Файл қосу
Ежелгі жазба ескерткіштері
| | |ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ | |СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ | | | | | |3 деңгейлі СМЖ құжаты |ПОӘК |ПОӘК | | | |042-16-02.1.13/03-2013 | | | | | |«Деректану» пәнінің |№1 басылым | | |оқу-әдістемелік кешені |30.09.2013 | | «Деректану» ПӘННІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ 050203 «тарих» мамандығына арналған ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР Семей 2013 Мазмұны 1 Глоссарий 2 Дәрістер 3 Практикалық сабақтар 4 Студенттердің өздік жұмысы 1 ГЛОССАРИЙ 1.1 Дерек – хабар, мағлұмат түсінігінде. 1.2 Деректану – тарихи дерек туралы ғылым. 1.3 Ұғым – зерттеушілердің тәжірибелік – эмпирикалық және ғылыми- танымдық іс-әрекеттің барысында қалыптасқан ойлау формасы. 1.4 Терминдер-сол ұғымның сөздік, табиғи тілдік. 1.5 Жылнама-оқиғаны болған жылы бойынша баяндайтын жазба дерек. 1.6 Мемуар-жеке адамдық деректер тобына жататын жазба деректердің бір бөлігі. 1.7 Шежіре-ата- бабадан жалғасып келе жатқан халқымыздың ауызша тарих айту дәстүрі. 1.8 Тарихи дерек – адамзат қоғамының дамуын бейнелеу. 1.9 деректанулық талдау – деректердегі мағлұматтық шынайылық дәрежесін, ғылыми танымдық маңызын анықтау. 1.10 Деректанулық эвристика – деректерді табу, іздеу. 1.11 деректанулық сын – деректердегі мағлұматтың шынайылық деңгейін анықтау мақсатында жүргізілетін зерттеу әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы 1.12 Деректанулық аналитикалық сынау – нақты фактілерді анықтау мақсатында деректер кешенін сынау. 1.13 Деректердің мазмұнын сынау – деректердегі мағлұматтың шынайылық, толықтық деңгейін, ғылыми құндылығын анықтау тәсілі. 1.14 Деректерді сыныптау – деректерді ортақ қасиеттері бар, бір-бірімен Ерекше белгілермен айырылатын категорияларға бөлу. 1.15 Заманхат – біреудің заманында болған тарихи уақиғадан яки өз ішінде болған істерден дерек беруі. 1.16 Мәтінтану – жазба ескерткішінің сыни тексерілген тұпнұсқалық мәтінін анықтау. 1.17 Герменевтика – жазба ескеріткіш мәтініне түсінік береді, талдап көрсетеді. 1.18 Синергетика – ғылыми танымның тәсілі. 2 Дәрістер Дәріс сабағының құрылымы 1 тақырып. Қазақстан тарихының деректемесі курсының пәні және міндеттері. 1.Қазақстан тарихының деректанулық негіздері. 2.Курстың пәні және міндеттері. 3. Курстың өзге ғылыми салалармен байланысы. Қазақтан тарихының деректемесі пәні – қазақ тарихының келелі мәселелірн зерттеуге негіз болатын ғылым саласы. Деректанулық және тарихнамалық проблемаларды методологиялық ойлаудан өткізу көп жағдайда тарихи оқиғалар туралы түсінікті байытады және жаңа деңгейге көтереді, тарих ғылымында болған және болып жатқан нәрселерді ғана түсіндіріп қоймайды, сонымен қатар оның қозғаушы күштерінің қандай болғандығын, қандай екендігін де, демек оның ғасырлар бойы қалай дамығандығын және дамып отырғандығын да түсіндіреді. Тарихи таным процесі барысында адамзат тек қана белгілі бір құбылыстың немесе тарихи тұлғаның орнын анықтау емес, сонымен қатар адамның өзінің табиғаттағы орнын анықтаудың қажеттілігімен де кездеседі. Адам өзін-өзі тани бастағаннан бастап, ол өзін қоршаған ортадағы орнын түсінуге тырысты. Өзінің іс-әрекеттерінің табиғи процестердің қалыптасып дамуындағы ролін нақтылауға ұмтылды. Адам тек қана табиғатты зерттеп қана қоймайды, ол өзін- өзі, өзінің іс-әрекеттерінің, нақты қадамдарының салдарын зерттейді. Осы зерттеу процесінің барысында белгілі бір зерттеу әдістері қалыптаса бастайды. Ғылым өзін-өзі тану қабілетіне жеткенде оның танымдық мүмкіндігі артады, жаңа сапалық деңгейге көтерілуіне мүмкіндік алады. Өз-өзін бақылауға арналған сұрақтар: 1. Пәннің негізгі түсініктері қандай? 2. Басқа пәндермен байланыстылығы? 3. Дамуының негізгі кезеңдері? Ұсынылатын әдебиеттер: 2-тақырып. Деректегі тарихи факті мен тарихи шындықтың арақатынасы. 1.Қазақстан тарихы бойынша деректерге қатысты тарихи деректің түсінігі және түрлері. 2. Дерек - өзін-өзі айқындаған зерттеу. «Тарихи факті» сатысы тарих ғылымының барлық ғимаратының іргетасын құрайды. Іс жүзіндегі деректерсіз бірде – бір тарихи ойдың дамуы мүмкін емес. Алайда, «факті» түсінігі тарихи танымда анықтауды қажет етеді, өйткені ол жан-жақты болып табылады. Оны тарихи тұрғыдан зерттеудің негізгі ерекшелігі, ол зерттеушінің тікелей бақылау пәні болмайтындығына және қандай да бір деректер арқылы танылуында. Тарихты материалистік түсіну онд «факті» зерттеу нысаны ретінде тарихшының санасынан тыс өмір сүреді және оған байланысты емес. Қарапайым және күрделі фактілер болады. өзара байланысты фактілердің тізбегі бола отырып, тарихи үрдіс, өздігінен тарихи факті ретінде қарала алады. Сонымен бірге танушы субъектінің ойында фактінің анық мазмұны бейнеленеді. Адами қабылдаудың көлеңкесі арқылы өте отырып, ол өзінің мәнін өзгертпей, объективтік шындық болып қалады. Бұл шындыққа жақындау, тарихи таным үдерісінің мәнін құрайды. Тарих ғылымы фактіге қатысты өте күрделі дамудан жасалады. Алғашқы кезде зерттеушінің мақсаты фактілерді жинақтау деп есептеледі. Ол кезде оның табиғаты жайлы мәселе, тіпті, қаралған да жоқ. Кейін біртіндеп, фактімен оны түсіндіру арасындағы қарама – қайшылық анықталды. Тарихшылардың кейбір бөлігі, аталған шындықты толықтыру және түсіндіруге байланысты қатты қарсылық білдірді. Олар егер факті түсіндірілетін болса, онда ол объективті маңызын жоғалтады деп дәлелдеуге тырысты. Мұндай көзқарастың объектілігі ылғи да таза қиял болды. Ал шын мәнінде, тіпті кез келген зерттеушінің материалдармен бірінші танысуының өзі, мүлдем бейтарап бола алмайды. Ол белгілі бір дәрежеде оның қандай да бір бағалаусыз өмір сүре алмайды. Тарихнамада қазірге дейін тарихи факті жайлы екі түрлі пікірді көрсетуге болады. Оның біреуі ретінде сипатталып, оны түйсіну және бағалау қажеттілігін жоққа шығарды. Француз тарихшысы Фюстель де Кулан жазба қайнар бәрін білдіреді деп ойлады. Зерттеу деректерінің мәтіні шеңберінен қандай да бір шығу сезік тудырды немесе айыптауға ұшырады. Басқасы бұған қарама – қарсы көзқараста болды. Бұл көзқарас қазір кеңінен таралды. Ол фактінің нақты шындық ретінде өмір сүруін жоққа шығаруға негізделді. Бұл көзқарасты жақтаушылардың пікірінше, факті ұғымы тарихшының санасында қалыптасады. В. Виндельбанд, Г. Риккерт т.б.оларды көптеген қайталаушылар фактілерді тануға болмайтындығын, яғни оның мәнін ашу тарихшының өз еркінде екендігін «сыни бағытта» насихаттады. Орыстың революцияға дейінгі тарихшысы А.С. Лаппо – Данилевскийдің тарихи фактіні «аталған жеке тұлғаның ортаға, оның ішінде қоғамдық ортаға ықпалы ретінде» бағалады. Р. Дж. Коллингвуд деректердің дербес маңызын мүлде жоққа шығарады, ол дерекке тарихшының өз бетімен түсініктеме беретініне көңіл бөлуге шақырады. Оның пікірінше, зерттеуші нақтылық сипаттан айырылған, өткенді дербес талқылаушы болып табылады. Осылайша, тарихи факті түсінігі анағұрлым қияли болып шығады. Э. Карр кез келген оқиға тарихи факті бола алмайды, тек оның ішіндегі тарихи маңызы барлары ғана болады. Ғалым фактілердің ішінен көптеген маңызды ақпараттарды таңдап алып, оны тарихи фактіге айналдыру үшін, өзі зерттеген кезеңге жататын фактілердің санынбілуі тиіс. Э. Каррдың пікірінше, тарих – түсіндіру деген сөз, ал түсіндіру – тарихтың артериялық қаны. Осымен бірге ол ғалым фактілерге «билік етуші жендет» емес деп атап көрсетті. Тарихшы мен факті арасындағы қарым – қатынас – «теңдік қатынас». Олар бір – біріне қажет. Тарихшыда фактісіз негіз болмайды, ал факті тарихшысыз өлі нәрсе. «Тарих деген не?» деген сұраққа жауап бере отырып Э. Карр: «Тарих – тарихшы мен фактілер арасындағы тұрақты үдеріс, қазіргі мен бұрынғы арасындағы шексіз диалог», - деп жазды. Е. Топольский: «Тарихи фактілерді динамикалық – тұтас жүйе ретінде қарастырылады және олар үнемі өзгерісте болады», - деп атап көрсетті. Ол бұл жерде «біз аталған фактімен қай кезде, ал басқа фактімен қай кезде, ал басқа фактімен қай кезде істес боламыз деген сұрақ туады», - деп жазды. Тарихи факті мәселесін жасанды күрделендіру тенденциясы бар. Оның табиғаты, оны топтастыру жайлы пікірлер көбінесе ойша жору сипатында болады. Осы пәнге арналған ауқымды әдебиеттер өз алдына нақты тарихи зерттеуді жеңілдету мақсатын қоймайды. Соған қарамастан, жалпы теориялық мәселені қою қажеттігі туып отыр. Тарихшы жұмысы – зерттеу пәніндегі белгілі бір эмпирикалық және теориялық көзқарасқа таладу жасау. Іс жүзіндегі материалды іріктеу үдерісі, тек таза кәсіби деңгейдің болуы емес, сонымен бірге іріктеу үдерісіне қатты ықпал ететін теориялық тұжырымдарды таба білу болып табылады. Тарихшыға өте жиі кездесетін «тарихи факті» мен «түсінік» арасындағы айырмашылықты анықтауға тура келеді. Мысалы, ІІ Интернационалды оппортунистік элементтердің басымдығы мен «реформизм» түсігінігі жайлы тарихи фактіні араластыру ұсынылмайды. Сансыз фактілердің ішінен белгілі бір фактілерді таңдай отырып, тарихшы оны түйсінулі, түсіндіруді іс жүзінле асыра бастайды. Материалдың талдау жасалуына қарай, ол лны түсінудің жоғары деңгейіне көтеріле береді. Зерттеудің «эмпирикалық деңгейінен» көтеріле отырып, тарихшы тарихилықтың шынайы мәнін ашатын, логикалық тәсілге көбірек жүгінеді. «Объективті шындық фактісі» мен «зерттеу пәні ретіндегі фактімен», «ғылыми фактімен» арасындағы айырмашылықты ажыратып алу керек деген пікір таралған. «Ғылыми факті – ол оқғаның өзі емес, оның арнайы түрдегі бейнесі». Осыған байланысты, марксист – тарихшылар арасында «күнделікті» тарихи фактілерден, тарихшының ғылыми – танымдық жұмысының қажетті элементі ретінде ажыратылатын тарихнамалық фактілер деп аталатын ұғым тараған. Кез келген объектілік шындық тарихи факті болып табылады. Сондықтан тарихшы байқамаған, суреттемеген себепті ешқандай құбылыс тарихи болмай қалуы мүмкін емес. А. Легко бір тарихшы байқамаған құбылысты әр түрлі сыртқы жағдайда және әр түрлі уақытта екінші тарихшы тауып зерттеуі мүмкін екендігін айтты. Бұл сыртқы жағдайлар, тарихшының өз зерттеуінде келтірілген дәлелдер тізбегіне кіреді. Алайда ол фактінің ұзақ уақыт бойына ешкімге белгісіз болып жатып қалуы мүмкін. Бар фактіні жоқ, «тарихи» емес деп жариялау дұрыс емес. Үнемі ізденіс үстінде жүретін тарихшы, өзінің ғылыми құралдарының қорын шексіз көбейту мүмкіндігіне ие болады. Оны алдын ала «тарихи емес» деп есептелген материалдардың белгілі бір щеңберімен шектеп қою дұрыс болмас еді. Тарихи зерттеудегі фактіні іріктеудің негізгі жағдайы – жалпы қағидаттарды игеру арқылы құбылыстардың қайталанатыны жайлы түсініктерді, өмірде бар тарихи заңдылықтарды пайдалана отырып, жекеден жалпыға өту. Тарихшы зерттеуге тек іс жүзіндегі белгілі бір материалдар жайлы біліммен ғана қаруланбай, бұл материалдың не беретіндігі, нақты не іздеу керектігі жайлы алдын ала ойластыра отырып кіріседі. Іс жүзіндегі материалды тұтасымен іріктеудің объектілігі тарихшының жалпы дүниетанымдық көзқарасына байланысты. Фактіні іріктеу білім деңгейіне негізделген тарихшының өте жауапты жұмысы. Тарихшылардың көпшілігі зерттеушінің өзі таңдаған ғылыми тақырыпка қатысты барлық фактілерді ескеруі мүмкін емес және ол оған міндетті де емес деген пікірді ұстанды. Мысалы, Э. Сестан: «зерттеу тақырыбын таңдаған және оны әзірлеу үшін фактілерді іріктеген кезде субъективизм билік етеді», - дейді. Ол бұл таңдау «тарихшы өмір сүріп отырған орта мен уақытқа, оның өмірдегі саяси, экономикалық, әлеуметтік, діни және адамгершілік мәселелрге байланысты көзқарасы байланысты», деді. Тарихшы таңдауы шынында да, ең соңында оның қоғамдық – саяси көзқарасы арқылы анықталады. Бірақ ол фактілерді іріктеуге қалай болса солай қарауды, оның нәтижесіне субъектілік зиян келтіру дегенді білдірмейді. Барлығы зерттеушінің қандай таптық және әдіснамалық көзқарастарды қоғайтынына байланысты. Тарихи әдебиеттерде тарихи фактіні зерттеумен байланысты үдерістердің сабақтастығына үлкен көңіл бөлінеді. Әрине фактіні зерттеудің сабақтастығының үлкен көңіл бөлінеді. Әрине фактіні зерттеудің сабақтастығын абсолюттендіру мүмкін емес. Ол көп зерттеуді оған талдау жасаудан бастайтындығына немесе бұрын қалыптасқан басқа деректердің негізінде анықтағысы келетіндігіне байланысты. Екінші жағдайда тарихшы берілген нақты жағдайдағы ішкі және сыртқы заңдылықтарды ерте анықтайды. Сондықтан да оның дедуктілік әдісі басшылыққа ала отырып, қаралған фактіге жалпы теориялық алғышарттар негізінде алдын ала талдау жасауға мүмкіндігі бар. Тақырыпқа арналған сұрақтар 1. «Тарихи факт» ұғамының мәні неде? 2. Тарихи таным үрдісіндегі факттың атқаратын ролі қандай? Ұсынылатын әдебиет 1. Жуков Е.В.Очерки методологии истории. М.,1980. 2. Барг М.А.Категории и методы исторической науки. М.,1984. 3. Тарих. Адамзат ақыл-ойының қазынасы. Астана, 2006. 6-7том. 3-тақырып. 1.Қазақстан тарихы бойынша тарихи деректердің типтік жіктелуі. 2.Қазақстан тарихы бойынша тарихи деректер түрлерінің жіктелуі. 3.Жаппай және әмбебап тарихи деректер. 4. Э. Бернгеймнің принципі (тарихи қалдықтар және тарихи аңыздар) бойынша Қазақстан тарихына қатысты тарихи деректердің жіктелуі. В. Дильете, А.С. Лаппо-Данилевскийге сәйкес тарихи деректердің жіктелуі. Қазақстан тарихы бойынша Кеңестік тарихи ғылымда (А.А. Зимин, Л.Н. Пушкарев, И.Д. Ковальченко) өңделген тарихи деректердің жіктелу принципі. 5. Қазақстанның ерте және орта ғасырлардағы тарихы бойынша тарихи деректердің жіктелуінің проблемалары. Тарихи деректанудың өзекті мәселесі деректегі сақталынған ақпарларды ала білу жолдарын іздестіру және сол ақпарларды тарихи зерттеулерде ғылыми пайдалана білу тәсілдері. Деректанулық сын. В.Н.Татишев деректанулық сын туралы. АЛ.Шлецердің тарихи деректанулық сынды негізгі топтарға бөлуі. В.О.Ключевский “филологиялық сын” және “фактілік сын” туралы. А.С.Лаппо- Данилевскийдің деректерді, ғылыми сынның негізгі кезендерін және 14 Ережесін көрсетуі. Тарихи деректерді талдаудың құрамдас үш бөлігі — методология, методика және техника. Объективтік принцип, тарихилық принцип, партиялық, принцип – деректану методикасының негізгі принциптері. Деректермен жұмыс істеудің негізгі үш кезеңі: деректерді іздеу, табу (деректанулык, эвристика), деректанулық талдау (сын), деректердегі алынған мәліметтер нақты зертгеулерге пайдалану, тәсілдсрін жасау (методика). Бекіту сұрақтары: 1. Деректанулық сын дегеніміз?. 2.Тарихи деректерді талдаудағы методика және техника ұғымдарының мәнін ашып бер?. 3.Деректермен жұмыс істеудің негізгі үш кезеңін атаңыз, айырмашылығын атаңыз?. Ұсынылатын әдебиеттер: 1 Источниковедение истории СССР: Учебник. М., 1981. 2.Источниковедение: Теория. История: Метод. Источники Российской истории: Уч.пособие. М., РГГУ, 1998. 3.Атабаев Қ. Деректану теориясының негіздері. А.,2002 4.Байтурсынов А. Тезисы о терминологии на тюркских языках//Бюллетень оргкомитета по созыву Всесоюзного тюркологического сьезда. № 2, Баку, 28 февраля 1929 года. С.20-22 5. Зевелев И. Источниковедение и его методологические аспекты. М., 1980 4-тақырып. 1.Қазақстандық зерттеушілердің еңбектеріндегі деректердің жіктелуі және көзқарастары. 2. Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы бойынша тарихи деректердің жіктелуі. 3. Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы бойынша тарихи деректердің жіктелінің біріңғай критерилерін өңдеу. 4.Қазақстан тарихы бойынша тарихи деретердің жіктелуіндегі ауыз әдебиеті нұсқауларының (шежіренің) атқаратын ролі. 5.Қазақстан тарихы бойынша тарихи деректердің түрлерінің жіктелу детерминациясының проблемалары. Ш.Уалиханов-қазақтың тұңғыш деректанушы ғалымы ретінде алғаш осы ғылым саласына үлес қосты. Ол аңыз - әңгімелер мен жыр-дастандардың ауызша деректер тобына жататындығын айқындап берді. Шоқан өзінің ғылыми ойларын тарихи деректердің әртүрлі топтары мен қатар жеке деректерге талдау жасап өз бағасын берді. Ш.Уалихановты тарихи деректерді деректанулық сыннан өткізудің өажет екендігін түсінген, деректердің әртүрлі топтарының ерекшелігін, олардың ғылыми маңызын көрсеткен, ұлттық деректі ғылыми негізде кәсіпқойлық дәрежеде талдай білген білген қазақтың тұңғыш деректанушы ғалымы деп тануға болады. Ә.Бөкейханов – ол ХХ ғасыр басындағы қазақ халқының сан қилы өмірінде құнды деректер тобын құрайтын өз еңбектері. Деректану ғылымының талаптарына сай, тарихи құжаттарды іздеп тауып жариялауы ол бір ерекшелік болып табылады. Сондай-ақ ол өз шығармаларында айтылған тарихи деректанулық ойлары нақты төл деректерімізді сынауға білдірген көзқарастары еді. А.Байтұрсынов тарих ғылымының белгілі бір табиғи заңдылықтарға негізделгені, оның жалпы адамзаттық құндылықты басшылыққа алған методологиялық бағдары туралы ғылыми негізде пікір айтты. Деректің құндылығын анықтау үшін оны сынға салу керектігін айтады. Тарих ғылымының негізін тарихи деректер құрайтындығын, деректерде салынған ақпараттарды алып, ғылыми еңбектерде пайдалану үшін тарихи деректану ғылымының қажеттігін айқындады. Бекіту сұрақтары: 1 Қазақстандық зерттеушілердің еңбектеріндегі деректердің жіктелуі және көзқарастары қандай? 2. Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы бойынша тарихи деректерді қалай жіктеледі?. 3. Қазақстан тарихы бойынша тарихи деректердің жіктелуіндегі ауыз әдебиеті нұсқауларының (шежіренің) атқаратын ролі қандай?. Ұсынылатын әдебиеттер: 1 Источниковедение истории СССР: Учебник. М., 1981. 2.Источниковедение: Теория. История: Метод. Источники Российской истории: Уч.пособие. М., РГГУ, 1998. 3.Атабаев Қ. Деректану теориясының негіздері. А.,2002 4.Байтурсынов А. Тезисы о терминологии на тюркских языках//Бюллетень оргкомитета по созыву Всесоюзного тюркологического сьезда. № 2, Баку, 28 февраля 1929 года. С.20-22 5. Зевелев И. Источниковедение и его методологические аспекты. М., 1980 5-тақырып. 1.Қазақстан тарихы деректануының негізгі методологиялық принциптері. 2.Деректанушының зерттеу жұмысы тәжірибесіндегі объективтілік және историзм принциптері. Тарихи деректанудың өзекті мәселесі деректегі сақталынған ақпарларды ала білу жолдарын іздестіру және сол ақпарларды тарихи зерттеулерде ғылыми пайдалана білу тәсілдері. Деректанулық сын. В.Н.Татишев деректанулық сын туралы. АЛ.Шлецердің тарихи деректанулық сынды негізгі топтарға бөлуі. В.О.Ключевский “филологиялық сын” және “фактілік сын” туралы. А.С.Лаппо- Данилевскийдің деректерді, ғылыми сынның негізгі кезендерін және 14 Ережесін көрсетуі. Тарихи деректерді талдаудың құрамдас үш бөлігі — методология, методика және техника. Объективтік принцип, тарихилық принцип, партиялық, принцип – деректану методикасының негізгі принциптері. Деректермен жұмыс істеудің негізгі үш кезеңі: деректерді іздеу, табу (деректанулык, эвристика), деректанулық талдау (сын), деректердегі алынған мәліметтер нақты зертгеулерге пайдалану, тәсілдсрін жасау (методика). Бекіту сұрақтары: 1. Деректанулық сын дегеніміз?. 2.Тарихи деректерді талдаудағы методика және техника ұғымдарының мәнін ашып бер?. 3.Деректермен жұмыс істеудің негізгі үш кезеңін атаңыз, айырмашылығын атаңыз?. Ұсынылатын әдебиеттер: 1 Источниковедение истории СССР: Учебник. М., 1981. 2.Источниковедение: Теория. История: Метод. Источники Российской истории: Уч.пособие. М., РГГУ, 1998. 3.Атабаев Қ. Деректану теориясының негіздері. А.,2002 4.Байтурсынов А. Тезисы о терминологии на тюркских языках//Бюллетень оргкомитета по созыву Всесоюзного тюркологического сьезда. № 2, Баку, 28 февраля 1929 года. С.20-22 5. Зевелев И. Источниковедение и его методологические аспекты. М., 1980 6-тақырып. Қазақстан деректануындағы әртүрлі мектептер мен бағыттардың әдісін қолдану. 1.В. Дильтенің деректі деректанулық сын спецификалық әдісі түсінігі ретінде қарастыруы. 2.А.С. Лаппо-Даниелевскийдің «Бөтен рухтанғанды тану» идеясы мәдениетті зерттеудің әдісінің негізі ретінде. 3.Қазақстан тарихының деректануындағы позитивті методологияға механистік тұрғыдан қараудың себебі мен ерекшеліктері. Деректанудын, ғылым ретінде пайда болуьшың және қалыптасуының алғышарттары. Орыс жылнамаларын зерттеуші А.Л.Шлецер (1735-1809), неміс ғалымы Ф.Шлейермахер (1768-1834), неміс тарихшылары Б.Нибур (1766-1831), Л. фон Ранке (1795-1886), франңуз тарихшысы П.Дону (1761-1840) т.б. - деректану ғылымының негізін қалаушылар. XIX ғ. бірінші жартысындағы ірі ғылыми жаңалықтардың ашылуы және ұлттық сананың оянуының деректану ғылымының дамуына тигізген өсері. Г.Ф.фон Штейннің "Ежелгі тарихи деректерді зерттеу қоғамын" құруы. "Герман тарихының ескерткіштері" сериясының жарық көруі. Г.Вайц (1813-1886) жөне оның "Германия тарихының деректануы". Батыс Европа елдерінде тарихи зерттеу ісімен айналысатын мамандарға деген кажеттіліктің артуы. Ұлы француз буржуазиялық революциясы және мұрағат істеріндегі өзгерістер. 1821 жылы Парижде хартиялар мектебінің ашылуы және оның міндеттері мен маңызы. Батыс Европа елдеріндегі арнайы тарихи зерттеу институттарының ашылуы. Э.Бернгеймнің (1850-1942) "Тарих ғылымына кіріспе" атты оқулығындағы методология, методика, түсініктер және сьшыптау мәселелері. Ш.Ланглуа (1863-1920) мен Ш.Сеньо-бостың (1854-1942) "Тарихи зерттеуге кіріспе" атты еңбектер-нің негізгі бөлімдері және олардағы деректанулық ойлар мен тәсілдер. Орыс тарихшысы В.О.Ключевский XIX ғ. соңындағы Ресей тарих ғылымыңың ерекшелігі мен міндеттері, тарихи деректер, тарихи сын және тарихи сынның ерекшеліктері туралы. А.С.Лаппо-Данилевскийдің (1863-1918) деректану методологиясы туралы концепциясы. Деректану - тарихи деректер туралы біртүгас жүйелі ғылым. Кеңестік тарихнамадағы деректану ғылымының дамуы ның негізгі кезеңдері жәпе деректану пәнін оқытудыц ерекшеліктері. Деректанулық орталықтар. Деректің пайда болуын сынау Деректі сынаудың мәтінді оқудан, оның дәл мазмұнын, өмір сүру формасын айқындаудан, түпнұсқалығын, уақытын, авторын, жасалынған жерін, пайда болуының нақты тарихи жағдайын, деректі жасаудағы мақсаты мен міндеттерін анықтау. Деректердің сақталу формалары жоне олардың деректанулық маңызы. Мәтінді дүрыс оқу - жазба деректі талдаудың басты шарты. Деректің пайда болған уақытын анықтау (датировка). Деректің пайда болған жерін анықтау. Дерек авторының не кұрастырушының атын анықтау (атрибуция). Тарихи деректің әлеуметтік функциясын анықтау. Деректанудың шынайылық проблемасы. Тарихи деректану ғылымындағы өкілеттілік проблемасы. Бекіту сұрақтары: 1.Деректанудың ғылым ретінде пайда болуына не себеп деп ойлайсыз? 2.Деректанудың қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдерін атаңыз?. 3.Орыс тарихшысы В.О.Ключевский XIX ғ. соңындағы Ресей тарих ғылымыңың ерекшелігі мен міндеттері, тарихи деректер, тарихи сын және тарихи сынның ерекшеліктері туралы пікірлері. Ұсынылатын әдебиеттер: 1 Источниковедение истории СССР: Учебник. М., 1981. 2.Источниковедение: Теория. История: Метод. Источники Российской истории: Уч.пособие. М., РГГУ, 1998. 3.Атабаев Қ. Деректану теориясының негіздері. А.,2002 4.Байтурсынов А. Тезисы о терминологии на тюркских языках//Бюллетень оргкомитета по созыву Всесоюзного тюркологического сьезда. № 2, Баку, 28 февраля 1929 года. С.20-22 5. Зевелев И. Источниковедение и его методологические аспекты. М., 1980 7-тақырып. 1. Деректану методологиясындағы структурализм (Ф.Бродель, Ле Руа Ладюри, Ж. Дюби т.б.). 2.Неоэволюционизмдегі деректі зерттеудегі методологиялық көзқарастар. 3.Деректану методологиясындағы фундаментализмнің американдық мектебі (Т.Парсонс, Р. Мертон). Тарихтың өзге де ғылымдар тәрізді өзіндік методологиялық негіздері мен ұстанымдары бар. Методологияның дұрыс қойылуы ғылымда оқиғалар мен құбылыстарды объективті түрде терең жол ашады. Методология көне грек сөзінен аударғанда «методос», «зерттеу жолдары», «таным тәсілдері», ал «логос» ілім деген мағына береді,яғни ол ғылыми зерттеу жолдары, таным тәсілдері туралы ілім болып шығады. Ғылымда методологияның «тарихи таным теориясы» деген интерпретациясы да кездеседі. Қазіргі кезеңде методологияның анықтамасын беруде ресейлік тарихшылар белсенділік танытуда. Мәселен, В.В.Журавлев: «.. тарихи зерттеу методологиясы-бул тарихи білімді дүниеге келтіру және олардың принциптерін реттеу.Методология бұл тұста ғалымның қармағындағы малай немесе құлдық ұруды талап ететін патша емес.Яғни, методологияны не істеме де өзім білемін деген принципті ұстанып, оны біржақты дәріптеуге немесе елеусіз қалдыруға болмайды. Нағыз тарихшы ең алдымен өмір бойы методологиялық жағынан жетіледі. Ол ғылымда жинақталған методологиялық қазынмаен бірге өседі, ал соңғысы ғалымның күш- қайратының арқасында молаяды,- деп жазды. Сонымен тарих ғылымының методологиясы теориялық, дүниетанымдық ережелердің жүйесі, ол нақты шындықты танудың тәсілдері ретінде ғылыми талдау жасау талаптарынан пайдаболады. Басқаша айтқанда тарих ғылымының методологиясы ғылыми зерттеу жұмысында танымдық принциптер, идеялар ретінде пайдаланылатын белгілі бір дүниетанымдық теориялық ережелердің жүйесі. Методология- белгілі бір мәселені зерттеудің ғылыми әдістемелері. Тарих ғылымындағы зерттеу тәсілдері мен жолдары,яғни методология математикадағыдай дайын формула емес, ол өзін теориялық жағынан жетілдіруді және үздіксіз ізденістер арқылы қалыптастырып, дамытуды талап етеді. Методологияға суйеніп, зерттеуші іс-тәжірибелік қызметінде әдістер кешенімен жұмыс істейді. Осыған байланысты ғылыми әдістер құрылымын былайша көрсетуге болады: 1.танымының мазмұнын сипаттайтын дүниетанымдық ережелер мен теориялық приницптер. 2. зерттелуге тиіс мәселенің ерекшеліктеріне сәйкес әдістемелік қолданыстар.3. ғылыми зерттеуді дәйектейтін, оның барысы мен нәтижелерін көрсетуде қолданылатын тәсілдер осылайша, әдіс зерттеудің теориясының, әдістемесінің және техникасының өзара байланысын іске асырады. Методология әдістен де кең, ол әдістердің ілімі ретінде білімнің үш деңгейінен құралады; философиялық, ғылыми- теориялық және эмпирикалық. Бекіту сүрақтары 1.Методологияның тарих ғылымындағы орны қандай? 2.Тарихи танымның мәні? Ұсынылатын әдебиет 1.Ракитов А.И. Историческое познание. М., 1989. 2.Хвостова К.В., Финн В.К. Проблемы исторического познания в свете современных междисциплинарных исследований. М., 1997. 3.Смоленский А.В. Теория и методология истории. М., 2003. 8-тақырып. Деректану методологиясындағы пәнаралық байланыстар. 1.Деректану методологиясындағы модернизм теориясы. Қазақстан тарихының деректануындағы құрылымдық антропологияның методологиялық принциптері (К. Леви - Стросс). 2.Феноменология деректанудың жалпы методологиялық принципі ретінде. 3.Тарихи деректі зерттеудегі редукция феноменологияның әдісі ретінде. Методологияның маңызды міндеті тарих ғылымының әдістерінің табиғатын, пайдалануын және ерекшеліктерін анықтау. Осы мақсатқа қол жеткізу әдістің жалпы мазмұнын, соның ішінде ғылымның әдісі ретінде түсіну арқылы мүмкін болады. Әдістің ғылыми зерттеу үшін маңызы өте зор. Оның үстіне тарихи үрдістің күрделілігі көптеген зерттеу тәсілдерін қолдануды талап етеді.Тарих ғылымында әдістің құндылығы сол, ол методологияны жетілдіру және байыту мақсатында қажетті материал бере алады. Әдіс адамның танымдық қызметі мен тәжірибеде белгілі бір нәтижелерге қол жеткізудің тәсілдері, құралы ретінде баршаға таныс. Әдіс эвристикалы. Ол өз бойында объективтілік пен субъективтілікті сақтайды. Ол метод-ия арқылы теориямен астасып жатады, өйткені теория ғылыми әдістің дамуынсыз өмір сүре алмайды. Себебі әдіс теориялық білімге негізделген сайын күше түседі. Сондай ақ әдіспен теорияның алшақтығы алғашқының бұрмалануына, соңғының мазмұнынан айрылуға әкеледі. Осылайша теоря мен әдістің диалектикалық өзара байланысының нетижесінде олардың арасында бір-бірімен сабақтастықты толысу процесі жүреді. Сонымен, ғылыми әдістер- бұл тарихшының танымдық қызметіндегі тарихи білімнің шынайылығына жетудің саналы тәсілдері мен жолдары болып табылады. Тарих ғылымында да басқа ғылым салаларындағыдай нақты зерттеу міндетін шешу үшін жалпы ғылыми әдістер қолданылады: - ғылыми зерттеудің жалпы тәсілдері. қорыту, анализ, абстракция, салыстыру, индукция, дедукция т.б. - жалпы ғылыми сипаттағы эмпирикалық зерттеудің ерекше әдістері:сыныптау, жүйелеу, бақылау, өлшеу, эксперимент. - Теориялық зертеудің жалпы ғылыми әдістері: идеализация, формализация, ойша эксперимент, жүйелік тәсіл, математикалық әдіс, абсракциядан нақтыға және керісінше жүру әдістері, тарихи әдіс, логикалық әдіс. Ғылыми таным үрдісінің дамуы жаңа әдістерді туғызд: - жүйелік- құрылымдық талдау. - Қызметтік (функционалдық) талдау. - Алгоритмдеу. - ЭЕМ арқылы зерттеу әдісі. Аталған жалпы ғылыми әдістермен қатар, тарих ғылымының өзінің арнайы таным әдістері бар.Олар жалпы ғылыми әдістердің тарих ғылымының зертеу ерекшеліктеріне негізделген формасы болып табылады.Арнайы тарихи әдістердің екі тобы бар: - дәстүрлі тарихи әдістер - дәстүрлі емес тарихи әдістер. Дәстүрлі тарихи әдістің түрлері: - таптық талдау әдісі. - тарихи-генетикалық әдіс. - тарихи- типологиялық әдіс. - тарихи- жүйелік әдіс. - диахрондық талдау әдісі. - ретроспективтік әдіс. - тарихи- салыстырмалы әдіс. Дәстүрлі емес ( қазіргі ) тарихи әдістер: - әлеуметтік- психологиялық әдіс. - зерттеудің сандық әдісі. - зертеудің сандық талдау әдісі. - кластерлік талдау әдісі т.б. Бекіту сұрақтары 1. Жалпы ғылыми әдістерді атаңыз? 2. Тарихи таным әдістерінің маңызы неде? 3. Дәстүрлі тарихи әдістің түрлерін сипаттаңыздар. Ұсынылатын әдебиет 1.Ракитов А.И. Историческое познание. М., 1989. 2.Хвостова К.В., Финн В.К. Проблемы исторического познания в свете современных междисциплинарных исследований. М., 1997. 3.Смоленский А.В. Теория и методология истории. М., 2003. 9-тақырып. Ежелгі жазба ескерткіштері. 1.І Даридің Бехистун жазбасы; Ксеркс жазбасы. Авеста – үнді арилердің ежелгі ескерткіші. 2.Қазақстан тарихы бойынша орта ғасырлық ескерткіштер. 3.Қазақстан тарихы бойынша орта иран ескерткіштері. 4.Антикалық жазба шығармалары Қазақстанның ежелгі дәуір тарихы бойынша дерек ретінде. 5.Герадоттың «Тарихы», Ктесияның «Парсылар тарихы»; Диодор Сицилийский; Плиний; Клавдий Элиан; Полибий. Страбонның «Географиясы», Птоломейдің «Географиясы». Ежелгі жазба ескерткіштері. І Даридің Бехистун жазбасы; Ксеркс жазбасы. Авеста - үндіарилердің ежелгі ескерткіші. Қазақстан тарихы бойынша орта ғасырлық ескерткіштер. Қазақстан тарихы бойынша орта иран ескерткіштері. Антикалық жазба шығармалары Қазақстанның ежелгі дәуір тарихы бойынша дерек ретінде. Герадоттың «Тарихы», Ктесияның «Парсылар тарихы»; Диодор Сицилийский; Плиний; Клавдий Элиан; Полибий. Страбонның «Географиясы», Птоломейдің «Географиясы». Ежелгі кет жылнамалары мен саяхатшыларының жазбалары Қазақстан тарихы бойынша дерек ретінде. Сыма Цянның «Тарихи жазбалары»; «Ерте Хань тарихы» Бань Гу; саяхатшылардың жазбалары (Чжань Цянь); «Хань династиясының ескі тарихы», «Хань династиясының жаңа тарихы». Чань Чунь, Елюй Чуцай т.б. саяхатшылардың жазбалары. Қазақстанның ежелгі дәуір тарихы бойынша қытай деректерінің спецификасы. Ежелгі иран жазба ескерткіштері. Ежелгі түрік жазба ескерткіштері. Ежелгі түрік ескерткіштерінің спецификасы. Ежелгі түрік ескерткіштерін дешифровкалау тарихы. Кошо-Цайдам стеллалары - Күлтегін (732 ж.), Білге- қаған (735 ж.), Тоныкөктің (716 ж.) атына қойылған ескерткіштер. Орхон тобының ескерткіштері - Селенгі тасы (VIII ғ. ортасы), Терхин стелласы (756 ж.). Қырғыз мемлекетінің ескерткіштері, Жетісудағы Батыс-түрік қағанатының ескерткіштері. Қазақстан тарихы бойынша тарихи деректер кешеніндегі ежелгі түрік жазба ескерткіштерінің алатын орны мен атқаратын ролі. Бекіту сұрақтары 1 Араб географтарының қазақ тарихы туралы жазған деректері қандай мәлімет береді? 2 Сақтар туралы деректерді атаңыз? 3 Геродаттың « Тарихы» қазақ тарихы үшін не береді? Ұсынылатын әдебиет 1 Источниковедение истории СССР: Учебник. М., 1981. 2.Источниковедение: Теория. История: Метод. Источники Российской истории: Уч.пособие. М., РГГУ, 1998. 3.Атабаев Қ. Деректану теориясының негіздері. А.,2002 4.Байтурсынов А. Тезисы о терминологии на тюркских языках//Бюллетень оргкомитета по созыву Всесоюзного тюркологического сьезда. № 2, Баку, 28 февраля 1929 года. С.20-22 5. Зевелев И. Источниковедение и его методологические аспекты. М., 1980 10-тақырып. Ежелгі кет жылнамалары мен саяхатшыларының жазбалары Қазақстан тарихы бойынша дерек ретінде. 1.Сыма Цянның «Тарихи жазбалары»; «Ерте Хань тарихы» Бань Гу; саяхатшылардың жазбалары (Чжань Цянь); «Хань династиясының ескі тарихы», «Хань династиясының жаңа тарихы». Чань Чунь, Елюй Чуцай т.б. саяхатшылардың жазбалары. 2.Қазақстанның ежелгі дәуір тарихы бойынша қытай деректерінің спецификасы. Ежелгі кет жылнамалары мен саяхатшыларының жазбалары Қазақстан тарихы бойынша дерек ретінде. Сыма Цянның «Тарихи жазбалары»; «Ерте Хань тарихы» Бань Гу; саяхатшылардың жазбалары (Чжань Цянь); «Хань династиясының ескі тарихы», «Хань династиясының жаңа тарихы». Чань Чунь, Елюй Чуцай т.б. саяхатшылардың жазбалары. Қазақстанның ежелгі дәуір тарихы бойынша қытай деректерінің спецификасы. Орта ғасыр деректерінде «Монғолдардың құпия шежіресі», «Монғолдардың алтын кітабы», сияқты деректерде «керей» атауы «керейіт» түрінде берілген. Ал Иран патшасының тарихнамасында «кіле», «хыле», «кейлі»,»хлейы» деп жазылған. Парсы және Түрік жазбаларында «керейіт» түрінде берілген. Лиау (907 – 1125) Жин (1115 – 1234) Патшалықтары кезінде керей ұлысы көптеген тайпаларға бөлінген Олар: 1. Керейхан тайпасы 2. Жырхан тайпасы 3. Тонхайт 4. Сахиат 5. Тобырт 6. Албат тайпалары Кейбір этнографтар керей ұлысын үш топқа жіктейді: 1. Сары керей 2. Қара керей 3. Уақ керей Керейлер ерте заманнан келе жатқан тайпалардың бірі. Әйгілі шығыс зерттеушісі ғалым Грум Гржимайло керейлер ΙΧ ғасырдан бастап тарихқа әйгілі болған десе. Н. Аристов керейлердің жан саны Χ ғасырда 900 мың адамға жетккен дейді. Г. Н. Потанин керейлерді салы үисіндердің ұрпағы деп тұжырымдайды. Керейіттер конфедерациясының этникалық құрамы бір ұлтты болмаған. Ол түркі тілді және монғол тілді жұрттан құралған Керейіттердің батысында – Наймандар солтустігінде – Меркіттер шығысында - Татарлар оңтүстігінде – Таңғұттар мен шектесіп жатқан. Керейіт көсемінің екі ордасы болған. Солтүстік Орхон өзені бойындағы Қатынбалық қаласында және оңтүстік ордасы Хуанхе өзені бұрылысының теріскейінде тұрған . Орхондағы бас орда өте қолайлы географиялықжерже, сауда жолының аса маңыздыбөлігінде болған, сол себептенде ло көршілес және алыс елдерден келетін көпестер, сол сияқты миссионерлер жиналатын орынға айналған. 1007 жылы Керейіттер Наймандармен бірге христиан дінінің несториандық тармағын қабылдайды. Бекіту сұрақтары 1Ежелгі қазақ тарихы туралы деректерді кімдер береді? 2 Сақтар туралы деректерді атаңыз? 3 «Моңғолдың құпия шежіресі» қазақ тарихы үшін не береді? Ұсынылатын әдебиет 1 Источниковедение истории СССР: Учебник. М., 1981. 2.Источниковедение: Теория. История: Метод. Источники Российской истории: Уч.пособие. М., РГГУ, 1998. 3.Атабаев Қ. Деректану теориясының негіздері. А.,2002 4.Байтурсынов А. Тезисы о терминологии на тюркских языках//Бюллетень оргкомитета по созыву Всесоюзного тюркологического сьезда. № 2, Баку, 28 февраля 1929 года. С.20-22 5. Зевелев И. Источниковедение и его методологические аспекты. М., 1980 11-тақырып. 1.Ежелгі иран жазба ескерткіштері. 2.Ежелгі түрік жазба ескерткіштері. Ежелгі түрік ескерткіштерінің спецификасы. Ежелгі түрік ескерткіштерін дешифровкалау тарихы. 3.Кошо-Цайдам стеллалары - Күлтегін (732 ж.), Білге-қаған (735 ж.), Тоныкөктің (716 ж.) атына қойылған ескерткіштер. Ортағасырлық араб-, парсы тілді және түркі жазба деректері. Әл-Балазури және ат-Табари шығармаларындағы Қазақстанды мекендеген тайпалар және олардың территориясы туралы алғашқы мәліметтер. ІХ ғ.-Х ғ. басындағы саяхатшылардың жазбалары орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы бойынша жазба дерек ретінде. Ибн Хордабек, ибн Джафар, ал Якуби, Ибн ал- Факих, ибн Русте. Саяхатшылардың жазбаларын шындықпен бейнелену спецификасы. Х-ХІ ғғ. араб географтарының еңбектері орта ғасырлық Қазақстанның географиясы туралы тарихи дерек ретінде. Ал-Истахри, ибн Хаукаль, ибн Фадлан, Абу Дулаф, ал-Масуди, ибн ал - Хусайн, Гардизи, ал - Бируни, әл - Марвази шығармалары. ХІІІ-ХҮ ғғ. космографикалық араб тілді шығармалар: Ибн - Саид, әл - Казвини, ад-Димашки, ал-Якут, ибн ал-Асир, аз-Захир, ан-Нувайри, әл-Омари, ибн-Баттута, ибн-Халдун, ибн ал-Фурад, ал-Калкашанди, ал-Макризи, ибн- Тагриберди шығармалары. ХІІІ-ХҮІІ ғғ. Қазақстан тарихы бойынша парсы тілді деректер. Маңғол шапқыншылығының тарихы мен маңғол ұлыстарының құрылуы туралы деректер. Джувейни, Рашид әд-Дин, Шами, али-Йазди, Самарканди шығармалары, Тимуридтер - Натанзи, Хафиз-Абру, аль-Джурджани деректері. Мырза Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи-и-Рашиди» шығармасы Қазақ хандығының құрылуы туралы тарихи дерек ретінде. Чурас, Ахмед Арази, ибн али- Рази, ибн-Вали шығармалары Қазақ хандығының тарихы бойынша дерек ретінде. Орта азиаттық фарсы тілінде жазылған Шайбанидтердің шығармаларындағы Қазақстан туралы тарихи мәліметтер- Камал ад-Дин Бинаи және Молла Шади. Рузбихан Исфаганидің «Бұхар қонағының кітабы» шығармасы. Орта азиаттық тарихи деректер кешенінің қалыптасуы. Кухистан, Васифи, Бухари, Челеби, ибн- Вали, ибн-Араб-Катаган, Шараф ад-дин шығармалары. ХҮ-ХҮІІІ ғғ. соңғы орта ғасырдағы түркітілдес шығармалар Қазақстанның ХҮ-ХҮІІІ ғғ. әлеуметтік-экономикалық және саяси, этникалық тарихы туралы дерек ретінде. Балхи, Бабыр, Дост, Салих, Кадырали, Абулгази, Мунис шығармалары. 4.Орхон тобының ескерткіштері - Селенгі тасы (VIII ғ. ортасы), Терхин стелласы (756 ж.). 5.Қырғыз мемлекетінің ескерткіштері, Жетісудағы Батыс-түрік қағанатының ескерткіштері. 6.Қазақстан тарихы бойынша тарихи деректер кешеніндегі ежелгі түрік жазба ескерткіштерінің алатын орны мен атқаратын ролі. 12-тақырып. 1.Ортағасырлық араб-, парсы тілді және түркі жазба деректері. 2.Әл-Балазури және ат-Табари шығармаларындағы Қазақстанды мекендеген тайпалар және олардың территориясы туралы алғашқы мәліметтер. 3.ІХ ғ. - Х ғ. басындағы саяхатшылардың жазбалары орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы бойынша жазба дерек ретінде. 4.Ибн Хордабек, ибн Джафар, ал Якуби, Ибн ал- Факих, ибн Русте. 5.Саяхатшылардың жазбаларын шындықпен бейнелену спецификасы. 13-тақырып. Х-ХІ ғғ. араб географтарының еңбектері орта ғасырлық Қазақстанның географиясы туралы тарихи дерек ретінде. Ал-Истахри, ибн Хаукаль, ибн Фадлан, Абу Дулаф, ал-Масуди, ибн ал - Хусайн, Гардизи, ал - Бируни, әл - Марвази шығармалары. Мыңдаған жылдардан бері ұлы Далада тіршілік кешкен көшпенділердің ғажайып мәдениетінің қазіргі мұрагері қазақтар десек артық айтқандық емес. Сол ұлы өркениеттің арқауын үзіп алмай, күні бүгінге дейін жалғастырып келе жатқан халықтың өмір сүрген жері орта ғасырда «дешті қыпшақ» деп аталғаны белгілі. Алтын Орда дәуірінде қыпшақ даласындағы түркі халықтарының мәдениеті, әдебиеті қанатын кеңге жайып, жоғары дәрежеде дамыды. Аталған кезеңде әл-Хорезмидің «Мұхаббат намесі», Сайф Сарайдың «Гүлістан бит Түркиі», Құтбтың «Хосрау – Шырыны», Дүрбектің «Жүсіп – Зылихасы» және басқа да әдеби ескерткіштер дүниеге келді. Бұл жәдігерлермен бір қатардан орын алатын қыпшақ тілінің сөздігі – «Кодекс куманикус» атты кітаптың да маңызы мен мәні өте зор деп айтуға болады. Бұл кітап заман талабына сай жазылған туынды деп бағаланған. Алтын Орда дәуірі кезеңінде ұлы даладағы түркі тайпалары әскери күш қуаты жағынан әлемде теңдесі жоқ күшке ие болып, олардың ықпал-әсері алыс-жақын елдерге өте жоғары болған және қыпшақ тілі халықаралық тіл дәрежесіне көтерілді. Бұның айқын дәлелі – куман-латын- парсы-латын, герман-латын тілдерінің сөздігі түзілген «Кодекс куманикус», яғни «қыпшақтар кітабы». Ол ескерткіш 1303 жылы жазылған. «Кодекс куманикус» жазба ескерткішінің жазылу тарихы, оның тілдік ерекшеліктері жайында көптеген ғалымдар зерттеп те, жазып та келеді. Олардың қатарынан 1828 жылы «Қыпшақтар кітабы» жайында алғаш мақала жазған Г. Клапротты, А.Н.Гаркавецті, Я.Р.Дашкевичті, Ә.Құрышжановты, Н.Келімбетовті, М.Жолдасбековті, А.Қыраубаеваны және басқа да ғалымдарды атап өту керек. Жақында осы ғалымдардың қатарына «Кодекс куманикус» – Бабалар болмысының баяны» атты ғылыми кітабымен журналист-қаламгер Зәкім Жайлыбай қосылды. «Алтын шыққан жерді белден қаз» дегендей автор 1964 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітірерде жазған «Кодекс куманикус ескерткішіндегі септік жалғаулары және оларды қазіргі түркі тілдерімен салыстыру» (қазақ, қарақалпақ, ноғай, құмық) атты диплом жұмысын орта жолда тастамай, оны жаңа ой-пікірлерімен толықтырып, іргелі зерттеу жүргізіпті. Зерттеуші З.Жайлыбай ғылыми еңбегін «Кодекс-куманикус – бабалар болмысының баяны» деп өте орынды атаған. Себебі осы әдеби жәдігер арқылы кейінгі ұрпақ өздерінің бабаларының әлемді тітіреткен ұлы держава құрып, қыпшақ тілінің қазіргі ағылшын тілі сияқты халықаралық қатынас тіл дәрежесіне жеткенін мақтаныш етеді. Автордың зерттеу нысанына алған осынау жазба ескерткішті зерделеу барысында өзіндік соны пікірлерін тәуелсіз елдің азаматына сай талғаммен ұштастыра отырып, ұлттық дүниетаным тұрғысында қазіргі қазақ тіл білімі саласында алар орны жоғары, маңызды да келелі мәселелерді қамтығандығы байқалады. Бұл жұмыстың осындай ерекшелігін дәл байқаған ғалым М.Ахет өзінің кітапқа жазған алғы сөзінде «З.Жайлыбайдың бұл еңбегі халқымыздың жүріп өткен мың жылдық тарихына сәуле түсіріп, өзімізге өзгенің емес, өзіміздің көзімізбен қарауға үндейді» – деп өте орынды атап өткен. «Кодекс-куманикус – тілдік құндылық» деп аталған. Мұнда З.Жайлыбай жазба ескерткіштің құрылымын, тарихын, тілдік ерекшеліктерін сөз ете отырып, М.Кастрен, В.Бартольд, В.Радлов, П.Мелиоранский, С.Малов, Г.Рамстедт, Н.Баскаков және т.б түрколог ғалымдардың зерттеулерін саралайды. Ал «Қыпшақ тілі туралы жинақ» атты бөлімде автор «половец», «куман», «кыпшақ» сөздерінің генезисін ашуға тырысып, өзіндік піклерін ұсынады. «Codex Cumanicus» ескерткішіндегі септік жалғаулары және оларды қазіргі түркі тілдерімен салыстыру. /Қазақ, қарақалпақ, ноғай, құмық және тува тілдері/ атты бөлімде зерттеуші өзін нағыз тіл маманы ретінде көрсеткен. Жалпы түркі тілдеріндегі септік категориясына шолу жасай отырып, септіктердің грамматикалық-морфологиялық тұлғалары мен семантикасына салыстырмалы талдау жасайды. Еңбекті саралай келе автордың осы жұмысты жазу барысында көп ізденгенін, қарақалпақ, ноғай, құмық және тува секілді түркі тілдеріндегі де материалдарды толық пайдаланғанын байқаймыз. Сонымен қатар ол тілдердегі сөздердің қазақ тіліндегі қолданылып жүрген сөздермен, сөз тіркестерімен байланыстарын, тілдегі синтаксистік, морфологиялық заңдылықтарға сәйкес жасаған ғылыми талдаулары өте сәтті шыққан. Бекіту сұрақтары 1 Араб географтарының қазақ тарихы туралы жазған деректері қандай мәлімет береді? 2 Геродаттың « Тарихы» қазақ тарихы үшін не береді? Ұсынылатын әдебиет 1 Источниковедение истории СССР: Учебник. М., 1981. 2.Источниковедение: Теория. История: Метод. Источники Российской истории: Уч.пособие. М., РГГУ, 1998. 3.Атабаев Қ. Деректану теориясының негіздері. А.,2002 4.Байтурсынов А. Тезисы о терминологии на тюркских языках//Бюллетень оргкомитета по созыву Всесоюзного тюркологического сьезда. № 2, Баку, 28 февраля 1929 года. С.20-22 5. Зевелев И. Источниковедение и его методологические аспекты. М., 1980 14-тақырып. ХІІІ-ХҮ ғғ. космографикалық араб тілді шығармалар: Ибн - Саид, әл - Казвини, ад-Димашки, ал-Якут, ибн ал-Асир, аз-Захир, ан-Нувайри, әл-Омари, ибн-Баттута, ибн-Халдун, ибн ал-Фурад, ал-Калкашанди, ал-Макризи, ибн- Тагриберди шығармалары. 15-тақырып. ХІІІ-ХҮІІ ғғ. Қазақстан тарихы бойынша парсы тілді деректер. Маңғол шапқыншылығының тарихы мен маңғол ұлыстарының құрылуы туралы деректер. Джувейни, Рашид әд-Дин, Шами, али-Йазди, Самарканди шығармалары, Тимуридтер - Натанзи, Хафиз-Абру, аль-Джурджани деректері. 16-тақырып. Мырза Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи-и-Рашиди» шығармасы Қазақ хандығының құрылуы туралы тарихи дерек ретінде. Чурас, Ахмед Арази, ибн али- Рази, ибн-Вали шығармалары Қазақ хандығының тарихы бойынша дерек ретінде. Орта азиаттық фарсы тілінде жазылған Шайбанидтердің шығармаларындағы Қазақстан туралы тарихи мәліметтер- Камал ад-Дин Бинаи және Молла Шади. Рузбихан Исфаганидің «Бұхар қонағының кітабы» шығармасы. Орта азиаттық тарихи деректер кешенінің қалыптасуы. Кухистан, Васифи, Бухари, Челеби, ибн- Вали, ибн-Араб-Катаган, Шараф ад-дин шығармалары. 17-тақырып. ХҮ-ХҮІІІ ғғ. соңғы орта ғасырдағы түркі тілдес шығармалар Қазақстанның ХҮ- ХҮІІІ ғғ. әлеуметтік-экономикалық және саяси, этникалық тарихы туралы дерек ретінде. Балхи, Бабыр, Дост, Салих, Кадырали, Абулгази, Мунис шығармалары. Қазақ әдеби тілінің XVI–XVII ғасырлардағы жай-күйін танытатын жазба нұсқалар ретінде Захриддин Бабырдың «Бабыр-наме», Қадырғали Жалаиридың «Жамиғ-ат тауарих» атты тарихи шығармалары қатарында аталатын Әбілғазы баһадүр ханның «Шежіре и түркі» шығармасын тілдік тұрғыдан қарастырудың маңызы зор. Орыс зерттеушілері А.Н.Кононов, А.М.Щербак, С.И.Иванов Әбілғазының бұл шығармасын өзбек әдеби тілінің ескерткіші ретінде қарастырған. Аталған ғалымдар Әбілғазы мұрасының тілі қарапайым, түсінуге жеңіл, араб және парсы сөздерін шектеп қолданған деген тұжырымдар жасағанмен, «Шежіреде» кездесетін араб және парсы сөздерін дәйектемелер мен мысалдар арқылы талдап көрсетпейді. Әбілғазы шығармасының тіл ғылымы үшін, оның ішінде түркітану ғылымы үшін маңызы зор екендігін Г.С.Саблуков өзінің аудармасының кіріспесінде былайша көрсетеді: «Исправно изданный Родословной был бы при скудости литературы на восточно-джагатайском наречии, драгоценным даром для филологов тюркского языка, который в этом наречии чище, нежели в западных, как в лексикологическом, так и грамматическом отношении». XVI–XVII ғасырдағы жазба нұсқалар, негізінен, шағатай тілінде жазылатындығы белгілі. Ал «Шежіренің» тілі жайында проф. Б.Әбілқасымов былай дейді: «XVII ғасырда жазылған Әбілғазы баһадүр ханның «Шежіре и түркі» шығармасы, оның тұсындағы шағатай тілінен өзгешелеу тілде, өз сөзімен айтсақ, түркі халықтарына ортақ, нағыз түркі тілінде жазылғанын көреміз. Шежіре тіліне жасалған талдауларымыз бойынша, оны қыпшақ тобына жататын тілдерге, оның ішінде қазақ тіліне жақындатуға мол мүмкіндік береді». Белгілі бір ескерткіштің түркі халықтарының қайсысына жақын-алыстығын дәлелдеу үшін ондағы оғыз, қыпшақ, қарлұқ элементтерінің қолданысын салыстыра қараумен қатар, араб және парсы сөздеріне де ғылыми талдау жасау арқылы нақтылай түсуге болады. Сондықтан араб және парсы сөздері ортағасыр шығармаларының белгілі бір пайызын құрайтындықтан біз «Шежіре» авторының араб және парсы элементтерін қандай мақсатпен, қаншалықты дәрежеде қолданғанына баса назар аударамыз. VIII ғ. бергі кезеңдердегі тарихи ескерткіштердің барлығында араб және парсы сөздерінің кездесетіні заңды құбылыс. Бұның себебі орта ғасырда ислам дінінің орнығуына байланысты араб элементтері түркі тілдеріне көптеп ене бастады және шығыс мәдениетінің өрлеу кезінде (XIV-XV ғғ.) ғылыми және әдеби шығармаларды араб және парсы тілінде жазу дәстүрге айналған еді. Міне, осындай жағдайлар түркі ғалымдарының өз шығармаларына арабша және парсыша ұғымдарды пайдалануына өз ықпалын тигізбей қоймады. Бекіту сұрақтары 1 Ортағасырлық түркі деректерін атаңыз? 2 Әбілғазы Баһадүрдің қазақ тарихы үшін дерек беретін қандай шығармасын білесіздер? Ұсынылатын әдебиет 1 Источниковедение истории СССР: Учебник. М., 1981. 2.Источниковедение: Теория. История: Метод. Источники Российской истории: Уч.пособие. М., РГГУ, 1998. 3.Атабаев Қ. Деректану теориясының негіздері. А.,2002 4.Байтурсынов А. Тезисы о терминологии на тюркских языках//Бюллетень оргкомитета по созыву Всесоюзного тюркологического сьезда. № 2, Баку, 28 февраля 1929 года. С.20-22 5. Зевелев И. Источниковедение и его методологические аспекты. М., 1980 18-тақырып. Қазақ халқының ауыз әдебиеті нұсқалары (шежіре) тарихи дерек ретінде. Тарихтану ақпаратының анықтық проблемасы. Қазіргі заманғы қазақстандық деректану мен тарихи ғылымдағы ауызша тарихи ойдың проблемаларын шешу. Қазақстан тарихының орта ғасырлық қытай деректеріндегі көрінісі. «Мин Династиясынң тарихы», «Мин дианстиясының жинақтық шолу». Дала өркениеті тудырған шежіре мәлеметтеріне деректік талдау жасау, көшпелілік болмысқа тән тарихи ой-сана мен тарихи таным өрісін, оның табиғатын және құрамдық бөліктерін, әлеуметтік-мәдени қызметін тануға жол ашады. Тарихи ертегілер, жыр-дастандар, тарихи әңгімелер, аңыз, шешендік, билер сөзі және басқа да ауызша айтылып, халық жадында сақталған мұралар шежірелік дәстүрді құрайтын ішкі деректерге жатады. Өз кезінде Ш. Уәлиханов, қазақта «бірде-бір мәнді оқиғасы, бірде-бір керемет кісісі туралы айтылмай қалғаны, халық жадында сақталмай қалғаны жоқ», - деп атап өткен. Расында да, қазақ мәдениетінде, төл әдебиетінде үлкен деректік қор бар. Ол деректемелердің тарихи шындықты суреттеудегі ерекшеліктері ғылымда қарастырылмай келді. Шежірелердің негізгі мәнісі тұрғысынан олар ғылыми-танымдық (зерттеушілік), әдеби-фолькорлық (көркемдік, даналық сипаты); өлкетану- публицистикалық (пікір айту, көпшілікке таныту) сияқты үш түрлі жағымен үш бағытта дамыды. Әртүрлі еңбектерде осы тұстардың барлығы болғанымен, кейінгі бағыты басымдау. Кәсіби тарихшылардың қатарын шежірелік деректі қолдануына орай шығыстану, археология, этнография, тарихнама мен деректану, тарихтың ішкі салаларына бөліп қарастырған дұрыс. ХІХ ғасырда «Қазақ шежіресі» атты мағынасы терең ғылыми мақала жазған ірі ғалым Ш. Уәлихановтың еңбегі елеулі. Шоқан бұл деректерді өзі ғана жинап қоймай, сол кездегі қазақ ортасындағы көзі ашық, сауатты, қайраткер адамдарға да аманат қылды. Кейін бүл мұралар Г. Потаниннің кітаптарында жарияланған. Ә. Бөкейханның төрелер шежіресіне қатысты жинақтаған генеалогиялық мәліметтері бүгінгі күні де өзектілігі мен ғылыми-қолданбалы мағынасын жоғалтпаған. Қазақ өткенін баяндайтын деректерді жариялаған М. Тынышпаев, өз еңбегінде қазақ руларының жүйесі, шығу тегі, ата-тек кестелері мен халық саны туралы мәліметтер келтірген. Оның ізденістеріне А. Харузин, Н. Аристов, В. Бартольдтің еңбектері қатты әсер еткен. Орыстың шығыстанушы ғалымдарымен жақын таныса отырып, М. Тынышпаев бұл еңбекте олардың зерттеу әдістерінен көп тәлім алған. Әбілғазы баһадүр ханның «Шаджара-йи түркі» еңбегіне ерекше зерттеп, үлкен баға бергендердің бірі А. Кононов болды. Араб деректеріндегі түркілер туралы деректер туралы зерттегендердің бірі А. Зайончковский, ал шығыс деректері негізінде Моғолстанның қазақ пен өзбек қарым-қатынастары туралы зерттеулерді жүргізген ғалымдардың бірі О. Акимушкин еді. Тарихи мазмұн тұрғысынан шежірелердің деректеріне аса зор көңіл бөлген Ә. Марғұлан мен Е. Бекмаханов, М. Вяткиндердің есімдері алдыңғы қатарда тұр. Ерте және ортағасыр дәуірі тарихына қатысты қазақтың шежіресін қолдану нәтижелігін дәлелдеген ғалымдар осылар. Е. Бекмаханов өз зерттеулерінде қазақтың қария сөзін қолдану қажеттілігін дәлелдеп, қазақы тарихи деректерді қолданса, М. Вяткин тарихи-шежірелік деректерді Сырым батыр қозғалысын қарастыруға пайдаланды. Қазақстандағы шығыстанушылық зерттеулер ХІХ ғасырдағы Ш. Уәлиханов еңбектерінен бастау алып, ХХ ғасырда жақсы дамыды. Ғылым үшін үлкен жетістіктің бірі С. Ибрагимов, Н. Мингулов, К. Пищулина, В. Юдин тәрізді бір топ қазақстандық ғалымдардың үлкен еңбегімен байланысты. Олар дайындаған қазақ хандығы дәуіріне қатысты дерек үзінділерінің жинағы орыс тіліне аударылған 17 құнды тарихи-деректік құжатты қамтыды. Жалпы, шежірелердің тарих, деректану және тарихнама пәндеріне орай зерттеудегі орны туралы тиянақты айтып кеткен Ю. Зуев, Б. Көмеков, Ж. Тулибаева, А. Қадырбаев, З. Қинаятұлы, С. Сыздықов, Т. Бейсембиев, С. Жақыпбеков, М. Қойгелдиев, Н. Келімбетов, К. Есмағамбетов, Н. Әлімбай, Н. Базылхан, Т. Омарбеков, Х. Ғабжалелов; М. Қадыртаева, Г. Жакупова, Р. Айтбаева, И. Ерофеева және т.б. зерттеушілер болды. Парсы және түркі тілінде жазылған тарихи туындыларына шолу, олардың деректік маңыздылы, мәліметтердің кеңінен қолданылуы В. Юдин, Т. Султанов, Т. Бейсембиев, М. Әбусейітова еңбектерінде берілген. Қазақ халқының этногенез мәселесін қарастырған М. Ақынжанов, С. Ахинжанов еңбектерінде ерте және ортағасырлық тарихтағы ескі рулардың, халықтардың, қазақтың шығу тегіне қатысы туралы айтылады. М. Ж. Көпейұлының шежірелік мұраларын жария ету ізденістері Е. Жүсіповтің еңбектерінде жүргізілген. Қытай, манчжур және моңғол деректерін зерттеп, аударып жеткізіп отырған Б. Еженханұлы, Ж. Ошан, С. Сұңғатай, Н. Базылхан, З. Хинаят, Қ. Мұхамадиұлы, А. Тойшанұлы, Д. Қатран. Б. Хинаят және т.б. ғалымдар дайындаған материалдар қазақтың шежірелік деректерін зерттеуге берері мол. Түркітекті басқа халықтардың шежірелерінен дерек ретінде зертеу тәжірибесін қолдануға лайық қырғыз, татар және башқұрт, қарақалпақ, өзбек шежірелеріне қатысты басылымдар бар. Ноғайлардың шежірелік мәліметтері А. Исиннің зерттеулерінде орын алады. Шежірелерді шартты түрде үш топқа бөліп қарауға байланысты: «Шыңғыснаманы» жазған Өтеміс қажы (XVI ғ.), Мұхаммед Қайдар Дулат (1499–1551), Қадырғали Жалайыри шежірелері мен Әбілғазы Баһадүрханның (1603–1664) «Түркі шежіресі»; ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасыр басы: М.Ж. Көпейұлы (1858–1931), Қ. Халид (1846–1913), Ш. Құдайбердіұлы (1858–1931), Н. Наушабай (1858–1919) мұралары. Мәшһүр Жүсіп шежіре қолжазбасы ескі уақыттан бастап XХ ғ. бірінші ширегіне дейін орын алған оқиғаларды баяндайды. Шәкәрім шежіресі де солай. ХХ ғасырда шежіре жасаушылардың топтамалары. Шежірелер құрамында ескі тарихи дәуірлердің мәліметтері тарихи-тұрмыстық жыр, аңыз күйінде көп сақталған. Осылайша кейбір шежіре мәліметтері мерзім жағынан ерте дәуірден қазіргі күнге дейінгі уақытты қамтығанымен, генеалогиялардың дені қазақ хандығы дәуіріне қатысты. Мұнда моңғол мемлекеті күйрегеннен кейінгі уақыт пен қазақ жүздерін қалыптасуы дәуіріндегі қазақ ру-тайпаларының құралу принциптерін айғақтайтын тарихи-генеалогиялық жүйе сипатталады. Шежіре деректерін сараптау арқылы дәстүрлі танымдағы тарих сипаттау ерекшеліктерін айқындау, және басқа (заттық, жазба) дерек түрлерімен салыстыра зерттеудін тәжірибелік маңызы зор. Даладағы ауызекі тарихи әңгімелерден хатталған әйгілі шежіре еңбектері қатарында Өтеміс қажының «Шыңғыс-намасы», Қадырғали Қосымұлы Жалайырдың «Шежірелер жинағы», Әбілғазы Баһадүр ханның «Шаджара-йи түрки» шығармалары белгілі. Шежірелік мәліметтер сақтайтын деректемелік жинақтың бірі – қазақ хандықтары тарихына қатысты ортағасырлық парсы және түркі шығармаларындағы үзінділерді жария еткен материалдар жинақпен (Материалы по истории казахских ханства) байланысты. Ал араб тарихшылары жасаған тарихнама туындыларындағы түркі-моңғол жұртына қатысты шежірелік мәліметтер мен сақталған шығармаларды Алтын Орда тарихы туралы материалдар жинағынан табамыз (Сборник материалов по истории Золотой Орды). Шежірелік мәліметтерді сондай-ақ ресми тарихи құжаттармен салыстырмалы зерттеу мақсатында XVI-XVIII ғғ. қазақ-орыс қарым-қатынастары туралы құжаттар мен материалдар деректерін, XVI-XX ғғ. орыс деректеріндегі Қазақстан тарихы және ХІХ ғ. – ХХ ғ. аралығындағы Қазақстанның саяси құрылымы туралы материалдарындағы (Материалы истории политиечского строя) деректерді қолдануға болады. Кейінгі жарыққа шыққан еңбектер қатарында В. Тизенгаузен жинаған парсы деректемелерінің үзінділері, «Му‘изз ал-ансаб» (Прославляющее генеалогии) «Маджма‘ әл-ансаб уа-л-ашджар» (Шежірелер жинағы), ХІІІ-XIХ ғғ. аралығындағы моңғол деректемелері, Алтын Орда дәуіріндегі араб-парсы шығармаларының жинағы маңызды. Қазақ шежірелерінде мынадай мағлұматтар тасымалданады: а) қазақ ру- тайпаларының тарихи-генеалогиялық деректері; ә) қазақ төрелерінің тарихи генеалогиялары; б) қожалардың генеалогиялық деректі кестелері; в) қазақ ортасындағы кірме топтардың тарихи-деректі үлгілері. Алайда, қазақ шежірелерінде осылардың әрқайсысы тарихи дерек мөлшерін әрқилы сақтайды. Ең мол деректік мағлұматтар қазақ рулары мен тайпаларына және қазақ төрелері, хан, сұлтандарының тарихын баяндауға байланысты шежірелер. Ал қожалар мен қазақ ортасындағы кірме топтардың деректік мағлұматтары көбінесе шежірелік генеалогиялық кестелер, немесе тізбелерменен ғана шектеледі. Мұның өзінде де белгілі, қоғами қатынастардың объективті жағдайларынан туындаған заңдылықтар бар. Шежірелерді жүз, ру, принциптері негізінде сыныптаудың табиғаты шежірелердің ішкі ұйымдасуының ізімен жүруден туындаса, хронологиялық және тарихилық белгілері негізінде жүйелеу тарихи таным принциптерінен қалыптасқан сыныптау болып табылады. Ал тарихи-деректік сыныптау ісінде хронологиялық, тарихилық және тақырыптық принциптерге қосымша басқа да ұстанымдарды қолдануға болады. Жалпы бұл арада деректерді топтаудағы бұрын айтылған сара жолдан да тыс көзқарас туралы ізденіс керек. Қазақтың дәстүрлі қоғамдық санасында тарихи білім өзінің ата-тегі, ата- бабалары, ру-тайпаның қалыптасуы мен ру ішінен шыққан әйгілі адамдар және олардың тәлімді іс-әрекеттері туралы жиналып сақталған біліммен тығыз байланысты болған. Дәстүрлі қоғамда өз заманын тану амалдары тек қана өткен дәуірлердің жолын түсініп-білу арқылы жүзеге асқан. Шежіре зерттеу тәжірибесі сайып келгенде қазақ жүздерінің рулық негізі мен әлеуметтік байланыстарын нақты көрсетеді. Бекіту сұрақтары 1 Ортағасырлық түркі деректерін атаңыз? 2 Әбілғазы Баһадүрдің қазақ тарихы үшін дерек беретін қандай шығармасын білесіздер? Ұсынылатын әдебиет 1 Источниковедение истории СССР: Учебник. М., 1981. 2.Источниковедение: Теория. История: Метод. Источники Российской истории: Уч.пособие. М., РГГУ, 1998. 3.Атабаев Қ. Деректану теориясының негіздері. А.,2002 4.Байтурсынов А. Тезисы о терминологии на тюркских языках//Бюллетень оргкомитета по созыву Всесоюзного тюркологического сьезда. № 2, Баку, 28 февраля 1929 года. С.20-22 5. Зевелев И. Источниковедение и его методологические аспекты. М., 1980 19-тақырып. ХҮ-ХҮІІ ғғ. Қазақстан туралы орыс деректері. Строганов және Ремезов жылнамалары. Орыс елшілерінің (Д. Губин, С. Мальцев, Б. Доможиров, В. Степанов) Орталық Азиядағы жазбалары. «Көлемді сызба кітабы». Елшілердің бұйрық материалдары Қазақстан тарихының дерегі ретінде. ХІҮ-ХҮІІ ғғ. Қазақстан тарихы бойынша батысевропалық деректер. Де Клавихо, С. Герберштейн, И. Барбаро, А. Дженкинсон жазбалары. Батыс европалық авторлардың шығармаларындағы Қазақстан туралы картографиялық мәліметтер. 20-тақырып. Жаңа замандағы Қазақстан тарихы бойынша тарихи деректердің кешенін кеңейту. ХҮІІІ-ХІХ ғғ. бұхаралық деректер. Карминаги, Мухаммед Амин, Данйал би аталық, Мұхаммад Наки, Мулла Ибадаллах, Мухаммед Шариф, Муин, Мунши, Қара қожа, Талиб т.б. шығармалары ХҮІІІ-ХІХ ғғ. Қазақстан тарихы бойынша тарихи дерек ретінде. 21-тақырып. ХҮІІІ-ХІХ ғғ. Қазақстан тарихы бойынша қытай деректері. Сун Юнның «Ұлы Цин династиясының жылнамасы», На Яньченнің «Жоңғарларды жуасытуды суреттеу» шығармалары. 22-тақырып. Қазақстанды суреттеудегі орыс деректануының қалыптасуы. Қазақстан тарихы бойынша экспедиция материалдары, саяхатшылардың жазбалары. Экспедицияға қатысушы И. Кирилловтың қазақ даласына 1768-74 жж. жасаған саяхаттары. П.И. Рычков, Н.П. Рычков, П. Паллас, П. Фальк, И. Георги. ХІХ ғ. өлке тарихы туралы этнографтар мен саяхатшылардың шығармалары мен жазбалары. В. Радлов, Уәлиханов Ш., Спасский Г., Левшин А., Румянцев П. т.б. 23-тақырып. ХҮІІ-ХІХ ғғ. заң актілік материалдары Қазақстан тарихының дерегі ретінде. 1.«Жеті Жарғы» - ХҮІІ ғ. аяғы - ХҮІІІ ғ. басындағы қазақтардың қарапайым құқықтары кодексінің норммасы ретінде. 2.Шекаралық комиссия және Орынбор генерал-губернаторлығының материалдары: 1822-1824 жж. жарғылар ХІХ ғ. бірініші жартысындағы 3.Қазақстанның әкімшілік-территориялық құрылысы бойынша дерек ретінде. 1838, 1844, 1854, 1867-1868, 1881, 1891 жж. отар жерлердегі заң қаулылары Ресей империясының заңшығарушылық элементі ретінде. 4. ХІХ ғ. Қазақстандағы Ресей заң актілерінің спецификалық ерекшеліктері - тарихи деректер кешеніндегі алатын орны мен атқаратын ролі. 24-тақырып. Статистистикалық материалдар, хаттар Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі деректер ретінде. 1.Ф.А. Щербина экспедициясы. Көші-қон басқару материалдары жаппай дерек ретінде. 2.ХІХ ғ. әдебиетінің ескерткіштері тарихи дерек ретінде- «Сырым батыр», «Исатай Махамбет», «Жанқожа», «Досан»; «Айман Шолпан» «Есім сері» «Мақпал қыз» т.б. поэмалар; «Зар заман» шығармасы. Әдеби ескерткіштермен жұмыс жасаудың әдістері. 25-тақырып. Өлкедегі мерзімді басылымдардың пайда болуы. 1.«Дала уәлаяты» «Түркестан уәлаяты» газеттері. Қазақстанның облыстық газеттері. «Қазақ» газеті, «Айқап» журналы. 2.ХІХ ғ. аяғы - ХХ ғ. басындағы Қазақстан мерзімді басылымдарының ерекше белгілері. 3.Қазақ ұлттық зиялыларының шығармалары тарихи дерек ретінде. А. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов. 26-тақырып. Қазақстанның қазіргі заман тарихы бойынша тарихи деректердің кешені. 1.Саяси партиялар мен бірлестіктердің бағдарламалары мен жарғылары саяси күрес тарихы жөніндегі тарихи дерек ретінде. 27-тақырып. Кеңестік кезеңдегі дерекнамалық негіздің қалыптасуының спецификалық ерешеліктері. 1.Деректердің типологиялық корпусының өзгерістері. 2.Кино-фотоқұжаттарының пайда болуы. Олармен жұмыс жасаудың әдісі. 3.Заң құжаттары. Құқықтың заң шығарушы бастаманың, заң жобаларын талқылаудың және оларды баспадан шығаруды айқындаудың проблемалары. 4.Заң шығарушылықтың, нормалар мен шындық арақатынасының атқарушы механизмдері. 5.КСРО және Қазақ КСР-ң Конституциясы тарихи дерек ретінде. 28-тақырып. Саяси партиялардың бағдарламалық, жарғылық және директивтік құжаттары. 1.КОКП-ң, Қазақстан компортиясының құжаттары. 2.Кеңестік мекемелердің құжаттары. 3.КОКП-сының жетекшілерінің Қазақстан туралы құжаттары. 4.Қазақстанның партиялық және кеңестік жетекшілерінің құжаттары тарихи дерек ретінде. 29-тақырып. Мемлекеттік және қоғамдық мекемелердің іс жүргізу материалдары тарихи дерек ретінде. Ұйымдастырушы, жарлық, жоспарлық, бақылау құжаттары, есептер, хаттамалар, стенограммалар және ағымдық хат алмасулар іс жүргізу құжаттарының әртүрлілігі ретінде. Мемлекеттік билік органдарының іс жүргізу материалдарына сипаттама. Жарлықтар, хаттамалар және есептер мен стенограммалардың дерек ретінде пайдалану процесі. 30-тақырып. Статистикалық материалдар. 1.КСРО-ғы статистикалық есеп алуды ұйымдастыру. 2.Ауыл шаруашылығының статистикасы. Өнеркәсіп статикасы. 3.Халық санының статикасы. Статистикалық материалдарды қолдану проблемалары. 4.КСРО, Қазақ КСР-ң халық шаруашылығын дамытуды жоспарлау материалдары. Жеке туындаған деректер. 5.Кеңестік мекемелер жетекшілерінің, мәдениет, ғылым қайраткерлерінің мемуарлары мен күнделіктері кеңестік дәуірдегі Қазақстанның әлеуметтік- саяси, мәдени және экономикалық дамуы туралы тарихи дерек ретінде. 6.Хаттар Қазақстанның қазіргі заман тарихы бойынша тарихи деректер ретінде. Кеңес мемлекеті қызметкерлері мен коммунистік партия қайраткерлері арасындағы хат алмасу, қатардағы азаматтардың хаттары. Статистикалық материалдарға сипаттама. КСРО-ғы статистикалық есеп алуды ұйымдастыру қызметіне талдау жасау. Кеңестік дәуірдегі бес жылдық жоспарды орындаудағы ауыл шаруашылығының статистикасы. Өнеркәсіп және халық саны туралы статистикасы. Жеке туындаған деректер. Кеңестік мекемелер жетекшілерінің, мәдениет, ғылым қайраткерлерінің мемуарлары мен күнделіктері кеңестік дәуірдегі Қазақстанның әлеуметтік-саяси, мәдени және экономикалық дамуы туралы тарихи дерек ретінде. Хаттар Қазақстанның қазіргі заман тарихы бойынша тарихи деректер ретінде. Кеңес мемлекеті қызметкерлері мен коммунистік партия қайраткерлері арасындағы хат алмасу, қатардағы азаматтардың хаттары. ХХ ғ. Қазақстанның мерзімді басылымдары тарихи дерек ретінде. Мерзімді басылымдарды құрудың принциптері. Қазақстанның кеңестік-саяси басылымдарындағы сын мәселесі. 1980 ж. бейресми мерзімді басылымдардың пайда болуы. Қазақстанның мерзімді басылымдарын пайдаланудың проблемалары тарихи дерек ретінде. Қазіргі кезеңдегі тарихи деректердің қалыптасының негізгі бағыттары. Тәуелсіз Қазақстандағы заң шығарушылық пен статистиканың дамуының ерекшеліктері. Бекіту сұрақтары 1 Статистикалық материалдарды дерек ретінде пайдалану қалай жүзеге асады? 2 Демографиялық мәліметтер дерек ретінде? 3 Тәуелсіз Қазақстанның қазақ тарихы үшін деректану пәнінің ерекшелігі неде? Ұсынылатын әдебиет 1 Источниковедение истории СССР: Учебник. М., 1981. 2.Источниковедение: Теория. История: Метод. Источники Российской истории: Уч.пособие. М., РГГУ, 1998. 3.Атабаев Қ. Деректану теориясының негіздері. А.,2002 4.Байтурсынов А. Тезисы о терминологии на тюркских языках//Бюллетень оргкомитета по созыву Всесоюзного тюркологического сьезда. № 2, Баку, 28 февраля 1929 года. С.20-22 5. Зевелев И. Источниковедение и его методологические аспекты. М., 1980 3 практикалық сабақтар 1-тақырып. 1.Қазақстандық зерттеушілердің еңбектеріндегі деректердің жіктелуі және көзқарастары. 2. Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы бойынша тарихи деректердің жіктелуі. 3. Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы бойынша тарихи деректердің жіктелінің біріңғай критерилерін өңдеу. 4.Қазақстан тарихы бойынша тарихи деретердің жіктелуіндегі ауыз әдебиеті нұсқауларының (шежіренің) атқаратын ролі. 2-тақырып. Қазақстан деректануындағы әртүрлі мектептер мен бағыттардың әдісін қолдану. 1.В. Дильтенің деректі деректанулық сын спецификалық әдісі түсінігі ретінде қарастыруы. 2.А.С. Лаппо-Даниелевскийдің «Бөтен рухтанғанды тану» идеясы мәдениетті зерттеудің әдісінің негізі ретінде. 3.Қазақстан тарихының деректануындағы позитивті методологияға механистік тұрғыдан қараудың себебі мен ерекшеліктері. 3-тақырып. Ежелгі жазба ескерткіштері. 1.І Даридің Бехистун жазбасы; Ксеркс жазбасы. Авеста - үндіарилердің ежелгі ескерткіші. 2.Қазақстан тарихы бойынша орта ғасырлық ескерткіштер. 3.Қазақстан тарихы бойынша орта иран ескерткіштері. 4.Антикалық жазба шығармалары Қазақстанның ежелгі дәуір тарихы бойынша дерек ретінде. 5.Герадоттың «Тарихы», Ктесияның «Парсылар тарихы»; Диодор Сицилийский; Плиний; Клавдий Элиан; Полибий. Страбонның «Географиясы», Птоломейдің «Географиясы». 4-тақырып. 1.Ортағасырлық араб-, парсы тілді және түркі жазба деректері. 2.Әл-Балазури және ат-Табари шығармаларындағы Қазақстанды мекендеген тайпалар және олардың территориясы туралы алғашқы мәліметтер. 3.ІХ ғ. - Х ғ. басындағы саяхатшылардың жазбалары орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы бойынша жазба дерек ретінде. 4.Ибн Хордабек, ибн Джафар, ал Якуби, Ибн ал- Факих, ибн Русте. 5.Саяхатшылардың жазбаларын шындықпен бейнелену спецификасы. 5-тақырып. Х-ХІ ғғ. араб географтарының еңбектері орта ғасырлық Қазақстанның географиясы туралы тарихи дерек ретінде. Ал-Истахри, ибн Хаукаль, ибн Фадлан, Абу Дулаф, ал-Масуди, ибн ал - Хусайн, Гардизи, ал - Бируни, әл - Марвази шығармалары. 6-тақырып. ХІІІ-ХҮІІ ғғ. Қазақстан тарихы бойынша парсы тілді деректер. Маңғол шапқыншылығының тарихы мен маңғол ұлыстарының құрылуы туралы деректер. Джувейни, Рашид әд-Дин, Шами, али-Йазди, Самарканди шығармалары, Тимуридтер - Натанзи, Хафиз-Абру, аль-Джурджани деректері. 7-тақырып. ХҮІІ-ХІХ ғғ. заң актілік материалдары Қазақстан тарихының дерегі ретінде. 1.«Жеті Жарғы» - ХҮІІ ғ. аяғы - ХҮІІІ ғ. басындағы қазақтардың қарапайым құқықтары кодексінің норммасы ретінде. 2.Шекаралық комиссия және Орынбор генерал-губернаторлығының материалдары: 1822-1824 жж. жарғылар ХІХ ғ. бірініші жартысындағы 3.Қазақстанның әкімшілік-территориялық құрылысы бойынша дерек ретінде. 1838, 1844, 1854, 1867-1868, 1881, 1891 жж. отар жерлердегі заң қаулылары Ресей империясының заңшығарушылық элементі ретінде. 4. ХІХ ғ. Қазақстандағы Ресей заң актілерінің спецификалық ерекшеліктері - тарихи деректер кешеніндегі алатын орны мен атқаратын ролі. 8-тақырып. Статистистикалық материалдар, хаттар Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі деректер ретінде. 1.Ф.А. Щербина экспедициясы. Көші-қон басқару материалдары жаппай дерек ретінде. 2.ХІХ ғ. әдебиетінің ескерткіштері тарихи дерек ретінде- «Сырым батыр», «Исатай Махамбет», «Жанқожа», «Досан»; «Айман Шолпан» «Есім сері» «Мақпал қыз» т.б. поэмалар; «Зар заман» шығармасы. Әдеби ескерткіштермен жұмыс жасаудың әдістері. 9-тақырып. Өлкедегі мерзімді басылымдардың пайда болуы. 1.«Дала уәлаяты» «Түркестан уәлаяты» газеттері. Қазақстанның облыстық газеттері. «Қазақ» газеті, «Айқап» журналы. 2.ХІХ ғ. аяғы - ХХ ғ. басындағы Қазақстан мерзімді басылымдарының ерекше белгілері. 3.Қазақ ұлттық зиялыларының шығармалары тарихи дерек ретінде. А. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов. 10-тақырып. Қазақстанның қазіргі заман тарихы бойынша тарихи деректердің кешені. 1.Саяси партиялар мен бірлестіктердің бағдарламалары мен жарғылары саяси күрес тарихы жөніндегі тарихи дерек ретінде. 11-тақырып. Кеңестік кезеңдегі дерекнамалық негіздің қалыптасуының спецификалық ерешеліктері. 1.Деректердің типологиялық корпусының өзгерістері. 2.Кино-фотоқұжаттарының пайда болуы. Олармен жұмыс жасаудың әдісі. 3.Заң құжаттары. Құқықтың заңшығарушы бастаманың, заң жобаларын талқылаудың және оларды баспадан шығаруды айқындаудың проблемалары. 4.Заң шығарушылықтың, нормалар мен шындық арақатынасының атқарушы механизмдері. 5.КСРО және Қазақ КСР-ң Конституциясы тарихи дерек ретінде. 12-тақырып. Саяси партиялардың бағдарламалық, жарғылық және директивтік құжаттары. 1.КОКП-ң, Қазақстан компортиясының құжаттары. 2.Кеңестік мекемелердің құжаттары. 3.КОКП-сының жетекшілерінің Қазақстан туралы құжаттары. 4.Қазақстанның партиялық және кеңестік жетекшілерінің құжаттары тарихи дерек ретінде. 13-тақырып. Мемлекеттік және қоғамдық мекемелердің іс жүргізу материалдары тарихи дерек ретінде. Ұйымдастыршы, жарлық, жоспарлық, бақылау құжаттары, есептер, хаттамалар, стенограммалар және ағымдық хат алмасулар іс жүргізу құжаттарының әртүрлілігі ретінде. 14-тақырып. Статистикалық материалдар. Статистикалық материалдардың жалпы сипаттамасы. 1.КСРО-ғы статистикалық есеп алуды ұйымдастыру. 2.Ауыл шаруашылығының статистикасы. Өнеркәсіп статикасы. 3.Халық санының статикасы. Статистикалық материалдарды қолдану проблемалары. 4.КСРО, Қазақ КСР-ң халық шаруашылығын дамытуды жоспарлау материалдары. Жеке туындаған деректер. 5.Кеңестік мекемелер жетекшілерінің, мәдениет, ғылым қайраткерлерінің мемуарлары мен күнделіктері кеңестік дәуірдегі Қазақстанның әлеуметтік- саяси, мәдени және экономикалық дамуы туралы тарихи дерек ретінде. 6.Хаттар Қазақстанның қазіргі заман тарихы бойынша тарихи деректер ретінде. Кеңес мемлекеті қызметкерлері мен коммунистік партия қайраткерлері арасындағы хат алмасу, қатардағы азаматтардың хаттары. 15-тақырып. ХХ ғ. Қазақстанның мерзімді басылымдары тарихи дерек ретінде. Мерзімді басылымдарды құрудың принциптері. Қазақстанның кеңестік-саяси басылымдарындағы сын мәселесі. 1980 ж. бейресми мерзімді басылымдардың пайда болуы. Қазақстанның мерзімді басылымдарын пайдаланудың проблемалары тарихи дерек ретінде. Қазіргі кезеңдегі тарихи деректердің қалыптасының негізгі бағыттары. Тәуелсіз Қазақстандағы заң шығарушылық пен статистиканың дамуының ерекшеліктері. 4 Студенттердің өздік жұмысы 4.1 Студенттердің өздік жұмысын орындаудағы әдістемелік нұсқаулар Өздік жұмысының кең таралған және маңызды түрлерінің бірі – ол тәжірибелік сабақтарға және ғылыми конференцияларға студенттермен әзірленетін рефераттар болып саналады. Бұл өздік жұмыстың түрі өте қызықты және маңызды, өйткені ол студентті ғылыми зерттеулерге баулиды. Рефератты дайындау студенттердің ғылыми-ізденіс жұмыстарының элементі ретінде оларды аудиторияның алдында сөйлеуге мүмкіндік береді. Осының бәрі, студенттердің рефераттық жұмыстарын басқаруын ұйымдастыруға үлкен жауапкершілік артады. Рефераттың тақырыбын таңдап алу өте маңызды орын алады, өйткені студенттің өздік жұмысқа деген қызығушылығы, алынған тақырыпқа байланысты болады. Сондықтан, оқытушыға студенттің тақырыпты дұрыс таңдап алуына көмек жасап, рефератты әзірлеу барысында оған жалпы басқаруды қамтамасыз ету қажет. Рефератты әзірлеуінің бірінші кезеңі - әдебиетті дұрыс таңдау, ол үшін кітапханадағы каталогтарды және басқада библиографиялық нұсқауларды қолданған жөн. Студентті анықтамалық әдебиеттермен, термин – аудармалармен, әдістемелік нұсқаулармен, ғылыми журналдармен қолдануға үйрету қажет. Екінші кезең – танысу, мәліметті топтастыру және талдау. Ең алдымен тақырып бойынша негізгі құжаттарды оқып, оларды зерттеуден бастау керек. Осы жұмыс барысында тақырыптың негізгі сұрақтары біліне бастайды, олардың реттілігі және бастапқы жоспары. Сонан кейін, жоспардың сұрақтары арқылы барлық зерттелген әдебиет бойынша мәліметті топтастыру қажет. Барлық мәлімет жиналғаннан кейін, жоспарды ретке келтіріп, рефератты құрастыруға және жазуға кірісуге болады. Бұл реферат әзірлеуінің үшінші соңғы кезеңі болмақ. Ақырында пайдаланған әдебиет тізімін келтіру қажет. Оқытушыға студенттерді қатал бақылауының қажеті жоқ, керісінше олардың ынтасын марапаттау қажет. Реферат толығымен әзірленбей тұрып, оқытушы студенттің дайындаған жоспарын қарап шығу қажет. Рефератты ресімдеу сұрақтары бойынша арнайы кеңес берген жөн. Рефераттың титулды бетіне университеттің және факультеттің атауын, мамандығын, тақырыбын, өзінің аты – жөнін, жазылған жылын көрсету қажет. Келесі бетте, цифрлармен белгіленген рефераттың жоспары көрсетіледі. Жоспардағы сұрақтардың жауабын жаңа беттен бастаған жөн. Рефератты жазу барысында беттерді нөмірлеп, сол жақтан (3 см) жолдарды қалтыру керек. Ақырғы бетте пайдаланған әдебиеттің тізімі көрсетіледі, олардың жазылуын алдын ала оқытушы студенттерді таныстырады. Реферат жұмысы аяқталғаннан кейін, оны студент тексеруге оқытушыға тапсырады, сонан кейін барып ол жұмысқа: «сыналды», «сыналған жоқ» немесе «қанағаттандырылған», «жақсы», «өте жақсы» деген баға беріледі. Рефераттық жұмыстардың есепке алуының жеке журналы болғаны немесе рефераттарды болашақ оқу жұмыстарында пайдалану үшін оқу залында сақтаған жөн. 4.2 Студенттердің өздік жұмысының тақырыптары: 4.2.1 Қазақстан тарихы бойынша тарихи деректердің түрлерінің жіктелу детерминациясының проблемалары. 4.2.2 Авеста - үндіарилердің ежелгі ескерткіші. 4.2.3 Герадоттың «Тарихы», Ктесияның «Парсылар тарихы»; 4.2.4 Ежелгі кет жылнамалары мен саяхатшыларының жазбалары Қазақстан тарихы бойынша дерек ретінде. 4.2.5 Қазақстанның ежелгі дәуір тарихы бойынша қытай деректерінің спецификасы. 4.2.6 Ежелгі түрік жазба ескерткіштері. 4.2.7 Х-ХІ ғғ. араб географтарының еңбектері орта ғасырлық Қазақстанның географиясы туралы тарихи дерек ретінде. 4.2.8 ХІІІ-ХҮІІ ғғ. Қазақстан тарихы бойынша парсы тілді деректер. 4.2.9 Мырза Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи-и-Рашиди» шығармасы Қазақ хандығының құрылуы туралы тарихи дерек ретінде. 4.2.10 Қазақ халқының ауыз әдебиеті нұсқалары (шежіре) тарихи дерек ретінде. 4.2.11 Орыс елшілерінің (Д. Губин, С. Мальцев, Б. Доможиров, В. Степанов) Орталық Азиядағы жазбалары. 4.2.12 Қазақстан тарихы бойынша экспедиция материалдары, саяхатшылардың жазбалары. 4.2.13 Өлкедегі мерзімді басылымдардың пайда болуы. 4.2.14 Қазақ ұлттық зиялыларының шығармалары тарихи дерек ретінде. А. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов. 4.2.15 КСРО және Қазақ КСР-ң Конституциясы тарихи дерек ретінде. 4.2.16 Қазақстанның мерзімді басылымдарын пайдаланудың проблемалары тарихи дерек ретінде. 4.2.17 Қазіргі кезеңдегі тарихи деректердің қалыптасының негізгі бағыттары. 4.2.18 Тәуелсіз Қазақстандағы заң шығарушылық пен статистиканың дамуының ерекшеліктері. 4.2.19 1980 ж. бейресми мерзімді басылымдардың пайда болуы. 4.2.20 Тәуелсіздік кемелденген кездегі тарихи деректер.
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz