Файл қосу
Асан қайғының шығармаларының зерттелуі
|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ | |СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ | |3-деңгейлі СМЖ | | | |құжаты |ПОӘК | | | | |ПОӘК 042-16.1.6/03-2013 | |ПОӘК |______2013 жылғы | | |«Қазақ хандық дәуіріндегі |№ 3 басылым | | |әдебиет»пәніне арналған | | | |оқу-әдістемелік материалдар | | | 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандықтарына арналған «Қазақ хандық дәуіріндегі әдебиет» ПӘНІНІҢ ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР СЕМЕЙ 2014 Мазмұны 1 Глоссарий 2 Дәріс сабақтарының мазмұны 3 Тәжірибелік сабақтардың мазмұны 4 Студенттердің оқытушының басшылығымен орындайтын жұмыс шеңберіндегі тапсырмалар 5 Студенттердің өз бетімен орындайтын жұмысы шеңберіндегі тапсырмалар 6 Студенттердің өзін-өзі тексеруге арналған тест сұрақтары 7 Емтихан сұрақтары Глоссарии. 1. Ақын - поэзиялық туынды, өлең, жыр - дастандарды ауызша немесе жазбаша айтып шығаратын өнер иесі, халықтың көркемдік дәстүрлерін қалыптастырып, жалғастыратын сөз шебері. 2. Арнау - әдеби шығарма басында берілетін, сол шығарманың кімге, қандай уақиға байланысты екенін көрсететін, көбінесе өлең түрінде келетін автор сөзі. 3. Арнау өлең – белгілі бір адам бейнесін, мін - сипатын суреттеп мақтап жазу дербес поэзиялық туынды. 4. Дастан – парсы сөзі – тарихи әңгіме, ертегі, батырлар жыры деген мағынаны береді. 5. Жылнама – тарихи жыл – жылға бөліп баяндау түрі. 6. Жыр – қазақ халық поэзиясының бір түрі, жырлап айтатын уақиға, көлемді поэзиялық шығарма. 7. Жырау – ауыз әдебиетінің ежелгі өкілдерінің бірі, қоғамдық мәелелерді қозғайтын толғау – жырлап айтушы. 8. Жыршы – ауыз әдебиетінің дәстүрін сақтаушы, батырлық, тарихи, ғашықтық, жырлар айтып таратушы. 9. Қиса - қазақ әдебиетіндегі кітаби ақындардың Шығыс әдебиеті үлгісіндегі сюжеттік шығармалары, дастандары, өлеңмен жазылған ертегі – хикаялары. 10. Мадақ өлең – салтанатты оқиғаларды жырлауға арналған, біреуді қошеметтеу сипатындағы мадақ өлеңдер. 11. Насихат өлең – уағыздар, ақыл–кеңес сарыны басым келетін өлең. 12. Поэзия – көркем әдебиеттің ертеден қалыптасқан үлкен бір саласы, өлең жыр түріндегі шығарма. 13. Поэма – оқиғаның өлеңмен баяндалып айтылатын, кейде жыр – толғау түрінде келетін көлемді шығарма. 14.Толғау – күрделі, көлемді лирикалық туынды, сюжетсіз поэма. 15.Түйдек (тирада) – қазақ поэзиясында жырда қолданылатын тармақтарды топтастырудың еркін түрі. 16.Ұйқас– өлең-жырларда тармақтың «өлең жолы» соңындағы бірнеше буынның келесі тармақтағы сәйкес буындармен үйлесуі «дыбыс үндестігі.» 17.Шабыт– өнер адамының шығармашылық қуатының шегіне жетіп тасқындауы,зор жігер,күш пайда болып, рухтануы. 18.Шайыр-«арабша ир»- ақын, орындаушы мағынасында. 19.Шешендік сөз -қазақ ауыз әдебиетінің жанры,ғибраттылық мәні,өнегелі ой- тұжырымы бар,айырықша тапқырлық танытатын нақыл сөз. 20.Шумақ- өлең- жырларда, дастан- поэмаларда өлең тармақтарының жолдарының белгілі ретпен топтасуы. Дәрістердің қысқаша сипаттамасы Дәріс 1 Жыраулық поэзиясының даму жолдары Дәрістің мақсаты:Жыраулық поэзияның ғасырлар бойы қалыптасып,дамыған ұлт әдебиетінің ғажап көркемдік құбылысы екендігін түсіндіру. Дәрістің жоспары: 1.Жыраулармен қоса ХVIII ғасырдағы ақындар поэзиясы туралы. 2.Поэзияның көрнекті өкілдері Шал мен Көтеш ақын жырларының негізгі сарыны-дін, этика, мораль тақырыптар екендігі. 3.Жыраулар шығармашылығының көбінің бізге жетпегені, жеткендерінең өзіде текстологиялық жағынан әлі де дәлелдей түсуді, аша түсуді керек ететін тұстары бар екендігін түсіндіру. 4.Олардың туындыларын зерттеуші ғалымдар жайында әңгімелеу. 5.Жырау толғауларын бізге жеткізуші ақындар туралы. Әдебиетімізде өзінің жанрлық белгі-сипаттары арқылы ертеден-ақ жеке сала болып дамыған ақындық және жыраулық поэзияның алатын орны ерекше. Көне дәуірлерден бері фольклорлық туындылармен өзектесе, жарыса дамып келген бұл сала халқымыз бастан кешкен тарихи оқиғалардың көркем шежіресі іспеттес ел тұрмысының сан алуан қырларын қамтып бейнелеуге әр кез елеулі үлес қосып отырған. Қазақ жырауларының сан ғасырлық шығармашылығын негізінен үш кезеңге бөліп қарастырған жөн сияқты. Бірінші топқа жыраулық дәстүрдің негізін қалаған алғашқы өкілдері: Қорқыт, Аталық, (Кетбұға), Сыпыра жыраулар жатады. Бұл дәуір XI-XIV ғасырларды қамтиды. Жыраулықтың қалыптасу кезеңін белгілейтін екінші топқа Асан қайғы, Қазтуған, Шәлгез, Доспамбет шығармалары кіреді. Мұның кезеңі XV-XVI ғасырлар. Үшінші топты жыраулықтың әбден толысып, кемелденген кезеңіндегі өкілдері: Үмбетей, Жиембет, Тәтіқара, Ақтамберді, Бұқар жыраулар құрайды. Бұған XVII-XVIII ғасырлар жатады. Сондықтан бұл кезеңдердің ерекшеліктерін ашып әңгімелеуді, ең алдымен, жыраулық поэзияның бірден-бір көрінісі – толғау жанрының қалыптасуынан бастау қажет дер едік. Толғау – әдебиетімізде өзіндік ерекшеліктерімен көрініп, көне дәуірлерде туып қалыптасқан поэзиялық шығарманың бір түрі. Толғау қазақтың «жыр толғау», «толғап айту» деген сөзінен алынып, жеке термин ретінде әдебиетімізде кейінгі кеңестік дәуірде ғана қалыптасты. Толғаулар өзінің табиғи сипатымен жүйелі оқиғасы бар жырға тонның ішкі бауындай жақын, үндес. Бізге жеткен толғаулардың халық, өмірінің, аса бір жауапты, күрделі де қиын тұсында айтылып таралғанын аңғарамыз. Жыраулар толғаған суырып салма жырлар философиялық ойға құрылған тұжырымдарымен де, жеке адам бейнелерін жасаған салиқалы да тартымды мазмұнымен де дараланады. Мұнда ел, жер, халық тағдыры, болашағы жүйелі сөз болады. Осы ерекшелік мұны эпикалық жырларға көп ұқсатады. Қазақ поэзиясы тарихына көз салсақ, толғаудың дербес жанр ретінде қалыптасуы ұзақ ғасырларға ұласқанын көреміз. Бұған әр тұста әр алуан жыраулар өз әлінше үлес қосып отырған. Соның нәтижесінде бұл жанр дәуір талабына сәйкес қалыпты фольклорлық үлгілерден біртіндеп оқшауланып, суырып салмалық дәстүрдің жаңа сипатты бір арнасын құрайды. Әрбір әдеби туындылардың алғаш пайда болуы мен қалыптаса дамуы соның авторларының аренаға шығуымен тікелей байланысты десек, толғау жанрының ең алғашқы өкілдерінің бірі деп, ең алдымен, Сыпыра жырауды атай аламыз. Рас, оған дейін де кейбір деректерге қарағанда Ұлық жыршы, яки Аталық жыраудың (XIII ғ.) бар екенін білеміз. Тіпті бұдан ілгері, Шоқан Уәлиханов айтқандай: «Өзгелерге жыр жырлау өнерін үйреткен бірінші жыршы – Қорқыт» та бар. Өкінішке орай, Қорқыт атаның жырлары белгісіз бір себептермен бізге жетпей, оның орнына сол туралы тек үзік-үзік аңыздар мен әпсаналар ғана сақталып қалған. Ал, Ұлық жыршы, яки Аталық жырауға (кейде Кетбұға деп те аталады) келсек, оның «Жошы хан өлгенде әкесінің айтқаны» деген жалғыз жоқтау жыры мәлім. Осы Ұлық жыршы «Оғызнаме» дастанында да Оғыз қағанға жыр толғап, болашақты болжайтын керемет толғаулар айтады. Сыпыра жыраудың аты да, толғауы да белгілі бір себептерге орай эпикалық жырлар («Ер Тарғын», т.б.) мен ертегілерде («Құбығұл», т.б.) ғана ұшырасады. Бұларда ол ел-жұртқа қадірлі ақыл иесі, көп жасап, көпті көрген дана, алдын болжағыш абыз, сәуегей кісі болып суреттеледі. Хан да, қара да ақыл таппай қысылып тығырыққа тірелгенде, көпті көрген көне Сыпырадан кеңес сұрайды. Мұның бәрінде де Сыпыра Алтын Орданың белгілі ханы Тоқтамыстың қасындағы көреген биі, кемеңгер ақылшысы ретінде сипатталады. Қазақ жырлары мен ноғай ертегілеріндегі Сыпыра бейнесі бір-біріне табиғи өте ұқсас, көп жасағаннан «адам көрер түсі жоқ, аузында отыз тісі жоқ» сиықсыз да ұсқынсыз қарт болып сипатталады. Сол аңыз-ертегілер мен батырлық жырларда жиі аталып, «өзінің 180 жасаған өмірінде тоғыз ханды қолынан өткізіп, тоғыз ханды түзеткен» Сыпыра туралы тарихи деректер жоқтың қасы. Алайда, Сыпыра жырау туралы айтқанда, ең алдымен, білікті ғалым Ә.Марғұлан еңбектерін негізге алған жөн. Ол кісі дала эпостарын жасаудағы жалпы жыраулардың, соның ішінде Сыпыраның ролін өте жоғары бағалай отырып, оны «XV-XVIII ғасырлардағы көптеген қазақ ақындарының көшбасшысы және ноғай-қазақ эпостарын («Ноғайлы жыры») бірден- бір жасаушы кісі», – деп көрсеткен еді. Заман талабына сәйкес жыраулар қашанда хан қасынан табылып отырған десек, бұған Сыпыра жырау өмірі де айқын дәлел. Ол әр алуан жырларда ең әуелі Тоқтамыс хан мен Ер Тарғын батырды татуластырушы, енді бірде Едіге мен Тоқтамыс арасындағы кек-жанжалды басушы, тағы бірде Тоқтамыс ханға қарсы көтерілген халық толқуын кемеңгерлікпен тоқтатушы данышпан ретінде көзге түседі. Сөйтіп, жыраулар, көбінесе, өзінің көріпкел, болжағыштық, дана- кемеңгерлік қасиеттері арқылы әр кезеңде белгілі бір ханның қысылғанда, кеңес сұрар ақылгөй жыршысы, салауатты биі болғанын көреміз. Бұған дәлел ретінде көне дәуірдегі Қорқыт пен Дерсе, яки Баяндүр хан, Ұлық жыршы мен Оғыз қаған, Ұлық жыршы мен Шыңғыс ханнан бастап, бертінгі Сыпыра мен Тоқтамыс, Асан қайғы мен Жәнібек, Шәлгез бен, Би Темір, Жиембет пен Есім, Бұқар менен Абылай хандардың іс-әрекет, қарым-қатынастарын атай аламыз. Бұл туралы кезінде: «Әрбір хан өз қасында ақылшы болатын биді таңдағанда, ең алдымен, сөз тапқыш, өткір деген суырылған шешеннен, судырлаған ақыннан алатын. Бұлардың саяси салмағы зор болғандықтан, аузынан шыққан сөз де олқы болмауға тиіс. Көлденең кісі мін таба алмайтындай, қоржындай ауыр, оқтай жұмыр, өтімді болу керек. Бұлар қазақтың жоғарғы табынан шығып, ел меңгеру жолындағы саясат адамдары болғандықтан, көпке айтқан сөздерінің бәрі ел мұңына, ел қамына арналған сөздер болады», – деп М. Әуезов айтқандай, жыраулардың әлгіндей өз бастарындағы артық қасиеттерінен тыс, азулы жуан, саны көп рулардан шығуы да, тіпті өзінің ел тағдыры шешілетін ауыр кезеңдерде қол бастайтын әскербасы – батыр болуы да хан қасынан табылуға мәжбүр еткен. Олардың хан қаһарынан қаймықпай қашан да батыл сөйлеп, шындықты тайсалмай бетке басып айтуы да осыдан. Қазақ тағы «Әр ханның тұсында бір сұрқылтай» деген мәтелдің шығу төркіні де осы айтылған оймен терең сабақтас. Бұған ақындар өмірі де айғақ бола алады. Өзін өзі тексеру сұрақтары: 1.Жыраулық поэзияның алғашқы өкілдері кімдер еді? 2.Қазақ сөз маржанын жинаушы Ш.Уәлиханов қандай пікір айтты? 3.Қазақ жырауларының сан ғасырлық шығармашылығын неше кезең бөлеміз? Әдебиеттер: 1.М.Мағауин Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет (ХҮ-ХҮІІІ ғ.)3 кітап.Оқулық. 2.Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет.Хрестоматия.-А.,1993 3.Тоқсамбаева А. Қазақ әдебиетінің тарихы. Хандық дәуір.Оқу құралы -Семей., 2009. «Интеллект». 4.Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиеті. (ХҮІІІ-ХІХ ғ.ғ.) Оқулық.-А.,1991 5.Алдаспан.Жинақ.-А.,1971 6. Ж.Тілепов «Елім деп еңіреген ерлер жыры» 7.Абылқасымов Б.Жанр толгау в каз. устной поэзии.-А.,1984 8.Абылай хан (Тарихи жырлар)-А.,1993 9.Әдеби мұра және оны зерттеу.-А.,1961 10.Әуезов М. Әдебиет тарихы. А.,1991 Дәріс 2 Жыраулар мұрасы және қазақ халқының елдік тарихы Дәрістің мақсаты:Қазақ халқының 15-18 ші ғасырлар шегіндегі тарихи- әлеуметтік жағдайын таныстыру. Дәрістің жоспары: 1.Жыраулар мұрасы мен кейінгі ХVIII-ХIХ ғасырлардағы көркемсөз өкілдерінің шығармашылықтарының өзгешеліктері 2.Хандық үшін күрестің шиеленісуі. 3.Тарихи зерттеулердің айтуы бойынша халықтың сауат ашуы қандай жағдайда болды? 4.Қадырғали Жалайырдың «Шежірелер кітабы» жайында айту. 5. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» оқиғасының әдебиетте Бейнеленуі 6. «Қаратаудың басынан көш келеді» дейтін сөздермен басталатын «Елім –ай»әніне қатысты әңгіме. Халықтың ғасырларды көктей жүріп өткен жолы, сөз жоқ, оның тек қай атырапты мекендеп, қандай елдермен айқасып, кімді қол астында ұстағандығынан, болмаса кімге бодан болғандығынан мәлімет беретін жылнамашы мен тарихшының жазбаларымен шектелмейді. Сәулет өнері, ауыз әдебиеті, саз өнері секілді, негізінен, елдің естиярлығын, халықтың жады мен зердесін таразылайтын рухани қазыналарында да ел тарихының ізі сайрап жататыны хақ. Және бұлардың берер мағлұматтары, шынына келгенде, сырттан келген жиһанкез тарихшының сөзінен гөрі шынайы болуы әбден мүмкін. Ал, бұл тұрғыдан келгенде осы ортада өмір сүрген, оның қуанышы мен күйінішіне ең алдымен өкінетін де, күйінетін де, жыраулар мен ақындар шығармасында сөз болар оқиғалар мен тарихи мағлұматтардың қадір-қасиеті тіптен ерекше. Бәлкім, халқының мерейі үстем тұсын бұл адамдар көтеріп айтатын шығар, бақыты қайтқан кезеңін еңсесі түсе отырып баяндайтын болар, бірақ соған қарамастан осы мұралар өзіне айрықша назар аударуды керек етеді. Өйткені, әр дәуір жыршысының өз заманының тарихи кескінін бейнелеуге әрекет еткен шығармасы әрі белгілі бір ұлт әдебиетінің жасын межелеуге, әрі сол әдебиеттегі тарихилық мәселелерінің жүріп өткен жолын бағдарлауға қызмет көрсетіп қана қоймай, сол халықтың ұлт ретінде қалыптасу, ержетіп, есею кезеңдеріне де куәлік етеді. XX ғасырдың аса көрнекті ақыл-ой иесі, белгілі мемлекет басшысы Джавахарлал Неру өзінің «Взгляд на всемирную историю» атты еңбегінде: «Самые великие и гордые короли и императоры лишь краткий миг выступают на сцене мира. А цивилизации живут долго»,–дегеніндей, шындығында да небір есімімен елді тітіренткен атақты билеушілердің дүниеге келіп-кетіп жататын адам ретіндегі өмірінің кысқа, ал өркениет пен мәдениеттің ұлы ескерткіштерінің оларға қарағанда әлдеқайда ғұмырлы болатыны даусыз. Сондай өмірлі мұралардың қатарына адам ақыл-ойының кейінгіге қалдырар елеулі ескерткіші – жыраулар мен ақындардың толғау жырлары да жатады дер едік. Өйткені, осы мұра арқылы қысқа өмірлі, бірақ тірлігінде елеулі істерге мұрындық болған тарихи жандардың атқарған қызметі ел санасында жаңғырығып, ұрпақтан ұрпаққа ұласып, солар көшін бастаған елдің тарихы өзінің орнын басқандарға – олардың қандай қауымның жалғасы екендігін танытып, белгілі географиялық аймақты қоныс еткендігіне, кімдермен қандай қатынаста тірлік кешкендіктеріне куәлік беруде. Ал, иландыру күшінің ересендігінде шек жоқ. Өйткені, ол сөздерге сүлесоқтық, енжарлық жат. Өйткені, ол халқына пана, жеріне қожа бола білген, соны өзгелерден де күтетін мәрт мінез, көшелі ақылға ие сардар ақынның лебізі. Олай болса, осы лебізден ел тарихын, халықтың өткенін табу – сол жұрттың ұрпағы үшін ғана емес, оның рухани мұрасына енжар қарай алмайтындардың бәрін де ділгер ететін мәселе болса керек-ті. Қазақтың аңыз-әпсаналарында халқымыздың ақылгөй абызы ретінде суреттелетін Асан қайғы, негізінен, қазақ ұлысының атақты билеушілерінің бірі Жәнібек ханның тұсында өмір сүрген–жасы жеткен қария болып сипатталады. Шығармаларында да солай. Ал, Сыпыра жыраудың Тоқтамыс ханның Едіге бимен араздасып, төңірегіндегілермен кеңескен тұста негізгі тоқтамды пікір айтатын ақылман қарт ретінде былайша жыр толғайтыны белгілі. Жырау айтқан болжамдардың бәрі тарихта айна қатесіз келеді. Едіге барғаннан кейін Темір әмірші Алтын Орда билеушісі Тоқтамысқа қарсы қалың қол шығарады. Тоқтамыс әскері жеңіледі. Елдің билігі Едігеге көшеді. Тоқтамыстың қызын Едіге тоқалдыққа алады. Бірақ, Тоқтамыс қызының аты Қанікей де, Тінікей де емес, Жанике болатын. Алтын Орда билеушісі мен Едіге бидің араздасқан уақыты – Тоқтамыстың 1393жылы Ягайлаға Дон бойынан хатқа түсіртіп жібер–ген пәрмен-жарлығында 1391 жыл деп көрсетілген. Темір әміршімен Тоқтамыс қолының айқасқан мезгілін – осы мәселеге қатынасты қалам тартқан Ш. Уәлиханов, Қ. Сәтбаев, М. Тынышбаев, С. Сейфуллин, Ә.Марғұлан, Р. Бердібаев секілді қазақ ғалымдары әр алуан жазба деректерге, тарихи еңбектерге сүйеніп1391,1395 жылдардағы қанды жорықтармен байланыстырады.Демек, Сыпыра жырау куә болып отырған оқиғаның тарихта болғаны рас. Атақты «Ер Едіге» атты тарихи жырда ұзақ-сонар толғау айтатын абыз жырау осы туындының дүниеге келуіне қандай үлес қосты, ол өз алдына мәселе. Бірақ, әйтеуір, қалай болғанда да ол сол кездегі тақ иесі Тоқтамысты да, оның ұлысын да, қасында жүрген достары мен дұшпандарын да қапысыз білетін адам. Ал, оның қасында жүргендер кімдер еді? Олар–Қарақыпшақ Қобыланды, Арғын Қарақожа батырлар.Қобыландының кім екендігін тарихшылар да, әдебиетшілер де аз жазған жоқ. Бірақ, Қарақожа атты батыр біздің эпос зерттеушілеріміздің де, тарихшыларымыздың да назары көп түспеген тарихи қаһармандардың қатарына жатады. Әрине, оған бола оны эпос авторының, қиялының, арқасында дүниеге келген кейіпкер деуге болмайды. Өйткені, атақты тарихшымыз Қадырғали Қосымұлы Жалайридың: «Едіге... Темір бектің әскерін бастап келіп Тоқтамыс ханды қашырды. Темір бек күшінен (сипатынан) Тоқтамыс хан Солтүстік тарапқа қашты... Қарауылға Ятым батырды, одан кейін Тобал батырды, одан кейін Арғын Қарақожаны қойды. Өздері бірнеше нөкерлерімен (дем алуға) жатып еді. Едіге – Кучук ұлы Нураддин әскер қолбасшысы еді. Ол қарауылды, әуелі Ятым батырды, содан соң бәрін қапысын тауып өлтірді. Хан нөкерлерімен бейқам еді, олардағы опат болды»– дейтін, Тоқтамыс ханның тағынан айрылғаннан кейінгі тағдырынан хабардар ететін тұсында аты мен тегі айқын айтылатын адам осы кісі. Демек, бұл мәліметке қарағанда, ол Тоқтамыстың жанында ақырғы демі таусылғанша, яки 1406 жылға дейін, бірге болған сенімді серігі. Және оның билеушісіне беріле қызмет еткен көптің бірі ғана емес екеніне Шереф-ад-дин Иезди Қарақожаның 1405 жылдың қаңтар айында Темір әміршіге Тоқтамыс атынан елші болып келгендігі арқылы куәлік береді.Осыған қарағанда ол өз қандастарының топ бастаған көсемі, сөз бастаған шешені екені күмәнсіз. Әрине,«Ер Едіге» жырында сипатталатын Қобыланды мен Қарақожа шыққан Қыпшақ пен Арғын руларының бүгінгі қазақ ұлтының негізін құраған қабырғалы қауым екені белгілі. Бұл ретте Сыпыра жырауды қазақ жырауы, жыр кейіпкерлерін қазақ азаматтарының арғы аталары деуге болады. Бірақ, қазіргі қазақ ұлтын құрайтын рулардың жекелеген аталары өзбек, қарақалпақ, ноғай, башқұрт, татар сияқты өзімізбен туыстас өзге халықтардың да құрамында кездесетіндігі рас. Сондықтан тек осы жырда ғана емес, жалпы сол дәуірлердің әдеби мұраларында ұлыстың аты атала ма, тегінде соған да назар аудару керек сияқты. Өйткені, 1022 жылы орыс князі Мстислав Владимировичпен соғысқан, 1223 жылы монғолдар шапқыншылығы кезінде де «косог» атанып жүрген жеке жұрттың келесі ғасырда жер бетінен мүлдем тегіс сызылып кетуі мүмкін емес қой. Ондай жағдайда оның арада жарты ғасыр өткенде Жәнібек пен Керейді өзіне хан көтеріп, табан астынан іргелі елдікке ие бола қалуының өзі күмәнді болған болар еді. Өзін өзі тексеру сұрақтары: 1.Хандық үшін күрес қай жылы шиеленісе түсті ? 2. Тарихи зерттеулердің айтуы бойынша халықтың сауат ашуы қандай жағдайда болды? 3.Қадырғали Жалайырдың «Шежірелер» кітабы қазақ хандығы туралы не жазды? Әдебиеттер: 1.М.Мағауин Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет (ХҮ-ХҮІІІ ғ.)3 кітап.Оқулық. 2.Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет.Хрестоматия.-А.,1993 3.Тоқсамбаева А. Қазақ әдебиетінің тарихы. Хандық дәуір.Оқу құралы -Семей., 2009. «Интеллект». 4.Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиеті. (ХҮІІІ-ХІХ ғ.ғ.) Оқулық.-А.,1991 5.Алдаспан.Жинақ.-А.,1971 6. Ж.Тілепов «Елім деп еңіреген ерлер жыры» 7.Абылқасымов Б.Жанр толгау в каз. устной поэзии.-А.,1984 Дәріс 3 ЖЫРАУЛАР МЕН АҚЫНДАР МҰРАСЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІГІ Дәрістің мақсаты: Жыраулардың ақын, жыршылардан ерекшелігі неде деген мәселелер айналасында әдеби теориялық ұғым беру. Дәрістің жоспары: 1.Жыраулардың ақындардан өзіндік ерекшелігі. 2.Жырау деген кім ,жыраулық өнер туралы түсінік беру. 3.Жыраулардың толғаудағы қасиеттері. 4.Садақ оғынан да ұшқыр жырау сөздерінен небір хандар мен дұшпандарын тұқыртуы. 5.”Қазақ” деген аты бар дербес әдебиетіміздің алдыңғы лебі-Асан Қайғы. 6.Жорық жыршысы,ірі эпик,әрі нәзік лирик Қазтуған. Ақындық және жыраулық поэзияның өзіндік сипат-белгілерін бұлардың өмір шындығын суреттеудегі көркемдік тәсілдері мен белгілі бір тарихи кезеңде аренаға шыққан авторларының нақтылығынан, ғасырлар бойы өзара үзілмей келе жатқан дәстүр жалғастығын танытатын стильдік ерекшеліктерінен де көреміз Бірыңғай импровизация дәстүрінде туып, егіз бір арнадан нәр алып келген сол ақындық поэзия мен жыраулық толғаулардың жырлайтын тақырыбы мен жанрлық ішкі мүмкіндіктерінде де өзіндік елеулі өзгешеліктері бар. Ақындық поэзияда тақырып ауқымының кеңдігіне қоса, сезімге құрылған лирикалық сипат басым болып отырса, жыраулық толғауларда әлеуметтік өмірдің әр алуан көріністері мен заман жағдайын сипаттайтындай ой-болжам, асқақ эпикалық үнге көбірек мән беріледі. Осы ерекшеліктерді М.О.Әуезов кезінде дәл басып танып: «Жырау демек, ақын деу емес. Жыраудың ақын атаулыдан, жыршыдан бөлек өз жанры бар. Бұның сөз үлгісі, шығармасы – толғау. Жыраудың мақсаты, міндеті – «не болса сол көңіл ашар», «әлдене» дерлік сөзді айту емес. Ол заман сыны, мезгіл, дәуір болжалын, тарихи оқиғаның мазмұн бағасын сөз қылады. Көбінесе әрі жырау, әрі би болады» — деп бағаласа, ақындық дарынның ерекшелігін Е. Ысмайылов: «Ақын өмірдегі құбылысты, тарихи оқиғаны өзінің ой-өрісі дәрежесінде таниды. Ақынның сезінуі, ол сезгенін қабылдауы шапшаң, ол тез көріп, тез әсер ала біледі, алған әсерін ұғып, есіне сақтауы да күшті, тұрақты. Ақын естігенінен гөрі, көзі көргенін тез сезіп, жылдам жырлап кетеді», – деп жазады. Ақындық және жыраулық поэзияның табиғи өзгешеліктері мен оның фольклорлық туындыларға қатысы, жазба әдебиетпен байланысы алғашқы зерттеулерде жалпы әдеби процесті ашу және әдебиет тарихын қай ақын, жыраудан бастау керек деген сол кездегі аса маңызды мәселелерге орай сөз болып келді. Бұл проблема қазақ әдебиеті тарихына арналған көп томдық еңбектер мен кейбір теориялық мәселелерге арналған жеке монографияларда да, белгілі бір ақын, жыраулардың өмірі мен творчествосына арналған ғылыми мақалалар мен орта мектеп оқулықтарында да үзбей әңгімеленді. Алайда, бізде соңғы кезеңге дейін осы мәселеге арналған күрделі еңбектер болмай келді. Бұл тұста, ең алдымен, М. Мағауиннің «Қобыз сарыны» атты кітабы мен Қ.Сыдиықовтың «Ақын, жыраулар», Е. Тұрсыновтың «Қазақ ауыз әдебиетін жасаушылардың байырғы өкілдері» деген зерттеулерін, Ә.Дербісәлиннің «Дәстүр және жалғастық» атты монографиясы мен «Ерте дәуірдегі қазақ әдебиеті» атты коллективтік еңбекті бөліп атауға болар еді. М. Мағауин аталған зерттеуінде XV-XVIII ғасырларда жасаған ақын, жыраулар творчествосын алғаш рет жеке алып арнайы қарастырумен қатар, сол кітаптың «Ақын және жырау» деген соңғы тарауында бұл күрделі мәселені жыр құрылысы (ұйқас, ырғақ, бунақ, тармақ, т.б.) ерекшеліктері тұрғысынан да байыпты ашып талдайды. Ал, Е.Тұрсыновтың жоғарыда айтылған еңбегінде қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін сақтап таратушы, жасаушы ақын, жырау, сал, сері, сыншылардың шығу тегі, типтік ерекшеліктері мен түп тамыры әлеуметтік, қоғамдық аспектіде қарастырылса, Қ.Сыдиықов өз зерттеуінде жыраулық дәстүрдің жалғасу жолдарына, оның бүгінгі дәуірдегі сипат, ерекшеліктеріне зер салады. «Жырау» деген термин өзіміздегі «жырлау», «жыр айту», «жырламақ» сөзінен келіп шыққан. Мұның түп төркіні байырғы «жыр», «жыршы» деген ұғымдармен өзара астасып жатыр. Бұл пікірді ұлы ойшыл ғалым Ш. Уәлиханов және В.В.Радлов, Л.З.Будагов еңбектерімен қатар, бүгінгі әдебиет зерттеушілері де бірауыздан қуаттайды. Осыған ұқсас тұжырымдар өзге туыстас елдер әдебиетшілерінде де бар. Ш.Уәлиханов кезінде жырдың белгілі бір әуенмен қобыз сүйемелдеуі арқылы орындалып, батырлардың ерлік істерін дәріптеуге құрылатынын айта келіп: «Жыр дегеніміз – рапсодия. «Жырламақ» етістігінің өзі белгілі бір ән- әуенмен жырлау мағынасын білдіреді. Дала жырларының бәрі де қобызда сүйемелдеу арқылы орындалады. Жырдың мазмұны ертеде өткен батырдың өмірі мен ерлік істері туралы болып келеді. Бір жәйт: батырдың өмірі мен ерліктеріне қатысты оқығанын, бәрі қара сөзбен баяндалады, ал жыр поэма қаһарманы мен басты кейіпкерлерді сөйлету қажеттігі туған кезде ғана қолданылады», – деп жазды. Рас, «жыр», «жыршы» деген ұғымдар әдебиетімізде ерте кезеңдерде-ақ, туып қалыптасқан. Бұған өз жанынан шығарып айтуға мүмкіндігі бар әр алуан суырып салма ақындар жатқызылып келген. «Жырау» сөзі де осы ұғыммен терең астасып жатыр. Қазақтағы жыр мен өлеңнің түр, мазмұн құрылысындағы айырмашылық белгілерін алғаш танып әңгімелеген кісінің бірі – Құрбанғали Халидұғлы. Ол ақын мен жыршыны өлеңшілердей емес, өз жанынан шығарып айтатын дарын қасиеті бар деп санап: «Ақындардың бір бөлімін «жыршы» дейді. Бұлар да ақынға тең түседі. Шығармаларында айырмашылық бар. Ақын шығармасын «өлең» дейді, олардың бір жолы төрт немесе одан да көп сөзден тұрады. Ал, жыр болса, одан гөрі қисынға құрылған (қиыннан қиысқан) үш сөзден тұрады. Мысалы, Бұқар жыршының жыры (поэзиясы), Асан атаның мақал сөздері және Абылай хан қайтыс болғандағы Бұқардың көңіл айтуы да жырға жатады. Осы күнгі Құдабай ақынның айтып жүргені «өлең» делінеді. Екінші айырмасы: ақындардың өлеңі жай мағыналы болып, ал, жыршылардың сөзі мадақ, насихат мағыналы болып келеді және мысал сипаттас әсерлі болады. Сонымен бірге өлеңнің алғашқы екі жолы түпкі мағынасына сай келе бермей, қисын үшін де алынады. Ал, жырдың барлық жолы арналған тақырыптан ауытқымайды», – деп жазады. В.В.Радлов жырды шумақа бөлінбейтін импровизация, қайғылы жыр, жоқтау деп жіктеп, ал жырауды – жыршы, көнені жырлаушы, алдын болжаушы (предсказатель) деп түсіндіреді. Сондай-ақ, ол қазақ жырының көнелік сипатын әңгімелегенде: «Қайсыбір жырларда көне түрік ұйқастарының заңдылық іздері сайрап жатыр, бұны, әсіресе, сондағы аллитерация, акростих және ішкі ұйқастар мен көне мәтелдерден айқын аңғаруға болады», – дейді. Сөйтіп, жыр мен жыраудың импровизация тарихында ең көне тип екендігі Ш. Уәлиханов пен В. В. Радловтан бастап В.Жирмунский, X.Зарифов, М.Әуезов, С.Мұқанов, Е.Ысмайылов, Ә.Марғұлан, Н.С.Смирнова, З.Ахметов, X.Сүйіншәлиев, Ә.Дербісәлин, Р.Бердібаев, Н.Келімбетов, Е. Тұрсынов, Қ.Айымбетов зерттеулерінде де түгелдей мақұлданған. Бұлардан Е.Ысмайылов, Ә.Марғұлан, З.Ахметов сияқты әдебиетшілер жыраулардың эпикалық жыр тудырудағы рөлімен қатар, алдын болжағыш, білгір, көрегендік қасиеттерін де баса көрсетеді. Е.Ысмайылов жыраулардың қоғамдық рөлін аса жоғары бағалай келіп: «Жыраулар өмірдің ұсақ мәселесіне аз араласып, көбінесе, заман-дәуір, өткен мен келешек, адамгершілік, жақсылық пен жамандық жайында ойлар, болжаулар, қағидалы сөздер айтып отырған», – деп ой түйсе, Ә.Марғүлан: «Жырау ру басы ақсақал, халықтың көкейкесті арманының мұңшысы, жыршысы ретінде өте қажетті тұстарда ғана болмаса, суырып салып жыр тудыра бермеген. Ел құрметіне бөленген жырауларға жұрт болашағына қауіп төніп, қалың бұқара жол таба алмай тығырыққа тығылған екіталай ауыр сағаттарда ғана ақыл салып, кеңес сұрайтын болған. Сонда ғана жыраулар халыққа күш-жігер беріп, осы оқиғаның немен тынарын болжап, тебірене жыр толғайтын болған. Болашақты барлап болжам айту – көреген де білгір жыраулардың поэтикалық өнерінің басты тәсілі болып саналған», – деп жазады. Ал, З.Ахметов жыраудың әлеуметтік қызметін эпостық жырлармен байланыстыра қарап: «Жыраулар творчествосының жанрлық ерекшеліктері өзгеше. Өзін өзі тексеру сұрақтары: 1.Жыраулар деген кімдер? 2 . «Жырау» деген сөздің түп төркіні қайдан шыққан? 3.Ақын мен жыраудың айырмашылығы неде? Әдебиеттер: 1.М.Мағауин Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет (ХҮ-ХҮІІІ ғ.)3 кітап.Оқулық. 2.Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет.Хрестоматия.-А.,1993 3.Тоқсамбаева А. Қазақ әдебиетінің тарихы. Хандық дәуір.Оқу құралы -Семей., 2009. «Интеллект». 4.Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиеті. (ХҮІІІ-ХІХ ғ.ғ.) Оқулық.-А.,1991 5.Алдаспан.Жинақ.-А.,1971 6. Ж.Тілепов «Елім деп еңіреген ерлер жыры» Дәріс 4 АСАН ҚАЙҒЫ жыраудың өмірі, шығармашылығы Дәрістің мақсаты:Жырау Асан мен аңыздағы Асанның ара жігін ажыратып түсіндіру. Дәрістің жоспары: 1.Асан қайғы есімі барша қазақ халқына кеңінен таныс. 2.Асан қайғының халық арасында әулие ретінде құрмет тұтылуы 3.Ата тегі туралы нақты деректердің жоқтығы. 4.«Тауарих хамсада» Шыңғыс хан кезіндегі Майқы бидің алтыншы ұрпағы. 5. Асан қайғының шығармаларының зерттелуі. 6. Кейін қазақ ханы Жәнібек маңында болғаны. 7.Асан туралы аңыздарға қысқаша шолу. 8.Асан толғауларының көркемдік ерекшелігі, маңызы тәрбиелік орны. Аты аңызға айналып, ғасырлар бойы өз халқымен рухани бірге жасап келе жатқан жарқын тұлғалардың бірі – Асан қайғы. Бұған оның атына байланысты туып, ел жадында сақталған қыруар аңыз, әңгімелер мен жер-қоныс аттары туралы айтылып келген сан қилы сын-сарап бағалары, сондай-ақ, замана жайын толғаған әр алуан өлең, жырлары толық айғақ. Бұлардың бәрінде дерлік Асан өз халқының бақытты болашағын ойлаған ел мұңшысы, жұрттың көкейкесті арманын арқалаған ардагер азаматы кейпінде сипатталады. Сондықтан Асан есімі әр кез «қайғы» деген сөзбен қатар аталып, ел қамын жеген кемеңгер, ойшыл адамның жиынтық бейнесіне айналып кеткен. Революцияға дейін негізінен мал шаруашылығымен айналысып, табиғатқа тікелей тәуелді болған елге жұтсыз жайлы қоныс пен шапқыншылығы жоқ еркін тұрмыс, байлығы шалқыған бейбіт өмір қашан да асқақ арман еді. Ел-жұрт «адамы жүзге келмей өлмейтін, қойы егіз қоздайтын» шұрайлы жер мен «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» мамыражай заманды арман еткенде де, соның бірден-бір жоқшысы деп Асан есімін атайды. Аңыздарда айтылғандай, Асан қайғы жеті жыл желмаяға мініп жер шолып, кең сахараны шарқ ұрып шарлағанмен, елге дәл ойдағыдай іргелі қоныс таба алмайды. Өзі ұнатқан құт- ырысы мол Жиделібайсынға (халық қиялындағы аты – «Жерұйық») ел көшіремін деген ең соңғы үміті де өшіп, жігері құм болып, ақыры күші қайтып қартайған шағында ойлаған арманына жете алмай қаза табады. Асан тарихта болған адам, алайда оның өмірі туралы нақты тарихи деректер сақтала қоймаған. Халық аңыздарында Асан қайғыны қазақтың бірінші ханы Әз-Жәнібектің тұсында өмір сүрген адам еді дейді. Асан қайғы қай ортадан шығып, қай дәуірде, қандай өмір кешкен еді, көп жасаған өмірінде қандай қызмет атқарды, кімдермен істес, замандас болып еді деген сұрақтарға жауап беретіндей бізде нақты тарихи деректер жоқтық қасы. Бұл тұста Асан Қайғының өз толғауларында айтылатын мәліметтер мен сол тұстағы кейбір жырларда келтірілген қосалқы дерек-түсініктерді, Асан туралы сақталған кейбір аңыз, әңгімелерді ғана негіз етеміз. Қалай дегенде де ол әрқилы аумалы-төкпелі тарихи дәуірлерді бастан өткеріп, талай-талай хандардың қысылғанда ақыл сұрайтын кемеңгер кеңесшісі, болжағыш та білгір биі болғанға ұқсайды. Осы тұста мынандай дерекке назар аударған жөн. Г. Н. Потанин қорына арналған халық мұралары жинағының ғылыми түсінігінде: «Асан қайғы халық арасында Асан ата аталды. Аңыздарға қарағанда, ол XV ғасырда жасаған. Әйтсе де, Хафиз Таныш ибн Мир Мұхаммед ал-Бухари оның (яғни Асан қайғының) сол тұста Сырдария даласындағы. белсенді саяси қайраткерлерінің бірі болғанын жазады», – деп көрсетілген. Аталған автордың «Абдулланома» атты шығармасында Хасен Хожа Нақып деген кісіні Абдолла ханның тұсында мемлекет басқару ісінде биік мансапқа ие болған, ханның XVI ғасырда қазақ даласына жасаған жорығында оның қолбасшы, сенімді серіктерінің бірі еді деп көрсетілетіні рас. Алайда, «Абдулланома» атты кітапта әңгіме болатын Хожа Нақыпты, біздің пікірімізше, дәл Асан қайғы еді деп тұжырып айтуға келе бермейтін сияқты. Осы орайда, ең алдымен, Абдолла ханның қазақ даласына жасаған сол жорығы XVI ғасырдың аяғында болған оқиға екенін еске алсақ, бұл мерзім Асан қайғы өмір сүрді дейтін белгілі тарихи кезеңнен (XV ғасыр) тым алшақ жатыр. Асан қайғыны жоғарыдағы Хафиз Таныш ал-Бухаридің кітабында айтылатын Хасан Хожа Нақыппен тарихи бір кісі еді деп жорамал айтқан автор халық аңыздарындағы «Асанның шын аты Хасен екен, ол пері қызына үйленіп, кейін сол қыздан айрылып қалып, соның қайғысынан «Асан қайғы» атаныпты» дейтін әңгіме мен «Хасен мен Ежен хан» атты аңызды негізге алған тәрізді, дегенмен мұның Асан қайғының алғаш Хасен аталғанын білдіретін деректер ғана екені мәлім. Сондықтан біз бұл жорамалды оның тарихи шындықпен қабысу, қабыспау тұрғысынан алып бағалауды жөн дер едік. Бұл тұста біз білетін тарихи Асанды жоғарыда айтылған Абдолла ханның төңірегінен іздегеннен гөрі, оны өзбек- қазақ ұлыстары бөлініп шыққан Дешті-Қыпшақ мемлекетінің ханы Әбілқайыр тобындағы Хасан атты билермен байланыстыра қарау шындыққа әлдеқайда жақын келетін сияқты. Мақсұт бин Осман Кухистанидің «Тарихи Әбілқайыр-хани» атты кітабында Әбілқайыр ханның оң тізесін басқан салауатты билері мен белгілі әскери басшыларының қатарында Хасан-оғлан-би Шынбай және Хасан-би Ұйғыр деген кісілердің аты құрметпен аталады. Асан қайғының есейіп, егде тартқан кезінде Керей мен Жәнібек сұлтандарға еріп, Әбілқайыр ханның тобынан бөлініп шыққанын, кейінірек қазақ халқының тұңғыш ханы Жәнібектің төңірегінен табылып, соның қысылғанда ақыл сұрайтын кемеңгер кеңесшісі болғанын ескерсек, әлгі айтылған соңғы кісілердің тарихи Асанға бір табан жақындығы ашылып, айқындала түсер еді. Асан қайғының өмір сүрген дәуірі мен сол кездегі тарихи әлеуметтік мән- жайды айтқанда, қолдағы сан алуан аңыз, әңгімелермен қатар, кейбір тарихи өлең, жырлардағы қажетті дерек, қосалқы мәліметтерді де негіз ете аламыз. Бұл орайда Құрбанғали Халидұғлының «Тауарих хамса Шархи» атты кітабында келтірген мына бір деректің орны айрықша. Автор өзінің «Асан атаның бір мақалының мағынасы бұл дүр» атты әңгімесінде Асан қайғының «Қилы-қилы заман болар, қарағай басын шортан шалар» деген сөзінің мәнісін сұраған Абылай ханға Бұхар жыраудың «Ханға жауап айтпасам» деп басталатын әйгілі толғауын келтіре отырып: «Бұл хабар көне адамдардың әрбірінің аузында бар, кәриялардың құлағы қанық өздеріне анық дүр. Құдабай намында бір ағмы (екі көзі су қараңғы, әз) ақын бар еді. 1288-1870 хижрие дуалжиғде IV айында бір жайда мәзбүр ақыннан сұрадым, Асан қайғы кім дүр, оның мақалдарынан білсең сөйле дегенімде, бұ язылажақ өлең ила жауап берді: Асанның асыл түбі ноғай деймін, Үлкендердің айтуы солай деймін Тегінде ноғай, қазақ түбіміз бір, Алтай, Ертіс, Оралды қылған дүбір. Ормамбет хан Ордадан шыққан күнде, Асан қайғы қайғырып айтыпты жыр, – деп, айтқан екен деп Қошан акам сөйлеуші еді», – дейді. Бұған қарағанда, ең алдымен, Құрбанғали Халидұғлы Асан қайғының шыққан тегін баяндайтын осы өлеңді Құдабай ақынның өз аузынан естіген болып шығады. Бұдан тыс ол ел жүрегінде ұялаған Асан сөздерінің мән-маңызын айта келіп, Асанның асыл заты туралы Құдабайдың Қошан деген дана және білімді адамнан қара сөз күйінде естіп, оны артынан өлеңге айналдырғанын да баяндап береді. Автор: «Асан атаның бағзы ахуалы, шешендік сөздері үзік-үзігімен қазақ арасында айтылып келеді. Әр сөзінде бір тапқырлық сөз, әр тәртібінде бір мағына бар, онысы түсінуге жеңіл, түсіндіруге қиын заттар емес. Қошан намында бір дана уа білімді адам болса керек. Қ. Халидұғлы өз еңбегінде Асан атаның бір кезде Хасен аталғанын әңгімелей келіп, жоғарыдағы Құдабай ақын айтқан өлеңге орай өз ойын білдіреді: «Асан қайғы асылы ноғай еміш. Шыңғысханның тұстасы ұлан Майқы бидің алтыншы немересі», – деп көрсетеді. Бұл «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би» деген көне мәтелдегі Ұлы жүз әйгілі Майқы би болып шығады. Қ. Халидұғлының Майқы биді «ұлан» деп көрсетуіне қарағанда, бұл атақтың біз жоғарыда атаған Хасан-оғлан-би Шынбайда да жүруі кездейсоқ жәйт емес. Олай болса, бұл – біз ілгеріде бөліп атаған Әбілқайыр ханның оң тізесіндегі Хасан-оғлан-би Шынбай тәрізді кісілермен Асан қайғы бір тұлға болуы да мүмкін деген жорамалға негіз бола алатын сияқты. Тарихи деректерге қарағанда, бұл кезең ноғай мен қазақтың бір-бірінен этникалық жағынан біржолата бөлініп, жеке ұлт болып қалыптаса қоймаған кезін аңғартатын сияқты. Біздің көптеген аңыздарымыз бен тарихи өлеңдеріміздің, тіпті бір алуан эпостық лиро-эпикалық жырларымыздың «ноғайлы дәуірі» деп аталатын тұста туып қалыптасқаны мәлім. Осындай туыстық нышан-белгілерді екі ел әдебиетіне бірдей ортақ Шәлгез, Қазтуған, Доспамбет жырларынан да айқын аңғарамыз. Бұл туралы ұлы ғалымымыз Шоқан Уәлиханов: «Ноғай деген ат жартылай отырықшы елдерден бөліп алу үшін айтылған аты еді. Ноғайды да, өзбекті де – бәрін де ноғай деп атаған. Бірге жасап өмір кешкен ноғай мен қазақ ордасын Жәнібек билеген кезең қазақ жырларында алтын дәуір тұрғысында саналады», – деп көрсетсе, осы пікірді Сәкен Сейфуллин де қуаттап: «Ертедегі батырлар әңгіме-жырлары қазақ атанған елдің ноғайлы болған дәуірінен, немесе «ноғайлы» атын әлі тастамай жүрген дәуірінен қалған әдебиет нұсқалары», – дейді. Ал, Қ. Жұмалиев осыған орай өз ойын: «Мұндағы «ноғайлы» деген сөзді қазақтан бөлек басқа ел деп түсіну керек емес», – деп түйеді. Шыңжандық тарихшы ғалым Н. Мыңжани өзінің «Қазақтың қысқаша тарихы» атты еңбегінде Асан қайғыны Алтын Орданың 1445 жылы қайтыс болған ақырғы ханы Ұлығ Мұхаммедтің (Ормамбет) қасындағы ықпалды билерінің бірі, Сарай және Қазан қалаларында билік басында болған әйгілі жырау және философ, ол Алтын Орда ыдыраған соң, қазақ ханы Әз-Жәнібектің қасында болғандығы мәлім деп жазады. Ормамбет ханның қазақ тарихына қатысын кезінде ұлы Шоқан да атап көрсеткен еді. Асан қайғы туралы аңыз, әңгімелер мен әр алуан деректердің жарық көру мәселесіне келсек, бұл игілікті істің XIX ғасырдың екінші жартысынан басталғанын көреміз. Бұлардың бір алуаны кезінде озық ойлы орыс оқымыстыларының бастыруымен жарық көрсе, енді бір тобы ертедегі қазақ ақын, жазушылары мен тарихшыларының жариялауымен басылып келді. Бұлардың ішінен Я. Лютшь хрестоматиясында басылған Асан туралы ертегі мен Құрбанғали Халидұғлының «Тауарих хамса Шархиындағы» жоғарыда келтірілген құнды деректерді жеке бөліп атаған жөн. Асан қайғы туралы аңыздар мен жыраудың өз жырлары кеңестік дәуірде ғана үздіксіз жарық көріп, жүйелі түрде зерттеле бастады. Бұл істе әйгілі жазушымыз С. Сейфуллин жинап бастырған «Қазақ әдебиеті» жинағының алатын орны ерекше. Мұнда ең алғаш Асан туралы кейбір құнды деректермен қатар, оның Әз-Жәнібек ханға айтқан «Қырында киік жайлаған», «Алты атанға қос артып» атты әлеуметтік мәні зор толғаулары жарық көрді. Осы жырларға орай жазған зерттеуінде автор Асан қайғының өмірде болған тарихи тұлға екенін айтып, оны Әз-Жәнібек ханның замандасы, Майқы бидің ұрпақтары еді деп көрсетеді. Өзін өзі тексеру сұрақтары: 1.Асан тарихта болған ба? 2.Асан Қайғы қай ханға, не үшін ренжіді? 3.Асан Қайғының жерұйық іздеу себебі не? Әдебиеттер: 1.М.Мағауин Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет (ХҮ-ХҮІІІ ғ.)3 кітап.Оқулық. 2.Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет.Хрестоматия.-А.,1993 3.Тоқсамбаева А. Қазақ әдебиетінің тарихы. Хандық дәуір.Оқу құралы -Семей., 2009. «Интеллект». 4.Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиеті. (ХҮІІІ-ХІХ ғ.ғ.) Оқулық.-А.,1991 5.Алдаспан.Жинақ.-А.,1971 6. Ж.Тілепов «Елім деп еңіреген ерлер жыры» 7.Абылқасымов Б.Жанр толгау в каз. устной поэзии.-А.,198 Дәріс 5 Қазтуған жыраудың өмірі, шығармашылығы Дәрістің мақсаты:Қазтуған жыраудың өмірін,шығармашылығының зерттелуін толық игерту. Дәрістің жоспары: 1.Қазтуған жыраудың өмірінен мәлімет. 2.Қазтуған жыраудың қолбасы батыр болған. 3.Мұрат ақын, Мұрын жыраулар жырлаған «Қазтуған»,«Қарға бойлы Қазтуған» атты толғау-поэмалары. 4.Қазтуғанның нәзік лирик, әрі ірі эпик, жорық жырауы. 5. Қазтуған толғаулары-орта ғасырлық әдебиеттің алтын мұрасы- жыраулықтың тамаша үлгісі. 6.Қазтуған жырларының маңызы, шеберлігі, таза ұлттық рух, ұлттық тіл тазалығы. Алтын Орда заманындағы ноғайлы-қазақ дәуірі әдебиетінің ірі өкілі Қазтуған жырау. Ноғайлы аталып, артынан бір-бірінен бөлініп кеткен түбі бір, тілі бір түркі тектес тайпалардың, шынтуайтқа келгенде, сол кезде жеке халық болып қалыптасқан қазақтардың бай әдебиеті, ақын-жыраулар поэзиясының бастауында тұрған үлкен эпик. Оның шығармалары бүгінгі уақытқа толық жеткен жоқ, көбі мүлде ұмыт қалса, қолда бары, баспа бетін көріп келе жатқандары үзінді күйінде ғана ақын мұрасынан азды-көпті мағлұмат береді. Қазтуған жыраудың өлеңдері алғаш рет Ғабдолла Мұштақ құрастырған «Шайыр, яки қазақ ақындарының басты жырлары» жинағында (Орынбор, 1912) жарияланса, кейіннен «Ертедегі әдебиет нұсқалары» (1967), «Алдаспан» (1971), «XV-XVIII ғасырлардағы қазақ поэзиясы» (1982), «Бес ғасыр жырлайды» (1984), «Ұлы арман» (1990), Ленинградтан тұнғыш рет орыс тілінде жарық көрген «Поэты Казахстана» (1978), «Поэты пяти веков» (Алматы, 1994) жинақтарында, «Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет» хрестоматиясында (1993) басылды. Жырау өмірі мен шығармашылығы туралы азды-көпті болсын С. Сейфуллин, М. Мағауин, Ә. Дербісәлин, Қ. Сыдиықов, X. Сүйіншәлиев, Ж. Тілепов сияқты белгілі әдебиеттанушы-ғалымдар қалам тербеді. Қазтуған XV ғасырда өмір сүрген ноғайлы батыры, би әрі ақын-жырауы екені анық. Алайда, ол туралы деректер өте жұтаң. Сол себепті де жоғарыда аталған ғалымдар жырау туралы азды-көпті жазды деуіміз де осыған саяды. Бұған дейін XIX ғасырдағы көрнекті қазақ ақыны Мұрат Мөңкеұлының «Қазтуған» толғауында айтқандай, Қазтуған жыраудың қонысы «Жайықтың күнбатыс шетіндегі Нарын, Қабыршақты, Қаралау деген жерлер екен» деген жалғыз ғана мәліметке сүйеніп келдік. Жау жағадан алып, қысылтаяң кез туған шақта Қазтуған елін аман сақтап қалу мақсатында жұртты бастап Еділ, Жайықтан Қазақстанның күншығыс жағына ауған деседі. Оның басты себебі – талай құтты қоныс болған туған жердің жайсыз мекенге айналып, ел бірлігінін қожырай бастауынан болса керек. Ел қамын ойлап, халық мұңын жоқтаған Қазтуғандай жаужүрек батыр, қол бастаған басшы жұртын соңына ерте білді, елінің болашағын тереңнен толғанып, оны аман-есен сақтай алуды перзенттік парыз деп білді. Қазтуғанның ақындық қуатын танып, жыраулық жыр жолдарын биікке көтерген шығармалары санаулы ғана. «Алаң да алаң, алаң жұрт», «Бұдырайған екі шекелі», «Белгілі биік көк сеңгір» деп басталып, бүгінгі ұрпаққа сақталып жеткен үш жырының өзі оның үлкен эпик ақын болғанын дәлелдейді. Қазтуған жырларында оның ақындық ерлігі мен шырқау биігін көрсетер тұс – ол жырды кім шығарғанын нақтылы дәлелдейтін: Бұлт болған айды ашқан, Мұнар болған күнді ашқан, Мұсылман мен кәуірдің Арасын өтіп бұзып дінді ашқан Сүйінішұлы Қазтуған, – деген жолдар арқылы қазақтың ноғайлы дәуіріндегі төл әдебиетінің жаңа белесінің бір қырын аңғартады. Өз шығармаларын ауызша шығарып таратқан Қазтуған сияқты дүлдүл жырау өз есімін жырларында ерекше атап өту арқылы авторлығына дау тудырмайтын амалды сол заманда-ақ білдіргендей. Бұл – сол кезде жеке жыраулардың, батырлардың сөзі үлгісінде туған ноғайлы дәуіріндегі толғау ретіндегі ерлік, батырлық жырдың алғашқы нұсқасы, яғни оған «қазіргі ноғай, қарақалпақ қазақ т.б. халықтардың тарихи кезеңге, уақытқа телінген ауызекі поэзиясының үлгісі деп қарау керек». Соңғы жылдары осы мәселеге байланысты, қазақпен етене бауырлас, түбі де, тілі де бір ноғай, қарақалпақ халықтары әдебиеттанушы ғалымдарының зерттеулерінде Қазтуған жырау өз ұлтының өкілі, туған әдебиеті тарихындағы көрнекті тұлға ретінде бағаланып, дәріптеліп келеді, Бұл орайда Қазтуғанның «Алаң да алаң, алаң жұрт» толғауының ноғайлар арасына кең тараған нұсқалары «Ноғай жырлары» (Астрахан, 1912), «Шолпан» (Черкесск, 1969) жинақтарында жарияланып, «Ноғайлар» атты көлемді ғылыми зерттеуде ноғай әдебиетінің көрнекті өкілі ретінде жырау шығармашылығы арнайы сөз болды. Сол сияқты, қарақалпақ ғалымы К. Мәмбетов өз зерттеуінде Қазтуған жырауды қарақалпақ әдебиетінің ірі өкілі ретінде қарастырады. Қазтуған – ноғайлы дәуірінен тілі де, ділі де, ұлттық, салт-дәстүрлері де бір болып келген қазақ, қарақалпақ ноғай халықтарына ортақ тұлға. Сол себепті де Қазтуғанды бауырлас осы үш ұлттың төл әдебиетінің бастауында тұрған ортақ ақын-жырау ретінде бағаласақ ақылға сыяды. «Бұдырайған екі шекелі…» деп басталатын толғау-өлең – жыраудың өзіне дейінгі ақындық сөз өнерінен алған үлгі-өнеге негізінде өмірге келген жыр. Көлемі жағынан аз ғана осы жыр үзіндісінің өзі Қазтуғаннан кейінгі ақындар мен жыраулар шығармашылығына үлкен ықпал етті, нақыл, тақпақ, мақал-мәтел үлгісіндегі жыраудың терең толғанысты ой үрдістері қазақ поэзиясына үлкен таусылмас қазына болды. «Бұдырайған екі шекелі…» толғауы жыраулық поэзиядағы басқа толғаулардан оқшауланып тұратын көркемдік өзгешеліктерімен ерекшеленеді. Жырау өзін таныстыру монологы арқылы шағын толғауға қаймықпас қайсар «мұздай үлкен көбелі» батыр, «қойдың көсемі» іспетті елін соңына ерте білер басшы, халықты аузына қаратып, қара қылды қақ жарғызатын ділмар шешеннің жиынтық бейнесін сыйғыза білген. Мұның өзі жыраудың жай ғана қарапайым адам емес, жеке басы бірнеше өнерді меңгерген сегіз қырлы, бір сырлы жан екенін аңғартса керек. Осы толғаудағы «бұдырайған екі шекелі», «мұздай үлкен көбелі», «айдаса қойдың көсемі» және т. б. сөз тіркестеріндегі ойнақы, асқақ теңеулер жырға шырай келтіріп, соны көркемдік ізденіс, тапқыр да айшықты ой иірімдерін байқатады. «Ұстаса қашағанның ұзын құрығы» деген бір жолдың өзі ғана көшпелі дала өмірін көз алдымызға әкеліп, буырқанған бұла күш иесіне теңеген көркемдік ерекшелікті аңғартады. Буыршынның бұта шайнар азуы, Бидайықтың көл жайқаған жалғызы. Бұлт болған айды ашқан, Мұнар болған күнді ашқан, – деген осы толғаудағы көркем сөз өрнегі кестеленген жыр жолдары – бейнесі ұлғая түскен метафоралардан құралып, үнемі үдей түскен кең үрдісті де күрделі эпитет жасайды. Сонау орта ғасырларда орныққан бұл көркем сөз үлгілері өзінің сол қалпындағы нақышты қасиетін қазіргі қазақ поэзиясына дарытып, сақтап келгені Қазтуған жасаған өлең өрнектерінің өлместігін білдірсе керек. Қазтуғанның «Алаң да алаң, алан жұрт» деп басталатын толғауы да жыраулық поэзияның көркемдік қуаты жағынан шебер жасалған үлгілерінің бірі. Ақын шығармалары көлемі жағынан шағын болып келгенімен, негізгі тұспалдар ойы, ішкі мазмұнынан ерлік рухы, батырлыққа тән қасиеттер анық сезіліп, жыраулық поэзияның айшықты ерекшеліктерімен бедерленеді. Бұл жырларда бір ғана жырау атымен сақталып келген жыраулық үрдістегі поэзияның нағыз қаһармандық үні, жауға қарсы қаймықпас атой салған батырлық лебі басым. Өзін өзі тексеру сұрақтары: 1.Қазтуғанды біз тек жырау деп қана танимыз ба? 2.Қазтуғанға артта қалған ұрпақтарынан кімдер жыр арнаған? 3.Қазтуған жырларының маңызы неде? Әдебиеттер: 1.М.Мағауин Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет (ХҮ-ХҮІІІ ғ.)3 кітап.Оқулық. 2.Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет.Хрестоматия.-А.,1993 3.Тоқсамбаева А. Қазақ әдебиетінің тарихы. Хандық дәуір.Оқу құралы -Семей., 2009. «Интеллект». 4.Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиеті. (ХҮІІІ-ХІХ ғ.ғ.) Оқулық.-А.,1991 5.Алдаспан.Жинақ.-А.,1971 6. Ж.Тілепов «Елім деп еңіреген ерлер жыры» 7.Абылқасымов Б.Жанр толгау в каз. устной поэзии.-А.,1984 8.Абылай хан (Тарихи жырлар)-А.,1993ж. Дәріс 6 ШАЛКИІЗ ЖЫРАУДЫҢ ӨМІРІ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ Дәрістің мақсаты:Шалкиіздің қазақ әдебиетінің тарихындағы өзгеше құбылыс, «феномен» екендігін,оның шығармашылығының зерттелуін толық меңгерту. Дәрістің жоспары: 1. Шалкиіздің өмірі, шығармашылығына тоқталу. 2. Өмір сүрген уақытын зерттеуші ғалымдардың әр түрлі топшылаулары. 3.Оның батыр қолбасы болуы жайындағы тарихи әңгімелер. 4.Шалкиіз шығармаларының ерте кезде жарық көруі. 5.Жыраулар ішінде оның тұңғыш рет орысшаға аударылуы. 6. Шалкиіз шығармаларының қазақ әдебиеті тарихындағы алатың орны. 7.Шалкиіздің жыраулар ішінде еңсесі биік, шыққан шыңы жоғары жырау. 8.Шалкиіз–қазақ әдебиетіндегі философиялық, дидактикалық, афористік толғаулардың көш басшысы. XV ғасырда өмір сүрген көрнекті жыраулардың бірі – Шәлгез (Шалкиіз). Оның шығармалары қазақ ноғай, қарақалпақ халықтары арасына кең тараған. Біздің қолымызда бар деректерге қарағанда Шәлгез шығармаларының алғаш қағаз бетіне түсуі XIX ғасырдың екінші жартысы. Бұған дәлел – жырау өлеңдерінің 1874 жылы жазылған «Қазақ өлеңдері мен хиссалары» дейтін көне дәптерде кездесуі. Бұл дәптерде қазақ, ноғай әдебиетінің көне дәуіріне қатысты көптеген жыраулар мұрасы (Доспамбет, Қазтуған, Шәлгез, т.б.) мен «Орақ», «Мамай», «Әділ сұлтан» сияқты жырлар бар. Ноғай, құмық ауыз әдебиетін тұңғыш жинап бастырушы құмық ақыны Могомед Османов (1840-1904) құрастырып жариялаған «Ноғай уа құмық шиғырлары» (Санкт-Петербург, 1883) деген жинақтың ноғай, құмық жырлары бөліміндегі көптеген өлеңдер Үпі (Уфа) дәптеріндегі шығармаларға өте сәйкес келеді. М. Османов жинағындағы өлеңдер мен қолжазба дәптердегі жырлардың ұқсастығы ғылым үшін мәнді деректер берері хақ. Дәптердегі жазуларға қарағанда жырларды көшіруші Дәулетмырза да, дәптер иесі Ибрагим Шейхали сияқты. М. Османов жинағының бір арнасы осы дәптер ме? Әлде Дәулетмырза М. Османов жинаған материалдардан көшірді ме? Немесе М. Османов пен дәптер иесі құмық ағартушысы Ибрагим Шейхали екеуі де бұл материалды ел арасынан қатар жинады ма? Қалай болғанда да осы дәптердегі мұралар – қазақ, ноғай әдебиетінің көне дәуірінен көптеген мәлімет беретін қымбат қазына. Аталған дәптерде Шәлгездің «Арық хан…». «Қатынасы биік күлләрден», «Боз үстінә от яккан», «Әжікам сен Мансұрұлы Токусан», «Ғизмәт иям би Темір», «Менің иям би Темірдің тұсында» деп басталатын алты өлеңі бар. Бір ғасыр бұрын қағаз бетіне түскен бұл мәтіндерде кейінгі басылымдарға қарағанда сол дәуірдің жазу стилі мол сақталған. Алайда, мәтінде елеулі алшақтық жоқтың қасы. Шәлгездің «Аспанды бұлт құрсайды», «Қарабас құспен шалдырып» деп басталатын көлемді толғаулары алғаш рет 1875 жылы «Записки Оренбургского отдела Императорского Русского географического общества» жинағында жарық көрді. Бұл жинақта би Темірге айтқан екі толғауы («Аспанды бұлт құрсайды», «Қарабас құспен шалдырып») бір-тұтас, жалғас жарияланған. Араб әрпіндегі қазақша мәтіні мен орысша мәтіні қатар, салыстырыла берілген. Аталмыш толғаулардың күні бүгінге дейінгі басылымдарының ішіндегі ең толық нұсқасы – осы жинақтағы мәтіндер. Аталған жинақтағы Шәлгез толғауларының И. Н. Распопов аударған орысша мәтіндері 1885 жылы екінші рет басылады, кейбір кітаптар мен мерзімді баспасөз беттерінде жариялана бастайды. Шәлгез жыраудың өнегелік мәні зор өміршең толғаулары ағартушы Ы. Алтынсарин хрестоматиясынан да елеулі орын алғанын көреміз. Алтынсарин Шәлгездің «Би Темірге айтқаны» («Аспанды бұлт құрсайды») толғауын ағартушылық мақсатына орай өзінше тақырып қойып, «Тобылғының берігі», «Бостаны барды теректің», «Айдынға шүйсең тарлан шүй», «Бар күшіңді сынамай», «Жақсы да келер бұ көпке» деп басталатын шумақтарын қысқартып, кейбір шумақтарын ғана жариялаған. Алтынсарин хрестоматия кәрі құлақ ересек адамдарға емес, жас балаларға арналғандықтан, солардың ұғымына қарай толғауға «Бір ханға бір бидің жамандардан қорлық көргенде айтқан сөзі» деген жалпылама, жеңілдеу тақырып қойып, «Ау, хан ием, хан ием» деген алғашқы жолын өз жанынан қосқан, кейбір сөздерін өзгертіп қолданған. Мысалы, Шәлгез толғауындағы «Аспанды бұлт құрсайды» – Ы. Алтынсаринде «Айды бұлт құрсайды» немесе «Сұлтан ием, сен менің бармай тапқан қағбамсың» – Ы. Алтынсарин хрестоматиясында «Тақсыр, менің бір күнде, сен бармай тапқан кебемсің» болып келеді...... Өзін өзі тексеру сұрақтары: 1.Шалкиіз шығармалары қай тілге аударылған? 2.Шалкиіз қажылық сапардан кімді, неге алып қалды? 3.Шалкиіз шығармасын зерттеген кімдер? Әдебиеттер: 1.М.Мағауин Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет (ХҮ-ХҮІІІ ғ.)3 кітап.Оқулық. 2.Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет.Хрестоматия.-А.,1993 3.Тоқсамбаева А. Қазақ әдебиетінің тарихы. Хандық дәуір.Оқу құралы -Семей., 2009. «Интеллект». 4.Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиеті. (ХҮІІІ-ХІХ ғ.ғ.) Оқулық.-А.,1991 5.Алдаспан.Жинақ.-А.,1971 6. Ж.Тілепов «Елім деп еңіреген ерлер жыры» 7.Абылқасымов Б.Жанр толгау в каз. устной поэзии.-А.,1984 8.Абылай хан (Тарихи жырлар)-А.,1993 9.Әдеби мұра және оны зерттеу.-А.,1961 10.Әуезов М. Әдебиет тарихы. А.,1991 Дәріс 7 ДОСПАМБЕТ ЖЫРАУдың өмірі, шығармашылығы Дәрістің мақсаты:Доспамбет туралы аңыз әңгімелерді,шығармаларының зерттелуін толық меңгерту. Дәрістің жоспары: 1.Доспамбет туралы аңыз-әңгімелер. 2.Доспамбет шығармаларының жарық көруі. 3.Доспамбет шығармаларының тілі, толғауларының маңызына, өзіне арналған жырларына тоқталу. 4. Кейінгі басылған Доспамбет шығармаларын,алдында басылған еңбектердегі шығармаларымен салыстыру. Жыраулық поэзия туралы сөз қозғағанда,ноғайлы дәуіріндегі әдебиет мұраларына біржақты қарап,оның ірі өкілдерін қазақ, қарақалпақ, ноғайдың әрқайсысына еншілеп келдік. Ал, шын мәнінде, Асан қайғы, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз жырларын «төрде басы, төскейде малы бір болған», түбі бір туысқан, тілі етене жақын осы халықтардың төл шығармалары дегеннен гөрі ортақ туындылар деп таныған жөн болар еді. Мұның өзіндік тарихи сыры бар: Еділ мен Жайық арасын ноғайлар мен «қара бөріктілер» (қарақалпақтар), осы өңір мен оған жапсарлас Сарыарқаны қазақтар жайлап, аралас-құралас отырған бауырлас үш халықтың әдебиеті бір арнадан тарады да, XV-XVI ғасырларда бұл халықтардың ара-жігі соншалықты ашылған жоқ. Үш халық ішінде бәріне ортақ ру аттарының кездесуі де осы туыстық төркінінен болар. Сол себепті де ауылы аралас, қойы қоралас, тілі бір, тіпті әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрі де бір үш халық арасында Асан қайғы, Қазтуған, IIIалкиіз, Доспамбет аттары бірдей таралып, қазақ, қарақалпақ ноғайға ортақ тұлғалар болып танылған. Сондықтан да алғаш рет көрнекті қазақ ақыны Ғұмар Қараш «Ғабдолла Мұштақ» деген бүркеншік есіммен құрастырып, 1910 жылы Орынборда шығарған «Шаир, яки қазақ ақындарының басты жырлары» жинағында олардың жырларын жариялады да, бұл кейін жыраулар шығармаларының белгілі жазушы- ғалым М. Мағауин құрастырған «Алдаспан» (1971). «Бес ғасыр жырлайды» (1984, 1989) жинақтарында, «Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет» хрестоматиясында (1993) жарық көруіне негіз болды. Сонымен бірге Асан қайғы, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз шығармалары ноғай әдебиетінің өкілі ретінде М. Османов құрастырған «Ноғай уа құмық шиғырлары» (СПб, 1883), А. Жәнібеков құрастырған «Ауыл поэзиясы иа де ноғай әдебиеті» (Мақашқала, 1935), «Яшав сокпаклары» (Черкесск, 1979) жинақтарына еніп, А. Сикалиевтің «Сынап қарап, сырласып...» атты зерттеуінде (Черкесск, 1975) олар ноғай ақындары ретінде, ал К. Мәмбетовтың Нөкісте шыққан «Әмудария» журналында жарияланған мақаласында (1972. № 9) қарақалпақ жыраулары ретінде зерттеледі. Қазақ, қарақалпақ және ноғай халықтары бірге өмір сүрген кез жыраулық поэзияның алтын дәуірі болды. Сол себепті де бөле-жаратын ештеңе жоқ екенін айта келіп, «бұл сипаттас біраз сөз үлгілеріне қазақ, ноғай, қарақалпақ, т. б. халықтардың ортақ еншілігі бар мұра ретінде қарау керек» деген Қ. Өмірәлиев пікірі мен бұл нұсқаларды осы халықтарға ортақ туындылар деп тану қажеттігін айтқан Р. Сыздықова ойын толық қостаған дұрыс. Үш халық құраған «ноғайлы цикліндегі» әдебиетте үшеуінің де еншісі бар. Осы дәуірге тән жыраулар поэзиясы қазақ әдебиетінде кең арнамен дамыды да, ата-қоныс жер үшін, атамекен ел үшін «ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен» қан төгіп, «ақтабан шұбырынды» заманын бастан кешкен халқымыз өлең- жыр өзегін кейінгі ұрпақтарға аман-есен жеткізді. Ғасырлар қойнауынан үзік күйінде болсын жеткен сондай асыл мұраның бірі – қазақ пен ноғайға да, қарақалпаққа да ортақ Доспамбет жырлары. Қазақ халқының өз атымен өмір сүруі XV ғасырдың орта шені десек, осы кезден басталатын қазақтың төл әдебиетіне өзіндік үлес қосқан, сол замандағы әлеуметтік іс-шаралардың бел ортасында болып, ерлігімен де, өрлігімен де, хас батырлығымен де, өр рухты жырларымен де ел құрметіне бөленген көрнекті ақын-жыраудың бірі – Доспамбет жырау. Доспамбет – тарихи тұлға. Ноғайлының атақты биі Мамайдың заманында, яғни XVI ғасырдың орта тұсында Азов теңізі түбінде өз алдына жеке ел болған Азаулы ноғайлыларының басшысы, ел қорғаны, қол бастаған батыры немесе Азаулының Аймадет ер Доспамбет ағасы. Жырау өз есіміне Аймадет деген сөзді қосып айтады. Бұл жөнінде қарақалпақ ғалымы К. Мәмбетов Аймадет пен Доспамбетті екі батыр деп қарастырады, ноғай әдебиетінде Доспамбет Азаулы деген сөз тіркесімен ғана шектеледі. Аймадет пен Доспамбеттің бір адам екендігі туралы М. Мағауин: «Бұл оның руының не тайпасының аты болса керек... Ноғай тайпалары кейде өздерінің билерінің немесе мекен еткен жерлерінің атымен де атала береді екен. Әрине, ондай тайпалардың біраз уақыт өткен соң есімін өзгертуіне тура келеді. «Аймадет» те сондай атаулардың бірі болуға тиіс» деп, дәлелді пікір айтады. Қазақта да ру аты- мен қосақтап айтылатын Албан Асан, Әбубәкір Кердері, т. б. ақындар біршама. Сондықтан да Аймадет Доспамбеттің бір кісі екенінде еш күмән жоқ. Жыраудың бүгінге жеткен мұрасы аз ғана – бар-жоғы 160 жолдың көлемінде. Осы жыр үзінділерінің өзіне қарап оның шығармаларының тікелей жорық үстінде, ұрыс майданында туғанына көзіміз жетеді. Себебі, оның қазір қолда бар шағын толғауларында жырау өмірімен қоштасар алдындағы адам кейпінде өткен дәуренінің мән-мағынасы туралы терең тебіреніп ой қозғайды. Жаралы жауынгер-жыраудың көркем бейнеленген шұрайлы тіл арқылы өткен өмірімен қимай қоштасуы, ішкі қайғы мен өкініштің ақтарылып шыққан зарлы мұңы, кейінгі ұрпаққа арнай сөйлеген жыр-аманаты елес береді. Солай болғанмен де, оның жырларындағы басты қазық – ақынның туған жеріне, еліне деген ыстық махаббаты, ынта-сезімі. Бұл қасиетті ұғым жолында туған жерін жаудан қорғау – жырау үшін басты азаматтық парыз. Сол себепті де ол жауынгерлік жорық жолдарын тебірене еске алып, жырға қосады. Доспамбет жырлары – майдан, ұрыс кезеңінің жылнамасы іспетті. Оның жырларында ел үшін, жер үшін айқас, жаралы жыраудың өлім мен өмір арасында қиналған арпалысты сәттері ерекше әсер қалдырып, жорық кезіндегі қайсар қылықтарымен өршелене жауға ұмтылған ержүрек ерлердің қимыл-әрекеті көркем бейнеленеді. Бұл жырлар – қазақтың қаһармандық поэзиясының нағыз бастапқы қайнар бастаулары. Доспамбет поэзиясына тән үлкен бір ерекшелік – оның өлең-толғауларындағы айтылған ой қазақ мақал-мәтелдерімен астасып, ішкі мағынасы жағынан болсын, сыртқы айтылу түрі, ұйқасы, салыстыру өзгешеліктері жағынан болсын үндесіп, қоғамдық құбылыс жөнінде нақтылы сөз өрнегімен беріледі. Доспамбет шығармалары аздығына қарамастан ғұмырлы, қашан да мәңгілік. Оның толғаулары өзінің мән-маңызы, ішкі толғанысы жағынан алып діңгектер сияқты үлкен әлеуметтік жүк арқалап тұр. Жырау жырлары тарихтың талай аласапыран оқиғаларының арасында адасып жоғалып кетпей, бізге келіп жетті де, рухани бастаулардың қуатты көзі бола отырып, шығармашылығы мен күрескерлігі өзімен үндес XVIII ғасырдағы әдебиеттің ірі өкілі Ақтамберді мен XIX ғасырдағы өршіл рухты азамат ақын Махамбет поэзиясына және одан кейінгі бүкіл әдебиет дамуына игі әсерін тигізді. Жырау шығармаларының кеңінен тарап, дәстүрін дамытқан ортасы – қазақ ортасы. Доспамбет есімінің қазақ жыраулар поэзиясының көшбасшылары қатарында аталуы да осыған саяды. Қай шығарма болсын өз алдына жеке пайда болмайды, оны орта тудырады. Доспамбет шығармалары ноғай топырағында туып, қазақ ортасында дамыды. Сондықтан да жырау туындылары бүкіл әдебиетіміздің жемісі болып табылады, халықтың рухани күш-қуаты мен мәдени қарым- қабілетінің артуына орай кейінгі ұрпақ бұл өршіл де асқақ сезімге толы жыр жолдарынан біздің адамгершілік қайнар көзіміздің бастаулары мен ерлік рухын, көркем сөз құдіретін танып ашады. Өзін өзі тексеру сұрақтары: 1.Орыстың қай ғалымына Доспамбет туралы аңыз әңгімелер белгілі болды? 2.Доспамбеттің толғауларының тақырыбы не жайында? 3.Толғауларының маңызы не? Әдебиеттер: 1.М.Мағауин Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет (ХҮ-ХҮІІІ ғ.)3 кітап.Оқулық. 2.Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет.Хрестоматия.-А.,1993 3.Тоқсамбаева А. Қазақ әдебиетінің тарихы. Хандық дәуір.Оқу құралы -Семей., 2009. «Интеллект». 4.Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиеті. (ХҮІІІ-ХІХ ғ.ғ.) Оқулық.-А.,1991 5.Алдаспан.Жинақ.-А.,1971 6. Ж.Тілепов «Елім деп еңіреген ерлер жыры» 7.Абылқасымов Б.Жанр толгау в каз. устной поэзии.-А.,1984 8.Абылай хан (Тарихи жырлар)-А.,1993 9.Әдеби мұра және оны зерттеу.-А.,1961 10.Әуезов М. Әдебиет тарихы. А.,1991 Дәріс 8 ЖИЕМБЕТ ЖЫРАУдың өмірі, шығармашылығы Дәрістің мақсаты: Жиембеттің жыраулар поэзиясындағы алатын орнын өлеңдерін талдау арқылы жеткізу. Дәрістің жоспары: 1. Жиембет Бортоғашұлының өмірінен мәлімет. 2.Жиембеттің тек жырау емес, Еңсегей бойлы Ер Есімнің әскербасы батыры, ел басқарушы биі қызметін атқаруы. 3.Жиембет туралы біршама деректердің барлығы. 4.Жиембеттің атын ескі шежірелер қорынан да кездестіруге болатыны. 5.Жиембет өмір сүрген дәуір сипаты. 6.Жиембеттің есімін кеңінен танытқан «Есімге арнаған толғауы екендігі». 7.Өмірінің ақырығы кездерінде Жиембеттің қуғынға ұшырауы. 8.Жырау шығармашылығының маңызы. Халқымыздың тарихында өшпес із қалдырған небір майталман ақын- жыраулар өздері өмір сүрген кездің жақсылығын да, келеңсіз мәселесін де кеңінен толғап, кемеліне келтіріп сөз еткен. Осы орайда Асан қайғыны, Қазтуғанды, Бұқар жырауды еске алсақ та жеткілікті. Халқымыз «тіл бас жарады, бас жармаса тас жарады, бас кеспек болса да тіл кеспек жоқ» деп сөз өнерін соншама биік бағалапты. Осындай асыл сөз иесі – XVII ғасырдың аса көрнекті ақыны, ірі ойшыл, қырағы сардар Жиембет. Мұхтар Мағауин Жиембет жырау шығармаларын «Алдаспан» жинағында жан- жақты талдай келіп: «Бортоғашұлы Жиембет жырау көшпенділердің әскери аристократиясынан шыққан. Халық аңыздарының және көне шежірелердің айтуынша, Жиембеттің арғы атасы – Ноғайлының қорғаны Алау батыр. Алау – XVII ғасырдың бірінші жартысында жасаған тарихқа белгілі адам. Жыраудың қай жылы туып, қай жылы өлгендігі жайында нақты деректер жоқ. Тек біздің заманымызға жеткен шығармаларындағы кейбір сәттерден, халық жадында сақталған әңгіме, жырлардан, ескі шежірелерден жырау жайында біраз мәлімет ала аламыз. Жиембет – Есім ханның әскербасы батырларының бірі, әрі жорықшы жырауы», – десе, бұл жағдай үлкен жыраудың өзінің өлең-толғауларында да әдемі айтылған. Жыраудың барлық саналы ғұмыры Еңсегей бойлы Ер Есім ханның қасында өтіпті. Ол ұлы ханмен тең сөйлесіп, керек жерінде үзеңгі қағыстыруға дейін баратын сияқты... Кейде тіпті ханның жалғыз, қарашаның көптігін айтып, Есім ханның алдында иілмейтіндей сыңай да танытқан. Ақын өзгенің де, өзінің де қадір-қасиетін терең сезінетінін аңғартып, ешнәрседен сескенбей, хан алдында қаймықпай, қасқая толғайды: Еңсегей бойлы Ер Есім, Есім, сені есірткен Есіл де менің кеңесім! Ес білгеннен, Есім хан, Қолыңа болдым сүйесін, Қолтығыңа болдым демесін –дейді. Бұл жерде Жиембет жай ғана жырау емес, жаужүрек батыр жырау ретінде де танылады. Соншама айбатты, соншама қайратты, арғы-бергіні толғай, жақсы- жаманды талғай білетін, данышпан да даңқты ел ағасына биіктен сөйлеу дегеннің қаншама ауыр екенін түсіну де, түсіндіру де қиын. Олай дейтін себебіміз, бірде Бұқар жырау Абылай ханға қатты реніш үстінде: «Сенен бұрын жеті ханды жебеледім, кеше Еңсегей бойлы Ер Есім ханға да жолдас болдым, сен оның бір түстігіне де жарамайсың, – депті. Ер Есімнің бағасын бұдан артық жеткізу мүмкін емес сияқты. Ал бүкіл қазақ «Еңсегей бойлы Ер Есім» деп ардақтап алақанына салса, Алтай мен Атыраудың арасын қалмақтан босатқан асқан жауынгер ханға Жиембеттің назы оңайға түсті деп айту қиын. Жиембеттің Есім ханға шалыс келуі бір себептен Асан қайғыдан тамыр тартқан дәстүр жалғастығы сияқты. Ол – Асанның Әз-Жәнібекке айтты дейтін кең толғамы, терең пәлсапалық дүниесі. Жиембет Асан қайғының сол толғауларының түрі мен мән-мазмұнын дамыта түскен. Жиембеттің жоғарыда сөз еткен «Еңсегей бойлы Ер Есім» толғауы хан мен екеуінің арасындағы келіспеушіліктен туған сияқты. Алайда, азуы алты қарыс ақын ары қарай тарата, тармақтата толғайды. Ол: Мен жоқ болсам, Есім хан, Ит түрткіні көресің. Жиембет қайда дегенде, Не деп жауап бересің?! – деген жыр жолдарынан жыраудың өзінің ел алдында, хан алдында қадір- қасиетінің қаншалықты екенін өте жақсы білетінін көреміз. Бір жағынан ханға мен көппін, сен жалғызсың, «көп қорқытады, терең батырады» деген, сен де артыңды ойла дегендей сыңай танытады. Тіпті қыза-қыза ақын ханға дөң айбат та көрсетіп қояды. Жиембет жырында өзі айтқандай жырау өрлігіне сүйсіне түсесің. Жыраудың осы өлеңде қолданған теңеу-эпитеттері жарасымды, қазақы пиғыл, қазақы психология. Ол өзінің ішкі-сыртқы портретін айнытпай салып тұр... Бір жағынан Есім ханға жырау ешкімнен сескенбейтін жаужүрек екенін, тіпті тұрысатын жерінде «жолбарыс пенен аюдай» ерлігі бар екенін де ескерте кетеді. Енді осы өлеңнің туу себебіне сәл тоқталсақ, Еңсегей бойлы Ер Есім – ақынның інісі Жолымбеттің ерсі қылығына наразы екен, енді Есім хан Жиембетке де қыр көрсетіп, өштесе бастайды. Бұл туралы «Жақсы үгітте» былай делінген: «Бұрынғы достық дұшпандыққа душар болды. Жиембет ойлайды: сырттан томырайғанша, бетпе-бет, ауыз-ауызбенен айтып, біржолата ат құйрығын кесіп, қайтып көрместей болып, көкірекке келген сөзді айтып шығайын». Бұдан Жиембеттің өр мінезін, биік парасатын танып білеміз. Көк аспан қақырап, қара жер қақ айрылып кетсе де, көкірегіндегісін жасырмай бетке айту – шынайы ерліктің нағыз кісіліктің ісі екені түсінікті. Тымырайып кек сақтау, үндемей аңысын аңду, ішінде иті өліп жатудан оңбаған тірлік бар ма, одан асқан зұлымдық бар ма?! Жырау бұл жолды қаламай, ақиқатын сардита айтқан. Жиембеттің күші, жоғарыда айтқанымыздай, қаумалаған қалың ағайын-туысы мен ақынды аса қадір тұтатын елі-жұртында екені анық. Оны біз жыраудың өз толғауынан білеміз. Жырау өзінің талай-талай қанды шайқаста көзсіз ерлік көрсеткенін, жайшылықта жанына жалау, қолтығына демеу болып, бір туып, біте қайнасқанын да тереңнен толғайды. Ол «мен кісіден көрген ізгілігімді жақсылықпен қайтаратын адаммын, сен де бір кездері менен мол сыбаға алып едің, соны ұмыта көрме» дей келіп, ары қарай сонау бір алыстағы, ұмыт болып кеткен ескі «жараның» аузын ашып, ханның сасып, қарашаның қашқан, жаудың мысының басқан кезін нақты, шебер суреттейді. Тіпті хан басымен «соқыр бурыл байталға» ер-тоқым, айыл-тұрмансыз мінгеніне дейін тәптіштеп, қорықпай-үрікпей салмақты сөз саптайды. Бұл – бұл ма, одан әрі Жиембет іс-әрекетін тереңдете, әріден қозғап, ханға зіл тастай отырып, оны екіншілей көрмеске, онымен мәжілістес, сұхбаттас болмасқа серт бергендей шымырлата, буырқана, ашына жырлайды. Жырау қаншама күш көрсете сөйлегенмен, Есім ханды биік бағалап, оның ерлік істері мен парасатты ел басшысы екенін мойындап тұрғандай. Қалай дегенмен де ханның арғы-бергі, жақсы-жаманды жүріс-тұрысы мен көңілге қона бермейтін кейбір қыңыр қылықтарын есіне салып, құдай тәубасын аузына келтіргендей. Бұл толғау осындай ерекше қасиетімен құнды, шындықты ірікпей-бүкпей, тура қасқая қарап бетке айтуымен қымбат. Сонау арғы ғасырлардан бері ұмытылмай ел есінде сақталып келуі де жұрттың көкірегіндегі көкейкесті айта алмай жүрген сөздерін жеткізуінен болса керек. Өзін өзі тексеру сұрақтары: 1.Жиембет жыраудың арғы атасы кім болды? 2.Жиембеттің атқарған қызметі қандай болды? 3.Есімге арнаған толғауының себебі не болды? Әдебиеттер: 1.М.Мағауин Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет (ХҮ-ХҮІІІ ғ.)3 кітап.Оқулық. 2.Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет.Хрестоматия.-А.,1993 3.Тоқсамбаева А. Қазақ әдебиетінің тарихы. Хандық дәуір.Оқу құралы -Семей., 2009. «Интеллект». 4.Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиеті. (ХҮІІІ-ХІХ ғ.ғ.) Оқулық.-А.,1991 5.Алдаспан.Жинақ.-А.,1971 6. Ж.Тілепов «Елім деп еңіреген ерлер жыры» 7.Абылқасымов Б.Жанр толгау в каз. устной поэзии.-А.,1984 8.Абылай хан (Тарихи жырлар)-А.,1993 9.Әдеби мұра және оны зерттеу.-А.,1961 10.Әуезов М. Әдебиет тарихы. А.,199ж. Дәріс 9 МАРҒАСҚА ЖЫРАУдың өмірі, шығармашылығы ның зерттелуі Дәрістің мақсаты:Марғасқаның бізге жеткен жырларының тақырыбын ашу,шығармашылығын,өмірін толық меңгерту. Дәрістің жоспары: 1.Марғасқа жыраудың өміріне тоқталу, шығармашылығының зерттелуі. 2.Марғасқаның Еңсегей бойлы Ер Есімнің тұсында өмір сүргендігі. 3.Марғасқа жырау Есім ханның әрі батыры, әрі ақылшы жырау болғандығы жайлы. 4. Марғасқа жырау туралы М.Көпеевтің «Ел аузынан жинаған әдебиет үлгілері». 5. Марғасқа жыраудың «Ей, Қатағанның хан Тұрсын»жырының шығу тарихы. Марғасқа жырауды қай жылы туып, қай жылы қайтыс болғаны әлі де белгісіз, не тарихи кітаптарда, не көне құжаттарда, немесе ескі шежірелерде мына жылы дүниеге келіп, мына жылы дүниеден өтті деген нақтылы дерек кездеспейді. Ғылымда Марғасқа XVII ғасырда өмір сүрді деп айтылады. Жыраудың өз дәуірінде әлденеше ұзақ-ұзақ толғаулары да болған шығар. Алайда, соның көбісі бізге жетпеген, кезінде хатқа түспегендіктен ел жадынан шығып, бұл күнде ұмыт болған. Марғасқа ел аузында «бүтін билікке Төле би жеткен, бүтін хандыққа Есім хан жеткен»! деп атаққа шыққан Еңсегей бойлы Ер Есімнің тұсында өмір сүріпті. Ал, осы атақты Ер Есім жайлы Қазанғап Байболов үлкен дастан жазған. Ол жыр Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының Орталық ғылыми кітапханасында (№513) сақтаулы. Осы аталған еңбекте Ер Есімнің қазақ халқын қырық жыл бойы басқарып, белдеуінен тұлпары кетпегені, білегінен қылышы түспегені, өмірінде бел шешіп тыныш ұйықтамағаны жан-жақты айтылыпты. Есім ханның үлгілі істерін талай тарихшылар жазған да, айтқан да шығар, бірақ ол туралы XVII ғасырдағы Марғасқа толғауы ерекше бағалы екені даусыз. Өйткені, ол айбынды ханның әрі батыры, әрі ақылшы жырауы болғанға ұқсайды. Ғалым-жазушы М. Мағауин Марғасқа жырау жөнінде былай депті: «XVII ғасыр әдебиетінен қалған нұсқалар өткен дәуірлермен салыстырғанда біршама аз. Бұл кезде жасаған қазақ ақын-жырауларынан біздің заманымызға шығармалары жеткені – Жиембет, Марғасқа жыраулар. Бұл екеуінің де аты XVII ғасырдың алғашқы жартысында билік құрған хан «Еңсегей бойлы Ер Есіммен» байланыстырылады. Бір орталыққа бағынған күшті мемлекет құруға тырысқан Есім ханның өз мақсатын орындау жолында жеке ұлыс-тайпалардың хандары мен ірі феодалдарының қарсылығын тойтарып отыруына, кейде қантөгіске баруына да тура келеді. Есімнің жолына кесе-көлденең тұрғандардың бірі – Қатаған, Шанышқылы руларының ханы, Тәшкентті билеуші Тұрсын еді. Тәуелсіз әмірші болғысы келген Тұрсын Есімнің қалмақтарға қарсы жорыққа кетуін пайдаланып қазақ ауылдарын шабады. Көп жұртты харап қылады. Ұзамай-ақ кезек Қатағандарға келеді. Ызақор, дұшпанына мейірімсіз Есім жорықтан орала салысымен Тәшкентті шауып алып, Қатағандарды қырғынға ұшыратады. Тұрсын ханның өзін өлтіреді. Бұл оқиға Абылғазы баһадүр ханның айтуынша 1627 жылы болған. Есім ханның батырларының бірі, әрі жорықшы жырауы Марғасқаның біздің заманымызға жеткен бір өлеңі осы оқиғаға байланысты туған». М. Мағауинның бұл деректері Марғасқаның өмір сүрген кезінен біраз мәліметтер береді. Жоғарыда айтқанымыздай, XVII ғасырда өмір сүрген Марғасқаның бізге жеткен жалғыз өлеңі ғана бар. Бұл шағын өлең небары 13 жол. 1627 жылдар шамасында Тәшкенттің сол кездегі әміршісі Тұрсын ханға байланысты туған. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының осы уақиғаға қатысты қолжазбасында былай делінеді: «Еңсегей бойлы Ер Есім Түркістанда қазақ ханы болып тұрған күнде Ташкентте Тұрсын хан Қатаған деген жұртты билеп тұрды. Тұрсын хан мен Есім хан ант етісіп, бір-бірімен жау болмасқа бата қылысты. «Күнбатыс Бұқар, Қоқан, Самарқандпен жауласуға мен қарсы тұрайын. Сен күншығысқа қосын қылып аттан. Ұзын аққан Ертістің басынан кір, аяғынан шық», – деп Тұрсын хан кеңес берген соң, мың кісі қосын алып Есім хан күншығысқа бет қойды». Тұрсын хан Есім ханды алдап аттандырып жіберіп, иесіз қалған елді шауып алады. Марғасқаның: Ей, Қатағанның ханы Тұрсын Кім арамды ант ұрсын, – деп ашына айту себебі де осыдан. Мәшһүр жазбаларында бұл екі жол сәл өзгеріспен былай делінеді: Қатағанның хан Тұрсын, Қай кеткенді ант ұрсын, – Бұл мақал содан былай жұрт аузында қалыпты деседі. Есім ханның Ташкентті алуы өте шұғыл. Қаланы алу барысында көп қан төгіледі. Мұның себебі, біріншіден, Тұрсын ханның сөзінде тұрмауы болса, екіншіден, Есім ханның Тұрсын хан сілтеген жорықта көп қиындықты басынан кешіргендігі болса керек. Мәшһүр Жүсіп бұл ретте былай деп жазады: «Ол күнде Шу мен Сарысу асқан соң, Ертіске дейін елсіз, жыртылып айрылған аңнан басқа дәнеме жоқ екен. Елсіз-күнсіз далада кім жүруші еді деп Есім хандар аттарын қоя беріпті. Бұлар бейғам жатқанда, көліктерін түп көтере қалмақтар айдап кетіпті. Мың сарбаз шөл далада жаяу қалады: Мінгені Есім ханның ала белді, Бойында Шідертінің қара көрді. Көрінген сол қараны кертағы деп, Аттарын шідер салып қоя берді. Есім ханның тобы алыстан көрінген жау жасағын аңдармен шатастырып тағы да алдауға түседі, әрі баспанасыз, әрі азық-түліксіз он күн бой құлан жортпас қу медиенде ауыр қиыншылықтарды бастарынан өткереді. Есім хан жасақтарына: «Азаматтар, шоралар, біз бүйтіп жатпайық. Мен жортар аттың он күнге баратын жеріне бір күнде барамын. Маған еругіе жарайтының бар ма?» – дейді. Хан он күндік жолды бір күнде жүре алмаса да, оның бұл сөзі еңсесі түскен сарбаздардың рухын көтереді. Есім хан ақыры аттарын айдап кеткен жауды қуып жетеді. Алайда, ол өзінің Көкаласын таба алмай көп іздейді. Есім хан тұлпарының сырына қанық қалмақтар оның ер-тоқымын алмай, күндіз-түні қостың қасында, шылбырын қолдарынан шығармай ұстайды. Мұны көрген хан шылбырды жасырынып келіп, білдірмей кесіп жіберіп, атының үстіне қарғып мінеді де, «аттандап» айғайға басып, өз аттарымен бірге жаудың да аттарын айдап кетеді. Өзін өзі тексеру сұрақтары: 1.Ғалым жазушы Марғасқа туралы қандай пікір айтты? 2.Марғасқа жыраудың хан Тұрсынға арналған өлеңінің шығыуына не себеп болды? Әдебиеттер: 1.М.Мағауин Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет (ХҮ-ХҮІІІ ғ.)3 кітап.Оқулық. 2.Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет.Хрестоматия.-А.,1993 3.Тоқсамбаева А. Қазақ әдебиетінің тарихы. Хандық дәуір.Оқу құралы -Семей., 2009. «Интеллект». 4.Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиеті. (ХҮІІІ-ХІХ ғ.ғ.) Оқулық.-А.,1991 5.Алдаспан.Жинақ.-А.,1971 6. Ж.Тілепов «Елім деп еңіреген ерлер жыры» 7.Абылқасымов Б.Жанр толгау в каз. устной поэзии.-А.,1984 8.Абылай хан (Тарихи жырлар)-А.,1993 9.Әдеби мұра және оны зерттеу.-А.,1961 10.Әуезов М. Әдебиет тарихы. А.,1991 Дәріс 10 ТӘТІҚАРА АҚЫНның өмірі, шығармашылығы Дәрістің мақсаты: Тәтіқара жырларының тіл байлығы өткірлігімен әдебиетімізде өз орнын алатындығын ,өмірін, шығармашылығын меңгерту. Дәрістің жоспары: 1.Тәтіқара жауынгер ақын, “жортуыл кернейшісі”. 2.Ақын өмірінен мәлімет. 3.Ұлы Шоқанның Тәтіқара жырларына назар аударуы. 4. Ақын есімінің әсіресе 1756 жылы қазақ жеріне басқыншылықпен кірген Цин үкіметіне қарсы күресте ерекше танылуы. 5. Тәтіқара Абылайдың жанынан тастамайтын сенімді серігі болған. 6. Тәтіқара жайында таралған әр түрлі аңыздарға шолу. Тәтіқара – XVIII ғасырдағы қазақ ақын-жырауларының көрнектілерінің бірі. Абылай бастаған сарбаздардың айтулы жырауы. Жалаң қылыштай өткір мінезімен, табан астында суырып салма шапшаң айтқыштығымен жорықтастары алдында үлкен беделге ие болған. Аспаннан бұрқаған қара дауылдай, жерден шыққан қара пәледей жау төнгенде, яғни жасақтардың барар жер, басар тауы қалмай тығырыққа тірелгенде көптің көш бастайтын серкесі іспеттес. Сол себепті де ол: Алдыңнан – су, артыңнан жау қысқанда, Ер жігіттің ерлігі осындайда! – деп, тосылып тұрған сарбаздарға ұран тастайды. Кескілескен бір ұрыста жыраудың осы ұлағатты сөзінен кейін қара түнек бұлттың ішінен күн жарқ ете түскендей жасақтар арындап тасып жатқан судан аман өтіпті деседі. «Тыңдаусыз болса сөз жетім, іздеусіз болса қыз жетім» дейтін бабаларымыздың ердің құнын екі ауыз сөзбен шешетін есті сөзге тоқтамаған кезі кемде-кем. Өз өмірінің көбін шапқын-сүргінде өткізген қазақ халқы елін жаудың ызғарынан, жерін жаттың атының тұяғынан қорғаштап-ақ баққан ғой. Ол үшін ақау шықпас ауыз бірліктің, мызғымас жігердің қажет екенін өмірдің өзі көрсеткен. Осы орайда сүттей ұйыған татулыққа кім шақырмақ, төмен түскен еңсені кім көтермек? Мұндай кезеңде жыраудың орны өзгеше. Жырау – халықтың қорғаны, ол ең алдымен өзін емес, өзгені ойлаған. Екінші сөзбен айтсақ: Алдаспан ауыр қылыш суырған, Ажалға қарсы жүгірген, – дегендей ел-жұртының қылышы, семсері. Ел аузындағы деректерге сүйенсек, оның ішінде шежіре қарттардың айтқанына құлақ ассақ, Тәтіқара Сарыкөл маңайындағы Уақ руынан шыққан, Уақ ішінде Қалмақ деген атадан, Ақынның туып-өскен жері – қазіргі Қостанай облысының Урицкий ауданы. Тәтіқараның саналы өмірінің бәрі дерліктей Абылай ханның төңі-регінде өткен. Оның себебі, жұрттың бәріне билігін мол жүргізу үшін Абылай өз маңына ақын, жырау, шешен, батырларды топ-топ ұстаған. Тәтіқара жыраудың «Қамыстың басы майда» атты толғауы мен Ер Шобан жыраудың толғауы сырттай бір-біріне ұқсас. Екеуінде де көптеген батырлардың аттары аталып дәріптеледі. Оқиғаның шығу төркіні де екеуінде бір негіздес. Екеуі де жан қысылғанда айтылған мадақ. Тәтіқара жырында аталатын батырлардың өмірде болған адамдар екені тарихтан белгілі. Айталық: Қамыстың басы майда, түбі сайда, Жәнібек Шақшақұлы болат найза, – дегендегі Арғын ішіндегі Шақшақ деген кіші атадан шыққан Жәнібек батыр Абылай ханға асқан ержүректілігімен, қара қылды қақ жарып кесіп айтатын әділдігімен, ұсақ-түйекке мән бермейтін еркек мінезді тәкаппарлығымен ұнаған. Тәтіқара толғауындағы бір топ сарбазды өз басшылығына алған Жәнібек батыр тек ерлігімен ғана емес, өзінің үлкен адамдығымен, зор беделімен де ірі тұлға. Біз төменде тағы алғыр батырлармен жүздесеміз, олар мыналар: Бөкейді айт Сағыр менен Дулаттағы, Деріпсәлі, Маңдайды айт Қыпшақтағы. Өзге батыр қайтса да, бір қайтпайтын Сары менен Баянды айт Уақтағы. Абылай ханның бірде «Өз батырларыңыздың ішінде қайсысы сіздің жүрегіңізге жақын?», – деп сұрағанда, ол: «Ілгеріде өткен азаматтардың ішінен нағыз таңдануға тұрарлығы екеу-ақ. Қалданның қолынан тоқсан тұтқынын қайтарып алған Қаракесек Қазыбек пен тұтқындарға үйде отырып бостандық алып берген Уақ Деріпсәлі. Алғашқысы Қалданға өзі барып сұрап қайтарып алған болса, кейінгісі өз аулында отырып жаудың зәресін алды. Менің батырларымның ішінен байлығы, ерлігі және мінезі жағынан Бәсентин Малайсары, ал ақылы мен ерлігі жағынан Уақ Баян бәрінен жоғары тұр», – дей келіп, тағы да бірнеше қырағы батырларын қосатынын ескерткен. Баянды кейде Сары, Баян деп қосарлап атайды, оның себебі, қалмақпен бір қатты ұрыста Баян батыр өзінің бауыры Сарымен бірге қайтыс болады. Ағашта биікті айтсаң қарағайды айт, Жігіттік, ерлікті айтсаң Бөгембайды айт. Найзасының ұшына жау мінгізген Еменәлі Керейде Ер Жабайды айт. Бөгембай батыр – қазақ тарихындағы өте ірі тұлға. Ол бар өмірін елі- жұрты үшін сарп қылған аяулы азамат, XVIII ғасырдың 20-30 жылдарында болған жоңғар мен қазақ жасақтарының арасындағы шапқыншылықта қазақ сарбаздарын басқарушы қолбасшы. Бөгембайдың өз тұсында халқына қандай игілікті еңбек еткені, жұртына қандай қадірменді адам болғаны жөнінде мәліметтер өте мол. Ел ішінде ол жайында дастан, аңыздар мол тараған, ал ерлігі жайындағы әңгімелер өз алдына бір қыруар. Біз оның бәріне тоқтап жатпаймыз. Тәтқара Абылаймен бірге жаугершілікте жүріп, оның әрі ақыны, әрі батыры болған. Бұл турасында М. Мағауин: «XVIII ғасыр әдебиеті жайында сөз болса, Тәтіқара ақынның аты аталмай қалмайды. Жұртшылық санасындағы Тәтіқара қазақ халқының тарихындағы қиын кезеңдердің біріндегі сырт жауларға қарсы күрестің ұраншысы, өз отандастарын қайтпай ұрысуға шақырушы жауынгер ақын, жортуыл кернейшісі», – деп, Тәтіқараның тарихи рөлін байыпты бағалаған. Өзін өзі тексеру сұрақтары: 1.Алғаш Тәтіқара жырына кім көңіл аударды? 2.Тәтіқараның шыққан тегі кім? 3. «Көше тоқыраулы судың бойынан» деген өлеңді кімге арнап шығарған? Әдебиеттер: 1.М.Мағауин Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет (ХҮ-ХҮІІІ ғ.)3 кітап.Оқулық. 2.Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет.Хрестоматия.-А.,1993 3.Тоқсамбаева А. Қазақ әдебиетінің тарихы. Хандық дәуір.Оқу құралы -Семей., 2009. «Интеллект». 4.Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиеті. (ХҮІІІ-ХІХ ғ.ғ.) Оқулық.-А.,1991 5.Алдаспан.Жинақ.-А.,1971 6. Ж.Тілепов «Елім деп еңіреген ерлер жыры» 7.Абылқасымов Б.Жанр толгау в каз. устной поэзии.-А.,1984 8.Абылай хан (Тарихи жырлар)-А.,1993 9.Әдеби мұра және оны зерттеу.-А.,1961 10.Әуезов М. Әдебиет тарихы. А.,1991 Дәріс11 ҮМБЕТЕЙ ЖЫРАУдың өмірі, шығармашылығы Дәрістің мақсаты:Үмбетей шығармаларының халқымыздың тарихында ерекше орын алатын батырлар туралы бізге мәнді хабар беретіні маңызды екендігін түсіндіру. Дәрістің жоспары: 1.Үмбетейдің өмірі туралы болжамдар. 2.Қаһармандық жырларды, шешендік сөздерді. 3.Үмбетейге әкесінің әсері,жасынан ән-жыр, сөз өнеріне еліктеп өсуі, халық әдебиетінің әсері. 4.Үмбетей жырларының басты ерекшелігі. 5. Абылайды да ерекше дәріптеуі, құрметтеуі. 6. Үмбетей жырларының аса көркем келуі, өлең жолдарының көбіне үш буыннан тұруы7 7. Жыраудың Бұқармен дос-жаран болуы. Тілеуұлы Үмбетейдің жырау ретінде артына қалдырған мұрасы аса көп емес. Небары жеті-сегіз толғау. Бар қазынасына байыптап қарағанда батыр- жыраулығы ерекше көзге түсіп тұрады XVIII ғасырда өмір сүрген дуалы ауыздың бірі – Үмбетей Тілеуұлы әскери жорықтарға қатысқан, батырлығы да, ақындығы да қатар жүрген кісі. Шығармасының дені арнаудан тұрады. Әдебиет зерттеушісі М. Мағауиннің айтуынша: «... өз тұсындағы дабыралы ерлер жайлы тарихи поэмалар жасау ісіне белсене араласқан». Әзір қолда бар шығармалары шағын. Академик Қажым Жұмалиев Үмбетейді Бұқардан кейін атапты. Бұнда бір мәніс жатыр. «Шығармалары өз аттарымен біздің дәуірімізге дейін сақталып келген әдебиет өкілдері: Бұқар, Үмбетей (XVIII ғ.), Дулат, Жанкісі, Байтоқ, Жанұзақ, Шернияз, Алмашты, т. б. (XIX г.) алсақ, бәрі бір дәуір, бір кезеңде өмір сүрсе де, олардың дүние тану, өмірге көзқарастары әр басқа. Өйткені, бұлардың бәрі бір таптың ақындары емес. Әркім өмір құбылысын өз ортасы арқылы, өз табының көзқарасынан танымақ». Үмбетей – бері де өмір сүрген ақын. Оған белгілі дәстүрді жалғастырушы ретінде қараймыз. Үмбетей есімі Бөгембай батырмен қатар аталады. Арнау жырларымен аты шыққан. Жалпы, XV-XVIII ғасырлар арасындағы қазақ поэзиясының дені арнау, толғаулар десек қателеспейміз. Қазақ әдебиеті жанрларының тарихын еске алғанда, алдымен ауызға түсетін жанр толғау екендігін, оның жеке-дара ақындар, жыраулар мұрасында көріне бастағанын айта кету керек. Үмбетей жырларының қолда барының дені толғау. Жырау мақалдап, мәтелдеп сөйлейді, халық даналығына сүйенеді. Айтқандарына қарағанда әділетті, ақылды кісі болып елестейді. Оны Бәкеге арнаған жолдарынан байқаймыз. Бұл өлең 1968 жылы қарт журналист Ғалымжан Мұқатовтан жазып алынған. Ал, Ғалымжанның кімнен, қайдан, қашан алғаны белгісіз. «Алдаспан» жинағында айтылғандай, Үмбетейлермен аталас Жауқашар деген адамның бірінен-бірі өткен бұзық, сойқанды тоғыз ұлы болады. Бір жолы бұлар өздерімен ағайын көрші ауылға барымтаға шығып, үйірге салып жүрген бураларын әкеп сойып алады, Екі атаның арасында дау туады. Бәке деген кісі Жауқашардың тоғызына ара түседі. Сонда Үмбетей әлгі әділетсіздікті әшкерелеп, «Бәкеге» атты өлеңін айтыпты. Әрине, бұл шындықтан туған шымыр жолдар болса керек. Сол дәуірдегі жыраулардың бір қасиеті – ойларынан ешнәрсе шығармаған, өзі өмір сүрген ортаның ғана жағдайын жырға тиек еткен. Үмбетейдің шығармаларында толық мәтіні кездесуі некен-саяқ Арасынан бірдеңелер қалып отырғанға ұқсайды, қайталаулар ұшырайды. «Ауызша дәстүр XVIII ғасырда өмір сүрген үш жыраудың – Бұқардың, Үмбетейдің, Тәтіқараның есімдерін сақтаған. Аңыздарға және кейбір архив құжаттарына қарағанда, бұлар феодалдық ақсүйектерден шыққан», – деп жазады ғалым Н. С. Смирнова «XVIII ғасырдағы қазақ жыраулары» деген мақаласында. Белгілі фольклорист Үмбетейді Бұқардан кейін бекерге атап отырған жоқ сияқты, Үмбетей жыраулық поэзияның толысқан тұсына тап келген кісі. Марқасқа, Үмбетей, Жиембет, Тәтіқара, Ақтамберді, Бұқар жыраулардың толғаулары толғаудың әлеуметтік келбетінің кемелденген кезеңіне келетіндігін өз еңбегінде академик Әлкей Марғұлан көрсеткен. Тәтіқара мен Бұқардың арасындағы орынды толтырып, тарихта болған батырлардың ерлігін паш еткен Үмбетей толғаулары санаулы ақ, онда басқалардан ауысып жүрген дүние көрінбейді, бәрі өзінікіндей оқылады. Үмбетей шығармалары халық поэзиясының қасиетін бойына жақсы сіңірген. Өлеңдері шешендік сөздерге жақын тұрады. Өзін өзі тексеру сұрақтары: 1.Үмбетей жырларының басты ерекшелігі неде? 2. «Бөгембай өліміне» өлеңінің шығу тарихы қалай? 3.Үмбетей толғауларында Абылай бейнесі қалай сипатталған? Әдебиеттер: 1.М.Мағауин Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет (ХҮ-ХҮІІІ ғ.)3 кітап.Оқулық. 2.Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет.Хрестоматия.-А.,1993 3.Тоқсамбаева А. Қазақ әдебиетінің тарихы. Хандық дәуір.Оқу құралы -Семей., 2009. «Интеллект». 4.Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиеті. (ХҮІІІ-ХІХ ғ.ғ.) Оқулық.-А.,1991 5.Алдаспан.Жинақ.-А.,1971 6. Ж.Тілепов «Елім деп еңіреген ерлер жыры» 7.Абылқасымов Б.Жанр толгау в каз. устной поэзии.-А.,1984 8.Абылай хан (Тарихи жырлар)-А.,1993 Дәріс 12 АҚТАМБЕРДІ ЖЫРАУдың өмірі, шығармашылығы Дәрістің мақсаты:Ақтамберді жырларының азаттық,бостандық толғаулары екендігін жеткізу. Дәрістің жоспары: 1.“Тауарих хамса” бойынша Ақтамбердінің атақты Қаракерей Қабанбаймен бірге болғандығы туралы. 2.Ақтамбердінің жай жырау емес, жортуыл жыршысы, әрі балуан, әрі батыр. 3.Ақтамбердінің өте жастай өлең шығаруы. 4.Ақтамберді елін, халықын жаудан қорғаушы. 5.Ақтамберді толғауларының қайнар көзі-Шалкиіз, Доспанбет сияқты өзінен бұрынғы аталар. 6.Ақтамбердінің бейіті Семей облысы, Абай ауданында. Ақтамберді жаугершілік заманның әрқилы кезеңдерін басынан көп өткерген. Егер «Алдаспанға» сүйенсек, 93 жыл өмір сүріпті, яғни 1675-1768 жылдарда дәуір кешкен. «Ақындық даңқы жас кезінде шыққанына» қарағанда, бізге мұрасы молырақ жетсе керек еді, әзірше қолда бары шағындау. Немесе Ақтамберді өлеңдерінің біршамасы басқа жырауларда ауысып жүруі мүмкін, XV- XVIII ғасырлар поэзиясында ондай жағдайлар кездеседі. Ақтамберді қазақтың көне жыраулық эпосының белді өкілдерінің бірі, аты әр жерде айтылғанымен, арнайы зерттелмеген авторлар санатында. Қолдағы қазынасына қарағанда, жырау жорық-жортуылдарға мүлдем ілесіпті. Егер ол «он екіде аттанып, қылыш ілдім білекке» десе, өмірінің тең жарымының көбісі басқыншылармен күресте еткен кісі. Ақтамберді жарлылық пен жалғыздықтың тауқыметін көп көргенге ұқсайды, адамдыққа, адалдыққа, әділетке жүгінеді. Ауыз толтырып айтар байлығы болмағанын өзі жасырмайды. Тұрмыстың қыр-сырын, от басы, елдік, жерлік мәселелерін жырларында жақсы көрсетеді. Жырау ақиқатты айтудан тайсалмайды, шындық туралы шымыр шешендік сөздерді түйдек-түйдегімен тастайды. Бәрі де сол тұстың ауыр тұрмысынан, күрес шындығынан алынған тартымды тирадалар. Жырау баққа да, таққа да таласпайды, көкірек көзі халың даналығымен суарылған. Ақтамберді, асылы, қысқа нақлият сөздерінің шебері болса керек. Көңіліне түйгенін, піскен ойын шашыратпай, шиыршық атқан күйінде айтып кете берген. Эпикалық кең тынысты туындылары да болуы мүмкін. Бірақ, қолымызға әлі қомақты дүниелері түсе қойған жоқ. Ақын өзінің замандас жас ұрпағын табандылыққа, ерлікке шақырады. Ақтамбердінің бүкіл шығармасынан жауынгерлікке, ерлікке үндеу, жауға батыл аттану және оның алдында тізе бүкпеуге үндеу сарыны ерекше естіледі. Жырау жырлары қарапайым қауымның ой, арманын, мінезін, өрісін айқындайды. Әзілмен, айтыспен, сынау-мінеумен, келелі кеңеспен жыраулар ел, жер, күн дауын шешуде зор рөль атқарған. Мәселен, ірілеу боп келсе толғауға түсіп кетіп, дала заңын өздерінше жасауға тырысқан. Кезінде Ақтам6ерді толғауы да осал қызмет істемеген. Ақтамберді творчествосында басқа тұстастарына қарағанда «меннің» көріне бастауы анықтау секілді. Ол өзінің ғұмырнамасын жырларына толық түрінде болмаса да ептеп түсіре берген. Жалған айтып, жағымпазданып тәуір көрінемін деу онда жоқ, күйінгенін, көңілі қалғанын, алыс арманын айтады. Ал тап берген жауға қарсы жігерлендіруге, алға ұмтылдыруға келгенде одан өткір үгітші, трибун кездеспейді. Бала-шағасын ұмытуға, ат үстінде түн қатуға әзір. Исі қазақтың тұтастығын, іргесінің ыдырамауын ойлаған көсем шешендердің бірі. Ақтамберді сияқты көреген жырау атамекенді тар мағынада түсінбесе керек, отырықшылдықты ойлауына қарағанда, біраз алысты қиялмен болжаған адам. Тақпақ-термелерінде ішіне сыймаған ойлары жатыр, соны сыртқа шығарған. Қынжыла толғанып шығарғандары ошақ басы емес, ерлікті, елдікті аңсаған зиялы зергердің келбетін танытады. Көшпенді тіршіліктің де өзінше бір қуаты, романтикасы барын Ақтамбердінің афоризмдерінен байқау қиынға түспейді. «Көшпенді ақындардың өлеңдерінде өзара ұқсас бастау, кіріспе, риторикалық сауалдар, лепті көтермелер, дәстүрлі теңеу, салыстырулар қиялының көріне бастауы бой көрсетеді». Өзге жырауларға қарағанда Ақтамбердіде қаратпа тіркеспен басталатын өлеңдер жоқтың қасы. Жаугершілік заманда өмір сүріп, ел батырларымен үзеңгілес бола жүріп, оларға арнау, толғау айтпауы қалай деген сауал туады. Соған қарағанда Ақтамбердінің әлі қолымызға түсе қоймаған, ел арасында жүрген шығармалары бар шығар. Ақтамбердіден қалған мұра әзірше 300 жолдан аспайды. Ерліктің қалың ортасында жүрсе де, жырау қарапайым халық тұрмысын бейнелеуге көбірек бұрылған, тіршілікке көңілі толмай, мол армандағанын, жалғыздықтан, қолдың қысқалығынан жапа-зәбір шеккенін шығармаларынан танимыз. Түр, тақырып, объект жағынан Ақтамбердінің басқа жырауларға ұқсайтын да, ұқсамайтын да жақтары бар. Ақтамберді жырау табиғатқа, адамдарға бір табан жақын. Шарықтап аспанға да шығып кетпейді, жерден, елден қуат алады, мұңын да, сырын да тыңдаушысынан жасырмайды, бастан кешкен ғұмырлық тәжірибесін қорытады, қиындық пен ауыртпалықтың момын халықтың иығына түскеніне күйінеді, ерлік пен өжеттігін және жасырмайды. Ақтамберді өлеңдері жыраулардың ауыз әдебиетінен бөлініп, жеке отау тіге бастағандығына дәлел. Халық даналығын көркейтіп одан әрі жетілдіруші, сөз өнерін жаңа ерге апарушы ретінде көрінеді. Соғыс алаңы мен сөз майданында қатар көзге түсу екінін, бірінің қолынан келе бермейді. Әлгі есіңізде болар, «Ел күйінгенде күйінген батыр, ел сүйінгенде сүйінген батыр, ерегісте мыңға татыр» демекші, Ақтамберділердің өзі де, сөзі де мыңға татитыны рас. Халқына қымбат жыр сыйлаған жүйріктердің қашанда бағасы өлшеусіз болмақ. Өз уақытының қашанда озық ойлы кісісі болу жеңіл міндет емес. «Атадан алтау туғанның» жүрегі қалай, немесе «Атадан жалғыз туғанның» халі қандай, Ақтамберді жырау сол жайды жақсы ұғындырады. Тақырыптың ішіне кірместен бұрын бес-алты ауыз, не одан да көп кіріспе жасайды, не табиғатты суреттеуден, не жыр арнаған адамның өмірбаянынан баяндаудан бастап кетеді. Мұндай әдіс, әдетте, жырауға желпініп, қанатын қомдап, қияға сілтерге қажет. Одан кейін мүдірместен жүйріктей сілтеп кетеді. Діттеген жеріне жетіп тоқтағанша жырау көркем сөзді барынша төгіп салады. Ақтамбердінің «Күмбір-күмбір кісінетіп» дейтін атақты толғауы сондай бір көркем шабыттың келісті көріністі сияқты. Жырау көрген, білгеннің бәрін тізе бермейді, көкірегіне түйгенін салмақтап, саралап қана шығарады. Жыраудың халық үшін қадірі сонда жатса керек. Суырып салмаға да (импровизация) іштей дайындық қажет, ондай әзірлікті жырау ауыз әдебиетінен алады, халық шешендігінен үйренеді. Осындай жақсы үйренудің нышандарын Ақтамберді поэзиясынан көреміз. Өзін өзі тексеру сұрақтары: 1.Ақтамберді толғауларының қайнар көзі кімдер? 2.Ақтамбердінің зираты қайда? 3.Ақтамбердінің Қаракерей Қабанбайға қандай қатысы бар ? Әдебиеттер: 1.М.Мағауин Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет (ХҮ-ХҮІІІ ғ.)3 кітап.Оқулық. 2.Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет.Хрестоматия.-А.,1993 3.Тоқсамбаева А. Қазақ әдебиетінің тарихы. Хандық дәуір.Оқу құралы -Семей., 2009. «Интеллект». 4.Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиеті. (ХҮІІІ-ХІХ ғ.ғ.) Оқулық.-А.,1991 5.Алдаспан.Жинақ.-А.,1971 6. Ж.Тілепов «Елім деп еңіреген ерлер жыры» 7.Абылқасымов Б.Жанр толгау в каз. устной поэзии.-А.,1984ж. Дәріс 13 БҰҚАР ЖЫРАУдың өмірі, шығармашылығы, зерттелуі Дәрістің мақсаты. Шығармашылығы өз заманының ,өз ортасы,оның әлеуметтік саяси келбетінің айнасы екендігін ашу. Дәрістің жоспары: 1.Бұқардың ХVIII ғасырдағы қазақ әдебиетінің ең көрнекті өкілі. 2.Бұқар шығармашылығын жинастырған атақты МәшһүрЖүсіп. 3.Бұқардың Тәуке ханға, Абылай ханға қызмет көрсетуі. 4.Абылайдың алдында беделді, қабырғалы биі болуы. 5.Бұқар шығармашылығының зерттелінуі. 6. Қ.Жұмалиев, С.Мұқанов, Қ.Мұхамедханов пен М.Мағауин, т.б зерттеулері. 7.Бұқар поэзиясының көтерген тақырыбының әр алуандығы. 8.Бұқар поэзиясының қазақ әдебиетінің алтын қорынан алатын орны. Әдебиет тарихынан елеулі орын алып, артына өшпес мұра қалдырған көрнекті жыраулардың бірі – Бұқар Қалқаманұлы. Халық өмірінің алмағайып-аласапыран, тарихта қалу-қалмауы екіталай кезеңінде тұрмыс кешкен жырау өз толғауларында сол тұстағы көкейтесті, күрделі мәселелерге жауап іздеп, соның бірден-бір жоқшы-жыршысы бола білді. Оның жыр-толғауларының үнемі әлеуметтік өткір мазмұнға құрылып отыруының басты себебі де осыдан. Бұқар жыраудың ұзақ жасаған жасындағы өмірлік деректері бізде көп сақтала бермеген. Тек саналы ғұмырының бәрі түгелдей дерлік Абылай ханның қасында, соның оң тізесін басқан қабырғалы да сәуегей биі, ақылшы-кеңесшісі ретінде өткені мәлім. Өз өлеңдерінде келтірілген деректерге қарасақ жыраудың жоқшылықтың зардабын көп тартқан адам болғаны көрінеді. Бұқар жырау қазіргі Қарағанды облысына қарайтын (бұрынғы Баянауыл) Ульянов ауданының Далба тауы бойында дүниеге келіп, сол мекенде қайтыс болады. 1993 жылы жыраудың туғанына 325 жыл толған мерекелі тойында оның басына үлкен күмбез орнатылып, Қарағанды қаласында осы мерекеге арнап ғылыми-теориялық конференция өткізілді. Бұқар жыраудың өмірі мен шығармаларын қалың көпшілікке насихаттау мақсатында бір топ мерекелік мақалалар мен бір кіші-гірім зерттеу кітапша жарық көрді. Сондай-ақ, сол жылы тұңғыш рет жырау жырларының жеке жинағы екі рет басылды (бірі – «Жалын» баспасынан шыққан «Әй, Абылай, Абылай», екіншісі – Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты дайындап, «Мұраттас» орталығы бастырған жинақ). Бұған жыраудың бұрыннан мәлім жыр, толғауларынан тыс, ертеректе А. Сейдімбеков жариялаған кейінгі нұсқа да енді. Алайда, әлі күнге дейін жыраудың туған, өлген жылдары бір ізге түспей, әркім әр түрлі пікір-болжамдар ұсынып келеді. Бұл орайда Қ. Жұмалиев өзінің қазақ әдебиеті тарихының екінші томындағы Бұқар туралы жазған тарауында жырауды 1693 жылы туып, 1787 жылы 94 жасында қайтыс болды деп көрсеткен еді. Ал, X. Сүйіншәлиев пен М. Мағауин жыраудың Тәуке хан тұсында жасап, Абылайдан кейін өлген деген тұжырымына орай Бұқарды 1668 жылы туып, 1781 жылы 113 жасында өлген дейді. Бұл мерзім Абылай хан қайтыс болған жылға тұстас келеді. Ал енді, жоғарыда айтылған екі болжам-тұжырымнан тіпті өзгеше, яғни алғашқы кездегі 94 жаста қайтыс болды деген дәйектемеге біршама ұқсас пікірді кезінде Қ. Мұхаметханов ұсынған болатынды («Қазақ әдебиеті» газеті. № 31, 32, 1982 ж.). Автор Бұқардың замандасы Үмбетей жыраудың «Бұқардың асында, зиратының басында отырып Үмбетей жыраудың жырлағаны» деген жаңадан табылған толғауы бойынша ой қорытып, Бұқар жырауды 92 жасында қайтыс болды деген пікір ұсынады. Сонда жырау, бұл кісінің айтуынша, 1685 жылы туып, Абылай өлімінен (1781 ж.) 4 жыл бұрын, яғни 1777 жылы қайтыс болған деп тұжырымдалады. Сол Үмбетей айтты деген бір жырдың алғаш 7-8, кейін 11 буынды өлең өлшемімен жазылғанына күдіктенбесек, негізінен, осы ойдың көңілге қонатынын, дәйектілігін айтқан жөн. Бұқар шығармаларын жариялауда С. Сейфуллин үлкен еңбек етіп, «Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары» атты жинағына жыраудың «Ай не болар күннен соң», «Керей, қайда барасың?», «Жал, құйрығы қаба деп», «Асқар таудың өлгені», «Қалданменен ұрысып », «Атам болған жиырма бес», «Құбылып шыққан бәйшешек», «Әй, Абылай, сен он бір жасыңда» атты толғауларын бастырғаны мәлім. Бұдан соң жыраудың бір алуан жырлары әр түрлі хрестоматиялар мен жинақтарда, мерзімді баспасөз беттерінде жарияланып келді. Бұқар туындылары алғаш рет толыққа жуық көлемде «Алдаспан» жинағында басылды. Бұған оның үлкенді-кішілі 49 толғауы енді. Алайда, Бұқар шығармаларының бізге жеткен асыл үлгілерін айтқанда, ең алдымен, белгілі фольклорист Мәшһүр Жүсіп Көпеев есімін атауға тиіспіз. М. Көпеев жырау туындыларын ертеректе көне көз қариялардан қағаз бетіне түсірумен қатар, солардың ғылым үшін қажетті туу, айтылу тарихын да қызықты етіп жазып қалдырған болатынды. Сол себепті Бұқар шығармаларын сөз еткенде, біз сол М.Көпеев жазбаларын түпнұсқа ретінде негізге алуға тиіспіз. Ал, енді Бұқар жырларының ең бастапқы жариялану мәселесіне келсек, оның Ш. Уәлиханов, Г. Н. Потанин, И. Н. Березин қорында сақталып, кейбір үлгілерінің солардың жариялануымен басылғанын, сондай-ақ, бір-екі толғауының Құрбанғали Халидұғлының «Тауарих хамса Шархи» атты кітабында жарық көргенін айта аламыз («Ханға жауап айтпасам», «Қайғысыз ұйқы ұйықтатқан, ханым-ай»). Бұқар жырау туындыларының дұрыс бағаланып, оның әдебиет тарихындағы орнын ашып белгілеу ісі М. Әуезов зерттеулерінен басталады. Ол өзінің XIX ғасыр мен XX ғасыр басындағы әдебиетке арналған ертеректегі оқу кітабында Бұқар туралы «Жыраудың мақсаты, міндеті – «не болса сол көңілі ашар», «әлдене» дерлік сөзді айту емес. Ол заман сыны, мезгіл, дәуір болжалын, тарихи уақиғаның мазмұн бағасын сөз қылады. Көбінесе әрі жырау, әрі би болады. Олжа, табыс, абыройды ханмен қатар үлеседі. Өзі хан қасына жуан рудың – Арғынның қосқан «табан шөңгел биі» болуға лайық... Бұл жағынан қарағанда Бұқар, Орта жүз ханы Абылай болса, соның орталық елі, жуан бел руы – Арғын ішінен шыққан анық үстем тап адамы болады... Бұқар сонда үлкен, қырағы саясаттың толғаушысы боп, әрбір сөзін ірі-ірі уақиғалардың, ірі мәселенің тұсында ғана айтады. Сол сөздері жыраудың таптық-қоғамдық мазмұнын көрсетіп, дәуірінің тарихи сырын ашады», – дейді. Бұны бір ғана Бұқар емес, жалпы жыраулық поэзияның табиғатын ашуға жол салатын ғылыми ұстамды пікір деп айта аламыз. Тек зерттеуші заман ағымына сай мәселеге таптық тұрғыдан келуге мәжбүр болған. С. Мұқанов Бұқар шығармаларының көпшілігі Абылай ханға арналып айтылғандықтан, өзі сырттай Орда ақынына ұқсағанмен, жырлары сол кездегі саяси-әлеуметтік тұрмыстың нақты көрінісінен туған деп атап көрсетеді. Ол: «Бұқар жыраудың шығармаларында азаматтық, саяси мотив терең, әлеуметтік маңызы зор. Ол Абылайдың мақтаушысы ғана емес, сыншысы да», – дейді. Қ. Жұмалиев қазақ әдебиетінің орта мектептерге арналған оқулықтарынан бастап, қазақ әдебиетінің алты томдық тарихына жазған Бұқар туралы монографиялық тарауларында да, оны XVIII ғасырдағы авторлығы сақталған тарихи әдебиеттің басы деп бағалай келіп, ол өзінің дидактикалық толғаулары арқылы өмірге ескілік мұнарасынан қараса да, сол кезеңдегі әлеуметтік шындықты тап басып сипаттай алады деп жазады. Ал, Ә. Марғұлан Бұқар жырауды Абылай ханның белгілі жыршысы, кейінгі қазақ ақындарының бірден-бір көшбасшы ұстазы деп бағалайды. Осындай бағаны Е. Ысмайылов, Б. Кенжебаев еңбектерінен де ұшыратамыз. Белгілі фольклорист Н. С. Смирнова Бұқар творчествосына арналған көлемді зерттеулерінде оның импровизаторлық өнерінің ерен қуаты мен демократиялық тенденциясының нығая түсу ерекшеліктеріне, сондай-ақ, соңғы шығармаларында халықтық ұғымның әлеуметтік терең сипатқа ие болып отыру жәйтіне айрықша мән береді. Өзін өзі тексеру сұрақтары: 1.Бұқардың Абылай туралы екі өлеңін кім орысшалап хатқа түсірген. 2.Бұқар жыраудың өлеңдерін кім жинастырды? 3.Бұқар шығармашылығын зерттеген кімдер? Әдебиеттер: 1.М.Мағауин Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет (ХҮ-ХҮІІІ ғ.)3 кітап.Оқулық. 2.Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет.Хрестоматия.-А.,1993 3.Тоқсамбаева А. Қазақ әдебиетінің тарихы. Хандық дәуір.Оқу құралы -Семей., 2009. «Интеллект». 4.Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиеті. (ХҮІІІ-ХІХ ғ.ғ.) Оқулық.-А.,1991 5.Алдаспан.Жинақ.-А.,1971 6. Ж.Тілепов «Елім деп еңіреген ерлер жыры» 7.Абылқасымов Б.Жанр толгау в каз. устной поэзии.-А.,1984 8.Абылай хан (Тарихи жырлар)-А.,1993 9.Әдеби мұра және оны зерттеу.-А.,1961ж. Дәріс 14 ШАЛ ақынның өмірі, шығармашылығы Дәрістің мақсаты: Шалдың негізгі жырлаған тақырыбы –адам өмірі,өмірінің мәні, «фәни мен бақи», дін екендігін түсіндіру. Дәрістің жоспары: 1.Шал ақынның өмірінен мәлімет,шыққан ортасы. 2.Шал ақын Шоқан Уалихановтың бағалауы. 3.Шал -өз дәуірінің даналығын бойына сіңірген кең тынысты, қуатты ақын. 4.Шалдың ұрпақтарының бірі белгілі ақын Нұржан Наушабаев. 5.Шалдың 15 жастан “ақын” ретінде аты шығуы. 6.Шалдың хат тануы, оған өлеңнің дәлел болуы. 7.Шал импровизатор, төкпен ақын. 8. Жырлаған негізгі тақырыбы-адам өмірі, “фәни мен бақи”, дін. Шал ақын – XV-XVIII ғасырлар әдебиетіндегі ең көрнекті тұлғаның бірі. Тұңғыш рет «Он бес деген жасым-ай» атты толғауы «Жаңа әдебиет» журналында (1958, № 5) жарық көрген. Егер ақынды 1831 жылы дүниеден кеткен деп есептесек, бір ғасырдан соң өлеңі баспа бетіне жетіпті. Екінші дерек 1958 жылы Ғалым Малдыбаевтың «Қазақ әдебиеті» (№ 48) газетінде жарияланған «Шал ақын кім?» деген мақаласымен ашылды. Шалдың арғы тегінен, өмірбаянынан мәліметтер берілді. Бұрын кейбір оқулықтарда, зерттеулерде аты ғана аталып жүретін Шал жөнінде мақала авторы біраз қысқа хабарлар айтып, кейінгі зерттеушілердің алдына жобалы қазық сала кетеді. Желіге тартқандай сегіз өлеңін іріктеп, оқушының алдына жайып салады. Әр түрлі тақырыпты қозғайтын осы сегіз өлеңнің өзі Шалдың шымыр, шешен кісі екендігін дәлелдегендей еді. Ғ. Малдыбаев кәріқұлақ қариялардың айтуы бойынша ақынның қай жылдың төлі екендігін анықтайды. Және 15 жасынан бастап-ақ өлеңмен әуестене бастағанын ескертеді. Сынау, мінеуге, өсиет сөздерге жиірек барғанын айтады. Ғалым ақсақал айтқан алғашқы деректер «XVIII – XIX ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармалары» (Алматы, 1962) деп аталатын кітаптың жекелеген авторларға түсінік беретін тұсында (389-390-66.) қайталанады. Егер «Қазақ әдебиеті» газетінің 1958 жылғы 28 қараша күнгі №48 санында Шалдың 18 шумақ немесе 70 жолдай жыры басылса, қазақ ақындары шығармаларының жинағында 11 өлеңі, яғни 600 жолдай өлең жарияланды. Осы жинақтың «Кіріспесінде» Қазақ ССР Ғылым академиясының корреспондент мүшесі Ы. Дүйсенбаев Бұқар жыраудың әдебиеттегі лайықты орнын айта келіп: «Бұқар, Тәтіқара, Ақтамберді, Шал ақындар қазақ әдебиетінің жаңа кезеңін бастайды, жеке ақындар творчествосы туады. Сөз жоқ, бұл ақындардың шығармалары әр алуан, кей сәтте біріне-бірі қайшы да келіп отырады. Біз бұл жерде әдебиетімізде болған жаңа құбылысты, ауыз әдебиетінен басқа, белгілі авторлары бар жаңа әдеби үлгілер пайда бола бастағанын, кейін осыдан барып жазба әдебиетіміздің негізгі қаланғанын ескертпекпіз», – деп, әрі күрделі, әрі құнды да қызық пікірмен ой тастап кетеді. Міне, бұл секілді ескертпелер Шал жөніндегі кейін туған шағын мақалаларға мұрындық болған сияқты. Бұл кітапқа енгізілген 11 өлеңнің өзі Бұқар мен Дулаттың арасында Шал секілді сері ақынның тұрғандығын айқындай түседі. 1965 жылы «Жазушы» баспасынан шыққан «Үш ғасыр жырлайды» кітабына, марқұм Ғали Әбетовтың көрсеткеніндей, «35 өлеңі оқушылар қауымына ұсынылды, жалпы көлемі – 441 жол». Жинақтың Ысқақ Дүйсенбаев жазған «Алғы сөзінде» Бұқар жырау Қалқаманұлынан кейін Шал Құлекеұлының аты аталып, поэзиясына баға беріледі. «...Қарт ақын ізгілікке сенеді, адамның жарқын жақтарын жырлауды көксейді» деп, Шал мұрасының негізгі тақырыптарына назар аудартады. 1967 жылы шыққан «Ертедегі әдебиет нұсқаларын» құрастырушылар Шалдың афористік поэмасын Қожа Ахмет Иассауи философиясымен салыстырады. Осы кітаптың Шал туралы бір сөзінде «Шал өлеңді жазып та шығаратын болған. Бірақ, ол ең алдымен импровизатор ақын еді» делінген. Ақынның өлеңді жазып шығаруы жайында әлі күнге нақтылы деректер жоқтың қасы. Ал, импровизатор екендігіне ешкімнің таласы болмаса керек. Сосын «Шал мұрасынан біздің заманымызға жеткені – мың жарым жол шамасындағы өлең мен бірнеше ғақлия қара сөздер» дейді. Біздіңше, Шалда қалыптасқан ғақлия жоқ, бұл жайлы да үзілді-кесілді пікір айта қою қиын. Филология ғылымының кандидаты Мұхтар Мағауин «Қобыз сарыны» монографиясында Шал поэзиясына арнайы тоқталып, талдау жасайды. Бас жағында Шалдың туған жылын 12 жылға кері шегеріп, яғни 1748-1819 жылдар аралығында өмір сүрген деп есептейді. Ғалым Малдыбаевтың айтуынша, «Шал 1760 жылдың төлі сияқты». М.Мағауин Шоқан пікіріне сүйенеді. Шоқан Шалдың эпикалық дүниелер құрастырғанын ескертеді. Ендеше, сол Шал жинақтаған аңыздардан ең болмаса үзінді, жұқана қалмауы қалай, әлде Шоқанның айтып отырғаны басқа Шал ма? Біріншіден, туған жылына келетін болсақ, Ғ. Малдыбаев көрсеткен 1760 жыл шындыққа бір табан жақын тұр. Өйткені, ол Шалды әлі ұмыта қоймаған кәріқұлақ қарттардың дерегіне сүйеніп беріп отыр. Егер Шалды 1748 жылғы деп шегерсек, одан біздің ұтарымыз шамалы, оның үстіне бізде нақтылы деректер жоқ сондықтан алғашқы дерекке тоқтаған абзал деп ойлаймыз. Ысқақ Дүйсенбаевтың «Ғасырлар сыры» кітабында «Әдетте, біз әдеби шығарманың қасиеттері мен ерекшеліктеріне басымырақ көңіл бөлудің орнына, қалайда сол ақын-жыраулардың өздерімен көбірек шұғылданып, оларды талай саққа жүгіртумен әурелендік» деген жанды пікір бар. Расында да, біз Абайдың алдында өткен бірқатар ақындардың шыққан тегін, үрім-бұтағын тәуір білеміз де, поэзиясына келгенде жадағай сырғытып өте шығамыз. Сонда олар егіздің сыңарындай бір-бірінен айнымай шыға келеді. Ақындық мұра сол өзін шығарған ортаға тығыз байланысты. «Литература вся целиком, как целое и в своих отдельных частях, зависит от действительности. Она зависит от нее, получая от действительности и воздействуя на нее; зависит в своих внешних отношениях и внутренних, зависит содержанием и формой. При этом типы зависимости весьма разнообразны», – деп академик Д.С.Лихачев бекерге айтпаған. XV–XVIII ғасырлардағы қазақ ақындары шығармаларының өздері өмір сүрген қоғамдық ортамен байланысты болмаса, соншалықты шыншыл, сыншыл терең поэзия тумаған болар еді. Мазмұн мен түрдің бірлігі де содан. Шал шығармалары туралы да соны айтуға тура келеді. Шал өлеңдерінің қоғамдағы теңсіздік, заман, адам жайы анық көрініп тұрады, бірақ біз әлі атығайлық айтқыш қарттың батыр әкелеріне, өлеңдеріне сырттай тамсанып, іштей сыналап ене алмай жүрміз. Мен марқұм Ғали Әбетовтың «Шал ақын жайындағы жаңа деректер» деген мақаласын ден қоя оқыдым. Автор біраз материалдарды қараған екен. Әйтсе де, әңгіменің дені Күлеке батыр жөнінде де, соңғы бір-екі беті Шал өлеңдеріне арналады. Күлекенің батырлығын, батылдығын аша түсетін фактілерге қаныға түсеміз де, енді Шалдың өзі хақында азырқанып қаламыз. Оның үстіне Шал толғауларына әлі толық текстологиялық талдау, барлау жасалған жоқ. Ол дәуірде өмір сүрген ақын-жыраулардың шығармалары кейде біріне-бірі атастырылып, араласатын жағдайы бар. Бұқардікі Шалға, Шалдікі Көтешке ауысып кетіп жүреді. Бәрін бір ізге түсіретін уақыт жеткен сияқты. Әсіресе, ғұмыр, адамның жасы, тіршілік мәнін қозғайтын жырлар тұсында бұлар өзара үндесіп, кейде жолма-жол қайталанып кетеді. «Бұл дүниенің мысалы», «Он бес деген жас қайда», «Асқар таудың өлгені», т.б. өлеңдер бірнеше нұсқамен әрқайсысында кездеседі. Кейде мұндай ұқсастық айтушылардан да, жинаушылардан кетуі мүмкін. Дегенмен аражігін ажыратқан ақын-жыраулар мұрасын араластырмаған абзал. Өзін өзі тексеру сұрақтары: 1.Шал «Қазақ халқын құраған рулар жайлы тамаша эпос жасаған адам» деген пікірді кім айтқан? 2.Шал неше жасынан өлең шығарған? 3.Шалдың қазіргі кезде ұрпақтары бар ма, бар болса кімдер? Әдебиеттер: 1.М.Мағауин Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет (ХҮ-ХҮІІІ ғ.)3 кітап.Оқулық. 2.Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет.Хрестоматия.-А.,1993 3.Тоқсамбаева А. Қазақ әдебиетінің тарихы. Хандық дәуір.Оқу құралы -Семей., 2009. «Интеллект». 4.Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиеті. (ХҮІІІ-ХІХ ғ.ғ.) Оқулық.-А.,1991 5.Алдаспан.Жинақ.-А.,1971 6. Ж.Тілепов «Елім деп еңіреген ерлер жыры» 7.Абылқасымов Б.Жанр толгау в каз. устной поэзии.-А.,1984 8.Абылай хан (Тарихи жырлар)-А.,1993 9.Әдеби мұра және оны зерттеу.-А.,1961 10.Әуезов М. Әдебиет тарихы. А.,1991 Дәріс 15 Көтеш ақынның өмірі, шығармашылығы Дәрістің мақсаты: Көтештің қолма қол өлеңдер шығаратын жүйрік ақын,әрі таза қазақ түсінігіндегі ақын екендігін дәлелдеу. Дәрістің жоспары: 1.Көтештің өмірінен мәлімет. 2. Бала кезінен ақын ретінде елге атының кең жайылуы. 3. Көтеш шығармашылығы туралы профессор Ысмайыловтың пікірі, бағасы. 4. Көтештің бізге жеткен өлендері туралы әңгіме аңыздар. 5. Көтештің өмірінің соңғы кезеңі туралы деректер. 6. Көтештің суырып-салма ақын екендігі. 7. Көтештің ХVIII ғасырдағы қазақ әдебиетіндегі алатын орыны. 8.Көтеш шығармларының жинақталуы. Көтеш-18ғасырда өмір сүрген ақын. Қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданында туып өскен. Арғы атасы-Тұрлыбек.Халық аңызы бойынша,ақын 1798 жылдары 80 жастан асқан кезінде өмірден озған екен. Көтеш ақындықпен жас кезінен шұғылданған. Әуелі елдегі айтыс дәстүрі бойынша танылып, арнау өлеңдер айтып жүрген.Кейін әлеуметтік мәселелерге үн қосып, елінің тарихын, жауға қарсы жорықтарын, өз дәуірінің келелі мәселелерін көтеріп отырған. Көтешті біз ақындар поэзиясының бастапқы өкілі, аты мәлім ақындық өнердің тұңғышы дейміз.Себебі,бұған дейінгі көркем сөз өкілдері не шешен, не жырау аталған және сол аттарына сай шығармалар қалтырған. Ал, Көтеш болса , нағыз ақпа ақындарға тән қасиеттерімен танылып, сол ақындар поэзиясы үлгісін ұстаған, қара өлең, қайым өлең жанр түрлерін байытқан.Ақынның бізге мәлім шығармалары бұл пікірлерімізді толық дәлелдей алады. Өзінің мазмұны жағынан әлеуметтік, қоғамдық, тұрмыстық мәселелерді кеңінен көтеріп, әр түрлі лирикалық өлеңдерін шығарған.Ақындарша айтысып,арнау, ойнақы терме, сынай арнауларда айтып жүрген. Қалмақтан қазақ жерін босату күресіне белсене араласқан әрі батыр, әрі ақын саналған ол Жасыбай, Олжабай батырлар бастаған Сүйіндіктердің қалың қолдарымен бірге жүріп, әрбір күрес нәтижелерін сөз еткен. Аталмыш батырлар туралы ұзақ жырларды толғап жүрген. Әсіресе, Жасыбайдың жау мергені оғынан қапыда қаза тапқаны ел қабырғасын қайыстырған шақта күңіренген қазақ қолымен бірге ақын Жасыбай батырдың қабірі алдында өлең шығарып айтып, жауынгерлердің намысын оятып, кек алуға үндеген. Осы тұста Олжабай атынан шығарған Көтеш сөзі деген өлең жолдары халық есінде сақталған. Көтеш -өлеңді көп шығарған төкпе ақын. Оның әлі жиналмай, ел аузында жүрген сөздері көп. Соның бірі ақынның «Жасыбай батырдың әйелін жұбатуы» -деген толғауы. Бұл толғауды бізге 1970 жылы Төкен Оразов табыс еткен болатын. «Жұбату» халықтық көңіл айту стиліндегі шығарма. Ақын шығармалары өз кезінің талай тақырыптарын көтеріп, ішкі сыртқы ел қайшылықтарына үн қосқан. Ол өз еліндегі кемтарлар тұрмысын, әлеуметтік теңсіздіктерді де, халықтың мұң – шерлерін де толғана жырлады. «Ақтабан шұбырынды » оқиғасынан мол хабардар Көтеш сол ауыр оқиғаны тебірене толғап, халық қайғысына үн қосады. Ә. Жиреншиннің болжауынша, ел арасына кеңінен мәлім «Қаратаудың басынан көш келеді » өлеңін шығарған осы Көтеш. Қазақ ССР Ғылым академиясының қолжазба қорында Көтеш айтқан осы «Қаратаудың басынан көш келеді » өлеңінің бір нұсқасы жатыр. Оны Көтеш құдаларына кәде ретінде айтыпты - мыс. Текстің ұзын – ырғасында айырмашылық көп емес. Кейбір өлең тармақтарының соңғы жағына бірер жол жаңадан қосылған: Қара таудың басынан көш келеді, Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді. Жақсы қыздың үйіне күйеу болсаң, Табақ табақ алдыңа төс келеді... Қалмаққа қарсы соғыс аяқталып, ішкі егестер қозған кезде Көтеш Абылай езгісіне қарсы күрескен ерлер жағында болып, сол ханға қарсы топтың сойылын соғып, Бөгенбай, Қазыбек, Олжабай бастаған топпен бірге Абылайдың зорлық – зомбылығын әшкерелеген. Ел арасындағы «Көтештің «Ер Олжабай », «Ботан » атты жырлары болушы еді. Ол жырларында ақын Абылай ханды қара ниет етіп көрсеткен... Хан қарақшыларынан ақын көп қуғын да көрді. Өле - өлгенше алдына мал салмай, кедейлік зардабын шегіп өтті. Ақыры елден кетіп, сол қарақшылар қолынан қаза тауып еді » - деген аңыздар осыны аңғартады. Тіпті бұл жай ғана аңыз емес, кейбір тарихи шындыққа да сай дерек. Жыраудың Олжабай батыр мен Қазыбек биді қолдап отырғанын осы дәуірдің ауыз әдебиетін зерттеуші Н. С. Смирнова да растайды. «Қазақ әдебиеті тарихының 1- томында «Олжабай жалғыз емес, оны Көтеш ақын да қолдайды...» - делінеді. Бұл тарихи шындық. Бұл сөздерді Көтеш Абылай барымташылары ұстап әкеткен Мейрам руының Ботан, Жанай деген ерлерін босатпақ болып, артынан қуып барған қол атынан айтса керек. Көтеш ел адамдарына қаратып арнау өлеңдерін шығарып жүрген. Шоң, Шормандар дауына өлеңімен араласқан ақын баққұмар билердің тіл табыспай, күшке салып, шабысқан ниеттерін сезіп, оларға өзінің жалынды сөзін айтып табыстырады. Көтеш ішер асқа ,мінер атқа зар болып өткен. Бұған оның өлеңдеріде айғақ. «Жарқымбайға» деген өлеңінде ақын өзінің тымағының тысын байдан сұрап алғандығын ескертеді. Көтеш сөздері ақыл ретінде де айтылады. Кәрі ақын тәубеге келіп, атаны бала, ананы қызы сыйлап, ағаны іні қадірлеп, көршілерде бір-бірімен санасып, тыныштықпен өмір сүрсе деп армандайды. Көптеген адамгершілік ақылдар айтады. Бірақ адамның бәрі бірдей емес, ағайын тума да, бір туғандар да өздерінше өседі. Бірі үмітті ақтаса, екіншісі ақтай алмайды. Көтеш өлеңсіз сөз сөйлемеген.Ол кез келген сөзін тұспалдап, өлеңдете жөнелетін қас жүйріктің өзі болған. Көтеш-тұспалдап, мәтелдеп сөйлеуге де,сынап-мінеп не мадақтап сөйлеуге де ұста болған заманының ділмәрі. Оның «Қара кемпір Наман-ай, ниетіңнің жаман-ай», «Атадан ұл тусын,ұрпақ жолын қусын», т.б. тұспал сөздерін ел жұрт осы күннің өзінде мәтел ғып қолданады. Өзін өзі тексеру сұрақтары: 1.Көтеш туралы профессор Е.Ысмайылов қандай пікір айтты? 2 .Көтештің хандық дәуір әдебиетінен алатын орны қандай? 3.Көтеш шығармашылығының зерттелуі жайлы не білесіздер? Әдебиеттер: 1.М.Мағауин Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет (ХҮ-ХҮІІІ ғ.)3 кітап.Оқулық. 2.Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет.Хрестоматия.-А.,1993 3.Тоқсамбаева А. Қазақ әдебиетінің тарихы. Хандық дәуір.Оқу құралы -Семей., 2009. «Интеллект». 4.Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиеті. (ХҮІІІ-ХІХ ғ.ғ.) Оқулық.-А.,1991 5.Алдаспан.Жинақ.-А.,1971 6. Ж.Тілепов «Елім деп еңіреген ерлер жыры» 7.Абылқасымов Б.Жанр толгау в каз. устной поэзии.-А.,1984 8.Абылай хан (Тарихи жырлар)-А.,1993 9.Әдеби мұра және оны зерттеу.-А.,1961 10.Әуезов М. Әдебиет тарихы. А.,1991 Тәжірибелік сабақтардың қысқаша сипаттамасы 1 Тәжірибелік сабақ:Жыраулар поэзиясының даму жолдары Сабақтың мақсаты: Жыраулық поэзияның ғасырлар бойы қалыптасып,дамыған ұлт әдебиетінің ғажап көркемдік құбылысы екендігін студенттер қандай дәрежеде меңгергендігін тексеріп, бағалау. Әдістемелік нұсқау: Олардың туындыларын зерттеуші ғалымдар жайында әңгімелеу. Мысалы:Шоқанның айтқандарынан бастап, В. Радлов («Образцы народной литературы северных тюркских племен») «Тауарих хамса» кітабының авторы Құрманғали Хамитұлы, Ә. Кенжебаев, Е. Ысмайлов, М.Әуезов, Қ. Жұмалив, Ә. Марғұлан, М. Мағауин, т.б туралы да хабардар ету. Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар: 1.Жыраулармен қоса ХVIII ғасырдағы ақындар поэзиясы туралы. 2.Поэзияның көрнекті өкілдері Шал мен Көтеш ақын жырларының негізгі сарыны-дін, этика, мораль тақырыптары. 3.Жыраулардың өмір, дүние туралы философиялық-дидактикалық үлгідегі туындылары, жеке адамдарға арналған өткір эпиграммаларының әдебиетіміздегі орнына тоқталу. 4.Жыраулар шығармашылығының текстологиясы. 5.Жыраулар шығармашылығы әлі де зерттеуді, анықтауды керек ететіндігі. 6.Жырау толғауларын бізге жеткізуші ақындар туралы. Әдебиеттер: 1.М.Мағауин Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет (ХҮ-ХҮІІІ ғ.)3 кітап.Оқулық. 2.Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет.Хрестоматия.-А.,1993 3.Тоқсамбаева А. Қазақ әдебиетінің тарихы. Хандық дәуір.Оқу құралы -Семей., 2009. «Интеллект». 4.Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиеті. (ХҮІІІ-ХІХ ғ.ғ.) Оқулық.-А.,1991 5.Алдаспан.Жинақ.-А.,1971 6. Ж.Тілепов «Елім деп еңіреген ерлер жыры» 7.Абылқасымов Б.Жанр толгау в каз. устной поэзии.-А.,1984 8.Абылай хан (Тарихи жырлар)-А.,1993 2 Тәжірибелік сабақ:Жыраулар мұрасы және қазақ халқының елдік тарихы Сабақтың мақсаты: Жыраулар мұрасының қазақ әдебиетіндегі орнын студенттер қандай дәрежеде меңгергеніне қарай бағалау. Әдістемелік нұсқау:Осы тақырыпқа байланысты мынандай еңбектерді қара: Х.Досмұхамедұлының 1991 жылы Алмадыда жарық көрген «Аламан» еңбегінің 109 бетіндегі «Мұрат ақынның сөздері» деген мақаласын оқыңыз. Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар: 1.Қазақ халқының елдік тарихындағы жыраулардың алатын орны. 2. Тарихтағы жыраулар айтқан болжамдар. 3. Жоңғар басқыншылығы, оған қарсы күрес, оның айбынды ұйымдастырушылары. 4. Ер Едіге жыры туралы. 5. ХVIII ғасырдың қазақ ұлыстары үшін қуанышты оқиғаларман басталуы. Әдебиеттер: 1.М.Мағауин Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет (ХҮ-ХҮІІІ ғ.)3 кітап.Оқулық. 2.Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет.Хрестоматия.-А.,1993 3.Тоқсамбаева А. Қазақ әдебиетінің тарихы. Хандық дәуір.Оқу құралы -Семей., 2009. «Интеллект». 4.Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиеті. (ХҮІІІ-ХІХ ғ.ғ.) Оқулық.-А.,1991 5.Алдаспан.Жинақ.-А.,1971 6. Ж.Тілепов «Елім деп еңіреген ерлер жыры» 7.Абылқасымов Б.Жанр толгау в каз. устной поэзии.-А.,1984 8.Абылай хан (Тарихи жырлар)-А.,1993 3 Тәжірибелік сабақ:Жыраулар мен ақындар мұрасының көркемдік ерекшеліктері Сабақтың мақсаты: Жыраулардың ақын, жыршылардан ерекшелігі неде, толғаулардың мәні не деген мәселелерді студенттер қандай дәрежеде меңгергендігін тексеріп, бағалау. Әдістемелік нұсқау: Толғап-толғап сөйлеу, ғажайып шешендікке құрылған философиялық-дидиактикалық толғаулар, даналық афоризімдер мен терең ойлы ақыл-нақыл, мақал-мәтелге құрылған сұлу да айшықты жыр жолдары, импровизацияның «ат басындай алтыны» мәңгіге жылтырап жатқан ұлы мұра- жыраулардың негізгі белгілер екеніне тоқталу. Садақ оғынан да ұшқыр жырау сөздерінең небір хандар мен дұшпандарын тұқыртуы, олардың керегінде халық үшін қолына найзасын алуы, дана кеудесінен сөз боранын боратып, ірі қоғам қайраткерлері, қабырғалы би болғандықтары жайында сыр шерту. Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар: 1.Жыраулар мен ақындар мұрасының көркемдік ерекшелігі. 2. Ақын және жырау.Жырау деген кім, жыраулық өнер туралы түсінік беру. 3. Ғалымдар пікірі. 4.Жорық жыршысы, ірі эпик, әрі нәзік лирик Қазтуғанның өте шебер жырлары дала поэзиясының, жыраулықтың биік шыңы екеніне тоқталу. Әдебиеттер: 1.М.Мағауин Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет (ХҮ-ХҮІІІ ғ.)3 кітап.Оқулық. 2.Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет.Хрестоматия.-А.,1993 3.Тоқсамбаева А. Қазақ әдебиетінің тарихы. Хандық дәуір.Оқу құралы -Семей., 2009. «Интеллект». 4.Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиеті. (ХҮІІІ-ХІХ ғ.ғ.) Оқулық.-А.,1991 5.Алдаспан.Жинақ.-А.,1971 6. Ж.Тілепов «Елім деп еңіреген ерлер жыры» 7.Абылқасымов Б.Жанр толгау в каз. устной поэзии.-А.,1984ж. 4 Тәжірибелік сабақ: Асан қайғы жыраудың өмірі, шығармашылығы. Сабақтың мақсаты: СтуденттерАсан Қайғы жыраудың шығармаларын,оның зерттелуін, жырау Асанмен аңыздағы Асанның ара жігін қандай дәрежеде меңгергеніне қарай бағалау. Әдістемелік нұсқау: «Тауарих хамсада» Шыңғыс хан кезіндегі Майқы бидің алтыншы ұрпағы деп келтірілуі. Асанның біраз өмірінің Қазанда хандық құрған Алтын Орда әміршілерінің бірі – Ұлұғ Мұхамед тұсында өтуі. Кейін қазақ ханы Жәнібек маңында болғаны Асан қайғы туралы М.Әуезовтың, Ш.Уәлихановтың, Х.Сүйінішәлиевтің т.б. ғалымдардың пікірлері жайлы. «Ежен хан мен Асан», «Жер үйек», әсіресе, «Жер үйектің» халық арасында кеңінен таралуы. Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар: 1.Асан қайғы есімінің барша қазақ халқына кеңінен таныс екендігі. 2.Асан қайғының шығармаларының зерттелуі жайлы 3.Асан туралы аңыздарға қысқаша шолу 4.Асан толғауларының көркемдік ерекшелігі, маңызы тәрбиелік орны. 5.Асан қайғының халық арасында әулие ретінде құрмет тұтылуы. 6.Ата тегі туралы нақты деректердің жоқтығы. Әдебиеттер: 1.М.Мағауин Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет (ХҮ-ХҮІІІ ғ.)3 кітап.Оқулық. 2.Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет.Хрестоматия.-А.,1993 3.Тоқсамбаева А. Қазақ әдебиетінің тарихы. Хандық дәуір.Оқу құралы -Семей., 2009. «Интеллект». 4.Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиеті. (ХҮІІІ-ХІХ ғ.ғ.) Оқулық.-А.,1991 5.Алдаспан.Жинақ.-А.,1971 6. Ж.Тілепов «Елім деп еңіреген ерлер жыры» 7.Абылқасымов Б.Жанр толгау в каз. устной поэзии.-А.,1984 8.Абылай хан (Тарихи жырлар)-А.,1993 9.Әдеби мұра және оны зерттеу.-А.,1961 10.Әуезов М. Әдебиет тарихы. А.,1991 5.Тәжрибелік сабақ:Қазтуған жыраудың өмірі, шығармашылығы. Сабақтың мақсаты:Қазтуған жыраудың шығармашылығының зерттелуін студенттер қандай дәрежеде меңгергенін тексеріп, бағалау. Әдістемелік нұсқау:Жорық жыршысы,ірі эпик,әрі нәзік лирик Қазтуған жырау туралы әңгімелей отырып, әсіресе оның ұлттық әшекейі анық,терең суреттеу тәсілдері өте шебер жырлары- шындығында да дала поэзиясының,жыраулықтың биік шыңы екеніне тоқталу.Қазтуған жырларының маңызы. Қиял байлығы, суреттеу шеберлігі, таза ұлттық рух, ұлттық тіл тазалығы, Қазтуған толғаулары-орта ғасырлық әдебиеттің алтын мұрасы-жыраулықтың тамаша үлгісі екендігі Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар: 1.Жыраудың көшпенділер аристократиясынан шыққандығы, туып өскен жері туралы. 2.Қазтуған жыраудың қолбасы батыр болған деген аңыздың шындыққа жақындығы. 3.Қазтуғанды артындағы ұрпақтарының қадірлейтіні сонша, Мұрат ақын, Мұрын жыраулар жырлаған «Қазтуған», «Қарға бойлы Қазтуған» атты толғау-поэмалар туралы. 4. Қазтуғанға дейінгі жыраулардың аты жеткенмен, толғауларының жетпегені туралы. Әдебиеттер: 1.М.Мағауин Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет (ХҮ-ХҮІІІ ғ.)3 кітап.Оқулық. 2.Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет.Хрестоматия.-А.,1993 3.Тоқсамбаева А. Қазақ әдебиетінің тарихы. Хандық дәуір.Оқу құралы -Семей., 2009. «Интеллект». 4.Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиеті. (ХҮІІІ-ХІХ ғ.ғ.) Оқулық.-А.,1991 5.Алдаспан.Жинақ.-А.,1971 6. Ж.Тілепов «Елім деп еңіреген ерлер жыры» 7.Абылқасымов Б.Жанр толгау в каз. устной поэзии.-А.,1984 8.Абылай хан (Тарихи жырлар)-А.,1993 9.Әдеби мұра және оны зерттеу.-А.,1961 10.Әуезов М. Әдебиет тарихы. А.,1991 6 .Тәжірибелік сабақ: Шалкиіз жыраудың өмірі, шығармашылығы. Сабақтың мақсаты: Шалкиіздің шығармаларының жиналып зерттелуін студенттер қандай дәрежеде меңгергендігін тексеріп бағалау. Әдістемелік нұсқау: Шалкиіз шығармаларының В.Радловтың, дағыстандық Мұхамед Османовтың кітабында ерте кезде (1883 ж.) жарық көруі. Ақын шығармашылығының төңкерістен кейін көп жылдар бойы партиялық талап пен саясаттың назарына іліккендігі, Шалкиіздің жыраулар ішінде еңсесі биік, шыққан шыңы жоғары екендігіне, сахара жұлдызы, дала данасы, сөз құдіреті, пірі-көмейінен күмбірлеген жыр төгілген классикалық дәрежедегі жырау болғандығына тоқталу. Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар: 1.Шалкиіздің өмірі, шығармашылығына тоқталу. 2. Өмір сүрген уақытын зерттеуші ғалымдардың әр түрлі топшылаулары. 3.Оның батыр қолбасы болуы жайындағы тарихи әңгімелерге тоқталуы 4.Жыраулар ішінде оның тұңғыш рет орысшаға аударылуы. 5.Шалкиіз-қазақ әдебиетіндегі философиялық, дидактикалық, афористік толғаулардың көш басшысы. 6.Шалкиіз поэзиясындағы жауынгерлік, ерлік рух, отаншылдық сарын. 7.Шалкиіз поэзиясындағы сырлы, дана афоризмдер мен көркем поэтикалық тіл. 8.Шалкиіз-«шын мәнісіндегі жыраулық поэзияны жасаушы». 9.Қазақ әдебиеті тарихындағы оның алатын орны. Әдебиеттер: 1.М.Мағауин Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет (ХҮ-ХҮІІІ ғ.)3 кітап.Оқулық. 2.Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет.Хрестоматия.-А.,1993 3.Тоқсамбаева А. Қазақ әдебиетінің тарихы. Хандық дәуір.Оқу құралы -Семей., 2009. «Интеллект». 4.Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиеті. (ХҮІІІ-ХІХ ғ.ғ.) Оқулық.-А.,1991 5.Алдаспан.Жинақ.-А.,1971 6. Ж.Тілепов «Елім деп еңіреген ерлер жыры» 7.Абылқасымов Б.Жанр толгау в каз. устной поэзии.-А.,1984 8.Абылай хан (Тарихи жырлар)-А.,1993 9.Әдеби мұра және оны зерттеу.-А.,1961 10.Әуезов М. Әдебиет тарихы. А.,1991 7 Тәжірибелік сабақ: Доспамбет жыраудың өмірі, шығармашылығы Дәрістің мақсаты: Доспамбет шығармашылығының зерттелуін, толғауларының маңызын қандай дәрежеде меңгергенін тексеріп бағалау . Әдістемелік нұсқау: Доспамбет шығармалары деп есептеп жүрген туындылардың негізінен 1908 ж. М.Бекмұхамедовтың Қазан қаласынан шыққан «Жақсыүгіт», Ғабдолла Мұштақтың (Ғұмар Қарашев) 1912 ж. Орынборда жарияланған «Шайыр, яки қазақ ақындарының басты жырлары» кітаптарында жарық көруі. 1967 ж. «Ертедегі әдебиет нұсқалары», 1971 ж. «Алдаспан», 1982 ж. «Бес ғасыр жырлайды» еңбектерінде басылған Доспамбет шығармаларын, алдында басылған еңбектердегі шығармаларымен салыстыру. Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар: 1.Доспамбет жыраудың өмірі, шығармашылығы. 2.Толғауларының поэтикалық тілі. 3.Доспамбет туралы аңыз-әңгімелердің хикаяларының Радлов сияқты ірі ғалымдарға белгілі болғаны. 4. М.Османовтың 1883 ж. баспадан шыққан «Ноғай уа құмық шиғырлары», Радловтың 1896 ж. «образцы народной литературы тюркских племен» еңбектерінде жариялануы туралы тоқталу. 5.Доспамбет шығармаларының тілі, толғауларының маңызына, өзіне арналған жырларына тоқталу. Әдебиеттер: 1.М.Мағауин Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет (ХҮ-ХҮІІІ ғ.)3 кітап.Оқулық. 2.Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет.Хрестоматия.-А.,1993 3.Тоқсамбаева А. Қазақ әдебиетінің тарихы. Хандық дәуір.Оқу құралы -Семей., 2009. «Интеллект». 4.Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиеті. (ХҮІІІ-ХІХ ғ.ғ.) Оқулық.-А.,1991 5.Алдаспан.Жинақ.-А.,1971 6. Ж.Тілепов «Елім деп еңіреген ерлер жыры» 7.Абылқасымов Б.Жанр толгау в каз. устной поэзии.-А.,1984ж. 8.Тәжірибелік сабақ: Жиембет жыраудың өмірі, шығармашылығы. Сабақтың мақсаты: Жиембет шығармаларының жиналып зерттелуін студенттер қандай дәрежеде меңгергендігін тексеріп бағалау. Әдістемелік нұсқау: Жиембет Бортоғашұлының Алшын руынан шығуы, әскери ақсүйек отбасында дүниеге келуі. Арғы атасы-Ноғайлыдан шыққан Алау батыр болғандығы. Жиембеттің тек жырау емес, Еңсегей бойлы Ер Есімнің, Кіші жүздегі үлкен тірегі, яғни әскербасы батыры, ел басқарушы биі қызметін атқаруы. Жиембет туралы біршама деректердің барлығы. Сондай-ақ Жиембеттің атын ескі шежірелер қорынан да кездестіруге болатыны. Шешендігі, батырлығы, әділдігімен халқының әулиелерінің2 біріне айналған Сырым батырдың ұраны атасы Жиембет болғандығы. Ол туралы әр түрлі әңгімелер, деректер. «Қол аяғым бұғауда» өлеңінің жыраудың хандардан көрген зәбірін дәлелдейтіні. Сондай-ақ, «Басы саудың түгел-дүр толғауының Жиембеттің өз елі, жерінен қуылғандығын дәлелдейтіні. Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар: 1.Жиембет жыраудың өмірі, шығармашылығы. 2.Шығармашылығының маңызы. 3.Жиембет өмір сүрген дәуір сипаты. 4.Қазақтардың ойраттарға қарсы күресі. 5.Жиембеттің елге есімін кеңінен танытқан «Есімге арнаған толғауы екендігі». 6.Өмірінің ақырығы кездерінде Жиембеттің қуғынға ұшырауы. 7.Бізге жеткен өте аз мұрасының өзі-ақ Жиембеттің халқы үшін қолына найза да алғандығын, ел екендігі дәлелдейтіні. 8.Әділетсіздікке, ханға қарсы ащы дауысы, өткір үні. Әдебиеттер: 1.М.Мағауин Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет (ХҮ-ХҮІІІ ғ.)3 кітап.Оқулық. 2.Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет.Хрестоматия.-А.,1993 3.Тоқсамбаева А. Қазақ әдебиетінің тарихы. Хандық дәуір.Оқу құралы -Семей., 2009. «Интеллект». 4.Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиеті. (ХҮІІІ-ХІХ ғ.ғ.) Оқулық.-А.,1991 5.Алдаспан.Жинақ.-А.,1971 6. Ж.Тілепов «Елім деп еңіреген ерлер жыры» 7.Абылқасымов Б.Жанр толгау в каз. устной поэзии.-А.,1984 8.Абылай хан (Тарихи жырлар)-А.,1993 9 Тәжірибелік сабақ: Марғасқа жыраудың өмірі, шығармашылығы. Сабақтың мақсаты: Марғасқа жыраудың шығармаларының жиналып зерттелуін,толғауларын студенттер қандай дәрежеде меңгергендігін тексеріп бағалау. Әдістемелік нұсқау: Марғасқаның ел аузында «бүтін билікке Төле би жеткен, бүтін хандыққа Есім хан жеткен»! деп атаққа шыққан Еңсегей бойлы Ер Есімнің тұсында өмір сүргендігі. Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар: 1.Марғасқа жыраудың өміріне тоқталу, шығармашылығының зерттелуі. 2.Марғасқа жырау Есім ханның әрі батыры, әрі ақылшы жырау болғандығы жайлы. 3.М.Көпеевтің «Ел аузынан жинаған әдебиет үлгілері» атты қолжазбасын-дағы Марғасқа жырау туралы айтылғандарға тоқталуы. 4.Біздің заманымызға жеткен Марғасқа жыраудың «Ей, Қатағанның хан Тұрсын» жырының шығу тарихы. 5.Толғауларына әдеби талдау. Әдебиеттер: 1.М.Мағауин Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет (ХҮ-ХҮІІІ ғ.)3 кітап.Оқулық. 2.Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет.Хрестоматия.-А.,1993 3.Тоқсамбаева А. Қазақ әдебиетінің тарихы. Хандық дәуір.Оқу құралы -Семей., 2009. «Интеллект». 4.Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиеті. (ХҮІІІ-ХІХ ғ.ғ.) Оқулық.-А.,1991 5.Алдаспан.Жинақ.-А.,1971 6. Ж.Тілепов «Елім деп еңіреген ерлер жыры» 7.Абылқасымов Б.Жанр толгау в каз. устной поэзии.-А.,1984 8.Абылай хан (Тарихи жырлар)-А.,1993 9.Әдеби мұра және оны зерттеу.-А.,1961 10.Әуезов М. Әдебиет тарихы. А.,1991 10 Тәжірибелік сабақ: Тәтіқара ақынның өмірі, шығармашылығы. Сабақтың мақсаты: Тәтіқара ақынның шығармаларын, шығармаларының жиналып зерттелуін студенттер қандай дәрежеде меңгергендігін тексеріп бағалау. Әдістемелік нұсқау: Ақын есімінің әсіресе 1756 жылы қазақ жеріне басқыншылықпен кірген Цин үкметіне қарсы күресте ерекше танылуы. Шығармашылығына талдау: “ Қамыстың басы майда, түбі сайда”. Өлеңнің шығу тарихына назар аудар.Абылай сарбаздарына қауып төнгенде, жігер беру, намыс қайрау мақсатында туғандығы. Абылай заманындағы әр батырға сипаттама, баға беруі. а )Жәнібек-“болат найза”; ә)Ер Жабай-“Найзасының ұшына жау мінгізген”; б)дәріптеу, асыра ұлғайта мақтау. Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар: 1.Тәтіқараның азаттық үшін күрес ұраншысы, басқыншыларға қарсы халықты ұрысқа шақырушы жауынгер ақын, “жортуыл кернейшісі” екендігі, 2. Оның өз заманының ең көрнекті, ең қуатты, ең алдыңғы қатарлы жыршысы, яғни ақыны болғандығы. 3.Ұлы Шоқанның Тәтіқара жырларына назар аударуы. 4. Шыққан тегі: Уақ ішіндегі Қалмақ болғандығы туралы әңгімелеу. 5. Тәтіқара жайында таралған әр түрлі аңыздарға шолу. 6. Аблайдың жауынгершілікке аттанғанда жанынын тастамайтын сенімді серігі, оның сарбазшысына дем берушісі болғандығы. 7.Ақындығымен қоса ер жүректілігі, бірбет, қайсар болғандығы. Әдебиеттер: 1.М.Мағауин Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет (ХҮ-ХҮІІІ ғ.)3 кітап.Оқулық. 2.Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет.Хрестоматия.-А.,1993 3.Тоқсамбаева А. Қазақ әдебиетінің тарихы. Хандық дәуір.Оқу құралы -Семей., 2009. «Интеллект». 4.Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиеті. (ХҮІІІ-ХІХ ғ.ғ.) Оқулық.-А.,1991 5.Алдаспан.Жинақ.-А.,1971 6. Ж.Тілепов «Елім деп еңіреген ерлер жыры» 7.Абылқасымов Б.Жанр толгау в каз. устной поэзии.-А.,1984 8.Абылай хан (Тарихи жырлар)-А.,1993 10 Тәжірибелік сабақ: Үмбетей жыраудың өмірі, шығармашылығы. Сабақтың мақсаты:Үмбетей жыраудың шығармаларын, шығармаларының жиналып зерттелуін студенттер қандай дәрежеде меңгергендігін тексеріп бағалау. Әдістемелік нұсқау: Үмбетейдің жырлаулық атын ерекше елге танытқан атақты батырлар туралы толғаған жырлары жайында. Әсіресе, ғалымдар жазғандай, ХVIII ғасырдың 70-жылдарында шығарған Бөгенбай атына байланысты толғаулары жырау есімін әдебиетімізге мәңгі қалдырғаны туралы сөз қозғалуы. Әкесі Тілеудің шежіре, абыз іспеттес болуы. Қаһармандық жырларды, шешендік сөздерді,халықтың сөз өнерін ерекше меңгеруі, қобызы болуы, халқының бай музыкасын да жетік білуі. Бұқардың қатынына байланысты айтқан жыры сақталған. Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар: 1.Үмбетейдің 1706-1778 жылдар шамасында өмір сүруі туралы болжамдар. 2.Үмбетейге әкесінің әсері,жасынан ән-жыр, сөз өнеріне еліктеп өсуі, халық әдебиетінің әсері 3.Үмбетей жырларының басты ерекшелігі философиялық-дидактикалық мәнінде екендігі. 4.Үмбетейдің Абылай заманындағы ел қорғаған халық батырлары туралы мадақ толғауларды шығарушылардың басы болғандығы. 5. Абылайды да ерекше дәріптеуі, құрметтеуі. 6.Жыраудың Бұқармен дос-жаран болуы. 7. Үмбетей жырларының аса көркем келуі, өлең жолдарының көбіне үш буыннан тұруы. . Әдебиеттер: 1.М.Мағауин Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет (ХҮ-ХҮІІІ ғ.)3 кітап.Оқулық. 2.Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет.Хрестоматия.-А.,1993 3.Тоқсамбаева А. Қазақ әдебиетінің тарихы. Хандық дәуір.Оқу құралы -Семей., 2009. «Интеллект». 4.Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиеті. (ХҮІІІ-ХІХ ғ.ғ.) Оқулық.-А.,1991 5.Алдаспан.Жинақ.-А.,1971ж. 12 Тәжірибелік сабақ: Ақтамберді жыраудың өмірі, шығармашылығы. Сабақтың мақсаты:Ақтамберді шығармаларын, шығармаларының жиналып зерттелуін студенттер қандай дәрежеде меңгергендігін тексеріп бағалау. Әдістемелік нұсқау: 1.Жырау ұрпақтары қазір де Семей облысында тұратындығы, солардың айтқан деректері, әрі “Тауарих хамса” бойынша Ақтамберді Сарыұлының атақты Қаракерей Қабанбаймен бірге Найманның бір көсемі, әскербасы батыры, әрі төгілмелі жырау болғандығы туралы мәлімет. Орташа, кедей ортада туып өсуі. Өте жастай өлең шығаруы. Ерте есеюіне сол кездегі жаугершілік заманның да әсері екеніне кеңірек тоқталу. (Орта Азия хандықтары, қалмақтармен соғыстар.) Тарихи оқиғалардың бел ортасында жүріп азаттықты,еркіндікті, халық үшін “күлдір-күлдір кісінетіп, күреңді мінгені”, ерлікке, батырлыққа шақырған жауынгер екендігіне ерекше назар аудар. Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар: 1.Ақтамберді жыраудың шығармаларының жиналып, зерттелуі. 2.Ақтамбердінің жай жырау емес, жортуыл жыршысы, әрі балуан, әрі батырлығымен халық арасында өте бетті, беделді болғандығы. 3.Ақтамберді елін, халықын жаудан қорғаушы жырау. 4. Ақтамберді толғауларының қайнар көзі өзінен бұрынғы аталар мұрасының заңды жалғасы, көне қазақ поэзиясы. 5. Ақтамбердінің бейіті Семей облысы, Абай ауданының Жүрек Жота төбесінің басында екендігінен хабар беру. 6. Өмірін түсіндіру барысында өлеңдерін дәлел ретінде пайдалану. Әдебиеттер: 1.М.Мағауин Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет (ХҮ-ХҮІІІ ғ.)3 кітап.Оқулық. 2.Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет.Хрестоматия.-А.,1993 3.Тоқсамбаева А. Қазақ әдебиетінің тарихы. Хандық дәуір.Оқу құралы -Семей., 2009. «Интеллект». 4.Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиеті. (ХҮІІІ-ХІХ ғ.ғ.) Оқулық.-А.,1991 5. Абылай хан (Тарихи жырлар)-А.,1993 6. Ж.Тілепов «Елім деп еңіреген ерлер жыры» 13 Тәжірибелік сабақ: Бұқар жыраудың өмірі, шығармашылығы Сабақтың мақсаты: Бұқар жыраудың шығармаларын, шығармаларының жиналып зерттелуін студенттер қандай дәрежеде меңгергендігін тексеріп бағалау. Әдістемелік нұсқау: Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің еңбегі. Оның Бұқар туралы “Бұл кісінің сөзін түгел жазамын дегенге: Нұхтың өмірі, Аюбтың сабыры, Аполатонның ақылы керек” деген сөзі;Шоқанның Бұқардың Абылай туралы екі өлеңін орысшалап хатқа түсіруі; Г.Потаниннің Бұқардың біраз өлендерін жинастыруы. “Тауарих хамсада”, “Таң” журналында кейбір өлеңдерінің шығуы. Қ.Жұмалиев, С.Мұқанов, Қ.Мұхамедханов пен М.Мағауин, т.б зерттеулері жайынан мәлімет. Бұқардың ел бірлігі, татулығын жырлай отырып, патшаның отарлау істерін ерте түсінуі, оған қарсы болуы. Бұқар поэзиясының көтерген тақырып жағынаң әр алуандығы. Халық поэзиясының тұнығын жинап, бойына сіңіре отырып, өзінен кейінгі басталар жаңа поэзиясының да кейбір белгілерінің негізін салуы. Бұқар поэзиясының философиялық тереңдігі, даналық, афористік мәні, ақындық интуиция, поэтикалық тілімен,тіпті “Еуропалық лирикаға” жақындау өлең жолдарымен қазақ әдебиетінің алтын қорынан алатын орны. Абылайдың алдында беделді, қабырғалы биі болуы. Қоғамдық мәселелерге атсалысуы, даналық ақыл- ойы, аумалы-төкпелі заманда ел бірлігін жырлап, халқы алдында үлкен қызмет атқаруы, “көмекей әулие атануы”,“Бұқар қара сөз білмейді, тек жырлай береді” екен деген аңыздар. Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар: 1.Бұқардың ХVIII ғасырдағы қазақ әдебиетінің ең көрнекті өкілі болғандығы. 2. Бұқар өмір сүрген мерзім тынысы, тарихи оқиғалар. 3.Бұқар шығармашылығын жинастырған атақты Мәшһүр Жүсіп. 4.Ата тегі Арғын, оның ішінде Төртуыл, Қоржас екендігі. 5.Бұқардың Тәуке ханға, Абылай ханға қызмет көрсетуі. 6.Бұқар шығармашылығының зерттелінуі. Әдебиеттер: 1.М.Мағауин Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет (ХҮ-ХҮІІІ ғ.)3 кітап.Оқулық. 2.Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет.Хрестоматия.-А.,1993 3.Тоқсамбаева А. Қазақ әдебиетінің тарихы. Хандық дәуір.Оқу құралы -Семей., 2009. «Интеллект». 4.Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиеті. (ХҮІІІ-ХІХ ғ.ғ.) Оқулық.-А.,1991 5.Алдаспан.Жинақ.-А.,1971 6. Ж.Тілепов «Елім деп еңіреген ерлер жыры» 14 Тәжірибелік сабақ: Шал ақын өмірі, шығармашылығы. Сабақтың мақсаты: Шал ақынның шығармаларын, шығармаларының жиналып зерттелуін студенттер қандай дәрежеде меңгергендігін тексеріп бағалау. Әдістемелік нұсқау: Шалдың қақтығыс өлендері (айтыс үлгісі), “Жігіт пен Шал”, “Шал мен қыз”, “Шал мен кемпір”тоқтал. Шалдың Шоқан Уалихановтың айтуы, бағалауы бойынша “Қазақ халқын құраған рулар жайлы тамаша эпос жасаған адам”. “Шалдың -өз дәуірінің даналығын бойына сіңірген кең тынысты, қуатты ақын болғандығы”. Құлекеңнің ұрпақтары қазір де Солтүстік Қазақстанда, Сергеев ауданында тұратындығы. Сондай-ақ, оның жақсылықты ту етіп көтеруі, жамандықты жерлеуі, өлеңдеріндегі ақыл-нақыл,үлгі айтудың басымдылығы. Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар: 1. Ақын шыққан орта: Анасының Үйсін Төле бидің қызы екендігі. 2 . Шал импровизатор, төкпе ақын. 3. Ғалымдар болжауы бойынша оның 1748-1819 жылдары өмір сүргендігі туралы деректер. 4. Шалдың ұрпақтарының бірі белгілі ақын Нұржан Наушабаев. 5.Шалдың 15 жастан “ақын” ретінде аты шығуы. Әдебиеттер: 1.М.Мағауин Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет (ХҮ-ХҮІІІ ғ.)3 кітап.Оқулық. 2.Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет.Хрестоматия.-А.,1993 3.Тоқсамбаева А. Қазақ әдебиетінің тарихы. Хандық дәуір.Оқу құралы -Семей., 2009. «Интеллект». 4.Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиеті. (ХҮІІІ-ХІХ ғ.ғ.) Оқулық.-А.,1991 5.Алдаспан.Жинақ.-А.,1971 6. Ж.Тілепов «Елім деп еңіреген ерлер жыры» 7.Абылқасымов Б.Жанр толгау в каз. устной поэзии.-А.,1984 8.Абылай хан (Тарихи жырлар)-А.,1993ж. 15. Тәжірибелік сабақ: Көтеш ақынның өмірі, шығармашылығы. Сабақтың мақсаты: Көтеш ақынның шығармаларын, шығармаларының жиналып зерттелуін студенттер қандай дәрежеде меңгергендігін тексеріп бағалау. Әдістемелік нұсқау:Мәшһүр Жүсіптің Көтеш шығармаларының жинақталуында атқарған істері (Мәшһүр Жүсіп туралы әңгімелей кету) Көтештің қолмақол өлеңдер шығаратын жүйрік ақын, әрі таза қазақ түсінігіндегі ақын, күшті ақын екендігі. Көтеш шығармашылығы туралы профессор Ысмайыловтың пікірі, бағасы. “Көтеш-кез келген нәрсені өлеңге айналдыра алатын ақын және күй талғамайтын жүйрік” деді Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар: 1.Көтештің Арғын, оның ішінде Сүйіндіктен тарайтыны. 2. Бала кезінен ақын ретінде елге атының кең жайылуы,әсіресе Абылай хан алдында көзге түсуі. 3.Ол туралы халық арасындағы аңыз (“Абылай, Ботақанды сен өлтірдің” деген өлеңге қараңыз). 4.Көтеш шығармаларының жинақталуы. 5.Көтештің өзі шыққан тегінең де кедей, өзінің де кедей болғандығы жөніндегі деректер. 6.Сондай-ақ бізге жеткен өлендері туралы әңгіме-аңыздар. 7.Өлім, өмірінің соңғы кезеңі туралы деректер. 8.Көтештің суырып-салма ақын екендігі. ХVIII ғасырдағы қазақ әдебиетіндегі алатын орыны. Әдебиеттер: 1.М.Мағауин Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет (ХҮ-ХҮІІІ ғ.)3 кітап.Оқулық. 2.Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет.Хрестоматия.-А.,1993 3.Тоқсамбаева А. Қазақ әдебиетінің тарихы. Хандық дәуір.Оқу құралы -Семей., 2009. «Интеллект». 4.Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиеті. (ХҮІІІ-ХІХ ғ.ғ.) Оқулық.-А.,1991 5.Алдаспан.Жинақ.-А.,1971 6. Ж.Тілепов «Елім деп еңіреген ерлер жыры» Студенттердің оқытушының басшылығымен орындайтын жұмыс шеңберіндегі тапсырмалар 1 СОБӨЖ «Халқымыздың ұлы ұландары» жыраулар шығармашылығында \толғау эссе жазу\ Өздік жұмысының мақсаты:Студенттерді шығарма- эссе жазуға баулу. Әдістемелік нұсқау:Студент кез келген бір жырауға өз атынан ,осы эссе деген термин сөзге сүйене отырып шығарма-эссе жазу керек. Эссе-тұрақталған, қалыптасқан тұжырымдарға жаңа қырынан қарап, өзінше толғап,әрі дағдыдан, әдеттен, көне соқпақтардан бөлек,тың болжам- дар мен түйіндеулерге құрылатын философияның,эстетиканың,әдеби сын- ның,публицистиканың, көркем әдебиеттің жанры. 2 СОБӨЖ «Жырау және тарих» ғылыми сипатттағы мақала әзірлеу Өздік жұмысының мақсаты:Студенттерді мақала жазуға баулу. Әдістемелік нұсқау: Жыраулардың тарихтан алатын орны қандай; Жыраулардың қазақ хандығының дамып, іргесінің нығаюына қосқан үлестеріне тоқталу;Қоғамдық, саяси қызметтердің әдебиет тарихынан алатын орындарын сөз ету. 3СОБӨЖ «.Жыраулар толғауларындағы архайзм, тарихи көнерген мағынасы түсініксіз сөздер \текстологиялық талдау\ Өздік жұмысының мақсаты:Өздік жұмыстарында түсіндірмелі сөздіктерді,фразеологиялық сөздіктерді пайдаландыру барысында қазақ тіл білімінен алған білімдерін тереңдете түсу. Әдістемелік нұсқау: Қазақ дәстүрлі мәдениетінің энциклопедиялық сөздігі. Құрастырған А.Құралұлы. А.1997; Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі.1-10том. Алматы:Ғылым,1974-1986;Абай тілі сөздігі. Бас редакторы. А.Ысқақов. Алматы: Ғылым,1968ж. Осы еңбектерді қараңыз. Үлгі: Түсініксіз сөздер Түсіндірмесі 1. Пұсырман баласы 1. Мұсылманның баласы. 2. Жауабы жамшыдай 2. ……………………. 3. Ақре тау 3. ……………………. 4. Өз малын кізнеген 4. ............... ................... 4 СОБӨЖ « Жыраулар поэзиясында кездесетін троптың түрлерін теру\кортотека\ Өздік жұмысының мақсаты: Студенттер өздерінің әдебиет теориясынан алған білімдерін шыңдай түсу үшін қажет. Әдістемелік нұсқау:Қ.Жұмалиев айтқан бес түрлі жолмен жасалатын метафора түрлерін жыраулар поэзиясынан табу;Жыраулар поэзиясында кездесетін метонимия мен синекдоханы тауып салыстыру;Жыраулар поэзиясында кездесетін теңеулердің жасалу жолдарына көңіл аударыңыз. Үлгі: Мысалы: Арабы торым өзіңсің, Алдаспаным өзіңсің, Сен –Алтынсың ... Сен –Сұлтансың ... Сен –Сұңқарсың ...,т.с.с. Бұлардың бәрі - метафора. 5 СОБӨЖ Жыраулар поэзиясында кездесетін образдарға тән нышан – элементтерге \кортотека\ Өздік жұмысының мақсаты:Студенттер өздерінің әдебиет теориясынан алған білімдерін шыңдай түсу үшін қажет. Әдістемелік нұсқау:Ақын, жыраулардың бейнелеу әдістерінде юморлық, сатиралық, трагедиялық,геройлық, романтикалық образдарға тән нышан–элементтер көптеп кездеседі. Мысалы:Асанның «Ай, хан, мен айтпасам білмейсің», Бұқардың «Атаңды білмес құл едің» деп басталатын шумақтарында сатиралық образ детальдары елес береді соған көңіл аударыңыз. 6 СОБӨЖ Жыраулар поэзиясы және батырлар жыры \реферат 13-15 бет\ Өздік жұмысының мақсаты:Ауыз әдебиетімен хандық дәуір әдебиетінің арасындағы байланысқа студент назарын аудару. Әдістемелік нұсқау:Жыраулар поэзиясын батырлар жырымен салыстыр; Жыраулар поэзиясымен батырлар жырының арсындағы үндестікке назар аудар. 7 СОБӨЖ Жыраулар атынан болашақ ұрпаққа хат-аманат жазу \хат үлгісіндегі толғау-эссе\ Өздік жұмысының мақсаты:Студенттердің тіл байлығын дамыта түсу. Әдістемелік нұсқау: Асанның хаты. «Уа, жас ұрпақ...Есті көрсең кем деме; Бәрі тұйғын табылмас », «Артық үшін айтысып, достарыңмен санаспа ». Адамның адамдығы мінген тағы, шыққан тауы атақ – даңқы емес ,ең алдымен адамгершілігі, халқына қызмет етуінде болмақ. Сондықтан «Ғылымым жұрттан асты деп, кеңессіз сөз бастама ...» Адам күні адаммен –достық, бейбітшілік жер жүзіне ең керекті дүниелер. Сондықтан да «Еділ бол да, Жайық бол, ешкімменен ұрыспа... » т.с.с Ескерту: Аманат хатта – жыраулардың өз толғауларынан мысалдар көп алынулары керек. 8 СОБӨЖ Ақтамберді мен Шалкиіз жыраулардың шығармаларын ақындар поэзиясымен салыстыру\әдеби талдау\ Өздік жұмысының мақсаты:Жыраулар поэзиясының ақын поэзиясынан айырмашылығын, өзіне тән ерекшелігін дәлелдету. Әдістемелік нұсқау:Ұйқас түрлері,рифманың өзіндік ерекшелігін сарала; Шумақ пен буын саны жырауларда өзгеріп отырады,әр түрлі болып келеді,тармақтарында жүйе көбіне сақталмайды соған көңіл аударыңыз; Жыраулар поэзиясының ақын поэзиясынан айырмашылығы,өзіне тән ерекшеліктерін дәлелде. Мысалы. Үлгі: 1.Ақтамберді жырау. Біржан сал “Күдір де күдір / кісінетіп / /9/а Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, а/11/ Күреңді /мінер ме/ екенбіз,/9/б Адамға зияным жоқ жүрген жанмын. а/11/ Күдеріден /бау тағып /7/ а Қасыңа мені сендер неге алмайсың, б/12/ Ақ кіреуке /киер ме екенбіз? /10/б Өзім сұңқар, өзім сал кімге зармын. а/11 Ор қояндай /жүгінтіп,/б/а Аш күзендей /бүгілтіп,/7/а Жолбарыстай /шұбарды /7/в Таңдап /мінер ме/ екенбіз? /8/б 9 СОБӨЖ «Жыраулар сөзі тарих шежіресі» \реферат\ Өздік жұмысының мақсаты:Студенттерді өз бетімен ізденуге жол ашу, ғылыми материалдармен жұмыс жасауға баулу. Әдістемелік нұсқау:«Жырау»деген кім ,оның шығармашылық ерекшеліктеріне назар аудар;Жыраулар поэзиясының тарихтағы орны,әдебиеттегі орнына тоқтал. 10 СОБӨЖ Үмбетейдің жеке адамдарға арнау жырларына қарап отырып жазу \шығарма-эссе\ Өздік жұмысының мақсаты:Студенттерді жазу жұмыстарына төселдіру. Әдістемелік нұсқау:Жыраудың адам психологиясы ,мінезін ашып көрсетудегі шеберлігіне назар аудару керек. Мысалы Үмбетейдің «Жауқашарға», «Бұқарға», «Ақтамберді», «Қабанбайға», «Бекболат биге», «Бәкеге»,т.с.с. арнау өлеңдері бар. Міне осы арнау өлеңдерін қашан,қандай жағдайда ,неге шығарғанына тоқталу.Басқа жырауларда арнау өлеңдер бар ма екен? Бар болса солармен салыстырыңыз. 11 СОБӨЖ Бұқар толғауларындағы Абылай мен тарихи Абылай (тарих және көркемдік шындық) \реферат\ Өздік жұмысының мақсаты:Дәріс,семинар сабақтардың ғылыми мәнін арттыру,студенттердің қабілетін дамытып,ғылыми жұмысқа жетелеу. Әдістемелік нұсқау:Бұқар ел бірлігінің жыршысы екендігі;Абылай ханның халық тарихынан алатын орны;Абылай ханның сол заманның жырауы Бұқар шығармашылығына әсері; Бұқар шығармашылығының мәні –ел бірлігі, достықты үндеуі, халықты Абылайдың саясатын қолдауға шақыруы; Сол заман үшін Бұқар шығармашылығының маңызы; Абылай портреті Бұқар шығармаларында қалай ашылғандығына назар аудар. 12 СОБӨЖ «Жыраулар поэзиясын салыстыру» \кортотека\ Өздік жұмысының мақсаты:Теориядан алған білімдерін шыңдай түсу. Әдістемелік нұсқау:Жыраулар тоғауларына зер сала отырып,қайталанып келетін өлең жолдарын табу; Өзіңше қалай ойлайсың, жырауларда қайталау неге кезігеді?; Тапқан қайталаулардың ең алғашқы негізі қай жыраудікі дер едің; Ойыңды нақты мысалдармен дәлелде. Үлгі: Ақтамберді. Доспамбет. «Күлдір де, күлдір кісінетіп, Күмбір, күмбір кісінетіп, Күреңді мінер ме екенбіз ». Күреңді мінер күн қайда?” (61- бет. «Бес ғасыр жырлайды» I том) Күдеріден бау тағып, «Күдеріден бау тағып Ақ кіреуке киер ме екенбіз. 64 бет. Кіреуке киер ме екенбіз?» 33 б. 13 СОБӨЖ Көтеш,Шал,Тәтіқара ақындардың шығармаларын \талдау\ Өздік жұмысының мақсаты:Шығарманы әдеби талдауға баулу. Әдістемелік нұсқау:Ақындар толғауларының ерекшелігіне,көркемдік әлемі,маңызы не екеніне тоқталу;Жыраулар шығармашылығына тән ақыл –нақыл,өнеге өсиеттің молдығына назар аудару; Шешендік оралымдар пәлсапалық толғаныстарды қай ақын қалай қолданған салыстырып талда. 14 СОБӨЖ Шалкиіз, Доспамбет,Қазтуған жыраулардың шығармаларындағы архаизмдер \картотека\ Өздік жұмысының мақсаты:Жыраулар поэзиясындағы кездесетін көнерген сөздердің мағынасын ажырата білу. Әдістемелік нұсқау:15-18ғасырлардағы ақын жыраулар тілінде ерекше көзге түсетін сала –архаизмдер.Ерте кездерде өмір көріністерін бейнелеуге қызмет еткен,ал бұл күндері көне сөз «архаизм» қатарына жататын сөздер. Мысалы:Шалкиіздегі «әбсінде ғалым жиылып», «ашалай шалың ақталап»деген тіркестер кездессе, Доспамбетте»кірмембес ауыр қол», «сақсырым толды қаныма» т.б. тіркестердің кездесуі. 15 СОБӨЖ «ХV-ХVIII ғасырлардағы қазақ әдебиетінің мәселелері» /реферат 13- 15 бет көлемінде/ Өздік жұмысының мақсаты: Ғылыми материалдармен жұмыс жасауға төселдіру. Әдістемелік нұсқау: Жыраулар шығармашылығы – өз заманының тарихи шежіресі екендігіне тоқталыңыз; Сондай-ақ,олар туралы ғалымдар пікірі, бағасы, замандастарының ойлары, айтқандарынан үзінділер келтіріңіз; Жыраулар мұрасының қазақ халқының елдік тарихындағы ролі. Студенттердің өз бетімен орындайтын жұмысы шеңберіндегі тапсырмалар I. Өлең жаттау - Орфоэфиялық нормаға сай мәнерлеп,нақышына келтіріп жатқа айту талап етіледі. Өздік жұмысының мақсаты: Мәнерлеп оқуға үйрету. Әдістемелік нұсқау:Ай, заман – ай, заман – ай (2 томдық) А., 1991 ж.; Ақберен.Жинақ-А.,1972ж.;Бес ғасыр жырлайды.А., 1 том Жазушы 1984ж.; «2000 жылдық дала жыры» Қазақ энциклопедиясы,2000ж.;Қазанғап Байболұлы Еңсегей бойлы ер Есім А., Жалын.,2005;Алқаласа әлеумет. А., 1991ж. II. Тарихи романдарды оқу. Өздік жұмысының мақсаты:Студенттердің - тарихи тақырыпқа арналған шығармадағы көркемдік көрініске, тарихи шындыққа қоғамдық өмірдегі нақтылы құбылыстарға, болған уақиғаларға сол заманда өмір сүрген тұлғалардың арқау болатындығына назарларын аудару. 1 СӨЖ Қазтуған жыраудың «Мадақ жыры» өлеңін жаттау 2 СӨЖ Асан қайғының «Еділ бол да, Жайық бол» өлеңін жаттау 3 СӨЖ Доспамбет жыраудың «Қоғалы көлдер, қом сулар» толғауын жаттау 4 СӨЖ Шалкиіз жыраудың «Ер Шобан» өлеңін жаттау 5 СӨЖ Жиембет жыраудың «Еңсегей бойлы ер Есім» өлеңін жаттау 6 СӨЖ Марғасқа жыраудың «Ей, Қатағанның хан Тұрсын» өлеңін жаттау 7 СӨЖ Ақтамберді жыраудың «Күлдір-күлдір кісінетіп» толғауын жаттау 8 СӨЖ Тәтіқара жыраудың «Қамыстың басы майда, түбі сайда» өлеңін жаттау 9 СӨЖ Үмбетей жыраудың «Бекболат биге» өлеңін жаттау 10 СӨЖ Бұқар жыраудың «Бірінші тілек тілеңіз» толғауын \11 тілек\жаттау 11 СӨЖ Көтеш ақынның «Күрелгінің бауыры күнде дауыл» өлеңін жаттау 12 СӨЖ Шал ақынның«Өлімнен құтылмассың қашсаңдағы» өлеңін жаттау 13 СӨЖ Мұхтар Мағауиннің «Аласапыран» романының 1-нші бөлімі \ауызша\ Әдістемелік нұсқау:Диалогияда осыдан бес ғасыр бұрынғы тарихи оқиғалардың қамтылуы, оқиға желісінің ХVІ ғасыр аяғы мен ХVІІ ғасырдың бас кезіндегі Қазақ ордасы мен Ресей арасындағы қарым- қатынасқа құрылуы. Диалогияның диапозон кеңдігі,тек қазақ қана емес,өзге ұлттардың саясаты, тыныс-тіршілігі, әдет- салтының әр түрлі кейіпкерлер арқылы ашылуына назар аудар. 14 СӨЖ Мұхтар Мағауиннің «Аласапыран» романының 2-нші бөлімі \ауызша\ Әдістемелік нұсқау:ХVІ-ХVІІ ғасырдағы Қазақстан,оның «Аласапыран» романындағы көрінісі, тарихи және көркем шындық, романдағы Ораз Мұхаммед,оның бойындағы ұлттық рух,ұлттық сана сезімге назар аудару. 15 СӨЖ Мұхтар Мағауиннің «Аласапыран» романының 3-нші бөлімі \ауызша\ Әдістемелік нұсқау: Романның негізгі оқиғаларына, эпизодтарына, психологиялық иірімдер мен философиялық түйіндерді саралау. Ораз Мұхаммедтің қандай қасиеттері ұнайды?, Қандай қасиеттеріне сын айтар едіңдер?,Ораз Мұхаммедтің «Біз қазақпыз» деген сөзінің роман идеясын көрсетудегі орнын саралау. Студенттердің өзін-өзі тексеруге арналған тест сұрақтары. І-нұсқа. 1.Шалкиз жыраудың “Асқар, асқар, асқар тау” толғауы қай жинаққа енген? А.Дала. В.Алдаспан. С.Асау тұлпар. Д.Көктем. Е.Серке. 2.“Қаратаудың басынан көш келеді” әні қандай оқиғаға байланысты шығарылған? А.Жоңғар шапқыншылығы. В.Ұлт азаттық көтеріліске байланысты. С.Ашаршылыққа байланысты. Д.Жазықсыз қудалауға қатысты. Е.Монғол шапқыншылығы. 3.Жорық жыршысы, ірі эпик, әрі нәзік лирик кім? А.Қазтуған. В.Асан қайғы. С.Доспамбет. Д.Марғасқа. Е.Көтеш. 4.Абылайдың ұлы бейнесін ұрпаққа жеткізуші жырау. А.Қазтуған. В.Шал ақын. С.Жиембет. Д.Бұқар. Е.Шалкиіз. 5.“Тауарих хамса” кітабында Шыңғыс хан кезіндегі Майқы бидің алтыншы ұрпағы деп келтірілетін жырау. А. Көтеш. В. Марғасқа. С. Ақтамберді. Д. Асан қайғы. Е. Бұқар. 6.Алтын орда әміршісі-Ұлығ Мұхамед тұсында болған,кейін қазақ ханы Жәнібек маңында болған жырау. А. Асан қайғы. В. Бұқар. С. Доспамбет. Д. Қазтуған. Е. Шалкиіз. 7.Асан қайғы жыраудың зираты Ыстықкөл маңында деп жазған ғалым. А. Мағауин. В. Уәлиханов. С. Әуезов. Д. Сүйіншәлиев. Е. Радлов. 8.“Екі басса бір базар, малда береке болмайтұғын, екі басса бір мазар,баста береке болмайтұғын, базары жақын байымас, мазары жақын көбеймес” - деп кім айтты? А. Қазтуған. В. Бұқар. С. Тәтіқара. Д. Шал ақын. Е. Асан қайғы. 9.“Бұл заманда не ғаріп”- деп сұрақ қоя отырып,өзі жауап беретін жырау. А. Шалкиіз. В. Асан қайғы. С. Доспамбет. Д. Марғасқа. Е. Үмбетей. 10.Бүкіл Дешті қыпшақты аралаған,Стамбул,Бақша сарайда болған жырау. А. Жиембет. В. Ақтамберді. С. Доспамбет. Д. Асан қайғы. Е. Бұқар. 11.Шешесі ноғайлының ұлы биі Мұсаның қызы болған жырау. А. Үмбетей. В. Асан қайғы. С. Марғасқа. Д. Бұқар. Е. Шалкиіз. 12.Алтын руынан шыққан,әскери ақсүйек отбасында дүниеге келген,арғы атасы- Ноғайлыдан шыққан Алау батыр болған жырау. А. Жиембет. В. Ақтамберді. С. Доспанбет. Д. Шалкиіз. Е. Қазтуған. 13.Цин үкіметіне қарсы күресте ерекше танылған ақын. А. Көтеш. В. Ақтамберді. С. Тәтіқара. Д. Жиембет. Е. Шалкиіз. 14.Бөгембай өлімін Абылай ханға естірткен жырау. А. Бұқар. В. Марғасқа. С. Қазтуған. Д. Үмбетей. Е. Ақтамберді. 15.Ш.Уәлиханов “Қазақ халқын құраған рулар жайлы тамаша эпос жасаған адам” – деп баға берген ақын. А. Асан қайғы. В. Шал ақын. С. Көтеш. Д. Марғасқа. Е. Үмбетей. 16.Арғын ішінде Сүйіндіктен тарайтын ақын. А. Көтеш. В. Қазтуған. С. Шал. Д. Жиембет. Е. Ақтамберді. 17. “Тауарих хамса” кітабында Қаракерей Қабанбаймен бірге Найманның бір көсемі,әскербасы батыры,әрі төгілмелі жырауы болған жырау. А. Ақтамберді. В. Бұқар. С. Шалкиіз. Д. Жиембет. Е. Үмбетей. 18.Мәшһүр Жүсіп Көпеев шығармаларын жинастырған жырау. А. Қазтуған. В. Марғасқа. С. Доспамбет. Д. Ақтамберді. Е. Бұқар. 19. “15-18 ғасырлардағы ақын, жыраулар мұрасынан да бес түрлі жолмен жасалатын метафора түрлерін түгел кезіктіреміз” –деп қай ғалым өз зерттеу еңбегінде айтқан? А. Мағауин. М. В. Әуезов. М. С. Уәлиханов. Ш. Д. Жұмалиев. Қ. Е. Сүйінішәлиев. Х. 20.Қазтуған толғауының авторы. А. Мұрың жырау. В. Дулат Бабатайұлы. С. Бұқар жырау. Д.Мұрат Мөңкеұлы. Е. Доспамбет жырау. 21.Ей, Қатағанның хан Тұрсын, Кім арамды ант .тұрсын – деп басталатын өлең жолдары қай жыраудікі? А. Үмбетей жырау. В. Марғасқа жырау. С. Бұқар жырау. Д. Жиембет жырау. Е. Қазтуған жырау. 22.18 ғасырдағы қазақ әдебиетінің ең көрнекті өкілі болған жырау. А. Бұқар. В. Ақтамберді. С. Доспамбет. Д. Бұқар. Е. Марғасқа. 23.Жауынгер жырау, жорықшы ақын, әрі батыр болған кім? А. Жиембет. В. Доспамбет. С. Марғасқа. Д. Қазтуған. Е. Үмбетей. 24.Абылайдың жаугершілікке аттанғанда жанынан тастамайтын сенімді серігі кім еді? А. Бұқар. В. Тәтіқара. С. Көтеш. Д. Жиембет. Е. Марғасқа. 25.Бұқар жыраумен дос – жаран болған жырау. А. Доспамбет. В. Қазтуған. С. Үмбетей. Д. Жиембет. Е. Ақтамберді. ІІ-нұсқа. 1.Ата тегі Арғын, оның ішінде Төртуыл, Қаржас, 1668 – 1781 жылдары өмір сүрген жырау. А. Бұқар жырау. В. Мұрын жырау. С. Қазтуған жырау. Д. Үмбетей жырау. Е. Марғасқа жырау. 2. «Тауарих хамса» кітабында «ойраттармен күрес дәуірінде қазақ қолынының басында жүрген ерлердің бірі, Найманның ру басы көсемі, әскер басы батыры » - деп қай жырау туралы айтылған? А. Қазтуған. В. Ақтамберді. С. Жиембет. Д. Марғасқа. Е. Үмбетей. 3.Асан қайғы жырау «Сарымсағы сабаудай, бүлдіргені бүйректей, алмасы бар жүректей » деп қай жерді сипаттаған? А. Шымкенті. В. Баянауылды. С. Шыңғыстауды. Д. Таразды. Е. Үш Алматыны. 4.Өз өмірінің басым көпшілігін Ноғай ордасының әміршісі Темір бидің төңірегінде өткізген жырау. А. Асан Қайғы. В. Қазтуған. С. Жиембет. Д. Шалкиіз. Е. Марғасқа. 5.Еңсегей бойлы Ер Есімнің, кіші жүздегі үлкен тірегі, әскер басы, ел басқарушы биі. А. Бұқар. В. Асан Қайғы. С. Үмбетей. Д. Жиембет. Е. Марғасқа. 6.М. Мағауин «Жортуыл жыршы, әулетті жырау » деп кімді айтқан? А. Ақтамберді. В. Жиембет. С. Шалкиіз. Д. Бұқар. Е. Доспамбет. 7.15 жасында «ақын» ретінде шыққан ақын. А. Көтеш. В. Марабай. С. Мұрат. Д. Дулат. Е. Шал. 8.1523 ж.Астрахань түбінде қаза тапқан жырау. А. Қазтуған. В. Бұқар. С. Доспамбет. Д. Үмбетей. Е. Жиембет. 9. «Рухани жағынан алғанда қазақтар бойына үлкен қабылет дарыған халықтардың қатарына жатады.Олардың әдебиеті байлығымен де мазмұндылығымен де ерекше көзге түседі» - деп кім жазды? А. В.Радлов. В. Д.Клеменц. С. Г.Потанин. Д. М.В.Готовицкий. Е. А.Е.Алекторов. 10.Мұхтар Әуезов «аңыз әңгіменің тарихтық адамды біржола өзіне ұқсамаған кейіпке түсіріп әкететіні болмайды...Әрбір аңыз әңгіменің негізінде тарихта болған адамның шын кескінінің түбегейлі ерекшеліктері жүреді» - деп қай жырау туралы айтқан. А. Бұқар. В. Доспамбет. С. Марғасқа. Д. Асан Қайғы. Е. Шалкиіз. 11.Шығармалары В. Радловтың, дағыстандық мұхамед Османовтың кітабында ерте кезде (1883жылы) жарық көрген жырау. А. Үмбетей. В. Шалкиіз. С. Мұрат. Д. Ақтамберді. Е. Шал. 12.Уа ,қарт Бөгембай өлеңі қай жыраудікі? А. Ақтамберді. В. Шалкиіз. С. Жиембет. Д. Бұқар. Е. Марғасқа. 13.Тәуке ханға, Абылай ханға қызмет көрсеткен, Абылайдың алдында беделді, қабырғалы би болған жырау. А. Үмбетей. В. Қазтуған. С. Бұқар. Д. Доспамбет. Е. Көтеш. 14.Жырлаған негізгі тақырыбы – адам өмірі, өмірінің мәні, “фәни мен бақи”, дін туралы болған ақын. А. Көтеш. В. Мұрат. С. Тәтіқара. Д. Жиембет. Е. Шал. 15. “Ерлер жортар мал үшін”,“Ерлер мінер ат үшін”,“Өрісінде мал өсер”, Мал бітпесе немене деген өлең жолдары кімдікі? А. Тәтіқара. В. Бұқар. С. Марғасқа. Д. Шал. Е. Ақтамберді. 16. “Көмекей әулие атанған”, “қара сөз білмейді, тек жырлай береді” деген аңыздар қай жырау туралы айтылған? А. Бұқар. В. Асан Қайғы. С. Үмбетей. Д. Қазтуған. Е. Доспамбет. 17.Орыстың қай оқымыстысы “Жасандылық пен жылтырақтықтан ада қазақ өлеңдері өзінің жоғары көркемдігімен,сонымен қатар,қарапайымдығымен,шыншылдығымен бізді таң қалдырады”,- деп жазды. А. П.И.Пашино. В. М.В.Готовицкий. С. А.Е.Алекторов. Д. А.Брем. Е. В.Радлов. 18.Доспамбет жыраудың бізге жеткен мұрасының көлемі неше жол? А. 150. В. 155. С. 170. Д. 160. Е. 165. 19. “Қазақтар нақысты сөйлеуді бар өнердің алды деп біледі, сондықтан олардың поэзиясы дамудың жоғарғы сатысына жеткен”,-деген орыстың қай ғалымы? А. Г.Н.Потанин. В. И.Н.Березин. С. В.Радлов. Д. А.Е.Алектров. Е. А.Брем. 20. “Асан Қайғы жайындағы әңгіменің екінші,халыққа жат, бөтен саналы түрлері тағы бар.Ол аңыздағы Асан-халық мүддесімен қабысатын Асан емес, хан сарайының ақылшы сыншысы, санашылы болған Асан...”-деп басталатын қай ғалымның сөзі? А. М.Мағауин. В. Х.Сүйінішәлиев. С. М.Әуезов. Д. Қ.Жұмалиев. Е. Ш.Уәлиханов. 21.Абат батыр қай жыраудың ұлы А. Бұқар. В. Қазтуған. С. Ақтамберді. Д. Жиембет. Е. Асан Қайғы. 22.Жыраулар ішінде шығармасы тұңғыш орысшаға аударылған жырау. А. Үмбетей. В. Марғасқа. С. Асан Қайғы. Д. Шалкиіз. Е. Ақтамберді. 23. “Пәк, таза қазақ поэзиясы –үлкен творчестволық күштің жемісі” , - деп орыстың қай оқымыстысы айтқан? А. Д.Клеменц. В. П.И.Пашино. С. А.Брем. Д. А.Е.Алекторов. Е. М.В.Готовицкий. 24.Сахара жұлдызы, дала данасы, сөз құдіреті, көмейінен күмбірлеген жыр төгілген классикалық дәрежедегі жырау. А. Шалкиіз. В. Доспамбет. С. Жиембет. Д. Марғасқа. Е. Үмбетей. 25. “Өлең,жыр – қазақтардың жан серігі. Жай қарапайым адамдардың өзі суырып салып айтуға бейім тұрады” , - деген кім? А. А.Брем. В. П.И.Пашино. С. В.Радлов. Д. Г.Н.Потанин. Е. И.Н.Березин. Тест жауаптары: |№ |1 |2 | |1 |В. |А. | |2 |А. |В. | |3 |А. |Е. | |4 |Д. |Д. | |5 |Д. |Д. | |6 |А. |А. | |7 |В. |С. | |8 |Е. |С. | |9 |В. |В. | |10 |С. |Д. | |11 |Е. |В. | |12 |А. |А. | |13 |С. |С. | |14 |Д. |Е. | |15 |В. |Е. | |16 |А. |А. | |17 |А. |В. | |18 |Е. |Д. | |19 |Д. |С. | |20 |Д. |С. | |21 |В. |Е. | |22 |А. |Д. | |23 |В. |Д. | |24 |В. |А. | |25 |С. |В. | Курс бойынша емтихан сұрақтары: 1. Ақын мен Жыраудың айырмашылығы. 2. Шал ақын мұрасы 3. Қазтуғанның мадақ жырын жатқа айтыңыз. 4. Доспамбет жырау толғауларындағы дәуір көрінісі. 5. Сыпыра жырау. 6. Жыраулар поэзиясындағы қайталау құбылысы. 7. Үмбетей жырау Тілеуұлы. 8. Шалкиіз поэзиясының ерекшелігі. 9. Бұқар жыраудың бір толғауын жатқа айтыңыз. 10. Тәтіқара ақын шығармашылығы 11. Бұхар жыраудың Абылай ханға арнаған толғаулары. 12. Жиембет жыраудың «Еңсегей бойлы Ер Есім» толғауын жатқа айтыңыз. 13. Асан қайғы жыраудың өмірі мен шығармашылығы. 14. Бұқар жырау шығармаларындағы ел бірлігі. 15. Адамның жас ерекшелігін жырлаған жыраулар (мысал келтіріңіз). 16. Бұқар өмір сүрген кезең және шығармашылығы. 17. Шал ақын мұрасы. 18. Жыраулар мұрасының көркемдік ерекшелігі. 19. Кет-бұға, Сыпыра жыраулардың толғаулары. 20. Марғасқа жырау. 21. Жыраулар мұрасының көркемдік ерекшелігі. 22. Ақтамберді жыраудың шығармашылығы. 23. Марғасқа жыраудың басты тақырыбы. 24. ХҮ-ХҮІІІ ғасырдағы тарихи жағдай. 25. Жиембет жыраудың өмірі мен шығармашылығы. 26. Асан қайғы өмір сүрген дәуір. 27. Шалкиіз есіміне байланысты пікірлер. 28. Қазтуған жыраудың өмірі мен шығармашылығы. 29. Үмбетей жыраудың Бөгенбай батырға арналған толғаулары. 30. Бұқар жыраудың «Тілек» толғауын жатқа айтыңыз. 31. Көтеш ақын мұрасы. 32. ХҮ-ХҮІІ ғасырлардағы тарихи жағдай. 33. Жыраулар мұрасының көркемдік ерекшелігі. 34. Үмбетей жыраудың шығармашылығы. 35. Шалкиіз жыраудың философиялық ой-толғамдары. 36. Асан қайғының «Еділ бол да Жайық бол» толғауын жатқа айтыңыз. 37. Шалкиіз жыраудың Би Темірге арналған толғаулары. 38. Шал ақын Құлекеұлы. 39. Жыраулар поэзиясының көркемдік ерекшелігі. 40. Шалкиіз жыраудың өмірі мен шығармашылығы. 41.Үмбетейдің «Бәкеге», «Бұқарға», «Жауқашарға» деген арнауларының шығу тарихы. 42. Қазтуған жыраудың «Алаң да алаң, алаң жұрт» толғауын жатқа айтыңыз. 43. Үмбетей жыраудың даңқын шығарған жырлары. 44. Доспамбет жырау толғауларындағы дәуір көрінісі. 45. Марғасқа жыраудың бір толғауын жатқа айтыңыз. 46. Доспамбет жыраудың өмірі мен шығармашылығы. 47. Бұқар жырау шығармашылығындағы ел бірлігі. 48. Жыраулар поэзиясының теңеу құбылысына мысал келтіріңіз. 49. Марғасқа жыраудың өмірі мен шығармашылығы. 50. Жиембет қай ханның тұсында өмір сүрді және сол ханға шығарылған толғаулары. 51. Жыраулар поэзиясындағы қайталау құбылысы. 52. Доспамбет жырау. 53. Бұқар жырау толғауларындағы Абылай хан бейнесі. 54. ХҮІІІ ғасырдағы қазақ әдебиетінің өзіндік ерекшелігі. 55. Бұқар жырау толғауларындағы Абылай хан бейнесі. 56. ХҮІІІ ғасырдағы қазақ әдебиетінің өзіндік ерекшеліктері. 57. Шалкиіздің бір толғауын жатқа айтыңыз. 58. Асан Қайғы туралы ақиқат пен аңыз. 59. Көтеш ақын толғаулары. 60. Ақтамберді толғауларының әлеуметтік мәні, көркемдігі, сөз нақыштары. 5. ӨЗГЕРІСТЕРДІ ТІРКЕУ ПАРАҒЫ |Өзгерістің |Құжаттың |Өзгеріс түрі|Хабарламаның |Өзгеріс енгізілді | |рет нөмірі |тарауы, |(ауыстыру, |нөмірі және күні| | | |пункті |жою, қосу) | | | | | | | |Күні |Аты-жөні, | | | | | | |қолы, | | | | | | |қызметі | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | 6. ӘРІПТЕСТЕРДІҢ ТАНЫСУЫ |№ |Қызметі |Аты-жөні |Уақыт|Қолы |Өзгерту № |Уақыты |Қолы | |о/қ | | |ы | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | |
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz