Файл қосу

Қаулының мазмұны мен құрылымы




Дәріс № 1.  Сотқа дейінгі іс жүргізудің тәртібі
   1. Алдын ала тергеудің түсінігі мен кезеңдері
   2. Алдын ала тергеудің жалпы шарттары

    1.Алдын ала тергеу ұғымы  саты  ретінде  заң  әдебиеттерінде  еш  талас
тудырмайды, оған барлық іс жүргізушілер бірдей анықтама  береді.  Алдын  ала
тергеу  дегеніміз  —  қылмыстық  іс  қозғалғаннан  кейін   болатын,   өзінің
міндеттері мен шекарасы бар қылмыстық процесс.
    Алдын ала тергеу (қызмет ретіңде) екі нысанында  жүзеге  асырылады  деп
саналады, олар: анықтау және алдын ала тергеу.
    Анықтау және оның түрлері. Бұрын аталып өткендей, қылмыстық іс  жүргізу
қызметінің екі түрін: анықтау мен алдын ала  тергеуді  алдын  ала  тергеудің
нысандары деп атау қабылданған.
    Анықтау, алдын ала тергеудің кез келген  нысаны  сияқты,  қылмыстық  іс
қозғалғаннан кейін басталады. Алдын ала тергеу міндетті емес тергеуден  оның
айтарлықтай айырмашылығы бар. Анықтаудың  түріне  қарай  ол  қылмыстық  істі
тергеушіге жібергеннен кейін, не алдын ала  тергеу  сияқты  —  істі  айыптау
қорытындысымен сотқа жібергеннен  кейін  немесе  қылмыстық  іс  қысқарғаннан
кейін аяқталуы мүмкін. Заң алдын ала тергеу  кезінде  жүзеге  асырылатын  ол
қызметтің екеуін де анықтау деп атайды.
    ҚІЖК-нің 288-бабына сәйкес алдын ала тергеу жүргізу міндетті емес істер
бойынша анықтау органы іс қозғайды  және  қылмыстық  іс  бойынша  дәлелденуі
тиісті мән-жайларды анықтау үшін  қылмыстық  іс  жүргізу  заңында  көзделген
барлық шараларды қабылдайды.  Алдын  ала  тергеудің  осы  түрін  жүргізгенде
анықтау органы кез келген тергеу, сондай-ақ  басқа  іс  жүргізу  әрекеттерін
жүргізуге, қажетті іс жүргізу шешімдерін қабылдауға құқылы.
    Бұл ретте ол қылмыстық іс жүргізу заңында негізінен  алдын  ала  тергеу
үшін белгіленген ережелерді басшылыққа алады.
    1)  Жәбірленушіні,  азаматгық  талапкерді,  азаматтық  жауапкерлі  және
олардың өкілдерін анықтау жүргізген адам анықтаудың  аяқталғаны  және  істін
прокурорға жіберілгені  жайында  хабардар  етуге  міндетгі.  Бірақ.  анықтау
органы, тиісті  өтініш  болған  күннің  өзінде,  оларды  іс  материалдарымен
таныстыруға міндетті емес.
    2) Тергеушіде іс жүргізу еркіндігі бар, оның мәнісі  мынада:  прокурор,
ҚІЖК-нің 289-бабына сәйкес, тергеушіге (анықтау жүргізуші адамға)  орындалуы
міндетті нұсқау беруге уәкілетті. Бірақ тергеуші прокурордың:
    - айыпталушы ретінде тарту туралы;
    - қылмысты саралау және айыптаудың көлемі туралы;
    - сот  талқылауын  тағайындау  үшін  істі  жіберу  туралы  немесе  істі
қысқарту туралы нұсқауымен келіспесе, өз қарсылығын жазбаша  баяндап  жоғары
тұрған прокурорға жүгінуге құқылы. Бұл жағдайда прокурор, не төменгі  тұрған
прокурордың  нұсқауын  бұзады,  не  бұл  істің  тергеуін  басқа   тергеушіге
тапсырады. Анықтау органдарына бұл ереже таралмайды. Прокурордың  нұсқауымен
келіспеген жағдайда анықтау  органы  жоғары  тұрған  прокурорға  шағымдануға
құқылы. Дегенмен, мұндай шағымдаңу фактысы  прокурор  нұсқауының  орындалуын
тоқтата алмайды. Алдын  ала  тергеу  жүргізу  міндетті  емес  істер  бойынша
анықтау материалдары істі сотта  қарауға  негіз  бола  алады.  Оның  мақсаты
алдын ала тергеудің алдына қойылған мақсатпен бірдей. Мерзімі  және  жүргізу
амалдары жағынан олар да әртүрлі болуы мүмкін. Міне осы  мән-жай  ғалымдарға
анықтаудың осы түрін толық көлемді  анықтау  немесе  «алдын  ала  тергеудің»
ерекше нысаны деп атауға мүмкіндік беріп отыр.
    Дау туғызбайтын бір жағдай —  алдын  ала  тергеу  міндетті  емес  істер
бойынша анықтау алдын ала тергеудің өзінше  дербес  нысаны  болып  табылады,
оны алдын ала тергеуден мыналар ерекшелейді:
    - оны жүзеге асыратын субъект (тергеуші емес, анықтау жүргізуші адам);
    - сол субъектінің  құқықтық  мәртебссі  (анықтау  жүргізуші  адамда  іс
жүргізу еркіндігі болмайды);
    - жәбірленушінің, азаматтық талапкердің,  адам  және  жауапкердің  және
олардың өкілдерінің тергеу аяқталғаннан кейін  іс  материалдарымен  танысуға
құқықтарының жоқтығы.
    Қылмыстық  іс  жүргізу  қызметінің  осы  түрі,  басқаларға   қарағанда,
«анықтау» деп атауға көбірек сәйкес келеді. Ол алдын ала тергеуге  қарағанда
едәуір өзгеше.
    Қазақстан Республикасының Қылмыстық сот ісін жүргізу  негіздерінің  29-
бабына сәйкес алдын ала тергеу жүргізу міндтті болып  табылатын  қылмыстарда
қылмыс белгілері болса анықтау органы қылмыстық іс қозғайды  және  қылмыстық
іс жүргізу заңын басшылыққа алып дереу тергеу әрекеттерін жүргізеді,  ондағы
мақсат — қылмыстың іздерін анықтау және бекіту: қарау, тінту,  алу,  телефон
және басқа байланыстарды тыңдау, мүлікке тыйым салу,  сезіктілерді  анықтау,
ұстау және олардан жауап алу, жәбірленушілер мен куәлерден жауап алу,  қажет
болған жағдайда сараптама тағайындау.
    Анықталған  қылмыс  және  басталған  анықтау  жайында  анықтау   органы
прокурорға дереу хабар береді. Жедел тергеу әрекеттерін  орындағаннан  кейін
анықтау  органы,  прокурордың  нұсқауын  күтпестен  және  он  күндік  мерзім
біткеннен кейін істі тергеушіге тапсыруға міндетті.
    Анықтаудың бұл түрі алдын ала тергеу сатысын аяқтамайды,  сондықтан  да
өзінен кейін жалғасатын алдын ала  тергеуден  бөлініп  алдын  ала  тергеудің
нысаны деп  аталынбайды.  Бұл  жағдайда  алдын  ала  тергеу  екі  элементтен
тұрады:
    -  алдын ала тергеу міндетті болып табылатын істер бойынша анықтау;
    - анықтау органы істі тергеушіге бергеннен кейін басталатын  алдын  ала
тергеу. Алдын ала тергеудің осы нысанын аралас алдын  ала  тергеу  деп  атау
керек.
    Алдын ала тергеу дегеніміз — мазмұны алдын ала тергеу  сатысын  басынан
аяғына дейін қамтитын қызмет. Алдын ала  тергеу  дәлелдеуге  жататын  барлық
мән-жайларды сотқа дейін  анықтауға  бағытталады  (ҚІЖК-нің  117-бабы).  Тек
алдын ала  тергеуде  ғана  қылмыстық  процестің  сотқа  дейінгі  сатыларында
адамның  құқықтары  мен   заңды   мүдделерін   сақтаудың   заңда   көзделген
кепілдіктері көбірек көзделген.
    Анықтауға  қарағанда  қылмыстық  істер  бойынша  алдын   ала   тергеуді
тергеушілер  жүргізеді,  оларда,  жоғарыда  атап  өткеніміздей,  іс  жүргізу
дербестігі   болады.   Тергеу   бөлімшелері   қазіргі   кезде   ішкі   істер
органдарында,  қауіпсіздік  қызметі  органдарында   және   салық   полициясы
органдарында бар.
    Алдын ала тергеу, ҚІЖК-нің  126  және  404-баптарына  сәйкес,  неғұрлым
күрделі  істер  бойынша  және  өзінің  дене   немесе   ақыл-ой   кемістігіне
байланысты өз құқығын қорғай алмайтын  кәмелетке  толмаған  адамдар  жасаған
қылмыстар  туралы,  сондай-ақ  есі  дұрыс  еместердің  қоғамға  қауіпті  іс-
әрекеттері туралы істердің барлығында міндетті түрде жүргізіледі.
    Алдын ала тергеу  оны  жүргізу  заң  бойынша  міндетті  емес  қылмыстар
бойынша да жүргізілуі мүмкін.  Мұндай  жағдайда  тергеуші,  оны  сот  немесе
прокурор қажет деп санағанда ғана, қылмыстық процеске кірісуге құқылы.
    Алдын ала тергеу, алдын ала тергеудің кез келген басқа  нысаны  сияқты,
іс жүргізу әрекеттерінен және  іс  жүргізу  шешімдерінен  тұрады.  Ол  өзіне
тергеу  әрекеттерін  жүргізуді.  мәжбүрлеу   шараларын   қолдануды,   адамды
айыпталушы  ретінде  тартуды,   қорғаушыны,   заңды   өкілдерді,   азаматтық
талапкерлерді  және  қылмыстық  процестің  басқа   субъектілерін   қылмыстық
процеске қатысуға жіберуді,  қатысушыларды  іс  материалдарымен  таныстыруды
және т.б. қамтиды.
    Алдын ала тергеудің алғашқы мерзімі екі ай шамасында белгіленген. Бірақ
оны заңда белгіленген тәртіпте прокурор ұзарта алады.
    Сонымен, алдын ала тергеудің ең аз дегенде үш нысаны бар:
    1) алдын ала тергеу;
    2) аралас алдын ала  тергеу,  ол  өзіне  анықтауды  (алдын  ала  тергеу
міндетті болып  табылатын  істер  бойынша)  және  содан  кейінгі  алдын  ала
тергеуді қамтиды;
    3) алдын ала тергеу міндетті емес істер бойынша «анықтау».
   . Алдын-ала тергеудiң мiндеттілігi
   Алдын-ала тергеудi осы Кодекстiң 33-бабының  бiрiншi  бөлiгiнде,  190-1,
285-баптарында  көрсетiлген  қылмыстар  туралы  iстердi  қоспағанда,  барлық
қылмыстық iстер бойынша  жүргiзу  мiндеттi.  Алдын  ала  тергеудi  кәмелетке
толмағандар немесе өздерiнiң дене немесе ақыл-ой  кемiстiктерiне  байланысты
өздерiнiң қорғану құқықтарын өздерi жүзеге асыра  алмайтын  адамдар  жасаған
қылмыстар туралы барлық қылмыстық iстер  бойынша,  сондай-ақ  осы  Кодекстің
177-бабының екінші бөлігінің 2)  тармағында  көзделген  тәртіппен  қозғалған
қылмыстық істер бойынша жүргiзу мiндеттi. Қылмыстық iстер бойынша  алдын-ала
тергеудi Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, iшкi  iстер  және  қаржы  полициясы
органдарының   тергеушiлерi,   ал   осы   Кодексте   көзделген   жағдайларда
прокурорлар жүргiзедi.
   Қылмыстық iстердi тергелуi бойынша бiр органнан екiншi органға беру  осы
қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес жүргiзiледi.

   2. Алдын ала тергеу қылмыс жасалған ауданда (облыста) жүргiзiледi. Алдын
ала  тергеу  жедел  және  толық  болуы  мақсатында  қылмыс  анықталған  орын
бойынша, сондай-ақ  сезiктi,  айыпталушы  адам  немесе  куәлардың  көпшiлiгi
тұрған  жерде  жүргiзiлуi  мүмкiн.  Тергеу  iс-әрекеттерiнiң  басқа  ауданда
(облыста) жүргiзу қажет болған жағдайда тергеушi оны тiкелей  өзi  жүргiзуге
не бұл iс-әрекеттердi жүргiзудi сол ауданның (облыстың) тергеушiсiне  немесе
анықтау органына тапсыруға құқылы.  Тергеушi  iздестiру  әрекеттерiн  немесе
жедел iздестiру шараларын жүргiзудi алдын ала  тергеу  жүргiзiлетiн  жердегi
немесе iс жүргiзiлетiн жердегi анықтау органына тапсыра  алады.  Тергеушiнiң
тапсырмасы он тәулiктен аспайтын мерзiмде орындалуға тиiс.
   Алдын ала тергеу қылмыстық iс қозғау туралы  қаулы  шығарылғаннан  кейiн
ғана жүргiзiледi. Тергеушi өзi қозғаған немесе өзiне тапсырылған iс  бойынша
тергеуге дереу кiрiсуге мiндеттi.  Iстi  өзiнiң  iс  жүргiзуiне  қабылдағаны
туралы тергеушi қаулы шығарады. Егер қылмыстық iстi  тергеушi  қозғаса  және
өзiнiң iс жүргiзуiне қабылдаса, онда қылмыстық iстi қозғау және  оны  өзiнiң
iс жүргiзуiне қабылдау туралы  бiрыңғай  қаулы  жасалады.  Жоғарыда  аталған
қаулылардың  көшiрмелерiн  тергеушi   жиырма   төрт   сағаттан   кешiктiрмей
прокурорға жiбередi.
   Қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеу - қылмыстық іс қозғалған күннен
бастап, ал қылмыстық іс жүргізу кодексінің 190-4-бабының 2) тармағында, 303-
1-бабында көзделген жағдайларда сотқа дейінгі  жеңілдетілген  іс  жүргізудің
хаттамасы жасалған күннен бастап екі ай  мерзімнен  кешіктірілмей  аяқталуға
тиіс. Алдын ала тергеу мерзiмiне iс қозғалған  күннен  бастап  iстi  айыптау
қорытындысымен немесе  медициналық  сипаттағы  мәжбүрлеу  шараларын  қолдану
туралы мәселенi қарау үшiн iстi сотқа беру туралы қаулымен бiрге  прокурорға
жiберген күнге дейiнгi не iс бойынша  iс  жүргiзудi  қысқарту  туралы  қаулы
шығарылған күнге  дейiнгi  уақыт  енгiзiледi.  Алдын  ала  тергеу  мерзiмiне
қылмыстық іс жүргізу көзделген негiздер бойынша алдын ала  тергеу  тоқтатыла
тұрған уақыт, айыпталушы мен оның қорғаушысын қылмыстық  iс  материалдарымен
таныстыру уақыты,  сондай-ақ  айыпталушының  шағымы  бойынша  талап  етiлген
қылмыстық iстiң сотта және прокуратурада  жатқан  уақыты  енгiзiлмейдi.  Осы
баптың бiрiншi бөлiгiнде белгiленген алдын ала тергеу  мерзiмiн  тергеушiнiң
дәлелдi қаулысы бойынша:
   -  iстiң  күрделiлiгiне  байланысты  аудандық  және  оған  теңестiрiлген
прокурор - үш айға дейiн;
   - iстiң  аса  күрделi  болуына  байланысты  облыс  прокуроры  және  оған
теңестiрiлген прокурор мен олардың орынбасарлары - алты айға  дейiн  ұзартуы
мүмкiн.
   Алдын ала тергеу мерзiмiн одан  әрi  ұзартуға  тек  айрықша  жағдайларда
iстiң   күрделiлiгi   ескерiле   отырып   жол   берiледi   және    Қазақстан
Республикасының Бас  Прокуроры,  оның  орынбасарлары,  Бас  әскери  прокурор
жүзеге асыра алады. Алдын  ала  тергеудiң  мерзiмiн  ұзарту  туралы  қаулыны
тергеушi  ауданның,   облыстың   прокурорына   және   оларға   теңестiрiлген
прокурорларға тергеу мерзiмi өтпестен бұрын  -  бес  тәулiктен  кешiктiрмей,
Бас Прокурорға, оның орынбасарларына, Бас  әскери  прокурорға  он  тәулiктен
кешiктiрмей ұсынуға мiндеттi. Iс қосымша  тергеу  жүргiзу  үшiн  қайтарылған
кезде, сондай-ақ уақытша  тоқтатыла  тұрған  немесе  қысқартылған  iс  қайта
қозғалған кезде қосымша тергеудi iс  тергеушiге  түскен  кезден  бастап  бiр
айдан аспайтын мерзiмде жүргiзiлуi мүмкiн.  Мерзiмдi  одан  әрi  ұзарту  осы
бапта көзделген тәртiппен жалпы  негiздерде  жүргiзiледi.  Қылмыстық  заңмен
тыйым салынған iс-әрекеттi жасаған адам анықталмаған iс бойынша  iс  жүргiзу
мерзiмдерi қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіру мерзiмiмен шектеледi.











    Алдын ала тергеудің аяқталуы дегеніміз –  алдын  ала  тергеу  сатысының
қорытынды  бөлімі  (кезеңі).  Ол  істің  мән-жайын  толық,  жан-жақты   және
объективті зерттеу бойынша барлық тергеу (іс жүргізу)  әрекеттері  аяқталып,
істің ары қарайғы тағдыры туралы шешім қабылдау  қажет  болғанда  туындайды.
ҚІЖК-нің 289-бабының редакциясы бұл талданып отырған кезеңнің  басталу  және
қадағалаушы прокурордың  жазбаша  нұсқауы  бойынша  қылмыстық  істі  тоқтату
мүмкіндігінің  бар  екендігін  көрсетеді.  Алдын  ала   тергеудің   аяқталуы
бірқатар  іс  жүргізу  әрекеттерін  қамтиды,  оларды  іс  жүргізу  шешімдері
тиісінше рәсімделгенге дейін орындау қажет. «Алдын ала  тергеудің  аяқталуы»
термині кейде басқа мазмұнда пайдаланылады:
    аттас  кезеңде  жүзеге  асырылатын  анықтаушы  органның,   тергеушінің,
прокурордың іс жүргізу қызметі және қылмыстық-іс жүргізу қызметі.
    Алдын ала  тергеу  саты  ретінде  тіптен  отызыншы  жылдары  бөліктерге
(кезеңдерге) бөлінді. Мысалы, В.И.Громов (1930 ж.)  тергеу  барлық  материал
аяқталған   тергеу    бойынша    жинақталып    қорытылғаңда,    Н.В.Крыленко
        (1935 ж.) - алдын ала тергеудің қорытынды  кезеңімен  аяқталады  деп
санаған.  С.П.Бекешко  (1979  ж.)  бұл  кезеңнің  мазмұнына   дәлелдемелерді
жинауды тоқтату туралы шешім қабылдау жөніндегі,  іс  бойынша  іс  жүргізуді
жүйелеу және рәсімдеу, тергеудің аяқталғаны  туралы  процеске  қатысушыларға
хабар беру, қылмыстық істің ары қарайгы тағдырын анықтайтын  шешім  қабылдау
жөніндегі және  т.б.  заңда  көзделген  іс  жүргізу  әрекеттерін  жатқызады.
Б.А.Викторов (1971 ж.) және басқа  бірқатар  авторлар  алдын  ала  тергеудің
өздері бөліп алған алты кезеңінің төртіншісін алдын ала  тергеудің  аяқталуы
деп атады. Бесіншісін олар алдын ала  тергеу  аяқталатын  қорытынды  құжатты
(айыптау қорытындысы, т.б.) жасау және алтыншысын  —  прокурордың  қылмыстық
істі оны ары қарай жіберу мәселесін шешу үшін қарауы деп санады.
    А.Я.Дубинскийдің (1984 ж.) пікірінше, бұл аталған кезеңдердің алтыншысы
тергеуден тыс жатыр,  ал  бесінші  кезең  төртіншіні  өзіне  сіңіріп  алады.
Соңдықтан да ол қорытынды  кезеңнің  мазмұнына  қылмыстық  іс  материалдарын
біржола жүйелеу, жинақталған дәлелдемелерді бағалау, процеске  қатысушыларды
тергеу әрекеттерін жүргізудің аяқталғаны туралы хабардар ету, оларға  танысу
үшін қылмыстық  іс  материалдарын  ұсыну,  түскен  өтініштерді  шешу,  ақтық
шешімді қалыптастыру, қорытынды іс жүргізу құжатын рәсімдеу және істі  сотқа
жіберу  жөніндегі  әрекеттерді  жатқызған.  Әдетте,  бұл  кезеңде,  тек,  іс
жүргізу  және  ұйымдық-техникалық  әрекеттер   ғана   жүргізіледі.   Анықтау
органының жедел іздестіру қызметі тек кейбір жағдайларда:  жасырынып  қалған
қылмыскерді   және   тығып   қойған   құндылықтарды   іздестіргенде,    жаңа
қылмыстардың  алдын  алғанда  және  алдын  ала  тергеу  сатыларының  қалыпты
аяқталуына кедергі келтіру ниетін тыюда қажет болуы мүмкін.
    Кейбір іс жүргізушілер бұл кезеңнің басталуын жүргізілген тергеудің жан-
жақтылығын, толықтырған  және  әділдігін  тексеру  және  қылмыстық  процеске
қатысушылардың  құқықтары  мен  заңды  мүдделерін  қамтамасыз  ету  кезеңіне
жатқызады.  Бірақ,  олардың  іс  жүргізу  процесін  жүзеге  асыру,  не  жан-
жақтылық,   толықтық   және   әділдік,    сондай-ақ    қылмыстық    процеске
қатысушылардың құқықтары мен  заңды  мүдделерін  қамтамасыз  ету  жайын  сөз
қылғанда нені діттегені түсініксіз. Қажетті  тергеу  әрекеттерін  жүргізудің
аяқталуын  және  мәжбүрлеу  шараларының  қолданылуын  басталу   деп   алумен
келісуге болады, бірақ сол  әрекеттер  жиынтығын  емес.  Соңғылар  тергеудің
бастапқы кезеңдерінің мазмұнына толықтай кіреді.
    Қылмыстық істі қысқартқанда, кейбір ғалымдардың пікірінше, бұл  кезеңге
мыналарды да жатқызуға болады:
    - прокурорды және заңда көрсетілген мүдделі адамдарды істің  қысқарғаны
туралы хабардар етуін;
    - қылмыстық істі қысқарту туралы шешімге  шағымды  прокурордың  қарауын
және ол бойынша шешім қабылдауын (ҚІЖК-нің 218,-219-баптары);
    - прокурордың қылмыстық істі қысқартудың зағдылығын  және  дәлелділігін
тексеруін;
    - прокурордың қылмыстық істі кәмелетке толмағандарға  тәрбиелік  ықпалы
бар мәжбүрлеу шараларын қолдану мәселесін шешуі үшін сотқа жіберуін.
    Сонымен, ақтық кезең алдын ала тергеуді аяқтайтын материалды жүйелеуден
басталады.  Практикада  жүйелеудің  негізгі  екі  түрі:  хронологиялық  және
тақырыптық түрлері қолданылады. Хронологиялық тәртіпте материалдар  тергеуші
жинастырған және  оған  келіп  түскен  ретімен  жинақталады,  ал  тақырыптық
тәртіпте  қылмыстық  іс  материалдары  қылмыстар   бойынша   топтастырылады.
Әдетте,  көп  эпизодты  істер  тергелгенде  сондай  болады.  Мұнда  құжаттар
қылмыстардың ауырлығына қарай емес, келіп түскен ретімен  тігіледі.  Бірнеше
эпизодтарға    ортақ    хаттамалар    мен    қаулылар,     айыпталушылардың,
жәбірленушілердің жеке басын сипаттайтын құжаттар, тінту,  ұстау  құжаттары,
т.б. өзінше бөлек, хронологиялық тәртіпте тігіледі.
    Іс   материалдарын   жүйелеу   тергеушіге,   одан   кейін   қорғаушыға,
айыпталушыға,  оның  заңды  өкіліне,  жәбірленушіге,  азаматтық  жауапкерге,
азаматтық талапкерге және олардың өкілдеріне, прокурорға, сотқа, судьяға  іс
бойынша жинақталған дәлелдемелерді тікелей мұқият талдуға,  сондай-ақ  алдын
ала  тергеудің  қорытынды   актісін   жасағанда   іс   материалдарын   жедел
пайдалануға мүмкіндік береді. Осы  кезеңде  тергеуші  істің  мәнісі  бойынша
қорытынды  жасап,  оны  негіздейді,  оның  болашақ  тағдыры  жайында   шешім
қабылдайды.
    ҚІЖК-нің 24-36-тарауларының мазмұнына сүйене отырып алдын ала  тергеуді
аяқтаудың кемінде үш түрін бөліп алуға болады:
    - айыптау қорытындысын жасау:
    - қылмыстық істі қысқарту туралы қаулы шығару;
    - медициналық сипаттағы мәжбүрлеу  шараларын  қолдану  туралы  мәселені
қарауы үшін істі сотқа жолдау туралы қаулы шығару.
    Өткен  параграфта   келтірілген   ережеге   сүйеніп   автор   тергеудің
аяқталуының  тағы  да  бір  түрі  -  қылмыстардың  мән-жайы  туралы  хаттама
ресімдеу жайында айта алады.  Іс  жүргізушілер  алдын  ала  тергеу  міндетті
болып табылатын істер бойынша анықтауды, көбіне алдын ала  тергеудің  нысаны
деп атайды. Қылмыстық іс жүргізу қызметінің бұл түрінде де ақтық кезең  бар,
ол қылмыстық іс материалдарын тергеу орнына жіберу туралы  мәселе  шешілетін
уақыт  аралығы  (ҚІЖК-нің  36-тарауы).   Материалдарды   әкімшілік   жазалау
шараларын қолдану үшін  сотқа  жібере  отырып  істі  қысқарту  туралы  шешім
қылмыстық істі қысқартудан бөлек  айтылады.  Қазіргі  кезде  қылмыстық  істі
қысқартудың бұл түрін заң шығарушы алып тастады. Ондай  ҚІЖК-нің  37-бабында
қарастырылған кезде де ол алдын  ала  тергеуді  аяқтаудың  өзінше  бір  түрі
болған емес.  Мысалы,  Орал  қаласы  мен  облыс  бойынша  статистика  мынаны
көрсетті: бір жылда ІІМ тергеушілері сотқа айыптау  қорытындысымен  7171  іс
жіберген, бұл олардың аяқтаған барлық алдын ала тергеулерінің 76,5%-і.  2141
іс  қысқарған  (аяқталған  істердің  жалпы  санының   22,8%-і).   Жыл   бойы
медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын  қолдану  туралы  мәселені  қарауы
үшін істі сотқа жіберу жөнінде  бар  болғаны  60  (0,7%)  қаулы  шығарылған.
Статистикаға жүгінсек — жүргізілуі аяқталған  қылмыстық  істер  санының  жыл
сайын өсіп отырғандығын және  де  айыптау  қорытындысымен  сотқа  жіберілген
істердің көбейгендігін көреміз.
    Тергеудің аяқталу кезеңі барлық мемлекеттерде бірдей  біздегідей  емес.
Бірқатар  мемлекеттерде  сотқа  дейінгі  тергеуді  аяқтау   туралы   шешімді
прокурор шығарады, ал алдын ала тергеу жүргізген орган  тек  қандай  да  бір
шешімді ұсына алады. Мысалы,  Чехияның  ҚІЖК-не  сәйкес,  тергеуді  аяқтаған
тергеуші қорытынды жасайды  да,  оны  іс  материалдарымен  бірге  прокурорға
жібереді. Айыптау  қорытындысын  жасап,  істі  сотқа  жолдайтын  (жіберетін)
прокурор  ғана.  Румынияның   Қылмыстық   іс   жүргізу   кодексінде   тергеу
аяқталғаннан кейін тергеу  органы  істі  өзінің  қорытындысымен,  атқарылған
істің  мазмұнын  көрсететін   рефератпен   (баяндамамен)   қоса   прокурорға
жібереді. Венгрияда тергеу органы, алдын ала тергеуді  аяқтау  туралы  қаулы
шығарғаннан  кейін  материалды,  айыптау  актісін  шығаруы  үшін  прокурорға
жібереді, ал айыптау актісін прокурор шығарады, өзі сотқа жібереді.
    Көптеген еуропа елдерінде қылмыстық  іс  жүргізу  заңнамасы  алдын  ала
тергеуді  аяқтаудың  психикасы  бұзылған  адамның  іс-әрекеті  туралы   істі
тергеушінің  медициналық  сипаттағы  мәжбүрлеу  шараларын   қолдану   туралы
мәселені  шешуі   үшін   сотқа   жіберуі   сияқты   өзінше   бөлек   нысанын
қарастырмайды. Венгрия  ҚІЖК-і,  егер  жауап  алғаннан  кейін  оның  жасаған
қылмысының  басқа  жасаған  ауыр  қылмысына   қарағанда   елеусіз   екендігі
анықталса, ары қарай тергеу жүргізбеу мүмкіндігін ерекше ескертеді.
    Сонымен,
    1. Алдын ала тергеудің, оның аяқталуы деп аталатын кезеңі қылмыстық  іс
материалдарын  (сотқа  кейінгі  тексеру  материалдарын)  біржола  жүйелеуден
басталады.
    2.  Тергеудің аяқталуы мына шешімдердің біреуімен тамамдалады:
    а) айыптау қорытындысымен;
    б) қылмыстық істін қысқаруымен:
    в) медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын  қолдану  туралы  мәселені
қарауы үшін істі сотқа жіберумен.
    Өзінің мазмұны жағынан мұндай хаттама жеке және  жария  айыптау  істері
бойынша бірдей емес.




































































                                                     Дәріс   №    2.    Сот
өндірісіне дейінгі іс жүргізушілік құжаттарды құрастыру
   1. Іс жүргізушілік құжаттарының түрлері
   2. Қаулының мазмұны мен құрылымы
   3. Хаттаманың мазмұны мен құрылым


   1.Қымыстық іс жүргізу кодексінiң  тиiстi  ережелерiне  сәйкес  жасалған,
тексеру,  көзiн  жеткізу,  алу,  тiнту,  ұстау,  мүлiкке  тыйым  салу,  хат-
хабарларға тыйым салу,  хабарларды  ұстап  алу,  телефонмен  және  басқа  да
сөйлесулердi тыңдау  және  жазып  алу,  үлгiлердi  алу,  мәйiттi  эксгумация
жасау, айғақтарды қылмыс болған жерде тексеру, қылмыс  болған  жерде  тергеу
экспериментiнде,  тергеу  әрекеттерiнiң  барысында  маман  жүргiзген  заттай
айғақтарды зерттеу кезiнде анықталған,  қылмыстық  процестi  жүргiзушi  адам
тiкелей  түсiнген   мән-жайларды   куәландыратын   тергеу   iс-әрекеттерiнiң
хаттамаларында бар iс жүзіндегі  деректер,  сондай-ақ  сот  iс-әрекеттерiнiң
барысы мен олардың нәтижелерiн көрсететiн сот  отырысының  хаттамасында  бар
қылмыстық iс бойынша дәлелдемелер болып табылады.
    Дәлелдеме ретiнде қылмыс туралы,  табыс  етiлген  заттар  мен  құжаттар
туралы, айыбын  мойындап  келуi  туралы  ауызша  мәлiмдеу  кезiнде  жасалған
хаттамаларда, адамдарға олардың құқықтары мен оларға  жүктелген  мiндеттердi
түсiндiрулерде қамтылған iс жүзіндегі деректер пайдаланылуы мүмкiн.

    Құжаттар, егер  олардағы  ұйымдар,  лауазымды  адамдар  және  азаматтар
баяндаған немесе куәландырған мәлiметтердiң қылмыстық iс үшiн маңызы  болса,
дәлелдемелер болып танылады.

    Құжаттар жазбаша да, өзге нысанда да  көрсетiлген  мәлiметтердi  қамтуы
мүмкiн. Құжаттарға,  сонымен  бiрге  Қымыстық  іс  жүргізу  кодексінiң  125-
бабында көзделген тәртiппен алынған,  талап  етiлген  немесе  табыс  етiлген
тергеуге дейiнгi  тексерулердiң  материалдары  (түсiнiктеме  және  басқа  да
көрсетулер,  түгендеулер,   тексерулер   актілері,   анықтамалар,   салықтық
тексерулер актілері, салық қызметі  органдарының  қорытындылары),  сондай-ақ
компьютерлiк ақпаратты қамтитын материалдар, фото және кино суреттер,  дыбыс
және бейне жазбалар да жатады.
    Құжаттар iске  тiркеледi  және  онда  оның  сақталуының  бүкiл  мерзiмi
бойында сақталады. Алынған және iске қосылған құжаттар ағымдағы  есеп,  есеп
беру үшiн және өзге де заңды мақсаттарда талап етiлген жағдайда, олар  заңды
иесiне қайтарылуы немесе егер ол iс үшiн залалсыз болса уақытша  пайдалануға
ұсынылуы не олардың көшiрмесi берiлуi мүмкiн.
    Құжаттардың Қымыстық  іс  жүргізу  кодексінiң  121-бабында  көрсетiлген
белгiлерi болған жағдайларда олар заттай дәлелдеме болып танылады.

   2. Сот оған негiз болған кезде кеңесу бөлмесiнде  жеке  қаулы  шығарады,
онда мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың, ұйымдардың  немесе
олардың басшыларының назарын iс бойынша анықталған заңның бұзылу  фактiсiне,
қылмыс жасауға себепшi болған және тиiстi шаралар  қабылдауды  талап  ететiн
себептер мен жағдайларға  аударады.  Адамның  iс-әрекетiнен  қылмыс  жасауға
себепшi болатын әкiмшiлiк терiс қылық анықталған  жағдайда  сот  оған  заңда
көзделген жаза қолдануға құқылы.
    Жеке қаулы, сондай-ақ сот анықтау, алдын  ала  тергеу  жүргiзу  кезiнде
немесе iстi төменгi сот қараған кезде  жiберiлген,  азаматтардың  құқықтарын
бұзу және заңның басқа да бұзылуы байқалған кезде шығарылуы мүмкiн.
    Сот жеке қаулысымен ұйымдар мен  еңбек  ұжымдарының  назарын  жекелеген
азаматтардың  өндiрiстегi  немесе  тұрмыстағы  терiс  мiнез-құлқына   немесе
олардың қызметтiк не азаматтық борышын бұзуына аударуға құқылы.
    Сот, егер мұны қажет деп таныса, сот талқылауының материалдары бойынша,
басқа да жағдайларда жеке қаулы шығаруға құқылы.
    Сот жеке қаулысымен ұйымдар мен еңбек  ұжымдарының  назарына  қылмыстың
жолын кесуге немесе ашуға жәрдемдескен азаматтың азаматтық немесе  қызметтiк
борышын өтеу кезiнде көрсеткен  жоғары  саналылығы,  ерлiгi  туралы  жеткiзе
алады.
    Жеке қаулы бойынша бiр ай мерзiмнен кешiктiрiлмей қажеттi шаралар
қабылдануы және оның нәтижелерi туралы жеке қаулы шығарған сотқа хабарлануы
тиiс
    Қылмыстық заңмен тыйым салынған  әрекеттi  осы  адамның  есi  кiресiлi-
шығасылы күйде жасағаны немесе осы адамның қылмысты жасағаннан кейiн  жазаны
тағайындау немесе оны орындау мүмкiн болмайтын психикасы бұзылумен  ауырғаны
дәлелдендi деп танып, сот Қазақстан Республикасы  Қылмыстық  Кодексiнiң  16,
73-баптарына сәйкес  осы  адамды  тиiсiнше  қылмыстық  жауаптылықтан  немесе
жазадан босату туралы  және  оған  медициналық  сипаттағы  және  нақ  қандай
мәжбүрлеу шарасын қолдану туралы қаулы шығарады.
    Егер осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген  адам  өзiнiң  психикалық
жай-күйi бойынша қауiп-қатер тудырмайтын болса не ол аса  ауыр  емес  әрекет
жасаған болса, сот iстi тоқтату туралы және медициналық сипаттағы  мәжбүрлеу
шараларын қолданбау туралы қаулы шығарады.
    Сот осы адамның әрекеттi жасауға қатысқаны дәлелденген жоқ деп таныған,
сондай-ақ Қымыстық іс жүргізу кодексінiң 37-бабының бiрiншi  бөлiгіндегі  1-
12-тармақтарында,  38-бабының   бiрiншi   бөлiгiнде   көзделген   мән-жайлар
анықталған кезде сот өзi анықтаған  негiз  бойынша  адамда  аурудың  болуына
және оның сипатына қарамастан iстi қысқарту туралы қаулы шығарады.
    Iсi қаралып отырған адамның  психикасының  бұзылуы  анықталмады  немесе
қылмыс  жасаған  адамның  ауруы  оған  жазалау  шараларын  қолдануды   жоққа
шығармайды деп танып, сот өзiнiң қаулысымен  iстi  қосымша  тексеру  жүргiзу
және iстi бұдан әрi жалпы тәртiппен жолдау үшiн қайтарады.
     Соттың  қаулысында  Қымыстық   іс   жүргізу   кодексінiң   383-бабында
көрсетiлген мәселелер шешiледi.


    Аудандық және оған теңестірілген соттың қаулысына - Қымыстық іс жүргізу
кодексінiң 47-тарауында көзделген қағидалар бойынша апелляциялық  тәртіппен,
ал апелляциялық сатыдағы соттың Қымыстық іс жүргізу  кодексінiң  418-бабының
екінші бөлігінде көзделген жағдайда шығарған  қаулысына  кассациялық  сатыға
қорғаушы, жәбірленуші мен оның өкілі,  ісі  қаралған  тұлғаның  заңды  өкілі
немесе жақын туысы шағымдануы, сондай-ақ прокурор  наразылық  беруі  мүмкін.
Қымыстық іс  жүргізу  кодексінiң  511-бабына  сәйкес  медициналық  сипаттағы
мәжбүрлеу шарасы қолданылған адам істі сотта  талқылауға  қатысқан  жағдайда
ол, егер сот-психиатриялық сараптаманың қорытындысы  бойынша  оның  ауруының
сипаты мен ауыртпалығы бұған кедергі  жасамаса,  сот  қаулысына  шағымдануға
құқылы.
   Апелляциялық қаулы (КР ҚІЖК  421-бабы).  Аппеляциялық  қарау  нәтижелері
бойынша  сот  кіріспе,  сипаттамалы-дәлелді  және  қарар  бөлімнен   тұратын
аппеляциялық қаулы шығарады:
  Қаулының кіріспе бөлімінде  қаулы  шығарылған  уақыт  пен  орын,  қаулыны
шығарған  соттың  атауы  мен  аппеляциялық  алқаның   құрамы,   аппеляциялық
наразылық немесе  аппеляциялық  шағым  жасаған  адамдар,  істі  аппеляциялық
қарауға қатысқан адамдар көрсетіледі.
  Қаулының сипаттамалы-дәлелді бөлігінде берілген аппеляциялық шағымдардың,
наразылықтың, оларға карсылықтардың дәлелдері, аппеляциялық  сатыдағы  сотқа
қатысқан адамдардың  пікірлері,  сондай-ақ  қабыдданған  шешімнің  себептері
қысқаша баяндалуға тиіс.
  Қаулының  қарар  бөлігінде  аппеляциялық  сатыдағы  соттың  шағым  немесе
наразылық бойынша шешімі көрсетіледі.
  Егер шағымдар, наразылық қанағаттандырылмай қалса, қаулының  сипаттамалы-
дәлелді  бөлігінде  шағымдардың,  наразылықтың  дәлелдері  негізсіз   немесе
елеулі емес деп танылған негіздеме көрсетілуге тиіс.
  Үкімнің күші жойылған немесе ол өзгертілген жағдайда,  қаулыға  қылмыстық
немесе қылмыстық іс жүргізу заңының қандай баптарының  талаптары  бұзылғаны,
бұл бұзушылық неден көрінетіні, бірінші сатыдағы соттың  үкіміне  өзгерістер
енгізгендегі негіздер көрсетілуге тиіс.
  Егер аппеляциялық сатыдағы сот  ҚР  ҚІЖК  421-бабының  бірінші  бөлігінде
көзделген  шешімдерді  қабылдаса,  қаулының  сипаттамалы-дәлелді   бөлігінде
бірінші сатыдағы соттың шешімі дұрыс емес деп танылған  себептер,  сондай-ақ
сотталған адам жағдайының нашарлауы негіздері көрсетілуге тиіс.
  Іс  соттың  жаңа  талқылауына  жіберілген  жағдайда  қаулыда  іс  жаңадан
қаралған кезде қандай заң бұзушылық жойылуы керек  екені  көрсетілуге  тиіс.
Бұл   ретте   аппеляциялық   сатының   айыптаудың   дәлелденгендігі   немесе
дәлелденбегендігі  туралы,  дәледдемелердің  анықтығы  туралы   немесе   бір
дәлелдемелердің  басқаларынан  басымдығы  туралы,  бірінші  сатыдағы  соттың
қылмыстық заңды қолдануы  туралы  және  жазалау  шарасы  туралы  мәселелерді
алдын ала шешіп қоюға құқығы жоқ.
  Аппеляциялық сатының соты айқын қате  жазуларды  түзету  және  түсініксіз
жағдайларды  түсіндіру  туралы  мәселелерді  қарау  қажет  болған  жағдайда,
аппеляциялық қаулының мәнін өзгертпей, қосымша қаулы шығаруға құқылы.
  Аппеляциялық қаулы кеңесу бөлмесінде шығарылады, оған  сот  төрешілерінін
бүкіл  құрамы  қол  қояды  және  сот  төрешілері  кеңесу  бөлмесінен  қайтып
келгеннен кейін отырыс залында оқылады.
  Жаңа сот қажетті жағдайларда, ҚР ҚІЖК 422-бабының 5-бөлігінде көрсетілген
талаптарды сақтай отыра үкімді жою  немесе  өзгерту  жағдайларында  (мысалы,
дереу  түрде  айыпталушыны  қамаудан  босату  қажет  болса)  қаулының  қарар
бөлімін шығара әрі жариялай алады. Қаулының толық мәтіні іс қаралған  күннен
бастап он бес күн мерзімде жасалып, оған барлық сот төрешілері қол қояды.


  3. Жауап алудың барысы мен нәтижелерi Қымыстық іс жүргізу кодексінiң 203-
бабының талаптарын сақтай отырып жасалған  хаттамада  көрсетiледi.  Айғақтар
бiрiншi жақтан және мүмкiндiгiнше сөзбе-сөз жазылады.  Ондағы  сұрақтар  мен
жауаптар жауап алу кезіндегі ретi бойынша жазылады.  Хаттамада  жауап  алуға
қатысқан адамдардың тергеушi қабылдамаған сұрақтары да немесе  жауап  алынып
отырған адам жауап беруден бас тартқан  сұрақтар  да,  оларды  қабылдамаудың
немесе олардан бас  тартудың  себептерi  көрсетiле  отырып,  көрiнiс  табуға
тиiс.
    Бiрiншi жауап алу хаттамасында жауап алынып отырған адамның  жеке  басы
туралы деректер, соның iшiнде: тегi, аты, әкесiнiң  аты,  туған  уақыты  мен
жерi, азаматтығы, ұлты, білімi, отбасылық  жағдайы,  жұмыс  орны,  жұмысының
түрi немесе лауазымы, тұратын жерi, сондай-ақ iстiң мән-жайы  бойынша  қажет
болатын басқа мәлiметтер көрсетiледi. Сезiктiден,  айыпталушыдан  жауап  алу
хаттамасында бұрын сотталғаны немесе сотталмағаны туралы көрсетiледi.  Бұдан
кейiнгi жауап  алуларда  жауап  алынып  отырған  адамның  жеке  басы  туралы
деректердi, егер олар өзгермеген болса, оның аты-жөнiн  көрсетумен  шектеуге
болады.
    Заттай дәлелдер мен  құжаттарды  көрсету,  хаттамаларды  жариялау  және
тергеу  iс-әрекеттерiнiң  дыбыс  және  бейнежазбаларын,  киноға  түсiрiлуiн,
сондай-ақ  осыған  байланысты  жауап  алынушы  берген   айғақтарды   көрсету
мiндеттi түрде хаттамада жазылуға тиiс.
     Жауап  алынып  отырған  адам  тергеу  iс-әрекетi  барысында  схемалар,
сызбалар, суреттер, диаграммалар жасай алады, олар хаттамаға  қоса  тiгiлiп,
хаттамада ол туралы белгi қойылады.
    Еркiн баяндаудан кейiн жауап алынып отырған адам айғақтарын өз  қолымен
жазуға құқылы. Жауап алынатын адам өз  қолымен  жазып,  оған  қол  қойғаннан
кейiн тергеушi толықтыратын және нақтылайтын сұрақтар қоя алады.
    Жауап алу аяқталғаннан  кейiн  хаттама  оқып  шығу  үшiн  жауап  алынып
отырған адамға ұсынылады не оның өтiнiшi  бойынша  дауыстап  оқылады.  Жауап
алынып отырған  адамның  хаттамаға  толықтыру  мен  нақтылау  енгізу  туралы
талабы мiндеттi түрде орындалуға тиіс.
    Айғақтармен таныстыру  фактiсi  және  олардың  дұрыс  жазылғанын  жауап
алынып отырған адам хаттаманың соңында өз  қолын  қою  арқылы  куәландырады.
Жауап алынып отырған адам сонымен қатар хаттаманың әрбiр бетiне  қол  қояды.
Жауап  алынып  отырған  адам  хаттамаға  қол  қоюдан  бас  тартқан  жағдайда
тергеушi бас тарту себептерiн  анықтайды,  оларды  хаттамаға  енгiзедi  және
хаттаманы өзi қол қойып куәландырады.
    Егер жауап алынып отырған адам тән кемiстiгiне немесе  өзге  себептерге
байланысты хаттамаға өзi  қол  қоя  алмайтын  болса,  оның  өтiнiшi  бойынша
хаттамаға қорғаушы, жауап алынып отырған адам сенетiн өкiл немесе өзге  адам
қол қояды, бұл туралы хаттамада белгi жасалады.
    Егер жауап алуға аудармашы қатысса, онда ол да хаттаманың әрбiр  бетiне
және тұтас хаттамаға қол қояды. Ол жауап алынатын адамның өз қолымен  жазған
айғақтарының аудармасына да қол қояды.
     Хаттамада  жауап  алуға  қатысқан  барлық  адам  көрсетiледi.  Олардың
әрқайсысы хаттамаға қол қоюға тиiс.

    Тергеушi үлгiлердi алғаннан кейiн хаттама жасайды, онда  үлгiлердi  алу
үшiн жасалған барлық әрекет олардың жүргiзiлу ретiмен, бұл үшiн  қолданылған
ғылыми-зерттеу және басқа әдiстер мен  рәсiмдер,  сондай-ақ  үлгiлердiң  өзi
сипатталып жазылады.
    Егер үлгiлердi тергеушiнiң  тапсырмасы  бойынша  дәрiгер  немесе  басқа
маман алса, онда ол  бұл  туралы  ресми  құжат  жасайды,  оған  аталған  iс-
әрекетке қатысқан  барлық  адам  қол  қояды  және  ол  Қымыстық  іс  жүргізу
кодексінiң 203-бабының сегiзiншi бөлiгiнде белгiленген  тәртiппен  қылмыстық
iске қосып тiгу үшiн тергеушiге бередi.
    Алынған үлгiлер буып-түйiлген және мөрмен бекітілген күйiнде  хаттамаға
қоса тiркеледi.

   Сот отырысының хаттамасы, Қымыстық  іс  жүргізу  кодексінiң  328-бабының
талаптарына сәйкес, осы бапта көзделген ерекшеліктермен жүргізіледі.

    Хаттамада сот отырысына шақырылған  алқабиге  кандидаттар  құрамы  және
алқабилер алқасын құру барысы міндетті түрде көрсетіледі.
    Төрағалық етушінің жүгінуі сот отырысының хаттамасына  жазылады  немесе
оның мәтіні қылмыстық  іс  материалдарына  тіркеліп,  бұл  туралы  хаттамада
көрсетіледі.
    Сот отырысының хаттамасында  соттың  іс  қарауының  бүкіл  барысы  оның
өтуінің дұрыстығын куәландыратындай етіп көрсетуге тиіс.






































                                                  Дәріс № 3. Сотқа дейінгі
өндірісте қылмыстық іс қозғаудың іс жүргізушілік

          актілер кезеңдері
      1.қылмыстық іс қозғаудың негізі мен себептері
      2. қылмыстық іс қозғау туралы қаулының мазмұны мен құрылымы
      3. қылмыстық іс қозғаудан бас тартудың негіздері
      4. қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы қаулының мазмұны мен
құрылымы
      1.Қылмыстық іс қозғау қылмыстық іс жүргізудің алғашқы сатысы болып
табылады. Қылмыстық іс қозғау сатысының мәні: анықтаушы, анықтау органы,
тергеуші, тергеу бөлімінің бастығы, прокурор қылмыс белгілері бар әрекеттер
туралы мәліметтер алып, қылмыстық істі бастау үшін деректік және құқықтық
негіздердің бар – жоқтығын анықтап, тиісті шешім қабылдайды.
   Қылмыстық iс қозғауға себептер мен негiздер:
   Қылмыстық iс қозғауға мыналар себеп болады:
   1) азаматтардың арыздары;
   2) кiнәсiн мойындап келу;
   3)  мемлекеттік  органның  лауазымды  адамының  немесе  ұйымда   басқару
функцияларын атқарып отырған адамның хабарламасы;
   4) бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабар;
   5) лауазымды  адамдардың  және  қылмыстық  iс  қозғауға  құқық  берiлген
органдардың қылмыс туралы мәлiметтердi тiкелей анықтауы.
   Қылмыстық iс қозғауға:
   1) қылмыстық iс бойынша iс жүргiзудi  болдырмайтын  мән-жайлар  болмаған
кезде, қылмыс белгiлерiн көрсететiн жеткiлiктi деректердiң болуы;
   2) егер өтініш  берілген  сәттен  бастап  екі  ай  ішінде  осы  мерзімде
жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары арқылы адамның тұрған жерін  анықтау
мүмкін болмаса, адамның жоғалып кетуі негiз болып табылады.
    Азаматтардың қылмыс туралы арыздары ауызша немесе жазбаша болуы мүмкiн.
Жазбаша арызға оны берiп отырған адам қол қоюға тиiс.
   Тергеу  iс-әрекетiн  жүргiзу  кезiнде  немесе  сот  талқылауы  барысында
жасалған қылмыс туралы ауызша арыз тиiсiнше тергеу iс-әрекетiнiң немесе  сот
отырысының хаттамасына енгiзiледi. Өзге жағдайларда жеке  хаттама  жасалады.
Хаттама арыз берушi, оның тұратын жерi немесе  жұмыс  орны,  сондай-ақ  оның
жеке  басын  куәландыратын  құжаттар  туралы  мәлiметтердi   қамтуға   тиiс.
Хаттамаға арыз берушi және арызды қабылдаған лауазымды адам қол қояды.
   Арыз берушiге әдейi жалған сөз жеткiзгенi  үшiн  Қазақстан  Республикасы
Қылмыстық  кодексiнiң   351-бабы   бойынша   қылмыстық   жауаптылық   туралы
ескертiледi, бұл туралы хаттамада  белгi  қойылып,  ол  арыз  берушiнiң  қол
қоюымен куәландырылады.
   Қылмыс туралы «домалақ арыз» қылмыстық iс қозғауға себеп бола алмайды.
    Кiнәсiн мойындап келу - адамның оған қатысты әлi күмән  келтiрiлмегенде
немесе аталған қылмысты жасағанына айып  тағылмағанда  өзi  жасаған  қылмысы
туралы ерiктi мәлiмдеуi.

   Аталған мәлiмдеменi жазбаша да және ауызша  да  нысанда  жасауға  болады
және оны мәлiмдеушi  қылмыстық  процестi  жүргiзетiн  органға  беруге  тиiс.
Ауызша мәлiмдеме хаттамаға енгiзiледi, хаттамада жасалған  мәлiмдеме  егжей-
тегжейлi жазылады. Хаттамаға кiнәсiн мойындап келген адам  және  мәлiмдеменi
қабылдаған лауазымды адам қол қояды.
   Мемлекеттік  органның   лауазымды   адамының   немесе   ұйымда   басқару
функцияларын  атқаратын  адамның  қылмыс  туралы  хабарлауы  жазбаша   түрде
жасалуға тиiс. Оған қылмыс туралы жасалған хабарды  растайтын  құжаттар  мен
өзге де материалдар қоса тiркеледi.

   Бұқаралық  ақпарат  құралдарындағы   хабар   газетте   немесе   журналда
жарияланғанда  не  радио,  телевидение  немесе  телекоммуникациялық  желілер
арқылы таратылғанда қылмыстық iс қозғауға себеп бола алады.

   Қылмыс туралы  хабарды  жариялаған  немесе  таратқан  бұқаралық  ақпарат
құралдарында басқару функцияларын атқаратын адамдар  қылмыстық  iс  қозғауға
құқығы бар адамның талап етуi  бойынша  жасалған  мәлiмдеменi  растайтын  өз
қолындағы құжаттар мен өзге де материалдарды беруге, сондай-ақ  мәлiметтердi
ақпарат көзiн  құпия  ұстау  шартымен  берген  жағдайларды  қоспағанда,  сол
мәлiметтердi берген адамның атын атауға мiндеттi.

   Қылмыстық  iстi  қозғауға  құқық  берiлген  лауазымды  адамдардың   және
органдардың қылмыс туралы мәлiметтердi тiкелей анықтауы

   Қылмыс туралы  мәлiметтердi  анықтау  қылмыстық  iстi  қозғауға  мынадай
жағдайларда:
   1)  өзiнiң  қызметтiк  мiндеттерiн  атқару  кезiнде  анықтау   органының
қызметкерi, тергеушi, прокурор қылмыстың куәлары болғанда не қылмыстың  iзiн
немесе салдарын ол жасалғаннан кейiн бiрден байқағанда;
   2)  анықтау  органы  мен  анықтаушы  қылмыс   туралы   мәлiметтердi   өз
функцияларын жүзеге асыру кезiнде немесе басқа бiр қылмыс туралы iс  бойынша
анықтауды жүргiзу кезiнде алғанда;
   3) тергеушi қылмыс туралы мәлiметтердi басқа қылмыс туралы қылмыстық  iс
бойынша тергеу кезiнде алғанда;
   4) прокурор қылмыс туралы мәлiметтердi заңдардың  орындалуына  қадағалау
жасаған кезде алғанда себеп болады.

   Қылмыс туралы арыздар мен хабарларды қабылдау мен қараудың мiндеттілігi
   Қылмыстық iзге түсу органы кез келген жасалған немесе дайындалып  жатқан
қылмыс туралы  арызды  немесе  хабарды  қабылдауға,  тiркеуге  және  қарауға
мiндеттi.  Арыз  берушiге  арызды  немесе  хабарды  қабылдаған  адамды,  оны
тiркеген уақыт пен  арыз  немесе  хабар  бойынша  шешiм  қабылдануға  тиiстi
уақытты көрсете отырып, қылмыс туралы қабылданған  арыздың  немесе  хабардың
тiркелгенi туралы құжат берiледi.
   Қылмыс туралы арызды немесе хабарды  қабылдаудан  негiзсiз  бас  тартуға
прокурорға немесе сотқа осы Кодексте белгiленген тәртiп бойынша  шағымдануға
болады.
   Сотқа түскен қылмыс туралы арыз немесе хабар, жеке айып тағу iсiн қозғау
жағдайларын қоспағанда, прокурорға  жiберiледi,  бұл  туралы  арыз  берушiге
хабарланады.
   Сот қылмыстық, азаматтық немесе әкiмшiлiк iстi талқылау  кезiнде  қылмыс
белгiлерiн байқағанда ол туралы  жеке  қаулы  арқылы  прокурорға  хабарлауға
мiндеттi.

   Қылмыс туралы арыз немесе хабар бойынша шешiм ол түскен күннен бастап үш
тәуліктен кешiктiрiлмей қабылдануға  тиiс.  Қажет  болған  жағдайда  қосымша
мәлiметтер  алу,  құжаттарды  немесе  өзге  материалдарды  талап  етіп  алу,
тексеріп қарауды, іс үшін маңызы бар  нәрселерді  немесе  құжаттарды  алуды,
сараптаманы жүргiзу үшiн бұл  мерзiмдi  анықтау  органының  бастығы,  тергеу
бөлiмiнiң бастығы он тәулiкке дейiн, ал ерекше жағдайларда - екі айға  дейiн
ұзарта алады, бұл туралы жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорға  хабарлануға
тиiс.

   Қылмыс туралы арызды немесе хабарды алған әрбiр жағдайда  немесе  қылмыс
тiкелей анықталғанда анықтаушы, анықтау органы,  тергеу  бөлiмiнiң  бастығы,
тергеушi немесе прокурор мынадай шешiмдердiң бiрiн қабылдайды:
   1) қылмыстық iс қозғау туралы;
   2) қылмыстық iс қозғаудан бас тарту туралы;
   3) арызды, хабарды тергеу ретiмен, ал жеке айып тағу  iстерi  бойынша  -
сот ретiмен беру туралы.
   4)  сотқа  дейінгі  жеңілдетілген  іс  жүргізуді  қылмыстық  іс  жүргізу
кодекстің 23-1-тарауында көзделген тәртіппен жүзеге асыру туралы.
   Қабылданған шешiм туралы арыз  берушiге  хабарланады  және  сонымен  бiр
уақытта оған шешiмге шағым беру құқығы түсiндiрiледi.
   Арыз немесе хабар  тергеу  немесе  соттау  ретiмен  жiберiлген  жағдайда
анықтау  органы,  тергеу  бөлiмiнiң  бастығы,  тергеушi,  прокурор  қылмысты
болдырмау немесе бұлтартпау, сонымен  қатар  қылмыс  iзiн  бекіту  шараларын
қолдануға мiндеттi.

   2.ҚР-ның  қылмыстық  іс  жүргізу  кодекстің  23-1-тарауында  белгіленген
жағдайларды  қоспағанда,  қылмыстық  іс   жүргізу   кодексінiң   177-бабында
көрсетiлген себеп пен негiз болған кезде анықтаушы, анықтау  органы,  тергеу
бөлiмiнiң бастығы, тергеушi,  прокурор  қылмыстық  iс  қозғау  туралы  қаулы
шығарады.
   Қаулыда: оның шығарылған уақыты мен орны, оны кiм жасағаны, iс қозғаудың
себептерi мен  негiздерi,  ол  кiмге  қатысты  немесе  қандай  факт  бойынша
қозғалып отырғаны, белгiлер бойынша iс  қозғалып  отырған  қылмыстық  заңның
бабы, сондай-ақ iстiң бұдан былайғы бағыты көрсетiледi. Қылмыстық iс  қозғау
туралы  қаулының  көшiрмесi   жиырма   төрт   сағаттың   iшiнде   прокурорға
жiберiледi. Қабылданған шешiм туралы арыз берушiге  және  өзiне  қатысты  iс
қозғалып отырған адамға оған қылмыстық iзге  түсудiң  басталуына  байланысты
құқықтар мен мiндеттердi түсiндiре отырып, хабарланады.
   Қылмыстық  іс  жүргізу  кодексінiң  177-бабының  екінші   бөлігінің   2)
тармағында көзделген тәртіппен қозғалған қылмыстық іс қозғау туралы  қаулыда
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің бабы көрсетілмейді.
   Егер қылмыс жасаудан зардап шеккен  адам  белгiлi  болса,  қылмыстық  iс
қозғаумен бiр уақытта ол жәбiрленушi деп танылады, ал егер қылмыс  жасалғаны
туралы хабармен бiрге азаматтық талап қойылса, онда бұл адам  сонымен  қатар
азаматтық талапкер деп танылады.

   3. Қылмыстық iс қозғаудан бас тарту
   Қылмыстық iс қозғауға негiздер болмаған кезде қылмыстық iзге түсу органы
қылмыстық iс қозғаудан бас тарту туралы қаулы шығарады.
   Қылмыстық iс қозғаудан бас тарту туралы қаулының көшiрмесi  жиырма  төрт
сағаттың iшiнде прокурорға және арыз берушiге  жiберiледi.  Бұл  ретте  арыз
берушiге құқықтары мен қаулыға шағымдану тәртібі түсiндiрiлуге тиiс.
   Тергеушiнiң,  анықтаушының  қылмыстық  iс  қозғаудан  бас  тарту  туралы
қаулысына тиiсiнше тергеу бөлiмiнiң бастығына, анықтау органының  бастығына,
сондай-ақ прокурорға немесе сотқа осы Кодексте  белгiленген  тәртiп  бойынша
шағымдануға болады. Соттың жеке айыптау туралы арызды қабылдаудан бас  тарту
туралы қаулысына жоғары тұрған сотқа шағымдануға болады.
   Егер келiп түскен арызда (хабарда) азаматтардың саяси, еңбек, тұрғын үй,
отбасы және өзге де  құқықтарын  бұзушылық,  сондай-ақ  азаматтық  сот  iсiн
жүргiзу  тәртібімен  қорғалатын  ұйымдардың   заңды   мүдделерiн   бұзушылық
байқалса, онда қылмыстық iс  қозғаудан  бас  тартумен  бiр  уақытта  мүдделi
адамдарға құқықтары және бұзылған құқықтар мен  мүдделердi  қалпына  келтiру
үшiн  азаматтық  сот  iсiн   жүргiзу   тәртібімен   сотқа   жүгiну   тәртібі
түсiндiрiлуге тиiс.

   Қылмыстық iс қозғауға құқық берiлген лауазымды адам немесе орган  қылмыс
туралы арызды немесе хабарды қылмыстық iс  қозғамай,  тергелуi  бойынша  тек
мынадай:
   1) қылмыс бұл ауданнан тысқары жерде жасалып және  қылмыстық  iс  қозғау
туралы мәселенi шешу үшiн қылмыс жасалған жерде  тексеру  iс-әрекетiн  жасау
қажет болған;
   2)  қылмыстық  iс  қозғау  туралы  мәселенi  шешу  үшiн   ол   тергеуiне
жатқызылған орган ғана жүргiзе алатын  тексеру  iс-әрекеттерiн  жасау  қажет
болған жағдайларда ғана беруге құқылы.
   Арыздың  немесе  хабардың  қылмыстық  iс  қозғамай,   тергелуi   бойынша
берiлгенi туралы жиырма  төрт  сағаттың  iшiнде  прокурор  хабардар  етiлуге
тиiс.
   Қылмыстық iс қозғамай сотталуы  бойынша  беруге  жәбiрленушiлердiң  жеке
айыптау тәртібімен iзге түсетiн қылмыстары туралы шағымдары ғана жатады.
   Қылмыстық iс қозғалғаннан кейiн:
   1)  прокурор  iстi  алдын  ала  тергеу  немесе  анықтау  жүргiзуi   үшiн
тергеушiге немесе анықтау органына жiбередi;
   2) тергеушi алдын-ала тергеу жүргiзуге кiрiседi;
   3) алдын-ала тергеу  жүргiзу  мiндеттi  болып  табылатын  iстер  бойынша
анықтау органы шұғыл тергеу iс-әрекеттерiн орындағаннан  кейiн  iстi  алдын-
ала тергеу iсiн жүргiзуге жiбередi; қылмыстық  іс  жүргізу  кодексінiң  285-
бабында аталған қылмыстар туралы iстер бойынша анықтау жүргiзедi.
   Сотқа дейінгі  жеңілдетілген  іс  жүргізу  кезіндегі  қылмыстық  қудалау
органының  іс-әрекеті  қылмыстық  іс   жүргізу   кодексінiң   23-1-тарауымен
реттеледі.
    Қылмыстық iс қозғаудың заңды болуын қадағалай отырып, прокурор:

   1) анықтаушының,  анықтау  органының  немесе  тергеушiнiң  қылмыстық  iс
қозғау туралы  қаулысының  күшiн  жоюға  және  қылмыстық  iс  қозғаудан  бас
тартуға немесе материалдарды қосымша тексepy үшiн iс жүргiзуге жiберуге;

   2) анықтаушының,  анықтау  органының  немесе  тергеушiнiң  қылмыстық  iс
қозғаудан  бас  тарту  туралы  қаулысының  күшiн  жоюға  және  қылмыстық  iс
қозғауға;
   3) анықтаушының,  анықтау  органының  немесе  тергеушiнiң  қылмыстық  iс
қозғау туралы қаулысының күшiн жоюға және егер қылмыстық iс  бойынша  тергеу
iс-әрекеттерi жасалған болса, оны тоқтатуға құқылы.
    






































                                                  Дәріс  №   4.  Алдын  ала
тергеу мен анықтаудыңдың іс жүргізушілік құжаттары
  1.Қылмыстық іс жүргізу
  2. Қылмыстық істерді біріктіру мен бөлектеу құжаттары
  3. Алдын ала тергеу мен анықтауды тоқтата тұру құжаттары


  2. Қылмыстық ізге  түсу  функциясын  жүзеге  асыру  барысында  бір  факті
бойынша түрлі өкілетті  органдар  қылмыстық  істерді  дербес  қозғап,  сотқа
дейінгі тергеуді бір мезгідде жүргізетін жайттар  пайда  болуы  мүмкін.  Осы
фактінің анықталуы бір адам және бір мән-жай бойынша  екі  іс  жүргізілуінің
дереу тыйылуына  әкеліп  соғады.  Әйтпеген  жағдайдақайтадан  соттауға  және
қылмыстық ізге түсуге жол беруге болмайтыны жөніндегі  принциптін  бұзылуына
жол беріледі.
  Бір оқиға жөнінде түрлі айыпталушыларға қатысты істердің бөлек жүргізілуі
қылмыстың тұтас көрінісінің  қалпына  келтірілуіне  бөгет  жасайтын  жайттар
қальштасуы  мүмкін,  оның  өзі  сот  төрелігінің  мақсаттарына  кол   жетуін
қиындатады. Осы жағдайларды сол қылмыстық  істерді  бір  іс  етіп  біріктіру
жолымен жоюға болады.
  Келтірілген және сол сияқты оқиғалар істі біріктіруге  немесе  бөлектеуге
байланысты  шешімдер  қабылдануын  қажет  етеді.  Қылмыстық  істі  біріктіру
немесе  бөлектеу  туралы  мәселені  дұрыс   шешудің   маңыздылығы   судьяның
қылмыстық істі қосымша тергеу үшін қайтару немесе  істі  белектеу  құқығымен
атап көрсетіледі (ҚІЖК 303-бап, 1-бөлік, 2-тармақ).
  ҚІЖК 48-бабына сәйкес мыналар бір істе біріктірілмеуге тиіс:
  - әр түрлі адамдарға қатысты бірдей айыптау;
  - жеке айыптау ісі қаралатын жағдайларды қоспағанда,  бір-біріне  қатысты
қылмыс жасағандағы ташлатын адамдарға қатысты айыптау;
  - біреуі бойынша қылмыстық ізге түсу — жеке түрде, ал екіншісі бойынша  —
жария түрде жүзеге асырылатын істер;
  - біріктіріп қарау істі объективті қарауға бөгет жасайтын барлық басқа да
айыптаулар.
  Қылмыстық істі біріктіруге тыйым салудың бірінші негізі куәгерлік базаның
бірлігі, ортақ жәбірленушінің бар екені бірнеше айыпталушы  іс-әрекеттерінің
өзара байланысты екенін  білдірмейтінін  көрсетеді.  Қылмыстық  істерді  бір
іске біріктіру үшін бір  адамның  кінәсі  екінші  адамның  кінәсіне  тікелей
байланысты болуы қажет. Бірнеше айыпталушының бір жәбірленуші жөніндегі  іс-
әрекеттерінде  сөз  байласу,  бірлесіп  қатысу,  келісіп  алу   белгілерінің
жоқтығы қылмыстық процесті түрлі айыпталушыларға қатысты  бір  қылмыстық  іс
шегінде жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді.
  Тыйымның екінші негізінің мәні мынада: екі немесе одан көп  адамның  бір-
біріне қатысты қылмыс жасауы оларды бір мезгілде жәбірленуші мен  айыпталушы
жағдайына қоады. Іс жүргізудегі екі бәсекелесуші  тұлғаның  статустарын  бір
адамға тіркестіру заңмен берілген құқықтар мен жүктелген міндеттердің бірін-
бірі жоққа  шығаруына  әкеліп  соғады.  Оның  өзі  бір  адамға  қарасты  бір
статусты артық  санап,  екінші  статусты  алып  тастау  оның  конституциялық
құқықтары мен бостаңдықтарына екі бөлікте де елеулі қысым  жасалуьша  әкеліп
соғатынын білдіреді.
  Заңдылықтың бұзылуына сөзсіз әкеліп соғатын мұндай жағдайларға жол бермеу
үшін ҚІЖК айыпталушылар бір-біріне  қатысты  қылмыс  жасаған  істер  бойынша
істерді біріктіруге тыйым салады.
  Қылмыстық істерді біріктіруге  тыйым  салатын  үшінші  негіз  өз  мазмұны
бойынша екінші негізбен  біршама  ұқсас.  Жәбірленушіге,  айыпталушыға  жеке
және  жария  тәртіппен  берілген  құқықтардың   айырмашылығы   бірқатар   іс
жүргізушілік кепілдіктерінің бірін-бірі  жоққа  шығаруын  көздейді.  Мысалы,
егер жеке айыптау ісі тараптардың татуласуына орай тоқтатылуға  тиіс  болса,
жария айыптау ісін тоқтату үшін ондай негіз көзделмеген.  Бір  қылмыстық  іс
шегінде  қылмыстық  ізге  түсудің  екі  нысаны  бойынша   қорғалатын   заңды
мүдделердің кақтығысуы заңдылық принципінің едәуір  бұзылуына  әкеліп  соғуы
мүмкін.
  Тәртінші негіз қылмыстық процесті жүргізуші органның өз қалауын көздейді,
бұл жағдайда шешім қабылдау  үшін  негізгі  өлшем  ақылға  қонымдылық  болып
табылады.
  Заң шығарушы істерді біріктіруге тыйым салатын негіздер белгілеген  кезде
қолданған шығарып тастау әдісі істерді біріктіру  үшін  негіздер  белгілеуге
мүмкіндік береді, оларға мыналар жатады:
  - екі және одан көп адамды бір немесе бірнеше қылмыс жасауға қатысты  деп
айыптау;
  - бір адамды екі және одан көп қылмыс жасады, сондай-ақ  сол  қылмыстарды
күні бұрын уәде берместен жасырды және олар туралы айтпады деп айыптау.
  ҚІЖК-тің  48-бабының  мәнінен  негіздер  бар  болған   жағдайда   істерді
біріктіруге  салынған  тыйым  орындау   үшін   міндетті   болып   табылатыны
байқалады. Біріктіруге келетін болсақ, заңда оның орын  алуы  мүмкін  екені,
бірақ ешкімге  де  мағыналас  міндеттер  жүктелмейтіні  айтылған.  Біріктіру
ережелері  туралы  нұсқаулардың  факультативтік  сипаты  қылмыстық  процесті
жүргізуші органға бұл  мәселені  нақты  қалыптасатын  жағдайды  негізге  ала
отырып шешу құқығын береді.
  Істерді біріктіру үшін заңды негіз қылмыстық процесті жүргізуші  органның
ол туралы қаулысы болып табылады. Заңдылықты сақтау және қадағалауды  жүзеге
асыру мақсатында каулының көшірмесі тиісті қаулы қабылданған  сәттен  бастап
жиырма терт сағат ішінде прокурорға жолданады.
  Біріктірілген  істер  бойынша  мерзімді  есептеу  тәртібі  туралы  мәселе
жеткілікті дәрежеде манызды. Заңда мерзім уақыты бойынша сонғы іс  қозғалған
күннен бастап есептеледі деп белгіленген. Біріктірілген  қылмыстық  істердің
бірі бойынша айыпталушы жөніндеқамауға алу не үйінде қамауда  ұстау  түрінде
жолын кесу шарасы қолданылған  болса,  тергеу  мерзімі  аталған  жолын  кесу
шаралары қолданылған іс қозғалған к үннен бастап есептеледі. Істі алдын  ала
тындау сатысында біріктірілген қылмыстық істер бойынша  мерзім  сотқа  соңғы
қылмыстық іс түскен күннен бастап есептеледі.
  ҚІЖК-тің 49-бабына сәйкес  сот,  қылмыстық  ізге  түсу  органы  қылмыстық
істен:
  - қылмыстық іс тоқтатылуға тиіс болғанда жекелеген айыптаушыларға;
  - мемлекеттік құпияларды қорғауға байланысты  жабық  сот  талқылауы  үшін
негіз оған қатысты болатын, бірақ басқа  айыпталушыларға  қатысты  болмайтын
жекелеген айыптаушыларға;
  - ересектермен бірге қылмыстық жауаптылыққа тартылған кәмелетке  толмаған
айыпталушыға;
  -  қылмыстық  жауаптылыққа   тартуға   жататын   жекелеген   анықталмаған
тұлғаларға қатысты басқа қылмыстық істі жеке жүргізуге бөлектеуге құқылы.
  Істі жеке жүргізуге белектеудің бірінші негізі заң шығарушының сот ісінің
шапшаң   жүргізілуін   қамтамасыз   етуге,   жәбірленушілердің,    азаматтық
талапкерлердің  және  процеске  қатысушы  басқа  да  адамдардың   мүдделерін
барынша сақтауға ұмтылуымен байланысты. Іс жүргізуді тоқтата  тұру  дәлелдер
жинау,  іс  жүргізу  әрекеттерін   жүзеге   асыру   уақытша   тоқтатылатынын
білдіреді. Егер іс бойынша  екі  және  одан  кеп  айыпталушы  ететін  болса,
олардың бірі тергеу мен соттан  жасырынып,  оны  іздеу  өте  қиынға  соғатын
болса,  бүкіл  қылмыстық  іс  жүргізудің  тоқтатып  қойылуы  процеске   өзге
қатысушылардың құқықтары мен мүдделерін елеулі түрде  шектеуі  мүмкін.  Өзге
айьшталушылардың құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету  мақсатында  оларға
қатысты істер жеке жүргізілетіндей етіп бөлектелуі мүмкін.
  Екінші  негіз  мемлекеттік   құпиялардың   қорғалуын   қамтамасыз   етуге
бағытталған.  Жабық  сот  отырысын  өткізу  қажеттігі  өз   ісінің   қаралуы
мемлекеттік құпияларды қорғауға байланысты адамдарға  қатысты  қылмыстық  іс
жеке жүргізуге бөлектелген жағдайда қамтамасыз етілуі мүмкін.
  Үшінші негіз кәмелетке толмаған айыпталушылардың құқықтарын  сақтау  үшін
барынша қолайлы жағдайлар жасау  қажеттігіне  байланысты.  Сотта  іс  тыңдау
кезінде  ересек  айыпталушылар  қатысуының   психологиялық   ықпал   етуінің
ықтималдығы  ақиқатты  анықтауға  бөгет  болуы  мүмкін.  Кәмелетке  толмаған
айыпталушыға  қатысты  істі  бөлектеу  —  қылмыстық  сот   ісін   жүргізудің
адамгершілік бағыты көріністерінің бірі.
  Тәртінші негіз бірінші  негізбен  өзара  тығыз  байланысты.  Анықталмаған
адамдар жөніндегі  іс  қалған  айыпталушыларға  қатысты  сот  ісінің  шашпаң
жүргізілуін камтамасыз ету,  сол  арқылы  оларға  берілген  іс  жүргізушілік
құқықтарын толык көлемінде қамтамасыз ету үшін жеке жүргізуге бөлектеледі.
  Қылмыстық істі жеке жүргізуге белектеу  —  соттың,  қылмыстық  ізге  түсу
органынын  құқығы.  Заңда  істің   бөлектелуі   орынды   болатын   жағдайлар
белгіленген:
  -  істі  бөлектеу   зерттеудің   және   істі   шешудің   жан-жақтылығына,
толымдылығына әсер етпеуге тиіс;
  - бөлектелген істерді сотта қарау шешімнің объективтілігі мен заңдылығына
әсер етпейді;
  - процеске қатысушылардың құқықтары толық көлемінде сақталады;
  -  істің  бөлектелуі  сот  терелігіне  байланысты   емес   мақсаттар   да
пайдаланылуға тиіс емес.
  Істі жеке іс жүргізуге бөлектеудің іс жүргізушілік  негіздері  қылмыстық,
процесті жүргізуші органның  ол  туралы  каулысы  больш  табылады,  қаулының
көшірмесі жиырма төрт сағат ішінде прокурорға жолдануға тиіс.
  Бөлектелген қьимыстық іс бойынша іс жүргізу мерзімі жаңа тұлғаға  қатысты
істі белектеу туралы немесе жаңа  қылмыс  бойынша  қаулы  шығарылған  күннен
бастап есептеледі. Барлық басқа  жағдайларда  мерзім  негізгі  қылмыстық  іс
қозғалған сәттен бастап есептеледі.
  Қылмыстық iстердi бiрiктiру
  Бiр  iс  жүргiзуде  бiр   немесе   бiрнеше   қылмыстарды   жасағандығына,
қатысқандығына бiрнеше адамдарды айыптау жөнiндегi  iстер,  адамның  бiрнеше
қылмыс жасағандығын айыптау жөнiндегi iстер, сондай-ақ бұл қылмыстарды  күнi
бұрын уәде берiлмей жасырғандығын немесе олар туралы  айтпағандығын  айыптау
жөнiндегi iстер бiрiктiруi мүмкiн.
  Бiр iс жүргiзуде:
  1) әртүрлi адамдарға қатысты бiрдей айыптау;
  2) жеке айыптау iсi қаралатын жағдайларды қоспағанда, бiр-бiрiне  қатысты
қылмыс жасағандығы таңылатын адамдарға қатысты айыптау;
  3) бiреуi бойынша қылмыстық iзге түсу жеке түрде, ал екiншiсi  бойынша  -
жария түрде жүзеге асырылатын iстер;
  4) бiрiктiрiп қарау iстi объективтi қарауға бөгет жасайтын  барлық  басқа
да айыптаулар бiрiктiрiлмеуi тиiс.
 Iстердi бiрiктiру қылмыстық процестi жүргiзушi органның  қаулысы  негiзiнде
жүзеге асырылады. Қылмыстық iзге түсу  органы  шығарған  қаулының  көшiрмесi
жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорға жолданады.
  Бiрнеше iс бiрiктiрiлген iс бойынша iс  жүргiзу  мерзiмi  уақыты  бойынша
соңғы iс қозғалған күннен бастап  есептеледi.  Егер  бiрiктiрiлген  iстердiң
бiреуi бойынша жолын кесу шарасы  ретiнде  қамауға  алу  не  үйiнде  қамауда
ұстау қолданылса, тергеу мерзiмi аталған жолын кесу шаралары қолданылған  iс
қозғалған күннен бастап есептеледi.
  Бiрнеше қылмыстық iс бiр iске бiрiктiрiлген жағдайда олар  бойынша  алдын
ала тыңдауды өткiзу мерзiмi сотқа соңғы iс түскен күннен бастап  есептеледi.

  Адамдарға процеске қатысушылар құқығы оларға қатысты бiрiктiрiлген  iстер
бойынша ғана тиесiлi болады.
  Қылмыстық iстi бөлектеу
  Сот, қылмыстық iзге түсу органы қылмыстық iстен:
  1) қылмыстық iс ҚІЖКтiң 50-бабында көзделген негiздер бойынша тоқтатылуға
тиiс болғанда жекелеген айыпталушыларға;
 2) мемлекеттiк құпияларды қорғауға  байланысты  жабық  сот  талқылауы  үшiн
негiз оған қатысты болатын, бiрақ басқа  айыпталушыларға  қатысты  болмайтын
жекелеген айыпталушыларға;
    3)  ересектермен  бiрге  қылмыстық  жауаптылыққа  тартылған   кәмелетке
толмаған айыпталушыға;
  4)  қылмыстық  жауаптылыққа   тартуға   жататын   жекелеген   анықталмаған
тұлғаларға қатысты басқа қылмыстық iстi жеке жүргiзуге бөлектеуге құқылы.
  Тергеу  немесе  қамауға  алу  мерзiмдерi  аяқталып  қалған  көп  эпизодты
қылмыстық  iстердi  тергеу  жағдайында  тергеушi  айыптау  бөлiгiнде  тергеу
толық, жан-жақты жүргiзiлгендiгiн мойындап, егер ол iстiң қалған  бөлiктерiн
тергеуге және қарауға кедергi жасамаса, iстiң бiр бөлiгiн оны  сотқа  жолдау
үшiн жеке iс жүргiзуге бөлектеуге құқылы.
  Егер қылмыстық iс бойынша бұл iске байланысты  емес  қылмыстың  белгiлерi
бар iс-әрекеттер туралы мәлiмет алынса, ол туралы барлық материалдар  ҚІЖКте
көзделген тәртiппен жаңа қылмыстық  iс  қозғау  туралы  мәселенi  шешу  үшiн
дереу бөлектенiлуi тиiс.
  Егер ол iстi тергеу мен шешудiң жан-жақтылығына, тұтастығына әсер етпесе,
қылмыстық iстердi бөлектеуге рұқсат етiлед.
  Iстi бөлектеу қылмыстық процестi  жүргiзушi  органның  қаулысы  негiзiнде
жүзеге асырылады. Қылмыстық iзге түсу  органы  шығарған  қаулының  көшiрмесi
жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорға жолданады. Қаулыға түпнұсқада  немесе
көшiрмесiнде бөлектенетiн материалдардың тiзбесi қоса берiлуi тиiс.
Бөлектелген iс бойынша iс жүргiзудiң  мерзiмi  жаңа  қылмыс  бойынша  немесе
жаңа адамға қатысты iстi бөлектеу  туралы  қаулы  шығарылған  күннен  бастап
есептеледi. Қалған жағдайларда мерзiм негiзгi қылмыстық iс қозғалған  кезден
бастап есептеледi.
  3. Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзудi тоқтата тұру
  Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу:
  1) айыпталушы ретiнде жауапқа тартуға жататын адамның анықталмауы;
  2) айыпталушы тергеуден немесе соттан жасырынып қалған  не  оның  тұратын
жерi басқа себептермен анықталмаған;
  3) айыпталушыны қылмыстық iзге түсу иммунитетiнен айыру не  оны  шетелдiк
мемлекеттердiң беруi туралы мәселелердiң шешiлуiне байланысты  айыпталушының
iске қатысуының нақты мүмкiндiктерi болмаған;
  4) айыпталушы жүйкесiнiң заңда көзделген тәртiпте куәландырылған  уақытша
бұзылуы немесе өзге де ауыр науқастануы;
  5) айыпталушының Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде болуы;
  6) соттың аталған қылмыстық iсте қолданылуға тиiс заңның немесе  өзге  де
нормативтiк-құқықтық  актiлердiң  Конституцияға  сәйкес  еместiгiн  тану  не
адамның және азаматтың Конституциямен бекiтiлген құқықтары  мен  бостандығын
шектейтiндiгi  туралы  ұсыныспен  Қазақстан  Республикасының  Конституциялық
Кеңесiне өтiнiш жасауы;
  7) қылмыстық iс бойынша одан әрi iс жүргiзуге уақытша кедергi  келтiретiн
тежеусiз күштiң iс-әрекетi;
  8) тиiстi сараптама жүргiзiлген;
  9)  ҚІЖКтiң  55-тарауында  көзделген  тәртiппен  құқықтық   көмек   алуға
байланысты  iс  жүргiзу   әрекеттерi   орындалған   жағдайда   анықтаушының,
тергеушiнiң  немесе  соттың  қаулысымен  толықтай  немесе  тиiстi  бөлiгiнде
тоқтатыла тұруы мүмкiн.
  Сотта қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу, егер жеке айыптау iсi бойынша жеке
айыптаушы оның ауыр науқас  екендiгiне,  Қазақстан  Республикасынан  тысқары
жерлерде  iс-сапарларда  болуына   немесе   азаматтық   борышын   орындауына
байланысты сотта қылмыстық iзге түсудi  жүзеге  асыра  алмаған  жағдайда  да
соттың қаулысымен толық немесе тиiстi бөлiгiнде тоқтатыла тұруы мүмкiн.
  Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу  оны  тоқтатуға  негiз  болған  жағдайлар
жойылғанға   дейiн   тоқтатыла   тұрады.   Әлгi   жағдайлар   жойылған   соң
анықтаушының, тергеушiнiң немесе соттың қаулысымен ол жаңартылады.
 Iс бойынша  iс  жүргiзудi  тоқтата  тұру  немесе  жаңарту  туралы  процеске
қатысушыларға хабарланады. Қылмыстық iзге  түсу  органы  шығарған  қылмыстық
iстi тоқтата тұру туралы қаулының  көшiрмесi  жиырма  төрт  сағаттың  iшiнде
прокурорға жолданады.
  Тоқтатылып қойған iс, егер iс бойынша ескiру мерзiмiн үзу туралы  мәлiмет
болмаса, қылмыстық заңмен белгiленген  ескiру  мерзiмiнiң  аяқталуы  бойынша
тоқтатылуға тиiс.





















  Дәріс № 5. Тергеу әрекеттері кезіндегі процессуалдық актілер


   1.  Тергеушi  тергеу  iс-әрекеттерiне  қатысуға   заңдарда   белгiленген
адамдарды тарта отырып, олардың жеке басын анықтайды, оларға  құқықтары  мен
мiндеттерiн,   сондай-ақ   тергеу   iс-әрекеттерiн    жүргiзудiң    тәртібін
түсiндiредi.
   2. Кейiнге қалдыруға болмайтын жағдайларды қоспағанда, тергеу iсiн түнгi
уақытта жүргiзуге жол берiлмейдi.
   3. Тергеу iс-әрекетiн жүргiзу  кезiнде  техникалық  құралдар  қолданылуы
және қылмыс iздерi мен  заттай  дәлелдердi  анықтаудың,  бекіту  мен  алудың
ғылыми негiзделген әдiстерi қолданылуы мүмкiн.
   4. Тергеу iс-әрекетiн жүргiзу кезiнде күш қолдануға, қорқытуға және өзге
де заңсыз шараларды қолдануға, сонымен қатар оған қатысушы адамдардың  өмiрi
мен денсаулығына қауiп туғызуға жол берiлмейдi.
   5.  Тергеушi   тергеу   iс-әрекеттерiне   қатысуға   анықтау   органының
қызметкерiн тартуға құқылы.
   6. Осы Кодекстің 233-бабы үшінші бөлігінің  2)  тармақшасында  көзделген
жағдайларды қоспағанда, 222-бабының он екінші және он  үшінші  бөліктерінде,
230,  233-баптарында  көзделген  тергеу   іс-әрекеттерін   жүргізген   кезде
куәгерлерді тарту міндетті болады.
   Қалған тергеу іс-әрекеттері куәгерлердің қатысуынсыз, бірақ  барысы  мен
нәтижелерін тіркеп тұратын  техникалық  құралдар  міндетті  түрде  қолданыла
отырып жүргізіледі.
   Барысы  мен  нәтижелерін  тіркеп  тұратын  техникалық  құралдар  қолдану
тәртібін  Қазақстан  Республикасының  Бас   прокуроры   тиісті   мемлекеттік
органдармен келісе отырып айқындайды.


    Тергеу iс-әрекетiнiң хаттамасы
   1. Тергеу iс-әрекетiнiң хаттамасы тергеу iс-әрекетiн  жүргiзу  барысында
немесе ол аяқталғаннан кейiн бiрден жасалады.
   2. Хаттама қолмен жазылуы, машинка жазбасы не компьютер  арқылы  жасалуы
мүмкiн. Хаттаманың толық болуын қамтамасыз ету үшiн  стенографиялау,  киноға
түсiру, дыбыс  және  бейнежазба  қолданылуы  мүмкiн.  Стенографиялық  жазба,
дыбыс және бейнежазба материалдары iспен бiрге сақталады.
   3. Хаттамада: тергеу iс-әрекетiн жүргiзу орны  мен  күнi;  оның  басталу
және аяқталу уақыты минутына дейiн дәл; тергеушiнiң лауазымы  мен  аты-жөнi;
тергеу iс-әрекетiне қатысқан әрбiр  адамның  тегi,  аты,  әкесiнiң  аты,  ал
қажет болған жағдайда оның  мекен-жайы  көрсетiледi.  Хаттамада  iс  жүргiзу
әрекеттерi олардың болған ретiмен, оларды жүргiзу  барысында  iс  үшiн  мәнi
бар анықталған жағдайлар, сондай-ақ тергеу  iс-әрекетiн  жүргiзуге  қатысқан
адамдардың мәлiмдемелерi жазылады.
   4. Егер тергеу iс-әрекетiн жүргiзу кезiнде  фотосуретке  түсiру,  киноға
түсiру, дыбыс  және  бейнежазба  қолданылса  не  iздiң  көшiрме  бедерi  мен
таңбасы жасалса, сызбалар, схемалар, жоспарлар жасалса, онда  хаттамада  оны
жүргiзу барысында қолданылған ғылыми-техникалық құралдар,  оларды  пайдалану
жағдайлары мен тәртібі, бұл құралдар  қолданылған  объектiлер  және  алынған
нәтижелер  көрсетiлуге  тиiс.   Хаттамада   бұған   қоса   ғылыми-техникалық
құралдарды  қолданудың  алдында  бұл  туралы  тергеу  iс-әрекетiн  жүргiзуге
қатысқан адамдардың хабардар етiлгенi көрсетiлуге тиiс.
   5. Танысу үшiн хаттама  тергеу  iс-әрекетiн  жүргiзуге  қатысқан  барлық
адамдарға ұсынылады. Оларға хаттамаға енгiзiлуге тиiс ескертпе жасау  құқығы
түсiндiрiледi.  Хаттамаға  енгiзiлген  барлық   ескертпелер,   толықтырулар,
түзетулер көрсетiлуге және олар осы адамдардың  қол  қоюымен  куәландырылуға
тиiс.
   6. Хаттамаға тергеушi, жауап алынған адам, аудармашы,  маман,  куәгерлер
және тергеу iс-әрекетiн жүргiзуге қатысқан барлық адамдар қол қояды.  Тергеу
iс-әрекетiнiң хаттамасына қол қоюдан бас тартылған  немесе  қол  қою  мүмкiн
болмаған  жағдайда  бұл  фактiнi  куәландыру   осы   Кодекстiң   126-бабының
сегiзiншi және оныншы бөлiктерiне сәйкес жүргiзiледi.
   7. Хаттамаға тергеу iс-әрекетiн жүргiзу кезiнде орындалған фотографиялық
негативтер  мен  суреттер,   кинотаспалар,   диапозитивтер,   фонограммалар,
бейнежазба  кассеталары,  сызбалар,  жоспарлар,  схемалар,   iздiң   көшiрме
бедерлерi мен таңбалары қоса тiркеледi.
   8. Егер тергеу iс-әрекетiн жүргiзу барысында  маман  зерттеу  нәтижелерi
бойынша ресми құжат жасаса, онда бұл  құжат  хаттамаға  қоса  тiркеледi,  ол
туралы хаттамаға тиiстi жазу жазылады.
   9. Жәбiрленушiнiң,  оның  өкiлiнiң,  куәнiң  және  олардың  жақындарының
қауiпсiздiгiн  қамтамасыз  ету  қажет  деп  санауға  негiздер  болған  кезде
тергеушi аталған адамдар  қатысып  отырған  тергеу  iс-әрекетi  хаттамасында
олардың жеке басы туралы деректердi жазбауға құқылы. Бұл  жағдайда  тергеушi
жеке  басы  туралы  деректердi  құпия  сақтау  туралы  қабылданған  шешiмнiң
себептерi жазылған, олардың бүркеншiк аттары көрсетiлген  және  ол  қатысқан
тергеу  iс-әрекетiнiң  хаттамаларында  ол  қолданатын  қол  қоюдың  үлгiлерi
келтiрiлген қаулыны  шығаруға  мiндеттi.  Қаулы  бұдан  әрі  қылмыстық  істі
тергеген   органда   сақталатын   конвертке   салынып,   желiмделедi,   оның
iшіндегілермен тергеушiден басқа прокурор және сот таныса алады.



  Тінту және алу
     Қылмыскерлер жасаған қылмыстарының іздерін жасыруға әртүрлі әрекеттер
жасап, қылмыстың ізін суытып, айғақ заттарды тығып қоюға тырысады. Құқық
қорғау қызметкерлерінің, оның ішінде тергеушілердің басты міндетіне осы
қылмысты ашуға қажетті дәлелдемелрді, айғақ заттарды тез арада ізін суытпай
тауып алу жатады. Жоғарыда келтірілген заттық дәлелдемелрді тез арада тауып
алу және осының нәтижесінде қылмыстың ізін суытпай ашуға көмек көрсететін
тергеулік әрекеттердің біріне тінту жатады.
Тінту дегеніміз іске маңызы бар заттарды тауып алу мақсатында үй-жайды,
қора-ауланы, көлік құралдарын және бөлек тұлғаларды еріксіз түрде қарауға,
сондай-ақ тергеуден бой тасалап жүргендер мен мәйіттерді табуға бағытталған
тергеу әрекеті.
Тінтудің заңдылық кепілдіктері:
–       тінтудің дәлелділігі, яғни оны жүргізуге негіз жеткілікті;
–       қарау әрекетін криминалистикалық талаптар мен адамгершілік
қағидаларына толық сәйкестікпен жүргізу;
–       тінту нәтижелері мен барысын процессуалдық және тактикалық
талаптарды сақтай отырып толтыру.
Тінту жүргізудің сатылары: алдын-ала, шолушылық, егжей-тегжейлік, соңғы.
Тінту жүргізу кезінде негативтік жағдайларға да көңіл аудару қажет (өмір
сүру ерекшеліктері мен тінтілушінің жүріс-тұрысына). Оларға жататындар:
–       әдеттегі сұраныстан асып түскен заттардың саны;
–       тінтілушінің жеке басының қасиеттеріне табылған заттардың сәйкес
келмеуі;
–       табылған заттардың әдеттен тыс сақталуы (құпиялы жерде, басқа зат
түрімен бүркемеленген);
–       бөлек заттардың әдеттен өзгеше қасиеті, олардың белгісіз мақсаты;
–       қараудағы заттар жөнінде тінтілуші берген түсініктердің күмән
туғызуы (қасиеттері, шығу тегі, сатып алу уақыты жайлы және т.б.);
–       мүдделі тұлғалардың затты тығуға немесе жоюға әрекет жасауы,
тергеуші назарын басқа жаққа аударуы, қандай да бір затты қарау барысында
ерекше қызбалық таныту және т.б.
Тінту барысында қолданылатын ғылыми-техникалық құралдар:
–       металл заттар мен қорытпаларды табу үшін пайдаланылатын магниттік
іздегіш-көтергіштер;
–       іздеудегі объектілер дірілі мен шуын айқындау үшін қолданылатын
акустикалық анализаторлар, стетоскоптар;
–       жарылғыш, наркотик заттарды, адамдарды табу үшін қолданылатын газды
анализаторлар;
–       температурасы қоршаған ортадан бөлек болатын объектілерді (адам,
жануар) табу мақсатында қолданылатын инфрақызыл детекторлар, тепловизорлар;
–       қабырға, заттарды зерттеу үшін қолданылатын рентген құрылғылары;
–       көрінбейтін жасырын бөгеттерді іздеу үшін пайдаланылатын
телевизиондық құрылғылар;
–       ультрадыбыстық дефектоскоптар, бос жерлерді анықтаушылар,
радиотолқындық аспаптар және басқалар.
Осы тергеу әрекетінің соңғы сатысы – жүргізу барысы мен оның нәтижелерін
бекіту.
Негізгі және қажетті бекіту құралы ретінде тінту хаттамасын толтыру жүреді.
Тінту барысы мен оның нәтижелерін бекітудің қосымша құралы ретінде жоспар,
сұлба, сызба, фотоға түсіру және бейне жазу жүреді. Кейінгісі құпиялы
жерлер мен бүркемеленген объектілердің сақтау орны табылған кезде қоданылса
көп нәтиже береді.
Алу дегеніміз іске қатысы бар заттарды немесе құжаттарды қандай да бір
адамнан немесе мекемеден талап ету арқылы алуға бағытталған тергеу әрекеті.
Аталмыш тергеу әрекеті заттар  мен басқа да объектілердің біреуде тығылып
жатқан орны нақты түрде белгілі болған кезде жүргізіледі.
Алудың тінту әрекетінен айырмашылығы, бұл жерде алынған заттардың өзі және
жатқан орны белгілі болғандықтан, тінтудегідей іздеу процесінің элементтері
жоқ. Сонымен қатар егер тінту әрекетін жүргізу үшін қылмыстық іс жүргізу
заңы прокурордың санкциясын қажет етсе, алуды жүргізу үшін тергеуші немесе
анықтама жүргізуші тұлғаның дәлелді қаулысы жеткілікті.
    Жауап алу хаттамасы
   1.  Жауап  алудың  барысы  мен  нәтижелерi  осы  Кодекстiң   203-бабының
талаптарын сақтай отырып жасалған хаттамада  көрсетiледi.  Айғақтар  бiрiншi
жақтан және мүмкiндiгiнше сөзбе-сөз жазылады. Ондағы сұрақтар  мен  жауаптар
жауап алу кезіндегі ретi бойынша жазылады. Хаттамада  жауап  алуға  қатысқан
адамдардың тергеушi қабылдамаған сұрақтары да немесе  жауап  алынып  отырған
адам жауап беруден бас тартқан  сұрақтар  да,  оларды  қабылдамаудың  немесе
олардан бас тартудың себептерi көрсетiле отырып, көрiнiс табуға тиiс.
   2. Бiрiншi жауап алу хаттамасында жауап алынып отырған адамның жеке басы
туралы деректер, соның iшiнде: тегi, аты, әкесiнiң  аты,  туған  уақыты  мен
жерi, азаматтығы, ұлты, білімi, отбасылық  жағдайы,  жұмыс  орны,  жұмысының
түрi немесе лауазымы, тұратын жерi, сондай-ақ iстiң мән-жайы  бойынша  қажет
болатын басқа мәлiметтер көрсетiледi. Сезiктiден,  айыпталушыдан  жауап  алу
хаттамасында бұрын сотталғаны немесе сотталмағаны туралы көрсетiледi.  Бұдан
кейiнгi жауап  алуларда  жауап  алынып  отырған  адамның  жеке  басы  туралы
деректердi, егер олар өзгермеген болса, оның аты-жөнiн  көрсетумен  шектеуге
болады.
   3. Заттай дәлелдер мен құжаттарды көрсету,  хаттамаларды  жариялау  және
тергеу  iс-әрекеттерiнiң  дыбыс  және  бейнежазбаларын,  киноға  түсiрiлуiн,
сондай-ақ  осыған  байланысты  жауап  алынушы  берген   айғақтарды   көрсету
мiндеттi түрде хаттамада жазылуға тиiс.
   4. Жауап алынып  отырған  адам  тергеу  iс-әрекетi  барысында  схемалар,
сызбалар, суреттер, диаграммалар жасай алады, олар хаттамаға  қоса  тiгiлiп,
хаттамада ол туралы белгi қойылады.
   5. Еркiн баяндаудан  кейiн  жауап  алынып  отырған  адам  айғақтарын  өз
қолымен жазуға құқылы. Жауап  алынатын  адам  өз  қолымен  жазып,  оған  қол
қойғаннан кейiн тергеушi толықтыратын және нақтылайтын сұрақтар қоя алады.
   6. Жауап алу аяқталғаннан кейiн хаттама  оқып  шығу  үшiн  жауап  алынып
отырған адамға ұсынылады не оның өтiнiшi  бойынша  дауыстап  оқылады.  Жауап
алынып отырған  адамның  хаттамаға  толықтыру  мен  нақтылау  енгізу  туралы
талабы мiндеттi түрде орындалуға тиіс.
   7. Айғақтармен таныстыру фактiсi және  олардың  дұрыс  жазылғанын  жауап
алынып отырған адам хаттаманың соңында өз  қолын  қою  арқылы  куәландырады.
Жауап алынып отырған адам сонымен қатар хаттаманың әрбiр бетiне  қол  қояды.
Жауап  алынып  отырған  адам  хаттамаға  қол  қоюдан  бас  тартқан  жағдайда
тергеушi бас тарту себептерiн  анықтайды,  оларды  хаттамаға  енгiзедi  және
хаттаманы өзi қол қойып куәландырады.
   8. Егер жауап алынып отырған адам тән кемiстiгiне немесе өзге себептерге
байланысты хаттамаға өзi  қол  қоя  алмайтын  болса,  оның  өтiнiшi  бойынша
хаттамаға қорғаушы, жауап алынып отырған адам сенетiн өкiл немесе өзге  адам
қол қояды, бұл туралы хаттамада белгi жасалады.
   9. Егер жауап алуға аудармашы  қатысса,  онда  ол  да  хаттаманың  әрбiр
бетiне және тұтас хаттамаға қол қояды. Ол жауап алынатын адамның өз  қолымен
жазған айғақтарының аудармасына да қол қояды.
10. Хаттамада жауап алуға қатысқан барлық адам көрсетiледi. Олардың
әрқайсысы хаттамаға қол қоюға тиiс.








                                          Дәріс №6. Анықтау және алдын ала
                  тергеуді аяқтаудың процессуалдық актілері
   1. Алдын ала тергеудiң аяқталуы
   2. Алдын  ала  тергеу  айыптау  қорытындысын  жасау  не  қылмыстық  iстi
медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшiн сотқа  жiберу  туралы
қаулы, не қылмыстық iстi қысқарту туралы қаулы шығарумен аяқталады.

Айыпталушы ретiнде жауапқа тарту
   1. Қылмыс жасады деп айыптау үшiн негiз беретiн жеткiлiктi  дәлелдемелер
болған  кезде  тергеушi  адамды  айыпталушы  ретiнде  жауапқа  тарту  туралы
дәлелдi қаулы шығарады.
   2. Тергеушi  айыпталушыға  айып  тағылған  күн  туралы  хабарлайды  және
сонымен бiр мезгiлде  оған  қорғаушыны  шақыру  не  тергеушiден  қорғаушының
қатысуын қамтамасыз ету туралы өтiну құқығы түсiндiрiледi.
   3. Осы  Кодекстiң  ережелерiне  сәйкес  айып  тағу  кезiнде  қорғаушының
қатысуы мiндеттi болып табылатын iстер  бойынша  тергеушi,  егер  қорғаушыны
айыпталушының өзi, оның заңды  өкiлi  не  оның  тапсырмасы  немесе  келісімi
бойынша басқа адамдар шақырмаса, қорғаушының келуiн қамтамасыз  ету  жөнiнде
шаралар қолданады.

    Айыпталушы ретiнде жауапқа тарту туралы қаулы
   1. Айыпталушы ретiнде жауапқа тарту туралы қаулыда  мыналар  көрсетiлуге
тиiс:
   1) оның жасалған  уақыты  мен  орны;  қаулыны  кiм  жасаған;  айыпталушы
ретiнде жауапқа тартылатын адамның тегi, аты мен әкесiнiң  аты,  оның  туған
күнi, айы, жылы және жерi;
   2) айыпталушы айыпталып отырған қылмыстың  оның  жасалған  уақыты,  орны
көрсетiлген  сипаттамасы,  сондай-ақ   осы   Кодекстiң   117-бабына   сәйкес
дәлелденуге тиiстi өзге де жағдайлардың сипаттамасы; 3) аталған қылмыс  үшiн
жауаптылықты көздейтiн қылмыстық заң (бап, бөлiк, тармақ).
   2. Бiрнеше қылмыс бойынша айыпталған кездегi айыпталушы ретiнде  жауапқа
тарту туралы қаулыда  қылмыстық  заңның  әрбiр  бабы  (бөлiктер,  тармақтар)
бойынша айыпталушыға қандай нақты iс-әрекеттер танылатыны көрсетiлуге  тиiс.

   3. Қаулыда адамды тергелiп отырған iс бойынша айыпталушы ретiнде жауапқа
тарту туралы шешiм болуға тиiс.
   4.  Айыпталушы  ретiнде  жауапқа  тарту  туралы  қаулының  көшiрмесi  ол
шығарылғаннан кейiн жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорға жiберiледi.

 Қылмыстық iстi қысқарту
   1. Қылмыстық iс  осы  Кодекстiң  37,  38-баптарында  көзделген  негiздер
бойынша қылмыстық процестi жүргiзушi орган қысқартады.
   2. Қылмыстық iс қысқартылғанға дейiн сезiктiге, айыпталушыға  қысқартылу
негiзi мен осы негiздер  бойынша  қысқартылуға  қарсылығын  мәлiмдеу  құқығы
түсiндiрiледi.
   3. Қылмыстық iстi қысқарту туралы қаулының  күшi  жойылған  жағдайда  iс
бойынша iс жүргiзу қылмыстық жауаптылыққа тарту мерзiмiнiң  ескіруi  шегiнде
жаңартылады.
   4. Қылмыстық iстiң қысқартылғандығы туралы және iс бойынша iс жүргiзудiң
жаңартылғандығы  туралы  сезiктiге,  айыпталушыға,   қорғаушыға,   сондай-ақ
жәбiрленушiге, оның  өкiлiне,  азаматтық  талапкерге,  азаматтық  жауапкерге
немесе олардың өкiлiне өтiнiштерi  бойынша  iс  қозғалған  жеке  және  заңды
тұлғаларға  жазбаша  хабарланады.  Қылмыстық  iзге  түсу   органы   шығарған
қылмыстық iстi қысқарту туралы және iс бойынша iс жүргiзудi  жаңарту  туралы
қаулының көшiрмелерi жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорға жолданады.
    
    Күдіктіге  немесе  айыпталушыға  қатысты  қылмыстық  қудалауды  тоқтату
   тәртiбi
   1. Күдіктіге немесе айыпталушыға қатысты қылмыстық қудалау осы Кодекстiң
37-бабының бiрiншi бөлiгiнде, 38-бабының бiрiншi бөлiгiнде аталған  негiздер
бойынша тоқтатылады.
   2. Қылмыстық қудалауды тоқтатуды осы Кодекстiң  128-бабында  белгiленген
қағидаларды сақтап, дәлелдемелердi  бағалағаннан  кейiн  қылмыстық  процестi
жүргiзушi орган жүзеге асырады.
   3. Күдіктiге немесе айыпталушыға қатысты қылмыстық  қудалау  тоқтатылған
жағдайда iс жүргiзу осы  Кодекстiң  50-бабында  көзделген  негiздер  бойынша
жалғастырылуы немесе тоқтатыла тұруы мүмкiн.
   4.  Қылмыстық  қудалауды   тоқтату   туралы   шешiм   күдіктіге   немесе
айыпталушыға қатысты ғана қабылдана алады. Осы қылмыстық iс бойынша  күдікті
немесе айыпталушы деп танылмаған адамдарға қатысты қылмыстық iстi  қозғаудан
бас тарту туралы шешiм қабылдануы мүмкiн.
    
 Іс жүргiзуді болдырмайтын жағдайлар
   1.  Қылмыстық  iс  қозғауға  болмайтын,  ал   қозғалған   қылмыстық   iс
тоқтатылуға тиiс жағдайлар:
   1) қылмыс оқиғасы болмауы;
   2) әрекетте қылмыс құрамының болмауы;
   3) егер ол жасаған әрекет үшiн  жаза  қолдануды  жойса,  рақымшылық  ету
актiсiнiң салдары;
   4) мерзiмiнiң ескіруiне байланысты;
   5) осы Кодекстiң 33-бабының  екiншi  бөлiгiнде  және  34-бабының  екiншi
бөлiгiнде  көзделген  жағдайларды  қоспағанда,  осы   Кодекстiң   33-бабының
бiрiншi бөлiгiнде және  34-бабының  бiрiншi  бөлiгiнде  көзделген  қылмыстар
туралы iстер бойынша жәбiрленушi шағымының болмауы;
   6)  жеке  айыптаушының  -  осы  Кодекстiң  33-бабының  екiншi  бөлiгiнде
көзделген жағдайларды қоспағанда, осы  баптың  бiрiншi  бөлiгiнде  көзделген
қылмыстар туралы iстер бойынша айыптаудан бас тартуы;
   7) өзi туралы белгiлi бiр айыптау  бойынша  соттың  заңды  күшiне  енген
үкімі не қылмыстық iзге түсудiң мүмкiн еместiгiн  белгiлейтiн  соттың  күшiн
жоймаған қаулысы бар адамға қатысты;
   8) белгiлi бiр айыптау бойынша қылмыстық iзге түсу  органының  қылмыстық
iзге түсуден бас тарту туралы күшiн жоймаған қаулысы бар адамға қатысты;
   9) қылмыстық iс қозғау оған медициналық  сипаттағы  мәжбүрлеу  шараларын
қолдану үшiн қажет жағдайларды қоспағанда, қылмыстық заңмен  тыйым  салынған
әрекеттi есi кiресiлi-шығасылы жағдайда жасаған адамға қатысты;
   10) артықшылықтары  немесе  қылмыстық  қудалауға  қарсы  иммунитетi  бар
адамды қылмыстық жауаптылыққа тартуға уәкiлеттi  органның  немесе  лауазымды
тұлғаның келiсiм беруден бас тартуына байланысты;
   11) iс бойынша iс жүргiзу қайтыс болған адамды ақтау немесе  iстi  басқа
адамдарға қатысты тергеу үшiн қажет жағдайларды  қоспағанда,  қайтыс  болған
адамға қатысты;
   12) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң  ережелерiне  байланысты
қылмыстық жауаптылықтан босатылуға жататын адамға қатысты.
   2. Қылмыстық iс қылмысты оқиғаның жоқтығы немесе қылмыс  құрамы  жоқтығы
дәлелденген кезде де, егер қосымша дәлелдер жинау үшiн  барлық  мүмкiндiктер
сарқылса, олардың бар екендiгi дәлелденбеген кезде  де  осы  баптың  бiрiншi
бөлiгiнiң 1 және 2-тармақтарында көзделген негiздер бойынша қысқартылады.
   3. Қылмыстық iс айыпталушының (сезiктiнiң)  зиян  келтiруi  заңды  болып
табылатын  не  әрекеттi  айыпталушы  (сезiктi)   Қазақстан   Республикасының
Қылмыстық кодексiне сәйкес  оның  қылмыстылығы  мен  қылмыстық  жауаптылығын
жоққа шығаратын жағдаятта жасаған жағдайларда осы баптың  бiрiншi  бөлiгiнiң
2-тармағында көзделген негiздер бойынша қысқартылуға тиiс.
   4. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 3, 4 және  11-тармақтарында  көрсетiлген
негiздер бойынша қылмыстық істі қозғаудан  бас  тартуға  не  қылмыстық  істі
тоқтатуға, егер өтініш беруші ол адамды қылмыс жасаған адам ретінде  тікелей
көрсетсе,  күдікті,  айыпталушы,  сондай-ақ  сотталушы  немесе  оның   заңды
өкілдері бұған  қарсылық  бiлдiрсе  де,  жол  берiлмейдi.  Бұл  жағдайда  iс
жүргiзу жалғастырылады және оған  негiздер  болған  кезде  сотталған  адамды
жазадан босату арқылы айыптау үкiмiнiң қаулысымен аяқталады.
   Осы баптың бірінші бөлігінің 3, 4, 9, 10 және  11-тармақтарында  аталған
негіздер бойынша қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы не  қылмыстық  істі
тоқтату туралы шешім қабылдау үшін қылмыс  жасаудан  зардап  шеккен  адамның
немесе жәбірленушінің келісімі талап етілмейді.
   Қылмыстық істі тоқтату бір мезгілде қылмыстық қудалауды  тоқтатуға  әкеп
соғады.
   4-1. Әрекет жасаған сәтте  заңға  сәйкес  қылмыстық  жауаптылыққа  тарту
мүмкін болатын жасқа толмаған адамға қатысты қылмыстық  iстi  қозғаудан  бас
тарту туралы не қылмыстық iстi  тоқтату  туралы  шешiм  осы  баптың  бiрiншi
бөлiгiнiң  2-тармағында  аталған  негiз  бойынша  қабылдануға  тиiс.  Әрекет
жасаған сәтте заңға сәйкес қылмыстық  жауапқа  тартылатын  жасқа  жетсе  де,
психикалық науқаспен байланысты емес психикалық дамуы  жағынан  артта  қалуы
салдарынан өз  әрекеттерiнiң  (әрекетсiздiгiнiң)  iс  жүзiндегi  сипаты  мен
қоғамдық қауiптiлiгiн толығымен түйсіне алмаған және оларды  игере  алмаған,
кәмелетке толмаған адамға  қатысты  қылмыстық  iс  қозғаудан  бас  тарту  не
қылмыстық iстi тоқтату туралы шешiм дәл осы негiз бойынша қабылдануы тиiс.
   5. Қылмыстық iзге түсу органы  қылмыстық  iзге  түсудi  жоққа  шығаратын
жағдайды байқағаннан кейiн сотқа дейiнгi iс жүргiзудiң кез келген  сатысында
қылмыстық iс қозғаудан бас  тарту  туралы  немесе  қылмыстық  iстi  қысқарту
туралы  қаулы  шығарады.  Прокурор  iстi  соттың  басты  талқылауында  қарау
басталғанға дейiн оны соттан керi қайтарып алуға және  осы  бапта  көзделген
негiздер бойынша қысқартуға да құқылы.
   6. Сотта  қылмыстық  iзге  түсудi  жоққа  шығаратын  мән-жайды  байқаған
мемлекеттік айыптаушы  айыптаудан  бас  тарту  туралы  мәлiмдеуге  мiндеттi.
Мемлекеттік айыптаушының айыптаудан бас тарту туралы мәлiмдемесi, егер  жеке
айыптаушы  айыптауды   қолдауын   жалғастырса,   қылмыстық   iстi   қараудың
жалғастырылуына кедергi келтiрмейдi.
   7. Қылмыстық iзге  түсуді  жоққа  шығаратын  мән-жайларды  байқаған  сот
қылмыстық iстi қысқарту туралы мәселенi шешуге мiндеттi.
   8. Қылмыстық қудалау органдары және соттар қылмыстық іс  тоқтатылған  не
қылмыстық  іс  қозғаудан  бас  тартылған  кезде   адамның   іс-әрекеттерінде
әкімшілік немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық  белгілері  болғанда  он
күн ішінде құзыретті  органдарға  әкімшілік  немесе  тәртіптік  жауаптылыққа
тарту туралы мәселені шешу үшін материалдар жіберуге міндетті.
    

   Қылмыстық iзге түсудi жүзеге асырмауға мүмкiндiк беретiн мән-жайлар
   1. Сот, прокурор,  сондай-ақ  прокурордың  келiсiмiмен  тергеушi  немесе
анықтау органы тиiстi мән-жайлар болған кезде өз құзыреті шегінде  Қазақстан
Республикасы  Қылмыстық  кодексiнiң  65,  66-баптарында,  67-бабының  екінші
бөлігінде  және  68-бабында,  сондай-ақ  373,  375  -  378,   381-баптарының
ескертулерінде көзделген жағдайларда адамды қылмыстық  жауаптылықтан  босата
отырып, қылмыстық іс қозғаудан  бас  тартуға  не  қылмыстық  iстi  тоқтатуға
құқылы.  Мұндай  жағдайларда  сот  қылмыстық  жауаптылықтан  босата  отырып,
айыптау үкiмiн шығаруға да құқылы.
   Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 67-бабының үшінші  бөлігінде
көзделген  жағдайларда  сот  кәмелетке   толмаған   баланың   жәбірленушімен
татуласуына байланысты оны қылмыстық жауаптылықтан босата отырып,  қылмыстық
істі тоқтатуға құқылы.
   2. Сотта  қылмыстық  iзге  түсудi  жүзеге  асырмауға  мүмкiндiк  беретiн
жағдайларды байқаған мемлекеттік  айыптаушы  айыпталушының  қылмыстық  iзiне
түсуден бас тартуды  мәлiмдеуге  құқылы.  Мемлекеттік  айыптаушы  мәлiмдеген
қылмыстық  iзге  түсуден  бас  тарту  жеке   айыптаушыға   қылмыстық   iстiң
материалдарын  пайдалана  отырып,  айыпталушының  қылмыстық   iзiне   түсудi
жалғастыруына кедергi келтiрмейдi.
   3. Қылмыстық  iс  қысқартылғанға  дейiн  айыпталушыға  (сезiктiге)  iстi
қысқартудың негiзi мен осы негiз бойынша  оны  қысқартуға  қарсылық  бiлдiру
құқығы түсiндiрiлуге тиiс.
   4. Қылмыстық  iстiң  қысқартылғандығы  туралы  жәбірленушіге  және  оның
өкіліне хабарланады, олар қылмыстық процестi  жүргiзушi  органның  қаулысына
жоғары тұрған сотқа немесе жоғары тұрған прокурорға шағымдануға құқылы.
   5. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген негiздер  бойынша  қылмыстық
iстi қысқартуға, егер сезiктi, айыпталушы немесе жәбiрленушi  оған  қарсылық
бiлдiрсе, жол берiлмейдi. Мұндай жағдайда iс  бойынша  iс  жүргiзу  әдеттегi
тәртiппен жалғастырылады.
    





























                                                         Дәріс №7. Сотқа
дейінгі жеңілдетілген іс жүргізудің процессуалдық актілері
       Сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізудің негіздері
      1. Ауыр емес және орташа ауыр қылмыстар туралы істер бойынша, егер
жинақталған дәлелдемелер арқылы қылмыс фактісі және оны жасаған адам
белгілі болса, ол адам дәлелдемелерге, өзінің кінәсін келтірілген зиянның
сипаты мен мөлшеріне дау айтпай мойындаған, сотқа дейінгі іс жүргізудің
жеңілдетілген тәртібін қолдануға келіскен жағдайда, осы тараудың баптарында
белгіленген алынып тасталатындарды қоспағанда, осы Кодекстің жалпы
ережелері бойынша сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу жүзеге асырылады.
      2. Сотқа дейінгі іс жүргізудің жеңілдетілген тәртібі:
      қылмыстардың ішінде ең болмағанда біреуі ауыр немесе аса ауыр болып
табылатын қылмыстардың жиынтығына қатысты; кәмелетке толмағандарға және
өзінің қорғану құқығын дене немесе психикалық кемістіктеріне байланысты
өздері жүзеге асыра алмайтын адамдарға қатысты; сот ісі жүргізілетін тілді
меңгермеген адамдарға қатысты; артықшылықтары және қылмыстық қудалауға
қарсы иммунитеті бар адамдарға қатысты; бірге қатысушылардың ең болмағанда
біреуі өз кінәсін мойындамаған жағдайда; осы Кодекстің 190-2-бабының
бірінші бөлігінде белгіленген мерзімдерде істің барлық мән-жайының жан-
жақты және толық зерттелуін қамтамасыз ету мүмкін болмаған кезде; күдіктіні
осы Кодекстің 132-бабы негізінде ұстау немесе оған бұлтартпау шараларын
қолдану қажет болған кезде қолданылмайды.
      3. Осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген мән-жайлар болған ретте
алдын ала тергеу немесе анықтау жүргізіледі.
Сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізудің тәртібі
      1. Сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу қылмыс туралы арызды немесе
хабарламаны тіркеген кезден бастап он тәулікке дейінгі мерзімде іс
прокурорға берілгенге дейін аяқталуға тиіс.
      Қылмыстардың жиынтығы бойынша материалдар бір іс жүргізуге
біріктірілуі мүмкін.
      2. Сотқа дейінгі іс жүргізудің жеңілдетілген тәртібі көзделген
қылмыстар туралы істер бойынша анықтаушы немесе тергеуші жасалған қылмыстың
мән-жайларын және оның кінәсін растайтын мән-жайларды анықтайды.
      3. Осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген мән-жайларды анықтау үшін
тексеріп қарау, алу, сараптама, арыз берушіге, көрген адамдарға және қылмыс
жасаған адамға сұрау салынуы, құжаттар немесе өзге де материалдар талап
етіп алынуы, тексерулердің, ревизиялардың, сараптамалардың актілері,
аудиторлық қорытындылар, соттылық туралы анықтама, мінездеме, стенограмма,
аудио-, бейнежазба материалдары қоса тігілуі мүмкін.
      4. Қылмыстық қудалау органдарына жүгінген кезден бастап - арыз
берушінің, ал көрген адамдар мен қылмыс жасаған адамның тергеушіге,
анықтаушыға немесе анықтау органына шақырылған кезден бастап заң көмегін
көрсету үшін қорғаушы шақыртуға құқығы бар.
      Арыз берушіге, көрген адамдарға және қылмыс жасаған адамға жасалған
қылмыстың белгілі мән-жайлары туралы сұрау салынады. Сұрау салынатын
адамдарға олардың өзіне-өзі, жұбайына (зайыбына) және жақын туыстарына
қарсы түсінік бермеу құқығы түсіндіріледі. Сұрау салу кезінде дыбыс-, бейне
жазба қолданылуы мүмкін.
      Қылмыс жасаған адамға сұрау салу кезінде іс бойынша іс жүргізуді
сотқа дейінгі жеңілдетілген тәртіппен жүзеге асыру мүмкіндігі және оның
құқықтық салдары түсіндіріледі.
      Сұрау салу барысында қылмыс жасаған адамға, арыз берушіге және көрген
адамдарға олардың шақырту бойынша анықтаушыға, тергеушіге және сотқа келу
міндеті түсіндіріледі. Қажет болған жағдайда аталған адамдардан осы
Кодекстің 157-бабында белгіленген тәртіппен анықтаушыға, тергеушіге және
сотқа келуі туралы міндеттеме алынады.
Сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу хаттамасын
                жасау және қылмыстық істі прокурорға беру
      1. Сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу хаттама жасаумен аяқталады.
Хаттамада: оның жасалған уақыты мен орны; хаттаманы кімнің жасағаны; қылмыс
жасаған адам туралы деректер; қылмыстың жасалу мән-жайлары; адамның
кінәлілігін растайтын дәлелдемелер; Қазақстан Республикасының Қылмыстық
кодексі бойынша қылмыстың саралануы (бап, бөлік, тармақ); адамның өз
кінәсін мойындағаны және қылмыс арқылы келтірілген зиянның сипаты мен
мөлшеріне келіскені көрсетіледі.
      Хаттамаға барлық материалдар, сондай-ақ сотқа шақырылуға жататын
адамдардың тізімі қоса тігіледі.
      2. Сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу хаттамасын тергеушінің
жасауы не оны анықтау органы бастығының бекітуі қылмыстық істің қозғалғанын
және қылмыс жасаған адамның айыпталушы деп танылғанын білдіреді.
      3. Айыпталушы, ал шақырылған жағдайда оның қорғаушысы да сотқа
дейінгі жеңілдетілген іс жүргізудегі істің материалдарымен таныстырылады.
Хаттамаға олардың арыздары мен өтініш хаттары енгізіледі. Хаттаманың
көшірмесі айыпталушыға тапсырылады және арыз берушіге жіберіледі.
     Прокурордың сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу
                  тәртібімен келіп түскен қылмыстық іс бойынша
                  іс-әрекеттері
      Прокурор сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізудегі қылмыстық істі
алып, ол бойынша үш тәуліктен кешіктірмей мына іс-әрекеттердің бірін
жасайды:
      1) сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу хаттамасына келісім
білдіреді және айыпталушыны сотқа береді;
      2) алдын ала тергеу немесе анықтау жүргізу үшін жібереді;
      3) осы Кодексте көзделген негіздер бойынша жекелеген айыпталушыларға
қатысты қылмыстық істі немесе қылмыстық қудалауды тоқтату туралы қаулы
шығарады не айыпталушының іс-әрекеттерін қайта саралайды немесе айыптаудың
жекелеген тармақтарын алып тастайды.";







































                                                              Дәріс № 8.
Басты сот талқылауын жүргізудің тәртібі


   Басты сот талқылауының ашылуы
   Басты  сот  талқылауы  үшiн  белгiленген  уақытта  төрағалық  етушi  сот
отырысын ашады және қандай  қылмыстық  iстiң  қаралатынын,  сондай-ақ  iстiң
ашық немесе жабық сот отырысында талқыланатыны туралы хабарлайды.
   Сот отырысында аудио-, бейнежазбалар, киноға түсіру пайдаланылатын кезде
төрағалық етуші ол жөнінде хабарлайды.
    

   Басты сот талқылауына шақырылған адамдардың келуiн тексеру
   Сот отырысының хатшысы сот отырысына қатысуға тиiстi адамдардың  келгенi
туралы баяндайды және келмегендердiң келмеу себептерiн хабарлайды.

   Аудармашыға оның құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiру
   1. Төрағалық етушi аудармашы ретiнде кiмнiң қатысып отырғанын хабарлайды
және  оған  осы  Кодекстiң  85-бабында  көзделген  құқықтарын,   мiндеттерiн
түсiндiредi.
   2. Төрағалық етушi  аудармашыға  әдейi  дұрыс  аударма  жасамағаны  үшiн
қылмыстық жауаптылығы туралы ескертедi, бұл туралы одан  қолхат  алынып,  ол
сот  отырысының  хаттамасына  қоса  тiгiледi.  Аудармашыға,   сондай-ақ   өз
мiндеттерiн  орындаудан  жалтарған  жағдайда   оған   заңдарда   белгiленген
тәртiппен әкiмшiлiк жаза қолданылуы мүмкiн екенi туралы ескертiледi.

   Аудармашыдан бас тарту туралы мәселенi шешу
   Төрағалық етушi келген тараптарға, куәларға, сарапшыға, маманға  олардың
аудармашыдан бас тартуын мәлiмдеу құқықтарын түсiндiредi  және  аудармашыдан
бас  тартуға  әкеп  соғатын  заңдарда  көзделген   негiздердi   түсiндiредi.
Мәлiмделген бас тартуды сот осы Кодекстiң  89-бабында  белгiленген  ережелер
бойынша шешедi. Егер аудармашыдан бас  тарту  қанағаттандырылса,  сот  басқа
аудармашыны шақырады.

   Куәларды сот отырысы залынан шығару
   Келген куәлар олардан жауап алу басталғанға дейiн  сот  отырысы  залынан
шығарылады.  Төрағалық  етушi  сот  жауап  алмаған  куәлардың  жауап   алған
куәлармен, сондай-ақ сот отырысы залындағы өзге адамдармен  сөйлеспеуi  үшiн
шара қолданады.


   Сотталушының жеке  басын  және  оған  айыптау  қорытындысы  көшiрмесiнiң
уақтылы тапсырылғанын анықтау
   Төрағалық етушi сотталушының тегiн, атын, әкесiнiң  атын,  туған  жылын,
айын, күнiн және  орнын,  сот  iсi  жүргiзiлетiн  тiлдi  бiлетiнiн,  тұратын
жерiн, немен айналысатынын, білімiн, отбасы жағдайын және оның  жеке  басына
қатысты басқа да деректердi анықтай  отырып,  оның  жеке  басын  айқындайды.
Мұнан кейiн төрағалық  етушi  сотталушыға  сотқа  дейінгі  жеңілдетілген  іс
жүргізу  хаттамасының,  айыптау  қорытындысының,  айыптауды  өзгерту  туралы
қаулының  немесе  айыптау  хаттамасының  көшiрмелерiнiң  тапсырылғанын  және
қашан тапсырылғанын  анықтайды.  Бұл  ретте  соттың  талқылауы,  бұл  туралы
сотталушы өтiнiш жасаған болса, сондай-ақ осы Кодекстiң  393-бабының  екiншi
бөлiгiнде көзделгеннен басқа  жағдайларда  сотқа  дейінгі  жеңілдетілген  іс
жүргізу  хаттамасының,  айыптау  қорытындысының,  айыптауды  өзгерту  туралы
қаулының немесе айыптау хаттамасының көшiрмелерi тапсырылған  күннен  бастап
үш тәулiктен бұрын басталмауға тиiс.

    Сот құрамын, процеске басқа қатысушыларды жариялау
   Төрағалық етушi сот  құрамын  жариялайды,  кiмнiң  айыптаушы,  қорғаушы,
жәбiрленушi,  азаматтық  талапкер,   азаматтық   жауапкер   немесе   олардың
өкiлдерi,  сондай-ақ  сот  мәжілісiнiң  хатшысы,  сот  приставы,  сарапшысы,
маманы болып табылатынын хабарлайды.

   Бас тартуды шешу тәртібі
   1. Төрағалық етушi тараптардың сот құрамынан,  сондай-ақ  осы  Кодекстiң
337-бабында аталған адамдардан  осы  Кодекстiң  90,  91,  94,  95,  96,  97-
баптарында  көзделген  негiздер  бойынша  бас   тартуды   мәлiмдеу   құқығын
түсiндiредi. Бұл ережелер запастағы судьяға қатысты да қолданылады.
   2.  Мәлiмделген  бас  тартуды  сот  осы  Кодекстiң   89,   90-баптарында
белгiленген ережелер бойынша шешедi.

   Сотталушыға оның құқықтарын түсiндiру
   Төрағалық етушi сотталушыға  оның  осы  Кодекстiң  69-бабында  көзделген
басты сот талқылауындағы құқықтарын түсiндiредi.

   Жәбiрленушiге, жеке айыптаушыға,  азаматтық  талапкерге  және  азаматтық
жауапкерге олардың құқықтарын түсiндiру
   Төрағалық етушi жәбiрленушiге, жеке айыптаушыға,  азаматтық  талапкерге,
азаматтық жауапкерге және олардың өкiлдерiне олардың осы Кодекстiң  75,  76,
77, 78, 80, 81-баптарында  көзделген  басты  сот  талқылауындағы  құқықтарын
түсiндiредi. Жеке айыптау iстерi бойынша,  сондай-ақ  бiрiншi  рет  жасалған
шағын  және   орташа   ауырлықтағы   қылмыстар   жөніндегі   iстер   бойынша
жәбiрленушiге   бұған   қоса   оның   сотталушымен   бiтiмге   келу   құқығы
түсiндiрiледi.

   Сарапшыға оның құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiру
   Төрағалық  етушi  сарапшыға  оның  осы  Кодекстiң  83-бабында  көзделген
құқықтары мен мiндеттерiн  түсiндiредi  және  оған  әдейi  жалған  қорытынды
бергенi үшiн қылмыстық жауаптылығы туралы ескертедi, бұл  туралы  сарапшыдан
қолхат алынады, ол басты сот талқылауының хаттамасына қоса тiгiледi.

   Маманға оның құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiру
   Төрағалық  етушi  маманға  оның  осы  Кодекстiң   84-бабында   көзделген
құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiредi және оған  өз  мiндеттерiн  орындаудан
бас тартқаны немесе жалтарғаны үшiн осы бапта белгiленген жауаптылық  туралы
ескертедi.

   Өтiнiштердi мәлiмдеу және шешу
   1. Төрағалық етушi тараптардан оларда жаңа куәларды,  сарапшыларды  және
мамандарды шақыру туралы және заттай дәлелдер мен құжаттарды  алдыру  туралы
өтiнiштерiнiң бар-жоғы  туралы  сұрайды.  Өтiнiшiн  мәлiмдеген  адам  қандай
жағдайларды  анықтау  үшiн  қосымша  дәлелдердiң  қажет   екенiн   көрсетуге
мiндеттi.
   2. Төрағалық етушi,  сондай-ақ  тараптардан  олардан  талқылаудан  дәлел
ретiнде жiберiлмеуге тиiс материалдарды  алып  тастау  туралы  өтiнiштерiнiң
бар-жоғын анықтауға мiндеттi.
   3. Сот талқылауының қалған қатысушыларының пiкiрiн тыңдағаннан кейiн сот
мәлiмделген әрбiр өтiнiштi қарауға,  оны  қанағаттандыруға  немесе  өтiнiштi
қанағаттандырудан бас тарту туралы дәлелдi қаулы шығаруға тиiс.
   4. Соттың тараптардың бастамашылығы бойынша сотқа мамандар немесе куәлар
ретiнде келген  адамдардан  сот  отырысында  жауап  алу  туралы  өтiнiштердi
қанағаттандырудан бас тартуға құқығы жоқ.
   5.  Сот  өтiнiшiн  қанағаттандырудан  бас  тартқан  адам  оны  одан  әрi
мәлiмдеуге құқылы.

   Iске қатысушы адамдардың бiрi  болмаған  кезде  iстi  тыңдау  мүмкiндiгi
туралы мәселенi шешу
   Сот талқылауына қатысушылардың бiрi, сондай-ақ куә, сарапшы немесе маман
келмеген кезде сот  тараптардың  iстi  талқылау  мүмкiндiгi  туралы  пiкiрiн
тыңдайды  және  талқылауды  кейiнге  қалдыру  немесе  оны  жалғастыру   және
келмеген адамдарды келесi сот отырысына  шақырту  немесе  оларды  алып  келу
туралы қаулы шығарады.


























                                                          Дәріс №9. Басты
сот талқылауындағы процессуалдық актілер


   Басты сот талқылауының хаттамасы
   1. Басты сот талқылауы кезiнде сот отырысының хатшысы хаттама жүргiзедi.

   2. Хаттама қолдан жазылуы немесе мәшинкелiк, компьютерлік не электрондық
(цифрлық дыбыс-,  бейнежазбаны  қоса  алғанда)  әдiспен  дайындалуы  мүмкiн.
Хаттаманың толық  болуын  қамтамасыз  ету  үшiн  стенография  және  (немесе)
аудио, бейнежазба қолданылуы мүмкiн.
   3. Хаттамада: басты сот талқылауының күнi,  оның  басталу  және  аяқталу
уақыты;  қандай  iс  қаралып  жатқаны;  соттың  атауы  мен  құрамы,   хатшы,
аудармашы, айыптаушы, қорғаушы, сотталушы, сондай-ақ жәбiрленушi,  азаматтық
талапкер, азаматтық жауапкер және олардың өкiлдерi, сот  шақырған  басқа  да
адамдар; сотталушының жеке басы  туралы  деректер  және  бұлтартпау  шарасы;
соттың жүргiзiлген реттегi iс-әрекетi, iске  қатысушы  адамдардың  арыздары,
қарсылық  бiлдiрулерi  және  өтiнiштерi;  соттың  кеңесу  бөлмесiне   бармай
шығарылған қаулылары,  қаулылардың  кеңесу  бөлмесiнде  шығарылуына  нұсқау;
iске қатысушы адамдарға олардың құқықтары  мен  мiндеттерiнiң  түсiндiрiлуi;
айғақтардың егжей-тегжейлi мазмұны; сот бөлген немесе  жауап  алынатын  адам
жауап  беруден  бас  тартқан  жауап  алуға  қатысқан  адамдардың  сұрақтары;
сарапшыға  қойылған  сұрақтар   және   оның   жауаптары;   сот   мәжілісiнде
жүргiзiлген  тексерулер  мен  дәлелдердi   зерттеу   жөніндегі   басқа   iс-
әрекеттердiң  нәтижелерi;  iске  қатысушы  адамдар  хаттамада   куәландыруды
өтiнген  фактiлерге  нұсқамалар;  тараптардың  сот   жарыссөзiнде   сөйлеген
сөздерiнiң  және  сотталушының  соңғы  сөзiнiң  негiзгi  мазмұны;   үкімінiң
жарияланғаны және оған шағымдану тәртібі мен мерзiмi  түсiндiрiлгенi  туралы
нұсқама көрсетiледi. Айғақтар бірінші жақтан  және  мүмкіндігінше  сөзбе-сөз
жазылады,  сұрақтар  мен  оларға  жауаптар  жауап  алу  кезінде  орын  алған
жүйелілік бойынша жазылады. Бұған қоса, хаттамада  егер  орын  алған  болса,
сотты сыйламаушылықты куәландыратын  фактiлер  және  тәртiп  бұзушының  жеке
басы мен соттың  тәртiп  бұзушыға  қолданған  ықпал  ету  шаралары  да  атап
көрсетiледi.
   4. Хаттама сот отырысы аяқталғаннан кейiнгi бес тәулiктен  кешiктiрiлмей
жасалып, оған төрағалық етушi  мен  хатшы  қол  қоюға  тиiс.  Сот  талқылауы
барысында  хаттама  бөлiп-бөлiп  жасалуы  мүмкiн,   оларға   және   бүтiндей
хаттамаға сот отырысына төрағалық етушi мен хатшы қол қояды.
   5. Сот  талқылауы  хаттамасының  дұрыс  жазылуы  туралы  сот  отырысының
төрағалық етушiсi  мен  хатшысының  арасында  түсiнiспеушiлiк  болған  кезде
соңғысы  өзiнiң  келiспеушiлiктерiн  жазбаша  түрде  сот  отырысы  барысында
жасалған жазбалармен бiрге хаттамаға қоса тiркеуге құқылы.
   6. Басты сот талқылауы  кезiнде  киноға  түсiру,  бейне,  аудио  жазбасы
қолданылуы  мүмкiн,  олардың  материалдары  сот  отырысы  хаттамасына   қоса
берiледi, оларға сүргiш салынып, iспен бiрге  сақталады.  Хаттамада  аталған
техникалық құралдардың қолданылғаны туралы белгi қойылады.
   7.  Төрағалық  етушi  тараптарға  басты   сот   талқылауының   хаттамасы
дайындалғаны  туралы  хабарлауға  және  онымен   және   аудио-,   бейнежазба
материалдарымен танысуға мүмкiндiк беруге мiндеттi.
   8. Басты сот талқылауында жауап алынған адам  хаттамадағы  және  аудио-,
бейнежазба материалдарындағы өз айғақтарының  жазылуымен  таныстыру  жөнiнде
өтiнiш  жасауға  құқылы.  Мұндай  мүмкiндiк  өтiнiш  мәлiмделгеннен  кейiнгi
күннен кешiктiрiлмей берiлуге тиiс.
   9.  Сот  тараптардың  немесе  осы  баптың  сегізінші  бөлігінде  аталған
адамдардың өтініші бойынша сот отырысының төрағалық етушісі  мен  хатшысының
электрондық   цифрлық   қолтаңбасымен   куәландырылған   электрондық   құжат
нысанындағы хаттаманы ұсынуға міндетті.
    
   Басты сот талқылауының хаттамасына ескертпелер
   Басты сот талқылауының хаттамасына қол қойылғаннан кейiнгi бес тәулiктiң
iшiнде тараптар, сондай-ақ осы  Кодекстiң  328-бабының  сегiзiншi  бөлiгiнде
көрсетiлген өзге де адамдар хаттамаға  жазбаша  нысанда  немесе  электрондық
цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат  нысанында  ескертпелер
беруге құқылы. Аталған  мерзiмді  iс  бойынша  төрағалық  етушi  тараптардың
өтiнiшi бойынша он тәулiкке дейiн ұзарта алады.

   Басты сот талқылауының хаттамасына ескертпелердi қарау
   1. Басты сот талқылауының хаттамасына ескертпелердi төрағалық етушi,  ал
ол ұзақ уақыт бойы болмаған кезде  осы  соттың  басқа  судьясы  қарайды,  ол
нақтылау үшiн ескертпе берген адамдарды шақыртуға құқылы.
   2. Ескертпелердi  қарау  нәтижелерi  бойынша  судья  олардың  дұрыстығын
куәландыру туралы  не  оларды  қабылдамау  туралы  дәлелдi  қаулы  шығарады.
Хаттамаға  және  судьяның   қаулысына   жасалған   ескертпелер   басты   сот
талқылауының хаттамасына қоса тiгiледi.

   Басты сот талқылауында қаулы шығару тәртібі
   1. Басты сот талқылауы кезiнде сот шешетiн барлық мәселелер бойынша  сот
қаулы шығарады, ол сот отырысында жариялануға тиiс.
   2. Iстi қосымша тергеуге жiберу туралы, iстi қысқарту туралы, iс бойынша
iс жүргiзудi тоқтата тұру туралы, бұлтартпау шарасын таңдау, өзгерту  немесе
оның күшiн  жою  туралы,  бас  тарту  туралы,  сараптама  тағайындау  туралы
қаулылар және жеке қаулылар кеңесу бөлмесiнде  шығарылады  және  жеке  құжат
түрiнде жазылады.
   3. Өзге  қаулылар  соттың  қалауынша  не  осы  баптың  екiншi  бөлiгiнде
көрсетiлген тәртiппен, не сол орнында -  сот  отырысы  залында  қаулыны  сот
отырысының хаттамасына енгiзе отырып шығарылады.

                                            Дәріс №10. Сотқа дейінгі және
соттағы процессуалдық актілерге қойылатын талаптар.
   Заңдылық
   1. Сот, прокурор, тергеушi,  анықтау  органы  және  анықтаушы  қылмыстық
iстер бойынша iс жүргiзу кезiнде  Қазақстан  Республикасы  Конституциясының,
осы Кодекстiң, осы  Кодекстiң  1-бабында  көрсетiлген  өзге  де  нормативтiк
құқықтық актiлердiң талаптарын дәл сақтауға мiндеттi.
   2. Соттардың адам мен азаматтың Конституциямен баянды етiлген  құқықтары
мен бостандықтарына нұқсан келтiретiн  заңдарды  және  өзге  де  нормативтiк
құқықтық актiлердi қолдануға құқығы жоқ. Егер  сот,  қолдануға  жататын  заң
немесе өзге де нормативтiк құқықтық акт адам  мен  азаматтың  Конституциямен
баянды етiлген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтiредi  деп  ұйғарса,
ол iс бойынша iс жүргiзудi тоқтата тұруға  және  сол  актiнi  конституциялық
емес деп тану туралы ұсыныспен Конституциялық Кеңеске жүгiнуге мiндеттi.
3. Соттың, қылмыстық iзге түсу органдарының қылмыстық iстер бойынша iс
жүргiзу кезiнде заңды бұзуына жол берiлмейдi және ол заңмен белгiленген
жауаптылыққа, заңсыз актiлердi жарамсыз деп тануға және олардың күшiн жоюға
әкеп соғады.
   Үкiмнiң заңдылығы мен негiздiлiгi
   1. Сот үкімі заңды және негiздi болуға тиiс.
   2. Егер үкiм заңның барлық талаптары сақтала отырып және  заң  негiзiнде
шығарылса, ол заңды болып танылады.
   3. Егер үкiм сот отырысында  сотқа  ұсынылған  дәлелдемелердi  жан-жақты
және объективтi зерттеу негiзiнде шығарылса, ол негiздi деп танылады.

   Қылмыстық сот iсiн жүргiзу тілі
   1. Қазақстан Республикасында  қылмыстық  сот  iсiн  жүргiзу  мемлекеттік
тiлде жүргiзiледi, ал қажет болған жағдайда сот  iсiнде  мемлекеттік  тiлмен
бiрдей орыс тілі немесе басқа да тiлдер қолданылады.
   2. Қылмыстық процесті жүргізетін орган істі  орыс  тілінде  немесе  өзге
тілдерде жүргізу қажет  болған  жағдайда  сот  ісін  жүргізу  тілін  өзгерту
туралы дәлелді қаулы шығарады.
   3. Iс бойынша iс жүргiзiлген тiлдi бiлмейтiн немесе жеткiлiктi бiлмейтiн
iске қатысушы адамдарға сотта өзiнiң ана тілінде немесе олар  бiлетiн  басқа
тiлде өтiнiш жасау,  түсiнiк  және  айғақтар  беру,  өтiнiш  бiлдiру,  шағым
жасау,  iстiң  материалдарымен  танысу,  сөйлеу,  осы  Кодексте  белгiленген
тәртiппен аудармашының қызметiн тегiн пайдалану  құқығы  түсiндiрiледi  және
қамтамасыз етiледi.
   4. Қылмыстық сот iсiн жүргiзуге қатысушы адамдарға олар үшiн заң күшiмен
қажеттi iстiң басқа тiлде жазылған материалдарын қылмыстық сот iсiн  жүргiзу
тіліне аудару тегiн қамтамасыз етiледi.  Сот  процесiне  қатысушы  адамдарға
соттағы айтылғандардың басқа тiлде болған бөлiгiнiң сот iсiн жүргiзу  тіліне
аудармасы тегiн қамтамасыз етiледi.
   5. Қылмыстық процестi  жүргiзушi  органдар  процеске  қатысушыларға  осы
Кодекске сәйкес оларға сот iсiн жүргiзу тілінде тапсырылуы  тиiс  құжаттарды
тапсырады. Бұл ретте қылмыстық сот  iсiн  жүргiзу  тілін  бiлмейтiн  адамдар
үшiн сот iсiн жүргiзудiң осы адамдар таңдаған тілінде жазылған  құжаттарының
куәландырылған көшiрмесi қоса берiледi.




















Тақырып 11. Іс жүргізушілік құжаттардың түсінігі мен түрлері

                                       Дәріс № 12. Анықтау және алдын ала
тергеу кезіндегі процессуалдық құжаттар.
   Алдын ала тергеу барысында шығарылатын қаулылар
   Алдын ала тергеу процесiнде осы Кодекске сәйкес қандай да бiр iс жүргiзу
шешiмiн қабылдау кезiнде тергеушi қаулы шығарады, онда  оның  жасалған  орны
мен уақыты, тергеушiнiң аты-жөнi мен лауазымы, қабылданатын шешiмнiң  мәнiсi
мен негiздерi, қаулының осы Кодекстiң  қай  бабына  негiзделiп  шығарылатыны
көрсетiледi. Қаулыға тергеушi қол қояды.

   Тергеу iс-әрекетiнiң хаттамасы
   1. Тергеу iс-әрекетiнiң хаттамасы тергеу iс-әрекетiн  жүргiзу  барысында
немесе ол аяқталғаннан кейiн бiрден жасалады.
   2. Хаттама қолмен жазылуы, машинка жазбасы не компьютер  арқылы  жасалуы
мүмкiн. Хаттаманың толық болуын қамтамасыз ету үшiн  стенографиялау,  киноға
түсiру, дыбыс  және  бейнежазба  қолданылуы  мүмкiн.  Стенографиялық  жазба,
дыбыс және бейнежазба материалдары iспен бiрге сақталады.
   3. Хаттамада: тергеу iс-әрекетiн жүргiзу орны  мен  күнi;  оның  басталу
және аяқталу уақыты минутына дейiн дәл; тергеушiнiң лауазымы  мен  аты-жөнi;
тергеу iс-әрекетiне қатысқан әрбiр  адамның  тегi,  аты,  әкесiнiң  аты,  ал
қажет болған жағдайда оның  мекен-жайы  көрсетiледi.  Хаттамада  iс  жүргiзу
әрекеттерi олардың болған ретiмен, оларды жүргiзу  барысында  iс  үшiн  мәнi
бар анықталған жағдайлар, сондай-ақ тергеу  iс-әрекетiн  жүргiзуге  қатысқан
адамдардың мәлiмдемелерi жазылады.
   4. Егер тергеу iс-әрекетiн жүргiзу кезiнде  фотосуретке  түсiру,  киноға
түсiру, дыбыс  және  бейнежазба  қолданылса  не  iздiң  көшiрме  бедерi  мен
таңбасы жасалса, сызбалар, схемалар, жоспарлар жасалса, онда  хаттамада  оны
жүргiзу барысында қолданылған ғылыми-техникалық құралдар,  оларды  пайдалану
жағдайлары мен тәртібі, бұл құралдар  қолданылған  объектiлер  және  алынған
нәтижелер  көрсетiлуге  тиiс.   Хаттамада   бұған   қоса   ғылыми-техникалық
құралдарды  қолданудың  алдында  бұл  туралы  тергеу  iс-әрекетiн  жүргiзуге
қатысқан адамдардың хабардар етiлгенi көрсетiлуге тиiс.
   5. Танысу үшiн хаттама  тергеу  iс-әрекетiн  жүргiзуге  қатысқан  барлық
адамдарға ұсынылады. Оларға хаттамаға енгiзiлуге тиiс ескертпе жасау  құқығы
түсiндiрiледi.  Хаттамаға  енгiзiлген  барлық   ескертпелер,   толықтырулар,
түзетулер көрсетiлуге және олар осы адамдардың  қол  қоюымен  куәландырылуға
тиiс.
   6. Хаттамаға тергеушi, жауап алынған адам, аудармашы,  маман,  куәгерлер
және тергеу iс-әрекетiн жүргiзуге қатысқан барлық адамдар қол қояды.  Тергеу
iс-әрекетiнiң хаттамасына қол қоюдан бас тартылған  немесе  қол  қою  мүмкiн
болмаған  жағдайда  бұл  фактiнi  куәландыру   осы   Кодекстiң   126-бабының
сегiзiншi және оныншы бөлiктерiне сәйкес жүргiзiледi.
   7. Хаттамаға тергеу iс-әрекетiн жүргiзу кезiнде орындалған фотографиялық
негативтер  мен  суреттер,   кинотаспалар,   диапозитивтер,   фонограммалар,
бейнежазба  кассеталары,  сызбалар,  жоспарлар,  схемалар,   iздiң   көшiрме
бедерлерi мен таңбалары қоса тiркеледi.
   8. Егер тергеу iс-әрекетiн жүргiзу барысында  маман  зерттеу  нәтижелерi
бойынша ресми құжат жасаса, онда бұл  құжат  хаттамаға  қоса  тiркеледi,  ол
туралы хаттамаға тиiстi жазу жазылады.
   9. Жәбiрленушiнiң,  оның  өкiлiнiң,  куәнiң  және  олардың  жақындарының
қауiпсiздiгiн  қамтамасыз  ету  қажет  деп  санауға  негiздер  болған  кезде
тергеушi аталған адамдар  қатысып  отырған  тергеу  iс-әрекетi  хаттамасында
олардың жеке басы туралы деректердi жазбауға құқылы. Бұл  жағдайда  тергеушi
жеке  басы  туралы  деректердi  құпия  сақтау  туралы  қабылданған  шешiмнiң
себептерi жазылған, олардың бүркеншiк аттары көрсетiлген  және  ол  қатысқан
тергеу  iс-әрекетiнiң  хаттамаларында  ол  қолданатын  қол  қоюдың  үлгiлерi
келтiрiлген қаулыны  шығаруға  мiндеттi.  Қаулы  бұдан  әрі  қылмыстық  істі
тергеген   органда   сақталатын   конвертке   салынып,   желiмделедi,   оның
iшіндегілермен тергеушiден басқа прокурор және сот таныса алады.

   Қылмыс жасауға және басқа да заң бұзушылықтарға ықпал еткен  жағдайларды
жою жөніндегі ұйғарым
   1. Тергеуге дейінгі тексеру барысында немесе  қылмыстық  iс  бойынша  iс
жүргiзу кезiнде қылмыс жасауға ықпал еткен мән-жайларды анықтаған  қылмыстық
қудалау  органы  тиiстi  мемлекеттік  органдарға,  ұйымдарға  немесе  оларда
басқару қызметiн атқаратын  адамдарға  осы  мән-жайларды  немесе  басқа  заң
бұзушылықтарды жою жөнiнде шаралар қолдану туралы ұйғарым ұсынуға құқылы.
   2. Ұйғарым қабылданған шаралар туралы  бiр  ай  мерзiм  iшiнде  мiндеттi
түрде хабарлай отырып қаралуға тиiс.

   Алдын ала тергеу мен анықтау деректерiн жария етуге жол бермеу
   1. Алдын ала тергеу деректерi  жария  етiлмеуге  тиiс.  Олар,  егер  бұл
тергеу мүдделерiне қайшы келмесе және басқа адамдардың құқықтары  мен  заңды
мүдделерiн бұзумен байланысты болмаса, онда тек  тергеушiнiң,  анықтаушының,
прокурордың рұқсатымен қандай көлемде жария ету мүмкiн деп  танылса,  сондай
көлемде жария етiлуi мүмкiн.
   2. Тергеушi қорғаушыға, куәларға, жәбiрленушiге,  азаматтық  талапкерге,
азаматтық  жауапкерге  немесе  олардың   өкiлдерiне,   сарапшыға,   маманға,
аудармашыға,  куәгерлерге  және  тергеу   iс-әрекеттерiн   жүргiзу   кезiнде
қатысқан басқа адамдарға өзiнiң рұқсатынсыз iстегi мәлiметтердi жария  етуге
жол берiлмейтiнi туралы ескертедi, бұл  туралы  аталған  адамдардан  олардың
жауапкершiлiгiн ескерте отырып, қолхат алынады.





                                        Дәріс №13. Айыпталушы мен сезіктіге
қатысты қолданылатын бұлтартпау шаларының процессуалдық актілері
   Айыпталушы ретiнде жауапқа тарту туралы қаулы
   1. Айыпталушы ретiнде жауапқа тарту туралы қаулыда  мыналар  көрсетiлуге
тиiс:
   1) оның жасалған  уақыты  мен  орны;  қаулыны  кiм  жасаған;  айыпталушы
ретiнде жауапқа тартылатын адамның тегi, аты мен әкесiнiң  аты,  оның  туған
күнi, айы, жылы және жерi;
   2) айыпталушы айыпталып отырған қылмыстың  оның  жасалған  уақыты,  орны
көрсетiлген  сипаттамасы,  сондай-ақ   осы   Кодекстiң   117-бабына   сәйкес
дәлелденуге тиiстi өзге де жағдайлардың сипаттамасы; 3) аталған қылмыс  үшiн
жауаптылықты көздейтiн қылмыстық заң (бап, бөлiк, тармақ).
   2. Бiрнеше қылмыс бойынша айыпталған кездегi айыпталушы ретiнде  жауапқа
тарту туралы қаулыда  қылмыстық  заңның  әрбiр  бабы  (бөлiктер,  тармақтар)
бойынша айыпталушыға қандай нақты iс-әрекеттер танылатыны көрсетiлуге  тиiс.

   3. Қаулыда адамды тергелiп отырған iс бойынша айыпталушы ретiнде жауапқа
тарту туралы шешiм болуға тиiс.
   4.  Айыпталушы  ретiнде  жауапқа  тарту  туралы  қаулының  көшiрмесi  ол
шығарылғаннан кейiн жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорға жiберiледi.

   Сезiктiге қатысты бұлтартпау шараларын қолдану
   1. Айрықша жағдайларда  осы  Кодекстiң  139-бабында  көзделген  негiздер
болған  кезде  және  141-бабында  көрсетiлген  мән-жайлар  ескерiле  отырып,
бұлтартпау шаралары күдіктiге қатысты қолданылуы мүмкiн. Бұл  ретте  айыптау
күдіктiге  бұлтартпау  шарасы  қолданылған  кезден   бастап   он   тәулiктен
кешiктiрiлмей, ал Қазақстан  Республикасы  Қылмыстық  кодексінің  163,  168,
169,  171,  233  -  237  және  241-баптарында  көзделген   қылмыстардың   ең
болмағанда біреуі жасалған жағдайларда - отыз  тәуліктен  кешiктiрiлмей,  ал
егер күдiктi адам ұсталып, содан кейiн қамауға  алынса,  -  ұсталған  кезден
бастап дәл сондай мерзiмде тағылуға тиiс. Егер бұл мерзiмде айып  тағылмаса,
бұлтартпау шарасының дереу күші жойылады.
   2. Күдіктіге айып  тағу  кезінде  сот  оған  бұлтартпау  шарасы  ретінде
қамауға алуды қолдану туралы мәселені осы  Кодекстің  150-бабында  көзделген
тәртіппен қайтадан қарайды. Егер осы баптың  бірінші  бөлігінде  көрсетілген
мерзім аяқталғанға дейінгі жиырма төрт сағат ішінде күзетпен  ұстау  орнының
бастығына соттың айыпталушыны қамауға  алуға  санкция  беру  туралы  қаулысы
келіп түспесе,  күзетпен  ұстау  орнының  бастығы  ол  туралы  қылмыстық  іс
жүргізуінде жатқан органды немесе  тұлғаны,  сондай-ақ  прокурорды  хабардар
етуге  міндетті.  Егер  осы  баптың  бірінші  бөлігінде  көрсетілген  мерзім
аяқталғанға дейін бұлтартпау шарасын  тоқтату  немесе  айыпталушыны  қамауға
алуға соттың санкция бергені туралы тиісті шешімдер келіп түспесе,  күзетпен
ұстау орнының бастығы оны өзінің  қаулысымен  босатып,  қаулының  көшірмесін
жиырма төрт сағат ішінде қылмыстық  іс  жүргізуінде  жатқан  органға  немесе
тұлғаға және прокурорға жолдайды.
   3. Қамауға ұстау орны әкiмшiлiгiнiң басшысы осы баптың екiншi  бөлiгiнің
талаптарын орындамаған жағдайда заңмен белгiленгендей жауапты болады.

   Бұлтартпау шараларын қолдану тәртібі
   1. Айыпталушыға (сезiктiге) бiр мезгiлде екi және одан да көп бұлтартпау
шараларын қолдануға болмайды.
   2. Қылмыстық  процестi  жүргiзушi  орган  бұлтартпау  шараларын  қолдану
туралы  адамға  ол  сезiктi  болған  немесе  айыпталатын  қылмыс   пен   осы
бұлтартпау  шарасын  қолдану  үшiн  негiздiң  көрсетiлуiн   қамтитын   қаулы
шығарады. Қаулының көшiрмесi соған  қатысты  шығарылған  адамға  тапсырылады
және онымен бiр мезгiлде оған  осы  Кодексте  көзделген  бұлтартпау  шарасын
қолдану туралы шешiмге шағымданудың тәртібі түсiндiрiледi.
   3. Сезiктi, айыпталушы оны болдырмау үшiн осы Кодекстiң 144,  145,  146,
147, 148, 149-баптарында көзделген шаралар қолданылған  әрекеттердi  жасаған
жағдайда оған  неғұрлым  қатаң  бұлтартпау  шарасы  қолданылады,  ол  туралы
айыпталушыға,  сезiктiге  тиiстi   қаулының   көшiрмесiн   тапсыру   кезiнде
жариялануы тиiс.


 Ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат
   1. Ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат қылмыстық процесті
жүргізуші  органның  күдіктіден,  айыпталушыдан  анықтаушының,   тергеушінің
немесе соттың рұқсатынсыз  тұрақты  немесе  уақытша  тұратын  жерінен  (елді
мекеннен) кетпеуі, сотта істі  тергеуге  және  қарауға  кедергі  келтірмеуі,
қылмыстық процесті жүргізуші органның шақыруы бойынша  белгіленген  мерзімде
келуі жөнінде жазбаша міндеттеме алуынан тұрады.
   2. Күш қолданумен немесе оны қолдану қаупін төндірумен байланысты қылмыс
жасалған кезде қылмыстық процесті  жүргізуші  орган  жәбірленушінің  жазбаша
өтініші бойынша  күдіктіге,  айыпталушыға  жәбірленушіні  іздестіруге,  оның
ізіне түсуге, оған баруға, онымен  ауызша,  телефон  арқылы  сөйлесуге  және
өзге де  тәсілдермен  байланыс  жасауға  тыйым  салу  туралы  жазбаша  түрде
ескертеді.
 
   Жеке кепiлдiк
   1. Жеке кепiлдiк сенімге ие болған  адамдардың  олар  сезiктiнiң  немесе
айыпталушының өзiн дұрыс ұстауына және олардың қылмыстық процестi  жүргiзушi
органның шақыруы бойынша келетiндiгiне кепiлдiк беретiндiгi  туралы  жазбаша
мiндеттемесiнен тұрады. Кепiлдiк берушiлердiң саны екеуден кем болмайды.
   2. Бұлтартпау шаралары ретіндегі жеке кепiлдiктi таңдауға  тек  кепiлдiк
берушiлердiң жазбаша өтiнiшi мен оған  қатысты  кепiлдiк  берiлетiн  адамның
келісімi бойынша ғана жол берiледi.
   3. Кепiлдiк берушi оған қатысты өзi кепiлдiк  беретiн  адамның  айыбының
мәнi, кепiлдiк берушiнiң оған сезiктi, айыпталушы бұлтартпау үшiн  осы  шара
қолданылған әрекеттi жасаған жағдайда ақшадай айып салынатындығынан  тұратын
жауаптылығы  түсiндiрiлгендiгiн  растайтын  жеке  кепiлдiгi  туралы   қолхат
бередi.
   4. Кепiлдiк берушi қылмыстық iс бойынша iс жүргiзудiң кез келген сәтiнде
кепiлдiк беруден бас тартуға құқылы.
   5. Сезiктi, айыпталушы оны  болдырмау  үшiн  жеке  кепiлдiк  қолданылған
әрекеттердi жасаған жағдайда, әрбiр кепiлдiк берушiге сот осы Кодекстiң 160-
бабында көзделген тәртiппен жүз айлық есептiк көрсеткiшке  дейiнгi  мөлшерде
ақшалай айып салуы мүмкiн.

   Әскери бөлiмдер командованиесiнiң әскери қызметшiлердi байқауы
   1. Әскери  бөлiмдер  командованиесiнiң  әскери  қызметшiлер  немесе  оқу
жиынына  шақырылған  әскери  мiндеттiлер   болып   табылатын   сезiктiлердi,
айыпталушыларды байқауы  Қазақстан  Республикасы  Қарулы  Күштерi  мен  Iшкi
әскерлерiнiң жарғыларында көзделген және ол  адамдардың  тиiстi  мiнез-құлқы
мен олардың қылмыстық процестi жүргiзушi  органның  шақыруы  бойынша  келуiн
қамтамасыз етуге тиiстi шаралардың қолданылуынан тұрады.
   2. Әскери бөлiмнiң командованиесiне ол бойынша аталған бұлтартпау шарасы
таңдалған iстiң мәнi туралы  хабарланады.  Әскери  бөлiмнiң  командованиесi:
байқау орнатылғаны туралы осы бұлтартпау шарасын  таңдаған  органға  жазбаша
хабарлайды.
   3. Сезiктi, айыпталушы оны  болдырмау  үшiн  аталған  бұлтартпау  шарасы
таңдалған  әрекеттi  жасаған  жағдайда  әскери  бөлiмнiң  командованиесi  ол
туралы осы бұлтартпау шарасын таңдаған органға жедел хабарлауға мiндеттi.
   4. Өздерiне жүктелген байқау жөніндегі  мiндеттi  орындамағанына  кiнәлi
адамдар заңдарда көзделген тәртiптiк жауаптылыққа тартылады.






























                                     Дәріс №15. Кәмелетке толмағандардың
                 қылмыстары туралы істер бойынша іс жүргізу
                                       
   Кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы iстер бойынша  iс  жүргiзудiң
тәртібі
   1. Осы тараудың ережелерi қылмыс жасалған сәтте кәмелеттiк  жасқа,  яғни
он сегiз жасқа толмаған адамдардың iстерi бойынша қолданылады.
   2. Кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы iстер бойынша  iс  жүргiзу
тәртібі осы Кодексте белгiленген жалпы ережелермен, сондай-ақ  осы  тараудың
баптарымен айқындалады.
   3. Кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы iстер бойынша  iс  жүргiзу
тәртібі:
   1) аталған адам жасаған бiрнеше қылмыс, олардың бiр бөлiгiн ол он  сегiз
жасқа толғаннан кейiн  жасаған  қылмыстар  туралы  iстер  бiр  iс  жүргiзуге
бiрiктiрiлген;
   2) айыпталушы сот iсiн  жүргiзу  сәтiнде  кәмелетке  толған  жағдайларда
қолданылмайды.

   Кәмелетке  толмағандардың  қылмыстары  туралы  iстер  бойынша  анықтауға
жататын мән-жайлар
   Кәмелетке  толмағандардың  iстерi  бойынша,  осы  Кодекстiң  117-бабында
көзделгендерден басқа, дәлелдеуге  жататын  мән-жайларды  алдын  ала  тергеу
және сот талқылауын жүргiзу кезiнде:
   1) кәмелетке толмағанның жасы (туған күнi, айы, жылы);
   2) кәмелетке толмағанның тұрмысы мен тәрбие жағдайы;
   3) интеллектуалдық, ерiк-жiгерiнiң және психикалық даму дәрежесi, мiнезi
мен тегеурiндiлiк ерекшелiктерi, мұқтаждары мен мүдделерi;
   4)  кәмелетке  толмағандарға  ересек  адамдар  мен  басқа  да  кәмелетке
толмағандардың ықпалы анықталуға тиiс.

   Кәмелетке толмағандардың iстерi бойынша жариялылықты шектеу
   Сезiктi, айыпталушы кәмелетке толмағанның құпиялылыққа құқығы  қылмыстық
сот iсiн жүргiзудiң барлық кезеңдерiнде сақталуы тиiс.

   Кәмелетке толмаған туралы iстi жеке iс жүргiзуге бөлу
   1. Ересектермен  бiрге  қылмыс  жасауға  қатысқан  кәмелетке  толмағанға
қатысты iс осы Кодекстiң 49-бабының  бiрiншi  бөлiгiнiң  3-тармағына  сәйкес
алдын ала тергеу сатысында жеке iс жүргiзуде бөлiнедi.
   2. Кәмелетке толмағанға қатысты жеке iс жүргiзуге  бөлу  iстiң  жағдайын
жан-жақты және объективтi зерттеу үшiн  айтарлықтай  кедергi  жасауы  мүмкiн
болатын жағдайларда ересектермен  қоса  бiр  iс  бойынша  жауапқа  тартылған
кәмелетке толмаған айыпталушыға осы тараудың ережелерi қолданылады.


   Кәмелетке толмаған сезiктiнi, айыпталушыны шақырудың тәртібі
   1. Кәмелетке толмаған сезiктi, айыпталушы тергеушiге немесе  сотқа  оның
ата-аналары немесе басқа  заңды  өкiлдерi  арқылы,  олар  болмаған  жағдайда
қорғаншы және қамқоршы органдар арқылы шақырылады.
   2. Арнаулы мекемеде немесе қамауда ұсталатын  кәмелетке  толмаған  -  ол
ұсталатын орынның әкiмшiлiгi арқылы шақырылады.

   Кәмелетке толмаған сезiктiден, айыпталушыдан жауап алу
   1. Кәмелетке толмаған айыпталушыдан, сезiктiден жауап алу осы  Кодекстiң
216, 217-баптарында көзделген тәртiппен қорғаушысының,  заңды  өкiлiнiң,  ал
қажет  болған  жағдайда  психологтың,  педагогтiң  қатысуымен   жүргiзiледi.
Қорғаушы жауап алушыға сұрақтар қоюға, ал жауап  алу  аяқталғаннан  кейiн  -
хаттамамен танысуға және айғақтар жазбасының дұрыстығы мен толықтығы  туралы
ескертулер жасауға құқылы.
   2. Кәмелетке толмаған  сезiктiден,  айыпталушыдан  жауап  алу  тәулiктiң
күндiзгi уақытында жүргiзiледi және үзiлiссiз екi сағаттан артық,  ал  жалпы
алғанда - күнiне төрт сағаттан артық  жалғастырылуға  тиiс  емес.  Кәмелетке
толмаған анық шаршаған жағдайда жауап алу осы уақыт аяқталмай-ақ  тоқтатылуы
тиiс.

   Қорғаушының қатысуы
   1. Кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы iстер бойынша  қорғаушының
қатысуы  осы  Кодекстiң  71-бабының  бiрiншi  бөлiгiнiң  2-тармағына  сәйкес
мiндеттi.
   2. Кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы iстер бойынша  қорғаушының
қатысуына кәмелетке толмағаннан сезiктi немесе  айыпталушы  ретiнде  алғашқы
жауап алынған кезден бастап, ал айып тағылғанға дейiн  ұсталған  не  қамауға
алынған  жағдайда  -  ұсталған  не  қамауға  алынған  кезден  бастап  рұқсат
етiледi.
   3. Егер кәмелетке толмаған сезiктi, айыпталушы не олардың заңды өкiлдерi
адвокатпен  келісім  жасаспаса,   тергеушi,   прокурор,   сот   iс   бойынша
қорғаушының қатысуын қамтамасыз етуi тиiс.

   Кәмелетке толмаған сезiктiнiң, айыпталушының заңды  өкiлiнiң  алдын  ала
тергеуге қатысуы
   1. Кәмелетке толмаған сезiктiнiң, айыпталушының ата-анасы  немесе  басқа
да заңды өкiлдерi болған кезде олардың iске қатысуы мiндеттi. Олар  болмаған
жағдайда қорғаншы және қамқоршы орган өкiлiнiң қатысуы мiндеттi.
   2. Заңды өкiлге, ал  ол  болмаған  жағдайда  -  қорғаншы  және  қамқоршы
органның өкiлiне iске қатысуға тергеушiнiң қаулысымен кәмелетке  толмағаннан
сезiктi немесе  айыпталушы  ретiнде  алғашқы  жауап  алынған  кезден  бастап
рұқсат  етiледi.  Заңды  өкiлге,  ал  ол  болмаған  жағдайда  қорғаншы  және
қамқоршы органның өкiлiне iске қатысуға рұқсат  етiлген  ретте,  осы  баптың
үшiншi бөлiгiнде көрсетiлген құқықтар түсiндiрiледi.
   3. Заңды өкiлдiң:  кәмелетке  толмағанға  не  жөнiнде  күдiк  келтiрiлiп
немесе айып тағылып отырғанын бiлуге, айып тағу кезiнде қатысуға,  кәмелетке
толмағаннан жауап  алуға,  сондай-ақ  тергеушiнiң  рұқсатымен,  -  кәмелетке
толмаған  айыпталушының,  сезiктiнiң  және  оның  қорғаушысының   қатысуымен
жүргiзiлетiн өзге де тергеу iс-әрекеттерiне қатысуға;  өзi  қатысқан  тергеу
iс-әрекеттерiнiң хаттамаларымен танысуға және ондағы  жазбалардың  дұрыстығы
мен толықтығы туралы жазбаша  ескерту  жасауға;  өтiнiмдер  мен  қарсылықтар
мәлiмдеуге, тергеушi мен прокурордың  iс-әрекеттерi  мен  шешiмдерiне  шағым
жасауға;  дәлелдемелер  ұсынуға;  тергеу  аяқталғаннан  кейiн  iстiң  барлық
материалдарымен танысуға, одан  кез  келген  көлемде  кез  келген  мәлiметтi
көшiрiп алуға құқығы бар.
   4. Тергеушi алдын ала тергеу  аяқталғаннан  кейiн  кәмелетке  толмағанға
танысу  үшiн  оған  керi  әсер  етуi  мүмкiн  материалдарды  көрсетпеу,  бұл
материалдармен заңды өкiлдi таныстыру туралы қаулы шығаруға құқылы.
   5.  Егер  оның  iс-әрекетi  кәмелетке  толмағанның   мүдделерiне   залал
келтiредi немесе iстi объективтi тергеуге кедергi келтiруге бағытталған  деп
сынауға негiз болса, заңды өкiл iске қатысудан шеттетiлуi мүмкiн. Ол  туралы
тергеушi дәлелдi қаулы шығарады. Iске қатысуға кәмелетке  толмағанның  басқа
заңды өкiлi жiберiлуi мүмкiн.

   Педагог пен психологтың қатысуы
   1. Он алты жасқа толмаған, сондай-ақ осы жасқа толған, бiрақ  психикалық
дамуында   мешеулiк   белгiлерi   бар   кәмелетке    толмаған    сезiктiнiң,
айыпталушының қатысуымен iс  жүргiзу  әрекетiн  жүргiзу  кезiнде  педагогтiң
немесе психологтың қатысуы мiндеттi.
   2. Он алты жасқа толған кәмелетке толмағандар туралы iс бойынша  педагог
немесе  психолог  iске  қатысуға  тергеушiнiң,  соттың  ұйғаруы  бойынша  не
қорғаушының, заңды өкiлдiң өтiнiшi бойынша жiберiледi.
   3. Педагог, психолог тергеушiнiң, соттың рұқсатымен  кәмелетке  толмаған
сезiктiге, айыпталушыға сұрақтар қоюға, ал iс жүргiзу  әрекетi  аяқталғаннан
кейiн - тергеу қимылының хаттамасымен (соттың талқылануына олардың  қатысуын
көрсететiн бөлiгiнде  сот  отырысының  хаттамасымен)  танысуға  және  ондағы
жазбалардың дұрыстығы мен толықтығы туралы жазбаша ескерту жасауға  құқықты,
тергеушiнiң,  соттың  ұйғаруы  бойынша  кәмелетке  толмағанның  жеке   басын
сипаттайтын iс материалдарымен танысуға құқығы бар. Бұл құқықтарды  тергеушi
педагогқа, психологқа iс жүргiзу әрекетi басталар  алдында  түсiндiредi,  ол
туралы тергеу қимылының  хаттамасында,  сот  отырысының  хаттамасында  белгi
жасалады.

   Кәмелетке толмағанға кешендi психологиялық-
   психиатриялық және психологиялық сараптама жасау
   1. Кәмелетке толмаған  сезiктiде,  айыпталушыда  жүйке  ауруының  немесе
дамуында ауытқушылықтардың бар екендiгi  және  оның  өз  әрекеттерiне  толық
немесе iшiнара есеп беру және нақты  жағдайда  iс-әрекеттiң  игеру  қабiлетi
туралы мәселенi  шешу  үшiн  кешендi  психологиялық-психиатриялық  сараптама
тағайындау мiндеттi.
   2. Кәмелетке толмаған сезiктiнiң, айыпталушының  интеллектуалдық,  ерiк-
жiгер, психикалық  дамуының  деңгейiн,  жеке  басының  өзге  де  әлеуметтiк-
психологиялық қырларын анықтау  үшiн  психологиялық  сараптама  тағайындалуы
мүмкiн.

   Кәмелетке толмағанды арнаулы мекемеге орналастыру
   Кәмелетке толмаған айыпталушы өмiр  сүру  және  тәрбие  жағдайы  бойынша
бұрынғы тұратын жерiнде қалдырыла алмайтын  жағдайларда  ол  соттың  қаулысы
бойынша арнаулы мекемеге орналастырылуы мүмкiн.
    
   Кәмелетке толмағандарды ұстау және оларға бұлтартпау шараларын қолдану
   1. Сезiктi, айыпталушы кәмелетке толмағандарға осы Кодекстiң 140-бабында
көзделген бұлтартпау шаралары қолданылуы мүмкiн.
   2. Кәмелетке толған сезiктiге, айыпталушыға қатысты бұлтартпау шараларын
қолдану туралы мәселенi  шешу  кезiнде  әрбiр  жағдайда  кәмелетке  толмаған
сезiктiнi, айыпталушыны осы Кодекстiң 147-бабында көзделген  тәртiппен  кiсi
қарауына беру тәрiздi таңдау мүмкiндiгi талқылануы тиiс.
   3. Бұлтартпау шарасы ретiнде қамау, сондай-ақ ұстау кәмелетке толмағанға
осы Кодекстiң 132, 150-баптарында көрсетiлген негiздер  болса,  ауыр  немесе
аса ауыр қылмыс жасаған кезде ғана ерекше жағдайларда қолданылуы мүмкiн.
   4. Кәмелетке толмағанды осы Кодекстiң 153-бабында белгiленген алдын  ала
тексеру сатысында қамауда ұстаудың  мерзiмi  алты  айдан  аспайтын  мерзiмге
ұзартылуы мүмкiн. Кәмелетке толмағандар бөлек ұсталады.
   5.  Тұтқындау,  қамау  немесе  қамауда  ұстау  мерзiмiн  ұзарту   туралы
кәмелетке толмағанның ата-аналары немесе оның басқа да  заңды  өкiлдерi,  ал
олар болмаған жағдайда - жақын туыстары дереу хабардар етiледi.

   Кәмелетке толмаған сотталушының заңды өкiлiнiң сот талқылауына қатысуы
   1. Сот отырысына кәмелетке толмаған сотталушылар ата-аналары немесе өзге
де  заңды  өкiлдерi  шақырылуы  тиiс.  Олардың  сот  тергеуiнде   дәлелдердi
зерттеуге қатысуға,  айғақтар  беруге,  дәлелдер  келтiруге,  өтiнiмдер  мен
қарсылық бiлдiруге, соттың iс-әрекеттерi мен шешiмдерiне  шағымдар  жасауға,
iстi  апелляциялық  тәртiппен  қараушы  соттың   отырысына   қатысуға   және
шағымдарға түсiндiрмелер беруге құқығы бар. Көрсетiлген құқықтар оларға  сот
талқылауының  даярлық  бөлiгiнде  түсiндiрiлуi  тиiс.  Заңды   өкiлдер   сот
отырысының залында бүкiл сот талқылауы бойында болады.  Олардың  келісімiмен
олардан сот куәгерлер ретiнде жауап алынуы мүмкiн.
   2. Заңды өкiл соттың дәлелдi қаулысымен, егер оның iс-әрекетi  кәмелетке
толмаған сотталушының мүдделерiне залал  келтiредi  немесе  iстi  объективтi
қарауға кедергi келтiруге  бағытталған  деп  санайтын  негiздер  болса,  сот
талқылауына қатысудан шеттетiлуi мүмкiн.  Бұл  жағдайда  кәмелетке  толмаған
сотталушының басқа заңды өкiлi жiберiледi.
   3. Кәмелетке толмаған сотталушының заңды өкiлiнiң келмеуi, егер сот оның
қатысуы қажет деп таппаса, iстi қарауды тоқтатпайды.
   4. Егер кәмелетке толмаған  сотталушының  заңды  өкiлi  қорғаушы  немесе
азаматтық жауапкер  ретiнде  iске  қатысуға  тартылған  болса,  ол  процеске
аталған қатысушылардың құқығына ие және мiндеттерiн орындайды.

   . Кәмелетке толмаған сотталушыны сот отырысының залынан шығару
   1. Қорғаушының немесе заңды өкiлдiң өтiнiшi  бойынша,  сондай-ақ  өзiнiң
бастамашылығы  бойынша  сот  тараптардың  пiкiрiн   ескере   отырып   өзiнiң
қаулысымен кәмелетке толмаған сотталушыны оған терiс әсер етуi  мүмкiн  мән-
жайларды зерттеу уақытында сот отырысының залынан шығаруға құқылы.
   2. Кәмелетке толмаған сотталушы сот отырысының залына қайтып оралған соң
төрағалық етушi  оған  оның  болмаған  кезiнде  өткен  талқылаудың  мазмұнын
қажеттi көлем мен нысанда хабарлайды және кәмелетке  толмағанға  өзiнiң  жоқ
кезiнде жауап алынған адамдарға сұрақ қою мүмкiндiгiн бередi.


   Кәмелетке толмағанның  iсi  бойынша  үкiм  шығару  кезiнде  сот  шешетiн
мәселелер
   1. Кәмелетке толмағанға үкiм  шығару  кезiнде  сот  осы  Кодекстiң  371-
бабында аталған мәселелермен бiрге бас бостандығынан айыруға  байланысы  жоқ
шартты соттау, жаза тағайындау туралы, сондай-ақ  Қазақстан  Республикасының
Қылмыстық кодексiнде көзделген жағдайларда жазадан  босату  туралы  мәселенi
талқылауға мiндеттi.
   2. Бас бостандығынан айыруға байланысы жоқ шартты соттау, жаза шараларын
қолдану,  ерекше  режимде  ұстайтын  білім  беру  ұйымына   орналастыру   не
тәрбиелiк ықпал етудiң мәжбүрлеу шараларын  қолдану  жағдайларында  сот  бұл
туралы   мамандандырылған   мемлекеттік   органға   хабарлайды   және   оған
сотталушының мiнез-құлқына бақылау жасауды жүзеге асыруды жүктейдi.


   Кәмелетке толмағанды тәрбиелiк ықпал етудiң мәжбүрлеу шараларын  қолдана
отырып жазадан босату
   Егер кiшiгiрiм, орташа ауырлықтағы немесе ауыр қылмыс туралы iс  бойынша
осы қылмысты жасаған кәмелетке толмаған қылмыстық  жаза  шарасын  қолданусыз
түзелуi мүмкiн деп танылса, сот  айыптау  үкімін  шығара  отырып,  кәмелетке
толмаған сотталушыны  жазадан  босатуға  және  оған  Қазақстан  Республикасы
Қылмыстық кодексiнiң 82-бабында көзделген тәрбиелiк ықпал  етудiң  мәжбүрлеу
шараларын қолдануға құқылы. Үкiмнiң көшiрмесi  мамандандырылған  мемлекеттік
органға жiберiледi.





















Пәндер