Файл қосу

Негізге алынатын стандарттар



|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ                                                   |
|БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ                                                |
|СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ                                            |
|МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ                                                    |
|3 деңгейдегі СМЖ құжаты    |ПОӘК                 |                           |
|                           |                     |                           |
|                           |                     |                           |
|                           |                     |ПОӘК 042–18-9.1.70/02-2014 |
|ПОӘК                       |                     |                           |
|«Ауылшаруашылық өнімдерді  |11.09.2014 ж.        |                           |
|стандарттау және           |№ 2 басылым          |                           |
|сертификаттау негіздері»   |                     |                           |
|пәнінен студентке арналған |                     |                           |
|пәннің бағдарламасы        |                     |                           |










                        ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ


               5В080100 «Агрономия», 5В080200 «Мал шаруашылығы


             өнімдерін өндіру технологиясы» мамандықтары бойынша


                    «Ауылшаруашылық өнімдерді стандарттау


                    және сертификаттау негіздері» пәнінен

                             СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН
                             ПӘННІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ
































                                    Семей


                                     2014







                                  Алғы сөз

    1 ӘЗІРЛЕГЕН
    Құрастырушы ___________ 29.08.2014 ж.,   С.  Төлеубекова,  «Стандарттау
және биотехнология» кафедрасының аға оқытушысы,  т.ғ.к.




    2 ТАЛҚЫЛАҒАН
    2.1  Семей  қаласының  Шәкәрім  атындағы  мемлекеттік   университетінің
«Стандарттау және биотехнология» кафедрасының отырысында


    «29» ___08____2014 ж., № 1 хаттама


    Кафедра меңгерушісі ___________ Ж. Кәкімова


    2.2  Инженерлі-технологиялық  факультеттің  оқу-әдістемелік   бюросының
мәжілісінде


    «05» ___09____2014 ж., № 1 хаттама


    Төрайымы_____________С. Төлеубекова


    3 БЕКІТІЛГЕН
    Университеттің   Оқу-әдістемелік   кеңесінің    мәжілісінде    шығаруға
мақұлданған және ұсынылған


    «11» ___09___2014 ж., № 1 хаттама


    Оқу-әдістемелік кеңесінің төрайымы,
                                                                   проректор
___________ Г. Искакова




    4 «18» __09__2013 ж. № 1 БАСЫЛЫМНЫҢ ОРНЫНА ЕНГІЗІЛГЕН


















                                   Мазмұны



    |1   |Жалпы ережелер                                                    |4   |
|2   |Пәннің мазмұны мен сабақтардың түрлері бойынша сағаттарды үлестіру|6   |
|3   |Пәнді меңгеруге арналған әдістемелік ұсыныстар                    |7   |
|4   |Курстың форматы                                                   |8   |
|5   |Курстың саясаты                                                   |8   |
|6   |Бағаларды қою саясаты                                             |8   |
|7   |Әдебиеттер                                                        |10  |



1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
    1.1  Оқытушылар мен пән туралы жалпы мәліметтер
Төлеубекова  Сандуғаш  Сайлауқызы,  техника  ғылымдарының   кандидаты,   аға
оқытушы
«Стандарттау және биотехнология» кафедрасы
Қатынасу ақпараты тел. 35-46-02, оқу ғимараты № 9, № 304 кабинеті
Сабақ өткізілетін орындары -  № 318 аудитория

Пәннің атауы –  «Ауылшаруашылық  өнімдерді  стандарттау  және  сертификаттау
негіздері»

Пән бойынша кредитердің саны - 3

    1.2 Пәннің қысқаша мазмұны

    «Ауылшаруашылық өнімдерді  стандарттау  және  сертификаттау  негіздері»
пәні екі бөлімнен тұрады, олар бір-бірімен тығыз  байланысты  болып  келеді,
сондықтан бұл пәндерді  бір  оқулық  курста  оқыту  әрбір  қызмет  бағытының
маңыздылығы жөнінде толық түсінік береді.

       «Стандарттау»  атты  бірінші  бөлімінде  Қазақстан  Республикасындағы
стандарттаудың  құқықтық,   ұймдастырушылық   және   әдістемелік   негіздері
беріледі. Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар, оларды  жасау,  бекіту
және қолдану тәртібі.
    «Сертификаттау»  атты  екінші  бөлімі  Қазақстандағы   сертификаттаудың
ұйымдастырушылық-әдістемелік және құқықтық принциптерге арналады.

    1.3   Осы   курстың   мақсаты    білім    алушыларға    кәсіпорындардың
сыртқыэкономикалық  қызметтерінің   дамуына   қажетті   және   Қазақстаннның
Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіруі үшін халықаралық сертификаттау  жүйелерінің
деңгейіне жету үшін стандарттау, сертификаттау салалары жөнінде білім беру.

    1.4    Пәнді  оқытудың  басты  мәселесі  –  білім  алушыларға  өнімнің,
қызметтердің,  технологиялық  процестердің  параметрлерінің   әдістері   мен
ережелері   жөнінде   түсінік   беру;   сонымен   қатар   білім   алушыларды
стандарттаудың, сертификаттаудың даму  тарихымен,  олардың  өнімнің  сапасын
жоғарлатудағы   рөлімен,   құқықтық,   ұйымдастырушылық   және   әдістемелік
негіздерімен,  Қазақстан  Республикасының   Мемлекеттік   стандарттау   және
сертификаттау жүйелерімен,  ұлттық,  өңірлік  және  халықаралық  деңгейлерде
стандарттау және сертификаттау жөніндегі нормативтік құжаттарымен  таныстыру
жөнінде теориялық және тәжірибелік дағдылар беру.

    1.5  Пәнді оқу нәтижесінде білім алушы келесілерді:
    Білуі керек:
      - стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі заңнамалық және
нормативтік құқықтық актілерін, әдістемелік материалдарын;
      - стандарттар мен өлшем бірліктеріне ведомствоаралық және ведомстволық
бақылау жүйелерін;
    - өнімнің сертификаттау технологиясы мен  ұйымдастыруын,  өнімге  сынақ
жүргізу мен оны қабылдау ережелерін.
    Игеруі керек:
      - бақылаушы-өлшеуші және сынақ техникасымен жұмыс істеуді;
    - өлшеу, сынау және бақылау құралдарын қолдануды.
    Меңгеру керек:
      - стандарттау мен сертификаттаудың тарихы мен  олардың  Қазақстан  мен
шетелдегі қазіргі жағдайын;
      - дамыған елдерде стандарттау қызметінің ұйымдастырылуын;
      - стандарттау мен сертификаттау  жөніндегі  халықаралық  және  өңірлік
ұйымдары туралы мәліметтерді;
      - стандарттау мен сертификаттау арасындағы байланыстарын.
    Істеуі керек:
    - стандарттау, сертификаттау жөніндегі қолданыстағы стандарттарды  және
басқа да құжаттарды қайта-қарауды;
    -  кәсіпорындарда  қолданылатын  стандарттау,  сертификаттау  жөніндегі
стандарттар мен басқа да құжаттарға жүйелі түрде тексеру жүргізуді;
    - стандарттау  мен  сертификаттау  салаларында  отандық  және  шетелдік
тәжірибелерді жүйелеуді білу.
    Ойлау керек:
      - стандарттар мен өлшем бірліктеріне ведомствоаралық және ведомстволық
бақылау жүйелерін;
    - өнімнің сертификаттау технологиясы мен  ұйымдастыруын,  өнімге  сынақ
жүргізу мен оны қабылдау ережелерін.
    Болу керек:
    - стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі заңнамалық  және
нормативтік құқықтық актілері, әдістемелік материалдары.
    Алу керек:
      -  стандарттау,  сертификаттау  жөніндегі  жұмыстарды  жоспарлау   мен
жүргізудің компьютерлік технологиясын;
      -  өнімді  сертификаттау  жұмыстарын  жүргізу  кезінде  өнімнің   және
процестердің сапасын бақылау әдістерін;
    - өнімнің сапасы жөніндегі мәліметтерді талдау әдістері мен  ақаулардың
пайда болуын табу тәсілдерін.


    1.6 Курстың пререквизиттері: жоқ.


    1.7  Курстың постреквизиттері:
    1.7.1 Ветеринарлық санитария.

    2 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚТАР БОЙЫНША САҒАТТАРДЫ ҮЛЕСТІРУ
                                                                     1 кесте
|Тақырыптың атауы                           |      Сағаттар саны          |
|                                           |дс   |стс   |сөжо    |сөж     |
|1                                          |2    |3     |4       |5       |
|Стандарттаудың қысқаша даму тарихы         |1    |      |        |2,5     |
|«Техникалық реттеу туралы» ҚР заңын оқып   |     |2     |1       |2,5     |
|меңгеру                                    |     |      |        |        |
|Стандарттаудың заңнамалық негізі           |1    |      |        |2,5     |
|Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің    |     |2     |1       |2,5     |
|құрылымы                                   |     |      |        |        |
|Стандарттау әдістерінің жіктелуі           |1    |      |1       |2,5     |
|Мемлекеттік және мемлекетаралық            |     |2     |1       |2,5     |
|стандарттаудың жүйесін саластырмалы        |     |      |        |        |
|сараптау                                   |     |      |        |        |
|Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар |1    |      |1       |2,5     |
|және оларға қойылатын талаптар             |     |      |        |        |
|Стандарттардың категориялары мен түрлері   |     |2     |1       |2,5     |
|Мемлекеттік стандарттардың түрлері         |1    |      |1       |2,5     |
|Техникалық регламенттерді оқып меңгеру     |     |2     |1       |2,5     |
|Халықаралық, өңірлік және шет елдердің     |1    |      |1       |2,5     |
|ұлттық стандарттарын қолдану тәртібі       |     |      |        |        |
|Негізге алынатын стандарттар               |     |2     |1       |2,5     |
|Стандарттау әртүрлі салаларда              |1    |      |        |        |
|Айлық және жылдық стандарт көрсеткіштері   |     |2     |1       |2,5     |
|Стандарттау жөніндегі халықаралық және     |1    |      |1       |2,5     |
|өңірлік ұйымдар                            |     |      |        |        |
|Халықаралық стандарттардың құрылымы        |     |2     |1       |2,5     |
|Өнімнің сәйкестігін растау. Сәйкестікті    |1    |      |1       |2,5     |
|растау түрлері                             |     |      |        |        |
|Сәйкестікті растаудың нормативті-техникалық|     |2     |1       |2,5     |
|базасы мен құрылымы                        |     |      |        |        |
|Өнімді сертификаттауды жүргізу тәртібі     |1    |      |1       |2,5     |
|Сәйкестікті растау және сынақ зертханалары |     |2     |1       |2,5     |
|ұйымдарына қойылатын талаптары             |     |      |        |        |
|Қызметтерді сертификаттауды жүргізу тәртібі|1    |      |        |        |
|Міндетті сертификаттау                     |     |2     |1       |2,5     |
|Өнімді және қызметтерді сертификаттау      |1    |      |        |        |
|схемалары                                  |     |      |        |        |
|Ерікті сертификаттау                       |     |2     |1       |2,5     |
|1                                          |2    |3     |4       |5       |
|Сәйкестік сертификаты мен сәйкестік белгісі|1    |      |        |2,5     |
|Өнім сәйкестігін растауды жүргізу тәртібі  |     |2     |1       |2,5     |
|Сәйкестік туралы декларацияны қабылдау     |1    |      |        |2,5     |
|Қызметтердің сәйкестігін растау тәртібі    |     |2     |1       |2,5     |
|Шетелден әкелінген өнімдердің сәйкестігін  |1    |      |        |2,5     |
|растау. Жүргізу әдістері мен тәртібі       |     |      |        |        |
|Шетелден әкелінген өнімдердің сәйкестігін  |     |2     |1,5     |2,5     |
|растауды жүргізу тәртібі                   |     |      |        |        |
|Жиыны:                                     |15   |30    |22,5    |67,5    |


    3 ПӘНДІ МЕҢГЕРУГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР
      Өздік жұмыс  «Ауылшаруашылық өнімдерді стандарттау және сертификаттау
негіздері»  пәнінде  маңызды   бөлігі   болып   табылады   және   де   басқа
аудиториялық   дайындықпен  толтырылады.  Өздік  жұмыста  бөлек   әр   түрлі
теориялық  бөлімдерді  оқуда,  тақырыптар  бойынша   есептерді   шығарғанда,
сонымен қатар есептік-графикалық тапсырмаларды және  жеке  сұрақ  қатарларын
ғылыми оқыту кірістіріледі. Өздік жұмысқа бақылау ауызша түрде және  жазбаша
сұрау, коллоквиум, тест, есептік-графиктік  жұмыстарды  қорғау,  сұхбаттасу,
сонымен қатар талқылау және рефераттарды қорғау арқылы жүзеге асады.
     Әр түрлі жұмыстарды орындау барысында  міндетті түрде  жүйеде берілген
әдебиеттермен шектелмеу керек. Каталог қарау барысында қарастырылып  отырған
тақырыпқа келетін аттарға жолығуымыз мүмкін. Міне, сол  жолықтырғандарымызды
бірнешеуі жарап қалуы әбден мүмкін.
    Сонымен қоса,  тақырыппен  байланысқан  немесе  сол  тақырыпқа  келетін
кітаптағы  библиографиялық  нұсқаулықтарға  қарайласуымыз  керек.  Онда  біз
керек тақырыптың басқа қандай кітапта бар екендігі  туралы  ақпарат  алуымыз
мүмкін. Құнды ақпаратты нұсқаушы мақалалардан  сызып  алуымызға  болады.  Ол
нұсқаулықтан керекті, қызықтыратын мақалаларды шыққаны туралы  ақпарттарымен
алуымызға  және  содан  кейін  керекті  номерларымызға  тапсырыс  беруімізге
болады.
    Басты көмекші ретінде компьютерлік жүйе Internet атқарады. Онда ешқашан
мақала болып шықпаған ақпарттарды кездестіруімізге болады.
    Тез және дұрыс керекті әдебиетті таңдау  үшін  ғылыми  және  студенттік
кітапханаларды  және  кітап  іздеу  механизмін  жақсы  білу  қажет.  Керекті
әдебиет  тізімі  университет  кітапханасында   болмаған   жағдайда   ғылыми-
техникалық немесе қалалық кітапханаға жүгіну керек.
    Тағы  бір  жұмыс  түрі  реферат  болып  табылады.   Білім   алушылардың
рефератында сол  тақырып  бойынша  бірнеше  көздерден  алынып  жинақтырылған
негізгі мазмұнын тиянақты жеткізу жеткілікті.
    Мәтінде тақырыпқа келмейтін артық ақпараттар болмауы  шарт.  Рефераттың
мазмұнының сәйкестігі негізгі бағалаудың критериінің бірі болып табылады.
    Рефераттың құрылуы алдына қойылған мақсаттар есебінен  жүреді.  Реферат
титулды бет, мазмұны, кіріспе, негізгі  бөлік,  қорытынды  және  қолданылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.

      4 КУРСТЫҢ ФОРМАТЫ
      Семестр кезінде білім алушыларға  оқу жоспарына сәйкес 30 тәжірибелік
және курсқа сәйкес 15 дәріс оқылады.
      Курстағы  өзіндік  жұмысты  былай  жүргізу  ұсынылады.  Курстың  әрбір
тақырыбынан ұсынылған әдебиеттерді  оқып,  оның  теориялық  негіздеріне  көп
тоқталмай, талқыланатын сұрақтарға жалпы түсінік қалыптастыру керек.
      Содан кейін  материалды  толығымен  меңгеруге  көшу  керек:  теориялық
жағдайларды меңгеру, негізгі мәліметтердің қажет жерлерін еске  сақтау  үшін
жұмыс дәптерін жүргізген дұрыс.
      Курсты меңгеру  кезінде білім алушы өткен материалдарды жақсы  меңгеру
үшін  реферат түріндегі БАОӨЖ  және БАӨЖ  алынады.

      5 КУРСТЫҢ САЯСАТЫ
      Осы курсты меңгеруде білім алушы жүйелі түрде  өзі  дайындалу  керек,
қажет болған жағдайда  оқытушыдан көмек сұраса  болады.  Порталға  жиі  кіру
керек.   Оқытушының   жұмыс   бағдарламасындағы   методикалық    ұсыныстарын
тәжірибелік  сабақта  мұқият  оқыңыздар.  Тек  қана  дәріс   материалдарымен
шектеліп   калмай,   басқа   да   әдебиеттерді,    электронды    ресурстарды
қолданыңыздар. Алдымен бірінші  модульды  меңгеріп,  тапсырмасын  орындаңыз,
кейін келесі модульге көшіңіз. Әрбір бақылау тапсырмасын уақытында  орындап,
тексеруге  беру  керек,  аралық  тесттерді  уақытында  өту  керек.   Бақылау
мерзімдері – 1-7 апталардағы тапсырмалар мен тесттерге 7  –ші  аптаның  соңы
қалғандары 15 аптада.


        6 БАҒАЛАРДЫ ҚОЮ САЯСАТЫ
      Әрбір білім алушы қорытынды бағасы жақсы  болуы  үшін  әр  пәннен  бір
мөлшерде ұпай сандарын жинау керек. Ұпайдың максималды саны:
1-7 апталардағы  бірінші рейтинг қорытындысында -300 ұпай,
8-15 апталардағы екінші рейтинг қорытындысына- 300 ұпай,
Пән бойынша семестрдағы максимальды ұпай саны -600.
      «Ауылшаруашылық өнімдерді стандарттау  және  сертификаттау  негіздері»
пәні бойынша балдарды бөлу кестесі




                                                                     2 кесте
|Апта  |Бақылау түрі                  |Жалпы балл     |Ескертпе          |
|1     |2                             |3              |4                 |
|      |1 – 7 аптаға дейін барлық     |30             |                  |
|      |аудиториялық сабаққа қатысу   |               |                  |
|2     |ТС қорғау                     |               |                  |
|      |БАОӨЖ                         |               |                  |
|      |БАӨЖ                          |               |                  |
|3     |ТС қорғау                     |50             |Ауызша сабақ сұрау|
|      |БАОӨЖ                         |               |                  |
|      |БАӨЖ                          |               |                  |
|4     |№ 1 БАӨЖ                      |40             |Жұмысты қорғау    |
|5     |ТС қорғау                     |50             |Ауызша сабақ сұрау|
|      |БАОӨЖ                         |               |                  |
|      |БАӨЖ                          |               |                  |
|6     |№ 2 БАӨЖ                      |40             |Жұмысты қорғау    |
|7     |Аралық бақылау                |90             |Тест              |
|1-7 апталар бойынша оқу нәтижелерінен |300            |                   |
|балдардың жиынтығы                    |               |                   |
|8-15   |8 – 15 аптаға дейін барлық    |30             |                   |
|       |аудиториялық сабаққа қатысу   |               |                   |
|8      |ТС қорғау                     |25             |Ауызша сабақ сұрау |
|       |БАОӨЖ                         |               |                   |
|       |БАӨЖ                          |               |                   |
|9      |№ 3 БАӨЖ                      |40             |Жұмысты қорғау     |
|10     |ТС қорғау                     |25             |Ауызша сабақ сұрау |
|       |БАОӨЖ                         |               |                   |
|       |БАӨЖ                          |               |                   |
|11     |ТС қорғау                     |               |                   |
|       |БАОӨЖ                         |               |                   |
|       |БАӨЖ                          |               |                   |
|12     |ТС қорғау                     |25             |Ауызша сабақ сұрау |
|       |БАОӨЖ                         |               |                   |
|       |БАӨЖ                          |               |                   |
|13     |№ 4 БАӨЖ                      |40             |Жұмысты қорғау     |
|14     |ТС қорғау                     |25             |Ауызша сабақ сұрау |
|       |БАОӨЖ                         |               |                   |
|       |БАӨЖ                          |               |                   |
|15     |Аралық бақылау                |90             |Тест               |
|8-15 апталар бойынша оқу нәтижелерінен|300            |                   |
|балдардың жиынтығы                    |               |                   |
|Емтиханда алынған балдардың жиынтығы  |400            |                   |
|1                                     |2              |3                  |
|Академиялық мерзімде алынған балдардың|1000           |                   |
|жиынтығы                              |               |                   |

    7 ӘДЕБИЕТТЕР
    7.1 Негізгі
    7.1.1     Асқаров  Е.С.  Стандарттау,  метрология,  сертификаттау  және
сапаны басқару. Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2013. – 336 бет.
    7.1.2  Қаржаубаев  К.Е.  Стандарттау,  сертификаттау  және   менеджмент
жүйелері: оқу құралы, Алматы, «Нур-Принт», 2011. – 297 бет.
    7.1.3  Акишев  К.,  Дарибаева,   Г.    Стандарттау,   метрология   және
сәйкестікті бағалау: Оқулық. – Астана: Фолиант, 2011. – 256 бет.
    7.1.4  Нұрманов  М.Ш.  Метрология,  стандарттау  және   сертификаттау.-
Алматы, 2009.
    7.1.5  Рақымжанова  М.Т.  Стандарттау,  сертификаттау  және  метрология
негіздері: Оқу құралы. – Астана: Фолиант, 2008. – 112 б.
    7.1.6 Жанзақов М.М., Мырзабек К.А. Стандарттау  –  Қызылорда,  «Тұмар»,
2007 ж. – 224 бет.


    7.2 Қосымша
    7.2.1 Техникалық реттеу туралы ҚР заңы (2004 жылдың 9  қарашасы  №  603
-11 (05.12.2013 ж. өзгерістер мен толықтырулармен)
    7.2.2  Метрология, стандарттау және сертификаттау негіздері: Оқу құралы
/Г.Х. Шәкібаева, Х.Қ. Оспанов, Р.Р.  Сыздықов,  Л.И.  Сыздықова.  –  Алматы:
Қазақ университеті, 2002. – 242 бет.
    7.2.3  ҚР СТ 1.2 ҚР МСЖ. Мемлекеттік стандарттарды жасау тәртібі.
    7.2.4  ҚР  СТ  1.5  ҚР  МСЖ.  Стандарттардың  құрылуына,   баяндалуына,
ресімделуіне және мазмұнына қойылатын талаптар
    7.2.5  ҚР СТ 1.9 ҚР МСЖ. Халықаралық, өңірлік және ұлттық стандарттарды
және  стандарттау,  сертификаттау  және  аккредиттеу  жөніндегі  нормативтік
құжаттарды қолдану тәртібі
    7.2.6  «Сәйкестікті растау рәсімдері» техникалық регламенті
    7.2.7 ҚР СТ 3.5 ҚР МСЖ. Қызметтерді сертификаттау. Негізгі ережелер
    7.2.8 ҚР СТ 3.9 ҚР МСЖ. Шетелдік өнімді сертификаттау
    7.2.9 Басаков М.И.    Основы стандартизации, метрологии,  сертификации:
100 экзаменационных ответов. - М.; Ростов н/Д, 2004.
    7.2.10  Басаков  М.И.  Сертификация  продукции  и  услуг   с   основами
стандартизации и метрологии. – Р/Д, 2000.
Пәндер