Файл қосу

Бағдарламалық оқыту технологиясы




|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ                       |
|СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ                 |
|ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ                                                     |
|ПЕДАГОГИКА КАФЕДРАСЫ                                                      |
|СМЖ 3 - деңгейдегі құжаты |ПОӘК                  |                        |
|                          |                      |УМКД  042- 1830-2013    |
|«Қазіргі оқыту            |                      |                        |
|технологиялары» пәнінің   |№3 – басылым          |                        |
|оқу-әдістемелік кешені    |                      |                        |
|(оқу әдістемелік          |                      |                        |
|материалдар)              |                      |                        |






                        ҚАЗІРГІ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ

                           ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

                   («Бастапқы әскери даярлық» мамандығына


                                  арналған)

                         ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР















                                Cемей – 2013

1.ӘЗІРЛЕГЕН:
Құрастырушы:  28.08.2013


2.ТАЛҚЫЛАНДЫ:
2.1. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің Педагогика
кафедрасының мәжілісінде қаралды.
Хаттама № 1  04.09.2013ж.
Кафедра меңгерушісі:  ______________ /Джанбубекова М.З./

2.2. Педагогика факультетінің оқу-әдістемелік бюросының отырысында.
Хаттама № 1  «05» 09.2013ж.
Төрағасы:    ________________      /Ахметова Т.Ш./

3. БЕКІТІЛДІ:
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің Оқу-әдістемелік
кеңесінің отырысында мақұлданған және басып шығаруға ұсынылды.
Хаттама №1   18.09.2013ж.
ОӘК төрағасы: ____________   /с.ғ.д. Искакова Г.К./

        4. АЛҒАШ РЕТ ЕНГІЗІЛГЕН  (Хаттама №1, 18.09.2013ж. басылымның





























                         МАЗМҰНЫ


     1.  Қазіргі  оқыту  технологиясы  пәні  бойынша   негізгі   түсініктер
        (глоссарий).
     2. Қазіргі оқыту технологиясы пәні бойынша дәрістер кешені.
     3. Қазіргі оқыту технологиясы пәні бойынша семинар тапсырмалары.
      4.  Студенттердің өздік жұмыстары.


      1. ҚАЗІРГІ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ  ПӘНІ БОЙЫНША НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕР
                                 (ГЛОССАРИЙ)

Технология –  (грек-techne-өнер,  шеберлік,  іскерлік  және  логия  –  ілім,
білім) – дайын бұйым алу үшін пайдаланылатын тәсіл.
Технология - бұл қандай да болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі  амалдардың
жиынтығы.(орыс тілінің түсіндірме сөздігі)
Оқыту технологиясы – бұл дидактикалық жүйенің құрамдас,процессуалдық  бөлігі
(М.Чошанов).
Оқу-тәрбие  процесін  технологияландыру   -   білім   беру   мен   тәрбиелеу
проблемаларын сапалы  жаңа  деңгейде  шешуге  мүмкіндік  беретін  объективті
құбылыс.
Педагогикалық технология - оқу процесін жүзеге  асыратын  мазмұндық  техника
(В.П.Беспалько).
Педагогикалық  технология  –  бұл  оқытудың  жоспарланған  нәтижесіне   жету
рпоцесін сипаттау (И.П.Волков).
Педагогикалық  технология  -  әр  түрлі   педагогикалық   мәселелерді   шешу
мақсатында педагогикалық процесте жүзеге асырылатын тәрбиелеу  мен  оқытудың
әдістерінің жиынтығын қолдануға байланысты педагогтың іс-қимылдарының  өзара
байланысқан жүйесі.
Оқыту  бірлігі  –  семантикалық,синтаксистік  және  прагматикалық  тұтастығы
бар,бір  бүтін  ретінде  рәсімделген  және  оның   мазмұны   мен   құрылымын
формалдауға қолданылатын электрондық оқу басылымының бөлігі.
Оқыту  технологиясының  міндеттері  оқыту  жүйесінің   барлық   элементтерін
зерттеу  мен  оқыту  процесін  жобалауда  болып  табылады,осының   арқасында
мектептегі (мұғалімнің) оқу тәрбие жұмысы реттелмеген әрекеттер  жиынтығынан
белгілі бір мақсатты көздейтін процеске айналады.
Оқыту  моделі  –  адам  оқыту  процесінің  негізіне   алынған   модель.Оқыту
моделінің  екі  типін  қарастырады-дескриптивті   және   нормативті.Оқытудың
дескриптивті  моделі  адам  оқитын  іс-әрекет  рпоцесін  сипаттау  негізінде
құрылады.Оқытудың нормативті моделі алдын-ала жасалып  беріледі.  Нормативті
типтегі оқытуды – мұғалімді оқыту деп атау қабылданған.
Оқыту технологиясы - оқытушының іс қимыл үрдісінің  қисындық  –  тәжірибелік
қажеттілігін нәтижеге бағдарлау, оны үнемі ширату.
Педагогикалық жаңа технология – іс-әрекетке, оқыту барысында  жүзеге  асатын
педагогикалық жүйенің жобасы.
Педагогикалық  жүйе  -  жеке,  дара  тұлғаны   жетілдіруге,   қалыптастыруға
бағыттау мен  белгілі  бір  мақсатқа  жету  жолындағы  арнайы  педагогикалық
ықпалды ұйымдастыруға қажетті  өзара  байланысқан  әдістердің,  құралдарының
жиынтығы.
Инновация педагогикалық (жаңаны  енгізу)-  білім  беру  ортасына  оның  жеке
бөліктерін,компоненттерін және тұтастай білім беру жүйесінің  сипаттамаларын
жақсартуға бағытталған  тұрақты  элементтерді  енгізетін,мақсатты  көздейтін
өзгеріс.
Инновация - оқу-тәрбие ісін алдыға қарай жылжыту немесе өзгерту.
Деңгейлеп  оқыту  -  әрбір  оқушы  өзінің  даму  деңгейінде  оқу  материалын
меңгергенін  қамтамасыз етеді.
Дамыта оқыту - жоғары қиындықта оқыту.
Модульдік оқыту технологиясы - оқытудың ұйымдастырылуы бойынша және  мазмұны
бойынша адам бойындағы осы сәттегі қажеттілікті  қанағаттандыруда   кепілдік
беретін әрі жаңа қажеттілікті анықтайтын икемді білім беретін құрылым құру.
Модуль  -  бір  ғана   оқу   пәннің   шеңберіндегі   ұйымдастыру-әдістемелік
құрылымының бірлігі.
Ақпараттық  технологиялар  -  ақпаратты  алу,түрлендіру,сақтау,тарату   және
пайдалану әдістері мен құралдары.
Оқытуды  ақпараттандыру  -  есептеуіш  техникамен   және   оған   байланысты
ақпараттық  технологияларды  оқыту  процесінде  оқушылардың   танымдық   іс-
әрекетін басқару құралы ретінде пайдалану және  оқушы  мен  мұғалімге  білім
мазмұнын толықтыратын қажетті мәтіндік және көрнекі ақпараттарды беру.
Педагогикалық технология – оқытуда пайдаланылатын материалдық және  идеалдық
(білімдер) құралдар жүйесі  және  осы  жүйені  қолданысқа  енгізу  тәсілдері
(Е.И.Машбиц).







                   2. ЖАҢА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ПӘНІ БОЙЫНША
                               ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ

              1-дәріс. Педагогикалық технология туралы түсінік.

      Қазіргі  кезеңдегі  психологиялық  педагогикалық  әдебиеттер   ғылыми-
технологиялық  процестің  жетістіктері  мен  білім   беру   саласына   «жаңа
компьютерлік технологияларды» енгізуімен  бірге  келген  «технология»  деген
ұғым жиі кездеседі. Ғылымда арнаулы технологиялық  бағыт  пайда  болды.  Бұл
бағыт ХХ ғасырдың 60-жылдарында АҚШ және Англияда пайда болды  және  қазіргі
уақытта практика жүзінде барлық дүниежүзі елдеріне тарады.
      педагогикалық    технологияны    жасаушылардың    назары    (терминдік
түсініктемелеріне  қарағанда)   педагогикалық   еңбектің   жеке   құбылыстар
саласына  бағытталған.  Білім   беру   технологияларының   басым   көпшілігі
негізінен оқушылардың белгілі бір  білім  жиынтығын  меңгеруге  бағытталған.
Концепция  жасаушылардың  «ұстаздар-оқушылар»   жүйесінің   ерекшеліктерімен
ұстаз   еңбегінің    технологиясының    өзгешеліктері    арасындағы    өзара
байланыстардың түрленген  түрлерін  көрсетудің  басылмауы  олардың  ең  осал
жері. Егер кәсіби іс-әрекетке  жеке  өзгерістер  енгізілсе  еңбек  саласында
түбегейлі өзгерістерге жету және оның нәтижелеріне аса  ықпал  жасау  мүмкін
емес. Бұл тағы да «технология» ұғымының мазмұны туралы айтуға мәжбүр етеді.
      Бар  және  жасалынатын  жаңа  педагогикалық  технологияны   бағалаудың
негізінде: концептуалбдық; Ұстаздық қатысы  бар  заттық  саласының  мазмұнын
түсіну  ұстаздың  қатысы  бар;  ұстаз  іс-әрекетінің  соңғы   парадигмасының
нақтылығы;  жалпы  технология  және  оның  ішінде  жеке  және  педагогикалық
технологияның  қайда  жасалынатынымен  және  қолданылатындығының   саласының
ұғымына сипаттама болып отыр.
      «Технология» деген термин гректің түп  тамыры  techne-өнер,  шеберлік,
кәсіп және logos-ғылым,  білім  деген  сөзінен  шыққан.  Екі  түп  тамырының
бірлігін шеберлік туралы ғылым  немесе  ілімді  беретін  сөзді  құрайды,  ол
өндірістік процестері жүргізудің тәсілдері  мен  құралдары  туралы  білімдер
жиынтығы, мысалы  металдардың  технологиясы,  химиялық  технология,  құрылыс
жұмыстарының технологиясы және т.б. Бұл осы термин өндіру процесі  барысында
жүзеге  асырылып  шикізатты  материалдарды  немесе  жартылай  фабриканттарды
өндеуді жасаудың, жағдайларын, қасиеттерін, формаларын  өзгерту  әдістерінің
жиынтығы ретінде  бірқатар  басқаша  анықталады.  Технология  ғылым  ретінде
міндеті-  практикада  өндіріс  процестерінің  ең  тиімділерін  анықтау   мен
қолдану мақсатында физикалық, химиялық, механикалық және т.б.  заңдылықтарды
анықтау. Міне осыдан бірқатар өте маңызды айқын анықтамалар туады:
      -технологияны   жасау   үшін   нақтылы   еңбек   затының   қасиеттерін
байланыстарымен қатынастарының жолын сипаттайтын заңдылықтарын білу керек;
      -еңбек затын өңдеу тәсілдерін білу;
      -еңбек затының жағдайын анықтай білу (диагностика);
      -еңбек затының жағдайын өзгерту тәртібін (әрекет тізбегін) жасау.
      Негізінен ең алдымен көрсетілген технологияның белгілері педагогикалық
еңбектің технологиясы дегеніміз не екенін анықтап береді.
      Педагогикалық технологиялар білім беру аймағына қатынасы  болады  егер
білім берудің  мақсаты  білім  жүйелерін  меңгеру  ретінде  анықталса,  онда
технологиялар да білім беру сияқты білімнің сапасы  мен  көлемін  меңгерумен
бағаланады. Бірақ әдеттегі  білім  беру  моделінің  дағдарысы  педагогикалық
негізгі  категорияларының  бірқатар  мазмұнын  қайта  қарауға  әкеледі.   ХҮ
ЮНЕСКОның басты конференциясында білім беру  дегеніміз  әлеуметтік  көлеміне
келген  және  дербес  жетілген  тұлғаның  қабілеттері  мен  мінез-құлықтарын
жетілдірудің нәтижесі мен процесі деп есептеу  қабылданады.  Бұл  анықтамаға
басқа білім  беру  тұлға  мен  қоғамның  мүддесіне  байланысты  жүргізілетін
педагогикалық ұйымдастырылған әлеуметтендіру процесі деген анықтамада  қайшы
келмейді.
      Қазіргі   уақытта    «педагогикалық    технология»    ұғымы    әртүрлі
түсіндіріледі. Көп тараған анықтама В.П.Беспалько ұсынған: ол  педагогикалық
технология оқу мен тәрбие процестерінің (теориялық негізделген) еске  түсіру
барысында қолданылған құралдар мен әдістер  жиынтығы,  олар  білім  мақсатын
тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Педагогикалық технология қол  жеткен
жетістіктерді   сатылы   өлшеу   мен   қорытынды    бағалаудың    лбъективті
мүмкіншілігін  жеткілікті  дәрежеде  сақтайтын  мақсаттары  мен  тапсырылған
оларға  сәйкес  ғылыми  жобалардың  болуын  қалайды.  Бірақ  бұл  анықтамаға
көрсетілген бір-бірімен тәуелсіз және дербес өмір сүруін оқыту  және  тәрбие
процестері болады деген оймен келісу қиын. Тұлға дегеніміз тұтастай  тұратын
құрылым, және ол біртұтас педагогикалық процеспен  байланысты.  (В.С.Ильин),
демек  педагогикалық  технологияда   осы   педагогикалық   процестің   басты
белгісіне сәйкес болуы керек.
      Педагогикалық технологияға берілген басқа да анықтама бар,  ол:  оқыту
процесін жүзеге асырудың мазмұндық техникада (В.П.Беспалько),  педагогикалық
ұйымдастыру  мен  жүзеге  асырудың  жобасы   (алгоритмі),   оқыту   процесін
ұйымдастырумен жүргізуді жобалау  барысындағы  бірлескен  педагогикалық  іс-
әрекеттің  моделі  (В.М.Монахов),  барлық  сабақ  беру  процесін   жасаудың,
қолданудың және анықтаудың  жүйелі  әдісі,  білімді  меңгерудегі  техникалық
және  адам  және  олардың  өзара  әрекеттерін  ескеру   (ЮНЕСКО),   мазмұнын
қорытындылау  (Г.К.Селевко).  В.Н.Бордовская  мен  А.А.Реанның   көрсетуінше
білім беру технологиялары дегеніміз бұл  білім  беру  процесіндегі  ұстаздар
мен  оқушылардың  жүйелілік  іс-әрекеттеріне,  ол  мақсат  мазмұн  әдістерді
ұйымдастырудың белгілі бір нақтылы принциптері  мен  өзара  байланыстылығына
сай нақтылы идея негізінде жасалынады.
      Г.М.Құсайыновтың   есебінше    педагогикалық    технология    әдеттегі
түсініктерден  басқа-ол  мұғалімнің  жоспарланған  оқыту  мен  тәрбиелеудегі
мақсаттары мен нәтижелерге жету мен  сабақ  беру  процесі  емес,  ол  кәсіби
ұстаздың басшылығымен оқушылардың өзінің және өзара оқыту процесі, ол  білім
берудің  мазмұнымен,  оқу  жоспарымен   бағдарламаларында   ескерілген   іс-
әрекеттердің сол түрлерін меңгеру жұмыстарының әрбір  сатыларындағы  болатын
өзгерістер мен қайта құру болады.
      В.А.Сластенин бойынша педагогикалық технология деген, ол қатал  ғылыми
жоспарлау  мен   дәлірек   айтқанда   педагогикалық   әрекеттің   жетістігін
қамтамасыз   ететін   елестету.   Педагогикалық   процестің   белгілі    бір
принциптердің жүйесі  негізінде  жасалатындықтан,  педагогикалық  технология
сол  принциптерді  сыртқы  және  ішкі   іс-әрекеттердің   жиынтығы   ретінде
қарастырылуы  олардың  объективтік  өзара  байланысындағы  ұстаз  тұлғасының
тұтасымен көрінетін бірізді жүзеге асыруға бағытталған. Міне,  педагогикалық
технологияның сабақ беру мен тәрбие  жұмысының  әдістемесінен  айырмашылығы,
өзгешелігі осыдан тұрады. Егер «әдістеме» деген  ұғым  оқыту  мен  тәрбиелеу
әдістерін және оны жүзеге асырушы әрекетінен тыс  тұтас  комплексті  қолдану
процедурасын көрсетеді, онда педагогикалық технология оған ұстаз  тұлғасының
барлық жақтарымен көптеген көріністерімен қосылуын  ұйғарады.  Сірә  осыдан,
қандайда болмасын педагогикалық  міндет  тек  қана  оған  сәй  кәсіби  маман
ұстаздың жүзеге асыратын технологиялар көмегімен тиімді шешілуі мүмкін.
      Демек,  барлық  педагогикалық  технологиялардың  негізгі  мәні  туралы
пікірлердің қарама-қарсылықтарына қарамастан оны сабақ беру мен  ұстаздардың
жоспарланған  мақсаттары  мен  оқушылардың  іс-әрекеттерінің  жетістіктеріне
жету процесі ретінде түсіндіруге болады.
      Қандайда  болмасын  технологияның  негізгі  бөлігі  ол  соңғы  негізгі
жетістікті  толық  анықтауымен  оған  жетуді   дәлме-дәл   бақылау   болады.
Негізінен, (өндіріс пен әлеуметтік аймақты) қарапайым процесс ол  алдын  ала
жобаланған,   өнімнің   негізгі   қасиеттері   мен   анықтаудың    құралдары
анықталғанда  осы  процес  процесті  жүргізу  үшін  жағдайлар  мақсатта  бір
қалыптасып және ол «жіберілсе» ғана технология статусын алады.
      Жаңа   педагогикалық   технологияны   тиімді    меңгеру-    мұғалімнің
интеллектуалдық,  кәсіптік,  адамгершілік,  рухани   азаматтық   қабілетінің
қалыптасуына ізгі әсерін тигізіп,  өзін-  өзі  дамытуға  көмектеседі.  Сабақ
біздің заманымызда да оқытудың  негізгі  түрі  ретінде  қала  береді.  Оқыту
үрдісінде  жаңа  технология  түрлерін  кеңінен  ендіру  немесе   элементерін
пайдалану- әрбір мұғалімнің міндеті.
      Жаңа технологиялар инновациялық оқудың сүйегі  бола  отырып,  оқушының
тұрақты жоғары нәтижелерге қарай біртіндеп сатылай жылжуын  және  өзін-  өзі
бағалау мүмкіндіктерінің туындауын қамтамасыз етеді.
      Жаңа технологияны  енгізу  арқылы  оқу  үрдісінің  деңгейі  көтеріліп,
оқушының білім мен білігінің артуын интеллектуалды  дайындығы  мен  танымдық
қызығушылығын оятуға, денсаулығын сақтауға және жеке тұлғаның  адамгершілік-
құқықтық мәдениетін қалыптастыруға жағдай жасалады. Осыдан келіп, өзін-  өзі
көрсетуге қабілетті шығармашылық тұлғадан  дамыған,  әлеуметтік  жеке  тұлға
қалыптасады.
      Жаңа педагогикалық технология төмендегідей бағыттарға бөлінеді:


      |№   |Бағыттары                |Түрлері                                    |
|І   |Педагогикалық үрдісте    |Педагогикалық қарым- қатынас технологиясы  |
|    |жеке тұлғаның бағыты     |Ы.Алтынсариннің                            |
|    |негізіндегі педагогикалық|педагогикалық технологиясы                 |
|    |технология               |Ш. А. Амонашвилидің жеке тұлғалы ізгілік   |
|    |                         |технологиясы.                              |
|    |                         |И. Ильин жүйесі.                           |
|ІІ  |Оқушының іс- әрекетін    |Ойындар түріндегі технология.              |
|    |белсендіру және          |Проблемалық оқыту технологиясы.            |
|    |қарқындату негізіндегі   |Басқа тілдегі мәдениетке коммуникативтік   |
|    |педагогикалық технология |(жан- жақты) оқыту технологиясы. (Е.И.     |
|    |                         |Пассов)                                    |
|    |                         |Оқыту материалын тірек сызбалар, тірек     |
|    |                         |конспектісі және модельдеу арқылы          |
|    |                         |қарқындатып оқыту технологиясы. (В.Ф.      |
|    |                         |Шаталов)                                   |
|ІІІ |Оқу үрдісін тиімді       |Миға тұтқиылдан шабуыл жасау технологиясы. |
|    |ұйымдастыру және басқару |С.И. Лысенкованың түсіндірмелі басқаруда   |
|    |негізіндегі педагогикалық|тірек схемаларын пайдалана отырып,         |
|    |технология               |перспективті алдыға жылдамдата оқытудың    |
|    |                         |технологиясы.                              |
|    |                         |Ж. Қараевтың деңгейлеп оқыту технологиясы. |
|    |                         |Деңгейлік дифференциялау технологиясы.     |
|    |                         |Бағдарламалық оқыту технологиясы           |
|    |                         |Ұжымдық оқыту технологиясы. (КСО, А.Г.     |
|    |                         |Ривин, В.К. Дьяченко)                      |
|    |                         |Топтық оқыту технологиясы.                 |
|    |                         |Қомпьютерлік оқыту технологиясы.           |
|    |                         |Модульдік оқыту технологиясы. (Жанпейісова |
|    |                         |М.М.)                                      |
|ІҮ  |Дидактикалық білім көтеру|«Экология және диалектика» (Л.В.Тарасов)   |
|    |және материалды          |«Мәдениет диалогы» (Б.С. Библер, С.Ю.      |
|    |реконструкциялау         |Курганов)                                  |
|    |негізіндегі педагогикалық|Дидактикалық бірліктерді ірілендіру. (П.М. |
|    |технология               |Эрдниев)                                   |
|    |                         |Ақыл- ой іс- әрекетін сатылай қалыптастыру |
|    |                         |теориясын игеру технологиясы. (МБ. Волович)|
|Ү   |Жеке пәндік педагогикалық|Сауаттылыққа ерте үйрету және дамыта оқыту |
|    |технология               |технологиясы.        (Н.А. Зайцев)         |
|    |                         |Н. Оразақынованың сатылай талдап оқыту     |
|    |                         |технологиясы.                              |
|    |                         |Бастауыш мектептің жалпы оқу білігін       |
|    |                         |жетілдіру технологиясы. (Н.А.Зайцев)       |
|    |                         |Бітібаеваның дамыта оқыту технологиясы.    |
|    |                         |Математикалық есептер шешу негізіндегі     |
|    |                         |оқыту технологиясы (Р.Г.Касаткина)         |
|    |                         |Сабақтың тиімді жүйелік негізіндегі оқыту  |
|    |                         |технологиясы. (А.А. Окунев)                |
|    |                         |Физиканы сатылай оқыту жүйесі.             |
|    |                         |(Н.Н.Палтышев)                             |
|ҮІ  |Альтернативті            |Вальдорф педагогикасы. (Р. Штайнер)        |
|    |педагогикалық            |Еркін еңбек технологиясы. (С. Ферт)        |
|    |технологиялар            |Ықтималдық білім технологиясы. (А.М. Лобок)|
|    |                         |Шеберханалық технологиясы.                 |
|ҮІІ |Табиғи байқағыштық       |Табиғи байқағыштық арқылы сауаттылыққа     |
|    |технологиясы             |тәрбиелеу технологиясы. (А.М. Кушнир)      |
|    |                         |2. Өзіндік дамыту технологиясы.            |
|    |                         |(М.Монтессори)                             |
|ҮІІІ|Дамыта оқыту технологиясы|Дамыта оқыту жүйесі. (В.Занков)            |
|    |                         |Жеке тұлға бағытындағы дамыта оқыту        |
|    |                         |технологиясы.                     (И.С.    |
|    |                         |Якиманская)                                |
|    |                         |Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдовтың дамыта оқыту|
|    |                         |технологиясы.                              |
|    |                         |Өзіндік дамыта оқыту технологиясы. (Г.К.   |
|    |                         |Семеко)                                    |
|ІХ  |Авторлық мектептің       |Педагогикалық бейімделу мектебі. (Е.Д.     |
|    |педагогикалық            |Ямбург)                                    |
|    |технологиясы             |Өзін анықтау мектебінің авторлық           |
|    |                         |технологиясы. (А.Н. Тубельская)            |

















    2-дәріс. Қазіргі педагогикалық технологиялар - обьективті қажеттілік

      Қазіргі заманғы білім жүйесінің  құрылымы  мен  қызметіндегі  қоғамдық
тенденцияларды көрсететін маңызды әлеуметтік  педагогикалық феномен  ретінде
білім  ізгілігінің   мазмұны  мен  маңызын  анықтауға  байланысты   қаралған
педагогикалық  технологиялар өз тиімділігін  дәлелдеуде.
      Педагогикалық технологиялардың  көкейтестілігін  анықтауда   төмендегі
қайшылықтарды атауға болады.
      -қоғамның  педагог мамандарға  қойып  отырған  талабының   күшеюі  мен
кәсіби  білім беруді жүзеге асыруда  кездесеін қиыншылықтар арасындағы;
      -қайта дамып отырған жекелеген педагогикалық жүйелер мен оларды жылдам
өзгеріп  отырған   еңбек   шараларына   бейімдеу,   білім   беру   жүйесінің
консервативтілігі арасындағы;
      -ғылымның даму деңгейі  мен  өндірістің  оны  іске  асыруға  мүмкіндік
деңгейі арасындағы;
      -мұғалімнің әлеуметтік ролі және қоғамдық ақпараттық  –коммуникациялық
қызметарасындағы;
      - педагогикалық жоғары оқу орындары  оқу бағдарламаларының  мазмұнының
әдістемелік  құралдары және қоғам мәдениеті арасындағы болатын қайшылықтар.
      Білім ізгілігі-педагогтар мен оқушылардың  өз  шығармашылық  даралығын
дамыту субьектісі  болатын,үрдістің  мәні  мен  сипатына  деген   көзқарасты
едәір өзгертетін , педагогикалық ойлаудың басты бөлшегі.
      Педагогикалық үрдістің негізгі мәні , мұндай жағдайда , ұлғаның  дамуы
мен  өзін -өзі дамытуы ретінде қалыптасады ,   олардың  сапасы  мен  мазмұны
мұғалімдердің, оқу мекемелері мен  бүкіл білім  жүйесі   жұмысында   маңызды
шарттардың бірі болып табылады.
      Теорияларды  талдау  мен  қалыптасқан  тәжірибелерді  жалпылау   білім
ізгілігінің негізігі  жолдарын анықтауға  мүмкіндік туғызады.
      Соның ішінде ең маңыздылары;
   1. Ізгілендірілген білім мазмұнында қаралатындар:
   -білімділік-бағдарлық әдістен бас тарып ,  дамытушы  тұлғалық  бағдарлық
әдіске көшу;
   - пәндік және жекелік білімнен білім берудің үздіксіз  жүйесінің  барлық
сатыларында  терең және көп пәнаралық  кіріктіруге , шоғырлануға көшу.
   2. Балалардың қабілеті мен жеке ерекшеліктерін   ескере  отырып,   оқыту
      мен тәрбиелеудің  тұлғалық бағдарлық  технологиясын таңдау ( Ойлаудың
      ,есте сақтаудың , назар аударудың негізгі типтері бойынша).
   3. Мұғалімнің озық игілік дайындығы:
   Оның оқушылармен ынтымақтастығын қалыптастыруға  оқушылардың  дайындығы,
педагогикалық  үрдістегі шығармашылық, өзін-өзі  көрсетудің қажеттігі.
      Қоғамдық -  тарихи тәжірибені игерудің  басты  әлеуметтік  –қызметі  –
білімді жинақтауда емес , бар білімді қайта қалыптастыруда.
      Сондықтан қазіргі заманғы мектептер  оқушылардың  ойлау  белсенділігін
кеңінен дамытып білімді  өзіндік жаңарту мен толықтыруға , оларды  теориялық
және  тәжірибелік  міндеттерді  шешкенде  және  сапалы    пайдалана   білуге
үйретуге міндетті.
      Мұны    П.П.   Блонскийдің,    Л.С.Выготскийдің,    С.Л.Рубинштейннің,
А.Л.Леонтевтің,  П.Я.Гальпериннің,  Ф.Н.  Тлызинаның  және   т.б.зерттеулері
дәлелдейді.
      Білім берудің  сапасын мәнді жоғарылату жолдарын іздестіруде, нақтырақ
айтсақ,  жоғары  білімнің  Н.Чебышев  пен  В.П.Коган  пәнаралық  байланыстың
тұжырымдамасын негіздей отыра оны жоғары білім беру  тәжірибесіне  енгізудің
нақты оқу- әдістемелік механизмін  ұсынады.Бұл  бағыттағы  инновациялық  іс-
әрекет  мәселесі жалпы білім беру мектептерінде шешілуі қажет.
      Сондықтан  ,  әртүрлі   оқыту  технологияларын       оқу  мазмұны  мен
оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне  орвй  таңдап  тәжірибеде
сынап қарауда мұғалім  іс-әрекетінің маңызы зор.
      «Қазіргі   білім  беру  саласындағы  оқытудың   озық   технологияларын
меңгеру мұғалімнің нтеллектуалдық,кәсіптік, адамгершілік, рухани,  азаматтық
және басқа  көптеген адами келбетінің, қалыптасуына   игі  әсерін  тигізеді,
өзін-өзі  дамытып, оқу-тәрбие процесін  тиімді ұйымдастыруына көмектеседі»,-
 деп көрсетеді С.В.Селевко.
      Қоғам өмірінің барлық  салаларында  яғни  экономикасы  мен  әлеуметтік
қатынастарында  көптеген  өзгерістер  туып  отырған   жағдайда  білім   беру
ісінде де өзгерістің  болуы заңды нәрсе.
      Себебі, халыққа білім беру  немесе  мектеп  ісін  қоғамнан   тыс  алып
қарауға  болмайды.Бүкіл  қоғам  өмірінде    бой   көрсеткен   келеңсіздіктің
халыққа білім беру саласына  да соқпай өтпегені мәлім.
      Сонымен, халыққа  білім  беру  жүйесі   қоғамдық  әрекеттердің   басқа
салаларымен  де қатарлас алға басуы керек.
      Ғылым мен халыққа білім берудің дамуы еліміздің техникалық  прогресске
 жеткізері мәлім.Ал, техникалық прогресс  қоғамдық  және  жеке  бастың  өмір
сүру  деңгейін көтеруші  еңбек өнімділігінің жоғарылауына   әкеледі.Сонымен,
білім  беру  жүйесін   қоғамдық  өмірдің  өзге  салаларының   да  егізі  деп
білуіміз керек.
      Инновациялық педагогикалық іс-әрекет белгілі оқытудың, тәрбие беру мен
дамытудың стереотипіне  қарама –қайшы ,  ол  белгілі  межеден   шығып,  жеке
шығармашыл,  өз  бағытымен  жұмыс  істей   алатын   мұғалім   қалыптастыруға
бағытталады.
      Шынында, бұл мәселенің шешімі ұстаздың кәсіпкерлік шынайы іске асыруға
тән сол бір ішкі обьективті қайшылықты анықтаумен байланысты.
Ю.Н.Кулюткин кәсіпкер ұстаздың «мөлшерлік шығармашылық  белсенділіктің»  ара
қатынасы мазмұны мен  мәнінен  бөлек  ,  абстрактылы  түрде  қарастырылмайды
дейді. Егер «  іс-әрекеттің  немқұрайлы   іс-әрекеттік  құрылымымен    бірге
ұстаздың  шығармашылық   белсенділігі   де   мөлшермен    берілсе   ,   жаңа
педагогикалық  ойлар және оларды шешу ұстаздың өзінен күтіледі.
      Педагогикалық жаңалық-жаңа идеялар  ,  әдістер  ,  технологиялар  ғана
емес,  педагогикалық  процесс   элементтерінің   бірлігінің    немесе   жеке
элементтерінің білім беру мен  тәрбиелеудегі   белгілі  міндеттерді   тиімді
шешу жолы.
      Дәстүрлі  оқу  пәндерінде  шоғырландырылған  мақсат    пен   міндеттер
қойылмайды, пәнді  меңгерудің  басты  міндеті  болып  ,  ғылыми  міндеттерді
фотографиялық түрде меңгерту, көбінесе есте сақтау мен қайта жаңғырту (  кей
кезде ойлау қабілетінің қатынасынсыз) деңгейінде ғана қалады  .Мұғалімдердің
жұмыс  тәжірибелерін  зерттеу  когнитивті  ауқымдағы  (Б.Блум)  білім   беру
мақсатының  технологиясымен  сәйкес,   мұғалімнің  зейіні   мен  меңгерілген
материалды «Білімділігіне» және «Түсініктілігіне» шоғырланады, ал  талдау  –
жинақтауға, оқушылардың әрекетін өздік бағалауына , мұғалім іс-әрекетіне  аз
деңгейде назар аударылатыны көрсетіледі.
      Педагогтың   кәсіби   даярлығындағы   технолгиялық   принцип   болашақ
мамандығына бағдар беретін  оқытудың  мақсат  ,  мазмұн   оқыту  әдістерінің
бірлігі болып табылады.
      Оқыту  технологиялары  теориялық  негізде  құрылады:  Егер  Л.В.Занков
әдістемесі  Л.С.Выготскийдің  дамыту  теориясына   негізделсе,   ол   өзінің
принципін содан іздеп табады.
      Оқушылардың теориялық ойлауын  дамыту  ,  оқу  материалының  теориялық
күделілігінің жоғары деңгейі ,  оқу  жұмысының  жоғары  темпі   оқушылардағы
жеке тұрғыдағы бағдар.
      Оқыту   технологиясының    генетикалық    дерекнамасы    педагогикалық
эвристикадан  алынған дейді Д.Пойа. С.ЛРубинштейіннің , А.Н  Леонтевтің  іс-
әрекет   теориялары   қазіргі    оқытудың   инновациялық   технологияларының
әдіснамалық негізі.
Педагогикалық технология үш аспектіде қаралады:
      -ғылыми;
      - процессуалды - сипаттамалығы;
      -процессуалды -әрекеттік.
      Осындай жолмен педагогикалық технология  оқытудың  рационалды  жлдарын
зерттеуші  ғылым  ретінде  қызмететеді,принциптер  мен   оқытуды   зерттеуші
қызметін атқарады.
      Кез-келген    педагогикалық    технология     философиялық     негізде
қаралады.Философия жалпы реттеуші  білім  беру  технологияларын  әдіснамалық
қамтамасыз етеді.
      Философиялық тұрғыда білім беру мазмұнында , пән мазмұнында басшылыққа
алынады. Бірақ, идеологиялық бағдарда бірізділік жоқ, сондықтан   мектептегі
білім мазмұны   әлемнің  бүтіндей  картинасын   бере  алмайды.  Әдістер  мен
тәсілдердің философиялық негізін  байқау қиын,  ал  технология  белгілі  бір
философиялық негізді ұстанушы  ретінде қызмет ете алады.
   Көптеген педагогикалық технологияларда  кездесетін философиялық бағыттар:
    - материализм және идеализм;
    -  диалектика және метафизика;
    -  Гуманизм және антигуманизм;
    -  Прагматизм және экзистенциализм.
   Педагогикалық  технология   дерекнамасы    педагогика   психология   және
   әлеуметтік ғылымдар,
алдыңғы қатарлы педагогикалық  тәжірибе , халықтық педагогика  отандық  және
шетел  педагогикасының   озық  идеялар  болып  табылады.Кез  келген  қазіргі
педагогикалық    технологиялар    педагогика   ғылыми   мен    практикасының
жетістіктері  дәстүрлі тәжірибедегі  құнды  дүниені    әлеметтік  прогрестің
жетістіктерін  қоғамдағы  гуманизация  мен  демократия  жемісін   жинақтаушы
болады.
   Бір технологияның өзі әр орындаушыда  әр  түрлі   сипатта  болуы  мүмкін,
   өйткені шебердің
тұлғалық компоненттілігі,  оқушылар  контигенті  ,  сыныптағы  психологиялық
ахуал, көңіл күйі әр түрлі болуы мүмкін.
   Педагогикалық  технология    М.В.Клариннің   анықтауында   «Педагогикалық
   мақсатқа жету үшін
пайдаланылатын барлық, дара , инструменталдық және  әдіснамалық  құралдардың
қолдану реті мен  жиынтығының жүйесін білдіреді.
     Ғалым-  академик  В.М.Монахов  оқыту   технологияларының   практикадағы
қолданыс  аясын тереңірек зерттей  келіп  ,  оны  жаңаша  қырынан  танытады.
Ғалымның пікірінше «Технология – оқушы мен ұстазға  бірдей   қолайлы  жағдай
тудырушы оқу  поцесін  ұйымдастыру  және  жүргізу,  бірлескен  педагогикалық
әрекеті жобалаудың жан жақты ойластырылған үлгісі» Педагогикадағы ғылыми ой-
тұжырымдардың негізінде  В.П  Беспалько  «  Оқу  технологиясы  –  тәжірибеде
жүзеге   асырылатын,   белгілі   бір   педагогикалықжүйенің     жобасы»,-деп
көрсетеді.Мұнда ғылым педагогикалық ықпал ететін  арнайы  ұйымдастырылған  ,
мақсатты  бір-бірімен  өзара  байланысты  әдіс  тәсілдер  жиынтығы   ретінде
қарастырылады.
   Педагогикалық технология білім алу іс-әрекетіндегі  амалдардың  негізінде
   таңдалған кәсіптік
қызметтің тәсілдерін  қабылдаушылардың танымдық  іс-әрекеті  деген  анықтама
ереді.
      Сонымен,  технология   белгіленген   ақсатты   тиімді   орындау   үшін
материалдарды түрлендіру
процестері мен әдістердің  жиынтығы және  бір  ізділігін,  кешенді  бірлігін
айтуға болады.



            3-дәріс. Жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану


      Мектеп  мұғалімдерін даярлаудың  қазіргі  кездегі  қалыптасқан  жүйесі
оның  құрылымын,  ұйымдастырылуын,  мектеп  практикасымен  және  білім  беру
жүйесіндегі инновациялық үрдістерімен өзара байланысын кайта  қарауды  талап
етеді.
      Бұл жоғары оқу орныңда мамаңдар даярлаудың сапасын  арттыруда  мұғалім
тұлғасының   өздігінен  дамуына,  оның  шығармашылық   қабілетінің   артуына
мүмкіндік жасауды және  оқу-тәрбие  үрдісін  жетілдіруді  қамтамасыз  ететін
жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану көзделеді.
      Технологияны педагогикалық  іс-әрекетті  қайта  құрудың  жүйелі  тұтас
құралы ретінде тимді  пайдалану  оқу-тәрбие  үрдісінің  сапасын  жақсартуға,
жеке тұлғаны дамыту міндеттерін шешуге септігін тигізеді.
      Бүгінгі таңда педагогикалық технология мәселесі теориялық және  ғылыми-
қолданбалы бағыт тұрғысынан зерттеу арқауы болып отыр.
      Теориялық  тұрғыдан  алып  қарағанда,   педагогикалық   технология   -
педагогиканың категориясы  ретінде  қарастырылады  оның  мәні  мен  құрылымы
айқындалады,  педагогикалық  іс-әрекеттің  әртүрлі  саласындағы  (дидактика,
тәрбие, білім беруді басқару) педагогикалық технологияның ғылыми  негіздерін
оқып-үйренеді,  педагогикалық   технологияны   жобалаудың   әдіснамасы   мен
теориясы зерттеледі  және  педагогикалық  технология  теориясының  негіздері
ашып көрсетіледі.
      Ғылыми-педагогикалық    зеріттеулерге    жасалынған    талдау     жаңа
педагогикалық технологиялардың бірнеше түрлерін  бөліп  көрсетуге  мүмкіндік
берді.
      Енді солардың ішінен жоғары оқу орындарының оқу  үрдісінде   қолдануға
ұсынылатын бірқатарына тоқталайық.
      Бүгінгі таңда  республикадағы  және  аймақтағы  экономикалық  нарықтық
қатынастардың қалыптасу жағдайында еліміздің  әлеуметтік-экономикалық  дамуы
қоғам өмірінің барлық саласында, оның  ішінде  мектепте  оқыту  мазмұны  мен
оқытудың қазіргі технологияларын жетілдіру өзекті  мәселелердің  бірі  болып
отыр.
      Қазақстан Республикасының "Білім түралы"  заңында  (1999)  білім  беру
саласындағы  мемлекеттік  саясаттың  ұстанымдарының  бірі  -   жеке   адамды
қалыптастыруға  бағытталған  рөлі  және  педагог  қызметкерлер   оқушылардың
мемлекеттік білім беру стандартында көзделген деңгейден  төмен  емес  білім,
білік,   дағды   алуын   қамтамасыз   етуге,   олардың   жеке   шығармашылық
қабілеттерінің дамуы үшін жағдай жасау қажеттігі қарастырылған.
      Дәстүрлі оқыту технологиясының білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде
толық   меңгеруіне   кепілдік   бермей   отырғандығы    оқушылардың    білім
жетістіктерінің нәтижелерінен көрініс табуда.
       Осыған орай оқу-тәрбие үрдісін жетілдірудің  қазіргі  технологияларын
жетілдіріп, мектепте сабақ беруде қолдану арқылы  білім  сапасын  жақсартуға
болатындығына басым бағыт берілуде.
      Қазіргі   кезде   мектептің   оқу-тәрбие   үрдісінде   50-ден    астам
педагогикалық    технологиялардың    қолданылып    жүргені    мәлім.     Бұл
технологиялардың бәрін бір сабақта қамту мүмкін емес.
      Сондықтан, мектептегі әрбір пәнді оқыту технологиясын таңдап,  іріктеу
және оны іс-әрекеттік тұрғыда жетілдіру арқылы оқушының білім  жетістіктерін
арттыруға болады. Мұнда оқушының  әрекеті  технологияны  қабылдауы,  ынтасы,
құштарлығына көңіл бөлінуі тиіс.
      Бастауыш   сатыда   "Математика"   пәні   бойынша   оқушылардың    оқу
жетістіктерінің өлшеуіштер тәсілдері ретіндеп деңгейлік тапсырмалар  жүйесін
дайындауға бо-лады.
      Оқушының дайындық деңгейін саралау оқушының жеке танымдық  мүмкіндігін
ескерудің басты тәсілі  ретінде  қарастырылуы  тиіс.  Тапсырмаларды  білімді
қабылдауға бағдарланған іс-әрекеттік модель ретінде қарастыруға болады.
      Оқытудан күтілетін нәтижелер  тізбесін  негізге  ала  отырып,  әртүрлі
деңгейдегі тапсырма  түрлерін  ауызша  тексеру,  жазбаша  тексеру,  тапсырма
беру, жауапты талдау тапсырмалары, бір ғана дұрыс  жауабы  бар  тапсырмалар,
ашық  және  еркін  жауабы  бар  тапсырмалар,  түрлі  практикалық   сипаттағы
тапсырмалар түрінде қарастыруға болады.
      Тапсырмалардың мұндай түрлері  оқушының  іс-әрекеттік  -  компетенттік
тәсілге (өз бетінше іздену, өз  бетінше  білім  алу,  өзін-өзі  білім  алуға
тәрбиелеу, дамыту) бейімделуіне мүмкіндік береді.
әртүрлі әдістерді қолдану және оқушылар бірін-бірі  тексеру  арқылы  есептің
дұрыстығына   көз   жеткізулеріне   болады,   дамыта   оқыту    технологиясы
(Л.С.Выготеский, Л.В.Занков, Д.Б.Элькокин, В.В.Давыдов) дамыта оқыту  жүйесі
жеке тұлғаны жеделдете қарқынды,  барлық  сапалармен  сәйкестікте  жан-жақты
дамытуға  бағытталған,  оқытудың  модульдік  технологиясы  (В.ММонахов)  оқу
үрдісін мақсатты жобалап, құруға болады.
      Оқытудың компьютерлік технологиясы компьютермен жұмыс істеу техникасын
меңгеру, сыныпта  белсенділік  көрсету,  жеке  жұмыс  істеу,  жекелеп  көмек
көрсету, проблемалық  оқыту  технологиясы,  тірек  сигналдары  арқылы  оқыту
технологиясы (В.Ф.Шаталов)  теория  және  практиканы  блок  түрінде  топтау,
тірек-схема,  тірек-конспект  түрінде  берілген   теориялық,   материалдарды
сыныпта меңгеру, үйде өз бетімен іздену, жұмыс істеу, түсіндіре  басқарып  -
оза  оқыту  (С.Н.Лысенкова)  алынатын  білімнің  алғашқы  бөлігін  алдын-ала
оқыту, деңгейлеп саралап оқыту текнологиясы бірнеше деңгейде  тапсырма  беру
және т.б.
      Республикадағы ауыл мектептерінің оқу-тәрбие үрдісінде деңгейлеп оқыту
технологиясы (Ж.Д.Қараев) жүйелік негізде оқыту  технологиясы  (Г.Г.Ғалиев),
шоғырландырып-қарқынды      оқыту       технологиясы       (Қ.А.Әбдіғәлиев.,
Н.Н.Нурахметов),  блоктық-модульдық  технологиясы  (М.Н.Жанпеисова)   қолдау
табуда. Ғалымдардың пікірінше шағын комплектілі  мектептер  жағдайында  оқу-
тәрбие үрдісін ұйымдастыруда жүйелік негізде оқыту мен  шоғырландырып  оқыту
технологияларының оқыту сапасын арттыруда дидактикалық мүмкіндіктері мол.
      Қазіргі ғаламдану және техниканың  қарқынды  даму  кезінде  оқу-тәрбие
үрдісінде өзекті  ізгілендіру өзекті мәселелердің бірі болып табылуда.
      Оқу-тәрбие үрдісін ізгілендіру - жеке тұлғаның еркін дамуы  үшін  оның
бойында  жалпы  азаматтық  құндылықтардың  қалыптасуын   қамтамасыз   ететін
дидактикалық ұстаным ретінде басшылыққа алынуы тиіс.
      Мектептің бастауыш сатысында оқу-тәрбие үрдісін оқушылардың өзара  іс-
әрекетпен мұғалім  мен  оқушының  өзара  қарым-қатынасын  дұрыс  ұйымдастыру
арқылы оқушының ойлау белсенділігін арттыруға, сабақта  интератиетік  әдісті
тиімді пайдалануға болады.
      Мұнда негізгі және жетекші үрдіс - іс-әрекеттегі оқытуды  ұйымдастыру.
Бұл технологияның ерекшелігі - оқушылардың өздері ақпараттар  жинап,  өздері
жаңалық ашуға ұмтылып, ізденіп, жауабын тауып, өзінің көзқарасын  логикалык,
түрде дәлелдейді.
      Ол өз пікірін бір-біріне топта, сынып алдыңда айта алады.  Мұнда  жеке
тұлғаның рухын тәрбиелеуге,  адамның  адамгершілік  болмысын  қалыптастыруға
басты назар аударылуы тиіс.
         Білім   мазмұнын   меңгеруде   оқушылардың   жаңа    процессуальдық
біліктілігіне,  ақпаратты  алдын-ала  болжау  қабілеттерін   және   қойылған
міндетті шығармашылықпен дамытуға көңіл бөлінеді.
       Математика сабағында оқушылардың оқу біліктілігімен қатар ойлауы, іс-
әрекеті, өзара  қарым-қатынасы  және  өзінің  сана-сезімі  дамып,  қарапайым
ойлау операциялары (анализ, синтез, салыстыру, сұрыптау)  және  шығармашылық
іс-әрекеті қалыптасады.
      Қазіргі  нарықтық  экономиканың  сұраныстарын  қанағаттандыруға   және
экономиканың, өндіріс салаларының дамуына  сай  жастарды  компонентті  тұлға
ретінде  қалыптастыру  үшін  мұғалімдер  оқытудың  қазіргі   технологияларын
пайдаланып, оны одан әрі заман талабына сай жетілдіруі қажет.
      Ұлттық тағам – ұлттың  бет бейнесі, тарихы мен шежіресі,  ұлттың  дара
касиеттері сақталынуының асыл  нәрі. Сондықтан оны  дайындай  білуге  үйрету
әр ата-ана мен ұстаздың міндеті.
      Болашақта өркениетті дамыған елдер  қатарына ену үшін  заман  талабына
сай білім қажет.
      Өйткені тәуелсіз Қазақстанның  дамыған  бәсекеге  қабілетті  50  елдің
қатарында терезесін тең ететін  –  білім.   Сондықтан  қазіргі  даму  кезеңі
білім  беру  жүйесінің  алдына  оқыту  үрдісін  технологияландыру   мәселесі
қойылып отыр.
      Оқытудың әртүрлі технологиялары, жаңашыл  педагогтардың  іс-тәжірибесі
зерттеліп, мектеп өміріне енуде.
      Жалпы технологияны  меңгеруде  мұғалімнің  жан-жақтылығы  және  білімі
қажет. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Білім және Ғылым қызметкерлерінің III  сьезінде:
"Мұғалімдердің жаңа ұрпағы білім  деңгейі  жөнімен  әлдеқайда  жоғары  болуы
керек.
      Ол үшін жаңа фармацияның педагогі қажет" деген болатын.
      Мектеп өміріне еніп отырған жаңа технологиялардың  ерекшелігі  -  өсіп
келе жатқан тұлғаны жан-жақты дамыту.
        Инновациялық  білімді  дамыту,  өзгеріс  енгізу,  жаңа  идеялар  мен
жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы оқушы тек қана тыңдаушы. орындаушы  болып
келсе, ал қазіргі өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше  мән
береміз.


                   4-дәріс. Білім беруде жаңа технология.

      Оқыту үрдісіне білім, білік,  машықты  қалыптастырып,  ғылыми  негізде
білім беру жаңа инновациялық технологияларды меңгере отырып, оны  сабақтарға
енгізу мұғалімдер алдындағы өзекті мәселе  екені  анық.  Егеменді  еліміздің
білім беру саласындағы стратегиялық  мақсатын  басшылыққа  ала  отырып,  жан
дүниесі таза, рухани байлығы мол, ой- өрісі  жоғары  деңгейде,  шығармашылық
қабілеті   дамыған,   ұлттық    дарын    тұлғаны    тәрбиелеуде    Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә.  Назарбаевтың  2001  жылғы  2-ақпанда  өткен
Білім және Ғылым қызметкерлерінің съезінде: «Баршаға  білім  беру  моделінен
таңдауы бойынша білім беру  моделіне  көшу»  деген  сөзі,  қазіргі  заманның
мұғалімдеріне нақты міндет қойып отыр. Сондықтан жеке  дарын  тұлға  бойында
таным белсенділігін қалыптастырудың тиімді жолдарын  қарастыру  қажет,  яғни
жаңа педагогикалық технологияны меңгеру керек.
      Арнайы әдебиеттерде В.Г. Гульчевский, В.П.  Беспалько,  В.Т.  Фоменко,
т.б. педагогикалық технологиялардың бірнеше классификациялары берілген.
      Педагогикалық технологиялардың философиясы ізгілік, жеке  бастың  даму
теориясына негізделген.
      Г.К. Селевко педагогикалық технологияларды мәнділігіне,  қолданылуына,
ұйымдастырылуына қарай төмендегідей топтарға бөледі:
      1)  Қолдану  деңгейіне   қарай:   жалпыпедагогикалық,   пәндік,   жеке
әдістемелік, модульдік.
      2)   Философиялық   негізіне   қарай:    материалистік,    идеалистік,
диалектикалық, метафизикалық, ізгілікті, ғылыми, прагматикалық т.б.
      3) Психикалық дамудың жетекші факторына қарай: биогендік, социогендік,
психогендік.
      4)   Ғылыми   тұжырымдамасына   қарай:   ассоциативті-   рефлекторлық,
биховиристік, гештальтехнология, дамытушылық.
      5) Тұлғалық құрылымдарға бағытталғанына қарай: ақпараттық,  әрекеттік,
сезімдік, евристикалық, қолданбалы, өзін- өзі дамытушы.
      6) Құрылымдық және мазмұндық сипатына қарай: білімдік және  тәрбиелік,
жалпы және кәсіби бағытты, технокарттық және гумандық.
      Бастауыш   мектепте   қолданылып   жүрген   технологияларды   білімдік
өрістеріне қарай төмендегіше топтауға болады:
          1. Тілдік өріс. Бұл топ өте жас  кезден  бастап  кубиктер  арқылы
             жылдам оқуға үйретуге арналған Н.А.  Зайцевтің:  каллиграфияны
             дұрыс қалыптастыру,  сауатты  жазуға  үйретуге  арналған  Е.Н.
             Потапова және басқа да технологиялармен сипатталады.
          2. Математикалық өріс. Бұл топқа П.М.  Эрдниев  және  Б.П.Эрдниев
             т.б. жасаған технологияларды жатқызамыз.
         Қазіргі  кезде  қолданылып  жүрген  жаңа  педагогикалық  технология
негізіне мыналар жатады:
        - Әрбір оқушының жеке және дара ерекшеліктерін ескеру;
        - Оқушылардың қабілеттері мен шығармашылықтарын арттыру;
        -  Оқушылардың   өз   бетінше   жұмыс   істеу,   іздену   дағдыларын
          қалыптастыру.
      Енді осы жаңа педагогикалық технологияларға қысқаша сипаттама берейін.
      Ынтымақтастық  педагогикасы.  Оның   негізгі   мақсаты-   талдап   ету
педагогикасынан  қарым-  қатынас   педагогикасына   көшу,   балаға   ізгілік
тұрғысынан  қарау,  оқыту  мен  тәрбиенің  ажырамас  бірлігі.  Ынтымақтастық
педагогикасының ерекшеліктері мына төмендегідей:
        - Мұғалім- оқушы, оқушы- мұғалім, оқушы- оқушы.  Оқушы  да  субъект,
          мұғалім де субъект;
        - Оқушының жеке басына ізгілік қарым- қатынас;
        - Оқушы мен  мұғалім  арасындағы  өзара  түсунішілік,  ынтымақтастық
          қарым- қатынас.
      Білім   берудің   ізгілендіру    технологиясының    негізін    қалаған
Ш.А.Амонашвили. Білім берудің ізгілендіру  технологиясының  мақсаты-  баланы
азамат етіп тәрбиелеу, баланың  танымдық  күшін  қалыптастыру  және  дамыту,
баланың жаны мен жүрегіне жылылық ұялату. [1, 25]
      Мәселелік оқыту технологиясының негізгі мақсаты-  оқушыны  өз  бетімен
ізденуге үйрету, олардың танымдық және шығармашылық  икемділіктерін  дамыту.
Оның ерекшеліктері:
        - Оқушының белсенділігін арттыру;
        - Оқу материалдарында  баланы  қызықтыратындай  құпиясы  бар  мәселе
          туғызу;
        - Оқушы материалдарды сезім мүшелері арқылы қабылдап қана  қоймайды,
          білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгереді.
      Тірек  белгілері  арқылы   оқыту   технологиясының   негізін   қалаған
В.Шаталов болды. Бұл оқыту технологиясы төмендегідей мақсатты көздейді:
        - Білім, білік, дағдыны қалыптастыру;
        - Барлық баланы оқыту;
        - Оқытуды жеделдету.
      Тірек белгілері арқылы оқыту технологиясының ерекшеліктері:
        - Үнемі  қайталау,  міндетті  кезеңдік  бақылау,  жоғары  деңгейдегі
          қиыншылық, блокпен оқыту, тіректі қолдану;
        - Жеке бағдарлы қарым- қатынас, ықпал;
        - Ізгілік, еркімен оқыту;
        - Әр оқушының жобасының жариялылығы, түзетуге, өсуге, табысқа жетуге
          жағдай жасау;
        - Оқыту мен тәрбиенің бірлігі.
      Жаңашыл   ресейлік   мұғалім   С.Н.   Лысенкова   оза   отырып   оқыту
технологиясының авторы болып саналады. Бұл  технологияның  негізгі  мақсаты-
барлық  баланы  табысты   оқыту.   Бұл   оқыту   технологиясы   төмендегідей
ерекшеліктермен сипатталады:
        - Оқу материалдарының бірізділігі, жүйелілігі;
        - Саралау, әр оқушыға берілетін тапсырманың қолайлылығы;
        -  Бағдарламанаың,  кейбір  тақырыптарының  қиыншылығын  жеңу,  қиын
          тақырыптарды біртіндеп оңайлату әдісін қолдану, сабақты пысықтауға
          әуелі  озаттар,  сосын  орташалар,  ең  соңынан   нашар   оқушылар
          қатыстырылады;
        - Бірте- бірте дербестіке жету;
        - Сыныпта қалыпты жағыдай  қалыптастыру:  түсіністік,  өзара  көмек,
          ынтымақтастық қарым- қатынас;
        - Оқушының қателігін ескерту, бірақ еш жазғырмау;
        - Үй тапсырмасы тек әр оқушының мүмкіндігіне қарай беріледі;
        - Білім, білік, дағдыны дамыта меңгерту;
        - Түсіндіруді қабылдау.
      Міндетті нәтижелерге негізделген Ж. Қараевтың деңгейлік саралап  оқыту
технологиясы. Ол оқушының туа біткен ақыл- ой  қабілетінің  жеке  даму  жан-
жақтылығына  негізделген  білім  беру  жүйесі.  Деңгейлеп   оқыту   оқылатын
ақпараттың азаюы арқылы емес, оқушыларға қойылатын талаптардың әр  түрлілігі
арқылы жүзеге асырылады. Бұл технологияда бірінші орында оқушы  тұрады  және
оның өз бетімен білім алудағы белсенділігіне баса назар аударылады.
      Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып,
білім алуына жағыдай жасайды. Әр түрлі категориядағы балаларға бірдей  зейін
аударып олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
      Бұл әдіс оқушының  өз  бетінше  жұмыс  істеуіне,  сөйлеу  шеберлігінің
артуына бастауыш сынып оқушысының таным белсенділігінің артуына үлкен  ықпал
етеді.
      Деңгейлік саралап оқыту технологиясы төмендегідей ерекшеліктерге:
        - Білімнің базалық деңгейінің барлық оқушылар үшін міндеттілігі;
        - Оқушыларға берген тапсырманың саралануы:  тапсырма  оқушының  күші
          жететіндей және қолайлы болуы шарт;
        - Білімінң базалық деңгейі оқытудың жаңа  технологиясының  механизмі
          ретінде оқушының бірте- бірте  өрістей  дамуына  мүмкіндік  жасауы
          тиіс;
        - Оқушыға оқу деңгейін таңдауын ерік беруі;
        - Оқушы өз мүмкіндігіне орай тек міндетті деңгейден кем  емес  білім
          алуға ерікті.
      Компьютерлік (жаңа ақпараттық) оқыту технологиясы.
      Компьютерлерді  кеңінен  пайдалана   бастағанда   «жаңа   ақпараттаушы
технология» термині пайда болды.  Бірақ  та  педагогикалық  технологиялардың
бәрі  ақпараттаушы  технологиялар,  өйткені  технологиялық  үрдіс  негізінде
ақпарат  және  оның  қозғалысы  жатыр.  Компьютерлік  технология   дегеніміз
оқушыға компьютерлік техниканың мол  мүмкіншілігін  пайдалана  отырып  білім
беру.
      Жаңа  ақпараттық  технологияның  басты   тиімділігі-   бұл   мұғалімге
бастауыштағы  оқу  үрдісінің  құрылымын  түбегейлі  өзгертуге,  оқудағы  пән
аралық байланысты күшейте отырып, оқушылардың  дүниетанымын  кеңейтуге  және
жеке қабілеттерін көре біліп, оны дамытуға толық жағыдай жасауы.
      Жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі-  бұл  оқушыларға  өз
бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға,  ізденуге,
өз жұмысының нәтижесін көріп, өз- өзіне  сын  көзбен  қарауына  және  жеткен
жетістігінен ләззат алуға мүмкіндік беруі.
      Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық әлеуеті әсіресе  ән-  күйде,
ойын үстінде, техника  саласында  жаңа  бір  нәрсені  ашумен,  құрастырумен,
білумен байланысты көрінеді.
      Сондықтан да менің ойымша, бастауыш  сынып  оқушыларының  шығармашылық
қабілеттерін компьютердің және соған сәйкес компьютерлік ойындарды  (үйрету,
жаттықтыру, дамытушы) пайдалану арқылы толықтай қалыптастыра аламыз.
      Оған   психологтардың,   педагогтардың   зерттеулері,   бұл    жастағы
оқушылардың   компьютерге,   компьютерлік    ойындарға    деген    ынталары,
қызығушылықтары,  сондай-   ақ   компьютерлік   технологияның   орасан   зор
мүмкіндіктері және бастауышта дамытушы компьютерлік ойындардың  дидактикалық
мүмкіндіктерін зерттеуге арналған ғылыми- зерттеу дәлел бола алады.
      Модульдік технология  дамыта  оқыту  идеясына  негізделген.  Модульдік
оқытудағы негізгі мақсат- оқушының жеке тұлға ретінде дамуында  бұл  техника
мұғалім  мен  мектептің  біртұтас  жүйе  ретінде  белгілі  бағытта   дамуына
мүмкіндік беруі, оқушының өз бетінше жұмыс  істей  алу  мүмкіндігін  дамыту,
оқу материалын өңдеудің жекеленген тәсілдері арқылы жұмыс істеуге үйрету.
      Модульдік  оқытудың  өзегі-  оқу  модулі.  Оқу  модулі   ақпараттардың
аяқталған блогынан,  бағдарламаны  табысты  жүзеге  асыру  бойынша  берілген
мұғалімнің нұсқауларынан және оқушы іс- әрекетінің мақсатты  бағдарламасынан
тұрады.
      Модульдік оқыту білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс
істей  алу  мүмкіндігі,  оқудың  әдісі  мен   тәсілдері   бойынша   оқытудың
дербестігін қамтамасыз етеді.
      Дамыта оқыту технологиясының авторлары: Л.С. Выготский,  Л.В.  Занков,
Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов.
      Мақсаты:
        - Бала бойына еркіндік, мақсаткерлік,  ар-  намыс,  мақтаныш  сезім,
          дербестік,   адамгершілік,   еңбексүйгіштік,   белсенділік    т.б.
          қасиеттер дамыту, баланы оқыта отырып, жалпы дамыту.
      Дамыта  оқыту  технологиясы  жеке  тұлғаның  барлық  сапаларын   тұтас
дамытуға бағытталған. Ол дәстүрлі оқытуға балама жүйе. Оның  нәтижесінде  әр
оқушы өзін- өзі  өзгертуші  субъект  дәрежесіне  көтерілуі  көзделіп,  соған
лайықты жағыдайлар жасалады.
      Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы әлемнің түкпір-  түкпірінен
жиылған білім берушілердің бірлескен  еңбегі.  Тәжірибені  жүйеге  келтірген
Джинни Л. Ситл, Куртим С. Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізгі  Ж.  Пиаже,
Л.С. Выготский теорияларын басшылыққа алады.
      Мақсаты- барлық жастағы оқушыларға кез- келген мазмұнға сыни  тұрғыдан
қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін  таңдауға  саналы  шешім  қабылдауға
сабақтарда үйрету. Біздің елімізде Джордж  Соростың  ашық  қоғам  институты,
«Сорос- Қазақстан»  қоры  арқылы  келген  бұл  технология  орыс  және  қазақ
тілдерінде мектеп тәжірибелеріне ене бастады.
      Сын тұрғысынан ойлану- сынау емес,  шыңдалған  ойлау.  Бұл  деңгейдегі
ойлау тек ересек адамдарға, жоғарғы сынып оқушыларынағана тән деп ойлау  аса
дұрыс түсінік емес.  Жас  балалардың  да  бұл  жұмысты  дұрыс  ұйымдастырған
жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып,  белгілі  бір  жетістіктерге
жетері сөзсіз. Оған осы жобамен жұмыс жасау барысында көз жеткіздім.
      Аталмыш бағдарламаның ішкі құрылымында ерекшелік бар.  Бұл  құрылым  3
деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің  моделі.  Білімнің  болашақта  пайдаға
асуы,  қажетке  жарауын  қалыптастарады.  Көп  ақпаратты  талдай,   жинақтай
отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді.
      Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту,  мағынаны  тану,
ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі.
      Енді осы кезеңдердің мақсат- міндеттеріне  тоқталып өтейін.
      Қызығушылықты  ояту  сатысында-  бүгінгі  қарастырғалы  тұрған  мәселе
туралы оқушы не біледі, не айта алады, бұрыннан білетінін  еске  түсіру,  ой
қозғап, әсер етер кезеңі болады.
      Оқушылар өз топтарында еске түсіріп, талдап, ортаға  салады,  осылайша
шыңдалған ойлауға қадам басады.
      Мағынан  ажырату  сатысында-  нақты  тақырыпты  мұғалім  сұрақ-  жауап
арқылы, өз беттерімен ойларын айтуға, тапсырмалар орындауға бағыттайды.
      Ой тоғаныс  сатысында-  оқушы  не  үйренгенін  қорытып,  саралап,  оны
түсіндіру арқылы білім жинақтайды. әр топ сыни көзбен қарап, баға береді.
      І сатыда: «Топтау», «Суретке қарап болжау», «Түртіп алу» (Insert)
      ІІ сатыда: «Insert», «Елестету» т.б.
      ІІІ сатыда: «Венн диаграммасы», «Қос шеңбер», «Ұқсастық пен  даралық»,
«Галерея шарлау» т.б.
      Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін  мына төмендегі  шаралар  орындалуы
шарт:
   1. Сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек.
   2. Оқушыларға ойланып – толғануға; Ойын ашық айтуға рұқсат беру.
   3. Әр – түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау.
   4. Үйрену барысында оқушылардың белсенді іс- әрекетін қолдау.
   5. Кейбір оқушылар түсіп қалған қолайсыз жағдайларды әжуаға аналдырмау.
   6. Оқушылардың бір- бірінің жауабына  жасаған  сынының  дәлелді,  дәйекті
      болуын талап ету.
   7. Сын тұрғысынан ойлауды бағалау.
      Ал оқушылардың осыған байланысты:
        - сенімділікпен жұмыс жасау;
        - бар ынтасымен оқуға берілу;
        - пікірлерді тыңдау, құрметтеу;
        - өз пікірін ашық білдіруді талап ету қажет.
      Тек сонда ғана олар:
        - Мен осы мәселе туралы не ойлаймын?
        - Осы мазмұннан  алған  ақпарат  менің  бұрынғы  осы  мәселе  туралы
          білетініме сәйкес пе?
        - Маған бұл жаңа ойлар, идеялар қаншалықты әсер етті?
      Деген сауалдар төңірегіндей ойлауға үйренеді.
      Жоба 80- ге жуық стратегиялардан тұрады.
      Педтехнологияларды зерттеушілер  пікірін  тұжырымдасақ,  педагогикалық
технологияларға  сипаттама  беру  және  талдау  үшін  төмендегідей  белгілер
ескерілуі тиіс:
               1)  педагогикалық  технологияның  қабылданған  технологиялар
                  классификациясына сәйкестендірілуі немесе теңестірілуі;
               2) технология атаулының оқыту жүйесіндегі  идеясын,  негізгі
                  сапасын, ақырында оқу- тәрбие үрдісін қазіргі заманға сай
                  жетілдіретін негізгі бағытын бейнелейтіндей болып келуі;
               3) тұжырымдық бөлімнің болуы, білім беру  үрдісіндегі  оқушы
                  позициясының есепке алынуы;
               4) бағдарламалық- әдістемелік қамтамасыз етілуі.
      Ал педагогикалық технологияны сараптау мен бағалаудың ең басты  өлшемі
болып оның тиімділігі, нәтижелілігі және  қазіргі  заманға  лайықтылығы  мен
жаңашылдығы есептеледі.
      Жаңа технологияларды енгізу барысында  бастауыш  сынып  мұғалімі  нені
білуі керек?
   1. Жаңа технология көмегімен шешілетін мәселелерді;
   2. Жаңа технологияны қолдану арқылы алынатын нәтижелерді;
   3. Жаңа технология мәнін, алынатын нәтижелердің теориялық негізін;
   4. Жаңа технологияда мұғалім қолданылатын әдіс- тәсілдерді;
   5. Оқушыларды жаңа технологияда үйрету әдісі.
      Мұғалім не істей алу керек?
   1. Оқу бағдарламасының түрлендірілген нұсқаларын құрастыру;
        - Дамыта оқыту бағытында;
        - Модульдік курс үшін;
        - Әлеуметтендіру бағытында;
        - Ұжымдық жүйедегі оқыту;
        - Басқа да технологиялар үшін.
   2. Күнтізбелік- тақырыптық жоспарлау;
   3. Әр сабақты жоспарлау;
   4. Жаңа технология бойынша жүргізілетін әртүрлі типтегі сабақ жоспарларын
      жасау;
   5. Оқу модулін құрастыру;
   6. Модуль бойынша оқушылардың өзіндік жұмыстары үшін таратпалы материалды
      дайындау;
   7.  Модульдерге  байланысты  оқушыларға  арналған   өзіндік   тапсырмалар
      құрастыру;
   8. Оқушылардың топтық жұмысы үшін берілетін тапсырмаларды дайындау;
   9. Оқу жобаларының мазмұнын анықтау.
      Мұғалім қандай іс- әрекетті дұрыс ұйымдастыруы қажет?
   1. Жаңа  технологияда  пайдаланатын  жекелеген  әдістер  мен  тәсілдерді
      қолдану;
   2. Әртүрлі типтегі сабақтарды өткізу;
   3. Өткізілген сабақтарға талдау жасау, жіберілген кемшіліктердің жасырын
      себептерін анықтау.
      Сөйтіп, қорыта айтқанда, жекелеген  оқу-  тәрбие  бағытында  мектептің
ілгері дамуы ескірген, тиімсіз әдістерден арылып, бүгінгі  өмірге  сай  жаңа
технологияларды  қолдануға  тікелей  байланысты.  Бұл  үрдісті  ұйымдастыру:
біріншіден, педагогикалық технологиялар  банкіне,  яғни  олармен  қамтамасыз
етілуге, екіншіден педагогикалық технологияларды  таңдай  білуге,  үшіншіден
оны іске қосу механизміне негізделеді.
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық  технологияларын  меңгермейінше
сауатты, жан- жақты  маман  болу  мүмкін  емес.  Жаңа  технологияны  меңгеру
мұғалімнің зейін- зерделік, кәсіптік, адамгершілік және  басқа  да  көптеген
қасиеттерінің қалыптасыуна игі әсерін  тигізеді,  өзін-  өзі  дамытып,  оқу-
тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі

      5-дәріс. Оқу тәрбие процесіне  модульдік  оқыту  технологиясын  енгізу
тиімділігі.

      Білім  беру  саласында  жиі  көтеріліп   жүрген   мәселелердің   бірі-
оқушылардың өзін- өзі  басқаруға  үйрету,  жеке  тұлға  ретінде  жан-  жақты
дамыту.  Оқушы  санасына  білімді  жүйелі  түрде  меңгеруіне  және  оқушының
қабілет деңгейлерін дамытуда М.М. Жанпейісова «Модульдік оқыту  технологиясы
оқушыны дамыту құралы ретінде» еңбегінің маңызы ерекше екені мәлім.
      Жаңа  технология  әдістері   оқушылардың   шығармашылық   қабілеттерін
арттырып, өз бетімен  жұмыс  істеуге,  қорытындылар  жасауға,  жүйелі  білім
алуға жетелейді. Өйткені, модульдің оқыту технологиясында  оқытудың  әртүрлі
белсенді формаларын (топтық, жеке  топтық,  диспуттар  т.б.)  қоладнуға  мол
мүмкіндіктері бар.
      Модульдік оқыту технологиясының  ерекшелігі-  оның  білімді  меңгеруге
емес,  тұлғаның  танымдық  қабілеттерін  және  танымдық  үрдістерді,   яғни,
жадының алуан түрлерін (есту,  көру,  қимыл  және  т.б.),  ойлауды,  ынтаны,
қабылдау қабілетін арнайы  жасалған  оқу  және  танымдық  жағыдайлар  арқылы
дамытуға,  сондай-  ақ  тұлғаның  қауіпсіздігін,  өзін-  өзі  бекіту,  ойын,
танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға белсенді  сөздік
қорын (ауызша және жазбаша түрінде) дамытуға бағытталуы.
      Бұл технологияның тағы бір ерекшелігі- дарынды балалармен тұрақты және
жүйелі жұмыс істеу мүмкіндігі болып табылады.
      Модуль дегеніміз- қандай да бір жүйенің, ұйымның анықталатын,  біршама
дербес бөлімі. (С.И. Ожегов)
      Педагогикалық  технология  кәсіптік  қызметтің   ерекше   түрі   болып
табылады.жаңа  технология  әр  түрлі  пәннің   оқытушыларына   жұмыс   істеу
ерекшелігіне,   әдістемелік   тәжірибелерісіне   шығармашылықпен   қарауына,
жаңашыл тәжірибелерін және әдістемелерін кең пайдалануға мүмкіндік береді.
      Оқу модулі  оқу  циклі  ретінде  үш  құрылымды  бөліктен:  кіріспеден,
сөйлесі бөлімінен және қорытынды бөлімінен тұрады.
      Әр оқу модулінде сағат саны әр  түрлі  болады.  Бұл  оқу  бағдарламасы
бойынша сол  тақырыпқа,  тақырыптар  тобына  немесе  бөлінген  сағат  санына
байланысты.
      Оқу модулінің ерекшелігі- жалпы сағат санына қарамастан, кіріспе  және
қорытынды  бөлімдерге  1-2  сағат  беріледі.  Барлық  қалған  уақыт  сөйлесу
бөлімінің меншігінде болады.
      Кіріспе бөлімінде мұғалім оқушыларды оқу модулінің жалпы  құрылымымен,
оның мақсат- міндеттерімен таныстырады. Сонан соң мұғалім осы оқу  модулінің
барлық уақытына есептелген оқу материалдарын қысқаша (10- 20  минут  ішінде)
сызба, кесте және т.б. белгілік үлгілерге сүйене отырып түсіндіреді.
      Сөйлесу бөлімінде танымдық үрдіс сыныпты 2-6  адамнан  шағын  топтарға
бөлу арқылы негізінен оқушылардың өзара әрекет етуіне құрылған.
      Оқытуды ойын түрінде ұйымдастыру әртүрлі белсенді формаларды  қолдану-
оқытудың міндетті шарты болып табылады.
      Оқу модулінің Сөйлесу бөлімінде оқушылар білімін  бағалаудың  дәстүрлі
бес балдық жүйесін емес, тоғыз балдық жүйе қолданылады, бұл  оқушыларға  бір
деңгей  тапсырмаларынан  екіншісіне  жеңіл,  көңіліне  қояу  түсірмей  өтуге
мүмкіндік береді, өйткені әр деңгей ауқымында «өте  жақсы»,  «жақсы»  немесе
«қанағаттанарлық» баға алуға болады.
      І деңгей тапсырмалары дарындылықтың екі түріне-  интеллектуалдық  және
креативтік дарынды балаларға арналған.
      Үшінші «жеңілдетілген»  деңгей  тапсырмаларын  орындау  білім  деңгейі
төмен оқушыларға кейіннен жоғарырақ деңгей тапсырмаларына  көшуге  мүмкіндік
береді.  Тапсырмаларын  оқу  модулінің  орта  кезінде-  ақ  орындап   болған
оқушылар, қалауы бойынша мұғалімге  көмекші  бола  алады.  Олар  кеңесшілер,
жүргізушілер т.б. рөлдерді атқара алады.
      Оқу модулінің сөйлесу бөлімі оқушылардың өзін- өзі оқытуына және өзін-
өзі бағалауына, бірін- бірі оқытуына және бірін- бірі  бағалауына  құрылған.
Бұл әрбір оқушы үшін тек үш деңгейлік тапсырмалар ғана  емес,  олардың  үлгі
жауаптарын да даярлау арқылы іске асырылады.
      Бұл  технологияның  маңызды  шарты-  оқушылардың  кез-  келген  ғылыми
көздерді, оқулықтарды, оқу құралдарын пайдалануына болатындығы,  сондай-  ақ
ұйымдастырушы,  көмекші,  кеңесші  ретінде  мұғалімнен   жедел   кеңес   ала
алатындығы.
      Сөйлеу бөлімі сабақтарының  ұйымдастырылу  формасы  бойынша  әр  оқушы
өзінің қалай және немен шұғылдануы тиіс, сабақ  барысында  не  істеуі  керек
екенін біледі, өйткені мұғалім  балаларды  сабақтың  ережелерімен  (егер  ол
оқыта үйрету ойыны болса) немесе оның құрылысымен және жүру барысымен  алдын
ала таныстырады.
      Оқу бөлімінің қорытынды бөлімі- бақылау. Егер сөйлеу бөлімінің  барлық
сабақтарында оқушылардың  бір-  біріне  көмегі,  бірін-  бірі  оқыту,  түрлі
ғылыми көздерді пайдалануы құпталып  келсе,  енді  қорытынды  бөлімде  оқушы
өзінің сөйлеу  бөлімінде  алған  білімін,  білігі  мен  дағдыларын  ешкімнің
көмегінсіз көрсетуі тиіс.
      Оқушы  білімін  бақылаудың  формалары  ретінде  тестілік  тапсырмалар,
бақылау жұмыстары, сынақ, шығарма немесе диктант  оқу  пәнінің  ерекшелігіне
орай қолданылып, оқу модулінің осы қорытынды бөлімінде беріледі.
      Оқушылардың тақырып немесе тару  бойынша  білімін,  білігін,  дағдысын
бағалауда  оқу  модулінің  қорытынды  (бақылау)  бөлімінде  алған   бағалары
қойылады.
      Егер  сөйлеу  бөлімінде  оқушыларға  үш  деңгейдегі   («жеңілдетілген»
стандарт,  «стандартты»,   «стандарттан   жоғары»)   тапсырмалар   ұсынылса,
қорытынды бөлімде барлық оқушыларға  бірдей  мемлекеттік  білім  стандартына
сай тапсырмалдар беріледі.
      Модульдік оқытудың сөйлесу бөлімінде  ойындар  кеңінен  пайдаланылады.
Сөйлесу  бөлімінің  1,2,3  сабақтарында  «Қарлы  кесек»  ойынында   оқушылар
тақырыпты көру, оқу, сөйлесу арқылы  меңгеріп,  3,4,5  сабақтарында  «Брейн-
ринг» ойыны арқылы тақырыпты қай деңгейде меңгергенін  анықтаймыз.  Ол  үшін
оқушылар деңгейлі тапсырмалар орындайды.
      Модульдік оқыту технологиясының құрылымы:
        - Оқытудың жалпы мақсатын қою;
        - Жалпы құрылған мақсатты нақтыландыруға көшу;
        - Оқушылардың алдын- ала білім деңгейін бағалау;
        - Оқу әрекетінің жиынтығы;
        - Нәтижесін бағалау.
      Модульдік  оқыту  технологиясының  тағы  бір  ерекшелігі   оқушылардың
танымдық  қызметін  арттырады.  әрбір  оқушының  әр  сабақта  үш  күрделілік
деңгейде  берілген  оқу  материалын  ытңдау,  жазу,  көру,  айту  мүмкіндігі
болатындай етіп құрылады. Тапсырмаларды қарапайымнан күрделіге қарай  кезең-
кезеңімен  орындау  міндетті  емес.  Оқушыны   тапсырманы   өзінің   орындау
мүмкіндігіне қарй таңдауға ерікті.
      Модульдік оқыту технологиясының негізгі  тұжырымдамасы,  М.О.Т.  жұмыс
істеу үшін қажетті алғышарттар,  М.О.Т-  сын  оқу-  тәрбие  үрдісіне  енгізу
жолдары көрсетілген кестелер төменде келтірілген.


                           М. О. Т. Тұжырымдамасы
|Тұлғаның танымдық       |Дарынды балалармен      |Оқу материалын қайта    |
|қабілеттерін,           |тұрақты және жүйелі     |жаңғырты, қарапайым     |
|шығарма-шылық           |жұмыс істеу мүмкіндігі  |білік пен дағды         |
|қажеттіліктерін         |                        |қалып-тастыру, алынған  |
|қанағаттандыруға        |                        |білімді талдау,         |
|                        |                        |жинақтау, бағалау       |
|                        |                        |мақсатында оқытудың     |
|                        |                        |белсенді формалары      |
|                        |                        |қол-данылады.           |
|Оқушылар кез- келген    |Оқу үрдісі белсенді     |Білім стандарты бекіткен|
|деңгейдегі              |формаларды: топтық,     |оқу материалдарын       |
|тапсырмалар-ды өздері   |жұптық, ұжымдық қолда-ну|бар-лық оқушылардың жүз |
|таңдайды                |арқылы іске асады.      |пайызға  меңгеруін      |
|                        |                        |қамта-масыз етеді.      |


                     О. Т. жұмыс істеу үшін қажетті алғышарттар
|Оқу үрдісін   |Оқушылардың |Оның           |Білім       |Оқыту үрдісін    |
|интенсивтендір|сабақ       |ғылыми-әдістеме|деңгейлеп   |ізгілендіру мен  |
|уді жаппай    |бастылығын  |лік,           |беру        |демократияландыру|
|қолға алу     |болдырмау   |ұйымдастырушыға|технологиясы|ды үнемі         |
|              |шараларын   |үнемі талдау   |н игеру     |басшылыққа алу   |
|              |кешенді     |жасап, назарда |арқылы      |                 |
|              |түрде       |ұстау          |оқушыларға  |                 |
|              |қарастыру   |               |білімді     |                 |
|              |            |               |мемлекеттік |                 |
|              |            |               |стандарт    |                 |
|              |            |               |деңгейінде  |                 |
|              |            |               |игертуге қол|                 |
|              |            |               |жеткізу     |                 |

       Мониторингтік басқару жүйесі,  мұғалімдердің  білімі  мен  біліктілік
сапасы, кәсіби деңгейі және мониторингтік  бақылау:  сыныптар  бойынша,  пән
бойынша тоқсандық есеп, жылдық өсу деңгейі бойынша


         Модульдік технологиясын оқу- тәрбие үрдісіне енгізу жолдары
|Жаңалықты ендіруге стратегиялық және |Мұғалімдерді М.О.Т. меңгеруге       |
|технологиялық өңделген құжаттардың   |қолдануға деген қажеттілікті туғызу,|
|болуы                                |конструктивтік технологиялық жұмысқа|
|                                     |бағыттау                            |
|Технологияны қолдануға қатысатын     |Мұғалімдерді психологиялық          |
|оқушыларды және олардың ата- аналарын|әдістемелік тұрғыдан даярлау        |
|даярлау                              |                                    |
|М.М.              |«Ізленіс» клубы,  |Әдістемелік кеңес|Үйірме, дарынды  |
|Жанпейісова«М.О.Т |шығармашылық топ  |пән, айлық       |балалармен жұмыс |
|оқушының дамыту   |                  |                 |                 |
|құралы ретінде»   |                  |                 |                 |


      Осы технологиямен жұмыс істеген  әрбір  бастауыш  сынып  оқушысы  кез-
келген материалды дидактикалық тұрғыдан  талдай  білуге,  матеиралды  топтай
отырып,  қорытындылау,   ең   негізгісі   мен   маңыздысын   ажырата   алуға
қалыптастыратындығын  байқадық.  Яғни,  оқушылар  осы  технология  барысында
сөздік,  энциклопедия,  анықтамалық  алғы  сөздермен  жұмыс  жүргізе  білуді
үйренеді,  баспа  және  жалпыға  бірдей  ақпаратық-  техникалық   құралдарды
(үнтаспа,  теледидар,  компьютер  т.б.)  пайдалана  білуге  және  картотека,
жоспар,  реферат  құра  білуге   дағдыланады.   Оқушылардың   білім-   білік
дағдылары: өз ойын әдеби тілмен жеткізе отырып,  ғылыми  сөздерді  пайдалана
алу, аудитория алдына шығып сөйлеу, өз сөзінің  жоспарын  жаза  білу,  сұрақ
қою арқылы  нақты  дәлелдермен  тыңдаушының  көзін  жеткізе  білулері  жақсы
қалыптасады. Осы тұрғыдан келгенде бұл технологияның мектеп  оқушылары  үшін
үлкен маңызы бар.






                 6-дәріс. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы

      "Сыни ойлау" анықтамасына еш  келмейтін  ойлаудың  үшінші  түрі  -  ол
шығармашылық  немесе  кекейкесті  ойлау.  Сонымен  сыни  тұрғыдан  ойлау  үш
бөліктен түрады:
      Біріншіден,  сыни  тұрғыдан  ойлау  өзіндік  және  жеке  ойлау   болып
табылады. Ал сабақ сыни тұрғыдан  ойлау  принциптеріне  негізделетін  болса,
әркім өз  ойлары  мен  пікірлерін  және  бағалауларын  басқалардан  тәуелсіз
құратын болады. Біз үшін  басқа  біреу  сыни  ойлай  алмайды,  біз  барлығын
өзіміз үшін жасаймыз. Сонымен қатар ойлау өзіндік сипатқа ие  болғанда  ғана
сыни тұрғыдан ойлағандық болып есептеледі. Өз  бастарымен  жұмыс  істеп,  ең
қиын деген мәселені  өзі  шеше  алулары  үшін  оқушыларға  жеткілікті  түрде
бостандық берілуі керек. Мысалы оқушылар мұғалімнің айтқанын жаттанды  түрде
қайтып айтып беруі мүмкін.
      Сыни тұрғыдан ойлауда идеяның ерекше болуы міндетті емес:біздің  басқа
біреудің идеясы мен нанымын өзіміздікі етіп қабылдауға  толық  құқымыз  бар.
Біз тіптен, басқаның  пікірімен  келісуіміз  керек  болады  да,  бұл  біздің
құқымызды дәлелдейді. Сыни тұрғыдан ойлайтын адам басқаның көзқарасымен  жиі
келісе бермейді.
      Екіншіден, ақпарат сыни тұрғыдан ойлаудың соңғы емес, бастапқы  пункті
болып  табылады.  Білім  адамның  сыни   ойлауы   онсыз   мүмкін   болмайтын
дәлелдемелерді тудырады. Кейде "басында түк жоқ  болса  ойлау  қиын  болады"
деп айтып жатады ғой. Терең ойлау үшін фактілер мен  идеялар,  мәтіндер  мен
теориялар, мәліметтер секілді көптеген "шикізаттарды"  өңдеу  керек  болады.
Кейбір оқушылар өздерінің үйренгендерін көп есіне сақтай алмайды.  Сондықтан
оларға ескіден жаңаға жол салу керек.  Дегенмен  де  мұғалімнің  жұмысы  тек
сыни тұрғыдан ойлауға шектеліп қалмайды оқушылар ең қиын деген  түсініктерді
қабылдап, әр түрлі мәліметті естерінде сақтауға дағдыланады.  Сыни  тұрғыдан
ойлауға үйрету - мұғалімнің көп жақты жұмысының бір бөлігі ғана. Кез  келген
жаста сыни тұрғыдан ойлауға болады: бұл үшін тек  студенттердің  ғана  емес,
бірінші сынып оқушыларының да тәжірибелері мен білімдері жеткілікті.
      Үшіншіден, сыни тұрғыдан ойлау сұрақтар қойып,  шешімін  табуды  қажет
ететін мәселені анықтаудан басталады. Жалпы адамзат баласы тумысынан  білуге
құмар болып келеді. Егер біз жаңа  бір    нәрсені  байқай  қалсақ,  оның  не
екенін  білуге құмартамыз. Дегенмен нағыз таным  үрдісі  өзінің  кез  келген
кезеңінде   мәселелерді   шешу   мен   өзінің    жеке    қызығушылығы    мен
қажеттіліктерінен пайда болатын сұрақтарға жауап беруге деген    талпыныспен
сипатталады.
      Төртіншіден, сыни тұрғыдан ойлау  көңілге  қонымды  дәлелге  ұмтылады.
Сыни тұрғыдан ойлайтын адам мәселені шешудің жолын өзі іздеп табады да,  сол
шешімдерді негізі бар, саналы дәлелдермен нақтылай түседі.  Ойымызды  қорыта
келсек: инновация  жаңалық  енгізумен  байланысты.  Бірақта  зерттеушілердің
айтуы  бойынша  кез-келген  жаңалық  әрқашанда  да  жоғары  нәтиже   көрсете
бермейді.
      Бүгінгі таңда әрбір жаңашыл  ұстаз  үшін  оқу  және  жазу  арқылы  сын
тұрғысынан  ойлау  бағдарламасының  кез  келген  стратегиялары  құнды,   әрі
бағалы. Бұл стратегиялар оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып,  ұстаздың
тығырыққа тірелетін сәттерінен арылтады. Сабақтарда  екі  түрлі  түсініктеме
күнделігі, жұппен жұмыс жасалу керек. Сұрақ қою, ой  шақыру,  білім  көпірі,
бес жолды өлең, еркін жазу, білемін, үйренгім келеді,  білгім  келеді,  Венн
диаграммасы,   пікірталас,   ортаға   салыңыз,   Болжау,   Автор   орындығы,
т.б.стратегияларын  оқушылардың  мотивациясын  оятып,   ынталандыра   түсері
сөзсіз.  Сонымен  қатар  бұл  стратегиялар  оқушының  көзқарасын,  түсінігін
дамыта түседі, жалықтырмайды. Әсіресе мінезі тұйық, өз  ойын  еркін  жеткізе
алмайтын оқушыларға  аты  аталған  стратегиялар  үлкен  әсер  етіп,  өзгеріс
әкеледі.  Оны  күнделікті  сабақтардан  аңғаруға  болады.  Оқушыға  сеніммен
қарап, ой еркіндігі мен пікір айту еркіндігін  берсең  өз  тұжырымын  қорғай
білу, өз ойын, көзқарасын өзгелермен бөлісе білуге қалыптасады.
      Ой шақыру стратегиясында берілетін талқылама сұрақтар  оқушыларды  шын
мәнінде  білімге  қызықтырып,  белсенділігін   арттырады.   Сонда   оқушылар
берілген  кез  келген  тақырып   бойынша   өздерінің   әр   сабақтан   алған
білімдерімен  бірге,  естігендерін   (ересектерден,   ұстаздардан,   ақпарат
құралдарынан, достарынан, т.б.) көргендерін және  топшылаған  қорытындыларын
ортаға салу арқылы үйренуге ынталанады.
      Жаңа әдістерді сабақ үстінде  қолданғанда  сыныптарда  көп  өзгерістер
байқалады.
      Сабақ үлгерімдері  нашар  оқушылар  үшін  «Венн  диаграммасы»,  «Автор
орындығы»,  «Кері  байланыс»  стратегияларының  нәтижесі  жоғары  байқалады.
Оқушылардың елеусіз қалмауына, үнемі сабаққа  қатысуына,  бақылауда  болуына
және өзге балалармен қарым-қатынасқа түсуіне дұрыс бағыт деп айтуға  болады.
Өзін-өзі бағалай білу стратегиясы  да  оқушылардың  күш-жігеріне  сенімділік
береді.  Әсіресе  сынып  сағаттарында  да  оқу  әдістерін  қолдану   тиімді.
Оқушылар жұптаса отырып, екі түрлі тізім толтырады. Онда  бір  ғана  өзінің,
екінші бағынға қасындағы жұптасының жақсы жақтарын жазады. Болған  соң  бір-
біріне  оқып  береді.  Бұл  тапсырма  оқушыға  басқалардың  бойндағы   жақсы
қасиеттерді тани білуге, сын тұрғысынан  қарай  білуге  және  қуанта  білуге
үйретеді. Сын тұрғысынан ойлауды оқу мен жазу  арқылы  дамыта  стратегиялары
әр оқушының өзіндік қабілетіне, ойына, жеке  көзқарасына  зейін  қойып,  мән
беруге үйретеді.
      Осы мәселені шешуде негізгі атқаратын жұмыс-оқушыны өз  бетімен  жұмыс
жасауға үйретудің әдістемелік жолдарын қарастыруға болды.
      -тақырыпқа байланысты өз ойын дамытуға, ой-қозғау салуға  көмектесетін
мәтін алу.
      -мақсат қойып үйрету қажеттілігін ұғу.
      -мәтіннің тәрбиелік мәнін ашу
      -қызу пікірталасқа дағдыландыру.
      -өзінің, өзгенің пікірін тыңдай білу, бағалай білу
      -сұрақтарды нақты қоя білу
      -өзіне, біліміне сенімді болу
      -өз ойын жүйелі жеткізе білу
      -айналасына сеніммен қарау
      «Автор орындығы» стратегиясы оқушыны сенімділікке, өзін еркін ұстауға,
көпшілік  алдына  шығып   сөйлеуге,   ойын   жинақтауға   көмектеседі.   Бұл
стратегиялардың қай қайсысы болмасын, қызығушылығын  дамытады.  Пәнге  деген
өзгеше көзқарас қалыптасады.  Әр  сабақты  оқушымен  санаса  отырып,  жүйелі
жүргізуде  сын  тұрғысынан  ойлау  бағдарламасының  стратегиялық   бағыттары
ұстаздарға  үлкен  қолғабыс  тигізеді.  Оқушы  іс-әрекетке,  оның   дамуына,
өзгеруіне сын көзбен қарап, бағалауды үйренеді.
      Сын тұрғысынан ойлауды оқу мен жазу арқылы дамытқан дұрыс. Бұл әдістің
ерекшелігі-сынып оқушыларын жікке  бөлмей,  барлық  баланың  бірдей  дамуына
жағдай жасау. Педагогикалық технология-оқу мен жазу  арқылы  сын  тұрғысынан
дамыту. Расында да, сын  тұрғысынан  ойлау-  барлық  жастағы  балаларға  кез
келген әрекетке, мазмұнға сын тұрғысынан қарау, нақты дұрыс шешім  қабылдау,
өзі қабылдаған ұйғарымға деген сенімділіктің  болуы  болып  табылады.  Бұған
сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының стратегиялары көмектеседі.  Негізгі  үш
кезеңнен  тұратын  бағдарлама  әр  оқушының  қабілетін  ашуға,  ойын   еркін
жеткізуге, қызығушылығын оятуға ерекше мән береді.



                    7-дәріс. Деңгейлеп оқыту технологиясы


      Оқушылардың білім, білік, дағдыларын  жетілдіру  үшін,  оқытудың  жаңа
технологиясы бойынша, дифференциялды және  дербес  деңгейлік  принциптерінің
талаптарына  сәйкес   өткізілетін  әртүрлі  сабақ  түрлеріне  арналган  жаңа
тұрпаттағы оқулықтар мен оқу құралдары қажет.
       Бұлар:әңгімелесуші-оқулықтар  және  оларға  қосымша  төрт  деңгейдегі
тапсырмалар берілген жұмыс дәптерлері.
      Әңгімелесуші-оқулық  бойынша  оқушылар  жаңа  тақырыпты   өз   бетімен
меңгеріп, анықтама, ережелерін өзі шыгарады.
      Қарапайым  жаттығу-мысалдармен   оларды   бекіткеннен   кейін,   жұмыс
дәптерлеріндегі деңгейлік тапсырмаларды орындауға көшеді.
      Деңгейлік     тапсырмаларға,     мысалы      имформатика      пәнінен,
төмендегідей талаптар қойылады:
      Бірінші деңгейдегі тапсырмаларға:
   1) Жаттап алуға лайықталған болуы керек.
   2) Алдағы сабақта жаңадан меңгерілген білімнің өңін  өзгертпей  қайталап,
      пысықтауына мүмкіндік беруі тиіс.
   3) Тапсырмалар жаңа тақырып үшін  типті  және  өмірмен  байланысты  болуы
      керек.
      Жалпы техникалық пәндерде мұндай талаптар жаңа тақырыпты игеру соңында
шығарған есептерге  ұқсас  тапсырмалар  құру  арқылы  орындалады  және  олар
оқушының өзі шығарған ереже, анықтама, заңдарын бекітуге арналады.
        Мұндай  тапсырмаларды  құрастырған  кезде-олардың  танымдылығы   мен
қызықтылық жақтарына ерекше көңіл аударған жөн.
      Екінші деңгейдегі тапсырмаларға:
      1.Өтіп  кеткен  материалдарды   реттеуге   және   жүйелеуге   берілген
тапсырмалар.  Бұлар  өзгертілген  жағдайлардагы  тапсырмалар,  яғни  бұрынғы
тапсырмаларға ұқсас, бірақ оларды  орындау  үшін  алғашқы  алған  білімдерін
түрлендіріп  пайдалану   қажет   болады.   Мұндай   іс-әрекетке   келтіретін
тапсырмалар:  мәтінмен  берілген  кері  есептер;  кері  байланыс  функциясын
атқаратын тексеру тапсырмалары, т.с.с.
      2.Оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіруге берілетін тапсырмалар.
      Оларда  біздің  ұлттық  ерекшеліктеріміз  ескеріліп,   танымдық   және
үйретімділік маңызы болуы қажет болады.Бұлар:  логикалық  есептер,  ребустар
мен сөзжұмбақтар
Үшінші эвристикалық деңгейдегі тапсырмалар түрлері мыналар:
      1)танымдық     іздену     (эвристикалық)     түрдегі     тапсырмаларды
орындау барысында оқушылар жаңа тақырып бойынша меңгерген алғашқы  қарапайым
білімдерін  (заңдылықтар  шығару,  анықтамалар,  анықтамалар,   формулаларды
жаттау, т.с.с.) жетілдіріп, тереңдетумен қатар,  ол  тағы  да  жаңа  білімді
меңгеріп, өзі үшін жаңалық  ашуы  тиіс.  Эврика!  Мұндай  жұмыс  анализ  бен
синтез  және  салыстыру  арқылы  негізін  анықтау,  қорытындылау  сияқты  ой
жұмыстарын қажет етеді.
Мұндай есептерді шешу барысында  оқушылар  жаңа  есептерге  тап  болады  да,
проблемалық жағдай туындайды.  Оны  шешу  үшін  оқушы  жаңа  әдістер  іздеуі
керек.
      2)әртүрлі әдіс, тәсілдермен  шешілетін  есептер  құрастыру:  және  оны
өздігімен шығару, өмірден алынған мәліметтер негізінде диаграмма,  графиктер
салу,  жергілікті  жағдайда  өлшеу  жұмыстарын  жүргізу,  көрнекі   құралдар
дайындауға   берілетін   тапсырмалар.    Ой    қорытуға    арналған    дағды
қалыптастыратын тапсырмалар.
      3)Өздігімен шығару, өмірден алынған  мәліметтер  негізінде  диаграмма,
графиктер  салу,  көрнекі  құралдар  дайындауға  берілетін  тапсырмалар.  Ой
қорытуға арналған, дағды қалыптастыратын тапсырмалар.
Төртінші шығармашылық деңгей тапсырмалары:
      1) Оқушылардың  алған  өмірлік  тәжірибесі  мен  қалыптастырған  ұғым,
      түсініктерінің, қияли мен белсенді ой  еңбегінің  нәтижесінде  жаңаша,
      бұған дейін  болмаған,  белгілі  бір  дәрежеде  олардың  жеке  басының
      икемділігін  байқататын  дүние  жасап  шығуына  негізделген   (теорема
      дәлелдеу,  заңдылықтарды  оқулыққа  сүйенбей   мұғалімнің   көмегінсіз
      қорытып шығару). Сонымен, айтатын болсақ бұлар:
      Бірінші деңгей үшін - игерілгенді пысықтау мен қайталауға,  командалар
мен операторлар қызметін жаттауға арналған. Жоғары деңгейлер  үшін  -  алған
білімдерін  өз  бетімен  қорыту  мен   жүйелеуге     оларды,      тереңдетіп
дамытуға   және   тәжірибеде қолдануға арналған  тапсырмалар.  Оқытудың  осы
жаңа технологиясы жағдайында:
-оқушылардың     өздігімен     жүргізетін     танымдық     іс-әрекеті   үшін
тапсырмалар күнделігі төрт деңгей бойынша қарастырылып;
-оқыту-проблемалық принциптер бойынша жүргізіліп;
-барлық деңгейдегі тапсырмалар  қызғылықты  мазмұндалған  болса,  оқушыларда
ынталану пайда болады.
      Сондықтан да, жаңа технология бойынша сабақ беруші мұғалімдер,  үзіліс
кезінде де оқушылардың сабақтан  бас  алмайтындығын  байқаған.Оларға   өзара
бәсекелесе  отырып  жұмбак,  сөзжұмбақ, ребус  математикалық  басқатырғыштар
сияқты әр деңгейдегі тапсырмаларды шешіп,  өтіп  жатқан  тақырыптан  барынша
көп ұпай алуға тырысқан, себебі, ертен жаңа тақырып басталады.
      Нәтижесінде «екіліктер» жойылуымен қатар, «үштік» алып жүрудің өзі  де
ұят саналатын болған.Осы жерде, "үлгерімі  кейіндеп  қалып,  өз  құрбыларын,
белгілі  бір  себептермен,  қуып  жете  алмайтын  окушылармен  қалай   жұмыс
істеуіміз  қажет?  "  -  деген  сұрақ  туады.   Бұл   мәселенің   де   шешуі
қарастырылған.
Мұндай  жағдайда,  барлық  тапсырмаларды   мезгілінде   орындаған   оқушылар
үлгермеушілерге көмектеседі;
      Сыныптың басқа оқушылары өздігімен жұмыс істеп жатқан кезде мұғалімнің
де үлгерімі төмен оқушыларға дербес көмек  көрсетуіне  уақыты  табылады.  Ол
сынып оқушыларының өздік жұмыс  іс-әрекеттерін  тек  ұйымдастырып,  басқару,
жалпы бақылау жасау және балалардың  өз-өзін  бағалауын  бақылау  функциясын
атқарады.  Бұл  қалайша  жүзеге  асырылады?  Бізге  үйреншікті  бақылау  мек
бағалауға қарағанда  деңгейлеп  оқыту  барысындағы  бақылау  тек  бағалаудың
ерекшелігі неде?Деңгейлік  тапсырмаларды  енгізгендегі  басты  мақсат  сынып
оқушыларын "қабілетті" және "қабілетсіз" деп жасанды түрді әртүрлі  топтарға
болуді болдырмау. Осы арқылы  деңгейлік  және  дербес  оқыту  принциптерімен
қатар, барлық оқушыға қатысты, ізгілендіру принципі  де  сақталады.Денгейлеп
оқыту   барысында   оқушының    бірінші     деңгейдегі  тапсырмаларды  дұрыс
орындағаны  "есепке"  алынып  отырылады.  Қандай  оқушы   болмасын,   мысалы
өзінің жақсы оқитындығына қарамастан,  жұмысын  "оқушылық",  "міндетті",  1-
дегі деңгейдің, ол. үшін жеңіл болса да, тапсырмаларын орындаудан бастайды.
      Барлық оқушылар жұмысын бір мезгілде бастап; әрқайсысы білім игерудегі
өз қабілетіне қарай, өз билігіне жетеді  бұл  нақты  пән  бойынша  ең  нашар
үлгіретін оқушыга  тірек  білімін  ғана  Меңгеріп,  үй  тапсырмасын  орындау
барысында тек сүйікті пәні жоғарғы шығармашылық деңгейге  дейін  көтерілуіне
уақыт үнемдеуіне себеп болады.
       Нақтырақ айтсақ:
      Әр оқушының, әр пәннен 100 % үлгеріміне қол жеткізудің  кепілі  болады
және оқу пәнінің барлық тақырыбы  бойынша  ең  болмағанда  міндетті  бірінші
деңгейді игеруін  толық  жүзеге  асырады.  Бұл,  өз  кезегінде,  мемлекеттік
стандарттардың минималды талаптарының орындалуына кепілдік беріп,  Қазақстан
Республикасының Білім туралы Заңының талаптарына сай келеді,  және  дәстүрлі
оқытудағы оқушылардың артық жүктеме тарту проблемасын шешеді.
      Олардың әрқайсысы 1-ші деңгейлік тапсырмаларды орындауға міндетті және
жоғарғы деңгейлік тапсырмаларды орындау құқылы, Осылайша, бір деңгейден  бір
денгейге,  өз   білімін   біртіндеп   толықтыра   отырып,   өз   қабілетінде
жетілдіреді.  Бұл  жағдайда  жоғары  деңгейлік  тапсырмаларды   орындау   әр
оқушының күнделікті мақсатына айналады.
Деңгейлік  тапсырмаларды  дұрыс  орындағаны  үшін  оқушылар   сол   деңгейді
игергені сәйкес ұпай алады: бірінші деңгей үшін  -  5  ұпай,  екінші  деңгей
үшін - 15  ұпай,  үшінші  деңгей  үшін  -  30  ұпай.  Ең  жоғары  деңгейдегі
шығармашылықты қажет  ететін  тапсырмаларды,  әрине,  дарынды  да,  еңбекқор
оқушы орындай алады.
      Деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы көбірек  ұпай  жинап  көтеріңкі
баға  алуға  мүмкіндік  беріледі  және  дамыта  оқыту  принципі  орындалады.
Нәтижесінде  оқушылардың  табиғи  қабілеттері  мен   дарынды   қасиеттерінің
ашылуына жақсы жағдай жасалады.
 Сонымен, әр деңгейдегі тапсырмаларды  оқушы  жанында  ілулі  тұратын  жалпы
ведомосқа және өздеріндегі арнайы деңгейлік  жұмыс  дәптерлерінің  соңындағы
ведомосқа (шеңбер) -мен белгілеп отырады.
      Бұл оқушылар арасында, олардың бір-бірінің үлгерім деңгейлерін бақылап
отыра алатындықтарынан,  өзара  жұмыс  тудырады.  Бірақ,  оқушылардың  өзара
көмегіне және мұғалім тарапынан демеп жіберуге жол беріледі.
  Сондықтан  бақылау  мен  бағалау  ішкі  бақылау  мен  ішкі  бағалау  болып
табылады. Сабақ дұрыс орындалған барлық  тапсырмалар  үшін  табылады.  Сабак
дұрыс  орындалған  барлық  тапсырмалар  үшін  жинаған  ұпайларды  есептеумен
аяқталады.
Жинаған  үпайларын  оқушылар  2-ші  кестеде  әр  сабақтың  соңында  нүктемен
белгілеп отырады.
      Осы  нүктелердің  арасын  түзу  сызықтармен  біртіндеп  қосса,  график
шығады. Ол - оқушының  даму  мониторингі  деп  аталады.  Мониторинг  бойынша
мұғалім кезекті тақырыптық  бақылау  жұмысының  алдында  әр  оқушының  өткен
материалды қандай деңгейде  меңгерген  қадағалап,  үлгермеушілермен  қосымша
жұмыс жүргізеді.
      Тақырыптық бақылау жұмысы да әр деңгейлі тапсырмалармен беріледі.  Бұл
жағдайда ол бөгде біреудің көмегінсіз, шпаргалкасыз орындалады және  мұғалім
тарапынан  оқушылар  қатаң  бақыланып,  өздерінің  нақты  алған  білімдеріне
тиісті ұпайларын алады.
      Осындай бақылау мен бағалауды біз  сыртқы  бақылаумен  сыртқы  бағалау
ретінде қарастырамыз.  Бұл  ұпайлар  да  оқушылардың  даму  мониторингтеріне
белгіленеді.
Оқушының даму мониторингі,  оның  жеке  басының  қабілегіне  қарай,  тақырып
бойынша игерген білім сапасының объективті сипатын көрсетеді.  Осы  жағдайда
оқушының даму деңгейі - басқалармен емес, уақыт өткен сайын, өзімен  -  өзін
салыстыру арқылы анықталғандықтан, ол  оқушыларға  деген  ізгілік  қатынасты
көрсетеді.
      Бағалау жүйесінің негізі  болып  оқушы  білімнің  ең  төменгі  деңгейі
алынады және ол деңгей мемлекеттік стандарттың ең  төменгі  талабына  сәйкес
келеді.
 Бұл деңгейдегі тапсырмаларды дарындылығына  да,  бейімділігіне  де,  жоғары
даму  деңгейіне  де  қарамастан  оқушылардың   барлығының   дұрыс   орындауы
міндетті.
      Сонымен, саралап, деңгейлеп оқыту технологиясының  принциптері-оқытуды
ізгілендіру  мен  демократияландыру  жағдайында,  өздігімен  даму   бағдарын
анықтап, дамитын  және  өздігімен  дұрыс  шешім  қабылдай  алатын,  өзін-өзі
жетілдіріп өсіруші, өзін-өзі тәрбиелеуші тұлға қалыптастыруға болады.






                     8-дәріс. Дамыта оқыту технологиясы

      Бүгінгі таңда мектепте бастауыш  сынып  оқушыларын  оқытуда  негізінен
"Дамыта   оқыту"   технологиясы   басшылыққа   алынады.    Себебі    қазіргі
оқулықтар"Дамыта оқыту" технологиясына негізделе жазылған.
      Сондықтан   әрбір   бастауыш    сынып    мұғалімі    "Дамыта    оқыту"
технологиясындағы   сабақтың   қүрылымын,   әдіснамалық   негіздерін   толық
меңгеріп, өз іс-тәжірибесінде шығармашылықпен қолдана білуі тиіс.
I. Бағдарлау -мотивациялық кезең.
Бул кезең - оқу міндеттерін (ОМ) қою кезеңі. Дәстүрлі педагогикалық үй  тап-
сырамасын тексеру барысының орныңа алынған бул  кезең  іштей  екі  Құрылымға
бөлінеді.
   1. Оқушылардың білімдерін бір деңгейге алып келу.
Оқушыларды жаңадан түсіндірілетін  тақырыпқа  логикалық  бірізділікпен  алып
бару үшін, өткен сабақтың материалымен тығыз байланыстыра  отырып  жаңа  та-
қырыпты игеруіне қажетті тірек білімдердің барлығы актуалдандырылады.
      Оқушылардың барлығын бірдей деңгейге жеткізіп алу үшін  мұғалім  алдың
ала оқушылардың есіне  түсіретін,  толықтыратын,  бірдей  мәреге  жеткізетін
тетік сурақ-тар мен тапсырмалар даярлайды.
      2. Оқу міндеттерін (ОМ) айқындау.
      Оқушыларға мазмұндық жағынан тізбектеле кұралған сұрақтар легі  арқылы
мұғалім оқушылардың өздеріне ОМ анықтауға басшылық жасайды. Соның  негізінде
оқушылардың жаңа  тақырыпқа  қарай  бет  буруына  жағдай  жасайдыдағы,  жаңа
тақырыпты танып-білу мотивациясын қалайды.
      Негізінде осы екі құрылым арқылы I кезеңде  7-8  тапсырма  орындалады.
Соның ең соңғысында оқушыға  сурақ  қойылады  немесе  тәжірибе  көрсетіледі.
Оқушы неге таң қалады?
       Өйткені, оқушыға соңғы тапсырма мүлде таныс  емес,  Шынды-ғында,  бұл
сұрақ өткеннен  туындап  тұрады.  Ал  мұғалім  өткен  мен  әлі  өтілген  оқу
материалын шебер байланыстырып сұрақ қою арқылы  оқушылар  үшін  проблемалық
жағдаят туғызады.
      Проблемалық жағдаяттар туғызу - сабақтың ең күрделі де маңызды бөлшегі
болып табылатындықтан, бұл  сәттің  айқыи  өтілуіне  үлкен  мән  бере  қарау
керек.
      Өйткені, басты тетік  осы  проблемалық  жағдай  туғызуда  жатыр.  Жаңа
тақырып-ұтың  сәтті  меңгертілуі  осы  түйінделген  проблемалык,  жағдаяттың
қалай және қандай мазмұнда жасалғандығына тікелей байланысты.
Мұғалімге біз бұл сәтті былайша түсіндірер едік.
      Оқушылардың білетін  біліміне  сүйене  отырып,  жетекші  сұрақтар  мен
тапсырмалар арқылы біртіндеп  тереңдей  берген  проблемалық  жағдаят  туғызу
сәтін мүғалім тұтас бір көрініс ретінде оқушыларға сезіндіруі керек.
       Оқушылардың осы сәтті сезінуі  мұғалімге  олардың  таңғалысымен,  кез
болған проблеманы шеше алмаған қиналысымен  танылады.  Мундай  ерекше  сәтті
туғызуда бастауыш сынып мұғалімі сол пәннің  ішкі  заңдылықтарын  тауып  ала
білуі керек және  мұғалім  сол  сәтті  озінің  эмоционалдығын  қоса  жұмсауы
керек.
      Туындаған проблемалық жағдаят  оқушыларды  осыны  туғызған  себептерді
іздеуге күшті түрткі болады. Ал мұғалімнің сезімге толы сөзі  мен  түсіндіру
барысы оқушылардың танымдық. ізденімпаздық қабілеттерін оятып,  іске  қосуға
күшті фактор ретінде қызмет атқарады.
      XХІ ғасыр Педагогикалық   технологияның  бір  түрі  —  сын  тұрғысынан
дамыта   оқытуда баланың ізденушілік зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру  алға
қойылады.
      Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін  амалдары  мен  тәсілдерінің
жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін түсінетідей жағдайға  жағдай  керек.
Содан барып оны білім алуга ынта-ықыласы артып, әрекетенеді.
      Сабақ 3 құрамдас бөліктен тұрады:
1.  Оқу мақсаттарының қойылуы.
2.  Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру.
3.  Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.
      Бұл үшеуі дамыта оқытудың Д.Б.Эдьконип, В.В.Давыдов жасаған  жүйесінің
негізгі компонеттері.
      Оқушыларға ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу, талқылау мен
жинақтау арқылы жүзеге асады. Ал мұғалім тек ұйымдастырушы. бағыттаушы.
      Шешім табылған кезде әркім  оның  дұрыстығын  өзінше  дәлелдей  білуге
үйретіледі.  Әр  оқушыға  өз  ойын.  пікірін  айтуға   мүмкіндік   беріледі.
жауаптары тыңдалады. Әрине жауап үнемі дұрыс бола бермес.
       Дамыта оқыту жүйесінің тағы бір ереқшелігі  сынып  оқушыларын  жақсы-
жаман деп бөлмей. олардың жетілуі дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуы тиіс.
      Әр оқушының өз қабілеті жеткен жерге дейін еңбек  етті  ойластырылған.
Сол арқылы ол өзін дамыта алады. Мұғалім мен оқушының арасында жақсы  қарым-
қатынас туады.Ол  үшін  баланың  жауабы  мұқият  тындалып,  дұрыс  мақталып.
катесін ептеп түзету керек. Сын тұргысынаи  дамыта  оқыту  сынақ  емес.  ой-
өрісті шыңдау.
      Белгілі бір  идеяларды  қабылдай  отырып.  оның  неге  қатысты  екенін
зерттеу. Сын тұрғысынан  ойлау бағдарламасы:  1).  қызығушылықты  ояту;  2).
мағынаны талдау; 3). ой толганыс кезеңдерінен түзіледі. 1  1.  Қызығушылыкты
ояту: үйрету үрдісі - бұрынғы
      Қай заманда да мектеп  қоғамның  әлеуметтік-экономикалық  және  мәдени
салаларындағы өзгерісгерге икенделіп отырған. Жаңа  кезеңге  бет  бұру  оңай
емес. Рухани жан дуниесі бай,  халқын  сүйген,  ата-баба  жерін  қадірлейтін
ұрпақ қана болашақ тірегі бола алады.
      XXI ғасыр білімділер ғасыры болмақ Білімділерді аялап тербетер, баптап
өсірер тәрбие ксрек.
      Еліміздің қоғамның экономикалык, саяси-мәдени  дамуына  үлес  косатын.
әлеуметтік цивилизацияға көтерітетін, қарасатын, денсаулығы  мықты  азаматты
төрбиелеп  шығару — мектептің. ұстаздар  қауымының  бүгінгі  тандағы  жетпес
міндеті.
      Сондықтан, мұғалімнің алға қойған маңызды  міндетінің  бірі  —  талабы
таудай жеке түлғаны іздеп табу. оны  өсіру.  Әр  оқушыдан  қабілетін  танып-
біліп, дамытып адам дәрежесіне жеткізу  "үшін,  жаңашыл  жұмысқа   бет  бұру
керек.
      Қазіргі педагогика теориясына елеулі өзгрістер еніп,  жаңа  көзарастар
пайда болды. Әрі білім беру құрылымында жаңа технология өмірге келді.
      "Технология дегеніміз — қандайда болсын істегі, шеберлікіегі. өнердегі
адамдардың. ал,  педагогиакалық  технология  —  педагогикалық  мақсатқа  қол
жетудегі  қолданылатын  барлық  қисынды  ілім   амалдары   мен   әдістемелік
құралдардың жүйелі жиынтығы"', - деп түсіндіреді  В. Кларин.
      Педагогикалық  технология  тәжірибеде  жүзеге   асатын   педагогикалық
жүйенің жобасы.  Ал,  педагогиикалық  жүйе  -  дара  тұлғаны  қалыптастыруға
бағыталған. белгілі  бір  мақсатқа  жету  жолындагы  арнайы   педагогикалық,
ықпалды ұйымдастыруға қажетті өлшем.  байланыстарын  әдістердін,  құралдарын
жиынтығы.
      Олай болса, дәл қазір бізге  осы  педагогикалық  технологияны  дамыту.
оның практикада пайдалану шарт.
Шаталов технологиясының әдістемелік жүйесі
     Шаталов технологиясының принципі:
1. Үздіксіз   қайталау,     кезеңдік    бақылау,     ірі    блоктар  бойынша
оқыту,   тірек  сигналдарын  пайдалану,   әрекет негізіне бағыттау.
2. Жекелей әрекет жасау.
3. Ізгілікті қарым-қатынаста болу.
4. Күш түсірмей оқыту.
5.Жетістіктің  жариялылығы,   түзету,   өсу   жетістікке   жетуге   жетелеу,
болашаққа жол ашу.
6. Тәрбие мен оқытуды байланыстыру,
Мақсаты:
1. Білм, білік дағдыңы қалыптастыру.
2. Жеке ерекшеліктерін ескере отырып, барлық балаларды оқыту.
3. Жеделдете оқыту.
Ерекшелігі:
1.  Материалдар ірілендіріп беріледі.
2. Блок түрде беріледі.
3.  Оқу материалын тірек сызба, конспект арқылы беру.
      Жаңашыл  ұстаз   әдістемесінің   негізгі   элементтерінің   бірі-тірек
сигналдары. Бұл – игерілуге тиіс білімнің мазмұны кодталған  көрнекі  схема.
Көрнекілікке негізделген тірек сигналының жаңа  сабақты  тусінуді  және  оны
есте сақтауды женілдететіні белгілі болды.
      Әдетте сурет,  сызба,  схемалар  мектепте  игерілетін  білім  сипатына
сәйкес эпизодты қолданылады.
       Шаталоетық көрнекі  схемаларды  қолданудағы  жаңалығы  –  оларға  оқу
процесінде берілетін ерекше ролінде.
      Тірек сигналдарын қолдану теориялық білімнің кең көлемін игеруді, жаңа
тақырыптың  жекелеген  бөлшектері  жиыньығын  бірдей  қамтуды   жеңілдетеді,
олардың  арасында  байланыс  орнатуға,  салыстыруға,  материалды   логикалық
өңдеуге және оның ұзақ есте  сақталуына  көмектеседі,  білім  игеру  сапасын
құнде тексеруді, бағалау мен  өзін-өзі  бағалауды  қамтамасыз  етеді.  Тірек
сигналдары – оқыту процесінің тұрақты және   қажетті   компоненті.
      Тірек  сигналдарындағы  таңбалар  саны,  оларды  безендіру  ерекшелігі
(түсті  бояуды  қолдану,  фармалары,  сөздік   материалдары)   белгілі   бір
талаптарды қанағаттандыратандай болуы қажет: игеру мүімкіншілігі,  безендіру
мәдениеті, формалардың әртүрлілігі, сезмдік кұндылығы және т.б. Бұл  шарттар
көрнекі материалды қабылдау талаптарынан  туындайды.
      Тірек сигналдары оқытуда теориялық білімді іріленген  блоктар  түрінде
беру принципін іске асыруды қамтамасыз  етеді.
      В.Ф.Шаталов теориялық  түсінікті  іріленген  блоктар  түрінде  береді,
бұған программаның үлкен тараулары енуі мүмкін. Бұл жүйемен білім тек  терек
түсіну негізінде ғана жемісті болады.
        Сонымен  қатар  тірек  сигналдарында   түсініктер   маңызына   қарай
сыныпификацияланады (қызыл түспен–ең маңыздысы, жасылмен –  одан  төменірегі
және сол сияқты).
      Кернекілік  құралдарды  қолданудың  әр  түрлілігі,  тірек   сигналдары
мазмұныңың  абетрактылы  және   нақтылы   компоненттерінің   ұштасуы,   оның
маңыздылығы   бойынша   сыныпификациялануы   –   Шаталов   ұсынған   көрнекі
схемаларының ең маңызды ерекшелігі.
       Материалды көрнекі беру  негізгі  ұғымдарды  диференциялап  топтауды,
оларды талдаудың жалпы тәсілін бөлуді, олармен жұмыс жасауды жеңілдетеді.
      В.Ф.Шаталовтың  оқыту  методикасы,  негізінен,   жеті   психологиялық-
педагогикалык принциптерден түрады. Олардың әрқайсысының   мазмұның ашайық.
I. Теориялық білімді алдың-ала ірілендірілген  мөлшерде  беру,  алға  жылдам
жылжу   принципі.
      Оқытудың  дәстүрлі  жүйесінде  сабақта   оқушылар   жаңа   материалдың
микромөлшерін  ғана  оқып,  одан  соң  оны   пысықтау   және   есеп   шығару
жүргізіледі.
      Шаталов жүйесі бойынша курстың басында блоктарға  топталған  теориялық
материал  өтіледі.  Блоктар   дегеніміз   –   құбылыстар,   процестер   және
заңдылықтар  бір-бірімен  логикалық  біте  қайнасқан  жаңа  білімнің   үлкен
көлемді бөлшектері.
      Мұндай байланыстыру – мұғалімге программалық материалды блок құру үшін
қайтадан  құрастыруға  және  тірек  сигналдары  жүйесін  кодтауға  мүмкіндік
туғызады.
      Теорияның өзекті мәселелерінен басқа  ұсақ  сұрақтар  қарастырылмайды,
олар кейінірек не  жеке  қарастыралады,  не  кейінгі  сабақтарда  материалды
«жетілдіру» кезеңінде өтіледі.
       Бұл жаңа материалды жылдам  өтуді,  басты  мәселеге  көңілді  көбірек
аударуды, себеп-салдар байланысын түсінуді, яғни жаңа материалдың  құрылымын
тұтастай қабылдауды қамтамасыз етеді.
      Блокты немесе бірнеше блоктарды  оқытудан  соң  өзара  тексеру  сабағы
жүргізіледі, мұнда жұмыс қорытындыланады, оқушылар сұрақтарға  жауап  береді
және олардың әрқайсысына үлгірім  экраныңда  қорытынды  баға  қойылады.  «2»
қойылмайды.
       Бос клетка қалдырылады  және  оқушыға  өтілген  теориялық  материалды
қайта  тапсыруға  мүмкіндік  беріледі.  Одан  әрі  оқушылар  жалпылай   есеп
шығаруға  кіріседі.  Жол  жөнекей   анықталмаған   кейібір   ұсақ   сұрақтар
талқыланады.
      Тақырып  бойынша  «түзету-жөндеу  жұмыстары»   жүргізіледі.   Теорияны
оқытудан үнемделген уақыт оқулықтағы  есептермен  қатар  конкурстық  есептер
шығаруға   арналады.
      II. Жаңа сабақты    түсіндіруде  екі  рет қайталау  және  бірнеше  рет
түрлендіре қайталау негізінде білімді меңгерту принципі.
      В. Ф. Шаталов тұжырымы: «Оқыту үдерісінде оқушылардың творчествосы тек
терең және тиянақты білім негізінде ғана  ашылады.  Білім,  тек  білім  ғана
бірінші орында, ал творчество екінші».
      Жаңа сабақты түсіндіру ең кені екі рет жүргізіледі. Біріншісі дәстүрлі
әңгіме,  лекция,  көрнекі  кұралдар  пайдаланылған  эвриетикалық  әңгімелесу
түрінде өтеді.
      Оның мақсаты – барлығын талдау –  түсіну  (ұғымдарды,  кұру  логикасын
жане  т.  б.),  яғни  қабылдауды  және  ойлауды  қамттамасыз  ету.    Екінші
түсіндіру  қысқалау  және   жылдамырақ   тірек   плакат   (сигнал)   бойынша
жүргізледі. Плакатеыз да  кодоскоп  немесе  диапроектор  арқылы  проекциялап
жүргізуге болады.
       Сабаққа дейін тақтаның артқы бетінде  әр  туспен  кескінделген  тірек
сигналдары жазылып, қайталап түсіндіру кезеңінде ғана ашып көрсетіледі.
      Екінші рет қайталап түсіндіруде шектен тыс ұсақталу, ауытқу  болмайды.
Қайталау мұғалімнің айқын мазмұндауы бұл жүйеде  пысықтау  кезеңінің  орныңа
жүреді және дәстүрлі оқытудағы жаңа  сабақты  меңгеріп  үлгірнеген  оқушының
шала түсіндіруінен гөрі әлдеқайда пайдалы болады.
      Жаңа теориялық білім бірінші және  екінші  қайталауда  қаншама  ұғымды
түсіндірілгенмен,  барлық  оқушылар  оны  толық   игерді  және  мазмұндаудың
негізгі  тұстарын  есте  қалдыру  мүмкіндігі  толық  іске   асырылды   деуге
болмайды.  Онсыз  бұл  білімді  еркін  пайдалану,  практикада  кең   қолдану
мүмкін емес.
      Жалпы Шаталов әдісі бойынша теориялық жаңа  материалды  игеру  негізгі
алты кезеңнен   тұрады:
      1-ші кезең – мұғалімнің оқу материалын толық түсіндіруі;
      2-ші кезең – оны тірек  плакаттар  бойынша  қысқаша  мазмұндау,  мұнда
материалды «блоктық қабылдау» жүреді;
      3-ші  кезең  -  оқушылар  тірек   сигналдары   бар   беттерді   (тірек
плакаттардың  кішірейтілген  көшірмелері)  мұғалімнен  алып   танысады,   өз
альбомдарына желімдейді;
      4-ші кезең – оқулықпен және үй жағдайында тірек сигналдары бар  бетпен
жұмыс;
      5-ші кезең – келесі сабақта тірек сигналдарды жазбаша еске түсіру;
      6-шы кезең - жолдастарының ауызша жауабын тыңдау (тақта алдыңда немесе
орныңан).
      Шаталовтың әдістемесі бойынша жаңа сабақты түсіндіру кезінде  оқушылар
ешнәрсе  жазбайды,  тек  тыңдайды  (психолоттердің   зерттеу   қорытындылары
бойынша қос кабаттасқан психологиялық іс-әрекет тиімсіз). Осы  әдістемемемен
орта және жоғары кластарда жаңа  тақырыпты  мазмұндаудан  соң  бұл  материал
бойынша жаттығулар шығарылмайды, ал бұрынғы өткен материалдан – қанша  болса
да рұхсат.
      Өткен тараулар материалынан – қалағандарынша, ал жаңа тақырып  бойынша
ешнәрсе, Жаңа сақбақты екі рет мазмұндау  принципін  енгізгеннің  өзінде  іс
жүзінде әр  оқушының  жаңа  тақырып  бойынша  жаттығуларды  толық  қабылдауы
мүмкін емес.
Психологиялық тұрғыдан қарағанда, оқулық тексін мұғалімнің  мағыналық  өңдеу
тәсілдерін  қалыптастыруды,  тірек  сигналдарды  оқушылардың   өзіндік   іс-
әрекетін ұйымдастыру кұралдары мен мнемотехника тәсілдері ретінде  қолдануды
оқушылардың ой еңбегі мәдениетінің жалпы әдістерін  дамыту  деп  қарастыруға
болады.
       Шаталоетың бақылауы бойынша, оқушылар бұл тәсілдерді жаңа  текстермен
жұмыс жасағанда кең қолданатыны  байқалады.
      Шаталовтың оқушылардан сабақ сұрау әдісі де жаңа формалы белеенді  іс-
әрекетті  талап  етеді.  Игерілген  материалды  магнитофонға  ауызша  акырын
баяндау және ақырын  жауап  беру  (бір  сабақта  50  оқушыға  дейін)  сөйлеу
мәдениетін  және  оның  жүйелілігін   белеенді   еске   түсіру   тәжірибесін
арттырады.
      Ауызша  жауап  бергенде  оқушылар  тірек  сигналдары   бар,   беттерді
(магнитофон арқылы акырын сұрауда) немесе тірек плакаттарды  (тақтада  жауап
берсе) пайдаланады.
       Мұнда бірнеше ойлау операцияларын орындайды:  баяндау  жоспарын  есте
сақтау, өзінің баяндауы  тірек  сигналдар  арасындағы  байланысын  орнататын
материалдарды  өндеу.  Бұл  жаңа  терминдермен   жұмысты   жеңілдетеді,   өз
қабілетіне сенімділігін арттырады. Жазылғандарды оқушылардың  өзара  тыңдауы
және бағалауы  –  бұның  бәрі  белеенді  жауап  беруге  күнделікті  дайындық
қажеттігін  туғызады,  ал  тірек  сигналдарды   қолдану   дайындық   уақытын
қысқартады (сабақта 2С минутқа дейін).
      Оқулық материалындағы  білімнің  іріленген  бөлшектерін  игеру,  өзара
байланысын және жүйесін  анықтап  бөлу,  жазбаша  және  ауызша  еске  түсіру
оқушылардың оқулықпен жұмыс істеу белеенділігін арттырады.
      Шаталоевтың методикасы жаңа  материал  мазмұның  түрлендіре,  қайталау
жолымен әсте сақтауды қамтамасыз етеді. Бұл: үйде тірек  сигналды  оқулықтың
сәйкес бөліміне байланыстырып оқу, келесі сабақта тірек сигналдарды  жазбаша
қайталап  еске  түсіру,  оқулық  материалын  және  басқа  да   білім   көзін
пайдаланып тірек сигналдарға жан беру,  магнитофон  арқылы  (ақырын)  сұрау,
мұғалімге жауап беру,  өзара  тексеру  беттері  бойынша  жауап  және  т.  б.
қайталау түрлері және көптеген есеп шығару.
      Осы әдістеме бойынша оқылған  материалды  қайталаудың  ерекше  манызды
формасы - өзара тексеру беттерімен  жүргізілетін  сабақтар.  Шаталов  мұндай
сабақтарды 4-сыныпта 3 бетпен,  5-  сыныпта  2  бет,  6-  сыныпта  3  беттен
белгілі бір оқулық тараулары бойынша  жүргізеді.  Ол  беттер  бойынша  білім
тексеруді оқушылар өзара  немесе  консультанттар  (жоғары  сынып  оқушылары)
жүргізеді.
      Сұрау ойын түрінде жүргізіледі: егер оқушы сұрақтардың (30 – 40 сұрақ)
біреуіне жауап бермесе, басқа сұрақтарға  жақсы  жауап  бергенімен,  «3»-тен
артық баға қойылмайды.
      Ал мұндай жағдай егер екі рет кездессе, онда  ол  оқушының  партасынан
жалаушасы алынып, әрі қарай сұрау  тоқталады.  Мұның  бәрі  терең,  тиянақты
білгім қалыптастырудың негізін қалайды. Мұнсыз  оқушылардың  ойлауын  дамыту
мүмкін емес.
      III. Жоғары қиындық деңгейінде оқыту принципі. Бұл принцип  жаттығулар
типтерінде де, олардың қиындық дәрежесінде де  бірсарындылықты  жоюды  талап
етеді.
      Мұнда есеп күрделілігінің артуы тапсырманы жүйелі жеңілдету  тәсілімен
қатар жүргізілуі қажет, яғни мұның мәні мынада: күнделікті  қиын  есептерден
соң жеңілдеу есептер (бастапқыларына қарағанда күрделірек болса да)  шығару.

      Осыған қосымша белгілі  бір  жаттанды  жолмен  шешуді  қажет  етпейтін
(стандартты емес) есептерді (көп енбектенуді де қажет етпейтін) сабақта  да,
үйде де шығару. Ал осы есептерді  оқушылардың  шығара  алмайтыны  алдың  ала
белгілі болса да, беруге болады (барлығын шығару  қажет).  Қиындықты  жеңуге
тырысу белеенді іс-әрекетті туғызады.
      Оқушыларға күніне қанша есеп шығарам десе  де,  ерік  беріледі.  «Үйге
тапсырма» сөзі «мынадай есептер шығаруды  ұсынамыз»  сөзімен  алмастырылады.
Бақылау  жұмысы  тақырып  бойынша   емес,   оқылған   тұтас   курс   бойынша
жүргізіледі.






        9-дәріс. . Сорос орталығының стратегияларын тиімді пайдалану
      Болашақта өркениетті дамыған елдер қатарына ену  үшін  заман  талабына
сай білім қажет. Өйткені тәуелсіз Қазақстанның  дамыған  бәсекеге  қабілетті
50 елдің қатарында терезесін тең ететін  -  білім.  Сондықтан  қазіргі  даму
кезеңі  білім  беру  жүйесінің  алдына   оқыту   үрдісін   технологияландыру
мәселесін қойып отыр. Оқытудың  әртүрлі  технологиялары  зерттеліп,  жаңашыл
педагогтардың   іс-тәжірбиесі   зерттеліп   мектеп   өміріне   енуде.   Жаңа
технологияны  меңгеруде  мұғалімнің  жан-жақтылығы,  білімі  қажет.   Елбасы
Н.Ә.Назарбаев Білім және Ғылым қызмекерлерінің III съезінде:  "Мұғалімдердің
жаңа ұрпағы білім деңгейі жөнінен әлдеқайда  жоғары  болуы  керек.  Ол  үшін
жаңа формацияның педагогі қажет" деген.

















      Мектеп өміріне еніп отырған  жаңа  технологиялардың  ерекшелігі  -өсіп
келе жатқан жеке тұлғаны  жан-жақты  дамыту.  Инновациялық  білімді  дамыту,
өзгеріс енгізу, жаңа идеялар мен жаңалықтарды өмірге  әкелу.  Бұрынғы  оқушы
тек қана  тыңдаушы,  орындаушы  болып  келсе,  ал  қазіргі  өздігінен  білім
іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән береміз. Өйткені,
                                          Дүниетаным қабілеті жоғары


Дарынды
                Ізденімпаз, талапты
өнертапқыш

                                   Өз алдына мақсат қоя білетін болуы тиіс.
Осындай жеке тұлғаны дамыту  үшін  оқытудың  жаңа  технологиясы  қажет.  Оқу
үрдісінде осындай  әдіспен  оқыту  үшін  мұғалім  алдымен  өзі  оқып  біліп,
зерттеп,  тиімділігіне  оқытып,  өзінің  шеберлігіне  қарай  таңдауы  керек.
Мұғалімнің ерекшелігі соны таңдай білуінде. Өйткені  бір  технологияның  өзі
мұғалімнің қолдану әдіс-тәсіліне, шеберлігіне қарай жүзеге асады.
Д.В.Эльконин                                                     В.В.Давыдов
               В.Занков
                     "Дамыта                     оқыту                     "
                     «Дамыта оқыту
технологиясы
                                    жүйесі»


Ж.Қараев                                                Сын       түрғысынан
           И.Б. Первин
«         Деңгейліп         оқыту»                                     ойлау
          «Топтық оқыту»
       Осы технологиялардың тиімділігіне тоқталар болсақ:
      1.  Дамыта оқыту - жеке тұлғаны жетілдіреді, оның дамуына бағыт беріп,
   олардың   әуестік,    белсенділік,   адамгершілік,     батылдық    сияқты
қасиеттерін қалыптастырады.
      А.С.Выготскийдің "Білім  беру  тек  дамудың  алдында  болғаны  пайдалы
болады"  дегенін  ескере  отырып,  оларды  дамыта  оқытудың   бағдарламалық,
проблемалық, ақпараттық, т.б түрлеріне негіздеп күнделікті  сабақтың  тиімді
бөлімдеріне қарай бағдарлап оқыту қажет.
      2.  Деңгейлеп  саралау  -  мұғалімнің   де,   оқушының   да   белсенді
шығармашылық қызметін дамытады.
Сабаққа                                                        қызығушылығы
           Жеке қабілеті
артады
                                      Деңгейлеп                      саралау


                          айқындалады


Өз     бетімен      жумыс      істеуге                 Даму      мониторингі
Нақты   өз   деңгейінде   үйренеді                         айқын    көрімеді
                  бағаланады

      Бұл жөнінде "әр баланың өз деңгейі  болатындай,  әр  балаға  берілетін
тапсырманың көлемі оның деңгейіне лайықтап беріледі. Әр баланы  өзінің  даму
зонасында  жетілдіру  керек"  деген  А.С.Выготский  зерттеулері  өте  құнды.
Деңгейлеп оқытудың тиімділігі өте көп.
      3.  Топтық оқыту - бірлесіп жұмыс  істеуге,  өз  ойын  дәлелдеуге,  өз
пікірін қосуға үйретеді. Ұжымдық іс - әрекетке тәрбиелейді.
4.  Сын тұрғысынан ойлау - бұл кез-келген мазмұнды сынау емес, оны  зерттеу,
бақылау, талдау, әртүрлі стратегиялар арқылы өзінің  ойлау  негіздерін  сыни
тұрғыдан дамыту.

Еркін                ойлауға                мүмкіндік                 береді
       Ақыл-ойын дамытады


Оқу                мен                 жазу                 сауаттылығын
Шығармашылық белсенділігін
арттырады
                   арттырады
      Осы  педагогикалық  технологияның  ерекшелігіне  сүйене  отырып,  оның
тиімді әдіс-тәсілдерін жетілдіруге болады. Атап айтқанда:
      -   дарынды оқушыны дамытады, оқушылар шығармашылығын арттырады;
      - оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіріп, білім сапасын көтереді;
      - пәнге деген бейімділігі, қызығушылығы артады;
      Жаңа технологияның  арқасында  оқушының  белсендігі  артып,  жан-жақты
талдауға, өз ойын ашық айтуға, оқу мен жазу арқылы сын  түрғысынан  ойлауға
үйренеді,
      Осындай жұмыстардың нәтижесінде  бүгінгі  күн  талабына  сай  сауатты,
білімді оқушылар тәрбиелеуге болады. Ол үшін мұғалім көп ізденіп, көп оқып,
ізденіс үстінде болу керек. Баламен санаса білейік.
      Болашақ  мүғалімнің  инновациялық  даярлығы  үрлісінің  құрылысы  мына
сызбада ұсынылып отыр.
      Таңдалып        алынған           педагогикалық           технологияға
сәйкес  педагогикалық  технологияның  механизмі  анықталды.   Педагогикалық
технологияның жүзеге асу механизмінің білім сапасы , яғни,  оқыту  нәтижесі
алынады.
      Ал   оқыту   әдісінің   құрылысын   қарастырып,   онда   педагогикалық
технологияны пайдалану барысында оның құрылысы төмендегідей болады.
      Мұғалімнің  мақсатынан  мұғалімнің  іс-әрекеті  мен  оның  қолданатын
құралы анықталады. Ал мұғалімнің іс-әрекетінен  оқушы  ұжымының  іс-әрекеті
және  оқушының  жеке  басының  іс-әрекеті  туындайды.  Мұғалімнің   сабақта
пайдалынатын құралынан оқушы ұжымының құралынан оқушы құралы анықталады.
      Сонымен болашақ мұғалімнің педагогикалық технологияны меңгеру үрдісін
қарастырсақ, ол 4 кезеңнен тұрады.
      І  кезеңде  болашақ  педагогтар  өз  бетінше  сабақ  жоспарын  құруды
үйренеді:
      -сабақтың технологиялық картасын құру;
      -оқушы мен мұғалімдер әрекетін бөліп көрсету.
      ІІ  кезеңде  өзінің  жеке  авторлық  сабақ  жоспарын  құруды-сабақтың
технологиялық бағдарламасын жасайды:
      -сабақтың мақсат-міндеттерін,  формасын,  таңдалған  әдіс-тәсілдерін,
алынған технологияны ғылыми тұрғыда негіздеу;
      ІІІ кезең Микросабақ беру (студенттік дәрісханада сабақ өту)
      ІҮ  кезең  Микросабақты  талдау  педагогикалық  технологияға  қажетті
түзетулерді енгізу. Микросабақ  барысында  мұғалімнің  іс-әрекетіне  талдау
жасау, болашақ мұғалімнің кәсіби біліктілік дәрежесіне баға беру.
      Осыған  орай  педагогикалық  қызметке  ынтасы  жоғары,   білім   беру
саласындағы   үнемі   жаңарып   отыратын    өзгерістерге    икемді,    жаңа
технологияларды оқу-тәрбие үрдісінде қолдана  алатын  болашақ  мұғалімдерді
даярлау-оларды  педагогтің  жеке  тұлғасын  қалыптастыру  үрдісіндегі   іс-
әрекеттің нәтижесі болып табылады.






















































































                    10-дәріс. Нысаналы оқыту технологиясы

      Бүгінгі күні еліміздің білім беру саласында  ірі   өзгерістер  дүниеге
келіп, білім берудін дүниежүзілік жаңа сатысына  көтерілу  кезеңінде  түрлі-
түрлі реформалар жасалуда.
       Оқыту формасы бұрынгы білім беруді ғана нсгіз  еткен  дәстүрлі  оқыту
форма-сынан жекс тұлғаны қалыптастыру  формасындағы  сапалы  оқыту  жүйесіне
өзгерді. Оқыту барысы зерттеп үйрену іс-әрекетін басты форма ете отырып.
      Іс-әрекет барысында өзін-өзі басқару мен өзара әсерлесіп үйренуді іске
асыру ерекшелігіне ие болды. Мұғалім  оқыту  мақсатына  жету  үшін  оқулықты
жете түсіну  негізінде  оқыту  іс-әрекетін  мұқият  жоспарлауға  көшті  және
окушыларды зерттеп үйренуге ұйымдастырудың алуан түрлі әдістерін  колдануда.

      Бірақ,  барлық  мұғалімде  ортақ  оқыту  технологиясы   болмағандықтан
оқытуда біркелкілік сақталмай отырғаны жасырын  емес  ұл  оқушылардың  білім
алу сапасына ықпал етпей коймайтыны сөзеіз.
       Сондықтан қазіргі  сыныптық  оқытуға  үйлесетін,  оқушыларды  зерттеп
үйренуге ұйымдастыруға икенді. Нысаналы оқыту технологнясын пайдалану  қажет
деп санаймын әрі мұғалімдердің пайдаланып көруін  ұсынамын.
      Нысаналы оқыту технологиясы бүгінгі күнде дүние  жүзі  бойынша  тәлім-
тәрбне саласында орасан зор ықпал көрсетіп отырған технологиялардың бірі.
      Қазірде бұны АҚШ, Жапон, Қытай сынды көптеген дамыған елдер  өздерінің
білім беру саласында  кеніне  қолданады.  Нысаналы  оқыту  технологиясы  АҚШ
педагогы  және  психологы  Блумның  "Тәлім-тәрбие  нысанасын   түрге   бөлу"
теориясы мен "игеріп оқу" теориясы; негізінде қортындыланып жасалған.
        Анығырақ  айтқанда   Нысаналы   оқыту   дегеніміз   окыту   мазмұның
нысаналандыру, жүйелндіру, ғылымиландыру және оны  игерудің  әдіс-тәсілдерін
жүзеге асыру, сол аркылы  окыту  сапасын  жан-жақты  көтеру  мақсатына  жету
деген сөз.
      Нысаналы оқытуды теориялық жақтан түсіну  үшін  Блумның  "Тәлім-тәрбие
нысанасын түрге бөлу" теориясы мея "Игеріп оқу" теориясына  қыскаша  тоқтала
кеткен жөн.
      I. "Тәлім-тәрбие нысанасын түрге бөлу" теориясы Адам өмірінде істелуге
тиісті әрқандай бір жұмыс ол үлкен болмасын, кіші  болмасын  қандай  да  бір
нысынаға жетуді көздейтіні ақиқат. Дәл сол секілді окыту Жұмысы  да  белгілі
оқьіту нысанасына жетуді мақсат  ететіні  шындық,  екінші  сөзбен  айтқанда,
оқыту жұмысы өзі тәрбиелеп отырған  оқушының  болашақта  қан-дай  жетістікке
жетуін, қандай адам  болу  керектігін  алдың-ала  анықтап  алуы  қажет.  Осы
тұрғыдан келіп оқыту нысанасын Блум: таным  саласындағы  нысана,  сана-сезім
саласындағы нысана және әрекет шеберлігі (қабілет)  саласындағы  нысана  деп
үш салаға бөледі.
      Таным саласындағы  нысана дегеніміз  оқушының  үйренген  білімін  есте
сақтау және қайталай тану барысындағы ақыл-парасат пен қабілеттің  калыптасу
нысанасын,  яғни,  білім  алу  мен  қабілетті  дамыту   жағындағы   нысананы
көрсетеді.
        Сана-сезім    саласындағы  нысана   қызығушылык,   мінез,   кұндылық
көзқарасі, сондайақ бейімділік қабіті    жағындағы    нысананы, яғни   ақыл-
парасатқа  жатпайтын  факторлар  жағындағы  нысананы   көрсетеді   іс-әрекет
шеберлігі саласындағы нысана  дегеніміз  -  меңгеру  және  әрекет  шеберлігі
жағындағы  нысананы көрсетеді.
       Блумның еңбегі  оның оқыту нысанасын  белгілі өлшем бойынша  тәртіпті
түрде жүйелеп айқындық пен  жүйелілік  қалыптастыруынан  көрінеді,  Ол  бұны
АҚШ-тың тәлім-тәрбие ісіне  мұқият зерттеу жүргізу аркылы қол  жеткізді  әрі
бұл еңбегі  Блумның әлемдегі атағын да асқтата түсті.
      Бұрын жұрт бір адамның  үйрену жағдайын  тексергенде  оның  тек  алған
біліміне ғана назар аударатын, ал Блумның  таным  саласындагы  нысанасы  бес
жақты үсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау) қамтиды, яғни,  оқушылардың
 әр түрлі  қабілеттерін  жетілдіру  .нысанасын  алға  кояды.  Бұл,   бұрынғы
көзқараска өте ылғары көзкарас екені. айкын.
      Сондықтан қазіргі кезде бүкіл дүние  жүзінің  білім  беру  саласы  осы
көзқарасты ұстанып, оқушылардың  қабілетін  жан-жақты   тәрбиеледі  дәріптеп
келеді. Білім теориясы  оқушыны  бағалаудың  ортақ  мойындалған  өлшемін  де
ортаға қояды.
      Бұл шем  мұғалімдердің  өзара  тәжірибе  алмасу  қызметі  мен  бағалау
кызметін де алға бастырады.
      Сөйтіп, бағалаудың айқын нысанасы орнатылды. Блумның таным саласындағы
оқыту нысанасы  бүгінгі  күні  көптеген  елде  оқытуды  бағалау  мен  оқулық
жасаудың негізгі іргетасына айналды.
      ІІ "Игеріп оқу" теорясы "Игеріп оку" теориясы дегеніміз сыныптық окыту
кезінде үздіксіз  кері  байланысқа  шығу  және  дер  кезінде  түзету  жасау,
оқушыларға қажетті үйрену уақытын беру және  көмектер  көрсетіп  отыру,  сол
арқылы көп  санды  оқушылардың  оқулық  нысанасы  белгіле-ген  өлшемге  жету
түрасындағы теория.
      Бұл өз ішіне екі мазмұнды қамтиды:
(1)      оқыту     мен     оқуда үміткерлік сезімін туғызу.
(2)   оқытуды өнімді  түрде  дербестендіріп,     көп      санды  оқушылардың
жақсы үйренуіне көмектесу.
"Игеріп оқу" теориясы өте өнімді  оқыту  тәсілі  саналады,  оның  ең  өзекті
мәселесі - көп санды оқушылардың айтарлықтай үйрету нәтижесіне  жете  алмауы
олардың   ақыл-парасат   жағындағы    кеніст-ігінен    емес,    қайта,    өз
ерекшсліктеріне сай келетін үйрену уакыты мен оқыту  көмегінің  жетіспеуінен
болады, егер мектеп оларды лайықты  үйрету  шартжағдайымен  қамтамасыз  етее
болғаны, басым көпсанды оқушылар оқытқан нәрселерді  игере  алады,  оқытудың
міндеті - тек қана оқушыларға оқыған пәнін  игеруге  қажетті  материалдармен
қамтамасыз ету деп қарайды.
"Игеріп оку" теориясының  іс  жүзіндік  манызын  мынадай  бірнеше  жактардан
көруге болады:
      1. Мұғалімнің  оқушы үйретуіндегі көмекші  күшін  сезінуіне  мүмкіндік
береді. Әрбір оқушыны жақсы оқи  алатындығына  сендіреді,  мұғалімде   оқыту
үміті,  оқушыда оқу  сенімі болады.
      2.  "Игеріп   оқудың"   сәтті болу-болмауы  оның  "кері  байланыс  пен
толықтыру"  барыстарының  сәтті  орындалу-орындалмауына  байланысты.   Блум:
дәстүрлі     сыныптык оқытудағы ең басты қайшылық - біртұтас оқыту мен  жеке
қажеттілік   арасындағы   қайшылық,   бұл  қайшылық  кей оқушылардың  үйрену
қызьғушылығын  жояды,  ал   дербес  оқытудағы  "дер  кезінде  кері  байланыс
орнату,  толыктыру,  үйренуді  дұрыс   жолға   салуды"   сыныптағы   оқытуға
шеберлікпен  колданса,  қызықты  оқыту  ортасы  калыптасып,  біліміне  карай
оқыту, барлық окушыны  негізге  алу  сынды  көзқарасты  іске  асырып,  оқыту
сапасын  жан-жақты көтеруге жол ашады деп санайды..
      3.  "Игеріп оқу" - "Тәлім-тәрбие нысанасын   түрге  бөлу"     теориясы
анықтаған окыту нысанасына сан  жүргізіледі.    Бұл    мұғалімнің  оқытудағы
сұрақ қою, түсіндіру, жаттығу орындату, тексеру  жүргізу  барысындағы  білім
мен біліктік  қатынасын  толық  меңгеруге,  қателіктерден  сақтануға  немесе
түзетуге,    оқушылардың    ұқсамаған  сатыдағы   үйрену   өресіне   жетуіне
пайдасын тигізеді.
      4.  Оқытуды бағалауды тек оқушыларға балдық жүйе бойынша   баға   беру
ғана  емес, қайта   олардың    үйрену    белеенділігін  жоғарылату  қүралына
айналдырады.
      Бұндай тексеру қалыптаса         келе  оқушыларға     кысым     түсіру
емес, кайта, табысқа жетудің шаттыгын сыйлайды.
      5.  "Игеріп  оқу"  теориясы окушылардың үйрену  барысындағы  жүрексіну
психикасын  жоюға  назар   аударады,   әсіресе   оқуда   нашар   окушылардың
талпыныспен жеткен табыстарының дәмін татуға көмектесуге ерекше мән береді.
Нысаналы  оқыту барысы
1. Байқап көру және  толыктау  барысы-"Байқап  көру"  дегеніміз  оқушылардың
жаңа білімді үйренуге қажетті  даярлық  білімін  тексеріп  көру  деген  сөз.
"Толықтау дегеніміз "байқап көру незгізінде анықталған  кеншіліктерді  түрлі
формалармен (оқулықты оқыту, өзара пікір  алмасу,  түсінік  беру)  толықтыру
барысын керсетеді.
      Оқыту мазмұны жалғастылыққа ие болатыны белгілі. Жаңа  білімді  үйрену
окып кеткен білім негізінде, окушының  тырысып  үйренуі  арқылы  орыңдалады,
басқашада айтқанда, белгілі бір жаңа  білімді  игеру  үшін,  сөзеіз  даярлық
шарты болуға тиісті.
        Блумның  көзкарасы  бойынша  окушының  игерген  білімі   оның   жаңа
үйренуіне 50% тік ықпал  жасайды. Міне бұл оқушының үйрену нысанасына  жету-
жетпеуі оның алған біліміне байланысты екенін көрсетеді.
      Нысананы көрсетіп  түсінік  қалыптастыру-Нысаналы  оқытудың  ең  басты
ерекшелігі    оқыту    нысанасын    белгілеп,    оны    окыту     мазмұныңың
темірқазығына айналдыру.
 Жаңа сабақтың нысанасы оқушыға айқын болғаннан  кейін  бүкіл  бір  сағаттық
оқу қимылы сол темірказықтың төңірегінде өрбиді.
Оқыту нысанасы мұғалім мен оқушының  окыту  және  оқу  қимылының  әрі  шығар
жері, әрі тиянақтар жері болады.
        Мұғалім  мен  оқушыда  ортақ  нысанаға  жету  сезімі   болғандықтан,
сыныптағы оқыту үйлесімді де саналы түрде  реттеліп,  оқыту  мен  оқу  өзара
сәйкестік табады.
      Оқыту нысанасы жаңа сабақты бастаған кезде немесе оқыту барысында жеке-
жеке көрсетілуі қажет.
Нысананы қосымша тақтаға алдың-ала жазып әкеліп көрсетуге де, сабақ  үстінде
жазып көрсетуге де немесе бейне магнитофон,  кодоскоп  арқылы  көрсетуге  де
болады. Нысананы көрсету уақыты әдетте 1-2 минуттан аспауы керек.
       Нысанаға  жету-  Жаңа  сабақ  өткізу  -  сынып  оқытуының  ең  өзекті
мәселесі. Ол алдың-ала жоспарланады да, нысанаға  мұғалім  мен  оқушы  болып
ортақ кимыл арқылы қол жеткізеді. Бүған әдетте 19-20 минуттай уақыт кетеді.
      Нысаналы оқытуда нысана белгілеу, бағыттау және бағалау сынды барыстар
бүкіл оқыту кимылының  негізі  болады.  Сондықтан  мұғалім  оқыту  барысында
саналы түрде оқушыларды нысанаға карай жетектеп, нысана  төңірегінде  үйрену
ұйымдастырып арқылы, нысанаға  жету  үшін  белеенді  түрде  ортақ  кимылдауы
қажет. Бұл нысаналы оқытудың  дәстүрлі  оқытудан  басты  айырмашылығы  болып
табылады.
      Нысаналы оқытудың тағы бір ерекшелігі - кері байланыс пен толықтырудың
бүкіл оқыту барысында  бастан  аяқ  қайталанып  отыруы.  Кері  байланыс  пен
толықтыру  сәтті  жүргізілее,  оқыту  барысында  жасалған   әрбір   қадамның
нәтижелілігін  тексеріп,  мұғалім  мен  оқушының  уақытын  үнемдеп  оқытудың
өнімділігін арттырады.
      Сондықтан кері  байланыс  пен  толыктыру  окыту  барысын  меңгеру  мен
үздіктендірудің маңызды кұралы саналады.
      Оқыту нысанасының нақты мазмұныңа жету мәселесіне келетін болсақ, оған
жаңа сабақ  өту  барысында  әр  түрлі  оқыту  формасынан  пайдаланып  жетуге
болады.  Мысалы,  "түсіну"  мазмұныңда  оқушыларға  оқуға  тиісті   мазмұнды
көрсету, оқыту, түсіндіру арқылы "түсіну" нысанасына  жетуге  болады;  "есте
сақтау" мазмұныңда оқушыларға лайықты уақыт бөліп  оқытып,  онан  соң  сұрақ
қойып жауап алу арқылы  "есте  сақтау"  нысанасына  жетуге  болады;  "игеру"
мазмұныңда оқушы түсінігін қиындық туғызатын мазмұнды  мұғалім  бір  жағынан
түсіндіріп,  бір  жағынан  талқылап,  жинақтап,  қорытындылау   формаларымен
нысанаға  жетуге  болады;  "колдану,  талдау   және   жинақтау"   нысанасына
оқушыларға нақты сұрақтар кою, жаттығулар меи  есептер  беру  арқылы  жетуге
болады.
      4.  Оқушы    өзінің     алған  білімін  мұғалім   көрсеткен   нысанаға
салыстыру    арқылы жүйелеп есте  сактайды.
      Мұғалім  бұл  барыста  оқушының  ұғымды  түсінуіне,  қателескен  жерін
түзуіне көмекте-седі    және    оқулықтың    қай бөлігін    тиянақтап    оқу
 керектігін,  қосымша  қандай  материал  қарау  керектігін  көрсетеді.Әдетте
бұған   минуттай уақыт беріледі.
      5. Нысанаға    жеткен-жетпегенін тексеру-Оқушылардың нысанаға  жеткен-
жетпегенін тексеру үшін мұғалім әр түрлі сұрақтар қойып,  жауап  алу  немесе
сынақ жүргізуі, егер  олқлықтар  байқалса,  толықтау  жасауы  қажет.  Әдетте
бұған 5 минуттай уақыт кетеді.
   6. Тапсырма беру- Берілетін   тапсырма   оқушылардың осы  сабақтан  алғаш
      білімін бекітумен бірге, келесі сабаққа тікелей көмегі тиетін, даярлық
      негізіндегі тапсырмалар болу керек. бұған әдетте  1-2  минуттай  уакыт
      ажыратылады.
      Жоғарыда көрсетілген бес  басқаша  жалпылама  барыс  болып,  ол  мүлде
өзгермейтін қағида емес, оқытудың іс жүзіндегі ыңғайына карай  оны  толықтап
тағы да басқыштар қосуға немесе кей басқыштарды алып тастап,  өзіңнің  оқыту
жоспарына тіке байланысты басқыштарды ғана пайдалануына әбден болады.
      Жалпы алғанда "Нысаналы  оқыту  технологиясы"  қазіргі  заманғы  оқыту
талабы ортаға қойған зерттеп үйрену, селбесіп үйрену және өзін-өзі  басқарып
үйрену талабына өте  жаксы  үйлеседі.  Бұл  оқыту  технологиясының  дәстүрлі
окытудан басты ерекшелігі де, басты айырмашылығы да осында.

   11-дәріс. Дидактикалық бірліктерді ірілендіру– математикалық білім беру
                                технологиясы


      Қазіргі кездегі  математикалық  білім  баланың  интеллектісін,  дербес
ойлауын  дамытуға  бағытталған.  Бұл  салада,   біз   сөз   еткелі   отырған
технологияның алар орны ерекше.
      Дидактикалық бірліктерді ірілендіру деп аталатын  математикалык  білім
технологиясы  1964-1996  жылдар   арасында   академик   П.   М.   Эрдинеетің
жетекшілігімен  жүргізілген  теориялық   және   тәжірибелік   ізденістердің,
практикалык, жұмыстың иәтижесінде өмірге келді.
      П. М. Эрдниев "дидактикалық бірліктер"  деген  ұғымды  осыдан  20  жыл
бұрын енгізген.
        Автор  оқу  материалынан  кіші  көлемде  берілетін  ақпаратты   алып
тастамай, тек олардың құрылымын өзгертіп, ірілендіріп  беруді  ұсынады.  Бұл
жағдайда материал терең меңгеріліп, ойлауға, дамуға өріс ашылады.
      Академиктер  В.  Журавлев,  А.  Маркушсвич  т.б.   бұл   технологияның
тиімділігін атап өтіп, "ғасыр идеясы" деп таныған.
      Жоғарыда аталған ғалымдардың ой-пікірлерімен келісе  отырып,  оқушының
ақыл-ойының    дамуы,    математикалық    ой-өрісінің    кеңеюі,    танымдық
қабілеттерінің дамуы дәл осы әдістемені қолдану  барысында  жеделдейтіндігін
өмір көрсетіп отыр деуге болады.
      Оқушының білімінін  сапасына  әсер  ететін  факторлардың  бірі  оқулық
болса, ондағы жаттығулардың мәні, мағынасы, мүмкіндіктерінің ролі зор.
      Бүгінде ДБІ жаңашылдық технология ретінде әр-түрлі аймақтарда  кеңінен
қолданылуда.
       Мысалы: Калмыкия республикасының барлық мектептерінің,  Екатеринбург,
Самара, Хабаровск, Братек т.б. қалардың тәжірибесіне енген.
      Республикамызда 1997 жылдан бері  енгізіліп  жатқан  професеор  Т.  Қ.
Оспаноетың жетекшілігімен  жазылған  "Математика"  оқулықтары  осы  теорияга
негізделген.
       Сондықтан оқушының жеке басын дамытуға  бағытталған  бұл  әдістемемен
бүкіл бастауыш мектеп мұғалімдері жұмыс істеуде деп толық  айтуға  мүмкіндік
бар. ДБІ әдістемесін жүзеге асырудың басты қағидалары төмендегідей:
1.  Қарама-қарсы ұғымдарды, әрі өзара байланысты операцияларды қатар оқыту.
2.  Түра есепке кері есеп ойлап табу, шығаруды кеңінен қолдану.
3. Деформацяланған жаттығуларды пайдалану.
4.   Өз бетінше,  шығармашылыққа берілетін  тапсырмалардың  үлес  салмағының
артуы.
      Осы қағидалардың әрқайсысына жеке тоқталып,  олардың  оқушыны  ойлауға
үйрететін мүмкіндіктерін аша түсейік.
      Оқыту практикасы "қосу мен азайту", "кобейту мен бөлу" бұрынғыдай төрт
бөлек тақырып етіліп өтілмей қатар ұсынылудың тиімділігін көрсетіп отыр.
      Біріншіден бұл арқылы оқу уақыты 20% дейін үнемделеді.  Ал  үнемделген
уақыт білімді тереңдетуге өте қажет.  Екіншіден  ойлау  операциялары  арқылы
баланың дамуы жеделдейді.
      Оқытудың гумандық, ізгіліктілік принциптерінс сәйкес оқушы мен мұғалім
арасында жаңаша қарым-қатынас қалыптасады.
Мысалы:
      Түріндегі  төрт  аралық  операцияны  пайымдау   арқылы   шешу,   ойлау
әрскетінің  ішкі  потенциалды  резеритерін  ашуға  көмектеседі.   П.К.Анохин
тұжырымдамаларымен айтсақ, табиғаттың  айнымас  зандылықтарының  бірі  "кері
байланыс" заңының іске қосылуымен тиімді.
      ДБІ технологиясының басты ерекшеліктерінің бірі кері есептерді  шығару
"кері есеп" ұғымы ғылымға өзіміз жоғарыда айтып өткен академик  П.К.  Анохин
енгізген  кері   байланыс   (афферентация)   деген   психологиялық   ұғыммен
байланысты.
      Кері  есептерді шығару,  түра  есепті  кері  есепке  айналдыру  арқылы
баланың белеенділігі,  қызығушылығы  артады,  шығармашылық  дербестік  пайда
болады.
      Математикалық әдебиеттерден мынадай ережені көп  кездестіруге  болады.
"Математикадағы басты нәрсе - ұғымдарды ой елегінен қайта өткізе білу".  Кез
келген түра есепті кері есепке айналдыруда бір сан екі рольде болады.
      Біріншіде екі санның қосындысы,  кебейтіндісі  түрінде  болса,  екінші
жағдайда айырма не бөлінді, қызметін атқарады.
       Жаңа буын оқулыққа бес түрлі:  қосындыңы  табуға,  қалдықты,  бірнеше
бірлікке  артық,  не  кен  санды  табуға,  айырмалық  салыстыруға  берілетін
есептердің кейбіріне кері болып табылатын есеп ретінде белгісіз  қосылғышты,
азайғышты, азайтқышты табуға байланысты есептер 1-сыныптан бастап-ақ  енген.

      "Кері есеп" ұғымы  алғаш  көрнекіліктер  арқылы  түсіндірілуі  тиімді.
Мысалы: столға 5 кітап қойып,  оның  жаныңа  портфельді  орналастырған  соң,
мына есеп айтылады.
      Столда 5 кітап бар, ал портфелъдегі кітаптардың 3-уі артық. Портфельде
қанша кітап бар?
Бұдан соң: не белгілі,  не  белгісіз,  артық  па  кен  бе  екенін  анықтауға
арналған сұрақтар беріліп, жауаптар алынады.
      Есеп шығарылады. Кері есепке көшер алдыңда, столдағы  кітаптарды  алып
тастап, балалар, портфельде 8 кітап бар,  ал  столдагы  кітаптың  одан  3-уі
кен. Столда неше кітап бар? Есеп шығарылған соң, алдыңғы есепте  не  белгілі
болды, нені таптық, ал соңғыда ше? деген сұрақтарға жауаптар алынады.
      Белгісізді бірінші жағдайда қандай  амалмен  тапқанымызды  анықтаймыз.
Содан кейін ғана "кері есеп" ұғымы енгізіледі.
      Осы типтердегі есептерді көрнекіліктер арқылы шешуді  меңгерген  кезде
төмендегідей абетрактылы есептерге көшуге болады.
      Білім  беру   технологиясында  жаңа  бағдар-  витагендік  оқыту  әдісі
тілдерді меңгеруге   айтарлықтай  пайда  келтіретіндігін   өз  тәжірибемізде
сынап көрдік.
      Оқытудың   бұл   технологиясын   Ресейдің   педагогика    ғылымдарының
академиясының   академигі,  ғылымға  еңбегі  сіңген   қайраткер   А.С.Белкин
ұсынған болатын.
      Оқытудың  бұ  теориясы   -    мұғалім   мен   оқушының   шын   мәнінде
ырнтымақтасып,нақты нәтижеге жетуге болатындығын көрсеткен еді.
      Оқыту үрдісінде витагендік  әдісті жүзеге асыру  голографиялық   тәсіл
негізінде  өмірге  байланысты   жүргізілсе   оның   танымдық   қызығушылықты
жетілдіруге ерекше  ықпал   ететіндігін  тілдерді  оқыту   тәжірибесінен  әр
жақты байқауға болады.
      Бұл жердегі голография   деп отырғанымыз-ұғым түсініктегі  әржақтылық,
былайша  айтқанда,  оқушы кемінде  үш  ұғымды   тоғыстыра  алуға  машықтануы
тиіс  екендігінде,   білім  алудағы  негізгі  ұғым   түсініктерді  өздігінен
ойлаумен жалғастырып, өзінше іздену мен пайымдауға   қол  жеткізетін,  соған
ынталандыратын жол-жосық.  Витагендік  әдіс,  яғни  ынтымақтасудың  нәтижесі
білімдік  таным-түсінікті  өздігінен  ізденіп,  өздігінен   ой   топшылайтын
пайымдауға  әкелетіндіктен  тілдерді оқытуға былайша  жүзеге асырылды.
      Сыныпта оқитын оқушыларды  қай тілге  жетіктігіне   қарай  топтастырып
және өздерімен кеңес берілген тапсырманы орындау жөнінде түсінік берілді .
      Содан  кейін  компьюерде   көбейтілген   тапсырманы    әрбір   оқушыға
үлестіріп бердік. Екі тілде  көрсетілген   сөйлемді  өзі  жетік  біледі  деп
саналған тілге аударып, нұсқада көретілген  ақ жерге толтыруды тапсырдық.
       Жұмыс нәтижелі болу үшін  алдымен блек қағазға жазып,   бір  тоқтамға
келгеннен кейін  көрсетілген үлгіге  көшіру  керектігі  айтылды.  Тапсырманы
орындау барысында  бір-біріне бөгет жасамау  және жұмыс  аяқталғаннан  кейін
тиісті топ бойынша талқылау болтындығы ескертілді .
      Оқыған кітаптарын естіген мағұлматтарын ой елегінен   өткізіп  сарапқа
салады.
      Адамның құндылықтарды білмеуі ақпараттың жеткіліксіздігінен және  оған
мән бермеуден туатындығына  тұлғаның көзі  жетіп, ізденіс  үстінде  мәселеге
саналы қарауды мойындай түседі. Бұл  білім  алу  үрдісіндегі   қозғаушы  күш
болып табылады.
      Тапсырманы орындау барысындағы  оқушының ойлау белсенділігі, яғни  өзі
білетін  және   нақты  түсініп  отырған  мағұлматты   келесі   тілде   дұрыс
жеткізуге  деген ынтасын арттыра түседі.
      Дәлірек  айтсақ,  көрсетіліп  отырған  тапсырманы    орындауда   оқушы
білімділік,  зерттеушілік,   рухани,   өзінше  іздену,   әлеуметті  пайымдау
жасауға жаттығады.
      Іс-әрекет қызығушылығын дамытады.
      Жинақтай  айтсақ,  тұлғаның  ұғым  түсінігі,  танымы  тиісті  дәрежеде
өзіндік  іс-әрекетке айналып, оны өз өмірінде пайдалана  білуге  жол  ашады.
Оқушының қол жеткен нәтижесі  оларды қуанышқа бөлейтіні рас.
      Танымдық қызығушылықтың қалыптасуы   оқушының  білімдік  мағұлматтарды
жинақтап тек біле  берумен   шектелу  емес  ,   білгенін  өмірде  пайдаланып
тұтына  алуға және  оның  әлеуметтік  ,  негіздерін   өмірде  қолдана  алуға
машықтану, сонымен қатар   оны  өзіндік  тұрғыдан  ілгері  жетілдіріп,  алға
қарай  дамытуға үйрететіндігін  тұлға тікелей атқарған   еңбегі  нәтижесінде
байқап, оны дағдысына сіңіреді.
      Келесі бір ерекшелік –  сыныптас  оқушылар  бір-бірінің   жетістігінен
өнеге алып, өзімде сол дәрежеге жетсем  деген   түсініктің  орнығуына  ықпал
етеді.
      Танымдық  тағылымның  оқу  үрдісінде   және  болашақ  өмірінде  тиімді
болатындығына көзін жеткізді.
      Тағылымдық мазмұн оқушының  білімдік, тәлім-тәрбиелік  қызығушылықарын
арттырады,  әрекетке ұмтылдырады.
      Өзі үшін  атқарған іс-әрекетінің  қоршаған  ортасы  үшін,  қоғам  үшін
қандайлық мәні  болатындығын саналы түрде ұғынады.
      Өзі атқарған ісіне  суггестиялық  мәнде   қарап,  біле  түсуге   деген
сенімі , ланымы жетіле түседі .
      Ретті   қолдана   білсек   витагагендік   оқыту   теориясы    тілдерді
меңгерудегі   танымдық  ойға  тіреніш   болумен  қатар   оқушының  өздігінен
әрекеттенуіне бағдар   беріп,  қиялын  дамытып,  шығармашылық  белсенділігін
кеңейте түсуге жол ашады.
       Мектептерде жүргізілген тәжірибелер көрсеткендей  ,  оқушының   білім
алудағы әрекеті мен  өмір тәжірибесінің заңдылықтарына   негізделсе-тұлғаның
 меңгерген білігі , қабілет деңгейіне   қарай  алған  ақпараттық   танымдағы
құндылықтарыд қабылдап  және  оны  білімділік  мақсатына  байланысты  жүзеге
асыруға  болатындығын көрсетті.
      Танымдық   қызығушылықтың   тиімділігі-   мұғалімнің    диагностикалық
міндетті дәлді белгілей    білуен де шарттас.Өйткені витагендік  әдіс  нақты
деректің   өірмен  ұштасып,  білімдік    құндылықтармен  үйлесіп,    олардың
байланысын,  айырымын салыстырып , сараптаудағы ынтымақтастықты тілейді.
      Себебі диагностика  оқушының дербес ерекшелігін , сыныпқа тән негізігі
ерекшеліктеріне  мән беруді айқындайыд.
      Дәлірек айтқанда, қойылған міндетті  шешуде оқушының нақты  шамасын  ,
жас ерекшелігін, білімділік  деңгейі  мен   мүмкіндігін  есепке  алады.  Бұл
танымдық қызығушылықты  қалыптастырудағы шешуші айғақтың бірі.
      Ақыл мен ақиқатты  табу танымдық түсінікке де байланысты.
       Егер оқушы бір ғана деректің  аясында шектеліп қалса , ойлау  деңгейі
тарылып , мәселені жан-жақты ұғына алмайды.
      Сондықтанда голографиялық әдіс, былайша айтқанда,  бірнеше  деректі  ,
кемінде үш  болмысты   салыстыра  қарау  ақиқатты   терең  де  дұрыс  тануға
мүмкіндік береді.
      Витагендік оқыту тәжірибесі   голографиялық  жүйеде   құру  тілдерінің
танымдық   негізін  өрістетумен   қатар  оқушының   шығармашылық   ізденісін
өркендетіп  және  оның  күнделікті   өмір  талаптарына   үйлесімді  жетілуін
қамтамасыз ететін сенімді жол екенін көрсетті.
      Оқушыларды  өнімді  еңбекке  үйретіп  ,   өзінше   әрекеттене   білуге
қалыптасытру-   қазіргі  мектеп  жөніндегі   реформалар  жүргізу   жөніндегі
басты бағдарламаларының бірі.
      Оқушылардың өз мүмкіндіктеріне  үйлесімді еңбек  дағдыларын  меңгеріп,
белсенділік көрсете білуге  баулу-тек  қайталаушылықты  қолданып  ,  өзіндік
ізденістерін сырттатып  жіберетін әдеттерден арылудың  тиімді жолы.
      Білім, тәрбие  беру барысындағы іс-әрекетте  оқушының тиісті  сұрақтың
 жауабын ұстазымен бірге  іздестіруі,немесе өзінше әрекеттеніп , оның  ойлау
мәдениетін  жетілдірумен  қатар  самарқаулықтан,  селқостықтан  және  рухани
жұтаңдықтан айықтырудағы қолайлы тәсіл.
       Оқулықтағы тиісті деректі ойланбастан,  қайталап  айтып  беруді  місе
тұтпай  ,  ондағы  ақпаратты  өзінше  ойлануға   дағдыландыру    оларды   ой
белсенділігіне  әкеліп  ,  түрлі  қиындықтарды  жеіңп   күрделі  мәселелерді
шешуге орай батыл пікірлер  ұсынуға ынталандырады.
      Сондықтан да  оқыту үрдісін  жобалағанда шәкірттің  мүмкіндіктері  мен
мүдделерін  бірлікте қарастыру шарт.
 Өйткені әрбір тұлға өзінше    ойлағысы  келетіні  жастық    жалынымен  бұла
күші ізденіске  бейім  болатындығы  ақиқат  шындық  екенін   педагогтар  мен
психологтар  ежелден бері-ақ дәлелдеген.
      Олай болса , әрбір тұлғаның бойында  бар шығармашылық қабілетін  оятып
,   оларды  өзіндік  тұрғыда   ойланып  әрекеттен  білуге    баулу   оқудағы
белсенділікті көтерудегі тиімділікті арттырып  ,  оның  жетіле  үсуіне   игі
ықпал етеді.
      Ал оқушының ізденіс барысындағы  табысы оларды қуанышқа  бөлеп  ілгері
ұмтыла  түсуіне  ,  кездескен  кедергілерді   жеңіп  күрделі   қиындықтардан
құтылудың тиімді жолын табуға үйренеді.
      Ой еңбегі  саласындағы белсенділік  табысқа жетудің   кілті  екендігін
мойындап, уақыт талабы тұрғысынан  әрекеттену және  оған  машықтану  дағдысы
өркендейді.




        12-дәріс Жаңа педагогикалық технологиялардың классификациясы.


      Жаңа кезеңге бет бұру оңай емес. Ол  үшін  болашақ  ұрпағын  тәрбиелеу
рухани жан-дүниесі бай, халқын сүйген, ата-баба жерін қадірлейтін  ұрпақ   -
болашақ тірегі бола алады.
      XXI ғасыр  білімділер  ғасыры  болмақ.  Білімділерді  ойлап  тербетер,
баптап өсірер тәрбие керек. Ұрпақ   тәрбиесі  -  ел  алдыңдагы  маңызы   зор
міндет.
      Еліміздің, қоғамның эқаномикалық, саяси, мәдени дамуына үлес  қосатын,
әлемдік  иновацияға   көтерілетін   білімді   де,   мәдениетті,   парасатты,
денсаулығы мықты азамат тәрбиелеп шығару  –  мектептің,  ұстаздар  қауымының
бүгінгі таңдағы баға жетпес міндеті.
      Адам ұрпағымен мың  жасайды  дегендей, ұрпақ  тәрбиесі  қай  кезде  де
халықтык мәселе болған.
      Тарихтан білетініміз: дарындылар, қабілеттілер аса жоғары  бағаланған,
сондықтан  қазіргі мектеп мұғалімдері алдыңда тұрған аса  маңызды  міндет  —
талабы таудай жеке тұлғаны өсіріп шығару.  Ал  еш  нәрсеге  бейімділігі  жоқ
қабілеті жоқ адамның болмайтыны педагогикада дәлелденген.
      Оқушы талантын тауып, дарынын  дамытар  жұмысты  кіші  жастан  жүргізу
керектігі айдай анық.
       Жеке  тұлға  қалыптастыруда  әр  оқушының  кабілетін  танып,   біліп,
дамытып, шыңдап, жол  сілтеп   адам  дәрежесін  көтеру  керек  және  жаңашыл
жұмысқа  бет  бұру  керек,  ол  үшін  ұлттық   мәдениетті   көтеру,   ұлттық
педагогиканы,  халық  мұрасын  пайдалану  арқылы  намысты,   имандылық   пен
ізгілікті, жат іс-әрекеттерге сын көзбен қарап,  өз  бағасын  бере  білетін,
рухани байлықты  қастерлейтін,  өз  ошағын,  Отанын  қорғай  білетін  азамат
тәрбиелеу.
      Сол үшін ұлттық мектебімізде жаңа білім  беруде  жаңаша  әдіс-тәсілмен
жүргізуіміз  керек.   Бірақ,   мектептің   түрін   өзгерткеннен   (гимназия,
лицейт.б.) ойлаған мақсатқа жете алмаймыз.
      Ондағы оқыту  мазмұны,  білім  беру  технологиясы  баланың  талантына,
дарынына, талап-тілегіне қарай ұлттық тәрбие, салт-дәстүр,  бабалар  тарихын
негізге ала отырып, жеке тұлға қалыптастыруға бағытталу керек.
      Қазіргі таңда псдагогика теориясына елеулі өзгерістер еніп, білім беру
мазмұны жақсарып, жаңа көзқарастар пайда болып, білім беру құрылымында  жаңа
технологиялар өмірге келуде.
      Оқытудың жаңа технологияларын алдымен жете меңгерген, онан соң оны оқу
мазмұнына  балалардың   жас   және   психологиялық   ерскшеліктеріне   қарай
пайдаланудың  маңызы зор. Педагогикалық  технология  ұғыми  іс-тәжірибемізде
жиірек қолданылып, практикаға енуде.
      Ал  «технология»  түсіндірмесін  сөздікте  қандай  да  болсын  істегі,
шеберліктегі, өнердегі амадардың жиынтығы,  ал  педагогикалык  технология  —
педагогикалык мақсатқа қол жеткізу  жолындағы  қолданылатын  барлық  қисынды
ілім амалдары мен әдіснамалық құралдарының жүйелі жиынтығы және жұмыс  істеу
реті — деп В.Кларин  айтып  өткендей,  педагогикалық  технология  тәжірибеде
жүзеге асатын педагогикалық жүйенің жобасы.
       Ал  педагогикалық  жүйе   дара  тұлғаны  қалыптастыруға  бағытталған,
белгілі-бір  мақсатқа   жету    жолындағы   арнайы   педагогикалық   ықпалды
ұйымдастыруға қажеттті  өзара байланысқан әдістер құралдарының жиынтығы.
      Олай болса, дәл қазір  бізге  осы  педагогикалық  технологияны  дамыту
приктикада пайдалану. Педагогикалық технологияның негізі  -  саралап  оқыту.
Бұл бойынша оқушы білімді менгеру деңгейін  төртке  бөлуге  болады.  Бірінші
төменгі деңгей - міндетті деңгей, қалғаны оқушы қабілетіне қарай игеріледі.
       Сонда  міндетті  деңгейді  мемлекеттік  өлшем  ретінде  алсақ,  білім
берудің шығармашылық сипаты  қалыптасады.  Былайша  айтқанда,  педагогикалық
технология  -  оқушының   шығармашылықпен   терең   ойластырылған   көптеген
факторлардың  үйлесімділігі,  оқыту  мен  тәрбиелік  тиімділігін  қамтамасыз
ететін жанды құрамдас бөлігі.
      Мектептің ескі құрылысы мен білімнін жаңа мазмұнының арасындағы қарама-
қайшылықты жою үшін жүйелі  түрде  саралап,  білім  берудің  түпкі  мақсаты
өмірдің сан тараулы дамуын меңгеретін адамға  табиғи  мүмкіндігі  негізінде
дамыта тәрбиелеу.
      Кез-келген елдің экономикалық  қуат,  халқының  өмір  сүру  деңгейінің
жоғарылығы,  дүниежүзілік  қауымдастықтағы  орны  мен  салмағы  сол   елдің
технологиялық даму деңгейімен анықталмақ.
      Жалпы қоғам дамуы мен жаңа технологияны  енгізу  сапалығы  осы  елдегі
білім  беру  ісінің  жолға  қойылғандығы  мен  осы  саланы   ақпараттандыру
деңгейіне келіп тіреледі.
      Экономикалық жағынан дамыған елдердің тәжірибесі экономика, ғылым  мен
мәдениеттің қарқынды дамуының негізгі кілті екендігін көрсетіп отыр, ендеше
қазіргі заманның ақпараттық технологиясын меңгеру міндетіміз.
  Оқыту технологиясы - бұл оқытудың тиіміділігін арттыру мақсаты мен  білім
беру үрдісін зерттеу негізінде  оқу  үрдісін  жүзеге  асыру  және  бағалау,
бағдарламалаудың жүйелі тәсілі. Оқыту технологиясы педагогикалық  әдістерге
негізделген.
  1960 жылдарда шетел  зерттеушілері  «педагогикалық  технология»  терминін
енгізді.  «Педагогикалық  технология»   дегеніміз   -   тәжірибеде   жүзеге
асырылатын  белгілі-бір  педагогикалық  жүйенің  жобасы,  ал  педагогикалық
жағдайларға сай қолданылатын әдіс-тәсілдер оның құрамды бөлігі ғана.
  Педагогикалық технология - оқыту үрдісін жобалау, ұйымдастыру  формасымен
анықталады.
   Педагогикалық технологияның өзіндік ерекшеліктері  -  қойылған  мақсатқа
жету мүмкіндігіне кепілдік беретін оқыту үрдісін құрастыру және оны  жүзеге
асыру. Оқытылатын пән мазмұны, мұғалім  мен  оқушының  өзара  байланыс  іс-
әрекеті, оқушының ішкі даму үрдісі негізінде анықталған нақты  мақсат  қана
педагогикалық технология құрылымын түсіну кілті бола алады.
      Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы барысында орта білім
берудің жүйелі реформалану қоғамдық тұрғыдан үлкен маңызға ие. Білім беруді
реформалауды жүзеге асырудың және  бір  маңызды  сипаты  қазіргі  уақыттағы
оқыту үрдісін технологияландырудың қажеттілігінен туып отыр.
  Осыған орай, соңғы кезде оқытудың әр түрлі  педагогикалық  технологиялары
жасальнып,  мектеп  өміріне  енгізілуде.  Олар:  С.Н.Лысенкова  алдына  ала
оқьггу, Шаталовтың интенсивті оқыту (тірек сигналдарын  пайдалану  арқылы),
Эрдниевтің ірі блоктан оқыту, мәселелік оқытудың белсенді әдісі, т.б.
  Ал соңғы жылдары  оқытудың  модульдік  технологиясымен  В.М.  Монаховтың,
Дьяченконың  оқытудың  ұжымдық  тәсілі  сондай-ақ,  профессор   Ж.Қараевтың
окытуды  дербестендіру  мен  ізгілендіру  ұстанымдарына  негізделген   жаңа
педагогикалық компьютерлік технологиясын еліміздің көптеген мемлекеттерінде
қолданып жүр.
      Мектептерде жүргізіліп жатқан  қазіргі  тәжірибелік-сынақ  жұмыстардың
басты міндеті жаңаша оқытудың педагогикалық  технологиясын  оқыту  үрдісіне
енгізу болъп табылады.
       Мәселен, Л.В.Занков,  Д.Б.Эльконин,  В.В.Давыдовтың  бірлесе  жасаған
«Дамыта оқыту жүйесі» бір-бірімен тығыз  байланысты  мынадай  ұстанымдардан
құралады:
    • Жоғары деңгейдегі қиындықта оқыту.
    • Теориялық білімнің жетекші рөлі.
    • Оқу материалын жеделдете оқыту.
    • Оқу үрдісін оқушының сезінуі.
    • Барлық оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу
  Л.В.Занковтың  оқыту  жүйесінде  оқушы  өзін  емін-еркін  сезінеді,  оның
әлеуметтік мүмкіндігі мен дербестігінің дамуына жағдай жасалады. Осы жүйеде
оқушы мен мұғалімнің арасындағы жаңаша қарым-қатынастың іргесі қаланады.
  Мұғалім  түсіндіруші,  оқыту  тұрғысында  емес,  оқушының  оқу   әрекетін
ұйымдастырушы, бағыттаушы ретінде көрінеді.
  Д.Б.Элъконин  мен  В.В.Давыдовтың  зерттеулері  оқу  әрекеті  және   оның
субъектісін қалыптастыруға бағытталған. Оның  құрылымы  төмендегідей:  оқу-
танымдық мотивтер, оқу тапсырмалары, оқу амалдары, оқу операциялары.
  Педагогика ғылымында баланы  оқыту  мен  тәрбиелеудің  міндеті  жан-жақты
дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру  болғандықтан,  жаңа  технология  бойынша
әдістемелік жүйенің басты бөлігі оқыту мақсаты болып қалады.
  Сондықтан, танымдық іс-әрекеті белгілі-бір дәрежеде белсендірілуі  қажет.
Бұл әдістемелік жүйенің басқа бөліктерінің де (мазмұны,  әдіс,  оқыту  түрі
мен  құралдарының)  өзара  байланысы  қалпында  өзгертілуін   талап   етіп,
орындалуы үшін төмендегі ұстанымдар жүзеге асыруы тиіс:
  Оқушылардың өзіндік  ізденіс  іс-әрекеттерінің  әдістерін  меңгеру  талап
етіледі.  Өйткені  бұл  әдістердің  күнделікті  пайдаланылып  жүрген  оқыту
әдістерінен айырмашылық бар. Яғни, жаңа жағдайдағы «Оқыту  әдістемесі»  деп
отырғанымыз «оқушы - мұғалім» ұстанымының өзара тығыз байланыстылығы.
      Демек, мұнда бірінші орында оқушы тұрады және оның  өз  бетімен  білім
алудағы белсенділігіне  баса  назар  аударылады.  Жаңаша  оқытудың  негізгі
түрлері: оқытудың дербес және топтық түрлері болып табылады.
      Бұл жерде алға қойылатын басты мақсат - оқушыға деген сенім,  оның  өз
ісіне жауап беру  мүмкіндігіне  сүйеніп  беделі  мен  қадір-қасиет  сезімін
дамыту. Ал оқытудың фронталды түрі, көбінесе,  бағыт  беру,  талқылау  және
түзету енгізуде ғана пайдаланылады.
  Жаңа технологияның мақсаты бойынша «оқытуды ізгілендіру» қажет. Бұл  үшін
оқу құралдары оқушының өздігінен  танымдық  іс-әрекетін  жүргізе  алатындай
болуы керек.
  Әрбір педагогикалық технология  жеке  тұлғаның  өзін-өзі  дамытуға,  оның
өзіндік және шығармашылық қабілетін  арттыруға,  қажетті  іскерліктері  мен
дағдыларын қалыптастыруға және өзін-өзі  дамытуда  қолайлы  жағдай  жасауға
қажетті объективті әдістемелік мүмкіндіктерін қамтиды.
  Қазіргі  кезеңде  қолданылып  жүрген  жаңа  педагогикалық   технологияның
негізіне жататындар - әрбір оқушының жеке және дара ерекшеліктерін  ескеру;
оқушылардың қабілеттері мен шығармашылығын арттыру; оқушлардың  өз  бетішпе
жұмыс істеу, іздену дағдыларын қалыптастыру.
  Жаңа педагогикалық технология : ынтымақтастық педагогикасы, білім  беруді
ізгілендіру технологиясы, проблемалы оқыту технологиясы,  тірек  сигналдары
арқылы оқыту технологиясы, түсіндіру басқарып оқыту технологиясы, деңгейлік
саралап оқыту технологиясы, міндетті нәтижеге негізделген деңгейлеп саралап
оқыту   технологиясы,   модельдік   оқыту   технологиясы,   жобалап   оқыту
технологиясы.
  Ынтымақтастық педагогикасының негізгі мақсаты - талап ету педагогикасынан
қарым-қатынас педагогикасына көшу, балаға ізгілік тұрғысьнан  қарау,  оқыту
мен тәрбиелеудің ажырамас бірлігі.Ынтымақгастық педагогикасының  ерекшелігі
- мұғалім-оқушы, оқушы-мұғалім, оқушы-оқушы, оқушы да субъект,  мұғалім  де
субъект.
  Оқушының жеке басына  ізгілік  қарым-қатынас,  ал  оқушы  мен  мұғалімнің
арасындағы өзара түсінушілік, ынтымақтастық қарым-қатынас.
  Білім беруді ізгілендіру технологиясының негізін қалаған  Ш.А.Амонашвили.
Білім беруді ізгілендіру  технологиясының  мақсаты  -  баланы  азамат  етіп
тәрбиелеу, баланың танымдық күшін қалыптастыру және  дамыту,  баланың  жаны
мен жүрегіне жылылық ұялату.
      Проблемалы оқыту технологиясының негізгі мақсаты - оқушыны өз  бетімен
ізденуге үйрету, олардың танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамыту.
      Проблемалы оқыту технологиясының ерекшелігі де оқушының  белсенділігін
арттыру және оқу материалдарын баланы  қызықтыратындай  құпиясы  бар  мәнге
жеткізу.
      Себебі,  оқушы  материалдарды  сезім  мүшелері  арқылы  қабылдап  қана
қоймайды,   білімге   деген    қажеттілігін    қанағаттандыру    мақсатында
меңгереді.Тірек белгілері  арқылы  оқыту  технологиясының  негізін  қалаған
В.Ф.Шаталов  тірек   белгілері   арқылы   оқыту   технологиясының   мынадай
мақсаттарын - білім, білік,  дағдыны  қалыптастыру;  барлық  баланы  оқыту;
оқытуды жеделдету.
  Тірек сигналдары  арқылы  оқыту  технологиясының  ерекшеліктері  -  үнемі
қайталау, міндетті  кезеңдік  бақылау,  жоғары  деңгейдегі  қиыншылық,  ірі
блокпен оқыту, тіректі қолдану; жеке бағдарлы қарым-қатынас ықпал; ізгілік,
еркімен оқыту.
   Әр оқушының жобасының жариялылығы түзетуге, өсуге, табысқа жетуге жағдай
жасау, оқыту мен тәрбиенің бірлігі.
  Түсіндіре  басқарып  оза  отырып  оқыту  технологиясының  авторы  жаңашыл
мұғалімдердің бірі  С.Н.Лысенкова.  Бұл  технологияның  негізгі  мақсаты  -
барлық  баланы  табысты  оқыту.  Түсіндіре  басқарып   оза   отырып   оқыту
технологиясы төмендегідей ерекшеліктерімен сипатталады:
  - оқыту материалдарының бірізділігі, жүйелілігі;
  - саралау, әр оқушыға берілетін тапсырманың қолайлылығы;
  - бағдарламаның, кейбір тақырыптардың қиыншылығын жеңу, қиын тақырыптарды
біртіндете оңайлату әдісін - оза оқыту әдісін қолдану;
  - сабақты пысықтауға әуелі озаттар, сосын  орташалар,  ең  соңында  нашар
оқушылар қатыстырылады;
  - бірте-бірте толық дербестілікке өту;
  -  сыныпта  қалыпты  жағдай   қалыптастыру;   түсінетін,   өзара   көмек,
ынтымақтастық қарым-қатынас;
  - оқушының қателігін ескерту, бірақ еш жазғырмау;
  - үй тапсырмасы тек әр оқушының мүмкіндігіне  қарай  (әркім  өзі  орындай
алатын жағдайда ғана) беріледі;
  - білім, білік, дағдыны дамыта меңгеру;
  - түсіндіруді қабылдау.
      Деңгейлік саралап  оқыту  технологиясының  негізіне  әр  оқушыны  оның
қабілеті мен  мүмкіндік  деңгейіне  қарап  оқыту  мен  оқытуды  оқушылардың
әртүрлі топтардың ерекшелігіне сәйкес бейімдеу, ыңғайлау жатады.
       Деңгейлік саралап оқыту  технологиясының  ерекшеліктерін  атап  айтар
болсақ, күштілер өздерінің қабілеті мен икемділігін одан әрі бекіте  түседі
де, ал әлсіздер өзін-өзі сьнап қарауға мүмкіндік алып, өзіне сенімсіздіктен
арылады; әлсіз топтарда оқуға деген ынта артады; білім  дәрежесі  деңгейлес
оқу топтарында аздап жеңілдейді.
      Міндетті нәтижелерге негізделген деңгейлік саралап оқыту  технологиясы
мынадай ерекшеліктерімен - білімнің базалық деңгейінің барлық оқушылар үшін
міндеттілігі, оқушыларға берілген тапсырманың саралануы, тапсырма  оқушының
күші жететіндей және қолайлы болуы шарт, білімнің базалық деңгейі  оқытудың
жаңа технологиясының механизмі ретінде оқушының бірте-бірте өрістей дамуына
мүмкіншілік жасау тиіс, оқушыға оқу деңгейін таңдауға ерік беру,  оқушы  өз
мүмкіндігіне орай тек міндетті деңгейден кем емес білім алуға еріктілігімен
сипатталады.
  Модельдік технология дамыта оқыту идеясына  негізделген  оның  мақсаты  -
оқушының өз бетінше жұмыс істей  алу  мүмкіндігін  дамыту,  оқу  материалын
өңдеудің жекелеген тәсілдері арқылы жұмыс істеуге үйрету.
  Модельдік оқытудың  өзегі  -  оқу  моделі.  Оқу  моделі  -  ақпараттардың
аяқталған блогынан, бағдарламаны іскер мұғалімнің нұсқауларынан, оқушы  іс-
әрекетінің мақсатты бағдарламасынан тұрады.
      Модульдік оқыту - білім мазмұны, білімді  игеру  қарқыны,  өз  бетінше
жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқудың  әдісі  мен  тәсілдері  бойынша  оқытудың
дербестігін қамтамасыз етеді.
   Қазіргі таңдағы педагогика ғьлымының бір ерекшелігі -  баланың  тұлғалық
дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы.
   Ал  жаңа  педагогикалық  технологиялар  білімнің  басымды  мақсаттарымен
біріктірілген пәндер мен әдістемелердің, оқу-тәрбие үрдісін  ұйымдастырудың
өзара  ортақ  тұжырымдамасымен   байланысқан   міндеттерінің,   мазмұнының,
формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері жиынтығын қорғайды.
   Оқыту  технологиясын  жетілдірудің  педагогикалық  бағыты  негізгі   ой-
тұжырымдары бұрынғы меңгергендерді пайдалана  отырып,  ақыл-ойды  дамытатын
оқуға көшу, оқушыға орташа деңгейде білім  беретін  бағдарламадан  жекелеп,
саралап оқыту бағдарламасына өту болып табылады.
   Жаңа технологияның принциптері - оқытуды ізгілендіру, өздігінен дамитын,
дұрыс  шешім  қабылдай  алатын,  өзін-өзі  жетілдіріп   тәрбиелеуші   тұлға
қалыптастыру болып табылады.
   Мұғалімдердің оқыту технологияларын  меңгеруде  педагогикалық  кеңестер,
әдістемелік бірлестіктер, олардың зерттеушілік жұмыстары, шығармашылық  іс-
әрекеттері пайдаланылады.
   Оқытудың жаңа технологиялары мұғалімнің алдына төмендегідей  міндеттерді
қояды:
    - педагогикалық қызметтің өзекті мәселесін білу;
   -оқу бағдарламасының түрлендірген нұсқауларын кұрастыру;
   -оқу модулін құрастыру;
   - оқу жобаларының мазмұнын  анықтау,  әр  оқушыға  арналған  тапсырмалар
құрастыру;
   - оқушылардың жаңа материаларды меңгеруі бойынша деңгейленген жаттығулар
жүйесін жасау;
   - оқу-әрекеттерінің материалдарьн іріктеп ала білу.
    Осы аталған оқыту міндеттерін мұғалім меңгеруі үшін, ұстаздар  қауымымен
төмендегідей педагогикалық жұмыстар жүйесі жүргізілуі керек:
    а)      проблемалық-рөлдік ойьн;
    б)      рефлексивті-рөлдік ойын;
    в)      панорамалық сабақгар;
    г)      педагогикалық ринг;
    д)      педагогикалық идеялар аукционы;
    е)      ашық сабақгарға кіру, талдау және т.б.
    Барлық жаңа технологияның алдымен қоятын мақсаты - оқушының жеке басының
дара  және  дербес  ерекшеліктерін  ескеріп,  олардың  өзбетінше   ізденуін
арттырып, шығармашылықтарын қалыптастыру.
   Қазіргі   білім   беру   саласындағы   оқытудың    жаңа    педагогикалық
технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты білгір  маман  болу  мүмкін
емес.
   Жаңа  педагогикалық  технологияны  меңгеру  мұғалімнің   зейін-зерделік,
кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа  да  көптеген  ұстаздық
келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді,  өзін-өзі  дамытып,  оқу-тәрбие
үрдісін жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі.




       13-дәріс. Компьютерлік оқыту технологиясы және оның гуманистік
                                 бастаулары


      Қазақстан Республикасының алдыңғы қатарлы дамыған  50  елдің  қатарына
қосылуы түралы алға қойып отырған игі мақсаты - еліміздің әрбір  азаматының,
әрбір сала маманыңың  киелі міндеті де болып саналады.
      Ал білім беру саласына  қатысты  айтатын  болсақ,  бұл  мәселе  тіптен
өзекті бола түспек өйткені,  жоғары  тиімділікпен  білім  беру  арқылы  ғана
болашақ азаматтарымыздың диежүзілік жоғары  даму  көрсеткіштеріне  ие  болып
отырған елдердің деңгейіне өсуге деген  ынтасы  мен  ықыласын  қалыптастыра,
жетілдіре аламыз.
      Қазіргі кезде өмірдің барлық дерлік деңгейі мен саласында болып жатқан
динамикалық  өзгерістердің  тубі  адамның  жағдайын  әлеуметтік-экономикалық
жағынан жақсартуға бағытталған.
      Мектепте білім беру жүйесінде жасалып жатқан  өзгерістер  мен  күтіліп
отырған 12 жылдық  білім  беру  мәселесі  де  -  қазақстандық  жас  ұрпақтың
болашақ, ел тұтқасын қастерлеп ұстап азамат дәрежесіне жетуіне  көмектесетін
жақсылық нышаны деп танылып отыр.
      Қазақстан Республикасының білім беру  саясатының  барлық  азаматтардың
білім алудағы теңдігі, дарынды тұлғаларға деген үкімет  тарапынан  қамқорлық
болуы, білім  берудің  гуманиетік  және  дамытушылық  сипатта  келуі,  білім
беруді ақпараттандыру сияқты оң бағыттары кеңестік дәуірден қалған догмалық-
жаттанды білім беруді біртіндеп ығыстырып бара жатыр.
      Қазіргі қазақстандық білім беру жүйесінің негізгі  міндеті  -  оқушыны
ұлттық және жалпы адамзаттық адамгершілік құндылықтарды игерген  жеке  тұлға
дәрежесіне көтеру, ғылым мен техниқаның жетістіктерінен абетракциялық  білім
алып қоймай, өзінің өмірінде қолдана білуге дағдыландыру.
      Мұндай үлкен міндеттерді шешу үшін, дәстүрлі оқыту жүйесінен біртіндеп
қарқынды даму шеңберіне жеткізе алатын жаңа  оқыту  технологияларын  қолдану
керек және жаңа тұрғыдан оқыту барысында білім мазмуны ғана  негізгі  мақсат
болмай, адамгершілікпен  гуманиетік  бағыт  басты  нысан  ретінде  ұсталынуы
керек.
      Жаңа оқыту технологияларын,  көп  жағдайда,  дәстүрлі  оқыту  жүйесіне
қарама-қарсы қойып сипаттау әдісі орын алып  жур.  Бұл  дурыс  па?  Өйткені,
"дәстүрлі оқыту" дегеннің өзі - ғылыми термин болып ғылыми ойлау  айналымына
енді ме? Ал "жаңа оқыту  технологиясы"  дегенде  "ескі  оқыту  технологиясы"
дегеннің орныңа келген жаңа нәрсе тусінілетін сияқты.
      "Жаңа   оқыту   технологиясы"   түралы   ізденістерде    Коменскийдің,
Песталоццидің,    Алтынсариннің    оқыту    жүйелері    сол    педагогикалық
технологиялардың  бастауы  сияқты  алынып  жүргенін  көру  қиын   емес.   Ал
"дәстүрлі оқыту жүйесі  сынып-сабақтық жүйе" -Коменскийден келе жатқан  мұра
жолы емес пе?
       Сонда "дәстүрлі оқыту" деп жүргеніміз -  Кеңес  оқыту  жүйесі  екенін
анық  та  ашық  айтып,  әр  мемлекеттің  өз  қоғамында  өмір  сүріп  отырған
мектебіне өзінің сұранысына  қажетті  қоғам  мүшесін  даярлауды  тапсыратыны
түралы неге айтылмайды?
      Социалиетік  қоғам  азаматын  тәрбиелеуде  жаттанды   білімнің   қажет
болуының өзіндік бір реті бар ғой.
      Оны   болашақ   тарихи   тұрғыдан   танырмыз.   Бірақ   "жаңа    оқыту
технологияләры" деген ғылыми ұғымды тек дәстүрлімен  салыстыру  арқылы  тану
біржақты түсінікке әкетіп бара жатқаның көру қиын емес,
Жаңа оқыту технологияларын бұрынғы оқыту әдістемелерінің орныңа келген  жаңа
түсінік деп те қабылдамау керек.
       "Технология" - өндірістен алынған ұғым  дейтін  болсақ.  белгілі  бір
бұйымды модельдеу, соған қажетті  материалды  өлшеу,  ол  материалды  нәтиже
даярлайтын процеске салу, түпкілікті нәтижені алдың ала  болжау  арқылы  сол
нәтижені алуға бағытталған  қызмет  процесін  ұйымдастыруды  білдіретін  бұл
ұғымның білім берумен байланысы тікелей анықталады.
      Мектепке келген баланы,  Мұқағали  Мақатаеетың  сөзімен  айтар  болсақ
"Тарыдай боп кіресің.
      Таудай  болып  шығасың"  деген  идеямен   оқытып-тәрбиелеу   -   оқыту
технологиясын білдіреді. Тарыдай балаға "таудай"  болу  мақсаты,  мұғаліміне
тарыдай баланы "тау-дай" қылу мақсаты - күтілетін нәтиже болып қойылады.
       Бұл жерде  "тары"  мен  "тау"  -антоним  ретінде  де.  біртіндеп  өсу
барысында қол жеткізетін нәтиже ретінде де көрінеді.
      Ендігі міндет - оқушыны  тән  мен  жан  түрғысынан  қатар  дамыту.  Ол
міндетті шешу үшін, мұғалім білім  берудің  гуманиетік  принциптері  деп  не
танылатының айқын түсінуі керек.
      Адамгершілік - адам баласының өзін-өзі  түсініп,  өз-өзін  сыйлауынан,
өзін өмірден бага жетпес  құндылық  деп  түсінуінен  туындайтын  қасиет  деп
ойлаймыз.  Өйткені  өзінің.  өмірінің.  өз  тәнінің,  өз  жаныңын,  қасиетін
түсінін бағалаған адам ғана  басқа  адамның  да  дәл  өзіндей  құнды  екенін
тусінуі мүмкін.
      Мүмкін біздің бұл ойымыз Сократтың Адам, алдымен сен өзіңді-өзің таны"
деген қағидасынан туындаған шығар.
      Қалай десек те, білім берудің қазіргі кезде жеке бастың қамын ойлауға,
жеке басының  баюына  қажетті  білім  мазмуның  іздеуге,  ана  тілінен  енді
ағылшын немесе қытай тілін жоғары қоятын бағыыттарға бет бұрып бара  жатқаны
гуманиетік идеяның білім беру барысында бел ала алмай  отырғаның  көрсететін
сияқты.
Жаңа оқыту технологияларымыз қазіргі  кезде  көп  түрінің  түпкі  ұстанатын-
концептуалдық негізі, бастауы - адамгершілік философиясы.  Оны  Г.Селевконың
кітабынан да, ресейлік көптеген ғалымдар кітаптарынан да көреміз.
      Жаңа оқыту технологияларының ішінде компьютермен оқыту технологиясының
орны ерекше болады.
      Барлық, дерлік оқыту технологияларының көздеген мақсаты -  оқушылардың
өз  бетімен  білім  алу.  білім   іздеу   дағдыларының   қалыптасуы   десек,
компьютерлік оқыту технологиясының талайы осы  мақсатқа  лайықталғаның  көру
қиын емес.
      Осы  компьютерлік  оқыту  технологиясының  философиялық   негіздемесін
гуманиетік деп анықтаймыз.
       Осы жерде компьютерді сабақта көп қолдану оқушыны басқа адам  түгілі,
өзінен,  өзінің  нақты,  рсалды  өмірінен  де  алыстатып,  виртуалды  өмірге
әкетеді деген көзқарастар пайда болуы мүмкін.
      Бірақ, кибернетика ғылымының негізін қалаған Винер компьютердің  қанша
дамыған түрі болса да,  адамның  миына  еш  жете  алмайтының  айтқаның  есте
сақтау керек.
      Адам компьютерді келесі адамға қарсы  екі  түрлі  жағдайда  қолданады:
бірі - компьютердің "тілін" білнегенде, екіншісі -гуманиетік  идеядан  мулде
түсінігі жоқ, адамгершіліктен ада болғанда. Осы айтылғандар компьютерді оқу-
тәрбие процесіне қарқынмен енгізудің қажет екенін көрсетеді.
      Компьютерді оқу барысында оқушының қолдануы дегеніміз - оқушының  жеке
басына көп байланысты болатын ерекше психофизиологиялық процестің өтілуі.
      Компьютердің жүздеген мүмкіншіліктерін қажетті тетіктер  арқылы  басып
үйренген оқушы, бір жағынан,  қәазақ  тілінен  белгілі  бір  білім  мазмұның
игеріп жатады десек, екінші жағыман,  жасанды  интеллектімен  "тіл  табысып"
жататыны анық.
      Ал түпкі мәнінде, мұғалімнің итермелеуі немесе жөнсіз  жетелеуіне  иек
артпай, оқушының өө бетімен жұмыс жасау дағдылары жетіледі.
      Компьютермен оқыту технологиясының тұжырымдамасын  былай  деп  анықтап
аламыз.
       Компьютермен оқыту - оқушыны субьект дәрежесіне көтеретін, жеке тұлға
ретінде дамытуға  игі ықпал ететін, оқушының өз бетімен білім  іздеуіне  мол
мүмкіншіліктер табатым  білім беру әрекеті (деятелыносты).
      Компьютермен  оқыту  технологиясындағы  мұғалімнің   оқыту   қызметін,
негізінен, мынадай деп қарастыруға болады:
-  талдау-болжау қызметі;
-  жобалау қызметі;
-  коммуникатиетік қызметі;
-  дидактикалық қызметі;
-  бақылау-түзету қызметі;
-  психологиялық демеу болу қызметі;  ұйымдастырушылық қызметі.
      Компьютермен оқыту техиологиясында оқушының  өз  бетімен  білім  іздей
алатын болуы -  көзделетін  негізгі  нысан  ретінде  қойылады.  Комльютермен
оқыту барысында білім алудың жасанды сипатын барынша  табиғи  қылуға  жағдай
жасалынады.
      Сол  табиғилықтың  өзі  компьютермен   оқытудың   гуманиетік   сипатын
көрсетеді.
   Компьютермен оқыту технологиясында үлкен үш кезең анықталады. Ол кезеңдер
іштей кіші кезеңдерге бөлінеді. Сол модель сызба түрінде көрсетілді.
   Мектептерде компьютерлік технологияны қолданудың негізгі  жолдарына  баға
бере отырып, «Жас балаларға компьютердің қанша  қажеті   бар»?деген  сұрақты
айналып өту еш мүмкінемес.
   Осы  мәселе  бойынша  пікірлер  алуан  түрлі.Бірқатар   педагогтер   кіші
сыныптардағы компьютер тек балалардың назарын басқаға аударады деп  санайды.
Ал екіншілері компьютерді тұрақты  пайдалану  бара-бара   оқушылардың,  егер
компьютер қастарында болмаса, екі санды қоса алмайтын ,   қарапайым  мәтінді
оқи алмайтын жағдайға жеткізеді   деп негізі бір қауіп білдіреді.
      Компьютер мектептегі  лигафон кабинеттері немесе сыныптағы   теледидар
сияқты дүниелер , сондықтан  да білім  беру  мен  оқу  үрдісіне  айтарлықтай
зияны жоқ деген пікірлер де бар.
      Компьютерлерді мектептің  оқыту  мазмұнына   енгізуге  қарсы  салмақты
аргументтің  бірі-  ақпараттық   технологияның    екпіндеп    дамуы   мектеп
бағдарламасының  үнемі жаңартылып  отырғанына   қарамастан  оның   созылмалы
аурудай  артта қалуына әкеп соқтырады  деп санайды.
       Мына  бір  қауіп  пен  алаңдаушылыққа  да   назар  аударған   жөн:тек
компьютермен  қарым  қатынаста    болған   балалар   гуманитарлық     қызмет
түрлеріне  аса қажет  сезімалдық    пен  мейірбандылықты  жоғалтып   алып  ,
дәлдік пен қырағылыққа ғана құрылған  қарым  –қатынасқа  бас  ұрулары  әбден
мүмкін .
      Біз мектептің ақпараттық ғасырға бейімделуден  басқа  жолы  жоқ  ,  ал
есептегіш техникалармен  танысу  соның  бір  ғана  бөлігі  деушілерге  толық
қосыламыз. А.Ершова  және  басқа  авторлардың   еңбектерінде  көрсетілгенде,
информатиканың  мынадай:  процедура,функция,  рекурсия  ,  тармақталу,  цикл
мәліметтер  құрылымы деген сияқты негізгі ұғымдарды     меңгеру  операциялық
деп аталатын қазіргі  ойлау стилін қалыптастыруға  ықпал етеді.
      Осының өзі -  ақ  оқу пәні ретінде  информатиканы  мектепке  енгізудің
алғы шарттарын жасады. Сонымен қатар білім алушылардың жас кезеңі  жөніндегі
 мәселелерде көтерілді.
      Ойлау  стилі  балаларда  ішкі   сыныптарда   басталатыны   белгілі.Бұл
балалардың    ойлау   қабілетіне    ықпал     ететін     іргелі     бірқатар
математикалық  ұғымдарды   бастауыш ектепте меңгертумен түсіндіріледі.
      Базалық  сапа  ретінде    қарастырылуы     тиіс   оқушылардың   ғылыми
дүниетанымын    қалыптастырылуды  сөз   етсек   ,   информатиканың   негізгі
ұғымдарының артықшылығына тағы  да көз жетіземіз.
       Информатиканың  негізгі ұғымдарын   ерте бастан  оқытудың  қажеттігін
мынадан-ақ  көруге болады:білім  берудің  алғашқы кезеңінде   информатиканың
әдістерін  меңгерген оқушы мектептің  қалған  сатыларындағы  білім  алуда  (
атап  айтқанда   ,  түрлі  пәндердегі  сабақтарда)   адам  қызметінің  түрлі
салаларында компьютерді  пайдалану дағдысын меңгереді.
С.Пейперт, Ю.Первиннің еңбектеріндегі «информатика курсы»  түсінігі  аясында
«Информатика» деп аталатын пән  жайында  емес  мектептің  барлық   пәндеріне
кіріп  кеткен   информатика  ұғымдары   мен   тұжырымды   құрылымдары   әдіс
–тәсілдері жайында айтылатындығын байқау қиынға соқпайды.
      Ю.Первин  және  оның  әріптестерінің    жеткіншектерге   ерте   жастан
информатикадан дәріс  беру  жөніндегі  тұжырымдарын  қорыта  келіп,  мынадай
пайымдаулар жасауға болады.
      Біріншіден, жалпы білім берудің информатиканы оқытудағы басты  мақсаты
ойлаудың операциялық стилін қалыптастыру болса, ол орындалды.
   Екіншіден, бастауыш мекктепте информатика курсын өткізу  көптеген  пәндер
бойынша мектептің оқу бағдарламасын айтарлықтай  өзгертуге алып келеді.
   Бұл жерде  мынаны ұққан жөн:»информатика» мектеп  пәндерінің  бірде-бірін
алмастыра,  мектеп  пәндері   жалпы   жүйесіндегі      оқулықтарының   бірде
–біреуінің  ролін  атқара,  мектептегі   гуманитарлық   және   жаратылыстану
пәндерінің   ара  қатынасын   қайта  бөліске   сала  алмайды.  Ол  тек  қана
мектепте  оқылатын   әрбір  пәнге  жаңа,  әрі  жетілдірілген  сипат   беріп,
мұғалімнің қолына кілт ұтатады.
    Осы кілтті дұрыс  пайдалана   білген  мұғалім  оқушыларының  алдында  өз
пәнінің  мәнін терең әрі тиімді түрде аша түседі.
   Информатиканы ерте жастан оқытудың үмкіндігі  мен  мақсаткерлігі  әлемдік
эксперимент, зерттеу  нәтижелерімен  де  нақтылана   түседі  .Осыны  назарға
алған  В.Буциктің   зерттеулеріндегі  ерте  жас   кезеңіндегі     оқушыларға
компьютерлік сауаттың   алғашқы  эксперименттерін  беріп  қою   жеткіліксіз,
оларға компьютер негізінен басиауыш   білім  және  түбірлі  түсініктер   іс-
әрекет әдіс тәсілдері  жөнінде нақты саут беру  жайы айтылады.
   Атап айтқанда,В,Буцик  кіші мектеп жасындағыларға  басиауыш  компьютерлік
сауатберудің  мынадай  әдістемесін  ұсынады:бірінші  және   төртінші   сынып
аралығында  сызбалық  және   мәтіндік    редакторлардың   көмектері   арқылы
орындалатын тапсырмаларды біртіндеп  күрделендіріп  беру  ,  яғни  ақпаратты
өңдеу,   ақпаратты   сақтау,ақпаратты   беру     салаларынан    компьютердің
мүмкіндіктері жөніндегі түсінік пен сауат қалыптастыру.
   Сонымен қатар Е.Смирнов та  өзінің  тұжырымдамасында  мынадай  негіздерді
енгізе отырып , әдістемелік жүйе ұынады.
1.Мектепте  компьютерді қолданудағы  басты мақсат дүниетанымдық және
жалпы мәденилік сипатта  болуы  ,  баланың   тұлғасы  мен  ойлауын  дамытуға
бағытталуы тиіс.
2.Оқытудың мазмұны мен әдістемесі  оқушылардың   теориялық  ойлауын  дамытуы
қажет.Дәстүрлік әдістеме эмпирикалық ойлауды ғана дамытуға бағытталған.
      Оқыту үрдісі өзара байланысты және бірін-бірі толытыратын компьютердің
екі қызметін:өошеу аспабы және  пәндік әлемге  ықпал  етуші  пәндік  әлемнің
белсенді элементі ретінде пәндік және компьютерлік   әлем  жөніндегі   білім
қалыптастыруды үйлестіруі қажет.
      Е.Смирнов пікірінің В.Буцик пайымынан  айырмашылығы  мынаны  аңдатады:
«информатика»  шеңбері  аясында  барлық  пәндерді   оқыта   отырып   соңында
информатиканы бөлек курс ретінде  бөліп алу қажеттігін дәлелдейді.
       Тәжірибелік тұрғыдан қарағанда ,  ішкі  мектеп  жасындағыларға  түрлі
пәндерді оқытуда  компьютерді  оқыту  құралы  ретінде   қосалқы  көмек  үшін
қолданудың мүмкіндіктері қарастырылғаны жөн.
Қазіргі  уақытта  кіші  мектеп  жасындағыларды    оқыту   үшін   компьютерді
пайдалану жөнінде бірнеше  бағытты айтуға болады:
    - информатика элементтерін оқыту;
    -  нақты пәнді оқытуда әдістемелік жүйені  түбегейлі өзгеріске ұшыратуға
       соқтырмай,ЭЕМ-СЫН бесаспап құралы ретінде пайдалану;
   Кіші мектеп жасындағыларда  компьютерлік сауаттың  жекелеме элементтерін
 ғана емес, информатиканың бастауыш білімін, іс әрекетіндегі  әдіс тәсілдері
 жөніндегі  негізгі түсініктерді қалыптастыру ( компьютер құрал емес, оқыту
                          арқылы меңгерілетін пән)

           14-дәріс. Жаңа технологялар арқылы шығармашылыққа баулу

      Жас жеткіншектерге бүгнгі күн талабына сай білім мен тәрбие  беру  ісі
педагогикалық мамандарға үлкен жүк артады. "Тәлім-тарбие  мен  оқыту  ісінің
нәтижесі әрекеттерден гөрі мұғалімдерге көбірек теуелдгі- деген.
      Ы Алтынсариннің көрегендікпен  айтқан  пікірінің  қазіргі  уақытта  да
маңызды болып отырғаны да осының айғағы.
      Білім беру жүйесінде болып жатқант түбегейлі өзгерістер оқыту  үрдісін
озық техналогиялармен қамтып жетілдіруді талап етеді.
        Осы   тұрғыда  оқытудың  жаңа  техиологияларын  жете  меңгеріп,  оны
оқушылардың психологиялық жас ерекшеліктеріне орай  орынды  қолданудың  мәні
ерекше.
      Жаңа   технологияны   жетік    меңгеру   сонымен   катар    муғалімнің
интелектуалдық. кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық  және   басқа   да
көптеген адами қабіленің  қалыптасуына  игі   әсерін  тигізеді  өзін  -  өзі
дамытып, оқу – тәрбие үрдісін тиімді  ұйымдастыруына көмектеседі
       Білім  берудің  даму  бағытымен  техналогияларын  қамтитын   көптеген
педагогикалық  техналогия  қолданып  бағыты  мен  техналогияларын   қамтитын
көптеген  педагогикалық техналогия қолданылып жүргендігі мәлім.
      Мысалы, Д.Б.Эльконин,  В.В.Давыдовтардың  «Дамыта  оқыту  Ж.Қарайеетың
«Деңгейлеп   саралау»,техналогиясы   М.М.Жанпейсованың   «Модульдік   оқыту»
техналогиясы «Сорос-  Қазақстан  »  қоры   арқылы   келген  «сын  тұрғысынан
ойлауды, оқу  мен жазу  арқылы  дамыту» техналогиясы т.б
      Мен  оқытудың ұтымды  әдістерін,  соның ішінде «оқу  мен  жазу  арқылы
сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасын   жұмыс  жжасау  арқылы   алған
білім   негізін   дамыта   отырып     тәжірибеге    енгізу   жұмыс   істеуге
құштарлық  туғызып  білім  беруде  нәтижеге  жеткізетінін  байқадым.
      Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес,  шыңдалған   ойлау.  Оқушының   бұл
жұмысты  дұрыс ұйымдастырған  жағдайда   өз  даму   деңгейіне   сәйкес   ойы
шыңдалып, белгілі  бір жетістіктерге  жетері  сөзеіз.
      Осы  жобамен  жұмыс жасау  барысында мұғалім оқушының  өзін   ізденуге
жетелейді, ойлауға  үйретеді.
      Педагогикалық техналогия  оқушылардың  жеке басын   дамыту  мен  білім
беру  мақсатына  жету жолындағы  педагогикалық  қызметінің, іс -  әрекетінің
 жүйелі дамып, отыратын  жобасы   ретінде   оқушы   белеенділігін  арттыруды
көздейді. Ал, оқушы  белеенділігінің  артуы оны шығармашылыққа  жетелейді.
      Шығармашылық  қабілет  әр баланың  табиғатында  болуы мүмкін.   Біздің
міндетіміз – оқушыға  оның  бойында  жасырынып  жатқан  мүмкіндіктерін  ашып
көрсету.
      Қазіргі таңда мұғалімнің  алдыңда  тұрған  басты  мақсат  окушыға  тек
сапалы білім берумен  ғана  шектелмей,   оны  келшек  өміріге  дайын  азамат
ретініе    қалыптастыру   болу керек.
      Кеңестік кезеңде қалыптасқан  дәстүрлі   сабақ    беру  үрдісінде  бұл
мақсатқа жету қиын    немесе     мүмкін     емес.  Қазіргі    заман   талабы
оқу  -тәрбие     үрдісін     түбегейлі өзгертулі   талап   етіп   отыр.
      Осы орайда  Ресей  пелаготтарын  озык  тәжірибесінде  келесі    нәтиже
беріп   отырған жаңа оқыту техлологияларының бірі - педагогикалық  шеберхана
осы  мақсатка  жстудегі бірден- бір тиімді  жол.
      Шеберхана-оқушының сыныптағы іс-әрекетін жаңаша ұйымдастыру тәсілі.
      Шеберхана балаға тек мектептегі пәндік ғылымды білдіріп қана  қомайды,
сонымен бірге нақты білімнің қалыптасу жолын, тәсілін гүсіндіреді.
      Педагогикалық шеберхана технологиясы мұғаліммен шеберхана  өткізбестен
бұрын дайындықты,   жан-жакты ізденісті талап етеді. Ал шеберхана  барысында
мұғалім тек бағыт-бағдар беруші, бақылаушы ролінде болады.
      Шебер-оқушының өзіндік әрекетіне көмекші жетекші.  Шеберхананы  құрушы
шебер қағидасы - оқушы әрекетінің еркіндігіне,  оның  тұлғалық  ерекшелігін;
жан; ой талғамына  құрметпен  қарауға  негізделеді.
      Соныдықтан,   ұлт   мектептеріндегі   мектеп   мұғалімдері    көптеген
қиындықтарға  кезігеді.  Ұлт  мектептеріндегі   бастауыш   буыңда   12   жыл
педагогикалық қызмет ету барысында өз тәжірибемнен  байқағаным:
-    баланың   мектепке   дейінге   сөйлеу          мәдениеті          толиқ
қалыпгаспаған.
-  өз  ойларын  еркін  ашып айта алмайды.
-  кейбір оқушылар сынып ұжымында    шеткерлеп, жиі оқшауланады
бастауыш бұрындагы сабақ үрдісінде дәстүрлі сабақ  әдістері  оқушы   зейінін
тез басады.
- акпаратты технологияньң уақыт жылдамдығына байланысты  прогргесиеті  дамуы
- окушының оқуға деген талпынысына   кері    әсер    етеді,  егер,   біз  де
отандық    оқыту   үрдісіне   түбегейлі   өзгерістідер   уакытта    кіргізіп
үлгермесек.
      Бұл келесі мәселені шешуде бізге тек  қана  әлемдік,  отандық  оқытуда
озық үлгіге айналып, өз нәтиже тиімділігін көрсетіп отырған   оқытудың  жаңа
технологиясы көмекке келе алады.
      Сол  себептен  соңғы екі жылдағы шығармашылык - ізденушілік
Тақырыбым:  «Педагогикалық  шеберхана  технологиясы  негізінде   оқушылардың
тұлғалық ерекшелігін қалыптастыру»
      Ізденушіліктің   алғашкы  тәжірибе  баспалдағында  технологияның   тек
кейбір кезендері ғана колданылады.
      Байқағаным:  өте  жақсы  нәтиже  беретін  кезен  -  индукция   кезеңі.
Тақырыпты ашуда индуктор кез-келген зат не құбылыс болады.  Мысалы,  үнтаспа
үні, зат, сурет, тіпті бір нүкте болуы мүмкін.
      Оқушылар оқу  тақырыбын  өздері  шығарып  алып,  осы  тақырыпқа  деген
қызығушылықпен құлшына сабақ барысын тосатын болды.
      Екінші кезең - деконструкця кезеңі.  Бұл кезеңде оқушылар  сызбаға  не
месе тірек схемасына сүйеніп,  Жұмыстарын  жалғастырады.  Мысалы;  тақырыпқа
байланысты не біледі, соны жазады өз  білімін,  тәжірибесіне»сүйсніп  немесе
өздері тақырыптық сызба жасаулары мүмкін. Бұл жұмыстарды  орындау  барысында
балаларда өз күшіне деген сенімділік пайда болып, білімдері кеңейеді.
      Үшінші  кезең  –  реконструкция  кезеңінде  балалар  дайын    сызбамен
сыныпта оқушыларды бағадарламадан тыс   қосалқы  мәтінмен  жұмыс  жасау  өте
қызықтырады.Бастауыш сыныпта оқушыларды бағларламадан тыс  қосалқы  мәтінмен
жұмыс жасау өте қызықтырады.  Аяқталмаған  мәтінді  топ  ішінде  талдап,  өз
ойларын көршілес топтың  ойларымен  салыстырып,  негізгі  ойды  табу  арқылы
мәтінге ат қояды.
Әлеуметтендіру   кезеніндегі   мұғалімнің   көмегімен   мәтінніің    жалғасы
таратылады. Оқушылар қай топтың нұсқасы сәйкес келтінін ажыратады.
      Бұл кезендерде бастауыш сынып  окушыларының әлі «қалыптаспаған зертту,
сынау, салыстыру, ажырату қабілеттері дамиды.
      Әлеуметтендіру кезеінде өтілген тақырыпқа байланысты сурет  салғызуға,
өлең жолдарын шығартуға шағын шығарма жазғызуға болады.
      Сабақ соңында. сурет салғанда бар жан-дүниесін, эмоциясын сол  жұмыста
       қағаз        бетіне бейнелейді.Жарнамалау  (афиширование),  кезеңінде
әр бала немесе әр топ бар жұмыстарын қорғайды. Оқушылар  еріксіз  бір-біріне
қол            созып,керсетеді. Осы кезеңді  ұяжым  мүшелерін  біріктіретін,
ынты-мақтандыратын кезең  деуге  болды.
Жетінші кезең-үзіліс (разрыв)  кезеңі. Бірақ бұл   кезеңді  бастауыш  буында
қолдану қажст емес.
      Өйткені балаларға білгені мен білмегінін салыстыру,  ойларын  жинақтау
қиынға  соғады.  Сондықтан  бұл  кезенді  оқушының  белгілі  бір  тәжірибесі
қалыптасқасын, орта буындардан бастап енкізуге болады.
      Соңғы  кезеңі  -  рефлекция  кезені.   Рефлексия  кезеңі  әр   оқушыға
шеберхана  барысындағы ішкі сезімін,  ойын  ашық  айтуға  мүмкіндік  береді.
Тіпті бұрын мүлде сөйлете алмантын тұйық бала бір  -  екі  сөйлем  болса  да
міндетті түрде айтады.
      Педагогикальіқ  шеберлікті  бастамас  бұрын  ен  алдымен   ұйымдастыру
кезеңіне қатты көңіл  болу  керек.  Ұйымдастыру  кезеңі  дұрыс  ойластырылып
өткізілее  кез  келген  сабақ  нәтижелі  болады.  Ең    алдымен   оқушыларды
психологиялык дайындықтан өткізу керек.
      Оқушыларды шеңбер жасап тұрғызып, бір – бірінің қолынан ұстасып,  бір-
біріне жылы сөз, жақсы лебіз  немесе  тілек  айтқызуға  болады.  Мұндай  іс-
әрекет  оқушылар  арасында  өзара  сыйластық,  түсінушілік»  достық   қарым-
қатынасты жандандырады, ал бұл - шеберхана барысындағы жұмыстың  кызықты  да
дұрыс откізуге  болатын бірден  бір қажетті адамгершілік қасиет.
      Қазіргі    уақытта    "қоғамды    ақпараттандыру",    "білім    беруді
ақпараттандыру" деген сөз тіркестері біздің сөздік қорымызда жиі  кездеседі.
Олай болса, қоғамды ақпараттандыру дегеніміз -  ғылыми-техникалық  прогресс:
жетістіктерінің күнделікті тұрмысқа  ауқымды  енуінің  нәтижесі,  яғни  адам
өміріне  іс-әрекеттік  интеллетуалды  түрлерінің  жан-жақты  әсер  етуі  мен
рөлінің жоғарылауына байланысты объективті прогресс.
      Ол  оқыту  мазмұны,  әдісі  мен   ұйымдастыру   түрлерінің   өзгерісін
тездетеді. Бұл үрдістегі негізгі мәселе: білім берудің мазмұны мен  мақсатын
өзгерту болып отыр.
Қазіргі  заман  талабы  бойынша  білім  беруді   ақпараттандырудың   негізгі
талаптарының бірі - оқу үрдісіне элекрондық оқулықтарды енгізу.
        Өйткені,  бүгінгі  тандағы  білім  беру  саласында  тек   мұғалімнің
айтқандарын   орындау    немесе    оқулықты    пайдалану    заман    талабын
қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру  коғамында  электрондық
оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес.
      Оқу материалдарын ұтымды игеруде  электрондық  оқулықтардың  атқаратын
ролі зор,  Электрондық  оқулықтарда  теориялық  тақырыптар  кеңінен  беріліп
түсіндіріледі.
      Теориялық  материалдар  гафикалык.  илюстрация  түріндегі   әр   түрлі
суреттер, сұлба тәсілдер арқылы толықтырылып отырса, онда теориялық  білімді
оқып, көзбен көріп, түйсіну және  оны  мида  бекіту  үрдістері  бір  уақытта
өтеді және материалды қорыту үрдісі ұтымды болады.
Электрондық оқулықтар - ғылыми негізде дайындалған педагогикалық  ақпараттық
өнім.
      Электрондық   оқулық    дайынаудың    тұжырымдық    негізі    оқытудың
педагогикалық. теориясы болып табылады.  Сонымсн  қатар  электрондық  оқулық
дайындаудың псдагогикалық, ұстанымдар жүйесі оқытудың дидактикалық  жүйесіне
сәйксс келеді. Электрондық, оқулықтармен жұмыс   істеу   әрбір  оқушының  өз
мүмкіндігін есепке ала отырып, оқып уйрену  ісін  жеке  дара  жүргізуге  жол
ашады.


      Элекоктрондық оқулық - оқу пәнінің негізгі  ғылыми  мазмұның  қамтитын
компьютерлік техналогия  негізделген  оқыту,  бақылау,  моделдеу,  тестілеу,
т.б. бағдарламалардың жиынтығы.
      Электрондық оқулық жай оқулықтарға  өте  тиімді  қосымша  мүмкіндіктер
береді. Атап айтқанда:
Кері байланысты іс жүзілік  тез  арада  қамтамасыз  етеді;  және  окулықтагы
ақпаратты іздеу  мүмкіндіктері  біраз  уақыт  алатын  болса,,   электрондық,
оқулық қажетті оқулықты табуға тез мүмкіндік береді;
      Гипермәтінді     түсіндірулерге  өту  барысында   уақытты    үнемдеуге
көмектеседі.
      Ең бастасы, электрондық оқулықтарды дайындаудың бір  жүйеге  келтірген
заңдылығы болуы керек. Осыған байланысты электрондық оқулықтарды  дайындауда
мынадай дидактикалық шарттарды есксрген жөн:
      - белгілі бір пәнге байланысты дайындалтын электрондық  оқулыктың  сол
пәннің типтік бағдарламасына сәйкес болуы;
      - электрондық, оқулықтар курста оқытылатын тараулар  мен  тақырыптарға
қатысты  дәріс  мәтінін  қамтитын  негізгі  зертханалык   және   тажірибелік
тапсырмаларды  орындауға  арналған   қосымша  материалға  қатысты  анықтама,
библиогрофиядан   түратын   комекші,   аралык,   және   корытынды    бақылау
сурақтарырынан  тұратын   тест,   материалдарды   дайындауда   пайдаланылған
әдебиеттер тізімдері бөлімдерін қамтуы;
—  электрондық оқулықтың  кәдімгі  оқулықтар  мазмұнын  қайталамауын,  яғни,
берілетін тақырыпқа катысты ақпараттың нақты әрі қысқа бірілуін ескеру;
—  белгілі  бір  тақырыпқа  қатысты  материал  2-3  экрандық,  беттен  артық
болмау.
      Егер мәтін көлемі бірнеше экрандық. бетті қамтитын болса, онда экранда
пайда  болатын  оң  жак  тік   төменгі   көлденеңінен   жылжыту   сызықтарын
электрондық.   оқулықты   көп   пайдалануына   түра   кследі.   Мұның    өзі
пайдаланушының материалға қатысты ойын  бөледі  және  мәтінді  жоғыры-төмен,
оңға-солға жылжыта беру пайдаланушының шыдамдылығына да әсср етеді.
      Сондай-ақ кейбір пәндерге, атап  айтқанда,  физика.  химия,   биология
сскілді    пәндерге   қатысты   урдістіерді   аиимациалап   көрсету,   тіпті
кинофилмдер  мен  диафильмдер  үзінділерін    сақтап,  оларды   гипермәтінді
формат   арқылы   электроңдық   оқулыққа   кірістіру   оқулықтың   көркендік
әдістемслік деңгейін арттырады,
      "Информатика" пәнін оқытуда  редакторын  оқыту"  электрондық  оқулығын
пайдаланса болады.
      Электрондық оқулықты құруға қолданбалы бағдарламасын қолдануға болады.
қолданбалы  бағдарламасы  арқылы  презентация  жасауға  болады.  Презентация
ұғымының екі түрлі мағынасы бар.
      Бұл жерде презентация дегеніміз-баяндама жасау, мінбеге шығып  сөйлеу,
ғылыми  ұсыныс  жаинау,  диплом  немссе,  курстық  жұмысты  қорғау,  бизнес-
жоспарды немесе техникалық ұсынысты талқыга  салу,  қандай  да  бір   қызмет
түрін ұсыну.
      Кез келген жаңа идеяны немесе өндірілген өнімді ұсынуда презентацияның
атқаратын ролі зор. Біздің мақсатымыз —  презентация  даярлаудың  техникалық
құралымен  таныстыру.  Презентация  өтізуде  көрнекі  құралдар   (графиктер,
диаграммалар,   фотоматериалдар)   кеңінен   қолданылады.   Қазіргі   дербес
компьютерлердің мүмкіншіліктерінің  артуы  оны  презентация  даярлау  құралы
ретінде пайдалану қажеттілігін туғазды.
      Интернет диетанцялық презентациялар  откізудің   ең  қолайлысы  құралы
болып табылады.
      Бүгінде  Интернетте  автоматты   рсжимде   жұмыс   істейтін   көптеген
презеитацияларды  көруге  болады.Екінші  жағынан  алғанда,  прсзентация  деп
айрықша  тексті  электрондық,  құжатты  айтады.  Ол  өзінің  мультимедиялық,
мазмұны  мсн  құжатты   экранға   шығаруды   басқарудың   мүмкіншіліктерімсн
ерекшсленеді.
      Құжатты   экранға   шығару   автоматтандырылған,   интерактиеті   және
дистанциялық  түрде   өтеді,   тектес   құжаттарды   арнаулы   бағдарламалық
құралдардың көмегімен дайындайды.
      Презентация  даярлаудың   автоматтандырылған   құралдарының   бірі   —
MICROSOFT  office   кестесімен  бірге   қойылатын   Місrosof   Power   Point
қолданбалы бағдарламасы.
      Бұл презентация даярлау мен безендіруге арналған әмбебап  құрал  болып
табылады.  құралдарының  көмегімем  дайындалған  жұмысгы  оның  кез   келген
кезеңінен, көрсетуге болады.
Роwer  Роіnt-тағы  кез  келген  құжат  слайд  деп  аталатын   жеке   алынған
кадрлардың жиынтығынан тұрады. Презентациядағы  слайдтардың  саны  көп  бола
берсді.  Құжаттағы  әрбір  слайдтың  өзінік  жеке   нөмірі   болады,   слайд
құрылғанда ол бірден міндетті түрде номірленсді.
      Құжаттағы слайдтар  сызықта  тізбектеле  орналасады.  Слайдтарды  жою,
кірістіру,  орын  ауыстыру  нсмесе  көрсету   олардың   сызықтық   құрылымын
бұзбайды.
       Слайттар әр текті  нысаңдардан тұрады.
Слайдта орналастырылатын барлық, нысандар  Роwег  Роіпt  ішкі,  құралдарымен
де, сонымсн қатар сыртқы қолданбалы бағдарламаларда да құрылып,  безендірілу
мүмкіндігіне  ие.  Місrоsоf  offcе  дестесіyс  керегін   барлық   калданбалы
бағдарламалар сияқты Роwег  Роіnt  бағдарламасының  да  өзіндік   стандартты
басқару элемеінттері бар.
 Роwer   point  бағдарламаcында  презентацияны  даярламас  бұрын  біріншіден
сізде оның мазмунды бөлігі дайын болуы қажет.
      Компьютер автор  үшін  презентацияның  мазмұның,  мақсатын,  құрылымын
анықтай, алмайды, ол тек идеяларды жүзеге  асыруда  колданылатын  техникалық
болып табылады.








                  15-дәріс. Педагогикалық тірек – сызбалар



   Жаңа педагогикалық технологияны меңгеруге байланысты оқыту міндеттері.

                                    [pic]

|Проблемалық  - іскерлік  |
|ойын                     |
|Рефлексивті – рольдік    |
|ойын                     |
|Педагогикалық шығармалар |
|Панаромалық сабақ        |
|Лекция                   |
|Семинар                  |
|Практикалық сабақтар     |
|Педагогикалық оқулар     |
|Педагогикалық ринг       |
|Педагогикалық идеялар,   |
|аукцион                  |
|Сынақ мерзімін откізу    |
|Бейнетаспаға түсірілген  |
|сабақтар көру            |
|Ашық сабақтарға кіру,    |
|талдау                   |

|Педагогикалық қызметтің  |
|өзекті мәселерін білу    |
|Оқу бағдарламасының      |
|түрлендірілген           |
|нұсқауларын түрлендіру   |
|Оқу модулін құрастыру    |
|Оқу жобаларының мазмұнын |
|анықтаулар оқушыға       |
|арналған тапсырмалар     |
|құрастыру                |
|Оқушылардың жаңа         |
|материалды меңгеруі      |
|бойынша деңгейленген     |
|жаттығулар жүйесін жасау |
|Оқу әрекеттерінің бағалау|
|көрсеткіштерін анықтау   |
|Жетіспейтін дидактикалық |
|құралдарды жасау дағдысын|
|қалыптастыру             |


[pic]







|ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР                                 |

|Дамыта оқыту         |

|К. В. Валиковтың     |
|дамыта оқыту жүйесі  |

|Д. В. Эльконин –       |
|В.В.Давыковтыңдамыта   |
|оқтыу технологиясы     |

|Техникалық           |
|шығармашылық         |
|технологиясы         |

|Шығармашылық ******* |
|Білім беру           |
|технологиясы         |

|Қоғамды              |
|шығармашылықты       |
|қалыптастыру         |
|технологиясы         |

|Ақпараттық            |
|(компьютерлік) оқыту  |

|Өздігінен даму       |
|технологиясы         |

| В.М.Молыковтың      |
|технологиясы         |

|М.Монтессори         |
|технологиясы         |

|Вальдорв педагогикасы|

|Ынтымақтастық        |
|педагогика           |

|Коммуникативтік оқыту|
|технологиясы         |

|*******  тұлғалы     |
|оқыту технологиясы   |

|Тірек                |
|конспектілерімен     |
|белгілі арқылы оқыту |

|Ұжымдық тәсілмен    |
|оқыту               |

|Ойын арқылы оқыту    |

|Проблемалық оқыту    |

|Сабақтың тиімділігін |
|****** оқыту         |

|Перспективті дамыта  |
|оқыту                |

|Ірі блокпен оқыту    |

|Лекция – семинар –   |
|сынақ жүйесі         |

|Палностраниялы       |
|түсіндірмелі оқыту   |

|Білім беруді         |
|ізгілендіру          |

|Саралап – деңгейлеп  |
|оқыту                |

|Міндетті нәтижелер   |
|деңгейлеп саралап    |
|оқыту                |

|Саралап, деңгейлеп,  |
|дамыта оқыту         |

|Бағдарламадан оқыту  |

|Дербес *****        |
|технологиясы        |

|Оқыту бейім ******** |

|Дербес оқыту         |

|Жеке бағытталынған   |
|жоспары негізінен    |
|оқыту                |

|Жобадан оқыту        |

|Модульдік оқыту      |

|Проблемалық модульдік|
|оқыту                |













|                       |
|                       |
|Білімді игеру мәні     |
|                       |




|                       |              |Сана сезімді және      |
|Табиғат, қоғам, ой     |              |тәжірибелік дағдылар   |
|пікір, іс-әрекет       |              |мен ептіліктер жүйесін |
|тәсілдері              |              |игеру                  |
|жөніндегібілімдер      |              |                       |
|мазмұнын меңгеру       |              |                       |
|                       |              |                       |
|                       |              |                       |




|                        |              |                       |
|                        |              |                       |
|Шығармашылық іс-әрекет  |              |Қоршаған әлем мен басқа|
|тәжірибесін илену       |              |адамдарға болған көңіл |
|                        |              |күй, еріктік қатынастар|
|                        |              |тәжірибесінің жинақтау |








                                    [pic]









                Білімді  ақпараттандырудың негізгі  бағыттары


|                                                                             |
|Білімді  ақпараттық жасақтау және енгзу                                      |




|                                                                             |
|Жаңа  ақпараттық  комуникациялық және обьектілік бағытталған технологиялар   |
|негізінде ақпараттық оқыту қорларын программалық  құралдар жасақтау          |


|                                                                             |
|Ұлтыық оқыту бағдарламасын жасау,және оқушылардың теледидарлық орталықтарын  |
|қамтамасыз ету                                                               |



|                                                                             |
|Білім беру жүйесінің барлық деңгейінде қашықтықтан оқыту формасын оқыту      |




|                                                                             |
|Білім беру мекемелерін интернетке қосу, республикалық ақпараттық және білім  |
|беру орталығын жақсарту                                                      |


|                                                                             |
|Білім беру мекемелерін  компьютерлендіру, мектептерді  компьютерлік          |
|техникамен қамтамасыз ету                                                    |












                        Оқу үдерісіне тән заңдылықтар


|                 |          |                 |         |                |





|                                      |
|Оқу заңдылықтары                      |






|                 |          |                 |         |                |
|Оқытушы ықпалының|          |Оқытушы          |         |Оқушы ықпалының |
|оқушының білімге |          |ықпалының        |         |танымдық сана – |
|болған ынтасына  |          |оқушылардың      |         |сезімдік және   |
|                 |          |даралық және     |         |басқа да        |
|                 |          |ұжымдық          |         |мүмкіндіктеріне |
|                 |          |іс-әрекетіне     |         |сәйкестігі      |
|                 |          |сәйкестігі       |         |                |

|                             |        |                            |
|Оқытушы мен оқушылардың      |        |Оқытушы мен оқушылардың іс  |
|оқудың компьютерлі,          |        |әрекеттерін қазіргі заманғы |
|техникалық және  басқада     |        |тұрмыстық және қызметтік    |
|көмекші құралдарына          |        |талаптарға сәйкес жобалау   |
|сәйкестігі                   |        |(моделдеу)                  |


































|                                                   |
|Теориялық жаңа материалды игеру негізгі мына       |
|кезеңдерден  тұрады:                               |









      |                                                                        |
|1-ші кезең – мұғалімнің оқу материалын толық түсіндіруі;                |




      |                                                                        |
|2-ші кезең – оны тірек плакаттар бойынша қысқаша мазмұндау, мұнда       |
|материалды «блоктық қабылдау» жүреді;                                   |




      |                                                                        |
|3-ші кезең - оқушылар тірек сигналдары бар беттерді (тірек плакаттардың |
|кішірейтілген көшірмелері) мұғалімнен алып танысады, өз альбомдарына    |
|желімдейді;                                                             |


|                                                                        |
|                                                                        |
|4-ші кезең – оқулықпен және үй жағдайында тірек сигналдары бар бетпен   |
|жұмыс;                                                                  |




      |                                                                        |
|5-ші кезең – келесі сабақта тірек сигналдарды жазбаша еске түсіру;      |


|                                                                        |
|6-шы кезең - жолдастарының ауызша жауабын тыңдау (тақта алдыңда немесе  |
|орныңан                                                                 |


              Жаңа технологияның элементтерін пайдалану арқылы
                        білімге қызығушылығын арттыру
                                    [pic]












                                    [pic]








                       Ақпараттық оқыту технологиялары
                               арқылы білім беру


   |                                                                     |
|Бақылаушы және тестілеуші бағдарламалар                              |






   |                                                                     |
|                                                                     |
|Бағдарлама - жаттықтырушылар                                         |
|                                                                     |






   |                                                                     |
|                                                                     |
|Ақпараттық – анықтамалық жүйесі                                      |






   |                                                                     |
|Модульдеуші бағдарламалар                                            |
|                                                                     |






   |                                                                     |
|                                                                     |
|Электрондық оқулықтар                                                |
|                                                                     |




   |                                                                     |
|Мультимедиялық бағдарламалар                                         |

            3. «Қазіргі оқыту технологиясы»  пәні бойынша семинар
                                тапсырмалары.

      Семинар 1.  Педагогикалық технология туралы түсінік
1.Педагогикалық технологиялардың мәнділігіне қолданылуына тоқталу
2.Оқу үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды қолдану

      Семинар 2.  Қазіргі педагогикалық технологиялар объективті қажеттілік
1. Қоғамдық тарихи тәжірибені шерудің басты әлеуметтік қызметі  білімді  жан
сақтауда емес, бар білімді қайта қалыптастыруда

      Семинар 3. Жаңа педагогикалық технология. Оларды ұтымды пайдалану
1.Жаңа технологиялардың  теориялық  тұрғыдан  дәлелденіп,  тәжірибеде  жақсы
нәтиже беру.
2.Мұғалімдер мен тәрбиешілерге шығармашылық еркіндіктің берілуі.

      Семинар 4.  Білім беруде жаңа технология
1.Оқу тәрбие үлгісін тиімді ұйымдастыру
2.Қазіргі білім беру саласына оқытудың озық технологияларын енгізу

      Семинар 5.  Оқу тәрбие процесіне модульдік оқыту технологиясын  енгізу
тиімділігі
1.Әдістемелік деңгейде модульдік оқыту технологиясын игеру
2.Модульдік оқыту  технологиясын  оқушыларды  және  олардың  білім  деңгейін
дамытуға ықпалы.

      Семинар 6.   Сын тұрғысынан ойлау технологиясы
1.Сын тұрғысынан ойлау өзіндік және жеке ойлау болып табылады.
2.Ақпарат сын тұрғыдан ойлаудың соңы емес, бастапқы пункты болып табылады.
3.Сын тұрғыдан ойлау сұрақтар қойы п шешім табу

      Семинар 7.   Деңгейлеп оқыту технологиясы
   1. Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты
   2. Деңгейлеп оқытудың ерекшелігі, оның тиімділігі

      Семинар 8.   Дамыта оқыту технологиясы
1.Дамыта оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы




     Семинар 9.   Сорос орталығының стратегияларын тиімді пайдалану
1.Сорос орталығының «Сын  тұрғысынан  ойлауды  дамыту»  технологиясының  «Ой
қозғау», «Топтастыру», «Кубизм, «Венн диограммасы» стратегиясы

        «Қазіргі оқыту технологиясы»  пәні бойынша СОӨЖ тапсырмалары

СОӨЖ №1. Педагогикалық жүйе
Мақсаты:педагогикалық жүйе ұғымының мәнін ашу.
Өткізілу формасы:Конспект.

СОӨЖ №2. Педагогикалық технологияның түрлері.
Өткізілу формасы: кесте құру.

СОӨЖ №3. Дәстүрлі оқыту технологиялары.
Мақсаты: Дәстүрлі оқыту мен қазіргі педагогикалық
технологиялардың айырмашылығын ажырата білу.
Өткізілу формасы: салыстыра отырып сызба жасау.

СОӨЖ №4.Белсенді оқыту технологиялары.
Мақсаты: Белсенді оқыту технологияларын оқып үйрену.
Өткізілу формасы:Конспект

СОӨЖ №5. Дамыта оқыту технологиясы.
Мақсаты: Дамыта оқытудың ішіндегі деңгейлеп оқыту әдісімен
таныстыру және олардың жүргізілу формасын көрсету.
Өткізілу формасы: Сызба кесте жасай отыра оны тақтаға шығып талдау.
Бұл дамыта оқыту технологиясын оқи отыра студенттер болашақта өз
тәжірибелерінде қолдана алуы тиіс.

СОӨЖ №6. Ойын технологиясы.
 Мақсаты: бұл әдіспен таныса отырып  студенттер  болашақта  қолдана
алуына
үлкен  әсерін  тигізеді.  Студенттер  ойын  әдісін  көрсету  арқылы
болашақта
бастауыш сынып оқушыларына қолдана алады.

СОӨЖ №7. Деңгейлеп  оқыту технологиясы.
Мақсаты:Топтастырып оқыту технологиясы ол педагогика саласында
  қолданатын  негізгі  технологиялардың  бірі  болып  келеді.   Бұл
технология
арқылы студенттердің білім, білік дағдысы артады, бұл  технологияны
қолдана
отыра, олардың топпен бәсекелестігі білім дағдысын қалыптастыруға
бағытталады, бұл технология дамыта оқыту технологиясымен сабақтас.
Өткізілу формасы:

СОӨЖ №8.Модульдік оқыту технологиясының оқушылардың   білім
деңгейін дамытуға ықпалы.
Мақсаты: Студенттерді модульдік оқыту технологиясының практикалық
 жағымен таныстыру.
Өткізілу формасы: Талдау. Яғни практикалық сабақта олар теориялық
жағымен  танысса,  СОӨЖ  сабағында  олар   әрбір   оқу   процесінің
модульдерін
талқылай отыра оны жазбаша бақылау түрінде өз шығармашылығына
 қарай тапсырады.

СОӨЖ №9. Оқыту технологияларын таңдау.
Мақсаты: Жалпы инновациялық процестермен және оның технологиямен
байланысын айқындау.
 Өткізілу формасы: конспект. Студенттер бұл тарау бойынша  конспект
жаза
отыра олар іздену барысында оқыту технологиялары деген сөздің даму
тарихымен  және  оның  білім  беру  процесіне  тигізетін   әсерімен
танысады.

СОӨЖ №10.Тест технологиясы.
Мақсаты: ең негізгі технологиялардың бірі екендігін түсіндіре
 отыра, ол технологияның компьютермен байланыстылығын анықтау.
 Өткізілу формасы: әр түрлі бағытта тест дайындау.









































                           -----------------------
Педагогикалық үрдісте жүйелі


      Қазіргі мұғалім

Педагогикалық өзгерістерге тез төселгіш

Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын

Оқушымен ортақ тіл табыса алатын

Білімді, шебер, іскер болуы тиіс

                  Қазіргі оқушы

 Қазіргі оқушы

Деңгейлеп саралау

     СТО

              Мемлекеттік білім

Білім мазмұны-оқыту мақсаты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Педагогикалық  технологиясы

Педагогикалық технология
                     мазмұны

        Нәтиже білім сапасы

                              ОҚЫТУ МІНДЕТТЕРІ

     ЖАҢА
                                   ПЕДАГО
                                   ГИКАЛҚ
                                 ТЕХНОЛОГИЯ


Пәндер