Файл қосу
Психологиялық менеджменттің әдістері және принциптері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ | | |3-деңгейлі СМЖ құжаты |ПОӘК | ПОӘК 042-18.1.34/01-2013 | |ПОӘК | | | |«Психологиялық менеджмент» |05.09.2013 жылғы | | |пәнінің оқытушыға арналған |№ 1 басылым | | 5В010300 «Педагогика және психология» мамандығына арналған Психологиялық менеджмент пәнінің ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ ПӘННІҢ ОҚЫТУШЫҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАСЫ СЕМЕЙ 2013 Кіріспе 1ӘЗІРЛЕГЕН Құрастырушы: педагогикалық психология кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магиcтрі Кошкимбаева Р.Х. ____________ «25» тамыз 2013 ж. 2 КЕЛІСІЛДІ 2.1 Педагогикалық психология кафедрасының отырысында қаралып, талқыланды. Хаттама № 1 «03» 09. 2013 ж. Кафедра меңгерушісі _______________ псх.ғ.к. Джумажанова Г.К. 2.2 Педагогикалық факультетінің оқу-әдістемелік бюросында талқыланып, бекітілді. Хаттама № 1 «05» 09. 2013 ж. Төрайымы _________________ п.ғ.к. Ахметова Т.Ш. 3 БЕКІТІЛДІ Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлданып, басуға ұсынылды. Хаттама №1 «18» 09. 2013ж. ОӘК төрайымы________________ с.ғ.д. Искакова Г.К. 4 БІРІНШІ РЕТ ЕНГІЗІЛДІ Мазмұны |1 |Қолданыс аясы |4 | |2 |Нормативтік сілтемелер |4 | |3 |Жалпы ережелер |4 | |4 |Оқу пәнінің мазмұны (модуль) |5 | |5 |СӨЖ тақырыптары |13 | |6 |Пәннің оқу-әдістемелік картасы |13 | |7 |Оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы |14 | |8 |Әдебиеттер |16 | 1 ҚОЛДАНЫС АЯСЫ Психологиялық менеджмент пәнінің оқу-әдістемелік кешенінің құрамына кіретін оқытушыға арналған пәннің жұмыс бағдарламасы 5В010300 «Педагогика және психология» мамандығының студенттеріне арналған. 2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР Осы Психологиялық менеджмент пәнінің оқытушыға арналған жұмыс бағдарламасы берілген пән бойынша оқу үрдісін ұйымдастырудың тәртібін төмендегі нормативтік құжаттар негізінде жүзеге асырады: - Нақты білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім стандарты; - «5В010300» «Педагогика және психология» мамандығының типтік оқу жоспары; СТУ 042-ГУ-4-2013 Пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеуге және ресімдеуге қойылатын жалпы талаптар университет стандарты; - ДП 042-1.01-2013 «Пәннің оқу-әдістемелік кешенінің мазмұны мен құрылымы» құжаттық іс-жосығы. 3 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 3.1 Пәннің қысқаша мазмұны: Қазақстан Республикасының нарықтық заман талаптарының қазіргі жағдайларында түрлі «Қазақстан-2030» стратегиялық жоспарын нәтижелі түрде жүзеге асыру үшін, оның ішінде толыққанды, психологиялық денсаулығы мықты тұлғаны, сонымен қатар келешек дамып келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу үшін қоғам және жеке адам дамуының психологиялық механизмдері туралы білімнің терең болуы қажет. Психологиялық менеджмент – бұл психологиялық жүйелердің және психикалық құбылыстардың қызметі мен дамуының тиімді болуына бағытталған, оларды басқару принциптерінің, әдістерінің, ұйымдастыру формалары мен технологиялық тәсілдерінің кешенді құрылымы. 3.2. Пәнді оқытудың мақсаты: студенттердің бойында дамудың психикалық механизмдері, қызметі және оларды басқару туралы теориялық білімдерді қалыптастыру. Сонымен қатар, жеке адамның өзін және социумды басқару жайында практикалық дағдыларды қалыптастыру. 3.3 Пәнді оқыту міндеттері: - психологиялық менеджменттің теориялық-әдіснамалық негіздерімен танысу; - психологиялық менеджменттің әдістері және принциптерін; - психологиялық менеджменттің қазіргі заңдылықтарын; - студенттредің өзіндік тәжірибесінде психологиялық менеджмен негіздері туралы білімдерін қолдануға ұмтылдыру. Болашақ педагог мамандарды – кәсіптік іс-әрекетке дайындауда менеджмент психологиясы курсы арқылы жеке тұлғалық қасиеттерді ұштау, арнайы кәсіби- мамандық біліктілікке ие болу. 3.4 Курстың соңында студент Білуі керек: - психологиялық менеджменттің негізгі заңдылықтары туралы толық меңгеруі тиіс; - психологиялық менеджменттің мазмұны мен маңызын, қазіргі әдістерін, қызметі және тәсілдерін, сендіру, иландыру, қызықтыру механизмдері туралы білуі қажет; - меңгерген ғылыми-психологиялық білімдерін іс жүзінде қолдана білу; - психололгиялық менеджмент білімінің дамуының қазіргі заманңы ағымдарын бағдарға алу. - пән бойынша меңгерген білімін оқу танымдық іс - әрекет, сонымен қатар кәсіби іс - әрекет практикада өздігінен қолдана білу. Іскерлігі: • Ұйымдастыру-басқару іс-әрекеті бойынша теориялық білімдер мен практикалық іскерлігі; • Білім беру сапасының тиімділігі жақсарту мен арттыру, психологиялық- педагогикалық мәселелерді шешу іскерлігі болуы қажет. Дағдысы: • Ғылыми-психологиялық білімдерді басқарушылық шешімдер қабылдау барысында тәжірибеде қолдану дағдысына ие болуы тиіс; • Қоғам өміріндегі нормалар мен ережелерді орындауға мүмкіндік беретін әлеуметтік дағдыларды меңгеруі керек. Біліктілігі: • Теориялық білімдерді практикалық кәсіптік іс-әрекетінде ұйымдастыру біліктілігі болуы керек; • Психологиялық-педагогикалық салада басқаруды және ақпараттық технологияларды жетік білуі керек; • Психологиялық-педагогикалық процесті басқарудың алдыңғы қатарлы әдістерін игеруі қажет. 3.5 Курстың пререквизиттері: психологиялық мамандыққа кіріспе, жалпы психология; даму психологиясы, леуметтік психология, әлеуметтану, тұлғаның педагогикалық-психологиялық диагностикасы. 3.6 Постреквизиті: практикалық психология, кәсіптік білім беру, әлеуметтік педагогика. 3.7 Оқу жұмыс жоспарынан көшірме: 1 Кесте |Курс |Семестр| |1 |2 | |Дәріс сабақтары | |Модуль 1. Психологиялық менеджмент теориялық-әдіснамалық негіздер | |Тақырып 1. Психологиялық менеджмент туралы түсінік. |2 | |Экономика - әрбір қоғамдық құрылыстың негізгі іргетасы ол | | |материалдық өндірістердің даму дәрежесін сипаттайды, қоғамдағы | | |аса маңызды барлық процестерді белгілейді. «Менеджемент» | | |түсінігі шетел тілінен аударғанда - өндірісті басқару, басқаша | | |айтқанда, өндірісті басқару қағидалары мен әдістері, құралдары | | |мен формаларының жиынтығы деген мағынаны білдіреді. Олар | | |өндірістің тиімділігін арттыру және пайданы көбейту мақсатымен | | |жасалып қабылданады. Ал «менеджер» дегеніміз - өндіріс, өткізу | | |және қызмет көрсету саласындағы ұйымдастыру және басқару | | |жөніндегі шаруашылық дербестігі бар іскер адам, өз ісін білетін | | |мамандырылған басшы. Менеджмент психологиясы: жалпы психология, | | |жеке тұлға психологиясы, әлеуметтік психология, психофизиология,| | |практикалық психология, психологиялық диагностика ғылымдарымен | | |байланысты. Қосымша байланысы бар салалар: әлеуметтану, | | |антропология, кадрлық менеджмент, маркетинг, экономика және т.б.| | |Басқарудағы мектептер.Ғылыми басқару мектебі. | | |Тақырып 2. Психологиялық менеджменттің ғылыми-әдіснамалық |2 | |негіздері. | | |Пс Менеджмент (ағылшынша) – алға қойған мақсатқа жету | | |іскерлігі. Менеджмент – түрлі ұйымдарда адамдардың басқаруымен | | |орындалатын іс- әрекет, қызмет. Менеджмент – кәсіби басқара | | |алатын басқарма субъектісі.Менеджмент – адамның талпынысын | | |қанағаттандыруға көмектесетін, басқаруды жүзеге асыратын | | |психологиялық үрдіс. Менеджменттің даму тарихы, басқару | | |ойларының эволюциясы. ХХ ғасырдың басы. Ф. Тейлор (тейлоризм). | | |Өндірісті ғылыми тұрғыдан басқаруға болады тұжырымына | | |негізделген. Менеджмент ғылым ретінде XIX-шы ғасырдың аяғы мен | | |XX-шы ғасырдың басында пайда болып, өзінің дамуында бірнеше | | |кезеңді басынан кешірді. Алғаш рет ғылыми менеджмент мектебінің | | |негізін қалаған америка инженері Фредерк Тейлор. Басқарушылық | | |ойлар жетістігін қолдану практикасында көптеген елдерде басқару | | |моделінің өзіндік ұлттық ерекшелігі пайда болды. Қазіргі кезде | | |басқарудың – американдық, жапондық, арабтық және батыс еуропалық| | |мектептері қалыптасты. XX ғасырдың 90-шы жылдары Қазақстан | | |экономикасындағы басқару ситуациясы айтарлықтай өзгерді. | | |Нарықтық жүйе басқарудың әкімшілік-бұйрықтық әдістерін | | |ауыстырды. Осының нәтижесінде кәсіпорындар шаруашылық дербестік | | |пен сыртқы нарыққа шығу перспективасын алды. | | |Модуль 2. Психологиялық менеджменттің әдістері және принциптері.| | |Тақырып 3. Психологиялық менеджментті зерттеудегі теориялық |2 | |технологиялар мен әдістер. | | |Басқару әдістері: ұймдастырушылық әдіс, құқықтық реттеу әдісі, | | |экономикалық әдіс, психологиялық әдістер, әкімшілік әдістер. | | |Әлеуметтік-психологиялық климатты зерттеудің негізгі тәсілдері. | | |Отандық психологияда әлеуметтік-психологиялық климаттың | | |табиғатын түсінуде төрт негізгі әдіс қарастырылады. | | |Өндірістік-технологиялық қызметтер әкімшілік және кадрлық | | |қызметтерге, басқару іс-әрекетінің құрылымын әрі қарай | | |күрделендіре отырып, тәжірибелік бағытталу береді. Жетекші үшін | | |олар өзінің іс-әрекетінің тікелей мазмұны ретінде болады. | | |Инновациялық процесс үш кезеңнен түрады: Маркетингтік кызмет. | | |Маркетинг мәселелері спектрінің кеңдігі оларды шешу үшін ұйым | | |құрылымында мамандандырылған бөлімшелер құруды талап етеді. | | |Маркетингті басқару келесі негізгі бағыттармен іске асырылады. | | |Маркетингтің психологиялық мәселесіне байланысты қазіргі кезде | | |жарнама психологиясы (психологияның арнайы саласы) қаркынды дами| | |түсуде. | | |Тақырып 4. Психологиялық менеджментті жүзеге асырудың |1 | |практикалық әдістері. | | |Менеджер қызметінің мақсаты - өндірістің экономикалық | | |тиімділігін арттыру, прогресшіл техника мен технологияны енгізу,| | |түрлі ресурстарды ұтымды пайдалану есебінен түсімді арттыру және| | |т.б.Басқару кадрларын басқару жүйесінде істейтін және белгілі | | |бір басқару қызметін орындайтын немесе оны жүзеге асыруға ықпал | | |ететін жұмыскерлер, яғни басқару қызметінде іскерлікпен | | |қатынасатын, әрі басқару аппаратына енетін жұмыскерлер жатады. | | |Басқару кадрларының алуан түрлі белгілері бойынша бағалауға | | |болады: басқару деңгейі бойынша-жоғары, орташа және төменгі | | |буындар; кәсіптік құрамы бойынша-инженерлер, қызмет түрі бойынша| | |ауыл-шаруашылығы, өнеркәсіп кадрлары; басқару еңбегін | | |мамандандыру түрі бойынша әкімшілік, экономикалық, білімі | | |бойынша жоғары және арнайы орта білімді, адамдар, практиктер, | | |орындайтын жұмысының күрделілігі және жауапкершілігі бойынша. | | |Басшыларды қызметтегі ролі бойынша мамандар және қосалқы | | |қызметкерлер болып бөлінеді. Басқару жүйесіндегіқызметшілердің | | |бұл әрбір категориясы еңбек әрекетінің ерекшеліктеріне, кәсіптік| | |даярлығына және даярлықтан қайта өтуіне байланысты сипатталады. | | |Кадрларды іріктеу - негізгі қызмет талаптарына сай келетін | | |адамдарды іздестіру және зерттеу процесі. | | |Тақырып 5. Психологиялық менеджмент барысы. |1 | |Басқару – іс-әрекет мақсатын, бағдарлама реализациясын, | | |іс-әрекет тәртібінің белгілі бір құрылымын сақтап отыруы. | | |Б.Ф.Ломов, іс-әрекеттің кез келген әмбебап жағын алатын болсақ, | | |сонымен қатар басқару, соның ішінен негізгі функциональдық | | |блоктарын былай бөліп қарастырамыз: мотив, мақсат, жоспар, | | |ақпараттандыру, оперативті бейне, шешім қабылдау, іс-әрекет, | | |қорытындыны тексеру және іс-әрекетті түзету. А.К.Марков | | |басқарудың құрамын 5 кезеңге бөлді: Мақсатты, дескриптивті, | | |прескриптивті, реализациялық, ретроспективті. Әрбір бөлінген | | |кезең басқару актісінің ерекше бөлімі бір анықталған | | |кезектілікпен жүретін іс-әрекет. Қалыптастыру дегеніміз – бұл | | |педагогикалық мақсат және міндет, ескілерді жаңарту, жаңа | | |жоспарлар енгізу, білім беру мен тәрбие бағдарламаларына | | |енгізілген ақпараттың ең негізгілері болып табылады. Осының | | |барлығы педагогикалық жұмысшылардың іс-әрекеті. Басқарудың | | |негізгі үрдісі. Басқару бұл үрдіс ретінде қарастырылады, өйткені| | |жұмыс басқалардың көмегімен мақсатқа жету, бір мезеттік | | |іс-әрекет емес, үздіксіз жүретін өзара байланысқан іс-әрекет. | | |Модуль 3. Іскерлік қарым-қатынас және конфликтология. | | |Тақырып 6. Қарым-қатынас барысын басқару. |1 | |Қарым-қатынас әлеуметтік феномен ретінде. Коммуникация дегеніміз| | |қарым-қатынас, екі және одан да көп адамдардың өзара түсінісуге | | |негізделген байланысы: бір бірінен ақпарат, мәліметтер алмасуы. | | |Басшы өзінің көпшілік уақытын мәліметтер алу және шешім қабылдау| | |үшін, біреулермен байланысуға, қарым-қатынас орнатуға арнайды. | | |Коммуникация - басшылық етудің байланыстырушы процесі болып | | |табылады. Менеджерлер өз жұмысын ойдағыдай орындау үшін тиімді | | |қарым-қатынас орнатуы қажет. Басшы мен жұмысшы топтарының | | |арасындағы коммуникация, басшы мен бағыныштылар арасындағы | | |қосымша мәлімет алу болып саналады, әрі басшыға топтың | | |іс-әрекетінің тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Коммуникациялық| | |процесс – бұл екі немесе одан да көп адамдар арасындағы мәлімет | | |алмасу, әрі оның негізгі мақсаты мәліметтің түсінікті болуын | | |қамтамасыз ету. Коммуникация – бұл күрделі процесс және де оны | | |жақсы түсіну үшін процесс сатыларын білу қажет. Стресс түрлері: | | |жағымсыз, зиянды (дистресс) және жағымды, эйфорикалық стресс. | | |Стресс деңгейлері: физиологиялық, эмоционалдық, психологиялық. | | |Тақырып 7. Жүріс-тұрысты басқару. |1 | |Басқару, басқарушылық еңбегі, оның тікелей өндірістен өзгеше | | |іс-әрекеттің айрықша түріне айналуы еңбек кооперациясымен | | |байланысты. Қарапайым формадағы еңбек кооперациясы көптеген | | |жұмысшылардың күш-жігерін жай біріктіру ретінде тіпті алғашқы | | |қауымдық құрылыста да болған. Адамдардың еңбегін ғылыми | | |негізінде ұйымдастыру туралы анықтама берсек, оны белгілі | | |принциптер, ережелер мен шарттар жиынтығына сүйеніп берілген | | |технология, құрал-жабдықтар, еңбек заттар жағдайында әр | | |жұмыскердің еңбегінің шығыны мен нәтижесі арасында оптимальды | | |қатынасын құру. Жұмыс берушілер қатарына кәсіпорындар, | | |мекемелер, ұйымдар, шаруашылықтар, кооперативтер, фермерлер және| | |еңбекшілерге оларды шарт (контракт, келісім) бойынша жалдау | | |негізінде жұмыс беретін басқа да кез келген заңды ұйымдар және | | |нақты адамдар жатады. Кез келген әлеуметтік-экономикалық жүйе | | |біршама дербес, бірақ өзара байланысты екі бөліктен тұрады: | | |басқарылатын (басқару объектісі) және басқарушы (басқару | | |субъектісі). Өндіріс жұмысын құрайтын адамдар, бірлескен еңбек | | |процесінде белгілі бір әлеуметтік қатынас орнатады да, өндірісті| | |басқарудың әлеуметтік-экономикалық жақтарын сипаттайды. | | |Жұмысшының еңбекке бейімделу процесінің сипаты. Жұмысшылардың | | |еңбек іс-әрекетіне деген ішкі қызығушылықтарын тудыру, оларда | | |жағымды мотивацияларды тудыру. Жұмысшы іс-әрекетін бақылау, | | |нысанаға алу, жалпы ұжымдағы тәртіпті қадағалау. | | |Тақырып 8. Іскерлік қарым-қатынас және басқарудағы шиеленістер. |1 | |Басқарушылық іскерлік қарым-қатынастағы өзара байланыс. Адамдар | | |қарым-қатынасының сыр-сипаты қоғамдық өмірде, әсіресе өндірістік| | |істердегі әрекетінен айқын байқалады. Топ ішіндегі адамдардың | | |бір-біріне тәуелділігі, бағынуы, бірлесіп атқаратын істері, | | |өзара көмектесуі – олардың нағыз топтық тіршілігінің заңды түрде| | |қалыптасуын көрсететін сипаттар. Олардың арасындағы | | |қарым-қатынастардың мазмұнды болуы түрлі әлеуметтік жағдайларға | | |және әрбір азаматтың даралық нақты іс-әрекеттеріне байланысты. | | |Мұндағы өзекті мәселе – адамдардың қоғамдық ісінің нәтижелі | | |болуы мен әлеуметтік мақсаттылығы. Сыйысушылықтың төрт деңгейі | | |бар: психофизиологиялық, психологиялық, | | |әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік. Сыйысушылыққа қарсы – | | |қақтығыс. Қақтығыс негізінде әдетте – субъективті не объективті | | |әр түрлі тенденциялардың (мотив, қатынас, әрекеті мен жеке | | |бастың мінез-құлқы, содай-ақ топтың да) қақтығысы түсініледі. | | |Кикілжің – жағымсыз эмоциялық қобалжулармен байланысты адамдар | | |тобы немесе индивид қарам-қатынасында, өзара әрекеттесуде | | |индивид ойындағы тенденциялардың бір бірімен үйлеспей, | | |қарама-қарсы бағытта болуы. Ортақ міндетті шешу жағдайындағы | | |эмпатия. Адамның уайымдауы үнемі байқалып тұрады. Эмпатияның ең | | |жоғарғы формасы толық жекеаралық идентификацияда көрінеді. | | |Қимылдық эмпатия адамның ынталы, психологиялық негізін | | |сипаттайды. | | |Модуль 4. Психологиялық менеджменттің қазіргі заңдылықтары. | | |Тақырып 9. Психологиялық менеджменттегі ақпараттық технология. |1 | |Басқару іс-әрекеті сапалық параметрлердің әр түрлі деңгейімен | | |сипатталады, үлкен немесе кіші тиімділікпен орындалады. Бірінші | | |кезекте бұл жетекшінің кәсіби және тұғалық сапаларына тәуелді | | |болады. Басқару іс-әрекетінің басты факторлары ретінде өзіне тән| | |басқару қабілеттері болады. Басқару қабілеттерін құрамын | | |анықтау. Басқару қабілеттерін зерттеу қиындықтары «қабілеттер» | | |ұғымының шекті жалпы мәртебесін және олардың тұлғамен, әрі | | |іс-әрекетпен тығыз байланысын жетілдіреді. Басқарудың | | |табыстылығы жетекшінің басқару іс-әрекетінің үш негізгі | | |«өлшемдерін» қаншалықты қамтамасыз ете отырып, келістіре | | |алатынына байланысты болады. Қызметкерлерді ақпараттандыру. Бұл | | |кызмет басқарудың басқа кызметтерінен азырақ стандарттануымен | | |және алгоритмденуімен ерекшеленгендіктен, онда өзіндік | | |субъективті психологиялық факторлардың рөлі зор. Бұл процесті | | |жеңілдететін шешім кабылдаудың көптеген ережелері, процедуралары| | |мен әдістері бар, бірақ әрбір жетекші мұндағы субъективтік және | | |тіпті интуитивтік факторлардың рөлі қаншалықты зор екенін өз | | |тәжірибесі бойынша біледі. Шешім қабылдау қызметі, осыған | | |байланысты баскару теориясында да, психологияда да зерттеу | | |тақырыбы болып табылады, осының нақ өзі басқарудың тек ғылым | | |ғана емес, өнер екенін сезінуге мәжбүрлейді. Басқару мен шешім | | |қабылдау теорияларында қазіргі уақытта екі негізгі - нормативтік| | |және дискриптивтік тәсілдер бар процесін сипаттаудың бірқатар | | |тәсілдері бар. | | |Тақырып 10. Жарнама психологиясы. |1 | |Жарнама әлеуметтік өмірде тәжірибелік маңызы зор психологиялық | | |мәселе болып саналады. Жарнамаға қатысты мәселенің психологиялық| | |аспектілері өмір тіршілігінің талап-тілектерімен тығыз ұштасты. | | |Елімізде жарнама психологиясы қалың бұқараның қажеттілігін | | |қанағаттандыратын қолдаңбалы маңызы бар айрықша пән ретінде. | | |Өмір талабынан туындап отырған мұңдай қажеттілік әлеуметтік | | |құбылыс болып саналатын – Жарнама мәселесіне жаңаша өң беріп, | | |оның психологиялық тұрғыдан өркен жаюына тиісті үлес қосары | | |сөзсіз. Жарнама – бұл ең алдымен қарым-қатынас формасы. Жарнама | | |– көпфункционалды. Жарнамамен мемлекет, жергілікті әкімшілік | | |және қоғамдық ұйымдар айналысады. Жарнама сақтандыру полисі емес| | |– ол күшті жетістікке де, құлдырауға да әкеледі. | | |Ішкі фирмалық жарнаманың негізгі міндеттерінің бірі | | |қызметкерлерді өз мекемесіне сенімділікке иландыру, олардың | | |тағдырын оның тағдырымен тығыз байланысқа әкелу. Жарнамалық | | |іс-әрекеттің басты сферасы - өнімді кеңейту мақсатындағы | | |жарнама. Нарықтық жағдай әрдайым тербелісте болады, сондықтан | | |оны нақты болжау мүмкін емес. Барлық жарнамалық іс-әрекет | | |нарықты терең зерттеуден жүреді. | | |Тақырып 11. Лидерлік туралы ғылыми зерттеулер. |2 | |Ұйымның тиімді жұмысының негізгі шартының қамтамасыз етілуі | | |басқарудың басты функциясы болып табылатын атқарушылардың жоғары| | |мотивіне байланысты. «Жоғарыдан» басқару әсерінің барлығының | | |негізі - атқарушылар іс-әрекетінің мотивтенуі мен өзара | | |іс-әрекеттегі билік. «Билік» ұғымы «жетекшілік» және | | |«көшбасшылық» ұғымдарымен, олардың типтерімен және олардың | | |арасындағы қатынастармен байланысқан. Ұйымдар мен топтардың | | |барлығын негізгі екі ресми және бейресми типке бөлуге болады. | | |Ресми ұйым - институционалды белгіленетін қандай да бір мақсатқа| | |жету үшін бірігетін адамдар қауымдастығы. Ресми топта - ресми | | |көшбасшы - ол жетекші, ал бейресми топта ресми емсс көшбасшы | | |басқарады. Көшбасшылық пен ресми жетекшіліктің топ | | |іс-әрекетіндегі айырмашылығы келесі жағдайлармен анықталады. | | |Басқару теориясында билік жетекші қолданатын бірнеше негізгі | | |түрден тұратын көп өлшемді құбылыс ретінде қарастырылады. | | |Марапаттау немесе мадақтау билігі. Жетекші өз қолында | | |атқарушылар үшін субъективтік мәнді стимулдарды таратудың | | |негізгі мүмкіндіктерін ұстайды. Лидерлік – бір адам екінші бір | | |адамға немесе топқа әсер етуге көмектесетін процесс. | | |Басқарушының жоғарғы статусы бұйрық беруге құқық береді. | | |Басқарушының барлығы белгілі бір дәрежеде билік типтерін | | |қолданады. Ең көп тараған классификация бойынша басқару стилінің| | |үш негізгі түрін бөліп көрсетуге болады. Авторитарлы, | | |демократиялық, либералды. | | |Тәжірибелік (семинар) сабақтар | | | №1 Тәжірибелік. Менеджмент генезисі. |2 | |Психологиялық менеджментке кіріспе. | | |Қоғамдық жүйедегі басқару салалары және олапдың өзара ықпалы. | | |Басқару мектептері. | | |Басқару деңгейлері. | | |№2-Тәжірибелік. Психологиялық менеджмент әдістері. |2 | | | | |Психологиялық менеджмент ғылым ретінде. | | |Психологиялық менеджмент пәні, әдістері және қызметтері. | | |Басқарушылық қарым-қатынастар және оның іс-әрекетінің бағыты. | | |Қазақстанда психологиялық менеджмент теориясы мен практикасының | | |дамуы. | | |Қазіргі психологиялық менеджмент теориясының пайда болуы және | | |дамуы. | | |№3-Тәжірибелік. Білім беру мекемелеріндегі басқарудың мәні. |2 | |1.Білім беру мекемелеріндегі басқарудың мәні. | | |2.Білім беру мекемелерінің түрлері. | | |3.Білім беру мекемеліррінде жүргізілетін жұмыс формалары. | | |№4 Тәжірибелік. Қызмет бабын табыстау өнері және алгоритмі. |3 | |1.Психологтың ұйымдағы қызметі, орны. | | |2. Қызмет бабын табыстау. | | |3. Қызмет бабын табыстау алгоритмі. | | |№5 Тәжірибелік. Ұйым. Ұйымды психологиялық басқару. |3 | |1. Ұжым туралы түсінік. | | |Басқарудың объектісі мен субъектісі. | | |Әлеуметтік басқару. Басқару және бағыну. | | |Америка басқару мәдениеті.Жапон басқару мәдениеті | | |№6- Тәжірибелік. Адам ресурстарының қалыптасуы және адам |3 | |ресурстарын дамыту. | | |1.Ішкі ортаны бағалау және талдау. | | |2.Адам ресурстарына байланысты проблемалар. | | |3.Адам ресурстарын дамыту мәселелері. | | |№7- Тәжірибелік. Персоналды таңдау және жұмысқа қабылдау. |2 | |1. Кадрларды іріктеу әдістері. | | |2.Жұмысқа қабылдау. | | |3.Жұмыстан босату. | | |№8-Тәжірибелік. Кәсіби бағдар және бейімделу. |2 | |Жұмысшы тұлғасы басқару объектісі ретінде. | | |Жұмысшының еңбекке бейімделу процесінің сипаты. | | |Жұмысшы іс-әрекетін бақылау. | | |Кәсіби жауапкершілік және әлеуметтік жауапкершілік. | | |№9-Тәжірибелік. Қызметкерлерді оқыту. |2 | |Кадрлық менеджмент қызметі. | | |Кадрларды іріктеу әдістері. | | |Біліктілікті арттыру. | | |Кадрды дайындау мәселелері. | | |№10-Тәжірибелік. Корпоративтік мәдениет және корпоративтік |3 | |мәдениетті диагностикалау. | | |1. Корпоративтік мәдениет және корпоративтік мәдениетті | | |диагностикалау. | | |2.Басқару іс-әрекетін болжау, талдау мәселелері. | | |3.Басқарудағы диагностикалық-талдау процедуралары. | | |4.Басқару іс-әрекетіндегі белсенді ойындық формалар картотекасы.| | |№11-Тәжірибелік. Мәнсапты дамыту және лидерлік. |3 | |1.Басқару және лидерлік әлеуметтік феномен ретінде. | | |2.Лидерліктің негізгі теориялары. | | |3.Басқару стилі. | | |4.Басқарушының кәсіби іскерлігі. | | |№12-Тәжірибелік. Корпоративтік мәдениетті қалыптастыру. |3 | |1. Корпоративтік мәдениетті қалыптастыру. | | |2.Басқарушылық іскерлік қарым-қатынастағы өзара байланыс. | | |3.Қарым-қатынас кезіндегі сенімділік және оны қалыптастыру | | |жолдары. | | |4.Имидж қалыптастыру қарым-қатынастағы мәдениет негізі ретінде. | | 5 СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ 5.1 Менеджмент генезисі. 5.2 Психологиялық менеджментті жүзеге асырудың практикалық әдістері. 5.3 Қызмет бабын табыстау өнері және алгоритмі 5.4 Қарым-қатынас барысын басқару 5.5 Іскерлік қарым-қатынас және басқарудағы шиеленістер. 5.6 Лидерлік туралы ғылыми зерттеулер 6 ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КАРТАСЫ 3-Кесте |Тақырыптар |Көрнекі құралдар,|Өз бетімен |Бақылау | | |плакаттар, |дайындалу |Түрі | | |лабораториялық |сұрақтары | | | |стендтер | | | |Дәріс сабақ |Тәжірибелік сабақ | | | | |1 |2 |5 |6 | | |Психологиялық |Менеджмент генезисі. |Библиографиялық |Менедменттің|Жазбаша, | |менеджмент туралы| |жұмыс. |даму тарихы |ауызша | |жалпы түсінік. | |Кесте | | | |Психологиялық |Психологиялық | Кесте – зерттеу |Басқарудың |Тірек | |менеджменттің |менеджмент әдістері. |әдістері |әкімшілік |схема, | |ғылыми-әдіснамалы| | |әдістері. |әдістемел| |қ негіздері. | | | |ер | |Психологиялық |Психологиялық |Кесте, сызбалары |Психологиялы|Жұмыстары| |менеджментті |менеджментті | |қ менеджмент|н | |зерттеудегі |зерттеудегі теориялық | |әдістер |тексеру, | |теориялық |технологиялар мен | | |әңгімелес| |технологиялар мен|әдістер | | |у | |әдістер | | | | | |Психологиялық |Білім беру |Сызба нұсқалары- |Басқару | Жазбаша | |менеджментті |мекемелеріндегі | |түрлері |түрінде | |жүзеге асырудың |басқарудың мәні. | | | | |практикалық | | | | | |әдістері. | | | | | |Психологиялық |Қызмет бабын табыстау |Түпнұсқамен |Қызмет бабын|Жазбаша, | |менеджмент |өнері және алгоритмі |жұмыс, сызба |табыстау |ауызша | |барысы. | |нұсқалары |өнері және | | | | | |алгоритмі | | |Қарым-қатынас |Ұйым. Ұйымды |бақылау |Топтық |Жазбаша, | |барысын басқару |психологиялық басқару.|тапсырмалары |динамика |әңгімелес| | | | |және |у | | | | |басқару. | | |Жүріс-тұрысты |Адам ресурстарының |Кестелер |адам |жазбаша, | |басқару. |қалыптасуы және адам | |ресурстарын |әңгімелес| | |ресурстарын дамыту | |дамыту |у | |Іскерлік |Персоналды таңдау және|Сызба нұсқалары |жұмысқа |Жазбаша, | |қарым-қатынас |жұмысқа қабылдау | |қабылдау |әңгімелес| |және басқарудағы | | |ерекшеліктер|у | |шиеленістер. | | |і | | |Психологиялық |Кәсіби бағдар және |Сызба нұсқалары- | |Әңгімелес| |менеджменттегі |бейімделу |кәсіби бейімделу | |у. талдау| |ақпараттық | | | | | |технология. | | | | | |Лидерлік туралы |Мәнсапты дамыту және |кестелер |Мотивация |Жазбаша, | |ғылыми |лидерлік |теориялық |мазмұнының |ауызша | |зерттеулер. | |зерттеулер |теориялары. | | 7 ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ӘДЕБИЕТТЕРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУ КАРТАСЫ «ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ» ПӘНІНЕН 4-Кесте |№ |Оқулық және оқу-әдістемелік құрал саны |Кітап |Студе|% | | | |саны |нттер|Қамту| | | | |саны |пайыз| | | | | |ы | |1 |2 |3 |4 |5 | |1. |Агеев В.С. Межгрупповое взаимодействие. –М.,1990. |5 |13 |60 | |2. |Андреева Г.М. Социальная психология. СПб., 1999. |10 | |100 | |3. |Аверченко Л.К. Законы психологии в помощь менеджеру.|10 | |60 | | |Новосибирск., 1997. | | | | |4. |Айзенберг М.Н. Менеджмент рекламы. М., 1993. |10 | |100 | |5. |Бодалев А.А. Восприятие и понимание человеком |10 | |100 | | |человека. М., 1994. | | | | |6. |Битянова М.Р. Социальная психология. М., 1996 |10 | |100 | |7. |Витке Н. Вопросы управления. Проблемы теории и |5 | |60 | | |практики управления. 1991. | | | | |8. |Вудкок М., Френсис Д., Раскрепощенный менеджер. Для |5 | |60 | | |руководителя практики. М., 1991. | | | | |9. |Викентьев И.Л. Приемы рекламы. Спб., 1999. |10 | |100 | |10. |Громова О.Н. Конфликтология. М., 1993. |10 | |100 | |11. |Датян П. Реклама. М., 1999. |5 | |60 | |12. |Добрович Л.Л. Общение наука искусство. М., 1980 |10 | |100 | |13. |Мескон., Альберт М., Хедоури Ф. Основы менеджмента. |5 | |60 | | |М., 1992. | | | | |14. |Шепель В.М. Управленческая психология. М., 1993 |5 | |60 | |15. |Шмидт Р. Искусство общения. М., 1992. |10 | |100 | |16. |Якока Л. Карьера менеджера. М., 1990 |5 | |60 | |17. |Елеусізова С. Қарым-қатынас психологиясы. А. 1995 |5 | |60 | |18. |Битянова М.Р. Тренинг личностного роста. М., 1995. |10 | |100 | |19. |Искусство разговаривать и получать информацию. М., |5 | |60 | | |1983 | | | | |20. |Каренов. Кадровый менеджер. Алматы., 1999. |5 | |60 | 8 ӘДЕБИЕТТЕР Ұсынылатын негізгі әдебиеттер тізімі. 1. Агеев В.С. Межгрупповое взаимодействие. Социально-психологические проблемы. –М.,1990. 2. Ансофф И. Стратегические управление. М., 1989 3. Варущев. Принципы японского управления. М., 1989 4. Вудкок М., Френсис Д. Раскрепощенный менеджер. М., 1991 5. Гастев А.К. Как надо работать. М., 1972 6. Гастев А.К. Трудовые установки. М., 1973 7. Гвишиани Л. Организация и управления. М., 1972 8. Якока Л. Карьера менеджера. М., 1990. Қосымша әдебиеттер: 1. Жуков Ю.М. Ценности как детерминанты принятия решения. В кн: «Психологические проблемы социальной регуляции поведения». М., 1976 2. Зигерт В., Ланг Л. Руководить без конфликтов. М., 1975 3. Авдеев В.В. Психотехнология решений проблемных ситуаций. М., 1997. 4. Ковалевский С. Руководитель и подчиненный. М., 1973 5. Козелецкий Ю. Психологическая теория решений. М., 1979 6. Котарбинский Т. Трактат о хорошей работе. М., 1975 7. Ксенчук Е.В., Киянова М.К. Технология успеха. М., 1993 8. Ладензак К. Стиль работы и образ жизни руководителя. М., 1985 9. Ляхов И.И., Горячев Г.Д. Социологические и психологические методы управления. М., 1973 10. Управленческие консультирование. Т.1-2, М., 1992 11. Фалмер М.Р. Энциклопедия современного упарввления. Т.1-5, М., 1992 12. Бердалиев К.Б., Өмірзақов С.Ы., Есенғазиев Б.К., Ерғалиев Қ.Р. Басқару негіздері. (оқу құралы)- А., Экономика. 1997. 13. Ахметов К.Б. Менеджмент. А., 1997. 14. Прокофьева Ж.В. Менеджмент. М., изд-во «Знание»- 2000. Психология управления. Курс лекций. /Л.К.Аверченко., Г.М.Залесов., Р.И.Мокшанцев., В.М.Николаенко. Отв.ред. М.В.Удальцова. – Новосибирск., изд- во НГАЭиУ
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz