Файл қосу

Психика және сана



|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ                          |
|СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ                    |
|3 деңгейлі СМЖ құжаты      |ПОӘК               |ПОӘК 042-18.1.14/03-2014     |
|ПОӘК                       |                   |                             |
|«Психология және адам      |05.09.2014жылғы    |                             |
|дамуы»  пәнінің            |№ 1 басылым        |                             |
|оқу-әдістемелік            |                   |                             |
|материалдары               |                   |                             |







                     «Психология және адам дамуы» пәнінің
                            5В010900 «Математика»
                                   1 курс
                           мамандықтарына арналған

                           ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

                         ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР


















                                    СЕМЕЙ
                                    2014



                                   Мазмұны




      |1   |Глоссарий                                                       |4   |
|2   |Дәрістер                                                        |8   |
|3   |Тәжіриебелік және зертханалық сабақтар                          |38  |
|4   |Курстық жұмыс (жоба)                                            |-   |
|5   |Студенттердің өздік жұмысы                                      |42  |
|6   |Бақылау түрлері                                                 |44  |














































      1 ГЛОССАРИЙ
Акцептор әрекеті -- «акцептор»—«қабылдаушы» деген латын сөзі. Бұл — зат.  Ол
атомдарға, электрондарға  және  өзге  де  заттарға  қосылып,  орталық  жүйке
жүйесінің  қызметін  жандандырады.  Нейродинамикалық  сипаттағы   әрекеттер.
Акцепторлық әрекеттер жүйке жүйесінің қызметінде реттеледі.
Анимизм  —  латынның  «жан»  деген  сөзі.  Алғашқы  қоғамда  адамның,   жан-
жануарлардың,  өсімдіктердің  және  басқа  нәрселердің  бәрінде  жан  болады
дейтін қияли түсінік. Алғашқы қоғам мен діни «нанымдардың  барлық  түрлеріне
тән ерекшелік.
Антропоморфизм — «антропос»— грекше «адам» және морфе—«түр»,  «форма»  деген
екі сөзден құралған. Табиғат құбылыстары мен  жануарларды,  құдайларды  адам
сипатында елестететін түсініктер.
Апперцепция — латынша an — префикс, сөз алды қосымша, перцепция —  қабылдау.
Психологияда қабылдау процесінің адамның бұрынғы  өмір  тәжірибесіне,  білім
қорына, рухани тіршілігі мен жан дүниесінің жай-күйіне тәуелді болды.
Анализатор (грек) – түйсік  тудыратын  анатомиялық  физиологиялық  аппарат.
Аксон (грек) – жүйке  клеткаларының  ұзын  талшығы.
Амнезия (грек) – естің  бұзылуы.
Ассоциация—1.  Белгілі  заңдылықтарға   сәйкес   психикалық,   құбылыстардың
байланысты болуы. 2.  Адамдардың  өзара  бірлесіп,  әр  түрлі  іс-әрекеттері
арқылы бір-бірімен қарым-қатынас жасайтын тобы.
Ассоциациялық психология —  психологияның  мән-жайын  философиялық  тұрғыдан
іздестіріп,   оны   ассоциациялық   принциптерге   негіздейтін   бағыттардың
жиынтығы. Бұл бағыт XVII—XIX ғасырларда  пайда  болып,  негізінен,  Англияда
өрістеп дамыды. Сөйтіп  өз  алдыиа  дербес  бағыт  ретінде  қалыптасты.  Бұл
бағыттың материалистік те, идеалистік те ағымдары болды. Материалистік  ағым
психологиялық  құбылыстарды   зерттеуге   детерминизм   принципін   ендіруді
көздеді. Ал XX ғасырда А. п.  механикалық  бағытты  ұстанған  бихевиоризммен
ұштасты. Ассоциация — латын сөзі. Психологиялық  мағынасы  белгілі  жағдайда
екі не бірнеше психикалық құрылымдардың өзара байланыстылығын білдіреді.
Аффект—«жан толқуы» деген латын сөзі.  Бұл  адамның  психологиялық  күйініш,
сүйініш  сезімдері  үстіндегі  көңіл  күйінің  айқын  көрінісі  (сезімі  мен
эмоциясы). Мәселен, қайғырып жылау  немесе  шаттық  сезімі  билеген  адамның
қарқылдап ішегі түйілгенше күлуі сияқты әралуан аффекттік жағдайлар.
Әрекет — белгілі мақсатты орындауға бағытталған оңашаланған қимыл. Ол қимыл-
қозғалыс арқылы орындалатын сыртқы және ақыл-оймен орьшдалатын  ішкі  әрекет
болуы мүмкін.
Бағдарлау реакциясы  —жағдайдың өзгеруіне орай организмнің өте  күрделі  әрі
арнайы тітіркендіргіштерге әсерленуі. Мұндай жағдайда организмнің  бойындағы
күш-қуаты  мен  сезімталдығы  күшейіп,  жүйке  талдағыштарының  жұмысы  арта
түседі. Бағдарлау организмдерде   (адам  мен жоғары сатыдағы  хайуанаттарда)
таңданудан басталады.
Бихевиоризм — психология  ғылымында   XX  ғасырдың басында АҚШ-та  қалыптаса
бастаған  механикалық  теориялық     және  тәжірибелік  бағыт.   Бұл   бағыт
психикалық   құбылыстардың    бәрі    организмнің    сыртқы     және    ішкі
тітіркендіргіштерге   әсерленуіне      орай   дамиды,    белгілі    себепке,
ынталандыру    мен  жағдайға  байланысты болады деп санайды.
Генетикалық әдіс — генетика — шығу тегі «төркіні» дегенді білдіреді.  Бұл  —
психикалық құбылыстар мен процестердің шығуы мен пайда  болуын  және  дамуын
зерттейтін,  қазіргі  кезде  психологияда  кең  түрде  қолданылатын  зерттеу
әдісі.
Гештальтпсихология  —Германияда   XX   ғасырдың   басында   дүниеге   келген
идеалистік психологиялық бағыт. Ассоциациялык психологияға қарсы  пікірлерді
қолдай отырып, сананың алғашқы бөлшектері түйсінуі де, елес те емес,  кейбір
тұтас түрдегі «психологиялық құрылымдар»  (гештальттар)  деп  санайды.  Міне
сондай құрылымдар сананың жемісі деген пікірді қолдайды.
Дағды — сансыз  қайталау  нәтижесінде  қалыптасатьн  іс-әрекет  түрі.  Соның
нәтижесінде  ол  автоматталған  әрекетке  айналып,  оңай,  шапшаң  әрі   дәл
орындалып отырады. Дағдының физиологиялық негізі — динамикалық стереотип.
Дедукция, Индукция, Аналогия. Дедукция — жалпыдан жекеге  қарай  дамитын  ой
қорытындысы, логикалық ойлау формасы. Дедукциялық ойдың кең тараған  түрі  —
силлогизм. Екі не бірнеше  пікірлердің  байланысы  нәтижесінде  жаңадан  бір
пікір шығару.
Индукция—1. Жекеден жалпыға  қарай  дамитын  логикалық  ой  қорытьндысы.  2.
Нейрофизиологияда  тітіркендіру  нәтижесінде  пайда  болған   алғашқы   қозу
ошағынын, маңындағы аймақтарға тарауы.
Аналогия  —  жекеден  жекеге  қарай  дамитын  продуктивті  ой   қорытындысы.
Аналогия — ұқсастық. Ұқсас нәрселерді салыстыра отырып  зерттейді,  аналогия
арқылы жасалған қорытынды мәліметтер болжамды сипатта болады.
Детерменизм  принципі  —философиялық  және  методологиялық  ұстаным  бойынша
табиғат  пен  психологиялық  құбылыстардың  бәрі  материалдық  себептер  мен
заңдардың әсер етуінен пайда болады. Детерминизм адамның тіршілігі  мен  іс-
әрекетінің бәрі қоғамның тарихи  дамуының  нақты  жағдайларымен  байланысты,
әрбір құбылыс белгілі себептен туындайды деп қарайды.
Динамикалық стереотип—шартты рефлекторлық байланыстардың жасалуы  және  оның
тұтастық  жүйесінің,  құрылуы.  Мұндай  жүйе  организм  тіршілігі  үшін  өте
маңызды және ол дағдыны қалыптастырудың физиологиялық негізі.
Жоғары жүйке қызметінің типі —жүйке    жүйесінің комплекті  түрдегі  тұрақты
қызметі.  Мұндай   қызмет   жоғары   жүйке   қызметінің   сипаттары      мен
қасиеттерін   білдіреді.   Ондай  қасиеттер  адамның  әлеуметтік      ортада
атқаратын   жұмысы     мен   іс-әрекетіне  байланысты   жаңа  сапаларға   ие
болады.  Жоғары  жүйке қызметінің типтері   мен  сипаттары   адам  мінезінің
физиологиялық негізі болы табылады.
Инстинкт  (соқыр сезім) — 1. Организмде  туа  берілетін  шартсыз  рефлекстер
негізінде сыртқы және ішкі жағдайлардың  өзгеруіне  үйретусіз-ақ  бейімделіп
тіршілік ету құлқы. 2. Туа    пайда болатын импульстардың әсерлерге  жауабы,
қимыл-қозғалыс арқылы әр түрлі тітіркендіргіштерге бейімделуі.
Интериоризация, Экстериоризация — сыртқы болмыс әрекеттерінің ішкі  идеалдық
факторларға,  ал  адамның  ішкі  ақыл-ой  әрекетінің  сыртқы  іс-әрекеттерге
айналуы.
Интроверт пен экстраверт —Кейбір адамдардың тұйық өзімен-өзі  болып,  өзінің
ой-пікірлерін  іштей  талдайтын   мінез     ерекшеліктері   —   интроверттер
делінеді. Ал өзге бір адамдар ішкі  дүние  сырымен  тұйықталып  калмай,  жан
дүние сырын ашық-жарқын түрде өзге адамдарға  білдіріп   отырады.   Бұлар  —
экстраверттер.
Қажеттілік  —  адам  мен  хайуанаттардың  өмір  сүруі  мен   тіршілік   етуі
қажеттілік  қанағаттандырудағы  белсеңді   іс-әрекеті   мен   қимыл-қозғалыс
жасауына байланысты. Бұл — организмнің ішкі жағдайы мен күйін сақтауы.
Қозғыштық— әсерленгіштік.   Сезімнің тез   қозьш,    тез әсерленуі.
Қоғамдық тәжірибе — адам баласының тарихи дамуында  материалдық  заттар  мен
мәдени мұраларды   жасап шығаруда қалыптасқан біліктері  мен  әдет-дағдылары
жайындағы    білім жүйесі.
Ниет — қажеттілікті  қанағаттандыру    үшін   әрекеттену    және оған  іштей
ұмтылу.  Ниеттің жүзеге асуы материалданған    сипатта болады.
Психика дамуының қозғаушы  күші   -  психиканың  мән-жайы     мен  деңгейін,
бағытын дамытуға ықпал    етіп отыратын сыртқы   және  ішкі   факторлар  мен
жағдайлардың  жиынтығы.   Мұндай_  жағдай   адамның   жеке   басының   дамып
жетілуінде қажеттіліктерін қанағаттандыру  мен  нақты  болмыстар  арасындағы
қайшылықтарды peттеу мәселесі болып табылады.
Проблемді ситуация - күнделікті өмірде  және  арнайы  тәжірибелік  зерттеуде
белгілі бір түйінді  мәселені  шешуде  адамның  ақыл-ой  белсенділігі  талап
етілетін жағдай.   Ал тәжірибе    арқылы сыналған жәндіктер мен  хайуанаттар
белгілі бір жәйтке бейімделіп, оның «шешімін» табуға  әрекеттенеді.  Мысалы,
маймыл іліп қойған алманы «құрал» қолданып алып жейді.
Перцептивті әсер — қабылдау процесіне  қатысты  әсер  түрлері  (перцепция  —
қабылдау). П. ә. психологиялық тұрғыдан анықтағанда — объективтік  шындықтың
сезім мүшелері арқылы тікелей бейнеленуі.
Ретикулярлық формация - мұның өрлеуші және төмендеуші ретикулярлық  формация
дейтін  екі  түрі  бар.  Ми  алаптарындағы  бірінің  жұмысын   бірі   реттеп
(қоздырып, тежеп) отыруы нәтижесінде әрқилы психикалық әрекет жүзеге  асады.
Түрлі импульстар жоғарыдан  (ми  қабығынан)  төменгі  ми  бағаиасына  т.  б.
келіп, оларды өзіне бағындырады. Мұны төмендеуші ретикулярлық  формация  деп
атайды. АҚШ ғалымы Г. Мэгун, Италия оқымыстысы  Моруци  импульстар  төменнен
жоғары  ми  алаптарына  жетіп,  олардың  жұмысына  әсерін  тигізе   алатынын
дәлелдеп берді. Мұны өрлеуші ретикулярлық формация дейді.
Рефлекторлық теория  —  адамның  мінез-құлқы  мен  психикасы  оның  белсенді
қызметі  мен  іс-әрекеті   нәтижесінде   реттеліп   отыратын   материалистік
көзқарас. «Рефлекс» сөзінің мәні — бейнелеу.  Рефлекстік  теорияның  негізін
салған орыс  ғалымы  И.  М.  Сеченев  өзінің  «Бас  миының  рефлексі»  деген
еңбегінде психикалық қүбылыстардың шығуы мен дамуын  материалистік  тұрғыдан
түсіндіріп,  оның  жоғары  жүйке  (мидың)  қызметі  екендігін  ғылыми-табиғи
тұрғыдан дәйектеді.
Рефлексия — латынша «бейнелеу» деген сөз. Адам. санасының  өзін-өзі  білуге,
ішкі жан дүниесін, психикалық жай-күйін тануға бағытталуы.
Рефлексология  —орыс  ғалымы  В.  М.  Бехтеров   (1857—   1927)   негіздеген
механикалық бағыт. Рефлексология адам психикасының әрекетін  сыртқы  ортаның
жүйке жүйесіне әсер етіп, оған тітіркенуі деп санады да, психика мен  сананы
зерттеуден бас тартты.
Сана — психиканың  тек  адамға  ғана  тән  ең,  жоғары  сатысы,  объективтік
болмыстың адам миындағы бейнесі. Болмыс пен  шындықтың,  бейнесін  адам  тіл
арқылы, сөйлеуі арқылы бейнелеп, оның мән-жайын танып біледі.
Сана  мен  іс-әрекеттің  бірлігі.  Сананьң  генетикалық  және  функционалдық
байланыс  бірлігі.  Бұл  ұстаным  ғылыми  психологияның  философиялық   және
методологиялық іргетасын қалайды.
Семантика — сөздер мен сөйлеудегі айтылған атаулардың  мағынасын  білдіретін
термин. Ғылымда бұл атау семантика, семасиология деп те атала береді.
Синтагма — лингвистикалық термин. Ол сөз тіркестері мен олардың  бөлшектерін
жіктеп қарастырып, анықтаушы және анықталушы  бөліктерінің  құрамын  анықтай
отырып белгілі жүйемен іздестіреді.
Сөздік – мағыналық ойлау —  ойлау  әрекетінің  ерекше  бір  түрі.  Сөздік  —
мағыналық  ойлауда  белгілі  ұғым-түсініктер  түрлі  ой  әрекеттері   арқылы
анықталып, жүйеге түседі. Мұндай _ой әрекеті заттар    мен тікелей  сезімдік
   таным тәжірибелеріне негізделмейді. Ойдың шындығы мен ақиқаттығы  ақыл-ой
талқысы аркылы анықталады.
Стимул— қозғаушы,  жандандырушы  әсер.  Тітіркендіргіштердің  тікелей  таным
мүшелеріне  (рецепторларға)  әсер  етуі   нәтижесінде   сыртқы   және   ішкі
органдарда  қыздыру  тудыратын  әсер.  Оңың  қуаты  әр  алуан   тітіркенулер
тудырады.
Темперамент - жоғары жүйке қызметінің типтік ерекшеліктеріне сәйкес  адамның
даралық  сипатын  білдіретін  психологиялық  ерекшелік.   Темперамент   адам
мінезінің табиғи негізін анықтайды. Жоғары жүйке қызмет  типтерінің  күшіне,
теңдігіне   (қозу   мен   тежелу)   және   ауысу   ерекшеліктеріне    сәйкес
темпераменттің төрт түрі сипатталады. Олар: холерик,  флегматик,  сангвиник,
меланхолик. Темпераменттердің  түрлері  жоғары  жүйке  қызметінің  типтеріне
негізделгенімен, олар адамның  тіршілік  бейнесі  мен  әлеуметтік  жағдайына
орай өзгеріп, жаңа қасиет-сипаттарға ие болады. Темпераменттік  ерекшеліктер
адамда туа пайда болатын қасиет, ал мінез-құлық сипаттары  өмірде  жүре-тұра
қалыптасады. Психологиядағы темперамент жайлы ғылыми көзқарастар  әр  түрлі.
Дегенмен, темпе-раменттердің табиғи-ғылыми негізі  жоғары  жүйке  қызметінің
типтері екенін ғылыми тұрғыдан ашып көрсеткен физиолог ғалым И. П. Павлов,
Тест  —   сынақ.   Психологияда   адаммың   дара   басындағы   психологиялық
ерекшеліктері меи қабілетін, ақыл-ой деңгейін  белгілі  нормалар  тұрғысынан
іздестіретін  әдіс.  Тест  (сынақ)  әдісі  аркылы  адамның  меңгерген  білім
деңгейі мен ықылас-ынтасы да зерттеліп, оның нәтижелері  салыстырмалы  түрде
қорытылады. Қазіргі  кезде  тест  әдісі  кеңінен  қолданылып  отыр.  «Тест»—
ағылшын сөзі. Мағынасы «сынақ» дегенді білдіреді.
Топ—қоғамдағы адамдардың, белгілі сипаттары мен  ерекшеліктеріне  орай  және
бірлесіп атқаратын істеріне сәйкес бірлесуі.
Топ жетекшісі  — жора-жолдастары мен қатар  құрбыларына  «өзінің  беделімен,
іс-әрекетімен, мінез-құлқымен ықпал етіп отыратын адам.
Тітіркенгіштік — әсерленушілік, қозғыштық. Жүйке жүйесінің әр  алуан  сыртқы
және  ішкі  әсерлерге  тітіркенуі.  Төменгі  сатыдағы   микроорганизмдердегі
психиканың көрінісі — тітіркенгіштік.  Тітіркенудің  өте  қарапайым  түрі  —
тропизмдер. Тропизм—«бұрылу» деген сөз.
Ұғым  —  заттар  мен  құбылыстардың  мәнді  белгілері   мен   ерекшеліктерін
бейнелейтін  жалпылаушы  ойлау  формасы.  Ғылыми  пәндердің   бәрі   ұғымдар
жүйесінен құралады. Кез келген ұғымның мазмұны мен  көлемі  болады  және  ол
қолдану  ретіне  қарай  өзге  ұғымдармен  түрліше  байланыста  болады.  Ұғым
дерексіз  ойлау  нәтнжесі  арқылы  жасальіп,   оның   мазмұны   мен   көлемі
анықталады.
Ұғымталдық  —  сезімталдық,  әсер  етуші  нәрселер  мен  құбылыстарды  сезім
мүшелері мен ақыл-ой арқылы тез қабылдап, олардың мән-мағынасьн жете  түсіну
қабілеті.
Ұжым  —  қоғамдық  пайдалы  іспен  шұғылданатын,  жоғары  деңгейде   дамыған
адамдардың  ұйымдасқан  тобы.  Ұжымдағы  адамдардың  өзара    қарым-қатынасы
олардың бірлесіп атқаратын қоғамдық істері  мен  мақсат-мүддесінің  бірыңғай
болуында.
Үйлесім,  сыйымдылық. Бұл — әлеуметтік психологиядағы түсініктер, яғни  сырт
қарағанда дара адамның өзінің  ішкі  қарсылығына  қарамастан  топтың  ырқына
саналы түрде бейімделіп,    көнбістік көрсетуі.
Үнсіз сөйлеу  — сөйлеу әрекетінің ерекше түрі. Үнсіз  сөйлеуді  кейде  іштей
сөйлеу дейді. Үнсіз  сөйлеуде  адамның  ойы  мен  білдірмек,  болған  пікірі
дыбыссыз  айтылады..  Іштей  сөйлеуде  сөйлемнің  баяндауышы  не   бастауышы
айтылады да, ой жүйесі үзінді-кесінді сипатта болады. Қарым-қатынас  жасауда
дауыстап сөйлеу тәсілі қолданылса, ал үнсіз, іштей сөйлеуде  адамның  ойлауы
құрал қызметін атқарады да, ол өзінің іс-әрекетін реттейді.
Фрейдизм — бұл ұғым Австрия ғалымы 3. Фрейдтің, атымен байланысты.  Фрейдизм
XX ғасырда психологияда кең таралған ағым. Фрейдтің зерттеуі   бойынша  адам
мінез-құлқының козғаушы күші  мен  шешуші  факторы  жыныстық  еліктеу  болып
табылады. Мұндай еліктеу мен сезім әрекеті  санадан  тыс  табиғи  қажеттілік
деп  саналады.  Бұл  адам  тіршілігіндегі  биологиялық  процесс  болса,   ал
психиканың дамуы мен  оны  басқару  әлеуметтік  фактормен  де  айқындалатыны
ескерілмейді.
Эгоцентрлік сөйлеу —сөйлеудің бұл түрін  психологияда
баланың автономды (өзіндік) сөйлеуі  деп  те  атайды.  Эгоцентрлік  сөйлеуді
дауыстап сөйлеу әрекетінің, үнсіз (іштей) сөйлеуге  ауысу  жолындағы  өтпелі
көпірі (өткел) деп санауға болады.
Электроэнцефалограмма (ЭЭГ)— мидағы   биоэлектрлік белсенділік әрекетін  осы
аспаппен жазып алады да, оның мәнін анықтайды.
Эмпатия—өзге  адамдардың   жан   дүниесінің,   сыры   мен   күй-жайын   білу
қабілеттілігі және оған жанашырлық  білдіру.  Эмпатияның  айқын  көрінісі  —
идентификация. .   Бұл  –  адамның  өзге  адамның  психикалық  жай-күйін  өз
басынан кешіргендей халде болуы.

2  ДӘРІСТЕР

Дәріс тақырыбы. Психология пәні, міндеті және зерттеу әдістері.
                                Жоспар:
   1. Психология пәні туралы түсінік.
   2. Психология – психика және психикалық құбылыстар жайлы ғылым.
   3. Психология ғылымының салалары.
   4. Психологияның басқа ғылымдармен байланысы.
   5. Психологияның зерттеу әдістері.
Дәрістің қысқаша мазмұны
      Әрбір ғылымның өзіне тән зерттеу объектісі  болады. Психология  ғылымы
зерттейтін объектіні (пәнді) бірден түсіну қиын, әрі ол  —  күрделі  мәселе.
Психология, психика деген түсініктер  гректің    «псюхэ»-жан  деген  сөзінен
шығады.  «логос»-ілім.  Сонымен,  психология   -   жан   туралы   ілім.   Ол
құбылыстарды жүйелі  түрде  топтастырып,  болмыс  пен  фактілерді  салыстыра
отырып зерттейді. Қабылдау, ес, ойлау, ерік, сезім деп аталатын тағы   басқа
   психикалық процестер адамның ішкі дүниесі мен бейнелеу қасиетінің,  күллі
жан дүниесінің тіршілігі немесе   оның   сыры деп аталады.
      Жалпы психология - психика дамуының жалпы заңдылықтарын,  оны  зерттеу
әдістерін, теориялық приициптерін және  оның  ғылыми  ұғымдарының  қалыптасу
жүйесін  зерттейді.  Басқаша  айтқанда,   бұл   ғылым   —   теориялық   және
эксперименттік психология деп те аталады. Жалпы психология - адамның  танымы
мен практикалық іс-әрекеттерін,  түйсіну  мен  қабылдауын,  ес  пен  қиялын,
ойлау  мен  сөйлеуін,  ерік-жігері  мен  сезім  күйлерін,  адамның  өзін-өзі
меңгеруінің жалпы заңдылыктарын қарастырады. Адамның жеке басындағы  өзіндік
психологиялык  ерекшеліктері  болып  саналатын  мінезі  мен   темпераментін,
мінездегі жетекші ниет-тілектерді, қабілеті мен өнерді таңдай білуін  т.  б.
ерекшеліктерін зерттейді.
        Жалпы  психология  ғылымын  зерттеу  нәтижелері  бұл  пәннің  барлық
салалары  мен  тармақтарын  дамытып  отырудың  іргетасы  болып   есептеледі.
Сондықтан бұл  пәнді  оқып  меңгеруде  мынадай  негізгі  үш  мәселені  бөліп
қарастырамыз: а) психикалық процестер, ә) психикалық  кейіп,  б)  психикалық
қасиеттер немесе адамның дара психологиялық ерекшеліктері.
      Психология ғылымының салалары. Дамудың қазіргі кезеңіндегі
психологиялық ғылым — ғылыми пәндердін күрделі де тармақталған жүйесі болып
табылады.
Жалпы психология  қалыпты  ересек  адамның  психикалық  қызметінің  неғұрлым
жалпы  заңдылықтарын   зерттейді.   Жас   ерекшелік   психологиясы   адамның
психикалық даму заңдылықтарын,  әр  түрлі  психикалық  процестердің  (естің,
ойлаудың,  қиялдың,  сезімнің)  қалыптасу   процесін   және   жеке   адамның
психикалық қасиеттерін зерттейді. Еңбек  психологиясы  еңбек  әрекеттерінін.
психологиялық негізін зерттейді, жеке адамнын белгілі бір мамандыкқа  сәйкес
кәсіптік  маңызды  қасиеттерін,  еңбекті  ғылыми   ұйымдастыру   мәселелерін
зерттейді, еңбек өнімділігін арттырудың және  енбек  коллективіндегі  қарым-
қатыстардың психологиялық негіздерін зерттейді.
Инженерлік  психология  —  еңбек  психологиясы  бөлімдерінің  бірі.   Әскери
психология міндеті - әскери  оқу  мен  тәрбиенің  психологиялық  мәселелерін
талдау болып табылады.
         Заң психологиясы  тергеудің  психологиялық  аспектілерімен,  куәлар
жауаптарының
        талдауы, куәгерлік керсетулерді, жауап  алуға  қойылатын  талаптарды
талдаумен
          байланысты   проблемаларды   зерттейді.   Медициналық   психология
психотерапия,
        психогигиена мәселелері, дәрігерлер  мен  аурулылардың  карым-қатысы
мәселелерімен
     айналысады. Патологиялық  психология  адамдардың  нормальды  психикалық
қызметінің бұзылуының әр түрлі формаларын, нормальды психикалық  дамудың  әр
түрлі   ауытқуларын   зерттейді.   Салыстырмалы   психология   (бұрын    бұл
зоопсихология  деп  аталатын)  психологияның  салалары  ішінен  ерекше  орын
алады, өйткені ол жануарлардың психикасын зерттейді.
       Психологияның  басқа  ғылымдар  сияқты  өз   әдістері   бар.   Ғылыми
ззертеулердің әдістері – практикалық ұсыныстарды шығару  ж/е  ғылыми  теория
құру үшін керекті мәліметтер алынатын  тәсілдер  мен  құралдар.  Кез  келген
дербес ғылымның өзіне  ғана  тән  әдістері  бар  екенін  атау  керек.  Ондай
әдістер психологияда да бар. Олардың барлығы  екі  негізгі  топқа  бөлінеді:
субъективті ж/е  объективті.  Бақылау  әдісі  психологиядағы  есуі  ж/е  бір
қарағанда өте  қарапайым  әдіс  секілді.  Бақылау  –  ол  барлық  адамдардың
пайдаланатын әдісі. Сауалнама –  зерттелетіндерден  сұрақ-жауап  қою  арқылы
ақпарат алуға негізделген. Ауызша сауал, әдетте зерттелушінің реакциясы  мен
мінез-құлқына бақылау жасау үшін қолданылады.  Жазбаша  сауал,  аз  уақыттың
ішінде көптеген адам санын қамти алады.Еркін  сауал  –  жазбаша  ж/е  ауызша
сауалнаманың бір түрі, мұнда қойылатын сұрақтар алдын ала белгілі  болмайды.
Сауалнама-тест.  Тапсырма-тест.   Бүгінде   тестер-психологиялық   зерттеуде
кеңінен пайдаланылатын әдіс.
   Өзін-өзі тексеруге сұрақтар.
   1. Педагогқа психологиялық білімнің қажеттігі.

   2. Психология ғылымы нені зерттейді?

   3. Психикалық күймен психикалық үрдістердің негізгі айырмашылықтары.

Әдебиеттер:
   1. Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993

   2. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993

   3. Алдамұратов Ә. Жалпы психология. А., 1995

   4. Немов Р.С. Психология. М., 1998

Дәріс тақырыбы.  Психологияның методологиялық принциптері.
                                  Жоспар:
   1. Психологияның ғылым ретінде қалыптасуының негізгі кезеңдері.
   2. Психологияның дербес және тәжірибелік ғылымға айналуы.
   3. Психологияның методологиялық принциптері.
Дәрістің қысқаша мазмұны
       Психологияның  философия  мен  жаратылыстану   ғылымдары   қойнауынан
бөлініп шығуы. Біздің дәуірімізге  дейінгі  бірнеше  мыңдаған  жылдар  бұрын
Шығыс  елдері    Мысыр    мсн  Үндістанда,  Қытай  мен  өзге  елдерде   адам
баласының мәдениеті  өсіп,  дамып,  осы  заманғы  ғылыми  білімнің  бастапқы
іргетасы қалана  бастаған.    Тіршіліктің    негізі  -  қан    айналымындағы
сұйықтық  және  ондағы  құрам  деген  түсінік  қалыптасты.  Ертедегі   Қытай
медицинасында б. з. д. XIII  ғасырда  денені  басқарушы  жүрек  қызметі  деп
санап, ол ауа тектес нәрседен жаралған деді. Ондай нәрселер организмде  тегі
бөлек  заттармен  қосылып,     адамның    физиологиялық  тіршілігімен  бірге
психикалық   қызметін де реттеп  отырады,  мұндай  тіршілік  адамның  сөйлеу
қабілетін оятып ойын дамытады деген тұжырым  жасалды.  Адамның  ойын  жүрегі
билесе, ал оның сезімдік қызметін бауыры атқарады деп түсінілді.
     Б. з. д. VI ғасырда  Үндістанда  адамның  жан  дүниесі  жайындағы  діни
нанымдарға негізделген джайнизм мен буддизм бағыттары кеңінен  тарады.  Ерте
дәуірдегі  Қытай  елінде  кеңінен  таралған  философиялық  -  діни  ой-пікір
әйгілі   ғұлама Конфуцийдің  (б. з. д.  551—479  жж.)  есімімен  байланысты.
Оның іргесін өзі  қалаған  мектебі  конфуцияндық  деп  аталады.  Конфуцийдің
пікірінше, адамның білімі мен психикалық сапалары -  туа  берілетін  қасиет.
Адам жаратылысынан қайырымды болып туады, бірақ оны дұрыс  жолдан  тайдырып,
бұзатын - сыртқы орта. Сондықтан, ол өз бойындағы сырттан әсер еткен  зиянды
қасиеттерден арылу үшін адам  өзінің  ішкі  дүниесіне  терең  бойлап,  ақыл-
ойының кемелдене түсуіне  бой ұрғаны   жөн   деп   үйретеді.
     Ежелгі  дүние  тарихында  айрықша  орын  алатын   энциклопедист   ғалым
Аристотель (б. з. д. 384—322 жж.)  психологиялық  ой-пікірді  табиғи.негізге
сүйеп, биология мен медицина саласына бағыттады. Ол  психика  туралы  ілімді
одан әрі тереңірек зерттеп, «Жан туралы» деген еңбек жазды.  Аристотель  бұл
шығармасында  жан  дүниесінін  (психиканың)  әрекетін  шындық  әдіс   арқылы
зерттеп, оны тәжірпбеге негіздеп құруды мақсат етті.   Жан жүйесі  жайындағы
ертедегі ілім көптегсн  oйшылдар  мен  ғұламалардың  шығармаларында  өзіндік
орнын тапты. Ежелгі Римнің көрнекті ойшылдары Лукреций  (б.  з.  д.  I  ғ.),
Гален (б. з. д. II  ғ.)  психолоғияның  жан  дүниесінің  сырымен  байланысты
табиғи негіздерін іздестірді. Ал ұлы грек ойшылы Сократ (б. з. д.  470—  399
жж.) «өзіңді өзің тани біл» деген ұлағатты пікірін адамның  жан  дүниесімен,
сырымен ұштастырды
    Орта ғасырлардағы жан туралы ілім.
      Алайда  VIII—XII ғасырларда араб тілді  Шығыс  елдерінде  философиялық
ой-пікірлер өркен  жайып,  ғылыми  зерттеулер  және  адамның    жан  дүниесі
жайындағы  ілім  жанданып,  жаңа  сипатқа  ие  болды.  Ұлы  ойшыл  Әл-Фараби
психология  ғылымы    туралы  айтқан  бір   пікірінде   дүние     материядан
құралады,   ол жойылып  кетпейді,  бір  түрден  екінші  түрге  көшіп  өзгере
береді, жан тәннен бұрын өмір   сүрмейді,   бір   денеден екінші бір  денеге
барып орналаса да алмайды деген ғылыми пайым жасайды.  Психологияның  дербес
және тәжірибелік ғылымға айналуы.
   XIX  ғасырдың  ортасындағы   психикалық   іс-әрекет   философиялық   ілім
жүйелеріне негізделіп, психологияның  өзіндік  сипаты,  зерттеу  объектілері
мен оның әдіс -тәсілдері  айқындалды.   Психологияның  XIX  ғасыр  ортасында
дербес ғылыми пәнге айналуының табиғи-ғылыми  негізі  —  физика  мен  химия,
физиология  мен  биология,  дарвинизм  мен  рефлекс   туралы   ілім,   сезім
мүшелерінің психофизиологиясы мен психофизикалық  зерттеулердің  нәтижелері.
Кеңестік психологияның дамуы.  И. М. Сеченевтың «Бас миының рефлексі»  деген
еңбегі Ресейдегі психология ғылымының дамуы үшін  жаратылыстық-ғылыми  негіз
болды.
Өзін-өзі тексеруге сұрақтар.
   1. Психология қай уақыттан дамып келеді?

   2. Психологияның дамуының кезеңдеріне сипаттама беріңіз?

   3. Қай уақыттан бастап тәжірибелік ғылым ретінде дами бастады?

Әдебиеттер:
   1. Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993

   2. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993

   3. Алдамұратов Ә. Жалпы психология. А., 1995

   4. Немов Р.С. Психология. М., 1998

   5. Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М., 2000

Дәріс тақырыбы.  Психика және сана.
         Жоспар:
1.  Психика туралы түсінік.
2.  Жан-жануарлар психикасының дамуы.
3.  Ми және психика.
4.  Адам табиғатының санасы.
Дәрістің мазмұны
    Психика - психологияда көптеген  түсініктерді  біріктіретін  субъективті
құбылыс. Психика  табиғатын  түсіндіретін  философиялық  екі  көзқарас  бар:
материалистік және идеалистік. Бірінші түсінік бойынша,  психикалық  құбылыс
өзін-өзі басқару мен өзін-өзі танып білудегі  (рефлексия)  жоғарғы  дамудағы
тірі  материяның  ерекшелігі.  Идеалистік   көзқарас   бойынша,   психиканың
түсіндірілуінде бір емес екі бастама: материалдық және идеалдық.  Олар  бір-
біріне  тәуелсіз,  бір-біріне  тең  келмейтін,  бір-бірінен  шықпайтын  жеке
бастамалар.  Материалистік  түсінік  бойынша  психикалық   құбылыстар   ұзақ
биологиялық даму  негізінде  пайда  болды.  Қазіргі  уақыт  тірі  материаның
жоғары дамуын көрсетеді.
       Психикалық  бейнелердің  даму  деңгейі  мен   стадиясына   байланысты
болжамды  А.Н.Леонтьев  өзінің  «Психиканың   даму   проблемасы»   еңбегінде
ұсынады. Кейін оны толықтырып,  нақтылаған  К.Э.Фабри  болды.  Ол  жануарлар
психолгиясының соңғы жетістіктерін пайдалана отырып  дәледемелер  келтіреді.
Сондықтан оны Леонтьев-Фабри концепциясы дейді. Бұл концепцияда екі  стадия.
Бірінші - элементарлы сенсорлы психика стадиясы – ол екі  деңгейлі:  жоғарғы
және  төменгі.   Екінші-перцептивті    психика    стадиясы.   3    деңгейден
тұрады:   төменгі, жоғарғы, ең жоғарғы.
Адамдар мен жануарлар психикасының айырмашылыгы:
Біріншіден,  адамдар  жануарларға  қарағанда  танымдық   процестері   ерекше
сапаларға ие: қабылдау - заттылық  сақтау,  қайта  жаңғырту  т.б.  Міне  осы
сапалар адамның өмір сүру барысында оқытуға байланысты дамытылады.
Екіншіден, жануарлар есі адамға қарағанда оқшау,  тар.  Олар  өмірде  өздері
пайдаланған  информацияны  ғана  пайдалана  алады.   Келесі   ұрпаққа   олар
генотипті бейнеленген тұқым қуалаушылық арқылы ғана бере  алады.  Ал  өздері
тіршілігін  жойған  кезде  пайдаланған  тәжірибе  келесі  ұрпаққа  жетпейді,
өзімен бірге жойылады, өледі.
    Адамдарда  өзгеше.  Оның  еске  сақтау  қабылеті  шексіз.   Ол   әртүрлі
информацияны  еске  сақтай  алуына  байланысты  кез-келген   уақытта   қайта
жаңғырта алады. Ол үшін адамдар әртүрлі белгі, таңбаларды шығарды. Олар  осы
белгілер арқылы келесі  ұрпаққа  өздерінің  материалдар,  рухани  мәдениетін
қалдыра алады.
   Келесі айырмашылық ойлау.  Айтылған  екі  тіршілік  иелері  де  туа  сала
қарапайым элементарлы мысалдарды көрнекі-әрекетті бағдарламада шешу  алдында
потенциалды қабілеттілікке ие.
   Психика дамуы туралы көптеген көзқарастар бар.
  Антропопсихизм -  Декарт  есімімен  байланысты.  Психиканың  пайда  болуын
адаммен    байланыстырады.       Психика    тек    адамға    тән.   Осылайша
адамға  дейінгі  психиканың   дамуы   жоққа   шығарылады.   Бұл   көзқарасты
жақтаушылар әлі күнге дейін кездеседі.
  Келесі қарама-қарсы көзқарас - панпсихизм. Яғни табиғаттың бәрі жанды.
  Бұлардың   арасында   аралық    көзқарас    биопсихизм.    Психика  барлық
материяға тән емес, тек тірі материяға тән. Нейропсихизм  -  психика  барлық
тірі материяға тән емес, ол кейбір организмдерге, соның ішінде  нерв  жүйесі
барларға тән.
    Жануарлар мен адам психикасының ерекшелігі, мәні.
1. Жануарлар  іс-әрекеті  биологиялық.  Кез-келген  затқа  жануарлардың  іс-
әрекеті  биологиялық  қажеттіліктен  тұрады.  Сонымен  жануарларда  қоршаған
ортаны бейнелеуде тұрақтылық болмайды. Жануарларға әр зат оның  инстинктивті
қажеттілігінің бөлінбес әрекет.
2. Жануарлар психикасының адам санасынан  айырмашылығы  мынада:  жануарларда
өзі  тектестерге  сыртқы  объектілерге  қатынасынан  айырмашылығы  жоқ.  Бұл
жануарларда қоғам  деген  түсінік  фактісі  жоқ  дегенді  білдіреді.  Кейбір
авторлар жануарларда еңбек бөлінісі бар, Мысалы: ара, құмырсқа т.б.  атайды.
Алайда бұл жәндіктерде еңбек бөлінісі жоқ, олар тек биологиялық  факторларға
байланысты ғана еңбек бөлінісін жүргізеді.
3. Жануарлардың бір-бірімен қарым-қатынаста «тілді» пайдалану. Әрине,
жануарлар бір-бірімен қарым-қатынаста дыбыстарды пайдаланады, бірақ бұл
адам тіліне ешқандай байланысы жоқ.
   Адам табиғатының санасы. Сана - адам шындығының бейнесі. Сананың басты
белгілері. Адам санасының психологиялык мінездемесі. Сана мазмұны және
мағынасы. Адам санасын реттеудегі сөз қызметі. Сана жалпылаған адам
шындығының бейнесі.
  Сана дамуы және пайда болуы. Сана  пайда  болуының  шарты  және  жай-күйі.
Бірлескен  адам  шындығының  өнімділігі,  еңбекті  орналастыру,   бағытгаушы
дифференциация және қарым-қатынас белсенділігі,  тілді  қолдану  және  қайта
құру, басқа таңбалы жүйе, адамның материалды және рухани мәдениет құрылуы.
   Сананың  фило-  және  онтогенездік  дамуының  басты   бағыттары.   Адамда
рефлекстік бейімдеушілік дамуы және пайда болуы. Түсінік жүйесінің  құрылуы.
Адамдардың  психологиясы  және  әрекетінің  тарихи  жағдайларға   байланысты
өзгеруі.
       Сана  және  санасыз.  Санасыз   түсінігі   санасыздық   психологиялық
процестегі  қолданылуы,  адам  жағдайы  мен   әрекеті.   Адам   тұлғасындағы
санасыздық Түс көру  санасыздардың  көрсеткіші  сияқты.  Сана  және  санасыз
арасындағы айырмашылық. Санасыздардың әрекет түрлері.  Адамның  жануарлардан
айырмашылығы  ойлау  қабілетімен  және  өзінің  өткені  туралы  ойлану,  оны
бағалау және келешек туралы ойлау оған жоспар жасау және  бағдарлай  алуынан
тұрады. Бұлардың барлығы адам санасының кеңістігімен байланысты.     Сана  -
адам шындығының ең жоғарғы бейнелеу дәрежесі  болып  табылады.  Сана  сөзбен
байланысты.  Сезіну  және  қабылдау  елестету  және  жадыда  сақтау   саналы
бейнелердің айырмашылығы спецификасының тұрақты қатарында мінезделеді.  Сана
сипаты құрылысы санада барлық жағдай бейнеленбейді,  ал  оны  басты,  нақты,
нәрсені мінездемесінен тұрады. Сана  үнемі  сөз  түсінік  қолдануымен  үнемі
байланыста,  олар  өзінде  ортақ  және  ерекшеленген   сананың   бейнеленген
сипатынан тұрады.
  Адам санасының үшінші мінездемесі - бұл оның  коммуникацияға  бейімділігі.
Тіл  және  басқа  деп  аталатын  жүйе  көмегімен  басқа  тұлғаларға  берілуі
коммуникативті мүмкіндіктер көптеген жоғарғы  жануарларда  бар,  бірақ  олар
адамдардікімен басты жағдаймен ерекшеленеді: тіл көмегімен адам өзінің  ішкі
жағдайын хабарлап қана қоймай, ол білгенін, көргенін, елестетуін нақты  әлем
жөнінде мәліметтерін жеткізе алады.
Өзін-өзі тексеруге сұрақтар:
   1. Психикалық құбылыстардың механизмі, табиғаты туралы түсінік беріңіз
   2. Сана туралы түсінік беріңіз
   3. Сананың пайда болуы мен дамуына тоқталыңыз.
Әдебиеттер:
   1. Рубинштейн С.Л, Основы общей психологии. Питер. 1999
   2. Маклаков А.Г. Общая психология. С.Пит.
   3. Немов Р.С. Психология.1 том. 2000.
   4. Леонтьев А.Н. Проблемы развития психики
   5. Шабельников А., Бердібаева С Психика- функционалдық жүйе. А., 1998


Дәріс тақырыбы.  Іс-әрекет психологиясы.
                   Жоспар:
   1. Іс-әрекет туралы түсінік.
   2. Іс-әрекеттің құрылымы.
   3. Іс-әрекеттің түрлері.
Дәрістің мазмұны
Адам қоғамындағы  белсенділік  көрінісі  іс-әрекет  деп  аталады.  Адам  іс-
әрекеті  күрделі  құбылыс.  Оның  қыртараптарын   әртүрлі   ғылым   салалары
зерттейді.
    Ортақ мақсат үшін біріккен және белгілі бір  қоғамдық  қызмет  атқаратын
әрекеттер жиынтығын  іс-әрекет  деп  атаймыз.  Адам  іс-әрекетінің  нәтижесі
нақты бір өнім. Ал осы өнімді әрбір жеке адам адам  көбіне  өзі  үшін  емес,
қоғам игілігі үшін өндіреді, жаратады. Және өз кезегінде осы қоғамның  басқа
мүшелерінің өнімі әр бір жеке адамның мүддесін қамтамасыз етуге жұмсалады.
  Іс-әрекет үстінде сана  қалыптасады,  яғни  адам  өзін  табиғаттан  саналы
түрде бөліп көрсетеді. Адам өз алдына мақсат қояды, белсенді қызмет  істеуге
итермелейтін себептерді түсінеді.
   Адамның іс-әрекеті саналы, болжамды, бағыт-бағдарлы, мақсатты,  жоспарлы,
есепті, себепті және өзгерісті сипатта болады.
Адамның жеке басы  іс-әрекет  үстінде  қалыптасады.  Алдына  қойған  мақсат-
міндеттерін орындай отырып, адам өзінің іс-әрекет белсенділігін көрсетеді.
Адамның іс-әрекеті алдына қойған мақсаттарымен, міндеттерімен және  оны  іс-
әрекет итермелеген мотивтермен анықталады.
Іс-әрекет құрылымында мынадай компонеттері болады:
   1. Мақсат қою – нақты міндетін білу
   2. Жұмысты жоспарлау – неғұрлым тиімді жағын қарастыру.
   3. Орындау – іс-әрекетті жүзеге асыру
   4. Нәтижесін тексеру – қателерін тексеру.
   5. Салыстыру – алынған нәтижелерді жоспарланған нәтижесімен салыстыру.
    Адам іс-әрекетсіз және әлеуметтік қарым – қатынассыз өмір сүре алмайды.
Іс - әрекет әрдайым міндетті түрде психика  қатысуымен  түзілетін  субьектін
объектпен байланысады. Қандайда бір іс-әрекетті орындау барысында  адам  бір
нәрсені қабылдауы,  есінде  қалдыруы,  ойлауы,  оған  зейін  аударуы  қажет;
әрекет желісінде оның қандай да көңіл  –  күй  шарпулары  (эмоция)  туындап,
ерік сапалары іске қосылады, ниет – ұстамдары  (установки)  мен  қатынастары
және тағы басқалар қалыптасады. Бұларсыз ешбір  іс  -  әрекет  болуы  мүмкін
емес. Біз психикалық деп анықтап жүрген  адамдағы  процестер,  қалыптар  мен
қасиеттердің бәрі осы іс - әрекет  барысында  қалыптасады,  дамиды,  көрініс
береді.
Іс - әрекеттің құрылымы:Мақсат, Себеп, түрткі .Әрекет
Іс-әрекеттің  қандай  түрі  болсада  қозғалыста  өтеді.  Яғни  қозғалыс  іс-
әрекеттің құрамды бөлігі, жеке актісі болып табылады.
   Іс-әрекеттің мақсаты дегеніміз – сол іс  -  әрекеттің  болашақ  нәтижесін
күні бұрын санада болжау. Мақсат заң  ретінде  адам  әрекетінің  сипаты  мен
әдісін анықтап береді, алдын – ала бейнелеудің құралы.
Іс  -  әрекет  дегеніміз  –  адамның   қоршаған   дүниемен   өзара   ықпалды
байланысының қозғалысты жүйесі.
Әрекет- заттық (сыртқы)  зат  арқылы  жасайды,  ақыл-ой  (ішкі  психикалық)-
жаттау. Сыртқы әрекет  ішкі  әрекеттің  бақылауымен  жүргізіледі.  Адам  іс-
әрекеттінің барысын күні бұрын жоспарланған бейнелер мен  ой  түрінде  баста
жүрген қаракетпен салыстырып отырады. Нақты әрекетті бұлайша  топшалау  және
оны реттеп отыру  мүмкіндігі  әрекет  акцепторы  деп  аталады.  Оны  жасаған
П.К.Анохин.
 Әрекет акцепторы - әрекет нәтижелерін бақылау  және  оларды  алға  қойылған
мақсатпен салыстыру.
Білім дегеніміз – адамның іс-әрекетке  тұрақты  араласа  отырып  іс-әрекетті
ақылға салудың жоғары сатысына көтеретін көрсеткіш.  Білім  -   адамның  өзі
атқарып отырған  әрекетінің  дұрыстығына  сенімін  арттырады.  Білімсіз  іс-
әрекет мүмкін емес.
  Дағды - әрекеттің қайталау нәтижесінде автоматталуы. Іскерлік –  іс-әрекет
мақсаттарымен  шарттарына   сәйкес   келетін   әрекетті   нәтижелі   орындау
тәсілдері. Іскерлік  әбден  қалыптасқан  дағды  мен  білім  негізінде  пайда
болады.
    Іс-әрекеттің негізгі түрлері: ойын, оқу, еңбек.  Ойын  –  мектеп  дасына
дейінгі балалардың іс-әрекеті. Ойын баланың  үлкен  адам  дүниесін  бейнелеу
айналадағы дүние тану жолы.
Оқу -  еңбек әрекеттерін  орындауға  қажетті  білімді,  дағдыны,  іскерлікті
жүйелі игеру процесі.  Еңбек – адамдардың материалдық  және  рухани  қажетін
қанағаттандыратын қоғамдық пайдалы өнім өндіруге бағытталған іс-әрекет.
                       Өзін-өзі тексеруге сұрақтар:
        1. Іс-әрекеттің құрылымын сипаттаңыз.
        2. Іс-әрекет, әрекет және қозғалыс анықтама беріңіз?
        3. Адам іс-әрекетінің түрлеріне психологиялық сипаттама беріңіз
                          Әдебиеттер:
              1. Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993

              2. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993

              3. Немов Р.С. Психология. М., 1998

              4. Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М., 2000

              5. Леонтьев А.Н. Деятельность. Сознание. Личность. М., 1977

Дәріс тақырыбы. Қарым-қатынас туралы жалпы түсінік.
                                             Жоспар.
        1.  Қарым-қатынас туралы түсінік.

        2. Қарым-қатынастың техникасы мен тәсілдері.

        3. Қарым-қатынастың дамуы.

        Дәрістің қысқаша мазмұны

       Қарым-қатынас нәтижесінде жеке адамның қалыптасуы іске  асады.   Адам
қатынасқа әрқашан жеке тұлға  ретінде  түсетіндіктен,  ол  басқа  адамға  да
–қатынастағы  партнеріне  де  жеке  тұлға  ретінде  қабылданады.       Басқа
адамды  танып-білуде  бірнеше  процестер  қатар  жүреді:  осы  басқа  адамды
эмоционалдық бағалау, оның  жасаған  қылықтарын  түсінуге  талпыныс,  осыған
негізделген, оның  мінез-құлқын  өзгерту  стратегиясы,  өзінің  жеке  мінез-
құлқын  қалыптастыру  стратегиялары.  Осы  процестерге  минимум   екі   адам
қатысады және олардың әрқайсысы белсенді субъект  болып  табылады.  Сонымен,
өзін басқамен салыстыру екі жақты жүреді: партнерлердің әрқайсысы өзін  бір-
біріне теңдестіреді. Яғни, өзара  әрекеттесудің  стратегиясын  құру  кезінде
әркім бір-бірлерінің қажеттіліктері, мотивтері, бағдарын ғана есепке  алмауы
қажет, сонымен қатар бірі екіншсінің қажеттіліктері, мотивтері,  бағдарларын
қалай түсінетіндігін  ескеруі  қажет.  Әрбір  жеке  әлеуметтік-психологиялық
зерттеу деңгейінде басқа адам арқылы  өзін  түсіну,  тануын  талдауының  екі
жағы бар: идентификация және рефлексия.
    «Идентификация» термині - өзін  басқаға  теңдестіру  дегенді  білдіреді.
Басқа адамды  түсінудің  ең  қарапайым  әдісінің  бірі  -  өзін  сол  адамға
теңдестіру.  Идентификация   басқа   адамды   түсіну   мен   танып   білудің
механизмдерінің бірі ретінде болады. Идентификация мен оған мазмұны  жағынан
жақын құбылыс – эмпатия  арасында  тығыз  байланыс  бар.  Эмпатия  да  басқа
адамды  түсінудің  ерекше  әдісі  болып  табылады.   Эмпатия   дегеніміз   –
аффективті   «түсіну»-(сезімді   түсіну),   басқа    адамның    проблемасына
эмоционалды  қарау.   Эмпатияның  эмоционалдық  табиғаты  мынадан  көрінеді:
басқа адамның ситуациясы «ойланылмайды», «сезініледі». Эмпатияның  механизмі
белгілі жерлерде идентификацияның механизмімен ұқсас: екі жақта да  (эмпатия
мен  идентифкация)  өзін  басқаның  орнына  қоя  білу,  нәрселерге  басқаның
көзқарасымен қарай білу.  Алайда,  нәрселерге  басқаның  көзқарасымен  қарау
міндетті түрде өзін сол адаммен теңдестіруді білдірмейді.  Егер  мен  өзімді
басқамен теңдестірген болсам, онда яғни  мен  өзімнің  мінез-құлқымды  басқа
адам оны қалай құратын болса,  солай  құрастырамын.  Ал  егер  де  мен  оған
эмпатия көрсетсем, мек тек оның мінез-құлқының сызбасын назарға  аламын,  ал
өз мінез-құлқымды тіптім басқаша құра аламын. Екі жағдайда да басқа  адамның
мінез-құлқын «есепке алу»  көрінеді,  бірақ  біздің  біріккен  әрекетіміздің
нәтижесі әр  түрлі  болады:  қатынастағы  партнерді  оның  позициясына  тұру
арқылы,  сол  позициядан  әрекет  ету  арқылы  түсіну  бір  бөлек,  ал  оның
көзқарасын есепке алып, тіпті оған қоса көңіл  білдіру  арқылы  оны  түсіну,
бірақ өзіңше әрекет ету – бұл бір бөлек нәрсе. Екі аспекті де  маңызды,  бұл
екі  аспекті  де  әлеуметтік  психологияда  өз   зерттеуінің   белгілі   бір
эксперименттік дәстүріне ие.
      Қатынасты сипаттау тұрғысынан бұл екі жағдай  да  тағы  бір  мәселенің
шешімін керек етеді:  басқа  адам,  яғни  қатынастағы  партнер,  мені  қалай
түсінеді. Бір-бірін түсіну процесі рефлексия  құбылысымен  күрделенеді.  Бұл
жерде   рефлексия   философиядағыдай   субъектінің   өз-өзін   танып   білуі
мағынасында емес. Әлеуметтік психологияда рефлексия  дегеніміз  әрекеттесуші
индивидтің өзін қатынастағы партнері қалай қабылдайтынын  түсінуі.  Бұл  жай
ғана  басқа  адамды  білу  немесе  түсіну  емес,  басқа  адам   мені   қалай
қабылдайтыны туралы білім, бір-бірінің айнадағы  көріністерінің  өзгеше  бір
екі еселенген процесі, терең де жүйелі өзара көрініс.
     Рефлексияны зерттеу дәстүрі әлеуметтік психологияда  өте  ертеден  бар.
19-ғасырдың  аяғында  Дж.Холмс  Джон   мен   Гнеридің   диадикалық   қатынас
ситуациясын суреттеген.
                      Өзін-өзі тексеруге сұрақтар:
   1. Адамның және қоғамның өміріндегі қатынастың ролін сипаттаңыз.
   2. Адамдар қатынасының қандай түрлері мен формаларын білесіз?
   3.  Қарым-қатынастың  функцияларын  атаңыз,  әр   функциясының   мазмұнын
      түсіндіретін мысал келтіріңіз.
              Әдебиеттер:
   1. Андреева Г.М. Социальная психология.М., 1996.
   2.Социальная психология. Под.ред.Е.С.Кузьмина., В.Е.Семенова. Л., 1979.
   3.Робер М., Тильман Ф. Психология индивида и группы. М., 1988.
   4.Битякова М.Р.Социальная психология. М., 1994.
   5.Социальная психология. Под.ред.Петровский.М., 1987.


        Дәріс тақырыбы. Топ және ұжым.

                       Жоспар.
   1. Топ және ұжым туралы түсінік.

   2. Топ түрлері, сипаты.

   3. Ұжым және оның негізгі белгілері.

   4. Топтағы лидер.

   5. Топтағы және ұжымдағы өзара қатынастар.

   Дәрістің қысқаша мазмұны.
  Белгілі бір мақсатпен біріккен адамдар қауымдастығы топ деп аталады.  Бұл
қарым-қатынас  бір-бірімен  тығыз  байланысты.   Топтар   әртүрлі   себеппен
негізделіп   жіктеледі.   –   Қалыптаса   бастаған    өзара    қатынастардың
ықтиярлығымен.  –  Құрылу  принципімен  жолдары.  –  Жеке   адамның   топтық
нормаларына көз қарасы.
  Қалыптаса бастаған өзара қатынастар ырықтылығы мен тереңдігіне байланысты
шағын және бастауыш топтар айқындалады.
  Шағын және бастапқы топтар. Біршама тұрақты,  құрамы  жағынан  көп  емес,
мүшелері  бір  –  бірімен  тікелей  қатынас  жасай  отырып,  ортақ  мақсатқа
ұмтылған адамдардың бірлестігі шағын топ деп  аталады.  Құрылу  приципі  мен
әдісіне қарай шартты және нақты формалды және формалды емес  топтар  болады.
Шартты  және  нақты  топтар.  Адамдардың  тек   қағаз   жүзінде   ғана   бар
қауымдастығы  шартты  топ  деп   аталады.   Анатомиялық   –   физиологиялық,
психикалық және басқа да заңдылықтар мен ерекшеліктерін  зерттеп  білу  үшін
мектеп жасына дейінгі балалар, жеткіншектер, төменгі сынып оқушылары, жас  –
өспірімдер жас ерекшеліктеріне қарай осы принцип бойынша жіктеледі.
  Нақты топ адамдардың бір – бірімен өзара қарым –  қатынас  және  байланыс
жасай отырып, алдарына қойған мақсат, міндеттеріне орындауға жұмсалған  өмір
сүріп тұрған бірлестігі. Нақты топ  қысқа  мерзімді,  не  ұзақ  өмір  сүруі,
мүшелерінің саны аз, не көп болуы мүмкін. Ол қауымдастық ретінде өмір  сүріп
қызмет стейді.
  Формалды және формалды емес топтар. Формалды (ресми)  топ  штат  кестесі,
устав және басқа да ресми документтер  негізінде  құралады.  Мысалы:  жоғары
оқу орындағы студеттер тобы, мектептегі мұғалімдер мен қызметшілер  штаты  –
мұның бәрі ресми топтың мысалдары. Топ  мүшелерінің  арасында  документтерде
көрсетілген іскерлік қатынастар  орнайды.  Ондай  қатынастар  бір  –  біріне
бағыну немесе өзара  міндеттің  орындалуына  не  аз,  не  көп  жауапты  болу
тұрғысында тең құқықтық етеді.
  Формаларды топтардағы өзара қарым  –  қатынас  нұсқаулары  бірдей  болған
жағдайдың өзінде бір –  біріне  ұқсас  келуі  мүмкін  емес,  өйткені  ондағы
адамдардың мінезі, темпераменті, икемділігі,  қатынас  жасау  істилі  бірдей
болмайды. Іскерлік қарым – қатынас нұсқауда жоқ  жеке  қарым  –  қатынгаспен
толығады. Психологиялық  жақындық  (ұнату,  сыйлау,достасу)  формалды  топты
нығайта түседі, алға қойған міндеттерді орындауға көмектеседі.
  Жеке адамның топтың нормасына қатынасы белгілеріне сәйкес  референт  тобы
пайда болады. Референт тобы. Референт (эталон) тобы деп  көз  қарас  топтары
үлгі болып саналатын ақиқат өмір сүруші немесе қиялдағы топ  айтылады.  Адам
өзі нормасын қадір –  қасиетің  бағалаған  өзі  оны  қолдап,  ең  жақсы  деп
есептейтің  топқа  кіреді.  Топтардың   даму   деңгейі.   Әрбір   әлеуметтік
қауымдастықтың  өз  тарихы  болады.  Дүниеге  келеді,  дамудың  белгілі  бір
сатыларынан өтеді, аса жоғары дәрежеге  жетеді,  сондай  –  ақ  өмір  сүруін
тоқтатуы мүмкін. Бұл формалды  топқа  да,  формалды  емес  топқа  да  бірдей
дәрежеде қатысады.
  Ұжым адамдардың әлеуметтік қауымдастығының ең жоғарғы  формасы.  Ұжым  ол
қоғамға  пайдалы  қызметте  ортақ  мақсатқа   жұмыла   еңбек   ететін   және
психологиялық  тұрғыда   топтасқан   адамдар   тобы.   Ұжым   адамдар   тобы
болғандықтан  оған  топтың  белгілері  тән.  Ұжымның  аса  маңызды   белгісі
мақсатпен   міндеттін   қоғамдық   мәні   бар.   Ұжымның   түрлері:   кәсіби
(өндірістік), творчестволық, әскери оқу.
     Топқа  әдетте  жетекшілік  міндетін  өзіне  алатын  бір  адам  болады.
Әлеуметтік психологиялық мұндай  адамды  «лидер»  деп  атайды.  Лидер  топты
ұйымдастыруға және басшылық етуге  сайланады,  не  ұсынылады.  Лидер  әдетте
топтың іс – әрекеті жайлы, оның  құрамы  мен  мүмкіндіктері  жайлы  мейлінше
хабардар болады. Ол топ мүшелерімен қатынаста өзін еркін,  сенімді  ұстайды.
Шағын  топтардағы  лидерлікті  зерттеген  Н.С.   Жеребованың   зертеулерінде
лидердің  мынадай  қызмет  атқаратындығы  айқындалған:  а)  ол  топ   қойған
мақсатқа  жетудің  жолдары  мен  құралдарын  жоспарлайды,  б)  топ  мүшелері
арасында атқаратын іске жауапты адамдарды белгілейді, в) егер топтың  алдына
маңызды іскерлік қойылған болса және бұл топ өңдірістік еңбек  ұжымы  болса,
белгілі  бір  топтық  атмосфера  орнатады,  г)  топ   мүшелерінің   қоғамдық
белсенділігін дамытады.
   Жеке адам өз өмірінде басқа адамдармен тікелей қарам –  қатынаста  болып
өзінің әлеуметтік мәнін жүзеге асырады. Бұл қарам – қатынас  бір  –  бірімен
тығыз байланысты топтарда болады. Ондай  топтар  біркелкі  емес.  Олар  неше
түрлі себепке негізделіп жіктелуі  мүмкін,  яғни  қалыптаса  бастаған  өзара
қатынастардың ықтиярлылығы мен тереңдігіне, құралу принципі  мен  жолдарына,
жеке адамның топтың нормаларына көзқарасына негізделеді.
  Сөйтіп белгілі бір қарым – қатынастағы топ түрліше көзқараста  бағаланады
екен. Топ және оның жеке  адам  дамуындағы  рөлі.  Жеке  адам  топтан  оқшау
болмайды. Ол  топтың  басқа  мүшелерімен  байланыста  болады  және  солармен
бірігіп сол қауымдастықтың бағыт – бағдарын білдіреді. Жеке адам топ  арқылы
басқа топтармен, тұтас  қоғаммен  байланыста  болады.  Топ  –  қоғамның  бір
бөлігі болғандықтан ол өз бойына сөз жоқ  сол  адамның  саяси,  эстетикалық,
адамгершілік және басқа да идеяларын дарытады. Сондықтан  да  жеке  мінез  –
құлқында  оны  басшылыққа  алады.  Жеке  адам  материалдық   дүниемен   және
адамдармен қарым – қатынас жасай отырып,  белгілі  бір  тәжірибе  алып,  сол
тәжірибенің  негізінде  өз  мінез  –  құлқын,  қадір  қасиетің,   өзгелерден
ерекшелік белгілерге  қалыптасып  қана  қоймайды  ол  сонымен  қатар  рухани
байлықтың аса маңызды құрамдас бөлігі болып  саналатың  қоғамдық  тәжірибені
де өз бойына жинақтайды. Бірімен бірі тығыз байланыстағы және одан гөрі  кең
көлемді  әлеуметтік  ортадағы  келіспеушілік,  бір  жоспарлық  жеке  адамның
бойында үйлесімді жақсы қасиеттерді қалыптасып,  даму  үшін  жақсы  жағдайын
жасайды.
  Топ мүшелерінің көпшілігі бір – бірімен өзара тату – тәттілік  тұрғысынан
байланыста болады. Бұл ретте әркімнің өзгелерден  гөрі  жиі  кездесетін  бір
адамы болады, онымен бір мүдделес,  әңгімелері  жарасқан  ортақ  істері  бар
т.б. Сондықтан жолдастық, достық  қатынаста  болады.  Бұл  қарым  –  қатынас
жасаудың бірінші шеңбері. Бақылаулар мен зерттеулер  көрсеткендей,  көпшілік
адамдарда мұндай жолдас, дос көп болмайды (3 – 5 адам).  Топ  ішінде  мұндай
бастауыш топтардың болуына қарамастан, ол өзінің  бірлігін  сақтап  біріңғай
бірлестік ретінде өмір сүре береді.
  Өзін-өзі тексеруге сұрақтар:
1. Топ дегеніміз не?
2. Ұжым дегеніміз не?
3. Ұжымның негізгі белгілері қандай?
4. Лидер деп кімді айтамыз?
5. Топ түрлерін атаңыз және оларға анықтама беріңіз

Әдебиеттер.
   1. Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993

   2. Немов Р.С. Психология. М., 1998

   3. Столяренко Л.Д. Основы психологии. М., 1997

   4. Елеусізова С. Қарым-қатынас психологиясы. А., 1985

   5. А.В.Петровский, В.В.Шпалинский. Социальная психология коллектива.  М.,
      1978


  Дәріс тақырыбы.  Зейін туралы түсінік.
                                Жоспар.


    1. Зейін туралы жалпы ұғым.

    2. Зейін түрлері.

    3. Зейіннің негізгі қасиеттері.







   Дәрістің қысқаша мазмұны.
  Зейін деп  –  адам  санасының  белгілі  бір  затқа  бағыттала  тұрақталуын
көрсететін құбылысты айтады. Дәлірек айтқанда,  зейін  дегеніміз  айналадағы
объектілердің   ішінен   керектісін    бөліп    алып,    соған    психикалық
әрекеттерімізді  тұрақтата  алу.  (  Мысалы,  қаламды  қолыма  ұстап  тұрып,
байқаусызда партаның үстіне тарс  етіп  түсіп  кетсе,  барлықтарың  партаның
үстінде жатқан қаламға қарайсыңдар.
      Зейін  дербес  бір  психикалық  процесс   емес,   өйткені   ол   басқа
процестерсіз көріне алмайды.  Психикалық  құбылыстар  зейінге  түрліше  әсер
етеді. Сезім зейінді күшейте түсуге не оны бөліп  жіберуге  себепші  болады.
Мәселен, бір объект жағымды сезім туғызып зейінді  күшейтеді  де,  ал  көрші
кластан естілген ән-күй сабақ тыңдап отырған  баланың  зейінін  төмендетеді.
Ерік, ой, қиял процестері де зейінге түрліше әсер етіп отырады.
      Зейін бізге  сыртқы  дүние  заттары  мен  құбылыстарын  анығырақ  және
толығырақ  бейнелеу  үшін,  психикалық   әрекетіміздің   оларға   бет   алып
жинақталуы үшін керек. Егер зейін болмаса, заттарды, құбылыстарды  жақсылап,
толығырақ сәулелендіруге болмас еді.
      2.Адамдардың  зейіні  ырықты,  ырықсыз  және  үйреншікті  болып   үшке
бөлінеді.
      Ырықсыз зейін. Егер көшеде өте бойшаң адам мен аласа бойлы адам  қатар
келсе, біреуінің өте ұзын екені, екіншісі  аласа  адам  екені  көзге  бірден
шалынады.Мұны ырықсыз зейін деп атайды.
      Ырықсыз зейін нақты мынадай жағдайда  пайда болады. Ең алдымен,  күшті
тітіркендіргіштерден пайда болады. Мәселен, күннің  қатты  күркіреуі  немесе
мылтықтың жақыннан атылуы қай адамды да  олардың  дыбысына  еріксіз  назарын
аударады. Ырықсыз зейіннің аударылуына  адамның  ішкі  жан  дүниесі  күйінің
маңызы зор. Мәселен, қарыны ашқан адам ас үйден шыққан тамақ  иісін  сезеді,
ал тамағы тоқ адам ол  иіске  көңіл  аудармайды.  Ырықсыз  зейінді  тәжірибе
жүзінде  дәлелдейік.  (мысалы,  электр  шамы  жанып  тұрса  біз  оған  көңіл
бұрмаймыз. Ал енді ол біресе жанып, біресе сөніп тұрса, біз оған  еріксізден
зейінімізді бұрамыз.
      Ырықты  зейін.  Алдына  мақсат  қойып,  көздеген  нәрсесін   алдын-ала
белгілеп, әдейілеп зейінін соған  аударуды  ырықты  зейін  деп  атайды.  Бұл
адамның еркімен істелетін зейін күші.Ол жұмыстың басынан аяғына дейін  күшті
сарқып жұмсауды тілейді.
      3.Зейіннің қасиеттері:зейіннің тұрақтылығы, аударылуы, бөлінуі, көлемі
және алаң болушылық деп бөлінеді.
      Мектеп жасына дейінгі балаларда алаңдаушылық жиі болып тұрады. Өйткені
олар әлі күрделі іс-әрекетпен айналыспағандықтан,  зейіннің  жоғары  түрлері
өз дәрежесінде болмайды.
      Өзін-өзі тексеруге сұрақтар:
        1. Зейін дегеніміз не?
        2.  Зейіннің  түрлерін  қысқаша   сипаттаңыз.   Өз   мысалдарыңызды
           келтіріңіз.
        3. Танымдық үрдістердің дамуындағы зейіннің рөлі қандай?
           Әдебиеттер:
        1. Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993

        2. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993

        3. Немов Р.С. Психология. М., 1998

        4. Лурия А.Р. Внимание и память.  М., 1975




 Дәріс тақырыбы.  Түйсік туралы түсінік.
                                               Жоспар:
   1. Түйсік туралы жалпы ұғым.
   2. Түйсіктің физиологиялық негіздері.
   3. Түйсіктің түрлері және қасиеттері.
Дәрістің қысқаша мазмұны.
  Түйсік  сезгіштіктің  ең  маңызды  көрінісі.  Түйсік  организмнің  ортамен
психикалық байланысы орнығатын  бастапқы  форма  болып  табылады.  Түйсік  –
біздің айналамызда, ішкі  жан  (психикалық)  дүниемізде  не  болып  жатқанын
хабарлап отыратын қарапайым психикалық процесс. Осы процестің арқасында  біз
ортаны  бағдарлай,  соның   жағдайына   қарай   қимыл   жасауға   тырысамыз.
Түйсіктегі,  негізгі  дүние  танудың  алғашқы  табалдырығы  –  осы   түйсік.
Объективтік реальдық материалдық дүниенің мәліметі  адамға  ең  алдымен  осы
қақпа – түйсік – арқылы жетіп отырады.
      Сыртқы дүние  заттары  мен  құбылыстарының  жеке  қасиеттерінің  сезім
мүшелеріне тікелей әсер етуінен пайда болған мидағы  бейнелерді  түйсік  деп
атайды.  Түйсіктің физиологиялық негіздері. Түйсік заттың  сезім  мүшелеріне
әсер еткен кезінде ғана пайда болады. Түйсік туғызатын  бүкіл  физиологиялық
аппаратты анализатор деп атайды.
     Түйсіктің   түрлері   және   қасиеттері.    Көру    түйсіктері.    Есту
түйсіктері.Діріл түйсіктері.
 Иіс түйсіктері. Дәм  түйсіктері.  Тері  түйсіктері.  Статикалық  түйсіктер.
Кинестезиялық түйсіктер. Органикалық түйсіктер.
    Адаптация.  Контраст.   Синестезия.  Сенсибилизация.  Түйсік   дегеніміз
сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерінің сезім  мүшелеріне
тікелей  әсер  етуінен  пайда  болған  мидағы  бейнелерді  айтамыз.   Түйсік
сезгіштіктің ең маңызды формасы.
Өзін -өзі тексеруге сұрақтар:
   1. Түйсік дегеніміз не?

   2. Сезгіштік табалдырықтары дегеніміз не?

   3. Адаптация дегеніміз не?

   4. Сенсибилизация және синестезия заңдылықтарына анықтама беріңіз.

   Әдебиеттер:
   1. Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993

   2. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993

   3. Немов Р.С. Психология. М., 1998

   4. Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М., 2000



   Дәріс тақырыбы.  Қабылдау.
   Жоспар:
   1. Қабылдау туралы жалпы түсінік.

   2. Қабылдаудың физиологиялық негіздері.

   3. Қабылдаудың түрлері және қасиеттері.
   Дәрістің қысқаша мазмұны.
      Қабылдау дегеніміз —  заттар  мен  құбылыстардың  өз  қасиеттері  және
бөлшектері жиынтығымен қосылып сезім мүшелеріне  тікелей  әсер  ету  кезінде
бейнеленуі.
   Қабылдаудың алғы шарты әр түрлі түйсіктер және түйсіктермен бірге  жүзеге
асады, бірақ оны  солардың  қосындысы  деуге  болмайды.  Қабылдау  түйсіктер
арасыңдағы белгілі қатынастарға тәуелді, ал  енді  олардың  өзара  байланысы
зат немесе құбылыс құрамына енетін сапа, қасиет, түрлі  бөлшектер  байланысы
мен қатынастарына тәуелді.
       Айнала    қоршаған   дүниедегі    белгілі  заттар  мен  құбылыстардың
біздегі  сезім  мүшелеріне    әсері     нәтижесінде  қабылдаудың   заттылығы
қалыптасады.
  Қабылдаудың айырмашылығы  сан  жағында  емес,  сапалық  жағынанда  болады,
мәселен, алманы қабылдағанда дөңгелек, қызыл, тәтті, т.б.  сипаттарын  санау
арқылы емес, оны белгілі заттың бейнесі деп танып  қабылдауымызда.  Қабылдау
процесінде  адамның  өткендегі  тәжірибесі  ерекше   маңызды   орын   алады.
Қабылдаудың  заттылығы  –  бізді  қоршаған  дүниедегі  белгілі  заттар   мен
құбылыстардың біздегі сезім мүшелеріне әсер нәтижесінде қалыптасады.  Онымен
бірге қабылдаудың көрнекі бейнесі сыртқы  дүниенің  белгілі  затына  қатысты
болады. Осы арақатынас біздің іс-әрекетіміздің бағдарлау  қызметінің  негізі
болып   есептеледі.   Қабылдаудың   физиологиялық   негіздері.   Қабылдаудың
физиологиялық негізі –  талдағыштар  (анализаторлар)  жүйесінің  комплекстік
қызметі  болып  табылады.  Қабылдау  ми  қабығының  күрделі  анализдік  және
синтездік   қызметінің   нәтижесі.   Қабылдаудың   қасиеттері.   Қабылдаудың
таңдамалылығы.  Апперцепция.  Қабылдаудың  константтылығы   –   тұрақтылығы.
Қабылдаудағы иллюзиялар. Қабылдаудағы фигура (зат) және фон.
 Сонымен, қабылдау дегеніміз — заттар мен құбылыстардың өз  қасиеттері  және
бөлшектері жиынтығымен қосылып сезім мүшелеріне  тікелей  әсер  ету  кезінде
бейнеленуі. Түйсіксіз қабылдау болмайды, қабылдаусыз түйсік  болмайды.  Олар
бір-бірімен өзара байланысты.
Өзін -өзі тексеруге сұрақтар:
   1. Қабылдау дегеніміз не?

   2. Қабылдаудың түйсінуден айырмашылығы қандай?

   3. Қабылдаудың физиологиялық негізін сипаттаңыз.

   4. Апперцепция дегеніміз не? Мысал келтіріңіз.

   Әдебиеттер:
   1. Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993

   2. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993

   3. Алдамұратов Ә. Жалпы психология. А., 1995

   4. Немов Р.С. Психология. М., 1998

   5. Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М., 2000


  Дәріс тақырыбы.  Ес туралы жалпы түсінік.
      Жоспар:
 1. Ес. Ес жайындағы теориялар.
 2. Естің түрлері.
 3. Естің жалпы сипаты.
 4. Естің даралық ерекшеліктері.






   Дәрістің қысқаша мазмұны.
      Адам өзінің өмірде көріп- естіп  білгендерін,  басынан  кешіргендерін,
түрлі ойлары мен сезімдерін, әрқилы іс-  әрекеттерін  ұмыта  бермейді.  Олар
баста сақталады, қажет кезінде қайта жаңғыртылады.
      Сонымен, адамның бұрын  қабылдаған  нәрселері  мен  бейнелерінің  ойда
сақталып, қажет  кезінде  қайта  жаңғыруы  ес  процесі  деп  аталады.  Жүйке
процесінің  уақытша  байланыстары  негізінде  бұрынғы  қабылданғандар   еске
түседі. Естің бұл күйі қайта жаңғырту делінеді.
      Қайта жаңғырту тану мен еске түсіру  қызметі  бірін-  бірі  толықтырып
отырады. Қабылданған нәрселердің есте қалғаны естің  материалы  делінсе,  ал
есте сақталып, қайта жаңғырғаны естің мазмұны болып саналады.  Адам  өзінің,
басқалардың ойы мен бастан кешкен сезімдерін,  іс-  әрекеттерін  сөз  арқылы
қайта жаңғыртады.
      Есте қалдыру, қайта жаңғырту, тану ес процестері  болып  саналады.  Ес
адам тіршілігінде маңызды орын алады. Есте қалдыру адамның өмір  тәжірибесін
байытады. Адамның  есі  үнемі  дамып,  жетіліп  отырмаса,  онда  тіршілігіне
қажетті нәрселердің  бәрінің  ес  процесінсіз  болуы  мүмкін  емес.  Ес  осы
замаңғы психология ғылымының даму  сатысында  өзекті  мәселенің  бірі  болып
саналуымен қатар,техникалық ғылымдар саласында да ерекше маңызды.  Есті  осы
заманғы психология ғылымы  тұрғысынан  зерттеуде  негізгі  әрі  жанды  болып
отырған-  есте  қалдырудың  механизмі  туралы  мәселелер.   Естің   түрлері.
Психикалық белсенділік  сипатына  байланысты:  қимыл-  қозғалыс,  эмоциялық-
сезімдік,  бейнелі-  көрнекілік  және  сөздік-  мағыналық  (логикалық);  Іс-
әрекеттің мақсат сипатына қарай: ерікті, еріксіз ес.  Адамның  материалдарды
қанша  уақыиқа  дейін  есте  сақтай  алатындығына  қарай:  қысқа  және  ұзақ
мерзімді сақтай алатындығына қарай: қысқа және ұзақ  мерзімді  (түпкілікті),
сондай- ақ оперативтік ес. Естің  кейбір  түрлері  арнайы  аспап-  мнемометр
арқылы өлшенеді.
      Ес  түрлерінің  өзара  байланысы.  Ес   түрлерінің   бөліну   принципі
адамдардың іс - әрекет  сипатына  орай  жүргізіледі  де,  олар  өзара  тығыз
ұштасып, бірін – бірі толықтырып отырады.  Мысалы,  сөздік  –  мағыналық  ес
мағыналы болуымен бірге еріксіз не ерікті де болады. Сондай – ақ  ,ол  қысқа
мерзімді не түпкілікті болуы дамүмкін. Осы қысқа мерзімді ес пен  түпкілікті
ес жалпы есте қалдырудың екі түрлі басқышы болып есептеледі. Қысқа  мерзімді
ес сыртқы  мағлұматтарды  өткізуші  көпір  тәрізді.  Онсыз  түпкілікті  еске
хабарлар келіп түспес еді. Естің күрделі әрі адам  өмірінде  алатын  орнының
ерекше.Ес  –  күрделі  психикалық  процесс,  ол  бірнеше  дара  процестерден
тұрады.  Олардың  негізгілері:  есте  қалдыру,  қайта  жанғырту,  ұмыту.Есте
қалдыру дегеніміз – жанадаң қабылданған бейнелер мен материалдарды,  олардың
мәнін  есте  бұрынғы  сақталғандармен  байланыстырып  отыру.  Естің  даралық
ерекшеліктері. Адам өміріндегі аса манызды психикалық процесс – ес – ақыл  –
ой кені. Ақыл – ойды тарих жасаған білім қорымен  үнемі  байытып,  өрістетіп
отыруға ұмтылу естің мән- мазмұнын терендете түспек.
      Өзін-өзі тексеруге сұрақтар:
        1. Ес дегеніміз не?

        2. Ассоциация дегеніміз не?

        3. Есте сақтаудың негізгі түрлерін атаңыз?

        4. Естің жеке ерекшеліктері қандай?

   Әдебиеттер:
   1. Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993

   2. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993

   3. Алдамұратов Ә. Жалпы психология. А., 1995

   4. Немов Р.С. Психология. М., 1998

   5. Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М., 2000

Дәріс       тақырыбы.        Ойлау       туралы        жалпы        түсінік.


   Жоспар:
1.                   Ойлау                   туралы                    ұғым.


2. Ойлаудың психологиялық теориялары.
3. Ойлаудың негізгі түрлері.
4. Ойлау формалары.
5. Ойлау операциялары.
 5. Ойлау саласындағы дара айырмашылықтар.
Дәрістің қысқаша мазмұны.
     Ойлау  дегеніміз–сыртқы  дүние  заттары  мен  құбылыстарының  байланыс–
қатынастарының мида  жалпылай  және  жанама  түрде  сөз  арқылы  бейнеленуі.
Сонымен, жекеден жалпыға және жалпыдан қайта жекеге көпсатылы  ауысу  ерекше
психикалық процесс ойлау негізінде жүзеге асады.  Ойлау  процесі  елестермен
де тығыз байланысты.Адамның ойы әрқашан да сөз арқылы білдіріледі.  Ойлаудың
физиологиялық негіздері И.П.Павловтың  бірінші  және  екінші  сигнал  жүйесі
жөніндегі іліміне байланысты түсіндіріледі.  Ойлау  –ми  қыртысының  күрделі
формадағы  анализдік-синтездік  қызметінің   нәтижесі,   мұнда    үлкен   ми
сыңарлары қыртысында  құралатын  уақытша  жүйке  байланыстары  жетекші  роль
атқарады. Екінші сигнал жүйесінде жүйке қызметінің өз алдына дербес  заңдары
бар деуге болмайды. Сигнал жүйелерінің мидағы заңдылықтары  бірдей.  Олардың
айырмашылықтары мынада: егер бірінші сигнал жүйесіндегі  реакциялар  нақтылы
құбылыстарға байланысты туса, екінші сигнал жүйесі оларды жалпылап  отырады.
Ойлау–аса күрделі психикалық процесс.
  Ойлаудың негізгі түрлері. Шығу  тегі  мен  пайда  болуы  (генезі)  бойынша
ойлау  келесі  түрлерге  жіктеледі:  Көрнекі-әрекеттік  ойлау–мәселені  шешу
жағдаятын шынайы түрлендіретін, бақыланатын қозғалыстық әрекет  арқылы  іске
асатын ойлау түрі.               Көрнекі–бейнелік  ойлау–жағдаят  тек  бейне
жоспарында ғана түрленетін ойлау түрі.
Сөздік–логикалық   (пайымдаушы)   ойлау–тілдің   және   тілдік   құралдардың
көмегімен   шығарылатын   ұғымдарды,   логикалық   құрылымдарды   пайданумен
сипатталатын ойлаудың  негізгі  түрлерінің  бірі.                   Ойлаудың
негізгі формалары. Ой қорытындысының негізгі үш түрі  бар:  1)  дедукциялық,
2) индукциялық, 3) аналогиялық ой  қорытындысы.  Ойлау  операциялары.  Ойлау
күнделікті өмірде кездесетін міндеттерді  шешуден  басталатын  болғандықтан,
адамда  ойлаудың  операциялары  болады.  Мұндай  операцияларға  талдау   мен
біріктіру, салыстыру, абстракциялау мен нақтылау, қорыту жатады.
   Өзін-өзі тексеруге сұрақтар:
        1. Ойлауға анықтама бере отырып,  оның  негізгі  белгілерін  атаңыз
           және адам іс-әрекетіндегі оның рөлін көрсетіңіз

        2. Қандай ойлау тәсілдерін білесіз?

        3. Ойлау формаларын атаңыз.

                       Әдебиеттер:
 1. Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993

 2. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993

 3. Алдамұратов Ә. Жалпы психология. А., 1995

 4. Немов Р.С. Психология. М., 1998

              Дәріс тақырыбы.  Қиял туралы  түсінік.

                            Жоспар:
      1. Қиял туралы жалпы түсінік.
      2. Қиялдың түрлері.
      3. Қиялдың жасалу жолдары.
   Дәрістің қысқаша мазмұны.
      Адам миында бұрыннан бар елестерді мәнерлеп жаңа образ  жасау  процесі
қиял деп аталады. Қиял - нақты шынайылықты білдіретін және осының  негізінде
жаңа көріністі, түсініктерді кайта, жасайтын процесс. Қиял еңбек  процесінде
адамның белгілі бір құралдарды қайта  жасау  қажеттілігінің  тууы  негізінде
пайда болды деп есептеледі. Мысалы, адам өзінің сипаты мен  қасиеті  жағынан
әлі толық жетілмеген еңбек күралдарын ала отырып,  баска  еңбек  операциясын
жасау үшін өзінің көзқарастарына сәйкес келетін баска қүралдарды көз  алдына
елестетті. Бірақ кейін адамның тарихи  дамуы  барысында,  қиял  тек  еңбекте
ғаңа емес, сонымен қатар адамдардың фантазиясында және арманында,  яғни  дәл
казір тәжірибеде жасалуы мүмкін емес образдарда пайда бола бастады.
      Қиялдың түрлері. Қиял процесі ес сиякты ерікті (мақсатты) немесе әдейі
жасалуы бойынша бөлінеді. Еріксіз (мақсатсыз) жасалған  қиялға  түс  жатады.
Себебі,  онда  образдар  әдейіленіп  жасалмайды  және  де  күтпеген  қызықты
жағдайларға тап болады.
      Ерікті қиялдың адам үшін маңызы зор. Қиялдың бұл түрі  адамның  алдына
өзі қойған немесе басқа біреуден  тапсырылған  міндет  бойынша  белгілі  бір
образдарды жасау мақсаты туған кезде көрінеді.  Бұл  жағдайда  қиял  адамның
өзі арқылы бақыланады  және  бағытталады.  Мұндай  жұмыс  негізінде  қажетті
көріністерді ерікті түрде жасауға және өзгерту мүмкіндігі жатыр.
      Ерікті  қиялдың  көптеген  түрлері  мен  формалары  арасынан   жаңадан
жасалынған қиялды, шығармашылық қиялды және арманды  бөліп  қарауға  болады.

      Қиялдагы образды қайта жасау механизмі. Қиял процесі барысында дүниеге
келетін образдар іштен пайда болмайды. Олар біздің өткен тәжірибеміз
негізінде, шынайы өмірдегі құбылыстар туралы түсніктер негізінде
қалыптасады.
      Образдарды жасау екі негізгі этапта жүреді. Бірінші этапта  әсерлердің
немесе көріністердің құрамдас бөліктерге бөлінуі жүреді.  Басқаша  айтқанда,
бірінші этап өмірден алған өз  әсерлерімізді  анализ  жасаумен  сипатталады.
Мұндай анализ барысында объектінің абстракциялануы жүреді.
         Қиялдын индивидуалды ерекшеліктері және олардын дамуы.
      Қиял адамдарда әр түрлі  дамыған  және  ол  олардың  іс-әрекеттерінде,
қоғамдық  өмірде  әр  түрлі  көрінеді.  Қиялдың  индивидуалды  ерекшеліктері
адамның  қиялының  даму  деңгейі  бойынша   және   образ   типтері   бойынша
ажыратылатынымен түсіндіріледі.
      Қиялдың даму деңгейі өткен тәжірибенің мағлұматтары  қаншалықты  терең
және айқын, сонымен  қатар  олардың  жаңалығымен,  осы  өңдеу  нәтижелерінің
мәнділігімен сипатталады. Қиялдың күші мен өміршенділігі  жеңіл  бағаланады,
егер қиялдың өнімі шындыққа сәйкес  келмесе  және  ғажайып  образдар  болса,
мысалы,   сиқырлы   ертегілердің   авторларындағыдай.   Қиялдын    әлсіздігі
көріністерді  өңдеудің  төмен  деңгейімен  сипатталады.  Әлсіз   қиял   ойша
есептерді  шешуде  қиындық  туғызады.  Қиялдың  дамуы  жеткілікті   болмаса,
эмоционалды тұрғыда өмірде бай және жан-жақты болмайды.
      Осылайша,   пайда   болған   образдардың   жеңілдігіне,   еріктілігіне
қарамастан  іс-әрекеттердің  шығармашылық  қайта  жасалуы  қиялда   білімнің
заңдарына бағынады  және  белгілі  бір  әдістермен  жүзеге  асырылады.  Жаңа
түсініктер санада  болған  түсініктердің  негізінде  анализ  және  синтездің
арқасында пайда  болады.  Қиял  процесі  түсініктердің  құрамдас  бөліктерге
бөлінуімен  және  олардың  жаңа  үйлесімге  бірігуімен,  яғни  аналитикалық-
синтетикалық  сипат  алуымен  анықталады.   Шығармашылық   процесс   қиялдың
күнделікті образдарын қалыптастырудағы механизмдерге сүйенеді.
Өзін-өзі тексеруге сұрақтар:
        1. Қиял дегеніміз не? Мысал келтіріңіз.

        2. Қиял түрлерін сипаттаңыз және олардың адамның практикалық іс-
           әрекетіндегі маңызын дәлелденіз.

        3. Суретшінің және жазушының іс-әрекетінде қиялдың қай түрі басым
           болып келеді?

        4. Түс көру деген не?

        Әдебиеттер:
   1. Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993

   2. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993

   3. Алдамұратов Ә. Жалпы психология. А., 1995

   4. Немов Р.С. Психология. М., 1998

   5. Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М., 2000



Дәріс тақырыбы. Сөйлеудің жалпы сипаттамасы.
      Жоспар:
      1.  Сөйлеу  туралы   жалпы түсінік.
      2 Сөйлеудің  түрлері.
      3. Сөйлеудің   дамуы   және   оны  тәрбиелеу.
      Дәрістің қысқаша мазмұны
       Адам  баласының   сана-сезімінің  дамуында   дыбысты   тілдің   пайда
болуының   маңызы  зор  болады.   Сөйлеудің    пайда    болуы    нәтижесінде
адам     организмі      анатомиялық      өзгерістерге      түсіп,      дыбыс
артикуляциясына   қабілеті   бар  сөйлеу    аппараты     жасалады.    Осының
арасында  адам  жеке  дыбыстарды  ғана емес,   түрлі   дыбыс    тіркестерін,
тиісті  мән-  мағынасы   бар    сөздерді    айта   алатын    қабілетке    ие
болады.
      Тіл,  сөйлеу-  ежелден   бері    жеке   адамның   да,    қоғамдық   ой
санасын  дамытып  жетілдіруге   аса  маңызды  роль    атқарады.   Сөз   ойлы
да,  мәнерлі   де  болуы  тиіс.  Әйтпесе,  ол   көздеген   мақсатына    жете
 алмайды.   Халқымыз   мәнді  сөйлейтіндерді   «сөз  өмірдің  оындай   екен»
дейді.  Ескі  қазақ жұртының  ғұлама   ғылымы   Жүсіп   Баласағұн   «Ақылдың
көркі – тіл, тілдің  көркі  сөз»-деп  айтқан.  Тіл   арқылы   жеке   адамның
тәжірибесі, санасы ұжымының  басқа   мүшелерінің   игілігіне   айналады.  Ал
жеке адамның   жеке  санасы   да   сыртқы   ортаның  ынтасымен,   оқу-тәрбие
процесінің  әсерінің  нәтижесінде  үздіксіз дамып  отырады.   Бұл   екеуінің
дамуы  бір – бірімен   шарттас.    Адамдардың    арасында    қатынас  құрамы
ретінде   тілдің  қызмет   атқаруы,  оның  негізгі  қызметі. Тіл   сондай-ақ
  адам    сана-сезімінің,   оның  психологиясының   көрсеткіші    де.    Тіл
адамды  қимыл- әрекетке   де   итермелейді. Бұл –  оның   атқаратын    кінші
қызметі.
      Тіл   арқылы    ойымызды   басқа    біреуге   жеткізуді   сөйлеу   деп
атайды.  Сөйлеу –пікір  алмасу  процесінде  жеке   адамның   белгілі  тілдің
пайдалануы.  Біз   сөз    арқылы   ғана   неше   түрлі    сөздерді    сыртқа
білдіре  аламыз.  Сөзді  қабылдау   және  оны   ұғыну   бір-бірімен    тығыз
  байланыста. Сөзді  дұрыс   қабылдамай  тұрып,   оны    ұғынуға   болмайды.
Қабылдау  мен  ұғыну  бір  мезгілде   жүріп  отырады,   бірінсіз-бірі   іске
 аспайды.
      Адамға тән  сөйлеу  әрекетінде  екі  сипат    болуы   шарт.   Бұларсыз
сөйлеу  өзінің  қызметін   дұрыстап  атұқара  алмайды.    Мұның   біріншісі-
сөйлеудің   мазмұндылығы, екіншісі, оның  мәнерлігі.
      Француз  ғылымы   Брокка  «адамдардың   ми   сыңарларының    сол   жақ
бөлігінде    (маңдай   қыртысының   төменгі   жағында)   адамның    дыбыстап
сөйлей   алуын   басқарып   тұратын    нерв    орталығы   бар,    ал   сөзді
қабылдау    көптеген   анализаторлардың    (көру,   есту,  қозғалыс  т.б.  )
бірлескен   қызметін   қажет  етеді» дейді.
      Сөзді  қабылдау,  оның   мәнісіне   түснуде мидың  есту,  көру, сипау,
сипай-сезу,  қозғалыс  зоналарының  бірлескен   қызметін   реттеп   отыратын
сол  жақ  ми   сыңарының  төбе,  самай,  желке  бөліктерінің    қызметі   де
 ерекше.
      «Сөйлеу», «тіл», «қарым-қатынас» ұғымдарының   мән  –  мағынасы  жақын
болғанымен,  ғылыми    тұрғыдан   олар   бір-  бірінен   ажыратылады.   Адам
сөйлеу  арқылы  қарым-қатынас  жасамайды.   Ол  айналасындағылармен    түрлі
 ым,  жест,  белгі,  таңба  арқылы  бір-біріне   ақпарат   бере  алады.
      «Тіл» ұғымының  да   (дыбысты тіл) ауқымы кең,  ол  көбінесе  қоғамдық
ғылымдарда    (тарих,   социология,  этика,   педагогика  және   т.б.)   жиі
қолданылады. Тіл – жеке   адамның  еңшісі ғана емес,  ол   бүкіл   адамзатқа
ортақ  қоғамдық  құбылыс.
      Сөйлеу  бірнеше   түрлерге  бөлінеді.  Алдымен   сыртқы    және   ішкі
сөйлеу   болып  үлкен   екі   топқа   бөлінеді.   Сыртқы    сөйлеу    ауызша
(бұл  тілдің  ең   көп  және  кең   тараған   түрі)  және   жазбаша   сөйлеу
болып,  ал    ауызша    сөйлеудің    өзі   диалог    және   монолог    болып
екіге  бөлінеді.
      Диалог    және   монолог   сөздері   көбінесе    беттің    мимикасының
өзгеруімен,    ымдау   сипатындағы   түрлі     қозғалыстармен     қосарласып
отырады.  Адам   мұны   көмекші  құрал   ретінде  ғана   пайдаланады.
      Сөйлеудің  ерекше  бір   түрі  - жазбаша    сөйлеу.   Жазбаша   сөйлеу
арнаулы    әдістер   арқылы    меңгерілетін   сөйлеудің    түрі.     Жазбаша
сөйлеу   адам   баласы    хат  танырлықтай   дәрежеге    жеткенде,    ауызша
сөйлеудің   біршама  дамыған  кезінде   ғана  пайда  бола   бастайды.
      Балаларды   сөйлеу   мәдениетіне     тәсілдендіруді   әсіресе   мектеп
жағдайында   қолға   алу   үшін     мұғалімге     төмендегідей    жұмыстарды
жүргізуге  болады:
      1) Оқушылардың  жеке  дыбыстарды,  буындарды,  сөздерді,  фонетикалық,
  лексикалық   жағынан    дұрыс    жаза,    айта    алуына    ана    тілінің
грамматикасын   саналы   меңгеруімен    қатар   практика   жүзінде   қолдана
білуіне  ерекше қамқорлық  жасау  қажет.
      2) Оқушының  тілінде  байқалатын   кемшіліктерді   жою   мәселесі   де
мұғалімге  қатысты мәселе. Осы  мәселе   жөнінде   ол  логопедтермен    (тіл
кемістігін  түзейтін  мамандар) тығыз  байланыс  жасады.
      3) Мұғалімдер  өз  класындағы   оқушылардың  ана-тілімен  қатар,  орыс
тіліндегі  белсенді  сөздік  қорының  шамасын  біліп   олардың   екі   тілде
дұрыс  сөйлей  алуына  көңіл  бөлуі  тиіс.
      4)  Оқушылардың   сөйлеу   мәдениетіне   тәрбиелеу   -   оқу-   тәрбие
процесінде   көзделетін   негізгі    міндеттердің   бірі.   Өйткені   сөйлеу
мәдениеті   -  мәдениеттіліктің    басты    белгісі.    оқушыларды    сөйлеу
мәдениетіне  тәрбиелеу   түрлі   әдістер   арқылы   жүзеге   асып   отырады.
Мысалы:  Оларды өз  ана  тілін  қадір  тұтып,  құрметтей  білуге  тәрбиелеу-
 сөйлеу  мәдениетіне  тәрбиелеудің   бір   элементі   мұғалімдер  мен   ата-
аналар,  оқушылар мен  суденттер  бір  сөзбен  айтқанда    барша   жұртшылық
 осы  айтылғандардан   тиісті    қорытынды    шығарып,   өздерінің    сөйлеу
мәдениетінің   әсіресе  ана  тілін   кәусарынан   мол   сусындап  жетілдіріп
отыруды  естен  шығармаулары  тиіс.
      Өзін-өзі тексеруге сұрақтар:
        1. Сөйлеу дегеніміз не?

        2. Ішкі сөйлеу дегеніміз не?

        3. Диалогты сөйлеу дегеніміз не?

        4. Тілдің атқаратын қызметтерін атаңыз.

                          Әдебиеттер:
              1. Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993

              2. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993

              3. Алдамұратов Ә. Жалпы психология. А., 1995

              4. Немов Р.С. Психология. М., 1998

              5. Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М., 2000

     Дәріс тақырыбы.  Психологиядағы тұлға  туралы түсінік.
                                 Жоспар.
    1. Тұлға психологиясының методологиялық мәселелері.
    2. Тұлға теориялары және оқытудың негізгі деңгейлері.
    3.  Тұлға теориялары.

       Дәрістің қысқаша мазмұны.
      Тәрбиенің негізгі мақсаты жеке адамды қалыптастыру және оны  жан-жақты
дамыту. Ал бұл міндеттердің нәтижелі болуы жеке адамның қалыптасуына  қандай
жағдайлардың ықпал ететінін білумен байланысты. Тәрбие  қоғамдық  өндірістік
және мәдени өмірдің белсенді қатысушысын даярлауды мақсат етіп  қойған  жеке
адамды қалыптастырудың жүйелі үрдісі.
       Мәнді мәселенің бірі – “жеке тұлға” түсінігінің  өзін  айқындап  алу.
Адамның дамуында бір-біріне байланысты  екі  өзек  байқалады,  оның  бірі  –
биологиялық, екіншісі –  әлеуметтік.  Шетел  педагогикасы  мен  психологиясы
жеке тұлғаның даму мәселесін үш  негізгі  бағытта  қарастырады,  яғни  олар:
биологиялық, әлеуметтік және биосоциологиялық. Осы бағыттар адамның  дүниеге
келген күнінен бастап оның дамуы мен қалыптасуында  көрініс  бере  бастайды.
Тұлға дамуы туралы  ізденістегі  психологтердің  айтуы  бойынша  әр  адамның
дамуы өз қолында, оны  сырттан  әсер  етер  күшпен  дамытуға  болмайды,  тек
оңтайлы ықпал жасауға болады.     Сонымен, адам баласы  тұлға  ретінде  өмір
сүру  барысында  өзінің  қоғамдық  мәнін  сипаттайтын  көптеген   әлеуметтік
сапалар мен қасиеттерді  қалыптастырады,  әрі  дамытады.  Л.С.  Выготскийдің
айтуы  бойынша:  “Жеке  тұлғаның  негізгі  функциялары  қоғамдық  тәжірибені
шығармашылықпен меңгеру және қоғамдық қатынас жүйесіне  қосылу”.  Бұл  тұлға
қоғамдық тіршілік  иесі  сипатында  көрініп,  тіл  игеруі,  санасы,  әртүрлі
әдеттермен  ерекшеленеді.  Жеке  адамдық  қасиетке  ие  болу,  оның   табиғи
биологиялық  болмысына  емес,  қоғамдық  қасиеттерге   тікелей   байланысты.
Сонымен “жеке тұлға” дегеніміз адамның қоғамдық сипатын танытып,  оның  өмір
барысында  өзіне  топтаған  әлеуметтік  сапалар  мен   қасиеттер   жиынтығын
білдіреді. С.Л. Рубинштейн зерттеуі бойынша жеке  адам  өз  қылығы  мен  іс-
әрекетін саналы  басқаруға  мүмкіндік  беретін  психикалық  даму  деңгейімен
сипатталады,  яғни  өз  әрекетін  ойластыра  біліп,  жауапкершілікті  сезіну
қабілетінің болуы, өз бетінше дербес іс-әрекетін жасай білуі – жеке  адамның
мәнді белгілері. Жеке адамдық сапалар адамның  өмір  барысында  дамиды  және
қалыптасады. Даму –  бұл  жеке  адам  сапалары  мен  қасиеттеріндегі  сандық
өзгерістер жүйесі.
       Жеке адам дамуы мен қалыптасуында ықпал  жасаушы  әсерлер  екі  топқа
бөлінеді: ішкі және сыртқы. Қоршаған орта  және  тәрбие  –  сыртқы  әсерлер:
табиғи икемділік пен  құмарлықтар.  Сыртқы  тәрбие  орта  әсерлерінен  пайда
болатын сезімдер мен толғаныстардың жиынтығы – ішкі әсерлерге  жатады.  Жеке
адамның дамуы мен қалыптасуы осы екі фактордың байланысынан болады.
    А.Н. Леонтьев, С.Л.  Рубинштейн,  Д.Б.  Эльконин,  А.З.  Запорожец  т.б.
ғалымдар Пиаженің баланың психикалық дамуын әлеуметтік  қатынастар  жүйесіне
біртіндеп және өте жай уақытта кіретін  индивид  ретінде  қарастыруын  сынға
алған. Индивидтің қоғамнан тәуелсіз  болуы  мүмкін  емес.  А.Н.  Леонтьевтің
пікірі бойынша  баланың  қоршаған  заттық  әлемге  қатынасы  үнемі  қоғамды,
әлеуметтендірілген. Пиаже еңбектеріндегі  «бала-зат»  қатынасына  қарағанда,
Л.С. Выготский, Д.Б. Эльконин т.б. көзқарастары бойынша  «бала-ересек  адам-
зат» қатынасы әлдеқайда дұрыс.
  Өзін-өзі тексеруге сұрақтар:
   1. Отандық  тұлға теорияларына сипатама беріңіз.
   2. Шетелдік  тұлға теорияларына сипаттама беріңіз.
   Әдебиеттер :
1.Леонтьев А.Н. Деятельность. Сознание. Личность М., 1997
2.Немов Р.С. Общая психология. Кн.1. Спб: питер1990
Столяренко Л.Д. Основы психологии. М., 1997

      Дәріс тақырыбы.  Темперамент.
                         Жоспар.
1. Темперамент туралы жалпы түсінік.
2. Темперамент  физиологиялық негізі.
3. Темперамент  туралы теориялар.
4. Темпераменттің типтері.
   Дәрістің қысқаша мазмұны.
      Темпераменттің физиологиялық негіздерін ғылыми тұрғыдан  дәйекті  етіп
түсіндірген И.П.Павловтың ілімі темпераментті ғылыми  сара  жолға   түсірді.
Соңғы жылдары көрнекті орыс психологы Б.М.Тепловтың  лабораториясында  жүйке
жүйесінің типтері одан әрі зерттеле түсті.  Бұл  зерттеулерде  И.П.Павловтың
жүйке   жүйесінің   төрт   түрлі   типі   туралы   ұғымы   адамдардың   жеке
өзгешеліктерін, әсіресе,  оның  темпераменттерін  анықтауда  ерекше  маңызды
ғылыми теория екені дәлелденді.
             Темперамент жайлы ғалымдардың пікіріне  тоқталсақ:  темперамент
-   жүйке   жүйесінің   тума   қасиеттерінен   туындайтын    адамның    жеке
өзгешеліктерінің  бірі.  Ол  адамдардың  эмоциялық   қозғыштығынан,   қимыл-
қозғалысынан, жалпы белсенділігінен жақсы байқалады.
       Темперамент туралы  алғашқы  ой-пікірлер  ғылымда  өте  ерте  кездің
өзінде-ақ  айтыла  бастады.   Ежелгі   Грецияның  белгілі  ғалымы,   дәрігер
Гиппократтың еңбектерінде бұл жөнінде біраз пікірлер айтылған.  Гиппократтың
ойынша, әртүрлі темпераменттер адамдар  мен  жануарлардың  денесіндегі  төрт
түрлі сұйық затқа байланысты деген. Олар:  денені  жылытып  тұратын  -  қан,
салқындататын - сөл, құрғататын -  баурдағы  сары  өт  және  оған  дымқылдық
беретін қара өт. Осы төрт түрлі  сұйықтың  араласуының  пропорциясын  грекше
«красис», латынша  бұл  терминді  темпераментум  деп  атап  кеткен.  Сөйтіп,
Гиппократ адамдағы темпераменттердің әртүрлілігі  ағзадағы  осы  төрт  түрлі
сұйық заттың бір-бірінен аз- көптілігіне байланысты деп  түсінген.  Мәселен,
қанның пропорциясы көп болса - сангвинник (латынша «сангиус»),  ал  сөл  көп
болса –  флегматик  (грекше  «флегма»),  ал  ағзада  қара  өт  көп  болса  –
меланхолик (грекше «мелай-нехоле»), сары өт  көп  болса  –  холерик  (грекше
«холеот») темпераменті деп аталған.
      Темпераменттің типтері. И.П.Павлов жүйке жүйесінің типтері туралы
ілімі бойынша әртүрлі темперамент өкілдерін былайша сипаттады:
      Сангвинник – эмоциялық қозуы шапшаң, күшті, бірақ тұрақсыз. Оның көңіл-
күйі әп-сәтте  өзгереді.  Ол  -  әсершіл  адам,  ұнатқан,  сүйген  нәрсесіне
елігіп, әуестенуі де оңай. Ақкөңіл, көпшіл, сөзшең, қайырымды.
      Холерик – эмоцияға берілуі шапшаң, сезім күйлері оқыс ауытқып, құмарта
көтеріп  кететін  шыдамсыз,  күйгелек  кісі.   Ол   әп-сәтте   күйіп-піседі.
Ашуланса, бұрқ-сарқ етіп, қызу екпіні сарқылып барып басылады.  Іске  шапшаң
кіріседі,  бастаған  ісін  аяқтап  шығады.  Қимыл   әрекетті   сүйеді,   тез
қозғалады.  Сезімтал  болғандықтан,  түрлі  әсерге  тез   беріліп,   ызақор,
ашуланшақ болады.
      Флегматик – эмоциялық қозуы әлсіз,  көңіл-күйі  байсалды,  желікпейді,
ашуланбайды, орнықты  қалпында  ұзақ  сақталады.  Оның  жадырап  қуануы  да,
жабырқап қайғыруы да қиын. Аз қозғалады,  сылбыр  не  баяу  қимылдайды.  Іс-
әрекеті тиянақты, бастаған ісін  аяқтайды.  Байсалды,  орнықты  келеді.  Өте
сақ, сенімі тұрақты, бір қалыпты, салқынқанды, жай темппен сөйлейді.
      Меланхолик –  эмоциялық  көтерілуі  табанды,  күшті,  тұрақты  болады.
Сыртқы көрінісі әлсіз келеді. Әр нәрседен ауыр әсер алады. Көңіл-күйі  баяу,
жабырқау, сыртқы жағдайдан  сескеніп,  үрейленіп  тұрады.  Кедергі  кездессе
уайымдайды. Өкпелегіш,  сөзге  сараң,  жайбасар  келеді.  Адамдармен  қарым-
қатынасы жоқ, ұялшақ, тұйық.
      уақыт   жетпейді.  Сол    жағдайға     байланысты    мұндай    балалар
пассивті, әрі  оқуда  артта қалушылар  қатарына  қосылып  жатады.
      Зерттеуші   Б.М.Теплов   былай  дейді:  «Темперамент   ерекшеліктеріне
тәуелді  адамдар  іс  -  әрекеттің   соңғы   қорытындысымен   ажыратылмайды,
олардың  қорытындыға  жету   қабілетімен   ажыратылады».  Осы   ойды  дамыту
барысында  психологтар  зерттеу  жүргізді   және   іс  -  әрекетті   орындау
амалымен, темперамент   ерекшелігінің   арасындағы   байланысты   анықтайды.
Әрбір  адамда  қандай да  бір  қызметті  орындауда  қызметтің  жеке  даралық
стилі  өндіріледі. Қызметтің  жеке даралық  стилі  адамда  өздігінен   пайда
 болмайды, ол  оқу, тәрбие  процесінде  қалыптасады.
Өзін-өзі тексеруге сұрақтар:
        1. Темперамент дегеніміз не?

        2. Темперамент типтерін атаңыз.

        3. Темперамент типтеріне психологиялық сипаттама беріңіз.

                       Әдебиеттер:
 1. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993

 2. Алдамұратов Ә. Жалпы психология. А., 1995

 3. Немов Р.С. Психология. М., 1998

 4. Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М., 2000

 5. Столяренко Л.Д. Основы психологии. М., 1997






    Дәріс тақырыбы. Мінез туралы түсінік.
                                           Жоспар.
   1. Мінез туралы түсінік.
   2. Мінез бітістері.
   3. Мінез туралы теориялар.
   4. Мінез типтері.
   5. Мінездің қалыптасуы.
          Дәрістің қысқаша мазмұны.
    Мінез – жеке адамның өзіне тән қылық әрекетінде, тіл қатынасында тұрақты
қалыптасатын дара ерекшеліктерінің жиынтығы. И.Кант  мінезді  темпераментпен
салыстыра отырып, оны адамда жүре пайда болатын қасиет деп анықтады.  Сондай
– ақ, ол адамның даралық қасиеттеріндегі туа пайда болатын ерекшеліктер  мен
жүре  пайда  болатын  ерекшеліктерді   бөліп   көрсетеді.   Адам   мінезінің
қалыптасуы қоғамдық болмыспен, әлеуметтік ортамен  тығыз байланысты.  Осылар
мінездің дамуы үшін шешуші роль  атқарады.  Мінез  өзгермейтін  тума  қасиет
емес, ол өмірде қалыптасады.
      Мінез ерекшеліктері адам қызығушылығымен тығыз байланысты, бірақ  оның
бұл қызығулары мәнді әрі тұрақты болуы шарт. Адам мінезі сан алуан.  Бұл  іс
- әрекетте айқын көрінеді:  біреудің  барша  қимылы  –  шапшаң,  екіншісі  –
асықпайды, бірақ ісі тыңғылықты, үшіншісі – іске  ойланбастан  асым  салады,
кейін  барып  ойланады  да,  жағдайға  қарай  ісін  ретіне  келтіреді.  Адам
мінезінде көрінетін мұндай  ерекшеліктер  –  мінез  бітістері  деп  аталады.
Қандай да  бітіс  әрекет  –  қылықтың  тұрақты,  қайталанып  отыратын  нақты
белгісі.
      Мінез бен темперамент ұқсастығы адамың физиологиялық  ерекшеліктеріне,
яғни  жүйке  жүйесінде  болған   тәуелділіктен.   Мінездегі   ұстамдылық   –
ұстамсыздық  –  ұстамдылық,   қозғалғыштық   –   салғырттық   т.б.   тікелей
темпераментке байланысты. Бірақ  мінез темпераментке түгелдей тәуелді  емес.

      Мінезі тұрақталған адамды темперамент дербес әрекет  көрінісі  болудан
қылып, мінез бітістеріне сай әрекет – қылықтардың  іске  қосылу  динамикасын
айыруға көмектеседі. Мінез құрастырушы  көптеген  қасиеттер  біртұтас,  олар
даралап, шектеуге келе бермейді. Ал  кейбір  қасиеттер:  еріктік,  сезімдік,
ақыл – сапалық адам мінездерінің ерекше құрамды бөліктері  ретінде  таңдауға
келеді. Барша мінез бітістері өзара заңдылықта  байланысқан:  батыр  адам  -
    да табанды:  ашық  адам  –  жайдарлы,  сенімді,  достыққа  тұрақты  т.б.
Қабілетсіз адам болмайтыны сияқты мінезсіз де адам болмайды.  Жаман  болсын,
жақсы болсын, әйтеуір адамда бір мінез бітісі болады.
      Адамның өмір жолы мен әрекетінің сипаты  түрліше  болатындықтан,  оның
мінез бітістерінде басқа біреуде  қайталанбайтын  жеке  ерекшеліктер  көптеп
кездесіп  отырады.  Адамның  сансыз  мінез  бітістерінің  кейбірін   белгілі
топтарға жинақтауға болады. Олар мына  төмендегідей:  Адамның  өзіне  -  өзі
қатынасын білдіретін  мінез  сипаттары  да  осы  топтың  негізгі  бір  жағы.
Бұларға кішіпейілділік, қарапайымдылық, өзін -  өзі  сынай  алу,  талап  қоя
білушілік  және  бұларға  қарама  –  қарсы  өр   көкіректік,   мақтаншақтық,
жасқаншақтық т.б. жатады. Мінез бітістерінің келесі тобын  адамның  өзіне  -
өзі меңгере алу  қабілетіне  орай  қалыптасқан  өзгешеліктері  құрайды.  Бұл
топты мінездің еріктік сапалары немесе мінездің жотасы деп  атайды.  Бұларды
да адамның  жалпы  бағыты  мен  дүниетанымына,  жоғарыда  көрсетілген  мінез
бітістерінің мазмұнынан тыс қарауға болмайды. Сондықтан  да  сотқар  адамның
жөнсіз батылдығы мен мемлекет  мүлкін  тонаушы  ұрының  жылпос  «пысықтығын»
мінездің еріктік сапаларына кіреді деп ойлау шындыққа сай келмейді.
    Мінезде жеке бітістер және сапалармен  қатар  тұлғаның  қоршаған  ортаға
икемдесуін қамтамасыз етуші жалпы қылық тәсілі – мінез  типтернін  ажыратуға
болады. Мінез типін  анықтауда  нақты  адамдар  мінезінің  жалпы  да  мәнді,
өмірлік қажетті тараптары ескеріледі.
      Мұндай   адамдардың   ішкі   жан   дүниесі   дөрекі   қарапайымдылыққа
негізделген:  тіршілік  үшін  болған  әрекет  –  қимылы   тіке,   бірбеткей.
Күнделікті  күйбең  мүдделеріне  жетуде  ойланып-  толғануды  білмейді,   өз
мүдделерін шектей алмайды. Олар үшін кедергі  біреу  –  ақ  –  сыртқы;  ішкі
сапалық,  жандүниелік  қиыншылықтарды  өлшестіруге   ақылы   жетпейді,   бар
көздегені – мол, оңай олжа, бір мезеттік игілік. Бұл адамдардың  барша  ынта
– ықыласы, нақты, қалыпты жағдайды пайдаланумен  қажеттерін  мейлінше  толық
қамтамасыз ету. Ыңғайласу, жағымпаздықпен ішкі  дүниесін  тысқы  жағдайларға
бағындыру – мұндайлардың негізгі мінездік болмысы.
Өзін-өзі тексеруге сұрақтар:
        1. Мінез дегеніміз не?

        2. Мінез бітістері дегеніміз не?

        3. Мінездің құрылымын ашыңыз.

        4. Мінездің қалыптасу механизмін анықтаңыз

                          Әдебиеттер:
              1. Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993

              2. Немов Р.С. Психология. М., 1998

              3. Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М., 2000

              4. Столяренко Л.Д. Основы психологии. М., 1997



   Дәріс тақырыбы.  Қабілет туралы жалпы түсінік.

                         Жоспар.
1. Қабілет туралы түсінік.
2. Жалпы және арнайы қабілет.
3. Нышан және қабілет.
   Дәрістің қысқаша мазмұны.
     Қабілет  қоғамдық  және  жеке  адамдық  зор  мәнге  ие.  Экономика  мен
ғылымның,  өнердің  дамуында  әлеуметтік  объективтік   жағдайлармен   қатар
адамдардың   қабілеттері   де  маңызды  орын   алады     Қабілетті   адамның
жетістігі  —  оның  нервтік  психикалық  қасиеттері  комплексінің  іс-әрекет
талаптарымен сәйкес келуінің нәтижесі болып табылады. Кез  келген  іс-әрекет
күрделі де сан қырлы болып келеді.  Ол  адамның  психикалық  және  физикалық
қуатына әр түрлі талап қояды. Егер жеке  адамда  бар  қасиеттер  жүйесі  осы
талаптарға сай болса, онда іс-әрекетті табысты, әрі жоғары дәрежеде  орындай
алады. Егер осындай сәйкестік болмаса, онда индивидте  қабілет  болмағаны.
Міне, сондықтан қабілетті адамнын  басқа  бір  қасиетімен  (заттың  түстерін
жақсы айыру, пропорцня сезімі, музыкалық есту т. б.)  шатастыруға  болмайды.
 Қабілет  әр кезде де жеее адам  қасиеттерінің  синтезі.  Белгілі  бір  істі
үздік орындауға  мүмкіндік  беретін  адамның  әр  түрлі  жеке  қасиеттерінің
қиысып  келуін,  яғни  адам  қасиеттерінің  синтезін  қабілет  деп   атайды.
Қабілеттіліктің өлшемі-  белгілі  бір  істің  нәтижелі  болып  орындалуында.
Қабілет адамның іс-әрекетінің белгілі  бір  түріне,  өнер  саласының  біріне
жарамдылығын жақсы көрсете алады. Қабілеттің дамуы оны қажет  ететін  қызмет
саласында және әрекетке үйрену үстінде  көрініп  отырады.  Қабілеттің  дамуы
адамда тиісті білім жүйесінің, икемділік  пен  дағдының  болуына  байланысты
болады.
Қабілеттердің   құрылымы  жеке  адамның  дамуына  тәуелді.    Қабілеттердің 
дамуын репродуктивтік және творчестволық деп аталатын екі  деңгейге  бөледі.
 Қабілет  дамуының бірінші  деңгейіндегі  адам  білім  игеруде,  іс-әрекетті
меңгеруде, оны белгілі үлгіде  жүзеге  асыруда  жоғары  іскерлік  көрсетеді.
Қабілеттің дамуының екінші деңгейінде адам жаңа, соны туынды жасай алады.
Қабілеттің дамуы мен көрінісінің ең жоғары деңгейі  «талант»,  «дана»  деген
терминдермен  аталады.  Талантты  және  дана  адамдар  практикада,   өнерде,
ғылымда  зор  қоғамдық  мәні  бар  нәтижелерге  жетеді.  Қабілетті   осындай
деңгейлермен  қоса  оның  бағыт-бағдарына,  мамандық  ерекшеліктеріне  қарай
түрлерге бөлу қажет. Әдетте, психологияда осы  бағытта  жалпы  және  арнаулы
 қабілеттерді  зерттейді.
      Жүйке жүйесінің кейбір  анализаторларының  ерекшеліктері  де  туысынан
 пайда болады. Мұны физиологиялық нышан д.а.
      Физиологиялық нышан қабілеттің дамуында белгілі орын алады. Нышан  көп
 мәнді қасиет, яғни сол нышанға негізделіп,  адам  өмірінің  жан-жақтылығына
 қарай түрлі қабілет қалыптасады. Нышанның ықпалымен қалыптасқан  қабілеттің
 түрін дарындылық деп атаймыз.
      Қабілет адамнан әрекеттің бір  түрімен  айналысуға  мүмкіндік  беретін
 бейімділікте  байқалады.  Бейімділік  пен  қабілет  көп  жағдайларда  бірге
 болады. Себебі адамның бір нәрсеге қабілеттілігі  оның  бейімділігіне  орай
 қалыптасады. Бейімділік-  адамның  белгілі  бір  әрекетпен  айналысуға  бет
 бұрысы, оған көңіл аууы, оянып  келе  жатқан  қабілеттің  алғашқы  белгісі.
 Нағыз бейімділік адамның әрекетке тек құшарлығы  ғана  емес,  оны  нәтижелі
 етіп орындауында.
Өзін-өзі тексеруге сұрақтар:
   1. Қабілет дегеніміз не?

   2. Нышан дегеніміз не?

   3. Қабілеттің түрлерін атаңыз және оларға анықтама беріңіз.

                       Әдебиеттер:
   1. Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993

   2. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993

   3. Немов Р.С. Психология. М., 1998

   4. Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М., 2000


         Дәріс тақырыбы. Еріктің жалпы сипаты.
                              Жоспар.
   1. Ерік туралы түсінік.

   2. Ерік туралы психологиялық теориялар.

   3. Еріктің Физиологиялық негіздері.

   4. Ерік сапалары.

   Дәрістің қысқаша мазмұны.
Адамды  әрекетке  бағыттайтын,  мақсат  қоюға  талаптандыратын  бір   түрткі
болады, мұны психологияда мотив не түрткі д.а.  Кез-келген  түрткі  сан-қилы
қажеттермен тікелей, не жанама  түрде  байланысып  жатады.  Адамды  әрекетке
итермелейтін  негізгі  түрткі-  оның  қажеттіліктері.  Адам  өз  қажеттеріне
байланысты алдына түрлі мақсаттар қояды. Осы мақсаттарды орындау үшін  түрлі
әдіс-амалдар қарастырады. Осының  салдарынан  қимыл-қозғалысқа,  іс-әрекетке
түсіп отырады.
      Ойланып істелетін, алға мақсат қоюды қажет ететін, түрлі  кедергілерді
жеңе білуден көрінетін қимыл-қозғалыстарды психологияда  ерік  амалдары  н/е
ерік д.а.  Сонымен  ерік  дегеніміз  адамның  өз  мінез-құлқын  меңгере  алу
қабілеті.
      Ерік-бұл адамның мақсат қоя отырып  жұмыс орындау барысында  кезіккен
сыртқы немесе ішкі кедергілерді жеңумен байланысты  өз  әрекеттерін  қолдап,
реттей білу қасиеті.
 Ерік адамның практикалық және танымдық әрекетін ретке  келтіруден  көрініп,
соларды жүзеге асырудан тұрады.   Ерік  туралы  эмоциялық  теорияны  ұсынушы
неміс психологы В.Вундт. Оның көзқарасы бойынша, ерік эмоциялық  сезімдердің
тек бір түрі ғана болып табылады. Ерік  ең  күшті  сезімдердің,  аффектердің
ерекше  варианты.  Жағымды  сезімдер  ерікке  негіз  болып,  оларды  тудырып
отырады. Әрине ерікті эмоцияның бір түрі деп айтуға болмайды.  Өйткені  ерік
пайда болу үшін, оған  адамның  түрлі  жағымды  сезімдері  түрткі  болмайды,
керісінше адамның мұқтаждықтары себеп болады. Америка психологы  Джемс  ерік
адамда пайда болған ойдың еріксіз қимылға  айналуы  дейді.  Оның  пікірінше,
адамның  қимыл-әрекеттері  ой  арқылы  өздігінен  қимылға  айналып   кетеді.
Мысалы, адам көзін жұмып  тұрып  екі  қолын  екі  жағына  созып,  бір  қолын
алдына, екінші қолын артына қарай қимылдатса, адамның қолы  өздігінен  біраз
қимылдай бастайды. Немесе адам жіпке бір тасты  байлап,  қолын  созып  жіпке
тізген тасты жай айналдырам деп ойласа, жібі қимылдап өздігінен  айналғандай
болады. Міне, осындайды Джемс ерік әрекеті деп ойлайды.       
Еріксіз  әрекеттердің   физиологиялық   негізі   болып   табылатын   шартсыз
байланыстар тізбегі -  инстинкт  әректі  ырықсыз  орындалады.  Психологияның
табиғи – ғылыми  негіздерін  қалаған  И.М.Сеченов  пен  И.П.Павловтың  ілімі
ерікті әрекеттердің негізі мұндағы материалдық процестер,  сыртқы  әсер  мен
мидың уақытша байланыстары шартты рефлекстер  деп  түсіндіреді.  И.М.Сеченов
ерікті  әрекеттердің  физиологиялық  механизімін  зерттей  отырып,   адамның
ассоциациялық рефлекстердің жиі қайталану жолымен өзінің  қимылдарын  жіктеп
ажыратуға бейімделетіндігін және сол рефлекстер арқылы  қимылдарын  тоқтатын
қабілетерді игеретіндігін дәлелдейді.
         Ерік әрекеттерін  орындауда  адамның  саналы  әрі  мақсатты  қимыл-
қозғалыстарын  ретеуші  екінші  сигналдық  жүйенің  маңызы  орасан.   Екінші
сигналдық жүйе адамның қозғалыс (моторная) қуатын  арттырумен  бірге,  барша
психикалық процестерінің: ойлау, қиял,ес,зейін, сезім-бастау көзі.  Осындан,
ырықты әркет  бас  миі  қабығының  барша  бөліктерінің  біркелкі  қызметінің
нәтижесі ретінде көрінеді.
    Ерік құрылымы. Еріктік әрекеттің орындалу кезеңі өзінің күрделі
құрылымына ие. Шешімнің орындалуы қандай да мерзіммен байланысты. Егер
шешімнің орындалуы ұзақ мерзімге кейін қалдырылса, онда ол ниет қана. Ниет
соңға ысырылған әрекетке дайындық ретінде танылып, шешімге байланысты
көзделген мақсатты білдіреді. Мысалы, оқушы келесі жылдан бастап «бескең
оқуды жоспарлайды, яғни ниет қояды. Мұндай ниет ерікті әрекет жасауға
жеткіліксіз. Бұл әрекетте мақсатқа жетудің жоспарлау сатысын ғана
байқаймыз. Жоспарлау-күрделі ой әрекетімен ұштасқан, қабылданған шешімнің
тиімді әдістері мен құрал-жабдығын іздестіру кезеңі.
Ерік-адамның өз болмысын билей алу қабілеті, өз ұмтылыстары,  сезімдері  мен
құмарлықтарына тоқтам беру қасиеті.
Өзін-өзі тексеруге сұрақтар:
   1. Ерік дегеніміз не?

   2. Еріктің физиологиялық негізін ашыңыз.

   3. Ерік сапаларын атаңыз және оларға анықтама беріңіз.

   Әдебиеттер:
   1. Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993

   2. Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М., 2000

   3. Столяренко Л.Д. Основы психологии. М., 1997

  Дәріс тақырыбы. Эмоция және сезім.
                                                        Жоспар.
     1. Эмоция және сезім туралы жалпы түсінік
     2. Эмоция мен сезімнің ерекшеліктері
     3. Эмоциялар түрлері.
     4. Адамдағы жоғары сезімдер
   Дәрістің қысқаша мазмұны.
       Сезімдер-  адамның  өзіне,  өзге  адамдарға,  айналадағы  заттар  мен
құбылыстарға көңіл – күйінің қатынасын білдіретін  және  оларды  бейнелейтін
психикалық процесс.  Сезім  -  өте  күрделі  психикалық  процестердің  бірі.
Сезімдер адамның тіршілік қажетіне, өзара  қарым-қатынасына  байланысты  сан
алуан формаларда көрінеді. Адам сезімдері тарихи әлеуметтік сипатта  болады.
Демек, Адамның өмірі қоғамға байланысты, оның  әрекеті  де  қоғамдық  саналы
әрекет.
       Эмоция  -  адамның  органикалық  мұқтаждықтарын  қанағаттандыру   мен
қанағаттандырмауға байланысты туатын психикалық күйлер. Эмоцияларды  бірнеше
топқа жіктеуге болады. Оардың бір тобы – жағымды, не  ұнамды  эмоциялар  деп
аталады.
      Адамның шамадан тыс зорлануын  психологияда  стресс  –  (  «стресс»  -
ағылшын сөзі, шамадан тыс зорлану  деген  мағына  береді)  деген  терминімен
белгілейді. Күрделі эмоциялардың бірі – көңіл. Кейпіне қарап адамдарды  шат,
жайдары, жылы жүзді,  ызалы,  түсі  суық  деп  ажыратады.  Адамның  көңіліне
айналасын қоршаған дүние әсер етіп  отырады.  Көңіл  –  күй  деп  –  біршама
бәсең, бірақ әжептәуір ұзағырақ, психикалық  процестер  мен  адамның  барлық
мінез – құлқында көрінетін  жалпы  эмоциялық  жағдайларды  айтады.  Аффектер
дегеніміз – қысқа уақытқа созылса да бұрқ етіп,  қатты  көрінетін  эмоцияның
бір түрі. Аффектілік жағдайдың  тууы  ми  қыртысында  күшті  қозу  бөлігінің
болуымен байланысты.
Адамгершілік сезімдер:  достық,  жолдастық,  адалдық,  ар  –  намыс,  борыш,
жауапкершілік, т. б. Интеллектік сезімдер: тану  процестерімен,  ақыл  –  ой
әрекетімен байланысты білуге құмарлық,  күдіктену,  сенімділік,  жаңашылдық,
болжау.  Эстетикалық  сезімдер:  адамның  шындықтағы  қандай  болмасын   бір
сұлулықты сезінуі.
       1)  Сүйіспеншілік  сезім.  Бұл  достық  сезімге   жақынырақ.   Шынайы
сүйіспеншілік  –  адамды  шаттандыратын  тамаша  сезім,  ол   парасаттылықты
арттыруға септігін тигізеді,  адамды  тек  сүйікті  адамы  үшін  ғана  емес,
сондай – ақ басқа адамдар бақытты болуы үшін ерлік жасауға шақырады.
      2) Эстетикалық сезім дегеніміз – адамның  шындықтағы  қандай  болмасын
бір сұлулықты сезінуі. Бұл текті сезімдер сұлу, сымбатты,  өмірге  үйлесімді
әсем нәрселерден ләззат алуы кезінде байқалады.
       3)  Интеллектік  сезімдер  адамның  тану  процестерімен,  ақыл  –  ой
әрекетімен  тығыз  байланысып  жатады.   Интеллектік   сезімнің   түрлеріне:
таңсықтау, білімге құмарлық, күдіктену, сенімділік, интуиция, болжау, т.  б.
сезімдер жатады.
      Өзін-өзі тексеруге сұрақтар:
   1. Эмоция дегеніміз не?

   2. Сезім дегеніміз не?

   3. Адамдағы жоғары сезімдерді атаңыз

   4. Аффект дегеніміз не?

   5. Стресс дегеніміз не?

   6. Құмарлық дегеніміз не?

   Әдебиеттер:
   1. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993

   2. Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М., 2000

   3. Столяренко Л.Д. Основы психологии. М., 1997


        Дәріс тақырыбы.  Мектепке дейінгілердің психикасының дамуы.
                                        Жоспар.
1. Мектепке дейінгілердің психикалық дамуының негізгі тенденциялары.
2. Мектепке дейінгі кезеңдегі жетекші іс-әрекет ойын ретінде.
3. Мектепке дейінгі жастағы бала психикасындағы жаңа құрылымдар.
   Дәрістің қысқаша мазмұны
   Мектепке  дейінгі  кезең  (3-6  жас)  дейін  созылады.  Қазіргі   кездегі
психикаға деген көзқарастар бір бағытта емес.  Шетел  психологиясы,  отандық
психологтарының   кейбір   ұстанымдарында   айырмашылықтар   бар.    Отандық
психологияда  психиканың  дамуының  екі  бөлігін  ажыратып  көрсету.  Мектеп
жасына  дейінгі  балалардың  қабылдауының  дамуы  туралы  айтқан  кезде  біз
бағдардың даму  құралдары  және  тәсілдері  жөнінде  айтамыз.  Л.А.Венгердің
көрсетуі бойынша  осы  кезеңде  сенсорлық  эталондар  пайда  болады.  Эталон
дегеніміз – адамзат мәдениетінің жетістіктері, сол арқылы біз  дүниені  тани
аламыз. Эталондарды меңгеру нәтижесінде қабылдау процесі тікелей сипатқа  ие
болады.
   Қоғамда қалыптасқан эталондарды  меңгеру,  балалардың  ойлауының  сипатын
өзгертеді,  осы   кезеңнің   аяғында   эгоцентризмнен,   децентрацияға   өту
байқалады.
   Есте сақтау сапасы – баланың осы  материалға  деген  қызығушылығына  және
белсенділігіне байланысты болады. Төрт-бес жаста  балаларда  есте  сақтаудың
ырықты формалары қалыптаса бастайды. Оның қалыптасуында ойынның маңызы  зор.

   Баланың қиялы ойын барысында қалыптасып, басқа іс-әрекет  түрлеріне  әсер
етеді. Үш-төрт жастағы  балалар  ойын  барысында  бір  затты  екінші  затпен
алмсатырады және олардың арасында ұқсастық  бар.  Ересек  жастағы  балаларда
қиял алмсатырылатын заттарға, ұқсамауы мүмкін. Интериоризация  пайда  болады
– яғни шындықтағы затпен, ойын іс-әрекеті барысында әрекет жасайды.
   Сонымен  психикалық  дамудың  бірдей  жас  шағы   кезеңіндегі   балаларды
біріктіретін негізгі  психологиялық  белгілер  –  олардың  қоршаған  дүниеге
көзқарасы,  олардың  қажеттері  мен  қызығулары  және  осы  қажеттілік   пен
қызығулардан туындайтын бала іс-әрекетінің түрлері. Сондықтан бұлардың  бәрі
негізгі  жетекші  іс-әрекет  арқылы  дамиды.  Мектепке  дейінгі  бала   үшін
негізгі жетекші іс-әрекет – ойын болып табылады.
    Ойын  –  мектеп  жасына  дейінгі  баланың  жеке  басының  дамуына  ықпал
тигізетін жетекші, басты құбылыстың бірі. Ойын  арқылы  бала  қоршаған  орта
мен құбылыстардың ақиқат сырын  ұғынып,  еңбек  дағдысына  үйрене  бастайды.
Ойын  баланың  психикасында  сапалық  өзгерістер  туғызады.   Ойын   Ойынның
түрлері,   оларға   жалпы   сипаттама.   Ойынның   шығуының,    құрылымының,
функциясының,  тарихи  -  әлеуметтік  сипаты.  Шетелдік  психологияда   ойын
теорияларына сынай талдау ( К.Гросс, С.Холл, В.Штерн, Г.Спенсер, К.Бюлер  ).
Отандық психологияда ойын іс-әрекетінің мәселелері. Сюжетті рольдік  ойынның
пайда болуы.  Баланың  психикалық  дамуымен  қалыптасуындағы  ойынның  ролі.
Мектеп  жасына  дейінгі  шақтағы  негізгі  психологиялық   жаңа   құрылымдар
Д.Б.Эльконин бойынша.
 Өзін - өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1.  Мектепке  дейінгі  шақтағы  баланың   психикалық   даму   ерекшеліктерін
 қаратырыңыз.
2. Мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының қалыптасуы.
3.  Ерте  сәбилік  шақ  пен  мектепке  дейінгі  шақтағы  баланың  психикалық
 дамуының салыстырмалы сипаттама беріңіз?
   Әдебиеттер:
1.  Педагогикалық   және   жас   ерекшелігі   психологиясы.   А.В.Петровский
 редакциясымен. А,1987 ж.
2. Солодилова О.П. Возрастная психология – в вопросах и ответах. М, 2005 ж.
3. Обухова Л.Ф. Возрастная психология. М, 1977ж.
4. Обухова Л.Ф. Детская психология: теории, факты. Проблемы. М,1995ж.
5. Мухина В.С. Тетская психология. М, 1985 ж.
6.  Хрестоматия  по  возрастной  и   педагогической   психологии.   Под.ред.
 И.И.Ильясова, В.Ляудис. М, 1981 ж.

  Дәріс тақырыбы. Бастауыш мектеп жасындағылардың психикалық дамуы.
                                         Жоспар.
1. Кіші оқушының психологиялық сипаты.
2. Бастауыш сынып оқушыларының анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері.
3. Бастауыш сынып оқушысының оқу іс-әрекеті.
Дәрістің қысқаша мазмұны
       Кіші  оқушылардың  оқуға   недәуір   мүмкіншілігі   бар.   Егер   осы
   жастағылардың негізгі
әрекеті бұрын ойын болып келсе, оқуға кіргеннен  кейін  оқу  қызметі  шешуші
   роль
атқарады. Сөйтіп, оқу негізгі қызметке айналып,  баланың  психикалық  дамуын
   билейтін
болады. Осыған орай баланың  психикалық  дамуы  ірі  өзгерістерге  ұшырайды.
   Өзгерістерге
ұшырауының себебі ойынға қарағанда  оқу  талабының  бала  үшін  қиындығында.
   Сонымен
қатар оқуға жаңа түскен бала кластағы құрбыларымен қатынас жасап, осының
нәтижесінде өзінің психикалық байлығын  дамытып,  жаман  –  жақсыны  ажырата
   бастайды.
     Алғашқы уақытта мектептегі жаңа жағдайға әлі  бейімделе  алмағандықтан,
оқу  үстінде  мынандай  қиыншылықтар  кездеседі:  1)  бала  мектеп  режиміне
бейімделе алмай қиналады (ерте ояну, сабақты жіберуге болмайды, тыныш  отыру
сабақта, үй тапсырмаларын орындау  т.б.),  осының  нәтижесінде  тез  шаршауы
ықтимал; 2) мұғалімнің өзіне тән мінезіне  және  құрбыларымен  қалай  қарым-
қатынас жасауға үйрене алмағандақтан  бала  қиналады;  3)  бірінші  кластағы
көптеген оқушылар оқу жылының  ортасына  таман  сезіне  бастайды.  Алғашында
бірінші класта оқушыларға қойылатын  талаптар  тым  жеңіл  келеді,  орьасына
қарай  тапсырмалар  қиындай  түседі.  Сондықтан   тапсырманы   баланың   жас
ерекшелігін ескеріп ұйымдастыру керек.
       Бұл жаста дененің барлық органдары мен ткаьдарында елеулі  өзгерістер
болады. Бұлшық  еттері  мен  шеміршектері  және  сүйектері  недәуір  нығайып
қалады. Қол  бармағының  нығаюы  (сүйектенуі)  9-10  жаста  қалыптасады,  ал
табаны 10-11 жаста сүйектеніп бітеді. Осының нәтижесінде кші оқушының  10-11
жасқа толғанша жазуға тез  болдырып,  қиналады.  Сондықтан  бастауыш  мектеп
жасындағыларды  жазба  жұмысымен  көп  айналыстыруға  болмайды.  7-8  жастың
арасында бала жылына 2,5 кг-дай салмақ қосады. Биіктігі жылына 5  см  өседі.
Бұл кезде әсіресе  кеудесі  көтеріліп,  жүрегімен  тыныс  органдары  недәуір
қалыптасып қалады. Жүрегінің соғуы 84-9-ға барады (ересек  70-72  жиілігімен
соғады). Бас миының салмағы (7-11 жастқа дейін 1000-1400  гр)  дейін  өседі,
әсіресе  маңдай  бөлігі  ой  мен  сөйлеудің   орталығы   болғандықтан   оның
қалыптасуы балада ақыл-ойдың кеңінен өріс алуына мүмкіндік береді. Қозу  мен
тежелу процестерінің өзара қатынасы өзгереді.
    Осылайша, мектеп  жасына  дейінгі  балаларға  қарағанда  бастауыш  класс
оқушыларының скелет-бұлшық ет жүйесі  едәуір  қатаяды,  жүрек-тамыр  қызметі
салытырмалы түрде тұрақтанады жүйкенің қозу және тежелу  процестері  көбірек
тепе-теңдікке ие болады.
     Оқу ісі мазмұнының ерекше өзгешеліктері болады:  оның  негізгі  бөлігін
ғылыми  ұғымдар,  ғылым   заңдары   және   соларға   сүйенетін   практикалық
міндеттерді шешудің жалпы  тәсілдері  құрайды.  Тек  оқу  қызметінде  ғылыми
білімдерді және соларға  сәйкес  іскерліктерді  игеру  негізгі  мақсат  және
қызметтің басты нәтижесі ретінде байқалады.
     Оқу іс-әрекетінің құрылымы: 1) оқу  ситуациялары  (немесе  міндеттері);
2) оқу әрекеті; 3) бақылау; 4) бағалау.
     Бастауыш  мектеп  жасындағылардың  танымдық   әрекеттерінің   өрістеуі.
Зейіннің дамуы және зейінділігі. Қабылдау мен  бақылампаздығының  артуы.  Ес
процесінің  дамуы.  Ойлауының  дамуы  және  ақыл-ой  әрекеттерін   өрістету.
Қиялының дамуы. Ауызша сөйлеуі мен жазбаша  сөзінің  және  үнсіз  сөйлеуінің
дамуы. Олардың психикалық дамып жетілуінде сөйлеу әрекетінің ролі.
      Бастауыш мектеп жасындағылардың жеке басының дамуы. Өзгелермен  қарым-
қатынасында мінез-құлықтың өзгеруі.  Құрбылармен  және  өзара  қарым-қатынас
жасау ерекшеліктері.  Жалпы  және  арнайы  қабілеттерінің  көрінуі.  Олардың
дүние танымының дамуы мен өзіндік ерекшеліктері.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
    1. Мектепке баруға байланысты баланың дамуының әлеуметтік жағдайларының
       өзгеруіне түсінік беріңіз.
    2. Танымдық сферасының қалыптасуы.
    3. Бастауыш мектеп шағындағы жаңа құрылымдарға анықтама беріңіз.

Дәрістің тақырыбы.   Жеткіншектердің психикалық дамуы.
                                Жоспар.
   1. Жеткіншек психикасының дамуының сипаты .
   2.    Жеткіншект    жастағы     организмнің     анатомиялық-физиологиялық
      ерекшеліктері.
   3. Жеткіншек кезеңдегі «дағдарыс».
 Дәрістің қысқаша мазмұны
        Жеткіншектік  кезеңнің  баланың  дамуындағы  ерекше  орны  «өтпелі»,
«бетбұрыс»,  «қиын»,  «ауысу  жастары»,  «сыналатын»  деп  атайды.  Балалаық
шақтан  ересектікке  өту  осы   кезеңдегі   дене,   ақыл-ой,   адамгершілік,
әлеуметтік  дамудың  барлық  жақтарының  негізгі  мазмұны  мен   өзіне   тән
ерекшелішгі  болып  табылады.  Барлық  бағыттарда  сапалық  жаңа  құрылымдар
қалыптасады,  организмнің  сана-сезімнің,  үлкендермен  және   жолдастарымен
қарым-қатынастың,   олармен   әлеуметтік   өзара   іс-әрекет    әдістерінің,
мүдделердің, танымдық және оқу іс-әрекетінің, мінез-құлыққа,  іс-әрекет  пен
қарым-қатынасқа арқау болатын моральдық-этикалық нормалар  мазмұнының  қайта
құрылуы нәтижесінде ересектік элементтері пайда болады.
   Жеткіншектің жеке  басы  дамуының  аса  маңызды  факторы  –  оның  өзінің
ауқымды әлеуметтік белсенділігі; ол  белгілі  бір  үлгілер  мен  игіліктерді
игеруге, үлкендермен  және  жолдастарымен,  ақырында  өзіне  қанағаттанарлық
қарым-қатынас орнатуға бағытталады.
   Жеткіншектік кезеңнің маңыздылығы адамның  жеке  басының  моральдық  және
әлеуметтік негіздері  қолданады  және  олардың  қалыптасуының  жалпы  бағыты
белгіленеді.  Жеткіншектік кезең қиын әрі сыналатын кезең деп саналады
       Жеткіншектің  дамуындағы  биологиялық   фактор   проблемасы   баланың
организмінде нақ осы  шақта  түбегейлі   өзгерістердің  болуынан  туындайды:
дене  күшінің  дамуында  жаңа  кезең  басталып,  жыныстық   жетілу   процесі
өрістейді. Организмнің  қайта  құрылуы  эндокриндік  жүйедегі  өзгерістерден
басталады. Гипофиздің, әсіресе оның алдыңғы бөлігінің қызметі  күшейеді,  ал
мұның гормондары талшықтардың өсуіне және  ішкі  секрецияның  басқа  да  өте
маңызды бездерінің (қалқан жыныс, бүйрек үсті бездерінің) қызметіне  қолайлы
жағдай  жасайды.  Олардың   қызметі   жеткіншектің   организмінде   көптеген
өзгерістер  туғызады  (жыныс  органдарының  дамуы   және   екінші   жыныстық
белгілердің  көрінуі),  соның  ішінде  неғұрлым  анық  көрінетін  өзгерістер
туғызады. Бұл процестер қыз  балаларда  11-13  жаста,  ер  балаларда   13-15
жаста неғұрлым жедел жүреді.   Дене күшінің толысуы мен  жыныстық  жетілудің
акселерациясы байқалып отырған қазіргі уақытта кейбір қыз балалар 10-11,  ер
балалар 12-13 жаста жыныстық жетілудің  бастапқы  сатысында  болады.  Бойдың
ұзаруы,  салмақтың  артуы,  кеудк  клеткасы  шеңберінің  өсуі-  жеткіншектік
шақтағы  дене  толысуының  өзіне  тән  жағдайлары,  бұлар  күрт  өсу   деген
терминмен белгіленеді. Дененің пропорциясы  ересек  адамға  тән  пропорцияға
жақындайды.
     Жеткіншектің организмінде болатын елеулі  өзгерістер  ұзақ  уақыт  бойы
осы кезеңдегі жеткіншектер ерекшеліктері мен дамуының сыналу  құбылыстарының
биологиялық шарттастығы туралы әр түрлі теориялар негіз  болды.  Аффектілік-
қажеттіліктер  сферасының  дамуы.  Қарым-қатынастағы      Жеткіншектің  жеке
басының қалыптасуы. Өнегелік сенімдер, олардың қалыптасуы. Сана  сезімдердің
дамуының басталуы, оның негізігі заңдылықтары.  Талпыну  деңгейі.  Жеткіншек
жасына өтудің алғы шарттары.
Өзін-өзі тексеруге сұрақтар:
   1.Отандық және шетел психологиясындағы жеткіншек проблемасы.
   1. Жеткіншек шақтағы жаңа құрылымдарға анықтама беріңіз.
   2. Жеткіншектің  үлкендермен  қарым-қатынасының  жаңа  типінің  қалыптасу
      қиыншылықтарына сипаттама беріңіз.
Әдебиеттер:
   1. Кон И. Психология старшеклассника. М., 1982.
   2. Особенности обучения и психического  развития  школьников  13-17  лет.
      Под.ред. И.Дубровиной.
     3. Солодилова О.П. Возрастная психология. М., 2005

Дәріс тақырыбы. Балаң жас психологиясы.
                          Жоспар.
   1.Жоғары сынып оқушысының әлеуметтік-психологиялық сипаттамасы.
   2.Оқу және еңбек іс-әрекеттерінің ерекшеліктері.
   3.Жасөспірімдік шақ теориялары.
   Дәрістің қысқаша мазмұны
   Жеткіншек жасынан, ересек жасына өту  –  жас  өспірімдік  шақтың  өзіндік
өмірге дайындығы депте айтуға  болады.  Осы  кезең   бұл  жастың  дамуындағы
әлеуметтік ситуацияны анықтайды.  Жас  өспірімдік  шақ  бала  мен  ересектің
арасындағы  аралық  жағдайда  болады.  Баланың  жағдайы   оның   ересектерге
тәуелділігімен сипатталады, бұлар оның өмірлік іс-әрекетінің  басты  мазмұны
мен бағытын белгілейді.
   Өмір әрекетінің дамумен алғашқы жастық жасөспірімдік  шақта  сандық  және
сапалық өзгерістер болады. Көбірек ересектік рөл салдарынан  өзбеттілік  пен
жауапкершілік пайда болады.  16  жасты  паспорт  алады.  18  жасында  сайлау
құқығы мен некелесуге мүмкіндік алады. Жасөспірім қылмысты істер үшін  жауап
беретін болады.  Көпшілігі  бұл  жаста  еңбек  қызметін  бастайды.  Бәрі  де
мамандық таңдау туралы және т.б. ойлайды. Жасөспірімде ересектер  статусының
элементтерімен  қатар   оның   жағдайын   баланың   жағдайына   жақындататын
тәуелділік  белгілері  әлі  сақталады.  Материалдық  жағынан  жоғары   сынып
оқушысы ата-ананың  қамқорлығында  болады.  Бұл  жастың  хронологиялық  шегі
психологияда әртүрлі анықталады. Жоғары сынып жасы 15-18, кеш  жастық  18-23
дейін.  Әлеуметтік  есею   міндеттері,   әлеуметтік   ситуацияның   дамуының
анықталуы бүкіл жастық шағына тарайды. Жасөспірімдік шақтың аяғында  адамның
дене процесінің бітімі пісіп жетіледі. Бұл кезеңнің психологиялық мазмұны  -
өзіндік сананың  дамуы,  кәсіби  өзіндік  анықталуы  және  ересектік  өмірге
енуімен сипатталады. Танымдық және кәсиби қызығушылықтар қалыптасады,  еңбек
қажеттілігі, өмір сүру жоспарын құру қабілеттелігі,  қоғамдық  белсенділігі.
Бұл жаста онтогенездегі үлкендерге  тәуелділікті  жеңіп,  жеке  өз  беттілік
пайда болады. Бұл  жас  кезеңі  –  адамгершілікті  сезіну,  идеал,  бағалау,
дүниетанымы,  жеке  сананың   қалыптасуы.   Барлық   психикалық   процестері
тұрақтанады, жеке адам болып қалыптасады.
   Жасөспірімдіктің  көптеген  теориялары  бар.  Биологиялық  теориялар  нақ
өсудің биологиялық процестері басқаларының бәрінен басым болады деген  оймен
жасөспірімдікті  алдымен  организм  эволюциясының  белгілі  бір  кезеңі  деп
қарайды.  Психологиялық  теориялар  психикалық  эволюцияның  заңдылықтарына,
ішкі  дүние  мен  өзін-өзі  ұғынудың   тән   сипаттарына   назар   аударады.
Психоаналитикалық теориялар жасөспірімдікті психосексуалдық дамудың  белгілі
бір  кезеңі  деп  біледі.  Көрсетілген  теориялар  жасөспірімдікті   алдымен
индивид немесе жеке адамның дамуы ретінде ішкі процесс  тұрғысынан  қарайды.
Бірақ бұл даму әртүрлі әлеуметтік және мәдени ортада  әркелкі  болып  өтеді.
Жасөспірімдіктің  социологиялық  теорилары   оны   алдымен   социализацияның
белгілі бір кезеңі, тәуелді балалықтан  ересектің  дербестікте  жауапты  іс-
әрекетіне көшу деп қарайды. Зерттеушілер адам  меңгеруге  тиісті  әлеуметтік
рөлдерге, оның бағалаушылық бағдарларының қалыптасуына,  еңбек  өміріне  аяқ
басумен  байланысты  проблемалаларға  назар  аударады,  яғни  индивидтік   –
психологиялық проблемалар әлеуметтік проблемалародан шығарылады.
   Балаң жастағылардың оқу іс-әрекеті, олардың өзіндік санасының дамуы. Өзін-
өзі бағалау мен өзгелерді  бағалауы.  Бейімділігі  мен  қабілеттерінің  даму
ерекшеліктері.  Ақыл-ой   әрекеттерінің   жүйесі   мен   теориялық   ойлауын
қалыптастыру. Балаң жастағы достық пен  махаббат.  Құрбы-құрдастарымен  және
үлкендермен  өзара  қатынастарының  дамуы.  Мамандық  таңдауда  әсер  ететін
факторлар қатары. Қоғамдық пайдалы  еңбекпен  шұғылдануы,  оның  нәтижесінде
мамандық таңдауға ынта-ықыласының тууы.  Балаң  жастарды  мамандық  таңдауға
даярлау.
    Балаң жастағы оқушылардың  танымдық  процестерінің  даму  ерекшеліктері.
Сана-сезімнің оянуы, білім алуға құштарлығының артуы,  әр  нәрсенің  байыбын
түсіне білуі. Психикалық дамуын жетілдіре  түсуге  әсер  ететін  субъективті
және объективті факторлар.
   Өзін-өзі тексеруге сұрақтар:
   1. Жоғары сынып оқушысының әлеуметтік-психологиялық сипаттамасы.
   2. Оқу және еңбек іс-әрекеттерінің ерекшеліктеріне тоқталыңыз.
   3. Құрдастарымен және ересектермен қарым-қатынастарына сипаттама беріңіз.
Әдебиеттер:
 1. Солодилова О.П. Возрастная психология. М., 2005
2.  Педагогикалық  және   жас   ерекшелігі   психологиясы.   А.В.Петровскиий
редакциясымен, А., 1987ж. 67б.
3. Кон И.С. Психология ранней юности. М., 1989
4. Кон И.С. Психология старшеклассника. М., 1982


3 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРЫ


Тәжірибелік  1. Психология пәні, міндеттері және зерттеу әдістері.
Мақсаты:    психология   пәнін   және   зерттеу   әдістерінің    ерекшелігін
студенттердің қаншалықты меңгергеніне қарай бағалау.
                        Жоспар:
Психология – психика және психикалық құбылыстар жайлы ғылым. Психология
ғылымының салалары. Психологияның басқа ғылымдармен байланысы.
Әдістемелік нұсқау: Тақырыпты қарастыру барысында , психология ғылымының
пәніне, зерттеу объектісіне, мақсат міндеттері. Психикалық құбылыстардың
классификациясына (психикалық процестер, психикалық кейіп (қалып),
психикалық қасиеттер) тоқталу. Психологияның пәнаралық байланысын
түсіндіру.
Әдебиеттер.
   1. Тәжібаев Г.  Жалпы психология. 120-144беттер.
   2. Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993. 97-115 беттер.
   3. Алдамуратов Ә. Жалпы психология. А., 1995.- 31-37 беттер.
   4. Немов Р. С.  Психология. 165-180 беттер.
   5. Рубинштейн Л. С. Основы психологии. 177-220 беттер.

Тәжірибелік 2. Психика және сана.
Мақсаты: Психика, адам санасының  пайда  болуы  және  дамуы  туралы  түсінік
беру.
                                  Жоспар:
  Адамның  жоғары  жүйке  жүйесінің  құрылысы,  қызметі.  Жүйке  клеткасының
құрылысы. Талдағыштар, оның құрылымы. Мидың анализдік-синтездік қызметі.  Ми
және психиканың байланысы. Адам және жануарлар  психикасын  салыстыру.  Адам
санасының пайда болуы мен дамуы. И.М.Сеченов және И.П.Павловтың   психиканың
шартты-рефлекторлы сипаттамасы.
   Әдістемелік  нұсқау:  Тақырыпты  қарастыру  барысында   мидың   қүрылысы,
қызметіне  тоқталу.  Адам  санасының  пайда  болуы  мен  дамуына   сипаттама
беріңіз.
Әдебиеттер:
  1. Жарықбаев Қ. Психология.А.,1993.-42-47 беттер
  2. Алдамұратов Ә. Жалпы психология. А.,1995.-16-21 беттер.
  3. Рубинштейн Л.С. Основы общей психологии. М.,2000.134-160 беттер.
  4. Немов Р.С. Психология. Т1.-М.,1998.-132-145 беттер.
  5. Ананьев Б.Г. Избранные психологические труды. В 2-хт .Т1.- Москва,1980

Тәжірибелік 3.    Қарым-қатынас туралы түсінік.
Мақсаты: Қарым – қатынас, қарым – қатынас құралы туралы түсінік беру.
Жоспар:
Қарым – қатынас туралы түсінік. Қарым – қатынас құралы.  Адамның  психикалық
дамуындағы қарым – қатынастың рөлі. Қарым – қатынастағы кедергілер. Қарым  –
қатынасты дамыту.
Әдістемелік  нұсқаулық:  Семинар  сабағына  даярлануда  қарым  –   қатынасқа
анықтама бере отырып,  оның мазмұнын, құралдарын,  тәсілдерін  ашып  көрсету
керек.   Қарым  –  қатынас   түрлерін   (көпшілік,   іскерлік,   вербальдық,
вербальдық емес, жеке  өзара  достық)  нақты  мысалдармен  түсіндіру  керек.
Қарым – қатынастың адам үшін қажеттілігін және  оның  психикалық  дамуындағы
рөлін ашып көрсету керек. Қарым –  қатынастағы  кедергілер  және  оны  ретке
келтіру тәсілдері мен жолдарына тоқталу қажет.  Қарым  –  қатынас  құрылымын
(коммуникативті, интерактивті, перцептивті) сипаттау керек.
Әдебиеттер:
   1. Столяренко Л. Д. Основы психологии. М., 1997. 71-73  беттер.
   2. Немов Р.С. Психология. Т.1. М., 1998. 424-432 беттер.
   3. Бороздина Г.В. Психология делового общения. М., 2001. 9-49 беттер.
   4. Кричевский Р.Л. Психология малой группы. М., 1992.

Тәжірибелік 4.  Топ және ұжым.
   Мақсаты: топ және топтардың түрлері туралы түсінік беру.

                                                  Жоспар:
Топ және ұжым туралы түсінік. Топтың жеке адамға жағымды әсері. Топтың  жеке
адамға жағымсыз әсері. Адамдардың бір – біріне қабылдауы және түсінуі.  Жеке
адамның топта өзін ұстауы. Ұжым және  оның  негізгі  белгілері.  Лидер  және
жетекшілік стилі.
Әдістемелік нұсқаулық: Тақырыпты топ және ұжымға  анықтама  беру  және  оның
түрлерін сипаттама беріңіз. Ұжым мен топтың айырмашылығына тоқталу қажет.
Әдебиеттер:
1.Столяренко Л. Д. Основы психологии. М., 1997. 71-73  беттер.
2.Немов Р.С. Психология. Т.1. М., 1998. 424-432 беттер.
3.Бороздина Г.В. Психология делового общения. М., 2001. 9-49 беттер
4.Кричевский Р.Л. Психология малой группы. М., 1992.

Тәжірибелік 5.  Зейін туралы түсінік.
Мақсаты: зейін және зейіннің түрлері, қасиеттері  туралы түсінік беру.

                               Жоспар:
Зейін туралы түсінік. Зейіннің  атқаратын  қызметі  және  түрлері.  Зейіннің
физиологиялық механизмдері.  Зейіннің  негізгі  қасиеттері.  Зейін  түрлерін
топтастыру негіздері. Зейін  және іс-әрекет. Зейіннің дамуы.
Әдістемелік нұсқаулық: Тақырыпты қарастыру барысында іс-әрекеттің  түрлеріне
сипаттама беру. Зейін туралы түсінік, зейіннің турлері мен қасиеттерін  ашып
көрсету.
                                 Әдебиеттер:
        1. Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993
        2. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993
        3. Немов Р.С. Психология. М., 1998

Тәжірибелік 6.  Түйсік туралы түсінік.
Мақсаты:  түйсік  және  түйсіктің   қасиеттерін   студенттердің   қаншалықты
меңгергеніне қарай бағалау.
                                 Жоспар:
Түйсіктің  қасиеттері.  Абсолюттік  сезгіштік.   Сезгіштін   табалдырықтары.
Сенсорлық бейімделу туралы түсінік. .Сенсибилизация. Синестезия.
 Әдістемелік нұсқаулық :Тақырыпты қарастыру барысында түйсіктің түрлері мен
 қасиеттеріне жалпы сипаттама беру. Түйсік заңдылықтарына тоқталу.
   Әдебиеттер:
   1. Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993

   2. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993

   3. Немов Р.С. Психология. М., 1998

   4. Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М., 2000

Тәжірибелік 6.  Қабылдау.
Мақсаты: қабылдау  және  қабылдаудың  қасиеттерін  студенттердің  қаншалықты
меңгергеніне қарай бағалау.
                                 Жоспар:
Қабылдаудың  негізгі  қасиеттері.  Кеністікті  қабылдау.  Уақытты  қабылдау.
Көлемді,  қозғалысты қабылдау.
Әдістемелік нұсқаулық :Тақырыпты қарастыру барысында қабылдауға анықтама
беру және оның физиологиялық механизмін және қабылдаудың қасиеттерінің
ерекшеліктеріне тоқталу.
   Әдебиеттер:
   1. Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993

   2. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993

   3. Немов Р.С. Психология. М., 1998

   4. Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М., 2000

Тәжірибелік 7. Ес туралы жалпы түсінік.
Мақсаты:  ес түрлерін  және  естің  дара  ерекшеліктерін  студенттер  қандай
деңгейде меңгергендігін тексеру.
                Жоспар:
1.Ес туралы жалпы түсінік.
2.Ес процестері. Олардың сипаттамасы.
3.Ес түрлері.
4.Естің дара ерекшеліктері.
Әдістемелік нұсқаулық :Тақырыпты қарастыру барысында еске анықтама бере
отырып, естің түрлеріне сипаттама беру. Естің процестеріне тоқталу.
   Әдебиеттер:
   1.Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993

   2.Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993

   3.Алдамұратов Ә. Жалпы психология. А., 1995

   4.Немов Р.С. Психология. М., 1998

   5.Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М., 2000

Тәжірибелік 8. Ойлау туралы жалпы түсінік.
Мақсаты:   ойлаудың   түрлерін   және   сөйлеу   мен   ойлаудың   байланысын
студенттердің жан-жақты меңгергендіктерін бақылау.
                                  Жоспар:
1.Ойлау түрлері және олардың ерекшеліктері.
2.Адамның шығармашылық ойлауын қамтамасыз ететін факторлар.
3.Сөйлеу және тіл.
4.Сөйлеу және ойлаудың байланысы.
Әдістемелік нұсқаулық: Тақырыпты  қарастыру  барысында  ойлау  мен  сөйлеуге
анықтама бере отырып оның түрлетірен  сипаттама  беру.  Сөйлеу  және  қарым-
қатынас, сөйлеу және ойлаудың байланысын ашып көрсету.
   Әдебиеттер:
   1.Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993
   2.Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993
   3.Алдамұратов Ә. Жалпы психология. А., 1995
   4.Немов Р.С. Психология. М., 1998

Тәжірибелік 9. Психологиядағы тұлға туралы түсінік .
Мақсаты:   психологиядағы   тұлға   мәсселесін   студенттердің    қаншалықты
меңгергеніне қарай бағалау.
                                  Жоспар:
1.Тұлға психологиясының методологиялық мәселелері.
2.Тұлға теориялары және оқытудың негізгі деңгейлері.
3.Тұлға теориялары.
4.ХХ ғасырдың 80-90 жылдарындағы жеке тұлға мәселесінің даму психологиясы.
Әдістемелік нұсқаулық: Тақырыпты қарастыру барысында шетелдік және отандық
психологиядағы тұлға теорияларын салыстыра отырып талдау жасау қажет.
   Әдебиеттер :
1.Леонтьев А.Н. Деятельность. Сознание. Личность М., 1997
2.Немов Р.С. Общая психология. Кн.1. Спб: питер1990
Столяренко Л.Д. Основы психологии. М., 1997

Тәжірибелік 10.   Мінез туралы түсінік.
Сабақтың  мақсаты:  мінездің  құрылымы  мен  қасиеттерін  студенттер   қалай
меңгергендігін тексеру.
                         Жоспар:
1.Э.Кречмер бойынша мінез типологиясы, А.Е.Личко бойынша мінез  типологиясы,
К.Леонгард бойынша мінез типологиясы,  Э. Фромм бойынша мінез типологиясы.
2.Мінез туралы теориялар.
3.Мінез құрылымы мен қасиеттері. Мінез бітістері.
4.Мінез және темперамент. Мінездің ұлттық ерекшеліктері.
Әдістемелік нұсқаулық :Тақырыпты қарастыру барысында мінезге анықтама  беру,
темперамент және мінездің байланысын көрсету.
   Әдебиеттер:
   4. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993

   5. Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М., 2000

   6. Столяренко Л.Д. Основы психологии. М., 1997

Тәжірибелік 11. Қабілет туралы жалпы түсінік.
Сабақтың   мақсаты:   қабілеттілік,   нышан   және    адамдардың     даралық
ерекшеліктері    байланысын   студенттердің   жан-жақты    меңгергендіктерін
бақылау.
                                      Жоспар:
Қабілет туралы  түсінік.  Адамдардағы  қабілеттілік  түрлері   Қабілеттілік,
нышан және адамдардың  даралық ерекшеліктері. Қабілеттілікті дамыту.
Әдістемелік нұсқаулық: Тақырыпты қарастырғанда қабілет туралы анықтама.
«Нышан», «Дарындылық», «Талант» ұғымдарының өзара байланысын ашып көрсету.
Қабілет теориялары.
   Әдебиеттер:
   1.Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993

   2.Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993

   3.Немов Р.С. Психология. М., 1998

   4.Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М., 2000

Тәжірибелік 12. Эмоция және сезім.
Мақсаты:  сезімнің  түрлерін  студенттер   қалай   меңгергендігін   тексеру.

                                  Жоспар:
Күрделі эмоционалды күйлер. Сезімнің түрлері. Жоғары деңгейдегі сезімдер.
 Әдістемелік нұсқаулық: Тақырыпты қарастыруда адам өміріндегі эмоцияның
 ролін ашып көрсету. Эмоцияның негізгі функцияларына сипаттама беру.
   Әдебиеттер:
   1.Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993
   2.Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М., 2000

   3.Столяренко Л.Д. Основы психологии. М., 1997

Тәжірибелік 13.  Еріктің жалпы сипаты.
Мақсаты:  жеке  адамның  ерік  сапаларын  студенттер  қалай   меңгергендігін
тексеру.

                                 Жоспар:
Ерік туралы түсінік. Еріктің физиологиялық негіздері. Ерік теориялары.  Жеке
адамның ерік сапалары.
Әдістемелік  нұсқаулық:  Тақырыпты  қарастыруда  адам  өміріндегі  эмоцияның
ролін  ашып  көрсету.  Ерікке  анықтама  Бере  отырып   оның   физиологиялық
негіздеріне тоқталу. Ерік сапаларына және Адам еркін дамыту жолдарына  көңіл
аудару.
1. Әдебиеттер негізгі.
2. Выготский Л.С. эмоция и их развитие в детском возрасте. М., 1982
3. Психология эмоции. Тексты лекций. М, 1984

Тәжірибелік 14.  Бастауыш мектеп жасындағылардың психикалық дамуы.
Мақсаты: бастауыш жасындағы балалардың психикалық дамуын   студенттер  қалай
меңгергендігін                                                      тексеру.


  Жоспар.
    1.    Бастауыш    мектеп     оқушыларының     анатомиялық-физиологиялық
       ерекшеліктері.
    2.  Бастауыш  мектеп  оқушыларының  зейіні,  есте  сақтауы,   қабылдау,
       елестетуі.
    3. Бастауыш мектеп оқушысының ойлауын дамыту.
    4. Бастауыш мектеп оқушыларының оқу іс-әрекеті.
Әдістемелік нұсқау: Тақырыпқы дайындаларда  мектеп  жасына  дейінгі  баланың
сенсорлық дамуының ерекшеліктеріне, мектепке дейінгі жаста  ықтиярсыз  зейін
қалай дамиды және  ықтиярлы  зейннің  қалыптасу  шарттары  қандай;  мектепке
дейінгі шақтағы  ықтиярлы  естің,  бала  қиялының  өзіне  тән  ерекшелігіне,
бейнелі ойлау қалаай дамитындарына тоқталу.
Әдебиеттер:
   1. Мухина В.С. Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы. А., 1986
   2.  Педагогикалық  және  жас  ерекшелігі  психологиясы.   А.В.Петровскиий
      редакциясымен. А. 1987
   3. Обухова Л.Ф. Возрастная психология. М, 2005
   4. Люблинская А.А.  мұғалімге  бастауыш  мектеп  оқушысының  психологиясы
      жөнінде. А., 1980
   5.  Особенности обучения и  психического  развития  школьников.  Под.ред.
      И.Дубровиной

Тәжірибелік 15. Жеткіншектердің психикалық дамуы.
Мақсаты: жеткіншек жасындағы балалардың психикалық дамуын  студенттер  қалай
меңгергендігін                                                      тексеру.


                                                 Жоспар.
   1. Жеткіншек кезеңдегі «дағдарыс» проблемасына теориялық көзқарастар.
   2. Жеткіншектің оқу қызметі.
   3. Жеткіншектің танымдық процестерінің дамуы.
Әдістемелік  нұсқау:  Тақырыпты  қарастыру  барысында  отандық  және   шетел
психологиясындағы  жеткіншек  проблемасы.  Бұл  шақтағы   жаңа   құрылымдар.
Жеткіншектердің оқу  іс-әрекеті.  Танымдық,  қоғамдық  қызығулардың,  мінез-
құлық   моивінің   қалыптасуы.   Мотивациялық   сфералардың    құрылымдардың
қалыптасуына тоқталу. Бұл  жастағыоардың  оқу  іс-әрекеті,  олардың  өзіндік
санасының дамуы. Жеке басының қалыптасуы және  танымдық  процестерінің  даму
ерекшеліктеріне тоқталу.
Әдебиеттер:
   1. Кон И. Психология старшеклассника. М., 1982.
   2. Особенности обучения и психического  развития  школьников  13-17  лет.
      Под.ред. И.Дубровиной.
     3. Солодилова О.П. Возрастная психология. М., 2005
     4. Педагогикалық  және  жас  ерекшелігі  психологиясы.  А.В.Петровскиий
редакциясымен, А., 1987ж. 67б.
      5.Кон И.С. Психология ранней юности. М., 1989
      6.Кон И.С. Психология старшеклассника. М., 1982




4   КУРСТЫҚ ЖҰМЫС  (ЖОБА) ----

5 СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ

СРО (СӨЖ) №1
Тақырып. Психологияның методологиялық принциптері.
Мақсаты: психология пәні және  зерттеу  әдістерінің  ерекшелігі,  психология
ғылымы туралы түсінігін  кеңейтіп,  білімдерін  бекіту.  Ғылыми  әдістемелік
әдебиеттермен  жұмыс  істей  білуге,   негізгі   ойларын   көрсете   білуге,
конспектілеу іскерліктерін дамыту.
Талқылау сұрақтары:
 1. Психология ғылым ретінде.
 2. Психологиялық зерттеудің әдістері.
 3. Қазақстанда психология ғылымының дамуы.- слайд
Әдістемелік нұсқау:
Конспектілеу тірек-сызбамен, Қазақстанда психология ғылымының дамуына көп
зейін бөлу.
Әдебиеттер.
 1. Тәжібаев Г.  Жалпы психология. 120-144беттер.
 2. Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993. 97-115 беттер.
 3. Алдамуратов Ә. Жалпы психология. А., 1995.- 31-37 беттер.
 4. Немов Р. С.  Психология. 165-180 беттер.


СРО (СӨЖ) №2
Тақырып. Қарым – қатынас туралы жалпы түсінік.
Мақсаты: қарым –  қатынас  туралы   білімдерін  бекіту.  Ғылыми  әдістемелік
әдебиеттермен жұмыс істеу дағдыларын бекіту.
Талқылау сұрақтары:
  1. Адамның психикалық дамуындағы қарым – қатынастың рөлі.
  2. Қарым-қатынастағы вербальды емес құралдар.
Әдістемелік нұсқау:
Конспектілеу тірек-сызбамен, негізгі ойларын көрсету, сұрақтың мағынасын
ашу.
Әдебиеттер:
1.Бороздина Г.В. Психология делового общения. М., 2001;
2. Федосихина А.А., Кашник О.И., Звягиндцев  В.В.  Психотехнология  и  этика
делового общения. М., 1998;
3. Кузин Ф.А. Культура делового общения. М., 2000

СРО (СӨЖ) №3
Тақырып. Түйсік және қабылдау.
Мақсаты: дүниені танып білудегі бейнелеу  процесінің  негіздері  түйсік  пен
қабылдау туралы түсінік қалыптастыру. Түйсік  пен  қабылдаудың  заңдылықтары
сен  түрлері  туралы  ғылыми  теориялық  ұғымдардың  өмірлік   тәжірибесімен
байланысын анықтау.
Талқылау сұрақтары:
 1.  Түйсіктер  туралы  жалпы  түсінік   және   олармен   байланысты   жалпы
    психологиялық проблемалар.
 2.  Түйсік   заңдылықтары.   Түйсіктер   қалыптасуының   психофизиологиялық
    механизмдері.
 3. Қабылдау оның түрлері мен қасиеттері, физиологиялық негізі.
Әдістемелік нұсқау:
Конспектілеу тірек-сызбамен, түйсік пен қабылдаудың түрлерімен қасиеттеріне
көп зейін бөлу.
   Әдебиеттер:
  1. Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993

  2. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993

  3. Немов Р.С. Психология. М., 1998

  4. Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М., 2000

СРО (СӨЖ) №4
Тақырып. Психологиядағы тұлға туралы түсінік.
 Мақсаты: тұлға теорияларын салыстырмалы талдау.
Талқылау сұрақтары:
1. Тұлға туралы психологиялық түсінік.
2. Отандық психологтар зерттеулеріндегі жеке тұлға мәселелері.
3. Жеке тұлғаның шетелдік теориясы.
Әдістемелік нұсқау:
Конспектілеу тірек-сызбамен, негізгі ойларын көрсету, сұрақтың мағынасын
ашу.
   Әдебиеттер :
1.Леонтьев А.Н. Деятельность. Сознание. Личность М., 1997
2.Немов Р.С. Общая психология. Кн.1. Спб: питер1990
3.Столяренко Л.Д. Основы психологии. М., 1997

СРО (СӨЖ) №5
Тақырып. Мінез және темперамент.
 Мақсаты: мінез және темперамент туралы тұжырымдарды талдау.
Талқылау сұрақтары:
1. Жеке адам және темперамент.
2. Мінез және темперамент.
Әдістемелік нұсқау:
Конспектілеу тірек-сызбамен, негізгі ойларын көрсету, сұрақтың мағынасын
ашу.
   Әдебиеттер:
   1.Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993

   2.Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М., 2000

   3.Столяренко Л.Д. Основы психологии. М., 1997

СРО (СӨЖ) №6
Тақырып. Жеткіншектердің психикалық дамуы.
 Мақсаты:
Талқылау сұрақтары:
 1. Бастауыш мектеп жасындағылардың психикалық дамуы.
 2. Жеткіншектердің психикалық дамуы.
 3. Жасөспірімдер психологиясы.



Әдістемелік нұсқау:
Конспектілеу тірек-сызбамен, негізгі ойларын көрсету, сұрақтың мағынасын
ашу.
Әдебиеттер:
   3. Особенности обучения и психического  развития  школьников  13-17  лет.
      Под.ред. И.Дубровиной.
     3. Солодилова О.П. Возрастная психология. М., 2005
     4. Педагогикалық  және  жас  ерекшелігі  психологиясы.  А.В.Петровскиий
редакциясымен, А., 1987ж. 67б.

6. Бақылау түрлері

  КУРС БОЙЫНША ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ

                                                1- нұсқа
1.Тұңғыш психологиялық  лабораторияның негізін қалаған :
а) Бехтерев.
б) Фрейд.
в) Вундт.
г) Выготский.
д) Ушинский.
2. Қазіргі  психологиялық, зерттеулерде қай әдіс негізгі және маңыздырақ
деп саналады:
а) генетикалық.
б) референтометрия .
в) эксперимент .
г) тест .
д) әңгіме.
3.Табиғаттың  барлық  объектілерін  жанды  дейтін  қияли түсінік:
а) анимизм.
б) монизм.
в) идеализм.
г) дуализм.
д) панпсихизм.
4.Темпераментті алғаш рет сипаттаған:
а) Аристотель.
б) Платон.
в) Гиппократ.
г) Кречмер.
д) Павлов.
5.Төл тіліміздегі психология оқулығының авторы кім:
а) Мұқанов.
б) Алтынсарин.
в) Аймауытов.
г) Абай.
д) Жарықбаев.
6.Түс көру деген не:
а) шындыктың санадан тыс бейнеленуі .
б) қиялдың пассивті түрі .
в) гипнозға берілушіліктің жоғары нәтижесі .
г) галлюцинацияның ерекше түрі .
д) қиялдың активті түрі.
7.Сана айқындалады:
а) адамзат дамуының қоғамдық-тарихи сипатымен .
б) таптық бағыттылықтың өзгеруімен .
в) формациялардың ауысуымен .
г) табиғатпен.
д)мәдениетпен.
8.Зейіннің бір сәтте   бірнеше   объектілерді    қамтып алу қасиеті:
а) концентрация .
б) көлемі .
в) тұрақтылығы.
г) ауысуы .
д) бөлінуі.
9.Мінездің көріністері көбінесе шарттыланады :
а) дамудағы акселерация .
б) госпитализм құбылысымен .
в) қоршаған ортаның әсері .
г) сензитивтілікпен .
д) сенсибилизациямен.
10.Психика дегеніміз :
а) қоршаған  ортадан  шындьқтың  мида бейнеленуі іс-әрекеті.
б) жүйке жүйесінің физиологиялық қызметі.
в) мидың рефлекторлық, іс-әрекеті.
г) бас ми материясының субстраты.
д) бақылаудың, жанның көрінісі.
11.Бір  объектіні  екіншісінен  гөрі     ерекше     бөліп алу қабылдаудың
кандай қасиетімен байланысты:
а) заттылығы.
б) құрылымы.
в) тұтастығы.
г) тұрақтылығы .
д) таңдамалығы.
12.Қандайда бір әрекетті орындаудағы табиғи алғы шарттар:
а) ерікгі мінез.
б) талант.
в) дарындылық.
г) нышандар.
д) қабілеттер.
13.Тұлға аралық қарым - қатынас  кезінде  жетекшіге (лидерге) сөзсіз бағыну
стилі:
а) либеральды .
б) авторитарлы .
в) демократиялық.
г) қол астына алу.
д) конфронтация.
14.Әрекетті игеру максатында оны саналы түрде қайталау:
а) әдет:
б) жаттығу.
в) іскерлік.
г) дағды.
д) бағдарлаушылық әрекет.
15.Жеке тұлғаның туа біткен ерекшеліктеріне не жатады:
а) темперамент.
б) қабілеттер.
в) мінез.
г) ec.
д) зейінділік.

                                                2- нұсқа
1.Қоршаған  ортадағы  құбылыстар мен затгар  жайындағы мәліметтерді
сақтауды    қамтамасыз  ететін    психикалық процесі:
а) түйсіктер.
б) қабылдау.
в) ойлау.
г) қиял.
д) ес
2.Бұрын   қабылдау   негізінде   жаңа  бейнелер    жасауды қамтамасыз
ететін психикалық процесі:
а) түйсіктер.
б) қабылдау.
в) ойлау.
г) қиял.
д) ес.
3.Кейбір   адамдарда музыка дыбыстарының  әсері  белгілі бір түйсіктерді
(ақ, қызыл)  елестетін процесі :
а) сенсибилизация.
б) синестезия.
в) бейімделу.
г) интериоризация.
д) экстериоризация.
4.Дыбысты  ести отырыл  музыканттың  айыру  кабілеттілігі камтамасыз
етіледі (мысалы "до" жөне "до - диез"):
а) синестезия кұбылысымен..
б) сенсибилизациямен.
в) жүйкенің қозғыштығымен.
г) адаптация арқылы.
д) сезгіштіктің абсолютті табалдырығы.
5.Үміт пен идеалға көңіл қалу қалай аталады:
а) конформизм.
б) фрустрация.
в) депрессия.
г) апатия.
д) агнозия.
6.Жоғарғы нерв іс - әрекеттері теориясының негізін салушы:
а) И.П. Павлов.
б) В. Д. Теплов.
в) С.В. Небылицын.
г) И.М.Сеченов.
д) В.М.Бехтерев.
7.Б.Г.Ананьев бойынша әдістер классификациясы :
1) Эмпирикалық берілулер әдісі
2) Негізгі әдістер,
3) Ұйымдастырушылық әдістер,
4) Берілулерді сандық және сапалық талдау әдістері,
5) Интерпретациялық әдістер,
6) Интраспективті әдістер. Дұрысын белгіле.
а) 1,2,5,6.
б)1,3,4.
в)2,3,4,6.
г) 1,3,4,5.
д)1,2,4,6.
8.Зерттелген  объектіге  зейінін   шоғырландыра  алмау кабілеті
шартталынады:
а) стреспен
б) алаңғасарлықен
в) ырықсыз зейінмен
г) үйреншікті зейінмен
д) қабылдаудың тандамалылығымен
9.Әсершілдік    пен    тез    ренжігіштікпен    сипатталатын темперамент
типі :
а) меланхолик.
б) холерик.
в) сангвиник.
г) флегматик.
д) флегмахолик.
10.Басқалардың        қолынан        келмейтін        деңгейде
творчестволық іс - әрекетті  орындауға  мүмкіндік  беретін жеке тұлғалық
сапа?
а) қабілеттілік.
б) дарындылық.
в) данышпандық
г) сензитивтілік.
д) сенсибилизация.
11.Жауап беру реакциясы  баяу жүретін темперамент типі :
а) меланхолик.
б) холерик.
в) сангвиник.
г) флегматик.
д) флегмахолик.
12.Жеке тұлганы калыптастыратын процесс:
а) іс - әрекет.
б) тәрбие.
в) окыту.
г) ерік сапаларының дамуы.
д)сенсибилизация.
13.Өзгерген   қоршаған орта   жағдайына   тез бейімделуімен сипатталатын
темперамент типі:
а) меланхолик.
б) холерик.
в) сангвиник.
г) флегматик.
д) флегмахолик.
14.Сана дегеніміз:
а) Рефлексияға қабілеттілік.
б) болмысты   психикалық   бейнелеудің   жоғарғы   деңгейі, қоғамдық тарихи
дамудың жемісі.
в) субъектінің   сезімдік   және   ақыл-ойлық   бейнелерінің жиынтығы.
г) қоршаған  ортадағы  өзгерістерге  пара-пар  жауап  беру қабілеттілігі.
д) психиканың көп функционалды жүйесі.
15.Балалық шақта қоршаған  орта  шындығын  игеру процесі жүретін іс -
әрекет түрі:
а) оқу.
б) еңбек.
в) ойын.
г) өнімділік.
д) қарым – қатынас.














                         Тест тапсырмаларының кілті
|Сұрақтардың нөмірі      1 нұсқа                                              |
|1                                                                            |
123456789101112131415ДГБББАГБАВГАВБВ
Пәндер