Файл қосу
Оқыту процесінің ерекшеліктері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ 3 деңгейлі СМЖ құжаты ПОӘК ПОӘК 042-18-16.1.53/03-2013 «Педагогика» пәні бойынша оқу-әдістемелік материалдар №1 басылым 18.09.2013 ж. ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ «Педагогика» «5В011900» – «Шетел тілі: екі тіл» мамандығына арналған ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР Семей 2013 Мазмұны 1 Глоссарий 2 Дәрістер 3 Практикалық және лабораториялық сабақтар 4 Курстық жұмыс (проект) 5 Студенттің өздік жұмысы 1 ГЛОССАРИЙ Термин атауы Термин мазмұны Педагогика Грек тілінен аударғанда- баланы жетелеуші. Жеке тұлға Әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттердің субъектісі. Индивид Латын тілінен аударғанда “жекелік” деген мағынаны білдіреді. Инновация жаңалық, жаңашылдық, өзгеріс деген ұғымды білдіреді. Даралық Бір адамның басқа бір адамнан айырмашылығы, өзіне тән ерекшелігі бар, ешкімге ұқсамайтындығы туралы сипаттама. Даму Төменнен жоғарыға, қарапайымнан күрделіге қарай қозғалыс. Дидактика ұғым грек тілінен алынып, оқыту немесе үйрету деген мағынаны білдіреді. Акселерация Физиологиялық және психикалық даму процесінің Тәрбиелеу әрбір оқушының ғылыми көзқарасын, адамгершілігін, белсенді шығармашылығын және әлеуметті кемелденген жоғарғы адамгершіліктегі үйлесімді дамыған тұлғасын дамытуды мақсат етеді. Технология грек сөзі, яғни «өнерпаздық, шеберлік, іскерлік» деген ұғымды білдіреді. Ұжым Қоғамдық пайдалы іспен шұғылданатын, жоғары деңгейде дамыған адамдардың ұйымдасқан тобы. Білім беру Бұл мақсат оқушылардың танымдық іс-әрекеті тәсілін меңгеріп, олар арқылы ғылым негіздерін игерілуін, белгілі бір білімдердің , дағдылар мен іскерлікті үйренулерін, өздерінің рухани , денелік және еңбек қаблеттерін жетілдірулерін, еңбек және кәсіби дағдыларды игеруін көздейді. 2 ДӘРІСТЕР 1-тақырып: Педагогиканың жалпы мәселелері. 1. Педагогика пәні. 2. Педагогиканың негізгі ұғымдары. 3. Педагогиканың міндеттері. 4. Педагогика ғылымының салалары. 5. Педагогика ғылымының пайда болуы мен дамуы. Педагогика пәні, адам тану ғылымының ішіндегі жетекшілерінің бірі ретінде, өте көне ғылымдарының бірі. Сондықтан педагогика ілімін адам баласының саналы өмірімен ұштастырып, оның көне заманнан бастап орын алып келе жатқанын, ешбір дәлелдерге сүйенбей-ақ оңай түсініге болады. Адамзат қоғамның дамуына байланысты ғылым-білімінің дамуы, тәрбиенің шығуын, оның даму заңдылықтарын ғылыми жолмен түсіндірудің қажеттігі туды. Жинақталған ғылыми мәліметтерді пайдаланып педагогика адам тәрбиесі қатысты мәселелерді жан-жақты түсіндірудің ғылыми және методологиялық жолдарын қарастырады. Қазіргі кезде тәрбиенің ықпал жасау өрісі кеңейе түсуде. Олай болса педагогика тек қана балалар тәрбиесі жайындағы ғылым деп шек қою дұрыс болмайды. Педагогиканың ғылыми таным саласы – тәрбие. Педагогика қоғамдық өмірдегі тәрбиенің мәні мен ролін анықтайды. Педагогика термині гректің екі сөзінен: «пайс» - балалар, «эгейн» - баланы басқару, тәрбиелеу, жетектеу, бағу ұғымдарынан шыққан. Педагогика пәні қоғамның талабына сай өскелең жас ұрпақтың тәрбиелеу, білім беру және оқытудың жалпы заңдылықтары мен ерекшеліктерін зерттейді. Т.А. Ильина педагогика – тәрбие туралы ғылым ретінде тәрбиенің мәнін анықтау, түсіндіру, тәрбиенің өзіне тән ерекше заңдылықтарын көрсету, қоғамның, жеке адамның мүддесіне сай болуын, ықпалын айқындау, танып білу деп дәлелдеген. Педагогикалық ұғымдардың бірі – тәрбие. Тәрбие дегеніміз адамдарды қоғамдық өміргі және өнімді еңбекке дайындау мақсатын көздеп, жаңа ұрпаққа, қоғамдық тарихи тәжірибені беру процесі болып табылады. Тәрбие – белгілі жоғары мақсатқа бағытталған процесс; жас ұрпақтың рухани-дене күштерін дамыту; ғылыми-материалмстік дүние тануды қалыптсатыру, қоғамға сай ережелерді меңгеру; қоғам өміріне, қоғамдық өндірістің белгілі саласына қатысуға дайындығы болу міндеттерін қамтиды. Білім беру деп табиғат және қоғам жайлы ғылымдар жинақтаған білім жүйесін жеке тұлғаның меңгеруін және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуін айтады. Бұл ұғымды тұңғыш рет еңгізген швейцар педагогы Иоганн Генрих Песталоции. Оқыту – бұл оқушы мен мұғалімнің мақсатты түрде өзара әрект жасау үрдісі. Бұл үрдістің барысында білім беру, тәрбие беру және адамның дамуы, оның білім алуы жүзеге асырылады. Жеке адамның дамуы – бұл ішкі және сыртқы, басқарылатын, басқарылмайтын факторлардың ықпалымен жеке адамның қалыптасып жетілу үрдісі. Жеке адамның дамуына жетіліуне мақсатты түрде жүргізілетін тәрбие мен оқыту шешуші роль атқарады. Қазіргі қоғамның әлеуметтік және ғылыми-техникалық прогресі үздіксіз білім алу принципі негізінде халық-ағарту жүйесін қайта құруды талап етіп отыр. Сондықтан «өздігіне білім алу» заңдылығы, оның мазмұны қазіргі қоғам дамуының қажеттілігіне айналды. Осыған орай педагогиканың анықтамасының құрамына: «тәрбие», «білім беру», «оқыту» ұғымдарымен қатар «өздігінен білім алу» ұғымын аламыз. Өздігінен білім алу – бұл адамның мақсатқа бағытталған арнайы міндет көздеген жұмысы, өздігінен білім алу адамның өзі қызығатын мәселеге байланысты ізденіп, қажетті білімді меңгеруі, сонымен қатар, арнайы радио, телехабарды тыңдау арқылы білімін жетілдіру болып табылады. Сонымен бірге адамның «жетілуі», «дамуы», «өзін-өзі тәрбиелеу» ұғымдармен бүгінгі педагогикада өзінің зерттейтін проблемаларының шеңберін толықтырады. Жеке адамның қалыптасуында өзін-өзі тәрбиелеудің маңызы зор. Өзін-өзі тәрбиелеу – адамның саналы түрде, белгілі бір мақсат көздеп өзінің бойына қалыптастыратын қасиет, мінез-құлық дағдысына бағытталған жұмыс. Педагогиканың міндеттері: Үздіксіз білім берудің бірынғай жүйесін жасау. Халық ағарту жүйесін, оқу-тәрбие үрдісін интеграциялау, гуманитарландыру, интеллектуалдандыру, индивидуализациялау және демократияландыру, ғылыми теориялық прициптерін ашу. Қоғам өміріндегі тәрбиенің ролі мен жеке адамның қалыптасуы туралы оқушылардың жеке тұлға ретінде танымдық ерекшеліктерін ескеру, қоғам дамуы мен жеке бастын өзара қарым-қатынасы жайындағы теориялық мәселелерді айқындау. Білім беру мазмұнының ғылыми негіздерін жасау, жалпы, политехникалық және кәсіптік білім беру арасындағы қатынасты анықтау, оқу-тәрбие процесін оптималдандырудың тиімді әдістерін ашу, ғылыми практикалық мәнін көрсету. Оқыту үрдісін «технологияландыру», оны оқыту үрдесіне еңгізу. Халық педагогикасының педагогиа ғылымындағы орнын, жүзеге асырылу жолдарын айқындау, ұлтымыздың ерекшеліктерін білім мазмұнына еңгізу. Қоғамдағы мұғалімнің әлеуметтік орнын және оқу-тәрбие үрдісіндегі ұстаздық ролі мен маңызын көрсету және елімізде үздіксіз педагогикалық білім берудің мазмұнын жасау, өздігінен білім алудың ғылыми- практикалық негізін айқындау жатады. Педагогика ғылыми пән ретінде және өзінің тарихи даму барысында мынадай салаларды қамтиды: 1. Жалпы педагогика – барлық жастағы жас ұрпақтың оқуы мен тәрбиесіне ортақ негізгі заңдылықтары мен принциптерін зерттейді. 2. Мектепке дейінгі педагогика – мектеп жасына дейінгі жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу заңдылықтарын зерттейді. 3. Мектеп педагогикасы – мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеу мен оқытудың заңдылықтары мен ерекшеліктерін, оны ұйымдастыру жолдарын қарастырады. 4. Жоғары мектеп педагогикасы – жоғары оқу орындарындағы оқитын жастарды тәрбиелеу мен оқытудың заңдылықтарын зерттейді. 5. Арнаулы педагогика бірнеше салаға бөлінеді: - сурдопедагогика – саңырауларды оқыту және тәрбиелеу педагогикасы; - тифлопедагогика – соқырлар мен көзі нашар көретіндерді оқыту мен тәрбиелеудің заңдылықтарын зерттейтін педагогика; - олигофренопедагогика – ақыл-ойы кемшіл балаларды оқыту мен тәрбиелеудің заңдылықтарын зерттейді; - логопедия – тілінің кемісі бар балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселелерін зерттейді. 6. Педагогика тарихы - әртүрлі тарихи дәуірлердегі педагогикалық идеялар мен тәрбиенің даму тарихын зерттейді. 7. Оқыту әдістемесі - әртүрлі оқу пәндерін оқыту әдістемесінің негізгі заңдылықтары мен ерекшеліктерін зерттейді. Педагогика ғылымының пайда болуы мен дамуы. Педагогикалық ойлардың дамып жетілуі ертедегі шығыс елдерінің (Египет, Вавилония, Үнді, Қытай) философиялық жүйесінде қалыптасып, ежелгі грек философиясының өкілдері Сократ (469-399), Платон (427-347), Аристотель (384-322), Демокрит (460-370) еңбектерінде саясат, тәрбие, мемлекет, жеке адам туралы құнды пікірлерімен жалғасын тапты. Құлдық қоғам дәуірінің ойшылдары Платон және Аристотель тәрбие мен оқытуды мемлекет тарапынан ұйымдастыру керек деп есептей отыра, құлдардың балаларына білім беруге қарсы болды, дене еңбегі құлдардың төл ісі деп санады, тәрбиенің мақсатын өздері өмір сүріп отырған қоғамдағы мемлекеттің саяси міндеттерімен ұштастыруға тырысты. Дегенмен де олар өздерінің философиялық еңбектерінде падагогикаға қатысты адамдардың рухани өмірінің кейбір заңдарын ашты, тәрбие қызметінде басшылыққа алуға қажет болатын бастапқы бірқатар ережелерді қалыптастырады. Қайта өрлеу дәуірінде (XIV-XVI ғ.) оқу-тәрбие мәселелері жайында “гуманистік” бағыт қалыптасты. Олардың қатарында социал-қиялшылдар француз жазушысы Франсуа Рабле (1494-1533), ағылшын Томас Мор (1478-1535), италяндық Томаззо Кампанелла (1568-1639) педагогикалық ойдың көрнекті өкілдері болды. Олар жаңа дәуір үшін жаңа адам қажет деген көзқарасты ұсынды. “Гуманист педагогтар балаларға дене тәрбиесін, эстетикалық тәрбие, математика, астрономия, механика, жаратылыс ғылымдарын оқыту арқылы білім беруді талап етті. Олар баланы бағалауды жақтады”. Педагогика ғылымының философия шеңберінен өз алдына дербес ғылыми пән болып қалыптасуына айырықша үлес қосқан чех халқының ұлы педагогы Ян Амос Коменский (1592-1671). Оның “Ұлы дидактика” атты ғылыми еңбегі – педагогика теориясындағы тұнғыш шығармалардың бірі. “Ұлы дидактика” – Я.А. Коменскийдің педагогикалық жүйесінде толық және дәлелді түрде баяндалған шығарма. Бұл еңбекте ақыл-ой, адамгершілік тәрбиесінің мәселелері, сондай-ақ ұлы педагог ұсынған жаңа мектепті ұйымдастыру мәселелері зерттелді. “Осыдан келіп ол орта ғасырлық мектеп тәртібіне қарсы шықты, мектеп балаға сүйіспеншілікті, адамгершілік жақсы қасиеттерді тәрбиелейтін “адамгершілік шеберханасы” болуға тиіс деген көзқарасты ұсынды. Педагогика ғылым ретінде дамудың ұзақ жолдарын өтті. Қоғамның дамуымен бірге оның бала тәрьиесі жөніндегі тәжірибесі, ойлауы да өсті. Педагогикалық теорияның дамуына одан әрі үлес қосқан “прогресшіл” көзқарастың өкілдері: ағылшын ойшылы Джон Локк (1632-1704), француз ойшылдары Клод Адриан Гельвеций (1715-1771) мен Дени Дидро (1713-1784), француз жазушысы, ағартушы-философы, революционер Жан Жак Руссо (1712-1778), швейцарияның педагог-демократы Иоганн Генрих Песталоции (1746-1827), неміс педагогі Адольф Дистерверк. XVIII ғасырдағы философ-ағартушылары сияқты педагогикалық ойлардың дамуына нәтижелі үлес қосқандар XIX ғасырдың социал-қиялшылдары Клод Анри Сен-Симон (1760-1825), Шарль Фурье (1772-1837), Роберт Оуэн (1771-1858). Олар өз дәуірндегі капиталистік қоғамды сынап, адамды адам қанау жойылатын жаңа социалистік қоғамды аңсады. Россиядағы педагогика ғылымының және орыс халық мектебінің негізін қалаушы К.Д. Ушинскийдің “Балалар әлемі”, “Ана – тілі”, “Педагогикалық антропология” атты құнды еңбектері орыс педагогикалық әдебиетінің баға жетпес классикалық шығармалары болып есептеледі, әрі оның бұл еңбектері педагогика ғылымының алтын қорына қосылды және дүние жүзіне әйгілі де болды. “К.Д. Ушинскийдің педагогикалық пікірінің ең негізгі мәні - әрбір елде халықтың мақсат-мүддесіне, мұқтажына сәйкес өзіндік ағарту жүйесі болу керек деген халықтың идеясында еді”. Прогресшіл орыс педагогтарының идеялары қазақ халқының ағартушы қайраткерлерінің әлеуметтік-саяси, философиялық және этикалық көзқарастарының қалыптасуына әсерін тигізді. Халқымыздың ардақты ұлдары, ағартушы-ғалым Шоқан Уәлиханов (1835-1865), аса көрнекті ағартушы-педагог Ыбырай Алтынсарин (1841-1889) және ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбаев (1845-1904) өз елін прогресс жолымен алға қарай бастады. Олар қазақ халқының азабын жеңілдетудің бірбен-бірі жолы - өнер-білімді, мәдениетті жетілдіру деп біліп, сауатсыздық, теңсіздікпен күресіп, өз өмірлерін осы мұратқа жетуге арнады. Қазақ халқының біртуар ұлдары Ахмет Байтұрсанов, Мағжан Жұмабаев және Жүсіпбек Аймауытовтың педагогика саласындағы еңбектері өз алдына бір дәуір. Лингвист-ғалым, ағартушы педагог, тамаша ақын, әрі қоғам қайраткері А. Байтұрсыновтың ағартушылық жайындағы ой-пікірлері мен көзқарасы, осы саладағы қызметі қазақ халқының рухани дүниесін көтеруде әлеуметтік мәні зор. Ол ағартушылық, ғалымдық қызметтеріне, мемлекеттік басқару-ұйымдастыру жұмыстарын ұштастыра білді. А. Байтұрсынов 1910 жылдардан бастап қазақ графикасымен айналысып, 1912 жылы араб жазуын қазақ тіліне икемделген нұсқасын, әлішбиін қазақ жұртшылығына ұсынды. Қазақ АССР-інің тұнғыш Оқу-ағарту комиссары, қазақ халқының ұлы ақыны Мағжан Жұмабайұлының педагогика саласында атқарған қызметі ұшан-теңіз. «Ересектерге» атты сауат ашуға арналған оқулық кітабы мен 1923 жылы Орынборда басылып шыққан «Педагогика» еңбегі қазақстандағы ағартушылық ісінде маңызы зор педагогикалық еңбектер. Ж, Аймауытов халық ағарту комиссариатында, педагогикалық оқу орындарында қызмет істей жүріп, жас ұрпақты жаңа рухта тәрбиелеуге, ғылымның әр саласынан жан-жақты білім алуға шақырған көптеген еңбектер жазды. Совет мектебінің ірге тасын қалауда, советтік педагогиканың негізін құрып, дамытуда аса көрнекті қызмет атқарған Анатолий Васильевич Луначарский (1875-1935), Надежда Констиновна Крупская (1869-1939), Михаил Николаевич Покровский (1868-1932) болды. Алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибе совет педагогикасының алғашқы кезінен-ақ қалыптасты. Бұл бағытта көрнекті совет педагогтері Антон Семенович Макаренко (1888-1939) және Василий Александрович Сухомлинский (1918-1970) өздері басқаратын тәрбие мекемелерінде оқу-тәрбие жұмысының коммунистік тәрбие теориясына негізделген жүйесін жасап, іс жүзіне асырды. Негізгі ұғымдар: педагогика, әдістеме, философиялық бастаулар, тәрбие, әлеуметтену, педагогика салалары. Өзін-өзі тексеру сұрақтары: Осы заманғы педагогиканың дамуы қандай әдіснамалық шарттарға негізделеді? Педагогика жүйесіне енетін ғылыми салалардың түрі мен олардың мазмұны қандай? Педагогиканың негізін салушы ғалымда кімдер және олардың идеялары қандай болды? Ұсынылатын әдебиеттер: Әбиев Ж.,Бабаев С.,Құдиярова А. Педагогика.-А. 2004 Р.С. Немов Учебник для студентов высших пед. учебных заведений. Т2. (Психология образования) – М.,2003 Бабанский Ю. Педагогика. –М.,1988 Педагогика: Педагогикалық жоғары оқу орындары мен педагогикалық колледждер студенттеріне арналғаноқулық / Ред.басқ. П.И.Пидкасистый. – Алматы: Қазақ университеті, 2006 Бержанов К., Мусин С. Педагогика тарихы. А., «Мектеп», 1984 Мадин И.Б. Қазақстанда совет дәуіріндегі педагогикалық ой-пікірдің дамуы. А., «Мектеп», 1979 Алтынсарин Ы. Таңғдамалы шығармалары. А., 1995 Ушинский К.Д. Толық шығармалар жинағы, 8-том, 1950 2-тақырып: Ғылыми – педагогикалық зерттеу әдістері Әдіснама ғылыми таным әдістері туралы философиялықілім ретінде. Эксперименталды-эмпирикалық деңгей әдістері. Теориялық деңгей әдістері. Әрбір ғылым өзінің дербес методологиясын, зерттеу әдістерін жасайды. Педагогиканың да өзіне тән ғылыми-зерттеу әдістері бар. Б ұл әдістерді зерттеуші әрбір педагогикалық құбылыстың ерекшеліктеріне сәйкес қолданады. Тәрбие мен оқытудыңнәтижесі тек қана мұғалімнің тиімді әдістердіқолдана білуі мен педагогикалық шеберлігіне байланысты емес, ол оқушылардың қабілеттілігіне, Жан-жақты дамуына, және осы сияқты толып жатқан факторларға байланысты. Басқа дәл ғылымдарға (физика, математика,химия ) қарағанда педагогикалық құбылыстарды зерттеудің өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, дәл ғылымдар бойынша экспериментті қайталап жүргізуге болады. Егер бұрынғы жағдай ескеріліп, сол кезеңдегі материалдар пайдаланылса, эксперименттің нәтижесі өзгермейді. Алпедагогика ғылымы бойынша экспериментті қайталап жүргізу тиімді нәтиже бермейді. Себебі педагогикалық зерттеудің объектісі- баланы тәрбиелеу. Сондықтан педагогикалық процеске ішкі және кейбір сыртқы факторлар( даму процесінде оқушыда пайда болатын өзгерістер, әлеуметтік және микроортада кездесетін түрлі жағдайлар және т. б. ) әсер етеді. Міне, осы тұрғыдан қарағанда ғылыми –педагогикалық зерттеу әдістері баланың денсаулығына зиян келтірмейтіндей және оқу-тәрбие процесін жетілдіру бағытында қолданылуы қажет. Әдіснама, әдіс пен теория әрқашан бір-бірімен тығыз байланысты. Теория педагогикалық құбылыстардың кез-келген әдіснамасының негізі болып табылады және сол әдістеменің көмегімен табылған фактілер арқасында кеңейеді. Теория- таным процесінің нәтижесі, ал әдіснама болса осы танымға жету мен оны құру тәсілі болып табылады. Бұл- теориялық және практикалық ғылыми-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру мен құрастырудың негізі мен тәсілдер жүйесі, бұл- осы жүйені тану жолы. Әдіснама дегеніміз әдістер туралы ілім, оларды зерттеушінің ойлау сипатын, оның танымдық процесінің дамуының жолын анықтаушы ретінде қарастыру керек. Оқыту, тәрбиелеу мен дамыту теориялары педагогика ғылымы әдістерінің негізгі мазмұнын құрайды.Қазіргі уақытта таным әдістері, олардың қалыптасуы мен даму процесі, зерттеу объектісін тану мен өлшеудің анық ғылыми нәтиже бере алатын нақты әдістерін талап ететін деңгейге жақындап келеді.Сондықтан, ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістерінің даму мен жақсару процесі тұтас педагогикалық ғылымның дамуының ең басты құрамды бөлігі болып табылады. Ғылымның қазіргі әдіснамасында, соның ішінде педагогикалық әдіснамада, теорияның негізін құрайтын бірнеше компоненттер бар: а) факотлогиялық материялдың бастапқы эмпирикалық негізі, ол теориялық түсіндірмені талап етеді; ә) бастапқы теориялық негіз, ол зерттеу объектісін суреттейтін алғашқы жорамалдардан, аксиомалардан, болжамдардан және теориялық ыңғайлардан тұрады; б) теорияның логикасы мен құрылысы; в) эмпирикалық дәлелдері бар теориялық пайымдаулар жиынтығы; г) педагогикалық теорияны қалыптастырудың әдіснамалық негізі, ол дәріптелінген объект пен оның теориялық моделін суреттеумен байланысты. Зерттеу әдістері педагогикалық ғылым дамуының басты құрамды бөлігі болып табылады. Педагогикалық ғылым мен тұтас педагогикалық білімнің дамуы педагогикалық зерттеу әдістерінің даму деңгейіне байланысты. Ғылыми нәтижелердің анықтығы алғашқы ақпараттарды алудың жолдары мен тәсілдеріне және зерттеу әдістерінің сенімділігіне байланысты. Кез-келген педагогикалық зерттеу белгілі ғылыми білімдерді дәлелдеу емес, ол- жаңа білімдерді табу процесі. Ол адамның зерттеу объектісі, заттар мен құбылыстардың мәнін ашуға бағытталған жан-жақты танымдық іс-әрекетінің бір түрі. 2. Педагогикада зерттеудің үш деңгейі бар: эмпирикалық, теориялық және әдіснамалық. Экспериментальді-эмпирикалық деңгей әдістерінің тұтас бір тобы бар (гр. Empeiria-тәжірибе) . 1.Бақылау әдісі. Бұл –педагогикалық мәселелерді зерттеуде жиі қолданылатын әдістердің бірі. Бақылау деп әдеттегі жағдайда педагогикалық құбылыстарды қабылдау арқылы тануды айтады. Ғылыми бақылау арнайы жоспар бойынша жүргізіледі. Жоспарда бақылаудың мақсаты мен міндеттері, объектісі( сабақ, экскурсия, лабораториядағы шеберханадағы, оқу-тәжірибе учаскесіндегі оқушылардың жұмыстары) , жүргізілу әдістері мен техникасы дұрыс көрсетілуі тиіс. Ғылыми негізде творчестволықпен жасалған жоспар зерттеу жұмысының нәтижелі болуына игі әсер етеді. Ғылыми бақылау зерттелетін педагогикалық құбылысты дұрыс және шын дәлдікпен жазып алуды талап етеді.Сондықтан бақылаудың нәтижесі зерттеушінің педагогикалық іскерлігіне, қабілетіне және оның жоғары дәрежелі сауаттылығына байланысты. Педагогикалық бақылау- бұл белгілі бір құбылысты ұзақ және жоспарлы түрде зерттеудің танымдық әдісі. Зерттелетін тақырыптың мақсаты мен мазмұнына қарап, бақылауды жаппай және ішінара жүргізуге болады. Оқу-тәрбие процесінде жалпы мәселелерді зерттеу үшін (сабақ үстіндегі оқушылардың таным іс-әрекеті, оқушылар зейінін белсендіру, балалар ұжымының іс-әрекеті және т. б. ) жаппай бақылау әдісі пайдаланылады. Жеке мәселелерді (кейбір оқушылардың кітаппен, картамен істейтін жұмыстарын, жеке оқушының мінез-құлқын бақылау) зертеу үшін ішінара бақылау әдісі қолданылады. Бақылау нәтижелері дұрыс шығу үшін зерттеуші түрлі формулаларды, кестелерді, фотосуреттерді, схемаларды, әсіресе техникалық құралдарды, киноға түсіру, магнитофонға жазу және т. б. кеңінен пайдаланылады. Бақылау материалдары арнайы күнделікке немесе протоколға жазылады. Бақылау әдісі арқылы педагогикпалық құбылыстың ішкіпроцесі жайлы толық сенімді мәліметтерді алуға болмайды. Бақылау әдісіне сүйеніп, оқушылардың сырттай мінез-құлқын, түрлі іс-әрекеттерін, сұрақтарға берген жауаптарын зерттеп жазып алуға болады. Осы жағдайлар ескеріліп, бақылау басқа әдістермен ұштастырыла жүргізіледі. 2.Әңгіме әдісі. Бақылау мәліметтерін әңгіме әдісі арқылы түскен материалдармен толықтырады. Әңгіме әдісін дұрыс қолдану үшін арнайы жоспар жасап, онда негізгі сұрақтар мен жанама сұрақтардың және әңгіме жасаудың әдістері мен тәсілдерінің нақты көрсетілгені жөн. Педагогикалық құбылыстарды анықтау үшін әңгіме мұғалім мен сынып жетекшілері, мектеп басшылары мен ата-аналар және басқа да қажетті адамдармен жүргізіледі. Әңгіме барысында зерттеуші жеке адамдардың дербес ерекшеліктерін еске алады. Кейде әңгімеге қатысушылар зерттеушінің сұрақтарына ойдағыдай жауап бере бермейді, керек десе, олар сақтанып, өздерінің ойын шын мағынада айтып беруден де бас тартады. Сондықтан әңгіме зерттеушіден үлкен дайындықты, зор шеберлікті, зейінділікті және әдептілікті талап етеді. Әңгіменің барысы протоколға жазылады. Кейде зерттелушіге елеусіз жағдайда әңгімені магнитофон арқылы жазып алуға да болады. Әңгіме әдісі эксперимент және бақылау әдісімен байланыстырылып жүргізілгенде ғана тиімді нәтиже береді. 3.Эксперимент. Эксперимент деп нақты жағдайды есепке алып, педагогикалық процесті әдейі зерттейтін ғылыми тәжірибені айтады. Педагогикалық эксперименттерге сүйеніп, зерттеуші оқытудың және тәрбиенің тиімді тәсілдері мен әдістерін, формалары мен мазмұнын тексереді. Экспериментті зерттеулердің нәтижелері әдеттегі жағдайда жүргізілетін педагогикалық жұмыспен салыстырылады. Сондықтан эксперимент мәліметтерін салыстыру үшін екі объект алынады. Олардың бірі- экспериментті, екіншісі- бақылау объектісі деп аталады. Педагогикалық экспериментті зерттеуші өзі жүргізсе активті эксперимент, ал зерттеушінің ғылыми жазба ұсынысы бойынша екінші бір Адам жүргізсе пассивті эксперимент деп атайды. Соңғы кезде педагогикалық зерттеулерде эксперименттің бірнеше түрлері қолданылып келеді. Олардың бірі- табиғи эксперимент-бұл сыныпта, бүкіл ұжымда оқу- тәрбие процесін бұзбай, педагогикалық мәселелерді зерттеу үшін әдеттегі жағдайларда жүргізіледі. Оқу мен тәрбиенің мазмұнын, ұйымдастыру формаларын, принциптері мен әдістерін жаңадан құру үшін – арнаулы эксперимент жүргізіледі. Педагогикалық құбылыстардыұқыптылықпен бақылау үшін сынып ұжымынан бір топ бала бөлініп алынады да, олармен арнаулы эксперимент жүргізіледі. Эксперименттің мұндай түрін- лабораториялық эксперимент деп атайды. 4. Оқушылардың жұмысын зерттеу. Оқушылардың жазба, бақылаужәне графикалық жұмыстары, суреттері, пәндер бойынша дәптерлері, әр түрлі тақырыптарға жазылған баяндамалары мен рефераттары және еңбек сабақтарында жасаған заттары зерттеушіні кейбір қажетті мәліметтермен қаруландырады. Осы құжаттар арқылы оқушылардың дербес қабілетін, оқуға және еңбекке көзқарасы мен қатынасы, олардың теориялық және практикалық дайындықтарын, осыған орай, мұғалімдердің де іс-әрекетін зерттеп анықтауға болады. Зерттеуші оқушылардың жұмысына жан-жақты талдау жасайды. Сабақ процесінде оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуінің, олардың жаппай және дербес орындайтын жұмыстарын ұштастырып жүргізудің және осы сияты дидактикалық мәселелерді қолданудың тиімді жолдарын іздестіреді. 5.Анкета. Бұл арнайы іріктелген танымдық сұрақтар мен олардың мүмкін деген жауап варианттарының қатал логикалық құрылысы. Анкета мүмкін деген бірнеше жауаптары бар жабық сұрақтардан тұрады. Егер анкетадағы сұрақтардың жауаптары болмаса, онда ол ашық сұрақтар деп аталады. Жабық сұрақтарға қарағанда ашық сұрақтарға статистикалық талдау жасау қиынырақ. Анкета әдісі көбінесе адамдардың бір-біріне, оқиғаларға, іс-әрекет, пікірлерді зерттеу түрлеріне деген қатынасын анықтау үшін қолданылады. 6. Педагогикалық құжаттарды зерттеу білім беру жүйесі қызметінің негізгі бағыттарының жағдайы мен даму тенденцияларын көрсетеді. Оқу жоспарлары, бағдарламалары, оқулықтар, оқу-әдістемелік оқу құралдары, мұғалімдердің сабақ жоспарлары, жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің, колледждердің оқу- тәрбие бағдарламалары мен жоспарлары, сынып журналдары, мұғалімдердің есеп беруі, оқкшыларды оқыту, тәрбиелеу мен дамытудың мазмұндық компоненттері тіркелетін басқа да құжаттар зерттеудің ең маңызды негіздері болып табылады. Мектеп іс-әрекетінің нәтижесіне баға беру үшін тестердің, емтихандардың, бақылау жұмыстарының, шығармалардың, эсселердің, жобалардың, суреттердіңерекшелігін зерттеудің маңызы зор. Бұл зерттеушіге мектептің іс жүзіндегі іс-әрекетінің шынайылығын анықтауға, себеп-салдарлық байланыстарды, оқушы жеке тұлғасының дамуына әсер ететін факторларды айқындауға мүмкіндік береді. 3. Теориялық деңгей әдістері. Ғылыми танымның екінші деңгейі – теориялық деңгей. Ол зерттеушіге зерттеу әдістері мен ғылыми нәтижелер арасындағы себеп-салдарлық тәуелділікті айқындауға, эмпирикалық деректерден теориялық қорытындыларға көшу барысындағы педагогикалық заңдылықтарды анықтауға көметеседі. Теориялық деңгей әдістері: 1. Әдебиет көздерін зерттеу зерттеудің бастапқы құрамды бөлігі болып табылады. Бұл кез-келген ғылыми іс-әрекеттің алғашқы кезеңі. Зерттеуші ғылымның осы саласында оған дейін қандай мәселелер зерттелгенін анықтау үшін, зерттеу мәселесінің бұрынғы мен қазіргі жай-күйін және оған қатысы бар барлық мәселелерді түсіну үшін таңдап алған тақырыбы бойынша әдебиеттермен танысуы қажет. Зерттеу мәселесі бойынша әдебиеттерді білу зерттеуші мәдениетінің, оның ғылыми адалдығы мен зерттеу нәтижелерінің құндылығының шарты болып табылады. Ғылымның зерттеліп отырған саласының жай-күйі мен дамуын тану үшін зерттеуші әр түрлі педагогикалық бағыттар, көзқарастар, ғылыми мектептер, отандық және шетелдік баспалардың арасынан өзіне керекті әдебиетті таңдап алып, көптеген авторларға ортақ және білім беру процесіндегі заманға сай тенденцияларды анықтайтын жалпыны табуы қажет. Әдебиеттерді зерттеу кезінде оларға талдау жасау, оларды салыстыру, теңестіру, жалпыға ортақ ғылыми әдістерді анықтау сияқты жұмыстар жүргізіледі, ол қоршаған болмысты тануда үлкен рөл атқарады. Әдебиет көздерін зерттеу әдісі ғылыми танымның белгілі бір кезеңіндегі зерттеудің нақты мақсаттар мен міндеттерімен анықталады. Бұл әдістің қажетті әдебиеттерді іздеу, әдебиет материалдарына алдын-ала талдау жасау, оқу мен жазып алу техникасы скеру, тақырыптық белгілері бойынша жеке картотеканы құру, әдебиеттерді бір жүйеге келтіріп қолдану, әдебиеттерді зерттеу сияқты сатылары бар. 2. Талдау мен синтез. Талдаудың эмпирикалық материалды механикалық бөлу; тұтастың құрамындағы элементтердің өзара қатынасы формаларын анықтау; білім құрылысын ашу; зерттеу объектісінің сипаты мен динамикасын айқындау сияқты түрлері бар. Талдау элементарлы сипатта болуы мүмкін, бұндай талдауда элементтердің бір біріне және тұтастай бастапқы жүйеге қатынасы айқындалмайды. Сондай-ақ ол қатыстық-қисынды сипатта болуы мүмкін, мұндай талдауда элементтердің бір-біріне қатынасы көрініс табады. Талдау барысында зерттеу нәтижелерін бағдарламалар, кестелер, жоспарлар, жүйелер түрінде жинақтауға болады, бұл ретте аулақтату ережесі қолданылады, яғни күрделі пікір болған жерде оның құрамды сөйлемдері де болуы керек. Конъюнкция (лат. сonjuction – одақ, байланыс) ережесін де қолдануға болады, бұл ереже бойынша екі немесе одан да көп пікірлерді бір күрделі сөйлемге біріктіруге болады. Талдау мен синтез диалектикалық түрде бір-бірімен тығыз байланысты, «талдау» термині көбінесе зерттеу процесін тұтастай зерттеу кезінде қолданылады. Cондай-ақ белгілі бір нәтижелері бар деректерге жүйеге кірерде және одан шығарда талдау жасап, салыстыруға болады. 3. Абстракциялаудың (дерексіздендіру) екі түрі бар: талдап қорыту және жекелеп бөлу. Талдап қорыту – көптеген бірыңғай заттар мен құбылыстардың жалпы, бірдей белгілерін анықтау. Жекелеп бөлу – бір затты немесе құбылысты зерттеп, талдау үшін зерттеушіге қажетті бір қасиетін бөліп алу процесі. Дәріптеушілік – дерексіздендірудің бір түрі, оны ғылыми танымның жеке тәсілі ретінде қарастыруға болады. Дәріптеушілік процесі барысында зерттеуші ой жүзінде заттың барлық шынайы қасиеттерінен бас тартып, оның мазмұнына іс жүзінде мүмкін немесе жаңа түсінік пен белгі береді. Дәріптелген объектінің зерттеушіге теория жүзінде шынайы объектілерді зерттеу мен санада сақтауда тигізер пайдасы мол. 4. Тұжырым жасаудың индуктивті және дедуктивті әдістері; бұл әдістің көмегімен эмпирикалық деректер қорытындыланып, жекеден жалпыға қарай және керісінше жалпыдан жекеге қарай қисынды салдарлар айқындалады. 5. Ұқсастыру әдісі заттар мен құбылыстардың жалпылығын айқындау үшін қолданылады. 6. Теория жүзінде мүмкін жағдайдың, құбылыстың немесе заттың моделін жасау әдісі. Модельдеу – зерртеу объектісі өзімен ұқсастық қатынастағы басқа бір объектімен алмастырылатын зерртеу әдісі. Бірінші объект түпнұсқа болады да екінші объект оның модкелі болады. Зерттеуші модельді зерттеп, алған нәтижелерін ұқсастық және үйлестік заңы бойынша түпнұсқаға көшіреді. Модель және модельдеу әдісі түпнұсқаны зерттеу қиын немесе мүмкін емес болғанда немесе түпнұсқаны зерттеу үлкен қаражат шығынын талап еткен жағдайда қолданылады. Модель мен түпнұсқа арасында белгілі бір ұқсастық болу керек. Мұндай ұқсастық зерттеушінің модельді зерттеу кезінде алған ақпараттарын түпнұсқаға көшіруге мүмкіндік береді, ал көшіру үшін ұқсастықтың, талдау мен синтездің әртүрлі формалары қолданылады.Модельдің физикалық табиғаты түпнұсқаның физикалық табиғаты сияқты болу керек (түпнұсқаның толық көшірмесі болған модель модель бола алмайды). Модельдің түпнұсқадан айырмашылығы оны зерттеу оңай, алайда оның бойында модельге де, түпнұсқаға да тән негізгі сипаттары мен өлшемдері болуы қажет. Модель ұқсастық ретінде түпнұсқа, оны жетілдіру, қайта құру және оны басқару туралы білімді зерттеу, сақтау және кеңейту үшін қолданылады. Модельдеу ауызша, логикалық, физикалық, математикалық, заттық, белгілік болады. Модельдің түрін таңдау таным зерттеу объектісінің күрделілігіне байланысты. 7. Болжау әдісі зерттеушінің қатысынсыз педагогикалық жүйе немесе білім беру жүйесінің қозғалысын көрсету үшін қолданылады. Зерттеу нәтижесінде алынған нақты ғылыми деректерді сандық көрсеткіштерге, кестелерге, графиктерге, сызбаларға, диаграммаларға, формулаларға, түсініктер мен заңдарға айналдыру үшін зерттеушінің ойлау абстракциясының жоғары деңгейі мен дәрежесі қажет. 8. Математикалық және статистикалық әдіс педагогикалық құбылыстар мен олардың сапалық өзгерістері арасындағы сандық тәуелділікті анықтау үшін қолданылады. Бұл әдіс зерттеу жиынтығын өңдеу үшін, байланыс пен ықпал ету көрсеткіштерін есепке алу үшін, өз ара тәуелділікті айқындау үшін, әр түрлілік көрсеткіштерін бөлу деңгейін анықтау үшін, орташа арифметикалық қате мен оның мөлшерін айқындап, осы мөлшерді бөлу дәрежесін (дисперсия), орташа квадраттық ауытқуларды, әр түрлілік коэффициенттерін есептеу үшін қолданылады. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің жоғарыда аталып өткен әдістері таным іс-әрекеті құралдарының ішіндегі бірегейлері ғана. Зерттеудің бұл әдістері нақты зерттеу міндеттерін шешуде қолданылатын ең негізгілері. Халық ағарту жүйесі тәрбие мен білім берудің барлық салаларына ғылыми болжам жасау мақсатында және негізгі проблемаларды ғылыми-теориялық, практикалық жағынан терең талдау үшін педагогика ғылымында мынадай зерттеу әдістерінің жүйесі қолданылады. Педагогикалық байқау - тәжірибе деректерін жинау мақсатын көздейтін әдіс. Бақылауды ұйымдастыру оның мақсатына , нысананың нақты жағдайына байланысты алдын-ала құрған жоспар бойынша жүргізіледі. Мысалы, мектеп жағдайында бақылауды ұйымдастыру, сабақ үрдісінде, қоғамдық-пайдалы істерде оқущылардың белсенділігін, мінез-құлық ерекшеліктерін т.б. анықтауда қолданылады. Әңгімелесу әдісі. Педагогикалық зерттеу әдіс ретінде өз алдына дербес қолданылады және байқау әдісімен толықтырылып отырады. Әңгіме әдісі куні бұрын белгіленген жоспар бойынша анықталуға тиісті зерттеу мақсаттарына сай жүргізіледі. Әңгімелердің барысы, мазмұны толық баяндалады, қорытындысы жасалады. Интервью алу әдісі әңгімелесудің бір түрі ретінде социологиялық зерттеулерден ауысқан. Әңгімелерден айырмашылығы – интервью алған кезде алдын ала белгіленген сұрақтар, әңгімелесушінің жауаптпры жазылып алынады. Сауалнама әдісі зерттеліп отырған педагогикалық мәселеге, құбылысқа байланысты көпшілік пікірін білу мақсатында алдын ала тыңғылықты дайындаған сұрақтарға жазбаша жауап беру жағдайында жүргізіледі. Ол көпшіліктің жауабын салыстырмалы түрде материалдарды анықтау негізінде атқарылады. Мектеп құжаттарын зерттеу әдісі. Бұл әдіс оқушының жеке іс қағаздарын, медициналық карталарын, класс журналдарын, оқушы күнделіктерін, жиналыстар мен мәжілістердің протоколдарын оқып үйрену, талдау, жинақтау мақсатан көздейді. Педагогикалық эксперимент әдісі деп педагогиканың зерттеу әдістнрінің қорытындысына сүйеніп, тұжырымдардың дәлелдігін анықтау мақсатында жүргізілетін әдіс. Түрлері: табиғи эксперимент күнделікті өмір жағдайына үйымдастырылса; лабораториялық эксперимент арнайы жасалған жағдайлар негізінде жүргізіледі.Эксперименттің басқа да зертттеу әдістерінен айырмашылығы – оның қорытындысы және нақты, объективті нәтижесінің болуында. Кибернетикалық және математикалық әдістер педагогикалық құбылыстардың өзара сандық байланыстарын, олардын өлшемін, сапалық ерекшеліктерін айқындау үшін қолданылады. Бұл әдіс эксперименттік зерттеулердің сандық деректеріне статистикалық өңдеу үшін қажет. Негізгі ұғымдар: ғылыми зерттеу әдістері, ғылыми дәлел, заңдылық, ғылыми ақпараттың анықтығы, жүйе, модель. Өзін-өзі тексеру сұрақтары: Әдіснама - ғылыми таным әдістері туралы философиялық ілім ретінде. Эксперименталды-эмпирикалық деңгей әдістерінің өзіндік ерекшеліктері қандай? Теориялық деңгей әдістері. Ұсынылатын әдебиеттер: Әбиев Ж.,Бабаев С.,Құдиярова А. Педагогика.-А. 2004 Р.С. Немов Учебник для студентов высших пед. учебных заведений. Т2. (Психология образования) – М.,2003 Бабанский Ю. Педагогика. –М.,1988 Педагогика: Педагогикалық жоғары оқу орындары мен педагогикалық колледждер студенттеріне арналғаноқулық / Ред.басқ. П.И.Пидкасистый. – Алматы: Қазақ университеті, 2006 3-тақырып: Дидактика білім беру және оқыту теориясы. Дидактика пәні және категориялары. Оқыту процесінің ерекшеліктері. Педагогикалық процестің құрылымы. Оқыту процесі, тәрбие процесі секілді педагогиканың аса бір маңызды саласы. Оның ғылыми анықтамасы – дидактика немесе оқыту теориясы деп аталады. Дидактика (didaktikos) деген ұғым грек тілінен алынып, оқыту немесе үйрету деген мағынаны білдіреді. Педагогикада бұл ұғымды тұнғыш рет еңгізген неміс педагогы В. Ратке (1571-1635) болды. Оның пайымдауынша дидактика оқытудың теориялық негіздерін зерттеумен айналысатын ғылыми пән. Дидактиканың зерттейтін пәні – ол білім беру мен оқытудың теориясы мен практикасы, басқаша айтқанда, білім беру мен оқыту процестерінің заңдылықтары мен ерекшеліктері. Сонымен бірге дидактика білім беру мен оқытудың мазмұнын, оқыту принциптерін, оқытудың ұйымдастырудың формалары мен әдістерін қарастырады. Дидактиканың міндеті: «нені оқыту» және «қалай оқыту керек» (Я.А. Каменский бойынша) – деген сұрақтарға дәлелді жауаптар беру. Сондықтан да дидактиканың қарастыратын негізгі мәселелері: оқыту процесінің мәні мен оның заңдылықтарын ашу; оқытудың білімділік мазмұнын анықтау; оқытудың негізгі қағидалары, яғни принциптерін белілеу; оқытудың тиімді әдістері мен ұйымдастыру формаларын анықтап, олардың түрлерін жасау. Дидактиканың категориялары: білім беру, оқыту, оқыту принциптері, оқыту процесі және оның негізгі компоненттері: мақсаты, міндеттері, мазмұны, формалары, әдістері, құралдары, оқытудың нәтижесі. Оқыту – қоғамдық қүбылыс. Себебі, оқытудың мақсат, міндеттері және оның мазмұны мен әдістері туралы мәселелер қоғамның қажеттілігінен туындап, тарихи дамып, қоғам дамуының барлық кезеңдерінде мектеп алдына қойылған міндеттерді қарастырып отырады. «Процесс» деген ұғым – бүл ілгері қарай қозғалыс, бір ізділік әрекеттің заңдылығын көрсететін түсінік. Оқыту білімді, біліктілік пен дағдыны меңгертетін, оқушыларда дүниеге ғылыми көзқарасты қалыптастыратын, олардың дүние танымы мен шығармашылық күш-қайраты және қабілетін шыңдап дамытатын процесс. Л.В. Занков оқыту – оқушының жалпы рухани дамуын қамтамасыз етуі қажет дейді. Оқыту – дидактикалық процесс болғандықтан, болашақ мұғалім оның өзіне тән психологиялық, педагогикалық ерекшеліктерін білуі өте қажет. Оқыту – мақсатты процесс. Оның мақсат, міндеттері мен мазмұны және ұйымдастырдағы амал-тәсілдері тек қоғамның талабымен, қажеттілігімен байланысты туындап, өзгеріп, жаңарып отырады. Оқыту – таным процесі. Себебі, оқыту барысында оқушыда білмеуден білуге қарай ілгері қозғалыс болады. Оқушының білім алуда ілгері қарай басуына себепкер болатын негізгі күш – түрлі қайшылықтар. Бала білмеуден білуге басқанда, әртүрлі қайшылықтар мен қиындықтарға кездеседі, оларды шешу, жеңу нәтижесінде оқу міндеттері жүзеге асырылады. Баланың оқуына күшті әсер ететін себептердің бірі- мотивтер. Мотивтер деп – белгілі әрекетке итермелейтін бағыттайтын себепті айтады. Оқушының мотивтері оның қажеттері мен қызығуларына байланысты болады. Бала жақсы оқу үшін – білімнің өмірге керек екенін түсінуі және сол білімге қызығуы қажет. Оқытудың міндеті – оқушыны табиғат, қоғам және адам дамуының жалпы заңдылықтарымен қаруландыру. Оқушы дүние тануда ғылыми жаңалық ашпайды, ол бұрын ғылымда белгілі болған, зерттеліп дәлелденген фактілерді, заңдылықтар мен қағидаларды ұғынады, өзінің күнделікті практикасында қолданады. Оқытуда ғылым негіздерін оқып үйренудің өзі, ғылым тарихымен, оның әдістерімен танысу, ұлы ғалымдардың өмірі мен қызметі жайлы ақпарат алады және мұғалімнің білімі мен мәдениет дәрежесі оқушылардың жеке басының қалыптасуына үлкен тәрбиелік ықпал етеді. Прагматистер Д. Дьюидің басшылығымен оқыту процесінің мәнін айқындауда, оқыту барысында бала өзі өмір сүріп отырған қоғамдық құрылысқа бейімдей алса болғаны – деген пікірді ұсынады. Сондықтан, олар оқытуды баланың, тек қана өзінің, білімдерін жетілдіру, жүйелі түрде кеңейту және тереңдету процесі деген қағиданы дәлелдейді. Оқыту – даму негізі. Бұл ретте көрнекті психолог Л.С. Выготскийдің мына сөздерін еске алғн жөн. Жақсы окыту деп, ол – баланың дамуынан ілгері жұретін, оны жетекке алатын оқытуды айтады. Л.С. Выготский баланың кешегі күнгі дамуына емес, ертеңгі күні дамуына керек деп ескертеді, осыған орай, ол – бала дамуының «екі зонасы» болатынын айтады. «Бірінші зона» – бала дамуының қазіргі қол жеткен сатысы, осыған қанағаттанып қоймай, мұғалімнің оқушыларды болашақтағы дамудың ең жақын сатысына («екінші зонаға») жеткізуге міндетті екендігін айтады. Оқыту – екі жақты процесс. Оқыту процесі оқушы мен мұғалімніңөзара бірлесіп жасайтын әрекетінен тұратын күрделі әрекет. Себебі, оқыту – мұғалімнің білім берудегі жетекші әрекеті болса, оқу – баланың өзінің танымдық, практикалық әрекеті. Оқыту – жоспарлы процесс. Мұғалім оқушылардың жалпы рухани дамуын жүйелі қамтамасыз етуі үшін оқыту процесін жоспарланған, ұйымдастырылған түрде жүзеге асырады. Оқушы білімді қысқартылған, педагогикалық тұрғыдан өзгертілген жолмен мұғалімнің және арнайы жазылған оқу құралдарының көмегіне сүйене отыра меңгереді. Сонымен бірге, оқыту процесі оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отыра, таным қызметінің формасы мен әдістерін соған орай отырады. Оқыту – бұл күрделі процесс. Ол тұлғаға білім беру, тәрбиелеу және ақыл-ойы мен шығармашылық қабілетін, яғни біліктілігі мен дағдысын дамыту негізінде жұзеге асырылады. Бұның мәнісі, жеке тұлғаға біртұтас ықпал жасауды көздейді. Осыған орай, оқыту процесінің бірінші қызметі – оқушыларға білім беру. Білім беру, біріншіден, ғылым негіздеріне сай оқушыларды нақты фактілермен, қағида және тұсініктермен, заңдылықтармен қаруландыруды міндеттесе, екіншіден солардың негізінде, дүниедегі әртүрлі құбылыстарға олардың ғылыми көзқарасын тәрбиелеу. Екінші қызметі – тәрбиелеу. Оқыту процесі барысында оқушыларды теориялық білімдер жүйесімен қаруландырып, жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастырып дамыту. Тәрбие процесі дұрыс ұйымдастырылған жағдайда оқытудың барысына қолайлы ықпал етеді, соның негізінде тұлғаның танымдық қызметі мен оқуға деген қызығушылығы артады. Үшінші қызметі – дамыту. Оқыту барысында оқушыларға білім беру, оларды тәрбиелеу негізінде тұлғаның ақыл-ойы, сана-сезімі, шығармашылық қабілеті т. б. Көптеген тұлғалық қасиеттерінің дамуына, біліктіліктері шыңдалып, қабілеттерінің артуына оң әсер етеді. Яғни, тұлға жан-жақты қалыптасып дамиды. Негізгі ұғымдар: дидактика, білім беру теориясы, білім беру, оқыту, оқу, оқыту принциптері, оқыту процесі, мақсаты, міндеттері, мазмұны, түрлері,әдістері, құралдары, оқытудың нәтижесі. Өзін-өзі тексеру сұрақтары: Дидактика қандай мәселелерді қарастырады? Оқытудың ғылыми негіздерін атап көрсетіңіз? Оқыту процесінің құрылымын және оның буындарын сипаттаңыз. Ұсынылатын әдебиеттер: Әбиев Ж.,Бабаев С.,Құдиярова А. Педагогика.-А. 2004 Р.С. Немов Учебник для студентов высших пед. учебных заведений. Т2. (Психология образования) – М.,2003 Бабанский Ю. Педагогика. –М.,1988 Педагогика: Педагогикалық жоғары оқу орындары мен педагогикалық колледждер студенттеріне арналғаноқулық / Ред.басқ. П.И.Пидкасистый. – Алматы: Қазақ университеті, 2006 4-тақырып: Оқыту процесінің құрылымы және кезеңдері. Оқыту процесінің құрылымы. Оқыту процесінің негізгі кезеңдері. Оқыту процесінің алдына қойған мақсат-міндеттерін жүзеге асыру белгілі бір тәртіппен, нақтылы жүйемен жүзеге асырылады. Мұнжай жүйені оқыту процесінің құрылымы деп атайды. Оқыту процесі тек мұғалім мен оқушылар арасындағы оқу әрекетінен құралмайды, сонымен бірге оқытудың басқа да элементтері бар. Олар мыналар: Оқытудың мақсаттылығы. Мұнда мұғалімнің оқылатын тақырыптың мақсат-міндеттерін айқын қарастыруы көзделеді. Оқытудың мазмұны. Жас ұрпақты ғылымның жетістіктерін меңгеруді, білімдерін дамытуды міндеттейді. Оқыту формалары мен тәсілдері. Оқыту мазмұнын қандай амал-тәсілдермен, нақтылы практикалық жолдармен меңгеруді баяндайды. Оқыту нәтижесін талдау және бағалау. Мұғалімнің және оқушының оқу әрекетінің құрылымын бірлесе отыра сараптама жұмыстарын жүргізуі, оқушылардың оқу әрекетінің сапасына көзқарасын білдіріп, бағалап және білім деңгейін тексеріп отыруы. Оқушылардың өзін-өзі қадағалап, тексеріп отыруы. Мектеп тарихының бастапқы кезеңінен оқыту, білімдер жүйесін оқушылардың меңгеруі белгілі бір дидактикалық кезеңдерден тұрады: Оқушыға берілетін білім мақсаты мен қажетін түсіндіру және оларды әрекетке бағыттайтын мотивтерді туғызу. Осыған орай оқу міндеттерін анықтау. Оқушыға жаңа білімді баяндау және оны қабылдауға басшылық жасау. Оқушының білімді қабылдауы және оның санасында жаңа білімнің қорытылып, ғылыми ұғымдар мен тұжырымдардың қалыптасуына басшылық ету. Берілген білімді бекітуге басшылық ету. Білімді практикада қолдануға басшылық ету. Оқушының білім мен дағдысының сапасы және деңгейін есепке алу, тексеру және бағалау. Ұйымдастыру жағынан алғанда, дидактикалық әр кезеңнің өзіне тән ерекшелігі болады. Білім алудың мотиві мен мақсатын анықтау. Қандай да болмасын адам әрекеті мотивтен туындап, белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталады. Сол секілді оқушының білім алудағы әрекеті де мотив пен мақсатқа сәйкес іске асады. Мотив - әрекеттің себебін, оны неге жасау керектігін; мақсат - әрекеттің нәтижесі қандай болуға тиісті екенін анықтайды. Баланың оқудағы негізгі мотивінің бірі – қызығу. Оқу жұмысының жемісті болуы, ең алдымен, балада білімге деген қызығушылықты туғызуға байланысты. Оның өзі оқуға талпынбаса, күшпен зорлап оқытуға болмайды. Қызығуды туғызу үшін берілетін білімнің мақсаты мен қажетін түсіндіріп, оларға нақты оқу міндеттерін қойып және анықтап беру қажет. Жаңа оқу материалын қабылдау. Оқушының білімді меңгеруі жаңа оқу материалын қабылдаудан басталады. Қабылдау – адамға тікелей әсер ететін заттардың, құбылыстардың адам санасында бейнелену процесі. Білімді терең меңгеру үшін оқу материалын қабылдау жеткіліксіз болады. Бұл оқушылардың білім мазмұнын түсініп, ұғынуы және белсенді де терең ойлау әрекетінің нәтижесінде ғана іске асады. Ұғыну – бұл саналы түрде ғылыми білімді, заңдылықтарды ұғу, фактілерді жинақтау процесі, қорытынды шығару. Ұғыну процесінде оқылатын материал терең ойластырылады, дәлелденіледі және бекітіледі. Білімді бекіту. Бекіту- бұл оқушылардың берік ұғынуының тиімді тәсілі. Сабақта жаңа материалды қабылдаудан кейін, бекіту әр түрлі практикалық, лабораториялық жұмыстары негізінде іске асады. Бекітудің бұдан да басқа тәсілдері бар: өткен оқу материалын бөліктерге бөліп қайталап отыру, есте қалдырудың тәсілдерін үйрету т.б. Білім мен дағдыны практикада қолдану. Білім мен дағдының сапасы мен нәтижесінің көрсеткіші практика. Егер оқушы білімді практикада қолдана алмаса, бұл оның білімді үстірт қабылдағандығынан, жете түсінбегенінен болады. Оқушылардың білімі мен дағдысын тексеру, оны талдау және бағалау. Оқытудың білім алудағы жетістіктерін, табыстарын талдап, айтып берудің және оны бағалаудың маңызы зор. Мұғалім мен окушы үшін мұндай жұмыс, кибернетикалық терминмен айқанда, кері байланыс болып табылады. Мұны мұғалім оқытудың әрбір кезеңінде іске асырады. Негізгі ұғымдар: оқыту процесі, жүйелілік, біртұтастық, кешенділік, оқыту процесінің кезеңдері. Өзін-өзі тексеру сұрақтары: Оқыту процесі дегеніміз не? Оқыту прцесінің екі жақты сипатын қалай түсінесіз. Білім алу мен оқытудың мәніне және құрылымына сипаттама беріңіз. Оқытудың білімдік, дамытушылық және тәрбиелік қызметіне қысқаша сипаттама беріңіз. Ұсынылатын әдебиеттер: Әбиев Ж.,Бабаев С.,Құдиярова А. Педагогика.-А. 2004 Р.С. Немов Учебник для студентов высших пед. учебных заведений. Т2. (Психология образования) – М.,2003 Бабанский Ю. Педагогика. –М.,1988 Педагогика: Педагогикалық жоғары оқу орындары мен педагогикалық колледждер студенттеріне арналғаноқулық / Ред.басқ. П.И.Пидкасистый. – Алматы: Қазақ университеті, 2006 5-тақырып: Оқыту заңдылықтары туралы түсінік.Оқыту принциптері. Оқыту заңдылықтары туралы түсінік. Оқыту пронциптері. Мектептегі білім берудің мазмұны. Оқыту процесін іске асыру белгілі бір заңдылықтарды меңгеру негізінде жүзеге асады. Құбылыстар мен процестер арасындағы дамуды сипаттайтын мәнді байланыс философияда заңдылық деп аталады. Оқыту процесінің заңдылықтары оның тұтастығын дәлелдейді. Педагогикалық процестің заңдылықтары Ю.К.Бабанский, И.Я.Лернердің,И.Ф.Харламовтың және И.П.Подласыйдың ғылыми педагогикалық еңбектерінде кең көлемде баяндалған. Оқыту процесінің заңдылықтарына: 1.Оқытудың мақсат-міндеттерінің қоғам талабынан туындап, сонымен бірге оның мазмұны мен амал-тәсілдері және ұйымдастыру формаларының өзгеріп, жаңартып, толығып отыруы заңды процесс болып табылады. 2.Оқытуда оның білім беру, тәрбиелеу және даму қызметтерінің өзара байланысты болуы заңдылық. 3.Оқыту процесінде баланың таным белсенділігі артады, ақыл-ой қабілеті дамиды, ғылыми ұғымдарды, олардың мәнін, ерекшеліктерін түсініп, меңгереді. 4. Оқыту – тәрбиенің негізгі құралы. Сондықтан оқытуда тұлғаның жеке басының қалыптасып дамуы да заңды процесс. 5. Оқыту барысында әрбір тұлғаның жас және дара ерекшеліктерін ескеру, соған байланысты таным әрекетін ұйымдастырып отыру да заңдылық боп есептеледі. 6. Оқытудың адам және табиғаттың жалпы даму заңдылықтарына байланыстылығы. Оқыту принциптері дидактиканың негізгі буыны. Принцип (латын сөзі) – бастапқы, негізгі деген ұғымды немесе, басшылыққа алатын идея, негізгі ереже, талаптар деген мағнаны білдіреді. Оқыту принциптері кездейсоқ құрылмайды, оларды қалыптастыруда белгілі бір дәуір, тарих жатыр. Солардың негізі алғаш рет Я.А. Коменский, Ж.Ж. Руссо, И.Г. Песталоци және К.Д. Ушинскийдің еңбектерінде тұжырымдалған. Оқытудың ғылымилығы принципі. Оқыту процесінде оқушыларды ғылыми біліммен қаруландыру мектептің аса маңызды міндеті. Себебі, мектептегі оқыту, білім беру негізгі ғылыми жүйеде жасалған. Онда әрбір ғылымның пайда болуы, тарихы, даму заңдылықтары түсіндіріледі. Сонымен бірге, ғылыми мысалдар, фактілер тәжірибемен байланыстырылып қарастырылады. Оқытудың жүйелілігі мен бірізділігі принципі. Бұл пртнциптегі өзекті мәселе оқылатын оқу материалын белгілі реттілікпен оқушыларға жеткізуді қамтамасыз етіп, дамытуды және оны әрбір оқушының саналы меңгеруін қарастырады. Әрбір сабақ барысында қойылған оқу міндеттерін оқушылардың түсініп, оқу материалын логикалық тұрғыда жүйелі қабылдауын мақсат етіп көздейді. Оқытуда теория мен практиканың байланыста болуы принципі. Бұл принциптің міндеті оқытуда оқушылар жаңа теориялық білім алып қана қоймай, сол алған білімдерін өмірде қолдана білуін қамтамасыз ету. Оқытудағы саналылық пен белсенділік принципі. Бұл принцип оқушылардың таным әрекеті мен оған басшылық жасауға бағыт беретін негізгі принциптерін бірі. Саналылық пен белсенділік принципін оқушылардың меңгеруінде, олардың оқуға деген қызығушылығын арттырудың маңызы ерекше. Оқытудың кқөрнекілік принципі. Оқушылардың дүние танымы негізінен көрнекілік арқылы жұзеге асырылады. Ол заттардың өзін немесе бейнесін, көлемін тікелей көріп байқауға мүмкіндік береді. Көрнекілік принципінің мақсаты оқылатын тақырыпқа сай оқушылардың білім көлемін тереңдету, қызығушылығын орнату және есте сақтау қабілетін шыңдау; мұғалімнің өз ойын оқушыларға нақтылы дәлелдеуі ұшін қолдануы. Оқытудағы білімнің беріктігі принципі. Оқытудың тиімділігін арттырып, сапасын жақсарту оқытудың негізгі принциптерінің бірі. Осы принципті ұйымдастыруға байланысты мынадай талаптар жүйесін ескерген жөн: оқушылардың алған білімдерін қайталап отыруды үнемі ұйымдастыру; сабақтар жүйесінде әр түрлі жаттығу жұмыстарын ұйымдастыру; оқушылардың білім сапасын есепке алу, тексеру және бағалау. Мұғалімнің басшылық ролі. Мектептегі оқу-тәрбие процесінде мұғалімнің қызметі ерекше. Ол оқу-тәрбие процесінің міндеттерін шешуші басты тұлға. Мұғалім ақушылардың дүниетанымын қалыптастырып, мәдени-рухани дамуына жүйелі басшылық жасайды. Ынталандыру принципі. Оқуға, білімге, мұғалімнің жеке басына деген, сондай-ақ оқу жұмысының барлық әдістеріне, түрлері мен формаларына оқушыларды ынта-ықылас болса, олардың оқу-таным әрекеті сенімді, ерікті, қуанышты болады. Сондықтан мұғалім, ең алдымен сабақтарын қызықты, тартымды, әсерлі етіп өткізуге міндетті. Гуманизациялау принципі – оқушыға деген ерекше сүйіспеншілікті, құрметті талап етеді. Балаға сенім артып, оның жеке басының қасиеттерін ескеріп, оқу-таным әрекетінің жемісті болуына қолайлы жағдайлар мен мүмкіндіктерді жасау керек. Оқу-тәрбие процесінде, сабақтарда балаларды қорқытпай, қысымшылық жасамай, керісінше, олармен жылы қарым-қатынас жасау міндет. Интеграциялау принципі – бұл жалпы білім мазмұның анықтауда, оқу бағдарламалары мен оқулықтарды жазып шығаруда ескеретін маңызды принцип. Интеграция - әртүрлі пәндердегі негізгі принциптері мен заңдылықтарды өзара тығыз диалектикалық бірлікте қарастыруды көздейді. Мектептегі білім беру мазмұны. Білім беру мазмұны дидактикалық категория ретінде «нені оқыту керек» деген сұраққа жауап бере келе, оқушыларды жан-жақты дамытудың негізін құрайды, олардың ойлау және таным адам баласы жинаған білімдер, біліктер мен дағдылардың жүйесін айтамыз. Білім беру жүйесі үш тірек негізінен құралған. Оған: Міндетті түрде халыққа жалпы білім беру. Политехникалық білім беру. Еңбекке баулу және кәсіптік білім беру. Жалпы білім беру негізінен үш түрлі мақсатты көздейді: біріншісі – табиғат, қоғам, адам, техника, өнер туралы ғылыми білім негіздерін меңгерту. Бұған ғылымдағы негізгі заңдылықтардан, фактілерден, жетекші ұғымдар мен идеялардан басқа, дүние-танымдық идеялармен сенімдер, практикалық білік пен дағды және ғылыми зерттеу әдістері мен ғылыми ойлау тәсілдері жатады. Екіншісі – оқушыларды практикалық іс-әрекетке, өз бетімен пайдалы еңбек етуге даярлау. Үшіншісі мақсаты – оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыруды көздейді. Оқушылардың ғылыми көзқарасы мен сенімдерін қалыптастыру оқу пәндерін оқытуда олардың танымдық және тәрбиелік мүмкіндіктерін тоғығымен пайдалануды керек етеді. Білім беру – қоғамдық мақсатты көздейді. Сол арқылы алдыңғы өткен аға ұрпақтың әлеуметтік маңызды тәжірибесі кейінгі ұрпаққа беріледі. Білім берудің мазмұны ең алдымен қоғамның мектеп алдына қоятын мақсаттары мен міндеттері арқылы анықталады. Сонымен бірге дидактикалық талаптар да ескеріледі, соның негізінде қандай білім қай сыныпта, қандай көлемде, қандай пәндер оқытылуы керектігі де белгіленеді. Мектептегі оқушыларға политехникалық білім беру мақсаты – көпсалалы ұқсас және өңдіріс, техника, технология негіздерінде, сондай-ақ еліміздің экономикасы, ауылшаруашылығын ұйымдастыруға сай бағытталған жан-жақты білімдер жүйесін меңгерту. Бұған қосымша казіргі кезеңдегі индустриалдық өндірістің негізін құратын автоматтандырылған және информатика механизмдерімен жұмыс істеу дағдыларымен қаруландыру, соған сай компьютерлік білім беру. Негізгі ұғымдар: заң, заңдылық, ұстаным, ішкі және сыртқы заңдылықтар Өзін-өзі тексеру сұрақтары: Оқытудың маңызды заңдылықтарын атаңыз. «Оқыту ұстанымы» мағынасы нені білдіреді? Мұғалім үшін оқытудың заңдылықтары мен принциптерін білудің маңызы қандай? Ұсынылатын әдебиеттер: Әбиев Ж.,Бабаев С.,Құдиярова А. Педагогика.-А. 2004 Р.С. Немов Учебник для студентов высших пед. учебных заведений. Т2. (Психология образования) – М.,2003 Бабанский Ю. Педагогика. –М.,1988 Педагогика: Педагогикалық жоғары оқу орындары мен педагогикалық колледждер студенттеріне арналғаноқулық / Ред.басқ. П.И.Пидкасистый. – Алматы: Қазақ университеті, 2006 Көшекбаев Н. Оқыту теориясы. А., «Мектеп», 1976 Сабыров Т.С. Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдары. А,«Мектеп», 1986 Сабыров Т.С. Болашақ мұғалімдердің дидактикалық дайындығын жетілдіру. А., 1999 Бержанов К.Б. Тәрбие мен оқытудың бірлігі. А., 1973 Махмудов М. Мектепте проблемалы оқытуды ұйымдастыру. А., 1981 Иванова Н.Д., Қозғамбаева М.Қ. Оқыту процесінің мәні. А., 1991 6-тақырып: Оқыту жұмысын ұйымдастыру формалары. Оқытуды ұйымдастыру формасы туралы түсінік. Оқытуда сыныптық-сабақ жүйесінің маңызы. Ұйымдастыру формасы – дидактиканың негізгі салаларының бірі ретінде оқыту процесінің міндеттерін іске асыруда қолайлы жағдайлар туғызады. Сонымен бірге ұйымдастыру формасында оқытудың мақсаты, мазмұны мен әдістері бірыңғай жүзеге асады. Оқытуды ұйымдастырудың формасы дегеніміз мұғалім мен оқушылардың оқу әрекетіне қолайлы жағдай жасау үшін арнайы ұйымдастырылған, белгілі тәртіппен өтілетін жұмыс. Оқыту жұмысын ұйымдастырудың тарихында оның негізінен үш түрлі формасы қалыптасқан: жеке-дара, топтық және кластық-сабақтық жүйе. Жекелеп оқыту жүйесі көне Афин елінде пайдаланылды. Мұғалім жеке оқушының орындаған жаттығу жұмыстарын тексеріп, тексті оқытып тыңдайтын, қалай оқу керектігін көрсететін, үй тапсырмаларын орындау амалдарын түсіндіретін, музыкалық құралдармен пайдалануды үйрететін. Революциядан бұрын қазақ еліндегі модалардың балаларды оқытуы да осы орта ғасырлық оқу жүйесіне өте ұқсас еді. Әр жастағы балалар молданың алдында жүгініп отырып, әр кітаптан оқыған. Сол сияқты XVII ғ. аяғында – XIX ғ. басында Англияда оқытудың «белль-ланкастер» жүйесі тарады. Оқытуды ұйымдастырудың бұл түрінің ерекшелігі, бір оқу жылында жас шамалары, білім дәрежелері әртүрлі, құрамы тұрақты емес оқушыларды жылдың қай мезгілінде болмасын оқуға қабылдап отырған. 600-ден астам оқушыны мұғалім сатылап оқытуды ұйымдастырған, түске дейін мониторларды оқытса, түстен кейін олар өз кезегінде жас шамалары кіші оқушыларға өздерінің мұғалімнен алған білімдерін үйретіп отырған. Оқытуды бұлай ұйымдастыру нәтижелі болмады. Америка Құрама Штаттарында XX ғ. басында Дальтон қаласында пайда болған «дальтон-жоспар» деген атпен оқу жүйесі тұнғыш рет қолданылды. Бұл жүйенің ерекшелігі, оқу жеке дара, әрбір оқушының өз күшімен, белгілі бір бағдарламаларды бөлшектеп оқытуды ұсынды. Яғни сабақтарды өткізбеу, оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге үйретуді көздеді. Мұндай оқытуды ұйымдастыруда мұғалімнің басшылық рөлі төмен болды. Өмірдің өзі, өнер-кәсіптің, ғылым және техниканың дамуы кең көлемде білім беруді қажет еткенде, яғни тұрлі салаларда сауатты жұмысшылар, білімді мамандар қажет болғанда, оқытудың басқа жоғары дәрежеде білім беруге жарайтын түрлері пайда болды. Бұл жұйе сыныптық-сабақтық деп аталады. Оқытудың жаңа сыныптық-сабақ жүйесінің негізін қалаған Ян Амос Коменский болды. Ол өзінен бұрын өткен және қатардағы педагогикалық тәжірибелерді зерттеп, оқу ісін жүйелі ұйымдастыруды ұсынды. оқушыларды сыныпқа жас шамалары мен таным қабілеттерін ескере отыра топтастыру; сыныптағы оқушылар құрамының әркезде тұрақты болуы; жеке пәндері оқыту тұақты оқу кестелері арқылы жүйелі жүргізілуін қамтамасыз ету; оларды оқытуды оқу жоспарына, оқу бағдарламалары және оқулықтарға негіздеу; оқытуды жылдың тұрақты бір мезгілінде бастап, аяқтау; оқытуды ұйымдастыру тек мұғалімнің басшылығында жұргізілуін жатқызады. Сабақ – оқыту жұмысын ұйымдастырудың басты формасы болғандықтан, оның атқаратын қызметі мен оқыту процесінде алатын орны ерекше болады. Сабақта оқушыларға білім берумен қатар, олардың рухани адамгершілік қасиеттері мен ақыл-ой қабілеттерін дамыту мақсаттары көзделеді. Сабақ күрделі психологиялық және дидактикалық процесс, онда оқушылармен педагогикалық қарым-қатынас жасау және тәрбиелеу міндеттері іске асырылады. Оқыту жұмысын ұйымдастыру формалары. 1. Сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар жүйесі. 2. Сабақтың түрлері және оның дидактикалық құрылымы. Сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар жүйесі: 1. Сабақтың мақсаты айқын, мазмұны, жоспары және оның құрылымы алдын-ала белгілі болуы тиіс. 2. Сабақ оқыту принциптерінің ережелері мен талаптарына сәйкес болуы қажет. 3. Сабақтың ғылыми мазмұны оқушылардың жас және дара ерекшеліктеріне сай ұғынымды, түсінікті болуы керек. Сондай-ақ сабақта оқушылардың бойында іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру міндеті жүзеге асырылуы тиіс. 4. Сабақтың мазмұны оқытатын пәннің бағдарламасына сәйкес болуы және әрбір сабақ басқа сабақтар жүйесінің буыны болуы міндетті нәрсе. 5. Сабақта оқушылардың білімге ынтасы мен қызығуын арттыру үшін сабақтың құрылымы мен әдістерін түрлендіріп, көрнекі және техникалық құралдарды, түрлі ойындарды тиімді қолдану керек. 6. Сабақта оқушылардың белсенділігін арттыру үшін проблемалық ситуациялар туғызып, проблемалық міндеттер мен тапсырмаларды орындауға басшылық ету қажет. 7. Сабақтын сапасын жақсарту үшін мұғалім оқушылармен қарым-қатынас жасау шеберлігін арттырып отыруы керек. 8. Сабақта оқушыларға білім берумен қатар оларды өздігінен білім алудың әдіс-тәсілдеріне үйрету міндет. 9. Сабақ оқытуды «білім беру, тәрбиелеу және дамыту» қызметін біртұтастық принципке сай жүргізуі тиіс. 10. Сабақтың дидактикалық құрылымы немесе кезеңдері бірізділікте, бір-бірімен өзара байланыста, бірін-бірі толықтырып отырулары қажет. 11. Сабаққа дайындалу және оны өткізу барысында мұғалімнің сыныптағы, мектептегі нақтылы жағдайды ескеріп отыруы шарт. Қазіргі кездегі сабақты жетілдіру жұмыстарының ішіндегі негізгі мәселелерінің бірі – оның түрлері мен құрылымы. Мектеп практикасында бір типті сабақтар болмайды. Сондықтан оқыту жұмысын жүйелі әрі нәтижелі жүргізу үшін, оны топтастырудың мәні орасан зор. Сол себептен әрбір мұғалімнің сабақ классификациясын ойдағыдай білуі шарт. Сабақ классификациясы дегеніміз – сабақтарды құрылысы жөнінен топтастыру, түрге бөлу деген сөз. Сондықтан дидактикада сабақ классификациясын анықтауға айрықша маңыз береді. Мысалы, И.Н. Казанцев сабақты жіктеуді оқу материалының мазмұны мен дидактикалық мақсатына және өткізу әдісіне қарай белгілесе, С.В. Иванов оқыту процесінің ерекшеліктеріне қарай анықтайды, ал М.А. Данилов пен Б.П. Есипов сабақтың негізгі дидактикалық мақсаттарына қарай құрады. Дегенмен мектеп тәжірибесінде көптен қолданылып жүрген сабақ түрлерін И.Н. Казанцевтің жіктеуіне сәйкестігін байқаймыз. И.Н. Казанцев бойынша: 1. Алғашқы сабақ - әр пәннен оқу жылының басында өтетін сабақтар. 2. Кіріспе сабақ – бағдарламаның күрделі тараулары мен тақырыптарынан өтетін бірінші сабақ. 3. Жаңа білімді меңгеру сабағы – жаңа оқу материалды өтетін сабақ. 4. Пысықтау сабағы - өткен оқу материалын пысықтау сабағы. 5. Жаттығу сабағы – оқушылардың білімі мен дағдысын жаттықтыру сабағы. 6. Практикалық сабақ – оқушылардың алған білімін өмірде қолдану жолдарын көрсететін сабақтар. 7. Қайталау-қорыту сабағы - өткен күрделі тараулар мен тақырыптарды қайталау-қорыту сабақтары. 8. Тексеру сабағы – оқушылардың білімін тексеретін сабақтар. 9. Қорытынды сабақ – оқу жылының ақырында әр пәннің жылдық курсын қорыту сабақтары. Сабақ құрылымы деп сабақтың барысында оның құрамды бөліктерінің, кезеңдерінің бір-бірімен ұштасып, белгілі тәртіппен жүзеге асырылуын айтады. Олар мынадай болып келеді: Сабақты ұйымдастыру бөлімі (сабақтың тақырыбын белгілеп, оның мақсат, міндеттерін тұжырымдау). Сабақта үй тапсырмасын тексеру. Жаңа білімді немесе оқу материалын баяндау, түсіндіру. Жаңа білімді пысықтау, бекіту (ауызша, жазбаша жаттығулар жасау, практикалық және лабораториялық жұмыстар жүргізу). Қорытындылау (оқушылар білімін бағалау), сабақтың аяқталуы. Үйге тапсырма беру, оны түсіндіру. Негізгі ұғымдар: форма, жеке-топтық формалар, сыныптық-сабақтық жүйе, дидактикалық талаптар. Өзін-өзі тексеру сұрақтары: Сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар жүйесі қандай? Сабақтың түрлері және оның дидактикалық құрылымын талдаңыз. Ұсынылатын әдебиеттер: Әбиев Ж.,Бабаев С.,Құдиярова А. Педагогика.-А. 2004 Р.С. Немов Учебник для студентов высших пед. учебных заведений. Т2. (Психология образования) – М.,2003 Бабанский Ю. Педагогика. –М.,1988 Педагогика: Педагогикалық жоғары оқу орындары мен педагогикалық колледждер студенттеріне арналғаноқулық / Ред.басқ. П.И.Пидкасистый. – Алматы: Қазақ университеті, 2006 Көшекбаев Н. Оқыту теориясы. А., «Мектеп», 1976 Сабыров Т.С. Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдары. А.,«Мектеп», 1986 Сабыров Т.С. Болашақ мұғалімдердің дидактикалық дайындығын жетілдіру. А., 1999 Бержанов К.Б. Тәрбие мен оқытудың бірлігі. А., 1973 Махмудов М. Мектепте проблемалы оқытуды ұйымдастыру. А., 1981 Иванова Н.Д., Қозғамбаева М.Қ. Оқыту процесінің мәні. А., 1991 7-тақырып: Оқыту жұмысын ұйымдастырудың сабақтан басқа түрлері. Білім берудегі оқыту жұмысын ұйымдастырудың сабақтан басқа түрлерінің өзіндік ерекшеліктері. Мектеп оқушысының үй жұмысын орындауы. Оқыту жұмысын ұйымдастырудың сабақтан басқа түрлері: - семинар; - экскурсия; - факультативтік түрі; - сынақ; - үйдегі оқу жұмысы. Сыныптық-сабақ жүйесінің негізгі кемшілігі – оқушылардың дара ерекшеліктерін дамытуға жеткілікті мүмкіндіктердің болмауы – оқытуды ұйымдастырудың басқа жолдарын іздестіруге себеп болды. Сондықтан оқушылардың сыныптық-сабақтағы танымдық әрекетін дамыту, толықтыру және оқушылардың өзіндік шығармашылық белсенділіктерін, қабілеттерін арттыру мақсатында оқыту жұмысын ұцымдастырудың қосымша тұрлері қолданылады. Олардың қатарына семинар, экскурсия, факультативтік, қосымша, конференция сабақтары, өндірістік оқу, үйдегі оқу жұмысы, сынақ, емтихан т.б. жатқызуға болады. Семинар сабақтары көбінесе оқылған лекция тақрыбына байланысты негізгі өзекті мәселелерді талқылау, оқушылардың танымдық ойлау қабілеттерін дамыту, өзіндік шығармашылық белсенділіктерін шыңдау мақсатын көздейді. Тақырып сұрақтарына сай пікір алмасу, өз көзқарастарын дәлелдеу, мұғалімдерге оқушылардың оқу материалын қаншалықты меңгергенің, соған орай сенімдері мен түсініктерінің қалыптасқандығын бақылап, тексеріп, бағалап және бағыт-бағдар беріп отыруға мүмкіндік тұғызады. Семинар сабағына әзірлену кезінде оқушылар тезистер мен баяндамалар жазып, қосымша әдебиеттерді пайдаланады. Ұсынып отырған сұрақтарға қатысты ондағы бар негізгі ойларды қамтып, конспект құрады. Семинар сабағын өткізу барысында мұғалім проблемалық жағдай туғызып, талқыланып отырған сұрақтарға оқушылардың қызығушылығын оятады, олармен ақылдаса отыра оны талдаудың жоспарын құрады және ұжымдық ізденушілік әрекеттеріне қолайлы жағдай туғызады. Экскурсия жұмысының мақсаты – оқушылардың сабақта алған теориялық оқу материалын практикамен жалғастыру, бекіту.Экскурсия сабағын өткізу орнына: мектептің оқу алаңына, табиғат аясына, өндіріске, музейге бару т.б. нысаналар жатады. Оқыту процесін ұйымдастыру мұғаліммен зор ұйымдастыру жұмысын талап етеді. Экскурсия түрінде жақсы өткізілген әрбір сабақ оқушыларға нақтылы фактілер мен құбылыстарды жақсы оқып үйренуге, өз түсініктерін кеңейтіп, білімдерін бекітуге мүмкіндік береді. Экскурсия сабақтарында мұғалім оқушыларға оның тақырыбы мен мақсатын алдын-ала түсіндіреді. Соның негізінде оқушылар нақтылы заттарды байқап, оларға бақылау жасайды. Оқытуды экскурсия жолымен ұйымдастырудың үш түрі бар: Біріншісі – кіріспе экскурсия деп аталады. Ол сабақта күрделі тарау, тақырыптарды өтер алдында ұйымдастырылады. Экскурсияның бұл түрін бастауыш және орта алдын-ала өткізсе, олар үшін сабақ өте қызықты жағдайда болады. Екіншісі – іліспелі экскурсия деп аталады. Ол белгілі бір тақырыпқа арналып, сабақ барысында оның орта шенінде немесе өн бойында жүргізілуі мүмкін. Үшіншісі – қорытынды экскурсия. Ол күрделі тарау немесе тақырыпты өтіп болғанан кейін оқушылардың сабақтар жүйесінде алған теориялық білімдерін пысықтау, бекіту мақсатын көздейді. Оқыту жұмысын ұйымдастырудың факультативтік тұрі оқушылардың сұранысы мен қызығушылығымен негізінде әртүрлі пәндерге қатысты ұйымдастырылады. Оның қызметі көпжақты: оқушыларды ғылымға қатыстыра отырып, олардың дұниетанымын тереңдетеді және кеңейтеді, белгілі бір пәнге қатысты танымдық қызығушылықтарын тұрақты қалыптастырады. Оқушылардың пәнге бейімділігін ескере отыра, факультативтік оқуды олардың қалаған мамандықтарына сай психологиялық және практикалық дайындығын арттыру және кәсіби бағдарын қалыптастырудың нәтижелі формасы ретінде қолдануға болады. Ол оқудың жоғары ғылыми деңгейін қамтамасыз етіп, оқушылардың өзіндік білім алуы мен шығармашылық дамуына да ықпал етеді. Кітаппен, анықтама әдебиеттерімен, оқу-әдістемелік нұсқауларымен өз беттерінше жұмыс істеу дағдысын тәрбиелейді, приборлармен қарым-қатынасқа түсу, оларды орнықтыруда өзіндік ақыл-ой еңбегі мен практикалық біліктілікті қалыптастырып, эксперимент жұмыстарын жүргізу тәсілін меңгереді. Конференция ретінде өткізілетін сабақ түрі кейбір тақырыптарды тереңірек меңгерту, оның ғылыми дәрежесін көтеру мақсатында көздейді. Семинар сабақтарына қарағанда конференция түрінде өткізілетін оқу жұмысы ұсынылған әдебиеттер мен қасымша құралдардың көлемі кеңірек болады. Сынақ жұмыстарын жоғары сынып оқушыларына еңгізудегі мақсат – бағдарламадағы теориялық білімдерді күшейту, бекіту және оқыту процесінде оқушылардың жоғары белсенділіктерін, жауапкершілігін, дербестігін орнықтыру. Сынақ жұмыстары өзінің ұйымдастыру ерекшелігіне сай оқу жұмысынан тыс оқушылардың өздігінен білім алуын жалғастыруға ықпал етеді. Сынақ жұмысы, ереже бойынша бағдарламаның негізгі бөлімін, тарауын оқып болғанан кейін жүргізіледі. Мұғалім оның өткізу мерзімін, тақырыптары мен талқыланатын сұрақтарын оқушыларға алдын ала хабарлайды. Оларға жеке дара тапсырмалар беріліп, қосымша әдебиеттерді оқу тапсырылады және қосымша сабақ өткізіледі. Оқушылардың үйде өз беттерінше орындайтын оқу жұмыстыры сыныпта өткен сабақтардың жалғасы ретігде саналады. Оқушылардың үйдегі оқу жұмысын сыныптағы оқу жұмысымен жалғастырып, толықтырып отырса, онда олардың алған білімдері терең және берік болады. Оқушылардың оқу-танымдық әрекетін тексеру және бағалау. Оқыту процесінде оқушылардың білім, дағдыларын есепке алу, бақылау және бағалау оның аса қажет құрамдас бөлігі болып есептеледі. Бақылау – кең көлемде бір нәрсені тексеру деген мағынаны білдіреді. Бақылау оқыту процесінде оқушылардың оқу әрекетіне басшылық жасау қызметін атқарады, олардың творчестволық күші мен қабілетінің дамуына ықпал етеді. Бағалау – оқытудың құрамдас бөлігі және қорытындылау сатысы. Бағалау – бір нәрсенің деңгейін, сапасын, дәрежесін белгілеу. Білім және дағдыны бақылау және бағалау қызметіне тоқталамыз. Ол негізінен үш жақты сипатта болып келеді: білім беру, тәрбиелеу және дамыту. Бақылаудың білім беру қызметі негізінде оқушылар жаңа білімдерді қабылдайды, бұрын алған білімдерін толықтырып, жетілдіріп, белгілі бір жүйеге келтіреді. Тәрбиелік қызметі оқушыларды жүйелі түрде жұмыс істеуге үйретеді. Бақылаудың нәтижесінде олар күнделікті сабаққа үзбей дайындалады, жауапкершілік сезімдері артады. Дамыту қызметінің маңызы – оқушылар өз бетінше оқу тапсырмаларын орындауда жаңа білімдерді қабылдайды, қорытынды жасайды, баяндамалар әзірлейді, хабарламалар жасайды. Бағалаудың да қызметі үш топқа бөлінеді: хабарлаушылық, басқарушылық, тәрбиелеушілік. Бірінші топ өз алдына: белгілеп қоюшылық бағдарлаушы, бақылаушы болып келеді. Бұл топтың қызметі білім және дағдыны бағалауды, әрбір бағаның көрсеткіштері мен өлшемдеріне мұғалім мен оқушылардың арқа сүйеуі жағдайында іске асады. Екінші топ: ұйымдастырушылық, реттеушілік, дәлдеп түзетушілік болып келеді. Осы топты жүзеге асырудың қажетті шарты бағадағы көрініс тек қана оқытудағы қол жеткізілген нәтиженің мөлшері ғана емес, сонымен бірге сапасын белгілейтін көрсеткіш. Үшінші топ: қалыптастырушылық, дамытушылық, ынталандырушылық болып келеді. Бұл топтың қызметінің нәтижелі болуының кепілі, егерде баға оқытудың нәтижесін нақты бейнелей білсе. Күні бүгінге дейін оқыту саласында қолданылып жүрген білім, білік және дағдыны тексеру мен бағалаудың «5» балдық жүйесі оның сапасын, дәрежесін анықтап, белгілеуде барлық жағдайда объективтік тұрғыда қамтамасыз етпейді. Соның нәтижесінде қазіргі кезде жоғары оқу орындарында оқыту процесіндегі рейтинг-тестік жүйе оқу-таным әрекетінің сапасын анықтайтын бақылаудың жаңа түрі өмірге келді. Бұл жүйесінің ерекшелігі оқытушының педагогикалық әрекеті мен студенттердің оқу әрекетінің сапасын жақсартуға мүмкіндік түғызады, оқу процесінің барлық кезеңдерінде олардың білім, білік, дағды нәтижелерін тексеру, бақылау және бағалаудың тиімділігін арттырады. Рейтинг – «бағалау» немесе «жетістік өлшемі» деген ұғымды білдіреді. Тест – оқытудың белгілі бір бөлігін меңгеру дәрежесін өлшеуге бағытталған тапсырмалар жиынтығы. Бақылауда рейтинг-тестік жүйесін қолдану ерекшелігі, оқу материалдары логикалық тұрғыдан аяқталған бөлік, немесе тарау болып саналатын модульдерге біріктіріледі. Әрбір модуль нақтылы міндеттерден және өзбетінше тереңдетіп оқу тақырыптары мен тапсырмаларынан құралады. Рейтинг-тестік бақылау түрлеріне: күнделікті немесе ағымдық, аралық, қорытынды бақылау жатады. Күнделікті немесе ағымдағы бақылау әрбір модулдер бойынша жүргізіледі. Ол курстың белгілі бір тарулары немесе бөліктері, болмаса күрделі тақырыптары аяқталған кезеңде ұйымдастырылады. Аралық бақылау әрбір модульдер аяқталған кезеңде жүзгізіледі. Осы аралықта коллоквиум, реферат қорғау, өзіндік жұмыстарын қолдануға болады. Қорытынды бақылау : * Сынақ жұмыстары бақылаудың дәстүрлі тәсілдері арқылы жүргізіледі. * Емтихан тестік форма негізінде жүргізіледі. Қорытынды бақылауға тек күнделікті және аралық бақылау қорытындысын жинақтап орта есеппен 41% жоғары балл жинағында ғана жіберіледі. Негізгі ұғымдар: семинар, экскурсия, факультативтер, сынақ, үйдегі оқу жұмысы. Өзін-өзі тексеру сұрақтары: Білім берудегі оқыту жұмысын ұйымдастырудың сабақтан басқа түрлерінің өзіндік ерекшеліктері сипаттаңыз. Экскурссияны қалай жоспарлауға болады? Ұсынылатын әдебиеттер: Әбиев Ж.,Бабаев С.,Құдиярова А. Педагогика.-А. 2004 Р.С. Немов Учебник для студентов высших пед. учебных заведений. Т2. (Психология образования) – М.,2003 Бабанский Ю. Педагогика. –М.,1988 Педагогика: Педагогикалық жоғары оқу орындары мен педагогикалық колледждер студенттеріне арналғаноқулық / Ред.басқ. П.И.Пидкасистый. – Алматы: Қазақ университеті, 2006 Көшекбаев Н. Оқыту теориясы. А., «Мектеп», 1976 Сабыров Т.С. Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдары. А.,«Мектеп», 1986 Сабыров Т.С. Болашақ мұғалімдердің дидактикалық дайындығын жетілдіру. А., 1999 Бержанов К.Б. Тәрбие мен оқытудың бірлігі. А., 1973 Махмудов М. Мектепте проблемалы оқытуды ұйымдастыру. А., 1981 Иванова Н.Д., Қозғамбаева М.Қ. Оқыту процесінің мәні. А., 1991 8-тақырып: Тәрбиенің теориялық және әдістемелік негіздері. Тәрбие процесі, оның мәні мен өзіндік ерекшеліктері. Тәрбие заңдылықтары мен принциптері. Тәрбие жеке тұлғаның санасына, мінез-құлқының дұрыс қалыптасуына әсер ететін құрал. Тәрбие процесінде жеке тұлғаның сана-сезімі мен ақыл-ойына жұйелі түрде әсер етіп, оның дүние танымын қалыптастырады, ерік-жігері мен моральдық бейнесінің қалыптасуына ықпал етеді. Сондықтан, тәрбиенің мәні, біріншіден, қоғам үшін саналы, белсенді азаматты қалыптастыру болса, екіншіден, жеке адам үшін оны өмір сүре білуге, өзін қоршаған ортамен қарым-қатынас жасай білуге үйрету. Тәрбиенің қоғамдағы атқаратын қызметіне орай өзіндік ерекшеліктері бар. Тәрбие қоғамдық құбылыс. Өйткені, қоғамның материалдық жағдайының өсуі, идеалогиясының өзгеруімен байланысты тәрбиенің мақсат міндеттері, мазмұны мен оны ұйымдастыру тәсілдері толығып, жаңа жағдайға сәйкес жақсарып отырады. Тәрбие мақсатты процесс. Тәрбие мақсаты айқын әрі нақты өмір жағдайына сай белгіленсе ғана өз нәтижесін дұрыс береді.Тәрбие мақсаты қоғамның, мемлекеттің әл-ауқаты және оның саясатымен әрқашанда тығыз байланысты болады. Тәрбие – біртұтас процесс, себебі адам жеке тұлға ретінде тәрбиеленеді. Өйткені тұлғаның қалыптасып, дамуы тұтас процесс. Тәрбие ұзақ әрі күрделі процесс. Адам баласы туғаннан бастап, есейіп ержеткеге дейін тәрбиенің ықпалында болса, кейінгі уақытта ол өзін-өзі тәрбиелеу процесімен жалғасып отырады. Тәрбие – көпжақты процесс. Жасөспірімдері азамат етіп тәрбиелеу, қоғамдық пайдалы еңбекке әзірлеу процесіқоғамның барлық азаматтарының міндеті, жанұя, мектеп пен жұртшылықпен бірлесіп атқаратын ортақ мақсаты. Тәрбие процесін табысты, нәтижелі ұйымдастыру тәрбиешілерге, алдымен тәрбие заңдылықтарын жете түсінуді қажет етеді. Тәрбие заңдылықтарына: баланың үнемі жетілуі, даму жағдайында болуы, бұл – табиғи заңдылық; баланың өзінің түрлі әрекетінсіз және оның сыртқы орта мен табиғи қарым-қатынасынан тыс тәрбие болмайды; тәрбие мен дамудың бірлігі және өзара байланыстылығы; тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігі және өзара байланыстылығы; тәрбиеде бірыңғай дайын рецептің болмауы және оны қолдану мүмкін еместігі; қоғамның үнемі өркендеп дамуы, онда өмір сүріп отырған әрбір жеке адамның күш-қуатымен өмірлік позициясына тәуелді екендігінде, сондықтанда тұлға тәрбиесі , бұл заңды құбылыс. Тәрбие принциптері деп – тәрбие процесінде оның мазмұнын, ұйымдастыру тәсілдері мен формаларн жүзеге асыруда тәрбиешілердің пайдаланатын басты тәрбие идеяларының жиынтығы. Тәрбие принциптері: тәрбиенің мақсаттылығы – тәрбие үрдісіндегі тәрбиелік ықпалдар мен әрекеттер белгілі бір мақсатқа бағытталады. Мақсатқа сай тәрбие міндеттері анықталып, оны атқаруда жұмыстардың түрлері, мазмұны мен ұйымдастыру тәсілдері белгіленеді; тәрбиенің өмірмен, еңбекпен, қоғамдық құрылыс практикасымен байланыстылығы – мектептегі теориялық білімдерді оқушыларға меңгертуде оларды өмірмен байланыстыру, қоғамдағы болып жатқан өзгерістермен хабардар етіп, оған нақтылы көзқарастарын, сенімін орнықтыру, қоғамдық пайдалы еңбекке қатыстыру т.б. тәрбие мақсатының түпкі мүддесін көздейтін әрекеттерге араластыру; еңбек арқылы тәрбиелеу – баланы еңбек ете білуге, қадірлеп-қастерлеуге, оған деген жағымды көзқараспен қарым-қатынас қасиеттерін орнықтыруды, сонымен қатар қарапайым еңбек құралдарын пайдалана білу қабілеттерін сіңіру қажеттілктерінен туындайды; жеке тұлғаға талап қоюшылық пен құрметтей білудің бірлігі – бұл принциптің көздейтін мақсаты: оқушыларға қоғамдық мінез-құлық нормалары мен ережелерін саналы турде меңгертүді, жеке басына сеніммен қарап, белсенділігін арттыруды; балалардың жас және дара ерекшеліктерін есепке алу - әрбір жеке бала, ол өзінше бір өмір. Оның түсінігі, сенімі, көзқарасы, ақыл-ойының деңгейі бірдей емес, соған орай мінез-құлық ерекшеліктері мен адамгершілік қасиеттерінің сапасы да әр түрлі. Сондықтан тәрбие процесінде балалардың дара ерекшеліктерін ескерудің маңызы зор; тәрбиенің жүйелілігі, бірізділігі және үздіксіздігін қамтамасыз ету – тәрбие жұмысын нәтижелі жүргізудің тағы бір шарты, тәрбие мазмұны мен тәрбиелік әрекеттерді баланың жас шамасына сай біртіңдеп жүйелі түрде жүргізуді талап етеді; жеке тұлғаны ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу – мектептегі оқу-тәрбие жұмыстары ұжымдық әрекетке негізделген; тәрбте процесінде мектеп, жаңұя, жұртшылық әрекетінің бірлігі болуы – тәрбие процесінде мектеп пен жұртшылық әрекетінің бірлігін қамтамасыз ету, олардың жас өспірімдерге тәрбиелік ықпалын үйлестіру қажеттігінен туындайды. Негізгі ұғымдар: қоғамдық тәжірибе, тәрбие процесі, тәрбие заңдылықтары. Өзін-өзі тексеру сұрақтары: «Тәрбие» түсінігінің педагогикадағы анықтамасы қандай? Тәрбиенің жалпы заңдылықтары қандай? Ұсынылатын әдебиеттер: Әбиев Ж.,Бабаев С.,Құдиярова А. Педагогика.-А. 2004 Р.С. Немов Учебник для студентов высших пед. учебных заведений. Т2. (Психология образования) – М.,2003 Бабанский Ю. Педагогика. –М.,1988 Педагогика: Педагогикалық жоғары оқу орындары мен педагогикалық колледждер студенттеріне арналғаноқулық / Ред.басқ. П.И.Пидкасистый. – Алматы: Қазақ университеті, 2006 Ұзақбаева С. Эстетикалық және экономикалық тәрбие негіздері. –А.,1991 Фридман Л.М., Кулагина И.Ю. Психологический справочник учителя. – М.; 1991 Педагогикалық басшылық.БМ. Т1,1987 9-тақырып: Тәрбие әдістері. 1. Тәрбие әдістері, оның мәні мен қызметі. 2. Тәрбие әдістерінің түрлері. Тәрбиелеу әдісі дегеніміз – әлемге және өзінің жеке басына деген жоғары қарым-қатынасты қалыптастыру мақсатына негізделген педагог пен бала арасындағы іс-әрекеттерді ұйымдастыру моделі. Тәрбие әдістері – тәрбие процесінің маңызды әрі өте күрделі құрамдас бөлігі. Өйткені тәрбиенің мақсат пен міндеттеріне сай оның мазмұны тек әдістерді қолдану барысында жүзеге асады. Тәрбие әдістері деп тәрбиенің мақсат-міндеттеріне сай оқушылардың санасы мен ерік-күшіне ықпал ету, жағымды мінез-құлық нормаларын қалыптастыру және осы бағытта олардың іс-әрекеттерін ұйымдастыру, ынталандырудағы тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара бірлескен әрекеттерінде қолданылатын амал-тәсілдері мен құралдарының жиынтығы. Педагогика оқулықтары мен ғылыми зерттеу әдістерін зерттеу еңбектерінде тәрбие әдістерін жіктеуге байланысты ортақ пікір жоқ. Дегенмен де қалыптасқан тәжірибе бойынша әдістерді негізінен 3 топқа жіктейміз: 1. Жеке адамның санасын қалыптастыру немесе сендіру әдісінің маңызы тұлғаның сезім мүшелері арқылы оның ақыл-ойы, санасына ықпал ете отырып, өмірлік позициясын, көзқарасын, сенімін қалыптастыру. Ол үшін жас өспірімдерге жағымды мінез-құлық нормалары мен ережелерін түсіндіріп, адам, қоғам өмірінен тәжірибе, үлгі келтіре отыра, олардың әрекеттерін ұйымдастыру қажет. Өйткені тұлғаны қалыптастыруда ең алдымен оның ішкі жан дүниесінің, санасының дамуы ерекше орын алады. Бұл тәрбие әдістеріне негізінен әңгіме, әңгімелесу, дәріс, пікірталас өнеге жатады. Олар мазмұны жағынан танымдық, саяси, этикалық, эстетикалық тақырыптарды қамтиды. Осылардың ішінде ең көп қолданылатыны - этикалық әңгімелер. Бұның негізі мораль мәселелері бойынша жүргізіледі. Этикалық әңгіменің мақсаты оқушыларды қоғамдық өмірде болып жатқан оқиғаларға, іс-әрекеттерге, әртүрлі жағдайларға баға беруге, соның негізінде өзін қоршаған әлеуметтік ортаға адамгершілік көзқарасын, қарым-қатынасын қалыптастыру. Әңгімелесу сынып ұжымының өмірі мен оқушылардың мүддесіне сай тақырыптарды талдау, оған олардың белсене араласуын, қойылған мәселеге сын көзбен қарап, нақтылы қарытындылар жасау қажеттегінен туындайды. Тұлғаның идеялық сенімі мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда дәріс тәсілі қолданылады. Дәріс тақырыбы өмірдің, қоғамның, тіпті мектеп немесе оқушылар өміріне қатысты көлемі кең өзекті мәселелерді талқылауға арналады. Пікірталас ұйымдастыру әрі құрылымы жағынан өте күрделі боп келеді. Тәрбиенің басқа әдістерінен бұның ерекшелігі, оқушылардың жай тыңдаушылар қатарында емес, керісінше, қаралып отырған мәселеге олардың белсене қатысу жағдайында ұйымдастырылуы, оған ұжым болып пікір алмасуы, дербес ойлай білуге дағдылануы. Соның негізінде оларды сөйлей білуге, өз ойларын еркін жеткізіп дәлелдей білуге, жолдастарының пікіріне сын көзбен қарай білуге үйретеді. Қорыта айтқанда тәрбиенің сендіру әдістері тәрбиеленушілердің санасы мен мінез-құлқын қалыптастыруда, өзара байланыста тәрбие ұрдісінің аса маңызды міндеттерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. 2. Қоғамдық мінез-құлықты қалыптастыру, іс-әрекетті ұйымдастыру немесе жаттықтыру әдісінің маңызы, тұлғаның тек әрекетке ғана емес жеке басының жан-жақты қалыптасып және дамитындығында. Бұл топтағы әдістерге талап қою, жаттықтыру, тәрбиелік жағдай туғызу, тәрбиеленушілік тапсырма беруді жатқызуға болады. Жас ұрпақтың сенімін қалыптастыруда талап қоюдың қызметі ерекше. Талап қою: бүйыру, нұсқау, ақыл-кеңес беру, қадағалау амалдары арқылы тура немесе жанама түрінде атқарылады. Қоғамдық пікірді ұйымдастыру оқушылардың жалпы жиналыстарда, линейка және жиындарда, баспасөз беттерінде, дөңгелек столдарда, қабырға газеттерінде жүзеге асырылады. Қоғамдық пікірдің басқа әдістерден ерекшелігі, талқыланып отырған мәселеге сай соңынан міндетті түрде шешім қабылдануында. Үйрету – қоғам нормалары мен ережелерін орындауға баулу. Жаттығу – үйретудің алдына қойылған мақсатын жоспарлы түрде, әртүрлі әрекет барысында жүзеге асыру болмақ. Жаттығу барысында дағды қалыптасады. Үйрету – нақтылы өмір құбылыстарын ескере отыра, тәрбиешілік жағдайлар туғызып, оқушыларда соған арнайы жаттықтыру. 3. Мінез-құлық пен іс-әрекетті ынталандыру немесе мадақтау және жазалау әдістерінің маңызы тәрбиелік шаралардың сапасы мен тиімділігін арттырады, оларға баға беруді, баланың мінезіндегі теріс қылықтарын тежеуді көздейді. Тәрбие әдістерінің ішінде бұл әдістің түрі ықпалды әрі нәтижелі болып келеді. Өйткені бұған жататын мадақтау баланың мінез-құлық пен іс-әрекетіндегі бағалау және көтермелеуді, ынталандыруды мақсат етсе, жазалау ондағы жағымсыз қылықтары мен іс-әрекетіндегі келеңсіздікті түсіндіру, айыбын ұғындыру, оны сезіну, өзіне-өзі бақылау жасауға көмектеседі. Мадақтаудың тәсілдері – алғыс айту, құрмет грамотасымен марапаттау, бағалай сыйлық беру, қоғамдық мәні бар тапсырма беру, лидер етіп сайлау т.б. жатады. Мадақтаудың ерекшелігі бала өз мінез-құлқына дұрыс баға беріп, оны түсініп әрі дамытып, дұрыстығына сенімділігі артқан жағдайда ғана нәтижелі болады. Егерде керісінше болса, онда оның жауапкершілігі төмендеп, жағымды істерін жалғастыруға теріс ықпал етеді. Жазалау – балаға қоғамдық мінез-құлық нормалары мен оқушыларға арналған ережелерді мүлтіксіз орындауға сай талап қою, ескертпе жасау, оқушы тәртібін бағалауда төмен баға қою, ұжым алдына шығару тәсілдерінің жиынтығын құрайды. Ынталандыру әдістерінің ішінде маңызды орын алатын әдіске – жарыс жатады. Жарыстың мәні артта қалғандары алдыңғы қатарға тарту, әрекеттерді көтеруді қамтамасыз ету. Негізгі ұғымдар: әдістер, педагогикалық әсер ету, сендіру, үйрету, жаттықтыру. Өзін-өзі тексеру сұрақтары: Тәрбие әдістері, оның мәні мен қызметі қандай? Тәрбие әдістерінің түрлерін жіктеуге болатын критерилерді атаңыз. Тәрбиелеу кезінде көп жіберілетін қателіктер қандай? Ұсынылатын әдебиеттер: Әбиев Ж.,Бабаев С.,Құдиярова А. Педагогика.-А. 2004 Р.С. Немов Учебник для студентов высших пед. учебных заведений. Т2. (Психология образования) – М.,2003 Бабанский Ю. Педагогика. –М.,1988 Педагогика: Педагогикалық жоғары оқу орындары мен педагогикалық колледждер студенттеріне арналғаноқулық / Ред.басқ. П.И.Пидкасистый. – Алматы: Қазақ университеті, 2006 Айтмамбетова Б.Р. Тәрбие процесінің мәні және мазмұны. Тәрбие принциптері. А., 1991 Керімов Л.К. Қиын оқушылар және оларды қайта тәрбиелеу мәселелері. А., 1991 Айтмамбетова Б.Р. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. А., 1991 Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім тәрбиесі. А., «Санат», 1995 Болдырев Н.И. Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы. А., «Мектеп», 1987 10-тақырып: Жаңұя тәрбиесінің негіздері. Жаңұяның тәрбиесіне сипаттама. Жаңұя тәрбиесінің міндеттері мен ерекшеліктері. Отбасы бұл адамдардың әлеуметтік-педагогикалық тәрбие тобы, әрбір мүшенің өзін-өзі сақтау, ұрпақты жалғастыру және өзін-өзі сыйлау қажеттігінен туындайды. Отбасында адамның жеке басының қасиеті қалыптасады. Отбасы белгілі дәстүрлерден, жағымды өнегелердің, мұралардың сақтаушысы. Отбасылық тәрбие дегеніміз – ата-аналар мен туыстардың күшімен нақты отбасындағы қалыптасатын тәрбие мен білім берудің жүйесі. Отбасының негізгі міндеттері: баланың өсіп, дамуына толық жағдайлар жасау; балаға әлеуметтік-экономикалық және психологиялық қорғаушы болу; өз халқының этно-мәдениетінің тәжрибесін ауыстыру; баланың адамгершілігін дамытуға мүмкіндік жасау. Отбасылық тәрбиенің негізгі принциптері: өсіп келе жатқан адамға қайырымдылық және мейрімділік көрсету; балаларды отбасы өміріне еңгізу, ақылшы ретінде қарау; балалармен ашық және сенімділік қарым-қатынас жүргізу; талап қоюда жүйелік жасау; өзінің баласына шамасына қарай көмек жасау, сұрақтарға жауап беруге дайын болу. Отбасы – адамзат қоғамның ең шағын бейнесі. Қоғамда отбасы екі қызмет атқарады, оның бірі – дүниеге ұрпақ әкелу, екіншісі – дүниеге келген сәбиді тәндік жағынан дамытуды қамтамасыз етіп, өмір бойы рухани жағынан жетілдіріп, оны тұлға ретінде қалыптастыру. Отбасы тәрбиесі қоғамдағы өзгерістермен тығыз байланысты, сондықтан ол қоғам мүддесіне қызмет етуі тиіс. Отбасы ең алғашқы тұлғаны дамытатан әлеуметтік орта. Отбасында баланың тұлғалық қасиетіне ықпал ететін көптеген жағдайлар болады. Баланың отбасындағы тұлғалық қасиетін жетілдіретін жағдайдың бірі – отбасы ішілік және отбасынан тысқары атқарылатын еңбек. Отбасындағы күнделікті тұрмыс қажеттігін қамтамасыз етуден туындайтын еңбек баланы әлеуметтік қатынасқа түсіріп, оны ересек өмірге тәрбиелейді. Сондай еңбектің барысында баланың жауапкершілігі артып, еңбек ету қажеттігін түсінетін болады. Отбасында баланы еңбекке баулуда ата-аналар мына төмендегі жайларды ескеруі тиіс: еңбек әрекетінің негізгі мазмұнын айқындап алу; еңбектің қай түрімен айналасатынын алдын ала жоспарлау; еңбек етуге құрал-жабдықтарды дайындап, жұмыс жасауға қолайлы жағдай туғызу; шұғылданатын еңбек түріне сәйкес бағыт-бағдар беру, көмектесу, басшылық жасау; еңбек түрлеріне байланысты әдістемелік әдебиеттермен танысу; еңбек әрекетінің әдіс-тәсілдерін меңгеру, балаларға үйретудің тиімді жолдарын қарастыру; еңбек етуге баланың ынта-ықыласын, қызығушылығын үнемі арттырып отыру; баланың еңбек нәтижесіне назар аударып, мадақтап оны сыйға тартуға немесе пайдаға жаратуға бағыт беру; еңбектің бала жасына лайықты болуын, шектен тыс күш түсірмеуін қадағалау; күнделікті тұрмыспен, салт-дәстүрмен сабақтастыра отырып баланы еңбекке тәрбиелеу. Қазіргі тәрбие негізінде халықтың ғасырлар бойы жинаған асыл-мұрасы, үмітпен қанаттандыратын сарқылмас қазынасы – ұлттық тәрбие жарық жұлдыздай жарқырайды. Ұлттық тәрбиеде халық өзінің болашағына арнаған, асыл жүректе сақтаған тәрбиенің даналық шұмақтары, әрбір халықтың өзіне тән эталондық адамгершілік қасиеттері жатыр. Халықтық тәрбие - әрбір баланың жүрегінің кілтін тауып тәрбиелеу, жылы сөзбен түсіндіру, үлгі көрсету, жамандықтан тиым салу, иландыру, кейде қорқыту. Қорыта келгенде тәрбие отбасынан бастау алады. Халық тіршілігінде өзінің өміршеңдігін танытқан тәлім тәрбие қағидалары нәрестеге ана сүтінен дариды. Халықтық ұлттық педагогиканың негізгі мақсаты – болашақ ұрпақты адамгершілігі мол, инабатты, мейрімді, ізгілік қасиеттерді бойына сіңірген, өз ұлтын, халқын сүйетін азамат етіп тәрбиелеу. Ақыл-ой тәрбиесі. 1. Оқушылардың ақыл-ой тәрбиесі мен дамуы. Олардың өзара байланысы. 2. Ақыл-ой тәрбиесінің мақсат, міндеттері мен құралдары. 3. Ақыл-ой тәрбиесі және халықтық тәлім-тәрбие. Ақыл-ой тәрбиесі тәрбие жүйесінің маңызды бір құрамдас бөлігі. Себебі жеке тұлғаның қалыптасып дамуы оның білім алу және оқу әрекетерімен тығыз байланыста жүзеге асырылады, яғни баланың рухани дамуының негізі ақыл-ой тәрбиесінен басталады. Ақыл-ой тәрбиесінде, балаларға білім беру барысында олардың танымдық қабілеттері артады. Ойлау білуге, дұрыс ойлауға жастарды ерте кезден, жасынан машықтандырған абзал. Ол үшін, алдымен ой-орісін айналадағы қоршаған дүниені, табиғаты, қоғамды, сонымен қатар өзінің ойлау қабілетін тани бастаған жөн. Бұл бағытта отбасы, бала бақша, мектеп тіпті жоғарғы оқу орындарының ойлау қабілеті жетілмеген студенттерді кездестіруге болады. Оқытудағы негізгі міндеттің бірі – адамзат ғасырлар бойы жасап келген ұшан-теңіз материалдық және рухани байлықтарды игеру. Ой танымның жоғары сатысы бола отырып, сезімдік әсерленумен және практикамен ажырамастай байланысқа түседі. Жекелеген фактілерді немесе дүниедегі құбылыстарды қабылдай отырып, адам оларды ойша өңдейді және сөйтіп олардың әрқайсысының мәнісі мен өзара байланысын танып біледі. Ақыл-ой тәрбиесінің мақсаты: 1. Жеке тұлғаның сана-сезімі мен рухани жан дүниесін дамыту. 2. Адамзат жасаған материалдық және рухани байлықтарды меңгерту. 3. Оларды өмірде, практикада қолдана білуге үйрету, дағдыландыру. 4. Баланы лоникалық тұрғыда дұрыс ойлау білуге үйрету. Ақыл-ой тәрбиесінің міндеттері: 1. Оқушыларды қазіргі заман талаптарына сай ғылым негіздерімен терең және берік қарауландару. 2. Білім беру негізінде оқушыларда ғылыми-материалистік көзқарасты қалыптастыру. 3. Балалардың таным қабілеттерін дамыту. 4. Оқушыларды ғылымның кейбір қарапайым әдістермен таныстырып, өздігінен оқудың тиімді амалдарын меңгеруге үйрету. 5. Балалардың білімге қызығуын арттырып, олардың бойында өздігінен білім алуды қажетсінуді қалыптастыру. 6. Ақыл-ой еңбегінің жалпы мәдениетін қалыптастыру. Ақыл-ой тәрбиесін ұйымдастырудың негізгі құралы – мектептегі оқыту ғылымға негізделген оқу пәндері. Өйткені ақыл-ой тәрбиесі көздеген мақсат-міндеттер оқыту процесінде іске асады. Халықтың тәлім-тәрбие оның тұрмыс-тіршілігімен тығыз байланысты. Әр елдің тұрмыстағы әдет-ғұрпы, ой-санасы халық тағдырымен ұштасып жатады. Қазақ халқы өскелең жас ұрпаққа ақыл-ой тәрбиесін беруде, ой-санасын дамытуда ауыз әдебиетінің маңызы ерекше болған. Тұрмыстық-мәдени жағдайларға сай туып, қалыптасқан дүниетаным, білім, тәжірибе айтыс жанрларында, оның ішінде әсіресе жұмбақ айтыстарда, ауыз әңгімелерде, халқымыздың ой-қиялынан, сана-сізімінен тұған бата сөздерінде, өлең жырларында ерекше маңызға ие болған. Негізгі ұғымдар: жанұя, әлеуметтік орта, жанұя мүшелері. Өзін-өзі тексеру сұрақтары: Жеке тұлғаның қалыптасуында жаңұяның тәрбиесінің ролі қандай?. Жаңұя тәрбиесінің міндеттері мен ерекшеліктері Ұсынылатын әдебиеттер: Әбиев Ж.,Бабаев С.,Құдиярова А. Педагогика.-А. 2004 Р.С. Немов Учебник для студентов высших пед. учебных заведений. Т2. (Психология образования) – М.,2003 Бабанский Ю. Педагогика. –М.,1988 Педагогика: Педагогикалық жоғары оқу орындары мен педагогикалық колледждер студенттеріне арналғаноқулық / Ред.басқ. П.И.Пидкасистый. – Алматы: Қазақ университеті, 2006 Айтмамбетова Б.Р. Тәрбие процесінің мәні және мазмұны. Тәрбие принциптері. А., 1991 Керімов Л.К. Қиын оқушылар және оларды қайта тәрбиелеу мәселелері. А., 1991 Айтмамбетова Б.Р. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. А., 1991 Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім тәрбиесі. А., «Санат», 1995 Болдырев Н.И. Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы. А., «Мектеп», 1987 11-тақырып: Оқушылардың ғылыми дүниетанымның мәні Дүниетаным мен ғылыми дүниетанымның мәні. Тұлғаның ғылыми дүниетанымын қалыптастыру жолдары. Дүниетаным – адам санасының арнайы формасы, яғни қоғамдық өмірге, табиғатқа, өзіне көзқарасы. Адам баласы өзін қоршаған ортаның құбылыстарын, оның пайда болуы мен даму себептерін шындық тұрғысында танып білді. Ол ғылымда ашылған әртүрлі құбылыстардың заңдылықтарын пәндер негізінде таниды. Дүниетанымында адамның сенімі мен мұраты үлкен роль атқарады. Сенім деп – терең, тиянақты ойланып айтылатын идеялардың жиынтығы. Адам мұраты – адам баласының жоғары мұрат-мақсаттары, өмірге ұмтылушылығы, талаптанушылығы. Дүниетанымның қалыптасуы ұзақ және күрделі процесс. Сондықтан да адам өмірін тұтас түгел қамтиды, оның нәтижесінде жеке көзқарастар және сенім жүйесі дамиды, қалыптасады, олар жеке адамның әрекет жасауына басшылық етеді. Оқушылардың ғылыми дүниетанымының қалыптастыру оларды осы замаңғы ғылыми біліммен қаруландыру. Бұған мектепте оқылатын барлық пәндердің қатынасы бар. Мектепте оқылатын жаратылыстану, математика ғылымдары табиғаттың құбылыстары мен процестері және заңдылықтары туралы белгілі бір ұғым жүйесін жасайды. Ботаника, жалпы биология курстарын оқу, мекпеттің оқу-тәжірибе учаскелерінде оқушылардың өңдірістік бригадасында жұмыс істеп жүріп өсімдіктердің даму процесін меңгереді. Физика, химия пәндері бойынша дүниенің пайда болуы мен дамуы туралы, астрология сабақтары бойынша табиғаттың сырын танып біледі. Тарих пәні бойынша қоғамның даму заңдарын түсінуге болады; әдебиет – адамдар арасындағы қарым-қатынасқа, жаңа өмірге табанды тәрбиелейді. Дүниетанымның қалыптасып дамуына әсер ететін факторлар: 1. Адамның материалдық жағдайы. 2. Әлеуметтік орта, тәрбие, ақпарат құралдары жатады. 3. Сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстары. 4. Қоғамдық пайдалы еңбекке қатысу. Бұлар жас өспірімдердің қоғамдық өмірге ынтасын тәрбиелейді, саяси және мәдени ой-өрісін кеңейтеді, олардың еңбекке, мамандық таңдауға көзқарасын қалыптастырады. Адамгершілік тәрбиесі. 1. Тұлғаның қалыптасуында адамгершілік тәрбиесінің міндеттері мен мазмұны. 2. Адамгершілік тәрбиесінің міндеттері мен мазмұны. 3. Адамгершілік тәрбиесінің ұйымдастыру және оның тәсілдерін қолдану. Адамгершілік тәрбиесі – тәрбие салаларының маңызды бір құрамдас бөлігі. Адамгершілік тәрбиесінің негізі – адамдарды жалпы адамзаттық мораль рухында тәрбиелеу. Мораль дегеніміз – адамдардың бір-біріне деген міндеттерімен қатынасын айқындайтын мінез-құлқының нормалары мен ережелерінің жиынтығы. Мораль латын тілінде «адамгершілік» ұғымын білдіреді. Моральдың принциптері адамгершіліктің мазмұнын жалпы түрде анықтайды. Адамгершіліктің жиынтығы – борыш болып табылады: адамның – адам алдындағы, қоғам алдындағы, отан алдындағы борышы; ата-аналардың балалары алдындағы, балалардың ата-аналар алдындағы борышы; жеке адамның алдындағы, ұжымның жеке адам алдындағы борышы т.б. Адамгершілікке тәрбиелеу дегеніміз – жақсылық атаулыға деген сезімді дамыту, өзгеге болмайтын жамандық атаулыға жол бермеу деген сөз. Адамгершілік тәрбиесінің негізі: 1. Өзекті міндеті - өзі өмір сүріп отырған кезеңдегі қоғамның алдында тұрған мақсат-міндетіне сай, адамгершілік қасиеттердің тұтастығына сай тәрбиелеу, қамтамасыз ету. 2. Адамгершілік сананы, сенімді, көзқарасты тәрбиелеу. 3. Жас ұрпақты Отанға, қоғамға, еңбекке, адамдарға, өз-өзіне деген адамгершілік сезімдерін тәрбиелеу, дамыту. 4. Ізгілік, парасаттылық қасиеттерін тәрбиелеу. Адамгершілікке тәрбиелеудің маңызды педагогикалық міндеттері: 1. Оқушылардың белсенді өмірлік позициясын қалыптастыру. 2. Қоғамдық борышқа саналы көзқарасын тәрбиелеу. 3. Сөз бен істің бірлігін қамтамасыз ету. 4. Адамгершілік нормаларын аутқуға жол бермеуді қалыптастыру. Бұл міндеттерді шешу оқушыларды қоғамдық пайдалы, өңімді еңбекке даярлаумен тығыз байланысты. Ол баланың мектепке барған алғашқы күнінен басталады. Алғашқы еңбек дағдылары сабақ үстіндегі міндеттерді орындаудан басталады. Оқу бала үшін – еңбек, қоршаған ортаны танып-білу, жаңа ғылыми білімдерді адамгершілікке тәрбиелеудің басты құралдары болып табылады. Ұрпақ тәрбиесін толымды жүзеге асыру үшін баланы адамгершілік мұратқа ерте бастан баулу оның жанұясынан басталып, мектеп қабырғасында жалғасын табады. Адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу оқушылардың сана-сезімі мен мінез құлқына әсер ету қажеттілігімен байланысты болып келеді. Оны жүзеге асыруда адамгершіліктәрбиесінің әр түрлі ұйымдастыру формалары мен амал-тәсілдері қолданылады. Оларға адамгершілік тақырыбына арналған этикалық әңгіме, әңгімелесу лекция, пікір-талас және оқырмандар конференциясын жатқызамыз. Негізгі ұғымдар: дүниетаным, көзқарас, құндылықтар жүйесі. Өзін-өзі тексеру сұрақтары: Дүниетаным мен ғылыми дүниетанымның мәні қандай? Тұлғаның дүниетанымдық қызығушылығын ояту үшін қандай шарттар қажет? Тұлғаның ғылыми дүниетанымын қалыптастыру жолдары. Ұсынылатын әдебиеттер: Әбиев Ж.,Бабаев С.,Құдиярова А. Педагогика.-А. 2004 Р.С. Немов Учебник для студентов высших пед. учебных заведений. Т2. (Психология образования) – М.,2003 Бабанский Ю. Педагогика. –М.,1988 Педагогика: Педагогикалық жоғары оқу орындары мен педагогикалық колледждер студенттеріне арналғаноқулық / Ред.басқ. П.И.Пидкасистый. – Алматы: Қазақ университеті, 2006 12-тақырып: Мұғалімнің кәсіби қызметі. Мұғалімнің кәсіби қызметінің ерекшеліктері. Мұғалімнің педагогикалық қарым-қатынас шеберлігі. Өмірдің әр салалары секілді, педагогикалық істе де таланттар сирек кездеседі. Әрине әр мұғалімге талантты болмауына да болады. Алайда ол өз ісінің шебері болады және болуға да тиіс. Педагогикалық шеберлікті қалыптастырудың бірнеше жолдары бар. Ең алдымен мұғалім жан-жақты білімдар, өмірдің әр саласынан хабары бар, әр түрлі жағдайда жол тауып шыға алатын, мектеп өміріне байланысты барлық мәселені түсініп шеше алатын, әр түрлі сұраққа жауап бере алатын адам болуға тиіс. Адам бойында мұғалім мамандығына деген бейімділіктің болуы педагогтік шеберлікті меңгеруге көбіне көп нәрсе әсер етеді. Бейімділік балалармен жұмыс істеуге айқын бейнеленген ыңғайы мен қабілеттен көрінеді. Мұғалім мамандығын таңдап алудағы тегі айқындаушы нәрсе – балаларға деген сүйіспеншілікті, балалармен бірге және балалар үшін еңбектенуге ұмтылу. Мұғалім сөзі – тәрбие беру ісіндегіең басты құралдардың бірі. Егер мұғалім қандайда болмасын тәрбие мәселесін ұстамдылық пен шындыққа сүйеніп дәлелдей білсе, оқушы оның мәдениеттілігін, қамқорлығын, сөзінің әсерлілігін бірден сезе бастайды. Тәрбие беру ісіндегі аса маңызды жайттардың бірі – педагогикалық такты. Педагогикалық такты деп мұғалім бойындағы мақсатқа сай жоғары адамгершілік сезімді айтады. Мұғалім оқушыларға педагогикалық ықпал жасайды. Сонымен, мұғалім – шынайы адамгершіліктің үлгісі. Ол өзінің ана тілінің әдеби және ғылыми сөз байлығын жете меңгерген, өз ұлтының, әрі дүние жүзінің рухани игіліктерін бойна молынан сіңірген зиялы адам болуы керек. Тәрбиенің субъективті факторының маңызды қатарында – тәрбиенің жеке басы болып табылады. Қазіргі білім технологиясында жеке тұлға ретінде мұғалімнің орны ерекше. “Жеке тұлға – бұл адамның психикалық, рухани мәні, ол әр түрлі жинақталған қасиеттер жүйесіне тән: адамның әлеуметтік маңызды қасиеттерінің жиынтығы; өзіне, дүниеге және дүниемен қатынастарының жүйесі; іс-жүзінде асырылып жүрген әлеуметтік ролдер қызметінің жүйесі, мінез-құлық әрекетінің жиынтығы; айналадағы қоршаған әлемді және онда өзін-өзі жете түсінуі; қажеттілік жүйесі; шығармашылық мүмкіндігі мен қабілеттерінің жиынтығы; сыртқы жағдайларға әсерінің жиынтығы (Г.К. Селевко). Грузин педагогы Ш.А. Амонашвили ұстазға тән мінез-құлық сапасының үш деңгейін көрсетеді: 1. Ұстаз балаларды аяламай, бәрін бірдей жақсы көру керек. 2. Өз ісіне сенімді болу, қиындықты жеңудің әдістемелік тиімді жолдарын іздестіре білуі керек. 3. Оқушыға оның көңіліне, ойына, санасына пайдалы ұғымды беріп, жарқын болашаққа жол сілтеу, қалыптастыру. Ағартушы педагог Ы. Алтынсарин мұғалім мен қушының арасындағы дұрыс қарым-қатынастың болуына ерекше көңіл бөледі. “мұғалім балалармен істес болады: егер олар бір нәрсені түсінбесе, онда мұғалім шәкірттерді кінәламай, олардың санасына қондыра алмағаны үшін өзін-өзі кіналауы тиіс. Мұғалім балалармен сөйлескенде ашуланбай, сабырлықпен сөйлесе білуі керек”. Жас ұрпақты оқытуда тиімді жағдайлар жасау көбіне мұғалімге тікелей байланысты. Сондықтан, ұстаз ізденіс үстінде, оқытудың жаңа жолдарын еңгізуді көздегені дұрыс болады. Педагогикалық қызметтің қалыптасуында қарым-қатынас түрлері ерекше орын алады, олар коммуникативтік, либералдық, демократиялық, шабыттандырушы және шығармашылық. Коммуникативтік стиль дегеніміз – тіл табысу, баланың ой-өрісіне ену, еркін сөйлесе білуге жол табу. Либералдық стилінде мұғаліммен оқушылар істері мен қылықтары ойластырылмаған, санасыз іс-әрекеттерге душар болады, пікір бостандықтарының мөлшерсіздігі сондай, оқушылар дөрекі мінез көрсетуге дейін барады. Демократиялық стилінде оқушылар өз пікірлерін ашық айтуға, ынта-жігерін жасырмауға үйренеді, міндетті жұмыстарға және қоғамдық жұмыстарға белсене қатынасын тиянақты орындайды. Мұғаліммен де, басқа да үлкен адамдармен де, бір-бірімен де теңдік, сыйластық қарым-қатынаста болады. Шабыттандырушы стиль көбіне интуитивтік мұғалімдерге тән. Бұл стильдегі сабақ беретін мұғалімдер оқушылардың әлеуметтік күш-қуатын пайдалануға ұмтылады және олардың перспективтік қабілетін ашуға тырысады. Мұғалім балалардың пәнге деген тұрақты қызығуына назар аударады. Шығармашылық стиль бойынша мұғалім өз бетімен әдіс-тәсілдерді іздеумен ерекшеленеді. Мұғалім мамандығын меңгерудің өзіндік ерекшелігі. 2. Мұғалімге арнайы тән қасиеттер: сөйлеу мәдениеті, сөз қоры; шығармашылық, жаңашылдық; - педагогикалық мәдениеттің жоғары деңгейі. Мұғалімнің қоғамнан алатын орны зор. Олай болатын себебі мұғалімнің еңбегі өте жауапты, әрі күрделі. Өйткені ол жас ұрпақтың болашак тағдыры үшін өзің жауапты сезінеді, оның тәртібі, білімі, қоғамнан алатын орны, адамгершілігі, белсенділігі, іскерлігі үшін күресеті, оның жүрегіне жол тауып, оның жан дүниесінің таза, қоғам үшін жан тәнімен еңбек етуге күш-тарлығын оятатын, білімге деген ішкі қажеттігін оята отырып, баланы білімге ұмтылдырып талаптандыратын мұғалім. Мұғалім қызметінің табысты болуы оның өз қызметінің мәнін жете түсінеде, оқушыларға саналы тәрбие, жан-жақты білім береді, олардың көзқарасын қалыптастырады, дүние танымын дамытады, өмірге, еңбекке, қоғамға деген қатынасын тәрбиелейді. Мұғалімнің кәсіби мамандығына қойылатын негізгі талаптар: қоғамның алдыңғы қатарлы идеяларын игеру; жан-жақты білімдаралық, өмірдің әр түрлі саласынан хабардар болуы; педагогикамен байланысты пәндерден – психологияны, физиология, анатомия, мектеп гигиенасын, мектеп тану пәнін жақсы білуі керек; оқытатын пәнін, соған байланысты ғылымдарды, олардың жетістіктерін, ағымын жақсы білу; оқыту, тәрбиелеу методикасын білу; жұмысына шығармашылық көзқарас; баланы жете білу, олардың жан-дүниесін түсіну педагогикалық сенім; педагогтік техниканы меңгеру, қисынды, мәнерлі сөйлеу білу; педагогтік әдептілікті меңгеру; балаға деген сүйіспеншілдік пен әділдік. Мұғалім мамандығын өзіндік ерекшелігі үнемі оқуда, творчестволық ізденіс жасауда, баланың ынтасын, тілегін қабілетін зерттеуге ат салысуда болып табылады. Мұғалімнің тағы бір ерекше қасиеті мұғалім балаларға өзінің сезімін ашық білдіріуне, екі жүзділіктен аулақ болуына өзін-өзі тәрбиелейді. Мұғалімнің бойында тағы бір ерекшелік ол – творчество, шығармашылық еңбек ететін маман болуы керек. Творчествосыз адамның өзінің күшін, қабілетін, бейімділігін білу көкейге қонбайтын нәрсе: онсыз өзін-өзі құрметтеушілікті бекіту ұжымның моральдық ықпалына жеке адамның сергек көзқараспен қарауы мүмкін емес. Мұғалім мамандығы – ең ардақты, әрі қадірлі мамандық. Өткені мұғалім әр адамның бойына білімнің жарық сәулесін құяды, өмірді, өзін қоршаған ортаны білуге, табиғаттың сырларын ұғып, жұмбақтарын шешуге зердесін оятып, білуге деген кұштарлығын ұштайды. Мұғалім қызметінің табысты болуы, оның оқу және тәрбие жұмысының мақсаттары мен міндеттерін жете түсінуіне байланысты. Мұғалім оқушыларға саналы тәрбие, жан-жақты білім береді, олардың көзқарасын қалыптастырады, дүние танымын дамытады, еңбек пен қоғамға деген сүйіспеншілігі мен ынтасын тәрбиелейді. Педагогика-психологиялық зерттеу мәліметтеріне қарағанда (Ф.Н. Гоноболин, Н.В. Кузьмина, В.А. Сластенин, А.И. Щербаков т.б.) педагогикалық қабілеттің бірнеше түрі кездеседі. 1. Дидактикалық қабілет – мұғалімнің оқушыға оқу материалын жеткізу қабілеті, оқушының білім дәрежесін, іскерлігін, дағдысын дұрыс анықтай білу, өз пәніне қызығушылығын арттыру, таным белсенділігі мен ойын дамыту. 2. Академиялық қабілет – мұғалім қабілетінің пән саласына сәйкестігі. Ондай мұғалім өз пәнін ғылым дамуына сай біледі, өз бетімен қарапайым зерттеу жұмыстарын жүргізеді. 3. Перцептивті қабілет – оқушының ішкі дүниесін тани білу. Қабілетті мұғалім оқушылардың сабақ үстіндегі психикалық жағдайын бірден байқайды. 4. Сөйлеу немесе экспрессивті қабілеті – тіл арқылы өз ойын, ішкі сезімін нақты, түсінікті етіп жеткізе білуі. Бұл мұғалім үшін өте маңызды қабілет ерекшелігі. 5. Ұйымдастырушылық қабілеті – сабақты тыңдауға, білімді қабылдауға оқушыларды әзірлей білуі, ұжымды дұрыс басқарып, ұйымдастыра білуі, оқу мен тәрбиені дұрыс ұштастыру міндеттерін де оқушыларға бағыт беріп, рухтандыру ісіне басшылық беру, ата-аналармен жұмыс істей білу, сынып ұжымын оқушыларға педагогикалық ықпалды құралға айналдыру, мұғалім өз жұмысын ұйывмдастыра білу. 6. Коммуникативтік қабілет – оқушылармен қалыпты, дұрыс қарым-қатынас жасай білу, педагогикалық әдептілік жетілдіру. 7. Конструктивті қабілет – оқу және тәрбие міндеттерін шешудің тиімді жолдарын іздестіру, оқу және тәрбие жұмысының түрлері мен әдістерінің мазмұнын анықтау, өз ісіне саналық, жауапкершілікпен ойлылықпен қарап педагогикалық тапқырлық таныту. 8. Қолданбалы қабілет – мұғалім өз мамандығына қатынасы жоқ спорт, оймен келетін – шахмат, көркем өнер, бейнелеу өнер туындыларын білетіндігімен оқушыларды қызықтырып, оларға қатынасуы арқылы өз дегеніне жетуге баланы жан-жақты дамыту ісіне үлесін қосуы тиіс. Негізгі ұғымдар: кәсіптік талаптар, мұғалім моделі, педагогикалық шеберлік, қарым-қатынас стилдері. Өзін-өзі тексеру сұрақтары Мұғалімнің кәсіби қызметінің ерекшеліктері. Ұстаз тұлғасының моделін жасаңыз. Мұғалімнің педагогикалық қарым-қатынас шеберлігі дегеніміз не? Ұсынылатын әдебиеттер: Әбиев Ж.,Бабаев С.,Құдиярова А. Педагогика.-А. 2004 Р.С. Немов Учебник для студентов высших пед. учебных заведений. Т2. (Психология образования) – М.,2003 Бабанский Ю. Педагогика. –М.,1988 Педагогика: Педагогикалық жоғары оқу орындары мен педагогикалық колледждер студенттеріне арналғаноқулық / Ред.басқ. П.И.Пидкасистый. – Алматы: Қазақ университеті, 2006 Н.Д. Хмель. “Жалпы білім беретін мектептегі педагогикалық процесс”, А., 2002 Е. Сағындықұлы. “Педагогика” дәрістер курсы, Алматы, 1999 Основы педагогического мастерства\ под ред. И.А. Зязюн. М, 1989 13-тақырып: Мектепті басқарудың негізгі формалары Мектеп басшысының басқару мәдениеті. Мектеп басшысының функциялық міндеттері. Мектепішілік кең таңдау, оның түрлері мен мазмұны. Мектеп жұмысы жоспарының түрлері, оған қойылатын талаптар. Мектеп басшысының басқару мәдениеті. Олардың кәсіптік-педагогикалық мәдениетінің құрамды бөлігі болыа табылады. Кәсіптік-педагогикалық мәдениет – педагогикалық қызметтің белгілі нормалары, ережелері, техника және шеберлік, сонымен қатар педагогикалық құндылықтар, педагогикалық шығармашылықтар. Педагогикалық құндылықтардың мазмұны : мектеп басшысының педагогикалық ұжымды, процесті ұйымдастыру мақсатымен анықталады. Басқару мәдениетінің технологиялық компоненті: педагогикалық процесті басқарудың әдістері мен тәсілдері. Басқару мәдениетінің тұлғалық-шығармашылық компоненті: педагогикалық жүйені басқарудағы шығармашылық әрекеттер. Мектеп басшысының функционалдық міндеттері. Әрбір жалпы білім беретін оқу орындарының “жалпы білім беретін мемлекеттік оқу орындарының” негізіндегі өз жарғысымен айқындалады. Мемлекет және қоғам алдында балалар құқығын қорғау талаптарының орындалуына жауапты, оқу-тәрбие процесін жоспарлайды және ұйымдастырады, оның орындалу барысын және нәтижесін қадағалайды, оқу орнының тиімді және сапалы жұмыс істеуіне жауап береді; Мемлекеттік және қоғамдық орындар алдында мектептің мүддесін танытады; Мектептен тыс және сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыруға қажетті жағдай туғызады; Мектеп директорының орынбасарын тағайындайды, олардың функциялық міндеттерін белгілейді; Педагогикалық ұжымның, ата-аналардың және оқушылардың пікірін ескере отырып, оқу орнының педагог кадрларын орналастырады, соның жетекшіліктерін тағайындайды; Оқу орнының педагог, әкімшілік, оқу-тәрбие және қызмет көрсетуші кадрларын жұмысқа қабылдайды және босатады; Белгіленген тәртіп бойынша оқу орнына бөлінген бюджет қаржысының ұтымды жұмсалуын ұйымдастырады; Педагогикалық кеңестің келісімімен ерекше көзге түскен мұғалімдерге жалақыға үстеме қосады; Шығармашылық жұмыс істейтін мұғалімдердің педагогикалық эксперимент жасауына, өз әдістерін практикада қолдануға жағдай жасайды; өзінің қызметі бойынша білім басқармасы органдарына және педагогикалық кеңеске алдында жауап береді; Педагогикалық прцесті талдау тікелей мектеп басшысының функциясына кіреді. Кез келген ұжымы талдаудан басталып, талдаудан аяқталады. Уақытында жүргізілмеген талдау жалпы педагогикалық прцестің ұйымдастыруда қиындықтар туғызады. Сондықтан, педагогикалық талдау өз қызметінде сырттай көлеңкелі сипат алғанымен, мектеп басшысынан жинақтау, салыстыру, жүйелеу арқылы педагогикалық құбылыстарды талдауға керекті ақыл-ойдың ширақтығын талап етеді. Педагогикалық тладауды мектепішілік басқару теориясына енгізген – Ю.А.Копержевский. Талдаудың субъектісіне қарай оның түрлері анықталады. Топтастыра келе оның үш түрін атауға болады: параметрлік; тақырыптық; қорытынды талдау; Параметрлік талдау – оқу процесінің барысы мен нәтижесі туралы күнделікті мәлімет жинап, ондағы мәліметтердің себебін анықтауға бағытталады. Бұнда өзгерістер мен түзетулер енгізілуі мүмкін. Параметрлік талдау: ағымдағы сабақ үлгерімі, мекткептегі бір күндік, апталық тәртіп, мектептің санитарлық жағдайы, сыныптан тыс шараларға қатысу, сабақ кестесінің сақталуы және т.б. Параметрлік талдау – фактілерді атап көрсету емес, оларды салыстыру, оның қалыптасу себебін анықтау. Тақырыптық талдау – педагогикалық практика барысында тұрақты ағымдар мен нәтижелерді зерттеуге бағытталады. Тақырыптық талдау мазмұны келесі мәселелерді қамтиды: оқытудың озық әдістерін үйлестіру, оқушылардың білім жүйесін қалыптастыру, мұғалімдердің, сынып жетекшілерінің адамгершілік, этикалық, ақыл-ой тәрбиесінің жүйесі, мұғалімнің педагогикалық мәдениетінің деңгейін көтеру. Қорытынды талдау – уақыт, кеңістік және мазмұн жағынан да кең көлемді қамтиды. Ол оқу тоқсаны, жарты жылдық, оқу жылының қорытындысымен өткізіліп, қол жеткен нәтижелер, олардың алғышарттарын озық үйретуге бағытталады. Мектеп басшысының келесі функциясының бірі – мектеп жұмысының жоспарын дайындау, оның орындалуына жағдай туғызу, қадағалау. Мектеп жұмысының прктикасында жоспардың негізгі үш түрі кең қолданылады: перспективалық; жылдық; ағымдық; Перспективалық жоспар мектептегі соңғы жылдардағы жұмыстарына терең талдау жасау негізінде бес жылға жасалады. Негізгі ұғымдар: басқару мәдениеті, жоспар, жоспар түрлері, педагогикалық талдау. Өзін-өзі тексеру сұрақтары: Мектеп басшысының басқару мәдениеті дегеніміз не? Мектеп басшысының функциялық міндеттері қандай? Мектепішілік кең таңдау, оның түрлерін атаңыз. Мектеп жұмысы жоспарының түрлері, оған қойылатын талаптар. Ұсынылатын әдебиеттер: Әбиев Ж.,Бабаев С.,Құдиярова А. Педагогика.-А. 2004 Р.С. Немов Учебник для студентов высших пед. учебных заведений. Т2. (Психология образования) – М.,2003 Бабанский Ю. Педагогика. –М.,1988 Педагогика: Педагогикалық жоғары оқу орындары мен педагогикалық колледждер студенттеріне арналғаноқулық / Ред.басқ. П.И.Пидкасистый. – Алматы: Қазақ университеті, 2006 14-тақырып: Білім жүйесін басқарудың қоғамдық-мемлекеттік сипаты. Білім беру жүйесін мемлекеттік және қоғамдық басқарудың негізгі белгілері. Педагогикалық жүйені басқарудағы мәселелер. Педагогикалық жүйенің қызмет етуінің әлеуметтік-педагогикалық және уақыттық шарттары. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіндегі нормативтік құжаттарға сипаттама. Басқару дегеніміз – шешім қабылдауға бағытталған, белгіленген мақсатқа сәйкес басқару нысанын ұйымдастыру, қадағалау, реттеу, алынған шынайы ақпарат негізінде талдау жасап, нәтиженің қорытындысын шығару болып табылады. Басқару нысаны биологиялық, техникалық, әлеуметтік жүйелер болуы мүмкін. Әлеуметтік жүйенің бірі ауыл, аудан, облыс, мемлекет көлемін қамтитын білім беру жүйесі. Бұнда білім беру жүйесі ретінде ҚР Білім және ғылым министірлігі, облыстық білім департаменттері,қалалық және аудандық білім бөлімдері қарастырылады. Білім беру жүйесінің мемлекеттік сипаты елдегі “Білім туралы” заң негізінде бірыңғай мемлекттік саясаттың жүргізілуімен ерекшеленеді. Заң аясында ҚР білім саласы оған әсер ететін еліміздің әлеуметтік-экономикалық, саяси, халықаралық саласындағы жетістіктерімен байланыстырылады. Білім беруді басқарудың мемлекеттік сипаты “Білім туралы” заңда белгіленген мемлекеттік саясат принциптерінмынадай бағыттармен де айқындайды: Білім берудің гуманистік сипаты, жалпы адамзаттық құндылықтардың, адам өмірі мен денсаулығын, жеке тұлғалықбостандығының басымдылығы.Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу; Білімнің жалпыға бірдейлігі, білім беру жүйесінің дайындығы, даму деңгейі мен ерекшеліктеріне бейімделгіштігі; Республикадағы мәдени және білім беру кеңестігінің біртұтастығы, аз ұлттардың білім беру жүйесіні қорғалуы; Білім беру жүйесінің еркіндігі мен көптүрлілігі; Білім беруді басқарудың демократиялық, мемлекеттік-қоғамдық сипаты.Білім беру мекемелерінің дербесті. Мемлекеттік басқару органдары – білім және ғылым министірлігі, облыстық білім департаменттері өздерінің компетенциясы шеңберінде білім берудің мақсат бағдарламаларын жасайды және іске асырады; мемлекеттік білім стандартын жасап, білім туралы құжаттардың баламаларын (постификация) айқындайды; білім мекемелері қаржыландырады және т.б. көптеген мәселелерді шешеді. Мемлекеттік басқару органдарымен қатар қоғамдық басқару органдары да құрылады. Оның құрамына мұғалімдер мен оқушылар ұжымы, ата-аналар мен жұртшылық өкілдері енеді. Білім беруді басқарудың қоғамдық сипатының нақты көрнісі ретінде – мектеп кеңесі сияқты органдардың қызметіне танылады.Кеңес жұмысының мазмұны мен қызметі мемлекеттік нормативтік құжаттармен айқындалады. Білім беруді басқарудың қоғамдық сипатының арта түсуінің тағы да бір көрнісі білім жүйесін мемлекетсіздендіру және білім мекемелерін диверсификациялаудан көрінеді. Педагогикалық жүйені басқарудағы негізгі мәселелер: Педагогикалық жүйені басқаруды демократияландыру және ізгілендіру; Басқарудың жүйелілігі мен тұтастығы; Орталықтандыру мен орталықсыздандырудың парасатты үйлесуі; Жеке билік пен басқарудың біртұтастығы; Педагогикалық жүйені басқарудағы ақпараттардың объективтілігі мен толықтылығы. Педагогикалық жүйенің қызмет етуінің әлеуметтік-педагогикалық шарттары деп оның ахуалы мен дамуының тұрақты жағдайын айтамыз. Мектепті басқарудың шарттары екі топқа бөлінеді:жалпы және арнайы. Жалпы шарттарға - әлеуметтік, экономикалық, мәдени, ұлттық, географиялық шарттарды жатқызуға болады. Арнайы шарттарға – оқушылардың әлеуметтік-демографиялық құрамы, мектептің орналасқан жері (қалалық немесе аудандық), мектептің материалдық мүмкіндіктері, қоршаған ортаның тәрбиелік мүмкіндігі және т.б. Педагогикалық жүйенің уақыттық сипаты балалардың дербес-психологиялық дамуы мен жас ерекшелігіне сәйкес өзара тығыз байланысты үш кезеңнен тұрады.Ол жалпы ұзақтығы он бір жылды құрайтын жалпы білім беретін мектептің үш сатысын құрайды: бастауыш – І-ІҮ; негізгі орта – Ү-ІХ; жоғары – Х-ХІ кластар. Оқытудың бір сатысынан екінші сатысына өту дербестігі тұлғалық дамуда елеулі секіріс болып табылады. Инновация – жаңалық, жаңашылдық, өзгеріс деген ұғымды білдіреді. Инновация құрал және процесс ретінде әлдебір жаңалықты ендіру деген мағынаны білдіреді. Инновация өздігінен пайда болмайды. Ол ғылыми ізденістердің, жекелеген мұғалімдер мен тұтас ұжымның озық педагогикалық тәжірибесі. Ал педагогикалық процесте инновация оқыту мен тәрбиенің тәсілдері, түрлері мақсаты мен мазмұнына, мұғалім мен оқушының бірлескен қызметін ұйымдастыруға жаңалық енгізуді білдіреді. Білім берудегі инновациялық процестердің мәнін педагогиканың маңызды екі проблемасы құрайды: Озық педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау және тарату проблемасы; Педагогикалық-психологиялық ғылымдардың жетістігін практикаға енгізу проблемасы. Қазіргі заманғы білім беру, қоғамдық және мәдени даму жағдайында педагогикалық қызметтің иновациялық бағыттылығының қажеттілігі бірқатар жағдайлармен айқындалады. Біріншіден, қоғамда жүріп жатқан әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар білім беру жүйесін, әдістемесі мен түрлі типтегі оқу орындарының оқу тәрбие процестерінің ұйымдастырудың технологиясын түбірінен жаңартуды талап етеді. Екіншіден, білім беру мазмұнын ізгілендірудің күшеюі, пәндерінің көлемі мен құрамының үнемі өзгеріске ұшырауы, жаңа оқу пәндерінің енгізілуі жаңа ұжымдық формалар мен оқыту технологиясын үздіксіз іздестіруді талап етеді. Үшіншіден, мұғалімнің педагогикалық жаңалықты игеру және қолданылуға деген қатынасы сипатының өзгеруі. Егер бұрынғы уақытта иновациялық қызмет негізінен жоғарыда ұсынылған жаңалықтарды практикада қолданумен шектелсе, қазіргі уақытта ол барынша баламалы, зерттеушілік сипат ала бастады. Төртіншіден, жалпы білім беретін оқу орындарының нарықтық қатынастарға енуі, жаңа типтік сыныптар ішінде мемлекеттік емес оқу орындарының құрылуы нақты бәсеклестік ахуал туғызуда. Қазіргі заманғы мектепте нақты педагогикалық қызметте іске асыруға болатын орасан зор педагогикалық тәжірибе жинақталған, бірақ олардың барлығы бірдей қолданыла бермейді, өйткені көптеген мұғалімдер мен басшыларда ол тәжірибені зерттеу және қолдану қажеттілігі қалыптаспаған. Жаңашылдық пен педагогикалық зерттеудің бірегей үлгісін көрсеткен Ресейдің И.П.Волков, Т.И.Гончарова, И.П.Иванов, Е.Н.Ильин, М.П.Шетинин, Е.Ямбург және т.б. ғалымдар мен педагогтардың тәжірибелі мұғалім қауымының игілігіне айналды. Педагогикалық-психологиялық ғылымдардың жетістігін практикаға енгізу проблемасы В.Е.Грурман, В.В.Краевский, П.И:Керташева, М.Н.Скаткин сияқты ғалымдардың арнайы еңбектерінде атап айтылған. Педагогикалық инновацяны ендіруде жеке мұғалімнің, мектептің тәжірибесін, ғылыми зерттеу мен таратуды мектеп директорының ғылыми істер жөніндегі орынбасары немесе оқу ісінің меңгерушісінің жетекшілігімен жан-жақты дайындалған мұғалімдер тобы жүргізуі тиіс. Инновациялық бағыттылық белгілі бір жаңа енгізілімнің тиімділігіне баға берілетіндей нақты критерийлерді пайдалануларды қажет етеді. Педагогика бойынша зерттеу тәжірибелеріне сүйене отырып, педагогикалық жаңалықтың мынадай критерийлер жиынтығын анықтауға болады: жаңашылдық, оптималдық, жоғары нәтижелік, бұқаралық тәжірибеде шығармашылық пен қолдану мүмкіндігі. Мұғалімнің кәсіптік дайындығы оның педагогикалық жоғары оқу орнын бітірумен аяқталмайды, ол мұғалімнің кәсіптік қызметінің бүкіл кезеңін қамтиды. Сонымен бірге мұғалімнің кәсіптік білімін үздіксіз көтеріп отвруы оның шығармашылық қабілетін дамытуды және дербес педагогикалық тәжірибесін үнемі дамытудың шарты болып табылады. Мұғалімнің кәсіптік деңгейін көтеру бағытында мектептерде әдістемелік жұмыстардың келесі түрлері қызмет атқарады: пәндік әдістемелік бірлестіктер, мектептегі бірыңғай әдістемелік күн, проблемалық семинарлар мен практикумдар, жас мұғалім мектебі, озат тәжірибе мектебі, мұғалімдермен дербес жұмыс жүргізу, ашық және үлгілі сабақтар өткізу,ғылыми-педагогикалық конференциялар, педагогикалық оқу,ролдік, іскерлік және ұйымдық-қайраткерлік ойындар,педагогикалық жағдайды талдау және моделдеу, мұғалімдердің шығармашылық есебі, педагогикалық консилиум және т.б. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіндегі нормативтік құжаттарға сипаттама. 1. Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңы. 2. Білім беруді ұйымдастыру жүйесі. 1999 жылы 7 маусымда Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңы қабылданды. Заң білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың төмендегідей негізгі қағидаларын орнатты: 1. ҚР азаматтары білім алуға тең құқылы. 2. Әрбір азамат үшін интеллектуальдық дамуы мен психофизиологиялық және жеке бастарының қажеттілігіне сәйкес, білімнің барлық саласының қолжетерлік болуы. 3. Білімнің зайырлылығы. 4. Жеке тұлғаның білімнің және дарынының дамуына жағдай жасау. 5. Оқыту мен тәрбиелеудің бірлігі, білім алу жүйесінің үздіксіздігі. 6. Білім беру ұйымдарының меншік түріне, оқыту мен тәрбиелеу түріне, бағыттарына байланысты әртүрлі болуы. 7. Білім беру ұйымдарының өкілеттілігі және оны басқарудың демократиялық бағытта болуы. 8. Білім беру ізгілікті, әрі дамыту бағытын ұстануы керек. 9. Білімнің ғылыммен, өңдіріспен байланысы. 10. Оқушыларды кәсіптік бағытқа бейімдеу. 11. Білім беру саласының информатикаландырылуы. Заң орта және бастауыш кәсіптік, сондай-ақ конкурстық негізде орта кәсіптік ақысыз білім алуға кепілдік береді, егер азамат осы деңгейлердің әрқайсысынын бірінші рет білім алса. Білім бағдарламалары үздіксіз және сабақтастық қағидалар негізінде білім берудің төрт деңгейін: мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту 1-6 жас аралығында мектепке дейінгі оқыту орындарында немесе отбасында жүзеге асады. Мектепке дейінгі ұйымдарда, мектепте немесе отбасында 5-6 жасар балалар міндетті түрде мектепке дайындау жүргізілуі тиіс. Орта білім – жалпы орта (бастауыш, негізгі, орта) немесе кәсіптік (бастауыш, орта) білімді қамтиды. Қазақстан Республикасы, білім беру жүйесі Заң бойынша білім беру ұйымдарының, оқыту бағдарламалары мен әр деңгейдегі мемлекеттік білім беру стандарттары, басқару орындары мен оларға бағынышты ұйымдардың өзара байланысы негізінде құрылады. Білім беру жүйесінің негізгі міндеті ретінде білім алу жеке тұлғаның дамуы мен кәсіби қалыптасуы ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен техника жетістіктері негізінде қалыптастыруға қажетті жағдай жасау көзделді. Білім беру жүйесінің төмендегідей жаңа міндеттері айқындалды: оқыту бағдарламаларының жүзеге асыруына жағдай жасау; жеке тұлғаның шығармашылық, рухани және физиологиялық мүмкіндіктерін дамыту, салауатты өмір салты мен адамгершіліктің берік негізін қалыптастыру, жеке даралық қасиетті дамытуға жағдай жасау арқылы ақыл-ойын байыту; отан сүйгіштік пен азаматтылыққа өз Отаны деген сүйішпеншілікке, мемлекеттік рәзімдерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін сыйлауға, конституцияға, қоғамға қарсы жасалған кез-келген іс-әрекетті болдырмауға тәрбиелеу; республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне белсенді атсалысуға, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарас қажеттілігін қалыптастыру; әлемдік және отандық мәдени жетістіктерге қатыстыру; білім беру ұйымдарының дербестігі мен өзін-өз билеу құқын және білім беруді басқару міндеті мен демократияландыру ісін кеңейту; оқытудың жаңа технологиясын еңгізу, білімді информатизациялау, халықаралық коммуникация жүйесіне шығу; еңбек рыногында бәсекелсе алатын жоғары дәрежелі жұмысшылар мен мамандарды даярлау және қайта даярлау; жұмыссыздарды қайта оқыту мен қайта даярлау; білім беру ұйымдарының түрлі қызметкерлерінің қарқынды дамуына көмектесу. Білім беру мекемелері төмендегіндей бөлінеді: мектепке дейінгі, мектептен тыс, арнайы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен жетім балалар мекемелері; оқыту бағдарламаларын жүзеге асыратын оқу орындары жалпы орта, бастауыш кәсіптік, орта кәсіптік, жоғары кәсіптік, жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік және қосымша кәсіби білім беру; жалпы білім беретін мектеп, ол негізгі және қосымша жалпы білім беретін үш сатылы бағдарламаларды жүзеге асырады; гимназия негізгі және қосымша оқыту бағдарламасын жүзеге асырады, оқушылардың қабілеті мен икемділігіне байланысты арнайы, терең, кәсіптік оқытуды көздейді; лицей кәсіптік бағытталған оқушыларды оқытуды жүргізетін, негізгі және қосымша бағдарламаларды жүзеге асырады; жалпы орта, бастауыш кәсіптік оқыту бағдарламаларын жүзеге асыратын әр түрлі бағыттағы кәсіби жұмысшыларды дайындауды қамтамасыз ететін кәсіптік мектеп; кәсіптік лцей, жалпы орта, бастауыш кәсіптік оқыту бағдарламаларын жүргізетін және жоғары деңгейдегі маман жұмысшыларды дайындайды; колледж, орта кәсіби білімді мамандарды дайындайтын бағдарламаны жүргізеді. Жоғары білімді халық шаруашылығының түрлі салаларының мамандарын жоғары оқу орындары дайындайды; университет, академия, институт, сондай-ақ консерватория, жоғары училище, жоғары мектеп. Университеттер мен академияларда және ғылыми мекемелерде жоғары дәрежелі ғылыми және ғылыми педагогикалық мамандарды даярлайтын магистратура, аспирантура, докторнатура қызмет ете алады. Жоғары дәрежелі ғылыми-педагогикалық мамандарды даярлайтын әскери орындарында ол – адъюнктура деп аталады. Жоғары оқу орнынан кейінгі терең медициналық білімді интернатура камтамасыз етеді. Оқу орындарында жүргізілген оқыту бағдарламалары жалпы және кәсіптік болады. Жалпы білім беретін бағдарламалар жеке адамның мәдениетінің қалыптасуын, оның қоғам мен өмірге бейімделуін, кәсіпті таңдауын және таңдаған мамандығын меңгеруін шешуге бағытталады. Заң білім беру жүйесіндегі орталық және жергілікті атқару орындарының қызметін реттейді. Көрсетілген басқару орындары білімді беруді дамыту бағдарламаларын құрастырады және оны жүзеге асыру шараларын жүргізеді: мамандарды дайындау тапсырысын бекітеді; меншік түріне және бағыныштылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына лицензиялар береді; оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдары, шығаруға арналған дайындық жұмыстарын ұйымдастырады; білім беру саласындағы заңның жүзеге асуын және білім берудің мемлекетті стандарттарының жүргізілуін бақылайды. Білім беру мекемелерінде бес жылда бір рет аттестация жүргізіледі; мемлекеттік білім беру мекемелерін материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіндегі нормативтік құжаттарға сипаттама. 1. Білім берудің мемлекеттік стандарттары. 2. Білім беру жүйесін дамытудың негізгі факторлары. Оқу орындарындағы ең маңызды нормативті құжаттардың бірі – білім берудің мемлекеттік стандарттары болып табылады, солардың негізінде жалпы және кәсіптік білім беру бағдарламалары жасалады. Стандарттар білім беру мекемелерінің барлық түріне міндетті болып саналатын және білім беру ісінің әрбір деңгейінің мазмұнына қойылатын талаптарды, оқушылар мен тәрбиеленушілердің оқыту жүктемелерінің көлемін, білім сапасын тексеретін мемлекеттік бақылау орындарының ережелерін, оқу бағдарламаларының орындалғанын дәлелдейтін құжаттарды анықтайды. Білім берудің мемлекеттік стандарттарының негізгі қызметтері – азаматтардың толық білім алуы мен оның сапасын жоғарлатуы, Республикадағы оқыту кеңістігі бірлігі қызметтерін сақтау, білімнің гумандық қызметтері және оны басқару болып табылады. Білім берудің мемлекеттік стандарттары төмендегідей талаптарға жауап береді: білім алушылардың мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін, жалпы мәдени ортаның жағдайын ескеру; нәтижесін дұрыс мөлшерлеу; білім беру салаларының және сатыларының сабақтастық стандарттарының ережелерін бұзбау; жеке тұлғаны дамыту міндеттеріне сәйкес әрбір мектеп сатыларының ерекшеліктерін ескере отырып, білім мазмұнымен қамтамасыз ету; білім мазмұнының оңтайлы түрін көрсету; оқушы жастардың қызығушылығы мен бейімділігіне сәйкес мемлекеттің, аймақтық, мектептердің білім мазмұнын көрсету; мектеп оқушыларының оқу жүктемесін мөлшерлеуге көмектесу; тексеру жағдайында жылдам қызмет көрсету. Білім беру стандарттары оқу жоспарлары мен бағдарламаларын негізге алады. Оқу жоспары белгілі бір оқу орындарында оқытылатын оқу пәндерінің құрамын, оларды оқыту барысы мен ретін, әрбір пәнге берілген сағат санын анықтайды. Базалық оқу жоспары барлық оқушы жастар үшін ұсынылатын міндетті мемлекеттік білім беру стандартының негізгі деңгейі болып табылады. Қазақстан Республикасы білім берудің мемлекеттік стандартында вариативті оқу жоспары үшін мынадай сағаттар қарастырылған: таңдаған сабағы бойынша: бірінші сынаптар үшін аптасына 2 сағат және екінші-төртінші сыныптар үшін аптасына 3 сағат; факультативтер: 5-9 сыныптар үшін аптасына 5 сағат; кәсіби пәндер: 10-11 сыныптар үшін аптасына 8 сағат; қолөнер курстары: 10-11 сыныптарға аптасына 4 сағат; таңдауы бойынша курстар: 10-11 сыныптарда аптасына 5 сағат. Білім мазмұны оқушы жастардың алуға тиісті білімі, дағдылары оқу бағдарламасында көрсетілген оқу жоспарына сәйкес анықталады. Оқу бағдарламасында әрбір пәннің мақсаты мен міндеттері; пәннің сипаты мен құрылысы және пәнаралық байланысы; оның мазмұнының бірізділігі көрсетіледі. Оқу бағдарламаларының құрымы негізінен екі түрге бөлінеді. Бағдарламада әр жылдарда оқу пәндерінің кейбір бөлімдерін қайталап оқу көзделеді. Қазақстан Республикасындағы орта білімді дамыту концепциясы маңызды нормативтік құжат болып табылады. Онда білім беру саласының жағдайына сыни тұрғыда баға берілген. Концепция білім берудің басты үш мақсатын (шығармашылық, дүниеге көзқарас, терең білім) алуға қояды және мектептегі оқу-тәрбие процесінің негізгі мақсатын айқындайды. Қазақстан мектептерінің қызметіндегі басты бағыт оқушылардың білім, білік, дағдыларын біртіндеп қалыптастыру және олардың талдау, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту болып табылады. Осыған байланысты концепция білім берудің әрбір кезеңінің негізгі мақсаттарын анықтайды: мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие: мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларына орай білім алуда балалардың тең дәрежелі мүмкіндікке ие болуын қамтамасыз ету; жалпы орта білім: азаматтардың міндетті жалпы орта білім алуына және оның сапалы болуына конституциялық құқықпен қамтамасыз ету; бастауыш және орта кәсіптік білім: бастауыш орта кәсіптік білім беру орындарын бітірушілердің еңбек рыногында бәсекеге жарамдылығын қамтамасыз ету, сонымен бірге үлкендерді кәсіби даярлау мен қайта даярлаудан өткізу; жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім: орта мектепті, бастауыш және орта кәсіптік оқу орындарын бітірушілерді кәсіби дайындауға, жоғары оқу орындарын бітірушілерді қайта даярлауға жағдай жасау. Концепция еліміздегі білім беру жүйесінің одан әрі дамуын қарастырады. Бұл қадамдағы бағытты 2000 жылдың қыркүйегінде еліміздің Презинденті бекіткен мемлекеттік «Білім» бағдарламасы көрсетеді. Бағдарлама жалпы орта білім саласында мынадай негізгі міндеттерді көрсетеді: мектеп жасындағы барлық балаларды оқумен қамту; мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім стандарттарын жүзеге асыру; оқыту әдістері мен мазмұнын жақсарту арқылы мектептердегі білім сапасын арттыру; педагогтар мен оқушы жастардың денсаулығын сақтау шараларымен қамтамасыз ету. Бағдарламада тәрбиелеу жүйесін жетілдірудің мақсаттары анықталған: тәрбиеленушілердің бойында қазақстандық патриотизм, адамгершілік және жалпы азаматтық құндылықтарды қалыптастыру. Бұл орайда төмендегідей міндеттер айқындалды: оқу орындарында оқушы жастарды этномәдени ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбиелеудің тиімді жүйесін құру және еңгізу; балалар мен жастардың қоғамдық ұйымдарын дамытуды қолдау; қосымша білім беретін мектептен тыс ұйымдардың жүйесін сақтау және одан әрі дамыту; тәрбие ісімен айналысатын басқару орындарының қызметкерлерін, академиялық топтардың жетекшілерін, сынып жетекшілерін қайта тәрбиелеу; балалардың бақылаусыз жүруі және қылмысына, құқық бұзуына қарсы шара қолдану істерін жүзеге асыру. Мемлекеттік «Білім» бағдарламасы оны жүзеге асырудың жолдарын анықтайды: білім мазмұнының демократиялық және гуманистік бағытта жаңаруын, оқушы жастардың сапалы білім алуға ұмтылуын; оқу-әдістемелік құралдар мен оқулықтарды жетілдіру; білім беру саласының қызметкерлері мен оқушы жастарды әлеуметтік қорғауды күшейту; мұғалімдердің жалақасын көтеру арқылы әлеуметтік рөлі мен беделін жоғарлату. Жоғарыда көрсетілген нормативтік құжаттарда тілдерді үйрену мәселесі маңызды орын алады. 1997 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңда елімізде мемлекеттік тіл - қазақ тілі, ұлтаралық тіл – орыс тілі деп көрсетілген. Тілдер туралы заңды дұрыс жүзеге асыру үшін: халыққа мектептер мен оқыту тілін таңдауға кең құқық берілуі; Республиканың барлық мектептері мен мектепке дейінгі оқыту орындарында мемлекеттік тілдің пән ретінде тереңдетіліп жүргізілуі; орыс тілін жан-жақты оқытуға қажетті жағдай жасау; мектептер қос тілді меңгерген мұғалімдермен қамтамасыз ету керек. Негізгі ұғымдар: мемлекеттік және қоғамдық басқару, әлеуметтік-педагогикалық және уақыттық шарттар, нормативтіік құжаттар. Өзін-өзі тексеру сұрақтары: Білім беру жүйесін мемлекеттік және қоғамдық басқарудың негізгі белгілерін көрсетіңіз. Педагогикалық жүйенің қызмет етуінің әлеуметтік-педагогикалық және уақыттық шарттары қандай? Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіндегі нормативтік құжаттарға сипаттама жасаңыз. Ұсынылатын әдебиеттер: «Білім» туралы мемлекеттік бағдарламасы. Алматы, 2000 Қазақстан Республикасының мемлекеттік бастауыш білім беру стандарттары. Алматы, 1998 Қазақстан Республикасының мемлекеттік орта білім беру стандарттары. Алматы, 1998 Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңы. Алматы, 2000 Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» заңы. Алматы, 1997 Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, 1995 Садыков Т.С. Теоретико-методологические основы модернизации системы образования в Республике Казахстан. Алматы, 1998 Храпченков В.Г. Тенденции и особенности развития всеобщего среднего образования в Казахстане. Алматы, 1996 15-тақырып: Педагогикалық процесті басқарудағы әлеуметтік институтардың өзара әрекеттестігі Жалпы педагогикалық процесті ұйымдастырушы орталықтар. Педагогикалық ұжым - әлеуметтік ұйым ретінде. Отбасы – ерекше педагогикалық жүйе. Педагогтың оқушы ата-аналарымен жұмыс істеу формалары. Педагогикалық процесті ұйымдастыру оның сапасын жоғарлату жалғыз мектептің ісі емес, бұған мектеп, отбасы және жұртшылыұ бірігіп жұмыс атқаруы тиіс.Ал бұл жұмысты жүзеге асыру үшін оның өзіндік ерекшеліктері: әдістері немесе түрлеріне көңіл аудару қажет және ол ерекшеліктер бірқатар факторларға байланысты: педагогикалық процестің объективті заңдылықтарын білу; қазіргі кездегі мектептің әлеуметтік қызметіне қанық болу; қазіргі отбасының ерекшеліктері иен даму тенденцияларын түсіну; жас ұрпақ тәрбиесіне байланысты, мұғалім ата-аналармен және жұртшылықпен жұмысқа дайын болу; Бұл факторларды ескере келетін болсақ, бұл жұмысты басқарушы әлеуметтік институит – мектеп болып табылады. Мектептің, отбасының және жұртшылықтың тәрбиелік қызметінің біртұтастығы мектептің мақсатты түрде жүргізілген жұмыстарының нәтижесі. Бұл нәтиже қазіргі заманғы білім беру мекемесіне қойылатын басты талаптың бірі.Мектеп отбасының тәрбиелік мүмкіндіктерін кеңейтеді және дамытады, сәйкес осы бағытта педагогикалық ағарту жұмыстарын жүргізеді және бұған қоғамдық ұйымдардың қатысуын ұйымдастырады. Осы жүйенің жұмысы нәтижелі болуы үшін мектеп мына талаптарға жауап беруі керек: бүкіл педагогикалық ұжым әрекетінің мақсаттылығы, яғни нақты педагогикалық проблемаларды шешу үшін арнайы жиналыс өткізу, ағарту дәрістері және жеке отбасыларына ықпал жасау; педагогтың бұл жұмыстар бойынша кәсіптік біліктіліктерін арттыру; педагогтың ата-анамен жүргізетін жұмысына бірыңғай талап қою.(талапты орындаушылық кліспеушіліктерге әкеледі); ықпалды қоғамдық ата-аналар ұйымын қалыптастыру; Тәрбие ықпалдарының бірлігі – мәселелерін Н.К.Крупская, А.С.Макаренко қарастырған. Бұлар кеңестік идеологиясында болғанымен, бұл мәселенің негізгі ғылыми принципін жете түсіндірген “Бірыңғай ықпал болмаған жерде – тәрбие жоқ ”. Осы принципті жүзеге асырушы ретінде педагогикалық ұжымның өзіндік ерекшеліктерін В.А.Сухомлинский көрсеткен және тәжірибе алмасу керектігін айтқан. Кез келген ұжым сияқты педагогикалық ұжымның да өзіндік ерекшеліктері болады. Бұл ерекшеліктер: кәсіптік қызметіне байланысты, ал кәсіптік қызмет тиімділігі: оның мүшелерінің мәдениет деңгейімен; тұлғалардың қатынас сипатымен; ұжымдық және дербес жауапкершілікті сезінумен; ұйымшылдық, ынтымақтастық деңгейімен; Оқушылар ұжымы бола отырып, педагогикалық ұжым оның басқарушысы болады. Сондықтан, педагогикалық ұжым немесе оқушылар ұжымы басқарудың да, өзін-өзі дамытудың да субъектісі болады. Негізгі ұғымдар: Педагогикалық ұжым, әлеуметтік ұйым, педагогтың оқушы ата-аналарымен жұмыс істеу формалары. Өзін-өзі тексеру сұрақтары: Жалпы педагогикалық процесті ұйымдастырушы орталықтар. Педагогикалық ұжымдағы психологиялық ахуалдың маңызы қандай? Ұсынылатын әдебиеттер: Әбиев Ж.,Бабаев С.,Құдиярова А. Педагогика.-А. 2004 Р.С. Немов Учебник для студентов высших пед. учебных заведений. Т2. (Психология образования) – М.,2003 Бабанский Ю. Педагогика. –М.,1988 Педагогика: Педагогикалық жоғары оқу орындары мен педагогикалық колледждер студенттеріне арналғаноқулық / Ред.басқ. П.И.Пидкасистый. – Алматы: Қазақ университеті, 2006 3 ПРАКТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ САБАҚТАР Практикалық сабақтың тақырыбы №1. Педагогиканың шығуы және дамуы. Мақсаты: Педагогика ғылымының даму тарихын қарастыру. 1. Шығыс ойшылдарының педагогикалық ой-пікірінің пайда болуы мен қалыптасуы ( Әл-Фараби, Махмұд Қашқари, Жүсіп Баласағұн, Ибн Сина, Омар Хайям). 2. XVII-XVIII ғасырлардағы революция кезеңіндегі демократиялық педагогиканың дамуы ( Ян Амос Каменский, Джон Локк, Жан-Жак Руссо, Иоганн Генрих Песталоции) 3. Қазақстанда әлеуметтік-педагогикалық ой-пікірлердің қалыптасуы ( Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердиев, Шоқан Уәлиханов). 4. XX ғасырдың бірінші жартысындағы Кенес педагогикасының қөзқарастары ( Н.К. Крупская, А.С. Макаренко, В.А. Сухомлинский, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж Аймауытов). Бақылау сұрақтары: 1. Әл-Фарабидың оқу-ағарту және тәрбие туралы ой-пікірлері оның жаңа адамды қалыптастырудағы тарихи маңызы. 2. Ян Амос Коменскийдің педагогиканың негізін салушы ретіндегі еңбектерінің маңызы. 3. К.Д. Ушинскийдің дидиктикалық принциптерінің – оқыту мен білім берудегі алатын орны және оның мектеп тәжірибесіндегі тарихи мәні. 4. Қазақстан педагогтарының тәрбие, оқу, білім беру туралы ой-пікірлерінің бүгінгі егеменді еліміздің оқу-ағарту білім беру ісін дамытудағы ролі. Әдебиеттер: 1. Бержанов К., Мусин С. Педагогика тарихы. А., «Мектеп», 1984 2. Мадин И.Б. Қазақстанда совет дәуіріндегі педагогикалық ой-пікірдің дамуы. А., «Мектеп», 1979 3. Жұмабаев М.Б. Таңдамалы: (Өлеңдер, поэмалар, зерттеулер, аудармалар). А., «Ғылым» 1992 4. Алтынсарин Ы. Таңғдамалы шығармалары. А., 1995 5. Ушинский К.Д. Толық шығармалар жинағы, 8-том, 1950 6. Крупская Н.К. Таңдамалы педагогикалық шығармалары. А., «Мектеп», 1973 Практикалық сабақтың тақырыбы №2. Жеке тұлғаның дамуы, тәрбиесі және қалыптасуы. Мақсаты: Жеке тұлға, оның даму факторлары туралы білім жүйесін қалыптастыру. Жеке тұлғаның дамуы туралы ұғым. Оның педагогика ғылымы үшін маңызы. Жеке тұлғаның іс-әрекеттің, қарым-қатынас пен жеке басының белсенділігінің алатын орны. Бақылау сұрақтары: 1. Жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететін факторлар. 2. Белсенділік және оның жеке тұлға дамуындағы маңызы. 3. Жеке тұлғаның қалыптасуындағы педагогикалық басшылықтың ерекшелігі. 4. Акселерация және жеке тұлғаның әлеуметтік есею мәселелері. 5. Жеке тұлғаның дамуын дұрыс ұйымдастырудағы мектептің басты міндеті. Әдебиеттер: 1. Айтмамбетова Б.Р., Бейсенбаева А.А. Жеке адамның дамуы, тәрбиесі, қалыптасуы. А., 1991 2. Мұқанов М. Жас және педагогикалық психология. А., 1982 3. Сухомлинский В.А. Балаға жүрек жылуы., А., 1976 4. Уманов Г.А. Бала бақыты. А., 1979 5. Керимов Л.К. Қиын бала және оны қайта тәрбиелеу. А., 1990 6. Жұмабаев Ә. «Қиын» оқушыларды мектеп жағдайында тәрбиелеу мәселелері. А., 1974 7. Божович Л.И. Личность и ее формирование в детском возрасте. М., 1968 Практикалық сабақтың тақырыбы №3. Оқытудың түрлері. Мақсаты: Оқыту әдістемесінің мазмұны мен мәнін ашу. Бақылау сұрақтары: 1. Түсіндірмелі-иллюстративті оқытудың ерекшелігі. 2. Проблемалық оқытудың жүйесі. 3. Бағдармалы оқыту түрі. Әдебиеттер: 1. Көшекбаев Н. Оқыту теориясы. А., «Мектеп», 1976 2. Сабыров Т.С. Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдары. А.,«Мектеп», 1986 3. Сабыров Т.С. Болашақ мұғалімдердің дидактикалық дайындығын жетілдіру. А., 1999 4. Бержанов К.Б. Тәрбие мен оқытудың бірлігі. А., 1973 5. Махмудов М. Мектепте проблемалы оқытуды ұйымдастыру. А., 1981 6. Иванова Н.Д., Қозғамбаева М.Қ. Оқыту процесінің мәні. А., 1991 Практикалық сабақтың тақырыбы №4. Оқу жоспары, бағдарламалар және оқулықтар. Мақсаты: Оқу жоспары, оқу бағдарламаламасы және оқулыққа қойылатын дидактикалық талаптарды анықтау. Бақылау сұрақтары: 1. Оқыту процесінде оқу жоспары, оқу бағдарламасының қызметі. 2. Оқу жоспары, оқу бағдарламаламасы және оқулыққа қойылатын дидактикалық талаптар. 3. Оқу жоспары, бағдарламалар және оқулықтар құрылымы. 4. Қазіргі кезеңде мектептегі оқытудың мазмұнын қайта қараудың негізгі себептері. Әдебиеттер: 1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. А., 1999 2. Қазақ Орта мектебіндегі білім мазмұнының тұжырымдамасы. А., 1990 3. Храпченков Г.М. Проблемы содержания и методов обучения в школах Казахстана. А., «Мектеп», 1983 4. Храпченков Г.М., Храпченков В.Г. История школы и педагогической мысли Казахстана. А., 1998 Практикалық сабақтың тақырыбы №5. Оқыту әдістерінің түрлері. Мақсаты: Мұғалімнің іс-әрекетіндегі білім беру тәсілін меңгеру және сабақ үстіндегі оқушылардың оқу-танымдық білімдерін меңгеруді ұйымдастыру. Бақылау сұрақтары: 1. Оқыту әдістерінің педагогикалық-психологиялық негіздеріне талдау жасаңыз. 2. Оқыту әдістерінің түрлерін топтастыру қажеттілігі неде деп ойлайсыз. 3. Мектептегі озат мұғалімдер тәжірибесінен қандай әдістерді жиі қолдануын байқадыныз. 4. Қазіргі оқыту әдістеріне қойылатын талаптар. 5. Оқытук әдістерін мұғалімнің таңдап алуы немен байланысты. Әдебиеттер: 1.Нұрғалиева Г.К. Оқыту әдістері. А., 1991 2. Сабыров Т. Болашақ мұғалімдердің дидактикалық дайындығын жетілдіру. А., 1999 3. Көшекбаев Н. Оқыту теориясы. А., «Мектеп», 1976 4. Лемберг Р.Г. Оқыту әдістері. А., 1958 5. Кириллова Г.Д. Методы обучения в современной школе. М., 1985 6. Лернер И.Я. Дидактические основы методов обучения. М., 1981 Практикалық сабақтың тақырыбы №6. Оқыту жұмысын ұйымдастыру формалары. Мақсаты: Оқыту жұмысын ұйымдастыру формаларын анықтау. Бақылау сұрақтары: 1. Мектептің даму тарихында оқытуды ұйымдастырудың қандай негізгі формалары қалыптасты. 2. Сабақтың негізгі түрлері мен оның құрылысы. 3. Мұғалімнің сабаққа дайындау тәсілдері. 4. Тақырыптық және жеке сабақтардың жоспары. Әдебиеттер: 1. Айтмамбетова Б.Р. Оқыту процесін ұйымдастыру. А., 1991 2. Көшекбаев Н. Оқыту теориясы. А., «Мектеп», 1992 3. Сабыров Т. Оқыту теориясының негіздері. А., Қазақстан Республикасы Білім министрлігі баспаханасы, 1992 4. Сабақ беру тиімділігін арттыру\ құрастырған Б. Сманов. А., 1992 5. Лемберг Р.Г. Дидактические очерки. А., 1960 Практикалық сабақтың тақырыбы №7. Оқушылардың оқу-танымдық әрекетін тексеру және бағалау. Мақсаты: Оқушылардың оқу-танымдық әрекетін есепке алу мен бағалаудың негізгі әдістерінің сипаттамасы. Бақылау сұрақтары: 1. Оқыту процесінде білімді тексеру, бақылау және бағалаудың маңызы. 2. Оқыту процесінің қандай кезеңдерінде білім тексеруді қолданады. 3. Білімді тексеруде және бағалауда күнделікті байқау қандай роль атқарады. 4. Баға қоюда мұғалімдер қандай кемшіліктер жібереді. 5. Педагогикада білімді тексеру және бағалау саласында жете айқындалмаған қандай мәселелер бар. Әдебиеттер: 1. Қоянбаев Ж., Қоянбаев Р. Педагогика, Астана, 1998 2. Сабыров Т. Оқыту теориясының негіздері. А., 1993 3. Положения о рейтинго-тестовом контроле знаний, навыков и умений студентов. А., «КАЗГумя», 1996 4. Ильина Т.А. Педагогика. А., «Мектеп», 1977 5. Педагогика школы\ под ред. Г.И. Щукиной. М., «Просвещение», 1977 Практикалық сабақтың тақырыбы №8. Тәрбие процесінің мәні мен мазмұны. Мақсаты: Тәрбие процесінің негізін айқындау. 1. Жеке тұлғаны қалыптастырып дамытуда өзін-өзі тәрбиелеу мен қайта тәрбиелеудің маңызы. 2. Қазіргі кездегі жалпы беретін оқу орындарындағы тәрбиенің ерекшеліктері. Бақылау сұрақтары: 1. Қоғамдағы тәрбие қызметінің мәні мен мазмұны. 2. Тәрбиенің оқытуға қарағанда өзіндік ерекшеліктері. 3. Өзін-өзі және қайта тәрбиелеудің маңызы. 4. Жалпы беретін оқу орындарындағы тәрбиенің ерекшеліктері. Әдебиеттер: 1. Айтмамбетова Б.Р. Тәрбие процесінің мәні және мазмұны. Тәрбие принциптері. А., 1991 2. Керімов Л.К. Қиын оқушылар және оларды қайта тәрбиелеу мәселелері. А., 1991 3. Айтмамбетова Б.Р. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. А., 1991 4. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім тәрбиесі. А., «Санат», 1995 5. Болдырев Н.И. Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы. А., «Мектеп», 1987 Практикалық сабақтың тақырыбы №9. Эстетикалық тәрбие. Мақсаты: Жас ұрпаққа эстетикалық тәрбие беру жүйесінің өзгешеліктерін қарастыру. 1. Эстетикалық тәрбиенің мәні мен міндеттері 2. Жас ұрпаққа эстетикалық тәрбие беру жүйесі. 3. Эстетикалық тәрбиені мектеп өмірінде ұйымдастыру және оның құралдарын пайдалану. 4. Эстетикалық тәрбие және халықтық педагогика. Бақылау сұрақтары: 1. Оқыту процесіндегі эстетикалық тәрбие құралдарын атаңыз, олардың мазмұнын ашып көрсетіңіз. 2. Эстетикалық тәрбие жөнінде сыныптан тыс жұмыстардың қандай түрлері жүргізіледі. 3. Жас ұрпақты тәрбиелеуде эстетикалық тәрбие мен халықтық тәлім-тәрбие байланысы. Әдебиеттер: 1. Крупская Н.К. Көркемділікке тәрбиелеудің міндеттері туралы. Таңдамалы педагогикалық шығармалары. А., 1973 2. Әбілова З.А. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру. А., 1972 3. Ұзақбаева С.А. Эстетикалық және экономикалық тәрбие негіздері. А., 1991 4. Ұзақбаева С.А. Балаларға эстетикалық тәрбие берудегі халық дәстүрі. А., 1990 5. Омарғазинова Б.Т. Өнер тәрбиелейді. А., 1988 6. Әбенбаев С.Ш. Оқушы жастарға эстетикалық тәрбие беруді жетілдіру. А., 1992 Практикалық сабақтың тақырыбы № 10. Құқық тәрбие негіздері. Мақсаты: Құқық негізін тәрбиелеу ерекшеліктерін анықтау. 1. Құқықытық тәрбиенің қоғамдағы мәні, мазмұны мен міндеттері. 2. Мектепте жүргізілетін құқықтық тәрбие жұмысының жүйесі. 3. Мектеп жасындағы жастардың нормаларын бұзу факторлары. Бақылау сұрақтары: 1. Қоғам мен құқықтық тәрбиенің байланысы. 2. Жастардың құқық нормаларын бұзу фактілерінің түрлері мен себептері. 3. Жас өспірімдерге құқық тәрбиесін беруде мемлекеттік заңдардың маңызы. 4. Мектеп оқушыларына құқықтық тәлім-тәрбие беруде мектеп пен ата-аналардың байланысы. 5. Қазіргі нарықтық қоғам жағдайында құқықтық тәрбие барысы. Әдебиеттер: 1. Қойбаев Ө. Жастар және праволық тәрбие. А., 1988 2. Керимов Л. Праволық тәрбие жүйесі. А., 1991 3. Елеманов С., Күктілеуов А. Жастарға арналған праволық білім беру негіздері. А., 1985. Практикалық сабақтың тақырыбы №11. Сынып жетекшісінің сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру. Мақсаты: Сыныптағы тәрбие жетекшісі жұмысының мәнін ашу. 1. Сынып жетекшісінің сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстарының маңызы мен түрлері. 2. Тәрбие жұмысын ұйымдастыру формалары мен тәсілдері, олардың мазмұны. Бақылау сұрақтары: 1. Сынып жетекшісінің жұмысындағы оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастыру. 2. Оқушылардың сыныптағы іс-әрекетін ұйымдастырудың ерекшеліктерін ашу. 3. Сынып жетекшісінің ең маңызды қызметтерін анықтау. 4. Тәрбие жұмысын ұйымдастыру формалары мен тәсілдерінің ерекшеліктері. Әдебиеттер: 1. Болдырев Н.И. Класс жетекшісі. А., «Мектеп», 1980 2. Ақназарова Б. Класс жетекшісі. А., «Мектеп», 1973 3. Ілиясова А.Н. Класс жетекшісінің жүргізетін тәрбие жұмысының жүйесі. А., 1991 4. Педагогикалық және жас ерекшелігі психология\ ред. Басқарған А.В. Петровский. А., 1987 5. Степаненков Н.К. О планировании работы классного руководителя. Минск, 1987 6. Көнжасаров М. Оқушыларды класстан тыс жұмыстарда коллективизмге тәрбиелеу. А., 1987 Практикалық сабақтың тақырыбы №12. Ұстаз тұлғасының моделі. Мақсаты: Мұғалім және оның педагогикалық процесте ұйымдастырудағы рөлін анықтау. 1. Мұғалімнің педагогикалық қызметіне қойылатын талаптар. 2. Мұғалімнің жеке тұлға ретінде ерекшеліктері. Бақылау сұрақтары: 1. Мұғалімнің қоғамдағы орны мен қызметі. 2. Мұғалімнің мамандық этикасы мен шеберлігі. 3. Мұғалімнің мамандық қасиеттері, балаларға деген сүйіспеншілігі, ұйымдастырушылық, коммуникативтік, дидактикалық, перцептивтік, экспрессивтік іскерлігі. Әдебиеттер: 1. Жарықбаев Қ. Ұстаздық еткен жалықпас. А., 1987 2. Ш. Дүйсембекова “Педагогика”. Семей. 2004 3. Н.Д. Хмель. “Жалпы білім беретін мектептегі педагогикалық процесс”, А., 2002 4. Е. Сағындықұлы. “Педагогика” дәрістер курсы, Алматы, 1999 5. Основы педагогического мастерства\ под ред. И.А. Зязюн. М, 1989 6. Уманов Г.А., Парфанов В.А. Бала бақыты. А., 1978 Практикалық сабақтың тақырыбы №13. Білім жүйесін басқарудың қоғамдық-мемлекеттік сипаты. Мақсаты: Қазіргі заман мектебі жұмысын басқару әдісінің теориялық негізін айқындау. 1. Педагогикалық жүйені басқарудағы мәселелер. 2. Мектеп басқарудың негізгі формалары. Бақылау сұрақтары: 1. Мектепті басқару мен басшылық ету ұғымының мәні және оның негізгі принциптері. 2. Мектеп басшылығының оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен басқару қызметі. 3. Мекткпті басқару мен мектептің оқу-тәрбие процесіне басшылық етуді жетілдіру, оқушыларға білім беру мен тәрбиенің сапасын көтерудің алғы шарты. 4. Мектеп басшысының жеке тұлға ретіндегі рөлі. Әдебиеттер: 1. Конаржевский Ю.А. Педагогический анализ учебно-воспитательного процесса и управления школой. М., 1986 2. Основы внутришкольного управления\ под ред. П.В. Худоминского. М., 1986 3. Педагогика. Дәріс курсы. А, «Нұрлы Әлем», 2003 4. Шаймерденов Т. Мектеп басқаруды мәселелері. Оқу құралы. А., 1993 5. Пұқпанов Ғ. Мектепті басқаруды мәселелері. Оқу құралы. Алматы, 1993 6. Березняк Е. Руководство современной школой. М, 1988 Практикалық сабақтың тақырыбы №14. Педагогикалық процесті басқарудағы әлеуметтік институтардың өзара әрекеттестігі. Мақсаты: Педагогикалық процесті басқарудағы әлеуметтік институтардың өзара әрекеттестігін айқындау. 1. Жалпы педагогикалық процесті ұйымдастырушы орталықтар. 2. Педагогикалық ұжым - әлеуметтік ұйым ретінде. 3. Отбасы – ерекше педагогикалық жүйе. Бақылау сұрақтары: 1. Жалпы педагогикалық процесті ұйымдастырушы орталықтарға сипаттама. 2. Педагогтың оқушы ата-аналарымен жұмыс істеу формалары. 3. Педагогикалық процесті басқарудағы әлеуметтік институтардың өзара байланыстылығы. Әдебиеттер: 1. Конаржевский Ю.А. Педагогический анализ учебно-воспитательного процесса и управления школой. М., 1986 2. Основы внутришкольного управления\ под ред. П.В. Худоминского. М., 1986 3. Педагогика. Дәріс курсы. А, «Нұрлы Әлем», 2003 4. Шаймерденов Т. Мектеп басқаруды мәселелері. Оқу құралы. А., 1993 5. Пұқпанов Ғ. Мектепті басқаруды мәселелері. Оқу құралы. Алматы, 1993 6. Березняк Е. Руководство современной школой. М, 1988 Практикалық сабақтың тақырыбы №15. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіндегі нормативтік құжаттарға сипаттама. Мақсаты: Білім беру жүйесі мен оқу орындарының қызметін және олардың даму жолдарын реттейтін нормативтік құжаттарды зерттеу. 1. Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңы. 2. Орта білі беру жүйесінің даму тенденциялары. Бақылау сұрақтары: 1. Қазақстандағы білім беру жүйесінің негізгі компонеттерін атап, сипаттама беріндер. 2. Жалпы орта, бастауыш және орта кәсіптік білім беретін және жоғары кәсіптік білім беретін оқу орындарының негізгі түрлерін атандар. 3. Білім берудің мемлекеттік стандарты дегеніміз не және оған қандай талаптар қойылады. 4. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» заңын жүзеге асыру ерекшеліктерін көрсетіндер. 5. Қазақстандағы білім жүйесін жетілдірудің негізгі бағыттарын атандар. Әдебиеттер: 1. «Білім» туралы мемлекеттік бағдарламасы. Алматы, 2000 2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бастауыш білім беру стандарттары. Алматы, 1998 3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік орта білім беру стандарттары. Алматы, 1998 4. Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңы. Алматы, 2000 5. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» заңы. Алматы, 1997 6. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, 1995 7. Садыков Т.С. Теоретико-методологические основы модернизации системы образования в Республике Казахстан. Алматы, 1998 8. Храпченков В.Г. Тенденции и особенности развития всеобщего среднего образования в Казахстане. Алматы, 1996 ПОӘК 042-18-16.1.53/03-2013 №1 басылым 18.09.2013 ж. 70 беттің - 1 шісі
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz