Файл қосу

Фортопианолық шығармалар



ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
          СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
       «МУЗЫКАЛЫҚ БІЛІМ» КАФЕДРАСЫ | |
|Құжат СМК 3 уровня         |ПОӘК                    |                       |
|                           |                        |ПОӘК                   |
|                           |                        |042-18.1.32/02-2013    |
|ПОӘК                       |                        |                       |
|«Әлемдік музыка тарихы»    |Редакция № 1  ______    |                       |
|пәннің  оқу-әдістемелік    |                        |                       |
|құралы                     |                        |                       |
















                           «Әлемдік музыка тарихы»
                       ПӘНІНЕН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
                  5В010600 «Музыкалық білім» мамандығы үшін










                       ПӘННІҢ  ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛЫ





























                             2013-2014 оқу жылы



      |ПОӘК                     |Ред. № 1  _______20__ ж. |Бет  2__                 |
|042-18.1.32/02-2013      |                         |                         |
















                                  Мазмұны:



      |1      |1 Глоссарий                                                  |   |
|       |                                                             |   |
|2      |2 Тәжірбиелік сабақтар                                       |   |
|       |                                                             |   |
|3      |3 Студенттің өздік жұмысы                                    |   |
|       |                                                             |   |
|       |                                                             |   |
|       |                                                             |   |
|       |                                                             |   |
|       |                                                             |   |
|       |                                                             |   |
|       |                                                             |   |
|       |                                                             |   |














































      |ПОӘК                     |Ред. № 1  _______20__ ж. |Бет  3_                  |
|042-18.1.32/02-2013      |                         |                         |


                            1 ГЛОССАРИЙ


«Вокалдық   музыка»   –   (вокале-дауыс   деген   сөз).   Музыка   аспабының
сүйемелдеуімен немесе сүйемелдеуінсіз жеке әншіге,  хорға  арналып  жазылған
музыкалық шығармалар.(Ән, романс, ария, опера, оратория, кантата т,б).

“Вокализ” –  дауысты дыбыстардың көмегімен әуенді айту.

«Опера» - Италияның opera – еңбек, шығарма   деген  ұғымды  беретін  сөзінен
алынған. Опера музыкалы – драмалық көп бөлімді шығарма.

 «Симфония» - симфония оркестріне арналған көп бөлімді аспапты шығарма.

«Фольклер» - Ұлттық салт-дәстүрлік әндер , билер аспаптық шығармалар.

 «Ән» – үнділік, көркемдік қасиеттері бар әуеннен құралады.
«Романс» – испан тілінен алынған. Орта ғасырда  Испанияда  жергілікті  роман
тілінде айтылатын лирикалық әндер пайда болып, ХҮІ ғасырдан бастап  «романс»
жанр  болып  тұрақталып,  басқа  европалық  елдерге  тарайды.  ХҮІІІ  –  ХІХ
ғасырларда  романс  деген  сөз  мағынасы  кеңейіп,  жеке  дауысқа  арналған,
музыкалық  сүйемелеумен  жазылған  күрделі  де  кең  екпінді   шығармалардың
қатарына енеді.
   Романстың әннен айырмашылығы, екі – үш  бөлімнен  құралып,  кең  ауқымды,
терең сезіммен, баяу екпінмен орындалатын ән.  Жай  әндер  мен  романстардан
басқа көлемді әндер де бар, олар ария,  ариетта,  аризо,  коватина,  баллада
және т.б.
«Баркаролла» – (Италия тілінен  қайық)   қайықшылардың,  балықшылардың  әні.
Өте салмақты, өлшемі көбінесе 6/8  (мысалы:  «Венецианская  ночь»  М.Глинки,
«Спит безмятежно моря», Моцарттың «Идоменей» деген операсынан алынған.
«Элегия» – (грек тілінен аударғанда арыз  айту  әні).  Ән   көңілсіз,  терең
ойлы мінезі болады. Фортепианоға арналған  атақты  элегиялар  С.Рахмановтың,
Чайковскийдің шекті оркестрге арналған Серенададан алынған элегия,  дауысқа,
фортепианоға, виоленчельге арналған Вик.Калинкованың элегиясы жатады.
«Кантата» – (латын тілінен аударғанда  Kantate  -  өлең  айту).  Ең  басында
аспаптық сүйемелдеу жалғыз дауысты айтылатын пьеса түрінде пайда болады.  ХҮ
– ХҮІ ғ.ғ.  басқа еуропалықтар сияқты  италияда  кәсіби  музыкалық  қалыпта,
үлкен полифониялық  стильде  дамыды.  Контатада  операдан  кейін  дамып  кең
ауқымды тарала бастады. Ол өзіндік ерекшелігімен  қалыбы  жағынан  арниялық,
мінезі жағынан речитативтік жағынан операға жақын болады.
   ХҮІ ғ. Аяғында Флоренцияда композиторлар мен әншілердің қауымдастығы  мен
көркем үйірме ашылып, өнердің  көне  түрін  қалпына  келтіруге  үлкен  жұмыс
жасады. ХҮІІ ғ. Италия контантаның маңызы,  бөліктері  махаббат  лирикасымен
ерекшеленеді. Кантата жанры пайда болғаннан кейін оның  жаңа  түрлері  пайда
бола бастады. Мысалы, рухани кантатада.
   Кантата кең қанат жайды. Көбінесе Германия мен Англияда  хор  кантаталары
көп  тарады.  Кантата  немістің   атақты   композиторы   И.С.Бахтың   мәдени
шығармашылық өте жоғары  орын  алады.  Бах  шіркеудің  жанынан  кеңсе  ашып,
кұдайға сыйына отырып әуен шығарады. Осылайша Бахтың 300-ге  жуық  кантатасы
жарық көреді.  Олар  философиялық,  лирикалық,  рухани,  комедиялық  кантата
болды. Бахтың кантаталарының тақырыбы терең ойлы  және  халықтың  үміті  мен
күресі  қайғы – қасіреті жайында болады.
«Оратория»  –  қуатты  католик  шіркеуі  әлсіреп  тұрған  кезде   католиктер
өздерінің дінін қалпына келтіру үшін әр түрлі шаралар  қолдана  бастады.  16
ғасырда  Рим  шіркеушілері  халықты  бибилия  оқуға   тарта   бастады.   Бос
уақыттарында шіркеуден тыс бір ерекше жерлерде, яғни «ораторияларда»  библия
оқып отырып  ерекше  бір  сарынмен  рухты  жандандыратын  әуендер  шығарған.
Сондықтан бұл шіркеу әндерін оратория деп атап кеткен.
«Ария» - италиян сөзінде ән деген сөз.



Ария-опералық музыкада  әрбір  кейіпкердің  ішкі  жан  дүниесіне  байланысты
айтылатын әуен. Орыстың  классиякалық опера музыкасында  шығарманың  идеясын
ашып, бас кейіпкердің бейнесін беретін ұлттық тамаша ариялар бар.

«Вариация» - құбылту деген сөз. Вариацияда алынған  негізгі  әуен  сақталады
да, оның өлшемі, ырғағы, екпіні немесе  тональдігі  өзгеріп,  үнемі  құбылып
отрады.

 «Акапелла» - музыкалық аспаптың сүйемелдеуінсіз айтылатын көп  дауысты  хор
немесе жеке ән.

Аспаптық музыка – жеке аспаптар – фортепиано, скрипка, виолончель,  кларнет,
домбыра, қобыз, гармонь, мандолинаға  арналып  жазылған  концерт,  вариация,
фантазия, этюд,  полонез,  күй  немесе  вальс,  полька,  мазурка  сияқты  би
музыкасы.

Балет - көркемөнер жанрларының бір түрі.  Балеттің  идеялық  және  эмоциялық
мазмұны бидің түрлі пластикалық  қимылдары  мен  оркестрге  арналған  музыка
арқылы ашылады.

Би - өнердің бір түрі. Би әр халықта бар. Биді сүйемелдейтін музыка  болады.
Оны би музыкасы дейді. Би музыкасының әуені мен ырғағы  биге  лайық  болады.
Би концерттерде, мерекелерде, жиын- тойларда, сауық кештерінде биленеді.

 Камералық музыка – кішкене  вокальдық  немесе  бірнеше  музыкалық  аспаптар
ансамбльдері мен жеке аспаптарға немесе дауысқа арналып  жазылған  музыкалық
шығармалар.  Камералық  музыкаға  асапатық  дуэт,  трио,  квартет,  квинтет,
сексетет, септет, октеттер жатады.

Композитор - өз жанынан музыкалық шығарма  (опера,  балет,  ән,  күй,  т.б.)
шығаратын адам.

Концерт  -  1.  алдын-ала  жасалған  программа  бойынша  музыкалық,   әдеби,
хореографиялық және сахналық шығармаларды көпшілік алдында орындау. 2.  жеке
музыкалық аспап пен оркестр үшін жазылған музыкалық шығарма.





                     2 бөлім Тәжірибелік сабақтар

Тақырыптың аты:   ИОГАНН СЕБАСТЬЯН БАХ. ӨМІР БАЯНЫ.

Сабақ  мақсаты:  Бахтың  өмір  баяны  мен  қоса  шығармашылығыың  қыр-сырына
тереңірек үңілу.

Негізгі сұрақтар, тапсырма:

1. Бахтың балалық және оқу жылдарын айтып шық.
2. Бахтың жан-жақты таланты неден байқалды?
3. Бахтың жұмыс істеп, өмір сүрген қалаларын айтып шық.
4. Веймар мен Кетен қалаларында қандай шығармаларын жазды.
5. Бахтың Лейпциг қаласындағы өмірі. Қай жерде қызмет жасады.
6. Өмірінің соңғы кезеңдерінде композитордың жазған шығармаларын атап бер.
7.  Бах  композитордың  өмір  жолы,  тағдыры.  Даңқы  (атағы)  Бахтың  қашан
   басталды. Оған қай неміс композиторы ықпал жасады, жәрдемдесті?
8. Полифония дегеніміз не?
9.   Бахтың   қандай   инвенциясын   білесің?   Имитация,   противосложение,
   интермедия, канон дегеніміз не?
10. Сюита дегеніміз не? Оның ерекшілігі.
11. “Француз сюитасы” до минорға мінездеме бер.
12. Клавесин дегеніміз не?
13. “Хорошо темперированный клавир” –туралы айтып шық.
14. Прелюдия мен фуганың айырмашылығы қандай?
15. Прелюдия және фуга до минор 1-ші том жинағын мысалға келтір.  Араларында
   қандай ортақ негіз бар?
16. Органның құрылысы.
17. Органға арнап Бах қандай шығармалар жазды?
18. Хорал дегеніміз не?
19. Хоралдық прелюдия фа минорда айтып шық.
Сабақ материалдарының тезистік берілуі:

         Атақты композитор Бетховен Бах туралы былай  деген  екен,Бах  деген
сөз немісше “жылға” деген сөз. “Ол жылға  емес-  оны  телегей     теңіз  деп
атау керек”- деп.

Бах 18- ғасырдағы немістің атақты композиторы. Сол кездегі өзі  өмір  сүрген
ортаға, “белгісіз- ұғымның”  адамы  болып  өткен  композиторға,  300  жылдан
артық ғұмыр өтіпті.

Бахтың музыкасы, өзі қайтыс болғаннан кейін, тек 100,200,300  жылдардан  соң
танымал бола бастады. Ең бірінші рет, оның өмір баяны туралы мағлұмат  1802-
ші жылы профессор И.Н. Форкельдің арқасында жарық көрді. Бірінші  рет  1829-
шы жылы неміс композиторы Мендельсонның басқаруымен  шығармалары  орындалып,
халықтан үлкен бағасын алады.









                                     Қысқаша өмір баяны.



         И.С.Бах 1685-ші жылы немістің  Эйзенах  деген  қалашығында  дүниеге
келеді. Өте жоғары музыкалық дарыны  болғандықтан,  қалалық  мектепте  хорға
қатысып, болашағынан үлкен үміт күттіреді.

Әке-шешесі  ерте  қайтыс   болып,   үлкен   ағасының   тәрбиесінде   болады.
                             15 жасынан өз бетімен өмір  сүруге  дағдыланып,
Люненбургке келеді, мұнда  1703-ші  жылы  гимназияны  бітіріп  университетке
түсуге жолдама алады. Бірақ та, Бахтың қаржысы жетпейді, сол себепті  оқудан
қалады. Арықарай, өзбетімен  музыка  өнерімен  шұғылданып,  органда  ойнауды
үйреніп, үлкен композиторлық жолға түседі.

         Веймар. 1708-ші жыл. Бах Веймар қаласына келеді. Бұл  қалада  сарай
ішіндегі музыкант болып жұмысқа орналасады. Осы уақыттан  бастап,  ең  жақсы
шығармалары туындайды. Олар: токката және фуга ре минор,  атақты  пассакалия
до минор.

          Кетен. 1717-ші жылы Кетен каласына келеді. Мұнда  клавиралық  және
оркестрге арналған музыкалар жазады, сонымен қоса 2,3 дауысты  инвенцияларын
жазады.    Үш    дауысты    инвенциясын    Бах    “симфония”-деп     атаған.
“Ағылшындық”,”француздық” сюиталарын жазады.  Осы  қалада  Х.Т.К.  (  хорошо
темперированный клавир) деп аталатын 24 прелюдия мен фугадан  тұратын  үлкен
еңбегінің 1-ші томын жазып бітіреді.

Қазіргі уақытта,  Бахтың  инвенциясымен  сюитасы-  музыкалық  мектептің,  ал
прелюдия мен  фугасы  училище  мен  консерватория  сияқты  оқу  орындарының,
міндетті түрде ойналатын оқу программасына кірді.

           Лейпциг. 1723  жылы  Бах  Лейпциг  қаласына  келеді.  Бұл  қалада
ғұмырының ақырына дейін тұрады.

Бах- вокалды аспаптық  композицияға  арнап,  250  дей  кантаталарын  жазады.
                         Олар: “Страсти  по  Матфею”,  “Страсти  по  Иоану”,
месса “си минор”

( “страсти”,”пассионы”  латың  сөзі-  страдание-  қайғы-қасірет  көру,  азап
шегу, жапа шегу)

Бұл шығармаларда Құдайдың рухани ұлы Исаның  қайғылы  өлемі,   көрген  азабы
және сондағы халықтың қайғысы туралы  айтылады.  Бұлар  католик  шіркеуінде,
хормен  орындалатын  шығарма  болса  да,  кейіннен  концерттік   программаға
келтірілген: солист,  хор,  оркестр,  орган  қатыстырылған  үлкен  шығармаға
айналды. Шіркеулік  музыка,  Бах  шығармаларына  кедергі  бола  алмады.  Ол,
өзінің ашық- әсерлі ойымен,  тағы  көптеген  шығармалар  жазды:  “Итальяндық
концерт”, “24 прелюдия мен фугадан тұратын, ХТК-ның 11-ші томы.

         Өмірінің соңғы кезеңдері, өте сәтсіз болды. Көзі  ауруға  шалдығып,
сәтсіз операциядан соқыр болып қалады. Сонда  да  Бах  шығармашылық  жұмысын
қоймайды. Шығарманың нотасың ауызбен айтып  отырып  жаздырады.  Тек  қуанышы
жанұясы болады. Үшінші ұлы,  әкесінің  жолын  қуған  талантты,  музыканттар,
композиторлар, екінші әйелі Анна Магдалена  Бах,  дарынды  әнші  және  үлкен
қызы да әнші болған. Бах  өзінің  жануясына  арнап,  вокальді  инструменттік
ансамбілге  шығармалар  жазған.  Кіші  қызы  Регина   мен   әйелі   Анна   -
жетпеушілік, қиыншылық, ауыр жағдайда сәтсіз өмір сүреді.

Бахтың   өлімі,   сол   кездегі    қоғамға    ешқандай    із    қалдырмайды.
                                             Ол  1750-ші  жылы   65  жасында
қайтыс болды.




                                  Органға арналған шығармалар.



         Орган ертедегі  египет,  рим,  грек  елдерінен  келе  жатқан  үрлеп
ойналатын  клавиштық  аспап.  Бұл  аспап,  бұрынғы  кезде   шіркеу   әндерін
орындауға, кейіннен  “жеке  орындау”  аспабына   айналды.  Қазіргі  органның
құрылысы бірнеше мың ағаш  және  метал  трубалардан  тұрады.  Аспаптың  жеті
қатары  қолға  арналған  клавиатурадан,  ал  аяққа  арналған  32  клавишадан
тұратын клавиатурасы бар. Органның клавишалары трубамен  байланысып  тұратын
үлкен музыкалық аспап,  дыбыстары  өте  күрделі,  кейбір  рычагін  басқанда,
әртүрлі аспаптық дыбыс бояуын беріп, оркестірге айналып  кетеді.  Сондықтан,
бұл аспапта ойнау өте қиын,  шеберлікті  керек  етеді.  Орган  Бахтың  сүйіп
ойнайтын аспабы болды.

         Бах осы аспапқа арнап көптеген музыкалық шығармалар жазған. Олар:

хорал, фантазия, фуга, соната т.б. шығармалары.150-дей хорал жазған.  Хорал-
ескі діни ән (  немістердің  мелодиясынан  алынған),  хорал  негізінде  төрт
дауысты болып келеді



                                  Хоралдық прелюдия фа минор

.

        Фортепианоға (переложение-ауыстырып), қалыптастырып  жазған.  Жұмсақ
лирикалы  характерде  жүреді.  Негізгі  әүен,  жоғарғы  дауыста-  Бах  гобой
аспабына  беріп  тұрғандай  әсер  қалдырады.  Саспайтын   төменгі   дауыстың
салмақты  қозғалысымен,  негізгі  әүенгі-сазға  жұмсақ,   тереңдік   сезімін
береді. Бұл шығарманың ерекшілігі, Бах шығарманың дауыстық стилін,  аспаптық
 стилге, фортепиянамен орындауға  ауыстырып  жазғанында.  Бұл  жаңалық,  сол
кездегі үлкен өзгеріс болып есептеледі.



                                  Клавиралық шығармалары.



           Аспаптық   шығармаларды   немесе   вокальдық   шығармашылығындағы
ансамбілдік аккомпониментті фортепианоға ауыстыру.

Бах полифониялық шығармалардың  ғаламат  шебері.  Ол  көптеген  шығармаларын
полифониялық мазмұнда жазған.

         “Полифония”- грек сөзі, көп дауысты  деген  мағнаны  береді.  Әрбір
дауысы, өзбетімен жеке дамиды. Алдымен 1-ші дауыс орындалып,  соңынан  2-ші,
3-ші, 4-ші дауыстар  бірін-бірі  жалғастырып,  бір-бірімен  байланысып  кете
береді. Мұндай әдісті “имитация” дейді.  (Латын  тілінде  имитация-  еліктеу
(подражание) мағнасын береді.)

Негізгі дауыстың алма-кезек басталып,  әрбір  дауыс,  алдыңғы  дауысты  алып
кетіп, негізгі әүенді қайталап отырады.




                                             Инвенциялары.



Имитациялық (жоғарыда айтылды) стильде жазылған, көбінесе екі дауысты  болып
келеді. Барлығы он бес шақты.

Инвенция –латын сөзі, бұрын болмаған  жаңа  ойнаудың  стилін  жасау,  немесе
“ойдан шығару” деген сөздің мағнасын береді.

Инвенцияның негізінде  жазылған  шығарма  қысқа,  өте  сазды  тақырып  болып
келеді.



                                      До мажорлық инвенция.



         Полифониялық мазмұнда жазылған, негізгі әүені,  шығарманың  басында
бір дауыспен жүреді. Ары қарай жоғарғы дауыста  келе  жатқан  әүені,  октава
төмен ойналып, оны екінші дауыс алып кетеді.  Екінші  дауыстың  басталуымен,
бірінші дауыс қозғалысын тоқтатпайды, ол тақырыпқа өң беріп, енді өзі  басқа
дауыс болып кетеді. Осындай бірінші дауыстың жалғасын табуын-  ықпалдас  деп
атайды.

Егер  инвенцияда  музыкалық  ой-негізгі  тақырып,  ешбір  дауыста  байқалмай
өтсе, оны “интермедия”  дейді.  Ол  негізгі  темалардың  аралығындағы  қысқа
тақырып  (латын   сөзі-   ”аралық”,между”.)   Екінші   тақырыптың   аралығын
жалғастыратын қысқа тақырып.

                      Бахтың француздық және ағылшындық сюиталары .

           Бах алты француздық, алты ағылшындық сюита жазған.

Сюита-  француз  сөзінен  “қатар”  бірінен  соң  бірі  деген  реттік  ұғымды
береді.Сюита бір идеяға  бағындырылған,  әртүрлі  пьесалардан  құрастырылған
музыкалық шығарма.

Француздық сюита до минор.

          Сюитаның негізінде төрт  билік  музыка  жүреді.  Олар:  аллеманда,
куранта, сарабанда, жига. Ал сарабандамен жиганың аралығында  қосымша  билік
пьесалар келтіріледі. Олар: менуэт, гавот, бурре сияқты.

   1. Аллеманда.  16-шы ғасырдан белгілі 4/4 өлшемдегі, ескіден келе  жатқан
      неміс биі көп адаммен билейді. Аллеманда биін  асықпай,  жұмсақ  жүріп
      билейді. Тональдығы до минор. Негізгі әүен жоғарғы дауыста  өтеді.  Би
      қысқа тактыдан басталады.
   2. Куранта.  3/4 өлшемдегі ширақ жүріп  биленетін  француз  биі.  Бұрынғы
      кезде екі адам бірігіп билеген.  До  минорда  жүреді,  қысқа  тактыдан
      басталады.
   3. Сарабанда. 3/4 өлшемдегі ескі испан биі,өте  ақырын,  сап  түзеп  келе
      жатқан шеру қозғалысын білдіретін би. Бұл бидің музыкасын кей кездерде
      қайғылы кезендерде, үлкен атақты адамдарды жерлеу кезінде де  ойнаған.
      Жоғарыда  ескертілген  до  минор  сюитасында,  сарабанда  мен  жиганың
      аралығында  ария мен менуэт  ойналады.  Басында  ария  ән  деп  аталса
      соңынан бұл оркестр мен  дауысқа  арналған  өте  күрделі  композицияға
      жұмсақ, кең әнді пьесаға айналады.
   4. Менуэт. Ескі француз биі. Екі бишінің алда отырған көрермендерге,  бас
      иіп, қол соғып жүргендей қозғалыспен биленеді. Асықпай, жәй сәнмен.
   5. Жига. Ескіден келе жатқан халық  биі.  17-18-ші  ғасырларда  Англияда,
      Ирландияда, Шотландияда көп  тараған  би.  Англиялық  жига  –матростар
      билейтін би. Өте тез қимылды, көңілді биленеді. Ритімінің топ  триоль;
      өлшемі 3/8, 6/8, 9/8, 12/8. Ал до минордың жигасы шапшаң, пунктир ритм
      басынан аяғына дейін  музыкаға  қатаң  характерді   береді.  Жига  екі
      дауысты, өлшемі 3/8 осындай  бөлек-бөлек  билерден  тұрса  да,  барлық
      билер өзінің  негізін  тональдығы  до  минорда  жүреді.  Бұл  билердің
      контрастылығын, және байланыстылығын көрсетеді.



                   Х.Т.К-ның 1-ші томынан прелюдия және фуга до минор.




            Бахтың музыкалық көркем шығармашылығының  ішіндегі  ең  құндысы.
     48 прелюдиядан тұратын және фугадан тұратын Х.Т.К-ның  1  және  11  том
   жинағы. Ол клавиштік аспапқа  үлкен  өзгеріс  жасады.  Себебі,  ол  кезде
   аспаптарда  музыкалық  дыбыстардың  біркелкі  теңдігі   (строй)   реттігі
   болмаған.Октавада, интервалдық тең құрам сақталмаған.  Мысалы:  до-ре-ми-
   фа; соль-ля-си-до. Сондықтан, көп кілт белгісі бар тональдық  шығармалар,
   таза орындалмаған. Осындай кемшіліктер,композитор-

   лардың шығармаларын орындауларына өте көп қиындықтар туғызған.

   Ал, Бах әр “1 октава” өзара тең 12  жарты  тоннан  тұратынын,  жарты  тон
   қосылымдарынан 12 мажорлық, 12  минорлық  тональдықтар  құруға  болатынын
   және  осы  24  тональдықтың  барлығы  бірдей  “тең”   дыбыыс   беретінін,
   шығармалар жазуға қиындығы жоқ, қолайлы екенін дәлелден беріп, атақты  48
   прелюдия мен фугадан тұратын, Х.Т.К- ның  1-ші  және  11-ші  том  жинағын
   жазған.Прелюдия мен фуга бірігіп,  2 бөлімді полифониялық  мазмұн  жасап,
   бір-бірімен іштей байланыста болып келеді, және тональдықтары  да  біреу.
   Мысалы:  прелюдия  және  фуга  до  минорда  (Х.Т.К-ның   1-ші   томынан).

                                                                    Прелюдия
   өзінің біріңғай темп, қатал ритімімен  музыкаға  үлкен  қозғалыс  екпінін
   береді. Екінші жартысында біріңғай темп,  арпеджиолық  пассажға  ауысады.
   Соңынан қозғалыс тоқтап,  вокалдық  шығармада,  сөзбен  айтылатынын  еске
   салатындағы эпизодпен жалғасады.

           Тындаушыға ой салып, бастағы әдістердің барлығы,  музыканы  өңдеп
   шаттықты көтеріңкі көңілмен автордың “ойлы”  сөзін  жеткізгендей  жоғарғы
   кульминацияға   жетеді.   Соңынан,   қорытындылау   тақырыбына   ауысады.
   Прелюдияның соңғы дыбысы, мажорлық  терцияда  өтіп,  шығарманың  біткенін
   бекітеді. Ары қарай, прелюдияға ұқсас фуга күйі жалғасады.

               Фуга латын сөзі-“жүгіру”-бег. Бір дауыс, келесі дауысты  қуып
   отырғандай немесе келесі дауысқа жауап бергендей. Фуганың негізінде  бір-
   ақ тақырып болады. Ол бірнеше 2,3,4,5 дауыстарға бөлініп кетуі мүмкін.

               Фуга  до  минор  үш  дауысты.  Фуганың  дауыстары  хордағыдай
   сопрано, альт және бас болып  бөлініп  кетеді.  Ортаңғы  альттық  дауыста
   негізгі  тақырып  до  минор  тональдісінен  басталады.  Негізгі   тақырып
   экспозиция  деп  аталап,  екінші  ортаңғы   бөлімімен   бірнеше   өңделіп
   (разработка) ми бемоль мажорға  ауысады.  Қайтадан  бастапқы  тональдікке
   фуганың үшінші бөлімі,реприза- қайталау деп аталады.  Мұнда  тақырып,  до
   минорға толығымен көшіп, шығарма аяқталады.









Тақырыптың аты:   ФРИДРИХ ГЕНДЕЛЬ

Сабақ мақсаты: Гендель шығармашылығының мәнін ашу,  әсіресе  ораторияларымен
жақын танысу.

Негізгі сұрақтар, тапсырма:

Сабақ материалдарының тезистік берілуі:



       Неміс композиторы Георг  Гендель  1685  ж.  Галле  қаласында  дүниеге
келіп 1759 жылы 04.14. Лондонда өмір сүрген.  Европадағы  аса  ірі  опералық
композиторлардың  бірі.   Гендель  40-тан  аса  операның  авторы.  Ол  опера
жанрында  батырлық  және  тұрмыстық  бейнелердің   музыкалық  мінездемелерін
тереңдетіп вокалдық түрлерімен оркестрді  байыта  түсті.  Монументті  эпика-
драмалық  жанрдағы  классикалық  оратория  тудыруда  Гендельдің  суреткерлік
еңбегі ерекше орында. Отыздан астам оратория жазған  композитор  “Израильдік
Египетте”, “Иуда Макковей”, “Самсон”, “Мессия” сияқты  библиялық  сюжеттерге
жазған  шығармаларында  бұқара  халықтың  ұлылығын  тұңғыш  рет   мадақтады.
Гендель өз  творчествосында  неміс  полифониясы  мен  алғашқы  хор  өнерінің
дәстүрін одан әрі дамытқан суреткер. Композитор аспаптық музыкаға  да  үлкен
үлес қосты.

Гендель неміс қауымының төменгі  табынан  шыққан,  ата  тектері  қол  өнерші
кәсібімен айналысқан .  Әкесі  шаштаразы-хирург  болатын.  Жеті  жасында  ол
өзінің орындаушылығымен таңқалдыра алды. Ал он жасында алғашқы  шығармашылық
тәжірибесі басталса, он  екі  жасындағы  бірінші  концерттік  сапары  Берлин
қаласында болды.  Гендельдің  әкесі  ұлының  өмірінің  музыкамен  байланысын
ұнатпады.

1697  жылы  әкесі   қайтыс   болды.   Әкесінің   аманаты   бойынша   Гендель
университеттің заң бөлімін бітіреді. “Страсти по Евангелию от Иоанна”  –атты
алғашқы ораториясын, “Альмира”, “Нерон”,”Веселая вдова” операларын жазды.

1706  жылы  Италияда  “Родриго”,   “Агриппина”   опералары   жазылады   және
А.Скарлатти, А.Кореллимен  танысады.  1710  жылы  Ганновер  қаласына  келіп,
сарай капельмейстер қызметіне орналасады.  1730  жылдары  “Поро”,  “Ариадна”
атты ең жақсы шығармаларын жазды. 1750 жылы Гендельдің еліне Галле  қаласына
саяхатты, соңғы сапары болды.  Ол  жанарынан  айырылады.  1759  жылы  қайтыс
болды.



                                                        Ораториялар.



        Гендель ораторияларының сюжеттерін  әр  түрлі  саладан  құрастырады.
Олар: тарихи,  арғы  көнеден  /көбінесе  көне  грек,  көне  римнің  қоғамдық
құрылысы,  мәдениеті,  көркем  өнерлері  туралы/,  киелі  кітаптағы   рухани
кейіпкерлерден жиналды. Асқан атақты  шығармалары  киелі  кітаптан  алынған.
Олар: “Саул”,”Израиль в Египте”, “Самсон”, “Мессия”. Өзінің  ораторияларының
жоғарғы деңгейін, шыңын көрсету мақсатында концерттерде, эстрадада  орындап,
жаңа ғұрыпқа көшті. Эстрадалық  концерттерде  киелі  ораторияларды  орындала
бастады.

        Гендельдің бар назары кейіпкерлердің тағдыры емес, халықтың  тұрмыс-
тіршілігінде еді жалғыс  дауысты  Seria  операсынан  өзгеше  ораторияларының
өзегі-  негізі  хор  болып  табылады.  Бұл  халықтың  ойы  мен   көңіл-күйін
жеткізетін түр ретінде қолданылды.

         “Самсон”.Музыкалық  драма,  киелі  кітап  бойынша  драма-  концерт.
Самсонның  аңызын  драмалы  түрге  айландыру:  оқиға,   көңіл   күй,   басты
кейіпкердің қиналысы, сол кейіпкердің өз  ауызынан,  речитативтен,  ариядан,
дуэттен және хор арқылы беріледі. /Речитатив-  әнді   музыкалық  шығарманың,
операның әндетіліп  айтылатын  бөлімі/.   Дауласудың  құрылысы:  өшпенділік,
жауласқан екі ел –израильдіктер және филистимляндар.  Кейіпкерлері:  Самсон,
әкесі Маной, филистимляндық Далида, Миха, Харафа. Аңыз бойынша Самсон  елден
ерекше жаратылған, күшінің бәрі шашында, тәңірдің таңдаған құлы еді.  Самсон
осы күштілігімен израильдіктерден көрші  елі,  жаулары,  филистимляндіктерді
қорқынышта ұстады. Әйелі Далида Самсонға сатқындық жасады. Самсон  ұйықтаған
кезде шашын ұстарамен  қырып  тастады.  Бір  сәтте  бишара  болған  Самсонды
жаулары байлап тастады да, екі көзін ойып алып, өзін зынданға тастады.  Оның
халқы құлдықта қояды. Бірақ Құдай филистимляндар кек алу үшін Самсонға  тағы
бір рет қайрат берді. Ол былай  болды.  Филистимляндар  үлкен  ғибадатханада
Самсонды жеңген тойын тойлап  жатқан  болатын.  Олар  Самсонды  мазақ  етпек
болып, оны  зынданнан  алдырды.  Су  қараңғы  соқыр  Самсон  өздігінен  жүре
алмайтын болған соң, оны бір бала жетектеп әкелді. Ол  баладан  Самсон  үйді
ұстап тұратын тіреуішті алып,  “Баршы, мен  соған  сүйеніп  тұрайын”-  деді.
Самсонның мүсәпір түрін көрген филистимляндар шаттана қуанып,  ғибадатхананы
бастарына көтерді. Олардың бұл қуанышын естіген Самсон Құдайына зар  жылады:
“Уа, Тәңір, мені де есіңе алып, менің бұрынғы күшімді  ең  болмаса  бір  рет
берші?” –деді.

Сол –ақ екен, о, ғажап, оған бірден  баяғы  күші  оралды.  Ол  өзін  бұрынғы
Самсондай сезінді. Ол жұлқына барып ғибадатхананың төбесін ұстап тұрған  екі
тіреуішті өзіне қарай сілкіп қалғанда, тіреуштер шорт сынып,  ғибадатхананың
төбесі Самсон мен филистимляндардың үстіне гүрс құлады. Самсон  осылай  қаза
тапты, өзімен бірге  жауларын  да  ала  кетті.  Оның  ерлігі  Израиль  еліне
бостандық әкелді.                              Бірінші бөлімнің  алдында  үш
бөлімді увертюра.

Бірінші бөлім

Драманың  басталуы.  Екі   қарама-қарсы   лагердің   өшпенділігі.   Самсонға
мінездеме.

Екінші                                                                бөлім.
                                                                        Жаңа
кейіпкерлер:    Далида,    жауынгер    Харафа.     Аралығындағы     шиленіс.
           Үшінші бөлім.

 Драманың шешілуі. Дагон  Құдайға  арналған  мейрам.  Ғибадатхананын  қирауы
және Самсонның қазасы.

Салтанатты қортынды: “И свет явился вдруг”.  Израильдіктердің  хоры  сабырлы
да сазды, үйлесімді, ерлікке толы, айбынды  ұлылықтан  тұрады.  Ария  Самсон
“Вечная ночь”. Хор “Дай  слепому  герою  силу”.  Харефа  –комедиялық  бейне.
Марштық ритм.

Далиданың музыкасы –көркем де әсем.







Тақырыптың аты:   ЙОЗЕФ ГАЙДН.

Сабақ мақсаты:  шығармашылық стилін анықтау.

Негізгі сұрақтар, тапсырма:

1. Гайднның балалық және оқу жылдарын айтып шық.
2. Гайднның жұмыс істеп, өмір сүрген қалаларын айтып шық.
3. Эйзенштад қаласында қандай шығармаларын жазды.
4. Қай қалаларға  Гайдн өз концертымен баруға мүмкүншілігі тиді.
5. Өмірінің соңғы кезеңдерінде композитордың жазған шығармаларын атап бер.
6. Гайдн оркестірінің құрамы.
7. Вариация дегеніміз не?
8. Негізгі мен жалғас партия, өңдеу, реприза, финал дегеніміз не?
Сабақ материалдарының тезистік берілуі:



        Венаның классикалық мектебі өкілдерінің  бірі,  аспаптық  музыкадағы
классикалық стильдың негізін салушы. Өзінің  алғашқы  квартеттерін  18-ғ-дың
50 жылдарында, алғашқы симфонияларын 50-60 жылдары  жазса,  90  жылдары  бұл
жанрларды  шыңына  жеткізеді.  Композитор  өз  творчествосында   көп   ұлтты
Австрияның музыкалық  фольклорын  емін-еркін  пайдаланды.  “Жыл  мезгілдері”
ораториясында шаруа еңбегін мадақтап, табиғат көріністерін шебер суреттейді

        Австрия Рорау ауылында  тұған  Гайдннің  жанұясы  өнерге  өте  жақын
болатын. Бала кезінде ол шіркеу  хорында  Гайнбург  қаласында,  сосын  киелі
Стефан соборында-ғы кафедрада хоровой капеллаға қатысты.

1761  жыл  бай  венгер  князі  Эстергазі  Йозіфті   капеллаға   жетекшілікке
Эйзенштад қаласынна шақырыды,  онда  ол  30  жыл  жетекшілік  қызмет  атқара
отырып, оркестірді басқарды, және ол көптеген  симфония,  опера,  квартеттер
жазды (“Медведь”, “Детская”,” Школьный учитель”.)

          1786 жылы оның аты  бүкіл  Англияға,  Францияға,  Россияға  әйгелі
болды, осы жылдары алты  симфония  жазды,  бірақта  княздің  келсімінсіз  он
жарыққа  шығаралмады.  1791  жылы  Гайдн  60-қа  толды,  сол  уақытта  князь
Эстергази қайтыс болды, Эстергазінің баласы, капелланы тарқатып жіберді.

           Ақырында  өзінің  концертімен  Англия  баруға  мүмкүншілік  тиді.
Бірінші рет ол теңізді көрді. Осы жылдары ол- 12 симфония жазды-  “Лондондық
симфониясы”,  екі  оратория-“Сотворение  мира”,  “Времена  года”   және   ол
Бетховенмен танысты.               Өзінің  соңғы  жылдарын  Венаның  жанында
өткізді.

1809 жылы Гайдн қайтыс болып, Вена қаласында жерленді.



                                Ми бемоль мажорлық симфония.




          Литаврда,  тремоламен  ойналатын  симфония  деп  атаған.  Бұл  “12
Лондондық симфониялардың” ішіндегі  ең  бір  көрнекті  симфониясы.  Ол  төрт
бөлімнен тұрады. Негізгі тақырып неміс, хорват әуеніне жазылған.

1 бөлімі. Ақырын жүретін кіріспе  әуенмен  (тремоламен  литаврмен  аспабында
ойнаумен басталады.) Тақырыбы басыңқы  құпия  дауыспен  жүреді  де,  соңынан
көңілді партиясының тақырыбы  мерекеге жеткізеді. Ал көмекші  партия  өзінің
билік характерімен негізгі партиядан  кенет  шығып  өзгеріп  кетеді  де,  си
бемоль мажорға ауысып, өзінің жеңіл сәнді әүенімен қалады.

2 бөлім. Анданте (ақырын), вальстық аккомпониментіндей  қозғалыспен  жүреді.
Бұл    бөлім,    негізгі     көмекші     тақырыпқа     вариация     жасайды.
                                              Вариация     -басты    негізгі
теманың, бірнеше рет өзгеріп қайталануы.

3 бөлім. Менуэт, билік характерде көңілді жылдам жүреді.

4 бөлім. Финал, тез, жеңіл билік әуенмен  жүреді.  Симфонияның  барлық  төрт
бөлімі ақ жарқын көңілді шаттықпен бітеді.



                                        Гайдн оркестірінің құрамы.



Оркестірдің құрамына аспаптың төрт түрі кіреді.

   1- Ішекті аспаптар тобы. Негізгі әуенді  ойнайды,  олар:  скрипка,  альт,
      виолончель, контрабас.
   2- Ағаштан жасалған аспаптар тобы, олар: флейта, гобой, кларнет, фагот.
   3- Үрлеп ойнайтын жез аспаптар тобы: валторна, труба.
   4- Соғып ойнайтын тобы: литавра
Симфония –ол циклдық шығарма. Циклдық шығарма әр түрлі  көңіл-күйді  көрсете
алады,  “симфония”-дегеніміз  үйлесу  сәйкес  келу,  18   ғасырдан    бастап
симфония  өз  алдына  дербес  концерттік  шығармаға  айналды  үні  өте  кең,
масштабы жоғары, үлкен аудиторияға арналған.



                                             Соната ми минор.



         Гайднның сонатасы симфония сияқты  көп  бөлімді  шығармаға  жатады.
 Жалпы  Гайдн  шығармаларының,  ішінде  сонатасы  да  классикалық  ерекшелік
толығымен бекітеледі. Сонатаның 1-ші бөлімі “симфониядағы” сияқты  сонаталық
түрінде. 2-ші бөлімі жәй ақырын, 3-ші  бөлімі  финал  қайтадан  тез,  шапшаң
қалыппен  ойналады.  Әр  бір  бөлімі  бір-бірімен  байланысты  жүреді.1-3-ші
бөлімдер  ұқсас,  жылдам  темппен,  бастапқы   тональдықта   қалады.   Жалпы
сонаталары 3-бөлімді болып келеді.

         Гайдынның ми минор сонатасы белгілі көркем  музыкалық  характердегі
шығарма.

1 бөлім. Престо (өте шапшаң). Сонаталық  аллегро  формасында  жазылған.  Екі
тақырып бірі-бірімен байланысты тақырыбын кеңейтіп, мазмұнын көркемдейді.

Экспозициядағы тақырыптар байланысы мынандай:  негізгі  партия  мен   жалғас
партиясы- ми минор тональдықта жүреді. Екі тақырыптың арасында  жалғастырушы
партия параллель мажор  соль  мажорда  жүреді,  негізгі  музыкалық  фразаның
қайта-қайта  қайталануы  1-ші  бөлімнің  аяқталуын  байқайтын  “қортындылау”
партиясын жеткізіп, сонатаның экспозициясың аяқтайды.

Өңдеу- тақырыбында экспозициядағы  тақырыптар  өңдеу  бір  неше  тональдыққа
ауысып, регистірлері динамикалық күштері өзгеріп қайшылыққа түседі.

Реприза-экспозициядағы  тақырыптар  тағы   өзгеріп,   қайталанып,   бастапқы
тональдыққа қалады.

2 бөлім. Анданте. Ақырын орынықты жүреді. Алдағы ашық күн, жақсылыққа  сену,
   ой-арман сүреттеледі. Тональдығы соль мажорға ауысады. Анданте  музыкалық
байланысы жоқ.

3 бөлім. Финал. Музыкасы  шапшаң  ұшқыр,  өткір  ритімде,  билік  характерде
жүреді. Финалдың музыкалық құрамы, рондоға  ұқсас  негізгі  тақырып  үш  рет
қайталанады.





Тақырыптың аты:  ВОЛЬФГАНГ АМАДЕЙ МОЦАРТ

Сабақ мақсаты:  симфонияларының мәнін ашу. Стиліне анықтау.

Негізгі сұрақтар, тапсырма:

1. Австрия елінің композиторы Моцарт қандай шығармашылықтың авторы?
2. Моцарттың балалық өмірі, бірінші концерттік саяхаты.
3. Композитордың бастапқы жазған шығармалары қандай?
4. Моцарттың Зальцбургтегі қызметтері қандай болды.
5.  Моцарттың  Венадағы  өмір   жолдарымен  еңбек  жолдары,  және  ең  соңғы
   шығармасының аты не?
6. “Свадьба Фигаро” қай жылдары жазылды?
7. Оның негізі, қай шығармадан (көркем әдебиет) алып жазылған?
8. Операға арналған увертюралардың (кіріспе) құрылысын айтып шық.
9. Увертюра дегеніміз не?
10. Рондо дегеніміз не?
Сабақ материалдарының тезистік берілуі:



          Моцарт-Австрия елінің композиторы. Барлығы 35 жыл өмір сүрді.

Көптеген шығармалардың авторы: 50 симфония, 19 опера,  сонаталары,  квартет-
квинтеттер.  “Реквием”-  (  көп  бөлімді,   қайғылы,   уакиғаға   байланысты
жазылған, хорға арналған шіркеуде хормен орындалады). Ен соңғы  күндеріндегі
опералары: “Свадьба Фигаро”, “Дон Жуан”, “Волшебная флейта”.

           Моцарт 1756 жылы ескі қалашық Зальцбургте туған.  Әкесі  музыкаға
жақын адам, баласының талантын ерте  байқаған  ол,  бірден  музыкаға  баулый
бастайды. Үш жасынан бастап клавесинде ойнайды, төрт  жасынан  аса,  аспапқа
концерт жазады. Алты жасында әкесімен  екеуі  ел  аралап  концертер  береді-
Мюнхен, Вена, Париж, Лондон  Европа елдеріне келеді.  Ал  қайтар  жолдарында
Амстердам, Гаагра, Женева осы сияқты  үлкен  қалаларда  болады.  Концерттері
алты сағат болатын, баласының үлкен жетістігіне  қарамастан  әкесі  жалықпай
ойната берген. Кішкентай виртуоз  композитор  Моцарт  бүкіл  Европа  елдерін
сілкіндіреді.

1766 ж.  Моцарттың  жан  ұясы  Зальцбургке  қайтып  оралады.  Көптен  күткен
демалысы ұзаққа бармайды.

1769-71 ж. Италияда үш жыл әкелі  балалы  Моцарттар  бүкіл  Италия  қалалары
Рим, Милан, Неаполь, Венеция, Флоренцияда болады. Жарты жылда  опера  жазды.
Өзінің күшті  еске  сақтау  қасиетімен  қатар,  есту  қаблеті  Италияны  таң
қалдырады.

Моцарт қайтадан өз еліне келеді. Бірақ туған елі оны  дұрыс  қарсы  алмайды.
Моцарт  жаңа  шығармашылық  жолға  түседі,  ол  үшін  22   жасында   Парижге
келеді.Осы  қалада  өзінің  5-ші  сонатасын  жазады.  Бұл   кезде   Мюнхенде
Моцарттың операсының қойылымы өтіп жатқан. Енді Моцарт Венаға кетеді.

1781 ж. Моцарт Венаға келіп,  өмірінің  ақырына  дейін  осында  тұрады.  Бұл
жылдарды “еңбек шыңы” деп айтуға болады.

1788 ж. Үш үлкен симфониясын жазады. Осы жылдарда Гайднмен танысады.

Ең соңғы шығармасы “Реквием”.

Моцарт 1791 жылда қайтыс болады, кедейлер зиратына жерленеді.



                                        Соната ля мажор.



1779 ж. Парижде  жазылған.  Барлығы  үш  бөлімнен  тұрады.Үш  бөлімі  де  ақ
жарқын, көңілді күйде жүреді.

1  бөлім  “Вариацылық  түрінде”  жазылған.  Вариациялық  түрінде,  сонаталық
аллегродан айырмашылығы, мұнда бір ғана тақырып өңделеді.

Сонатаның бірінші бөлімі әуенді, билік сыйпатында жүреді.  Өлшемі  6/8,  бұл
өлшем, әуенге бір қалып өлшем береді.  Негізгі  тақырыптан  кейін  бейнелеуі
жағынан әр түрлі алты вариациялық тақырыпта өтеді.

 Үш вариация минорға ауысып, жәй екпінде жүрсе 5-ші,  6-шы  вариация  екпіні
өзгеріп шапшаң характерге ауысады. Соңы бір қалыпта, барлық вариациялар  бір
тональдықта,    ля мажор бір түрінде аяқталады.

2-ші бөлім “Менуэт” шығармаларында  Моцарт  та  Гайдн  сияқты  ашық,  жарқын
халық  билерін  қолданған.  Менуэттің  орта  бөлімі  “трио”,  жеңіл  әуенмен
өрнектеледі, сонынан бастапқы музыкадағы әуенге қайта ауысады.

3-ші бөлім “Финал”. Кейбір жазылымдары, түрктің әүеніне  ұқсас  болғандықтан
сонатоның финалы “Түрктік марш”- деп  аталады.  Финалда  қайырмасы  бар,  үш
бөлімнен тұрады.  Қайырма  әуені  “рондоға”  ұқсас.  Рондальды  түрі-алғашқы
тарау-рефреннің  аралық  (негізгі  бөлімі)  –эпизодтармен   алмасып   келіп,
бірнеше  рет  жүйелі  қайталануында.    Мерекелі,   көңілді,   билік   әуен,
арпеджиолық өрнекпен, барабанның соғысы көрсетіледі.

Соңынан  тағы  фа  минорға   әуеннің   ауысуы,   ортанғы   бөлімді   финалға
жақындатады.  Финал  негізгі  тақырыпты  қайырмамен   жалғастырып,   кодамен
аяқтайды.

Кода- шығарманың соңында негізгі құрылымға қосылған  қосымша  бөлім.  Кодада
қорытынды, материалдың жаңа  жасалымы,  басты  тақырыптардың  жаңаша  өтілуі
бола алады.



                            Симфония соль минор №40



          1788-ші жылы Венада жазылған, ең соңғы үш симфонияның ішіндегі  ең
көрнектісі. Симфония төрт бөлімнен тұрады.

1 бөлім “Сонаталық аллегро” түрінде жазылған. Негізгі партия,  басталғаннан-
ақ қайғылы, мазасыздау болып естіледі. Осы тақырып,  өзінің  көңіл  күйімен,
адамның сөзін айтып тұрғандай әсер етеді. Негізгі  әуені  –скрипка  аспабына
берілген.

Жалғастырушы тақырып (связующая т.), өз әуеніне жалғас  тақырыпқа  (побочная
т.)

ауыстырып, негізгі теманың әуенін жаңа мелодиялық өрнекпен дамытады.

Бұл тақырып, соль минордан си  бемоль  мажорға  ауысып,  соңынан  экспозиция
қорытындылау  (заключительный)  тақырыбымен  аяқталады.  Өңдеу  (разработка)
тақырыбында, негізгі партия- өңделеді.

Тональностер өзгеріп, ашық си бемоль мажордан алыс фа диез  минорға  ауысып,
бірден әуен (сазды кешкі бояуды көрсетеді), кешкілік қараңғылықты  көрсетеді
репризаға  көшеді.  Оркестр  дауысы  азайып,  ашық,  жоғары  дауыста   үрлеп
ойналатын ағаш аспаптары негізгі тақырыптың әуенін  әуеннің  тональдық  соль
минорына жалғастыра бітеді.

2 бөлім “Анданте”- асықпай, дауылды әуеннен соң, тыныштық әуені жалғасып, 2-
ші бөлімінде тақырыптар  арасындағы  байланыстар  өзгереді.  Барлық  оркестр
әуендері, бастапқы көңілсіз, сазды дауысты ауыстырады.

3 бөлім “Финал”- симфонияның барлық бөлімдерінің қортындысы секілді.  Барлық
тақырыптар шарықтап келіп, үлкен қайшылықпен тұрақтылыққа көтеріледі.



                                               «  Фигароның   үйлену   тойы»
операсы.



           1786  жылы,  француз  жазушысы  Бомаршенің  “Фигароның   үйленуі”
комедиясына арналып жазылған.

          Граф Альмавиваның үйінде, екі қызметшісі:  Фигаро  мен  Сюзаннаның
тойына дайындық жүріп жатады. Бірақ Сюзананы графтың өзі қулықтарымен  тойды
кейінге қалдыруға тырысады.  Ақылды,  тапқыр  Фигаро  барлық  қиыншылықтарды
жеңеді.  Оған  өзінің  қожасын  күлкілі  жағдайға  қалдыруына  тура  келеді.
Осындай мазасыз күндер, көңілді тоймен аяқталады.

Операның либреттасын (сөздік) италияндық Лоренцо да Понте жазған.

           Опера увертюрадан басталады. Увертюра  деген  сөз-  француз  сөз,
“кіріспе”, “ашу” деген мағнаны  білдіреді.  Ол  өзі  жеке  музыка,  сахналық
шығармалардың алдында орындалып ашып береді де,  ары  қарай  операның  басқа
көріністерінде ойналмайды.

Увертюра- сонаталық түрінде, бірақ өңделмей (без разработки) жүреді.

Негізгі партияны  өтіп,  ре  мажорда,  ұшқыр  кіріспе  тақырыппен,  көңілді,
жігерлі, бір жерде қозғалыссыз отыра  алматын-  мазасыз  Фигароның  бейнесін
оркестр  музыкамен  жалгастырады.Ашық  жарқын,  қуанышты   музыкамен   әрбір
жағдайға байланысты, операның басты  кейіпкері  Сюзаннаның  құлықпен  келеке
етіп жүрген сәтін дәл беретін мелодияны скрипка аспабы ойнайды.

            Жалпы,  мерекелік  көрініс  музыкасы  өңдеуде  де   (разработка)
қайталауда да  барлық  тақырыппен  бірігіп,  негізгі  тональдықта,  увертюра
музыкасы біткенше сақталады.

“Свадьба Фигароның”- операсындағы увертюрасы ең сәтті жазылған шығарма.

Жеке концерттік шығарма ретінде де орындалады.

Фантазия, вариация, рондо клавирге арналған







Тақырыптың аты:  ЛЮДВИГ ВАН БЕТХОВЕН.

Сабақ мақсаты:  өмір жолы мен шығармашылығын байланыстыра отырып мәнін  ашу.
Стилін анықтау.

Негізгі сұрақтар, тапсырма:

Сабақ материалдарының тезистік берілуі:





        Людвиг- аты, Бетховен  –фамилиясы,  Ван  –арғы  ұрпағы  голландықтар
екенін көрсетеді.

        Немісінің атақты- ұлы  композиторы  Л.В.  Бетховеннің  туғанына  200
жылдан артақ уақыт өтті. 19  ғасырдың  басы,  Бетховендік  ақыл-ойдың  күшті
гулдену кезеңімен сәйкес келді. Оның еңбек жолы классика  және  романтикамен
бірдей қалыптасқан.                   Оның 19 жасына 1789 жылдағы  Францияда
болған революциялық халық көтерілісі сәйкес келді. Бұл  революцияның  идеясы
композиторға жаңа мақсат жүктеді. Ол өзінің көптеген шығармашылық  тақырыбын
бостандық,туысқандық, тендікті жасаушы халық және  олардың  батыр,  күрескер
«көсемі»     деп,     озбырлыққа     қарсы     күрес     жолына      арнады.
   Ол 1770 ж. неміс қалашығы Боннда дүниеге келді. Әке  жағынан  музыканттар
болған: атасы скрипкада ойнайтын  және  дирижер  болған,  әкесі  әнші-тенор.
Людвигтің музыкалық дарыны ерте  белгі  болған.  Әкесі  одан  екінші  Моцарт
жасағысы келеді, музыкадан  сабақ беріп  тәрбиелеуші  өзінің  әкесі  болады,
бірақ ол өте  қатыгез  тәжрибесі          аз  еді.  Моцарттың  елге  тараған
даңқы,  әкесіне  маза  бермеді.  Баланы  жастайынан  7,8  сағат   жаттығумен
отырғызып қоятын болды. Сегіз жасында, бірінші рет Кёлнде  және  тағы  басқа
калаларда бірінші рет концерт береді.

Он екі жасынан,  жұмыс  іздеуге  мәжбүр  болады,  капеллаға  органист  болып
орналасады.

1782 жылда Кристиан Нефемен танысқан  кезі еді .  Ол  сол  кездегі  көрнекті
музыка   мұғалім   еді.   Бетховенді   атақты   композитордың   еңбектерімен
таныстырады .

1787 ж. Моцартпен, 1789  ж.  Гайднмен  кездеседі.  Осы  кезде  анасы  қайтыс
болады.

       Бетховен 1792 жылы 22 жасында Европаның атақты қаласы Венаға  келеді.


Вена “музыкалық орталық” болған. Мұнда ол,  өзінің  өнерімен  Гайдн,  Моцарт
дәрежесінде танылады.

Өмірдің қиыншылығы 28 жасында есту қабылетінен айырылғанда  болды.  Көптеген
емделу жолдары сәтсіз аяқталады. Гайдннан  композициядан  сабақ  алады.  Бұл
іскерлігі оның жаңа музыка, жаңа ойы, бар тындауышыларды таң  қолдырған  еді
.

Атап  айтқанда  №8  “Патетикалық”   және   №14   “Лунная”   сонаталары,   №3
“Героическая симфониясы”.

        1802ж. Бетховен еңбектерінде,  аздаған  сәтсіздеу  кезең  болды.  Ал
соңғы   10-даған   жылдарында   Бетховен   даңқы   асқан,   танымал   болды.
8симфонияларын, “Эгмонт”  операсы,  “Аппасионата”№23,  “Крейцерова  соната”,
Гетенің өлеңдеріне әндер, т.б шығармалар жазады.

Өзі сүйген графиня Тереза Бруновин-оның әйелі бола алмады.

1824 ж.  “Торжественная  месса”-  салтанатты  Ре  мажор  тональдықта,  хорға
арналған шығармасын, соңынан  №9 симфониясын жазады.

          Өмірінің соңғы жылдарында бауыр аурымен  аурады.  Ауруға  ешқандай
ем болмай 1827 жылда өмірдің қайтады.  Соңғы  қоштасу  сапарына  20000  адам
қатысады.

Бетховеннің музыкасы, жер шарын аралап, халық жүрегінде мәңгіге қалды.



                                “Патетикалық соната” №8



          1798 жылы жазылған  алғашқы  үлкен  патетикалық  сонатасын  жазды.
“Патетикалық” (грек сөзі –пафос) көтеріңкі,  шалқыма  көңіл,  деген  мағнаны
білдіреді. Көтеріңкі характері, үш бөлімде болса да, әр  бөлімде,  әр  түрлі
көрсетіледі.  Бұл  соната,  тыңдаушыларға  ерекше  “батыл-шығарма”   ретінде
көңілде қалады. Соната үш бөлімнен тұрады.

1  бөлім.Сонаталық  аллегросы.  Тез  екпінмен  сонаталық  аллегросы  түрінде
жүреді, фортепианоға  арнап  жазылған  шығарма.  Екпінді  музыканың  алдында
“ақырын” кіріспе тақырыбы  өтеді.  Соңынан,  ауыр  аккордпен  шаттық  музыка
жалғасады.

Сонаталық форма аллегросында шығарманың музыкалық өрістеуі, дамуы Гайдн  мен
Моцартқа қарағанда, өзіндік терең ұғымы бар, өзіндік жаңалығы бар.

Төменгі регистрден, жоғары  қарай  дыбыс  ағыны,  біртіндеп  көтеріледі  де,
негізгі  тональдығы  до  минорда  өрістейді.   Бұған,   салмақты   аккордтың
негізінде  сазды,  сүйкімді  жалынышты  әуенмен  2-ші  тақырып  жауап  беріп
тұрғандай болады.

Бұл екі тақырыптың әр түрлі болып мазмұны  дамығанымен,  мелодиялық  құрамы,
бірінен-бірі өте жақын, тіпті бірдей.

Қайтадан  ұшқын  сонаталық  аллегро   басталады.   Негізгі   тақырып   теңіз
толқынының қозғалысын  береді.  Жалғастырушы  тақырып,  ақырындап  біртіндей
негізгі  теманы  басып,  әуенді  қосымша  темаға  әкеледі.  Соңында   барлық
тақырыпты қортындап, негізгі тема күшті, ағынды  екпінмен  бітеді.  Арығарай
шарықтап барып жаңа күшпен қортындылау тақырыбы ми  бемоль  мажорға  көшеді,
біртіндеп, ақырындап күшейді, жоғарғы шегіне жетіп (кульминация) 1-ші  бөлім
экспозицияны бекітеді. Бірақ, тұрақсыз  аккордпен  біткен  экспозициясы  мен
өңдеу бөлімінде, қайтадан  кіріспе  темасы  жауапсыз  қалып  лирикалық  2-ші
темаға жалғасады.

Екінші тақырыпта “өңдеу” –қайшылықта екі қарама қарсы ұшқыр тақырыппен  және
лирикалық кіріспе тақырыптың арасында өрістейді.  Бұл,  күшті  мен  әлсіздің
күресі үлкен дауылға ұласып, соңынан  біртіндеп  алыстап  төменгі  регистрде
аяқталады.

3-ші тақырып “Реприза”. Мұнда, экспозициядағы барлық тақырыптар  до  минорда
қайталанады. Өзгеріс, жалғастырушы тақырыбында  ғана  болады.  Бітер  кезде,
қайтадан  “кіріспе”-тақырыбы  өтеді.  Соңынан   негізгі  тема   тез,   ұшқыр
екпінмен, ерік күш жігер жеңеді деп қортындылайды.

2 бөлім. Адажио кантабиле ( ақырын,әуендете), ля бемоль мажорда жүреді.

3 бөлім. Финал , Аллегро. Ұшқыр,  1-ші  бөлімге  ұқсас  до  минорда  жүреді.
Финал, рондо-соната түрінде жазған.



                                           Увертюра ” Эгмонт”.



              Неміс ақыны Гетенің “Эгмонт” атты трагедиясына арнап, 1810  ж.
Жазылған. Уақыйғада, 16  ғасырдағы  Нидерланды  халықтарының,  испандықтарға
қарсы күресі және осы күресті бастаған граф  Эгмонт  туралы  баяндалады.  Ол
жүректі, күшті- күрескер адам болған.  Осы  күресте  қайтыс  болады.  Бірақ,
жергілікті халықтар, Эгмонт бастаған  күресті  жалғастырып,  1576  ж.  жеңіп
шығады, сонымен, 1609 ж. өздерінің теңсіздігін алып, халық  күресі  жеңіспен
аяқталады.

Увертюра  бір  бөлімді  шығарма,   кіріспеден   басталады.   Халық   тағдыры
суреттеледі.    Ақын   Гетенің   жазған   халық   тағдырын   ауыртпашылығын,
композитор музыка тілінде жазған.

Увертюрада өз мазмұнын анықтап дәл сүреттеді. Увертюра  “Сонаталық  аллегро”
түрінде жазылған. Негізгі тақырып  фа  минорда,  жалғас  тақырып  ля  бемоль
мажорда  жүреді.  Өңдеу  тақырып   темалары  да  осы  тональдықта,   негізгі
шығарманың мазмұнын ашып, оның ішінде халық және олардың  күш-қуатын,  халық
батыры   Эгмонттың    батылдығын   сүреттейді.   Увертюра   үлкен   кодамен,
халықтардың жеңісімен, қуанышты салтанатпен бітеді.

Композитор өз шығармаларында, жігер күрес, батылдық тақырыппен  халыққа  өте
жақын екендігін, және өзінің де  үлкен  күрескер  батыл  композитордың  бірі
екенін көрсетеді.



                               Сонаталық форманың аллегросы.



       Соната-қазіргі біздің ұғымымызда, сонаталық  цикл  ретінде  жазылған,
бір немесе екі аспапқа арналған шығарма.

“Цикл” дегеніміз, шығарманың көп бөлімділігі яғни жиынтығы.

Соната итальян сөзі, аспаптың бір түрінде ойнау деген  мағнаны  береді.  Осы
түрінде жазылған, фортепиано, скрипка, виолончелге арналған: Гайдн,  Моцарт,
Бетховен, Шуберт, Шуман,  Шопен,  Лист,  Чайковский,  Прокофьев  тағы  басқа
композиторлардың көптеген сонаталық шығармалары бар.

Сонымен қорыта айтқанда,  сонаталық  цикл-  көп  бөлімді  музыкалық  шығарма
болды. Бұл форма, 18-ші ғасырдың 2-ші жартысында  Вена  классиктері:  Гайдн,
Моцарт, Бетховеннің шығармаларында толығымен бекіген.



      Сонанаталық циклдық шығармада төрт бөлім болады:

 1 бөлім “Сонаталық аллегро”- шығарманың  драмалық  қайшылықтары  өрістейтін
ең басты бөлім.

11  бөлім  “Ақырын  жүретін  бөлім”-  лирикалық  және   филисофиялық   ойдын
суреттемесі- орындалады.

111 бөлім “Менуэт”- Гайдн,  Моцарт  шығармаларында,  ал  “скерцо”-  Бетховен
шығармаларында орындалады.

1V бөлім”  “Финал”  -  шапшаң,  салтанатты  музыкасымен,  барлық  бөлімдерді
қортындылайды.

Барлық  бөлімдердің  мазмұны:  күрес,  ой-арман,  жеңіске  жету.  “Сонаталық
аллегро  формасы”-  циклдық  шығарма  ретінде,   шетелдерде   17-ші,   18-ші
ғасырлардан  басталған.   Нақтылы   бекігені   жоғарыдағы   айтқандай   Вена
классиктерінің шығармасында 18-ші ғасырдың 2-ші жартысы.

“Сонаталық  форманың  аллегросы”-  қарама  қарсы  екі  тақырыптық,  драмалық
дамуымен жүреді: қайырымдылық, қастық, қуаныш-азап, шегу, батырлық-лирика.

Сонаталық форманың 1-ші бөлімі,“Сонаталық аллегро”- іш  ара  үш  тақырыпшаға
бөлінеді.

   1.  Экспозиция-  үш  тақырыптың  ішіндегі  ең  негізгі   бөлімі,   барлық
      шығарманың мазмұнын баяндап өтеді.
   2. Өңдеу- темасы, экспозициядан соң жүреді.  Мұнда,  негізгі  партия  мен
      жалғас партия,  сұраққа  жауап  беріп,  сөйлеп  тұрғандай  өтеді  және
      экспозициясындағы барлық темалардың  /кіріспе,  негізгі  жалғастырушы,
      жалғас,  қорытынды/  негізінде  өңделіп  бір-бірімен  өте   байланысып
      кетеді.
   3. Репризаныңда, экспозиция темалары өзгеріп  қайталанады.  Кей  уақытта,
      экспозицияның алдында кіріспе темасы, соңында кода  темасы  қайталанып
      барып, тақырыпты қосымша бекітеді. Шығарма бітуге айналғанда, ширығып,
      тез, шапшаң темпте, жоғарғы шыңына жетіп аяқталады.


                             Сонаталық циклдық шығармада үш бөлімі.



Сонаталық форма- қарама-қарсы екі теманың негізінде құрылады:

1-ші бөлім “Сонаталық аллегро”

1-ші темасы- бастапқы тональдықты және мазмұн байланыстығын сақтайды.

2-ші темасы- бастапқы тональдықтың маңайында өрбиді, арасында  өрістейді.Бұл
“күшті” мен  “әлсіздің”  күресі  үлкен  дауылға  ұласып,  соңынан  біртіндеп
алыстап төменгі регистрде аяқталады.

3-ші  тақырыпта  “Реприза”.  Мұнда,   экспозициядағы   барлық   до   минорда
қайталанады. Өзгеріс, жалғастырушы тақырыбында  ғана  болады.  Бітер  кезде,
қайтадан “Кіріспе” тақырыбы өтеді.  Соңынан  “Негізгі”  тақырып  тез,  ұшқыр
екпінмен ерік, күш, жігер жеңеді деп қорытындылайды.

11-ші бөлім ” Adagio cantabile”. Ля бемоль мажорда жүреді.

111-ші бөлім. Финал. Ұшқыр, 1-ші бөлімге ұқсас, до  минорда  жүреді.  Финал,
рондо-соната формасында жазылған.







Тақырыптың аты:   ФРАНЦ ШУБЕРТ.

Сабақ мақсаты: романстарының мәнін ашу.

Негізгі сұрақтар, тапсырма:

1. Шуберт қанша симфония жазды?
2. “Си минор” симфониясы қай уақытта  табылып,  қай  уақытта  орындалды?Неге
   аты “Неоконченный” деп қойылған? Симфонияның ерекшелігін анықта.
3. Шуберттің қандай өлеңдерін білесің?
4. Фортопианолық шығармалар
Сабақ материалдарының тезистік берілуі:



         Бар-жоғы 31-ақ жыл өмір  сүрген  Австриялық  композитор.  Шуберттің
еңбек жолы, Бетховеннің  еңбектерінің  жалғасы  сияқты.  Бетховен  музыкасы,
Шуберт шығармаларына революциялық мазмұн берді.

         Франц Шуберт 1797-ші жылы Вена  маңындағы  Лихтенталь  деген  жерде
туды. Әкесі мектепте муғалім,  шешесі  қол  ұсташысының  қызы  болатын.  Бұл
жанұя ағаларымен қоса өнерді сүйетін адамдар болған. Оның  музыкалық  дарыны
ерте  байқалады.  11  жасында  оны  шіркеуге  әншілер  дайындайтын  мектепке
береді. Ол өзінің орындаушылығымен мұғалімдерді  таң  қалдырады.  Осы  кезде
оған  өнер  жолына  мектеп  болған   Бетховеннің   музыкасы   еді.   Алғашқы
шығармаларын  жастайынан  шығара  бастады  және  композитор  Сальер  баланың
ерекшілігіне көңіл аударды. Францтың таланты  әкесін  қатты  қабалжытты.  Ол
Гайдн, Моцарт,  Бетховеннің  өмірін  жақсы  білетін,  себебі  музыканттардың
өмірі ауыр болатын. Шуберттің шығармашылығының шыңы,  19-шы  ғасырдың  20-шы
жылдарына Француз революциясының “Бостандық”, “Теңдік” идеяларын  тұншықтыра
басқан   кезеңге   дәл.   Шуберт   өмірі   қиыншылықпен   жан   толғанысының
сәтсіздігімен өтеді. Көзі тірісінде  жазылған  тоғыз  симфонияның  біреуі-де
орындалмайды. 600  әндерінен  200-і  ғана  жарық  көреді.  20  фортопиянолық
сонаталарынан үшеуі ғана басылады.

           Шуберттің өлеңдері веналықтардың жүрегіне жол тапты. Сол  кездегі
атақты  әнші  Иоганн  Михаэль  Фогль  композитор  Шуберттің  сүйемелдеуімен,
Австрия қалаларына үш рет концерттік сапармен  аралап  шықты.  Досы  Шоберге
жиырма жеті жасында “Бұл жалғандағы ең бақытсыз  жан  мен”-деп  жазған  хаты
көп нәрсені аңғартатын еді.

1828-ші  жылы  жолдастарының  ұйымдастыруымен  тек  Шуберттің  шығармаларына
арналған концерт қойылды. Бұл концерт үлкен  үміт  және  қуаныш  әкелгенмен,
1828-ші жылдың  күзінде  Шуберт  сүзекпен  ауырып  қайтыс  болды.  Шуберттің
ескерткіш тасына мына жолдарды жазып қалдырды: “Бұл жерде үлкен қазына  және
одан да үлкен үміт  жерленді”  –деп.  Бұл  жолдардан  ерте  үзілген  өмірдің
қайғысы, зары, арманы, қиын тағдырын сеземіз.







                                               Шуберт әндері.



             Шуберттің  шығармаларында,  өлеңдерінің  өте  көптігі  /600-ден
астам/,және

 Шуберт өлеңдерінің басты  кейіпкері.  Ол  өте  бақытсыз  болып  көрсетілді.
Жалғыз ғана серігі- табиғат.  Өлеңдерінің  ішіндегі  ең  ерте  жазылған  әні
“Маргарита за  прялкой”           1814-ші  жылы  жазылған.  Ұршық  жанындағы
Маргарита, “Лесной царь” 1815-ші ж. жазылған.  Екеуі-де  Гётенің  өлеңдеріне
арналған.

         1-ші әнінде “Маргарита за прялкой”, алданған қыз өзінің  сүйіктісін
есіне алады. Ол жалғыз іштей қиналады. Әні сағынышты, қайғылы.

2-ші  әні  “Лесной  царь”,  күрделілеу,  драмалық  көрініс,  сцена   түрінде
жазылған үш образ: әкесі,  ауру  бала  және  қатыгез  орман  патшасы.  Әкесі
алдына алып, атқа мініп, орманмен келе жатады. Әрбір бейне, өзінің  әуенімен
мінезін дәл тез танытады.

Одан кейінгі әндері “Форель”, “Серенада”, “Баркарола”, “Утренняя  серенада”.
Бұл әндер өте көркем байланысы мол, табиғатт өрнектейді.

“Форель” әні, куплетті-  вариациалық   түрінде  жазылған.  Әр  бір  куплетте
композитор мазмұнына байланысты өзгеріс беріп, жаңалап отырады.

Қысқа  мазмұны:  таудан  аққан  таза  суда,  күмістей  жарқыраған   балықтың
қозғалысы сүреттеледі. Ол  өзіне  төніп  тұрған  қауіпті  сезінеді.  Қатыгез
балықшы  суды  лайлап,  балықты  ұстап  алады.  Ағын  судың  ағысын,   балық
қозғалысын білдіретін арпеджиолық дыбыстар жиынтығы,  өлеңнің  мазмұнын  нақ
ашып тұрады.

  “Зимний  путь”.  Бай  қызына  ғашық  болған,  кедей  жігітінің  қөңіл-күйі
суреттеледі.

Қапаланған жігіт, ауылын тастап ел кезіп кетеді. Ол жалғыз, оның  жолдастары
тек жел,дауыл, қара қарға болады. Өлеңнің сазы,  жігіттің  көңіл-күйін  ашық
жеткізеді. Шуберт өз  өлеңдерінде  куплеттік  форманы  көп  пайдаланған.  Өз
кейіпкерлерінің көңіл-  күйлерін  көрсеткенде,  әртүрлі  музыкалық  бояулар,
ойлар, бейнелер толықтырып отырыды.

Соңғы өлеңдері: “Прекрасная мельничиха”, “Весенний сон”, “Шарманщик” т.б.

                         Фортепианолық шығармалары.



Шуберт фортепианоға арнап,  шығарма  жазғанды  жақсы  көрген  және  көптеген
шығармаларын жазғанда,  шығармалары  күнделікті  өмірге  арналған,  жағымды,
түсінікті,  естеушілерге  жеңіл  мазмұнда  жеткізілген.  Негізгі  жанырлары:
пьесалары,  марштық  және  соңғы  жылы  жазылған-   экспромтары,   музыкалық
моменттері, сонаталары.

Оның ішінде 15 аяқталмаған сонаталары бар.

Вена  көрермендерін,  жаңа  үлгідегі  Шуберт  вальстері  таң  қалдырды.   Ол
модалық/сәндік/  музыкаға  бас  ұрмай,  халық  сүйетін,  халыққа   түсінікті
тілмен, халықтық өрнегі бар, вальс стилімен көзге түсті.

       Осындай вальстің  бірі  “си  минор”  өзінің  әндік  жұмсақ  әуенімен,
жүрекке жағымды. Минорлық лад  асықпайтын  қозғалыс,  музыкаға  ойлы  әуенді
жалғастырады. Соңында бір аттас мажорға ауысады. Бұл қалайда  алда  жақсылық
, болашақтағы армандар орындалады дегендей болады.

Содан кейінгі, фортопиянолық шығарма  “Музыкалық  моменттері”  –оның  ішінде
“фа минор”-билік характірдегі, лирикалық пьеса  және  “Экспрмт”-  ми  бемоль
мажор- күрделілеу шығарма.  Бұл  екі  шығармада  дүние  жүзі  пионистерінің,
сүйіп ойнайтын шығармалары.



                                         Симфония “Си минор”.



         1822-ші жылы еңбек жолының ең шыңдалға кезеңінде жазылған.  Барлығы
тоғыз симфония. Соның 7-ші симфониясы осы “си минор”  аяқталмаған,  бар-жоғы
екі бөлімнен тұрады.

Лирикалық характерде жазылған, барлық темалары “әндік стильмен” жүреді.

Симфонияның  ашық  гармониялық   көркемдігі,   негізгі   темалардың   “әнмен
байланыстылығымен” мазмұндық фактурасы,  оркестірдегі  әрбір  аспаптар  және
партияларын ойнағанда, өздері де “әнші дауыстың” міндетін атқарып  кететіні,
шығарманың жаңа сырын көрсетеді.

        Шуберттің өзі, бұл шығармасын  симфониялық  оркестірдің  орындауында
тыңдай алмай кетті.

Көп жылдар, бұл шығармасы досы А.  Хюттенбреннерде  сақталып,  тек  кейіннен
1865-ші жылы бірінші рет дирижер И. Хербектің басқаруымен  орындалып,  содан
бері бірде-бір концерттік программадан қалған жоқ.  Шуберттің  “Неоконченная
симфониясы” концерттік программалардың көркіне айналды.

1-ші бөлім темпі “Аллегро модерато” /тез  емес/  сонаталық  аллегро  түрінде
жүреді.

Негізгі  партияның  алдында  төменгі   регистрде   виолончельмен   контробас
аспаптарында сақтықпен, мазасыз кіріспе темасы  өтеді  де,  соңынан  көңілді
аллегро жалғастырады. Ал шекті аспаптарында өтетін  тақырыптар  симфониядағы
бастапқы  темаларды  сақтап  жалғастырып  өтеді,  жалғас/побочная/  партиясы
қоңыр жұмсақ дауысты виолончель аспабында  сазды  әнмен  өтеді  де,  соңынан
билік характерге соль мажорға ауысады. Өңдеу  /разработка/  темасы  бастапқы
кіріспе тақырыбының негізінде жүреді де соңынан реприза- қайталау  темасымен
жалғастырылады.

2-ші бөлім. Анданте /асықпай/. Мұнда екі тема өңделеді, екеуі  де  лирикалық
шындықты көрсететін мазмұн. 1-ші тема ашық  жарқын,  2-ші  тема  минорда.Екі
тема да бір-бірімен өте байланысты. Шуберттің си  минор  симфониясы  осындай
еді. Енді 3-ші бөлімге жоспар құрылады- бұл қайсарлығы мен еркін  көрсетеді.
Әнімен айтылатын шығарма адам  бойындағы  терең  сезім  толқындарын  көрсете
алған.  Өкінішке  орай  бұл  жоспар  орындалмай   Шуберттің   “Неоконченная”
симфониясы  ең  жақсы  деген  симфонияларының  қатарында.  Замандастары  дер
кезінде өздерінің бағаларын бере алмады.




Тақырыптың аты:   ФРИДЕРИК ШОПЕН.

Сабақ мақсаты:  әкелген  жаңалықтарын  анықтау,  фортепианолық  шығармаларын
талдау.

Негізгі сұрақтар, тапсырма:

1. Прелюдия деген не?
2.  Шопен  прелюдиясының  циклында,  үндестік  үйлесімділік   негізі   қалай
   жоспарланған?
3. Ми  минор,  ля  мажор  және  до  минор  прелюдиясындағы  өзіндік  әуеннің
   характері, әуендік жолы, әдістемесі және мәнерлілігін айтып шық.
4. Этюд, ноктюрн дегеніміз не?
5. Шопен бұл жанрдың мәнерлілігін қалай ұлғайтты?
6. Фа минор ноктюрннің құрылысын, мүзыкасының характерін түсіндір.
Сабақ материалдарының тезистік берілуі:

        Фридерик Шопен- поляк  халқының  ұлы  композиторы.  Пианизмнің  жаңа
үлгісін,  әртүрлі  әдістерін  енгізген.  Басқа   композиторларға   қарағанда
ерекшілігі, шығармаларын  тек  фортопияноға  орындалу  үшін  жазған.  Артына
бірде бір опера, симфония немесе увертюра қалдырған жоқ. Онда бар  жоғы  бір
трио /фортопияно, скрипка және виолончель/,  виолончельге  арналған  соната,
және жиырмаға жуық әндері ғана.

Еңбектері  көзінің  тірісінде  үлкен  бағасын  алған,   тіпті   дүние   жүзі
пионистерінің  сүйікті  композиторына  айналды.   Шопен   музыкасын   сүйіп,
орындап, жер  жүзіне  әйгілі  еткен  Совет  елінің  пионистері  Софроницкий,
Нейгауз, Рихтер болды.

          1927-ші   жылдан   бастап   Варшавада   Шопен   атындағы   конкурс
ұйымдастырылған. Бірінші конкурста бірінші орынды совет елінің  пионисі  Лев
Оборин жеңіп алды.



                                                      Өмір жолы.



Фридерик Шопен 1810-шы жылы Польшаның астанасы Варшаваның  жанында  Желязова
Воля деген жерде дүниеге келді. Шешесі поляк қызы, әкесі француз еді.  Әкесі
мұғалім, скрипка мен  флейтада  ойнаса,  шешесі  өлең  айтатын  фортопианада
ойнайтын.

Бес жасында Фридерик те жеңіл пьесаларды апайсы Людвиктің басқаруымен  ойнай
бастады. Жеті жасында Варшавада алғаш рет өнерін көрсетіп, үлкен  жетістікке
ие болды. Таланты кісілерді таң қалдырды.

Мұғалімі Живный сабақ беруден бас тартты. Себебі 12 жасында ең  күшті  деген
пионистерден шебер ойнай бастаған еді. 13 жасында лицейге  оқуға  түсті,  үш
жылдан  кейін  жоғарғы  музыка  мектебіне   түсіп,   Иосиф   Эльснер   деген
композитордан сабақ алды.

Эльснер аз  уақыттың  ішінде  оқушысының  жәй  талант  емес,  кемеңгер  дана
екеніне  көзі  жетті.  Себебі  1829-1830-шы  жылдары  шығармаларына  арналып
қойылған екі концерт осыған айғақ еді.

Бағын санымақшы болып 20 жасында Парижге жолға шығады.  1831-ші  жылы  күзде
Парижге келіп, Париждіктерді пионисшы ретінде  жаулап  алды.  Шопен  өзіндік
ерекшілігін париждіктерге мойындатты.

              Немістің сыншы, композиторы Роберт Шуман былай жазған  болатын
                         “Мырзалар,   қалпақтарыңды    алыңдар,    алдарыңда
данышпан”-деп.

Адамдардың жан-дүниесін баурап  алатын  даналығы  неде?  Замандастары  былай
еске алушы еді- ойнау шеберлігінің кереметі;оны  рухты,  жігерлі,  поэзиялық
әсем,  өнерлі  көркем  жеткізуінде  –  деп.  Егерде  Польшадан   жерлестері,
жолдастары  келе  қалса,  ата-анасына  деген  сағынышын  жасырмай   сұраумен
болатын. Ауылына деген сәлемдемесі шығарған шығармалары еді.

          Жылдар өте концерт қоюуын азайтып, бір жола шығармашылыққа  көшті.
Соната, скерцо,  баллада,  экспромтер,  этюд,  ноктюрн,  прелюдии,  мазурка,
полонездер жазылса келесі шығармалары терең  ой,  шиленіске  толы  драмалық,
қайғылы оқиғаларды бейнеледі. Парижде Шопен талантының шырқау шынына  шықты.
Кімде кім Шопеннен сабақ алса,өзін бақыттымын деп есептейтін.

           Композитордың  соңғы  жылдары  қайғылы  өтті.  Жақын  жолдасы  Ян
Матушиньский, оның  артынан  әкесі  қайтыс  болды.  Жорж  Сандпен  ажырасты.
Жалғыздықтың қайғы-зары әл-қуатын  әлсіретіп,  өкпе  ауруы  қабына  бастады.
Композитордың соңғы жазып қалдырған шығармасы фа минор.

Өзінің өтінші бойынша  Польшадан  апайсы  Людвика  келді,  апайының  қолында
қайтыс болды. Шопен Парижде жолдасы Белинидің бейітінің жанында жерленді.

Жүрегі,  өзінің  өтінші   бойынша   елінде   Польшаның   Варшава   қаласында
католиктердің “Киелі крест”- деген шіркеуінде сақтаулы.



                            Шопеннің фортепианолық шығармалары.



Мазурка “до мажор”

        Мазурка  3/4 өлшемінде жүретін, поляк халқының  биі.  Ритмі  өзгеріп
отырады, өте шапшаң, акценті соңғы үлеске түсіп отырады.

Поляк  аристократтарының  сүйіп  билейтін  биі  болған.  Мұнда,  ескі  халық
билері:  мазур,   куявяк,   оберек   пайдаланылады.   Көптеген   мазуркалары
концерттік  программаға  арналған,  лирикалы-  сыршыл  нәзік  сезімді  болып
келеді.  Шетте  жүрген  композитордың  көңіл-күйі,   елге   деген   сағынышы
суреттеледі.

Барлығы 58 мазурка жазған. До мажорда ауыл тойының суреттемесі  көрсетіледі.
Поляктар бұл мазурканы- -“Мазурканың мазуркасы” деп атаған.

Бірнеше  жеке-жеке  билік  мелодиялардан  тұрады.  Бірнеше  тактылар   бойы,
квинталық мелодия, ауыл  оркестрінің  көрінісін  береді.  Осы  фонда,  өткір
ритммен ауылдағы той-думанды көрсетіп жатқандай болады.

     Көппен биленетін би, жеке бишіге ауысып кетеді  де,  ол  өзінің  өнерін
жеке-дара билеп  шығады.  Соңынан  сүйкімді  қыздар  биімен  жалғасады.  Ары
қарай, негізгі мазуркалық әуенге ауысып, шығарманың аяқталатынын білдіреді.

Мазуркалары  өте  көп  деп  жоғарыды  айтылды.  Соның  ішінде,  лирикалы-“ля
минор”.

Бальный биге арналған “си бемоль мажор”, т.б. көптеген мазуркалары.



Полонез “Ля мажор”

Шопен барлығы 16 полонез жазған. Негізгі тақырыбы-  поляк  халқының  ұлыттық
биіне құрылған, кейіннен “полонез” деп аталған.

Полонез, бұрынғы уақытта әскери рыцарлардың қатысуымен  орандалса,  кейіннен
белгілі  бой   адамдардың,   балдық   кештерінде   биленетін   биі   ретінде
қалыптасады.

19-шы  ғасырдағы  бал  кештері,  полонез   музыкасымен   ашылған.   Шопеннің
полонездері де мазуркалары секілді, концерттік формада орындалуға  арналған.
Характері жағынан әр түрлі болып келеді. Ең көрнекті полонезі- “Ля мажор”.

“Ля мажор”-өзінің күшті, сәулетті оркестірлік  үнімен  көзге  түседі.  Бұны,
бірнеше күшті дыбыстардың шыңына жеткен, кульминациялық формасынан  байқауға
болады.

ff-fortissimo  /фортиссимо/.   Негізгі   тақырыбы   асқақ,   жеңіс,   шаттық
характерде жүреді. Оған қосымша үндеу,  фанфарлық  2-ші  тақырып  шығарманың
ортаңғы бөлімімен  жалғастырылады.  Керемет  музыкалық  дыбыс  байланыстары,
әртүрлі оркестірдің орындауында түрленіп кетеді.



Вальс” до диез минор”

        Шопен, барлығы 17  вальс  жазған.  Билік  характердегі  шығармасына,
вальстері  жатады.  17  вальстің  ішіндегі  ең   көрнекті  вальсі  “до  диез
миноры”.

Вальстің үш  тақырыбы-  темасы  да  бір-бірімен  тығыз  байланыста,  көркем,
бірқалыпты темпте  жүреді.  Жұмсақ  шалқыма  тема-  вальстің  қалқып,  жеңіл
жүретін сәтін көрсетеді. Біраз темптің жылдамдауы 2-ші теманы жалғастырады.

Сегіздіктен тұратын бірнеше  мелодиялық  фигуралар  айналып  жүретін  жеңіл,
ұшқыр қозғалысты көрсетеді. Ең соңғы 3-ші темасы үш  рет  қайталанып,  басқа
бөлімдермен  байланысып  кетеді  де,  осындай   құрылысы   қайырмасы   құсап
көрінеді. Мұндай құрылыс вальске, рондо секілді сипат береді.



                                Прелюдия, ноктюрн және этюдтері.



       Шопен барлығы 26 прелюдия, 21 ноктюрн, 27 этюд жазған.

Прелюдия  латын  сөзі  “бастама”  деген  сөзді  білдіреді.  Прелюдия  Бахтың
заманында жеке пьеса ретінде орган мен  клавирға  арналып  жазылған.  Тұңғыш
рет көп бөлімді 24 циклдық  прелюдия  жазған  Шопен  болды,  және  екі  жеке
прелюдиясы болған.

Мажорлық, минорлық тональністе жазылған. Прелюдиялары  мазмұны  жағынын  өте
бай, көлемі жағынан үлкен.

Антон Рубенштейн /орыс  композиторы/  Шопеннің  прелюдияларын,  “Жемчужный”-
”Інжу”  асыл тастай –деп баға берген.

Прелюдияларының ішіндегі ең көрнектілері: ми минор, ля мажор, до минор.

Этюд –деген сөздің мағнасы, қандайда  болмасын  бір  аспапта  /инструментте/
техникалық қабылетті ширатып, жаттықтыратын пьеса дегенді білдіреді.

Шопен этюдтерінің “пианизмдік” техникада өзіндік ерекше жолы бар.  Техниканы
жаттықтыратын аккорд, арпеджиолық пассаж, двойной октавалар т.б.

Этюдтері  мазмұны  жағынан  өте  күрделі  концерттік   пьесалармен   бірдей.
Этюдтерінің ішінде, ең көрнектісі “до минор”- революциялық этюд.

Көптеген ноктюрндер де жазылды, бұл сөз- француз сөзі, мағнасы  “түнгі  ән”.
Соның ішінде, “фа минор” ноктюріні ерекше.

Барлығы 21 ноктюрн жазған.





Тақырыптың аты:  ОРЫС ХАЛҚЫНЫҢ  XVIII-ШІ ҒАСЫРДЫҢ АЯҒЫМЕН XIX-ШЫ ҒАСЫРДЫҢ
ЖАРТЫСЫНДАҒЫ МУЗЫКА МӘДЕНИЕТІНІҢ ДАМУЫ.

Сабақ мақсаты:  сол замандағы  халық  тіршілігінде  музыканың  алатын  орнын
анықтау.

Негізгі сұрақтар, тапсырма:

Сабақ материалдарының тезистік берілуі:



                 Орыс    музыкасы    өзінің    даму    жолында    әр    қилы
кезеңдерден  өтті . ХУП  ғасырда   орыс   халқының   арасында  көп   тараған
әндер    тұрмыстық   салт-санаға    арналған    әндер   еді.   Бұл     әндер
шаруашылықпен  шұғылданған  ауыл  адамдарының көңіл-күйін  көтеретін.

             Ал  біртіндеп,  халық арасындағы  айтылып  жүрген  әндер,  қала
халқының көп  жиын   ортасында  да  орындалатын   болды.  Ең  бірінші  халық
әндерін   нотаға   түсіріп,  жинаған   әнші,   Гусли   аспабында    ойнайтын
В.Трутовский. Жас  композитор халық  әндерінің негізінде  романстар   жазды,
  скрипка  мен  фортепианоға   арналған  пьеса,   спектакльдерге    арналған
музыкалар  жарық көрді.

            Ал орыс  мәдениетінде, ең   бірінші   операның   негізін  жазған
композитор  Е.И.Фомин,   хорға   арнап   музыка    жазған   Д.С.Бортнянский,
аспаптарға  арнап  музыка  жазған И.Хондошкин.

ХІХ-шы  ғасырдың  жартысында   романс  жанрындағы  ең  үлкен   композиторлар
Алябьев, Варламов, Гурилев, Верстовский,Булахов.

           Тағы  осы  жылдары  дүниеге  келген, орыс   музыкасының   негізін
қалап,   мазмұнын   байытқан  атақты   композиторлар  Глинка,  Доргомыжский,
Бородин, Мусоргский, Скрябин, Рахманинов  болды.

           ХІХ-шы  ғасырда  орыс   музыкасы   жан-жақты   дамыды.  Музыканың
негізі, ғасырға  жалғасқан  халықтың   өмірі,  тарихы,  салт-санасы   туралы
жырлаған  әндермен,  поэма   жырлардан   алынып,  оларды   жинақтап,  өңдеп,
қайтадан   халыққа   жеткізген,  орыс   классик   копозиторлары;  Балакирев,
Бородин, Лядов.

             Композиторлар;     Чайковский,    Бородин,    Мусоргский     өз
шығармаларына, орыстың   ұлттық   интонациясын,  өзгертпей   сақтап,  кейбір
мелодиялық  бөлшектерін  халыққа  жеңіл,   тыңдаушыға   ұғымды   болу   үшін
ежелгі  әндерді  құрметпен  пайдаланып,   қайтадан   үлкен-үлкен   музыкалық
шығармалар  жазып,  халыққа  ұсынды.



                                      ӘН   ЖӘНЕ  РОМАНС.

           ХУШ-ші   ғасырдың    аяғы   ХІХ   ғасырдың   бірінші   жартысында
музыка  өнерінің  ең  сүйіктісі  романс  еді.

            Романс    әндері     фортепиано,     арфа     және     гитараның
с,йемелдеуімен    орындалатын.    Романста   да    халық    әндері    сияқты
адамдардың  көңіл-күйі, ой-арманы  көрінетін.

  ХІХ   ғасырда   орыс   романсының   өркендеуіне   композиторлар;  Алябьев,
Варламов, Гурилев, Верстовский, Булахов  көптеген  еңбек  сіңірді.  Көрнекті
 орынға   ие   болған  осы   романс   жанрында   камертондық   өлеңде,  және
музыкалық  шығармаларда  классик-композиторлар Глинка мен Даргомыжский еді.



                                      А.А.АЛЬЯБЕВ  / 1787-1851 /.

          1787  жылы  Тобольск  қаласында  Александр  Александрович  Алябьев
дүниеге   келді.   Көптеген   ақсүйектің   балалары   сияқты   ол   мектапте
емес,  уйінде  сабақ   алып,   артынан  Москваның   университетін   бітірді.
Әскер  қызметін  атқарды. 1812  жылы  Азамат  соғысында  өз   еркімен   орыс
армиясына   қосылды.  Соғыстан  соң  Петербургке   оралды.   Онда    орыстың
алдыңғы    интелегенциясымен    араласады.   Оның   жолдастары    Грибоедов,
Одоевский, болашақ  декабристер Муханов, Бестужев,Марлинский  болды.

          Композиторлардың   сол   кездегі   шығарған  әні   *Соловей*   осы
күнге   дейін   концерттерде   орындалып,    халық    сүйіспеншілігіне   ие.
Алябьевтің  құбылмалы  тағдыры   шиеленісті   сәттерге   толы   болды.  1825
жылы   кісі   өлтірдің   деген   айыппен   тұтқындалып,  3  жылын    түрмеде
өткізді.  Соңында  Сібірге   жер   аударылды.  Ауыр   қиыншылық    Алябьевті
жасыта  алмады. «Военный  духовой  оркестр»  құрды,  романс,  әндер   жазды.
Соның   ішінде  өзінің  өмірін   баяндайтын   «Иртыш»   атты  романс    және
симфониялық, камералық  шығармалары  бар  еді.

Денсаулығына  байланысты  Кавказда емделуге  рухсат  алды.

        Осында  жазған  әндер:  «Грузинская  песня»,  «Кабардинская  песня»,
опера,   «Аммалат  бек»,   мелодрама    «Кавказский    пленник»    Пушкиннің
поэмасына  арнайы  жазылған.

        Сонымен   қатар   башкир,    украин    әндер    жинағының    шығуына
көмектесті.  1851   жылы   Москвада   қайтыс   болды.  Алябьевтің   ең   кең
тараған  өлеңі  «Соловей».   Бұл   әннің   ерекшелігі  жәй   әндерден  –  ре
минордан-фа минорға  ауысып  жарқын  түр  беруінде.







                              А.Е.ВАРЛАМОВ  /1801-1848/.



            Александр  Егорович   Варламов  1801   жылы   Москвада   дүниеге
келді.Әкесі   отставкадағы   поручик   болатын.  Бала  кезінен   өте   зерек
болды. Естіген  әндерін  скрипка мен   гитараға  салып  алып   ойнай  беруші
еді. Есту  қабылеті жоғары, таланты   барын   көрген   әкесі   Петербургтегі
сарай  жанындағы  ән  капелласына  оқуға  береді. Ол   кезде  Александр   он
жаста еді.  Капелланың  директоры  Бортнянский  де   баланың  дарыны   барын
көріп, жеке  сабақ  береді.  Капелланы  бітірген  соң   Голландиядағы   Гага
қаласында   орыс   посольствасының   шіркеуінде    әннен    мұғалім    болып
істейді.  1829   жылы   Петербургке   оралады,  Глинкамен   танысады.  30-шы
жылдары  романс  пен  әндері   халыққа   кеңінен   танымал   бола   бастады.
«Ах,ты время,времячко»,   «Горные   вершины»,   «Тяжело,  не  стало   силы»,
«Вдоль  по  улице   метелица   метет»,    «Песня   разбойника»,  «Вверх   по
волге»,   «Река   шумит»   және   «Белеет   парус   одинокий»   Лермонтовтың
сөзіне  жазылған.

           Варламовтың  150-ден  аса   романстары   мен  әндері,   концертке
арналып  өңделген  орыс  халқы  әндері  ән  мектебіне  арналады.



                                    А.П.ГУРИЛЕВ  /1803-1858/.



           1803   жылы   Москвада   Александр   Попович   Гурилев    дүниеге
келді.    Әкесі    граф    Орловтың    крепостной    музыканты    болатын.Ол
крепостной   оркестрдің   жетекші    қызметін    атқарушы    еді.    Алғашқы
мұғалімі  Александрдің  әкесі  болды. Бала  шағынан   Александр   крепостной
оркестрде  скрипкада  ойнайтын.

           Граф   Орловтың    балаларымен    қоса    фортепианода    ойнауды
үйренді.

         Атақты  композиторлар  Джон  Фильд пен Геништен  сабақ  алды.  1831
  жылы   әкесі   бас   еркіндігін   алды    және    баласы    Александр   да
крепостнойлардың  ауыр  жағдайынан  құтылды.  Енді  жас  музыкант   көптеген
 шығармаларын  жазып,  сабақ  беріп,  өзінің  жеке  қоя  бастайды.

          Композитор   Варламовпен   достығы  өзіне   көп   сүйеу    болады.
Варламовтың   өлеңдеріне   «На   заре   ты  ее   не    буди»   фортепианолық
вариациялар  жазады.

         Гурилевтің  өмір  жолы  өте  ауыр да  қысқа  болды.  1858-ші   жылы
 55  жасында  қайтыс  болды.

          Әндерін   «Матушка-Голубушка»,   «Вьется   ласточка   сизокрылая»,
«Разлука»,  «Колокольчик»  халық   жылы   қарсы   алды.  Көптеген   әндерін,
романстарын  би  ритмінде –мазурка, полька,вальске   салып   жазды.  Әсіресе
«Колокольчик»   әні  өзінің    әсерлігімен,    терең    сезімде,    драмалық
кульминациямен  аяқталады.

         Алябьев, Варламов  және   Гурилев   орыс   музыкасының   қазынасына
қымбат  шығармаларымен  үлестерін  қосты.

Біздің   заманымызда  да   осы   композиторлардың   ән,   романстары   үлкен
сүйіспеншілікпен  орындалады.

Әдістемелік нұсқаулар:







Тақырыптың аты:   МИХАЙЛ  ИВАНОВИЧ  ГЛИНКА.

Сабақ мақсаты:  шығармашылығының мәнін ашу.

Негізгі сұрақтар, тапсырма:

Сабақ материалдарының тезистік берілуі:



         Новоспасск   ауылында  Смоленск  Губерниясында  1804  жылы   майдың
 20-да дүниеге  келді. Бала  кезінен  бастап  ауырушаң, әлсіз  болып  өсті.

         Ағасының  жақсы  оркестрі  болғандықтан   үйде   ән-күй   үзілмеуші
еді.   1812  жылғы  Наполеон  оқиғасы  қзіне  қатты   әсер   қалдырды.  1817
жылдан 1822  жылға  дейін  Петербургтағы  Благодарный  пансионында  оқыды.

         Алғашқы  романсын  1825  жылы  жазды,  «Бедный   певец»,  «Элегия»,
«Не искушай». 1830-шы  жылы  апрельдің  25-де   Италияға   кетіп,   көптеген
опералар  тыңдады  және   сонымен   қатар   шығармалар   жазылды.   Россияға
1834  жылы  оралды.  Осы  кезеңдегі  жазылған  операсы ,   Иван   Сусаниннің
ерлігіне  арналды.

     1836  жылы   «Руслан  и  Людмила»   деп   аталатын   бірінші   орыстың
     ертегі- эпикалық  операсы  дүниеге  келді.

Әнге  арналған  шығармалары да  бар,  «Ночной  смотр»,   «Я   помню   чудное
мгновение»,  «Жаворонок»,  «Ночной  зефир»,   «Сомнение»,   *Вальс-фантазия*
деген  әндері  фортепианоға   арналып   жазылған.  1844  жылы   шет  елдерге
Францияға,  Испанияға  сапар  шегеді.

          Сол  жылдарда   Г.Берлиозбен   танысады.   Испан   халқының   биін
қолдана  отырып  ,1845  жылы   симфониялық   шығармалар   жазды-  концерттік
увертюра   «Арагонская  хота»,   1848   жылы-  «Ночь   в    Мадриде»    және
*Камаринская*.

           Соңғы  жылдары  ол  Петербургте,   Варшавада,   Парижде,   Берлин
қалаларында  өмір  сүрді.  1857  жылы  Берлин  қаласында  қайтыс  болды.



                                  «ИВАН   СУСАНИН»   ОПЕРАСЫ.

           Иван Сусанин  операсы  4  актілі  опера.  1836  жылы  жазылған.

            І  –  көрініс.   Бұл   опера   1612   жылы    поляк     жаулаушы
әскерінін  Москва  қаласына  шабуылы  жайында.   Осы   шабуыл   бүкіл   орыс
халқының   қарсылығын   тудырады.   Оның   ішінде    Домнина    И.Сусаниннің
ерлігі  ерекше.   Оның   қызы   Антонина   ер   жетіп   ,   өзінің   сүйікті
жігіті   Собиннің   әскер   қатарынан   аман-есен   қайтып   оралуын,   және
жігітіне  тұрмысқа   шығуын   армандайды.   Сол   кездегі   орыс   әскерінің
басшылары  Минин  мен  Пожарский   ерліктерін   шаруаларға   айтып   келеді.
Ал   И.Сусанин   балаларына   бақыт   тілейді.  /   интродукция,    каватина
Антониды. Трио «Не томи родимый»/.

           П – көрініс.  Поляк  королі Сигизмундтың  сарайында   үлкен   бал
өтіп  жатады. Өздерінің  орыс  халқын  жаулап  алатынына  сенімдері   мол  ,
мақтанып,  алдын-ала   шаттануда.   Осы   кезде  хабар   келіп,   Минин  мен
Пожарский  халық  әскер  жасағын  жинап,  соғысуға  дайындалып   жатқандығын
 хабарлайды.  Сол  себепті,  поляктар да  қайтадан   жаулап   алу   жоспарын
құра  бастайды.

/ 4  би:  полонез,  краковяк,  вальс,  мазурка\

            Ш  -   көрініс.   Иван   Сусаниннің   үйінде   дайындық    жүріп
жатады.  Осы  кезде  поляктар  келіп,  Сусаниннен   Москваға   барар   жолды
сұрайды. Ал  Сусанин  болса  баласы  Ваняны   орыс   әскерлеріне   ескертуге
жіберіп,   өзі   оларды   ну   орманға   апарып,   адастыруға   бел   буады.
Әкесінің  өміріне  қауіптеніп  қорқып   отырған   Антонида   келген   жолдас
қыздарды  қарсы ала  алмайды.

          Бұл  кезде  поляк  жаушыларымен  Иван  Сусанинді   іздеуге  өзінің
шаруа  әскерлерімен  Сабанин  келеді.

1. Песня Вани  «Как  мать  убили»

2. квартет – Сусанин, Ваня, Антонида, Сабанин.

3. Сцена Сусанина с поляками.

4. Свадебный  хор  «Разгулялись – близка  к  свадебным песням».

5.  Песня  романс  Антониды  «Не  о том  скорблю».

          ІУ – көрініс.  Түн  ішінде   хабаршы   Ваня   келеді.   Ол   жабық
қақпаның   ашылуын   күтеді.  Ақыры   поляк   жаушыларының   келе   жатқанын
айтып  үлгереді.

Өзінің  сенімді   адамдарымен   Сабанин  қалың  қардан   азап   көріп,  өзер
дегенде  поляк  жаушыларына  жетеді. Қараңғы   түнде   ну   орманға  Сусанин
поляктарды   адастырып   өлтіруге   әкелгенін   көрсетеді.   Бұл   көріністе
оның  ариясы  «Чуют  правду»,  «Ты  взайдешь  моя  заря»  орындалады.

           Эпилог.  /қорытынды  көрініс/

Москвада   Қызыл  алаңда   халық   жеңісін   тойлап   жатады.   Осы    кезде
Антонида,  Ваня,  Сабанин   келіп  әкесінің  өлгенін  хабарлайды.

           Опера,  халқы   үшін   ерлікпен   өлген    батырлары   /   Минин,
Пожарский   тағы   басқа/   және   Россияның   бостандығы   үшін    күрескен
ерліктеріне  арнап   «Славься»   хорымен   аяқталады,   Глинка   бұл   хорды
«Гимн  марша»  деп атаған.



                        ОРКЕСТРГЕ  АРНАЛҒАН  ШЫҒАРМАЛАРЫ.



          Глинка  еңбектерінің   ішінде   симфониялық   оркестрге   арналған
еңбектері  үлкен  орын  алады.  Атап  айтқанда   «Комаринская»   фантазиясы,
испандық  увертюралары ,  «Арагонская  хота»,  «Ночь   в   Мадриде»,  «Вальс
фантазия».   Халық   әндерінің   негізінде   музыкалық   шығармалары   үлкен
көркем  мазмұн  беріп,  аспаптарға  оранжировкалар  жазылды.

                       Симфониялық  фантазия  «Камаринская».

         Орыстың  халық  әндерінің  екеуіне  Вариация   жасайды.  /  Негізгі
теманы  өңдейді / . Темалары  әндердің  бір-бірімен  байланысты.

І-ші  тема.  Кең  салмақты  келін  түсіп  жатқан  тойға  арналады.  «Из   за
гор  высоких»  әні  жазылады.

П-ші  тема. Орыстың  билік  мелодиясы  «Комаринская»   жазылған.  Темалардың
дамуы  барысында  композитор  үрлеп  ойнайтын  халық  аспаптарын   /  дудка,
жалейка,  постушный  рожок/  қолданады.

          Екі  тема  бір-бірімен  ұштасып, әр   түрлі   ырғақта   жалғасады.
Бұл   симфонияда   копозитор   еркін   көркем   суретпен  халықтың    тұрмыс
салтын,  қуанышын  көрсетіп  береді .



                    ГЛИНКАНЫҢ    РОМАНСТАРЫ МЕН ӘНДЕРІ.



    Орыс классиктерінің мақтанышы Глинка өзінің бүкіл  өмірінде  әндер  мен
романстар  жазып  өткен.  Соның  ішінде   өзінің  жан  сезімін    білдіретін
лирикалық және орыс халқының  тұрмыс  –салтымен  табиғат  суретіне   арнаған
романстары. Оның  шығармашылық өрнегі мол, негізгі текстінің терең  мазмұнын
анық көрсететін  мелодияның  әсемдігі  классикалық  формада  бізге  тап-таза
жетті.

            Глинка   өзінің   көптеген   романстарын   Жуковский,   Дельвич,
Пушкиннің  жақын   досы   Кукольниктің   өлеңдеріне   арнап    «Прощание   с
Петербургом»,   «Жаворонок»,   «Попутная   песня»   деген   шығарма  ретінде
жазды.



                                    «Ж А В О Р О Н О  К»



Ойлы  жан сезімін  білдіретін,  өзінің   мамыр,   мақпал   әнімен   ақжарқын
көңілді  айтылатын  ән.

Фортепианоның  сүйемелдеуінде табиғат  көрінісі, кең   байтақ  дала,  жер-су
суреттеледі.

Әншіге  қосылар алдында трельмен  қараторғайдың,  тоқылдақтың үнін  береді.



                         «Я  ПОМНЮ  ЧУДНОЕ  МГНОВЕНИЕ»



         Бұл  ән  Пушкиннің  өленіне  арнап   жазылған,   орыстың   вокалдық
лирикасының  інжу-маржаны  деп  айтуымызға  болады.

          Романс  3  бөлімнен  тұрады.

Әннің   құрылысы   өлеңнің   мазмұнына    сәйкес    дамиды.    Әнде    басқы
кейіпкердің  үш  кезеңдегі  көңіл  күйі.

          Бірінші  кезең:  Кездесу.

          Екінші  кезең :  Сүйгенінен  айырылып  қалу.

          Үшінші  кезең:  Қайтадан  кездесу  кезіндегі  қуаныш.

Соңынан  анық   байланыспен,  мазасыз   көңіл   күйді   білдіретін   ортаңғы
бөлім  жүреді. Мұнда  музыка осы бір   тағдырды   қатыгез   сөзбен   баяндап
тұрғандай  болады.

Үшінші  бөлімде  қайтадан  бастапқы ашық  мелодиясымен  қуаныш  пен  күдікті
қабастастыра  көрсетеді.



                                         «ВАЛЬС     ФАНТАЗИЯ».

                                                         / 1856 /

             Лирикалық    характерде    жазылған.   Шығармасын    бастапқыда
фортепианоға  арнап  жазады. Соңынан  кеңейтіп,   өңдеп   өлерінің   алдында
симфониялық  оркестрге  бейімдеді.

              Фантазияның   негізгі  темасы   жанға   жайлы,  ерке    сазды,
әсемдікке  толы  болып  келеді.

                  Құрылысы        әр-түрлі        3        тақырыпта       /
   /фразалар  мелодияға   ұшқыр,   жеңіл   мазмұн   береді.   Негізгі   тема
вальстік   ритммен  мазмұны   жағынан   әр-түрлі   болатындай    эпизодтарды
байланыстырып, Ронда  формасына  ұқсас  бірнеше рет  қайталанылады.







Тақырыптың аты:   АЛЕКСАНДР  СЕРГЕЕВИЧ  ДАРГОМЫЖСКИЙ

Сабақ мақсаты: операларының шығу тарихымен танысу.

Негізгі сұрақтар, тапсырма:

Сабақ материалдарының тезистік берілуі:



                Даргомыжский    Глинканың   ізбасары.    Орыс    музыкасының
тарихына  жаңалық  еңгізген  үлкен  өнер  адамы.

               ХІХ  ғасырдың  30-40  жылдары  орыс   мәдениетінің   өркендеу
кезі  еді. Композитор  Даргомыжскийдің  шығармашылығының   ерекшелігі,   сол
кезеңде   Россияның   алдыңғы   қатарлы   жазушы,    суретшілерімен    тығыз
байланыста  болғанын  көрсетеді.

  Ең   жақсы   деген   шығармалары   Пушкин  мен   Лермонтовтың    сөздеріне
арналды.









                                       ӨМІР  ЖОЛЫ.



Александр   Сергеевия   Даргомыжский    2    февральда   1813    жылы   Тула
губерниясында,  Бельбск   уезі    Тронцкий    қаласында    дүниеге    келді.



 1817 жылы  әке-шешесі  Петербургке  көшіп   келіп,   коммерциялық   банктің
канцеляриясында  әкесі  қызмет  жасайды.Музыкалық  білімді  үйде  алады.

      7  жасында  фортепианода  ойнауды  игереді.  10   жасында   шығармалар
жазуға  талаптанады. Ол тек  фортепианоны  ғана  үйреніп  қоймай ,   скрипка
мен  ән  айтуға  да  әуестенеді.

      Пианист Франц  Шаберлехнерден  3  жылдай  сабақ   алды.   18   жасында
Даргомыжский шығармашылық жұмыспен  айналыса  бастайды .

      Бірақ та  композиторлық  техникасы  жетіспейді. 1835   жылы  Глинкамен
кездесу, өміріне үлкен  өзгеріс  кіргізді.

      Жас   музыканттар   бір-бірімен  тез  тіл   табысып,   Глинка   музыка
теориясын жетік  үйренуіне  көмектеседі. 1841  жылы  Виктор  Гюгоның  «Собор
Парижский богоматери»  романының  сюжетіне  «Эсмиральда» операсын  жазады.

«Торжества  Вакха» кантатасын  Пушкиннің  сөзіне жазылған,   кейіннен  опера
балетке  қайта   өңделеді.   1844   жылы   шет   елдерде  Берлин,  Брюссель,
Париж,  Вена   қалаларында   жарты    жылдай   болып,   көптеген   музыкант,
композиторлармен  танысады.  Өмірге  деген   көзқарасы,   көңіл-күйі   терең
өзгеріске  түседі. Еліне  сапардан  оралысымен, Пушкин  пьесасының  сюжетіне
 арнап  «Русалка»  операсын  жазады.

             Глинканың  жолымен  жүрседе, жүректі,  жаңашыл, батылдығын   өз
  шығармаларында  көрсете алған  композитор.

              1853   жылы  орыс   музыкасының    сыншысы   және   ағартушысы
В.Ф.Одьевскийдің   қолдауымен    Даргомыжскийдің    шығармашылық    концерті
өтеді. Тыңдаушы  қауым  концертке  үлкен  баға  береді.

              Даргомыжский  енді  «Русалка» операсына өзі либретто  /  үлкен
музыкалық  шығарманың, көбінесе операның  сөздері/  жазады.

        жылы  Петербургтегі Театр- цирктің сахнасында «Русалка»

операсы   қойылады.  Жастар   жанашырлық    танытқанымен,    ақсүйек   қауым
операны  қабылдамайды .

      1860  жылдары  оркестрге  арналған пьеса  «Казачок», «Баба Яга»  және
«Чухонская  фантазиясы»  жазылды. Орыстың  музыка  қоғамының мүшесі
болғандықтан  көп  уақытын  Даргомыжский   халық   ағарту  жұмысына
арнады.

      1864  жылы  Даргомыжский тағы да шет елде болып,  Брюссель   қаласында
өзінің  шығармаларына арналған  концерт қойылады.  Өмірінің   соңғы  жылдары
«Каменный часть»  операсын  жазумен  шұғылданады.

Текстісі  Пушкиннің   шығармасынан  алынған  бұл   операсы  *Могучая  кучка*
композиторларын  таң   қалдырады.   Бірақ   аяқтай   алмай      5   январьда
1869  жылы  қайтыс  болады.  Глинканың  жанына  жерленді.

Өзінің   өсиеті   бойынша    композитор   КЮЙ    аяқтап,    Римский-Корсаков
«Каменный  частьті»   оркестрге  түсірді.

        1872. жылы  *Могучая кучка*  композиторлары  Петербургтің
Мариинский  театрында  операның  қойылуына  көмектесті.



                                         «РУСАЛКА»    ОПЕРАСЫ.



       Тұрмыстық драманы  көрсететін  орыстың 1-ші   операсы.  Композитордың
алдына  қойған  негізгі  мақсаты:  кейіпкердің  ішкі жан дүниесін,   олардың
 сәтсіз  кезеңдерін,  ішкі  мінез  құлықтарын  көрсету.

           *Русалка*     операсынын     негізгі     тақырыбы      әлеуметтік
келіспеушілікті,  көркем  суретпен орыстың  кедей   қызының   бай   князьдің
алдағанына сеніп,  тастанды  болып  қалғанын   шындық  пен   көрсетеді.  Сол
кездегі   шаруалар  мен   олардың   жас    қыздарының,   байлардың    мазағы
болғанын, осы  операдағы Наташа  трагедиясынан  байқайға  болады.   Операның
 драмалық  сюжеті А.С.Пушкиндік. Қатысатын адамдар:

Мельник –шал, оның  қызы  Наташа, Ольга Княчинаның  жолдас  қызы. Княчина  –
байдың  қызы. Опера  4  көріністен  тұрады.

         *Русалка*  деген  киялдан  туған, су астында  өмір  сүретін   әдемі
қыз.

/опера 4   көріністен  тұрады/  .  Көріністің   алдында  сонаталық  увертюра
ойналады. Оның  мазмұнында П- көріністегі  тойға арналған  хор  темасы.

          І-ші  көріністен  Наташаның ариозасы  орындалады.

І-ші   көрініс.   Днепр   өзенінің   жағалауындағы  диірмен.  Жас   князьбен
Наташа  бір-бірін  ұнатады. Аяғы  ауыр   болып   қалған   Наташа,   әкесінің
айтқан  ақыл- сөздерін  ескермей,  болашағына ой   салмай,   бар  ықыласымен
беріліп  князьді  сүйеді. Ал  князь   болса   сөзіне   тұрақсыз,   диірменге
келуін  сиретеді.

І-ші  көрініс.  Диірменшінің  / Мельниктің/  ариясымен  басталады. «Ох,  то-
то все  вы  девки  молодые !!»  музыкасы  жылдам, пляска   бидің   ритмімен,
акцентпен,   кәрі   шалдың   қырсық   мінезін   көрсетсе,   әрі   қарай   үш
образдың  көңіл-күйін  беретін  лирикалық  терцет  Наташаның  ариясы    «Ах,
 прошло  то  время,  время  золотое»  және  қыздар   арияся   лирикалық   ән
«Ах, ты  сердце»,  әйелдер  хоры «Заплетатся,   плетень»  және   хорлық   ән
«Как  на  горе  мы  пиво  варили»  орындалады.

               Көріністің    аяғында     князь   бай    қызға    үйленетінін
жариялайды.

Наташаның  әкесіне  бір  қап  ақша  беріп,  өзіне   қымбат   басына   орамал
/повязка/  байлап  жылдам  кетіп    қалады.   Алданғанын   түсінген   Наташа
қайғыдан  Днепр  суына  құлап  өледі.

               П-ші   көрініс.    Князьдің   бай   қызына   үйлену   тойынан
басталады.  Бай  қыз   жолдастарымен   қоштасады.   Соңы   үлкен   мерекелік
көрініс   Славян   билерімен    ұласып,    қалжың    ән    *Сватушка*    мен
жалғасады.

Осы  кезде  суға  кеткен  Наташаның   қайғылы   әні   естіледі.   Нәзік   ән
салқын   сезіммен   арфа   мен   габойда   орындалады.    Ыстық    сезімдегі
Наташа,   екінші   образда   салқын   қанды   Русалка    арқылы    көрінеді.
Дауысты  естіп  қорыққан  князь  өзінің   қызметшілеріне   Наташаны   тауып,
судан  шығаруын  сұрайды.  Халық  көрінісі.

Той  көңілсіз  аяқталады.

                Ш-ші  көрініс.    Князьдің  усадьбасы. 12 жыл  уақыт   өтті.
Бұл  жылдар семьясына   бақыт   әкелмеді.  Оны   өмірдің   қызығынан   күдер
үзген Князьдің  наватинасынан  *Невольно к этим  грустным  берегам*   көруге
 болады.

                Музыкасы  ойлы-қайғылы орындалады.  Наташаның  әкесі   болса
 қайғыны  көтере  алмай  ақылынан  алжасып өзін  *қарғаға*  теңейді.

                 Князь   шалдың   қасіретін   көріп   үйіне   шақырады.  Шал
қызын  өзіне  қайырып  беруін  сұрап,  ыза-кектен   Князьді   өлтіремін  деп
жүгіреді.

                 ІУ-ші  көрініс.  Наташа-  Русалканың   кек  алу   көрінісі.
Су  жағасына Князь  келеді. Өзінің  кішкентай Русалка қызы  әкесіне   шешесі
туралы айтып, оны  су  түбіне   шақырады.  Сол  кезде   тереңнен   Наташаның
дауысы  естіледі, Князьді өзіне  шақырған. Князь  суға  кетіп  өледі.

                Эпилог. Днепр  су  патшалығы.

Кішкене  русалкалар  өлген Князьді   патшаның  аяқ  астына  әкеп   тастайды.
Осылай  русалкалар  алданған  наташаның  кегін  қайтарады.

                 Даргомыжский   сол   кездегі    орыс    халқының    қатыгез
теңсіздігін   батыл   әшкерелеп,  *Русалка*   операсы   арқылыашық   корсете
білді.



                                          РОМАНСТАР  МЕН  ӘНДЕР.



               Даргомыжский  өз   өмірінде   100  ден   аса   романстар  мен
әндер    жазған.  Композитор   романстары  мен  әндері   әр-түрлі   уақиғаға
байланысты  жазылған  ақындар  өлеңдеріне  арнады.  Ақындар  жазған  өлеңнің
мақсат-мазмұнын  бұзбастан,  халыққа   түсінікті  музыка  тілімен  жеткізді.
Сол  заманның  ақындары,   өз   ортасында   болып   жатқан  өмір   көрінісін
өлең сөзбен  жаңаша  бейнелеп  берсе,  композитор   сазымен   нақтылы  сезім
тоғанысын  суреттейді.

             Мысалы ақын А.Дельвичтің   өлеңіне   *Мне  минуло   шестнадцать
лет*,  жазылған  жас  қыздың  бойындағы  құбылмалы   қызу  қанды,  бұлтарысы
көп  жастық  шақтың  бейнесін,   мажорлық   ладта   жеңіл  вальс   ритімімен
көрсетеді.



                                        «МНЕ   ГРУСТНО»    РОМАНСЫ.



              Орыстың   ақыны   Лермонтовтың   өленіне   арналған    романс.
Композитор   Лермонтов   пен   Пушкиннің    шығармаларын    сүйіп    оқыған.
Лермонтовтың  *Мне  грустно*  өлеңі   мазмұны   жағынан   терең   ойлы.  Сол
замандағы  баөытсыз   қоғамның,  арсыз   адамдардың,   қанышер   жауыздардың
ортасында,  шындықпен  өмір   сүретін  жаны  таза   адамдардың   қиыншылығын
баяндайды.

             Композитор  осы   өлеңнің  терең   мағанасына   сәйкес   музыка
жазғанда,   өлеңнің   мазмұны   одан   әрі    кеңейеді.    Өлеңмен    музыка
сәйкестігі  ғажайып,  таңқаларлық   құрастырылған.   Шығарма   фортепианомен
орындалса    да,    дыбыстары    тұрмыс-салт     романстарының     гитарамен
сүйемелдеген   үндестігін   еске   түсіреді.   Ойлы   нәзік   үндер    гитар
пернелерінен  шыққанда, романсты  орындаушы   дауыстық   үндестігін   көркем
шеберлікпен  жеткізген.



      «СТАРЫЙ  КАПРАЛ»

        /   ХУШ-ХІХ   ғасырдың   бас   кезінде   Россиядағы   әскери    кіші
командир. /

      Старый   капралдың   сөзі   француз   ақыны  Пьера    Беранженікі.   /
аудармасы  Курочкиндікі \ . Бұл  әнде   Даргомыжский   таптық   теңсіздікті,
әділетсіздікті   көрсеткен.  Әділетсіз    адамдарға    тап    болған    кәрі
капралдың  тағдыры. Жас  офицердің  тәртіпсіздігін  көтере  алмаған   капрал
 қарсылық  көрсетеді.  Осыған  байланысты   оны   ату   жазасына   бұйырады.
Жазалайтын    жерге     алып     келгенде    кәрі     капрал     жолдастарын
көңілдендіреді.

      Аяғыңмен тік  тұрыңдар !  Бір  !  Екі  !

      Кеудеңді  көтер  саспа

      Қиыншылықтан  қашпа !  Бір  !   Екі  !

Деп  оның  азаматтық  ержүрек  ісі  суреттеледі.  Кәрі   капралдың   осындай
ерлігі  «Марш  ритмімен  орындалады»

Әдістемелік нұсқаулар:

1. Опералары: «Эсмиральда»,  «Русалка»,  «Торжества  Вакха» және

    «Каменный  часть» .

2. Симфониялық  пьесалар: «Казачок»,  «Баба Яга»,  «Чухонская

    Фантазия».

3. Жүзден аса  әндері мен романстары. /Кальцов, Курочкин, Пушкин,

    Лермонтов және т\б  ақындардың  сөздеріне арналған./

4.  Вокалдық ансамбль.

5.  Фортепианолық  пьесалар.







Тақырыптың аты:   ХІХ-шы  ҒАСЫРДЫҢ  ЕКІНШІ   ЖАРТЫСЫНДАҒЫ

                              ОРЫС  МУЗЫКАСЫНЫҢ  ДАМУЫ.

Сабақ мақсаты: сол кездегі  жалпы мәдениеттегі жаңалықтармен мен танысу.

Негізгі сұрақтар, тапсырма:

Сабақ материалдарының тезистік берілуі

:

              Орыс   мәдениетінің   шыңына   жетіп,  гүлденген   уақыты  ХІХ
ғасырдың  екінші  жартысы  болды.

             60 –шы  жылдардың  бас   кезіндегі   қоғамдағы   қақтығыстар  ,
Россияның Қырымдағы   жеңілісі  1853  -1856-шы   жылдардағы,   крепостнойлық
право  Россия   елінің    өркендеуіне    үлкен    бөгет    екенін,    елдегі
шаруалардың  теңсіздігі,  патшалық  Россияның  артта  қалғанын  дәлелдейді.

             Осы  шиеленіскен  жағдайлардың  барлығы  қоғамда   революциялық
 жаңа  идеяның  қалыптасуына  жол   ашты.  Патшалық   самодержавиеге   қарсы
рухтары  биік  интелегенттер  шыға  бастады.

Олар:  дворян  интелегенттер мен разночинцылар  /разночинец  ХІХ   ғасырдағы
Россияда   дворяндардан  басқа   сословиеден  /  қоғамдық   топтар/   шыққан
интелегенттер/.

             Герценнің   басшылығымен   жасырын   «Колокол»   журналы,  ақын
жазушылар Некрасов, Чернышевский,  Добролюбовтың   ұйымдастыруымен   шығатын
«Современник»  журналдары   шыға  бастады.

             Бұл  интелегенция  қауымы,  шаруалардың   бостандығын   қорғап,
патшалық  Россияға  қарсы  үлкен  ағартушылық  жұмыс  атқарады.

            Әдебиетте, сурет-живописьте,  музыка  да  жаңа   көзқарас,  жаңа
ойлар пайда   болды.  Олар  :  Некрасов,  Чернышевский,  Добролюбов   болса,
олардың идеясын сурет  өнерінде  жалғастырушылар : Перов,  Крамской,  Репин,
Суриков,  Левитан.  Осы   суретшілердің    суретін    сатып    алып    сурет
галереясын  ашып, халық   игілігіне   сыйлаған  П.М.Третьяков.   Ол   өзінің
ұйымдастырған сурет   галереясын   1892-ші   жылы  Москва   қаласына   тарту
етіп  сыйлады.

              Музыка  саласында да  көптеген  өзгерістер  байқалады.   1859-
шы  жылы  Петербургте  бір  жылдан  кейін  Москвада   орыс   музыка   қоғамы
РМО  -/русское музыкальное   общество/   құрылды.  Бұл   қоғамның  құрылуына
орыс  пианисі Антон  Григорьевич Рубинштейн  көп күш  жігерін  жұмсады.

              1862      жылы  Петербургте   алғашқы   орыс   консерваториясы
ашылады.  Директоры  А.Г.Рубинштейн   болады.  1866-шы   жылы   Москвада  да
консерватория   ашылып  Антон  Григорьевичтің   ағасы  Николай   Григорьевич
Рубинштейн   тағайындалады.  Ол  да  пианист,    дирижер,    жақсы   мұғалім
болатын.

              Консерваторияны  бітірген  алғашқы   түлектер   халыққа  жұмыс
үстей  бастады. Солардың  бірі  орыс  халқының  мақтанышы  Петр Ильич

Чайковский.  1862  жылы  ақысыз  оқылатын  музыка  мектебі  ашылады.  Өнерді
 сүйетін  оқушыларға  музыкадан  білім   беріледі.  Теория,  хор,  оркестрге
арналған  аспаптармен  таныстырылады.

             Балакировтың  басқаруымен  Россияда музыка  оқу   орындары   әр
түрлі  салада  жұмыс  істей  бастады.

              Бұл  кезде Балакиров, Кюй, Мусоргский, Бородин  және  Римский-
Корсаков құрған  *Могучая  кучка*  қуатты   ұйымға   айналды.   Олар   үлкен
еңбекпен  әндер   жинай  бастады. Тек  орыс  халқының  әндерімен   шектелген
жоқ,  сонымен  қатар  Шығыс  елдерінің  ,  Кавказ,   Орта   Азия   елдерінің
әуендерін  жинаумен  айналысты. Еңбектерін  халық  игілігіне  жұмсады.

               60-70-ші   жылдары,   орыс   музыкасының    даму    жолындағы
көптеген  қиыншылықтарды  жеңу  үшін,  аянбай  күресуге  тура  келді.   Олар
:   кертартпалық   көзқарастағы    сыншылар    /консервативный/,    бюрократ
чиновниктер. Бұлар  ұлттық   мазмұндағы   орыс   операларына   жол   бермей,
шетел  музыкасын  дәріптеп  қолдағандар  еді.

              Қорыта  айтқанда  60-70  жылдар  орыс   мәдениеті   үшін    ең
маңызды    жылдар    болып    есептеледі.     Барлық     қиыншылықтар    мен
қақтығыстарға  қарамастан  халық  бостандығы  үшін  күреске  шақыра  білді.

Музыка  , сурет   ,  живописьте  құнды   көркем  шығармалар   жасалып,  орыс
мәдениетінде  халықтық,  ұлттық  өнердің  жолы  ашылды.







Тақырыптың аты:   АЛЕКСАНДР  ПОРФИРЬЕВИЧ  БОРОДИН

               ӨМІР  ЖОЛЫ  .

Сабақ мақсаты:  симфонияларының шығу тарихымен жақынырақ танысу.

Негізгі сұрақтар, тапсырма:

Сабақ материалдарының тезистік берілуі:



               Александр  Порфирьевич  Бородин   31   октябрьде  1833   жылы
Петербург  қаласында  дүниеге  келді.

      Саша  кішкентайынан  еңбекшіл,  ақылды,  алғыр   болып  өсті.  Бірнеше
шет тілдерін  тез   игерді  –француз,   неміс,   ағылшын,  итальян  тілдері.
Үрмелі  аспаптарда  ойналатын  оркестрді  тыңдағанды  жақсы   көретін.  Және
естіген  әрбір музыкасын   есте   сақтап,   үйде   ойнауға   тырысатын.   Ал
шешесі  гитарда  ойнап, орыс  әндері мен   романстарын   айтатын,   музыканы
қадірлейтін  адам  болды.

                Баласының   музыкалық   қабілетін    анасы   ерте   аңғарды.
Саша  8  жасынан флейтадан,  сосын  фортепианодан  сабақала  бастады.   Саша
 9  жасында  алғашқы  пьесасын «Элен»  жазса,  13  жасында  флейтаға   арнап
 шағын  концертін  жазды.

               Музыкаға  деген  ынтасымен   қатар   Бородин   бала   кезінен
химия мен  табиғат тану- биологиға  көп  көңіл  бөлді.

               1850   жылы   Дәрігер-хирургия   академиясына   түседі.   Оны
бітірген  соң,  аз  уақыт  госпитальда  дәрігер  болып  істейді.

              1858  жылы  диссертациясын  қорғап,  ғылыми   доктор   атағына
ие  болады. Болашағынан  үлкен  үміт  күттірген  жас   ғалымды   шетелге   3
жылға  командировкаға  жібереді.

                 Осында    ол    атақты    орыс     пианисткасы    Екатерина
Протоповнамен  атнысады. Өзінің   шебер   ойынымен   ол   Бородиннің   шетел
композиторлары  Шопен,  Шуман,  Листке  деген   сүйіспеншілігін   арттырады,
кейінірек  Бородинге  күйеуге  шығады.

Музыкалық   шығармалар   жазуға   ынтасы   ерекше   байқалған   Балакиревтің
«Музыка  қоғамына»  қатысқан   кезден  басталады.

               «Спящая  красавица»,  «Морская   царевна»,   «Песня   темного
леса»,драмалық   баллада  «Море».  Сол    сияқты   лирикалық-романсы,   ақын
Гейненің  сөзіне  жазылған  «Отрывай  полны  мои  песни». 1876 жылы  –  2-ші
симфониясы  «Богатырская»   героическая.  Опера    «Князь    Игорь»,    2-ші
квартеті.  Осы  жылы  /1882/  Пушкиннің  өлеңіне   жазылған   «Для   берегов
Отчизны  дальней»  т.б.  көптеген  шыгармалар ,  романстар  жазады.

                1887 жылы  15   қаңтарда   кешке   таман   жүрек   ауыруынан
қайтыс  болады.  Сонымен  3-ші  симфониясы  «Князь   Игорь»   де   аяқталмай
қалады.   Бқл    шығармаларын   жоғалтпай   тауып   алып,    көп    еңбекпен
жасаған орыс   композиторлары  Глазунов пен  Римский-Корсаков  болды.



                       А.П.БОРОДИННІҢ   РОМАНСТАРЫ МЕН  ӘНДЕРІ.

                Бородин  Пушкин,  Некрасов,  Толстой,  Гейне   және   өзінің
өлеңдеріне  арнап  18  романстар мен  әндер   жазған.   Оның   нәзік   әдеби
лирикадан   басқа   халықтың   үлкен   әндері   де   болған.  Олар:   «Песня
темного   леса»  -әні.   Бородин   Даргомыжский,   Мусоргскийлерге   еліктеп
музыкасында   сөз   интонациясын   келтірмеген.   Ол    негізгі    мелодияны
өлеңнің  сөзін   ескеріп   сөзіне   көңіл   көрсетеді.   Негізгі   көркемдік
сүйемелдейді  пианиноға  беріп  отырады. Тағы  бір  романсы – «Для   берегов
  Отчизны   дальней»  өлеңі   Пушкиндікі.  1885    жылы   досы    композитор
Мусоргскийдің   қайтыс   болғанына   арнап   жазған   романстың    музыкасын
үлкен  қайғы-қасіретті  орыны  толмас  ауыр  көңілді  көрсетеді.  Романс   Ш
 болімнен  тұрады.  І  –  Ш  бөлімдері   адал   достық   өлімінен  ,  онымен
қоштасу   сәттерін   көрсетеді.   Секундалы   интонация  жұмсақ   мелодиялық
интонациямен  ауысып  келіп  отырады.

Ал  жан  күйзелісін  фортепиано   партиясы   кеңейтіп   жалғастырады.  Минор
ладында   жағымсыз,    қатты   диссонанстық    аккордтың    жүруі    қайғылы
бақытсыздықты   көрсетеді.   Ал   2-ші    бөлімінде:    орындалмай    кеткен
арманы,  кейбір  сәттерде  минордан   мажрға   соңынан   кең   интервалдарға
ауысып,   жарқын   сәттілік   болатынын   көрсеткісі    келсе   де,    жалпы
музыканың  характері  қайғылы  бір  қалыптылық  жағдайын  сақтап,   жағымсыз
 қатты  аккордтардың  сүйемелдеуімен,  қайғылы.

           Тағы  басқа   әндері,   балладасы  –«Море».   Терең   ақыл   ойға
–тағы  ертегі  мазмұнға  жазылған  баллада-  «Спящая   Княгиня  ,  лирикалық
көңіл-күйді  көрсететін  «Отрывай  полны  мои песни»  әндері.



                                       ОПЕРА     «КНЯЗЬ  ИГОРЬ».



            Опера    «Князь    Игорь»    композитор    А.Бородиннің    үлкен
шығармасы.  1887  жылы  кенеттен қайтыс  болған  композитор  операсын   және
3   симфониясының   3-ші   бөбімінің   аяқталмай   кеткенін,    бірақ    осы
шығармалардың  қолжазбаларын   тауып   алып   жарыққа   шығаруына   көптеген
еңбек   жасаған   шығармашылық   достары   композиторлар:   Глазунов    және
Римский-Корсаков  болған  дейміз.

          Операның  І-ші   бөлімі  1890  жылы  Петербургте  өтті.

І  және  4  актілер Путивле  деген  орыс  князінің   қаласында   өтеді,   ал
2,3   актілері   көшпенділер    половцелардың    ордасындағы    көріністерді
көрсетеді.  Операны  қамтыған  12  ғасырдың  1185  ж.  болған  күндер.   Осы
 1185 жылы  көшпенді хан  Кончактен  орыстарды   құтқармақшы   болған,  орыс
князь  Игорь  өзінің  бірінші  әйелінен   туған   ұлы  Владимирмен   соғысқа
аттанады. Бірақ  жолы  болмай  жеңіліп,   тұтқынға   түсіп   Кончак   ханның
зынданында  қамалып  жатады.  Ал  ұлын  Владимирді  Кончак   ханның   зындан
күзетшісі   сатқын  Овлур   князь   Игорьді   зынданнан   шығарып,   босатып
жібереді.   Зынданнан   босап   қашпақшы   болып   жатқанда   ханның    қызы
Владимирге  жалынады,  бірақ  Владимир  көнбейді.  Оған   ыза   болған   хан
қызы,   олардың   қашпақшы   болып   жатқанын   ауылға   жария   етеді   де,
Владимирді  тұтқындап  алып  қалады.   Князь   Игорь   қашып   құтылады,  ал
князь   ұлы   Владимирді   Кончак   хан   өзінің    күйеу    баласы    болып
жариялайды,  Князь  Игорь  еліне  оралады.

            «Князь  Игорь»  -операсының  музыкалық  көрінісі

Прологта –

             Біз   ел   ісі  үшін   жерімізді,  сенімімізді   орыс   халықын
сақтау  үшін   күресеміз   деген  сеніммен   көшпенді   половціларға   қарсы
жорқтан   бас   тартпай,  әсверлерін   жинап   ,жоыққа   аттанғалы    тұрған
«Князь Игорь» мен  асырап  алған  баласы  Владимирге   арналған,  салтанатты
хаық  хоры  «Солнце  красному  слава»  деген орыс  халық  әнінің   негізінде
 жүреді. Хордың  сөзінде  жоықта  жолдары  болып  ,аманшылықпен   оралуларын
тілейді.Музыкасын да  ертеден  тұрмыс-салт,эпикалық  орыс  әніне  жазылған.

            І- көрініс.   Бұл  кезде Путивильде  жездесінің   орынын   басып
өалғысы келген /Ярославнаның  бауыры/,   жеңіл   мінезді   қыздарды   ұрлап,
заралап  кқңіл  көтеру үшін, қатыгез Галицкийдің  мінезін   көрсететін   көз
жасын төгіп жылаған қыздар, босатуды сұрайтын  «Ой  лихонько, ой    горюшка»
 деген  қыздар  хоры  жоқтау  интонациясымен  орындалады.

           П – көрініс.   Ярославна-  княгиняға   қыздар  Галициннің   мұңын
шығарады: Мы к  тебе  княгиня  , мы к тебе  родная»  хоры орындалады.  Игорь
 әскері  жеңіліп тұтқынға  түсіп  «Ни  сна,  ни   отдыха   измученной  душе»
Князь  Игорьдың  ариясында  жеңілісін  көрсетсе, ал, «О, дайте,   дайте  мне
свободу»    ариясында,   өзінің   мұқалмас   күш-жігерін,   ерлік    көңілін
көрсетсе, ал, 2-ші темасы  лирикалық  ария  сүйікті   Ярославнаға   арналған
«Ты одна  голубка  лада»- ариясымен  жалғасады.

Ары қарай «  «Улетай  на  крылях  ветра»  деген  ән-би   плясовая   лезгинка
ритмінде  орындалады.  Ханның   ерлігін   бейнелейтін   үлкен   билер   тобы
хормен   жалғасып,  соңынан   «Половецкие   песни  и   пляски»-   оркестрмен
жалғасып   үлкен  сцена   көрінісі  Шығыс   образын   көрсететін   лирикалық
ерлік,  жаугершілік әуеннен,симфониялық  оркестрмен  бітеді.

           Ш – көрініс.  Князь  Игорь  қашып еліне   оралады.  Кончак   ханы
Владимирге қызын зорлап қосып, орыс  халқына  шабуылға  дайындалады.

            ІУ – көрініс.  Ярославнаның  жоқтау ариясы «Плачь», « Как  уныло
все круго»-Игорьдің  жеңілісі, қзінің  оған   деген   сағынышы  көрсетіледі.


Опера –Игорьдің келуін  қарсы алатын халық қуанышымен аяқталады.

             Опера   сәтті   шыққан   шығарма,  бұл  шығармасын  А.П.Бородин
Глинка  естелігіне  арнайды.  Операда  халықтың  батыл  тұлғасы,  патриоттық
беріктігі, сәнді рухы  көрсетілген.



Тақырыптың аты:   ПЕТР  ИЛЬИЧ  ЧАЙКОВСКИЙ

Сабақ мақсаты:  симфониялары мен романстарына баса назар аудару.

Негізгі сұрақтар, тапсырма:

Сабақ материалдарының тезистік берілуі:



              Орыс  классик  композиторларының   ішінде  Чайковскийдің   аты
ерекше.  Өзінің   еңбегін   адамдарға    арнады,    оның    Отанына    деген
махаббаты, орыстың табиғаты, бақытқа ұмытылуы, зұлым   күшке  қарсы  күресін
музыка тілімен  көрсете білді.

                Чайковскийдің  музыкасы  адам   тағдырының   қуаныш-қайғысын
шындықпен жеткізген. Ол  барлық  жанрда жазды. Ішіндегі ең  жақсы   көретіні
опера болатын. Осы  опера  жанрында  реформатор  еді.



                                             ӨМІР   ЖОЛЫ.



                Петр Ильич  Чайковский  25  апрельде  1840   жылы   Уралдағы
Воткинск  деген  кішкене  қалашықта  дүниеге  келді.

Музыкага   деген  сүйіспеншілігі   анасынан,  туыстарынан   естіген   әндері
арқылы  ояна  бастады.  1849   жылы  ата-анасы   Алапаевск  қаласына   көшіп
келді де, бір  жылдан кейін  Петербургке  қоныс  аударды.

Чайковскийді  10 жасында заң  жүргізу училищесіне  оқуға  берді.  1859  жылы
училищені   бітіреді.  Жұмыстан   қолы   босағанда  жиі  театрға    баратын.
1960жылы музыка теориясын оқып, 1862  жылы Петербургтегі   жаңадан   ашылған
консерваторияға  оқуға  түседі.    Консерваториядағы   жетекшілері   белгілі
Н.Заремба мен А.Рубинштейн болды. Консерваторияны күміс  медальмен  бітіріп,
Москвадағы консерваторияға  мұғалім  болып  орналасады.

              Москвада орыстың   атақты  музыканттары,  жазушы,  ақындарымен
тығыз байланыста болды. 10   жылдың  ішінде   көптеген   шығармалар   жазды.
Өмірінің ауыр кезіңі 1877  жыл  болды. Сәтсіз  үйленуі  денсаулығына   қатты
 әсерін  тигізді.

1877. жылы  оны  емдеу үшін жолдастары  шетелге  шығарып  салды.
             Осы   жылдары   жазған   үлкен   шығармалары  «Евгений  Онегин»
және  4  симфониясы.

             1870 жылдың  аяғында шетелдерде   дирижер   болды.  1891   жылы
Америкада  болды. Ал 1893  жылы Англияда Кембридж  университетінің   докторы
 деген  атағы  берілді.

              Өмірінің  соңғы  жылдарын  Москваның  жанындағы Майданова  мен
  кягенде   өткізді.  Чайковскийдің   өте    дана    адам    екенін    еңбек
жолдарынан   білеміз.  Бұл   адам   уақытының   әр  сәтін   бағалай   білді.


16 октябрьде 1893   жылы  Петербургте   алғашқы  рет   «Алтыншы  симфониясы»
орындалды.

24-нен  25-не  қараған  түнінде  кенеттен  дүниеден  қайтты.



                    БІРІНШІ  СИМФОНИЯ    «ЗИМНИЕ  ГРЕЗЫ».



       1866. жылы  жазылды. Симфония 4  бөлімнен  тұрады.
             Бірінші бөлім  «Грезы зимнею  дорогой».

Басты  партия-  /соль  минор/  екі   темаға   негізделген,  кенеттен   ладия
ауысып / ре мажор – си минор /  халықтың  созып  айтатын   әнінің   ырғағына
ауысады.

             Екінші  бөлім: «Угрюмый край, туманный  край»

Басты  партия / гобой/  терең,  халықтық.

             Үшінші  бөлім : Скерцо / Аты жоқ/

Скерцо-  әсем   вальс   ырғағы.  Жылдам   бұрқасынды    буырқанған    әуенге
ауысады.

              Төртінші  бөлім : /Аты  жоқ/

Басқы  партия  финалда  ашық   көпшілік   би   салтанатты   мерекелі   күйде
аяқталады. Қосыша  париясы халық әні «Цвети цветики» ге  негізделген.

               Симфония   адамдардың   толғанысын,көңіл   күйін   табиғатпен
байланыстыра  отырып  көркем  суреттелген.



                                          «ЕВГЕНИЙ  ОНЕГИН»



               Бірінші   рет   «Евгений   Онегин»   Москвада   консерватория
студенттерінің   күшімен   Н.Рубинштейннің   басқаруында   1879   жылы    17
мартта  қойылды.  Өзінің  операсын  Чайковский  лирикалық сахна /сцена/  деп
 атады. Композитордың  мақсаты  кейіпкерлердің жан-дүниесін   ашу   болатын.
Әр   кейіпкердің    өзіндік    музыкасын    орындауда    оркестрдің    үлесі
айтарлықтай.  Опера 7  көріністен  тұрады.

               Бірінші  бөлім:  бірінші  көрініс.

Опера  оркестрмен  басталады. Апалы сіңілі  Татьяна  мен  Ольга.   Мінездері
қарама-қайшы.  Татьянаның  нәзік,  терең   толғанысы  Ольга   үшін   келемеж
күлкі.  Ольганың  ариясы «Я не способна к  грусти  томкой».



Бұл   оның   музыкалық   мінездемесі.   Лариннің    усадьбасында    жігіттер
Ленский мен  Онегиннің  келуі. /регитатив и  ариозо   Ленского/,   регитатив
және Ленскийдің  ариозасы-оның  сүйіспеншілігі, жанының  жылулығын   көрсек,
  Онегиннің   жақсы    тәрбиесімен  бірге    суықтығы,   салқын   қандылығын
байқаймыз.

                 Екінші   көрініс:     Оркестрмен    ашыладыда    Татьянаның
махаббаты  қайғылы  аяқталатынын  алдын-ала музыка  арқылы  сездіреді.   Қыз
мұңы. Хат  сахнасы. /сцена письма/.

                Үшінші  көрініс:  Татьяна  мен  Онегиннің   кездесуі,  үміті
үзілген Татьяна, драмалық сахна  көрінісі.

                 Төртінші көрініс:  Лариннің   үйінде   Татьянаға   арналған
бал кеші. Вальс  кезіндегі   Ленский  мен  Онегиннің  жанжалдасуы.   Болатын
қайғылы  жағдай  музыка әуенінде  Ленскидің  ариозосында  айқын  көрінеді.

                  Бесінші  корініс.  «Что   день   грядущий  мне   готовит?»
Ленскидің  ариясымен  басталады.  Жас   ақын   жігіттің   толганысы,  қмірге
деген  құштарлығы, өмірінің соңы, көңіл күйі.

                 Дуэт. «Враги ! Давно ли  друг от  друга  нас   жажда  крови
отвела ?». Болатын  қан  төгіс өлім  Онегинді  толқытады. Ленскидің  қайғысы
 Онегинге  беріледі. Өайта  татуласуға  жол   таба   алмайды.  Сол   кездегі
ақсүйектердің  әдеті- сөзді  қайтып алуға  болмайтын.  Оркестрде  «Я   люблю
Вас  Ольга»  ариозасы  қайғылы  сарынмен  орындалады.

                 Алтыншы  көрініс. : Петербург. Ақсүйектердің   ортасы.  Бал
кеші. Алыс  саяхаттан   Онегин  оралады.  Алғашқында  оған   кеш   ұнамайды.
Бірақ, міне  ғажап  вальс  ырғағында  билеп   жүрген   Татьянаның   бейнесін
көреді. Барлық  сұлулық, бойында  тұнып  тұрған  жан, көзінің  жауын  алады.
Онегин осы жерде жеңіліс  табады.

                Ол Гремин  князінен сұрап  білмек   болады.  Гремин   «Любви
все  возрасты  покорны»  ариясында  әйелі  Татьянаны   сүйетінін   жеткізді.
Гремин  Онегинге  Татьянаны  таныстырады.

                  Онегиннің   ариозасы  :»Увы,  сомненья  нет   влюблен   я,
влюблен, как мальчик плной  страсти  юной!»   орындалады.  Татьянаға   деген
ыстық  сезімі, сүйіспеншілігі  оянады.

                   Жетіші   көрініс.   Греминнің   үйі.  Татьянаның   Онегин
жазған   хатын   оқып   отырғанын   көреміз.  Алғашқы   махаббат   ,   қатты
толқыныс.

Ол  өз  жолдасына  адал  болу  парызы мен  Онегиннен  бас тартады.  Операның
 соңы.

                   Онегиннің «Масқара,  зарықтым! Менің  аянышты   тағдырым»
 деп  аяқталады.

                    Евгений  Онегин   операсы  ең   жоғарғы   дәреже   алды.
Чайковскийдің  музыкасы  жүректен жүрекке  таралуда.  Оның  музыкасынан   әр
адам өз  ойын, өз  қиыншылығын,  көңіл  толқынын  таба  алады.  Ол   жаныңды
толқытады, таңдандырады, жоғарылатады.

                     Чайковскийдің    шығармасы    ХІХ    ғасырдың    музыка
әлемінің   биік   шыңына   шықты    және    ХХ    ғасырдың    композитарлары
сусындайтын  ғажайып  мәңгілік  бұлақ.





Тақырыптың аты:   НИКОЛАЙ  АНДРЕЕВИЧ  РИМСКИЙ-КОРСАКОВ.



                                                   ӨМІР   ЖОЛЫ

Сабақ мақсаты: операларының сюжеттік  ерекшелігін  талдау.Негізгі  сұрақтар,
тапсырма:Сабақ материалдарының тезистік берілуі

             Н.А.Римский-Корсаков   1844   жылы   6   мартта    Новгородский
губерниясында, Тихвика  деген  кішкентай  қалашықта  дүниеге  келді.   Басқа
 дворян  балалары  сияқты  фортепианода  ойнауды  үйренеді.

          1856  жылы Николай  Петербургте Теңіз   корпусына   оқуға   түсті.
Онда  оқу  онша  қызықтыра  қоймады.

          Фортепианодан  тек  жексенбі  күндері  ғана  сабақ   алып   жүрді.
Ф.А.  Напилле   деген   музыкадан   сабақ   беретін.  Напилланың   көмегінің
арқасында  көптеген музыка  әдебиетімен  танысты.  Сонымен   өатар   шығарма
жазуға  күшін  сынады.  1861  жылы Напилла  өзінің   оқушысын   Балакиревпен
таныстырды.  Балакиревтің   жетекшілігімен  бірінші    симфониясф    дүниеге
келді.  1865  жылы  Петербургтен  үйіне  оралды. Осы   жылдары  шығармашылық
жұмыстары : 1867   жылы   симфониялық   суреттеме   «Садко»   жазылса,  1868
жылы  симфониялық сюйтасы  «Антар»,  1-ші  алғашқы   операсы  «Псковитянка»-
тарихи  пьеса.

            Осы   жылдары  Петербург   консерваториясы  Николайды  профессор
лауазымы   қызметіне,  инструменттерге   шығарма    жазу    классына    және
оркестрге  жетекшілікке  шақырады.

            Бұл   жылдары  орыстың   өлең   жинақтарын   жинауға  көп  көңіл
бөлді. «Халықтық жүз  ән» - деген  жинақ  басылып  шықты.

            1878  жылы  «Майская   ночь»   деген   операсы   жазылды.  Мұнда
Гогольдің  поэзиясы  украин  түндері ерекше,  айқын суреттелген.

       1880  жылы Корсаковтың  керемет  операсы «Снегурочка» жазылды.

       1880 жылы симфония  оркестрінде дирижер  ққызметін  атқара   бастады.
Корсаковтың «Испан Каприччиосы»  және   «Шахерезадасы».  Осы   жылдары   екі
кішкентай   баласынан    айырылды.   Қандай    қиындық    басынан    отседе,
еңбектерінің  арқасында   1895   жылы  «Ночь  перед   рождеством»,  1896  ж.
«Садко» операсы   шығарылды.  Романстар:  Пушкин  «Гоняет   облаков  летучая
гряда», «Мой  голос  для  тебя», Дубин «На  ниве  желтые»,  цикл  «У   моря»
,  опералар-   «Царская   невеста»,   «Сказка   о  царе   Салтане»,   «Кащей
бессметиный», соңғы  операсы  сатира  жанрында «Золотой  петушок» - Пушкин.

      1908  жылы  Римский-Корсаков  жүрек  ауруынан  қайтыс  болды










                                           «СНЕГУРОЧКА»



         1880  жылы  жаз  айында   «Снегурочка»   операсы  А.Н.Островскийдің
пьесасынын  сюжетіне  байланысты жазылды. Ойдан  шығарылған   берендейлердің
 ертегі  патшалығында,  өнерді   сүйетін,   жақсылық  пен   шындық   билеген
елде  өтеді. Өтірік  пен   өсек   дерті   жоқ,  табиғат   анаға   бас   иген
адамдар,  ойдан  шыққан   кейіпкерлер   арқылы    орындалады    және   Патша
Берендей,  Бермята,  Купава,  Лель,  Бобыль,  Бобылиха  шындыққа   жанасатын
реалистік  кейіпкерлер.

         Римский-Корсаков  операсында табиғатты  құстардың  дыбысымен,  өзен
 көлдердің  шуылымен  жеткізе  алған.

         Аяз  атаның  қызы  Снегурочка және Көктемді қыз   баланың   нақтылы
өмірін  ертегі  ретінде  суреттеген.

          Пролог.      Ертегі  ел  брендейлер  өте  алыс,   қалың   орманның
ішінде  көрсетіледі.  Бел   ортаға   дейін   қар,  зәулім   шыршалар.  Бұнда
жаман  рухтар  өмір  сүреді.

             Оркестр     өзінің     кіріспесінде     табиғат     патшалығына
тыңдаушыларды   ертіп   кіргізеді..  Орманның   ғажайып   тіршілік    тынысы
үндерден  құралады. Құстардың әуені,  ағаштың   сыбдыры,  тағы   басқа   осы
үндердің  ішінде екі   бейне  ерекше   көзге   түседі.  Біріншісі  Аяз  ата,
екіншісі   Көктем.  Аппақ   қарға   оранған   Аяз    ата   мен    табиғаттың
тіршілігі ояна  бастайтын  Көктем. Бір-біріне  қайшы   образ  және   оркестр
әуенінде тоқылдақтың  тоқыылы,  көкектің  дыбысы  айқын   естіледі.  Осындай
табиғаттың   көрінісінде  халық   әуеніне  жазылған  ән   «Собрались  птицы»
орындалады.

          Прологтағы  Снегурочка  қаншама  әдемі  болғанымен  адамға   деген
 жылуы  жоқ, суық  бейнеде  көрсетілген.

          «Прощай  масленица» - бұл  бейне көрініс орыстың   салт  дәстүріне
байланысты,  масленицаны  шығарып  салу  деп  аталады.

             Бірінші    көрініс   .    Берендей    еліне    көктем    келді.
Снегурочкаға Мизгирьдің  ғашық  болуы.

              Екінші  көрініс.    Берендей    патшалығы.Мизгирьді    соттау.
«Шествие Берендея» каватина.

             Төртінші   көрініс.  Снегурочка   шешесі   көктемнен   махаббат
сезіміне  бөлеуін  сұрайды. Снегурочкамен  Мизгирьдің  кездесуі. Осы   кезде
күн  сәулесімен  Снегурочка  ери  бастап  көктемгі  еріген  суға  айналады.

                   «ШАХЕРЕЗАДА»  СИМФОНИЯЛЫҚ  СЮИТАСЫ.

            Шығыстың  әйгілі  «1001  түн»  ертегі  аңызы  бойынша   жазылған
 программалық  симфониялық  сюитасы .

      1888. жылы жазылған,  4  бөлімнен  тұрады. Музыкалық бірнеше
темалары   бар.Сюжеттік   ойды   біріктіретін   Шахерезада   темасы   барлық
бөлімдерде кезігеді.  4  бөлімді, 4 түрлі ат.

               І. «Море и Синбадов  корабль»   деп   аталады.  Кіріспеде   2
байланысты  тема   бар.  Біреуі   қатыгез   дүние  жүзін   билеймін   дейтін
жауынгер   патша  Шахриап,   ал  екіншісі   ақылды  жас   Шахерезада.  Патша
тақырыбы төменгі регистрде,  шекті  аспаптарда үріп  ойнайды.

Патшаның  озбырлығын  осындай   әңгіме   айтып   отырған  Шахерезада   соло-
скрипкада  жүреді. Мелодия  шығыс   орнаментінде   сөздерді   жіктеп   айтып
отырғандай до-ре-ля  ладында  жүреді. Сонаталық  аллегрода   жүретін   теңіз
толқыны   басты   партия   саяхатты  Симбадтың   темасын   береді.   Ағаштан
жасалған  үріп  ойнайтын  аспаптардың  ақ теңіз   толқынында   келе   жатқан
кеменің  тақырыбын  береді.

              П. Фантастикалақ  әңгіме Налендера  Царевич   басты   тақырыбы
ол  жаңа  әңгімесін  бастайды..  2-ші   әңгімені   айтушы  Налендар  темасын
фагот   аспабы   ойнайды.   Әр   түрлі   оқиғаларға   байланысты    аспаптар
ауысып,  өзгеріп  отырады. Орта  бөлімдегі  мелодияны   тромбон   орындайды.
Репризада  алғашқы  тема  өзгеріп Шахриап  темасы  жалғасады.

               Ш.  «Царевич пен Царевна»  лирикалық   характерде   жазылған.
1.  Царевич   темасы  мен  кеңді  шығыс   халқының   мелодиясыын   көрсетск.
2.Царевна  темасы  шалқыған  ашық   көңілді   билік    характерде    жүреді.
Шахерезаданың  бұл  әңгімесі  скрипка  аспабында  орындалады. Бұл   бөлімдер
 барлық  темалардың  негізінде  Шығыстың  Мелюд  бояуы  жатады.

               ІУ бөлім.  «Багдатский   праздник  и   корабль  разбивающаяся
оскому  с  медным  всадником».  Музыкалық  темасы  шығармалы  биі   ритмінде
жүреді.

               Музыка  аралығында  Ш  бөлімді  Ц темасы   өтеді.   Біртіндеп
темалар   өзгеріп   қорқынышты,  қаһарлы   теңіз   толқыны   темасы   шыңына
жетіп, дауыл  кезінде  тасқа  соғылып  суға   кеткен   Синбадтың   кемесінің
қайғылы темасы  баянды   ақылды  Шахерезада  өмір   сыйлаған   оның   ертегі
әңгімелері.

 Тақырыптың аты:   МОДЕСТ  ПЕТРОВИЧ  МУСОРГСКИЙ.

    1860жылғы    революциялық-демократиялық    идеяны    қорғаған    реалист
композитор.  Патшалық   қоғамдағы   езілген   шаруалардың   ауыр    тұрмысын
уақытында  көріп  ,   шығармаларында   үлкен   орын   беріп,   айта   білген
шыншыл композитор. Өзі  туралы  былай  дейді: «  менің   мақсатым,   өткенді
қазіргілерге  жеткізу».

              М.П.Мусоргский   мартта   1839  жылы    Псков    губерниясында
дүниеге  кенлді.  1849  жылы  Петорпавлда  неміс  тілі  класстарында  оқиды,
соңында  қосымша  фортепианодан  сабақ  алады.

    Осы  кезеңде  Даргомыжский, Балакирев, Кюймен  танысады.  Сөйтіп   тақты
 музыкалық  қоғамға  жақындайды.  Кейіннен  бұл  қоғамға  Бородин, Римсский-
Корсаков  қосылады.

           1858  жылы   музыкалық  әскер   өмірінен   қол   үзіп,  толығымен
музыкалық  жолға  түсті.

Шығармаларының  мазмұны   халық   қозғалысына,  тарихи   сюжетке   арналған.
Осы   кезде   жазылған   шығармалар   :   Вокалдық    жанрда    «Калистрат»,
«Колыбельная Еремушка», «Детская»-цикл.  Симфониялық   картина   суреттемесі
«                      ночь на Лысой  горе».  Опералар  «Женитьба»-Гогольдің
  сюжетіне,    «Борис   Годунов»,,   «Хованщина»,   «Сорочинская   ярмарка».
Фортепианоға   арналған   программалық   циклдық    пьесасы    «Картинки   с
выставки»,   барлығы   6-7   романстарымен   әндері   және   т.б.   көптеген
жантда  жазды.

            Өмірінің  соңғы  жылдары  сәтсіздеу  болды.  Семьялық   тұрмысы,
жағдайы   нашарлайды.  Осы   кезде   жазылған  «Борис  Годунов»    операсына
Патшалық   қоғам   дұрыс   көз   қараста   болмайды,  Опера    композитордың
шығармаларына   кесірін   тигізіп,   жалғыздыққа    душар    етті.   Осындай
қасірет   ауыр   ауыруға   соқтырып   1881   жылы    Петербургте    дүниеден
қайтты.

              Фортепианоға    арналған    циклдық    программалық    пьесасы
«Картинки с выставки» -көрмедегі  суреттер  әсері.

               Бұл   әр   характердегі   фортепианолық   пьеса.   Композитор
шығармасын   өзінің  досы  Гардманның  көрмеде   қойылған   сурет    әсеріне
арналған.  Әр  пьесасы  суреттің  каринкаларын   көркем,   нақтылы   әуенмен
суреттеп  береді. Көрмеден   картина  «прогулка-серуен»   деген   тақырыппен
басталып, бірнеше  қайталанып   көрмеден   әр   картинаны   көргендей   әсер
қалдырады.  Барлығы  10 сурет : «Гном», «Старый замок»,  «Тюрильский   сад»,
«Балет  не  вылупившися   птенцов»,  «Два    еврея»,    «Лиможский   рынок»,
«Катакомбы», «Избушка  на крых  ножках»,  «Бегать на  ворота»,  «Быдло».

                                                  ӘНДЕРІ МЕН РОМАНСТАРЫ.

     Композитор  барлығы  67  әндер  мен   романстар   жазған.   Ол   өзінің
өлеңдерінде ірі  шығармалары  сияөты,  орыс   халқының   қайғылы   өмірін  ,
қиыншылығын,тарихи  тағдырын  жеткізуге   тырысқан.  Сондай  бір   әні  ақын
Некрасовтың   өлеңіне   жазылған   «Колыбельная   Еремушки».  Әнде    ақырын
тербелген  бесік  жырынын  ритмі, кедей  тұрмысын, қайғысын   тереңдеткендей
 көрсетеді.

              Тек  ән   бітер  кезде   болашаққа   деген  бір   жарық  пайда
болғандай, ұйқыға  кеткен  бала, ешбір  киыншылық  өмірін суреттейді.

               Тағы сөзін де, әнін де   композитор   жазған  «Сиротка»   деп
аталатын  өлеңінде үй-күйі жоқ , қайыр тілеп күн  көріп  жүрген  кедей

балалардың   ауыр   тұрмысы    туралы    мазмұндалады.   «Сиротка»    әнінен
басқа,осы  мазмұнға   ұқсас   «Светик   Савина»,   «Озарник»,   «Семинарист»
,т.б.

Тақырыптың аты : Үнді музыкасы. Қысқаша тарихи очерк. Діни – мифологиялық
сенімдері. Халық кәсіби шығармашылығы. Үнді музыкалық системаның негіздері.
Аспаптар.Үнді классиклық музыка – Рагасангит. Музыкалық эстетика. Үнді
көрнекті музыканттары. Рабиндранат Тагор шығармашылығы.
Үнді музыкасы — әлемдегі ең көне, өзіндік келбеті бар ырғақ. Ол бастауын
сонау біздің заманымызға дейінгі III ғасырдағы Махенджо Даромен Хараппа
өркениетінен алады. Үнді музыкасының дамуына (біздің заманымызға дейінгі
алғашқы мыңжылдықтың бірінші жартысы мен екінші жартысының аяғы) Үнді әдеби
ескерткіші Веданың әсері болды. Ол кезден Регвиданың (әнұран недасы)
касиетті мәтіндері және одан ырғақ байлығы мол Самаведа (веда саз) әнұраны
үлгілі болып есте қалды. Осындай дәстүрлі ведалық әуендермен қатар халықтық
өнер түрлері де дамыды

Үнді фольклорының түрлік, жанрлық, ритмді-қалыптық бай касиеттері көп
тілді, көп ұлтты Үнді елінің құрамына байланысты. Олардың ішінде тарихи
сюжеттерге негізделіп, киял-ғажайып әлеміне сәйкес жасаған балладалары
— Махараштрадағы лаванналар мен повадалар,Гуджараттағы билеп, ән салу
рәсімдегі — гарба мен Мадхья-
Продештегі — суа, Кераледегі — колаттам, Кашмирдегі — Чакри, Бенгалиядағылир
икалық әндер — бхатиали, Пенджабтағы — дхола, Раджастандағы — панихари,
Пенджабтағы — махитъя, Уттар-Прадештегі — каджари билері бар. Соқпалы
аспаптар
құрамында дхол, охолак, дамару, удуккаи, даф, тамматаи, каиджира, гуммати, н
агара, үрмелі аспапта — комбу,сингх (мүйіз тектес), тиручиннам, карна (қуыс
турба) — бансури, мурали, нагасар (сырнай), нафери бар. Ішекті аспаптар
— эктар, дотара,тунтуне, джантар, ішекті-қылды аспаптар
— камайча, банам, саринда. Классикалық музыка өнерінің түрлері сонау VII
ғасырдан бастап етек алып, әрбір ақсүйек сарайында аулада орындалып, кейін
храмдар мен сарайлардағы дәстүрлі ұлттық музыка ретінде қалыптасады.

Үнді классикалық музыка өнерінің негізі "рага" болып, көпұлттық
(көпшіліктік) салттарды қалыптастырды. Нада әуені ғарыштық энергия алатын
өмір бастауы болса, аспаптың даму әуендері музыка дыбыстарын біріктіріп
тала жүйесін кұрады. Космологиялық музыка Күн жүйесінің негізгі 7
ғаламаттарына бағытталып, октаваның дыбыс қатынастарының жарты тонынан кіші
22 дыбыс болатын шрути шығарған. Әрбір музыкалық дыбысқа орай ақындық
символдық бояу түстерін тапқан. Соған орай Вадиименсамвади өнерін тауып,
белгілі образдардың сезімі мағынасында қолданған. Солтүстік Үнді музыка
жүйесі 10 бапты — тхата, ал оңтүстіктегілер 72 бапты — мела музыка жүйесін
қолданады. Классикалық аспаптар: ішекті-шертпе
— вина, ситар, сарот, тампура, қылішекті—саранги;
үрмелі—сырнай, шехнай мен нагасварам, кішкене фисгармоидар; ұрмалы
— пакховадж, мриданга. XIII ғасырдан бастап Солтүстік Үнді мәдениетінде
Алдыңғы және Орта Азия мұсылмандық көркем-өнер әсері байқалды. Үнді
классикалық музыкасы 2 бағытта дамыды, Солтүстікте хиндустани бағыты
сырттан енсе, Оңтүстікте — карнатак бағыты Үнді халқының дәстүрлі бағытында
болды. Олардың бір-бірінен өзгешелігі ерекше болмағанымен де орындаушылық
дәстүрде әр түрлі жанрдағы өзгерісі сезілді. Оңтүстік Үндіде вокалды музыка
(ән) басым болса, Солтүстікте аспапты музыка бара-бара белгілі жанрға
айналды. Оңтүстік музыкасының негізі діни әндер — киртанмен пада, XVII
ғасырдағы Кшетрайна, XVII ғасырда екінші жартысы мен XIX ғасырда бірінші
жартысындағы өмір сүрген Шъяма Шастри секілді ірі музыка қайраткерлері
еңбектерінен орын алды. Содан соң жеңіл классикалық музыка
түрі тиллана (XVIII ғасырда), джавали (XIX ғасырда) пайда болды. Солтүстік
Үнді классикалық музыкасы жанрында белгілі орын алған салтанатты әнұран
дәстүрі туды: XVI ғасырда—Дхрупадтың өркендеуі, XVI—XVII ғасырларда Миан
Тансеннің шығармаларымен байланысты.

Ауылдық музыканттар

Жеңіл классикалық музыка Солтүстік Үнді жерінде вокалды
өнердің тхумри, газал, дадра, таппа, таранасекілді түрлерін тудырды.
Солтүстік және Оңтүстік музыка дәстүрлеріне қатар ден қойған Свати
Тирунал (XIX ғасырда) болды. Үнді көркем өнеріне тән қасиет — өнердің
барлық түрінің араласқан синтездік бағыты. Вокалды ән мен хореографиялық
өнер жанрлары Үнділік дәстүрлі музыкада
туындап, Джатра, Якшагана, Тамаша тәрізді музыкалық театрларға негізделді.
Олар Үнділік классикалық стильдегі билер — бхарат, натъям, катхакали,
манипура түрлеріне негіз болды. Үнді еліндегі колонияға қарсы ұлт азаттық
қозғалыс (XIX ғасырда бірінші жартысы — XX ғасырда ортасы) ұлттық музыка
мәдениетінің жаңа маңызды кезеңіне себеп болды. Оған атакты ағартушы,
жазушы, музыкант әрі суретші Р. Тагор шығармашылығы тікелей байланысты.
Ұлттық интеллигенция арасында ұлттық музыка мәдениетін зерттеу, мұралық
еңбектерге арналған бүкіл Үнді музыкасын камтитын конференциялар өткізіліп,
ән жинақтары, классикалық, тарихи және теориялық антологиялар шығарылады.
Музыкалық оқу ағарту жүйелері бірізділікке түсіп, түрлі нота жазу, т.б. оқу
формалары дамыды. 1928 жылы Мадраста Музыка академиясы, 1930
жылы Кералада Өнер орталығы, 1932 жылы халық өнерін сақтауға бағытталған
Бенгал коғамы құрылды, 1901—1908 жылдары Лахорда Гандхарва Махавидьялай
музыка институты, 1939 жыл Делиде осы атаумен жаңа институт ашылды, Музыка
мәдениеті дамуына елеулі үлес қосқанВишну Нарайяна Бхаткханда, Вишну
Дигамбар Палускардың рөлі ерекше болды. 1947 жылы Үнді елі өз тәуелсіздігін
алуымен музыкасы өнерінің дамуының жаңа кезеңі басталды. Сахна өнері де
даму үстінде болып, Шила Ватстың "Құрғаған жер" атты спектаклі қайта
қаралып, тәуелсіздік тұрғысынан өңделіп шығарылды. Сондай-ақ Гулам
Хайдардың "Берілмеген Пенджаб" қойылымы, С.Шанкараның"Пойызы" Г.
Д. Мадгулькараның "Рама туралы жыр", т.б. қайта жаңғырды. Сазгерлік және
киномузыкасы саласында ұлттық музыкасы мен Батыс Еуропа музыкасы біріккен
стиль орын алды. Осы бағытта А.Бисвaс, Х. Кумар, С. Чоудхури, Р.Бaрман,
С.Бхaскар т.б. еселі еңбек етті. Музыка зерттеу саласына П.Самбамурти,
P.Аяйнгaр, С.В.Айяр, С.Праджнананда өз үлестерін қосты. Классикалық
жанрдағы орындаушы-музыканттар — К.С.Нарайянасвами, С.Балачандер, Вилайят
Хан (виш), Рави Шанкар (ситар), Али Акбар Хан, Амджат Али
Хан (сарод), Бисмилла Хан (шехнаи), Харипрасад Чаурасья, Рамана (сыбызғы),
Л.Cубраманам, Т.Н.Кришнан (скрищ); әншілер — ағайынды Дагар, Кумар
Гандхарва, Б.Чатурведи; әншілер Суббулакшими, Парвин Сұлтана, Шобха Гурти,
т.б. болды. Бұл елде көптеген мектептері, колледждері, университеттердің
музыка факультеттері мамандар даярласа, көптеген музыка әлемін зерттеуші,
оны бағыттаушы мекемелер ерекше қызмет атқарып, форумдар, фестивальдар,
т.б. өткізеді. Делидегі музыка, би және драма академияы (Сангит Натак
академиясы), Бомбейдегі Ұлттық музыкалық орынду орталығы, Мадрастағы Музыка
академиясыұлт музыкасын насихаттауда, дамытуда ерекше орын алып отыр.

Қысқаша тарихи очерк. Үнді цивилизациясының қалыптасу кезеңі. Арийлердің
келуі олардың жергілікті дравидиялық тайпаларымен бірігуі. Үндістанның
басқа елдермен саудалық, мәдени қарым – қатынастары. Үнді музыкасының
ежелгі бұлақтары. Діни – мифологиялық сенімдері. Арийлердің діні
(политеизм). Брахманизм (негізгі діни сенімдердің және касталық
ерекшеліктер системасының қалыптасуы). Буддизм. Индуизм. Ислам. Музыканың
дінмен, оның ғұрыптарымен байланысы.
Музыкалық эстетика. Ведалық әдебиет, әнұрандар жинағы. Музыка теориясы
бойынша еңбекткр: «Натья – шастра», «Гита – говинда», т. б.
Үнді музыка системасының негіздері. Дыбысты физикалық, фәлсәфалық тұрғыдан
түсіндіру. Жеті сатылы дыбыстізбек. Дыбыстар классификациясы. Музыкалық
терминология. Шрути системасы. Нотацияның әріптік әдісі. Үш сызықты ноталық
тұрақ. Ритм, өлшем.
Аспаптары. Ішектілер: ситар, вина, танпура, рубаб, дутар, саранги, эсрадж.
Үрлемелілер: бансури, рамашринга. Соқпалы: мридангам, табла, нагара, панава
және т. б.
 Музыкалық материал: Үнді аспаптық музыкасы – Drams of India.
Тақырыптың аты: Үнді классикалық музыка – Рагасангит. Жанр мінездемесі.
Жанр түрлері. Тәулік мезгілдерімен байланысы: таңғы рагтар (лалит),
күндізгі рагтар (джаунпури, билавал), күннің екінші жартысы рагтары
(мультани, патдит), кешкі, түнеру рагтар (кальян), түнгі рагтар (дарбари,
канхара). Жанр формалары.
Многие исследования историков в области музыки помогли восстановить картину
становления и развития индийской музыки, которая вобрала в себя все самое
лучшее из культур народов, пребывавших в те времена в тесном контакте с
Индией. Сангит является основой индийской музыки. Сангитом называется
соединение танца, вокала и самой музыки. Изначально все три вида искусства
существовали отдельно друг от друга, однако впоследствии их объединение
привело к возникновению своеобразного комплекса под названием
«сангит».Индийская музыка наших дней основывается на двух ключевых
понятиях: тал и рага. Тал ритмическая форма, а рага – мелодическая. Рага
соотносится с тональностями и гаммой западной терминологии музыки. Рага
также состоит из семи нот, но значительно отличается от традиционной
структуры западной музыки при ближайшем ее рассмотрении. Тал, как
ритмическая форма, имеет довольно сложное устройство. Ритмические рисунки и
схемы ударов повторяются по кругу, создавая несравнимый ни с чем эффект
эйфории.В разных регионах Индии представление о мелодичности и ритмичности
заметно отличаются. На современном этапе развития индийская музыка имеет
две основных традиции: южную и северную. Северная традиция носит название
«Индустан Сангит», а южная – «Карнатик Сангит». Оба направления
классической индийской музыки схожи, но имеют разную терминологию и стиль
исполнения.Многие музыкальные инструменты, используемые в Индии, возникли и
существуют в пределах только этой страны. Самыми известными их индийских
музыкальных инструментов являются: ситар и табла. Однако существует еще
довольно много инструментов сугубо индийских.


Ән жанрлары мен стильдері. Ән салу стильдері «дхрупад», «кхаяль», «таппа»,
«тхумри» және т. б. Би өнері. Билік әндер «катхи». Театрлық өнер.
Тақырыптың аты: Қытай музыкасы.
Қытай музыкасы - Қытай музыкасының тарихы бірнеше мың жылдықтарды құрайды.
Оған Орта Азия, Орталық және Оңтүстік, Оңтүстік-Шығыс Азияның музыкалық
дәстүрлері ықпал етіп, әр түрлі тарихи кезеңдерде Қытай мемлекетінің
кұрамына енген халықтардың (ұйғыр, тибет, монғол, маньчжурлар) музыкалық
элементтерін бойына сіңірді. Өзі де Корея, Жапония, кейбір Оңтүстік-Шығыс
Азия және Тынық мұхиты алабы халықтарының музыкаларына үлкен әсер етті.
Қытай музыкасы ертеден діни, философиялық-идеологиялық ілім негізінде
дамыды. Конфуцийлік трактаттарда музыка табиғатының космологиялық
концепциясы зерттелді. Оның мемлекетті баскарудың бір тәсілі, адамдарды
тәрбиелеудегі маңызды фактор және әлеуметтік үйлесімділікке жету құралы
ретіндегі әлеуметтік-саяси рөлі атап көрсетілді. Даосизмнің түсініктері
бойынша, музыка адамның табиғи психоэмоционалдық реакцияларының көрінуіне
және оның табиғатпен бірігуіне мүмкіндік жасау керек. Буддистік дүниетаным
музыкадағы мистикалық негізді атап көрсетті, ол болмыстың мәнін ұғынуға,
адамның рухани жетілу кезіне көмектеседі. Музыкадағы көп дәрежелі
символикалық ойлау жеке музыкалық үндердің, музыкалық аспаптардың,
музыканың түрлері мен жанрларының әлемнің элементтері мен әлеуметтік-саяси
жүйелерімен сәйкес болуын бейнеледі.




Қытайлардың музыка туралы алғашқы деректері біздің заманымызға дейінгі
IV—III мың жылдыққа (аңыздар мен мифтер), ежелгі рөсімдік музыка туралы
құжаттык деректер біздің заманымызға дейінгі XVI—XI ғасырларға жатады.
XI—VIII ғасырларда рәсімдік оркестрлер дәстүрі пайда
болды. Бяньцинь литофондары, қола қоңыраулар — бянъчжун; қоңыраулардың әр
алуан түрлері, соның ішінде хун-чжуну гоудяо, юн, бо; гу барабандары,
сазды сюанъ және т.б. жинақтала бастады. Чжоу дәуірінің (біздің заманымызға
дейінгі V—III ғасырлар) соңғы кезеңінде конфуцийлік ілімнің ықпалымен
сарайлық рәсімдер жүйесі қалыптасады, оларға вокалдық және аспаптық
композициялар сай келетін. Сарай жанында рәсімдер мен музыкаға жауап
беретін Дасыюэ мекемесі құрылды.

Ескі қоңыраулар

Хань дәуірінен бастап Солтүстік жәнө Оңтүстік хандықтар кезеңіне дейін
(біздің заманымызға дейінгі 206 — біздің заманымыздың 581) музыкалық
мәдениет едәуір көтеріледі. Сарайлық музыкалық өнердің маңызды түрлері: я -
юэ — ресми конфуцийлік рәсімдер музыкасы және су-юэ — зиялылардың көңіл
көтеруіне арналған музыка. Музыканттар Сыма Сянжу, Цай Юн Қытайдың әр түрлі
облыстарынан дәстүрлі әндерді жинады. Қытайдың музыкасының кейінгі
эволюциясы барысында маңызды рөлін сақтаған көп кұрамды оркестрлер дәстүрі
дамиды (300-ден 800-ге дейін орындаушылары бар; дайындалу материалы бойынша
аспаптаріи 8 топқа бөлінетін). Ішекті аспаптарда жеке орындау дәстүрі
—цинь (әсіресе оқымысты элита арасында), пипе (орындаушылық мектептердің
негізін қалаушылар — Су Чжипо, Цзи Лu, Янънянъ т.б.) пайда
болды. Сұң және Таң (581—907) династияларының басқару кезеңі, ежелгі Қытай
музыкасының өркендеу уакыты — өнердегі, соның ішінде музыкадағы таңдық
стиль, сондай-ақ Кореяда, Жапонияда, Вьетнамда тарады. Арнайы кеңселер
жұмыс істеді. Сарайлық музыка екі негізгі жанрлық түрге бөлінген — ли-
пучи (ашық далада орындалатын музыка) және цо-пучи (ғимараттар ішінде
орындалатын), оған я-юэ, су-юэ, банкеттер музыкасы (янъ-юэ), аспапты музыка
(ху-юэ), әскери музыка (кучуй), театр музыкасы (сан-юэ), циньге арналған
музыка (цинъ-юэ) кіреді. Янь-юэ оркестрмен орындалады, оркестр құрамында
кытай аспаптарымен қатар Үндістан, Корея, Үнді-қытай елдері, Орта Азияның
калалары мен мемлекеттерінің аспаптары және репертуарында осы елдердің
музыкасы бар. VII ғасырда таман сарайлық оркестр өзінің Кұрамын молайтады
(орындаушылар саны 1500-ге дейін), VIII ғасыр басында 5 арнаулы оқу
орындары ашылды, соның ішінде сарай маңынан "Сaрайлық мектеп" (Цзяофан)
және "Алмұрт бағы" (Лиюань) да бар. Білімді адамдардың үйлерінде ішекті
және үрмелі аспаптарда (флейтада ди, арфада кунхоу, цинеде, пипеде және
т.б.) камералық музыканы орындау дәстүрі тарайды. Осы кезеңнің әйгілі
музыканттарының ішінде: Сюй Хэцзы, Хе Манцьзы, Ли Гуйнянь бар. Поэтикалық
форманы (төрт жолдық) көрнекті ақындар (Бо Цзюйи, Ли Бо және т.б.) өлең
шығару үшін қолданады, лютняның сүйемелдеуімен әнші әйелдер орындайды. IX—X
ғасырларда қалаларда кәсіпқой жыршылардың орындауында бянъ-вэнъ формасында
буддистік канондық кітаптардан алынған өлеңдік аңыздар мен эпизодтар
тарайды. Сұң династиясы (X—XIII ғасырлар) кезіндегі конфуцийлік
идеологияның жаңа өркендеу кезеңінде сарайлық музыканың ежелгі дәстүрінің
қайта өрлеyi басталады. Музыканың жаңа әсем түрлері пайда болып, соның
ішінде ішекті аспаптардың сүйемелдеуімен орындалатын әндік — поэтикалық цы
формасы, т.б. көрермендерді тартатын өнер түрлері кең ЕТЕК Алды. Бұл
қарапайым адамдар арасында (вацзы) аспаптың сүйемелдеуімен Яжурун-дяо,
XII—XIII ғасырлар және т.б. орындалатын ән-аңыздар: чуаньцзю — көп сағаттық
драмалар, кытай үшін жаңа болып табылатын сона сияқты аспапты қолданатын
нанъцю музыкалық драмалар; 4 ішекті монғол лютнясы (хубос). Юань-
Минь (XIII—XVII ғасырлар) династиялары кезеңі Оңтүстік-Шығыс Аимн (Вьетнам)
және Қиыр Шығыс (Корея, Жапония) елдерінің музыкасына әсер еткен дәстүрлі
музыкалық драманың дамуының шыңы бОЛДЫ. Музыканың көптеген жергілікті
түрлерінің ішінде сюяосстық, гэяньдік және т.б. XV—XVI ғасырлар Оңтүстік
Қытайда куньцзю (куньшандық пьеса) жанры ерекше көрінді. XVI ғасырда
басынан ол Солтүстік Қытайға да тарады. Бұл жанрдың шеберлері — Лян
Чэньнюй, Чжан Етан, т.б. XIII—XVII ғасырлар музыкалық мәдениет
сарайлардағы, қалалар мен ауылдардағы белсенді музыкалық өмірмен
сипатталатын. Көптеген жергілікті вокалды, аспапты және би стильдерінің
ішінде — янь-гэ (ән мен халық билері), лянжэнь-чжуань және лянжэнь-тай
(пьеса-диалогтер), хуагу, хуадэн (музыкаға қосылып дәстүрлі әндер айтып
көріністер көрсету), тибеттік нанма (речитатив пен би) бар. Жергілікті
әндік жырлардың түрлері кеңінен тарайды: дагу (барабанмен қосыла және
ішекті), цинъшу (цитраның сүйемелдеуімен), танъци (пипенің сүйемелдеуімен),
цзоучан (театрландырылған жыр) және т.б. XX ғасырда да мағынасын сақтаған.
Жырлардың әуенді типтері пайда болады — баньцянти, ляньцюйти, т.б. Жырлар
айтылу ырғағына карай екіге бөлінеді: жылдам — куайбанъ, баяу — манъбанъ.

Қазіргі Қытай ансамблі

XIII—XIV ғасырлар Қытай музыкасы 2 дәстүрге бөлінеді: Солтүстік және
Оңтүстік. Солтүстік үшін батырлық тақырып, музыкалық тілдің
қарапайымдылығы, 7 сатылы мәнердің колданылуы тән; Оңтүстік үшін лирикалық
бейнелердің басымдылығы, аса нәзік техникалық құралдар, пентатоникалық
дыбыс қатарлары, алғаш үрмелі аспаптардың басымдылығы тән. Қытайдың ұлттық
музыка аспаптарының 100-ден аса түрлері бар: ішекті — цитры цинь, чжэнь,
гусли сэ, лютни, пипа, юэцинь, т.б.; үрмелі ұзын флейталар — чииди сона
(гобой түрі), соқпалылардың ішінде әр түрлі барабандар — үлкен цзяньгу,
сазды ху, бір жақты кішкентай баньгу, тамбурин яогу; қола коңыраулар тобы —
бяньчжун жәнө т.б. бар. Цинь династиясының (1644—1911) баскару кезеңнің
басында музыкалық мәдениеттің демократтану тенденциясы байқалатын. Қалалық
музыкалық драманың түрлері пайда болады (жергілікті драманың негіздерінде),
цзинцзюй пекиндік музыкалық драманың ең биік шыңы болып табылады. XIX
ғасырда басынан қиындап кеткен ішкі және сыртқы жағдайларға байланысты
(Маньчжурялық Цинь династиясы басқару кезіндегі империалистік державалардың
"Апиындық соғыстары"). Сарайлық музыкалық дәстүрлер құлдырай бастады.
Сонымен катар камералық аспапты және симфониялық шығармалар шығарылды (Ма
Сыцун, Цжи Пэй, Чжу Цяньэр). Қытай музыкант орындаушылары шықты (пианистер
— Лю Чикунь, Ли Минцян және т.б.) 1960 жылдардың басында және кейін аталмыш
Мәдени революция барысында музыка Пекиндік басшылықтың саяси ұрандарын
бейнеледі, дәстүрлі қытай музыкасын орындауға тыйым салынды шетел
сазгерлерінің, сондай-ақ 1966 жылға дейін жазылған қытай сазгерлерінің
шығармалары қуғынға ұшырады. Музыкалық ұжымдир таратылды, музыкалық оку
орындары жабылды. 1980 жылдан бастап өнерпаздардың шығармашылығы дамыды,
жаңа кәсіпқой ұжымдар кұрылды, жаңа және дәстүрлі музыканы зерттеу
жұмыстары жөнге келді, музыкалық білім жетілдіріледі. Әйгілі сазгерлердің
ішінде: Ли Хуаньчжи, Лю Чжи, Цюй Си сяньэр, Цюи Вэй, Чжу Цзянь және т. б.
бар. Музыка танушылар ішінде: Ян Иньлю, Люи Цзи, Вань Юйхэ; орындаушьщір
ітттінде дирижерлер — Ли Дэлунь, Ян Лянкун; әншілер — Чжоу Сяоянь, Вэй
Чисянь, Ху Сунхуа; пианистер: Вэй Данвэн, Ли Чжэн; скрипкашылар — Шэн
Чжунгр, Ху Хуэн, Сюэ Вэй; халық аспаптарында орындаушылардың ішінде Лю
Дэхай (пипа), Чжан Чжэхуа (эрху), У Диньлюэ,У Вэнгуан (цинь) бар. ҚХР-да
шамамен 40 музыкалық журналдар шығады, соның ішінде "Жэньмин инью" ("Халық
музыкасы"), "Иньяньцзю" ("Музыкалық зерттеу"), "Чжунго иньюэсюэнің" ("Қытай
музыкатануы") орны ерекше. Жыл сайын музыкалық фестивальдар өткізіліп
тұрады. ҚХР-да (1988) Пекиндегі Орталық мемлекеттік опера театры және Қытай
театры, Пекин мен Шанхайда ба лет театры, Пекиндегі симфониялық оркестрлер,
Қытай халық аспаптарының орталық оркестрі, Шығыс халықтарының ән-би
ансамблі, Орталық ұлттық ән-би ансамблі жәнө бірнеше ансамбльдер бар.
Музыканттар одағы, 8 жоғары оку орындары жұмыс істейді.[1]


Қысқаша тарихи очерк. Діни – мифлогиялық сенімдеоі. Аспаптары. Қытайдың
дәстүрлі оркестрі.

Музыкалық системаның негіздері. Люй – люй музыкалық системасы.

Қытай музыкалық театры. Музыкалық эстетика.

Діни – мифологиялық доктриналар. Конфуцийлік, даосизм, буддизм( чань –
буддизм). Табиғат пен музыканың космологиялық концепциялары. Музыканың адам
өміріндегі маңызы. Музыка мен өнердің барлық түрлерін белгілейтін юэ – ның
жалпылама түсінігі. Ежелгі музыкалық аспаптар: литофон, қола коңырау,
барабан және т. б.
Халық шығармашылығының ескерткіші «Шицзин» («Книга песен» б. з. д. 5 ғ. ).
Бірдауысты музыканың кең таралуы. Конфуцийлік діннің ғұрыптық музыканың
құрылуына ықпал етуі. Хань дәуірі ( б. з. д. 206ж – б. д. 581ж.).Музыкалық
өнердің өркендеуі. Ресми церемониялар музыкасы – я – юэ, ақсүйектер
көңілденетін музыка – су – юэ. Көп құрамды оркестрлер дәстүрінің дамуы.
Аспаптарды 8 топқа бөлу.
Суй мен Тан династияларының кезеңі (581 – 907). Қытай музыкасының гүлденуі.
Кореяда, Вьетнамда, Жапонияда таралған тан стилі. Сарай музыкасының жанрлық
түрлері: ли – пучи – ашық ауадағы музыка; цо – пучи – ғимаратта орындау
(банкет музыкасы, аспаптық және әскери). Оркестр құрамының 1500 қатысушаға
дейін кеңейту. «Сарай маңы мектебі», «Алмұрт бағы» - білім беру орындарының
алғашқылары. Ішекті және үрмелі аспаптарда тұрмыстық камералық музыка
орындау.
13 – 12 ғғ. Монастрлар мен қалалардың белсенді музыкалық өмірлері. Аспаптық
және вокалдық стильдер көпшілігі. Янь гэ – халық билері мен әндері, диалог
пьесалар, дәстүрлі көріністер мен әндер музыка сүйемелдеуімен, тибеттік
нанма – речитативті би.
Ән сказдарының түрлері. Олардың классификасиясы. Оңтүстік және солтүстік
дәстүрлердің қалыптасуы.
Аспаптар байлығы: 100 түрі. Ішекті – шертпелі цинь цитралары, чжэнь, сэ
гуслиі, пипа лютнялары, юэцинь; ыспалы: эрху, баньху, сыху, хуцинь; үрмелі
: ұзын сяо флейтасы, пайсяо свирелі және т. б.
Соқпалы - әртүрлі материалдан барабандар, қоңыраулар. «Цинь» династиясы
кезеңінде музыкалық драманың пайда болуы.
Ән шығармашылығының жанрлары: еңбек, ғұрып, қала кедейлерінің, қайықшылар,
зергерлердің әндері. Әндер мазмұны. Табиғат суреттерін сәулелендіру («Весна
на озере», «Летающие куропатки»); қоршаған ортаның құбылыстарын («Песня о
слепом колдуне»). Қытай мелодикасчының және ритмикасының сипаты. Саз
системаларының құрылуы. Пентатонды ладтың бес түрі. Хроматикалық дыбыс
тізбек. «Люй – люй» системасы.
Орындаушылық мінезі. Регистрден регистрға тез көшу. Метр – ритмнің зор
маңызы: бос синкопалы ритм. Поэтикалық тексттің және музыканың бірлігі.
әндердің аспаптық сүйемелінің түрлілігі. Аккомпанемент шу фоны ретінле,
вокалды партияны унисонмен қайталау, және аспапты ән ортасында «заставка»
не «аяқтау» ретінде қолдану.
Музыканың қоғамдық маңызы жайлы ілім. (Дуань Ан – цзе, 5 ғ. « записи о
музыке» Қытай класикалық музыкасының Корея мен Жапонияда әсерлі таралуы.
Сун (10 – 13 ғғ.) кезеңіндегі эстетикалық принциптер, музыка теориясы
(темперация системасы) және вокалды формалар ( чжунгундяо көп бөлімді сказ
әні) ; музыкалық драманың арықарай дамуы.
 Музыкалық материал: видео материал көру: «Провинция Китая»; музыка тыңдау
: Қытай дәстүрлі музыкасы ( қытай ұлттық аспаптарында орындалған, хуцинь,
цинь, пиба т. б., дәстүрлі асапаптық музыка.).





Тақырыптың аты : Қытай музыкалық театры.

Қытай классикалық театры. Сарай маңы театры; онда әнмен драматикалық
диалогтың бірігуі, аспаптық музыканың, пантомима мен бидің бірігуі;
вокалдық музыканың құрмалас түрлері. Ноталық жазуды дамыту. Пекиндік опера.
Авторлықтың жоқтығы. Пластикалық сценография, драматикалық, вокалдық
шеберліктің және акробатикалық әдістердің кешені. Музыкалық интонация және
ритм – спектакльдың негізі. Тондық әңгімелеу әсерінен рфмаланған диалог пен
әндетудің ұқсастығы. Мазмұны: көркем аңыздардың, сказаниелердің, тарихи
оқиғалардың қойылымы(жау шапқыншылығы, крестьяндар соғысы). Қытай
театрындағы пантомиманың үлкен маңызы. Қимыл - әрекет
системасы.Декорациялармен мезансценаның жоқтығы. Әрекеттің жеңіл әрі жиі
ауысулары. Кейіпкерлердің бір уақытта әр жерде көрсетуі.Ойластырылған тус
комбинациялары, бояулар таңдауы.
Қытай театрының музыкалық жағы. Дыбыстың, бидің, сөздің үзілмес бірлігі.
Негізгі мәнерлеу әдістері - ән , аспаптық орындау. Актерлардың
қозғалыстарының бір ритмге бағынуы және биге ауысуы.мелодика, ритмика
темпімен,оркестр құрамымен байланысты образдар шеңбері.
Соқпалы аспаптардың маңызды рөлі. Мелодиканың халық - ән
табиғаты.Провинциялы театр. «Янгэ» жанры – массаклы халық көрінісі. Негізі.
Крестьяндық еңбек әндері.
^ Музыкалық материал:видео материал көру «Пекинская драма»






Тақырыптың аты: Оңтүстік – Шығыс Азия музыкасы.

Регионның музыкалық шығармашылығының жалпы сипаты. Діни – мифологиялық
сенімдері. Корея музыкалық мәдениеті.Аспаптық , вокалдық музыканың
жанрлары. Аспаптары. Музыкалық системаның негізі. Музыкалық театр. Вьетнам
музыкалық мәдениеті. Аспаптық және вокалдық музыканың жанрлары. Аспаптары.
Музыкалық системаның негіздері. Музыкалық театр.

Оңтүстік – Шығыс Азияның күрделі әсерлесуі. Қытай, Үнді, Араб
мемлекеттерінің ғұрыптық музыкаға ықпалы. Филиппины оңтүстігінде сұлтан
Малай тұсынды үлкен Набат оркестрінің құрылуы. Кейбір араб аспаптарының
таралуы (ребаб, цитра, лютня). Музыкалық аспаптардың санының зорлығы,
дамыған ансамбльмен орындау, көптеген жанрлар мен стильдер. Музыканың
вертикалды организациясына бағытталуы. Ансамбльде бір типті аспаптардың
жиынтығы – жанұя. Онда жанұя иерархиясының білінуі.
Б. з. д. 3 ғ. – б.з. 4 ғ. Үрлемелі , соқпалы аспаптардан тұратын ғұрыпты –
церемониялы оркестрдің құрылуы. Явандық қуыршақ көлеңкелі театрында
гамеленды қолдану. Кхмерлік оркестрлекрдің құрамы. Бирмандық оркестрдің
спецификасы. Жазбаша музыка негізіндегі классикалық ән жанрлары. Буддисттік
монастрладағы музыка маңызы.
Вьет этносының дәстүрлі музыкасы. Музыкалық мәдениеттің ежелгі
ескерткіштері – литофн, қола барабан, гонг. Сарай маңы церемониялары үшін
қолданған. Қытай, Үнді мәдениеттерімен әсерлесуі. Сарай маңы және храмды
музыка сфералары. Дәстүрлі музыка центрлері – динь– ортақ үйлері. Лорада
«Батам» ансамбльдерінің құрылуы. Музыкалық мәдениеттің 10 ғ. бастап жарқын
дамуы. Ауыл театры «тео»-ның, су бетіндегі қуыршақ театры « руа нуок»- тың
қалыптасуы. Соқыр даладағы әншілердің орындауындағы баяндау мінезді әндері.
Ритуалды әрі көңілдендіретін форма сияқты дамыған әйелдер әндері дәстүрі –
«качу». Музыканың қатал классификациясы – Қытай ықпалы. Екі оркестр түрі
«Дай няк» және «Теу няк», оркестр құрамын кеңейту.Аристократиялық музыкалық
дәстур – поэмаларды лютня, не цитра сүйемелдеуімен айту. Жанрлар – «ван»
және «доктау». Вокалдық формаларға жақындау.
17 – 19 ғғ. – қалалық музыканың дамуы- Хюэ қаласының камералық аспаптық
өнері.
Аспаптары: үрмелі – сяо, тиеу (флейта типі), кен, сона (гобой түрі); ішекті
– ыспалы: ни, дан бау (монохорд); ішекті – шертпелі – дан ты ба, дан нгуэт,
дан дай, дан чань (16 ішекті цитра); соқпалы – литофон, гонг, барабан,
қоңырыу, ксилофон және т.б.

Музыкалық теория. Шығыс мәдениетіне тән саздық организация. Ладтардың
образдар мен сезімдермен байланысы. Екі лад типі : бак (жарқын) және гам
(көңілсіз, сабырлық). 5 – 7 сатылы дыбыстізбектер. Мелодия суретінің
орнаменталдығы. Силлабикалық типті ритм. Өрлету әдісі – ладты модуляция.
^ Музыкалық материал:музыка тыңдау: Вьетнам дәстүрлі оркестрі, корея
оркестрі; этникалық музыканың шедеврлері( Вьетнам мен Кореяның әртүрлі
стилистикадағы аспаптық және вокалдық музыка үлгілері); видео материал көру
«Обряд жертво приношения. Лаос», «Ппраздник дракона»

.Тақырыптың аты : Моңғолия музыкасы. Қысқаша тарихи очерк. Діни –
мифологиялық сенімдері. Ән және аспаптық шығармашылығының музыкалық
жанрлары. Эпос. Ғұрыптық музыка. Аспаптары.

Монғол музыкасының ежелгі бұлақтары. Онда Орталық Азия регионын нәсілдейтін
басқа музыкалық дәстүрлі этностардың өрілуі. Вокалдық музыка орындаудың
басым болуы. Ладтық система пентатоника немесе түрлі диапазонның тірек
центрлері орын ауыстыра алатын ангемитонды дыбыстізбектер.Тамақпен ән салу
– хоомей. Цуурда (ұзынша флейта), аманхурамда (варган типтес) ойнау.
Негізгі түрлер: регулярлы ритмикасы жоқ баяу музыка, нақты ритмикасы бар
тез, билік сапаптық музыка. Аспаптар: Ішекті – ыспалы- дәстүрлі морин –
хур, ир – хур, хучир; ішекті – шертпелі - тобшур, шудрага, цитра, ятга,
ёочин (цимбала түрі): ағаш үрлемелі – лимбэ, цуур, биш – хур(гобой типі),
эвэр – бурээ(мүйіз), соқпалы барабандар хэнгэрэг, бумбур, цан тарелкалары;
литофондар, шаман бубендері де қолданылады; храмдық аспаптар – теңіз
раковинасы, дун, хонх қоңыраулары, гонг, үлкен мыс трубалары.
Ежелгі музыка түрлерінің аңшылық пен мал шаруашылығымен байланысы
(рожоктарда, манка - дудкаларда ойнау, сигнал – дыбыстау мелодиялары,
мелодикалық ысқыру т. б. ) Хунну (б.з.д. 3 ғ. – б.з. 2 ғ.) империясы
кезеңіндегі монғолдардың бақа халықтармен қатынасы. Жаңа монғолдық
музыканың түрі пайда болуы. Ерте феодалды мелекет ұйымдары. Сарай маңы
музыкасының музыкасының дамуы( 13 ғ деиін). Оркестрлердің функциялауы.
Музыканың ата – баба культінда, шаман ғұрыптарында, әскері қызметте
(дыбыстау, декламациялау түрдегі мелодиялар). Керуендік әндер сөзсіз болған
(уншууу).
Моңғол империясының пайда болуы (13 ғ.) Юань династиясы. Классикалық моңғол
музыкасының қалыптасуына ықпал еткен Шыңғыс хан тұсындағы церемониялық
дәстүрлер. Құрамы бойнша кең оркестлер – 400 қатысушыға дейн. Көп бөлімді
композициялар – 80 бөлімге дейін.
Музыкалық – поэтикалық жанрлар (ода), және сургаал (дидактикалық өлең).
«Панчатантра», «Рамаяна» (14 ғ.) аудармасындағы буддийлік әдебиетті әндетіп
оқу дәстүрінің пайда болуы. Тойларға, сайыстарға (күрес, атжарыс, садақпен
ату) арналған тұрмыстық музыканың түрлері.
Моңғол эпосын шығару («Гэсэриада»), кеиін «Бэнсэн улигер» (кітаптық сказ);
13 ғ. «Сокровенное сказание» атты классикалық әдебиет.Цин (17 – 20 ғғ.)
династиясы кезеңіндегі ламаистикалық монастырлардағы музыка.. Монастырлар
маңында театрлық қойылымдар (Хамрынхийд, Гандантэгчинлэн). Моңғол созыңқы
әндерінің жанрлық түрлері: созылма – уртын – дуу, қысқа – богино – дуу.
^ Музыкалық материал: видео материал көру – «Моңғолия музыка мәдениеті»;
музыка тыңдау – тамақпен ән салу хоомей, Моңғолияның дәстүрлі ән және
аспаптық шығармашылығы.

Тақырыптың аты: Жапония музыкасы

Қысқаша тарихи очерк. Діни – мифологиялық сенімдері. Аспаптары. Жапон
дәстүрлі оркестр, Халық – кәсіби музыкасы.
Жапон музыкасы — Шығыс Азияның сансыз көп аралдарын, Хоккайдо
көлінен бастап Рюкю архипелагына дейін мекендейтін халықтардың өзіндік
музыкалық дәстүрлерінің жиынтығы болып табылады. III ғасырда
бастап Қытай жәнө Кәріс музыкасымен өзара байланыста дамып, ортаазиялық
және Оңтүстік-шығыс азиялық, сондай-ак индиялық-буддалық, XIX ғасырда
соңынан бастап еуропалық және америкалық мәдениеттердің ықпалына
ұшырады.Яёи мәдениеті кезеңінде (біздің заманымызға дейінгі V ғасырда —
біздің заманымыздың IV ғасырда) сиқыршылық ритуалдарда Қытай және Кәріс
аспаптарына ұқсатылып, қоладан жасалынған музыкалық аспаптар
(барабандар, қоңыраулар) қолданылған. Ямато ірі тайпалық одағы құрылған
соң,синтоизммен (табиғат Құдайларына және бабаларының діни нанымдарына
негізделген сенім жүйесі) байланысты би билеп, ән айтып, аспаптарда ойнау
аркылы жүргізілетін мистериялық кагура діни нанымы кең
таралады. Буддизмнің калыптасуына байланысты (VI ғасырда) сёмё атты
буддалық он айту салты дамиды. Сёмёнің негізгі категорияларына сан гимндері
жатады. Санскрит тілінде — бонсан, қытай тілінде — кансан, жапон тілінде —
васан деп аталады. Өн айту құрылысы (композициясы) қысқа ұзінділерден
(сэнрицу-кэи) құралады. XIII ғасырда бастап Жапонияда дзэн - буддизм
мектебінің таралуына байланысты ыдыс (тәрелке), сылдырмақ, барабан сияқты
соқпа аспаптар ұнімен үйлестіріліп айтылатын Сұң кезеңінің (X—XIII
ғасырлар) қытай-буддалық ән айту мәнері енді. Буддалық дәстүрлер (өсіресе
орта ғасырда) ақсүйектік жапон музыкасының жеке өн түрлеріне, жанрына,
стиліне әсер еткен. Нара жәнеХэйан дәуірінде (VIII—XII ғасырлар) конфуцизм
әсерімен Жапонияның сарай маңындағы музыкалық өмірі Таң
дәуіріндегі Қытайдағыдай ұйымдастырылған еді, яғни "Гагакурё" музыкалық
басқармасы, "0 ута докоро" ән айту баскармасы, маманданған музыканттар
кауымы құрылды. Сарай ән-би өнерінің түрі және жанрлары, өсіресе "Гагаку"
Қытай, Кәріс, Үндістан, Тибет, Орта, Орталық және Оңтүстік-Шығыс Азия,
маньчжур-тунгус халықтарының әсеріне ұшырады. VIII ғасырда бастап сарайда
жапон аңыздарында сүйенген, бимен бейнеленген жапон музыкасының өзіндік
түрі калыптасты. Гагакуді жапондандыру барысында халықтың музыка стильдері
негізінде жаңа вокалды- аспапты жанр пайда болды. Ол Сайбара (әнші мен
хордың гагаку оркестрінің сүйемелдеуімен кезектесіп айтылатын "Жылқышылар
өні"), имаё (тәрелкелер-ыдыс және барабандардың сүйемелдеуімен айтылатын
"жаңа кезеңдегі әндер"), роэй (хордың және ұш флейтаның сүйемелдеуімен
поэмаларды кытай, жапон тілдерінде дәстүрлі әнмен айту) сиякты ұлттық
стильдерге негізделген. Комакуро (1192—1333) және Асикага (1335/38—1573)
дәуірінде әскери жүйенің орнығуына және әскери әулеттің (самурайлар)
өлеуметтік рөлінің өсуіне байланысты сарай музыкасының маңызы
азайды. Энкёку (сарай мерекелері), жиџанкез монахтардың орындауындағы биве
аспабының сүйемелдеуімен айтатын хэйкёку (әйгілі "хэйкэ-моногатари"
аңызынан), сондай-ақ өнер театры сияқты вокалды стильдің негізгі түрлері
дами бастады. XVI ғасырда ортасынан бастапЖапонияда португал христиандық
миссионерлері пайда болды, католиктік мессаның музыкасында дәстүрлі жапон
әні колданылды, еуропа музыкалық аспаптары — орган, скрипка,гобой (Арима
және Нагасаки қалаларында) кең тарай бастады.

Токугава (1603—1867) дөуірінде, яғни Жапонияның сыртқы өлемнен бөлектенуі
кезінде христиандықты жою саясаты жүргізілді. Қалалардың маңызының өсуіне
байланысты театр жанрлары — ноо музыкалық драмасы, кейіннен кабуки драмасы,
буираку қуыршақ театры дами бастады. Мамандандырылған орындаушылар мектебі
дең- гейіндегі және әуесқой музыканттар арасында котоның сүйемелдеуімен
өнді жеке орындау,сямисэнде, сякухатиде ойнау кең тарай бастады.

Музыка жөніндегі жапон ғылымының негізгі ережелері Кома
Тикадзанэнің "Кёкунсё"(1231), Абэ Суэнаоның "Гаккароку" (1690), т.б.
трактаттарында айтылған. Гагаку музыкасына
қарағанда бива,сякухати, кото, сямисэнеде аспаптарында ойнаумен (әндетіп)
байланысты музыкалық дәстүрлер үлкен ұлттық ерекшелік болып
есептелінеді. Мёсёбива (VII ғасырда бастап) — будда сутраларын, діни аңыз
поэмаларды биваның сүйемелдеуімен өуендетіп айту, хэйкэбива (XII— XIV
ғасырлар) — "Хэйкэ-моногатари" эпосынан аңыздар,
(соқыр монахтар — мёсё орындаған); сацумабива (XVI ғасырда)
—самурайлар арасында, кейіннен жалпы халық арасында кең тараған мёсёбиваның
бір түрі; тикуд- зэнбива (XIX ғасырда — XX ғасырда басы — сямисэнға
арналған музыка және мёсёбива негізінде құралған) сияқты әр түрлі
орындаушылық дәстүрлер бивамен байланысты.

Котода жеке ойнау дәстүрі XVI ғасырда соңына қарай дами түсті, яғни будда
монахтары мен конфуцилік ортада цикусигото дәстүріндегі музыка кең тарады,
ол қытайдағы цин аспабында орындау аясында қарастырылған арнайы
философиялық-этникалық доктринаға сүйенді. Атақты орындаушы Яцухаси
Кэнгё (XVII ғасырда) Хэйан дәуірінде орындалып жүрген сюита түріндегі
котоға арналған таза аспаптық композициясы — данмононы қайта жаңғыртты.
Оның орындаушылық мөнері Икутарю (XVII ғасырда аяғы), Ямадарю (XVIII—XIX
ғасырлар) атты кейінгі Кото мектептеріне негіз болды. XIII—XIV ғасырлар
будда монахтары арасында сякухатида ойнау дәстүрі дамыды. Сякухатиге (XVIII
ғасырда бастап) арналған музыканың классикалық түрлері 2 типке
бөлінеді: хонкёку (ерекше музыка), гайкеку (өзгелерден қабылдаған
пьесалар). XVI—XIX ғасырлар сямисэнеде ойнау дәстүрі барлық әлеуемттік
таптар мәдениеті арасында тарады. Әсіресе бунраку қуыршақ театрында және
бабуки театрында сямисэн аса маңызды рөл ойнай бастады. Вокалды аспапты
композицияларда сямисэн партиясы вокалдан қалыспады. XVII ғасырда бастап
кото және сямисэн аспаптарында катар орындау төжірбиесі (дуэт), ал XIX
ғасырда екінші жартысынан бастап трио (кото, сямисэн, сякухати), яғни
санкёку композициясын орындаушылар қалыптаса бастайды.

Ежелгі синтоистік мистериялар, маска киген буддалық би драмасы
спектакльдері — гигаку, сарайдағы би қойылымдары — бугаку, қарапайым
халықтық сюжеттік қойылым — саругаку, ақсаңдап билеу драмасы — эннэ-но
маи, дэнгаку спектакльдері, т.б. Жапон театрының түрлі дәстүрлі формалары
XIV—XV ғасырларда ноо музыкалық би драмасында талданып, жинақталып алынды.
Нооның көркемдік принципі (негізі) дзэн — буддизмнің ыкпалымен калыптасты.
Нооның негізін салушы артистер Киёцугу Канъами (1333—1384) және оның
баласы Мотокиё Дзэами (1363—1443),олар Ноопринциптерін арнайы трактаттарда
теориялық жағынан калыптастырды. Ноода сөз сөйлеу және көркем сөз оқу
шеберліғі ән айтумен кезектесіп келіп отырады. Онда негізгі кейіпкерлермен
катар спектакльде дзи вокалды тобы және құрамында тайко, оцудзуми,
коцудзуми барабандары, нокан флейтасы бар хаяси аспабы ансамблі бірге
қатысады. Нооның дәстүрлі репертуарында 200-ден астам пьеса бар. XVI
ғасырда аяғы -- XVII ғасырда басында жапон театр дәстүрінде Ноодан
баска Кабуки және Дзёрури театрлары болды. Кабуки — ән айту мен аспапты
интерлюдия, нэмбуцу-одори биі негізінде калыптасқан. Сямисэн сүйемелдеу
дәстүрлі кабуки және дзёрури театрларының карым-қатынасын жақындастыра
түседі. I Миндзоку-онгану дәстүрлі музыкалық шығармашылық стилі мен
түрлерінің әржактылығымен ерекшеленеді. Рюкю, Окинава аралдары музыкасының
құрылымдық негізі ерекше, айндар шығармашылығы да өзінше ерекшеленіп
көрінеді. Мамандар 3 негізгі бағытты белгілеп отыр. Олар: варабэута
(балалар әні), минъё (халық әндері), миндзокугэйно (дәстүрлі театрлық
қойылымдарға арналған музыка). Минъёге 2 музыкалық стиль — оивакэ, ягибуси
кіреді. Минъёда 5 сатылы дыбыс текшелерінің 4 түрі қолданылады. Дәстүрлі
қойылымдар — идиофоны-дэбёси (табак), канэ, сури-
дзасара, биндзасара, ецудакё, т.б. түрлі аспаптардың сүйемелдеуімен
жүргізіледі.



                       3- СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ


      ^ Курстық жұмысты орындау негізгі кезеңдері :
Тақырыпты талдау
Тақырыпқа ену
Жұмыс жоспарын құру
Теориялық зерттеудің нәтижесін анализдеу.
-Керкті және қосымша материалды зерттеу (конспектілеу)
-Лекциялық материалды бекту
-Музыкалық материалды толығымен тыңдау,викторинаға дайындалу
^  Әлемдік музыка тарихы пәні бойынша сынаққа қойылатын талаптар.
Музыка  тарихы  курсында  қорытынды  бақылаудың  екі  түрі  бар.  Семестрлер
аяқталғанда сынақ мен емтихан өткізіледі.
Сынақ тест формасында өтеді.





      Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Галацкая В.С. Музыкальная литература зарубежных стран. Вып. 1.м., 1983

2. Левик Б.В. История  зарубежной  музыки.  Вып.II.  Вторая  половина  XVIII
века. М., 1979

3. Левик Б.В. Музыкальная литература зарубежных стран. Вып. II. М., 1979

4. Розеншильд К.К. История зарубежной музыки. Вып. I М., 1978

5.Васильченко Е. В. Арнайы курстың конспект-бағдарламасы «Музыкальная
культура Азии и Африки»музыкалық ЖОО-на арналған. –М. : 1982
6 .Васильченко «Звуковые аспекты мира»........
7 .Внеевропейские культуры: вопросы изучения традиций. –М. : 1988
8 .Грубер Р. Всеобщая история музыки. Ч. 1.- М., 1956
9. История мировой культуры / Г. В. Драч редакциясымен.- Ростов-на Дону:
Феникс, 2000.
10. Конрад Н. Очерки истории средневековой Японии.-М., 1978 Актуальные
проблемы изучения музыкальных культур стран Азии и Африки.-Ташкент,
19831.Виноградов В. С Индийская рага. – М.: 1976
11.Внеевропейские культуры: вопросы изучения традиций. – М.:1988
12.Грубер Р. Всеобщая история музыки. Ч. 1. – М., 1956
13.История мировой культуры // под ред. Г. В. Драча. – Ростов – на Дону:
Феникс, 2000.
14.Менон Радхава Р. Звуки индийской музыки. Путь к раге. – М.: 1982
15.Михайлов Д. Удивительный мир африканской музыки // Африка еще не
открыта. М.:1973
16.Музыка народов Азии и Африки.Вып. 1- 6. –



















































































     1. [pic]
Пәндер