Файл қосу
Пробиотиктердің иммундық жүйеге әсері
|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ | |ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ | | |ПОӘК |ПОӘК 042-14-4-02. | |3 деңгейлі СМЖ құжаты | |01.20.9/03- 2010 | | «Малдәргерлік тәжірібеде | | | |қолданылатың жаңа |23.02.2010 | | |иммуностимуляторлар мен |№1 басылым | | |биопробиотиктер» | | | |пәнінің оқу-әдістемелік кешені| | | 051201 – «Ветеринариялық медицина» мамандығының студенттері үшін «Малдәргерлік тәжірібеде қолданылатың жаңа иммуностимуляторлар мен биопробиотиктер» пәні бойынша дайындалған ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ Семей 2010 Алғы сөз «Малдәргерлік тәжірібеде қолданылатың жаңа иммуностимуляторлар мен биопробиотиктер» пәні ветеринария бағытынды әр түрлі жануарлардың қазіргі кездегі зерттеу әдістерін меңгеруді үйрететін, соның негізінде қажетті емдеу, алдын алу және басқа да шараларды қолдануға негіз болатын клиникалық ветеринарияның бөлімі. 1.Әзірлегендер: 1. Қожанов К.Н. – малдәрігерлік ғылымдарының докторы, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің профессоры; 2. Лавриненко Г.Е. – малдәрігерлік ғылымдарының кандидаты, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің доценті; 3. Тойкина Г.Н. – малдәрігерлік ғылымдарының кандидаты, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің доценті; 4. Мұратбаев Д.М. – Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің ассистенті. «____» _______________2010 ж. 2.ТАЛҚЫЛАНДЫ 2.1. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің «Ветеринариялық медицина» кафедрасының отырысында « » 2010 жылы № хаттама. Кафедра меңгерушісі, проф. М. Ыскаков 2.2. Аграрлық факультетының оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында «___»____________2010 жылы, №____хаттама төраға Г. Джаманова 3.БЕКІТІЛДІ Университеттің Оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында шығаруға мақұлданған және ұсынылған. «___»____________2010 жыл, №____ хаттама ОӘК төрағасы, бірінші проректор А. Молдажанова 4.АЛҒАШҚЫ РЕТ ЕҢГІЗІЛДІ МАЗМҰНЫ 1. Дәрістер 2. Тәжірибе сабақтары №1 ДӘРІС. К І Р І С П Е Жоспары: 1. Пән туралы түсінік. 2. Пәннің мамандық үшін маңызы. 3. Пәннің міндеті мен мақсаттары. Соңғы жылдары мал организмінде дамитын иммундық жетіспеушілікке деген қызығушылық теориялық және тәжірибелік жағынан ветеринария саласында маңызды орын алуда. Ондай жағдай көптеген әдеби деректерде иммундық дефицит деп бағалануда. Иммундық дефицит дегеніміз организмнің иммундық жауабының бір немесе бірнеше механизмдерінің дұрыс жұмыс істемеуі салдарынан организмнің иммунобиологиялық статусының қалыптылығының бұзылуы. Олар көбінесе арнайы емес иммундық жүйенің функционалдық белсенділігінің бұзылуынан немесе нақтылы иммундық жүйенің дұрыс жұмыс істемеуінен туындайды. Мұндай жағдайда індетті аурулардың ауыр түрде жүруі немесе жиілеуі байқалады. Олар созылмалы түріне айналып, көп жағдайларда традициалық емдеу әдістеріне бағынбайды. Сапрофитты микроорганизмдер патогендік қабілеттілікке ие болып ауруды одан ары асқындыра түсді. Арнайы емес иммундық жүйенің дефектісі бактериялардың толық жойылмауымен, тері және жүйелі пиогенді індетпен сипатталады. Ал арнайы иммундық дефициттер иммундық жүйенің В- және Т-торшалар деңгейіндегі дефектілермен сипатталады. Дефектілердің деңгейі мен орналасуына байланысты басымырақ гуморалдық, торшалық немесе аралас иммундық дефициттерді ажыратуға болады. Малдарда гуморалдық иммундық дефицитте бактериалдық індетке сезімталдығының жоғарлағаны байқалады. Торшалық жеткіліксіздігінде саңырауқұлақтар, вирустар және тоғышарлар тудыратын қайталама аурулар себеп болады. Бірінші қатардағы немесе екінші қатардағы иммундық жеткіліксіздіктерді ажыратуға болады. Бірінші қатардағы иммундық дефицит туа біткен, генетикалық негіздегі организмнің иммундық жауап бере алмауы. Аутосомно-рецессивті түрде тұқым қуалаушылық. Иммундық жүйенің бұзылғандығы бірінші қатардағы иммундық дефициттерде айқынырақ білінеді. Екінші қатардағы иммундық дефицит жүре пайда болған, организмге вирустардың, бактериялардың, паразиттердің әсерінен зат алмасуының бұзылуынан пайда болады. Олар, сондай-ақ, цитотоксикалық препараттардың, иондаушы радиацияның әсерінен, жаңа туған төлге аналық қарсы денелердің берілуінің бұзылуынан да дамуы мүмкін. Иммундық жеткіліксіздіктің дамуында көптеген сатыларды бақылауға болады. Ондай сатылардың дамуы ұрықтың сүйек кемігіндегі торша элементтердің жетілу және жіктелу барысындағы дефектілеріне байланысты. Иммундық жеткіліксіздіктің осылай жіктелуі бүгінгі күнгі ғылым жетістіктеріне тікелей байланысты. Организмнің иммундық жауабының генетикалық, биохимиялық және торшалық жаңалықтарының ашылуларына байланысты иммундық дефициттің жіктелуі де жетілдіріле бермек. Өзіндік дайындалуға сұрақтар: 1. Пәннің анықтамасын беріңіз. 2. Пәннің мақсаты мен міндеті туралы айтып беріңіз. 3. Малдәрігерлері үшін қазіргі кездегі иммундық пробиотиктердің ветеринария саласындағы маңызы. Ұсынылатын әдебиеттер: 1. К.Н.Қожанов. «Ветеринариялық фармакология». – Алматы, 2008. 2. Б.Д.Айтжанов. «Фармакология». – Алматы, 2006. 3. Бірінші Евразия ветеринария конгрессі. 2007. с. 69-72. №2 ДӘРІС. Тақырыбы: Иммундық жүйе. Жалпы түсініктеме. Жоспары: 1. Жалпы түсінік. 2. Гуморалдық иммунитет туралы. 3. Торшалық иммунитет туралы. 4. Иммунитеттің арнайы емес факторлары. Омыртқалы жануарлардың эволюциясында түзілген иммундық жүйе: 1. Организмді індеттен қорғау үшін; 2. Әрбір жануардарды ерекшелендіру үшін; 3. Организмнің біртұтастығын қамтамасыз ету үшін; 4. Сырттан келетін немесе іште түзілетін бөгде агенттерді аластау үшін және т.б. қажетті құбылыстарды іске асыру үшін керек болды. Осындай функцияларды орындау үшін, көбінесе лимфоидты ағзаларда орналасатын, арнайы торшалар – лимфоциттер, макрофагтар және олардың туындылары, көптеген қосымша торшалар қызмет істеді. Олардың ішінде сүйек кемігі, тимус, лимфа түйіндері, көкбауыр, ішектегі сөл түйіндері және басқа да ағзалар бар. Иммундық жүйенің концепциясы бойынша қандағы миллиардтаған лимфоциттердің әрқайсысының өздерінің үстіңгі қабатында антигендік рецепторлары бар. Осындай рецепторлардың жиынтығы жеке лимфоциттердің өзіндік антигендік детерминанты бар антигенге өзінше жауап беруін қамтамасыз етеді. Антигендік рецепторларлардың дамуы антигендер геніне байланысты болмайды. Иммундық механизм екі типті реакцияға негізделген: торшалық және гуморалдық. Ол лимфоциттердің бір-біріне тәуелсіз екі популяциясына байланысты: 1. Қарсы денелерді түзетін В-торшалар; 2. Торшалық реакцияны іске асыратын Т-торшалар. Иммундық жүйе өзінің реакцияларының ерекшелілігімен, қарсы денелер мен лимфоциттердің ерекше спектрімен және иммунологиялық еске сақтау қасиетімен сипатталады. В- және Т-торшалардың алғашқы даму стадияларында өз организмінің антигендік детерминатын тасымалдайтын супрессиялар пайда болады. Осының салдарынан табиғи иммунологиялық толеранттық пайда болады. Міне, сондықтан да, қалыпты жағдайдағы иммундық жүйе тек бөгде антигендерге ғана жауап береді. Бөгде антигенді лимфоцитпен байланыстыру сол антигенге қарсы иммундық жауапты тудырады. Мұндай жағдайда кейбір лимфоциттер еске сақтау торшаларында пролиферацияға ұшырайды және ерекшеленеді. Енді сол иммуноген екінші рет әсер еткенде иммундық жауап әлдеқайда жылдам және күштірек болады. Оны екінші иммундық жауап деп атайды. Оптималды иммундық жауап тек Т- және В-торшалардың кооперациясында ғана іске асады. Лимфоциттер иммунитеттің негізгі реакциясын қамтамасыз ететін иммундық жүйенің негізгі торшалары. Олар ересек малдардың сүйек кемігінің бағана торшаларының полипотентті түрлерінен, ал ұрықта бауырдан дамиды. Бағана торшаларының ұрықтары қан түзетін ұлпалардан орталық лимфоидты ағзаларға – сүтқоректілерде тимусқа, құстарда Фабрициева қалтасында, қан арқылы келеді – миграция жасайды. Олар ол жерде көбейеді, дифференциацияға ұшырайды. Т- лимфоциттер тимуста толық иммундық қабілетті торша болып қалыптасады. Сүтқоректілерде Фабрициева қалта жоқ. Оларда лимфоциттердің бір бөлігі қан түзетін ағзалардың бағана торшаларының өздерінде түзіледі де, одан кейін шеткергі лимфоидты ұлпаларға жетіп, В-лимфоциттерге айналады. Жаңадан түзілген лимфоциттердің бір бөлігі шеткергі лимфоидты ұлпаларға – лимфа түйіндеріне, көкбауырға, ішектердің лимфоидты жүйелеріне жетіп, антигендермен байланысады. Гуморальды иммунитет. В-лимфоциттер – арнайы қарсы денелер түзу арқылы гуморалдық иммундық жауапты іске асыруға бейімделген иммундық жүйенің торша элементі. Антитела – қарсы денелер. Қарсы денелер көбінесе белокты заттар. Індет процесі кезінде олар тиісті антигендерге В- лимфоциттер арқылы синтезделеді. Қарсы денелер жиынтығы иммуноглобулиндер деп аталады. Олар қан белоктарының негізгі класстарын құрайды. Қан сары суының 20 %-ын құрайды. Қарсы денелер вирустар мен бактериялар туғызатын токсиндерді бейтараптайды, комплементті, фагоциттерді, киллер торшаларын іске қосады. Осындай әрекеттер арқылы организмді індеттен қорғайды. Иммуноглобулиннің молекуласы Y пішінді, екі бірыңғай ауыр (Н) және екі жеңіл (L) шынжырлы тізбектерден тұрады. Олардың бөліктері тиісті антиген детерминаттарымен байланысып, антиген-байланыс бөлімін құрады.Әртүрлі Н тізбектері бар иммуноглобулиндердің 5 түрін ажыратады: LgG, LgM, LgA,LgE, LgD. Н-тізбектің бөліктері Fc-бөлімін құрайды. Осы бөлік арқылы иммуноглобулиндердің әрбір классының биологиялық қасиеттері анықталады. Ары қарай әрбір класстаныа сипаттама беріледі. Әртүрлі антигендерге тиісті арнайы қарсы денелердің санын әртүрлі иммунобиологиялық тестілер арқылы анықтауға болады. Ескеретін жағдай, вирустық індеттерде иммундық қорғанысты тек вирусты бейтараптайтын қарсы денелер ғана қамтамасыз ете алады. Ал басқа қарсы денелер организмді қорғауға вириондарды опсонизациялау немесе агглютининдеу, вируспен жарақаттанған торшаларды комплементарлық немесе торшалық лизиске ұшырату арқылы әсер етеді. Қарсы денелермен вирустың синтезін ингибициялау вирус індетінің негізгі моделінде in vitro дәлелденген. Бірінші індеттен жазылу барысында қарсы денелердің рөлі айқын анықталмағанмен, олар екінші рет ұқсас індет жұққанда организмді нақтылы қорғайтыны анық. Вирусты індеттің бірінші кезеңінде иммундық жауап торшалы түрде болады. Оған дәлел, вирустық індетте қарсы денелердің көп мөлшерде қанның сары суында анықталуы. Кейде сол қарсы денелер организмді вирустан тазалауға жеткіліксіз болғанымен, олар вирустың ары қарай тарамауында шешуші рөль атқарады. Көптеген персистенттік індеттерде жасырын сатысының басымырақ болуын қамтамасыз ететін бірден-бір негізгі элемент болып табылады. Торшалық иммунитет. Негізгі элементі Т- лимфоциттер. Олар тимуста түзіледі. Әртүрлі вирустық, бактериалдық, саңырауқұлақтық және т.б. індеттердің әсерлеріне қарсы иммундық жауаптың эффекторы. Бұл процеске торшалардың 3 субпопуляциялары қатысады: 1. Т-торшалар-хелперлер. Олар гуморалдық және торшалық жауаптарды, макрофагтардың белсенділігін қамтамасыз етеді; 2. Цитотоксикалық Т-торшалар. Олар бөтен және індеттелген торшаларды жоюға қатынасады; 3. Т-торшалар-супрессорлар. Олар иммундық жауапты тежейді және микроорганизмдермен пайда болатын иммундық супрессияға жауап береді. Организмнің иммундық жауабын негізгі реттеушілер – Т-хелперлер мен Т- супрессорлар. Адам мен малдарға бірдей патогенді вирустармен жүргізілген көптеген эксперименттер организмнің жазылуында Т-торшалардың маңызды рөлін дәлелдеп берді. Торшалық типті иммундық реакциялар: • торшалардың ішіндегі микроорганизмдерге (вирустарға, бактерияларға, саңырауқұлақтарға) тошалық реакция; • трансплантация жасалған ағзалар мен ұлпалардың торшаларына лимфоциттердің цитотоксикалық әсері; • белсенді Т-лимфоциттермен ісік торшаларын талқандау; • торша типті ГЗТ аллергиялық реакциясы; • аутоиммундық бұзылуда болатын торшалық реакция. Осындай әртүрлі реакциялардың жалпы белгісі ретінде жіктелу процесінің соңғы өнімі, эффектор-торша рөлін Т- лимфоцит атқарады. Т- және В- лимфоциттер өздерінің мембраналарында құрылысы жағынан В- торшалардың иммунды глобулиндерінен аумайтын арнайы антиген рецепторларын тасымалдайды. Т-торшалардың антигендік рецепторлары - құрамында екі негізгі гликопептидтер бар гетеродимер. Мұндай антигенді рецепторлар шеткергі Т-торшалардың 90 %-да және барлық тимоциттерде кездеседі. Т- лимфоциттердің негізгі функциясы вирус-індетпен жарақаттанған торшаларды талқандау. Кейде ондай реакция шеттен шығып, организмнің басқа да ұлпаларын талқандауы мүмкін. Ондай жағдайда торша-супрессорлар талқандау процесін шектеп, организмнің біртұтастығын қамтамасыз етеді. Бөгде антигендер торша мембранасының гликопротеиндерімен жинақталғанда ғана Т-торшалардың әсеріне ұшырайды. Торшалық иммундық жауаптың индукциясында макрофагтар зор рөл атқарады. Моноциттер – макрофагтар. Организмді вирустық, бактериалдық және ісіктік аурулардан қорғауда моноциттер мен ұлпа макрофагтары негізгі орын алады. Олар мононуклеарлық фагоцитарлық жүйеде басты торшалар болып саналады. Организмнің иммунитетінде бірнеше функциялар орындайды: • олар бірінші болып бөгде заттарды кездестіреді; • микрорганизмдермен бірінші болып кездеседі; • патогенді микроорганизмдер талқандалады, жойылады; • олар басқа торшалар мен ұлпаларға тасымалданады; • макрофагтардағы вирусты антигенді комплекс Т- және В- лимфоциттердің әсер етуіне жеңілді туғызады; • Т-торшаларды белсендендіретін интерлейкин-1 және басқа да факторларды синтездейді; • ɑ-интерферон мен ісік торшаларын өлтіретін факторлар; • вирустық індеттерге организмнің резистенттілігін реттейді; • макрофагтарды эффекторлық, антиген түзуші, хелперлік торшалар деп қарау керек; • макрофагтар лимфоциттердің әртүрлі функцияларын реттейтін арнайы емес супрессор торшаларының қатарына жатады; • сүйек кемігінің миело- және моноцитопоэздерді стимуляция жасайтын факторларды синтездейді. Табиғи торшалар – киллерлер. Олар ең алғашқыда ісік торшаларына қарсы әсер ететін торшалар ретінде сипатталды. Олар цитотоксикалық Т-торшаларды белсендендіруге қажетті, қарсы денелерге байланыссыз торша-мишендерді сенсибилизациясыз талқандады. Олар лимфоциттер тәрізді кішкене торшалар. Т- және В-торшалардың типіне жатпайды, рецепторлық аппараты жоғарғы белсенділігімен сипатталады. Табиғи торша-киллерлер үкен түйіршікті лимфоциттерден түзіледі, ісікті және вирустармен індеттелген торшаларды ерітеді, талқандайды. Олар иммунитет іске қосылмай тұрып осы әсерлерін тигізеді. Көптеген вирустық індеттің бірінші күндері олардың белсенділіктері жоғарылайды. Сондықтан оларды вирустарға қарсы қорғаудың бірінші линиясына жатқызған дұрыс. Қарсы денеге тәуелді торша улылығы (ADCC). Торшаның цитотоксикалығы гуморалдық және торшалық иммунитеттің жиынтығы болып саналады. Эффектор мен торша-мишеннің аралығында торша эффектор мен LgG классының қарсы денесінің лиганда ретінде болуын көздейді. Мұндай жауап бірнеше торшалармен орындалуы мүмкін: моноциттермен, нейтрофилдермен және эозинофилдермен. Арнайы емес еріткіш факторлар. Індет кезінде организмнің қорғаныс механизмі еріткіш факторлар арқылы үдетіледі. Ондай факторды иммундық жүйенің торшалары өндіреді. Комплемент. Комплемент – 11 түрлі қан сары суының белоктарынан тұратын күрделі жүйе. Оның белсенділігі көптеген факторлармен реттеліп отырады. Ол организмнің қорғаныс факторларының негізі болып табылады. Ол организмнің резистеттік жүйесінің қажетті элементі. Құрамындағы еріткіш және опсондық компоненттерінің арқасында гуморалдық иммунитеттің тиімді бөлігі болып саналады. Комплемент жүйесі мен фагоцитарлық жүйенің арасында тікелей функционалдық байланыс бар. Комплементтің компоненттерін тікелей немесе жанама түрде қарсы денелер арқылы байланыстыру фагоцитоздың негізгі талаптарының қатарына жатады. Комплемент цитотоксикалық торшалармен бірге вирус торшаларын және вируспен індеттелген торшаларды ерітуге, вирус торшаларын бейтараптауға қатысады. Вириондарды немесе індеттелген торшаларды еріту вирустарға қарсы қарсы денелердің түзілуінен әлдеқайда ерте іске асырылады. Комплементтің компоненттері вирустардың бөлшектерін қарсы денелер болмаған жағдайда да іске асыра алады. Үсиіңгі қабатында ковалентті байланыстағы белсенді СЗЬ бар микроорганизмдер фагоциттермен оңай сіңіріліп, талқандалады. Комплементтің белсендендірілуі қабыну процесіндегі басты компонент болып табылады. Осының салдарынан лейкоциттер шоғырланады, фагоцит үдейді, зат алмасуы, қанның ұюы жақсарады. Интерлейкиндер. Лейкоциттердің өзара қатынастарын жақсартатын ерігіш зат. Әсіресе Т-торшалық стимуляцияда интерлейкиндердің синтезі жоғарғы деңгейде болады. Олар көбінесе макрофагтармен немесе басқа да торшалармен бөлінеді және Т-лимфоциттерді белсендендіреді. Т-торшалардың өсуін қамтамасыз ететін интерлейкин-2 бар. Олда вирустарға және ісіктерге қарсы иммунитетке қатысады. Тс-торша клондарының таратылуы тікелей интерлейкин-2-ге байланысты. Интерлейкин-1 бауырдың жіті фазасында белоктардың синтезін белсендендіреді, пирогенді болып табылады. Сонымен қатардене қызуын жоғарылату арқылы вирустардың патогендігіне қарсы әсер етеді. Қосымша факторлар лейкоциттердің өсуін, жіктелуін реттейді Интерферондар. Интерферондар вирусқа қарсы әсерлі зат ретінде бірінші рет 1957 жылы (Isaacs and Lindenmann) сипатталған. Олар вирустық індетке жауап ретінде көптеген торшалармен бөлінеді. Оның әсері тікелей вирустың репликациясына (репликация - өзіне ұқсас құрылыс түзу) бағытталған. Интерферондардың 3 классы белгілі: 1. Лейкоциттік, вирустар мен бактерия агенттеріне жауап ретінде бөлінеді; 2. Фибробластық, басқа типті торшалық вирустық індет процесінде бөлінеді; 3. Иммундық, антигенді немесе миогенді стимуляцияға жауап ретінде Т- лимфоциттермен бөлінеді. Интерферондар тек тікелей вирустарға ғана қарсы әсер етіп қоймайды, олар сондай-ақ иммуномодуляторлық белсенділік те танытады. Олар Т- лимфоциттердің, макрофагтардың, МК-торшалардың вирустарға қарсы функцияларын қуаттандырады немесе қажытады. Ондай әсерлері уақытқа, дозасына және т.б. факторларға байланысты болады. Олар лейкоциттермен және басқа да организмнің торшаларымен бөлінеді және организмнің иммундық қорғауына қатысады. Өзіндік бақылау сұрақтары: 1. Иммунитет дегеніміз не? 2. Гуморалдық иммунитет туралы не білесіз? 3. Торшалық иммунитет туралы не білесіз? 4. Иммунитеттің арнайы емес факторлары дегеніміз не? Ұсынылатын әдебиеттер: 1. К.Н.Қожанов. Ветеринариялық фармакология. –Алматы, 2008. 2. Б.Д.Айтжанов және басқалар. Фармакология. – Алматы, 2006. 3. Первый Евразийский ветеринарный конгресс. – Алматы, 2007. № 3 ДӘРІС Бірінші қатардағы иммунодефицит. Жоспары: 1. Бірінші қатардағы иммунодефицит. 2. Біріктірілген иммунодефицит – БИД. Бірінші қатардағы ммунодефицит Т- және В-торшалардың дефектілерінің негізінде, нейтрофилдердің абсолютті санымен функционалдық белсенділігінің бұзылуынан пайда болады.Малдардың иммундық жеткіліксіздігінен өлуінің негізгі себебі індеттің пайда болуынан болады. Малдәрігерлік тәжірибеде өліммен аяқталған араб тұқымды құлындардың аса ауыр халі бірінші қатардағы иммундық жеткіліксіздіктің мысалы ретінде жақсы зерттелген. Онда толық жетілген Т- және В- лимфоциттердің жоқ екендігі анықталған. Араб жылқыларының 26 %-ында бірінші қатардағы иммундық жеткіліксіздіктің өлтіретін генінің болатыны, 3 % жаңа туған құлындардың 5 айға жетпей сол жеткіліксіздіктен өлетіні дәлелденген. Адамдарда біріктірілген иммунодефицит пен пуриннің алмасуының арасында корреляциялық байланыс бар екендігі анықталған. Пурин метаболизмін тежеу Т- және В- лимфоциттердің жетілуіне кедергі жасайды, соның салдарынан тимуста, көкбауырда, лимфа түйіндерінде гипоплазия; қанда лимфоциттер мен гаммаглобулиндердің азайғаны байқалады. Ал нейтрофилдер, моноциттер және комплемент қалыпты жағдайда сақталады. Құлындарға БИД диагнозы клиникалық көрсеткіштері қалыпты, бірақ қанда лимпопения болғанда қойылады. Онда лейкоциттер де қалыпты мөлшерде болады, ал уызды қабылдағанға дейін оларда LgM болмайды. Уыз қабылдағаннан кейін қанның сары суында иммуноглобулиндердің барлық түрлері анықталады. БИД құлындарда қой эритроцитіне торшалық және гуморалдық иммундық жауап болмайды. БИД диагнозы төменгі үш көрсеткіштің екеуі анықталғанда қойылады: 1. лимфоциттердің өте төменгі сан көрсеткіші немесе жоқ болуы; 2. бірінші және екінші қатардағы лимфоидты ағзалардың анық гипоплазиясы; 3. қанның сары суында иммуноглобулин LgM –нің болмауы. Малда колостральды иммунитет жойылғанда ауық-ауық бактериалдық індеттің кең түрі дамиды. Құлындар 4-6 айлық жасында өледі. Көбінесе екінші қатардағы індеттен. Өлексені сойғанда барлық лимфоидты ағзаларда гипоплазия анықталады. Лимфа түйіндерінде қабықты және ми ұлпаларының бөлінуі білінбейді, ұрықтық орталық, фолликулалар жоқ. Көкбауырда ұрықтық орталық, лимфоциттер жоқ. Иттерде Х-хромосоммен қосақталған БИД. БИД- ке қарсы ешқандай дәрілік заттың көмегі жоқ. Тасымалдаушы ересек малды анықтайтын тесті де жоқ. Тек одан сақтандыру үшін ондай малдардан тұқым алмауға тырысу керек. Олар Т- және В-торшалардың дефектілерімен сипатталады. Оларда аналық иммунитеттің төмендеуінен жиі-жиі індетті аурулар болып тұрады. Лабораториялық зерттеулерде Т-торшалардың аздығы, жоғарғы сезімталдықтың баяу түрінің жоқтығы анықталады. LgG және LgA иммуноглобулиндерінің аз немесе тіпті жоқ болуы, арнайы қарсы денелердің анықталмауы В-торшаларының дефицитінің дәлелі. Өлген иттерді сойғанда тимустың дисплазиясы, басқа лимфоидты ағзалардың терең гипоплазиясы анықталады. Жылқылардың агаммаглобулинемиясы бірінші қатардағы иммунодефициттің мысалы бола алады. Оларда Т-торшаларының саны қалыпты жағдайда, ал В- торшалары толығымен жоқ. Ауру анықталған үш жылқы да айғырлар болып шыққан. Бұл жағдай аурудың Х-хромосоммен байланысына күдіктендіреді. Үш малда 18 айлық жаста өлген. Өлексені сойғанда лимфа түйіндері мен көкбауырда бірінші қатардағы лимфоидты фолликулалардың және ұрықтық орталықтың жоқ екендігі анықталған. Ұлпаларда плазма торшалары болмаған. Басқа өзгерістер қосымша індетке байланысты болған. Иммуноглобулиндердің селективті дефициттері. LgG, LgM, LgA иммуноглобулиндерін өндіретін В-торшаларының дефектілерімен байланысты. LgA ветеринарияда сирек анықталады онда да иттердің арасында. LgM араб тұқымды жылқыларда анықталған, ондай малдар нашар өседі, тыныс жолдарын жарақаттайтын індетті ауруларға жиі шалдығады. LgG дат қызыл сиырларында анықталған. Ондай малдар пиогенді індетке жиі шалдығады. Іріңді мастит, бронхопневмония, перитонит ауруларына сезімтал келеді. Уақытша гипогаммаглобулинемия. Өмірінің алғашқы бірнеше айында қанның сары суында иммуноглобулиндердің деңгейінің төмендігімен сипатталады. В- лимфоциттердің саны қалыпты, бірақ иммуноглобулиндердің синтезі бұзылған. Сондықтан да оны В-торшалық бірінші қатардағы иммунодефицитті саралау үшін пайдаланған жөн. Ауру мал 6-айға дейін өлмесе, ары қарай дұрыс дамуына болжам жасауға болады. Т-торшалық дефицит. Бірінші қатардағы иммунодефициттерден айырмашылығы ауру Т-торшаның санының және функционалдық белсенділігінің өзгеруімен сипатталады. Нейтрофилдердің дефектісі. Кейбір бірінші қатардағы иммундық жеткіліксіздіктер нейтрофилдердің саны мен сапасының дефектісімен сипатталады. Бұған жататындар: Колли тұқымды иттердің гематопоэзі, Чедиак- Хигаши ауруы, иттердің гранулоцитопатия синдромы және иттердің бактерицидтік жеткіліксіздігі. Pelger-Huet аномалиясы. Нейтрофилдердің, эозинофилдердің гипосегментациясымен сипатталатын сирек кездесетін дефект. Нейтрофилдердің морфологиялық дефектісі олардың қозғалысын бүлдіреді. Жарақаттанған малдардың қанының сары суында супрессорлық факторлар болуы мүмкін деген болжам бар. Олар лимфоциттердің бластогенезінің интерференциясын туғызады. Аномалия аутосомнодоминантты белгі ретінде беріледі. Үй қояндарында анықталған. Иттердің және мысықтардың кейбір тұқымдарында спородиялық түрде кездесуі мүмкін. Төлдердің нейтропениясы. Нейтрофилдердің хемотаксис және фагоцитоз құбылыстарының бұзылуымен сипатталады. Көптеген мал төлдерінде кездеседі. Функционалдық жағынан көпке созылмайтындықтан төлдердің денсаулығына көп зиян келтірмейді. Комплемент дефектісі. Лабораториялық жануарларда анықталған Ондай дефект адамдарда да кездеседі. Иттерде туа пайда болған жағдайлар хабарланған. Комплемент жүйесіндегі СЗ компонентінің дефициті аутосомно- рецессивті типті түрде тұқым қуалайды. Ол жүйе организмді індеттен қорғауда маңызды рөл атқарады. Клиникалық жағынан гомозиготты малдарда жиі қайталайтын індетпен сипатталады. Малдың қанының құрамындағы комплементтің деңгейі қалыпты деңгейдің 10 %-ын құрайды. Ауру малдың опсонизациялық, хемотаксистік және иммундық жабысу функциялары төмендейді. Осының салдарынан олардың індетке сезімталдығы жоғарылайды. Британның спаниель иттерінде гуморалды және торшалық иммундық жауаптары қалыпты жағдайда сақталады. Әдебиетте Голштинфриз малының лейкоциттердің адгезиясы салдарынан болған иммундық жеткіліксіздіктері туралы хабар бар. Иммунодефициттің бұл түрі де аутосомно-рецессивті тип бойынша тұқым қуалайды. Мұндай құбылыс лейкоциттердің үстіңгі қабатындағы малдың індетке қарсы тұруын қамтамасыз ететін лейкопротеинмен жинақталады. Оларды анықтауға болады. Өздігінен тексеруге қажетті сұрақтар: 1. Иммунодефициттің анықтамасы және сипаттамасы; 2. Иммунодефициттердің түрлері; 3. Селективті иммунодефицит. Ұсынылатын әдебиеттер алдыңғы дәрістердегідей. № 4 ДӘРІС Тақырыбы: Екінші қатардағы иммундық жеткіліксіздіктер. Жоспары: 1. Екінші қатардағы иммунодефициттің анықтамасы. 2. Вирустар тудыратын иммуносупрессия. 3. Бактериялар тудыратын иммуносупрессия. 4. Ит демодекозының ассоциациялық иммунодефициті. 1. Екінші қатардағы иммунодефициттер бірінші қатардағы иммунодефициттерге қарағанда әлдеқайда жиі кездеседі. Жүре пайда болған иммунодефицит сыртқы қоршаған ортаның факторларының әсерінен және ішкі себептерден пайда болады. Екінші қатардағы иммунодефицитті тудыратын факторлар: • Індетті және тоғышарлар ауруларының қоздырғыштары; • әртүрлі фармакологиялық заттар; • эндогенді гормондар және т.б. Індет агенттері. Әртүрлі вирустар иммундық жауаптың торшалық бөлімін қажытады, терең иммуносупрессия пайда болады. Фармакологиялық заттар. Кортикостероидтар және әртүрлі ісіктерге қарсы әсер ететін препараттар иммуносупрессияның бірнеше түрлерін туындатады. Эндогенді гормондар. АКТГ гормонының көп бөлінуі, өсу гормонының дефициты, қант диабеті және эстоген гормондарының көптігі екінші қатардағы иммунодефицитті туындатады. Олар иммундық функцияны қажытады, Т- лимфоциттердің жетілуін тежейді, лейкопения пайда болады. 2. Вирустар тудыратын иммуносупрессия. Вирустардың иммунитеттің көрсеткіштеріне әсері ертеде дәлелденген. Кейіннен инфлюэнца вирусы организмнің туберкулинге реакциясын тежейтіні анықталған. 1960 жылдың басында ісік вирустарының иммуносупрессивті әсері анықталған. Олар иммунитеттің гуморалдық және торшалық бөліктерін де қажытады. Көптеген зерттеушілер иммуносупрессияны персистентті індетті туғызатын негізгі фактор деп қарады. Ол ісіктердің қалыптасуына және созылмалы түрге айналуына себеп болады. 80-ші жылдары авторлар бұл дамудың молекулярлық механизмін анықтауға кірісті. Соңғы жылдары бұл салада белсенді түрде зерттеулер жүргізілуде. Бұған себеп болған адамдарда иммунодефицит вирусының ашылуы және зерттелуі. Вирустар организмде иммундық жауапқа бірнеше бағытта кедергі жасайды: • лимфоид торшаларын бірден ерітеді; • лимфоциттерді індеттейді және әртүрлі жолдармен олардың функциясын бұзады; • антиген арқылы білуге болатын немесе торша кооперациясын анықтауға қарсы вирустық өнімдер шығарады; • көп мөлшерде иммундық комплекстер түзетін иммуносупрессияны туындатады. Иттің оба ауруының, мысықтың лейкемиясының вирустарының иммуносупрессиясының механизмдері де әртүрлі болады. Мысық лейкемиясын тудыратын вирус ветеринарияда жақсы зерттелген. Лимфоидты ұлпалар құрылысы бүлінеді, кейіннен өлі еттенеді, індетке сезімталдығы жоғарылайды. Көптеген иммундық көрсеткіштер төмендейді, малдардың аллогенді трансплантатты бөлу мүмкіншілігі бүлінеді. Індет лимфоидты ұлпаларды көп бүлдірмей иммунлсупрессияны туындатады. Оған себеп вирустың қабығының белогының көп бөлінуі. Ол лимфоциттердің белсенділігіне кедергі жасайды, олар антигенді тани алмайды. Бұл індет тимустың атрофиясымен, қандағы комплементтің деңгейінің төмендігімен және иммундық комплекстің деңгейінің жоғары болуымен сипатталады. Мысықтардың әртүрлі індеттерге сезімталдығы жоғарылайды. Т-торшалардың митогенді жауаптары төмендейді. Бірінші қатардағы Т-торшалық дефектіге екінші қатардағы В-торшалық дефект жалғасады. Т-торашлық дефект ол торшаларды белсендендіретін стимулятордың жоқтығынан болады. Ауру мысықтарда айналымдағы иммундық комплекс жоғарғы деңгейде болады. Олардың өздері де иммуносупрессорлардың қатарына жатады. Т- торшалардың сүйек кемігінен шеткергі лимфоидты ұлпаларға миграциясы бұзылады; тимустағы, көкбауырдағы және лимфа түйіндеріндегі Т-торшаларының қалыпты түрлері азаяды. Мысықтардың иммуносупрессиясына Т- және В- торшалардың жарақаттануының әртүрлі механизмі әсер етуі мүмкін. Малдардың көп түрлерінде парвовирустық індет сүйек кемігіндегі бағана торшалардың бөлінуіне митоликалық әсер ету арқылы иммуносупрессияны туғызады. Сондықтан да лимфопения және гранулоцитопения вирустық індеттің тікелей әсерінен болады. Иттердің парвовирустық індетте және оспаға қарсы еккенде пайда болатын энцофалитте де осы тәріздес иммуносупрессия дамиды. Иттердің парвовирусына қарсы егілетін вакцинаның иммуносупрессиялық тиімділігі толық дәлелденбеген, бірақ қатарынан екі вирусқа қарсы бірден иммунизация жүргізу қауіпсіз және тиімді. Жылқылардың герпесвирусынан пайда болған буаз биелердің індеті буаздықтың ақырғы кезеңінде іш тастатуы мүмкін. Құлын туа қалғанның өзінде ауыр індетпен ауыруы мүмкін. Онда барлық лимфоидты құрылыстарда атрофия процесі дамиды. Ірі қара малының вирустық диареясы Т- және В- торшалық иммунитетті жарақаттайтын вирустың тудыратын иммуносупрессиясы. Онда созылмалы, өте ауыр синдромды індет дамиды. Ол вирус малдың шуы арқылы өтіп бұзаулардың иммундық жауабын және толераттығын әлсіретеді. Ірі қара малының лейкоз вирусы В-торшаларға тропизм тудырады, пролиферация мен неопластикалық трансформация пайда болады. Оның иммунологиялық параметрге әсері аурудың түрі мен стадиясына байланысты болады. Үстіртін иммуноглобулиндерді тасымалдайтын В-торшалары бар лимфоциттер көбейеді. 3.Бактериялар тудыратын иммуносупрессия. Вирустар тудыратын супрессияға қарағанда бактериялар тудыратын супрессия жете зерттелмеген. Ионе ауруында қоздрғышқа қарсы торшалық иммундық жауап айқын болғанымен, басқа антигендерге жауап бұзылған немесе жоқ. Ірі қара малында туберкулинге тері реакциясы білінбейді. Ерітетін факторлық болуы салдарынан супрессор торшалардың саны көбейеді, олар торшалық реакцияның болуына кедергі жасайды. Лимфоциттер рансформацияға ұшырамайды. Көптеген соңғы кездегі деректерге сүйенсек, індетті және індетті емес созылмалы ауруларда лимфоциттерге деген стимуль жоқ деуге болады. Лимфоциттер митогендерге жауап бере алмайды. Мұндай жағдайда супрессия қанның сары суындағы супрессивтік иммунды реттеуші факторға байланысты болады. Ондай фактор сау және ауру малдардан алынған көптеген қанның сары суында анықталған. Бірақ олардың табиғаты әлі белгілі емес. Олар аурудың себебіне жатама немесе аурудың даму процесінде пайда болама, қоздырғыштың патогендігіне қатысы барма, жоқпа ол жағы да әзірге белгісіз. 4.Ит демодекозының ассоциациялық иммунодефициті. Тоғышарлық індеттермен жинақталған иммуносупрессия таза тұқымды иттерде жиі кездеседі. Олар көптеген қотыр тудыратын кенелердің иелері болып келеді. Ол кенелер әртүрлі механизмдер арқылы қосымша иммуносупрессияны тудырады. Иттердің ерекше генетикалық сезімталдығы олардың кене антигенін терінің ішіне жібергендегі жоғарғы сезімталдығының жәй түрінің дамымауымен түсіндіріледі. Оның молекулярлық негізі белгісіз. Көптеген зерттеушілер иммуносуперссияны демодекоздың себебі деп қарайды. Ал демодекоз Т-торшалық иммунодефициттің салдарынан болатынының дәлелдері төмендегідей: • Демодекозбен ауырған жануарлардан алынған лимфоциттер ФГА-ның әсерінен болатын бласттрансформацияға in vitro әлсіз реакция береді; • Демодекозбен қатты жарақаттанған иттерге ФГА-мен қойылған тері ішілік тексерудің нәтижесі сау иттердікімен салыстырғанда әлдеқайда төмен; Басқа деректер иммунодефициттің мұндай көрсеткішіне қарсы келеді: • Кенеледің популяциясын жойғанда иммуносупрессияда жоғалады; • Малды левамизолмен иммундық стимуляция жасағанда иммуносупрессияның реверсиясы байқалады; • Бластогенездің супрессиялық факторы тек екінші қатардағы стафилококктық індет пайда болғанда ғана анықталады. Көптеген зерттеушілердің деректері демодекозда байқалатын иммуносупрессия екінші қатардағы пиодерманың әсері екенін дәлелдейді. Оның кенелердің пролиферациясына себептік рөлі жоқ. Бірақ аурудың генералды түрінде иммуносупрессиялық жағдайдың болатынын естен шығармаған жөн. Осының салдарынан иммунопрофилактикалық іс-шаралар онша тиімді болмайды. Супрессия факторы қан сары суының бета-глобулиндік фракциясында орналасады. Сондықтан кейбір зерттеушілер оны антиген-антитело комплексі ретінде ұсынады. Кененің антигені және иесінің антителасы. Осы арқылы айналымдағы иммундық комплекстің иммуносупрессивтік әсерінің төмендігі түсіндіріледі. Олай болса Т-торшаның дефектісін аурудың салдарынан немесе пиодермамен байланысты деп қарау керек. Бұл жерде басқа себептің болуы мүмкін емес. Оған дәлел, кене популяциясын жойғанда митогендерге Т-торшалық жауаптың қалпына келуі. Иттердің демодекозында гуморалдық иммунитет, нейтрофилдердің функциясы және Т-торшалардың саны қалыпты жағдайда сақталады. Қорыта келе, демодекоз Т-торшалардың туа біткен дефектілерінің нәтижесі деп қарау керек. Ал кенелердің көп болуы, қан сары суында супрессиялық факторды түзу арқылы, Т-торшалардың функциясының төмендеуіне қосымша әсер етеді. Ол барып иммунодефициттің генерализдік түрін тудырады. Бақылау сұрақтары: 1. Анықтамалар туралы не білесіз? 2. Вирустар тудыратын иммуносупрессиялар туралы не білесіз? 3. Бактериялар тудыратын иммуносупрессорлар қандай? 4. Ит демодекозында болатын иммунодефицит туралы не білесіз? Ұсынылатын әдебиеттер алдыңғы дәрістерде келтірілген. № 5 ДӘРІС. Тақырыбы: Қарсы денелердің пассивті түрде берілуінің бұзылуы. Жоспары: 1. Анықтамасы. 2. Иммунитеттің мал шуы арқылы берілуінің ерекшеліктері. 3. Колостральды иммунитеттің ерекшеліктері және оның бұзылуы. Ветеринарияда аналық қарсы денелердің енжар түрде берілуінің бұзылуы жасанды иммунодефициттің кең тараған түрінің бірі. Ол неонатальды індеттің және төлдердің ерте өлімінің бірден-бір себебі болады. Төлдерге уақытында уыздың берілмеуі оларда омфалофлебит, септикалық артрит, септицемия, пневмония және тышқақ ауруларының тудырады. Ідетке жоғарғы сезімталдықтың болуы аналық иммуноглобулиндердің жеткіліксіздігінен болады. Мұндай жағдай шудың құрылысына да байланысты. Биелердің, қашырлардың, сиырлардың, қойлардың және шошқалардың шулары аналық иммуноглобулиндердің ұрықтарға берілуіне кедергі жасайды. Ал иттер мен мысықтардікі белгілі бір мөлшерде ғана өткізе алады. Иммуноглобулиндердің ішектердегі абсорбциясы алғашқы 6 сағатта болғанда ғана тиімдірек болады. Міне, сондықтан да уыз сүтсіз төлдерді қандай идеалды жағдайда ұстамасаңда, оларды дұрыс өсіру мүмкін емес. Құлындарда аздаған ғана LgM анықталады. Қозылар аздап болса да буаздықтың соңғы кезеңінде LgG1 және LgM түзеді, бірақ оларда LgG2 және LgA туған кезінде болмайды. Организмді қорғау тек қана уыз сүтіне байланысты болады. Уыз сүтінде болатын трипсин ингибиторы төлдің мәйегінде глобулиндердің бүлінуіне жол бермейді. Глобулиндердің абсорбциясы ішектердің эпителий торшаларында іске асады. Ол 12 сағаттан кейін күрт төмендейді. 24 – 48 сағат аралығында абсорбция болмайды. Толық жетілген эпителий торшалары арнайы иммуноабсорбтивтік энтероциттер түзеді. 6-8 жұмада аналық қарсы денелердің абсорбциясы ақырындап жоғалады, төл организмі өзінің қарсы денелерін синтездей бастайды. Мұндай құбылыс барлық малдарда да болады, бірақ жылқы малында жақсы зерттелген. Аналық қарсы денелердің берілуінің бұзылуы құлындардың арасында 24 %-ға дейін жетуі мүмкін. Бұған сыртқы орта, гендік дефицит, уыздағы иммуноглобулиндердің концентрациясы, уақытсыз уыз сүттің бөлінуі және т.б. факторлар әсер етеді. Құлын бірінші 12сағатта уызды адекватты түрде алып отыруы қажет. Жеткіліксіз болған жағдайда қосымша қолдан қоректендіру керек. Әрбір құлынның ішегіндегі абсорбцияның жылдамдығы әртүрлі болып келеді. Сонымен, қарсы денелердің пассивті түрде берілуінің бұзылуының себептері: • Аналық уыздық сүттің саны мен сапасы нашарлығы; • Құлынның уызды қабылдау қабілетінің бұзылуы; • Иммуноглобулиндердің абсорбциялық мүмкіншілігінің нашарлауы. Соңғы кездерде әдебиетте бұзаулардың, торайлардың, қозылардың уақытында уыз сүтті жеткілікті түрде қабылдамағандықтарынан болатын иммунодефициттері жөнінде көптеген хабарлар бар. Төлдердің ауруларға шалдығуы және өлім-жітімге ұшырауы уыз сүтін бірінші рет дұрыс қабылдауына тікелей байланысты болады. Қарсы денелердің пассивті түрде берілуінің диагнозын төлдердің қанының сары суындағы LgG концентрациясын алғашқы өмірінің 12 сағатының ішінде анықтау арқылы қоюға болады. Ол үшін 3 әдіс қолданылады: 1. сульфат мырш ерітіндісімен лайлану тестісі; 2. радиальдық иммунодиффузия; 3. латекс-агглютинация. Лайлану тестісі ең оңай әдіс. Ол үшін құлындарға мырш сульфатын, бұзауларға натрий сульфатын, торайларға аммоний сульфатын зерттелетін қанның сары суына қосады. Алынған иммуноглоулиндердің преципитаттары колориметр арқылы сапалы түрде анықталады. Мысалы, бұзауларда иммуноглобулиндердің 16 мг/мл жақсы абсорбцияны, 8-16 мг/мл деңгейі нашар, ал 8 мг/мл- ден төменгі көрсеткіш бұзылған абсорбцияны көрсетеді. Реакцияның сапасы температураға, препараттың сақталу мерізіміне және ерітіндіні дайындау әдісіне тікелей байланысты болады. Радиальдық иммунодиффузия әдісі анықтаудың ең дәл әдісі болып саналады. Ал латекс-агглютинация әдісінің 90 %-ы радиальдық иммунодиффузия әдісінің көрсеткішіндей болады. Диагноз анықталған жағдайда төлдерге уыз сүтті ішкізу керек немесе иммуноглобулиндерді венаға жібереді. LgG көрсеткішін қалыпты деңгейде қамтамасыз ету үшін 2-5 күн аралығында 4 л қан плазмасын венаға жіберу керек. Плазма алатын донор антиэритроцитарлық лизиндерден және агглютининдерден таза болуы керек. Өздігінен бақылау сұрақтары: 1. Анықтамасы. 2. Иммунитеттің малдың шуы арқалы берілуінің ерекшеліктері. 3. Колостральды иммунитеттіңерекшеліктері және бұзылуы. Ұсынылатын әдебиеттер алдыңғы дәрістердікіне сәйкес. № 6 ДӘРІС. Тақырыбы: Вирус тудыратын иммуносупрессияның механизмі. Жоспары: 1. Лимфоидты торшалардың індеттенуі. 2. Супрессор торшаларды белсендендіру. 3. Супрессорлық факторлар. 4. Вирус тудыратын иммуносупрессияның пайда болуының басқада механизмдері. 5. Вирустар тудыратын иммуносупрессияға әсер ете алатын факторлар. 6. Вирус тудыратын иммуносупрессияның жайылған түрі. 7. Иммуносупрессияның патогенездік әсері. Барлық вирустар иммундық жүйені қажытатыны сөзсіз. Бірақ, олардың әсер ету механизмдері әртүрлі болып келеді. Сол әртүрлілік туралы қысқаша деректер. 1.Лимфоидты торшалардың індеттенуі. Вирустардың иммундық жүйенің функциясын қажытатын негізгі жолы оған жауапты торшаларды репликациялау. Лимфоидты немесе моноцитарлық торшалардың індеттенуі олардың бүлінуіне апарып соғады. Ал иммунокомпотентті торшалардың азаюы иммундық функцияның нашарлауына негізгі себеп болады. Ашық литикалық індет болмағанның өзінде, лимфоидты торшалардың жарақаты персистенті індетті туындатады. Ол организмнің торшаларын белсенді түрде бүлдірмейтін вирустық репликация. Лимфоидты жүйеде вирустың персистенциясы үшін жоқ дегенде бір бөлім болуы керек. Лимфоциттер мен макрофагтарда репликация вирустары белгілі. Ондай вирустармен жарақаттанған торшалардың қалыпты жағдайда қызмет істеуі немесе қызметінің бұзылуы, тіпті тоқтауы да мүмкін. Ондай функцияларының біріне супрессор-торшалардың белсенділігінің жоғарлауы жатады. Лимфоциттердің індеттенуі олардың миграциялық мүмкіншілігін өзгертеді, соның салдарынан лимфоидты ағзалар мен қан тамырларында олардың популяциялары мен субпопуляциялары немесе көбейеді немесе азаяды. Кейбір вирустық індетте арнайы лимфоидты зоналарды таңдамалы түрде қажыту анықталған. Мұндай өзгерістер иммунодепрессияны тудыруы мүмкін. 2.Супрессор торшаларды белсендендіру. Вирустық індеттерде супрессор торшаларының белсенділігінің жоғарлауы мүмкін. Індеттеуші вирустар көптеген антигендерге ұқсамайды. Олар иммуногендермен өздігінен репликацияға ұшырайды. Олар жаңа торша антигендерінің экспрессиясын стимулдайды. Сонымен вирустар иммундық жүйеге артық күш түсіреді, әртүрлі тәсілдермен белсендендіреді. Артық стимуляция супрессор торшалардың белсенділігін жоғарылатады. Супрессор торшалар өз белсенділіктерін супрессорлық факторлар арқылы арттырады. Супрессорлық факторлар лимфоциттермен, макрофагтармен және індеттенген торшалармен өндіріледі. Лимфоидты торшалар мен макрофагтар үшін кең спектрлі, әртүрлі белсенділікті факторлар анықталған. Бұл факторлар арнайы тек вирустық иммунды жауапты ғана қажытады немесе арнайы емес белсенділікті тудырады. Кейбір індеттерде арнайы немесе арнайы емес компоненттері бар факторлардың болуы мүмкін. Супрессорлық факторлар вирустрансформатты ісік торшаларымен де бөлінуі мүмкін. Супрессия макрофагтар өндіретін факторлармен байланысты болғанда простогландин E2 әсерінен туындауы мүмкін. Інет кезінде иммундық функцияны тежейтін табиғи факторға интерферон жатады. Вирионның компоненттері. Вирион иммунодепрессанттарға жатады. Кейбір жағдайларда вирустың репликациясы болмаған жағдайда вирионның тазаланған компоненттері иммунитетті қажытуы мүмкін. Онда міндетті түрде иммундық супрессияның реверсиясы болады. Вирус тудыратын иммуносупрессияның пайда болуының басқа механизмдері. Лимфоидты емес ұлпалардың вирустармен індеттенуі иммундық жауаптың супрессиясын тудырады. Мысалы тышқандарды кейбір вирустармен індеттеу, ферменттердің деңгейінің жоғарылауы салдарынан, ұйқы безінің ұлпаларының жарақаттануын тудырады. Ол барып иммундық супрессияның болуына әсер етеді. Вирустардың бүйрек үсті безінің сыртқы қабатына әсер етуі иммундық супрессия тудыратын кортикостероидтық дисбаланстың себебі болады. Стресстен иммуносупрессияның дамуын түсіндіру қиын болғанымен, ондай жағдайдың болатынын әрқашанда естен шығармау керек. Вирустар тудыратын иммуносупрессияға әсер етуге бейім факторлар. Олардың ішіндегі маңыздылары: малдың жасы, генотип, басқа індеттердің немесе аурулардың болуы және сыртқы ортаның факторлары. Мұндай факторлардың әсеріне иммундық жүйесінің қызметі бұзылған организм жылдамырақ ұшырайды. Жас малдар індетке жылдамырақ ұшырайды. Ол организмнің иммундық компотенциясына байланысты, әсіресе оның Т-торшалық функциясына. Ересек малдардың вирустық індетке сезімталдығы иммундық статусына тікелей байланысты болады. Генотип. Вирустық індетке төзімділік генетикалық деңгейде бақылауда болады. Ол гендер негізгі комплекспен жинақталады. Кейбір жағдайларда бұл процестерге тиісті локустар қатынасады. Вирус резистентті тышқандарда абортты індетте иммундық реактивтілігінің қажығаны байқалмайды. Басқа індеттің немесе аурулардың болуы. Иммунокомпромистік жануарлар қалыпты жануарлар тәрізді вируспен індеттелуі мүмкін. Бірақ олар індеттелгенде аурудың өте ауыр түрі және өлім-жітім деңгейінің жоғары екендігі анықталады. Суупрессия жоғарғы деңгейдегі иммундық жауаппен сипатталады. Вирус өзінің супрессивтік белсенділігін иммундық жауап пайда болғанша жинақтап үлгереді. Вирус тудыратын иммуносупрессияның жайылған түрі. Иммунитеттің деңгейінің төмендеуі вирусқа тікелей байланысты болады. Әсіресе иммунды жауаптың бірнеше бөліктеріне қажыта әсер ететін вирустарға қатысты. Барлық иммундық функцияларды төмендету иммуносупрессияның жайылған – генерализдік түріне жатады. Бұл құбылыс ретровирустық індеттің соңғы стадияларында байқалады. Вирусқа қарсы жауап қалыпты жағдайда бола тұрып, митогендік, вирустық емес антигендерге жауаптық нашарлағаны байқалады. Оның себебі түсініксіз, мүмкін ол ерекше лимфоидты торшалардың субпопуляциясының селективті эффектісіне байланысты болуы. Кері ситуация да байқалады. Вирустық антигенге иммундық жауап қажиды, ал басқа агенттерге иммундық реакция өзгеріссіз қалады. Бұл фактыны вирусиндуциялық иммунологиялық толеранттық концепциямен түсіндіруге болады. Супрессия вирустар иммундық реактивтілігін өзгерте алатын механизм деп қарайды. Индуциялық толеранттылықта жайылған әсер тек вирустық антигенге иммундық жауапқа ғана байқалады. Жалпы алғанда, вирусспецификалық және генерализованнық иммуносупрессиялардың араларындағы байланыс түсініксіз. Қалай болғанда да екінші біріншіге өте қажет деп түсінген дұрыс сияқты. Иммуносупрессияның патогенезге әсері. Вирустар мен иммундық жүйенің өзара қарым-қатынасының комплексі толық зерттелмеген. Бірақ, көптеген жағдайда бұл байланыстың организмге немесе вирусқа бар-жоғын түсіндіруге болады. Әсіресе иммунокомпотентті торшаларды көп бүлдіретін індетке тән. Мұндай жағдайда организмде екінші қатардағы індеттің даму мүмкіншілігі жоғары. Иммунокомпромистік организмде аттенуирлік вакцина талқандаушы рөл атқаруы мүмкін. Жарақаттанған иммундық жүйе микробқа қарсы қорғаныстың негізгі механизмін іске қоспауына байланысты. Онымен қатар, вирус тудырған супрессивтік эффект ұзаққа бармайды. Оны организмдегі бүлінушіліктің себебі деп қарауға келмейді. Қорыта келгенде, иммундық суперссияның организмге оң аспектісін атап өту қажет. Вирусспецификалық иммундық жауап патологиялық жағдай туғызуы мүмкін. Ол сол жауаптың супрессиясымен шеттетіледі. Вирустың персистенциясы салдарынан аурудың созылмалы түрінің пайда болуы мүмкін. Сондықтан, вирустық індетке қарсы тиімді емдеу әдісін табуда иммундық жауап пен вирус тудыратын иммуносупрессия арасындағы балансты есептеу өте қажет. Егер ондай баланс ескерілмесе организмнің иммундық реактивтілігін жоғарылатудан пайда жоқ. Өзіндік бақылау сұрақтары: 1. Лимфоидты торшалардың індеттенуі қалай болады? 2. Торша супрессорларын белсендендірудің қандай маңызы бар? 3. Супрессорлық факторларға нелер жатады? 4. Вирус тудыратын иммуносупрессияның дамуының негізгі механизмдері қандай? 5. Вирустар тудыратын иммуносупрессияға әсер ететін факторлар. 6. Вирус тудыратын иммуносупрессияның жайылған түрі қандай? 7. Иммуносупрессия аурудың патогенезіне қалай әсер етеді? Ұсынылатын әдебиеттер алдыңғы дәрістердегідей. № 7 ДӘРІС. Тақырыбы: Клиникалық-иммунологиялық диагностика әдістері. Жоспары: 1. Ауруды анықтаудың иммунологиялық әдісі. 2. Т-торшалық дефицитті анықтау. 3. В-торшалық дефицитті анықтау. 4. Нейтрофилдердің дефицитін анықтау. 5. Комплименттің дефицитін анықтау. Клиникалық тәжірибеде қолданылатын иммунологиялық әдістер әртүрлі болып келеді. Ол арқылы малдың иммундық статусын, организмнің иммунологиялық компотенттілігін анықтауға болады. Зертханалық жағдайда Т- және В- торшалардың, нейтрофилдердің функционалдық белсенділіктерін анықтауға болады. Сондай-ақ, иммундық дисфункциядағы рөлін білу үшін қан сары суындағы комплемент компоненттерін анықтайды. Бұл әдістердің көпшілігі тек ғылыми лабораториялық жағдайда зерттелетіндіктен тәжірибелік мамандарға қиыншылықтар тудырады. Соған қарамай, кейбір әдістерді малдың иммунодефициттік жағдайын білу үшін кеңінен қолдануға болады. Т-торшалық дефицитті анықтау. Ол үшін зертханалық жағдайда төмендегідей тестілерді қолданады: • лейкоциттердің санын дифференциалды түрде анықтау; • жәй типті жоғарғы сезімталдық реакциясы – тері сынағы; • лимфоциттердің қой эритроциттерімен розетка түзуі; • лимфоциттердің бласттрансформация реакциясы. Көптеген малдардың лимфоциттерінің 75 %-ы Т-торшалар болып келеді. Сондықтан лимфопения Т-торшалардың азаюының салдарынан болады деуге болады. Жәй типті сезімталдықтың жоғарылауын тері сынағы арқылы анықтау Т- торшалардың функционалдық белсенділігіне баға беру үшін қолданылады. Мысалы, аралас иммунодефицитті құлындарға терісінің ішіне фитогемагглютининді жібергенде оң реакция білінбейді. Иттерге жіберілген антигендер мен митогендерге әлсіз реакция байқалады. Сондықтан бұл әдіске интерпретацияны аса сақтықпен жасаған дұрыс. Адамдарда айналымдағы Т-торшалар қой эритроциттерімен 100 % розетка түзеді. Сондықтан да бұл әдіс қарапайым және әр кезде анықтауға жеңіл әдіс болып келеді. Ал малдарда ондай емес. Т-торшалар түгелдей розетка түзбейді. Мысалы, иттерде тек 50 %-ы ғана розетка түзеді. Соған сай коррекция болуы қажет. Т-торшаның функциясына баға беру үшін қолданылатын бласт трансформация реакциясы лимфоциттердің кейбір митогендерге бөлінумен және пролиферациямен жауап беруінің негізінде жүргізіледі. В-торшалық митогенді қолдану арқылы В- торшасының функциясына баға беруге болады. Әртүрлі малдардың митогендерге сезімталдықтары әртүрлі болып келеді. Сондықтан митогенді таңдауда және қолдану схемасын жасауда өте жауапты болған дұрыс. В-торшалық дефицитті анықтау. Қандағы функциоалды белсенді В- торшалардың санын анықтау үшін төмендегідей әдістер қолданылады: • иммунофлюоресценциялық әдіс; • комплементарлық розетка түзу әдісі; • гемолитикалық қатпарлы табақша түзу әдісі; • радиалдық иммунодиффузия әдісі; • ракетті иммноэлектрофорез әдісі; • турбидиметрикалық сынақ әдісі; • латекс-агглютинация, иммуноферменттік және радиоиммундық әдістер. Нейтрофилдердің дефициттерін анықтау. Кең тараған әдістердің қатарына жарық және электрон микроскоптарын қолдану арқылы цитологиялық және лейкограмма әдістері жатады. Онда нейтрофилдердің санын анықтауға және морфологиялық дефектілерге сипаттама беруге болады. Нейтрофилдердің хемотаксикалық белсенділігін анықтау үшін Бойден камерасы арқылы лейкоциттердің миграциясын зерттеу әдісі қолданылады. Әдіс қарапайым және өнімді. Ол арқылы хемотаксикалық индексті де анықтауға болады. Нейтрофилдердің фагоцитарлық индексі пациенттің торшаларын инкубациялағаннан кейін бір бактерияның өзіне сіңірген санын анықтау арқылы анықталады. Бұл әдістің модификациясы ретінде бактерицидтік белсенділікті анықтау әдісі ұсынылған. Екі әдісте нақтылы лабораториялық стандартты қажет етеді. Нейтрофилдердің фагоцитарлық метаболдық белсенділігін анықтау үшін нитрокөк тетразөлін қалпына келтіру реакциясын қолданады. Антикоагулянтта гепариннің жоқ болуын қадағалау керек. Гепариннің көп болуы сынаманың нәтижесіне кері әсерін тигізеді. Басқа әдістерге хемилюминесценция әдістері жатады. Комплемент дефицитін анықтау. Комплемент жүйесінің компоненттерінің санын анықтау үшін радиалды иммунодиффузия әдісі қолданылады. Мысалы, ревматоидты артритте иттердің буын сұйығында комплементердің концентрациясының әжептәуір төмендегені байқалады. Комплементтерді анықтау иммун жүйесіне байланысты дамитын аурулардың иммунодефицитіне диагноз қою үшін өте пайдалы. Әдістің негізінде иммундық комплекстердің мембранаға шабуыл жасайтын компоненттер түзу арқылы комплемент жүйесін белсендендіруі жатыр. Комплементтердің белсенділігін шартты гемолитикалық бірлікпен белгілейді. Бұл әдісті комплемент жүйесінің барлық компоненттерін анықтауға қолдануға болады. Өзіндік бақылау сұрақтары: 1. Қандай иммунологиялық әдістерді білесіз? 2. Т-торшаларының дефицитін анықтаудың жалпы принципі неде? 3. В-торшалардың дефицитін анықтаудың жалпы принципі неде? 4. Нейтрофилдердің жеткіліксіздігін анықтаудың жалпы принципі. 5. Комплементтің дефицитін анықтаудың жалпы принципі қандай? Ұсынылатын әдебиеттер алдыңғы дәрістерде келтірілгендей. № 8 ДӘРІС Тақырыбы: Иммундық жүйенің функционалдық белсенділігінің бұзылуын зерттеудің жаңа әдістері. Жоспары: 1. Жаңа әдістерді шығарудың бағыты мен болашағы туралы. 2. ELISPOD және «сэдвич-ИФА» әдісі. 1.Медициналық зертханалық-анықтау бөлімдерінің тәжірибесіне, біртіндеп, иммунопатологиямен сипатталатын ауруларды зерттеудің жаңа, жетілдірілген әдістері енгізілуде. Қазірде медицина саласында көптеп иммунологиялық зерттеулерді жүргізу үшін моноклоналды қарсы денелерді қолдану арқылы микросынақ жүйесі іске асырылған. Моноклоналды қарсы денелер Т- лимфоциттердің субпопуляциясын анықтау үшін кеңінен қолданылады. Көмекші әдіс ретінде иммунофлуоресценттік микроскоп пен ағынды цитометрия әдістері қосылады. Т- лимфоциттердің хелперлық және супрессорлық субпопуляцияларын, Т- және В- лимфоциттерді анықтайтын коммерциялық наборлар бар. Олар үстіңгі жағында арнайы қарсы денелер бар пластикалық микросферадан немесе микробусиноктардан тұрады. Бұл әдісті ветеринария саласына енгізудің малдардың иммунодефицитті жағдайын анықтау үшін маңызы өте зор. Жоғарғы сезімталдықты әдістер лимфоциттердің әртүрлі субпопуляция маркерлеріне арналған жоғарғы деңгейдегі арнайы моноклоналды қарсы денелер мен халықаралық классификацияға сай келетін иммундық жүйенің басқа да торшаларын қажет етеді. Олар дифференциялық кластер немесе СД ретінде бір топқа топтастырылып, белгіленген. Әрбір топтың өзінің қатар реті бар. Ол рет адамдар мен жануарларға бірдей. Қарсы денелердің белгілі наборлары арқылы нақтылы антигенді иммундық жүйенің торшасын анықтауға болады. Ветеринария саласы үшін “Serotec” (Англия), VMRD, Inc. (США) фирмалары ғылыми салада қолдану үшін әртүрлі малдардың лейкоциттерінің маркерлеріне, МНС молекулаларына және иммуноглобулиндеріне бірнеше моноклоналдық қарсы денелерді ұсынған. США және Европаның ғылыми орталықтарының, университеттердің лабораторияларында бұл бағытта көптеген ғылыми ізденістер жүргізілуде. 2.Мұнымен қатар ветеринариялық иммунологияда болашағы зор әдістер ретінде ELISPOT және «сэндвич»-ИФА әдістерін қарауға болады. Бұл әдістер қазірде тек ғылыми-зерттеу лабораторияларында ғана қолданылады. Рутинді сынама ретінде кең өріс ала қойған жоқ. Мысалы, ELISPOT әдісі иммуноглобулиндердің әрбір класстары (G, M, A) бөлетін В- лимфоциттердің санын анықтау үшін қолданылады. Ал «сэндвич»- ИФА Lg-нің санын анықтау үшін қолдануға болады. Бұл әдістер үшін де моноклоналдық қарсы денелер керек. Олар өте сезімтал және арнайы әдістердің қатарына жатады. Қорыта келгенде, малдың қалыпты жағдайдағы және патологиядағы иммундық статусына баға беретін әдістер тәжірибеде кеңінен енгізілмеген. Бұл жағдай малдың иммунодефицитін анықтау үшін иммунологиялық зерттеудің деңгейін жетілдіріп, жаңа әдістерді кеңінен қолдануды талап етеді. Өзіндік бақылау сұрақтары: 1. Жаңа әдістер туралы жалпы түсінік. 2. Жаңа әдістердің негізгі бағыты қандай? 3. Жаңа әдістердің болашағы қандай? 4. ELISPOD әдісінің негізі неде? 5. «Сэндвич-ИФА» әдісінің негізі қандай? Ұсынылатын әдебиеттер алдыңғы дәрістерде келтірілген. № 8 ДӘРІС. Тақырыбы: Иммунокоррекцияның стратегиясы. Жоспары: 1. Иммунокоррекцияның анықтамасы және жалпы түсінік. 2. Иммуностимуляторлар. • тимус гормондары; • опиоидты пептидтер; • интерферон мен интерлейкиндер; • левамизол және изопринозин; • бактериалдық эндотоксиндер және БЦЖ вакцинасы; • нуклеин қышқылдарының препараттары және синтетикалық жартылай нуклеотидтер. 3. Иммуносупрессанттар. Иммунокоррекция (иммуномодуляция) – иммундық жүйенің функционалдық белсенділігін өзгерту үшін фармакологиялық заттарды қолдану әдісі. Бұл фармакологиялық заттар екі бағытта өзгерту туғызады: 1. Үдетеді – иммуностимуляция; 2. Тежейді – иммуносупрессия. Анрайы иммунокррекция бір антигеннің әсерімен шектеледі, ал арнайы емес – иммундық жауапта жалпы өзгерістер тудырады және әртүрлі антигендердің әсерлерінен организмнің реактивтілігі өзгереді. Иммуномодуляторлар үш топқа жіктеледі: 1. Физиологиялық заттар – цитокиндер. 2. микробтардан алынған препараттар – вакцина БЦЖ. 3. Синтетикалық заттар. Әрбір топтың препараттарының әсер ету механизмдерінің де ерекшеліктері бар. Олар негізінен торшалардың иммунологиялық белсенділігін жоғарылатуға бағытталған. Цитоплазматикалық нуклеотидтердің дисбалансысына байланысты әсер етеді. Иммуностимуляторлар. Тимус гормондары. Т-торшаларды белсендендіретін стимуляторлар. Олар претимоциттерді тимусқа бағыттауға дайындайды. Одан оларды торшалардың иммун жүйесінің шеткергі ағзаларына бағыттайды. Оған жататындар: тимозин, альфа-тимозин, тимопоэтин, тимулин. Иммуносупрессивті әсер ететін гуморалды тимустық фактор. Опиоидты пептидтер. Эндофиндер гипофизбен, энкефалиндер бүйрек үсті безімен синтезделеді. Лимфоциттердің функцияларын қуаттандырады. Т- және В- торшалардың пролиферациясын жоғарылатады, иммундық жауаптың деңгейін ұстап тұрады, Т- және В-торшалардың кооперациясын қамтамасыз етеді, организмнің стресс реакциясын жеңілдетеді. Тимустық факторлар мен опиоидты пептидтерге қосымша ретінде иммунокомпотентті торшалармен иммундық реактивтіліктің жергілікті медиаторы цитотоксин синтезделеді. Бұл медиатор тимозин мен эндофиндердің бақылауында болады Бұл гормондар торшааралық кооперацияны және антигендік стимуляцияны да бақылауға алады. Қуаттандырылған лимфоциттермен және макрофагтармен бөлінетін лимфокиндер мен монокиндер жергілікті қоршаудағы басқа торшалардың белсенділіктеріне қатты әсер етеді. Интерферон және интерлейкиндер. Интерферондардың әсері тек вирустарға қарсы белсенділігі мен антибластомдық эффектісімен ғана шектеліп қоймайды. Оның иммунды модуляциялық әсері де белгілі. Ол макрофагтарды белсендендіру, В-торшаларды қуаттандыру, табиғи киллерлер мен цитотоксикалық Т-торшалардың қорғаныс күшін нығайту арқылы иммундық жүйенің торшаларын белсендендіреді. Лимфоциттердің бластогенезін тежейді, иммуносупрессивті эффект тудыруы мүмкін. Иммуностимуляциялық тиімділігі препараттың дозасы мен әсер ету уақытына, антигеннің түріне, интерферонның өзінің кейбір сипаттамаларына байланысты болады. Интерлейкиндер арнайы емес препараттар, Т-торшаны коррекциялауда терапевтік препарат ретінде мүмкіншілігі интерферонға қарағанда әлдеқайда жоғары. Олар иммундық жауаптың медиаторлары. Иммундық жүйенің Т- және В- торшаларын және басқа да торшаларды белсенділіктерін жақсартып реттеу үшін, дифференциация үшін өте қажет. Интерлейкиндер жүйесі иммундық жауапты реттеуге де қатыстырылады. Цитокиндік торшамен интеграцияланған. Ол жүйке және эндокринді жүйелермен тығыз байланыста. Левамизол мен изопринозин. Левамизол имидазол туындысы, фенилмидотиазолдар тобына жатады. Оның иммуномодуляциялық қасиеті пролиферацияны, миграцияны, лимфоциттердің, макрофагтардың және нейтрофилдердің секреттік функцияларын өзгертумен байланысты. Т- лимфоциттердің алдыңғы түрлерін жетілдіреді, цитокин өнімін ұлғайтады, Т- супрессорларға қарағанда Т-хелперлердің санын көбейтеді. Қарсы денелер түзуге тікелей әсер етпейді, бірақ иммуносупрессивтік пациенттердің торшалық иммундық жауабын үдетеді. Левамизол сау малдарға әсер етпейді. Изопринозин вирусқа қарсы әсер ететін препарат, иммуномодуляциялық қасиеті бар. Ол лимфоциттерде және макрофагтарда цГМФ –ны көбейтеді. Соның салдарынан лимфоциттерде пролиферация өзгереді, табиғи киллер, спрессорлардың, цитотоксикалық Т-торшалардың белсенділіктері жоғарылайды. Ол цитотоксиннің өнімін көбейтеді және макрофагтардың әртүрлі функцияларын өзгертеді. Медицина саласында қолданылып келеді, ал ветеринарияда ондай деректер жоқ. Бактериалдық эндотоксиндер және БЦЖ вакцинасы.. Бактериалдық липополисахаридтер грамнегативті бактериалардың қабығында болады. Иммуномодуляциялық қасиеті иммундық жауапты күшейту немесе әлсірету арқылы білінеді. Ол лимфоциттер мен макрофагтардың торша мембраналарына әсер етеді, цитоплазматикалық нуклеотидтердің балансысын өзгертеді. Оған торшалық жауап болу үшін интерлейкин-бір болуы шарт. Бактериялардың торша мембраналарында өндірілетін мурамилдипептид иммундық жауаптың стимуляторы немесе депрессанты бола алады. БЦЖ вакцинасы Mycobakterium bovis-тің тірі, әлсіретілген штаммынан дайындалады. Т-торшаларды, табиғи киллерлерді белсендендіру, лимфокиндерді синтездеу арқылы моноцитарлық-фагоцитарлық жүйенің арнайы емес иммуностимуляторы қызметін атқарады. Қауіпті ісіктерді – меланоманы емдеуге қолданылады. Нуклеин қышқылдарының препараттары және синтетикалық полинуклеотидтер. Гетерологиялық РНК және Na-РНК фагоцитарлық белсенділікті жоғарылату және лимфоциттердің қасиеттерін өзгерту арқылы малдардың індеттерге қарсы резистенттілігін жоғарылатады. Na-РНК препараттың интерферогендік белсенділігі бар, антигенмен бірге жібергенде қарсы денелердің түзілуіне стимульжасайды. Қан сары суының превентивтік белсенділігін және вакцинаның иммунологиялық тиімділігін арттырады. Организмнің иммундық жүйесінің арнайы емес стимуляторларына полинуклеотидтер – полиИЦ, полиГЦ, полиАУ жатады. ПолиИЦ лимфоциттермен интерферонның синтезін жоғарылатумен, Т-хелперлердің белсенділігінің артуымен, қарсы денелердің белсенділігінің өзгеруімен байланысты. Олар макргфагтарды қуаттандырады, ісіктердің өсуін баяулатады, торшалық иммунитеттің әртүрлі қасиеттерін жақсартады. Қазіргі кезде медицинада сүйек кемігінен алынған, синтеттикалық иммуностимуляторлар қолданылады. Ветеринария саласында коммерциялық иммуномодуляторлар қолданылады. Оларды қатаң түрде нұсқауларына сәйкес қолдану керек. Олардың сипаттамасына, алынатын көзіне және бақылау әдісіне көңіл аударған дұрыс. Иммуносупрессанттар. Глюкокортикоидтар иммундық жүйенің ауруларында иммундық функцияларды тежеуші препараттар ретінде белгілі. Ракқа қарсы алынған цитотоксикалық препараттар иммуносупрессияны тудырады, аутоимундық ауруларды емдеуге препараттарды таңдауға мүмкіншілік береді. Цитотоксикалық препараттардың екі түрі бар: торшалық циклдік препараттар және торшалық емес циклдік препараттар. Торшалық препараттар жылдам бөлінетін торшаларды жояды, ал торшалық емес препараттар барлық торшалар үшін улы болып келеді. Бұлардың көбі ракты емдегенде ағзалардың трансплантациясында қолданылады немесе аутоиммундық ауруларда және басқа да иммунологиялық бұзылыстарда глюкокортикоидтармен кешенді түрде пайдаланылады. Глюкокортикоидтар торшалық және гуморалдық иммунитеттердің иммуносупрессорларының негізгітобын құрайды. Олардың механизмі терең және жетік түрде зерттелген. Глюкокортикостероидтардың иммунодепрессивтік эффектісі лейкоциттердің миграциясының өзгеруіне, өнімдерінің нашарлауына, лимфоциттердің функцияларының өзгеруіне, үстіңгі рецепторлардың азаюына, интерлейкин-екі өнімінің қажуына, хелперлік белсенділіктің төмендеп, спрессорлық белсенділіктің артуына байланысты болуы мүмкін деп түсіндіріледі. Циклоспорин саңырауқұлақтардан алынатын препарат, Т-торшалардың белгілі субпопуляцияларына жоғарғы деңгейдегі арнайылықпен сипатталады. Ол иммундық жүйенің патогенезіндегі жинақталған Т-торшаның көп функцияларының потенциалды антогонисі. Препарат медицинада ағзалар трансплантациясынан кейін және кейбір Т-торгшалық ісіктерді емдеу үшін қолданылады. Аутоиммундық ауруларды емдеуге қолдануға болады деген деректер де бар. Алкилдеуші препараттар (хлорамбуцил, мелфалан, циклофосфамид, бузулфан) торшалық емес циклді иммунодепрессантардың қатарына жатады. Иммундық жүйенің ауруларын емдеу үшін қолданылады. Олардың негізгі әсерлері – дәрілік заттардың молекулаларын иондау, сол арқылы нуклеин қышқылдарының құрам бөліктерін химиялық түрде алкилдеу (көмірсутегінің қаныққан түрінің қалдықтары). Мысал ретінде гуанинді келтіруге болады. Бұл әсердің салдарынан хромосомдар зақымдалады және торшалар өледі. Антиметаболиттер (метотрексат, азотроприн, 6-меркаптопурин және басқалар) алкилді препараттар тәрізді әсер етеді, нуклеин қышқылдарының синтезін тежейді. Бұл препараттарды иммундық жүйенің ауруларында қолдану принципі олар лимфоциттерді талқандайды, иммундық жауапты қайтарады. Бұл топтың ішінде кеңінен тараған препарат азотиоприн. Оның Т- және В- торшаларға цитотоксикалық эффектісі бар. Моноциттердің алдыңғы түрлерінің пролиферациясын қажытады. Өзіндік бақылау сұрақтары: 1. Иммунокррекция туралы жалпы түсінік және анықтамасы. 2. Иммуностимуляторлар туралы не білесіз? 3. Тимустық гормондары туралы айтып беріңіз. 4. Опиоидты пептидтер туралы не білесіз? 5. Интерферон және интерлейкиндер туралы айтып беріңіз. 6. Левамизол және изопринозин туралы не білесіз? 7. Бактериалдық эндотоксиндер және БЦЖ вакцинасы дегеніміз нелер? 8. Нуклеин қышқылдарының препараттары және синтетикалық жартылай нуклеотидтер дегеніміз нелер? 9. Иммуносупрессантар туралы не білесіз? Ұсынылатын әдебиеттер алдыңғы дәрістерде көрсетілгендей. № 10 ДӘРІС. Тақырыбы: Пробиотиктердің классификациясы. Жоспары: 1. Пробиотиктер туралы жалпы түсінік. 2. Пробиотиктерге қойылатын талаптар. 3. Пробиктер үшін пайдаланылатын микроорганизмдердің классификациясы. 4. Пробиотиктердің әсер ету механизмі және қолдануға болатын жағдайлар. Бактериялдық, вирустық, аутоиммундық ауруларды, аллергияны, ракты дәстүрлі емдеудің стратегиясы организмді гомологиялық қорғауда симбиоздық және реактивтілікті туғызудан гөрі, олардың себептерін басуға және аяушылықсыз жоюға бағытталған. Мұндай бағыт медициналық жедел көмекте өмірді сақтап қалу үшін өте қажет. Бірақ, онсыз да әлсіреген иммундық жүйені одан ары басу аурудың барысын одан ары асқындырып жібермейме деген сұрақ туады. Індетті ауруларды емдегенде үнемі антибиотиктерді қолданамыз. Олар кез келген микроорганизмдерді жоюға бағытталған. Антибиотиктер микроорганизмдердің қас жауы. Онкологиялық ауруларды емдегенде цитостатиктер мен сәулемен емдеуде барлық торшаларды жоюға бағытталған. Олар пайдалы, пайдасыз торшаларды бір-бірінен айырмайды. Вирустық аурулардың ауыр түрінде қолданылатын виростатиктер вирустардың көбеюін тек қана тежейді. Астма, аллергия, аутоиммундық ауруларды емдеуде қолданылатын кортизон және басқа да тежегіш заттар иммундық жүйені басады, ол өз кезегінде басқа ауруларға жол ашады. Антибиотиктердің әсерлерін дұрыс дифференцияламау организмге түзелмейтіндей зиян келтіреді. Антибиотиктердің әсерлеріне үйренген организм әлсірейді, өз қорғаныс факторларын толық пайдалана алмайды. Ал бактериялар үнемі жіберілетін антибиотиктерге үйренеді, олардың әсеріне төзімділік пайда болады. Егер қатерлі бактериялардың біреуі тірі қалса, ол барлық кеістікке еркін тарай алады. Себебі оның табиғи жауларының барлығы құрытылған. Осындай жағдайда пайда болатын дисбаланс иммундық жүйеге зиянын тигізеді. Организмде қарсы денелерді түзетін торшалардың 80 %-ы ішектердің қабырғаларында орналасқан. Аурудың қоздырғыштарының көпшілігі азық арқылы ас қорыту жүйесі арқылы түсетінін ескерсек бұл орын олар үшін өте қолайлы. Ауру қоздырғыштарының жартысына жуығы асқазанда жойылады, қалғандары ащы ішектерге өтіп, кілегей қабықтың астыңғы қабатында шоғырланады. Олар бөгде заттарды, организмге қауіпті індетті антигендерді сіңіреді. Сол антигендердің көмегі арқылы иммундық жүйенің қандағы ақ қан түйіршіктерін белсендендіреді. Соның арқасында организмнің арнайы және арнайы емес иммундық қорғау реакциясы пайда болады. Ішектерде бактериялардың 400-денастам түрлері бар. Олар тек азықты ғана қорытып қоймайды, сонымен қатар ауру тудыратын бактерияларды қажытады, жояды. Олардың ішек қабырғаларына өтуіне кедергі жасайды. Ал пайдалы микроорганизмдер қорғаушы торшаларды жаттықтырады, ішектің кілегей қабықтарының иммунологиялық қорғанысын беріктендіреді. Ішек биоценозына әсер ету арқылы мал денсаулығын нығайту ертеден қолға алынған іс. 1910 жылы И.И.Мечников организмді жасарту және өмірді ұзарту үшін сүттің әртүрлі қышқылдандырылған түрлерін ұсынған. Өткен ғасырдың 30-шы жылдары құрамында лактобактериялар және бифидобактериялар бар препараттар ұсыныла бастады. Оларды пробиотиктер деп атады. «Пробиотик» деген атау «өмір үшін» деген мағынаны береді. «Антибиотик» - «өмірге қарсы» деген атауға альтернатива. Пробиотиктерге жаңа анықтама 2002 жылы ВОЗ- дың жұмыс тобымен берілді. Пробиотиктер – адекватты мөлшерде қолданғанда қолданған организмнің денсаулығын жақсартатын тірі микроорганизмдер. Бұл анықтамада препараттарға қойылатын негізгі талаптар көрсетілген. Олар: тірі микроорганизмдерді сақтау, олардың жеткілікті мөлшері және іс жүзінже дәлелденген тиімділігі. Ішектердің қалыпты флорасының өкілдері, тірі микроб культураларынан дайындалған препарат – пробиотик жанама реакция тудырмайды, қолдану үшін қарсы көрсеткіштері жоқ. Олар патогенді микроорганизмдер мен олардың метаболиттеріне қарсы белсенділік көрсетеді. Ас қорыту жүйесінің пайдалы микроорганизмдеріне қолайлы жағдай туғызады, организмді биологиялық белсенді заттармен қамтамасыз етеді. Азықтың қорытылуы, иммундық статусы жақсарады. Пробиотиктерге қойылатын талаптар: • фено- және генотип жағынан жіктелу мүмкіншілігінің болуы шарт; • патогендік қасиеті болмауы керек; • микроорганизмдер тірі болуы шарт; • қышқылдықтың әсеріне төзімді болуы керек немесе қышқылдыққа төзімді капсуласы болуы шарт; • ішек эпителийіне жабысу қасиеті (адгезия) болу керек; • ішек колонизациясына бейімділігі болу керек; • организмге қауіпсіз болуы керек. Өндірістік жағдайда клиникалық тиімділігі дәлелденген штаммдары ғана қолданылады. Микроорганизмдерді шығу тектері арқылы жіктеуге болады: 1. Сүтқышқылды штаммдары (L. acidophilus, L. Plantarum, L. bulgaricum, L. casei, L. fermentum, Str. Thermophylus, Enterococci L-3, B.Lactis). 2. Донорлық штаммдар (Bifidobacteriae bifidum, B.Longum, B.Adolescents, L. rhamnosus GG, L. Gassed, Enterocjcci faecium, Salivarius) 3. Антагонистер (3- Subtilis, S. boulardii). Пробиотик препараттарын таңдап алуда проблемді сұрақтар туындайды. Біріншіден, олардың тіршілігін сақтауы. Себебі тек тірі микробтар ғана пробиотиктік қасиетті. Екіншіден, тиімді әсер ететін ең аз дозасы КОЕ 10- ның 7-ші дәрежесі. Үшіншіден, пробиотикті ішекке жеткізу жолы. Бактериялардың тіршіліктерінің сақталуы өндіру технологиясы мен препаратты сақтау жағдайына байланысты. Көптеген пробиотиктердің, әсіресе препаттардың сұйық түрлерін сақтау үшін ерекше жағдайлап керек. Олардың ішіндегі ең бастысы температуралық жағдай. Оларға асқазан сөлінің, өт қышқылдарының, ұйқы безінің ферменттерінің бүлдіргіш қасиеттерін естен шығармау керек. Бұл жерде қышқылдыққа төзімді капсуладағы пробиотиктердің маңызы зор. Өзіндік бақылау сұрақтары: 1. Пробиотиктер туралы не білесіз? Жалпы түсінік қандай? 2. Пробиотиктерге қойылатын талаптар қандай? 3. Пробиотиктерді алу үшін қолданылатын микроорганизмдер қалай жіктеледі? Ұсынылатын әдебиеттер алдыңғы дәрістерде көрсетілген. № 11 ДӘРІС. Тақырыбы: Пробиотиктердің иммундық жүйеге әсері және қолданылуы. Жоспары: 1. Пробиотиктердің әсер ету механизмі және қолдану мүмкіншілігі. 2. Бәсекелестік әсері. 3. Пробиотиктерді індетті диареяда қолдану. 4. Пробиотиктерді антибиотиктерге төзімді диареяға қолдану. 5. Пробиотиктердің иммундық жүйеге әсері. 6. Пробиотиктерді тағайындау көрсеткіштері. Пробиотиктердің әсері оларды ішекке орналастырумен ғана шектелмейді. Олардың әсері күрделі және жан-жақты болып келеді. Олар: патогенді және шартты патогенді микрофлорамен бәсекелестік, ішектің кілегей қабығына жабысушылық, эпителиоциттермен қарым-қатынас, иммуномодуляциялық әсер. Пробиотиктердің бәсекелестік әсері бактерицидтік заттарды синтездеу мүмкіншілігіне, қоректік заттар мен өсу факторларына бәсекелестігіне, іш қуыстарындағы Рн төмендетуіне, адгезия мен патогенді микроорганизмдерге қарсы әсеріне байланысты. Пробиотиктердің шартты және шартсыз микрофлораларға қарсы қорғаныс әсер етуінде бірнеше механизмдері бар. Көптеген штаммы бактериоциндер өндіреді. Ондай қасиет эньерококктар мен лактобактерияларда жақсы дамыған. Пробиотиктердің көбінің токсинге қарсы әсері бар. Олар вирустар мен бактериялардың цито- және энтеротоксиндерін бейтараптайды. Пробиотиктер әсіресе вирустық диареяда, энтеропатогендік эшерихиозда және антибиотиктерге төзімді қоздырғыштары бар диареяда тиімді. Антибиотиктерді клиникалық тәжірибеде кеңінен қолдану ауруды асқындыруы мүмкін. Соның бірі антибиотикке төзімді қоздырғышты диарея. Бұл аурудың пробиотиктерді қолдану арқылы емдеуге және алдын алуға болады. Пробиотиктердің иммундық жүйеге әсеріне сүйене отырып оны көптеген клиникалық ситуацияларда қолдануға болады: • нelicobacter pylori, Giardia lamblia тудыратын індетті аурулардың созылмалы түрлерін емдеу үшін; • азықтан болатын аллергияны емдеу үшін; • ішектердің қабынуын және басқа да созылмалы ауруларын емдеуге; • жиі және ұзақ ауыратын малдарды емдеу үшін. Пробиотиктерді тағайындау көрсеткіштері. Оларды тек қана ішек биоценозын қалыптастыру үшін емес, басқа да көптеген жағдайларда қолдануға болады. Оларға жататындар: • жеңіл және орташа деңгейде өтетін ішек індеттерінің, әсіресе вирустық, жіті түрінде; • шартты патогенді микробтардың әсерінен болатын созылмалы диареяда; • антибиотиктерге төзімді қоздырғышты диареяны емдеу және алдын алу үшін; • H. pylori індетінде; • Лямблиозда; • Ішектердің қабынуында; • Азықтан болатын аллергияда. Пробиотиктердің көптігі мен әртүрлілігін ескере отырып, оларға қойылатын қатаң талаптарды сақтау керек. Осы талаптарға сай препараттарды ғана қолдануға ұсынуға болады. Ондай талаптарға жататындар: • бактериялардың тірі штаммдары; • симбионтты микробтарды қатарынан қолдану; • олардың антибиотиктердің әсеріне төзімді болуы; • олардың қышқылдыққа төзімді болуы. Осындай талаптардың барлығына сай препараттар аздап қана саналады. Өзіндік бақылау сұрақтары: 1. Пробиотиктердің әсер ету механизмі және қолдану мүмкіншілігі. 2. Олардың бәсекелестігі. 3. Пробиотиктерді індетті диареяға қарсы қолдану. 4. Антибиотиктерге төзімді қоздырғышты диареяға қолдану. 5. Пробиотиктердің иммундық жүйеге әсері. 6. Пробиотиктерді қолдану көрсеткіштері. Ұсынылатын әдебиеттер алдыңғы дәрістерде көрсетілген. № 12 ДӘРІС. Тақырыбы: Ферментті-пробиотикті қосымша азықтар. Жоспары: 1. «Споровит» пробиотигі. 2. «Бацелл» ферменттік-пробиотикалық қосымша азық. 3. «Моноспорин» пробиотигі. Споровит иммуномодулдық препарат. Бұзылған иммундық статусты қалпына келтіреді, эндогенді интерферонды көбейтеді, макрофагтардың функционалдық белсенділігін арттырады, лейкоциттердің, моноциттердің және нейтрофилдердің фагоцитарлық белсенділіктерін жоғарылатады. Ішек індеттерінің жіті түрлерін «Споровитпен» емдегенде гамма-глобулин фракциясының біртіндеп жоғарлағаны тіркеледі. Созылмалы індетте белок фракциясының ара қатынасы қалыптасады. Ауыз қуысы арқылы берілген препарат антитоксикалық әсер етеді. Бацилладан тұратын биопрепараттардың аллергияға қарсы әсерлері спор түзетін бактериялардың ферменттерінің комплексті әсерлерімен түсіндіріледі. Bacillus өндірістік штаммдарының ішек эпителий торшаларына адгезивтік қасиеттері әлсіз болып келеді. Олар патогенді микроорганизмдерге бәсекелестік деңгейде қарсы әсер етеді, ал пайдалы микроорганизмдерге антогонистік әсер етпейді. Олар бәсекелессіз өсіп-өнеді. «Споровит» препаратын қолданғаннан кейін 3-5 күн өткенде лактобактериялардың, бифидобактериялардың, ішек таяқшаларының мөлшері қалыптастырылады. Спора түзетін бактериялардың адаптациясы макроорганизмнің жеке басының ерекшеліктеріне байланысты болады. Олар әрқашанда микробиоценозға араласа бермейді. Қорыта келгенде, «Споровит» медицина және ветеринария салаларында болашағы бар препараттардың қатарына жатады. Ол белсенді және таңдамалы түрде әсер етеді. Жоғары деңгейде ферментативті және биосинтетикалық әсерлері бар. Макроорганизм мен аутомикрофлораға зиянсыз, сыртқы ортаның қолайсыз жағдайына төзімді. «Бацелл» қосымша азығы – ферментті-пробиотикті препарат. Малдар мен құстардың ас қорыту жолынан алынған микроорганимздердің ферментациясының қатты фазасының негізінде алынған. Препараттың проибиотикалық әсерінің мүмкіншілігі: • патогенді микрофлора тудыратын көптеген аурулардың алдын алу; • ішектің қалыпты, пайдалы микрофлорасын қалыптастыру; • малдың өсуінің иммуностатусын жоғарылату және т.б.. • Организмде биологиялық белсенді заттардың синтезін ұйымдастырады. Организмнің өз ферменттеріне теріс әсер етпейді. Малдар мен құстардың өнімділігі жоғарылайды, шығын азаяды, өнімнің өзіндік құны төмедейді, экономикалық көрсеткіштер жақсарады. «Бацелл» - құрғақ, сусымал, қоңыр түсті, әлсіз иісті өнім. Көп қабатты қағаз қапшықтарды шығарылады. Құрғақ жерде, 10-25ºС температурада 6 айдан артық сақтауға болмайды. «Моноспорин» пробиотигі. Кең спектрлі әсері бар азық қоспасы. Құрамында жоғарғы деңгейде белсенді микроорганизмдер бар. Шартты патогенді микроорганизмдерді тежейді, ас қорыту процесін қалыптастырады. Грамм-теріс ішек індеттеріне жоғарғы антагонистік қасиеті бар. Ішектегі қалыпты флораның өсуіне стимуль береді. Дисбактериоздың алдын алу үшін, токсикалық диспепсияны эшерихиозды, сальмонеллезді, кандидомикозды, кокктарды емдеу үшін қолданылады. Азықтың қорытылуын, малдың өсуін жақсартады. Ферменттерді ыдыратады. Мал басының сақталуын және өнімін жақсартады. Қалқанша бездің функционалдық мүмкіншілігін реттейді. Қандағы моноциттерді, нейтрофилдерді, фагоцит санын көбейтеді. Мал организміндегі зат алмасу процесін қуаттандырады. Патогенді микроорганизмдердің өсуін тежейді, организмнің сыртқы ортаның қолайсыз жағдайына қарсы тұру резистенттілігін арттырады. Антибиотиктердің тиімді альтернативі. Малдарға қауіпсіз, мал өніміне кері әсері жоқ. Қоспа сұйық және құрғақ түрлерінде шығарылады. Сұйық түрі флакондарда, құрғақ сусымал түрі көп қабатты қағаз қапшықтарды шығарылады. Тікелей күн көзінен сақтайды. Алты айға дейін пайдалнуға болады. Өзіндік бақылау сұрақтары: 1. Ферментті-пробиотиктік қосымша азықтың құрамына не кіреді? 2. «Бацелл» пробиотигі туралы не білесіз? 3. «Споровит» пробиотигін қалай қолданады? 4. «Моноспорин» пробиотигі туралы не білесіз? Ұсынылатын әдебиеттер алдыңғы дәрістердегідей. № 13 ДӘРІС. Тақырыбы: Дәрілік заттардың әсер ету уақытын ұзарту үшін қолданылатын жаңа биоцидті құрамдар. Жоспары: 1. Кіріспе. 2. Метропол. 3. Альбипен LA. 4. Амоксициллин. 5. Биогель-5. 6. Бифитрилак. 7. Докси. Кез келген дәрілік заттың өзінің нақтылы химиялық құрылысы бар. Олардың әсері белгілі бір химиялық немесе физикалық пролцестерге байланысты болады. «Биоцидтік әсер» деген термин дәрілік заттардың организмдегі індет қоздырғыштарына қарсы әсері деген ұғымды береді. Дәрілік заттардық таңдамалы әсері олардың мал ұлпаларына қарағанда қоздырғыштарда көп шоғырлануына байланысты. Макроорганизмге зиянды әсерін тигізбей қоздырғыштардың өмірге қажетті метаболиттерін жояды. Неғұрлым дозасы жоғары болса, солғұрлым терапевтік тиімділігі де жоғары болады. Бірақ кейбір препараттардың ондай дозасы кері әсерін тигізуі де мүмкін. Мүндай жағдайда жоғарғы химиотерапевтік индексті препараттарды қолданған дұрыс. Химиотерапевтік индекс дегеніміз препараттың ең жоғарғы емдік дозасы мен ең төменгі емдік дозасының ара қатынасы. Ветеринария саласында ондай препараттар індетті аурулардың алдын алу үшін де қолданылады. Қазіргі кезде биоцидтік препараттардың болашағы зор болғандықтан арнайы ЖШС «Тринти фарма» осымен айналысады. Олар ғылыми-зерттеу жұмыстарын, клиникалық тексерулер, тәжірибеге енгізу жұмыстарын жүргізеді. 2001 жылы ұзақ уақыт әсер ететін, антигипоксиялық «Эмицидин» препараты іске қосылды. Ол суда еритін антиоксидант. Көптеген препараттар қазірде тексеруден өтуде. Метропол – ұзақ уақыт әсерлі, иммуностимуляциялық қасиеті бар ерекше препарат. Ол белгілі дәрілік заттар метронидазол мен поливинилпироллидонның инкюзивті комплексі. Аэробты және спора түзбейтін анаэробты микроорганизмдерге белсенді түрде әсер етеді. Препаратты венаға жібергеннен кейін анаэробты микроорганизмді әлсірету әссері 30-40 сағаттан кейін біліне бастайды. Ал полимерде иммобилизденбеген препарат 6-8 сағаттан кейін организмнен шығарылады. Метрополды антибиотиктермен қатарынан қолданғанда соңғысының дозасын 1,5-2 есе азайтуға болады. Бактерицидтік қасиеті сақталады. Метропол жаңа ұзақ уақыт микробтарға қарсы әсер ететін препарат ретінде хирургия, гинекология, стоматология, ветеринария салаларында қолдануға болады. Препарат клиникаға дейінгі тексеруден өтуде. Уақытша фармакопейлік мақала және патент дайындалуда. Альбипен LA – жартылай синтетикалық пенициллинді антибиотик. 10 %-ды ампициллинмен әсер ету уақыты ұзартылған. Кең спектрлі грамм оң және грамм теріс микроорганизмдерге, стрептококк, пневмококк, энтерококк, стафилококк, эшерихийлерге және сальмонеллаларға белсенді түрде әсер етеді. Мал организмінде терапевтикалық концентрациясы екі тәулікке дейін сақталады. Құрамы: 100 мг/мл ампициллин ангидриді алюминий стеараты мен кокос майының эмульсиясында. Ас қорыту жүйесінің, зәр шығару, жыныс жолдарының ауруларында; пневмонияда, хирургиялық індеттерде, маститтерде, полиартриттерде, септицемияда, вирустық аурулардан кейінгі екінші қатардағы індеттерде қолдануға болады. Дозасы: ірі малдарға 15 мг/кг, төлдерге 25 мг/кг 48-72 сағатына бір рет терінің астына немесе еттің ішіне жіберіледі. Препарат қолданған малдың етін 14 тәуліктен, ал сүтін 72 сағаттан кейін пайдалануға болады. 100 мл флаконда шығарылады. Екі жылға дейін сақталады. Иттерде препаратты қолданғаннан кейін ауырсыну реакциясы болуы мүмкін. Жылқыларда препаратты жіберген жерде ісік пайда болады да ол бірнеше күннен кейін жоғалады. Жоғарғы сезімталдықты малдарға қолданбаған дұрыс. Амоксициллин. Жартылай синтетикалық антибиотик. 15 %-ды әсері ұзартылған препарат. Ас қорыту жүйесінің індетінде, маститте, метритте, нефритте, уретритте, циститте, абсцесстерде, пододерматиттерде, артриттерде, офтальмиттерде, ұлпа-тері індеттерінде, атрофиялық ринитте күніне бір рет еттің ішіне жіберу арқылы қолданады. Пенициллинге сезімтал малдар мен кеміргіштерге қолануға болмайды. Аллергиялық реакция болуы мүмкін. Басқа бактериостатикалық препараттармен бірге қолдануға болмайды. Жарық түспейтін жерде сақтайды. 10, 100 мл суспензия ретінде шығарылады. Шығарушы – Байминда Ирландия. Биогель – 5. Бактерицидтік, қабынуға қарсы және регенеративті әсерлі прополис экстрактісімен комплексте ас қорыту жүйесінің ауруларын емдеуге қолданылатын препарат. Грамм оң және грамм теріс микроорганизмдерге бактериоцидтік және бактериостатикалық әсер етеді. Улы заттардың сіңуіне кедергі жасайды. Организмнің иммунитеті мен табиғи резистенттілігін қуаттандырады. Бұзаулар мен торайлардың тышқақ ауруларында ауыз қуысы арқылы қолданады. Азықтандырғанға дейін, күніне екі рет, мал толық жазылғанша қолданады. Аурудан сақтандыру үшін төл туғаннан кейін екі-үш күндей күніне екі рет ауыз қуысы арқылы береді. Қараңғы жерде бір жылға дейін сақтауға болады. 100, 1000 мл флаконда шығарылады. Адсорбенттік қасиеті бар. Шығарушы ЗАО «Фармакс», Ресей. Бифитрилак. Ветирнария саласында қолданылатын пробиотик. Иттерді, мысықтарды, декоративті құстарды, ауылшаруашылық малдарының ас қорыту жүйесінің ауруларының жіті түрін емдеу және алдын алу үшін қолданылады. Емдеу үшін азықпен қосып күніне бір рет, 5-10 күндей, сақтандыру үшін 3-5 күндей қолданады. Жарық түспейтін жерде сақтайды. Дайындаушы – ЗАО «Бакс». Доксин – 200 ВС. Ветеринария саласында ауыз қуысы арқылы қолданылатын, суда жақсы еритін ұнтақ препарат. Бір грамм ұнтақта 100 мг диоксициклин гиклаты және 100 мг тилозин тартраты бар. Ақшыл-сарғыш түсті, ұсақ кристаллды ұнтақ. Құрамының фармакологиялық қасиеттері: диоксициклин гиклаты окситетрациклиннің жартылай синтетикалық туындысы болып келеді. Ұзақ уақыт әсерлі, тез сіңетін, организмнен жәй шығатын препарат. Майда жақсы ериді. Қан плазмасындағы белоктармен 80-92 % байланысады. Антибиотиктің терапевтикалық деңгейі ұлпаларда 20сағатқа дейін сақталады. Бауырда жинақталады, өтпен, зәрмен, нәжіспен биологиялық белсенді түрінде бөлінеді. Тилозин тартраты макролидтер тобына жатады. Streptomyces fradiae актиномицетінің ферментативті белсенді өнімі. Грамм оң және грамм теріс микроорганизмдерге қарсы белсенді. Әсіресе патогенді микоплазмалар өте сезімтал келеді. Ол бактерия торшаларында белоктың синтезін тежейді, рибосоммен комплекс түзеді. Ауыз қуысы арқылы қолданғанда жақсы сіңеді, барлық ішкі ағзаларға тарайды. Малдар мен құстардың қанында терапевтикалық деңгейі 6-8сағаттай сақталады. Қандағы ең жоғарғы концентрациясы жібергеннен кейін 30 минутта анықталады. Зәрмен, өтпен, нәжіспен бөлінеді. Малдар мен құстардың ас қорыту, тыныс алу және зәр шығару жүйелерінің ауруларын емдеу және алдын алу үшін қолданылады. Организмде жасанды бактериалдық резистенттілік өте жәй дамиды. Қолданар алдында қоздырғыштардың доксициклин мен тилозинге сезімталдығын тексеріп алған дұрыс. Емдеу кезінде тек препарат ерітілген сумен ғана суғару керек. Доксин – 200 ВС препаратын пенициллинмен, цефалоспориндермен және линкомицинмен қатарынан қолдануға болмайды. Тилозиннің бактерияға қарсы әсері күрт төмендейді. Доксициклин темір препараттарымен үйлеспейді. Ауыз қуысы арқылы ғана қолданылады. Дозасы – 1000 л суға 1 кг. Емдеу курсы – 3-4 күн аралас індетте, ал созылмалы түрінде 5 күн. Егер 2-3 күн аралығында клиникалық жақсару байқалмаса, онда микроорганизмдердің сезімталдығын қайта тексеру керек. Аурудан сақтандыру үшін 2000 л тәуліктік ішетін суға 1 кг препарат қосып, 3-5 күндей қолданады. Препаратты жылы суға, сүтке және сүтті алмастыратын сұйыққа ерітуге болады. Препарат күйіс қайыратын малдардың етінде 14 күндей, шошқалардың етінде 8, құстардың етінде 7 күндей сақталады. Ол өнімді пайдалану үшін ол уақытты ескеру керек. Препарат құрғақ, жарық түспейтін жерде, 15-25ºС температурада сақталады. Пластикалық банкаларда 1000 г, бочкаларда 25 кг мөлшерде шығарылады. Өзіндік бақылау сұрақтары: 1. Биоцидтік препараттардың пролонгациясы туралы не білесіз, оның қандай маңызы бар? 2. Эмицидин препаратының әсер ету ерекшелігі қандай? 3. Метропол препараты қалай әсер етеді? 4. Альбипен препаратының әсер ету ерекшелігі неде? 5. Амоксициллин препаратының әсер ету механизмінің еркешелігін айтып беріңіз. 6. Биогель препаратының әсерінің ерекшелігі қандай? 7. Бифитрилак препаратының әсерінің ерекшеліктері қандай? Доксин препаратын қалай қолданады, әсері қандай? Ұсынылатын әдебиеттер алдыңғы дәрістерде көрсетілген. Қосымша ретінде Ветеринария жұрналының 2008 жылғы 9-12 нөмерлері ұсынылады. № 14 ДӘРІС. Тақырыбы: Табиғи иммуномодуляторлардың организмге әсерлерін функционалды клиникалық бағалау. Жоспары: 1. Кіріспе. 2. Препараттардың сипаттамасы. 3. Иммунокорректорлардың мал организміне әсері. Иммундық жүйе организмнің ішік ортасының қалыптылығын сақтауда функция функция атқарады. Клиникалық тәжірибеде бұзылған гомеостазды қалыптастыруда иммундық коррекция басты рөл атқарады. Тиімді иммунокорректорды іздеп табу, оны емдеу үшін қолдану әдістерін анықтау басты міндет. Малдарда кең тараған иммунодефициттік жағдай фармакологиялық коррекцияның келелі мәселе екенін байымдайды. Көптеген факторлардың иммунодепрессивті әсерлері ертеден белгілі. Қазіргі алда тұрған мәселе сол иммунодепрессияның механизмін зерттеу, оған қарсы тиімді заттарды тауып, пайдалану. Иммундық жүйенің жеткіліксіздігін неғұрлым ерте анықтау әдістерін іздеп, оның уақытында реттелуін шешу алда түрған күрделі мәселелердің бірі. Қазірде көптеген синтетикалық жолмен алынатын дәрілік заттар бар Бірақ олардың кейбірін қолданғанда иммунодепрессивті жағдайдың асқынуы, мал өнімінің және сыртқы қоршаған ортаның ластануы жиі байқалады. Осындай кемшіліктері аз табиғи препараттарды ветеринария саласында кеңінен қолданудың маңызы өте зор. Бұл препараттардың көбінің синтетикалық препараттарға қарағанда артықшылықтары бар. Олар: организмге жан-жақты, иммундық модулды әсерлілілігі, улылығының төмендігі нейроэндокринді жүйенің функциясын белсендендіруі, регенерация процесін стимулдауы, стресс факторлардың әсерін әлсіретуі, вакцинация кезінде иммундық жауапты жақсартуы, химиятерапевтикалық тиімділігін арттыруы және қолданылуын азайтуы. Бұл жөнінде өсімдіктерден, мал ағзалары мен ұлпаларынан, шаян тәрізді жануарлардың хитиндерінен алынатын препараттардың болашағы зор. Бұл әдістердің көптеген жақтары ветеринария саласы үшін әліде зерттеуді, тәжірибе жүзінде сынақтан өткізуді талап етеді. Әсіресе нейроэндокринді тұрғыдан типтік гисто- және ағзалық заңдылықтарға баға берудің алатын орны ерекше. Бұл бағыт иммунодефициттік жағдайды патогенездік емдеу негізінде әлі толық зерттелмеген. Белгілі препараттарға қысқаша сипаттама. Рибав – құрамында балансты тұрғыда, күрделі биологиялық белсенді заттар мен эндофиттік микромицеттер синтезінің өнімдері бар спирт экстрактісі. Олетим – су-тұз экстракциясы әдісімен солтүстік бұғыларының тимусынан алынған препарат. Пептидтердің комплексі мен толықтырушы заттардан тұрады. Хитозан – теңіз шаяндарының хитинынан ацетилсіздендіру арқылы алынған түзу сызықты полисахарид. Ол бунақденелі жәндіктердің қаңқасында, саңырауқұлақтардың торшаларының қабырғаларында болады. Хитомаст – хитозан мен гель түзетін негіз бар емдеу үшін қолданылатын препарат. Иммунокорректорлардың мал организміне әсері. Гиперпластикалық өңірде дегенерацияға ұшыраған, өлі торшалар көптеп кездеседі. Ондай малдарды тексергенде олардың тері асты және мезентериалды лимфа түйіндерінің екі-үш есе үлкейгендері байқалады. Плазмоциттерде органеллалар мен цитомембраналарының құрылысының гиперплазиясы байқалады. Макрофаг торшалары лимфа түйіндерінің кортикалды аймағында ғана емес, милы жұмсақ ұлпаларында да кезедседі. Бүйректерде де сондай құбылыстар анықталады. Таңдап алынған препараттармен емдеу дәнекер ұлпалар мен иммунокомпотенттік торшалар жағында қабыну реакциясын төмендетеді. Висцералдық ағзалардың құрылысы бұзылмайды, иммундық гомеостаз реттеледі. Иммундық жүйенің функционалдық белсенділігі жақсарады. Гипоталамуста нонапептидтер мен кортикотропты гормондар босайды, олар қанға түседі, висцералдық ағзалардағы бұзылған гомеостазға оң әсер етеді. Өзіндік бақылау сұрақтары: 1. Организмде иммундық жүйе қандай қызмет атқарады? 2. Дәрілік заттарды өндіруде қазіргі кездегі негізгі проблемалар қандай? 3. Табиғи иммунокорректорлардың синтетикалық иммунокорректорлардан артықшылығы неде? 4. Олетим, хитозан, хитомаст, рибав препараттарына қысқаша сипаттама беріңіз. 5. Иммунокорректорлардың мал организміне әсерлері қандай? Ұсынылатын әдебиеттер алдыңғы дәрістерде көрсетілгендердей. № 15 ДӘРІС. Тақырыбы: Иммунодепрессанттар. Жоспары: 1. Иммунодепрессанттар тобына жалпы сипаттама. 2. Азатиоприн. 3. Базиликсимаб. 4. Батриден. 5. Зенапакс. 6. Имуран. 7. Рапамун. 8. Тимодепрессин және циклорал. Организмді қорғауда маңызды рөл атқаратын иммундық механизмдер белгілі бір жағдайда зиянды реакцияның себебі болуы да мүмкін. Мысалы, қондырылған ұлпаның организм тінімен бірігіп өспеуі организмнің иммунологиялық үйлеспеушілігіне тікелей байланысты. Мұндай жағдайда организм бөгде ұлпаның антигеніне қарсы денелер түзеді де, ол лимфоидты торшалармен бірге оны жарақаттайды және өлтіреді. Қазіргі кездегі деректерге сүйенсек, кейбір ауруларды организмдегі арнайы антигендердің босауы салдарынан болатын аутоиммунды процесс деп қарауға болатын көрінеді. Қалыпты жағдайда бұл антигендер байланыста болады да, иммунопатологиялық реакция тудырмайды. Осыған байланысты жаңа бағыт – иммуногенезді, қарсы денелердің түзілуін тежейтін дәрілік заттарды іздеу бағыты дамып келеді. Ондай дәрілік заттар лимфоидты – иммунокомпотентті ұлпалардағы пролиферативті процесті және нуклеин қышқылдарының биосинтезін тежейтін химиялық қосылыстар болуы керек. Міне, осындай иммунодепрессантты әсер ететін көптеген дәрілік заттар бар екен. Олардың өз классификациясы бар: • жалпы иммундық жауапты қажытатын цитостатиктер; • арнайы иммунодепрессивті әсер ететін антилимфоцитарлық қанның сары суы; • иммундық процестерді тудыратын реакцияны болдырмайтын дәрілік заттар; • қабынуға қарсы әсер ететін дәрілік заттар; • аздап қана иммунодепрессивтік әсер ететін глюкокортикоидтар. Ерекше иммунодепрессивті белсенді дәрілік заттардың қатарына цитостатиктер, антиметаболиттер, кейбір антибиотиктер жатады. Қазіргі бұл топтардың препараттары иммунодепрессанттар ретінде қолданылады. Арнайы иммунодепрессантқа азатиоприн жатады. Иммунодепрессивті препараттар ұлпалардың бірікпеу реакциясын төмендетеді. Сондықтан аутоиммунды ауруларды емдеуде тиімділік көрсетеді. Бірақ, қазірде белгілі препараттарды қолданғанда олардың жанама әсерлері кедергі жасауы мүмкін. Олар интерферон өнімін, қан түзілу процесін тежейді. Организмнің жалпы қорғаныс күшін әлсіретеді. Ондай жағдайда екінші қатардағы індет үдей түседі, септицемия дамиды, ұзақ уақыт қолданғанда залалды ісіктердің дамуы мүмкін. Сондықтан оларды өте сақтықпен қолдану керек. Азатиоприн. Суда, спиртте ерімейтін, сілтіде оңай еритін кристаллды ұнтақ. Әсері – иммунодепрессант. Нуклеин қышқылдарының құрамына кіретін аденин, гипоксантин, гуаниндердің аналогы. Нуклеотидтердің биосинтезін бүлдіреді, ұлпалардың пролиферациясын тежейді. Ауыз қуысы арқылы қолданғанда жылдам сіңеді. Қан плазмасының белогымен байланысады. Шу барьеры арқылы да өтеді, сүтке бөлінеді. Бауырда тотығады. Оның тотығуы және метилденуі эритроциттерде де жүреді. Қаннан ұлпаларға жылдам өтеді. Иммунодепрессивтік әсері лимфоидты ұлпалардың гипоплазиясына, Т- лимфоциттердің азаюына, иммуноглобулиндердің синтезінің бұзылуына, қанда атиптік фагоциттердің пайда болуына, жоғарғы сезімталдық реакцияның қажуына байланысты. Базиликсимаб. Моноклоналдық қарсы дене. Рекомбинантты ДНК көмегімен алынады. Суда ериді. Әсері – иммунодепрессант. Интерлейкинмен байланысады. Иммундық жүйенің антигенге жауабын бүлдіреді. Иммуносупрессивті терапияны қолданғанда залалды аурулардың пайда болу мүмкіншілігін естен шығармау керек. Шу барьері арқылы өтетін қасиеті бар. Дәрілік заттың көп әсерлері әлі толық зерттелмеген. Батриден. Суда және спиртте ерімейтін қызыл түсті, гигроскопты қасиетті, аморфты ұнтақ. Лимфотоксикалық әсерлі иммунодепрессор. Ұзақ уақыт қолданғанда бүйректердің аллотрансплантаттарының өмірін ұзартады. Таблетка түрінде шығарылады. Зенапакс. Трансплантаттардың бөлінуін сақтандыру үшін қолданылатын иммунодепрессант. Б тізімі бойынша қараңғы жерде сақталады. Дайындалған ерітінді 2-8ºС температурада 24 сағат, ал үй температурасында 4 сағат аралығында қолданылады. Имуран. Таблетка түрінде шығарылатын дәрілік зат. Сіңуі әртүрлі. Жылдам 6-меркапттопуринге айналады. Бауыр, ішек ұлпаларындағы концентрациясы жоғары болады. Иммунокомпотентті торшалардың өсіп дамуын тежейді, кооперативті иммунды жауапқа әсер етеді. Бағана торшаларының миграциясын нашарлатады. Үлкен дозасы сүйек кемігінің функциясын нашарлатады, гранулоциттердің пролиферациясын басады, лейкопения пайда болады. Буаз малдарға, лактация кезінде қолдануға болмайды. Рапамун. Құрамында сиролимус, азот, аскорбилпальмитат, май қышқылдары, моноглицеридтер, полисорбат, пропиленгликоль, фосфатидилхолин, этанол бар иммунодепрессант. Тимодепрессин. Ампулада, қапшықта, ампулды кескішімен бірге шығарылады. Глутамин қышқылы мен триптофанның Д-аминқышқылдық қалдықтарынан тұратын синтетикалық пептид. Әсері иммунодепрессивтік. Гуморалды және торшалық иммунитет реакцияларын әлсіретеді. Шеткергі қандағы лимфоциттерді азайтады, ал бағана торшаларының сақталуына әсер етеді. Цитостатиктердің әсерінен кейін гемопоэздің полипотентті популяциясының қалпына келуін жылдамдатады. Улылық, мутагендік, тератогендік әсерлері жоқ. Циклорал. Капсулада, флаконда шығарылады. Ауыз қуысы арқылы қолданылады. Антигенин өнімдерге қарсы әсер ететін иммунодепрессант. Өзіндік бақылау сұрақтары: 1. Иммунодепрессанттарға жалпы сипаттама беріңіз. 2. Азатиоприн, базиликсимаб, батриден, зенапакс, имуран, рапамун, тимодепрессин және циклорал препараттарының әрқайсысына сипаттама беріңіз. Ұсынылатын әдебиеттер: интернет. 2.Тәжірибе сабақтары №1 Зертханалык жұмыс Тақырыбы: «Ветом 1.1» пробиотигін диарея белгісімен өтетін асқазан-ішек ауруларында қолдану. Мақсаты: «Ветом 1.1» пробиотигінің асқазан-ішек ауруларын алдын алу және емдеу кезіндегі әсерімен , басты әсер танысу. Ұсынылатын әдебиеттер: Негізгі:1. В.Д.Соколов, Фармокология 1977 2. Первый Евразийский ветеринарный конгресс . 2007. 69-72 беттер. Қосымша: 1. Столяров И.Д. Иммунодиагностика и иммунокоррекция в клинической практике. СПб:Сотис, 1999 ж 2. В.М. Субботин «Современные лекарственные вещества в ветеринарии». 2003 ж 3. Внутренние незаразные болезни сельскохозяйственных животных/ Б.М. Анохин , В.М.Данилевский , Л.Г.Замарин и др.; Под редакцией В.М.Данилевского- М.; Агропромиздат , 1991. Тексеруге арналған сұрақтар. 1. Иммунитеттегі процесстерді модульдеуші дәрілік заттар . 2. Жұмыртқалайтын тауықтардың организмінің резистентілігіне табиғи минеральдардың әсері ( цеолит туралы айту). 3. Анафилакциялық шокпен сипатталатын аллерциялық реакциялардың көріністерін жоятын заттар. Методикалық ұсыныстар: Пробиотик «Ветом». Кольцов ғылыми орталығында ашылған және өнделетін Bacillis Subtilis және Licheniformsis бактериалар штаммы Ветом препараты белсенді затты реттінде тік ішек пен тоқ ішектің көптеген қауіпті микроорганизмдерін ығыстырады және өте төзімді болып келеді.Асқазан арқылы ішектерге түсіп , олар онда бір ай шамасында әсер етеді. Бактериялар «биореактор» сияқты жұмыс істеп , онда ферментер , аминқышқылдар , витаминдер және бактериоциндер синтездейді , олар антибиотиктар сияқты ауру тудыратын микроорганизмдерді бейтараптайды.Бірақта онда химиялық антибиотикті қолданған кезде пайда болатын бейімдеушілік , жағымсыз әсер туындамайды. Керісінше, олар қалыптасқан резистентілікті алып тастауға ,ішектің қабырғаларын тазалайтын , олардың қоректік заттарды сіңірілуін жоғарлататын , ішек микрофлорасының биологиялық балансын қалпына келтіретін қасиеттері бар , осы арқылы барлық иммундық жүйені қуаттандырады. Bacillis Subtilis бактериясы негізінде пробиотикті шығаруға көптеген талпыныстар жасалды , алайда тек қана Ветом жоғары емдік титрге ие (10/9) , тек қана Ветом интерферон өндірісін белсендендіретін қасиеті бар , интерферон вирустардың көбеюін алдын алып , организмдегі зақымданған торшаларды белгілейді. Ветом сериясының препараттары көптеген вирустық және бактериалық аурулардың алдын алу және емдеу үшін қолданылады , жеке алғанда боррелиоз , гепатит , герпес , тұмау , вирустық энтерит ( ішек тұмауы) , гастроэнтерит ( асқазан мен тік ішектің кілегей қабығының қабынуы), сальмонолез тудыратын энтеритте (тік ішектің инфекциясы) , колит ( тоқ ішектің кілегей қабатының жіті немесе созылмалы қабынуы ) , дизентерия (тоқ ішектің қабынуымен өтетін ауру) және трахеит ( трахеяның қабынуы) . Онкологиялық ауруларды емдеу кезінде Ветом қалпына келтіруші және қосымша ем ретінде жақсы жағынан көрсетті; сонымен аллергия , астма , бауыр циррозы және көптеген аутоиммунды ауруларда , жеке алғанда Crohn және Colitis Ulcerosa . Ветом 1.1 препаратын малдәрігерлік тәжірибеде қолдануға ұсыныстар. Жалпы сипаттамасы және әсер ету механизмі. Ветом 1.1 ұсақ кристалл тәріздес өнім , құрамында Bacillis Subtilis 7092 рекомбинаты штаммының антогонистік активті торшалары бар микробтық масса , ол альфа-2 интерфероны өндеп шығарады. Препараттың дәмә тәттә , иісі жоқ , суда тез ериді.Сақтау мерзімі 12 ай бүтін сауытта. Сумен немесе азықпен ішке қабылдаған кезде Bacillis Subtilis асқазан-ішек түтігінде көбейіп , белгілі бір уақыттан кейін толығымен сыртқа шығарылады. Ветом 1.1 басқа препарат-аналогтармен салыстырғанда айтарлықтай артықшылықтары бар: - жануарлар мен құстардың организміне созылмалы әсер етуі. - патогенді және шартты-патогенді микроорганизмдердің кең спектрлі жоғары антогонистік белсенділігі , антивирустық белсенділігі; - иммунитеттің торшалық және гуморальдық факторларын қуаттандырады. - организмнің арнайы емес резистентілігін жоғарлатады. - организмнің аллергиялық төзімділігін қалыпқа келтіреді. - организмдегі регенеративті процестерді қуаттандырады. - жануардың барлық екпелерімен (прививка) үйлесіп , олардың тиімділігін жоғарлатады. ПРЕПАРАТТЫ ҚОЛДАНУ: Ветом 1.1 бұзауларға , торайларға ішке жекелей немесе топтастыру арқылы алдын алу немесе емдік мақсатта жұқпалы емес жіті асқазан-ішек аурулары және инфекциялар ( колибактериоз , паратиф , сальмонеллез , дизентерия ) тудыратын ауруларда , сонымен қатар иммунитетті қуаттандыру және сау ұрпақ алу мақсатында қолданылады. Алдын алу мақсатында: - бұзауларға – 10 мг /кг тірі салмағы есебі дозасында ішке , жеке 10 күн 48 сағат сайын ; - жаңа туған торайларға –жекелей немесе топтап 50 мг/кг тірі салмағы дозасы есебінде 5 күн бойы 24 сағаттық немесе 10 күн бойы 48 интервалмен беруге болады; - буаз мегежіндерге жекелеп 300 мг/кг тірі салмағы дозасында төлдеуге 20 күн қалғанда 48 сағаттық интервалмен береді; Емдік мақсатта: - торайларға – 50 мг/кг тірі салмағы дозасында күніне 3 рет , келеп 4-6 күн бойы береді. - сүт ішіп жүрген бұзауларға – 50 мг/кг тірі салмағы дозасында күніне 2 рет 5-7 күн бойы береді. Жаңа туған төлдердің қанныңда иммуноглобулиндердің аз болуы салдарынан жұқпалы емес ауруларға , сонымен қоса вирустық және бактериологиялық этиология ауруларға бейім екендігі аңғарылған.Аурудың дамуына буаз сиырларды , мегежіндерді дұрыс азықтандырмау , олар өз кезегінде төлдің құрсақ ішіндегі дамуының бұзылуына , сонымен қоса жас төлдердің күтіп-бағу талаптарының сақталмауы ықпал етеді. Ветом 1.1 пробиотигі қолданылған шаруашылықтардағы алынған нәтижелерді саралап , мынандай қорытындылар шығаруға болады: 1. Ветом 1.1 буаз мегежіндерге төлдеуге дейін 20 күн бұрын беру жаңа туған төлдердің сақталуына жоғары ықпал етеді. Енесінен бөлгеннен соң тірі салмағының өсімі 23.9% , тірі қалуы 32.4% жоғары Ветом 1.1 берілмеген мегежіндердің торайларымен салыстырғанда. 2. Жаңа туған төлдерге Ветом 1.1 пробиотигін алдын алу мақсатымен беру асқазан-ішек ауруларына төзімділігін жоғарлатады.Тәжірибелік топтарда ауру торайлардың саны 2 есе аз , ауру жеңіл түрде және ұзақ емес.Тірі салмақтың өсімі 19.5% жоғары , тәжірибелік топтағы торайлар енесінен бөлгенге дейін сақталуы орташа есеппен : 91.2% , бақылау – 51.3% құрады. Төлдердің сақталуы препаратты жекелеп берген кезде жоғары. Ветом 1.1 емдік әсерін колиинфекция , дизентерия кезінде зерттелген. Колиинфекцияны емдеген кезде Ветом 1.1 Тиланнан кем түспейді , сақталуы 92 және 91.9% препаратты 3 рет берген кезде тиімділігі жоғарылайды . Дизентерия кезінде Ветом 1.1 жоғарғы тиімділігін көрсетті . 50 мг/кг тірі салмаққа дозасы есебінде күніне 2 рет берген кезде 100% сақталу тіркелген. Ветом 1.1 пробиотигін бұзауларға асқазан-ішек ауруларын алдын алу мақсатында қолдану ауруға шалдығуды 2 есе азайтып , ал емдік мақстта қолдану емдеу уақытын 48 сағатқа азайтып , организмнің табиғи резистентілігін жоғарлады және зат алмасуды жақсартады. Ветом 1.1 пробиотигінің қолдануы оңай , мал организміне теріс әсері жоқ. Осылай келе, жүргізген сынаулар барысында Ветом 1.1 жаңа туған төлдердің иммунологиялық статусын жоғарлатып , асқазан-ішек ауруларының алдын алады және емдік қасиеттері бар. Шығарылу формасы және құрамы: Интерферон өндіретін Bacillus sublilits бактериясының ВКМП В-7092 штамының кептілілген , иммобилизацияланған споралардың биомассасынан құралған препарат. Фармокологиялық қасиеттері Ветом 1.1 патогенді және шартты-патогенді микроорганизмдердің кең спектріне жоғары антогонистік белсенділік қасиетті бар және Bacillus sublilits рекомбинанты қасиеттеріне байналанысты антивирустық әсерге ие.Препарат дисбактериоздардың дамуын алдын алып , иммунитеттің клеткалық және гуморальдық факторларын қуаттануына ықпал етеді, арнайы емес резистентілікті жоғарлатады , аллергиялық төзімділікті қалыпқа келтіріп ,регенерациялық процесстерді қуаттандырады , зат алмасуды ретке келтіреді. Дозасы мен қолдану әдістері. Құстар мен жануарларға препаратты ішке енгізеді. Жекелеп немесе азық арқылы топтастырып (сүтпен , уызбен , суытылған қайнаған сумен және т.б.) береді. Иттерге тазартқыш клизмадан кейін ректальды жолмен беруге болады. Ерітінділерді қолданар алдында дайындайды. Емдік мақсатпен препаратты тәулігіне екі реттен 12 сағаттық интервалмен 1кг тірі салмағына 50 мг немесе тәулігіне 1 рет 1 кг тірі салмағына 75 мг дозасында жануардың жазылғанына дейін береді. Иммунодефициттік жағдайды түзету үшін препаратты тәулігіне 1-2 рет 5 күн бойы 60 мг жануардың 1 кг тірі салмағы дозасында береді. Жаңа туған төлдерге алдын алу мақсатында 50 мг 1 кг тірі салмағына есебінде 2 тәулікте 1 реттен 10 күн бойы береді. Жағымсыз әсерлері: Дозасын және қолдану ережелірін сақтаған жағдайда жағымсыз әсерлері байқалмайды. Кері көрсетулер Препаратқа жоғары сезімталдық. Ерекше көрсетілімдер Жануар және құстардан алынған өнімдер препаратты қолданғаннан кейін азықтық мақсатта шексіз қолданылады Сақтау ережелері Температурасы 20 С жоғары емес құрғақ жерде сақталынады. Сақтау мерзімі – 2 жыл. №2 Зертханалык жұмыс Тақырыбы: Ауылшаруашылық малының ауруларын емдеуде қолданылатын қазіргі кездегі әдістер және препараттар. Мақсаты:Ірі қараның акушерлік-гинекологиялық ауруларын диспансеризация кезінде қолданылатын препараттардың әсерімен танысу , олар «Баймек» , «Байтрил» , «Кетазол» , «Байоколокс Д. С.» Ұсынылатын әдебиеттер: Негізгі:1. В.Д.Соколов, Фармокология 1977 2. Первый Евразийский ветеринарный конгресс . 2007. 69-72 беттер. Қосымша: 1. Столяров И.Д. Иммунодиагностика и иммунокоррекция в клинической практике. СПб:Сотис, 1999 ж 2. В.М. Субботин «Современные лекарственные вещества в ветеринарии». 2003 ж 3. Внутренние незаразные болезни сельскохозяйственных животных/ Б.М. Анохин , В.М.Данилевский , Л.Г.Замарин и др.; Под редакцией В.М.Данилевского- М.; Агропромиздат , 1991 Тексеруге арналған сұрақтар. 1. Иммунологиялық процесстерді ынталандыратын препараттарды атаңыз , левализолдың механизмі. 2. Асқазан-ішек ауруларын емдеуде «Ветом-1» пробиотигін қолдану. 3. Ұлпалардың зақымдануын азайтатын препараттарды атаңыз (кортикостероидтер және т.б. ,қабынуға қарсы заттар) . Методикалық ұсыныстар: Буаздықтың соңғы мерзіміндегі малдәрігерлік қызмет көрсету , сонымен қатар азықтандыру мен күтіп-бағу , төлдің өмір сүру қабілеті мен енесінің төлдегеннен кейінгі жағдайына әсер етеді. Аналықтарға төлдеуге дейінгі мерзімде малдәрігерлік көмек жұқпалы және жұқпалы емес этиологиялы акушерлік-гинекологиялық аурулардың кешенді алдын алу , енесі мен төлдің зат алмасуын ынталандыру және қалыпқа келтіруге бағытында жүргізіледі. Басқа жағынан қарағанда қазіргі кездегі малдәрігерлік препараттар буаздық мерзімінде болашақтағы өнімділік пен төлдегеннен кейінгі малдәрігерлік шығындарды азайтуға мүмкіндік береді; төлдеуге дейінгі малдәрігерлік шаралардың тиімділігі төлдеуден кейінгімен салыстырғанда оншақты есе тиімді. Сонымен қатар төлдеу бөлмесінде жеке ұсталынып , малдәрігеріне әр жануарға жекелеп көңіл аударуына мүмкіндік береді. «Байер» компаниясы мал және шошқа төлдеу бөлмелерінде жүргізілетін өндеклердің регламентін ұсынады: - Жануарлар тұрған кезде немесе бос болған кезде бөлмелерді тиімді , қауіпсіз және арзан санация жасау. - Эндо- және эктопаразиттерге қатынасты амандықтың жоғары болуын қамтамассыз ету. - Дәрілік жолмен әртүрлі патологиялы акушерлік-гинекологиялық аурулардың аалын алу. - Жас төлдердің бактериал тудыратын және зат алмасу салдарынан пайда болатын аурулардың алдын алу. Дезинфекция. Малддәрігерлік шаралардың ең маңыздысы болып табылады.Өкінішке орай көптеген шаруашылықтарда «ескі» әдістер қолданылады . Бірақта микробтардың дезинфектантарға төзімділігінің пайда болуы , малдәрігерлік мамандарды жаңа әдістерді ізденуіне мәжбүр етеді. ДЕЛЕГОЛЬ-жуы қасиеті бар кең спектрлі, активті дезинфектант.Препараттың өзіне ғана тәң қасиеттерінің болуы , кез-келген шаруашылықта орын таптырмас дезинфектант. - 8 активті компонент – кепілді түрде жануарларды кез келген вирустардан , бактериалардан және санырауқұлақтардан сақтайды. Шетел ғалымдарының мәліметтеріне қарағанда препарат кокцидиялармен де күресе алады. - 1 литр 0.25-1% жұмыс ерітіндісін кез-келген кермектіктегі суда сұйылтқан кезде 100 ден 400 л дезинфекциялық ерітіндіні қосымша күш жұмсаусыз алуға болады. - 1л/5м2 – жұмыс ерітіндісінің үнемді таралуы арқылы бөлменің минималды ылғануында стерилділікке жету;1 л препарат 500 ден 2000 м2 аумақты өңдеуге жетеді. - t – от 0 ден 20 С аралығында суық ерітіндімен барлығын өндеуге болады - қауіпсіз - құрамындағы арнайы қосымшалар кез-келген материалдан жасалған құрал-жабдықпен жарақталған бөлмелерде қолдануға мүмкіндік береді. - Жануарлар тұрған бөлмелерде қолдануға мүмкіндік бар . 2.Баймек 1% -тоғышарларға қарсы ивермектин тобының препараты.Өндірісінің бірден-бір және тазалауы жоғары болуы препаратты буаз малдарда қолдануға мүмкіндік береді.Баймекті буаз малдарда қолданудың келесідей артықшылықтары бар: - сүттің шығынының болмауы; - шошка және малшаруашылығындағы экономикалық маңызды экто- және эндопаразиттердің алдын алу. - тоғышарлар себеп болатын бактериологиялық этиологиялық гинекологиялық аурулардың алдын алу - тоғышарлық иммуносупресиссияны төмендету. 3.БАЙОКЛОКС Д С. – сиырларды бірден су алдыруға арналған препарат.Сүт шаруашылықтар үшін таптырмас нәрсе , өйкені жалпы шаруашылық , малдәрігерлік сұрақтарды шешуге мүмкіндік береді: - препарат кепілді түрде маститің алдын алады , суалғаннан кейінде , сонымен қатар төлдегеннен соң да. - сауу стереотипін сақтай отырып , сиырлар суалғанша иелері жылдық сүттен 12 %-ға көп алады. - жаңа туған төлдер емдік уызбен қамтылған. 4.Байтрил 10% және Байтрил 5 % - энрофлоксациннің субстанциясын қолдану арқылы жасалған , инъекцияға арналған препарат.Жоғары сапалығына байланысты күретамырға қолдануға болады.Қасиеттері: - организмде бактериалдық инфекцияның дамуына кедергі жасайды (жыныс мүшелері мен желінде де); - организмді патогенді микроорганизмдер кең спектрінен жүйелі түрде сақтайды; - арнайы емес иммунитетті жоғарлатады. 5. Катазал 10% - зат алмасудың қуатты стимуляторы.Қасиеттері: - көмірсулардың , ақуыздардың , майлардың алмасуын оптимизациялайды- аналықтың организміндегі буаздықтың аяғында шоғырланатын токсиндерді жояды. - жатырдың бұлшықетіндегі гликогеннің қорын 77% жоғарлатып, тууды жеңілдетеді , өлі төлділік пен шудың кірілуінің алдын алады; - туғаннан кейінгі гормондардың оптимальды балансы- буаздық сары денесінің инволюциясының тездетуі , жыныстық циклдың белсендету , мегежіндерде көптөлділікті ынталандыру. - жас төлдердің сақтануын жақсартады , асқорыту ферментерінің өндірісін жақсарту және табиғи иммунитет факторларын ( альбумин , глобулин ) жоғарлату арқылы . №3 Зертханалык жұмыс Тақырыбы: Cүттілікті жоғарлататын және сүттің сапасын жақсартатын жаңа препараттар. Мақсаты:Сауылатын табындағы сиырлардың сүт безінің жасырын патологиясын анықтау , емдеу және алдын алу. Ұсынылатын әдебиеттер: Негізгі:1. В.Д.Соколов, Фармокология 1977 2. Первый Евразийский ветеринарный конгресс . 2007. 69-72 беттер. Қосымша: 1. Столяров И.Д. Иммунодиагностика и иммунокоррекция в клинической практике. СПб:Сотис, 1999 ж 2. В.М. Субботин «Современные лекарственные вещества в ветеринарии». 2003 ж 3. внутренние незаразные болезни сельскохозяйственных животных/ Б.М. Анохин , В.М.Данилевский , Л.Г.Замарин и др.; Под редакцией В.М.Данилевского- М.; Агропромиздат , 1991 Тексеруге арналған сұрақтар. 1. Иммуностимулятор-тиламин , әсер ету механизмі , дозасы 2. Адоптогендер – осы топқа кіретін заттар , әсер ету механизмі 3. Пробиотиктер- малды ұтымды азықтандырудың ажыратпас бөлігі. Қазіргі кезде сүт шаруашылығы қарқынды дамып келе жатыр.Осымен қатар сүт безінің патологиясы кеңінен тарылып келе жатыр. Кейбір зерттеулерге сүйеніп , қазіргі кездегі байлаусыз ұстайтын кешендерде желіннің жасырын патологиясы (субклиникалық мастит , асептикалық қабыну , тітіркену ) 52% , клиникалық мастит ( серозды , ірінді-катаральды және катаральды-ірінді) 21% , желін бөліктерінің атрофиясы 16% , жиынтық шығын жылдық сауын сүттің 20% теңеледі.Бұл жаңа технологияның экономикалық тиімділігін күт төмендетеді.Оған мынандай факторлар әсер етеді: 1) Генетикалық өнімділік пен маститің арасында тікелей арақатынас бар екендігі дәлелденген. 2) Сауу залдары топтап сауу негізге алады , әр сиырдың ерекшеліктерін ескермей 3) Қолданылатын маститке қарсы бағдарламалар өнімділігі 3-3,5 мын сүт беретін байлаулы ұсталатын сиырларға ғана есептелген Бірінші екі факторды өзгермейтін техникалық константа деп алсақ , ал мадәрігерлік маститке қарсы шараларды әр шаруашылықтың қажеттілігіне сай бейімдеу керек. Толықтай маститке қарсы бағдарлама үнемі орындалатын келедідей шаралардан тұру керек: 1. Сауылатын табындағы сүт безінің жасырын патологиясын (СБЖП) бақылау Бұл маститтің алдын алудың ең басты бөлімі, өйткені 66% жағдайда СБЖП клиникалық маститпен аяқталады. Олар байлаусыз ұстау технологиясының түзелмейтін ньюанстарының салдарынан болса ,сәйкесінше оларды жоюға болмайды , 4-6% ұстап тұруға болады. Егер шаруашылықта СБЖП сауылатын табынның 10% -нан көп болса , патологиялық ошоаққа әсер ететін диагностикалық шараларды айына екі рет , ал 10%-дан төмен болса бір рет.Осы мақсатта жедел маститті анықтайтын диагностикумдар қажет. Диагностикумға мынадай талаптар қойылады: 1. Тест-реакцияның бірінші бағасы тек қана бір белгі бойынша-гелтүзгіштік 2. Реакцияны қою мен бағалау 15 сек көп емес. 3. 1 мл сүтте 400 мың соматикалық торша бар сүтпен араластырғанда тестің нақты көрсетуі 4. Сақталу мерзімінің ұзақ болуы. Диагнозды қойғаннан кейін тез арада патологиялық ошаққа әсер ету керек.Соматикалық клеткалардың мөлшері жоғары бөліктерге цистерне ішіне маститке қарсы препараттарды тағайындайды.Алғашқы кезенде СБЖП сиырлардың саны көп болуына байланысты емдеу жаппай сипатта болады . Сондықтан цистерна ішілік затты тандағанда келесідей белгілер ескеру қажет: 1. Сүттің емдеу және емдеуден шығынға шығаруы уақытының минимальды болуы 2. СБЖП-ның әр кезеңнің патогенезіне кешенді әсері (микробка қарсы , жансыздандыру , детоксиндеу) 3. Дәрінің гидрофилдік негізі (сүт безінің шығару жүйесі бойынша максимальды тез таралу үшін) 4. Құрамында сульфаниламидтер , антибиотиктер және нитрофуран болмауы керек. Жүйелі түрде тек қана малдәрігерлік шараларды орындап отыру , 3 айдан кейін 4-6% денгейінде ұстап отыруына мүмкіндік береді. Сүттенетін сиырлардың клиникалық маститін (КМ) алдын алу және емдеу. КМ- полиэтиологиялық ауру.Оның пайда болуына бірнеше себеп әсер етеді: 1. Биологиялық-бактерия , вирус , саңырауқұлақтар , қарапайымдылар. 2. Физикалық – механикалық жарақат , үсік , күйік 3. Химиялық – эндо- және экзотоксиндер Км-ның бақылауының негізі – желіннің жағдайын уақыт сайын анықтау , алынған мәліметтерді дұрыс талдау және патологиялық ошаққа уақытылы әсер ету. Әр сауған сайын оператор желінді (қарау , массаж , сипалау ) және сүттің бірінші бөлігін (түсі , консистенциясы , иісі) визуальды бағалайды.Алынан мәліметтерге сай , келесідей алгоритм бойынша жұмыс істейді: Егер барлық көрсеткіштер қалыпты болса , сиырды сауады . Егер қандайда біаһр визуальды көрсеткіштердің біреуі КМ-тың бір формасына сәйкес келетін болса , сиырды жүйелі түрде емдеуді. Сиырларды бос ұстау және мал басының жоғары концентрациясы КМ-ты емдеудің жүйесіне өз ерекшеліктерін енгізеді. Осыған қойылатын негізгі талаптар: 1. Максимальды терапевтік әсер және сүт берудің толықтай қалыпқа келуі. 2. Сиырға жақындаудың (подход) және емдеу процедурасының аз болуы . 3. Емдеу 2 тәуліктен көп болмау керек. Серозды мастит. Белгілері:патология бірнеше сағат ішінде дамиды ; жануар қажыған ; желіннің көлемі ұлғайған және сипалаған кезде қатты ауырсынады;серпімді консистенция ( барабан) ; секрету су тәрізді ; түсі сұр , сүт беруі 20-50 мл-ге төмендеген.Патология сүттілігі жоғалуымен қарқынды дамуымен сипатталатын және мал өміріне қауіп төңгізуімен ерекшеленеді. Емдеу: малға диагноз қойғаннан соң оңы бірден малдәрігерлік маманға береді , сиырды жекелей боксқа қойып , рационнан ылғалды азықтар мен лактогенді азықтарды алып тастайды ; қозғалу , пішен , сабан , су еркінше. Жануарды 2 тәулік бойы күніне кемдегенде 4-5 рет 5-6 сағаттық интервалмен қолмен сауу қажет. Медикаментозды ем келесідей үлгі бойынша: 1-ші тәулік: Байтрил 10% 20 мл көктамырға Катозал 10% 15 мл бұлшықетке Байоклав 10% зақымдалған бөлікке 1 шприц-туб екі рет 12 сағаттық интервалмен 100 мл 10% CaCl ері-сі+ 500 мл 40% глюкоза ері-сі көк тамырға бір рет. Катальды-іріңді мастит. Белгілері: организмнің жалпы жағдайы қалыпты , терең сипалаған кезде ұлпаның тығыздалған бөліктерін анықтауға болады; зақымдалған бөліктің сүт беруі айтарлықтай азаймаған (10-20%) , сүттің алғашқы сауындысында сулы консистенциялы , сұр түсті , ірінді қосылыстар бар. Емдеу: сиырды ережелерге сай сауып , дизинфекциялап , Байоклав LC препаратын 2 рет 12 сағаттық аралықта 1 шприц-туб дозасында береді. Іріңді-катаральды мастит. Белгілері: организмнің жалпы жағдайы қалыпты , терең сипалаған кезде ұлпаның тығыздалған бөліктерін анықтауға болады; зақымдалған бөліктің сүт беруі айтарлықтай азайған (20-50%) , сүттің алғашқы сауындысы ботқа тәрізді , крем тәріздес , шіріген иісі бар. №4 Зертханалык жұмыс Тақырыбы: «Гемобаланс» препаратының кешенді қолданудың буаз биенің қанының иммунологиялық көрсеткіштеріне әсері. Мақсаты: «Гемобаланс» препаратының буаз биенің қанының иммунологиялық көрсеткіштеріне әсері Ұсынылатын әдебиеттер: Негізгі:1. В.Д.Соколов, Фармокология 1977 2. Первый Евразийский ветеринарный конгресс . 2007. 69-72 беттер. Қосымша: 1. Столяров И.Д. Иммунодиагностика и иммунокоррекция в клинической практике. СПб:Сотис, 1999 ж 2. В.М. Субботин «Современные лекарственные вещества в ветеринарии». 2003 ж 3. внутренние незаразные болезни сельскохозяйственных животных/ Б.М. Анохин , В.М.Данилевский , Л.Г.Замарин и др.; Под редакцией В.М.Данилевского- М.; Агропромиздат , 1991 Тексеруге арналған сұрақтар. 1. Табиғи минеральдардың «торулакт» пробиотигінің белсенділігіне әсері. 2. Иммунды жүйенің қызмеетік белсенділігінің бұзылуының анықтайтын қазіргі кездегі әдістері. 3. Бройлер үшін биостимуляторлар. Методикалық нұсқау: Иммундық жүйеге әсер ету немесе иммунокоррекция туралы түсінік әрқилы, кейде қарама-қайшы. Иммунокоррекцияның келелі мәселесі болып : олардың қолданылудың бұзылған иммундық жүйенің әсерінің нәтижесін толықтай бағалайтын әдістің жоқ болуы. Ұсынылатын иммунокоррекциялық препараттардың қолдану нәтижесін тек қана клиникалық белгілер бойынша ғана анықтауға болады , ол әрқашанда объективті бола алмайды. Бұл әдіс ең тиімді препаратты тандауға мүмкіндік бермейді , ол минимальды кері әсерлі , иммундық жүйесі зақымдалған ауруға шалдыққан организмге қолдану схемасы және дозасы , иммунокоррекциялық әсермен қолданылатын препараттың көрсетілімдері мен қарсы көрсетілімдерді болуы керек. Иммунотерапияны қолдануға тек қана аурудың иммундық статусын клиникалық және иммунологиялық зерртеулердің нәтижесі ғана көрсетілім болуы мүмкін , ал қадағалаусыз қолданудың тиімділігі төмен және аурудың жағдайын нашарлауына алып келеді. Иммуностимуляторлар шығу тегі бойынша эндогенді және экзогенді болып бөлінеді. Экзогенділерге бактерийлер және саңырауқұлақтардан шыққан , сонымен қатар өсімдік тектестер жатады. Эндогенділерге иммунореттеуші пептидтер және цитокин жатады. Пептидтер бұл – иммунды мүшелердің (тимус , көкбауыр) экстракты немесе тіршілігінің нәтижесінде пайда болған өнімі. Тимустан алынған препартарда оның гормондары болады.Цитокиндер , бұл – лимфоциттер мен макрофгтар өндіріп шығаратын биологиялық белсенді ақуыз:интерлейкин , монокин , интерферон . Тәжірибеде оларды рекомбинанты препараттармен бірге қолданады. Бұл препараттардың химиялық жолмен синтезделген аналогтары бар . Толықтай емдік нәтиже алу үшін емдеу курсына иммунореттеуші препараттарды қолдану шарт , осының арқасында иммунды жүйенің жарақаттары қалыпқа келеді. Вирустық ауруларда иммунореттеудің көптеген шешілмеген келелі мәселелері бар. Иммуномодуляторлардың саны күннен күнге көбейіп келе жатыр , олар сонымен қатар иммуностимулдеуші қасиеттері де бар . бірде-бір иммуномодулятор бағытталған вирусоингибиторлық қасиеті жоқ , сәйкесінше спецификалық иммунореттеуші қасиеті жоқ. Қазіргі уақытта инфекциялық ауруларды емдеудегі қиындықтар ХДҰ гипериммунды сарусуларды медицинада қолдануға тиым салуына байланысты. . Барлығымызға мәлім, инфекциялық аурулардағы патологиялық процестердің ұлпалардағы екі себепке байланысты: ауру қоздырғышының токсин бөлуі немесе айналыстағы иммунды кешендердің түзілуі. №5 Зертханалык жұмыс Тақырыбы: Пробиотиктер- малды ұтымды азықтандырудың ажыратпас бөлігі Мақсаты: Пробиотиктерді малдың азығына қосқан кездегі әсерін бағалау. Ұсынылатын әдебиеттер: Негізгі:1. В.Д.Соколов, Фармокология 1977 2. Первый Евразийский ветеринарный конгресс . 2007. 69-72 беттер. Қосымша: 1. Столяров И.Д. Иммунодиагностика и иммунокоррекция в клинической практике. СПб:Сотис, 1999 ж 2. В.М. Субботин «Современные лекарственные вещества в ветеринарии». 2003 ж 3. внутренние незаразные болезни сельскохозяйственных животных/ Б.М. Анохин , В.М.Данилевский , Л.Г.Замарин и др.; Под редакцией В.М.Данилевского- М.; Агропромиздат , 1991 Тексеруге арналған сұрақтар. 1. «цеоторулакт» синобиотик-препаратын малдарды азықтандыру үшін қолдану. 2. Иммундыреттеудің стратегиясы (иммуностимуляторлар , тимус гормондары- интнрферон , интерлейкин). 3. Бройлер үшін биостимуляторлар. Методикалық нұсқау: Қазіргі кездегі малшаруашылығы мен құсшаруашылығындағы төлдер мен балапандардың бордақылау кезінде жаппай ауруы және жаппай қырылуы өзекті мәселе болып тұр. Жануарларды интенсивті технология бойынша өсіру жаңа туған төлдердің ішектеріндегі микробиотоптың қалыптасуын бұзатыны дәлелденген. Өздерінің үйдегі тұқымдастарымен салыстырғанда өндірістегі жануарлардың ішек микрофлорасының микрофлорасының жалпы индексі төмендеген . Ішек микробиотобының құрамына анаэробты споратүзуші бактериийлер , стафилококктар , протей , зең және шытқы саңырауқұлақтар бар. Ферментік белсендігі төмендеген эшерихий мөлшері 30-40% дейін жету мүмкін. Сүт- қышқылды микрофлора төмендеген , бифидобактерии мөлшері минимальды. Экзогенді (вакцинациялау , антибиотиктер) себептер және технологиялық жағдайларға байланысты ішек биотопының микроэкологиялық тепе-теңдігін бұзылуына алып келеді.Осының салдарынан дисбактериоз және дизбактериозды диарея дамиды . Қалыпты ішек микрофлорасының аздығының салдарынан және оның төмен қорғаныштық қасиеттеріне байланысты , энтеробактерийлердің қысымының нәтижесінде ішектің кілегей қабығының қорғанышын бұзылып , қан арқылы паренхиматозды мүшелерге таралады.Осының салдарынан нашарлаған иммунитетпен генерализацияланған инфекция дамиды. Ауырып шыққан жануарлар өсуі төмендейді және ұзақ уақыт бойы шартты патогенді бактерийлердің жасырын тасымалдаушысы болуы мүмкін. Биологиялық белсенді қосымшалармен байытылған азықтарды , дәрілер қосылған табиғи азықтар , минералдар және витаминдер жануарлардағы көптеген патологияның алдын алуға көмектеседі. Осы тұрғыдан пробиотиктер ұтымды азықтандырудың бір бөлігі деп қарастыруға болады ,осы арқылы денсаулығын нығайту үшін және жоғары сапалы өнім алу үшін , бактериальдық және химиялық жағынан қауіпсіз. Пробиотиктердің құрамына тоқ ішектің қалыпты микрофлорасы енеді : сүтқышқылды бактерий , бифидобактерий , стрептококтар , олар ішектің қабырбағалын қорғауда маңызды және грамтеріс микрофлораның шоғырлануына бөгет жасайды . Антибиотиктерде әсер ету механизмі жоюға бағытталған болса , ал пробиотиктер жоюға бағытталмаған , ол шартты патогенді микрофлораны бәсекелесті ығыстыруға негізделген. Бактерии-пробионтар өзінің өмір сүру кезінде шартты-патогенді микрофлораға талғамалы әсер ететін биологиялық белсенді заттарды бөліп шығарады.Мысалы: лизоцим грамтеріс мбактерийлердің дамуы мен көбеюін тежейді, сүт қышқылы олардың өсуін тежейді , сутегі тотығы олардың торшалық қабырғасын бұзады. Бактерий-пробионттардың қорғаныштық қасиетін жоғарлататын қасиет- бұл ішек қабырғасының иммунокомпанентті торшалармен сигналды молекулаларымен алмасып , А иммуноглобулинин , комплемент , лизоцим өндіруді ыңталандырып , энтеропатогенді бактерийлердің ішек қабырғасына бекуіне бөгет жасайды. Пробиотиктер антибиотиктермен салыстырғанда химиопрераттарға бейімдеушілікті кодтайтын шартты-патогенді микрофлораға төзімді. Бактерий- пробионтардың өмір суруі кезінде пайда болатын өнімдер организмде жинақталмайды және өнімнің тауарлық сапасына әсер етпейді. Пробиотиктердің құрамына адам мен мал үшін қауіпсіз , кең спектрлі қорғаныштық қасиеттері бар. Бактерий-пробионтар микробиологиялық консерванттар жасауда және сүтқышқылдыларда да кеңінен қолданылады. Сүрлем ашытқысының құрамына кіретін микроорганизмдер сүтқышқылды ашуды күшейтіп , азықтарды консервация кезінде ашу және шірі процесстерін басады. №6 Зертханалык жұмыс Тақырыбы: Пробиотиктерді антибиотиктердің орнына қолдану. Мақсаты: Пробиотиктердің құстарды өсіру кездегі әсерін бағалау. Ұсынылатын әдебиеттер: Негізгі:1. В.Д.Соколов, Фармокология 1977 2. Первый Евразийский ветеринарный конгресс . 2007. 69-72 беттер. Қосымша: 1. Столяров И.Д. Иммунодиагностика и иммунокоррекция в клинической практике. СПб:Сотис, 1999 ж 2. В.М. Субботин «Современные лекарственные вещества в ветеринарии». 2003 ж 3. внутренние незаразные болезни сельскохозяйственных животных/ Б.М. Анохин , В.М.Данилевский , Л.Г.Замарин и др.; Под редакцией В.М.Данилевского- М.; Агропромиздат , 1991 Тексеруге арналған сұрақтар. 1. Иммунды статусты реттейтін заттар. 2. «Байер» компаниясының сиырдың сүттілігін және сүт сапасын жақсарту үшін арналған препараттары. 3. Зат алмасуды реттегіштер , зат алмасуды жақсартатын препараттарды атаңыз. Методикалық нұсқау: Жануарлардың қалыпты микрофлорасы теріде , асқазан-ішек түтігінде мекен етіп , денсаулықты нығайтуда аса маңызды. Микроорганизмдердің қызметтері алуан түрлі:ішек жұмысын реттеу , протеин , көмірсу, май алмасуына қатынасу ,биологиялық белсенді заттарды (витамин, аминқышқыл , фермент) өндіру ,токсиндерді бейтараптау және т. б. Сонымен қатар көптеген аурулардың қоздырғыштарына қарсылық көрсетеді. Пробиотиктер – бірінші кезекте алдын-алу , алдын-алу емдеуден арзан.Пробиотиктерді алдын-алу үшін қолданған дұрысырақ , ал иммунитет жетіспеушілігін жануардың туғаннан кейін.Бұл маңызды және экономикалық тиімді , препарат төлдің салмағын ескеріп беріледі. «Ветом» сериясының пробиотиктерін тек қана алдын-алу үшін ғана емес , сонымен қатар бактериялар , вирустар туғызатын жіті ауруларда қолдануға болады , өйткені арнайы емес вируска қарсы төзімділік айтарлықтай интерферон жүйесінің жұмысқа қосылуна байланысты. Бұл препараттарға бейімдеушілік жоқ. Патогенді микрофлора бактерияларға бейімделе алмайды .Организмге инфекцияның және бактерийлердің ену жолы бір , бұл маңызды. Құс шаруашылығында жүргізілген зерттеулер нәтижесінде: «Ветом» тобының пробиотиктерін қолданған кезде етті бағыттағы балапандардың өсімі жоғарылап , жағымсыз себептерге қарсы туруы жақсарған; оларды антибиотиктерсізде өндірістік масштабта өсіруге болады. №7 Зертханалык жұмыс Тақырыбы: Бұзаулардың эндогенді интерферонының иммуномодуляциялық қасиеттері. Мақсаты: Кең спектрлі әсері бар эндогенді интерферонның қасиеттерімен танысу. Ұсынылатын әдебиеттер: Негізгі:1. В.Д.Соколов, Фармокология 1977 2. Первый Евразийский ветеринарный конгресс . 2007. 69-72 беттер. Қосымша: 1. Столяров И.Д. Иммунодиагностика и иммунокоррекция в клинической практике. СПб:Сотис, 1999 ж 2. В.М. Субботин «Современные лекарственные вещества в ветеринарии». 2003 ж 3. внутренние незаразные болезни сельскохозяйственных животных/ Б.М. Анохин , В.М.Данилевский , Л.Г.Замарин и др.; Под редакцией В.М.Данилевского- М.; Агропромиздат , 1991 Тексеруге арналған сұрақтар. 1. Иммуномодуляторлар , негізгі мақсаттар. 2. Селен мен токоферолды пробиотиктермен бірге қолдану. 3. Антиденелердің пассивті берілуінің бұзылуы. Методикалық нұсқау: Линденман мен Айзекпен интерферонды ашқаннан (1957) бері интерферон ақуыздарының көптеген кең спектрлі биологиялық белсенді әсері анықталды , олар басқа цитокиндермен сияқты көптеген қасиеттері бар , антивирустық әсерді де , организмнің басты реттеушілік қасиеттері- жүйкелік , иммунды , эндокринді жүйелерді реттей алатын қызметттерін қоса алғанда . Интерферон жүйесінің арнайы торшалары немесе мүшелері жоқ , ол әрбір торшада бар, ол вирустық инфекция кезінде вируспен зақымдаудан қорғайды. Үш негізгі интерферонды түрі: альфа , бета және гамма. Генді-инженерлік интерферон алу технологиясының шығуы , әр ақуыздың қандай қорғаныштық қасиеті бар екендігін анықтауға мүмкіндік берді. Осылай, гамма- интерферон макрофагтардың белсендеткіші және олардың ісікке қарсы қызметін жақсартып , торша ішілік паразиттарды басады.Вирустық инфекция кезінде торшалық мембрананың бетін өзгертіп , ол вирустың енуі кедергі жасайды , олигоаденилатсинтетаза ферментін түзу арқылы торша ішілік вирустар синтезін бұзады. Рекомбинатты технологиялардың арқасында медициналық тәжірибеге таза интерферон препараттары енді, бұл малдәрігерлік тәжірибе үшін өте маңызды болып келеді. Алайда , кейбір объективті себептерге байланысты таза интерферондарды қолдану тиімді емес немесе ақталмайды ,олардың антивирустық , антибактериальды , ісікке қарсы әсері мен гомеостаз және иммуногенезді реттейтін қасиеттерін ескергеннің өзінде де. Малдәрігерлік тәжірибеде белсенді сыртқы интерферон индукторларын іздестірудің болашағы бар. Малдәрігерлік тәжірибеде интерферон индукторын экзогенді интерферонмен салыстырғанда бірнеше себептермен анықталады. Интерферон индукторын қолданған кезде өзінің интерфероны пайда болады , ол рекомбинанттықпен салыстырғанда антигендік қасиеті жоқ , индукторды бір рет енгізу өзіндік интерферонның ұзақ уақыт бойы түзулуін қамтамасыз етеді , ал экзогенді интерферонмен осыны қамтамасыз ету үшін көп реттік инъекция жасау керек , бұл малшаруашылығында көпшілік жағдайда мүмкін емес.Интерферон индукторын қолдану аутоиммунды реакцияның пайда болуы қауіпін төмендетеді , иммуномодуляциялық әсер жасайды. №8 Зертханалык жұмыс Тақырыбы:Жаңа туған төлдердің іш өтуін пробиотиктермен алдын-алу. Мақсаты: Бұзаулардың іш өтуін алдын-алу мақсатында пробиотиктерді қолданумен танысу.. Ұсынылатын әдебиеттер: Негізгі:1. В.Д.Соколов, Фармокология 1977 2. Первый Евразийский ветеринарный конгресс . 2007. 69-72 беттер. Қосымша: 1. Столяров И.Д. Иммунодиагностика и иммунокоррекция в клинической практике. СПб:Сотис, 1999 ж 2. В.М. Субботин «Современные лекарственные вещества в ветеринарии». 2003 ж 3. внутренние незаразные болезни сельскохозяйственных животных/ Б.М. Анохин , В.М.Данилевский , Л.Г.Замарин и др.; Под редакцией В.М.Данилевского- М.; Агропромиздат , 1991 Тексеруге арналған сұрақтар. 1. Иммунодеприсанттар. 2. Жаңа туған бұзаулардың іш өтуін пробиотиктермен алдын-алу. 3. Эрготропиктер , әсер ету механизмі , негізгі топтары. Методикалық нұсқау: Бұзаулардың диареясы кезінде пробиотиктер өздерін жақсы жақтарынан көрсетті: лакто-бактерин , бифидумбактерин-«СХЖ» , реалак , ромикол , лактобифадол және т.б. (А.Т.Марчук және авторластар, 1983; В.В.Суботин , М.А.Сидоров , 1997 ; Д.А.Девришов , Е.С.Воронин , 1998; Т.Н.Грязнева және авт., 2003 ; П.С.Рахманин 2006;). Соған қарамастан тәжірибеде қолданған кезде төлдердің толықтай сақталуын бактериялық препараттарды қолданғанда толықтай қамтамасыз етуге болмайды.Зерттеулердің нәтижесінде қажу , токсикоз және сусызданумен өтетін іш өтуде пробиотиктердің радикалды әсері байқалмады.Пробиотиктердің тиімділігін антитоксинді , регидратациялы және адсорбенттер препараттармен , сонымен қатар иммуномодуляторлармен қатар қолданған көрсетті. Пробиотиктерді алдын-алу үшін қолдану нәтижесі жоғарырақ болды , ол бұзаулардың ауруға шалдығуының азаюымен , аурудың токсикалық түрінен жазылу уақытының азаюымен байқалды. Бірақта оның қолдану тиімділігі төмендеуіде байқалды , әртүрлі шаруашылықтағы ережелерді сақталмауына байланысты. Тағы да бір маңызды мәселе бұл- препараттардағы тірі бактерийлердің концентрациясының төмен болуы , ол препараттарды ұзақ және дұрыс емес сақтаудан немесе басынан төмен болуы.Бұл бифитрилак үшін тәң , нұсқауға сәйкес 1 г препаратта 0.5 млрд үш түрлі лактобактерий (acidophilus , bulgaricus , fermini) бар.Іш өтудің бактериопрофилактикасында аурудың этиологиясы мен барысы маңызды. Мысалы , эширихоздың септикалық түрінде пробиотктерді қолдануы нәтижесіз , өйткені олар тек ішек микрофлорасына ғана жағымды әсер етеді , ал зақымдану басқа жолдарынан қорғамайды . Организмге вируленттілігі жоғары эшерихийлер енген кезде пробиотиктер тез арада қорғанышты қамтамасыз ете алмайды. Мұндай жағдайда тек жоғары белсенді антибактериальды препараттар мен арнайы қансарысуын қолданған тиімді. Ішек-асқазан ауруларын бактериопрофилактикасында жоғары нәтиже алуда , дұрыс пробиотикті тандау аса маңызды , өйткені ауруды тек қана эшерихийлар ғана емес , сонымен қатар стрептококтар , энтерококтар , клостридии , клебсиеллалар , сальмонеллез , кандида , рота- және коронавирустар. Ветомның құрамындағы бактерийлер эшерихийге, сальмонеллге , клебсиелерге және псевдомонадтарға әсер етпейді , ал стрептококтардың өсуін тежеген. Эшеихиймен , сальмоноллалармен , клебсиелалармен тудырған іш өтулерді алдын- алу үшін лактобактерийлерді , faecium түрінің энтерококтарында бифидобактерий немесе құрамына антогонистер кіретін поливаленнті пробиотиктер. Уызды токсикоз кезінде бактериопрофилактиканың алдын-алу тиімсіздігі түсінікті болар , мұндай жағдайлар желін саумен ауырған малдардың уызын ішкізгенде кездеседі. Пробиотиктердің қолдануының тиімділігінде микроорганизмдердің шығутегі маңызды , өйткені ол ішекте бекуіне ықпал етеді.Ондай қасиеттің болмауы , пробионтардың организмнен тез ығыстырылуына алып келеді , осыған байланысты олардың әсері төмендейді. Іш өтудің алдын-алуда малдәрігерлік препараттарды қолданған дұрысырақ , мединицалықпен салыстырғанда . Бұзау организмінде олардан алынған пробионтар өмір сүру қабілеті жоғары , ал адам мен құстан алынғандарда төмен. №9 Зертханалык жұмыс Тақырыбы: Несеп қышқылды диатезды емдеуде селен мен токоферолды пробиотиктермен бірге қолдану. Мақсаты: Селен , токоферол , пробиотиктер қолданудың әсері. Ұсынылатын әдебиеттер: Негізгі:1. В.Д.Соколов, Фармокология 1977 2. Первый Евразийский ветеринарный конгресс . 2007. 69-72 беттер. Қосымша: 1. Столяров И.Д. Иммунодиагностика и иммунокоррекция в клинической практике. СПб:Сотис, 1999 ж 2. В.М. Субботин «Современные лекарственные вещества в ветеринарии». 2003 ж 3. внутренние незаразные болезни сельскохозяйственных животных/ Б.М. Анохин , В.М.Данилевский , Л.Г.Замарин и др.; Под редакцией В.М.Данилевского- М.; Агропромиздат , 1991 Тексеруге арналған сұрақтар. 1. Сенсибилизацияланған торшалардың физиологиялық активті бөлінуін тежейтін аллергияға қарсы заттар . 2. Иммуностимуляторлар : өсімдік тектес заттар. 3. Эрготропиктер – ішектің тұрақтандырғыштары , әсер ету механизмдері. Методикалық нұсқау: Несеп-қышқылды диатез құс шаруашылығында кең таралған , кейде шығын 20% мүмкін. Ауырған құстарда өнімділігі айтарлықтай төмендеп , резистентілігі нашарлап , осы қатар шартты-патогенді микрофлорамен секундарлы инфекция дамиды. Қазіргі кездегі ауылшаруашылық құстарды өсімі генетикалық негізделген , осыған байланысты рациондағы қоректік заттардың өзгеруіне өте сезімтал. Биохимиялық процестерде селен , Е витаминіде антиоксиданттың ролін ойнайды. Бұл заттардың жетіспеушілігі құстарда авитаминоз Е ауруына ұқсас ауруды тудырады. Оның толықтай селенмен қамтамасыз еткен кезде токоферолға деген қажеттілік төмендейді , осы арқылы бұлшықеттердің дистрофиясының , эксудативті диатездің алдын-алынады. Осымен қатар бауырда витамин Е және селен липидтердің тотығуына қатынасады. Селен мен витамин Е сіңірілуінде ішек ортасының рH маңызды , оның реттелуінде ішек микрофлорасы маңызды.Бифидобактериялар ішектің кілегей қабатың патогенді және шартты-патогенді микрофлораның енуінен сақтайды , өмір сүрген кезде антибиотиктерге ұқсас заттар түзіп , олар патогендердің дамуына қарсы тұрады. Көпшілік жағдайда олардың саны азаяды. Балапандар инфекция қарсы қабілеті өте нашар , сондықтан пробиотиктердің құрамына кіретін пайдалы , бәсекелес микроорганизмдер арқылы толықтыруға болады. Жүргізілген зерттеулер бұл әдістің тиімділігін көрсете алды. №10 Зертханалык жұмыс Тақырыбы: Азықтық антибиотиктер , пробиотиктер , қышқылдатқыштар және олардың ферментермен кешендерінің жұмыртқа өндіруде қолдану. Мақсаты: Жұмыртқа өндіруде флавомицин антибиотигін , бацелла пробиотигін , пребио қышқылдатқышын қолдану. Ұсынылатын әдебиеттер: Негізгі:1. В.Д.Соколов, Фармокология 1977 2. Первый Евразийский ветеринарный конгресс . 2007. 69-72 беттер. Қосымша: 1. Столяров И.Д. Иммунодиагностика и иммунокоррекция в клинической практике. СПб:Сотис, 1999 ж 2. В.М. Субботин «Современные лекарственные вещества в ветеринарии». 2003 ж 3. внутренние незаразные болезни сельскохозяйственных животных/ Б.М. Анохин , В.М.Данилевский , Л.Г.Замарин и др.; Под редакцией В.М.Данилевского- М.; Агропромиздат , 1991 Тексеруге арналған сұрақтар. 1. Бос гистамин мен ұлпалық рецептордың өзара байланысы кедергі жасайтын аллергияға қарсы заттар. 2. Бұзаулардың эндогенді интерферонының иммунномодуляторлық қасиеттері. 3. Өнімділіктің түзеткіштері, негізгі топтарын атаңыз. Методикалық нұсқау: Құстардың қазіргі кездегі жоғары өнімді кросстарының генетикалық потенциалы үнемі азықтандыру ережелері мен рецептерін жақсартуды талап етеді. Соңғы уақытта биологиялық белсенді қосымшалар (ББҚ) ассортименті көбейіп жатыр , олар асқазан-ішек түтігінің микрофлорасын қалыпқа келтіруге , өнімділікті жоғарлатуға ,өмірін сақтауға бағытталып , азықтың тиімділігін жоғарлатып , өнімнің сапасын жақсартып , адам үшін қауіпсіз етті. Олардың санатына ферментті препараттар , пробиотиктер және қышқылдатқыштар жатады. Ферменттер , антибиотиктер , пробиотиктерді және қышқылдатқыштарды таза күйінде қолдану құстардың жұмыртқалау интенсивтілігінің аздап өсуін көрсетті.Сонымен қатар жұмырқасының салмағы (0.19-2.19%) көбейгені байқалды , бірақта ол қабығының сапасының нашарлауына алып келген жоқ . Жұмыртқаның витаминдік құрамы зерттелген кезде , азығына ферменттер , антибиотиктер , пробиотиктерді және қышқылдатқыштарды кешенді қосқан кезде витаминдерді жинақталуы жақсы болған , әсіресе А витамині. Ол бақылау топтарымен салыстырғанда 30.8-65.5% жоғары болған. Сонымен қатар Е және В2 витаминдерінің ұлғая тенденциясы байқалған. Қорыта келе азықтық антибиотик флавомицин , пробиотик бацелл , қышқылдатқыш пребио ксибетен ферменті препаратымен кешенді және жеке түрде қолданғанда тауықтардың азықтық шығындарын азайта тұрып өнімділігін арттыруға ықпал етеді. ББҚ жұмыртқада витаминдердің шоғырлануы оң әсер етіп , сальмонеллездің алдын-алады. №11 Зертханалык жұмыс Тақырыбы: Балапан-бройлерді өсіру кезінде «Бацилл» және «Моноспорин» азықтық қосымшалардың тиімділігі. Мақсаты: «Бацилл» және «Моноспорин» балапан-бройлердің өсуі мен дамуына әсерін зерттеу. Ұсынылатын әдебиеттер: Негізгі:1. Ветеринария № 7, 2006 ж. 3-ші бет Қосымша: 1. Столяров И.Д. Иммунодиагностика и иммунокоррекция в клинической практике. СПб:Сотис, 1999 ж 2. В.М. Субботин «Современные лекарственные вещества в ветеринарии». 2003 ж 3. внутренние незаразные болезни сельскохозяйственных животных/ Б.М. Анохин , В.М.Данилевский , Л.Г.Замарин и др.; Под редакцией В.М.Данилевского- М.; Агропромиздат , 1991 Тексеруге арналған сұрақтар. 1. Иммуностимуляторлар : синтетикалық препараттар. 2. Бацитрацин- әсер ету механизмі , бұл топқа кіретін препараттар. 3. Инфекциялық аурулардың иммунореттеулігінің қиындықтары. Методикалық нұсқау: Құс өндірісінің интенсификациясында құстардың азықтандырылуы маңызға ие бола бастайды , өйткені ол тек қана барлық шаруашылық жүйенің тиімдігін ғана қамтамасыз етіп қана қоймай , сонымен қоса соңғы өнімнің сапасы мен табыстылығына да әсер етеді. Жануарларды азықтандыруды ұйымдастыру азықты тиімді қолдану мен асқорытудағы микробиологиялық процестерді реттеуге асқорыту жүйесінің физиологиялық және морфологиялық бейімделуін қамтамасыз етуі керек. Биологиялық тұрғыдан жануарлардың азығы негізгі көрсеткіштері бойынша тенестірілген болуы қажет , қазіргі кезде бұл пайдалы микрофлораның қызметтік қасиеттерімен толықтырылады. Микробиологиялық қосымша ретінде пробиотиктерді қолданады . Асқорыту түтігінің қалыпты микрофлорасы көптеген себептерге байланысты бұзылады: азықтың өзгеруі , жануарлардың тығыз орналасуы , антибиотиктермен емдеу және т.б. бұзылулар азықтық заттардың сіңірілуін төмендетеді , ішектің қабырғаларының тітіркенуі , ол ішектің жиырылуын жоғарлатады ,азықтың қорытылуының және судын сіңірілуінің төмендеуіне алып келеді. Құстарды азықтандыру үшін пробиотиктерді қолдану асқазан-ішек түтігінің қалыпты микрофлораның дамуына ықпал етеді , ол оны эпителий торшаларына бекіліп , патогенді микрофлорамен күреседі. Сонымен қатар ол токсиндерді бейтараптап , аминқышқылдары , B , C , D , E , K витаминдерін синтездеуде белсенді қатынасады . Пробиотиктерді алу үшін сүтқышқылды , пропионқышқылды , ацидофильді бактериялар , бифидобактерийлер , «фекальды» стрептококк , ішек таяқшасы , каротинсинтездейтін бактериялар , бактериофагтар , қарапайымдылар қолданылады.Осыған байланысты препараттарды дұрыс тандау маңызды. Бацеллдың құрамында асқазан-ішек түтігінен бөлініп алынған бактерийлер ассоциациясы: Bacillus subtilis , Ruminococcus albus және Lactobacillus acidohilus. Ол айқын пробиотиктік қасиеттері бар , сонымен қатар целлюлозолитикалық және глюконаздық белсенділігі бар. Моноспорин Bacillus subtilis 090 микроорганизмдер штаммы негізінде гель түрінде өндіріледі. Ол көптеген ішек инфекциясының қоздырғыштары жоғары антогонистік қасиеті бар , оны дисбактериоздардың алдын-алу және емдеу үшін қолданады. №12 Зертханалык жұмыс Тақырыбы:Азықтық қосымшалар. Мақсаты: Азықтық қосымшалардың шығарылу формасы және қолданумен танысу. Ұсынылатын әдебиеттер: Негізгі:1. В.М. Субботин «Современные лекарственные вещества в ветеринарии». 2003 ж Қосымша: 1. Столяров И.Д. Иммунодиагностика и иммунокоррекция в клинической практике. СПб:Сотис, 1999 ж 2. внутренние незаразные болезни сельскохозяйственных животных/ Б.М. Анохин , В.М.Данилевский , Л.Г.Замарин и др.; Под редакцией В.М.Данилевского- М.; Агропромиздат , 1991 Тексеруге арналған сұрақтар. 1. Пробиотик – деген не? Әсер ету механизмі. 2. Хиноксолин туындылары , бұл топқа кіретін тұрақтандырғыштарды атаңыз. 3. Ит демодекозымен ассоциаланған иммунжетіспеушіліктері . Методикалық нұсқау: Премикс ( лат. Prae- алға , алдын ала . misceo – араластырамын) – құрғақ ұсақ компоненттерді дозалап араластыруды білдіретін технологиялық түсінік. Премикстерді құрғақ компоненттердің біркелкі араласпауды шешу үшін қолданады . Премикстардың қолдану аймағы- қоспа жемдік , азықтық , ризинотехникалық , полимерлық және т. б. өндірістер.Премикс –бұл биологиялық белсенді заттардың байытылған қосындысы. Қоспа жемнің азықтық құнарлығын жоғарлату үшін , сонымен қатар олардың ауылшаруашылық малдардың организміне әсерін жақсарту үшін қолданылады.Витаминді , минеральды , витаминді-терапевтік , витаминді-минеральдық және басқа премикстер болып бөлінеді . Премикстің құрамына кіреді: 1. Толықтырғыш (белсенді заттарды еріте және ұстай алатын заттар)-сұлы ұны , кебек , шөп ұны , күнжара , ашытқы және т.б.; 2. ББЗ (биологиялық белсенді заттар)- витамин , микроэлементтер, аминқышқылдары , химия-терапевтикалық препараттар және т.б. . Премикстер арнайы зауыттарда немесе құрама жем өндірісінің арнайы цехтарында өндіріледі. Жануарлардың түріне , жасына және өнімділігіне байланысты өндіріледі. Премикстер (минеральды-витаминді концентраттар)- бұл біртұтас ұнтақ тәріздес биологиялық белсенді заттардың толықтырғышпен бірге қоспасы.Премикстердің әсер ету механизмі құрамындағы витаминдер ( А , Д , Е , К , С , В тобы ) , микроэлементтер ( темір , мыс , марганец , кобальт, йод , селен ) , макроэлементтер ( магний , күкірт) , антиоксиданттар ( бутилоситолуол , сантохин ) , микробка қарсы препараттар (азықтық антибиотиктер және т.б. ) тиімді мөлшер мен қатынаста болады. Азықтық қоспалар , жануарлардың рационында кейбір химиялық заттардың жетіспеген кезде қолданылады. Өндірісте азықтандыру рационының кальций , фосфор , натрий , хлор және микроэлементтер бойынша бақылайды.Азықтық қоспаларға ас тұзы , бор , сүйек ұны , қызыл балшық , азықтық фосфат . Азықтық қоспалар жануарларға минеральды элеменнтердің көзі ретінде де керек. Өндірісте арнайы брикеттер шығарылады , олар керекті микроэлеменнтері бар ас тұзынан тұрады. СА-37 витаминді-минералды азықтық қоспасы. Үй және экзотикалық жануарларды азықтандырудағы басты мәселелердің бірі бұл - иелерінің «рационның теңгерімділігі» туралы ойламау , осының салдарынан жануарларға арнайы азықпен қатар асүйлік азықтарда беріледі. Мұндай «алуан түрлілік» мационның ұзақ уақыт жоқ болуында , әдетте көптеген патологияларға жол ашады.Күделікті малдәрігерлік мамандар : алопеция , дерматит , рахит , остеомоляция , остеопороз , дисбактериоз , жүрек- қантамырының , бауыр , бүйрек ауруларын кездесіп тұрады. Әдетте дәрігерге кешенді және ұзақ уақыт етуді талап ететін пациетті алып келеді. Микроэлементтер мен витаминдердің организге жетіспеушілігімен немесе дұрыс берілмеуінен туындайтын ауру - бұл тері жабындысының аурулары. Қабыршақтану , сыңғыш түк , аллергиялық реакциялар – гипо және гипервитаминоз кезінде кездесетін аурулардың аздаған бөлігі. Мұдай белгілерді жою үшін витамин және микроэлеменнтер бойынша теңгерілделген азықтану қажет. Макроэлементдің жетіспеуі немесе көп болуы салдарынан зат алмасудың бұзылуы тірек-қимыл аппаратының ауруларына алып келеді. Олардың ішінде жиі рахит кездеседі , ол жаңадан түзіліп жатқан сүйек ұлпасындағы кальций-фосфор қатынасының бұзылуынан немесе өсу кезінде витамин Д жетіспеушілігінен пайда болады. Бұл ауру туғаннан бастап дамиды. Алғашында минерал мен витаминдердің жетіспеушілігі дұрыс азықтандырылмаған емізетін енесінен , ал содан кейін төлдің өзінің азықтандырылуынан пайда болады. Көп жағдайда емізетін иттерде туғаннан кейін асқазан-ішек түтігінің бұзылуымен сипатталатын дисбактериоз дамиды . Бұл рахиттын күшіктерде рахитың пайда болуына ықпал етеді. Бұл жағдайда дәрігерге бір уақытта кальций және фосфор , витаминдердің майдағы ерітіндісін , тұтқыр заттарды , пробиотиктер және т.б. қолдануға тура келеді. Егерде тұқымы көп төлді болса , азықтандыратын жануар остеомоляцияға шалдығуы мүмкін . Бұл ауру өз кезегінде остеопороз және артроз ауруларына себеп болуы мүмкін. Емдеуден алдын-алу қағидасын ұсталынатын мамандар өздерінің пациенттері шартты-теңгерімделген рационды ұсынады , яғни витаминді-минеральды қоспалар.Осы мақсатта Са-37 қоспасы ойлап табылды , оның құрамына бір уақытта микро- және макроэлементтердің әртүрлі топтары , витаминдер және пробитиктер кіреді. Соңғысы бифидо- және лактобактериялардан тұрып , олар тоқ ішекте мекендеп , осы арқылы патогенді микрофлораны ығыстырады. Осылай келе , дисбактериоз алдын-алынады , азықтың сіңірілуі жақсарады. Өсіп келе жатқан төлдің тірек-қимыл аппаратының қалыптастыруға керекті микро- және макро элементтер, Са-37 қоспасында келесідей қосылыстардан тұрады: кальций гидросульфаты , калий хлориды , йод , цинк оксиді , мыс сульфаты , магний сульфаты , кобальт , темір қосылыстары . Келесідей витаминдер енеді: A, B1 , B2 , B6 , B12 , D3 , E , K3 , холин хлорид , никотин және фолий қышқылы . Мұндай алуан түрлілік жануардың денсаулығымен болтын қиындықтарды алдын-алуға көмектеседі.Сонымен қатар антиоксиданттар бар : Е және С витамині , бутилгидроокситолудин. №13 Зертханалык жұмыс Тақырыбы:Антиоксиданттар. Мақсаты: Организмдегі асқын тотықсызданудан торша мембранасын жағымсыз әсерден қорғайтын механизмдерді зерттеу. Ұсынылатын әдебиеттер: Негізгі: Ветеринария № 2, 2008 ж. 6-7-ші бет Қосымша: 1. Столяров И.Д. Иммунодиагностика и иммунокоррекция в клинической практике. СПб:Сотис, 1999 ж 2. внутренние незаразные болезни сельскохозяйственных животных/ Б.М. Анохин , В.М.Данилевский , Л.Г.Замарин и др.; Под редакцией В.М.Данилевского- М.; Агропромиздат , 1991 Тексеруге арналған сұрақтар. 1. Жан-жақты антистресстік әсері бар препаратты атаңыз. 2. Лактобифидолды лизинмен бірге бройлерді бордақылауда қолдану. 3. Гормональды препараттар , әсер ету механизмі және негізгі фармокодинамикалық әсерлері. Методикалық нұсқау: Антиоксиданттар - организмдегі асқын тотықсызданудан торша мембранасын жағымсыз әсерден қорғайтын қосылыс.Көптеген аурулық жағдайлар организмде бос радикальдардың (оттегінің толықтай емес қалыпқа келу өнімі) пайда болуымен жүреді. Күшті болуы торша мембранасының негізін тотығуына алып келеді , осының салдарынан денсаулықтың бұзылуына және алдын-ала қартаюына апарады. Басты антиоксидант болып: С , Е витаминдері , бетакаротин , селен , биофлавоноидтер (витаминге ұқсас заттар , апельсин , лимон сыртқы қабығында болады ) . Көптеген өсімдік тектес экстрактар , витамин , аминқышқылдары , минералдар , микроэлементтер антиоксидантты қасиеттері немесе ұқсас қасиеті бар , өйткені олар фермент- оксиданттың құрамына кіреді. Цинк жаңа торшалардың өсуіне қатынасады , сонымен қатар ДНК мен РНК өндіруде және қалыпқа келтіругеде. Цинктың үлкен дозасы жаралардың жазылуына және иммунитеттің жүйені қуатануына ықпал етеді . Глутатион детоксикациялы қасиеті бар амин қышқылы . Джорджия университеті : «бос радикальдарға арналған қақпан ретінде жұмыс істеп , осылай ол радикальдармен торшаның бұзылуын алдын-алады. Ферменттер ( бірінші реттік ферменттік қорғаныш) оттегінің белсенді түрін тазалаумен айналысады . Олар оттегінің белсенді түрін сутегінің тотығына және қауіптігі төмен радикалдарға айналдырып , одан кейін суға және пайдалы оттегіге айналдырады. Антиоксидант-витаминдерді ( екінші реттік қорғаныш ) «сөңдіргіштер» деп атайды. Олар агрессивті радикалдарды «сөңдіріп» , артық энергияны сіңіріп , жаңа радикалдардың пайда болу тізбегін бұзады. Оларға жатады: - Суда еритін витаминдер – С , Р (биофлавоноидтар – рутин , кверцетин , цитрин , гесперидин , аскорутин ); - Майда еритін витаминдер- витамин А , бета-каротин , Е , К; - Басқа қосылыстар-құрамына күкірт енетін аминқышқылдар глютататион, цистеин , метионин ), цитхром С , хелаттар , микродозалы спирт , селен , цинк- микроэлементтері. Мыс , темір , марганецтың өзіндік маңызы бар . Ескеретін жағдай , антиоксиданттар жақсы жұмыс істейді , егерде топтасып жұмыс істесе , бір-бірінің қасиеттерінің жақсарта отырып. Мысалы:Витамин Е липидтердің тотығуының басты үзгіші , реакция кезінде шығындалады және басқа түрге ауысады. Егер оның жанында витами С болса , ол оны қалыпқа келтіріп , сапқа қайтарады.Витамин С сонымен қоса селенді тотығудан сақтайды. Глютатион тотыққан липидтердің өнімін қауіптілігі төмендетіп , витамин Е сақтайды. Антиоксиданттық қасиеті бар дәрілік шөптерде бар: - Гинкго билоба («өмірді ұзартатын» өсімдік) ; бұл бірден-бір өсімдік , ол Хиросимаданкейін тірі қалды , өзінің сыртқы ортаның ластануына төзімділігінің арқасында . Антиоксиданттық қасиеті мидың торшалары мен жүрек ұлпасының ұсақ қантамырлар деңгейінде қорғауымен сипатталып , көптеген ауруларды алдын-алуға көмектеседі. - Алтын тамыр; - Емдік имбирь ( тамыры); - Сүтті түйетікенек (чертополох молочный) ; Антиоксиданттар-тотығудың ингибиторы , тотығуды тежейтін табиғи немесе синтетикалық заттар ( органикалық заттардың тотығу негінде қарастырып тұр). №14 Зертханалык жұмыс Тақырыбы Иттерді антистресстік препараттармен емдеу. Мақсаты:Адаптогенді және антистресстік препараттардың қасиетін зерттеген кезде стресс-реакцияның емдеу механизмін зерттеу . Ұсынылатын әдебиеттер: Негізгі: Ветеринария № 4, 2007 ж. 6-7-ші бет Қосымша: 1. Столяров И.Д. Иммунодиагностика и иммунокоррекция в клинической практике. СПб:Сотис, 1999 ж 2. Внутренние незаразные болезни сельскохозяйственных животных/ Б.М. Анохин , В.М.Данилевский , Л.Г.Замарин и др.; Под редакцией В.М.Данилевского- М.; Агропромиздат , 1991 3. В.М. Субботин «Современные лекарственные вещества в ветеринарии» 2003 ж 4.В.Д. Соколов Фармокология 1997 ж Тексеруге арналған сұрақтар. 1. Бактериялық текті иммуностимуляторлар .. 2. Қосымшалар- әсер ету механизмі. 3. Апрамициннің пневмония кезіндегі тиімділігі. Методикалық нұсқау: Қоршаған ортаның ластануы , жануарлардың көптеп шоғырлану кезіндегі қарам- қатынвс , организмнің өмірлік маңызы бар жағдайын өзгертіп , шамадан тыс стресске алып келіп , осының салдарынан әртүрлі қызметтік бұзылуларға апарады. «Стресс» терминіне Ф.И.Фурду және оның авторластарымен (1992) толықтай түсінік бере алды. Стресс- бұл организмнің табиғаты және сипаты әртүрлі тітіркендіргіштерге арнайы емес құрылымдық , биохимиялық , физиологиялық және психологиялық реакцияларымен жауап беруі. Стресстік фактор гомеостаздың немесе бейімдеушілікті сақтау мақсатында мүшелердің қалыптан тыс қызметі атқарыды , оған қоршаған ортаның стимулдарының аз немесе көп болуы , организммен ортаның өзара әрекеттің өзгеруі әсер етеді. Клиникалық және ғылыми-зерттеулік бақылау нәтижесінде стресстен қорғану жүйесі ойлап табылған. Ол өзара байланысқан бес жүйеден құралып , олар ауруды тудыратын гомотоксиндерді , уларды зиянсыздандыратын бағытта әсер етеді .Организмнің әртүрлі факторларға бейімделу катехоламиндердің ққатынасуы мен гипофизарлы—адреналиндік және гипаталамо-симпато- адреналиндік жүйе арқылы жүреді.Осылай келе , симпато-адреналиндік жүйенің медиаторы мен гормондары , оларға: адреналин , норадреналин және дофамин ,организмнің бейімдеушілігін реттейтін басты реакция. Қызметтік иттердің стресс-реакциясын емдеу үшін Биостим-К және Лигастим препараттары қолданылды. Биостим-К препараты шымтезек пен натрийдің гидрооксиді мен карбонатының судағы ерітіндісінің өзара қатынасудың өнімімі , құрамына ББЗ , сонымен қатар гумин қышқылының нтрий және калий тұздары. Пероральды қолданылады. Препарат аденилатциклазды жүйенің ферментінің белсендігін өзгертіп , ол торша ішіндегі цАМФ (Циклдық аденозинмонофосфат) концентрациясын жоғарлатады. Торшадағы цАМФ көбеюі биологиялық тиімділікті жоғарлатады. Препараттың құрамына енетін гумин қышқылы липидтердің асқын тотығу мен антиоксиданттық қорғаныш процестеріне қатынасады. Лигастим- табиғи лигнин ( ағаштық) гидролизі кезінде алынған гумин қышқылы құрамына енетін кешенді препарат. Парентеральды қолданылады (бұлшықетке). Лигастим қоршаған ортаның жағымсыз әсерлеріне организмнің резистентілігін жоғарлатады, антирадирдикальды белсенділік , фагоциттерді мобилизациялау , антиоксиданттық қорғанышты белсендету арқылы . Бұл препараттармен емделген иттерде жүйке жүйесінің тепе-теңдігі қалыпқа толығымен келтірілген. Жануарлар толығымен қалыпқа келіп , өз қызметіне қайта оралған. Бұл емдеу курсы ешқандай қарсы көрсетілімдер мен жағымсыз әсерлері жоқ. №15 Зертханалык жұмыс Тақырыбы:Тіңдік (ұлпалық) терапия. Мақсаты:Созылмалы ауру кезінде тіндік препараттардың әсері , биологиялық қасиеттері және қолдану реті. Ұсынылатын әдебиеттер: Негізгі: В.Д. Соколов Фармокология 1997 ж Қосымша: 1. Столяров И.Д. Иммунодиагностика и иммунокоррекция в клинической практике. СПб:Сотис, 1999 ж 2. Внутренние незаразные болезни сельскохозяйственных животных/ Б.М. Анохин , В.М.Данилевский , Л.Г.Замарин и др.; Под редакцией В.М.Данилевского- М.; Агропромиздат , 1991 3. В.М. Субботин «Современные лекарственные вещества в ветеринарии» 2003 ж Тексеруге арналған сұрақтар. 1. Жануарлардың мүшелерінен және ұлпалардан жасалған иммуномодяторлар. 2. Селен-цеолиттік препараттарды бұзаулардың іш өтуінде қолдану. 3. Стресс-протекторлар , бұл топқа қандай препараттар енеді , әсер ету механизмі. Методикалық нұсқау: Ұлпалық терапия-малдәрігерлік тәжірибеде арнайы емес қуаттандырушы терапия ретінде кеңінен таралған. Бұл әдіс өсімдік немесе жануар тектес ұлпаларды консервациялау арқылы дайындап алынған препараттарды емдеу және алдын-алу мақсатында организмге енгізу.Ұлпалық препараттарды жануарлардың жаңа алынған мүшелері мен ұлпаларын асептикалық жағдайда суық консервациялау ( 2- 40С) көмегімен алады.Тоңазытқышта 5-7 күн бойы ұстайды .Мүшелерден алынған эмульсия мен суспензияларды қайнатады немесе автоклавтайды.Препараттарды өсімдік тектес шикі заттан ( алоэ) бауыр , тері , көк бауыр , ұлпалық- агарлы субстраттан , бұлшықеттен және т.б. В.П. Филатовтың ілімі бойынша ұлпалық препараттарды әсер ету механизмі организмнен бөлінген ұлпаларда жағымсыз шарттарда (оларды өлтірмейтін) күрделі биохимиялық процестердің болуына негізделген.Қайдан дамудың нәтижесінде қорғаныштық заттар пайда болады , оларды «биогенді стимуляторлар» деп атайды. Химиялық тұрғыдан ақуыздық емес органикалық және ақуыздық қосылыстардан тұрады . Биогенді стимуляторлар , сонымен қатар ұлпалық препараттардың құрамына енетін жоғары молекулярлы компоненттер зат алмасуды , тірі ақуыздың синтезін белсендендіріп ,мүшелер мен ұлпалардағы ақуыздық азоттың және нуклеин қышқылының мөлшерін көбейтеді, организмнің иммунобиологиялық реактивтілігін жоғарлатып , орталық жүйке жүйесінің тонусын жоғарлатады. Ұлпалық препараттар созылмалы аурулар кезінде организмнің қорғаныштық жүйесін қуаттандыру үшін қолданады Кейбір жағдайда ұлпалық препараттарды өнімділікті жоғарлату үшін қолданады , көбінесе құстар мен шошқалардың еттілігін жоғарлату үшін. Олардытері астына немесе бұлшықетке , сирек ішке қолданады. АСД-2Ф препараты жануар тектес шикізаттың құрғақ қайтара айырудың өнімі. Препаратты пероральды қолданған кезде ОНЖ және вегатативті жүйке жүйесін белсендендіріп , асқазан-ішек жүйесінің моторикасын , асқорыту жүйесінің бездерінің секрециясын жақсартады, асқорытатын және ұлпалық ферменттердің белсендігін жоғарлатады, организмнің резистентілігін жоғарлатады. Сыртқа қолданған кезде препарат ретикулоэндотелиальды жүйенің жұмысын жақсартып , зақымдалған ұлпалардың трофикасын қалыпқа келтіріп , регенерациясын жақсартады, антисептикалық және өабынуға қарсы әсерлері бар. Препаратты су мен немесе таңертенгі азықтандырумен береді . Сыртқа физиологиялық ерітінді немесе қайнатылған суда 2-20% ерітінді жасап береді. АСД-2Ф препаратын асқазан-ішек түтігінің , тыныс алу мүшелерінің , зәр шығару жүйесінің аурударында , тері жабынының зақымдалуында , зат алмасудын бұзылуында , орталық және вегетативті жүйке жүйесінің жұмысын жақсартуда , инвазиялық және инфекциялық аурулармен ауырып шыққан жануарлардың резистентілігін жоғарлатуда , сонымен қатар балапан мен торайлардың өсуін ынталандыру мен тауықтардың жұмыстқалауын жоғарлатуда ауылшаруашылық және иттерге емдеу және алдын-алу мақсатында қолданады. Препаратты ережеге сай қолданған кезде жағымсыз әсерлер мен асқынулар байқалмайды , қарсы көрсетілімдер жоқ №16 Зертханалык жұмыс Тақырыбы:Иммуномодуляторлар. Мақсаты:Опиоидты пептидтер , интерферон , интерлейкин левамозол , изоппринозинның әсер ету механизмімен танысу. Ұсынылатын әдебиеттер: Негізгі: В.Д. Соколов Фармокология 1997 ж Қосымша: 1. Столяров И.Д. Иммунодиагностика и иммунокоррекция в клинической практике. СПб:Сотис, 1999 ж 2. Внутренние незаразные болезни сельскохозяйственных животных/ Б.М. Анохин , В.М.Данилевский , Л.Г.Замарин и др.; Под редакцией В.М.Данилевского- М.; Агропромиздат , 1991 3. В.М. Субботин «Современные лекарственные вещества в ветеринарии» 2003 ж Тексеруге арналған сұрақтар. 1. Жоғары өнімді сиырлардың иммундық статусын реттеу. 2. Балапан-бройлерді бордақылау кезінде аимнотонды қолдану. 3. Шошқалардың респираторлық аурулары кезінде азықтық қосымшаларды және қарсы вакцинаны қолданудың тиімділігі. Методикалық нұсқау: ТИМУСТЫҢ ГОРМОНДАРЫ. Тимустың гормондарының (ТГ) Т-торшалық белсенділікті цГМФ көбейту арқылы қуаттандырады. ТГ және оның фрагменттерінен жасалған препараттардың емдік әсері иммунжетіспеушілік кезінде емдік әсері күмән тудырмайды.Жорамалдау бойынша ТГ Т-лимфоциттердің дамуында тимусқа притимоциттердің көшуіне дайындау болса , басқа жағынан қарағанда тимустан Т-торшалардың иммун жүйесінің перифириялық жүйелеріне миграция жасауы.Бұл препараттар тобына тимозин V , альфа1-тимозин , тимопоэтин және сарысулы тимиялық фактор (тимулин) . Тимулин лимфоциттағы цАМФ деңгейін көтеріп , осылай келе иммуносупресивтік әсер жасайды. Емдік мақсатта ТГ-ны Т-лимфоцитінің жетіспеушілігі бар пациеттерге енгізеді. Сау малдарға енгізген кезде Т-торшаларының санына және қызметіне әсер етпейді. ОПИОИДТЫҚ ПЕПТИДТАР. Опиоидты пептидтер гипофиз (эндорфин) және бүйрек үсті безімен синтезделеді , лимфоциттерге жағымды әсері бар. Лимфоциттердің беткейдегі рецепторларының бұл пептидтермен араласуы торша ішілік циклды нуклеотидтердің модуляцияцына алып келеді, осылай Т- және В-торшаларының пролефирациясын көбейтеді. Сонымен қатар олар иммундық жауап деңгейін ұстап тұра алады . Эндорфиндар мен энкефлин адренокортикотропты гормондармен организмнің стресстік жағдайын жеңілдететіндігі туралы мәліметтер бар. Тимустық фактор және опиоидтық пептидтар нағыз иммунқуаттандырушы және гормон болып табылады , өйткені олар бір жерде түзіліп перефириядағы лимфоидтық мүшелердің торшаларының белсенділігіне әсер етеді. Осы жүйелік гормондармен қоса , иммунокомпонентті торшалармен иммунды реактивтіліктің жергілікті медиаторы синтезделеді (цитокин).Лимфоциттар мен макрофагтармен синтезделген лимфокин мен монокиндер маңайындағы басқа торшалардың белсенділігіне қатты әсер етеді. Сонымен қатар жергілікті синтезделетін простогландиндер иммунды жауапты өзгертетін қасиеттері бар. Бұл медиаторлардың түзілуі мен секрециясы тимозин және энфорфин гормондарының бақылауында болады. Бұл гормондар торшааралық кооперация мен антигендік қуаттануында бақылайды. ИНТЕРФЕРОН ЖӘНЕ ИНТЕРЛЕЙКИНДЕР. Интерферонның қасиеті тек қана вирусқа қарсы әсері және антибластомды әсерімен ғана таусылмайды . Оның иммуномодуляциялық әсері бар екендігі белгілі. Интерферон макрофагтарды белсендендіру , В-торшаларының қуаттандыру және киллерлық және цитоксикалық Т-торшалардың табиғи қорғанышын жоғарлату арқылы иммунды жүйенің торшаларын белсенділігін модульдейді.Интерферон іn vitro , кей жағдайларда in vivo лимфоциттердің бластогенезін баяулатады және иммуносупрессивті әсер етеді.Иммуностимуляциялық қасиеттері препараттын дозасына және уақытына , антигеннің түріне байланысты болады. Интерликиндер арнайы емес препараттар , интерферонмен салыстырғанда Т- торшаларының жетіспеушілігін реттеу үшін терапевтік маңызы көбірек.Олар иммунды жауаптың медиаторы болып , Т- , В-лимфоциттердің және иммунитеттің басқа торшаларының белсендендіреді , дифференциациялайды , реттейді. ЛЕВАМИЗОЛ ЖӘНЕ ИЗОПРИНОЗИН Левамизол имадазолдың туындысы болып табылады және фенилмидотиазол тобына жатады. Оның иммуномодуляторлық қасиеттері лимфоциттердің , макрофагтың , нейтрофиллдердің пролеферациясының өзгеруімен , миграциясымен және секрет бөлуімен тікелей байланысты. Левамизол Т-лимфоциттердің өсуін ынталандырып , цитокиндердің өндірісін жоғарлатып, Т-хелперлердің санын Т- супрессорлармен салыстырғанда көбейтеді.Ол антиденелердің түзілуіне тікелей әсер етпейді , бірақ иммуносупрессиялы пациенттерде торшалық иммунитетті жоғарлатады. ТГ сияқты левамизол сай жануарларға әсер етпейді. Изопринозин ( метизопринол) иммуномодуляциялық қасиеті бар , антивирустық препарат. Ол лимфоциттер мен макрофагтағы цГМФ көбейтіп , осының әсерінен лимфоциттердің проферациясы жоғарлап , табиғи киллерлердің белсендігі жоғарлайды . Изопринозин сонымен қатар цитокиндердің өндірісін жоғарлатып , макрофагтарды қасиеттерін жақсартады. Малдәрігерлігінде қолданылмаған. №17 Зертханалык жұмыс Тақырыбы: Иммундық статус және жаңа туған төлдер мен торайлардың инфекциялық аурулар. Мақсаты:Пассивті иммунитеттің әсер ету механизмімен танысу. Ұсынылатын әдебиеттер: Негізгі: В.Д. Соколов Фармокология 1997 ж Қосымша: 1. Столяров И.Д. Иммунодиагностика и иммунокоррекция в клинической практике. СПб:Сотис, 1999 ж 2. Внутренние незаразные болезни сельскохозяйственных животных/ Б.М. Анохин , В.М.Данилевский , Л.Г.Замарин и др.; Под редакцией В.М.Данилевского- М.; Агропромиздат , 1991 3. В.М. Субботин «Современные лекарственные вещества в ветеринарии» 2003 ж Тексеруге арналған сұрақтар. 1. Антистресстік заттар ( стресс кезінде организмде не болады?). 2. Жылқылардың ассоциативті инвазиясында иммунитетті реттеу. 3. Бактериялармен тудыратын иммуносупрессиялар. Методикалық нұсқау: Көптеген шаруашылықтарға төлдердің бірінші айларында кездесетін инфекциялық аурулар шығын әкеледі. Бұл мерзімді 2 кезеңгебөлуге болады : жаңа туған ( енесінің уызымен 6-8 тәулікке дейін азықтану) және сүтті (енесінен бөлуге дейін – 2 айлық жасқа дейін сүтпен азықтандыру). Осы кезеңін әр қайсысы өзіне тәң физиологиялық ерекшеліктерімен және вирустар және бактериалар тудыратын аурулармен сипатталады. Жаңа туған кезде көбінесе асқазан ішек аурулары , сүт кезеңінде тыныс алу мүшелерінің аурулары тіркеледі.Осындай реттілік жас организмнің өзіндік иммунды статусына байланысты дамыды , ол өз кезегінде жатыр ішіндегі даму ерекшелітері мен қоздырғыштрдың биологиялық ерекшеліктеріне байланысты болады. Күйіс қайыратын жануарлар ( сиыр , қой , ешкі ) , сонымен қоса тақ тұяқтылар , шошқалар десмохориальды және эпителиохориальды плацента , енесі және төлдің бөліктерінде 3 торшалық қабат бар . Төлдің қаны осы жануарлардың түрінде енесінен хорионының 3 торшалық қабаты және жатыр криптысының 3 қабатымен бөліненді.Осындай құрылым нәтижесінде буаздық мерзімі кезінде енесінің ақыуздары өтпейді , иммуноглобулиндермен осылардың қатарында болады.Сондықтан төлдердің қанында иммуноглобулиндер жоқ- агаммаглобулинемия жағдайында , абсолютты иммун жетіспеушілік , бұл физиологиялық жағдай.Олардың қанында жалпы ақуыздың , кейбір витаминдердің , минеральдық заттардың мөлшері қалыптыдан төмен. Ішекке түскен микрофлораның жағымсыз әсерінен гуморальды фактордың организмді қорғайтын жедел көмегі ретінде , гамма-глобулиндердің жалғыз көзі болып , сонымен қатар жаңа туған төлдің иммундық жүйесін қуаттандыратын және реттейтін зат – бұл енесінің уызы. Уыз- төлдегеннен кейін сүт безінде синтезделетін ерекше секрет . Төлдердің өмір сүруін және патоенді , шартты-патогенді микрофлорадан қорғануын қамтамасыз ету үшін туғаннан кейін ертерек уызбен (2 сағатқа дейін) азықтандыру керек. Бірінші 8-12 сағатта уыздың құрамында өмірлік маңызы бар компаненттердің максимальды мөлшері болады (бұзауларда уыз 3-5 сағаттық интервалмен 2-3 алғашқы сауындыда ,торайларда алғашқы 12 сағат бойы). Жаңа туған төлдердің ішектерінің эпителийлері толықтай жетілмегендіктен , уыздың барлық ақуыздарын өткізеді , біртіндеп иммунжетіспеушілікті жояды. Уызбен түйісуден кейін дамымаған эпителийлер , дамығандармен алмастырылады және ақуызды өткізу қасиеті жоғалады. Уызбен жаңа туған төл енесінің иммуноглобулин түрінде «иммунологиялық тәжірибесн» алып , гипериммунды сарысу сияқты әсер етіп , қоршаған ортаның көптеген микроорганизмдерге қарсы тұра алады. Иммундық иммуноглобулиндер ішектің эпителий торшаларына бекіп , микробтар мен вирустардың адгезиялық қасиеттерін шектейді , дамуын тежейді немесе жояды уыздың фагоциттерімен бірігіп .Т-және В –лимфоциттері жаңа туған төлдің иммунитетінің дамуын қамтамасыз етеді. Қандағы гамма-глобулиндердің концентрациясына жету үшін бұзауларға кемдегенде 6-8 литр , торайлар -300 мл уыз қабылдауы қажет. Уыздық иммуноглобулиндер жедел көмек қызметін атқарып , 6-8 күнге қарай бұзылып , организмнен шығарылады , жаңа туған төлдердің өзіндік иммундық қызметін атқара бастайды. Организмде біртіндеп арнайы емес өзіндік микрофлораның синтезі көбейіп , 25-35 күнге қарай аяқталады.Осы кезенде екінші рет иммунжетіспеушілік пайда болады (енесінің қорғаныштық ақуыздары шығарылып , өзіндік синдез қалыпты деңгейді қамтамасыз ете алмайды) , бұл тыныс алу жолдарының ауруларын тудыратын микрофлора үшін қолойлы жағдай. Шаруашылықтарда уызды уақытында бермеуі салдарынан ,ішек таяқшасының және т.б. аурулардың қарқынды дамуына алып келеді. Асқазан-ішек аурулары мен кейбір респираторлық ауруларға қарсы вакциналар ойлап табылған . Олармен буаз сиырлар мен мегежіндердер егіледі , енесінің организмінде арнайы антиденелер пайда болады , олар уызбен төлге беріледі. Егер уыз уақытында емес және жеткілікті мөлшерде берілмеген жағдайда , олар патогенді микрофлоранын құрбаны болады . Осындай төлдер ауырып , басқа сау төлдерді зақымдап , өздері өледі. Вакциналардың әсері жоққа теңеледі. №18 Зертханалык жұмыс Тақырыбы:Жануарлардың селен жетіспеушілігін емдеу және алдын-алу. Мақсаты:Акушерлік патология алдын-алу кезінде препараттың тиімділігімен танысу. Ұсынылатын әдебиеттер: Негізгі:1. В.Д. Соколов Фармокология 1997 ж 2.Ветеринария №2,2008, с.12. Қосымша: 1. Столяров И.Д. Иммунодиагностика и иммунокоррекция в клинической практике. СПб:Сотис, 1999 ж 2. Внутренние незаразные болезни сельскохозяйственных животных/ Б.М. Анохин , В.М.Данилевский , Л.Г.Замарин и др.; Под редакцией В.М.Данилевского- М.; Агропромиздат , 1991 3. В.М. Субботин «Современные лекарственные вещества в ветеринарии» 2003 ж Тексеруге арналған сұрақтар. 1. Ферменттер- жануарларды азықтандыру кезіндегі қажеттілік. 2. Қой организмінің табиғи төзімділігіне лигфолдың әсері. 3. Пробиотиктерді антибиотиктердің орнына қолдану. Методикалық нұсқау: Еліміздің мал шаруашылықтары мен құс шаруашылықтарының өнімділігін жоғарлату мәселесі мен мал шаруашылығының тиімділігін жоғарлату тек қана жануарлар мен құстардың потенциалын толықтай қолданған жағдайда ғана мүмкін. Алиментарлы және эндокринді аурулармен күрестің тиімді әдістерін енгізу және ойлап табу – мал шаруашылығы мен құс шаруашылығының пайдалылығын арттыру , сүт , ет , жұмыртқа және басқа өнімдердің биологиялық құндылығын жақсарту , төлдейтін малдың бедеулігін азайту.Жануарлардың рационында қоректік және биологиялық белсенді заттардың жетіспеуі немесе артықшылығы және ішкі секреция бездерінің қызметінің бұзылуына байланысты пайда болатын аурулар тығыз этиопатогенетикалық байланысы бар және зат алмасудың бұзылуымен сипатталады.Олар кеңінен таралған және шаруашылықтарға айтарлықтай шығын әкеледі.Бұл жануарлардың азықтандырылуымен және күтіп- бағумен тікелей байланысты: қабылданатын азықтың құрылымында шөптің аз болуы , қоспа жемдердің көп болуы , сүрлемдеген қышқыл азықтар , инсоляция мен аэрация,гипокенизияның жетіспеушілігі. Қарқынды мал шаруашылығы мен құс шаруашылығы жағдайында аурулар субклиникалық түрде жануарлардың үлкен топтарын қамтумен жүреді.Көп жағдайда бір ауру басқа аурумен асқынып , мұнда мүшелер мен жүйелер зақымдалады , патологиялық процесс асқынады , белгілері айқындалмайды. Зерттеу мақсаты- витаминді-минеральды Е-селен препаратының тиімділігін зерттеу. 1 мл Е-селен препаратында 50 мг Е витамині және 0.5 селен бар . Оны инъекция және ішітің ерітінді ретінде қолдануға болады. Е витамині мен селен синергист болда тұра , өзінің антиоксиданттық қасиетін күшейтеді.Сонымен қатар бір-бірінің организмен сіңірілуін жақсартады . Препарат қауіпсіз және жоғары өнімді жануарларға ұсынылған дозада шектеусіз қолдануға болады. Прератты қолданған сиырлар шудың кідірілуі байқалмаған ,туғаннан кейінгі эндометрит 1,7-3 есе азайған.Авитаминоз белгілері бар торайларға препаратты 2-3 рет енгізу нәтижесінде толықтай жазылған. Буаз мегежіндерге төлдеуге дейін 2-3 жұма қалған кезде препаратты салу төзімді төл алуға мүмкіндік береді.Торайлардың арасында өлу 2.5-3 есе азайған және салмағы 100-120 г көп болған өнделмеген жануарлармен салыстырғанда. №19 Зертханалык жұмыс Тақырыбы: Қой организмінің табиғи төзімділігіне лигфолдың әсері. Мақсаты:Төлдеу кезінде саулықтардың организмнің төзімділігіне лигофол корректорының әсер ету механизмі. Ұсынылатын әдебиеттер: Негізгі:1. В.Д. Соколов Фармокология 1997 ж Қосымша: 1. Столяров И.Д. Иммунодиагностика и иммунокоррекция в клинической практике. СПб:Сотис, 1999 ж 2. Внутренние незаразные болезни сельскохозяйственных животных/ Б.М. Анохин , В.М.Данилевский , Л.Г.Замарин и др.; Под редакцией В.М.Данилевского- М.; Агропромиздат , 1991 3. В.М. Субботин «Современные лекарственные вещества в ветеринарии» 2003 ж Тексеруге арналған сұрақтар. 1. Эрготропиктер – азықтық антибиотиктер , әсер ету механизмі. 2. Жануарлардың екінші реттік иммун жетіспеушілігінің себептері. 3. Жануарларды сальмонеллезге қарсы иммуномодуляторлармен егу. Методикалық нұсқау: Гуминды заттар кең спектрлі биологиялық белсендігі бар , адам және жануар организмінің зат алмасуына әсер етеді. Олар иммунитетті микроэлементтермен жабдықтап, аурулармен күресуге көмектеседі.Гуминды препараттарды ауылшаруашылық малдарын өсуру кезінде биологиялық стимуляторлар ретінде қолданылады . Олар өсуді белсендендіріп , өнімділікті жоғарлатып , ауруға шалдығуды төмендетеді. Гуминды , фульвоқышқылдар , пиримидин , аминқышқылдары торшаның аденилатциклазды жүйесіне және олигоаденилит-интерферонның әсер ететін медиаторы үшін жауапты ферменттерге әсер етеді .Олар бір уақытта АЦ (аденилакциклаза)белсендендіріп және ФДЭ (фосфоэстраза) ингибирлеп цАМФ (аденозинмонофосфотаза) синтезінің көбеюіне әкеледі.Торша ішіндегі цАМФ концентрациясының көбеюі торшаның сол уақыттағы жағдайына байланысты тиімділігін жоғарлатады. Көмірсулар мен май алмасуының , иммунды реакциялардың , организмнің табиғи төзімділігінің ферменттерінің реттеледі. Лигфол табиғи лигниннің , натрий гидрохлориді мен натрий пирофосфатының гидролизі арқылы алынған гуминды заттар енеді. Бұл стерильді препарат инъекциялық ерітінді түрінде , парентеральды қолдану үшін. Жасалған жұмыстың нәтижесінде 1 мл-ден екі реттік лигофолды саулыққа енгізу ешқандай кері әсер етпеген. Жануарлардың табиғи төзімділігінің көрсеткіштері тәжірибелік топтарда жоғарлаған: лизоцим , қан сарысуының бактериоцидтік белсенділігі , фагоцитарлық қызметтері. Осылай келе, қозылауға дейін саулықтарға адаптогенді лигфол стресс- корректорды қолдану буаз малдың организмнің жалпы төзімділігін жоғарлатады , жергілікті қорғаныштың арнайы емес иммунды факторларын жоғарлатады. Бұл қозылауды жеңілдетіп , төлдеу және төлдеуден кейінгі патологияның алдын- алады , сау төлді алуды қамтамасыз етеді. №20 Зертханалык жұмыс Тақырыбы:Балапандардың жарықтық стресс жағдайы кезінде малон қышқылының витамин сақтаушы әсері. Мақсаты:С витаминінің жарықтандыру режимі бұзылған кезде шамадан тыс шығындалуының малон қышқылымен алдын-алу. Ұсынылатын әдебиеттер: Негізгі:1. В.Д. Соколов Фармокология 1997 ж Қосымша: 1. Столяров И.Д. Иммунодиагностика и иммунокоррекция в клинической практике. СПб:Сотис, 1999 ж 2. Внутренние незаразные болезни сельскохозяйственных животных/ Б.М. Анохин , В.М.Данилевский , Л.Г.Замарин и др.; Под редакцией В.М.Данилевского- М.; Агропромиздат , 1991 3. В.М. Субботин «Современные лекарственные вещества в ветеринарии» 2003 ж Тексеруге арналған сұрақтар. 1. Малон қышқылының химиялық негізі. 2. Жарық жетіспеуінен пайда болған стресстің салдары. 3. Жарық жетіспеушілігінен туындаған стресстегі малон қышқылының әсер ету механизмі. Методикалық нұсқау: Үй құстары аскорбин қышқылының сырттан түсуінен тәуелсіз , ол катехоламиндердің , кортикостероидтардың , гидроксипролинның , ксенобиотиктердің биосинтезіне , детоксикациясына қажет . Сонымен қатар , ол метгемоглобиндердің төмен деңгейде ұстап тұру үшін , темірдің метоболизміне қатынасадыжәне жоғары концентрацияда организмнің антиоксидантты қорғанысының компоненті болады.Шаруашылық жағдайда стресс салдарынан С витаминнің эндогенді синтезі азайып , көбейген метоболитикалық қажеттіктерді қанағаттандыра алмайды. Аскорбин қышқылының ролін түсіну үшін гипергликемиямен күрес кезінде құстардың қанындағы глюкозаның аномальды жоғары крнцентрациясын ескеру қажет.Аскорбин қышқылының қосымша азықпен беру әрқашанда мүмкін емес , оның метоболиттерінің токсикалық әсеріне байланысты. Несеп қышқылының көбеюі , ол С витаминінің метоболизмімен тікелей байланысты . Несеп қышқылы стресс кезінде ұлпалардан мобилизациясымен байланысты , ол жарықтық стессті ауырлататын фактор болып табылады. Бірақта несеп қышқылын антиоксидант деп есептейді , оның ксантинооксидазаның әсерінен түзілуі , уратты радикалының түзілуіне ықпал етіп , аскорбин қышқылының концентрациясының азаю жағдайында антитотықтырғыштық қорғаныштың қажуы деп есептеуге болады.Малон қышқылымен азықтандыру ұлпаларданнесеп қышқылының аз бөлінуіне және бос радикалдардың түзілуін тежелуіне алып келеді. Осы арқылы стресстің жеңіл өтуіне қамтамасыз етеді. Студенттердің өзіндік жұмыстарының тақырыптық жоспары (СӨЖ) Өзіндік жұмыс №1. Азықтық қоспалар (қосымшалар). Керекті заттар:Қоспалар. Жануарлар: Тауық , қоян , қой...... Сабақтың мақсаты:Студенттерді ауруларды алдын-алу үшін жануардың физиологиялық жағдайына байланысты керекті қоспалардың мөлшерін есептеуге үйрету. Премикс ( лат. Prae- алға , алдын ала . misceo – араластырамын) – құрғақ ұсақ компоненттерді дозалап араластыруды білдіретін технологиялық түсінік. Премикстерді құрғақ компоненттердің біркелкі араласпауды шешу үшін қолданады . Премикстардың қолдану аймағы- қоспа жемдік , азықтық , ризинотехникалық , полимерлық және т. б. өндірістер.Премикс –бұл биологиялық белсенді заттардың байытылған қосындысы. Қоспа жемнің азықтық құнарлығын жоғарлату үшін , сонымен қатар олардың ауылшаруашылық малдардың организміне әсерін жақсарту үшін қолданылады.Витаминді , минеральды , витаминді-терапевтік , витаминді-минеральдық және басқа премикстер болып бөлінеді . Премикстің құрамына кіреді: 1. Толықтырғыш (белсенді заттарды еріте және ұстай алатын заттар)-сұлы ұны , кебек , шөп ұны , күнжара , ашытқы және т.б.; 2. ББЗ (биологиялық белсенді заттар)- витамин , микроэлементтер, аминқышқылдары , химия-терапевтикалық препараттар және т.б. . Премикстер арнайы зауыттарда немесе құрама жем өндірісінің арнайы цехтарында өндіріледі. Жануарлардың түріне , жасына және өнімділігіне байланысты өндіріледі. Премикстер (минеральды-витаминді концентраттар)- бұл біртұтас ұнтақ тәріздес биологиялық белсенді заттардың толықтырғышпен бірге қоспасы.Премикстердің әсер ету механизмі құрамындағы витаминдер ( А , Д , Е , К , С , В тобы ) , микроэлементтер ( темір , мыс , марганец , кобальт, йод , селен ) , макроэлементтер ( магний , күкірт) , антиоксиданттар ( бутилоситолуол , сантохин ) , микробка қарсы препараттар (азықтық антибиотиктер және т.б. ) тиімді мөлшер мен қатынаста болады. Азықтық қоспалар , жануарлардың рационында кейбір химиялық заттардың жетіспеген кезде қолданылады. Өндірісте азықтандыру рационының кальций , фосфор , натрий , хлор және микроэлементтер бойынша бақылайды.Азықтық қоспаларға ас тұзы , бор , сүйек ұны , қызыл балшық , азықтық фосфат . Азықтық қоспалар жануарларға минеральды элеменнтердің көзі ретінде де керек. Өндірісте арнайы брикеттер шығарылады , олар керекті микроэлеменнтері бар ас тұзынан тұрады. СА-37 витаминді-минералды азықтық қоспасы. Үй және экзотикалық жануарларды азықтандырудағы басты мәселелердің бірі бұл - иелерінің «рационның теңгерімділігі» туралы ойламау , осының салдарынан жануарларға арнайы азықпен қатар асүйлік азықтарда беріледі. Мұндай «алуан түрлілік» мационның ұзақ уақыт жоқ болуында , әдетте көптеген патологияларға жол ашады.Күделікті малдәрігерлік мамандар : алопеция , дерматит , рахит , остеомоляция , остеопороз , дисбактериоз , жүрек- қантамырының , бауыр , бүйрек ауруларын кездесіп тұрады. Әдетте дәрігерге кешенді және ұзақ уақыт етуді талап ететін пациетті алып келеді. Микроэлементтер мен витаминдердің организге жетіспеушілігімен немесе дұрыс берілмеуінен туындайтын ауру - бұл тері жабындысының аурулары. Қабыршақтану , сыңғыш түк , аллергиялық реакциялар – гипо және гипервитаминоз кезінде кездесетін аурулардың аздаған бөлігі. Мұдай белгілерді жою үшін витамин және микроэлеменнтер бойынша теңгерілделген азықтану қажет. Макроэлементдің жетіспеуі немесе көп болуы салдарынан зат алмасудың бұзылуы тірек-қимыл аппаратының ауруларына алып келеді. Олардың ішінде жиі рахит кездеседі , ол жаңадан түзіліп жатқан сүйек ұлпасындағы кальций-фосфор қатынасының бұзылуынан немесе өсу кезінде витамин Д жетіспеушілігінен пайда болады. Бұл ауру туғаннан бастап дамиды. Алғашында минерал мен витаминдердің жетіспеушілігі дұрыс азықтандырылмаған емізетін енесінен , ал содан кейін төлдің өзінің азықтандырылуынан пайда болады. Көп жағдайда емізетін иттерде туғаннан кейін асқазан-ішек түтігінің бұзылуымен сипатталатын дисбактериоз дамиды . Бұл рахиттын күшіктерде рахитың пайда болуына ықпал етеді. Бұл жағдайда дәрігерге бір уақытта кальций және фосфор , витаминдердің майдағы ерітіндісін , тұтқыр заттарды , пробиотиктер және т.б. қолдануға тура келеді. Егерде тұқымы көп төлді болса , азықтандыратын жануар остеомоляцияға шалдығуы мүмкін . Бұл ауру өз кезегінде остеопороз және артроз ауруларына себеп болуы мүмкін. Емдеуден алдын-алу қағидасын ұсталынатын мамандар өздерінің пациенттері шартты-теңгерімделген рационды ұсынады , яғни витаминді-минеральды қоспалар.Осы мақсатта Са-37 қоспасы ойлап табылды , оның құрамына бір уақытта микро- және макроэлементтердің әртүрлі топтары , витаминдер және пробитиктер кіреді. Соңғысы бифидо- және лактобактериялардан тұрып , олар тоқ ішекте мекендеп , осы арқылы патогенді микрофлораны ығыстырады. Осылай келе , дисбактериоз алдын-алынады , азықтың сіңірілуі жақсарады. Өсіп келе жатқан төлдің тірек-қимыл аппаратының қалыптастыруға керекті микро- және макро элементтер, Са-37 қоспасында келесідей қосылыстардан тұрады: кальций гидросульфаты , калий хлориды , йод , цинк оксиді , мыс сульфаты , магний сульфаты , кобальт , темір қосылыстары . Келесідей витаминдер енеді: A, B1 , B2 , B6 , B12 , D3 , E , K3 , холин хлорид , никотин және фолий қышқылы . Мұндай алуан түрлілік жануардың денсаулығымен болтын қиындықтарды алдын-алуға көмектеседі.Сонымен қатар антиоксиданттар бар : Е және С витамині , бутилгидроокситолудин. Өзіндік жұмыс №2. Қазіргі кездегі иммуномодуляторлар , оларды қолданудың негізгі ережелері. Керекті заттар:Иммуномодуляторлар. Жануарлар: Тауық , қоян , қой...... Сабақтың мақсаты:Студенттерді ауруларды алдын-алу және емдеу үшін қолдануды үйрету. Пробиотиктер деген не? Пробиотиктер бұл азыққа қосылатын микробиологиялық қоспа , құрамында қалыпты биоциноздың өкілі бар тірі микроорганизмдер. Пробиотиктерді не үшін қолданады? Пробиотиктерді қолдану мақсаты ауылшаруашылық малдардың өсімін қуаттандыру және асқазан-ішек түтігінің ауруларын жою . OLIN пробиотигі не? OLIN тек өзіне тәң қасиеттері бар бактериалардың , вирустардың және санырауқұлақ микрофлорасына кең спектрлі белсенді және тандамалы әсері , жоғары ферментативті және биосинтетикалық белсенділігі бар , организм мен пайдалы микрофлора үшін зиянсыздығы , сыртқы ортаның жағымсыз әсерлеріне төзімді. Қазіргі заманғы пробиотиктер , бұл не? Қазіргі кездегі пробиотиктер өндіруі бойынша арзан азықтық , қымбат таза пробиотикалық өсінділерден алынған . Азықтық пробиотиктерде өсуді қуаттандыру қасиеттері , ал қымбаттарында иммуномодуляциялық және емдік- алдын-алу қасиеттері басымдырақ.Олар шыққан тегіне байланысты сүтқышқылды (Lactobacillus acidophilus , Lactobacillus plantarum) , целлюлозолитикалық ( Ruminococcus album) және споратүзетін ( Bacillus subtilis , Bacillus licheniformis). Өзіндік жұмыс №3. Клиникалық тәжірибеде иммунодиагностика және иммунокоррекция. Керекті заттар:Центрифуга , пробиотик , қой эритроциттері , микроорганизмдер жиыны , зерттелетін қан. Жануарлар: Тауық , қоян , қой...... Сабақтың мақсаты:Студенттерді жануарлардың жағдайын иммунокоррекция мақсатында жануарлардың иммундық статусын анықтау. Қазіргі кездегі малшаруашылығы мен құсшаруашылығындағы төлдер мен балапандардың бордақылау кезінде жаппай ауруы және жаппай қырылуы өзекті мәселе болып тұр. Жануарларды интенсивті технология бойынша өсіру жаңа туған төлдердің ішектеріндегі микробиотоптың қалыптасуын бұзатыны дәлелденген. Өздерінің үйдегі тұқымдастарымен салыстырғанда өндірістегі жануарлардың ішек микрофлорасының микрофлорасының жалпы индексі төмендеген . Ішек микробиотобының құрамына анаэробты споратүзуші бактериийлер , стафилококктар , протей , зең және шытқы саңырауқұлақтар бар. Ферментік белсендігі төмендеген эшерихий мөлшері 30-40% дейін жету мүмкін. Сүт- қышқылды микрофлора төмендеген , бифидобактерии мөлшері минимальды. Экзогенді (вакцинациялау , антибиотиктер) себептер және технологиялық жағдайларға байланысты ішек биотопының микроэкологиялық тепе-теңдігін бұзылуына алып келеді.Осының салдарынан дисбактериоз және дизбактериозды диарея дамиды . Қалыпты ішек микрофлорасының аздығының салдарынан және оның төмен қорғаныштық қасиеттеріне байланысты , энтеробактерийлердің қысымының нәтижесінде ішектің кілегей қабығының қорғанышын бұзылып , қан арқылы паренхиматозды мүшелерге таралады.Осының салдарынан нашарлаған иммунитетпен генерализацияланған инфекция дамиды. Ауырып шыққан жануарлар өсуі төмендейді және ұзақ уақыт бойы шартты патогенді бактерийлердің жасырын тасымалдаушысы болуы мүмкін. Биологиялық белсенді қосымшалармен байытылған азықтарды , дәрілер қосылған табиғи азықтар , минералдар және витаминдер жануарлардағы көптеген патологияның алдын алуға көмектеседі. Осы тұрғыдан пробиотиктер ұтымды азықтандырудың бір бөлігі деп қарастыруға болады ,осы арқылы денсаулығын нығайту үшін және жоғары сапалы өнім алу үшін , бактериальдық және химиялық жағынан қауіпсіз. Пробиотиктердің құрамына тоқ ішектің қалыпты микрофлорасы енеді : сүтқышқылды бактерий , бифидобактерий , стрептококтар , олар ішектің қабырбағалын қорғауда маңызды және грамтеріс микрофлораның шоғырлануына бөгет жасайды . Антибиотиктерде әсер ету механизмі жоюға бағытталған болса , ал пробиотиктер жоюға бағытталмаған , ол шартты патогенді микрофлораны бәсекелесті ығыстыруға негізделген. Бактерии-пробионтар өзінің өмір сүру кезінде шартты-патогенді микрофлораға талғамалы әсер ететін биологиялық белсенді заттарды бөліп шығарады.Мысалы: лизоцим грамтеріс мбактерийлердің дамуы мен көбеюін тежейді, сүт қышқылы олардың өсуін тежейді , сутегі тотығы олардың торшалық қабырғасын бұзады. Бактерий-пробионттардың қорғаныштық қасиетін жоғарлататын қасиет- бұл ішек қабырғасының иммунокомпанентті торшалармен сигналды молекулаларымен алмасып , А иммуноглобулинин , комплемент , лизоцим өндіруді ыңталандырып , энтеропатогенді бактерийлердің ішек қабырғасына бекуіне бөгет жасайды. Пробиотиктер антибиотиктермен салыстырғанда химиопрераттарға бейімдеушілікті кодтайтын шартты-патогенді микрофлораға төзімді. Бактерий- пробионтардың өмір суруі кезінде пайда болатын өнімдер организмде жинақталмайды және өнімнің тауарлық сапасына әсер етпейді. Пробиотиктердің құрамына адам мен мал үшін қауіпсіз , кең спектрлі қорғаныштық қасиеттері бар. Бактерий-пробионтар микробиологиялық консерванттар жасауда және сүтқышқылдыларда да кеңінен қолданылады. Сүрлем ашытқысының құрамына кіретін микроорганизмдер сүтқышқылды ашуды күшейтіп , азықтарды консервация кезінде ашу және шірі процесстерін басады. Өзіндік жұмыс №4. Иммуностимуляциялық терапияның мәселелері. Керекті заттар:Иммуномодуляторлар. Жануарлар: Тауық , қоян , қой...... Сабақтың мақсаты:Иммуномодуляторлық қасиеттерді анықтау үшін иммуностимуляторларды сынау. Иммундық жүйеге әсер ету немесе иммунокоррекция туралы түсінік әрқилы, кейде қарама-қайшы. Иммунокоррекцияның келелі мәселесі болып : олардың қолданылудың бұзылған иммундық жүйенің әсерінің нәтижесін толықтай бағалайтын әдістің жоқ болуы. Ұсынылатын иммунокоррекциялық препараттардың қолдану нәтижесін тек қана клиникалық белгілер бойынша ғана анықтауға болады , ол әрқашанда объективті бола алмайды. Бұл әдіс ең тиімді препаратты тандауға мүмкіндік бермейді , ол минимальды кері әсерлі , иммундық жүйесі зақымдалған ауруға шалдыққан организмге қолдану схемасы және дозасы , иммунокоррекциялық әсермен қолданылатын препараттың көрсетілімдері мен қарсы көрсетілімдерді болуы керек. Иммунотерапияны қолдануға тек қана аурудың иммундық статусын клиникалық және иммунологиялық зерртеулердің нәтижесі ғана көрсетілім болуы мүмкін , ал қадағалаусыз қолданудың тиімділігі төмен және аурудың жағдайын нашарлауына алып келеді. Иммуностимуляторлар шығу тегі бойынша эндогенді және экзогенді болып бөлінеді. Экзогенділерге бактерийлер және саңырауқұлақтардан шыққан , сонымен қатар өсімдік тектестер жатады. Эндогенділерге иммунореттеуші пептидтер және цитокин жатады. Пептидтер бұл – иммунды мүшелердің (тимус , көкбауыр) экстракты немесе тіршілігінің нәтижесінде пайда болған өнімі. Тимустан алынған препартарда оның гормондары болады.Цитокиндер , бұл – лимфоциттер мен макрофгтар өндіріп шығаратын биологиялық белсенді ақуыз:интерлейкин , монокин , интерферон . Тәжірибеде оларды рекомбинанты препараттармен бірге қолданады. Бұл препараттардың химиялық жолмен синтезделген аналогтары бар . Толықтай емдік нәтиже алу үшін емдеу курсына иммунореттеуші препараттарды қолдану шарт , осының арқасында иммунды жүйенің жарақаттары қалыпқа келеді. Вирустық ауруларда иммунореттеудің көптеген шешілмеген келелі мәселелері бар. Иммуномодуляторлардың саны күннен күнге көбейіп келе жатыр , олар сонымен қатар иммуностимулдеуші қасиеттері де бар . бірде-бір иммуномодулятор бағытталған вирусоингибиторлық қасиеті жоқ , сәйкесінше спецификалық иммунореттеуші қасиеті жоқ. Қазіргі уақытта инфекциялық ауруларды емдеудегі қиындықтар ХДҰ гипериммунды сарусуларды медицинада қолдануға тиым салуына байланысты. . Барлығымызға мәлім, инфекциялық аурулардағы патологиялық процестердің ұлпалардағы екі себепке байланысты: ауру қоздырғышының токсин бөлуі немесе айналыстағы иммунды кешендердің түзілуі. Өзіндік жұмыс №5. Қазіргі кездегі иммунокоррекцияның малдәрігерлігіндегі аспектысы. Керекті заттар:Иммуномодуляторлар. Жануарлар: Тауық , қоян , қой...... Сабақтың мақсаты:Иммуномодуляторлық қасиеттерді анықтау үшін иммуностимуляторларды сынау. Иммуностимуляторлар шығу тегі бойынша эндогенді және экзогенді болып бөлінеді. Экзогенділерге бактерийлер және саңырауқұлақтардан шыққан , сонымен қатар өсімдік тектестер жатады. Эндогенділерге иммунореттеуші пептидтер және цитокин жатады. Пептидтер бұл – иммунды мүшелердің (тимус , көкбауыр) экстракты немесе тіршілігінің нәтижесінде пайда болған өнімі. Тимустан алынған препартарда оның гормондары болады.Цитокиндер , бұл – лимфоциттер мен макрофгтар өндіріп шығаратын биологиялық белсенді ақуыз:интерлейкин , монокин , интерферон . Тәжірибеде оларды рекомбинанты препараттармен бірге қолданады. Бұл препараттардың химиялық жолмен синтезделген аналогтары бар . Толықтай емдік нәтиже алу үшін емдеу курсына иммунореттеуші препараттарды қолдану шарт , осының арқасында иммунды жүйенің жарақаттары қалыпқа келеді. Вирустық ауруларда иммунореттеудің көптеген шешілмеген келелі мәселелері бар. Иммуномодуляторлардың саны күннен күнге көбейіп келе жатыр , олар сонымен қатар иммуностимулдеуші қасиеттері де бар . бірде-бір иммуномодулятор бағытталған вирусоингибиторлық қасиеті жоқ , сәйкесінше спецификалық иммунореттеуші қасиеті жоқ. Қазіргі уақытта инфекциялық ауруларды емдеудегі қиындықтар ХДҰ гипериммунды сарусуларды медицинада қолдануға тиым салуына байланысты. . Барлығымызға мәлім, инфекциялық аурулардағы патологиялық процестердің ұлпалардағы екі себепке байланысты: ауру қоздырғышының токсин бөлуі немесе айналыстағы иммунды кешендердің түзілуі. Өзіндік жұмыс №6. Пробиотиктерді антибиотиктердің орнына қолдану Керекті заттар:Иммуномодуляторлар. Жануарлар: Тауық , қоян , қой...... Сабақтың мақсаты:Студенттерді асқорыту жүйесінің ауруларын Ветом 1.1 препаратын қолдану арқылы емдеуге үйрету. Жануарлардың қалыпты микрофлорасы теріде , асқазан-ішек түтігінде мекен етіп , денсаулықты нығайтуда аса маңызды. Микроорганизмдердің қызметтері алуан түрлі:ішек жұмысын реттеу , протеин , көмірсу, май алмасуына қатынасу ,биологиялық белсенді заттарды (витамин, аминқышқыл , фермент) өндіру ,токсиндерді бейтараптау және т. б. Сонымен қатар көптеген аурулардың қоздырғыштарына қарсылық көрсетеді. Пробиотиктер – бірінші кезекте алдын-алу , алдын-алу емдеуден арзан.Пробиотиктерді алдын-алу үшін қолданған дұрысырақ , ал иммунитет жетіспеушілігін жануардың туғаннан кейін.Бұл маңызды және экономикалық тиімді , препарат төлдің салмағын ескеріп беріледі. «Ветом» сериясының пробиотиктерін тек қана алдын-алу үшін ғана емес , сонымен қатар бактериялар , вирустар туғызатын жіті ауруларда қолдануға болады , өйткені арнайы емес вируска қарсы төзімділік айтарлықтай интерферон жүйесінің жұмысқа қосылуна байланысты. Бұл препараттарға бейімдеушілік жоқ. Патогенді микрофлора бактерияларға бейімделе алмайды .Организмге инфекцияның және бактерийлердің ену жолы бір , бұл маңызды. Құс шаруашылығында жүргізілген зерттеулер нәтижесінде: «Ветом» тобының пробиотиктерін қолданған кезде етті бағыттағы балапандардың өсімі жоғарылап , жағымсыз себептерге қарсы туруы жақсарған; оларды антибиотиктерсізде өндірістік масштабта өсіруге болады. Өзіндік жұмыс №7. «Моноспорин» және «Бацилл» пробиотиктері. Керекті заттар: «Моноспорин» және «Бацилл». Жануарлар: Тауық , қоян , қой...... Сабақтың мақсаты:Студенттерді ауруларды емдеу мен алдын-алу үшін «Моноспорин» және «Бацилл» препаратын қолдану арқылы емдеуге үйрету. Құс өндірісінің интенсификациясында құстардың азықтандырылуы маңызға ие бола бастайды , өйткені ол тек қана барлық шаруашылық жүйенің тиімдігін ғана қамтамасыз етіп қана қоймай , сонымен қоса соңғы өнімнің сапасы мен табыстылығына да әсер етеді. Жануарларды азықтандыруды ұйымдастыру азықты тиімді қолдану мен асқорытудағы микробиологиялық процестерді реттеуге асқорыту жүйесінің физиологиялық және морфологиялық бейімделуін қамтамасыз етуі керек. Биологиялық тұрғыдан жануарлардың азығы негізгі көрсеткіштері бойынша тенестірілген болуы қажет , қазіргі кезде бұл пайдалы микрофлораның қызметтік қасиеттерімен толықтырылады. Микробиологиялық қосымша ретінде пробиотиктерді қолданады . Асқорыту түтігінің қалыпты микрофлорасы көптеген себептерге байланысты бұзылады: азықтың өзгеруі , жануарлардың тығыз орналасуы , антибиотиктермен емдеу және т.б. бұзылулар азықтық заттардың сіңірілуін төмендетеді , ішектің қабырғаларының тітіркенуі , ол ішектің жиырылуын жоғарлатады ,азықтың қорытылуының және судын сіңірілуінің төмендеуіне алып келеді. Құстарды азықтандыру үшін пробиотиктерді қолдану асқазан-ішек түтігінің қалыпты микрофлораның дамуына ықпал етеді , ол оны эпителий торшаларына бекіліп , патогенді микрофлорамен күреседі. Сонымен қатар ол токсиндерді бейтараптап , аминқышқылдары , B , C , D , E , K витаминдерін синтездеуде белсенді қатынасады . Пробиотиктерді алу үшін сүтқышқылды , пропионқышқылды , ацидофильді бактериялар , бифидобактерийлер , «фекальды» стрептококк , ішек таяқшасы , каротинсинтездейтін бактериялар , бактериофагтар , қарапайымдылар қолданылады.Осыған байланысты препараттарды дұрыс тандау маңызды. Бацеллдың құрамында асқазан-ішек түтігінен бөлініп алынған бактерийлер ассоциациясы: Bacillus subtilis , Ruminococcus albus және Lactobacillus acidohilus. Ол айқын пробиотиктік қасиеттері бар , сонымен қатар целлюлозолитикалық және глюконаздық белсенділігі бар. Моноспорин Bacillus subtilis 090 микроорганизмдер штаммы негізінде гель түрінде өндіріледі. Ол көптеген ішек инфекциясының қоздырғыштары жоғары антогонистік қасиеті бар , оны дисбактериоздардың алдын-алу және емдеу үшін қолданады. Өзіндік жұмыс №8. Несеп қышқылды диатезды емдеуде селен мен токоферолды пробиотиктермен бірге қолдану Керекті заттар: Жануарлар: Тауық , қоян , қой...... Сабақтың мақсаты:Студенттерді микроэлементтерді пробиотиктермен бірге қолдануды үйрету. Несеп-қышқылды диатез құс шаруашылығында кең таралған , кейде шығын 20% мүмкін. Ауырған құстарда өнімділігі айтарлықтай төмендеп , резистентілігі нашарлап , осы қатар шартты-патогенді микрофлорамен секундарлы инфекция дамиды. Қазіргі кездегі ауылшаруашылық құстарды өсімі генетикалық негізделген , осыған байланысты рациондағы қоректік заттардың өзгеруіне өте сезімтал. Биохимиялық процестерде селен , Е витаминіде антиоксиданттың ролін ойнайды. Бұл заттардың жетіспеушілігі құстарда авитаминоз Е ауруына ұқсас ауруды тудырады. Оның толықтай селенмен қамтамасыз еткен кезде токоферолға деген қажеттілік төмендейді , осы арқылы бұлшықеттердің дистрофиясының , эксудативті диатездің алдын-алынады. Осымен қатар бауырда витамин Е және селен липидтердің тотығуына қатынасады. Селен мен витамин Е сіңірілуінде ішек ортасының рH маңызды , оның реттелуінде ішек микрофлорасы маңызды.Бифидобактериялар ішектің кілегей қабатың патогенді және шартты-патогенді микрофлораның енуінен сақтайды , өмір сүрген кезде антибиотиктерге ұқсас заттар түзіп , олар патогендердің дамуына қарсы тұрады. Көпшілік жағдайда олардың саны азаяды. Балапандар инфекция қарсы қабілеті өте нашар , сондықтан пробиотиктердің құрамына кіретін пайдалы , бәсекелес микроорганизмдер арқылы толықтыруға болады. Жүргізілген зерттеулер бұл әдістің тиімділігін көрсете алды. 8. Әдебиеттер Ұсынылатын әдебиеттер: 4. К.Н.Қожанов. «Ветеринариялық фармакология». – Алматы, 2008. 5. Б.Д.Айтжанов. «Фармакология». – Алматы, 2006. 6. Бірінші Евразия ветеринария конгрессі. 2007. с. 69-72. Қосымша әдебиеттер: 1. Қожанов К.Н. Малдың ішкі жұқпалы емес аурулары- /қосымша оқу құралы/, Семей, 2005 ж. 2. Соколов В.Д., Фармокология 1977 3. Столяров И.Д. Иммунодиагностика и иммунокоррекция в клинической практике. СПб:Сотис, 1999 ж 4. В.М. Субботин «Современные лекарственные вещества в ветеринарии». 2003 ж 5. Внутренние незаразные болезни сельскохозяйственных животных/ Б.М. Анохин , В.М.Данилевский , Л.Г.Замарин и др.; Под редакцией В.М.Данилевского- М.; Агропромиздат , 1991 6. В.М. Данилевский Практикум по внутренним незаразным болезням сельскохозяйственных животных М. «Колос» 1992 г.
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz