалау.
     4. Оқу-тәрбие процесiнiң нәтижелерiн бағалаудағы сабақтың орны.
      Бақылау мен есепке  алудың  мәнi.  Мектеп iшiлік  бақылау.  Оқыту  мен
тәрбие  нәтижелерiн  есептеу  мен  бағалау  тұтас  педагогикалық   процестiң
маңызды компонентi болып табылады. Ол әрдайым мұғалiмнiң  назарында  болады,
педагогикалық процестiң тиiмдiлiгi мен нәтижелiлiгiн  көрсетедi.  Сондықтан,
жалпы оқыту процесiндегi оқушылардың бiлiм, бiлiк  және  дағдаларын  тексеру
мен бағалаудың қандай орын алатынын, онда оқыту,  дамыту  және  тәрбие  үшiн
қандай потенциалды мүмкiндiктер барын, бұл  мүмкiндiктердi  оқу  іс-әрекетiн
белсендiру үшiн қалай дамытып,  пайдалану  керектiгiн,  оқыту  жемiстi  болу
үшiн нәтижесiне не ықпал ететiнiн қарастыру қажет.
      Оқыту нәтижесiн тексерудiң мәнi – оқушылардың белгiлi бiр  бағдарлама,
пән бойынша бiлiм беру стандартына сай  бiлiмдi  меңгеру  деңгейiн  анықтау.
Алайда,  қазiргi  педагогикада  тұтас  педагогикалық  процестi  тексеру  мен
бақылау ұғымдарының ауқымы айтарлықтай кең.
      Оқытуды бақылау дегенiмiз, бiр жағынан,  мұғалiмдер  мен  мектептердiң
жұмыстарын   тексерудiң   әкiмшiлiк-ресми   тәртiбi,   нәтижелерiн   басқару
шешiмдерiн қабылдау үшiн қызмет ету.  Ал  екiншi  жағынан,  оқытуды  бақылау
дегенiмiз  мұғалiмнiң  оқушылар  бiлiмiн  тексеруi  мен  бағалауы.   Отандық
ғылымда “педагогикалық диагностика” атауының қолдану аясы тар және  көбiнесе
тәрбие саласында көбiрек қолданылады, онда ол тәрбиелiлiк  деңгейдiң  өлшемi
мен талдауын бiлдiрiп, психодиагностикаға жақындай түседi.  Оқыту  процесiне
қатысты “педагогика  диагностикасы”  атауын  жоғарыда  келтiрiлген  мағынада
қолданған орынды. “Бақылау”, “педагогикалық процесс нәтижелерiн тексеру  мен
есепке алу” сияқты дәстүрлi атаулармен де қолдануға болады.
      Бақылау  мазмұнының  мәнi  ерекше.  Оқушылардың  бiлiм,   бiлiк   және
дағдылары тексеруге жатады деп есептелiнедi. Бiлiмдерден басқа  шәкiрттердiң
әлеуметтiк және жалпы психологиялық дамуы  мектеп  жетiстiктерiн  тексерудiң
мазмұны болып табылады. Мектеп тек  бiлiмдердi  қалыптастырып  қана  қоймай,
тәрбиелеп,   дамытатын   болғандықтан,    мектеп    жетiстiктерiн    тексеру
бағыттарында да жүргiзiлуi керек.
      Осылайша, тұтас педагогикалық процесте оқу-тәрбие  жұмысы  нәтижелерiн
есепке   алу   мен   бағалау   мұғалiмдер   мен   оқушылар   іс-әрекетiндегi
құбылыстардың барлық жағын қамтуы керек.
      Мектептерде педагогикалық  іс-әрекеттiң  нәтижелерiн  есепке  алу  мен
бағалау  мектеп  iшiндегi  бақылау  жүйесiне  енгiзiлген.  Мектеп   iшiндегi
бақылау  –  қойылған  мiндеттерге  сәйкес   тұтас   педагогикалық   процеске
түзетулер  енгiзу  мақсатында  оқу-тәрбие  процесiн  жан-жақты  зерттеу  мен
талдау. Мектеп iшiндегi бақылау –  күрделi  де  көп  жақты  процесс,  ол  да
барлық  тұтастықтар  сияқты  заңды  тәртiп  ретінде,   бiр   бiрiмен   тығыз
байланысты  және  әрқайсысы  белгiлi  бiр   қызмет   атқаратын   бөлiктердiң
тұтастығынан тұрады.
      Мектеп iшiндегi бақылау жүйесi  белгiлi  бiр  дидактикалық  талаптарға
негiзделедi.  Бақылаудың  мазмұны  мен   әдiстерiне   деген   бұл   талаптар
үйлесiмдi, басқару қызметiн жүзеге  асыруға  мүмкiндiк  беретiн  жағдайларды
анықтайды.  Қазiргi   зерттеушiлер   бақылауға   төмендегідей   дидактикалық
талаптар қояды:
            1. Бақылау мазмұнының бағдарламалық  талаптарға  сәйкес  болуы.
               Егер талаптар төмен болса, бiлiм беру деңгейi де төмендейдi;
               ал талаптар жоғары болған жағдайда  оқушыларға  шамадан  тыс
               салмақ түседi.
            2. Алынған ақпарат мазмұнының шынайлығы  мен анықтығы.
            3. Оқушылар дайындығының  негiзгi  элементтерiне  талдау  жасау
               қажеттiгi.
            4. Бақылау шапшаңдығы, жүйелiлiгi мен жариялылығы.
            5. Бақылаудың даралық және ұжымдық формаларын үйлестiру.
      Алынған ақпарат көлемi бойынша бақылаудың  келесi  түрлерiн  ажыратуға
болады:
а)  жаппай  бақылау,  мұғалiм  мен   оқушының   жұмысы   жүйесiнiң   негiзгi
компоненттерi зерттелiнедi;
      ә) тақырыптық бақылау,  кез  келген  процестiң  бөлiгi  болып  келетiн
мәселенiң талдауымен байланысты.
      Мектеп iшiндегi бақылаудың белгiлi бiр формалары бар  және  ол  тиiстi
әдiстер арқылы жүзеге асырылады. Бақылау  әдiстерi  мен  формаларының  алуан
түрлiлiгi  оның  объективтiлiгiн   арттырып,   әрбiр   мұғалiм   мен   тұтас
педагогикалық ұжымның іс-әрекетiнiң ұжымдық бағалауы  үшiн  жағдай  жасайды.
Бақылаудың әрбiр формасының мақсаты болуы  керек,  ол  оқу-тәрбие  жұмысының
әртүрлi кезеңiнде пайда болуы  мүмкiн  қиыншылықтардың  алдын  алуға  жағдай
жасауы керек.




      Бақылаудың үш түрi бар:
          1. Алдын ала бақылау: сабақ  өткiзу  үшiн  әзiрленген  жоспарлар,
             материалдармен  танысу;   түсiндiру,   бекiту   әдiстерi   мен
             формалары  туралы,  оқушылардың  өзіндiк  жұмысының  тәсiлдерi
             туралы әңгiме жүргiзу.
          2. Күнделiктi бақылау: сабақты немесе сабақтардың өтуiн  бақылау,
             оқушылардың бiлiмдерi мен дағдыларын тексеру, оқушылар жұмысын
             қарап шығу;
          3. Қортынды бақылау: белгiлi бiр  уақыт  аралығындағы  мұғалiмнiң
             оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу жұмысының нәтижелерiн  зерттеу.
             Журналдар, мәлiмет  тiзiмдердi  тексерiп,  бақылау  жұмыстары,
             сұрақ-жауап өткiзу.


Мектеп iшiндегi бақылау жүйесiнде педагогикалық процестiң жай-күйiн  зерттеу
келесi  мәселелердi  тексерудi  керек  етедi:  мектеп  жасындағы  балалардың
барлығына  толық  бiлiм  беру   туралы   белгiленген   талаптарды   орындау;
мемлекеттiк оқу бағдарламаларын толық көлемде  орындау;  оқушылардың  бiлiм,
бiлiк және дағдыларының деңгейi (тексеру  жұмыстары  негiзiнде  анықталады);
оқушылардың тәрбиелiлiк деңгейi.


Аталып кеткен ?ортындыға  байланысты  мектеп  құжаттарын  жүргiзу,  оқытудың
тәрбиелiк сипатының болуы, сабақтар мен  сабақтан  тыс  жұмыстардың  сапасы,
барлық оқушылардың үйлесiмдi ақыл-ой және жекелiк дамуын  қамтамасыз  ететiн
оқыту процесiнiң  даралануы  (мектеп  психологiнiң  қатысуымен  жүргiзiледi)
тексерiледi.

      Оқушылардың бiлiм, бiлiк және дағдыларын тексерудiң негiзгi  әдiстерi.
Оқыту процесiнiң құрамды бөлiгiнiң  бiрi  болып  келген  оқушылардың  бiлiм,
бiлiк және дағдыларын тексерудiң мақсаты  оқушылардың  оқу  жұмысын  бақылау
мен олардың үлгерiмiн есепке алу. Мұғалiмге оқушылардың  бiлiм,  бiлiк  және
дағдыны толық және сапалы  түрде  меңгеруi  аз.  Оқушылардың  бiлiмдерiндегi
кемшіліктерді анықтап, мұғалiм оны жоюға тырысады, оқушыларға  ақыл-ой  және
практикалық жұмыс тәсiлдерiн үйретедi. Бiлiм сапасына ерекше  мән  берiледi,
ол мына  қасиеттермен  сипатталады:  бiлiмнiң  толықтығы  мен  ғылымилығы  –
белгiлi бiр оқу пәнiнiң мектеп бағдарламасына сәйкес өзегi  болатын  негiзгi
мағлұматтар,  түсiнiктер   мен   ұғымдар,   ережелер,   заңдар,   теориялар;
бiлiмдердi  меңгеру  саналылығы   –   оқушының   ғылыми   заңдар   негiзiнде
фактiлердi,  құбылыстарды,  материалдық  әлем   заттарын   түсiндiре   алуы,
бiлiмдердi  ұқсас жағдайларда қолдана алу және бiлiмдер мен іс-әрекет  әдiс-
тәсiлдерiн  жаңа  жағдайларға  көшiре  алуы;  бiлiмдер  жүйелiлiгi  –   жаңа
түсiнiктер мен ұғымдардың оқушы санасындағы бұдан бұрын игерген  бiлiмдермен
тығыз байланысы; берiктiк –  жинақталған  бiлiм  саны  мен  іс-әрекет  әдiс-
тәсiлдерiнiң оқушы есiнде сақталуы.
      Оқушылардың  оқуға  қатынасы,   дербестiк,   еңбекқорлық,   ынталылық,
берiлген  тапсырманы  дер  кезiнде   орындау   мен   оның   сапасына   деген
жауапкершiлiк сияқты оқушы жеке тұлғасының  басты  қасиеттерiнiң  қалыптасуы
оқушылардың бiлiмiн тексеру мен  бағалау  қалай  жүргiзiлгенiне  байланысты.
Осылайша, тексеруге тек бақылаушылық қана емес, сонымен  қатар,  тәрбиелiлiк
пен дамытушылық қызметтерi де тән.
      Оқушылар бiлiмiнiң, бiлiк және  дағдалырының  сапасын  бақылау  келесi
элементтерден тұрады:
           - бiлiмдi қабылдау, мәнiн түсiну  және  есте  сақтау  деңгейiнде
             тексеру,  яғни  оқушының  сабақта  мұғалiмнен  және  өздiгiнен
             оқулықты  оқығанынан  алған  бiлiм  санын  еске  түсiре  алуын
             тексеру (бұл көбiнесе теориялық метариалды тексеруге қатысты);
           -  бiлiмдердi  ұқсас  жағдайда  қолдану  деңгейiнде,  яғни  үлгi
             бойынша тексеру;
           -  бiлiмдердi  ойлаудың  кейбiр   дәстүрлі   емес   элементтерiн
             көрсетудi  талап  ететiн  жаңа  жағдайда   қолдану  деңгейiнде
             тексеру.
      Оқушылардың бiлiмiнiң, бiлiк және дағдаларының сапасын бақылау  келесi
мақсат пен мiндеттер арқылы анықталады:
           1. Оқушылардың белгiлi бiр пән бойынша бiлiмдерiнiң  шынайы  жай-
              күйi және бұл бiлiмдердiң лайықты  мемлекет  бағдарламаларының
              талаптарына сай болуы.
           2. Тәжiрибелiк бiлiк пен дағдаларды  ұқсас  және  жаңа  жағдайлар
              деңгейiнде игеру дәрежесi.
           3. Бүкiл сыныптың немесе жеке бiр оқушы бiлiмiнiң нашар  болуының
              себебi.
      Процесс ретiнде бiлiм, бiлiк  және  дағдыларды  бағалау  жеке  оқушыны
бақылау (тексеру) барысында жүзеге  асырылады.  Бағалаудың  шартты  көрiнiсi
баға, ол көбiнесе балл түрiнде болады. Отандық дидактикада бағаның 4  балдық
жүйесi қалыптасқан: “5” – толық меңгерген  (өте  жақсы);  “4”  –  жеткiлiктi
меңгерген (жақсы); “3” –  жеткiлiксiз  меңгерген  (қанағаттанарлық);  “2”  –
мүлдем меңгермеген (өте нашар).
      Бiлiм сапасының сандық көрсеткiшi  мына  формула  бойынша  анықталады:
k=Z/n, Z – “4” және “5” бағалары бар оқушылар саны, n  –  оқушылардың  жалпы
саны.
      Үлгерiм бағасын оқыту сапасы мен оқушылардың танымдық  белсендiлiгiнен
бөліп  ?арауға  болмайды.  Оқушылардың  оқып   жатқан   материалды   меңгеру
дәрежесiне  объективтi  және  әдiл  баға  берудiң  маңызы  зор   болғанымен,
қойылатын бағаны оқушыларды оқу іс-әрекетiне мәжбүр ету амалына  айналдыруға
болмайды.
      Бақылау әдiстерi  –  оқытудың  жетiстiгi,  оқу  процесiнiң  тиiмдiлiгi
туралы мағлұмат алу  мақсатында  оқыту  процесiнде  қарама-қарсы  байланысты
қамтамасыз  ететiн  мұғалiм  мен  оқушылардың  бiрiздi,   өзара   байланысты
диагностикалық қызметтерiнiң жүйесi. Бақылау әдiстерi оқыту  процесi  туралы
жүйелi, толық, нақты және жылдам ақпарат  алуды  қамтамасыз  етулерi  керек.
Бақылаудың мынандай әдiстерi бар: ауызша бақылау әдiстерi,  жазбаша  бақылау
әдiстерi,  тәжiрибелiк  бақылау  әдiстерi,  дидактикалық  тестер,   бақылап-
зерттеу. Кейбiр  зерттеушiлер  нәтижелердi  зерттеудiң  басқа  да  әдiстерiн
ұсынады.
      Ауызша бақылау әдiстерi  –  бұл сұқбат,  оқушы  әңгiмесi,  түсiндiрме,
текстi оқу, технологиялық  карталар,  сызбалар,  тәжiрибе  туралы  хабарлар.
Ауызша бақылаудың негiзiн оқушының монологиялық жауабы  (қортынды  бақылауда
бұл толығырақ, жүйелi баяндама) немесе мұғалiм сұрақ қойып,  оқушыдан  жауап
алатын сұрақ-жауап формасы –  сұқбатты  құрайды.  Ауызша  бақылау  әр  сабақ
сайын  жеке-дара,   жаппай   немесе   құрастырылған   формада   жүргiзiледi.
Оқушылардан жеке-дара  сұрақ-жауап  алу  мұғалiмге  меңгеру  деңгейi  туралы
толығырақ және  нақтырақ  мәлiмет  алуға  мүмкiндiк  бередi,  бiрақ,  екiншi
жағынан, ол басқа оқушыларды  сабақта  әрекетсiз  қалдырады.  Жаппай  сұрақ-
жауап алу барлық оқушыларды бiрден қамтыса  да  олардың  бiлiмдi  меңгергенi
туралы үстiртiн мағлұмат бередi. Оқытудың  белгiлi  бiр  уақыт  аралығындағы
бiлiмдi тексерудiң ең тиiмдi де толық түрi сынақ (зачет) пен  эмтихан  болып
табылады.
      Жазбаша бақылау әдiсi (бақылау жұмысы, мазмұндама,  шығарма,  диктант,
реферат) бiлiмдi меңгерудiң терең әрi жан-жақты тексеруiн қамтамасыз  етедi,
өйткенi ол оқушының  бiлiмi  мен  бiлiгiнiң  тұтас  жиынтығын  талап  етедi.
Жазбаша жұмыста оқушы теориялық бiлiмiн де, оларды нақты бiр  мiндеттер  мен
мәселелердi шешуде қолдана алуын да көрсетуi керек. Сонымен қатар, бұл  әдiс
арқылы оқушының жазба тiлiн игеру дәрежесi, мәтiндi  мәселеге  сай,  қисынды
етiп сөйлем құрап, баяндай алуы,  шығармаға,  экспериментке,  мәселеге  баға
бере алуы көрiнедi.
      Тәжiрибелiк   бақылау   әдiстерi   көбiнесе    кәсiптiк    мектептерде
(техникалық, медициналық, педагогикалық бiлiм беретiн) қолданылады,  өйткенi
бұл әдiс негiзiнде  оқушылар  лабораториялық  сынақтар  жүргiзедi,  бұйымдар
жасайды, аппарат монтаждайды.
      Дидактикалық тестер оқыту нәтижелерiн тексерудiң ең жаңа әдiсi (амалы)
болып табылады. Дидактикалық тест дегенiмiз – белгiлi бiр  материал  бойынша
оқушылардың  оны  меңгеру  дәрежесiн   анықтайтын   стандартты   тапсырмалар
жиынтығы. Тестердiң артықшылығы оның  шынайылығында,  яғни  бiлiмдi  тексеру
мен бағалаудың мұғалiмге байланысты еместiгiнде. Тестердiң төрт түрi бар:
           -  Оқушының  есте  сақтау  мен  еске  түсiру  керек  деректердi,
             ұғымдарды,   заңдарды,   теорияларды,   барлық    мәлiметтердi
             бiлетiнiн тексеру, яғни бұл  жағдайда  репродуктивтi  жауаптар
             талап етiледi.
           -  Алынған  бiлiмдер  негiзiнде  ойлау  қызметiн  орындай  алуын
             тексеру, бұл, негiзiнде, типтiк мiндеттердi шеше алу.
           - Өткен тақырыптарға өзiндiк сын баға бере алуы.
           - Бiлiмдердi алынған мәлiметтер негiзiнде жаңа нақты жағдайларда
             қолдана білуі.
      Бақылау мен тексеру оқушының артта қалуының себептерiн ашуға мүмкiндiк
бередi. Оқушының артта қалу себептерiнiң үш тобын ажыратуға болады:
            1) Әлеуметтiк-экономикалық –  жанұя  әл-ауқатының  нашар  болуы,
               жанұядағы жалпы бейберекет  ахуал,  араққұмарлық,  ата-ананың
               педагогикалық  сауатсыздығы.  Қоғамның  жалпы   жай-күйi   де
               балаларға әсер етедi, бiрақ ең  бастысы  –  жанұя  өмiрiндегi
               кемшiлiктер.
            2) Биопсихикалық сипаттағы себептер –  мұрагерлiк  ерекшелiктер,
               қабiлеттiлiк, мiнез-құлық белгiлерi. Алғы шарттардың  ата-ана
               арқылы берiлетiнiн, ал қабiлеттiлiк, әуестiк,  мiнез-құлықтың
               осы  алғышарттар  негiзiнде  өмiр  жолында  дамитынын  ескеру
               керек. Денi сау болып туған  балалардың  бәрiнiң  әлеуметтiк,
               жанұялық ортаға және тәрбиеге байланысты  даму  мүмкiндiктерi
               бiрдей екенi дәлелденген.
            3)  Педагогикалық  себептер.  Педагогикалық  салақтық   көбiнесе
               қателiктердiң, мектеп  жұмысының  төмен  деңгейiнiң  нәтижесi
               болып табылады. Оқыту,  мұғалiм  жұмысы  –  оқушы  дамуындағы
               шешушi фактор. Педагогтың  өрескел  қателiгi  оқушының  оқыту
               процесiнде алынған және кейде  тiптi  арнайы  психотерапиялық
               көмек керек ететiн психикалық дамуына әсер етеді.
      Алайда бұл оқудағы сәтсiздiктiң жалғыз себептерi емес,  оның басқа  да
себептерi  бар,  мысалы,  оқытудың  қатал  да  бiрбеткей  жүйесi,   оқытудың
әдiстерi мен формаларындағы  бiркелкiлiк  пен  стереотиптiлiк,  эмоциялардың
бағаланбауы, оқытудың мақсатын айқындай алмау  және  нәтижелердi  бақылаудың
тиiмдi  жолының  болмауы,  оқушылардың  дамуын  ескермеу,   үстiртiн   сабақ
жүргізу.  Осылайша  мұғалiмнiң  дидактикалық,   психологиялық,   әдістемелік
жағынан жете бiлмеушiлiгi оқудағы сәтсiздiктерге әкеледi.
      Үлгермеушiлiктiң дидактикалық себептерiн жоюдың да амал-тәсiлдері бар:
      а) Педагогикалық алдын алу – орынды педагогикалық жүйелер iздеу, соның
iшiнде,  оқытудың  белсендi  әдiстерi  мен  формаларын,  жаңа  педагогикалық
технологияларды, компьютеризацияны, т.б. қолдану.
      ә) Педагогикалық диагностика, оқыту  нәтижелерiн  жүйелi  бақылау  мен
бағалау, қиыншылықтарды дер кезiнде айқындау ретiнде.
      б) Педагогикалық терапия – оқудағы артта қалушылықты жоюдың шаралары.
      в) Тәрбиелiк ықпал ету – жеке-дара жоспарлы тәрбиелiк жұмыс.
      Артта   қалушылық   –   дидактикалық,   әдістемелік,    психологиялық,
медициналық  және  әлеуметтiк-педагогикалық  аспектiсi  бар  күрделi  мәселе
екенiн айта кеткен жөн. Сондықтан оны шешу де күрделi болу керек.
      Көптеген педагогтар оқушыны оқушы бiлiмiн  бағалау  процесiне  қатысты
белсендi орынға  қоятын  әдiстердi  қолданады.  Бiлiм,  бiлiк  және  дағдыны
бағалаудың, бақылаудың  стандарттан  тыс  формалары  қолданылады:  өзiн  өзi
бағалау, бiрiн бiрi бағалау. Өзiн өзi бағалауда оқушы өз еңбегiн өз  бетiнше
тексерiп,  бағалайды,  бiрiн  бiрi  бағалауда  –  сыныптастар  бiр   бiрiнiң
жұмыстарын тексерiп, баға қояды.
      Тексеру әдiстерiн таңдау тексерушiнiң өз алдына қойған мақсаттары және
мiндеттерiмен  анықталады.  Оқу  жұмысы  жүйесiнде  қажеттi  жүйелiлiк   пен
оқушылардың  үлгерiмi  сапасын   терең   бақылауды   қамтамасыз   ету   үшiн
бiлiмдердi тексеру мен бағалаудың жоғарыда келтiрiлген  әдiстерiнiң  барлығы
да қолданылуы керек.
      Тәрбие  жұмысының   нәтижесiн   бағалау.   Тәрбиелiк   жүйені   кәсiби
ұйымдастырудың құрамында, мiндеттi түрде,  педагогикалық  талдау  компонентi
болуы керек, бұл талдау негiзiнде педагогтар  тәрбие  барысының  дұрыстығын,
оның белгiлi дәрежеде  жемiстi  екенiн  бiле  алады,  ұйымдастыру  шараларын
жетiлдiрiп, немесе оған уақытқа, балалар жасына,  оқиғалар  мен  жағдайларға
бйаланысты түзетулер енгiзе алады. Педагогикалық  талдау  –  бұл   тәрбиенiң
мәндiк элементтерiн бағалай  отырып  қарастыру.
       Тәрбиелiк процестi бақылау,  ең  алдымен,  оқу  процесiнiң  барысында
жүзеге асырылады, өйткенi негiзгi тәрбие жұмысы сабақ  үстiнде  жүргiзiледi.
Тәрбиелiк  процестi  бақылауда  сынып  жетекшiсiнiң  сабақтан  тыс  жұмысын,
балалардың қоғамдық ұйымдарының, клубтардың, үйiрмелердiң, секциялардың  іс-
әрекетiн, сондай-ақ, осы жұмыстың  жалпы  нәтижелерiн  зерттеу  ерекше  орын
алады.
      Тәрбиелiк процестi бағалау үшiн  көптеген  бағалау  сипаттамалары  бар
бала тәрбиелiлiгiнiң негiзгi ұғымдары енгiзiледi. Оқушы тәрбиелiлiгi –  оның
жекелiк дамуының педагогтар қойған мақсатқа сәйкес келу дәрежесi.  Тәрбиелiк
процестiң нәтижелiлiгiн анықтау – оқушылардың тәрбиелiлiк деңгейiн  айқындау
деген сөз.
      Тәрбие жұмысын бағалаудың шынайылығына тәрбиелiлiк  өлшемдер   анықтау
арқылы жетуге болады. Бұл өлшемдер  екi  үлкен  топқа  бөлуге  болады,  оның
бiрiншiсi жалпы жеке  тұлғалық  сипаттаманы  айқындаумен  байланысты  болса,
екiншiсi жекелеген белгiлер мен қасиеттердiң қалыптасуымен, тәрбиелiк  ықпал
етудiң  белгiлi  бiр  әдiстерiн  қолданумен   байланысты   аралық,   жиi-жиi
нәтижелердi тексеруге қатысты.
      Аралық немесе қортынды кезеңдегi тәрбиелiк  процестiң  қортындысы  мен
нәтижесiн талдау үшiн қолданылатын бiрiншi топтың өлшемдері  негiзiнде  жеке
тұлғаға деген жалпы  талаптар  болуы  мүмкiн.  Бұл  талаптарды  қоғам  дамуы
процесiнде өзгерiп отыратын әлеуметтiк тапсырыс анықтайды.
      Екiншi топ өлшемдерiн келесi топтарға бөлуге болады:
      а) Тәрбие нәтижелерiнiң сыртқы түрпішінде – пайымдауларда,  бағаларда,
әрекеттерде көрiнiс табуымен байланысты өлшемдер.
      ә) Тәрбиешiнiң көзiнен таса құбылыстармен, яғни сөзiнде, қылықтарында,
iс-әрекеттерiндегi сыртқы көрiнiстерiмен  сәйкес  келмейтiн  адамның  себеп-
салдарларымен, iшкi ұстанымымен байланысты өлшемдер .
      Кәсiби педагогикалық іс-әрекет жемiсi, немесе оның нәтижесi балалардың
тәрбиелiлiгi болып табылады. Балалардың тәрбиелiлiгiнiң  деңгейi  қаншалықты
жоғары  болса,  педагогтiң  кәсiбилiгiнiң  бағасы  соғұрлым  жоғары  болады.
Алайда мәселенiң мұндай қойылуы әдiлетсiз көрiнуi  мүмкiн,  өйткенi  педагог
алдына  келген  балалардың  өзiнiң  мектепке   дейiнгi   өмiрiнiң   нәтижесi
ретiндегi тәрбиелiлiгiнiң  деңгейi  әртүрлi  болады:  бiр  топта  –  ақылды,
мейiрiмдi, тәрбиеге бой  ұсынатын  балалар;  ал  басқа  топта  –  дамымаған,
агрессивтi,  күтiм  көрмеген  балалар.   Бастапқы   тәрбие   ар?ауы   сәтсіз
болғандықтан, нәтижесi де әртүрлi болады.
      Мұндай қарама-қайшылықтан шығудың жолы –  тәрбиелiк  процестi  бағалау
өлшемдерiнiң үшiншi тобын енгiзу –  балалардың  өзгеру  мөлшерлерi,  “қандай
болды” және “қалай өзгердi”, даму мен рухани баю динамикасы.  Балаларды  бiр
бiрiмен емес, тек оларды өткендегiсi мен осы шақтағы тәрбиесімен  салыстырса
ғана кәсiби әдiлеттiлiк сақталады.
      Тәрбие нәтижелерiн бағалау мәселесiнде  оларды  өлшеу  амал-тәсiлдерiн
iздестiру ерекше орын алады. Осылайша, жеке тұлғаның  тәрбиелiлiгiн  бағалау
негiзi ретiнде жеке тұлғаның белгiлi бiр  түрпішініңде  көрiнген  қандай  да
бiр сипаттамалық немесе өзектi қасиеттер тобын алу керек.  Бұл  қасиеттердiң
даму деңгейiн, белгiлi  мағынада,  баланың  тәрбиелiлiгiнiң  көрсеткiшi  деп
есептеуге болады.
      Тәрбиелiк  жұмыс  нәтижелерiн  бағалаудың  негiзгi  әдiстерi   ретiнде
бақылап қарауды, әңгiме-сұқбатты, оқушылардың әртүрлi құбылыстарға  қатынасы
бойынша тақырыптарға шығармаларын, тестiнi есептеуге болады.
      Тәрбиелiлiктiң кейбiр  көрсеткiштерiн  арнайы  диагностикалық  әдiстер
арқылы бiлуге болады. Осындай  амал-тәсiлдер  аз  емес:  сауалнама,  анкета,
шығарма,  тест.  Педагогикалық  диагностикалық  әдiстер   баланың   құндылық
қатынастарын (оның бар екенiн  және  мөлшерiн)  анықтайды,  өйткенi  олардың
барлығы баланы “ерiктi таңдау” орнына қояды  және  бұл  таңдау  арқылы  оның
жақсылық не  жамандықты,  ақиқат  не  өтiрiктi,  әсемдiк  пен  ұсқынсыздықты
ажырата алады.
      Әңгiме-сұқбат арқылы тәрбиелiлiктiң  кейбiр  көрсеткiштерiн  келтіруге
болады.  Әңгiме-сұқбат  жеке-жеке  әрбiр  оқушымен,  сондай-ақ  топппен   де
жүргiзiледi.  Әңгiме-сұқбатта  жанама,  тура,  ашық  және  жабық  сұрақтарды
қолданылуы мүмкiн.  Тура  сұрақтар  керек  құбылыстарды  айқындауға  тiкелей
бағытталады. Жанама сұрақтар керек құбылыстардың  жанама  түрде  айқындайтын
фактiлердi анықтауға бағытталады. Ашық сұрақтар ерiктi жауапты керек  етедi.
Жабық сұрақтарда  жауаптардың  бiрнеше  варианттары  болуы  мүмкiн,  олардың
арасынан ең лайықты дегенiн таңдап алу керек.
      Әңгiме-сұқбат өткiзу үшiн ең алдымен  сұрақтардың  тiзiмiн  жасап  алу
керек, ол сұрақтар жүйелiлiкте орналасуы керек, сондай-ақ олар  зерттеушiнiң
алдына қойған мақсаттары мен мiндеттерiне сай болуы ?ажет.
      Тәрбиелiлiктiң кейбiр  көрсеткiштерiн  бақылап  қарауға  болады.  Олар
баланың сыртқы көрiнiсi, мимикалық және пластикалық бейнесi, тiлi  мен  жеке
қылықтарынан қалыптасқан  мiнез-құлқы,  сайлаушылық  іс-әрекетi,  әлеуметтiк
құбылыстарға жауап беруi, оның қоршаған  ортамен  ара  қатынасы,  сондай-ақ,
оның заттық тұрғыдан сапалылығы.
      Бақылау,  объективтi және кiрiстiрiлген  болуы  мүмкiн.  Кiрiстiрiлген
бақылау   –  бақылаушының  өзi  сырттай  да,  iштей  де  бақылап  зерттейтiн
процестерiнiң қатысушысы болып келетiн зерттеу әдiсi. Субъективтi бақылау  –
сырттай бақылау  зерттеу,  онда  бақылаушының  бақылау  зерттеген  жағдайына
қатысы болмайды.
      Бақылау, объектiсi үшін табиғи жағдайларда да, сондай-ақ, бақылаушының
қолдан жасаған жағдайларында да жүргiзiлуi мүмкiн. Егер бақыланатын  объектi
өзiнiң бақыланып  жатқанын бiлмесе, онда бұл жасырын  бақылау  деп  аталады.
Егер бақылау  объектiсi  оны  бiлетiн  болса,  онда  бұл  ашық  бақылау  деп
аталады.
      Бақылау үздiксiз және дискреттi болуы мүмкiн. Үздiксiз бақылау кезiнде
зерттеушi әрдайым объектiнiң қасында  болып,  оның  мiнез-құлқын  зерттейдi.
Дискреттi бақылауда зерттеушi  объектiнiң  мiнез-құлқын  белгiлi  бiр  уақыт
аралығында ғана, яғни әр түрлі уа?ытта зерттейдi.
      Бақылау өткiзудiң белгiлi бiр тәртiбi бар:
     1. Бақылаудың мақсатын, мiндеттерiн және объектiсiн анықтау.
     2. Бақыланатын құбылыстың негiзгi параметрлерiн  анықтау  (бақыланатын
        құбылыстың көрiну дәрежесiн қандай  параметрлерi  арқылы  анықтауға
        болады).
     3.  Бақылаудың  кестесін  жасау.  Ол  бақылау  объектiсiнiң  саны  мен
        бақылауға бөлiнген уақыт мөлшерiне қарай өзгерiп тұрады.  Егер  бiр
        оқушының мiнез-құлқын бiрнеше сабақ бойы бақылау керек болса,  онда
        оның кестесі былай болады:


      |Бақылаудың өлшемдерi       |1 сабақ       |2 сабақ       |3 сабақ      |
|1 көрсеткiш                |              |              |             |
|2 көрсеткiш                |              |              |             |
|3 көрсеткiш                |              |              |             |




      Ал егер бiрнеше оқушыны бiр сабақ iшiнде бақылап зерттеу керек  болса,
онда кесте өзгередi:






      |Бақылаудың өлшемдерi       |1 оқушы       |2 оқушы       |3 оқушы      |
|1 көрсеткiш                |              |              |             |
|2 көрсеткiш                |              |              |             |
|3 көрсеткiш                |              |              |             |


     4. Бақылау  нәтижесiне  талдау  жасау  (нәтижелер  бақылау  кестесінде
        белгiленедi).
      Тәрбиелiлiктi бағалау мәселесi әлi де жете тексерiлмеген және одан әрi
зерттеудi   керек   етедi.   Алайда,    терең    зерттелген    педагогикалық
диагностикамен жүргізілмеген тәрбиенi жоғары кәсiби  түрде  ұйымдастыру  өте
қиын екенi белгiлi.
      Оқу-тәрбие процесiнiң нәтижелерiн бағалаудағы сабақтың  орны.  Сабақты
талдау оқу-тәрбие процесiнiң  нәтижелерiн  бағалауда  өте  жиi  қолданылады.
Сабақта оқушылардың да,  мұғалiмнiң  де  іс-әрекетiн  бақылауға  болады,  ол
материалды меңгеруде пайда болатын қиыншылықтардың себебiн  бiлуге,  сондай-
ақ оқытудың тәрбиелiлiк сипатын тексеруге мүмкiндiк бередi.  Тұтастай  оқыту
процесiнiң жетiстiгi,  негiзiнен,  сабақтың  сапасына  байланысты.  Сабақта,
орталық нүкте сияқты, педагогтiң барлық іс-әрекетi, оның  ғылыми  дайындығы,
педагогикалық   дағдылары,    оқушылардың    ойлау    жұмысын    ұйымдастыру
қабiлеттiлiгi шоғырланады.
      Сабақтың шынайы құндылығы  –  оның  нәтижесi:  оқушылардың  материалды
меңгеруiнiң дәрежесi. Мұғалiм сабақта сырттай тиiмдi   тәсiлдердiң  қандайын
қолданса да, оқушылар тақырыпты меңгермесе, сабақты дұрыс  өттi  деп  айтуға
болмайды. Сабақта оқушы  тек  түсiнiп  қана  қоймай,  бiлiмнiң  белгiлi  бiр
мөлшерiн меңгерiп, қажеттi дағдылар мен бiлiктердi дамытуы керек.
      Сабақтың талдауы белгiлi бiр сызба арқылы жүргiзiледi және ол бақылап-
зерттеудiң мiндеттерiне қарай  өзгерiп  отырады.  Жалпы  түрiнде  бұл  сызба
келесi позицияларды айқындаудан тұрады:
      1. Мұғалiм белгiлеген сабақтың мақсаты мен мiндеттерi; оларды  орындау
үшiн сабақтың қандай түрi таңдалды.
      2. Сабақтың мақсаты мен мiндеттерiне  сәйкес  жұмыстың  тәсiлдерi  мен
әдiстерi қаншалықты терең ойластырып, таңдалып алынды.
      3. Оқу процесiне деген қазiргi заман талаптары дұрыс жүзеге асып жатыр
ма, сабақта оқушыларды оқыту, тәрбиелеу және  дамыту  бiртұтастығы  орындала
ма.
           4. Сабақ ұйымдастырылуы жағынан  қаншалықты  дұрыс  ойластырылып,
              жүзеге асырылған (өз уақытында басталуы, жүзеге асырылу уақыты
              мен материалдың  көлемi  жағынан,  сабақтағы  жұмыс  минутының
              тығыздығы   жағынан   сабақтың   әрбiр   құрамдық    бөлiгiнiң
              ойластырылуы.); оқытуда даралық әдiс қолданылған ба,  үлгерiмi
              нашар оқушылармен жұмыс жүргiзiлдi ме.
           5. Оқушылардың сабақтағы белсендiлiгi қандай, олардың жаңа  бiлiм
              алуға деген ынта-ықыласы бар ма.
           6. Сабақтың тәрбиелiк, дамытушылық және оқыту  мақсаттары  жүзеге
              асырылды ма.
      Сабақты түпкiлiктi, тұрақты критерилер негiзiнде абстрактiлi  талдауға
болмайды. Ең алдымен, әрбiр сабақта жұмыстың барлық тәсiлдерi мен  әдiстерiн
iздеу қажет.  Сабаққа  талдау  жасағанда  келесi  нақты  жағдайларды  ескеру
керек:
           1. Тақырыптың ерекшелiктерi. Кейбiр сабақтарда  көрнекiлiк  және
              техникалық   құралдарды   қолданудың,   оқушыларды    тақтаға
              шығарудың, кiтаппен жұмыстың қажетi болмауы мүмкiн.
           2. Мектеп мүмкiндiктерi, бөлмелердiң,  техникалық  және  көрнекi
              құралдардың,  кiтапханадағы   қажеттi   кiтаптардың,   мектеп
              маңындағы   алаңдардың   болу-болмауы.   Сабақты   талдағанда
              мұғалiмнiң материалды терең  оқып-бiлу  үшiн  барлық  қажеттi
              заттарды қолданданғанына көңiл бөлу  керек,  алайда,  сонымен
              қатар, на?ты орындалатын талаптар қою керек.
           3. Сынып құрамы, оқушылардың дамуы мен қабiлеттiлiгiнiң деңгейi.
              Сабақ туралы пiкiр  оқушылардың  жауабы,  бақылау  жұмыстары,
              сыныптың дайындығы негiзiнде құралатыны белгiлi.
           4. Мұғалiмнiң даралығы,  оның  жұмыс  стажы,  дайындық  деңгейi,
              мiнез-құлқының  ерекшелiктерi,  денсаулық  жағдайы,  жұмыстың
              бұрыңғы нәтижелерi.
      Сабақтың  талдауын  сыртқы  сараптамалық   бағалаудың   түрi   ретiнде
қарастыруға болады.  Сыртқы  сараптамалық  бағалау  –  бағалайтын  құбылысын
жақсы бiлетiн және  оған  дұрыс,  объективтi  баға  бере  алатын  адамдар  –
сарапшылар  пiкiрiне  сүйенетiн  зерттеу  әдiсi.  Сондықтан  сабақ  талдауын
мектеп басшылығының өкiлдерi немесе тәжiрибелi  әрiптес-ұстаздар  жүргiзедi.
Сабақтың нәтижесін техникасының сызбасы талдау баспадан  бiрнеше  рет  жарық
көрді. Ең орынды және дұрысы келесi сызба: педагог, өз пiкiрiнше, неге  жете
алды, неге жете алмады деген сияқты  өз  сабағы  туралы  әңгiмелейдi;  содан
кейiн барып сарапшы (жетекшi) сабақтың дұрыс деген  жақтарын  ашады;  осыдан
кейiн  ғана  дұрыс  емес  жақтарына   талдау   жасау   керек;   ең   соңында
сәтсiздiктердi  қалай  жеңу  керектiгi  туралы  ұсыныстар  жасалады;  талдау
соңында педагогке өз пiкiрiн бiлдiру үшiн сөз берiледi, шығармашылық  ғылыми
айтыс, әңгiме жүргiзiледi.
      Тәрбиелiк  жұмыстың  нәтижелерiн  есепке  алу   оқушылардың   танымдық
қабiлеттерiнiң дамуын, сондай-ақ жеке  тұлғасының  даму  деңгейiн  бағаламай
толық бола алмайды. Бұл  бағалауды  психологиялық  бақылау  мен  диагностика
барысында мектеп психологi жүргiзедi. Психологиялық бақылау мен  диагностика
– психологтiң  педагогикалық  ықпал-әсер  нәтижелiлiгiн  анықтау  мақсатында
жүргiзетiн тексеру шараларының жиынтығы. Тексеру  шаралары,  негiзiнен,  жай
ғана  бақылаудан,  сабақтың  психологиялық  талдауынан,  тесттерден  тұрады.
Психологиялық диагностикада белгiлi бiр  психологиялық  мiндеттердi  орындау
үшiн арнайы таңдалып алынған бiрнеше әдiстерді қолданады.
      Психологиялық   диагностиканың   ең    көп    тараған    түрi    тест.
Психодиагностикада  тестер  арқылы  белгiлi   бiр   зерттелетiн   психикалық
сипаттардың   даму   дәрежесiнiң   салыстырмалы    сандық    және    сапалық
көрсеткiштерiн алуға болады. Мұндай  тест  дәлдiк,  берiктiк,  объективтiлiк
талаптарына сай болу керек. Тестiң берiктiгi дегенiмiз оның сол  нәтижелердi
бiрнеше рет,  ұқсас  жағдайларда  көрсетуi.  Дәлдiк  дегенiмiз  тестiң  тест
жасаушысы  өлшегiсi  келетiн  дәл  сол  психологиялық  құбылыстарды   тауып,
өлшеуi. Айтылғандардан белгiлi болғандай, бұндай тестердi жасау мен  қолдану
арнайы бiлiм мен уақытты қажет етедi. Сондықтан психологиялық  диагностиканы
тек  қана  психолог-маман  жүргiзуi  керек.  Алынған  мәлiметтер   негiзiнде
психолог  мұғалiмге  оқу-тәрбие  процесiн  психологиялық  қамтамасыз  ететiн
кепілдеме дайындайды.
      Осылайша, оқу-тәрбие процесiнiң нәтижелерiн тексеру тұтас болу  керек,
ол  жүйеде  өткiзiлуi  керек.  Оны  жүзеге  асырумен  мамандардың   барлығы:
ұстаздар, оқу мекемесi  басшылығының  педагогтары,  психологтар,  әдіскерлер
айналысуы керек. Мектептерде педагогикалық іс-әрекет нәтижелерiн есепке  алу
мен бағалау мектеп iшiндегi бақылауға енгiзiлген.


Өзiн өзi бақылауға арналған сұрақтар


           1) Мектеп iшiлік бақылау дегенiмiз не?
           2) Бiлiм, бiлiк және дағдының сапасы дегенiмiз не?
           3) Оқыту мен тәрбие  нәтижелерiн  бағалаудың  негiзгi  әдiстерiн
              атаңыз.
           4) Психологиялық бақылау мен диагностика не үшiн қажет?
           5) Оқу-тәрбие процесiнiң нәтижелерiн есепке алу  мен  бағалаудың
              қажеттiлiгiн не анықтайды?
           6) Оқу-тәрбие жұмысының нәтижелерiн есепке алу мен бағалау  неге
              тұтас жүйенi құрауы керек?
           7) Бақылаудың қандай түрлерiн бiлесiз?
           8) Бақылауды жүргiзудiң бiрiздiлiгi қандай?
           9) Әңгiме-сұқбатқа арналған сұрақтардың негiзгi түрлерiн атаңыз.
          10) Әңгiме-сұқбат өткiзер алдында сұрақтар тiзiмiн жасап  алу  не
              үшiн қажет?


       Тақырып 23  Педагогикалық технологиялар (1сағат)
    Мақсаты:    педагогикалықтехнологилардың    ерекшеліктері,     түрлері,
қызметтерітуралыблімдерді қалыптастыру.
    Міндеттері:
    а) Педагогикалық технлогиялардың мәнін ашу
    ә)  Дәстүрлі  және  қазіргі  кезеңдегі  педагогикалық  технологиялардың
ерекшеліктері мен түрлерімен таныстыру.
    б) Педагогикалық технологиялардың  қызметерін ашып көрсету;
     г)Педагогикалық технологиялардың  әдіснамалық  негізі  туралы  түсінік
қалыптастыру.
    Технология ұғымы біздің жүз жылдықта негізгі жалпы ғылымдық  ұғымдардың
бірі болып саналады. Философиялық көзқарас тұрғысынан технология теория  мен
практиканың арақатынасы контексінде қарастырылады.  Мәні  жағынан  ажыратыла
отырып, теория мен практика әрқашанда бір-бірімен  өзара  тығыз  байланысты.
Бұл  әрекеттестіктің  өзгешелігін  сипаттай  отрып,  К.Поппер   теория   мен
практиканың  бірлігін  бұзбау  қажеттілігін  атап  көрсеткен.  Философтардың
дәлелдеуінше, теория адамдардың қажеттіліктерн  қанағатандыруға  бағытталып,
өзі  туындап  шыққан  практикаға  қызмет  ету   оның   бағыттын   анықтвйды,
тәжірибелік процестердіңбарысына тікелей емес, технологиялық  үлгілер  арқыл
жанама  түрде  әсер  етеді.   Теорияның   практикадан   ажырауының   негізгі
себептерінің бірі - нақты қолдабалытеориялар мен  технологиялардың  жоқтығы.
Осыған байланысты  қазіргі  уақытта  педагогика  ғылымында  да  тхнологиялық
тәсілге  қызығушылық  арта  түсті.  Өсіп  келе  жатқан  ұрпақты   әлеуметтік
тәрбиені меңгеруге дайындау сапасын жоғарылату мақсатында қазіргі  кезеңдегі
педагогикалықтехнологияларды  пайдалану  талпынысытары  көптеген  педагогтар
мен  тәжірибелі   мұғалімдердің   оқыту   жәнетәрбиелеуді   жүйелі,   тиімді
процессуалды ұйымдастыруға деген ұмтылыстарынан туындады.
    "Педагогикалық технология" ұғымының әр түрлі тұрғыдан  анықталуы,  рның
түрлерінің  және  тұжрымдамалық  негізі  мен  сипаттамасының   көптігі   бұл
феноменнің  мәнін  теориялық  және  практикалық  тұрғысынан  талдауға  назар
аударудықажет етеді.
    40-50-ші   жылдары   оқу   процесіне   техникалық   оқыту    құралдарын
ендірубасталғанда, "оқыту технологиясы" ұғымы  пайда  болып  келесі  жылдары
бұл  ұғым  "педагогикалық  технологияға"  өзгертілген.  50-60-шы   жылдардың
ортасында  бұл  ұғым   еліміздің   және   шетелдің   педагогикалық   басылым
беттерінде, халықаралықконференция материалдарында кеңінен талқыланып,  оған
түсінік   берудің   екі   бағыты   анықталды.   Алғашқы   бағыт   техникалық
оқытуқұралдарымен байланысты болған, ал екінші  бағыт  "оқыту  технологиясы"
ретінде белгіленді. 60-шы жылдары оқытуға технологиялық  тәсіл  қалыптасады.
Оның қалыптасуы американдық психолог Б.Скиннер  негізін  қалаған  материалды
меңгеруді ақпаратың бөліктерін жүйелі бағдарлама ретінде құрастыру және  оны
бақылау  арқылы  басқарудың  тиімділігін  арттыруды  ұсынған   бағдарламалық
оқытумен  тығыз  байланысты.  Бағдарламалық  оқыту    идеясының   мәні   оқу
процесінің ерекшеліктері, заңдылықтары туралы білімді  жоғарлауынан  тұрады.
70-ші   жылдары   компьютерлік-бағдарламалық   құралдарды   қолдану   арқылы
ақпаратты   өңдеудегі   өзарабайланысты   процестердің   құрылымы    ретінде
түсіндірілетін "оқытудың ақпараттық технологиясы"туындады.
    Қазіргі    уақытта    көптеген    зерттеушілер    жаңа    педагогикалық
технологияларға терең қызығушылықпен  қарап,  білім  берудегі  технологиялық
тәсілді дәстүрліден тиімдірек деп есептейді. осыған байланысты  "білім  беру
технологиясы", "педагогикалық технология ғылыми айналымға еніп келе  жатқан,
салыстырамлы түрде жаңа  ұңымдар  болғаендықтан,  оған  әртүрлі  анықтамалар
берілген. Бұлұғымға Б.Т.Лихачев, В.П.Беспалько,  С.Сполдинг,  В.В.  Сериков,
В.М. Монахов,  М.В. Гузеев, Н.Д. Хмель, Г.Т. Хайруллин және басқа  зерттеуші
ғылымдар түсініктеме берген.
    Педагогикалық   технология  -  педагогикалық  процесі  ұйымдастыру  мен
жүзеге асырудың жобасы (алгоритмі ) (Г.Т Хайруллин).
    Педагогикалық  технологиялар  аулан  тұрғыдан  берілген   анықтамаларды
талдау  нәтижесі  оның  көшпелігінің  жалып  қортынды  түрінде  бергіленген,
педагог  әрекетінің  салыстырмалы  түрде  кейбір  жақтары  ғана  зертелгенін
көрсетеді,   бала   тұрғысын   тұтас   қалыптастыру    мәселесі    толығымен
қарастырылмайды.
    Оқыту теориясы  -  педагогииканың  оқыту  процесінің  заңдылықтары  мен
заңдарын  зерттейтін,  оқыту  ұйымдасырудың   формаларын   және   әдістерін,
қағидаларын сипаттайтын,  оқытудыңмазмұны  мен  міндеттері  ашып  көрсететін
құрамды бөлігі. Педагогикада оқыту теориясы  "дидактика"  ұғымының  синонимі
ретінде қолданылады.  Дидактиканың  негізін  алғаш  қалаған  Я.А.  Коменский
болған.
    Теория үшін оның ережесіне кіретін дәлелдемелер, негіздемелер  міндетті
болып табылады: егер негізімде жоқ болса, лонда  теорияда жоқ болады. Кез  -
келген теорияның соңы тағайындалуы оның  практикада  жүзеге  асырылуы  болып
саналады.
    Әдіс  кең мағынада, субъект әрекетінің кез - келген  формадағы  тәсілі,
бір нәрсеге жетудің жолы деп анықталады. Кез  -  келген  ғылыми  әдіс   оның
қажеті алғы шарты  ретінде  қарастырылатын,  белгілі  бір  теория  негізінде
зерттеледі. Әдістің негізгі қызметі  - іс-әрекетті реттеу және бағдарлау.
    Оқыту  әдістері  педагогикада  педагогикалық  процеске   қатысушылардың
бірлескен әрекеттерін ұйымдастырудың тәсілі  ретінде анықталады.
    "Әдістеме" ұғымы адамның  әрекетіне  қатыссыз  тәрбиелеу  мен  оқытудың
әдістері мен тәсілдерінің кешінен пайдалну тәртібін білдіреді.
    Оқыту  әдімтемесі  -  пәнді  оқытудың  ғылыми   дәлелдленген   әдістер,
ережелер, тәсілдер жүйесі оқыту теориясын қолдану  болып  табылады.  Мысалы,
"интеграл"  ұғымын  қалыптастыру  теориясының   отырып,   жете   зерттеледі.
Сондақтан әдістеменің мақсаты  теориялық  ережені  нақты  құбылыс  тұрғысына
қарай алмастырумен қорытындыланады.
    Педагогикалық  технологиялардың түрлері.
    Бүгінде білім беру мекмелереі жұмыстарының  теориясы мен  практикасында
педагогикалық  технологиялардың  алуан  түрлі   вариенттары   пайдаланылады.
Технологиялардың көп  түрлілігі  оны  жүйеге  келтіруді  және  топтастырыпды
талап  етеді.  Бұл  мәселемен   А.Я.Савельев,   В.Безрукова,   Г.Ю.Ксензова,
Г.К.Селевко, В.В.Юдин және және басқалар шұғылданған.
    Қазіргі уақыттағы технологиялар екі үлкен  түрге  жіктеледі:  өздерінің
мақсатық бағдарына  қрай  тармақталып,  бөлінетін  өндірістік,  өнеркәсіптік
және  әлеуметтік-тұлғалық.  Өндірістік  технологиялар  алдын  ала   берілген
параметрлі материалды өңдеумен және өндіріспен  байланысты.  Ал  әлеуметтік-
тұлғалық технологияның объектісі адам  болып  табылады.  Технология  түрлері
мен оларды тармақты бөліктерін көрнекілікпен қабылдау.
    Қазіргі    уақытта     айқындық     үшін     макротехнологиялар     мен
микротехнологияларды бөліп қарастырады. Макротехнологияға көптеген  авторлар
педагогикалық   процесс   стратегиясы   мен   дамуын   анықтайтын,   ұжымдық
шығармашылық іс-әрекет, ынтымақтастық,  дамыта  оқыту,  тұтас  педагогикалық
процесті жүзеге асыру  технологияларын,  т.б.  жатқызады.  Микротехнологилар
педагогикалық әректетестік тактикасы, нақты тәсілдері ретінде  қарастыралтын
ойын   технологияларын,ғ   пресс-конференция,   диспут   т.б.    ұйымдастыру
технолоогиялар жатқызады.
    Педагогикалық  технологиялардың жоғарыда айтылған  түсініктемелері  мен
алуан түрлі анықтамаларын талдай отырып, бл барлық технологиялардың  айрықша
ерекушеліктері туралы төмендегідей қорытынды жасауға болады:
     - оқутыдың микромақсаттарының, мақсаттарының айқын, нақтылы анықталуы;
     - нәтижелерлдің жетістігіне бағытталуы;
     - тәрбиелеу мен оқыту субъектілерінің іс-әрекеттерінің әрбір кезеңдері
       бойынша қадамдық құрылымының анықталуы;
     - мониторинг, аралық және соңғы нәтижелерді бағалау;
     - тәжірибенің қатйлануы мен алмасуы.
      Сонымен  белгілі  технологиялардың  жіктеулеріне  жасалған  шолу  бір
қалыпта қатып қалған емес, ол қазіргі технологиялардың көп түрлігіне  бағдар
беруге негіз болып және оны кеңейту,  сапаландыру,  тармақтандыру  толықтыру
бағытталған.
    Я.А. Коменскийдің сабақ туралы классикалық ілімінің  ары  қарай  дамуын
ресейлік педагогикада К.Д.Ушинский жүзеге асырды. Ол сынып сабақтық  жүйенің
барлық артықшылықтарын негіздеп сабақтың үйлесімді теориясын құрды,  әсірсе,
оны ұйымдастыру құрылымын, сабқтардың типологиясын жасап, негіздеген.






         Әдебиеттер

   1. Амонашвили Ш.А. Личностно-гуманная  основа  педагогического  процесса.
      Минск.1990.
   2. Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии. М. 1989.
   3. Безрукова В.С.   Образовательные  технологии:  ориентиры  для  выбора,
      //Директор   школы,   №   8.Монахов   В.М.   Технологические    основы
      проектирования, конструирования учебного процесса. Волгоград. 1995.
   4. Гузеев В.В. Методы и организационные формы обучения. Серия  “Системные
      основания образовательных технологий”, М., 2001.
   5. Кашлев С.С. Современные технологии педагогического  процесса:  пособие
      для педагогов, Минск, 2002.
   6. Коменский Я.А. Великая дидактика. // Избр. Пед.Соч. в 2 т. М. 1982 г.
   7. Кушнир А.М. Не спрашивай, а делай. // Школьные технологии, 1996.
   8.  Левитес   Д.Г.   Практика   обучения:   современные   образовательные
      технологии. М., Воронеж,  1998.
   9.  Новые  педагогические   и   информационные   технологии   в   системе
      образования. Уч. пособие. Под ред. Е.С. Полат. 2000.
  10. Пидкасистый П.И. Педагогика Учеб.пособие, М.: 1998.
  11. Педагогические технологии: учеб. пос. для студ.  пед.  специальностей.
      Под ред. Кукушина В.С.
  12. Хмель Н.Д. Теория и технология реализации  целостного  педагогического
      процесса: Учебное пособие. Алматы: АГУ им. Абая. 2002.
  13. Селевко Г.К.Современные образовательные технологии:  учебное  пособие,
      М., 1998.
  14. Хайруллин Г.Т.Технология и техника взаимодействия. Хунджад.  1998.
  15. Хан Н.Н. Сотрудничество в педагогическом процессе школы. Алматы, 1997.



МОДУЛЬ 3 Мектептің тұтас педагогикалық процесін басқару

       Тақырып  24  Мектепішілік  басқару  және  оны  әдістемелік  жабдықтау
(2сағат)

       Мақсаты: Білім беру жүйесімен оқу орындарының қызметін  және  олардың
даму жолдарын реттейтін маңызды нормативтік құжаттарды зерттеу.
        Міндеттері:
   1. Білім беру саласындағы  мемлекеттік  саясаттың  негізгі  нринциптеріне
      сипаттама беру және Қазақсатан  Республикасы  білім  беру  орындарының
      қызметтерін ашып көрсету.
   2. Білім беру стандарттары мен олардың негізгі қызметтерінің мәнін ашу
   3. Республикадағы орта білім беру  жүйесінің  маңызды  жақтары  мен  даму
      барысын көрсету
         Жоспар:
   1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы
   2. Білім беруді ұйымдастыру жүйесі.
   3. Білім берудің мемлекеттік стандарттары.
   4. Білім беру жүйесін дамытудың негізгі факторлары.
   5. Орта білім беру жүйесінің даму тенденциялары.
Білім беру жүйесі өз  қызметінің  барысында  айтарлықтай  жетістіктерге  қол
жеткізді.Аз ғана уақыт аралығында елде жалпы  білім  беретін  және  кәсіптік
оқу   орындары   құрылып,жалпыға   бірдей   оқу   ісі   жүргізілді.Қазақстан
демократиялық жолға түскен  өтпелі  кезеңде  барлық  әлеуметтік-экономикалық
өмірдің түбірі мен өзгеруі білім саласының  да  қайта  құрылуына  қажеттілік
туғызды.Осы  орайда  білім  беру   ісінің   заңдық   базасын   жасау   қолға
алынды.1992ж,1999ж  білім,жоғары  білім   туралы   заңдар   қабылданып,білім
саласындағы   мемлекеттік   саясаттың   концепциясы,орта    білімнің    даму
концепциясы     мен     білім     берудің      мемлекеттік      стандарттары
бекітілді.Қабылданған  нормативтік  құжаттар   еліміздің   негізгі   заңының
ережелеріне  сүйенеді.1999ж  7  маусымда  Қазақстан  Республикасының  «Білім
туралы» заңы қабылданды.
   1. Білім  беру  саласындағы  мемлекеттік  саясаттың  негізгі  принциптері
      мыналар болып табылады.
         •  Қазақстан  Республикасының  барлық  азаматтарының   білім   алу
           құқықтарының теңдігі;
         • Әрбір азаматтың  интелектуальдық  дамуы,психикалық-физиологиялық
           және  жеке   ерекшеліктері   ескеріле   отырып,халықтың   барлық
           деігейдегі білімге қол жеткізуі;
         • Білім берудің зайырлы сипаты.
         • Жеке адамның білімділігін ынталандыру және дарындылығын дамыту.
         • Білім берудің ізгілікті және дамытушы сипаты;
         • Оқушыларды кәсіптік бағдарлау;
         • Білім беру жүйесін ақпараттандыру;
Білім  беру  ұйымдарының  өзара  әрекеттестігі  жиынтығы  ретінде   жоғарыда
көрсетілген заң ҚР-ның білім беру  жүйесін  айқындайды,оқыту  бағдарламалары
мен  мемлекеттік  білім  беру  стандарттары,басқару  орындары   мен   оларға
бағынышты  ұйымдардың  өзара  байланысы    негізінде   құрылады.Білім   беру
жүйесінің негізгі міндеттері:
    • Білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау;
    •  Жеке  адамның  шығармашылық,рухани,адамгершілік  пен  салауатты  өмір
      салтының бірлік негіздерін қалыптастыру.
    • Республиканың қоғамдық-саяси,экономикалық және мәдени  өміріне  қатысу
      қажеттілігін,жеке  адамның  өз  құқықтары  мен   міндеттеріне   саналы
      көзқарасын қалыптастыру.
Білім беру ұйымдарының дәрежесі «Білім туралы»  заңының  талаптарына  сәйкес
олардың ережелерінде белгіленеді.
Оқу орындарындағы ең маңызды  нормативтік  құжаттардың  бірі  білім  берудің
мемлекеттік  стандарттары  болып  табылады,солардың  негізінде  жалпы   және
кәсіптік  білім  беру  бағдарламалары  жасалады.Білім  берудің   мемлекеттік
стандарттары төмендегідей талаптарға жауап береді:
     • Мүдделі жақтардың  мүмкіндіктері  мен  қажеттіліктерін,жалпы  мәдени
       ортаның жағдайын ескеру;
     • Білім берудің салалары мен сатылары бойынша стандарттық сабақтастығы
       мен келісімін сақтау;
     • Оңтайлы қалыптағы білім берудің мазмұндық бірлігі.
     • Оқушылардың оқу жүктемесін бірыңғайлауға мүмкіндік жасау.
Білім беру  стандарты  оқу  жоспарларымен  оқу  бағдарламаларының  негізінде
жасалады.Оқу  жоспарлары  белгілі  бір  оқу   орындарында   оқытылатын   оқу
пәндерінің құрамын оларды оқу барысы мен ретін,әрбір  пәнге  берілген  сағат
санын анықтайды.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары.
   1. Кеңестік білім жүйесінің қандай жетістіктері бар?
   2.   Қазақстандағы   білім   беру   жүйесінің   негізгі    компоненттерін
      атап,сипаттама беріңіз.
   3. Жалпы орта,бастауыш және  орта  кәсіптік  білім  беретін  және  жоғары
      кәсіптік білім беретін оқу орындарының негізгі түрлерін атаңдар.
   4. Білім берудің мемлекеттік стандарты дегеніміз не?

Әдебиеттер.
1.  Государственная программа «Образование». Алматы, 2000.
2.   Государственные стандарты начального образования Республики  Казахстан.
 Алматы, 1998.
3.  Государственные стандарты  среднего  образования  Республики  Казахстан.
 Кн. 1,2. Алматы, 1998.
4. Закон Республики Казахстан «Об образовании». Алматы, 2000.
5. Закон Республики Казахстан «О языках  в  Республике  Казахстан».  Алматы,
 1997.
6.  Конституция Республики Казахстан. Алматы, 1995.
7.   Концепция развития среднего образования   Республики  Казахстан  //  Уч



                                               итель  Казахстана,  №  17-18,
 1997.
8.   Концепция  развития  образования  Республики  Казахстан  до  2015  года
//Казахстанская правда,26 декабря 2003 года.
 9. Кумбс Ф. Кризис образования в современном мире. М., 1970.
 10.  Национальное согласие – основа  стабильности  и  развития  Казахстана.
Астана, 1999.
11.Проблемы и тенденции развития школы в современном мире. М., 1988.
 12. Реформа и развитие высшего образования.  Программный  документ  ЮНЕСКО.
Париж, 1995.
 13. Садыков Т.С.  Теоретико-методологические  основы  модернизации  системы
образования в Республике Казахстан.  Алматы, 1998.
 14.   Храпченков В.Г. Тенденции и особенности развития  всеобщего  среднего
образования в Казахстане. Алматы, 1996.


          Тақырып  25  Мектептiң   оқу-тәрбие  процесін  басқару.Әдістемелік
қызметті ұйымдастыру (1сағат)

          Мақсаты: мектепті ң тұтас педагогикалық процессіндегі басқару
жұмысының теориялық білімдерімен   және әдістемелік негіздерімен танысу.

      Мiндеттерi:
а) “мектептi басқару мен басшылық ету” ұғымының мәнiн ашу;
      ә) басқару қызметтерiн сипаттау;
      б) мұғалiмнiң маманды? д?режесін көтеру туралы түсiнiк беру.

           Жоспары


                   “Мектептi басқару мен басшылық ету” ұғымының  мәнi  және
              оның негiзгi принциптерi.

           1. Оқу-тәрбие процесіне  жетекшілік  пен  ұйымдастырудағы  мектеп
              жетекшілерінің қызметтері.
           2. Педагог кадрлардың әдiстемелiк жұмысы мен аттестациясы.
        “Мектептi басқару мен басшылық ету” ұғымының мәнi және оның  негiзгi
принциптерi.  Педагогика ғылымында мектепті басқару – бүгінгі күннің  өзекті
  мәселелерінің   бірі.      Ол   жайлы   ғалым-педагог   Н.Д.Хмель   өзінің
зерттеулерінде: «педагогикалық процесті басқару дегеніміз әлеуметтік  жүйені
басқару» -деп  көрсеткен  [1.77].    Қазiргi  заман  мектебi  –  күрделi  де
кіріктірілген   жүйе,   ол   оқушылардың,   оларды   оқытып,    тәрбиелейтiн
мұғалiмдердiң, мектеп әкiмшiлiгiнiң (директоры, оның оқу және тәрбие  жұмысы
бойынша орынбасарлары), оқу-тәрбиелiк және қызмет көрсететiн адамдардың  іс-
әрекетiнен, мектеп алдында  тұрған  жалпы  мiндеттердi  шешуге  белгiлi  бiр
жағдай жасайтын материалдық базадан тұрады. Сонымен қатар, мектеп  дегенiмiз
– мұғалiмдер мен онда қызмет ететiн адамдар ұжымы, олар бiлiм  беру  жүйесiн
мемлекеттiк  т?р?ыдан  басқарудың  объектiлерi   болып   табылады.   Қазiргi
мектептi өзара байланысы бар,  iшкi  құрылымы  және  социуммен  белгiленетін
тұтас әлуметтiк-педагогикалық жүйе ретiнде қарастыру керек. Ол  өзара  тығыз
байланысты екi жүйеден тұрады: басқарушы және басқарылушы. Бұл қазiргi  кез-
келген  оқу-бiлiм  беру  мекемесiнiң  алдына  өмiрдiң  өзi   қойып   отырған
мiндеттердi жүзеге  асыру  бойынша  барлық  жұмыстың  басты  ұйымдастырушысы
ретiндегi мектеп директорының тiкелей басқару  іс-әрекетiнде  көрiну  керек.
Мектеп басшылығы мен мұғалiмдерден  тұратын  басқару  жүйесi  жетекшi  болып
келедi. Басқарылушы кiшi жүйеге оқушылар мен олардың ұйымдары жатады.
      Мектептi басқарудың басты  мәнi  –  оқыту  мен  тәрбиелеудегі  оңтайлы
нәтижені алу мақсатында оқушылар мен  олардың  ата-аналарына   педагогтардың
мақсатты бағытталған ықпал етуінен тұрады.
      Адамдар жеке iстей алмайтын  немесе  жекелеп  iстеу  тиiмсiз  болғанды
жұмыла   iстеу   үшiн   басқару   қажеттiгi   туындайды.    В.Г.Афанасьевтiң
пайымдауынша: “Басқару – қоғамның, оның кез-келген  даму  сатысындағы,  iшкi
өзiне тән қасиетi. Бұл  қасиеттiң  жалпылық  сипаты  бар  және  ол  қоғамның
жүйелiк табиғатынан, адамдардың қоғамдық, ұжымдық еңбегiнен, еңбек пен  өмiр
барысында қарым-қатынас  жасау,  өзiнiң  материалдық  және  рухани  өмiрiнiң
жемiсiмен алмасу қажеттiгiнен бастау алады” [2,38].

ХХ-ХХI ғасырлар тоғысында?ы  басқару  бiлiмiнiң  қарқынды  өсуi  мен  өзгеру
уақыты.  Бұл   эволюцияның   бастапқысы   ретiнде   басқарудың   классикалық
мектебiнiң негiзiн салушы А. Файольдiң еңбектерiн  атауға  болады,  ол  1916
жылы басқарудың жалпы  принциптерiн  ұсынған.  Ғылыми  басқарудың  теориялық
негізі кеңестік әдіснамалық мектепте жасалған дәл осылар  болады [3].


“Басқарудың  классикалық  теориясы”  1930-жылдарға  дейiн  ең  басты  орында
болған. ХХ ғасырдың 30-жылдарында басқарушылық ғылым дамуында  “басқарушылық
қатынастар  теориялары”  атты  жаңа  бағыт  қалыптасты.  Классикалық  теория
бiрлескен іс-әрекет нәтижелiлiгiнiң негiзгi шарттары не, қашан,  қайда  және
қалай iстеу керектiгiн анықтайтын басқарудың нақты ресми  құрылымы,  жемiстi
жұмысты (ең бастысы, материалдық жағынан) қамтамасыз  ету  деп  санаған.  Ал
адамдар  қатынасының  теориясы  адамның  ұйымдағы  мiнез-құлқын   анықтайтын
факторларды, мақсаттылық пен жеке тұлғалар арасындағы  қатынастарды  бiрiншi
орынға қояды. Бұл теория ХХ ғасырдың 50-60-жылдары Батыста,  әсiресе  АҚШ-та
кең өрiс жайған, тәжiрибеде оң  нәтиже  бере  алмаған,  дегенмен  басқарудың
демократиялық әдiстерiн кеңiнен енгiзу әрекетi де осы теориямен  байланысты.
“Адамдық   қарым-қатынас   теорияларының”   орнына,    басқарудың    жүйелiк
теориялары,  жағдайаттық  теориялар,   басқарудың   рационалистiк   (ақыл-ой
талабына ғана негiзделген) және мiнез-құлықтың жағымды жақтарын  бiрiктiруге
ұмтылған, ұйымдастырушылық даму теориялары келдi.

Мектептi  басқару  мәселесiне  арналған  көптеген  зерттеулер  бар:   оларда
мектептi басқарудың (Э.Г. Костяшкин, Ю.А.  Конаржевский,  В.П.  Стрезикозин,
П.В. Худоминский, Т.И.  Шамова,  Н.Д.  Хмель,  Н.Н.  Тригубова,  т.б.)  мәнi
ашылады. Басқарушылық еңбектi ғылыми ұйымдастырудың жүйесiн  енгiзу  бойынша
(И.П.  Раченко,  Умирбекова  Ж.Б.,  Г.Т.  Хайруллин,  Г.А.   Уманов   т.б.);
мұғалiмдердiң  шығармашылық  зерттеушiлiк   және   эксперименталды   қызмет-
әрекетiн  ұйымдастыру  бойынша,  ғылымды  практикаға  енгiзу  бойынша  (А.А.
Бейсенбаева, Л.И. Гусев, В.И. Журавлев, В.И. Загвязинский,  Б.А.  Койшибаев,
В.В.  Краевский,  Г.Л.  Лукпанов,  М.Н.  Скаткин,  Я.С.  Турбовский,  т.б.);
мамандықты жетілдіру бойынша (Я.С. Бенцион, Г.И.  Горская,  Л.С.  Коробкова,
Ш.Т. Таубаева, В.П. Топоровский, т.б.); мамандықты көтерудiң  психологиялық-
педагогикалық және ақпараттық негiзiн құру  бойынша  (Г.С.  Сухобская,  А.С.
Пискунов, т.б.); Қазақстандағы педагогикалық  кадрлардың  мамандығын  көтеру
жүйесiн  дамыту  тарихы   бойынша   (Б.А.   Альмухамбетов   т.б.)   жұмыстар
жүргiзiледi. Мектеп басқарудың жаңашылдық аспектiлерi  М.М.  Поташкин,  В.С.
Лазарев, Л.И. Моисеев, И.И. Цыркун, Н.Р.  Юсуфбекова  және  т.б.  еңбектерде
талданған. Алайда, мектеп басшыларын ұйымдастыруға  және   мектепке  жаңалық
ендіруді басқаруға даярлаудың әдiснамасы және  маңызы  педагогика  ғылымында
жеткiлiктi баяндалмаған.
      Басқарудың  қызметтерiн  тек  дидактикалық   тұрғыдағы   аспектiлермен
шектеген қате болар едi. Бiлiм беру  мектептерiндегi  педагогикалық  ұжымның
жүзеге   асыратын   тәрбиелiк   жүйесі   де   басқаруға   келеді.   Әсiресе,
мектептердегi  тәрбиелiк  жұмыстың   тәрбиенiң   қалыптасқан   стереотипiнiң
түбегейлi өзгеруiмен, ондаған жылдар бойы  қалыптасқан  балалардың  қоғамдық
ұйымдарының  (пионерлер,   комсомол)   жойылуымен,   идеялардың   түпкiлiктi
ауысуымен қазiргi кезеңiндегi қиыншылықты ескерсек, басқарудың  маңызы  зор.
Қоғамның  әлеуметтiк-экономикалық   өмiрiндегi   қиыншылық   жағдай,   бiлiм
берудiң, қазiргi тәрбиелiк процестi  белсендiрудi,  оның  жаңа  түрлері  мен
әдiстерiн табуды, әсiресе, бұл процестi басқарудың  басқа  амалдарын  табуды
өте қатты қажет етедi.
      Қазақстан Республикасында беделдi азаматты тәрбиелеу  мәселесi  ерекше
мәнге ие болып отыр, яғни  бұл  процесс  педагогикалық  басқару  практикалық
маңызды мәселе болып табылады.
      Г.И.   Щукинаның   пiкiрi   бойынша,    басқару–    мектеп    iшiндегi
“психологиялық, ұйымдастырушылық және әдiстемелiк” сияқты күрделi  процестер
мен қатынастарды саналы түрде  реттеу.  Алайда  басқарудың  алдыңғы  қатарлы
тәжiрибесiн жинақтап қорыту тек материалды жинаумен  ғана  және  оны  тиiстi
ғылыми-әдiстемелiк  тұрғыдан  бағаламай,  тек  баяндаумен  ғана   шектеледi.
Материалдарда, көбiнесе, негiзгi идеялар мен  тәжiрибенiң  талдауы  болмайды
және оларды қолданудың кеңес-ұсыныстары берiлмейдi, оны  енгiзудiң  шарттары
да  көрсетiлмейдi.  Ал  кейбiр  жағдайларда,  тұтас   жұмыс   жүйесi   емес,
керiсiнше, жекелеген тәсiлдер  ғана  суреттелiп  таратылады.  Кейде,  мектеп
басшылары мен бiлiм беру органдары үшiн ешқандай тәжiрибелiк  құндылығы  жоқ
көптеген материалдар жинақталады. М.М.  Поташник  былай  дейдi:  ”Басқару  –
мектептiң  қалыптасуын,  тұрақтануын,  тиiмдi  қызмет  етуiн   және   дамуын
қамтамасыз ететiн барлық субъектiлердiң мақсатты іс-әрекетi”.  Бұл  анықтама
маңызды екi  нәрсеге  назар  аудартады:  бiрiншiден,  кез-келген  басқарудың
мақсатты іс-әрекет болып  табылатынына;  екiншiден,  ол  басқалардан  өзiнiң
мiндеттерiмен ерекшеленетiніне. К.Я. Вазинаның пiкiрiнше: ”Басқару  –  нақты
бiр мақсатқа жетудi қамтамасыз  ететiн  қалыптасуға  жауап  беретiн  жүйенiң
қызметi”.
      Педагогикалық басқару әлеуметтiк мақсатта жүзеге асады, ол  адамдардың
іс-әрекетiн  басқару  мен  олардың  бiрiгуiне  қатысты.  Алайда,  ол   жалпы
әлеуметтiк басқарудан өзiнiң объектiлерiмен (оқушылар, мектептер,  мектептен
тыс   мекемелер,   халыққа   бiлiм   беру   бөлiмшелерi,   т.б.),    олардың
заңдылықтарымен ерекшеленедi.
      Практикалық іс-әрекет ретiндегi педагогикалық  басқару  –  оқушылардың
оқуы мен тәрбиесiн басқару. Педагогикалық  басқару  теориясы  –  мемлекеттiк
және қоғамдық ұйымдар жүйесi,  ұжымдар  мен  жеке  адамдар  жүзеге  асыратын
тәрбие мен оқыту процестерiн басқару туралы бiлiмдер.
      “Педагогикалық басқару” ұғымы “бiлiм  берудi  басқару”  ұғымынан  кең,
өйткенi ол тәрбие мен оқытуды жүргiзетiн  басқа  мемлекеттiк  және  қоғамдық
құрылымдарда  (жанұя,  қоғамдық   ұйымдар,   мамандықты   көтеру   жүйесiнiң
мекемелерi, т.б.) қызмет етедi. Шындығында,  педагогикалық  басқарудың  кез-
келген  “адам  –  адам”  жүйесiнде  орны  бар.  Бұл  жағдайда  педагогикалық
мақсаттар  басқарудың  негiзгi  түрiне  бағынады  –  педагогикалық   процесс
субъектi іс-әрекетiн басқару.
      Педагогикалық  басқарудың  бiлiм  беру  жүйесiндегi  басты   объектiсi
–жеткіншек  жас  ұрпақтар  болып  табылады.  Оларды  оқыту  мен  тәрбиелеудi
басқару  не  тiкелей  (мұғалiмдер,  тәрбиешiлер   арқылы),   не   жанама   –
мемлекеттiк қоғамдық ұйымдар арқылы жүргiзiледi.
      Басқару субъектiсiнiң қызметтер жиынтығын басшылық дейдi.
      Бiлiм беру мекемесiн  басқару  іс-әрекетiнiң  басқа  мекемелер  немесе
өнеркәсiп орындарындағы басшылықтың жұмысынан едәуiр айырмашылығы бар.  К.Д.
Ушинский былай деп жазған:  “Егер  қаржы  немесе  әкiмшiлiк  әлемде  олардың
идеяларының   орындаушыларға   ұнайтын-ұнамайтынын   ескермей,   ұйғарыммен,
жарлықпен қызмет етуге болатын болса, қоғамдық  тәрбие  беру  әлемiнде  ашық
айтылып, ашық қабылданған пiкiрден басқа идеяны жүзеге асырудың басқа  амалы
жоқ”. М.И.  Кондаков:  “Мектеп  жұмысын  басқару  өндiрiстiк  және  қоғамдық
өмiрдiң  басқа  салаларын  басқарудан  айтарлықтай  ерекше,  өйткенi   мұнда
күштердi орналастыру мен үйлестiру, байланыс пен  өзара  тәуелдiлiк  жүйесiн
жүзеге асырудан басқа, оқу-тәрбие процесiнiң  барлық  жақтарына  бағытталған
ұйымдастырушылық-педагогикалық ықпал ету мәселелерi басты мәнге ие  болады”,
- дейдi.
      Бiлiм  беру  жүйесiнiң  белгілі  бір  ретпен  жасалған   (иерархиялық)
құрылымының  әрбiр  элементiнде,  министрлiк  болсын,   облыстық,   аудандық
басқарушы ұйым  (департаменттер,  бiлiм  беру  бөлiмдерi)  немесе  мектептер
болсын, бәрiнде, тек педагогикалық қана емес, басқарудың  басқа  да  түрлерi
кездеседi,  мысалы:  әкiмшiлiк,  шаруашылық,  құқықтық.  Басқарудың   барлық
түрлерi бiлiм беру  жүйесiнiң  шеңберiнде  бiр-бiрiмен  байланысты,  олардың
бәрi жалпы тәрбиелiк және бiлiм беру мiндеттерiн  шешуге  бағытталған.  О.С.
Анисимов: “Бiлiм берудi басқаруды жiктегенде мынаны ескеру керек: басқару  –
адам іс-әрекетiнiң ең маңызды түрлерiнiң бiрi. Бұл  іс-әрекет  қатал  шектеу
мен бөлуге көнбейдi” - деп, дұрыс айтқан.
      Егер бiлiм беру жүйесiн қарайтын  болсақ,  педагогикалық  басқару  мен
басқарудың  басқа  түрлерiнiң  үлес  салмағы  мен  қатынасы  әртүрлi  екенiн
бай?ау?а болады. Мысалы, министрлiк,  облыстық,  аудан  және  қалалық  бiлiм
беру басқармасы деңгейiнде кешендi процесс ретiндегi басқару жүйенiң  арнайы
құрылымын  құруға,  ведомстволық  мекемелер  мен  адамдар   қызмет-әрекетiне
қажеттi материалдық, ұйымдастырушылық, кадрлiк  және  басқа  да  жағдайларды
қамтамасыз етуге бағытталған.  Мектеп  директоры,  деңгейiнде  педагогикалық
басқарудағы   мұғалiмдер  практикалық  қызмет-әрекеттерiндегi  педагогикалық
талаптарды тiкелей жүзеге асыру ретiнде  толығырақ  көрiнедi.  Педагогикалық
басқаруға қызмет көрсету  (мектептiң  материалдық  базасы,  құрал-жабдықтар,
оқу-техникалық құралдары, т.б.) маңызды, бiрақ бағынушылық мәнге ие.
      Әдетте, бiлiм беру жүйесiндегi басқару туралы сөз  еткенде,  көбiнесе,
иерархиялық тұрғыдан: министрлiктi,  облыстық,  аудан,  қалалық  бiлiм  беру
басқармалары бiрiншi болып  аталады.  Оқу-тәрбие  процесін  тікелей  басқару
мектеп әкімшілігі деңгейінде және мұғалімнің қатысуымен  жүзеге  асырылатыны
жиі ұмытылып қалады. Мектептi басқару теориясы (мектептану) арасында  ғылыми
іс-әрекет  пен  практикалық  іс-әрекет   ретiнде   объектiлерi,   басқарудың
тәсiлдерi мен нәтижелерiнде айырмашылықтар бар.


      Мектептi  басқару   теориясының   объектiсi   –оның   барлық   құрамды
элементтерiмен  алынған  процес  болып  табылады.  Практиканың  объектiсi  –
мектептiң әртүрлi құрылымдық топтары (ұжым, сынып, жеке субъект).


      Практикалық  басқару  іс-әрекетiнiң  құралдары  –  басқару   әдiстерi.
Басқарудағы ғылыми іс-әрекеттiң құралдары – ғылымның  нақты  бiр  объектiсiн
зерттеуде  қолданылатын  жолдар,  тәсiлдер,  амалдар:  мектептердi   басқару
бойынша бiлiм  беру  мекемелерінің  жұмыс  тәжiрибесiн  қортындылап  талдау,
ғылыми болжамдар жасау, оларды эксперименталды тексеру және т.б.
      Бiлiм беру жүйесiндегi немесе бөлек топтағы  практикалық  басқару  іс-
әрекетiнiң  нәтижесi  –  тәжірибені  к?бейту,  бұған  оқу-тәрбие  процесiнiң
қортындылары дәлел бола алады. Басқару теориясының  нәтижесi  –  практикалық
іс-әрекетте жүзеге асырылатын жаңа білімдер, заңдар,  принциптер,  ережелер,
тұжырымдар.
      Мектептегi  практикалық  басқару  іс-әрекетiнiң  бағыттары,  құндылығы
жағынан бiрдей емес. Мектептiң негiзгi әлеуметтiк  мiндеттерiне  сәйкес,  ол
өсiп келе жатқан  ұрпақты  тәрбиелеу  мен  оқытуды  жүзеге  асырады,  осыған
байланысты,  басқарудың  барлық  бағыттарының  iшiнде   оқу-тәрбие   жүйесін
басқару бiрiншi орында болу керек.
      Осылайша, педагогикалық басқару практикалық  іс-әрекет  ретінде  -  ол
педагогикалық ұжымының тәрбие мен оқытуды ұйымдастыруы (Сурет 1.).
[pic]
      Сурет 25. 1 Мектепті педагогикалық басқарудың  құрылымы


      Мектеп  директоры   оқу-тәрбие   жұмысы   мен   сапасы   үшiн   арнайы
жауапкершiлiк атқарады. Оның мiндеттерiне кіретіндер:
           - кадрларды дұрыс таңдау мен орналастыру, мектептiң педагогикалық
             ұжымына басшылық ету,  мұғалiмдердiң  кәсiби,  ғылыми-теориялық
             және  психологиялық-педагогикалық  деңгейiн   көтеруге   жағдай
             жасау, олардың педагогикалық шығармашылығына жол ашу және оқыту
             мен тәрбиенiң озат педагогикалық тәжiрибесiн енгiзу;
           - оқу-тәрбие процесiнiң барысын, оқушылар  бiлiмiнiң  сапасы  мен
             жеке тұлға ретiнде дамуын, сыныптан тыс  жұмыстың  мазмұны  мен
             ұйымдастыруын бақылау;
           - оқушылардың кәсiби бағыты бойынша тәрбиелiк жұмысты ұйымдастыру
             және оларға өмiрде өз жолын табуға кеңес беру;
           - оқушылардың өзiн  өзi  басқару  органдарына  практикалық  көмек
             көрсету және оның іс-әрекетiн белсендiру, мектептегi оқу-тәрбие
             жұмысын жетiлдiру бойынша мұғалiмдер мен  оқушылардың  қоғамдық
             ұйымдарымен iскерлiк ынтымақтастық қатынас жасау;
           -  Еңбек  туралы  Заңға,  мектептiң  iшкi  тәртiп  ережелерi  мен
             жарғысына сәйкес мектеп  қызметкерлерiнiң  мiндеттерiн  анықтау
             мен нақтыландыру;
           - ата-аналар қоғамдастығы  ұйымдарының  жұмысын  ұйымдастыру  мен
             оларға басшылық жасау;
           -   жергiлiктi   қоғамдық   ұйымдар,   мекемелер   және   негiзгi
             кәсiпорындармен iскерлiк байланыс орнату;
           -  мектептегi  қажеттi  санитарлық-гигиеналық  тәртiптi   орнату,
             оқушылардың,   мұғалiмдер   мен   мектептiң   қызмет    көрсету
             адамдарының  сабақтағы  және  іс-әрекеттiң  басқа  да   түрлерi
             барысындағы еңбектi қорғау мен қауiпсiздiк шараларын сақтау;
           - мектептiң қазiргi заманғы оқу-материалдық базасын  нығайту  мен
             дамыту;
           - мектеп қызметкерлерiн жұмысқа алу мен жұмыстан шығару;
           - мектептiң педагогикалық кеңесiмен  келiсiп,  мұғалiмдердi  және
             мектептiң басқа да  қызметкерлерiн  мадақтау  мен  марапаттауға
             ұсыну.
      Сонымен, педагогикалық басқаруды ұйымдастыру  -  ол  мемлекеттiк  және
қоғамдық ұйымдар жүйесi, ұжымдар мен жеке  адамдар,  сондай-ақ  жалпы  бiлiм
беретiн мектептер жүзеге асыратын педагогикалық жүйені  басқару,  өсiп  келе
жатқан ұрпақты тәрбиелеу, оқыту және дамыту.
      Бiлiмнiң бұл саласының мiндеттерi – педагогикалық  басқаруды  зерттеу,
оның теориялық және практикалық мәселелерiн жете зерттеу,  оны  жетiлдiрудiң
ғылыми ұсыныстарын жасау. Сонымен  қатар,  педагогикалық  басқару  мектептiң
барлық жұмысымен қатар  басқа  жұмыстың  түрлерiн  жоққа  шығармайды.  Бiлiм
берудi басқару теориясы ағарту  саласындағы  ерекшелiктердi  ескере  отырып,
әлеуметтiк басқарудың жалпы заңдылықтарына негiзделедi.
  Мектеп басшылары оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруы мен жетекшілігі  бойынша
 қызметтері.
  Мектеп  басшылығының  қызметтерi  Қазақстан  Республикасының  Бiлiм   беру
Министрлiгi бекiткен арнайы ережелер жиынтығымен  анықталады,  бұл  ережелер
мектеп  директорының,  оқу-тәрбие  жұмысының  әртүрлi   мәселелерi   бойынша
орынбасарлары мен басқа да педагогикалы? кадрларды? іс-әрекетiн реттейді.
      Төменде тұтас  педагогикалық  процесті  ұйымдастыру  бойынша  мектепте
қызмет атқаратын адамдарды? жұмыстары келтiрiлген (Сурет 2).
Суретте мектеп  директорының,  орынбасарларының  оқу-тәрбие  жұмысы  бойынша
қызметi мен мiндеттерi көрсетілген:
           - мектептегi сабақтарды және оқыту процесiндегi тәрбиелiк жұмысты
             ұйымдастыру;
           -  оқу  бағдарламаларының  орындалуын,  сабақтардың  барысы   мен
             оқушылар үлгерiмiнiң сапасын бақылау;
           - әртүрлi пәндер бойынша сыныптан  тыс  оқу  жұмысын  ұйымдастыру
             (пәндiк үйiрмелер, қоғамдар, олимпиадалар, жарыстар, т.б.);
           - оқушылардың оқу көлемін реттеу;
           - мектептiң оқу-тәрбие жұмысын талдау және педагогикалық ұжым іс-
             әрекетiнiң нәтижелерi туралы сандық және жазбаша есеп беру;
           - оқу-тәрбие жұмысын  жетiлдiру  мәселелерi  бойынша  бiлiм  беру
             департаментінің нұсқауларын жүзеге асыру мен олардың орындалуын
             бақылау;

[pic]

Сурет 25.2  Педагогикалық  кеңестің қызметтері мен міндеттері


           - оқу-тәрбие жұмысының сапасын  жоғарлату  үшін  алдыңғы  қатарлы
             педагогикалық тәжiрибенi қорыту мен енгiзу;
           - мұғалiмдердiң пәндiк әдiстемелiк  комиссияларының  (секциялары)
             жұмысына басшылық ету.
      Мектеп директорының тәрбие жұмысы бойынша орынбасарының мiндеттерiне:
           - оқушылармен сыныптан  тыс  тәрбие  жұмыстарын  ұйымдастыру  мен
             үйлестiру;
           - оқушылар тәрбиесiн  жетiлдiру  бойынша  сынып  жетекшiлерi  мен
             ұзартылған  күн  топтары  тәрбиешiлерiмен  әдiстемелiк  жұмысты
             жүргiзу;
           -  оқушылар  ата-анасымен,  мектептен  тыс  балалар   ұйымдарының
             басшыларымен iскерлiк байланыс орнату;
           - мектептегi сыныптан тыс тәрбие  жұмыстарына  ғылыми-әдiстемелiк
             талдау, озат педагогикалық тәжiрибенi қорытындылау және ендіру.
Мектептi жаңарту мен оған өзгерiстер енгiзу жағдайларында  жоғарыда  аталған
қызмет мiндеттерiн орындау үшiн мектеп директоры мен  оның  орынбасарларының
жоғары педагогикалық  бiлiмдiлiгi,  адамгершілік  мәдениетi  болуы,  жұмыста
iскерлiк пен жауапкершiлiк  көрсетулерi,  оқыту  мен  тәрбиенi  жетiлдiрудiң
т?сілдері мен шығармашылық  әдiстемесiне  ие  болуы  керек,  мұғалiмдер  мен
сынып жетекшiлерiнiң жаңашылдық ынтасы мен озат тәжiрибесiне қолдау  көрсету
керек.Мектеп   басшыларының    қызметтерi    әдiстемелiк    жұмысты    нақты
ұйымдастырғанда ғана нәтижелі болмақ.
        Педагогикалық  кадрлердің  әдiстемелiк  жұмысы   мен   аттестациясы.
Әдiстемелiк жұмыс – ғылым және озат педагогикалық  тәжiрибе  жетiстiктерiне,
оқу-тәрбие  жұмысының  нақты  талдауына   негiзделген,   әрбiр   мұғалiмнiң,
ұстаздың, тәрбиешiнiң, оқу мекемесi басшысының, бiлiм беру  жүйесiнiң  басқа
да қызметкерлерiнiң педагогикалық мамандық дәрежесін және кәсiби  шеберлiгiн
көтеруге  (педагогтардың   кәсiби   өзiдігінен   бiлiм   алуды,   өзiн   өзi
тәрбиелеудi,   өзiн   өзi   жетiлдiрудi   басқару   бойынша   шараларды   да
есептегенде), тұтас педагогикалық  ұжымның  теориялық  мұмкіндігін  дамытуға
және көтеруге, оқушыларға  нақты  бiлiм  берудің,  тәрбиелеудің,   дамытудың
үйлесiмдi  деңгейiне  жетуге  бағытталған  өзара   байланысты   шараларының,
қызметтерiнің жүйесi.
      Әдiстемелiк  жұмыс  –  педагогикалық  кадрлердiң    идеялық,   ғылыми-
теориялық, кәсiби, әдiстемелiк және мәдени деңгейiн көтеру бойынша  ұжымдық,
топтық, жеке-дара жүйелiк жұмысынан құралған күрделi шығармашылық.  Ол  оқу-
тәрбие процесiн басқарудың, педагогтарды жоғары әдiстемелiк мәдениет пен  өз
еңбегiнiң сапасы мен нәтижесiне талабы негiзiнде тәрбиелеудiң маңызды  амал-
тәсiлi болып табылады. Оның стратегиялық  бағыттарының  бiрi  –  бiлiм  беру
тәжiрибесiндегi оқушылардың танымдық, ойлау  әрекетiн  белсендiретiн,  терең
бiлiм, бiлiк және дағдыларды қалыптастыратын ұтымды және нәтижелi  әдiстердi
шығармашылық түрде меңгеру.
      Әдiстемелiк жұмыс педагогикалық тәжiрибемен  тығыз  байланысты.  Халық
ағартушылығының  көрнектi   өкiлдерi   Н.К.   Крупская,   А.В.   Луначарский
педагогикалық тәжiрибенi өсiп келе жатқан  ұрпақ  тәрбиесiнiң  теориясы  мен
практикасы  дамуының  бастаулары  деп  есептеген.  А.С.  Макаренконың,  С.Т.
Шацкийдiң, С.М. Ривестiң, В.Н. Сорока-Росинскийдiң және  көптеген  басқа  да
көрнектi  педагогтардың   ұлы   гуманистiк   идеялары   негiзiнде   құралған
тәжiрибелерi  тәрбиенiң  теориясы  мен  практикасының   бiрлiгi,   мектептiң
қоғамдық мақсат-мүдделерi негiзiнде қызмет етiп, осы мақсат-мүддеге  жетудiң
дұрыс жолдарын табудың үлгiсi бола бермек.
      Әдiстемелiк жұмыстың  мазмұны  келесi  бағыттар  бойынша  нақтыланады:
мұғалiмнiң жалпы  мәдени  дайындығы,  кәсiби-адамгершілік  мәдениетi,  жалпы
мәдениеттiлігі,    әдіснамалы?    мәдениетi,     зерттеушiлiк     мәдениетi,
диагностикалық мәдениетi, басқару мәдениетi ұзақ  уақыт  аралығында  күрделі
мәселе  бола  алады.  Мұғалiмдердiң  әдiстемелiк,   жаңашылдық   іс-әрекетке
қатысуы, болаша?та жеке педагогикалық жүйенiң,  іс-әрекеттiң  дара  стилiнiң
қалыптасуына жағдай туғызады.
      Қазiргi уақытта педагог-практик  ғалыммен  авторлық  бірлестікте  бола
алады, олардық қатынасы екі жа?ты құқығы мен мiндеттерiн айқындайтын  арнайы
келiсiм-шартпен  анықталады.  Зерттеушi  педагогтар  мен  жалпы  бiлiм  беру
мекемелерiнiң белгiлi бiр бөлiгi арасында жаңа  байланыстар  орнай  бастады.
Ғылым мен практика арасындағы ара қашықтықты азайту қажеттiгi  туындады,  ал
ол, өз кезегiнде,  нақты  қызмет  жасап  отырған  оқу  мекемелерiнде  ғылыми
лабораториялар құру процесiне жағдай  жасайды.  Сөйтiп,  Қазақстанда  Ақтөбе
қаласындағы № 12,  Тараз  қаласындағы  №  58  мектеп-лабораториясы,  Өскемен
қаласындағы дамытушы  бiлiм  беру  Орталығы  жанындағы  мектеп-лабораториясы
құрылды. Осылайша педагогикалық  қоғамдастық  өз  назарын  ғылыми  бағыттағы
практикаға және практикалық бағыттағы ғылымға аударып отыр.
      Жаңашыл педагогтар тәжiрибесi, ең алдымен, оқыту  әдiстемесiне  ғылыми
оқытудың нақты бiр  бағытының  және  оны  жүзеге  асырудың  технологияларына
үлкен  үлес  қосады.  Дидактикаға  бұл  тәжiрибе,   бiрiншiден,   баяндаудың
әртүрлiлiгiн нақтылай  түсуге,  екiншiден,  жаңашыл  мұғалiмнiң  тәжiрибесiн
зерттегеннен кейiн кемшіліктерді түсiнуге көмектеседi: оқыту процесiнде  оқу
материалының мазмұны  мен  оқушылар  бiлiмiн  есептеу  мен  бақылаудың  керi
байланысы да бар.
      Қазiргi жағдайларда қазақстандық мектептiң жаңа  моделiн  жасау  жүрiп
жатқан  кезде  өткеннiң  және  қазiргi   уақыттың   жаңашыл   педагогтарының
тәжiрибесiн арнайы зерттеу  керек:  олардың  тәжiрибесiндегi  жаңа  бiлiмнiң
мазмұны қандай (сапасы, деңгейi), педагогиканың  әртүрлi  саласы  мен  тұтас
педагогикалық  ғылым  үшiн  педагог  жаңашылдардың   қосар   үлесi   қандай.
Педагогика әдіснамасының, дидактиканың,  тәрбие  теориясының,  педагогикалық
психологияның,   жеке   әдiстемелердiң   жаңашылдық   тәжiрибелердің   басты
назарында болуы керектiгiн анықтау қажет.
      Тәжiрибеде   жаңа   бiлiм   болса   (оқыту    теориясы)    тәжiрибенiң
мамандандырылған   дидактикалық   талдауы   ғылымды   нығайтып,   оны   анық
жетiстiктерi деңгейiнде ұстап тұратынын ескеру керек. Өйткенi, ғылымда  iске
асырылып жатқан, бiр бiрiне қарсы, сондай-ақ бiрiн  бiрi  толықтырып  тұрған
әртүрлi  тұжырымдар,  ғылыми  болжамдар,  теориялар,   принциптер,   қазiргi
заманғы және моральды? тұрғыдан ескiрген көзқарастар, ғылыми  ережелер  және
дәстүрлі түсiнiктер, на?ты бiлiмдер мен белгi-шарттары сияқтылар  кездеседі.
Жаңа педагогикалық құбылыстарды  түсiндiрiп,  негiздегенде  терең  және  кең
көлемде  ғылымның  өзiндiк   рефлексиясы,   шынайы,   “әрекеттегi”   бiлiмді
бекітеді. Бұл орайда, теориямен  тиянақталған  жаңашылдық  тәжiрибе  дамудың
бастауына айналады.
      Мектептегi әдiстемелiк жұмысты ұйымдастыру формалары динамикалық. Олар
көптеген факторларға  байланысты  өзгерiп,  жаңарады,  олардың  негiзгiлерi:
мемлекеттiң бiлiм беру саласындағы  саясаты,  заң  актiлерi  мен  құжаттары;
мұғалiмдердiң педагогикалық мәдениетiнiң деңгейi, оларды жеке тұлғалық  және
кәсiби-қызмет   көрсеткiштеріні?   диагностикалық    өлшеуімен    анықталған
әдiстемелiк сауаттылығы; мектеп  ұжымындағы  моралды?-психологиялық  жағдай,
әдiстемелiк жұмысты ұйымдастырудың материалдық-технологиялық  мүмкiндiктерi;
мектеп iшiндегi педагогикалық тәжiрибенi зерттеу,  мұғалiмдердiң  жаңашылдық
ашықтығы  мен  белсендiлiгi,   мектеп   басшыларының   әдiстемелiк   жұмысты
орындауға кәсiби дайындығының деңгейi;  мектеп  ұжымындағы  нақты  моральды?
жағдай  (мұғалiмдер  арасындағы,   мұғалiмдер   мен   оқушылар   арасындағы,
мұғалiмдер мен басшылық арасындағы қатынастар).
      Осылайша,  әдiстемелiк  жұмыстың  мазмұны  қазiргi  мектептiң   өзектi
мiндеттерiмен анықталады. Бұл мiндеттер  мұғалiмдердiң  әдiстемелiк  жағынан
жетiлуi  және  олардың  өздігінен  білімін  көтеруі,   маман   педагогтардың
шығармашылық өсуiнiң барысында жүзеге асады.
      Мұғалiмдердi мерзiмді  аттестациялау  олардың  әдiстемелiк  деңгейiнiң
өсуiне, шеберлігіне жағдай жасайды. Аттестациялау –  бiлiм  беру  мекемелерi
қызметкерлерiнiң  мамандығының,  педагогикалық  кәсiбилiгi  мен   іс-әрекетi
деңгейлерiнiң   жалпы   бағасы.   Аттестация   мақсаты    –    бiлiм    беру
қызметкерлерiнiң кәсiби,  мамандығының  өсуiн,  еңбегiнiң  нәтижелі  болуына
жағдай жасайтын, еңбек ақысын  саталауды  бағалаудың  тиiмдi  жүйесiн  құру.
Мұғалiмдер аттестациясы педагогикалы? еңбектiң нәтижелiлiгi және  оқу-тәрбие
процесiнiң сапасының сараптамалық бағасы негiзiнде жүргiзiледi.
      Аттестацияның келесi принциптерi: сараптамалық бағалардың  ерiктiлiгi,
ашықтығы, жүйелiлiгi және тұтастығы, ол педагогикалық  қызметкерлерге  деген
объективтi, дұрыс, ұқыпты және игi ниеттi қатынасты қамтамасыз етедi.
      Аттестация  нәтижесiнде  мұғалiмге  белгiлi  бiр  категория  берiледi.
Сондай-ақ, мұғалiмнiң мамандықты көтеру курсындағы педагогикалық бiлiм  алуы
және ұстаздық іс-әрекетi де ескерiледi.


Өзiн-өзi бақылауға арналған сұрақтар
     1) “Мектептi басқару” ұғымы  ненi бiлдiредi?
     2) Мектептi басқару қызметтерiне сипаттама берiңiз.
     3)  Педагогикалық  қызметкерлердi  аттестациялаудың  негiзгi   мақсаты
        қандай?

Өзiндiк жұмысқа арналған тапсырмалар
1) Әртүрлi оқулықтар бойынша “мектептi басқару” ұғымының түсiндiрмесiн  оқып
шығыңыз.
2)  Мектептi  басқару  мәселесiнiң  қазiргi   әдiстемелерiн   талдаңыз,   өз
көзқарасыңызды бiлдiрiңiз.
3) Жаңашыл мектептiң басқару тәжiрибесiн талдап, қортындылаңыз.


      Әдебиеттер


   1. Афанасьев В.Г. Научное управление обществом: Опыт системного  анализа.
      М., 1973.
   2. Альмухамбетов Б.А., Бенцион Я.С. Методическая работа с педагогическими
      кадрами: подходы, проблемы, поиски, решения. Алматы, 1999.
   3. Бабанский Ю.К. Методическая работа в школе. М., 1986.
   4. Бейсенбаева А.А., Мендигалиева Г.К. Теоретические основы интеграции  и
      практики в инновационных типах школ. Алматы, 1999.
   5. Каракулов К.Ж. Школоведение. Алматы: Ғылым, 2005
   6.  Конаржевский  А.А.   Педагогический   анализ   учебно-воспитательного
      процесса и управление школой. М., 1988.
   7. Таубаева Ш. Исследовательская культура учителя: методологи,  теория  и
      практика формирования. Алматы, 2000
   8. Файоль А. Общее и промышленное управление. М., 1992
   9. Хмель Н.Д. Педагогический процесс  в  общеобразовательной  школе.  А.,
      Мектеп, 1984,
  10. Хайруллин Г. О понятийном аппарате педагогики // Педагогика.  1991,  №
      5.
  11. Хмель  Н.Д.   Теоретические   основы    профессиональной    подготовки
      учителя. Алматы, 1998.
   12.Худоминский П.В. Методическая работа в школе. М., 1979.


         Тақырып 27 Мектеп жұмысын  жоспарлау жүйесі (1сағат)


      Мақсаты: жалпы білім  беретін  мектептің  жұмыс  жоспарын  құрастыруға
қойылатын маңызды талаптардың, мектептің  жылдық  жұмыс  жоспарының  негізгі
мазмұнын ашу, мектеп ішіндегі құжаттамалар түрлерімен танысу.
      Міндеттері:
      а) тиімді басқару іс-әрекетінің негізі ретінде жоспарлаудың мәнін ашу.
      ә) мектептің жылдық жұмыс жоспарының негізгі тарауларын сипаттау.
      б) жылдық жоспардың сыртқы көрінісінің ерекшеліктерін ашу.
      в) мектепті басқаруды ақпаратпен қамтамасыз етудің мәнін ашу.
      г) мектеп ішіндегі құжаттардың негізгі түрлерімен таныстыру.

          Жоспар

     1. Жоспарлау басқару қызметінің бірі ретінде.
     2. Жоспардың талданған бөлімін дайындау.
     3. Мектептің жылдық жұмыс жоспарының мазмұны.
     4. Мектептің жылдық жұмыс жоспарын дайындау.
     5. Мектеп құжаттамасының басқа түрлері.
      Негізгі ұғымдар: мектепті басқару, мектеп  жұмысын  жоспарлау,  жоспар
түрлері, мектеп құжаттамасы.
      Басқа пәндермен байланысы: психология, ақпарат және басқару теориясы.
 Жоспарлау басқару қызметінің  бірі  ретінде.  Басқарудың  жалпы  әдісі  іс-
әрекеттің мақсатын және бағдарламасын жүзеге  асыратын,  оның  іс-әрекетінің
тәртібін реттейтін, жүйенің белгілі құрылымын  сақтауын  қамтамасыз  ететін,
ұйымдасқан жүйенің  элементі  болып  табылады.  Соңғы  жылдары  «менеджмент»
термині жиі қолданылып келеді, ағылшын тілінен аударғанда «басқару»  дегенді
білдіреді.  Теория  мен  практикада  басқарудың  мынандай   түрлерін   бөліп
көрсетеді: іс-әрекеттің жағдайын  талдау,  жоспарлау,  ұйымдастыру  әрекеті,
ынталандыру,  шешімді  орындалу  процесін  бақылау  және  реттеу   әрекеттің
қорытындысынан шығады.
      Тиімді  де  нәтижелі  басқару  үшін  аталған  қызметтердің  барлығының
үйлесімді өз  ара  әрекеттестігін  қамтамасыз  ету  қажет,  олардың  біреуін
орындамау  тұтастай  ұжым  іс-әрекетінің  нәтижелеріне  әсер  етеді.  Барлық
басқару қызметтерінің үйлесімді өз ара  байланысы  жоспарлауға  негізделеді.
Жоспарлау (іс-әрекет жоспарын құру) дегеніміз іс-әрекеттің  негізгі  түрлері
мен тұтас іс-әрекеттің тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды  анықтау.
Тиімді жоспарлау дегеніміз:
      - жұмыс жай-күйін жан-жақты және мақсатты есепке алу және іс-әрекеттің
қол жеткізген нәтижелеріне объективті баға беру;
      - алдағы уақыттағы іс-әрекеттің  негізгі  мақсаттары  мен  міндеттерін
анықтау;
-  алға  қойылған  міндеттерді  шешетін  тиімді   жолдар   мен   тәсілдерді,
құралдарды айқындау, оларды шешудің қолайлы жолдары мен құралдарын таңдау.
      Бұлардың барлығы басқару жүйесіндегі істің жай-күйі туралы  объективті
ақпараттың болуын талап етеді. Ақпарат дегеніміз басқарылатын  жүйенің  жай-
күйін сипаттайтын, сондай-ақ  оны  дамыту  мен  жақсарту  үшін  қолданылатын
пайдалы мағлұматтар, деректер, мәліметтер жиынтығы.  Ақпараттың  көлемі  мен
мазмұны жүйе  іс-әрекетінің  мақсатымен,  негізгі  бағыттары  мен  аумағымен
анықталады. Бағытына қарай олар төмен және жоғары бағытталған ақпарат  болып
бөлінеді. Төмен бағытталған ақпараттар  басқару  субъектісінің  басқарушылық
іс-әрекетін көрсететін ақпараттар (нормативті,  жоғары  тұрған  органдардың,
соның ішінде білім беру органдарының ұйымдастырушылық-бұйрықтық  құжаттары).
Жоғары бағытталған ақпарат басқарылатын жүйенің жай-күйін  сипаттайды  (есеп
берулер, тексеру нәтижелері бойынша анықтамалар, мектеп ішіндегі  күнделікті
ақпарат). Басқару іс-әрекеті  үшін  ақпараттың  екі  түрі  де  өте  маңызды.
«Басқарудың  нәтижелі  болуы,   негізінен,   қажетті   ақпараттың   болуына,
басқарушылық шешімдерді дер кезінде  және  сапалы  түрде  қабылдай  алынуына
және тұтас білім беру  жүйесінің  мониторының  ұйымдастырылуына  байланысты»
(Қазақстан Республикасының орта білім беруді дамыту Тұжырымдамасы).
      Жалпы білім беретін мектепті  басқару,  кез-келген  басқару  іс-әрекет
сияқты, барлық іс-әрекеттің негізді жоспарлануын талап етеді. Мектептегі  ең
маңызды жоспар мектептің жылдық жұмыс  жоспары,  ол  жалпы  мектеп  өмірінің
жетекші құжаты болып саналады.  Онда  мектеп  іс-әрекетінің  барлық  жақтары
қамтылып,  олардың  бірлігі,  ішкі  және  сыртқы  байланыстары   мен   өзара
тәуелділігі  есепке  алынады.  Мектепте  жұмыстың  нәтижелі   болуы   жылдық
жоспардың терең ойластырылуына, негізді және мақсатты болуына байланысты.
      Мектептің жылдық жұмыс жоспары мына қағидалар негізінде құрастырылады;

      а)  жоспарлаудың  ғылымилығы.  Жоспар  іс-әрекеттің  әлеуметтік   және
экономикалық шарттарын, педагогикалық процестің  психологиялық-педагогикалық
заңдылықтарын, жалпы білім  беру  жүйесі  мен  жекелеп  алғандағы  мектептің
дамуының   тенденциялары   мен   болашағын   ескере   отырып    құрастырылуы
қажет.Жоспардың  мақсаттылығы  бұл  принципті  жүзеге  асыру  үшін.   Жоспар
педагогикалық жағынан мақсатты болуы қажет,
      ә) үйлесімді де қолайлы жоспардың құрамында алға қойылған  мақсаттарға
жету үшін іс-әрекеттің, нақты шаралардың  қажетті  және  жеткілікті  мөлшері
болуы қажет. Бұл принцип  жоспардың  шынайы  болуына,  мектеп  ұжымының  іс-
әрекетінің  қолайлы  жолдары  мен  құралдарын  таңдауға,  жоспардың  құрамды
бөліктерінің мақсатты түрде өзара қатынасын қамтамасыз етуге бағытталған,
      б) жоспардың  нақтылығы.  Жоспарда  қандай  шараларды  жүргізу  қажет,
орындаушыларға берілетін тапсырмалар,  шараларды  өткізуге  кім  жауап  беру
керек, оның мерзімі, орны мен уақыты нақты  көрсетілуі  қажет.  Белгілі  бір
міндеттерді табысты шешуге жағдай жасайтын нақтылы шарттардың есепке  алынуы
қажет. Нақтылық принципін жүзеге асыра отырып жоспардың  қажетті  нақтылығын
қамтамасыз етед.
      в) Жоспардың болашағы.  Жоспарда  жуық  арадағы  мақсат  міндеттерімен
қоса, жоспардың алыс, жақын болашақтың  болашағы  да  көрініс  табуы  қажет.
Жоспарда мектеп жұмысының  келер  жылдары  да  алдына  қойылатын  оқу-тәрбие
міндеттері ескерілуі қажет,
      г) Ұжымдық принципі. Мұғалімдердің, тәрбиешілердің, мектептің басқа да
қызметкерлерінің  жоспарды  талдау  мен  құруға  белсенді   түрде   қатысуын
қарастырады. Мектеп жоспары  ұжымдық  шығармашылықтың  жемісі  болуы  қажет,
алайда ол ұжымның әрбір мүшесінің жеке дара жауапкершілігін талап етеді.
      Мектеп жұмысының жылдық жоспарын дайындаудың алгоритмі:
      1.   Нормативті   құжаттамаларды,   жоспарлау    мәселелері    бойынша
психологиялық-педагогикалық    әдебиеттер     мен     жаңа     педагогикалы?
технологияларға арналған арнайы әдебиеттерді оқып зерттеу;
      2. Мектептің өткен уақыттағы  оқу-тәрбие  процесі  туралы  жинақталған
ақпаратқа  жан-жақты  талдау  жасау,  негізгі  кемшіліктер  мен   жіберілген
қателерді айқындап, мектеп ұжымының  іс-әрекетіндегі  маңызды  жетістіктерін
анықтау;
      3. Мектеп дамуының болашақ  жоспарларын,  сондай-ақ  келер  жылғы  іс-
әрекеттің маңызды мақсаттары мен міндеттерін анықтау;
      4. Жұмыстағы кемшіліктерді жоюға арналған тиімді жолдар мен құралдарды
анықап, оң нәтижелерді әрі ?арай дамыту. Мақсатқа  жетудің  қолайлы  жолдары
мен құралдарын таңдау;
  5. Негізгі, жалпы мектептік маңызы  бар  шаралар  мен  сыныптар  бойынша,
сынып топтары  бойынша  өткізілуге  міндетті  шараларды  анықтау.  Жоспардың
жұмыс нұсқасын жасау;
      6. Жоспардың жұмыс нұсқасына ұжымдық талдау жасау. Ұсыныстарға  сәйкес
жоспарға қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
      7. Мектептің жұмыс жоспарының соңғы нұсқасын жасау және оны бекіту;
      Бұл бағдаржолдың тармақтары бір-бірімен тығыз байланысты, олар бірінен
соң бірі орындалуы тиіс. Жоспарды  дұрыс  жасау  үшін  қажетті  әдебиеттерді
оқып зерттеу қажет. Мақсат пен міндеттерді, жолдар  мен  құралдарды  таңдап,
бекіту де осылайша жүзеге асады.
      Жоспардың сараптамалық бөлімін дайындау. Мектептің оқу-тәрбие  процесі
туралы, оның тиімділігінің деңгейі туралы ақпарат талдауы (мектеп  жұмысының
талдауы) жоспар құрудың маңызды кезеңі болып  табылады.  В.А.  Сухомлинский:
«Мектептің өткен жылғы жұмысына терең  талдау  жасамай  келер  жылға  жоспар
құру мүмкін емес. Кемшіліктерді түзету өткен жылғы жұмысқа қаншалықты  терең
әрі жан-жақты  талдау  жасалғанына  байланысты»,  –  деп  санаған.  Жұмыстың
талдауы  мектеп  ұжымының  алдағы   іс-әрекетіндегі   себеп-салдарлық   және
қызметтік  байланыстар  мен  өзара  тәуелділікті  айқындауы  қажет.   Талдау
оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің  нақты  нәтижелері  қандай,  педагогикалық
мақсаттарға жетудің жолдары  мен  құралдары  қаншалықты  мақсатты  болғанын,
қандай жалпы кемшіліктер болғанын анықтауы қажет. Қысқаша  айтқанда,  мектеп
жұмысының талдауы «мұғалімдер ұжымын оқушылардың мықты білімі мен өте  жақсы
үлгерімі  үшін,  кемшіліктерді  тез  және  дер  кезінде  жою  үшін   күреске
жұмылдыру сияқты мақсат негізінде» (Ю.А. Конаржевский) жүргізілуі қажет.
      Мектептің  өткен  оқу  жылындағы  жұмысына  талдау  жасаудың  көптеген
әдістері  бар.  Ю.А.  Конаржевскийдің  әдісі  бойынша  талдауда  мектеп  іс-
әрекетінің мынандай тараулары туралы қажетті ақпараттар болу қажет:
      - мектепті басқару бойынша әкімшіліктің іс-әрекеті;
      - мектептегі әдістемелік жұмыстың жай-күйі;
      -  білім  берудің  жай-күйі,  білім  беру  деңгейін  көтеру   бойынша
        мұғалімдер ұжымының жұмысы;
      - мұғалімдер ұжымының оқушылар ата-аналарымен жұмысының жай-күйі;
      -  қоғамдық  оқушылар  ұйымдары  жұмысының  нәтижесін  жақсарту  үшін
        мұғалімдердің көмегі;
      - оқушылардың тәрбиелілік деңгейі;
      - оқушылардың сабақтарға қатысуының жай-күйі;
      - оқушылардың білім, білік және дағдаларының жай-күйі;
      - жалпыға міндетті оқуды жүзеге асырудағы ұжымның іс-әрекеті.
    Мектеп  жұмысына  талдау  жасау  кезінде  оқушылардың  тәрбиелілік  пен
білімділігінің деңгейін, сондай-ақ жалпы  міндетті  орта  білім  алу  туралы
ережелердің  орындалуын  бірінші  орынға  қою  қажет.  Ал  басқа  тарауларды
олардың  негізгі  үш  тарау  бойынша  қажетті  жоғары   нәтижелерге   жетуге
қаншалықты әсерлі әрі үйлесімді ықпал  еткендері  жағынан  қарастыру  қажет.
Мектептегі әдістемелік жұмыс оқушылар ата-аналарымен жұмысы сияқты аясы  тар
мақсат болмауы  керек,  олар  педагогикалық  процестің  жоғары  нәтижелеріне
жетудің құралдары болуы қажет. Бұл нәтижелер  оқушылардың  тәрбиелілігі  мен
білімділігінің көрсеткіші болады.
    Мектептің алдағы уақыттағы маңызды мақсаттары мен  міндеттерін  анықтау
объективтілік, перспективтілік және нақтылық сияқты мектептің  жылдық  жұмыс
жоспарын құрудың принциптерін жүзеге  асыруға  мүмкіндік  береді.  Мектептің
оқу жылының мақсаттары мектеп үшін стратегиялық мәні бар  негізгі  мақсаттан
туындайды. Міндеттер  мақсаттармен  тығыз  байланыста  болып,  сол  мақсатқа
жетудің бір ізді сатыларын құрап,  мектеп  жұмысы  талдауының  нәтижелерінен
бастау  алулары  қажет.  Міндеттер  тәрбие  мен  оқытудың,  сыныптағы   және
сыныптан  тыс  іс-әрекеттің,  сондай-ақ  педагогикалық   процестің   әртүрлі
бөлімдері мен мектептің әртүрлі Міндеттер мектептің  барлық  мұғалімдерінің,
жанұя мен қоршаған ортаның  басқа  да  бөліктерінің  әрекеттерінің  бірлігін
қамтамасыз  етуге   бағытталулары   қажет.   Мектеп   міндеттерінің   шешімі
мұғалімдер мен  тәрбиешілердің  жеке  дара  және  ұжымдық  шығармашылық  іс-
әрекетін ынталандырып, өз еңбегінің нәтижесіне деген қызығушылығын  арттыруы
қажет, олардың бар күшін жалпы мектептің  мақсатын  жемісті  жүзеге  асыруға
бағыттап, тәрбие мен  оқытудың  негізгі  мәселелерін  шешудің  ортақ  әдісін
қалыптастырып,  педагогикалық  процестегі  оқушының   белсенділігін,   ынта-
ықыласын арттыруға жағдай жасауы қажет.
    Мектептің жылдық жұмыс жоспарының мазмұны.  Мектеп  жоспары  мазмұнының
негізгі  бөлігін  мектепте  жүргізілуге  тиіс   шаралар   құрастырады.   Бұл
шараларды бірнеше  тарауларға  бөледі.  Тараулардың  бірі  ұжымның  міндетті
жалпы орта білімді жүзеге асыру бойынша іс-әрекетіне арналған.  Онда  мектеп
маңайында тұратын мектеп  жасына  жеткен  балаларды  толы?  тіркеу  шаралары
көрсетіледі. Балаларды мектептің бастауыш, негізгі  және  жоғары  сатыларына
қабылдау бойынша, сыр?ат  балаларды  үйде  және  емдеу  мекемелерінде  оқыту
бойынша шаралар белгіленеді. Егер мектептерде  интернаттар  болса,  дайындық
сабақтары  ұйымдастырылса  оларда  оқу-тәрбие  жұмыстарын  өткізу   шаралары
қарастырылады. Жағдайы нашар және  толық  емес  жанұялардың  балаларын  және
қамқорлыққа алынған  балалардық  мектепке  қабылдау  мәселесіне  баса  көңіл
бөлінеді. Ата-аналар қоғамы мен оқушылар ұжымдарын мектеп  жасындағы  барлық
балаларды  оқуға  қабылдау  бойынша  жұмыстарға   араластыруға   бағытталған
шараларды да қарастыру қажет.
    «Педагогикалық ұжымның оқу-тәрбие жұмысының сапасын артыру бойынша  іс-
әрекеті» атты тарау мектептің жылдық жоспарының өзегі  болып  табылады.  Бұл
тарауда сабақ пен оқытудың  басқа  да  ұйымдастырушылық  фомаларын  жақсарту
шаралары  жоспарланады.  Мұнда  оқушылардың   білім   сапасын,   тәжірибелік
біліктері  мен  дағдыларын  арттыруға,  оқушылар  біліміндегі  кемшіліктерді
жоюға бағытталған шаралар қарастырылады. Оқу бағдарламаларын,  соның  ішінде
олардың тәжірибелік бөлімдерін  толық  және  сапалы  түрде  орындау  бойынша
шаралар  жоспарланады.   Мектептің   оқу   процесіне   оқытудың   техникалық
құралдарын, компьютерді енгізу жоспарланады.  Сыныптан  сыныпқа  өту  немесе
мектеп бітіру емтихандарын ұйымдастыру мен өткізу мәселелері де осы  тарауда
қарастырылады. Оқушылардың  оқу  еңбегіне  деген  жауапкершілікті  қатынасын
тәрбиелеу мен  өз  бетінше  білім  алу  дағдыларын  дамыту  бойынша  шаралар
көрсетіледі. Оқушылардың білімін кеңейту мен тереңдету бойынша сыныптан  тыс
жұмыстар қарастырылады: факультативтер, пәндік үйірмелер,  қосымша  сабақтар
жұмысын  ұйымдастыру,  пәндік  кештер,   лекциялар   мен   әңгіме-сұқбаттар,
жарыстар, пәндік олимпиадалар өткізу.
    Тәрбие мәселелері бұл тарауда үлкен орын алады, өйткені  оқушының  жеке
тұлғасына, оның  жеке  қасиеттері  мен  гуманистік  көзқарастарының  дамуына
ерекше көңіл  бөлу  қажет.  Адамгершілік  тәрбие,  мінез-құлық  мәдениетінің
дағдыларын  дамыту,  оқушылардың  саналы   тәртібін   ?алыптастыру   бойынша
шараларды  қарастыру  (оқырмандар   конференцияларын,   лекциялар,   әңгіме-
сұқбаттар,  жарыстар,  пікірталастар  өткізу,  пайдалы  басылымдар  шығару).
Құқықтық тәрбие және оқушылар арасында заң  бұзушылықты  болдырмау  бойынша,
сондай-ақ патриоттық тәрбие беру бойынша шаралар қарастырылады.  Оқушылардың
эстетикалық мәдениетін арттыру мен олардың шығармашылық қабілеттерін  дамыту
мақсатында лекциялар, өнер сүйгіштер клубын құру,  музыка,  театр  апталарын
өткізу,  ертеңгіліктер  мен  кештер  өткізу,  көрмелер   ұйымдастыру,   өнер
мекемелеріне бару,  әртүрлі  үйірмелер  мен  студиялар  жұмысын  ұйымдастыру
(әдебиет  шығармашылығы,  вокалдық,  би,  қолданбалы  өнер),  байқаулар  мен
жарыстар өткізу жоспарланады.
    Дене  шынықтыру-спорттық  жұмыстарды  өткізу   жоспарланады:   спорттық
секциялар  құру,  туристік  саяхаттар,   жарыстар,   спорттық   кештер   мен
мерекелер, сондай-ақ дене шынықтыру бойынша қоғамдық-пайдалы  іс-әрекеттерді
(спорттық  құрал-жабдықтар  мен  бұйымдарды   жөндеу,   спорттық   алаңдарды
жабдықтау бойынша жұмыстар) ұйымдастыру. Сауы?тыру жұмыстары, соның   ішінде
оқушылардың жынысы мен жасын ескере отырып  жалпы  мектептік  деңгейде  және
сыныптар  бойынша   санитарлық-гигиеналық   тәрбие   шаралары,   оқушылардың
ауруларының алдын алу шаралары, салауатты өмір  салтын  насихаттау  шаралары
қарастырылады.
    Оқушыларды еңбекке тәрбиелеу мақсатында мектепте өз өзіне қызмет жасау,
қоғамдық-пайдалы  еңбек  жұмыстары,  жағдайлар  болған   кезде   оқушылардың
шамасына сай өндірістік  еңбегі  бойынша  жұмыстар  қарастырылады.  Жоспарда
мектептегі еңбек мейрамдары  мен  басқа  да  шаралар  (көрмелер,  байқаулар,
жарыстар)  да  қарастырылады,  техникалық  үйірмелер  мен  секциялар  жұмысы
ұйымдастырылады.  Мұнда  оқушыларға  экономикалық   тәрбие   беру   бойынша,
іскерлік қасиеті мен  қазіргі  заман  адамының  басқа  да  жеке  қасиеттерін
қалыптастыру бойынша  шаралар  көрсетіледі.  Оқушыларға  экологиялық  тәрбие
беру  жұмыстары  да  жоспарланады:  тәжірибелік  жұмыс,  экологиялық  аумақ,
экологиялық соқпақ құру, жануарлар мен өсімдіктер күтімі,  табиғатты  сақтау
бойынша жұмыс, экологиялық мейрамдар, байқаулар өткізу.
    Бұл  тарауда  жанұя  тәрбиесімен   байланысты   оқушылар   ата-анасымен
жүргізілетін жұмыс көрініс тапқан мәселелер де  бар.  Ата-аналармен  кездесу
өткізу,  оларға  ақыл-кеңес  беруді  ұйымдастыру,  ата-аналар   жиналыстарын
өткізу, ата-аналар  комитеті  жұмысына  көмектесу,  ата-аналарды  мектептегі
тәрбие жұмысына араластыру, жанұя тәрбиесінің озат тәжірибесін  зерттеу  мен
қортындылау жұмыстары қарастырылады.
    «Педагогикалық   кадрлармен    жұмыс»    тарауында    мұғалімдер    мен
тәрбиешілердің   әдістемелік   деңгейін   көтеруге   бағытталған    жұмыстар
қарастырылады.  Мұғалімдер  ұжымының   кәсіби   біліктері   мен   дағдыларын
диаагностикалау жоспарланады, бұл озат педагогикалық  тәжірибені  анықтауға,
сондай-ақ   мұғалімдердің   тәрбие   мен    оқыту    әдісінің    саласындағы
қажеттіліктері  мен  сұраныстарын  анықтауға  мүмкіндік   береді.   Жоспарға
мектептің әдістемелік бірлестіктерінің,  әдістемелік  кеңестің,  әдістемелік
кабинеттің  іс-әрекеті  мәселелері,  мектеп  мұғалімдерінің   психологиялық-
педагогикалық   проблемаларды    зерттеу    мәселелері,    мұғалімдер    мен
тәрбиешілерге арналған педагогикалық оқулықтар, конференциялар,  семинарлар,
арнайы  курстар  өткізу  енгізіледі.  Жоспарда  тәжірибесі  аз  мұғалімдерге
әдістемелік көмек көрсету, мұғалімдердің өзіндік білім алулары  мен  олардың
педагогикалық  шығармашылығын  ынталандыруды  ұйымдастыру  мәселелері,  озат
педагогикалық тәжірибені қортындылау мен тарату мәселелері  (ашық  сабақтар,
әдістемелік  көрмелер,  шығармашылық  есеп  берулер   өткізу,   шығармашылық
педагогика клубтарын  ұйымдастыру,  озат  тәжірибе  мектебін  құру)  көрініс
табады.  Бұл  тарауда  мектептің  педагогикалық  ғылым  өкілдері  мен  іскер
ынтымақтастықтың формалары және мазмұны көрсетіледі. Әдістемелік  кеңес  пен
әдістемелік бірлестіктер  (кафедралар)  жұмысының  жоспарлары  осы  тараудың
құрамды бөлігі болып табылады.
    Жоспардың  белгілі  бір  тарауында  мектептің  педагогикалық  кеңесінің
жұмысы қарастырылады, онда  педагогикалық  кеңес  мәжілісінің  тақырыбы  мен
өткізілетін күні  нақты  белгіленеді.  Жоспардың  бұл  тарауын  дайындағанда
мәжіліс тақырыбын  анықтауға  ерекше  көңіл  бөлу  қажет.  Мәжіліс  тақырыбы
мұғалімдер  ұжымы  іс-әрекетінің  жалпы  мазмұнынан   бастау   алуы   қажет,
педагогикалық  кеңестегі  белгілі  бір  мәселелерге  талдау  жасау,  ұжымдық
шешімдерді қабылдау мен жүзеге асыру мектеп  іс-әрекетінің  жалпы  мақсатына
жетуге жағдай жасауы  қажет.  Педагогикалық  кеңес  мәжілісінің  тақырыбында
мектептегі оқу–тәрбие процесін, ұжымның  ұйымдастырушылық-педагогикалық  іс-
әрекетін жақсарту мәселелері,  мектептің  педагогикалық  ғылыммен  байланысы
туралы, педагогикалық ғылымның жаңа жетістіктерін  жүзеге  асыру  мәселелері
көрініс табады. Педагогикалық кеңестің әрбір мәжілісінде өткен  мәжілістерде
қабылдаған шешімдердің барысы туралы ақпараттар тыңдалады.
    Мектеп ішіндегі  бақылау  жүйесі  мектеп  жұмысының  жылдық  жоспарының
ерекше тарауын құрайды.  Мұнда  мектептегі  тәрбие  жұмысының  жай-күйі  мен
нәтижелілігін  бақылауға  бағытталған   шаралар   көрсетіледі:   оқушылардың
қоғамдық белсенділігін тәрбиелеу міндеттерін, оларға саналы  тәртіп,  еңбек,
адамгершілік, эстетикалық, экономикалық, экологиялық,  құқықтық,  патриоттық
тәрбие беру міндеттерін шешу, олардың тәрбиелілік деңгейін көтеру;  дайындық
сабақтарының,  үйірмелер  мен  секциялардың,  оқушылардың  өзін-өзі  басқару
органдарының жұмысын бақылау; өлкетану жұмысын, оқушылардың өз өзіне  қызмет
жасауы   мен   олардың   шамасына   сай   еңбегін   ұйымдастыруды   бақылау;
мұғалімдердің,  тәрбиешілердің,  сынып  жетекшілерінің  тәрбие   жұмыстарын,
сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыруды, оның мазмұны мен нәтижелілігін  бақылау;
жанұямен бірлескен жұмысты  бақылау  (оқушылардың  тіршілік  жағдайлары  мен
жанұялық тәрбиесін зерттеудің жай-күйі,  ата-аналармен  өткізілетін  шаралар
сапасы).
    Оқу пәндерін оқытудың бақылауы қарастырылады:  оқыту  ғылымилығын,  оқу
бағдарламаларының  орындалуын,   оқу   материалының   өмірмен,   практикамен
байланысын қамтамасыз етуді, сабақтар жүйесі  мен  оқу  пәндері  жиынтығының
өзара байланысын, оқудың жеке даралық болуы  мен  оқыту  процесіне  қойылған
психологиялық-педагогикалық  талаптардың  орындалуын,  оқушылардың  танымдық
ықыластарының дамуын, олардың оқудыға өз бетінше  жұмыс  істей  алу  мен  өз
бетінше  білім  алуға  ұмтылуын  бақылау.  Оқушылардың  білімі,  білік   пен
дағдаыларының  сапасын  бақылау  жоспарланады,   онда   оқушылардың   ғылыми
дүниетанымының қалыптасуы, олардың оқу материалын меңгеруі, оқушылардың  оқу
еңбегінің дағдыларының қалыптасуы туралы мәселелер қарастырылады.
    Мұғалімдер  мен  тәрбиешілердің  міндетті  жалпы  орта   білім   беруді
қамтамасыз ету бойынша іс-әрекетін бақылау  жоспарланады:  мектеп  жасындағы
балаларды тіркеудің  жай-күйі,  оқытудың  арнайы  жағдайларын  қажет  ететін
балаларға жағдай жасау, оқушылардың сабаққа қатысулары. Бұл  тарауда  мектеп
ішіндегі құжаттамалардың жай-күйін, оларды әрбір құжатқа қатысты  талаптарға
сай дер кезінде әрі дұрыс тіркелуін бақылау.
    Тараудың мектептегі әдістемелік жұмысты ұйымдастыруды  және  мұғалімдер
мен тәрбиешілердің мамандығы  мен  әдістемесін  өсіруді  бақылауға  арналған
бөлімінде теориялық семинарлар,  озат  тәжірибе  мектептерінің,  әдістемелік
бірлестіктердің  жұмысы,  озат  педагогикалық  тәжірибені  қалыптастыру  мен
тарату   мәселелері,   мұғалімдер   мен   тәрбиешілерді   оқыту   мәселелері
қарастырылады.
    Бұл тарауда мектептің басқа да бөлімдерінің (шаруашылық қызмет,  мектеп
кітапханасы, дәрігерлік көмек, тамақтануды ұйымдастыру) іс-әрекетін  бақылау
қарастырылады.
    Мектептің жылдық жоспарының бір  тарауы  ұйымдастырушылық-педагогикалық
жұмысқа  арналған.  Мұнда  педагогикалық   кадрларды   орналастыру,   мектеп
әкімшілігі мен тұтас педагогикалық ұжым  жұмысын  ұйымдастыру  мен  тәртібі,
мектеп қызметкерлері  арасында  қызмет  міндеттерінің  бөлінуі  көрсетілген.
Әдістемелік қызметтің шапшаң іс-әрекетін ұйымдастыру да  қарастырылады.  Бұл
тарауда жалпы мектептік кештер, мерекелер, салтанатты шаралар,  шапшаң  және
басқа  да  кеңестер  (мектеп   директоры   немесе   меңгерушісі   қатысуымен
өткізілетін кеңестер, өндірістік кеңестер, жиналыстар) өткізудің  графиктері
беріледі.
    Мектептің оқу-материалдық базасын нығайту мәселелері (мектеп  ғимаратын
кезекті немесе күрделі  жөндеуден  өткізуді  дайындау  жұмыстары)  жоспардың
жеке тарауында қарастырылады.  Еңбекке  тәрбиелеудің  материалдық-техникалық
базасын  кеңейтуге,  оқу  бөлмелерін  көрнекілік  құралдармен,  компьютерлік
техникамен  жабдықтауға,  мектеп  кітапханасының  кітап  қорын  толықтыруға,
спорттық құрал-жабдықтар мен жи?аздарын жаңарту мен толықтыруға  бағытталған
шаралар  қарастырылады.  Дайындық  сабақтарының  жұмысын  ұйымдастыру  үшін,
оқушылардың оқуы мен ойнуы үшін,  мектеп  асханасының  жұмысы  үшін  қажетті
жағдайларды  жасау,  шаруашылық  қызметті  қажетті  материалдармен,   құрал-
саймандармен,  арнайы  киіммен  қамтамасыз  ету  шаралары  көрсетіледі.  Бұл
тарауда, сондай-ақ мектеп ауласын санитарлық-гигиеналық тәртіптің  ережелері
мен  талаптарына  сай  жабдықтау,  өртке  қарсы   қауіпсіздік   құралдарымен
қамтамасыз ету көрсетіледі.
    Мектеп жұмысының  жылдық  жоспарының  мазмұны,  міне,  осындай.  Жоспар
мазмұны мектеп қызметінің нақты бір  жағдайлары  мен  басқа  да  факторларға
байланысты басқаша болуы да  мүмкін,  онда  негізгі  тараулар  өзгеше  болуы
мүмкін.  Алайда   онда   әрқашан   аналитикалық   бөлім   (нормативті   және
инструктивті  ақпаратты  есепке  ала  отырып  мектептің  өткен   жылғы   іс-
әрекетінің   нәтижелері   туралы   ақпаратқа   талдау   жасау),    мектептің
жоспарланған уақытқа арналған маңызды міндеттері, алға қойылған  міндеттерді
шешу мен мақсаттарға жетуге әкелетін шаралар көрсетілген негізгі бөлім  бар.

    Мектептің жылдық жұмыс жоспарың дайындау
     Мектеп жоспарының сыртқы көрінісі түсіндірме мәтін түрінде  (жоспардың
мәтіндік түрі) болуы мүмкін. Бұл мәтінде жоспардың негізгі бөлігін  құрайтын
барлық шаралар беріледі. Жоспардың бұл  түрі  жоспар-графикпен  толықтырылуы
мүмкін  (жылдық  жоспарды  жоспар-график  түрінде  де  ұрастырады).  Жоспар-
графиктің ең қарапайым  түрі  үш  графадан  тұратын  кесте  түрінде  болады,
бірінші графа – шаралар тізімі, екінші графа  –  осы  шараларды  ұйымдастыру
мен өткізуге жауапты адамдар тізімі, үшінші  графада  осы  шараларды  өткізу
уақыты  жазылады.  Жоспар-графиктік  басқа  түрлерінде,  сондай-ақ,   мақсат
графасы (мақсат бағыты), жоспардық осы тарауының  орындалу  барысын  бақылау
графасы,  тараудың  орындалғаны  туралы  графа  (немесе  өткізілген  шараның
қысқаша талдауы мен бағасы) болады.
    Жоспарлаудың  күн  тізбелік-графикалық  түрінде  апта   (мысалы   21-27
қыркүйек) уақыт бірлігі ретінде алынады. Жоспардың осындай  түрінің  бірінші
графасында осы уақыт мерзімі көрсетіледі.  Жоспардың  келесі  графалары  іс-
әрекеттің белгілі бір бағытына арналады  (мысалы,  жалпыға  міндетті  білім,
материалдық-техникалық  базаны  нығайту,  мектеп  ішіндегі   бақылау).   Тор
көздерде  іс-әрекеттің  белгілі  бір  бағыты  бойынша   белгіленген    уақыт
аралығында өткізілуі тиіс шаралары белгіленеді.
    Жылдық жоспардың аталған түрлерінің бәрінің ортақ бір кемшілігі бар, ол
– оның жеке-жеке элементтерінің өз ара  байланысы  мен  тәуелділігінің  анық
еместігі,  ол  тұтас  тәрбие  мен  оқу  процесін   басқаруда   белгілі   бір
?иыншылы?тар туғызуы мүмкін. Жоспардың жүйелі  түрінің  мұндай  кемшіліктері
жоқ. Жоспардың жүйелі түрі дегеніміз барлық процестердің уақыт  пен  олардың
өткізілуінің реті бойынша графикалық көрінісі.  Онда  жалпыға  ортақ  шартты
белгілер қолданылады. Ұзын сызықты тіл,  мысалы,  шынайы  жұмысты  білдіреді
(уақыт пен қаржы шығынын қажет ететін  еңбек  процесі).  Нүктелі  сызық  пен
үзік-үзік сызықты тіл  уақыт  шығынын  қажет  етіп,  бірақ  еңбек  шығынысыз
орындалатын жұмысты білдіреді. Нүктелі сызықты тіл  бір  жағдай  мен  екінші
жағдай  арасындағы  қисынды  байланысты,  тәуелділікті   білдіретін   жалған
жұмысты  белгілеу  үшін  қолданылады.  Шеңберлермен  немесе  тор   көздермен
жұмыстың бітуін, яғни оқиға деп аталатын соңғы нәтижені белгілейді.
    Кез-келген жұмыс (немесе тіл) екі оқиғаны  –  бұрынғы  (бастапқы)  және
соңғы оқиғаларды байланыстырады. Сондықтан жүйелі жоспардың сыртқы  көрінісі
өз ара тілдермен қосылған  нөмірленген  шеңберлердің  (оқиғалардың  орындалу
реті бойынша) жиынтығынан  тұрады.  Егер  қандай  да  бір  шеңберге  бірнеше
тілдер жүргізілген болса, бұл тілдердің басында орналасқан  барлық  бастапқы
оқиғалардың нәтижесі деген сөз. Тілдерде осы нәтижеге  (оқиғаға)  жету  үшін
жұмсалған уақыт мөлшері жазылады. Жүйелі жоспарға бастапқы ақпарат  кестесін
қосқан жөн. Бұл  кестеде  әрбір  оқиғаның  нөмірін   табуы  және  жобаланған
жұмыстар  көрсетіледі.  Бастапқы  ақпарат  көмегімен  мектептің   кез-келген
қызметкері жүйелі жоспарда көрініс тапқан өзара тәуелділікті  түсіне  алады.
Жүйелі жоспар көмегімен жұмыстың үлкен педагогикалық  жұмыс  мөлшерін  қажет
ететін түрлерімен қоса,  тәрбие  мен  оқытудың  негізгі  міндеттерін  шешуге
ықпал етпейтін түрлерін де айқындауға  болады.  Сондықтан  мектеп  жұмысының
жүйелі жоспары зерттеушілер мен  практик-мұғалімдердің  жоғары  бағасына  ие
болып отыр.
    Мектеп құжаттамасының басқа  түрлері.  Тұтас  мектеп  ұжымы  және  жеке
мұғалімдердің жұмысы мен іс-әрекеті мектептің  жылдық  жоспарынан  басқа  да
жоспарлармен белгіленеді. Олардың ішінен мектептің  стратегиялық  мақсаттары
мен  оларға  жетудің  жолдары  белгіленген  перспективалық  жоспарды   бөліп
қарауға болады. Перспективалық  жоспар,  әдетте,  бес  жылға  құрылады,  осы
уақыт аралығындағы басты  мәселелік  міндеттерді  шешуге  бағытталады.  Онда
оқушылардың  жылдағы  мөлшерін  жоспарлау  үшін  өте  маңызды  демографиялық
сипаттағы  болжамдарды  қамтылып,  педагогикалық  ұжымны  құрамының  жаңаруы
қарастырылады.  Бұл  жоспардың  мектептегі  оқу-тәрбие  процесін   жетілдіру
бойынша жүргізілуі  тиіс  міндеттер  көрсетілген  сараптамалық  бөлімі  бар.
Перспективті  жоспар  тарауларының  атаулары  жылдық  жоспардың  атауларымен
сәйкес келуі мүмкін.  Перспективті  жоспардағы  алдыға  қойылған  міндеттер,
оларды  жүзеге  асыру  деңгейі  жылдық  жоспарды  құру  кезінде  ескеріледі.
Мұғалімнің  сыныптар  арасындағы  оқу  пәнінің  мазмұнын   оқып   зерттеудің
күнтізбелік  жоспары  мен  әрбір  сабақтың   жеке   жоспары   болуы   қажет.
Тәрбиешілер  мен  сынып  жетекшілері  тәрбие  жұмысының  жоспарын   құрайды.
Факультативтер,  үйірмелер  мен  секциялар  жұмысының  жоспарлары  құрылады.
Жалпы мектептік және сыныптық ата-аналар комитетінің,  оқушылардың  қоғамдық
ұйымдарының,  өзін-өзі  басқару  органдарының  іс-әрекеті  жұмыс   жоспарына
сәйкес жүргізіледі. Мектеп кітапханасы жұмысының жоспары құрылады.
    Мектеп  басшыларының  күнделікті  жұмысының  күнделікті  және   апталы?
жоспарлары құрылады. Олар еркін  түрде  құрастырылады.  Мектеп  басшыларының
күнтізбе-жоспары болған жағдайда мектептегі шараларды  өткізуді  ба?ылау  да
оңай  болады.  Күнтізбе-жоспардың  бірінші  графасында  өткізілетін  шаралар
тізімі жазылады. Одан кейін он графа сызылады, оқу жылының әрбір айына жеке-
жеке  графа  арналады.  Тиісті  тор  көзде  белгілі  бір   шараны   өткізуге
белгіленген айдың күні жазылады. Мұндай жоспар  аз уақыт  ішінде  жүргізіліп
жатқан  жұмыстың  бағытымен,  ұқсас  шаралардың  қайталану  жиілігі  бойынша
салыстырмалы талдау жасауға мүмкіндік береді.
    Кейбір  мектептерде  циклограммалар  жасалады,  циклограмма   дегеніміз
мектептегі шараларды өткізудің апталық графигі.  Циклограммаларды  пайдалану
іс-әрекеттің  нақты  ырғағын  анықтауға  көмектесіп,   бақылауды   орындауды
жеңілдетеді.
    Кейбір   мектептерде   іс-әрекеттің   жағдайларына   байланысты   жұмыс
жоспарларының басқа да  түрлері  құрылады.  Мектеп  қызметінің  белгілі  бір
шарттарының өзгеруі  ,  алдын-ала  жоспарланбаған  жаңа  жағдайлардың  пайда
болуы жұмыс жоспарына өзгерістер мен түзетулер енгізуге себеп болады.
    Сонымен, әр түрлі жұмыс жоспарлары жалпы мектептің және мұғалімдер  мен
тәрбиешілердің іс-әрекеттерінде  ерекше  орын  алады,  ал  мектептің  жылдық
жоспары олардың ішіндегі  ең  негізгісі  болып  табылады.  Жоспар  жекелеген
шаралардың жай ғана тізбегі емес, педагогикалық негізделген  шаралар  жүйесі
болуы қажет. Жоспардың барлық түрі бір-бірімен тығыз байланыста және  мектеп
іс-әрекетінің   маңызды   мақсаттарына   жеткізетін    міндеттерді    шешуге
бағытталулары қажет.
    Жоспардан басқа мектепте басқа да  құжаттама  жүргізіледі,  оны  шартты
түрде үшке  бөліп  қарауға  болады:  оқыту-педагогикалық  құжаттама,  мектеп
ішіндегі ақпарат  және  қаржы-шаруашылық  құжаттамалар.  Оқыту-педагогикалық
құжаттама:
      - журналдар: сынып журналдары, факультатив  сабақтарының  журналдары,
        дайындық  сабақтарының  журналдары,  қалдырылып  кеткен  және  орны
        ауысқан сабақтарды есепке алу журналы;
      - кітаптар: оқушылар тізімінің алфавитті кітабы, бланктер мен  беруді
        есепке алу кітабы (орта білім туралы аттестаттар мен негізгі сатыны
        бітіргені туралы куәліктерге арналған жеке кітаптар), «Алтын белгі»
        белгісін  есепке  алу  кітабы,  мақтау   грамоталары   мен   мақтау
        қағаздарын есепке  алу  кітаптары,  мектеп  мұғалімдерінің  жекелік
        құрамын есепке алу кітабы, мектептен шыққан  және  мектепке  келген
        хаттарды   тіркеу   кітабы,   тексерушілердің    ескертулері    мен
        ұсыныстарының кітабы;
      - оқушылардың жеке құжаттары;
      - оқушыларға белгілі бір мамандық алғаны  туралы  анықтамаларды  беру
        ведомості (бастапқы кәсіби оқыту ұйымдастырылған мектептерде);
      - жоғары мекемелерден келіп түскен бұйрықтар, жарлықтары мен басқа да
        бұйрықтық-ақпараттық құжаттама;
      - мектеп аттестациясының  материалдары,  мектептің  оқыту  іс-әрекеті
        лицензиясы;
      - мектепті тексеру нәтижелері туралы актілер,  анықтамалар,  баяндама
        хаттарының көшірмелері;
      -  білім  беруді  басқаратын  жоғары  мекемелермен  және   басқа   да
        ұйымдармен хат алысу.
Мектеп ішіндегі ақпарат ауызша және жазбаша болуды. Уақытына  қарай  ақпарат
қолма-қол  (күнделікті,  апталық,  айлық),  тоқсандың  және   жылдық   болып
бөлінеді.
1) күнделікті қолма-қол ақпарат бақылау нәтижесінде,  пәндік  мұғалімдермен,
сынып жетекшілерімен, оқушылар мен олардың ата-анасымен жүргізілген  әңгіме-
сұқбат  нәтижесінде,  сынып   журналы   мен   мектеп   ішіндегі   басқа   да
құжаттамаларды  оқып  зерттеу  нәтижесінде  қалыптасады.  Онда   оқушылардың
үлгерімі мен сабаққа қатысуы туралы, олардың тәртібі туралы, мектептің,  оқу
бөлмелерінің, оқу шеберханаларының санитарлық күйі  туралы  мәліметтер  бар.
Күнделікті ақпарат басқарудың шапшаң шешімдерін қабылдау үшін қажет.
2)  Апталық  қолма-қол  ақпаратты  мектеп  директорының  оқу-тәрбие   жұмысы
бойынша орынбасары жинастырады. Онда бір апта бойындағы күнделікті  а?парат,
шапшаң  мәжілістердегі  пікір  алмасу   нәтижелері,   мұғалімдерден,   сынып
жетекшілерінен келіп түскен мәліметтер  есепке  алынады.  Апталық  ақпаратта
ерекше бақылауға алынған оқушылардың және сыныптардың үлгерімі  мен  сабаққа
қатысуы  туралы,  сыныпта  және  мектептен   тыс   шаралар   туралы,   сынып
журналдарын, оқушылар  дәптерлері  мен  күнделіктерін   жүргізудің  жай-күйі
туралы мәліметтер болады.
3) Айлық қолма-қол ақпарат апталық ақпараттарды  қорытындылап,  толықтырады.
Онда оқу бағдарламасының  орындалу  барысы  туралы,  пәндік  мұғалімдер  мен
сынып жетекшілері жұмысының сапасы туралы, жекелеген  сыныптардың  үлгерімі,
сабаққа қатысуы, тәртібі туралы, арнайы  тексеру  мен  бақылау  жұмыстарының
нәтижелері туралы оқушылардың қоғамдық ұйымдарының жұмысы туралы  мәліметтер
болады.
4) Сыныптар мен оқу пәндері  бойынша  үлгерімі  туралы  тоқсандық  ақпаратты
мұғалімдер мен  сынып  жетекшілері  жазбаша  түрде  дайындайды,  оны  мектеп
дирекциясы сараптайды, жұмыс барысындағы пайда болған  кемшіліктерді  түзету
жолдарын  анықтау  мақсатында  педагогикалық  және  әдістемелік   кеңестерде
(пәндік бірлестіктерде) талқыланады.
5) Жылдық ақпарат тоқсандық ақпараттар деректері, сыныптан сыныпқа  өту  мен
мектеп   бітіру   емтихандарының   нәтижесінде    қалыптасып,    оқушылардың
тәрбиелілігі мен білімділігі деңгейіндегі  динамиканы  айқындауға  мүмкіндік
жасайды.  Бұл  ақпарат  мектеп  жұмысының  жылдық  жоспарының   сараптамалық
тарауын құрудың негізі болады.
Қаржы-шаруашылық  құжаттаманың  құрамында   мектептің   техникалық   құжаты,
мұғалімдердің   көрсеткіштік    тізімі,    негізгі    құралдардың    тізімі,
материалдардың қоймалы? есебінің кітабы, құндылығы төмен тез тозатын  заттар
қозғалысын  қолма-қол  есепке  алу  ведомості,  мектеп  кітапханасы  қорының
инвентарлы кітабы, материалды?  құндылықтарды  қолданыстан  шығару  актілері
бар.
Мектеп құжаттамасын нақты және дұрыс жүргізуді ұйымдастыру  мектеп  ішіндегі
тиімді басқарудың маңызды шарттары болып табылады.  Аталған  құжаттарды  дер
кезінде және оларды жүргізудің  нұсқауларына  сәйкес  толтыру  қажет.  Сонда
ғана мектеп ұжымы іс-әрекетінің барлы? бағыты бойынша қажетті нақты  ақпарат
алуға болады. Ал бұл  істің  жай-күйіне  объективті  баға  беріп,  басқаруда
тиімді шешім   қабылдауға мүмкіндік береді.

Өзiн- өзi бақылауға арналған сұрақтар

   1. Мектеп жұмысының жылдық жоспарын құрудың негізгі қағидаларын атаңыз.
   2. Мектеп жоспарын құрудың реті қандай?
   3. Мектептің  жылдық  жоспарының  сараптау  (аналитикалық)  бөлімі  0алай
      дайындалады?
   4. Мектептің жылдық  жоспарының негізгі мазмұнын ашыңыз.
   5. Жоспардың  негізгі түрлерін сипаттаңыз.
   6. Бас?ару іс-әрекетіндегі ақпараттың рөлін ашыңыз.
   7. Мектеп ішіндегі құжаттаманың негізгі түрлерін атаңыз.

     Әдебиеттер
     1. Внутришкольное управление. Вопросы теории и практики. М., 1991.
     2.  Конаржевский  Ю.А.   Совершенствование   функций   внутришкольного
        управления. Челябинск, 1988.
     3.  Концепция  развития  среднего  образования  Республики   Казахстан
        //Учитель Казахстана, № 17-18, 1997.
     4. Основы внутришкольного управления. /Под ред. П.В.Худоминского.  М.,
        1987.
     5. Портнов М.Л. Азбука школьного управления. М., 1991.
     6. Симонов В.П. Директору школы  об  управлении  учебно-воспитательным
        процессом. М., 1987.
     7. Сухомлинский В.А. Разговор с молодым директором школы. М., 1982.
     8. Татьянченко В.С., Пономарев  Н.А.  Годовой  план  школьной  работы.
        Курган, 1988.
     9. Фролов П.Т. Школа молодого директора. М., 1988.





























      4 САРАМАН САБАҚТАРЫНЫҢ ТАҚЫПТАРЫ ЖӘНЕ ОНЫ ДАЯРЛАУҒА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

   Сараман сабақтарына  даярлану үшін жалпы әдістемелік нұсқаулар


   Мақсаты: Пән бойынша дәріс сабағында  алған  білімдерін  бекіту,тереңдету
   және кеңейту.
   Міндеттері:
   -Пән бойынша алған теориялық материалдарын терңдету және жүйелеу;
   -Библиографиямен өздігінен жұмыс істеу іскерлігін қалыптастыру;
   -Аудиторияда өз ойын білдіруге,басқаны тыңдай  білуге,өз  пікірін  қорғай
   білуге және талқылауға қатысуға үйрету.
   Сараман    сабағы-дәрісте    алған    білімді    студенттің     өздігінен
   оқып,талқылап,меңгеруіне арналған.
   Сараман сабағына даярлық:
      • Сараман сабағынан қалмаңыз.
      • Сараман сабағына толық даярлықпен келіңіз.
      • Сараман сабағында дәріс дәптерлерін пайдаланыңыз.


      Сараман сабақтарының тақырыптары және оны орындауға әдістемелік нұсқау


Модуль 1.  Педагогиканың теориялық-әдіснамалық негіздері

Тақырып 1 Педагогиканың әдіснамалық негіздері (2 сағат)

Мақсаты: Педагогика ғылымы туралы мұғалімнің теориялық және практикалық іс-
әрекетін ұйымдастыруда әдіснаманың рөлі туралы ұғымды қалыптастыру.

                             Әдебиеттер

1. Бейсенбаева А.А. Теория и  практика  гуманизации  школьного  образования.
Алматы.,1998.Корчак Я. Воспитание личности: Кн. Для  учителя М.  :  1992.  –
287 с.  стр 51.
2. Гершунский Б.С. Философия образования для XXI века. – М. 1985.
3.   Жампеисова    К.К.    Формирование    основ    политической    культуры
старшеклассников в целостном педагогическом процессе школы.  Алматы., 1993.
4. Педагогика. Уч.пособие для студентов пед.вузов и пед.колледжей /под  ред.
П.И. Пидкасистого. – М.: 2004. – 608 с.
5. Психология и педагогика. /Под ред.  С.А. Хмелевской. 2002. – 176 с.
6. Хмель Н.Д. Теоретические основы профессиональной  подготовки  учителя.  –
Алматы: 1998. – 320 с.
7. Станкин М.И. Психология общения: курс лекций. – М.: 200. –304 с.

      Тақырып  2  Теория  мен  тәжірибенің  дамуындағы  ғылыми-педагогикалық
зерттеу әдістері (1 сағат)


      Мақсаты: болмысты ғылыми тану тәсілдері туралы түсінікті ?алыптастыру,
ғылыми-педагогикалық ойлауды дамыту.
    Өзiн өзi бақылауға арналған сұрақтар
   1. Ғылыми зерттеу әдісі дегеніміз не?
   2. Ғылыми зерттеу әдісінің әдіснама мен гносеологиямен  өзара  байланысын
      көрсетіңіз.
   3. Зерттеудің  эмпирикалық әдістер тобының мазмұнын ашыңыз.
   4. Зерттеудің теориялық  әдістер тобының мазмұнын ашыңыз.
   5. Зерттеудің эксперименталды-эмпирикалық және теориялық деңгей  әдістері
      тобының өзара байланысын көрсетіңіз.
Әдебиеттері
   1. Введение в научное исследование по педагогике М., 1988.
   2. Монахов Н.И. Изучение эффективности воспитания: теория  и  методика  –
      М.: Педагогика, 1981.
   3. Педагогическая диагностика (Под ред. А.  И.  Кочетова  –  Минск:  Нар.
      асвета, 1987).
   4. Скалова Я. Методология и методы педагогических исследований. М., 1989.
   5. Радугина А.А. Психология и педагогика. М.: Издательство Центр. 1999.
   6. Скаткин М.Н. Методология и методика педагогических исследований  -  М.
      1986.
   7. Успенский В.Б., Чернявская А.Г.  Введение  в  психолого-педагогическую
      деятельность. М.:Издательство Владос – Пресс. 2003.


   Тақырып 3 Жеке  тұлғаны қалыптастырушы факторлар – тұқым
қуалаушылық,   орта және іс-әрекет (1сағат)

Мақсаты: жеке тұлға, оның даму факторлары туралы бiлiм жүйесiн
      қалыптастыру.
Өзiн өзi бақылауға арналған сұрақтар
   1. “Жеке  тұлға”  деген  ұғымды  және  оның  құрылымдық  компоненттерiнiң
      мағынасын ашыңыз.
   2. Жеке тұлғаның қалыптасуымен байланысты негiзгi ұғымдарды сипаттаңыз.
   3. Жеке тұлғаның дамуы мен  қалыптасуының  негiзгi  теориялық-?діснамалық
      амал-тәсiлдерiнiң сипаттамасын берiңiз.
   4. Жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететiн негiзгi факторларды атаңыз.
   5. Тәрбие мен дамудың өзара байланысты екенiн дәлелдеңiз.
   6. Субъектiнiң  іс-әрекетi  жеке  тұлғаның  қалыптасуының  басты  факторы
      екенiн дәлелдеңiз.



      Әдебиеттер
   1. Бейсенбаева А.А. Теория и практика гуманизации школьного  образования.
      Алматы: Гылым, 1998.
   2. Божович Л.И. Личность и ее формирование в детском возрасте. М., 1968.
   3. Измайлов А.З. Народная педагогика: педагогические воззрения
   4. народов Азии и Казахстана. М., 1991.
   5. Керимов Л.К.  Педагогические  основы  индивидуализации  перевоспитания
      трудных подростков. Алматы. 1994.
   6. Кон И.С. Психология подростка. М., 1981.
   7. Кон И.С. Психология ранней юности. М., 1989.
   8. Костюк Г.С.  Движущие  силы  развития  и  воспитания.  Хрестоматия  по
      педагогике /Под ред. З.И.Равкина. М., 1976.
   9. Петровский В.А. Личность – феномен  субъективности.  Ростов  на  Дону.
      1993.
  10. Рысбаева А.К. Успешность  деятельности  как  категория  педагогики.  –
      Алматы: КНПУ им. Абая, 2003.
  11. Узакбаева С.А.,  Кожахметова  К.Ж.  Использование  материаловказахской
      этнопедагогики при изучении педагогических дисциплин. Алматы. 1996
  12. Фридман Л.М., Пушкина Т.А. Изучение личности  учащихся  и  ученических
      коллективов. М., 1988.

   Модул 2  Тұтас педагогикалық процестің теориясы мен практикасы.


   Тақырып 5  Тұтас педагогикалық процесс педагогиканың пәні және
мұғалім іс-әрекетінің объектісі  (1сағат)


   Өзiн өзi бақылауға арналған сұрақтар
   1. Сынып жетекшiсiнің тәрбие жүйесiнiң негiзгi компонентерi қандай?
   2. Сынып жетекшiсiнiң басты қызметтерiн атаңыз.
   3. Жалпы бiлiм беретiн мектептегi сынып жетекшiсiнiң  негiзгi  мiндеттерi
      қандай?
   4. Сыныпта оқушылардың іс-әрекетiн ұйымдастырудың ерекшелiктерiн атаңыз.



   Әдебиеттер.




     1.  Жампеисова   К.К.   Формирование   основ   политической   культуры
        старшеклассников  в  целостном   педагогическом   процессе   школы.
        Алматы., 1993.
     2. Станкин М.И. Психология общения: курс лекций. – М.: 200. –304 с.
     3. Психология и педагогика. /Под ред.  С.А. Хмелевской. 2002. – 176 с.
     4. Гершунский Б.С. Философия образования для XXI века. – М. 1985.



  Тақырып 7  Педагогикалық процестің заңдылықтары  (1 сағат)

         Тақырып 9 Тәрбиенің мазмұны (1сағат)
      Мақсаты: Қазіргі заманғы мектепте тәрбиенің негізгі түрлері және
олардың өзгешеліктері жайлы түсініктерін қалыптастыру.


      Өзiн өзi бақылауға арналған сұрақтар
   1. Оқушылардың санасы мен мінез-құлқын қалыптастыру әдістерін сипаттаңыз.
   2. Оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру мен  оң  тәжірибесін  қалыптастыру
      әдістерін түсіндіріңіз.
   3. Оқушылардың мінез-құлқын ынталандыру әдістерін жіктеңіз.
   4. Этикалық әңгіме-сұхбат әдісінің мәнін ашыңыз.
   5. Мадақтау мен жазалау әдістерін қолданудың негізгі шарттарын атаңыз.
                            Әдебиеттер.

        1.  Бейсенбаева  А.А.  Теория  и  практика  гуманизации   школьного
        образования. Алматы.,1998.
        2.  Жампеисова  К.К.  Формирование  основ   политической   культуры
        старшеклассников  в  целостном   педагогическом   процессе   школы.
        Алматы., 1993.
        3. Гершунский Б.С. Философия образования для XXI века. – М. 1985.
         4. Корчак Я. Воспитание личности: Кн. Для  учителя М.  :  1992.  –
        287 с.  стр 51.
        5. Педагогика. Уч.пособие для студентов пед.вузов  и  пед.колледжей
        /под ред. П.И. Пидкасистого. – М.: 2004. – 608 с.
        6. Психология и педагогика. /Под ред.  С.А. Хмелевской. 2002. – 176
        с.
        7. Станкин М.И. Психология общения: курс лекций. – М.: 200. –304 с.
        8.Хмель  Н.Д.  Теоретические  основы  профессиональной   подготовки
        учителя. – Алматы: 1998. – 320 с.


       Тақытып  11  Тұтас  педагогикалық  процестегі  тәрбиенің   құралдары,
формалары мен әдістер жүйесі (1сағат)


      Мақсаты: педагогикалық процестің қозғаушы күші ретінде тәрбиенің
құралдары, формалары мен әдістері жүйесінің мәнін ашу.


      Өзiн өзi бақылауға арналған сұрақтар
     1. Тәрбиенің тәсілдері, түрлері мен  әдістерінің  тұтас  педагогикалық
        процесте алар орны  қандай?  Оларды  неге  педагогикалық  процестің
        қозғаушы күші деп атайды?
     2. Іс-әрекеттің түрлері (таным, қарым-қатынас, ойын, еңбек)  тәрбиелік
        ықпал етудің амалдары екенін дәлелдеңіз.
     3. «Педагогикалық ықпал ету тәсілдері», «түрлері»,  «тәрбие  әдістері»
        ұғымдарының анықтамасын берңііз.
     4. Педагогикада тәрбие әдістерінің  қандай  топтары  бар?  Осы  топтар
        құрамындағы тәрбиенің нақты тәсілдерін атаңыз.
     5.  Оқушылардың  санасы  мен   мінез-құлқын   қалыптастыру   әдістерін
        сипаттаңыз.
     6. Оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру мен оң тәжірибесін қалыптастыру
        әдістерін түсіндіріңіз.
     7. Оқушылардың мінез-құлқын ынталандыру әдістерін жіктеңіз.
     8. Этикалық әңгіме-сұхбат әдісінің мәнін ашыңыз.
     9. Мадақтау мен жазалау әдістерін қолданудың негізгі шарттарын атаңыз.


      Тақырып 13 Сыныптың  тәрбие  жүйесін  басқарудағы  сынып  жетекшісінің
қызметі (1 сағат)

   Мақсаты: сынып жетекшісімен құрылған сыныптағы  тәрбиелік  жүйенің  мәнін
меңгеру.
   Өзiн өзi бақылауға арналған сұрақтар

   1. Сынып жетекшiсiнің тәрбие жүйесiнiң негiзгi компонентерi қандай?
   2. Сынып жетекшiсiнiң басты қызметтерiн атаңыз.
   3. Жалпы бiлiм беретiн мектептегi сынып жетекшiсiнiң  негiзгi  мiндеттерi
      қандай?
   4. Сыныпта оқушылардың іс-әрекетiн ұйымдастырудың ерекшелiктерiн атаңыз.
   5. Сыныптағы оқушы жеке тұлғасын қалыптастырудың ерекшелiктерi қандай?
   6. Тәрбие мақсаты дегендi қалай түсiнесiз?
   7. “Адамның еңбекке қатынасы” дегендi қалай түсiнесiз?



Тақырып 15. Тұтас педагогикалық процестегі оқыту-жеке
       тұлғаны қалыптастыру құралы (1 сағат)
Мақсаты:Тұтас   педагогикалық   процесті   оқыту   процесін   жеке   тұлғаны
қалыптастырудың құралы ретінде негіздеу.




Тақырып 17. Оқытуды ұйымдастырудың түрлері (1 сағат)
    Мақсаты:  Оқытуды ұйымдастырудың түрлері  сабақ туралы түсінік,  негізгі
міндеттері,талаптары
және шарттары.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
   1. Оқу жұмысының түрлері қандай белгілермен  сипатталады?  «Білім  беруді
      ұйымдастыру түрлері» деген ұғымға анықтама беріңіз.
   2. Мектеп дамуының тарихында білім беруді ұйымдастырудың  қандай  негізгі
      түрлері қалыптасты?
   3.  Білім   беруді   ұйымдастырудың   сыныптық-сабақтық   жүйесі   қандай
      ерекшеліктермен сипатталады?
   4. Сабаққа қойылатын қазіргі талаптар қандай?
   5. Сабаққа қойылатын дидактикалық талаптардың  мәні неде?
   6.   Сабақ   үстінде   педагогикалық    үрдістің    қандай    білімділік-
      тәрбиелік,дамытушылық  және білім беру қызметтері жүзеге асады?
   7. Сабақтың негізгі түрлерін, сондай-ақ оқытудың  басқа  да  түрлері  мен
      олардың құрылысын суреттеп беріңіз.
   8. Білім, білік, дағдыны бақылау мен түзету сабағының құрылысын жасаңыз.
   9. Аралас сабақтардың мәні мен құрылымына анықтама беріңіз.
  10. Сабақты өткізу барысында оқушыларды дамыту  мен  тәрбиелеу  жұмыстарын
      жүзеге асыру қаншалықты қажет?
  11.  Қазіргі  уақытта  мектептерде   сабақтардың   қандай   жаңа   түрлері
      қолданылады?
  12. Мұғалімнің сабаққа дайындығының негізгі жұмыстарын анықтаңыз.
  13. Оқытуды ұйымдастырудың қосымша түрлерін атаңыз.
  14. Оқушылардың үлгерімін бақылауының түрлерін атаңыз.
  15. Білімді тексеру, дидактикалық  тест,  білімді  бағалау,  үлгермеушілік
      деген сияқты түсініктерге анықтама беріңіз.
  16. Оқудағы сәтсіздіктердің себебін түсіндіріңіз және оларды  болдырмаудың
      әдіс-тәсілдерін сипаттаңыз.
                 Әдебиеттер.

        1. Давыдов В.В.  Теория развивающего обучения.  М., 1996.
        2. Кириллова Г.Д.  Теория и практика урока в условиях  развивающего
           обучения. М., 1980.
        3. Лемберг Р.Г.  Дидактические очерки.  М., 1964.
        4. Махмутов М.И.  Современный урок.  М., 1985.
        5. Онищук В.И.  Урок в современной школе.  М., 2-ое издание, 1985.
        6. Подласый И.П.  Как подготовить эффективный урок.  Киев, 1987.
        7. Скаткин М.Н.  Проблемы современной дидактики.  М., 1984.
        8. Хмель Н.Д.  Педагогический процесс в общеобразовательной  школе.
           Алматы, 1999.
        9. Чередов И.М.  Формы учебной работы в средней школе.  М., 1988
       10. Яковлев Н.М.,  Сохор А.М. Методика и техника урока в школе.  М.,
           1985.

      Тақырып 18 Сабақ – педагогикалық процесте оқытудың негізгі
формасы (1сағат)

      Мақсаты:   оқытудың   негізгі   формасы   сабақ   болғандықтан,   оның
ерекшеліктерін көрсету.


      Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
     1.   «Оқыту   формасы»,   педагогикалық   процестің   компоненттерімен
        байланысы.
     2. Оқытудың формасы сабаққа анықтама.
     3. Неліктен оқытудың формасы сабақ болмақ?
     4. Сабақтың қандай типтері кең қолданылады?
     5. Сабақтың дидактикалық міндеттері.
     6. Сабақта оқушылардың қарым-қатынасына педагогикалық  басшылық  қалай
        байқалады?
     7. Сабақтың дидактикалық және психологиялық құрылымының үйлесімділігі.
     8. Қазіргі сабаққа қойылатын негізгі талаптар.
     9. Сабаққа талдау жасау педагогикалық  процестің  басқа  анализдерінен
        ерекшелігі.


   Әдебиеттер
 1. Зотов Ю.Б. Организация современного урока. Москва, 1984.
2. Лемберг Р.Г. Дидактические очерки. Казучпедгиз, 1960, Алма-Аты.
3. Махмутов М.И. Современный урок. М., 1981
4. Селевко Г.К. Альтернативные  педагогические  технологии.М.,2005.
5. Хан Н.Н Сотрудничество  в педагогическом процессе школы.Алматы,1997.
6. Хмель Н.Д. Педагогический  процесс  в  общеобразовательной  школе.  Алма-
Аты, 1990
7.Хмель н.Д. Теоретические  основы  профессиональной   подготовки   учителя.
Алматы, 1998
8. Цырлина Т.В. На пути  к  совершенству.  Антология   интересных   школ   и
педагогических находок XX века. М.: Сентябрь,1997
9. Чередов И.М. Система  форм  организации  обучения  в  общеобразовательной
школе. М.,1997.


          Тақырып    20    Оқушылардың    ұжымдық    танымдық    іс-әрекетін
ұйымдастыру(1сағат)

      Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
     1. Оқу жұмысының түрлері қандай белгілермен сипатталады? «Білім беруді
        ұйымдастыру түрлері» деген ұғымға анықтама беріңіз.
     2.  Мектеп  дамуының  тарихында  білім  беруді  ұйымдастырудың  қандай
        негізгі түрлері қалыптасты?
     3.  Білім  беруді  ұйымдастырудың  сыныптық-сабақтық   жүйесі   қандай
        ерекшеліктермен сипатталады?
     4. Сабаққа қойылатын қазіргі талаптар қандай?
     5. Сабаққа қойылатын дидактикалық талаптардың  мәні неде?
     6.   Сабақ   үстінде   педагогикалық   үрдістің   қандай   білімділік-
        тәрбиелік,дамытушылық  және білім беру қызметтері жүзеге асады?
     7. Сабақтың негізгі түрлерін, сондай-ақ оқытудың басқа да түрлері  мен
        олардың құрылысын суреттеп беріңіз.





Әдебеттер

     1. Амонашвили Ш.А. Личностно-гуманная основа педагогического процесса.
        Минск.1990.
     2. Безрукова В.С.  Образовательные технологии: ориентиры  для  выбора,
        //Директор школы, № 8.
     3.  Кашлев  С.С.  Современные  технологии  педагогического   процесса:
        Ксензова  Г.Ю.  Перспективные  школьные  технологии:   Уч.   метод.
        пособие.- М. 2001.
     4. пособие для педагогов, Минск, 2002.
     5.  Новые  педагогические  и  информационные  технологии   в   системе
        образования. Уч. пособие. Под ред. Е.С. Полат. 2000.
     6.   Педагогические   технологии:   учеб.   пос.   для   студ.    пед.
        специальностей. Под ред. Кукушина В.С.
     7.  Селевко  Г.К.Современные   образовательные   технологии:   учебное
        пособие, М., 1998.
     8. Хан Н.Н. Сотрудничество в педагогическом  процессе  школы.  Алматы,
        1997.
      Тақырып 23  Педагогикалық технологиялар  (1сағат)

       Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
   1. Білім, білік, дағдыны бақылау мен түзету сабағының құрылысын жасаңыз.
   2. Аралас сабақтардың мәні мен құрылымына анықтама беріңіз.
   3. Сабақты өткізу барысында оқушыларды дамыту  мен  тәрбиелеу  жұмыстарын
      жүзеге асыру қаншалықты қажет?
   4.  Қазіргі  уақытта  мектептерде   сабақтардың   қандай   жаңа   түрлері
      қолданылады?
   5. Мұғалімнің сабаққа дайындығының негізгі жұмыстарын анықтаңыз.
   6. Оқытуды ұйымдастырудың қосымша түрлерін атаңыз.
   7. Оқушылардың үлгерімін бақылауының түрлерін атаңыз.
   8. Білімді тексеру, дидактикалық  тест,  білімді  бағалау,  үлгермеушілік
      деген сияқты түсініктерге анықтама беріңіз.
   9. Оқудағы сәтсіздіктердің себебін түсіндіріңіз және оларды  болдырмаудың
      әдіс-тәсілдерін сипаттаңыз.

   Әдебиттер

     1. Амонашвили Ш.А. Личностно-гуманная основа педагогического процесса.
        Минск.1990.
     2. Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии. М. 1989.
     3. Безрукова В.С.  Образовательные технологии: ориентиры  для  выбора,
        //Директор школы, № 8.
     4.  Гузеев  В.В.  Методы  и  организационные  формы  обучения.   Серия
        “Системные основания образовательных технологий”, М., 2001.
     5.  Кашлев  С.С.  Современные  технологии  педагогического   процесса:
        пособие для педагогов, Минск, 2002.
     6. Коменский Я.А. Великая дидактика. // Избр. Пед.Соч. в 2 т. М.  1982
        г.
     7. Кушнир А.М. Не спрашивай, а делай. // Школьные технологии, 1996.
     8.  Ксензова  Г.Ю.  Перспективные  школьные  технологии:  Уч.   метод.
        пособие.- М. 2001.
     9.  Левитес  Д.Г.  Практика  обучения:   современные   образовательные
        технологии. М., Воронеж,  1998.
    10. Монахов В.М. Технологические основы проектирования, конструирования
        учебного процесса. Волгоград. 1995.
    11.  Новые  педагогические  и  информационные  технологии   в   системе
        образования. Уч. пособие. Под ред. Е.С. Полат. 2000.
    12. Пидкасистый П.И. Педагогика Учеб.пособие, М.: 1998.
    13.   Педагогические   технологии:   учеб.   пос.   для   студ.    пед.
        специальностей. Под ред. Кукушина В.С.
    14.  Селевко  Г.К.Современные   образовательные   технологии:   учебное
        пособие, М., 1998.
    15. Хайруллин Г.Т.Технология и техника взаимодействия. Хунджад.  1998.
    16.   Хмель   Н.Д.   Теория   и   технология   реализации    целостного
        педагогического процесса: Учебное пособие. Алматы:  АГУ  им.  Абая.
        2002.
    17. Хан Н.Н. Сотрудничество в педагогическом  процессе  школы.  Алматы,
        1997.




      МОДУЛЬ 3 Мектептің тұтас педагогикалық процесін басқару

      Тақырып  24  Мектепішілік  басқару  және  оны  әдістемелік   жабдықтау
(2сағат)
      Әдебиттер:
   1. Государственная программа «Образование». Алматы, 2000.
   2. Государственные стандарты начального образования Республики Казахстан.
      Алматы, 1998.
   3. Государственные стандарты среднего образования  Республики  Казахстан.
      Кн. 1,2. Алматы, 1998.
   4. Закон Республики Казахстан «Об образовании». Алматы, 2000.
   5. Закон Республики Казахстан «О языках в Республике Казахстан».  Алматы,
      1997.
   6. Конституция Республики Казахстан. Алматы, 1995.
   7. Концепция развития среднего образования  Республики  Казахстан  //  Уч



                                                                       итель
      Казахстана, № 17-18, 1997.
   8. Концепция развития  образования  Республики  Казахстан  до  2015  года
      //Казахстанская правда,26 декабря 2003 года.
   9. Кумбс Ф. Кризис образования в современном мире. М., 1970.
  10. Национальное согласие – основа  стабильности  и  развития  Казахстана.
      Астана, 1999.
  11. Проблемы и тенденции развития школы в современном мире. М., 1988.
  12. Реформа и развитие высшего образования. Программный  документ  ЮНЕСКО.
      Париж, 1995.
  13. Садыков Т.С. Теоретико-методологические  основы  модернизации  системы
      образования в Республике Казахстан.  Алматы, 1998.
  14. Храпченков В.Г. Тенденции и особенности  развития  всеобщего  среднего
      образования в Казахстане. Алматы, 1996.



         Тақырып  25   Мектептiң   оқу-тәрбие  процесін  басқару.Әдістемелік
қызметті ұйымдастыру (1сағат)

          Мақсаты: мектептің тұтас педагогикалық процессіндегі басқару
жұмысының теориялық білімдерімен   және әдістемелік негіздерімен танысу.

      Өзiн-өзi бақылауға арналған сұрақтар
   1. “Мектептi басқару” ұғымы  ненi бiлдiредi?
   2. Мектептi басқару қызметтерiне сипаттама берiңiз.
   3. Педагогикалық қызметкерлердi аттестациялаудың негiзгi мақсаты қандай?

      Әдебиеттер


     1.  Альмухамбетов   Б.А.,   Бенцион   Я.С.   Методическая   работа   с
        педагогическими  кадрами:  подходы,  проблемы,   поиски,   решения.
        Алматы, 1999.
     2.  Афанасьев  В.Г.  Научное  управление  обществом:  Опыт  системного
        анализа. М., 1973.
     3. Бабанский Ю.К. Методическая работа в школе. М., 1986.
     4. Бейсенбаева А.А., Мендигалиева Г.К. Теоретические основы интеграции
        и практики в инновационных типах школ. Алматы, 1999.
     5. Каракулов К.Ж. Школоведение. Алматы: Ғылым, 2005
     6.  Конаржевский  А.А.  Педагогический  анализ  учебно-воспитательного
        процесса и управление школой. М., 1988.
     7. Таубаева Ш. Исследовательская культура учителя: методологи,  теория
        и практика формирования. Алматы, 2000
     8. Хмель Н.Д. Педагогический процесс в общеобразовательной школе.  А.,
        Мектеп, 1984,
     9. Файоль А. Общее и промышленное управление. М., 1992
    10. Хайруллин Г. О понятийном аппарате педагогики // Педагогика.  1991,
        № 5.
    11. Хмель  Н.Д.   Теоретические  основы   профессиональной   подготовки
         учителя. Алматы, 1998.
    12. Худоминский П.В. Методическая работа в школе. М., 1979.



5  ОҚЫТУШЫ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН ЖӘНЕ  СТУДЕНТТІҢ  ӨЗДІГІНЕН  ОРЫНДАЙТЫН  ЖҰМЫСЫНЫҢ
ТАПСЫРМАЛАРЫ,ОРЫНДАУҒА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР


5.1   Оқытушы  жетекшілігімен  студенттің  өздік  жұмысын  орындауға   жалпы
әдістемелік нұсқаулар.
Мақсаты: студенттердің дәріс және сараман сабақтарында  білімдері  негізінде
өздігінен жұмыс істей білу іскерлігін қалыптастыру
Міндеттері:
    - дәріс пен сараман сабақтарында алған білімдерін тереңдету;
    - теорияны практикамен байланыстыру;
    - өздігінен жұмыс істеу іскерліктерімен дағдыларын дамыту;
    - ойын еркін жеткізе білуге және оны қорғай білуге үйрету;
студенттің  өздік  жұмысын  орындау  формалары  әр  түрлі:  кесте,  реферат,
коллоквиум, конспект және т.б.

Берілген тақырыпты конспектілеу.
Негізгі талаптар:

1. Жазып отырған тақырыптан алшақтамай, оның мазмұнын нақты ашуға талпыну.
2. Артық  баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көп сөзділікке жол берму.
3. Міндетті түрде жоспар болуы  және  тақырып  мазмұнын  жоспарға  сай  рет-
   ретімен жүйелі баяндауы қажет.
4. Жұмыс түсінікті, мағыналы, орамды тілмен жазылуы тиіс.
5. Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау.

   Реферат жазуда не ескеріледі?
   1.  Таңдап  алған  рефераттың  тақырыбына   қатысты   студент   кішігірім
      зерттеулер жасайды.  Студен  осы  алғашқы  ғылыми  жұмысқа  байланысты
      мәселелерге орай қажетті әдебиеттерге шолу жасаудан бастайды.
   2. Керек жағдайларда оқытушымен кездесіп, керекті кеңестеп алғаны абзал.
   3. Реферат жазуда студен негізгі мәселені ажыратуға, тақырыптардың  өзара
      сабақтастығын тануға дағдыланады.
   4. Фактілер,  фактілік  материалдарды  іріктеу  және  жинақтау  негізінде
      таблицалар, графиктер, схемалар жасалады.
   5.  Пайдаланған  деректер,  материалдар,  әдебиеттердің  тізімін,  қайдан
      алғанын  (сілтеме)  қайда,  қашан,  қандай  баспадан  жарық   көргенін
      көрсетуі қажет.
   6. Студенттің жазған рефераты аудиторияда талқыланады. Ең алдымен оқытушы
      қысқаша реферат тақырыбымен, негізгі идеясымен таныстырады.  Тақырыпты
      зерттеуші студен реферат мазмұнын  аудиторияда  баяндайды,  сұрақтарға
      жауап береді.

Жұмыстың мұндай түрі, формасы, нұсқасы студенттердің танымдық  белсенділігін
арттырып, алдағы ізденіске құлшындырады.

Рефератты талқылау – шығармашылық жұмыстың бір  көрінісі,  яғни  білімділік,
қызығушылық тұрғысынан және тәрбиелік мән-мазмұны  зор  әрекет,  жұмыс.  Бұл
кезде сөйлеушілер негізгі мәселеден ауытқымай, нақты,  тұжырымды  ой  айтуға
көңіл бөлуі тиіс.

Рефератты талқылып, қорытындысын шығару – маңызы зор  жауапты  сәт,  белгілі
бір тақырып төңірегінде ғылыми  дәйекті  тұжырымдар  жасап  үйрену.  Соңында
оқытушы реферат жазған студенттің,  пікір  айтушылардың  сөздерін  жинақтап,
қажетті  толықтырулар  енгізеді,  мәселенің  түсініксіз  тұстарын   анықтап,
түзетулер жасайды, толықтырады, өзгертеді.
   Рефератты бағалау
   Рефераттың мазмұны 50%
   Қорғаудың сапасы 50%
   СӨЖ тапсырма  және  оның  орындалу  мерзімі,  нұсқа  бойынша  №  1қосымша
   келтірілген .
   СОӨЖ тапсырма және орындалу мерзімі, нұсқа бойынша №2 қосымша келтірілген
   және  бірінші  сабақта  беріледі  сұрақтар  болатын  болса  оқытушылардан
   консультация ала аласыз немесе мамандығы жақын жоғары курс студенттерінен
   сұрай ала аласыз.


   ӨЖ CӨЖ №1  Педагогика пәніне кіріспе
 Бақылыу сұрақтары:
1.Педагогика  ұғымына  ерте   ежелгі   және   қазіргі   мағынада   анықтама,
түсініктеме беріңіз.
2.Бастапқы кезде педагогика қандай ғылымның даласында дамығанын айтыңыз.
3. Ғылыми білімдер саласы, сонымен бірге педагогика немен айқындалады?
4.Педагогика  категорияларының  ғылым   мен   практика   үшін   маңыздылығын
түсіндіріңіз.
5.Ғылымның методологияся деген не?
6.Педагогика   метологиясының   іс-әрекеттің   теориясы   мен    практикасын
дамытудағы маңызы қандай?
7. Педагогиканы ғылым және  өнер  деп  айтады.  Бұл  ұғымдар  қандай  мағына
береді?
8. Тәрбие туралы ғылымның мәнін  келтірілген  ұғымдардың  қайсысы  дәл  және
толық      көрсетеді.Антропология,       педогогика,андрогогика,ондропогика,
педология?
9. Педогогиканың ғылым ретіндегі ілгері даму (прогресін) не анықтайды?

ӨЖ CӨЖ  №2  Ғылыми зерттеу әдістері
 Реферат тақырыптары:
1.Ғылыми ақиқат ерекшелігі.
2. Практиканың құрылысы мен формалары.
3.Практика мен ғылыми таным ара-қатынасының қарама-қайшылықтары.
4.Дәріптеушілік мәселесі .
5 Шығармашылық пен ғылыми таным өзара байланысы.
6.Ғылыми таным кезеңдері мен деңгейлері.
7.Эмпирикалық зерттеулердің негізгі әдістері.

ӨЖCӨЖ  №3 «Дамудың жалпы заңдылықтары. Дамудың жас ерекшеліктері»
Бақылау тақырыбы:
   1. Жеке тұлғаның дамуы дегеніміз не?
   2. Жеке тұлға дамуының қозғаушы күштері.
   3. Сыртқы және ішкі қайшылықтар.
   4. Биогенетикалық заң қалай қалыптасады, мағынасы неде?
   5. Қандай белгілер ата-аналардан тұқым қуалаушылық арқылы беріледі?
   6. Қоршаған орта дегеніміз не?
   7. Жеке тұлғаның дамуына қоршаған ортаның тигізетін әсері.
   8. Тәрбиемен адамды толық өзгертуге болама?
   9. Оқушылардың іс-әрекеттерінің негізгі түрлері.
  10. Даму тұлғаның белсенділігіне тәуелді ме?
  11. Жас ерекшеліктерді ескеру не үшін қажет?
  12. Акселерация дегеніміз не?
  13. Дене дамуның негізгізаңдылықтары?
  14. Қандай кезеңдер сензитивті деп аталады?
  15. Кіші сынып оқушысының дене дамуның ерекшеліктері қандай?
  16. Кіші сынып оқушысының рухани және әлеуметтік даму ерекшеліктері?
  17. Орта сынып оқушысының дене және рухани дамуының негізгі ерекшеліктері.

ӨЖCӨЖ  №4
Тапсырма №1
Мектеп мұғалімінің профессиограмма негіздерін құрастыру
Тапсырма №2
      Педагогикалық мәдениеттіліктің негіздерін меңгеруде  аудиториядан  тыс
өзіндік бағдарлама құрастыру.
      Студенттерге тақырыпты оқып, зерттегеннен  кейін  мұғалімнің  кәсіптік
мәнді сапалары туралы түсінігі болуы керек.
      Қазақстан Республикасының «Білім туралы  заңында»  жазылған  мұғалімге
қойылатыг талаптар, оның құқықтары мен міндеттерін білуі керек.
      Мұғалімнің педагогикалық үрдістегі  жетекшілігінің  функцияларын  білу
керек.
       Алдағы  қатарлы  педагогикалық  тәжірибелерді  талдай,  педагогикалық
мәдениеттілікті  көтеруде  өзіндік   білім   алу   жұмысының   бағдарламасын
құрастыра білуі керек.

ӨЖCӨЖ  №5  Балалардың жас мөлшерін кезеңге бөлу
 Баяндама.
1.Мектеп оқушысының жеке тұлғалақ дамуының жас мөлшерлік кезеңі.
2.Бастауыш сынып жасындағы балаларға сипаттама.
3.Мектеп оқушысының жасөспірім шағы.
4.Мектеп оқушысының жеке тұлға ретіндегі табиғи мүмкіндіктері.
5.Мектеп оқушысының жеке түлға ретінде дамуының әлеуметтік жағдайлары.
6.Мектеп  оқушысының   жеке   тұлға   ретіндегі   өзіндік   ерекшеліктерінің
сипаттамасы.
7.Қоғам дамуының қазырғы кезеңіндегі акселерация проблемасы.
8.Қазіргі  мектептерде  оқытудың  дифференциясы  және  жеке   ерекшеліктерді
есепке алу.
9.Мектеп оқушысының өзіндік қабілеті.
10.Мектеп оқушысының жеке тұлға ретіндегі әлеуметтік жағынан өсіп-  жетілуін
тәрбие процесінде есепке алу.
ӨЖCӨЖ №6 Оқушылар ұжымы мен жеке тұлғаның дамуын зерттеу әдістемесі
Тапсырма №1
Топтық қарым-қатынасты ұйымдастыру.
Тапсырма №2
Тақырып бойынша бақылау сұрақтары (коллоквиум).
   1. Педагогикада ұжымның қандай анықтамасы таралған?
   2. Ұжымның белгілері.
   3. Ұжымдық тәрбиенің альтернативі бар ма?
   4. Ұжым дамуының кезеңдері.
   5. Белсенділер құрылымы қандай?
   6. Ұжым дәстүрі дегеніміз не және мағынасы қандай?
   7. Перспектива дегеніміз не және олар қандай болады?
   8. Ұжымның өмірлік іс-әрекетінде қарым-қатынас қандай роль атқарады?
   9. Ұжымды педагогикалық басқару тиімділігі қандай факторлерге байланысты?
  10. Педагог қарам-қатынасының стильдері мен түрлері.
  11. Жекелік, топтық және жекелік тапсырмалар.
  12. Педагогикалық қарым-қатынас мәдениетінің негізгі ережелерін атаңыз?
  13. Балалар ұжымы теориясымен айналысатын педагогтарды атаңыз?
ӨЖCӨЖ  №7 Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру
Баяндама
        1. Ғылыми дүниетаным туралы түсінік, оқушының дүниеатанымы
              дамып, жетілу үшін педагог не істеу керек?
        2. Дүниетаным мен ғылыми  дүниетанымның  арасында  қандай  заңдылық
           қатынас бар  және  оқушыныңдүние  танымын  қалай  қалыптастыруға
           болады?
        3.  Дүниетаным ұғымында сенімнің атқаратын рөлі қандай?
        4. Оқушыларға тререң, тиянақты білім беру  ұғымын  қалай  түсінесің
           және оны қалай жүзеге асыруға болады?
6  СТУДЕНТЕРДІҢ  ОҚЫТУШЫ  ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН   ОРЫНДАЙТЫН   ӨЗДІК   ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ
ТАПСЫРМАЛАРЫН СӨЖ ЖӘНЕ СӨЖО ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУҒА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

І. Берілген тақырыпты конспектілеу.
Негізгі талаптар:
  14.  Жазып  отырған  тақырыптан  алшақтамай,  оның  мазмұнын  нақты  ашуға
      талпыну.
  15. Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көп сөзділікке жол бермеу.
  16. Міндетті түрде жоспар болуы және тақырып мазмұнын  жоспарға  сай  рет-
      ретімен жүйелі баяндауы қажет.
  17. Жұмыс түсінікті, мағыналы, орамды тілмен жазыдуы тиіс.
  18. Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау.

6.1 Студенттердің өздік жұмыстарды орындауларына жалпы кеңестер (нұсқаулар)
   1. Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға
      (іштей жылдам  оқи  білу,  библиографиялық  дағдылар,  түрлі  анықтама
      әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып  алу  т.б.  )  ие  болу
      керек.
   2. Біліммен жемісті шұғылдану қолайлы жағдайларды  (уақыт,  орын,  тиісті
      әдебиеттер  мен  құралдардың  болуы  т.б.)  керек  етеді,  ең   дұрысы
      кітапханаларда, оқу залдарында біліммен шұғылдануға дағдылану.
   3. Өздігінен білім алатын адам  нені  оқитынын  анық  біліп,  ол  жұмысты
      белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек.
   4. Алғашқы кезде оқытушылардан,  тәжірибелі  адамдардан,  кітапханалардан
      ақыл-кеңес алудың пайдасы зор.
   5. Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн.
   6. Оқыған материалды мұқият  ұғатындай  етіп  ұғып,  түсінбеген  жерлерді
      қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет.
   7.  Анықтама  әдебиеттерді,  энциклопедияларды,  түрлі  сөздіктерді  қоса
      пайдаланып отыру керек.

6.2 Студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар.
         • Жұмыстың көлемін шамадан тыс  асырмай,  оның  сапасын  арттыруға
           көңіл аудару;
         • Студенттердің өздік жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерімен дұрыс
           ұштастыра білу;
         • Студенттердің дербестігін арттырып, өзіндік білім алу  қабілетін
           жүйелі түрде дамыту;
         •  Өзіндік   жұмыстың   мазмұнына   күнделікті   өмірден   алынған
           материалдарды, хабарларды енгізу;
         • Студенттерді табиғат пен  қоғам  дамуының  жалпы  заңдылықтарын,
           сонымен қатар нақты фактілер мен құбылыстарды  өздігінен  талдап
           түсінуге үйрету;
         •  Студенттердің  алған  білімдерін  іс  жүзінде  қолдана   білуге
           дағдыландыру;
         • Студенттерді оқу  жұмысына  шығармашылық  тұрғыдан  қарауға,  әр
           уақытта дербес және белсенді әрекет жасауға баулу;
         • Студенттердің өздігінен дербес жұмыс істеу, еңбек ету дағдыларын
           қалыптастыру.


СӨЖ №1  Педагогиканың теориялық және әдіснамалық негіздері
Бақылау сұрақтары:
   1.Педагогика  пәні  және  ұғымына  ерте  ежелгі  және  қазіргі   мағынада
анықтама, түсініктеме беріңіз
   1. Тәрбиенің мақсаты мен тұлғаны дамытудың қозғаушы  күштері  жайлы  ілім
      деген не?
   2.  Жоғарғы оқу орнына арналған  философия,  психология,  педагогика  оқу
      құралдарындағы   "Тәрбие"   туралы   ұғымды   түсіндірудің    кестесін
      құрастырыңыз.
   3.  Педагогика  категорияларының  өзара  байланысын  көрсететін   үлгісін
      жасаңыз.


СӨЖ №2  Педагогиканың адам туралы ғылымдар жүйесіндегі орны
Реферат тақырыптары:
   1. Педагогика ғылыми пән ретінде.
   2. Педагогиканың басқа ғылымдармен өзара байланысы..
   3. Мұғалімдердің педагогикалық теориялары мен кәсіби іс-әрекетінің  өзара
      байланыстылығы..
   4. Философияның педагогика ғылымының дамуындағы рөлі..

СӨЖ №3 Педагогикадағы тұлға дамуына байланысты мәселелер
Бақылау сұрақтары:
    1.  Жеке  тұлға  деген  ұғымды  және  оның  құрылымдық  компоненттерінің
       мағынасын ашыңыз.
    2.  Жеке  тұлғаның  қалыптасуы   мен   байланысты   негізгі   формаларды
       сипаттаңыз.
    3. Оқушының "Дамуы", "Тәрбиесі" және  "Жеке тұлғалық қалыптасуы "  деген
       түсінікті ашыңдар.
    4. Мектеп оқушыларының жас  мөлшеріне  байланысты  кезеңдерге  сипаттама
       беріңдер.
    5. "Индевид", "Окселерация" деген ұғымдарды анықтаңдар.

СӨЖ №4 Білім мәні мен маңызы
Баяндама тақырыптары:
   1. Қазіргі  жағдайда  Қазақстан  мектептеріндегі  білім  беру  мазмұнының
проблемалары.
   1. Жалпы білім беру мазмұнының ұстанымдары мен өлшемдерін таңдау
   2. Мемлекеттік білім стандарты бойынша жалпы білім беру мазмұны.
   3. Білім мазмұнын қалыптастырудың негізгі өлшемі.

СӨЖ №5 Оқу үрдісінің мән-мағынасы

Бақылау сұрақтары:
   1. Оқу үрдісінің құрылымын және компоненттерін сипаттаңыз.
   2. Оқу проесінің функцияларын атаңыз.
   3. Оқытудың түрлеріне сипаттама беріңіз.

СӨЖ №6 Оқу заңдары мен принциптері

Коллоквиум
Тапсырма 1. Тақырып бойынша коллоквиум тапсыру

СӨЖ №7  Білім мазмұны

Реферат тақырыптары
   1. Қазақстан Республикасы білім берудегі мемлекеттік саясаты
   2.Қазақстанда білім жүйесін дамыту
   1. Білім жүйесін дамытудың тенденциясы
   2. "ҚР тілдер туралы"  заңы -  қазақстан  халқының  тілі  мен  мәдениетін
      дамытудың жолы

СӨЖ №8  Оқу әдістері және құрал-жабдықтары

Бақылау сұрақтары:
1. Әдістерге жіктеме беріңіз
2. Нақты бір тақырыпта оқыту әдісіне мысал келтіріңіз
3. Оқыту әдістерін мұғалімнің тиімді таңдауы
4. Оқыту әдістерінің жалпы функциялары

СӨЖ №9  Оқу формалары

Тапсырма 1. Конспектілеу
1.Оқытуды үйымдастырудың жалпы формалары
2.Сабақтың типологиясы және құрылымы


СӨЖ №10  Оқу барысындағы диагностика және бақылау-қадағалау

Тапсырма 1. Конспектілеу
1.Оқушылардың білім,білік және дағдыларын тексерудің әдістері.
2.Тәрбие жұмысының нәтижесін бағалау.

СӨЖ №11 Оқудың педагогикалық технологиялары

Тапсырма 1.Тақырып бойынша коллоквиум тапсыру.

СӨЖ №12  Тәрбиенің мән-мағынасы

Тапсырма 1.Конспектілеу.
1.Тәрбиенің құрамды бөліктері және олардың өзара бірлігі мен байланысы
2.Педагогика тарихындағы ой-тұжырымдардағы тәрбие мақсатының мәселесі.

СӨЖ 13  Тәрбиенің жалпы заңдылықтары мен принциптері
Бақылау сұрақтары:
                                    1.  Тәрбие  барысының  негізгі  қарама-
                                       қайшылықтары неде?
                                    2. Оқушының қоғамдық мәнін қалыптастыру
                                       барысында тәрбие қандай
   қызымет атқарады?
   3. Тәрбиенің негізгі құралдарын атаңыз.
   4. Тәрбие принциптеріне сипаттама беріңіз (таблица толтыру)

СӨЖ №14   Тәрбиенің мән-мағынасы

Тапсырма 1.Конспектілеу.
1. Тәрбие үрдісінің диалектикасы
2. Тәрбиеші тұлғасы

СӨЖ №15  Тәрбиенің әдістері

Тапсырма 1. Таблица толтыру.

|№    |Тәрбие әдістерінің түрлері           |Әдістердің анықтамасы        |
|     |                                     |                             |

СӨЖ №16  Тәрбиенің құрал-жабдықтары мен формалары

Тапсырма 1.Конспектілеу.
1. Тәрбиенің негізгі формаларына сипаттама:

I. кезең -

II. кезең -

III. кезең -

IV. кезең -

V. кезең -

VI. кезең -

VII. кезең -

2. Дәстүрлі және жаңа тәрбие жұмыстарына сипаттама



СӨЖ №17  Білім басқарудың мемлекеттік - қоғамдық жүйелері

Баяндама тақырыптары:
 1.Қазақстанда білім жүйесін дамыту
2. Мектептегі оқу-тәрбие процесін басқару мазмұны мен оны ұйымдастыру
3. Қазіргі заман мектептеріне басшылық ету мәселелері

4. Мектеп басшысының жеке тұлға ретіндегі ролі



СӨЖ №198 Мектеп - педагогикалық жүйе және басқару нысаны

Тапсырма 1.Конспектілеу.
1. Басқару негізі ретінде - педагогикалық процес диагностикасының мәні

2. Педагогикалық ақпараттар


І –рубеждік бақылау сұрақтары
Тәрбие құралы- әлеуметтік орта

Реферат тақырыптары
   1. От басы - педагогикалық қатынас субъектісі
2. Қоғамдық тәрбие мақсатының әлеуметтік негізі
3. Оқушылар тәрбиесінде халық педагогикасын қолдану
4. Қарым-қатынас педагогикалық категория

5. Оқушыларды тәрбиелеуде М.Жумабаевтың педагогикалық мұрасын пайдалану




ІІ-рубеждік бақылау сұрақтары
Мектеп дамуына байланысты инновациялық процестерді басқару

Тапсырма 1.Конспектілеу.
1. Педагогтар біліктілігін көтеру

2. Педагогикалық сараптау міндеттері

3.Педагогикалық сараптау технологиясы









                           -----------------------


                                 Сынып ұжымы


                               Сынып ұстаздары




                                   Мұғалім


                                Мектеп ұжымы


                              Мектеп ұстаздары


                              Мектеп әкімшілігі

                Жан-жақты дамыған жеткілікті құзіретті тұлға

                       Құзіретті түлғақұзіретті тұлға


     Тәрбие

                         Іс-әрекет пен қарым-қатынас

   Ішкі күштер


      Орта

                       Тұқым    қуалаушылық генофонды

Жүйке жүйесінің типі

Шартсыз рефлекстер

             Жеке тұлғаның тұқым қуалаушылық негізінің генотипі

Адами  (нышан) тума қабілеттер тік жүруі,сөзі т.б.

Анатомиялық-физиоло-иялық         тума қабілеттер (сезім мүшелері, ойлау
тұрпаты, есту мүшелерінің орналасу ерекшеліктері)

Функциональдық ерекшеліктер (қан тобы т.б.)

Морфологиялық белгілер (сыртқы бет-әлпет көрінісі




                                 Ата-аналар



                                    Оқушы

       Басқару объектісі – барлық элементтермен жұмыс. Басқару пәні –
                      субъектілердің қарым-қатынастары




             Жүйе іс- әрекеттермен алмасқанда ғана қызмет етеді


       Әлеуметтік жүйе адамдардың өзара әрекеттесуі нәтижесінде болады


ТПП заңдары



Педагогтар   мен   оқушыларды,   балалар   мен   ересектерді   ТПП    барлық
қатысушыларының табысын қамтамасыз ететін бірлескен іс- әрекет беріктіреді.



        Өз әрекеті арқылы бала әлеуметтік тәжірибенің мұрагері болады

 Индивидтің жеке тұлға ретінде дамуы әлеуметтену процесінде әлеуметке енуде
                                   дамиды


           Педагогикалық процестің заңдылықтары және оның құрылымы


                          ТПП тәрбиелік  тетіктері

                            ТПП қозғаушы күштері


  Іс-әрекеттің түрлері: қарым-қатынас, ойын, таным, өнер, табиғатты қорғау


      Күтілетін нәтиже: қоғамдық күтілетін нәтижелерге және индивидтің
            мұқтаждығына сәйкес оқушы тұлғасын қайта жаңаша құру


                                  оқушылар

                                  ұстаздар

                                 Ата-аналар

                                   Мақсат

                                  Міндеттер

                                   Мазмұны

                                  Құралдар
                                  Формалар
                                Әдіс-тәсілдер
                                 тапсырмалар

                            әдістер мен тәсілдер

                                  Формалар

                                     Оқу

                                  ұстаздар

                                   Нәтиже

                                  Міндеттер

                                 Оқудан тыс

                                   Мазмұн

адамгершілік

                                    еңбек

                                    дене

                                     заң

                                  Экономика
                                     лық


                                  Міндеттер

                                     Оқу

                                 Оқудан тыс

                                   Мазмұн

                                   Ақыл ой

                                адамгершілік

                                    еңбек

                                    дене

                                     заң

                                  Экономика
                                     лық

                                   Ақыл ой

                                Қарым-қатынас

                                    ойын

                                    еңбек

                                    өнер

                                   Табиғат
                                 ты  қорғау

                                    Құрал

                                    Құрал

                                   Қарым-
                                   қатынас

                                    ойын

                                    еңбек

                                    өнер

                                   Табиғат
                                 ты  қорғау

                                  Формалар


                                    жеке

                                 Жеке еңбек

                               Ұжымдық, топтық
                                    еңбек

                                    жеке

                                 Жеке еңбек

                            Ұжымдық, топтық еңбек

                            әдістер мен тәсілдер

                                  Тапсырма

                                  Тапсырма

                                  Оқушылар

                                  Мақсаттар

   І                     ІІ


                                  Оқушылар


                                 Ата-аналар


                                   Мұғалім


                                   Сынып-
                                   тастар

                                   Құрбы-
                                 құрдастары

                        Тәрбиенің әдіснамалық негізі

                Мақсат – міндет - жеке тұлғаны дамыту мазмұны

Қоғамның қажеттілігі (өндіріс күші, өндірістік және әлеуметтік қатынас)

                          Жеке тұлғаның қажеттілігі

Әлеуметтендіру, жеке тұлғаны әлеуметтендіру, әлеуметтік автономизация  мега,
макро, мезафакторлар

                                   міндеті

Әлеуметтік тапсырыс

Индивидтің жеке мақсаты  - пікірлесу өзін-өзі тәрбиелеу

                                  Іс-әрекет

                                   Мұғалім

                                 мақсаттылық

                                Оқыту жүйесі

                                  Оқушылар

                               Тәрбие процесі

                                   Тәрбие

     Білім

                                    Оқыту

                             Жеке тұлғаны дамыту

                                 Дүниетаным

                                    Білім

                                    Сенім

               Мінез – құлықтың  тетігі (тәжірибелік әрекеттер

                  Қөзқарас (білімге байланысты қатынастар)

          Субъектінің  шынайы дүниетанымдық ұстанымының бейнеленуі

                                Дүниетанымды
                                 қалыптастыру

Білімдер  жүйесін меңгеруідің нұсқауы, оны тәжірибеде  қолдана білу
іскерлігі

Бұрынғы мәдени мұралармен, ғылымдар негізінің  білімдерімен қаруландыру

Іс-әрекетке дайындық

Бағыттылық және өмірлік ұстанымдар

Білімді іс-әрекет арқылы тұрақты және терең сенімге аудару

Сенімдерді қағидаларға, іс-әрекет қызығушылықтарына және мінез-құлықа
өзгертуі

                             Құрал

                             формалар

                              әдістер

                              амалдар

                              тапсырмалар


  Мұғалімдер


       Оқушылар

    Іс-әрекет-ынтымақтастық

    Іс-әрекет-ынтымақтастық


  Оқушылардың театрланған іс-әрекеттерінің барысында таралатын тәрбиелілік
                                  мақсаттар

    Оқушылардың театраланған іс-әрекет процесінде айнала қоршаған әлемге
                           қатынасын қалыптастыру

                            көркемдікке қатынасы

                              еңбекке қатынасы

                            өзіне-өзінің қатынасы

                               ұжымға қатынасы

                              Отанына қатынасы

                             табиғатқа қатынасы

                            басқа адамға қатынасы

                     Оқушылардың іс-әрекеті (қылықтары,
                                іс-қимылдары)

                                Сынып театры

                                Репродуктивті

                               коммуникативті

                                 Тәрбиелілік

    Тұрмыстық - экономикалық

           Рекреативті

                                   Мақсат
                                  Міндеттер
                                   Мазмұны

Ата-аналар

                                   Балалар

                                  Құралдар
                                  Формалар
                             Әдіс және тәсілдер
                                 Тапсырмалар


  Жанұя мен мектептің педагогикалық процесіндегі өзара байланысының формасы

Ата-анамен ұйымдастырлған педагогикалық жұмыс

Ата-ананы педагогикалық ағарту

 Мектептің және сыныптың ата-аналар көмитеті.
Мектеп кеңесі.
Ақыл кеңесі.

Педагогикалық процестің өзара байланысының негізгі бағыты

Тақырыптық ата-аналар жиналысы.
Жиналыс – тәжірибе. Педагогикалық консультация (жекелік,  топтық,  ұжымдық).
Жауап және сұрақтар конференция кештері

     Оқушылардың оқу іс-әрекетін жақсарту жолындағы ата-аналармен жұмыс

Ашық есік күндері.
Пән - мұғалімдерімен әңгімесу, кездесулер, консультация. Жанұядағы  оқушының
оқу іс-әрекетін ұйымдастыру тәжірибесімен пікір алмасу.

Оқушылардың әрекетін мектептен тыс іс-ұйымдастырудағы мектеп пен жанұяның
педагогикалық процесінің өзара байланысы

Диспуттар, этикалық әңгімелер, сынып сағаттарын өткізу және қатысу.Кәсіби
бағдарлық жұмыстар. Киноға, театрға ұжыммен бару, экскурсияны ұйымдастыру
және өткізу. Мектептің мейрамдары, спроттық кештер т.б.



Білім мазмұнын таңдау мен оқушының жеке тәжірибесі арасындағы

Сана мен тәртіп, сана мен сезімдер арасындағы

Парыз бен мінез-құлық арасында

Қызығулар мен мүмкіндіктер арасындағы

Үлкендерге ұмтылу мен жаңа қажеттіліктер арасындағы

Жаңа мәдени жағдаятқа сай жаңа мінез – талапкер құлық нормалары арасындағы

Бұрынғы мүмкіндіктер мен жаңа қажеттіліктер арасындағы

Танымның жаңа міндеттері мен ойлаудың бұрынғы тәсілдері арасындағы

Оқушыны дамытатын қарама - қайшылықтар

 Мұғалім әрекетіндегі қарама - қайшылықтар

Әрекеттің мақсаттары мен мазмұнының сәйкессіздігі

Нақты міндеттер мен оларға жету құралдарының сәйкессіздігі

Әрекет мазмұны мен ұйымд. формалары арасындағы сәйкессіздік

сәйкессіздік

Педагогикалық әрекеттесудің құралдары, формалары әдістері мен оларды
оқушылардың қабылдауы арасындағы арасындағы

Педагогтың қоятын міндеттері мен оларды іске асыруға  оқушының ұмтылысы
арасындағы

Отбасындағы және білім мекемелеріндегі педагогикалық үрдістің мәні
арасындағы

Оқушының өзін-өзі бағалауы мен бағалау арасындағы

Педагогикалық үрдісі ұйымдастыруды күрделендіретін қарама-қайшылықтар


                                Философиялық


                               жалпы және жеке

                              мән және құбылыс

                               қарама-қайшылық

                                  байланыс

                              себеп пен салдар

                                    Форма

                                   мазмұн


Жалпы ғылымилық


                                    жүйе

                                   құрылым

                                   қызмет

                                   элемент

                                   мақсат

                                   әрекет

                                    тұлға

                         жалпы педагогикалық ұғымдар

педагогикалық қабілеттер

                             педагогикалық сана

                            педагогикалық әрекет

педагогикалық қарым-қатынас

                                 әлеуметтену

                                 білім беру

                                   тәрбие

                         арнайы дидактикалық ұғымдар

                                  білім алу

                                 оқу әрекеті

                                    оқыту

                                 оқу үрдісі

                                  оқу пәні

                                білім мазмұны

                                 оқыту әдісі

                             әлеуметтік тәжірибе

                               оқыту формалары

                               Жеке ғылымилық

                  Білім беру мазмұнының логикалық-құрылымы


          Білім беру мазмұнын анықтайтын оқу- нормативтік құжаттар

                                И.Я. Лернер,
  М.Н. Скаткин, В.В. Краевский бойынша білім беру мазмұнының компоненттері

                Білім беру мазмұнының принциптерінің құрылымы

     Ю.К. Бабанский бойынша білім беру мазмұнының категорияларын таңдау

                  Білім беру мазмұнын қалыптастырудың көзі

                         Қоғамдық бағытқа бейімделу

                              Идеяға сенімділік

                                   Еріктік

                     Танымдық кедергілерді жеңуге ұмтылу

                          Өміршең белсенді ұстаным

                         Жинақтау және қорытындылау

                                 Операциялық

Оқу-танымдық іс-әрекет тәсілдері

                       Байқау және деректерді суреттеу

                         Нақты материалдарды талдау

                                   Әңгіме

                                Пәндік білім

                             Арнайы кәсіби білім

                                  Мазмұндық

                            Негізгі  білім жүйесі

                          Мазмұнды теориялық білім

                                Мотивациялық

                              Бағалау-нәтижелік

                                 Қызығушылық


                                  Саналылық

Танымдық мотив

Әлеуметтік мотив

Перспективті талаптандыру мотиві

                              Өзін-өзі бағалау


                          Өз мүмкіндіктерін бағалау

Тікелей талаптандыру

Өз бетімен білім алу

Оқу мотивтары


Орындалған жұмысты жүйелеу


                         Тұлғаның өзіндік жетістігі

Кітаппен жұмыс және т.б.

                      Педагогикалық кеңестің төрағасы-

                                  Директор

                            Директордың орынбасаы

                                 Мұғалімдер

                                 Тәрбиешілер

                                 Кітапханашы

                        Оқушылар комитетінің төрағасы

                                  Оқушылар

                       Ата-аналар комитетінің төрағасы

                                   Дәрігер

                        Оқу-тәрбие мәселелерін талдау

          Педагогикалық ұжымның ұйымдастырушылық құрылымын анықтау

        Мектептің педагогикалық тұжырымдамасынын талқылау және бекіту

              Білім беру мазмұнының әр түрлі нұсқаларын таңдау

                       Педагогикалық кеңестің қызметі


 Тұтас    педагогикалық  мектептің процесінің нәтижелеріне  ұжымдық талдауды
                                 іске асыру


Пәндер