Файл қосу

Аспалы конвейерлер



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТІРЛІГІ

          СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

|3 дәрежедегі СМК құжат      |ОӘМ           |ОӘК 042-18-8.1.149/03-2013   |
|«Машина жасаудағы инженерлік|№ 1 баспа     |                             |
|шығармашылық»               |18.02.2013 ж  |                             |
|пәннінің оқу-әдістемелік    |              |                             |
|материалдары                |              |                             |














                 «Машина жасаудағы инженерлік шығармашылық»
                          5В071200 – «Машина жасау»
                            мамандығына арналған
                   ПӘННІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК  МАТЕРИАЛДАРЫ

























                                 Семей 2013

    Мазмұны
|1  |Глоссарий                                                       |4     |
|2  |Дәріс тақырыптары және олардың қысқыша мазмұны:                 |7     |
|   |Дәріс 1. Кiрiспе. ТТТҚ жұмыстарын механикаландыру – еңбек       |      |
|   |өнiмдiлiгiн асырудың және өнiмнiң өзiндiк құнын азайтудың       |7     |
|   |негiзi.                                                         |      |
|   |Механикалық құралдардың мақсаты мен маңызы.                     |      |
|   |Дәріс 2. Үздiксiз жұмыс iстейтiн машиналар туоалы жалпы         |8     |
|   |мәлiметтер. Жiктелуi. Есептiк жүктелулер. Тарту органы бар      |      |
|   |конвейерлер. Оларды есептеудiң жалпы әдiстерi.                  |      |
|   |Дәріс 3. Шынжырлы конвейерлер. Жiктелуi және құрылымдық         |11    |
|   |схемалар. Конвейерлiк шынжырлардың түрлерi. Динамикалық күштер. |      |
|   |Негiзгi есептiк бойланыстар.                                    |      |
|   |Дәріс 4. Төсемдi конвейерлер. Топтасуы және құрылымдары.        |12    |
|   |Дәріс 5. Аспалы конвейерлер. Құрылымдары, элементтері мен       |      |
|   |тораптары. Негізгі есептік байланыстар.                         |13    |
|   |Дәріс 6. Элеваторлар мен көтергiштер. Мақсаты, пайдалану        |15    |
|   |аймақтары. Есептiк ерекшелiктер. Негiзгi тораптарды таңдау.     |      |
|   |Дәріс 7. Инерциялық конвейерлер.                                |17    |
|   |Шығыршықты конвейерлер. Кұрылымы. Есептiк ерекшелiктер.         |      |
|   |Дәріс 8. Жүк көтергiш машиналарын жiктеу. Жұмыс режимдерi және  |18    |
|   |есептiк жүктемелер. Икiмдi көтеру элементтерi, таңдау әдiстерi. |      |
|   |Шығырлар мен жұлдызшалар.                                       |      |
|   |Жүктi қармау құралдары.                                         |      |
|   |Дәріс 9. Полиспастар мен барабандар. Құрылымдары мен арқанды    |20    |
|   |бекiту әдiстерi.                                                |      |
|   |Дәріс 10. Икiмдi көтеру элементтерi, таңдау әдiстерi. Шығырлар  |21    |
|   |мен жұлдызшалар.                                                |      |
|   |Жүктi қармау құралдары.                                         |      |
|   |Дәріс 11. Тоқтаткыштар мен тежегiштер. Шаппалы, үйкелiстi,      |      |
|   |шығыршықты тоқтаткыштар. Қалыпты, таспалы, өстiк бастырмалы     |23    |
|   |тежегiштер. Құрылымдар мен негiзгi есептiк байланыстар..        |      |
|   |Дәріс 12. Жүк көтергiш машпналардың көтеру механизмдерi. Жүктi  |25    |
|   |көтеру және түсiру кезiндегi динамикалық процесстер..           |      |
|   |Дәріс 13. Жүк көтергiш машиналардың қозғалыс механизмi. Таңдау  |26    |
|   |және қосылу мен  тежелу кезiндегi динамикалық күштердi есептеу  |      |
|   |Дәріс 14.  Жылжымалы крандардың орнықтылығы.                    |27    |
|   |Дәріс 15. Тиеп-түсiру жұмыстардың орындайтын манипуляторлар мен |29    |
|   |роботтар. Жiктелуi. Жұмыс iстеу принципi. Құрылымдары           |      |
|3  |Практикалық сабақтардың атауы және олардың қысқаша мазмұны.     |29    |
|   |Тақырып 1. Негізгі мәліметтер мен терминдер. Тағамдық жүктердің |30    |
|   |топтасуы.                                                       |      |
|   |Тақырып 2. Қолмен істейтін домкраттарды зерттеу.                |30    |
|   |Тақырып 3. Қолмен істейтін лебедкаларды зерттеу.                |30    |
|   |Тақырып 4. В 103 М электр талін зерттеу.                        |30    |
|   |Тақырып 5. Жүкті қармау құралдарын таңдау және есептеу.         |31    |
|   |Тақырып 6. Оймалы барабандарды есептеу.                         |31    |
|   |Тақырып 7. ТКТГ – 300 М тежегішін зерттеу.                      |31    |
|   |Тақырып 8. Электромагниті бар қалыпты тежегіштерді есептеу.     |31    |
|   |Тақырып 9. Шаппалы тоқтатқыштарды есептеу.                      |31    |
|   |Тақырып 10. Үйкелісті және роликті тоқтатқыштарды есептеу.      |31    |
|   |Тақырып 11. Электр тальдерді есептеу.                           |32    |
|   |Тақырып 12. Жебелі крандардың жүк көтеру механизмдерi.          |32    |
|   |Тақырып 13. Жүк көтеру механизмдегi электрқозғалтқышты қызуға   |32    |
|   |есептеу.                                                        |      |
|   |Тақырып 14. Жүк көтергiш машиналардың қозғалыс механизмiн       |32    |
|   |есептеу.                                                        |      |
|   |Тақырып 15. Кранның бұру механизмiн есептеу.                    |32    |
|   |Тақырып 16. Көпірлі крандардың жүк көтеру механизмдерi.         |32    |




















































    1. Глоссарий


      АДЫМДАУШЫ  КОНВЕЙЕР  -  жүкті  жылжымалы  раманың  көлденең  және  тік
ілгерілемелі – қайтарымды қозғалысының көмегімен тасымалдайтын (жүк  раманың
үстіне қойылады) құрылғы.
      АРҚАНДЫ ОРАУШЫ МЕХАНИЗМ – арқан шыбықтарын бұрауға және  оларды  арқан
етіп орауға арналған құрылғы.
      АТҚАРУ МЕХАНИЗМІ –  1)  қажетті  технологиялық  операцияны  орындайтын
құрылғы; 2) жетекші буынға түсетін  сигналдарға  сәйкес  реттеу  объектісіне
механикалық әсер етуші автоматты реттеу жүйесінің механизмы.
      БАЛАНСИР   (франц.  balancier  –  тербету,  теңгеру)  –  тірек  өсінің
төңірегінде тербелмелі қозғалыс жасайтын машиналарда кушті  беруге  арналған
екі иықты  (сирек бір иықты) тұтқа.
      БІЛІКТЕС ЛЕБЕДКА – қозғалтқышы, төмендеткіші  және  барабаны  біліктес
орналасқан лебедка.
      ГРЕЙФЕР (нем. Greifer, от greifen – ұстау)  –  бұрылатын  жақтары  бар
жүкті қармау механизмі.
      ДИСКІЛІ ТЕЖЕГІШ – білікке бекітілген дискіге айналмайтын дискіні  қысу
арқылы айналатын білікті тежеуге арналған құрылғы.
      ДОМКРАТ –  жүкті  кішкене  биіктікке  (до  0,8…1м)  көтеруге  арналған
механизм. Ол әдетте жөндеу және монтаждық жұмыстарда қолданылады.
      ЕКІ БАРАБАНДЫ ЛЕБЕДКА – өзара кинематикалы  байланысқан  екі  барабаны
бар лебедка.
      ЖҮКТІ  ТІРЕУШІ  ТЕЖЕГІШ  –  жетектегі  буынындағы   айналу   моментіне
байланысты автоматты басқарылатын үйкелісті тежегіш.
      Жүкті тіреуші тежегіш  жетекші  буынға  келтірілген  кедергі  күштерді
асатын жетекші буындағы айналу моменті болған кезде ғана сөндіріледі.
      Жүкті тіреуші  тежегіш  іске  қосылады,  егер  жетекші  буында  айналу
моменті болмаса.
      ИКЕМДІЛІК  (МАНЕВРЕННОСТЬ)  (франц.  manoeuvrer  —  қозғалысқа  әкелу,
басқару, лат. manu  operor  —  қолмен  жұмыс  істеймін)  –  басқару  бұйрығы
бойынша құрылғының қозғалыс бағытын және  кеңістіктегі  орнын  ауыстыра  алу
қабілеті.
      Икемділік критериялары – бағытын  өзгертуде  қозғалыс  траекториясының
қисықтық радиусы, кеңістікте орнын ауыстыру кезіндегі уақыт және т. б.
      ИТЕРГІШ   КОНВЕЙЕР  –  жүкті  бағыттауыштар   бойынша   итеру   арқылы
тасымалдайтын құрылғы.
      ҚАЛЫПТЫ ТЕЖЕГІШТІ РЕТТЕУ  –  ажырату кезінде  барабан  мен  тежегіштің
қалыптарының арасындағы саңылаудың тұрақтылығын қамтамасыз ететін құрылғы.
      ҚАРСЫ САЛМАҚ – машина  мен  механизмдерде  әсер  етуші  күштерді  және
күштер моменттерін теңгеруге арналған жүк.
      КӨТЕРГІШТІҢ МЕХАНИЗМІ – жүктік платформаларды (алаңдарды, кабиналарды)
қатаң тік  немесе  көлбеу  бағыттағыштардың  бойымен  тасымалдауға  арналған
құрылғы.  Көтергіштерде  әртүрлі  жүк   көтергіш   құрылғылар   (лебедкалар,
гидроцилиндрлер, арқанды жүргізуші шкивтер) қолданылады.
      КРАН – жүкті  қармаушы  құрылғымен  ұсталып  тұрған  затты  кеңістікте
көтеруге және жылжытуға арналған циклды жұмыс істейтін машина.
      ҚҰРЫЛҒЫ – 1) қандайда болмасын түсінікке (машина,  механизм,  агрегат,
торап, қосылыс, буын) арналған жалпы атау; 2) машинадағы  және  механизмдегі
тораптар мен буындардың орналасуы және өзара байланысы.
      ҚУАТ –  жұмыстың уақыт интервалына қатынасына тең  болатын  энергиялық
сипаттама. Қуат Р күш  векторының  [pic]  осы  күштің  тіркелу  жылдамдығына
[pic] скалярляқ көбейтіндісіне тең: [pic], α  –  [pic]  мен  [pic]арасындағы
бұрыш.
      Т моментінің әсерінен [pic] бұрыштық  жылдамдықпен  айналатын  денелер
үшін қуат [pic].
      Қуат  Вт  және  кВт  өлшенеді:  1  Вт=1Дж/с=1Н·с  (1Вт≈0,102  кгс·м/с;
1кВт≈1,36 л. с.).
      МАНИПУЛЯТОР (франц. manipulateur, лат. manipulus – бір уыс,   manus  –
қол) – , оператордың қолының функциясын және қозғалысын қайталауға  арналған
жұмыс органы бар қашықтықтан басқарылатын және  бағдарламалық  құрылымы  бар
механизм. Манипулятор келесі негізгі бөлімдерден тұрады:  қармау  құрылғысы,
жетекші кинематикалық жұбы бар кинематикалық тізбек және басқару жүйесі.
      МАНИПУЛЯТОРДЫҢ ЖҰМЫС АЙМАҒЫ – манипулятор жұмыс істегенде  оның  жұмыс
органы (қармау  құрылғысы)  орналасатын  кеңістік.  Еркін  кеңістікте  жұмыс
органын берілген нүктеге орналастыру үшін үш еркіндік  дәрежесі  жеткілікті.
Тағы  үш   еркіндік   дәрежесі   манипуляторды   объектінің   керек   жағына
орналастыруға үшін қажет.
      МАНИПУЛЯТОРДЫҢ  ИКЕМДІЛІГІ   –   манипулятордың   жұмыс   кеңістігінде
кедергілерді  айналып  өту   қабілеттілігі.  Икемділік  қармау  құрылғысының
қозғалмаған  жағдайында  еркіндік  дәрежелерінің  санымен  және   буындардың
орналасу жағдайының мүмкіншілік варианттарының санымен сипатталады.
      МАШИНА (франц. machine, лат. machina)  —  физикалық  және  ой  еңбегін
жеңілдету немесе ауыстыру үшін энергияны,  материалдарды  және  ақпараттарды
түрлендіруге арналған механикалық қозғалысты жасайтын құрылғы.
      МАШИНА-АВТОМАТ   –   энергияны,   материалдарды   және    ақпараттарды
түрлендіруді адамның көмегісіз орындайтын машина.
      МЕХАНИЗАЦИЯ – қол еңбегін машиналармен және  механизмдармен  ауыстыру;
адам қызметінің әртүрлі облыстарына, соның ішінде, ой  еңбегінде  техникалық
құралдарды енгізу.
      МЕХАНИЗМ —  бір  немесе  бірнеше  қатты  денелердің  қозғалысын  басқа
денелердің қажетті қозғалысына түрлендіруге арналған денелер жүйесі.
      МӨЛШЕРЛЕГІШ – материалдың берілген массасын немесе  көлемін  автоматты
өлшегіш құрылғы.
      Мөлшерлегіш оқтын-оқтын немесе толассыз жұмыс істей алады.
      ПАКЕТТЕУШІ – бұйымдарды қоймаға кіргізуге арналған құрылғы.
      ПОЛИСПАСТ (грек. polyspaston, polyspastos – көптеген жіптермен  немесе
арқандармен тартылатын) – жылжымалы және жылжымайтын шығырларды бірнеше  рет
айналып өтетін  икемді  байланыс  арқылы  жүкті  көтеруге  немесе  жылжытуға
арналған құрылғы.
      ПОРТАЛЬНОГО КРАНА МЕХАНИЗМ – жүкті тасымалдауға немесе порттық  кранды
жылжытуға арналған құрылғы.
      РОБОТ (чех. robot, robota – еріксіз еңбек, rob – құл; чех жазушысы  К.
Чапек ойлап тапқан сөз, ол оған «жұмыста шебер адам»  мағанасын  берген)   –
адамға ұқсас (адам пішінді) мінез-құлықы бар  машина.  Ол  қоршаған  ортамен
әрекеттесуде толық немесе жарым-жартылай адам функцияларын орындайды.
      Ең көп таралған робот – манипулятор мен қайта программаланған құрылымы
бар атқарушы құрылғыдан құрылған автоматты машина – өнеркәсіптік робот.
      СКИПТІ КӨТЕРГІШТІҢ МЕХАНИЗМІ – көлденең рельстер бойынша  тасымалдауға
және жолдың шетінде материал салынған ыдысты төңкеруге арналған құрылғы.
      ТАЛЬ (голл.  talie)  –  лебедка  мен  арбьашадан  тұратын  аспалы  жүк
көтергіш құрылғы.
      ТАСПАЛЫ РЕВЕРСТІК ТЕЖЕГІШ – цилиндрлі  шкивті  қамтыған  икемді  таспа
түріндегі тежегіш. Бұл тежегіш шкивтің кез келген бағытында тежей алады.
      ТЕХНИКА (грец. techne – өнер, біліктілік) — өндіріс  процестерін  іске
асыруға  және  қоғамның  өндірістік  емес  қажеттіліктерін  қанағаттандыруға
арналған адам іс-әрекетінің құралдарының жиынтығы.
      ТОРМОЗ  (грец.  tormos  –  дөңгелектің  айналуын  жібермейтін   шегені
орнатуға  арналған  тесік)  машинаның  жылдамдығын  кемітуге  немесе   толық
тоқтатуға арналған  құрылғы.
      ТОРМОЗ ГРУЗОВОЙ – жүк көтергіш машина білігінің айналуын  болдырмайтын
құрылғы.
      ТРАНСМИССИЯ  (лат.  transmissio  –  асу,  тапсыру,  беру)  –  айналуды
қозғалтқыштан  энергия  тұтынушыларына  беруге  арналған   құрылғы.   Әдетте
трансмиссия деп бір қозғалтқыштан  бірнеше  тұтынушыларды  параллель  немесе
араластырып қосуға арналған күштік берілісті түсінеді.
      ШАППАЛЫ МЕХАНИЗМ – буындардың  салыстырмалы  қозғалысы  бірақ  бағытта
болатын, ал екінші бағытта буындардың элеменеттерінің  қысылуының  арқасында
қозғалыс мүмкін емес.
      Бұл  механизмді  жүк  көтергіш  машиналарында  ұстап  тұрғыш   құрылғы
ретінде, сонымен қатар, периодты айналу қозғалысын  беретін  берілістерде  –
тербелмелі қозғалысты  бір  қатарлы  қозғалысқа  түрлендіретін  құрылғыларда
және т. б. қолданады.
      ШЫНЖЫР – жүктерді көтеруге  және  түсіруге,  сонымен  қатар,  шынжырлы
конвейерлер  мен  шынжырлы  берілістерде   қозғалысты  беруге  арналған  көп
буынды икемді байланыс.
      2. Дәріс сабақтарының тақырыптары және олардың қысқаша мазмұны.


    Дәріс 1.  Кiрiспе. ТТТҚ жұмыстарын механикаландыру – еңбек   өнiмдiлiгiн
асырудың және өнiмнiң өзiндiк құнын азайтудың негiзi.
    Механикалық құралдардың мақсаты мен маңызы.
    Дәріс жоспары:
    1. Кiрiспе.
    2. Механикалық құралдардың мақсаты.
      1.  Барлық  өнеркәсіптік  кәсіпорындардың  жұмыстары  үлкен   мөлшерде
шикізаттарды және дайын бұйымдарды  тасымалдаумен  байланысты.  Өнеркәсіптің
кейбір   салаларында   тиеп-түсіру   жұмыстарын   орындауға   қажет    еңбек
шығындарының үлесі 30-50%.
      Жүктерді тасымалдау және сақтауды  механикаландырудың  артықшылықтары:
жұмысшыларды ауыр физикалық жұмыстардан босатып,  дайын  бұйымдарды  көбейту
үшін оларды технологиялық  процесстерге  жұмсау  мүмкіншілігі  және  азық  –
түлік жүктерінің шығындарын азайту.
       Тамақ  өнеркәсібінде   барлық   негізгі   технологиялық   процесстер
механикаландырылған және де кейбір операциялар  автоматтандырылған.  Бірақта
жүктерді тасымалдауда қосымша операциялары механикаландырылмаған,  сондықтан
бұл жерде көптеген жұмысшылар пайдаланылады.
      2. Өндірістегi көтеріп  -  тасымалдайтын  машиналар  екі  үлкен  топқа
бөлінеді: өндірістің сыртқы жұмыстарын атқаратын машиналар және ішкі көлік.
       Сыртқы көліктерге магистралдық түрлер жатады: темір жол, су  жолдары,
автокөлiк, құбырлар арқылы жүргізілетіндер.
 Ішкі көлікке өндіріс аймағының iшiнде жұмыс істейтін көтеріп  -  тасымалдау
машиналары  жатады.  Олар  цехаралық  және  цехтік  көлiк  болып   бөлінеді.
Цехаралық  көлiк  цех  пен  қоймалар  арасындағы  және   цехтер   арасындағы
тасымалдау жұмыстарын қамтамассыз етеді. Цехтік көлiк  сол  цехтер  ішіндегі
тиеп-түсіру және тасымалдау жұмыстарын механикаландыруға арналған.
    Тиеп-түсіретін  машиналар  аса  қауіпті  машиналар   қатарына   жатады,
сондықтан оларды жобалауға,  орнатуға  және  күнделікті  пайдаланылуына  өте
қатал талаптар қойылады. Ол талаптар мемлекеттік стандартқа МЕСТ  12.2022-80
еңгізілген.
      Қажетті әдебиет:
      Зуев  Ф.Г.  Левачев  Н.А.,Лотков  Н.А.  Механизация  ПРТС  работ-  М.,
Агропромиздат,1988 г.,с.447
      Александров  М.П.  и  др.  Подъемно-транспортные  машины  М.,  “Высшая
школа”, 1985г.
    Жайлаубаев Д.Т., Мансуров  С.М.  «Тиеп-түсіру,  тасымалдау  және  қойма
жұмыстарын механикаландыру» Семипалатинск.; СГУ, 2006 г. 350 с.




    Дәріс 2.  Үздiксiз жұмыс iстейтiн машиналар  туоалы  жалпы  мәлiметтер.
Жiктелуi.  Есептiк  жүктелулер.  Тарту  органы   бар   конвейерлер.   Оларды
есептеудiң жалпы әдiстерi.
    Дәріс жоспары:
    1. Үздiксiз жұмыс iстейтiн машиналар туоалы жалпы мәлiметтер..
    2. Таспалы конвейерлер. Жалпы мәлiметтер.
    1.  Үздіксіз  жұмыс  істейтін  немесе  тасымалдағыш   машиналар   жүкті
белгіленген бір бағытта, тоқтаусыз тасымалдайды. Оған конвейерлер,  үздіксіз
жұмыс істейтін тиегіш  машиналар,  қосалқы  құрылғылар  және  тағы  басқалар
жатады. Бұл машиналар келесі критериилер бойынша топтасады: жұмыс  принципі,
қолдану аймағы, құрылымы, икемді  органның  түрі,  тасымалданатын  жүктердің
түрі және мақсаты бойынша.
      Жұмыс принципі бойынша – тасушы  және қырғышты.  Тасушы  конвейерлерге
таспалы, төсемді, арбашалы, шөмішті, бесікті,  аспалы   конвейерлер  жатады.
Қырғышты конвейерлерде тасымалданатын жүк науа еденінде сырғып жылжиды.
       Қолдану  аймағы  бойынша  –  жалпы  мақсатқа  арналған  және  арнаулы
машиналар. Жалпы мақсатқа арналған  машиналар  халық  шаруашылығының  барлық
немесе бірнеше салаларында қолданылады. Мұндай машиналарға, мысалы,  таспалы
конвейерлер жатады.  Арнаулы  машиналар  шаруашылықтың  бір  саласында  ғана
қолданады, мысалы, таулы өнеркәсіпте жер астындағы қырғышты конвейер.
       Құрылымы бойынша – икемді  тарту органы бар және икемді тарту  органы
жоқ.  Икемді  тарту  органы  бар  машиналарға  таспалы,  төсемді,  арбашалы,
шөмішті, бесікті, аспалы, қырғышты конвейерлер және элеваторлар  жатады.  Ал
икемді тарту органы жоқ машиналарға бұрандалы,  адымдаушы  конвейерлер  және
айналатын тасымалдағыш құбырлар жатады.
      Икемді тартқыш орган бойынша – таспа   (таспалы  конвейерлер,  таспалы
элеваторлар),  шынжыр  (төсемді,    қырғышты,  аспалы,  арбашалы,   шөмішті,
бесікті конвейерлер, шынжырлы элеваторлар), арқан  (таспалы-арқанды,  аспалы
арқанды конвейерлер) түріндегі икемді тартқыш органдары бар конвейерлер.
      Тасымалданатын  жүктердің  түрі  және  мақсаты  бойынша  –  үйме   жүк
(таспалы, төсемді, шөмішті, қырғышты,  бұрандалы  конвейерлер,  элеваторлар,
тасымалдағыш құбырлар),  дана  жүк  (таспалы,  төсемді,  арбашалы,  бесікті,
аспалы,  шығыршықты  конвейерлер,  бесікті  және  сөрелі  элеваторлар)  және
пассажирлер (таспалы және төсемді конвейерлер,  эскалаторлар)  тасымалдайтын
машиналар.
      Сонымен  қатар,  конвейерлер  тасымалдағыш  және  технологиялық  болып
екіге бөлінеді. Тасымалдағыш конвейерлер жүкті бір нүктеден  екінші  нүктеге
тасымалдайды.
       Үйме  және  дана  жүктерді  тиеп  –  түсіру  операцияларында  тиегіш
машиналар қолданылады.
      Бір  барабанды  жетекте  жетекші  барабанға  келе  жатқан  тармақ  пен
барабаннан кетіп бара  жатқан  тармақтың  арасындағы  өзара  қатынас  келесі
байланыспен анықталады:
                                            [pic]
    Жетекші барабанның беретін тарту күші:
                                   [pic]
    2. Таспалы конвейер деп тасушы және тартушы органы икемді таспа болатын
ең көп таралған үздіксіз жұмыс істейтін машинаны айтамыз.
      Таспалы  конвейерді  үйме  және  дана  жүкті  кіші,  орта  және  үлкен
қашықтықтарға  көлденең   және   жайпақ   көлбеу   бағыттарда   тасымалдауға
қолданады.  Бұл  конвейер  халық  шаруашылығының  барлық  салаларында  жұмыс
істейді.
      Артықшылықтары:  қозғалу  жылдамдығын  (6...8  м/с)  және  таспа  енін
көбейту арқылы  конвейердің  өнімділігін  20000  және  30000  т/сағ  асыруға
болады; күрделі трассалармен тасымалдау мүмкіншілігі; кейбір  конвейерлердің
ұзындығы  3...5  км-ге  дейін  жетеді;  құрылымының  және  іске   қосылуының
қарапайымдылығы;  конвейер   жұмысын   бақылаудың   ыңғайлылығы;   басқаруды
автоматтандыру мүмкіншілігі; сенімділігі жоғары.
      Кемшіліктері: жабысқақ, ыстық және  ауыр  дана  жүктерді  және  көлбеу
бұрышы 18...200 асқан кезде тасымалдауға жарамсыз.
      Таспалы конвейерлердіњ жіктелуі:
      орналасқан орны бойынша –  стационар  мен  жылжымалы,  қозғалмалы  мен
тасымалды және су үстіндегі.
      құрылымы мен мақсаты  бойынша  –  жалпы  мақсатқа  қолданылатын  (МЕСТ
22644-77 ... МЕСТ 22647-77) және арнаулы,  жер  астындағы,  тамақ,  ұн-жарма
(крупа)  және  құрама   жем,   прибор   жасау,   радиотехника   және   жеңіл
өнеркәсіптері үшін.
      таспа түріне байланысты – резеңкеленген, болатты тұтас  прокатты  және
сым таспалы конвейерлер.
      резеңкеленген таспаның құрылымы және тіректі жүріс  құрылғысы  бойынша
– таспа жүк  тасушы  және  тартушы  орган  болатын  конвейерлер,  таспалы  –
арқанды, таспалы – шынжырлы (мұнда таспа тек жүк тасушы элемент, ал  тартушы
элемент –  арқан немесе шынжыр).
      трасса  профилі  бойынша  –  көлденең,  көлбеу  және  құрама:  көлбеу-
көлденең, көлденең-көлбеу, бір  немесе  бірнеше  майысуы  бар  және  күрделі
трассалы.
      Таспалы конвейерлер жетекші және кергіш барабандар орнатылған  рамадан
тұрады. Тұйықталған  таспа  екі  барабанды  айналып  өтеді.  Екі  барабанның
ортасында таспаны ұстап тұратын тірек шығыршықтары (үстіңгі,  астыңғы)  бар.
Бұл тіректер  рамаға  бекітілген.  Жетекші  барабан  жетек  арқылы  қосылып,
таспаны қозғалысқа әкеледі.
       Құйғыш  (варонка)  арқылы  таспаға  жүк  түседі.  Жүк  үстіңгі  жұмыс
тармағымен  тасымалданады,  ал  астыңғы  тармақ  -  қайтарушы  тармақ.   Жүк
барабанға жетіп, түсіру құйғышы (варонка) арқылы (кейбір жағдайларда  аралық
учаскелерде  жүкті  түсіру  үшін  плужок   3   немесе   барабанды   түсіргіш
қолданылады) түсіріледі.
    Таспалар.  Таспалы  конвейерлердің  тасушы  және  тартқыш  элементі   –
резеңкеленген таспа. МЕСТ 22644-77 бойынша таспа енінің  қатары:  300,  400,
500, 650, 800, 1000, 1200, 1400, 1600, 2000, 2500, 3000 мм.
      Таспа жоғары берікті, аз массалы, жоғары икемді,  тозуға  төзімділігі
жоғары және әр түрлі жүктердің әсеріне төзімді болуы керек.
      Тірек құрылғылары. Екі шеткі барабандар  арасында  таспаны  шығыршықты
тіректер ұстап тұрады.
       Конвейердегі  орнына  байланысты  шығыршықты  тіректер  үстіңгі  және
астыңғы  болып  бөлінеді.  Үстіңгі  шығыршықты  тіректер  түзу  және  науалы
(желобчатый)  болады.  Науалы  тіректер  екі,  үш  және  бес  тіректі  болып
бөлінеді.  Үйме  жүктерді   тасымалдау   үшін   көбінесе   науалы   тіректер
қолданылса, түзу тіректер дана жүктерді тасымалдауда пайданылады.
      Астыңғы  шығыршықты  тіректер  түзу  бір  шығыршықты  цилиндрлі  және
дискілі болады.
      Түзу тіректерде орналасқан жүктердің ауданы
                                     [pic]
      Таспа ені, м
                      [pic]
      Таспаның  қалыптасқан  қозғалысында  тиелген  конвейердің  трассасында
жалпы кедергі (жалпы кедергі жетектің тарту күшіне тең):
         [pic]
      Үйме жүктің сызықтық ауырлық күші, Н/м:
                                     [pic]
      Дана жүктің сызықтық ауырлық күші, Н/м:
                                     [pic]
       Шығыршықты  тіректердің  айналатын  бөлшектерінің  сызықтық   ауырлық
күштері:
      жұмыс тармағында
                                    [pic]
      бос тармақта
                                    [pic]
      Таспаның сызықтық ауырлық күші:
                                                                       [pic]





      Қажетті әдебиет:
      Зуев  Ф.Г.  Левачев  Н.А.,Лотков  Н.А.  Механизация  ПРТС  работ-  М.,
Агропромиздат,1988 г.,с.447
    Жайлаубаев Д.Т., Мансуров  С.М.  «Тиеп-түсіру,  тасымалдау  және  қойма
жұмыстарын механикаландыру» Семипалатинск.; СГУ, 2006 г. 350 с.


      Дәріс 3.  Шынжырлы конвейерлер.  Жiктелуi  және  құрылымдық  схемалар.
Конвейерлiк  шынжырлардың  түрлерi.  Динамикалық  күштер.  Негiзгi   есептiк
бойланыстар.
    Дәріс жоспары:
   1. Шынжырлы конвейерлер.
     2. Динамикалық күштер Төсемдi конвейерлер.
    1. Төсемді деп тарту органына бекітілген жеке  пластиналардан  құралған
төсемдермен жүкті тасымалдайтын конвейерлерді айтады (МЕСТ 22281-76).  Тарту
органы ретінде  бір немесе екі шынжыр, жүкті  тасушы  орган  ретінде   қатаң
металлды (қажет болған жағдайда –  ағаш,  пластмасса,  резеңкелі  −  маталы)
төсем  қолданылады.  Тартқыш  шынжырларға  әсер  ететін  динамикалық  күштер
қозғалыс жылдамдығын 1,25м/с-ке дейін шектейді.
      Төсемнің, тартқыш шынжыр мен тасымалдау трассасының  құрылымы  бойынша
төсемді  конвейерлер  екіге  бөлінеді:  жалпы  мақсатқа  пайдаланылатын  тік
тұйықталаған (негізгі түрі) және кеңістікті трассасы бар  иілгішті.  Арнаулы
төсемді конвейерлерге сұйық металлды тасымалдау мен суыту  үшін  қажет  жºне
бөліп құйғыш (разливочный) машиналар, эскалаторлар, пассажирлік  конвейерлер
және күрделі пішінді төсемі бар конвейерлер жатады.
      Төсемді конвейер станинадан,  оның  бір  шетінде  орналасқан  жетекші
жұлдызшадан, жетектен және екінші шетінде  орналасқан  кергіш  жұлдызша  мен
кергіш  құрылғыдан  тұрады.  Жеке   металлды   (қажет   жағдайда   –   ағаш)
пласстиналардан құралған шексіз төсем бір  немесе  екі  тартқыш  шынжырларға
бекітілген.  Бұл  шынжырлар   шеткі   жұлдызшаларды   айналып   өтеді.   Тік
тұйықталған тартқыш шынжырларға, сонымен қатар, тіректі катоктар  бекітіліп,
олар төсеммен бірге станинадағы бағыттағыштар  бойынша  конвейердің  бойымен
жылжып отырады. Жүк конвейерге трассаның кез келген жерінде  тиегіш  құрылғы
арқылы тиеліп, конвейерден шеткі жұлдызша  және  қабылдау  құрылғысы  арқылы
түсіріледі. Ал жүкті аралық учаскеден тек жақтаусыз  төсемі  бар  конвейерде
ғана түсіруге болады.
    Төсемді конвейерлерді металлургия, химия, көмір, энергия, машина  жасау
және т.б. көптеген өнеркәсіптерде көлденең және көлбеу бағыттарда  әр  түрлі
үйме және дана жүкті  тасымалдауға,  сонымен  қатар,  технологиялық  процесс
бойынша бұйымды бір орыннан екінші орынға жылжыту үшін қолданады. Кейде  бұл
конвейерлер  жүкті  тасымалдап  қана  қоймай   технологиялық   операцияларды
өткізеді. Мысалы, шынықтыру, қыздыру, суыту, жуу,  бояу,  жинақтау,  бақылау
және т.б. Бұл конвейерлерде таспалы конвейерлермен  салыстырғанда  ауыр  ірі
кесекті, абразивті (руда, тас) және ыстық жүктерді тасымалдауға болады.
       Төсемді  конвейерлердің  артықшылықтары:  ауыр  ірі  кесекті,   ыстық
жүктерді үлкен өнімділікпен (2000 м3/сағ дейін) және үлкен қашықтыққа (2  км
дейін)  тасымалдау  мүмкіншілігі;  бірқалыпты  және   шусыз   жүріс;   жүкті
тасымалдау трассасының көптілігі және т.б.
    Кемшіліктері: төсем мен шынжырлардың үлкен салмағы  және  қымбаттылығы;
конвейерді пайдалануының күрделілігі.
    Тартқыш элемент ретінде төсемді конвейерлерде  екі  пластиналы  катокты
(МЕСТ 588-81) немесе төлкелі  немесе  шығыршықты   (МЕСТ  588-81)  шынжырлар
пайдаланылады.
      Шынжырлардың адымы  80; 100; 125; 160; 200; 250; 315; 400;  500;  630;
800 мм.
      Катокты шынжырларда катоктар тіректі  элемент  болып  табылады.  Каток
арқылы төсем мен тасымалданатын жүктің ауырлық күші  конвейердің  бағыттағыш
жолына  беріледі.  Катоктар  ребордалы  және  ребордасыз,  сырғанау   немесе
домалау ұштіректерінде болуы мүмкін. Домалау ұштіректеріндегі катоктар  ауыр
типті конвейерлерде қолданылады.
      Төлкелі және шығыршықты шынжырларда тіректі элемент ретінде станинада
орналасқан стационарлы шығыршықтар қолданылады.
      Қажетті әдебиет:
      Зуев  Ф.Г.  Левачев  Н.А.,Лотков  Н.А.  Механизация  ПРТС  работ-  М.,
Агропромиздат,1988 г.,с.447
      Жайлаубаев Д.Т., Мансуров С.М.  «Тиеп-түсіру,  тасымалдау  және  қойма
жұмыстарын механикаландыру» Семипалатинск.; СГУ, 2006 г. 350 с.


      Дәріс 4.  Төсемдi конвейерлер. Топтасуы және құрылымдары.
    Дәріс жоспары:
    1. Төсемдi конвейерлер.
     2. Динамикалық күштер.
    1. Төсемді деп тарту органына бекітілген жеке  пластиналардан  құралған
төсемдермен жүкті тасымалдайтын конвейерлерді айтады (МЕСТ 22281-76).  Тарту
органы ретінде  бір немесе екі шынжыр, жүкті  тасушы  орган  ретінде   қатаң
металлды (қажет болған жағдайда –  ағаш,  пластмасса,  резеңкелі  −  маталы)
төсем  қолданылады.  Тартқыш  шынжырларға  әсер  ететін  динамикалық  күштер
қозғалыс жылдамдығын 1,25м/с-ке дейін шектейді.
      Төсемнің, тартқыш шынжыр мен тасымалдау трассасының  құрылымы  бойынша
төсемді  конвейерлер  екіге  бөлінеді:  жалпы  мақсатқа  пайдаланылатын  тік
тұйықталаған (негізгі түрі) және кеңістікті трассасы бар  иілгішті.  Арнаулы
төсемді конвейерлерге сұйық металлды тасымалдау мен суыту  үшін  қажет  жºне
бөліп құйғыш (разливочный) машиналар, эскалаторлар, пассажирлік  конвейерлер
және күрделі пішінді төсемі бар конвейерлер жатады.
      Төсемді конвейер станинадан,  оның  бір  шетінде  орналасқан  жетекші
жұлдызшадан, жетектен және екінші шетінде  орналасқан  кергіш  жұлдызша  мен
кергіш  құрылғыдан  тұрады.  Жеке   металлды   (қажет   жағдайда   –   ағаш)
пласстиналардан құралған шексіз төсем бір  немесе  екі  тартқыш  шынжырларға
бекітілген.  Бұл  шынжырлар   шеткі   жұлдызшаларды   айналып   өтеді.   Тік
тұйықталған тартқыш шынжырларға, сонымен қатар, тіректі катоктар  бекітіліп,
олар төсеммен бірге станинадағы бағыттағыштар  бойынша  конвейердің  бойымен
жылжып отырады. Жүк конвейерге трассаның кез келген жерінде  тиегіш  құрылғы
арқылы тиеліп, конвейерден шеткі жұлдызша  және  қабылдау  құрылғысы  арқылы
түсіріледі. Ал жүкті аралық учаскеден тек жақтаусыз  төсемі  бар  конвейерде
ғана түсіруге болады.
    Төсемді конвейерлерді металлургия, химия, көмір, энергия, машина  жасау
және т.б. көптеген өнеркәсіптерде көлденең және көлбеу бағыттарда  әр  түрлі
үйме және дана жүкті  тасымалдауға,  сонымен  қатар,  технологиялық  процесс
бойынша бұйымды бір орыннан екінші орынға жылжыту үшін қолданады. Кейде  бұл
конвейерлер  жүкті  тасымалдап  қана  қоймай   технологиялық   операцияларды
өткізеді. Мысалы, шынықтыру, қыздыру, суыту, жуу,  бояу,  жинақтау,  бақылау
және т.б. Бұл конвейерлерде таспалы конвейерлермен  салыстырғанда  ауыр  ірі
кесекті, абразивті (руда, тас) және ыстық жүктерді тасымалдауға болады.
       Төсемді  конвейерлердің  артықшылықтары:  ауыр  ірі  кесекті,   ыстық
жүктерді үлкен өнімділікпен (2000 м3/сағ дейін) және үлкен қашықтыққа (2  км
дейін)  тасымалдау  мүмкіншілігі;  бірқалыпты  және   шусыз   жүріс;   жүкті
тасымалдау трассасының көптілігі және т.б.
    Кемшіліктері: төсем мен шынжырлардың үлкен салмағы  және  қымбаттылығы;
конвейерді пайдалануының күрделілігі.
    Тартқыш элемент ретінде төсемді конвейерлерде  екі  пластиналы  катокты
(МЕСТ 588-81) немесе төлкелі  немесе  шығыршықты   (МЕСТ  588-81)  шынжырлар
пайдаланылады.
      Шынжырлардың адымы  80; 100; 125; 160; 200; 250; 315; 400;  500;  630;
800 мм.
      Катокты шынжырларда катоктар тіректі  элемент  болып  табылады.  Каток
арқылы төсем мен тасымалданатын жүктің ауырлық күші  конвейердің  бағыттағыш
жолына  беріледі.  Катоктар  ребордалы  және  ребордасыз,  сырғанау   немесе
домалау ұштіректерінде болуы мүмкін. Домалау ұштіректеріндегі катоктар  ауыр
типті конвейерлерде қолданылады.
      Төлкелі және шығыршықты шынжырларда тіректі элемент ретінде станинада
орналасқан стационарлы шығыршықтар қолданылады.
      Қажетті әдебиет:
      Зуев  Ф.Г.  Левачев  Н.А.,Лотков  Н.А.  Механизация  ПРТС  работ-  М.,
Агропромиздат,1988 г.,с.447
      Жайлаубаев Д.Т., Мансуров С.М.  «Тиеп-түсіру,  тасымалдау  және  қойма
жұмыстарын механикаландыру» Семипалатинск.; СГУ, 2006 г. 350 с.


    Дәріс 5.  Аспалы конвейерлер. Құрылымдары, элементтері  мен  тораптары.
Негізгі есептік байланыстар.
    Дәріс жоспары:
   1. Аспалы конвейерлер.
      2.   Құрылымдары,   элементтері   мен   тораптары.   Негізгі   есептік
байланыстар.
      1. Бұл конвейерлерде тасымаданатын жүк аспалы бағыттағыш  жол  бойында
жүріс бөлігімен (кареткалармен және арбашалармен) бірге  жылжитын  аспаларға
орналастырылады.
      Тартқыш шынжыр мен аспаның қосылуы және жүкті тасымалдау әдісі бойынша
аспалы конвейерлер келесі түрлерге бөлінеді:
   1. Аспалы жүкті тасушы конвейерлер. Бұл конвейерлерде жүк  аспалары  бар
      катеткаларда  тасымалданады.  Аспалар  тұрақты  жылдамдықпен   аспалы
      жолдың бойымен шынжырға бекітіліп жылжиды.
   2.  Аспалы  итергіш  конвейерлер.   Бұл  конвейерлерде  жүк   орналасқан
      арбашалар аспамен бірге тартқыш шынжырға бекітілмеген.  Олар  итергіш
      көмегімен  бөлек  аспалы  жол  арқылы  жылжиды.  Итергіштер   тартқыш
      шынжырға бекітіліп, арбашаны итеріп тұрады. Шынжыр кареткалармен және
      итергіштермен бірге тартқыш аспалы жолда, ал  арбашалар  бөлек  жолда
      қозғалады.
   3. Аспалы  тасушы  итергіш  конвейерлер.  Бұл  конвейерлер  алдыңғы  екі
      конвейерлердің құрамасы.
   4. Аспалы жүкті жүргізуші (жүкті тартқыш) конвейерлер. Бұл конвейерлерде
      жүк арбашада цех  немесе  қойма  еденімен  қозғалады.  Арбашаның  тік
      штангасы  бар.  Бұл  штанга  итергішпен  немесе  қармаумен  кареткаға
      ілінген.  Ал  каретка  тартқыш  шынжырға  бекітіліп,  аспалы   жолмен
      қозғалады.
   5. Аспалы тасушы  –  жүргізуші  конвейерлер.  Бұл  конвейерлерде  арбаша
      кареткаға топсалы бекітіліп, шынжырмен бірге аспалы жолмен қозғалады.
      Трассаның бір учаскесінде арбаша еденмен қозғалса, екінші учаскесінде
      (мысалы, басқа қабатқа  көтерілсе)  арбаша  көтеріліп,  аспалы  түрде
      қозғалады.
      Аспалы конвейерлер жетекке байланысты екіге  бөлінеді  –  бір  жетекті
және көп жетекті. Ал тартқыш элементі бойынша – шынжырлы және арқанды.
      Конвейеелердің артықшылықтары: а) кеңістіктік  трасса  және  трассаның
ұзақтығы (бір жетекті – 500 м-ге дейін, көп жетекті –  3  км-ге  дейін);  ә)
бір  конвейермен  бірнеше  қабатта  орналасқан  өндірістік   циклды   күтуге
мүмкіндік  береді;  б)  өндірістегі  технологиялық   процесс   өзгерістеріне
конвейер  трассасының  оңай  бейімделуі;  в)  тасымалдауға   энергияның   аз
шығындалуы;  г)  конвейерді  басқаруда,  сонымен  қатар,  тиеп-түсіру   және
жүктерді таратуда автоматтандыруды  кең  пайдалану  мүмкіншілігі;  ғ)  тиеп-
түсіру жұмыстарына қосымша жұмысшыларды қажет ететін және  цехта  өндірістік
ауданды алатын аралық қоймаларды  жою  үшін  конвейерде  бұйымның  жылжымалы
қорын жасау мүмкіншілігі.
      Тартқыш элемент. Тартқыш  элемент   ретінде  болат  арқан  немесе  көп
жағдайда  пластиналы  шынжыр  қолданылады.  Көлденең  жазықтықта  орналасқан
конвейерлерге адымы 65 …200 мм болатын пластиналы шығыршықты және  адымы  25
.. 38  мм  болатын  пластиналы  жетекті  шынжырлар,  ал  кеңістіктегі  жеңіл
конвейерлерде адымы 160 пен 200 мм  болатын  екі  топсалы  тұйықталған  және
ажыратылған шынжырлар, ал орта және ауыр конвейерде адымы 80,  100,  160  мм
ыстық штампталған бөлшектелетін шынжырлар пайдаланылады.
          Каретка.  Каретка консольді  өстері  және  ұштіректері  бар   екі
катоктан,  өстері  бекітілетін  кранштейндерден  және  астарлардан   тұрады.
Кранштейндердің ішкі буынына бөлшектелетін шынжырды орнатқаннан кейін,  олар
өзара  болттармен  бекітіледі.  Кранштейндердің  дөңестері  шынжыр  буынының
жағдайын  қатаң  ұстайды.  Болт  пен  кергіш  құбыр  жүкті  аспаның  топсалы
бекітілуі үшін қажет.
      2. Тиелмеген тарамның сызықтық күші:
                                    [pic]
      Тиелген тарамның сызықтық күші:
                                                 [pic]
    Тартқыш элементті ең үлкен керілу арқылы таңдайды
      [pic]
      Көлденең түзу сызықты учаске үшін
                                   [pic];
      бұру жұлдызшасы үшін
                                   [pic];
      шығыршықты батареялар үшін
                                   [pic],
      тік бүгілу үшін
                                     [pic];
      Қажетті әдебиет:
      Зуев  Ф.Г.  Левачев  Н.А.,Лотков  Н.А.  Механизация  ПРТС  работ-  М.,
Агропромиздат,1988 г.,с.447
      Александров  М.П.  и  др.  Подъемно-транспортные  машины  М.,  “Высшая
школа”, 1985г.
    Жайлаубаев Д.Т., Мансуров  С.М.  «Тиеп-түсіру,  тасымалдау  және  қойма
жұмыстарын механикаландыру» Семипалатинск.; СГУ, 2006 г. 350 с.




    Дәріс 6.  Элеваторлар мен көтергiштер.  Мақсаты,  пайдалану  аймақтары.
Есептiк ерекшелiктер. Негiзгi тораптарды таңдау.
    Дәріс жоспары:
    1. Элеваторлар мен көтергiштер.
    2. Мақсаты, пайдалану аймақтары.
      1. Элеваторлар тік және көлбеу бұрышы  600-тан  асқан  трасса  бойынша
үйме  және  дана  жүктерді  тасымалдауға  қолданылады.  Элеваторлар   келесі
топтарға бөлінеді:
      - жүкті тасушы элементі бойынша: шөмішті, бесікті және сөрелі;
      - тартқыш элементі бойынша: таспалы және шынжырлы;
      - шынжырлар саны бойынша: бір шынжырлы және екі шынжырлы;
      - кеңістікте орналасуы бойынша: тік және көлбеу;
      - шөміштердің жылжу  жылдамдығы  бойынша:  тез  айналатын  және  баяу
        айналатын.
      Шөмішті элеваторлар үйме жүкті тасымалдау үшін химия, металлургия және
машина   жасау   өнеркәсіптерінде,    қоймаларда,    тамақ    комбинаттрында
қолданылады.
    Шөмішті элеватор шексіз тартқыш элементтен, оған бекітілген шөміштерден
тұрады. Шөміштер жұмыс элементі  болып  табылады.  Тартқыш  элемент  жетекші
және  кергіш  барабандарды  айналып  өтеді.  Бұл  аталған  тораптар   металл
қаптырмамен қапталады. Қаптырманың үстіңгі  бөлігі  –  қалақша,  ал  астыңғы
бөлігі – табанша. Үйме жүк тиегіш құрылғы арқылы келіп  түседі  де,  тартқыш
элемент жетекші  барабанды  айналып  өткен  кезде  түсіру  құрылғысы  арқылы
элеватордан төгіледі.
      Артықшылығы: көлденең қимасының кішілігі, жүкті үлкен биіктікке көтеру
(60-75  м-ге  дейін);   өнімділігінің   үлкен   диапазоны   (5...500м3/сағ);
тасымалданатын  материалдың  сақталуы;  герметикалы  қаптырманың  айналадағы
ортаны шаңнан және шудан сақтау мүмкіншілігі.
      Кемшілігі: шамадан артық күш түскен кезде  шөміштердің  жұлынып  қалуы
мен тез тозуы және жүктің бірқалапты берілуі қажет.
      Тік шөмішті  элеваторлардың  негізгі  параметрлері  МЕСТ  2036-77,  ал
көлбеу шөмішті элеваторлар МЕСТ 12864-69 бойынша бекітілген.
      Шөмішті элеваторлардан жүкті түсірудің үш  тәсілі  бар:  а)  центрден
тепкіш; б) өздігінен еркін; в) өздігінен бағытталған.
      Бірінші  әдісте  шөміш  барабанды  (жұлдызшаны)  айналып  өткен  кезде
центрден тепкіш күш әсерінен жүк түсіру келте түтікшесіне құлайды.  Центрден
тепкіштік шартын орындау үшін және жүктің шашылмауы үшін жетекші  барабанның
айналу жиілігін және түсіру келте түтікшесінің орнын дұрыс қабылдау қажет.
      Бұл әдісті тез айналатын (көбінесе таспалы  элеваторлардан)  шаң,  дән
тәрізді  және  кіші  кесекті   үйме   жүктерді   тасымалдауда   қолданылады.
Тасымалдау жылдамдығы 1...4 м/с. Шөміштердің арасындағы қашықтықты  таңдаған
кезде, төгілген жүк алдындағы шөмішке тимейтіндей етіп таңдау қажет.
      Жүк өздігінен еркін түскен кезде ауырлық күштің әсерінен  түседі.  Бұл
әдісті ылғалды, мақта тәрізді, сулы жүктерді (мысалы, көмір, бор,  сулы  күл
шаңдары) тасымалдауда қолданады.
      Тік  элевваторларда  жүк  өздігінен  түсіру  үшін  қосымша  бағыттаушы
барабан (жұлдызша) орнатылады.
    Өздігінен бағытталған түсіру шөміштері қабыршыққа ұқсас  (шөміштер  өте
жақын  орналасқан)  тік  және  көлбеу  элеваторларға  тән.   Шөміш   үстіңгі
барабанды айналып өткен  кезде  жүк  алдыңғы  шөміштің  үстіне  түсіп,  оның
қабырғасымен элеватордың  түсіру  тетігіне  бағытталады.  Бұл  әдіс  түрпілі
(гравий, руда, ірі кесекті  көмір)  жүктерді  тасымалдайтын  баяу  айналатын
(жылдамдық 0,4...0,8 м/с) элеваторларда қолданылады.
      Өнімділік, л/м
                                             [pic]
      Шөмішпен жүкті қармап алуға кедергі
                                            [pic]
      Қозғалтқыштың қуаты, кВт:
                                              [pic]
      Тартқыш элементтің максималды керілуі:
                                             [pic]
      Жетекші біліктегі керілу:
                                    [pic]
      Тартқыш күш
                                    [pic]


      Қажетті әдебиет:
      Зуев  Ф.Г.  Левачев  Н.А.,Лотков  Н.А.  Механизация  ПРТС  работ-  М.,
Агропромиздат,1988 г.,с.447
      Жайлаубаев Д.Т., Мансуров С.М.  «Тиеп-түсіру,  тасымалдау  және  қойма
жұмыстарын механикаландыру» Семипалатинск.; СГУ, 2006 г. 350 с.




    Дәріс 7.  Инерциялық конвейерлер.
    Шығыршықты конвейерлер. Кұрылымы. Есептiк ерекшелiктер.
    Дәріс жоспары:
    1. Инерциялық конвейерлер.
    2. Шығыршықты конвейерлер.
    1. Тербелетін конвейерлер дегеніміз, тіректі құрылымға  ілінген  немесе
орнатылған ашық немесе жабық, герметикалық науа немесе құбыр. Науаға  немесе
құбырға тербеліс қозғышы арқылы ілгерлемелі – қайтарымды қозғалыс  беріледі.
Сонда  науа  ішіндегі  жүк  алдыға  қарай  белгілі  бір  жылдамдықпен  қысқа
жылжулар жасап қозғалады.
      Науа  мен  жүк  қозғалысының  режимі  бойынша  тербелетін  конвейерлер
инерциялы және дірілдегіш болып екіге бөлінеді.
       Тербелетін  конвейерлерді  үйме  жүкті  (дана   жүк   үшін   өте   аз
қолданылады) көлденең және жайпақ көлбеу бағыттарда кіші қашықтықтарға (50м-
ге дейін) тасымалдауға қолданады (химия  және  металургия  өнеркәсіптерінде,
құрылыс материялдарын өндіруде).
      Тербелетін конвейерлермен жабысқақ және шаң тәрізді жүктерді  (мысалы,
цемент) тасымалдауға болмайды. Сонымен қатар, құм,  гравий,  щебень,  көмір,
тас және т.б жүктерді тасымалдау  үшін  тербелетін  конвейерлерді  қолданған
дұрыс емес. Ол үшін таспалы  конвейерді  пайдаланған  ыңғайлы,  тиімді  және
сенімді.
      Тербелетін  конвейердің  артықшылықтары:  құрылымның  қарапайымдылығы;
шаңды,  улы  және  ыстық  жүктерді   тасымалдағанда   толық   герметикалығы;
тасымалдаумен бірге әр түрлі технологиялық  операцияларды  (кептіру,  суыту)
орындау мүмкіншілігі; энергияның аз шығындалуы және науаның аз тозуы.
            Конвейерлердің  кемшіліктері:  көлбеу  трассамен  үстіге  жүкті
тасымалдағанда өнімділігінің  кемуі;  жабысқақ  жүктерді  тасымалдау  мүмкін
еместігі;   шаң   тәрізді   жүктерді   тасымалдағанда    жылдамдылығы    мен
өнімділігінің   кемуі;   дірілдің   конвейер   құрылымына   берілуі;   жетек
±штіректері мен серпімді элементтерінің жұмыс істеу мерзімі кіші.
      Инерциялық конвейерлерде жүк инерция  күштерінің  әсерінен  қозғалады.
Науа мен  жүктің  қозғалысына  және  жүктен  науа  еденіне  түсетін  қысымға
байланысты инерциялық конвейерлер екіге  бөлінеді:  айнымалы  қысыммен  әсер
ететін және тұрақты қысыммен әсер ететін инерциялық конвейерлер.
      2. Бұл конвейерлер икемді жұмыс органы жоқ конвейерлер тобына жатады.
      Жүктерді   энергияны   шығындамай   түсіру   үшін   олардың   салмағын
пайдаланатын құрылымдарды гравитациялық көлік деп атайды. Оларға  шығыршықты
конвейерлер, науалар, құбырлар және бұрандалы құрылымдар жатады.
      Қапқа, жәшікке  салынған  жүктерді  көлденең  немесе  көлбеу  жазықтық
бойымен  тасымалдау   үшін   шығыршықты   конвейерлер   қолданылады.   Жұмыс
принципіне байланысты екі түрге бөлінеді:
      Жетекті шығыршықты конвейерлер;
      Жетексіз шығыршықты конвейерлер.
      Жетексіз конвейерлер жүк баратын жаққа көлбеу орналасады да, жүктер өз
салмағымен  шығыршықтардың  үстінде  жүріп   отырады.   Шығыршықтардың   ара
қашықтығы жүктің ұзындығынан қысқа болуы керек.  Сонда  жүк  тасымалданѓанда
қатар орналасқан кем дегенде екі немесе үш шығыршықтың үстінде орналасады.
      Шығыршықтар болаттан, не синтетикалық материалдардан жасалады.
      Іші қуыс цилиндрдің ішкі екі шетіне  шарикті  ұштіректер  қағылып,  өс
арқылы рамаға орнатылған тіректерге бекітіледі.
      Жетекті конвейерлер бір – біріне тіркестіріліп орналасуы мүмкін. Сонда
жүк бір конвейерден  екінші  конвейерге  бағыттағыштар  арқылы  тиеліп,  әрі
қарай жылжи алады. Конвейердің құрылымы МЕСТ 8324-81 талаптарына  сай  болуы
керек.
      Қажетті әдебиет:
      Зуев  Ф.Г.  Левачев  Н.А.,Лотков  Н.А.  Механизация  ПРТС  работ-  М.,
Агропромиздат,1988 г.,с.447
      Александров  М.П.  и  др.  Подъемно-транспортные  машины  М.,  “Высшая
школа”, 1985г.
    Жайлаубаев Д.Т., Мансуров  С.М.  «Тиеп-түсіру,  тасымалдау  және  қойма
жұмыстарын механикаландыру» Семипалатинск.; СГУ, 2006 г. 350 с.




    Дәріс 8.  Жүк көтергiш машиналарын жiктеу. Жұмыс режимдерi және есептiк
жүктемелер.
    Дәріс жоспары:
    1. Жүк көтергiш машиналар
    2. Жұмыс режимдерi және есептiк жүктемелер.
      1. Периодты  жұмыс  істейтін  жүк  көтергіш  машиналар  өз  беттерімен
жүктерді көтеруге немесе күрделірек  жүк  көтеретін  машиналардың  құрамында
жұмыс істеуге арналған.
      Домкраттар,   лебедкалар   және   тальдер   қарапайым   жүк   көтергіш
механизмдеріне,  ал   крандар   мен   көтергіштер   күрделі   жүк   көтергіш
механизмдеріне жатады.
       Домкраттар құрастыру  жұмыстарындағы  массасы  500кг  дейін  жүктерді
0,1...1,0 метрге дейінгі биіктікке көтеру үшін арналған.
      Жүктерді барабанға оралатын арқан арқылы көтеретін механизмді  лебедка
деп атайды. Лебедка барабанын қол күшімен  немесе  электр  қуатын  пайдалану
арқылы айналдырады.
      Цех ішіндегі тасқынды  желіде  жүкті  тасымалдау  үшін  аспалы  жолмен
жүретін жинақталған кіші лебедкалар - тальдер қолданылады.
      Көтегіштер адамдарды немесе жүкті тік көтеру үшін қолданылады. Олар үш
топқа бөлінеді: пассажирлік, жүк көтергіш,  жүкті - пассажирлі.
      Ең көп қолданылатын  көтергіштер  -  шахталық  көтергіштер  (лифттер).
Лифттердің  жылдамдығы  0,15...1м/с,  ал  биік  үйлерде   3,5м/с-ге   дейін.
Пассажирлік лифттілердің жүк көтергіштігі – 140...700кг (2-10адам),  ал  жүк
көтергіштер үшін 0,25...10т.
      Жүк кµтергіш машиналардыњ ішінде ењ кµп қолданылатыны - кран. Кран деп
жүкті  кењістікте  қозғалтатын  машинаны   айтады.   Горизонталь   бағытымен
жүктерді тасымалдайтын крандар құрылымдарына байланысты жебелі және  көпірлі
болып бөлінеді.
      2.  Жүк  көтергіштік  деп,  машина  көтере  алатын  жүктің  ең   үлкен
(номиналды) массасын атайды.
      Дене салмағы деп, ауырлық күшінің әрекетінен дененің тірекке әсер  ету
күшін айтады.
      Көпірлі крандардың негізгі мәліметтері және  техникалық  сипаттамалары
МЕСТ  6711-81  келтірілген.  Бұл  крандардың  және   электр   жабдықтарынның
құрылымы Мемтаутехбақылау ережелеріне сәйкес болу керек.
      Жүк көтергіш машина механизмінің жұмыс істеу циклының толық уақыты
                                    [pic]
      Механизмнің  жұмыс  істеу  уақытының  [pic]  циклдың  толық   уақытына
қатынасы  механизмдерді  пайдаланудың  қарқының  сипаттайды.   Бұл   қатынас
қосылыстың салыстырмалы ұзақтығы деп аталады:
                                   [pic]%


      Қажетті әдебиет:
      Зуев  Ф.Г.  Левачев  Н.А.,Лотков  Н.А.  Механизация  ПРТС  работ-  М.,
Агропромиздат,1988 г.,с.447
      Александров  М.П.  и  др.  Подъемно-транспортные  машины  М.,  “Высшая
школа”, 1985г.
    Жайлаубаев Д.Т., Мансуров  С.М.  «Тиеп-түсіру,  тасымалдау  және  қойма
жұмыстарын механикаландыру» Семипалатинск.; СГУ, 2006 г. 350 с.




    Дәріс 9.  Полиспастар мен барабандар.  Құрылымдары  мен  арқанды  бекiту
әдiстерi.
    Дәріс жоспары:
    1. Полиспастар мен барабандар.
    2. Құрылымдары мен арқанды бекiту әдiстерi.
      1.  Полиспаст  дегеніміз,  күшті  немесе  жылдамдықты   күшейту   үшін
қолданылатын,  икемді  байланыспен  қосылған,  жылжымайтын  және   жылжымалы
шығырлар жүйесі.
      Күшті көбейтетін полиспасттар – күштік  полиспасттар,  ал  жылдамдықты
көбейтетін полиспасттар – жылдамдықты полиспастар деп аталады.
      ЖКМ-да күштік полиспасттар көп қолданылады.
      Жалаң қабатты  полиспастта  арқанның  бір  шеті  барабанға  бекітілсе,
екінші шеті, жұп  еселікте  –  құрылымның  жылжымайтын  элементіне,  ал  тақ
еселікте – ілгекті құрсауға бекітіледі.
      Қосарланған  полиспасттардың  есебі  жалаң   қабатты   полиспасттардай
жүргізіледі.  Әр  полиспаст,  жүктің   жартысы   әсер   етеді   деп,   бөлек
есептелінеді.
      Күштік полиспасттарда  кіші  диаметрлі  арқандарды  қолданылатындықтан
шығыр мен барабанның  диаметрі  де,  массасы  да  кіші.  Полиспаст  еселігін
асырса төмендеткіштің беріліс саны азаяды, бірақ ұзын арқан  пайдалану  және
шығырлар санын көбейту қажет.
      Ал бұл жағдайда шығындар көбейеді, жүкті көтеруге қажетті қуатты  және
арқанның майысу санын көбейтеді.
      Жылдамдықты полистпасттарда пневма немесе гидроцилиндрден түсетін  күш
F  жылжымалы  құрсауға,  ал  жүк  арқанның   бос   шетіне   тіркеледі.   Бұл
полиспасттардың есептеуі күштік полиспластарды есептеумен бірдей.
      2. Барабандар тарту органына байланысты арқанды  және  шынжырлы  болып
екіге бөлінеді. Шынжырлы барабандар өте аз пайдалынады.
      Арқанды барабандар арқанның оралу қабатына қарай екіге  бөлінеді:  көп
орамды және бір орамды.
      Барабан сыртқы қабатының түріне қарай  үшке  бөлінеді:  тегіс,  оймалы
және үйкелісті.
      ЖКМ-да көбінесе бір орамды оймалы барабандар қолданылады.
      Барабан бетіне бұрандалы сызық бойынша жасалған оймалар  жанасу  бетін
үлкейтіп,  жаншылу  кернеуін  азайтады  және  көршілес  орамдар   арасындағы
үйкелісті болдыртпайды. Сондықтан бұндай барабандарда арқанның  жұмыс  істеу
мерзімі артады.
      Егер барабан ұзындығы оның 3 диаметрінен кем болса, иілу  және  бұралу
кернеулері сығылу кернеуінен 10...15% құрайды. Сондықтан барабан  қабырғасын
тек қана сығылуға есептейді.
      Арқанның барабанға бекітпесінің құрылымы сенімді, бақылау мен  арқанды
ауыстыруға ыңғайлы және жасалуы қарапайым болуы қажет. Сонымен қатар,  арқан
бекітілетін жерде қатты иілмеуі керек. Бекітпелердің құрылымы әр алуан.


      Қажетті әдебиет:
      Зуев  Ф.Г.  Левачев  Н.А.,Лотков  Н.А.  Механизация  ПРТС  работ-  М.,
Агропромиздат,1988 г.,с.447
      Александров  М.П.  и  др.  Подъемно-транспортные  машины  М.,  “Высшая
школа”, 1985г.
    Жайлаубаев Д.Т., Мансуров  С.М.  «Тиеп-түсіру,  тасымалдау  және  қойма
жұмыстарын механикаландыру» Семипалатинск.; СГУ, 2006 г. 350 с.


    Дәріс 10.   Икiмдi көтеру элементтерi, таңдау  әдiстерi.  Шығырлар  мен
жұлдызшалар.
    Жүктi қармау құралдары.
    Дәріс жоспары:
    1. Икiмдi көтеру элементтерi
    2. Жүктi қармау құралдары
      1. Жүк көтергіш машиналарында икемді элементтер ретінде болат арқандар
немесе шынжырлар қолданылады.
      Арқандар МЕСТ 7372-79 бойынша В,  І немесе ІІ маркалы болат  сымдардан
(сым диаметрі 0,2…3 мм) жасалады. Сымдардың беріктік шегі [pic]  тењ.  Бірақ
жүк көтергіш машиналарда көбінесе беріктік  шегі  (В=1600…2000  МПа  болатын
арқандар қолданылады. Беріктік  шегі  кеміген  сайын  сымдардың  қызмет  ету
мерзімі  қысқарады.  В  маркалы  сымдар  өте  жауапты  жағдайларда,  мысалы,
адамдарды көтеретін  құрылғыларда қолданылады.
      Мата - қағазды арқандар және жасанды  талшықтардан  жасалған  арқандар
жүк  көтергіш  машиналарында  көтергіш  және  тартқыш   элементтер   ретінде
қолданылмайды.
      Жүк көтергіш машиналарда көбінесе қос құндақталған  (свивка)  арқандар
пайданылады (1-сурет): сымдар орта сымның  төңірегінде  құндақталады.  Мұнда
бұрым (прядь) ішіндегі сымдар саны және  арқан  ішіндегі  бұрымдар  саны  әр
түрлі болуы мүмкін.
      Ө З Е К Ш Е   (сердечник) М А Т Е Р И А Л Д А Р Ы Н  А      байланысты
арқандар екіге бөлінеді: органикалы өзекшесі (қыл, нейлон, капрон) бар  және
металл  өзекшесі  бар   (өзекше   ретінде   қос   құндақталған   сым   арқан
қолданылады).
      Қ Ұ Н Д А Қ Т А Л У   (свивка)  Ә Д І С І Н Е     байланысты  арқандар
екіге бөлінеді: арқан ішіндегі сымдар өзара нүктелі түйісу  арқылы  қосылған
ТК (точечный контакт) типті арқандар (4.14,а –  сур.)  және  сызықты  жанасу
арқылы қосылған ЛК (линейное касание) типті арқандар.
      Арқандар Қ Ұ Н Д А Қ Т А Л У     Т  Ү  Р  І  Н  Е    байланысты  екіге
бөлінеді: кәдімгі немесе тарқалатын  (мұнда  сымдарды  босатқан  кезде  олар
түзелуге   тырысады)   және   тарқалмайтын   (бұл   арқандар    алдын    ала
дефармацияланған сымдардан жиналады) арқандар.
      Арқан бұрымдарының Қ Ұ Н Д А Қ Т А Л У     Б А Ғ Ы Т Ы    сол және  оң
болуы мүмкін.
      Пісірілген шынжырлар жүктік және тартқыш элемент ретінде  қолданылады.
Оларды болаттың келесі  маркаларынан  жасайды:  Болат  3  ((В  (370…450Мпа),
Болат 2 ((В =340…420 МПа) және 10 ((В =300Мпа).
      Жасалудың дәлдігі бойынша шынжырлар екіге бөлінеді: калибрленген  және
калибрленбеген шынжырлар.
    Пластиналы шынжырлар білікшелер арқылы  қосылған  болат  пластиналардан
тұрады. Пластиналар саны неғұрлым  көп  болса,  соғырлым  үзілу  күші  үлкен
болады. Шынжыр элементтері – пластиналар мен білікшелер – Болат 40,  45,  50
маркасынан жасалады.
      2. Ең көп қолданылатын әмбебап жүкті қармау құралдары – жүкті ілгектер
мен тұзақтар (петля).  Оларға жүк арқан немесе шынжырлар арқылы  бекітіледі.
Пішіні бойынша  ілгектер  бір  мүйізді  және  екі  мүйізді  болып  бөлінеді.
Ілгектердің өлшемдері стандартталған.
      Үлкен жүк көтергішті крандарда пластиналы  ілгектер  қолданылады.  Бұл
ілгектер бірнеше бөлек элементтерден (Болат  20  және  Болат  16МС  жасалған
табақтардан) тұрады. Табақтар  тойтармалар  арқылы  қосылѓан.  Бұл  ілгектер
жеңіл, жасау  кезінде  үлкен  қуатты  жабдықтарды  қажет  етпейді  және  бір
пластина істен шықса, оны тез ауыстыруға болады.
      Жүк көтергіш машиналарында жүктік ілгектерден  басқа  тұтас  қақталған
және құрамды жүктік тұзақтар қолданылады. Тұзақтардың пішіні  мен  өлшемдері
стандартталмаған, сондықтан оларды беріктікке есептеу қажет.
      Жүкті ілгекке ілу  кезінде  жүкті  орау  үшін  болат  арқаннан  немесе
пісірілген  шынжырдан  жасалған   әр   түрлі   ілгекті   арқандар   (стропы)
қолданылады. Қыл немесе мақта – қағазды ілгекті  арқандар  (стропы)  массасы
0,5 т аспайтын жүктерді көтеруге арналған.
      Дана  жүкті  тасымалдауда  қармау  уақытын  қысқарту  үшін  тістеуікті
(клещевые) қармауларды қолданады.
      Бұл қармаулар жүктің пішіні мен өлшеміне  сәйкес  және  кіші  массалы,
кіші өлшемді, жұмыста ыңғайлы, қолмен әстелетін  операциаларды  жеңілдететін
болуы керек.
      Тістеуікті қармаулар екіге бөлінеді: ыдысқа салынған дана жүктер  үшін
және ыдысқа салынбаған дана жүктер үшін.
      Болат табақшаларын тік жағдайда тасымалдау  үшін  эксцентрикті  қармау
қолданылады. Эксцентрик үйкеліс күшінің әсерімен бұрылып, табақшаны  қысады.
Сонда табақша өзімен  эксцентрик  арасындағы  үйкеліс  күші  арқылы  ұсталып
тұрады.
      Әр түрлі табақшалы материалдарды (болат, түрлі  түсті  металдар,  шыны
және т.б.) және қораптар мен жәшіктерді тасымалдау үшін  вакуумды  қармаулар
қолданылады.
      Болат және шойын жүктерді көтеру  үшін  тұрақты  токты  электрмагнитті
көтергіштер қолданылады.
      Үйме жүктерді порциялы тасымалдау үшін шөміштер, шағандар (бадья) және
грейферлер қолданылады. Шағандар мен шөміштер еденін  түсіріп,  еденін  ашып
немесе    шөміштерді төңкеру арқылы  жүкті  түсіреді.  Ал  шағандарға  жүкті
тиеу – қол жұмысын қажет ететін күрделі операция.
      Үйме жүктерді қармау операцияларын  автоматтандыру  үшін  грейферлерді
қолданылады. Бұл жағдайда операциялардың өнімділігі артады және  қол  жұмысы
азаяды немесе толық жойылады.


      Қажетті әдебиет:
      Зуев  Ф.Г.  Левачев  Н.А.,Лотков  Н.А.  Механизация  ПРТС  работ-  М.,
Агропромиздат,1988 г.,с.447
      Александров  М.П.  и  др.  Подъемно-транспортные  машины  М.,  “Высшая
школа”, 1985г.
    Жайлаубаев Д.Т., Мансуров  С.М.  «Тиеп-түсіру,  тасымалдау  және  қойма
жұмыстарын механикаландыру» Семипалатинск.; СГУ, 2006 г. 350 с.




    Дәріс 11.  Тоқтаткыштар мен тежегiштер. Шаппалы, үйкелiстi,  шығыршықты
тоқтаткыштар. Қалыпты, таспалы, өстiк бастырмалы тежегiштер. Құрылымдар  мен
негiзгi есептiк байланыстар.
    Дәріс жоспары:
      1.  Тежегiштер
      2. Тоқтаткыштар
      1. ЖКМ-да міндетті түрде тежегіш механизмдері орнатылуы қажет. Тежегіш
құрылғылары көтеру механизмдерінде  жүкті  тоқтатады  да,  ілінген  жағдайда
ұстап тұрады. Ал бұрылу және жылжу механизмдерінде  тоқтағанға  дейін  тежеу
үшін қолданады.
        Жұмыс қарқынын  өсіру  үшін  тежеу  уақыты  аз  болуы  керек.  Тежеу
құрылғыларының жіктелуі:
1. Жұмыс  элементерінің  құрылымы  бойынша  –  қалыпты  тежегіштер,  таспалы
   тежегіштер, дискілі, конусты.
2. Жұмыс принципі  бойынша  –  автоматтандырылған  тежегіштер,  басқарылатын
   (тұйықталуы немесе босатылуы адамдардың көмегімен орындалады).
3. Тежегішті басқаратын күштің жұмысы бойынша – ашық және жабық .
      Қалыпты  тежегіш.   Тежегіш  тұтқалардан  (рычаг)  және  екі  қалыптан
тұрады. Тұйықтау күші әсер еткен  кезде,  екі  қалып  елгезерді  екі  жақтан
қысып  ұстап,  тоқтатады.   Ал   ажырату   үшін   электрмагниттерді   немесе
итергіштерді қолданады.
      Үйкеліс күші
                                           F=fN

      Елгезер мен тежегіш қалыптары арасындағы орташа қысым:
                             [pic]
      Электрмагниттер. Көтеріп –  тасымалдағыш  машиналарында  арнаулы  кран
электрмагниттері (тұрақты ток үшін КМП және МП, ал  айнымалы  ток  үшін  КМГ
және МО–Б) қолданылады.
      Қалыпты  тежегіштерде   көбінесе   МП   және   МО–Б   элетромагниттері
қолданылады.
      Электр гидравликалық итергіштер.
      Серіппені қысуға қажетті күш:
                                   [pic].
      Таспалы тежегіштерде тежеу моменті  икемді  болат  таспаға  бекітілген
үйкелісті материялдың тежеу елгезерінің  цилиндрлі  бетіне  үйкелісі  арқылы
пайда болады.
      Таспа ені:
                                   [pic],
      Таспалы тежегіштердің  артықшылығы:  құрылымның  қарапайымдылығы  және
қамту бұрышы артқан  сайын  тежеу  моментінің  µсу  мүмкіншілігі.  Крандарда
көбінесе қарапайым таспалы тежегіштер қолданылады.
      Таспалы тежегіштердің  кемшіліктері:  таспалы  тежегіш  тежеу  білігін
иетін үлкен күшті тудырады; қысым мен тозу қамту доғасы бойынша  бірқалыпсыз
таралады; тежеу моменті тежеу елгезерінің айналу бағытына байланысты.
      2. Тоқтатқыш дегеніміз, жүктің көтерілуіне  кедергі  болмайтын,  бірақ
жүктің ауырлық күшінің әсерінен артқа айналуын болдырмайтын механизм.
      Тоќтатќышты тез айналатын білікке орналастырады, өйткені  бұл  білікте
айналу моменті кіші.
              ЖКМ-да  шаппалы  (храповый)   және   шығыршықты   тоқтатқыштар
пайдаланылады.
       Қосылыстардың шеңберлік күші [pic]
                                   [pic],
      Ілініс модулі:
                                   [pic],
      Шаппалы тоқтатқыштарда  ілгек  пен  дөңгелек  тістері  бір  –  бірімен
соғылысып, лезде  тоқтайды.  Динамикалық  күштерді  азайту  үшін  кейде  бір
шаппалы дөңгелекке бірнеше ілгек орнатады. Бірақ  бұл  ќосылыстарда  бірнеше
ілгек бір уақытта ілініске кірмеуі керек. Сонда  тоқтағанѓа  дейін  дөңгелек
кері бағытта үлкен жылдамдықты алып үлгермейді және соғылыс қатты  болмайды.

      2. Шығыршықты тоқтаткыштар үйкелісті өздігінен тежелетін механизмдерге
жатады. Олардың әрекеті үйкеліс күштерін қолдану негізі салынған  және  олар
бос жүрістің кіші бұрышында күштің соққысыз тіркелуін қамтамасыз  ететін  ең
жетілген механизмдар  болып  табылады.  Шығыршықты  тоқтаткыштар  корпустан,
төлкеден және сыналы ойықтарға салынған шығыршықтардан тұрады.  Төлке  сағат
тілдеріне қарсы айналған кезде шығыршықтар үйкеліс күшінің  әсерінен  сыналы
ойықтың үлкен жағына итеріледі. Ал бұл  төлкенің, сонымен  қатар,   механизм
білігінің корпусқа қатысты еркін айналуын қамтамасыз  етеді.  Айналу  бағыты
өзгерген кезде шығыршықтар сыналы ойықтың  кіші  жағына  итеріледі.  Ал  бұл
шығыршықтардың қысылуына және  төлкенің  тоқтауына  әкеледі.  Шығыршықтардың
тез қысылуы үшін тоқтаткыш құрылымына шығыршықтарды ойыс  бұрышына  итеретін
серіппелер мен штифттер қосылған.
      Қажетті әдебиет:
      Зуев  Ф.Г.  Левачев  Н.А.,Лотков  Н.А.  Механизация  ПРТС  работ-  М.,
Агропромиздат,1988 г.,с.447
      Александров  М.П.  и  др.  Подъемно-транспортные  машины  М.,  “Высшая
школа”, 1985г.
    Жайлаубаев Д.Т., Мансуров  С.М.  «Тиеп-түсіру,  тасымалдау  және  қойма
жұмыстарын механикаландыру» Семипалатинск.; СГУ, 2006 г. 350 с.




    Дәріс 12.  Жүк көтергiш машпналардың көтеру механизмдерi. Жүктi  көтеру
және түсiру кезiндегi динамикалық процесстер.
    Дәріс жоспары:
      1. Жүк көтеру механизмдерi
      2. Жетегін жинақтау.
      1.    Кәдімгі жүк көтері механизмі  электрқозғалтқышпен  муфта  арқылы
қосылған  тісті  цилиндрлі  немесе  буынтықты  төмендеткіштен   және   тежеу
құрылғысынан  тұрады.  Төмендеткіштің  баяу  айналатын   білігі   барабанмен
байқанысқан. Барабанда жүкті қармау  құрылысымен  байланысқан  икемді  жүкті
элемент бекітіледі. Механизмдердің біліктерін тісті  муфта  немесе  серпімді
төлкелі саусақты муфта арқылы қосқан дұрыс.
            Мемтаутехбақылау талаптары бойынша тежегіш елгезері ретінде  тек
қана  төмендеткіш  білігіндегі  жартылай  муфтаны  пайдалануға  болады.  Бұл
жағдайда жартылай муфтаның серпімді элементтері тежеу  кезінде  жүктелмейді,
сондықтан жұмыс істеу ұзақтылығы артады.
      Механизмдегі  барабан  мен  төмендегіштің  қосылу   схемасы   механизм
жұмысына үлкен әсерін  тигізеді.  Келесi  бірнеше  схемаларды  қарастырайық.
Барабан жеке тірекке бекітілген. Барабан білігі төмендеткіш білігімен  муфта
арқылы қосылады. Барабан мен төмендегіш  бөлек  жинақталатындықтан,  олардың
қосылуында ауытқулар болуы мүмкін. Бұл ауытқуларды муфта жоюы қажет.
      Ауқым  өлшемдерді  азайту  үшін  екі  және   үш   тіректі   біліктерді
пайдаланады.
      Үш тіректі білік орналастырудағы  ауытқуларға  өте  сезімді.  Бұл  екі
жағдайда да барабан мен төмендеткішті бірге жинау қажет.
      2. Жүкті көтеру кезінде (қозғалыс қалыптасқан) қозғалтқыш  білігіндегі
момент:
                                       [pic]
      Жүк түскен кезде қозғалтқыш білігінде жүктің салмағының әсерінен пайда
болатын момент
                                     [pic]
      Көтеру кезінде қозғалтқыш  қуаты
                                    [pic]
      Түсіру кезінде орташа қосылу моменті
                                            Мпуск = ( Мст +  Мин.1  +  Мин.2

      Тежелу кезінде тежегіштегі момент
                      Мт = ( Мт.ст + Мт.ин.1 + Мт.ин.2
      Қажетті әдебиет:
      Зуев  Ф.Г.  Левачев  Н.А.,Лотков  Н.А.  Механизация  ПРТС  работ-  М.,
Агропромиздат,1988 г.,с.447
      Александров  М.П.  и  др.  Подъемно-транспортные  машины  М.,  “Высшая
школа”, 1985г.
    Жайлаубаев Д.Т., Мансуров  С.М.  «Тиеп-түсіру,  тасымалдау  және  қойма
жұмыстарын механикаландыру» Семипалатинск.; СГУ, 2006 г. 350 с.




    Дәріс 13.  Жүк көтергiш машиналардың қозғалыс  механизмi.  Таңдау  және
қосылу мен  тежелу кезiндегi динамикалық күштердi есептеу.
    Дәріс жоспары:
      1. Жүк көтергiш машиналардың қозғалыс механизмi
      2. Таңдау және  қосылу  мен   тежелу  кезiндегi  динамикалық  күштердi
есептеу.
      1. Бұл механизм жүкті көлденең жазықтықта қозғалту үшін қолданылады.
      Механизмнің екі түрлі схемасы бар:
      а)  тікелей  арбашада  орналасқан  жетекті  жүріс   дөңгелектері   бар
механизмдер.
      ә) арбашамен арқан немесе шынжыр арқылы қосылатын механизмдер.
      Крандар және кран арбашалары жүріс дөңгелектеріне  тіреледі.  Жетекпен
қосылған дөңгелектер жетекті деп, ал қалғандары жүрісті деп аталады.
      Жүріс  дөңгелектері   рельстен   шығып   кетпес   үшін   ребордалармен
жабдықталады.  Егер  дөңгелектер  ребордасыз  болса,  онда  басқада  арнаулы
құрылғылар  қолданылады.  Дөңгелектер  қозғалған  кезде  ребордалар  рельске
тиіп, тез тозады, сондықтан үйкелісті азайту үшін оларды  жиі  майлап  отыру
керек.
      Мұнаралы крандардың дөңгелектері міндетті түрде  екі  ребордалы  болуы
қажет. Рельсті жол дұрыс салынбаған жағдайда  кран  қозғалысының  дұрыстығын
қамтамасыз  ету  үшін  екі  ребордалы  дөңгелектердің   құрсау   ені   рельс
қақпақшасының  енінен  ұзын  болуы  керек:  цилиндрлі  құрсауы  бар  крандық
дөңгелектер үшін – 30 мм-ге; конусты құрсауы бар дөңгелектер үшін –  40  мм-
ге; крандық арбашалардың дөңгелектері үшін – 15...20 мм-ге.
      2. Қозғалыс кедергісінің жалпы моменті
                        М1=(Gжүк+G)m+f(Gжүк+G) [pic]
      Жүріс дөңгелегіне түсетін ең үлкен тік күші:
                                V=Gж+G+Gарб,
      Шығыршықтарға түсетін ең үлкен көлденең күш:
                            Н=[( Gж+Ga)L+Ga ]/һ,
      Қосылу кезіндегі момент
                          Мn=Mс+Mин=Mc+Mин.1+Mин.2
      Тежелу  кезінде  қосылу  кезіндегі  болатын  құбылыстар   қайталанады.
Крандардың  қозғалу  механизмдерінде  нормальді  тұйықталған  немесе  құрама
типті тежегіштер орнатылады.
      Кранның жүксіз тежелу кезінде тежелу моменті:
                        МТ+MК =Mин1 +Mин.2+Mжел +Mкөл
      Қажетті әдебиет:
      Зуев  Ф.Г.  Левачев  Н.А.,Лотков  Н.А.  Механизация  ПРТС  работ-  М.,
Агропромиздат,1988 г.,с.447
      Александров  М.П.  и  др.  Подъемно-транспортные  машины  М.,  “Высшая
школа”, 1985г.
    Жайлаубаев Д.Т., Мансуров  С.М.  «Тиеп-түсіру,  тасымалдау  және  қойма
жұмыстарын механикаландыру» Семипалатинск.; СГУ, 2006 г. 350 с.


    Дәріс 14.  Жылжымалы крандардың орнықтылығы.
    Дәріс жоспары:
   1. Жылжымалы крандардың орнықтылығы
      2. Есептеу және таңдау.
      Барлық қозғалатын және айналатын  крандар  төңкерілуге  қарсы  қажетті
орнықтылықпен қамтамасыз етілуі керек.
      Орнықтылық  қорының   коэффициенті   және   оны   анықтау   әдістемесі
Мемтаутехбақылау  ережелерімен,  ал  мұнаралы  крандар  үшін  МЕСТ  13994-81
бойынша белгіленген.
      Крандардың тепе – теңдік шарттары кранның аударылу өсіне қарасты  әсер
етуші ұстап тұру және аударылу  моменттердің  мағаналарының  ара-қатынасымен
анықталады.
    Кранды орнықтылыққа тексеру жүкпен жұмыс  қалпында  (жүктік  орнықтылық)
және жүксіз бос қалпында (өзіндік орнықтылық) жүргізіледі.
      Кран орнықтылығы келесі өлшемдермен сипатталады:
      1) жүктік орнықтылық коэффициенті – барлық қосымша күштерді (жел күші,
жүкті  көтеру,  кранды   бұру,   жылжыту   механизмдерін   қосқанда   немесе
тоқтатқанда  пайда  болатын  инерциялық  күштер)  есепке  алғандағы  кранның
барлық бөлімдерінің ауырлық күші тудыратын  моменттің  жүктің  ауырлық  күші
тудыратын моментке қатынасы.
      2)  өзіндік  орнықтылық  коэффициенті   –   төңкерілу   жағына   қарай
көлбеулікті  есепке  алғандағы  кранның  барлық  бөлімдерінің  ауырлық  күші
тудыратын моменттің машинаның жұмыс істемеген кезіндегі жел  күші  тудыратын
моментке қатынасы.
    Мемтаутехбақылау  шарттары  бойынша  жүктік  және   өзіндік   орнықтылық
коэффициенті 1,15-тен кем болмауы керек.
      Жүктік  орнықтылықты  жүк  қолтықтың  максималды  жағдайында  болғанда
тексереді.  Мұнда  көлбеулік  және  жел  күші  кранды  аударарлықтай   қылып
қабылдайды. Жұмыс  ауданының   көлбеу  бұрышын  анықтау  үшін  және  кранның
орналасуының  дәлдігін  тексеру  үшін  жебелі  және   өздігінен   қозғалатын
крандарға қисаюды есептегіштер орнатады.
      Жүктік орнықтылық коэффиценті:
                                   [pic],
мұнда [pic] жүк салмағы тудыратын момент;
            [pic]  –  қарсы  салмақ  пен  кран  бөлімдерінің  ауырлық  күші
тудыратын момент;
Өзіндік орнықтылықты  жүк түсірілген кезде, жебе қолтығы минималды  болғанда
және жел күші аударылатын жаққа әсер еткен кезде тексереді.
      Өзіндік орнықтылық коэффициенті
                                    [pic]

мұнда [pic]  –  қарсы  салмақ  пен  кран  элементтерінің  массасы  тудыратын
момент.
          [pic] – жұмыссыз жағдайда жел күші тудыратын момент.
      Жебе қолтығы машиналы жетегі  бар  лебедка  арқылы  өзгеретін  крандар
үшін өзіндік орнықтылық коэффициентін жебе  астыңғы  жұмыс  қалпында  болған
жағдайда анықтайды.
      Пайдалану шарттары бойынша  жебені  көлденең  қалпына  жүксіз  түсіру
керек болатын крандарда олардың орнықтылығын осы жағдайда тексеру қажет.


    Дәріс  15.   Тиеп-түсiру  жұмыстардың  орындайтын  манипуляторлар   мен
роботтар. Жiктелуi. Жұмыс iстеу принципi. Құрылымдары..
    Дәріс жоспары:
   2. Манипуляторлар мен роботтар
      2. Жұмыс iстеу принципi. Құрылымдары.
      1.  Манипуляторлар  мен  роботтар.  Жiктелуi.  Жұмыс  iстеу  принципi.
Құрылымдары.
       Өндіріс дамыған сайын және оның өнімділігі артқан сайын жұмысшылардың
еңбегі  бір  операциялық,   қызықтырмайтын  болып  кетті.  Жұмысшылар   өнім
шығарудың орнына конвейердің бір механизмінің  жұмысын  атқаруға  көшірілді.
Ал мұндай еңбектің төлем ақысы да азая бастайды, сондықтан өндіріс  иелеріне
жұмысшыларды роботтармен ауыстыру анағұрлым тиімді  бола  бастады.  Роботтар
жұмысшылар сияқылды еңбек ақысын, тұрмыс жағдайын жақсарту деген  талаптарды
қоймайтынын еске алсақ, роботтарды өндірісте кеңінен пайдаланудың  қажеттігі
түсінікті болады.
      Соңғы кезде экологиялық  жағдайда  адам  күшін  пайдалануға  келмейтін
өндірістер көбейіп келеді: мысалы, радиоактивті элементтерді  пайдаланылатын
өндірістер, тері илейтің цехтар, химиялық өнімдер  шығаратын  зауоттар  және
т.б.
      Роботтарды қолдануда робот жұмыс істейтін ортаны ұйымдастыру деңгейіне
үлкен талаптар қойылады. Өнеркәсіптік роботтарды еңгізу бағасы оның  өзіндік
құнына тең (мөлшермен 100 мың доллар) тең.
      Өндірістік роботтың жұмыс органы – оның қолы – манипулятор.
      Манипулятор  (фр.  Manіpuler  -қол)  дегеніміз,  оператордың   қолының
функциясын және қозғалысын қайталауға арналған жұмыс органы бар  қашықтықтан
басқарылатын және бағдарламалық құрылымы бар механизм.
      Манипуляторлардың құрылымын жеңілдету үшін және пайдалануға оңай  болу
үшін келесі талаптар орындалуы керек:
      а) манипулятор жүксіз де, жүкпен де бірқалыпты күйде болуы керек.
      ә) жұмыс ауданында жүкті тасымалдағанда жетекке түсетін күш бірқалыпты
болуы керек.
      б) манипуляторлар құрылымы жүктің түзу траекторияда жылжуын қамтамасыз
етуі керек.
      Қажетті әдебиет:
      Зуев  Ф.Г.  Левачев  Н.А.,Лотков  Н.А.  Механизация  ПРТС  работ-  М.,
Агропромиздат,1988 г.,с.447
      Александров  М.П.  и  др.  Подъемно-транспортные  машины  М.,  “Высшая
школа”, 1985г.
    Жайлаубаев Д.Т., Мансуров  С.М.  «Тиеп-түсіру,  тасымалдау  және  қойма
жұмыстарын механикаландыру» Семипалатинск.; СГУ, 2006 г. 350 с.


      3. Практикалық сабақтардың атауы және олардың қысқаша мазмұны.
      Әдістемелік ұсыныстар.
      Әр машықтану  сабақтың  дайындалуын  тақырыптың  негізгі  ережелерінің
қайталауынан бастау қажет және бақылау сұрақтарына жауап беру керек.
      Оқулықпен жұмыс  істеу  кезінде  қарастырыл  отырған  тақырып  бойынша
есептерді шешу қажет. Есептерді өз бетімен  шешу  керек,  себебі  осы  кезде
алған теориялық білімдері жақсы меңгеріледі және бекітіледі.
Барлық талап етілген есептерді өз бетімен  шығару,  одан  кейін  оқулықтарда
және оқу әдістемелік нұсқауларында шығарылып  көрсетілген  есептерге  талдау
жасау өте пайдалы
      Типтік есептерді біз аудиториялық практикалық сабақтарда  шешеміз.  Үй
тапсырмаларын орындау кезінде  туындаған  сұрақтарға  студенттердің  оқытушы
қол астындағы өздік жұмысы (ОСӨЖ)  кезінде жауап бере аламын.
      Қаратырылатын материалдарды толық  меңгеру  үшін  әр  тақырып  бойынша
қысқаша  конспек   жасау   керек,   оған   негізгі   анықтамаларды,   барлық
формулаларды  және  олардың  ішіндегі  шамалардың   физикалық  мәнін  талдау
жасай отырып жазу керек.
      Әр тақырыптар бойынша есептердің  шешімдерін  және  барлық  жазбаларды
практикалық сабақтарға арналған жеке дәптерге жазу керек.
           Өздеріңіздің өз бетімен дайындалған  материалдарыңыз   одан  әрі
емтихан  алдындағы  пәнді  қайталау  кезінде  үлкен  көмекші   құрал   болып
табылады, сонымен қатар іс жүзінде анықтама ретінде пайдаланылуы мүмкін.


      Тақырып 1. Таспалы конвейердi есептеу.
      Қажетті әдебиет:
      Зуев  Ф.Г.  Левачев  Н.А.,Лотков  Н.А.  Механизация  ПРТС  работ-  М.,
Агропромиздат,1988 г.,с.447


      Тақырып 2. Төсемдi конвейердi есептеу.
      Қажетті әдебиет:
      Александров  М.П.  и  др.  Подъемно-транспортные  машины  М.,  “Высшая
школа”, 1985г.
      Александров М.П. Грузоподъемные машины. М.; “Машиностроение” 1986


      Тақырып 3. Аспалы конвейердi есептеу.
      Қажетті әдебиет:
      Александров  М.П.  и  др.  Подъемно-транспортные  машины  М.,  “Высшая
школа”, 1985г.
      Расчеты крановых механизмов  и  их  деталей.  ВНИИПТМАШ.изданиие  3-е,
переработанное дополненное. М. «Машиностроение», 1971, 496 стр.


      Тақырып 4. Элеваторлар мен көтергiштердi есептеу.
      Қажетті әдебиет:
      Александров М.П. Грузоподъемные машины. М.; “Машиностроение” 1986
      Иванченко Ф.К. и др. Примеры расчета подъемно-транспортных  машин Киев
“Вища школа” 1975 г.
      Руденко Н.Ф.ю и  др.   Курсовое  проектирование  грузоподъемных  машин
М.”Машиностроение “, 1971 г.
      Расчеты крановых механизмов  и  их  деталей.  ВНИИПТМАШ.изданиие  3-е,
переработанное дополненное. М. «Машиностроение», 1971, 496 стр.


      Тақырып 5. Қолмен iстейтiн лебедканың  жұмыс iстеу принципiн зерттеу.
      Қажетті әдебиет:
      Александров  М.П.  и  др.  Подъемно-транспортные  машины  М.,  “Высшая
школа”, 1985г.


      Тақырып 6. Қолмен жұмыс істейтін тальтердiң құрылымы мен  жұмыс  iстеу
принципiн зерттеу.
      Қажетті әдебиет:
      Александров  М.П.  и  др.  Подъемно-транспортные  машины  М.,  “Высшая
школа”, 1985г.




      Тақырып 7. В 103  М  типтi  злектртальдiң  құрылымы  мен  жұмыс  iстеу
принципiн зерттеу.
      Қажетті әдебиет:
      Александров  М.П.  и  др.  Подъемно-транспортные  машины  М.,  “Высшая
школа”, 1985г.


      Тақырып 8. ТКТ-200 типтi қалыпты тежегiштiң құрылымы мен  жұмыс  iстеу
принципiн зерттеу.
      Қажетті әдебиет:
      Александров  М.П.  и  др.  Подъемно-транспортные  машины  М.,  “Высшая
школа”, 1985г.
      Расчеты крановых механизмов  и  их  деталей.  ВНИИПТМАШ.изданиие  3-е,
переработанное дополненное. М. «Машиностроение», 1971, 496 стр.


      Тақырып 9. Жүк көтеру механизмiн есептеу.
      Қажетті әдебиет:
      Руденко Н.Ф.ю и  др.   Курсовое  проектирование  грузоподъемных  машин
М.”Машиностроение “, 1971 г.


      Тақырып 10. Жетекшi дөңгелектерi бар қозғалыс механизмiн есептеу.
      Қажетті әдебиет:
      Иванченко Ф.К. и др. Примеры расчета подъемно-транспортных  машин Киев
“Вища школа” 1975 г.
      Руденко Н.Ф.ю и  др.   Курсовое  проектирование  грузоподъемных  машин
М.”Машиностроение “, 1971 г.


      Тақырып 11. Тарту арқаны бар қозғалыс механизмiн есептеу.
      Қажетті әдебиет:
      Иванченко Ф.К. и др. Примеры расчета подъемно-транспортных  машин Киев
“Вища школа” 1975 г.
      Расчеты крановых механизмов и их деталей. ВНИИПТМАШ.изданиие 3-е,
переработанное дополненное. М. «Машиностроение», 1971, 496 стр.


      Тақырып 12.  Қолмен  iстейтiн  домкраттардың   жұмыс  iстеу  принципiн
зерттеу.
      Қажетті әдебиет:
      Александров  М.П.  и  др.  Подъемно-транспортные  машины  М.,  “Высшая
школа”, 1985г.


      Тақырып 13. ТКТ-300М типтi қалыпты тежегiштiң құрылымы мен жұмыс iстеу
принципiн зерттеу.
      Қажетті әдебиет:
      Александров  М.П.  и  др.  Подъемно-транспортные  машины  М.,  “Высшая
школа”, 1985г.
      Расчеты крановых механизмов  и  их  деталей.  ВНИИПТМАШ.изданиие  3-е,
переработанное дополненное. М. «Машиностроение», 1971, 496 стр.


      Тақырып 13. Өнiмдiлiктi және электр тиегiштiң қажеттi санын анықтау.
      Қажетті әдебиет:
      Иванченко Ф.К. и др. Примеры расчета подъемно-транспортных  машин Киев
“Вища школа” 1975 г.
      Расчеты крановых механизмов  и  их  деталей.  ВНИИПТМАШ.изданиие  3-е,
переработанное дополненное. М. «Машиностроение», 1971, 496 стр.


   Тақырып 14. Өнiмдiлiктi және  электр  тиегiштiң  қажеттi  санын  анықтау.
Маршруттың түрiн және тиеп-түсiру жұмыстарын орындаудың нормативтiк  уақытын
анықтау.
   Өндiрiстiк роботтар мен  манипулятордың  конструкцияларының  структуралық
талдауы.
      Қажетті әдебиет:
      Зуев  Ф.Г.  Левачев  Н.А.,Лотков  Н.А.  Механизация  ПРТС  работ-  М.,
Агропромиздат,1988 г.,с.447
Пәндер