Файл қосу
Қан жасау мүшелері
|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ | |ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ | |3 деңгейлі СМЖ құжат |ПОӘК | ПОӘК 042-14.01. | | | |20.100/03-2011 | |ПОӘК |2011ж. №2 басылым | | |«Құстар анатомиясы» пәніне | | | |арналған оқу-әдістемелік | | | |материалдар | | | ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ «Құстар анатомиясы» 5В080300 – « Аңшылықтану және аңшаруашылығы» мамандығына арналған ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР Семей- 2011 Мазмұны 1.Глоссарий 2. Дәріс оқулар 3.Зертханалық сабақтар 4. СОӨЖ 5. Студенттің өздік жұмысы 1. Глоссарийлар 1.1.Аборальный- ауызға қарамарсы бағыт 1.2.Акромион- жаурының дистальді өсінідісі 1.3.Аксон- жүйке жасушасының ұзын өсіндісі 1.4.Анастомоз- қан тамырларының өз-ара қатысуы 1.5.Ангиология- тамырлар тұралы ілім 1.6.Апикальный- төбеде орналасуы 1.7.Афферентный- әкелгіш, сезгіш 1.8.Бифуркация- кенірдектің екі бронхтарға бөлінуі 1.9.Бурса- капшық 1.10.Вагус- кезеген 1.11.Васкуляризация- қанмен көректену 1.12.Вентральный- құрсаққа бағыт 1.13.Вертебральный- омыртқалық 1.14.Волярный- алақан беті 1.15.Ганглий- түйін 1.16.Дентин— тістің негізгі заты 1.17.Депрессор- төмендететің 1.18.Десмоз- байлам 1.19.Диафиз- түтүкті сүйектің денесі 1.20.Дилятатор- кенейткіш 1.21.Дорсальный- арқаға бағыт 1.22.Иннервация- жүйкелендіру 1.23.Инспирация- дем алу 1.24.Интима- қан тамырларының ішкі қабаты 1.25.Кардиа- өнештің асқазанға кіреберсі 1.26.Конституция- дене құрылысың анатомо-физиологиялық жиынтығының ерекшелігі 1.27.Кутикула- шәштің сыртқы қабығы 1.28.Лакуна- ойық 1.29.Леватор- көтергіш 1.30.Лимфа- лимфа тамырларындағы сүйықтық 1.31.Медиальный- ортаға жақын бағыт 1.32.Медианный- ортада орналасқан 1.33.Миология- бұлшықет тұралы ілім 1.34.Овуляция- жұмыртқалықтан жетілген жұмыртқа жасушасының шығуы 1.35.Остеоцит- сүйек жасушасы 1.36.Париетальный- қабырғалық 1.37.Перикард- жүрек қабы 1.38.Пилорус- Асқазаның ішектерге ашылуы 1.39.Пронация- аяқтын ішіне қарай айналуы 1.40.Септа- аралық 1.41.Синдесмология- сүйектердің байланысуы 1.42.Синовия- бүын қуысының сүйығы 1.43.Синус- қуыс 1.44.Сома- дене 1.45.Сомит- мезодерманың дорсальді бөлімі 1.46.Спермиогенез- сперматозоидтің дамуы 1.47.Трабекула- саты 1.48.Фасция- дәнекер ұлпадаң түзелген қабық 1.49.Фолликулы- көпіршектер 1.50.Фронтальный- мандайлық 1.51.Хоаны- мұрын қуысынаң жутқыншаққа ашылатың тесіктер 1.52.Экспирация- дем шығару 1.53.Экстензия- бүгілдіргіш 1.54.Эндокард- жүректің ішкі қабаты 1.55.Эпистрофей- екінші моыйн омыртқасы 2.Дәріс оқулар Дәріс 1. Кіріспе. Құстар денесінің анатомиялық құрылысы. Дәріс сабақтың мазмұны: 1. Анатомия әдістері және манызы. 2. Құстар организмінің құрылысындағы заңдылықтар. Анатомия ғылымы организмді жан-жақты зерттеуіне байланысты бірнеше салаға бөлінеді. Оларға сипаттамалы, топографиялық, мүсіндік (пластикалық), функционалды, динамикалық, антропологиялық, салыстырмалы және микроскопиялық анатомиялар жатады. Анатомиялық білімді меңгеру адамдар мен жануарлар арасындағы айырмашылықты дұрыс бағалауға мүмкіндік береді. Зоологиялық классификация бойынша адам барлық омыртқалылармен бірге хордалылар типіне жатады, себебі эмбриональдық даму кезінде де редукцияланған хорда қалыптасуына байланысты омыртқалылардың тармақтарына осьтік қаңқасы – омыртқа жотасы болады. Организмнің тұтастығы оның жеке бөліктерінің құрылымдық қосындысы мен олардың байланысы арқылы жүзеге асады. Ал байланыс оның түрлі тамырларында қуыстықтары мен кеңістіктеріндегі ағып жатқан сұйықтықтар мен организмдегі барлық процестерді реттеп отыратын нерв жүйесіне байланысты. Организм бөліктерінің сұйықтығы арқылы байланысын гуморальды байланыс деп атаса, нерв жүйесі арқылы реттелуін нерв регуляциясы деп атайды. Сонымен бірге организм тұтастығы вегетативтік және анимальдық, психикалық және соматикалық процестердің бірлігіне де байланысты. 2. Дене мүшесі деп, дененің белгілі бір құрылысындағы, пішініңдегі өзіне тән қызмет атқаратын дене бөлігіне айтылады. Мүшеге сүйек, бұлшықет, без, асқазан т.б. жатады. әрбір мүшенің негізгі бөлігі өзіне тән ұлпадан пайда болады. Сол ұлпа мүшенің негізгі қызметің атқарады. Кейбір мүшенің құрылысында екіө үш түрлі ұлпа басты қызмет атқарады. Денедегі барлық мүше- құрылысына, қызметіне, дамуына байланысты жүйелерге бөлінеді. 1. Қимыл жүйесіне барлық сүйек, оларды жалғаушы шеміршек, буын мен бүлшық ет кіреді. 2. 2. Ас қорыту жүйесі- тағамды қабылдайды ұсатады, жұтады, қорытады, сініреді. 3. 3. Тыныс алу жүйесінің қатынасуымен ішкі және сыртқы тыныс алу, газ алмасу құбылыстары өтеді. Тыныс алу жүйесіне мұрын қуысы, көмекей, кенірдек, өкпе, плевра қатысады. 4. Несеп шығару жүйесі. Денеде тіршілік әрекеті нәтижесінде пайда болған керексіз заттарды сыртқы ортаға шығарады. 5. Жыныс жүйесіне көбею мүшелері кіреді. Жыныс мүшелері мен несеп шығару мүшелерінің дамуы тығыз байланысты. Денедегі жүйелер мен мүшелердің қызметі бір-бірімен тығыз байланысты екені белгілі. Құстар денесінің бүтіндігін сақтауға қан айналу жүйесінің манызы зор. Қан және лимфа тамырлары арқылы, қан бүкіл денеге жайылып, көректік заттарды, гормондарды, ферментерді жүйелер мен мүшелердің қызметің реттейтің заттарды тасымалдайды. Құстар денесінің бір тұтастығын сақтауда жүйке жүйесі негізгі қызмет атқарады. Бұл жүйе мүшелер мен жүйелердің қызметің реттейді. Дәріс 2. Білікті қанқаның анатомиялық құрылысы. Дәріс сабақтың мазмұны: 1.Құстар қаңқасының морфофункционалдық сипаттамасы.Қаңқаның бөліктерге бөлінуі. 2.Біліктік қаңқаның құрылысы. Сүйектер жүйесі немесе скелетө деп, бір-бірімен белгілі бір зандылықпен байланысып жатқан қатты мүшелер- сүйектер мен шеміршектерден тұратын организм қанқасын айтады. Қанқа құстар денесіне белгілі бір пішін береді. Қанқа сүйектері бұлшық еттерге тіректәк- рычагтік қызмет атқара отырып, дененің қозғалуын қамтамысыз етеді. Қанқа механиқалық қызметтермен қатар организмдегі зат алмасу процесіне де тікелей қатысады. Денедегі минеральдік тұздар сүйектерде жинақталғандықтан, олар минеральдік зат алмасуды іске асырады. Мұнымен қатар организмдегі май алмасу процесі де сүйектердің қатысумен жүреді. Дәнекер, шеміршек, сүйек ұлпалары арқылы белгілі бір заңдылықпен өзара байланысқан сүйектер мен шеміршектердің жиынтығын- қанқа деп атайды. Сүйек адам және жануар денесіндегі негізгі жанды мүше болып табылады. Ол өзінің қаттылық қасиетінің арқасында денені қимылға келтірумен бірге тіректік қызмет атқарады. Сүйекте негізінен сүйек тканінен басқа нерв және дәнекер тканьдері болады. Олар сүйек құрылысында қан, лимфа тамырларын және нерв талшықтарын түзеді. Сүйек сүйек қабығынан, сыртқы жалпы қабығынан, остеондардан, сүйектің саңылау қуыстарынан тұрады. Сүйекті сыртынан дәнекер тканьнен тұратын сүйек қабы қоршап жатады. Ол қан тамырлы болады, осы қан тамырлары арқылы сүйек қоректенің отырады. Қан тамырлары мен нерв талшықтары сүйек ішіне арнаулы тесіктер арқылы еніп, қоректенуімен қатар нервтендіреді, сонымен бірге қорғаныштық қызмет атқарады. Ол екі қабаттан түзілген. Сыртқы қалың дәнекер ткані және ішкі остеобласт қабаты. Сүйек қабының ішкі қабаты сүйек жасайтын клеткалардан – остеобластардан түзілген. Осы сүйек клеткаларының көбею нәтижесінде сүйекте жаңа қабаттар пайда болып, сүйекті көлденең өсіреді. Қаңқа біліктік және шеттік болып екіге бөлінеді. Біліктік қаңқа бас, мойын, тұлға және құйрық сүйектерін біріктіреді. Құстар қаңқасының құрылысы дене мүшелеріне сәйкес топтасып, тұлға, қол-аяқ және бас сүйектеріне бөлінеді. Тұлға сүйектері омыртқа жотасы мен мен көкірек клеткасынан құралады. Омыртқа жотасы бой тізбектеле орналасқан омыртқалардаң тұрады. Көкірек клеткасы алыдынан төс сүйегімен, арт жағынан көкірек омыртқаларымен шектелетін қабырғалардан түзілген. 2. Біліктік қанқа бас, мойын, тұлға және құйрық сүйектерін біріктіреді. Омыртқа бағанасы- омыртқалардың өзара байланысу нәтежесінде түзілген. Ол өзін құрайтын омыртқалардың түрлеріне сәйкес мойын, арқа, бел, құйымшақ және құйрық бөлімдерінен тұрады. Құстың түріне байланысты омыртқалардың саны әртүрлі. Омыртөа құрылысы жағынан аралас сүйектерге жатады. Әрбір омыртқа денедең, доғадан, жұп буын, көлденен, емікзікше және тақ жоталық өсінділерден тұрады. Мойын омыртқалардын саны тауқтарда- 14, қаздарда-17, үйректерде-14-15. Бірінші мойын омыртқаның пішіні сақина тәрізді, дорсальдік және вентральдік доғалардаң тұрады. Екінші мойын омыртқа- axis, немесе қомақты, алдыңғы шетінде вентральдік буынды беті бар тісше қсіндісімен ерекшеленеді. Қалған мойын омыртқалар типті мойын омыртқалары деп аталады. Көкірек керегесі- арқа омыртқаларынан, қабырғалардаң және төс сүйегінен құралып, көкірек куысының сүйектік негізі болып табылады.Тауқтарда көкірек керегесі қысқа, бірақ біик. Қаздарда ұзын және кен. Арқа омыртқалардын саны, тауқтарда-7, қаздарда және үйректерде-9. Тауқтарда 2-5 арқа омыртқалары өз-ара біріккен. Алтыншы омыртқа жеке, жетінші бел омыртқаларымен біріккен. Қаздарда соңғы арқа омыртқалары өз-ара және бел омыртқаларымен бірігіп кеткен. Құстардың көкірек керегесі арқа омыртқалардаң, қабырғалардан жіне төс сүйегінен құралған. Қабырға ұзын жалпақ сүйек. Оның басы, төмпегі, мойыны, бұрышы, бұлшық ет және тамырлы сайлары болады. Төс сүйегі- жалпақ сүйек, оның дорсальды ойыс және дөнес беттері болады. Краниальды шетінде жүп коракоидті бүын ойыстары және төс түтқасымен жұп бүйірлі краниальды өсіңділер орналасады. Каудальды жағынан артқы құрсақты жінішке өсінділер басталады. Төстің вентральді бетінде жақсы дамыған қыр / киль/ орналасады. Оған өте күшті бұлшық еттер бекиді, олар қанаттың қозғалуын женілтетеді.Жамбас бөліміне бел, сегізкөз, алғашқы құйрық омыртқалары және мықын сүйегі кіреді. Құйрық бөлімнің сүйек негізің, бес жеке құйрық омыртқалары және пигостиль құрайды. Пигостиль деген, ол біріккен соңғы құйрық омыртқалары. Бас қанқасы бір-бірімен тұтаса байланысқан жалпақ сүйектерден құралған. Бас сүйектері негізінен ми сауты және бет бөлімі болып екіге бөлінеді. Дәріс 3. Шеттік қанқаның анатомиялық құрылысы. Дәріс сабақтың мазмұны: 1.Шеттік қаңқаның жалпы сипаттамасы. 2.Алдыңғы және аяқ сүйектерінің құрылысы. Шеттік қаңқа немесе алдыңғы аяқ қаңқасы (кеуделік) және артқы (жамбастық) аяқ сүйектерінен құралған.Құстардың алдыңғы аяқ қанқасы қанаттың қанқасына айналған. Алдыңғы аяқ сүйектері негізінен еркін қозғалмайтын немесе иық белдеуі ( жауырын, бұғана, коракоидті сүйек), еркін қозғалатын сүйектеріне: тоқпан жілік, білек сүйектері және қол басынан тұрады. Тоқпан жіліктің басында өкпенің ауалы қапшықтары жолымен байланысатын тесігі болады. Шынтақ сүйек жақсы жетілген. Білезік сүйектерінің проксимальды қатырында тек кәріжіліктік және шынтақтық білезік сүйектері болады. Ал дистальды қатардағы білезік сүйектері жіліншік сүйектерінің проксимальды бастарымен бірігіп кеткен. Құста 2-ші, 3-ші және 4-ші жіліншік сүйектері, соларға сәйкес 2-ші, 3-ші және 4-ші тырнақ сүйектері болады. Аотқы аяқ сүйектері кеуделік сүйектеріне сәйкес келеді. Оларға жамбас белдеуі, ортан жілік, сирақ және аяқ басының сүйектері жатады. Жамбас сүйегі қимылсыз байланысқан үш бөліктен түзілген: мықын, шонданай, шат сүйектері. Осы үш сүйектің біріккен жеріндегі ойысты ұршық ойысы деп атайды. Оған ортан жіліктің ұршық басы енеді.Жамбас сүйек өз кезегінде, көкірек-бел-құйымшақ сүйегімен бірігіп кеткен. Ортан жілік сүйегінің ішіндегі ең ұзын, ең ірісі. Оның денесі –диафизі және екі шеті – эпифизі болады. Жоғарғы басын проксимальды, ал төменгі жағын дистальды эпифизі деп атайды. Сирақ сүйектері екі сүйектен түзілген: асық жілік және шыбық сүйегі. Асықты сүйектің дистальды басы тілерсек сүйектерінің проксимальды қатарымен, ал жіліншік сүйектерінің проксимальды бастары тілерсек сүйектерінің дистальды қатарымен бірігіп кеткен. Жіліншік сүйектер бір- бірімен қосылып бірігіп, бір ғана жіліншік сүйек құрайды. Артқа аяқта 1-ші, 2-ші, 3-ші және 4-ші тырнақ сүйектері болады. Аяқ сүйектері екі бөлімнен құралады: 1/ еркін қозғалмайтың бөлім немесе иық жамбас белдеу; 2/ еркің қозғалатың бөлім. Иық белдеуге жаурын, бұғана, коракоидті сүйек жатады. Жаурынө жалпақ келген, үшбырышты сүйек. Оның латеральдік және қабырғалық беттері, дорсальдік, краниальдік, каудальдік жиектері және үш бұрышы болады. Жамбас белдеуі- бір-бірімен шеміршек арқылы жартылай түтаса байланысқан қос жамбас сүйектерінен тұрады. Алдыңғы аяқтың еркің қозғалатың бөлігіне: тоқпан жілік, білек сүйектері, аяқ басы қанқасы жатады. Артқы аяқтың еркің қозғалатын бөлігіне: ортан жілік, сирақ сүйектері, артқы аяқ басы қанқасы жатады. Дәріс 4. Сүйектердің байланысы Дәріс сабақтың мазмұны: 1.Сүйектер байланысының түрлері. Синартроз. 2.Диартроз және буындардың қозғалыстары. 1. Сүйектердің байланысы қаңқа сүйектерінің бір-бірімен өзара белгілі бір заңдылықпен байланысуын қамтамасыз етеді. Жануарлар қаңқаларындағы сүйектер байланысы екі түрге бөлінеді: тұтаса (үздіксіз) байланыс, буындық (үздікті) байланыс. Егер сүйектер бір-бірімен тікелей саңылаусыз, қимылсыз қосылса олар синартрозды байланыстар деп, ал бір-бірімен аралық саңылау қалдырып қимылды қосылса диартрозды байланыстар деп атайды. Тұтаса байланыстарға: синостоз (сүйек ұлпасы арқылы байланыс), синсаркоз ( ет ұлпасы арқылы байланыс), синхондроз(шеміршек ұлпасы арқылы байланыс), синдесмоз (дәнекер ұлпасы арқылы байланыс), синэластоз (эластикалық талшықтар арқылы байланыс) жатады. Сүйектердің түтаса байланыс түрінде сүйекаралық қозғалыс шектеулі түрде жүреді немесе ол мүлдем болмайды. 2. Буын құрылысына қатысатын сүйек санына қарай жай және күрделі буындар деп бөлінеді. Әрбір буын буын бетінен, оны жауып жатқан буын шеміршегінен және буын қапшығынан түзілген. Буын беті деп екі сүйектің бір- біріне қараған, буындасқан жерін айтады. Буындасушы сүйектердің беттері бір- біріне сай келеді. Сүйектердің буын беттері шеміршекпен жабылады. Буын қуысы дегеніміз – екі сүйек аралығындағы саңылау қуыс. Ол екі қабаттан тұрады: сыртқы (фиюброзды), ішкі (синовиальды). Буындарды шар, эллипс, ер, шығыршық, цилиндр тәрізді, жазық пішінді деп бөлеміз. Буындық байланыстар дененің кеністіктегі қозғалуын болмаса оның бөліктерінің бір-бірімен салыстырмалы жағдайдағы қимылын іске асырады. Соңдықтан, оларды қозғалмалы байланыстар деп атайды. Дәріс 5. Миология. Дәріс сабақтың мазмұны: 1. Бұлшық еттердің маңызы, түрлері. 2.Бас, мойын, тұлға және аяқ бұлшық еттері. 1.Бұлшық ет дененің барлық қимылына қатысады. Бұлшық ет - өзіне тән пішіні,атқаратын қызметі бар дененің мүшесі. Ол бұлшық ет ұлпасынан, борпылдақ және қатты дәнекер ұлпалардан, қан тамырлары мен жүйке ұлпаларынан тұрады. Оның негізі – бұлшық ет ұлпасы. Бұлшық ет ұлпасының екі түрі бар: көлденең жолақты және бірыңғай салалы. Қаңқаның бұлшық еті – көлденең жолақты.Бұлшық еттер пішіні мен көлеміне қарай қарапайым, күрделі және қауырысынды болып үш топқа бөледі. Атқаратын қызметіне қарай бүлшық еттер динамикалық және статиқалық топтарға бөлінеді. Бұлшық еттің жұмысы негізінен оның жиырылғыштық, тітіркенгіштік және серпімділік қасиеттерінің байланысы арқасында жүзеге асады. Тұлға бұлшық еттері – арқа, кеуде, іш бұлшық еттері болып бөлінеді. Арқаның бұлшық еттері: беткейдегі және тереңдегі болып бөлінеді. Бұлшық еттердің қосымша құрылымдарына кілегейлі қалталар, кілегейлі қынаптар, қатпарлар, сесам сүйектері, ет шандыры жатады. Бұлар бұлшық еттердің қалыпты жұмыс істеуіне көмектесіп отырады. Шандыр жапқыштар жеке етті немесе еттер тобын (бүгетін, жазатын) және дененің бөлек еттерін (иық, сан, балтыр, білек еттерін) қаптап қоршап жатады. Сесам сүйектері көбінесе ет пен буын сіңірлерінің арасында кездеседі. 2. Бас бұлшық еттерің ымдау және шайнау топтарына бөледі. Ымдау бұлшық еттердің бір ұшы табиғи тесіктердің қабырғаларында аяқталып, олардың ашылып- жабылу, кенею, таралу сияқты қызметтерің жүзеге асырады. Шайнау бұлшық еттеріне: үлкен шайнау бұлшық ет, самайлық бұлшық ет, қанаттық бұлшық ет, қосқұрсақтық бұлшық ет жатады. Иық белдеуінің бүлшық еттері: трапеция тәрізді бұлшық ет,ромб тәрізді, вентральдік тісті бұлшық ет, төс-бас бұлшық ет,арқаның тым жалпақ бұлшық ет жатады. Көкірек бұлшық еттері екі топқа бөлінеді: инспираторлар / дем алу бұлшық еттер/ және экспираторлар /дем шығару бұлшық еттер/. Құрсақ бүлшық еттеріне: құрсақтың сыртқы қиғаш бұлшық еті, құрсақьың ішкі қиғаш бұлшық 1. Бұлшық еттердің маңызы, түрлері. 2.Бас, мойын, тұлға және аяқ бұлшық еттері. 1.Бұлшық ет дененің барлық қимылына қатысады. Бұлшық ет - өзіне тән пішіні,атқаратын қызметі бар дененің мүшесі. Ол бұлшық ет ұлпасынан, борпылдақ және қатты дәнекер ұлпалардан, қан тамырлары мен жүйке ұлпаларынан тұрады. Оның негізі – бұлшық ет ұлпасы. Бұлшық ет ұлпасының екі түрі бар: көлденең жолақты және бірыңғай салалы. Қаңқаның бұлшық еті – көлденең жолақты.Бұлшық еттер пішіні мен көлеміне қарай қарапайым, күрделі және қауырысынды болып үш топқа бөледі. Атқаратын қызметіне қарай бүлшық еттер динамикалық және статиқалық топтарға бөлінеді. Бұлшық еттің жұмысы негізінен оның жиырылғыштық, тітіркенгіштік және серпімділік қасиеттерінің байланысы арқасында жүзеге асады. Тұлға бұлшық еттері – арқа, кеуде, іш бұлшық еттері болып бөлінеді. Арқаның бұлшық еттері: беткейдегі және тереңдегі болып бөлінеді. Бұлшық еттердің қосымша құрылымдарына кілегейлі қалталар, кілегейлі қынаптар, қатпарлар, сесам сүйектері, ет шандыры жатады. Бұлар бұлшық еттердің қалыпты жұмыс істеуіне көмектесіп отырады. Шандыр жапқыштар жеке етті немесе еттер тобын (бүгетін, жазатын) және дененің бөлек еттерін (иық, сан, балтыр, білек еттерін) қаптап қоршап жатады. Сесам сүйектері көбінесе ет пен буын сіңірлерінің арасында кездеседі. 2. Бас бұлшық еттерің ымдау және шайнау топтарына бөледі. Ымдау бұлшық еттердің бір ұшы табиғи тесіктердің қабырғаларында аяқталып, олардың ашылып- жабылу, кенею, таралу сияқты қызметтерің жүзеге асырады. Шайнау бұлшық еттеріне: үлкен шайнау бұлшық ет, самайлық бұлшық ет, қанаттық бұлшық ет, қосқұрсақтық бұлшық ет жатады. Иық белдеуінің бүлшық еттері: трапеция тәрізді бұлшық ет,ромб тәрізді, вентральдік тісті бұлшық ет, төс-бас бұлшық ет,арқаның тым жалпақ бұлшық ет жатады. Көкірек бұлшық еттері екі топқа бөлінеді: инспираторлар / дем алу бұлшық еттер/ және экспираторлар /дем шығару бұлшық еттер/. Құрсақ бүлшық еттеріне: құрсақтың сыртқы қиғаш бұлшық еті, құрсақьың ішкі қиғаш бұлшық Дәріс 6. Тері жабыны және оның түындылары Дәріс сабақтың мазмұны: 1. Терінің құрылысы және қызметтері. 2.Тері туындылары. 1. Тері жабыны, немесе жалпы жабын – организмнің сыртқы ортамен тікелей жанасатын сыртқы қабығы. Ол қорғаныш қызметін атқарады (денені зақымданудан сақтайды, организмнің суды босқа шығындауына және оған ауру тудырушы микробтардың, бөгде заттардың енуіне жол бермейді). Тері сезім мүшесі. Оның сезімталдығы оның қорғаныш қызметіне тікелей байланысты. Мұнымен қатар тері ыдырау өнімдерін сыртқа шығару, дене температурасын үнемі бір қалыпта ұстап тұру және аз мөлшерде болса да дем алу қызметін атқарады. Тері үш қабаттан тұрады: оның үстіңгі жұқа қабаты эпидермис деп аталады. Ол көп қабатты мүйізделетін жалпақ эпителийден тұрады. Эпидермистің астында негізгі тері қабаты – дерма жатады. Дерманың өзі емізікше және торлы қабаттардан түзілген. Емізікше қабат – эпидермистің астында орналасып, одан негіздік мембрана арқылы бөлінген. Бұл қабатты борпылдақ дәнекер және торлы ұлпалар араласа түзеді. Емізікше қабат эпидермисті қоректендіруші қан тамырлары мен жүйке ұштарына өте бай. 2. Теріде тер және май бездері болмайды. Тек, соңғы құйымшақ омыртқас ының жоғарғы жағында ғана май бөлетін құйыршық безі болады. Тері түктері орнында қаурсындар жетілген. Құс қауырсыны теріні сыртынан жауып тұратын тері жабынының мүйізді туындысы. Ол сояудан және мамақтан тұрады. Сояу өз кезегінде: қалам мен сабақтан құралған. Қалам қауырсын сояуының теріге кіріп тұратын бөлігі, ал сабағы мамықты ұстап тұратын сояудың қалған бөлігі. Мамық сабақтан қарама-қарсы бағыттарда таралған күрделі тарамдардан құралған. Сабақтан алдымен қарама-қарсы жақтаға бұтақтар, бұтақтардан сәулелер, сәулелерден қармақша ілгектер таралады. Қауырсындар орналасу орындарына мен қызметтеріне байланысты бірнеше түрге бөлінеді. Оларға: жамылғы, мамық, қағу және бағыттау қауырсындары жатады. Жамылғы қауырсындар теріні сыртынан жауып қаптап, құс денесіне белгілі пішін береді. Мамық қауырсындар майда жұмсақ болып келеді. Олар жамылғы қауырсындардың астында орналасады. Бұлардың сәулелерінде қармақша ілкегтер болмайды. Мамық қауырсындар құстар дене қызуын сақтап, бірқалыпта деңгейде ұстап тұрады. Ауа ағымына төзімді ұзын да, жалпақ қағу қауырсындары құс қанатының негізін құрайды. Құстың ұшып-қонуын қамтамасыз ететің құйрықтын негізін бағыттағыш қауырсындар түзеді. Құстардың басқа тері туындыларына: тырнақтарды, жарғақтарын, мүйіз тұмсықты, айдарды, сырғалықты, сақалдықты жатқызуға болады. Дәріс 7. Ас қорыту жүйесі. Дәріс сабақтың мазмұны: 1.Ішкі мүшелердің жалпы сипаттамасы. 2.Ас қорыту мүшелерінің жалпы морфофункциональдік сипаттамасы. 1. Ішкі мүшелерге ас қорыту, тыныс алу, зәр шығару, жыныс мүшелері мен ішкі секреция бездері жатады. Бұл мүшелер жүйелері көкірек, құрсақ және жамбас қуысында жататындықтан оларды ішкі мүшелер деп атайды. Дененің негізгі бөліктері: бас, мойын, тұлға, қол және аяқ. Тұлға кеуде және іш (құрсақ) қуыстарынан тұрады. Олардың арасын көкет бөледі. Іш қуысының төменгі жағын «жамбас қуысы» деп атайды. Ішкі мүшелердің шекарасын анықтау мақсатында денені шартты сызықтармен бірнеше бөліктерге бөлеміз. Іш қуысы екі горизонталь сызық арқылы 3 аймаққа бөлінеді. Жоғарғы сызық оң және сол жақтағы онекінші қабырғаның ең төменгі нүктесінің аралығын, төменгі сызық мықынның алдыңғы жоғарғы қыры аралығын қосып, іш қуысын 3 аймаққа бөледі. Олар-жоғарғы құрсақ үсті, ортадағы құрсақ, төменгі құрсақ асты. Іштің тік бұлшық етінің сыртқы шетінен жүргізілген сызық әрбір аймақты үш бөлікке бөледі. Жоғарғы құрсақ аймағы – оң, сол және ортаңғы, ал құрсақ аймағы – оң, сол бүйір және кіндік. Құрсақ асты аймағы оң, сол мықын және шат бөлігінен тұрады. 2.Ішкі мұшелерді құрылысына қарай паренхиматозды және қуысты болып екіге бөледі. Қуысты мұшелердің өзі түтүкті және қабатты қатпарлы болып бөлінеді. Бәрлық түтүкті қуысты мұшелердің қабырғасы үш қабықтан түрады: 1/ кілегейлі, 2/ бұлшық етті, 3/ сірілі. 2. Ас қорыту жүйесі ұзына бой жатқан түтік тәрізді. Оның ішкі қабырғасы қоректік заттармен тығыз байланысты келеді. Бұл мүшелер арқылы сыртқы орта мен организм арасында зат алмасу процесі өтеді. Қарынасты безі аралас бездер қатарына жатады. Бауыр – ең үлкен без. Бауыр құрсақ қуысының оң жағында диафрагма күмбезінің астында, төменгі қабырғаларға таяу жатады. Бауырдан шыққан бауыр өзегі өт шығарып отырады. Бұл өзек қапшық өзегімен жалғасып, жалпы өт өзегін түзеді де, қарынасты безінің өзегімен бірігіп, онекі елі ішекке ашылады. Егер ас қорыту процесі . Ас қорыту аппаратының бірінші бөлімі ауыз қуысынан басталады. Ол көмей тесігі арқылы жұтқыншақпен байланысады, одан кейін өңеш, қарын, аш ішек, тоқ ішек, ең соңынан тік ішекпен аяқталады. Ас қорыту аппараты топографиялық орналасу жағдайына қарай бас, мойын, көкірек, құрсақ және жамбас бөліктеріне бөлінеді. Ас қорыту мүшелерінің құрылысы қоректенетін тамақ ерекшеліктеріне қарай түзілген. Ас қорыту жүйесінің әр түрлі бөлігі түрлі қызмет атқаратындықтан құрылысы мен пішіні де түрліше болып келеді.. Тағамды механикалық майдалау, шайнау ауыз қуысының қызметі болып есептелінеді. Осыған байланысты ас қорыту мүшелерінің ішінде тек қана осы бөлігінің негізі сүйектен түзілген. Ас қорыту мүшелерінің көбі қуысты, олардың кенересі үш қабаттан түзілген. Оларға: кілегейлі (ішкі), бірыңғай салалы ет (ортаңғы) және сір (сыртқы) қабаттары жатады. Кілегейлі қабаты – барлық ас қорыту органдарының ішкі бетін астарлап, асты қорыту және оны сіңіру қызметтерін атқарады. Сондықтан да кілегейлі қабат өте күрделі эпителий, жазық ет және кілегейасты қабаттардан түзілген. Мұндай құрылыс ішектің оңай созылып, кеңейіп тұруына, ішіндегі тағамдардың қорытылуына жағдай жасайды. Бұл қабатта қан, лимфа тамырлары және нерв талшықтары тарамдалып жатады. Кілегейлі қабаттар өздерінен сөл (секрет) шығарып тұратын бездерге де бай келеді. Бірыңғай салалы ет қабаты – кілегей және сір қабаттарының аралығында орналасқан. Ас қорыту жүйесінің жоғарғы бөліктері ғана көлденең жолақты ет ткандерінен түзілсе, ал қалған бөліктері өңештің ортаңғы бөлігі, қарын, аш ішек және тоқ ішек органдарының қабырғасы бірыңғай салалы ет ткандерінен түзілген. Бұл мүшелердің ет талшықтары негізінде екі бағытта орналасқан. Ішкі талшықтары – көлденең, сыртқы талшықтары ұзына бой жатады. Осы ет талшықтарының жиырылуына байланысты тағам жылжиды және механикалық түрде сөлдермен араласып қорытылады. Жалпақ ішек қимылын толқынды (перистальтикалы) қимыл дейді. Сір қабат – ішкі мүшелердің сырт жағын қоршап, қорғаныс қызметін атқарады. Оның ішімен қарынға, ішекке тамырлар мен нервтер өтеді. Бұл қабат кілегей бөліп, мүшенің сыртын ылғалдап тұрады. Сонымен бірге ас қорытуға сілекей бездері, қарынасты безі, бауыр белсене қатысады. Қарынасты безі асқазанның астыңғы жағында (ІІ) беломыртқа тұсында сір қабықшамен жабылып жатады. Бас бөлімі жуандап, онекі елі ішектің иініне кіріп орналасқан. Денесі бел омыртқаға көлденең келіп, асқазанға жанаса жатады. Дәріс 8. Тыныс алу жүйесі. Дәріс сабақтың мазмұны: 1.Тыныс алу мүшелерінің құрылысы және қызметтері. Тыныс алу мүшелерінің организм тіршілігінде маңызы зор. Олар газ алмасу, дыбыс шығару қызметтерін атқарады. Тыныс алу аппаратына мұрын қуысы, жұтқыншақ, көмей, кеңірдек, бронхылар және өкпе жатады. Мұрын қуысының негізі сүйек пен шеміршектен түзіліп, сыртқы терімен жабылып, ішкі беті кілегей қабықшамен астарланып жатады. Мұрын қуысының кілегей қабаттары қан тамырларына өте бай, оның беті көп қатарлы кірпікшелі эпителиймен жабылған. Сонымен қатар көптеген бездері де болады. Мұрынға енген шаң- тозаңды эпителий кірпікшелері ұстап қалады, ал бездерден бөлінген кілегей микроорганизмдерді өлтіріп отырады. Көз жасы арнаулы түтік арқылы мұрын қуысына еніп, кілегейлі қабатын ылғалдап тұрады. Көмекей тыныс жолының ғана емес, сонымен бірге дыбыс шығару аппаратының да бір бөлігі болып табылады. Көмекей мойынның алдыңғы жағында орналасып алдынан және екі бүйірінен бұлшық еттермен жабылған. Көмекейдің қалқандық қыры тері астында білініп жатады. Оның шеміршектері өзара бұлшық еттермен байламдар арқылы қозғалмалы түрде қосылысқан. Құрамында бірнеше гиалин және серпімді шеміршектер бар. Көмекейдің қабырғасының шеміршектік негізін үш шеміршек: екі ожауша және бір сақинаша шеміршек құрайды.Кеңірдек және бронхылар. Кеңірдек төменгі мойын омыртқалар тұсынан көмекейді оймақ тәрізді шеміршегінен басталып, көкірек қуысымен түсіп, өңештің алдыңғы жағынан оң және сол бронхыларға бөлінеді. Кеңірдектің гиалин шеміршегінен тұратын жартылай сақиналары сақина тәрізді сіңір байламдары арқылы байланысып жатады. Оның мұндай құрылыста болуы қабысып қалмай, ауаның еркін өтуіне жағдай жасайды. Сақиналы байламдар мойынды қимылдатқанда кеңірдектің ұзаруына, қысқаруына себеп болады. Кеңірдек ІҮ көкірек омыртқа тұсында бронхыларға (оң және сол) бөлінеді, оларды негізгі бронхылар деп те атайды. Мұның да іш жағындағы кілегей қабатының беті кірпікшелі эпителиймен жабылған. Оң жақ бронхы қысқа әрі жуан, ұзындығы 3 см, 4-7 жартылай сақиналы шеміршектерден тұрады. Сол жақ бронхы ұзын, әрі жіңішкелеу, мұның ұзындығы 4-5 см, 7-12 сақинадан тұрады. Әрбір бронхы өз өкпелеріне енгеннен кейін бронхы бұтақтарына тармақталады. Кенірдектің екі негізгі бронхтарға ажырайтын айырығында төменгі немесе сайрағыш көмекей орналасады. Өкпе – көкірек қуысын алып жатқан конус тәрізді орган, ал олардың көлемі мен пішіні көкірек клеткасына байланысты. Өкпенің негізгі қызметі – газ алмасу процесінсіз адам тіршілік ете алмайды. Өкпені жауып жатқан сір (сероздық қабықша) плевра деп аталады, ол осы мүшелерді орап жатқан жұқа, жылтыр қабықша. Егер плевра өкпенің сыртын жауып жатса, оны өкпелі (висцеральды) плевра қабықшасы, ал егер көкірек қуысының қабығын астарлап жатса, оны қабырғалық (париетальды) плевра қабықшасы деп атайды. Екі қабықшаның арасындағы саңылау кеңістікті плеврааралық қуыс деп атайды. Бұл қуыстың қысымы сыртқы атмосфера қысымынан төмен болады, әрі осы қуыста плеврааралық үйкелісті азайтатын сероздық ылғал болады.Құс өкпесінде тоғыз ауа қапшығы болады. Ауа қапшықтары – негізгі бронхтардан өкпенің сыртына қарай қабырғасы жұқарып барып шығатын эктобронхтардың жалғасы. Дәріс 9. Зәр шығару жүйесі. Дәріс сабақтың мазмұны: 1.Несеп шығару мүшелерінің жалпы сипаттамасы. 2. Несеп шығару мүшелерінің құрылысы және қызметі. 1.Несеп шығару жүйесі жыныс мүшелерімен морфологиялық және физиологиялық жағынан тығыз байланыста келеді. Несеп шығару жүйесінің қызметі организмде пайда болған зәрді организмнен шығару болса, жыныс жүйесі көбею функциясын атқарады. Осының нәтижесінде зәр шығару және жыныс мүшелері бір жүйе болып саналады. Несеп шығару мүшелері- организмдегі зат алмасу процесінің соңғы ыдырау өнімі- несепті организмнен сыртқы ортаға шығарады. Несеп шығару мүшелері екі бөлімге бөлінеді. Олар: негізгі несеп түзуші мүшелер- жүп бүйрек және несеп шығарушы жолдар- несепағар. 2. Зәр шығару мүшелеріне бүйрек және несепағар жатады. Үш бөлікті бүйрек бел-құрсақ және мықын сүйектерінің төменгі беттеріндегі ойыстарда орналасады. Бүйректің орналасуы жас және жыныс ерекшеліктеріне байланысты келеді. Сырт жағынан тығыз фиброзды, оңай сыпырылатын дәнекер тканьді қапшықпен қапталған. Бүйректер құрсақ қабырғасына жақсы бекіген. Бүйрек ыдырау процесінде пайда болған керексіз заттарды организмнен шығарып, қанды тұрақты жағдайға келтіріп отырады. Бүйрек жұмысы нервтік және гуморальдық жолмен реттеліп отырады. Бүйрек құрамында екі түрлі нерв талшықтары кездеседі: симпатикалық және парасимпатикалық. Симпатикалық нерв импульстері арқылы қан тамырлары таралып, зәр бөлу азаяды. Ал парасимпатикалық нерв талшықтарының импульстерінің әсерінен керісінше, несеп бөліну процесі көбейеді. Бүйректе лимфа жүйесі де жақсы жетілген. Несепағар – бүйректің медиальды бетінен шығып, клоаканың ортаңғы бөлігіне ашылады. Куық болмайды. Несепағар қабырғасы үш қабаттан түзілген: ішкі кілегей қабат іш жағын астарлап ұзына бойына қыртыстана жатса, ортаңғы қабаты жазық ет тканінен түзілген. Мұның өзі екі бағытта жатқан ет талшықтарынан тұрады: сыртқы – сақиналы, ішкі – ұзына бой. Ет талшықтарының жиырылу нәтижесінде бүйректен бөлініп шыққан несеп әрдайым қуыққа қарай ағып отырады. Дәріс 10. Жыныс мүшелерінің құрылысы. Дәріс сабақтың мазмұны: 1.Аталық және аналық жыныс мүшелерінің морфофункционалдық сипаттамасы. 2. Жыныс жүйесінің маңызы. 1. Жыныс мүшелері көбею функциясын атқарады. Олар аталық және аналық жыныс мүшелері болып бөлінеді. Еркек құстарда жыныс мүшелері жұп еннен, ен қосымшасынан және шәует жолынан тұрады. Қосалқы жыныс бездері болмайды. Ең құрсақ куысының бел аумағында орналасады. Шәует жолы ен қосымшасынан басталып, клоаканың ортаңғы бөлігіне ашылады.Аталық жыныс безінің сыртқы пішіні эллипс тәрізді. Ол ек түрлі (ішкі және сыртқы секрециялық) жұмыс атақарады. Сыртқы секрециялық жұмыс деп жыныс клеткаларын – сперматозоидтарды шығрауын, ішкі секрециялық жұмыс деп қан мен лимфаға бөліп отыратын жыныс гормондарын атайды. Аталық жыныс безінің арт жағына жабыса, оның қосалқысы жатады. Аталық жыныс безі қосалқысымен және шәует шығарар өзектің басталар бөлігімен ұма ішінде орналасады. Жыныс безіне келетін қан тамырлары нерв талшықтары сонымен бірге шәует шығарар өзек, дәнекер тканьді қабықшасымен жабылып, шәует бауын түзеді. Шәует қуықшасы түссіз келген сұйықтыққа толы болып келеді. Оның құрамында сперматозоидтар болады, сондықтан оны сперма жинаушы қойма деп атайды. Оның кілегейлі қабатынан бөлігінен сұйықтық сперманы әрі сұйылтып, әрі активтендіреді. Ұрғашы құстарда сол жақтағы жыныс мүшелері жақсы жетілген. Сол жұмыртқаларда жұмыртқа торшаларының даму процесі жүреді. Ішкі секрециялық (гормондарды бөлу) десе, ал жұмыртқа клеткалырының бөлінуін сыртқы секрециялық жұмыс деп атайды. Аналық без сыртқы (қыртысты) және ішкі (милы) қабаттардан түзілген. Аналық жыныс бездегі жұмыртқа клеткасының дамып жетілу процесі фолликулаларда өтеді. Сол жұмыртқа жолы бес бөлімнен: құйғыштан, белоктық бөліктен, мойыншықтан, құс жатырынан және қынаптан тұрады.Ең ұзын бөлік – белоктық бөлік. Оның қабырғасындағы бездер жұмыртқаның белоктық қабығын түзеді. Мойыншықта белоқтын сыртындағы екі қабаттан тұратын жұқа қабық пайда юолады. Оның қабаттарының аралығында, жұмыртқаның доғал ұшында ауалы камера қалады. Құс жатыры қабырғасындағы бездер тұзды ертінді бөліп, жұмыртқаның ізбест қабығымен қапталуын қамтамасыз етеді. Қынапта толық жетілген жұмыртқа кақытша сақталып, клоака арқылы сыртқа шығады. Дәріс 11. Жүрек қан тамырлар жүйесі. Дәріс сабақтың мазмұны: 1. Жүрек қан тамырлар жүйесінің дамуы және сипаттамасы. 2.Жүректің құрылысы. Тамырлар тарамдалуының заңдылықтары. 1.Тамырлар жүйесіне түсінік беретін анатомия саласы – ангиология деп аталады. Бұл жүйеге орталығы – жүрек, қан және лимфа тамырлары, қан жасайтын мүшелер (көкбауыр, сүйек майы, лимфатикалық бездер) жатады. Тамырлар жүйесінің қызметтері өте күрделі. Олар барлық мүшелерді өзара байланыстырып, нерв жүйесінің басқаруымен организмнің біртұстастығын сақтауға қатынасады. Сонымен қатар бір мүшенің шығаратын затын екніші мүшеге жеткізіп, жалпы организмнің қызметіне әсер етеді. Бұл ішкі орталық (гуморальдық) байланыс деп аталады. Қан арқылы зат және газ алмасу процесі өтеді. Қанның тағы бір қызметі – организмді әр түрлі аурулар туғызатын заттар мен бактериялардан қорғауы. Ересек адамда орта есеппен алғанда 5-6 литрдей қан болады. Организмнің жалпы жағдайын қан құрамының өзгерісінен байқауға болады. Қан айналу жүйесінің тамырлары атқаратын қызметтеріне, құрылысының ерекшелігіне қарап артерия, вена, капилляр қан тамырлары болып бөлінеді. Артерия, вена, капилляр қан тамырларынан тұйық қан айналу шеңбері пайда болады. Артерия қан тамыры қанды жүректен мүшелерге жеткізеді. Ең үлкен артерия қан тамыры қолқа (аорта) екіншісі өкпе сабауы. Артериялар ірі, орта, майда және орналасуына байланысты мүшелердің сыртындағы және оның ішіндегі артериялар болып бөлінеді. Мүшенің артериясы оның ішінде артериолаларға дейін тармақталады, капиллярларға жалғасады. Вена қан тамырлары арқылы қан мүшелерден жүрекке ағып келеді. Қан алдымен венулаларға, одан мүшелердің ішіндегі майда веналарға, одан ірі веналарға бірігеді. Денедегі барлық вена бірігіп жүрекке құяды. Өкпе веналары қанды өкпеден жинап, жүрекке құяды. 2. Тамырлар жүйесінің орталығы – жүрек. Ол іші қуыс келген, етті орган. Ол қалың ет пердесі арқылы бір-бірімен қатыспайтын екі бөлікке бөлінеді. Оның әрбір бөлімі жүрекше мен қарыншадан түзілген. Екі жүрекше жиырылып қанды қарыншаларға өткізеді, ал қарыншалар үлкен және кіші шеңбер қан айналыстарына жібереді. Атқаратын қызметтеріне қарай тамырларды артериялар, веналар, капиллярлар деп бөледі. Жүректен қанды органдарға алып кетіп жатқан тамырлар – артериялар, ал органдардан жүрекке алып келіп жатқан тамырлар – веналар деп аталады. Артерия тамырлары мен вена тамырлары арасындағы кездесетін майда тамырлар – капиллярлар деп аталады. Организмде қан айналу жүйесі бір-бірімен байланысып жатқан кіші және үлкен қан айналу шеңберлеріне бөлінеді. Кіші (өкпелік) қан айналу шеңбері оң қарыншадан өкпе артериясы арқылы басталып, жоғары қарай көтеріліп екі тарамға бөлінеді. Әр артерия тарамы өз өкпесіне енгеннен кейін, ұсақ капиллярларға бөлінеді. Осы капиллярлар бірігуінің нәтижесінде пайда болған өкпе веналары арқылы сол жүрекшеге келіп құятын қан айналу жолын кіші шеңбер немесе өкпелік шеңбер деп атайды. Үлкен қан айналу шеңбер деп жүректің сол қарыншасынан қолқа тамырлары арқылы басталып, бүкіл денеге тарамдалып, одан вена тамырлары арқылы келіп оң жүрекшемен аяқталатын жолды айтамыз. Жүрек – конус тәрізді етті орган, оның жоғарғы, толық келген жағы жүректің негізі, ал төменгі сүйірленіп жатқан жағын жүрек ұшы деп атайды. Жүректің төмен қарап диафрагма үстінде жатқан бетін диафрагмалық, алдыңғы жағын жүректің төсқабырғалық беті дейді. Орта есеппе жүрекке 300 см3 қан сияды. Орта салмағы 250-300 г болады. Ол жүрек қабының ішінде орналасқан. Жүректің ішкі қабырғасы – эндокард, ортаңғысы – миокард, сыртқы – эпикард қабаттарынан түзілген. Дәріс 12. Лимфа жүйесі Дәріс сабақтың мазмұны: 1.Лимфа айналым жүйесінің құрылысы және маңызы. Лимфа жүйесі деп вена жүйесін толықтырып тұратын тамырлар жүйесін атайды. Лимфа жүйесінің организм үшін маңызы өте зор. Себебі оның зат алмасу және фагоцитарлық процестерге қатысы бар. Тканьаралық сұйықтық организмнің ішкі ортасы болып табылады. Осы ортада қан мен ткань арасындағы зат алмасу процесі лимфа арқылы іске асырылады. Себебі тканьаралық сұйықтық қайтадан қанға толық сорылмай, майда лимфа капиллярларға өтеді, олар біртіндеп жинақталып лимфа тамырларына айналады. Денедегі барлық лимфа тамырлары жинақталып, көкірек және оң жақ лимфа өзектерін түзеді. Осы лимфа өзектері арқылы ткань сұйықтығы мойындырық және бұғанасты веналарының қосылысынан пайда болған веноздық бұрышқа келіп ашылады. Қорытып айтқанда лимфа сұйықтығы ткань аралығында қаннан пайда болып, ақыр аяғанда вена қанына келіп араласады.. Лимфа түйіндері тізе буынында, тақым астында, жамбас, шат, шынтақ буынында, қолтық, жақ астында, мойында, өкпеде, бронхыда, ішек шадырқайында кездеседі. Организмдегі барлық лимфа тамырлары көкірек және оң жақ лимфа өзектеріне барып аяқталады. Лимфа тамырлары лимфа капиллярларының бірігуінен пайда болады. Бұл тамырлардың қабырға құрылысы қан тамырларының қабырғасынан жұқа келеді. Лимфа бездері лимфа тамырларының жолында топталып жатады. Осыған орай лимфа тамырлары лимфа бездерінен өтеді. Лимфа бездері әр түрлі пішінде болады. Олардың сыртқы капсуласы жиырылып, ішіндегі сұйықты сығып шығаруға көмектеседі. Бездерде пайда болған ақ түйіршіктер (лейкоциттер) лимфа сұйықтығына араласып, оның құрамын өзгертіп отырады Дәріс 13. Ішкі секреция бездері Дәріс сабақтың мазмұны: 1. Эндокринді жүйенің жалпы сипаттамасы және жіктелуі. 2. Ішкі секреция бездерінің құрылысы мен маңызы. Организімде бездер екі үлкен топқа – сыртқы және ішкі сөл бездеріне бөлінеді. Сыртқы сөл немесе экзокриндік бездер сөлін дененің қуыс мүшелеріне, сыртқы ортаға шығарады. Бұл бездерге сілекей, асқазан, ішек, тер, т.б.бездер жатады. Эндокриндік немесе ішкі сөл бездері деп сөлін жасуша арқылы қан мен лимфа тамырларынка шағаратын бездерді айтады. Эндокриндік бездерге гипофиз, эпифиз, гипоталамус ядролары, қалқанша, қалқанша маңы, айырша, ұйқы безі, бүйрек үсті безі, жыныс бездері кіреді. Ішкі сөл бездерінің денеде орналасуы: мида –гипофиз, эпифиз, эпиталамус ядролары, мойында және кеуде қуысында – қалқанша, қалқанша маңы және айырша бездер; іш қуысында – ұйқы және бүйрек үсті бездері; жамбас қуысында – жыныс бездері орналасқан. Сонымен бірге қазіргі замандағы зерттеулер бойынша ас қорыту жолының бойындағы және тыныс мүшелеріндегі бездер ішкі секреция бездерінің құрамына кіреді. Гипоталамус немесе томпақ асты аймағы – гипофиз. Оған сұр томпақ, көру жолы, көру жолының айқасы, емізікше дене кіреді. Гипофиз-ми қосымшасы, «түрік ер тоқымының» ойығындағы ішкі секреция безі. Көру айқастары көз алмасынан басталатын көру жүйкесінің кейбір талшықтарының айқасынан пайда болады. Сұр томпақ жылу және зат алмасуын реттейтін қыртыс асты орталығы. Гипоталамуста 32 жұп вегетативтік жүйке ортасының қыртыс асты орталығы. Олар ішкі ортаның тұрақтылығын сақтайтын, ақуыз, май көмірсу, тұз-су алмасуын реттейді. Снымен бірге гипоталамуста дененің жылуын, қанағаттану, қанағаттанбау, қанның құрамы мен осмотикалық қысымын реттейтін оорталықтар бар. Гипоталамуста ашу орталығы орналасқан. Дәріс 14. Қан жасау мүшелері. Дәріс сабақтың мазмұны: 1.Қан жасау мүшлерінің морфофункциональдық сипаттамасы. 2. Қан жасау мұшелерінің құрылысы, қызметі. Қан жасайтын мүшелер қан айналу және лимфа жүйесінің бойында орналасқан. Қан жасайтын мүшелерге сүйек майлары, лимфа бездері және көкбауыр жатады. Қан жасу мүшелері организмде иммунитетке қатысады. Иммунитет – дененің сұрыпталу құбылысында қалыптасқан, денеге енген бөгде денелерге жауап ретінде ерекше қорғаныс заттар түзуге икемділігі. Иммунитеттің екі түрі бар. 1) туа біткен (түрлердің, ерекше), 2) жүре пайда болған. Тума иммунитет әр түрдің өзіне тән болады да, тұқым қуалайды. Жүре пайда болған иммунитет табиғи және жасанда болып бөлінеді. Табиғи иммунитет белсенді (актив) және баяу (пассив) түрде пайда болады. 2.Сүйек майы сүйектің кемік бөлігінде орналасады. Эмбриональдық даму дәуірінде жіліктің түтік бөлігіндегі майдан да қан заты пайда болады. Сүйектің кемік затында орналасқан қызыл майда үздіксіз қызыл қан түйіршіктері (эритроциттер), ақ қан түйіпшіктері (лейкоциттер), гранулоциттер мен тромбоциттер пайда болып отырады. Эритроциттер дамып жетілгенше бірнеше кезеңдерден өтеді. Жетілген эритроциттер мен гранулоциттер ретикулярлы тканьдердің кеңістігінен капиллярларға еніп, қан айналу жүйесіне қосылады. Көкбауыр асқазан мен диафрагма аралығындағы сол жақ қабырға етегінде орналасқан мүше. Ол қызметі жағынан қан және лимфа айналу жүйесімен тығыз байланыста келеді. Көкбауырдың бір жағы дөңес (диафрагмалық беті), екінші жағы ойыс (ішкі беті), түсі қызыл-күрең, өзі жұмсақ. Сыртынан фиброзды дәнекер қабатпен оралады. Егер көкбауырды екіге бөлсе ақ және қызыл пульпадан тұратынын көреміз. Ақ пульпасы лимфоидты тканьнен түзілген, онда лимфоциттер пайда болады. Ал ретикулярлы тканьнен түзілген пульпада қанның қызыл түйіршіктері (эритроциттер) пайда болады. Көкбауыр қан жасайтын қызметінен басқа мерзімі біткен эритроциттердің ыдырайтын жері болып есептеледі. Сондықтан да кейде қан ауруына ұшырағанда эритроциттердің көбірек бұзылуына байланысты көкбауыр өте үлкейіп кетеді. Көкбауыр қан сақтайтын қойма қызметін де атқарып, қан қысымын реттеуіне де қатысады. Дәріс 15. Жүйке жүйесі.Сезім мүшелері. Дәріс сабақтың мазмұны: : 1.Жүйке жүйесіне жалпы сипаттама. Жүйке жүйесінің құрылысындағы жалпы принциптер. 2.Жұлын. Ми. Есту және көру мүшелері. Жүйке жүйесі жан-жануалар мен адамда ұзақ эволюциялық даму нәтижесінде қалыптасқан. Жүйке жүйесі ұрықтың даму кезеңінде пайда бола бастайды. Екі апталық ұрық денесінің, долрзальді (арқа жақ) бөлігінде эктодермадан (сыртқы ұрық жапырақшасы) ми-нерв пластинкасы қалыптасады. Даму нәтижесіне байланысты пластинканың екі жақ ұзына бой жиегі қалыңдап, бір-бірімен бірігіп, ұзынша келген нерв түтігін түзеді. Нерв түтігі хорданың үстіңгі жағында параллель жатады. Оның алдыңғы бөлігі біртіндеп ми бөліктеріне айнала бастаса, артқы ұзынша бөлігінен жұлын пайда болады. Ал түтіктің қалыңдап келіп қосылған жиегі генглиозды пластинкаға айналады. Осы генглиозды пластинкадан бара-бара омыртқааралық жұлын түйіндері мен ми нервтерінің түйіндері дамиды. Нерв түтігінің алдыңғы жақ қуысы кеңейіп, өзгеріп ми қарыншаларын түзсе, артқы бөлігінің қуысы жұлын каналына айналады. Нерв жүйесі сыртқы ортаның түрлі құбылыстарының әсерінен өзгеріп, күрделеніп отырады. Осыған байланысты, ішкі-сыртқы тітіркендіргіштерді қабылдап, оған жауап беріп, организмді өзгермелі жағдайларға бейімдейді. Жүйке жүйесі барлық органдардың, тұтас организмнің жұмыс-әрекетін басқарып, күрделі физиологиялық процестердің үйлесімді жүруін қамтамасыз етеді. Жүйке жүйесі ми мен жұлыннан және одан тарайтын нервтерден тұрады. Ми мен жұлынды орталық жүйке жүйесі, олардан тарамдалған нервтерді шеткі жүйке жүйесі деп атайды. Жалпы жүйке жүйесі нерв тканінен нейрондар мен нейроглиядан, т.б. тканьдерден түзілген. Нейроглия нерв клеткасының тірегі болумен қатар, оған белгілі бір пішін беріп, оларды қоректендіру (трофикалық) жұмысына қатысады. Сезім мүшелері құрылым жағынан жүйке жүйесінің құрамына кіреді. Омыртқалы жануарларда жүйке жүйесі күрделеніп тіршілікке қажетті иіс, дәм, есту, көру, тепе-теңдік органдарының рецепторлары шоғырланады. Вегетативті жүйке жүйесі құрылысының ерекшеліктеріне және атқаратын қызметтеріне байланысты симпатикалық және парасимпатикалық деп бөлінеді. Вегетативтік орталықтар ми мен жұлындағы сұр заттың белгілі бір жерлерде топтасып орналасуының нәтижесінде түзіледі. Вегетаитвтік жүйке жүйесінің орефлекторлық доғасынындағы нейрондардың орналасу жағдайларында ерекшелік бар. Себебі олардың мүшелер мен ми арасындағы эфференттік жолы екі нейрондық жол болып табылады. Бірінші нейрон ми мен жұлында жатса, екінші эфференттік нейрон нервтендіретін мүшелерге жақын немесе мүшелер ішіндегі түйіндерде орналасады. 3.Зертханалық сабақтар Зертханалық сабақ 1. Анатомиялық терминдер, жазықтықтар. Типті омыртқаның құрылысы. Сабақтың мақсаты: Құстар денесіндегі жазықтарды, одан шығатын бағыттарды түсініп, зерттеу. Омыртқа құрылысымен танысу. 1. Тапсырма. Кесте арқылы құс денесінің аумақтарың, бөліктерің зерттеп оқу. Сүйек сегментінің элементерімен танысу/ омыртқа, екі қабырға, төс/. 2. Тапсырма. Арқа омыртқасының құрылысы. Омыртқа құрылысы жағынан аралас сүйектерге жатады. Әрбір омыртқа денеден, доғадан, жұп буын, көлденең, емізікше және тақ жоталық өсінділерден тұрады. Арқа омыртқалары мойын омыртқаларға қарағанда ірілеу жетілген. Олардың әрқайсысына келіп қабырғалар тіркеледі. Сол себептен көлденең өсіндісі мен денесінде буынды беттері болады. Көлденең өсіндісі буын беті алдыңғы жағында жатады. Дене бөлігіндегі жартылай буын ойыстары омыртқа жотасын түзе келгенде бір- бірімен қосылып, бүтін буын ойысын түзеді. Бұл омыртқалардың арқа өсінділері ұзын әрі сәл төмен қарай бағытталған. Тірек қимыл аппаратына сүйектер мен сүйек аралық байланыстар және бұлшық еттер жатады. Типті арқа омыртқа құрылысымен танысып болғаннан кейін, оның ерекшеліктерін зерттеп, дәптерге сүретің салу керек. 3. Тапсырма. Құстар денесі арқылы үш жазық өтеді: сагиттальды, сегментальды және фронтальды. Сагиттальды жазық құстар денесінің алдынан артына қарай жоғарыдан төмен қарай жүргізіледі де, денені оң және сол бөліктерге бөледі. Сегментальды жазық құс денесіне көлденең жүргізіледі немесе сегменттерге параллель өтеді де, жануарлар денесін алдыңғы және артқы бөліктерге бөледі: бас жағы – краниальды, құйрық жағы – каудальды. Фронтальды жазық маңдайға параллель жүргізіледі: арқа жағы – дорзальды, құрсақ жағы – вентральды деп аталады. Негізгі анатомиялық жазықтарды және терминдерді жазып жаттау керек. Бақылау сүрақтары: 1. Тұлғанның негізгі аумақтары. 2. Жазықтарды және оның бағыттарың атаныз. 3. Қай сүйектер толық сүйек сегмент құрамына жатады. 4. Типті омыртқа құрылысы. Зертханалық сабақ 2. Омыртқа бағанасының құрылысы. Сабақтың мақсаты: Омыртқа бағанасының әр бөлігінде жатқан омыртқалардың құрылыс ерекшеліктерін зерттеп түсіну. 1. Тапсырма. Мойын омыртқаларының құрылысын зерттеу. Мойын омыртқаларының санына, құрылысына, пішініне назар аударыныздар. Бірінші және екінші мойын омыртқаларының құрылысың дәптерге салып белгіленіздер. Түр ерешеліктеріне назар аударыныздар. 2. Тапсырма. Омыртқа жотасының құрылысымен танысып болғаннан кейін, оның әрбір бөлігінде жатқан омыртқалылардың ерекшеліктердін зерттеп ажырату білу. Бел, сегіз көз, қүйрық омыртқалыларың құрылысың зерттеп оқу. 3. Тапсырма. Омыртқа жотасының құстын түріне байланысты ерекшеліктерің оқыныздар. Бақылау сұрақтары: 1. Мойын омыртқалыларының құрылысы. 2. Бірінші мойын омыртқасының ерекшеліктері. 3. Екінші мойын омытқасының құрылысы. 4. Бел, сегіз көз омыртқалыларының құрылысы және саны. Зертханалық сабақ 3. Бас қаңқасының құрылысы. Сабақтың мақсаты: бас сүйегінің жалпы құрылысымен, оның бөлімдерімен танысып, ерекшеліктерін зерттеп оқу. 1. Тапсырма. Бас қаңқасы бір-бірімен тұтаса байланысқан жалпақ сүйектерден құралған. Бұл сүйектер тіршілік үшін өте қажетті, көптеген мүшелерді қорғап, қоршап тұрады. Бас сүйектері негізінен ми сауыты мен бет бөлімі болып екіге бөлінеді. Ми сауытының іші қуысты, онда нерв жүйесінің негізгі бөлімі - ми жатады. Ми сауытының сүйектеріне шүйде, төбе, маңдай, самай, сына және тор сауыттары жатады. Ми сауты сүйектерінің құрылыс ерекшелігімен танысып, оларды анатомиялық препарат арқылы зерттеп оқу. 2. Тапсырма. Бас қаңқасының бет бөлімі алуан түрлі сүйектерден түзілген. Бұған жоғарғы жақ, шықшыт, мұрын, көз, кеңірсік, төменгі жақ, таңдай және тіласты сүйектері жатады. Бет бөлімінің сүйектерінің құрылысындағы ерекшеліктерің зерттеу. 3. Тапсырма. Мандай және төбе сүйектерінің схемасын дәптерге салыныздар. Бақылау сұрақтар: 1. Бас қанқасы қандай бөлімдерден құралған, 2. Ми саутының төбесін құрайтын сүйектерді анатыздар, 3. Ми саутының артқы қабырғасын құрайтын сүйектер, 4. Ми саутында кездесетің тесіктерді көрсетініз, 5. Бет бөліміне қандай сүйектер жатады, 6. Жоғарғы жақ сүйегі бөлімдерін атаныз. Зертханалық сабақ 4. Алдыңғы аяқ сүйектерінің құрылысы. Сабақтың мақсаты: Алдыңғы аяқ қаңқасын бөлімдерге бөліп, зерттеп оқу. 1. Тапсырма. Аяқ қаңқасы: Иық белдеуі мен еркін сүйектерінен тұрады. Иық белдеуі мен еркін қозғалатын сүйектердің жалпы құрылыс схемасын зерттеп оқу. Өз кезегінде иық белдеуі жаурынаң, бұғанадан және құс тұмсықты сүйектерінен, ал еркін қозғалатын бөлім тоқпан жілік, білек және аяқ басы сүйектерінен құралған. 2. Тапсырма. Препарат арқылы тоқпан жіліктің және білек сүйектерінің құрылысын зерттеп оқу. Дәптерге бул сүйектерінің құрылысын салып белгілеу керек. 3. Тапсырма. Білезік, алдыңғы жіліншік және саусақ сүйектерінің құрылысы мен ерекшеліктерің зерттеп оқу керек. Бақылау сұрақтары: 1. Кеуделік аяқ қандай бөлімдерден құралған, 2. Иық белдеуіне қандай сүйектер жатады, 3. Тоқпан жіліктің құрылысы, 4. Білек сүйектерінің құрылысы, 5. Кеуделік аяқ басы қанқасы қандай сүйектерден құралған, 6. Саусақ сүйектерінің құрылысы мен түр ерекшеліктері. Зертханалық сабақ 5. Артқы аяқ сүйектерінің құрылысы. Сабақтың мақсаты: Артқы аяқ қаңқасын бөлімдерге бөліп, зерттеп оқу. 1. Тапсырма. Аяқ қаңқасы: жамбас белдеуі мен еркін сүйектерінен тұрады. Жамбас белдеуі мен еркін қозғалатын сүйектердің.жалпы құрылыс схемасын зерттеп оқу. Өз кезегінде жамбас белдеуі жамбастан, ал еркін қозғалатын бөлім ортан жілік, сирақ және аяқ басы сүйектерінен құралған. 2. Тапсырма. Препарат арқылы ортан жілітің және сирақ сүйектерінің құрылысын зерттеп оқу. Дәптерге бул сүйектерінің құрылысын салып белгілеу керек. 3. Тапсырма. Тілерсек, артқы жіліншік және саусақ сүйектерінің құрылысы мен ерекшеліктерің зерттеп оқу керек. Бақылау сұрақтары: 1. Жамбастық аяқ қандай бөлімдерден құралған, 2. Жамбас белдеуіне қандай сүйектер жатады, 3. Ортан жіліктің құрылысы, 4. Сирақ сүйектерінің құрылысы, 5. Жамбастық аяқ басы қанқасы қандай сүйектерден құралған, 6. Саусақ сүйектерінің құрылысы мен құс түріне байланысты ерекшеліктері. Зертханалық сабақ 6. Синдесмология. Сабақтың мақсаты: Қаңқадағы сүйекаралық байланыс түрлерін зерттеу. Буынның құрылысы, олардың түрлері, пішіндері. 1. Тапсырма. Түтаса байланыстың түрлерің анықтаныздар. Сүйектердің байланысы қаңқа сүйектерінің бір-бірімен өзара белгілі бір заңдылықпен байланысуын қамтамасыз етеді. Жануарлар қаңқаларындағы сүйектер байланысы екі түрге бөлінеді: тұтаса (үздіксіз) байланыс, буындық (үздікті) байланыс. Тұтаса байланыстарға: синостоз (сүйек ұлпасы арқылы байланыс), синсаркоз ( ет ұлпасы арқылы байланыс), синхондроз(шеміршек ұлпасы арқылы байланыс), синдесмоз (дәнекер ұлпасы арқылы байланыс), синэластоз (эластикалық талшықтар арқылы байланыс) жатады. Буындар қозғалыс түріне қарай: бір білікті, қос білікті және көп білікті болып бөлінеді, құрылысына қарай қарапайым буындар және күрделі буындар болып бөлінеді. 2. Тапсырма. Буының жалпы құрылысын оқып, оны дәптерге салып белгіленіздер / буын капсуласы, синовий, буын шеміршегі, буын қуысы, буын беттері/. Буындардың бекем болып тұруына негізінде үш жағдай әсер етеді: 1) сіңір байламдарының қатуы; 2) бұлшық еттердің тартымы (тонусы); 3) буын қуысындағы қысымның атмосфералық қысымға қарағанда кем болуы. Осы жағдайлардың ара қатынасының өзгеруіне байланысты түрлі буын аурулары туындауы мүмкін. 3. Тапсырма. Қызметіне байланысты буындардың түрлерің анықтаныздар. 4. Тапсырма. Бас қанқа сүйектерінің және омыртқалыларының байласуының зерттеп оқыныздар. Бақылау сүрақтар: 1. Сүйектер байланысының қандай түрлері болады, 2. Сүйектердің тұтаса байланысуы түрлері, 2. Буын дегеніміз не, 3. Құрылысына қарай қандай буындарды білесіз, 4. Жамбас сүйектері қалай байланысады. Зертханалық сабақ 7. Бас және мойын бұлшық еттері. Сабақтың мақсаты: Бас, мойын, арқа бұлшық еттерін оқып, зерттеу. Олардың топографиясы, қызметтері. 1. Тапсырма: Мойынның бұлшық еттерінің құрылысы мен жұмысын зерттеу. Құстардың қанқалары, омыртқа бағанасының бұлшық еттерінің препаратарын пайдалану керек. Омыртқа бағанасының бұлшық еттері екі топқа бөлінеді: дорсальдік /жазылдырғыш/ және вентральдік /бүгілдіргіш/. 2. Тапсырма. Бастын шайнау еттерінің құрылысы мен қызметің зерттеп оқу керек. Әрбір еттің басталатын және бекитін жағдайын білгеннен кейін, олардын қызметін анықтау керек. Бақылау сұрақтар: 1. Омыртқа бағанасының бұлшық еттері қандай топтарға бөлінеді, 2. Омыртқа бағанасының дорсальдік бұлшық еттерің атаныз, 3. Омыртқа бағанасының вентральдің бұлшық еттерің атаныз, 4. Бас бұлшық еттері қандай топтарға бөлінеді, 5. Ымдау бұлшық еттерің атаныз, 6. Шайнау бұлшық еттерің атаныз. Зертханалық сабақ 8. Көкірек және құрсақ қабырғасының бұлшық еттері. Сабақтың мақсаты: Көкірек, құрсақ қабырғасының бұлшық еттерінің құрылысы мен қызметімен танысу. 1. Тапсырма. Көкірек керегесінің бұлшық еттері дененің алдыңғы бөлігінде қабырғаларды жаба жатады. Олардың жоғарғы шекаралары мойынмен шектелсе, төменгі жағы соңғы қабырғалар жиегі мен төстің семсер өсіндісі болып саналады. Тұлға еттері арқа, көкірек және құрсақ бұлшық еттері деп бөлінеді. Көкірек бұлшық еттері теріасты және меншікті еттер болып екіге бөлінеді. Беткей еттері жиырылған кезде қол сүйектерін қимылға келтіріп отырады. Бұл еттерге көкіректі үлкен және кіші еттері, бұғанаасты және алдыңғы тісті еттер жатады. Әр бір еттің басталатын және бекитін білгеннен кейін, олардың қызметін анықтау керек. 2. Тапсырма. Құрсақ бөлігі төменгі қабырғалар жиегінен басталып, жамбас сүйегінің мықын қырына дейін созылады. Құрсақ еттері орналасқан жерілеріне қарай алдыңғы, екі бүйір және артқы құрсақ еттері болып бөлінеді. Алдыңғы құрсақ еттеріне тік және пирамидалық еттер, бүйір бетіне сыртқы, ішкі қиғаш еттері мен көлденең құрсақ еті, ал сыртқы еттерге белдің шаршы еті жатады. Бақылау сұрақтар: 1. Көкірек бұлшық еттері қандай топтарға бөлінеді, 2. Экспираторлар дегеніміз не, 3. Құрсақ бұлшық еттерін атаныз. Олардың ет талшықтары қалай бағытталған Зертханалық сабақ 9.Тақырып Аяқ бұлшық еттері. Сабақтың мақсаты: Аяқ бұлшық еттерінің топографиясын және қызметтерін оқып зерттеу. 1.Тапсырма. Алдыңғы аяқ бұлшық еттерінің құрылысын зерттеу, олардың жиырылғандағы атқаратын қызметтерің білу.Аяқ бұлшық еттері орналасуына қарай иық белдеуінің еттері және аяқтың еркін қозғалатын бөлігінің еттері болып екіге бөлінеді. 2. Тапсырма. Жамбастық аяқ бұлшық еттерінің орналасу тәртібі мен атқаратын қызметтерімен танысу керек.Жамбас белдеуінің бұлшық еттері ішкі және сыртқы топқа бөлінеді. Сыртқы еттерге жамбас сүйегін сыртқы жағынан қоршап жатқан бұлшық еттер кіреді. Бұл еттер жамбас буынының жан-жағынан өтіп, оны түрлі қозғалыстарға келтіреді. Жамбастың ішкі жағында жатқан бұлшық еттерге: бел- мықын еті, алмұрт тәрізді ет, ішкі қолсұғар еті, құймышақ еті жатады. Ал жамбастың сыртқы жағында жатқан еттеріне үлкен, ортаңғы кіші бөкесе еттері, санның жалпақ шандырын керетін ет, егіз еттер, санның шаршы және сыртқы қолсұғар еттері жатады. Аяқтың еркін қозғалып тұратын бөлігінің бұлшық еттері немесе аяқтың өз еттері аяқ сүйектерініің бөлінуіне сәйкес бұл да сан, сирақ және аяқ басының бұлшық еттері болаып бөлінеді. Сан немесе ортан жілік бұлшық еттері санның ортан жілігін қоршап жатады. Бұл еттер өзінің орналасуы мен қызметтеріне байланысты алдыңғы, ішкі және артқы топтарға бөлінеді. Олардың алдыңғы топ еттері санды бүгу қызметін атқарса, ішкі еттері ішке тарту, ал сырт жақ еттері санды жамбас буынынан жазу қызметін атқарады. Бақылау сұрақтары: 1. Кеуделік аяқ бұлшық еттерін қандай топтарға бөледі, 2. Иықтық буынның бұлшық еттерің атаныз, 3. Шынтақтық буынның қандай бұлшық еттері бар, 4. Жамбас- ортан жіліктік буынның жазылдырғыш ет топтарын атаныз, 5. Бақайлық буынға қандай бұлшық еттер әсер етеді. Зертханалық сабақ 10. Тері жабыны және оның туындылары. Сабақтың мақсаты: Терінің құрылысымен, атқаратын қызметімен танысу, тері туындылары. 1. Тапсырма. Тері құрылысын түрлі түсті атластар мен таблицалардан қарап оқу. Көрген білгенін қысқаша түрде сипаттап жазып, суретін салу керек.Тері жалпы дененің сыртын жауып жатады. Онда сезімтал нерв рецепторлары, ет тканьдері орналасады. Тері организмді сыртқы ортамен тікелей байланыстырып тұрғандықтан қорғаныш, сезім, зат алмасу, тер шығару және тағы да басқа маңызды қызметтер атқарады. Тері негізінде беткей, меншікті, шел қабаттарынан түзілген. Терінің беткей қабаты, немесе эпидермис. Терінің меншікті қабаты мезодермадан пайда болып, дәнекер ткань мен серпімді талшықтардан түзілген. Серпімді талшықтар әртүрлі бағыттарда жатып, торлар түзеді. Бұл қабатта қан тамырларының торлары мен сезімтал нерв ұштары орналасады. Терінің шел немесе май қабаты негізінде май тканінен түзілген. 2. Тапсырма. Тері туыңдарының ішінде қуырсының құрылысын мен түрлерін зерттеп оқу. Қаурсырының суретін салып, белгілеу қажет. 3.Тапсырма. Бастың және мойының тері қатпарларын /айдар, сырға, коралл/ құрылысын, қызметің зерттеп оқу. Бақылау сұрақтар:1. Терінің анатомиялық құрылысы, 2. Терінің қызметтерің атаныздар, 3. Терінің туындыларын атаныздар, 4. Қауырсының құрылысы мен түрлері Зертханалық сабақ 11,12. Ас қорыту мүшелерінің құрылысы. Сабақтың мақсаты: Ауыз қуысының, жұтқыншақтың, өңештің, асқазанның құрылысы мен қызметтерімен танысу. 1. Тапсырма. Ауыз қуысының құрылысын зерттеп оқу керек. Ауыз қуысы ас қорыту жүйесінің алдыңғы мүшесі. Ауыз жұтқыншақпен жалғасады да, ас қорыту жүйесінің бас бөлімін құрайды. 2. Тапсырма. Тұмсық құрылысына назар аударыныздар. Қатты тандайдың бүртүктерінің пішіні мен санын анықтаныздар. 3. Тапсырма. Т ілдің анатомиялық құрылысымен танысу. Тілдің дәм емікзікшелерінің түрлерін, орналасуын анықтау керек. Тілдің суретін салу. 4. Тапсырма. Жұтқыншақтын құрылысын зерттеп, онын қабырға қабаттарының ерекшелігін түсіну. 5. Тапсырма. Өңеш жұтқыншақты қарынмен жалғастырып, жұтылған азықты ауыз қуысынан қарынға жеткізетін ұзын түтікше етті-жарғақты мүше. Денедегі орналасу орнына қарай өңешті үш бөлікке бөледі: мойындық, көкіректік және құрсақтық бөліктер. Жемсау бөлігің зерттеп оқу. 6. Тапсырма. Асқазан ас қорыту жолының кеңейген бөлігі, асты сақтайды, қорытады және асты қорыту үшін сөл бөліп шығарады. Асқазан іш қуысының жоғарысыныда көкет пен бауырдың астында орналасқан, оның үлкен бөлігі омыртқа жотасының сол жағында орналасқан. Асқазанның құрылысы: кардиал, пилорик бөлігі, денесі, түбі, алдыңғы, артқы қабырғасы. Алдыңғы және артқы қабырғаларының шектесуінен кіші және үлкен иірімдер пайдап болады. Асқазанның қабырғасының құрылысы үш қабаттан тұрады:ішкі шырышты, шырыш асты қабаты; бұлшық ет қабаты, сір, сір асты қабаты. Бақылау сұрақтар: 1. Ауыз қуысының құрылысы, 2. Тұмсықтын анатомиялық құрылысы, 3. Тілдің дәм сезу емікзікшелерінің түрлерін, орналасуын атаныз, 4. Ірі сілекей безедерді атаныздар, 5. Жұтқыншақтын қызметтері, 6. Өнештін бөлімдерің атаныздар, 7. Асқазанның түрлері. Зертханалық сабақ 13,14. Тыныс алу мүшелері. Сабақтың мақсаты: Тыныс алу мүшелерінің құрылысын мен қызметтерін оқып, зерттеу. 1. Тапсырма. Тыныс алу мүшелерінің құрылысына жалпы анықтама беру керек. Тыныс алу мүшелері организмде газ алмасу қызметін атқарады. Мұнымен қатар тыныс алу жүйесінде иіс сезу, дыбыс мүшелері де орналасады. Қызметтеріне қарай тыныс алу аппараттары тыныс жолдары және газ алмасу мүшесі болып бөлінеді. Тыныс жолдарына мұрын, көмекей, кеңірдек, бронхтар жатады. Газ алмасу қызметін өкпе атқарады. 2. Тапсырма. Мұрын ішкі жағынан мұрын пердесі арқылы екі мұрын қуысына бөлінеді. Мұрын қуысының кіреберіс тесіктері және жұтқыншаққа шығаберіс тесіктері хоандар болады. Мұрын қуысы ішкі бетінің тек алдыңғы жағы ғана тері тектес кілегейлі қабықпен қапталған. 3. Тапсырма. Көмекей тыныс алуға керекті ауаны өткізетін тыныс жолдарына жатады. Оның ортаңғы қабығының негізін бір-бірімен қозғалмалы байланысқан 3 шеміршек түзеді, олар сақиналық, қалқанша және бөбешіктік. 4Тапсырма. Кеңірдек түтік тәрізді мүше, көмекейді өкпе бронхтарымен жалғастырады. Өкпенің құрылысын зерттеп оқу. Бақылау сұрақтар: 1. Мұрынын анатомиялық құрылысы, 2. Мұрын қуысы қандай бөліктерге бөлінеді, 3. Көмекей қабырғасында қандай шеміршектер орналасқан және олар бір-бірімен қалай байланысады, 4. Дыбыстық аппартының орналасуы орны мен құрылысы, 5. Кенірдектің құрылысы, 6. Бифуркация дегеніміз не? Зертханалық сабақ 15. Зәр шығару мүшелерінің құрылысы. Сабақтың мақсаты: Несеп түзуші мүшелер мен несеп шығару жолдарының құрылысын зерттеу және олардың құрылыс ерекшеліктерін білу. 1. Тапсырма. Зәр шығару мүшелерінің құрылысына жалпы анықтама беру керек. Зәр шығару мүшелері екі бөлімге бөлінеді. Олар: негізгі зәр түзуші мүшелер- жүп бүйрек және зәр шығарушы жолдар- несепағар. 2. Тапсырма. Бүйрек препараты мен бүйрек суретін пайдаланып, сыртқы және ішкі қабатының құрылысын көру. Сырт жағынан тығыз фиброзды, оңай сыпырылатын дәнекер тканьді қапшықпен қапталған. Бүйректер құрсақ қабырғасына жақсы бекіген. Бүйрек ыдырау процесінде пайда болған керексіз заттарды организмнен шығарып, қанды тұрақты жағдайға келтіріп отырады. 3. Тапсырма. Несепағырдың құрылысы және манызын таблица мен муляждер арқылы оқып түсіну керек. Несепағар – бүйректің медиальды бетінен шығып, клоаканың ортаңғы бөлігіне ашылады. Несепағар қабырғасы үш қабаттан түзілген: ішкі кілегей қабат іш жағын астарлап ұзына бойына қыртыстана жатса, ортаңғы қабаты жазық ет тканінен түзілген. Бақылау сұрақтар: 1. Зәр шығару жүйесі қай басқа жүйіемен тығыз байланысты, 2. Бүйректің құрылысы, 3. Бүйректің орналасуы, 4. Бұйректің қай бөлімінде зәр түзіледі, 5. Несепағардын құрылысы. Зертханалық сабақ 16. Аталық жыныс мүшелерінің құрылысы. Сабақтың мақсаты: Аталық жыныс мүшелерінің құрылысы және қызметтерін оқып зерттеу. 1. Тапсырма. Аталық жыныс мүшелерінің құрылысын, манызын зерттеп оқу. Аталық жыныс мұшелеріне ен, ен қосымшасы, шәуеттік жол, атлық жыныс мүшесі жатады. Ен құрылысын, топографиясан, манызын зерттеп оқу. Дәптерге ен, ен қосымшасын суретін салы керек. 2. Тапсырма. Шәует жолынын құрылысымен топографиясын зерттеп оқу керек. 3. Тапсырма. Әтештің аталық жыныс мүшесінің құрысын оқып зерттеп білу қажет. Бақылау сұрақтар:1. Аталық жыныс мүшелерін атап, препараттан көрсету, 2. Еннің құрылымы, 3. Шәует өзегінің құрылысы, 4. Сыртқы жыныс мүшесінің құрылысы. Зертханалық сабақ 17. Аналық жыныс мүшелерінің құрылысы. Сабақтың мақсаты: Аналық жыныс мүшелерінің құрылысымен атқаратын қызметтерімен танысу. 1. Тапсырма. Аналық жыныс мүшелеріне аналық жыныс безі және жұмыртқа жолы жатады. Аналық жыныс безі – жұп орган. Аналық бездің функциясы өте күрделі, яғни жұмыртқа клеталарының өсіп-дамуымен бірге, қанға жыныстық гормондарды бөліп отырады. Аналық жыныс безінің құрысын дәптерге салып, оны белгілеу керек. 2. Тапсырма.Ұрық жолы– бездің екі жағынан басталып көлденең созылып жатады. Сол жұмыртқа жолы бес бөлімнен: құйғыштан, белоктық бөліктен, мойыншықтан, құс жатырынан және қынаптан тұрады.Ең ұзын бөлік – белоктық бөлік. Суретің салып, бөліктерің белгілеу қажет. 3.Тапсырма. Овогенез және овуляция анықтамаларын оқыныздар. Бақылау сұрақтар: 1. Аналық жыныс жүйесіне қандай мүшелер жатады, 2. Жұмыртқалықтын құрылысы, манызы, 3. Ұрық жолының құрылысы, 4. Ұрық жолының бөлімдері, 5. Овогенез дегеніміз не, оның кезендері. Зертханалық сабақ 18,19. Жүрек-қан тамырлар жүйесі. Сабақтың мақсаты: Жүректің құрылысы және қызметі. Қан айналу шеңберлерімен танысу. 1. Тапсырма. Жүректің құрылысын, топографиясын, қызметің зерттеп оқу. Жүрек тұйықталған қан тамырларымен үздіксіз қамтамасыз етіп отыратын, қан айналу жүйесінің қуысты-етті мүшесі. Оның пішіні конус тәрізді болып келеді. Жүрек ішкі жағынан ет пердесі арқылы екі бөлікке бөлінеді. Әрбір бөлік өз кезегінде жүрекшеден және қарыншадан тұрады. Жүрек төрт камерадан: оң және сол жүрекшеден, оң және сол қарыншадан құралады. Жүрекшелер мен қарыншалар бір-бірімен жүрекше-қарынша тесіктері арқылы қатысады. Жүрек қабырғасы үш қабаттан: ішкі-эндокардтан, ортаңғы-миокардтан, сыртқы-эпикардтан тұрады. 2. Тапсырма. Артерия және вена тамырлардың құрысымен танысу. Кіші қан айналу шеңберінің негізгі артериалар мен веналарының тарамдалуын зерттеу.Үлкен қан айналу шеңбері деп қанның жүректің сол қарыншасынан оның оң жүрекшесіне дейінгі аралық жүріп өткен жолын айтады. Тамырлар жүйесі организмдегі зат алмасу процесінің үздіксіз жүруін, дененің біртұтастығын қамтамасыз етеді. Тамырлар жүйесі шығу тегі құрылысы, қызметі жағынан тектес бір-бірімен тығыз байланысты үш жүйеден түзілген. Олар: қан айналу жүйесі, лимфа айналу жүйесі, қан жасаушы мүшелер. Қан айналу жүйесін тұйықталған қан тамырлары артериялар, веналар, капиллярлар және жүрек құрайды. 3. Тапсырма. Аяқты көректеніретің негізгі артерияларды зерттеп оқу. 4. Тапсырма. Организмнің негізгі вена тамырларымен танысу. Капиллярдың құрылысын мен қызметің зерттеп оқу. Бақылау сұрақтар:1. Жүректің және жүрек қабының құрылысы, 2. Жүректің топографиясы, 3. Артери және вена тамырларының құрылысындағы ерекшіліктері, 4. Кіші қан айналу шнңбері, 5. Аорта доғасы, 6. Құрсақ аортасының таралуы. Зертханалық сабақ 20. Лимфа жүйесі. Сабақтың мақсаты: Лимфа жүйесінің қызметің, лимфа тамырларын және түйіндерін зерттеп оқу. 1. Тапсырма. Лимфа жүйесіне жатады: лимфа саңылаулары, лимфа капиллярлары, лимфа тамырлары, лимфа түйіндері. Лимфа жүйесінің құрылысын атластар мен түсті таблицалар арқылы сипаттап қысқаша жазу. Лимфа тамырлары лимфа капиллярларының бірігуінен пайда болады. Организмдегі барлық лимфа тамырлары көкірек және оң жақ лимфа өзектеріне барып аяқталады. Лимфа құрамы жалпы жағдайға байланысты өзгеріп тұрады. Бұл тамырлардың қабырға құрылысы қан тамырларының қабырғасынан жұқа келеді. 2. Тапсырма. Лимфа бездері лимфа тамырларының жолында топталып жатады. Осыған орай лимфа тамырлары лимфа бездерінен өтеді. Лимфа бездері әр түрлі пішінде болады. Олардың сыртқы капсуласы жиырылып, ішіндегі сұйықты сығып шығаруға көмектеседі. Бездерде пайда болған ақ түйіршіктер (лейкоциттер) лимфа сұйықтығына араласып, оның құрамын өзгертіп отырады. Бір лимфа безінің құрылысын салып, белгілеу керек. Бақылау сұрақтар: 1. Лимфа тамырлар құрылысындағы ерекшелітер, 2. Лимфа бездерінде қандай қан жасушалары түзіледі, 3. Лимфа безінің құрылысы, 4. Лимфа безінің лимфа әкелгіш және лимфа әкеткіш тамырлары қалай орналасады, 5. Лимфа дегеніміз не? Зертханалық сабақ 21,22. Ішкі секреция бездері және қан жасаушы мүшелер. Сабақтың мақсаты: Ішкі секреция бездерінің және қан жасаушы мүшелердің құрылысын зерттеп, оқу. ІСБ және қан жасау мүшелерінің жіктелуі. 1. Тапсырма. Мына сұрақтарды талқыланыздар: 1. Қандай мүшелер миелоидты, ал қандай мүшелер лимфоидты қан жасау мүшелеріне жатады ? 2. Қандай мүшелер лимфоэпителиальды деп аталады ? 3. Қандай қан жасау мүшелері орталық иммундық жүйеге, ао қайсысы иммундық жүйеінің шеткі мүшелеріне жатады ? 2. Тапсырма. Көкбаурдың құрылысын, топографиясын, қызметін зерттеу. Суретін салып, белгілеу керек. 3. Тапсырма. Сүйектің қызыл май кемігі құрылысың зерттеп оқу.Қанның қай жасушалары мұнда түзіледі ? 4. Тапсырма. Эндокринді жүйе жіктелуін үғып алу. Эндокринді мүшелерге тән құрылыс белгілерін меңгеріп алып, не себепті гипофиз эндокринді жүйенің басты орталық безі есептелетінің анықтау. 5. Тапсырма. Қалқанша безінің құрылысын зерттеп оқу. Суретін салып, белгілеу кажет. Бақылау сұрақтар: 1. Қан жасау мүшелерге қандай мүшелер жатады ? 2. Қан жасау мүшелерінің қызметтері, 3. Көкбаурдың құрылысы, 4. Ішкі секреция бездеріне аныықтама берініз, 5. Қалқанша безінің анатомиялық құрылысы, қызметі. Зертханалық сабақ 23. Жұлын. Сабақтың мақсаты: Жұлынның құрылысы, топографиясын, атқаратын қызметі, маңызын зерттеп оқу. 1.Тапсырма. Жүйке ұлпасының құрамын, олардың даму көздері неде екенін ұгып алу. Нейроциттердің құрылым белгілеріне және олардың рефлекторлық доғадағы орналасуына қарай жіктелуін ұғып алу. Жүйке жасушаларының құрылысын салу керек. 2. Тапсырма. Жұлыннін құрылысын, әрі оны қимыл- қозғалыстың орталық реттеушісі және жүйке қозу толқынын өткізуші мүше ретінде зерттеп білу. Жота және вегетативтік түйіндердің құрылысындағы ерекшеліктерін меңгеріп алу. Жұлын омыртқа каналының ішінде жатады. Ол ауыз омыртқасының тұсында сопақша миға жалғасады. Жұлын тізбектеліп жатқан 31 сегменттен түзілген. Оның әрбір сегментінің екі жанынан алдыңғы және артқы жұлын түбіршіктері шығып, омыртқааралық тесіктің тұсында бір-бірімен қосылып, 31 пар жұлын нервсін түзеді. Бақылау сұрақтар: 1. Рефлекторлық доғаның үзбелерін атаныздар, 2. Жүйке жүйесін қандай жасушалар құрайды, 3. Жүлыннын сүр және ақ заты неден құралады, 4. Жұлынын құрылысы, қызметі, 5. Жұлыннын топографиясы және сегментерге бөлінуі. Зертханалық сабақ 24,25. Бас мидың құрылысы. Сабақтың мақсаты: Ми құрылысын, топографиясын зерттеп оқу. 1. Тапсырма. Препарат арқылы мидын бәрлық бөлімдерің зерттеп оқу.Ми – жануарлар организмінде үздіксіз жүретін барлық процестерді реттеуші жүйкелік қызметтерді іске асыратын жүйке жүйесінің орталық мүшесі. Ми бас сүйегінің ми сауытында орналасады. Ми сырт жағынан қатты, торлы және тамырлы үш қабықшалармен қапталған. Ми терең көлденең саңылау арқылы екі бөлімге бөлінеді: үлкен және ромб тәріздес ми. Үлкен ми 1) соңғы ми; 2) аралық ми; 3) ортаңғы мидан тұрады. Ромб тәріздес ми: 1) артқы ми және 2) сопақша мидан тұрады. 2. Тапсырма. Мишық, үлкен ми сынарлары құрылыс ерекшеліктерін зерттеу. Оларды бір-бірінен ажырата білу. 3. Тапсырма. Ромб тәрізді мидың құрылысын зерттеп оқу. 4. Тапсырма. Сонғы мидын құрылысын зерттеп оқу. Бақылау сұрақтар: 1. Үлкен ми бөлімдерінің атаныз, 2. Ромб тәрізді ми бөліктері, 3. Мишық сопақша ми мен, ми көпірімен және төрт төмпекпен қалай жалғасқан? 4. Соңғы мидын құрылысы қандай. Зертханалық сабақ 26. Жұлындық жүйкелер. Сабақтың мақсаты: Мойындық, кеуделік жұлындық жүйкелерді зерттеп оқу. 1. Тапсырма. Жұлындық жүйкелердің түзілуін, олардың тарамдалуын білу.Жүйкелер қызметіне қарай үш топқа бөлінеді: сезімтал, қозғалтқыш және аралас. Сезімтал жүйкелер орталыққа тебетін, ал қозғалтқыш орталықтан тебетін тітіркеністерді өткізеді. Аралас жүйкелердің құрамына екеуі де; яғни қозғалтқыш және сезімтал талышқатры енеді. Тітіркеніс қарама-қарсы екі бағытта өтеді. Жұлындық жүйкелер топографиясына қарай мойындық, кеуделік, белдік, құймышақтық және құйрықтық болып бөлінеді. 2. Тапсырма. Мойындық жүйкелер жұлынның төрт жоғарғы мойын жүйкесінің алдыңғы тармақтарынан пайда болады. Олардың әрқайсысы 3 тармаққа бөлінеді. Мойындық және арқалық жұлындық жүйкелердің түзілуін және тарамдалуын білу керек. 3. Тапсырма. Иық өрімі мойынның төрт төменгі, бір кеуде жүйесінің алдыңғы тармақтыранан пайда болған. Ол алдыңғы және артқы сатылы бұлшық еттердің аралығынан өтіп, бұғана үсті шұңқырында бұғана үсті артериясымен қатар жатады. Иық торының ұзын тармақтары қолды, ал қысқасы иық белдеуінің бұлшық еттерін жүйкемен қамтамасыз етеді. Иық торының қысқа тармақтарының ішіндегі ең ірісі қолтық асты жүйкесі. Иық өрімінің ұзын тармақтары: 1) ішкергі (медиальды) тері жүйкесі – иықтың ішкі бетінің терісін жүйкелендіреді; 2) білектің ішкергі тері жүйесі; 3) ортаңғы жүйке білектің барлық бүгуші топтағы бұлшық еттерін жүйкелендіреді. 4) шынтақ жүйкесі білектің қол басын бүгетін бұлшық еттерін, бармақтың тереңдегі бүгуші бұлшық еттерін жүйкемен қамтамасыз етеді. 5) шыбық жүйкесі иық өрімінің ірі жүйкесі. Бақылау сүрақтар: 1. Қандай жүлындық жүйкелерді білесіздер, 2. Жүлындық жүйкелер түзілуі мен тармақталуын атаныз, 3. Мойындық жүйкелердің дорсальдік және вентральдік тармақтары мойының қандай бөліктерін жүйкелендіреді, 4. Иық торабынын тарамдалуы. Зертханалық сабақ 27. Бастық жүйкелер / бірінші 6 жүп/. Сабақтың мақсаты: 6 жұп бастық жүйкелердің тарамдануын зерттеп оқу. 1. Тапсырма. Бастық жүйкелер барлығы 12 жұп болып, ми бағынынан басталады. Олар атқаратын қызметтеріне қарай сезімтал, қозғалтқыш және аралас жүйкелерге бөлінеді. І жұп – иістік жүйкелер мұрынның кілегейлі қабығында орналасқан иіс сезгіш жасушаларының нейроциттері болып табылады; ІІ жұп – көрулік жүйке, көздің торлы қабығында орналасқан мультиполярлық жасушалардың нейроциттерінен пайда болады; ІІІ жұп – көзқимылдатқыш жүйке, ортаңғы мидың үлкен ми аяқшаларынан басталады; ІҮ жұп – шығырлық жүйке, ортаңғы мидан көздік саңылау арқылы көздікке еніп, көздің дорсальдық қиғаш бұлшық етінде тарамдалады; Ү жұп – үшкілдік жүйке мидан шығатын ең ірі аралас жүйкесі; ҮІ жұп - әкеткіш жүйке сопақша мидан шығып, көздік саңылау арқылы көздікке өтеді де, көз алмасы бұлшық еттеріне барады. Бақылау сұрақтар: 1. Атқаратын қызметіне қарай қандай бастық жүйкелер болады, 2. Сезімтал бастық жүйкелерді атаныздар, 3. Қозғалтқыш жүйкелерге тоқталаныз, 4. Қандай бастық жүйкелер аралас болып табылады. Зертханалық сабақ 28. Вегетативті жүйке жүйесі. Сабақтың мақсаты: Вегетативті жүйке жүйесінің қызметін зерттеп оқу. Симпатикалық бөлім. 1. Тапсырма. Жүйке жүйесінің вегетативті бөлігінің соматикалық бөлігінен айырмашылығы ішкі органдарды, қан және лимфа тамырларын, жүректі, бездерді жүйкелендіреді. Вегетативтік жүйке жүйесінің орталық және шеткі бөлімдері болады. Орталық бөлігіне ми мен жұлын жатса, шеткі бөлігіне нерв түйіндері, нерв талшықтары, нерв өрімдері жатады. Вегетативтік жүйке жүйесі құрылысына және атқаратын қызметтеріне байланысты симпатикалық және парасимпатикалық бөліктерден тұрады. Дәптерге вегетативті жүйке жүйесінің схемасын салыныздар. 2. Тапсырма. Симпатикалық бөлім жүрек тамыр аралық мүшелер жүйесін, ал парасимпатикалық бөлім барлық ішкі мүшелер мен бездерді жүйкелендіреді. Жүйке жүйесінің вегетативті бөлімінің құрамына вегетативті орталықтар, вегетативтік түйіндер (ганглийлер), вегетативтік жүйкелер және вегетативтік тораптар кіреді. Вегетативтік орталықтар ми мен жұлындағы сұр заттың белгілі бір жерде топтасып орналасуының нәтижесінде түзіледі. Вегетативтік жүйке жүйесінің симпатикалық бөлігінің құрамына мынадай құрылымдар кіреді: а) оң және сол симпатикалық бағандар, б) омыртқамаңайлық (паравертебральдік) түйіндер, в) миелинді преганглионарлық жүйкелік талшықтар, г) миелинсіз постганглионарлық жүйкелік талшықтар. Бақылау сұрақтар: 1. Вегетативті жүйке жүйесінің жалпы сипаттамасы, 2. Симпатикалық бөлім нені жүйкелендіреді, 3. Парасимпатикалық бөлімінің құрылысы. Зертханалық сабақ 29,30. Сезім мүшелері. Сабақтың мақсаты: көру және есту мүшелерінің құрылысы мен қызметтері. Анализаторлар туралы ұғым. 1. Тапсырма. Анализаторлар түралы ұғым. Организмге әсер ететін түрлі тітіркендіргіштер, сезімтал нерв талшықтарының ұштары – рецепторлар арқылы қабылданады. Олар арнаулы сезім органдарында және денеде орналасқан. Омыртқалыларда нерв жүйесі күрделеніп тіршілікке қажетті иіс, дәм, есту, көру, тепе-теңдік органдарының рецепторлары шоғырланады. Рецепторлар арқылы қабылданған қозу ми қыртыстарына жеткізіліп отырылады, онда талдау, талқылау процесі жүріп, сезім ажыратылады. Сондықтан да организм дүниедегі бар затты сезім арқылы қабыдап, анализаторлары арқылы түсінік алады. 2. Тапсырма. Көру мүшесінін құрылысы. Көру мүшелері көз алмасынан, көру нервісінен және қосымша аппараттардан тұрады. Көз алмасы бас сүйектің алдыңғы жағындағы көз шарасының ішінде орналасқан. Көз алмасы үш қабықтан: сыртқы тығыз талшықты, ортаңғы-тамырлы қабық, ішкі торлы қабықтан түзілген. Көздің құрылысын салып, белгілеу керек. 3. Тапсырма. Құлақтын құрылымы туралы білімді бекіту. Есту мүшесі орналасуына, атқаратын қызметіне қарай сыртқы, ортаңғы және ішкі құлаққа бөлінеді. Есту – тепе-теңдік анализаторының рецепторлары ішкі құлақта орналасқан. Ал сыртқы және ортаңғы құлақтар аталған анализаторлардың көмекші құрылымы болып саналады. Бақылау сүрақтар: 1. Сезім мүшелеріне жалпы анықтама, олардың негізгі бөлімдері, 2. Көз алмасының қабырғасындағы сыртқы қабығының бөлімдерін атаныздар, 3. Есту тепе-теңдік анализаторының құрылысы, 4. Құлақтын құрылысы. 4. СОӨЖ Студенттердің оқытушы басшылығымен өздік жұмыстары Дәріс сабағының жоспары СОӨЖ / 1сағ/ 1. Тақырып. Құстар организмінің құрылысындағы анатомиялық ерекшеліктер. Семинар сұрақтары: 1. Құстар организмінің құрылысының заңдылықтары, 2. Құстар денесің бөліктерге бөлу, 3. Организмнің дамуынын биоморфологиялық заңдылықтары, 4. Мүше, жүйе, организм туралы түсінік. Зертханалық сабақтын жоспары СОӨЖ / 1 сағ/ 1. Тақырып. Қабырға және төс сүйегінің құрылысы 1. Тапсырма. Қабырға иіліп келген жұқа 12 сүйектен түзілген. Қабырғаның орта жерін қабырғаның денесі, алдыңғы және артқы бөліктері қабырға ұшы деп аталады. Қабырға басынан кейінгі сәл жіңішкеріп келген жерін қабырға мойны, одан кейінгі дөңесті қабырға бұдыры деп атайды. Қабырға сүйегін дәптерге салу. 2. Тапсырма. Төс сүйегінің құрылысын сипаттап, зерттеп оқу, суретін салу. Дәріс сабағынын жоспары /1 сағ/ 2. Тақырып. Білікті қанқанын морфологиясы. Семинар сұрақтары: 1. Сүйектің мүше ретінде құрылысы, 2. Омыртқа бағанасынын түрге байланысты құрылыс ерекшеліктері, 3. Қанқанын мойын бөлігі, 4. Көкірек клеткасынын түрге байланысты құрылыс ерекшеліктері. Зертханалық сабағынын жоспары /2 сағ/ 2,3. Тақырыптар. Омыртқа бағанасынын және бас қанқасынын салыстырмалы анатомиясы. 1. Тапсырма. Омыртқа бағанасынын барлық бөлімдерінің түрге байланысты құрылыс ерекшеліктерімен танысу. 2. Тапсырма. Бірінші, екінші және жетінші мойын омыртқаларынын малдын түріне байланысты құрылысын ажырату. 3. Тапсырма. Бас қанқасынын ми сауты мен бет бөлімінін сүйектерінін түрге байланысты құрылыс ерекшелігімен танысу. Дәріс сабағынын жоспары /1 сағ/ 3. Тақырып. Шеттік қанқанын морфологиясы. Семинар сұрақтары: 1. Еркін қоғалатын аяқ сүектерінің үзбелері, 2. Білек қанқасынын турге байланысты құрылыс ерекшеліктері, 3. Білезік сүйектердің түрге байланысты ерекшеліктері, 4. Иық және жамбас белдеудің сүйектері. Зертханалық сабағынын жоспары /2 сағ/ 4,5 Тақырып. Иық және жамбас белдеу сүйектері. Артқы аяқтын автоподиі. 1. Тапсырма. Иық және жамбас белдеудің сүйектері, олардын құрылысы және қызметі. Жеке сүйектердің суретін салу. 2. тапсырма. Артқы аяқ бас сүйектерді алдынғы аяқ бас сүйектерімен салыстырып оқу керек. Құстын түріне байланысты олардын құрылыс ерекшеліктерімен танысу. Дәріс сабағынын жоспары /1 сағ/ 4. Тақырып. Синдесмология. Семинар сұрақтары: 1. Сүйектердің байланысу түрлері, 2.Буын дегеніміз не? 3. Буындардың қозғалысқа байланысты түрлері, 4. Омыртқалардың байланысы, 5. Аяқ сүйектерінін буындары және байламдары, 6. Түлға сүйектерінің байламдары. Зертханалық сабағынын жоспары /1 сағ/ 6. Тақырып. Тігіс түрлері. Аяқ сүйектерінің буындары және байламдары. 1. Тапсырма. Бас қанқасы арқылы тігіс түрлерімен танысу және оларды ажырату білу. Бас қанқасында барлық тігіс түрлері кездеседі / тісті, қабыршақты, жапырақша т.б./ 2. Тапсырма. Буындардын құрылысына және қызметіне байланысты түрлерін зерттеп оқу. Күрделі буындардың байламдарымен танысу. Барлық күрделі буындарды атап шығыныздар. 3. Тапсырма. Қай буында ен көп байлам кездеседі ? Дәріс сабағынын жоспары /1 сағ/ 6. Миология. Семинар сұрақтары: 1. Құрылысына байланысты бүлшық еттердің түрлері, 2. Жасқа байланысты бүлшық еттердің ерекшеліктері, 3. Бүлшық еттердің қосымша құрылымдары, 4. Бүлшық еттердің дамуы. Зертханалық сабақтардын жоспары /3 сағ/ 7,8,9 Тақырыптар. Фасциялар. Синовиальды бурсалар, қуыстар. Жамбас терен бұлшық еттері. 1. Тапсырма. Бүлшық еттің қосымша құрылымдарымен танысу. Препарат және таблица арқылы беткей, терен фасциялардын топографиясын, қызметтерін зерттеп оқу. 2. Тапсырма. Оқутышы көмегімен препаровке кезінде бұлшық еттердің сінірлеріне, бурсаларына көніл аударыныздар. 3. Тапсырма. Білезік және жіліншек буындардын сақиналы байламдарын, бурсаларды, сінірлерді тауып алыныздар. 4. Тапсырма. Жамбастын терен бүлшық еттерін зерттеп оқу. Дәріс сабағынын жоспары /1 сағ/. 7. Тақырып. Тері түындылары. Семинар сұрақтары: 1.Терінің дамуы, 2. Қаурсының құрылысы және түрлері, 3. Айдардың құрылысы, түрлері 4. Терінің қатты түындылары, 5. Қаурсының дамуы. Зертханалық сабақтын жоспары /1 сағ/ 10. Тақырып. Тері түындылары. 1. Тапсырма.Қйымшақтық безеінің құрылысына назар аударыныздар. Паренхиматозды мүше, күрделі, жүп түтүкті без. Суретін салып, белгілеу керек. 2. Тапсырма. Қауырсының түрлерің ажырату. Бір пішінді қауырсының суретін салып, белгілеу қажет. Дәріс сабағынын жоспары /1 сағ/. 8. Тақырып. Ас қорыту мүшелері. Семинар сұрақтары: 1. Ішкі мүшелер туралы түсінің, 2. Серозды қуыстар, 3. Баурдың құрылысы, 4. Үйқы безенің құрылысы, 5. Ас қорыту мүшелерінің дамуы, 6. Сілекей безедерінің құрылысы. Зертханалық сабақтын жоспары /2 сағ/ 11,12. Тақырып. Ішектер. Бауыр мен ұйңы безі. 1. Тапсырма. Жінішке және жуан ішек бөлімдерінің анатомиялық құрысымен танысу. Олардың қабырға құрылыс ерекшеліктерін зерттеп оқу. Құрылысымен танысқаннан кейін олардың атқаратын қызметерінің қалай өтетінін түсіну. 2. Тапсырма. Бауыр құрылысы мен қызметін зерттеп оқу. Ас қорыту және зат алмасу процестеріне тиетін әсерін түсіну. 3. Тапсырма. Ұйқы безеінің құрылысымен танысу. Препарат, атластар арқылы көргеннен кейін сыртқы пішіні мен құрылысын зерттеп, суретін салу. 4. Тапсырма. Ас қорыту мүшелерінің топографиясын зерттеп оқу. Дәріс сабағынын жоспары /1 сағ/. 9. Тақырып. Тыныс алу мүшелері. Семинар сұрақтары: 1. Мұрын жолдарының манызы, 2. Мұрын синустарының манызы, 3. Кенірдектін манызы және топографиясы, 4. Өкпенің құрылысы, 5. Плавра дегенімз не ? 6. Тыныс алу мүшелерінің басты қызметтері. Зертханалық сабақтын жоспары /2 сағ/ 13,14 Тақырыптар. Өкпе. Плевра. 1. Тапсырма. Көніл аударатын жағдай, бронхының бронхы бұтақтарына дихотомиялық тарамлалуы. Бұл тарамдалудың дем алумен дем шығарғандағы өтетін ауанын жылдамдығына әсер ететін манызы қандай екенін түсіну. Өкпенін құрылысын зерттеп оқу. Дәптерге суретін салу. Өкпе- пішіні кесілген конус тәріздес тыныс алу жүйесінің негізгі мүшесі. Құрылысы жағынан түтікшелі- көпіршікті, қомақты паренхиматозды мүше. Өкпе тыныс алу жолдарынан және газ алмасу бөлімінен тұрады. Тыныс алу жолдарын бронхиальдік тарам деп атайды. Бөлімаралық сай арқылы өкпе краниальдік және каудальдік бөліктерге бөлінеді. 2. Тапсырма. Плевранын маңызын және құрылысын зерттеп оқу. 3. Тапсырма. Тыныс алу мүшелерінің топографиясын талқылау. Дәріс сабағынын жоспары /1 сағ/ 10. Тақырып. Зәр шығару мұшелері. Семинар сұрақтары: 1. Зәр шығару мүшелерінің филогенезі, 2. Бүйректің құрылысы, 3. Зәр шығару мүшелерінін манызы, 4. Клоака түралы түсінік. Зертханалық сабақтын жоспары /1 сағ/ 15. Тақырып. Бүйрек. Нефронын құрылысы. 1. Тапсырма. Бүйрек құрылысымен танысу және бөліктерді ажырату білу. Бүйрек суретін салып, белгілеу керек. 2. Тапсырма. Бүйректің негізгі құрылымдық және функциональдік бөлігі- нефронын құрылысын зерттеп оқу. Бүйректін көлденен кесінді препаратын анықтап қарау керек. Дәріс сабағынын жоспары /1 сағ/ 11. Тақырып. Жыныс мүшелері. Семинар сұрақтары: 1. Жыныс жүйесінің филогенезі, 2. Аталық жыныс мүшелерінің топографиясы және түрге байланысты ерекшеліктері, 3. Аналық жыныс мүшелерінің топографиясы және түрге байланысты ерекшеліктері, 4. Аналық жыныс безі, Овуляция туралы ұғым. Зертханалық сабақтын жоспары /2 сағ/ 16,17 Тақырып. Жұмыртқа жолының құрылысы, манызы. 1. Тапсырма. Аталық жыныс мүшесінің құрылысы. 2. Тапсырма. Аналық жыныс безінің сыртқы және ішкі секрециялық кызметімен танысу. Жұмыртқалықтын түрге байланысты құрылыс ерекшеліктерімен танысу. Сары денешек, овогенез және овуляция деген ұғымдарды түсіну. Дәріс сабағынын жоспары / 1сағ/ 12. Тақырып. Жүрек- қан тамырлар жүйесі. Семинар сұрақтары: 1. Жүрек- қан тамырлар жүйесінің организмдегі манызы, дамуы, 2. Жүректін өткізгіш жүйесі, 3. Артерио- веноздық анатомоздардың қызметі, құрылысы, 4. Жүректің қабаттары, 5. Қан тамырларының дамуы. Зертханалық сабақтарынын жоспары /2 сағ/ 18,19 Тақырыптар. Жүрек- қан тамырлар жүйесі. 1. Тапсырма. Артери және вена қан тамырларының құрылысымен танысу. Олардын қабарға құрылысының ерекшеліктерін білу. 2. Тапсырма. Артериялардын жіктелуі, қызметі. 3. Тапсырма. Веналырдың жіктелуі. Организмнің негізгі вна тамырлары, манызы. Дәріс сабағынын жоспары / 1сағ/ 12.Тақырып. Лимфа жүйесі. Семинар сұрақтары: 1. Лимфа тамырларынын құрылысы, 2. Лимфа түйінің құрылысы, манызы, 3. Негізіг лимфа түйіндердің және лимфа өзектерінің орналасуы, 4. Лимфа қүрамы. Зертханалық сабақтарынын жоспары /1 сағ/ 20. Тақырып. Лимфа жүйесі. 1. Тапсырма. Препарат, сурет арқылы лимфа түйінің макро- және микроскопиялық құрылысын зерттеп оқу. Лимфа түйінің құрылысын дәптерге салып, белгілеу керек. 2. Тапсырма. Лимфа сүйығының ағу жолын зерттеу.Лимфа түйінің иммунитет пайда болуына ролі. Дәріс сабағынын жоспары / 1сағ/ 13. Тақырып. Ішкі секреция бездері. Семинар сұрақтары: 1. Эпифиздің құрылысы, манызы, дамуы, 2. Қалқанша маны безі, 3. Кальцитониноциттердің ролі, 4. Бүйрек үсті безі, онын құрылысы, қызметі, 5. Гипоталамо- гипофизарлық жүйе туралы түсінік. Зертханалық сабақтарынын жоспары /2 сағ/ 21. Тақырып. Ішкі секреция бездері. 1. Тапсырма. Қалқанша маны безідің құрылысындағы ерешеліктерін зерттеу. 2. Тапсырма. Бүйрек үсті бездің морфологиясын зерттеп оқу. Гормондарының қызметі, басқа мүшелерінің қызметіне әсері. Бездің паренхимасын не түзеді және оның капсуласы мен стромасы қандай ұлпалардан тұрады. 3. Тапсырма. Гипоталамо- гипофизарлық жүйе туралы түсінік. Дәріс сабағынын жоспары /1 сағ/ 14. Тақырып. Қан жасау мүшелері. Семинар сұрақтары: 1. Қан жасау мүшелердің дамуы, 2. Қан жасау мүшелердің негізін қай ұлпа құрайды, 3. Миелоидті ұлпа дегеніміз не? 4. Лимфоидті ұлпа дегеніміз не ? 5. Көк бауырдың ақ пульпасын неден түзілген, 6. Шеттік қан жасау мүшелері. Зертханалық сабағынын жоспары /1 сағ/ 22. Тақырып. Қан жасау мүшелері. 1. Тапсырма. Айырша бездің құрылысы, жасқа байланысты өзгерістері. Иммунитетке қатысуы. 2. Тапсырма. Шеттік қан жасау мүшелерінің морфологиясын талқылау. Шеттік мүшелерде Т- және В- зоналары қай жерде орналасады. 3. Тапсырма. Көк бауырдын қанмен қамтамасуы. Дәріс сабағынын жоспары /1 сағ/ 15. Тақырып. Перифериялық жүйке жүйесі. Вегетативті жүйке жүйесі. Семинар сұрақтары: 1. Шеттік жүйке жүйесінің дамуы, 2. Анализатор дегеніміз не ? 3. Жұлындық жүйкелер, 4. Бастық жүйкелер, 5. Вегетативті жүйке жүйесінің жалпы сипаттамасы, 6. Симпатикалық және парасимпатикалақ бөлімдер. Зертханалық сабағынын жоспары /1 сағ/ 23. Тақырып. Жұлын. 1.Тапсырма. Жұлынның көлденен кесіндісін қарап, оның сүр және ақ заттарын анықтап қарау керек. Жұлынның сұр затында қандай ядролар бар, оларды атап, әр ядроның орналасқан жереін көрсету керек. 2. Тапсырма. Жануар жұлынның вентральді мүйізшілері зақымдалған, қандай қызметтер бұзылды ? 3. Тапсырма. Жұлынның қабақтарын зерттеп оқу. Зертханалық сабағынын жоспары /2 сағ/ 24,25 Тақырыптар. Бас ми. 1. Тапсырма. Мидың бөлімдерін түсті атластан қарап, ми муляжінен анықтау. Иіс сезу мидын құрысын зерттеп оқу. 2. Тапсырма. Жалпы мидың сагитальды кесіндісін алып, суретін салу. 3. Тапсырма. Соңғы мидын құрылысын анықтап түсіну. 4. Тапсырма. Ми сыңарларының қатпарлары мен сайларын зерттеп, суретін салу. Зертханалық сабағынын жоспары /1 сағ/ 26. Тақырып. Жұлындық жүйкелер. 1. Тапсырма. Сегізкөз торабы негізінде сегізкөз нервтерінің алдынғы бұталарының өрімінен түзіледі, бүл ен ірі торап болып саналады. Сегізкөз торабының нервтерін зерттеп оқу. 2. Тапсырма. Арқалық және вегетативтік түйіндердің құрылысынын ерекшеліктерін меңгеріп алу. 3. Тапсырма. Қол мен аяқ еттеріне баратын нервтер қай тораптардан басталады және қандай нервтер. Зертханалық сабағынын жоспары /1 сағ/ 27. Тақырып. Бастық жүйкелер /7-12 жұп/. 1. Тапсырма. Атлас пен таблицалардан 7-12 жұп нервтердің түбіршіктерінің жатқан жерін тауып, әрқайсысының атын жаттау. 2. Тапсырма. Әрбір ми нервисінің жатқан ми орталығын тауып, қысқаша жазып алу. 3. Тапсырма. Ми нервтердің қай органдарды нервтендіретінін зерттеп білу және сипаттап жазу. Зертханалық сабағынын жоспары /1 сағ/ 28. Тақырып. Вегетативті жүйке жүйесі /парасимпатикалық бөлімі/. 1. Тапсырма. Парасимпатикалық нерв жүйесінің орталық бөлімдерімен нерв жолдарын /түйінге дейінгі, түйіннен кейінге/ зерттеп, қай органдарды жүкелендіретің білу. 2. Тапсырма. Организімде қандай өрімдер /нерв тораптары/ бар соны анықтау. Парасимпатикалық нерв талшықтары қай ми нервтерінің құрамында бар және қандай органдарды жүкелендіретің сипаттау. Зертханалық сабағынын жоспары /2 сағ/ 29,30. Тақыптар. Анализаторлар. 1. Тапсырма. Көру мүшесінің құрылысын таблицалар мен көздің бөлектенетін моделінен қарап оқып түсіну. Көз құрылысының және оның әрбір қабықшасына анықтама беріп, жалпы суретін салу. 2. Тапсырма. Атластар мен таблицалардан есту және тепеөтеңдік сақтау мүшелердің құрылысын оқып оларды алмалы-салмалы модельдерімен салыстыру. Ұлудын көлденең кесіндісін алып есту механизмінің түйісуін түсіну. 3. Тапсырма. Дәм сезу мүшесінің құрылысын оқып, суретін салу. 4. Тапсырма. Иіс сезу анализаторының құрылысын түсініп, схемасын салу. 5. Студенттің өздік жұмысы Студенттің өз бетімен дайындығын ұйымдастыруы. Ол үшін алдымен оқулықтан, дәрістерден деректерді қайталап, одан сон препараттармен жұмыс істеуге көшу қажет, басқаша айтқанда ілімнен іс тәжрибеге бағытталған жөн. Өз бетімен емтиханға дайындалу үшін студент алдымен білім қалдығын талдап алып, жоспарлауы қажет. Өз білімін тексеруге студент әр сабаққа арналған бақылау сұрақтармен пән бағдарламасын пайдаланғаны дұрыс. Қандайда болмасын мәлімет, деректерді игеруде, оның көрнекті құралдарының маңызы зор. Ол үшін оқулықтағы, атластағы және осы практикумдегі препараттар бейнесін ықыласпен қарау орынды.Өз бетімен дайындалу жоспарында кафедрада белгіленген тақырыптық кенес уақытында ескеру қажет. Жазбаша жұмыстың тақырыптары: 1. Құстардың ушуға бейімделуінің ерекшеліктері. 2. Құстар денесінің бөліктерге бөлінуі. 3. Бұлшықеттің мүше ретінде құрылысы 4. Аталық құстардың жасына байланысты морфофункциональдық өзгерістері. 5. Аталық құстардың сезонға байланысты морфофункциональдық өзгерістері 6. Ішкі мүшелер, дене және серозды қуыстар туралы түсінік 7. Сүйектердің пішініне, құрылысына және орналысуына қарай жіктелуі 8. Буынның байламдары, қуыстары, шеміршектері және синовий суйығы 9. Бұлшықет жүйесінің жалпы сипаттамасы және оның денеде орналысуы 10. Тері жабының фило- және онтогенезі 11. Ас қорыту түтігінің дамуы және оның даму сатысында өзгеруі 12. Бауыр мен ұйқы безінің манызы 15. Өкпенің құстардың түріне қарай құрылысы. 16. Зәрдің түзілу механизмі 17. Жыныс бездерінің эндокринді қызметі 18. Овуляция туралы түсінік. Сары денешіктің түзілуі 19. Жүрек және қан тамырлар жүйесінің дамуы 20. Қан жасау қызметінің қалыптасуы 21. Ішкі секреция бездерінің дамуы 22. Орталық жүйке жүйесіне сыртқы және ішкі орта факторлардың әсері 23. Күрделі рефлекторлық доғаның үзбелері. Құстар анатомиясы пәнінен емтихан сұрақтары. 1. Құстар дене құрылысының заңдылықтары. 2. Бастың бет бөлімі / сүйектер, байланыс түрлері, бұлшық еттер, тамырлар, жүйкелер, түрге және жасқа байланысты ерекшеліктері /. 3. Тоқ ішек /құрылысы, топографиясы, көректенуі, иннервация, түрге байланысты ерекшеліктері /. 4. Анатомияның даму тарихы 5. Бас қаңқасының ми бөлімі /сүйектері, байланысу түрлері, бұлшық еттері, қан, жүйке тамырлары, жасқа және түрге байланысты ерекшеліктері/ 6. Ащы ішек /бұлшық еттері, қан, жүйке тамырлары, жасқа және түрге байланысты ерекшеліктері/ 7. Эволюциялық дамудағы түр және қызмет бірлігі, морфологияның дамуындағы анатомдардың ролі. 8. Мойын бөлімі /сүйектері, байланыс түрлері, бұлшық еттері, тамырлары, нервтері, түрге байланысты ерекшеліктері/. 9. Бауыр және ұйқы безі /құрылысы, орналасуы, қан айналымы, жүйкеленуі, түрге байланысты ерекшеліктері/. 10. Анатомияны зерттеудегі эволюциялық және функциональдық бағыттар. 11. Иық белдеуі аймағы /сүйектері, бұлшық еттері, жасқа және түрге байланысты ерекшеліктері, қан тамырлар, нервтер/. 12. Мұрын қуысы /құрылысы, қан тамырлары, жүйкелері, қосалқы қуыстар /. 13. Анатомиялық зерттеу әдістері. 14. Иық бөлімі /сүйектері, бұлшық еттері, жүйкелері, жасқа және түрге байланысты ерекшеліктері /. 15. Жумыртқалық /құрылысы, орналасқан жері, түрге және жасқа байланысты ерекшеліктері, қан тамырлары, жүйкелері/. 16. Осьтер, жазықтар, бағыттар. Негізігі анатомиялық терминдер. 17. Шынтақ аймағы /сүйектері, бұлшық еттері, жүйкелері, жасқа және түрге байланысты ерекшеліктері / 18. Ұрық жолы /құрылысы, орналасқан жері, түрге және жасқа байланысты ерекшеліктері, қан тамырлары, жүйкелері/. 19. Филогенез, онтогенез, аномалия туралы түсінік. 20. Білезік аймағы /сүйектері, байланыстары, бұлшықеттері, тамырлары, нервтері, қозғалыс сипаттамасы/ 21. Жамбас, жамбас қуысының артериясы. 22.Мүшелер, мүшелер жүйесі туралы түсінік. 22. Саусақ бөлімі /сүйектері, қызметіне байланысты өзгерісі, жүйкеленуі, бұлшық еті, қан тамырлары /. 23. Аталық жыныс мүшесі (түр ерекшеліктері, қанмен қамтамасыз етілуі, жүйкеленуі/. 24. Веналардың ерекшеліктері. 25. Қауырсын /түрі, құрылысы, типтері/. 26. Соңғы мидың құрылысы және қызметі. 27. Сүйектердің үзіліссіз байланысы. 28. Фасция туралы түсінік. Тері асты фасциялар мен бұлшықеттер. 29. Бастық жүйкелер (7-12 жұп). 30. Тұлға қаңқасының дамуы. 31. Тізе аймағы /сүйектері, бұлшық еттері, жүйкелері, тамырлары, жасқа және түрге байланысты ерекшеліктері /. 32. Бастың және мойының тері қатпарлары құрылысы / тамырлары, жүйкелері, жасқа және түрге байланысты ерекшеліктері/. 33. Сүйектердің байланысының түрлері, жіктелуі. 34. Бел-сегізкөз шоғыры. 35. Жүрек, жүрек қабы /құрылысы, орналасуы, қан айналымы, жүйкеленуі/. 36. Бас қаңқасының онтогенезі. 37. Көкірек аймағы /сүйектері, бұлшық ететрі, жүйкелері, жасқа және түрге байланысты ерекшеліктері /. 38. Ортаңғы және аралық ми /құрылысы, орналасуы, қызметінің маңызы/. 39. Бұлшық еттің мүше ретіндегі құрылысы, қосымша құрылымдары. 40. Тірсек аймағы (түр ерекшеліктері, бұлшық еттері, қан тамырлары, жүйкеленуі). 41. Өңеш және жұтқыншақ /құрылысы, орналасуы, түр ерекшеліктері, қан айналымы, жүйкеленуі/. 42. Бұлшық еттердің құрылысына, пішініне, қызметіне қарай жіктелуі. 43. Артқы аяқ саусақ аймағы (сүйектері, қызметіне байланысты өзгерісі, бұлшық еттері, қан тамырлары, түр ерекшеліктері/ 44. Құрсақ аортасы (топографиясы, аортадан таралатын тамырлар/. 45. Аяқ қаңқасының онтогенезі. 46. Тізе буыны аймағы (құрылысы, функциональдық ерекшеліктері, бұлшық еттері, қан тамырлары, нервтері). 47. Жұлын (құрылысы, орналасуы, жұлын қабы, қан айналымы). 48. Сүйектің мүше ретіндегі құрылысы, классификациясы. 49. Тұлғаның бел бөлімі /сүйектері, бұлшық еттері, жүйкелері, жасқа және түрге байланысты ерекшеліктері /. 50. Бастық жүйкелер (1-У1 жұп). 52. Сероздық қуыстар. Плевра және іш астарының жолы. Ішек қуысын аймақтарға бөлу. 53. Тілерсек сүйек аймағы (сүйектері, байланысы, қозғалысы, тамырлары, жүйкелері). 54. Тыныс алу, ас қорыту жүйесіндегі ерекшеліктер. 55. Тыныс алу жүйесінің фило- онтогенезі. 56. Сегізкөз аймағы /сүйектері, бұлшық еттері, жүйкелері, жасқа және түрге байланысты ерекшеліктері /. 57. Көздің құрылысы. 58. Ас қорыту мүшелерінің фило- онтогенезі. 59. Жануарлардың бөксе аймағы /сүйектері, бұлшық еттері, жүйкелері, жасқа және түрге байланысты ерекшеліктері /. 60. Ромб тәріздес ми /құрылысы, қызметінің маңызы/. 61. Несеп-жыныс мүшелерінің фило-онтогенезі. 62. Құстардың кұйрық аймағы /сүйегі, байланысы, түрге және жасқа байланысты ерекшеліктері, бұлшық еттері, қан тамырлары, нервтері/. 63. Кеуде қолқасы. 64. Жұлынның фило- онтогенезі. 65. Сегізкөз аймағы /сүйектері, бұлшық ететрі, жүйкелері, жасқа және түрге байланысты ерекшеліктері /. 66. Өкпе, кеңірдк, бронхтар /қан тамырлары, жүйкелері, жасқа және түрге байланысты ерекшеліктері /. 67.Бас мидың фило- онтогенезі. 68. Тұсамыс сүйегі аймағы (сүйектері, байланысы, қозғалысы, бұлшық еті, жүйкесі, қан тамырлары). 69. Бүйрек, қуық, несепағар, несеп шығару өзегі. 70. Қан тамырлар жүйесінің фило-онтогенезі. 71. Иық буыны аймағы (сүйектері, байланысы, қозғалысы, жүйкеленуі, қанмен қамтамасыз етілуі). 72. Асқазан (құрылысы, орналасуы, түрге байланысты ерекшеліктері, қан айналымы, жүйкеленуі). 73. Ішкі секреция бездеріне жалпы сипаттама. 74. Шынтақ буыны аймағы (сүйектері, байланысы, бұлшық еттері, бурсы, қозғалысы, қан айналымы, нервтері). 75. Тұяқтың құрылысы. 76. Лимфа жүйесіне жалпы сипаттама . 77. Топай буыны аймағы (сүйектері, байланысы, қозғалысы, нервтері, қан тамырлары). 78. Күйіс қайтаратын малдардың асқазаны (құрылысы, түрге және жасқа байланысты ерекшеліктері, орналасуы, қан айналымы, нервтері). 79. Қан жасаушы мүшелерге жалпы сипаттама. 80. Терінің туындылары (май табанның, мүйіздің, шаштың құрылысы). 81. Ең, еңқап, еңкосымшасы, еңбау, шәует жолы (құрылысы, орналасуы, ерекшеліктері, қан тамырлары, нервтері). 82. Қан тамырларының таралуы заңдылықтары, тамырлардың жасқа байланысты өзгеруі. 83. Құрсақ бқлшықеттері (орналасуы, шап каналының қалыптасуы, іштің ақ сызығы, қанмен қамтамасыз етілуі, жүйкеленуі). 84. Иық шоғыры . 85. Қаңқаның бөліктерге бөлунуі. 86.Жамбас-ортан жілік аймағы (құрылысы, қозғалысы, бұлшық еті, қанмен қаматамсыз етілуі, жүйкеленуі). 86. Ересек организмнің және ұрықтың қан айналымы. 87. Жүйке жүйесінің вегетативті бөліміне жалпы сипаттама. 88. Ауыз қуысы (тіл, түр ерекшеліктері, қан айналымы, жүйкеленуі). 89. Есту мүшесінің құрылысы. 90. Қан жасаушы мүшелерге жалпы сипаттама.
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz