Файл қосу
Техникалық реттеу саласында
|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ | |БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ | |СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ | |МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ | |3 деңгейдегі СМЖ құжаты |ПОӘК | | | | | | | | | | | | |ПОӘК 042-18-9.1.71/03-2013 | |ПОӘК | | | |«Стандарттау және |18.09.2013 ж. | | |сертификаттау жүйелері» |№ 1 басылым | | |пәнінен оқу-әдістемелік | | | |материалдар | | | ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ 6М073200 «Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)» мамандығы бойынша «Стандарттау және сертификаттау жүйелері» пәнінен ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР Семей 2013 Мазмұны |1 |Дәрістер |3 | |2 |Тәжірибелік сабақтар |23 | |3 |Магистранттардың өздік жұмысы |38 | 1 ДӘРІСТЕР № 1 дәріс Тақырыбы: Қазақстан Республикасының техникалық реттеу жүйесі Қазақстан Республикасында стандарттаудың құқықтық негіздері 1993 жылы қабылданған «Стандарттау және сертификаттау туралы» ҚР заңымен орнатылды. 1999 жылы «Стандарттау және сертификаттау туралы» заңы қарастырылып, Қазақстаннның дамуы мен нарықтық реформаларды жүргізу нәтижесінде «Стандарттау туралы» ҚР жаңа заңы қабылданды, бұл заң 2003 жылдың 10 маусымында күрделі өзгертіліп, толықтырылды. 2004 жылдың қарашасында «Техникалық реттеу туралы» ҚР заңы қабылданды, бұл заңға сай «Стандарттау туралы» заңының күші жойылып, кейбір баптары ғана уақытша қалдырылды. «Техникалық реттеу туралы» ҚР заңы өзгертіліп, толықтырылады, 2008 жылдың шілдесінде бұл заңға бірнеше өзгерістер енгізілді. Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» заңы өнiмге, көрсетiлетiн қызметке, өнiмнiң өмiрлiк циклiнiң процестерiне қойылатын мiндеттi және ерiктi талаптарды айқындау, белгiлеу, қолдану және орындау, олардың сәйкестігін растау, аккредиттеу және техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейдi. Өнім, көрсетілетін қызмет, процестер техникалық реттеу объектілері болып табылады. Мемлекеттік органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес техникалық реттеу объектілеріне қатысты пайдалану құқығын иеленетін жеке және заңды тұлғалар техникалық реттеу субъектілері болып табылады. Техникалық реттеудің негізгі мақсаттары: 1) міндетті регламенттеу саласында: өнімнің, процестердің адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта, оның ішінде жануарлар мен өсімдіктер дүниесі үшін қауіпсіздігін қамтамасыз ету; ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету; өнімнің, көрсетілетін қызметтің қауіпсіздігіне және сапасына қатысты тұтынушыларды жаңылыстыратын іс-әрекеттердің алдын алу; саудадағы техникалық кедергілерді жою; 2) стандарттау саласында: отандық өнімнің бәсекеге-қабілеттілігін арттыру; табиғи және энергетикалық ресурстарды үнемдеу болып табылады. Техникалық реттеу: 1) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiнiң бiрлiгi мен тұтастығы; 2) бiрыңғай терминологияны, өнiмге, көрсетiлетiн қызметке, процестерге қойылатын талаптарды белгiлеу ережелерiн қолдану; 3) техникалық реттеу мақсаттарының орындылығы мен қолжетiмдi болуы, техникалық реттеу процестерiне қатысу үшiн тең мүмкiндiктердi, мемлекет пен мүдделi тараптар мүдделерінің теңгерімiн қамтамасыз ету; 4) отандық және импортталатын өнiмге, көрсетiлетiн қызметке және олардың белгiленген талаптарға сәйкестiгiн растау рәсiмдерiне қойылатын талаптардың бiрдей болуы; 5) техникалық регламенттер мен стандарттарды әзiрлеу кезiнде ғылым мен техника жетiстiктерiн, халықаралық және өңiрлiк ұйымдардың стандарттарын басым пайдалану; 6) техникалық регламенттер талаптарының мемлекет экономикасының дамуы, оның материалдық-техникалық базасы деңгейiне және ғылыми-техникалық даму деңгейiне сәйкестігі; 7) мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi қоспағанда, техникалық регламенттердің, стандарттардың және олар туралы, оларды әзiрлеу, бекіту, жариялау тәртібі туралы ақпараттың қолжетiмдiлiгi; 8) стандарттарды қолдану мақсатында оларды ерiктi түрде таңдау; 9) сәйкестiктi растаудың бiрыңғай жүйесi мен ережелерi; 10) бiр органның аккредиттеу және сәйкестiктi растау жөніндегі өкiлеттiктердi қоса атқаруын болдырмау; 11) бiр мемлекеттік органда мемлекеттік бақылау және сәйкестiктi растау функцияларының үйлеспеушiлiгi; 12) сәйкестiктi растау жөніндегі органдардың дайындаушылардан (орындаушылардан), сатушылардан және сатып алушылардан тәуелсiздiгi; 13) сәйкестiктi растау жөніндегі жұмыстарда бәсекелестiктiң шектелуiн болдырмау принциптерiне негiзделедi. Стандарттау жұмыстарын жүзеге асыру барысында стандарттау нысандарына тиісті нормалар, талаптар, ережелер, сипаттар қалыптастырылады. Аталғандар (талаптар және т.б.) нормативтік құжат түрінде өңделеді. ҚР «Техникалық реттеу туралы» Заңы бойынша Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға келесілер жатады: 1) халыкаралык стандарттар; 2) өңірлік стандарттар және техникалық-экономикалык ақпарат жіктеуіштері, стандарттау жөніндегі ережелер мен ұсынымдар; 3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттары мен техникалық- экономикалық ақпарат жіктеуіштері; 4) ұйымдар стандарттары; 5) Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі ұсынымдары; 6) шет мемлекеттердің ұлттық стандарттары, ұйымдар стандарттары, техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштері, стандарттау жөніндегі ережелері, нормалары мен ұсынымдары жатады. Техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен стандарттардың мемлекеттік қорын уәкілетті орган мен мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде құрады. Мемлекеттік құпиялар және заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәліметтерді қоспағанда, техникалық реттеу саласында әзірленетін және қабылданатын нормативтік құқықтық актілер, мемлекеттік, ұлттық, халықаралық, өңірлік стаидарттар мен техникалык-зкономикалық ақпарат жіктеуіштері, ұйымдар стандарттары және стандарттау жөніндегі ұсынымдар туралы ресми акпарат, сондай-ақ көрсетілген қүжаттар пайдаланушыларға қолжетімді болуға тиіс. Стандарттарды және стандарттау, метрология, сертификаттау, аккредиттеу жөніндегі нормативтік қүжаттарды, стандарттар каталогтары мен сілтемелерін басып шығару және пайдаланушыларды олармен және олар туралы ақпаратпен қамтамасыз ету уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады. Құжатты әзірлеген тұлға әрбір стандарттың және стандарттау жөніндегі өзге де нормативтік құжаттың қабылданғаны туралы ақпаратты және олардың бір данасын уәкілетті органға бірыңғай анықтамалық-библиографиялық деректер базасын құру үшін жібереді. Ұсынылатын әдебиеттер: 1 Техникалық реттеу туралы ҚР заңы (2004 жылдың 9 қарашасы № 603 -11 (03.12.2013 ж. өзгерістер мен толықтырулармен) № 2-3 дәріс Тақырыбы: Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiнiң құрылымы Мемлекеттік техникалық реттеу жұйесінің құрылымын: 1) Қазақстан Республикасының Үкіметі; 2) уәкiлетті орган; 3) өз құзыретi шегiнде мемлекеттік органдар; 3-1) аккредиттеу жөніндегі орган; 4) мемлекеттік органдар жанындағы техникалық реттеу саласындағы сарапшылық кеңестер; 5) Саудадағы техникалық кедергiлер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпарат орталығы; 6) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер; 7) сәйкестiктi растау жөніндегі органдар, зертханалар; 8) сәйкестiктi растау, аккредиттеу, тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторлар; 9) Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттiк қоры құрайды. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң техникалық реттеу саласындағы құзыретiне мыналар жатады: 1) техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеу; 2) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiн құру; 3) техникалық реттеу саласында құқықтық реформаны қамтамасыз ету; 4) техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерiнiң депозитарийiн құру және жүргiзу ережелерiн бекіту; 5) өнiмнiң, процестердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мүддесi үшiн консультациялық-кеңесшi органдар құру; 6) техникалық регламенттерді бекіту; 6-1) техникалық регламенттерді әзірлеу, сараптау, қабылдау, өзгерту және күшін жою тәртібін белгілеу; 7) Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорын қалыптастыру және жүргізу тәртібін айқындау; 7-1) техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспарды бекіту. 8) тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі ережені және тауардың шығарылуы туралы сертификатты беру ережесін бекіту; 9) ішкі айналымға арналған тауардың шығу тегі туралы сертификатты беруге уәкілетті органды (ұйымды) айқындау; 10) кеден одағы тауарының және (немесе) шетелдік тауардың мәртебесін айқындауға уәкілетті органды (ұйымды) белгілеу; 11) өнiмдi таңбалау тәртібін белгiлейдi; 11-1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының мұқтаждары үшін пайдаланылатын әскери және қосарланған мақсаттағы тауарларға (өнімге), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге әскери стандарттарды әзірлеу, келісу, қабылдау, есепке алу, өзгерту және күшін жою қағидаларын бекіту; 12) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды. Уәкiлеттi орган мынадай функцияларды орындайды: Техникалық реттеу саласында: 1) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiн құруға қатысады; 2) техникалық реттеу саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асырады; 3) техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қызметiн салааралық үйлестіруді жүзеге асырады; 4-1) техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспарды әзірлейді; 5) техникалық реттеу саласындағы жобалардың және нормативтiк құқықтық актiлердiң техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік саясатқа және «Техникалық реттеу туралы» 4-бабы 1-тармағында көзделген мақсаттарға сәйкестiгiне талдауды және сараптама жүргiзудi ұйымдастырады; 6) техникалық регламенттерді әзірлеу бойынша сараптамалық кеңестермен, техникалық реттеу мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалармен өзара іс- қимыл жасайды; 7) стандарттау, сәйкестiктi растау және аккредиттеу жөніндегі халықаралық және өңiрлiк ұйымдарда Қазақстан Республикасының атынан өкiлдiк етедi, халықаралық және өңiрлiк стандарттау, сәйкестiктi растау нәтижелерiн өзара тану жөніндегі жұмыстарға қатысады; 8) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiнiң тiзiлiмiн жүргiзудi ұйымдастырады; 8-1) нормативтік техникалық құжаттардың ресми басылымдарын тарату және пайдаланушыларды олармен қамтамасыз ету тәртібін айқындайды; 9) Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттiк қорының жұмысын ұйымдастырады және үйлестiредi; 10) Ақпарат орталығының жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi; 11) сәйкестiктi растау, аккредиттеу, тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру және аттестаттау тәртібін айқындайды және оларды ұйымдастырады, сондай-ақ осы сарапшы-аудиторларға қойылатын біліктілік талаптарын белгілейді; 12) техникалық регламенттерде белгiленген талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады және үйлестiредi; 13) аумақтық сауда-өнеркәсіп палаталарының қызметін тауардың шығу тегі туралы сертификатты беру тәртібінің сақталуына және iшкi айналымға арналған тауардың шығу тегi туралы сертификатты беру тәртiбiнiң сақталуына уәкiлеттi органның (ұйымның) қызметiн жыл сайынғы тексеруді жүргізу, кеден одағы тауарының және (немесе) шетелдік тауардың мәртебесін айқындау арқылы бақылауды жүзеге асырады. Стандарттау саласында: 1) әскери және қосарланған мақсаттағы тауарларға (өнімге), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге әскери стандарттарды қоспағанда, ұлттық стандарттарды, алдын ала ұлттық стандарттарды және техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерiн әзiрлеу, келiсу, есепке алу, бекiту, сараптау, өзгерту, күшін жою және қолданысқа енгiзу тәртiбiн айқындайды; 2) техникалық регламенттермен үйлестiрiлген стандарттарды талдауды және әзiрлеудi ұйымдастырады; 3) халықаралық, өңiрлiк стандарттарды және шет мемлекеттердiң стандарттарын, шет мемлекеттердің ұйымдарының стандарттарын, техникалық- экономикалық ақпарат жiктеуiштерін, стандарттау, сәйкестiктi растау және аккредиттеу жөніндегі қағидаларын, нормалары мен ұсынымдарын ұйымдардың стандарттарында қолдануды қоспағанда, оларды Қазақстан Республикасының аумағында есепке алу және қолдану тәртiбiн айқындайды; 4) мемлекеттік стандарттаудың жоспарларын әзiрлеу тәртібін белгiлейдi; 5) стандарттау жөніндегі нормативтiк құжаттардың мемлекеттік тiлдегi және орыс тiліндегі аудармаларын растауды ұйымдастырады. 6) өнімді таңбалау тәртібін әзірлейді; 7) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді. 8) үкіметтік емес стандарттарды әзірлеу, консенсусын қамтамасыз ету, бекіту, есепке алу, тіркеу, белгілеу, өзгерту, күшін жою, өзекті ету, сақтау, басып шығару, тарату, әзірлеушінің авторлық құқықтарын сақтау және қолданысқа енгізу тәртібін айқындайды; 9) өнімнің каталог парағының нысанын белгілейді. Сәйкестiктi растау саласында: 1) сәйкестiк сертификатының, сәйкестiк туралы декларацияның, өтініш- декларацияның, тауар шығарылатын елді анықтау жөнінде сертификаттың нысандарын белгiлейдi және оларды шығаруды ұйымдастырады; 2-1) өтініш-декларацияларды тіркеу тәртібін белгілейді; 3) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiнiң ережелерiн әзiрлейдi; 4) шағымдарды (апелляцияларды) қарау үшiн апелляциялық комиссия құрады; 5) егер басқа ұйымдар шығарған сәйкестiктi растау мәселелерi жөніндегі құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiнiң талаптарына сай болмаса, олардың күшiн жою туралы ұсыныстар дайындайды; 6) зертханааралық салыстыру сынақтары (салғастыру) бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді; 7) Қазақстан Республикасының аумағында шетелдiк үлгiнің сәйкестiгін растау саласындағы құжаттарды беру жөніндегі қызметтiң жүзеге асырылуының басталғандығы туралы хабарлаған шетелдiк және халықаралық ұйымдардың тiзiлiмiн жүргізеді. Уәкiлеттi орган осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. Мемлекеттік органдар өз құзыретi шегiнде техникалық реттеу саласында: 1) техникалық регламенттердің және олармен өзара байланысты стандарттардың ғылыми-техникалық деңгейiн талдауды; 2) уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен техникалық регламенттерді әзiрлеу немесе техникалық регламенттерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар әзiрлеу, стандарттау жөніндегі нормативтiк құжаттарға өзектi сипат беру және оларды бiр iзге салу туралы ұсыныстар дайындау мен енгізудi; 3) техникалық регламенттердi және ұлттық стандарттарды әзiрлеу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыруды; 4) техникалық регламенттердің жобаларын әзiрлеу, мемлекеттік органдардың құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша ұсыныстар дайындау үшiн сарапшылық кеңестер құруды; 5) өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша техникалық регламенттердің, стандарттардың және өзге де құжаттардың қорларын басқаруды; 6) Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалатын тәртiппен техникалық регламенттерде белгiленген талаптардың орындалуын мемлекеттік бақылау ; 7) стандарттар мен өзге де құжаттарды әзiрлеу және оларды халықаралық нормалармен және талаптармен үйлестiру жөнiндегi жоспарларды дайындауды және iске асыруды; 8) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердi, сәйкестiктi растау жөніндегі органдарды және сәйкестiгi мiндеттi расталуға тиiстi өнiм жөніндегі зертханаларды құру бойынша ұсыныстар дайындауды; 9) үкіметтік емес стандарттарды әзірлеуге қатысуды; 10) үкіметтік емес стандарттар негізінде ұлттық стандарттарды әзірлеуге бастама жасауды; 11) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 1. Мемлекеттік органдар жанындағы техникалық реттеу саласындағы сарапшылық кеңестер техникалық регламенттердің жобаларын әзiрлеу, техникалық регламенттерді әзiрлеуге және қолдануға байланысты салада мемлекеттік органдардың құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша ұсыныстар дайындау үшiн құрылады. 2. Мемлекеттік органдар жанындағы техникалық реттеу саласындағы сарапшылық кеңестердiң құрамын және олар туралы ереженi мемлекеттік органдар бекiтедi. Сарапшылық кеңестiң құрамына мемлекеттік органдардың, стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердiң және басқа да мүдделi тараптардың өкiлдерi кiредi. 1. Ақпарат орталығы мүдделi тараптарға және шет мемлекеттерге олардың сұрау салуы бойынша: 1) қолданылып жүрген немесе әзiрленiп жатқан техникалық регламенттер, ветеринариялық-санитариялық, санитариялық және фитосанитариялық шаралар, стандарттар, оларға енгiзiлетiн өзгерiстер және өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтердің сәйкестiгiн растау рәсiмдерi; 2) Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдарға және стандарттау, сәйкестiктi растау, аккредиттеу, ветеринария, санитария және фитосанитария саласындағы халықаралық екiжақты және көпжақты сипаттағы шарттарға мүшелiгi немесе қатысуы; 3) әзiрленiп жатқан және қабылданған техникалық регламенттер, стандарттар, ветеринариялық-санитариялық, санитариялық және фитосанитариялық шаралар және өнімнің, көрсетілетін қызметтің сәйкестігін растау рәсімдері жобаларының жариялану көздерi туралы немесе олар жөніндегі ақпарат туралы құжаттардың көшiрмелерi мен ақпаратты беру мақсатында Дүниежүзiлiк сауда ұйымының Хатшылығымен, Дүниежүзiлiк сауда ұйымына мүше елдермен, халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимыл жасау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен құрылады және жұмыс iстейдi. 2. Осы баптың 1-тармағында көзделген ақпарат хабарлама түрінде уәкілетті органның ресми баспа басылымында және ортақ пайдаланымдағы ақпараттық жүйеде орналастырылады. Хабарламаның нысанын, оны толтыру және ұсыну тәртібін уәкілетті орган айқындайды. 1. Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер мемлекеттік органдардың және мүдделi тараптардың ұсыныстары бойынша салааралық деңгейде стандарттау жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшiн экономика салаларында құрылады. Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердiң құрамына мемлекеттік органдардың және мүдделi тараптардың өкiлдерi кiредi. 2. Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердiң құзыретiне: 1) бекiтіліп берiлген объектiлер және қызмет бағыттары бойынша мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiн дамытудың негiзгi бағыттарын айқындау жөніндегі ұсыныстарды дайындау; 2) ұлттық стандарттарды, алдын ала ұлттық стандарттарды және техникалық- экономикалық ақпарат жiктеуiштерiн, халықаралық, өңiрлiк стандарттарды, шет мемлекеттердiң стандарттарын және шет мемлекеттердің техникалық- экономикалық ақпарат жiктеуiштерiн және оларға енгiзiлетiн өзгерiстердi әзiрлеуге және оларға сараптама жасауға Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен қатысу; 3) техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттарды әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар дайындау жатады. 3. Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердiң құрылу, жұмыс iстеу, таратылу тәртібін уәкiлеттi орган белгiлейдi. 1. Сәйкестiктi растау жөніндегі органдар - меншiк нысанына қарамастан, өнімді (көрсетілетін қызметті) өндірушілерден (орындаушылардан), өнімді (көрсетілетін қызметті) берушілер мен тұтынушылардан тәуелсiз, штатында сәйкестiктi растау жөніндегі сарапшы-аудиторлары және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда бекiтіліп берiлетiн қызмет бағыттары бойынша зертханалары бар Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасында белгіленген тәртiппен аккредиттелген ұйымдар. Сәйкестiктi растау жөніндегі органдар, оның iшiнде шетелдiк органдар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен аккредиттелуге тиiс. Сәйкестiктi растау жөніндегі органдардың филиалдары сәйкестiктi растау жөніндегі органның құрамында Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен аккредиттеледi. 2. Сәйкестікті растау жөніндегі органдар сәйкестікті міндетті растау мақсаты үшін аккредиттелген зертханалардың сынақ нәтижелерін пайдалануға тиіс. 3. Сәйкестiктi растау жөніндегі органдар өтінiм берушiлермен жасалған шарт талаптарымен аккредиттеу саласы шегiнде мынадай функцияларды жүзеге асырады: 1) дайындаушылардың (орындаушылардың), сатушылардың сәйкестiктi мiндеттi растау жөніндегі жұмыстарды жүргiзуге өтінімдерін қарайды, сәйкестiгiн растауға ұсынылған өнiмдi, көрсетiлетiн қызметтi бiрдейлендiредi; 2) сәйкестікті міндетті және ерікті түрде растау жөніндегі жұмыстарды жүргізеді; 3) дайындаушылардың (орындаушылардың) өтiнiмдерi бойынша сәйкестiк туралы декларацияны қабылдауға қажеттi жұмыстар жүргiзедi; 4) сәйкестiк туралы декларацияларды және өтініш-декларацияларды тiркейдi; 5) сәйкестiктi растау схемасына сай сәйкестiгi мiндеттi растаудан өткен өнiмге инспекциялық бақылау жүргiзедi, оның белгiленген талаптарға сәйкес еместiгi анықталған жағдайда, берiлген сәйкестiк сертификаттарының қолданылуын немесе сәйкестiк туралы декларацияны тiркеудiң қолданылуын уәкiлеттi орган айқындайтын тәртiппен тоқтата тұрады немесе олардың күшiн жояды; 6) берiлген сәйкестiк сертификаттарының және тiркелген сәйкестiк туралы декларациялардың тiзiлiмiн жүргiзедi. 4. Сәйкестiктi растау жөніндегі органдар: 1) дайындаушының (орындаушының), сатушының өтiнiмi бойынша аккредиттеу саласы шегiнде объектiлердiң сәйкестiгiн мiндеттi және ерiктi түрде растауды жүргізуге; 2) 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен алып тасталды 3) өтiнiм берушiден сәйкестiктi растау жөніндегі жұмыстарды орындау үшiн қажеттi құжаттардың ұсынылуын сұратуға құқылы. 5. Сәйкестiктi растау жөніндегі органдар: 1) өтiнiм берушiнiң сәйкестiктi растау ережелерi мен шарттары туралы ақпаратқа кедергiсiз қол жеткізуiн қамтамасыз етуге; 2) өтiнiм берушiге қатысты кемсiтушiлiкке жол бермеуге; 3) тіркелген сәйкестік туралы декларациялар, өтініш-декларациялар, берілген сәйкестік сертификаттары туралы, өтініш-декларацияларды тіркеген өтініш берушілердің сәйкестікті растау жұмыстарын жүргізуден жалтаруы туралы, сертификаттаудан және оларды беруден бас тартуы туралы деректердің электрондық есебін уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асыруға; 4) өнiм, көрсетiлетiн қызмет шығарылған елге қарамастан, өтiнiм берушiнiң коммерциялық мүддесi болып табылатын ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуге мiндеттi. 6. Сәйкестікті растау жөніндегі органдар және сарапшы-аудиторлар сәйкестікті міндетті растау ережелерін бұзғаны және сәйкестік сертификатын заңсыз бергені, сәйкестік туралы декларацияларды, өтініш-декларацияларды заңсыз тіркегені үшін, сондай-ақ өтініш-декларацияда көрсетілген ақпараттың дәйексіздігі үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады. 7. Сәйкестiктi растау жөніндегі органдар аккредиттеу саласында консалтингтік қызмет көрсетуге құқылы емес және осы қызметтердi көрсететiн тұлғалармен аффилиирленген болуға тиiс емес. 8. Сәйкестікті растау жөніндегі органның меншік, шаруашылық жүргізу, оралымды басқару құқығы негізінде сәйкестікті растау жөніндегі органның аккредиттеу саласында көзделген объектілеріне уәкілетті орган айқындайтын көлемде сынақ жүргізуді қамтамасыз ететін зертханасы болуға тиіс. 1. Зертханалар сәйкестiктi растау жөніндегі органдармен немесе басқа өтінім берушiлермен жасалған шарт жағдайларында: 1) өзiнiң аккредиттеу саласы шегiнде сәйкестiктi мiндеттi немесе ерiктi растау мақсатында объектiлерге сынақ жүргiзедi; 2) сынақ нәтижелерiнiң дәйектілігiн қамтамасыз етедi; 3) уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен және нысандар бойынша жұмыс нәтижелерiн ресiмдейдi және бередi; 4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де қызметтi жүзеге асырады. 4. Зертханалар объектiлердiң сәйкестігін растау кезiнде оларға сынақтың дәйектемесiз нәтижелерiн ұсынғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады. 1. Техникалық реттеу саласындағы жеке және заңды тұлғалар: 1) техникалық реттеу саласындағы техникалық регламенттер мен стандарттарды, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзiрлеу, өзгерту, күшiн жою жөнiндегі ұсыныстарды дайындайды; 2) қажет болған жағдайда осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарда стандарттау жөніндегі тиiстi бөлiмшелер мен қызметтердi құрады. 2. Сәйкестiгi мiндеттi расталуға жататын өнiмдi өткiзетiн жеке және заңды тұлғалар осы Заңға сәйкес оның техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестiгiн растауды қамтамасыз етедi. 1. Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қоры мемлекеттік ақпараттық ресурс болып табылады. 2. Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қоры, ұйымдардың стандарттары мен консорциум стандарттарын қоспағанда, қабылданған стандарттар, техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштері және нормативтік техникалық құжаттар туралы ақпаратты қамтиды. Пайдаланушыларды көрсетілген құжаттардың ресми басылымдарымен қамтамасыз ету тәртібін уәкілетті орган айқындайды. 3. Ұйымның стандарты мен консорциум стандарттарын қоспағанда, әрбір стандартты, техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiшін және нормативтік техникалық құжатты қабылдау туралы ақпаратты және олардың бір данасын құжатты қабылдаған тұлға бірыңғай ақпараттық жүйені құру үшін Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорына жібереді. 1. Сәйкестiктi растау жөніндегі сарапшы-аудиторлар сәйкестiктi растау жөніндегі органның құрамында өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң белгiлi бiр түрлерiнiң сәйкестiгiн растау жөніндегі жұмыстарды жүргiзуге қатысады. Жеке тұлғалардың сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудитор ретіндегі қызметін сәйкестікті растау жөніндегі бір органның немесе зертхананың құрамында ғана жүзеге асыруға құқығы бар. Егер сәйкестiктi растау жөніндегі сарапшы-аудиторлар өтiнiм берушiнiң мүддесiн бiлдiрсе немесе онымен еңбек немесе өзге шарттық қатынастарда болса, олар нақтылы өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң сәйкестiгiн растау жөніндегі жұмыстарды орындауға құқылы емес. 5. Сарапшы-аудиторларды аттестаттау уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен бес жылда бір рет жүзеге асырылады. 1. Сараптама ұйымы тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторлар жасаған тауардың шығарылуы, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесі туралы сараптама актiлерiн куәландырады және бередi. 2. Тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторлар өз қызметiн бiр сараптама ұйымының құрамында жүзеге асырады. 3. Тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторлардың құзыретi тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi жұмыстарды орындауға құқық беретін, уәкілетті орган белгілеген нысандағы біліктілік аттестатымен расталады. Бiлiктiлiк аттестаттарын алған тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы- аудиторлар тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторлардың тізіліміне енгiзiледi. 4. Тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторларды аттестаттауды уәкiлеттi орган құратын тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторларды аттестаттау жөнiндегi комиссия жүзеге асырады. Тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторларды аттестаттау уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен бес жылда бір рет жүзеге асырылады. 5. Тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторларды аттестаттау жөнiндегi комиссия кемiнде бес адамнан құралуға тиiс. Тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторларды аттестаттау жөнiндегi комиссияның құрамына тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторлар, уәкiлеттi органның, аумақтық сауда-өнеркәсiп палаталарының және өзге де ұйымдардың өкiлдерi енгiзiледi. Тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторларды аттестаттау жөнiндегi комиссияның төрағасы оның мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк даусымен сайланады. 6. Аттестаттаудан өту үшiн тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы- аудиторларды аттестаттау жөнiндегi комиссияға мынадай құжаттар: 1) өтiнiш; 2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi; 3) жоғары бiлiм туралы дипломның көшiрмесi; 4) оқу орталығы куәлiгiнiң не жеке тұлғаның теориялық даярлығын растайтын сертификаттың көшiрмесi; 5) тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегі жұмыстарды жүргiзуге өзінің қатысқанын растайтын жеке тұлғаның тағылымдамадан өткенi туралы он есептiң көшiрмесi; 6) кемiнде екi жыл жалпы жұмыс өтілін растайтын жұмыс орнынан анықтама немесе еңбек кiтапшасынан үзiндi көшiрме ұсынылуға тиiс. 7. Тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторлар өз қызметiн уәкiлеттi орган айқындайтын тәртiппен жүзеге асырады. 8. Тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторларға, егер тауар туралы ұсынылған деректер бұрмаланған және (немесе) анық емес болса, тауардың шығарылуы туралы, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау туралы сараптама актiлерiн жасауға тыйым салынады. МӨЖ тақырыптары: 1 ҚР СТ 1.0 Мемлекеттік стандарттау жүйесі. Негізгі ережелер 2 ҚР СТ 3.0 Мемлекеттік сертификаттау жүйесі. Негізгі ережелер № 3 дәріс Тақырыбы: Стандарттау саласындағы терминдер мен анықтамалар Дәріс жоспары: 1 Стандарттау және оның интерпретациясы 2 Стандарт және оның түрлері 1 Стандарттау саласында және басқа да ғылым немесе техника салалыранда нақты ғылыми – зерттелген терминология керек. «Стандарттау» терминінің анықтамасы кең болған соң, Қазақстан Республикасының «Стандарттау туралы» заңында стандарттау және стандарт деген сөздерге келесі анықтамалар беріледі: Стандарттау – нақты бір немесе әлеуметті мәселелер жайында жалпы және көп рет пайдалану үшін белгілі салада ережелерді реттеудің оңтайлы дәрежесіне жетуге бағытталған қызмет; Стандарт – уәкілетті орган көздеген тәртіппен бекітілген, көп мәрте және ерікті пайдалану мақсатында техникалық реттеу объектілеріне ережелерді, жалпы принциптер мен сипаттамаларды белгілейтін құжат; «Техникалық реттеу туралы» заңында келесі анықтамалар берілген: Стандарт - көп мәрте және ерiктi түрде пайдалану мақсатында техникалық реттеу объектiлерiне қағидаларды, жалпы қағидаттар мен сипаттамаларды белгiлейтiн құжат; Стандарттау - нақты қойылып отырған және ықтимал міндеттерге қатысты көпшілікке ортақ, көп мәрте және ерікті пайдалану үшін ережелер белгілеу арқылы өнімге, көрсетілетін қызметке және процестерге қойылатын талаптарды ретке келтірудің оңтайлы деңгейіне қол жеткізуге бағытталған қызмет; Стандарттау жөніндегі нормативтік құжат - стандарттау жөніндегі қызметтің әр түріне немесе оның нәтижелеріне қатысты нормаларды, ережелерді, сипаттамаларды, принциптерді белгілейтін құжат. 2 Алдын ала ұлттық стандарт - қолдану процесінде қажетті тәжірибені жинақтауға арналған және тұтынушылардың қалың көпшілігіне қолжетімді, уақытша қолданылатын стандарт; Әскери және қосарланған мақсаттағы тауарларға (өнімге), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге әскери стандарт - белгіленген және арнайы пайдалану мақсатында әскери мақсаттағы объектілерге қағидаларды, жалпы қағидаттар мен сипаттамаларды белгілейтін, мемлекеттік құпияларды құрайтын және таратылуы шектеулі мәліметтерден тұратын, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен бекітілген нормативтік-техникалық құжат. Консорциум стандарты - консорциум әзірлеген және бекіткен, оның мүшелері қолданатын стандарт; Негізге алынатын стандарт - қолданылу саласы кең немесе техникалық реттеудің белгілі бір саласына арналған жалпы ережелері бар стандарт; Өңірлік стандарт - стандарттау жөніндегі өңірлік ұйым қабылдаған және тұтынушылардың көпшілігі қол жеткізе алатын стандарт; Ұлттық стандарт - уәкiлеттi орган бекiткен және тұтынушылардың қалың көпшiлiгiне қолжетiмдi стандарт; Ұйым стандарты - ұйым дербес бекіткен стандарт; Үйлестірілген стандарт - техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың орындалуын қамтамасыз ететін стандарт; Үкіметтік емес стандарт - Қазақстан Республикасының коммерциялық емес ұйымы әзірлеген және бекіткен стандарт; Халықаралық стандарт - стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым қабылдаған және тұтынушылардың көпшілігі қол жеткізе алатын стандарт; Шет мемлекеттiң стандарты - шет мемлекеттiң стандарттау жөнiндегi уәкiлеттi органы қабылдаған және тұтынушылардың қалың көпшiлiгiне қолжетімді стандарт. Нормативтік техникалық құжат - техникалық және технологиялық нормаларды қамтитын нормативтік құжат; Техникалық регламент - өнімдерге және (немесе) олардың өмірлік циклінің процестеріне қойылатын міндетті талаптарды белгілейтін, Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес әзірленетін және қолданылатын нормативтік құқықтық акт. Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар: 1 Стандарттауға қатысты терминдердің мазмұнын ашу? 2 Стандарттардың қандай түрлерін білесіздер. № 4 дәріс Тақырыбы: Техникалық регламенттер Дәріс жоспары: 1 Техникалық регламенттер жөнінде жалпы мәліметтер 2 Техникалық регламенттердің мазмұны 1 Техникалық регламенттер «Техникалық реттеу туралы» заңның 4-бабының 1- тармағында көзделген мақсатта әзiрленедi және қолданылады. Техникалық регламенттерде белгiленген талаптар мiндеттi болып табылады, Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында тiкелей қолданылады және техникалық реттеу саласындағы тиiстi нормативтiк құқықтық актiлерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу арқылы өзгертiлуi мүмкiн. Техникалық регламенттерде айқындалған талаптар, Қазақстан Республикасының аумағына жануарлар мен өсiмдiктер не олардың өңделген өнiмдерi арқылы тарайтын аурулардың кiруiн болғызбауға бағытталған санитарлық және фитосанитарлық шараларды белгiлеу мен қолдануды қоспағанда, өнiмнiң шыққан елiне және (немесе) шыққан орнына қарамастан, бiрдей әрi тең дәрежеде белгiленедi және қолданылады. Қажеттiк өлшемдерi, санитарлық және фитосанитарлық шаралардың талаптары мен рәсiмдерi осындай өнiмнiң барлық процестерiнде одан келетiн зиянның нақты ғылыми негiзделген қауiп-қатер деңгейiне негізделедi. Процестерге қойылатын техникалық регламенттерде айқындалған талаптар «Техникалық реттеу туралы» заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарға жетуге әсер ете алатын жағдайда ғана белгiленедi және қолданылады. Техникалық регламенттерде белгіленген талаптар кәсiпкерлiк қызмет үшiн «Техникалық реттеу туралы» заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарды орындауға қажет деңгейден артық кедергі тудырмауға тиiс. Техникалық регламент мемлекеттік саясат мүдделерiне, материалдық- техникалық базаның дамуына және ғылыми-техникалық даму деңгейiне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес келмейтiн жағдайда уәкiлеттi орган мұндай нормативтiк құқықтық актiнiң күшiн жою немесе оған өзгерістер енгізу рәсiмiн бастауға мiндеттi. Техникалық регламентте оның қолданысқа енгiзiлу мерзiмi мен өтпелi кезең уақыты белгiленетiн шарттары көзделуге тиiс, бұл кезең iшiнде техникалық регламентті қолданысқа енгізуге, нормативтiк немесе техникалық құжаттаманы әзiрлеуге және (немесе) түзетуге арналған мәселелер, сондай-ақ өнiм шығаруға байланысты мәселелер ескерiлуге тиiс. Өнімді өндіру кезінде үйлестірілген стандарттар пайдаланылған болса, техникалық регламенттердің талаптары орындалған болып саналады. Өнімді өндіру кезінде техникалық регламенттерде белгіленген талаптар мен нормалардың орындалуы қамтамасыз етілетін жағдайларда өзге де стандарттарды пайдалануға болады. Техникалық регламенттер зиян келтiру қауiп-қатерiнiң деңгейiн ескере отырып, өнiмнiң, процестердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн ең төменгi қажеттi талаптарды белгiлейдi. 2 Техникалық регламентте: 1) оның талаптары қолданылатын өнiмнiң, процестердiң толық қамтылған тiзбесi; 2) техникалық регламентті қабылдау мақсаттарына жетудi қамтамасыз ететiн өнiмнiң, процестердiң сипаттамаларына қойылатын талаптар болуға тиiс. Техникалық регламентте өнiмнiң сынамаларын iрiктеу және оны сынақтан өткізу ережелерi, сәйкестiктi растаудың ережелерi мен нысандары (оның iшiнде сәйкестiктi растау схемалары) және (немесе) терминологияға, буып- түюге, таңбалауға немесе затбелгi жапсыруға және оларды түсiру ережелерiне қойылатын талаптар болуы мүмкiн. Техникалық регламентте, келтiрiлетiн зиянның деңгейi ескерiлетiн, өнiмнiң конструкциясы мен орындалуына қойылатын талаптардың болмауы салдарынан «Техникалық реттеу туралы» заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарға жету қамтамасыз етiлмейтiн жағдайларды қоспағанда, өнiмнiң конструкциясы мен орындалуына қойылатын талаптар болмауға тиiс. Егер шет мемлекеттердiң, халықаралық және өңiрлiк ұйымдардың нормалары мен стандарттары «Техникалық реттеу туралы» заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарға сәйкес келсе, олар техникалық регламенттерді әзiрлеу кезiнде негiз ретiнде толық немесе iшiнара қолданылуы мүмкiн. Ұзақ пайдаланған кезде жол берiлетiн қауiп-қатер деңгейiн анықтауға мүмкiндiк бермейтiн факторларға байланысты зиян келтiруi мүмкiн өнiмге қойылатын талаптарды айқындау мүмкiн болмаған жағдайда, техникалық регламентте тұтынушыны өнiмнiң ықтимал зияны туралы және оған байланысты факторлар туралы хабардар етуге қатысты талаптар болуға тиiс. Техникалық регламенттерде зиян келтiру қауiп-қатерiнiң деңгейiн ескере отырып, техникалық реттеу объектiлерiне: 1) азаматтардың жекелеген санаттарын (кәмелетке толмағандарды, жүктi әйелдердi, бала емiзетiн аналарды, мүгедектердi) қорғауды қамтамасыз ететiн; 2) егер мұндай талаптардың болмауы климаттық және географиялық ерекшелiктерге байланысты «Техникалық реттеу туралы» заңның 4-бабының 1- тармағында көзделген мақсаттарға жете алмауға әкеп соғатын болса, Қазақстан Республикасының жекелеген әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерiнде қолданылатын; 3) техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде адам өмiрi мен денсаулығына, Қазақстан Республикасының және басқа да iргелес мемлекеттердiң қоршаған ортасына қауiп төндiретiн трансшекаралық қауiптi өндiрiстiк объектiлерге қойылатын арнайы талаптар болуы мүмкiн. Өнімнің, процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін талаптар техникалық регламенттерде ғана белгіленеді. Техникалық регламент, техникалық регламентке өзгерістер және (немесе) толықтырулар осы Заңның ережелерiн ескере отырып, белгiленген тәртiппен әзiрленедi, қабылданады және күшiн жоюға жатады. Техникалық регламенттерді әзiрлеу, өзгерту, толықтыру немесе оның күшiн жою жөніндегі ұсыныстарды құзыретiне мiндеттi ережелер мен нормаларды белгiлеу кiретiн мемлекеттік органдар стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердiң, мүдделi тараптардың ұсыныстарын ескере отырып дайындайды және уәкiлеттi органға ұсынады. Уәкілетті орган техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспардың жобасын жасайды және оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекіту үшін ұсынады. Техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі бекітілген жоспар бекітілген күннен бастап бір ай ішінде жариялануға тиіс. Техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспарда көзделмеген техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жұмыстарды бюджет қаражаты есебінен қаржыландыруға жол берілмейді. Техникалық регламенттің жобасын әзiрлеген мемлекеттік орган жобаны, нормативтiк құқықтық актiге өзгерістер мен толықтыруларды немесе оның күшiн жоюды әзiрлей бастаған кезден бастап бiр айдан кешiктiрмей, ресми басылымға және ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеге техникалық регламенттің жобасын әзiрлеу, оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу немесе оның күшiн жою туралы белгіленген нысанда хабарлама бередi. Егер техникалық регламентте белгiленген талаптар тиiстi халықаралық стандарттардың талаптарына сай келмесе немесе тиiстi халықаралық стандарттар жоқ болса немесе техникалық регламентте белгiленген талаптар өнiмнiң Қазақстан Республикасына импортының немесе Қазақстан Республикасынан экспортының жағдайларына әсер етуi мүмкiн болса, техникалық регламенттің жобасын әзiрлеген мемлекеттік орган уәкiлеттi орган арқылы: 1) техникалық реттеу саласында әзiрленiп жатқан нормативтiк құқықтық акт қолданылатын өнiм тiзбесi, актiнiң мақсаты мен оны әзiрлеу қажеттiгi туралы хабарлайды; 2) техникалық реттеу саласында әзiрленiп жатқан нормативтiк құқықтық акт туралы егжей-тегжейлi мәлiметтердi немесе мазмұны халықаралық стандарттар талаптарына сай келмейтiн нормаларын көрсете отырып, оның көшiрмесiн мүдделi тараптардың және шет мемлекеттердiң сауал салуы бойынша табыс етедi. Техникалық регламенттің жобасын әзiрлеу туралы хабарлама жарияланған кезден бастап оның жобасы мүдделi тараптардың танысуы үшiн қолжетiмдi болуға тиiс. Техникалық регламенттің жобасын әзiрлеген мемлекеттік орган: 1) жобаны жария талқылауды ұйымдастырады; 2) алынған ескертпелердi есепке ала отырып жобаны пысықтайды және оны уәкiлеттi органның ресми басылымына және ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеге орналастырады; 3) техникалық регламенттің жобасына алынған ескертпелердi мүдделi тараптарға олардың сауал салуы бойынша бередi. Техникалық регламенттің жобасын жария талқылау мерзiмi (оны әзiрлеу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап жария талқылаудың аяқталғаны туралы хабарландыру жарияланған күнге дейiн) кемiнде күнтiзбелiк алпыс күн болуға тиiс. Техникалық регламенттің жобасын жария талқылаудың аяқталғаны туралы хабарлама уәкiлеттi органның ресми басылымында және ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеде жариялануға тиiс және онда жобамен және алынған ескертпелердiң тiзбесiмен танысу тәсiлi, техникалық регламенттің жобасын әзiрлеген мемлекеттік органның атауы, оның почта және электрондық мекен- жайы туралы ақпарат болуға тиiс. Техникалық регламент жобасының түпкiлiктi редакциясы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қабылдау үшiн ұсынылады. Техникалық регламентті қабылдау күнi мен қолданысқа енгізу немесе күшiн жою күнi аралығында оның талаптарының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі iс- шараларды жүзеге асыру үшiн қажеттi уақыт кезеңi көзделуге тиiс. Техникалық регламентті төтенше жағдайларға (адамның өмiрi мен денсаулығына, қоршаған ортаға немесе ұлттық қауiпсiздiкке тiкелей қауiп төнуiне) байланысты әзiрлеу, қабылдау және қолданысқа енгізу қажет болған кезде техникалық регламент жария талқылаусыз қабылданады. Техникалық регламентті қабылдау туралы хабарлама уәкiлеттi органның ресми басылымында және ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеде жариялануға, сондай-ақ Дүниежүзiлiк сауда ұйымының Хатшылығына жолдануға тиiс. Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар: 1Техникалық регламенттің маңызы? 2 Техникалық регламенттердің қолданылу саласы? Ұсынылатын әдебиет: 1 Техникалық регламент 2 «Техникалық реттеу туралы» ҚР Заңы. (2013 ж. өзгерістермен және толықтырулармен) № 5 дәріс Тақырыбы: Азық-түлік өнімдерінің сапасын басқару жүйесі (HACCP) ХАССП (ағылшын транскрипциясы бойынша HACCP – Hazard Analysis and Critical Control Points, тәуекелді қолдау және бақылаудың аумалы нүктелері) қауіпті ахуалдың пайда болу ықтималы бар тамақ тізбегінің барлық кезеңдерінде, өндірістік процестің кез келген нүктесінде бақылауды қамтамасыз ететін азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігін басқару жүйесі. Ең бастысы ХАССП жүйесін әлемнің барлық өркенниетті елдерінің азық-түлік өнімдерін өндіруші компаниялары қолданады, ал АҚШ-та, Канадада, Жаңа Зеландияда, Жапонияда, тағы бірқатар мемлекеттерде ХАССП жүйесін заңнамалық деңгейде енгізу талап етілген. ХАССП тұжырымдамасы 60 жылдары Америка ғарыш бағдарламасын жасау кезінде «Pillsbury» компаниясының, АҚШ-ң қарулы күштері зертханасының және аэронавтика мен космонавтикалық ұлттық басқармасының (NASA) біріккен күштерімен әзірленді. NASA алдына азық-түлік өнімдерінде токсиндердің пайда болу мүмкіндігін болдырмайтын жүйені әзірлеу және соның салдары ретінде тамақтан улануды болдырмау міндеті койылды. Аяққы өнімді немесе жартылай фабрикаттарды іріктеп, тіпті жаппай сынақтан өткізу өнімнің қауіпсіздігіне кепілдік бермеді, бірақ технологиялық үдерісті күрделендіріп, өндірісті қымбаттатты. Осы мәселені шешу үшін 1971 жылы азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі Бірінші Америка Ұлттық конференциясында «Pillsbury» компаниясы ұсынған ХАССП тұжырымдамасын әзірлеу бастамасы болды. Қазіргі таңда ХАССП (HACCP) жүйесі азық-түлік өнімдерінің сапасын басқарудың және реттеудің негізгі моделі, оның қауіпсіздігін қамтамасыз етудің бас құралы болып табылады. Мақсатты бақылау шараларының нәтижесінде азық-түлік өнімдерін тұтынуға байланыстыболатын барлық тәуекел түрлерін алдын-ала ескеріп, болдырмайтын, жоятын және қисынды деңгейіне дейін азайтатын аумалы бакылау нүктелері деп аталатын мәселеге ерекше көңіл бөлінеді. ХАССП жүйесі тәуекел факторларын болдырмау жүйесі емес. Оның негізгі бағыты –азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігіне байланысты болатын проблемалардан туындауы мүмкін тәуекелдерді азайту. ХАССП жүйесінің негізіне алынған жеті қағида бар және олар белгілі азық-түлік өнімдерін шығарушы кәсіпорын үшін жүйені құру кезінде міндетті түрде қолданылады: 1.Тәуекелдерге (қауіпті факторларға) мұқият талдау жүргізу; 2.Аумалы бақылау нүктелерін(АБН) анықтау; 3.Әр бақылау нүктесі үшін аумалы шектеулерді белгілеу; 4. Аумалы бақылау нүктелерінің мониторингісі рәсімдерін белгілеу (қалай?, кім?, қашан?) ; 5.Түзету іс-қимылдарын әзірлеу; 6.Есепке алу және құжаттамаларды жүргізу, рәсімдерін белгілеу; 7.Құжаттама жиынтығын тексеру рәсімдерін белгілеу. Азық-түлік өнімдерін өндіруші компаниялар өздерінің кәсіпорындарына ХАССП жүйесін енгізе отырып, тауарлардың рыноктағы қозғалысы кезінде өздерінің өнімдерінің немесе сауда белгісінің қорғалуын қамтамасыз етеді. ХАССП жүйесінің маңызды да шартсыз құндылығы оның қасиеттерін айқындау емес, атап айтқанда азық-түлік өнімдерінің өндірісінің барлық тізбегінде кезең-кезеңімен бақылау арқылы қателіктердің алдын-алу, болжау және ескерту болып табылады. Бұл тамақ өнеркәсібі саласының жұмысындағы бірінші кезектегі басты міндет болып табылады және тұтынушыларға азық-түлік өнімдерін қолдануда қауіпсіздікті кепілді түрде қамтамасыз етеді. ХАССП қағидаларына сүйенген жүйені өндірісте қолдану азық-түлік өнімдерін өндіруші компанияларға жоғары еуропалық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін өнімдерді ғана емес, Еуропаның тағам рыногындағы қатаң бәсекелестікке қабілетті өнімдерді шығаруға да мүмкіндік береді. №3 МӨЖ ISO 22000:2005 «Системы менеджмента безопасности пищевой продукции. Требования к организации, участвующей в пищевой цепочке» 2 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАР ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚ №1 ТАҚЫРЫБЫ: ҚР ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖҮЙЕСІНІҢ ЗАҢНАМАЛЫҚ НЕГІЗІНІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЭЛЕМЕНТТЕРІ Жұмыс мақсаты: Қазақстан Республикасының техникалық реттеу жүйесінің заңнамалық негізінің мазмұны мен құрылымдық элементтерін окып меңгеру. Жұмысты орындау: 1. «Техникалық реттеу туралы» ҚР заңын қабылдау мен бекіту тәртібімен танысу. 2. «Техникалық реттеу туралы» ҚР заңының негізгі құрылымдық элементтерін оқып меңгеру. 3. Бақылау сұрақтарына жауап беру. Бақылау сұрақтары: 1. Қазақстан Республикасында стандарттау саласы бойынша осы күнге дейін қанша заң қабылданды? 2. Стандарттау саласындағы ең алғашқы заң қашан қабылданды және оның толық атауы қандай? 3. Қазақстан Республикасында стандарттау саласындағы басқа заңдары қашан қабылданды? 4. Стандарттау саласындағы қандай заңның қазіргі уақытта күші бар? 5. «Техникалық реттеу туралы» ҚР заңын қабылдау тәртібі мен енгізу күні қандай? 6. «Техникалық реттеу туралы» ҚР заңын құрудың мақсаттарын атаңыз. 7 «Техникалық реттеу туралы» ҚР заңында кандай негізгі құрылымдық элементтер бар? ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚ №2 ТАҚЫРЫБЫ: МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ Жұмыс мақсаты: Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің құрылымымен танысу Жұмысты орындау: 1.Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің құрылымын оқып меңгеру. 2.Техникалық реттеу аймағындағы ҚР Үкіметінің құзыреттілігін білу. 3.Уәкілетті органның құзыреттілігін білу. 4.Техникалық реттеу аймағындағы мемлекеттік органдардың кұзыреттілігін білу. 5.Техникалық реттеу аймағындағы сараптамалық кеңестердің міндеттерін оқып меңгеру. 6.Стандарттау жөніндегі техникалык комитеттердің негізгі функцияларын білу. 7.Сәйкестікті растау органдарының атқаратын қызметтерімен танысу. 8.Зертханалардың құқықтары мен міндеттерін білу. 9.Ақпараттық орталықтың функцияларын білу. 10.Сарапшы-аудиторлардың құзыреттілігін оқып меңгеру. Бақылау сүрақтары: 1.Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің құрылымы қандай? 2.Техникалық реттеу аймағындағы ҚР Үкіметінің құзыреттілігін атаңыз. 3.Уәкілетті органның кұзыреттілігі неде? 4.Техникалық реттеу аймағындағы мемлекеттік органдардың құзыреттілігін атап шығу. 5.Техникалық реттеу аймағындағы сараптамалық кеңестердің міндеттері қандай? 6.Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің негізгі функциялары неде? 7. Сәйкестікті растау органдарының қандай атқаратын қызметтерін білесіздер. 8.Зертханалардың құқықтары мен міндеттері қандай? 9.Ақпараттық орталықтың негізгі функциялары 10.Сарапшы-аудиторлардың кұзыреттілігін атап шығу. ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚ №3 ТАҚЫРЫБЫ: МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТАРАЛЫҚ СТАНДАРТТАУДЫҢ ЖҮЙЕСІН САЛЫСТЫРМАЛЫ САРАПТАУ Жұмыс мақсаты: Стандарттаудың Мемлекетаралық (СМАЖ) жүйесін және мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің (МТРЖ) негізгі жағдайларын және құрылымын сараптауды оқып үйрену (Қосымша 1). Жұмысты орындау: 1. СМАЖ және ҚР МТРЖ стандарттарының құрылымын және тізілімін оқу. 2. СМАЖ және ҚР МТРЖ мақсаттары, принциптері және нысандарының ерекшелігін және бірегейлігін табу. Нәтижесін сұлба түрінде рәсімдеу, оның ішінде принциптерін және объектілерін қысқаша сипаттау қажет. Егер жүйенің сарапталатын элементтері бірдей болса, онда ортақ сұлба жасауға болады. Сұлба мысалы – 3.1.кесте [pic] МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖҮЙЕСІ Стандарттар тізімі СТАНДАРТТАУДЫҢ МЕМЛЕКЕТАРАЛЫҚ ЖҮЙЕСІ Стандарттар тізімі Бақылау сұрақтары: 1. Стандарттаудың мақсаттары мен міндерттерін көрсетіңіздер 2. Стандарттау бойынша нормативтік құжаттарды қолдану талаптары 3. Стандарттаудың объектілерін атаңыз және анықтама беріңіз 4. ҚР МТРЖ негізгі объектілерін атаңыз 5. Мына стандарттардың белгіленуін ашыңыз ҚР СТ 1.0 – 92, МСТ 1.0 – 92, ҚР СТ 1.5 - 92 6.Стандартта регламенттелетін міндетті талаптарды атаңыз. ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚ № 4 ТАҚЫРЫБЫ: СТАНДАРТТАРДЫҢ КАТЕГОРИЯЛАРЫ МЕН ТҮРЛЕРІ Жұмыс мақсаты: Стандарттардың категориялары және түрлерін, стандарттаудың объектілерін және стандарттардың бірнеше түрлерінің құрылымдық элементтерін салыстыру. Жұмысты орындау: 1. Осы тақырып бойынша дәріс материалын оқу. 2. Бірнеше стандарттарды салыстырып, олардың категориялары мен түрлерін анықтау. Нәтижесін 4.1. кестеге енгізу. 3. Әр түрлі стандарттар түрлерінің құрылымын салыстыру. Нәтижесін 4.2. кестеге енгізу. Жұмысты орындауға методикалық ұсыныстар: Стандарттардың келесі категорияларын бөледі: - халықаралық; - өңірлік; - ұлттық; - ұйым стандарты; - Қазақстан Республикасын стандарттау бойынша ұсыныстар; -шет мемлекеттар стандарттары, ұйм стандарты, технико-экономикалық ақпарат классификаторлары, шет мемлекеттердің стандарттау бойынша ұсыныстар және нормалары, талаптары; - үкіметтік емес стандарт; - консорциум стандарты; - алдын ала ұлттық стандарт. Стандарттар түрлері: - негізге алынатын стандарт; - өнімге, қызметтерге, процесстерге бақылау әдістеріне стандарт; - өнімге (қызметке) стандарт; - процесске стандарт; - өнімге әскери стандарт. Стандарттың құрылымдық элементтері – бұл стандарттарды тұрғызу, жеткізу, рәсімдеу, мазмұны және белгіленуі элементтер жиынтығы. Жалпы стандарттар келесі құрылымдық элементтерден тұрады: - титул парағы (міндетті элемент); - алғы сөз (міндетті элемент); - осы стандарттқа жеке меншік құқығы туралы мәлімет (міндетті элемент); - мазмұны (қажет болғанда); - атауы (міндетті элемент); - кіріспе (қажет болғанда); - қолдану аймағы (міндетті элемент); - нормативтік сілтемелер (болған кезде); - анықтамалар және терминдер (болған кезде); - стандарт мәтінінде қолданылатын белгіленулер және қысқартулар (болған кезде); - талаптар (басты және міндетті элемент); - міндетті және ұсынылатын қосымшалар (болған кезде); - осы стандарттарды жетілдірген кезде қолданылған кітапханалық мәліметтер, яғни құжат туралы ақпараттық мәлімет (болған кезде); - стандартты белгілі кәсіптік топтамаға өнімнің баспалық-кітап Әмбебап ондық жүйесі (ӘОЖ) жатқызу туралы мәлімет (міндетті элемент). - осы стандарттың белгіленуі (міндетті элемент). ҚР территориясында қабылданған стандартты тұрғызу, жеткізу, рәсімдеу, мазмұны және белгіленуіне жалпы талаптар ҚР СТ 1.5 бекітілген. ҚР СТ талаптар міндетті немесе ұсынылған болуы мүмкін. Кесте 4.1 [pic] Кесте 4.2 [pic] Бақылау сұрақтары: 1. Стандарттар түрлерін атаңыз. 2. Стандарттар категорияларын атаңыз. 3. Стандарттың қандай құрылымдық элементтері міндетті болып табылады? 4. Процесстерге стандарттарда не қарастырылады? 5. Техникалық регламенттердің қандай түрлері бар? ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚ № 5 ТАҚЫРЫБЫ: ТЕХНИКАЛЫҚ РЕГЛАМЕНТТЕРДІ ОҚЫП МЕҢГЕРУ Жұмыс мақсаты: Техникалық регламенттерде орнатылған талаптар мен мазмұнын меңгеру. Жұмысты орындау: 1. Техникалық регламенттерде бекітілген талаптар мен мазмұнын оқу. 2. Оқытушы берген нұсқа бойынша 5.1 кестені толтыру қажет: -техникалық регламенттің атауы және таралу аймағын анықтау; -техникалық регламенттерде бекітілген талаптармен мазмұнын оқу: Кесте 5.1 |Техникалық |Бекітілген мерзімі|Таралу аймағы |Мазмұны | |регламент атауы | | | | | | | | | | | | | | | | | | | 3.Бақылау сұрақтарына жауап беру Бақылау сұрақтары: 1. Техникалық регламенттерді жетілдіру мақсаты. 2. Техникалық регламенттерде бекітілген талаптар 3. Техникалық регламентте не болу қажет? 4. Зиян келтіру қауіп-қатер дәрежесін ескере отырып техникалық реттеу объектілеріне қойылатын арнайы талаптар техникалық регламенттерде болуы мүмкін? 5. Техникалық регламенттерді жетілдіру, сараптау, қабылдау, өзгерту және тоқтату ерекшеліктері. ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚ № 6 ТАҚЫРЫБЫ: НЕГІЗГЕ АЛЫНАТЫН СТАНДАРТТАРДЫ ОҚЫП МЕҢГЕРУ Жұмыс мақсаты: Негізге алынатын стандарттар бойынша теориялық білімді қалыптастыру. Жұмысты орындау: 1.Оқытушы берген нұсқа бойынша 6.1 кестені толтыру: -стандарттау объекттерін бекіту; категориясын және стандарт түрін; -негізге алынатын стандарттарға сәйкес ерекшеленетін элементтерін бекіту; Кесте 6.1 |Стандарт|Стандарт |Стандарт |Стандарт түрі |Стандарттың бекітілген| |белгілен|атауы |категорияс| |күні | |уі | |ы | | | | | | | |Бөлім |Класс |Тобы | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | Бақылау сұрақтары: 1. Стандарттар көрсеткіштерінің қандай түрлерін білесіз? 2. Стандарттардың айлық көрсеткіштерінің басылым мерзімділігін атаңыз. 3. Стандарттардың айлық көрсеткіштерінің негізгі мазмұнында қандай ақпарат келтіріледі. 4. Стандарттардың айлық көрсеткіштерінің қосымшасында қандай ақпарат келтірілген? 5. Стандарттардың қандай көрсеткіштерінде бекітілген стандарт туралы ақпарат келтірілген? 6. Стандарттардың қандай көрсеткіштерінде өзгертілген стандарт туралы ақпарат келтірілген? 7. Қандай САКде (ИУС) күшін жойған стандарттар туралы ақпарат келтірілген? Қандай САКде өзгертулер қабылданған стандарттар туралы ақпарат келтірілген? Қандай САКде стандарттарға қабылданған өзгерту мәтіндері басылады? Жұмысты орындау №2 (Стандарттардың жылдық көрсеткіштері): Стандарттардың жылдық көрсеткіштерінің тағайындалуын бекіту. Стандарттардың жылдық көрсеткіштерінің құрылымын, мазмұны және тұрғызу принципін оқу. Оқытушы берген көрнекі құрал материалдары бойынша 7.2 кестені толтыру. Бақылау сұрақтарына жауап беру Кесте 7.2 |САК |САК қанша |САК бірінші|САК екінші |САК үшінші |САК соңғы | |басылған |томнан |томында |томында |томында |томында | |жылы |тұрады |қандай |қандай |қандай |қандай | | | |ақпарат |ақпарат |ақпарат |ақпарат | | | |келтірілген|келтірілген|келтірілген|келтірілген| | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | Бақылау сұрақтары: 1 Стандарттардың жылдық көрсеткіштерінің басылу мерзімділігі? 2. Стандарттардың жылдық көрсеткіштері неше номерден немесе томнан тұрады? 3. Стандарттардың жылдық көрсеткіштеріне қандай стандарт келтірілген? 4. Жылдық көрсеткіште қандай принцип бойынша стандарттар топталған? 5. Көрсеткіштің қандай бөлімінде, классында және тобында мыналарға стандарттар келтірілген: портфелдер, силикаттар, рюмкалар, қант, селен, селитра, жеміс дақылдары, кілем жолдары, духи, іс-қимыл, май өлшегіш 6. Стандарттардың жарамдылық уақытын жылдық көрсеткіш бойынша білуге болама? 7. Көрсеткіштің қандай томында пәндік көрсеткіш орналасқан және ол не үшін қажет? 8. «Белгілер үшін» графасында қандай ақпарат келтірілген? 9. Бір жұлдызшамен стандарт белгіленуі нені білдіреді? 10. Екі жұлдызшамен стандарттың белгіленуі нені білдіреді? 11. Үш жұлдызшамен стандарттың белгіленуі нені білдіреді?' ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚ № 8 ТАҚЫРЫБЫ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТТАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ Жұмыс мақсаты: ИСО 9001 халықаралық стандарттың мазмұнын ашу, ХС ИСО 9001 құрылымын оқу. Жұмысты орындау: 1. ИСО 9001: 2008 халықаралық стандартының мазмұнымен танысу. 2. Осы нормативтік құжаттың құрылымын анықтау және құрылымдық элементтер тізімін беру. 3. Әр элемент мазмұнын қысқаша сипаттау және нәтижесін 8.1 кестеге толтыру. 4.Халықаралық стандарттың құрылымдық сұлбасын келтіру (студентке сұлба түрін таңдауға мүмкіндік береді – «граф», кесте және т.б). Кесте 8.1. Халықаралық стандарт сипаттамасы |№ п/п|Құрылымдық элемент атауы |Элементтің қысқаша |Элементтің | | | |мазмұны |тағайындалуы | | | | | | 5. Мемлекетаралық стандарттардың құрылымдық элементтеріне және мазмұнына қойылатын талаптармен. 6. Мемлекетаралық және халықаралық стандарттарды жетілдіруге талаптардың айырмашылығын анықтау және нәтижесі бойынша 8.2 кестені толтыру. Кесте 8.2 Сәйкестік кестесі |№ п/п|Халықаралық стандарттардың құрылымдық |ҚР СТ мемлекеттік | | |элементтері |стандарттардың | | | |құрылымдық элементтері | | | | | 7.ИСО 9001-2009 халықаралық стандартын қолдана 8.3 кестені толтырыңыз Кесте 8.3 – Халықаралық стандартқа сүйенген Қазақстан Республикасының ұлттық стандартқа сәйкестігі туралы мәлімет |Сүйенетін халықаралық |Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттарының | |стандартың белгіненуі |сәйкестігінің атауы және белгіленуі | | | | | | | | | | 8.Бақылау сұрақтарына жауап беру. Бақылау сұрақтары: 1. Халықаралық стандарттардың мақсаты не? 2. СМЖ жалпы талаптарын келтіріңіз 3. СМЖ құжаттарына қойылатын талаптары қандай? 4. Басқару қандай міндеттерге жауапты? 5. Кіммен жетілдіріледі? 6. Сапа аймағындағы саясатына қандай талаптар қойылады? 7. СМЖ инфрақұрылымында не болуы мүмкін? 8. Менеджментті сараптау және деген не және қандай процедураны қойылады? ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚ № 9 ТАҚЫРЫБЫ: СӘЙКЕСТІКТІ РАСТАУДЫҢ НОРМАТИВТІК-ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗАСЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ Жұмыс мақсаты: Сәйкестікті растау аймағындағы нормативті-техникалық базасын, ұйымдастырушылық құрылымын оқып меңгеру. Жұмысты орындау: 1. Сәйкестікті растау жүйесінде қолданылатын келесідей негізгі терминдерді есте сақтау қажет: сәйкестікті растау, үшінші жақ, сәйкестікті растау органы, сынақ зертханасы, міндетті сәйкестік, ерікті сәйкестік және басқалар. 2. Қазақстан Республикасының ТРМЖ сәйкестікті растау жөніндегі негізгі мақсаттары мен міндеттерін оқу қажет. Бұл тақырыпты оқу кезінде Қазақстан Республикасының ТРМЖ сәйкестікті растау жөнінде орындайтын қызмет түрлерін қарастыру қажет. 3. Қазақстан Республикасының ТРМЖ сәйкестікті растау жөніндегі ұйымдастырушылық құрылымын, нормативтік-әдістемелік базасын оқу. Бақылау сұрақтары: 1. Қазіргі замандағы сертификаттаудың мәні. 2. Сәйкестікті растаудың объектілері болып не табылады? 3. «Сәйкестік сертификаты» анықтама беріңіз. 4. Міндетті және ерікті сәйкестікті растау дегеніміз не? 5. ҚР ТРМЖ сәйкестікті растау жөніндегі негізгі жағдайы. 6. ҚР ТРМЖ сәйкестікті растау жөніндегі мақсаттары мен міндеттері. 7. ТРМЖ сәйкестікті растау жөніндегі қызмет түрі. 8. ҚР ТРМЖ ақпараттық қамтамасыз етудің негізі болып табылады? 9. ҚР ТРМЖ сертификаттау процесіне қатысатын екі жақтың жауаптылығы қалай бөлінеді? 10. ҚР ТРМЖ сәйкестікті растау жөніндегі ұйымдастырушылық құрылымы қандай? 11. ҚР ТРМЖ сәйкестікті растау жөніндегі нормативтік-әдістемелік базасы ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚ № 10 ТАҚЫРЫБЫ: СӘЙКЕСТІКТІ РАСТАУ ЖӘНЕ СЫНАҚ ЗЕРТХАНАЛАРЫ ҰЙЫМДАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР Жұмыс мақсаты: СР және СЗ қойылатын негізгі талаптарды оқу. Жұмысты орындау: 1. Бұл тақырыпты оқу кезінде ҚР ТРМЖ органының тәуелсіз және сауатты болып табылуы үшін сәйкестікті растауды жүргізетін органға қойылатын негізгі талаптарға назар аудару қажет. 2. Тәжірибелік сабақты орындау кезінде ҚР СТ «Сертификаттау жөніндегі органға қойылатын талаптар» сәйкес сәйкестікті растау бойынша аккредиттеу жүргізетін орган талаптары оқытылады, аккредиттеу кезінде қажетті құжат толтырылады, аккредиттеу аймағы анықталады, нақтырақ: 1. Сәйкестікті растау органын аккредиттеуге ұсыныс; 2. Аудитория туралы мәлімет; 3. Сәйкестікті растау органының тексеру актісі; 4. Сәйкестікті растау аккредиттелген орган аттестаты; 5. Аккредиттеу аймағы; 6. Сәйкестікті растау органымен бірге қызмет жасайтын ұйымдар тізімі. Бақылау сұрақтары: 1. Сәйкестікті растау органына қойылатын талаптар. 2. Сәйкестікті растау бойынша аккредиттелген орган талаптары. 3. Сәйкестікті растау боойынша аккредиттелген орган қызметіне инспекциялық бақылау. 4. Аттестат мерзімін ұзарту және қосымша аймақта аккредиттеу талаптары. 5. Сынақ зертханаларына және сынақ орталықтарына талаптар . ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚ № 11 МІНДЕТТІ СЕРТИФИКАТТАУ Жұмыс мақсаты: Міндетті сертификаттауға жататын, соынмен қатар құжаттың әр тараптарына жүретін тұтынушы тауарларды, тауар тізімін міндетті сәйкестік растау жүргізуді оқу. Жұмысты орындау: 1. 25, 26, 28, 29, 30, 31 статьяларын оқу. 2.Міндетті сертификаттауды жүргізуге блок-сұлба жетілдіру, әр этапта орындаушыны және осы этапқа сәйкес жетілдіру қажет. Бақылау сұрақтары: 1. Қандай жағдайда міндетті сәйкестікті растау жүргізіледі? 2. Міндетті сәйкестікті растаудың объектісі не болып табылады? 3. Сертификат қанша мерзімге жарамды? 4. Міндетті сертификаттауды кім жүргізеді? 5. Міндетті сәйкестікті растау аймағында өтінушінің құқықтары мен міндеттері. ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚ № 12 ЕРІКТІ СЕРТИФИКАТТАУ Жұмыс мақсаты: Ерікті сертификаттауға жататын, соынмен қатар құжаттың әр тараптарына жүретін тұтынушы тауарларды міндетті сәйкестік растау жүргізуді оқу. Жұмысты орындау: 1. «Техникалық реттеу туралы» ҚР заңын қолдана отырып, 22, 23 статьяларды оқыңыз. 2. Ерікті сертификаттаудың блок-сұлбасын талаптары жетілдіру, мұнда барлық қажетті құжаттарды көрсету арқылы. Бақылау сұрақтары: 1. Ерікті сертификаттау дегеніміз не? 2. Сәйкестікті растау мақсаттарвы. 3. Сәйкестікті растау принциптері. 4. Кімнің қалауы бойынша ерікті сертификаттау жүргізіледі? 5. Ерікті сертификаттауды кім жүргізеді? 6. Ерікті сертификаттау ерікті сәйкестікті растаудан несімен ерекшеленеді? ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚ № 13 ТАҚЫРЫБЫ: ӨНІМДІ СЕРТИФИКАТТАУДЫ ЖҮРГІЗУ ТӘРТІБІ Жұмыс мақсаты: Өнімді сертификаттауды жүргізу тәртібімен танысу. Жұмысты орындау: 1 Өнімді сертификаттау кезінде негізгі операцияларға көңіл аудару. 2 Өнімді сертификаттауды жүргізу тәртібі келтірілген: 1) сертификаттауға өтінім беру және оны қарау; 2) өтінім бойынша шешім қабылдау, оның ішінде схеманы таңдау; 3) сертификаттау бойынша жұмыстарды жүргізуге арналған шарт жасасу; 4) үлгілерді іріктеу, сәйкестендіру және оларды сынау; 5) өндіруді бағалау (егер бұл сертификаттау схемасында көзделсе); 6) алынған нәтижелерді талдау мен Сертификат беру туралы (беруден бас тарту туралы) шешім қабылдау; 7) Сертификатты мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің тізілімінде тіркеу; 8) Сертификат беру; 9) сертификатталған объектіні инспекциялық бақылауды жүзеге асыру (егер бұл сертификаттау схемасында көзделсе); 10) сертификаттау нәтижелері туралы ақпарат ұсыну. 11) Осы тәртіп бойынша оқытушы берген тапсырмаға сай негізгі құжаттамаларды толтыруды үйрену. Бақылау сұрақтары: 1 ҚР МСЖ өнімді сертификаттауды жүргізу тәртібінің тізбектілігі қандай? 2 Өтінім беру және оны қарай ережелерін атаңыз? 3 Қандай ережелер бойынша үлгілерді іріктеу жүргізіледі? 4 Сертификаттау мақсатымен өнімді сынау қалай жүргізіледі және оларды кім жүргізеді? 5 Сәйкестік сертификатын беру қалай жүргізіледі? 6 Сертификатталған объектіні инспекциялық бақылау жүзеге қалай асырылады? ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚ №14 ТАҚЫРЫБЫ: ҚЫЗМЕТТЕРДІ СЕРТИФИКАТТАУДЫ ЖҮРГІЗУ ТӘРТІБІ Жұмыс мақсаты: Қызметтерді сертификаттауды жүргізу тәртібін оқып меңгеру. Жұмысты орындау: 1 Өнімдерді және қызметтерді сертификаттау схемаларының ерекшеліктеріне көңіл бөлу. 2 Біртекті өнімдер топтарын және қызметтерді сертификаттаған кезде қолданылатын әртүрлі схемаларының артықшылықтары мен кемшіліктерімен танысу. 3 Оқытушының тапсырмасы бойынша әртүрлі схемаларды пайдаланып, белгілі өнімдер топтарына және қызмет түрлеріне сертификаттауды жүргізу. 4 Бақылау сұрақтарына жауап беру. Бақылау сұрақтары: 1. Қызмет түрі. 2. «Материалдық» қызметке мысал келтіріңіз 3. «Материалдық емес» қызметке мысал келтіріңіз. 4. Сәйкестікті растау бойынша жұмыс тізбектілігі 5. Біртекті тағам өнімдерінің топтарын 1-ші схема бойынша сертификаттау ережелері мен тәртібі. Осы схеманың артықшылықтары мен кемшіліктері. 6. Біртекті тағам өнімдерінің топтарын 2-ші схема бойынша сертификаттау ережелері мен тәртібі. Осы схеманың артықшылықтары мен кемшіліктері. 7. Біртекті тағам өнімдерінің топтарын 3-ші схема бойынша сертификаттау ережелері мен тәртібі. Осы схеманың артықшылықтары мен кемшіліктері. 8. Біртекті тағам өнімдерінің топтарын 4-ші схема бойынша сертификаттау ережелері мен тәртібі. Осы схеманың артықшылықтары мен кемшіліктері. 9. Біртекті тағам өнімдерінің топтарын 5-ші схема бойынша сертификаттау ережелері мен тәртібі. Осы схеманың артықшылықтары мен кемшіліктері. 10. Біртекті тағам өнімдерінің топтарын 6-ші схема бойынша сертификаттау ережелері мен тәртібі. Осы схеманың артықшылықтары мен кемшіліктері. 11. Біртекті тағам өнімдерінің топтарын 7-ші схема бойынша сертификаттау ережелері мен тәртібі. Осы схеманың артықшылықтары мен кемшіліктері. 12. Біртекті тағам өнімдерінің топтарын 8-ші схема бойынша сертификаттау ережелері мен тәртібі. Осы схеманың артықшылықтары мен кемшіліктері. 13. Біртекті тағам өнімдерінің топтарын 9-ші схема бойынша сертификаттау ережелері мен тәртібі. Осы схеманың артықшылықтары мен кемшіліктері. 14. Біртекті тағам өнімдерінің топтарын 10-ші схема бойынша сертификаттау ережелері мен тәртібі. Осы схеманың артықшылықтары мен кемшіліктері. 15. Қызметтерді сертификаттау схемаларының ерекшеліктері қандай? ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚ №15 ТАҚЫРЫБЫ: ШЕТЕЛДІК ӨНІМДЕРДІ СЕРТИФИКАТТАУ ТӘРТІБІ Жұмыс мақсаты: Шетелдік өнімдерді сертификаттау тәртібімен танысу . Жұмысты орындау: 1 Шетелдік өнімдерді сертификаттауды жүргізу мақсаттарын анықтау. 2 ҚР СТ 3.9 қолданып, оқытушының тапсырмасы бойынша сертификаттауға қажетті құжаттамаларды толтыру. 3 Бақылау сұрақтарына жауап беру. Бақылау сұрақтары: 1 ҚР МСЖ шетелдік өнімдерді сертификаттау кезінде қандай процедуралар орнатылған? 2 Шетелдік өнімдерді сертификаттау тәртібі қандай? 3 Кедендік бақылауды жүргізу үшін қандай құжаттар қолданылуы керек? 4 Өтініммен бірге қандай құжаттар болуы қажет? 5 Шетелдік сертификатты мойындамауы туралы шешімді қабылдаған кезде сәйкестікті растау органдарының әрекеттері қандай? 6 Өтінуші мен сәйкестікті растау органдары арасындағы түсініспеушіліктер қандай жолмен шешіледі? 4 СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ 4.1 Курс бойынша өзіндік жұмысты келесі тәртіпте жүргізіп тұруы қажет. Курстың әрбір тақырыбы бойынша ұсынылатын әдебиетті оқып, теориясына көп тоқталмай, оқылатын сұрақтардың мәніне ғана тоқталып, түсініксіз жерлерін белгілеу керек. Содан кейін материалды мұқиятты түрде игеру қажет, яғни теориялық ережелерді, керекті негізгі мәліметтерді арнайы дәптерге жазып тұрады. Курсты оқу барысында студент СӨЖО мен СӨЖ реферат немесе үй тапсырмасы түрінде орындайды, оның басты мақсаты өткен тақырыпты толық меңгеру үшін. Студенттердің өзіндік жұмысы тақырыптарының тізімі: 1 ҚР СТ 1.0 Мемлекеттік стандарттау жүйесі. Негізгі ережелер 2 ҚР СТ 3.0 Мемлекеттік сертификаттау жүйесі. Негізгі ережелер 3 Дамыған елдерде стандарттаудың қалыптасуы 4 Стандарттаудың әдістері. Стандарттаудың нысандары 5 Техникалық реттеудің мақсаттары мен принциптері 6 Техникалық реттеу саласындағы Мемлекеттік органдар 7 Ақпараттық орталық және оның функциялары 8 Техникалық регламенттер мен стандарттардың Мемлекеттік қоры 9 Техникалық комитеттерді құру, бекіту және жою тәртібі 10 Техникалық регламенттер 11 Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға қойылатын талаптар 12 Стандарттау жөніндегі жұмыстарды жоспарлау 13 Техникалық реттеу саласында ҚР заңнамасын бұзғаны үшін мемлекеттік органдардың, олардың лауазымды адамдарының жауапкершілігі 14 Мемлекеттік органдар мен олардың функциялары 15 Мемлекеттік бақылауды жүргізетін лауазымды адамдардың функциялары мен құқықтары 16 Сәйкестікті растау саласында Үкіметтің құзыреті 17 Өнімді сертификаттау схемалары (сұлбалары) 18 Сәйкестікті растау саласында ТР органдары 19 Қызметтердің түрлері. Қызметтерді сертификаттау схемалары (сұлбалары) 20 Сынақ зертханасының (орталығының) басшысының функциялары 21 Өлшемдер бірлігін қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесінің құрылымы 22 Физикалық шамалардың сандық және сапалық сипаттамалары 23 Өлшемдер әдістемелерінің түрлері, оларды жасау және сараптау 24 Эталондарды қолдану және сақтау тәртібі 25 Мемлекеттік метрологиялық қадағалаудың нысандары 26 Менеджмент жүйесі 27 Стандарттау жөніндегі халықаралық және өңірлік ұйымдары 28 Метрология жөніндегі халықаралық және өңірлік ұйымдары 29 Сәйкестікті растау жөніндегі халықаралық және өңірлік ұйымдары 30 Өлшем құралдарын салыстырып-тексеру 5.2 Оқу - әдістемелік әдебиеттердің тізімі: 1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества. Учебное пособие под редак. Тазабекова Алматы.: 2003 г. - 450 с. 2 Е.М. Лифиц Основы стандартизации, метрологии и сертификации. М.: Юрайт, 2000 г. - 465 с. 3 Стандартизация и управление качеством продукции: Учебник для вузов. Под ред. Проф. В.А.Швандера. - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2000 г.- 487 с. 4 Жанзақов М.М., Мырзабек К.А. Стандарттау – Қызылорда, «Тұмар», 2007 ж. – 224 б. 5 Техникалық реттеу туралы ҚР заңы (2004 жылдың 9 қарашасы № 603 -11 (05.07.2008 ж. өзгерістер мен толықтырулармен) 6 Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы ҚР заңы (2000 жылдың 7 маусымы № 53- 11 ( 09.06.2004 ж. өзгерістер мен толықтырулармен) 7 ҚР СТ 1.2 – 2002 ҚР МСЖ. Мемлекеттік стандарттарды жасау тәртібі. 8 ҚР СТ 1.5 – 2000 ҚР МСЖ. Стандарттардың құрылуына, баяндалуына, ресімделуіне және мазмұнына қойылатын талаптар 9 ҚР СТ 1.9 – 2003 ҚР МСЖ. Халықаралық, өңірлік және ұлттық стандарттарды және стандарттау, сертификаттау және аккредиттеу жөніндегі нормативтік құжаттарды қолдану тәртібі 10 ҚР СТ 1.15 – 2004 ҚР МСЖ. Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер. Құру және әрекет ету тәртібі 11 ҚР СТ 2.1-2000 ҚР МӨЖ. Терминдер мен анықтамалар 12 ҚР СТ 2.3-2001 ҚР МӨЖ. Шама бірліктерінің эталондары. Негізгі ережелері, құру, бекіту, сақтау және қолдану тәртібі 13 ҚР СТ 3.4-2003 ҚР МСЖ. Өнімнің сәйкестігін растауды жүргізу тәртібі. Жалпы талаптар 14 ҚР СТ 3.5-96 ҚР МСЖ. Қызметтерді сертификаттау. Негізгі ережелер 15 ҚР СТ 3.9- 04 ҚР МСЖ. Шетелдік өнімді сертификаттау 16 ҚР СТ ИСО / ХЭК 65:2001 Өнімді сертификаттау органдарына қойылатын жалпы талаптар 17 ҚР СТ 7.3-2002 ҚР АЖ. Сынақ зертханаларына қойылатын талаптар 18 Ракымжанова М.Т. Стандарттау, сертификаттау және метрология негіздері– Астана, «Фолиант», 2008 ж. – 245 б. 19 Самсаев М.Б. Өзара-ауыстырымдылық стандарттау, сертификаттау негіздері және техникалық өлшеу. Сапа менеджменті – Алматы, 2008 ж. – 300 б. 4 МАГИСТРАНТТАРДЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ 4.1 Курс бойынша өзіндік жұмысты келесі тәртіпте жүргізіп тұруы қажет. Курстың әрбір тақырыбы бойынша ұсынылатын әдебиетті оқып, теориясына көп тоқталмай, оқылатын сұрақтардың мәніне ғана тоқталып, түсініксіз жерлерін белгілеу керек. Содан кейін материалды мұқиятты түрде игеру қажет, яғни теориялық ережелерді, керекті негізгі мәліметтерді арнайы дәптерге жазып тұрады. Курсты оқу барысында магистрант СӨЖО мен СӨЖ реферат немесе үй тапсырмасы түрінде орындайды, оның басты мақсаты өткен тақырыпты толық меңгеру үшін. Магистранттардың өзіндік жұмысы тақырыптарының тізімі: 1 Еуропалық экономикалық одақтың метрологиялық ұйымы (Евромет) 2 Өлшемдер мен таразылардың халықаралық ұйымы (МОМВ) 3 Заңнамалық метрологияның халықаралық ұйымы (МОЗМ) 4 Еуропалық экономикалық одақтың қызметінің негізгі бағыттары 5 Стандарттау жөніндегі халықаралық ИСО ұйымының құрылымы 6 Сынау және сертификаттау жөніндегі Еуропалық ұйымның функциялары 7 Сапа жөніндегі Еуропалық ұйымның ұйымдастырушылық құрылымы 8 Тарифтар мен сауда жөніндегі Бас келісімнің функциялары мен мақсаттары (ГАТТ) 9 Сапа жөніндегі Еуропалық ұйымның (ЕОК) қызметінің негізгі бағыттары 10 Дүниежүзілік денсаулық ұйымының қызметі 11 Тұтынушылық одақтардың халықаралық ұйымы 12 Стандарттау жөніндегі Еуропалық комитеттің құрылымы 13 Сынақ зертханаларын аккредиттеу жөніндегі халықаралық конференцияның қызметінің бағыттары 14 Стандарттау жөніндегі скандинавияаралық ұйымның негізгі функциялары 15 Халықаралық электротехникалық комиссияның ұйымдастырушылық құрылымы 16 Стандарттау және метрология жөніндегі арабтық ұйымы 17 Стандарттау жөніндегі африкалық өңірлік ұйымының өзіндік ерекшеліктері 18 Еуропалық еркін сауда ассоциациясы 19 БҰҰ еуропалық экономикалық комиссиясы 20 БҰҰ азық - түлік және ауыл шаруашылығы мекемесі (ФАО) 4.2 Магистранттардың білімдерін тексеруге арналған тест сұрақтары: 1 ИСО - Халықаралық стандарттау ұйымы қай жылдан бастап жұмыс атқарады? А)1948 жыл В) 1956 жыл С)1958 жыл D) 1968 жыл Е)1947жыл 2 ИСО жұмысына қанша елдер қатысады? А) 120-дан аса В) 130 С) 100 D) 160 Е) 200 3 ИСО-ның қаражат қоры: А) жарнама, стендтер, басқада шаралар ұйым қоры В) ұйымның жұмысына стандарттау жөніндегі ұлттық ұйымдардың өкілдері С) мүше-елдер жарнасы, стандарттар мен басқа басылымдар сату, сондай-ақ қайырымдылықтардан құралады D) Техникалық комитеттер және Орталық хатшылық Е) барлық жауап дұрыс 4 ИСО-ның жоғары органы: А) ИСО Кеңесі В) Техникалық комитеттер және Орталық хатшылық С) Кеңес комитеттері D) Бас ассамблея Е) барлық жауап дұрыс 5 Техникалық комитетер (ТК) қандай комитеттерге бөлінеді? А) техникалық комитет бөлімдер мен жұмысшы топтары В) Техникалық комитеттер және Орталық хатшылық С) жалпы техникалық комитет және техниканың нақты саласында D) жалпы техникалық және салааралық міндеттер Е) барлық жауап дұрыс 6 Жалпы техникалық комитет қандай мәселелер атқарады? А) техникалық комитет бөлімдер мен жұмысшы топтары қызметтерін атқарады В) Техникалық комитеттер және Орталық хатшылық қызметтер мәселелерін атқарады С) жалпы техникалық комитет және техниканың нақты саласында жұмыстарды шешеді D) жалпы техникалық және өнірлік жұмыстарды Е) жалпы техникалық және салааралық міндеттерді шешеді. 7 ИСО халықаралық стандарттарының 75% қандай стандарттар? А) сынау әдістерінің стандарттары немесе ұлттық стандарттар В) негіз қалаушы стандарттар немесе сынау әдістерінің стандарттары С) жалпы техникалық комитет және техниканың нақты саласы үшін стандарттар D) негіз қалаушы стандарттар және өнірлік жұмыстарды Е) жалпы техникалық және негіз қалаушы стандарттар 8 Кәсіпорындардағы өнім сапасы мәселелерін шешудің бірыңғай жолына бағытталған 9000 сериялы ИСО-ның төрт стандартының бірінші ұқсамы қай жылы жарияланды? А)1987 жыл В) 1956 жыл С)1994 жыл D) 1990 жыл Е) 1947жыл 9 Кәсіпорындардағы өнім сапасы мәселелерін шешудің бірыңғай жолына бағытталған 9000 серия-лы ИСО-ның төрт стандарты 1994 жылы өзгерту- лер енгізуден кейінгі ұқсамы? А) төртінші және үшінші В) екінші С) төртінші D) соңғы ұқсамы Е) бірінші 10 ИСО Кеңесіне неше комитет кіреді? А) он алты В) екі жүз С) төрт D) жеті Е) тоғыз 11 Терминология мен сауданы дамыту үшін халықаралық стандарттар пайдалану жөнінде семинарлар ұйымдастырумен айналысатын комитет: А) ИНФКО В) КАСКО С) СТАКО D) ДЕВКО Е) ПЛАКО 12 Жұмыстың техникалық жақтарын ұйымдастыру мен үйлестіру бойынша ИСО жұмыстарын жоспарлау жөнінде ұсыныстар дайындайтын комитет: А) ИНФКО В) КАСКО С) СТАКО D) ДЕВКО Е) ПЛАКО 13 Өнім, көрсетілетін қызмет, процестер және сапа жүйелерінің стандарттар талаптарына сәйкестігін мақұлдау мәселелерімен айналысады осы іс- әрекеттердің тәжірибесін зерттейді және ақпаратты талдайтын комитет: А) ИНФКО В) КАСКО С) СТАКО D) ДЕВКО Е) ПЛАКО 14 Дамып келе жатқан елдердің стандарттау төңірегіндегі сұраныстарын зерттейді және сол елдердің осы саласына ықпал етуге ұсынымдар әзірлейтін комитет? А) ИНФКО В) КАСКО С) СТАКО D) ДЕВКО Е) ПЛАКО 15 ДЕВКО-ның басты функциясы: А) дамып келе жатқан елдерде стандарттаудың барлық аспектілерін кең көлемде талқылаулар ұйымдастыру, дамыған елдердің тәжірибелерін алмасуға жағдайлар жасау В) дамыған елдердің түрлі оқып – үйрету орталықтары базасында стандарттау жөнінде мамандар даярлау С) дамып келе жатқан елдердегі стандарттаумен айналысатын ұйымдар мамандарын тәжірибе жинақтауға жіберуге ықпал ету D) дамып келе жатқан елдер үшін стандарттау жөнінде оқу құралдар дайындау Е) барлық жауаптар дұрыс 16 КОПОЛКО міндеттеріне жататындар: А) өнімді стандарттаудан өте жоғары әсер алатын, сондай-ақ ұлттық және халықаралық стандарттауға тұтынушылардың өте кеңінен қатысулары үшін қарастырылуы қажет шараларды анықтау В) тұтынушыларды ақпараттармен қамтамасыз етуге, олардың мүдделерін қорғауға бағытталған ұсыныстарды және де стандарттау мәселелері бойынша оларды оқытып – үйрету бағдарламасын стандарттау позиция-сында жасап шығару С) стандарттау, тұтыну тауарларына стандарттарды қолдану (пайдалану) және тұтынушылар мүдделеріне қажетті басқа да стандарттау мәселелері бойынша жұмыстарға тұтынушылардың қатысу тәжірибелерін жинақтау. D) дамып келе жатқан елдер үшін стандарттау жөнінде оқу құралдар дайындау Е) А,С, D дұрыс жауаптары 17 ИНФКО құзіретіне қайсысы жатады: А) ақпараттық қызмет көрсетулер , деректер базалары, маркетинг, стандарттар мен техникалық регламенттер сату төңіректерінде ИСО мен мүшелерінің іс-әрекеттерін үйлестіру В) стандарттарды үйлестіру мен басқа жоғарыда аталған мәселелер бойынша саясат әзірлеу жөнінде ИСО Бас ассамблеясына кеңес беру; С) А, В, Е дұрыс жауаптары D) барлығы дұрыс Е) ИСО ақпарат желісі (ИСОНЕТ) жұмыстарын бақылау және басшылық жасау 18 ИСО-ның ресми тілдері: А) француз және ағылшын, шотландық тілдер В) орыс, ағылшын, итальяндық тілдер С) А, В, Е дұрыс жауаптары D) барлығы дұрыс Е) ағылшын, француз және орыс 19 Электртехника, радиоэлектроника, байланыс салалары қандай стандарттарды әзірлейді? А) МЭК В) ИСО С) БҰҰ ЕЭК D) ФАО Е) ЕЭК 20 МЭК 13 ел қатысқан халықаралық конференцияда...... яғни ИСО - дан бұрын қүрылды А) 1909 жылы В) 1955 жылы С) 1906 жылы D) 1966 жылы Е) 1905 жылы 4.3 Оқу - әдістемелік әдебиеттердің тізімі: Негізгі 1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества. Учебное пособие под редак. Тазабекова Алматы.: 2003 г. - 450 с. 2 Е.М. Лифиц Основы стандартизации, метрологии и сертификации. М.: Юрайт, 2000 г. - 465 с. 3 Стандартизация и управление качеством продукции: Учебник для вузов. Под ред. Проф. В.А.Швандера. - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2000 г.- 487 с. 4 Жанзақов М.М., Мырзабек К.А. Стандарттау – Қызылорда, «Тұмар», 2007 ж. – 224 б. 5 Нұрманов, М.Ш. Метрология, стандарттау және сертификаттау.- Алматы, 2009 6 Акишев, К. Стандарттау, метрология және сәйкестікті бағалау.- Астана, 2008 7 Рақымжанов, М. Стандарттау, сертификация және метрология.- Астана, 2008 Қосымша 1 Техникалық реттеу туралы ҚР заңы (2004 жылдың 9 қарашасы № 603 -11 (05.12.2013 ж. өзгерістер мен толықтырулармен) 2 Метрология, стандарттау және сертификаттау негіздері: Оқу құралы /Г.Х. Шәкібаева, Х.Қ. Оспанов, Р.Р. Сыздықов, Л.И. Сыздықова. – Алматы: Қазақ университеті, 2002. – 242 бет. 3 ҚР СТ 1.2 – 2002 ҚР МСЖ. Мемлекеттік стандарттарды жасау тәртібі. 4 ҚР СТ 1.5 – 2000 ҚР МСЖ. Стандарттардың құрылуына, баяндалуына, ресімделуіне және мазмұнына қойылатын талаптар 5 ҚР СТ 1.9 – 2003 ҚР МСЖ. Халықаралық, өңірлік және ұлттық стандарттарды және стандарттау, сертификаттау және аккредиттеу жөніндегі нормативтік құжаттарды қолдану тәртібі 6 «Сәйкестікті растау рәсімдері» техникалық регламенті 7 ҚР СТ 3.5-96 ҚР МСЖ. Қызметтерді сертификаттау. Негізгі ережелер 8 ҚР СТ 3.9- 04 ҚР МСЖ. Шетелдік өнімді сертификаттау 9 Басаков, М.И. Основы стандартизации, метрологии, сертификации: 100 экзаменацион. Ответов.-М.; Ростов н/Д,2004
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz